Page 1

АҚПАРАТТАР аєыны №182 (28405) 18 ҚЫРКҮЙЕК БЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ

Тиімді пайдалануды ќамтамасыз ету маѕызды

Ќауіпсіздік Кеѕесініѕ кезекті отырысы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуімен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана Групп» ЖШС президенті Нұрлан Смағұловты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында Н.Смағұлов Мемлекет басшысына «ЭКСПО-2017» жобасының аясындағы мəдени-ойын-сауық орталығы құрылысының басталғандығы туралы баяндады. Қазақстан Президенті халықаралық көрме құрылысына жоспарланған ғимараттың біре гейлігін атай отырып, оларды көрме ден кейінгі кезеңде тиімді пайдалануды қамтамасыз етудің маңыздылығын айтты. «Астана Групп» ЖШС басшысы салынып жатқан нысан

Астана қаласының көрікті, қала тұрғындары мен қонақтары үшін тартымды орындарының біріне айналатындығын мəлімдеді. Жалпы алаңы 140 мың шаршы метрді құрайтын бұл орталықта Қазақстандағы ең ірі балалар аттрак циондарының саябағы, 14 залды мультиплекс-кинотеатр, тақырыптық сипаттағы мейрам ханалық галереялар, көпфунк циялы мұз айдын болады. Оның құрылысын 2016 жылдың қыркүйегіне дейін аяқтау жоспарланған.

Таєайындаулар Мемлекет басшысының Жарлықтарымен: Ержан Хозеұлы Қазыханов Қазақстан Республикасының Ұлыбритания жəне Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше жəне өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды; Қайрат Қуатұлы Əбусейітов Қазақстан Республикасының Норвегия Корольдігіндегі Төтенше жəне өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Ұлыбритания жəне Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше жəне өкілетті елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Ирландия Республикасындағы, Исландия Республикасындағы Төтенше жəне өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды. *** Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқар Сағиұлы Тəжиев Қазақстан Республикасының Норвегия Корольдігіндегі Төтенше жəне өкілетті елшісі қызметінен босатылды. *** Мемлекет басшысының Өкімімен Ерлік Əбдірақымұлы Кененбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігі Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды.

Отырыста əлем мен өңірдегі геосаяси ахуалдың өзгеруі жағдайында Қазақстанның сыртқы

Елшімен екіжаќты əѕгіме Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Африка Республикасының Қазақстандағы елшісі Шириш Манаклал Сониді оның өтініші бойынша қабылдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Сенат Төрағасы Африка құрлығында жетекші орын алатын Оңтүстік Африка Республикасымен көптарапты ынтымақтастықты дамытуға Қазақстанның мүдделі екенін атап өтті. Қ.Тоқаевтың пікірін ше, парламентаралық байланыстардың маңызы зор. Ол біздің еліміздегі ахуалмен танысу үшін ОАР-дың халық қалаулыларына Қазақстанға шақыруын жеткізді. Сенат Төрағасы елшіні алдағы

Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан».

Елімізде кеңінен аталып өткен Отбасы күні мен Өскемен қаласының күні биыл қатар келді. Аталған мерекелерге орай облыс орталығында «Қазақстан отбасы

Алматы мен Тараздыѕ арасы таєы да жаќындай тїсті

Оралхан ДƏУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Бүгінгі күні құрылыс жəне қайта жаңарту жұмыстарының 332 шақырымы салынып, 158 млрд. теңге игерілді. Қордай асуы айналма жолының құрылысын «Дженгиз Иншаат» АҚ жүргізуде. Бұл Қордай ауданының Отар ауылынан Благовещенка ауылына дейінгі аралықтағы 80 шақырымды құрайды. Осы аралықта 12 жасанды ғимарат, оның ішінде 2 көліктік жол айрығы жəне 10 көпір мен өткелдер қарастырылған. «Қазақавтожол» ұлттық компаниясы» АҚ Жамбыл облыстық филиалының директоры Ержан Жасыбаевтың айтуына қарағанда, жобадағы 495 шақырым автожолдың 296 шақырымында төрт жолақты жол салынады. Автобан орталық білікке түсетін 13 тонна салмаққа жəне 20-25 жыл қызмет көрсетуге есептелген. Бүгінде жоба бойынша Қырғыз Республикасына шығыстан Қарасу кеден бекетіне кіретін ұзындығы 17,7 шақырым

жаңа автомобиль жолы салынып жатыр. Ол іске қосылғанда Қордай кеден бекетінен Қырғыз Республикасына кіретін көлік құралдары азайтылып,

жылдың ортасында болатын Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне əзірлік туралы хабардар етті. Ш.Сони өз кезегінде Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың алдағы уақыттағы ОАР-ға мемлекеттік сапарына əзірлік барысы туралы айтты. Сенат Төрағасы Мемлекет басшысының сапары екі елдің түрлі салалардағы ынтымақтастығын дамытуға күшті серпін беретіні жайында пікірін білдірді.

жаңасына ауыстырылады. Қайнар мен Меркі ауылдарының аралығындағы бұ рынғы жолдың бірқатар бөліктері Қырғыз Республикасының аумағынан өтетін. Жаңа жол оларды айналып, өз жерімізбен өткізіледі. Мұның өзі Қырғыз Республикасына тəуелділіктен құтқарып отыр. Автобандағы ірі бөліктің бірі – Тараз қаласын айналып өтетін ұзындығы 65 шақырым жаңа автожол. Оның құрылысы қолға алынғанына

– 2014» атты Отбасылар форумы өтті. Шығысқазақстандықтар Отбасы күнін Өскемендегі этносаябақтың жазғы сахнасында жоғары деңгейде атап өтті. Салтанатты мерекеге өңірдің əр түкпірінен келген үлгілі отбасылар мен олардың ағайынтуғандары, қала тұрғындары жиналды. Əсіресе, осы атаулы күнде некесі қиылған жас отау иелерінің қуаныштары ерекше екенін

екі жыл болды. Жоба бойынша төрт жол айрығы, екі жол өткелі, 6 көпір, 130 су құбырының құрылысы жүргізіледі. Бұл жобаның жалпы құны 15,2 миллиард теңге. Қазірге дейін оның 7,8 миллиард теңгесі игерілді. Жалпы, «Батыс Еуропа–Батыс Қытай» халықаралық көлік дəлізі жобасы бойынша 22 көпір, 15 жол өткелі, 643 су құбыры жəне 11 жол айрығы салынуда. Жобаны жүзеге асыру нəтижесінде облыс аумағымен өтетін «Алматы– Ташкент–Термез» автожолының елді мекендерді айналып өтуі жəне төрт жолақ есебінен оны жүріп өту уақыты 20 пайызға азаятын болады. (Соңы 7-бетте).

тапсырмалар берілді. Олардың орындалуын бақылау Қауіпсіздік Кеңесінің хатшылығына жүктелді. ----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Мемлекеттік басќару тетіктері жетілдіріледі Мəжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыповтың жетекшілігімен өткен палатаның кешегі жалпы отырысында мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажыратуға қатысты заңдық құжаттар екінші оқылымда қаралды. Бұдан басқа, күн тəртібінде Түркі академиясын құру келісімі талқыға салынды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Жалпы отырыста сегіз мəселе қаралса, соның тең жартысы заң жобаларына қорытынды əзірлеу мерзімі мəселесіне қатысты болды. Атап айтқанда, Қазақстан мен Беларусь үкіметтері арасындағы

Əулеттер əлеуеті

● Бəрекелді!

Кешегі аптада «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дəлізінің тағы бір бөлігі пайдалануға берілді. Яғни, Қордай асуының айналма жолымен көліктер жүре бастады. Жамбыл облысы бойынша бұл жолдың жалпы ұзындығы 495 шақырымды құрайды. Соның ішінде 351 шақырымы цемент-бетон, 144 шақырымы асфальт-бетонмен салынады.

саясат тұжырымдамасын іске асыру мəселелері қаралды. Ұлттық қауіпсіздік саласындағы жаңа

қауіп-қатерлер мен тəуекелдер талқыланып, олардың алдын алу шаралары пысықталды. Қауіпсіздік Кеңесі отыры сының қорытындысы бойынша тиісті мемлекеттік органдарға бірқатар нақты

байқадық. Отбасылық құндылықтар насихатталған мерекеде əсем əн мен тəтті күй шалқып, өңір өнерпаздары өз өнерлерін паш етті. Форум барысында үздік отбасылар жеті аталым бойынша марапатталды. Яғни, «Отбасы тарихы – қаланың тарихы», «Еңбек əулеті», «Мерейлі отбасы», «Көпбалалы жас отбасы», «Мейірімді отбасы», «Отбасылық

тауарларды (жұмыстарды) экспорттау жəне импорттау кезінде жанама салықтарды өн діріп алудың принциптері туралы келісімнің қолданысын тоқтату туралы хаттаманы ратификациялауға қорытынды əзірлеу шешімін тапты. (Соңы 6-бетте). ансамбль», «Менің отбасымдағы ерліктің бастаулары» аталымдары өз жеңімпаздарын анықтады. Тамыз айында аталған номинациялар бойынша дəстүрлі байқау өткізілген болатын. Өңір басшысы Бердібек Сапарбаев Отбасы күнімен құттықтай отырып, байқау жеңімпаздарын медальдармен, естелік сыйлықтармен марапаттады. (Соңы 3-бетте). («Мерейлі отбасы» тақырыбына арналған топтаманы газетіміздің 2-3-беттерінен оқисыздар).

● Қазақстан мұнай ұңғымасын бұрғылау жəне оны жөндеу қызметтері жөнінен көш бастап келеді. Бұл туралы Энергетика министрінің бірінші орынбасары Ұзақбай Қарабалин хабарлады. «Статистика көрсетіп тұрғандай, Қазақстан компаниялары ұңғыманы бұрғылау жəне жөндеу бөлінісінде көшбасшы болып табылады, көрсеткіш сəйкесінше 44 жəне 81 пайыз», – деді ол. ● Қарағандыда кеше Елбасы тапсырмаларын жүзеге асыруға арналған арнайы жиын өткізілді. Онда облыс əкімі Нұрмұхамбет Əбдібеков Мемлекет басшысының аймақта болған жұмыс сапары барысында айтқан сынескертпелерінен туындайтын міндеттер жайын сөз етті. Осыған байланысты аппарат басшысы Жанат Ысқақов баяндама жасап, активті 7 бөлімнен тұратын жұмыс жоспарымен таныстырды. ● Оңтүстік Қазақстан облысының дəрігерлері Литвадан жеңіспен оралды. Олар осы Балтық бойы елінде өткен жедел медициналық көмек көрсету жөніндегі халықаралық жарысқа қатысты. Шымкент қалалық жедел медициналық көмек көрсету стансасының бас дəрігері Г.Құрманбекова бастап барған команда 30 елден келген бəсекелестері арасында жүлделі 2 орынға ие болды. ● Шығыс Қазақстанның Шемонайха ауданында 2 мектеп пайдалануға берілді. Олардың ашылуына қатысқан облыс əкімі Бердібек Сапарбаев өңірде қатарға қосылған бұдан да басқа бірқатар əлеуметтік нысандардың тұсауын кесті. Ол кейінірек ауыл шаруашылығы құрылымдары өкілдерімен кездесуі кезінде мемлекеттік субсидия мəселесінің министрлік деңгейіне қойылып жатқанын айтты. ● Жамбыл облысында құны 550 млн. АҚШ доллары болатын жел электр стансасы салынады. Мұны аймақ басшысы Кəрім Көкірекбаев Шу ауданында болған сапары барысында мəлімдеді. ● Қызылордада халыққа қызмет көрсету орталығы жаңадан салынады. Облыс əкімі Қырымбек Көшербаевтың айтуынша, қазіргі қолданыстағы ғимарат неке қию сарайына айналады. Ал оның жанынан тұрғызылатын 15 қабатты жаңа ғимаратқа халыққа қызмет көрсету орталығы көшіріледі. ● Маңғыстау облысынан Меккеге қажылыққа биыл 113 мұсылман барғалы отыр. Олардың барлығы облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаментіне тіркелген. Сонымен қатар, жартысы медицианалық тексерілуден өтіп үлгерген. Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары, Altaynews.kz. Alau.kz, Egemen.kz ресурстары деректері бойынша дайындалды.

● Қаның қалай қайнамас?!

Ќой терісін жамылєан полицейлер Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан».

Есірткінің шіріген ағаштың діңіндей қылып, қоғамды іштен жеп, қаусататын жұлынқұрт екенін екінің бірі біледі. Осы кесапаттың салдарынан талай жас көктей солды. Облыстық наркологиялық диспансер дəрігерлерінің мəліметінше, үстіміздегі жылдың алғашқы жартысының өзінде ғана өңірде есірткіге еліткен 3293 адам есепке алынған. Олардың арасында 25 жасөспірім, 328 əйел бар екен. Бұл жолда адасқан жасөспірімдер қатарының өткен жылға қарағанда өскені де байқалады. Əрине, есірткінің зияны туралы өте көп айта беруге де болады. Ал осы есірткі қайдан келеді, кім таратады, жастарды осы қасіретті жолға кім итермелейді? Үстіміздегі жылы облыстық сот қараған шулы

істен кейін жұрт жағасын ұстады. Есірткі бизнесімен айналысқан, оны таратқандарға сырттан қамқор болған басқа емес, полицейлердің өзі болса не дейсіз?.. Жылан ордасы секілді есірткі бизнесімен айналысқан үлкен топ – 16 адам сот алдында жауап берді. Солардың арасындағы 10-ы полицей еді. 2011 жылы Қостанай қаласының тұрғыны Р.Асылбаева деген А.Петренко жəне Н.Киселевалармен қосылып, Қостанайға героинді мол мөлшерде əкелудің, сақтаудың, сатудың аса қитұрқы сызбасын ойластырған қылмыстық топ құрады. Əйелдер мұндай «жоспарды» облыстық ішкі істер департаментіндегі лауазымды адамдардың, нақты айтқанда, оперативтік қызметкерлер Ж.Іргебаев, А.Бозбалин, Н.Шупов, С.Ермағанбетов, Д.Цой, Т.Наурызбаев, Е.Оразақов, Н.Əлма ған бетов,

Р.Ғазизуллин, С.Мұхамеджановтардың көмегінсіз жүзеге аспайтынын білген. Полицейлердің төртеуі – майор, біреуі – капитан, бесеуі – аға лейтенант, біреуі кіші сержант шенінде болған. Қызметіне байланысты қолында мүмкіндік бар тəртіп сақшылары есірткі таратушыларға астыртын көмек беріп, керек кезінде кеңестерін айтып, героиннің тоқтамай өтуіне кедергілерді жойып отырған. Облысты шулатқан есірткі ісі 100 томнан асып кетті, оларды тергеу, дəлелдеу, соттау үдерісі бірнеше айға созылды. Əбден əккі болған топтың арам ісіне көз жеткізу, бұлтартпай дəлелдеу оңайға түскен жоқ. Істің анық-қанығына жетіп, қылмысты бұлтартпай ашу үшін күдіктілердің бірнешеуін қайта-қайта тергеуге тура келген. (Соңы 8-бетте).

Бїгінгі нґмірде: Тарихи ґѕірден тараєан таєылым 4-5-беттер

Жемісті жеѕістердіѕ жиырма жылдыєы 6-бет

Гїлмен ґрнектелген ЭКСПО эмблемасы 7-бет


2

www.egemen.kz

18 қыркүйек 2014 жыл

ОТАУ КӨРКІ – ТӨЛБАСЫ,

Үйдің берекесі қабырғасының қиюымен емес, теңінің жиюымен, отбасындағы сыйластықпен, татулықпен кіреді. Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

Алыстан хабар алғызатын ең жылдам құрал қазір интернет, оның ішінде əлеуметтік желілер болып тұр. Бет қатталып жатқанда сонау Лондонда жүрген замандасымыз əрі əріптесіміз Меруерт ҚҰМАРОВАМЕН «Фейсбукта» чат арқылы сөйлесіп едік. Оның ата-ананың ұрпақ алдындағы жауапкершілігі, сондай-ақ, бүгінгі заманның адамдарға қояр талабы жайындағы ойларын өздеріңізге ұсынамыз. Меруерт Құмарова «Біз», «Сонымен солай дейік», «Менің жерім», «Бір шаңырақ астында» деген бірқатар бағдарламалардың продюсері болған. Елордадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетінде сабақ береді. Қазіргі кезде «Болашақ» бағдарламасы бойынша Лондондағы Брунель университетінде тағылымдамадан өтуде.

«Ќазаќ əйеліне тəн ќасиет – барды ўќсатып, жоќты жеткізу» – Меруерт, ХХІ ғасырдағы қазақ қоғамындағы əйелдерге жүктелген жауапкершіліктің зор екенін өзіңіз білесіз. Олар оқу да оқиды, жұмыс та істейді. Соның арасында тұрмысқа шығып, баланы да дүниеге əкеледі. Олардың тəрбиесіне де, сабағын тексеруге де уақыт арнау керек. Ерінің де, оның туыстарының да, жалпы, дос-жаран, ағайын-туыстың көңілін табу қажет деген сияқты. Бұл тым ауыр емес пе? Өзіңіз бəріне қалай үлгеріп жүрсіз? Арасында тағылымдамадан өту үшін шетелге де кеттіңіз. – Əйелдерге жүктелген жауапкершіліктің зор екені рас. Ең бірінші кезекте қазақ əйелі өзінің ұлттық болмысын жоғалтпауы керек деп есептеймін. Ал қалған шаруалар өзінен-өзі реттеле жатады. Өз басым тұрмысқа 21 жасымда шықтым. «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде оқиық» деген ұсынысты жолдасыма сол кезде-ақ айтқанмын. Бірақ ол «алдымен балалы болуымыз керек. Біздің əулет ең бірінші осы қуанышты күтеді» – деп жауап берді. Келін болып түскен соң, алғаш үйде баламен отырған жылдары радиодан бір сұхбат тыңдап қалдым. Сұхбат беруші «отбасының берекесін кіргізіп, шығармашылығын реттей білген адам, қоғамдағы өмірді де тура солай реттей алады» деген пікір айтты. Сол сөз маған қатты əсер етті. Шынымен де отбасы алдындағы жауапкершілік пен қызметті қатар алып жүрсең, көп нəрсеге үлгереді екенсің. Қазақ əйелінде күш жеткілікті деп ойлаймын. Себебі, біздің аналарымыз

Адам баласы үшін Отаннан кейінгі қасиетті ұғым – отбасы болса керек. Отбасы – Отанның əрбір мүшесін дүниеге əкеліп, қанатын қатайтып, қатарға қосатын маңызды орта. Данышпанның да, ғалымның да, елін қорғар азаматтың да, ғарышкер мен ақ халатты абзал жанның да ең алғашқы тəлімі мен тəрбиесі осы алтын ұяда қаланатыны айқын. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің», деп батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы айтпақшы, адам баласының іс-əрекеті де, арманмақсаты да, тіпті өмірлік бағыты мен мамандығы да отбасында қалыптасады. Алып бəйтеректей əке мен отбасының ұйытқысына айналған анаға қарап, өзінің өмірлік жолын айқындап, ата дəстүрін жалғап, бабадан мирас боп қалған ісін жаңғыртып келе жатқан азаматтарды көптеп кездестіреміз. Ал оған мысалды алыстан іздемей-ақ, ішкі істер органдарында отбасымен қызмет етіп жүрген, полицейлікті – отбасылық мамандыққа айналдырған отбасыларды айта аламыз. Осындай отбасылардың қатарына өрелі ісін жалғап, ішкі істер органдарында бүгінде үшінші буыны абыройлы қызмет атқарып келе жатқан – Мұхтаровтар əулетін айта аламыз. Отбасы басы– Абдулла Мұхтаров, өзі құқық қорғау саласына адал қызмет еткен жəне балаларына да кішкентайынан өз жолын таңдауды үйреткен ақсақал. Ол 1967 жылы ішкі істер саласындағы қызметін лейтенант шенімен бастап, еңбегінің арқасында облыстық дəрежедегі басшылық қызметтерге дейін көтеріледі. Өмірінің 28 жылын құқық қорғау қызметіне арнап, 1989 жылы подполковник шенімен құрметті демалысқа шығады.

сондай күшті болған. Барды ұқсатып, жоқты жеткізу қазақ əйеліне тəн қасиет. Баланы тауып, тəрбиелеп, жұмысты да істеп үлгерген. Содан күш алған. Отбасын бірінші орынға қойған кезде адам өзіне үлкен жауапкершілікпен қарай бастайды. – Қазіргі кезде несін жасырайық, отбасының үлкен құндылық екенін айтып түсіндіре бастасаң күлетін, көзіне шұқып көрсетсең иланбайтын жастар да өсіп келеді ғой. Ең қызығы, олардың көбі өз ата-анасын үлгі етіп, мақтанып отырады. Өздері туралы орысшалап «так получилось» деп қояды. Бұл туралы пікіріңіз қандай? – Бұл – өте күрделі мəселе. Бірекі ауыз сөзбен жеткізу мүмкін емес. Құндылықтар туралы түсініктер ауысып жатыр. Қазір байқасаңыз, үлкен қалаларда қыз-келіншектер арасында дүкен аралап жүріп алу əдеті бар. Бұл, яғни, «шопоголиктік» бұрын бізде болмаған. Жылылықты заттардан іздеу басқа жақтан жеткен жат əдет. Əсіресе, бүгінде қалада қызмет ететін кейбір қыздар демалыс күндерін дүкендерде өткізу арқылы өздерін алдап жүр. Оларға «ертерек тұрмысқа шығыңыздар» деп айтар ем. Біз аз халықпыз. Лондонның мен тұратын ауданында саябақ бар. Сол жерде ағылшынның қыз-қырқыны иттерін бала қыдыртқандай ғып қыдыртып жүреді. Олардың тамағы, əдеті туралы əңгіме қылады. Сіз олардан ит туралы сұрасаңыз, оңай тіл табысуға болады. Бізде шүкір, əйелдер бала қыдыртады ғой. Ал, өзіңіз айтқандай, жастар да кездесіп жатады өмір болған соң.

– Ағылшын тілін қалай меңгер ді ңіз? Оған уақытты қалай таптыңыз? – «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алу менің үлкен мақсатымның бірі болды. Сол үшін уақытты жоспарладым. Тіл үйрену үшін ерекше қабілет керек деп айтпас едім. Ең алдымен ынта-жігер керек. Содан соң уақытты дұрыс жоспарлау көп көмегін тигізеді. Отбасыма да, жұмысқа да, ағылшын тілін үйренуге де, тіпті фитнеске де уақыт тауып, алға жылжи бердім. Мақсат айқын болғанда адам қарап отыра алмайды екен. Қарап отыратын уақыт та жоқ. Өкшемізді басып балалар өсіп келеді. Оның үстіне өзімізді оқытқан ата-ананың үмітін ақтауымыз керек. – Қазір жан жарыңыздан, балалардан алыста жүрсіз. Бұл ең алдымен балалар үшін ауыр боп жатқан жоқ па? – Балалардың тəрбиесіне қатты мəн беремін. Отбасын тастап кететін, басқаша түрлі қылықтар жасап жүретін ер-азаматтар үшін анасы кінəлі деп ойлап, өзіме балалардың алдында үлкен жауапкершілік алғанмын. Сыртта жүрсем де үйге он рет хабарласамын. Не іштің, не жедің деп емес. Сабақтары туралы, басқа да нəрселер туралы сұраймын. Олар тек кітаптан білім алмай, өмірден де сабақ алып өссе екен деймін. Сол үшін көп шолжаңдатқан емеспін. Бірақ, бойлары өсіп кетсе де, өздерін көп құшақтаймын. Жылылықты, мейірімді сездіру үшін. Балаға гипер қамқорлық жасауға болмайды деген пікірдемін. Олардың өздігінен ойлануына, бірнəрсе істеуіне де

мүмкіндік беру керек. Ал, жолдасыма келсек, Мұрат «Алтын Қыран» компаниясында баспасөз қызметінің жетекшісі болып қызмет атқарады. Азаматымның қолдауымен осында, 9 миллион адам тұратын алып шаһарда тағылымдамадан өтіп жатырмын. Глобустан, интернеттен қарағанда Лондон алыс шығар. Бірақ, өз жақындарым үшін мен алыста емеспін. Балаларым да Лонданға жету мүмкін емес нəрсе деп ойламайды. Елбасымыз айтқан 2050 жылы дамыған отыз мемлекеттің қатарына кірген Қазақстанды көретін осы балалар ғой. Олардың сол мүмкіндіктерге қол жеткізуіне біздер, яғни, ата-аналары жол көрсетуіміз керек. – Мектептегі Меруерт қандай еді? Балалық шағыңызға шегініп, сондағы қимас естеліктерден бір үзік айта кетуге бола ма? Атаанаңыз, жақындарыңыз туралы? – Балалық шақтың қимас естеліктері көп. Мен шығыстың қызымын. Бізде бауырсақтың түртүрі болатынын жақсы білесіз. Мектептен келгенімше əжем сүтке ши бауырсақты бұқтырып, күтіп отыратын. Сонда мəселе тамақта емес, əжемнің пейілінде еді. Өзім əжемнің қызы боп өстім. Əжеммен бірге шəй ішіп, əңгімелесіп отыру мен үшін сол кезде үлкен бақыт еді. Анам бір кезде зейнетақы саласында жұмыс істеді, бухгалтер болды, сабақ берді. Шаршадым деп айтпайтын. Ал əкем музыка мен кітапты бағалайтын жан. Үйде бір бөлме толы кітап болды, соны оқитын да отыратын. Сол кітаптар арқылы əлемді таныды. Өзі бармаса да бізге бағыт берді.

