Page 1

Бїгінгі нґмірде:

№53 (28277) 19 НАУРЫЗ СƏРСЕНБІ 2014 ЖЫЛ

Ґѕірлердіѕ дамуы – елдіѕ дамуы 2-бет «Аќќулар» неден їрікті? 4-бет Кімніѕ киімін киіп жїрсіз? 5-бет Білім стандартындаєы ала-ќўлалыќ 6-бет

Ќазаќстан Республикасы Сыртќы істер министрлігініѕ мəлімдемесі 2014 жылғы 16 наурызда Қырым Автономиялық Республикасында референдум өткізілуіне байланысты Қазақстан өзінің БҰҰ Жарғысында бекітілген халықаралық құқықтың іргелі қағидаттарына берік ұстанымын тағы да атап өтеді. Қазақстанда Қырымда өткен референдумды осы Автономиялық Республика халқының өз

қалауын еркін білдіруі ретінде қабылдады жəне орын алған жағдайда Ресей Федерациясының шешіміне түсіністікпен қарайды. Біз Украинаның дағдарыстан бейбіт түрде шығуын қолдаймыз жəне оны БҰҰ жəне басқа да беделді халықаралық ұйымдардың қолдауымен келіссөздер жолымен еңсеруін қалаймыз.

Маќсат – ќажетті жаєдаймен ќамтамасыз ету

Ќауіпсіздік Кеѕесініѕ отырысы Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен кезекті отырыс барысында халықаралық күн тəртібінің өзекті мəселелері, атап айтқанда, Украинадағы ахуал талқыланды. Бұған қоса, осы оқиғалардың еліміздің экономикалық дамуына ықпал етуіне қатысты мəселелер қаралды. Талқылау қорытындысында Қазақстан Президенті Украина төңірегіндегі оқиғалар

ауанында əлемдік саясат пен экономикада қалыптасып отырған факторлар мен

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің төрағасы А.Қ.Жұмағалиевты Қазақстан Республикасының Үкімет мүшесі етіп тағайындау туралы Қазақстан Республикасы Байланыс жəне ақпарат агенттігінің төрағасы Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев Қазақстан Республикасының Үкімет мүшесі болып тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 18 наурыз. №769

Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма бірінші сессиясын шақыру туралы 1. Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма бірінші сессиясы 2014 жылғы 18 сəуір күні Астана қаласында «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бейбітшілік, руханият жəне келісім мəдениеті» күн тəртібімен шақырылсын. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма бірінші сессиясын өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 18 наурыз. №273

Президент поштасынан

Кəсіпкерлер ризашылыєы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Алматы облысының шағын жəне орта бизнес өкілдерінен хаттар мен жеделхаттар келіп түсті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Авторлар Мемлекет басшысы қол қойған «Қазақстан Республикасында кəсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту жөніндегі түбегейлі шаралар туралы» Жарлық аясында қабылданған шешім үшін ризашылықтарын білдірді. Атап айтқанда, Текелі қаласындағы «Кактас» ЖШС директорының орынбасары Н.Гонтей шағын жəне орта бизнес субъектілерін жоспарлы тексеруге мораторийді қажетті шара жəне бизнесмендерді нақты қолдау деп біледі. «Мрамор-Тас» ЖШС атқарушы директоры М.Қапсалаев тексеруге мораторий кəсіпкерлерге шынайы қамқорлықты көрсететін қадам екенін атап өткен. «Бұл бізге, бірінші кезекте, көп жағдайда ешқандай негізсіз, кенеттен болатын тексерулердің кесірінен уағдаластық міндеттемелеріміз бұзылады-ау деп

қорықпай, өз бизнесімізді нақты жоспарлауға мүмкіндік береді», делінген хатта. Шонжы ауылының кəсіпкері Р.Баратова Қазақстан Президентінің шешімі кəсіп керлікті қолдаудағы жаңа түбегейлі өзгерістердің бастауы болатынына сенім білдірген. Өтеген батыр кентіндегі «Жол барысты» ЖШС директоры Г.Сейтасанова Мемлекет басшысына елімізде бизнестің даму мəселелеріне тұрақты көңіл бөліп отырғаны үшін рахметін айтады. «Тексерулерге мораторий бізге қызметкерлеріміздің отбасыларының əл-ауқатын арттыруға, ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасының экономикасын көтеруге септігін тигізетін қазіргі жобаларымызды жүзеге асыруға жəне жаңаларын əзірлеуге ден қоюға мүмкіндік береді», деп жазады автор.

үрдістерді практикалық жұмыс барысында ескеру қажеттігіне назар аударды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы экономика өсімін жəне елімізді дамытудың белгіленген жоспарларының орындалуын одан əрі қамтамасыз етуге бағытталған шешімдер қабылдаудың маңыздылығын атап өтті.

Таєайындаулар Мемлекет басшысының Өкімдерімен «А» корпусының кадр резервінен: Замир Садықұлы Сағынов Қазақстан Республикасы Көлік жəне коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне; Бек Кəрімбекұлы Арпабаев Қазақстан Республикасы Байланыс жəне ақпарат агенттігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды.

Тўєырнаманыѕ ґзектілігін арттыру маѕызды Кеше Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен селекторлық режімде өткен Үкімет отырысында «Нұр Отан» партиясының Сайлауалды тұғырнамасын іске асыру барысы қаралды. Тұғырнаманың 2013 жылғы қорытындылары талқыланды. Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».

С.Ахметов жиында «Бізге көкей кес ті тапсырмалар беріп отыратын Мемлекет басшысы, əсіресе, «Нұр Отан» партиясының соңғы съезінде алдымызға үлкен міндеттер қойды. Біз бұл жауапкершілікті сезінуіміз жəне осы тапсырмаларды орындауға байыппен қарауымыз керек», деді. Отырыстың күн тəртібіндегі мəселеге орай партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек баяндама жасады. Ол өз сөзінде Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асырудың басты мақсаты қазақстандықтардың өмірін жоспарлы түрде жақсарту, ал оның негізгі өлшемі азаматтардың əлеуметтік көңіл-күйі болып табылатынын мəлімдеді. «Партия бюросында Үкіметпен бірлесіп дайындалған Тұғырнаманы жүзеге асыру

көрсеткіштерінің тізбесі бекітілді. Көрсеткіштердің 75 пайызы нақты жəне тұрғындар үшін өлшемді индикаторларға бағдарланған. Оларды орындауға нақты мемлекеттік органдар бекітілген», деді Б.Байбек. Сондай-ақ, ол тəуелсіз əлеуметтік сауалдамалар жүргізу жəне партияның қоғамдық қабылдаулары берген сараптамалар арқылы Тұғырнаманы жүзеге асырудың кешенді мониторингі тетігі енгізілгеніне тоқталды. Атап айтар болсақ, 2013 жылы партияның қоғамдық қабылдауларына 800 мың адам өті ніш пен келіпті. Естеріңізде болса, өткен жылдың 1 желтоқсанында партия Төр ағасы Нұрсұлтан Назарбаев Республикалық қоғамдық қабылдаудың жаңа ғимаратында азаматтарды жеке қабылдап, партия мен «онлайн» режімде тікелей байланыс жасауға мүмкіндік туғызатын «Электронды партия» жобасын іске қосқан болатын.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Нұрсұлтан Назарбаев оңтүстік өңірлерде егіс науқанының жəне солтүстік облыстарда дайындық жұмыстарының басталуына байланысты көктемгі тұқым себуді уақтылы жəне сапалы жүргізу үшін барлық қажетті жағдаймен

А.Мамытбеков министрліктің 2013 жылғы қызметінің қорытындылары мен 2014 жылға арналған міндеттер туралы баяндады, сондай-ақ, көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысынан хабардар етті.

 Наурыз нақыштары

Игі дəстїрдіѕ жаттыєы жоќ Күллі мұсылман халқы сынды қазақтар да Наурыз тойын ежелден бері атап өтіп келеді. Алтайы мен Атырауының арасы айшылық алыс жол болса да, қазақтың Наурызды тойлауында көп өзгешелік жоқ. Бəрі де алты ай қыстан аман шыққан елдің арқа-жарқа жай-күйін дəріптеп, көкке мойын созып, аққа ауызы тиген мал-жанның бірлігі мен тірлігін марапаттап, көбесі сө гілген қардан кейін ат-түйеге тақым артып, ауыл-ауылдағы ағайын-туысқа сəлем береді, соғым соңын қазанға сап, наурыз көжеден ауыз тиеді. Ұлы Абай айтпақшы, «Күлімдесіп көрісіп, мауқын басып, қырдағы ел ой дағы елмен араласып» жүретін шақ нақ осы Наурыз.

(Соңы 2-бетте).

(Соңы 3-бетте).

Достыќ – ўлы туымыз Достық. Қандай қасиетті сөз. Қай халықтың да мақал-мəтелдерінде достық туралы көп айтылады, тамаша айтылады. Бірлікті барлық, байлық, бақыт деп білеміз біз. Бірлеспеген елдің білегі əлсіз келеді. «Біріккен екі бірлігі жоқ жетіні жеңеді» дегенді де қазақ айтқан. Достықты, туысқандықты ту етіп ұстағандықтан да Қазақстан халқы көпэтносты мемлекеттің мығымдығының үйренерлік үлгісі болып отыр. Елбасымыз – Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Тəуелсіздіктің таңсəрі шағында, егемендіктің елеңалаңында-ақ біздің еліміздің болашағы тек қана бірлікке байланысты екенін басын ашып айтты. Жас мемлекеттің алғашқы қадамдарынан бастап ұлттық саясатты сарабдал жүргізе білді. Адамдарды нəсіліне, тегіне, ұлтына қарап бөлуге ешқандай жол

берілмейтінін салған беттен аңғартты, Қазақстанда əр адам өзінің іскерлігіне, біліктілігіне, парасаттылығына ғана қарап бағаланатынын мəлімдеді. Іс жүзінде дəл солай болды да. Сондықтан біздің еліміздегі қандай этностың өкілі де өзін Қазақстанның төл перзенті, патриоты санайды. Осы елдің қызығын бірге қызықтайды, қиындықтарын бірге еңсереді, табыстарына бірге қуанады. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамашылдығымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы – жер жүзінде бұрын-соңды болмаған бірегей ұйым. Ортақ үйімізде татулық пен келісім болсын, осында өмір сүріп жатқан барша этностың жəне бүкіл Қазақстан халқының болашағы үшін маңызды мəселелер талқыланатын алаңға айналсын деп құрылған Ассамблея өткен жолға жəне болып жатқан қоғамдық-саяси үдерістерге талдау жасау, ұлттық саясатты жүзеге асырудың оңтайлы жолдарын белгілеу

қамтамасыз еткен жөн екенін атап өтті. Министр агроөнеркəсіп кешенін, атап айтқанда, мал шаруашылығын дамыту жəне бірқатар салалық бағдарламаларды іске асыру барысы туралы да айтты. Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.

үшін таптырмас мінбер екенін алғашқы жылдардың өзінде көрсетіп үлгерді. Қоғамдық тұрақтылықты қалай сақтап, нығайту керек, ел өмірін реформалауды қалай тездету керек деген мəселелерді Ассамблея мүшелері шын жанашырлықпен талқылай бастады. Мұның нақты нəтижесін қазір көріп те отырмыз.

Бүгінде Қазақстан Республикасы экономикасы қуатты, саясаты сарабдал, ішкі тұрақтылығы мықты мемлекет ретінде алысқа да, жақынға да бірдей қадірлі. Еліміздің Еуропадағы Қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалыққа сайлануы мұның айшықты айғағы. Бізге осындай сенім көрсету ең алдымен Қазақстандағы ұлтаралық татулықтың арқасы. Нұрсұлтан Назарбаев өзге елдерде кемшілік деп саналып келген көпэтностылықты мемлекеттің артықшылығына айналдыра білді. Бұл қандай қадамын да алыстан ойластыратын, кемеңгер саясаткерге тəн белгі. Мен – түрік халқының өкілімін. Астанадағы қалалық түрік этномəдени бірлестігінің төрағасымын. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі ретінде еліміздегі татулыққа, бірлікке, достыққа, ынтымаққа қолымнан келгенше үлес қосып жүрмін. Бізге өзіміздің төл мəдениетімізбен су сындауға да барлық жағдай жасалған.

Осы жақында ғана Астанада, Бейбітшілік жəне келісім сарайында Түрік Республикасының мемлекеттік «Халық биі» ансамблі өз өнерін көрсетті. Таяу күндерде Қазақстан халқына ортақ мерекені – Наурызды тойлаймыз. Бір-бірімізге құтты болсын айтамыз, жақсы тілектер тілейміз. Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев сияқты бүкіл əлем таныған, мойындаған Елбасымыз бар, тату-тəтті халқымыз бар, еңбекқор еліміз бар, жердің астын да, үстін де толтырған байлығымыз бар, ырыс қонған жұртпыз. Осы ынтымағымызды, осы бірлігімізді көздің қарашығындай сақтауымыз, балаларымызға, немерелерімізге, шөберелерімізге үлгі етіп, өнеге етіп айтуымыз, аманатқа қалдыруымыз керек. Солай ету арқылы біз елдегі əлеуметтікэкономикалық реформалардың ойдағыдай жүзеге асырылуына жағдай жасаймыз, өзіміздің берік те баянды болашағымызды қамдаймыз. Əскер ПИРИЕВ, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Астана қалалық түрік этномəдени бірлестігінің төрағасы.


2

www.egemen.kz

19 наурыз 2014 жыл

Қазақстан Республикасы Президентінің ел халқына жолдаған «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты биылғы Жолдауында ұзақ мерзімге бағдарланған «Қазақстан-2050» Стратегиясынан туындайтын асқаралы міндеттер жəне бір сараланып, ел халқы таяу жылдарда іске асыруға тиіс нақты тапсырмалар алға қойылды. Жаңа технологияға, инновацияға, ауыл шаруашылығын жаңаша дамытуға, əлеуметтік салаға қатысты сан алуан мəселелер қамтылған құжатта əлемдегі аса дамыған озық 30 елмен иық теңестіру үшін не істеу керектігі тұжырымдалып, тиісті орындарға бағыт-бағдар берілді. Соның ішінде Жолдауда мемлекеттік билік органдарына қатысты мемлекеттік институттар жұмысын жетілдіру керектігі, əлемнің дамыған 30 елінің қатарына ұмтылыс кезінде бізге адал бəсекелестік, əділеттілік, заңның үстемдігі жəне жоғары құқықтық мəдениет ахуалы қажеттігі атап көрсетілген. Елбасының осынау жасампаз саясатын заң тұрғысынан сүйемелдеуге Парламент Сенатының депутаттары да, оның ішінде «Өңір» депутаттық тобы да өз үлесін қосуға ұмтылады.

Ґѕірлердіѕ дамуы – елдіѕ дамуы Ермек ЖҰМАБАЕВ,

Парламент Сенатының депутаты, Конституциялық заңнама, сот жүйесі жəне құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі, «Өңір» депутаттық тобының жетекшісі.

Жалпы, Қазақстанның өңірлерін дамыту мəселесінің үнемі Елбасының назарында екенін, осыған орай Мемлекет басшысының елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіргеннен кейін көп ұзамайақ астананың елді өркендетуде локомотив болуға тиістігі жөнінде айтқан бейнелі сөздерінің бүгінде ақиқатқа айналғанын көріп отырмыз. Күннен күнге көркейе, əсемдене түскен Астанаға қарап бой түзеген Қазақстан өңірлері, облыс орталықтары, қалалар, аудандар серпінді даму үстінде. Əрине, бұған қарап, бізде бəрі тамаша екен ғой деген қорытынды жасаудың жөні жоқ. Өмір болған соң түйткілді мəселелер кездеспей тұрмайды. Демек, сан алуан проблемалар да туындайды. Оның ішінде күрмеуі күрделілері де бар. Атап өткен «Өңір» депутаттық тобының негізгі мақсаты да Қазақстан өңірлерінің халқымен тығыз байланыста болып, Елбасының тапсырмаларын орындау барысында ел арасында туындайтын əлеуметтік-экономикалық мəселелерге назар аудару, зəру проблемаларды қажет кезінде жергілікті жерде талқылап, тиісті орындарда мəселенің дұрыс шешілуіне көңіл аудару болып табылады. Сөз ретіне қарай, 2007 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Өңір» депутаттық тобы Сенат депутаттарының ерікті түрдегі бірлестігі екенін, оның жұмысының басым бағыты Елбасының халыққа жолдауларынан туындайтын тапсырмаларына сəйкес республика өңірлерінің дамуына жəрдемдесу болып табылатынын назарға сала кеткіміз келеді. Бұл жəрдемдесудің қай тұрғыда жүргізілетінін таратып айтар болсақ, ол – өңірлерді дамыту мəселелеріне қатысты заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар əзірлеуді, осы бағытта қабылданған қолданыстағы заңнамаға мониторинг жүргізуді жəне өңірлерді дамыту мəселелері бойынша қоғамдық пікірді зерделеуді, елді жəне өңірлерді əлеуметтік-экономикалық дамыту саласындағы мемлекеттік саясат жөнінде халықты хабардар етуді, өңірлерді дамыту саласындағы заңнаманың жай-күйіне жұртшылықтың назарын аударуды, Парламент Сенаты жанындағы Жергілікті өкілді органдармен (мəслихаттармен) өзара іс-қимыл жөніндегі кеңеспен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуді, республика мəслихаттарының депутаттарымен ұдайы байланыста болуды, өңірлерді дамытудың барлық мəселелері бойынша Үкіметпен өзара іс-қимыл жасауды жəне басқа да мəселелерді қамтиды. Əлемдік тəжірибе географиялық орналасуының, табиғи-климаттық, демографиялық жағдайының, тарихи дамуының сан алуандығына жəне басқа да факторларға орай өңірлердің əлеуметтікэкономикалық даму деңгейінің əркелкі болып келетінін көрсетеді. Сондықтан əрбір мемлекет өңір лердің тұрмыс деңгейін жақсартуға ұмтылады, яғни өңірлердің даму деңгейін арт тыруға бағытталған өңірлік саясат жүргізеді. Мəселеге осы тұрғыдан келгенде «Өңір» депутаттық тобы өзі құрылғалы бергі уақыт ішінде өңірлерді дамыту саласындағы заңнаманы жетілдіре түсу жəне олардың дұрыс əрі біркелкі қолданылуы жөнінде ұсыныстар əзірлеуге бағытталған бірқатар іс-шараларға қозғаушы болды. Атап айтқанда, «Өңір» депутаттық тобының мүшелері ел Үкіметіне, орталық мемлекеттік органдарға жолдаған өздерінің сауалдарында өңірлерді əлеумет тікэкономикалық дамытудың перспе ктивалық мəселелерін, оның ішінде білім берудің, денсаулық сақтаудың, коммуналдық меншіктің, жергілікті өзін өзі басқарудың жай-күйін, ауылды ауызсумен қамтамасыз етудің барысын, балалар үйлеріне қамқорлықтың жағдайын, сондай-ақ, облыстар мен аудандардағы, қалалар мен ауылдардағы елді мекендердің шұғыл шешуді талап ететін жəне басқа да мəселелерін көтереді. Əдетте депутаттық сауалдарда айтылған мəселелерді Үкімет зерделейді,

көптеген сауалдар қолдау тауып, оларда көтерілген мəселелер бойынша шаралар қабылданып жатады. Бұдан Үкіметтің депутаттық сауалдарға сергек қарайтыны байқалады. Осыған байланысты бір ғана мысал келтірейік. Бірер жыл бұрын «Өңір» депутаттық тобы «2011-2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасының іске асырылу барысы туралы» тақырыбына тиісті құзырлы мекемелерді қатыстыра отырып арнайы отырыс өткізіп, онда елді мекендерді таза ауызсумен қамтамасыз етуге арналған аталған бағдарламаның орындалу барысындағы кемшіліктер сынға алынып, тиісінше Үкіметке сауал жолданған еді. Осы сауалға орай Үкімет тарапынан алынған жауапта депутаттар сауалында қойылған мəселенің, тиісті органдарға айтылған сынның орынды екені, одан қорытынды шығарылатыны айтылған. Парламент Сенаты жанындағы «Өңір» депутаттық тобының жұмыс жоспарына сəйкес, өңірлерге шығып, жергілікті жерлерде көшпелі отырыстар өткізу дəстүрі қалыптасқан. Халықпен жұмыс істеудің мұндай тəсілінің бірсыпыра артықшылықтары бар. Біріншіден, жергілікті жердегі жағдайды өз көзіңмен көріп, танысасың. Екіншіден, тұрғындармен кездесу мəселенің анық-қанығын жете түсінуге көмектеседі. Осылайша, тиісті орындардың алдына мəселе қою барысында өзің қабылдаған шешімнің дұрыстығына толық сенімді боласың. Соңғы жылдарда қай жағынан алғанда да пайдалы осындай бірнеше көшпелі отырыстар өткізіліп, оларда өңірлердің əлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты əртүрлі мəселелер көтерілді. Олардың бірі Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамыту перспективасына, енді бірі Астана қаласының төңірегінде азықтүлік белдеуін дамытудың келешегіне, үшіншісі, жергілікті өзін өзі басқару тұжырымдамасын іске асыруға жəне бірі халықты жұмыспен қамту мəселесіне арналып жатады. Бұлардың бəрінде де өңір үшін, жалпы, халық үшін шешімін күткен зəру мəселелер қозғалатыны, оларды шешудің жолдары қарастырылып, тиісті орындардың алдына мəселе қойылатыны айтпаса да түсінікті. «Өңір» депутаттық тобы мүшелерінің, облыс əкімдігі қызметкерлерінің, облыстың өкілді органдарының, «Нұр Отан» партия сының, үкіметтік емес ұйымдардың жəне оқу орындары өкілдерінің қатысуымен өткен жылдың соңында Алматы облысында болған көшпелі отырыстың мазмұнына қысқаша тоқталып өтейін. Көшпелі отырыс барысында Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының аясында халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатқа қатысты мəселелер кең ауқымда талқыланды. Ең алдымен, елімізде бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар сарапқа салынды. Биліктің заң шығару тармағы мен жергілікті мемлекеттік басқару органдарының осылайша бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып дегендей бірлесе жұмыс істеуі облыстардың əлеуметтік-экономикалық тұрғыдан серпінді дамуына қолғабыс жасайтынына сенім білдірілді. Мұнан соң елімізді Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламасының аясында, соңғы үш жыл ішінде жүзеге асырылған игі істерге шолу жасалып, ішкі жалпы өнімнің өсіміне өндіруші сала ғана емес, өңдеуші саланың да алғаш

рет айтарлықтай үлес қосып отырғаны ортаға салынды. Жалпы, бағдарламада белгіленген кəсіп орындар толықтай пайдалануға берілгенде, 181 мың тұрақты жұмыс орындары пайда болатыны түсіндірілді. Аталған бағдарлама жұмыс істей бастағалы бері республикада өзін өзі жұмыспен қамтып жүргендердің саны 25 мыңға қысқарғаны жеткізілді. Жалпы, жұмыспен қамту мəселесінің Алматы облысында жақсы жолға қойылғаны аңғарылады. «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасына былтыр облыстың 5,5 мыңнан астам тұрғыны қатысқан, тағы 4,5 мыңға жуық адам мемле кетпен əлеуметтік келісімшартқа отырған. Тұтастай алғанда, облыс бойынша бағдарламаны іске асыруға 10 миллиардтан астам теңге бөлінген болса, өткен жылы соның 7 миллиарды игеріліпті. Көшпелі отырыс барысындағы кездесу аясында, сондай-ақ, ауыл жастарымен жұмыс, келешегі жоқ ауылдардың тұрғындарын экономикасы дамыған орталықтарға көшіру, облыста кəсіби жəне техникалық білім беру сапасын арттыру мəселелері талқыға салынды. Жұмыссыздық пен кедейлікті азайту, кадрлардың əлеуетін жəне кəсіп керлердің белсенділігін арттыру жөніндегі міндеттерді іске асыруға ықпал ететін бірқатар нақты ұсыныстар дайындалды. Өңірлермен бірлесіп жүзеге асырылатын мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Соның бірі – республиканың жергілікті жерлеріндегі мəслихаттармен бірлесіп жүргізілетін жұмыстар көбіне Сенат қабырғасында қабылданатын заңдармен байланысты болып келеді. Атап айтқанда, депутаттық топ өздерінің заңнамалық бастамаларын іске асыру үшін облыстық, аудандық мəслихаттармен ынтымақтастықты жүйелі түрде іске асырады. Мысалы, өткен жылдары «Мемлекеттік мүлік туралы», «Энергия үнемдеу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне шаруа (фермерлік) қожалықтары мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Азаматтық қорғау туралы» жəне «Жол жүрісі туралы» заң жобалары алдын ала тиісті мəслихаттардың қарауына жіберіліп, пысықталды, пікір алмасулар жүргізілді, мəслихат депутаттары тарапынан айтылған ұсыныстар назарға алынды. Мұның өзі заң сапасын жақсартуға белгілі бір дəрежеде əсерін тигізетінін уақыт дəлелдеп отыр. «Өңір» депутаттық тобы мүшелерінің мəслихаттармен өзара іс-қимылы Сенатта құрылған орган – Жергілікті өкілді органдармен (мəслихаттармен) өзара ісқимыл жөніндегі кеңес шеңберінде де жүзеге асырылады. Депутаттық топ мүшелерінің «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдау орындарында азаматтарды қабылдауға, олармен бетпе-бет жүздесіп, халықтың көкейкесті мəселелерін шешуге қолдан келгенше қолғабыс жасауға ұмтылатынын айта кеткен жөн. Жергілікті атқарушы органдардың əртүрлі құрылымдарының өкілдері белсене қатысатын партияның қоғамдық қабылдау орындарында жүргізілетін жұмыс, шынтуайтына келгенде, азаматтардың өзекті проблемаларына ден қойып, тез арада шешім қабылдаудың неғұрлым тиімді нысаны болып табылады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты биылғы Жолдауында айтылғандай, əлеуметтік саланы дамытудың 2050 жылға дейін басты бағдарлары нақты индикативті цифрларда көрсетілген. Біз ішкі жалпы өнім көлемін жан басына шаққанда 4,5 есе – 13 мың доллардан 60 мың долларға дейін арттыруымыз керек. Қазақстан халық құрылымында орта тап үлесі басым елге айналады. Урбанизацияның жаһандық үрдісіне орай қалалық тұрғындар үлесі барлық халықтың қазіргі 55 пайызынан 70 пайыздай деңгейге дейін өседі. Қазақстанның қалалары мен елді мекендерін сапалы жолдар мен көліктің барлық түрінің жүрдек бағыттары байланыстырады. Жолдаудың осынау жасампаз жолдарынан біз Қазақстанымыздың, оның өңірлерінің бүгінгіден де зор қарқынмен қарыштап дамығанын көргендей боламыз. Еліміздің өркендеуіне үлес қосу əр азаматтың парызы деп санаймыз.

Тўєырнаманыѕ ґзектілігін арттыру маѕызды (Соңы. Басы 1-бетте).

«Аталған жүйенің арқасында біз мемлекеттік органдардың жұмысы жайлы объективті ақпараттарды «бірінші қолдан» алып, тіпті, əрбір ауданға дейінгі барлық өрісі мен саласына бақылау жүргізе аламыз», деді Б.Байбек. Партия Төрағасының бірінші орынбасарының баяндамасынан соң отырыста Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев Тұғырнаманың өткен жылғы экономикалық блогының орындалуы барысы туралы хабарлады. Ол ІЖӨ өсімі былтыр 6 пайызды құрағанын, оның жос парлы деңгейге сəйкес болғанын, ІЖӨ-нің тұрғындардың жан басына шаққанда 13 мың АҚШ долларын құрағанын, 2013 жылы халықтың нақты табысының оның алдындағы жылмен салыстырғанда 3 пайызға, еңбекақының 1,6 пайызға өскенін, жұмыссыздық деңгейінің 5,2 пайызды құрағанын айтты. Ө ң і р л і к да м у м и н и с т р і Бо л а т

Жəмішев халықтың тұрғын үй жағдайын жақсарту бағытында жасалып жатқан жұмыстарға тоқталды. Министрдің мəліметінше, Қазақ станда жобалық қуаттылығы жылына шамамен 1,5 млн. шаршы метр болатын үй құрылысы комбинатының 17 жобасын жүзеге асыру қарастырылған, оның 9 жобасын ағымдағы жылы енгізу жоспарланған. Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова да Тұжырымдамада көзделген міндеттер бойынша өз министрлігі тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Ол Үкіметтің 2011 жылдан бері «Жұмыспен қамту жол картасын» жүзеге асырып жатқанын, осы кезеңде бағдарлама 267 мың адамды қамтып, 157 мың адамның жұмысқа орналастырылғанын атап өтті. Білім жəне ғылым министрі Аслан Сəрінжіпов 2013 жылы колледж тү лектерінің жұмысқа орналасуы 70,5 пайызды құрағанын хабарлады. БҒМ басшысы «Республика

Электронды ќызмет ќоєам игілігіне Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде «Зерде» ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингі» АҚ-тың басқарма төрағасы Мирболат Аюпов баспасөз мəслихатын өткізді. Ол елімізде ақпараттықкоммуникациялық технологиялар мен осы саладағы нарықты дамыту туралы əңгімеледі. Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».

