Page 1

Бїгінгі нґмірде:

№179 (28657) 18 ҚЫРКҮЙЕК ЖҰМА 2015 ЖЫЛ

Еуропа миграциялыќ проблемалар шырмауында 4-5-беттер Тараз ќонаќтарды кїтіп алуєа дайын 6-бет Тəттімбеттіѕ Шыєыс Тїркістанєа сапары 9-бет Їлкен ел – їлкен отбасы 12-бет

ЕЛ БІРЛІГІ – ЌИЫНДЫЌТЫ ЕЅСЕРУ ТЕТІГІ

Елбасы Нўрсўлтан Назарбаев Атырау облысына сапары барысында осы мəселеге ерекше екпін тїсірді

Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мұнайлы өңірге сапарын жаңадан іске қосылып, елімізде бұрын-соңды кездеспеген жаңа өнімдерді шығаруды қолға алған кəсіпорындар жұмысымен танысудан бастады. Соның бірі – кəсіпорынның Үдемелі индустриялықинновациялық даму бағдарламасы аясында шығаруға ден қойған «ПКФ Континент Ко ЛТД» серіктестігі. Бұл кəсіпорын бұдан бір ай бұрын талшықты-оптикалық кабель шығаратын өндірісті іске қосты. Мұнайлы өңірде бұрын болмаған жобаны «Бизнестің жол картасы» Өңірлік индустрияландыру картасы аясында іске асыруға бет бұрған «ПКФ Континент Ко ЛТД» ЖШС бас директоры Семен Хванның айтуынша, басты мақсат – телекоммуникация, көлік, құрылыс жəне мұнай-газ салаларына қажетті талшықты-оптикалық кабель шығару өндірісін игеру. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан».

Жаңа зауыт құрылысына 715 миллион теңге салыныпты. Зауытқа жалпы құны 1 миллионнан аса АҚШ долларын құрайтын Қытайдан сатып алынған жаңа технология орнатылыпты. «Біз ондаған миллион долларға бағаланған еуропалық технологияны сатып алу тəуекеліне барған

жоқпыз. Өйткені, бұл салада жұмысымызды енді бастап отырмыз. Дегенмен, біздің зауыттағы қытайлық технологиямен 5 жыл бойы үздіксіз өнім шығаратынына толық сенімдіміз. Мұнда ең бастысы – шикізаттың сапалылығы да, өнім де соған сəйкес болады. Дəл осылай деуімізге Еуропа елдерінің, АҚШ жəне Жапонияның шикізаттарын қолданатынымыз дəлел бола алады», деген бас

Алматыда жаѕа офис ашылады Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен палатаның кешегі жалпы отырысында төрт мəселе қаралды. Бұл жолы депутаттар назарына Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі географиялық жағынан қашық орналасқан офисін Алматы қаласында ашу, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мəселелері жəне Азаматтық процестік кодексінің жобасы ұсынылды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Сенаторлар алдымен Қазақстан Үкіметі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) арасындағы Алматы қаласында ДДҰ медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі географиялық жағынан қашық орналасқан офисін ашу туралы келісімді ратификациялады. Құжат бойынша баяндаманы Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова жасады. Офистің негізгі міндеттері

медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамыту саласында денсаулық сақтау қызметтерін көрсету жөніндегі жұмыстарды күшейту, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросының денсаулық сақтау қызметтерін əділ, қайырымды, нəтижелі жəне тиімді ұсынуға қатысты өңірлік жəне жаһандық деңгейде қабылданған міндеттерін орындау жөніндегі қызметіне жəрдемдесу жəне қолдау көрсету болып табылады. (Соңы 6-бетте).

Оќырман назарына!

«Егемен Қазақстан» газетінің сайтын енді əлеуметтік желілер арқылы оқу үшін, мына көрсетілген сілтемелерді теру арқылы тікелей біздің сайтымызға өте аласыз.

директор С.Хван ның сөзіне қарағанда, қазір мұнда жергілікті мамандар жұмысқа қабылдануда екен. Зауыттың қуаты – жылына бір ауысыммен 4 500 шақырымдық, ал үш ауысыммен 11 000 шақырымға созылатын оптикалық кабель шығару. Сонымен бірге, мұнда 2017 жылы мыс қосылған кабель шығаратын қосымша екі цехты іске қосу жоспары бар. Елбасына

жаңа кəсіпорын тыныс-тіршілігі туралы əңгімелеген серіктестіктің бас директоры С.Хванның айтуынша, біздің елімізде мұндай өнімге сұраныс өте жоғары. Жаңа өнімнің негізгі тұтынушысы «Қазақтелеком» болары даусыз. Қазір осы компаниямен 3 миллиард теңгеден астам қаржыға екі жылдық келісім жасалыпты. – Біз бұдан өзге телекоммуникация жəне құрылыс индустриясындағы компанияларға да өнімімізді ұсынуды ойластырып отырмыз. Өйткені, біздің өнімімізге сұраныс айтарлықтай. Олай дейтінім, кабельдің де қолдануға болатын шектеулі мерзімі бар, оны белгілі бір уақыттан кейін ауыстыру қажет. Оған қоса, қазіргі уақытта интернет, байланыс, жылдамдық секілді жаңаша талапқа сай мыс қосылған кабельдерді талшықтыоптикалық түріне алмастыру кезеңі келді, – деді серіктестіктің бас директоры. Оның мəлім еткеніндей, жаңа өніммен еліміздегі сұраныстың 25-30 пайызын қамтамасыз ету жоспарланыпты. Мұның да өзіндік себебі бар. «Біріншіден, Атыраудағы зауытта шығарылған кабель түрлерінің өзіндік құны Ресейдегі өндірушілердікінен ерекшеленбейді. Екіншіден, зауыттың өз электр энергиясы бар. Үшіншіден, еліміздегі салық жүйесі Ресейдегіден əлдеқайда көңілге қонымды. Демек, біз олармен бəсекелес бола аламыз. Тіпті, біз Қытайдағы кабель өндірушілермен де бəсекелес болатындай мол мүмкіндікке иеміз», деп есептейтін кəсіпорын басшысы жұмысқа тек жергілікті тұрғындарды алуды көздеп отыр. Мұнда барлығы 50 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ. Сол себептен, Атырау политехникалық колледжімен дуалды оқыту əдісін қолдану үшін меморандумға қол қойылды. Енді Атырау мұнай жəне газ институтымен де осындай меморандумға қол қою жоспарланып отыр. Елбасы «ПКФ Континент Ко ЛТД» ЖШС ұжымын жаңа өндіріс

орнының іске қосылуымен құттықтап, өңірде индустриялық саланы дамытудағы оның маңызын атап өтті. Ал зауыт жұмысшылары өнеркəсіп жəне өңдеу салаларына қолдау көрсетіп отырғаны үшін Қазақ стан Президентіне алғыс айтты. Ал екінші өндіріс орны – тоқсан жылдық тарихы бар «Атыраумұнаймаш» серіктестігі. Еліміздің өркендеуіне, сөйтіп, биік белестерді бағындыруына өзіндік үлесін қосып келе жатқан байырғы кəсіпорында отандық экономиканың жетекші саласына айналған мұнай-газ өнеркəсібі үшін, соның ішінде, ұңғымаларды жөндеу, мұнай өндіру мен жинақтау жəне өңдеу саласына қажетті ең күрделі қондырғылар шығарылады. Тіпті, құрылыс жəне жылу-энергетика саласы да осы кəсіпорынның өнімін тұтынуға бет

бұрды. Қазір аталған кəсіпорында отандық 260 маман тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Зауыттағы əр маман өз ісін жауапкершілікпен атқарады. Ал бұл, біріншіден, өнімнің сапасын арттыруға, екіншіден, тұтынушы сұранысының молаюына ықпал етіп отыр. Кəсіпорынның бас директоры Александр Донсковтың айтуынша, отандық кəсіпорын Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасымен өнім шығару көлемін ұлғайтуға қадам жасады. Нақтылай айтқанда, мұнда ірі көлемді əрі ең ауыр, яғни салмағы 1 мың тоннадан асатын қондырғылар мен реакторлар шығару цехы іске қосылды. Дəл осы цехта алдағы уақытта диаметрі 9 метрді, ал ұзындығы 110 метрді құрайтын ірі колонналар құрастырылады. – Біз еліміздің жарқын келешегіне сенеміз. Өйткені, біздің

Отанымыз – тəуелсіз Қазақстан экономикалық өркендеу қарқынымен тек ТМД не Азия елдерінің аумағына ғана емес, сонымен қатар, жаһан мемлекеттері арасында да лайықты орнын иеленді. Бұған, əрине, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Алдымен – экономика, содан кейін саясат» қағидасын ұстанып, отандық өндірістің кең қанат жаюына оң ықпал еткен Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы секілді маңызды жобаларды іске асыруды қолға алуының тигізген маңызы зор. Бұл бағдарлама аясында біздің кəсіпорнымызда іске асырылған жоба отандық өнеркəсіптің өркендеуіне тың серпін береді, – дейді «Атыраумұнаймаш» ЖШС бас директоры А.Донсков. (Соңы 2-бетте).

 Еңбегімен еленген Кеше Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Əбдіқалықованың төрайымдығымен Мемлекеттік рəміздер жөніндегі республикалық комиссияның отырысы болып өтті.

Мемлекеттік рəміздер дўрыс ќолданылуы тиіс Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

Комиссия отырысында мемлекеттік рəміздерді, сондай-ақ, елді мекендердің, қалалардың, аудандардың, Астана мен Алматы қалаларының, облыстардың нышандарын қолдану мен насихаттау

жүйесін жаңғырту жөніндегі 20152020 жылдарға арналған жоспарды əзірлеу барысы туралы ақпарат тыңдалды. Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия бұл құжатты Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын орындау аясында əзірлеген.

«Диќандыќтан озар кəсіп жоќ»

– дейді кəсібі несібесіне айналєан Жовтяк əулеті

Гүлшара Əбдіқалықова аталған жоспардың басты мақсаты қазақстандық бірегейлікті жəне бірлікті нығайтуға бағытталған мемлекеттік рəміздерді қолдану мен насихаттау жүйесін жаңғырту екенін айтты. (Соңы 6-бетте).

Вьетнамдыќтар ЭКСПО-2017-ге ќызыєушылыќ білдіруде

10 қыркүйекте Қазақстанның Вьетнамдағы елшілігі Хошимин қаласында өткен Халықаралық туризм көрмесінің жұмысына қатысып, оның шеңберінде Вьетнам Социалистік Республикасының (ВСР) Мəдениет, спорт жəне туризм министрі Хоанг Туан Аньмен кездесу өткізді. Кездесу барысында Вьетнамның ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу мəселесі тағы да қозғалды. Министрдің мəлімдеуінше, Вьетнам Астанада Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші өтетін көрмеге қатысуы туралы жазбаша түрдегі орынбасары Рəпіл Жошыбаевтың Вьетнамға сапакелісімін жақын арада жолдайды жəне келесі айда ры барысында вьетнамдық тарап көрмеге қатысуы ЭКСПО-2017 көрмесінде Вьетнамның ұлттық туралы үкіметтік деңгейде растаған болатын. Оған павильонына жауапты комиссар тағайындайды. қоса Saigontourist атты ірі туристтік компания Оған қоса сұхбаттас ВСР Үкіметі Қазақстан аза- «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясымен маттарына Ресей жəне Беларусь азаматтарындай ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған, мерзім ұзақтығы 15 күнге дейін бір жақты түрде ал оның шарттары вьетнамдық туристердің визасыз режім енгізу мəселесін қарастырып ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне баруларына жатқанын хабарлады. ерекше жағдай жасауды көздейді. Бұдан бұрын 2015 жылғы маусым айының соңында ЭКСПО-2017 Комиссары – Қазақстан (Соңы 3-бетте).

Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан».

Қостанай қаласының «КЖБИ» деп аталатын шағын тұрғын ауданында базар бар. Қазір базар қызып тұр. Онда негізінен қала тұрғындары саяжайларда өсірген жеміс-жидегін, көкөнісін əкеліп сатады. Арасында орыс атайлар орманнан жинайтын итмұрын, саңырауқұлақ, омарташылар əкелетін бал көрініп қалады. Бір қызығы, көпқабатты биік үйлер мен көшенің ортасындағы аяқжолдың екі шетінде жағалай сауда жасап тұрғандардың арасынан корей ұлтынан басқа көзі қара ешкімді таппайсың. Маусым, шілде айларында аудандардан, жақын ауылдардан

келіп қымыз, сүт, сары май, қаймақ, ақ ірімшік, құрт сататын қазақтың келіншектері сиыр суалмаса да, сүті азайды ма, əйтеуір қазір төбе көрсете бермейді. Осы базардағылардың арасында өзін Наташа деп таныстырған əйел күн сайын тапжылмай тұрып көкөніс сатады. Байқауымызша, таңертең жолдасы машинамен келіп қапқап капуста, помидор, картоп, кəді, тəтті бұрыш, ащы бұрыш, баклажан, аскөк, ақжелкен дейсіз бе, түр-түрімен түсіріп жатады. Наташа тұрған сөренің алдынан адам кетпейді. Өйткені, ол сатқан көкөністің басқа сөрелерден ажары бөлек, алушыны анадайдан «шақырып» алады. (Соңы 10-бетте).


2

www.egemen.kz

18 қыркүйек 2015 жыл

ЕЛ БІРЛІГІ – ЌИЫНДЫЌТЫ ЕЅСЕРУ ТЕТІГІ пайызға өсіп, 100 мың адамға таяды. Осының бəрінің нəтижесінде, облыста жұмыссыздық деңгейі республикалық деңгейден төмендеп, 4,9 пайызды құраған. Өңірде ерекше көңіл бөлініп отырған екінші мəселе – азықтүлік бағасын тұрақтандыру. Бұл, əрине, ауыл шаруашылығын дамытумен тікелей байланысты өрбиді. Əкім осы саланың қарқынды дамуы жұмыс орындарын ашуға да, азық-түлік бағасын сақтауға да мол мүмкіндік бергеніне тоқталды. Жиырмадан астам сиыр мен ешкі сүті жəне сүт өнімдерін өңдейтін

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев отандық мұнай өндіруші кəсіпорынның бүгінгі тыныстіршілігі, сондай-ақ, «Теңіз», «Қашаған» секілді шетелдік инвестиция салынған ірі кен орындарын игеру келешегі хақында баяндады. Батыс Қазақстан облысының əкімі Нұрлан Ноғаев, Маңғыстау облысының əкімі Алик Айдарбаев, Ақтөбе облысының əкімі Бердібек Сапарбаев өз өңірлерінің əлеуметтік-экономикалық ахуалы, Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шең-

аймақ құру мəселесін қозғады. «Мысал ретінде, Шеврон компаниясын айтуға болады, оның жұмысын арматура жəне құбыр шығаратын зауыттар қамтамасыз етеді, сəйкесінше, өңірдің əлеуметтік дамуына қажетті қаражат түсуде, – деп атап өтті Елбасы. – Дағ дарыс кезінде тұ рақты жұмыс орындарының саны қысқарады, бұл – бүкіл əлем ге тəн өзекті мəселе. «Нұрлы Жол» бағдарламасын əр өңірде ірі өндірістен қысқарып қалғандар үшін жұмыс орындарын ашуға бейімдеу керек деп ойлаймын. Біз мұндай

(Соңы. Басы 1-бетте). Мұнайлы Атыраудағы машина жасау саласы бойынша бірегей, əрі бірден-бір кəсіпорын – «Атыраумұнаймаш» серіктестігі жапондық «Marubeni» жəне қытайлық «Sinopec» компанияларымен 1,6 млрд. теңгенің келісімшартына қол қойды. «Бұл келісімшарт мұнайды терең өңдеу кешенін салып жатқан Атырау мұнай өңдеу зауытына əртүрлі жабдықтар дайындауды жəне жеткізуді көздейді. Біз мұны дер кезінде жасалған келісімшарт деп есептейміз. Өйт кені, біз жыл басында күрделі экономикалық жағдайға байланыс ты ірі тапсырыстардың болмағанына алаңдап едік. Енді біз ойдағыдай жұмыс жасауды жалғастырамыз. Сонымен бірге, жаңадан 100ге жуық жұмыс орнын ашуға мүм кіндік алдық. Жаңа жұмыс орын дарына еңбекке тартылатын адамдар біздің «Marubeni» жəне «Sinopec» компанияларымен жасалған ірі келісімшартымызды орындауға атсалысады», – деген А.Донсков бұрын Еуропа жəне Батыс елдерінен тасымалданған ірі көлемді жəне аса ауыр жабдықтарды енді мұнайлы өңірде де шығаруға болатынына толық сенімді. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев кəсіпорындағы жаңа цехтың келешегімен танысқан соң, бұл жобаның мұнайлы өңірлер үшін маңызына ерекше назар аударды. Кəсіпорын жұмысшыларымен пікір алысу барысында мемлекет тарапынан еңбек адамының кəсіби тұрғыдан өсуі үшін жəне отандық тауар шығарылымының ауқымы мен сапасын одан əрі арттыру үшін барлық қажетті жағдайдың жасала беретіндігін атап көрсетті. Бұдан соң Елбасы Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан жəне Маңғыстау облыстары əкімдерінің қатысуымен кеңес өткізді. Кеңесте алдымен Инвестициялар жəне даму министрі Əсет Исекешев сөз алып, еліміздің батыс шебіндегі төрт облыста іске асырылып жатқан жаңа жобалар туралы баяндады. Министрдің айтуынша, экономикасының басым бөлігін мұнай-газ өнеркəсібі құрайтын бұл өңірлерде Үдемелі индустриялықинновациялық даму бағдарламасы аясындағы жобалармен бірге, көлік жəне теміржол, энергетика салалары инфрақұрылымын дамыту жобалары да іске асырылуда екен. Министрдің дерегіне сүйенсек, соңғы 5 жылдың ішінде батыстағы облыстарда 1600 шақырымнан аса автомобиль жолы жаңғыртылып, 1700 шақырым жаңа теміржол салыныпты. «Ақтау» теңіз порты мен «Құрық» портындағы паром кешені кеңейтіліпті. Ақтөбе, Атырау жəне Ақтау əуежайларына қайта жаңғырту жұмыстары жасалды. Жалпы қуаты 6 000 мегаваттан асатын қосымша энергетикалық жобалар іске қосылып, сұранысты толық қамтамасыз етуге жол ашылды. «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясындағы инфрақұрылымдық жобаларда 15 000 жұмыс орны ашылды. Ал 2020 жылға дейін осындай жобаларда 30 000 адамды жұмыспен қамту жоспары бар. – Атырау жəне Маңғыстау об лыс тарының арнайы экономикалық аймақтарында Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясындағы 19 жоба іске асырылуда. Оларда 8 000 жұмыс орны құрылады. Екінші бесжылдықта батыстағы

төрт облыста 59 жобаны іске асыру көзделген. Бұларға 2 триллион теңге инвестиция салынып, 15 000 жұмыс орнын ашу көзделіп отыр, –деді министр Ə.Исекешев. Елбасы өңірлер эконо ми касының қарқынды дамуы елдің тұтастай өркендеуіне ықпал ететінін айтып келеді. Соған орай өңірлерде жұмыспен қамту мəселесі ұдайы назарда тұрады. Мəселен, Атырау облысының əкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов бұл мəселеге ерекше көңіл бөлініп отырғанын мəлім етті. Осының дəлелі ретінде жыл басынан бері Атырау облысында 11 мың жаңа жұмыс орнының ашылғанын айтуға болады. Жұмыс орындарын сақтау мақсатында 2,5 мың мекемемен меморандумдар жасалып, жұмыс

металлпластика бұйымдары жəне аса ірі-аса ауыр құрал-жабдықтар өндірісі игерілуде, – деді Атырау облысының əкімі Б.Ізмұхамбетов. Еліміздің өзге өңірлері секілді Атырауда да индустрия ландырудың екінші бесжылдығында іске асырылуы көзделген елеулі жобалар бар. Қазірдің өзінде жалпы құны 1,8 трлн. теңге тұратын 17 жоба жүзеге асырылып жатыр. Мəселен, түйе жəне қой жүндерін өңдеп, дайын материал шығаратын «Каспий Лана Атырау» тоқыма фабрикасын еліміздегі баламасы жоқ жоба деуге əбден болады. Сонымен бірге, биыл фармацевтика зауытын іске қосу көзделіп отыр. Химиялық реагенттер мен полимер өнеркəсіптері сұранысқа ие өнімдер шығаруда.

фермалардың өнімдері үлкен сұранысқа ие болуда. – Жұмыртқаға дейін шеттен сатып алып келген өңірде жылына 100 миллион дана жұмыртқа шығаратын екі құс фабрикасы ашылып, облыс сұранысын артығымен қанағаттандырып отыр. Артылғаны көрші облыстарға сатылуда. Одан бөлек, бөдене еті мен жұмыртқасын өндіретін құс фабрикасы таяуда іске қосылады. Бройлер етін шығаратын құс фабрикасы келер жылдың еншісінде. Тауарлы балық өндіретін екі мекеме ашылды. Біріншісі – жабық циклді балық зауыты 2017 жылы 100 тонна бекіре етін, 1 тонна уылдырығын шығарады. Биыл алғашқы өнімін – 5 тонна бекіре шығарады, уылдырықты келер

берінде іске асырылып жатқан жобалар, жұмыс орындарын қысқартпау жəне экономиканы əртараптандыруға қатысты есеп берді. Бұл өңірлерде де жаңа жұмыс орындары көптеп ашылып жатыр. – Бұл облыстардың дамуының бүкіл экономикамыз үшін маңызы зор. Жер аумағының үлкендігіне байланысты елдің əр өңірінің өзіндік ерекшелігі бар. Батыстағы облыстар мұнай өндіруге жəне өңдеуге маманданған. Соған байланысты біз нақ осы саланың дамуына мол инвестиция салып жатырмыз, – деген Нұрсұлтан Əбішұлы өңірде инфрақұрылымдық құрылыс ауқымын кеңейту қажеттігіне тоқталды. – Жаңа экономикалық ахуал біздің индустриялық бағдарымыздың дұрыстығын тағы көрсетті. Сол

тəжірибені 2008-2009 жылдардағы дағдарыс кезінде қолданғанбыз». – Бүгінде əлем елдерінің көбі дағдарысты сезініп отыр, мұнда тұрған қорқынышты ештеңе жоқ. Біз капиталистік əлемде өмір сүріп жатырмыз. Бұл жүйеде ұдайы өсім болуы мүмкін емес, өсімнен кейін ылғи да құлдырау болады. Əлбетте, дағдарыстың кері ықпалы зор болып отыр: бір жағынан энергия тасымалдаушы өнімдер бағасы құлдырауда, екінші жағынан біздің негізгі сауда серіктесіміз – Ресейге қатысты санкциялар өз əсерін тигізуде. Бірақ кез келген дағдарыс – бəрін тəртіпке келтірудің де мүмкіндігі. Мəселен, біз нашар істейтін кəсіпорындар мəселесін ылғи кейінге қалдырып келдік. Мұндай нысандар бүкіл əлемде

берушілерге жан-жақты қолдау көрсетіліп отыр. Индустриялықинновациялық даму бағдарламасы аясында жастардың жаңа мамандықтарды игеруі үшін ма шықтандыру жұмысы қолға алыныпты. – Бұрын мұнай-газ жəне балық өнеркəсібіне көбірек көңіл бөлінген Атырау облысы экономикасының құрылымы өзгеруде. Енді мұнда мұнай химиясының жаңа бағыттары, медицина, машина жасау, үй құрылысы, жеңіл өнеркəсіп, ауыл шаруашылығы тауарларын терең өңдеу сияқты жаңа секторлар пайда болды. Тек Атырауда ғана емес, Қазақстанда жоқ толық циклді оптикалық-талшықты кабель, бұрғылау қондырғылары мен қашаулары, композитті

Бұл жобалардың өңір экономикасын əртараптандыруға əсері мол, деп есептейтін əкімнің пікірінше, өңдеу өнеркəсібінің көлемі жыл сайын артып келеді. Биылдың өзінде жеңіл өнеркəсіп 2 есеге, машина жасау 2 еседен астам өсіп отыр. Жергілікті кəсіпорындардың қызметі мен өнімін шетелдің қатысы бар мұнай компанияларына өткізу бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды. Жарты триллион теңгеге меморандумдар жасалды. Биыл жергілікті қамтудың үлесі 50 пайызға жетіпті. Міне, осындай игілікті істердің аясында шағын жəне орта кəсіпкерлік те өріс алуға бет бұрды. Соңғы үш жылда шағын жəне орта кəсіпкерлікте жұмыс жасайтындар саны 30

жылы бере бастайды. Ал екінші шаруашылық балықты Жайықта табиғи жағдайда өсіріп жатыр. Атырауда өндіріліп-өңделген балық өнімдерінің 85 пайызын ТМД жəне Еуропа елдеріне экспорттап отырмыз, – деді Б.Ізмұхамбетов. – Тамшылатып суаруды 60 пайызға өсіріп, егіс алқабын көбейтіп, соңғы екі жылда көкөніс-бақша өнімдерін артығымен жинаудамыз. Көкөніс консервілейтін өндіріс орнында 100 мың құты көкөніс, 350 тонна салат консервіленуде. Былтыр ашылған ет бұқтырып консервілейтін кəсіпорын жылына 12 600 000 дана құты өнім шығарып жатыр. Консерві өнімдері дүкен сөрелерінде, оның ішінде, Астана дүкендерінде де сатылуда.

себепті мен бүгін кабель өндіретін жəне мұнай саласына арналған ауыр жабдықтар шығаратын екі зауытты барып көрдім, бұлар – маңызды əрі қажетті нысандар. Одан əрі Елбасы əкімдердің назарын мұнай-газ саласының айналасында шағын жəне орта бизнесті дамыту қажеттігіне аударды. Мəселен, Атырау облысында шағын жəне орта бизнес үлесі 8 пайызға, Маңғыстау жəне Ақтөбе облыстарында 17 пайызға тең. «Бірақ аталған мұнайлы өңірде шығарылатын өнім көлемін ұлғайтуға ден қойған жөн. Соның есебінен жұмыс орындары ашылады», деді Нұрсұлтан Назарбаев. Елбасы өндіруші кəсіпорын дардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін индустриялық

банкроттыққа ұшырайды, бұрынғы меншік иесінің орнына басқасы келеді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы маңызды бағыт ретінде кен орындарын барлау ісін жандандыруды атады. Тіпті, Теңіз бен Қарашығанақ сияқты ірі кен орындарының өзі 10-15 жылдан соң кен өндірудің ең шырқау шегіне жетеді. Егер осы уақыт аралығында жаңа кен орындарына барлау жасамасақ, оның салдары ауыр болады. Барлауға ең ірі халықаралық компанияларды тарту керек. Каспий маңы ойпатында барланбаған орасан мол кен қорлары бар. – Біз өндірілген ресурстардың барынша жоғары қосымша құнын қамтамасыз етуге тиіспіз. Сондықтан да, мұнай химиясына

көп көңіл бөліп отырмыз. Атырау облысында күрделі полимерлер өндіретін мұнай өңдеу зауытын қайта құру жұмысы жүріп жатыр. Мұндай кəсіпорындардың құны 5-6 миллиард доллар болады. Қазір Қазақстанның ауқымды мұнай химиясын дамытуға негіз қалануда. Сондықтан «Ұлттық индустриялық мұнай химиясы технопаркі» еркін экономикалық аймағының құрылысына елеулі қаражат бөлініп жатыр. Оны тиімді игеру Үкімет пен Атырау облысы басшылығының міндеті болып табылады, – дей келе, Мемлекет басшысы мұнай мен газды тереңдете өңдеудің мөлшерін арттыру қажеттігін ерекше атады. Қазір мұнайды өңдеу тереңдігі Қазақстанда – 68%, Ресейде – 72%, Еуроодақта – 85%, АҚШ-та 95% екеніне тоқталған Елбасы бұл үдеріске жаңа технологияларды енгізу қажеттігін атап көрсетті. Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев елді индустрияландырудың жəне «Нұрлы Жол» жобасын жүзеге асырудың маңызын тарқатып берді. «ҚХР-ға сапарым барысында біз қытай тарапымен сомасы 23 миллиард доллар болатын келісімшарт жасастық, ондаған нысанды іске қосу жоспарланып отыр. Бірлескен кəсіпорындар əртүрлі шарттар негізінде құрылатын болады», деді Н.Назарбаев. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы «Нұрлы Жол» бағдарламасы Қазақстан үшін тиімді трансқұрлықтық логистикалық жоба болып саналатын «Жі бек жолы» экономикалық белдеуін құру бастамасымен сабақтасатынына назар аударды. – Бұл бағытта қазірдің өзінде аз жұмыс істелген жоқ. Бүгінде Қытайдағы Ляньюньган портындағы біздің терминалмен АТМ (Азия – Тынық мұхиты) елдерінен Қазақстан арқылы Еуропаға 250 мың контейнер жіберіліп жатыр. 2020 жылға қарай ол екі еселенеді. Бұл пойыздардың жүріп өтетін жолында бизнес-құрылымдар пайда болады. Сонымен қатар, Батыс Еуропа – Батыс Қытай жолының құрылысы аяқталуға таяп қалды. Бұл жоба да зор мүмкіндіктерге ие. «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында батыс өңірде сомасы 345 миллиард теңге болатын жобалар жүзеге асырылады. Бірінші рет біздің елде кемелер мен паромдар құрастыратын комбинат салынуда. Ресейге шығатын Ақтөбе – Атырау, Атырау – Астрахань, Орал – Каменка автомобиль жолдары салынып жатыр. Бұл жобалардың барлығы экономикамызға серпін беріп, жаңа жұмыс орындарын ашуға септігін тигізетін болады, – деп атап өткен Нұрсұлтан Назарбаев жұмыспен қамту, əсіресе, шағын жəне орта бизнес саласында жұмыспен қамту мəселелеріне назар аударды. – Бұл – əлемнің барлық елдері үшін, Қазақстан үшін де елеулі міндет. 20-50 адам еңбек ететін кəсіпорындардың көп болғаны маңызды. Мəселен, Германия дағдарыстан қиындықсыз өтті, өйткені, бұл елде шағын жəне орта бизнес кəсіпорындары көп, олар экономиканың 90 пайызын қамтамасыз етеді. Ірі өнеркəсіптік кəсіпорындармен салыстырғанда олар əлдеқайда икемді болып келеді. Мəселен, егер өнімдеріне деген сұраныс азайса, сол сəтте олар басқа салаға ауысады, – деді Нұрсұлтан Əбішұлы. Мемлекет басшысы күр делі кезеңді тыныштық пен татулық жағдайында өткерудің маңыздылығын атап өтті. «Бұдан бұрын айтқанымдай, біз ауызбірлігіміз болмаған кезде ғана əлсіз болдық. Егер біртұтас болатын болсақ, бəрі қолымыздан келеді. Мына қиындықтарды ынтымақпен еңсеріп, дамудың жаңа жолына шығу қажет», – деді Нұрсұлтан Əбішұлы сөзінің соңында. Атырау облысы.