Қазір Лондонда үлкен лауазымды қызметтердегі адамдардың түсінігі əкеме көп ұқсас екенін байқаймын. Аудан көлеміндегі əкемді соларға теңестіріп тұрған сол кітаптар екен ғой деп ойлаймын қазір. – Гендерлік саясат жайлы пікіріңіз қандай? Бұған қоғамдағы кейбір адамдар сияқты сонша үркіп қарау керек пе? – Елімізде əйелдердің саяси жəне қоғамдық өмірге қатысуына барлық жағдайлар жасалған. Тек осыны əйелдер қауымы жауапкершілікпен түсініп, ер адамдар түсіністікпен қабылдауы керек. Əйелдер қауымы өздеріне берілген мүмкіндікті дұрыс түсінбей, ер адамның алдына озбырлана түсіп кететіні бар. Жігіттер əлсіз, ұсақталып кеткен деген жауаптары да дайын. Алайда, ақылды адам өзінің мықтылығын өзгенің əлсіздігімен салыстырмалы түрде көрсетпесе керек. Мұны қазақ қыздарының мінезінің уақытқа байланысты өзгеріске ұшырауы деп түсінген жөн. Себебі, қазақ əйелі ешқашан ердің құнын төмендеткен емес, парасаттылығымен əулетке, елге құрметті болған аналарымыздың ізін жалғастырып отырған замандастарымыз да аз емес. Істің де көзін тауып, отбасының да жағдайын жасап, биліктің тұтқасын ұстап отырған көпшілікке үлгі болатын ханымдар елімізде көп. Жақсы маманға білімділік, жүйелілік, жауапкершілік қасиеттер тəн болса, бұл қасиеттер ерге де, əйелге де ортақ.

Орталық коммуникация қызметінде өткен брифинг «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына арналып, БАҚ өкілдеріне алдағы күндері өтетін байқау жайлы біршама мəлімет берілді.

Ўлттыќ байќаудыѕ маѕызы арта бермек 19-ші қыркүйекте өтетін «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздары қазіргі таңда анықталуда. Бұл мерекеге биыл 14 облыстан 1298 отбасы қатысып, 16 отбасы үздіктер қатарына ілінген. Халқымызда "Отан – отбасынан басталады" деген тəмсіл бар. Бұл сөздің мəніне үңіліп қарасаңыз, көп нəрсені айқын аңғаруға болады. Бір шаңырақ астында берекелі де мерекелі, түтінін түзу түтетіп отырған отбасының қоғамдағы орны қашанда биік. Отау құрып, ұрпақ өрбіту – отбасының байлығы, һəм берекесі. Адамзаттың асыл құндылығы ұрпақтар сабақтастығының мызғымас көпіріне айналған отбасыларымыз қашанда ұлтымыздың бақ қазынасы. Себебі, əке, ана, бала отбасын құрайтын осы үштаған шағын мемлекет іспеттес. Отбасындағы өнегелі тəрбие, атаанаға құрмет, ізеттілік сынды құндылықтарды бойына жиып өскен тал шыбық осы отбасының тəрбиесіне орай тұлға болып қалыптасады. Иə, отбасы тақырыбында өнегелі сөздер айта беруге болады. Өйткені, өмірдің қызығы да шыжығы да отбасы. Елбасымыз биылғы жылы "Мерейлі отбасы" ұлттық байқауын өткізу туралы тапсырма берген болатын. Ел тарихында алғаш рет ұйымдыстырылған осы байқаудың маңызы бөлек. Отбасы институтын нығайту, отбасы құндылықтарын арттыру, отбасы өмірін жастарға насихаттау – "Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсының негізгі мақсаты. Республиканың əрбір облыстарында өткізілген байқауға қатысқан өнегелі отбасылар отау құруды мақсат етіп отырған жастарға үлгі-өнеге бола білді. «Еліміздегі отбасылық-демографиялық жағдайды жақсарту жəне осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру мақсатында Елбасының арнайы тапсырмасымен республика көлемінде "Мерейлі отбасы" ұлттық байқауын ұйымдастырып отырмыз. Алғаш рет өткізіліп жатқанына қарамай, байқауға қатысуға көптеген отбасылар үміт білдірді. Бұл мереке бұдан былай жыл сайын, еліміздің əр өңірлерінде тойланатын болады. Сонымен қатар, бұл сайысқа кез келген отбасы қатысып, жеңімпаз атануы əбден мүмкін», – деді брифинг барысында ҚР Президенті жанындағы Əйелдер ісі жəне отбасылықдемографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Махаббат Бекбосынова. Жиында бұл сайыс бірнеше сатыға бөлініп, жылдан-жылға күрделене түсетіндігі де мəлім болды. Республикалық деңгейдегі жеңімпаздарды анықтау жалпыхалықтық дауыс беру арқылы жүргізілуде. Дауыс беру мерзімі 25 тамыздан басталған. «Шын мəнінде Қазақстанда өнегелі отбасылар өте көп. Басым бөлігі өз тіршілігімен айналысып, бала-шағасын өсіріп отыр. Ал оларды халыққа таныту, насихаттау арқылы жастарға тəлім-тəрбие, жас отбасыларға өнеге көрсету қажет», – деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Лəззат Сүлеймен. Қоғамның тəрбие құралына айналған отбасы ұғымы əрдайым биік. Ұлттық байқау өскелең ұрпаққа үлкен өнеге болмақ. Тірлігі бекем тіршілік еткен, бір шаңырақ астында берекелі өмір сүрген отбасыларымыз барда мемлекетіміз əрдайым биік тұғырда болмақ.

Əңгімелескен Айгүл СЕЙІЛОВА, «Егемен Қазақстан».

Ата кґрген оќ жонар

Мұхтаровтар отбасы. Ал оның төрт бірдей ұлы тəртіп сақшысы қызметін өмірлік жолы ретінде таңдап, қазіргі таңда құқық қорғау органдарында нəтижелі еңбек етуде. Полицейлер əулетінің үшінші буыны – немерелері де ата дəстүрін жалғап, əке жолын қуып, осы салада еңбек етіп келеді. Айта кету керек, Мұхтаровтар əулеті «15 мамыр – Халықаралық отбасы күні» мерекесіне орай, қалалық ішкі саясат бөлімі ұйымдастырған «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының қорытындысы бойынша ІІІ дəрежелі диплом иегерлері атанды. Ата-ана аманатына адалдық танытып, ата жолын жалғап келе

Анафиндер отбасы. жатқан тəртіп сақшыларының бірі – Əлиевтер отбасы. Осы отбасының дені тəртіп сақшысы қызметін кеңес милициясынан бастап, Қазақстан полициясында жалғастырып келеді. Қызылорда қалалық ІІБ-нің аға анықтаушысы, полиция майоры Марина Əлиева əкенің ізін басып, ішкі істер органдарында қызмет атқарып келе жатқанына 11 жыл болған. Өзінің қызметтік идеалы санаған əкесі – Ескендір Əлиев те офицер, осы салада ерінбей еңбек еткеніне отыз жылдан астам уақыт болыпты. Ал, Маринаның немере ағасы Зұлқарнай Əлиев те кезінде ішкі істер органдары жүйесінде адал

қызмет етіп, Жалағаш аудандық ІІБ бастығы орынбасарының қызметін атқарған. Маринаның нағашылары да тəртіп сақшысы қатарында қызмет етеді. Олар үшін полицей абыройынан биік ештеңе жоқ, офицерлік нысанды киім – Əлиевтер үшін ең əдемі əрі сəнді киім саналады. Мемлекет мүддесін биік қойып, асқақ мұраттарға адал қызмет етіп келе жатқан тағы бір полицейлер отбасы – Анафиндер əулеті. Тек сырлас, мүдделес отбасы ғана емес, сондай-ақ, қызметтік мəселелерді бірге шешіп, кəсіби міндетті бірінші орынға қойып келе жатқан погонды отбасылардың

бірі жəне бірегейі. Əулеттің үлкені – Кеңесбек Анафин ішкі істер органдарында бірнеше жыл бойы қызмет атқарып, 1988 жылы құрметті зейнет демалысына шыққан. Балаларына адамдық қасиетті ғана емес, патриоттық тəрбиені де қатар беріп, Отанға қалтқысыз қызмет етуді қандарына сіңіре білді. Мəселен, ұлдары – Нұрланбек пен Мейрамбек Анафиндер Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің Жол полиция басқармасында қызмет атқарып, зейнеткерлікке шықса, ал Кенжебек Анафин осы салада, яғни Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының взвод

командирі болып абыройлы қызмет етуде. Қыздары – Рая мен Света Анафиналар да ерлермен тізе қосып, əскери қызметтің қатаңдығы мен қиындығына қарамай, қоғамдық қауіпсіздікті күзетіп келеді. Бірі – Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің кəмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау орталығының бастығы қызметін ұзақ жылдар бойы атқарып, 2010 жылы құрметті зейнет демалысына шықса, екіншісі – осы салада əлі де еңбек етуде. Бүгінде ол Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің мемлекеттік күзет қызмет бөлімінің инспекторы. Погонды отбасының үшінші

Рəбия КЕРІМБАЙ, ЕҰУ студенті.

буыны, яғни немерелері де құқық қорғау органдарында жұмыс істеуді өмірлік таңдауы еткен. Мейрамбек Анафиннің ұлы – Ғабит та Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасы ЖППБ-ның полицейі болып қызмет атқарады. Қызылорда облысы ІІД-де қызмет атқарып келе жатқан, Қарулы Күштер сапында қызмет етуді Отан алдындағы парызым деп білетін отбасылардың қатарында Бекетовтер, Қоразбаевтар, Əділовтер, Ысқақовтар мен Əбжаловтар əулеті де бар. Мұндай отбасыларда əскери қызметтің қиындығы мен жауаптылығына қарамастан, азаматтық борышын өтеу жолында қажымай еңбек етуді өмірлік мақсаты етер кіші буын өкілдері тəрбиеленіп жатыр. Ал алдыңғы толқын ұрпақтарының əскери қызмет атқаруға деген құлшынысын қолдауға, бағыт-бағдар, түсінік беруге дайын екендігін көрсетіп келеді. Ең бастысы, барлығының ұстанатын ортақ қағидасы – əскери қызметке адалдық, қиын да жауапты істі абыроймен атқару. Түйіндей келе, отбасы – ғарышкердің де, полицейдің де, дəрігер мен ұшқыштың да қанатын қатайтып, өмірлік бағыт беретін үлкен əрі ұлы түсінік екенін айтқымыз келеді. Бұл ортадан қазақтың ерік-жігері, күш-қайраты мықты батырлары мен халықтың тыныштығын күзете отырып, əке жолын жалғастырар адал əрі ержүрек ұлдары тəрбиеленіп шығатыны сөзсіз. Қазақ «Ата көрген оқ жонар» дейді. Бұл – айдай ақиқат сөз. Махмұдин ШОХАТАЕВ, Қызылорда облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі.

Қызылорда облысы.


3

www.egemen.kz

18 қыркүйек 2014 жыл

ОТАН КӨРКІ – ОТБАСЫ Əулеттер əлеуеті

– Мемлекеттің негізі – отбасы. Отбасы қандай болса, мемлекет сондай болады. Қазақ халқында «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген қанатты сөз бар. Əр адамның еліне пайда келтірер азамат болуы отбасында алған тəрбиесіне байланысты. Егер отбасында татулық пен берекебірлік, əдептілік болса, ондай отбасында тəрбие көрген бала жақсы азамат болып өседі. Өңірімізде осы үдеден шығатын отбасылар аз емес. Президент Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі əр отбасыға үлкен көңіл бөліп отыр. Елбасы Жарлығымен қыркүйек айының екінші жексенбісі Отбасы күні ретінде жарияланды. Баршаңыздың отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік, балалардың шат күлкісін тілеймін, – деді өңір басшысы. Аталған шараға Ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко да қатысып, аймақта оң өзгерістер көп екенін, мерекеге қатысқан отбасылардың ой-пайымы биік, саналы жəне азаматтық ұстанымы қалыптасқан балалар тəрбиелейтінін атап өтті. «Отбасының тарихы – қаланың тарихы» аталымында қаланың қоғамдық өмірінде белсенділігімен көзге түсіп жүрген Василий Ахаевтардың 115 жылдық еңбек өтілі бар мұғалімдер əулеті танылса, «Мерейлі отбасы» ретінде

өмірлік жары Бөкешпен бір шаңырақ астында 54 жыл бойы тату-тəтті тіршілік кешіп келе жатқан Төлеухан Əбілқасымов ақсақал марапатталды. Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында дүниеге келген отағасы мен жары ғұмыр бойы мектепте оқушыларға ұстаздық еткен екен. 8 бала тəрбиелеген олар бүгінде 13 немере сүйіп отыр. Жиналған қауымды «Еңбек əулеті» бойынша жеңімпаз болған Жұмаш Биболовтардың отбасы таңғалдырды. Əулеттің ақсақалы Жұмаш Биболов Ұлы Отан соғысының ардагері, еліміздің құрметті теміржолшысы екен. – Менің атам Түрксіб теміржолының құрылысына қатысты. Əке-шешем өмір бойы теміржол саласында жұмыс істеді. Ата-анамыз алты бала тəрбиеледі. Біздің барлығымыз, тіпті күйеу балаларымыз бен келіндеріміз де теміржол саласында жұмыс істейміз. Яғни ата-бабамыз дың ізімен жүріп келеміз. Бала ларымызды да осы салаға тəрбиелеудеміз. Отбасымыздың жалпы еңбек өтілі 473 жылды құрайды, – деді Үміт Биболова. Сондай-ақ, Отбасы күні аясында шаңырақ көтерген жас отау иелерінің неке қию, аяғын апыл-тапыл басқан сəбилердің тұсаукесер салтанаты өтті.

Суретті түсірген Есімхан ОРЫНБАЕВ.

(Соңы. Басы 1-бетте).

ӨСКЕМЕН.

Шаѕыраќ шырайы Татулыќ таєылымы Біз əкеміз бен анамыздан өз өмірімізге жетерлік тəлім-тəрбие алғанымызды мақтан тұтамыз. Олар бізді сəбилік кезімізден еңбекке баулыды. Тəңірдің бұйыртқан несібесін көрген олар бүгінде ортамызда жоқ. Асылығым емес, шын сөзім, жалғыз ағам Аман мен Əлия жеңгемді туған ата-анамдай көремін, əлі де солардан ақыл-кеңес сұраймын.

ғана емес, көпшілікке мейірімділігімен, қайырымдылығымен танылған жандар. – Көпті көрген көнекөз қариялар «Дүние – серуен, адам – бір көшкен керуен» дегенді жиі айтушы еді. Осының ақиқаттығына жасымыз ұлғайып, өзіміз де ұл-қыз өсіріп, ұрпақтарымыздың қызығы мен қуанышын көрген сайын көзіміз жете түскендей, – деп бастады əңгімесін Жақсылық ағамыз. – Бізді бала кезден тəрбиелеген үлкендердің айтқан сөздері, өнегелі істері, бəрі де есімізде. Əкем мен анам екі ұл, екі қыз өсірді, олардан ұрпақтар тарады. Кезінде əкешешем ауыл аймағына сыйлы болған, ағайын-туысына қамқорлықтары да жетіп артылатын. Əкем Ұлы Отан соғысына қатысып, жарақат алып қайтқан кісі. Онысын ауырсынып, еңбегін бұлдаған емес. Тынымсыз əрекет ететін.

Бауырларым мен отбасымның ортасында бақыттымын. Міне, осындай өнегелі, қарапайым отбасынан шыққан ағамыз адал жар, абзал əке, ал, Ермек Зейнешқызы мейірімді ауыл аналарының бірі. Адамға өмір бойы асқақ көрінетін, алыстан арман-қиялға жетелеп шақыратын туған ауылы əрдайым ыстық қой. Ағамыз жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін өзінің туған мекені мен алтын ұя мектебіне оралып, мамандығы бойынша қызмет атқарды. Музыка өнері – ұлттық мəдениеттің өркендеу үрдісінде ерекше орны бар, халықтың рухын көтеретін шығармашылық саланың бірі болса, сол салада тер төгіп, білікті мамандар даярлауда ұлағатты ұстаз ретінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған азамат. Жақсылық ағамыз тумысынан

ерекше жаратылған, көңілі даладай кең, баладай риясыз, ақкөңіл жан. Оны өзгелерден айрықша даралап тұратын тамаша қасиеті – пендені бөлектеуді білмейтіні, қамқорлығы мен қайырымы дараланып тұратыны жəне қылаудай қиянаты жоқтығы. Еңбегінің зейнетін көріп, ұрпақ қызығына бөленіп отырған ағамыздың ізін жалғаушы шəкірттері де баршылық. Олардың қатарындағы Абзал Қарасаев, Жанболат Серікқалиев, Ақмарал Бекетаева, Қайрат Биманов, Динара Қалжанова, Ақылбек Əлсейтов, Сатыбалды Дəукенбаев, Мұратбек Отарғалиев аудан, облысты айтпағанда, республика сахнасынан көрініп жүрген өнерпаздар. Өмірлік жары, отанасы Ермек Зейнешқызы өз ұжымында кейінгі буындағы ұстаздардың көшбасшысы саналатын, өмірден көргені мен түйгені көп, жайлы да салмақты мінезімен үлгі болып келеді. «Əліпті таяқ деп білмейтін сəбиден саналы азаматты тəрбиелеп шығарудың өзі инемен құдық қазғандай» екенін мойындамайтын адам өзін осы күйінде аспаннан салбырап түсе салғандай сезінетін шығар, мүмкін. Дегенмен, адамды тəрбиелеу ең күрделі іс екендігін ойлы адам мойындайтыны хақ. Міне, осындай үлкен жауапкершілікті істің басында тұрып, күні бүгінге дейін бастауыш білім саласында ұлан-ғайыр түйгенімен, көпжылдық іс-тəжірибесімен шəкірт тəрбиелеуден Ермек Зейнешқызы жалыққан емес. Дихан көктемде жер төсіне сепкен дəнін ала жаздай баптап, күзде жемісін жинайды. Ұстаз да сол секілді. Лайым, əманда, солай болғай. Иə, осындай тату-тəтті мұғалімдер отбасы Сəкен, Қасым, Айжан атты ұл-қызын өсіріп, шаңырағын мəуелі бəйтерекке айналдырып отыр. Ұлдары жоғары оқу орнын бітіріп, мамандықтары бойынша қызмет атқарса, Айжаны мектеп қабырғасында. Осыдан екіүш жыл бұрын Ақтөбе қаласына барып құда түскен Жүнісовтер əулеті сүйкімді де сабырлы Гүлназ атты келін түсірді. Сол кезде Гүлназ Ақтөбе мемлекеттік университетінің студенті болатын. Ұлдары Қасым мен Гүлназды жұбымен оқуларына жіберді. Кейін тіпті немерелері Сұлтанды алып қалып, олар оқуларын тəмамдағанша бағып, өсірді. Тəрбие ана сүтінен дариды дейді. Десе де Гүлназдың бойынан енесі Ермектің қонақжайлылығы мен дархандығын байқап келеміз. «Үйдің берекесі қабырғасының қиюымен емес, теңінің жиюымен, отбасындағы сыйластықпен, татулықпен кіреді» деген Елбасының ұлағатты сөзі біз үлгі етіп отырған осындай жандарға арналып айтылса керек. Сая САҒИҚЫЗЫ.

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Базаршолан ауылы.

Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан».

Атыраудағы өзге ұлт өкілінің бірі – Зураб Бобохидзе. Қазақ жерін мекен еткен жанның бəрін өзіне дос санайтын, өзге ұлт өкілінің бəрімен сыралғы досындай емен-жарқын əңгімелесіп, тез тіл табысатын оны көптен білеміз. Жеті жыл бұрын өзі жетекшілік ететін «Иверия» этномəдени бірлестігі жанынан би үйірмесін ашып, оған тек грузин ұлтының жастарын ғана шақырумен шектелген жоқ. Би үйренуге ынта танытқан өзге де ұлт өкілдерінің жастарына құшағын кеңінен ашты. – Өйткені, біз «Қазақстан – менің Отаным!» дейтін патриотты сезімі басым, ұлтаралық татулықты, достықты қадірлейтін жастарды тəрбиелеуге атсалысуымыз қажет, – дейді Зураб Гедеванович. – Міне, мəселеге осы тұрғыдан келгенде, мен грузиннің ұлттық биін тек сол ұлттың жастары ғана білуі тиіс дегенге келіспеймін. Өзге ұлттың жастары біздің биімізді үйренгенін қаладым. Неге? Себебі, менің іні-қарындастарым, яғни, Атырауда тұратын грузиндердің ұрпақтары біздің би үйірмемізге келген өзге ұлт өкілдері арасынан сенімге берік достар табады. Грузиннің ұлттық би өнерін үйренген замандастарының да ұлттық құндылықтарын құрметтеудің, ұлттары өзге болса да, бір-бірін сыйлаудың қажеттігін санасына сіңірсе екен дедім... Зураб Бобохидзенің өзі бірнеше ұлт өкілі арасынан айнымас достар тауыпты. Тіпті, өзінің өмірлік серігі де өзге ұлттың өкілі екен. Бобохидзе шаңырағының шаттығын шалқытып отырған Татьянамен 1976 жылы Ақтөбе қаласында танысыпты. Сол кезде Зураб Ташкент теміржол институтының Ақтөбедегі филиалында, ал Татьяна медицина институтында оқыған. Бір-бірімен əзіл-қалжыңы жарасқан дос ретіндегі сыйластық шынайы махаббатқа ұласыпты. Сөйтіп, орыс қызын бақыт құсына балаған грузин жігіті Мəскеу Олимпиадасы өткен жылы шаңырақ көтеруге ұсыныс айтыпты. Сол ұсынысты қабыл алғаннан бері Татьяна екеуі отбасы бақытының шуағына бөленіп келеді. – Əр ата-ана ұл-қызының бақытты болғанын қалайды ғой. Татьянаның атаанасы бастапқыда маған сынай қарады, – деп жастық шағын ерекше тебіреніспен еске алады Зураб Бобохидзе. – Кейін менің Татьянаға, оның маған деген сезімінің беріктігіне көздері жеткен соң, мен олардың ең жақын, ең сыйлы адамындай болдым. Олар мені шын жүректерімен «ұлым» деп атады. Бобохидзенің отбасындағы алғашқы күннен орнаған сыйластық осы уақытқа жалғасып келеді. Бұл отбасында ұлттық салт-дəстүрге қатысты дау-дамай болған емес. Өйткені, Зурабтың өзі ұлтаралық татулық пен достықтың қадірін біледі. Шын жүрегімен сезінеді. «Менің ұлтымның ғана дəстүрі сақталсын деуге болмайды. Өйткені, біз екі ұлттың

өкілі болсақ та, бір-бірімізді шын сүйіп қосылдық. Арамыздағы достықтың, махаббаттың беріктігі бір-бірімізді тереңірек білген сайын беки түсті. Бұл – отбасы татулығының басты тетігі», деп бізбен ой бөліскен Зураб пен Татьяна екі қызы мен бір ұлынан өрбіген бес немеренің бал қылығын қызықтап отыр. Айтқандай, бұл отбасының бір қызы қазақтың жігітіне тұрмысқа шыққан.

ешқайда кетпеймін» деген берік ұстанымға тоқтаған. Рас, тəуелсіздіктің алаң-елең шағында тарихи мекеніне оралуды ойлаған екен. Бірақ, қазақ елінде өткізген жастық шағы, өмірлік жарын тапқан сəттер мен қазақ халқының кеңпейілі мен ыстық құшағы грузин жігітінің Қазақстаннан тамыр үзіп кетуіне ерік бермепті. – Одақ ыдыраған сəтте «Бола-

– Бұл – біздің отбасымыздың Қазақстандағы тамырын тереңге жая түсті. Бұрын да қазақ елін бақыт құсымды, сенімге берік достарымды тапқан мекенге балаушы едім. Бұрын қазақ жігіттері арасынан уəдеге берік, туысбауырдай сыйласқан достар тапсам, енді қазақ халқымен құда болдым. Қазақ халқының салт-дəстүрімен кеңірек танысуымызға, ұлттық құндылықтарын тереңірек білуімізге қызымыз бен күйеу баламыз дəнекер болып келеді, – деп ағынан жарыла əңгімеледі ол. Зураб Бобохидзе татулығы жарасқан отбасы тірегі ғана емес, шағын жəне бизнесте өз орнын тапқан кəсіпкерлердің бірінен саналады. Автокөлік жөндеу саласындағы кəсібін дөңгелетіп, «Үздік кəсіпкер» атанған ол «Менің тамырым тереңге жайылды, енді Қазақстаннан

шағымыз қалай болады?» деп елеңдегенімізді жасыра алмаймын. Басқа елдердегідей емес, кемеңгер қазақ халқы қантөгісті болдырған жоқ. Елдегі татулықты сақтауда, тəуелсіздікті қадірлей білуде Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбек сіңіргенін баса айтқым келеді. Мемлекет басшысының көреген саясатының арқасында Қазақстанның экономикасы өркен жайды, ұлтаралық татулық мен достықтың беріктігіне сына қағылған жоқ. Елдің қуатты мемлекетке айналуы мен ұрпағымыздың жарқын болашақта өмір сүруінің басты кепілі – тұрақтылық пен татулық. Бұл – əр қазақстандықтың ең қымбат қазынасы. Ал менің ең қымбат мекенім – Қазақ елі!

Суретті түсірген Рахым ҚОЙЛЫБАЕВ.