Аталған холдинг елімізде электрондық мемлекеттік қызметтерді дамыту саласындағы оператор екені мəлім. Сондықтан, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауына орай холдингте қабылданған негізгі шаралар жөнінде сөз болды. «Елбасы Жолдауында айқындаған негізгі міндеттердің бірі – экономиканы индустрияландыру жəне инновацияландыру негізінде құру қажет екендігі туралы үндеу болды», деп бастады сөзін басқарма төрағасы. Оның сөзіне қарағанда, бүгінгі таңда ақылды экономика ны ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамытусыз құру мүмкін емес. Сондықтан, былтыр «Ақпаратты Қазақстан-2020» мем лекет тік бағдарламасы жасалып, қабылданған екен. Одан бері бірталай жұмыс атқарылған.

Бұл бағдарламаның басты мақсаты – ақпаратты қоғамға өту үшін қажетті шарттар жасау. Себебі, өмірдің барлық саласына ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу заманауи шынайылықтың ажырамас бөлігіне айналып үлгерген. Аталған бағдарламаның саладағы алдыңғыларынан үлкен айырмашылығы бар. Онда елдегі ақпараттықкоммуникациялық инфрақұрылымның бəріне толық қолжетімділікті қамтамасыз етуден бастап, қоғамның əлеуметтікэкономикалық жəне мəдени дамуы үшін ақпараттық орта құрып, қалыптастыруға дейін қамтылған. Қазақстанда соңғы жылдары электронды сауда саласының қарқынды дамып келе жатқаны да назардан тыс қалмады. «Электронды сауданың дамуы – ол қоғам дамуының көрсеткіштерінің бірі. Осы жолда инфрақұрылымды, мəліметтер берудің инфрақұрылымын дамыту қажет. Ал бұл мəселе Қазақстанда

бойынша оқу орындары мен компаниялар, кəсіпорындар арасында техникалық жəне кəсіптік оқу орындарын бітірушілердің тəжірибеден өтуі мен еңбекке орналасуын ұйымдастыру мəселелері бойынша 25 мыңнан астам келісімшарт жасалғанын» атап көрсетті. «Əлеуметтік елеулі мəселелерді шешу – Үкіметтің, Парламент Мəжілісіндегі партиялық фракцияның жəне партияның барлық құрылымдарының бірлескен жұмысының негізі. Нұротандық депутаттар Үкіметпен бірлесіп, өздерінің заң шығарушылық қызметінде үнемі Сайлауалды тұғырнама ережелеріне арқа сүйейді», деп мəлімдеді Үкімет отырысына арнайы қатысқан Парламент Мəжілісіндегі «Нұр Отан» партиясы фракциясы басшысының бірінші орынбасары Сергей Дьяченко. Бұл мəселелер бойынша, сондайақ, бірқатар басқа да министрліктер мен ведомстволар басшылары, Шығыс Қазақстан мен Батыс Қазақстан облыстарының əкімдері сөйледі. толықтай шешілген. Сондай-ақ, контенттің, сервистің пайда болуы да маңызды міндеттердің бірі», деді М.Аюпов. Ол мамыр айында холдинг электронды сауда тақырыбына арналған «Астекс-2014» халықаралық көрмеконференциясын өткізгелі отырғанын да айтты. «Электронды сауда қазір Қазақстанда өте үлкен қарқынмен дамып келеді. Жаңа индустрия ретінде ол негізгі сервистер бойынша даму үстінде. Қазірдің өзінде «Эйр Астана», «Қазком» сынды электронды сауда нарығында көшбасшылар да пайда болды», деді холдинг төрағасының орынбасары Б.Құрманғалиева. Брифингте салаға қатысты заң туралы да əңгіме болды. «Заңнамалық база əрбір саланың дамуы үшін негіз болатыны белгілі. Сол сияқты, электронды саудаға қатысты заң жобасы қазір толық дайын жəне алдағы уақытта Үкіметке жолданады. Заң жобасын əзірлеуге барлық интернет-қауымдастық қатысты деуге болады. Олар өздерінің мүдделері мен құқықтарын талап етіп, оның құжатта қарастырылуына қол жеткізді. Мысалы, электронды шот-фактураның енгізілуі де үлкен жетістік болып табылады», деді тиісті заңға қатысты сұраққа жауап берген басқарма төрағасы. Сөз қорытындысында холдинг жетекшісі электронды қызмет елімізде іркіліссіз дами беретінін айтып, қоғам игілігі үшін күн санап құзыретін кеңейте беретініне тоқталды.

● Демократия – даму даңғылы

Мəслихат мўраты Ермек КЕЛЕМСЕЙІТ,

Алматы облыстық мəслихатының хатшысы.

Қазақстан Республикасының саяси көзқарасындағы жаңа толқынды танытқан жергілікті өкілетті билік органдары – мəслихаттарға алғашқы сайлау өткізілгелі 20 жыл толды. Бұл сайлау еліміздегі бəсекеге қабілетті алғашқы сайлау болып танылуымен қатар, өркениетке ұмтылған қазақ стан дық қоғамды демократияландыру үдерісін жеделдетті. Мəслихаттар заң шеңберінде жергілікті халықтың еркіндігі мен ерікті іс-əрекет етуін қамтыды. 1994 жылдың 7 наурызында облыстық мəслихат депутаттарын сайлау үшін округтер құрылып, Жетісу жерінде 44 депутат сайланған еді. Шыны керек, сол депутаттардың əрқайсысы өңір экономикасын өркендетуге, жалпы, өмір қажеттілігін өтейтін барлық саланы дамытып, ел рухын көтеруге өзіндік үлестерін қоса білді. Сөйтіп, сайлаушылары алдындағы төл міндеттерін адал атқарып, сол елдің алдына əрдайым ұялмай жарқын жүзбен шыққаны да ақиқат. Мұны бүгінгі тарихқа айналған кешегі өмір белестері дегеніміз де жөн. Алматы облыстық мəслихатының I шақырылым депутаттары жұмыс істеген уақыт еліміз егемендігін жариялағанымен, алғашқы қадамын апыл-тапыл басқан қиын да ауыр кезең болатын. Облыстық мəслихаттың сол кездегі басты міндеті жергілікті бюджеттегі шектеулі қаржының мейлінше тиімді жəне мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету, халықтың əлеуметтік жағдайының одан əрі төмендеуіне жол бермеу, елді мекендерде орын алып отырған проблемаларды дер кезінде шешу жəне алдын алу болды. 1997 жылғы 22 сəуірде Елбасының «Қазақстан Республикасының əкiмшiлiк-аумақтық құрылысын оңтайлы ету жөнiндегi шаралар туралы» №3466 Жарлығымен Алматы облысының шекаралары оның құрамына Талдықорған облысының аумағын қосу арқылы өзгертіліп, нəтижесінде Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы «Қазақстан Республикасының əкiмшiлiк-аумақтық құрылысындағы өзгерiстер жағдайындағы жергiлiктi өкiлдi органдар жүйесi туралы» №130 Конституциялық заңға сəйкес бұрынғы Талдықорған облыс тық мəслихатының депутаттары өз өкілеттіктерін сақтап, Алматы облыстық мəслихат депутаттары

корпусының құрамына енгізілді. Елбасының Жарлығын газеттерден қиып алып төс қалталарына сақтап, жүрген жерлерінде шадыман шаттықтарын ірікпегені де рас. Тағы бір баса айтар жайт – осыдан 20 жыл бұрын Елбасы алдымен – экономика, сосын саясат деп шегелеп тұрып айтатын. Бұл ұлағатты өз басым 1995-2004 жылдар аралығында екі мəрте Парламент Мəжілісінің І жəне ІІ шақырылымдарының депутаты болған кезімде көкейіме түйген едім. Енді ше, жұмыс бабымен халықтың арасына барғанда ел-жұрт Астанаңызда не жаңалық, мемлекетіміздің ұстанған бағыты ше? деген секілді тосын сұрақтар қойғанда еш кідіріссіз Елбасының əуелгі кезек экономиканы дамыту керек деген сөзін түсіндіре айтып беретінбіз. Сондықтан Мемлекет басшысының көрегендігін кешегі күнмен байланыстыра айтқан жөн. 1999 жылдың 10 қазанында ІІ шақырылған Алматы облыстық мəслихат депутаттарының кезекті сайлауы өткізілді. 44 депутаттық мандатқа 80нен астам кандидат тіркелді. Осынау маңызды шараның «Сайлау туралы» Конституциялық заңға сəйкес өтуін 3,5 мың байқаушы жіті бақылап отырды. ІІ шақырылымдағы депутаттық корпус жергілікті атқарушы органдар ұсынымы бойынша салық салу жəне бағдарламалық құжаттарды бекіту мəселелеріне біртіндеп ауыса бастады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2001 жылғы 14 сəуірдегі «Алматы облысының облыс орталығын көшіру туралы» №585 Жарлығына сəйкес, Талдықорған қаласы облыс орталығы мəртебесіне ие болып, осы жағдай облыстың одан əрі қарқынды дамуына үлкен серпін берді. Өтпелі кезең қиындықтарынан ығыр болған елдің сол кездегі қуанышын айта білу де бір ғанибет. Мемлекеттік саясатқа сай өңір ді дамытқан үстіне

дамыта түсуге өз кезектерінде облыстық мəс ли хат депутаттары білек сыбана кірісті. Талдықорған өңіріндегі тоқырап тұрған өндіріс орындарының тың қарқынмен əрі уақыт талабына сай жұмыс істеуіне, Талдықорған қаласы инфрақұрылымдарының жаңартылуына, инвестиция тартуға, жаңа ғимараттар мен тұрғын үйлердің салынуына баса көңіл бөлінді. Ел газеті «Егемен Қазақстан» басылымының мүмкіндігін пайдалана отырып, V шақырылған облыстық мəслихат депутаттарымен тұрақты қайырымдылық қызмет атқарған, яғни əрқайсысы 5 миллион теңгеден қайырымдылық жасаған Ерғали Миразовтың, Усеин Қасановтың, Сер гей Калининнің жəне Əбдіжапар Қыстаубаевтың, сондай-ақ, 3,7 миллион теңгеден қайырымдылық жасаған Серік Донбаевтың, 180 орындық балабақша салдырған Еркін Белгібаевтың, 2 мектеп оқушысының «Ғұмыр Дария» халықаралық байқауына бару шығындарын төлеп берген Валерий Сапожниковтің есімдерін құрметпен атап өткеніміз орынды. Облыстық мəслихатта былайғы жұрт назар аудара бермейтін басты жұмыстың бірі ретінде экономикалық-əлеуметтік жəне тағы басқа бағдарламалардың уақытымен қаржыландырылуын қамтамасыз ету мақсатында облыс əкімінің ұсынымы бойынша облыс бюдже тін бекіту жəне оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу мəселелері қаралады. Бұл ретте өңір басшысын қолдап жəне ретіне қарай халық өтініштеріне орай өзекті мəселелерді қолдай білетін облыстық мəслихат депутаттарының белсенділігіне де мың алғыс. Жалпы айтқанда, Қазақстан Республикасы Тəуелсіздік алғаннан бергі жылдары мəслихаттар жергілікті өзін өзі басқаруда жəне барлық сайлау науқандарында негізгі рөлге ие болғанын сеніммен айтуға болады. Осы жылдары еліміздің саяси жəне экономикалық бағыттарында үлкен жетістіктерге қол жеткізілді. Бұл табыстарда жергілікті өкілетті органдар өкілдерінің де сүбелі үлесі бар. Жергілікті өкілді органдарға сайланып, депутаттық қызметін атқарған əрбір халық қалаулысы Қазақстанның дамуына өзіндік үлесін қосты. Рухани деңгейі жоғары елі бар мерейлі мемлекетте тұратын жас ұрпақтың бүгінгі буын, оның ішінде, мəслихат депутаттарының атқарған қызметін лайықты бағалайтындығы еш күмəн туғызбайды. Алматы облысы.


3

www.egemen.kz

19 наурыз 2014 жыл

Игі дəстїрдіѕ жаттыєы жоќ

 Біз – қазақстандықтармыз!

Достыќќа адалдыќ дəстїрі

«Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл». Тура бүгінгінің сөзі. Ал осы өміршең қағиданы бағзы заманда айтқан айналайын атаң қазақ шын мəнісінде данышпан ғой?! Ұлы Жібек жолында, тоқсан жолдың тоғыз торабында тұрған алтын көпір іспетті Алаш даласы үшін бұл ұғымның мəн-мағынасы мен көкейкестілігі кеміген жоқ, қайта, керісінше, үстемелеп кеткендей. Десек те, арамызда жеті жұртты былай қойып, үштұғырлы тілдің өзін ауырсынатындарымыз да бар. Оған себеп, өз ана тілінде тілі шықпай қойған, беті бері қарады деген күннің өзінде тілін шайнап сөйлейтін жас та жасамыс ағайынның пошымын көріп шошынғандықтан, яки түңілгендіктен болар деп топшылаймын. Осындайда тілді балаға жас тан оқытып-үйрету керек деп тіл маман дары да, педагогтар да, қалың көпшілік те айтып жатады. Сол сөздің шындығын іс жүзінде, қаз қалпында көру дегеннің өзі бір ғанибет екен! Мəселен, Арина 4 пен 6 жас аралығында «Ақбота» балабақшасының қазақ тобында тəрбиеленді. Бұл балабақша Майқұдықтың «Колос» аялдамасына таяу, Күзембаев көшесінің бойында орналасқан. Давыдовтар отбасы үй ішінде орысша сөйлейді. Əкесі Юрий Анатольевич – кəсіпкер. Арина «шешем» деп айтпайды, «анам» дейді. Иə, анасы Ирина Анатольевна тілге біршама жақын маман, сөйлемесе де, қазақ тілін түсінеді, Қарағанды мемлекеттік университетінде логопед. Қызының қазақ тілін тəп-тəуір меңгеріп кетуіне бұл кісінің көп септігі тиді. Жалғыз қыздарынан несін аясын, керекті суретті кітапшалармен, оқу құра л дарымен, сөздіктермен, басқа да қажетті құрал-жабдықтармен барынша қамтамасыз етуге тырысты. Міне, соның нəтижесі болса керек, кез келген үйде бола қоймайтын қазақ тілінің орфографиялық сөздігі, түсіндірме сөздігі, тұрақты тіркестер, фразеологизм, тұрақты теңеулер, синонимдер, антонимдер сөздіктері, орысша-қазақша жəне қазақша-орысша сөздіктер бар. Қазақ тобында тəлім-тəрбие алған екіүш жыл із-түзсіз кетпеді. Бірде қазақша былдырлап жүрген одан таныстары «Ты кто по национальности?» деп сұрапты. Сонда ол: «Я – русская казашка», деп жауап беріпті. Қазақша тілін сындырған, əліппеден бастап, халқымыздың əдетғұрыптарымен таныстырған тəрбиешісі Күлəш Қалиқызының есімін соншама сүйіспеншілікпен атайды, алғашқы тəлімгеріне шəкірттік ризашылығын білдіреді. Əрбір тəрбие сағатын соншама əсерлі жəне ұғынықты өткізгендіктен, қазақ сөздері жас баланың санасында əбден орнығып, жатталып қалған. Ол жағдаят мектепке барғанда бірден

байқалды. Ойларында ештеңе жоқ ата-анасы Аринаны əуелі №95 орыс мектебіне береді. Күндердің бір күнінде қыздарының бірте-бірте қазақ тілін ұмыта бастағанын байқайды. Өмір ілгері озып, мемлекеттік тіл белең ала бастаған кез. Осыны жіті аңғарған анасы: «Орыс тілін онсыз да ұмытпас. Ел болашағы – қазақ тілінде оқу керек! Қой, болмас», деп келесі жылы қызын қазақ мектебіне апарады. Өздері тұратын жерден онша алыс емес, іргедегі №34 орта мектеп. Бес жыл бойы, 2-сыныптан 6-сынып аралығында қазақ тілінің мұғалімі Гүлбарам Пішенбаева «Ана тілі», «Қазақ тілі» пəндерінен үзбей сабақ берді. Шəкіртін ауызша мазмұндауға, диктант жазуға машықтандырып, білмей жатқан жері болса əрқашан көмектесті. Ғаламтордан, БАҚ-тан біліп отыратын жай ғой, алдыңғы жылдары елімізден мамандар табылмағандай, кейбір оқулықтар қырғыз ғалымдарына аудартылғаны есімізде, Аринамен əңгімелесіп отырғанда «мысал есептер түсінікті ме?» деп сұрап едім, «түсінікті» деді. Е, онда математика оқулығы дұрыс аударылған екен деп түйдім іштей. Оның үстіне баланың өз түсінігі де жақсы ғой. Біз көбіне тіл білу дегенді ауызекі сөйлесе білу деп түсінеміз. «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» деген қағида осыдан келіп туындаған. Бұл қазақ тілін меңгерудегі бірінші кезең болса керек. Гəп сол тілде сауатты жаза білуде емес пе?! Осы ретте Бауыржан Момышұлының «Тіл білу дегеніміз – сол тілде жаза білу» деген қанатты сөзін еске сала кетуді жөн көріп отырмын. Бұл өміршең қағида мектеп шəкірттерінен бастап сонау жоғары лауазымда жүрген азаматтарға да қатысты ортақ талап, ортақ міндет деп білемін. Айтса айтқандай, Арина қазақ тілінде мазмұндаманы да, шығарманы да жақсы жазады. Биыл қаламыздағы білім нің қарашаңырағы – Қарағанды облыстық Жамбыл атындағы №7 мамандандырылған мектеп-интернатының

7 В сыныбында оқып жатыр. «Арина мұнда төрт пəннен: математикадан, қазақ тілінен, орыс тілінен жəне тарихтан арнаулы тестілеуден өту арқылы қабылданған», дейді оқу орнының директоры Қайырбек Ілімбаев. Бүгінде қазақ тілінен Светлана Кəкімова сабақ береді. Талапты жастың саналы ұмтылысын тиісінше қолдап, білген-түйгенін үнемі ұштап отырады. Арина қазақ тілі мен əдебиеті, алгебра мен геометрия жəне ағылшын тілі пəндерін ұнатады. Үш тұғырлы тіл талабына сай мектеп кітапханасына, қалалық кітапханаларға барып, кəдімгідей мақсатты түрде талаптанып, ізденіп оқиды, үздік оқиды. Соның нəтижесі ғой, І жартыжылдықтың қорытындысы бойынша мектептің «Білім шыңы» тақтасында бірінші орында тұр. «Мектептің ең үздік оқушысы Давыдова А. 7 В сынып» деп тайға таңба басқандай жазылған. Бос уақытында көркем əдебиет оқиды. Осы күнге дейін сүйсініп оқыған көркем шығармалары қатарында қазақ қаламгерлерінің ішінен ұлы Абайдың өлеңдері мен Мұхтар Əуезовтің «Абай жолы» эпопеясын айрықша атайды. Қазақ тілін жақсы меңгерген басқа ұлт өкілдері баршылық қой десек те, біздің орыс тілі басымдау қаламызда тікелей қазақ мектебінде оқып жатқан Аринадай талапты жас сиректеу, саусақпен санарлықтай ғана. Басқа осындай жарқын мысалдар болса қуана құп аламын. Иə, үш тілді бірдей білетін шəкірттің арманы қандай екенін білмек болып: – Келешекте қандай мамандықты таңдап отырсың? – деген сауал қойдым. – Аудармашы болсам деймін. Тоғыз тілді біліп шыққым келеді. Қытай, француз тілдеріне ықылас қойып жүрмін, – деп жауап берді. Осы жерде мына бір жайт есіме түсті. Академик Сағынов «Ағылшын тілін алты айдың ішінде үйренуге болады, ал қазақ тілін бірнеше жыл оқытып неге үйрете алмаймыз?» депті тілші ғалымдарға. Кезінде КГБ қызметкерлерін ағылшын тіліне грамматиканы жалаң баяндамай, диалогтар арқылы бекітіп оқытқан Илона Давыдованың əдісін мысал қылып келтіргені шығар. «Бір тіл білген – бір кісі, екі адамға тұрады – екі тілдің білгіші» дейді, сонда үш тілді тең білген жан білгіштердің күштісі болғаны ғой деген ой түйе келіп, талабы таудай Аринаға білім шыңына өрлей беріп, Илона Давыдова секілді қазақ тілін жеделдетіп оқытудың жаңа əдісін ойлап табушы əдіскер маман болып, аңсаған арманына жетуіне ізгі тілегімді білдірдім. Сəбит БЕКСЕЙІТ.

ҚАРАҒАНДЫ.

 Мүмкіндігі шектеулілер мүмкіндігі

Ќиындыќќа ќайыспаєан ќайсар ќыз Бибігүлдің əңгімесін тыңдай отырып, «қазақтың қызы деген ғажап атқа» лайық, ар-намыстан өрілген ғажап болмысын танығандай болдым. Небір өткелеңді бастан кешсе де, сөзінен бəзбіреулер құсап торығуға салыну, «тағдыр салды, мен көндім» секілді мойынсұну наласы сезілмейді. Керісінше, кей азаматтардың бойынан табыла бермейтін өжеттік, қайсарлық қасиеттер желдей есіп тұрды. Алға қойған мақсатына жетпей тынбайтын өршіл рух оны биік белестерге жетелеп келе жатқанын аңғару қиын емес. Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Ол оңаша қалған сəттерде қиял көгіне жүзіп, ақ желеңді абзал жандардың адамдарға қуаныш, өмір сыйлайтын бақытты сəттерін көз алдына елестететін. Ондай кезде ерекше тебіреніп, жан жүре гі қайтсе де осы мамандық иесі атануды қалайтын. Қашан мектеп бітіргенше, есейгенше асығатын. Дəрігерлік мамандықты аттай қалап алған соң есіл-дерті Целино град медицина институтына түсу болды. Жолы оңғарылып, қызығы мен шыжығы аралас сту денттік өмірдің қалай өткенін де бай қамай қалды. Жоғары білім ордасының емдеу ісі факультетін терапевт мамандығы бойынша тəмамдағаннан кейін туған жерге оралды. Учаскелік дəрігер болып қызмет еткен екі жылдың ішінде өзін білікті маман ретінде танытып, абыройға бөленді. Ұжым басшылығы сенім артып, шалғай жердегі Целинный учаскелік ауруханасына бас дəрігер етіп жіберді. Осында бір жылға жуық еңбек етіп, жаңа ортаға үйренісіп қалған мезетте тосын жол апатынан қайғылы қасіретке, айықпас дертке ұшырады.

1990 жылдың ми қайнатар маусым айы. Сол күні толассыз жауған нөсер жаңбыр сай-саланы қуалап, жер-дүниені ми батпаққа айналдырып жіберген. Ойлы-шұңқырлы, жамаужасқаулы асфальт жол – көлкіген су. Жүйткіп келе жатқан жеңіл көліктің артқы жағына жайғасқан Бибігүл əлденеге елегізіп, бойын мазасыздық билеп алған. Жиыннан шығысымен ешқайда аялдамастан ежелгі əдетімен жұмысқа жеткенше асыққан. Жүргізуші бұрылыста рөлге ие бола алмаған күйі жол жиегіне қарай құлдилай берді... – Қас пен көздің арасында болған жол апаты енді ғана бүршік жарып келе жатқан гүлжазира өмірімді, асқақ армандарымды тас-талқан етті. Мүгедектікке ұшыраймын, бар ғұмырым қоларбаның үстінде өтеді деп кім ойлаған? Адам баласы ешбір болжап білмейтін, бір Алла тағалаға ғана аян небір белгісіздіктер мен тылсым күштердің сəт сайын кездесетінін, пешенеңе жазылған тағдыртауанға періштең де араша түсе алмайтынын кейін түсіндім. Есімді жисам, батпақ баттасқан қара жолдың үстінде жатырмын. Өңім бе, түсім бе, айыра алар емеспін. Дел-сал қалпы орнымнан зордың күшімен тұруға талпындым. Осы

(Соңы. Басы 1-бетте). Əр кəсіпке күн арнап, жеке-дара шараға дастарқан жайып жатпаған атабабамыздың маңдайына жазған екі-үш мейрамы болған. Соның ең үлкені де, ұлысы да осы Наурыз тойы. Наурыз тойының ерекшелігі – күллі қазаққа ғана емес, барлық мұсылман баласына ортақ мереке. Бірақ халқымыздың көне заманғы ауызша тараған күнпарағында жаңа жылды наурыздың он төртінен бастайды. Оған дəлелді тым əріге бармай-ақ, шығыстың жеті жұлдызының бірі Омар Һаямның «Наурызнəмесінен», басқа да көне əдебиеттерден көруге болар еді. Оның мəнісі – қашан да əр айдың он төртінде Ай толысады. Соған сай халқымыз ол күнді айдың (жұлдыздың) бір жаңасы дейтіні белгілі. Өйткені, жұлдыз қазақ ұғымында айдың синонимі. Оған бір дəлел келтірейік. Ыбырай Алтынсариннің жұртшылыққа жақсы таныс: Кім сендерді сағынар шетке кетсең, Ғылым іздеп, тез қайтпай көпке кетсең. Ұмытпа, ең кемінде жұлдыз сайын, Хат жазып тұр, төбесі көкке жетсін, – деген жолдарындағы «жұлдыз сайын хат жазып тұр» дегені күнбе-күн деген ұғымды бермейді, есесіне ай сайын дегені ғой. Яғни, біздің осы күнгі «Айдың пəленше жұлдызы» деуіміз түбірімен қате. Енді толған айға қайта оралсақ, қисса-дастандарымызда сұлу қызды «он төртінде толған айдай» деп жатсақ, ол əбден бойжетіп, кемеліне келгені. Сайып келгенде мұның бəрі күллі қазаққа тəн ортақ ерекшеліктер. Бірақ осы наурыздың барша қазаққа ортақ емес бір жері бар, ол – көбіне-көп кең-байтақ Қазақстанның батыс өңіріне ғана тəн – наурыздың алғашқы күні кішінің үлкенге, үлкеннің замандас, құда-жекжат, барлық мұсылман баласына қол алысып көрісуі. Бір қарағанда, ол қазақтың өзімен бірге жасасып келе жатқан игі дəстүрі. Ол жаңа жылмен бас талып, келесі жаңа жылға дейін мəн-мағынасын жоймайды. Наурыздың алғашқы күні кездескен екі адам бірбіріне міндетті түрде қос қолын беріп амандасады. Қол ұсыну кезегі жастыкі. Үлкендер ылғи да жастардың көрісуін дəметіп, күтіп отырады. Бұл кейінгілердің аға ұрпақты сыйлауы, құрметтеуі. Яғни бірінші жақ «Қолымда ешнəрсе жоқ, ақадал доспын, сізге Алланың нұры жаусын» десе, үлкені міне, «Менде де ештеңе жоқ, саған да нұр жаусын, аман бол» дегенді білдіреді. Астарында жақсылықжамандық адамның қолымен жасалады,

қол таза болса, ниет түзу, пейіл ақ деген ұғым жатыр. Көрісу наурыздың бірінші күні басталады. Соңғы кезде халық юлиан күнтізбесі бойынша наурыздың 14-інен бастап көріседі. Ал 22 наурызды үлкен мерекеге айналдырады. Осы арада аталған көрісудің ерекшелігі қандай деген сұрақ туады. Көрісуде ер адамдар мен əйел адамдардың арасында шектеу болмайды. Тек атасы мен қайнағасы келіндеріне қол беріп көріспейді, келіндері де солай. Ал ер адам ата-ене, əке-шешеден бастап, барлық тума-туыстарымен көрісе береді. Көрісу алдымен əркімнің өз үйінде, ата-анасынан басталып, əрі қарай жалғасады. Алыстағы ағайынға арнайы барып көріседі. Көрісу адамдардың жынысына қарай бөлінеді. Жастар үлкендерге сəлем беріп, кейін екі қолын ұсынып көрісу шартын жасаса, жасы ұлғайған аналар бір-біріне алақанға алақан тосып құлаштаған күйі əуелі оң иығын, сосын сол иығын түйістіріп, құшағын жазған күйі төскетөс түйістіреді, қайтадан алақандарын қосып көріседі. Ал жалпы, ер адамдар қос қолын ұсынып көрісе береді. Көрісу кезінде ертеде кем дегенде бес үйге бас сұғып, сəлемдесу міндет болған. Көрісу күні ешкім ешкімді шақырмайды, бірақ жастардың үлкенге сəлем беруі – парыз. Көрісу əдетте жыл аяғына дейін жүре бергенімен, бір ай шамасында өтетін игілікті шара – науқан. Оның бұзылмас заңы ер адам жасы үлкен-кішілігіне қарамай, ұзатылған қызға арнайы барып көріседі. Жөн білетін бəйбішелер ондайда қонақ алдында қызармас үшін соғымның шұрайлысын іркіп ұстап, осы шараға сақтайды. Сондай-ақ, Наурыз мерекесі

кезінде үйдегі барлық киім-кешектер мен өлі мүліктер де сандықтар мен бумалардан шығарылып, адалбақанға ілінеді. Ол, біріншіден, Наурыз мерекесі кезінде барлық жанды-жансыз жылды көруі керек деген қағидадан туындаса, екіншіден, малдан басқа мақтанары жоқ көшпенділердің табиғи мақтанышы – үй көрсетуі. Бұрынырақта байлар асыл мата, қымбат аң терілерін киіз үйдің сыртына шығарып ілдірткен. Сонда қыр басынан қарағанда, түрлі-түсті дүниеден тұратын керемет көрме секілді əсер қалдырған. Сондай-ақ, айт пен тойдан басқа күндері қарапайым киіммен-ақ ауыл-ауылды аралай беретін қазекең наурызға бір қабат болса да жаңа киім ауыстыруға тырысқан. Яғни, күллі дүние жаңарыпжасарып жатқанда табиғаттың төл перзенті саналатын адамның одан шет қалғысы келмеген. Жəне ескі жылдағы қайғы-қасірет пен өкпе-реніш сол ескі киіммен келмеске кетсін дегенді де меңзеген. Көрісу – өткен қыстан, жылдан аманесен шықтық, жаңа жылға, адамзаттың жап-жасыл түске бөленіп, жасарар шағы – тағы бір жылға, көктемге жеттік, енді қысылыс жоқ, адамның аузы аққа (уызға), мал аузы көкке тиді, адамның адаммен, жылдың жылмен көрісіп, қауышуы, ұлы той деген ұғым болса керек. Міне, бұл – бізге өткеннен жеткен игі дəстүр. Наурыз бақты, ел ақты, жұртымыз тыныш болсын! Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ, жазушы.

