Page 1

Кеше Ақордада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Финляндия Республикасының Президенті Саули Ниинистёмен кездесті.

№109 (28048) 18 СƏУІР БЕЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

Қазақстан – Финляндия:

Дəстїрлі достыќ пен сенімді серіктестік

Əлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Мəртебелі мейманды қарсы алудың барлық ресми шаралары жасалып, құрмет көрсетілген соң, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Финляндия Прези денті Саули Ниинистё екеуара кездесіп, елдер арасындағы екі жақты өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары жөніндегі кең ауқымды мəселелерді талқылады. Оның ішінде екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығын тереңдету жағына ерекше мəн берілді. Тараптар, сондай-ақ халықаралық өзекті мəселелерге қатысты да пікір алмасты. Біздің елдеріміздің тарихында ортақ ұқсастық бар, деді Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев екеуара əңгімелесу барысында. Қазақстан мен Финляндия қарымқатынасы 1992 жылдан бері табысты жалғасып келеді. Біз мейлінше тығыз екіжақты экономикалық жəне саяси өзара іс-қимылды

дамыту ниетіндеміз. Сондықтан Сіздің сапарыңыз өте маңызды. Біз оның табысты болып, достығымыз бен қатынастарымыз нығая түсуі үшін қолдан келгеннің бəрін жасаймыз. Өз кезегінде сөз алған Финляндия Президенті Саули Ниинистё өзінің ел Президенті қызметінің бастапқы кезеңінде Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесу өткізуінің маңыздылығына тоқталды. Сіз елдеріміз арасында көптеген ортақ нəрсе оның ішінде, тарихи оқиғаларға қатысты ұқсастықтар бар екенін дұрыс айттыңыз, деді Финляндия Президенті. Біз Сіздің Финляндияға сапарыңызды қанағаттанушылық сезіммен еске аламыз. Сол кезде біз кездесу мүмкіндігіне ие болдық. Ол уақытта мен Финляндия Парламентінің спикері едім. Сіздің Финляндияға сапарыңызды есіңізге алғаныңыз бізді де қуантады. Мемлекет басшыларының екеуара кездесуі аяқталған соң,

кеңейтілген құрамдағы келіссөздер Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Финляндия Президенті Саули Ниинистёнің қатысуымен жалғасын тапты. Қазақстан басшысы алдымен Финляндия делегациясының мүшелері мен іскер топтар өкілдеріне алғысын білдірді. Шағын құрамда өткен əңгімелесу барысында біз Финляндия Президентімен елдеріміз арасындағы ынтымақтастықтың барлық қырларын талқыладық жəне даму əлеуеті əлі де толық пайдаланылмай отыр деген пікірге келдік, деді Нұрсұлтан Назарбаев. Біз Финляндияны Еуропадағы маңызды сауда-экономикалық се ріктесіміздің бірі ретінде қарастырамыз жəне екіжақты ынтымақтастықтың əлеуетін кеңінен дамытуды қалаймыз. Мен Қазақстанда фин тарапы қызығу шылық таныта алатын көп нəр се бар екеніне, сол сияқты Финляндия біз үшін өте маңызды екендігіне сенемін. Соңғы

жылдары біздің жоғары деңгейдегі байланысымыз фин бизнесінің Қазақстан рыногындағы өз аясын кеңейте түсуіне жол ашты. Қазір елімізде фин капиталының қатысуымен 70-тен астам компания экономиканың əртүрлі саласында жұмыс істейді. Бұл біздің екіжақты қатынастарымызды дамытуымызға негіз бола алады. Ал Саули Ниинистё Астанадағы жылы шырайлы қабылдау үшін алғысын айта келіп, екі елдің өзара іс-қимылын нығайтуға мол мүмкіндік бар екенін атап өтті. Финляндия Президентінің бұл сапары Қазақстан-Финляндия қатынастарын сапалы жаңа деңгейге көтеруге жəне экономи калық өзара іс-қимылға назар аудара отырып, екіжақты ын тымақтастықты тереңдетуге бағытталған. Финляндия экономи калық та, əлеуметтік-саяси тұрғыдан да Еуропалық Одақтағы ең табысты елдердің бірінен саналады. Сондай-ақ, бұл ел соңғы жылдары əлемдік түрлі рейтингтерде

Ќазаќстан «жасыл» экономиканы дамытуєа мїдделі

əрдайым көшбастаушы топтан көрініп келеді. 144 елдің мəліметі негізінде жасалған жаһандық бəсекеге қабілеттілік бойынша жыл сайынғы рейтингте Финляндия үнемі көшбасшылардың алғашқы ондығына кіреді жəне бүгінде үшінші орынды иеленіп отыр. Финляндия Қазақстанның сыртқы саясаттағы бастамаларын, сондайақ ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізуге қолдау білдірген. Кеңейтілген құрамдағы келіссөз дер күткендегідей табысты мə ресіне жетудің нəтижесінде Қазақстан-Финляндия ынтымақтас тығын əрі қарай дамытуға бағытталған үш құжатқа қол қойылды. Олар – Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен Финляндия Республикасы Жұмыспен қамту жəне экономика министрлігі арасындағы таза технология жəне «жасыл» экономиканы дамыту мақ сатындағы ынтымақтастық жөніндегі іс-қимыл жоспары; 2009 жылғы 24 наурыздағы Хельсинки

қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға сəйкес хаттама іс-əрекеттер жоспары жəне Астана қаласы мен Оулу қаласы арасындағы бауырлас қатынастарды орнату туралы меморандум. Қол қою рəсімінен кейін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Финляндия Президенті Саули Ниинистё бірлескен баспасөз мəслихатын өткізді жəне журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап қайтарды. Қазақстан мен Финляндия ара сындағы дəстүрлі достық, серіктестік қатынастар екі елді байланыстырады, деді Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде. Қазіргі кезде екіжақты саяси үнқатысу белсенді сипатқа ие болып отыр. Бұл біздің Финляндия Республикасының президенттерімен бір жарым жыл ішінде үшінші кездесуіміз болып табылады. Финляндияның Қазақстандағы

елшілігі 2010 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Өткен жылы Қазақстан Хельсинкиде өз елшілігін ашты. Бұл біздің елдердің екіжақты ынтымақтастықты тереңдетуге деген ұмтылысын білдіреді. Бұдан кейін Нұрсұлтан Назар баев Қазақстан мен Финлян дия арасындағы экономика лық қатынастарға тоқталды. Президенттің атап өткеніндей, қаржылық дағдарыс қиындықтарына қарамастан, екі елдің өзара сауда-экономикалық салалардағы көрсеткіші артып келеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстан-Финляндия арасындағы сауда айналымы 800 миллион АҚШ долларын құрады. Фин компаниясының Қазақстан рыногына келуі екі елдің ынтымақтастығын нығайтатын болады. Елбасы, сондай-ақ Финляндия компанияларын Қазақстанда «жасыл» экономиканы дамытуға қатысуға шақырды.

Мəжілістің кешегі өткен жалпы отырысында он мəселе қаралды. Депутаттар күн тəртібінде жетім балалардың тұрғын үйге құқықтарын қамтамасыз ету жəне Кеден одағында тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мəселелерін талқыға салды. Сондай-ақ, зейнетақымен қамсыздандыру мəселесіне қатысты заң жобасы қаралды.

əрі С.Əбденов БЗЖҚ-ның артықшылықтарын, жұмысының мөлдірлігін, инвестициялық табысының қомақты болмағын айтып берді. Зейнетақы жүйесін жаңғырту бағытындағы кінəратты мəселе –

Жаѕа заѕ – заман талабы Жақсыбай САМРАТ, Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Кеше елордада «Жасыл» экономика жəне жаңғыту жөніндегі Қазақстан-Финляндия экономикалық форумы болып өтті. Оған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Финляндия Президенті Саули Ниинистё қатысты. Əбдірахман ҚЫДЫРБЕК, «Егемен Қазақстан».

Қазақстан Финляндияны сенімді іскер серіктесі ретінде жоғары бағалайды. Қазірдің өзінде біз екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың елеулі нəтижесіне қол жеткіздік. Өткен жылдың қо рытындысы бойынша біздің

елдеріміз арасындағы тауар айналымының көлемі 800 миллионға жуық АҚШ долларына жетті. 2002 жылдан бас тап Фин ляндиядан Қазақстанға са лынған тікелей инвестиция ағыны 170 миллион АҚШ долларынан асты. Біздің елдеріміз экономикасындағы оң өзгерістер іскерлік серіктестіктің одан əрі дамуына негіз қалайды,

деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Сондай-ақ, ол Қазақстанның мейлінше ашық саясат ұстанатынын атап өтті. Бүкілəлемдік экономикалық форум əзірлеген бəсекеге қабілет тілік жөніндегі рейтингіде біз дің еліміз соңғы жылдары 72-орыннан 51-орынға көтерілді. Ал Бүкілəлемдік банктің «Бизнесті жүргізу-2012» рейтінгінде Қазақстан 183 елдің ішінен 49орын алып отыр. Қазақстан бизнесті дамыту үшін салық жүйесі шарттарын жақсартты. Бұл

ретте салықтық есептілік ресімдері оңайлатылуда. Жақында біз арнайы экономикалық аймақтың инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған заңнамаға өзгерістер енгіздік. Қазір Қазақстанда олардың саны – тоғыз. Қазіргі уақытта елімізде шетелдіктер қатысуымен он мыңға жуық компания жұмыс істейді. Олардың қатарында фин бизнесінің 70 компаниясы да бар, деді Мемлекет басшысы. (Соңы 2-бетте).

(Соңы 2-бетте).

Бірінші кезекте күн тəртібінде қаралған маңызды мəселеге тоқталайық. Ол – «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заң жобасы. Бұл еліміздегі зейнетақы жүйесін жаңғыртуды мақсат еткен заң жобасы болып табылады. Жоба бойынша баяндама жасаған Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрі Серік Əбденов ол үшін: 1. Бірыңғай зейнетақы қорын құру; 2. Ерлер мен əйелдердің зейнетақы алу жасын теңестіру; 3. Міндетті кəсіптік зейнетақы жарналарын енгізу – сияқты өзгерістер енгізу ұсынылатынын атап өтті. Бұлар халықтың зейнетақы жинақтарының сақталуына жəне өсуіне жағдай туғызатын өзгертулер болмақ. Министрдің айтуынша, 2012 жылдың қорытындысы бойынша орташа зейнетақы 41 мың теңгені құрады. Соның мемлекеттік бюджеттен алынатын міндетті еңбек

зейнетақысы 32 пайызды (30 045 теңгені), ал жинақтаушы қордан төленгені 3,1 пайызды (2539 теңгені) ғана құрады. Осы жағдай сақтала беретін болса, 2050 жылға таман зейнетақы көлемі 4 есе төмендейтін болады. Өйткені, еңбек өтіліне сəйкес берілетін ынтымақты зейнетақы азаяды (себебі, 1998 жылдың басына дейінгі ерлер үшін қажетті – 25, əйелдер үшін қажетті 20 жыл еңбек өтілі кейінгі жастағыларда жыл санап төмендей түседі), ал жинақтаушы қордағы қаражат мүлде аздық етеді. Егер 2006 жылға дейін 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі толық еңбек өтілі жоқ адамдар саны барлық зейнеткерлердің 4 пайызын ғана құраса, 2012 жылы бұл үлес 17 пайызға жеткен. Сонымен бірге, бұл үлес жыл санап өсе түсетін үрдіске ие. Сондықтан, деді министр, алдымен заң жобасында Біртұтас зейнетақы жинақтау қорын (БЗЖҚ) құруды ұсынып отырмыз. Оның құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Үкіметі, ал активін басқаратын Ұлттық Банк болмақшы. Одан

əйелдердің зейнет жасын ерлерге теңестіру, яғни 63 жасқа жеткізу болатын. Бұл амал əйелдерге зейнетақы қорындағы жинақ қаражатын арттыруға мүмкіндік береді. Жинақтауға қосымша 5 жыл қатысу – əйелдердің қаражатын 15 пайызға арттыратынын есептеп шығардық, деді министр. Бірақ зейнетақы алу жасы бірден арттырылмай, 2014 жылдан басталып, əрбір жыл сайын 6 айдан қосылып отырады. Мəселен, 1956 жылы туған əйел зейнетақыға 58,5 жасында, 1957 жылы туған əйел 59 жасында, т.с.с. зейнетке шығатын болады. Бірақ, əйелдердің жиналған қаражаты жеткілікті жағдайда 50 жасында зейнетке шығу құқы сақталады. Сондай-ақ, 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілі 20 жыл болып, 5 жəне одан көп бала өсірген əйелдердің 53 жастан, радиациялық тəуекелі жоғары аймақтарда тұрған əйелдердің жұмыс өтілі 20 жыл болса, жастары 45-ке толса зейнетке ерте шығу құқы өзгертілмейді. (Соңы 3-бетте).


2

www.egemen.kz

18 сəуір 2013 жыл

Қазақстан – Финляндия:

Дəстїрлі достыќ пен сенімді серіктестік (Соңы. Басы 1-бетте). Қазақстан бүгінде «жасыл» экономикаға көшу аясында белсенді жұмыстар жүргізіп келеді, деді Президент осы жөнінде. Бұл тұрғыда бізде ауқымды мүмкіндіктер бар. Біз сіздерді «жасыл» экономиканы дамытудағы өз ара тиімді ынтымақтастыққа шақырамыз. Қазақстан-Финляндия бизнес форумында «жасыл» экономика саласындағы əріптестік туралы декларация қабылданбақ. Бұл декларацияны қабылдаудың маңызы зор. Сонымен бірге, бұл Қазақстанда өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің тақырыбы болашақ энергиясына байланысты екендігімен барынша өзекті бола түседі. Қазақстан Президенті Финляндия басшысымен кездесу барысында халықаралық, өңірлік қауіпсіздік мəселелерімен қатар, Ауғанстан мен Таяу Шығыстағы жағдайлар да талқыланғанын атап өтті. Біз халықаралық жəне өңірлік қауіпсіздік мəселелерін, сондай-ақ Ауғанстан мен Таяу Шығыстағы мəселелерге де назар аудардық, деді Нұрсұлтан Назарбаев. Кеден одағы аясындағы байланыстар посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық үдерістердің дамуына, Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастықтың жаңа көкжиегіне бағытталған. Ал Финляндия Президенті Саули Ниинистё Қазақстанның эко номикалық даму қарқынын жоғары бағалады. Бүгінде Қазақстан қарқынды дамып келеді, деді ол өз сөзінде. Қазіргі кезде Қазақстан əлем елдері арасында экономикалық даму көрсеткіші рейтингі бойынша үшінші орында тұр. Экономикалық өсім елдегі халықтың əл-ауқатының жақсаруына ықпал етеді. Осылай деп ой қозғаған Финляндия басшысы біздің еліміздің саяси мəселелердегі рөліне тоқталды. Саули Ниинистёнің тоқта лып өткеніндей, Қазақстан

Орталық Азиядағы саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуде ерекше рөл атқарады. Бұл осы өңір үшін ғана емес, көптеген елдер үшін де пайдалы. Кездесуде талқыланған мəселелер екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықты əрі қарай дамытуға ықпал ететін болады. Баспасөз мəслихатында Қазақстан Президентіне Финляндия журналисі тарапынан біздің еліміздегі адам құқығының қамта масыз етілуі жөнінде сұрақ қойылған еді. Қазақстан əлемдегі өркениетті мемлекеттердің қатарына қосылуға ұмтылып келеді, деді Нұрсұлтан Назарбаев қойылған сұраққа жауап қайтара отырып. Сіз жаңа ғана Финляндияның демократияға қарай 100 жылдан бері жүріп келе жатқандығын естідіңіз (Бұл сөзді Финляндия Президенті айтқан еді). Ал Қазақстанның тəуелсіздігіне 20 жыл ғана болды. Біз Финляндияға қарағанда тез қадам басып келеміз деп есептейміз. Елбасы сондай-ақ Кеңестер Одағы құлағаннан кейін Қазақстанның ондаған жылдар бойы күнкөріс проблемаларымен айналысуға мəжбүр болғанын аттап өтті. Қазіргі кезде Қазақстан өзінің барлық азаматтарының құқығы мен бостандығы толық қамтамасыз етілген ел ретінде əлемге танылып отыр, деді Президент осы жөнінде. Елімізде тұратын 130 этностың барлығы тең құқылы, 46 діни конфессияның бостандығы толық қамтамасыз етілген. Қазақстанның түпкі мақсаты – Еуропадағы бар демократиялық деңгейге жету. Философтың сөзімен айтқанда, «біздің стақанымыз жартылай немесе оның төрттен үш бөлігіндей толды». Енді біз оны толық толтыруымыз қажет. Жалпылай алғанда, Финляндия Президентінің Қазақстанға сапары еліміздің Еуропалық Одақпен өзара ықпалдастығын арттырып, ынтымақтастығын нығайтуға ықпал ететін болды.

Ќазаќстан «жасыл» экономиканы дамытуєа мїдделі (Соңы. Басы 1-бетте). Қазақстан Президенті форумға қатысушылар назарын 2010 жылы Қазақстанның Ресей жəне Беларусьпен бірге Кеден одағына кіргеніне де аударды. – 170 миллион адамы жəне жиынтық ішкі жалпы өнімі 2 триллион АҚШ доллары болатын ортақ рынок құрылды. Сонымен қатар, Кеден одағы біздің экономикамыздағы инвесторлар үшін бірегей мүмкіндіктер ашты. Бірыңғай кедендік аумақ жəне қағидалар өз өнімдерін үш елдің рыногында кедергісіз жылжытуда өндірушілерге мүмкіндіктер береді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы Қазақ-

Финляндия Президентімен кездесті Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мəми Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Финляндия Президенті Саули Ниинистёмен кездесті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Кездесу барысында Қазақстан мен Финляндияның парламентаралық ынтымақтасуының келешегі талқыланды. Сенат спикері Финляндия Пре зи дентін Қазақстан Парла ментінің қызметі ту ралы

хабардар етті. «Біз заң шығарудың əлемдік үздік тə жі рибелерін зерделеуге зор көңіл бөлеміз. Осыған байланысты бізге фин əріптестеріміздің инновациялық даму, білім беру жүйесін жетілдіру,

Тыѕ серпін беріледі Кеше Қазақстан Парламенті Мəжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин Финляндия Президенті Саули Ниинистёмен кездесті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Кездесу барысында тараптар түрлі салалар бойынша Қазақстан-Финляндия өзара қарым-қатынасының маңызды мəселелерін талқылады. Əсіресе, парламентаралық ынты мақтастыққа баса назар аударылды. Қазақстан мен Финляндия арасындағы қатынастың жалпы стратегиялық сипатына тоқталған. Н.Нығматулин қос ел арасындағы ынтымақтастықтың дамуына екі елдің Президенттері Нұрсұлтан

Назарбаев пен Саули Ниинистёнің маңызды кездесулері серпін беретінін атап өтті. Финляндия Президенті екі елдің парламенттері арасындағы əріп тес тіктің маңыздылығын атап өтті. Н.Нығматулин мен С.Ниинистё қазақ стандық жəне финляндиялық парламент өкілдерінің жүздесулері екі елдің жоғары заң шығарушы ор гандары арасындағы саяси үнқатысудың нығаюына

экология мен қоршаған ортаны қорғау, сондай-ақ тұтастай алғанда, мемлекет жəне азаматтық қоғамды жаңғырту мəселелеріндегі тəжірибесі қызығушылық туғызады», деп атап өтті Қ.Мəми. Жүздесушілер байланыстарды одан əрі өрістету жəне парламентшілердің сапар алмасуының маңыздылығын айрықша атап көрсетті.

мүмкіндік беретіндігі туралы ортақ пікірлерін жеткізді. Мəжіліс Төрағасы сондай-ақ Қазақстан Парламенті өкілдерін, финляндиялық əріптестердің инновациялық даму, білім жүйесін жетілдіру, экономикаға «экологиялық» бетбұрыс мəселелері бойынша тəжірибелері қызықтыратынын тілге тиек етті. Сөз соңында Н.Нығматулин Фин ляндия Президентінің біздің елімізге сапары саяси саладағы екі жақты қарымқатынасқа тың серпін беріп, экономикалық бағыттағы бетбұрысқа ықпал ететініне сенім білдірді.

Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан».

Кездесуде жастар ұйымдары жетекшілерімен емен-жарқын əңгіме өтті. Онда облыстағы «Балалар мен жасөспірімдер ұйымдары» қауымдастығының атқарушы директоры, облыстағы ең жас депутат, Қостанай қалалық мəслихатының депутаты Татьяна Новикова сөз алды. Ол жастар ұйымдарының басын біріктіретін қауымдастық жұмысын баяндап берді. Бұл үкіметтік емес

ұйым облыста елуден аса жастар мен балалар ұйымдарының басын біріктіреді. Жастарға қатысты өзекті мəселелердің барлығын олар зерттеп, зерделеп отырады. – Қала мен ауылды əлі салыстыруға келмейді, олардағы жастар ұйымдарының даму деңгейі де əртүрлі. Сондықтан біз қазір ауылдағы үкіметтік емес жастар ұйым дарымен тікелей жұмыс істейміз. Олардың уақыт ағысынан қалмауы, өздерінің проблемаларын шешу жолында жұмыс істеуі үшін

көптеген əдістемелер, кеңестер береміз, – деді Татьяна Новикова. – Жастар мен балалар ұйымдарын біріктіріп отырған қауымдастық республикалық, облыстық көптеген жобаларға қатысады. «Ұлан» əскери-патриоттық клубтарының жаттығу-оқулары, «Қостанай облысы жастарының «Алтын кітабы» жобасы жəне түрлі форумдар осы ұйымның белсенділігімен өтіп жатады. Мұндай шаралар белсенді жастарды өсірумен қатар, жетім, ата-анасының қарауынсыз қалған, сондай-ақ «қиын» балаларды, əлеуметтік проблемалары бар жастарды қамтиды. – Өзің қалалық мəслихаттың депутаты ретінде қандай мəселелер көтересің? – деп сұрақ қойды Бауыржан Қыдырғалиұлы. (Соңы 5-бетте).