Қазақта «Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің» деген аталы сөз бар. Шынында да, əр ұрпақтың өсіпжетілуіне, азамат қатарына қосылуына, болашақ тіршілігіне дейін отбасында, ұшқан ұясында көрген тəлім-тəрбиесінің ықпалы өте зор болмақ. Осы орайда өнеге тұтар ауылдастарымыз шүкір, аз емес. Жақсылық Жүніс ағамыз бен Ермек Зейнешқызы да өз отбасында

Атырау облысы.


4

www.egemen.kz

18 қыркүйек 2014 жыл

ТАРИХИ ӨҢІРДЕН

Жалпы, мені Елбасының өткен тарихымызды терең білетіні, оны орнымен пайдаланатыны таңғалдырады. Мəселен, қазақ жұртының арғы түбі ғұндар екені дəлелденді. Одан келіп көк түріктерге тірелеміз. Хандық дəуірге ұласқанда Алтын Ордамыз пайда болды. Ол Ақсақ Темір шапқыншылығы салдарынан, одан кейінгі Едіге батыр дəуіріндегі қырғындар қырсығынан құлағанымен, қазақ тарихының бұлтартпас бір шежіресіне айналған Алтын Орданың жеті ханы жерленген Сарайшық біздің өңірдің аймағында орналасқан. Ал осы Сарайшықтың тарихын кейінгі ұрпақ біле ме?

Ўлы мўратќа ўмтылдырады Сарайшықтың орны Жайыққа шайылып, толқындарымен тесіліп жатыр. Қорғау шараларын дереу қолға алмаса, көп ұзамай су түбіне кететін шамасы бар. Айтпақшы, қазақ мұнайының ғасырлық тойы тойланған 1999 жылы Елбасының өзі де осы қасиетті орында болып, халқымыздың өткеніне көз жүгірткен. Мемлекет басшысы егемен елімізге жаңа астана іздегенде осы Ұлытауға да арнайы келгенін айтады. Текке емес, қазақ хандығының кіндігін қайта жаң ғыртпақ болған-ды. Ұланғайыр жеріміздің орта тұсы да осы емес пе? Əттең, ешқандай инфрақұрылымы, сыртпен байланысы жоқ жерде астана болушы ма еді? Тəуелсіздігін енді ғана алып жатқан елдің шамасы оған жете қояр ма? Бірақ, астана атанбаса да Ұлытаудың

ұлылығы, оның қасиеті кеміген жоқ. Мүмкін, оның астанаға айналмай, ара-тұра сағынып көрісетін, ат арытып арнайы келетін орын болғаны да жөн шығар. Өйткені, барша қазақ тəу ететін жер ғой бұл! Отанды, туған жерді сүю, Отанды қорғау дегенді жалпылама айта бергеннен гөрі, оның мағынасын Нұрсұлтан Əбішұлы Ұлытауға сапары барысында қара пайым сөзбен түсіндірді. Мəселен, адам расында да алдымен өзінің шаңырағын ойлайды. Елбасы айтқандай, əке-шешең мен бауырларыңды, балаларың мен немерелеріңді қорғағаның – Отаныңды қорғағаның! «Отан – отбасынан басталады» деген ұғымның мəні де, міне, осында жатыр. Қазақтың өткен тарихында қиындықсыз өткен жылы жоқ.

Заман солай болды. Жеріміздің кеңдігі, жайылымның шұрайлылығы көршілеріміздің көзқұртына айналды. Содан елін қорғаған, жерін сақтаған – қазақтың ерлері. Елбасы атап өткендей, əр өңір əскер құрап, бодандық құрығына түспеуге тырысты. Мəселен, қазақтың ең бейбітшіл, қантөгіске ұласар соғысты қаламайтын ханы Қасым қарамағындағы бір миллион халқының төрттен бірін қолына найза ұстатып, атқа мінгізген. Сырт жаулар да 250 мың əскері бар Қасым ханнан ығысып, ешқайсысы қарсы келе алмаған. Ұлытау – қазақ үшін Отан ұғымының шығар шыңы. Қазақ жерінің кіндігі болғандықтан, бүгінде аңызға айналған талай оқиғаның дені осы жерде өткен. Соның дəлеліндей, Ұлытауда Алаша, Жошы мен Тоқтамыс хандардың, Едіге ердің, өзге де тарихи тұлғалар жерленген. Еліне жайлы қоныс іздеген Асан қайғы да Жерұйығын осы жерден тапқан. Айтпақшы, қазақ хандығының іргетасын қалаған Керей мен Жəнібек сұлтандар Алаша ханның ұрпағы саналады. Алаша хан туралы деректі шығыстың ғұлама тарихшысы Рашид ад-Дин айтады. Елбасы ерекше қастерлейтін, барша қазақ қасиетті санайтын Əулиеатада халқымыздың жеті тарихи тұлғасы жерленген. Бізге жеткен аңыздарға қарағанда, осында Асан қайғы əйелімен бірге жатыр. Ал Едіге тауында ердің өзі мен Тоқтамыс хан мəңгілік мекенін тапқан. Ол маңға Ақсақ Темірдің жорықтағы ордасы орналасқан. Міне, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың осындай қасиетті орында, қазақтың кең даласының ортасында еркін сұхбат беруі – халқымызды бірлікке шақыруы, Отанын сүюге үндеуі. Айтқандай, сонау 1992 жылы əлем қазақтарының бірінші Құрылтайына келгендер де осы Ұлытауға тағзым етіп еді. Бұл да жер бетіне тарыдай шашылған барша қазақтың түп қазығының осында екендігінің белгісі. Ұлытау – қазақ жерінің кіндігі, оның балталаса бұзылмас бөлшегі. Демек, Ұлытауда айтылған ұлық сөз халықтың көкейінде жүрген асыл мұратымен, арман-тілегімен астасып жатыр. Қадыр ЖҮСІП, филология ғылымдарының докторы, профессор.

Атырау облысы.

Дін мен тіл ўстанудаєы кемел келешек Ежелгі дəуірлерден бері ұлт, мемлекет мүддесі туралы əлем ойшылдары мен мемлекет, қоғам қайраткерлерінің сұхбаттары адамзат баласының асыл ой-қазыналарының бірі ретінде ұрпақтан-ұрпаққа жетіп келеді. Оның сыры сұхбатта айтылған ой-пікірлердің əлемдік өркениетте жəне адамзат тарихында алар орнының ерекшелігінен болса керек. Тəуелсіздік тарихында Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың халыққа арнаған Жолдаулары мен ғылыми-публицистикалық еңбектері ғана емес, ел болашағы мен ұлт тағдырын сөз еткен мақалалары мен сұхбаттарындағы кемел ойымен зиялы қауым мен жұртшылық арасында ерекше ілтипатқа бөленіп келеді. Осындай ой бөлісулердің арасында Ұлытау сұхбатының орны ерекше болып отыр.

Елбасы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған əрбір мақаласы мен сұхбаты тəуелсіз қазақ мемлекетінің жарқын бола шағына бағыт беретін тарихи-саяси мəні жоғары бағдарлама ретінде қабылданып келеді. Қазақтың қасиетті өлкесі Ұлытау төрінен берген ұлағатында да елдің əлеуметтікэкономикалық жағдайы мен келешегі, ұлтымыздың рухани құндылықтары туралы өрелі ойымен бөлісті. Тəуелсіздік тарихындағы аса маңызды стратегиялық жобалардың бірі «Жезқазған – Бейнеу» жəне «Арқалық – Шұбаркөл» теміржол магистральдарының тұсаукесеріне арнайы барған Елбасы «Хабар» телеарнасының журналисімен ой бөлісе отырып, аталған жобаның еліміздің əлеуметтік-экономикалық даму ындағы маңызының аса зор екендігін айта келіп, Жезқазған кенішін игерудің алдағы 20-30 жылға арналған бағдарламасына тоқталып өтті. Бұл шын мəнінде еліміздің индустриялық-инновациялық даму стратегиясына жоғары қарқын беретін маңызды жоба. Елбасы Алтайдан Атырауға дейін кең далаға ие болған қазақтардың ата дəстүрі мен əдетғұрпында, тілінде, ділінде ешқан дай айырмашылықтың болмауын біздің баға жетпес рухани байлығымыз ретінде атап өтті. «Отан деген үлкен ұғым», – деп отаншылдық қасиеттің өз тарихыңа деген қадір мен

құрметтен бастау алатындығына ерекше мəн берді. Мемлекет басшысы сақ дəуірі, үйсін-қаңлы кезеңі жөнінде де, көк түріктер туралы да өзінің ұлағатты ойларын түйіндей отырып, сол тарихтан қорытынды шығару керектігі жөнінде айтты. Сондықтан бүгінгі талап – жастарға ата-баба еңбегінің жемісі ретіндегі қазіргі тəуелсіздік жағдайындағы халқымыздың тиянақты, баянды тіршілігімізден қорытынды шығарып, тарихта қазақ елін Мəңгілік Ел етіп ұрпақ санасына орнықтыруды қадап айтты. Сұхбаттағы ойлардың бірі – дін мəселесі. М.Əуезов: «Абайдың діні – сыншыл ақылдың діні», – деп ұлы ойшылдың дінге деген көзқарасына əділ əрі ғылыми тұрғыдан баға берген болатын. Біздің дін ұстануымызға жəне оның қоғамдағы рөліне, жастарды ізгілік пен имандылыққа тəрбиелеудегі маңызына байланысты Елбасы да өзінің сыни көзқарасын білдірді. Ұлттық салт-дəстүр мен əдетғұрыптың, діл мен діннің көркем энциклопедиясына айналған М.Əуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Құнанбайдың қажылыққа барған сапарын еске сала отырып, Елбасы дін ұстанудың ар мен жан таза лығы арқылы келетіндігін философиялық тұрғыдан түсіндіріп, ерекше тебіреніспен ой бөлісті. Тіл – тірі организм. Оның қоғаммен, заманмен бірге

жаңарып, жасарып отыруы заңды құбылыс. Осы ретте халықаралық терминдерді мемлекеттік тілге аудару мəселесіне байланысты айтылған Президент пікірінің мəні жоғары. Елбасымыздың қалыптасқан терминдердің орнына өзге тілдерден сөздер алу арқылы ана тілімізді шұбарлау өз тілімізге немқұрайлы қарау екенін жанашырлықпен ескертті. Жаһандану кезеңінде əлемдік өркениетке тілдердің интеграциялануында қазақ тілін ғылым мен техниканың тіліне айналдырудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасында тіл мəселесінің конституциялық мəртебеге ие болғанын жəне қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде жалғыз тіл болып бекітілгенін айта отырып, бəсекеге қабiлеттi ұлт болу үшін бірнеше тілді меңгерудің маңыздылығына тоқталды. Қазақстан бүгінде əлемдік білім кеңістігінен лайық ты орын алуға бағытталған мемлекеттік саясат жүргізуде. Сондықтан Елбасының «үш тұғырлы тiл» саясаты əлемдік интеграциядан туындаған қажеттілік деп білуіміз қажет. Елбасының бастамасымен жасалған Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасына сəйкес бүгінде еліміздегі балабақшадан бастап мектеп жəне жоғары оқу орындарында көптілді білім беру кезеңкезеңмен жүзеге асуда. Бүгінгі таңда əлемде бірқатар халықаралық экономикалық

Сенімге серпін Қазақтың барлық жері қасиетті. Соның ішінде Ұлытаудың орны да, жөні де бөлектігі талассыз. Еліміздің ежелгі тарихының тамыры терең басқан, үш жүздің басын қосқан киелі төр екені де аян. Ұлытау десек ұлтымыз ойға оралатын сырлар көп. Халық ақыны Иманжан Жылқыайдарұлының: «Басында Ұлытаудың тұзды көлі, Алады оны ерте-кеш Ұлытау елі. Етегі Балдырғанды, Бақалы көл, Қозы мен Баянның өскен жері», – деп жырға қосқандай өлке шежіресі қазақтың ең байырғы жырымен де астасады. Сондықтан Елбасымыздың осындай жер төрінде өміріміздегі өзекті мəселелерге байланысты тереңнен толғанып сұхбат беру мəні түсіне білгенге үлкен деп ойлаймын. Өз басым

осылай қабылдадым. Бəріміздің көкірегіміздегі жайлар туралы бүкпесіз айтылуымен көңілімізді өсірді, сенімімізді биіктетті. Бабаларымыз талай ғасырлар аңсаған, ұрпақтары қолы жеткен тəуелсіздігімізге қандай да болмасын қиындықтарға, құбылыстарға қарамастан ешқандай сызат түспейтіндігіне берік сөз жүрек толқытқаны рас. Шындығын айтқанда, Тұңғыш Президентіміздің ел мүддесі, асыл мақсаты бағытындағы табанды, сындарлы саясатына куəгер біз осылай бола береріне шəгіміз жоқ та еді. Осыны əр жақтағы жайларға орай мемлекеттік саясат тұрғысынан айту əсіресе, халқымыз асқақ мақсатын асырғанын көріп жүрмін. Сұхбаттағы аймағымызды дамыту туралы ойлар ауданымызға берілген нақты тапсырма деп санаймыз. Туризмді өрістетуге өзі де

бір лестіктер бар. Бұл бір лестіктерде мемлекетаралық экономикалық ынтымақтастық қалыптасқан жəне халық пен мемлекет өмірінің барлық салалары толығымен инте грацияланған. Бүгінде Еуропада тұратын халықтар үшін кеден, шекара кедергісі деген ұғым мүлде жоқ, тек əр мемлекет өзінің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін конституциялық нормалары бар. Кез келген тəуелсіз мемлекет геосаяси кеңістікте өзінің орнын ала отырып, көрші мемлекеттермен əріптестік, достық қарым-қатынас жасайды. Жеке даму экономикалық жағынан қай мемлекетке де тиімсіз болатыны белгілі. Сондықтан Қазақстанның болашақта ең алдыңғы қатарлы дамыған мемлекеттер қатарында болатынын ескере отырып, посткеңестік елдер басшылары арасында Еуразиялық экономикалық одақ құрудың аса қажеттілігін кемеңгерлікпен көре білген Елбасымыздың бастамасымен құрылған аталмыш одақ 2015 жылдың басынан жұмысына кірісетін болады. Елдің болашағы үшін құрылған бұл одақтың тиімділігі туралы Н.Назарбаев Ұлытауда берген сұхбатында саралап айтып берді. «Егер Қазақстанның тəуелсіздігін өз қолымен жасап, қызғыштай қорғап келе жатқан қазақ болса – соның бірі менмін... Менің арманым, ойым – Қазақстанның Мəңгілік Ел болуы». Бұл – Елбасымыздың елін еңселі ордаға айналдырсам деген перзенттік арманы. Осы арманды жүзеге асыру жолында аянбай еңбек ету əрбір қазақстандықтың азаматтық борышы. Қылышбай БИСЕНОВ, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры, профессор.

Қызылорда облысы.

сұранып тұрғандай өңірде бұл ретте біршама істер атқарылса, жаңа міндет жауапкершілік үстейді. «Сабақты ине сəтімен» дегендей, Жезқазған – Бейнеу теміржолының іске қосылуы осы саланы жаңғыртуға зор септігін тигізбектігіне қуаныштымыз. Бұл жол арқылы саяхатшылардың Ұлытауға ағыларына үмітіміз үлкен. Бұдан бес-алты жыл бұрын «Алтай-Дунай» халықаралық археологиялық-этнографиялық экспедициясын құрып, Алтайдан Венгрияға дейін кезінде бабалар жортып өткен жолмен жүруде жинақтаған туристік тəжірибеміз бар бірнеше ниеттестер осынау істің басы-қасынан табылудамыз. Ұлытауымызды таяудағы жылдарда танымал туризм орталығына айналдыруға мүмкіндігіміз бар, талпынысымыз да таудай. Елбасы сөзі соған жігерлендіреді. Бақтияр ҚОЖАХМЕТОВ.

Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы.


www.egemen.kz

18 қыркүйек 2014 жыл

5

ТАРАҒАН ТАҒЫЛЫМ ХХI ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақстанның əлемдегі қым-қиғаш оқиғалар ағыны мен замана желінің екпініне төтеп бере алатын дəрежеге жеткендігін Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев қасиетті Ұлытауда барша дүниеге паш етті. Елбасымыздың қазақ елінің өткені мен бүгінгісі, келешегі туралы ой тербеген сөздері əрбір қазақ азаматын, Қазақ мемлекетінің өткеніне құрметпен, болашағына үлкен үмітпен қарайтын отандастарымызды бейжай қалдырмасы айқын.

Рухани ќуат берді

Қазақ даласы, қазақ хандығы Қытаймен қанаттас шаңырақ көтерген Ғұн империясының, Ұлы Жібек жолына өз бақылауын орнатқан Көктүріктердің, Жошы хан осы Ұлытауда негізін қалаған Алтын Орда сияқты Еуразиядағы алып мемлекеттердің заңды, тарихи мұрагері екендігін Елбасымыз қайтадан есімізге салды. Ресейде патшаларын таққа көтеретін қасиетті қала əуелі Киев болса, кейін ондай мəртебеге Мəскеу ие болды. Бізде де нақ осындай саяси дəстүр мен қасиетке ие əуелгі жер Ұлытау болса, кейін Түркістан болды. Қазір Астанаға ауысты. Елбасы өз сөзінде мемлекет пен бүтіндей жұрттарды əлемнің ұлы көшіне ілестіретін ұлы нұсқаларға назар аударып, жаңа көтеріліп келе жатқан елдігімізді, мемлекетімізді одан əрі нығайтудың бірден-бір жолы қазақтың байтағының əр қиырын тоғыстыратын жолдар салу қажеттігін алға тартты. Осы арқылы құлазыған кең далаға жаңа дем мен леп берудің нақты жобаларын жария етті. Қазақтың, оның ата-бабаларының ислам өркениеті аясында өсіп-өніп келе жатқанына 1200 жылдай уақыт өтті. Ата-бабамыз ел басына қандай алмағайып заман туғанына қарамастан өз тілі мен дəстүрлі діни-ғұрыптарын, өзіндік далалықтарға ғана тəн кеңпейілділік менталитетін сақтай білді. Сондай-ақ, осынау рухани салада көрініс беріп қалатын бұра тартушылықтан аса сақ болу керектігін де ескертті. Жаһандану заманында өзгелерге жұтылып жоқ болмас үшін, осы заманғы өркениеттің техникалық, ғылыми жаңалықтарының да бел ортасында жүруіміз қажет. Елбасы, бұл орайда, Қазақстанды мекендеген ұлттар мен ұлыстардың өзара татулығы, бауырмалдығы ішкі саясатымыздың алтын арқауы болып қала беретіндігіне екпін түсірді. Тəуелсіздігімізді тұғырландыру, экономикалық, əлеуметтік, ұлттық-мемлекттік қауіпсіздігімізді қамтамасыз етуге атсалысу əрбір Қазақстан азаматының қасиетті борышы əрі міндеті деп білгеніміз жөн. Елбасымыз Кеден Одағының болашағы, даму көкжиектері туралы айта келе былай деді: «Мен бір рет айттым, тағы қайталап айтам, тəуелсіздікке нұқсан келтіретін болса, ондай ұйымдарда Қазақстан ешуақытта болмайды. Біздің ең жоғары бағалайтын байлығымыз – Тəуелсіздік. Атабабамыздың қанымен, терімен келген тəуелсіздікті біз ешкімге бере алмаймыз. Оны қасық қанымыз қалғанша қорғауымыз керек. Сондықтан бұл жөнінен ешқандай күдік болмасын». Жарқын болшаққа бет түзеген Қазақ елінің мəңгілігін қамтамасыз етуге, түрлі геосаяси қатерлер төнген заманда өзіндік келбеті мен елдігімізді сақтау мен өркен детуге қазақ халқының, барша қазақстандықтардың рухани, əлеуметтік, интеллектуалдық экономикалық əл-қуаты жеткілікті екендігіне кəміл сенеміз. Өйткені, Елбасы мыздың сара саясаты арқасында осы мемлекетімізді алға қарай лайықты алып жүре алатын білімді əрі дарынды ұрпақ қалыптасты. Ғалымтай ТӨЛЕПБЕРГЕНОВ, Ш.Уəлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің аға оқытушысы.

Талєамды сґз, тартымды ой Өткен тарихымыздан белгілі қазақтың əрбір тау-тасы, өзен-көлінің керемет тарихы бар. Бұл мəселеде төрт қиырдағы қандастардың тілге тиек етер түк таппай тосылып, жанарымен жер шұқып қалатыны жоқ, керісінше, ауызды толтырып мақтанышпен айтатын тұстар көп. Сонау ғұн, көк түріктен бері қарай тартқанда тарихи шежіренің шынжыры сынды түйдек-түйдек сырлардың мекеніне, көне оқиғалардың куəгері болған өлкеге енді тəуелсіз Қазақстанның бүгінгі ұрпағы жиылып, елдіктің, бірліктің əңгімесін өрбітті. Бұрын азаттық үшін аттанғандарды ақ жолға шығарып салып, ел болудың қамын ойлағандардың мінберіне айналып, ұлтты ұйыстыруға қызмет еткен алтын бесік – көп жылғы армандардың жемісін көріп, тəуелсіздікті берік, баянды ету үшін енді бұдан əрі не істеуіміз керек деген келелі əңгіменің ұясына айналды. Қазіргі қазақ қоғамында көпойлылық, алаңдаушылық бар. Барлығының басты ойы – елдің, мемлекетіміздің болашағы, тəуелсіздіктің мəңгілігі, дін мен тілдің мəселесі жəне жердің тұтастығы. Олай болатын да реті бар. Əлемде болып жатқан оқиғаларға қарап, асты қазынаға толы ұлан-ғайыр жерге иелік етіп отырған аз ұлттың, тəуелсіздігін жариялағанына ширек ғасыр да толмаған республикамыздың дағдарыс жайлаған, əлем-жəлем уақытпен бетпе-бет келу қиындығы ойлантпай қоймайды. Адамдардың мінез-құлқы оптимист, пессимист деп бөлінетіндей, сары уайымға салынатындар «Ойбай, енді қайттік анау неге олай емес, мынау неге былай емес», деп байбаламға салып

бастаса, келешектен үміт күтетін салмақты мінездің иелері «Сабыр, біз не көрмеген халықпыз. Алланың қалауымен, тағдырдың жазуымен бəрінен өтіп келеміз, бұдан да өтеміз. Қиыншылықсыз бақуатты ғұмырға күмп ете қалу деген болмайтын нəрсе» деп басу айтады. Сонда алғашқысының шошына уайымдап, келесісінің үміт ететіні – жоғарыда айтылған ұлттық мəселелер. Елбасы Ұлытау төрінде осының бəріне – тарихымызды танудан бастап, тіл мен дінге, Еуразиялық экономикалық одақ мəселесіне, Украинадағы жағдайға байланысты жауап айтты. Қазіргі халық арасындағы, жұрттың көкейіндегі басты сауалдар қойылған сұхбат қарапайым оқырмандар үшін оқуға жатық болып шықты. Қазақтың оңтүстік, солтүстік, батыс, шығысындағы туысқандар бір-бірін толық түсінетіндігі рас. Сондықтан еліміздің бас газетіне жарияланған бұл мазмұнды сұхбаттан көпшілік өз сауалдарына жауап тапты деп ойлаймын. Н.Назарбаев «қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» деп бір емес бірнеше рет айтқан болатын. Əлі күнге дейін ана тілін менсінбей, мойын бұрмай жүрген ағайындарды да, өзге тілділерді де күштей алмайсың. Əр нəрсенің өзінің себебі, салдары болады дегендей, күштеудің арты неге апарып соқтыратыны бізге айналамыздан мəлім болып отыр. Тіл мəселесінде өте салиқалы əрекет етіп, бірақ уақыттан ұтылмай іс жасау керек. Ол үшін байбалам емес, сол тілдің иесі болып саналатын ұлттың өзінің берік рухы, отансүйгіштік сезімі мен ұлттық намысының тірлігі керек. Мен өнер адамы болғандықтан,

қазақтың қара домбырасы мен қасиетті күйінің арқасында бірнеше шетелдерде болдым. Ұшақ бортының табалдырығынан аттаған соң-ақ, ағылшын тілінің қажеттігі байқалады. Тіл білудің еш зияны жоқ, қытай тілін білгеннен қытай, неміс тілін білгеннен неміс болып кетпейсің, ал ана тіліңді де ұмытпауға тиіссің. Ана тілді ұмыту – атаның қанын, ананың сүтін ұмыту деген сөз, меніңше. Қазіргі үш тұғырлы тіл саясатының мəнісі осыда. Немерелерім ана тілін біледі, енді ағылшын тілін білуі үшін жұмыстанатын боламын, тіпті, өзім де ағылшын тілін үйренуге талаптанып жүрмін. Өкінішке қарай, ғасырлар бойы имандылықтың, ізеттіліктің ұйытқысы болған дінімізді қазір жаппай қырып-жоюдың, қатыгездіктің, атыс-шабыстың діні етіп көрсету белең алып барады. «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық, аздырар адам баласын» деп Абай айтқандай, тамағы тоқ, көйлегі көк тыныш заманның перзенттері осы тыныштықты да көтере алмай ма, қайдам. Мылтық ұстап артында кімдер тұрғаны, не істеп-не қойып жүргені белгісіз, діттегені не екені тағы беймəлім топтарға қосылудан тайсалмайтын болды. Мұның бəрі кешегі көп жылдар бойы тұмшаланған діни сананың алғаш дінмен бетпе-бет келгенде дағдаруының, ағыл-тегіл діни түсінік-əрекеттерді талғамай қабылдай бергендігінің кесірі. Сондықтан, Елбасы жолдауларында да қазақтың діні – ислам екендігін, хиджаб мəселесін де тыс қалдырған жоқ. Əрбір адамды жекелеп жетелеу мүмкін емес, əрі қарай əркім өзін өзі қолға алуы тиіс. Сонда жамандықтан аулақ болып, тəуелсіз еліміздің дамуына дұрыс үлес қосқанымыз жөн. Роза АЙДАРБАЕВА, Қазақстанның еңбек сіңірген əртісі, «Құрмет» орденінің иегері, профессор.