Атырау облысы.

«Нанардыѕ» Наурызєа тартуы Наурыз мерекесі қарсаңында Бұланды ауданы тұрғындарының дастарқан мəзірі түрлене түсті. Өңірге танымал кəсіпкер Норик Варданян басқаратын «Нанар» Агрофирма» ЖШС тағамдық жарма цехын пайдалануға қосты. Он бір түрлі өнім тұтынушыға қолайлы қаптамалармен ұсынылуда. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».

Агрофирманың жеке қаражатына салынған қайта өңдеу кəсіпорнының тəуліктік қуаты 2000 тоннаны құрайды. Егістік алқабын əртараптандыру нəтижесінде шикізат қоры да молая түсті. Кəсіпорынның 60 тонналық сыйымдылықтағы қоймасы жарма өнімдерін жыл бойы үздіксіз дайындауға мүмкіндік береді. Екі технологиялық желімен жұмыс істейтін цехта 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Ресей жəне Украинаның озық жабдықтары орнатылған кəсіпорынның өнімдері бұл күндері бір оқыс қимылға неге бардым екен, жедел көмекті күтуім керек еді деген өкініш əлі күнге дейін өзегімді өртейді. Ернімді қатты тістеген күйі жан-жағымды қарманып, зорлана қимылдадым. Тізерлей бергенімде, юбкамның қақ айырылғанын көріп, ұялғаннан етегімді қолыммен қымтай беріппін. Сол кезде мұрттай ұшып түскенімді білемін. Аяғымды қозғалта алсамшы. Қанша айтқанмен дəрігермін ғой, іштей омыртқа зақым данған екен ғой деп топшыладым. Сумаң еткен суық ойдан тұла-бойым мұздап сала берді. Бір кезде арқамның қатты ауырғаны сондай, қоң етімді біреу кесіп алғандай шыңғырып жібердім. Көз алдым қарауытып, біреу аяққолыма ине сұққылап, өкпе-қолқамды суырып алғандай болды. Сонда да есімді жоғалтпауға барынша жанталастым. Өйткені, зембілге салып көтергенде дене түзу қалпында болу шарт. Жəрдемшілер келсе, осыны ескертпекке əрекеттенген түрім ғой. Əйтпесе, толық қарыптыққа ұшырап, осы күнге зар болып қалуым ғажап емес деген үрей санамды тұмшалап алған. (Соңы 8-бетте).

«Нанардың» фирмалық дүкендерінде жоғары сұраныспен сатылуда. Сондай-ақ, кəсіпорын басшысы бұландылық өнімге еліміздің өзге аймақтарынан, тіпті, алыс шетелдерден де қызығушылық

барлығын айтады. Мəселен, жуырда Ауғанстаннан тапсырыс келіп түсіпті. Ақмола облысы, Бұланды ауданы.

Жер – халыќты асыраушы Кезекті халыққа Жолдауында Мемлекет басшысы Үкіметке Жер заңнамасын жетілдіруге қатысты бірнеше тапсырмалар бергені белгілі. Бұл мəселе бүгінде ғылыми ортада кеңінен талқылануда. Осыған орай Қазақ ұлттық аграрлық университетінде Өңірлік даму министрлігінің бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың қатысуымен Жер қатынастары заңнамасын жетілдіру туралы арнайы мəжіліс болып өтті. Қанат ЕСКЕНДІР,

«Егемен Қазақстан».

Басқосуды ҚазҰАУ ректоры, академик Тілектес Есполов ашып, мазмұнды баяндама жасады. Ректор өз сөзінде: «Жер мəселесінің қашан да мəні мен маңызы жоғары. Ол ешқашанда мемлекетіміз бен үкіметіміздің күн тəртібінен түсіп көрген емес. Оның еліміздің алдында алып отырған көкейкесті проблемалары да аз емес. Оны оңды шешу бағытында қолға алынып жатқан игілікті іс-шаралар да кезек күттірмейтін міндеттерге айналды. Соның бəрі де жерге байланысты заң шеңберіндегі заңдылықтарға сəйкес атқарылып келеді. Қазақстан экономикасының еселеп артуына жердің берер пайдасы көп. Сондықтан əлеуметтік жағынан халықтың талабын қанағаттандыру үшін жерді игеруге ғылыми көзқараспен қарауымыз қажет», – деді. Елбасы тапсырмасына орай бүгінде Өңірлік даму министрлігі тұрғын үй құрылысының, жер телімдерінің, жерді пайдалану

мен қорғауға мемлекеттік бақылау механизмін қалыптастыру мен жетілдіру жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі кезде заман ағымына сай жерді пайдаланып игеруде, заңдық тетіктерді жетілдіру маңызды болып отыр. Мысалы жерді алған кез келген меншік иесі, мейлі ол банк болсын немесе жеке тұлға болсын, сол жерді мақсатты түрде пайдалануы қажет. Өкінішке қарай кейбіреулер олай істемей отыр. Сонда ауыл адамдары қайда жұмысқа барады? Ауыл тұрғыны бұл жер учаскесінде жұмыс істей алмайды, өйткені, ол жер басқаға тиесілі, ал жердің иесі оны қажетіне жаратпай отыр. Сол себепті осы мəселе əлі де болса тиісті орындарда жан-жақты саралануы қажет. Бұл ретте ауылшаруашылығы мамандарының өз айтарлары бар. Өйткені, жер тек аграрлық саланың ғана айналысатын мəселесі емес. Сондықтан енгізілетін өзгерістердің мемлекет үшін маңызы зор. Осы орайда Өңірлік даму министрлігінің Жер кодексіне енгізілмек өзгерістерді ғалымдармен кеңесе отырып талқылауы өте орынды. Қазақ ежелден жер – халықты асыраушы дейді. Сондықтан да əр жер телімі оның иесіне де мемлекетке де пайда əкелуі тиіс. Жиын барысында Өңірлік даму министрінің бірінші вицеминистрі Қ.Өскенбаев, Р.Елешев, С.Кененбаев, А.Омбаев, А.Сапаров сынды ғылыми-зерттеу институттарының директорлары мен А.Рау, М.Алексеева, Т.Жоламанов секілді ҚазҰАУ ғалымдары сөз сөйлеп, аталған мəселеге орай ұсыныспікірлерін ортаға салды.


4

www.egemen.kz

19 наурыз 2014 жыл

 Мəселенің мəнісі

 Алыстағы ағайын

Шымкентке кел, Шымболат немесе аќиќат ешуаќытта сґнбейді

«Аќќулар» неден їрікті? Құс төресі аққу ақтаулықтар үшін ерекше құрметке ие. Аққу бұл құрметті төрелігімен ғана емес, сұлулығымен, киесімен баурап алды деуге болады. Қыс түсіп, күн суытқан соң көк теңізге маңғаздана ұшып келіп, еркелей жайғасатын ерен құсты қарсы алуға, көркіне көз тойдырып сүйсінуге, өз қолдарымен азықтандыруға ағылатындар аз емес. Осы махаббаттың əсері болуы керек, соңғы кездері өңірдегі ірі жобалар да аққу атын жамыла бастады. Бірақ, неге екені белгісіз, киелі құс əзір ойлаған жерге оңайлықпен «қонатын» емес... Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Алдымен, аққу атын иемденген, болашақ өніміне бренд етпек болған Ақтаудағы планшетті компьютер құрастыратын зауыт болатын. Өткен жылы атышулы оқиғаның себепкеріне айналып, масқара ісімен мəшһүр болған «Caspiy Elektronics» ЖШС жобасы ақыры тұралап тынды. Өзі өнім өндіруді білмегенмен, өзгенікін «өзімдікі» деп өтірік жарнамалап, жақсы атаққа қалудың жолын жақсы білетін зауыттың қитұрқылығы əшкереленді. Мемлекет басшысының алдында тікелей телекөпір арқылы ашылып, қазақстандықтарды өз өнімдерімізбен қарық қыламыз деген зауыттың қандай көзбояушылыққа барғандығын республикалық бұқаралық ақпарат құралдары бірінен соң бірі жалпақ жұртқа жария етті. Көріп отырғанымыздай, «атымнан затың садақа» дегендей адал құс өз атын бұл жерге қиған жоқ. Өзге елде құрастырылған теледидарға «Қазақстанда жасалған» деп жапсырылған өтірік белгіні сыпырғандай, осы істің басы-қасындағылардың бетіндегі бетпердесін де бүркемеленген жалған істерін де ашып кетті! Аққуға қатысты екінші əңгіме – Ақтаудағы шағын аудан құрылысына қатысты. Маңғыстау облысы құрылыс басқармасы мəліметі бойынша, «Аққу» шағын ауданы 1-кезегі құрылысының тапсырысшысы «Каспий» ƏКК» ҰК» АҚ екен. Аталмыш Əлеуметтік кəсіпкерлік корпорация «Урбостиль» ЖШС-мен шағын ауданындағы ішкі инженерлік желілер, абаттандыру мен тұрғын үйлердің 1-кезегінің құрылыс жобалық-сметалық құжаттамасын əзірлеу қызметін көрсету жөнінде келісімшарт жасақтайды. «Урбостиль» ЖШС-мен

жобаны əзірлеу жұмыстары 2011 жылғы 11 ақпанда аяқтала ды, мемлекеттік сараптама қорытындысына сəйкес жоба құны 8,2 млрд. теңгені құрайды. Осы жылғы наурызда «Каспий» ƏКК мен «МАГ» АҚ арасында мемлекеттікжеке меншік əріптестік негізінде жасақ талған келісімге сəйкес құрылыс жұмыстары басталды. Ақтаудың көлемін ұлғайтып, салынып жатқан үйлер санын арттырып, көптеген көңілдерге үміт отын ұялатқан құрылыс «20112014 жылдарға арналған тұрғынүй құрылысының бағдарламасы» аясында жүзеге асатын болып белгіленді. Осылайша, ғимарат тарының құрылысы 6 млн. теңге үстінде қаржы құрап, абаттандыруының өзіне 1 млн.-нан астам қаржы қаралып, қанатын енді қомдай берген «Аққу» кілт кідірді. Құрылыс жұмыстары барысында конструктивтік элементтерде бүгілу мен жарылу орын алған. «Ақылды құрылыс» екен, үй салынып, пайдалануға беріліп кетпей тұрып, жарақаттарын көрсетті. Іске араласқан «ҚазҚСҒЗИ» АҚ «ғимараттардың қаңқасын жобалау кезінде орындалған көлемдік жоспарлау жəне конструктивтік шешімдер қазіргі нормативтік талаптарға сай екендігі туралы» қорытындысын ұсынған соң, құрылыс жұмыстары қайта жалғасады. Бірақ, «аққуымыз» тағы мінез көрсетті – бəле болған бүгілу мен жабысып алған жарылу аяққа тұсау. Тоқтатпасқа амал жоқ, 2012 жылы қыста Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік сəулет-құрылыс бақылау, қадағалау жəне лицензиялау департаменті осындай ұйғарымға келеді. Енді «Урбостиль» ЖШС-мен бірге құрылысы салынған жəне əлі басталмаған бөліктерді күшейту, беріктігін қамтамасыз ету жұмыстары қолға алынады. Қазір гі таңда «бұрын құрылыс

жұмыстары одан əрі жүре ме деген сауал болатын болса, енді істі аяқтау мерзімі туралы əңгіме айтыла бастады» деп қуантады тиісті орындар. Жалпы, қай істе де қазақтың көкіректері қазынаға толы қарттарының ұғым-уəжіне, өмірден көрген-түйгеніне сүйеніп отырғанның ағаттығы жоқ, «жеті рет өлшеп, бір рет кесу» туралы ұғым осы құрылыс жұмыстары басталар тұста ескерілгенде, «Аққу» əбігерге салмас па еді?! Бұл жерде қолдан-қолға өтіп өгейсіреген, жүні ұйпаланып, түтеленген аққу көз алдыма келді... Көтерем – өлік емес, бауырын көтере алмаған құстың да қатарға қосылып, қайта қалықтайтын кездері болады, сондықтан, бұл мəселенің соңын күте тұруға тура келеді... Үшіншісі – осыдан бірнеше жылдар бұрын Ақтауда жаңа амфи-театр салынады екен деген жаңалық тарады. Қуандық. Өйтпегенде ше, осыдан 10-11 жыл бұрын Елбасы мұнайлы мекенге жасаған бір сапарында жастармен жүздескен ғой. Жас буынның арасынан жұлынып шыққан бір қыздың «Маңғыстауда неге театр жоқ?» деген сауалы сол кездегі облыс басшылығының үстіне мұздай су құйып жібергендей болса керек. Мемлекет басшысының «тез арада театр салынсын» деген тапсырмасын орындау жолында салынып жатқан əлдебір ғимаратты «театрға айналдыра» салған ғой. Мамандар келді. Жаңа да жас театр жаман болған жоқ, жетістігі де аз емес. Қалыптасты, бірнеше отандық жəне шетелдік драматургтердің шығармалары сахналанды. Бірақ... тар, театрға қажетті орындардан мақұрым. Осыны ескерген жергілікті əкімдік аққу бейнелі жаңа театр ғимараты салынатындығын айтқан. Бірақ, аққуымыз алысқа самғап кетті ме, оралған жоқ. Қолда қауырсын. Қарайлап жүрміз. Білуімізше, театр құрылысының жобасын əзірлеуші – «Тасмим» ЖШС екен. Алайда, Ақтау қаласының теңіз жақ бетіндегі 4-ші жəне 5-ші шағын аудандар аралығында орын тебетін театрдың табалдырығынан спектакль құмар маңғыстаулықтардың қашан аттайтыны белгісіз. Сонымен, «Аққулар» неден үрікті? Маңғыстау облысы.

Ўлыќтау рəсіміне ќатысты Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы елшісі жəне елшілік қызметті Чили Республикасында қоса атқарушы Бақытжан Ордабаев Қазақстан Үкіметі атынан Чили президенті Вероника Мишель Бачелет Херианың ұлықтау рəсіміне қатысты.

Билікті тапсыру жəне ант беру рəсімі ел парламентарийлерінің, шетелдік жоғары дəрежелі қонақтар мен халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен Чилидің Ұлттық Конгресінде өтті. Б.Ордабаевтың Чилидің бұрынғы президенті С.Пиньерамен жəне жаңа сайланған президенті М.Бачелетпен хаттамалық кездесулері өтті. С.Пиньера ұлықтау рəсіміне қатысқаны үшін елші Б.Ордабаевқа алғысын білдірді. Ол Қазақстан Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысовтың Чилиге өткен жылғы

ресми сапары мен елшінің тағайындалуы дəстүрлі достық пен өзара тиімді ынтымақтастыққа құрылған екіжақты қатынастар тарихындағы маңызды оқиға екенін атап өтті. Ұлықтау шарасы шеңберінде өткен қысқа кездесу барысында М.Бачелет қазақстандық елшіге өзінің осы лауазымға ресми кірісуіне орай өткен шараларға қатысқанына алғысын білдірді. Б.Ордабаев Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың атынан президенттік сайлауда жеңіске жетуіне байланысты М.Бачелетке жолдаған құттықтау хатын тапсырып, Қазақстан Чилимен екіжақты үнқатысуды одан əрі жалғастыратынын атап көрсетті. Ал Чили президенті Қазақстан-Чили қатынастары достық жəне өзара мүдделестік тұрғысында дамитынына сенімін білдірді. «Егемен-ақпарат».

Тіршіліктің мың-сан түйткілімен сонау Кеңес Одағы дей-тұғын кезеңіңізде Қырғызстан жағына көшіп кеткен Шымболат атты сыныптасым араға бақандай отыз жыл салып келіп тұр. Сансыз сұрақтары мен мəнмазмұнымен сынаптай сырғыған уақыт шіркін қайран досымның қабағына өз өрнегін салыпты. Шымкенттейін шаһарыңызға көптен келмегендігі көрініп тұр. Ол үшін келбетті кент көктен салбырап түсе қалғандай. – Бізден бар ғой, елу, жо-жоқ, тіпті жүз жыл ілгерілеп кетіпсіздер, – деді досым. «Біз» дейді. Онысы Қырғызстанды меңзегені. Енді отыз жыл сол жақтың суын ішіп, ауасын жұтқаннан соң меншіктеп алғаны да. Келіншегі қырғыз жақтың қызы еді. Шымболат үшін Шымкент тарс жабық, бітеу əлем сияқты. Туған елге деген сарытап сағынышын кеудесіне тұмшалап жеткен досыма күн шуақты шаһардың айтулы, көрікті, тарихи жерлерін көрсетіп шығу үшін туристерге қызмет көрсететін жол көрсетуші гид болуыма тура келді. Əуелі қырғызстандық досыма Шымкент қаласының ТМД жəне ЕурАзЭҚ-тың таңдаулы қаласына айналып, арнайы дипломмен марапатталғанын мақтанышпен айтып өттім. Шымболат шынашақтай шағында шешесімен бірге «Қырғы базарға» келген көрінеді. «Сол маңды бір көрсем» деп көкөрім кезін көксеген досым қолқа салған соң не тұрыс бар, такси ұстап «Көл» аялдамасына тартып кеттік. «Шəмші» гүлзарын көргенде достым таң-тамаша қалды. Аумағы заман талабына сай абаттандырылған «Неке сарайы» асқақтап тұр еді. Жас шіркінге жыл мезгілі тосқауыл қоя алған ба, бір топ көңілді жас қызылды-жасылды киініп сəн-салтанатымен «Неке сарайынан» шығып келе жатты. Күлімкөз ару төңірекке жəудір көздерімен еркелей қарайды. Оның отты жанарынан мұз екеш мұз да еріп кеткендей ме, қалай өзі? Шіркін-ай, сол бір бұла күндер қайта айналып келіп, тылсым бір күштің құдіретімен осы төңірекке қас-қағым сəтке болса да тепсе темір үзетін жиырма бес жасымызда тастап кетсе ғой... – Мұнда əртүрлі мəдени шаралар өтеді. Алаңға адамдар сыймай кетеді, – деп жатырмын. Тəуке хан даңғылы мен Б.Момышұлы көшелерінің қиылысындағы орталық субұрқақ жəне Жастар аллеясындағы «Қызғалдақ» композициясы жаңа хайтек технологиясы бойынша шыныдан жасалған. Субұрқақ маңында гранит тастардан қапталған жаздық сахна бар. Маңайы жарық шамдармен түнде тіптен айшықталып көрінеді. Бассейнге жапсарлас дельфиндер айдынға əне-міне шоршып түскелі тұрған тəрізді. Абай саябағы осы маңнан таяқ тастам жерде еді. Б.Момышұлының ескерткішіне соғып, одан əрі баққа жаяулатып тартып кеттік. М.Əуезов атындағы ОҚМУ ғимаратының ауласындағы Жастар аллеясы, жол орталарына қойылған түрлі мүсін-ескерткіштер, түнде «жанып» тұратын еліктер, сəйгүліктер, қаз-үйректерге қарап Шымболат кідіре берген. «Абай» саябағында хакім Абай мұражайына біраз кідірістедік. Мұражай алдындағы Абайдың ұлы Тұрағұлдың тұғырына тоқтап өттік. Спорт алаңдары мен жаңадан бой көтерген цирк, шекарашыларға, Ауған соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіштер, Көркемсурет галереясын аралап біткенімізше бір тəулік жоғалттық. «Даңқ» мемориалына барғанда Шымболат тіптен дегбірсізденіп кетті. Оңтүстіктен Ұлы Отан соғысына аттанған 140 мыңнан астам адамның аты-жөндері гранит тастарға қашалып жазылған ғой. Шымболаттың əкесінің аты жазылған гранит тасты таптық. – Бізді де ұмытпапты, – деп Шымболаттың көзіне шық қонақтады.

Мен білгенімді айтып келемін. «Даңқ» мемориалы кешенінің ұзындығы – 285 метр, ені – 22 метр, жалпы аумағы – 6 300 шаршы метр. Мұндағы мəрмəр тақтаға 51 Кеңес Одағының Батыры, «Даңқ» ордені толық иегерлерінің жəне 1 Халық Қаһарманының аты-жөндері қастерлеп жазылып, ілінген. Ескерткіштің биіктігі – 9,7 метр. Жалпы аумағы – 4 250 шаршы метр. Кешен аумағына екі жерден күмбезді шатыр мен орындықтар, жарық шамдар орнатылған. Осы «Даңқ» мемориалының ашылу салтанатына Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаевтың өзі келіп қатысты. Ордабасы алаңындағы Тəуелсіздік тұғырын да Елбасымыздың өзі келіп ашты. «Рəміздер» алаңы кешенінде еліміздің картасы таңбаланып, Президент Н.Назарбаевтың: «Дүниеде тəуелсіз Қазақ елі бар. Əлемде егемен Қазақстан бар. Оның көпұлтты, ынтымақшыл халқы бар. Қуатты экономикасы, сенімді саяси жүйесі бар. Ең бастысы – бүгіннен нұрлы, бүгіннен кемел болашағы бар. Сол күнге берік сенім бар!» деген сөзі мен «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тəуелсіздігі туралы» 1991 жылғы 16 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңынан үзінді жазылған. Тəуелсіздік алаңына Алтын көпір арқылы көтерілесіз. Алаңдағы мəдени кешендер көздің жауын алады. «Отан – Ана» тəуелсіздік монументі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен салтанатты түрде ашылды. Елбасы Тəуелсіздік алаңына шынар ағашының көшетін екті. Ол бүгінде егемен еліміздің символы сияқты биікке өрмелеп барады. Осы «Алтын көпірден» өтіп бара жатып, көне кенттің келбетін жартылай болса да көзбен шолып өтесіз. Тəуелсіздік саябағының теміржол вокзалына қарай шыға берісінде үлкен қақпа орнатылған. Ол Тəуелсіздіктің 20 жылдығына орай салынды. «Тəуелсіздік қақпасы» аталады. «Теміржол» деп қалдық. Қабанбай батыр ескерткішіне тəу етіп, əлемнің төрт бұрышына жолаушылар мен жүк тиеп алып сырғып жатқан отарбалар аялдамасы – теміржол вокзалы да бүгінде танымастай өзгерген. Теміржол вокзалы алдындағы алаңда «Жібек жолы» композициясы тұр. Ол төрт мүсіннен құралған. Ақ мұнара мəрмəр тастан жасалған. Мұнараның жоғары жағындағы сағат уақыт шіркіннің пойыз донғалақтарындай толас таппайтынын, толассыз сырғыған дүниенің өлшеулі екенін білдіргендей жүректі сыздата сырт-сырт етеді. Шым қаладағы Асанбай Асқаров атындағы дендрологиялық саябақ бүгінде толығымен қайта жөнделіп бітті. Мұндағы су жүйелері қалпына келтіріліп, ішкі жолдар, атпен жəне велосипедпен жүретін жолдар реттелді. Дендросаябақ ішінде ардагерлер аллеясы ашылды. Кіреберістегі қақпа (арка) күн нұрына шағылысып, керемет бір көркемдік сыйлап тұрады. Саябақ сырты қоршалып, қызметтік үйлер жаңғыртылды. Осындағы көл келбеті келушілерді қызықтырады. Оның үстінен жаяу жүргіншілер көпір арқылы əрі-бері өте алады. Көпір үстінде тұрып айдындағы аққуларды тамашалайды. Көпір плиткалармен көмкерілген. 4 мың шаршы метрге аяқжол төселген. Бес жүзге жуық шам саябақ ішіне сəулелі нұр себелейді. Тынығушылар үшін барлық жағдайлар бар. Дендросаябақ қаланың өкпесін тазалап тұрған бірден-бір акваром іспеттес. Осындағы вольерге 20 тиін, 4 елік пен тарғыл бұғы, 10 тауыс жіберілген. Айдын беті жазда аққу-қаздан көрінбейді. Көл тереңіне былтыр 20 000 дəумаңдай балық жіберілген. Дендросаябақта дəстүрлі мерекелер мен салтанаттар жиі болып тұрады. Бұл – жастар мекені. Сондықтан осында «Жас жұбайлар» аллеясы ашылған. Аллеядағы жас жұбайлар мүсіні

өз жарасымын тапқан. Бақ ішінде көптеген субұрқақтар, жан-жануарлар мүсіндері, басқа да кескіндемелер тынығушыларға тамаша əсер сыйлайды. «Махаббат патшалығы» сарқырамасы сиқырлы əлемге сүңгітіп, ғажайып сезім бесігіне бөлейді... «Шындықтың көбінесе қарапайым болатыны соншалық, тіпті, оған жұрт сене бермейді», депті Ф.Левальд деген данышпан. Ал қазақ əдебиетінің ірі өкілі Ғабит Мүсірепов: «Шындыққа қиянат жасамауымыз керек» деген-тін. Осы екі қағидатты қанат еткен мен тіптен ресмиленіп кеттім білем, көзбен көргендерімізге білгендерімді қосып, қонақты қалжыраттым-ау, шамасы. Жоқ, қателесіппін. Шымболатым ширақ. – Бір ұлым Мəскеуде, екіншісі Астанада оқиды. Екі ұлым Бішкек жақта сіңісіп қалды. Екеуінің де өз шаруасы, бизнесі бар. Кіндік кескелі көргені сол жер болғаннан соң ба, мұнда келгілері жоқ. Бірақ, менің Отаным – Қазақстан. Оқудағы екі ұлымды қайткенде де Қазақстанда қалдырамын. Өйткені, Қазақстан Мəңгілік Ел болмақ. Шымкентте екі інім бар. Бизнестері дөңгеленіп тұр. Немерелерімді алып осында көшіп келуге біржолата бекіндім. Себебі, Шымкент – жастар қаласы. Олар осында білім алады, оқиды, өсіп-өнеді. Оған барлық жағдайлар бар. Қараңызшы, бүгінгі Шымкент қандай керемет. Ертеңгісі бұдан да жарқын емес пе? Немерелерім осындай үлкен қалада білім алып, болашақтарына бағдар түзсе қандай бақыт, – деп Шымболат өзінің шыңырау ойына шомды. – Сен білесің бе? – деп сөзімді сабақтадым. – Елбасымыз Н.Назарбаев биылғы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында: «Қазақстанның алғашқы заманауи урбанистік орталықтары ірі қалалар – Астана мен Алматы, одан соң Шымкент пен Ақтөбе болады. Олар халықтың жəне инвестициялардың шоғырлану орталығына айналады, сапалы білім беру, медицина, əлеуметтік-мəдени қызметтер көрсетіледі», деп атап көрсетті. – Иə, Шымкентте тұру үлкен бақыт қой, – деді Шымболат. – Қазақстанның қарыштап дамуы, озық елдердің қатарына қосылуы, əлемге өзін таныта білуі біздің көреген басшымыз Нұрсұлтан Əбішұлының арқасында, – дедім мен. – Оған дау бар ма? – Ал, Оңтүстіктегі, оның ішіндегі облыс орталығындағы осынау қыруар тірлік Елбасымыздың сенімді серіктерінің бірі Асқар Мырзахметовтің жетекшілігімен жүзеге асуда. – Асқар бауырымыздың бастамалары бек жақсы екен. – Дұрыс айтасың, бұл жолы оның руханият саласындағы еңбектерін ғана айтып өттім. Экономикада, əлеуметтік өмірдің басқа да салаларында қол жеткен табыстарын айтсақ, тағы да ұзаққа сілтеуіміз мүмкін. Айтпақшы, көшіп келер болсаң, ұлдарың да, өзің де жұмыссыз қалмайсың, облыс əкімдігі жанынан құрылған «Шымкент-инновация» ЖШС мен «Кəсіпкерлерге қолдау көрсету» орталығы, сонымен бірге, «Максимум» АИО секілді қаржы институттары жұмыс істейді, – дедім мен. – Сөз жоқ, ораламын. Онда да тек Шымкентке көшіп келемін, – деп қоштасты Шымболат досым. Тарихы сəт-сайын өшпестей болып мəрмəр тасқа жазылып жатқан шуақты шаһарға тезірек келуіңе тілектеспін, дедім мен іштей. Сабырбек ОЛЖАБАЙ, Қазақстан Жазушылар жəне Журналистер одақтарының мүшесі.