бойынша ынтымақтастық жайын қарастыруға əзірміз, – деді Қазақстан басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев был тыр ғы маусым айында Бра зи лияда Рио+20-ның орнық ты даму жөніндегі БҰҰ конферен циясында қорытынды декла рацияға Қазақстан ұсынған, əлемдік қоғамдастықтан қолдау тапқан бастама – «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы енгенін атап өтті. – Қазақстанда «жасыл» экономикаға көшу жөнінде белсенді жұмыстар жүргізілуде. Бұл үшін ауқымды аумақ, тиімді геосаяси орын, қаржылық жəне табиғи ресурстарды қоса алғанда біздің жақсы мүмкіндіктеріміз бар. Бүгін біз сіздерді «жасыл»

экономиканы дамытудағы өзара тиімді ынтымақтастыққа шақырамыз. Біз Финляндияны «жасыл» бастамаларды жүзеге асырудағы əлемдік көшбасшы ретінде танимыз. Қазақстан «жасыл» экономика жəне энергияның жаңартылатын көздері саласында заманауи технологияларды енгізетін фин компанияларына қолдау көрсетуге əзір, – деді Мемлекет басшысы. Өз сөзінде Саули Ниинистё Қа зақ стан экономикасының Еуропаның көптеген елдері қол жеткізе қоймаған деңгейде өсіп келе жатқанын атап өтті. – Халықтың өмір сүру деңгейі тез жақсаруда. Бүгін Сізбен бірге болу мен үшін үлкен мəртебе. Мен елдеріміз арасындағы

Маќсат – жылына 300 мыѕ машина жасау Бұрнағы күні Астанада елдегі машина жасаушылар форумы басталды. Оны Индустрия жəне жаңа технологиялар министрлігі мен Қазақстан Машина жасаушылар одағы ұйымдастырды. Форумның бас демеушісі – «СамұрықҚазына» ұлттық əл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы. Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».

Бастама тґменнен кґтерілуі тиіс Қостанайға «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек келді. Оның жұмыс сапары алдымен «Азаматтардың бастамаларын дамыту орталығынан» басталды. Онда Бауыржан Қыдырғалиұлы облыс орталығындағы жастардың үкіметтік емес ұйымдары жетекшілерімен жəне Қостанай облысының «Жас Отан» жастар кадрлық резерві» республикалық жобасына қатысушылармен кездесті.

станда іске асырылып жатқан бірқатар өзге де маңызды бастамалар туралы баяндады. – Биылғы мамырда VI Аста на экономикалық форумы өтеді. Оның аясында БҰҰ-ның қатысуымен алғаш рет Дағдарысқа қарсы бүкілəлемдік конференция ұйымдастырылатын болады. Біз фин əріптестерімізді форум мен конференцияның жұмысына белсене қатысуға шақырамыз. Тағы бір ірі халықаралық оқиға – 2017 жылы Астанада ЭКСПО халықаралық көрмесінің өткізілуі болмақ. Көрме фин компанияларын қатысуға жəне өз павильонын ашуға деген қызығушылығын оятады деп үміттенемін. Бұдан бөлек, біз «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық мəселелері

Шараның шымылдығын түріп, жүргізу тізгінін қолға алған «Азия авто» АҚ-тың президенті Ержан Мандиев алғашқы сөз кезегін Индустрия жəне жаңа технологиялар бірінші вице-министрі Альберт Рауға берді. Ол қазақстандық машина жасауды дамытудағы мемлекеттің рөлін айта келіп, саладағы табыстар мен кейбір тұстардағы кедергілерге де кеңінен тоқталды. Сөйтіп, машина жасау өндірісін дамыту бойынша құрылған стратегия аясында қандай мақсат қойылып отырғанын айтты. «Рынокты саралау қорытындысы бойынша стратегия жасалды. Біздің мақсатымыз – жылына 300 мың машина жасап шығару. Бұл тым қиялшыл мақсат болып көрінуі де ықтимал. Бірақ, бұл мақсатты жүзеге асыру қолдан келетін секілді. Сондай-ақ, əлемдік автокөлік өндірушілермен ынтымақтастық орнату ойымызда бар. Бұл біздің таңдауымыз емес, ДСҰ қойып отырған талаптардың

бірі. Біз отандық рынокта бар өндірушілерге екпін салуымыз керек. Олар өздерінің қарымқабілеттерін көрсете алды, соған басымдық беру абзал», деді вицеминистр. «Қазақстан үшін тек жинақтаушы ғана емес, жеке тəуелсіз автоөнеркəсібін дамыту маңызды», деді Қазақстанның автоөнеркəсібін дамыту əлеуеті туралы баяндама жасаған «Hannam University» университетінің про фессоры Ен Сук Хен мырза. Сондай-ақ, «Мен ДСҰ-ға ену қарсаңында Қазақстанға өз автоөнеркəсібін қатаң қорғауға кеңес берер едім», деп жалғады ол сөзін. Келесі жылдан бастап Қазақ стан техникалық жəне экологиялық талаптарға жауап бер мейтін ескі көліктердің көзін құрту жұмыстарына кіріседі. Қазақстан автобизнес қауымдастығының президенті Андрей Лаврентьев аталған форумда осылай деді. Кеше, форумның екінші күні машина жасаушылардың жиынына Премьер-Министр Серік Ахметов қатысты. Пленарлық

отырысты ашқан Үкімет басшысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың форумға қатысушыларға жолдаған құттықтау сөзін оқып берді. «Терең тарихи дəстүрі мен өндірістік əлеуеті бар Қазақстанның машина жасау саласы жаңа типті экономикаға көшу үдерісінде ерекше маңызға ие. Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарла масының қолға алынған кезеңінен бері сала даңғыл даму жолына түсті. Қазақстанда жаңа бағыттар, соның ішінде су көлігі, локомотив, вагон жəне көліктік машина жасау салалары пайда болды. Саланың сапалы қарқын ала дамуына жол ашу үшін аса маңызды мəселелерді шешу қажет. Олардың қатарында еңбек өнімділігін арттыру, жоғары білікті мамандарды дайындау жəне кластерлі білім беруді дамыту мəселелері бар. Машина жасау саласы жақын келешекте Қазақстан экономикасының негізгі салаларының біріне айналуы тиіс. Ол үшін мемлекет барлық жағдайлар жасады, тиісті институттық жəне нормативтікқұқықтық база қалыптастырылды, инвестициялық жағдай жақсартылуда, мемлекет жекемен шік əріптестігі тетіктері жетілдірілуде», делінген құттықтау хатында. Отырыста Премьер-Министрдің орынбасары – Индустрия

Лондондаєы рəсімге ќатысты

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстан Республикасы ПремьерМинистрінің бірінші орынбасары – Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев бастаған қазақстандық делегация Ұлыбритания жəне Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің бұрынғы Премьер-министрі Маргарет Тэтчерді жерлеу рəсіміне қатысты, деп хабарлады Өңірлік даму министрлігінің баспасөз қызметі. 16 сəуір күні күндіз Қазақстан өкілдері Лондонға ұшып кеткен болатын. Мемлекет жəне қоғам қайраткері, Ұлыбританияның бұрынғы Премьерминистрімен қоштасу рəсімі кеше, яғни 17 сəуір күні Қасиетті Павел соборында, ал жерлеу рəсімі Лондонның Челси ауданындағы

Корольдік ауруханасының зиратында өтті. Маргарет Тэтчердің жерлеу рəсі міне Ұлыбритания патшайымы Елизавета II мен жұбайы, сонымен қатар, Британия үкіметінің басшысы Дэвид Кэмерон бастаған үкімет құрамы түгелімен қатысты. Осыған байланысты Қазақстан

белсенді саяси үнқатысу пен қарқынды экономикалық өзара қарым-қатынастар бүгінде көзге түсетіндей нəтиже əкеле бастағанына қуаныштымын. Форумда қарастырылған «жасыл» экономика мен жаңғырту тақырыбы өзара тығыз байланысты жəне бірін-бірі оңтайлы түрде толықтыра түседі, – деді С.Ниинистё. Форумда еліміз бен Финляндия Республикасы арасында «жасыл» экономиканы дамыту жəне жаңғырту саласындағы серіктестік туралы декларация қа былданып, өзге де бірқатар құжаттарға қол қойылды.

----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

жəне жаңа технологиялар министрі Ə.Исекешев, Машина жасаушылар одағы басқар масының төрағасы М.Пішембаев, General Electric Trans portation компаниясының ТМД, Еуропа елдері бойынша бас менеджері Г.Байхан, «Белкамит» БК» АҚ бас директоры П.Беклемишев машина жасауды дамыту перспективалары туралы баяндады. С.Ахметов саланың алдында тұрған міндеттерге қатысты, оны одан əрі дамыту қажеттігін айтты. «Біз 10 жыл ішінде өндірілген өнім көлемін 45 млрд. теңгеден 680 млрд. теңгеге дейін арттырдық. Зауыттар мен кəсіпорындарды жаңғыртып, қайта құрусыз алға қойған межеден шығу қиындық туғызар еді. Жаңа технологиялар, жаңа құрал-жабдықтар керек. Оларсыз бəсекеге қабілетті өнім өндіру мүмкін емес», деп атап көрсетті Үкімет басшысы. Сөзінің соңында ПремьерМинистр машина жасау қандай экономиканың болса да негізгі саласының бірі болып табылатынын атап көрсетті. Форумның басты тақырыбы – қазақстандық машина жасау өндірісін дамыту перспективалары болды. Бұл іс-шараға Достастық елдері мен алыс шетелден 700-ден астам делегат қатысты. Форум Қазақстан үшін басымдықты болып табылатын машина жасау саласы бойынша инновациялық шешімдер қабылдау мақсатындағы мемлекеттер, бизнес пен ғылым өкілдерінің өзара тиімді ісқимылдарын іске асыратын халықаралық алаң міндетін атқаратын болады.

Республикасының Ұлыбритания жəне Солтүстiк Ирландия Біріккен Корольдiгiндегi Төтенше жəне өкiлеттi елшiсi Қайрат Əбусейітов британдық Сыртқы істер министрлігіне барып, Маргарет Тэтчердің қазасына байланысты «Қайғы кітабына» көңіл айтуын қалдырды. Ұлыбритания Премьер-министрі кеңсесінің хабарлауынша, қоштасу рəсіміне Ұлыбритания өзара достық қарым-қатынасты қолдап жүретін 200 мемлекеттің ресми өкілдері мен халықаралық ұйымдар қатысты. М.Тэтчер 8 сəуір күні 87 жасқа қараған шағында ұзаққа созылған сырқаттан кейін көз жұмған болатын.


3

www.egemen.kz

18 сəуір 2013 жыл

 Əлеуметтік қорғау əлеуеті

ЗЕЙНЕТ ЖАСЫН ҰЗАРТУ – ЗЕЙНЕТ ЫРЫСЫН ҰЛҒАЙТУ Жїйені жаѕєыртудыѕ жўртшылыќќа жаќсылыєы мол

Бұл күндерде елді елеңдетіп отырған мəселелердің бірі – зейнетақы жүйесін жаңғыртудың жайы. Үкімет Парламентке ұсынған «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заң жобасы қоғамда қызу талқылауға түсуде. Кеше аталған жоба Парламент Мəжілісінде қаралды. Осы оқиғаның қарсаңында біз жұртшылық пікірін жинақтау мақсатымен өңірлердегі тілшілерімізге тығыз тапсырма берген болатынбыз. Төменде сол пікірлер топтамасы жарияланып отыр.

Болашаќтыѕ ќамы їшін керек Керімхан ТӨРЕҚҰЛОВ,

Жуалы аудандық əкімдігінің жұмыспен қамту жəне əлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы.

Бұдан он бес жыл бұрын еліміздің зейнетақы жүйесінде реформа жасалған еді. Енді, міне, тағы бір жаңғыртуды бастан кешіргелі тұрмыз. Жалпы, жаңғыртудың мақсаты – зейнетақы төлемдерінің еліміздегі өмір сүру деңгейіне сəйкес өсуін, жүйенің қаржылық жағынан тұрақты болуын қамтамасыз ету. Ол негізінен өз бетінше жұмыспен айналысатын халық, əйелдер, сонымен қатар, еңбек жағдайлары зиянды жəне ауыр жұмыстарда істеген адамдарға қатысты əзірленген. Жаңа заң бойынша барлық зейнетақы қорларының басы біріктіріліп, Үкіметтің басқаруындағы Біртұтас зейнетақы жинақтау қоры құрылады. Заң жобасы бойынша акционерлік қоғам негізінде құрылатын Біртұтас зейнетақы жинақтау қорының құрылтайшысы жəне акционері – Қазақстан Үкіметі. Оған ел азаматтарының барлық міндетті зейнетақы жарнасы, сондай-ақ ерікті сомалар да құйылады. Қордың активін Ұлттық банк басқарады. Қаржысы да осында жинақталады. Жаңғыртудың екінші бір тетігі жұмыссыз жүрген немесе өзін өзі еңбекпен қамтыған азаматтарды зейнетақы жүйесіне қатысуға ықпал етуге негізделіп отыр. Заңда жоғарыда аталған санаттағы адамдарды зейнетақы жарнасын толық төлеуге ынталандыру жолдары қарастырылған. Заң жобасындағы үшінші бір маңызды мəселе – əйелдердің зейнет жасын өзгерту. Қазақстандағы зейнеткерлердің 70 пайызы əйелдер екен. Алайда, əйелдердің зейнетақы жинақтарының орташа көлемі ерлерге қарағанда 25 пайызға төмен. Бұл, біріншіден, бала тууға қатысты демалыста отырып, зейнетақы жинақтау жүйесіне қатысу уақытының аз болуына байланысты. Екіншіден, олардың ерлермен салыстырғанда зейнеткерлікке ерте шығуына байланысты болып

отыр. Бүгінде Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігі əйелдер жасына 10 жыл бойы жарты жылдан қосуды ұсынып отырғаны белгілі. Сонымен, 2023 жылдан бастап əйелдер зейнетке толық 63 жаста шығатын болады. Бүгінде салымшылардың зейнетақы қорындағы салымының орташа мөлшері 376 мың теңгені құрайды. Қазіргі таңда 900 мыңнан астам зейнеткерге өзі жинақтаған қорынан зейнетақы төленуде (базалық зейнетақыдан бөлек). Оның айлық мөлшері орта есеппен алған да 4 мың теңгені құрайды. Сарапшылардың айтуынша, əр салымшы зейнетке шыққан соң 18 жыл бойы (халықаралық стандарт) ай сайын өзіне толық жеткілікті зейнетақы алып отырғысы келсе, кем дегенде 30 жыл, ай сайын міндетті жарнасын төлеп тұруы керек екен. Бізде бұл жүйенің енгізілгеніне небəрі 15 жыл болғандықтан жəне зейнетақы қорларында инвестициялық табыстың төмендігінен əзірге ешкім де жеткілікті сомада қор жинамағаны белгілі. Сонымен бірге, «əйелдердің зейнет жасының ұлғайтылуы бюджетті үнемдеуге байланысты орын алып отыр» деген де бос сөз, оның нақты себептері бүгінде баршаға түсінікті болды деп ойлаймын. Бұл əрекет нəзік жандылардың болашағы үшін жасалып отырғанын саналы адам аңғарса керек. Жалпы, өз басым ертеңгі күні қаражат жетпей, зейнетақы төлемдеріне қаржы таба алмай қалмас үшін, осындай қадамдарға бүгін баруымыз керек деп санаймын. Ал егер əйелдер ертерек зейнетке шыққысы келсе, заң жобасында оның да жолдары қарастырылған. Біріншіден, зейнетақылық жинақтары жеткілікті болғанда əйелдерге 50 жасында зейнетке шығу құқы сақталады. Екіншіден, 20 жыл еңбек өтілі болғанда, бес жəне одан да көп бала туған əйелдерге 58 жаста зейнетке шығуға болады. Жамбыл облысы.

Əйелдіѕ басты баќыты

Асылғаным ЛЕНОВА, көп балалы ана.

Мен бес баланы өмірге келтіріп, тəрбиелеп-өсіруіме байланысты зейнет жасына бұдан екі жыл бұрын – 53 жасымда шыққан болатынмын. Əр нəрсеге де қанағат керек. Маған тағайындалған зейнетақы мөлшерін қанағат тұта аламын. Айтайын дегенім, осындай жаста зейнетақыға ерте шығу құқығы жаңа заң тармақтарында бұрынғыша сақталып қала беретіні – болашақта көбейіп, өсіп-өнуімізге жағымды əсер етеді деп ойлаймын. Біз – аумағы үлкен, халқының саны аз мемлекетпіз. Сондықтан көбеймесек көсегеміздің кө гер мей тіні де анық. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекетіміздегі демографиялық саясатты тереңдетуге қатысты айтқан «Қазақстандағы халық санының өсімін əр отбасындағы төртінші сəби құрай алады. Сондықтан біз төрт балалы аналарды қолдауға бағыт ұстануымыз керек», деген сөзі əлі күнге дейін құлағымда жаңғырып тұрғандай. Сондықтан болашақта төрт балалы отбасыларды мемлекет тарапынан қолдау тетіктері ойластырылады деген сенімдемін. Парламент Мəжілісі мақұлдаған жаңа заңда əйелдердің зейнет жасы өсірілген. Мұның өзі қоғамда кей жағдайда əртүрлі

пікір туғызғанымен, бұл өзгеріс көзді ашып-жұмғандай бір сəтте бола қалмайтынын сіңлілеріміз бен қыз-келіндеріміз ескергені жөн. Яғни, бұл үрдіс алдағы 2014 жылдан бастап есептегенде, табаны күректей 10 жыл уақытқа лайықталған. Демек, зейнетке шығу жасын сатылап өсіру айта қаларлықтай əлеуметтік қиындық туғыза қоймасы кəміл. Мемлекеттегі зейнетақы жүйесін одан əрі жақсарту жөніндегі қадамдар, ең алдымен, зейнетақы мөлшерін өсіру мен ұлғайту мақсатынан бастау алып отырғанын көпшілігіміз терең сезіне бермейтін сияқтымыз. Осы аралықта əйел адамдар жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін ұзарта алады екен. Сонымен бір мезгілде, зейнетақы жинақтарының көлемі де өсетіні белгілі болып отыр. Көп балалы ана ретінде айтарым, бес жəне одан да көп бала тауып, зейнет жасына ертерек шығу – əйелдің басты бақыты. Менің ойымша, əйел затының басты адами мұраты – ұрпақ өсіру, оның қызығын көру. Ендеше, 53 жаста зейнет демалысына шығып, немере сүйіп, əже атанып, олардың маңдайларынан иіскеп отырғанға не жетсін! Мен өмірдің басты бақыты осы деп ойлаймын. Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы.

(Соңы. Басы 1-бетте). Жаңа заң жобасында үшінші өзгеріс зиянды жəне ауыр жағдайда жұмыс істейтіндерге қатысты болып отыр. Үкімет анықтайтын мұндай тізімге енгізілген өндірістегілер еңбекақы қорының 15 пайызы көлемінде зейнетақы қорына қосымша жарна төлейді. Атауы «міндетті кəсіби зейнетақы жарнасы» деп қойылған бұл төлемнің 5 пайызын жұмыс беруші, 10 пайызын жұмыскердің өзі төлейді. Бұл өзгеріс ауыр жағдайда еңбек ететіндер тəуекелінің есесін толтырмақ. Сонымен бірге, жұмыс беруші үшін ол қосымша салмақ болмайды, өйткені, бұл сома салық алынатын түсім көлемінен шегеріледі. Заң жобасының түпкі мақсаты – азаматтарымызды баяғы күнгідей өкіметке иек артып, зейнетақыны сол төлер, өлтірмес деп ойлайтын масыл пиғылдан арылтып, өз өміріңе қажетті қаражатты өзің жинақта, ал өкімет жинақталған сомаңның құрып кетпеуіне кепілдік береді дегенді көздейді. Депутаттардың толып жатқан сұрақ тарынан да сол сарын сезіл ді. Алғашқы сұрақты берген Ж.Дүйсебаев заң жобасындағы əйелдердің зейнетақы жинақтау қорындағы қаражаты жеткілікті болса, 50 жастан зейнетке шыға алады деген тəртібіне риза еместігін сездіріп, ондай қаражатты тек қалалықтар ғана жинақтауы мүмкін, ал ауыл əйелдерінің қордағы сомасы бұған жетпейді. Сонда əлеуметтік əділетсіздік болмай ма деген сұрақ қойды. Оған нақты жауап берілген жоқ. Министр тек ауыл əйелдерінің мұндай кемістікті үй шаруашылығындағы табыстарымен толтыратынын атап өтті. Бұдан кейін депутаттар Г.Сейіт мағамбетова, В.Косарев, А.Перуашев, Ж.Əлиев жəне т.б. сұрақтар беріп, заң жобасы бойынша өздерін қызықтырған мəселелерге жауаптар алды. Сонымен бірге, заң жобасын талқылауға көптеген депутаттар қатысты. Соның ішінде депутат А.Самақова заң жобасының халқымыз үшін өте маңызды екенін атап өтіп, оны өзі қолдайтынын жеткізді. Болашақ ұрпақ үшін осындай заң керек болып отыр. Алайда, заңда зейнетақы мəселелері жанжақты қамтылуы керек. Сонда ол біздің ұрпақтарымызға лайықты қызмет ететін болады. Сонымен бірге, ол зейнетақы қорларын біріктіруді біршама сынап өтті. Аймақтарға барған сапарында өздеріне халықтың осы мəселеге байланысты өткір сұрақтар қойғанын да жеткізді. Депутат З.Балиева əйелдердің зейнетақы жасын өсіру оңай шаруа емес екенін айта келіп, бірақ ол болашақ ұрпақтың мүддесі үшін қажет іс, деді. Сондықтан да мен бұл істі қолдаймын. Бірақ Үкіметтің халықты əлеуметтік жағынан қолдау бағдарламаларын орындаудағы жауапкершілігін арттыру керек, деді ол. Сөз кезегін алған Қазақстан Халықтық коммунистік

партиясының көшбасшысы В.Косарев заң жобасы бойынша бірқатар өткір сындар айтты. Соның ішінде Үкімет пен жергілікті атқару органдары қызметкерлерінің оны халыққа түсіндірмегенін сынады. Үкіметке де, жергілікті билік органдарына да еңбекшілердің мүддесі үшін енгізіліп жатқан өзгерістерді халыққа жеткізу керек еді. Бұл жұмыстар істелмеді. Сондықтан да мен заң жобасына қарсымын, деді ол. Депутат А.Перуашев жұмыс орындарының сақталуы үшін Үкімет көптеген өндірістерді қолдауы қажеттігін айтты. Ал мына заң жобасы Үкіметтің халықты əлеуметтің қолдау мəселесіндегі жауапкершілігін арттырар деген үміттемін, деді. Депутат Ш.Мырзахметов заң жобасы бүгінгі жəне болашақ зейнеткерлеріміздің лайықты өмір сүруін көздейді, дей келіп, БЗЖҚ жұмысының қатаң бақылауда жəне барынша ашық, мөлдір қызмет етуін қалайтынын жеткізді. Сондай-ақ əйелдердің зейнетке шығу жасын

Суретті түсірген Орынбай БАЛМҰРАТ.

