Page 1

АҚПАРАТТАР аєыны №135 (28613) 17 ШІЛДЕ ЖҰМА 2015 ЖЫЛ

Ораза айт ЕЛ ƏЛЕУЕТІН ƏЛЕМГЕ мерекесімен ƏЙГІЛЕЙТІН КҐРМЕ ќўттыќтады Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Құттықтауда былай делінген:

Қымбатты отандастар! Барша қазақстандықтарды қасиетті Ораза айт мерекесінің басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мейрам мұсылман қауымы үшін маңызды Рамазан айының аяқталуын білдіреді. Татулыққа, тыныштыққа, қайырымдылық пен жанашырлыққа үндейтін ислам дінінің рухани қасиеті осы Рамазан айында кеңінен көрініс табады. Осынау мейрамның құрметі үшін барша əлем мұсылмандары нəсіліне, ұлтына қарамастан жақындарына қамқорлық танытып, мұқтаж жандарға мүмкіндігінше материалдық жəне рухани қолдау көрсетеді. Қазақстанда түрлі этностар мен діндер өкілдері достық пен келісімнің, жасампаздық пен бірліктің үлгісін көрсетіп келеді. Бұл құндылықтарды дамыта отырып, біз қоғамдағы ұлттық мəдени жəне рухани алуандылықты сақтауға, азаматтар арасындағы өзара құрмет пен сенімнің нығаюына одан əрі ықпал етуіміз қажет. Осынау қасиетті күнде мен баршаңызға рухани келісім, табыс, зор денсаулық, бақ-береке тілеймін. Қасиетті Ораза айт мерекесі қоғамымыздағы өзара түсіністік пен достықты одан əрі нығайта берсін!

Қазақстан Республикасының Заңы Ќазаќстан Республикасы мен Америка Ќўрама Штаттары арасындаєы ќылмыстыќ істер бойынша ґзара ќўќыќтыќ кґмек туралы шартты ратификациялау туралы 2015 жылғы 20 ақпанда Вашингтонда жасалған Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шарт ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2015 жылғы 16 шілде. № 331-V ҚРЗ

Ынтымаќтастыќќа ынта танытылды

Кеше Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Киевте экономикалық ынтымақтастық бойынша Қазақстан-Украина комиссиясының 12-ші отырысына қатысты.

Тараптар мемлекетаралық ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын талқылады. Қатысушылар агроөнеркəсіптік кешенде, отын-энергетикалық салада, логистика, өнеркəсіп, туризм, мəдениет саласында əріптестікті одан əрі тереңдету қажеттілігін бірауыздан атап өтті. Бақытжан Сағынтаев украиндық тарапқа Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысуды ұсынды. Ол Украина көрмеде турист ретінде ғана емес, оның толыққанды қатысушысы болатынына үміт білдірді. Қазақстан-Украина қа рымқатынастарының қазіргі кезеңдегі маңызды оқиғасы 2014

жылғы 22 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің Украинаға ресми сапары болды. Осы сапар барысында екіжақты ынтымақтастықты, оның ішінде қазақстандық-украиндық мемлекетаралық комиссия ның қызметін жандандыру арқы лы ынтымақтастықты дамыту бойынша бірқатар нақты уағдаластықтарға қол жеткізілген болатын. Киевте өткен Комиссия отырысы осы жылғы күзде Украина Президенті Петр Порошенконың Қазақстанға сапарына дайын дықтың негізгі кезеңі болып табылады, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Талай-талай жаһандық жиындар мен дүбірлі басқосуларды абыроймен өткізген Қазақстанның алдында тағы бір сындарлы сын тұр. Ол – 2017 жылы Астанада өтетін ЭКСПО көрмесі. Адамзат ақыл-ойының тамаша табыстарының бірі – Бүкілəлемдік жетістіктер көрмесін (ЭКСПО) ұйымдастырудың 160 жылдан астам тарихында Орталық Азия аймағы, тіпті, ТМД елдерінің ешқайсысында

немесе наєыз сїт пен консервантты сїт ґнімдерін айыратын кез жетті Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Əрине, сүтті сиыр, етті сиыр болса да, сұлу сиыр деген бола қоймас, бірақ, күтім көрген малдың жөні бөлек. Мынадай қалжың тектес сөз бар: «Сиырлары əйелдерінен де əдемі болып көрінетін елге келсеңіз, ол – Голландия». Бұл əзілдің астарында біраз шындық бар. Сонымен, сейсенбі күні біз де сиырлары «сұлу» Қазақ тағамтану академиясының «Амиран» зауытының сүт фермасына келдік. Алматы облысы Талғар ауданы Нұра ауылындағы фермаға шілденің тапа тал түстегі аптабында жетсек те, бір топ БАҚ өкілдері бірден егістік алқаптарын аралап шықтық. Бидай, жоңышқа, жүгері, соя, сұлы егістіктерінің біраз бөлігі суармалы екен. Осыдан кейін желіндері жер сызып тұрған сиыр фермасына оралдық. Қазіргі сүт сауатын аппараттар бұрынғыдай емес, малдың жанын қинамайды, сүт біткенде өзі ажырайды.

үлкен футбол алаңынан бастап, балалар жаттығатын бірнеше зал бар. Ауыл жастарының уақытын текке өткізбеуі үшін барлық жағдай жасалған. Айта берсе, Нағи Ілиясов ауылындағы футбол алаңы кейбір облыс орталықтарында жоқ. Бұл да Абзал Ералиевтің арқасында болған тірлік. Ал жақында кəсіпкердің тікелей бастамасымен 300 орындық жаңа мешіт пайдалануға беріледі. Қысқасы, еңбегімен еленген азамат туған ауылының көркеюіне жан-жақты атсалысып келе жатыр. Қызылорда облысы. Сырдария ауданы, Нағи Ілиясов ауылы.

көрсетті. Мемлекет басшысы кеңесте əлемдік қоғамдастық алдағы көрме туралы ақпараттандыру деңгейі төмен екендігін айта келіп, Үкіметке, əкімдерге көрмені халықаралық деңгейде жəне ел ішінде насихаттау жоспарын əзірлеп, оны сапалы түрде іске асыруды тапсырды. Осыған орай ЭКСПО-2017 көрмесіне арналған материалдар топтамасын 5-беттен оқисыздар.

«СЎЛУ» СИЫРЛАР

Қызылорда облысының Нағи Ілиясов ауылы тұтас Қазақстанға танымал десек, қателеспейтін шығармыз. Сыр бойына жасаған сапары кезінде Елбасының өзі арнайы барып: «Қазақстандағы барлық ауыл осындай болуы керек», деп бағасын беріп кеткен еді.

Ал Нағи ауылының гүлденіп, көркейіп, өсіп-өркендеуіне тікелей атсалысып жүрген азамат Абзал Ералиев. Қазақстанның Еңбек Ері кіндік кесіп, кір жуып өскен туған жерін түлетіп, оның ажарына-ажар, келбетіне-келбет қосып, бүгінгі заманға сай дамуына барынша атсалысып жүр. Мəдениет үйін күрделі жөндеуден өткізді. Ауылдың орталығына хауыздар орнатты. Айналаның барлығын гүлмен көмкерді. Тұрғындардың игілігі үшін сауда орталығын да салып берді. Ал жақында осы ауылда спорт кешені ашылды. Онда

да халықаралық көрме жалауы желбіреп көрген жоқ. Қазақстан бұл жаһандық жауапкершілікті тұңғыш көтергелі отыр. Сондықтан да Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жақында өткен ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге дайындық барысы жөніндегі кеңесте «Бұл – Қазақстанды, еліміздің мүмкіндіктерін бүкіл əлемге көрсететін басты жоба», деп атап

 Индустрия игілігі

Биг-Бені бар ауыл «Егемен Қазақстан».

● Алматыда өтетін 2017 жылғы қысқы Универсиададан кейін атлетикалық ауылдағы 2 мыңға жуық пəтер тұрғындарға cатылады. Бұл туралы «Элитстрой» құрылыс компаниясының президенті Қайрат Оразбеков айтты. Сондықтан аталған нысан тұр ғын үй мəселесіне қатысты мемлекеттік бағдарлама талаптарына сай салынуда. ● Қызылорда облысында мал бордақылау алаңының құрылысы бас талды. Сыр дария ауданы Шаған елді ме кенінде қолға алынған жоба 3000 басқа арналған. Облыстық əкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, осыған байланысты алаң маңындағы 750 га жер инженерлік жүйеге келтіріледі. ● Қарағанды облысында ауыл шаруашылығы кəсіпорнына 48 млн. теңге субсидия төленді. Бұл шара облыстық прокуратураның араласуымен жүзеге асты. Аталған ведомствоның баспасөз қызметі таратқан мəліметке сүйенсек, «Красная поляна» ауылдық тұтыну кооперативінің құқығы осылайша заңмен қорғалды.

 Ауыл – алтын бесік

Ержан БАЙТІЛЕС,

● Астанадағы жəр меңкелерде азық-түлік өнімдері жеңілдетілген бағамен сатылуда. Қалалық ауыл шаруашылығы басқармасының мəлімдеуінше, бүгінге дейін 26 жəрмеңке өткізілген. Соның негізінде жалпы сомасы 82,9 млн. теңгені құрайтын 273,5 тонна өнім сатылған.

(Соңы 9-бетте).

● Ақтөбеде «Қолжетімді баспана-2020» бағдарла масы бойынша жалға берілетін пəтерлердің иелері анық талды. Қала əкімінің орынбасары Қуантқан Əлімовтің сөзіне қарағанда, байқауға 921 өтініш келіп түскен. Солардың ішінен жоғары балл жинаған 216 жас отбасы алдағы екі аптаның ішінде қоныс тойын тойлайды. ● Ақтау қаласының полицейлері заң бұзу шылықтар туралы ақпаратты ұялы байланыстың WhatsАpp қосымшасы арқылы да қабылдай бастады. Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметі мəлімдегендей тұрғындар 8 (701) 951 02 02 нөміріне хабарлама жазу арқылы маңызды мəліметтерді полицияға лезде жеткізе алады. ● «Орал сауда-өнеркəсіп компаниясы» ЖШС өндіріс көлемін өткен жылмен салыстырғанда екі есеге арттырды. Кəсіпорын басшысы Алексей Апасов компанияның 2007 жылдан бері газ, су құбырларын өндірумен айналысып келе жатқанын жеткізді. Алғашқы жартыжылдықта серіктестік 4,5 мың тонна полиэтилен өңдеген. Ал жылдық жоспар – 8 мың тонна. Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары, «ҚазАқпарат» агенттігі жəне «24kz» телеарнасының деректері бойынша дайындалды.


2

www.egemen.kz

17 шілде 2015 жыл

Алаѕдаудыѕ реті жоќ Валюталық дəліздің кеңейтілуі айтарлықтай алаңдаушылық туғызатын мəселе емес. Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мəслихатында экономика ғылымдарының докторы, Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қыз меткері Вячеслав Додонов осындай пікірімен бөлісті. Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».

Еске салсақ, Ұлттық банк теңгенің долларға шаққандағы бағамының дəлізін 1 доллар үшін 198 теңгеге дейін кеңейткен болатын. Яғни, алдағы уақытта икемдi бағам қалыптастыруды жалғастыру үшiн Ұлттық банк теңгенiң долларға шаққандағы айырбас бағамының дəлiзiн ағымдағы 170-188-ден 170-198 теңгеге дейін ұлғайту туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ, бұл ретте Ұлттық банк бұл өзгерістің елдегі қаржылық ахуалды тұрақты ұстауға тиімді əсер ететінін алға тартқан еді. Енді, міне, бұл ойды сарапшы ғалымдар да қолдап отыр. «Бұл жағдай əзірге ешқандай қауіп төндірмейді. Егер Ұлттық банктің бұған дейінгі валюталық дəлізді кеңейткенін

еске алатын болсақ, дəліздің айтарлықтай кең болғанына қарамастан, теңгенің долларға шаққандағы бағамы біршама тұрақты түрде өзгеріп отырды», – деп атап өтті Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері В.Додонов. Оның айтуынша, кейбір мамандар аталған валюталық дəлізді енгізудің жəне теңгені тұрақты ұстап тұрудың

қиын болатынын айтуда. «Дегенмен, жағдайдың соншалықты алаңдайтындай емес екенін айтқым келеді. Ұлттық банктің жасап отырған қадамын теңгенің біраз төмендейтініне дайындық деп қабылдауға болады. Бірақ мəселе теңге бағамының төмендеуінде ғана емес, бағамның қалай төмендейтінінде жəне қанша уақытқа созылатынында», – деді сарапшы.