Оңтүстік Қазақстан облысы.


www.egemen.kz

19 наурыз 2014 жыл

жобасы жаңа технологиялар мен өміршең ғылыми идеялардың генераторына айналып келеді. Бұл бағытта көршілес мемлекеттер арасында сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде бірлесіп қолға алынған шаралар шоғыры сан салалы. Əсіресе, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы қаңтар айында Қазақстан халқына Жолдауында қойылған мəселелер өте көкейкесті болып отыр. Бұл интеграциялық ғылым

Иə, кешегі күндері конгресс қызметі шеңбері мен ауқымында ғылым мен энергети ка бағытындағы бірқатар интеграциялық жобалар мен үдерістер жан-жақты талқыланды. Соның ішінде шекаралас аймақтар арасындағы инновациялық əлеуеттің мүмкіндіктері жəне инженерлік ғылым мен ғарыштық технологияларды дамыту жөнінде қос елдің ғалымдары жаңаша əрі тың ойпікірлер қозғады. Бір сөзбен айтқанда, ғылыми интеграция эконо-

5

 Көкейкесті

Єылыми ыќпалдастыќќа ўмтылыс Өткен аптада Орал қаласында «Ғылым. Білім. Тəжірибе» тақырыбында төртінші интеграциялық конгресс өз жұмысын аяқтады. Мұны тұтас бір кластерлік триада десе де болады. Бірден айтарымыз конгресті ұйымдастырушылар легі мейлінше толыққанды. Оның геоэкономикалық ауқымы мейлінше кең.

Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан».

Олардың қатарында Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі, Еуразиялық экономикалық қоғамдастық, Ресей тауар өндірушілер одағы, Ресей мен Қазақстанның инженерлік академиялары жəне Қазақ станның инновациялық жəне телекоммуникациялық жүйелер университеті (КазИИТУ) бар. Осының өзінен іргелі халықаралық жиын Қазақстан мен Ресейдің шекаралас аймақтарындағы көрнекті ғылым қайраткерлерінің басын қосқанын бірден байқауға болады. Бұған дейін газетімізде хабарланғанындай, Орал қаласындағы ҚазИИТУ базасында соңғы жылдары дəстүр мен тəжірибеге айналған Еуразиялық өзен аралығы

мен тəжірибенің басты шикізаты рөлін де атқара алады. Осы орайда, қолданбалы ғылым мен инновацияның негізгі операторына айнала білген Еуразиялық өзен аралығы жобасының орны айрықша. Айталық, Батыс Қазақстан облысы мен Ресейдің шекаралас губерниялары арасында өзара ынтымақтастық пен тату-тəтті көршілік жөніндегі келісімшарттарға қол қойылған. Бұл игі іс, өзгесін айтпағанда, ғылы ми инте грацияның жаңа мүмкіндік терін ашуға да айтарлықтай септігін тигізді. Ал жоғарыда айтылғандай, Оралда өткізілген төртінші интеграциялық конгресс бұл байланыстың мəні мен маңызын тағы бір биікке көтеріп, оған жаңаша серпін берді десек қателеспейміз.

миканың жаңа өміршең салалары мен жүйелерін құруға қызмет жасауға тиіс. Яғни, көршілес мемлекеттер арасындағы қазіргі басымдық мақсат-мұраттар – ғылым мен білімді түбегейлі түрде жаңғырту, оның өміршең нақты тəжірибемен байланысын тереңдету, ақпараттық əлеуеттің көкжиегін кеңейту, бизнес пен ғылымда көршілес елдердің өзара іс-қимылының үйлесімділігіне қол жеткізу болмақ. Міне, конгресс кезінде оған қатысқан ТМД ғалымдары жасаған тағы бір түйін осындай. Қалай дегенде де «Ғылым. Білім. Тəжірибе» атауын иеленген кластерлік триада тек осындай үздіксіз үрдіс арқылы ғана алға қойған мақсатына жетері анық. Конгресс жұмысы кезінде тек құрғақ инновациялық идеялар айтылып қоймай, бүгінгі күнгі ғылым мен білім берудегі нақты интеграциялық байланыстар жөнінде көптеген мысалдар келтірілді. М.В.Ломоносов атындағы Мəскеу мемлекеттік уни верситетінің профессоры Сер гей Кибальниковтің ай туынша, өткен жылдан бас тап Дубна университетінде Қазақ стан ның инновациялық жəне телекоммуникациялық жүйелер универ ситетінің жас мамандары қатарынан магистранттар дайындаудың арнайы бағдарламасы қолға алынған. Бұл үрдіс Ресей дің Самара қаласындағы жоғары оқу орындарында да өз жалғасын тауып отыр. Инновация мен жаңа технологияны трансферттеуге көршілес мемлекеттер ғалымдары осылайша үн қосып келеді. ОРАЛ. –––––––––– Суретте: конгрестен көрініс.

Əріптестік əліппесі Шығыс Қазақстан облысы ғылыми интеграцияның дамуына айрықша ден қойып отыр. Жақында облыс орталығында Ұлыбритания мен Қазақстан арасындағы ғылыми ықпалдастық шеңберінде «Ғылыми зерттеулерді бағалау жəне іріктеу жүйесі. Зерттеушілік қызметтегі əріптестікті нығайту» атты халықаралық семинар өтті. Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан».

Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 300-ден аса жəне британиялық университеттердің 15 жетекші зерттеуші-ғалымдары келді. Білім жəне ғылым министрлігінің қол дауымен Ұлттық ғылымитехникалық сараптама орталығы жəне Британия кеңесінің (British Council) ұйымдастыруымен елімізде алғаш рет Өскеменде өткен семинар жұмысында екі ел арасындағы ғылыми интеграция игіліктері мен минералды байлық көздерін тиімді пайдалану бойынша əріптестікті дамыту мəселелері қаралды. Мемлекет басшыларының келіссөздеріне сəйкес, екі ел арасындағы ғылыми ықпалдастық одан əрі дамуға бет алғанын байқататын жиында министрліктің Ғылым комитеті төрағасының орынбасары Амандық Төлешов сөз алды. Ол халықаралық шараның тұңғыш рет Шығыс Қазақстан облысында өтіп жатқанын, Елбасының ғылымды экономиканың басты дамытушы күшіне айналдыру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге

асыру үшін Ұлттық ғылымитехникалық сараптама орталығы құрылғанын атап өтті. Қазіргі кезде аталған орталықта ғылыми жаңалығы бар жобаларды жүзеге асыру тетіктері қалыптасуда. Алдағы екі жылда комитет бес басым қағидат бойынша жұмыс істейтін болады. Мəселен, өнеркəсіптік инновациялар мен синхрондылық қағидаты ғылыми жаңалықтардың жергілікті өндіріске бейімділігін талап етеді. Бұл индустрияландыру бағдарламасы аясындағы гранттардың берілуіне жол ашады. Инфрақұрылымды дамыту ұстанымы бойынша ғылыми жəне инженерлік зертханалар ашылып, технопарктер жүйесі қалыптаспақ. Ғылыми қызметтің қаржыландырылуын жетілдіру де көзделіп отыр. Аталған бағыт бойынша жергілікті өндіріске тікелей қатысы бар ғылыми жобалардың 25 пайызын кəсіпкерлік нысандары қаржыландырады. Ел эконо микасының стратегиялық бағыттарына қызмет ететін қазақ

ғылымындағы гранттарға жасы 35-тен аспаған зерттеушілер тартылатын болады. Британия кеңесінің директоры Саймон Уильямс Ұлыбританияда дарынды ғалымдарды қолдайтын халықаралық Ньютон қоры құрылып жатқанын, бұл ұйым Қазақстанды да қамтитынын жеткізсе, «Назарбаев Уни верси теті» жер ғылымдары орталығының директоры Асқар Мұнара елімізде геологиялық инфрақұрылым қайта түзіліп, заманауи зертханалар ашу жоспарланып отырғанын айтты. Бұл – жас ғалымдардың геология саласына бет бұруына, моноқалалардың дамуына да оң əсер етеді деп күтілуде. Екі ел арасындағы ғылыми ықпалдастықтың артуына отандық ғалымдар да, британдық зерттеушілер де мүдделі. Халықаралық шара барысында меймандар өңірдің жетекші кəсіпорындары мен ірі кен орындарында болды. Шығыс Қазақстан облысы.

Кімніѕ киімін киіп жїрсіз? Жеѕіл ґнеркəсіптіѕ ауыр проблемалары Шындығына келсек, бəріміз де өзгенің киімін киіп жүрміз. Иə, көршілердікі, одан қалды көршінің көршісінікі. Не керек, əйтеуір біздікі емес. Сенбесеңіз, үстіңізге үңіліп көріңіз... Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».

Ұялған тек тұрмастың жайымен базарға бағыт алдық. «Қазақстанда жасалған» киім іздеп жүрміз. Жағалай импорт. Əлемдік брендтерді былай қойғанда, шетелдің арзанқол тауарларынан-ақ көз сүрінеді. «Мыналар қай жақтан?» дегенімізше болған жоқ, сатушы зуылдай жөнелді: «Қандайы керек, бізде бəрі сапалы, Түркия, Ресей, Германия...». «Өзіміздікі жоқ па?». «Ə-ə, арзан іздедіңіздер ғой, онда Қытай, Қырғыздан бар...». «Қазақстаннан ше?». «Қазақша киім? Ондайлар екінші қабатта, қамзол, шапан, бəрі сонда бар». «Қазіргі заманғы киімдер ше?». Жоқ! Кейде «осы Қытай болмаса, жалаңаш қалар ма екенбіз деп ойлайсың. Тіпті, іш киім мен шұлықтың өзін шетелден киген соң қайтерсіз. Себебі, өз еліміздің жеңіл өнеркəсібі жемісін жегізе алмай жүр. Атауы жеңіл болғанымен, бұл өнеркəсіпті дамыту біздің ел үшін əсте ауыр болған сыңайлы. Мəселен, жеңіл өнеркəсіпте біз өзөзімізді тауармен 9 пайыз шамасында ғана қамтамасыз етіп отыр екенбіз. Бұл қауіпті, əрине. Аса қажетті, бірінші кезектегі тауарларды да сырттан тасимыз. Былайша айтқанда, импортқа тəуелдіміз. Ал мамандардың айтуынша, елдің қауіпсіздігі үшін, экономикалық тəуелділіктен арылу үшін біз өз-өзімізді кем дегенде 30 пайыз тауармен қамтамасыз етуіміз керек. Мемлекет тарапынан қаншама көңіл бөлініп жатыр десек те, бұл саланың берекесі кірер емес. Қабылданған бағдарламалар бар, бірақ нəтиже жоқ. Соған қарағанда жеңіл өнеркəсіпті дамыту мəселесі əлі де жіті мəн беріп, «май шаммен» қарауды қажет ететіндей. Мəселен, Қазақстан мақта, жүн, тері сияқты шикізаттарға бай бола тұра, ел ішінде өңдеу ісі өркендемеген. Қарапайым тілмен айтқанда, ештеңе өңдей алмай отырмыз. Бұл салаға келіп жатқан инвестор та жоқтың қасы. Егер де елімізге сырттан тауар ағылмаса, инвестор атаулы ойланбастан келер ме еді, кім білген? Сонда бірлескен кəсіпорындар да, жаңа жұмыс орындары да ашылып, бəсекеге қабілетті тауар да шығарылар ма еді. Былай алып қарасақ, бұл саланың əлеуметтік маңызы өте зор. Жеңіл өнеркəсіп халықты жұмыспен жоғары деңгейде қамтитын əлеуметтік сала болғандықтан, кез келген мемлекетте ерекше мəнге ие. Мысалы, Қырғызстан бұл салаға қосымша құн салығын салмайды, мұндай əдіс Түркияда да бар. Үндістанда жекелеген қорлар қолдау көрсетеді. Қытай елі өндірісшілеріне субсидия береді екен. Ал жеңіл өнеркəсіпке ерекше мəн берілген Корея, Жапония сынды елдер 7080 пайыз өз өнімдерін тұтынады деседі. Бұл ең бірінші – тұрғындар үшін жұмыс орны. Мəселен, Үндістан, Түркия, Қытайда жеңіл өнеркəсіп саласында тұрғындардың 21 пайызы жұмыс істесе, Қырғызстанда халықтың 30 пайызы өз нəпақасын осы саладан табады екен. Ал біз ел-жұртты сырттан дайын өнім əкеліп киіндіріп отырмыз. Анығын айтқанда, еліміз Қытайға, Қырғызстанға, Түркияға инвестиция салып отыр деген дұрыс. Өйткені, біздің ақшаға ол жақта қосымша жұмыс орындары ашылып жатыр. Олай дейтініміз, бізге сырттан келетін киім-кешек килолап емес, тонналап əкелінеді. Ал бұдан сыртқа аз ақша кетіп жатпағанын аңғару қиын емес. Біздің басты кемшілігіміз де осы – сырттан

келген тауарды ішкі рынокқа емін-еркін кіргізе салатындығымызда жатқандай. Бұл ретте «Сауда қызметі туралы» заңды белшеден басып жүргендер де аз емес. Қазір тіпті, өз еліміздің өнімін талап етпек түгілі, шетелден келген тауарлар сапасына да жауап беріп жатқан адам жоқ. «Made in .... » деген жапсырмаға өздері қалаған елдің атын жазып өткізе береді. Саудагерлердің айтуынша, бізде өнімнің килосына 0,6 еуро төлеп, тауарды кеденнен еш кедергісіз енгізе алады екен. Ең бастысы, ақшасын төлесең болғаны. Қанша сомаға қандай көлемде тауардың кіріп жатқанын ешкім білмейді. Ал басқа елде шектеу бар, 50 кило кіргізуге құқылысың, одан асса, міндетті түрде декларация қажет. Бізде екі тоннаға дейін тауар əкеле алатынын естігенімізде еріксіз таңданыстық. Əлемнің бірде-бір еліне шетел тауарлары бұлай емінеркін кіре алмайтын шығар. Осының өзі ел нарығын сапасыз тауарлармен толтырып, өз отандық өндірісшілерімізге кең қанат жайып, тыныстауына мүмкіндік бермей отырғаны айдан анық. Иə, осының салдарынан бұл саладағы біздің өндірісшілер қалың бұқара тұтына қоятын жібі түзу киім-кешек шығара алмай отыр. Өндіріс немесе қандай да бір қоғамдық қызмет саласына арналған «спецовкалар» (арнайы жұмыс киімдері) мен «формалар» тігуден əріге аса алмай келеді. Жеңіл өнеркəсіп дегенде сол «спецовкаларды» көрмеге шығарып мəзбіз. Ал қазір үстімізге «спецовка», аяғымызға «резеңке етік» киіп жүретін заман ба? Əрі кеткенде отандық өнім дегенде, мереке-тойда киілетін аз-мұз ұлттық киімдерімізді алға тартамыз. Өнеркəсіп палатасының деректері жеңіл өнеркəсіп саласында 2012 жылы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 2819,7 млн. теңге сомаға 23 жоба қолдау тапты дейді. «Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау» атты бірінші бағыты бойынша 814,7 млн. теңге сомаға 19 жоба, «Кəсіпкерлердің валюталық қатерлерін төмендету» атты үшінші бағыты бойынша 2004,9 млн. теңге сомаға 4 жоба қолдауға ие болған. «Өнімділік-2020» бағдарламасы шеңберінде арнайы жеңіл өнеркəсіп кəсіпорындары үшін лизинг мəні 150 млн. теңгеден 75 млн. теңгеге дейін, яғни екі есеге төмендетілгені тағы бар. Жұмыс істеп тұрған ірі орта тоқыма кəсіпорындарының жəне өңірлердің саны 68-ді құрады, тоқыма бұйымдар өндірісі – 34, киім өндірісі – 27, былғары жəне оған жататын өнімдер өндірісінде жетеу деп тізбектеген екен. Жаман көрсеткіш емес. Бірақ одан қарапайым халыққа қажетті тауарлар шықпайтын сияқты. Шықса, неге біз «базардан» байқамаймыз? Неге кимейміз? Жеңіл өнеркəсіпті дамытуға байланысты 2010-2014 жылдарға арналған бағдарлама да қабылданды. Оған қоса Индустрияландыру картасы бар. Былтырғы жылдың көрсеткіші бойынша елімізде жеңіл өнеркəсіп саласында 707 кəсіпорын жұмыс істейді екен. Статистика мəліметтеріне жүгінсек, бұл саланың дамуы 2008 жылмен салыстырғанда 2 жарым есеге өскен. Еңбек өнімділігі 1 жарым есеге. Мақтамен қамтамасыз ету 100 пайыз, тоқымадағы үлес – 77, мата тауар – 42, спорттық киімдер – 8, шұлық 5 пайыз, киімкешек бойынша бас киімдерді тігу 2008 жылмен салыстырғанда 3 есеге артса, нəресте киімі бір жарым есеге өсіп отыр. 2014 жылға қарай жеңіл өнеркəсіп саласындағы дайын өнім экспорты 2008 жылғы жағдаймен салыстырғанда 2,5 есеге өспек. Ал, еңбек өнімділігі болса,

1,5 есеге артады. Өткен жылдың өзінде бұл көрсеткіш 50 пайызға ұлғайған. Елімізде жеңіл өнеркəсіпті дамытуға барлық мүмкіндіктер бар. Жоғарыға жететін есеп осындай. Есепке еш күмəніміз жоқ. Тек нəтижесін неге көрмей жатырмыз деген қарапайым ғана сұрақ туындайды. Жалпы алар болсақ, ертеден қазақ киім тігуден ешкімнен кем түскен емес. Оқалы шапан, бүрмелі көйлек, кестелі орамал, құндыз бөрік тіккен, алтынмен апталған, күміспен күптелген ат-əбзелін жасаған қазақ емес пе едік? Ендеше қазіргі заманауи киімдер тігуге неге шамасы жетпей отыр десеңізші! Тіпті, сонау кеңес кезінде де жеңіл өнеркəсіп еліміздегі ең дамыған саланың бірі болған деседі. Сол кездегі көрсеткіштерге қарасақ, біздегі жеңіл өнеркəсіптің үлес салмағы 15,8 пайызға жетіп, ел бюджетінің 25 пайызын құраған екен. Ал мұндай көрсеткіш əлемді тауарымен жаулап алған Қытайдың өзінде əлі күнге дейін болмаған. Дүниежүзілік даму банкінің мəліметіне қарағанда, бүгінде аспан асты еліндегі жеңіл өнеркəсіптің үлес салмағы 10 пайызды көрсетеді, бұл Қытай мемлекеттік бюджетінің 20 пайызы. Іс жүзінде өзіндік табиғи ресурстары жоққа тəн Түркияда да бұл саланың үлес салмағы 10 пайыз, жеңіл өнеркəсіптен түскен қаржы ел бюджетінің 40 пайызын құрайды. Кезінде Алматы мақта-мата комбинатының өнімдері өзімізді қойып, шетел асты десе, біреу сеніп, біреу сенбес. Бұл кəсіпорын Кеңес Одағындағы ең ірі өндіріс орындарының бірі болыпты. Құрдымға кеткен осындай кəсіпорындар əр облыста қаншама. Ал қазір зауыттардың жоқтығынан қазақстандық мақтаның 80-90 пайызы экспортқа төмен бағамен кетіп, керісінше, содан жасалған мақта-мата тауарлары өзімізге қымбат бағамен əкелінуде. Мұның орнын толтырмаққа, елімізде мақта-мата саласын дамытуға байланысты кластерді дамыту қолға алынған еді. Оған Оңтүстік Қазақстан облысы таңдалып алынды. Бірақ бұл да бізді киім-кешекпен қарық қыла алмады. «Oxy Textile» ЖШС Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақтағы тоқыма кластері аясында жүзеге асқан алғашқы табысты жобалардың бірі. Жоғары сапалы мақта өнімдерін шығаратын кешенді автоматтандырылған жіп иіру фабрикасы қазақстандық шикізатты өңдеуге бағытталған болатын. Мəселен, мақта жібін алу үшін шикізат 2 рет өңдеуден өту арқылы құны 4 есеге дейін өсе түседі. Сонымен қатар, кəсіпорын шығаратын өнім Еуропа елдеріне экспортқа шығарылады». Міне, 2010 жылдың қазан айында іске қосылған «Oxy Textile» ЖШС туралы осылай делінген еді. Алайда, кəсіпорын жарытып жұмыс істемеді. Мақтадан жіп иіретін фабриканың жобасын қаржыландыруға 5,5 миллиард теңге жұмсалған. Жылына 6 мың тонна жіп иіретін фабрикада 260 адам жұмыс істеуі тиіс еді. Сол жылы-ақ «Ең үздік кəсіпорын» номинациясында «Алтын сапа» сыйлығын алып үлгерді. Бірақ, бірнеше айдан кейін кəсіпорын тоқтап қалды. Айтылған желеу – шикізаттың жоқтығы. Тоқыма өнеркəсібін кеңейту арқылы Оңтүстік аймақтың экономикасын дамытуға септігін тигізбек болған ең қымбат жоба – «Ютекс.кз» кəсіпорнына да миллиардтаған қаражат жұмсалды. Мамандардың айтуынша, жобаның құны 19,3 миллион долларды құраған. Жобада шитті мақтаны ақырына дейін өңдеу көзделген. Алайда, бұл кəсіпорынның тіпті, ғимараты да салынып үлгермеді. «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында тек қаңқасы тұрғызылып, контейнерлер орнатылған. «Шымкент Кашемир» зауытының да тағдыры осыған ұқсас. Кезінде үлкен үміт артылған бұл жобаға 560 миллион теңге жұмсалды. Бүгінде мұнда 230 адам жұмыспен қамтылып, шығарылған тауар алыс жəне жақын шетелдерге жөнелтілуі тиіс болатын. Алайда, осында жеткізілген шетелдік қондырғылар сол күйі іске қосылмады. Кəсіпорындардың тұралап қалуына басты себеп – сол баяғы шикізат мəселесінің шешілмеуі. Бұдан бөлек, кəсіпорынның қаржы айналымы да аз көрінеді. Осылай түрлі мəселелер тізбектеліп кете береді. Айналып келгенде, қолға алған жобалардан нақты нəтиже жоқ. Ең өкініштісі, осы жоқтың соңында өзімізде киім жоқ. Бұлай демеске амал нешік, əйтпесе қазақша, яғни ұлттық киім ғана емес, қазіргі заманға лайық қазақстандық киім-кешекті де киіп жүрмес пе едік...


6

www.egemen.kz

 Тарих толқынында

 Толғандырар тақырып

Жұмыр жердегі жұмыр басты халықтың бəрінде тарих бар. Қазақ тарихының тамыры да тереңде жатыр. Оның жұтылған жұмбағын тауып, шертілмеген сырын тыңдау – уақыт еншісі. Уақыт еншісіндегі сол бақыт, міне, арада көп жылдар салып ел мақтан етер елеулі мұрамыздың бірі – ежелгі Тараз шаһарына бұйырғалы тұрған сияқты. Олай дейтініміз, облыста көне шаһардың орнына археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп, сол дəуірдің кескін-келбетін көзбен көріп, қолмен ұстап көруге болатындай архитектуралық жоба жасалып, алыс-жақыннан келген туристер таңдана қарайтындай игілікті іс қолға алынып отыр. Біз осы үлкен жоба жайлы алдымен облыс əкімі Кəрім КӨКІРЕКБАЕВТЫҢ өзінен сұрағанды жөн көрген едік.

Ќала астындаєы ќазына

«Ежелгі Тараз шаћары» шаќыратын кїн жаќын – Кəрім Нəсбекұлы, тарихы тереңнен бастау алатын ежелгі Тараз шаһарын еліміздегі туристер көп шоғырланатын қалалардың біріне айналдыруды көздеп, үлкен жобалар жасап, үлкен жұмыстарға нартəуекел деп кірісіп кеттіңіз. Атқарылып жатқан осы жұмыстардың алғашқы ауқымы жайлы оқырмандарға өзіңіз арқылы жеткізсек деп едік? – Бүгінгі жаңарған Жамбыл облысының орталығының астында тарихта Тараз деген атпен белгілі ортағасырлық шаһардың орны жатыр. Шығыс пен Батыстың арасын жалғаған, əлемдік өркениеттің дамуына өлшеусіз үлес қосқан «Ұлы Жібек жолының» бойындағы ортағасырлық қалалардың ішіндегі Тараздың орны ерекше болғаны тарихтан белгілі. Өкінішке қарай, кеңес заманында көне шаһардың тарихы көлеңкеде қалып қойды. Еліміз тəуелсіздігін жариялағаннан кейін, 1997 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың атымен аталып келген облыс орталығына оның ежелгі тарихи Тараз атын қайта беру туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл тарихи оқиға Тараз қаласының тура ортасында тұрған Қарахан баба кесенесі алдында жаһанға жария етілді. Бұл, барша қазақ халқының, оның ішінде өңір жұртшылығының есінде тарихи мəні зор рухани оқиға ретінде қалды. Ал Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Мəдени мұра» бағдарламасы аясында 2012-2013 жылдары көне шаһардың орнына археологиялық қазба жұмыстары жүргізіле бастады. –Археологиялық қазба жұмыстарының нəтижесі көңіл қуантарлықтай ма? – Екі жылғы жоспарлы археологиялық қазба жұмыстарының барысында осы аумақтан VIII-XII ғасырларға тəн ортағасырлық архитектуралық ғимараттардың орындары, 33 мыңнан астам артефакт табылып отыр. Олардың арасында VІІ-ХІ ғасырларға тəн қытай, түргеш жəне қарахандықтар əулеттерінің теңгелері мен қыштан жасалған құмыра сияқты көптеген тұрмыстық заттар бар. Осы археологиялық жұмыстардың басы-қасында жүрген маман-тарихшылардың сөзіне сенсек, алдағы уақытта олардың қатары аса құнды жəдігерлермен əлі де толыға түсетін сияқты. Оның үстіне, облысымызға жұмыс сапары барысында Елбасымыздың «Ежелгі Тараз шаһарын» жаңғырту жобасы бойынша атқарылып жатқан жұмысты арнайы көруі, атқарылған істерге оң баға беруі облыс жұртшылығын жігерлендіре түсті. Ең бастысы, Елбасы қазба жұмыстарын міндетті түрде жалғастыру қажеттігіне тоқталып, тиісті тапсырмалар берді. – Қазір қандай нақты жұмыстар жүргізіліп жатыр? – Қаланың өткен жылы қабылданған бас жоспарына сəйкес, көне қаланың орнындағы жердің «үш шеңберлі» дамыту сызбасы бекітіліп, оған 200 гектардан астам жер бөлінді. Қазір ежелгі шаһардың ортағасырлық шекарасы белгіленді. Алдағы жылдары «Ежелгі Тараз шаһары» деген атпен сол кездің сəулетін туристердің көз алдына əкелетін қалашық салынады. Оның жобасымен танысып, өзімнің кейбір ой-пікірімді де айттым. – Еліміздің абыройы мен беделі үшін «Ежелгі Тараз шаһары» сияқты аса құнды тарихи жəне мəдени ескерткіш орнының ЮНЕСКО-ның тізіміне енгізілгені дұрыс болар еді-ау... – Бүгінгі таңда біз үшін ежелгі Тараз қаласының орнын тарихи жəдігер ретінде ЮНЕСКО-ның Əлемдік мұралар тізімі қатарына қосудың маңызы зор болып отыр. Мысалы, 2013 жылға дейін осы тізімге Қожа Ахмет Ясауи, Тамғалы петроглифархеологиялық ландшафы, Солтүстік Қазақстан көлдері мен Сарыарқа даласы сияқты үш атақты тарихи орындар ғана енген екен. Ол енді, өз кезегінде, əлем ғалымдары мен туристердің айрықша қызығушылығын тудыратын болады. Сондықтан біздің мақсатымыздың бірі – «Ежелгі Тараз шаһары» деп аталатын жоба арқылы көне қаланы ЮНЕСКО-ның Əлемдік мұралар тізімі қатарына қосу болып отыр. Яғни, осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. – Астана қаласында 2017 жылы өткелі отырған ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің экономикалық əлеуетімізді ғана емес, сонымен бірге, ел мен жеріміздің тарихын таныту тұрғысындағы ықпалы да зор болмақ. Осы көрмеге келген сан мыңдаған туристің бір парасы «Ежелгі Тараз шаһарын» көреміз деп арнайы атбасын бұрып жатса, нұр үстіне нұр емес пе? – ЭКСПО-2017 көрмесіне 5-6 миллионға жуық шетелдік қонақ келеді деп күтілуде. Бұл көрме еліміздің экономикалық жетістіктерін əлем назарына ұсынумен қатар, отандық туристік кластерді қалыптастыруға үлкен жол

19 наурыз 2014 жыл

Білім стандартындаєы ала-ќўлалыќ мўєалімдер дайындау ісін мандытпай отыр Еліміз жоғары білім беру жүйесін дамыған елдердің білім стандарттарына сəйкестендіру мен дүниежүзілік бəсекеге қабілетті маман даярлау бағытын ұстануда. Жоғары білімді мамандар, мəселен, инженерлер, экономистер, заңгерлер, медицина қызметкерлерін, т.б. дайындау туралы пікір айтуды сол саланың мамандарының үлесіне қалдыралық. Мені толғандыратын мəселе мұғалім даярлаудың болашағы. Досымхан РАХЫМБЕК,

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы.