Жаѕа заѕ – заман талабы ұлғайту жөніндегі Үкімет дəлелін дұрыс деп санайтынын айтты. Зейнетақы жасын өсіруді жалғыз біздің мемлекет іске асырып жатқан жоқ, оның қажеттілігін басқалар да көріп отыр. Ал, керісінше, жастарын ұлғайтуды кезінде қолға алмай, кейін осы жұмысты жүргізбегендеріне өкінетін елдер де бар, деді ол. Депутаттар В.Рогалев, С.Романовская, О.Асанғазы, Р.Халмұрадов та заң жобасын азды-көп ескертпелерімен қолдайтындарын айтты. Сөйтіп, заң жобасы бірінші оқылымда қатысқан 105 депутаттың 95-інің қолдауы, 2-уінің қарсы жəне 8-інің қалыс қалуымен тұтастай мақұлданды. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйге құқықтарын қамтамасыз ету мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын депутаттарға Білім жəне ғылым вице-министрі Мұрат Əбенов баяндап берді. Оның айтуынша, мониторинг жүргізудің нəтижесінде заңнамада жетім балалардың тұрғын үйге деген құқықтарының бұзылуына жол беріліп келгендігі анықталған. Жергілікті атқарушы органдарға жетім жəне ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету міндеттелгенімен, осы санатқа жататын 34 мың баланың 27 мыңынан астамы (80 пайыздайы) баспанаға мұқтаж күйінде қалып келген. Осы орайда соңғы жеті жылда балалар үйлерінің 14 мың бітірушісінен тек 849-ы ғана (6 пайызы) баспанамен қамтамасыз етіліпті. Вице-министр

негізгі себептер жергілікті атқарушы органдардың тиісті деңгейде жұмыс істемеуімен жəне де жауапкершіліктің заңнамалық нормаларда қарастырылмағандығымен байланысты екендігін ерекше атап кетті. Сондықтан да заң жобасында жауапты тұлғалардың жауапкершілігін күшейту көзделіп отыр. Статистика агенттігінің деректері көрсеткендей, 2006 жылдан бері 384 мыңнан астам пəтер пайдалануға берілсе, соның тек 49-ы ғана (0,2 пайыз) жетім балалар еншісіне тиіпті. Жетім балалар халықтың əлеуметтік қор ғалатын тобына кіретін жалпы тізімде тұрғандықтан, пəтер алуға ешқандай басым құқықтары болмағаны да анықталған. Бұл ретте тұрғын үй алу үшін осы санаттағы балаларға басым құқық беру, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспанаға мұқтаж жетім балаларды жеке есепке алу заң жобасында көрініс тапқандығын айта кеткен жөн. Қолжетімді тұрғын үй бағдарламасына сəйкес 2017-2020 жылдарда құны 2 триллионға жуық теңгені құрайтын 69 миллион 50 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланса, тұрғын үйге мұқтаж балалар үйлерін бітірушілердің болжалды саны 21 408 адамды құрайды, оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін 856 мың 320 шаршы метр үй қажет көрінеді. Бұл – жалпы жоспарланған құрылыстың 1,2 пайызы. Осылайша министрлік бір бөлмелі 40 шаршы метрлік пəтер беру арқылы жетім балаларды 2020 жылға қарай толық қамтамасыз етуге боларын айтады. Сондай-ақ вице-министр жетім балаларға тиесілі баспаналарын

алып қою фактілері орын алып жатқандығын алға тарта отырып, заң жобасында 14 жасқа толмаған жетім балалардан тұрғын үйді алып қоюға жол берілмейтін норма енгізілгендігімен де бөлісті. Бұл балаларға бекітілген тұрғын үйдің сақталуын қамтамасыз етіп, жетім балалар құқықтарының бұзылуын болдырмайды. Сонымен қатар, қамқоршылар жауапкершіліктерін арттыру да назардан тыс қалмайды. Заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Сонымен бірге, кешегі отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Кеден одағында тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы да депутаттар тарапынан қолдау тауып, мақұлданды. Заң жобасы Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің ұлттық заңнамасын біріздендіруге жол салады. Сонымен қатар, келісімдерге қатысушы болып табылмайтын мемлекеттерге қатысты бірыңғай тарифтік емес реттеу шараларын қолдануға ықпал етеді жəне туындауы мүмкін қолданыстағы заңнамадағы құқықтық олқылықтар мен коллизияларды жоюға мүмкіндік береді. Палата салалық комитеттерге «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беруді ұйымдастыру мəселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Рес публикасының Үкіметі мен Ұлыбритания жəне Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Үкіметі арасындағы

Шарапаты тиер шара Қанапия ƏБІЛЕВ, банк

қызметінің үздігі, зейнеткер.

Банк саласының байырғы маманы ретінде бұл күнде зейнетақы жүйесін жаңғыртуға бағытталған шаралар назарымнан тыс қалып отырған жоқ. Осы орайда əрқилы пікірлер білдірілуіне байланысты аталған мəселенің жұрт көңілін қатты толғантуы себептерін түсінемін. Зейнет жасына жеткенінде күнделікті тұрмысқа мұқтажын өтей алатындай жағдайы болуы бəрінің де басты тілеуі екені анық. Меніңше, Үкіметтің осы мақсатты көздеген қадамы орынды деп ойлаймын. Неге десеңіз, өмір сүру деңгейі жылданжылға жақсару үстінде, кімде-кім сол

қатардан қалғысы келмейді, бұл үшін алдымен жылдар бойы жинақталған зейнетақы көлемі жеткілікті болуы қажет. Сондықтан осыған септігін тигізетін шаралар күн тəртібіне мезгілінде қойылып отыр деуге болады. Ал шындығына келгенде, қалай болғанда да алдан шықпай тұрмас бұл мəселенің елдің əлқуаты кемелденіп, нығаюы кезінде шешілуі де жөн көріледі. Үдемелі индустриялық- инновациялық даму бағдарламасы бойынша ірі жобалар іске асырылу, жаңа жұмыс орындары ашылу, шағын жəне орта кəсіпкерлік белсенділігі күшею, жас адамдардың арман-мақсаттарына

жарқын келешек жасалу үстінде. Елдің одан сайын өсу-өркендеу жолы айқын жағдайда еңбекке ынталы қай адамның да зейнетақы жинақтау көлемін арттыруына мүмкіндігі бары сөзсіз. Бұған қоса, мемлекет қолдауы көрсетілер болса, зейнетақы жүйесін жаңғырту көп көңілінен шығарына үміт зор. Мұндай шараның қай елде де үлкен қиындықпен жүзеге асырылуын білеміз. «Өткел өтсең бұрын өт, артта қалсаң жол тайғақ» дейді емес пе, халық. Ненің де уақытында атқарылғаны дұрыс қой. ҚАРАҒАНДЫ.

Бўл – адамды ширата тїсетін ќадам Сəуле САТЫБАЛДИНОВА,

Алматы облыстық балаларды оңалту орталығының жұмысшысы.

Əйелдердің зейнет жасын ұлғайту, біріншіден, еңбек етіп жүрген адамды ширата түсетін қадам деп санаймын. Олай дейтінім, кеше ғана еңбек етіп, өзін шамашарқынша күтіп жүрген жандар зейнеткерлікке шығысымен күрт шау тартып кететіндігін күнделікті өмірде көріп жүрміз. Екіншіден, тұрақты еңбекақы төленеді. Бұл – күнделікті өмірде нақтылы əрекетті

жоспарлауға мемлекеттік кепіл. Құдайға шүкір, үлкен қызым тұрмысқа шығып, екі немере сүйгізіп отыр. Тағдырдың жазуы шығар, екінші қызым бала күнінен мүгедек болып қалды. Үшінші қызым жоғары оқу орнында, кенжеміз мектепте оқиды. Жұбайым жиһаз жасап, адал еңбегімен бала-шаға нəпақасын табуда. Сондықтан айлық жалақыға қарап отырған жандардың бірі болғандықтан, зейнетақы жүйесін жаңғыртуды қолдаймын. Талдықорған қаласында орналасқан облыстық балаларды оңалту орталығында кір киімдерді

жуушы болып табатын жалақым балаларымның бір қажеттілігін өтегенде қуанып қаламын. Сол қуанышты ұзарта түсуге жасалған қадамды қалай қол дамаймын. Қолдаймын. Айлық табы сымның заңнамамен белгіленген пайызы зейнетақы қорына аударылып, болашаққа деген сенімімді туғызған сайын құдайға тəубешілік айтып, неғұрлым ұзағырақ жұмыс істесек солғұрлым өсімі мол болатынын да білеміз. Қарапайым еңбек адамы ретінде зейнетақы жүйесін жаңғыртуды қолдайтынымның бір себебі осы.

Ұлыбритания жəне Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Ауғанстан Ислам Республикасын тұрақтандыру мен қалпына келтіру жөніндегі халықаралық ісқимылдарға қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы əскери мүлік пен персоналдың транзитін қамтамасыз ету туралы келісімді ратификациялау туралы», «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру жəне Даму Банкi арасындағы №7681-KZ Қарыз туралы келiсiмге («ОңтүстікБатыс» автомобиль жолдарын дамыту жобасы: Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық транзит дəлізі (ОАӨЭЫ 1b жəне 6b)) түзетулерге қатысты Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру жəне Даму Банкi арасындағы келісім хатты ратификациялау туралы», «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру жəне Даму Банкi арасындағы Қарыз туралы келiсiмді («ШығысБатыс» автомобиль жолдарын дамыту жобасы (Алматы-Қорғас учаскесі): Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық транзит дəлізі (ОАӨЭЫ 1b)) ратификациялау туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жəне «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларына қорытынды əзірлеу мерзімдерін нақтылап берді.

Алпысќа келгеннен аќыл сўра Тілеукеш ЖƏНІБЕКОВА,

Өскемен қаласы əкімдігінің №6 «Күншуақ» балабақша-бөбекжайының директоры.

Ə йе лд е р д і ң з е йне т ж а сын ұлғайту мəселесі біраз уақыттан бастап айтыла бастады. Өз басым зейнетақы саласындағы өзгерістерді толық қолдаймын. Неге деген сауалға шама-шарқымша жауап беріп көрейін. Біріншіден,Үкімет бірыңғай зейнетақы қорын құру, еңбекке жарамды тұрғындарды жұмыспен қамту арқылы олардың өздерін өздері асырайтындай жағдайға жеткізсе жаман болмас еді. Екіншіден, бүгінге дейін əйелдер 50-ден асқан соң жұмысқа орналасу жағынан қиындық көріп келгені белгілі. Енді заң қабылдана қалса, жұмыс берушілер мұндай шектеу қоя алмайды. Үшіншіден, көптеген құрбыларыммен əңгімелескенде мына жайларға қанық болдым. Əйелдердің көбі 58 жастан зейнетке шығуды армандайды деп өз басым кесіп айта алмаймын. Себебі, өмірлік тəжірибесі мен білімін, білігін ел игілігі үшін жаратса жарасымды емес пе. Оның үстіне «ақылды алпысқа толғаннан сұра» деген сөз тегін

айтылмаса керек. Зейнетке шығып алған соң өздерін қайда қоярларын білмей, қоғамнан тыс қалған құрбыларым «шіркін, ұжымыңмен бірге қызмет жасап жүргендерге қызығамын» деп айтып қалады. Біздің ұжымда елуге тарта қыз-келіншек еңбек етеді. Бастапқыда олар əйелдердің зейнет жасын ұзартуға реніштерін білдіргені рас. Күні ертең жұмыстан қысқарып қалсақ, отбасымызды кім асырайды деген сауал да толғандырады. Бірақ «алқаның екінші жағы бар» дегендей, ойланып-толғана келе түбі бұл жаңғыртудың тиімді болатынына көз жеткізгендей. Егер дені сау, жағдайы мен жұмысы болса, əрбір адамның шамасы жеткенше қызмет еткені жөн болады деген ойдамын. Оның үстіне Үкімет қанша жасқа келсең де, қайта біліміңді жетілдіріп, мамандығыңды ауыстыруға жағдай жасап отыр. Ауыр жұмысқа жағдайың келмесе, аспазшы не тігіншінің оқуын оқып, жеңіл жұмысты төңіректе. Зейнетақы төлемдерін ай сайын тұрақты аударып тұрсаң, күні ертең оның рахатын көресің. Шығыс Қазақстан облысы.


4

www.egemen.kz

18 cəуір 2013 жыл

 Ел жəне Елбасы Тəуелсіз мемлекетіміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолына зер сала қарасаңыз, оның қастерлі ұстанымына айналған қасиет аз емес екендігін аңғарар едіңіз. Солардың бірегейі – достықты айрықша ардақтау. Президент туралы «Елбасының алтын бесігі» атты кітап жазған танымал журналист, Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты Айтбай Сəулебектің мақаласында Елбасы өміріндегі достыққа қатысты үш үзік сыр оқырман назарына ұсынылып отыр.

1. ЇШЌОЅЫРДАЄЫ ЎШЌЫН «Иə, біреулер ойлайтын шығар, мені аспаннан салбырап жерге түсе қалды деп. Президент болғаныммен, бүйрегім жерге бұрып тұрады. Мен көрген тіршілік əлі өзгере қойған жоқ. Сондықтан, өмірді көріп өскенімді жасыра алмаймын. Сиырды да бұзаулаттық, биенің құлындауын да көрдік. Менімен бірге өскендердің балалығы мен жастығы екі қолдың күшімен өткен жоқ па?». Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ. («Ғасырлар тоғысында» кітабынан) Нұрсұлтан Əбішұлының мектепте жүргенде-ақ достық деген ұлы сезімнің қадір-қасиетіне жете білгеніне бір мысал келтірелік. 1957 жылдың күзінде Сұлтан бастаған алты ұл мен бір қыз Шамалғандағы Фурманов атындағы қазақ-орыс мектебінен Қаскелеңдегі Абай атындағы орта мектепке ауысып, соңғы класты оқуға барады. Себеп – бір класта жетіақ оқушының қалғандығы. Абай атындағы мектеп директоры оқу шылардың кеш келгендігін, интернатқа жататын балаларға бюджеттен қаржы бөлініп қойғандығын, сондықтан оларды интернатқа қабылдай алмайтындығын қынжыла ескертеді. Шынында бұл шамалғандықтардың күтпеген проблемасы. Жолдастарының қатты қиналғандығын көрген Сұлтан: – Достар, қамықпаңдар, Құдай мені сендермен бірге неге оқытты дейсіңдер. Мен сендердің интернатқа жатуларыңа көмектесем, – дейді жымиып. – Əй, мынаны қараңдар, – дейді ішінен біреуі ренжіп, – бізге жақсылық жасамақшы. Сонда өзің қайда жатып оқисың? Мұнда əкеңнің үйі бар ма еді? – Бар ма, жоқ па, оны не қыласыңдар? Біздің Əбекең «Интернатта жатып оқымайсың. Онда жөнді білім ала алмайсың» деп баласының жатып оқитын жайлы үйін əзірлеп те қойған, – деп ел естімеген жаңалықтың шетін шығарады Сұлтан. – Біздің əкейлерге ондай ақылды Құдай жазбаған ғой, – деп күрсінеді бірі əзіл-шыны аралас. Қойшы, сонымен Сұлтан достарын ертіп, аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасарына барады. Осылай да осылай деп жағдайды баяндайды. Бастық дереу телефонға жармасады. «Балаларды далаға қалдыру деген не сұмдық? Жеті оқушыны орналастыра алмау деген не масқара?» дейді ашуланып. – Алты бала деп айтыңыз, – дейді осы сəт Сұлтан тақ етіп. – Түсінсем бұйырмасын. Сендер өзі жетеу емессіңдер ме? – Жетеуміз ғой. Бірақ, мен интернатта жатып оқымаймын, – дейді Сұлтан. – Неге? Кім айтты? Орналастырамыз. Алты бала сыйған жерге жетіншісі де сыяды! Төрағаның орынбасары таңдана қарайды. – Əкем айтты: «Интернатта жатып оқыған оқу болмайды» деп. – Сенің атың кім еді? Нұрсұлтан Назарбаев па? Кімнің баласысың? Елден шыққан ерекше кімсің, соншама? – Əбіштің баласымын! Əбіш Назарбайдың, Назарбай Егембайдың, Егембай Мырзатайдың, Мырзатай Айдардың, Айдар Көшектің... – Тоқтата ғой. Сен Қарасай батырдың ұрпағы екенсің ғой! Əкең жөнінде ел аузындағы жақсы пікірлерді естігем, – деп ауат комның екінші басшысы қарқынын бəсеңдетеді. Ертеңіне Сұлтанның алты досы интернатқа орналасады. Айтқандай қандай келісім жасасқанын кім білсін, Əбіш баласы Сұлтанды жеке үйге орналастырып, оқуына бар жағдай жасап береді. Біз жүздескен сыныптастар мектептің соңғы жылында Сұлтанның елде болмаған бір жаңалық ашқандығын баса көрсетті. «Ол былай, – дейді олар, – əдетте

Достыќ дастаны Айтбай СƏУЛЕБЕК, журналист.

оқушы лар мемлекеттік сынақтарға төртінші тоқсанның алдында дайындала бастайтын. Сұлтан бұл үрдісті бұзды. Алғашқы каникулдан оралғанымызда əзірлікке кірісетіндігімізді ескертті. Мұнысына бір жағынан таңғалдық. Себебі, дайындықты мұғалімдер жүргізетін. Амал не, оның бастамасына көнуімізге тура келді. Мектепте оқушылар көп бол ғандықтан класс жетпей қала беруші еді. Сұлтан дайындықты кешкісін өткізіп тұруды ұсынды. Шынымызды айтар болсақ, «ұсынды» дегеніміз болмаса, ол бізге пайдалы істердің бəрін өзі шешетін. Саяси тілмен жеткізер болсақ, ол сол кезде-ақ біздің көшбасшымызға айналған-ды. Əрбір пəн бойынша озат оқушылар алдын ала дайындалып, қалған оқушыларға сабақ ретінде түсіндіріп беріп отырды. Жастайынан өзінің қарақан басын ойламай, айналасындағы адамдардың қамын жеген Сұлтан достарына адал, ақылды болды. Ол ол ма, төртінші тоқсанның алдында дайындық дегеніңіз пікір алысу түрінде өткізіліп жатты. Бұл да Сұлтанның енгізген жаңалығы. Нəтижесінде кластағы 42 оқушы мектепті жақсы деген бағамен бітіріп шықтық». Нұрсұлтан Əбішұлы 10-шы класта жүргенде «Оның қуанышы» атты тұңғыш мақаласын аудандық газетке шығарады. Кейіпкері – сыныптасы Əуесхан Əжібаев екен. «Не жайында жазды дейсіз бе? – деп бастады сөзін Əукең, – Менің үздік оқитынымды, əкеме көмектесетінімді, алғаш рет дауыс беруге қатысатынымды айтты. Мен Сұлтанмен бірінші кластан бiрге оқыдым. Оныншыға көшкенімізде 6 ұл, 1 қыз қалдық. Содан Қаскелеңге ауыстырды бізді. Досымның бала кезiнде қалыптасқан бір қасиетi бар. Жолдастарын ешқашанда қиындықта қалдырмайтын. Қаскелеңде интернатқа орналастырды бiзді. Оныншы класта бір партада отырдық». «Ерғали Төлепбаев деген бірге оқыған досымыз бар еді, – деді бізге Сай лау бек Қыдырəлиев аға. – Өзі жетім жігіт-тін. Ол Нұрсұлтанмен бірге Днепродзержинскіге барып, кран машинисі деген мамандық алды. Теміртауда екеуі бірге жұмыс істеді. Ауылға келгенде Нұрсұлтанның адамгершілік істерін, қабілетінің зор, білікті, іскер екендігін, басқа да қызықты жағдаяттарды жырдай ғып айтатын. Ол кезде Магниткаға келген өзге ұлт қыздары көп болыпты. Ерғали орыс қызына үйленді. Тимур, Артур деген қос ұл берді Құдай. Амал не, өмірмен ерте қоштасты. Нұрсұлтан сол сəтте Қарағанды обкомының екінші хатшысы. Елден жерлеуге қатысуға барған ағайындар аузынан суы құрып, сыныптас досымыз Сұлтанды мақтап келді. Ерғалиды жерлеу рəсімін өзі ұйымдастырыпты. Елбасы туған жеріне атбасын бұрған сайын бізді – сыныптастарды жүздесуге шақырады. Айтқан əңгімелері көңілімізді шаттыққа бөлейді. Кəдімгідей рахаттанып, бір жасарып қаламыз. Əр кез қоштасып

тұрып: «О, Алла! Жаратқаныңа шүкір. Нұрсұлтанмен дос еткеніңе мың да бір рахмет. Досымыздың денін сау ете гөр. Абыройын асқақтата гөр. Ел-жұртымен бірге бақытты ете гөр!» деп іштей тілеп, қимастықпен шығарып саламыз».