----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.


Н

А

Қ

Т

Ы

қ

а

д

а

м

3

www.egemen.kz

18 қыркүйек 2015 жыл

БЕС РЕФОРМА – ЎЛТ ЖОСПАРЫ Елбасының «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарына сай қазіргі күні құқық қорғау органдарын реформалау жүйесінде ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Аталған Ұлт жоспары əлемдік стандарттарға сай келетін заманауи құқықтық реформалар мен заңдылықтың қалыптасуына дем берді. Бүгінгі күні жүргізіліп жатқан реформалардың басты мақсаты құқық қорғау органдары мен қоғамды бір-біріне жақындастыра отырып, оны азаматтардың туындаған мəселелерінің тиімді шешілуіне бағыттау болып табылады. Алайда, бұл жоспар құқық қорғау саласын қайда бастайды, қандай биіктерге жетелейді деген сауалдар да ойға оралатыны анық. Ендеше, бұл мəселе төңірегінде оқырмандарға толыққанды əңгімелеп беру үшін біз Бас прокуратураның Қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалау департаментінің бастығы Қ.А.ИГЕМБАЕВҚА жолығып, бірқатар сұрақтарымызға жауап алдық.

Ќоєам сенімі – ќўќыќ ќорєау ќызметініѕ нəтижесі – Құсайын Абзалбекұлы, бүгінгі күні елімізде заңдылық жағдайын жоғарылатуға бағытталған жоспарлы жұмыс жүргізілуде, онда азаматтардың қоғамдық тəртіпті сақтауға ерікті түрде қатысуы институтына көп көңіл бөлінген дейміз. Осы туралы айтып өтсеңіз? – Иə, расында, Елбасының «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарына сəйкес қазіргі уақытта ауқымды жұмыстар қызу қолға алынды. Онда, өзіңіз айтқандай, азаматтардың қоғамдық тəртіпті сақтауға ерікті түрде қатысуына айрықша көңіл бөлініп отыр. Əріден айтар болсақ, бұл үшін сонау 2000 жылы-ақ қылмысты ескерту жəне алдын алуға жəрдемдескен азаматтарды марапаттау туралы ереже дайындалып, ал 2004 жылы азаматтардың қоғамдық тəртіпті қамтамасыз етуге қатысуы туралы заң қабылданды. Сөйтіп, жергілікті мемлекеттік бас қару жəне өзін өзі басқару туралы заңда облыстық əкімдіктерге өз территориясындағы қоғамдық тəртіпті қорғау мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеті бекітілді. Мұның бəрі азаматтарға жеке немесе ұжым болып ерікті түрде қоғамдық тəртіпті қорғауға қатысуға мүмкіндік беретінін ескерген жөн. – Елімізде өзіңіз айтып отырған құқық қорғау бағытында қызмет атқаратын қаншалықты қоғамдық құрылымдар бар? – Ішкі істер министрлігінің 2014 жылғы көрсеткіштеріне сəйкес, елімізде 34 мыңнан астам адамы бар 5,4 мың құқық қорғау бағытында қызмет атқаратын қоғамдық құрылымдар жұмыс істейді. Олардың қатысуымен 1,7 мыңнан астам қылмыс ашылып, 23 мыңнан астам əкімшілік құқық бұзушылар құрықталды. Мұның барлығы жақсы көрсеткіштер. Алайда, прокурорлық тексеріс нəтижелерінде анықталғандай, осындай құрылымдардың жұмысының формальды түрде жүргізілетінін есепке алар болсақ, бұл əлі де жеткіліксіз. Сол себепті, бүгінгі күні құқық қорғау жүйесінде жүргізіліп отырған реформаның басты мақсаты, өзіңіз айтқандай, полиция мен қоғамды бір-біріне жақындастыра отырып, оны азаматтардың туындаған мəселелерінің тиімді шешілуіне бағыттау болып табылады. – Осы арада «100 нақты қадамдағы» 30-қадамға түсінік беріп өтсеңіз. – Мемлекеттік «100 нақты қадам» бағдарламасының 30-қадамына сəйкес, таяу уақытта жергілікті атқарушы орган дарға жəне жергілікті қоғамдастыққа есеп беретін полиция қызметі құрылады. Оның өкілеттігіне қоғамдық тəртіпті қорғау мəселелері, тұрмыста орын алатын қылмысқа қарсы тұру, жол-бақылау қызметі, ұсақ құқық бұзу шы лыққа мүлдем төзбеушілік бағыты енгізіледі. Мəселен, бұл арада жол-патруль полициясы туралы айтар болсақ, осы полиция қызметкерлерінің жұмыс ауысымы кезінде атқарған ісінің барлығын жазып отыратын бейнетіркегіштермен қамтамасыз ету жоспарлануда. Бұл сыбайлас жемқорлық фактілерін төмендетуге жəне полиция қызметкерлерінің кəсіби шеберлігі мен анықтығын айқындауға септігін тигізері сөзсіз. Болашақта жергілікті полиция қызметінің басшысын сол деңгейдегі əкім тағайындайды жəне ол атқарушы органның берген тапсырмаларын орындауға тиіс болады. Сонымен қатар, полиция қызметі басшысының жергілікті мəслихат алдында да есеп беруі қарастырылған. Жергілікті бюджеттен қаржыландыруға негізделген жергілікті атқарушы органға бағынышты полиция тұрғындардың көкейіндегі мəселелердің жедел шешілуіне жағдай жасауы себепті, халық əкімдердің тарапынан қолдаудың бар екендігін сезінеді. Сондай-ақ, бұл

Вьетнамдыќтар ЭКСПО-2017-ге ќызыєушылыќ білдіруде (Соңы. Басы 1-бетте). Сонымен қатар, Вьетнам Туризм ассоциациясының президенті Нгуен Хуу Тхомен кездесу барысында елдеріміз арасындағы туристік бизнесті дамыту жəне Қазақстанның Вьетнамдағы т у р и с т е р і н е жа й л ы жа ғ да й жа с а у жөніндегі мəселелер талқыланды. Вьетнамның Туризм ассоциациясы Қазақстанның туристік ассоциациясымен тығыз қарым-қатынас орнатуға үлкен қызығушылық танытып, ынтымақтастық туралы тиісті құжатқа қол қоюға дайын екендігін білдірді. Аталған туристік көрме шеңберінде Қазақстанның елшілігі Вьетнамның Туризм жөніндегі ұлттық əкімшілігімен бірлесіп Saigontourist, Vietravel, Focus Travel, Indоchina Heritage, VietJetAir атты жəне тағы басқа вьетнамдық ірі туроператорлар мен əуе компаниялардың

қатысуымен дөңгелек үстел өткізді. Кездесу қатысушылары Қазақстан туристік нарығының негізгі даму бағыттарымен таныстырылды. Сұхбат барысында вьетнамдық туристерді ЭКСПО-2017 көрмесіне тарту мəселесіне ерекше көңіл бөлінді. Вьетнамдық туркомпаниялар қазақстандық туризм нарығының əлеуетін зерттеуге зор қызығушылық танытып, вьетнамдық азаматтар үшін жаңа туристік бағыт ретінде қарастырады. Осы тұрғыда елдеріміз арасындағы туризмді одан əрі дамытуында 2015 жылғы мамыр айында Еуразиялық экономикалық одақ пен Вьетнам арасындағы еркін сауда аймағы туралы келісімге қол қойылуы маңызды рөл атқаратыны анық. Оған қоса Алматы мен Хошимин қалалары арасындағы «Эйр Астана» ұлттық əуе тасымалдаушы атқаратын тікелей əуе қатынастың болуы елдеріміз азаматтарының өзара жол

жүруін белсендетуіне қолғабыс етеді. Дөңгелек үстел барысында вьетнамдық туроператорлар ағымдағы жылдың қазан айының соңында өтетін Қазақстан-Вьетнам Үкіметаралық комиссиясы 7-ші отырысының жұмысына қатысу үшін өкілді делегация құрамында Қазақстанға келмек ниеттерін білдірді. Делегация құрамына ірі туроператорлар мен баспасөз өкілдері, сондай-ақ, Вьетнам туристік нарығының мүмкіншіліктерімен таныс тыру үшін мəдениет қайраткерлері кіреді. Сонымен қатар, вьетнамдық тарап Қазақстаннан тікелей Вьетнамның курорттық жерлеріне, сондай-ақ, вьетнамдықтарды Қазақстанға, одан əрі Орталық Азия елдері, Ресей жəне Еуропаға тасымалдау үшін туристердің логистика мəселесін айтарлықтай жеңілдететін чартерлік тасымалдарды ұйымдастыру мəселесін қозғады. «Егемен-ақпарат».

Сауд Арабиясыныѕ ќолдауы Таяуда Эр-Рияд қаласында Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне 20172018 жылдары тұрақсыз мүше болуы жө ніндегі кандидатурасын ілгерілету жəне Астанада өтетін халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесі жөніндегі ресми қабылдауы ұйымдастырылды. Іс-шарада Сыртқы істер министрінің орынбасары Асқар Мусинов, Ислам ынтымақтастығы ұйымы (ИЫҰ) Бас хатшысының орынбасары Мұхаммед Наим Хан жəне Сауд Арабиясының мемлекеттік органдары, қоғамдық ұйымдары, сондай-ақ, саудтық БАҚ жəне дипломатиялық корпустың өкілдері қатысты. А.Мусинов Қазақстанның ғаламдық деңгейдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту жолында қосып келе жатқан үлесі туралы, Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымына жəне Ислам ынтымақтастығы ұйымына төрағалығы кезінде жинақтаған тəжірибесі жөнінде,

сондай-ақ, Қазақстанның ядролық қарусыздану жəне таратпау үдерісінде көрсеткен көшбасшылық саясатын атап өтті. Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне 2017-2018 жылдары тұрақсыз мүшелігіне кандидат ретінде халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адам құқтарын сақтау, энергетикалық проблемалар, азық-түлік жəне су қауіпсіздігі мен климаттық өзгерістер мəселелеріне үлкен көңіл бөлетіндігіне назар аударылды. Іс-шарада сөз сөйлеген Ислам ынтымақтастығы ұйымы Бас хатшысының орынбасары Мұхаммед Наим Хан Қазақстанның БҰҰ ҚК-дегі басымдықтары көбіне ИЫҰның қауіпсіздік пен тұрақтылық саласын дағы негізгі міндеттерімен сəйкес келетініне назар аударды, соның ішінде, ядролық қарусыздану, азық-түлік қауіпсіздігі мен денсаулық сақтау бар. М.Наим Хан ИЫҰ-ға мүше барлық мемлекеттер Қазақстанның халықаралық аренадағы

жоғары саяси беделі мен оның қазіргі замандық көптеген өзекті проблемаларды шешуге қосып келе жатқан үлесіне қолдау білдіретінін жəне бұл саясат Қазақстанды БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне лайықты кандидат ретінде көрсететінін жеткізді. ИЫҰ Бас хатшысының орынбасары Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Азықтүлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымын (АҚИҰ) құру туралы бастамасын ерекше атап өтті. ИЫҰ құрамындағы елдерді ү.ж. қазан айында Астана қаласында өткізілуі жоспарланған АҚИҰ Бас Ассамблеясына қатысуға шақырды. ЭКСПО-2017 таныстырылымы аясында іс-шараға қатысушылар аталған халықаралық көрменің тақырыбымен жəне оның нысандарының құрылысымен танысты. Қонақтардың назарына көрме туралы бейнефильм ұсынылды. «Егемен-ақпарат».

Аяќ астынан Канадаєа бўйырды ведомство ішіндегі көрсеткіштер қуалау фактілеріне жол бермейді. Ал əкім болса полиция қызметінің айыппұл салу, барлық тұлғаларды тіркеу, тұрғын үйді жалға берушілерден алынатын түсім, бюджетке төленетін салықтар жəне тағы басқалар сияқты экономикалық тиімділікке мүдделі болады. Зерттеушілердің ойынша, полиция белгілі жəне қажет болған жағдайда жедел табылатын болуы тиіс, өзіне бекітілген территорияда мекендейтін адамдардың барлығын тануға, азаматтардың мəселелерін тыңдауға жəне қол ұшын беруге, жергілікті тұрғындарды жедел ұйымдастыруға жəне өзінің қол жеткізген көрсеткіштері жайында есеп беруге міндетті. Осының барлығы жергілікті полиция қызметі туралы заң жобасында қаралып, ол таяу уақытта Парламент талқылауына ұсынылады. – Осы мəселеге қатысты тағы бір сұрақ: «100 нақты қадамның» 31-қадамында полиция қызметінің ашықтығы қамтамасыз етілетіндігі айтылған. Бұл нені білдіреді? – «100 нақты қадам» бағдарламасының 31-қадамында көрсетілгендей, этикалық нормаларды бұзуға жол берген полицейлердің іс-əрекеттеріне шағымданған азаматтардың арызын қарау жөніндегі қоғамдық кеңес жүйесін құру арқылы полиция қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету заңды түрде бекітілетін болады. Сонымен қатар, қоғамдық кеңестер азаматтарды, қоғамдық бірлес тіктерді жəне қоғамдық тəртіпті сақтау мен құқық бұзушылықтардың алдын алу аясындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын ұйымдарды бірлесе əрекет етуге тартады, сондай-ақ, тұрғындар мен ішкі істер органдары басшылығының арасындағы өзара байланысты қалыптастырады. Міне, осының негізінде, мемлекет полицияның қоғамдық тəртіпті сақтаудағы жұмысының ашық, əрі тиімді болуына, қоғамның құқық қорғау органдарына сенімінің ұлғаюына жағдай жасайды. – Бірақ бұл игілікті іске, ең алдымен, қоғамның өзі бас болып араласпаса, ел күткендегідей нəтиже шығары күмəнді ғой. – Дұрыс айтасыз, жоғарыда айтылған жұмыстар жеткіліксіз екендігі анық. Өйткені, айналамызға назар аударатын болсақ, үйлердің алдындағы қоқыстар, қоғамдық орындарда шылым шегу, жолдағы дөрекілік – осының барлығы тек қана полицияның нашар жұмысының көрінісі емес. Керісінше, бұл адамдардың айналада болып жатқан құбылыстарға немқұрайлы қарауынан туындап отыр. Сол себепті, құқық қорғау жүйесін қайта құрумен бірге халықты қоғамдық тəр тіпті сақтау мəселесін шешуге бағытталған кешенді шараларды жүзеге асыруға тарту қажет. Бүгінгі күні заңның бұзылғандығы жайында кез келген адамның

полицияға хабарлауға дайын еместігін мойындауымыз қажет. Жекелеген азаматтар дың қалтарыста қалуға деген құштарлығы – ол өз қауіпсіздігіне балта шабумен бірдей. Қоғам өзгермейінше ол қала береді. – Демек, қандай ұсақ құқық бұзушылық, яки қылмыс болсын, оны көрген адам дер мезетінде полицияға хабарлап отырса, нұр үстіне нұр дейсіз ғой. – Дəл солай. Өйткені, қандай да болсын ұсақ қылмыстың өзі туралы оны кім жасағанына қарамастан, хабарлау – маңызды жəне қажетті іс. Осыны қауіпсіз қоғамда өмір сүргісі келетін əрбір адам есте ұстауы тиіс. Тек қана белсенді азаматтық көзқарас, қылмыстылықты жоюға деген құштарлық қана бірлескен əрі тиімді нəтижелерге қол жеткізуге септігін тигізеді. Бірнеше адамның телефонмен қоңырау шалуы, мысал үшін, есірткі заттарының заңсыз айналымы жайындағы хабарламалары бірден өз нəтижесін берді. Тек, мұндай хабарламалар уақытылы болуы қажет, осындай жағдайда ғана бір де бір қылмыскердің сайрандап жүруіне жол берілмейді. – Ал енді «100 нақты қадамның» 32-қадамына тоқталсақ. – Жоғарыда аталған бағдарламаның 32-қадамында көрсетілгендей, «Қылмыстық құқық бұзу картасы» интернет-порталын құру тағы бір нақты қадам болып табылады. Бұл картада елімізде 1 аптадан əрі кетпейтін мерзімде жасалған барлық қылмыстық құқық бұзушылық тіркелетін болады. Бұл қоғамға ішкі істер органдарының жұмысының тиімділігін бақылауға мүмкіндік береді. Осы шаралардың барлығы қосылғанда ғана қоғам үшін өзінің оң нəтижесін беретіндігіне берік сенімдімін. Жəне осы саладағы əр азаматтың жекелеген үлесі тұтас қоғам үшін маңызды. Егер əр азамат өзінен, отбасынан, үйінен, ауласынан, өз көшесінің тəртібін қалыпқа келтіруден бастамаса, біз ешқандай заңмен темірдей тəртібі бар қоғам құра алмаймыз. Бұл құқық бұзушылыққа қоғамдық əсер ету – олармен күрестің неғұрлым тиімді шарасы, ол құқықтық тəртіпті сақтауға осыған мүдделі тұлғаларды неғұрлым көбірек тартуға зор мүмкіндік береді. Полицияның күші мен құралын қоғамдық тəртіпті сақтауда шебер басқару – қоғаммен тығыз байланыс болған кезде ғана мүмкін болмақ. Осы негізде ғана кез келген құқық бұзушылыққа төзбеушілік қағидасын басшылыққа ала отырып, халықтың құқық қорғау органдарына деген сенімінің ұлғаюы жолындағы жағымды көрсеткіштерге қол жеткізетінімізге сенімдімін. Əңгімелескен Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан».

ЭКСПО шежіресі: Монреаль, 1967 жыл 1967 жылы канадалық конфедерацияның 100 жылдығы құрметіне Монреаль қаласында Бүкілəлемдік жетістіктер көрмесі өткізілді. Халықаралық көрмелер тарихында бұл көрме өте сəтті өткен жəне мол табыс əкелген көрмелердің бірі болды. Оған төрткүл дүниенің төрт құбыласынан 62 мемлекет қатысты. Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Халықаралық көрмелер бюросы өткізген дүниежүзілік бəсекеде 1967 жылғы Бүкілəлемдік əмбебап көрмені өткізу құрметін 1964 жылы Кеңес Одағы жеңіп алған болатын. Үкімет пен партияның басшылығымен кеңес халқы үлкен шараға бір кісідей жұмылып, қызу дайындыққа кірісті. Алайда, ойда жоқ жерден Кеңес Одағының «көсемі» Никита Хрущев елде қалыптасқан қаржы қиындығын сылтау етіп, халықаралық көрмені ұйым дастырудан бас тартты. Сөйтіп, Халықаралық көрмелер бюросы өткізген жарыста Мəскеуден жеңіліп қалған Монреаль аяқ астынан жаһандық үлкен шараны өткізу құрметіне ие болды. Канадалықтар Бүкілəлемдік жетістіктер көрмесін өткізуге барынша ыждаһатты дайындықпен кірісті. Канада сенатының спикері Марк Друин көрме өткізу тұжырымдамасын əзірледі. Сенат бекіткен бұл тұжы рымдама бойынша болашақ көрме жəдігерлері өскелең заман адамдары қызметінің барлық саласынан көрініс беруге тиіс болды. Көрме ұраны ретінде француз жазушысы Антун де СентЭкзюперидің «Адамдар планетасы» атты кітабының атауы алынды. Көрме ұраны əлем жұртшылығының көңілінен шығып бұл көрмеге қатысуға дүниежүзінің 62 елі өтініш білдірді. Көрме қалашығына Монреаль қаласының бау-бақша аймағынан үлкен жер телімі бөлінді. Қалашық құрылысы жүргізіле бастағанда əулие Санта Лаврентия өзенінен жасанды аралдар жасалып, құрылыс нысандары салынды. Жер телімдерін алған мемлекеттер өз павильондарын салуға белсене кірісті. Бұл ретте Кеңес Одағы алдына жан салмады. Олар өздерінің павильонын салуға 15 млн. доллардан астам қаржы жұмсады. Көрмеге қойылған Кеңес Одағының жəдігерлері де келушілерді ерекше əсерге бөледі. Мəселен, 80 тонна жүк көтеретін «Антей» ұшағы, əлемдегі ең ірі су электр стансасы – Красноярск ГЭС-інің макеті, Шолпан жұлдызының үстіңгі қабатынан түсірілген фотосурет жəне басқа жəдігерлер көрмені тамашалаушыларды өзіне магниттей тартты. Көрме аяқталғанан кейін жасалған қорытынды мəлімет бойынша, Кеңес Одағының павильондарын 12 млн. адам тамашалаған екен. Екінші орын канадалық павильондардың үлесіне тиесілі болған. Оны 11 млн. адам тамашаласа, америкалық

жəдігерлерді 9 млн. адам тамашалаған екен. Осы ретте ерекше айтатын бір мəселе, 1967 жылы Канаданың Монреаль қаласында өткен Бүкілəлемдік жетістіктер көрмесіне Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президумының Төрағасы Сабыр Ниязбеков бастаған үлкен делегация қатысқан. 1967 жылы 10 шілдеде Бүкілəлемдік жетістіктер көрмесі аясында Қазақстанның мəдениет жəне өнер күндері өткізілген. Қазақстандықтар қатысқан делегацияның құрамында Қазақ КСР Ғылым академиясының Қарағанды қаласындағы химия-металлургия институтының директоры, техника ғылымдарының докторы Евней Арыстанұлы Букетов те қатысып, осы көрме туралы көлемді очерк жазған екен. Евней Букетов осы очеркінде көрмеден алған өзінің əсерлерін былай баяндайды: «Монреаль қаласы Канаданың түстік мұхитпен қосып, кең жайылған Санта Лаврентия өзенінің бойында орнаған... 62 ел өз көрмелерін орнатқан, оның үстіне 6 интернационалдық көрме павильондары бар. Бұл павильондардың тақырыбы атынан білінеді: «Адам – тоқшылыққа себепкер», «Адам – ғылыми-зерттеуші», «Адам жəне өндіріс», «Адам жəне оның денсаулығы», «Адам – молшылық иесі», «Адам жəне қоғам»... Көрмені ұйымдастырған адамдардың алдына қойылған мақсаты тамаша-ақ. Ол – «Жер адамның игілігі үшін» екенін дəлелдеп көрсету, жерді адамның игілігіне пайдаланудың адал жолдары мен тəсілдеріне қанықтыру, елдердің бірі мен бірінің сырласып, үйренуі, біріненбірінің ғибрат алуы. Мысалы, ағылшын елі атом элекростансаларын орнатудың, болат пен құрыш құюдың жетістіктерін жақсы көрсеткен. Ғарыш зерттеу мəселелеріндегі жаңалықтарын келушілердің алдына салған Құрама Штаттар павильонына асыға бардық, сыртынан тамаша шардың ішін көзбен көруге асықтық. Жіңішке бірақ кісі сиятын экскалатормен ең биігіне шықтық. Обалы не керек, космос зерттеу жөніндегі АҚШ-тың жетістіктері айтарлықтай-ақ. Жасанды спутниктер мен АҚШ космонавтары ұшқан кемелерді көрдік. Айдың бетіне адам жіберудің 1970 жылға меңзелген жобасын көрдік», – деп жазады Евней Букетов.

Көрменің мəдени-бұқаралық бағдарламасы да өте тартымды болды. Монреаль Бүкілəлемдік жетістіктер көрмесінің қалашығы əлемдік өнер сахнасына айналғандай əсер қалдырды. Көрме өтіп жатқан күндері мұнда Мəскеудің Үлкен театры, Пятницкий атындағы хор, дүниежүзіне аты əйгілі Амстердам филормониялық оркестрі, Грекияның классикалық театры, жаһандық опералық өнер көшбасшысы – Миланның «Ла Скала» театрлары өнер көрсетті. Сонымен бірге, көрме бағдарламасы шеңберінде өткізілген халықаралық кинофестиваль бағдарламасы да өнер сүйер қауымды ерекше əсерге қалдырды. Сол күндері Монреальда 30 көркем фильм көрсетілді. Канаданың Монреаль қаласында өткізілген бұл көрме тартымдылығы жағынан да озық болды. Бүкілəлемдік көрмелер шежіресінде əлі қайталанбаған əлемдік рекорд та осы көрме аясында болды. Көрме павильондарын бір күнде 569 мың адам тамашалаған екен. Сондайақ, көрмені тамашалаушылар қатарында əлемге əйгілі саясаткерлер де аз болмапты. Мəселен, көрме жəдігерлерін тамашалауға Ұлыбританияның патшайымы ІІ Елизавета, АҚШ президенті Линдон Джонсон, ханшайым Грейс Келли, Роберт Кенне ди жəне Жаклин Кеннеди, Бесінші Республика президенті Шарль де Голль, Марлен Дитрих жəне басқалар атбасын бұрыпты. Монреальда өткен Бүкілəлемдік жетістіктер көрмесі табысты өткен көрмелердің бірінен саналады. Көрме қорытындысында түскен таза пайда 480 млн. АҚШ доллары мөлшерінде болған екен. Никита Хрущевтың əпербақан мінезінің салдарынан Халықаралық көрмені өткізуден бас тартқан Кеңес Одағы əлемдік деңгейдегі осындай құрмет пен беделден қағылды. Осы бір келеңсіздік салқынының салдарынан бұдан кейінгі уақытта Кеңес Одағы да, посткеңестік республикалар да халықаралық көрме өткізу мəртебесіне ие бола алған жоқ. Посткеңестік республикалар тарихында алғаш рет бұл құрметке тəуелсіз Қазақстан Республикасы ие болды. Амандық болса, енді екі жылдан кейін елордамыз – Астана қаласында Бүкілəлемдік жетістіктер көрмесінің жалауы желбірейтін болады.


4

www.egemen.kz

18 қыркүйек 2015 жыл

● Дүние жəне дағдарыс

ЕУРОПА МИГРАЦИЯЛЫЌ ПРОБЛЕМАЛАР Оќиєа ќалай бастау алды? Азия, Африка жəне Таяу Шығыс елдерінен тұрғындардың Еуропаға жаппай көшуі ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастау алған болатын. Мигранттардың негізгі ағыны экономикалық дағдарысты бастан кешкен бұрынғы отар елдерден туындады. Бұл елдердің халқы өздерінің бұрынғы «қожайындары» Ұлыбритания, Франция, Нидерланд, Италияға еңбек етіп, күндерін көру үшін келді. 19601970 жылдары негізгі жұмыс күшін жеткізушілер Азияда – Үндістан, Пəкістан, Малайзия, Вьетнам елдері, Таяу Шығыста – Египет, Ливан, Иордания елдері, Африкада – Марокко, Алжир, Тунис елдері болды. 1980 жылдары ішкі құрлықтық миграциялар ағымы етек ала бастады. Неғұрлым жоғары табысты елдерге Еуропаның оңтүстік бөлі гінің тұрғындары ағылды. 1990 жылдары КСРО-ның жəне со циалистік лагерьдің ыдырауына байланысты шығысеуропалық елдер азаматтары Батысқа қарай бет ұстады. Бұл кезде Батыс Еуропаның бай елдеріне де жұмыс күштері қажет еді. Сондықтан олардың көші-қон туралы заңдары ш ет т ен ағ ыл у ш ыл ар ғ а н еғ ұ р л ым

Соѕєы жылдар даєдарысы (2011-2015 жылдар) Еуропалық одақ елдеріне босқындар ағымы 2011 жылдан бастап күшейе түсті. Əсіресе, 2013-2014 жылдары күшті қарқын алды. 2014 жылы Еуропалық одаққа 626 мың еңбек мигранты өтініш берген. Бұл оның алдындағы жылғыдан 20 пайызға артық. 274 мың заңсыз мигрант келген. Бұл оның алдындағы жылғыдан 180 пайызға артық. 2015 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында Еуропаға келген заңсыз мигранттардың саны 300-400 мың адам деп бағалануда. Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйым бұл жөнінде 351,3 мың адам деген санды көрсетіп отыр. Сарапшылардың бағалауы бойынша, жыл соңына дейін Еуропалық одаққа

келген заңсыз мигранттардың саны 1 миллион адамға жетуі мүмкін. Босқындардың бұл ағымы 1992 жылғы миграциялық дағдарысты еске салады. Қазіргі жағдай сол кездегіден күрделі болмаса, кем емес деп бағалануда. Бұл жолы мигранттар (соның ішінде заңды жəне заңсыз жолмен келушілер) Сирия жəне Ауғанстан елдерінен ағылуда. Сондай-ақ, Ливия мен Ирактан да қаптап келуде. Мигранттардың төрттен бір бөлігі африкалық елдерден, соның ішінде Эритерия, Судан, Оңтүстік Судан, Конго Демократиялық Республикасы, Сомали, Мавритания, Марокко, Тунис, Алжир, Мали, Нигерия, Камерун, Габон елдерінен ағылуда.

еңбекке орналастыру туралы жарнамалардың кеңінен қолданылуы, Еуропаға мигранттар жеткізу ісімен айналысатын қылмыстық ұйымдар желісінің жолға қойылуы да əсер еткендігін айтуымыз керек. Мəселен, адамды Еуропаға жасырын жолдармен алып келу қызметінің ақысы кейбір есептеулерге қарағанда, бірнеше жүздеген доллардан басталып, баратын елінің жағдайына, сапардың қашықтығына байланысты ондаған мың долларға дейін жетеді екен. Еуропаға мигранттарды заңсыз жолдармен бағыттайтын ұйымдар қызметі күшейген елдердің бірі Ливия көрінеді. БҰҰ бағалауы бойынша мұнда контрабандистер тек 2014 жылдың өзінде ғана осындай əрекеттері арқылы 170 миллион доллар пайда қаратыпты. Балкан түбегінде бұл бизнесті негізінен алғанда албандық жəне сығандық топтар бақылайды екен. Миграция жөніндегі халықаралық ұйымның бағалауы бойынша, мигранттар контрабандасы есірткі саудасымен бірдей табыс кіргізеді.

Сахараның оңтүстігінде орналасқан Гана, Нигерия, Сенегал, Сомали, Чад секілді африкалық елдер миграцияның жаңа толқындарының көзіне айналды. 2000-шы жылы Еуроодақ елдеріндегі заңды жолмен немесе ашық жағдайда келген мигранттардың саны 18,2 миллион адам болды. Бұл шамамен алғанда Еуроодақ елдері халқының 5 пайызы. Соның ішінде, Халықаралық еңбек ұйымының мəліметтері бойынша, мигранттардың 80 пайызы Батыс Еуропа елдеріне барып орналасқан. 2010 жылы Еуроодақ елдеріндегі босқындардың саны 33 миллионға жетті. Олардың 12 миллионы ішкі мигранттар, яғни Еуропалық одаққа мүше елдерден келгендер еді. Егер заңсыз жолмен келген мигранттар туралы айтатын болсақ, Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйым 2007 жылы Еуропада олардың саны 5-7 миллион адам аралығында деп бағалады. Мұның 4,6 миллионы Африка елдерінен келгендер еді. Ал тəуелсіз талдау қызметінің бағалауы бойынша, 2010 жылдар аралығында Еуропаға жасырын жолдар арқылы жылына 20-25 мың адам келіп отырған.