ашпақ. Сондықтан, біз əлемдік маңызы бар осындай шара қарсаңында «Ежелгі Тараз шаһары» жобасын көрме қонақтарына көрсетудің жолдарын бүгіннен бастап ойластырып отырмыз. Ол үшін бүгінде археолог ғалымдармен бірлесе отырып «Ежелгі Тараз шаһары» жобасы төңірегінде туристік инфрақұрылым нысандарын дамыту тұжырымдамасы əзірленуде. Яғни, келешекте «Ежелгі Тараз шаһары» жобасын əртараптандыру мақсатында бұл аймақта халықаралық талаптарға сай заманауи қонақүйлер, ұлттық асханалар мен мейрамханалар, дүкендер, қолөнер шеберханалары, ішінде бірнеше кинотеатры бар ойын-сауық орталығы, спорттық-туристік кешендер, тұрмыстық жəне қызмет көрсету орындары, ақпараттық қызмет орталығы бой көтеретін болады. Бір сөзбен айтқанда, отандық жəне шетелдік туристер үшін барлық қолайлы жағдайлар жасалмақ. Сондықтан жобамыз тарихшылар мен археолог ғалымдардың ғана емес, қарапайым туристердің де қызығушылығын туғызады деп ойлаймын. Мəдени, тарихи жəне рухани маңызы зор мұндай мəселеден еліміздің Мəдениет министрлігі де сырт қалмайды жəне жамбылдықтарға үлкен қолдау көрсетеді деп сенемін. –Жоба жүзеге асқан жағдайда, бұрыннан да тап-тұйнақтай болып тұратын Тараз қаласын мүлде танымай қалатын сияқтымыз ғой. – Иə, ежелгі қала орнынан Мамыр саябағы арқылы Тектұрмас баба кешеніне дейінгі аралықта жаяу жүргіншілерге арнап туристік жол салынады. Сонымен қатар, «Ежелгі Тараз шаһары» жобасының кешені орналасқан Төле би даңғылын облыс орталығының «Арбатына» айналдырсақ деген ойдамыз. Өйткені, негізгі тарихи, мəдени мұралар, ескерткіштер, саябақтар қаланың күретамыры сияқты осы орталық көшенің бойына орналасқан. Олардың қатары «Ежелгі Тараз шаһары» аймағында тұрған жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың ескерткішінен басталып, Қарахан баба кесенесі, халқымыздың хас батыры Бауыржан Момышұлы, кемеңгер Бəйдібек баба, Халық Қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков, ұлт бірлігінің ұйытқысы болған Төле би, елі мен жерінің тағдыры үшін ат үстінен түспеген Қойгелді жəне Көшек батырлардың ескерткіштерімен жалғасып жатыр. Хибатулла ат Тарази атындағы Орталық мешіт, ғұлама Жүсіп Баласағұн атындағы орталық концерт залы мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағы да осы Төле би даңғылының бойында орналасқан. Мақсатымыз – Тараз қаласын жаһан туристері арнайы келіп тамашалайтын ғажайып орындардың біріне айналдыру. Ой-пікірдің артықтығы жоқ, биыл отандық жəне шетелдік ғалымдарды арнайы шақырып, үлкен ғылыми-тəжірибелік конференция өткізуді де жоспарлап отырмыз. – Жобаға жер мен əуе жолы да қызмет етеді. Сондықтан назардан олар да тыс қалмаған шығар. – «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автокөлік дəлізінің іске қосылуының жобаға айтарлықтай ықпалы болатыны сөзсіз. Содан кейін құрылыс жұмысы таяу арада аяқталатын облыс орталығындағы халықаралық «Əулиеата» əуежайы мен төрт тарапты бұрыннан түйістіріп жатқан теміржол байланысы да өз септігін тигізетін болады. Əсіресе, жаңарған жол мен жаңарған əуежай арқылы көптеген шетелдермен туристік байланысқа тікелей шығатын боламыз. – Əңгімеңізге рахмет. Əңгімелескен Көсемəлі СƏТТІБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Жамбыл облысы. Суретте: Жамбыл облысының əкімі Кəрім КӨКІРЕКБАЕВ.

Бірінші кезекте айтарымыз, мектеп бітіруші түлектердің ішінен ең білімді де, талантты жастардың қызығушылығын ояту жəне оларды мұғалімдік мамандыққа тарту жайы. Олай дейтініміз, қазіргі кезде мұғалімдік мамандықта оқып жүрген студенттердің көпшілігі «қалдық принципі» бойынша, яғни сұранысы жоғары мамандықтарға өтпей қалған, орташа ғана білімділер. Ал, ақылы негізде оқитындардың жағдайы түсінікті, олардың көпшілігі мектепте ортадан төмен деңгейде оқығандар. Бұдан шығатын қорытынды, педагогикалық мамандықтарда оқитын студенттер құрамы негізінен орта немесе ортадан төмен деңгейде ғана білімі бар мектептің түлектері болып отыр. Орташа білімді мұғалім орташа білімді оқушы даярлайды. Талантты жастардың педагогикалық мамандықты қаламайтын себебі де бар. Ол мұғалімдердің материалдық жағдайларының төмендігіне байланысты. Еңбек өтілі аз, бірақ толық жүктемемен жұмыс істеп жүрген жас мұғалімдердің еңбекақысы күнкөріске жетер-жетпес. Ауылды жерлердегі мектептерде мұғалімдерге толық жүктемемен жұмыс істеуге сағат жетпейді де. Ал кейбір білікті мұғалімдер материалдық жағдайларын түзеу мақсатымен 1,5 немесе одан да артық жүктемемен жұмыс істеуге мəжбүр. 1,5 жүктемемен жұмыс істейтін мұғалімнің апталық жұмыс күні 54 cағат (жұмысшылар мен қызметкерлердің апталық жұмыс күні 40 cағат) болады. Оның үстіне сабақтан бос кезінде репетитор болып немесе ҰБТ дайындық курстарында сабақ беріп, қосымша табыс табуға мəжбүр. Енді оған сынып жетекшілігі, дəптер тексеру, «мойнына ілінген» қоғамдық жұмыстарды, жоғары жақтан келген əртүрлі қағаздарға жауап жазу мен есеп беру сияқты еңбекақы төленбейтін жұмыстарды қосыңыз. Қалыпты өмір сүру осындай қиыншылықпен келетінін білетін қабілетті жастар мұғалімдік мамандықты таңдай қоюы екіталай. Сондықтан мұғалімдердің материалдық жағдайы мен мəртебесін жастардың қызығуын туғызатындай дəрежеге көтеру – қазіргі өмір талабы. Педагогикалық

мамандықтарға талантты жастарды тарту үшін дүниежүзі бойынша білім беру жүйесіндегі алдыңғы орындардың бірінде тұрған Финляндиядан үлгі алуға болады. Фин мұғалімдерінің айлық еңбекақысы – елдегі ең жоғарғы еңбекақы. Оқушылар оқулықтармен тегін қамтамасыз етіледі, тегін ыстық тамақ беріледі, оқушылардың жолақысы да мемлекет есебінен. Егер оқушы автобус қатынамайтын жерде тұратын болса, онда такси пұлын да үкімет өтейді. Қазіргі кезде мұғалім дайындайтын мемлекеттік университеттер мен педагогикалық институттарда гранттан тыс ақылы оқу үшін студенттер қабылдау жөнінде ешқандай шектеу жоқ. Онымен қоса, жекеменшік ЖОО-лары мұғалімдікке қанша талапкерді үгіттеп тарта алса, соншасы түгел бітіріп шығады. Керек десеңіз құжаттарын ЖОО-ға тапсырғаннан кейін диплом алуға бір-ақ келетін студенттер немесе дипломды үйлеріне жеткізіп беріп, табыстайтындар да кездесіп қалады. Мұны жасырып, жауып қайтеміз. Жауырды жаба тоқи беру абырой əпермейді. Ондайлардың барлығы да дерлік мұғалімдік орыннан үміткерлер. Олардың сапасына ешкім де жауапты емес. Сондықтан əр облыста мектептегі мұғалімдік орынға үміткерлерді сынақтан (тестілеуден) өткізіп, жарамдылығы жөнінде сертификат беретін тəуелсіз ұйым болу керек. Мектептер негізінен алғанда мемлекеттік. Мектеп стандарттары мен бағдар ламалары да мемлекет тарапынан бекітілген. Олар еліміздің барлық аймақтары үшін бірдей жəне тұрақты. Сондықтан мұғалімдерді дайындауға тапсырыс беруші де мемлекет. Демек, Қазақстанның барлық педагогикалық мамандар дайындайтын жоғары оқу орындарында мұғалімдер бірдей стандартпен дайындалып шығуын мемлекет өзінің тікелей бақылауында ұстағаны жөн. Қазақстанда кредиттік технологияға көшуге орай ЖОО-да оқытылатын пəндерге бөлінетін сағат сандары бұрынғымен салыстырғанда едəуір қысқарды. Онымен қоймай, таңдау компоненттерінің мөлшері артып, мектеп мұғалімдерінің дайындығына қажетті кейбір пəндер міндетті компоненттер тізімінен шығып қалды. Оның кері əсері мұғалімдердің білімділіктері мен біліктіліктерінде көрініс таба бастады. Болашақ мұғалімдер мектеп оқу пəндерінің кейбір бөлімдері

мен тақырыптары жөнінде ешқандай теориялық жəне практикалық жағынан мəлімет алмай-ақ, ЖОО бітіріп шығатындай жағдайға душар болды. Нəтижеде ЖОО түлектері мектеп оқу пəндерінің кейбір тараулары мен тақырыптарын мектеп қабырғасында қандай дəрежеде меңгерсе, сондай біліммен мектепке қайта оралуда. Стандарт жасаушылар міндетті компонент пəндерін таңдауда қандай заңдылыққа сүйенетіні де белгісіз. Ойына келгенін ала салатын сияқты. Мысалы, физика пəні мұғалімін дайындау үшін 7-сыныптан бастап мектеп бітіргенше үзбей оқытылатын физикалық пəндердің бір де біреуі міндетті компонент ретінде алынбайды да, 11-сыныпта аптасына бір сағат өтілетін астрономия пəні міндетті компонент тізіміне енгізілгенін қалай түсінуге болады? Міндетті компонент пəндерінің мазмұнын таңдауда да ойластырылмаған тірліктер көп. Мəселен, математика мамандығының стандартында элементар математика пəнін бір-ақ семестрде оқыту жоспарланған. Ал онда бұрынғы кезде 6-7 семестр бойы арифметика, элементар алгебра, элементар геометрия деп жеке-жеке оқытылатын пəндердің (есеп шығару практикумын) мазмұнын түгел бере салған. Бір семестрде барлық элементар математика курсының есептерін түгел шолып шығу былай тұрсын, тақырыптарының мазмұнын ашуға да уақыт жетпейді. Ендігі жерде элементар математика пəндерінің кейбірін жеке таңдау пəні ретінде ұсыну да мүмкін болмай қалды. Себебі, бір cеместрдегі элементар математика пəні 5-6 семестр өтілетін мазмұнды түгел қамтып тұр. Бұл нағыз көзбояушылық емес пе? Мұндай жөнсіздікті сауатты адам ұсынып отыр дегенге сенгің келмейді. Бұрынғы дəстүрлi оқу жоспары бойынша жоғары бiлiмдi мамандар 4 жыл дайындалатын. Кредиттiк оқу да 4 жыл. Осы жерде негiзгi пəндердi оқытуға бөлiнген сағат саны неге жеткiлiксiз деген ой келедi. Оның бiрінші себебi, қазіргі білім стандарттарындағы таңдау компоненттерiне бөлінетін сағат (кредит) санының шамадан тыс көптігі. Білім алушы алдымен қандай ғылым болмасын оның негiздерiн игеріп алуы керек. Ол білімдерді игермей жатып, студент оның екінші бір саласын қалай таңдап ала қояды? Бұл аз десеңіз, осындай ала-құлалықтан кейін болашақ мұғалім мектептегі оқыту пəндерінің қайсысы маңызды екенін қайдан біле қойсын? Мектеп мұғалімін дайындау стандарттарын жасау кезінде оқытылатын пəндерді базалық жəне кəсіптік деп бөлудің де мағынасы жоқ секілді. Педагогика мен психология мұғалімдік мамандық үшін базалық бола отырып, ол білімдерді мұғалім мектептегі оқу тəрбие жұмыстарын жүргізуде күнделікті пайдаланады. Сонымен қатар, ол үнемі толықтырылып, дамытылып отыратын кəсіптік білім де емес пе? Мектепте оқытылатын пəндердің теориясы мен практикасына дайындайтын ЖОО-да

өтілетін пəндер кəсіптік болумен қатар, базалық та болып есептелмей ме? Демек, мұғалімдік мамандықта педагогикапсихологиялық, физиология-гигиеналық, т.б. педагогикалық қызметтің тірегі болатын пəндерді барлық мұғалімдер игеруге тиісті жалпы кəсіптік пəндер. Ал мектепте оқытылатын пəндерді «Мамандық пəндері» немесе «Арнайы кəсіптік пəндер» деп бөлуге болар еді деген ойды ортаға сала кетсек дейміз. Демек, мұғалім дайындауда үш блок болуы тиіс: біріншісі «Жалпы білімділік пəндер», екіншісі «Жалпы кəсіптік пəндер», үшіншісі «Арнайы кəсіптік пəндер». Ең бірінші, осы үшеуінің тиімді арақатынасы сақталуы тиіс. «Жалпы білімділік пəндер» 15%, «Жалпы кəсіптік пəндер» 15%, «Арнайы кəсіптік пəндер» 70% шамасында болғаны дұрыс тəрізді. Мұғалім дайындаудың қазіргі қолданыстағы Стандарттары мен үлгі оқу жоспарларының мектептің қажеттілігін қанағаттандыра алатындай қазір қауқары жоқ. Əртүрлі жағдайларға байланысты министрлік тарапынан жыл сайын қоғамдық-танымдық түрлі пəндерді оқу жоспарына енгізу туралы нұсқаулар келіп жатады. Ол пəндерді енгізу үшін мұғалімді пəндік даярлау компоненттерінің сағаттары қысқартылады. Бұл да білікті пəндік мұғалім даярлауға кері əсерін тигізіп жатады. Əрбір жоғары оқу орны қалауынша таңдап алатын пəндердің саны көп болғандықтан, бір оқу орнынан екіншісіне ауысқан кезде оқу жоспарындағы айырмашылықтарға байланысты проблемалар туындайды. Ол қазiрдiң өзiнде көрiнiс табуда. Таңдау компонентiн, соңғы курстарда, студенттер мектепке қажетті білім негіздерін толық меңгергеннен кейін, белгiлi бiр қабiлет, қызығушылық танытқандар үшін арнайы курс немесе арнайы семинар ретiнде ұсыну жеткiлiктi деп ойлаймын. Міндетті пəндерді оқытуға арналған сағат сандарының кемуі оқу жоспарындағы жылдық оқу аптасының азаюына да байланысты болып отыр. Кредиттiк технология бойынша жасалған оқу жоспарында студенттердiң оқитын жылдық апта саны – 30. Дəстүрлi оқу жоспары бойынша 36 апта еді. Сонда студент əрбір жылда 6 апта, ал 4 жылда 24 апта, яғни 4 жылда 6 ай, яғни жарты жыл оқымайды. Сонымен студент 4 жыл емес 3,5 жыл жоғары оқу орнында бiлiм алады. Мұндай жағдайда мiндеттi пəндердi оқытуға əрине сағат жеткiлiксiз болады. Ендеше, студенттердiң жылдық оқу жүктемесiн, оқитын апта санын қайта қарау керек болар. Ондай жағдайда педагогикалық практикаға бөлінетін апта санын да көбейтуді назардан тыс қалдырмасақ керек. Білікті мамандар дайындауды жақсартудың басты шарты оқулықтар мен оқу-əдістемелік, анықтамалық, т.б. құралдардың жеткілікті болуы. Мұғалім болу үшін алдымен ол өзі оқытатын пəннің теориясы мен практикасын жақсы білуі керек. Одан кейін ғана ол сол пəннің əдістемесін игере алады. Міне, жиырма жылдан бері біздің «реформатор» министрлеріміздің ешқайсысы əрбір мамандықтың мамандарын дайындау үшін қазақ тілінде қандай əдебиеттер жетіспейтінін анықтап, кітаптар шығару керек екен деп жатқанын естіген емеспіз. Бірінші кезекте, əрине, математика мұғалімі үшін мектеп оқулықтары тұрақты болуы керек. Сонда ғана болашақ мұғалімді кəсіптік қызметке мақсатты түрде дайындау мүмкіндігі молаяды.

 Еркін елдің ертеңі

Жїректерде жыр сəулесін маздатќан Мектеп оқушыларының республикалық Мұқағали Мақатаев оқулары мұзбалақ ақынның туған ауылы Қарасазда өтті. Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан».

Абайдың жырұйық Жидебайы сияқты, Мұқағали дың қара шалғын өлеңді Қарасазы да қазақ жырының бір Меккесіндей, адамды алыстан баурап тартатын қасиетті мекен десек, мүлт кетпеспіз. Мен бақыттымын, Бақытты жерде туылдым. Айналайын Қарасаз, Қасиетінен суыңның! Сенің əрбір бұлағың Менің əрбір қан тамырым емес пе? Қасиетті тұғырым – Қасиетінен суыңның! Осындай ауылда, осындай берекелі-мерекелі ел мен жерде туған ақынның бақытына шүбəсіз сенгендейміз. Қарасаздың Мұқағали жырламаған бір қурайы, бір тасы да қалмағандай. Сонымен бірге ол қазағының, халқының ақыны болғаны үшін бақытты еді ғой. Шыннан-ақ, Атырау-Алтай, Алатау-Арқа аралығында Мұқағали жырға қоспаған қазақ жерінің бірдебір пұшпағы, рухымыз бен діліміздің бірде-бір пұшайманы жоқ екені байтағымызға белгілі. Қырықтың бесеуінде жарық

сəулемен зарыға қош айтысқанға дейін осыншалықты ұлан-ғайыр мұра қалдырып, ұлттың ұстынды ақынына айналған нақ осындай дарқан дарын жəне сирек. Шынайы ақындық бақыт осындай-ақ болар. Көзі тірісінде мойындалды, өзі кеткесін қастер леніп келеді. Халқының махаббаты Мұқағалиға құлап түсті. Осының бір айғағындай, 10 шақты жылдан бері өткізіліп келе жатқан дəстүрлі Мұқағали оқуларына асыққан оқушы өрендер наурыздың 13-і күні Қарасазға атбасын тіреді. Тірісінде тойланбағанына наз айтып, болашаққа арыз жазып кеткен ақынның шын туған күні де осы көрінеді. Қарасаздың да кəрі-жасының Мұқағали дегенде шығарда жаны ғана басқаау. Ақын мұражайының сырлы жəдігеріне айналған «Мен өскен лашық бір бөлмесі», «Су сұраса сүт берген, айран берген қайран жеңгесі», тіпті, «Қарғаның валетіндей едірейген» қара мұртқа дейін асыл рухты аңсап келген қонақтарға қуанышын білдіргендей. Мұқағали оқуларын өткізудің аманат парызын Алматы облыс тық білім басқармасы ар қалап жүр. Оқулардың

сал танатты ашылуында басқар ма бастығының орынбасары Жаңыл Сүлейменова, об лыстық мəслихат хатшысы Ермек Келімсейітов жəне басқалар бұл игі істің еліміздің жас ұрпағын отаншыл рухта тəрбиелеудегі маңызына баса тоқталып, оған қатысушы жас талаптарды жадыра жүзбен құттықтады. Қарасаздың мектеп оқушыларының бұл күнгі кештегі ауылдың алты ауызындай кəделі концерті де көңілден шықты. Ал ертеңгі өнер сайысында жас талаптардың да қанаттары талмай, биікте самғай білгенін айтқан лəзім. Республиканың түкпіртүкпірінен келген 29 жас өрен екі кезеңде алты түрлі атаулы сынға түсті. «Айтып өткен ақында арман бар ма?» деп айдарланған соның біріншісінде талапкерлер

Мұқағалидың бір өлеңін нəшіне келтіре мəнерлеп жатқа оқыды. «Көкірегінде жыр сəулесі маздайды» аталымында оқушылар өз өлеңдерін паш етсе, «Жыр эстафетасында», «Райымбек, Райымбек!» жəне «Аққулар ұйықтағанда» поэмаларын жатқа айту жөнінен бейнебір сүре айтыстағыдай аламан сынға түсті. Одан əрі жас дарындар берілген ұйқастарға өлең құрап, ақындық қабілеттерін ортаға салды. Ал бұдан кейін Мұқағали шумақтарын талдап сөйледі. Ең соңында он сұрақпен Мұқағали мұрасын кім көп білетіні сарапқа салынды. Осынау мектеп оқушыларының өнері, қабілет-дарындары кімді болса да тəнті еткендей еді. Олар Мұқағали поэзиясын қалтқысыз сүйетінін жəне білетінін көрсетті. Қазақ

рухының, қазақ тілінің болашақ жаршылары да осылар. Жоғарыдағы сындарда көпшілігі жасындай жарқылдап, мұзба лақ ақынның жыры туған елінде жалғасып жатқандығын айғақтады. Бас жүлдені Алматы қаласындағы №62 Шона Смахан ұлы атындағы гимназия оқушысы Аяулым Тоқтасын еншіледі. Екі бірінші орынды ұлы Абай елінен келген Қарауыл орта мектебінің оқушысы Марал Түгелжан мен қарасаздық мектеп-гимназия өрені Бірлік Бекмұханбет қанжығаларына байлады. Үш екінші жүлдеге Ал маты облысы Панфилов ауданы, Ə.Қастеев атындағы мек тептен Мөлдір Нұриева мен Алакөл ауданы, Үшарал қазақ гимназиясынан Сəулет Дəукен жəне Павлодар облысы Екібастұз қаласы, Атығай орта мектебінен Ақмаржан Тілеген ие болды. Үшінші орын тұғырынан түгелдей Алматы облысының оқушылары көрінді. Олар – Ескелді ауданындағы Ш.Уəлиханов атындағы орта мектептен Зағипа Ризабек, қарасайлық Алтынсарин атындағы орта мектептен Аймереке Жанашбаева жəне Райымбек ауданындағы А.Нүсіпбеков атындағы орта мектептен Дінмұхамед Мұхаметжан. Мұқағали оқуларының арнайы жүлдесіне Батыс Қазақстан облыстық С.Сейфуллин атындағы мектеп-интернат оқушысы Индира Қамиева лайық деп танылды. АЛМАТЫ. Суретті түсірген Қанат БІРЖАНСАЛҰЛЫ.


 Есімі елге елеулі Елдің болашағын айқындайтын басты құндылықтарды жасауға бел шешіп, білек сыбанып, тер төгіп, еңбек істеп келе жатқан, ұлтымыздың мақтанышына айналған, өмір жолы мен атқарған ісі бүгінгі ұрпаққа өнеге боларлық ұлағатты азаматтар баршылық. Солардың біреуі əрі бірегейі бүгінде 80-нің сеңгір биігіне шығып отырған Қазақстан тау-кен ғылымы саласындағы ірі ғалым, ұлағатты ұстаз, өндірістің, ғылымның жəне жоғары мектептің тəжірибелі ұйымдастырушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҰҒА академигі, Мəскеу мемлекеттік тау-кен университетінің жəне Украина Ұлттық тау-кен университетінің құрметті докторы, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қ.Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің ашық тау-кен жұмыстары кафедрасының меңгерушісі Баян РАҚЫШЕВ дер едім.

қолыңа ұстасаң жабысып қалатын қара наны, сылдыр су көжесі, қырық бесінші размер пима етігі естен кетер ме. Бірақ осының бəріне Баян разы еді. Ең бастысы, оқуда озат болады. Сабақ арасында колхоз жұмысына көмектеседі, жаз бойы өгіз айдап, шөп шабады. Осының бəрі Баянның шыңдалуына, шынығуына, алға ұмтылуына септігін тигізеді. Оныншы сыныпты білікті ұстаз Мəулен Ғазалиев басқаратын Қарағандыдағы № 2 орта мектепте оқып, күміс медальмен бітірді. Тасқа, тауға, табиғатқа деген құмарлық жəне ауылдан шыққан Ақшатау руднигінде қызмет істеп жүрген инженер ағаларының

Биік парасат иесі Ұлықпан СЫДЫҚОВ,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, философия ғылымдарының докторы, профессор.