2. ЖЫРАЌ ЖЕРДЕГІ ЖАРАСТЫЌ «№8 ТУ менің негізімді қалаған оқу орны. Осында оқыған жылдарымды қашанда мақтанышпен есіме алып, жүрегімде сақтаймын. Қазір қандай болып қалыптассам, дəл осы жерде де мен сондай болып қалыптаса бастадым». Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ. (1994 жылы Днепродзержинск училищесінің құрметті қонақтар кітабына қалдырған қолтаңбасынан). Елбасының өзі айтып жүргендей, Днепродзержинскінің өмірінен алар орны ерекше. Жас жігіт жырақ жерде өзіне өмірлік достар тапты. Еңбекпен шыңдалды. Кəсіби мамандық игерді. Азамат боп қалыптасты. Нағыз достықтың қандай болатындығын сезінді. Ұлттық сана-сезімі, намысы қыр қызғалдағындай құлпырып, бүр жарды. Қазақтың төл өнерін украиндықтарға достарымен бірігіп көрсете білді. Қазақ деген ұлттың ешкімнен кем еместігін айрықша дəлелдеді! Елбасымыз өзінің «Əділеттің ақ жолы» кітабында сондайлық ілтипатпен атаған украин досы Николай Литошкамен 2007 жылы Днепродз ержинскіге Қарағанды облысы делегациясының құрамында барғанымызда кездесудің сəті түсті. «Өз тағдырыма ырзамын, – деген еді ол. – Əуелі Нұрсұлтан досыма тəнтімін. Менің бақытты болуыма осы бір қазақ азаматы көмектесті. Егер ол болмағанда... Əрине, көптің бірі болып жүре берер ме едім? Нұрсұлтанның біздің отбасымыздың бір мүшесі боп кеткендігін өз аузынан естідіңіздер ғой. Анам марқұм оны өз ұлындай жақсы көретін. Оған шексіз көңілмен сенетін. Маған «Осы досыңды ренжітпе. Ол саған пана болады» деп жиі ескертетін. Мен бұл сөзге мəн бермейтінмін. Алыстан мамандық үйрену үшін ат арылтып жеткен қазақ жігітінің келешекте маған қалай пана болатынына миым жетпейтін. Нұрсұлтан екеумізді спорт достастырды. Бірақ, мен оны балуан ретінде бағалаппын да, өнерлі жан екендігін білмеппін. Сенесіз бе, Нұрсұлтан Əбішұлы училищеде оқып жүргенде украиндықтарға қазақтың əнін тың датты. Өнерін көрсетті. Жастар арасындағы концерт өз алдына, ол Днепродзержинск теледидары арқылы қазақ жастарының ішінен өнерпаздарын таңдап, жергілікті халыққа рухани лəззат сыйлаттырды. Мен сол кезде домбыра дегенді бірінші рет көрдім. Нұрсұлтанның əншілігіне куə болдым. Мен ғана емес, менің жерлестерім оның өз ұлты үшін, өз халқы үшін жаратылғандығын сезіндік. Сонау 1958 жылы Нұр с ұлтан Əбішұлы Днепр жеріне Қазақстанның болашағын ешкімнен кем қылмаймын деп патриоттық сезіммен

барғанда достық пейілімен қол созған, туысқаннан да артық бауыр боп кеткен украин жігітінің өмір бойы қазақ досымен жұп жазбағандығы жастарымызға ұлағатты тағылым болса керек. Кобзарьдың күміс үнімен, Таныспын бала күнімнен. Шыңдаған сол бір шақтарды, Еске алам жылы... Бүгін мен. Днепр дария толықсып, Құшағын жайды... Сол ыстық. Ұстаз бар, Жолдас, Басқа да, Жақсы жандар жолықты. Кəсіптің біліп қыр-сырын, Тірліктің ұғып тылсымын. Болашаққа алып жолдама, Қанатты қақтым құлшынып, Төріңе шығып. Дəм таттым. Жаныма жақын əн таптым. ...Еске алып ерен күндерді, Сағыныш сазын самғаттым. Бұл – Нұрсұлтан Назарбаевтың «Днепрдегі достарға» деген өлеңі. Сағынған сəтте кеудесінен жыр боп төгілгендігін аңғару қиын емес. Жігіт Нұрсұлтанның украин жерінде жерлестеріне қамқор болғандығын сол елдегі ұстаздары да, достары да үнемі еске алып отырады. Назарбаевтың орыс тіліне жетіктігі, ұйымдастырушылық қабілетінің жоғарылығы, еңбекке деген ынталылығы, металлург мамандығына құштарлығы қазақ жігіттерінің намысын қамшылағандай серпін берген. Қазақстаннан барған алпыс жеті жастың небəрі бесеуінің ғана елге ерте оралғандығы біздің сөзімізге дəлел. Украинада Тұңғыш Президентпен бірге оқығандар – Қабидолла Сарекенов, Сатыбалды Ибрагимов, Мақсұт Нəрікбаев, Алтынбек Асанов, Рахметулла Жанарбаев, Əсетолла Кəрімов, Алтай Сəлімов, Исмаил Оразбай, Марат Қыстаубаев, Аманали Əбдіраманов, марқұмдар Əбілаш Əбуов, Досмат Ырысметов, т.б. еліміздің дамуына, тəуелсіздікке қол жеткізуіне үлес қосты. Елбасының салиқалы саясатын барынша қолдады. Жастарды патриоттық рухта тəрбиелеуге, еңбекке баулуға өзіндік пайдаларын тигізді. Олар ұлттық намысымызды байрақ етіп желбіретіп, құндылықтарымызды қастерлеп, «бір жеңнен қол, бір жағадан бас» шығарып, бірліктің, достықтың керемет үлгісін көрсетті. Өз өмірлерін ұлтының жарқын болашағына арнады.

3. ТЕМІРТАУДАЄЫ ТЕКТІЛІК «Мен Магнитканың тарихын, Теміртаудың тарихын, ондағы адамдардың тағдырын өз тағдырымнан бөлек қарай алмаймын. Азамат ретіндегі алтын бесігім Теміртау дейтінім сондықтан». Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ. (Журналист Сауытбек Абдрахмановпен сұхбат кітабының «Теміртау – алтын бесік» тарауынан). Металлург болу қиын. Сондықтан

оны «отты мамандық» деп атаған. Днепродзержинскіде оқыған 67 жастың жиырма шақтысының, Магнитогорскіде Төлеген Адам-Юсуповпен оқыған соншама жастың сегізінің ғана өз мамандығын игергендігі қаны сорғалаған шындық. Нұрсұлтан Əбішұлы мыңдаған градус ыстық болса да домнаға шыдады. Шыңдалды. Мұндай азамат саусақпен санарлықтай ғана. Ол өзінің келешекте Қазақстанның көшбасшысы болатындығын Теміртауда жүргенде айқын дəлелдеген. Комбинаттың партком хатшысы боп сайланған соң Кремльге барып, ондағы аюдай ақырған Суслов, Долгих тəрізді КОКП Орталық Комитетінің хатшыларынан сескенбей, Магнитка мен қала тағдырын құрып кетуден арашалап қалғандығы ұлттық тарихымызға алтын əріппен өшпестей боп жазылған ақиқат! «Бір жəйтке таңғалам, – деді бізге қал парт комда бірге қызмет еткен Нина Тимофеевна Вахитова. – Елбасы ешқашанда өзін аяған емес. Мемлекеттік қызмет жолында бəрін істеп жатыр. Оның еңбекқорлығы жастарға ғана емес, барша жұртқа өнеге деп білем. Білесіз бе, теміртаулықтар Мемлекет басшысына неге əбден сенеді? Өйткені, олар Нұрсұлтан Назарбаевтың қандай тұлға екендігін, оның жұмысты қалай істейтіндігін, халықтың жағдайын назарынан тыс қалдырмайтындығын жақсы біледі. Бір ғана мысал. Бір кездері Теміртаудың ахуалы нашарлап кетіп еді, Елбасы өзінің шəкірті, теміртаулық Серік Нығметұлы Ахметовті əкім етіп тағайындап, жағдайды түзеп қана қоймады, республикадағы өндірісі озық, ажарлы һəм көрікті қалаға айналдырды». Украинада Нұрағамен бірге оқып келгендердің ішінен Сатыбалды Ибрагимов, Қабидолла Сарекенов (екеуі Президентпен Теміртауда да бір бөлмеде тұрған), Николай Литошко, Алтынбек Асанов, Рахметулла Жанарбаев, жаңа қалада танысқан достары Төлеутай Сүлейменов, Кеңес Жалмұханбетов, Стринжа Виктор Матвеевич, Нехорошев Владимир Анфианович, Төлеген АдамЮсупов, Жақсылық Əскеев, Қуаныш Омашев, Ермек Төлеубаев, Владимир Федорович Колбаса, Тоқтархан Ысқақов, Жаныс Арысов, Əділ Үсеев, Олжабай Иманбаев, Ілияс Баймұрзаев, Олег Николаевич Сосковец, т.б. Назарбаевтың үнемі жанында болып, игі істеріне қолдау көрсеткендер. Назарбаев та оларға қарыздар боп қалған жоқ. Металлург кезінен бастап көмектесіп келеді. Достарының көбі «Егер Сұлтанның «Біз елді ойламасақ, кім ойлайды? Металлург мамандығы қаншалықты азап болса да шыдайық. Өз елімізді өзіміз дамытайық» деген тоқтау сөзі болмаса, біздер сол кездері басқалар тəрізді ауылға қайтып кеткен болар едік» деп ағынан жарылады. Оларды тыңдап отырсаңыз, Елбасымыздың сол бір жалынды шақтың өзінде тектілік танытқандығына, елі мен жері үшін шырыл қаққандығына тəнті болар едіңіз. «Нұрсұлтан домнада құрыштай шынығып шықты, – деді бізбен жолыққанда Социалистік Еңбек Ері,

атақты металлург Төлеген АдамЮсупов. – Ол қиындықтан қорықпады. Əлі күнге дейін таудай жүкті арқалап келеді. Патриот деген осы! Елбасымыз 60-жылдардың өзінде ұлттық намысы жоғары жалынды жас еді. Мүмкін, сыртта жүріп, көп ой түйді ме екен, көпшілік отырған жерде «Намысты қолдан бермеу керек!» деп жиі ескертетін. Енді ұғындық қой, Нұрсұлтан сол кезде-ақ ел билейтін қасиетін байқатқан екен-ау». Сол сəттердің өзінде Нұрағаның шапа ғатына бөленген, жақсылығын көрген кісілер Теміртау мен Қарағандыда көптеп саналады. Оның мейірімділігі, дарқандығы, достыққа адалдығы турасында ел ішіне тараған əңгіме баршылық. Нұрсұлтан Əбішұлы 1980-жылдардың ортасында жазықсыз жапа шегіп, Мəскеудің түрмесіне қамалып, сотталған, Қарағанды облыстық жолаушылар көлігі басқармасының бастығы Қадырбек Мейрамбековтің ақталуына көмектесіп қана қоймады, елге оралған соң Алматыға алып, емдетті. Елбасының жас күнінен ерекше қасиеті – адамдарды ұлтына қарап бөлектеген емес. Жақсы азамат болса, достаса береді. Комбинатта жүргенінде Володя деген жүргізушісі бар еді. Соған қалдырған қысқаша хатына назар аударалықшы. «Қымбатты Володя! Мен саған бара алмадым. Жазыларсың деп үміттенемін. Сергек бол. Мен Қарағанды дəрігерлері сені қарасын дедім. Егер қажет болса Алматыға алып кетемін. Бористің (Нұрағаның досы – А.С.) бейітінде болдым. Бар жақсылықты тілеймін. Нұрсұлтан. 25.ХІІ.1992 ж». «Міне, біз білетін Нұрсұлтан Əбішұлы осындай азамат. Сондықтан оған əрдайым денсаулық тілеп, көп болып қолдап, жарқын болашаққа қарай бірге қадам баса берейік», – дейді оның Теміртаудағы достары. Белгілі қоғам қайраткері, ғалым Əбдеш Қалмырзаев Елбасы туралы жазғандардың бəрі айта бермейтін шындықты былайша жайып салыпты: «Орталық Қазақстанның азаматтары оны біздің ауылдың баласы емес деп шеттеткен жоқ. Нұрсұлтанды Арқаның ұл-қыздары қатты қадірледі, олар оны өздеріне жетекші етіп сайлады. Қыздары жүрек сезімдерін аяған жоқ. Жүрген ортасының серісі, лидері болды. Өршіл, өнерлі, жігерлі, қайратты, мейірбан жігіт жұрт көзіне ерте ілікті. Оны жақын туыстары, беделді жерлестері қолынан жетектеп апарып, мансап орынтағына отырғыза салған жоқ. Бəріне ол өз еңбегімен, өз талабымен, өз парасатымен жетті. Назарбаев саяси басшы ретінде, қоғам қайраткері ретінде, ұлт азаматы ретінде Орталық Қазақстанда қалыптасты. Ол осында жүріп өз махаббатын тапты. Қыздары осында дүниеге келіп, мектепке барды. Болат пышақ қап түбінде жатсын ба? Қырыққа жетпей Назарбаев Алматыға партияның Орталық Комитетінің хатшысы болып оралды. Қарапайым ауыл баласы есейіп, ер жетіп, ақыл тоқтатып, ел ағасы болып, ақбоз атқа мініп туған жері Жетісуға – сүйікті қаласы Алматыға оралды».

ТЇЙІНСҐЗ Бір шындық бар, ол – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзін ғана емес, тұтастай тəуелсіз Қазақстан мемлекетін адамзатқа дос етіп жарқырата көрсеткен дігі. Бұрын біздің елімізді əлем халықтары білуші ме еді? Ресей дейтін. Қазақтарды орыс дейтін. Ал қазір ше? «Қазақстан» дейді. «Қазақтар» дейді. «Президенті Назарбаев» дейді. Мақтаныш емес пе? Тек өз елінің табысы мен жақсылығына қуанбайтындар ғана күндейтін болар. Қызғанатын болар. «Мен өз халқымды сүйемін, – деп жазды «Ғасырлар тоғысында» атты кітабында Мемлекет басшысы. – Оның мені бала кезімнен сабыр мен парасатқа бөлегенін мақтаныш тұтамын. Бейбіт тəсілдерге ғана жүгініп, шиеленіс пен кикілжіңнің ережелеріне мойынсынғым келмейтіндігі де сондықтан. Қанша қиындық көрсе де абзалдығы мен сабырлылығын, басқа халықтарға деген сыйлаушылығын сақтай білген халықты, қазіргідей қиыр-шиыр тарихи кезеңде өзім ажырамас бөлшегіне айналып отырған асыл жұртымды, ХХІ ғасыр табалдырығынан аттап, өз талабын тағы бір сынап көргелі отырған тəуекелшіл ұлтымды қалайша мақтан етпеспін. Қалайша бас имеспін». Шүкір, бүгінде Қазақстанда ешкім ешкімді ұлтқа бөліп жатқан жоқ. Керісінше, Мемлекет басшысы айтқандай, «Тұтас мемлекет болайық, дос, туыс, бауыр болайық!» деп жатыр. Бұл – Тұңғыш Президентіміздің сара жолы. Салиқалы саясаты. Лайым, солай болғай! Достық дастаны жалғаса береді.


www.egemen.kz

18 сəуір 2013 жыл

Бастама тґменнен кґтерілуі тиіс (Соңы. Басы 2-бетте). – Менің көтеретін мəселелерімнің барлығы «Жастар мен балалар ұйымдары» қауымдастығы атқарып отырған жұмыстармен байланысты. Олардың барлығы да жастарға қатысты. Мысалы, біз қазір жастардың əйтеуір басын қосатын формальді шаралардан бас тартып отырмыз. Жалпы, біздің ұйым жастарды толғандыратын проблемаларды аудиторияларға түсіндіруді, үкіметтік емес ұйымдар көтерген мəселелерді қалалық мəслихат деңгейіне алып шығуды мақсат етіп қойған, – деді Татьяна Новикова. Қостанай қаласы тұрғындарының 23 пайызы, жалпы облыс халқының 26 пайызы жастардан тұрады. Бұл – облыс халқының төрттен бірі деген сөз. Аз ауқым емес. Ал жұмыссыздық, баспана сияқты өткір мəселелер жастарды айналып өтпейді. – Президент өздерің үшін барлық жағдайды жасап отыр. Жастар саясатына аз қаржы бөлініп отырған жоқ. Бізде білімді, белсенді жігіттер мен қыздар аз емес. Тар шеңберде қалып қоймайтындай етіп, олардың ісін, қабілетін көрсету керек. Ондай жастар өкілетті органдарға келіп жатса, нұр үстіне нұр, – деді Б.Байбек. Ол жастар кадрларына көңіл бөлді. 2009-2012 жылдар арасында «Жастардың кадрлық резерві» республикалық жобасына Қостанай облысынан 400-ден аса жас өтініш берген болатын. Оқу жəне іріктеу сатыларынан өткен олардың арасынан 23 жас маман кадр резервіне алынды. Б.Байбек жастар ұйымдары жетекшілерімен кездесуде үкіметтік емес ұйымдардың маңызын ерекше атап өтті. Елімізде мұндай ұйымдар 16 мың белсендіні қамтиды. «Нұр Отан» ХДП осылардың барлығын

біріктіруі, олардың партия айналасына топтасуы керектігін айтты. Мұнан кейін «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары партияның облыстағы бастауыш ұйымдары төрағаларының бірінші форумына қатысты. Онда Б.Байбек Елбасы – «Нұр Отан» ХДП Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың партия алдына қойып отырған міндеттері жөнінде баяндады. Аймақтарда оның қызметін, мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін қадағалауды жəне қоғам мен билік арасындағы өзара ықпалды əрекетті күшейту партияның міндеті екендігін тілге тиек етті. Б.Байбек «Бастауыш ұйымдар кез келген партияның басты тірегі мен негізін қалаушы бөлігі болып табылады. «Нұр Отанның» өзегін 6 мыңнан астам бастауыш ұйымдары құрайды, олардың 461-і Қостанай облысында орналасқан. Еліміздегі ешбір партияның жергілікті жерде осындай кең ауқымды инфрақұрылымы жоқ», деп атап өтті. Түстен кейін Б.Байбек Рудный қаласындағы «Ақ барыс» ҰК» ЖШС-інде болып, тез дайындалатын кеспе шығаратын зауыттың жұмысымен танысты. Кəсіпорындағы кездесу барысында партияның қалалық филиалы өкілдерімен əңгімелесті. Онда моноқалаларды дамыту бағдарламасының жүзеге асуы жөнінде айтылды. Сапар кеншілер қаласындағы №1 шағын тұрғын аудан бастауыш партия ұйымы белсенділері кездесуімен жалғасты. Онда партияның Рудный қалалық филиалы жəне бастауыш ұйымдар белсенділері «Нұр Отан» ХДП жарғысының жаңа нұсқасына жасайтын ұсыныстарды талқылады. Қостанай облысы.

Ќоєамдыќ ќабылдау Кеше Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Əлихан Байменов «Нұр Отан» халықтықдемократиялық партиясының орталық ғимаратында партиядан əділдік іздеп келген азаматтар үшін қоғамдық қабылдау өткізді. Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Қоғамдық қабылдауға жазылған азаматтардың дені мемлекеттік қызметке орналасу мəселесімен келген екен. Ал қарағандылық Айнұр Көпеева Президент Жарлығымен құқық қорғау саласы қызметкерлерін аттестаттаудан өткізгенде қабылданған шешімге байланысты шағымданып жүргенін ортаға салды. Астана қаласындағы Сарыарқа аудандық сотында аттестаттауда орын алған кемшіліктер тіркеліп, бұрынғы лауазымында қызметін жалғастыруға мүмкіндік алған Айнұр қуанышының ұзаққа бармай, арада 3 ай өткенде жұмыс берушінің кассациялық шағымы бойынша қайта қараудың салдарынан лауазымының қайтадан кішірейгеніне налитынын жеткізді. Енді Жоғарғы Сотқа шағымданған заңгер қыз екінші инстанцияда істің атүсті қаралғанын алға тартты. Партияның қабылдау

бөлмесіне келген азаматша: «Мен сот қарағанша ешқандай шешім болмайтынын білемін, алайда, осындай жағдайдың орын алғанын сіздерге жеткізгім келеді», десе, нұротандықтар бұл істі Қоғамдық қабылдаудың назарында ұстайтынын, Жоғарғы Сот қарағанда да өздерінің қатысатындықтарын, қажет болса, еңбек қатынастары бойынша дауларды шешуде тəжірибелері бар адвокаттарды да осы іске орай кеңес беруге қосатындықтарын айтты. Келушілер қатарындағы Рабиға Баямбетова мемлекеттік қызметтегі өтілі дұрыс есептелмегені үшін əділеттілік іздесе, Нұрлан Мұхамедин Əли хан Байменов басқаратын агенттікке хат жол дағанын, бірақ өзіне берілген жауапқа қана ғаттанбауына байланысты қа былдауға келіп отырғанын жеткізді. Екі азаматқа таяу арада жауап берілетінін

айтқан төрағаның ендігі бір қабылдауына келген адам өз əріп тесіміз – журналист болып шықты. Зүбайра Əкімова өзінің барлық БАҚ мекемелерінің есігін тоздырғанын, бірақ мамандығы бойынша жұмысқа бірнеше жыл бойына тұра алмай жүргенін, мұны қызметке қабылдауда ашықтықтың, əділдіктің жоқтығымен байланыстырды. Оған Əлихан Мұхамедияұлы: «Мен сіз айтқандай журналистердің барлығы тамыр-таныстықпен орналасады дегенге келіспеймін, бірақ та сізбен бір мəселе турасында келісемін. Мемлекеттен қаржы алатын БАҚ-тардағы жұмысқа орналасу тəртібі бірте-бірте жария болуы тиіс. Сондықтан, осы жүйені жетілдіру жайындағы ұсынысты Мəдениет жəне ақпарат министріне жеткіземін, ал, екіншіден, сіздің түйіндемеңізді осы саланы басқаратын комитетке жібереміз», деп жауап берді. «Нұр Отан» ХДП-ның қабылдау бөлмесіне келген əр адамның ойындағысын, мұң-мұқтажын мұқият тыңдап, өз қарамағындағы тиісті қызметкерлерге қажетті нұсқаулар берген агенттік төрағасының қоғамдық қабылдауында барлығы 12 адам болды.

 Қайырымдылық қағидасы

Аягґздегі «Мейірім» акциясы Оңдасын ЕЛУБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Аягөз қаласындағы «Қозы-Көрпеш – Баян сұ лу» Мəдениет үйіне қарай ағылған тұрғындар күрделі жөндеуден өткеннен кейін құлпырып кеткен 700 орындық ғимаратқа сыймай кетті. Шараны ұйымдастырушылар халық осыншама көп жиналады деп ойламаса керек, қосымша орындықтарды қойып əлек болып жүр. «Мейірім» акциясына жүрек қалауымен келген аягөздіктер Мə дениет сарайының кең фойесіне қойылған аудан мектептеріндегі балалар жасаған қолөнер туындыларын, суреттер мен ағаштан ойып жасалған заттарды сатып алуда. Одан түскен қаржы жетімдерге берілмек. Облыстық білім басқар масының бастығы Мəдениет Ахметова өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен «Мейірім» қайырымдылық акциясының жер-жерде жалғасып жатқанын, Зайсан, Үржар аудандары мен Курчатов, Риддер қалаларында жоғары деңгейде өткенін айта келіп, аудан тұрғындарына сəттілік тіледі. – Дүние жүзінде жетім балалар проблемасы шешілмей отырғаны белгілі. Ата-аналарының аялы алақанын аңсап жүрген ұл-қыздарымызды

қалай далаға қалдырамыз? Біздің ауданда 93 жетім бар, оның ішінде 40-ы əке-шешелері жоқ тұл жетімдер. Өткен жылы облыс əкімі Б.Сапарбаев өңірдегі жетім балаларға қайырымдылық шараларын өткізіп, олардың тұрмысын жақсартуды тапсырған еді. Биыл мұндай акция бізде екінші рет ұйымдастырылып отыр. Ауданның экономикасы жақсарып келеді. Баршатаста мол алтын қоры бар кенішті «Тасқора» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі игеруді қолға алмақ. Демек, бұл компанияның басшылары да жетімдерді қамқорлыққа алады деген сенімдемін, – деді Аягөз ауданының əкімі Əнуарбек Мұхтарханов. Бұдан кейін былтырғы «Мейірім» акциясының қорытындысы бойынша облыс əкімі Б.Сапарбаевтың Алғыс хаты мен марапатына ие бол ған Шалқар Омаров, Ерлан Саңқайбаев, Ғазез Мұқажанов, Асхат Ысқақов, Асылбек Абдрахманов, Аман Мұстафин, тағы басқаларға аудан əкімі сыйлықтар тапсырды. Сахна төріне аудан мектептерінің ұстаздары, жетім балалар шықты. Оларға мектеп директорлары мен ұстаздар өз сыйлықтарын тапсырып, жүрекжарды лебіздерін жеткізді. Айқыз орта мектебінің

директоры Шопантой Молдақашов Райымбек Тұрарбеков пен Альбина Қуатбекқызына ұстаздар атынан велосипед пен бағалы сыйлық тапсырса, мектеп ұстаздары 5 жасар Айқын Оразғалиевқа ноутбук пен 20 мың теңгені ұсынды. Сонымен, «Мейірім» акциясы мəреге жетті. Қазылар алқасы жəшікке түскен ақшаны санады. Ол 2 миллион теңге болды. Сосын оқушылар салған он картина аукционда 300 мың теңгеге сатылып кетті. Теміржол мекемесінің бастығы

Ғазез Мұқажанов ер екен, екі бөлмелі екі үйді жетімдерге салып беретінін айтты. Аягөз ауданының əкімі Ə.Мұхтарханов алдағы уа қытта да жетімдерге аялы алақандарын созатынын, келешекте олардың баспана мəселесін біртіндеп шешу үшін кəсіпкерлер мен ірі компания басшыларының жан жылуы қажет екенін айта кетті. Аягөздегі «Мейірім» акциясы тəлім аларлықтай мəнді өтті. Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы.