Заѕсыз мигранттар маршруттары Еуропалық елдердің көші-қон қызметтерінің мəліметтері бойынша, заңсыз босқындардың 80 пайызға жуығы Еуропаға туристік визалар немесе қолдан жасалынған құжаттар арқылы кіреді. Қалған бөлігі жасырын арналар арқылы ешбір құжатсыз шекараны кесіп өте отырып, кіргізіледі. Олар Еуропаға бірнеше маршруттар бойынша жетеді. Мəселен, Испания, Италия жəне Мальтаға Жерорта теңізі арқылы келеді. 2010 жылы бұл жолды 5 мың мигрант пайдаланса, 2012 жылы олардың саны 20 мыңға, 2013 жылы 43 мыңға дейін, ал 2014 жылы 218 мыңға жеткен. 2015 жылдың қаңтар-қыркүйек айларының аралығында Жерорта

теңізін 219 мың жасырын мигрант жүзіп өткен. Екінші бір маршрут Түркиядан басталып, Грекия арқылы өтеді. Бұл бағытты таңдаушылар ағымы Албания арқылы Италияға немесе Македония жəне Сербия арқылы Венгрияға өтіп, сонан кейін Шенген визасы аймағына кіретін Еуропалық одақ еліне жетеді. 2015 жылдың жазынан бастау алған мұндағы босқындар ағыны Жерорта теңізінен өтушілер ағымымен теңесіп қалған. Бұл маршрутты пайдаланушылардың негізгі мақсаты көбінесе Германия, Австрия жəне Швеция елдеріне жету болып табылады.

Ќўтќару операциялары

Оныѕ себептері неде? Заңсыз миграцияның қарқынды түрде өсуі жəне географиясының кеңеюі əртүрлі факторларға, соның ішінде, экономикалық жəне саяси сипаттағы факторларға байланысты болып отыр, адамдар ел ішіндегі соғыстан, жұмыссыздықтан, ашаршылықтан əбден қажып, қаша бастады. Сондай-ақ, мұнда саяси қуғын-сүргіннің, ұлттық жəне діни сипаттағы кемсітушілік пен қуғындаудың да əсері мол. Миграциялық ағымның күшеюі Араб əлеміндегі 2010-2011 жылдарғы «араб көктемі» деп аталатын оқиғалармен тұспа-тұс келді. «Араб көктемі» оқиғасы Солтүстік Африка, Арабиялық жарты арал жəне Таяу Шығыстың бірқатар елдерін тұтасымен қамтыған болатын. Мұнан кейін босқындар қатарына «Ислам мемлекеті» лаңкестік топтары бақылауда ұстап отырған Сирия жəне Ирак елдері аумағында тұратын адамдар да қосылды. Адамдардың заңнан тыс жағдайда көші-қонының ұлғаюына Батыстағы

жұмсақ шарттарды ұсынды. Елге заңсыз келген мигранттарға да жиі-жиі рақымшылықтар жарияланып отырды. БҰҰ Бас комиссары Босқындар ісі жөніндегі басқармасының деректері бойынша Еуропаға 1970 жылдары жылына 30 мыңға жуық босқындар мен мигранттар келсе, 1980 жылдардың басында бұл көрсеткіш 100 мыңға, 1986 жылы 200 мыңға, ал 1989 жылы 317 мыңға жеткен. 1992 жылы континентте 700 мыңға жуық мигранттар тіркелді. Мұның өзі соғыстан кейінгі жылдарғы Еуропа үшін неғұрлым жоғары көрсеткіш еді. Осы уақыттары Еуропалық одақ елдері өздерінің миграциялық режімдерін қатайта бастады. Соның нəтижесінде 1997 жылы Еуропадан пана іздеп келгендердің саны 333 мыңға дейін төмендеді. Алайда 1999 жылғы НАТО-ның Югославияға қатысты əскери іс-қимылдары, жалғасып жатқан азаматтық соғыстар, Азия жəне Африканың кейбір елдеріндегі əскери жанжалдар олардың санын 440 мыңға дейін арттырды. Бұл кезде Еуропаның бай елдеріне келушілердің едəуір бөлігін Косоводан шыққан албандар, Түркия мен Ирактан шыққан күрдтер жəне ауғандықтар құрады. 2000-шы жылдары

Жерорта теңізінде адамдардың қазаға ұшырауының алдын алу үшін Италия үкіметі 2013 жылы Mare Nostrum бағдарламасын іске қосты. Осы бағдарлама бойынша осы елдің əскерилері, кемелері мен ұшақтары адамдарды құтқару мақсатында жұмыс істей бастады. 2014 жылы бұл бағдарламаның орнына «Тритон» жəне «Посейдон» аталатын жалпыеуропалық бағдарламалар жүзеге асырыла бастады. Бұл бағдарламаға Еуропалық одақтың 21 елі қатысады. 2015 жылдың маусымында Жерорта теңізінде мигранттарды құтқару бойынша əскеритеңіз операциясы бастау алды. Бұл

Ќайєылы жаєдайлар

Сарапшылар Еуропаға жету жолында қаза тапқан мигранттардың дəл санын əлі күнге дейін нақты айта алмай келеді. Жерорта теңізін заңсыз жолмен кесіп өту арқылы жолға шығып, қаза тапқан мигранттар туралы хабарлар 2008 жылдың өзінде жарияланған болатын. 2012 жылы 500 адам Жерорта теңізінде суға кетсе, 2013 жылы олардың саны 600-ге, 2014 жылы 1,5 мың адамға жеткен. 2015 жылдың қаңтарқыр күйек айларында бұл жолда құрбан болғандар, кейбір уəкілетті ұйымдар дың көрсетуінше, 2900 адамды құрады. Тек 2015 жылдың 19 сəуірі күні кеменің суға батуына байланысты 800 адам қаза тапты. 2015 жылдың 28 тамызында Ливия жағалауларында 200 мигрант көз жұмды. Австрияға бағыт ұстаған жүк көлігінде 70 адам тұншығып өлді.

операцияның келесі кезеңінде мигранттарды заңсыз жолмен тасымалдайтын күдікті кемелерді ұстау жəне тексеру жұмыстары жүзеге асырылып, онан кейін ол кемелер тұтқындалмақ жəне жойылмақ. Осы үшін Еуропалық одақтың рұқсаты қажет. Сондай-ақ, мигранттарды құтқару ісімен БҰҰ-ның Босқындар ісі жөніндегі агенттігі жəне бірқа тар коммерциялық емес ұйымдар, атап айтқанда, Қызыл Крест халықаралық комитеті, «Балаларды құтқар» халықаралық құтқару комитеті, Судағы мигранттарды құтқару стансасы жəне өзге де бірқатар ұйымдар шұғылдануда.


ДҮБІРГЕ

● Дүние жəне дағдарыс

ШЫРМАУЫНДА

ТОЛЫ ДЇНИЕ

Малкольм Тернбулл – Австралия премьері Мамадияр ЖАҚЫП, журналист.

Күтпеген жағдайда Австралияда үкімет ауысты. Бірқатар үкімет мүшелерінің талап етуімен биліктегі Либералдық партияның парламентарийлері жиналыс өткізіп, онда партияның жаңа серкесін сайлады. Малкольм Тернбулл жеңіске жетті.

Кґзќарас ќайшылыќтары 2015 жылдың мамыр айында Еурокомиссия төрағасы Жан-Клод Юнкер Еуропалық одақтың барлық 28 елі үшін босқындарды қабылдау квотасын енгізуді ұсынды. Квота көлемі елдің ұлттық ішкі жалпы көлеміне, халқының санына, жұмыссыздық деңгейі мен қабылданып үлгерілген шетелдіктердің санына байланысты болады деп есептелді. Бұл идеяны Германия, Италия, Австрия жəне Швеция қолдады. Шығыс Еуропа елдері барынша қарсылық танытты. Франция, Испания жəне Португалия байсалды ұстанымда болды. Ұлыбритания мен Дания квота жөніндегі дауыс беруге қатыспады. Бұл екі ел одақтың миграциялық саясатына қатыспауға мүмкіндік беретін ерекше мəртебеге ие. Еуропалық одақ кеңесі министрлерінің үстіміздегі жылғы 26 маусым күнгі кездесуінде квота идеясынан бас тарту туралы шешім қабылданды. Оның орнына

одақ елдері əрқайсысы 40 мың босқыннан ерікті түрде қабылдауға уəде берді. Биылғы жылдың 4-5 қыркүйегі күнгі Люксембургте өткен бейресми кездесуде Еурокомиссия квота жүйесіне қайта оралуды ұсынды жəне қабылданатын мигранттар санын 120 мың адамға дейін көтерді. Босқындардың Австрия арқылы Германияға ағылуы рекордтық деңгейге көтерілуі салдарынан Германия Шенген елдерінің арасында бірінші болып өз шекараларында төлқұжаттық бақылау жүйесін енгізді. Осы күні мигранттардың квота проблемасы бойынша одаққа мүше елдердің ұстанымдарын жақындату үшін сарапшылар деңгейінде кездесу ұйымдастырылды. Кездесу сондай бір нəтижелерге қол жеткізе алмады жəне көзқарастарда қайшылықтардың барын көрсетіп берді. Босқындарды Еуропалық одаққа мүше мемлекеттер арасында мəжбүрлеп бөлуге Вишнеградтық топ – Словакия, Чехия,

Польша жəне Венгрия елдері қарсы болды. Словакия вето құқығына жүгінетіндігін мəлімдеді. 14 қыркүйек күні Брюссельде Еуроодақ Кеңесінің шұғыл кездесуі болып өтті. Оның қорытындысында Еуроодақ елдері мигранттар квотасы мəселесі бойынша ұстанымдарды Шығыс – Батыс ұстанымдарына бөлуді белгіледі. Венгрия, Чехия, Словакия, Польша, Румыния жəне Балтық жағалауы елдері кеңейтілген жəне міндеттелген квотаны енгізуге түбегейлі қарсылық танытты. Биылғы ж ы л д ы ң 9 қ а з а н ы к ү н і Страсбургте өтетін Еуропарламентте Еурокомиссия миграция жөніндегі жаңа ұсыныстар топтамасын ұсынуды ұйғарып отыр. Олардың арасында соғысқа ұрынған өңірлерден келген босқындарды қабылдау жəне тарату; Еуропалық одақ ішінде жəне оның сыртында босқындарды қабылдау жəне орналастыру мəселесі

бойынша арнаулы орындар ұйымдастыру; бейбітшілік жағдайындағы елдерден келген экономикалық мигранттарды тіркеу, талдау, бөлу жəне кері қайтару; Жерорта теңізіндегі теңіз операциялары аясында жұмылған күш-жігерді күшейту жəне мигранттарды жеткізушілерге қарсы күресті күшейту, Балқан түбегі арқылы босқындар трафигімен шұғылданушы қылмысты ұйымдармен күресті күшейту Еуропалық одаққа көрші елдермен, атап айтқанда, Түркиямен өзара іс-қимылдарды белсенді ету; Солтүстік Африканың бейбіт елдеріне босқындарды орналастыру үшін ықпал ету секілді мəселелер бар. Мұның сыртында, Еуроодақ əлі күнге дейін кикілжіңдер мен дау-жанжалдар, əскери əрекеттер жалғасып келе жатқан елдердегі, атап айтқанда, Сирия мен Ливиядағы жағдайды саяси тұрақтандыруға ықпал ету жөнінде ұйғарым жасап отыр.

Ќазіргі уаќыттаєы ахуал ќандай? Өткен сейсенбінің түнінде Венгрия билігі Сербиямен арадағы шекаралық өткелді жапты. Мұның нəтижесінде 9 мыңнан астам мигрант шекараның сербиялық бөлігінде қамалып қалды. Венгрия үкіметі мұның алдында өз шекарасын полицияның қосымша күштерімен жəне шекара əскерлерімен нығайтатындығын мəлім еткен болатын. Оның үстіне, Венгрия полициясы Сербияның Хоргош жəне Венгрияның Реске елді

мекені арасындағы теміржолды жауып тастады. Бұрын бұл жол Сербиядан Венгрияға өтетін мигранттар үшін негізгі жолдардың бірі болып келіп еді. Үстіміздегі жылдың 15 қыр күйегі күні түн ортасында Венгрияда миграция жəне шекараны қорғау туралы заңдардың жаңа топтамасы күшіне енгізілді. Бұл заң əскерді шекаралық бақылау ісіне қатыстыруға рұқсат береді жəне шекараны заңсыз кесіп

өтушілерді қылмыскер ретінде бағалап, оларға жаза қолдануға жол ашады. Сонымен қатар, осы жаңа заң мүмкіндіктеріне сүйенген Венгрия үкіметі бұдан былайғы уақыттары босқындар мəртебесін беру жөніндегі өтініштерді қарауды бұрынғыға қарағанда əлдеқайда тездетуді жөн көріп отыр. Сондай-ақ, жаңа заң адамдар контрабандасымен шұғылданушы ұйымдарға қарсы қолданылатын жазаны бұрынғыға қарағанда əлдеқайда күшейте түспек.

Ќабылдаушы елдер кімдер? Соңғы жылдары барлық батысеуропалық мемлекеттер басқа елдерге адамдар жөнелткеннен гөрі мигранттарды көбірек қабылдай бастады. Мигранттардың неғұрлым қалың бөлігі Франция, Германия, Италия жəне Испания елдерінде шоғырлануда. Бұл елдердің əрқайсысы қазірдің өзінде 1-1,5 миллион адамнан келушілерді қабылдап үлгерді. 2015 жылдың қаңтар-маусым айындағы мəліметтер бойынша, босқындарды қабылдауда Германия, Венгрия, Түркия, Франция жəне Швеция елдері көш бастауда.

5

www.egemen.kz

18 қыркүйек 2015 жыл

Негізгі ауыртпалық Германияның мойнына түсуде. ГФР ішкі істер министрлігінің деректері бойынша, Германияға жыл басынан бері босқындар мəртебесін алу үшін 413 мың адам келген. Бұл ел жыл соңына дейін тағы да осыншама адамды қабылдауды жоспарлап отыр. Сапаршылардың бағалауы бойынша, осы жағдайға орай Германияның 2015 жылы шығаратын шығыны 10 миллиард еуроға дейін жетуі мүмкін. Бұл шығынға тұрғын үй, тамақ, медициналық қызмет көрсету, əкімшілік жəне басқа да қажеттіліктер есепке алынып кіргізілген. Айқарма бетті дайындаған Сұңғат ƏЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Бұл елдің заңы бойынша биліктегі партияның көшбасшысы автоматты түрде үкімет басшысы болып тағайындалады. Дүйсенбі күні сайлау өтті, сейсенбіде жаңа үкімет басшысының ант беру салтанаты болды. Сөйтіп, ойламаған жерден əлемдегі ең күшті экономиканың бірінде үкімет басшысы ауысты. Бұған сырттағылар таңданған шығар, ал іште, ең алдымен, партияластары арасында айтарлықтай тартыс болып, бұл мəселені либералдардың өздері шешті. Мұны шын мəнінде ел ісіне, мемлекет тағдырына жаны ашығандық деп қабылдауға болар еді. Сырт қарағанда, Австралиядағы жағдай жұрт қызыққандай деуге əбден болады. Бұған оның экономикалық көрсеткіштері де куə. Халқы бары-жоғы 20ақ миллион шамасында, ал экономикалық қуаты жөнінен əлемде 12-ші орында. Ішкі жалпы өнімінің көлемі 1 454 миллиард долларды құрайды. Бұл жөнінен өздерін алыптар қатарына қосатын Корея Республикасы, Мексика, Индонезия, Түркия, Сауд Арабиясы, Иран сияқты елдерден көш ілгері, кейбіреулерін екі орап алады. Бұған австралиялықтар білікті басшылықтың, қалыптасқан жүйенің арқасында жетіп отыр деп тұжырымдауға əбден негіз бар. Осындай елде аяқ астынан үкімет басшысының (бар билік соның қолында) ауысуына

жұрттың таңданысы заңды дерсің. Бұрынғы премьер-министр Тони Эбботт та əлемдегі белгілі де белді қайраткердің санатында жүрген. Тынық мұхиты елдері басшыларының бас қосуында Ресей президенті Владимир Пу тинге Украина туралы сес көрсеткен де сол Эбботт болатын. Сондай басшыны да опоңай ауыстыруға болады екен. Кəдімгі дауыс беру жолымен. Ли берал парламентарийлер дің 54-і Тернбуллды жақтаса, Эбботты 44-і ғана қолдады. Эбботт бұған жылағандай болды. Сатқындық жасады деп партияластарына өкпе айтты. Əділетсіз сынады деп БАҚ өкіл дерін кінəлады. Сөйтсе де, соңғы біраз жылда Австралиядай елде жетекші болғанын мəртебе тұтатынын білдірді. Малкольм Тернбулл да кездейсоқ адам емес. 2008-2009 жылдарда осы Либералдық партия оппозицияда жүрген кезде оның серкесі де болған. Сонда дəл бүгінгідей «сарай төңкерісінің» нəтижесінде осы Эбботт партия билігін тартып алған еді. Бүгін оны өзінің басына келтірді. Жасырын емес, ашық түрде. Эбботт басшылығындағы үкімет «елдің экономикалық даму стратегиясын жүзеге асыра алмайды» деп, өзінің байланыс министрі қызметінен кететінін мəлімдеп, партияластарынан жаңа сайлау өткізуді талап еткен. Оны министрлер кабинетінің біраз мүшелері, арасында сыртқы істер министрі, партия көшбасшысының орынбасары Жули Бишоп та бар, қолдады. Билік тізгінін ұстаған Тернбулл бұрынғы үкімет құрамына көп өзгеріс жасамайтынын мəлімдеді. Басқасын былай қойғанда, Жули Бишоп ханымның онда болатыны анық көрінеді. Үкімет құрамы алдағы аптада жарияланбақ.

Даудыѕ басы – Сириядаєы жаєдай Сириядағы жағдай өз ішінде ғана ушығып қоймай, халықаралық жағдайды да ушықтырып бара жатыр. Соған байланысты əлемнің ең үлкен əскери державалары арасында қақтығысып қалу қаупі туып отырғандай.

Бұл елдегі жағдай туралы бұрын да талай сөз еткенбіз. Жағдай күн сайын өзгереді жəне қиындай түседі. Оның зардабы басқаларға тиіп жатыр. Сириядан қашқан босқындар Еуропаны тұншықтырып барады. Бұл аздай, мұнда ұлы державалардың мүдделері қақтығысар болса, Сириядан не қалады, бұл аймақ неге айналады? Жұртты шошындыратыны – осы елге байланысты Америка Құрама Штаттары мен Ресей басшылығының бір-бірін айыптаған пікірлері. Əзірге пікірлер, ал ол əрекетке айналар болса, ақыры не болмақ дейсің. Əлемнің ақпарат құралдары Ресей Сирияға танктер мен теңіз жаяу əскерін түсірді, Латакияда авиабаза құрып жатыр, күн сайын екі авиажүк рейсі жасалады деген хабарларды сан құбылтып таратып жатады. Ресей сыртқы істер министрлігінің өкілі Мария Захарова Сирияға қару-жарақ беріп келдік, беріп отырмыз, алда да береміз, бірақ əскерилер жоқ, тек бірен-саран нұсқаушылар ғана бар, деп мəлімдеме жасады. Бұған алдымен АҚШ-тың кіші калибрлі басшылары: Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джош Эрнест, Мемлекеттік департаменттің баспасөз хатшысы Джон Керби, сондай-ақ, Пентагон баспасөз

хатшысы Питер Кук мəлімдеме жасап, жауап берсе, АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Керри Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровты телефонға шақырып, бұл əрекеттерінің шиеленісті бұрынғыдан да ушықтыратынын ескертті. Ресей жағы мұны құлаққа ілмеді деу артық шығар, бірақ олар өздерінің Башар Асадты əскери тұрғыда қолдауы халықаралық заңға қайшы емес деуден танбады. Сөз соғысына бұдан кейін бірінші басшылар араласты. АҚШ президенті Барак Обама өз мəлімдемесінде Ресейдің əрекеттері АҚШ пен ол басқаратын коалицияның Сириядағы жағдайды саяси жолмен реттеуіне кесірін тигізетінін айтты. Біз Ресейге олардың стратегияда жарға жығатын қадамға баруы жөнсіз екенін ескертеміз, деді ол. Ресей президенті Владимир Путиннің жауап бермей қалмайтыны белгілі. Ол «Ислам мемлекеті» дегенді Сирия үкіметімен бірлеспей жеңу мүмкін емес, сондықтан Башар Асад басқарған Дамаскіні қолдай беретінін айтты. Əрине, бұл да бір елдің ұстанған бағыты. Екі алып елдің, оның басшыларының ұстанымдары алшақ. Жұрт содан шошиды. Бірақ бір үміт қол бұлғайды. АҚШ Ақ үйінің баспасөз хатшысы Джош Эрнест президент Обаманың Сириядағы жағдайды Ресей мемле кетінің басшысымен тікелей талқы лау мүмкіндігін мəлімдеді. Оған түсіндірме жасаған Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков та Сирия мəселесіне байланысты Ресей мен АҚШ арасында үндесудің қажеттігін жəне мүмкіндігін хабарлады. Үміт алдамаса екен дейсің.


6

www.egemen.kz

Алматыда жаѕа офис ашылады (Соңы. Басы 1-бетте). Құжатта жоғары сапалы функциялдық жəне инновациялық білім беру, медициналық қызмет көрсетуде үйлестіруді, интеграциялауды жəне үзіліссіздікті қамтамасыз ету, паллиативтік көмекті қоса алғанда, созылмалы жай-күйлерін ескере отырып, өмірдің əртүрлі кезеңдерінде пациенттерді жəне ауру жағдайларын қадағалап отыру бойынша нормалар бекітілген. Заңнамаға жұмылдыру дайын дығы мен жұмылдыру мəселелері бойынша түзетулер қаралып, Мəжіліске жіберілді. Бұл құжатта «мемлекеттік органның жұмылдыру жоспары», «əкімшілік-аумақтық бірлік тің жұмылдыру жоспары», «ұйымдар дың жұмылдыру жоспары» сияқты жаңа анықтамалар беріліп отыр. Үкіметтің, уəкілетті органның, орталық атқарушы органдар мен Президентке тікелей бағы натын жəне есеп беретін мемлекеттік органдардың құзыреттерін нақтылауға жəне кеңей туге бағытталған ережелер көзделген. Ұйымның өндірістік, қаржылық, қоймалық мүмкіндіктері туралы ақпаратты ұсынуы бойынша мемлекеттік органдардың жəне ұйымдардың

құзыреттері нақтыланған. Қолданыстағы заңнамада Қарулы Күштерде, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарда, арнаулы мемлекеттік органдарда жұмылдыра өрістету жəне жұмылдыру іс-шараларын орындау бойынша əскери-экономикалық жəне командалық-штабтық оқулар өткізуді міндеттейтін нормалар қамтылатындықтан, заңда осындай оқу-жаттығуларды өткізу жөніндегі уəкілетті органдардың құзыретін кеңейтуге бағытталған нормалар да көзделіпті. Сенаторлар Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің жобасын үшінші оқылымда қарады жəне түзетулерімен Мəжіліске жіберді. «Мемлекеттік құрылыстың одан арғы 100 нақты қадамы» бес институттық реформасын іске асыру жөніндегі Ұлт жоспарын орындау үшін үш деңгейлі жүйе құру жағдайында азаматтық істерді қараудың процестік тəртібіне (16-қадам), барлық сот процестерін аудио жəне бейнетаспаға міндетті түрде жазуды енгізуге (20-қадам) байланысты жəне басқа да өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Сонымен қатар, талап қою сомасы екі мың айлық есептік көрсеткіштен кем болған кезде жеке тұлғалардың

Мемлекеттік рəміздер дўрыс ќолданылуы тиіс (Соңы. Басы 1-бетте). «Қазақстан жолының» топтастырушы құндылықтары «Мəңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын іске асырудың негізі болып саналады. Олар: Қазақстанның тəуелсіздігі жəне Астана; ұлттық бірлік, бейбітшілік жəне келісім; зайырлы қоғам жəне жоғары руханият; индустрияландыру жəне инновация

негізіндегі эко номикалық өсу; тарихтың, мəде ниеттің, тілдің ортақтығы; ұлттық қауіпсіздік пен жалпы дүние жүзілік жəне өңірлік проблемаларды шешу ісіне еліміздің жаһандық тұрғыда қатысуы. Бұл ретте, азаматтық қағидатқа құрылған қазақстандық бірегей лік пен бірліктің маңызды бағыттарының бірі мемлекеттік

ҐРЛЕУ

Жетісудыѕ əлеуметтік-экономикалыќ тўраќтылыєы жайында жаѕа ашылєан ОКЌ филиалында айтылды Талдықорғандағы Журналистер үйінде Қазақстан Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі Алматы облыстық филиалы ашылды. Игілікті іске орай республикалық жəне өңірлік БАҚ өкілдерінің басын қосып ұйымдастырылған баспасөз мəслихатына Алматы облысы əкімінің орынбасары Серік Тұрдалиев, «KazSilikon» металлургиялық комбинаты ЖШС директоры Данел жəне «Aluminium of Kazakhstan» ЖШС директоры Жұмабек Нұрсұлтан қатысты. Нұрбол ƏЛДІБАЕВ,

«Егемен Қазақстан».

Əуелгі кезекте белгіленген тақырып аясында өңір басшысының орынбасары Алматы облысының биылғы жылдың 8 айындағы əлеуметтік-экономикалық өсу көрсеткіштерін слайд арқылы көрсете отырып, «Жетісу жерінде биыл 25 жаңа жəне 8 кеңейтілген кəсіпорын іске қосылып, қосымша 1200 жұмыс орны ашылғанын көлденең тартты. Қайта өңдеу, индустриялық құрылыс, көлік құрастыру, дəрі-дəрмек жəне тағы басқа əртүрлілік бір ғана өндіріс орнына қаратып, тəуелді еткен жоқ. Аграрлық сала, құрылыс, бюджеттің орындалуы, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы жақсы, деді əкімнің орынбасары. Облыс аумағында атқарылып жатқан жұмыстарға қоса, таяуда Елбасы Қытай еліне барған сапарында 48 жобаны жүзеге

асыру туралы келісім жасасқаны мəлім. Сол жобаның 5-еуі біздің үлесімізге тиіп отыр екен. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай көлік дəлізінің 400 шақырымы Жетісу жерін басып өтеді. Онда халықаралық талапқа сай жанаржағармай стансалары, техникалық жөндеу орталығы супермаркет, қонақ үй секілді қызмет көрсету орындары топтастырыла 7 жерден салынатын болыпты. Бұл жұмыс қарқынды жүруде көрінеді. Негізі, Қазақстандағы ең ірі əрі барлық талапқа сай жұмыс істеп тұрған «Қайнар» атты аккумулятор зауыты жəне алюминий өнімдерін шығаратын жалғыз зауыт та Жетісу жерінде орналасқан. Тоқтаусыз жұмыс істеп, тұрғылықты халықты тұрақты жұмыс орнымен қамтып отырған агроөндірістік кешенді қолдау үшін ағымдағы жылы 34 млрд. теңге бөлініп, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 1,8

18 қыркүйек 2015 жыл

жəне талап қою сомасы отыз мың айлық есептік көрсеткіштен кем болған кезде заңды тұлғалардың мүліктік мүдделеріне байланысты істер бойынша сот актілерін кассациялық тəртіппен қайта қарауға шектеулер енгізіледі. Регламентке сəйкес, «Қазақстан Республикасының кейбір заңна малық актілеріне азаматтық процестік заңнаманы жетілдіру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы да палатада үшінші оқылымда қаралып, Мəжіліске жіберілді. Сенаторлар үш сатылы жүйенің құрылу жағдайындағы қылмыстық істерді, сондай-ақ, əкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қараудың процестік тəртібімен (16-қадам), барлық сот процестеріне бейне жəне таспаға жазу шараларын міндетті түрде енгізумен (20-қадам), алқа билер соты қолданылатын салаларды кеңейтумен жəне алқа билер соты міндетті түрде қатыстырылатын қылмыстық істердің санаттарын анықтаумен (21-қадам), адамның жəне азаматтардың конституциялық құқын шектейтін барлық тергеу қызметі жөніндегі өкілеттіктерді тергеу судьясына біртіндеп беруді қамтамасыз ету арқылы сотта айыпталушы мен қорғаушы арасындағы теңгерімді қамтамасыз етумен (22-қадам) байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Сондайақ, қылмыстық теріс қылық жəне онша ауыр емес қылмыс бойынша істерді кассациялық тəртіппен қайта қарауға шектеулер енгізіледі.

рəміздерді қолдану мəселесі болмақ. Жоспарды əзірлеу барысында Эко номикалық ынтымақтастық жəне даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдерінің тəжірибелері зерделенген. Уəкілетті мемлекеттік органдардың басшыларына жаңғырту жөніндегі іс-шаралар өткізу жəне мемлекеттік рəміздер саласында нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру, сондай-ақ, ақпараттық насихаттау мəселелеріне назар аудару тапсырылды. Жиын қорытындысы бойынша Мем ле кеттік хатшы мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар мен ұсынымдар берді.

есеге артқан. Өңірдегі кезінде дүрілдеп жұмыс істеген төрт қант зауытын қайта іске қосу үшін облыс əкімі Амандық Баталов қант қызылшасын молынан өсіру жолын тауыпты. Сортты тəтті түбірдің салмағы да, сапасы да жақсы екен. Туризм саласын дамыту мақсатында Алакөлге пойыз жүргізіліп, ұшақ ұшып-қонатын мүмкіндік мықтап қолға алынған. Келесі кезекте тікелей қосылымда отырған Астана, Көкшетау қалаларынан жəне осы жиындағы «Хабар», «Қазақстан», «Жетісу» телеарналарының журналистері Серік Тұрдалиевке тақырып аясында сұрақтарын қойып, қанағат танарлық жауаптарын алды. Сондай-ақ, журналистер тарапынан АҚШ долларының айырбастау бағасының күрт өсуі өңірде туризмді дамытуға, азықтүлік бағасына ықпалы туралы да сұрақтар іркілмеді. Туризм негізгі жұмысы атқарылған тек Алакөл ғана емес, өзіндік тұрақты келушілері қалыптасқан Жетісу жеріндегі 5 ұлттық бақта да үзіліссіз дами беретіндігін өңір басшысының орынбасары нақты деректерді келтіре айтып берді. Қорыта айтқанда, бүгінгі күні 8 облыста, осы жылдың аяғына дейін республикамыздың өзге өңірлерінде де ашылады деп жоспарланған Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне тек жағымды жаңалықтарымен елді қуанта берер деген үміт артылды. ТАЛДЫҚОРҒАН.