Қасиетті қазақ даласының жерасты байлығына жол салып, сан қатпарлы жер қойнауының тұңғиығына үңіліп, ішкі құпиясын ашып, асыл тастардың, рудалардың, небір ғажайып минералдардың орналасу, қору заңдылықтарын тұжырымдап, оларды төкпейшашпай ел игілігіне пайдалануға бар күш-қуатын салып жүрген ғалым-инженерлер қандай құрметке де лайық. Ең қызығы, Баян Рақышұлы сияқты ғалым зерттеушілер осы асыл тастардың, минералдардың «мұңын», «сырын» біледі, «əуенін» тыңдай алады. Мұндай ғалым-ұстаздар кеудесін соғып, айғайлап алдыға шыға бермейді. Кісімсінбейді, қарапайым келеді. Елбасымыз алға қойып отырған инновациялық-индустриялық даму бағдарламасы бəрімізге зор міндет жүктеп отыр. Оны əлемдегі үздік техника мен технологияларды толық игеру негізінде іске асыру, ғылыми қамтымды экономика құру туралы айтқанда академик Баян Рақышев сияқты ғалымдардың атқарған жəне атқарар жұмыстары аталған бағыттардың түп негізі болары анық. «Өткен ғасырдың 60-жылдарының ортасына қарай түпкірдегі қазақи ауылдан келіп, Қазақ политехникалық институтының автоматика жəне есептеу техникасы факультетіне түсу үшін құжат тапсырдым. Мектепті алтын медальмен бітіргем. Оның үстіне республикалық математика олимпиадасының жүлдегерімін. Сенімім мол. Конкурс үлкен

7

www.egemen.kz

19 наурыз 2014 жыл

екен. Оқуға түстім. Бірақ өзім таңдаған электронды есептеу машиналары мамандығы бойынша қазақ мектебін бітірген мен ғана едім. Институтта бір адам бір ауыз қазақша сөйлемейді. «Арпа ішінде бір бидай» дегендей, бірен-саран қазақ көрінеді. Математикадан практикалық сабақ жүргізетін мұғалім қазақ екен. Бір қуаныш сезім пайда болып: «Саламатсыз ба?», деп амандасып едім, «Здрастьте», деп сөзін жұтып, теріс бұрылып кетті. Жаным құлазып-ақ қалды. Декан да, мұғалімдер де – бəрібəрі басқа ұлт өкілдері. Қыстығып жүрдім, қиналып жүрдім. Не керек. Сөйтіп, жүргенде екінші курстың екінші семестрі басталған күні (бұл 1967 жылдың қаңтар айы) аудиторияға ұзын бойлы, сұңғақ, атжақты, көмірдей қара шашы бар, көзілдірік киген қазақ жігіті кіріп келді де, қазақша «Саламатсыздар ма?!» деді. Дүркіреп орнымыздан тұрдық. Аудиторияда қазақ студенттері аз екеніне қарамастан: «Мен сіздердің жаңа декандарыңыз болам, аты-жөнім Баян Рақышұлы Рақышев», – деді. Əрі қарай орысша сөйлеп кетті: «Осы политехты, бұрынғы тау-кен-металлургия институтын 1957 жылы үздік бітіргем. Тоғыз жыл өндірісте қызмет істедім. Балқаш кен-металлургия комбинатының Қоңырат кенішінде қарапайым жұмысшыдан бастап ауысым бастығы, жару цехының бастығы, кен учаскесінің жəне карьер бастығы қызметтерін атқардым. Өндірісте жүріп кандидаттық диссертация қорғадым. Автоматтандырудың бастау көзі теориялық механика мəселелерімен шұғылданамын», деді. Қазақ студенттерінде үлкен бір қуаныш, серпіліс пайда болды. Оны жасыру да қиын еді. Бізге үлкен кісі

болып көрінген Баян аға сонда бар болғаны 33-ақ жаста екен ғой. Содан бергі 47 жыл ішінде Баян аға мен үшін ардақты ұстаздығымен бірге ақылшы аға, сырлас дос болып кетті деп нық айта аламын. Ол кісіден кейін алты жыл өзім бітірген автоматика жəне есептеу техникасы факультетінің деканы, 1985-1992 жылдары Баян аға политехникалық институттың ректоры болғанда, мен проректорлық қызмет атқардым. Сөздің қысқасы, тонның ішкі бауындай қарымқатынасымыз бар. Мен оған шынайы мақтанам. Баян ағаның əкесі Рақыш Мағ жан Жұмабаевтың атақты «Батыр Баян» дастанын түгелге жуық жатқа біліпті. Бабасы Қоңыратбайдың Баян батырдың жан серігі болғанын мақтанышпен айтады екен. Тұңғыш ұлына Баян деп ат қоюы да сондықтан. Баяннан кейінгі ұлын Ноян деп атапты. Мағжан ұсталып, қ уғынға ұшырағанда да Рақыш өз бетінен қайтпайды. Бірақ Ноян шетінеп, іле-шала жары Қамария көз жұмады. Баян үш жасқа толмай, анасынан көз жазып қалады. Рақыш Ұлы Отан соғысының еңбек майданына аттанғанда, Баян жеті жасқа енді ғана ілініпті. Екі жылдан соң Рақыш қайтыс болды деген қара қағаз келеді. Баян əкесінің туған ағасы Смағұлдың қолында қалады. Алланың ықыласы шығар, Рақыштың екінші ағасы Ыбырқанның бəйбішесі Қапаш апа Баянға аса мейірімді болады, аялап бағады. Балалық шағы соғыс кезіне тура келген Баянның жағдайы белгілі. Ашқұрсақ, бірде бар, бірде жоқ. Жетінші сыныптан бастап Шет ауылындағы нағашыларының үйінде жатып, сонан кейін интернатқа ауысады. Интернаттың

өнегесі жоғарыда айтқанымыздай, Алматыдағы Тау-кен металлургия институтына алып келді. Б.Рақышев кен массивын жару жəне көпкомпонентті күр делі құрылымды кен орындарын ашық игеру саласында өзінің ғылыми мектебін құрды. Ғылыми дəреженің биік шыңы саналатын еліміздің Ұлттық Ғылым академиясының академигі болып сайланды. Өзі ондаған шəкірт өсіріп шығарды. Техника ғылымдарының 9 докторын, 30 кандидатын, 5 магистрін дайындауы соған дəлел. Оның ғылыми жұмыстарының нəтижелері 600-ден астам еңбегі, соның ішінде 17 монографиясы, 8 оқулық жəне оқу құралдары жарияланды. 32 жаңалық ашып авторлық куəліктерге жəне өнертабысқа инновациялық патенттерге ие болды. 70-тен астам еңбектері алыс шетелдерде басылып шықты. Б.Рақышев Халықаралық ғылыми форумдарда баяндамалар жасап (АҚШ, Канада, Бразилия, Австралия, ОАР, Италия, ГФР, Польша, Швеция, Болгария, Түркия, Үндістан, Қытай, т.б.), Қазақстанның өндірісі мен ғылым саласындағы жетістіктерін белсенді түрде насихаттап келеді. Ол көптеген шетелдердің ғылым академияларының құрметті мүшесі. Академик жүргізген тау-кен өндірісінің физикалық жəне технологиялық үрдістері сала сында терең іргелі жəне қолданбалы зерттеулерінің нəти желері Қазақстандағы кен байыту өндірісінде, нақтылай түссек, «Қазақмыс», «Казцинк», «Алтыналмас», «ЖəйремҚБК» сияқты көптеген іргелі кəсіпорындарда қолданылып келеді. Баян Рақышұлы 1980-1985 жылдар аралығында Қ.Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық

тех никалық университетінде проректор, одан кейін ректор қызметін абыроймен атқарды. Сол жылдары оның білгір де шебер ұйымдастырушы есебіндегі қабілет-қасиеттері айқын көрініс тапты. Университеттің дамуына, материалдық-техникалық базасын нығайтуға, ғылым мекемелерімен жəне өндіріспен байланысын жақсартуға зор үлес қосты. «Өндіріспен байланыс əлсіреген кезде инженер дайындадым деген бекер сөз» – бұл Бəкеңнің ғылымдағы ұстанымы. Оқытушылар мен студенттерге жоғары талап қоя отырып, оларға қажетті жағдай жасауды ғалым азаматтық парыз санайды. 1988 жылы ұстаздар мен қызметкерлерге арнап 40, 1992 жылы 48 пəтерлік үй салуға, 600 орындық жатақхана тұрғызуға ұйытқы болды. Оны дер кезінде пайдалануға бергізді. Баян ағаның техника саласында ұлт кадрларын даярлауға, қазақ жастарының рухани кемелденуіне, өз халқының үлгілі дəстүрлерін, əдебиеті мен мəдениетін терең білуіне деген қамқорлығы да айтарлықтай. Əлемді таңғалдырған əйгілі «Дос-Мұқасан» ансамблі, «Бəйшешек» əдебиет бірлестігі Баян Рақышұлының тікелей қостап, жəрдем жасауымен, ол автоматика жəне есептеу техникасы факультетінде декан болып қызмет атқарып отырған кезде дүниеге келген еді. Ұжым өміріндегі аса бір маңызды оқиға – Бəкеңнің бас шылығымен білім ордасының тарихында тұңғыш қазақша бөлімдер ашылып, қазақша білім беру ісі жолға қойылды, қазақ тілі кафедрасы ашылды. Б.Рақышевтың ғылыми, ұстаздық жəне ұйымдастыру саласында істеген еңбектері мемлекет тарапынан жоғары бағаланғанын айта кетуіміз керек. Ол Парасат, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен көптеген медальдармен марапатталды. Баян аға – ойындағысын ашық, анық, нақты, бүкпесіз айтатын адам. Бір нəрсеге өз көзі əбден жетпейінше пікір білдірмейді. Ешкімге бас игенді, жалпақтағанды суқаны сүймейді. Осы мінезі кейбіреулерге ұнамайтыны да рас. Дүниеге қызығу, байлыққа ұмтылу бұл кісі үшін жат нəрсе. Адамдарды еш уақытта алаламайды. Еден сыпырушы ма, лаборант па, профессор ма, кім болса да бəрібір, өз жұмысына жауапты, тап-тұйнақтай атқаратын, адал, таза адамдар əрқашан да Бəкеңнің құрметіне бөленіп жүреді. Осы қасиеттерінің өзі-ақ көрнекті ғалымның биік парасат иесі, ұлағатты ұстаз екенін, сөз жоқ, айқындап тұрғаны анық. АЛМАТЫ.

 Алаңдатарлық ахуал

Тґтенше жаєдайлардаєы ґрескел кемшіліктер Төтенше жағдайлар министрлігі деп атының өзі төтенше аталған соң бұл министрліктің қызметі де адам өмірі үшін өте маңызды болып табылатыны рас. Алайда, оларға адам өмірінен артық не бар деп сенім артсақ та, амал не, сол маңызды істерінің бір бөлігін жемқорлық қоса алып жатады екен. Мəселен, соңғы екі жылда ғана Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлік қызметкерлері 55 сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасаған көрінеді. Бұл халыққа қызмет көрсететін мемлекеттік орган үшін аз да, мəз де сан емес. Сондықтан да, мемлекеттік органдардың осындай өрескел қылықтарына сай үстіміздегі жылы шағын жəне орта бизнесті тексеруге мораторий жарияланды деп толық айта аламыз. Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан».

Бұған қоса Төтенше жағдайлар министрлігінде өрт деректері бойынша қозғалған қылмыстық істерді тергеу барысы сын көтермейді. Аталған мерзім ішінде осы дəрежедегі 3 мыңға тарта қылмыс тіркелген. Жəне бұл қылмыс орташа есеппен алғанда күніне 50 пайызға өсе түсуде. Сөйтіп, оқиғаның орнын дұрыс қарамаудан, оны тексеруге атүсті көңіл бөлгендіктен жəне аталған қылмыс түрін ашу амалын жетік меңгермегендіктен бұл қылмыстардың 70 пайызы ашылмай қалады екен. Ал бұл туралы Бас Прокурор Асхат Дауылбаевтың төрағалық етуімен заңдылықты, құқықтық тəртіпті жəне қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің жиналысында ашық айтылды. Мұнда негізінен еліміздегі өрт қауіпсіздігінің 2011-2013 жылдардағы жай-күйі мəселелері талқыланды. Сөйтіп, аталған жиналыста Бас прокуратура Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлікпен бірлесіп, еліміздің соңғы үш жылдағы өрт қауіпсіздігінің жай-күйін

талдады. Талдау, шыны керек, өрттің алдын алу жөніндегі жұмыстардың жеткіліксіз екендігін көрсетті. Прокурорлар өрт қауіпсіздігінің нормалары мен ережелерінің бұзылуы салдарынан оның соңы түрлі өртке, орасан мүліктік шығындарға, адам өлімдеріне əкеп соқтырғанын анықтады. Қолдағы құжаттарға қарап отырып, ондағы сандарды көргенде адам жаны түршігеді. Мəселен, соңғы үш жылда елімізде 46024 өрт оқиғасы орын алған, онда 1464 адам, соның ішінде 174 бала қаза тауып, 1776 адам түрлі жарақаттар алған. Өрт салдарынан келген жалпы шығынның мөлшері шамамен 15,5 млрд. теңгені құрады. Барлық өрттердің 70 пайызы тұрғын үйлер секторларында болған. Демек, мұндай шектен шыққандыққа жол берген, яғни жол бермеуге қызмет ететін, сол үшін қаржы алатын тиісті органдар қайда қарап отыр? Егер соншама аппатты жағдайлар қайталана берсе, онда адамдар мыңдап опат болып, тіпті, кішкентай балалар қаза тауып жатса кінəлілер қайда? Неге жұмыс талапқа сай жүргізілмейді? Құжаттарды қарасақ, бұл сұрақтарға да жауап табылады екен. Өйткені, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің

қолданыстағы жүйесі республикамыздағы 6 989 елді мекеннің 272-сін ғана қорғауды қамти алатын болып тұр. Ауылдық мекендердің 90 пайызы өрттен қорғану жүйесімен қаматамасыз етілмеген. Өрт деполары ғимараттарының шамамен 65 пайызының пайдаланылғандығына қырық жылдан асқандықтан, олардың кейбірі апатты жағдайда деп танылған. Соның өзінде бұл көрсеткіштер еліміздегі өрт қауіпсіздігіне қатысты шынайы жағдайды толыққанды көрсете алмайды екен, өйткені, бұл саладағы мемлекеттік есепке алу əлі де дұрыс жолға қойылмаған. Анықталған бұзушылықтар, негізінен алдын ала ескерту іс-шараларын жүзеге асыруға тиісті органдардың жіберген кемшіліктері мен олқылықтарына құқық бұзушылықтардың дер кезінде анықталмауына жəне жойылмауына байланысты болып отыр. Ал енді осыған сəйкес, жоғарыдағы өкінішті оқиғалардың қайталана беруіне кім кінəлі екенін өзіңіз де саралай беріңіз. Бұл аз десеңіз, онда оған, яғни осы саладағы маңызды проблемалар – өрт сөндіру бөлімшелерінің техникалық нашар жарақталуы, алыс орналасқан елді мекендерді өрттен толыққанды қорғауға мүмкіндіктің болмауы, ерікті өрт сөндіру құрамалары жұмыстарының тиімсіздігі, өрт фактілері бойынша қозғалған қылмыстық істердің тергелу сапасының төмендігін де қосып қойыңыз. Мысалы, негізінен қылмыстарды тергеудің əдіс-тəжірибесі болмауы салдарынан осы санатта тіркелген 2942 қылмыстың дені ашылмай қалып отыр. Бұған не дейсіз? Бұдан өзге, өрт қауіпсіздігін жəне өрттің салдарын жоюды қамтамасыз ету бойынша іс-шаралардың бюджеттен тиісінше

қаржыландырылмауы, бақылау-қадағалау іс-шараларын жүзеге асыру барысында қылмыстық немқұрайлылық пен сыбайлас жемқорлық оқиғаларының көрініс беруі жəне т.б. заңдылықтың жай-күйіне елеулі түрде əсер етуде. Талқылаудың қорытындылары бойынша үйлестіру кеңесінің мүшелері Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлікке мүдделі мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл барысында елімізде өрт қауіпсіздігінің тиімді жүйесін құруға, азаматтар мен экономика нысандарының өрттен қорғалуы деңгейін тиісінше қамтамасыз етуге, пəрменді мемлекеттік бақылауды жолға қоюға жəне өрттер мен олардың салдарларын есепке алуға бағытталған заңнамалық актілер əзірлеуге ұсыным берді. Тұрғын үйлер секторын, сондай-ақ адамдар көп жиналатын нысандарды өрттен қорғауды қамтамасыз ету қажеттігін Бас Прокурор негізгі міндет ретінде айқындап көрсетті. Жиналысқа бейнеконференциялық байланыс арқылы қатысқан жергілікті атқарушы органдардың басшыларына ерікті өрт сөндірушілер құрамалары жұмыстарының тиімділігін арттыру, олардың материалдық-техникалық базасын нығайту, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту бойынша шұғыл шаралар қабылдау қажеттігі тапсырылды. Аумақтық прокуратура органдарына уəкілетті органдар мен лауазымды тұлғалардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заң талаптарын орындауын, кəсіпкерлік субъектілерінің қызметінде қауіпсіздік үшін тиісті жағдай жасау ды, сондай-ақ осы саладағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды анықтау жəне олардың жолын кесуді орындауын жүйелі түрде бақылауды қамтамасыз ету тапсырылды. Сөйтіп, аталған отырыс жұмысына Үйлестіру кеңесінің мүшелері, Президент Əкімшілігінің, Премьер-Министр кеңсесінің өкілдері, Парламент депутаттары, Ішкі істер, Денсаулық сақтау, Мəдениет министрліктерінің басшылары қатысты десек, енді бұл сыннан да бір қорытынды шығарына үміт артамыз.

ШАРАЙНА

Əлем жаѕалыќтары

Ўшаќты іздеу аумаєы кеѕеюде 8 наурыз күні Малайзияның астанасы Куала-Лумпур қаласынан Қытай астанасы Пекинге ұшып шыққан Боинг-777 жолаушылар ұшағы əлі табылмай отыр. Бүгінде оны іздеу аумағы барынша кеңейтіле түсуде. Осы аралықта қазақстандық диспетчерлер ұшақтың ел аумағына өтпегенін мəлімдеді. Қазіргі кезде Боингті іздестіруге Қытай тарапы да кірісіп кетті. Өйткені, ұшақтағы жолаушылардың үштен екісі осы ел азаматтары болатын. Оның үстіне жоғалған ұшақ бортындағы қытайлықтардың туған-туысқандары Малайзияның Боингті іздестірудегі дəрменсіздігіне наразылықтарын білдіріп жатыр. Енді жоғалған əуе кемесі Австралия құрлығы маңынан да іздестірілмек.

Ќажеттілік болмай ќалєан

Таиланд басшылығы 19 наурыз, бүгіннен бастап елдегі жаппай наразылықтармен байланысты енгізілген төтенше жағдай режімін алып тастау туралы шешім қабылдады. Бұл режім кем дегенде 30 сəуірге дейін жалғаспақ. Биліктегілердің айтуларынша, соңғы уақыттарда төтенше жағдай режімін ұстап тұруға қажеттілік болмай қалған.

Қажеттілік болмай қалған дегенде, кейінгі кездері Таиландтағы наразылық шаралары əлсірей түскенге ұқсайды. Бұған қоса, режімді алып тастау жөнінде бизнес өкілдері өтініш түсірсе керек. Себебі, елдегі тұрақсыздық туристер ағымының айтарлықтай азаюына алып келген. Ал Бангкок пен ел астанасына жақын жатқан провинцияларда төтенше жағдай режімі үстіміздегі жылдың 22 қаңтарында үкімет басшылығына сайлау нəтижесіне наразылар көптеп бой көрсетіп, жаппай тəртіпсіздіктер орын алған соң енгізілгені белгілі.

Қысқа қайырып айтқанда:

Францияда полиция қызметкерлері «Фессенхайм» АЭС-і аумағына еніп кеткен 17 белсенді экологты қамауға алды. АЭС аумағына барлығы 40 адам өткен екен. Олар көнерген стансаны жабуды талап еткен. Белсенділердің пікірінше, тозған АЭС бүкіл Еуропаға қауіп төндіруі ықтимал. ИТАР-ТАСС агенттігі кеңестік кезеңдегі атауы – ТАСС атауына қайта оралатын болды. «Российская газетаның» хабарлауынша, мұндай шешім агенттіктің 110 жылдығын мерекелеуге дайындық бойынша ұйымдастыру комитетінің мəжілісінде қабылданған. Бұл бастама бірауыздан қолдау тапқан. Енді соңғы сөзді агенттіктің құрылтайшысы – Ресей үкіметі айтатын болады.

Экстремиске – 10 жыл тїрме Тəжікстанның Гафур ауданында шаштараз болып істейтін Хамидов деген біреу исламшыл «Хизб-утТахрир» ұйымына қатысқаны үшін 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Тергеу деректеріне қарағанда, Хамидов аталған ұйым қатарына 2005 жылы кірсе, шаштараз болып жұмыс істей жүріп, ұйым мүшелерінің тапсырмаларын орындап келген. Оны арнайы қызмет орындары үстіміздегі жылы қамауға алған, бірақ нақты қай кезде екені айтылмайды. Енді Хамидов жазасын күшейтілген режімдегі колонияда өтейтін болады. «Хизб-утТахрир» (Ислам азат ету партиясы) ұйымына келсек, ол алдына ислам мемлекетін құруды мақсат етіп қоятыны мəлім. Оған көптеген елдерде, оның ішінде Қазақстан да бар, тыйым салынған. Ресми дерекке сəйкес, Тəжікстанда қазіргі кезде «Хизб-ут-Тахрирдің» 500 мүшесі қамауда отырған көрінеді.

«Прогресшілердіѕ» сайлаудаєы жеѕісі Сербияда кезектен тыс парламенттік сайлау болып өтті. Енді жеңіске жеткен «Сербия прогрессивті партиясының» серкесі Александр Вучич премьерминистр портфелін иеленетін болды. Сөйтіп, ол парламенттік көпшілікті басқа партиялармен коалицияға бірікпей-ақ өз бетінше қалыптастыра алады. Республикалық сайлау комиссиясының деректері бойынша, «прогресшілер» сайлаушылардың шамамен 50 пайыз дауысын алған. Бұл оларға жобамен алғанда 160 депутаттық орынтақты иеленуге мүмкіндік береді. Екінші орында іс басындағы премьерминистр Ивица Дачич жетекшілік ететін «Сербия социалистік партиясы» тұр. «ССП» сайлаушылардың 15 пайыздай дауысын алса, парламентте 50 орыннан үміті бар. Үшінші, төртінші орындардағы «Демократиялық партия» мен «Жаңа демократиялық партия» 5 пайыздық кедергіні зордың күшімен болса да еңсере алыпты.

«Аєаш тїбіндегі» мол ќазына Калифорния штатының солтүстігінде мол байлық табылды. Сарапшылардың сөздеріне қарағанда, одан 10 млн. долларға дейін табыс табуға болады. Қазынаның құрамына 1427 алтын тиын кіреді. Олардың номиналды құны – 27 мың доллар. Қазынаны тауып алған ерлі-зайыпты Мэри мен Джон (тектері айтылмайды) оны сатуды көздеп отыр. Ал тиындар туралы көп нəрсе белгісіз. Белгілісі – көпшілігі Сан-Франциско қаласындағы тиын сарайында соғылыпты. Басқа қалаларда шығарылғандары да бар, бірақ олар аз. Ерлі-зайыптылар қазынаны өздерінің иттерімен қыдырыстап жүріп тауып алған. Жерден бір нəрсенің ұшы шығып тұрғанын көрген олар жақындап келгенде қаңылтыр банкіні байқаған. Алып шығып қараса, ішінде кілең мұқият жиналған алтын тиындар екен.

Джекпот иесі – автослесарь Бұған дейін Ұлыбританияда белгісіз біреу 107,9 млн. фунт стерлинг лотерея джекпотын ұтып алғаны хабарланған болатын. Енді оның кім екені белгілі болып отыр. Аяқ астынан миллионер атанған бақыт иесі автослесарь болып шықты. Оның қауіпсіздігі үшін əзірше аты-жөні айтылмауда. Лотереяны ұйымдастырушылардың сөздеріне қарағанда, автослесарь ұтысына келіп те үлгерген. Жақында ол отандастарына таныстырылатын болады. 107,9 млн. фунт стерлинг ұтыс үстіміздегі жылғы Ұлыбританиядағы ең ірі ұтыс болып табылады. Бақытты билет сатып алған автослесарь лотерея джекпотын ұтып алған ең бай адамдардың тізімінде төртінші тұр. Бірінші орынға 2011 жылы 161 млн. фунт стерлинг ұтып алған Колин жəне Крис Уйэрлер орналасыпты. Интернет материалдары негізінде əзірленген.


8

www.egemen.kz

19 наурыз 2014 жыл

Бухгалтер болєыѕыз келе ме? Жуырда «Қазкоммерцбанк» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, профессор Мұхтар ЕРЖАНОВ Халықаралық бизнес университетінің студенттерімен жүздесіп, дəл осы тақырыпта ой қозғап, пікір бөлісті. Орайын тауып белгілі қаржыгерге бірнеше сұрақ қойған едік. – Мұхтар Салтайұлы, бүгінгі таңда қоғамда бухгалтерлік есеп жəне аудит маманына сұраныс жағы қалай? – Əлбетте бұл мамандыққа сұраныс қашанда жоғары болған. Солай бола береді де. Əсіресе, ірі, орта жəне шағын бизнес компанияларына қаржылық есептіліктің, аудиттің халықаралық стандарттарын терең меңгерген, салық кодексін жақсы білетін, кəсіби сауатты мықты бухгалтерлер аса қажет. Нарық билеген заманда жаңаша ойлап, ұтқырлық танытпасаң уақыт көшіне ілесе алмай қалуың əбден мүмкін. Сондықтан да, бухгалтерге жүктелер сенім ерекше. Өйткені, бəрін есеп шешеді емес пе. – Сіз бұл орайда, лайықты мамандарды қай жоғары оқу орны дайындауы керек деп санайсыз? – Біздің елімізде есеп-қисап мамандарын кəсіби тұрғыда өте жақсы деңгейде əзірлейтін оқу орындары баршылық. Мен солардың ішінен Халықаралық бизнес университетін ерекше атар едім. Себебі, бұл білім ордасы халықаралық стандарттың заманауи талаптары бойынша кадр даярлауда алдыңғы орында тұр. – Кейбір мəліметтерге қарағанда, кейінгі кезде есеп жөніндегі мамандар саны тым көбейіп кеткенге ұқсайды. Осы мəселені жөнге келтірудің жолы бар ма?

– Əрине бар. Қарап отырсаң қазір елімізде есеп-қисап маманын кез келген ЖОО дайындайды. Мəселен, жыл сайын техникалық, медициналық, технологиялық, ауылшаруашылық жəне өзге бағыттағы оқу орындары бухгалтерлерді топырлатып шығару үстінде. Алайда, одан не пайда. Сан бар, сапа жоқ. Оның берер пайдасы шамалы екендігі айтпаса да түсінікті. Білікті бухгалтерлерді тек бейімделген оқу орны əзірлегені жөн деп санаймын. Сондықтан да, бұл жүйені ретке келтірудің уақыты жетті. Мемлекеттік емтихан алу комиссиясының төрағасы ретінде менің байқағаным, өзгелерге қарағанда кадрлар даярлау мəселесінде Халықаралық бизнес университетінің шоқтығы биік. Мұнда мамандық бойынша машықтануға іс жүзінде үлкен мəн беріледі. – Білікті мамандар даярлауда жұмыс берушінің рөлі туралы айта кетсеңіз? – Бұл тұрғыда жұмыс берушілер оқу орындарының түлектеріне назар аудара бастады. Мысалы, аудит жөніндегі қазақстандық компаниялардың атқарып отырған жұмысынан үлгі алуға болады. Олар екінші жəне үшінші курстың талантты əрі мақсатшыл студенттеріне

көңіл бөліп, оқуды аяқтағаннан кейін жұмысқа шақырады. Көпшілігінің біліктілігін арттыру мақсатында шетелдергегі семинарларға жібереді. Жұмыс берушілер өздері қабылдаған маманның одан əрі біліктілігін жетілдіруіне жанжақты қолдау жасап отырады. Осындай жауапкершіліктің арқасында жас мамандар іс барысында тəжірибе жинақтап, шеберлік танытады. – Өзіңіздің өсіп жетілуіңіз туралы айта кетудің реті келгені сыңайлы. – Мен мансапқа жету жолымды үнемі оқып үйренуге жəне есеп пен аудитті жетік игеруге арнадым. Өз мамандығымды жақсы көремін. Оның қыры мен сыры тереңде жатыр. Қаржы саласының маманы болуға талпынған əрбір талапкерді талмай ізденуге шақырамын. Сонда ғана түпкілікті нəтижеге қол жеткізуің сөзсіз. – Жетістікке жету үшін жоғары білімнің қаншалықты маңызы бар? – Оның маңызы зор. Жоғары білімнің болуы өте қажет. Заман талабы сондай. Сондықтан да, халық аралық стандарттарға сəйкес жоғары білім беру деңгейін тұрақты түрде көтеру күн тəртібінен түспеуі керек. Болашақ бухгалтерлерді даярлау мəселесіне үлкен мəн беріп, мамандандырылуға байланысты да дұрыс бағытпен жұмыс атқарғанымыз абзал. Түйіндеп айтсам, есеп жəне аудит мамандықтарын өзге салалық оқу орындарына телімегеніміз жөн. Одан ұтпасақ, ұтылмаймыз. Əңгімелескен Марат АҚҚҰЛ, «Егемен Қазақстан».

 Наурыз нақыштары

«Аман-есен жїріѕіз!» Атыраулық мұнайшылар Наурыз мейрамын алғашқылардың қатарында атап өтті

Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан».