Оның айтуынша, Қазақстан əлі де сыртқы факторлардың əсеріне шалынып отыр, оның ішінде мұнай бағасының құлдырауы да əсер етпей қоймайды. «Біз əлі де бағалардың төмендеуі əсерінен шыққан жоқпыз. Сондықтан, бұл фактор біздің экономикамызға əлі де əсер ете береді», – деді В.Додонов. Ұлттық банктің валюта дəлізін кеңейту туралы шешіміне қатысты пікірлер əлеуметтік желілерде де жазыла бастады. Мəселен, экономикалық шолушы Денис Кривошеев өзінің фейсбуктегі парақшасында бұл мəселеге орай түсініктеме беріпті. Оның ойынша қазіргідей сыртқы экономика тұрақсыз кезеңде Қазақстанды əлемдік дағдарыстан теңгенің құбылмалы бағамы ғана құтқарады. «Нарық рұқсат берілген кеңістікті тез еңсеріп, ұлттық валюта мен өндірушілерге қысым көрсете бастайды. Осылайша, Ұлттық банк біртіндеп қимылдауға шешім қабылдады деген тұжырымға келеміз. Еліміздің экономикасы үшін теңгенің рубльмен ара-қатынасы 1:5 болғаны тиімді, демек доллардың бағасы 290 теңге болуы тиіс. Əлемдік нарықтағы ахуалды ескере отырып, артта қалған шикізатқа негізделген экономикаларды тек құбылмалы бағам аман сақтап қалады. Қазақстанның жағдайында ДСҰ, ЕАЭО қосымша ынталандырушы фактор болып табылады. Еуразиялық экономикалық одақта девальвациялар бəсекелестігі тетігі іске қосылған», – деп жазыпты Д.Кривошеев.

Еѕбекаќы еѕбегіне ќарай еселенеді «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының Қазақстан Республикасының дамыған мемлекеттердің отыздығына кіру жөніндегі басымдығының бірінші бағыты, яғни кəсіби аппарат құруға қатысты екені белгілі. Осыған орай кеше Орталық коммуникациялар қызметінде «Мемлекеттік қызмет тиімділігінің негізгі факторлары туралы» тақырыбында арнайы брифинг өтіп, онда осы мəселеге қатысты жан-жақты ақпарат берілді. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет жəне жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі аппаратының басшысы Айгүл Шаимова өз сөзінде Мемлекет басшысы еңбекақыны нəтиже бойынша төлеуге көшу жөнінде нақты тапсырма бергендігін тілге тиек ете келіп, мұндай қадам жұмыстың тиімділігіне алып келетінін ортаға салды. Бұл ретте, аппарат басшысы бүгінгі таңда жұмыс ауқымы мен күрделілігіне қарамай, бір деңгейдегі əрбір мемлекеттік қызметші жалақыны бірдей көлемде алатынын, ал сыйақы мен қосымша да бірдей төленетінін немесе, тіпті, берілмейтіндігін де атап кетті. Осыған орай, Елбасы тапсырмасы бойынша келесі жылдан бастап еңбекақы балдық көрсеткіш бойынша төленетіні белгілі болып отыр. Аталған еңбекақы төлеу бағаны тек мемлекеттік қызметтің өсім көрсеткішін ғана емес, сонымен қатар, мемлекеттік қызметшіге жүктелетін ауыртпалық пен олардың нақты стратегиялық нəтижелері мен жетістіктеріне қарай төленеді. Осы орайда, мемлекеттік қызметшінің жауапкершілікті сезінуі, өзінше шешім қабылдай алуы, тəжірибесі, арнайы білімінің болуы сияқты факторлар жан-жақты ескерілмек. Нəтижесінде бір категориядағы мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы əртүрлі деңгейде төленетін болады. Агенттіктің қамтамасыз ету құрылымы басшысының жалақысы салалық басқарма басшысына қарағанда төмендегендігін мысал ретінде келтірген А.Шаимова салалық басқарма мемлекеттік қызмет саласындағы біртұтас саясат жасақтауға бағытталған агенттіктің миссиясын құратындығына назар аудартты. Ал қалғандары агенттік жұмысының ішкі процестерін ұйымдастырумен айналысады екен. «Талдай келгенде, осындай баған енгізу арқылы мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттары

мен міндеттеріне қол жеткізуіне қарай еңбекақының əділ төленуіне мүмкіндік жасалады. Екіншіден, мемлекеттік органның тиімді ұйымдастыру-басқару құрылымының тұғыры орнатылады жəне, үшіншіден, экономикалық жəне ғылыми тұрғыда еңбекақы төлеудің негіздемесін жасайтын бірыңғай лауазымдық өлшемдері пайда болды», деді Айгүл Амантайқызы. Оның айтуынша, еңбекақы төлеудің мұндай түрін АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Малайзия, Сингапур, Жаңа Зеландия сияқты елдер қолданып келеді. Аталған тəсілді енгізу арқылы Қазақстанда еңбекақы төлеудің əділдік қағидаты сақталуына мүмкіндік ашылады. Өйткені, ол əрбір ұйымда лауазым иесінің еңбегіне қарай төленетін болады. Аталған баған бойынша еңбекақы жүйесін төлеуді енгізу үшін алдыңғы қатарлы консалтингтік компаниялар мамандары тартылатыны да аталмай қалмады. Жұмыс нəтижесіне орай бонус төлеу де қарастырылады. Ол «Б» корпусына жататын мемлекеттік қызметшілерге жеке жəне жылдық жоспарларды орындау бойынша төленетін болады. Бұл үшін қызметкерлерді топтарға бөліп, қол жеткізілген табыстарына орай еңбекақы төленеді екен. Ол үшін əрбір топ төртке бөлініп, нəтижелеріне орай алдыңғы екеуіне ғана бонус беріледі. Онда да бірінші топтағылар екіншісіне қарағанда көбірек алатыны алға тартылды. Ал нəтижеге қол жеткізе алмағандарды жетілдіру үшін жоспар құрылмақ. Бірінші жылы қанағаттанғысыз жұмыс істегендердің лауазымы егер орын болса төмендетілуі мүмкін. Мұндай нашар көрсеткішпен екі жыл «көзге түскендерді» жұмыстан босату мəселесі қойылады. Бірінші басшы өз құзыретіне сəйкес штаттық есепке орай оңтайландыру жөнінде шешім қабылдай алатын құзырет те енгізіліп отыр. Үнемделген қаржы көздері бонустар мен үстемеақылар төлеуге бағытталатын болады.

Польша компаниялары оѕтїстікке кґз тігіп отыр Жақында Қазақстанның Польшадағы елшілігі осы елдің астанасы – Варшава қаласында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 5 институттық реформасы шеңберінде Қазақстан-Польша ынтымақтастығына арналған кеңес ұйымдастырды. Кеңеске Польшаның бұрынғы премьер-министрі Казимеж Марцинкевич, Сейм депутаты Томаш Маковски, Сенаттың заң шығармашылық жұмыстар жөніндегі комитетінің төрағасы Петр Жантарски, сондайақ, жергілікті ірі компаниялардың жетекшілері қатысты. Басқосуға келгендер Қазақстанның мемлекеттік басқару мен ұлттық экономиканы жаңғырту жағдайларында бірлескен ынтымақтастықтың ықтимал перспективаларын талқылады. Саудаэкономикалық жəне инвестициялық əріптестікті күшейту үшін «KZ-EUROPL» Еуразиялық палатасы шеңберінде нақты уағдаластықтарға қол жеткізілді. Палата құрамына машина жасау саласындағы (Famur, Korex, Pol-mot, KGHMZanam, Unimot), аграрлық сектордағы (Pronar, Arno, Ursus, UniMasz), құрылыстағы (WaimeaHolding, Selena, Warbud, Budmat, Unibep), энергетикадағы (Synthos, ExaloDrillilng, DuelFuel) жетекші компаниялар мен басқалары (70-тен астам компания) енді. Палата жұмысын К.Марцинкевич үйлестіріп отыратын болады. Еуразиялық палата Қазақстанда

Қазақстан мен Польшаның Ақтөбе, Қарағанды, Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Астана қаласында «KZEURO-PL» қанатқақты бағдарламасын жүзеге асыруға жəрдем қолын созатын болады. Қазақстанның Польшадағы елшісі Ерік Өтембаев атап өткеніндей, екіжақты уағдаластықтарға сəйкес, бұл бағдарлама Қазақстанда инвестициялық əріптестік жөніндегі кластерді дамытуға ықпал жасайды. «KZ-EURO-PL» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түлкібас ауданының əкімі Қайрат Əбдуалиев өзі басқаратын ауданда алма бағын құру туралы меморандумға қол қойды. Аталған жобаны жүзеге асыруға жауапкершілікті Польшаның АRNO компаниясы өз мойнына алатын болды. Бұдан бөлек, Түлкібас ауданының аумағында жеміс-көкөністің логистикалық орталығын салу жоспарланып отыр. Аталған жобаны жүзеге асыру туралы меморандумға Қ.Əбдуалиев пен көліктік-логистикалық Polfrost компаниясы қол қойды. «Егемен-ақпарат».

 Мəселенің мəнісі

«Арселор Миттал» Теміртаудаєы комбинатты сатпайды Айқын НЕСІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Осыдан бірер күн бұрын компанияның Украина мен Оңтүстік Африкадағы салалас кəсіпорындармен қоса Қазақстандағы металлургиялық өндіріс алыбын да сатуға пиғылы бар екені туралы сыбыс теміртаулықтарды қатты қобалжытты. Көптеген адам еңбек ететін, тағдыры комбинат тынысымен тұтасқан қала үшін мұндай əңгімелер елге ауыр тимей қалмады. Анық-қанығына жеткенше жұрттың үрпиісіп қалуы да сондықтан еді. Жергілікті тұрғындардың қуанышына орай, алаңдаушылық туғызған хабар кеше «Арселор Миттал» компаниясының Лондондағы бас кеңсесінен мəлім

етілгендей, шындыққа жанаспайтын болып шықты. Одан жолданған хатта компанияның Қазақстандағы, Украинадағы жəне Оңтүстік Африка Республикасындағы өзінің активтерін сатуға ниетінің жоқтығы, қазіргі таңда металлургиялық өнімдерге сұранымның азаюына байланысты экономикалық белсенділіктің төмендеуі байқалуы бары екені айтылып, барлық күш-мүмкіндік өндірісті қалыпты ырғаққа келтіруге жұмылдырылып жатуы жеткізілген. Бұған бүгінде «Арселор Миттал Теміртау» АҚ металлургиялық комбинатында жаңа қуаттарды іске қосып, жаңғыртуға сəйкес атқарылудағы ісшаралар дəлел бола алады. Соның бірі жақында №3 домна пеші қайтадан жаңартылып, шойын қорыту көлемін арттыруға мүмкіндік тууы болды. Өндірісті дамытудағы бұл бағыттардың ертеңгіге сенімділікті көрсетуіне орай теміртаулық металлургтер қашанғыдай өз міндеттеріне адалдықпен еңбек етуде. ТЕМІРТАУ.

Қазақстан Республикасының Заңы

«Ґсімдіктер карантині туралы» Ќазаќстан Республикасыныѕ Заѕына ґзгерістер мен толыќтырулар енгізу туралы 1-бап. «Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 2-3, 34-құжат; № 23, 931-құжат; 2002 ж., № 4, 30-құжат; 2003 ж., № 15, 121-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 85-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 123-құжат; № 23, 143-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) 1-бапта: 2) тармақша алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 2-1) жəне 101) тармақшалармен толықтырылсын: «2-1) зертханалық сараптама – карантинге жатқызылған өнімнің, өсімдіктер зиянкестерінің, өсімдік ауруларын қоздырғыштардың жəне арамшөптердің түрлік құрамын жəне олардың карантинді объектілер мен бөтен текті түрлерге жататынын айқындау мақсатында олардың үлгілерін зерттеу;»; «10-1) өсімдіктер карантині жөніндегі уəкілетті ұйым (бұдан əрі – уəкілетті ұйым) – Қазақстан Респуб ликасы Үкіметінің ше шімімен құрылған, Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес функцияларды жүзеге асыратын ұйым;»; 11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «11) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар – карантинді объектілердің таралу ошақтарын анықтау, оқшаулау жəне жою, залалданған карантинге жатқызылған өнімді зарарсыздандыру, техникалық қайта өңдеу, тазарту жəне жою, үй-жайлар мен көлік құралдарын зарарсыздандыру жəне тазарту, карантинге жатқызыл ған өнiмді қайтару жөніндегі жұ мыстарды ұйымдастыруға жəне жүргізуге бағытталған іс-шаралар жүйесі;»; мын адай маз мұ н дағ ы 1 7 - 1 ) тармақшамен толықтырылсын: «17-1) фитосанитариялық тəуекелді талдау – карантинді объектілер мен бөтен текті түрлерді айқындау жəне олар бойынша тиісті карантиндік шараларды жəне өсімдіктер карантині жөнінде ісшараларды қолдану мақсатында биологиялық, ғылыми жəне экономикалық деректерді зерделеу, зерттеу жəне бағалау процесі;»; 2) 6-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мекемелер: уəкілетті ұйым; республикалық фитосанитариялық диагностика жəне болжамдар əдістемелік орталығы;»; 3) 7-баптың 1-тармағының 3), 10), 13) жəне 31) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «3) жергілікті атқарушы органдардың өсімдіктер карантині саласындағы қызметін үйлестіруді жəне оған əдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;»; «10) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін пестицидтердің (улы химикаттардың) қорын құру жəне сақтау тəртібін əзірлейді жəне бекітеді;»; «13) Қазақстан Республикасында жəне басқа да мемлекеттерде ка рантиндi объектiлердiң болуы мен таралуы, оларға қарсы күрес жөнiндегi шаралар мен iс-шаралар туралы дерекқор құрады, ақпаратты ресми интернет-ресурста орналастырады жəне сұрау салу бойынша оны мүдделi адамдарға бередi;»; «31) уəкілетті ұйымда импорттық себу материалдары мен отырғызылатын материалдардың карантиндi объектiлермен жəне бөтен тектi түрлермен жасырын за лалданғанзалалданбағанын зерттеу жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастырады жəне бақылайды;»; 4) 7-1-бап мынадай редакцияда жазылсын: «7-1-бап. Өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мекемелердің функциялары 1. Уəкілетті ұйым: 1) зертханалық сараптамаға келіп түсетін үлгілердегі өсімдіктер зиянкестерінің, өсімдік ауруларын қоздырғыштардың жəне арамшөптердің, оның ішінде карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің түрлік құрамын айқындайды; 2) импорттық себу материалдары мен отырғызылатын материалдардағы өсімдіктер зиянкестерімен, өсімдік ауруларын қоздырғыштармен жəне арамшөптермен, оның ішінде карантинді объектілермен жəне бөтен текті түрлермен жасырын залалдануды анықтайды;