5

 Əдебиеттің əңгімесі Екеуміз елдің екі шетінде: ол – Сыр бойында, мен – Алтайда тұрып жатсақ та, оның адам ретіндегі өмір жолын, қаламгер ретіндегі шығармашылық ізденістерін бір адамдай білемін десем, артық айтқаным емес. Серік Байхоновтың əкесімен аттас болғандықтан шығар, өз ба-

табанын жаңа күйдірген балаң жігіт сексеуіл атты қасиетті ағаштың көп сырына енді қаныға бастап еді...» Бүкіл ғұмыры ізденістен тұра тын жазушылықты былай қойғанда, өзіміз де табанын шөңгеге тілдіріп өскен, қара сексеуіл мен сары сексеуілді ажырата

адам қолдарына ұқсайды. Қатып қалған, семіп қалған жансыз сұлбалар. Дəл осындай қатыпсемген сұлбаларды, сұлба болғанда, адам сұлбаларын Шар бойынан көргені есіне түсіп еді; өн бойы дір етіп, көкірек тұсы ашып сала берген...» («Алтай асу» романынан).

і л і у е с к е с ѕ і т к і р Се Мүсілім ҚҰМАРБЕКҰЛЫ, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.

сым оның республикалық басылымдарда көрінген тырнақалды туындыларынан бастап, əрбір шығармасын ерекше назар салып оқығаным рас. Жиырмаға жетпей ел аузына ілінген бауырымның əрбір шығармасына əкесіндей тілекші болып, оның əрбір табысына төбем көкке екі-ақ елі жетпей қуанып қалушы едім. Ұлы Отан соғысының мүгедегі, өмірден ерте озған Мүсілім отағасының отбасында дүниеге келген Серік ең алғаш өзі туған Сыр бойының табиғат дүниесі: аң-құстары мен өсімдіктер əлемін жазушыға тəн байқағыштықпен аңдап, əңгіме арқауы ете бастады. Ұмытпасам, жетпісінші жылдардың басында Серіктің «Қазақ əдебиеті» газетінде «Қырғауылдар», «Қаратұмсық ақбөкен» деп аталатын əңгімелері жарық көрді. Серіктің ертеректе жарық көрген қысқа да нұсқа, мəнді де маңызды «Мал иесі», «Құлақшын алып қашу», «Қырғауылдар», «Басы бүтін ер», «Ұрлықы мал» сияқты əңгімелері, «Жалын» альманахында жарық көрген «Жалғасым менің – жалғасым менің» атты хикаяты оқырманды бейжай қалдырмағаны белгілі. Бұл əңгімелер жайлы жағымды пікірлер кезінде мерзімді баспасөзде егжей-тегжейлі айтылғандықтан, арнайы тоқталып жатпаймын. Күндердің күнінде сол Серік бауырыммен Алтай төсінде ұшырасып, көптеген жылдар қоянқолтық бірге жұмыс істеймін-ау деп кім ойлапты. Бұл кезде оның қазақ оқырмандарына «Жалғасым менің – жалғасым менің», «Ең ыстық маусым», «Қос шатырлы үй», «Құйылыста», «Сал үстіндегі маусым», «Ғажапстанға саяхат», «Бетпақдала – шөл емес», орыс тілді оқырмандарға «Самый жаркий сезон», «Сезон на плоту» деп аталар кітаптарымен танымал болған кезі еді. Алтайда жүргенде Қазақстан Жазушылар одағының Ахмет Байтұрсынов атындағы əдеби сыйлығының иегері Серік Мүсілімұлының төрт томдық шығармалар жинағы мемлекеттік тапсырыспен жарық көрді. Шығармашылық жолдағы əріптесі ғана емес, шын жанашыры ретінде осы төрт томдыққа бас-көз болып, алғы сөзіне дейін өзім жазғандықтан, мен Серіктің шығармашылық лабораториясымен таныспын деп айта аламын. Сол төрт томдыққа алғы сөз жазып отырып «Сексеуіл» атты əңгімеге көзім түскені. Ертеректе мерзімді баспасөз бетінен, ұмытпасам, «Қазақ əдебиеті» газетінен оқыған шығармам еді. Бас салып қайта оқи бастадым. «...Күн өткен сайын отыншылар қосын қоршай өскен сексеуіл аяғы алыстап бара жатқан-ды. Тіктеп тиген балта шүйдесімен бірге ақсөңке томарлар қопарыла құлайды. Тығылысып өскен жас жігердің арасынан тік құлақ қояндар үркіп қашады. Бойына жаңа ғана су жүгірген ақсаусақ сексеуілдердің жіңішке діңі майысып-майысып барып қайта тіктеліп кетеді. Құм арасының қызыл шағылына

алатын ауыл баласымыз, мені Серіктің «ақсаусақ сексеуіл», «жігер сексеуіл», «ақсөңке сексеуіл» деген атаулары қызықтырғаны рас. «Сен осы кез келген шығармаңа ақбөкен мен сексеуілді тықпалай береді екенсің» – дедім Серікке. «Өзім де сексеуіл секілді емеспін бе?» – деп қар-рап тұр данышпан. Бетіне, түр-түсіне, дене бітіміне анықтап қарасам, біздің Серіктің өзі де тырыли арық, ойқы-шойқы, сорайған сексеуілден айнымайды екен ғой. Саяхатшы ретінде Қызылорданың қызыл құмын қызыл асығынан келтіре кешіп, Бетпақдаланың ақ тақырын əрі де бері кезіп жүріп, өзінің туған өлкесіндегі адамдардың тірлік қарекетін көріп, жақсылығынан үйреніп, жаманшылығынан жирене көкейіне түйіп өскендіктен, Серік өз кейіпкерлерін қағаз бетіне түсіргенде, олар күнделікті өмірде өзіңмен бірге жүрген жанды бейнеге айналып шыға келеді. Шығармалардағы əдеби тұлғалардың тұла бойына қан жүгіріп, жансыз жолдарға жан біте тұлғаланып, жаңа бір кейіпкер əдебиет сахнасының шымылдығын ашқандай сезінесің. Сезінесің де жазушының шеберлігіне тəнті көңілмен таңдайыңа тəттінің дəмі келгендей тамсанасың. Қайран қызыл тілдің қан қақсата шағып алар удай ащылығын да, сексеуілдей қатып қалған денеңді қорғасындай балқытар тəттілігін де жазушы жасаған кейіпкерлермен оңаша отырып, кітапты қолыңа алып сөйлескенде ғана білесің. Серіктің суреттеп отырған сексеуілі тамырын тереңге жіберген, сол тамыры арқылы шөлді өлкені құм көшкінінен сақтап келе жатқан өсімдік, Серіктің сексеуілі тірі, тірі болғанда, кəдімгі жаны мен жады бар, тіптен түйсігі де бар өсімдік. Серіктің өсімдіктері мейірбан, Серіктің өсімдіктері адасқан адамдарға «жол сілтейді». Серіктің айтып отырған «жол сілтегіш» өсімдігі – кəдімгі көкпек, кəдімгі Зайсан қазаншұңқырындағы үш жүз шақырымдық Шорға жазығында өсетін өзіміздің көкпек. «Көкпекті» деген үлкен ауыл сол қарапайым шөптің атымен аталады. Бірақ оның адамдарға «жол сілтейтінін», яғни сулы, ылғалды өңірді тамыршыдай танып беретінін алдымен айтқан да Серік. («Мейірбан шөптер» хикаятынан). Сол кездері Серіктің көбірек жазғаны Қызылқұмның қарашабыры мен Бетпақдаланың ақ тақыры, Сырдың шеңгелі, қызыл жыңғылы мен сары сексеуілі еді. Ал жыңғыл мен сексеуілі түскір өзіміздің Алтайда да бар. Ал Серіктің көзімен қарар болсақ, өзіміз күнде көріп, күнде қолға ұстап жүрген Алтайдың сексеуілі қандай десеңші. «Көп ұзамай құм шағылдардың ұшар басы бір сəт қызғылт түске малынып, артынша қою көлеңкеге оранды. Тоғай ішінің көлеңкесі қоюланып еді, өздерін қоршап тұрған иір-иір сексеуіл бұталары əртүрлі, əр қилы өнер туындыларына ұқсады да қалды. Мына бірі... құр сүлдесі ғана қалған өліктің семіп біткен сыртқы сұл басы секілді. Мына бірі... ас панға қарап алақан жайған

Байқайсыз ба, Серік суреттеп отырған өсімдік адамға ұқсайды. Кəдімгі тағдыр тауқыметін тартқан бейнетқор адамдарға ұқсайды. Ендеше адамдар да табиғатқа тартып туатын болғаны ғой. Серіктің жазғандарынан Алтай мен Атырау, Сыр мен Қырдың арасындағы табиғат дүниесі ғана емес, сол табиғат перзенттері – қазақ ата баласының да тамыры ортақ екенін байқау қиын емес. Тамыр болғанда Серіктің өзі жазғандай, – «терең тамырлар». Бір қарағанда, Серіктің кейіпкерлері жазушының жақын туыстары, жолдас-жоралары, құрбықұрдастары. Олар Аралдың айдынынан асыл маржан сүзіп, Бетпақдаладан өркениет іздерін іздесе, құм арасында өскен Серік шексіз, шетсіз құм жалдары арасына жасырылған өз халқының асылдарын теріп, əдебиет сүйер қауымның кəдесіне жаратып келеді. Жазушының қызықты хикаяттары – құмдағы ауыл адамдарының күрделі тағдыры. «Құйылыс» хикаятындағы Мүсіркеп, «Қос шатырлы үйдегі» Жарылғап пен Жынды Жарас. «Тыныштықтағы» Қанағат пен Бабабек, «Таңбалы машинадағы» Мэлс пен Кəмила, «Өліарадағы» Зауза кемпір мен Күлпарам сияқты кейіпкерлер былай қарағанда ауылдас, туыстас, тірлік, күнкөрістері ұқсас, беттері күнге күйген, қолдары күс-күс, момақан жандар сияқты. Сырт қарағанда елеусіз, қарапайым, дегенмен тамырын тереңге жіберген сексеуіл тектес жандар. Бірақ əрқайсысының жан дүниесі аласапыран арпалысқа толы. Алдарына қойған мақсаттары да əрқилы. Бірі қоңторғай тірлігіне разы көңілмен ешкімді ренжітпей қасқабағына қараса, екіншісі түйені түгімен, биені жүгімен жұтып, жылдамырақ баю жайын ойлайды. Дүниенің қызығы нəпсіқұмарлық, жастықта ойнап-күліп қалмасақ, ертең бармағымызды тістеп жүрерміз деп, бір күндік құлқыны мен бір түндік қызығын ойлайтындар да жоқ емес. Балгерлікпен де айналысып, даңқын елге шығаруға тырысатындар да бар. Сайып келгенде, кейбірі барына қанағат етсе, қайсыбірі қайткенде басқалардан артық болу жағын ойлайды. Міне осындай жандардың арасындағы талас-тартысты жазушы оқырмандарына көркем тілмен, қисынды деректермен жанды суретке айналдырып бере біледі... Қандай да жазушы таңдап алған тақырыбын əр қырынан егжейтегжейлі зерттеп, біліп, болашақ кейіпкерлерімен жақын танысып, құшақтаса қауышып, онымен етене сіңісіп, сырласып кеткенде ғана жазу столына отырып, қан тамырларының бүлкілімен, жұдырықтай жүрегінің лүпілімен сүйіспеншілік сезімін қосақтап, күнде өзіміз тамсана тамашалап жүрген табиғатпен астастыра сипаттап қағаз бетіне түсіргенде, оқырманның ойынан шығар айшықты үздік шығарманы өмірге əкелетіні сөзсіз. Алтайға келген бетте əріптесіміз Алтайдың тау-тасын кезіп, өзен-суын жағалап жөнел ген. Арқалы ақын Ғалым Байбатыров осы кезде Серік шығармашылығына тілекші болып, «Қазақ əдебиеті» газетіне «Қазақтың Асанқайғысы» атты

мақала жазды. Кімнің Асанқайғы, кімнің данышпан екенін қайдан білейін, Серік болса ауыл арасы емес, Өр Алтайдың биігіндегі адам аяғы сирек тиетін қойнаушатқалдарды кезіп, үй-жайдан безіп жүріп «Мейірбан шөптер», «Тастағы əуендер» атты деректі де көркем шығармаларды дүниеге əкелді. Серік қаламынан туған Алтайдың марал тамыры, алтын тамыры, адам тамыры жайлы, жартас суреттері жайлы қызықты, тосын оқиғалы хикаяттарды Алтайдың төл тумаларымыз, Алтайды бір адамдай білеміз деп жүрген өзіміз де қызыға оқыдық. Бетпақдаланың қаратұмсық ақбөкенін жазғанда жалықпаған жазушы қаламы Алтайдың кермаралын жазғанда да жаңылған жоқ. Келе сала Алтайды əрлі-берлі кезген Серігіміз уақыт өте келе Зайсан мен Марқакөлге, «патшалар алқабы» – Шілікті жаққа атбасын бұрып, ара-тұра шекара асып кететін болған. Бүкіл саналы ғұмырын Қызылқұм шөлінде, Бетпақдаланың тақырында өткізіп, шығармашылық қабі летқарымын туған жерінің табиғаты мен туған елінің адамдарына арнаған əріптес бауырым «Алтай асу» атты күрделі роман жаза бастағанда, ал ғаш күдікпен қарағаным да рас. Роман, роман болғанда атақты саяхатшы Николай Пржевальскийдің Тибет сапары жайлы, сол сапарда жиһанкезге жолбасшы болған Мырзаш батыр жайлы қалам тартуға батылы жеткеніне таң қалғанмын. Романның қолжазбасын алғаш оқыған оқырманы да, азды-көпті білетін мəліметтеріммен бөліскен де өзіммін. Жүрек лүпілімен жазылған шығарма оқырманын алдамайды екен. Өзіміз «Сырдың сексеуілі», «Құм адамы» деп еркелетіп жүрген бауырымыз Алтай табиғатын, Алтай болғанда тайгалы Өр Алтай табиғатын жүрегімен сезінген екен. «...Беткейінен буы бұрқырап бусанып жатқан тау шатқалы кеше ғана дүниенің астаң-кестеңін шығарып, қырып кете жаздаған қарғын суды көрмегенбілмегендей тоң-торыс тымырая қалыпты. Кеше ғана жарқабақтың жағасын жыртып жұлқынып жатқан өзен арнасы да мопмомақан монтиып жатыр. Тек қана қос беткейде сіресіп жатқан сіреу қардың көбесі сөгілген, ылжыраған қоймалжың сұйыққа айналып төмендегі өзен арнасына қарай сарқырай ағады... ...Өзеннің қос қапталын, қалың бұта көмкерген, көбіне долана мен итмұрын, анда-санда топтанып өскен шырғанақ көзге ұшырайды. Құйылып түскен күн сəулесі тұла бойын иіткен қара тастың бетінен бу бұрқырайды. Енді бірде сай-сайдың, шатқалшатқалдың бойын қуалай ескен жылы желдің жетегіне ерген ақ түбіт бу жоғарыға қарай қалықтай көтеріле бастады. Көп ұзамай бір қарағанда бары-жоғы белгісіз кəдімгі бу шың басындағы шуда бұлттарға айналды. Арғы жағы белгілі. Ақ шуда бұлттардың барар жері – Марқакөл мен Зайсанкөл. Ғайыптан тайып Іле Алатауының ақ бас шыңдарынан аса алса, бəлкім, Ыстықкөлге де жетер». Міне, осылай. Бұл енді менің де, Қалиханның да, Оралханның да Алтайы емес, Серіктің өз Алтайы еді. Кеше ғана ғайыптан тайып арамызға келген Сыр перзентінің оп-оңай Алтайдың төл тумасына айналып кеткенін өзіміз де байқамай қалыппыз. Қазақ өзінің маңдайына басқан «Жұлдызы» мен «Жалынын» қаржы тапшылығынан əрең шығарып жүрген өтпелі кезеңде Серік Ғабдуллаұлы, Серік Байхонов үшеуміз «Ақ Ертіс» журналының жүз номерін шығардық. Сол журналды оқығандар Серік бауырымның Алтайға, Алтай табиғатына, Алтайдың табиғат тауқыметіне төзіп келе жатқан бейнетқор перзенттеріне деген жүрекжарды сөздерін ұмыта қоймаған шығар. Кез келген шығармасын үлкен ізденіспен жазатын, жазғ ан да шын жүрект ен жазатын Серік бауырымның өзінің Сыр дариясы мен Аралы ғана емес, өзінің Алтайы, өзінің Қал батауы жайлы жазған шығар малары биік əдеби талап тұрғысынан жазылғандықтан, оқушыларын бейжай қалдырмай, қазақ əдебиетінің бүгінгі биігіне алып шығады десем, астамшылықпен асыра айтқандық емес. Бүгінде кемеліне келген жазушы, Сырдың сексеуілі мен Алтайдың алтын тамырының жанашыры Серік Байхоновтың əлі де соны табыстарға жетіп, қаламынан қайнап туған үздік шығармалармен оқырмандарды қуанта беретініне сенгім келеді.


6

www.egemen.kz

18 сəуір 2013 жыл

ҰЛТТЫҚ БАНК ХАБАРЛАЙДЫ, ТҮСІНІКТЕМЕ БЕРЕДІ, ТҮСІНДІРЕДІ Қағидаттар беріктігі

– Дина Төлеубекқызы, оқырмандар қоятын бірінші сұрақ – қазіргі реформалар барысында ЖЗҚ (жинақтаушы зейнетақы қоры) салымшыларының құқықтары зардап шекпей ме, мұндай кезде қандай қорғаныш тетіктері іске қосылады? – Біз бұл туралы талай айтқанбыз, қазір де атап өтемін, БЖЗҚ құру зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін реформалау болып табылмайды, тек институционалдық қайта құру сипатына ие. Қазақстандағы зейнетақымен қамсыздандыру негізгі қағидаттары сақталып қалады. Демек, көп деңгейлі жүйе: ортақ құрамдас бөлік, міндетті жинақтаушы бөлігі жəне ерікті жинақ ақшасы сақталады. Сонымен қатар, заңнамаға сəйкес азаматтардың зейнетақы жинақ ақшасы ЖЗҚ-ның меншікті активтерінен бөлек есепке алынады. Жеке зейнетақы шоттарының жүйесі өзгермейді. Барлық жинақ ақша бұрынғысынша жеке шоттарда толық көлемде сақталатын болады. Əрбір жеке шот ЖЗҚ-мен жəне МЗТО-мен (мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы) салыстырып тексергеннен кейін БЖЗҚ-ға ауыстырылатын болады. Бұл ретте салымшының зейнеткерлікке шыққан кездегі инфляция деңгейі ескерілген зейнетақы жарналарын өтеу жөніндегі мемлекеттің кепілдігі де сақталып қалады. – Салымшылардың көбі өздерінің зейнетақы жинақ ақшаларының қозғалысын бақылаудан шығарып аламыз деп қауіптенеді. Бүгінгі күні көпшілігіміз қорларымыздың дербес беттерін қадағалап отырмыз. Жеке қорлардың шоттарын БЖЗҚ-ға біріктіру кезінде бұл техникалық мəселе қаншалықты жылдам шешілетін болады? – «ҚР-да зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының жобасына сəйкес зейнетақы жинақ ақшасын ауыстыру уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің негізінде жүзеге асырылуы тиіс. Бұл құжаттарда ауыстырудың жан-жақты схемасы көзделетін болады, ол бір ЖЗҚ-ны басқасына қосқан кезде немесе ЖЗҚ-ны таратқан кезде зейнетақы активтерін ауыстырудың тəжірибесін ескеретін болады. Əрбір ЖЗШ (жеке зейнетақы шоты) бойынша зейнетақы жинақ ақшасын есепке алудың тетігі БЖЗҚ-да да бөлек сақталатын болады. Бүгінгі күннің өзінде заңның жобасында салымшылардың ЖЗШ-ны «МЗТО» РМК-ның деректер базаларымен салыстырып тексеру бастапқы кезең болып табылатындығын болжайтын норма көзделген. Бұл ретте салымшылар ƏЖК/ЖСН (əлеуметтік жеке код/жеке сəйкестендіру нөмірі) негізінде сəйкестендірілетін болады. Осымен қатар, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар, кастодиан-банктер, зейнетақы активтерін беретін ЖЗҚ, БЖЗҚ жəне кастодиан-банк əрі инвестициялық басқарушы ретінде ҚР Ұлттық Банкі зейнетақы активтерінің құрамына кіретін қаржы құралдарын салыстырып тексереді. Осылайша, əрбір салымшының жұмыс істеп тұрған ЖЗҚ-дан БЖЗҚ-ға зейнетақы жинақ ақшасын ауыстырған кезде не инвестициялық кіріс, не жарналар «жоғалмауы» тиіс. Себебі, біріншіден, шоттарды көпжақты салыстырып тексеру тетігі жұмыс істейтін болады, екіншіден, активтер салыстырып тексеріледі, олардың нəтижелері бойынша ЖЗҚ зейнетақы активтерін беру жүзеге асырылады.