Батыс аймақта Наурыз мейрамы көрісумен бастау алады. Бұл күні алдымен жасы кішілер үлкендерге сəлемдесіп, бір-біріне «Наурыз мейрамы құтты болсын! Аман-есен жүріңіз!» деп жақсылық тілеген ақжарма көңілдерде өкпе-реніштің бəрі ұмытылады. Көпті көрген данагөй қариялар арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан осынау ұлттық дəстүрді жаңғыртуға ірі кəсіпорындар да бет бұрды. Өткен жұмада, яғни, 14 наурызда қазақ мұнайшыларының қара шаңырағы – «Ембімұнайгаз» акцио нерлік қоғамы Наурыз мейрамы алдында көрісу шарасын өткізді. Осыған орай Д.Нұрпейісова атындағы мəдениет са райы алдында қазақы ою-өрнекпен көмкерілген бірнеше киіз үй тігіліп, наурызкөже, тайқазанда дəмі тіл үйірген палау пісірілді. Алтыбақанда ұлттық киім киген қыз-жігіттер тербетіліп, балалар асық ойынын қыздырды. Бұл күні кəсіпорын басшыларынан бастап, осында еңбек ететін əр қызметкер ұлттық киім киіп, бір-біріне құшағын аша көрісіп жатты. Ардагер-мұнайшылар да көңілді, өздерінің өнегелі ісін жалғастырып келе жатқан ізбасарларына ізгі баталарын берді. – Мен 40 жылдай «Ембімұнайгазда» электрик мамандығымен жұмыс жасадым. Ол кезде мұндай ұлттық мерекемізді атап өтпек түгілі, ауызға алудың өзі қиын кезең еді ғой, –деп өткен кезін еске алады осы кəсіпорыннан зейнеткерлікке шыққан Гүлзина Исемгелдиева. – Бүгінгі бейбіт өмірімізге тəубе деп айтайық, еліміз егемендігін алғалы бері ұлттық құндылықтарымызға ерекше көңіл бөлініп келеді. Бүгін міне, «Ембімұнайгаз» басшылары көрісу шарасын өткізіп отыр. Бұл – біздің халқымызда ежелден бар, кейінгі ұрпаққа өнеге боларлық шара ғой. Биыл «Ембімұнайгаз» АҚ өткізген көрісу шарасына кəсіпорынға қарасты төрт мұнай-газ өндіру басқармасы мен екі құрылымдық құрылымы қатысты. Ал осы кəсіпорында ұзақ жыл еңбек етіп, зейнеткер атанған ардагер-мұнайшылар шараның құрметті қонағы ретінде шақырылды. Əр басқарма ұжымы қазақтың ұлттық дəстүрінен сахналық қойылымдар көрсетті. Мəселен, «Жылыоймұнайгаз» басқармасының ұжымы алдымен жеңге мен қайын сіңлі арасындағы жарасымды

сыйластық қыз бен жігіт айтысына ұласты. Қазақы əзілге құрылған қыз бен жігіт айтысының шынайылығы шараны қызықтаушылардың ыстық ықыласын туғызды. Қыз бен жігіттің əзіл-қалжыңға құрылған айтысы олардың бір-бірімен кеңірек танысуына жол ашты. Мұның артынан «Жайықмұнайгаз» басқармасының мұнайшылары қазақтың əр шаңырағында əлі күнге дейін болып жататын құда түсу көрінісін көрсетті. Былайғы күндері мұнайшы болғанмен, қазақы шапан мен қалпақ киіп, сахнаға шыққанда құдды театрдың əртістерінен еш айнымайды. Құдалар мен үй иелерінің рөлдерін орындауда кəсіби əртістерден кем түскен жоқ. Тəй-тəй басып жүруге талпынған балбөбегінің қадамы сəтті болсын дейтін игі тілекпен тұсау кесуді ең абыройлы, ең ізгі жүректі адамға ұсынатын қазақтың даналығын сөзбен жеткізу қиын шығар, сірə. Дегенмен, «Ембімұнайгаз» мұнайшылары осы бір ұлттық дəстүрдің кейінгі толқынға өнеге боларлық ерекшелігін кеңінен аша түскені көңілге қуаныш ұялатқанын жасырғымыз келмейді. Қазақтың қай отбасысы бесік той болғанын аңсамайды дейсіз. Есте жоқ ескі заманнан бері бесік той əр қазақтың шаңырағын көл-көсір қуанышқа бөлеген. Үлкен əулет пен оның барша ағайынын мəре-сəре қуанышқа кенелтетін бесік тойдың ерек шелігін атыраулық мұнайшылар да жадына мықтап түйгенін аңғартты. Қазақтың мұнайшылары тек мұнай мен газ өндіріп қана қоймайды. Сонымен бірге, халқымыздың бата беру дəстүрі мен ұлттық ойындарын еркін меңгергені «Доссормұнайгаз» жəне «Қайнармұнайгаз» басқармалары мұнайшыларының сахналық көріністерінен айқын аңғарылып тұрды. – Біздің кəсіпорынның межеленген жоспарын орындап, мол табысқа жетуі – ұжымдағы əр қызметкердің қажырлы еңбегінің жемісі, – деді мұнайшыларды Наурыз мейрамымен құттықтаған «Ембімұнайгаз» АҚ бас директоры Махамбет Досмұхамбетов. – Өткен жылы мұнай өндіру жоспарымыз артығымен орындалды. Өндірістік жоспардың мерзімінде орындалуы əлеуметтік мəселелердің оң шешілуі мен еңбек қатынасын жақсартуға оң ықпалын тигізіп отыр. Жаңа кен орындарын пайдалануға беру, мұнай алу үшін қабат қысымын жоғарылату шараларын жүргізу, сонымен қатар, ұңғымаларды

күрделі жөндеу жұмыстарын атқару арқылы мұнай өндіру көлемі ұлғайтыла бермек. Елбасы тапсырмасына жəне «ҚазМұнайГазға» қарасты компаниялар тобының бірыңғай еңбекақы төлеу жүйесіне көшуіне байланысты сəуірден бастап қызметкерлер жалақысына 10 пайыз үстеме қосылғалы отыр. Айтқандай, «Ембімұнайгаз» басшылығы мұнайшылардың əлеуметтік ахуалын жақсартуға баса мəн беріп отыр. Өткен жылдың аяғында 20142016 жылдарға арналған жаңа ұжымдық келісімшартқа қол қойылды. Бұл құжатта жұмысшы мен жұмыс беру шінің құқықтары мен міндеттері, жеңілдіктер мен əлеуметтік қолдау тетіктері нақтыланған. Қазір 5,5 мың адам жұмысқа тартылып, 97 пайызы кəсіподақ комитетіне мүшелікке алынған кəсіпорынның жаңа ұжымдық келісімшартында жұмысшылардың мүддесі мен денсаулығын қорғау, жұмыс барысында жəне демалыс кезінде барлық жағдайды туғызу тұрғысындағы əлеуметтік жауапкершілігі нақты көрініс тапқан. Əсіресе, жастарды əлеуметтік қорғау мəселесі де назардан тыс қалмаған. – Ел тəуелсіздігімен отандық өндірістің еңсесі тіктелді, – дейді 40 жыл дан бері еңбек етіп келе жатқан байырғы мұнайшы Тəшкент Айтбаев. – Сондықтан біздің жас мамандарымыз мұнай ісін меңгеруде, алдыңғы толқын мұнайшылардан үйренуде ештеңеден қаймықпайуы қажет. Отандық мұнайгаз өнеркəсібінің өркендеуі де, елдің келешектегі қарқынды дами беруі де жас мамандардың біліктілігіне байланысты болады. Шүкір, еліміз əлемге танылды, экспортқа өнім шығару үлесі молайып келеді. Алдағы кезде де тəуелсіз еліміздің ұлттық құндылықтары жарқырай көрініп, экономикалық өркендеуі бүгінгі қарқынынан таймаса дейміз. Бұл кəсіпорын шежірелі тарихқа да, еңбек дастанына да бай. Ал «қара алтын» селін тасытуда қажырлы еңбегін сіңірген ардагер-мұнайшылардың ше жірелі жолы мен еңбек дастанын озық технологияны меңгерген білікті ізбасарлары жалғастырып келеді. Демек, «Ембімұнайгаздың» шежірелі тарихы да, еңбек дастаны да үзілмейді, үздіксіз қаттала береді. Атырау облысы.

 Талап жəне тəртіп Мемлекетіміздің алдағы дамуы мен халықтың əлеуметтіктұрмыстық жағдайының жақсаруы, елдің келешекке бой түзейтін даму жоспары Мемлекет басшысының дəстүрлі Жолдауынан туындайтыны айқын.

қозғалып, нəтижесінде 6 тұлға сотталды. Соттарынан 2 095 066 теңгеге белгіленген талап-арыз қанағаттандырылды. Сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтардың басым көпшілігі мемлекеттік сатып алу, бюджет құралдарын жұмсау мен мемлекеттік қызмет көрсету салаларында орын алғандығы анықталды. Кəсіпкерлерді қорғау мақсатында Маңғыстау облыстық прокуратурасы 51 тексеріс жұмыстарын жүргізіп, 295 заң бұзушылық анықталып, 2173 тұлғаның конституциялық құқықтары қорғалып, 51 тұлға тəртіптік, 12 тұлға əкімшілік жауаптылыққа тартылды. Бас прокуратураның тапсырмасына сай, сенім телефонына шалынған əр қоңырау бойынша кəсіпкерлердің құқығын қорғаудағы прокурорлық ұтқыр топпен оқиға орнына бару арқылы тексеріс

Сабыржан БЕКБОСЫНОВ,

Маңғыстау облысының прокуроры, 3-дəрежелі мемлекеттік əділет кеңесшісі.

Елбасы өз Жолдауында еліміздің басты мақсаты – «Мəңгілік Ел» болу жолында Қазақстанның əлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына қосылу бағытындағы кең ауқымды жоспарын паш етті. Жолдауда Қазақстанның

Ќўќыќтыќ тəртіпті ныєайту – міндетіміз даму жолында 2050 жылға қарай əлемнің дамыған 30 елінің қатарында болу міндетін жүзеге асыру үшін мемлекеттілікті одан əрі дамыту жəне нығайту қажеттілігі, экономикалық саясаттың жаңа қағидаттарына көшу, интеллектуалдық меншікті, кəсіпкерлікті қорғау, бизнестің дамуына кедергі келтіретін тосқауылдарды жою мəселесі, өзіміздің дəстүрлі кəсібіміз агроөнеркəсіп саласын дамыту, білім беру мен денсаулық сақтау салаларының қазіргі заманғы жəне тиімді жүйесін құру, халықаралық жəне қорғаныс саясатының жаңа сын-қатерлерге пара-пар саясат құруы қажеттігі атап көрсетіліп, мемлекеттік аппаратқа, құқық қорғау органдарына нақты тапсырмалар берілді. Жолдауға сай, келер кезеңде мектепке дейінгі мекемелердің құрылысын бастау, денсаулық сақтау жəне білім беру салалары қызметкерлерінің жалақыларын жоғарылату мəселесі жоспарланды. Бұл мемлекеттік бюджетке өзіндік салмағын түсіретіні белгілі. Алайда, осыған орай, Бас прокурор тарапынан мемлекеттік залалды өндіру жəне бюджетті толықтыру бағытындағы жұмысты жандандыру туралы тапсырмалар беріліп, қазіргі таңда осы бағытта біршама қызметтер атқарылуда. Сондай-ақ, Президент өз Жолдауында заң алдындағы теңдік пен құқықтық тəртіптің шын негізі болуға тиіс екенін, барлық құқық қорғау жүйесінің жұмыс сапасын арттыру қажет екенін де атап өтті. Яғни, барлық зор өкілеттілік пен құқық иеленген шенділер мінсіз мінезқұлқымен, үлгі боларлықтай тəртіпті жəне жоғары кəсіби деңгейімен ерекшеленуге тиіс. Осыған байланысты, басты назар жеке жəне заңды тұлғалардың арызшағымдарын қарауға аударылуы тиіс. Бір мақсатта, бір мүддемен, бір болашақты көздеген қазіргі таңда тұтас халықты құрайтын азаматтарымыздың конституциялық құқықтарын, олардың заңды мүдделерін қорғау прокуратура органының басты міндеті, əрі күнделікті қызметі. Осыған орай, өткен жылы Маңғыстау облыстық прокуратурасы атқарған қызметтер нəтижесіне тоқталсам, былтырғы жылы облыс прокуратурасының жұмысы қоғамдықсаяси тұрақтылық пен құқықтық тəртіпті нығайтуға бағытталды. Облыс прокуратурасы 625 тексеріс жүргізіп, 25 208 заң бұзушылық анықталды, оның ішінде 24 123 заң бұзушылық жойылып, 29 ұйғарым орындалды, 395 наразылық қанағаттандырылса, 910 ұсыныс қаралды, 74 талап-арыз

қанағаттандырылса, 1148 заңсыз құжат, оның 19-ы нормативтік құқықтық акт, 8 əділет органына тіркелген акт бұзылды. Прокурорлық ықпал ету актісімен 30 001 азаматтың конституциялық құқықтары қорғалды, 1022 тұлға тəртіптік, 1536 тұлға əкімшілік, 105 тұлға материалдық жауапкершілікке тартылып, 3 802 609 580 теңгені құрайтын шығын өндірілсе, оның ішінде мемлекет пайдасына 3 150 835 081 теңге, мемлекеттік бюджетке 2 149 314 854 теңге өндірілді. Сонымен қатар, қадағалау актілерімен мемлекетке 749 798 703 теңгені құрайтын мүлік қайтарылды. Облыс прокуратурасы мен Бас прокуратура белгілеген жалақы борышын жоғарылатпау тапсырмасы орындалып, жалақы борышы 113 миллион теңгеден 47 миллионға төмендеді. Дер уақытында жалақы тө ле мегені үшін 70 тұлға əкімшілік жауаптылыққ а та р тыл ды. Мыс а л ы, « Ф РЭ Ш» ЖШС қызметкерлерінің 34,7 миллион, «БатысГеоФизСервис» ЖШС қызметкерлерінің 21,1 миллион теңге борыштары өтелді. Сонымен қатар, Маңғыстау облысында 1963 жылы Маңғышлақ аймағындағы уран өнеркəсібі мен мұнайкен орындарының өнімдерін тасымалдау үшін салынған Ақтау порты қызмет атқаруда. Ақтау порты Каспий теңізінің шығыс жағалауында орналасқан жəне Қазақстан Республикасының əртүрлі құрғақ жүктер мен мұнай жəне мұнай өнімдерін халықаралық тасымалдауға арналған бірегей теңіз порты болып табылады. Қ а зі р г і та ң да , Е л ба с ымыздың индус триялық-инновациялық даму бағытындағы «Бизнесті дамыту-2020» бағдарламасы аясында порт өмірінде жаңа бетбұрыс пайда болды. Қуаттарды жаңарту жобалары жүзеге асырылды. Порт инфрақұрылымы мен басқару құрылымдары жақсартылды. Соңғы 3 жылда құрылған қазіргі заманғы порт инфрақұрылымы Қазақстан Республикасы үшін Каспий теңізінің барлық елдері арасында порт қызметтерінің сапасы мен қолжетімділігі бойынша көшбасшы болуына жағдайлар жасалды. Сыбайлас жемқорлықпен күрес мақсатында облыс прокуратурасы 36 тексеріс жүргізіп, 497 заң бұзушылық анықталды, 32 ұсыныс қа ралды. Бұл саладағы қадағалау актісімен 33 тұлға тəртіптік, 7 тұлға əкімшілік жауапкершілікке тартылып, 3 306 766 теңге шығын өндірілді. 13 қылмыстық іс

жүргізілуде. Өткен жылы сенім телефонына əртүрлі мəн-жайлар бойынша 25 рет телефон шалынып, оның 13-і анықталды. Олар бойынша 13 лауазымды тұлға тəртіптік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, кəмелетке толмағандардың құқықтары жөніндегі заңнаманың сақталуы бойынша облыс прокуратурасы 108 тексеріс жүргізіп, 3785 заң бұзушылық анықталды. Жүргізілген тексерулер нəтижесімен 130 заң бұзушылық енгізіліп, 273 лауазымды тұлға тəртіптік, 185 тұлға əкімшілік жəне 22 тұлға материалдық жауапкершілікке тартылды. Осы бағытта жүргізілген жұмыстар нəтижесімен 13 998 баланың конституциялық құқығы қорғалып, 2 498 206 теңге шығын өндірілді. 2013 жыл көлемінде мемлекет кірісіне 1,8 миллиард теңге салықтық борыш пен міндетті төлемдер өндірілді. Сондай-ақ, «Бузачи Оперейтинг» ЖШС-да 260 мың текше метр газды заңсыз өртеу дерегі анықталып, облыс прокуратурасы экология департаментіне енгізілген ұсыныс нəтижесінде «Бузачи Оперейтинг» ЖШС-нан 250 миллион теңге өндірілді. Онымен қоса, тексеру барысында «Бузачи Оперейтинг» ЖШС қоршаған ортаға эмиссиялық сəйкессіз мұнай қалдықтарын рұқсатсыз сақтағандығы анықталып, облыстық салық департаменті прокуратура ұсынысы негізінде аталған мекемеден 1,3 миллиард теңге салық төлемі өндірілді. 2013 жылы облыс прокуратурасы арыз-шағымдарды қарау жұмыстарын жақсарту мақсатында, «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен «ашық есік» күндері өткізілді. 2013 жылы 5630 арыз-шағым қаралса, оның 3299 немесе 58,5 пайызы прокуратура органы пəрменімен өз шешімін тапты. 2323 шағым бойынша заң талаптары түсіндірілсе, 636 шағым қанағаттандырусыз қалдырылды жəне 340 шағым қанағаттандырылып, арыздардың қанағаттандырылу көрсеткіші 10,3 пайызды құрады. Арызшағымдарды қарау нəтижесі бойынша облыс прокуратурасы 135 прокурорлық ықпал ету актілерін енгізіп, 113 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды. Осылайша, өткен жылы облыс прокуратурасы азаматтарымыздың кон ституциялық құқықтарын қорғау мақсатында кең ауқымды жұмыстар атқарды. Маңғыстау облыстық прокуратурасы Елбасы Жолдауында көзделген өзекті мəселелерді орындау бағытында алдағы уақытта да тыңғылықты жұмыстар атқаратыны сөзсіз.

Ќиындыќќа ќайыспаєан ќайсар ќыз (Соңы. Басы 3-бетте). Ауруханаға жете бергенде есімнен айырылғанымды білемін, – дейді өткенді күрсініспен еске алған Бибігүл. Оны алда тағдырдың қилы тауқыметі мен ауыр сыны күтіп тұрған еді. Көкшетаулық хирургтер омыртқаға ота жасап, екі ай бойы аурухана төсегінде таңылып жатты. Болашағы – бұлдыр тұман. Өз бетімен не киіне, не шешіне алмайды. Күні бойы бір нүктеге қадалып, ауыр ойларға беріледі. Талай түнді ұйқысыз атырды. Аяқтары жансызданып, бірінші топтағы мүгедек қатарына жатқызылғанда көз жасына ерік беріп, ағыл-тегіл жылады. Көпке дейін өзөзіне келе алмай бақытсыздықтың, қорсынудың зардабын əбден тартты. Уақыт – емші, төреші. Жанын жегідей жеген қайғыны ақылға, сарыуайымды сабырға жеңдірді. Алматының білікті дəрігерлеріне қаралды. Ондағылар кезекті отаны жасап, омыртқа арасында пайда болған ет өсіндісін сылып тастады. Жұлын аман. Алайда, негізгі омыртқаның қатты зақымдануы салдарынан жүріп кету үміті біржола үзілді. Одан əрі ота жасатуға тəуекел етпеді. Қарағанды қаласындағы мүгедектерді сауықтыру орталығында ем-дом алып, өзін сергек сезінді. Қоларбамен жүріптұруға үйренді. Үшінші отаны Ресейдің Новокузнецк қаласында жасатып,

ондағылар да алматылық дəрігерлердің диагнозын қойды. Бибігүл жалған жарық дүниеден түңілерлік жағдайға жеткіз ген пұшайман халін ешкімге сездірмеуге тырысып, жан қайғысын жалғыз тіреуі де, сүйеніші де əз анасымен ғана бөлісіп жүрді. Бірде «төрт қабырғаға телміріп, торығуға салына бергеннен ештеңе шықпайды. Еңсеңді тікте, бойыңды түзе! Сен сияқтылар аштан өліп, көштен қалып жатқан жоқ. Пайдалы еңбеккер ретінде еліне, жеріне қалтқысыз қызмет етіп жүрген талайларын көріп жүрміз. Олар аяқ-қолы балғадай, дені сау аза маттардан еш кем емес. Əлі-ақ қатарыңнан озасың», деген ана сөзі ширықтырды. Содан тəуекел шешімге келіп, Алматы қаласындағы медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтына барып, білімін жетілдірді. Шығыс медицинасына, оның ішінде инемен емдеуге мамандан ды. Елге үлкен шаттықпен, жасқа тəн жалынды жігермен оралып, жұмысқа асқан құлшыныспен кірісті. Науқастарды үйде қабылдап, тың саланы білгірлікпен игеріп əкетті. Осы лайша, арада 7 жыл өткен соң рухының мықтылығы, қайтпас қайсарлығы мен мақсаткерлігі арқасында Бибігүл Тоқпанова сүйікті мамандығына қайта оралды. Осыдан екі жыл бұрын аудандық əкімдік оған орталықтандырылған емханаға терпевт дəрігер қызметіне шақырғанда «мен

де қоғамға керек екенмін», деп жүрегі жарылардай қатты қуанды. Əкімдік басшы лығы оған лайықты жұмыс тауып берумен қатар сапасы мықты германиялық қоларбаны сыйға тартты. Содан бері бұрынғы еңбек ұжымының толыққанды бір мүшесі ретінде адамдарға бақыт шуағын төгіп келеді. Құрбылары мен əріптестері Бибігүлдің ісмерлігін, білімділігін, кəсіби шеберлігін, поэзияны сүйетінін жоғары бағалайды. Бос уақыттарда əлем классиктерін оқығанды, гүл өсіргенді, тоқыма жұмыстарымен айналысқанды ұнатады. Ол – бір отбасының кенжесі. Əкесі ерте көз жұмды. Бүгінде 78 жастағы анасымен бір шаңырақ астында тұрады. Үш ағасы да көмектерін үзген емес. Десе де, негізгі салмақ онымен тетелес Қайраттың мойнында: баспананың іші-сыртын оған лайықтап жасап берді. Емханадағы пандус та жүріп-тұруға өте қолайлы. Қиындыққа қайыспаған қазақтың қайсар қызы өзінің еңбек ортасына оралуын, белсенді өмірге тартылуын жұмыспен қамту жəне əлеуметтік бейімделуге көмектесетін мемлекеттік бағдарламалар арқасында мүмкін болғанын мақ тан етеді. Адамдарға өмір, күлкі, қуаныш сыйлау – оның басты мұраты. Солтүстік Қазақстан облысы, Ғ.Мүсірепов ауданы.


 Мирас

Жыраудыѕ асыл мўраты мен аѕсар арманы Халқымыздың тарихынан белгілі, бір кездері бізге қалай дамимын, қай жолмен жүремін, ұшақты қалай құрастырамын деген емес, жер бетінен жоғалып кетпей, өзге ұлтқа сіңісіп кетпей қалай тірі қалып, ұлт сабақтастығын қалай жалғастырамыз, мынау ұлан-байтақ жерімізді қайтсек сақтап қала аламыз деген ой ең үлкен арман болды. Қасірет құшағында қанға орана тұншыққан, өксіген, зарсіңді арманды асыл кейіптегі арман-азаттыққа айналдыру мақсат болды. Осы арман мен мақсат жолындағы арпалыс талайды жылатты, талайды жұтты.

Ұлт болып, ұрпақ болып бағасын түсініп, қадірін білуіміз қажет, бүгінгі Қазақстан тəуелсіздігі – тек жаттанды ұран, жалаң құрметтеуден туатын ұғым емес, кез келгенге бұйыра бермейтін Тəңірдің тартуы, тағдырдың сыйы. Əлем тарихында əртүрлі себептермен жоқ болып, жойылып, жұтылып кетіп жатқан мыңдаған ұлттар мен ұлыстардың тағдырына қарап осылай дей аламыз. Күңіренгенде аспан астын тітіреткен ерлердің, еңірегенде етегі жасқа толған аналардың, шырылдағанда жанұшырған дауысы жер астындағы жеті атаңнан өтіп, жетпіс жеті бабаңның сай-сүйегін сырқыратқан нəрестелердің қасіретінің өтеуі, тілегінің қабыл болуы. Ислами түсінігімізден аян, «ешкімді тумаған, ешкімнен туылмаған» Алла тағала ешкімге қарыз емес, бірақ барынша мейірімді, жомарт. Он сегіз мың ғалам иіріміндегі біздің шап-шағын халқымыз осы мейірім-шапағатқа бөленді. Осыған шүкір етуіміз керек жəне барды, бергенді бағалай білуіміз керек. Қазір Қазақстан дамудың жолын таңдап, əлемдегі аймүйізді алып елдердің қатарынан өз орнын іздей бастады. Ғасырлар бойы кеткен есені түгендеу жолында. Расында, мемлекетті құраушы ұлтымыздың атын ту еткен еліміз əлемге танылып, келешек ұрпақтарымыз қайғысыз өмір сүрсе – одан асқан бақыт жоқ. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың биылғы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған «Мəңгілік Ел» идеясы осы мақсатты меңзейді. «Мəңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы» деген сөзі оған барар жолдағы бағыттарды ұсынады, қиындықтар мен кедергілерді көрсетеді. Оларды еңсеру тетіктерін нұсқап, арман арқалаған алыс жолда жұдырықтай жұмылып бір болуға шақырады. Жай ел болудың емес, Мəңгілік Ел болудың əңгімесін айтуымыз – жақсылықтың, жайлылықтың белгісі. Жалпы, «ел болу» идеясы – қазақ қоғамының ажырамас бөлігі. «Орхон-Енисей» жазбалары деген атпен белгілі ескерткіштегі Күлтегін аты көзі қарақты оқырманға жақсы таныс. Осы Күлтегіннің тасқа қашап жазған кіші жазуында «Өтүкен иыш олүрсар беңгүл ел тұта олыртачысың» деген жол бар. Мұны əркім əрқалай аударады, əрқалай түсіндіреді. «Моңғол» халқының атауы «Мəңгі ел» сөзінен шыққан десе, біреулер «Мəңгі ел – бірлестіктің, одақтың атауы» дегенді айтады. Енді біреулер бұл мемлекет атауынан гөрі, идеологиялық ұстаным дегенді алға тартады. Бірақ, қай аударманы, қай түсінікталдауды алсаңыз да – «мингу ел», яғни «мəңгі ел» сөзімен ұшырасасыз. Демек, бұл ұғым, бұл ұстаным бізге көк түріктер заманынан мирас. Ал берідегі тарихымызға көз салып, рухты жырлардың үніне құлақ түрсек – ең алдымен еске Қожаберген жырау Толыбайұлы оралады. Қазақ тарихының алмағайып бір ғасырының тірі куəгері болған, əрі қайнаған қан майданның қақ ортасында жүрген саңлақ ер, қолбасшы батыр, өткеннің ескі сарынымен суарылып, көненің күмбірін көкірегіне тоқыған шежіреші-жыраудың шығармалары бізге көп нəрседен хабар береді. Бұл туралы қазақтың асыл ұлдары Б.Момышұлы, М.Қозыбаев бастаған жазушылар, ғалымдар айтты да. Енді ғана қолға алынып, өзіндік сүрлеуін қалыптастыра бастаған қожабергентану ғылымы əлі талай жауһардың қақпағын ашатыны анық. Біздің айтпағымыз – бүгінгі «Мəңгілік Ел» идеясы мен Қожаберген шығармалары арасындағы үндестік, мəңгі ел болу арманының жырау жырларында көрініс табуы. Қожаберген жыраудың заманы,

9

www.egemen.kz

19 наурыз 2014 жыл

жоғарыда айтқанымыздай, ел болып қалуды көксеген заман. Қытай мен орыс екі жақтан қыса сығып, айдапайтақтауы мықты қалмақ ойнақ салып, діні мен ділі бір өз ағайындарымыздың көңіліне көлеңке жүгірген кезең. Қан қасап болған қазақтың жартысынан көбінен айырылып азып-тозған шағы. Ел азаматтарының мақсат-міндеті тек – елді аман алып қалу, жерден айырылмау болды. Бұл кездегі аласапыран тірлік Қожаберген жыраудың «Елімай» дастанында анық көрінеді. Халық тарихынан, сол кездегі сұрқия саясаттан, жер-су атаулары мен түркітектес өзге ұлттардың жай-күйінен, ел ішіндегі хан-сұлтан, төре, қожалардың өзара қырқысуы салдарының неге соқтырғанынан кең түрде хабардар ететін дастан ұлтты сүюдің, қорғаудың озық үлгісін ұсынады. Біз бүгін азат елдің ауасын жұтып, тұрақты даму жолына түскен тыныш ел ретінде мəңгі болуды ойлап, «Мəңгілік Ел» идеясын айтсақ, Қожаберген жырау кезінде осы ой замананың запыранымен астасқан зар түрінде «елім-ай» болып ақтарылды. Жырдың басты идеясы – ел болу. Жырыма құлағың сал, азаматым, Ұнаса менің айтқан насихатым. Кеудеңде шыбын жаның болса егер Жоғалтпа жер бетінен қазақ атын! деген бір шумақтың өзі Қожабергеннің, оның замандастарының аңсар тілегін айғақтайды. «Жер бетінен қазақ атын жоғалтпау» дегеннің «мəңгілік ел болуды» айтып тұрғаны түсінікті. Тəуелсіз еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев мықты ел болу үшін экономикалық əлеует, өнім өндіру, экспортқа тауар шығару, адами сапа, ширақ əскер, білікті кадр мəселелерін басты бағыттар ретінде ұсынады. Қожаберген шығармаларында да осы ізгі қасиеттерді қазақтың бойынан көрсем деген арман менмұндалап тұр. Бір мысал. Ел басына күн туған қысылтаяң шақта қарусыз қазақ əркімге қол жайып, бір мылтыққа зар болады. «Кісідегінің кілті аспанда» дегендей, Хиуа, Бұқар, Қоқан бектері ағайындар қолұшын беріп, қару сатпақ түгілі, сол қаруды өзімізге кезенуге даяр тұрады. Жоңғарлар қорғасын оқ боратқанда, Найза ұстап, садақ асып қарсы шықтық, деп қарусыз қазақтың қанжоса боп қырылғанын бейнелейді. Орал тауын мекен еткен Мамай ұстаны көшіріп əкеліп, қамқорлығында ұстап, «Күлдірмамай» атты мылтық соқтырған əкесінің əрекетін айту арқылы, қазақтың өз қаруын соғу қажеттігін білдіреді. Бұл бүгінгі қазақ армиясын нығайту, отандық қаружарақты, əскери кемелерді өндіруді дамыту мақсатымен үндеседі. Сондай-ақ, Елбасы биылғы Жолдауда «мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Біз оларды белсенді өмірге тартамыз, олар тек жəрдемақы алып қана қоймайды, сонымен бірге, өздерін қоғамның мүшесі, пайдалы еңбеккер ретінде сезінетін болады» деп мүгедектерге қолдау көрсету керектігін баса айтты, мүмкіндігіне қарай оларды жұмысқа орналастыруды міндеттеді. Сондай-ақ, қазақ қоғамы үшін жетімдер мəселесі де өзекті күйінде тұр. Ұлтын сүйген Қожаберген жырауға да мұндай жағдай кездескен екен. «Күлдірмамай» жырындағы Толыбайдың Мамай ұстаға ұстахана салып қамқорлауы, іні етіп ертіп, жиырмадан асқан жігітті өзі ұнатқан қызға құда түсіп үйлендіруі, сондай-ақ Қожабергеннің Айбек, Ермек атты екі жетім ұлды өзінің 17 ұлы мен 1 қызына қосып асырауының бүгінгіге, əсіресе, қалталы азаматтарға берер үлгісі зор. «Белгісі мұсылманшылық сол болады, тірлікте бір-біріне жəрдем бермек» деп түсінетін жырау қос жетімге найза кезеп, қылыш сермеуді, жауынгерлік өнерді үйретіп, ел қорғауға баулиды, қазіргінің тілімен айтсақ «əр қазақ менің жалғызым» деп қарайды.