ЌАРСАЅДА Тараз ќонаќтарды кїтіп алуєа дайын Қазақтың ұлт болып қалыптасуында ерекше мəн-маңызға ие тарихи кезеңдерді жаңғырту арқылы елдің рухын көтеріп, санасын жаңартатын Қазақ хандығының 550 жылдығы елдігімізді нығайтып, халықтық дəстүрлеріміз бен мəдениетімізді дамытатыны тағы анық. 8-9 қазан күндері көне Тараз төрінде өтетін Қазақ хандығының 550 жылдығына орай халқымыздың өнегелі өмірі мен ерлігін зерделеу бағытында үлкен ісшаралар ұйымдастырылатын болады. Той түндігі Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ұлы Жібек жолындағы пікірлесу: Орталық Азия. Аймақ халқының ынтымақтастық тəжірибесі» атты халықаралық мəжіліспен ашылады. Сондай-ақ, бұл күндері «Қазақ хандығы» энциклопедиясының тұсаукесері, «Мəңгілік Ел» республикалық ақындар айтысы, «Тарих. Əйелдер. Қазақстан»

республикалық қыз-келіншектер конференциясы өтеді. Дүбірлі тойға Алматы, Оңтүстік Қазақстан жəне Қызылорда, сондай-ақ, Жамбыл облыстарының өнерпаздары əнжырдан шашу шашпақ. Тарихы тереңнен басталатын халқымыздың өткенін ұмытпай, бүгінін бағалайтын бұл тойдың маңызды іс-шараларының бірі – көрнекті қаламгер Қалихан Ысқақтың «Қазақтар» жəне сенатор Жабал Ерғалиевтің «Қилы жол» атты драмалық шығармаларының сахналануы деп айтуға болады. Бұдан бөлек, «Қазақ əлемі» тарихи-этнографиялық кешені, «Жəдігер» жылжымалы мұражай экспозициясы, ұлттық қолданбалы өнер бұйымдарының көрме-жəрмеңкесі, «Алтын сақа»: ұлттық ойындар сайысы, киіз бұйымдар қойылған балалар алаңқайы, қазақтардың ғұрыптық жырларын насихаттайтын «Фольклор жəне өмір»

іс-шаралары – халқымыздың салт-дəстүрлерін жаңғыртып, бірегейлігі мен өзгешелігін дəлелдейтіні анық. Сондай-ақ, «Тарих доңғалағы» алаңқайы: көшпелі цирк бағдарламасы, «Көк күйме» алаңқайы: Сақтардан қазақтарға дейін – «Арлан» киім үлгісі театрының тарихи қойылымы, «Дулыға» алаңқайы: Ер қаруы – бес қару: көшпенділердің қару-жарақтарымен таныстыру жəне «Киіз күмбездер»: қазақ киіз үйінің тарихы, сыры, мағынасы, түрлері туралы интерактивті-танымдық бағдарламалары тарих қойнауын ақтара отырып, ұлтымыздың өмірін, ерлігін зерделейді. «Ақ шатыр» сахна алаңы: «Мəңгілік сарын» – Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің бағдарламасы мен «Беркініп садақ асынған» – қазақтың батырлық жырларындағы эпикалық толғаулардан концерт жəне қазақтың музыкалық аспаптары, түркітілдес халықтар музыкасы, дəстүрлі əншілік мектебінің əндері, қазақтың жыртермелері, басқа да бірқатар мерекелік ісшаралар тойға қатысушы қауымның көңілін көтеріп, арманын асқақтатады. Той күндері Тараз төрінде қазақ күресінен «Еуразия барысы» халықаралық турнирі өтеді. Мерейтой аясында алғаш рет өңірімізде поло ойынының тұсауы кесілетін болады. – Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы кезінде алдын ала есеп бойынша облысымызға бес мыңнан он мыңға дейін қонақ келеді деп жоспарланып отыр, – дейді Жамбыл облыстық кəсіпкерлік жəне индустриялықинновациялық даму басқармасының басшысы Алмас Мəдиев. – Статистикалық мəліметтерге сүйенсек, Жамбыл облысына келушілердің саны 8,7 пайызға артып, туризм саласында қызмет көрсететін нысандардың саны да біршама өскен. Орналастыру орындары қызметінің көлемі де 38,5 пайызға артқан. Өңірімізге келушілердің басым көпшілігі, яғни 52,9 пайызы жеке мақсаттармен саяхаттаушылар болып отыр. Келушілерді орналастырумен шұғылданатын 96 қызмет көрсету мекемесі бар. Олар арқылы 21480 адамға қызмет көрсетіліп, 187,7 миллион теңгенің қызметі ұсынылған. Яғни, Тараз тойға келушілерді күтіп алуға дайын.

Кґне ќала ќўлпырып сала берді Таразда тойға дайындық жұмыстары тіптен қыза түсті. Қаланың қақ ортасынан «Қазақ хандығы» монументі бой көтеріп жатыр. «Құрылыс басындағы жұмыс жүйелі жүргізілуі үшін жүзге жуық адам талмай тер төгуде. Сонымен қатар, 25 техника жұмылдырылған. Сондай-ақ, «ҚазАртСистем» жəне «Кереге» ЖШС жұмысшылары да тарихи құрылысқа өз қолтаңбаларын қалдыруда, – дейді «Жамбылхимстройинжиниринг» ЖШС директоры Юрий Минаков. – Монументтің ұзындығы 30 метрдей болмақ. Яғни, тарихи тойға арналған еңселі монумент алыстан көз тартып, қала тұрғындары мен қонақтары серуен құрып, демалатын, өткенге ой таразылайтын орынға айналмақ». Ал «Тараз» қонақ үйінің алдындағы Маңғыстау облысы қолға алған сквер тіптен көздің жауын алады. Бұл жерде ерекше үлгідегі субұрқақ пен əктастан жасалған киіз үй пайда болды. Абаттандыру жұмыстарына 32 адам тартылып, құрылысқа 7 техника жұмылдырылған. Алаңның орта тұсына орнатылған қазақы киіз үйдің жобасы төңірекке ерекше көрік береді. Бұл құрылысқа қажетті əктас Маңғыстау облысының Жаңаөзен өңірінен жеткізілсе, субұрқақтың гранит тасы Қордайдан əкелінді. «Субұрқақтан, үлкен құмырадан бұлақтың суындай мөлдіреп тамшылар ағып тұрады. Біз табиғи сұлулыққа ерекше мəн бердік. Қазақы үйдің төңірегіне түгел жасыл жамылғы төселіп, гүлдер, талдар егілді», дейді бұл жөнінде «Əлімжан Компани» ЖШС-нің директоры Ерлан Əбдуалиев. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағының қарама-қарсы бетінен салынған жаңа сквер де қаланың ең көрікті жерлерінің біріне айналды. «Гүлзар бойына 40 дана жарық шам орнатылып, екі субұрқағы салынды. 4 мың шаршы метр жерге жаңбырлатып суару тəсілімен көгеріп тұратын жасыл алқап жасақталды» дейді «ЖаңаКемерҚұрылыс» ЖШС директоры Еркін Құлманбетов. Міне, Тараз той қарсаңында осылайша құлпырып сала берді.

ЖƏДІГЕР Ешбір халық тарихсыз болмайды. Барша халықтың ұлт болып қалыптасуы үшін талай-талай тарихи кезеңдерді басынан өткізетіні анық. Осы орайда Қазақ хандығының 550 жылдығы тарихымызды дамытуға, сана-сезімімізді, жастарымыз бен бүкіл халқымыздың танымын қалыптастыруға қуатты серпін береді. Жақында көне қала орнында қазба жұмыстарын жүргізіп жатқан археологтар əйелдің əшекей бұйымдары салынған құмыра мен басқа да бағалы заттар тапты. «Қазархеология» ғылыми орталығының қызметкерлері орта ғасырдағы қаладан күні бүгінге дейін қолданыста болған ою-өрнектер мен дəйекті деректер табылып жатқанын айтады. Бұл табылған жəдігерлерден көшпенділердің қолтаңбасын тайға таңба басқандай анықтауға болады. Құнды жəдігерлер зерттеліп, тексерілген соң «Ежелгі Тараз ескерткіштері» қорық мұражайына

сақтауға беріліп, Қазақ хандығының 550 жылдығы мерейтойында көпшілік назарына ұсынылмақшы. – Жалпы алғанда, көне қала орнындағы қазба жұмыстарымен екі жылдан бері Мəдениет жəне спорт министрлігінің тапсырмасымен «Қазархеология» ЖШС айналысуда, – дейді бізбен əңгімесінде «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мəдени қорық-мұражайының директоры Тəкен Молдақынов. – Осы уақыт ішінде көне Тараз қаласының əр кезеңіне жататын жəдігерлер, оның ішінде алтын, күміс, мыстан жасалған əшекей бұйымдар сияқты құнды жəдігерлер топырақ астынан аршылып алынды. Күні кеше ғана біршама жақсы сақталған орта ғасырлық ыдыс қоймасы табылды. Қазір қазба орнында негізінен табылған сəулет өнерінің жəдігерлерін жəне ежелгі қала қорғанының фрагменттерін қалпына келтіру, шығыс қақпасын қайтадан

тұрғызу секілді жұмыстар атқарылуда. Қайта жаңғырту жұмыстарына Алматы, Түркістан, Қызылордадағы «Қазқайтажаңғырту» мекемесінің мамандары қамтылды. Дəл қазір бұл аумақтан «Ежелгі Тараз» тарихи-мəдени орталығы бой көтеріп жатыр. Орта лықтың ішін жасақтау, яғни, жəдігерлерді орналастыру жұмыстарымен «Заман Ту» ЖШС мен «Ежелгі Тараз ескерткіш тері» қорық-мұражайының мамандары айналысуда екен. Осыған орай жəдігерлер іріктеліп, тарихи кезең-кезеңге бөлі ніп қалыптас тырылуда. Қазба барысында шыққан жəдігерлерді қайта жаңғырту үшін қо рық-мұражай жанынан «Ар хео логиялық зертхана» құрылған. Енді бұл аумақ толығымен тазаланып, археологиялық саябақ жасау жұмысы қолға алынуда. Яғни, ашық аспан астындағы мұражай жасалып, қазылған жерлер заманға лайықты бастырмалармен жабылады. Тарихи орталықтың аумағында Шолу мұнарасы, Достық үйі, Мыңбұлақ құрылымдары бой көтеріп, өз алдына əдемі бір кешен болмақ.

Топтаманы дайындаған «Егемен Қазақстанның» Жамбыл облысындағы тілшісі Оралхан ДƏУІТ.


18 қыркүйек 2015 жыл

ҮКІМЕТ

ҮКІМЕТ

Маѕызды салаєа – мыќты маман «Кейбір оқу орындарының сұраншақ, Үкіметке көзкөген болған күйін көріп біртүрлі жаным ашиды. Білім жаһанды жаңартушы, жаңғыртушы десек, ол соны оқытушы, тоқытушы білім мен ғылым ордаларының бірі емес пе?! Демек, қазіргі уақытта сөзің мен көзіңді сатып алақан жайғаннан көрі, олардың менеджментін заман талабына сай жетілдіріп, қара қазанның отын өзі маздатқаны жөн. Осыны, яғни бар мəселе мықты менеджментте екенін терең ұңғып ұққанда ғана Мəңгілік Елдің іргесін білім-білікпен нығайта түсеміз», деді Астанадағы Көлік жəне коммуникация колледжінің директоры Зулфухар ГАИПОВ. Оқу орнының 70 жылдық мерейтойы қарсаңында біз оны əңгімеге тарттық. – Білім ошағы 1945 жылы құрылып, 120 талапкерді екі мамандық бойынша қабылдаған екен. Оны оқу орнының тарихын көзден кешіргенде білдік. Сол тұңғыш түлектердің кейінгі өмірі қалай өрілгені сіздерге мəлім бе? – Өз мамандығым тарихшы болғандықтан бұл жағына ұқыпты қарауға тырысамыз. Біздегі деректерге зер салсақ, 1949 жылы сол 120 талапкердің 105-і оқу орнын толық аяқтап, алғашқы түлектер ретінде ұшып шықты. Оларға 15 ұстаз дəріс оқыған. Мамандық иеленген азаматтардың бəрі Қазақ теміржолына қызметке орналасып, абыройлы еңбек еткені туралы деректер бар. Негізі, оқу орнының құрылу мақсаты, Қазақстанның орталық жəне солтүстік аймақтарында өндірілген шикізат өнімдері мен өсірілген егінді Ресейге тасымалдайтын теміржолды мамандармен қамтамасыз ету болатын. Осы тұрғыдан қарағанда, білім ошағы өз міндетін мінсіз атқарды. Мұны нық сеніммен айтуымның себебі, осында білім алған түлектер білімділігімен жəне еңбекқорлығымен үнемі дараланып тұрған. Қазір оқып жүрген 2500 студент пен оларға дəріс оқитын 100-ден астам ұстаздардың əрбірі туралы осы пікірді қайталағым келеді. Аталған 2500 оқушының мыңжарымы мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алса, 700-і ақылы бөлімде, ал 300-і сырттай оқиды. Бұған қоса, штаттағы мұғалімдер саны 105 болғанымен тағы 87 ұстаз арнайы пəндер бойынша сырттан келіп дəріс береді. Осының бəрін қоса айтсақ, бүгінде колледжде 192 педагог қызмет етеді. Себебі, біз мамандардың басым көпшілігін теміржолға дайындаймыз. Жалпы, өткен 70 жылда осы білім ошағын 35 мыңнан астам түлек бітіріп, үлкен өмірге қанат қаққан. Əу баста, екі мамандық бойынша білім берілсе, қазіргі кезде 14 мамандыққа оқытылады. Алты мамандық тікелей теміржолға қатысты. Сондай-ақ, электрик, байланысшы, ақпараттық технология, есеп жəне аудит сияқты мамандар дайындалады. Студенттеріміз осы күрделі мамандықтарды жетік меңгеруі үшін штаттан тыс «Қазтелеком», «Қазақстан темір жолы», «ҚазАвтоЖол» сынды ұлттық компаниялардың білікті мамандарын арнайы шақырып, дəріс оқытамыз. Колледждің білім сапасымен қатар, материа лдық базасы да жаңарып, жаңғырып жатыр. Соңғы үш жылда оқу ошағының материалдық базасы 150 млн. теңгеге жаңарды. Осы қаржының 15 млн. теңгесіне тек қана кітаптар сатып алдық. Оған қоса, елімізде өзге баламасы жоқ үш бірдей лаборатория аштық. Оның бірі ЭКСПО-2017-ге қатысты энергияны қайта өңдеу лабораториясы. Мұндай зерттеу орны Қазақстанның бізден басқа бірде-бір білім ордасында жоқ. Ондағы зерттеп, зерделеу аппараттарын 2013 жылы Оңтүстік Кореядан əкеліп орнаттық. Бұған қоса, сол 2013 жылы Дүниежүзілік даму банкі жариялаған байқауда біздің жоба үздіктер қатарынан табылып, жарты млн. АҚШ долларын жеңіп алдық. Ол ақшаға тағы да Қазақстанда баламасы жоқ электровозтренажер залын аштық. Бұл тренажер елімізде

жүрген ең соңғы үлгідегі электровоздардың макеті. Студенттеріміз сол аудиторияда отырып, кəдімгі электровозды жүргізіп бара жатқандай əсер алып, тəжірибе шыңдайды. Ол кабинада машинист пен көмекшісіне жəне инспекторға орын бар. Мұнымен бірге, осы жылдың мамыр айында колледж аумағынан үлкен оқу-жаттығу полигонын аштық. Онда вагондарды қалай ажыратып, қалай тіркейтіні сияқты құрама жасақтау операцияларының бəрі тəжірибемен ұштастыра оқытылады. – Колледжде қазақ топтары басым екенін аңғардық. – Дұрыс байқағансыз. Мен осы оқу ордасындағы 10-шы директормын. Маған дейінгі əр басшы оқу ошағының бүгінгі дəрежеге жетуіне өз үлесін қосты. Десем де, олардың арасында айрықша құрметке лайық ағамыз бар. Ол білім орнын 1968-1977 жылдары басқарған Сапар Мұстафин деген ақсақал. Əлі де аттан түсе қоймаған бұл кісі осы кезде де колледждің іс-шараларына қатысып тұрады. Ал айрықша құрметке лайық деуімнің себебі, ардагер ағамыз өзі басқарған жылдары техникумда қазақ топтарын ашып, жергілікті ұлт балаларының кəсіптік білімді қиналмай үйренуіне мүмкіндік тудырды. Негізі, еліміздің солтүстік аймағын қат мамандармен қамтамасыз етуде теміржол техникумының сол кездерде сіңірген еңбегі мол. Бұл жерден мықты мамандар шыққанын да айтып өткен жөн. Олардың алды қазір Санкт-Петербургте теміржол қатынастары университетінің ректоры. Сондай-ақ, Қазақстан мен Ресей еліндегі теміржол стансалары мен саладағы басқа да басшылық қызметтерде осы оқу орнының түлектері көптеп саналады. Бір сөзбен айтқанда, колледждің 70 жылдық тарихы өте бай. – Сіздерде лабораториялармен қатар, бірнеше шеберханалар бар екен. Солардың қызметі жөнінде де айтып өтсеңіз? – Колледжде əр бітірушіге дипломмен бірге тағы бір жұмысшы мамандығы қоса беріледі. Мысалы, екінші дəрежелі дəнекерлеуші немесе ағаш ұстасы деген сияқты. Айтылған 7-8 шеберханада осындай бірнеше жұмысшы

Баєа тўраќтылыєы їшін Нұрбол ƏЛДІБАЕВ,

«Егемен Қазақстан».

мамандықтар үйретіліп, игеріледі. Сөйтіп, дипломына электрик əрі токарь немесе механик əрі слесарь деп тағы бір мамандық қоса жазылады. Жоғарыда Дүниежүзілік банктің байқауында 500 мың АҚШ долларын ұтып алғанымызды айттым. Сол қаржының бір бөлігін осы шеберханалардағы тозған құрылғыларды жаңасына, заманауи үлгідегі озық станок жəне құралдарға алмастыруға жұмсадық. Енді оқытушылар құрамына тоқталар болсам, колледж кəсіптік-техникалық мамандар дайындайтындықтан мұндағы ұстаздар санатпен бағаланады. Қазіргі оқытушылардың 70 пайыздан астамының жоғары санаты бар. Бұған қоса, бірнеше ғылым кандидаттары мен доценттер, профессорлар мен ғылым докторлары қызмет етеді. Сондай-ақ, соңғы үш жылда академиялық дəрежесі бар 25 магистрантты жұмысқа қабылдадық. Осыларға қарап, колледждің ұстаздар құрамының əле уеті зор екенін аңғаруға болады. Тағы бір айта кетерлік жайт, шетелдік бірқатар əріптестерімізбен тығыз байланыс орнатып, Франция мен Оңтүстік Кореяда жəне т.б. елдерге оқытушыларымызды жіберіп, біліктіліктерін арттырып жүрміз. – Жетістіктеріңіз бар екен. Əйтсе де, ойға алғанмен жүзеге асыра алмай жүрген жобаларыңыз бар шығар. Мүмкін Үкіметтің немесе қала əкімдігінің көмегі қажет болар? – Əрине, оқу орны болған соң жаңа идеялар легі мен жаңа жобалардың дүниеге келе беретіні анық. Десем де, Мемлекет басшысының ойымен толық қосыламын. Ол кісі қандай да мекеме өз бетімен қаражат тауып, ойға алған жоспарын өзі жүзеге асыруы тиіс деген еді. Біз осы пікірді құптай отырып, колледждің менеджментін дамытуға күш салдық. Заманауи басқарудың заңғар биігіне шыққымыз келеді. Сөйтіп, өз арбамызды өзіміз тартуға талаптанып жүрміз. Құрылтайшымыз Астана қаласының əкімдігі болғанымен, мақсатты жобаларды жүзеге асыруға негізгі қаржыны өзіміз табуға əрекет етеміз. Нəтижесінде, біздің салаға қатысты жарияланып жүрген халықаралық немесе елішілік байқауларға атсалысып, білім мен идеялар сайысына қатысамыз. Көп жағдайларда біздің жобалардың өтімді болғанының арқасында жүлдегер атанып, соның есебінен қаржы түсірген кездеріміз көп. Сондай-ақ, ақылы бөлім дерден түсетін қаржы да əлеуметтік жағдайымызды дұрыстауға молынан септеседі. Мысалы, биылғы бітірген түлектерімізді түгел дерлік «Қазақтелеком» ұлттық компаниясы қызметке алды. Сондай-ақ, сапалы ісімізді бағалап, маман дайындатуға өтінішпен келетін өзге де мекемелер мен компаниялар бар. – Студенттер мен оқытушылардың мəдени демалысы жөнінде білгіміз келеді? – Колледжде мəдени демалыс дұрыс жолға қойылған. Еліміздегі мемлекеттік мерекелердің бəрінде арнайы əдеби кештер ұйымдастырылып, жастардың патриоттық сезімін шыңдайтын шаралар міндетті түрде өткізіледі. Мəселен, Наурыз мейрамында «Армысың, əз Наурыз!» атты байқауда қала бойынша біздің колледж жүлделі үшінші орынды жеңіп алды. Саламатты өмір салтын қалыптастыруға да ден қойғанбыз. Соңғы үш жылда қала бойынша волейболдан бірінші орынды ешкімге бермей келеміз. Бұған қоса, қол күресі мен шаңғы жарысында қол жеткізген табыстарымыз да көңіл қуантады. 2курста оқитын студентіміз Токияда өткен Азия чемпионатында бірінші орынды жеңіп алды. Айта берсек, табыстарымыз аз емес. Əңгімелескен Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».

Жалаєашта жаѕа зауыт ашылды Ержан БАЙТІЛЕС,

«Егемен Қазақстан».

Елбасы елде индустриялықинновациялық жобаларды жүзеге асырып, олардың бəсекеге қабілеттілігін арттырып, өз ішіміз бен эксортқа қатар шығу керектігін тапсырған. Міне, дағдарыстан шығудың ең тиімді жолы да осы. Ал республика бойынша іске қосылған үдемелі индустриялықинновациялық бағдарламасы Мемлекет басшысы тапсырмасын орындайтын ең басты құрал. Бүгінде аталған бағдарлама өз жемісін бере бастады. Мысалы, Қызылорда облысының Жалағаш ауданында жарық диодты шамдар өндіретін зауыт ашылды. «Қазэнергияүнемдеу» ЖШС қолдауымен іске қосылған зауыт жылына 31,2 мың дана жарық диодты шам шығаруға қауқарлы.

7

www.egemen.kz

Қазақстанның Индустрияландыру картасы аясында жүзеге асырылып отырған жобаның құны 98,3 миллион теңгені құрап отыр. Кəсіпорын аудандық

индустриялық аймақта орналасқан. Қызылорда өңірі қолға алып отырған жарық диодты шамдар жасау жобасы қазіргі нарық жағдайында өте өзекті. Аталған

өндіріс қуат көзін үнемдеуге мүмкіндік береді. Энергияның өзін үш есе үнемдесе, оған шамдардың ұзақ мерзімге жарамдылығын қосыңыз. – Зауытта шығарылатын өнім түрлерін пəтерлерде, қоғамдық жəне кеңселік ғимараттарда пайдалануға болады. Қазірдің өзінде Жалағаштың ең үлкен көшесі осы диодты шаммен жарықтандырылған. Енді бұл жұмысты жалғастырып, облыс орталығында осындай үнемді шамдарға ауыстыру қажет,– деді облыс əкімі Қырымбек Көшербаев. Қазір кəсіпорында 18 адам қызмет етуде. Толық қуаттылығын да жұмыс істеген уақытта қызметкерлер саны 35-ке жеткізіледі. Қызылорда облысы.

Азық-түлік тауар ларының бағасын тұрақтандыру мақсатында Алматы облысында ауылшаруашылық өнімдерінің жəрмеңкелерін өткізуді Талдықорған қаласы бастады. Алғашқы жəрмеңкені облыс əкімінің бірінші орынбасары Махаббат Бигелдиев ашып жалпы құны 94,1 млн. теңге болатын сапалы жəне экологиялық таза өнімнің 437 түрі тұтынушыларға ұсынылғанын, яғни 45,5 тонна ет, 12,78 тонна балық, 39,58 тонна картоп, 90,0 тонна көкөніс, 22,6 тонна жемісжидек пен жалпы көлемі 324,4 тонна болатын басқа да түрлі өнім ашық саудаға түсетінінен хабардар етті. Жалпы, азық-түлік түрлерінің көптігі жəне төменгі бағада сатылатындығы тұрғындардың көңілінен шығуда. Бағаны тұрақтандыруға бағытталған бұл

шара облыста құрылған өңірлік штабтардың бақылауына алынған. Осы мақсатта аудандар мен қалаларда жəрмеңкелер өткізіліп, əлеуметтік дүкендер мен сауда нүктелері жұмысы жүргізіледі. Сондай-ақ, азаматтардың бағаға қатысты қоңырауларын қабылдау үшін облыс тық жедел штабта сенім телефоны бар.

Қорыта айтқанда, Алматы облысында мемлекеттік саясатқа сай əрекет етіп, берілген тапсырманы дер кезінде орындауда сөз бен істі қабыстыра білудің бір дəлелі ауылшаруашылық өнімдеріне арналған жəрмеңкелер өткізу болып табылады. ТАЛДЫҚОРҒАН.

Су ќоры ўќыпты кґзќарасќа зəру Еділбек ОМАРОВ,

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің профессоры.

Еліміздегі қолда бар су қорын тиімді пайдаланып, халқымызды жəне бар малымызды ауызсумен, ал суарылатын алқаптарымызды дер кезінде суаруға керекті су көлемін сақтайтын қоймалар мен канал жүйелері дайын болғанда, оларды тиімді пайдаланғанда ауылшаруашылық өндірісінен мол өнім алуға қол жеткізе аламыз. Экономикалық тиімділік жағынан, суарылатын алқаптарды қажетті суменен толық көлемде қамтамасыз ете алсақ, жиналатын ауылшаруашылық өнімдерін 3-4 есеге арттыруға мүмкіншілік бар. Сонымен қатар, оңтүстік өңірде суарылатын алқап тың мүмкіншілігін тиімді пайдаланған жағдайда, жаз айларында екі рет өнім жинауға болады. Бұған кедергі келтіріп отырған жағдай көп. Ең бастысы, соңғы жылдары орын алып отырған су тапшылығы демекпіз. Бар өзендеріміздегі су деңгейі арнасынан түсіп, керекті көлемде су суару алқаптарына жетпей, көптеген алқапарда егілген бау-бақша мен техникалық дақылдар құрғап қалады немесе жоспарланған өнім жиналмайды. Қазақстанда су проблемасы өте күрделі. Еліміздегі осы су проблемасынан шығу жолдарын іздестіруді ғалымдарымыз көптен бері шұғылданып келеді. Су тапшылығын болдырмас үшін, барлық мүмкіндіктерді пайдалану керек. Яғни жерүсті су жетіспеушілігін жерасты суларымен толтыру, тұрмыстық қажеттілікке керекті су көлемін реттеу, пайдаланған суларды тазалап егін мен бау-бақшаны суаруға қайта пайдалану. Жауын мен қар суларын тиімді пайдалану үшін, кішігірім су қоймаларын салу қажет. Су проблемасын түбегейлі шешу үшін, бірінші, дамыған елдердің үлгісін пайдалану керектігі туындайды. Мəселен, өзені, жер бетінде ешбір су көзі жоқ, құм мен тастақ жерде орналасқан Израиль мемлекеті өзін толық көлемде тұрмыстық жəне егістікті суаратын суменен қамтамасыз етіп отыр. Оған қоса, артық көлемде көкөніс, жеміс-жидек өсіріп, Еуропа елдерін цитрус өнімдерімен қамтамасыз етуде. Оның негізі ғылым жетістіктерін толық көлемде пайдалануда жатыр. Скважина көмегімен 1÷5 мың метр тереңдіктен, ыстық жəне суық суды көтереді. Оған қажетті қуат көзін күн сəулесі мен желден нанотехнология негізінде өндіреді. Израильде бірде-бір

электр стансасы жоқ, электр қуатын 100 пайыз осы күн мен желден алып, бүкіл елді арзан электр тогымен қамтамасыз етеді. Алынған ыстық су тұрмыстық қажетке жəне үйлерді жылытуға, ал суық су ауылшаруашылық дақылдарын тамшылатып суаруға жұмсалады. Оған қо са, тұрмыстық қажеттілікке пайдаланылған су тазартылып, екінші жəне үшінші рет іске жаратылады. Əсіресе, химикаттардан тазартылған суға минералды тыңайтқыштарды қосып, егін алқабы мен бау-бақшаларды (тамшылатып суару əдісімен) суару нəтижесінде жоғары өнім алады. Қазір Қазақстанның Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент сияқты ірі қалаларының əрқайсысы жыл сайын 9 млрд. текше метр пайдаланылған су шығарады екен. Егер осы су көлемін қайта тазалап, пайдаланған жағдайда, қала маңындағы бау-бақша мен егістерде қаншама су мəселесін шешуге болады. Суды тазалап, құрамындағы химикаттарды алас тайтын қондырғылар мен тазалау технологиясы бар, тек қана оны іс жүзіне асыра білетін мамандар керек. Екінші күрделі проблема, ол жерасты суларын пайдалану мəселесі болып отыр. Бұл еліміз үшін ерекше бір жаңалық емес. Мəселен, Шу өзенінің бойындағы жəне Меркі мен Тұрар Рысқұлов аудандары алқабында жерасты суларын көтеретін насос стансалары сонау 1980 жылдарға дейін пайдаланып келген, оған электр жүйелері тартылып, ал бетон астау лары жол бойында қатарласып, суды егістік алқаптарына тасып жататын. Сол суармалы жемшөп пен қызылша егістіктері, жүгері жəне баубақша алқаптары соңғы 15-20 жыл көлемінде сұраусыз қалды. Бетон астаулар мен су көтеру стансалары, жап-жаңа трансформаторлар талан-таражға түсті. Ендігі мəселе, осы жерасты суларын пайдалану жүйелерін жандандырып, қалпына келтіру, егістік алқабын, оның ішінде бау-бақша, қант қызылшасы мен жүгері алқаптарын кеңейтетін уақыт жеткен сияқты. Осындай өмір талабынан туындаған кешенді проблеманы шешу үшін су шаруашылығы мамандарын даярлауды жандандырып, қайта даярлау керектігі қазіргі кезде туындап отырған аса өзекті мəселе. Су жүйелерін жобалайтын, су қондырғыларын жəне қоймаларын салатын жəне өнімді техниканы пайдалана отырып, озық технологияларды өмірге əкелетін білікті кадрларға зəруміз. Көрші Өзбекстан Республикасында су шаруашылығы институты университет деңгейінде қайта

құрылып, жұмыс істеуде. Олар өте керекті мамандарды дайындайтын іргелі оқу орны болып саналады. Өзбекстанның жəне Мəскеудің су шаруашылығы оқу орындарында су шаруа шылығының инженерлері мен бакалаврлары қатар дайындалады. Бес жыл оқыған инженер су жүйелерін жобалаумен, құрылысын салумен шұғылданатын жəне тиімді пайдалана білетін маман болып шығады. Ал бакалаврлар – техник гидротехник жəне жəй механик ретінде инженердің көмекшісі болып, яғни бұрынғы техникум дайындайтын гидротехник дəрежесінде мамандық игереді. Магистратура болса, негізінен ғылыми қызметкерлерді дайындауға бағытталған. Біз болашақта су шаруашылығы мамандарын даярлау үшін осы Мəскеу мен Ташкент үлгісін алғанымыз өте тиімді болмақ. Себебі, «бакалавр» мамандығының білім дəрежесі суландыру жүйесін жобалауға, құрылысын салуға жеткіліксіз, ал магистранттар диссертация жазып, тек қана ғылыммен айналысуына байланысты инженер дəрежесіне көтеріле алмайтындығы белгілі жағдай. Жамбыл су шаруашылығы-құрылыс институты өткен ғасырдың 70-90-жылдары Қазақстанның, сондай-ақ, Одақтың сұранысына сай 4-5 бағытта мамандар даярлайтын еді. Олар: су құрылысы жүйелерін жобалау; жобаланған су құрылысы жүйелерін салыптұрғызу; салынған гидрожүйелерін тиімді пайдаланып, техникалық күтім мен жөндеу жұмыстарын жүргізу; қала мен селолық елді мекендерді суменен қамтамасыз ету мен пайдаланған суды қайтадан тиімді пайдалану жəне су шаруашылығының экономистері мамандықтары болатын. Осы салалардың мамандарын даярлауға байланысты төмендегідей факультеттер жұмыс істеген еді, олар: су шаруашылығы; гидротехникалық құрылыс; қала мен елді мекендерді суменен қамтамасыз ететін жəне канализациялау; су шаруашылығын механизациялау; су шаруашылығының экономистері еді. Нарық заманының талаптарына сай республикамызда көптеген өзгерістер болды. Ауылшаруашылық құрылымы түбегейлі өзгерді, көптеген мамандықтарға сұраныс болмай, жобалау институты жабылды, Қазақ су шаруашылығының ғылыми-зерттеу институтына келетін тапсырыстар күрт төмендеді. Бұрынғы институттың құрамындағы 1500 қызметкердің 200-дейі ғана қалды. (Соңы 8-бетте).