АҚТАУ.

Тамырымыз тереѕде Президентіміз «Біздің елдігіміз, қазақ жұртының арғы түбі ғұндардан басталады. Ғұндардан кейін көк түріктерге жалғасады. Одан кейін Алтын Орда орнығады. Сөйтіп, хандық дəуірге ұласып, кейін біртіндеп Тəуелсіздікке келіп тіреледі. Осындай үлкен тарихымыз бар», деді. Ұлытау төріндегі Елбасы толғанысынан кейін біздің алтын құрсақты аймақтың, ұлыстың ұйытқысы атанған Оңтүстіктің ардагерлері бірнеше мəрте басқосулар өткізіп, өзара ақылдасып, кеңесіп, жұмысты бұрынғыдан да жандандыра түсті. Бүгінгі таңда облыстық ардагерлер кеңесі 200 мыңға жуық ардагерлерді қамтып отыр. Яғни 18 аудандық жəне қалалық, 519 бастауыш ұйымдарда осынша ардагер есепте тұрады. Облыс көлеміндегі соғыс жəне еңбек ардагерлеріне əлеуметтік көмек, денсаулық сақтау жөнінде жасалып жатқан қамқорлық, жалпы, аға ұрпақ өкілдеріне деген ықыластың бəрі де Елбасымыздың дана да көреген саясатының нəтижесі екені аян. Түрлі кездесулерде, ұрпақтар сабақтастығына,

жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға арналған алуан-алуан іс-шараларда сөз алатын ардагерлер осыны айрықша айтады. Өткен тамыз айының соңы мен осы қыркүйек айы басталғалы бері облыстық ардагерлер кеңесінің бастамасы бойынша Елбасымыздың Ұлытау төріндегі ұлт туралы толғаныстарынан туындайтын парасатты парыздар жер-жерде жан-жақты талқыланып, жастар да, орта буын да, ардагерлер де белсенділік танытуда. Шымкент қалалық, Əл-Фараби аудандық, Арыс қалалық, сондай-ақ, Мақтаарал, Шардара, Созақ, Төле би аудандық ардагерлер кеңестері бұл орайда үлгіөнеге көрсетуде. Біле-білсек, Елбасы Ұлытау төрінде ұлтымыздың тарихына, мемлекетіміздің тарихына, еліміздің бүгіні мен ертеңіне тебірене отырып, терең талдау жасады. Экономика мəселелері, халықаралық жағдайлар, тіл тағдыры, дін мəселесі – бəрі-бəрі назардан тыс қалған жоқ. Ардагерлер кеңестері ұйымдастыратын əсерлі

кездесулерде, сырласу сағаттарында аталған тақырыптарда Елбасымыздың не айтқаны, біздің міндетіміздің, алдағы атқарар тірліктеріміздің қандай болу керектігі жүйелі түрде сөз етіліп, əңгіме арқауына айналады. «Мына өзіміз келіп отырған Ұлытау – өте қасиетті жер. Ұлытау деп аталуының өзінің тарихи мəні бар. Қазақтың ен даласының қай шетіне барсаң да, осындай қасиетті жерлер табылады», деді Президент Ұлытау төріндегі толғанысында. Біз жоғарыда айтылғандай жүздесулерімізде Ұлытау туралы көптеген мəліметтерді келтіріп, тарихқа шолу жасап, жастарға өз өлкеміздегі Түркістан, Отырар, Қазығұрт, Қаратау, Мəртөбе, Сайрам, Ақсу-Жабағылы, Ордабасы сияқты ұлтымызға қымбат жерлерді, киелі мекендерді салыстыра мысалдар келтіреміз. Ордабасыда 1993 жылы ұлы жиын өтіп, онда Тұңғыш Президентіміз «Береке басы – бірлік» атты керемет баяндамасын жасағанын, сол теңдесі жоқ жүздесуге 150 мыңнан астам адам

қатысқанын еске саламыз. Елбасының сол Ордабасы тауындағы баядамасында да Ұлытау сияқты қасиетті таулар, киелі мекендер аталған болатын. Сол Ордабасы биігінде Мемлекет басшысы Қазақ елінің тарихына, мемлекет құрып, нығайтудағы, ел болудағы, шекараларымызды берік ұстаудағы ұлы істерге өлшеусіз үлес қосқан үш биіміз, хандарымыз бен қолбасшы батырларымыз туралы толғаған еді. Сол Ордабасы тауындағы баяндамасында Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы идеясын да жалпақ жұртқа екінші мəрте арнайы жариялады. Ұлытау толғанысының мəні зор екенін əрбір қазақ, əрбір қазақстандық терең ұғынып, бағалай білуге тиіс. «Отан деген ұлы ұғым. Отанды қорғау дегенде, əрине, адам баласы алдымен өзінің шаңырағын ойлайды. Əкеңді, шешеңді, бауырларыңды, балаларыңды, немерелеріңді ойлайсың. Сол жүрекпен, сол тілекпен Отаныңды қорғайсың. Сондықтан тарихыңды білген жөн. Тарихын білмеген ұлттың болашағы бұлыңғыр», деді Елбасымыз Ұлытау төріндегі ұлт туралы толғанысында. Президентіміздің осындай байыптамаларын ардагерлеріміз қайталай ұғындырып, жастар санасына сіңіре түсуде. Əсіресе, Социалистік Еңбек Ерлері атанып, бүгінгі таңда да үлгі көрсетіп жүрген Əбдіхан Асаубаев, Оңалбек Бегалиев, Əуесхан Салықбаев, Перуза Өтемісова, Боранбек Шүкірбеков, тыл жəне еңбек ардагерлері Əмір Мұсақұлов, Ағабек Сүгірəлиев, Құдайберген Оңғарбаев, Махамбет Сапарбаев, Əбдіжүсіп Мақсұтов, Дүйсенкүл Бопова, Дəметер Бөлегенова, Клара Əліпова, Анна Шаля сынды тұлғалардың тағылымдары тəрбие ісінде аса биік бағаланады. Осы кісілер Ұлытау ұлағатын насихаттауда да алғы шептерден көрініп жүр. Президентіміздің тіл мен дін ахуалы туралы келтірген мысалдары мен алға қойған міндеттері де ерекше ойланарлық, жаппай жəне жанжақты қолға аларлық парыздар. Дінді қалай өркендету керектігін, қайткен жағдайда дініміздің мемлекетке, жас ұрпақ тəрбиесіне зор пайда келтіретінін де нақтылап көрсетті. «Құр əншейін сəн көрушілік» əдеттерден де абайлау керектігін ескертті. Тіл туралы да тым біржақты қызбалыққа салынудың, бұра тартудың қандай зияндары мен зардаптары болуы мүмкін екенін де еске алды. Ұлытау толғанысын қайталап оқу керектігін, мəн-мəнісін тереңдей ұғынып, саналарға сіңіру зəрулігін аға буын өкілдері өзгеше міндетіміз деп санайды. Жеңісбек МƏУЛЕНҚҰЛОВ, Оңтүстік Қазақстан ардагерлер кеңесінің төрағасы.

ШЫМКЕНТ.

Тəуелсіздік – бəрінен ќастерліміз «Біздің елдігіміз, қазақ жұртының арғы түбі ғұндардан басталады. Одан кейін Алтын Орда орнығады. Сөйтіп, хандық дəуірге ұласып, кейін біртіндеп Тəуелсіздікке келіп тіреледі. Осындай үлкен тарихымыз бар. Жастар осыны білуі керек». Қасиетті Ұлытау бауырында Тəуелсіз елдің Тұңғыш Президентінің аузынан шыққан осы екі ауыз сөзде терең мағына, ұлағатты тəрбие жатыр. Тарих – еріккеннен айтыла салатын əуезе емес, əр дəуір халық басынан өткен тағдырлы оқиғалардан құралады. Əлі есімізде, Президентіміз осыдан он жыл бұрын Көкшетау қойнындағы Абылай алаңында, Ұлы ханға арнап қойылған зəулім ескерткіштің шымылдығын ашып тұрып: «...Мен үшін Абылай заманы ғана емес, бүкіл қазақ тарихы ұлт-азаттығы, мемлекет тəуелсіздігі үшін күрес сияқты көрінеді. Ел бостандығы, ұлт тəуелсіздігі біздің халық үшін ешуақытта да төбеден түскен сый болмаған. Ол əрдайым ел қамын жеген ерлердің жанқиярлық, жанпидалық еңбегінің, күресінің нəтижесінде ғана келгенін ешқашан ұмытпауымыз керек», – деп еліміздің əрбір зерделі азаматына ой салған еді. Мына сұхбат соның жалғасы деп білемін. Демек, жас ұрпақты отансүйгіштік рухта тəрбиелеу, ата-бабаларымыздың елдік, ерлік, ынтымақ дəстүрлеріне адалдық – ұстазбын деген əрбір азаматтың алтын қазықтай бұлжымас ұстанымы болуға тиіс деген сөз. Жаңа оқу жылының алғашқы сабағын Мемлекет басшысының осы қағидаларын жастардың жүрегіне жеткізіп, жанжақты түсіндіруден бастадық. ХХІ ғасырдың алғашқы ширегінде Қазақстан өтіп келе жатқан ұлы жолдың əр күні Тəуелсіздікті баянды етуге бағытталған жемісті нəтижелерге толы. Отбасы, ошақ қасындағы ынтымақ пен татулықтың бүкіл халқымыздың деңгейіне дейін өркендеп, ертеңімізге деген риясыз сенімнің күші осындай. Біз, оқытушытəрбиешілер, əлемде болып жатқан қилықилы оқиғаларды өз еліміздің мысалымен салыстыра, саралай оқытуға тиіс екенімізді түсінеміз. Жаңа Қазақстанның жаңа азаматтары – жастарымызды жарқын болашақтың жасампаз иелері боларына сенейік. Зарқын ТАЙШЫБАЙ, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ профессоры, Қазақстан Республикасы білім беру саласының құрметті қызметкері.

Солтүстік Қазақстан облысы.


6

www.egemen.kz

18 қыркүйек 2014 жыл

Мемлекеттік басќару тетіктері жетілдіріледі (Соңы. Басы 1-бетте). Палата, сонымен қатар, күн тəртібіне шығарылған «Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жəне «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан əрі жетілдіру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары бойынша қорытынды əзірлеу мерзімін бекітіп берді. Отырыс барысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер енгізу туралы» Конституциялық заңның жобасын жəне «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің

ара жігін ажырату мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдық құжаттар екінші оқылымда қаралып, тұтастай бірауыздан мақұлданды. Негізінен, бұл заң жобаларының қаралуын Мемлекет басшысы шұғыл деп жариялағаны белгілі. Алдыңғы заңдық құжат Үкіметке мемлекеттің əлеуметтікэкономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тəртіпті қамтамасыз етуінің негізгі бағыттарын əзірлеу мен оларды жүзеге асыруды ұйымдастыру функцияларын бекітіп беруді көздейді. Ал екінші құжат Президенттің «Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару жүйесінің реформасы туралы» 2014 жылғы 6 тамыздағы №875 жəне «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы» 2014 жылғы 25 тамыздағы №898 Жарлықтарын іске асыру мақсатында əзірленгенін айта кеткен лəзім.

Халыќаралыќ тəжірибе таныстырылды

Кеше «Қатыгез іс-əрекеттер құрбандарының, соның ішінде адам саудасының жəне тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының арнайы əлеуметтік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Оған қатысушылар алдында Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасы Қуаныш Сұлтанов, Орталық Азиядағы Көші-қон жөнін дегі халықаралық ұйымның үйлестірушісі, КХҰ Қазақстандағы миссиясының басшысы Деян Кесерович, Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының басшысы Наталья Зарудна, АҚШтың Қазақстандағы елші сінің экономикалық жəне саяси мəселелер жөніндегі кеңесшісі Дэвид Бернштейн құттықтау сөз сөйледі. Ұлттық үнқатысу шеңберінде қатыгез іс-əрекеттердің, соның ішінде адам саудасының нəтижесінде қиын тіршілік жағдай-

ында қалған азаматтарға қатысты «Арнайы əлеуметтік қызмет көрсетулер туралы» Заңды іске асыруға байланысты мəселелер кеңінен талқыланды. Дөңгелек үстелде адам саудасы құрбандарына арнайы əлеуметтік қызмет көрсетудің халықаралық тəжірибесі таныстырылды. Сондай-ақ, 2013 жəне 2014 жылдарда өткен бұрынғы үнқатысулардың қатысушылары əзірлеген Қазақстанда адам саудасы құрбандарына арнайы əлеуметтік қызмет көрсету стандарттарының жобасы талқыланды. «Егемен-ақпарат».

Жарлықтарға сəйкес, заң жобасы Үкімет пен министрліктердің, министрліктер мен жергілікті атқарушы органдардың арасындағы құзіреттерді нақты бөлуді қамтамасыз етуге, министрлердің дербестігін артты руға, оларды іске асыру бойынша өзге де шараларды қабылдауға бағытталған. Сөз реті келгенде жұмыс тобына 775 түзету келіп түскендігін де айта кету керек. Күн тəртібіне шығарылған «Түркі академиясын құру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы да қол дауға ие болды. Бұл ретте ке лі сімнің 2012 жылғы 23 тамыз да Бішкекте Қазақстан, Əзербайжан, Қырғызстан жəне Түр кия үкіметтері арасында жасал ғанын атай кеткен жөн. Атал ған келі сімге сəйкес, тараптар Түркітілдес елдер ынтымақ тастық кеңесінің аясында халықаралық ұйым нысанында Түркі академиясын құрады. Академия түркі тіл дері мен əдебиетін зерттеуге, түркология саласын ғылыми зерттеулерге

қатысты халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, əлемдік қоғамдастықты түркі елдерінің жетістіктерінен хабардар етуге, ортақ оқулықтар мен əдістемелер əзірлеуге жəне өзге де жұмыстарды атқаруға кірісетін болады. Бұл жерде Түркі академиясына жұмысқа тартыл ған зерттеушілер үшін PhD док торантура бағдарламасы бойынша түркітанушы мамандар даярлау қолға алынбақ. Жалпы, Академияны басқаруды құрамына əр тараптан бір-бір өкілден, сондай-ақ, президент жəне вице-президенттер кіретін Ғылыми кеңес жүзеге асыратын болады. Депутаттар сұрағына орай берген жауабында Білім жəне ғылым министрі Аслан Сəрінжіпов бұл бағытта бөлінген бюджет қаржысы биыл 390 миллион теңгені құрағандығын, оған 30-дан астам ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын алға тартты. Министр бұл қаржы көзі 2013 жылмен салыстырғанда екі есеге көп екендігін де тілге тиек ете кетті. Жалпы отырыста, сонымен бірге, «Қазақстан Респуб ли касының Үкіметі мен Швейцария Федералдық Кеңесі арасындағы Рұқсатсыз болатын адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы да мақұлданды.

Ґѕірлік комитеттіѕ ќолдауына ие болды Қазақстан 2015-2018 жылдары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Атқарушы комитетінің мүшесі болады. 2014 жылғы 15-18 қыркүйек аралығында Копенгагенде (Дания) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропа өңір лік бюросының өңірлік ко ми тетінің 64-ші сессиясы өтуде. Қазақстан Франция, Мальта жəне Швеция елдерімен қатар, 2015-2018 жылдар аралығында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Атқарушы комитетінің мүшелігіне ену жөнінде ДДҰ ЕӨБ Өңірлік комитетінің қолдауына ие болды. Қазақстан делегациясы сессияда медициналық-сани тариялық алғашқы көмек бойынша «Саламатты Қазақстан»

мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы іс-шаралар жөнінде баяндады. Қазақстандық делегацияның шақыруы бойынша ағымдағы жылдың қараша айында Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) ана мен бала денсаулығы саласындағы халықаралық сарапшылар тобы келеді деп жоспарланып отыр. Делегацияға Қазақстан Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрінің бірінші орынбасары Салидат Қайырбекова жетекшілік етуде, деп хабарлады Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Санмаринолыќ кəсіпкерлердіѕ ќызыєушылыєы Қазақстанның Италиядағы елшісі жəне Сан-Маринода елшілік қызметті қоса атқарушы Андриан Елемесов СанМариноның Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Паскал Валентинимен кездесу өткізді. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың кең ау қым ды мəселелері, сон дай-ақ, Сан-Мари ноның ресми де лега ция сының ағымдағы жылғы қазанның басына жоспарланған Қазақстанға сапары талқыланды. Сонымен қатар, қазақстандық дипломат Сан-Мариноның Индустрия министрі Марко Арзилимен кездесті. Тараптар екіжақты қарымқатынастарды тереңдету келешегін талқылады жəне тəжірибе жүзінде іске асыру үшін нақты экономикалық жобаларды айқындады. Бұдан басқа, халықаралық күн тəртібінің өзекті мəселелері мен Қазақстанның соңғы бастамалары, оның ішінде, 2017 жылы Астана

қаласында Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО көрмесін өткізу жəне Қазақстанның 2017-2018 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне кандидатурасын ілгерілету мəселелері талқыланды. А.Елемесов сұхбаттасын Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық жетістіктері жəне еліміздің халықаралық аренадағы табыстары туралы құлағдар етті. Қазақстандық дипломат Сан-Мариноның басты экономикалық секторларының өкілдері болып табылатын жетекші кəсіпорындардың басшыларымен кездесу өткізді. Қазақстандағы инвестициялық климатты таныстыруға арналған бизнес-форум шеңберінде сөйлеген сөзінде А.Елемесов Сан-Мариноның іскер топтарын қазақстандық экономиканың ағымдағы жағдайымен жəне даму перспективаларымен, Қазақстанда шетелдік бизнес пен инвестицияларға арналған преференциялармен құрылатын ұлттық инновациялық əлеуетпен таныстырды.

Форумға қатысушылар «Қазақстан-2050» Стратегиясында жəне Мемлекет басшысының «Қазақстан жолы–2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында белгіленген Қазақстанның перспективалы жобаларын жылы қабылдады. Бизнес-форумның қорытындысында СанМариноның кəсіпкерлері (банк, құрылыс жəне аграрлық сектор) болашақта бірлескен кəсіпорындар ашу мақсатында қазақстандық əріптестерімен ынтымақтастық орнату жəне Қазақстанда жоспарланған екіжақты ірі бизнес-форум өткізуге қатысу үшін Сан-Мариноның ресми адамдарымен бірге Қазақстанға баруға қызығушылық білдірді. Іс-шара барысында Қазақстан елшілігі итальян тілінде шығарған Қазақстан туралы кітаптардың тұсауы кесілді, еліміздің инвестициялық климаты туралы ақпараттық материалдар таратылды. «Егемен-ақпарат».

«Ўлттыќ мўра» кґне ќалаєа келді Адамзат баласы өзінің даму барысында көптеген тарихимəдени құнды дүниелерді жасап, кейінгі ұрпаққа мұра етіп келеді. Өркениетті елдердің даму тарихы сол елдің мұражайларының қорларында сақталып, қорғалып насихатталады. Қазақ елінің тарихы көнеден келе жатқан құнды жəдігерлерге толы. Бұл рухани құндылықтар ұрпақтанұрпаққа жетіп, тəрбие, білім көздеріне айналып отыр. Оралхан ДƏУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Тəуелсіз еліміздің алтын əріппен жазылған тарихын, еліміздің əлем мойындаған керемет жетістіктерін мұражайларда жинақтап, кейінгі ұрпаққа насихаттап көрсете білу үлкен міндет. Біз болашаққа көз тігіп, тəуелсіз елімізді «Мəңгілік Ел» етуді мұрат еттік. Міне, жақында ғана көпшілікке есігін айқара ашқан Қазақстанның Ұлттық музейі Елбасымыздың «Мəңгілік Ел» идеясын ауқымды түрде насихаттайтын «Ұлттық мұра» автокеруенін ұйымдастырып, жолға шыққан болатын. Ел мəдениеті мен тарихының, өнері мен əдебиетінің ордасы саналатын Алматыдан басталған бұл сапар киелі Тараз жерінде жалғасты. Жамбыл облыстық тарихиөлкетану музейіне атбасын бұрған азаматтарды тараздықтар ыстық ықыласпен қарсы алып, шашу

шашты. Керуен басшысы, Ұлттық музейі директорының бірінші орынбасары Əзімхан Қойлыбаев жəне бірқатар ғалымдар сапардың басты мақсатын түсіндіріп,

«Мəдени мұра» бағдарламасы турасында əңгімелер қозғады. Сондай-ақ, бұл басқосуда Ұлттық музейдің мəдени құндылықтарды жинақтап, насихаттаудағы атқарып жатқан жұмыстары кеңінен сөз болды. Аймақтарда орналасқан мұражайлардың бүгінгі проблемалары да айтылды. Астананың қақ төрінен орын теуіп, жақында ғана Елбасы тұсауын кескен Ұлттық мұражай көлемі жағынан əлем бойынша алғашқы ондыққа кіреді.

Мұражайдың ерекшеліктері өте көп. Оның аумағының өзі 74 мың шаршы метрді құрайды. Жамбыл облыстық мəдениет басқармасының басшысы Д. Бықыбаев, облыстық музейдің директоры Б. Тоқсанбаева, ғалым Ж. Кəрібаев мəдени мұра мəселесінде атқарылып жатқан тірліктерді саралап өтті. Мəдениет жəне спорт министрлігі мен Ұлттық музей ұйымдастырып отырған автокеруен бұдан кейін өңірдегі Қарахан баба, Тектұрмас жəне Айша бибі кесенелерін аралап, көне қаланың тарихы туралы мол мағлұмат алды. Бір жағы «Мəдени мұра» бағдарламасының қабылдануына 10 жыл толуына орай ұйымдастырылған автокеруенге «Сарыарқа Автопром» ЖШС, «Агромашхолдинг» ЖШС демеушілік көрсетіп отыр екен. Бұл сапар 3 жылға есептелген жəне 3 кезеңнен тұрады. Алғашқы кезеңінде Алматы, Тараз, Шымкент, Түркістан, Қызылорда, Жезқазған, Қостанай, Көкшетау, Астана бағыты бойынша тарихимəдени орындарды аралайды. Жамбыл облысы. ––––––––––––––– Суретті түсірген Еділ ОРМАН.