3) тұрақты негізде фито са нитариялық тəуекелді талдауды жүзеге асырады; 4) зертханалық сараптамаға келіп түсетін үлгілердегі анықталған карантиндi объектiлер мен бөтен текті түрлер туралы ақпаратты уəкілетті органға ұсынады; 5) əкелінетін карантинге жатқызылған өнiмге қойылатын фитосанитариялық талаптарды əзірлеуде уəкілетті органға əдістемелік көмек көрсетеді; 6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 2. Республикалық фито са нитариялық диагностика жəне болжамдар əдістемелік орталығы карантинді объектілердің таралу ошақтарын анықтайды жəне олардың таралу шекараларын айқындайды.»; 5) 12-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) ауыл шаруашылық, орман дақылдарының жəне сəндiк дақылдардың себу мен отырғызылатын материалдары, өсiмдiктер мен олардың бөлiктерi (қалемшесi, жуашығы, түйнегi, жемiсi), сондай-ақ карантиндi объектiлердi жұқтырушы болуы мүмкін өсiмдiк тектi кез келген басқа да өнiм;»; 6) 13-баптың 5-тармағының үшінші жəне алтыншы бөліктері мынадай редакцияда жазылсын: «Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор карантинге жатқызылған өнім иелерiне Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi саласындағы заңнамасын түсiндiредi, экспорттаушы елдiң ұлттық карантиндiк қызметiнiң фитосанитариялық сертификатының бар-жоғын анықтайды, көлiкті, карантинге жатқызылған өнiмді сыртқы қарап тексеруді жүргiзедi, өсiмдiктер зиянкестерiн, ауруларын жəне арамшөптердi анықтау мақсатында карантинге жатқызылған өнiмнен үлгiлердi iрiктеп алып, оларға сол жерде зерттеу жүргiзедi. Қажет болған кезде үлгiлер мен объектiлер уəкілетті ұйымға объектiлердiң қандай карантиндiк түрге жататынын растауға берiледi.»; «Карантиндi объектiлермен залалданған, ғылыми немесе өзге де құндылығы бар себу материалдары мен отырғызылатын материалдар олардың иелерi өтiнiш жасаған кезде уəкілетті ұйымға зерттеу үшiн берiледі. Карантиндi объектiлермен залалдану жойылған кезде себу материалдары мен отырғызылатын материалдар олардың иелерiне қайтарылады.»; 7) 13-1-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «2. Зерттеп-қарау нəтижелерi, сондай-ақ бұл ретте анықталған өсiмдiктер зиянкестері, өсiмдiк ауруларын қоздырғыштар жəне арамшөптер осы объектiлердiң ка рантиндiк түрлерге жататынын айқындау жəне растау үшiн өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторларға жiберiледi. Объектiлерді айқындау мүмкін болмаған жағдайда, өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар карантиндiк түрлерге жататынын растау үшiн оларды уəкілетті ұйымға жiбередi.»; 8) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын: «18-бап. Өсiмдiктер карантині жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру 1. Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, карантинді объек тілердің таралу ошақтарын оқшаулау жəне жою жөнiндегi іс-шараларды қаржыландыру бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. 2. Жеке жəне (немесе) заңды тұлғалардың қаражаты есебiнен: 1) жеке жəне заңды тұлғалардың меншігіндегі жəне (немесе) жер пайдалануындағы объектілер мен жер учаскелерінде карантиндік арамшөптердің таралу ошақтарын оқшаулау жəне жою жөнiндегi ісшаралар; 2) залалданған карантинге жатқызылған өнімді зарарсыздандыру, техникалық қайта өңдеу, тазарту жəне жою, карантинге жатқызылған өнiмді қайтару; 3) үй-жайлар мен көлік құралдарын зарарсыздандыру жəне тазарту орындалады.». 2-бап. Осы Заң, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 8) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2015 жылғы 16 шілде № 330-V ҚРЗ


3

www.egemen.kz

17 шілде 2015 жыл

БЕС РЕФОРМА – ЎЛТ ЖОСПАРЫ

Ґркениетке бастар ґршіл ќўжат Талғат ƏЛІБАЕВ,

Ақтау қаласының прокуроры, аға əділет кеңесшісі.

Ұлтының ұлы болашағы үшін ұлы жүкті аманат етіп жүктеген ұлт перзенті, Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың халыққа Жол даулары бірнеше рет жол тарт ты. Елбасы Жолдаулары мемлекетіміздің алдағы дамуы мен халықтың əлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталған, елдің келешекке бойын түзейтін даму жоспарлары. Жолдаулардың жалғасы ретінде үстіміздегі жылдың 5 мамыры күні өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы ел алдындағы күрделі мəселелерді шешуді тапсырды жəне осы кездесуде Қазақ елінің жарқын да, айқын болашағына бағытталған «100 нақты қадамын» жария етті. Бұл 100 нақты қадам – қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге негізделген құжат. Елбасы ұсынған кəсіби мемлекеттік аппарат құру, заң ның үстемдігін қамтамасыз ету, индустрияландыру жəне эко номикалық өсім бағыты, біртектілік жəне бірлік, есеп беретін мемлекетті қалыптастыру сынды бес институттық реформаны жүйелі жүзеге асыру тұрғысында жарияланған «100 нақты қадам» – Ұлт жоспары Қазақстанның мемлекеттілігін нығайтуға, əрі күрделі кезең нен сенімді өтуіне жол ашады. Кəсіби мемлекеттік аппарат құру реформасын жүзеге асыру мақсатында 15 нақты қадам белгіленді. Ондағы негізгі мəселелерге тоқталатын болсақ, сала мамандарын іріктеудің тəртібін күшейту, мемлекеттік қызметке қабылдаудың төменгі лауазымдардан басталуы, барлық мемлекеттік органдарға, оның ішінде құқық

қорғау органдарының барлық қызметкерлеріне қатысты «Мемлекеттік қызмет» туралы жаңа заң қабылдау жəне осы заң қабылданғаннан кейін жалақыларды қызметтік нəтижеге байланысты өсіру, барлық мемлекеттік қызметкерлерді кешенді аттестаттаудан өткізу мəселелері нақтыланған. Бұл тұста, шетелдердің озық тəжірибесі негізге алынғаны белгілі. Бұл – ел ішіндегі мемлекеттік қызметке деген азаматтардың сенімін беріктеуге бағытталған шара. Мемлекеттік қызметтің жаңа Этикалық кодексін жасау қарастырылған. Сонымен қатар, этика мəселелері жөніндегі уəкілетті өкіл лауазымын енгізу, жегі құртқа айналған жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, жаңа заңнамалар əзірлей отырып, Мемлекеттік қызмет істері жəне жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің құрылымында жемқорлық құқық бұзушылықтың жүйелі түрде алдын алу мен сауықтыру үшін жемқорлыққа қарсы арнайы бөлім құру мəселелері де атап көрсетіліп отыр. Атап өтер мəселе, еліміз басқа мемлекеттермен салыстырғанда,

жемқорлықпен күресуде көш ілгері тұр. Баянды тəуелсіздіктің бақытын сақтау осылайша жүзеге асырылуда. Егемен елімізді ғасырлардан ғасырларға жетелейтін күш, əрине, бұл тəуелсіздігіміз бен бірлігіміз, сыбайлас жемқорлықсыз қоғам мен мемлекеттік қызметкерлердің өз қызметтеріне деген нық сенімі, олардың этикасы. Заңның үстемдігін қам тамасыз ету реформасын жүзеге асыру бағытында 19 жаңа лық енгізілген. Мəселен, азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін жеңілдету үшін сот жүйесі инстанцияларын оңтай ландыру, қолданыстағы бес сатылы сот жүйесінен (бірінші, апелляциялық, кассациялық, қадағалау жəне қайта қадағалау жасау) үш сатылы (бірінші, апелляциялық, кассациялық) сот төрелігі жүйесіне көшу, соттарды іріктеу тетіктерін жаңарту жайы атап көрсетілген. Əділ сот төрелігін қарапайым халыққа да, инвесторлар мен бизнес үшін де қолжетімді ететін Жоғарғы Сотта инвестициялық алқа құрылады. Бұл реформа аясында болашақ судьялардың салада кемінде 5 жылдық еңбек өтілі болуы талап етіледі. Судьялыққа үміткерлер соттарда стипендия төленетін бір жылдық тағылымдамадан өтеді. Бір жылдық тағылымдамадан кейін судья бір жылдық сынақ мерзімінен өтеді. Халықтың сот төрелігіне қолже тімділігін жеңілдетіп, судьялыққа үміткерлерді іріктеуде біліктілік талаптарын қатайту қажеттігі алға тартылады. Сонымен қатар, олардың есеп беру тəртібін күшейту атап айтылып, айрықша тапсырылды. Сот ресімдерін оңайлату жəне сот процестерін жеделдету үшін азаматтық-құқықтық даулар

Міндетіміз – бəсекеге ќабілетті маман даярлау Мемлекетіміз алдағы уақытта əлемде дамыған 30 елдің қатарына кіру мақсатын жоспарлап отыр. Осы орайда Елбасы ұсынған бес институттық реформа жəне мемлекеттік құрылыстың 100 нақты қадамы – аталған жоспарды орындауға арналған бірегей бағдарлама, маңызды құжат. Президент: «Мен реформалар жоспарын Ұлт жоспары деп атадым, өйткені, реформалар Қазақстанның əрбір азаматының тікелей қатысуын талап етеді...

Мен реформаларды жүзеге асырудың қатаң бірізді болуын қалаймын», деп бұл міндеттерді орындаудың негізгі тұстарын айқындап берді. Ерекше тоқталып өтетін жағдай, ұсынылған 100 қадамның 50 қадамы елімізді индустрияландыруға жəне экономикалық өсім деңгейін ұлғайтып, қуатты елге айналдыруға бағытталған. Мемлекет басшысы атап өткендей, «реформалар ұлттық экономиканы білімге негізделген озық экономикаға айналдырады.

Индустрияландыруға негізделген экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін біз түбегейлі құрылымдық реформаларды жүзеге асырамыз». Яғни, осы міндеттерді орындау еліміздің жоғары оқу орындарына да үлкен жауапкершілікті жүктейді. Қай салаға болса да, кəсіби білікті маман даярлау – аса жауапты іс. Сондықтан, қазіргі таңда қайта өңдеу мен машина жасау салаларына мамандарды дайындау мəселелері өткір талқыланып,

жөніндегі соттарға проку рорлардың қатысуын қысқарту да сөз болды. Бұл ретте жергілікті атқарушы органдар мен қоғамдастыққа есеп беретін жергілікті полиция қызметін құру тапсырылды. Сондай-ақ, этикалық нормаларды бұзуға жол беретін по ли цейлердің іс-əрекеттеріне шағымданған азаматтардың арызын қарау жөніндегі қоғамдық кеңес жүйесін құру арқылы полицияның ашықтығын қамтамасыз ету қажеттігі атап көрсетілді. Аталған мəселелер əділ сот төрелігін жүзеге асырудағы шешім қабылдайтын, даулы мəселелер мен адам тағдырын шешетін əрбір судьяның өз мандатына толық сай болуын, сот қызметінің жəне құқық бұзушылықпен күресудегі полиция қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді, осылайша өз кезегінде халықтың құқық қорғау органдары мен сот билігіне деген сенімі нығаяды. Əр үкімнің мемлекет атынан шығарылуы, оның маңыздылығы судьялардан оның заңдылығы мен негізділігі үшін ерекше жауапкершілік сезінуді талап ететінін ескерсек, аталған жаңғыртулардың барлығы уақыт өте келе сот қызметінің өлшемін биік дəрежеге жетелейтіні сөзсіз. Еліміздегі біртектілік жəне бірлікті одан əрі нығайту мақсатында 5 қадам орындалуы қажет. Бұл салада ұлттық құндылықтар ұдайы дəріптеліп, «Үлкен ел – үлкен отбасы» жобасы жүзеге асырылады. Мектептік білім берудің қолданыстағы оқу бағдарламаларына Мəңгілік Ел құндылықтары енгізіледі. Қазақ халқы қашанда бірлік пен татулық мəселесіне ерекше мəн беріп, оны тірліктің тұтқасы, өмірдің өзегі ретінде бағзы заманнан бағалап келген. Татулық, бірлік, келісім – ең асыл іс. Қазақстан Республикасы