1


8

www.egemen.kz

18 қыркүйек 2015 жыл

Қостанайда «Қазақстанның үздік тауарлары» байқаукөрмесінің қорытындысын шығарды. Отандық өнімдердің сапасын көтеру мақсатында өткізілген байқау-көрмені облыс əкімдігі мен «Атамекен» ұлттық кəсіпкерлер палатасының облыстық бөлімшесі – Кəсіпкерлердің облыстық палатасы ұйымдастырды. Соңғы жылдары дəстүрге айналған көрмені жұртшылық та, кəсіпкерлердің өздері де күтетін болды.

ҮКІМЕТ

Ґскендіктіѕ белгісі Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан».

Өйткені, жаңалық іздейді. Байқау-көрмеге бұрынғыдай тауар өндірген кез келген кəсіпорын келіп, өнімін жая салмайды. Комиссияның өткір сынынан өтіп, сапасына сенген кəсіпорындар ғана қатысатын болды. Биылғы өнімін сынауға 13 кəсіпорын қатысуға тəуекел еткен. Ең бастысы, соның 8-і жұртшылық алдына бірінші рет шығып отыр. Сол сегіздің ішінде жұмысын өткен жылы жəне биыл бастағандар бар. Мысалы, «ЕвразКаспианСталь» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өткен жылы толық күшінде жұмыс істей бастады. Оның шығарған металл илек арматуралары бүгінде Ресейге, Орталық Азия республикаларына артылып жатыр. Өзіміздің Қазақстанның қай тұсын болса да құрылыс арматураларымен қамтамасыз етуге даяр. Əлемдік қаржы, эконо микалық дағдарыс салдарынан облыстағы кəсіпорындар қарқынын бəсеңдете бастаған бүгінгі күрделі уақытта ырғақты жұмыс істеп тұрған өндіріс орны да осы «ЕвразКаспианСталь» болып отыр. Жыл басынан бастап 188,8 мың тонна арматура, яғни 13,8 миллиард теңгенің өнімі өндірілген, бұл 6,8, есе өсті деген сөз. Өндірілген өнімнің көлемі жөнінен жаңа кəсіпорын облыста атақты Соколов-Сарыбай кен өндіру бірлестігінен кейінгі екінші орында тұр. «ЕвразКаспианСталь» байқау-көрмеде «Өндірістік маңызды үздік тауарлар» аталымы бойынша бірінші орынды жеңіп алды. Бұл аталымдағы 2-ші орын «Костанайстройтеплокотлсервис», 3-ші орын «Фабрика нетканных материалов «S.M.F.-System» жауап кершілігі шектеулі серіктестіктеріне бұйырды. Байқау-көрменің «Үздік азықтүлік тауарлары» аталымы бойынша бірінші орынды ет өнімдерін

өндіретін «Аян-Озат», 2-ші орынды ұн өндіретін «Аруана-2010», 3-ші орынды жылдам пісетін кеспе өндіретін «Ақбарс НК» кəсіпорындары иеленді. Негізі азық-түлік өндіретін, өңдейтін кəсіпорындарының көпшілігі ауыл шаруашылығымен байланысты екені аян. Осы орайда биылғы көрменің жағымды жаңалықтары да жоқ емес. Көрмеге бірінші рет қымызды өндірістік негізде өндіруге көп жылдан бері талпынып жүрген «Каменскуральск» шаруашылығы қатысып, мақтау қағазына ие болды. Күніне 150 литр қымыз өндіреміз, оны Қостанай қаласындағы дүкендерге, туберкулезді емдейтін санаторийге өткіземіз. Қымыздың емдік қасиетін, шипасын, азықтық нəрін жұрт жақсы түсінген, өніміміз өтпей қалмайды, дейді осы шаруашылықтың технологы Уəлихан Аймұхамбетов. Алайда, қымызды полиэтилен шөлмектерге құйып сату деңгейінде қалу шаруа шылықтың күнделікті күнкөрісін ғана айыратынынан хабарымыз бар. Жылқыға жайылым жетеді, су жетеді. Бірақ, осы төл малымыздың еті мен сусынынан өндірістік бренд жасай алмай жүргеніміз көзі ашық кəсіпкерлерді шамырқандыра бастады. Бүгінгі нарық əр кəсіпорыннан өсуді, ізденісті талап етіп отыр. Байқаукөрмеге бірінші рет қатысып отырған «Каменскуральск» шаруашылығының басшысы Өскелең Мұратовтың болашақта бие сүтінің ұнтағын өндіру ісін қолға алуға талаптанып жүргені де өсудің, бəсекеге қабілетті болудың қамы екенін білеміз. «Халыққа арналған үздік тауарлар» аталымы бойынша 1-ші орынды «СарыАрқаАвтоПром», 2-ші орынды «Сосновый бор» кəсіпорындары, 3-ші орынды «Мастер» тігін бірлестігі алды. Бұл аталым бойынша алға шыққан

ҮКІМЕТ

Польша кəсіпкерлері оѕтїстікке ќызыєады Бақтияр ТАЙЖАН, «Егемен Қазақстан».

«СарыАрқаАвтоПром» кəсіпорнын оқырман жақсы білуге тиіс. Атақты «Тойота» машинасы осы кəсіпорынның өндіріс алаңынан сапқа қойылады. Облыстық байқауға қатысқан екі кəсіпорын республикалық «Алтын сапа» байқау-көрмесіне қатысуға ниет етіп отыр. Осы байқау-көрме аясында Кəсіпкерлердің облыстық палатасы кəсіпкерлерге арнап ғылымитеориялық конференция өткізді. Онда байқау-көрмелерге қатысу үшін құжаттармен жұмыс істеуден бастап, кəсіпкерлікті бүгін қалай дамыту керек деген мəселе төңірегінде ой қозғалды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бизнесті жолға қою үшін оның заңдық нормаларының барлығын да жасауды үнемі айтып келеді. Облыстағы Кəсіпкерлер палатасының өзі өңірлерде кəсіпкерлікті дамыту, инвестициялық ахуалды жақсарту, дамыту мəселелерін жолға қоя бастағандай. Үстіміздегі жылдың 6 айында облыс өңіріндегі 218 кəсіпкер Кəсіпкерлер палатасына жүгінген, соның 85-і өз құқығының бұзылғандығы жөнінде нақты арызшағым əкелген. Өткен жылдың

Дүниежүзілік сауда ұйымы табалдырықта тұрып, есігіңізді тықылдатып қағып тұр. «Келсең кел, сақадай саймыз» деп күпсінуге болмайды. Мұндайда, шаруасы шалқыған, үлкен бизнесте үйретері бар мемлекеттермен тонның ішкі бауындай жақындасып, шаруашылықтарыңның шалағай тұстарын жөндеп, кем-кетігін бүтіндеп алмасқа болмайды. Оңтүстікке арнайы келген поляк кəсіпкерлері жəне ғалымдарымен облыс əкім дігіндегі жүздесуде екі жаққа да тиімді жақсы ұсыныстар айтылды.

осы мерзімімен салыстырғанда 31 пайызға артық түскен арызшағымның 29-ында көтерілген мəселелер шешімін тапты. Кəсіпкерлер өтінішінің арқасында 54 əкімшілік кедергі анықталып, оның 30-ы жойылды. «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау жəне дамыту бірыңғай бағдарламасы аясында үстіміздегі жылдың шілдесінен бастап облыс өңіріндегі ісін енді бастаған кəсіпкерлерге тегін кеңес беру, қолдау сервисі жұмыс істейді. Сол үшін облыстың барлық аудандары мен қалаларында кəсіпкерлікті қолдау орталықтары құрылды. 2015 жылдың бірінші жартысында олар 4720 адамға кеңестер берді. Əлемді бір тарының қауызына тығып отырған экономикалық жəне қаржы дағдарысынан шығатын жолды өндірген өнім сапасы табатыны өндірушіге де, тұтынушыға да мəлім болып қалды. Дүниежүзілік сауда ұйымының талабы да осыған саяды. Ендеше, қостанайлық кəсіпкерлер де алға ұмтылып, өсудің жолына түскен сыңайлы.

Фарида БЫҚАЙ, «Егемен Қазақстан.

Өңірде биыл да картоп дегеніңіз көп, көкөністің түрі-түрі жетеді. Тіл тимесін дейік. Жергілікті өз жерімізде өсетін өнімдер молынан болсын. Тіпті, фри аталатын картоп қытырлағын жасау үшін Польша облыстан 50 мың тонна картоп сатып алмақ көрінеді. Фри қытырлағын жасау үшін картоп сопақша пішінді болу керек екен. Картоптың дəл осындай сопақша неміс сұрыпты тұқымдарын біздің жергілікті «Заря» шаруа қожалығы өсіреді. Егер тұқым еуропалық стандартқа сай болса, өнім польшалықтарға да жетіп қалар. Айтса айтқандай-ақ, биыл да картоп өсіруші шаруашылықтар 400 мың тоннадан астам картоп, 180 мың тонна көкөніс жинап алуды жоспарлап отыр. Өңірлік «Павлодар картобы-2015» жəрмеңкесіне облыс əкімі Қанат Бозымбаев жəне Ауыл шаруашылығы вице-министрі Сапархан Омаров қатысты. Соны мен бірге, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингінің, облыс əкімдіктерінің, əлеуметтіккəсіпкерлік корпорациялардың, сау да желілерінің өкілдері, еліміздің, Ресей қалаларының логистикалық орталықтарының өкілдері, сондай-ақ, картоп жəне көкөніс өсіруші ірі өндірушілері де келді. Жəрмеңкеге қатысуға арнайы шақырылған сауда желілері мен супермаркеттер, тауарлық биржалар, көкөніс сақтау қоймалары мен базарлар, логистикалық орталықтардың өкілдері мен əлеуетті инвесторлар да бар. Павлодарлық ауыл шаруашылығы тауарын

2

өндірушілер өнімдерінің түр-түрі көрсетіліп, екі ел бизнес-іскерлік сала өкілдерінің кездесуі өтті. Облыс əкімі Қанат Бозымбаев жəрмеңкенің мақсаты павлодарлық брендті көрсету, серіктестермен картопты өткізу, сату жөніндегі меморандумдар жасау екенін атап өтті. Ал жəрмеңкеде жергілікті жерде көкөністі өсіру технологиясы, картоптың əйгілі сорттары көрсетілді. Сөйтіп, жəрмеңкеге қатысушылар делдалсыз жəне пайдалы шарттармен келісімшартқа отыруға мүмкіндік те алды. Кездесулерде бизнес өкілдері Павлодар картобын Астана, Алматы, Атырау, Ақтөбе қалаларына жеткізу жөнінде 9 келісімге қол қойды. Жəрмеңке қорытындысы бойынша құны 875 миллион теңге болатын 25,1 мың тонна картопты жеткізу бойынша тағы да 12 келісімшартқа қол қойылды. Мамандардың бағалауы бойынша, біздің картоп еліміздің нарығында да, Ресейде де өзінің жоғары сапасымен, дəмділігімен танымал. Оңтүстікте өскен картоппен салыстыруға келмейді де. Өйткені, жергілікті шаруашылықтар картопты «Романо», «Невский», «Сантэ», «Каратоп», «Гала», «Розара», «Мелоди» сияқты сорттардан таңдап өсіреді. Картоп суармалы алқаптарда өседі. Биыл 17 мың гектар жер бөлінген. Облыста жеке үйлер мен саяжайларды санамағанда 50 мың гектар жерде картоп өсіріледі. Облыстағы тұрақтандыру қоры мен тұқымға салынған өнімнен қалған 300-350 тоннадай картоп жəрмеңкеде саудаланды. Ал картоптың келісі – 35

теңге. Қабымен келіп өлшетіп ала бер. Фермерлер күніне 160 тонна картоп сатуда. Тіпті, теңге бағамының еркін айналымға жіберілуі фермерлердің күніне 160 тонна картоп сатуына жол ашқандай. Мысалы, «АқтоғайАгро» ЖШС-ның директоры Игорь Головашовтың айтуынша, тұтынушылар көбейді. Картоп қазуды 11 тамызда бастапты. Тапсырыстың көлеміне қарай қазып алынады. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ернұр Əйткеновтің айтуынша, жалпы есеп бойынша өзіміздің жергілікті тұрғындарға бір жылға шамамен 50 тонна картоп керек екен. 40-тан астам жергілікті шаруашылықтар картоп жəрмеңкесіне қатысты. Маусым айында жергілікті картоптың 100 тоннасын Маңғыстау облысына апару үшін меморандумға қол қойылған болатын. Яғни, облыс еліміздің батыс өңіріне 100 тонна картоп жəне 50 тонна көкөніс жеткізуі тиіс. – Келіссөздердің қорытындысы бойынша облыстан батыс аймаққа 7,5 миллиард теңгеге өндіріс жəне ауылшаруашылық өнімдерін тасымалдау жөнінде келісімге келдік. Мысалы, «Маңғыстау жеміскөкөніс терминалы» ЖШС 50 мың тонна ауылшаруашылық өнімін қабылдауға дайын. Өңірімізде ауылшаруашылық жалпы өнім көлемі 39,9 млрд теңгеден асқан. Биылғы жылы 563 мың тонна астық, 470 мың тонна картоп, 188 мың тонна көкөніс, 66 мың тонна майлы дақылдар жəне 60 мың тонна бақша өнімдерін жинап алмақшымыз, – дейді Қанат Бозымбаев. Сонымен, ауыл шаруашылығы басқармасының мəліметінше,

«Қазақстан темір жолы» АҚ жолаушылардың сұранысын қанағаттандыру мақсатында «ТұлпарТальго» жүрдек пойыздарына бұрын-соңды болмаған жеңілдіктер жариялады. 2015 жылдың 17 қыркүйегінен бастап төмендегі бағыттарда қатынайтын пойыздарға «Турист», «Бизнес» жəне «Гранд» вагондары бойынша 40%-ға дейін қосымша жеңілдіктер енгізіледі. Сонымен қатар, бұрын енгізілген икемді жеңілдіктер мен жолаушылардың 3 тобына арналған дисконтты карталардың да күші сақталады: 1) «Құрмет» – 60 жас пен одан ересек адамдар үшін – 30%; пойыз № 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11

ҚОСТАНАЙ.

жəрмеңке қорытындысы бойынша «Алтынды ПВ» ЖШС астаналық «Laim Group Company» ЖШС-мен 2100 тонна, алматылық «Метро» сауда кешенімен 2 мың тонна, «АПК Үміт» ЖШС-мен 3 мың тонна жəне «АзияАгроХолдинг» ЖШС-мен мың тонна картоп тасымалдау жөнінде келісімшарт жасасты. Ал «Ақтоғай-Агро» ЖШС «Атырау» ƏКК-ге мың тонна көкөніс жеткізеді. «Маяк» ШҚ, «АПК Үміт» ЖШС мен «Атырау» ƏКК-ге 2 мың тонна өнім тасымалдайды. «Агросоюз» ФК «Атырау» ƏКК-ге 2 мың тонна картоп сатады. Аталған кəсіпорын жергілікті «Лейла» ШҚ-дан да осындай көлемде өнім сатып алды. «Тоғаз ШҚ» ЖШС Шымкенттегі «Зурпиева Ж.М» ЖК-ге мың тонна тасымалдамақ. Сондай-ақ, «Андас» ШҚ-ның алқаптарында өсірілген 3 мың тонна картоп «Атырау» фирмасына, «Кеңес Агро» ЖШС-нің 4 мың тонна өнімі Астана қаласына жөнелтіледі. Бір ғана «Заря» ШҚ

Атап айтқанда, польшалық делегаттар карго-терминалы бар халықаралық əуежай құ рылысын жүргізуге, заманауи көлік-логистикалық орталығын ұйымдастыруға, жылыжай шаруашылығы мен етті бағыттағы құс шаруашылығын салуға жəне жасанды қар шығаратын өндіріс орнын құруға мүдделі екендіктерін байқатты. Шетелдік кəсіпкерлерді Қазақстанның Польшадағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Ерік Өтембаев бастап келді. Кездесу соңында тараптар өзара ынтымақтастық бойынша меморандумға қол қойды. ШЫМКЕНТ.

Жол жїру баєасы 70 пайызєа дейін тґмендеді

Пойыздар тізімі №19/20 «Астана – Атырау» №35/36 «Алматы-2 – Шымкент» №49/50 « Алматы-2 – Ақтөбе» №89/90 «Астана – Қызылорда» №69/70 « Алматы-2 – Защита» №77/78 « Алматы-2 – Атырау» №79/80 «Астана – Шымкент» №1/2 «Алматы-2 – Астана» №701/702 «Алматы-2 – Петропавл» №67/68 «Астана – Защита» №87/88 «Астана – Ақтөбе»

Павлодардыѕ керемет картобы Облыс орталығында еліміздегі «Қазагромаркетинг» АҚ пен облыс əкімдігі бірлесіп өткізген «Картоп жəрмеңкесінде» Ресейдің көрші облыстарынан келген қонақтар, жалпы, жұртшылық осылай деп таңданыс білдіріп жатты. Картоп жəрмеңкесінің мақсаты да жергілікті жерде өсетін өнімдерін өткізу үшін əлеуетті кəсіпкер тұтынушылармен ұзақ мерзімді серіктестік байланыс орнату.

«Польша бизнесінің Орталық Азия өңіріндегі базалық алаңына айналу үшін Оңтүстік Қазақстан облысының барлық мүмкіндіктері бар, – деді жүздесуде облыс əкімі Бейбіт Атам құлов. Ал біздің өңірде агроорталық құру жөніндегі идея облысты ірі көтерме сауда орталығына айналдырып, делдалсыз қызмет ұсынуға мүмкіндік береді. Демек, баға жергілікті тұрғындар үшін қолжетімді болмақ». Алқақотан кеңесте облыс тың инвестиция лық мүмкіндіктері таныстырылды, польшалық ағайындармен бірлесе атқарылатын жобалар талқыланды.

400 гектар тұқым егіп, 12 мың тонна таңдаулы картоп өнімін шығарады. Жыл сайын 6 мың тонна картоп тиелген 100 вагон батыс облыстарға жіберіледі. – Павлодар картобының сапасы жоғары. Жəрмеңкеде мол өнім беретін жоғары сортты картопты көрдік. Тамшылатып суару өнімділікті арттырады деген осы. Картопты өсіру саласында да көптеген субсидиялар, қаржылай қолдау, жаңа техниканы сатып алуға берілетін несиелер бар. Ал «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-тың еншілес компаниясы «Қазагромаркетинг» АҚ ауылшаруашылық тауарлары мен қызметтерін дамытудың нарықтық инфрақұрылымын қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда, – деді ауыл шаруашылығы вице-министрі Сапархан Омаров. Павлодар облысы.

______________

Суретті түсірген Валерий БУГАЕВ.

2) «Жастар» – 16-25 жас аралығындағы жастар үшін – 30%; 3) «Саяхатшы» –тұрақты жолаушылар үшін – 10%-20%. Бұдан былай жаңа жеңілдіктердің арқасында дисконтты карталары бар (мə селен «Кұрмет» немесе «Жастар») жолаушылар «Бизнес» жəне «Гранд» вагондарын билет алса, жалпы көлемі 70 пайызға дейін жеңілдікке ие бола алады. «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.

Вагондар бойынша қосымша жеңілдіктер «Турист» «Бизнес» «Гранд» 20% 40% 40% 20% 40% 40% 20% 40% 40% 25% 40% 30% 15% 30% 30% 15% 30% 30% 21% 25% 25% 0% 20% 20% 0% 20% 20% 10% 10% -

Су ќоры ўќыпты кґзќарасќа зəру (Соңы. Басы 7-бетте). Жамбыл су шаруашылығы институты Тараз университетіне қосылып, бұрынғы 50 кафедрадан 1-2 мамандық бойынша ғана кадрлар даярлайтын 2 кафедра ғана қалғанының куəсі болдық. Қазіргі қайта жандандыру кезінде, осындай өте керекті мамандықтар бойынша (су шаруашылығы, сумен қамтамасыз ету мен канализация) мамандар даярлауды республикамыздың көптеген университеттері мен академиялары қолға алған. Олардың қатарында кезінде гидроинститутының филиалы болған Қызылорданың агромелиорация институты, Шымкенттегі М. Əуезов атындағы университет, Қазақ ұлттық ауылшаруашылық университеті жəне Талдықорған, Павлодар, Атырау университеттері бар. Тіпті, енді осындай факультеттерді Астананың агроуниверситетінде де ашу мəселесі қаралып жатқан көрінеді. Осы орайда ашығын айтар болсақ, бұл оқу орындарының мұндай мамандықтар бойынша кадр даярлайтын лабораториялық базасы жоқ. Оқу базасы сəйкес емес. Оқытушы ұстаздары да, оқу құралдары да стандартқа сай емес. Осы аталған саны көп жоғары оқу орындарында су шаруашылығының күрделі жəне өте керекті техникалық мамандарын даярлау тиімсіз. Оның орнына кадрлары мен лабораториялық базасы сақталған Жамбыл гидроинститутын қайтадан қалпына келтірген дұрыс болар еді. Себебі, еліміздегі су шаруашылығы мамандарын даярлайтын кешенді жоо-ның оқу жəне лабораториялық корпустары, оқулық жəне ғылыми кітап қоры, оқытушылар мен ғылыми кадрлардың негізгі құрамы сақталған. Су шаруашылығы мамандарының құрылымын осы жоғарыда айтылған мəселелерге байланысты қайта қарап, су жүйелерін жобалау, су құрылысы мен пайдалану жəне қала мен селолық елді мекендерді сумен қамтамасыз ету үшін нақты мамандар даярлауға бетбұрыс жасаған жөн. Осы мамандықтардың құрылымын Білім жəне ғылым министрлігі қайта қарап бекіткен жағдайда өмір сұранысына сай, оның ішінде нарық талабына жауап беретін білімді де білікті мамандар даярлауға мүмкіншілігіміз болар еді. Ең дұрысы, су шаруашылығы мамандарын даярлайтын бір орталық құрылып, құрамында оқу, ғылыми зерттеу жəне жобалау институттары болса, даярланатын кадрларымыз қазіргі өмір талабына толық жауап беретін мамандар болып шығатынына сеніміміз мол. Елімізде қолда бар су қорын тиімді пайдаланып, қалалар мен елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін Елбасының тікелей тапсырмасына байланысты Үкімет тиісті бағдарлама қабылдап отыр. Онда осы кешенді шешімдер мен қаулыны орындайтын, яғни су мəселесімен тұрақты шұғылданатын кадрлар даярлау бірінші болып шешілуі қарастырылған. Бұл өте орынды жəне дер кезінде қабылданған шешім деуге болады. Себебі, еліміздің ертеңі үшін су проблемасы өте өзекті мəселе, сондықтан қолда бар су қорын тиімді пайдаланып, су шаруашылығының білікті мамандарын қалыптастыру кезек күттірмейтін маңызды міндет.

Орталыќ мемлекеттік органдардыѕ интернет-сайттары: Қазақстан Республикасының Үкіметі

www.government.kz

Денсаулық және әлеуметтік

Ауыл шаруашылығы министрлігі

minagri.gov.kz

Ішкі істер министрлігі

mvd.gov.kz

даму министрлігі

www.mzsr.gov.kz

Энергетика министрлігі

www.energo.gov.kz

Қорғаныс министрлігі

www.mod.gov.kz

Қаржы министрлігі

www.minfin.kz

Ұлттық экономика министрлігі

www.minplan.gov.kz

Білім және ғылым министрлігі

www.edu.gov.kz

Әділет министрлігі

www.adilet.gov.kz

Инвестициялар және

Сыртқы істер министрлігі

www.mfa.gov.kz

Мәдениет және спорт министрлігі

www.mki.gov.kz

даму министрлігі

www.mid.gov.kz


18 қыркүйек 2015 жыл

www.egemen.kz

 Тəттімбет – 200 «Жыл өтті үлкен жүрек тоқтағалы...» – ақын айтқан бұл сөзді біз өмірден көшкеніне бір жыл толған асыл азаматымыз Таласбек Əсемқұловқа қатыстырып та айта аламыз. Ұшан-теңіз білімімен, татаусыз төгілген тілімен сөз танитын қазақтың талайын тəнті еткен Таласбек соңғы жылдарда «Егемен Қазақстан» газетіне көп көңілінен шыққан бірнеше мақалаларын ұсынған болатын. Көрнекті мəдениеттанушы, тамаша жазушы, кемел киносценарийшінің (кейінгі кезде жарық көрген «Біржан сал», «Құнанбай» фильмдерінің сценарийлерін Таласбек жазған) жарияланбаған дүниелері де біршама сияқты. Солардың бірін біздің өтінішіміз бойынша «Егеменге» жазушының жары Зира НАУРЫЗБАЕВА жеткізіп берді. Шамамен 80-ші жылдардың аяғында, 90шы жылдардың басында жазылған бұл мақала да оқырманды көп ойға қалдырады. Мысалы, «Бөлініп-жарылмай Ресейдің құрамына біртұтас кіру – қалай десеңіз де қазақ дипломатиясының ең дұрыс шешімі» деген бір ауыз сөздің өзінде келіспесіңе қоймайтын ақиқат айтылғанын мойындамасқа əддіңіз қалмайды.

Арада біраз жыл өткеннен соң қазақ жеріне əйгілі «Сасық сабын» жұты келеді. Қара Тоқа есімді есепшінің (күннің райын болжайтын адамды қазақтар есепші деп атаған) айтуымен қазақтар ерте қамданған екен. Ең таңдаулы аталық малды екі лек етіп екі жаққа жібереді. Қысы жайлы, жері шүйгін Ұлы жүз жеріне тоқсанқос (тоқсан мың) жылқы алып Арғын Ырзабек би аттанады. Ал Алтай жеріне жіберілмек тоқсан мың жылқының қос ағасы етіп, жақсылар, осы кезде ақылымен, алғырлығымен, көсем сөзімен, биік өнерімен жаңа таныла бастаған жас Тəттімбетті тағайындаған. Елінің ақ батасын алып, қазанның сабалақ жауынында жолға шыққан Тəттімбет желтоқсанның қақаған аязында жер қайысқан малмен Алтай ормандарына ілінеді. Кешегі хан Абылай, ер Қазыбектің табаны тиген қасиетті топырақтан өнген, екі жастың

Тəттімбеттіѕ Шыєыс Тїркістанєа сапары Таласбек ƏСЕМҚҰЛОВ.