Заң және Конституция бойынша

– Егер, айталық, салымшы БЖЗҚ-ға өтуден бас тартты. Бұл үрдісті реттейтін заңнан басқа, жеке меншік құқығының мызғымастығына кепілдік беретін Конституция да бар. Адамдардың ЖЗҚ-дағы жинақ ақшасы – бұл қорға басқаруға берілген жеке қаражат. Зейнетақы ақшасымен кез келген операция жүргізген кезде формальды түрде де, заңды түрде де, нақты түрде де барлық кезде салымшының жеке өтініші қажет болды. – ҚР Конституциясы 6-бабының 2-тармағына сəйкес меншiк субъектiлерi мен объектiлерi, меншiк иелерiнiң өз құқықтарын жүзеге асыру көлемi мен шектерi, оларды қорғау кепiлдiктерi заңмен белгiленедi. Конституцияның 61бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сəйкес Парламент аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтiн меншiк режімiне жəне өзге де мүлiктiк құқықтарға қатысты негiзгi принциптер мен нормаларды белгiлейтiн заңдар шығаруға хақылы. Негізгі Заңның келтірілген нормаларынан меншік құқығын қорғау тетігінің Парламенттің заңдарды қабылдауы арқылы іске асырылатынын көруге болады. Өз кезегінде, «ҚР-да зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңның жобасында көзделген нормалар зейнетақы жинақ ақшасы салымшыларының (алушылардың) құқықтарын қорғауды жеткілікті дəрежеде қамтамасыз етеді. Заң жобасына сəйкес БЖЗҚ жинақ ақшасы БЖЗҚ-ға берілген салымшылармен (алушылармен) көрсетілген заң қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған зейнетақымен қамсыздандыру туралы барлық шарттар бойынша құқықтық мирасқор болып табылады. Сəйкесінше, жаңа заң қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған шарттар жаңартылған нормалар шеңберінде қолданыла беретін болады. Жазылғандарды ескерсек, заң жобасы мен Конституция нормаларының арасында қарамақайшылық жоқ. – Кейбір оқырмандар БЖЗҚ-ға өтуден бас тарта отырып, өз зейнетақы жинақ ақшамызды алуға құқылымыз ба деп сұрайды? – Салымшы қолданыстағы заңда тікелей белгіленген жағдайларда біржолғы зейнетақы жинақ ақшасын алуға құқылы. Мысалы, ТТЖ-ға (тұрақты тұратын жерге) кеткен жəне азаматтығын ауыстырған кезде, зейнетақы

аннуитеті шартын жасасқан кезде жəне т.б. 2012 жылы зейнетақы төлемдерінің сомасы 89,8 млрд. теңге құрағандығын айта кеткен жөн. Бұл төлемдер сомасында өмірді сақтандыру жөніндегі компаниялардан аннуитеттерді алуға бағытталған 29,9 млрд. теңге бар. – БЖЗҚ құру заңнамаға сəйкес келе ме, енді Ұлттық Банк əрі реттеуші, əрі басқарушы болады емес пе? – Қолданыстағы заңнамада ҚР ҰБ-ға БЖЗҚ

капиталдандыру мақсатында бір ЖЗҚ-дан екінші ЖЗҚ-ға немесе ГНПФ-ға көшудің мəні бар ма? – Меніңше, қажеті шамалы. – Егер барлығы бір мезгілде ЖЗҚ-дан ГНПФ-ға көшіп кетсе, қорлар біріккенге дейін банкроттыққа ұшырамай ма? – 2012 жылы ЖЗҚ арасындағы салымшылардың зейнетақы жинақтарын аудару 546,75 млрд. теңгені, ал жарналар 466,44 млрд. теңгені

қазіргі кезде 1-ге 2,1-ге дейін жетті, яғни, екі жұмыс істейтін адамға бір зейнеткерден. Арақатынастың құлдырауы жалғасу үстінде: зейнеткерлердің саны ұдайы өсуде, ал жұмыс істейтіндердің саны одан баяу өсуде. Жақын арадағы перспективада демографиялық үрдістер салдарынан қысқаратын болады. Осы арақатынас құлдыраған кезде тиісінше, зейнетақының мөлшері де құлдырайды. Жəне не салықты көтеру, бұл біздің пікірімізше тиімсіз не зейнеткерлік

Зейнетақы жүйесі: ОРТАҚ + МІНДЕТТІ + ЕРІКТІ

Ќазаќстандаєы зейнетаќымен ќамсыздандырудыѕ негізгі ќаєидаттары: кґп деѕгейлі жїйе, активтерді салымшылардыѕ ќаражатына жəне БЖЗЌ (бірыѕєай жинаќтаушы зейнетаќы ќоры) ќаражатына бґлу, мемлекеттік кепілдік бўрынєысынша ќала береді Зейнетақы жүйесін реформалау тақырыбы, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын құру халық үшін неғұрлым өзекті мəселе болып отыр. Бұл қартайған шаққа арналған жеке жинақ ақша мəселесіне адамдардың көп көңіл бөлетіндігін жəне осы саладағы барлық өзгерістерді қалт жібермей отырғандығын білдіреді. Бұл тақырыпты ҚР Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары Дина ҒАЛИЕВАМЕН талқылаймыз.

қызметін реттеуді жүзеге асыруға жəне зейнетақы активтерін басқаруға тыйым салатын нормалар жоқ. Қордың зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Ұлттық Банк БЖЗҚ мен ҚР ҰБ арасында жасалатын сенімгерлікпен басқару туралы шарттың негізінде жүзеге асыратын болады. Бұл ретте Ұлттық Банк зейнетақы жинақ ақшасын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында БЖЗҚ-ға жəне инвестициялық портфельді басқарушыларға қатысты реттеуші болады. Бүкіл осы тетік зейнетақымен қамсыздандыру туралы жаңа заңның, басқа заңнамалық жəне заңға тəуелді актілер деңгейінде реттелетін болады.

Жауапкершілік және міндеттемелер

– Жеке қорлардың көптеген салымшылары оларда көптеген жылдар бойы салымшы болып қалуда. Менің өзіме келер болсам, Халық банкінің ЖЗҚ-нан басқасына кетем деген ойым болған жоқ: бұл қордың салымшыларымен жұмыс істеуі, мамандарының сауаттылығы ұнайтын, кірістілігі жаман емес. Бұл ойыммен, менің түсінуімше, 2 млн.-нан аса адам бөліседі. ГНПФ-тың беделі басқаша, көптеген адамдардың пікірінше, оның белсенді емес инвестициялық саясатының себебі – акционері мен басқарушысы – мемлекеттік құрылым – Ұлттық Банк болып табылатындығы. Бүкіл басқару кезеңінде ҚР ҰБ оған жеке инвесторлар іздеп, активтерін сатқысы келгені бекер емес шығар. Енді міне, БЖЗҚ-ның кірістілігі де өте төмен болады деген қауіп бар. Ал нарықтағы онсыз да болмай тұрған жұмыс бұл ЖЗҚ-ны икемсіз, тиімсіз етеді. Сіздің бұған басқа дəйегіңіз бар ма? – БЖЗҚ-ның ГНПФ негізінде құрылатындығының негізгі дəйегі – онымен үлестес құрылымдардың жоқтығы. Бұдан басқа БЖЗҚ тікелей зейнетақымен қамсыздандыру мəселелеріне қатысты функцияларды жүзеге асыратынын атап өткен жөн. БЖЗҚ активтерін басқаруды Ұлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңес бекіткен құралдар тізбесіне сəйкес жүзеге асыратын болады. Кеңестің дербес құрамын ҚР Президенті бекітеді. Кеңестің құрамына Үкіметтің, ҚР ҰБ-ның өкілдері, қаржы нарығының қатысушылары жəне тəуелсіз сарапшылар кіреді. БЖЗҚ активтерін инвестициялау əртараптандыру жəне сақталуын қамтамасыз ету қағидаттарымен жүзеге асырылады. Оларды одан əрі инфрақұрылымдық жобаларға, банк секторының құралдарына жəне жоғары өтімді сыртқы қаржы активтеріне орналастыру нарықтық қағидаттар негізінде жүзеге асырылады. Зейнетақы активтерінің бір бөлігі Ұлттық қордың активтерін жəне АВР (алтын-валюта резервтері) басқарудың қолданыстағы практикасына ұқсас сыртқы басқарушы компанияларға берілуі мүмкін. Бірақ ҚР ҰБ тарапынан бақылау жасау барлық зейнетақы активтері бойынша сақталады. – Жеке ЖЗҚ-да сапасы емес, саны есебінен табыс алу стратегиясы басым болды ма жəне қорлардың салымшыларға ештеңеге кепілдік бермей, ай сайын табыс алатыны рас па? Мемлекеттің міндеттемелері бар емес пе? Жəне БЖЗҚ осы алдаудан кейін кінəлаудан арыла ма? – Қолданыстағы заңнамаға сəйкес ЖЗҚ кірістіліктің ең төменгі мəнін қамтамасыз ету бойынша жауапкершілік атқарады. Яғни, егер қор алған кірістілік осы көрсеткіштен аз болса, онда ЖЗҚ осы айырманы меншікті капиталы есебінен қалпына келтіреді. БЖЗҚ құрудың себебі олардың ағымдағы төмен кірістілігі емес, зейнетақы активтерін, əкімшілік шығыстарды есепке алуға жəне сақтауға байланысты операциялық шығыстарды төмендету болып табылатынына тағы да назар аударамыз. Тиісінше, комиссиялық сыйақылардың деңгейі бірыңғай қорда төмен болады. Жұмыс істеп тұрған ЖЗҚ кемшіліктеріне дағдарысқа дейінгі кезеңде кейбір қорларда үлестес тұлғалармен жасалған, олар бойынша шығындар келтірілген мəмілелердің болғанын жатқызуға болады. Егер қор біреу болса, онда үлестес тұлғалармен мəмілелер жасау тəуекелі жойылады. Сондай-ақ БЖЗҚ құру кезінде салымшылардың бір қордан екінші қорға көшуі тоқтатылады, бұл жүйенің жалпы тиімділігін төмендетеді. – Қазіргі кезде инвестициялық кірісті

құрады. Бірақ салымшылардың ЖЗҚ-дан жаппай «қашып кетуі» мүмкін емес деп ойлаймын. Өмірді сақтандыру бойынша компанияларға аударымдардың оң динамикасы 2013 жылы əлеуметтік қамсыздандыру туралы заңнамаға енгізілген өзгерістерге, яғни зейнетақы аннуитетін жасау шартымен төлемдерге құқық алу мүмкін болатын жасты төмендетуге де байланысты екенін атап өткен жөн.

Басқаруға берілетін лицензия

жасты ұлғайту не зейнетақыны қысқартуға келісу қажет. Сондай-ақ «baby-boom» ұрпағы зейнеткерлік жасқа жеткен кезде бюджетке жүктеменің өсетінін атап өтемін. 1999-2011 жылдары республикада өмір ұзақтығы 3,5 жылға ұлғайғанын қоса айта кеткен жөн. Ұзақ мерзімді перспективада 65 жастан асатын халықтың үлесі өседі жəне 2050 жылға қарай екі есе өседі. Қазіргі кезде зейнеткерлер арасындағы əйелдер үлесі 71,8%-ы (1,2 млн. адам) құрайды. Бұл ретте олардың 36% – 58-63 жастағы əйелдер. Сондай-ақ əйелдерге бюджеттен зейнетақы төлемдерінің 45%-ын ерлер қаржыландырады. Бұл ерлер жалақысының көп, жұмыссыздықтың əйелдер арасында жоғары болуына, сондай-ақ əйелдердің бала күтімі бойынша демалысқа шығатынына байланысты. Зейнеткерлік жас ұлғайған кезде зейнеткерлердің саны қысқарады. 58-63 жастағы əйелдердің саны зейнеткерлердің жалпы санының 26%-ын құрайды, бұл бюджет шығыстарын неғұрлым тиімді жұмсау мүмкіндігін растайды. Бюджеттің зейнетақы төлеу шығыстарын бағалау тұрғысынан үнемдеу 11 жылда 19,6 млрд. долларды құрайды. – Почтада жəне Интернетте əйелдерден 4550 жастан кейін де жұмысқа қабылдамайтыны, ал қабылдағанның өзінде жиі кемсітетіні туралы сұрақтар аз емес. Олардың көпшілігі зейнетақыны тоса отырып, уақытша жалақымен күн көруде. Енді зейнетақыны күту кезеңі ұзарады. Бұл мəселенің əлеуметтік мəселе екені жəне оның біршама дəрежеде ҚР ҰБ-ға қатысты емес екені түсінікті, соған қарамастан оны шешудің əйелдердің зейнеткерлік жасын ұлғайтудан басқа, өзге нұсқалары бар ма? – Зейнеткерлік жасты теңестіру жұмыс істеуге ниетті жəне көбірек жинақтағысы келетін адамдарға жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Себебі жүйе икемді болады жəне мүмкіндігін кеңейтеді. Бірақ, жалпы алғанда зейнеткерлік жас ты ұлғайтуды мемлекеттің халықты жұмыспен қамтуды көтеру жөніндегі қалған əлеуметтік шараларымен бірге кешенді түрде қарастыру қажет. Оның ішінде əйелдердің жұмыссыздығымен күрес те бар. Сондай-ақ зейнетақы төлемдерін мерзімінен бұрын алу құқығы сақталатынын, ал əйелдердің зейнеткерлік жасын ұлғайтудың кезең-кезеңімен жүзеге асыру болжанып отырғанын ұмытпау керек. Бұл халықтың зейнеткерліктің алдындағы тобына ықпал етуді төмендетеді. Егер басқа елдердің тəжірибесін қарастырсақ, Экономикалық ынтымақтастық жəне даму ұйымы елдерінің 19-да ғана зейнеткерлік жас ұлғайған жəне əйелдер мен ерлер үшін теңестірілген, ал 5 елінде теңестіру жоспарланған.

– Егер қорлар ЗАБК немесе ерікті зейнетақы жинақтары жөніндегі қорлар болуды шешсе, олар қандай рəсімдерден өтуі тиіс? – Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын жұмыс істеп тұрған ұйымдарда тек жеткілікті меншікті капитал ғана емес, зейнетақы активтерін инвестициялық басқарудың айтарлықтай тəжірибесі де бар. Сондықтан заң жобасында тиісті өтініш негізінде ғана олардың инвестициялық портфельді басқаруға лицензия алудың жеңілдік берілген тəртібі көзделген. Ал қайта тіркеу рəсімдеріне келсек, олар азаматтық заңнаманың қолданыстағы нормаларына сəйкес жүзеге асырылатын болады. ЖЗҚ жəне зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар лицензияларының қолданылуы қорлар зейнетақы активтерін БЖЗҚ-ға бергеннен кейін тоқтатылады. Сонымен қоса, олар уəкілетті органға инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру туралы өтінішпен жүгінуге жəне жеңілдетілген тəртіппен лицензия алуға құқылы. Инвестициялық портфельді басқаруға лицензия алмаған ЖЗҚ жəне зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар ҚР азаматтық заңнамасына сəйкес таратылуы тиіс. – Реттеушінің пікірі бойынша, неліктен елде ерікті зейнетақымен қамсыздандыру тамырын тереңге жая алмады? Мүмкін 10% мөлшеріндегі жарна көп шығар? – Халықтың қазіргі кезде болашақ туралы жəне қартайғанда қандай қаражатқа өмір сүретіні туралы аз ойлану фактісі ерікті зейнетақымен қамсыздандырудың жеткіліксіз дамуының негізгі себебі болып табылады. 10% мөлшеріндегі жарнаға келсек, олардың деңгейін барлық зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің шеңберінде қараған жөн. – Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне небəрі 15 жыл болды. Алайда осы уақыт аралығында ол реформалаудың бір ғана кезеңін бастан өткізген жоқ. Оқырмандардың сұрауы бойынша, жұмыс істейтіндердің ең болмаса бір буынына жинақтауға, сосын барлығын толық көлемде ала отырып, зейнеткерлікке шығуға мүмкіндік бергеннен кейін реформалау түріндегі «жанр классикасын» қолдана отырып, түбегейлі реформаларға мораторий жариялауға болмай ма? – Қандай да бір секторды реформалау туралы шешім аяқ астынан қабылданбайды. Бұған қалыптасқан ахуалға жасалатын терең талдау жəне қандай да бір реформаларға алып келуі мүмкін салдарлар себепші болады. Соңғы бір жарым жыл ішінде зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін одан əрі жетілдіру мəселелері, оның ішінде жинақтаушы зейнетақы қорларын біріктіру мəселесі белсенді түрде талқыланып келді. Нəтижесінде БЖЗҚ құру туралы шешімді Мемлекет басшысы қабылдады. Зейнетақы жүйесіндегі соңғы реформа Қазақстан ортақ зейнетақы жүйесінен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне көшкен 1998 жылы қабылданғанын атап кеткен жөн.

БЖЗҚ нені өзгерте алады?

Ұрпақтарға арналған «рента»

Басқарушыға арналған пакет

– Егер активтер ЗАБК (зейнетақы активтерін басқарушы компания) басқаруға берілсе, онда бұл нақты ЖЗШ пакеттері немесе түсетін кірістілік жалпы «ортаға» түсетін, ал одан кейін жеке шоттарға бөлінетін қолма-қол ақшаға айналдырылмаған сомалар бола ма? – Оларды басқару портфельдік тəсіл қолданыла отырып жүзеге асырылады. Яғни, жекелеген ЖЗШ қатысты емес, жалпы алғанда қор активтерінің портфеліне қатысты. – ЖЗҚ-ларды инфляцияны жабатын кірістілік алуға дəрменсіз деп кінəлады. Ал БЖЗҚ табысты қайдан алады, өйткені түбегейлі проблема – қор нарығындағы жоғары өтімді құралдардың болмау проблемасы бар емес пе жəне ол үдейе түсуде емес пе? – Қорларды біріктірген кезде ешкім де қандай да болсын кірістілік деңгейіне кепілдік бермейді, себебі зейнетақы активтерін инвестициялау бұрынғыша нарықтық қағидаттарымен жүзеге асырылады. БЖЗҚ құру кірістілік проблемасын шешпейді, жоғарыда айтқандай операциялық шығыстарды төмендетуге алып келеді. Қазіргі кезде ҚР ҰБ қор нарығын жандандырудың балама əдістерін əзірлеу үстінде. Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын одан əрі дамыту жəне нығайту мақсатында ҚР ҰБ Қаржы министрлігімен бірлесіп МБҚ (мемлекеттік бағалы қағаздар) бастапқы жəне қайталама нарығын дамыту жөніндегі шараларды қабылдайды. Біз нарықты құралдардың түрлері бойынша құрылымдауды жəне осы сегментте стандартты құралдардың пайда болуына жəне өтімділікті арттыруға мүмкіндік жасай отырып нарықта мерзімдері жəне сол сияқты бағалары бойынша эталондық көрсеткіштерді құру бойынша жұмысты жалғастырамыз. Жалпы алғанда осы шаралар МБҚ-дың неғұрлым тұрақты жəне айқын нарығын құруға, олардың қайталама нарығын дамытуға мүмкіндік жасайды. БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялау əртараптандыру жəне сақталуын қамтамасыз ету қағидаттарымен жүзеге асырылады.

55 жаста зейнеткерлікке шығу? Іс жүзінде

– Əйелдер үшін зейнеткерлік жасты ұлғайту бойынша күрделі мəселенің тек ортақ жүйеге ғана қатысы бар ма əлде жинақтаушы жүйеге де қатысты ма? Яғни, жинақ ақша жеткілікті болған кезде 55 жаста жинақтаушы зейнеткерлікке шығуға жəне одан кейін ортақ жүйеден төлемдерді күтуге бола ма? – Бұл мəселе бірінші деңгей (ортақ жүйе) үшін маңызды болып табылады. Ортақ жүйе кезінде зейнетақы еңбекке жарамды халықтың ағымдағы салық түсімдері есебінен мемлекеттік бюджеттен төленеді. Осылайша, жұмыс істейтін ұрпақ зейнеткерлерді қамтамасыз етеді. Жинақтаушы зейнетақы үшін зейнеткерлік жасты ұлғайту мəселесінің маңызы жоқ, себебі зейнеткерлікке шамалы жинақ ақшамен шыққан жағдайда зейнеткер əлеуметтік тұрғыдан қорғалу үшін бюджетке жүгінеді. Жəне іс жүзінде, жеткілікті жинақ ақша болған кезде зейнетақы төлемдерін мерзімінен бұрын алу құқығы бар. Бұл ретте ортақ бөлік белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен кезде төленеді.

Әйелдер мәселесі – Əйелдердің зейнеткерлік жасы туралы мəселе бойынша халықтың алаңдаушылығы рейтингісінде бір жылдан астам жоғары белгіні көрсетіп тұр. Зейнеткер əйелдердің ұлттық экономикаға соншалықты залал келтіруі мүмкін бе? – Экономикалық белсенді халық пен зейнеткерлердің саны арасындағы арақатынас

ел экономикасының бейресми бөлігін тарылту, оның ішінде жалақыны «конверттерде» беру міндеті шешілмей мүмкін болмайды. Кейіннен бұл проблеманы мəселен: дара кəсіпкермен бекітілген жарналар; бюджеттен төлемдерді алу үшін жинақтау бөлігіне қатысу бойынша ең төменгі талаптарды белгілеу; халықтың кірістері мен шығыстарын жалпыға ортақ декларациялауды енгізу; салықтық басқаруды жақсарту; ерікті зейнетақы жарналарына, зейнетақы жарналарына мотивация; жеңілдік берілген салық салу жəне басқалары сияқты бірқатар шаралар арқылы шешу ұсынылып отыр. – Қорларды БЖЗҚ-ға біріктіру тетігі қалай болмақ жəне қорлардың меншік иелерінің мүліктік құқықтары қалай шешілетін болады? – БЖЗҚ құру жұмыс істеп тұрған жеке ЖЗҚ таратуды талап етпейді, өйткені заңнамаға сəйкес азаматтардың зейнетақы жинақтары ЖЗҚ меншікті активтерінен бөлек есепке алынады. Жұмыс істеп тұрған ЖЗҚ меншікті активтерін сақтап қалады жəне инвестициялық портфельді басқарушы немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры ретінде қызметін жалғастыруға қосымша мүмкіндік туады. ЖЗҚ-дан БЖЗҚ-ға аудару тетігі активтерді бір қордан екіншісіне ауыстыру тетігіне ұқсас. Жеке ЖЗҚ-дан БЖЗҚ-ға зейнетақы активтерін аудару тəртібі заң жобасында жəне қолданыстағы заңнамада реттелген жəне қысқа мерзімдерде жүзеге асырылатын болады. «ҚР-дағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы қолданыстағы заң бойынша зейнетақы активтері заңды тұлға ретінде ЖЗҚ-ның бухгалтерлік балансына қосылмайды. Яғни, ЖЗҚ меншікті активтері зейнетақы активтерінен бөлініп шығарылған. Қорлар зейнетақы активтерін БЖЗҚ-ға бергеннен кейін бұл тəртіп сақталатын болады. Бұл ретте қорлардың зейнетақы активтерін беруі кесте бойынша БЖЗҚ-ға жүргізілетін болады. Осылайша, ЖЗҚ өз активтеріне меншік құқығын жоғалтпайды.