Жемісті жеѕістердіѕ жиырма жылдыєы Кеше Астана қаласының əкімі Иманғали Тасмағамбетовтің қатысуымен «Қазақстандық патриотизм контексіндегі Астана феномені: көпұлтты жəне көпконфессиялы қоғамның табысы» тақырыбында қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІV сессиясы өтті.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

Оның жұмысын қала əкімі Иманғали Тасмағамбетов ашып, қысқаша сөз сөйледі. Үстіміздегі жылдың 18 сəуірінде болған Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясында Елбасы Н.Назарбаев келесі, 2015 жылды Ассамблеяның құрылғанына 20 жыл толуына орай «Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы» деп жариялағанын айта отырып ол: «Еліміздегі бейбітшілік пен келісімнің арқасында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ынтымағы жарасқан, татулығы бірлігіне ұласқан тəуелсіз Қазақстанды орнаттық. Осынау Тəуелсіздігіміздің тұғырын берік, туымызды биік ұстау баршамызға қасиетті борыш болып саналады. Осы орайда өздеріңізбен келелі кеңес өткізіп, сын-пікірлеріңізді ортаға салуға жəне ынтымақ пен бірлігіміздің айбынын асыратын Ассамблея жылын жоғары деңгейде өткізуге барлығыңызды да белсенді атсалысуға шақырамын», деді жиналғандарға. Осыдан кейін күн тəртібі бекітіліп, одан əрі сөз осы мəжіліске қатысып отырған Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының бірінші орынбасары – Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Ералы Тоғжановқа берілді. Алдағы белес Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жариялаған Жарлығын іске асыруға арналған. Сондықтан мерейтойлы жылға арналған жоспарларымыз бен істеріміз белгіленіп отыр. Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойының күн тəртібі бейбітшілік, руха ният жəне келісім мəдениеті деген тақырыппен аталды. Мұн дағы бейбітшілік мəдениеті – Тəуелсіз Қазақстан тарихының тұғыры. Руханият мəдениеті – Қазақстанның əлемдік өркениетке апарған қоғамда өмір сүру философиясы, ал келісім мəдениеті бүгініміз бен болашағымыздың кепілі десек, артық болмайды. Астана еліміздің бас қаласы ретінде сол келісім мəдениетінің ордасына, руханият мəдениетінің ортасына, бейбітшілік мəдениетінің киелі мекеніне айналып отыр, дей келіп, одан əрі Е.Тоғжанов Астанаға іссапармен келген израильдік атақты драматургтің: «Бейбітшілікте өмір сүріп жатқан астаналықтардың бет-əлпетінен

көңілінің жайлылығы, тыныштық сезіледі. Ал жастардың жанарында болашаққа деген ұмтылыс, биік мақсат пен сенім байқалады. Бұл ешкімді ұлтына, дініне, тіліне қарап бөлмейтін, кемітпейтін зайырлы, мəдениетті елдің белгісі» деген сөздерін келтірді. Осынау сөздер аз отырып, көп сынайтын қонақтың пікірі деп қабылдауымыз керек, деді ол. Одан əрі шешен өзінің сөзін əлемдік тұрақсыздыққа бұрды. Бүгінгі əлем аласапыранға толы, мемлекеттер мен халықтардың арасында алауыздық өршіп, бірбіріне деген қырғиқабақтық таныту қаупі артып тұр. Əлемде 8 млн. адам аштықтан, 400 млн. адам шөлден зардап шегіп отыр. Жыл сайын жергілікті мəндегі 30-дан астам қарулы қақтығыс орын алуда. Осындай жағдайда еліміздегі ынтымақ пен бірлікті нығайта түсу басты борышымыз, деген ол Қазақстандағы бірлік ең алдымен, қазақтың бірлігі екенін атады. Сол себепті руханият, бейбітшілік

жылы атқарылатын іс-шаралар жоспары туралы айтып өтті. Ол еліміздің барлық аймағын қамтитын жүзге жуық дүбірлі шаралардан тұратыны белгілі болды. Соның ішінде кейбір жоғары оқу орындарымен бірлесе отырып дайындалатын жобалар да бар екен. Көптеген шараларға кемінде алты мыңдай адам қатысатындығы да айтылды. Ассамблеяның осындай ауқымды шаралары еліміздің барлық алыс түкпірлерін де қамтып, қазақстандықтардың бəріне ортақ үлкен мерекеге айналады, деді шешен. Сонымен бірге, ол əлеуметтік сауалдамаларға қарағанда Қазақстан халқының 89,5 пайызы Ассамблеяны қолдап, оның жалпы қа зақ стан дықтардың мүддесін қолдайтынына сенім білдіргенін де атап өтті. Сессия отырысында Астана қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жылын өткізу аясында жасалатын іс-шаралар жоспары талқыланды. Талқылауға қаладағы мəдени-этностық ұйымдардың бірнеше басшылары шығып сөйлеп, өздерінің ойлары мен ұсыныстарын ортаға салды. Сессия жұмысын қала əкімі И.Тасмағамбетов қорытындылады. Ол келесі, Ассамблея жылының астаналықтар үшін өте маңызды екенін атап көрсетті. Бүгінгі

жəне келісім мəдениеті мəңгілік болуы керек екенін айтып өтті. ҚХА жұмысын жаңғыртуда да осы қағидаттар негізге алынатынын атап көрсетті. Одан əрі Е.Тоғжанов 2015 жылдың Ассамблеяның 20 жылдығы ғана емес, Елбасының бейбітшілік жəне келісім саясатының 20 жылдығы екендігін айтты. Сонымен бірге, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы Қазақстан халқының жарасымды ынтымағы мен берекелі бірлігінің арқасында қол жеткізген жемісті жеңістерінің 20 жылдығы деген ұстанымын жеткізді. Ассамблея Төрағасының бірінші орынбасары мерейтойлық

сессияны сол мерейтойлық жылды атап өтудің мəресін бастады деп атауға болады, деді ол. Біздің алдымызда бірінші кезекте тұрған мəселе – Ассамблея жылын өткізудің тұжырымдамасын дайындау. Оның жобасын алдымыздағы бір айдың ішінде əзірлеу керек, оған барлық мəдени-этностық ұйымдар атсалысатын болсын, деп əкім нақты тапсырма берді. Сессияның соңында Қазақстан халқы Ассамблеясының астаналық бірнеше белсендісіне Ералы Тоғжанов оның «Алтын медалі» мен Құрмет грамоталарын тапсырды. –––––––––––––––– Суреттерді түсірген Ерлан ОМАРОВ.


● Демократия – даму даңғылы

Азаматтыќ ќоєам аќшасыз ќалмайды Кез келген қоғамның дұрыс бағытта дамуында ондағы адамдардың азаматтық белсенділігі шешуші рөл атқаратыны бесенеден белгілі жағдаят. Тəуелсіздік қолға тигелі біздің елде де азаматтық қоғам өзінің өсу, даму белестерінен өтіп, қиындықта шыңдалып, тəжірибелер жинақтап, бүгінде дауысы айқындалып, бұрын тек билік қана атқаратын көптеген жұмыстарды иықтарына салып көтеріп кететіндей, нық күшке айналуда. Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Елбасының өзі қатысуымен өткізіліп жүрген Азаматтық форумдардың да бұл ретте көтерер жүгі жыл өткен сайын салмақтана түсуде. Сондай форумдарда жиі айтылатын мəселенің бірі – ҮЕҰ-ға қатысты заңға өзгерістер енгізу болатын. Енді сол жауыр бола жаздаған мəселе жақын арада өз шешімін табатындай. Олай дейтініміз, Қазақстанның Азаматтық альянсы IV Азаматтық форумның ұсынымдарын жүзеге асыру үшін «Үкіметтік емес ұйымдардың қызмет мəселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын əзірлепті. Журналистермен жүздескен Азаматтық альянстың серкелері Нұрлан Ерімбетов, Артур Платонов, Салтанат Рахымбекова жаңа заң жобасында бірнеше үдемелі қағидат барлығына баса мəн берген. Бұрын ҮЕҰ-лар тек «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заң шеңберінде конкурс тық негізде мемлекеттік əлеуметтік тапсырыс есебінен ғана қаржыландырылып келген болса, енді мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ҮЕҰларға сыйақы беру жəне гранттар арқылы қаржыландыру көзделіпті. Заң жобасындағы

тағы бір назар аударарлық сəт – бұрын əлеуметтік тапсырыстар туралы лоттардың тізімін тек мемлекеттік орган əзірлесе, енді ол нормаға да толықтырылу енгізу ойда бар екен. Əрине, заңның Парламент қабырғасынан қандай шекпен киіп шығатынын күні бұрын айту қиындау, дегенмен, жаңа заңның ҮЕҰ-лардың Үкіметпен ақылдаса отырып əзірлеген жобасы азаматтық қоғам белсенділерінің тынысын аша түседі деуге үміт көп. Азаматтық альянстың жаңа заң жобасындағы ұсынысындағы қарастырылған жаңалықта қаржыландыру тетігі халықаралық жəне шетелдік ұйымдармен гранттарды бөлу тəжірибесін қам тып барып түзілген екен. Бұл ретте Азаматтық альянс президенті Нұрлан Ерімбе тов еліміздегі қоғамдық бірлестіктерді шетелдіктердің қаржыландыруына қарсылығын жеткізген. Өткен ғасырдың 90-шы жылдарында қаржы тапшылығынан олардың көмектеріне зəру болдық. Ал бүгін біз кедей емес, дəулетіміз артқан

Мəдениеттер тоєысуы Таяу Шығыс елдерінде өткені еліміздегі саяси тұрақтылықтың ғана емес, экономикалық, əлеумет тік, мəдени жағдайдың қалыпты өсу деңгейін айқын аңғартатын жетістік деу лазым. Биылғы жылы Индонезияда, АҚШ-та Қазақстанның мəдениет күндері ерекше екпінде өрнек төккенін жұрт жақсы біледі. Сол сияқты дəл мұндай мəдени ірі жобалар

мəдениеттің əрбір бағыты елдің халықаралық имиджін нығайту ісіне жеткілікті түрде үлес қосуын қамтамасыз етуде. Бұл тұрғыда кино мен киноиндустрия саласына жүктеліп отырған міндеттер аз емес. Мемлекет басшысы атап өткендей, жас ұрпақ үлгі тұтатын заманауи кейіпкердің жағымды бейнесін қалыптастыру ұлттық кинематографияның маңызды миссиясы болып табылады. Отандық кино өндірісі қарқынды дамуда, оған қазақстандық фильмдерге елімізде ғана емес, сондай-ақ, шетелде де сұраныстың пайда болуы дəлел бола алады. Биылғы жылдың өзінде Қазақстанның кино күндері Түркия, Индонезия

жақын күндерде Франция жерінде жалғасын табады деп күтілуде. Аталмыш іс-шаралардың мəдениеттің толыққанды үнқатысуын қалыптастыру үшін маңыздылығы мен сұранысын бағаламау əсте мүмкін емес. Бүгін өнер мен

жəне Грузия елдерінде өткізілді. Сонымен қатар, биыл Х Еуразия халықаралық кинофестивалін Алматыда өткізу қазақстандық киноның əлеуетін жəне шетелдік əріптес термен ынтымақтастық байланыстардың нығайып келе

Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде Мəдениет жəне спорт вице-министрі Асқар Бөрібаевтың қатысуымен өткен «Мəдениетаралық үнқатысу жəне отандық мəдениетті шетелде таныту» атты брифингте спикер журналистер тарапынан қойылған осы жəне мұнан басқа да бірқатар сұрақтарға жауап берді. Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Еліміздегі мəдени саланы дамытуға байланысты Мемлекет басшысы «Қазақстандық мəдениет жаһандық мəдени мұраның ажырамас бөлігіне айналуы жəне əлемде нақты танылуы тиіс», – деп айтқан болатын. Міне, соған орай БАҚ өкілдерімен кездесуде вице-министр отандық мəдениетті əлемге танымал ету жəне ұлттық төл брендтерімізді ілгерілету мақсаты көзделген Мəдени саясат тұжырымдамасына айрықша тоқталып өтті. Сала басшысы ұлттық мəдениетті əлемдік кеңістікте нығайтудың маңызды факторы болып табылатын имидждік жобаларды іске асыру мəселелеріне мəн беріп, бұл бағыттағы ауқымды жобалардың біразы Қазақстанның шетелдегі Мəдениет күндері аясында атқарылғанын атады. Мысалы, соңғы бірнеше жылдағы Мəдениет күндері, Қазақстан жылы, шығармашылық ұжымдардың гастрольдері іспетті түрлі пішіндегі шығармашылық байланыстар, сондай-ақ, қазақстандық мəдениет қайраткерлері қатысуымен өткен халықаралық фестивальдар, мəдени іс-шаралар ТМД елдерінің бəрінде дерлік, сонымен қатар, Еуропа, Азия жəне

Алматы мен Тараздыѕ арасы таєы да жаќындай тїсті (Соңы. Басы 1-бетте). Осыдан бес жыл бұрын құрылыс басталған кезде бұрынғы автожол бойындағы ағаштың дені алынып тасталған болатын. Жасыл желекті қалпына келтіру мақсатында көгалдандыру жобасы жасалған. Ол бойынша ұзындығы 262 шақырымға, жалпы құны 1,4 миллиард теңгеге 276 626 дана ағаш көшетін отырғызу қарастырылған. Республикалық бюджеттен қаржы бөлінсе, бұл іс келесі жылы қолға алынады. Автобан бойында жолаушыларға қызмет көрсету мақсатында 8 сервистік кешен орналастыру қарастырылған. Бүгінде жергілікті атқарушы органдар тарапынан оларға жер телімдері бөлініп, кешендерді салатын инвесторлар анықталуда. Құрылыс салу кезінде бірқатар тұстарда жер қыртысын бірнеше метр тереңдікке дейін қопаруға тура келуде. Сондықтан да ондай кезде тарихи-мəдени мұраларды сақтап қалу іс-шаралары қарастырылған. Археологиялық қазба жүргізу нəтижесінде Қордай ауданы аумағында 10 тарихи-мəдени нысандар қазы лып, зерттелді. Соның нəти жесінде Кенен ауылынан

7

www.egemen.kz

18 қыркүйек 2014 жыл

оңтүстік-шығысқа қарай 300-350 метр қашықтықта орналасқан Көккөз əулие қорымының қола дəуірдің кезінде салынғаны анықталып, одан алтын əшекейлер, сырға, моншақ жəне бисерлер мен қола бұйымдар табылды. Белгіленген міндетті жүзеге асыруға күш-жігерді жұмылдыру нəтижесінде қазірге дейін 332 шақырымда құрылыс толық

аяқталып, көлік құралдарының қозғалысы қамтамасыз етілді. Берілген жолдың 111 шақырымы – екі жолақты, 221 шақырымы – төрт жолақты. Халықаралық көлік дəлізінің құрылысы мен қайта жаңарту жұмыстарын 2015 жылы толығымен аяқтау көзделген. Бүгінде автобанда бұл іспен «Дженгиз Иншаат» АҚ, «Ақмола құрылыс материалдары»

мемлекетпіз. Үкімет азаматтық қоғам бастамаларына қажетті көлемді қаржыны бөлуге қауқарлы. Жəйдан-жəй, тегінен-тегін ешкім ақша бермейді. Тіпті, бұл мəселенің сыртында елдің қауіпсіздігі де жатыр. Сондықтан, бүгінгі елдің дəулеті артқан кезде ҮЕҰларға қажетті қаржы бөлу біздің мемлекетімізге еш ауыртпалық түсірмейді. Бұл – үкіметке де, қоғамға да пайдалы шаруа. Көптеген қызмет түрлері бойынша қаншама бағытта адамдар еңбекпен қамтылады Əрі-беріден соң, біз Үкіметтен өз ақшамызды қайтарып алудамыз. Бұл – осы қоғамда өмір сүріп жатқан адамдардың салықтарынан түскен қаражат, деген Ерімбетов ойымен əріптестері де толық келісетінін білдірді. Осылайша, заң жобасында ҮЕҰ тарапынан əзірленген əлеуметтік жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыру үшін бюджеттен қаражат бөлу көзделген. Конкурс нəтижелерінің мемлекеттік органдар шешімінен тəуелділігін төмендету мақсатында гранттарды бөлу қызметі уəкілетті орган жəне қоғамдық қадағалау комиссиясымен үйлестірілетін арнайы орталық арқылы жүргізіледі. Заң жобасын Азаматтық альянстың серіктестері – 50 шақты ұйымдар мен азаматтық қоғамның өзге де белсенді көшбасшылары қолдап отырған көрінеді. жат қа нын айқын дəлелдейтін фактор. Ал биылғы ірі жобаның бірі 22-24 шілдеде Астана қаласында өткен ЮНЕСКО істері бойынша Ұлттық комиссияның бірінші өңіраралық кеңесі болды. Бұған əлемнің 120 елінен Ұлттық комиссия мүшелері келіп қатысты. Іс-шара ЮНЕСКО басшылығы тарапынан жоғары бағаға ие болды, дей келіп, вице-министр елорданың «Астана Опера», «Қазақстан» Орталық концерт залы, Ұлттық музей сияқты əлемдік деңгейдегі инфрақұрылымдық объектілермен еңселенуі Қазақстанды Орта лық Азия өңіріндегі мəдениеттің жетекші орта лығы ретінде танытатын жетістіктер деген ой айтты. БАҚ өкілдері Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституцияның келер жылғы 20 жылдығына орай мұнда қандай халықаралық жəне республикалық іс-шаралар өткізіледі деп сұрады. Ұлттық музейдің алдағы даму жоспарларына қатысты, Қазақстан киноиндустриясын дамыту мəселелеріне байланысты сауалдар қойылды. Ал енді бір əріптесіміз «Қара жорға» биінің шығу тарихы жөнінде ел ішінде əртүрлі пікірталас бар. Біреулер Қара жорғаны Қытайдың этностық қазақтарының ежелгі биі десе, енді бір тарап қазақтарда ешқашан ерлердің биі болмаған деседі. Жалпы, бұл бидің шығу тарихын нақтылау бойынша қандай да бір жұмыстар жүргізіліп жатыр ма деген сұраққа А.Бөрібаев: «Бұл мəселе жан-жақты терең зерттеуді қажет етеді. Сондықтан келе шекте өнер зерттеушілері мен мəдениеттанушылардың еңбектерінің көмегімен біз бұл түйіндердің шешімі табыларына сенеміз», деп жауап берді.

ЖШС, «КСС Е&C» АҚ Жамбыл филиалы, сондай-ақ, жол пайдалану бөлімшелері құрылысында «Аксиома сервис» ЖШС мен «Құлагер» ЖШС уақытпен санаспай еңбек етуде. Мердігер мекемелер қажетті жол-құрылыс техникасымен жəне білікті мамандармен қамтамасыз етілген. Облыста бұл іспен 2111 адам шұғылдануда. Оның 1118-і – жергілікті азаматтар. Қыруар қаржыға салынып жатқан нысанның сапасы басты назарда. Жұмыс барысын, оның тиісті технологиялық талаптарға сай салынуын жəне құрылыс материалдарының сапасын «SNC Lavalina Consult GmbH» жəне «DOНWA» компанияларының қадағалаушылары қатаң бақылауда ұстауда. Сонымен қатар, жобалаушы мекемелер тарапынан авторлық қадағалау жүргізіледі. Жобаны жүзеге асыру кезінде елеулі кедергілер кездесуде. Атап айтқанда, қосымша жер телімі қажеттігі, жер иелерінің оны босат пауы жəне тағы басқа осы сияқты қиындықтарды еңсеруге об лыс басшылары жəне аудан əкімдері белсене атсалысуда. Соның нəтижесінде түйінді мəселелер дер кезінде шешілуде. Бірлескен іс берекелі болады деген осы. Жамбыл облысы. ––––––––––––––––––

Суреттерді түсірген Алтынбек ҚАРТАБАЙ.

Айрыќша абаттандырылєан аймаќ ЭКСПО шежіресі: Нью-Йорк, 1939 жыл Еуропаның саяси ахуалы шиеленістің шегіне жетті. Кəрі құрлықты тітіркентетін екінші дүниежүзілік соғыстың салқыны анық сезіле бастады. «Байтал түгілі бас қайғы» демекші, дəл осындай жағдайда Еуропада Бүкілəлемдік жетістіктер көрмесін өткізу мəселесі ешкімді ойландыра қойған жоқ. Сондықтан 1939 жылғы Бүкілəлемдік жетістіктер көрмесі ешбір талассыз Америка құрлығына берілген еді. Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

1939 жылы Нью-Йоркте өткен Бүкілəлемдік жетістіктер көрмесі мерзімі жағынан көрмелер тарихында ұзаққа созылған көрмелердің бірі болды. Ол 1939 жылдың 30 сəуірінде ашылып, 1940 жылдың 27 қазанына дейін жалғасты. Бұл көрме қалашығын салуға бөлінген жер телімі де бұрын-соңды көрме лер тарихында болмаған көлемімен ерекшеленді. Болашақ көрме кеше нін салуға қала лық күл-қоқыс алаңынан 150 гектар жер телімі бөлінді. Сөйтіп, қалың оқырманға Френсис Скотт Фицджеральдтің атақты «Ұлы Гетсби» романынан жақсы таныс «Мəйіттер жазығында» Бүкілəлемдік жетістіктер көрмесі қалашығының құрылысы басталды. Қызу басталған құрылыс жұмыстарының нəтижесі де таңданарлықтай еді. Аз уақыттың ішінде көп шіліктің үрейін келтіретін кешегі «Мəйіттер жазығы» адам танымастай болып құлпырып шыға келді. Көрме қалашығында бой көтерген құрылыс нысандарының қала инфрақұрылымымен үйлесім тапқаны сондай, уақыт өте келе көрме кешені əлемдегі ең озық көрме өткізу алаңына айналды. Көрме қалашығында бой көтерген құрылыс нысандарының архитектуралық сəулеті күні бүгінге дейін озық келбетімен көз тартады. «Болашақ əлемі» ұранымен өткізілген көрмені алғашқы күніақ 200 мыңнан астам адам тамашалады. Төрткүл дүниенің төрт бұрышынан келген туристерді көрме қалашығының символы ретінде салынған Трилон жəне Перисфера магнитше тартты. Трилон мен Перисфера дегеніміз – алғашқысы 210 метр биіктікке ұмтылған үшбұрышты обелиск, екіншісі 56 диаметрлік шар тектес құрылым болатын. Олар өзара əлемдегі ең ұзын эскалатормен жалғасты. Алып шардың ішіне «Демократия» атты диорама орнатылды. Көк аспанға тік шаншылған 210 метр лік обелиск болашақ

символын паш етті. Дүниежүзін соғыс өртіне тұншықтыратын екінші дүниежүзілік соғыстың басталуына санаулы ғана айлар қалған уақытта бұл тақырыптардың мəні шынында баламасыз болатын. Нью-Йорк көрмесінің жə дігерлері 4,9 шаршы шақырымға созылған алаңдарды алып жатты. Көлік, коммуникация, техника, өндіріс, азық-түлік атты тақырыптарға топтастырылған көрме жəдігерлері алаңдарын 44 миллионнан астам адам тамашалаған екен. Көрмеге келушілерді техника жетістіктері жəдігерлері орна ласқан павильондар ерекше қы зық тырды. Теледидар саласында қол жеткізілген соңғы табыстар көрермендерді ұмытылмас əсерге тəнті етті. Амери ка радио корпорациясының технологиялық жаңалықтары да жұрт көңілінен шықты. Сонымен бірге, көрме қалашығында америкалық автоөндірісінің көшбасшылары – Крайслер мен Фордтың павильондарында машиналардың бөлшектері көрермендердің көз алдында конвейерден шығып жатты. Америкалық газ өнеркəсібінің павильонының қарсы алдында алып газ пеші жұмыс істесе, теңіз көлігінің павильонында үлкен кеме көрмеге келушілердің назарына ұсынылды. Ал авиация павильонын тамашалаушылар атшаптарым ғимаратты тұтас алып тұрған үлкен ұшаққа мініп, авиация саласында қол жеткізілген жетістіктерді қолымен ұстап, көзімен көруге мүмкіндік алды. Бұл көрмеде америкалықтардың шыны өнеркəсібінде қол жеткізген соңғы жетістіктері кеңінен көрініс тапты. Шыныдан жасалған сансыз бұйымдардың арасында ыдыс-аяқ, жиһаздармен қатар тұтас шыныдан жасалған тұрғын үйдің үлгісі көрсетілді. Нью-Йорк көрмесін тамашалауға келген туристерді Кеңестер Одағының павильоны ерекше қызықтырды. Жалпы аумағы 12 мың шар шы шақырымды алып жатқан бұл ғимарат толығымен ақ мəрмəр тастан тұрғызылған еді.

Көрмеге қойылған кеңестік жəдігерлердің ішінде мүсінші С.Меркуровтың күлгін түсті сом гранит тастан қашап жасаған Ленин мен Сталиннің алып мүсіндері жұрт назарын ерекше аударды. Сонымен бірге, И.Мичуриннің ғылыми ізденістерінің жетістігі ретінде солтүстікте өсірілген бидай тұқымы, Мəскеудің маңайында өсірілген жүзім түрлері көрме сөрелерінен кеңінен орын алды. Жер шарының макеті ретінде айналып тұрған алып шарда Д.Менделеевтің кестесінде кездесетін элементтер шығатын өңірлердің картасы жарқырап тұрды. Бір өшіп, бір жанып тұрған бұл картадан Кеңестер Одағының аумағында Д.Менделеев кестесінің элементтері табылмайтын өңір жоқ екендігін аңғару қиын емес еді. Кеңестер Одағының бас павильонының жанынан Арктикаға арналған тағы бір үлкен ғимарат орналасты. Бұл павильонда кеңестік зерттеушілердің Арктиканы игеру мақсатында жасап жатқан жұмыстары кеңінен көрініс тапты. Осы павильонға Кеңес Одағының батырлары В.Чкалов, А.Беликов жəне Г.Байдуков Солтүстік полюс арқылы Мəскеуден АҚШ-қа дейін ұшу сапарын орындаған ұшақ қойылған еді. Сонымен бірге, осы павильонда атақты «Солтүстік полюс» стансасының жабдықтары жəне кеңестік мұзжарғыш кемесінің макеті орналасты. Көрмені тамашалаушылар Кеңес Одағының жəдігерлеріне зор қызығушылық танытып, жоғары баға берді. Нью-Йорк Бүкілəлемдік жетістіктер көрмесі өткізілген қалашық көрмелер тарихындағы ең əдемі абаттандырылған аймақ ретінде бағаланды. Бұл қалашық халқы барынша тығыз қоныстанған қалалардың бірінен саналатын Нью-Йорк қаласындағы тұрғындардың жақсы көретін демалыс орындарының біріне айналды. Осы ретте Нью-Йоркте 1964 жылы өткізілген екінші Бүкілəлемдік жетістіктер көрмесінің де нақ осы көрме қалашығында өткенін айрықша атап өткен артық болмас.

Гїлмен ґрнектелген ЭКСПО эмблемасы Астана қаласындағы №40 Ə.Марғұлан атындағы мектеп мұғалімдері мен оқушылары бірігіп, испанның седум гүлінен шырайлы «кілем» əзірледі. Мектептің бұл жаңалығында ЭКСПО-2017 эмблемасы бейнеленген.

Эльмира МƏТІБАЕВА, «Егемен Қазақстан».