Бұл мақала ХІХ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген қазақтың айтулы күйшісі Тəттімбет Қазанғапұлы өмірінің зерттеушілерінің назарынан тыс қалған кейбір тұстарын жəне кейбір күйлерінің саяси астарын қамтымақ. Тəттімбет 1815 жылы туған. Азан шақырып қойған шын аты – Тəттімұхамбет. Күй шежіресі Тəттекеңнің дүниеге келуі жайлы былай толғайды. Ұзаққа созылған қаралы, қаһарлы қыстан жарты малын беріп шыққан Шаншар елі Қазанғап бидің бастауымен сəуірдің ортасына ала Түңдік бойындағы ежелгі жайлауларына көшіп келе жатыпты. Көш үстінде айы-күні жеткен Қазанғаптың бəйбішесі толғата бастайды. Толғақ екі күнге созылады. Ғазиз ана əбден қиналады. Мұндай ұзақ толғақтан секем алған Қазанғаптың шешесі көш басында озып, жұртшы болып бара жатқан ұлына кісі жіберіп: − Бар, айт Қазанғапқа. Көшті тоқтатамыз. Шіркіннің пұшпағы қанамай жатыр,− деген екен. Жұрт еріксіз көшті тоқтатып, өздері білетін ем-домын жасайды. От жағады. Жындарды аластаған болады. Бірақ шарана шешілмейді. Енді əйгілі Қара бақсыны алдырған екен. Сонда Қара бақсы қобызын сарнатып келіп: − Уа, аруақ, асып барасың, Берсең – бер, бермесең – ал. Уа, сегіз көз шіркін, үзілсең – үзіл, Үзілмесең – тарамыс болып қат. Уа, жамбас, шіркін, Жарылсаң – қақ жарыл, Жарылмасаң – шор боп қат, – деп арқанға керулі тұрған əйелдің үстінен атын үш рет қарғытқан кезде нəресте шыр етіп жерге түскен екен. Босандырып отырған əйел шарананы қолына ала бере, − Ойпырым-ай, − деп тастап жібереді. Аңтарылып тұрған жұртқа, − Не деген зарпы күшті бала. Қолымды қарып жіберді, − депті. Сары белдің ең биік жерінде құла қасқа атын көлденеңдетіп үнсіз, бірақ қобалжулы тұрған Қазанғапқа ауылдың кəрі-жасы, − Сүйінші, сүйінші! − десіп жүгіреді. − А, құдай, ақсарбас! − деп Қазанғап атын тебініп қарсы жүреді. Алдымен жеткен əйелден, − Қойшы ма, жылқышы ма? – деп сұрайды. − Қойшы, − дейді əйел. Бойындағы барын сүйіншіге таратып Қазанғап үйге кіргенде анасы алдынан шығып, құлан жөргекке ораулы балпанақтай ұлды қолына ұстата береді. Баланың бітіміне көзін бір сəтке қадаған Қазанғап оның маңдайындағы көзге көрінер-көрінбес меңді байқап, − Апа, бала нысаналы. Маңдайында тəттісі бар екен. Тəттілі Мұхамбет қояйық атын, − десе керек. Сонымен əкенің қалаған аты қойылады. Артынан өзгеріп, айтуға лайықталып Тəтті Мұхамбет болады. Кейіннен жақсы жеңгелері «Тəтті қайным Тəттімбет» деп атайды. Міне, бізге күйшінің жеңгелері еркелетіп қойған Тəттімбет ныспысы осылай жеткен екен. Тəттімбеттің Алтай, Тарбағатай өңіріне немесе қазіргі тарих ғылымында Шығыс Түркістан деп аталатын өлкеге тартқан сапарының сырына жету үшін, алдымен Абылай хан заманындағы оқиғаларды үстірт болса да шолып өткен жөн. 1750 жылы Қалмақ мемлекеті құлады. Қалмақтың ең соңғы ханзадасы Əмірсана азынаулақ нөкерімен келіп Абылайды паналаған. Саяси картадан Қалмақ мемлекетінің аты біржолата өшті. Абылай хан бастаған қазақ қайраткерлерінің ендігі мақсаты – Қытай мен Қазақ ордасының ортасында қаңырап қалған ұлан-ғайыр дала, бірнеше ғасыр Қалмақ ордасының егемендігінде болған ежелгі қазақ топырақтарын қайтарып алу еді. Абылай хан Цин үкіметін дəмелендіру ар қылы, түбінде қазақ елі Қытайдың қол астына кіруі мүмкін деп емексіту арқылы өз мақсатына жетті. 1760 жылы керей,

найман, уақ руларынан бөлінген бірнеше мың түтін малыменжанымен Шығыс Түркістанға ақтарылды. Байырғы қазақ жеріне жаңаша қоныстану оңай болмаған. Қытай үкіметімен тү сініспеушілік те болған. Шекара əскерлерімен қанды қақтығыстар да болып тұрған. Соған қарамастан қазақ рулары өзінің ежелгі қоныстарына біржола орныққаны анық еді. Сахараға тыныштық, ел ордаланды. Бірақ бұл алдамшы көрініс болатын. Геосаясат тұрғысынан қарағанда Ресей мен Қытайдың арасында тұрған Қазақ мемлекеті, қазақ халқы өз тарихындағы ең жауапты кезеңге, ең басты сауал ға жа ңа тақаған. Ресей де, Қытай да ортада тəуелсіз Қа зақ мемле кетінің тұруына енді көнбейді. Бұлталаққа жол жоқ. Екінің бірін таңдау керек. Кіші жүз бұл кезде Ресейдің қол астына кірген. Ал Орта жүз Қытайға қараса... Ар жағын айту тіпті қорқынышты. Шағын-шағын уəлаят дəрежесінде алты мемлекеттің құрамына кірген, қанша көтерілсе де елдігін қалпына келтіре алмаған, егемендігін ешкім мойындамайтын, бүкіл халқымен дауда, үздіксіз соғыс пен қуғын-сүргінде жүрген күрділерді көз алдыңызға келтіріңіз. Екі ұлы мемлекетке арқа сүйеген, екі түрлі саяси жүйе қалыптастырған, ақырында бір-біріне дұшпан екі мемлекетке айналған корей халқын алыңыз. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін үшке бөлініп кеткен, артынан айдаладағы елдердің рұқсатымен əзер дегенде бұрынғы тұтастығына жетіп ел іргесін енді бекітіп жатқан Германия... Айта берсе толып жатыр. Қазақ та осы кепті киер еді. Бөлініп-жарылмай Ресейдің құрамына біртұтас кіру – қалай десеңіз де қазақ дипломатиясының ең дұрыс шешімі. Əрине, қазақ халқы орыс үкіметімен жараса бермеген. Жері де кесілді, о бастағы шарт бұзылып ел ішіне бекіністер де салынды. Алайда, қазақ аты өшкен жоқ. Ал Қытайдың маңдай сүбесінде жатқан Шығыс Түркістанның тағдыры... жұмбақ еді. Ұлан-ғайыр дала. Өзінің ордалы ұясына бірде тақап, бірде алыстаған, Қытайдың да, Ресейдің де билігін мойындамаған асау ел. Ел ішіндегі көнекөз қариялар айтқан шежірелерді тыңдасақ, соқталы елдің азаматтарының Шығыс Түркістан жайын ешқашан да естен шығармағандығын көреміз. Қиыр қонып, шет жайлап, өрісі ұзап бара жатқан ағайынға алғаш рет ат ізін салған адам – аға сұлтан Құнанбай еді. Қытай Республикасында тұратын белгілі қазақ жазушысы Асқар Татанаевтың «Жұлдыз» журналында (1990 ж, №11) жарияланған «Бейсенбі би – Бежең күйші» атты толғау мақаласында бұл мəселе айтылып кеткен. Жоғалып кеткен орыс шенеунігін іздеймін деген сылтаумен жолға шыққан Құнанбай Алтайға тұяқ іліндіріп, ел ішіне ендей кіреді. Сол жолы Құнанбай Алтай өңірін емін-еркін аралайды. Елдің жайына қанады. Көптен бері шешілмей жатқан түйінді дауларды шешеді. Қайтарында: − Ал, ағайын! Өсіпсің. Өркен жайыпсың. Хош. Бірақ артыңда ордалы ел бар, жер шалып, жайылым қуалап қиырға кеттің. Қазақтан отың бөлінді ме? Осыны жадыңа тұт. Сиынғаннан сүйенерің күшті болсын деген. Құбылаңды тап. Осы сөзімді ұмытпағайсың, алаш ұлы! – деген екен.

біріне келмей ноқта ұстаған, елі нің керегіне жүрген балауса Тəттімбетті Алтай елі үлкен қошаметпен қарсы алып, Құндызды деп аталатын ұшы-қиыры жоқ орманды кесіп беріпті. Жердің көркі таймаған, қыртысы тозбаған кез ғой. (Алтайдың орманының қалыңдығы сондай, ақ тиын бұтадан бұтаға секіріп, жерге бір түспей Ібір-Сібірге жетеді екен деген аңыз болған ел ішінде). Орман ішіндегі шашалық шалғынға тұрған жылқы қыстан күйлі шығады. Тəттімбет сол алғашқы сапарында бүкіл Алтай өңірін аралап көп жайды ұғады. Ұлттық рухта тəрбиеленген, саясатқа қанық жас бидің көз жеткізген ең басты ақиқаты – елдің иесіздігі еді. Бір қарағандағы азат өмір шын мəнінде баянсыз болатын. Нығайып, түбегейленіп, қуаты күннен-күнге артқан Қытай мен Ресейдің түтіні кейін қалай шалқиды? Əзірге қазақ жайлап отырған бұл бай өлкенің тағдыры, келешекте ұлы мемлекеттер тарапынан қалай шешіледі? Талай атайы азаматтың үйіндегі сыбағаны жеу үстінде, өнер сайысқан, сөз қағысқан алқалы, дулы жиында Тəттімбет айтқан мəслихат осы мəселелер төңірегінде болған. Алайда, жердің шалғайлығына сенген батыр мен билер, Тəттімбеттің уағызынан гөрі күйіне көбірек ден қояды. Осы сапарда, күй шежіресінің айтқанына қарағанда, Тəттімбет Алтай мен Тарбағатай өңірінің əйгілі өнерпаздары – керей руынан шыққан Бейсенбі күйшімен жəне уақ руынан шыққан Бəзғалам күйшімен кездесіп, өнер жарыстырып, күй алмасқан екен. (Бəзғаламның Тəттімбетпен кезігуі жаңсақ əңгіме болуы əбден мүмкін. Себебі, Бəзғалам ХХ ғасырдың бас кезіне келіп қайтыс болған адам. Яғни, Тəттімбет Алтайға барған кезде Бəзғалам санатқа қосылмаған жас болуы керек). Көктем келіп жер гүлдегенде Тəттімбет тобы малға пана болған жермен, хан көтеріп күткен дархан елмен қимай-қимай қоштасып Арқаға атбасын бұрады. Қиырдағы қаны, тілі, діні, тілегі бір ағайынның аужайын түйген, он жас есейіп кемелі тола түскен Тəттімбет елге келіп жайланғаннан кейін, игі жақсылардың алдында есеп береді. Қасқа мен жайсаң қазақтың ескі жорасын жасап, қыз алысып, қыз беру керек деп шешкен екен. Араға бір жыл салып Арқа елінен құдалық жөнімен үлкен топ қайтадан Алтайға аттанады. Бұл жолы Шеген деген атақты байдың мырзасына Алтай елінің азулы бір əулетінен қыз алады. Құдалық сөйлескен ақсақалдардың ішінде Тəттімбет бірге аттанған. Қалың малмен бірге Арқаның шеберлері жасаған түрлі, қымбат, шытырман оюлы жиһаздар, əйгілі сары былғары ерлер, шешен домбыралар жіберілген екен. Құлынды бие, атан түйе беріп алатын сирек үнді бұл шешен домбыраларды Тəттімбет атап-атап, ел ішіндегі талапкер жас домбырашыларға үлестіреді. Бірақ, бүкіл елге сыйға тартқан күйшінің ең үлкен асылы – өзі шығарған «АлшағырШаған» жəне «Қорамжан» атты екі күйі еді. Домбырашы қариялар өз көкірегінде айнытпай сақтап келген Алшағыр-Шаған, Қорамжанның хикаялары былай шертілетін:

Алшағыр мен Шаған деген екі батыр дос болыпты. Алшағыр Арқа елінің батыры. Шаған Алтай елінің батыры. Екеуі жыл сайын қан жайлауда малымен-жанымен табысады екен. Бір жылы Алшағыр межелі уақытта өзінің жайлауына келіп қонады. Шаған жоқ. Біраз уақыт өтеді. Күнде төбенің басына шығып, сыбызғысын тартып, досын аңсай күткен Алшағырдың ойына күдік келеді. Үйге келіп бəйбішесіне: − Ойпырай, жұрт бірнеше жайылым ауыстырды, Шағанның жері əлі желінбей тұр. Бұған не болды екен? – дейді. Алшағырдың бəйбішесі ақылды адам екен. − Олай болса, Шаған бір нəрсеге ұшырады. Дереу қол жина. Ізде. Анығына жет. Тірі болса құтқар, өлі болса – жаудың шаңырағын ортасына түсір, − дейді. Алшағыр əскер жинап жолға шығады. Үшінші күн дегенде Шағанның шабылған ауылын табады, досының қадаға шаншулы басын табады. Дауысы көкке жетіп өкірген Алшағыр жаудың соңына түседі. Суыт жүрген қазақ əскері Ерен Қабырғаға жетіп қалған Шүршіт қолын басады. Қан майдан болады. Алшағыр жауды тегіс жайлап Шағанның бəйбішесі мен балаларын тұтқыннан босатып алады. Елге келгеннен соң, досын арулап көміп, Шаған əулетін Арқаға алып қайтады. Шүршіттің əскері қазақ ауылдарын шауып, көп адамды тұтқынға алып кетеді. Елден жүкті кеткен бір əйел шүршіт елінде босанып ұл туады. Ұлдың атын Қорамжан қояды. Жылдар өтеді. Жат елде, азапты тұтқында қалған қазақтар құсадан бір-бірлеп көз жұмады. Ақырында Қорамжанның анасы да о дүниеге бет алады. Өлерінде баласына: − Қорамжан, қарағым, сен шүршіт емессің. Қазақсың. Алты белдің астында елің жатыр, жерің жатыр. Мені арулағаннан кейін, бір жүйрікті мін де еліңе қаш. Елге жетсең сəлем айт. Бақұл бол,− дейді. Қорамжан анасының өсиетін орындап бір тұлпарды мініп еліне бет алады. Алайда, жер жайытын білмей, қалың тұманда адасып шүршіттің ауылының үстінен шығады. Шүршіттің қолбасшысы Қорамжанды өлтіруге бұйрық береді. Домбырашы қариялар аңызын айтып, күйді шертіп болып, тыңдаушыға төніп келіп: − Міне, батыр. Шаған сияқты шүршітке жақын қонсаң көрер күнің осы. Қорамжандай, ұясынан алыста, жаудың ішінде өссең, туған жеріңе қол созымда тұрса да жете алмайсың. Адасып өлесің, − дер еді. Тəттімбет тамаша күйге қоса осы келісті, терең астарлы аңызды шығарғандағы мақсаты – азаматқа ой түсіру еді. Тəттімбеттің Алтай, Тарбағатай өңіріне келген бұл екінші келісі – соңғы келіс еді. Талапты жасқа күй үйретіп, сөз үйретіп қайтады. Тəттімбеттің бұдан кейінгі жердегі тағдыры ол жайлы мақалалардан белгілі. Əкесі Қазанғап қартайып көз жұмғаннан кейін оның орнына Нұрбике – Шаншар болысының басшысы етіп сайланады. 1842-1854 жылдар аралығында осы қызметте болады. Мұны Тəттімбеттің дастарқанынан дəм татқан поляк революционері Адольф Янушкевич те растайды. Кейіннен қызметтен өз өтініші бойынша босап, қазақ сахарасында болмаған бір іске аяқ басады. Кен өндірумен айналыса бастайды. Омбының архивінен табылған, əр кезде қазақ баспасөзінде жарияланған Тəттімбеттің Сібір генерал-губернаторларынан кен қазуға рұқсат сұрап жазған өтініштерін оқып отырып қайран қаласыз. Елінің ертеңін ойлаған көрегендігіне тəнті боласыз. Əрине, Тəттімбеттің əр қимылы бағулы болған, сызылған межесі болған. Бірақ осы əрекетінің өзінде ол Орал кендерін игерген, Ресей металлургиясының негізін қалаған, орыс капитализмінің атасы болып саналатын Демидовты елестетеді. Ұлы күйші 1862 жылы кенеттен жабысқан дерттен көз жұмған. Сүйегі өзінің туған ауылында жерленген. Тəттімбеттің есімі өзі туып-өскен Сарыарқада ғана емес, өзі екі-ақ рет барған Шығыс Түркістан өңірінде де ерекше мəшһүр болған. 1920-жылдары Қытайда болып қайтқан белгілі қазақ домбырашысы Жүнісбай Стамбайұлы Шығыс Түркістан домбырашыларының Тəттімбет күйін шертіп отырғандарын көрген екен. Ал енді Шығыс Түркістан өңірінің Тəттімбет өлгеннен соң бір ғасырға толмайтын уақыттан кейінгі тағдырының кемеңгер күйшінің болжағанынан алыс кетпегендігін көреміз. Өзінің саяси бағдарын анықтап алмаған халық өте кеш қимылдады. 1949 жылы ұлт-азаттық қозғалыс аяусыз жаншылды. Халықтың дені тізе бүкті. Көнбеген асаулар атысып-шабысып Тибет-Гималай асып, Индияның Кашмиріне кетті, Пəкістан мен Ауғанстанға жетті. Одан əрі Түркияға өтті. Біраз бөлігі Қазақстан топырағына келіп өз еліне қосылды. * * * Тəттімбет Қазанғапұлы қазақ халқының рухани мəдениетінде өшпес із қалдырған үлкен тұлға. Қазақ сүйікті перзентін еркелететін əдетімен Тəттімбетті Жантелі атандырған. Өзіміз көзін көрген домбырашы қариялар əр бір əңгімесін «Кешегі Жантелі Тəттімбет», «Кешегі жақсы Тəттімбет» деп бастар еді. Өзінің қысқа болса да аса мəнді ғұмырын халқына бағыштаған, сахарада кісіліктің, ізгіліктің жаңа салттарын қалыптастырған, анаға, əйелге деген үлкен құрмет иесі, жаңа серілердің атасы Тəттімбет қара жерді солай басып өткен екен. Ардагер азамат өзінің бір тыңдағаннан мəңгі бақи ғашық қылатын ғажайып күйлерімен, биік адамдық қасиеттерімен ертегінің кейіпкеріндей туған халқының жүрегінде жүре бермек.

9

 Діндер – жақсылыққа үндер

Дінаралыќ татулыќ – ішкі тўраќтылыќ кепілі Руслан СҰЛТАНОВ,

ҚМДБ-ның Батыс Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы.

ДІН – БІРІКТІРУШІ ҚҰРАЛ Қазақ халқы «Бөлінгенді бөрі жейді» дейді. Ендеше, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Ұрпағымызды жат ықпалдардан қорғауға, адасқандарды ақылға шақыруға тиіспіз», – деген сөзі баршаға бағдаршам іспетті. Бұл ретте, жас буынды имандылыққа баулу жұмыстары ауадай қажет. Отанын, елін, жерін сүйетін ұрпақ қиянатқа қия баспайтыны анық. Расында да, тарихтың бұралаң жолдарында халқымыз бірлігінен айырылмай, тура жолдан тайқымай елдігін сақтай білді. Өйткені, діні, ділі бір еді. Қазіргі Сібірдегі алтай, ойрат, хакас, телеуіт, кет халықтарының құрамында да қыпшақ, керей, найман, жалайыр, кете, т.б. қазақтың рулары бар. Осыған байланысты Ислам дінін қабылдаған рулар «Қазақ» деген ұлт болып ұйыды да, ал дінді ұстанбағандары «алтайлықтар», «ойраттар», т.б. ұлыс болып сыртта қалды. Қазақ ұлты болып қалыптасқандар діннің арқасында біріге отырып, мемлекет құрды. ҚАЗАҚСТАН – КӨПДІНДІ МЕМЛЕКЕТ Бүгінгі таңда еркіндік алған ел Көк байрағын желбіретіп, əлемдік аренаға шығып, демократиялық елдердің қатарына қосылды. Еліміз əлемдегі ең көпұлтты, ең көпдінді мемлекеттердің бірі болып табылады. Осындай жас мемлекеттің экономикалық өрлеуі де, саяси тұрақтылығы да, демократиялық дамуы да бұл елді мекен еткен түрлі ұлттар мен ұлыстардың өзара сыйластығына, түсіністігі мен татулығына барып тірелетінін əу бастан жақсы түсінген Елбасының жетекшілігімен жүзеге асырылған мемлекеттің ұлттық саясаты əр ұлттың этностық жаңғыруын, өз тілдері мен салт-дəстүрлерін қалағандарынша берік ұстану арқылы өздерін толыққанды ұлт ретінде, əрі осы елдің тең құқылы азаматы ретінде сезінуіне жағдай жасаған болатын. Республиканың ішкі саясатында ұлтаралық келісім мəселесі, өркениетті түрде өзара келісімге келуі айрықша маңызды орынға ие болды. Заманауи əлемде түрлі қақтығыстар мен тұрақсыздықтардың көпшілігі дəл осы ұлттар мен діндер өкілдерінің арасындағы қарама-қайшылықтардан туындап жатқанда, еліміз бейбітшілік пен татулықтың негізін қалау жолында өзгелерге үлгі бола білді. Діни татулықты əрдайым басты назарда ұстайтын Қазақстан Президенті Н.Ə.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясында сөйлеген сөзінде: «...Мемлекеттің зайырлылығы Қазақстанда бар барлық діндердің ұлы рухани мұраларына құрмет көрсетуден, əркімнің таңдау еркіндігінен арқаулық табады. Конфессияаралық толеранттылықтың мұндай ахуалы, сірə, əлемде еш жерде жоқ», – деген болатын. Бір шаңырақ астында, бір атаның баласындай, тату-тəтті өмір сүріп келе жатқан 100-ден астам ұлт өкілдері Қазақстанның қарыштап дамуына үлкен үлес қосуда. Ата Заңымызда айқындап жазылғандай, азаматтардың діни сеніміне еркіндік берілген. Бұл – бейбіт жолды басты бағдар еткен еліміздің тұрақтылығы мен тұтастығының үздік үлгісі. Халқымыздың кеңпейілі, қонақжай, бауырмал, дархан мінезі кең-байтақ даламызда бейбітшіліктің салтанат құруына негіз болды. ЖАСТАРДЫ ЖАТ АҒЫМДАРДАН САҚТАЙЫҚ Ислам дінінің мақсаты – ізгілік. Асыл дініміз мемлекетте, қоғамда тыныштық, əділдік болуын көздейді. Адамды соған тəрбиелейді. Еліміздегі барлық мешіттер мен медреселер бейбітшілік пен бірлікті нығайту жолында қызмет етіп келеді. Алла тағала адамзат баласын: «Бөлінбеңдер», – деп бауырмал болуға бұйырған. Пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың оған игілігі мен сəлемі болсын) бір хадисінде «Дінде шектен шықпаңдар, шектен шығу құрдымға кетіреді», – деген. Бір ғана елді емес, бүкіл əлемді алаңдатып отырған терроризм мен діни экстремизм əрекеттері шектен шығушылықтың салдарынан болып отыр. Қазіргі таңда елімізде 2,5 мыңнан астам мешіт жұмыс істейді. Имамдар мен дін қызметкерлері жастарымыздың жат ағымдардың жетегінде кетпеуі жолдарын қамтамасыз етіп, уағыз-насихат жүргізуде. Ата дініміздің бай тарихын жан-жақты насихаттау, жағымсыз бағыттардың пайда болу себептерін ашып көрсету, Ислам туралы таным-түсініктерді терең талдап, қалың қауымға жеткізу бағытында атқарылар шаруалар əлі де болса көп. Тарихтан мəшһүр, руханияты мықты, діңі берік елді ешқандай қитұрқы уағыздар да, сыртқы экспансиялар да ала алмайды. Сол себепті де, дəл бүгінгідей күрделі шақта ел болып жастардың діни сауатын ашуға айрықша ден қойғанымыз дұрыс. Неге десеңіз, адам жастық шақта албырттықпен жаңсақ қадамдарға жиі барып жатады. Міне, осыны өз арам ниеттерін жүзеге асыруға дер шағында пайдаланып қалушы сыртқы да, тіпті, қайсыбір ішкі де күштер əлі де баршылық. Түркияның əрбір азаматы: «Мен түрік болып туғаныма бақыттымын!» деп кеуде кере, намысын жаниды. Отаншылдық дегеніміздің шыңы осы! Осынау мемлекет қарт құрлықта анталаған түрлі ниеттегілердің бел ортасында тұрып-ақ ешкімге есесін жібермей, адамзат айдынындағы бет-беделін биіктете түсуде. Қазақ елінің тəуелсіздігін əлемде өзгелерден бұрын мойындауының өзінде қаншама бауырластық, тарихи бүтіндік жатыр десеңізші! Ал бізге не жетпейді? Аллаға шүкір, экономикамыз салыстырмалы түрде алғанда ТМД елдері арасында алдыңғы қатарда келеді. Халықтың жай-күйі ешкімнен кем емес. Тек рухани байлық пен рухани тұтастық болса, еліміздің бағындырар белесі көп деп есептейміз. ДІН БІРЛІГІ – ҮН БІРЛІГІ Астанамыздың төрінде Əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидер лерінің съездері өтуі жалпақ жаһанның Отанымызды, Елбасымызды, қазақ халқын мойындағаны деуіміз керек. Дін бірлігі – үн бірлігі. Мұндай үлкен жиынның дүниежүзінде бұрынсоңды ұйымдастырылмағандығын ескерсек, съездің мəн-маңызы тіптен арта түседі. Осылайша, əлемдік діндер көгінде құс жолындай айшықты арна тартылды. Сол бейбітшілік пен ынтымақ, төзімділік пен бірліктің алтын ордасы тағы да Қазақстан болып отыр. Бұдан биік мəртебе, бұдан асқан құрмет те жоқ шығар. Барымызды бағалап, қазақы қалпымызды тағалап жүрелік! Сөзімді Қабан (Қаблиса) жырау Асанұлы бабамыздың: – Бақыт қайда барасың? – Ата-анасын сыйлаған, Ұйымшылдық ойлаған, Тату жанға барамын, – деген аманат сөзімен түйіндегім келеді. Иə, намысын қайрап, бірлігін сақтаған, білімін шыңдап, діні мен салт-дəстүрін ардақ тұтқан елдің əркез шыңнан көрінері хақ! Алла тағала халқымыздың бірлігі мен берекесін, ауызбіршілігін арттырғай. Тəуелсіздігімізді мəңгілік етіп, болашаққа басқан қадамымызды берекелі еткей! Тілегіміз қабыл, мұратымыз асыл болғай! ОРАЛ.


10

www.egemen.kz

18 қыркүйек 2015 жыл

 Жұмыр Жер

 Біз – қазақстандықтармыз!

Неміс ќоєамы тіл їйренуге шаќырды

Кеше Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасында «Возрождение» немістер қоғамы» қоғамдық бірлестігі аталған білім ордасындағы студент жастармен кездесіп, ой-пікірлерін ортаға салды.

Мақсат – Қазақстанда неміс мəдениетінің танымалдығы мен сақталуын қамтамасыз ету, сондайақ, Қазақстандағы неміс этносының, оның ішінде балалар мен жастардың білім деңгейін көтеру болса, ал негізгі бағыты: неміс тілі, білімі мен мəдениеті, дінін қалпына келтіру жəне дамыту; неміс тілді елдермен жан-жақты ынтымақтастықты арттыру; білім беру ұйымдарында неміс тілін зерттеуге, оқуға арналған ұлттық сыныптар мен топтардың құрылуына ықпал ету;

республикамыздағы жəне өзге де мемлекеттердегі( қоғамдық бірлестіктердегі) неміс халқының проблемасы мен мүддесін мемлекеттік деңгейде зерттеу. Шара барысында қоғамдық бірлестік мүшелері Қазақстандағы өзге этнос өкілдерін неміс халқының мəдениет, тарих, салт-дəстүр жəне əдет-ғұрпымен таныстыра келе, жиынға қатысушыларды неміс тілін үйренуге шақырды. Оған қоса, слайд арқылы біраз мəліметтен құлағдар етті.

Осы орайда, бірлестік тарихына қысқаша тоқтала кетсек, 1989 жылдың 30 наурызында Мəскеуде Бүкілодақтық неміс «Видергебурт» қоғамы құрылады. Бұл қоғам атауын қазақ тіліне аударғанда «Қайт өрлеу» деген ұғымды білдіреді. Ал орысшалағанда «возрождение» болып шығады. Дəл осы жылдың желтоқсан айында Целиноград қаласында неміс «Видергебурт» қоғамының бірінші жиыны өткізіледі. Содан бері неміс қоғамы Қазақстан мен Германияны

байланыстырушы негізгі буынға айналып отыр. Айта кетейік, қоғам базасында «Возрождение» жексенбілік мектебі бар. Балалар əр жексенбі сайын қазақ жəне неміс тілдерін оқып, шығармашылық сабақта қолданбалы өнермен шұғылданады. Мектеп жанында мектепке дейінгі «Wunderkind» даярлық орталығы жұмыс істейді. Онда мектеп жасына дейінгі балалар мемлекеттік тіл мен неміс тілі сабақтарына қатысады. Ал мектепке дейінгі даярлық бағдарламасына шығармашылық жəне музыка сабақтары енгізілген. Негізгі қоғам жұмысында əлеуметтік қорғау секторы басты орын алады. Соның нəтижесінде Астана қаласы мен Ақмола облысындағы көп балалы отбасыларға, табысы аз ардагерлерге, тыл еңбеккерлеріне жəне 1, 2, 3 топ мүгедектеріне көмек көрсетіліп келеді. Қоғам құрылымындағы неміс жастар клубының басты қызметіне экологиялық жəне əлеуметтік жобаларды жүзеге асыру, əлеуметтік театр мен би ұжымы қызметін үйлестіру, тілге қатысты мəселені реттеу кіреді. Қоғам Германия қоғамымен техникалық əріптестік орнатып, Қазақстандағы неміс ұлты мен өзге де этностарға қайырымдылық акцияларын өткізіп тұрады. Раушан ТƏУІРХАНҚЫЗЫ, журналист.

––––––––––––––––

Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ.

«Диќандыќтан озар кəсіп жоќ» – дейді кəсібі несібесіне айналєан Жовтяк əулеті

– Өткен жылы бір кісі менен 52 кило тəтті бұрыш алды. Біз тəтті бұрыштың етті сортын егеміз. Оның үстіне біз жерді нитратпен тыңайтпаймыз, қарашірік саламыз. Экологиялық таза өнім екенін білген жұрт көкөністің қандай түрін де менен алады, – деді Наталья Павловна. Біз оның сөресіндегі көкөністердің түрін санадық, тура 15 түрлі өнім сатады екен. – Саяжайларыңыздың көлемі үлкен бе? – дейміз. – Біз саяжайшы емеспіз, біз кəнігі диқанбыз ғой. 5 гектар жерді өңдеп, көкөністің түр-түрін егеміз. Бүкіл бала-шағамызбен кəсібіміз осы. – Тапқан табыстарыңыз жыл бойына жете ме? – Жеткенде қандай. Маңдайдың терін де сыпырамыз, соған қарай шүкіршілік, пайдасы да бар. Сізге былай түсіндірейін. Жыл сайын 700 түп кəді отырғызамыз. Осыдан күніне жүзшақты дана үземіз, оны базардағы сатушыларға өткіземіз, өзім сатамын. Орташа есеппен бір данасын 70 теңгеден деп есептеймін, сонда жазда тек кəдіден ғана 700 мың теңге пайда түседі екен. Ал мына сөреде қанша көкөністің түрі бар екенін көріп тұрсыз ғой. Диқандыққа еш кəсіп жетпейді, – деген Наташаның əңгімесінен көңілі тоқ адамның сенімі білініп тұрды. Наташа «біз шаруа

Қызық. Осы Сафранболу сапары күтпеген жерден бұйырды. Баяғыда жазылған, тіпті, өзіміз де ұмытып қалған бір жапырақ хабар түсімізге де кіріп көрмеген Түркияның солтүстік шалғайынан бір-ақ шығарғаны. Сонымен, Анадолы ойпаттарының солтүстігінде жатқан Сафранболуға сапар шегетін болдық. Қарабюк провинциясына қарасты осынау елді мекенді қала деуге де келмейді. Тарихы терең, тұрғындары шафран, яки запран өсіріп, қолөнершілік, ұсталықпен айналысып, зығырдан тоқылған маталарға кесте салып күн көретін Сафранболуды ауыл деп те айтуға болмас. Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

 Еңбегімен еленген

(Соңы. Басы 1-бетте).