оң шешімдер қабылдануда. Біздің университетте де мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сəйкес білікті мамандар бакалаврда, магистратурада жəне PhD докторантурада дайындалады. Жас мамандар өңірдегі жəне қаламыздағы өнеркəсіп орындарында жұмысқа орналасып, басқа да шағын жəне орта бизнес мекемелерінде сұранысқа ие болуда. Бүгінгі таңда жоғары оқу орындарының өндіріс кəсіпорындарымен байланысын одан да жоғары деңгейге жеткізіп, жаңа технологияларды қолданатын, білімді, білікті мамандар даярлауға басты назар аударуымыз қажет. Сондықтан да өндіріс кəсіпорындары мен жоғары оқу орындары өздерінің барлық іс-қимылдарын біріктіруі

тəуелсіздік алғалы бері осы ұранды ту етіп келеді. Сол жылдары егемендігін енді алған жас мемлекетіміз үшін алдымен экономикамызды көтеру басты мақсат болып табылғаны рас. Бірақ бұл мақсатқа бірліксіз, ынтымақсыз қол жеткізу мүмкін емес еді. Экономикалық дамумен қатар, еліміздегі татулықтың тамырын тереңдету Мемлекет басшысының негізгі ұстанымы. Осыған орай, Елбасы бастамасымен 1995 жылдың 1 наурызында тəуелсіз еліміздің тарихында «Қазақстан халқының Ассамблеясы» атты жаңа институт құрылды. «Біздің ортақ Отанымыз – Қазақстанның қазіргідей қарыштап дамып отырғаны – елімізді мекендеуші барлық этностардың ынтымағы мен бірлігінің арқасы. Тəуелсіздігімізді тұғырлы ететін де, елімізді жаңа белестерге шығаратын да біздің осы қоғамдық татулығымыз. «Бірліксіз ел тозады, бірлікті ел озады» дейтін даналықтың шындығына бүгінде бəріміздің көзіміз жетіп отыр», – деп Елбасы Н.Ə.Назарбаев айтқандай, бүгінде мемлекетімізде ұлттар достығы берік сақталып келеді. Президент Жарлығымен 2015 жыл – Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы болып жарияланды. Бұл – еліміздегі ұлттар достығын, татулық пен бірлікті одан əрі нығайтуға бағыт талған маңызды қадам. Бұл маңызды қадам «нақты 100 қадаммен» əрі қарай ұштасып, жалғасын таппақ. Бесінші бағытта 10 нақты қадам орындалады. Бұл бағыттың басты көздегені – есеп беретін мемлекет қалыптастыру. Мемлекеттік орталық органдардың статистикалық база мəліметтеріне онлайн-қолжетімділік қамтамасыз етілуі тиіс. Атап өтетін тағы бір жайт, шалғайдағы шағын елді мекендерде жергілікті өзін өзі басқарудың дербес бюджеті енгізіледі. Транспарентті жəне халыққа есеп беретін мемлекет құру мақсатында «Азаматтар үшін Үкімет» деп аталатын мемлекеттік корпорация құрылады. Сөйтіп, халыққа қызмет көрсететін барлық орталықтар бір жүйеге топтастырылады. Бұл – тағы да сол ауылдар мен елді мекендерді одан əрі дамыту деген сөз. Əр елді мекенге дербес бюджет енгізу арқы лы сол ауылдың əлеуметтік-экономикалық жағдайын жаңғырта отырып жақсарту көзделеді. «100 нақты қадам» – Қазақстанның бəсекеге қабілеттілігін арттыруға, елді оза шаптыруға, дана халықтан құралатын дара мемлекеттің іргетасын одан əрі бекемдей түсуге бағыттал ған. Бұл жоспар – осындай маңыздылығымен, өзіндік құндылығымен ерекше. Бұл – халық пен биліктің психологиясын өзгертуге бағытталған жұмыс. Мұндағы мақсат –əрине біреу. Мемлекетті əлемнің озық отыз елінің қатарына қосу. Дамыған отыз елдің қатарына жас Қазақстан өзіндік салиқалы саясатымен, мызғымас бірлігімен, жаңартылған озық тетіктерімен, жақсартылған əлеуметтік-экономикалық хал-ахуалымен ғана ене алатыны сөзсіз. Демек, осы мақсат-мұраттарымызға жету үшін егемендігіміз бен бірлігімізді қорғай отырып, жоспарда көзделген нақты 100 қадамды жүзеге асырып, өркениетке бет түзейік! Маңғыстау облысы.

маңызды. Мұндағы басты мақсат – даярланатын мамандардың бəсекелестікке қабілеттілігін арттыру арқылы өзімізде шығарылатын өнімдерді əлемдік талаптарға сəйкестендіру. Осы тұрғыда елімізде əртүрлі деңгейдегі бизнесті дамытуға айрықша көңіл бөлініп отыр. Бұл – Елбасымыздың тапсырмаларын орындауға барлық мүмкіншіліктер бар деген сөз. Яғни, еліміз озық мемлекеттердің қатарына еніп, өркендеген «Мəңгілік Елге» айналатынына сеніміміз мол. Ермек ƏБІЛМƏЖІНОВ, Шəкəрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің профессоры, техника ғылымдарының докторы.

СЕМЕЙ.

Біз ќандай соќпаќќа тїссек, ўрпаєымыз сол ізбен жїреді Саттар ҚУАШБАЙ,

Оңтүстік Қазақстан облыстық мəслихатының депутаты, экономика ғылымдарының докторы, профессор.

Сонау 1997 жылы «Қазақстан-2030» Стратегиясы жария етілген кезде, еліміздің кейбір азаматтары, əсіресе, аға буын өкілдері, сондай-ақ, сырт елдердің саясаттанушылары мен сарапшылары бұл тарихи құжаттың жүзеге асуына үлкен күмəнмен, күдіктене қарағаны рас. Өйткені, олар келмеске кеткен қызыл империяның ком мунистік партиясының ұзақ мерзімге арналған бірнеше бағдарламалары болғандығын, олардың қалай «орындалғандығын» бір кісідей білетін еді. «Аузы күйген үріп ішеді» деген халық даналығы осы күдікке негіз болды. Алайда, ғылыми тұрғыда сарапталып, «Қазақстан-2030» деген атауға ие болған Елбасының тұңғыш Жолдауы өз өміршеңдігін бүкіл əлемге паш етіп, мұратмақсатына жетті. Жоғарыда атап өткеніміздей, Қазақстан барынша дамыған 50 елдің құрамынан ойып тұрып орын алды. Бағдарламаның негізінен орындалуына байланысты, бізге ел дамуының жаңа стратегиялық бағдарламасын қабылдау қажеттілігі туды. Осыған орай Елбасының «Қа зақ стан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты бағдарламасы дүниеге келді. Сонымен, мақсатымыз айқын. Ендігі жерде осынау асқақ мақсатты жүзеге асыру жолдары қалай болмақ деген заңды сұрақ туындады. Осы күрделі сұраққа жауап ретінде Елбасы 5 институттық реформаны, оны орындаудың 100 нақты қадамнан тұратын Ұлт жоспарын ұсынды. Кез келген қоғамның өркендеп өсуінің негізгі қозғаушы күші – ол сол елдің қарапайым азаматтарынан құралған халқы. Сондықтан да, əр қазақстандық денсаулығы мықты, саламатты өмір салтын ұстанған білімді де білікті азамат болуы тиіс. Бұл міндет əрбір отбасы мен білім-тəрбие беру ошақтарының қасиетті қағидатына айналуы шарт. Өйткені, кемеңгер қазақ халқы «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің», «Əке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деп жайдан-жай айтпаған. Əрбір ата-ана өз перзенттерін халқымыздың салт-дəстүрлеріне сəйкес тəрбиелеп, өздері оларға үлгі-өнеге бола білсе, олардың келешегі мейлінше жарқын болмақ. Олар ата-бабаларымыздан қалған «үлкенге құрмет, кішіге ізет, атаанаға қошемет» деген аталы сөздерді қастер тұтатын болады. Өздеріне өмір сыйлаған əкесі мен анасын алақандарына салып əлдилеп, олардың алдындағы борышы мен парызын адал атқаруға тырысады. Сонда ғана ата-анасының бетінен алып, төсіне шабу, қарттар үйіне тапсыру ескілді бейəдепсіздіктен біржола арылатын боламыз. Ұлт жоспарының 76, 77, 78 жəне 79 қадамдары білім беру са ласының жұмыстарын жетілдіру мəселелеріне арналған. Бұл қадамдардағы қойылған міндеттерді толығымен қолдай отырып, білім-тəрбие беру үдерісіндегі сабақтастық мəселесін естен шығармайық дегіміз келеді. Өзімізді білім нəрімен сусындатып, адамгершілік рухында тəлім-тəрбие беріп, азамат етіп қалыптастырған кешегі кеңестік педагогиканың əлемдегі орны үздіктер қатарында болғандығы баршаға аян. Аттары əлемге мəшhүр Қаныш пен Мұхтар, Бауыржан мен Талғат, Əлия мен Мəншүк, Нұрғиса мен Шəмші, қазақ спортының шоқжұлдыздары – боксшылар Бекзат пен Серік, тағы да басқа халқымызды əлемге паш еткен қазақ халқының аяулы ұл-қыздары сол кеңестік білім ошақтарының түлектері. Сондықтан да, білім беру стандарттарын жаңғырту барысында кеңестік педагогиканың прогрессивті əдіс-тəсілдерін пайдалануды дұрыс деп санаймыз. Ұлт жоспарының 85-қадамы «Мəңгілік Ел» патриоттық актісі жобасын əзірлеу деп аталады.

Өте құптарлық қадам, өйт кені, «Мəңгілік Ел» идеясы отаншылдық, ұлтжандылық жəне этносаралық ынтымақ рухында тəрбиелеудің ең негізгі өзегі. Көпэтносты Қазақстан жағдайында өркениеті барын ша дамыған отыз елдің құрамына кіру – ел мен жерге деген сүйіспеншілігі шексіз патриот азаматтарсыз мүмкін емес шаруа, бос құрғақ қиял. Сондықтан да, əрбір қазақстандық, мейлі ол орыс, яки неміс, қазақ, яки қырғыз немесе чешен, яки грузин болсын, сүйікті Отанымыз – Қазақстанды жан-тəнімен сүйетін патриот болуы тиіс. Айтып жүргеніміздей, «Мəңгілік Ел» ұлттық идеясының арқауы ретінде отандастарымызды патриоттық, қонақжайлылық жəне меймандостық рухында тəрбиелеуде халқымыздың теңдесі жоқ салт-дəстүрлері мен əдетғұрыптары таңдалса, нұр үстіне нұр болар еді. Өйткені, олар – даңқты ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған іс-тəжірибесінің, тыныс-тіршілігінің жемісі. Кез келген ел халқының айрандай ұйып, жұдырықтай жұмылуында, əсіресе, көпэтносты мемлекет жағдайында мемлекеттік т і л ді м е ң г ер у д ің ал ар о р н ы айрықша. Бұл – ешқандай дəлелдеуді қажет етпейтін аксиома. 2025 жылға қарай, қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мəніндегі мемлекеттік тіл мəртебесіне көтерілген кезде, біз Отанымызды Қазақ елі деп атайтын боламыз деген еді бұл орайда Елбасы. Біздің бұл мақсатымыз, əсіресе, бүгінгі таңда, əлемде қалыптасқан геосаяси ахуал мен Украина төңірегіндегі оқиғалардан соң өз өзектілігін одан ары ұштай түсіп отыр. Ұлт жоспары сот істері жəне құқық қорғау органдары жұмысы мен медицина саласының жұмысын жетілдіруге арналған міндеттерді қамтиды. Мен бұл салалардың маманы болмасам да, қысқа да нұсқа айтарым, антқа адал болайық, ағайын. Дəрігерлер Гиппократ антын қабылдаса, мемлекеттік қызметкерлер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері жəне судьялар Конституцияға оң қолын қойып, Отанға, Президентке адал қызмет етуге ант береді. Біздің бала кезімізде ақсақалды аталарымыз бен ақ шашты əжелеріміз: «...Олай болып кетейін, бұлай болып кетейін» деп ант-су ішіп жатқанымызда, адал болсаң да ант ішпе, айналайын, өйткені, антыңды бұзсаң сені антұрған деп қарғайды. «Бұл – өте ауыр қарғыс», – деп отыратын еді. Сондықтан судьяларға айтарымыз, қара қылды қақ жарып əділ үкім шығар, «Əділ биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген дана қазақтың ұлағатты сөзін ту етіп ұста. Ал, дəрігерлерге айтарымыз, сол қазақтың «Өзің болсаң қандайсың?» деген терең мағыналы сөзі жұмысыңның негізгі қағидаты болсын. Сол сияқты ашығын айту керек, жемқорлық атты індет қоғам дамуы жолындағы негізгі кедергі, былғанышты бөгет. Бүгінгі таңда, сыбайлас жемқорлық елдің ұлттық қауіпсіздігіне де қатер төндіріп, нұқсан келтіруде. Өкінішке қарай, аталған індетпен бірқатар жоғары шенді шекпенділер де былғанды. Тіпті, есіткен құлақтан да ұят. Сондықтан да, сыбайлас жемқорлықпен күрес мейлінше ымырасыз болуы тиіс деп санаймыз. ШЫМКЕНТ.