Ал тіл мəселесіне «Баба тілі» деген көлемді дастан арнап, бай, құнарлы қазақ тіліне синонимдік, антонимдік тұрғыда талдау жасап, мысал келтірген жырау тілдің өзге тілдермен шұбарланбауын қатаң тапсырады. «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» деген Елбасымыз бүгін ана тілі ахуалын күн тəртібінен қалдырған жоқ, жыл сайынғы жолдаулардың салмақты да сүбелі бөлігі осы тіл мəселесі болып келеді. Мемлекетіміздің алдында тұрған еңселі істерінің бірі – маман, ұлттық кадр мəселесі. Жоғары əрі терең білім алу, жан-жақты, заманауи талаптарға сай болу, бірнеше тіл білу – бүгінгі жастардың алдындағы міндет. Елдің ырысын еселеп, мəртебесін биіктетер жұмыстарға кім көрінген емес, білімді, білікті, ұлтжанды азаматтар тартылуы тиіс. Үш медреседе білім алып, араб, парсы, шағатай тілдерін жетік білген, тіл білуі ақылымен ұштасып, Тəуке ханның тұсында Қоқан, Хиуа, Бұқара хандықтары мен парсы, түрікмен елдері арасында елшілік қызмет атқарған Қожаберген 16881710 жылдар аралығында 22-23 жыл бойы қазақ, қарақалпақ, ноғайдың біріккен жасағына қолбасшы болады. Күллі Орта Азия аумағына танылған қайраткерлік даңққа даңғойланып, атаққа малданбайды, 1710 жылы 27 жасар Бөгенбай батырды өз орнына бас сардар ретінде ұсынып, ұсынысын Тəуке ханға қабылдаттырады. Ол заманның желінен қорқу емес немесе өз-өзіне сенбеушілік емес, ел қорғайтын кейінгі көшелі ерді көзі тірісінде тəрбиелеу үрдісі. Қожаберген жыраудың дастандары мен өлеңдерін оқи отырып, Отанды, елді, ұлтты сүюдің асқан үлгісін сезінеміз. Туған елге деген лапылдаған шекіз махаббат əрбір өлең жолынан аңғарылып тұрады. Себебі неде? Қазақта «Қасіреттен ғана қасиетті жыр туады» деген тіркес бар. Жалпы, поэзия бола ма, басқа бола ма – сөз өнері қасиетті ұғым. Солай бола тұра, «қасиетті жыр» деп айшықтап айдар тағу – оның айтпақ ойы, шертпек мұңзары, арқалаған салмағына байланысты болмақ. Демек, Қожаберген жыраудың əрбір өлеңінің қасиетті болуы – ұлтын шын сүйгендігінде, өмір бойы қазақ деп əрекет еткендігінде. Жеті атасы түгел ат үстінде ел қорғаған батыр əулеттің бұтағы Қожаберген үшін ел қорғау – дəстүр. Көзі тірісінде өзінен туған 17, асырап алған екі баласын қосқанда 19 баласының біразын жау жалмаған, күшқайраты қайтқанға дейін өзі де тұлпар мініп, ту ұстап қан майданда жүрген батыр жырау үшін ең басты мақсат – жауды жеңу, қазақты құтқару. Осы оймүдде жеке мүддеден əлдеқайда биік, қымбат болып кеткені соншалықты, Қожаберген Толыбайұлы «кеудеде шыбын жаны бардың жер бетінен қазақ атын жоғалтпау үшін» жұмыстануы қажет екендігін ескертті. Міне, Қожаберген жырының қасиеті, осында. Қасиетті, киелі нəрсеге күйе жұқпайды, уақыт өткен сайын жарқырай түседі. Елбасының «Мəңгілік Ел» идеясымен бірге Қожаберген жыраудың асыл мұраты, аңсар арманы жарқырай түсті. Осыдан келіп, Қожаберген жырауды «мəңгілік елдің мəңгілік жыршысы» десек орынды. Осы қасиет-киенің күші болуы керек, Қожаберген рухы халқымен қайта табысты. Халқымыздың айтулы ғалымдары, жазушылары, талантты ұл-қыздарының қолдап-атсалысуымен қожабергентану аясында біраз игілікті істер атқарылды. 2013 жылы дулығалы дауылпаздың 350 жылдығы жəне «Елім-ай» дастанының 290 жылдығына орай Алматы қаласында «Қожаберген жырау – ұлы дала дауысы», Астана қаласында «Ел тұтастығы үшін күрескен қаһарман тұлға –Қожаберген жырау» ғылыми-тəжірибелік конференциялары өтіп, талай тарихтың беті парақталып, талай сырдың көбесі сөгілді. Тарихшы, əдебиетші ғалымдар, мəдениеттанушылар мен мемлекет, қоғам қайраткерлері қатысқан жиындар ұлы жырауды терең зерттеуге, толық тануға апаратын жолға бастады. Батырдың туған жері Солтүстік Қазақстан облысында мерекелік шара өтіп, мектепке, алаңдарға аты берілді, мүсіні орнатылды. Ұлыларымызды ұлықтаған мұндай істерге қуануымыз керек, осы тектес істерге мұрындық болып жүрген азаматтарға алғысымыз шексіз. Қожабергентану ғылымының бүгінге дейін жеткен, атқарылған ісшараларын айқындайтын жинақты «Жеті жарғы жəне Қожаберген жырау» қайырымдылық қоры «Заманының заңғары» деген атпен «Зерде» баспасынан шығарып, халық игілігіне жаратылуына үлкен ықпал етті. Бекет ТҰРҒАРАЕВ, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген заңгері.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми хабары «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының № 2155 Заңына сəйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2014 жылғы 17 наурызда номиналы 100 теңгелік, «рroоf» сапалы «Бразилиядағы FIFA 2014 футболдан əлем чемпионаты» («2014 FIFA World Cup Brazil™») ескерткіш күміс монетасын айналысқа шығарады. Монетаның сипаттамасы: Монетаның бет жағында (аверсінде) төменгі бөлігінде стадионның стильдендірілген бейнесінің ішінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы, монета дайындалған металды, оның сынамын жəне массасын білдіретін «Ag 925 24 g» деген жазу жəне соғылған жылын білдіретін «2014» деген сан бейнеленген. Сол жағында екі жолға орналастырылған жəне монетаның номиналын білдіретін «100 ТЕNGЕ» деген жазу бар. Жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі орналасқан. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу бар. Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде стильдендірілген стадион аясында ойын кезіндегі спортшылар бейнеленген. Айналдыра ағылшын тілінде «2014 FIFA WORLD CUP BRAZII™» деген жазу бар. Монетаның бет жəне сырт жағындағы бейнелер мен жазбалар бедерленген. Қыры (гурты) бедерлі. Монета 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 24 грамм, диаметрі – 37 мм, дайындау сапасы – «proof», таралымы - 6 мың дана.

міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады жəне айырбасталады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы ресми хабарға түсіндірмесі Номиналы 100 теңгелік «Бразилиядағы FIFA 2014 футболдан əлем чемпионаты» («2014 FIFA World Cup Brazil™») ескерткіш күміс монетасы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, MDM MÜNZHANDELSGESELLSCHAFT mbH & Co. KG DEUTSCHE MÜNZE компаниясы жəне «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кəсіпорны арасындағы Монеталар шығаруға жəне сатуға арналған келісімге сəйкес дайындалды. Осы Келісім бойынша: - MDM MÜNZHANDELSGESELLSCHAFT mbH & Co. KG DEUTSCHE MÜNZE компаниясы Қазақстаннан тыс жерлерде тарату немесе сату үшін Ұлттық Банктен тиісті монеталарды сатып алады; - Қазақстан Теңге сарайы монеталарды дайындайды жəне жеткізеді; - Ұлттық Банк дайындалатын монеталардың бір бөлігін (3 000 дана) коллекциялық құны бойынша Қазақстанның ішкі нарығында сату үшін резервтейді. Монетаның дизайны Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 1193 Жарлығымен бекітілген Қазақстан теңгесі – ұлттық валюта банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сəйкес əзірленген. «Proof» сапалы ескерткіш күміс монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған. Олар кəдесыйлық ораумен шығарылады жəне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік, орыс жəне ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған. Монеталарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің барлық филиалдарында, сондай-ақ ҚР ҰБ-ның www.nationalbank.kz сайтының «Ұлттық валюта» қосымшасындағы интернет-дүкен арқылы сатып алуға болады. Алматы қаласында мына мекенжай бойынша сатып алуға болады: Панфилов көшесі, 98. Анықтама үшін телефоны (727) 273-83-98.

Номиналы 100 теңгелік ескерткіш күміс монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ шоттарға, салымдарға, аккредитивтерге есептеу үшін жəне аударым жасау үшін қабылдануға

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұйымдастыру жұмысы, сыртқы жəне қоғамдық байланыстар департаменті Тел.: 8 (727) 270-46-39 e-mail: press@nationalbank.kz

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Астана қаласы мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті 2014 жылғы 4 сəуірде сағат 15.00-де мемлекеттік республикалық мүлік нысандарын мүліктік жалға беру жөнінде тендер өткізеді. Тендер мына мекенжайда болады: Астана қаласы, Əуезов көшесі, 14-үй. Тендерге ұсынылады: № 1 лот – Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 45А-үй, «Сарыарқа» республикалық велотрегі» спорт кешені мекенжайында орналасқан, жалпы көлемі 518,8 ш.м. (пайдалы көлемі – 475,8 ш.м. қосымша көлемі – 43,0 ш.м.) спорт саласында қызметтерін ұйымдастыру үшін үй-жайы, баланс ұстаушы – «Сарыарқа» республикалық велотрегі» РМҚК; № 2 лот - Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 45А-үй, «Сарыарқа» республикалық велотрегі» спорт кешені мекенжайында орналасқан, жалпы көлемі 1032,12 ш.м. (пайдалы көлемі – 724,8 ш.м. қосымша көлемі – 307,32 ш.м.) спорт саласында қызметтерін ұйымдастыру үшін үй-жайы, баланс ұстаушы – «Сарыарқа» республикалық велотрегі» РМҚК; № 3 лот - Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 45А-үй, «Астана-Арена» спорт кешені мекенжайында орналасқан, жалпы көлемі 1252,9 ш.м. (пайдалы көлемі – 1221,3 ш.м. қосымша көлемі – 31,6 ш.м.) спорт саласында қызметтерін ұйымдастыру үшін үй-жайы жəне қалдық құны 4 151 650 теңге құрал-жабдықтары, баланс ұстаушы – «Сарыарқа» республикалық велотрегі» РМҚК. Бастапқы жалдау ақысы айына: № 1 лот – 336 287 теңге; № 2 лот – 669 021 теңге; № 3 лот – 898 623 теңге. Мүлікті жалдау (жалға алу) ақысына коммуналдық қызметтер үшін төлемдер, ағымдағы жəне күрделі жөндеуге есептеулер, нысанға қызмет көрсету үшін төлемдер енгізілмейді. Бұл төлемдерді жалдаушы тікелей ведомстволық күзетке, пайдалану, коммуналдық, санитарлық жəне басқа да қызметтерге төлейді, немесе баланс ұстаушымен келісімшарт бойынша төлейді. Мүлікті жалға беру шартын жасасу мерзімі, одан əрі ұзарту мүмкіндігімен 1 жыл. Тендер талаптары: 1. Бастапқы жалдау ақысынан төмен емес жалға төлеу ақысы бойынша ұсыныстар.

2. Жалға алу уақытына үй-жайдың пайдалану бейінін сақтау. Тендер жеңімпазын таңдау өлшемдері Тендер комиссиясының шешімі бойынша нысан үшін жалдау ақысының ең жоғары сомасын ұсынған жəне тендерлік құжаттамада қамтылған барлық талаптарға сай келетін тендерге қатысушы тендер жеңімпазы деп танылады. Тендер өткізу ережелері: Тендер өтетін күні отырыста тендер комиссиясы тендерге қатысушылардың ұсыныстары бар ішкі конверттерді ашады жəне олардың ұсыныстарын жариялайды. Конверттерді ашу алдында комиссия олардың бүтіндігін тексереді, бұл ішкі конверттерді ашу хаттамасында тіркеледі. Конверттерді ашу жəне ұсыныстарды жариялау кезінде тендерге қатысушылар немесе олардың өкілетті өкілдері қатыса алады. Тендер комиссиясының шешімі бойынша нысан үшін жалдау ақысының ең жоғары сомасын ұсынған жəне тендерлік құжаттамада қамтылған барлық талаптарға сай келетін тендерге қатысушы тендер жеңімпазы деп танылады. Тендер қатысушысы ретінде тіркелу үшін мыналарды ұсыну қажет: 1) үмiткердiң тендерге қатысуға келiсiмiн жəне оның тендер шарттарын орындау мен шарт жасасу жөнiндегi мiндеттемелерiн қамтитын тендерге қатысуға өтiнiштi; 2) желiмделген конвертте тендердiң шарттары бойынша ұсыныстарды; 3) заңды тұлғалар үшiн – салыстыру үшiн мiндеттi түрде түпнұсқасын ұсына отырып, мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куəлiктiң, құрылтай құжаттардың (құрылтай шарты мен жарғы) жəне салық төлеушi куəлiгiнiң көшiрмелерiн не көрсетiлген құжаттардың жəне нотариалдық куəландырылған көшiрмелерiн; жеке тұлғалар үшін – салыстыру үшін міндетті түрде түпнұсқасын ұсына отырып, жеке кəсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куəліктің, жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаттың, салық төлеуші куəлігінің жəне үй кітапшасының көшірмелерін

«ТНС-Агро» ЖШС 2014 жылғы 6 сəуірде Астана уақытымен сағат 10.00-ге тағайындалған «ТНС-Агро» ЖШС қатысушыларының кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы сіздерге хабардар етеді, жиналыс мына мекенжайда өткізіледі: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Бірсуат ауылы, Бейбітшілік көшесі, 8/1-үй, онда күн тəртібіндегі мына мəселе қаралатын болады: 1. Қаржыландыру алу жəне оған байланысты мəселелермен «ҚазАгроқаржы» АҚ-ға өтініш жасау туралы.

Павлодар облысының дене тəрбиесі жəне спорт басқармасы бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды – Павлодар облысы əкімдігі Павлодар облысы дене тəрбиесі жəне спорт басқармасының «Ақтоғай ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кəсіпорнының директоры. Павлодар облысы əкімдігі Павлодар облысы дене тəрбиесі жəне спорт басқармасының «Ақтоғай ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КМҚК-ның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 140200, Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Абай көшесі, 108-үй, тел. 8(718-41) 21-3-65, 22-1-98. Спорттың түрлері бойынша БЖСМ спорттық резервті жəне жоғары дəрежелі спортшыларды даярлау бойынша балалар, жасөспірімдер жəне жастар арасында оқу-тəрбиелеу жұмысын жүзеге асырады. Директордың лауазымдық жалақысы басқарушы лауазымдарындағы еңбек өтіліне байланысты – 60346 теңгеден 72203 теңгеге дейін. Қызметтік міндеттер: кəсіпорындағы оқу жəне тəрбие жұмысына жалпы басшылық құруды жүзеге асырады, спорттық резервті даярлау жөніндегі жоспарларды уақытылы жəне сапалы орындау үшін ұжым қызметін ұйымдастырады. Оқушылармен оқу-жаттығу жұмысын өткізу жағдайлар жасайды. Жаттықтырушы-ұстаздардың, əдістемеші-нұсқаушылардың əдістемелік жəне арнайы дайындығын ұйымдастыру үшін жауапты, педагогикалық кеңес жұмысына басшылық құруды жүзеге асырады. Кəсіпорынға бекітілген мүліктің пайдалануына, сабақтар өткізілгенде қауіпсіздік техникасының сақталуына, белгіленген есеп берулердің уақытында жəне сапалы ұсынылуына бақылау жасауды жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа міндеттері. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі – жоғары (дене тəрбиесі, педагогикалық), мамандығы бойынша экономика саласы кəсiпорнының бейiнiне сəйкес басшы лауазымдарда кемiнде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы. Қазақстан Республикасының Конституциясын; Қазақстан Республикасының «Денешынықтыру жəне спорт туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» заңдарын, дене тəрбиесі мен спорттың дамуының бағыттары мен перспективаларын белгілейтін басқа нормативтік-құқықтық актілерін білуі, еңбек заңнамасы мен қаржы-шаруашылық қызметінің негіздерін, еңбек қорғау ережелері мен нормаларын, қауіпсіздік техникасы жəне өртке қарсы қорғаныш ережелерін білуі. Конкурсқа жіберілген үміткерлер конкурсты белгіленген тəртіппен конкурсқа қатысуға жіберілген адамдар тізімдері бекітілген соң он күнтізбелік күн ішінде Павлодар қаласы, 1 Мамыр көшесі, 170, 302-бөлме мекенжайы бойынша «Павлодар облысының дене тəрбиесі жəне спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінде əңгімелесуден өтеді. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: үлгі бойынша өтініш; мемлекеттік жəне орыс тілдерінде түйіндеме; еркін үлгіде жазылған өмірбаяны; білім туралы құжаттың көшірмесі; еңбек кітапшасының (ол болғанда) немесе жеке еңбек шартының көшірмесі, не болмаса соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылдау жəне жұмыстан босату туралы бұйрықтардан көшірме; бекітілген үлгі бойынша денсаулық туралы анықтама; сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығының, сотталуы болмағаны туралы анықтама. Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кəсіптік деңгейіне (мамандығын көтеру, ғылыми дəрежелер жəне атақтар, ғылыми басылымдар туралы құжаттардың көшірмесі, бұрынғы жұмыс орны басшылығынан кепілдіктер жəне т.б.) қатысты қосымша мəліметтер бере алады. Құжаттар БАҚ ресми басылымдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сəттен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекенжайға тапсырылуы тиіс: Павлодар қаласы, 1 Мамыр көшесі, 170, 309-бөлме (үшінші қабат), байланыс т. 8 (7182) 619382.

не құжаттардың нотариалдық куəландырылған көшірмелерін; 4) акционерлiк қоғамдар үшiн – бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмiнен үзiндi-көшiрменi; жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер үшiн – серiктестiкке қатысушылар тiзiлiмiнен үзiндi-көшiр менi (серiктестiкке қатысушылардың тiзiлiмi жүргiзiлген жағдайда); 5) шетелдік заңды тұлғалар үшін – қазақ жəне орыс тілдеріне нотариалды куəландырылған аудармасы бар құрылтай құжаттарын; 6) кепiлдi жарнаның аударылғанын растайтын төлем тапсырмасының көшiрмесiн; 7) өтiнiш беру сəтiне салықтық берешегi жоқ екенi туралы салық органының анықтамасын беруi қажет. Тендерге қатысу үшін тілек білдіргендерден өтініштерді қабылдау жəне оларды тіркеу құжаттардың толық жинағы бар болған жағдайда ғана жүргізіледі. Өтінімдер ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі жəне 2014 жылғы 3 сəуірде сағат 15.00-де аяқталады. Кепілді жарналар Астана қаласы мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаментінің – БСК KZ880705012170181006, БЖК KKMFKZ2A, БСН 120340010824, ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің банкі, ТБЖ-171, ММ коды 2170181 есептік шотына енгізіледі. Кепілді жарналардың мөлшері: № 1 лот бойынша – 336 287 теңге; № 2 лот бойынша – 669 021 теңге; № 3 лот бойынша – 898 623 теңге. Тендердің өткізілуі, тендерге қатысу үшін өтінімдер мен тендерлік құжаттаманың топтамасын қабылдау мына мекенжайда жүргізіледі: Астана қаласы, Əуезов к-сі, 14-үй, № 2-бөлме. Құжаттарды қабылдау жəне тендерге қатысушыларды тіркеу тендер өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі жəне тендер өткізілгенге дейін бір жұмыс күні бұрын аяқталады. Тендердің өткізілуі жөнінде қосымша ақпаратты 8 (7172) 32-73-23, 32-89-20 телефондары арқылы немесе www.gosreestr.kz сайтынан алуға болады.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасы, 010000, Астана қаласы, Министрліктер үйі ғимараты, 12-кіреберіс, анықтама телефоны: 8(7172) 74-16-68, 74-15-03, республикалық мемлекеттік кəсіпорын басшысының бос лауазым орнына орналасуға конкурс жариялайды: Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Қараөткел» республикалық мемлекеттік кəсіпорнының директоры. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасына жəне оның ведомстволарына жүктелген функцияларды жүзеге асыруға көмек көрсету саласындағы қызмет кəсіпорын қызметінің мəні мен мақсаты болып табылады. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: – білімі жоғары кəсіптік; – кəсіпорын саласына ұқсас салалардағы басшылық лауазымдарда кемінде бес жыл жұмыс өтілі; – кадр менеджменті мен персоналды басқарудың қазіргі заманғы əдістерін, экономикалық талдау, бухгалтерлік есеп пен есептіліктің негіздерін, мемлекеттік кəсіпорын жəне мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы білу. Конкурсқа қатысу үшін қажеттi құжаттар осы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған сəтiнен бастап 15 күннiң iшiнде жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасына ұсынылуы тиiс. Конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі бекітілгеннен кейін комиссия конкурсқа қатысушылар ұсынған құжаттарды зерделейді жəне он күнтізбелік күн ішінде конкурсқа қатысушылармен əңгімелесу өткізеді. Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың тізбесі: 1) конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2) мемлекеттік жəне орыс тілдерінде түйіндеме; 3) еркін нысанда жазылған өмірбаян; 4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны жəне еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардан үзінді; 6) белгіленген нысандағы денсаулығы туралы анықтама. Егер сіз «Егемен Қазақстан» газетіне жарнама бергіңіз келсе, мына телефондарға хабарласыңыз: Астана тел/факс 37-64-48, 37-60-49. Электронды пошта: egemen_adv@mail.ru. Алматы 273-74-39, ф. 341-08-11. Электронды пошта: gulnurekkz@mail.ru.

«Жанпеисова Гульмира Баймуратовна» ЖК, ИИН 670225401472, өз қызметін тоқтататынын хабарлайды. Талап-шағымдар хабарландыру жарияланған күннен бастап 1 ай мерзім ішінде мына мекенжайда қабылданады: Алматы қ., 2-карьерная к-сі, 16-үй.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі жəне Ішкі істер органдары мен ішкі əскерлері ардагерлерінің қазақстандық кеңесі ішкі істер органдарының құрметті ардагері, Ішкі істер министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері, милиция генерал-майоры Құлахмет Дүйсембекұлы ҚАЛМЕНОВТІҢ қайтыс болуына байланысты марқұмның туған-туысқандарына орны толмас қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. «Қазақстан-Британия техникалық университеті» АҚ Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі Сағадат Едігеұлы Əбдіғапарға жəне жақындарына аналары, еңбек ардагері Алма Бозтайқызы ЖАҚЫПБАЕВАНЫҢ қайтыс болуына байланысты ауыр қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Ішкі істер қызметінің ардагері, Алматы, Жамбыл жəне Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер басқармаларының бұрынғы бастығы, жаны жайсаң ағамыз генерал-майор Құлахмет ҚАЛМЕНОВТІҢ дүниеден озуына байланысты жан-жары Күмісжан əпкемізге, ұлдары мен келіндеріне, туған-туыстары мен ұрпақтарына қатты қайғырып көңіл айтамыз. Өтеш баласы Смайыл əулеті.


10

www.egemen.kz

19 наурыз 2014 жыл

Ќазаќстан – ортаќ їйіміз

Суреттер «Егемен Қазақстан» мұрағатынан алынды.

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 341-08-12.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru, egemenkz@maіl.kz Алматыда: факс (727) – 341-08-12, электронды пошта – egemalm@mail.ru

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – (712-2) 32-94-07; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

Көкшетау – (716-2) 25-76-91; Павлодар – (718-2) 68-59-85; Қарағанды – (721-2) 43-94-72; Семей – (722-2) 52-26-86; Қостанай – (714-2) 39-12-15; Тараз – (726-2) 43-37-33; Қызылорда – (724-2) 27-00-85 Шымкент – 8 (701) 404-36-29; Орал – (711-2) 28-80-35; Петропавл – (715-2) 50-72-50. Өскемен – (723-2) 25-28-41; Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 341-08-11, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Ермеков к-сі, 33, «Қарағанды полиграфия» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Смағұлов к-сі, 9 К, «Хабар-Сервис» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Мұхит к-сі, 57/1, «Жайық Пресс» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 201 715 дана. Нөмірдің кезекші редакторы

Дастан КЕНЖАЛИН.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 5 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №269 ek

Profile for Egemen

19032014  

1903201419032014

19032014  

1903201419032014

Profile for daulet
Advertisement