Сафранболу сапары

қожалығымыз, салық төлейміз» деген соң, жұмысшылар жалдайды, өзі келіп базарға сатуын біледі ғой деп ойлағанмын. – Біз картопты жинау кезінде 4-5 күн ғана адамдар жалдаймыз. Қалған уақытта тек отбасымыз өзіміз ғана жұмыс істейміз. Жолдасым Виктор Александрович, 3 ұлым, бір қызым жəне өзім осы ди қан шылықтың соңындамыз. Техникамыз бар, үш ұлым трактормен жерді жыртады, қарашірік əкеліп төгеді, түбін қопсытады, сол сияқты жұмыстарды атқарады. Ал көкөністің көшетін егу, оны отырғызу, арам шөбін тазарту, түбін көму, кейбір жерде суару жұмыстарының барлығы да қолмен атқарылатынын кім білмейді. Жаз бойы балаларым күніне 5-6 сағат алқапта болады, – деді Наташа. Айтып отырса, Жовтяктар отбасының барлық берекесі осы диқаншылық кəсіпте болып отыр. Наташа да, Виктор да сонау 90шы жылдарғы дағдарысқа қазір ризалық бідіреді. Виктор кəдімгі көше тоздырған қаланың баласы екен. Ауылдан келген Наташамен үйленгеннен кейін сарыүрпектер өріп беріпті, екеуі тоғыз бала тəрбиеледі. Дағдарыс келгенде екеуінің де жұмысынан пəтуа кетті, айлық берілмеді. Шиеттей баланы не істемек? Қостанай қаласының түбіндегі Қостанай ауданының Садовое деген ауылына көшіп барып, кішкентай үйге қоныстанды. Виктор Александрович есігінің алдындағы азғантай жерді

айналдырып, шыққан өнімді алдымен тамақ етіпті, одан сатуға да жетіпті. Содан Тобылдың жағасынан шамалы жерді жалға алып, балаларымен көкөніс өсіреді. Міне, 11 жылдан бері 5 гектар жерді сатып алып, диқаншылықпен біржолата айналысып отыр. Өткен жылы салығынан, басқасынан артылған таза пайда 5 миллион теңге болды. Ішім-жеміне, киімкешегіне жұмсаумен бірге, 6 мың долларға тағы бір трактор алыпты. – Біз несие алып көргеніміз жоқ. Барлығын да үнемдеп, қолда бар техникаларды, құбырларды нақты ақшаға алғанбыз. Виктордың жоғары білімі, мамандығы жоқ, ол несиеден қорқады, – деді Наташа. Олардың ұлдары да тек жұмысшы мамандығын игеріпті. Саша деген ұлының 4 мамандығы бар екен. Ол трактор да айдап кете береді. Экскаватор да жүргізеді, слесарь, дəнекерлеуші де бола береді. Никита мен Роман да колледж бітірген. – Наташа жұмыс қиын ба? Сендерді осындай мехнатты еңбек жалықтырған жоқ па? – дейміз. – Жұмыс жеңіл деп айтпаймын. Бұл кəсіп бізге ұнайды. Балалар сырттан жұмыс іздемейді. Негізі одан да емес, жермен жұмыс істеуді ұнатпаған адам диқан бола алмайды. Мысалы, үйдің ауласындағы бақшалық жерді біз көшет егуге пайдаланамыз, көкөністің барлығын да егіп тастаймыз. Ал көршіміздің есігінің алдында дəл сондай жер бар, ол

жыл бойы қызанағы мен қиярын менен сатып алады, – деді ол. – Қымбат машиналарың, үйлерің бар ма? Табыс жаман емес екен, – дейміз біз. – Бізде қымбат машина жоқ, күнделікті мініске, көкөніс тасуға «Жигулиіміз» бар. Қымбат үйіміз де жоқ, бұрынғы шағын үйде тұрып жатырмыз. Өйткені, осы кезге дейін техниканы түгендеумен болдық, енді көкөніс сақтайтын қойма салу ойда бар. Екі қоймамыз да тар, айналып жүре алмаймыз. Жертөлесі қойма болатын үй салуды есептеп едік, бүгінгі бағаммен 18 миллион теңге керек екен, енді қаржыны үй салуға жинамақпыз, – деді Наташа. Жовтяктар отбасы қазан айының аяғына дейін жиын-терінді түгел аяқтайды. Сосын ақпан айына дейін демалады. Олар қысымен қолы бос болған соң қыдырудан да қалмайды, денсаулығын түзейді. Ақпан айында көшет егу үшін жылыжайды дайындау жұмысына кіріседі. Ақпан, наурыз айларында екі ай бойы жылыжайға от жағады екен. Оның бірқалыпты температураны ұстап тұруы керектігі тағы бар. Мамыр айында көшеттерді отырғызу үшін алқапқа шығады, ол бақшаның жазғы күтіміне, одан күзгі жиынтерінге ұласады. Диқаншылықтың қызығы Жовтяктар отбасын бір жалықтырған емес. Наташа күзгі өнімге риясыз қуанып қарайды. Үлгі болатын-ақ тірлік емес пе? Қостанай облысы, Қостанай ауданы.

 Айтайын дегенім...

Мəшћїр-Жїсiпті баєалай білейік Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан.

Алдағы қазан айында Түркияның Шашма қаласында түркiтiлдес халықтардың дүниежүзiлiк телефестивалi өтетін көрінеді. Біздің елімізден Алматыдағы «Түркi əлемi» телестудиясы қатысады екен. Телестудия «Əйтеке бидiң ақ жолы» жəне «Мəшһүр-Жүсiп» атты деректі фильмдерімен фестивальға қатыспақшы болыпты. Субтитрімен түрiк тiлiне де аударылыпты. Жуықта фильм авторы, «Түркi əлемi» телестудиясының директоры, жазушы Доқтырхан Тұрлыбек Кереку өңіріне келiп, алғашқы беташар көрсетілімін көрсетті. Доқтырхан Тұрлыбектің айтуынша, фестивальда жүлделi орынға ие болған фильм түркiтiлдес 26 елдiң тiлiне аударылады екен. Олардан басқа ағылшын, испан жəне орыс тiлдерiне де тəржiмаланады. Жазушының ғұламаны түркі əлеміне таныстыруды қолға алған танымдық ғибраты мол имандылық ісі сауапты болсын дейік. Бірақ, Шерхан ағамыз айтқандай, осындайда бір кем дүниенің алдыңнан шығатыны өкінішті.

– Бiздiң мақсат – Мəшһүр-Жүсiптi түркі əлемiне таныстыру. Өзiмiз де əлi бiле бермеймiз. Ғұлама қазаққа ғана емес, жалпы түркi дүниесiндегi айтулы тұлға екенін осы фильм арқылы таныстырғымыз келді. Бірақ, фильмдi алдымен жерлестерiне көрсетiп алайын, не дер екен деп əкелiп едiм. Бiраз орынды сындар айтылды. Сондықтан, қайтадан толықтыру қажеттігін түсіндім, – деді автор. Əрине, Мəшһүр атамыз туралы шетке кино шығарып, апарып көрсету – үлкен руханиғылыми, əдеби-мəдени ізденісті талап етеді. Ғұламаның мұрасы ол өзі бір тұңғиық əлем. Бұл бір таусылмас шежіре. Тек үңіле біл. Түсіну – парыз. Шығармалары өте күрделі, үлкен философиялық-эстетикалық, поэтикалық ой арқауларына құрылған құбылыс. Адамға рухани ой-сана беретін қуатты құрал. Əулиелiк қасиетi, дiни қайраткерлiгi жəне бар. Сондықтан да біз Мəшһүр мұраларын əлi толық танып болған жоқпыз. Ал деректі фильм жөніне келсек, біріншіден, «Түркі əлемі» дүниежүзілік фестиваліне алып баратындай мағыналы ой мен мазмұн көре алмадық. Ерекше жоғары əсер

алатындай, сол алған əсері ойдан кетпейтіндей фильм керек. Ғұламаның мұрасын зерттеушілер, жергілікті жердегі мəшһүртанушы ғалымдар, жазушылар, жалпы аталарының жазған-сызғандарын сақтап, саралап, жатқа білетін соңындағы ұрпақтарымен ақылдасып, кеңесіп барып деректі фильм түсіру қажет еді. Кемшін тұстарды Доқтырхан ағамыз да түсінді. Фильмді Мəшһүр атаның жерлестеріне көрсетіп алғаны тіптен-ақ жақсы болды. Ғұлама атамызды өзгелерге бағалата білетін де өзіміз ғой. Көпшілік айтқан сыни пікірлері, жанашыр көзқарастары қайта фильм «Түркі əлеміне» жол жүріп кетпей жатып айтылғаны жақсы болды. Келесі жолы ғұлама жайлы көпшілікпен кеңескен, ғылыми-əдеби сындардан өткен мазмұнды шығарма ұсынылатын болар деп сенеміз. Өткенді білу, ғибратын түсіну – парыз. Ал Мəшһүр-Жүсiп Көпейұлы туралы деректi фильм түсiру үшін де осындай руханият талаптары қажет екені сөзсіз. ПАВЛОДАР.

Зайырлы Ыстамбұл мен өркениетті Анкарадан жырақтау бұл өлкеде ағылып жатқан көліктер, түтіні будақтаған зауыттар жоқ. У-шудан ада шаһар адамға жанға жайлы тыныштық сыйлайды. Қым-қуыт тірлік шаршатқанда қашып келетін жердің дəп өзі. Қойшы, сонымен не керек, осынау қалаға аттанбай жатып, алдымен неғылған жер екенін зерттеуге көштік. Бір дерек бұл қаланың атауы əлемдегі ең байырғы əрі қымбат дəмдеуіш, сары деген мағынаны білдіретін арабтың «zafran» деген сөзінен шыққан дейді. Айтпақшы қазақта да «запырандай сарғайды», «запыран гүлдей солды» деген сөз бар екен. Запран Түркия мен Грекияға финикиялық саудагерлер арқылы Кіші Азия, Үндістан мен Ираннан жеткізілген көрінеді. Алайда Рим империясы құлағаннан кейін ұмыт болған запран саудасын ІХ-Х ғасырларда арабтар қайта жаңғыртса керек. Қысқартып айтқанда, қаланың атауына негіз болған запранды өндіру қиын болғандықтан нарықта көп кездеспейді жəне бағасы да қымбат. 1 грамм запран алу үшін кемінде 150, ал 1 келі запран алу үшін 100-150 мың екпе запрангүл гүлін өңдеу керек. Ал 1 грамм запранда 400-500 аналық ауыз болады. 1 гектар екпежерден бірінші жылы бар болғаны 6 келі, екінші жылы 20 келі запран жинауға болады. Бағасы қымбат болғандықтан, запранды қолдан жасаушылар ол үлкен сұранысқа ие бола бастаған кезде-ақ пайда болған. Сол себепті оларға Иранда қолын шабу, ал Германияда өртейтін немесе тірідей жерлейтін қатаң жазалар тағайындалған. Бірақ, кез келген адам нағыз запран күлтелерін жасандысынан оңайлықпен ажырата алмайды. Емдік қасиеті де көп. Ол жайында Гиппократ, Диоскорид, Ибн-Сина өз еңбектерінде ерекше атап өтіпті. Тіпті, Рим империясы дəуірінде запран түсті киім кию байлықтың белгісі саналған. Осылайша біздің де Сафранболуды көруге деген құштарлығымыз арта бастағаны сөзсіз. Оған тікелей алып баратын төте ұшақ жоқ болғандықтан, алдымен Ыстамбұлға ұшып келдік. Осы сапарды ұйымдастыруға ұйытқы болған «Эфес Қазақстан» компаниясы алдымен бізді Ыстамбұлда аялдатып, түнгі Босфор бұғазында жүзген кемемен кешкі серуен сыйлады. Екі құрлықты жалғап жатқан ертегідей сұлу Босфор бұғазын кемемен шарлай отырып, ежелгі Константинополь мен бүгінгі заманауи Түркияны қатар тамашаладық. Сан ғасырлар бұрын бой көтерген ғимараттар – мұнарасы айға асылған Айя София, мың жұмбағын ішіне бүккен Топкапы сарайы да алыстан менмұндалайды. Осылайша түнгі Ыстамбұлда ар жағы Ақ теңізден, мына жағы Мəрмəр теңізінен

соққан қоңыр желге маңдай тосып, қонақүйге сүріне-қабына жеттік. Сонымен, уəделескен уақытта ерте тұрып, таңғы асты асығысүсігіс ішіп, арнайы көлікпен Сафранболуға қарай тартып кеттік. Ыстамбұл мен Сафранболудың арасы 400 шақырымды құрайды. Ойлы-қырлы болса да сапалы жолдармен солтүстікке қарай тоқтаусыз жүйтки бердік. Ыстамбұлдан алыстаған сайын ауа да құрғай түсіп, табиғат көріністері де өзгере бастады. «Адам баспаймын деген жерін үш басады» деген рас-ау. Осыдан біраз жыл бұрын қандастарымыздың жолы түсе бермейтін Қожаелі провинциясына қарасты Измит (Измир емес), Бурса, Ялова қалаларын аралап, біздің Медеу, Шымбұлақ сияқты тау-шаңғы кешендері бар Қартепені көргенде, енді қашан бұл өлкеге жолымыз түсер екен, мүмкін қайта оралу бұйырмайтын да шығар деп ойлағанымыз рас. Сол Қожаелін қайта көрмек түгілі, көрген түстей одан да зырлап асып барамыз. Жол аздап ұзақтау болды. Бір кезде Қарабюкқа да жеттік. Бізді бірден тар тастан өрілген көшелері бар араның ұясындай біркелкі ерекше сəулетпен салынған үйлер қарсы алды. Сафранболудың символы да терезелері жыпырлаған үш қабатты осы үйлер екен. Шалғайда жатқан бұл жерде де əртүрлі ұлттың өкілдерін кездестірдік. Туристер қаптап жүрмесе де кішігірім қалашық үшін шетелдіктердің қарасы жеткілікті көрінді. Оттомандық кезеңнен бері өзіндік сəулетін сақтап қалған Сафранболу қазір ЮНЕСКО қамқорлығында. Бұл жердегі ең əдемі үйдің бірі Каймакамлар Эвиге 1981 жылдан бері туристер келіп тұрады екен. Сафранболудың өзі де үшке бөлінеді. Қаланың орталығы саналатын ескі қала – Чарши Бёлгеси мен жаңа аудан – Киранкёй Бёлгесиден бөлек, қаланың жоғары жағы Балар деп аталады. Жергілікті тұрғындар қалашық орталығы – Киранкёй Бёлгесиде қыстап шықса, барлығының да Баларда жаздық саяжайлары бар көрінеді. Бірақ, жылдың барлық кезінде орталықтағы Чарши Бёлгесиде өндіріс пен сауда тоқтамайды. Отқа қойылған нағыз түрік кофесінің жұпар иісі аңқиды. Базардың жанында қолөнер шеберлері мен ұсталар тұратын квартал бар. Қарабюк провинциясы ежелден темірден түйін түйген ұсталарымен аты шыққан. Ескі ұстаханаларда жұмыс қызқыз қайнап, əлі күнге дейін таға құйылып, шеге жасалады. Өзінің ұзақ та қысқа тарихында Сафранболу римдіктерді, византиялықтар мен селжүктерді, османдарды да көрген. Сондықтан да сəулет өнерінен болсын, ас мəзірінде, тіпті тұрмыстарынан да түрлі мəдениеттердің тоғысқанын көрсеңіз, аса таңғалудың қажеті жоқ. Кішігірім болғанына қарамастан, мұнда 1008 ғимарат тарихи нысан

ретінде тіркеліп, қорғауға алыныпты. Жеке мұражайлары да бар. Бір ғана қалашықтағы 25 мешіттің ең еңселісі Осман империясының ұлы уəзірлерінің бірі Кёпрюлю Мехмед паша (1656-1661) тұрғызған, күн сағаты, бес хамамы, сегіз субұрқағы, мұнара сағаты, ескі көпірлері бар – Кёпрюлю мешіті. Шынын айту керек, мұның бəрін аралап жүруге біздің аса қысқа сапарымыз мүмкіндік бермеді. Бір білгеніміз, əлі күнге дейін Сафранболудан 22 шақырым қашықтықта жатқан Давутабаси селосында əлемдегі ең сапалы запран өсіріледі. Дегенмен, қаланың этимология лық атауына байланысты бас қа да болжамдар бар. Түрік оқы мыстысы əрі жазушы Білге Омардың ойынша, бұл қаланың бастапқы атауы «Дадибра» болса керек, уақыт өте келе түрік тіліне икемделіп «Залифре» немесе «ЗафиранБорглу» деп өзгерген. Сафранболудағы ең басты шаруамыз «Анадолы Эфес» компа ниясының Түркия туризмін дамытуға қатысты 1965 жылдан бері жүргізіп жатқан жұмысы, «Түркияның туризмдегі болашағы» атты тұсаукесерге қатысу болатын. Біз бұл жобаның таныстырылымына түрік журналистерінің ізі суымай келген екенбіз. Бір кезде туристерді Түркияның шығысына тартуға атсалысқан «Эфес Түркия» əлеуметтік жауапкершілікті компания ретінде соңғы жылдары солтүстік қиырда жатқан тарихи қалаларды да насихаттауға көшіпті. Аталмыш компанияның бір тармағы «Анадолы Эфес» биыл 3 жобаны таңдап, Бурса, Мардин, Сафранболу сияқты кішігірім тарихи шаһарларда туризмді дамыту арқылы, жергілікті халықтың əлеу меттік жағдайын жақсарта түсуге қатысты атқарып жатқан тірліктерімен таныстырды. Сол сияқты Сеферихисар, Урфа, Шанлыурфа қалаларына туризмді өркендету арқылы, əсіресе əйелдер мен мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамтуды көздейді. Оған қоса əлеуметтік желілерде студенттердің қатысуымен насихатталып жатқан «Əлем сенікі» атты жобаның да жай-жапсарынан хабардар болдық. Осылайша күн кешкіріп бара жатқанда Сафранболу базарын асығыс аралап, жергілікті қолөнершілермен аз-маз тілдесіп, 150 шақырым қашықтықта тұрған Амасраға қарай түнделетіп аттанып кеттік. Ал біздің Сафранболудан алған əсеріміз жақсы болды. Шамамен 200 жыл бұрын Түркия қандай болғанын білгісі келген жан оны осы шаһардан табады. Мүмкін мұн да ұзағырақ аялдаған адам басқа қырлары мен қызықтарын да табар. АЛМАТЫ – ЫСТАМБҰЛ – САФРАНБОЛУ – АНКАРА – АЛМАТЫ. –––––––––––– Суреттерді түсірген автор.


 Басты байлық

Ќатерлі ісікке ќарсы кїрес ќарќын алды Қоғамның басты байлығы – адам десек, адамзат үшін ең құнды, ең қымбат байлық – денсаулық. Ал «Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің» деп дана халқымыз айтқандай, ауырып ем іздегеннен ауырмаудың жолын іздеген əлдеқайда пайдалы екенін жайшылықта түсіне бермейтініміз де рас. Бүгінде, медицинаның дамыған заманында қандай кеселдің де алдын алудың үлкен мүмкіндіктері бар. Мемлекетіміз денсаулық сақтау саласына үлкен қамқорлық жасап отыр. Елбасымыз халықтың денсаулығын нығайта түсуге, медицина мекемелері мен сала мамандарының жұмысын жетілдіруге бағытталған мемлекеттік шараларға, арнайы бағдарламаларға айрықша назар аударады. Жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында басымдық береді. Президентіміз Н.Ə.Назарбаевтың биылғы қабылдаған Ұлт жоспарында да денсаулық саласын дамытудың нақты қадамдары белгіленіп берілді. Ендеше, халықтың денсаулығын сақтауда, ауру түрлерінің алдын алуда медицина мамандарына жүктелер міндеттер де ауқымды жəне жан-жақты. Бұл орайда бүгінде əлемде кеңінен тарап отырған қатерлі ісік ауруларын біліктілікпен емдеудің, ерте анықтаудың маңызы зор. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мəліметтері бойынша, Жер шарында қазіргі уақытта жылына 10 миллионға жуық адам қатерлі ісікке шалдығады. Осы қалыппен кете берсе, 2020 жылы аурулар саны екі есеге көбейеді. Қатерлі ісік сырқатының өсуі дүниежүзінде ерлер арасында өкпе, тік жəне тоқ ішек ауруларынан, əйелдер арасында сүт безі жəне жатыр мойны дерттерінен белең алады деп болжануда. Қазақстан қатерлі ісік ауруларынан өлімге ұшырау жөнінде жүрек-қан тамырлары ауруларынан кейін екінші орында тұр. Республикада қатерлі ісікпен жылына 31-32 мың адам ауырып, 16-17 мың адам өмірден өтеді, оның 42 пайызы еңбек жасындағы адамдар. Қатерлі ісікке шалдығу жылына 5 пайызға көбеюде. Оңтүстік Қазақстан облысында жылына 2400-2500 адам қатерлі ісікке ұшырап, бір жылда 1400-1450 адам қайтыс болады. Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың 2012 жылдың 27 қаңтарындағы Қазақстан халқына Жолдауында, қатерлі ісіктен болатын өлімді төмендету негізгі бағыттардың бірі болып белгіленді. Үкіметтің 29.03.2012 жылғы № 366 шешімімен 2012-2016 жылдардағы онкологиялық көмектің даму бағдарламасы бекітілді. Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму ми нистрлігінің № 504 бұйрығы бойынша онкологиялық көмекті дамытудың 2012-2016 жылдардағы бағдарламасы жəне «Жол картасы» жасалды. Осы бағдарлама аясында Оңтүстік Қазақстан облысында да 2012-2016 жылдары онкология саласын дамыту бойынша «Жол

картасы» жасалды. Облыс халқына онкологиялық қызмет көрсету осы бағдарлама негізінде жүргізілуде. Қатерлі ісік ауруларынан болатын өлімді төмендетудің екі жолы бар. Олар – ауруды ерте анықтау жəне уақтылы, сапалы емдеу. Осы бағытта Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрлігі мен Қазақ онкология жəне радиология ғылыми-зерттеу институтының бастауымен онкологиялық ауруларды ерте кезеңде анықтау туралы əдістемелік нұсқаулар дайындалып, барлық ауруханалар мен емханалар дəрігерлеріне таратылды. Аурудың алдын алу мақсатында мұқият тексеріп, емдеудің жолдары белгіленді. Қатерлі ісік ауруларын ерте анықтау үшін Қазақ онкология жəне радиология ғылымизерттеу институтында аудандар мен қалалардың онкологтары мен маммологтары, рентгенологтар, рентгендік зертханашылар, хирургтар, эндоскопистер, психологтар, əлеуметтік қызметкерлер оқытылды. Осы бағдарлама аясында об лысымызда қосымша 14 онкологиялық, 28 маммологиялық кабинет ашылып, мамандармен толықтырылды. Облыстық онкологиялық диспансердің бюд жеті бұрынғы жылдармен салыстырғанда екі есеге өсіп, 3 млрд. 224 мың 689 теңгеге жетті. Химиялық препараттармен, дəрілермен қамту 3,5 есеге өсті, 12 таргеттік химиялық препарат енгізілді. Осының арқасында облысымызда онкологиялық ауруларды емдеу толығымен тегін жүргізіледі.1 млрд. 385 мың теңгеге медициналық құрал-саймандар алынды. Олардың ішінде компьютерлі томограф, сан дық маммограф, гастроскоптар, колоноскоптар, ренгтен диагностикалық қондырғы, эндоскоптарды жуу машинасы, барлық аудандардағы маммографтарға қосымша сандық құрылғылар бар. Бағдарлама аясында облыстық

онкологиялық диспансердің 116 дəрігері, 158 медбике білімдерін жетілдірді. 23 дəрігер шетелдерде (Ресейде, Белоруссияда, Францияда, Чехияда, Словакияда, Кореяда, Моңғолияда) оқыды. Қазіргі кезеңде онкологиялық ауруды емдеу үшін жаңа технологиялар енгізілуде. Мүше сақтау операциялары, толыққанды лимфодиссекциялау барлық мүшелерге жасалуда. Қуықтың ісіктеріне ТУР аппаратын пайдалану, «Рита» радиожиілік термоаббляциялық аппараттың көмегімен бауырдың жəне өкпенің метастатикалық жəне алғашқы ісіктерін емдеу, төмен орналасқан тік ішек қатерлі ісігін алуда «GATS» реинфузиялық аппаратын қолдану ойдағыдай іске асырылуда. Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетілуде. Бауыр, ұйқы безі, қуық, жұтқыншақ қатерлі ісіктеріне күрделі операциялар жасалуда. Химиялық препараттарды қатерлі ісіктерге артериялық қан тамырлары арқылы жеткізу бауыр, бүйрек, жатыр, өкпе, ми қатерлі ісіктерінде қолданылуда. Соңғы 3 жылда облыстық онкологиялық диспансерде 12 жаңа химиялық препарат енгізілді. Жаңа химиялық дəрілерді қолдану өкпенің қатерлі ісігімен ауыратын аурулардың өміршеңдігін 2 есеге, асқазанының қатерлі ісігімен ауыратын аурулардын өміршеңдігін 2,5 есеге , тоқ жəне тік ішек қатерлі ісігімен ауыратың аурулардын өміршендігін 3 есеге ұлғайтты. Орта есеппен алғанда аурулардың тірі қалу мүмкіндігі 2,5 есе өсті. Бауыр қатерлі ісігі жəне оны емдеу онкологиядағы қиын саланын бірі еді. Оны емдеу үшін арнайы мамандар, арнайы құралсаймандар, химиялық препараттар керек болатын. Бауыр қатерлі ісігін емдеу бір ғана жолмен жүрмейді, бұл жерде бірнеше мүмкіндіктер пайдаланылады: хирур гиялық, жалпы химиотерапия, химиялық препараттарды бауырдағы ісікке артериялық қан тамырлары арқылы жіберу. Бағдарлама аясында бауыр қатерлі ісігін емдеуде де жаңа мүмкіндіктер пайда болды. Бауыр қатерлі ісігіне химияық препараттарды артериялық қан тамырлары арқылы тікелей жіберу біздің облыстық онкологиялық диспансерінде Қазақстанда бірінші рет 2011 жылы басталды. Дəрігерлер Санкт-Петербург қаласында (профессор П.Таразов), Австрияда (Вена, профессор Маркус Пэк) оқыды. Содан бері бауыр қатерлі ісігін емдеу Еуропада бекітілген хаттамалар бойынша жүргізіледі.

Америкалыќ єалымдар Ќазаќ онкология ќызметіне жоєары баєа берді Қазақ онкология жəне радиология ғылыми-зерттеу институтына Питтсбург университеті Медициналық орталығы (UPMC) мен Назарбаев Университеттен арнайы делегация келіп, Қазақстандағы онкология қызметімен жəне институт жұмысымен танысып қайтты. Гүлзейнеп СƏДІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Шетелдік 13 ғалым 2 күн бойы отандық онкология қызметінің құрылымы, қатерлі ісікті ерте сатысында анықтау бағдарламалары жəне тіркеуге алу кезекке, қою жүйесімен танысып шықты.

11

www.egemen.kz

18 қыркүйек 2015 жыл

Қонақтар онкоинституттың негізгі бағыттары туралы ақпарат алып, түрлі бөлімдер мен орталықтар жұмысын бақылады. Скрининг бағдарламалары бойынша да өзге қалалық емханаларда болып қайтты. Сапар соңында АҚШ-тан келген делегацияны Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму

вице-министрі Александр Цой қабылдап, екіжақты келіссөздер жүргізілді. Нəтижесінде екі ел арасында алдағы уақытта тығыз қарым-қатынас орнап, біріккен жобалар іске асырылатындығы белгілі болды. UPMC – АҚШ-тағы денсаулық сақтау саласындағы үздік əрі коммерциялық емес ұйым. Бұл ұйым əлемдік медициналық мекемелер мен орталықтардың басын біріктіреді. Штатында 60 мың қызметкері бар. Жалпы 20 аурухана қызметін орталықтандырып отыр. UPMC науқастар күтімін

Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы амбулаториялық деңгейде кепілді көлемде тегін медициналық көмек көрсету бойынша 2015 жылға жергілікті қаржылар есебінен тегін дəрі-дəрмектермен қамтамасыз ету үшін тұмау вирусына қарсы вакцинаны сатып алуға тендер өткізу туралы хабарлайды

Сатып алынатын вакцинаның толық тізімі, олардың толыққанды ерекшелігі тендерлік құжаттарда көрсетілген. Вакциналар мен дəрілік заттар, денсаулық сақтау басқармасының дəрілік заттарды бөлу құжаты бойынша, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету объектілеріне, дəрілік заттарды сатып алу келісімшарты аумақтық қазынашылық бөлімшесінде міндетті түрде тіркелгеннен кейін 30 күн ішінде қойылады. Тендерге ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы №1729 қаулысымен (2014 жылғы 4 шілде жағдайы бойынша өзгертулер жəне толықтыруларымен) бекітілген кепілді көлемде ақысыз медициналық көмек көрсету бойынша дəрі-дəрмектерді, профилактикалық (иммунды биологиялық, диагностикалық, залалсыздандыру) препараттарын, медициналық мақсаттағы бұйымдарды жəне медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді ұйымдастыру жəне сатып алу ережелерінің 8-9 тармағында аталған біліктілік талаптарына сəйкес келетін барлық əлеуетті жеткізушілер жіберіледі. Тендерлік құжаттар пакетін 2015 жылғы 7 қазанда 15 сағат 00 минутқа дейінгі мерзімде мына мекенжай бойынша: Талдықорған қаласы, Гаухар ана көшесі, 87, 14-кабинеттен жəне электронды мекенжай бойынша: farm.aoblzdrav@mail.ru алуға болады. Тендерге қатысу үшін конверттерге салынған тендерлік өтінімдер Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасына мына мекенжайы бойынша: Талдықорған қаласы, Гаухар ана көшесі, 87, 14-кабинетке тапсырылады. Тендерлік өтінімдерді тапсырудың соңғы мерзімі 2015 жылғы 8 қазанда сағат 13 сағат 00 минутқа дейін Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасына мына мекенжай бойынша: Талдықорған қаласы, Гаухар ана көшесі, 87, 14-кабинет. Тендерлік өтінімдер салынған конверттер 2015 жылғы 8 қазанда 15 сағат 00 минутта мына мекенжай бойынша: Талдықорған қаласы, Гаухар ана көшесі, 87, «Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасы» ММнің №1 кабинетінде ашылады. Əлеуетті жеткізушілер тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашуға қатыса алады. Қосымша ақпаратты жəне анықтаманы мына телефон бойынша алуға болады: 8 (7282) 40-00-65,4000-67, farm.aoblzdrav@mail.ru.