4

www.egemen.kz

17 шілде 2015 жыл

Үйдің берекесі қабырғасының қиюымен емес, теңінің жиюымен, отбасындағы сыйластықпен, татулықпен кіреді.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

Алтын діѕгек

Біздіѕ елдіѕ басты байлыєы Оралхан ДƏУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Еліміздің болашағы, дамуы, өркендеуі отбасының берекесі, бірлігіне тікелей байланысты. Аспанында бейбіт күні жарқыраған Отанымыздың тірегі – бақытты отбасы. Отбасы – береке-бірліктің қайнар көзі. Отбасының бірлігі – Отанның бірлігі, ағайынның татулығы – атамекеннің тұтастығы болса, осы құндылықтарды дəріптейтін «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы елдің рухын көтеріп, жігерлендіріп тастағаны анық. Жамбыл жерінде өткен бұл дүбірлі сайыста биыл Молдабаевтар отбасының мерейі үстем болды. Бұлар – əулетімен теміржолшылар, өсіп-өнген жандар. Отағасы Отан Молдабаев 45 жыл бойы теміржол саласында қызмет еткен, Шу қаласының, Шу ауданының құрметті азаматы, құрметті теміржолшы. «Құрмет» орденімен,

«Қа зақстан Республикасының Тəуелсіздігіне – 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тəуелсіздігіне – 20 жыл медальдарымен марапатталған. Зайыбы Роза Молдабаева да осы салада. – Негізі елімізде дос сүйсініп, дұшпан қызғана қарайтын жетістіктер оңайлықпен келіп жатқан жоқ. Бұл – ең алдымен қазақ халқының өз ішіндегі ауыз біршілігін, жалпы, қазақ стан дықтардың ынтымақтастығы мен бірлігі арқасында жетіп отырған игілікті нəтижелер. Біздің міндетіміз – осы бірлікті алдағы уақытта да нығайта беру, күшейте түсу. Халқымызда «Бақ берерде елге ырыс қонады, ұстанған жолы дұрыс болады» деген даналық сөз бар. Біздің елдің басты байлығы – біреулер айтып жүргендей мұнай мен газ емес, отбасының берекебірлігі. Бəлкім бұл байлықты қолмен ұстап, көзбен көруге болмайтын шығар, бірақ көкірегінде

сəулесі барлар сезеді, қадірін біледі, – дейді отағасы Отан аға.

Сїйсіндірген Сосновскийлер Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан».

Жақында Шығыс өңірінде дəстүрлі «Мерейлі отбасы» байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары белгілі болды. Өскемендегі Металлургтер мəдениет үйінде өткен шараға өңірдің барлық қалалары мен аудандарында өткен байқау жеңімпаз дары қатысты. Өткен жылдан бастап отбасы күні аясында ұйымдастырыла бастаған «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы арқылы еліміздегі құрметті еңбек əулеттері жəне жас отбасылар мен жаңадан некесін қиған шаңырақ иелері һəм шығармашылық жанұялар кеңінен белгілі бола бастады. Байқауға қатысушыларды құттықтаған облыс əкімінің орынбасары Жақсылық Омар өңірде отбасылық құндылықтарды қамтамасыз ету бойынша ауқымды жұмыс жүргізіліп жатқанын, облыста 17 мыңнан астам көпбалалы ана тұратынын, балабақшамен қамту 98 пайызға орындалып отырғанын атап өтті. – Əулеттің жағдайы жақсы болса, мемлекеттің де іргетасы берік болады. Сондықтан Мемлекет басшысы əр қазақстандық отбасының өркендеуіне, келешегінің жарқын болуына назар аударып, тиісті тапсырмалар жүктеді. Бүгінде облысымызда отбасы табысының жақсаруына, балалардың сапалы білім алуына жəне тұрақты медициналық көмек көрсетуге қолайлы жағдай жасалуда. Осының бəрі əр отандасымыздың болашаққа нық сеніммен қадам басуы үшін атқарылуда, – деді Жақсылық Омар. Байқау қорытындысы бойынша үшінші орынға катонқарағайлық Нұрғазиевтар əулеті, екінші орынға

семейлік Сағындықовтар отбасы, ал бірінші орынға зыряндық Сосновскийлер əулеті ие болды. Жүлдегер отбасыларға баға лы сыйлықтар тапсырылды. Ал алғашқы орыннан көрінген Сосновскийлер əулеті Алакөлде демалып, «Мерейлі отбасы» байқауының республикалық сынында бақ сынайтын болады. Дүйім жұртшылықты сүйсіндірген Сосновскийлер əулетінің үлкені Александр Иванович Сосновский өз өмірінің 33 жылын кен өндіру саласына арнады. Осы уақыт аралығында зайыбы Татьянамен бірге тəрбиелі ұлқыз өсіріп, екі үй салып, қаншама бау-бақшаны гүл жайнатты. Əке ізімен жүрген Алексей «Қазцинк» ЖШС Зырян тау-кен байыту комбинатындағы бригадалардың бірінде еңбек етеді. Қызы Оксана да екі бірдей жоғары білімі болғанына жəне университет бітіргеніне, Өскеменде табысы жақсы жұмыс ұсынылғанына қарамастан, туған жеріне еңбек етуге бел байлады. Сосновскийлер əулетінің күйеу баласы мен келіні қалада өскен жастар болса да Шығыс өңіріндегі табиғаты көркем, жерінің үсті де, асты да байлыққа тұнып тұрған Зырян ауданына бет түзеуді жөн көрді. Кеншілер əулетінің «Мерейлі отбасы» байқауында бақ сынауына ұсыныс жасаған осы отбасының күйеу баласы болып шықты. Сосновскийлер əулетінің жер астындағы еңбек өтілі 80 жылды құрайды. Əулеттің анасы, жаңашыл-педагог Татьяна Васильевна құрметті зейнет демалысына шыққанға дейін еңбек еткен. Үлкен қызы журналистік жолды таңдағанымен, «шеше көрген тон пішер» дегендей, Оксананың

екінші жоғары білімі мұғалім екен. Педагог-психолог маманының дип ломы оның кəдесіне əбден жарайды. Өйткені, ол бойжетіп, тұрмысқа шыққан кезінде балалар үйінен кішкентай бүлдіршінді тəрбиесіне алуды бала күнінен армандапты. Ал патронаттық тəрбиені ресімдеу үшін өкіл ата-ананың бірінің педагогтік білімі болуы міндеттеледі. Жас жұбайлардың Иван мен Данил атты ұлдары дүниеге келген соң Оксана күйеуімен бірге жергілікті органдарға балалар үйінен бір бүлдіршінді өз қамқорлықтарына алғысы келетіндіктері жөнінде өтініш береді. Осылайша, балалар үйіне барған олардың көзіне кіпкішкентай Валя түседі. – Бүлдіршінді құшақтап, бауырыма басқанда, арық денесі селкілдеп, көпке дейін солығын баса алмады. Валяның жөргекте жатқан сəби кезінен бастап, маскүнемдікке салынған шешесінен айғай естіп, əбден зəрезап болғанын, ананың жылы құшағына зəру екенін айтты. Ең қорқыныштысы, туған анасы қызын мүлде ұмытып, қорғансыз бала оты жанбаған суық үйдің бұрышында бүрсең қағып отырады екен. Ет қаритын аязды сезбеу үшін тезірек ұйықтап қалуға тырысады. Əрине, Валечканы көршілері аяйды. Бірақ, əркімнің өз өмірі бар емес пе?!.. Біреуі ескі киімін берсе, бірі сүт береді. Бірақ бұл көмек те ұзаққа созылмайды. Осындай адам төзгісіз жағдайда менің болашақ қызым төрт жыл бойы өмір сүріпті, – деді Оксана. Бірде туған анасы «қайырымды іс жасап», қызын бөтен ауылда ұмытып кетеді. Бұдан кейін де кішкентай Валя екі жыл бойы түрлі ауруханалар мен балалар үйінде болады.

«Адам ұрпағымен мың жасайды» демекші, олардың мақтан

– Патронаттық тəрбие туралы құжаттарды ресімдеп болғанша екі ай бойы Валямен телефон арқылы сөйлесіп жүрдік. Валяны үйге алып келгенімізде отбасымызда мүлде басқа, жаңа өмір басталды, – дейді қамқор ана. Алғашқы күндердің бірінде Валя қолынан бокалды түсіріп алып, сындырып қойған екен. Қорыққан бала үн-түнсіз бұрышқа барып, қабырғаға бетін беріп тұра қалыпты... – Балақай біртіндеп бізге үйрене бастады. Есімде, патронаттықтың алғашқы жылында түн ішінде мені Оксана оятатын. Өйткені, жанымыздағы кереуетте Валечка қыстығып жылап жататын еді. Жаңадан қамқорлығымызға алған қызды айналып, толғанатынбыз. Кейінірек, қыздың көз жасының себебін түсіндік. Бүлдіршін өзінің бақытты өмірі басталғанына əлі де сенбей, балалар үйіне қайтып барудан өлердей қорқады екен, – деді Виталий. Оксана балалардың ұйықтайтын уақыты болғанында беттерінен сүйіп, күнді қалай өткізгендерін талқылап, келер күнге жоспар құратындықтарын айтады. Жақында 11 жасқа толған Валя отбасының осы игі тəрбиесімен өсіп келеді. Өтірік айту, бөтеннің мүлкіне көз салу оған мүлде жат, əрдайым өз жақындарына қамқор. Жеке бөлмесі, қуыршақтары, əдемі көйлектері бар Валя жаңа отбасындағы ата-анасымен, бауырларымен бірге саңырауқұлақ теруге, теңізге шомылуға, дəмханадан тамақтануға барады. Ең бастысы, Валя туғандай болған бауырларының жанында бұрынғы үн-түнсіз, тұнжыраған кейпінен мүлде өзгеріп, шаттығы жарасқан отбасының қуанышына қуаныш үстей түсті. Əулеттің анасы Татьяна Васильевна орыстың классик жазушысы Лев Толстойдың: «Бақыт дегеніміз – өз үйіңіздегі бақыт», деген сөзін ерекше ұнатады екен. Ол 25 жыл бойы Путинцево елді мекеніндегі мектептің директоры болып, отбасы Зырянға қоныс аударғанда қаладағы сөйлеу жəне есту мүшесі нашар балаларға арналған мектеп-интернатта жұмыс істейді. Содан бері 17 жыл бойы мүмкіндігі шектеулі балаларды авторлық бағдарламасымен оқытып келе жатыр. Бүгінде Сосновскийлердің төрт немересі бар. Əсіресе, Алексей мен Марияның кенжесі Мишаны барлығы жақсы көреді. Əулеттің үлкені Зырян қаласында екінші үйін салған соң, балалар да əкеден үлгі алып өз баспаналарын тұрғызды. Одан кейін Оксана мен Виталий де үш баласымен жаңа үйге кірді. Қазір Сосновскийлердің қаз-қатар тізілген үйлері мен баубақшаларының жанынан Алексей де өз үйінің құрылысын салуда. Тіпті, əулеттің кенжесі де келешекте жемісі жайқалған жеке баубақшасы болуын армандайды. Иə, Сосновскийлердің өз қолымен еккен ағаштарының саясында əулеттің еңбекқор əрі қамқор жаңа буыны өсіп келеді. Шығыс Қазақстан облысы, Зырян ауданы.

ететіні ұл-қыздары, олардан өрбіген немерелері. Балаларының

барлығы ержетіп, өздері де үлкен шаңырақтың иесі атанған жандар. Теміржолшылар отбасы 3 қыз, 1 ұл өсіріп, 10 немере сүйіп отыр. Жалпы, бұл əулеттің еңбек өтілі 114 жылды құрайды екен. Осындай үлгілі де, өнегелі отбасылар жеңіс биігінен əрқашанда көрінетініне, еліміздің дамуына елеулі үлес қосатынына сенім артасың. Қызы Сəуле Алматы қаласында «Альянс» диагностикалық-клиникасының зерт ха на сында қызмет атқарса, Алмаш Шу локомотив депосында экономикалық бөлім басшысы. Ал ұлы Қуат та еңбек жолын теміржол саласымен байланыстырып, Шу пайдалану локомотив депосының директоры қызметін атқарып келеді. Қуат халық аманатын арқалаған азамат, Жамбыл облыстық мəслихатының депутаты. Кенже қызы Əлия сонау 1992 жылдан бері Шу локомотив депосының бас операторы. – Ұрпақтың зиялы болып өсуінде ата мен ананың алатын орны ерекше. Ұл мен қызды инабатты етіп өсірудің сыры неде? Меніңше ата-ана ең алдымен өздері отбасында ұл мен қызға үлгі болуы керек. Ол үшін өздері

адалдық, төзімділік, еңбекқорлықты өз отбастарының өмірлік тірегі ете білуі қажет. Отбасылық қатынастар бір қарағанда, қарапайым болып көрінгенімен, ол үлкен мектеп. Соны отанасы да, отағасы да жетік меңгеруі тиіс. Сонда ғана сен ұрпағыңмен мақтанатын, олардың əрбір ісіне, жетістігіне шаттана алатын дəрежеге жетесің, – дейді отанасы Роза Махметқызы. Шынында бала тəрбиесі – тек ананың емес, ата-ананың екеуінің де міндеті. Бала тəрбиелеу – болашаққа ең үлкен инвестиция. Содан болар, мəуелі бəйтеректей жайқалған Молдабаевтар отбасында бүгінде береке мен бірлік, ынтымақ пен ырыс өз жарасымын тапқан. Иə, бабалар өсиетінде: «Балаңды өз тəрбиеңмен тəрбиелеме, өз ұлтыңның тəрбиесімен тəрбиеле», дегендей ұлттық құндылықты өнегелі біліммен ұштастыра білу қажет. Əр отбасының айрандай ұйы ған татулығын біле біл сек, бізді ел, елдік сананы қалыптастырып отыр. Жамбыл облысы, Шу ауданы.