– Жаңа зейнетақы заңнамасының əзірлену сатысы қандай жəне Қазақстанда нарықтық жинақтау жүйесі қандай жағдайларда толық деңгейде сақталынуы мүмкін? – Үкімет «ҚР-дағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» жаңа редакциядағы заң жобасын Парламент Мəжілісіне енгізді. Осы құжатта жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қағидаттары толық сақталған. – Жеке зейнетақы шотының шешілмеген мəселесі жұмыспен қамтылған халықты қамту, сондай-ақ конверттегі жалақылар проблемасы болды, бұл көптеген ЖЗШ-дағы ең аз сомалардың себебі болып табылады. Егер елде бір ғана қор қалса, бұл мəселелер шешіле ме? – Шын мəнінде, БЖЗҚ құру халықтың зейнетақы жүйесімен толық қамтылмау проблемасын шешпейді. Бұл күрделі мəселе жəне кез келген зейнетақы жүйесінің табысты жұмыс істеу талабы болып табылады. Оның шешілуі

– Сұхбатымыздың соңына таман оқырмандардың сұрағын келтірсек: неліктен азаматтардың зейнетақыларына Ұлттық қордан алынатын төлемдерді қосуға болмайды? – Өйткені Ұлттық қорды құрудың мақсаттары басқа. Бұл – болашақтағы ұрпаққа арналған қор. Яғни ол болашақта табиғи ресурстарды толық пайдаланғаннан кейін болашақ ұрпақтың табиғи ресурстарды пайдалану мүмкіндігі болмауына қарай қазіргі буынның «рентасын» білдіреді. Сондықтан қалпына келтірілмейтін табиғи ресурстарды қайта толықтырылып отыратын қаржылық ресурстарға айналдыру қажет. Осы сияқты қомақты жинақтар болған кезде ғана (мысалы, Норвегияда жалпы ішкі өнімге 100% жеткенде) олардың инвестициялық кірістерін əлеуметтік мақсаттарға пайдалану мүмкін болмақ. - Əңгімеңізге рахмет. Əңгімелескен Алевтина ДОНСКИХ.


7

www.egemen.kz

18 сəуір 2013 жыл

ШАРАЙНА

«Достыќ» сын саєатќа дайындайды

Əлем жаѕалыќтары

Кїдікті ќолєа тїсті Полиция Бостондағы марафон кезінде орын алған екі бірдей терактіні жасады деген алғашқы күдіктіні ұстады. Күдікті туралы əзірге тек оның Сауд Арабиясының өкілі екені ғана хабарланып отыр.

Жарылыс кезінде ол жарықшақ жарақатын алған. Сондықтан қазіргі уақытта Бостондағы күзет қойылған ауруханада жатқан көрінеді. Бостон полициясы қаладағы Президенттік кітапхана мен Джон Кеннеди атындағы мұражайда тағы бір жарылыстың болғанын хабарлаған. Дегенмен, полицияның болжамынша, бұл оқиғалардың бір-біріне қатыстары жоқ. Сонымен бірге, Бостондағы жарылыстан зардап шеккендер санының 141 адамға жеткенін де айта кету қажет.

«Темір кїмбездіѕ» пайдасы тимеді 17 сəуір күні таңғы сағат 9-дар шамасында Израильдің курортты қаласы Эйлатқа Египетке қарасты Синай түбегі жағынан екі «Град» зымыраны ұшып келген. Зымыранның құла түздегі құрылысқа құлауына байланысты зардап шеккендер жоқ.

Эйлатта осы оқиғаға байланысты жергілікті əуежай жұмысы тоқтатылған. Израиль полициясының баспасөз хатшысы Мики Розенфельдтің айтуынша, қазіргі уақытта Эйлатта қатаң қауіпсіздік шаралары қабылданған. «Темір күмбез» аталатын əуе шабуылына қарсы батарея Эйлат қаласының жанына сəуірдің басында орнатылған екен. Бірақ ол зымыранға қарсы əрекет жасай алмаған көрінеді.

Француз министрлері байлыќтарын паш етті Француз министрлері алғаш рет өздерінің табыстары туралы есеп берді. Күткендегідей, олардың швейцарлық банктерде есеп-шоттары жоқ екені анықталды.

Ең қызығы, үкімет басшысы емес, сыртқы істер министрі Лоран Фабиус ең бай адам болып шыққан. Өнер туындыларын сатумен айналысатын бай саудагерлер əулетінен шыққан Фабиус өз дəулетін 6 миллион еуродан астам деп бағалаған. Ал денсаулық сақтау жəне əлеуметтік қорғау министрі Марисоль Туреннің байлығы 1,4 миллион еуроны құрайды екен. Сондай-ақ, оның Парижде бірнеше пəтері бар көрінеді. Француздар бүгінде министрлердің байлығын қызу талқылауда. Сонымен бірге, олар байлықтарын толық көрсетіп отырған жоқ деген күмəн да айтады екен.

Сирияда жаппай амнистия жарияланды 16 сəуірде Сирия президенті Башар Асад 2013 жылдың 16 сəуіріне дейін қылмыс жасағандардың бəріне амнистия жариялады. Дегенмен, үкімет түрмедегілердің қаншасына рақымшылық жасалатынын хабарлаған жоқ.

Оппозициялық Сирия ұлттық коалициясының лидері Моаз əл-Хатибтің атап өтуінше, егер ешқандай кінəсі жоқ 16 мың бейбіт тұрғындар босатылмайтын болса, амнистияны үкімет тарапынан жасалған оң қадам деп бағалауға болмайды. Ал адам құқықтары жөніндегі бақылаушы кеңестің бастығы Рами Абдел Рахман амнистияның саяси тұтқындарға қатысы жоқ екенін, сондықтан, оны жаппай амнистия деп айтуға болмайтынын атап көрсеткен.

Пəкстан əскерлері кґмек кґрсетуде Пəкстан Үндістаннан Таяу Шығысқа дейінгі орасан зор аумақты қамтыған қуатты жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсету үшін өз əскерилерін жөнелтті.

Ел өкіметінің мəліметтеріне қарағанда, Белуджистан провинциясында қырықтан астам адам қаза тапқан. Ал жарақат алғандар түрлі бағалаулар бойынша 150-200 адамды құрайды. Жер сілкінісінің 7,8 балды құраған эпицентрі Иранның Оңтүстік Шығысындағы, Пəкстанмен шекаралас Хаш қаласына жақын жерде болған көрінеді. Систан жəне Белуджистан провинциялары Ирандағы ең кедей өңірлер болып табылады. Мұнда адамдар балшықтан жасалған баспаналарда тұрады. Қаза тапқандардың аз болуына да осы жағдай əсер еткен.

Сенаторєа у салынєан хат жолданды Америка конгресінің мүшелеріне арналған пошта бөлімшесіне ішіне өте қауіпті рицин уы салынған хат келіп түскен. Ол Миссисипи штатынан сайланған республикашыл-сенатор Роджер Уикердің атына жолданған көрінеді.

Зертханалық сараптама хаттың ішінде удың бар екенін анықтаған. Полиция шұғыл түрде барлық заң шығарушыларды орын алған оқиға жөнінде құлақтандырған. Ал сенатор-демократ Кэр Маккаскил осы іске қатысты күмəндінің бар екенін хабарлап та үлгерген. Оның айтуынша, заң шығарушыларға жиі хат жазып тұратын бір адам бар жəне оның есімі қауіпсіздік қызметіне мəлім.

Ереуіл соѕы ќаќтыєысќа ўласты Оппозиция өкілдері ұлттық сайлау кеңесінен кезектен тыс президент сайлауында берілген дауыстарды қайта санауды талап етіп, Венесуэла астанасында шеру ұйымдастырды.

Дүйсенбі күні болған марш кезінде ереуілшілер мен полиция арасында қақтығыс орын алған көрінеді. Осыдан кейін полиция қызметкерлеріне көзден жас ағызатын газ қолдануға тура келген. Көшелерге шыққан белсенділердің қолдарына қару ретінде тастар мен таяқтар алғаны да белгілі болып отыр. Осы арқылы олар Николас Мадуроның ел президенті болып сайлануына қарсылықтарын білдіруде.

Ќару-жараќ жеткізушілер тўтќындалды Түркияда Сириядағы қарулы оппозицияға қаружарақ жеткізіп берді жəне үкіметтік күштермен соғысушы содырларды даярлауға қатысты деген күмəнмен 10 исламист тұтқындалды.

Интернет-БАҚ-тың хабарлауынша, операция елдің орталық бөлігіндегі Конья қаласында жүзеге асырылған. Бұған дейін «ƏлКаидаға» қарсы күрес іс-шаралары да талай рет дəл осы жерде жүргізілген болатын. Сириядағы билік пен оппозиция арасындағы қақтығыстар салдарынан екі жыл ішінде 70 мыңға тарта адамның қаза тапқанын да айта кету қажет. Интернет материалдары негізінде əзірленді.

– «Қабылдау емтиханының» ерекшелігі неде, атауына да қысқаша тоқталып өтсеңіз? – Иə, бұл емтиханның «Қабылдау емтиханы» деп аталуы кездейсоқтық емес. Біріншіден, бұл емтихан келесі оқу жылында өз білім шаңырағының ең үлкен тəрбиеленушісі атанғалы отырған 10-сынып оқушыларына алдымыздағы үш ай жазғы демалыс кезінде алдын ала жоспар жасау керектігін еске салатындай жағдай жасауымен ерекшеленеді. Яғни, қыркүйек айында мектепке келген 11-сынып оқушысының «11 жылдық білімімнің нүктесін қалай қоямын? Мектепті ойдағыдай абыроймен бітіріп шығуым үшін не істеуім керек?» деген сауалдарын өз ойына түйіп, соңғы жылдың жауапкершілігінің

Атам қазақ бала тəрбиесіне қашанда ерекше көңіл бөлген. Қарыштап дамып жатқан дүние еліне елеулі, халқына қалаулы ұл-қызының тəрбиелі болуымен қатар білімді əрі зерек болуын талап етеді. Ғылымға бет бұрған елдермен иық тіресуге бел буған жастарға еліміз де жақсы білім беріп, оларды бəсекеге қабілетті етіп тəрбиелеу ісін мықтап қолға алған. Қазіргі күні жоғары оқу орындарына оқушылар дайындап, оларға қосымша дəрістер өткізетін «Достық» білім орталықтары да еліміз үшін осынау маңызды іске өздерінің қомақты үлестерін қосуда. Алғаш 2003 жылы ашылған «Достық» орталығының қазіргі таңда əрбір облыс орталығында бір бөлімшесі жұмыс істеп жатыр. Осы орайда, біз жақын арада Қазақстанның барлық қалаларында «Қабылдау емтиханын» өткізгелі жатқан «Достық» қазақстандық білім беру орталығының бас директоры Бағдат ЕСЕМБЕКОВТІ əңгімеге тартқан едік. маңыздылығын сезінуіне себеп- орталығында емтихансыз-ақ жетім – Қазақстанның барлық қалакер болуды жетістіктің бірі деп балаларға, көп балалы отбасыдан ларын қамтығымыз келеді. Астана, білеміз. Екіншіден, бұл емтихан шыққан оқушыларға жеңілдіктер Алматы жəне өзге де қалалардағы келесі оқу жылында дайындық кур- мен тегін оқу қарастырылған. «Достық» бөлімшелері емтиханды сына келетін оқушылардың білім – Емтиханға қанша оқушы өткізуге сақадай-сай дайын отыр. деңгейін алдын ала бір өлшеп, соған қатысады деп жобалап отырсыз? Тестілеуге 20 мыңға жуық оқушы қарай жоспарымызды дайындайық деген ниетпен жасалып отыр. Сонымен қатар, бір мезгілде жəне Қазақстанның барлық қаласында өткізілгелі жатқан емтихан арқылы біз оқушыларды тестілеудің салмақтылығы мен оған психологиялық дайын болудың алғышарттарын үйретуді көздеп отырмыз. Бұл емтиханның нəтижесінде «Достықтың» келесі оқу жылына тіркеу де қатар жүреді. Яғни, емтихан нəтижесі бойынша оқушыларға келесі оқу жылына арналған жеңілдіктер қарастырылған. «Достық»

қатысады деп жобалап отырмыз. – Сонда бұл емтиханды кішігірім ҰБТ деп атауға болады екен. Емтихан сұрақтары ҰБТ сұрақтарына қаншалықты сай келеді? – Біздің ұстаздарымыз орталықта сабақ берумен қатар, сұрақ дайындаумен де айналысуда. Бұл емтиханның сұрақтары мектеп бағдарламасына сай құрастырылған. Бір жауабы бар тест, ашық тест, логикалық тест, сурет ті, диаграммалы жəне графикті тесттер ҰБТ-ның спецификациясы бойынша деңгей-деңгейімен құрастырылған. Жалпы сұрақтардың басым бөлігі «құрғақ» емес, керісінше, оқушыны қызықтыратын, тəрбиелік мəні бар, мағыналы болып келеді. – Емтиханның тағы қандай жаңалығы бар? – Емтиханның бір жаңалығы – емтихан біте сала барлық сұрақтардың жауаптарымен қоса шешімдері біздің сайтта орналастырылатын болады. Əңгімелескен Дастан КЕНЖАЛИН, «Егемен Қазақстан».

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың сенім білдірілген тұлғасы мына мүліктерге сауда-саттық жариялайды: Лот №1 – Өндірістік база, атап айтқанда: Литер А жалпы алаңы 3471,9 ш.м.; Литер Б, жалпы алаңы 2401,0 ш.м.; Литер Р жалпы алаңы 2156,4 ш.м.; Литер Ə жалпы алаңы 849,1 ш.м., сəйкесетін жер үлесінің жалпы алаңы 0,7233 га бөлінбейтін жер телімінде жалпы алаңы 1,703 га (кадастрлық нөмірі 20-315-038-193, мақсатты тағайындалуы – өндірістік базаны пайдалану жəне қызмет көрсету үшін), аталған жылжымайтын мүліктермен аумақтық жəне функционалды байланысты, жер пайдалану шекарасына сəйкес, орналасқан мекен-жайы: Алматы қ., Қазан к-сі, 34. Бастапқы баға – 614 770 000 теңге (алты жүз он төрт миллион жеті жүз жетпіс мың) теңге. Лот №2 – Жер телімі, жалпы алаңы 3,2500 га, (кадастрлық нөмірі 03-051-165-196), орналасқан мекен-жайы: Алматы облысы, Талғар ауданы, Қонаев атындағы өндірістік кооператив, телімнің шамамен орналасқан жері. Бастапқы баға – 110 770 000 теңге (жүз он миллион жеті жүз жетпіс мың) теңге. Лот №3 - Жер телімі, жалпы алаңы 1,3000 га (жер телімінің кадастрлық нөмірі: 03-051-321-017, мақсатты тағайындалуы – тауарлы ауыл шаруашылығын жүргізу), орналасқан мекен-жайы: Алматы облысы, Талғар ауданы, «Луч Востока» өндірістік кооперативі. Бастапқы баға – 44 260 000 теңге (қырық төрт миллион екі жүз алпыс мың) теңге. Лот №4 - Жер телімі, жалпы алаңы 0,6560 га (жер телімінің кадастрлық нөмірі: 03-051-321-018, мақсатты тағайындалуы – тауарлы ауыл шаруашылығын жүргізу), орналасқан мекен-жайы: Алматы облысы, Талғар ауданы, «Луч Востока» өндірістік кооперативі. Бастапқы баға – 23 480 000 теңге (жиырма үш миллион төрт жүз сексен мың) теңге. Лот №5 - Коттедж, жалпы алаңы 466,5 ш.м., жер үлесімімен бірге алаңы 0,0577 га бөлінбейтін жер телімінде, жалпы алаңы 0,1604 га (жер телімінің кадастрлық нөмірі 20-315-025-170, жер телімінің мақсатты тағайындалуы – коттеджді пайдалану жəне қызмет көрсету үшін), аталған жылжымайтын нысанмен аумақтық жəне функционалды байланыста, орналасқан мекен-жайы: Алматы қ., Медеу ауданы, Достық д-лы, 433-үй, 1-пəтер. Бастапқы баға – 367 980 000 теңге (үш жүз алпыс жеті миллион тоғыз жүз сексен мың) теңге. Лот №6 - Жер телімі, жалпы алаңы 3,1600 га (жер телімінің кадастрлық нөмірі: 03-051-165-073), орналасқан мекен-жайы: Алматы облысы, Талғар ауданы, «Д. Қонаев атындағы асыл тұқымды зауыт» өндірістік кооперативі. Бастапқы баға – 100 740 000 теңге (жүз миллион жеті жүз қырық мың) теңге. Лот №7 - Жер телімі, жалпы алаңы 5,0000 га (жер телімінің кадастрлық нөмірі: 03-051-165-097), орналасқан мекен-жайы: Алматы облысы, Талғар ауданы, Д. Қонаев атындағы өндірістік кооператив. Бастапқы баға – 152 560 000 теңге (жүз елу екі миллион

бес жүз алпыс мың) теңге. Лот №8 - Жер телімі, жалпы алаңы 6,3200 га (жер телімінің кадастрлық нөмірі: 03-051-165-072), орналасқан мекен-жайы: Алматы облысы, Талғар ауданы, «Д. Қонаев атындағы асыл тұқымды зауыт» өндірістік кооперативі. Бастапқы баға – 191 580 000 теңге (бір жүз тоқсан бір миллион бес жүз сексен мың) теңге. Лот №9 - Жер телімі, жалпы алаңы 2,9000 га (жер телімінің кадастрлық нөмірі: 03-051-165-519, мақсатты тағайындалуы – тауарлы ауыл шаруашылығын жүргізу), орналасқан мекен-жайы: Алматы облысы, Талғар ауданы, Гүлдала ауылдық округі. Бастапқы баға – 88 480 000 теңге (сексен сегіз миллион төрт жүз сексен мың) теңге. Лот №10 - Жер телімі, алаңы 30 га (жер телімінің кадастрлық нөмірі: 03-051-225-319, мақсатты тағайындалуы – тауарлы ауыл шаруашылығын жүргізу), орналасқан мекен-жайы: Алматы облысы, Талғар ауданы, Қайнар ауылдық округінің аумағындағы аудан қорының жері. Бастапқы баға – 61 770 000 теңге (алпыс бір миллион жеті жүз жетпіс мың) теңге. Сауда-саттық əдісі – голланд. Кепілді жарна бастапқы бағаның 10%-ын құрайды. Бастапқы бағаның 10% мөлшеріндегі кепілді жарна «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың сенім білдірілген тұлғасының шотына енгізілуі тиіс, төменде көрсетілген деректемелер бойынша. Сауда-саттыққа қатысу өтінімдеріне қажетті құжаттар тізілімін алу үшін сенім білдірілген өкілге бару керек. Сауда-саттыққа қатысуға өтінімдер Алматы қ., Абай д-лы, 109В, 1004-бөлмеде 2013 жылғы 29 сəуірде сағат 18.00-ге дейін қабылданады. №1, №2 лоттар бойынша сауда-саттық голланд əдісімен 2013 жылғы 30 сəуірде сағат 14.00-де мына мекен-жайда болады: Алматы қ., Абай д-лы, 109 «В», 1000-бөлме. №3, №4, №5, №6, №7, №8, №9, №10 лоттар бойынша сауда-саттық голланд əдісімен 2013 жылғы 30 сəуірде сағат 10.00-де мына мекен-жайда болады: Алматы облысы, Талғар қ., Тəжібаев к-сі, 4. Сауда-саттық аяқталғаннан кейін түпкілікті баға ұсынған сауда-саттық қатысушысы банктің чек түріндегі немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа қолма-қол ақшаның толық көлемінде сатып алу сомасын бес жұмыс күні ішінде есеп айырысу тəсілімен енгізуі қажет. Сенім білдірілген тұлғаның деректемелері: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың сенім білдірілген тұлғасы Шаймерденов Бахытжан Сенбекұлы, Алматы қ., Абай д-лы, 109В, шот KZ 406010011286000046, БИН HSBKKZKX, СТН 600200048129, КБЕ 14. Сауда-саттық өткізу мəселесі бойынша анықтама алу телефондары: 8 (727) 330 17 83, 330 17 57.

«Құрылыс» акционерлік қоғамы (орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қызылорда қаласы, 120001, Қаратоғай көшесі, 1) Директорлар кеңесі (бұдан əрі – Қоғам) «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 51-бабына сəйкес 2013 жылы 16 сəуірде болған акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысында дауыс берудің қорытындылары туралы хабарлайды. Қоғамның дауыс беруші акцияларының жалпы саны – 121375. Дауыс беруге қатысушы дауыс беруші акциялардың жалпы саны – 109802. Бекітілген күн тəртібіндегі мəселелер бойынша: 1.Бірінші мəселе бойынша: Директорлар кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу туралы.

Дауыс беру қорытындысы: «Жақтап» – 109802 дауыс, «қарсы» – дауыс жоқ, «қалыс қалған» – дауыс жоқ. 2.Екінші мəселе бойынша: «Құрылыс» АҚ-ның таза кірісін бөлу тəртібін бекіту. Дауыс беру қорытындысы: «Жақтап» – 109802 дауыс, «қарсы» – дауыс жоқ, «қалыс қалған» – дауыс жоқ. 3.Үшінші мəселе бойынша: «Құрылыс» АҚ-ы акцияларының құнын оларды «Құрылыс» АҚ сатып алған жағдайда белгілеу əдістемесін бекіту. Дауыс беру қорытындысы: Қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы санының айқын басым көпшілігімен қабылданды, «Жақтап» – 109802 дауыс, «қарсы» – дауыс жоқ, «қалыс қалған» – дауыс жоқ.

СЕЗІМГЕ СЕЛКЕУ ТҮСПЕУІ ТИІС Тіршіліктің өз заңдылығы бар. Жиырма жаста албырт сезім оянып, ойда жоқта ғашық боласыз. Ал, отызға аяқ басқанда отбасын құрып, жұмысбастылық қалыпқа енеді, қырықтың қырқасына асқанда да сол бой үйренген жағдайлар жалғаспақ. Жасыратыны жоқ, ерлер күш-қуатына қатысты күрделіліктер елу жастың төңірегінде басталады. Қандай қиындық болмасын қолдауды қажет ететіндігі сөзсіз. Мұндайда ер-азаматтарға ең қажеттісі – Сеалекс.