өміршеңдігі 5 айдан 13 айға артты, ал жатыр мойнын емдеу барысында радикалды операцияға баратын аурулар 30 -дан 58 пайызға көбейді. Бауырында қатерлі ісік бар аурулардың 1 жылдық жəне 2 жылдық өміршеңдігі 20-25 пайызға жетті . Денсаулық сақтау министрлігінің 10.11.2009 жылғы №685 жəне 16.03.2011 жылғы №145 «Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық тексеріп-қарауды жүргізу ережесін бекіту туралы» бұйрығының аясында облысымызда үш түрлі скринингтік бағдарламалар жүргізілуде. • Сүт безі қатерлі ісігін ерте анықтау үшін 50-60 жастағы əйелдер екі жылда бір тексеріледі. • Жатыр мойны қатерлі ісігін ерте анықтау үшін 35-60 жастағы əйелдер бес жылда бір тексеріледі. • Тік жəне тоқ ішек қатерлі ісігін ерте анықтау үшін 50-70 жастағы əйелдер жəне еркектер екі жылда бір тексеріледі. О с ы с к р ининг т і к б а ғ д а р ламаларды жүргізу арқасында жылына 110-120 қатерлі ісік аурулары табылып, олардың 84-85 пайызы І-ІІ сатысында ерте анықталып, уақтылы, сапалы ем алып жазылуда. Осы бағдарлама аясында жүріп жатқан жұмыстардың арқасында ауруларды ерте анықтау 2012-2014 жылдар аралығында 45,7 пайыздан 48 пайызға дейін көтерілді. Скринингтік бағдарламалармен қамту 84 пайыздан 99,6 пайызға дейін өсті. Өмірінде алғашқы рет ауруы анықталғандарды арнайы еммен қамту 75 пайыздан 84 пайызға дейін көтеріліп, қатерлі ісік ауруларынан өлім 2012-2014 жылдар аралығында 54,8 пайыздан (100 мың халыққа шаққанда) 53,2 пайызға төмендеді. Бұл республика бойынша ең төменгі өлім көрсеткіші. Міне, мұның барлығы елімізде медицина саласының жылданжылға қарыштап дамып келе жатқанын көрсететін дəйекті дəлелдер. Əрине, дүниежүзі медицинасы мен ғалымдары үшін қатерлі ісік ауруының түпкілікті емін табу қазірге алынбаған қамал болып тұр. Дегенмен, бұл ауыр сырқатты ерте анықтау мен бастапқы кезеңдерінде нəтижелі ем қолдану тəжірибесін біздің онкологиялық диспансер дəрігерлері де күнделікті жұмыс барысында ғылыми жетістіктермен ұштастыра жүргізуде. Бұл орайда біздің емдеу мекемеміз оңды көрсеткіштерімен республикада алдыңғы орынның бірінде келе жатқанын мақтанышпен айта аламыз. Елбасының денсаулық сақтау саласына артып отырған сенімі мен үмітін ақтауға Оңтүстік Қазақстан облыстық онкологиялық диспансерінің ұжымы да елеулі үлес қосып отыр десек, артық айтқандық болмас.

2013 жылдан бері бауыр қатерлі ісі гін хирургиялық жолмен емдейміз. Бұл үшін облыстық қатерлі ісік диспансеріне Шығыс Азия аумағының профессоры, Моңғолия ұлттық қатерлі ісік ор талығының бас маманы (Улан-Батор қаласы) Чинбурэн Джигджитсурэн шақырылды. Бұл ор талықта дүниежүзінде ең көп операция (жылына 400-ден аса) жасалады. 2013-2015 жылдар аралығында профессор Чинбурэн Джигджитсурэннің қатысуымен облыстық онкологиялық диспансерде 6 шеберлік сыныбы өткізілді. Шеберлік сыныптарына Токио медицина университетінің профессоры Масаказу Ямомото (Жапония), сол университеттің профессоры Сатоши Катагири, бауыр қатерлі ісігін зерттеу орталығының Еуропа ассоциациясы бойынша төрағасы, Вена медицина университеті гастроэнтерологтар департаментінің басшысы, профессор Маркус Пэк қатысып, бауыр қатерлі ісігін диагностикалау мен емдеуде Еуропа стандарттарын енгізгенімізге жоғары баға берді. Бұл шараларға басқа облыстардан 35 онколог келді. 2013 жылы біздің диспансерімізде Қазақстанда бірінші рет химиялық терапия жəне эноваскулярлық онкология бөлімі ашылды. Қазіргі кезде бұл бөлім бүкіл Қазақстан бойынша онкологтарды химиялық препараттарды артериялық қан тамырлары арқылы қатерлі ісікке тікелей жіберуге оқытатын орталық болып отыр. 2012-2015 жылдар аралығында Қазқстанның 12 облысынан 30 онколог оқытылды, 5 облыста шеберлік сыныптары өткізіліп, 28 маман оқытылды. 2012-2015 жылдар аралығында облыстық онкологиялық диспансерде бауыр қатерлі ісігімен 380 ауру кешенді ем алды. 30 ауруға бауыр қатерлі ісігіне операция (гемигепатэктомия) жасалды. 280 ауруға химиопрепараттар артериялық қан тамырлары арқылы бауыр қатерлі ісігіне жіберілді. 70 ауру таргеттік химиялық препарат алды. Осы жұмыстардын арқасында бауыр қатерлі ісігімен ауырғандардың бір жылдық өмір сүруі 25 пайызға артты. Өлім 2,5 есеге төмендеді. Облыстық онкологиялық диспансер тəжірибесінде төртінші сатыдағы ауруларға химиялық препараттарды артериялық қан тамырлары арқылы жіберу, қатерлі ісікке баратын артериялық қан тамырларын бекіту əдістері қолданылады. Соңғы үш жылда бұл тəжірибе қатерлі ісіктердің миға түскен метастазында да пайдаланылып келе жатыр. Осы емнің қолданылуымен ми қатерлі ісігімен ауыратындардың

ШЫМКЕНТ.

жақсарту мен тиімділігін арттыру үшін жаңа жүйелерді ойлап табумен айналысады. Аталмыш ұйым Астана қаласында Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық құру жобасы бойынша Назарбаев Университеттің стратегиялық əріптесі саналады. 2017 жылға жоспарланған жоба Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2012 жылғы Жолдауы негізінде жүзеге аспақ. Ресми мəліметтерге сүйенсек, 2015 жылдың 1 қаңтарындағы есеп бойынша 150 436 қазақстандық онкоаурулар бойынша есепте тұр. 2013 жылы бұл көрсеткіш 146 404 болған еді. Қатерлі дертке шалдыққандар санының төмендеуі обырды алғашқы сатысында анықтау мүмкіндігінің артуымен тікелей байланысты. Жыл сайын қатерлі ісіктен 17 мың мың

адам көз жұмады. Өлім-жітім бойынша онкологиялық аурулар екінші орында тұр. «Жалпы, UPMC делегациясы еліміздің бас онкологы, Онкология жəне радиология ҚазҒЗИ-дың директоры Қ.Нұрғазиевке жəне бірқатар онколог-мамандарға алғыс білдіріп, отандық онкологияның бүгінгі деңгейін жоғары бағалады. Сондай-ақ, біздің қызметіміздегі оң өзгерістерді атап айтты. Одан бөлек, шетелдік жəне отандық мамандар екі елдің онкология саласындағы айырмашылықтарын да сөз етті. Жиын соңында болашақтағы əріптестік мəселесі де күн тəртібінде қаралды», – дейді Қазақ онкология жəне радиология ҒЗИ директорының стратегиялық мəселелер бойынша орынбасары Дəулет Байпейісов.

Нұрғали ОРМАНОВ, Оңтүстік Қазақстан облыстық онкологиялық диспансерінің бас дəрігері, медицина ғылымдарының кандидаты.

Управление здравоохранения Алматинской области объявляет о проведении тендера на закуп вакцины против гриппа в рамках оказания гарантированного объема бесплатной медицинской помощи на амбулаторном уровне для бесплатного лекарственного обеспечения из средств местного бюджета на 2015 год

Полный перечень закупаемых вакцин и лекарственного препарата, их подробная спецификация, указаны в тендерной документации. Вакцина против гриппа должны быть доставлены в ПМСП Алматинской области, в соответствии разнарядки управления здравоохранения Алматинской области. Требуемый срок поставки 30 дней с даты регистрации договора на поставку в территориальном органе казначействе. К тендеру допускаются все потенциальные поставщики, отвечающие квалификационным требованиям, указанным в пп 8-9 Правил организации и проведения закупа лекарственных средств, профилактических (иммунобиологических, диагностических, дезинфицирующих) препаратов, изделий медицинского назначения и медицинской техники, фармацевтических услуг по оказанию гарантированного объема бесплатной медицинской помощи, утвержденных постановлением Правительства РК от 30.10.2009 года №1729 (с изменениями и дополнениями по состоянию на 04.07.2014 г.). Пакет тендерной документации можно получить в срок до 15 часов 00 минут 7 октября 2015 года включительно по адресу: г. Талдыкорган, ул. Гаухар ана, 87, кабинет №14 или по электронной почте по адресу: e-mail: farm.aoblzdrav@mail.ru. Тендерные заявки на участие в тендере, запечатанные в конверты, предоставляются в управление здравоохранения Алматинской области по адресу: г. Талдыкорган, ул. Гаухар ана, 87, кабинет 14. Окончательный срок предоставления тендерных заявок: до 13 часов 00 минут 8 октября 2015 года в управление здравоохранения Алматинской области по адресу: г. Талдыкорган, ул. Гаухар ана,87, кабинет 14. Конверты с тендерными заявками будут вскрываться в 15 часов 00 минут 8 октября 2015 года в ГУ «Управление здравоохранения Алматинской области» кабинет №1 по адресу: г. Талдыкорган, ул. Гаухар ана,87. Потенциальные поставщики могут присутствовать при вскрытии конвертов с тендерными заявками. Дополнительную информацию и справку можно получить по телефону: 8 (7282) 40-00-65, 40-00-67 e-mail: farm.aoblzdrav@mail.ru.

Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Ақмола облыстық балалар ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кəсіпорны бас дəрігері лауазымының бос орнына конкурс жариялайды

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: медициналық жоғары білім («Денсаулық сақтауды ұйымдастыру» («Қоғамдық денсаулық сақтау», «Денсаулық сақтау менеджменті») немесе «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша магистратура/маманданудан өтуі «Қоғамдық денсаулық сақтау» («Денсаулық сақтау менеджменті», «Менеджмент» мамандықтары бойынша сертификатының болуы) жəне денсаулық сақтау ұйымдарында басшы лауазымдарында 5 жылдан кем емес еңбек өтілінің болуы. Конкурсқа қатысушылар ұсынатын қажетті құжаттардың тізбесі: 1. Конкурсқа қатысуы туралы өтініш. 2. Мемлекеттік жəне орыс тілдеріндегі түйіндеме. 3. Еркін түрде жазылған өмірбаян. 4. Белгіленген тəртіпте нотариалды расталған білімі туралы құжаттардың көшірмесі. 5. Еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының көшірмелері немесе белгіленген тəртіпте нотариалды расталған, соңғы жұмыс орнынан қабылдау жəне жұмыстан босату туралы бұйрықтардың көшірмелері. 6. Денсаулығы туралы анықтама. Конкурс республикалық ресми бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік жəне орыс тілдерінде жарияланған, ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 18 қарашадағы №1353 қаулысымен бекітілген, «Мемлекеттік кəсіпорынның басшысын тағайындау жəне аттестаттау, сондай-ақ оның кадидатурасын келісу ережелері» негізінде өткізіледі. Конкурсқа қатысуға жіберілген кандидаттар 10 күнтізбелік күннің ішінде «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-де əңгімелесуден өтеді. Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күннің ішінде ұсынылуы қажет. Мекенжайы: индекс 020000, Ақмола облысы, Көкшетау қ., Сəтбаев көшесі, 1, 208-кабинет, анықтама телефоны: 25-19-94, факс: 40-27-73, электронды пошта: Оblzdrav@kokshetau.online.kz

Управление здравоохранения Акмолинской области объявляет конкурс на занятие вакантной должности главного врача государственного коммунального предприятия на праве хозяйственного ведения «Акмолинской областной детской больницы» при управлении здравоохранения Акмолинской области

Требования к участникам конкурса: высшее медицинское образование и опыт работы на руководящих должностях в соответствующих отраслях не менее 5 лет, наличия сертификата по специальности «Организация здравоохранения» («Общественное здравоохранение», «Менеджмент здравоохранения») или наличие магистратуры/специализации по специальности «Общественное здравоохранение» («Менеджмент здравоохранения», «Менеджмент»). Необходимый перечень документов, предоставляемых участникам конкурса: 1. Заявление об участии в конкурсе. 2. Резюме на государственном и русском языках. 3. Автобиография, изложенная в произвольной форме. 4. Копии документов об образовании, заверенные в установленном порядке. 5. Копия трудовой книжки (при ее наличии) или трудового договора, либо выписки из приказов о приеме и увольнении из последнего места работы, заверенные в установленном порядке. 6. Справка о состояния здоровья. Конкурс проводиться на основе «Правил назначения и аттестации руководителя государственного предприятия, а также согласования его кандидатуры» утвержденных постановлением Правительства РК от 18 ноября 2011 года №1353, опубликованных в официальных республиканских средствах массовой информации на государственном и русском языках. Кандидаты, допущенные к участию в конкурсе, проходят собеседование в управлении здравоохранения Акмолинской области в течении в 10 календарных дней. Необходимые для участия в конкурсе документы должны быть представлены в течении 15 календарных дней с момента публикации объявления о проведении конкурса по адресу: 020000, г. Кокшетау, ул. Сатбаева, 1. Телефоны для справок: (7162)-25-40-86, 25-19-94.

«Трест Средазэнергомонтаж»АҚ-тың құрметті акционерлері!

«Трест Средазэнергомонтаж» акционерлік қоғамы (бұдан əрі – қоғам), атқарушы органның орналасқан жері: 050004, Алматы қ., Абылай хан д-лы, 56, қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тəртібіне толықтыру туралы сіздерге хабарлайды, жиналысты өткізу мынадай күн тəртібімен 07.10.2015 жылғы сағат 12.00-ге тағайындалған: 6. Қоғамның жарияланған акцияларының санын ұлғайту туралы.

Уважаемые акционеры АО «Трест Средазэнергомонтаж»!

Акционерное общество «Трест Средазэнергомонтаж» (далее – общество), место нахождение исполнительного органа: 050004, г. Алматы, пр. Абылай хана, 56 информирует вас о дополнении повестки дня внеочередного общего собрания акционеров общества, проведение которого назначено на 07.10.2015 года в 12.00 часов, следующим вопросом: 6. Об увеличении количества объявленных акций общества. Тулеуов Даурен Амангалиулының атына берілген № 7018818 ҰБТ сертификаты жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын.

 Еске алу

Ґтті ґмірден нар тўлєа... Жамбыл облысының құрметті азаматы, асыл ағамыз Кеңесхан Сабденұлы АХАЕВТЫҢ өмірден озғанына 19 қыркүйекте 40 күн толады. Өтті өмірден жаны жайсаң, жүрегі-тау нар тұлға, Елі үшін еңбегімен ұлағатты із қалдырып артында... Асыл еді, адал еді, адамдық пен надандықты қақ бөліп, Сөз түйетін күрмеуі қиын мына өмір парқында... Өтті өмірден патша көңіл, қалың елдің ағасы, Төле бидей кесек-кесек, ой мен ақыл-санасы... Амал нешік?! Ойда жоқта көз жұмғанда жақсы адам, Білінеді екен күнде емес, сағат сайын бағасы. Қандай биік лауазым-қызметтерге барса да, Министрлік шенге жетіп, марапатты алса да, Ақиқат пен əділетке көзін ашып қарайтын, Иманды еді, шапағатын шашып жүрген баршаға! Сөздері де көсем еді, жібектей түзу көргенді, Жылпостарды мысы басып жүретұғын пəрменді, Ол қазақтың жауы – дейтін дүниеге басы байланып, Қызмет жолын, таныс-байлық, ру-жікке бөлгенді... Мəймөңкелеп ешкімге, намысын елдің бермеген, Көзден кетсе де, көңілде даңқы өрлеген, Бұл кісідей азамат ұмытылмайды ешқашан, Артында қалған кісілігі, еңбегі көп өлмеген!

Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы.

Бір топ ағайындар атынан: Жапар САТЫЛҒАНОВ.

Егер сіз «Егемен Қазақстан» газетіне жарнама бергіңіз келсе, мына телефондарға хабарласыңыз: Астана тел/факс 37-64-48, 37-60-49. Электронды пошта: egemen_adv@mail.ru. Алматы 273-74-39, ф. 341-08-11. Электронды пошта: gulnurekkz@mail.ru.

Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің ұжымы Білім жəне ғылым министрінің кеңесшісі Қуандық Ахметұлы Лекерге анасы Қадиша ҚҰСАЙЫНҚЫЗЫНЫҢ қайтыс болуына байланысты орны толмас қайғысына ортақтасып көңіл айтады.


12

www.egemen.kz www.egemen.kz

18 қыркүйек 2015 жыл

Їлкен ел – їлкен отбасы

 Бəрекелді! Биылғы жылдың тамыз айында Франция елінде өткен əлем елдерінің «Мəдениет жəне дəстүр» атты Халықаралық фестиваліне Семей қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық Əміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының «Кербез» фольклорлық ансамблі өнер көрсетіп, гексагон елін таңғалдырып келді.

Семей əртістері Францияда ґнер кґрсетті

Осыдан 90 жыл бұрын Семей өңірінің тумасы, еліміздің мəдени жəне тарихи болмысындағы ірі тұлға Əміре Қашаубаев Парижде өткен дүниежүзілік көрмеде болған этнографиялық концертке қатысып, тыңдаушыларын тəнті еткен болатын. Ұлы өнер иесі атындағы филармония 70 жылдық мерейтойы қарсаңында сонау Франция елінде 140 жыл өтіп келе жатқан əлем халықтарының мəдениеті мен дəстүріне арналған фестивальға қатысып, халқымыздың төл өнерімен таныстырды. Тілге тиек етсек, фестивальға Қазақ елімен қатар Кения, Эквадор, АҚШ, Аргентина, Лаос, Румыния, Колумбия, Индонезия, Ита лия, Мексика, Испа ния сияқты елдердің өнер паз дары қатысты.

Фольклоршылар фестивалінің ашылу салтанаты Парижден 450 шақырым жерде орналасқан Блан қаласында басталып, Конфоле, Кюганд қалаларында жалғасын тапты. Əртістеріміз күніне сегіз мың көрерменге концерт қойып, халқымыздың құрметтейтін, ежелден келе жатқан дəстүрі «Беташар», «Бесікке салу» рəсімін көрсетті. «Кербез» фольклорлық ан самблінің əншісі Мапруза Өте ленованың орындауында «Сəулем-ай», «Бипыл», «Дедімай-ау», «Дудар-ай» əндері шырқалды. Айта кетсек, Мəриям Жəгөрқызы Мапрузаның нағашы əжесі болып келеді. Сонымен қатар, Ұлы хакім Абайдың «Төр жорға» күйі, семейлік ком позиторлар Кенжебек Ал деке новтің «Жа ңа ғасыр» жəне

Рахымбек Ноғайбаевтың «Атамекен» күйлері орындалды. Құрманғазының «Балбырауын» күйі павлодарлық «Шернияз» би тобының мың бұралған биімен көркемделді. Дəу леткерейдің «Қос алқа» күйіне астаналық «Ару-ай» тобының бишілері ұлт тық əшекейлерімізді көр сетіп, француздарға оның философиялық, эстетикалық мəнмағынасын түсіндіріп өтті. Концерттік бағдарлама соңында хал қымыздың буын биі «Қара жорға» биленді. Фестиваль соңында «Кербез» фольклорлық ансамблі нің жетекшісі Гүлбахрам Мұсабекова, дəстүрлі əнші Қазақстанның мəдениет қай раткерлері Толғанбай Сембаев, «Ша пағат» медалінің иегері Мапруза Өтеленова, дəс түрлі əнші Алтын Сма сейітова, Айжан Салиева, Нұрлан Төкей, Аманғайша Қалиева, Алмагүл Малғаждароваларға арнайы сертификаттар табысталды. Блан қаласының мэрі «Кербез» фольклорлық ансамбліне арнайы Блан қаласының медалін жəне кітабын табыс етіп, қазақ халқына бақбереке тіледі. Енді дəстүрлі орындаушыларымыз Бразилия еліне шақырту алып отыр. Өнерлерің өрлей берсін деп төл өнеріміздің хас шеберлеріне ақ жол тілейміз! Анар ҚУАНҒАЛИЕВА, Семей қаласының мəдениет жəне тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы.

• Бүгінгі «Аңшылар əңгімесі» кейіпкерлерінің ізбасарлары

 Айбын

Ауќымды тексеріс аяќталды 10 күн Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери қызметшілері Алматы облысындағы «Көктал» оқу-жаттығу полигонында «Айбалта-2015» жедел-тактикалық оқу-жаттығуын өткізді. Дағдарыстық ауданда бірлескен арнайы əскери операцияны дайындау жəне жүргізу алты кезеңге бөлінді.

 Кино

«Еуразия» кинофестивалі аясында алєаш рет «Шəкен жўлдыздары» ґтпек Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Сенбі күні Алматыда ХІ халықаралық «Еуразия» кинофестивалі салтанатты түрде ашылады. Қыркүйек айының 19-25 аралығында өтетін кезекті кинодуман қазақ кинорежиссері Ақан Сатаевтың «Хакер» атты жаңа туындысының əлемдік премьерасымен басталмақ. Биылғы кинофестивальдің басқа да жаңалықтары да бар. Осылайша XI «Еуразия» халықаралық кинофестивалінің аясында алғаш рет «Шəкен жұлдыздары» I Алматы халықаралық кинофестивалі өтеді. Өзге де өзгерістерге тоқталатын

болсақ, Кинопродюсерлер қауымдастығының халықаралық федерациясы тіркеген «Еуразия» кинофестивалі биыл «Ұлы Жібек жолы: Шығыс пен Батыстың мəдени байланысы» ұранын ұстанбақ. Бұл екі құрлықтың кинематографиясына көпір болып жалғанған Қазақстан үшін айтарлықтай маңызға ие. Фестивальдің де мақсаты – Алматыны əлемнің əр шалғайындағы майталман киномамандардың кездесу алаңына айналдыру екені аян. Ал Жібек жолы тақырыбы буын алмастығына, ескі кино мен жаңаның үйлесуіне, көптүрлі мəдениет пен жанрлардың жəне кинонарықтары мен мектептердің арасына дəнекер болады деп күтілуде.

Сол сияқты биыл бірінші рет «Еуразия» аясында «Шəкен жұлдыздары» кинофести валін өткізу де жақсы нышан ға ие. Ықпалы мықты бір ғана қазақстандық кинофестивальдің үдесінен шығу кинематографистеріміз үшін ғана емес, көрермендеріміз үшін де аса маңызды. Оның үстіне «Шəкен жұлдыздары» да айтулы қазақ киногері Шəкен Аймановтың 100 жылдығын ұлықтауға қатысты шараларын мəреге жеткізіп болды. Жылдағыдай марапаттар «Үздік көркем фильм», «Ең үздік режиссер», «Үздік ер адам рөлі», «Үздік əйел рөлі» жəне «Қазылар алқасының арнайы жүлдесі» аталымдары бойынша беріледі. «Еуразия» кинофестивалінің құрметті төрағаларының қатарында атақты Асанəлі Əшімов, Айман Мұсақожаева бар. АЛМАТЫ.

Суретті түсірген Игорь БУРГАНДИНОВ.

«Егемен Ќазаќстан» газеті Ќазаќстан халќы Ассамблеясы жобасы аясындаєы республикалыќ фотоконкурсты жалєастырады

Оқу-жаттығу ауқымды болғандықтан, тактикалық тапсырмаларды орындау нысанында «төтенше жағдай» режімін қамтамасыз ету қисынды жалғасын тапты жəне заңсыз əскери құралымның ірі жасағын бұғаттау мен жою жəне əскерлердің жаңа дағдарыстық ауданға қайта топтасуы секілді сəттер негізгі сəттердің бірі болды. «Қазақстан Республикасы Қару лы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы кенеттен тексеру практикасы ұдайы негізде жалғасып тұратынын бірнеше мəрте растады. Кешенді шаралар, кешенді тексерістер туралы сөз болғандықтан, осы жағдайда барлық арналар іске қосылады, яғни аралас мəселелер бойынша қорғаныс ведомствосы мен өзге де ведомстволардың бірізділігі», – деп атап өтті оқу-жаттығу барысында Қазақстан Республикасының

Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов. «Айбалта-2015» оқу-жаттығуының ерекшелігінің бірі əскери қызметшілер жауынгерлік іс-қимылдар орнына құрамдастырылған маршпен, əуе жəне теміржол көлігімен, сондай-ақ, күрделі өтілетін бағдарлармен келуі болып табылады. Ал батальон командирлері шынайы жағдайда бөлімшелерді басқарды

жəне өздігінен шешім қабылдады. Бұл – кəсіби тұрғыда оқып-үйретілген офицерлер корпусын қалыптастыру үшін өте қажет шара. Іс-шара бірден бес облыста, яғни Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан жəне Батыс Қазақстан облыстарында өткенін айта кеткен жөн. Онда 10 000 əскери қызметші, Құрлық əскерлерінің 20-дан астам бөлімшесі, 2 000-нан аса техника тартылды. Мұндай тексерістерді өткізу – əскерлердің далалық дағдысын арттыру ісіндегі кезекті қадам. «Егемен-ақпарат».

 Апыр-ай!

Шатырдан табылєан граната Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

Шымкентте Ворошилов елді мекені жайында жағымсыз оқиғалар көп айтылады. Жақында сондағы жеке үйлердің бірінен қол гранатасы табылды дегенде ел дүрлігіп қалған. Оны тапқан – телефон жөн деушілер. Олар шақыртумен келіп, бір тұрғынның шатырындағы кабельдерді ауыстырып жатқанда жарылғыш затқа ұқсайтын гранатаны көреді. Дереу Еңбекші аудандық ішкі істер

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

бөлімінің кезекшісіне хабарлайды. Полицейлер жедел жетіп, үйді қоршауға алып, сақтық шарасымен жақын маңдағы

үйлердің тұр ғындарын қауіпсіз жер ге көшіреді. Саперлер ке ліп, ша тырдағы Ф-1 қол гранатасының оқу-жат тығуға арналған,

ШЫМКЕНТ.

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 273-07-87.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru, egemenkz@maіl.kz. Интернет-редакция: ekazakhstan@mail.ru Алматыда: факс (727) – 273-07-87, электронды пошта – egemalm@mail.ru

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – 8 (717-2) 37-54-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – 8 (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – 8 (712-2) 31-74-13; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

Көкшетау – 8 (716-2) 25-76-91; Қарағанды – 8 (721-2) 43-69-31; Қостанай – 8 (714-2) 39-12-15; Қызылорда – 8 (701) 772-70-74; Орал – 8 (777) 496-21-38;

Өскемен – 8 (778) 454-86-11; Павлодар – 8 (718-2) 54-31-56; Тараз – 8 (726-2) 43-37-33; Шымкент – 8 (701) 362-63-76; Петропавл – 8 (715-2) 50-72-50.

Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-07-26, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

залал сыз екендігін анықтаған. Граната тəркіленіп, жою мақсатында тиісті орынға жіберілді. Осы іс Шымкент ҚІІБ Еңбекші ПБ-нің сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізіліміне тіркеліп, ҚР ҚК-нің 287бабы «Қаруды, оқ-дəрілерді, жарылғыш заттарды жəне жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Арко» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-Полиграфия» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Достық-Дружба даң., 215 А, «WESTA» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

 Масқара!

Есірткі сатќан полицей Қайрат ƏБІЛДИНОВ, «Егемен Қазақстан».

Есірткі деген аждаһаның қанша жанның өмірін жалмап жатқанын естіп-біліп жүрміз. «Бақсақ бақа екен» демекші, есірткі деген сатсаң көл-көсір ақша екен. Желдің өтінде жүріп мал бақпайсың, арқа етің арша болып егін екпейсің: ебін тауып сата алсаң болды – арамнан тапқан ақшаның астында қаласың. Ал енді мына сұмдықты қараңыз: осы пəлекетпен күн демей, түн демей күресіп жүр деген полициямыз да мұны бизнестің бір түріне айналдырып алған көрінеді. Қарағанды облысындағы Абай аудандық ішкі істер бөлімшесінің нашақорлықпен күрес жөніндегі бөлімінің жедел уəкілі күні кешеге дейін есірткі сатып келіпті. Қашаннан бері, қанша сатып келгені бір құдайға ғана аян. Бірақ, қой терісін жамылған қасқырдың енді бұл кəсібін бірталай жылға дейін ұмыта тұруына тура келетін шығар. Жақында ол есірткінің кезекті партиясын өткізіп, сытырлатып ақша санап жатқан жерінде облыстық ішкі істер департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметкерлерінің қолына түсті. Қазіргі таңда осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті соттың санкциясымен екі айға абақтыға қамалды. «Шіріген жұмыртқаның» кесірі басқаларға да тиді. Қол астындағы қызметкері есірткі сатып жүрген бастықта қандай абырой болсын, бүгінгі күнде ол өз еркімен өтініш жазып, қызметінен кеткен. Аумақтық полиция бөлімінің бірнеше басшысы да түрлі тəртіптік жазаға ұшырапты. Қарағанды облысы.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 203 394 дана. Нөмірдің кезекші редакторы

Дастан КЕНЖАЛИН.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 6 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №652 ek

Profile for Egemen

18092015  

18092015

18092015  

18092015

Profile for daulet
Advertisement