Ќайырымды болуды бала бойына сіѕірген

Нұрбол ƏЛДІБАЕВ,

«Егемен Қазақстан».

Ел ішінде ата-баба дəстүрін жаңғыртуда «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы өзіндік жемісін беруде. Уақыт талабына сай ұлтжанды азаматтар білек сыбана кірісіп, халықтың көкейіндегі көп ойды дөп басып жүр. Міне, сондай асыл азаматтың бірі Алматы облысындағы Алакөл ауданының тұрғыны Кеңесбек Оспанов. Ауданның құрметті азаматы атанған жанның зайыбы 7 баланы дүниеге əкеліп өсірген «Алтын алқа» иегері Бəтиха Қапарқызының да ұрпақ тəрбиесіне қосқан үлесі зор. Зерделей білсек, білім мен еңбектің арқасында толағай табысқа жетіп, елімізде ауыл шаруашылығы, экономика, əлеуметтік салалардың дамуына, ауылдың жандануына Кеңесбек Оспанов зор үлестерін қосып жүр. Оның ықпалымен балалары жүзеге асырған жұмыстар өзіндік нəтижесін беруде. Айталық, 2002 жылы Жыланды ауылында 130 орындық мешіт, спорт кешенін, екі қабатты тігін цехын, мектеп-интернат, балаларға арналған саябақ пен кинотеатр салып, ауылдық мəдениет үйін, мектеп ғимаратын күрделі жөндеуден өткізіп, мектептің педагогикалық құрамын, материалдық-техни калық базасын жетілдірді. Жаратылыстану бағытындағы дарынды оқушыларды дайындайтын мектеп-лицейдің сырттан келген 10 ұстазына жалақыларын уақтылы төлеп, баспаналы болуына, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіштің ашылуына себепкер болды. Əлеуметтік жағынан аз

қамтылған оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз етіп, республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында мектеп ұжымы мен оқушыларына 5 млн. теңгеге қаржылай көмек көрсетті. Халқына қадірлі, ұрпағына үлгі-өнеге болып отырған, жарты ғасырлық ғұмырларын бірге қол ұстасып, балаларының бақытты өміріне шаттанып, өмір сүріп келе жатқан ардақты əке Кеңесбек Оспанов пен асыл ана Бəтиха Қапарқызының тек отбасына ғана емес, бүкіл ауыл жастарына берер үлгісі, тəлімтəрбиесі, қазақ келіндері мен жігіттеріне айтар кеңесі мол. Əрбір істері тұнып тұрған тəрбие, мінезі жайсаң, кең пейілді, ақжарқын, адамгершілігі мол, халқына қайырымды, асыл жандар. Өздері мəпелеп өсірген Нұрлан, Алмагүл, Айгүл, Лəйла, Бауыржан, Ержан мен Серік атты жеті баласы аман-есен өсіп, отбасын құрып, немерелерінің шаттығына бөленіп отыр. Ұлағатты əке мен аяулы анадан үлгі-өнеге алып өскен əр баласы бүгін еліміздің əртүрлі саласында жауапты қызметтерді абыроймен атқарып, өз кəсіптерін ашып, бір əулетті ғана емес, бүкіл ауыл, аудан, республика мақтанышына, тірегіне айналып отыр. Ана ретінде балаларының қам-қарекетімен жүріп, отбасының ыдыс-аяғының сылдырын білдірмей отырған Батиха əже ұзақ жыл Жыланды кеңшарында есепші болса, Кеңесбек ата автомашина жүр гі зуші болып адал еңбек етіп, құрметпен зейнеткерлікке шыққан. «Тəрбие – тал бесіктен басталады» демекші, Батиха əже мен Кеңесбек Оспанұлының

ұлдары – Нұрлан, Серік «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Қазақ стан Республикасының Тəуелсіздігіне – 20 жыл медалімен» марапатталған. Ұлы – Бауыржан Алакөл ауданының құрметті азаматы, Қазақстан кəсіпқой бокс федерациясының құрметті президенті, «Құрмет» орденінің «Шапағат» медалінің иегері. Атадан үлгі алып өскен ұлы Бауыржан бүгін халқының қалаулысы, елінің елеулі ұлына айналып, өзінің қамқоршылығымен ауылын республикаға танытып, ондағы əрбір баланың жан-жақты дамуы үшін барлық жағдай жасап отырған алтын жүректі азамат. Ата-ананың тəрбиесі арқасында жетістіктерге жетіп отырған Оспановтар əулеті облыстық «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауында жеңімпаз атанды. Сөйтіп, адал еңбегімен еліне еленіп мəуелі бəйтеректей жемісін беріп отырған отағасы мен отанасы нағыз бақытты жандар. Қашанда халықтың құрметіне бөленумен бірге, өскелең ұрпаққа өнеге болу екінің бірінің маңдайына жазылмаған. Тағы бір баса айтар жайт – абзал жанды əке Кеңесбек Оспанұлы мен ардақты ана Бəтиха Қапарқызы ұрпағының санасына қайырымдылық атты асыл қағиданы сіңіре білгендігімен де ерекшеленеді. Ұрпақ сабақтастығы арқылы тұла бойындағы асыл қасиетті балаларына айтумен шектелмей нақты іс жүзіне асыру да адами құндылықты айқындары анық. Мұндайда қазақ: «Тегіне тартқан текті жан» деп дəріптемей ме?! Алматы облысы, Алакөл ауданы.


www.egemen.kz

17 шілде 2015 жыл

5

ЕЛ ƏЛЕУЕТІН ƏЛЕМГЕ ƏЙГІЛЕЙТІН КҐРМЕ XXI єасырєа арналєан алтын кґпір ЭКСПО шежіресі: Сиэтл. 1962 жыл.

Ерекше атап өтетін жайт, Қазақстан – бұрынғы кеңестік кеңістіктегі елдердің ішінде ЭКСПО көрмесін өткізетін тұңғыш мемлекет. Астананың Халықаралық көрмелер бюросына ұсынған тақырыбы – «Болашақтың энергиясы» да əлем елдерінің бір де бірінде қозғалмаған ең өзекті, тың тақырып. Бұл – Қазақстан үшін ғана емес, күллі ғалам үшін өмірлік маңызға ие бастама.

Бүкілəлемдік көрме шежіресі басталғаннан бергі уақыт ішінде Америка құрлығында алғаш рет Бүкілəлемдік əмбебап көрме 1876 жылы Филадельфия қаласында өткен болатын. Одан кейінгі жылдары бұл құрлықтың көрме өткізуге деген əуестігі артып, тіпті АҚШ-тың Сан-Франциско қаласында үш рет, ал Нью-Йорк, Сиэтл сияқты қалаларында екі реттен өтіп үлгерді. Соның ішінде ерекше атап өтерлігі, 1962 жылы Сиэтл қаласында «ХХІ ғасыр» атты тақырыппен өткен Бүкілəлемдік жетістіктер көрмесі болатын.

Ґѕірлік дамудыѕ мїмкіндігі Міне, Астана қаласы ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу мүмкіндігіне ие болғалы да аттай желіп 3 жыл уақыт өте шықты. Біраз жұмыстың беті де қайырылды. Айтпақшы, ЭКСПО-2017 көрмесі өтетін құрылыс аймағын тұрғызуға Астана қаласының оңтүстік-шығыс бөлігінен 174 гектар жер телімі бөлінді. Оның 25 гектары халықаралық көрме өтетін кешенге арналса, қалған бөлігі автотұраққа, сыртқы құрылғыларға жəне ЭКСПО-2017 қалашығына арналған. Елбасы атап көрсеткендей, ЭКСПО-2017 көрмесінің «Болашақтың энергиясы» тақырыбы ең үздік əлемдік энергия сақтау технологиясын, күн, жел, теңіз, мұхит жəне термалды су тəрізді бүгінде бар баламалы энергия көздерін пайдалануда жаңа əзірлемелер мен технологияны пайдалануға мүмкіндік береді. Астана осы саладағы ең үздік əлемдік əзірлемелер мен трендтер көрсету үшін тиімді алаңға айналуы мүмкін. Сондай-ақ, көрме елдің өндірістік қуаты мен ғылыми базасын технологиялық жаңғыртуды жəне экономиканы жүйелі əртараптандыруда мол мүмкіндікке ие. Осы тұрғыдан келгенде, жел, су, жарық, қысқасы, энергия көзінен тапшылық көрмейтін, жеті өзен өрнектеген Жетісу жұрты бұл көрмеге не береді, дайындығымыз қай деңгейде, не жасалып, не орындалып жатыр деген сұрақ төңірегінде бірқатар басқармаға хабарласып, жұмыс ретімен танысып шыққан едік. Алматы облыстық энергетика жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы берген ақпаратқа сенсек, ЭКСПО көрмесіндегі міндеттерге орай қызу жұмыс, жүйелі жоспар жасаған өңіріміз аймақтағы энергия көздерін ашу, қайта қалпына келтіру, дамыту жөніндегі облыстық бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында бірқатар жұмыс тындырыпты. Осыған дейін аталған мақсатта облыс аумағында жалпы қуаты 24,45 МВт 8 кіші ГЭС-і бір күн электр стансасының жəне қуаты 300 МВт Мойнақ ГЭС-і іске

қосылды. Олардың қолданысқа берілуі тұтынудың жалпы көлеміндегі «Жасыл электр энергияның» үлесін 16,6 пайыздан, 26 пайызға дейін өсірді. Алдағы уақытта, яғни 2015-2017 жылдары энергия көздерін қалпына келтірудің 35 жобасын іске асыру көзделген. Оның ішінде биыл қуаты 50,7 МВт, жалпы құны 13,1 млрд. теңге энергия көздерін қалпына келтірудің 7 нысанын, атап айтқанда, 6 су электр стансасын жəне 1 жел электр стансасын іске асыру жоспарланған. Келесі жылы қуаты 270 МВт, жалпы құны 148,8 млрд. теңге энергия көздерін қалпына келтірудің 14 нысанын, атап айтқанда, 11 су электр, 2 жел электр жəне 1 күн электр стансасын пайдалануға беру күтілуде. 2017 жылы қуаты 150,1 МВт, жалпы құны 59,3 млрд. теңге 12 су электр стансасын қолданысқа енгізбек. Сонымен қатар, қазіргі уақытта бұрындары болған, кейін белгілі себеппен жұмысын тоқтатқан, алайда, келешегі бар санатқа жататын энергия көздерін қалпына келтірудің 79 нысаны бөлінген. Бұл жобалар бойынша жер учаскелерін бөлу нормативті рəсімдері мен инвестиция анықтау жұмыстары жүргізілуде. Нысандардың жалпы сомасы 1 триллион теңгеден артық, жалпы қуаты 1977 МВт-ты құрайды. Осы бағыттағы ең ірі жобаларды облыс əкімдігімен ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойған «Самұрық-Энерго» АҚ-тың қатысуымен жүзеге асыру көзделген. Сол қатарда «Жетісу» ƏКК» ҰК» АҚ бірлесе Еңбекшіқазақ ауданында қуаты 60-тан 300 МВт Шелек энергия көздерін қалпына келтіру құрылысы енген. Сондай-ақ, 50 МВт-ты Қапшағай КЭС-2, Іле ауданында қуаты 51 МВт Шелек ЖЭС-1, Еңбекшіқазақ ауданының құрылыс жоспарында қуаты 34,8 МВт Шелек ГЭС-29 да осы санаттағы жұмыстарға жатады. Келешекте 2020 жылға дейін Жамбыл ауданы Қазыбек бек ауылында қуаты 100 МВт-ты құрайтын күн электр стансасының