Ол туралы мектеп директоры Е.Іргебаев былай дейді: «Мектебіміз «Гүлстан» журналы жəне «Гүлзар» қоғамдық бірлестігімен жұмыс істеп келе жатқанына 8 жылдай уақыт болды. «Гүлстан» журналының арқасында бозкілем жасау тəсілін үйренуді қолға ала бастадық. Мұндай дүниені өсімдік түрінде өсіру өте күрделі дүние екендігін осы істі қолға алғанда түсіндік. Бұған седум деген испан гүлі керек екен,

оның жасыл түрі мен қызыл түрін алдырып, əуелі əбден көтерілгенше далаға егіп қойдық. Каркаста топырақ құлап қалмайтындай болуы үшін оның қаңқасына да аса мəн бердік. Мектебіміздің алғашқы жаңалығы ЭКСПO-2017 эмблемасына арналғаны кездейсоқ емес. Себебі, оқушыларға экологияны теориялық түрде ғана емес, практикалық тұрғыда үйретсек деген мақсатты алға қойып отырмыз. Біз бұл жаңалығымызбен тоқтамаймыз, болашақта осы саланы дамытып, керекті дүниелердің бейнесін жасауға көшеміз

деген жоспарымыз бар. Мысалы, мектебіміз атын иеленген Əлкей Марғұланның бейнесін немесе еліміздің көк байрағын жасау секілді ойда жүрген идеялар көп». «2014 жылдың шілде айында мектеп директоры Ербол Іслəмұлы гүлкілемге ЭКСПО-2017 эмблемасын өрнектеу жайлы ұсыныс берді. Көшеде өсіп тұрғанына қызыға қарағанымыз болмаса, гүлкілем əзірлеу технологиясын біле бермейтінбіз. Осыған орай, мені гүлкілем жасаудың қыры мен сырын үйреніп келу үшін Алматы қаласындағы «Гүлзар» қоғамдық бірлестігіне жіберді. Өсімдіктер əлемі оқу-əдістемелік кешенінің авторы Гөзел Құлжабаева атқарып жатқан жұмыстарымен таныстырды, гүлкілем жасау тəжірибесімен бөлісіп, гүл өсіру жөнінде ақыл-кеңестерін берді. Мектеп мұғалімдерімен бірлесе отырып, алғашында гүлкілемнің қаңқасын жасап, топырақ толтырдық. Гүлкілем 15 күннен кейін көтеріле бастады. Содан кейін ЭКСПО-2017 жазуын испандық қызыл седуммен жаздық. Сонан соң ЭКСПО-2017 эмблемасын жасадық. Бар өнерлерін салып, жан-тəнімен беріле гүлдерді бірлесе отырғызған оқушыларға бұл композиция қатты ұнады. Олар келешекте гүлкілемге қандай өрнек салатын ойларын біріне бірі жарыса айтып, қатты қызығушылық танытты», – дейді мектеп мұғалімі Ботагөз Жақсыбаева. ––––––––––––––––– Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ.


8

www.egemen.kz

18 қыркүйек 2014 жыл

 Мəселенің мəнісі

Жобалардыѕ жолы болса игі Облыс орталығындағы «Қазэнергокабель» АҚ басшысы Олег Круктың айтуынша, кəсіпорын мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының белсенді қатысушысы. Өндірістік əлеуеті де нығайды. Өнім өндіруде негізінен жергілікті шикізатты пайдаланады. Ресей, Украина, Өзбекстанға өнімдерін өткізіп, биыл жоспарды орындап, экспорттаушы кəсіпорын атанды. Алдағы уақытта алюминийден жасалатын созылмалы сым илемдерінің жылдық қуаттылығын 15 мың тоннаға дейін жеткізбекші. Бірақ, бағдарлама арқылы іске қосылған бұл жоба жол ортада қалып, өнім көлемі төмендеп, жұмысшылар саны қысқарып қала ма деген алаңдаушылық та жоқ емес. Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Жалпы, облыс орталығындағы «Казэнергокабель» АҚ Мəскеудегі «Ассоциация Электрокабель» құрамына қарайтын Ресей жəне ТМД мемлекеттері арасында кабельдік кəсіпорындарын, сонымен қатар «Кабель өнімдерін шығаратын – Бүкілресейлік ғылыми-зерттеу институты» ААҚ-ты біріктіретін бір ғана қазақстандық кəсіпорын саналады. Кəсіпорын

1994 жылы құрылды. Алғашында өндірілетін кабельдік өнім 400 түрлі болса, ал, қазір 7 мыңға жуық түрі өндіріледі. Отандық тауар республикалық жəне халықаралық көрмелерге қатысты. Өнімнің сапасы кəсіпорындағы ба қылау-өлшеуіш жəне сынау жабдықтарымен анықталды. Өндірістің барлық кезеңін бақылай алады. Технологияның үздіксіз жетілдірілуі, жаңа материалдарды қолдану, кабельді-өткізгіштік өнімнің жаңа түрлерін игеру, тапсырыс

жоспарларын компьютерлік жүйеге енгізу жəне бақылау сапасы, өндірістік тапсырыстарды, икемді бағаларды қалыптастыруға жəне жоғары сапалы өнімдерді қысқа мер зімде орындауға мүмкіндік береді. Енді, мəселенің мəні неде дегенге келсек, 2010 жылы «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-ның демеушілігімен «Қазэнергокабель» АҚ «Алюминийлі илемді өндірісті ұйымдастыру» инвестициялық жобасы аясында жылына 15 мың тонна сым илемдерін шығаруды қолға алған болатын. Инвестиция көлемі 0,3 млрд. теңгені құрайды. Яғни «Келешекте алюминийден жасалатын күнделікті тұрмысқа қажетті бұйымдар, автомобиль дискілерін, құрылысқа қолданылатын төсемелер, көліктердің қосымша бөлшектерін жасайтын басқа да кəсіпорындар құрылады. Кабельді орама сымдар жасайтын кəсіпорын енді алюминийді де өңдеп, сол өнімнен катанкалар, құймалар,

ширатпа тізбелерін, орамаларын жасай бастады. 150-ге жуық адам жұмыс тапты. Өз жерімізде өндірілген алюминий құймаларын пайдалану арқылы орама сымдар өндіретін жергілікті жоба іске асырылуда. Бұрын үйіміздің жанында алюминий өндірсек те, оны өндіріске пайдалану үшін Ресейден, Қытайдан тасымалдап жүрдік. Енді жеріміздің саз балшық құймасы өз қолымызға жетті. Шеттен келгеннен гөрі арзан əрі сапалы. Кəсіпорынға 15 мың тонна шикізатты «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ қамтамасыз етуде» дедік. Бірақ, кəсіпорынның бас директоры Олег Круктың айтуынша, биыл «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ алюминий өндірісі көлемінің төмендеуіне байланысты өнім тасымалын 20 пайызға дейін азайтатынын мəлімдеген. Яғни бір айда 1250 тонна алюминий илемін шығарып келген кəсіпорын, егер жеткізілетін өнім көлемі азайған жағдайда, қуаттылығын төмендетіп

Ќой терісін жамылєан полицейлер (Соңы. Басы 1-бетте). Есірткі қылмысымен айналысқан ортаны өрмекшінің торы десе де болар. Көзге кө рінер-көрінбес болып тұратын торға жақындаған жəндік өрмекшіден құтылған емес. Торға түссе шырмалады. Заңсыз есірткі айналымы да өрмекшінің торын елестетер еді. Оның басында тұрған əйелдер героинді қабылдап алады, мөлшерлеп бөледі, орайды, сақтайды. Сосын əрі қарай «жүгіртектер» – нашақорлар белгілі «нүктелерге» шығып, таратып отырады. Жергілікті баспасөз құралдарының жазуына қарағанда, «жүгіртектер» героиннің басында отырған əлгі əйелдерге күніне бір миллион теңгедей ақша əкеп беретін көрінеді. Табыс азаймауы керек. «Тұтынушыларды» полициялар ұстағанда немесе нашақорлар керекті мөлшерін сатушыдан күшпен тартып алғанда табыс азаяды екен. Міне, дəл осы сəттерде есірткі бизнесін дөңгелентіп отырғандар «көкелеріне» жүгінеді. «Көкелері» – торға шырмалған, яғни есірткі қылмысына қатысы бар полицейлер. Əрине, олардың еңбегінің де өтеуі бар. Айына күреп алып тұрғаны да, қаспақ жалағандай болатыны бар. Бірақ қанша алса да бəрібір қылмыс. Шулы істің əділ сот нүктесін қойып, қыл мыс тылардың жазасын белгіледі. Қылмыстық топты ұйымдастырған Р.Асылбаева, А. Петренко, Н.Киселева, П.Се реденкова, О.Чебунина, Л.Осен никовалардың алды 20, соңы 8 жылдан арқалады. Айтпақшы, осы əйелдердің барлығы да бұл лас бизнеске есірткіге тəуелді ортадан келген. Бірінің күйеуі, бірінің баласы, енді бірінің күйеу баласы нашақор. Ал осы есірткі бизнесінің жүруіне ықпал етіп, жолға қойып отырған полицейлер де қатаң жазаға кесілді. Нұрлан Əлмағанбетов – 16, Риваль Ғазизуллин – 15,6, Ермек Оразақов – 15,6 Самат Ермағанбетов –15,6, Серікхан Мұхамеджанов 15,6 жылды қатаң тəртіпті ре жімде өтейтін болды. Ал Жангелді Іргебаев – 6, Төлеген Наурызбаев – 5, Дмитрий Цой – 4, Арман Бозбалин – 4, Нұрсұлтан Шупов 2 жылды темір тордың арғы жағында өткізеді. Қарап отырсақ, елдің тыныштығы, қауіпсіздігі сеніп тапсырылған осы жігіттердің бір-екеуінен басқасы кəдімгі қазақ ауылында, қазақ отбасыларында дəстүрлі тəрбие көріп өскендер. Он полицейдің сегізінің жоғары білімі, екеуінің арнаулы орта білім бар. Жастарын айтсаңызшы, нағыз тепсе темір үзетін, елдің болашағы үшін қызмет ететін, бала тəрбиелейтін, қандай игі іс болса сол жерде аты аталуға талпынатын орда бұзар 25 пен 30-дың арасы... Бұл не сонда? Кімге сенеміз?! Сот алдында полицейлердің

барлығы қылмысқа қызметтік мүдде үшін барғанын айтты. Бұл олардың жанталаса тал қармауы болса да, шыны болса да қауіпті жауап екені айқын. Тəрбиенің осалдығы, ішкі тегеуріннің бостығы, мүмкін басшылық тарапынан талаптың аздығы оларды торға түсірді де, артынша – қой терісін жамылған қасқыр болды да шықты. Басшылық демекші, осы шулы істе есірткі қылмысына қатысы бар бұрынғы полицейлердің саны оннан əлдеқайда көп екені, тек осы он полицейдің қылмысы дəлелденгені айтылған. Бұл жөнінде қаржы полициясындағы тергеу жұмыстары жалғасуда. Ал түрмеде отырғандарға

есірткі тасу ісінен де полицейлер тыс қалмаған. Арқалық қаласындағы УК 161/12 түрмесіндегі сотталғандар арасындағы «ықпалы мықты бедел» А.Ақылжанов құрған қылмыстық топқа түрме қызметкерлері де қатысқан. Олар түрмеде отырғандарға есірткі заттар өткізумен айналысып келген. Осы қылмыстық топтың бел ортасында болған түрме қызметкері Жəнібек Молдағали 15 жыл 6 айды енді қатаң режімдегі түзеу колониясында өткізетін болады. Облыс соттарында полицейлерге қатысты істің жиі қа ралатыны жұртты таң ғалдырудан қалып барады. Облыс прокурорының орынбасары Болат Челикенов журналистермен кездесуінде 2010 жылдан 2014 жылға дейін облыс бойынша 65 полицейге қатысты 48 іс қаралғанын

айтқан еді. Соның ішінде заңсыз есірткі айналымына қатысты – 8, пара алғаны үшін – 12, бұзақылық жасағаны үшін – 1, азаптағаны үшін – 5, қызмет өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін – 14, жарылғыш заттарды ұрлағаны үшін – 1, қылмысты жасырғаны үшін жəне пара бергені, қызметтегі салақтығы, жол тəртібі ережесін бұзғаны үшін төрт полицей сотталған. Соңғы айлардың өзінде сот залдары полицейлерге қатысты істі қараудан босаған жоқ. Осы істерден байқалғанындай, адамдарға қылмысты күштеп мойнына алдыру полицейлер арасында жұмыс тəсіліне айналып бара жатқан секілді. Сондай-ақ, дəлелдерді бұр-

малау, жалғандыққа бару, адамдардың конституциялық құқын аяққа басу, дөрекілік, қызметті асыра пайдалану секілді болып жалғаса береді. Мысалы, үш шөлмек сыраның ақысын төлеуді талап еткені үшін полицейлерден жəбір көрген, тіпті, олардың соққысынан түсік тастаған сатушы Ольга Шарафутдинова əділеттілікті қалпына келтіру үшін екі жыл жүгірді. Іс жабылып қала берді. «Менің полицейлерді тəртіпке шақыру жөнінде берген арызымнан кейін олар келіп мені қорқытты... Наркодиспансерге баруға мəжбүрледі. Мен куəландырудан өтуге тиіс емеспін, сондықтан қарсыластым. Ал полицейлер мені күштеп, екеуі қолымнан, екеуі аяғымнан ұстап, «Фольксваген» машинасына атып ұрды, мен етпетімнен, басыммен

кілемшенің үстінде құлап жаттым. Ал олар ма шинаның орындығында отырып, аяқтарын менің үстіме салып отырды. Қуанышбаевтан көп таяқ жедім, Бірімжанов пен Төлендин мені тасуда оған көмектесіп отырды», деп баяндайды жəбірленуші. Үш полицей бір əйелді өздерінің үстінен арыз бергені үшін осылай ұрып-соғады. Əйел мен полицейлер арасындағы жанжалдың өзі тəртіп сақшыларының дүкеннен алған сыраның ақысын қасақана төлемеуінен тұтанған. Істі облыстық прокуратураның мамандандырылған прокуратура басқармасы назарға алғаннан кейін ғана полицейлердің шек тен шығуы əшкере болды. Жақында №2 Қостанай қалалық соты жасөспірімдер жөніндегі инспектор Берік Бі рім жа нов қа, учаскелік инспектор Мирас Төлендинге, бұрынғы жасөспірімдер ісі жөніндегі инспектор Ерлан Қуанышбаевқа қатысты істі қарап, оларға жазасын берді. Полицейлердің үшеуі де екі жыл шартты түрде бас бостандығынан, екі жылға дейін құқық қорғау органдарында жұмыс істеу құқығынан айырылды. Сот үкімі бойынша олардың арнайы шендері де алынып тасталатын болды. Бұл облыста соңғы айларда қаралған көп істің бірі ғана. Полицейлерге жүгінген, басына іс түскендердің тəртіп сақшыларының ісіне наразылығын жиі естуге болады. Тіпті, көктемде Рудный қаласында алдымен жоғалып кетіп, қаскөйдің қолынан азап шегіп опат болған бүлдіршін қыз Вика Ганяның мəйітін, қылмыс болған жерді шарлаған боп сонша полицей жүргенде де осы іске жанұшыра кіріскен волонтер тауып алған жоқ па еді? Міне, осының өзі жұрт сеніп отырған тəртіп сақшыларының қызметіне де, біліктілігіне де сын болды. Бұл уақытысында айтылды да. Енді бүгінде қылмысқа қарсы күреседі деген полицейлердің өздері қылмыскерлер қатарынан көрінсе не шара? Қылмыстың азаймай отырғаны тағы бар. Қазір əр мектепте, əр ауылда, қаланың əр бұрышында тə ртіпті, тыныштықты кү зететін сақшылар жүр. Бірақ соларға көпшіліктің сенімі мəз емес. Неге? Əлде «қойшы көп болса, қой арам өледінің» кері ме? Қостанай облыстық ішкі істер департаментінде 3800-ден аса осы саланың қызметкері бар. Үлкен күш, тұтас əскер дерсің. Бұл салада кадр дайындау, оның біліктілігін арттыру үшін жұмыс жүрмейді деп кесіп айтуға да ауыз бармайды. Бірақ қылмысқа қарсы күресетіндердің қой терісін жамылған қасқырдың кейпіне кіруі қоғамдағы қатердің бірі демеске лаж жоқ. Бұған енді қоғам қашанғы төзеді? Əлде жоғары жақтан бір шара, тыйым бола ма? ҚОСТАНАЙ.

алуы мүмкін. Бұған себеп, облыс əкімдігінің мəлімдеуінше, биыл облыстағы өнеркəсіптің бірқатар салаларында көмір мен электр энергиясының, алюминий, глинозем өндірісі төмендеген көрінеді. Алюминий өндірісінде де оның əлемдік нарықтағы бағасының арзандауы себеп болса керек. Екіншіден, кезінде «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-ның демеушілігімен «Қазэнергокабель» АҚта «Алюминийден жасалатын сым илемдерін жасайтын өндірісті ұйымдастыру» инвестициялық жобасы демеуші кəсіпорын тарапынан нақты өндірістік-ғылыми зерттелуден өтпей, нарық барысын пайымдамай, сараптамадан асығыс өткен сияқты. Аты жақсы, заты шикілеу болғандай. Жалғыз бұл жоба ғана емес, еліміздің өзге өңірлерінде де индустриялық-инновациялық бағдарламалар аясында басталған кейбір жобалардың жол ортада қалатыны қазір жиі айтылуда. Мысалы, облыстық əкімдік биыл өңірде Индустрияландыру картасы аясында 12 жоба іске қосылады, 1140 адам жұмыспен қамтылады деп отыр. Биылыңның

өзі аяқталып келеді. Облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Николай Дычконың жобаларды іске қосуда түйткіл болуы мүмкін емес дегеніне сенгенімізбен, ал, келесі жылдарда жүзеге асуы тиіс 4-5 емес, 42 жобадан шыққан шикілікке не айта аламыз сонда? Сол біз жоғарыда айтқанымыздай, аудан əкімдері мен басқарма басшылары қолдарына берілген жобаларға тиісті сараптамалар жүргізбеген, құжаттарды Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрлігіне уақытылы өткізбеген. Бұл дегеніңіз, ондаған жоба басталмай жатыпақ аяқталады деген сөз. Басты мақ сат Үкіметтің елді үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасына сай жобаны лайықты түрде жүзеге асыру еді. Алюминийді шығарып қана қоймай, оны əрі қарай өңдеуге, одан өнім шығару жөнінде кəсіпорындар алдына қойған Елбасының нақты тапсырмасы да бар. Ал «Қазэнергокабель» АҚта кабельдер, қондырғы сымдары, əуе, троллейлі, телефондық,

өндірістік жару жұмыстарына, ауылдық жерлерде телефон байланыстарын радиоландыруға арналған телефон сымдары, күш беретін кабельдер, су арту электр қозғалтқыштарына арналған қондырғы, электрлік əуе жолы берілісіне арналған болатты көп өткізгішті, қыздырғыш сымдар жасалады. Алдағы уақытта автомобиль өндірісіне қажетті алюминийдің 4-5 класты иілгіш сымдарын шығармақшы. Астана, Алматы, Ақтөбе жəне Ақтауда бөлімшелері бар. Жəне «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 200 миллион теңгеге жуық несие алып, Германиядан өндіріске аса қажетті заманауи қондырғылар жеткізілді. Отандық өнімдерге əрқашанда қолдау қажет. Сондықтан, өңірдегі көрсеткіштері төмендеген кəсіпорындар жəне «Қазэнергокабель» АҚ-тың алюминий илектерін шығару жобасының қиын түйінді мəселесіне орай облыс əкімі Қанат Бозымбаевтың тапсырмасымен арнайы жұмыстар жүргізілуде. Павлодар облысы.

 Өңір өмірі

Семейде сан салалы мəселе бар Шығыс Қазақстан облысының ақпараттық орталығы мен «ҚазақстанӨскемен» облыстық телеарнасының бірлескен жобасы бойынша қалалар мен аудандардың əкімдері, басқарма басшылары əр аптаның дүйсенбі жəне сейсенбі күндерінде тікелей эфирде брифинг өткізеді. Тікелей эфир пішіміндегі брифинг арқылы өңірдегі БАҚ өкілдері мен тұрғындар көкейкесті сауалдарын қоюға мүмкіндік алып отыр. Тікелей эфирдегі кездесуді өткен аптада Өскемен қаласының əкімі Темірбек Қасымжанов бастаған болатын. Осы аптада Семей қаласының əкімі Айбек Кəрімов эфир қонағы болып, қаланың əлеуметтік-экономикалық дамуындағы жетістіктер мен кемшіліктерге тоқталды. Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан».

Шаһар басшысының айтуынша, бүгінде Семей қаласының аумағына бұрынғы Жаңа Семей жəне Абыралы аудандарының бірқатар аумағы қарайды. 240 мың халық тұратын қала шегінде 2 кент, 14 ауылдық округ бар. Кеңестік кезеңде жеңіл өнеркəсіпке ғана құрылған қала экономикасы соңғы жылдары тау-кен, тамақ, машина жасау өнеркəсібімен ерекшеленеді. Биыл қаңтар жəне тамыз айларының ішінде 80,2 млрд. теңгенің өнеркəсіптік өнімі өндірілді. Өткен жылы бұл көрсеткіш 77,6 млрд. теңге болған еді. Жеке индекс көлемі – 95,7 пайыз. Тау-кен өнеркəсібінің өндіріс көлемі 7,9 млрд. теңгені құрады. Өңдеу өнеркəсібінде ағымдағы жылы 62,1 млрд. теңгенің өнімі шығарылса, шағын жəне орта кəсіпкерлік саласын дамыту көрсеткіші бойынша белсенді кəсіпорындар саны 1035-ке жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 97,5 пайызға көтерілді. Брифинг барысында тілшілермен бірге Семей қаласының тұрғындары сауал қойды. Сауалдардан семейліктерді көпқабатты үйлерді күрделі жөндеуден өткізу, ауылдарды орталық су құбырымен қамтамасыз ету, еңбекақыны уақытылы төлеу, қоқыс жинау сынды мəселелер толғандыратынын байқауға болады. Мəселен, Семейдегі Суықбастау ауылының тұрғындары үйлерінің төбесінен су өтіп, кəріз жүйесінің істен шыққанын, ауызсуға қол жетпей отырғанын жеткізді. Өткен жылы Суықбастаудың жолы жөнделіп, жаңа көпір пайдалануға берілген болатын. Ал қала басшысы жоғарыдағы мəселелермен таныс екенін атап өтті. А.Кəрімов мемлекеттің азаматтармен кез келген мəселе бойынша кездесіп, олардың мəселелерін шешуге бар мүмкіндігін арнап келе жатқанын жеткізді. Алайда, тұрғындардың аталған мəселелерге немқұрайды қарауы жағдайды күрделендіре түседі. Əкімнің айтуынша, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын

жаңғырту» бағдарламасына қатысу мəселесіне келгенде, 60 пəтер орналасқан үйдің ішінде 15 пəтердің иелері ғана қолдау білдіреді. Қалған тұрғындар жиынға да келмейді. Яғни, кондоминиум құруда тұрғындардың ауызбірлігі қажет. Бұлақ ауылының тұрғындары қала əкіміне жайылым мен шабындыққа жер жетіспейтінін айтты. Айбек Кəрімов жерді түгендеу шаралары аяқталған соң шаруашылыққа қажетті жер телімі оң шешімін табатынын атап өтті. Сондай-ақ, балалардың мектепке баруын қиындатқан қоғамдық көлік мəселелері белгілі болды. Шаһар басшысы тұрғындармен жеке кездесіп, аталған жайттарды шешуге уəде берді. Жалпы, Семей қаласы еттің барлық түрімен, ұн жəне ұн өнімдерімен өзін өзі қамтамасыз етеді. Ал оңтүстік өңірден картоп, көкөніс жеткізіледі. Өз өндірісінің жетіспеушілігінен сүт, жұмыртқа, сары май мен өсімдік майы, ірімшік, шұжық өнімдері жақын жəне алыс шет елдерден, еліміздің өзге өңірлерінен тасымалданады. Барлық əлеуметтік топтарға азықтүліктің негізгі түрлеріне бағаның негізсіз өсімін болдырмау үшін өңір бойынша тұрақты мониторинг жүргізіліп тұрады. Сондай-ақ, əкімдік пен кəсіпорындар арасында бағаны тұрақтандыру жөнінде меморандумдар қабылданған. Осы орайда семейлік зейнеткер қалада бірнеше құс фабрикалары орналасқанымен тауық бағасының бірден қымбаттап кеткені жөнінде мəселе көтерді. – Жергілікті тауық өнімдерін өндірушілермен бағаны бір деңгейде ұстап тұру жөнінде келісім жасағанбыз. Олар бұл міндеттемені орындап отыр. Бұл мəселе тауардың бəсекеге қабілеттілігі бойынша туындаған. Өйткені, көрші өңірлер мен өзге елдерден жеткізілетін құс еті бар. Тұтынушының таңдау құқығы өзінде, – деді қала əкімі. Семей қаласы алдағы жылу маусымына 70 пайыздай əзір. – Жекелеген қиындықтарға қарамастан, бүгінде 16 жылу көздеріне жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Əр нысан біздің қадағалауымызда. Қаланың сол жағалауындағы бөлігі жылу тапшылығын көрмейді. Егер, күн райы ерте суытар болса, біз белгіленген қазан айының орта шенін күтпей, жылуды 1 қазаннан бастап бере бастаймыз, – деді Айбек Кəрімов. Қала əкімі алдымен көмірдің берешегінен құтылу мəселесі шешілуі қажет екендігін жеткізді. Бұл ретте, «Жылукоммуноэнерго» МКК қазандықтары үшін қатты отынның жиырма күндік жəне мазуттың он күндік нормативтік қорын құру қажет. Қазіргі кезде осы мəселеге орай Үкімет қорынан 1 млрд. теңге бөлу жөнінде келісімдер жүргізілуде. – Ал «Жылукоммуноэнерго» қызметкерлерінің алдында жалақы қарызы бар екенін білеміз. Олардың одан өзге де берешектері бар. Бір ғана «Шығысэнерготрэйд» ЖШСнің өзі 800 млн. теңге қарыз. Себебі, тұрғындар мен қалалық кəсіпорындардың жылу қызметіне қарызы 350 млн. теңгені құрайды, – деді қала əкімі. Əкімге қойылған мəселенің бірі – жолаушыларды тасымалдау нарығы. Жолаушы тасымалдау жүйесі бойынша бағыттар сызбасы дайындалуда. Бүгінде қалада 56 бағыт бар. Қоғамдық көліктегі жолақы құны – 60 теңге. 70 жастан асқан зейнеткерлерге, мүмкіндігі шектеулі жандар мен көпбалалы аналарға, «Алтын алқа» жəне «Күміс алқа» иелеріне жеңілдіктер қарастырылуда. Ертіс өзеніндегі алып аспалы көпірдің ахуалы да назардан тыс қалған жоқ. А.Кəрімов аталған көпірді күрделі жөндеуден өткізу үшін оның меншік иесін нақтылау мен Үкіметтің балансына беру мəселелері қарастырылып жатқанын атап өтті. Жағымды жаңалықтың бірі, алдағы қазан айында Семейде қазақ күресінен Азия біріншілігі өтеді. Оған 17 мемлекеттен балуандар келмек. Бұл – əйгілі Жақсылық Үшкемпіров, Дəулет Тұрлыхановтар тəрбие алған, қос бірдей «Қазақстан барысы» – Айбек Нұғымаров пен Мұхит Тұрсыновты тəрбиелеген өңір үшін айтулы бəсеке болмақ. Құрлықтық жарыстың барлық шығынын жергілікті кəсіпкерлер көтермек. Брифингті қорытындылай келе Айбек Кəрімов Семейдегі хоспис құрылысының аяқталуға жақын қалғанын жеткізді. Қазіргі кезде ғимараттың ішкі əрлеу жұмыстары аяқталып, кəріз желілері жүргізілуде. ӨСКЕМЕН. –––––––––––––––

Суретті түсірген Ғылымбек СƏБИТОВ.