Атап айтарлығы, бұл қуатты күшейтіп қана қоймайды. Сеалекстің құрамында жинақталған белгілі афродизиактардың қасиеті мол. Оның ең басты құндылығы – Сеалексте жасанды, қосындылар яғни «химия»

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ 2013 жылғы шілдеде мына бейіндік емес функцияларды беруге тендер өткізуге ниеттеніп отыр: күзет қызметтерін көрсету, пульттік күзету, күшке негізделген күзету, оның ішінде «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Болат департаментінде қызметтік иттерді пайдалана отырып. Алдын ала іріктеу процедурасын өткізуге байланысты «АрселорМиттал Теміртау» АҚ əкімшілігі тендерге қатысуға ниеті туралы хабарласуды жəне 2013 жылғы 5 мамырға дейінгі мерзімде күзет агенттігі туралы ақпараттық анықтаманы мына электронды пошта бойынша тапсыруды сұрайды: Nikita.Ryabov@arcelormittal. com, Zharaskan.Sarsembayev@arcelormittal.com, Көшірме - Konstantin.Gorban@arcelormittal.com

 Еске алу

Ќадірлі еді баршаєа Атам қазақтың «тоз бас темір, озбас өмір жоқ» деп бекер айтпағанын осы қайғы басымызға түс кенде ғана санамызға сіңіріп, анық аңғарғандаймыз. Мына жалғаннан келместің кемесіне мініп кете барған ардақты əкеміз Суесінов Төре бек Есқайырұлы еңкейіп тұрған кəрі де емес еді. Сонау 1948 жылы Ресейдегі Орынборда өмірге келіп, Мəс кеудегі Бауман атындағы іргелі оқу ордасын бітірісімен, бар саналы ғұмырын ұрпақ тəрбиесіне арнап, Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде жастарға дəріс берумен өткізді. Үйде де, түзде де ашық-жарқын мінезімен, азаматтық пайым-парасатымен айналасындағыларға сыйлы да қадірлі болды. Бойындағы тағы бір ерекше қасиеті – ол ешқашан адам баласына жамандық ойламайтын, көзінің тірісінде бірде-бір кісі жөнінде жағымсыз пікір білдірген емес, үнемі əр нəрседен жақсылық іздеп, көрген-естігенін жақсыға балап, кең пейілімен қадірлі еді баршаға. Амал не, сұм ажал 65 жасқа жеткізбей арамыздан алып тын ды. Ауру меңдеп, жанына батқанын бізге білдірмей, күлімсіреген күйі «бəрі жақсы болады» деп жұбататын, алдағы күннен үміт үзбеуге шақыратын. Қайран əкем, асқар тауым, сенің бойыңдағы адамгершілік, ізгілік енді біздің өмірімізге бағыт-бағдар, үлгі-өнеге

Сеалекс – күш-қуатты көбейтумен қатар, батылдық та береді.

Сағынышпен еске алушы балаларының атынан – қызы Əйгерім.

Егер сіз «Егемен Қазақстан» газетіне жарнама бергіңіз келсе,

Дәріханалардан сұраңыздар!

мына телефондарға хабарласыңыз:

жоқ. Мәселен, эвриком, женьшень, лакрица, пальма экстрактісі тек қана табиғи компоненттер. Бір құптарлығы, Сеалексті кез келген өніммен, тіпті спирттік ішімдіктермен бірге пайдалана беруге болады.

Шұғыл желідегі тегін телефон: 8 (800) 080-59-59 (жұмыс уақыты: 08:00 – 23:00). Алматы қаласындағы анықтама телефоны: +7 (727) 297-59-59 / www.riapanda.ru

боларын сол сəтте біз ойлап па едік?! Сол қаралы күннен бері қырық күн өтті. Əкеміздің сөйлеген сөзін, айтқан əңгімесін, жүрістұрысын еске алып, көз жасымызға ерік береміз егіліп, ажалға айла бар ма?.. Осындай қиын сəттерде көңілімізді жұбатып, жүрекжарды сөздерін айтып, үлкендік танытып, қайғымызға ортақтасып жанымыздан табылған ағайын-туысқа, құда-жегжат пен əкеміздің құрдас-достарына айтар алғысымыз шексіз. Өмірге артар өкпем жоқ, ешкімге есем кеткен жоқ. Жеткізбей жүрсе біреулер, біреулер маған жеткен жоқ, дегендей. Иə, отбасының тірегі, балаларының ардақты əкесі, анамыздың аяулы жары бола білген, талай жастың құрмет тұтар ұлағатты ұстазы атанған еді əкеміз. Көңілі – көктем, жаны – жаз əкеміз бар ғұмырында, өз бойындағы ақылпарасатын, адами болмысын, терең білімін, адалдығы мен қайырымдылығын ұрпағының бойына дарыта білді. Əкеміздің жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын деп, аруағына құран бағыштаймыз, сағынышпен еске аламыз. Алла алдынан жарылқап, артында қалған ұрпағына амандық берсін дейміз.

Астана тел/факс 37-64-48, 37-60-49. Электронды пошта: egemen_adv@mail.ru. Алматы 273-74-39, ф. 273-73-97. Жарнама. БАД. Дәрі-дәрмек болып табылмайды. Пайдаланар алдында мамандармен кеңесіңіз. СГР № KZ 7500042.02.01. 03920.23.02.2012 ж.

Электронды пошта: gulnurekkz@mail.ru.


8

www.egemen.kz www.egemen.kz

Мерей

18 cəуір 2013 жыл

Өнер

«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген сөз орынды айтылған. Біздің бойымыздағы шынайы білім, білік дағдылары жақсы ұстаздан ауысады. Шəкірттерін білім нəрімен сусындатып, тəлім-тəрбие беруде, жақсы қасиеттерді бойына дарытуда ұстаздың еңбегі зор.

Табиєи талант Классикалық экономика ғылымдарының үздік өкілдері ұстаздарымыздың бізге кезінде дəріс беріп, келелі істерге жете легеніндей қазір өзіміз де шəкірт тəрбиелеп жүрміз. Біз Я.А.Əубəкіров, Н.Ф.Бурякова, В.Н.Пуриц, Е.К.Қанатбаев, Х.Ю.Арсланова, Е.Б.Жатқанбаев, У.А.Имамбаева, Т.С.Сарбасова, Н.А.Царева жəне тағы басқа бірегей ұстаздардан дəріс алу мүмкіндігіне ие болғанымыз үшін шексіз бақыттымыз. Оларды біріктіретін – адалдық, жоғары кəсібилік, жұмысқа, студенттерге деген шексіз сүйіспеншілік сияқты қасиеттер. Салалық, еншілес эко но микалық ғылымдардың ұлы анасы деп атауға лайық пəн – экономикалық теория. Қазақстанның іргелі бағыттағы экономика ғылымының көрнекті өкілдерінің бірі – адал, кіршіксіз, кішіпейіл, биік парасат иесі Уруза Имамбаева. Бүгін біз осы бір жаны жайсаң, парасатты педагог, ғалым-ұстазға бас игіміз келеді. Біз үшін Уруза Аешқызы кəсібиліктің, адалдықтың, шынайылықтың, өз ісіне жан-тəнімен берілгендіктің үлгісі болып табылады. Уруза Аешқызы жарты ғасырдан астам Қазақстанның білім беру ісі мен ғылымына мүлтіксіз қызмет етті. Мəскеу тамақ өнеркəсібі техно логиялық институтынан бастап, Ғылым Академиясының Экономика институтындағы үлкен ғылыми мектеп, аспирантура, дисcертация қорғау сияқты сатылардан өтті. Жинақтаған мол тəжірибесі мен білімін студенттері мен шəкірттерінен аямады. Экономикалық теория кафедрасының профессоры Уруза

Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан».

Қостанайда халықаралық ХІ «Алтын микрофон» вокальдық балалар байқауы мəресіне жетті. Оған Қазақстанның бірнеше облыстарынан, Астанадан жəне Болгариядан, Беларусьтен, Украинадан, Ресейден, Əзербайжаннан, Польшадан, Прибалтика республикаларынан талантты жас əншілер қатысты. Белгілі композитор Кеңес Дүйсекеев төрағалық еткен қазылар алқасының құрамына Болгария мен Италиядағы халықаралық балалар вокальдық конкурсының директоры, эстетика докторы Николай Текелиев, музыка жəне театр продюсері, мəскеулік режиссер Николай Кривенко, «Витебскідегі славьян базары» халықаралық өнер фестивалі дирекциясының бөлім бастығы Антонина Сальникова, Прибалтика мен Испаниядағы халықаралық балалар конкурсының директоры Мариана Слиениене жəне халықаралық «Бозторғай» балалар шығармашылығы конкурсының директоры Қарлығаш

Əбдікəрімова сияқты балалар əндерінің білгірлері кірді.

Балалар өнерін бағалаған беделді қазылар алқасы бұл байқау жас таланттарды

биікке ұшыратын тұғыр деп бағалады. Ең бастысы, ол қазақ жерінде таланттардың аз емес екенін білдірді. Гран-при жүлдесі Қостанай облысындағы Рудный қаласынан қатысқан Руслан Темірболатовқа берілді. Ол «Синяя вечность» əнін нықышына келтіре орындап шықты. Облыс əкімі Нұралы Сəдуақасов он алты жасар əншіні жүлдесімен құттықтап, оған 200 мың көлемінде сыйлық-жүлде тапсырды. Нұралы Мұстафаұлы халықаралық байқауды ұйымдастырушыларға, қазылар алқасына алғыс айта отырып, оған қатысушы жас таланттарға өнер жолында ақ жол тіледі. Байқау соңында композитор Кеңес Дүйсекеев өзінің «Алтын бесік – Астана» əнінің тұсауын кесті. Композитор оны Астананың он бес жылдығына арнайтындығын айтты. Жаңа əнді «Алтын микрофон» халықаралық байқауының əр жылғы лауреаттары орындады. ҚОСТАНАЙ.

Айбын Аешқызы ғылыми қызметкерлер дайындауда ауқымды жұмыстар атқарды, оның жетекшілігімен көптеген диссертациялар қорғалып, жүзге жуық ғылыми еңбектер мен оқу құралдары жарияланды. Уруза Аешқызы білім ордасында ұстаздық жолында аянбай еңбек етіп, тəжірибесін өз шəкірттері мен ізбасарларына талмай дарытты. Адамның бақыты деген, сірə, осындай еңбекқорлықтан, содан алған абыройдан құралатын болса керек. Мерейлі жасқа толып отырған ұстазымыз Уруза Аешқызына денсаулық, ұзақ та бақытқа толы мағыналы ғұмыр, сарқылмас қуаныш тілейміз.

АЛМАТЫ.

Назарбаев Университетінде шаєын жəне орта бизнес жетекшілері білімдерін ўштауда Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебінде қазақстандық кəсіпкерлер біліктілікті арттыру бағдарламасы бойынша оқуларын бастады. Оқыту «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде өтуде. Биыл бағдарламамен 420 адам қамтылып отыр, бұл – алдыңғы жылдармен салыстырғанда, екі есеге жуық артық деген сөз жəне де аталған бағдарламаның үлкен табысқа жетіп отырғанының айғағы. Бағдарлама бойынша оқыту Назарбаев Университетіндегі үш күндік модульден басталды. Осы кезең аяқталған соң, бірнеше аптадан кейін заңнама, қаржы, консалтингтік қызметтер саласындағы қазақстандық сарапшылармен бірнеше вебинарлар өткізілетін болады. Аталған жоғары сапалы оқыту бағдарламасы бизнес саласында білім беру жəне мəнді нəтижеге жеткісі келетін қазақстандық кəсіпкерлер мен шағын жəне орта бизнес иелеріне көмек көрсетуге бағытталған. Мұны əзірлеу жұмыстары мен сабақ беруді Дьюк Университетінің (АҚШ) Duke Corporate Education-ның оқытушыпрофессорлары Назарбаев Университетімен бірлесе отырып 5-6 ай бедерінде жүзеге асырады деп күтілуде. Осыған байланысты «Оқыту бағдарламасы кəсіпкерлік бизнесті жүзеге асыру сатысынан бизнестің өсу сатысына ауысу сияқты аса ауқымды күрделі міндетке сəйкестендіріліп жүргізіледі», – деп пікір білдірді курстың жетекшісі, Duke Corporate Education оқытушылар құрамының мүшесі Роберт Розенфельд. Қатысушыларға толық

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ

нарықтық бизнес-жобаны жазу үшін үлгі ұсынылады. Ал əрбір жұмыс бойынша оқытушылардан қорытындыларды алған соң, қатысушылар егжей-тегжейлі бизнес жоспарды жасаулары тиіс. Ең үздік бизнес жоспар əзірлеген кəсіпкерлер 2013 жылы қазан айында оқудың аяқталуына байланысты салтанатты рəсімде өз жұмыстарын қазылар алқасына табыс ететін болады. Шағын жəне орта бизнестің топ-менеджментін оқытуды қаржыландыру «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде «Даму» Кəсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-тың, сондай-ақ, «Ernst & Young» халықаралық компаниясының қолдауымен жүзеге асырылып отыр. «ХХІ ғасырда Қазақстанның əлеуметтік жəне экономикалық тұрғыдан дамуына басшылық ететін іскер басшылар мен кəсіпкерлердің біліктілігін арттыруды мақсат тұтқан жоба кəсіпкерлерге түрлі құралдар мен мүмкіндіктерді бағалауға, коммерциялық негіздемені анықтауға қажетті стратегияны ұсынумен қатар, жаңа істерді бастауға сенімділікті күшейтуге мүмкіндік береді», – деді Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебінің деканы Рамон О’Каллахен. «Егемен-ақпарат».

Алматыдағы Құрлық əскерлерінің əскери институтында АҚШ Қарулы күштері «Вест-Пойнт» Əскери академиясының кадеттері тəжірибе алмасты. Америкалықтар мұнда екі оқу орны арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында келген болатын. Олардың бұл сапары Қазақстан Қорғаныс министрлігі мен АҚШ арасындағы əскери ынтымақтастық

жөніндегі бес жылдық жоспардың жүзеге асырылуы шеңберінде жүзеге асты, деп хабарлады ҚР ҚМ-інің баспасөз қызметі. Институтқа келген оншақты кадеттің кейбірі Қазақстанның əскери оқу орнында былтыр əскери тағылымдамадан өткен болатын. Қазақстанға қайта барамыз деп тілек білдірген олар өздерінің курстастарын да ала келіпті.

Əскери тағылымдамадан өту кезінде «Вест-Пойнт» курсанттары институттың оқу-материалдық базасымен танысып, оқу жоспары бойынша өткізілетін сабақтардың бəріне қатысты. Өз оқу тапсырмаларының негізінде кадеттер өздерінің болашақ мамандықтарының тұсаукесерлерін жасады, сонымен бірге, Америкадағы ең ежелгі əскери оқу орны – «Вест-Пойнт» Əскери академиясының тарихы туралы, қазіргі кездегі дамуы жөнінде əңгімелеп берді. Америкалық курсанттардың Қазақстан туралы кеңірек мағлұмат алуы үшін Құрлық əскерлері əскери институтының басшылығы оларға экскурсиялар ұйымдастырды. Кадеттер Ұлттық мұражайды, Офицерлер үйін, 28 панфиловшы-батырлар паркін, Абай атындағы опера жəне балет театрын, Лермонтов атындағы орыс драма театрын жəне басқа мəдени орындарды аралады. Өз отандарына қайтар алдында «ВестПойнт» кадеттері Құрлық əскерлерінің əскери институтында əскери кадрларды дайындау өте жоғары деңгейде жүргізілетіндігін атап өтті. – Сіздердің институттың оқу-материалдық базасы, сапалы білім беруге арналған сыныптар, далалық жаттығулар өткізетін алаңдар заманауи қару-жарақпен жəне əскери техникамен жабдықталған екен, – деп өзінің таңғалысын жасырмады «ВестПойнт» кадеті Ричард Хансен.

Спорт Тарбағатай тауының күнгейіндегі спортты сүйетін жанкүйерлер кілең бір «Қазақстан барысының» атан жілік, түйе балуандарының өнерін тамашалап, қарық болып қалды. Ырғызбай Досханұлы атындағы республикалық турнирге еліміздің əр өңірінен 40-қа тарта қазақ күресінің шеберлері жиналды. Түйе жəне өгіз балуандардың айқасы көпшіліктің айызын қандырды.

Аќсуаттаєы алыптар айќасы

Нұрбол ƏЛДІБАЕВ,

«Егемен Қазақстан».

Оңдасын ЕЛУБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Жартылай финалда өткен жылғы «Қазақстан барысы» турнирінің қола жүлдегері Айбек Нұғымаров тараздық Бейбіт Ыстыбаевты тізе бүктірсе, былтырғы «Қазақстан барысының» күміс жүлдегері Шалқар Жоламанов (суретте) қызылордалық Ұлан Рысқұлдан ұпай санымен басым түсті. Финалда Шығыстың шымыр қос жігіті Шалқар мен Айбек белдесті. Бір сөзінде Шалқар осы дүбірден кейін күресті доғарып, жастарға орнымды беремін, деп қалған. Оның үстіне қашаннан ағаны сыйлап, құрмет тұтатын салтымыз бар емес пе. Айбек ер екен, Шалқарға жолын беріп, өзі екінші орынды місе тұтты. Бас жүлдеге тіккен «Шкода» тұлпары Шалқарға бұйырды. Демеушілер жүлде алған, дүбірлі додаға қатысқан басқа да балуандарды марапаттап, құрмет көрсетті. Өгіз балуандар айқасы да тартысты өтті. Бұл күресте бас жүлдені тарбағатайлық Мақсат Мəзбаев жеңіп алды. Оған 1 миллион теңге берілді. Жеңімпаздарды республикалық турнирге арнайы қатысқан өңір басшысы Бердібек Сапарбаев пен

Саѕлаќтарєа ќўрмет

Дүниежүзі қазақ күресі федерациясының президенті Серік Төкеев құттықтап, алдаға уақытта да халықаралық додаларда абыройды асқақтата беруге шақырды. Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы.

Алматы облысының əкімі Аңсар Мұсаханов жетісулық спорт саңлақтарына құрмет көрсетіп, олардың əлі де əлемдік додаларда Қазақстанның көк байрағын желбірете беретіндеріне сенім білдірді. Игі шараға ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, 16-шы жазғы Азия ойындары алтын медалінің иегері, əлем чемпионатының жеңімпазы, ХХХ жазғы Олимпия ойындарының чемпионы Майя Манеза, əлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алып, ХХХ жазғы Олимпия ойындарының жеңімпазы атанған Зүлфия Чиншанло бастаған спорт саңлақтары мен олардың жаттықтырушылары қатысты. Айтпақшы, Майя Манезаның таяуда тұрмысқа шыққанын, енді Светлана Подобедованың үйлену тойы болатынын да жаттықтырушылары қуанышпен жеткізді. Өз кезегінде Алматы облысы туризм, дене шынықтыру жəне спорт басқармасының бастығы Мұхит Тұрсынбаев Жетісу жерінде олимпиадалық спорт түрлері ғана емес ұлттық жəне бұқаралық мүгедектер спорт түрлері де дамып келе жатқанын, бұл салада да қол жеткен жетістіктердің қомақты екенін қысқа да нұсқа айтып берген соң, облыс əкімі жиынды қорытындылады. Алматы облысы.

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 273-73-80.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru , egemenkz@maіl.kz Алматыда: факс (727) – 273-73-80, электронды пошта – egemalm@host.kz

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – (712-2) 32-94-07; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

Қазіргі күні күнделікті өміріміздегі ғаламтор сыйлаған тамаша мүмкіндік жер-жердегі жаңалықтар жайын дер кезінде біліп отыру. Осындай жақсылықтың бірі – неміс жерінде тойланған Наурыз мейрамы.

Кадеттер Ќазаќстанєа ќайта келді

Раушан ДУЛАМБАЕВА, экономика ғылымдарының докторы, профессор. Ілияс ҚҰЛИЕВ, аға оқытушы.

Біліктілік мектебі

Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

«Алтын микрофонды» дарындар ўстайды

Көкшетау – (716-2) 25-76-91; Павлодар – (718-2) 57-18-09; Қарағанды – (721-2) 43-94-72; Семей – (722-2) 52-26-86; Қостанай – (714-2) 39-12-15; Тараз – (726-2) 43-37-33; Қызылорда – (724-2) 27-00-85 Шымкент – 8 (701) 404-36-29; Орал – (711-2) 28-80-35; Петропавл – (715-2) 50-72-50. Өскемен – (723-2) 25-28-41; Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-73-97, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Арко» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-полиграфия» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Мұхит к-сі, 57/1, «Жайық Пресс» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Космическая к-сі, 6/3, «Шығыс ақпарат» КМК баспаханаларында басылып шықты.

Неміс жеріндегі Наурыз Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Төменгі Саксониядағы Штадтольдендорф қаласында Наурыз мерекесі тойланды. «Hoffnung für Kasachstan» қоғамының алдын ала ғаламтор арқылы құлақтандыруымен Германияның түкпір-түкпірінен жиналған Қазақстанда кіндік қаны тамған немістер мен өзге ұлт өкілдерінен құралған отандастарымыз бен қазақтардан тұратын бірталай жұрт киіз үй тігіп, ұлттық тағамдардан дəм татып, ұлттық салт-дəстүрлерімізді жергілікті жұртшылыққа таныстырды. 12 жасқа дейінгі балаларға мерекені тамашалау тегін, ал үлкендерге 3 еуро көлемінде билет сатылыпты. Қазақстанда туғанымен, Германияда өсіп жатқан, тіпті Германияда, ТМД елдерінде, Түркия, Моңғолия, Қытайда туған балалар үшін тарихи Отанында тойланатын осы мерекенің мəні де, мағынасы да, берер тəлімі де мол, дейді оны ұйымдастырушылар. «Оларға өмірі көрмеген «тұсаукесер», «бесікке салу», «ашамайға отырғызу» сынды ғұрыптарды тамашалау ерекше əсер етті. Үлкендер бірбірімен қауышып, қауқылдасып, дастарқаннан дəм татып, ұлттық киімдерін киіп, ел туралы жергілікті жұртшылыққа əңгімелеп берді»,– дейді бізбен хабарласқан Бауыржан Серікұлы. Шараға сол қаланың бургомистрі Гельмут Аффелт бастаған лауазым иелері мен жергілікті халық өкілдері көптеп қатысыпты. Басынан аяғына дейін қазақ тілінде өткен Наурыз мерекесінде аудармашылықты қазақ тілін өміріндегі қымбатына балаған Валентин Миллер атқарса, Лилия Миллер мен Карина Нұркенова наурыз көже əзірлеп, Андрей Шмидт пен Дима Кенжеғалиев «Арқан тарту», «Асық ату» сынды ұлттық ойындарды ұйымдастырыпты. – Наурызды қызықты өткізуге атсалысқан Светлана Маркс, Бауыржан Серіков, Карина, Даниел жəне Биатрис Нұркеновтерге, Миллер Лиан сынды отандастарымызға жиналғандар риза болып тарасты. Ал мерекеден түскен қаржыны тарихи Отанымыздағы қатерлі ісік дертіне шалдыққан балаларды емдейтін орталықтың біріне жіберуді жоспарлап отырмыз, – дейді мерекені ұйымдастырушылар.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 200 601 дана. Нөмірдің кезекші редакторы

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 4 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №40 ek

Profile for Egemen

18/04/2013  

1804201318042013

18/04/2013  

1804201318042013

Profile for daulet
Advertisement