құрылысы жоспарлануда, Кербұлақ ауданында қондырғы қуаты 150 МВт-ты құрайтын Қызылкүнгей ГЭС, Райымбек ауданында жалпы қуаты 188,38 МВт Баянкөл 10 ГЭС каскады, сонымен қатар, жалпы қуаты 220 МВт Шарын өзенінде 4 су электр стансасын қолданысқа енгізбекші. Демек, ЭКСПО-2017 көрмесі аясында өңірімізде осындай жұмыстар атқарылып, облысымыздың энергия тапшылығын жоюдың алғышарты қалыптасып үлгермек. Оның сыртында осы жобаларды жүзеге асыру барысында қаншама жұмыс орны ашылып, инвестициялар тартылатынын мөлшерлеуге болады. Ал оның болашақтық мүмкіндігін көз алдымызға елестетер болсақ, 2020 жылға қарай еліміз энергетика мəселесінде шетелдерге тəуелділіктен біржолата құтылатын болады. Бұл да ЭКСПО-ның ерекше серпіні демеске лажың жоқ. Мұндай ауқымды іс-шараны өткізу шағын жəне орта бизнестің дамуына да елеулі серпін берді. Бұған Жетісу жеріндегі кəсіпорындардың үлесі салмақты болатыны анық. Айтпақшы, ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру шеңберінде ісшаралар жоспарының 9-тармағын орындау мақсатында ЭКСПО объектілері жəне ілеспелі объектілерін салуына орай көрме кешенін салу жұмысына қатысуға өңіріміздегі құрылыс компания лары да барынша ынталы. Тіпті, өздері өндірген жергілікті құрылыс материалдарын да ұсынып отыр. Облыстық индустриялықинновациялық даму басқармасының мəліметі бойынша, «Сабырбаева и К» ЖК (Ақсу ауданы), «Компания құрылыс К» ЖШС (Жамбыл ауданы), «Строитель» ЖШС (Көксу ауданы) кірпіштің түртүрін, «Жартас» ЖШС (Жамбыл ауданы), «Сарыозекский завод микрокальцитов» ЖШС (Кербұлақ ауданы), «Хенкель Баутечник Казахстан» ЖШС (Қапшағай қаласы) құрғақ құрылыс материалдарын,

Ґнертапќыштар мен инноваторлар жетістігі Бүкілəлемдік жетістіктер көрмелерінің тарихында тұңғыш рет ЭКСПО-2017 экспонаттарының бір бөлігі қоғамдық байқау негізінде дайындалатын болады. Бұл жобалар көрмеде көрсетіліп, ақпараттық қолдауға ие жəне инвесторлар мен донорлардың назарына ұсынылады. Өткен жылы инновациялармен айналысатын еліміздегі негізгі институттар – «Ғалымдардың еуразиялық экономикалық клубы» қауымдастығы мен «АстанаЭКСПО-2017» ҰК» АҚ арасында арнайы меморандумға қол қойылып, «Online EXPO2017» Халықаралық байқауын бірлесе өткізу жөніндегі республикалық штабы құрылды. Байқаудың мақсаты еліміздің бүкіл ғылыми жəне жаңашыл əлеуетін жинақтап, ең үздік «жасыл жобаларды» табуды жəне олардың жүзеге асырылуына жағдай жасап, осылайша ЭКСПО-2017 көрмесін контентпен толтыруды көздейді. Сонымен қатар, негізгі міндеттердің бірі халықаралық ұйымдар жəне қаржылық институттарымен бірлесіп, байқауға келіп түскен өтінімдерді коммерцияландырудың тетіктерін пысықтау болып табылады. Биыл алғашқы рет өткізіліп отырған «Online EXPO-2017» атты қазақстандық байқауға 450-ден астам өтінім келіп түсті, олардың ішінде қолданыстағы немесе іске қосылуы жоспарланып отырған «жасыл» өндірістердің жобалары да бар. Сайтта ұйымдардың, жеке тұлғалар мен жобалардың, өнертапқыштардың, сарапшылар мен пікірлердің рейтингісі автоматты түрде жүргізіледі, бұл жобалар мен өтінім берушілерді бағалауды айтарлықтай жеңілдетеді. G-Global алаңының жəне виртуалды байқаудың арқасында ЭКСПО көрмелерінің тарихында тұңғыш рет көрме виртуалды түрде ұйымдастырылып отыр.

Байқауға қатысушылардың бірі, Қостанай қаласында тұратын биолог Валентина Ободовская мамықты түзбейтін теректі сұрыптап шығарды. Оның жобасы «Мамық түзбейтін бальзамдық терек» деп аталады. Терек қала үшін ең жақсы ағаш болып табылады. Ол ағаштың басқа түрлеріне қарағанда ауаны шаңнан жəне пайдаланылған газдардан барынша жақсы тазартып, жылдам өседі. Ғалымдар құрамында металл бар шаңды терек өзіне жақсы сіңіретінін атап өткен. Терек көшеттері, мысалы, шыршаға қарағанда оттегіні бірнеше есе көбірек бөледі. Алайда, теректің бір кемшілігі бар, ол – оның мамығында. Осыған байланысты əдетте теректі кесіп тастайды, қалалық билік ағаштардың басқа түрлерін отырғызғанды жөн көреді. «Қазіргі таңда теректерді олардың мамығына байланысты көбісі отырғызғысы келмейді немесе бұл ағаштарды кесіп тас тайды, мұндай əрекетке баруға мүлдем болмайды, өйткені, терек ауадағы ластануларға ең төзімді ағаш болып табылады. Терек автокөліктерден, өндірістен шығатын газдардың, зиянды заттардың орасан зор көлемдеріне төзімді келеді. Менің терегімнің қарапайым теректен ешқандай айырмашылығы жоқ, алайда, ол өзінен мамық бөліп шығармайды», – дейді Валентина Ободовская. Валентина Георгиевнаның тəлімбағында мамық шығармайтын терек сұрыпталып алынды. Осы ретте мұндай ағаш қарапайым теректің бүкіл пайдалы қаситтерін өз

бойында сақтаған. Қазіргі таңда теректің «Валентин» деген атаумен белгілі көшеттері Қазақстанның бірнеше қалаларында, оның ішінде, Астанада отырғызылып жатыр. Атап айтқанда, Назарбаев зияткерлік мектебінің аумағындағы «ЭКСПО саяжолында» теректің жаңа түрі отырғызылған. Алматыда тұратын Арман Ақмұханов «Шыңғысхан» атты жел қондырғысын ойлап тапты. Механизмін балалар ойнайтын зырылдауыққа ұқсатып бірегей тəсілмен құрастырылған «Шыңғысхан» қондырғысы желдің кез келген күшінде электр қуатын өндіре алады. Қондырғының өзіндік құны 30 000 АҚШ долларынан аспайды. Ал шетелдердегі осыған ұқсас қондырғылардың бағасы шамамен 350 000 АҚШ долларын құрайды. Қазiр Қазақстаннан шыққан əзiрленiм АҚШ Мемлекеттiк департаментi қаржыландыратын «GIST TECH-I» Инновациялар халықаралық байқауындағы ең үздiк 15 стартап-жобаның iшiне кiрдi. Қазақстандық өнертапқыштың қолынан шыққан «Шыңғысхан» жел қондырғысы айналу білігі тігінен орналасқан виндроторлық жел қозғалтқыштарына жатады. Қондырғының зырылдауыққа ұқсатып жасалған құрылымы гироскоп секілді жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Осы ретте желдің ең үлкен жылдамдығына оның төзімділігі аса жоғары келеді, осының арқасында турбина ең қатты жел кезінде де жұмыс жасай алады. «Шыңғысхан» құрылымы қатты дыбыс шығарып, шу жасамайды, базальттық материалдан жасалғандықтан, тотықпайды жəне оның үстіне мұз қатпайды. Жоба авторларының ойластыруы бойынша «Шыңғысхан» жел қондырғысы еліміздің шалғай жатқан елді мекендерін электр энергиясымен қамтамасыз етуге көмектеспек.

«КнауфГипсКапшагай» ЖШС (Қапшағай қаласы), «ПолимерМеталл-Т» ЖШС (Қапшағай қаласы) гипсокартон өнімін, «АГОЙ» ЖШС (Талдықорған қаласы), «Гранито-Плюс» ЖШС (Талдықорған) түрлі плиталарды, «Компания Sonik» ЖШС (Іле ауданы), Галакси ЖШС (Талғар), «Данекер» ЖШС (Панфилов ауданы) əртүрлі құймадағы бейінді құбырларды ұсынып отыр. Демек, Астана қаласында бой көтеретін сəулетіне салтанаты сай көрме қалашығының құрылысы жоғарыда көрсетілген жетісулық кəсіпорындардың өнімдерімен шырайлана түседі деген сөз. Осы кəсіпорын басшыларымен өткен кезекті бір семинарда олар ЭКСПО көрмесіне ұсынатын құрылыс материалдарының сапасы мен əдемілігіне барынша көңіл бөлетіндігін білдірген. Көрме елорданың құрылысы мен инфрақұрылымына едəуір жекеменшік инвестицияны тартуға мүмкіндік туғызады. Оны өткізу кезінде Қазақстан астанасы əлемнің түкпір-түкпірінен келген түрлі мəдениеттер үніне толады. Көрменің аумағында күн сайын концерттер, шоу, ұлттық күндер жəне өзге де ойын-сауық іс-шаралары өтетін болады. Тіпті, осы орайда облыстық туризм басқармасының да өңіріміздің бай табиғаты мен жұрт қызықтыратын сұлу өңірлері туралы арнайы шаралар ұйымдастырып, қонақтардың көңілінен шығамыз, деп дайын отыр. Ал көрмені ұйымдастыруға жəне өткізуге арналған ұлттық жоспарға сəйкес облыстық жастар ісі жөніндегі басқарма тарапынан жыл сайын «Very Innovative People» инновациялық ой-пікір жобаларының байқауы өткізіліп, «Үздік» деп танылған жоба иесі қаржылай қолдау тауып отыр. Ол жобалар көрме өткен кезде жұртқа таныстырылатын болады. Бұл алдағы күннің еншісінде. Қажет АНДАС.

Алматы облысы.

Көптеген елдердің алдында қазіргі күні сынаптың əсерінен болатын ластану аса өткір экологиялық мəселе болып отыр. Құрамында сынабы бар енді əрі қарай жұмыс жасауға жарамсыз болып қалған электр лампалары мен бұйымдар осындай ластануға əкелетін себептердің бірі болып табылады. «Жер, металлургия жəне байыту туралы ғылымдар орталығы» АҚ-тың Вакуумдық процестер зертханасының меңгерушісі Сергей Требухов осындай шамдарды кəдеге жаратудың экологиялық қауіпсіз тəсілін ойлап тапты. Қазіргі таңда жоба «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ-тан грант алған. Ұсынылып отырған вакуумтермиялық технология жəне үздіксіз жұмыс жасайтын вибровакуумдық аппаратураның əлемдік тəжірибеде баламасы жоқ, оның бойында көптеген «ноу-хаулар» жиналған. Əлемдік тəжірибеде қолданылып жүрген əдістермен салыстырғанда, бұл жоба металлургиялық, химиялық жəне жылу энергетикалық өнеркəсіпте істен шығып қалған аспаптардан, бұйымдар мен қалдықтардан сынаптың 99 пайызын бөліп алуға мүмкіндік береді жəне экологиялық қауіпсіздікке қойылатын қазіргі заманғы талаптарға толығымен жауап береді. Енді инноваторлар өнертабысты келешекте өнеркəсіпте пайдалануға мүмкіндік беретін өндірістік телімді «Астана – Жаңа қала» еркін экономикалық аймағында салуда. Кəсіпорын жылына 1,5 миллионға жуық шамды кəдеге жарата алатын болады деп жоспарланып отыр. ЭКСПО қарсаңында ұйымдастырылып отырған байқау өнертапқыштар мен инноваторларға өз жобасын жариялау үшін жақсы мүмкіндік болып табылады. Қазіргі күні «Online EXPO-2017» байқауына қазақстандықтардың атынан шамамен 450дей өтінім келіп түскен. Осындай байқау ЭКСПО-2017 көрмесі басталғанға дейін жыл сайын өткізілетін болады, оның қорытындысы бойынша 2015, 2016 жəне 2017 жылдары өтетін Болашақ энергиясы форумы шеңберінде шағын арнайы ЭКСПО көрмесін өткізу жоспарланып отыр. Жарас СƏДУАҚАС.