департаменті» мемлекеттік мекемесінің депозиттік шотына енгізіледі: ЖСК КZ110705012170169006, БСК KKMFKZ2A, БСН 120240019160, БеК 11, ТМК 171, «ҚР ҚМ Қазынашылық комитеті» мемлекеттік мекемесі. Тендерге қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі: 1) қатысушының тендерге қатысуға келiсiмiн жəне оның тендер шарттарын орындау мен шарт жасасу жөнiндегi мiндеттемелерін қамтитын тендерге қатысуға өтiнім; 2) желiмделген конвертте тендердiң шарттары бойынша ұсыныстар; 3) заңды тұлғалар үшін – салыстыру үшін міндетті түрде түпнұсқасын ұсына отырып, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куəліктің құрылтай құжаттарының (құрылтай шарты мен жарғы) көшірмелерін немесе көрсетілген құжаттардың нотариалды куəландырылған көшірмелері; жеке кəсіпкер үшін – салыстыру үшін міндетті түрде түпнұсқасын ұсына отырып, жеке кəсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куəліктің, жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаттың, азаматтарды тіркеу кітабының (мекенжай анықтамасының) көшірмелерін немесе көрсетілген құжаттардың нотариалды куəландырылған көшірмелері; жеке тұлғалар үшін – салыстыру үшін міндетті түрде түпнұсқасын ұсына отырып, жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаттың, азаматтарды тіркеу кітабының (мекенжай анықтамасының) көшірмелері немесе көрсетілген құжаттардың нотариалды куəландырылған көшірмелері; 4) акционерлік қоғамдар үшін – бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімінен үзіндікөшірмесі; жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін – серіктестікке қатысушылар тізілімінен үзіндікөшірмесі (серіктестікке қатысушылардың тізілімі жүргізілген жағдайда); 5) шетелдік заңды тұлғалар үшін – қазақ жəне орыс тілдеріне нотариалды куəландырылған аудармасы бар құрылтай құжаттары; 6) кепілді жарнаның аударылғанын растайтын төлем тапсырмасының көшірмесі; 7) салық органының қатысушының салықтық берешегі жоқ екендігі туралы, өтінім берілген кезге дейінгі бір айдан кешіктірілмей берілген анықтамасы; 8) екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шоттың бар екендігін растайтын анықтама. Өтінімдер қосарланған конверттерде қабылданады. Сыртқы конвертте жоғарыда аталған құжаттар болуы тиіс. Ішкі конвертте қатысушының ұсынысы болуы тиіс. Ішкі конверт өтінім берген сəтте жабық болуы жəне қатысушы оны мөрлеуі тиіс. Өтінім қабылдау жалға берушінің атына тігілген түрде, парақтарына нөмір қойылған жəне соңғы бетіне қол қойып, мөр басылған құжаттарды (егер осындай болған жағдайда жеке тұлға үшін) ұсынылған жағдайда жүргізіледі. Шарт жасау мерзімі – тендер жеңімпазымен шарт тендер хаттамасына қол қойылған күннен бастап он күнтізбелік күннен кешіктірілмей жасалады. Тендер өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап Семей қаласы, Интернационал көшесі, 38, 304-бөлме мекенжайында тендер нысанымен танысуға жəне тендерлік құжаттаманы алуға болады. Анықтама үшін телефондар: 8(7222) 52-53-09, 52-32-66, сайт: www.gosreestr.kz

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Ақмола мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті» ММ 2014 жылдың 8 қазанында сағат 11.00-де Көкшетау қаласы, М. Əуезов көшесі, 230-үй мекенжайында орналасқан ғимараттың №1 бөлмесінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар жəне даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Қазақавтожол» ШЖҚ РМК теңгерімінде тұрған нысандарды мүліктік жалға (жалға алуға) беру жөнінде тендер өткізеді Тендер өткізудің шарты: 1) Ұсынылып отырған нысандарды кейіннен сатып алу құқығынсыз битумды сақтау үшін жалға беру; 2) Жалдау төлемі бойынша ұсыныстар – бастапқы бағадан төмен болмауы керек; 3) Тендерге қатысатын тұлғаның сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс саласында жобалық қызметті жəне құрылысжинақтау жұмыстарын жүргізу үшін бірінші санаттағы лицензиясы болуы керек. Тендер жеңімпазын таңдау өлшемі: 1. Тендер жеңімпазы болып нысан үшін жалдау төлемінің ең үлкен сомасын ұсынған жəне тендер шартына жəне тендер құжаттамасында көрсетілген барлық талаптарға жауап беретін тендер қатысушы танылады.

Лоттың №

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитетінің «Шығыс Қазақстан мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті» мемлекеттік мекемесінің Семей филиалы республикалық меншіктегі мүлікті мүліктік жалға (жалдауға) беру жөнінде тендер өткізетіндігін хабарлайды Тендер 2014 жылғы 8 қазанда сағат 11.00де мына мекенжайда өткізіледі: ШҚО, Семей қаласы, Интернационал көшесі, 38, 308-бөлме. Тендерге қойылатын нысандар: 1-лот. Қазақстан Республикасы Тө тенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі комитетінің «Резерв» республикалық мемлекеттік кəсіпорны «Балқаш» филиалының шаруашылық жүргізуіндегі Семей қаласы, Тихий тұйық көшесі, 5 мекенжайында орналасқан №1/4 жылу берілмейтін қойма ғимараты, ауданы 478,00 ш.м., айлық жалдау төлемінің ең төменгі мөлшерлемесі 119210,79 теңге, кепілді жарна мөлшері – 62742,52 теңге. 2-лот. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркəсіп кешеніндегі Мемлекеттік инспекциясы «Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміндегі Семей қаласы, Павлодар көшесі, 106 мекенжайында орналасқан ауданы 184,0 ш.м. көлікжай боксы, айлық жалдау төлемінің ең төменгі мөлшерлемесі – 50987,41 теңге, кепілді жарна мөлшері – 26835,48 теңге. 3-лот. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркəсіп кешеніндегі Мемлекеттік инспекциясы «Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміндегі Семей қаласы, Павлодар көшесі, 106 мекенжайында орналасқан ауданы 139,1 ш.м. көлікжай боксы, айлық жалдау төлемінің ең төменгі мөлшерлемесі – 38545,38 теңге, кепілді жарна мөлшері – 20287,04 теңге. Тендер шарттары: 1. Нысандарды кейіннен сатып алу құ қығынсыз жалға алу, ай сайын төлемдер жасау. Мүлікті жалдау мерзімі теңгерімінде ұстаушымен келісім бойынша əрекет ету мерзімін ұзарту құқығымен бір жыл. 2. Бастапқы жалдау ақысынан төмен емес жалға төлеу ақысы бойынша ұсыну. 3. №1-лотта көрсетілген нысанды халық тұтынатын тауарларды сақтау үшін пайдалану. 4. №1 лотта көрсетілген нысанды пайдалану кезінде кəсіпорынның рұқсаттама режімін сақтау. 5. №2 жəне №3 лотта көрсетілген нысандарды көлікке ұсақ-түйек жөндеулер жүргізу қызметін көрсету орны ретінде немесе көлікжай, халық тұтынатын тауарларды сақтау қоймасы ретінде пайдалану. 6. Қалалық коммуналдық қызметтермен шарттар бойынша коммуналдық қызметтер үшін төлемдерді, теңгерімде ұстаушымен шарттар бойынша пайдаланудың шығын төлемін төлеуді қамтамасыз ету жəне ағымдағы жөндеу жұмыстарын өз қаражаты есебінен жүргізу. Жеңімпазды таңдау өлшемі: Тендер жеңімпазы болып нысан үшін айлық жалдау ақысының ең жоғары сомасын ұсынған жəне тендерлік құжаттамада қамтылған барлық талаптарға сəйкес келетін тендер қатысушылары танылады. Қатысушылардың ұсынған жалдау ақыларының сомасы бірдей болғанда тендер комиссиясының шешімімен тендерге қатысуға өтінімді бұрын берген қатысушы жеңімпаз деп танылады. Тендерге қатысуға өтінім қабылдаудың мерзімі: Өтінім тендер өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап қабылданады жəне тендер өткізуге дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады (2014 жылғы 7 қазанда сағат 11.00-де). Кепілді жарна: Қазақстан Рес публикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитетінің «Шығыс Қазақстан мем лекеттік мүлік жəне жекешелендіру

9

www.egemen.kz

18 қыркүйек 2014 жыл

1. 2.

Тендер нысандары туралы мəлімет Қызмет Түгендеу Нысанның Мүліктік Айына Кепілді түрі нөмірі жалпы жалдау жалдау жарнаның алаңы, (жалға алу) төлемінің мөлшері (ш.м.) мерзімі бастапқы (теңге) сомасы (теңге) «Қазақавтожол» ШЖҚ РМК теңгерімінде тұрған нысандар Битум Ақмола облысы, Битумды 1884 452,0 3 жыл 25050,34 13184,39 сақтау орны Бурабай ауданы, сақтау Златополье үшін Битум Ақмола облысы, Битумды 1885 452,0 3 жыл 25050,34 13184,39 сақтау орны Бурабай ауданы, сақтау Златополье үшін Тендер Орналасқан жері нысанның атауы, мəні

Кепілді жарналар ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бастап тендер қатысушыларын тіркеу аяқталғанға дейін СТН 032600249955, ЖСК (депозитті есеп) KZ590705012170179006, банк «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті» ММ, ММ коды 2170179, БСК ККMFKZ2A, БСН 120340014555, КБе 11, КНП 171 деректері бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитетінің «Ақмола мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті» ММ есеп шотына енгізіледі. Тендердің жеңімпазымен шарт тендер қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей жасалады. «Жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес шарт мемлекеттік тіркеуге жатады жəне осындай тіркеу сəтінен бастап жасалған болып есептеледі. Шартты мемлекеттік тіркеу жалдаушының қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Тендерге қатысуға тіркелу үшін үміткерге мына құжаттарды ұсыну керек: 1) үмiткердiң тендерге қатысуға келiсiмiн жəне оның тендер шартын орындау мен шарт жасасу жөнiндегi мiндеттемелерін қамтитын тендерге қатысуға өтiнім; 2) желiмделген конвертте тендердiң шарты бойынша ұсыныстар; 3) заңды тұлғалар үшін – салыстыру үшін міндетті түрде түпнұсқасын ұсына отырып, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куəліктің, құрылтай құжаттарының (құрылтай шарты мен жарғы) көшірмелері немесе көрсетілген құжаттардың нотариалды куəландырылған көшірмелері; жеке кəсіпкер үшін – салыстыру үшін міндетті түрде түпнұсқасын ұсына отырып, жеке кəсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куəліктің, жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаттың, азаматтарды тіркеу кітабының (мекенжай анықтамасының) көшірмелері немесе көрсетілген құжаттардың нотариалды куəландырылған көшірмелері; жеке тұлғалар үшін – салыстыру үшін міндетті түрде түпнұсқасын ұсына отырып, жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаттың, азаматтарды тіркеу кітабының (мекенжай анықтамасының) көшірмелері немесе көрсетілген құжаттардың нотариалды куəландырылған көшірмелері; 4) акционерлік қоғамдар үшін – бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімінен үзінді-көшірме; жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін – серіктестікке қатысушылар тізілімінен үзінді көшірме (серіктестікке қатысушылардың тізілімі жүргізілген жағдайда); 5) шетелдік заңды тұлғалар үшін – қазақ жəне орыс тілдеріне нотариалды куəландырылған аудармасы бар құрылтай құжаттар; 6) кепілді жарнаның аударылғанын растайтын төлем тапсырмасының көшірмесі; 7) салық органының қатысушының салықтық берешегі жоқ екендігі туралы өтінім берілген кезге дейінгі бір айдан кешіктірілмей берілген анықтама; 8) екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шоттың бар екендігін растайтын анықтама; 9) сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс саласында жобалық қызметті жəне құрылыс-жинақтау жұмыстарын жүргізу үшін бірінші санаттағы лицензиясының нотариалды куəландырылған көшірмесі. Өтінім тендерлік құжаттамада айқындалған талаптар мен шарттарға сəйкес жасалады. Өтінімдер қосарланған конверттерде қабылданады. Сыртқы конвертте осы жоғарыда айтылған құжаттар болуы тиіс. Ішкі конвертте үміткердің ұсынысы болуы тиіс. Ішкі конверт өтінім берген сəтте жабық болуы керек жəне қатысушы мөрлеуі керек. Өтінім қабылдау жалға берушінің атына тігілген түрде, парақтарына нөмір қойылған жəне соңғы бетіне қол қойып, мөр басылған құжаттары ұсынылған кезде жүргізіледі. Егер құжаттар толық көлемде немесе көрсетілген талаптарға сəйкес келмеген жағдайда, өтінім қабылдау жəне тіркеу жүргізілмейді. Тендер құжаттамасын беру ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бастап тендер қатысушыларын тіркеу аяқталғанға дейін Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, М. Əуезов көшесі, 230-үй, № 14 бөлме мекенжайында жүзеге асырылады. Тендерге қатысушыларды тiркеу тендер өткiзу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі жəне тендер өткiзуге дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады. Тендер нысаны туралы жəне тендер нысанымен танысу шарты туралы ақпаратты жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша алуға болады. Анықтама үшін телефондар: (8-716-2) 25-79-57, 25-71-65.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы 2014 жылғы 20 қазанда сағат 10.00-де (Астана уақытымен) Мемлекеттік мүлік Тізілімінің веб-порталында www. gosreestr.kz басталатын «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына тиесілі «Каскор-Транссервис» АҚ-тың 13,403% акция пакетін (бұдан əрі - Актив) сату бойынша электрондық конкурс өткізу туралы жариялайды. Активті сату «Самұрық-Қазына» ұлттық əл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің шешімімен (2014 жылғы 28 мамырдағы №110 хаттама) бекітілген «Самұрық-Қазына» АҚ-тың жəне акцияларының (қатысу үлестерінің) елуден көп пайызы меншік немесе сенімгерлікпен басқару құқығында «Самұрық-Қазына» АҚ-ға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдардың активтерін жəне объектілерін сатудың бірыңғай қағидасына жəне «Ақпараттық-есептік орталық» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен (2014 жылғы 23 мамырдағы № 66 хаттама) бекітілген Мемлекеттік меншік Тізілімінің веб-порталында мүлікті сату бойынша электрондық сауда жүргізу регламентіне сəйкес жүзеге асырылады (бұдан əрі – Регламент). Актив жөнінде ақпарат жəне электрондық конкурстың шарттары Меншік Қызмет түрі Орналасқан Бастапқы Кепілді иесі жері бағасы, жарна, теңге теңге «Каскор«Қазақстан Теміржол Маңғыстау 720 101 000 108 015 150 Транссервис» темір көлігімен жүк та- облысы, сымалдау бойынша Ақтау АҚ-тың жолы» 13,403% ак- ұлттық қызмет, көліктік- қаласы, 3 «б» ция пакеті компания- экспедиторлық шағын аудасы» АҚ қызмет көрсету, ны, теміржол жол48-үй дарын жөндеу жəне салу, жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету жəне жөндеу

№ Активтің п/п атауы

Конкурстың шарты

1

Активті сатып алушы мүмкіндігінше келесі барлық шараны қабылдауға міндетті: 1. Қызметтің бейінін 1 жыл бойы сақтау. 2. Жұмыс орындарын 1 жыл бойы сақтау.

Саудаға қатысушыларды Тізілімнің веб-порталында тіркеу хабарлама Тізілімнің веб-порталында жарияланған күннен бастап жүргізіледі жəне сауда басталуға дейін екі сағат қалғанда аяқталады. Кепілді жарна «Ақпараттық-есептік орталық» АҚ-тың есепшотына төленеді: 050540004455, KZKOKZKX БЖК, ИИК KZ529261501102032004 «Қазкоммерцбанк» АҚ. Төлемнің мақсаты: кепілді жарна электрондық конкурсқа қатысу үшін (кепілді жарнаның мөлшеріне банктік қызмет атқарудың төлемақысы кірмейді). Кепілді жарналардың «Ақпараттық-есептік орталық» АҚ-тың есепшотына уақтылы түсуі үшін өтінішті қабылдаудың аяқталуына дейін үш күннен кешіктірмей төлеуді ұсынады. Саудаға қатысушыларға кепілді жарналардың кез келген санын төлеуге болады, бұл ретте кепілді жарна қатысушы саудаға қатысу үшін кепілді жарна төлеген объектіні сатып алуға ғана құқық береді. Саудаға қатысу үшін алдын ала Тізілімнің веб-порталында келесі мəлімдемелерді көрсетіп тіркелу қажет: 1) жеке тұлғалар үшін: жеке сəйкестендіру нөмірді (бұдан əрі - ЖСН), тегі, аты жəне əкесінің аты (бар болса); 2) заңды тұлғалар үшін: бизнес-сəйкестендіру нөмірді (бұдан əрі - БСН), толық атауы жəне бірінші басшының тегі, аты жəне əкесінің аты (бар болса); 3) кепілді жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктің банктік есепшоты деректемесін; 4) байланыс деректерін (пошталық мекенжай, телефон, факс, е-mail). Жоғарыда көрсетілген мəлімдемелер өзгеретін болса бір жұмыс күні ішінде Тізілімнің веб-порталында көрсетілген мəлімдемелерді қатысушы өзгертуі қажет. Байқауға қатысушы ретінде тіркелу үшін Тізілімнің веб-порталына қатысушының ЭЦҚ қолы қойылған Регламентке сəйкес форма бойынша саудаға қатысу үшін өтінішті тіркеу керек. Қатысушылар конкурстың шарттарымен келіскендері туралы өтінімді келесі құжаттардың электрондық (сканерленген) көшірмесін қосып тіркейді: 1) конкурсқа қатысушының қолы қойылған, арнайы веб-парақтағы электрондық конвертке жүктелген бағалық ұсынысын; 2) конкурстық ұсынысын; дерекқорының арнайы веб-сайтына 3) сауда жүргізу туралы хабарламада көрсетілген мүлікті сатып алушыларға жəне/немесе қатысушыларға ерекше жəне қосымша қойылған талаптарға сəйкестігін растайтын құжаттарды. Шетелдік заңды тұлғалар құрылтай құжаттың қазақ жəне/немесе орыс тілдерге аударылған нотариалды куəландырылған көшірмелерін ұсыну керек. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен жəне Қазақстан Республикасы тарап болып табылатын халықаралық келісімшартпен жəне келісімдермен қарастырылмаған шетелдік мемлекеттік ұйым немесе ұйымдармен берілген құжаттар ұсынылса, мұндай құжаттар заңдастырылуы немесе белгіленген тəртіпте апостилденуі қажет. Қатысушы өзінің саудаға қатысуы туралы өтінімін реестрдің веб-порталын қолдана отырып, кез келген уақытта төленген кепілді жарнаны қайтару құқын жоғалтпай, саудаға қатысу үшін берілетін өтінімнің ақырғы мерзімінің аяқталуына дейін қайтарып алуына болады. Саудаға қатысу туралы өтінім тіркелген соң, сатылатын объект бойынша кепілді жарнасының түсуі туралы мəліметтердің барлығы туралы Тізілімнің веб-порталымен автоматты тексеріс жүргізіледі. Егер «Ақпараттық-есептік орталық» АҚ-тың есепшотына кепілді жарнаның түсуі туралы мəліметтер бар болса, Тізілімнің веб-порталы өтінімді қабылдайды жəне қатысушыға саудаға қатысуға рұқсат береді. Саудаға қатысу туралы өтінім тіркелген соң, Қатысушы Актив жөнінде құпия ақпараттар алуға (Data room) ақпаратты бөлмесіне құқылы. Назар аударыңыз! Қатысушылардың саудаға тіркелу бойынша Регламенттің талаптарын сақтамауы жəне «Ақпараттық-есептік орталық» АҚ-тың есепшотына кепілді жарнаның: 1) сауда басталуға дейін екі сағат бұрын – ПШЭП арқылы кепілді жарна төленгенде; 2) сауда басталуға дейін жиырма төрт сағат бұрын – кепілді жарнаны қолма-қол ақшасыз тəртібімен төлеудің басқа əдістері Тізілімнің веб-порталы өтінімді қабылдаудан бас тартудың негіздемесі болып табылады. Автоматты тексерістің нəтижелері бойынша Тізілімнің веб-порталы қатысушының Тізілімнің веб-порталында көрсетілген электрондық мекенжайына өтінімнің қабылданғаны немесе өтінімді қабылдаудан бас тартудың

себептері туралы электрондық хабарлама жібереді. Электрондық конкурс өткізу тəртібі: Сауда өткізу туралы хабарламада көрсетілген сауда басталу күні мен уақыты келгенде автоматты түрде Тізілімнің веб-порталымен конкурсқа қатысу өтінімдердің ашылуы жүргізіледі. Комиссия конкурсқа қатысу туралы өтінімдерді ашқан кезден бастап 5 күнтізбелік күн ішінде берілген өтінімдерді (конкурстық жəне баға ұсыныстарынан басқа) қарастырады жəне сауда туралы хабарлама жəне Регламент талаптарына қатысты анықталған сəйкессіздіктер (егер бар болса) туралы конкурсқа қатысушыға оның өтініміндегі электрондық поштасына хабарлама жіберу арқылы хабарлайды. Хабарлама өтінімдерді ашу хаттамасының негізінде қалыптасады, Тізілімнің веб-порталында 4 күнтізбелік күн ішінде комиссияның хатшысымен жинақталады. Өтінімдерді ашу хаттамасына ЭЦҚ қолдана отырып комиссияның мүшелері 5 күнтізбелік күн ішінде қол қояды. Өтінімдерді ашу хаттамасында мыналар анықталады: 1) өтінімдерді ашу хаттамасына комиссия қол қойған күннен бастап 7 күнтізбелік тағайындалған күнде конкурсқа қатысушылардың өтінімін қайтадан ашу күні жəне уақыты; 2) конкурстың шарттарын қанағаттандыратын қатысушылар тізімі; 3) қатысушының ЭЦҚ қойылған, Тізілімнің веб-порталына қосымша өтінімді (конкурстық жəне баға ұсыныстарынан басқа) беру арқылы қайта өтінімді ашу күніне дейін анықталған сəйкессіздіктерді жоятын, себебі көрсетілген конкурстың шарттарын қанағаттандырмайтын қатысушылар тізімі. Өтінімді ашу күнінен бастап 20 күнтізбелік күн ішінде (өтінімге деген ескерту жоқ болса) немесе өтінімді қайтадан ашу кезінен бастап комиссия өтінімдерді конкурс ұсыныстарымен қоса қарастыра бастайды жəне Тізілімнің веб-порталына комиссия хатшысы жасаған рұқсат беру хаттамасына қол қояды. Аукционға қатысушының қатысуына рұқсат ету туралы комиссияның шешімі Тізілімнің веб-порталында конкурсқа қатысуға рұқсат ету туралы хаттамаға комиссия мүшелерінің барлығының ЭЦҚ-ны қолдана отырып, қол қойған күннен бастап жарияланады, байқауға қатысуға өтінім берген барлық қатысушылардың электрондық поштасына автоматты хабарлама жіберіледі. Қатысуға рұқсат ету хаттамасында келесі ақпарат болады: 1) себебі көрсетілген аукционға қатысуға жіберілмеген қатысушылар тізімі; 2) аукцион өткізілетін күні мен уақыты көрсетілген аукционға қатысуға жіберілген қатысушылар тізімі. Аукционды өткізу күні мен уақыты Тізілімнің веб-порталында екеуден кем емес қатысушыға рұқсат ету туралы комиссияның шешімі жарияланған күннен бастап автоматты түрде Тізілімнің веб-порталымен тағайындалады (сауда нысаны аукционсыз бір қатысушыға сатылатын үшінші жəне келесі саудадан басқа) тағайындалады. Аукционға жіберілген қатысушылар бір сағат ішінде Тізілімнің веб-порталы берген ЭЦҚ жəне аукцион нөмірін қолдана отырып аукцион залына кіреді. Аукционға Тізілімнің веб-порталы тағайындаған уақытта басталады жəне төмендегідей жүргізіледі: 1) аукцион басталған кезде аукцион бөлмесінде конкурсқа қатысушылардың өтінімде көрсетілген баға ұсыныстары көрсетіледі, олар сатушы комиссия белгілеген бастапқы бағадан кем болмайды жəне ағымдағы баға қалыптасады; 2) аукцион басталған кезден бастап қатысушыға басқа қатысушының ең көп ағымдағы бағасын сатушы комиссия белгілеген жəне конкурс өткізу туралы хабарламада көрсетілген қадамға ұлғайтуға мүмкіндік беріледі; 3) егер аукцион басталған кезден бастап жиырма минут ішінде аукционның ешбір қатысушылары ең көп ағымдағы бағаны көбейтпесе, ұсыныс берген қатысушы жеңімпаз болып табылады, ал аукцион орындалды деп есептеледі; 4) егер аукцион басталған кезден бастап жиырма минут ішінде аукцион бөлмесінде қатысушылардың біреуі объектіні сату жолымен ең көп ағымдағы бағаны өсіру арқылы өзінің иемдену ниетін білдірсе, онда ағымдағы баға белгіленген қадамға ұлғайтылады; 5) егер ағымдағы бағаны арттырған соң жиырма минуттан кейін қатысушылардың ешбірі өзінің иемдену ниетін объектіні сату ағымдағы бағаны арттыру жолымен нақтыламаса, онда объектіні сату баға арттыру жолымен растаған қатысушы жеңімпаз болады, ал аукцион аяқталады. Аукцион басталған сəтте екі жəне одан артық қатысушының бағалық ұсыныстары сату объектісі үшін бірдей ең жоғары бағадан тұрса жəне осы ағымдағы баға жиырма минут ішінде ұлғаймаған жағдайда осы қатысушылардың арасынан аукционның жеңімпазы болып өтінім ұсыныстары бірдей ең жоғары бағадан тұратын қатысушылардың басқа өтінімдерінен бұрын берілген қатысушы табылады. Бағаның өзгеру қадамы келесі жолмен өзгереді: 1) сату объектісінің бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіштің 20 000 еселенген мөлшері кезінде өзгеру қадамы 10 пайыз мөлшерінде белгіленеді; 2) сату объектісінің бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіштің 20 000 еселенген мөлшерінен 50 000 еселенген мөлшеріне дейінгі кезінде өзгеру қадамы 7 пайыз мөлшерінде белгіленеді; 3) сату объектісінің бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіштің 50 000 еселенген мөлшерінен 100 000 еселенген мөлшеріне дейінгі кезінде өзгеру қадамы 5 пайыз мөлшерінде белгіленеді; 4) сату объектісінің бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіштің 100 000 еселенген мөлшерінен 250 000 еселенген мөлшеріне дейінгі кезінде өзгеру қадамы 2,5 пайыз мөлшерінде белгіленеді; 5) сату объектісінің бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіштің 250 000 еселенген мөлшерінен 500 000 еселенген мөлшеріне дейінгі кезінде өзгеру қадамы 1 пайыз мөлшерінде белгіленеді; 6) сату объектісінің бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіштің 500 000 еселенген мөлшерінен жəне одан да көп кезінде өзгеру қадамы 0,5 пайыз мөлшерінде белгіленеді. Əрбір сатылған объекті бойынша конкурс нəтижелері сауда-саттықтың нəтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған аукцион өткізілген күні Тізілімнің веб-порталында ЭЦҚ пайдаланумен сатушы жəне жеңімпаз қол қояды. Сауда-саттықтың нəтижелері туралы электрондық хаттама конкурстың нəтижелерін жəне жеңімпаз бен сатушының веб-порталға шоғырланған Тізілімде сату бағасы бойынша объектіні сатып алу-сату үлгі шартына қол қою туралы міндеттемелерін бекітетін құжат болып табылады. Жеңімпазбен сатып алу-сату шартына тараптармен келісілген мерзімде, алайда Тізілімнің веб-порталы саудасаттық нəтижелерін шығарған күннен бастап алты күннен кешіктірмей қол қояды. Электрондық конкурс өткізу туралы қосымша ақпаратты www.gosreestr.kz сайтынан көруге болады немесе 8 (7172) 309 824 ішкі 211 («АЕО» АҚ) жəне 8 (7172) 603-520 («ҚТЖ» ҰК» АҚ) телефондары бойынша анықтауға болады.

Мїгедектер ќамын ойлаєан

Семей шаһарында тұратын Марат Əлиасқаров – 1972 жылы Абай ауданы, Қарауыл ауылында Семей ядролық сынақтың кесірінен қос жанары көру қабілетінен айырылып, зағип болып өмір есігін ашты. Қазір 1-ші топтағы мүгедек. Ағаның жеткен жетістіктері адамға жігер береді екен. Ол зағиптар қоғамында «Шамшырақ» клубының басшысы, қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде сөйлеп, еркін түрде əн салады. 2012 жылдың қараша айында өткен республикалық «X Factor» атты əн байқауына қатысып, еліміздің негізгі үш тілі бойынша еркін түрде əн шырқады. Алайда, жеңімпаз атанбаса да қазылар алқасы мен көрермендердің ыстық ықыластарына бөленіп қайтты. Өткен жылдың қараша айында республикалық деңгейде өткен «Бəріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз» атты əн номинациясы бойынша «Үздік əнші» атағын алып, қанжығасына бірінші орынды байлаған еді. Ал, биылғы жыл бойынша Марат ағаның ауыз толтырып айтқан басты жетістігі ол – еліміз бойынша бірінші жəне жалғыз өзі болып бағын сынап, сұрақ-жауаптық тест сынағынан өтіп, Жапонияға жалпы кембағал жандардың жағдайларын оқытып, көрсетіп, жүріп-тұру жағдайларын жасап, жеңілдетуді үйрететін бір айлық оқу-курсына барып қайтқаны. Ағаның ол жақта алған əсерін өзі былай əңгімелейді. – Əлемнің дамыған өзге елдері баяғыда-ақ барлық кембағал жандарға бар жағдайды жасап қойып, соны біз сияқты еңселерін енді көтеріп, жаңа ғана қадам жасаған баладай, дамып келе жатқан елдерге сенімді түрде мақтанып, көрсетіп, əлемге жар салып отыр. Ол жақта арбаға таңылған мүгедектердің көшелерде

ешбір кедергісіз жүрулеріне арнайы жолдардың төселуі, қоғамдық автобустардың қажетті құралжабдықтармен жабдықталуы, дəретханаларда олар үшін ыңғайлы мүмкіндік қойылуы, зағип жандар мен құлағы естімейтіндерге аялдамаларда арнайы құрал-жабдықтың орнатылуы жəне біз сияқты 3 немесе 5-10%-бен емес, 40-50%-да мекемелердің кембағал жандарды жұмысқа алып отырғандығы, оған қоса сол мекемелер мүгедектерді жұмысқа көптеп алған сайын, мемлекет тарапынан айтарлықтай жеңілдіктер жасалып, жыл сайын сол мекемелерге ынталандыратын сыйақылар берілетіні таңғалдырды. Ал, бізде мүгедектердің тұрмыстық жағдайының қай жағын алып қарасаң да мүлдем қарастырылмаған десек артық айтқандық емес. Əрине, бəрі бірден бола кетсін деп отырған жоқпын. Ол жақтан мен кембағал жандардың барлық түріне қалай жəне қандай жағдай жасау керек, ол үшін қандай негізгі қадам жасау керек, қалай инвестиция тарту керек, бар жағдай жасалуына қанша қаражат құйылуы керек, ондай ақшаны қайдан табу керек деген шешімін таппай жүрген сауалдарға жауап алып қайттым. Болашақтағы мақсатым жəне бағытым – сол оқып, үйреніп келгенімді іске асырып, өмірлік тəжірибеден өткізіп, мүгедектердің қамы үшін жан аямай еңбек етіп, еліміздің тізгінін ұстап отырғандар мен қарапайым қоғамның назарларын барынша көбірек аударуларына жəне кембағал жандардың өмірлері жақсаруына көлге құйған тамшыдай болса да үлесімді қосу. Нұркен БЕКТАСОВ, І-топтағы мүгедек, Шəкəрім атындағы СМУ-дің студенті.

СЕМЕЙ.

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы əкімдігінің «Тайынша Жылу» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кəсіпорнының бас директоры бос лауазымына орналасуға Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының əкімдігі конкурс жариялайды. Кəсіпорынның мекенжайы: 151000, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша қ., Крыжановский көшесі, 72А, тел: 22-0-68. Кəсіпорынның негізгі қызметі: коммуналдық шаруашылық бейінінде жəне басқа да Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша қаласының тіршілігін қамтамасыз ететін жүйелердің бейініндегі шаруашылық қызметінің жүзеге асырылуы. Негізгі функционалды міндеттері: ұйымның өндірістік, шаруашылық жəне қаржы-экономикалық қызметін басқарады жəне ұйымдастырады; кəсіпорынға тапсырылған міндеттердің орындалуына жəне өзінің функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапкершілік атқарады; дер кезінде жылу энергиясын өндіруін, беруін жəне таратуын бақылайды; жинақтауды ұйымдастырады, бу қазандығының жабдықтары мен жылу жолдарының жөндеуі мен пайдалануы, сонымен қатар автоматика қауіпсіздігінің аспаптары мен апатқа қарсы қорғаныс пен сигнал беру жүйесінің бақылауы; ішкі жəне сыртқы инженерлік жүйелердің жəне жылумен қамтамасыз ету жабдықтарының, техникалық қызметі мен жөндеуі бойынша жұмысты бақылайды жəне тоттанудан жылу изоляциясы мен жылу жолдарын қорғау бойынша жұмысты, жылумен қамтамасыз ету объектілернің арнайы құрылыс жəне жинақтау жұмыстарын, жер жұмыстарын ұйымдастырады; қаланың халқы мен əлеуметтік объектілеріне отынның үздіксіз қамтамасыз етуіне жылу энергиясы материалдарының уақытында жеткізілуін бақылайды; мемлекеттік сатып алу тауары, жұмысы жəне кəсіпорынның қызметін өткізуде жауапкершілікті алады жəне бақылайды; бұйрықтар шығарады; кəсіпорынның қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына жеке жауапкершілік атқарады; жарғы мақсатын жүзеге асыру бойынша кəсіпорынның жұмысын ұйымдастырады жəне үйлестіреді. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары кəсіби («техникалық ғылымдар жəне технология», «құқық», «əлеуметтік ғылымдар, экономика жəне бизнес» (экономика, қаржы) мамандығы бойынша еңбек өтілі кəсіпорының бейініне сəйкес басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл. «Іскерлік басқару магистрі» дəрежесінің болуы немесе басқару (менеджмент) бейінінде қосымша білім. Конкурс Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 қарашадағы № 1353 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік кəсіпорынның басшысын тағайындау жəне аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидалары» негізінде өткізіледі. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар мынадай құжаттарды ұсынады: конкурсқа қатысу туралы өтініш; мемлекеттік жəне орыс тілінде түйіндеме; еркін нысанда жазылған өмірбаян; білімі туралы құжаттардың көшірмелері; еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны жəне еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмесі; денсаулығы туралы белгіленген нысандағы анықтама. Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кəсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дəрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар туралы құжаттардың көшірмелері жəне т.с.) беруіне болады. Құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған жағдайда конкурстық комиссияның оны қараудан бас тартуға толық негізі бар. Құжаттарды қабылдау конкурсты өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап жəне күнтізбелік 15 күн өткеннен кейін басталады. Қажетті құжаттар мына мекенжай бойынша қабылданады: 151000, Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша қ., Қазақстан Конституциясы көшесі 197, телефон: 8 (715-36) 2-38-57, факс: 8 (715-36) 2-18-59, электронды пошта: tainshaakimat@sko.kz.

Жабаева Гульбану Алтыбаевнаның атына берілген ҰБТ сертификаты жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын.

ТОО «Центр Сертификаций», БИН 130740021915, сообщает о своей ликвидации. Претензии от кредиторов принимаются в течении 2 месяцев со дня публикации объявления по адресу: РК, Мангистауская область, г. Жанаозен, мкр. Шугыла, дом 50, кв. 4.

После смерти гр. Кан Аврора, 05.08.1939 года рождения, умершей 17 апреля 2014 года, открылось наследство у нотариуса г.Алматы Оралбаевой А.Г. Наследникам обратиться по адресу: г. Алматы, мкр.5, дом 12, офис 2 до 17 октября 2014 года.

Егер сіз «Егемен Қазақстан» газетіне жарнама бергіңіз келсе, мына телефондарға хабарласыңыз: Астана тел/факс 37-64-48, 37-60-49. Электронды пошта: egemen_adv@mail.ru. Алматы 273-74-39, ф. 341-08-11. Электронды пошта: gulnurekkz@mail.ru. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің басшылығы мен ұжымы Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Аслан Есболайұлы Мусинге əпкесі Светлана ЕСБОЛАЙҚЫЗЫНЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұжымы ҰҒА академигі, биология ғылымдарының докторы, профессор Мұрат Құрмашұлы ҒЫЛМАНОВТЫҢ қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туысқандарына орны толмас ауыр қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.


10

www.egemen.kz

18 қыркүйек 2014 жыл

 Теледидар терезесі

Ќыз-келіншектер келбеті

Қазақстандағы нəзік жандыларға арналған «Əйел бақыты» атты танымал ток-шоудың дүниеге келгеніне 1 жыл толды.

Бұл – аруларымыздың жан дүниесімен бөлісіп, басына түскен қиындығын ашық айтуға мүмкіндік беретін айрықша жоба. Бағдарламаға қазіргі күннің алғыр бойжеткенінен бастап, ауылдағы қарапайым қазақ келіндері мен қаладағы іскер əйелдердің бастарынан өткен шынайы оқиғалар арқау болды. Жақында «Əйел бақытына» 1 жыл бойы қатысқан əйелдер мен бағдарламаның тұрақты көрермендері санатынан 60-қа жуық адам «Қазмедиа орталығы» кешенінің маңына жиналып, бағдарламаның бір жылдық қорытындысын шығарды, бола шаққа ұсыныс-тілектерін білдіріп, естелікке сэлфи жасады. Ал осы уақытта студияда 40 минуттың ішінде 15 килолық мерекелік торт əзірленіп үлгерді. Естеріңізге сала кетейік, 1 жыл ішінде 224 бағдарлама əзірленіп, эфирге шықты. 500-ден астам кейіпкер студияда тікелей эфирде жасандылықтан алшақ шынайы əңгімесін баяндап, басым көпшілігі сарапшы мен көрермендердің көмегіне жүгініп, қордаланған мəселелерді шешуге мүмкіндік алды. Студияға келген қызкеліншектердің əрбір төртіншісі тұрмыс құрып, өз жолын тапса, əрбір үшіншісі қызметте өсу жолын айқындады. Студияда біршама эксклюзивті сұхбат та ұйымдастырылды. Мысалы, Қарақат пен Қыдырəлі Болманов төртінші балаларын тұңғыш рет тікелей эфирде «Əйел бақыты» бағдарламасы арқылы таныстырса,

Наурыз мерекесінде құрт жасаудан тікелей эфирде рекорд орнатылды. Танымал дизайнер Фариза Сұлтан мен əнші, продюсер Сиви Махмуди эксклюзивті авторлық көйлектерін мектеп бітіру кеші қарсаңында əлеуметтік жағдайы төмен ана мен бойжеткенге тарту етті. Халық əртісі Роза Рымбаева тұңғыш рет студияда тікелей эфирде ас мəзірін əзірледі. «Əйел бақыты» бағдарламасы арқылы «Аяқ киімің тар болса», «Бет күтімі», «Шаш күтімі», «Əйелдер журналы» жобалары ұсынылды. Нəтижесінде, үй жағдайындағы күтім тақырыптары қашанда өзекті екені анықталып, осы маусымнан бастап бағдарламаның бес күндік шығарылымы бес түрлі бағытқа жоспарланды. Дүйсенбі күнгі эфир ана мен бала күтімі, денсаулық, жүктілік, бала тəрбиесіне, сейсенбілік саны отбасылық өмір, қарым-қатынас, некедегі адалдық, ерлі-зайыптылардың түсіністігіне, сəрсенбі күн əйелдер құқығына, бейсенбі қыз тəрбиесі, бүгінгі қазақ қызының келбетіне, жұма күнгі хабар танымды тележурнал болып ақпараттар топтамасына арналады. «Қазақстан» ұлттық арнасындағы 15.05-те тікелей эфир арқылы көрсетілетін қыз-келіншектердің сырт келбетімен қоса жан дүниесіне арналған бірегей бағдарлама нəзік жаратылыс иелерін толғандырған жайларды ғана емес, барша қазақстандықтардың өзекті мəселелерін ой арқауына айналдыруымен тұшымды.

«Егемен-ақпарат».

Адамгершілік тїп ќазыєы – еѕбек Өмірде ұстаз көп. Бірақ солардың ішінде ұмытылмайтын, өзінің ішкі жан дүниесімен шəкірттеріне өшпес əсер қалдыратын ұстаздар сирек кездеседі. Ондай жандарды ғұмыр бойы аялап өткің келеді. Міне, Жуалы ауданы, Қайрат ауылында тұратын Сəт Қадырұлы мен Жібек Бегалықызы осындай сыйлы жандар.

Оралхан ДƏУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Сəт Қадырұлы іргелес ел Қырғыз педагогикалық университетінің тарих факультетіне түсіп, үздік біті реді. Таңдаған мамандығы мұғалімдік қызметін атқара жүріп кəсіподақ, партия ұйым дарының белсендісі болады. 32 жылдық ұстаздық өмірінде үздік педагог ретінде қаншама марапаттауларға ие болды десеңізші. Жұбайы Жібек Сиқымбаева да 30 жыл тарих пəні мұғалімі болып еңбек етті. Балаға білім мен тəрбие беруді басты мақсаты тұтып, бар еңбегін ел игілігі үшін жұмсаған Сəт бүгінде бір əулеттің емес, ауыл-аймақтың сыйлы ақсақалы. Кіндігінен тараған үш ұл, екі қызынан 22 немере сүйген абзал жүректі ата. Немерелерінің алды жоғары оқу орнында оқып жүр. Оның əке ретіндегі абзалдығы перзенттерінің өмірден өз орындарын табуына жағдай жасады. Парасатты азаматтар болып өсіп-жетілуіне əсер етті. Өмірден көргені мен түйгені мол қария ұрпақты адамгершілікке тəрбиелеудің түп қазығы – еңбек деп біледі. Ақсақалдың ұлы Досан бүгінде «Айдар» шаруа қожалығын басқарады. «Əке көрген – оқ жонар, шеше көрген – тон

Ўтымды рухани байланыс Оңтүстік Кореяның астанасы Сеулде «Қазақстан мен Кореяның мəдени жəне тарихи байланысы» атты халықаралық форум өтіп жатыр. Шараны Солтүстік-Шығыс Азия тарихы қоры мен Халықаралық Түркі академиясы ынтымақтастық меморандумы аясында (ITA) бірігіп өткізуде.

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

Екі күндік ғылыми жиынды Солтүстік-Шығыс Азия тарихы қорының президенті Хакджун Ким пен Қазақстанның Корея Республикасындағы елшісі Дулат Бəкішевтің құттықтау сөздерімен ашылды. Кореяның белгілі ғалымдары мен халықаралық академияның сарапшылары екі елдің өзекті мəселелерін талқылады. Атап айтқанда, Халықаралық Түркі академиясы

пішер» деген, Ғалиы мен Айдары, сондай-ақ, қызы Айгүлі атаанасының жолын қуып, үшеуі де мұғалім болып еңбек етіп жүр. Ал Күлəйша аудандық орталық ауруханада медбике. Бұл отбасының келіндері де еңбекқор, кішіпейіл, елгезектігімен ерекшеленеді. Үлкен келіні Айнұр шаруашылықта есепші, Нұржамал – медбике, ал, Лəззат мектепте химия-биология пəнінен сабақ береді. «Бір отбасында төрт ұстаз, бəлкім немерелеріміз де ата кəсібін жалғастыратын шығар деген үмітіміз бар», – дейді Сəт ақсақал. Отбасы – тəрбие мектебі. Ұрпақтың зиялы болып өсуінде ата мен ананың алатын орны ерекше. Үлкендер ең алдымен өнегелі ісімен ұл мен қызға үлгі болуы керек. Бұл Сəт ата мен Жібек апаның байламды сөздері. Олар қазір немерелерінің ортасында бақытты ғұмыр кешіп, жас ұрпақты бауырмал, инабатты, еңбекқор болуға тəрбиелеуде. Отбасындағы бауырмалдық береке мен бірлікке бастайды. Бүгінде Қадыровтардың шаңырағындағы осы отбасылық дəстүрді ауылдастары көпке үлгі етіп жүр. Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Қайрат ауылы.

жұмысындағы жаңа трендтер, Кореядағы түркітану ғылымының бүгін мен болашағы, жалпы түркі тарихы, Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның қазіргі кездегі интеграциясы, дəстүрлі музыкалық аспаптары, мəдениеті, экономикалық əріптестігінің болашағы мен еуразиялық қауіпсіздік аясындағы ынтымақтастығы туралы баяндамалар жасалды. Форум соңында екі елдің ғылыми байланысын тереңдетуге қатысты бірқатар ұсыныстар бекітіледі. «Егемен-ақпарат».

 Оқыс оқиға

Мектептен жўќпалы ішек аурулары шыќты Ұзынкөл ауданындағы №1 орта мектептің мини-орталығында бүлдіршіндерді түсте тамақтандырғаннан кейін, олардан жұқпалы ішек ауруының белгісі байқалған. Балалар басы айналып, құса бастаған. Олар мектеп асханасынан макарон мен жентектелген ет (котлет) жеген, жеміс қайнатпасын ішкен. Сағат 15.20-дан бастап, түнгі 22.00-ге дейін мектептен 53 адам осы жұқпалы аурумен тіркелген. Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан».

Жұқпалы аурумен тіркелгендердің 47-сі балалар, олардың сыртында 6 мұғалім мен тəрбиеші бар. Ауруға шалдыққандардың 25-і миниорталыққа баратын алты жасқа дейінгі бүлдіршіндер. Олардың арасындағы ең кішкентайы екі жастан енді асқан. 19 бала – мектепалды дайындық, 3 бала бастауыш сыныптарынан. Балалардың барлығына жедел медициналық көмек көрсетілді. Сонымен қатар, облыстық Денсаулық сақтау басқармасының Тұтынушылар құқын қорғау жөніндегі агенттікпен бірлескен жедел штабы құрылып, ол Ұзынкөл ауданында ішек жұқпасына қарсы тиісті шараларды жүзеге асырды. Ауырған 47 баланың 11-і санитарлық авиация көмегімен Қостанай қалалық балалар ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесіне жеткізілді, олардың арасында бір баланың халі өзгелеріне қарағанда ауыр. 22 бала Ұзынкөл аудандық ауруханасында ем қабылдауда, 10 бала дəрігерлердің бақылауымен үйіне жіберіліпті. – Адам ағзасын қатты зақымдайтын ішек жұқпалы ауруларына

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 341-08-12.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru, egemenkz@maіl.kz Алматыда: факс (727) – 341-08-12, электронды пошта – egemalm@mail.ru

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – 8 (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – 8 (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – 8 (712-2) 31-74-13; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

Көкшетау – 8 (716-2) 25-76-91; Қарағанды – 8 (721-2) 43-94-72; Қостанай – 8 (714-2) 39-12-15; Қызылорда – 8 (701) 772-70-74; Орал – 8 (777) 496-21-38;

Өскемен – 8 (778) 454-86-11; Павлодар – 8 (718-2) 68-59-85; Тараз – 8 (726-2) 43-37-33; Шымкент – 8 (701) 747-63-01; Петропавл – 8 (715-2) 50-72-50.

Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 341-08-11, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Ермеков к-сі, 33, «Қарағанды полиграфия» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Смағұлов к-сі, 9 К, «Хабар-Сервис» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Мұхит к-сі, 57/1, «Жайық Пресс» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

қарсы жұмыстарда кеткен сəл қатенің өзі 2-3 сағаттың ішінде өлімжітімге əкеліп соғуы мүмкін еді. Өйткені тез меңдеп кететін қауіпті ауруды бүлдіршіндердің көтере алмасы түсінікті-тін. Ал Ұзынкөл аудандық ауруханасының дəрігерлері мұндай оқыс жағдайға сақадай-сай даярлықтарын көрсетті. Облыстан барған штаб мүшелері олардың жұмысынан ешқандай қателік таппады, жағдай дер уақытында түзетілді, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Орал Бекмағамбетов журналистермен болған баспасөз мəслихатында. Дəрігерлердің айтуынша, адамдарды тексеру аудан орталығында түнгі 22-ге дейін созылған. Сырқат белгісі табылғандардың барлығы да анық жұқпалы ішек ауруына шалдыққаны анықталған. Эпидемияға қарсы шаралар жүргізіліп жатқанымен, жұқпалы ішек ауруы ошағынан тағы да ауру тіркелуі əбден мүмкін. Қазір аурудың неден шыққаны, себебі, оның ішінде азық-түліктің сапасы тексерілуде, эпидемияға қарсы жұмыстар жалғасуда. Қостанай облысы, Ұзынкөл ауданы.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 201 715 дана. Нөмірдің кезекші редакторы

Берік САДЫР.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 5 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №398 ek

Profile for Egemen

18092014  

1809201418092014

18092014  

1809201418092014

Profile for daulet
Advertisement