Алғашқыда бұл көрме осы қалада 1909 жылы өткізіліп, Тынық мұхиты солтүстік-батыс өңірінің дамуын жəне қол жеткізген жетістіктерін төрткүл дүниеге паш еткен Бүкілəлемдік əмбебап көрменің жартығасырлық датасына арнамақ болды. Бірақ бұл оқиға ғарышқа адам ұшырылып, Кеңестер Одағы мен АҚШ арасында басталған ғарышты игеру жолындағы бəсекелестік жарысына қарағанда түк емес еді. Сондықтан көрмені ұйымдастырушылар АҚШ-тың ғарышты игеру жолындағы жалғыз бəсекелесі – Кеңестер Одағынан күш-қуаты да, ғылыми əлеуеті де бірде бір кем емес екендігін осы көрме жəдігерлері арқылы барша əлемге паш етуді жөн көрді. Оның үстіне осы Вашингтон штатында 1916 жылы іргесі қаланған Boeing компаниясы Сиэтл қаласын «авиациялық-ғарыштық хаб» ретінде жариялаған болатын. Өкінішке қарай, көрменің ашылу мерзімі жақындаған кезеңде əлемдегі екі ең үлкен мемлекеттер – Кеңестер Одағы мен АҚШ арасында əскери текетірес тым шиеленісіп, соғыс қаупі де ушығып кетті. Бұл қауіптің туындауына себеп болған да Америка еді. АҚШ сол кезеңде Қара теңіздің Түркия мемлекеті орналасқан жағалауына «Юпитер» атты зымырандарын орналастырып, Кеңестер Одағының шекарасына ядролық қауіп төндірді. Сол-ақ екен Никита Хрущев азаттық аралы атанған – Кубаға шұғыл ядролық зымырандар жеткізуге бұйрық берді. Планетаға ядролық апат қаупі төнді. Əлем шын мəнінде үшінші дүниежүзілік соғыстың табалдырығына келді. Кеңестер Одағының бейбітшіліксүйгіш саясаты мен сол кездегі АҚШ президенті Джон Кеннедидің ұстамдылығының арқасында ғана «Кариб дағдарысын» шиеленістірмеуге шешім қабылданып, əлемге төнген ядролық соғыс қаупінің беті қайтты. Осыдан тура екі жыл бұрын Сиэтл Бүкілəлемдік жетістіктер көрмесі «ХХІ ғасыр» жобасының жетекшісі Ю.Дингволл Мəскеуге барып, көрмеге арнайы шақыру рəсімін жасаған болатын. Бірақ жоғарыда айтылған екі ел арасын дағы əскери шиеленістен кейін Кеңестер Одағы бұл көрмеге қатысудан үзілді-кесілді бас тартқан болатын. Кеңестер Одағынан кейін іле Қытай, Вьетнам жəне Солтүстік Корея мемлекеттері де АҚШ-тағы Бүкілəлемдік көрмеге қатысудан бас тартты. Қалыптасқан осындай күрделі ахуалдарға қарамастан 1962 жылы 21 сəуірде Сиэтлдегі Бүкілəлемдік жетістіктер көрмесінің жалауы көтерілді. АҚШ президенті Джон Кеннеди өзінің Флоридадағы резиденциясынан телефон арқылы көрмені ұйымдастырушылар мен оған қатысушыларға арнап сөз сөйледі. «Бүгін біз соңғы уақытта ұлтымыз қол жеткізген керемет жетістіктерді паш ететін боламыз. Америка халқының шыққан биігі аса зор. Ал бүгін біз барша əлемге паш еткелі отырған табыстарымыз мен ғылым мен өндірістің барлық саласында қол жеткізген орасан зор жетістіктеріміз біздің ХХІ ғасырға алып шығатын алтын көпір болып табылады», деп атап көрсетті Джон Кеннеди. Бұл сөздердің астарында ақиқат та бар еді. АҚШ-тың бұл жылдары ғарышты игеру мақсатындағы ғылыми жетістіктері шын мəнінде ауқымды болатын. Мəселен, Сиэтл көрмесінің «Ғылым əлемі» атты павильонына қойылған жəдігерлердің қайқайсысы болмасын келушілерді таңдай қақтырды. НАСА ұлттық басқармасының көрмеге қойған ғарыш зымырандарының макеттері

мен олардың толық көшірмелері көрмені тамашалаушыларды магниттей тартты. Сонымен бірге, 1961 жылы 5 мамырда америкалық астранавт Алан Шеперд ғарышқа ұшқан зымыранның «Меркурий» атты корабль-капсулы да мамандарды барынша қызықтырды. Көрме қалашығында орналасқан «Болашақ əлемі» атты павильонды тамашалаушылар кезекке тұратын болды. Арнайы жасалынған «ғарыш кемелері» арқылы 20 минуттық ғарыш саяхаты көрмені тамашалаушыларды ерекше əсерге бөледі. Кезекті Бүкілəлемдік жетістіктер көрмесі АҚШ-тың ғылым саласындағы, əсіресе, ғарышты игеру мақсатындағы ғылыми жетістіктерін бар қырынан паш етті. Көрмені тамашалауға келген шетелдік қонақтар АҚШтың экономиканың барлық саласындағы ерен жетістіктерін ашық мойындап, ғарышты игеру бағытындағы қуатына да ерекше тəнті болды. Көрмеде өндірістік жəне ғарыш саласының озық технологиялары барлық жағынан көрініс тапқанымен, экология, қоршаған ортаны қорғау мəселесі туралы тіс жарып айтылмады. Ортақ үйіміздің ертеңі туралы ешбір жəдігер болмағанын көрмені тамашалаушылар да орынды байқап, халықаралық деңгейдегі сын-ескертпелерін де айтты. Сиэтл Бүкілəлемдік көрмесі өткен 1962 жылдың күзі ерекше жылы жəне күн көзін бұлт шалмаған шайдай ашық болды. Бірақ көрмені ұйымдастырушыларды да, оған келушілерді де жаһандық екі держава арасында қалыптасқан соғыс қаупі ерекше алаңдатты. Алтын күздің арайлы күні шуақ шаша қанша қыздырғанымен «Кариб дағдарысының» салқыны еңсе көтертпей жауратып тұрды. Көрмені ұйымдастырушылар барын салып, мінсіз қызмет көрсетсе де келушілер қатары сирей бастады. 21 қазанда АҚШ президенті тұмауратып қалғанын сылтауратып, Халықаралық көрменің салтанатты жабылу рəсіміне қатыса алмады. Рəсімге жиналғандар президенттің келмеуінің себебі шиеленіскен халықаралық жағдайға байланысты болып отырғанын айтпай-ақ түсінді. Төрткүл дүниеге ықпалын жүргізіп отырған Кеңестер Одағы мен Америка Құрама Штаттары арасында қалыптасқан «қырғиқабақ соғыстың» зардабынан ушыққан «Кариб дағдарысы» бүкіл əлемді қарама-қарсы екі лагерьге бөліп, тағы бір алапат тығырыққа тіреген еді. Бұл текетірестің зардабы Бүкілəлемдік жетістіктер көрмесі сияқты жаһандық шараға да салқынын тигізбей қалған жоқ. Алайда, 1962 жылғы əлемдік көрме Сиэтл қаласы үшін игілікті ізін де қалдырды. Қалада бірқатар ірі архитектуралық нысандар бой көтерді. Соның бірі де бірегейі «Ғарыш инесі» атты сəулет өнерінің озық туындысы еді. Бұл сəулет өнерінің озық туындысы күні бүгінге дейін АҚШ-тың солтүстікбатыс аймағындағы айтулы архитектуралық ескерткіштердің бірінен саналады. Футуристік үлгідегі бұл мұнараның биіктігі 184 метрді құрайды. Оның салмағы 9550 тоннадан асатын көрінеді. Осындай алып архитектуралық ғимарат Америка құрлығында жиі болатын жойқын дауылдар мен күшті жер сілкіністеріне төтеп беріп келе жатқан көрінеді. Бүкілəлемдік көрме жалауы түсірілгеніне жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де бұл сəулет өнерінің озық туындысы əлі күнге дейін Сиэтл қаласына туристерді көптеп тартады екен. Міне, Халықаралық жетістіктер көрмесі деп аталатын жаһандық шараның тағы бір игілігі осы болса керек.

Бетті əзірлеген Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».


6

www.egemen.kz

17 шілде 2015 жыл

 Елімен етене Елбасы

Жақында «Сарыарқа» сауда орталығының кинозалында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «ДештіҚыпшақ. Құпия таңбалар» атты екі сериялы деректі фильмнің тұсаукесері өтті. Мəдениет жəне спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Қазақ ғылымизерттеу мəдениет институтының қолдауымен жəне «Ғафу» студиясының қатысуымен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы жүзеге асырған киножобаның сценарийші жəне режиссері – Бақыт Қайырбеков, тең режиссері –Алексей Каменский, операторлары – Анатолий Валуйский мен Ренат Бесбаев, ал композиторы – Артур Оренбургский.

Кеше Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында тарих ғылымдарының докторлары, профессорлар Бүркітбай Аяған мен Əлима Ауанасованың Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен қызметіне арналған «Нурсултан Назарбаев: человек у власти» кітабының тұсаукесері өтті. Оған Парламент депутаттары, дипломатиялық корпустың өкілдері, мемлекет жəне қоғам қайраткерлері, ғалымдар, Мемлекет тарихы институтының қызметкерлері, жоғары оқу орындарының оқытушылары, докторанттар мен магистранттар қатысты.

Билік басындаєы адам Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

«Нурсултан Назарбаев: человек у власти» тарихи-өмірбаяндық кітабы «Нурсултан Абишевич Назарбаев – оснаватель независимого государства», «Нурсултан Назарбаев и казахстанская модель строительства государства», «Мир о Назарбаеве», «Кемеңгер», «Независимый Казахстан и Лидер нации» сынды көптеген еңбектің жалғасы. Авторлары бұл еңбек арқылы ең алдымен, елдің саяси шыңына шығып, оны халықаралық сахнада танымал ете білген дарынды тұлғаның өмір жолын көрсетуді көздеген екен. Яғни, ұсынылған жаңа кітапта алғаш рет Қазақстанның болашақ лидерінің қалыптасу жолын, оның əлем қауымдастығы оң бағалаған өсу жолы баяндалады, қалыптасқан мемлекеттің стратегиялық бағдарын айқындаған ірі геосаяси өзгерістер аясында мемлекет құру кезіндегі Қазақстан Көшбасшысының тəжірибесіне талдау жасалады. Тұсаукесер рəсімін ашқан кітапхананың атқарушы директоры Бейсембай Жұмабеков кітаптың ерекшелігіне тоқтала келе, «онда қазақ қоғамының даму беталысы, Елбасының бұған сіңірген өлшеусіз үлесі ғылыми тұрғыда сараланғанын» жеткізді. «Кітап екі бөлімнен тұрады. Біріншісінде тəуелсіздік алған жылдардан бұрынғы Қазақстанның экономикалық жағдайы туралы айтылса, екінші бөлімінде Президенттің еліміздің егемендік алған алғашқы күннен бастап көтерген бастамалары, ел алдына қойылған мақсат-мұраттар, тағдырлы шешімдер қабылданған сəттер көрініс тапқан. Демек, бұл құнды еңбек өз оқырмандарын табады деген ойдамыз», – деді Б. Жұмабеков. Осылай дей келе, ол алғашқы сөзді Қазақстанның тұңғыш Сыртқы істер министрі, қоғам қайраткері Төлеутай Сүлейменовке ұсынды. Ол бүгінгі күнге дейін Мемлекет тарихы институтының бастамасымен осы сарында біршама құнды еңбек жарық көргенін айтып, жаңадан тұсауы кесілген кітап та осы бағалы дүниелердің қатарын толықтыратынына сенім білдірді. «Мен бұл кітапты бірнеше күн бұрын қолыма алып, онда қозғалған жайттармен танысып шықтым. Кітап – ауқымды. Онда көптеген тарихи оқиғалар баяндалған. Еңбек Мемлекет басшысының Қазақстан мемлекетінің қалыптасу кезеңіне дейінгі жəне қалыптасу кезінен бастап атқарған қызметі, өмір жолы жөнінде жан-жақты саралайды. Ол – тұлға болып қалыптасқанға дейін өмірдің барлық сатысынан абыроймен өте білген саясаткер. Яғни, Президент мемлекет алдында, халық алдында тұрған мақсат-міндеттерді жүзеге асыруға бар күш-жігерін жұмсаған. Міне, бұл жайттар еңбектің өн бойынан көрініп отырады», – деді Т.Сүлейменов. Сонымен қатар, ол Елбасы қандай жағдайда, қандай кезеңде болмасын

əрдайым өзінің көшбасшылық, тұлғалық қасиетімен көріне білгеніне тоқталды. «Бұған жаңа елорда – Астананың негізін қалауды, Семейдегі сынақ полигонын жабуды, тəуелсіз қазақ мемлекетін құруды, басқа да қол жеткізген жетістіктерімізді мысалға келтіруге болады. Бұл – орасан еңбек. Ол – əрдайым билік басында. Ол – əрдайым өзінің көшбасшы қалпында. Бұған Елбасы өзінің алдына қойған стратегиялық міндеттерін орындау, сенімділік, прагматизм, еңбекқорлық, ең бастысы – өзінің халқына деген шексіз сүйіспеншілігі сынды қасиеттері арқылы қол жеткізді деп ойлаймын. Бұл жеке қасиеттер оны сөзсіз көшбасшылық биікке шығарды», – деді Т. Сүлейменов. Бұдан кейінгі кезекте Қазақстанның еңбек сіңірген заңгері, қоғам қайраткері Зинаида Федотова сөз алып, өзінің аталған еңбек жайындағы пікірін ортаға салды. «Бұл – тарихи-өмірбаяндық кітап. Яғни, мұнда тəуелсіздік алған жылдан бергі мемлекетіміздің қалыптасу кезеңдері, Елбасының егемен елді алға жылжытудағы кемеңгерлігі бейнеленген. Президентпен алғаш рет жүздесуім 90-шы жылдың сəуір айына дөп келді. Ол кезде Жоғарғы Кеңестің 13-ші шақырылымының депутаты едім. Сол уақыттан бері мен Президенттің «командасында» келе жатырмын. Бұл еңбекте Елбасының тұлғалық қасиеті айрықша бейнеленген. Мұндай кітаптар кейінгі жастарға көп сабақ болады деп ойлаймын. Мұнда Н.Назарбаевтың көшбасшы тұлға ретіндегі қалыптасуы отбасынан, алтын ұя мектебінен, ата-анасы берген тəлім-тəрбиеден бастау алғандығына көз жеткізуге болады», – деді З.Федотова. Сондай-ақ, ол Кеңес Одағы құлағаннан кейінгі кезең – үлкен жауапкершілікті талап еткенін, себебі, 90-шы жылдардың басы мемлекет үшін өте қиын жылдар болғанын жиналғандардың есіне салды. «Мемлекет тəуелсіздік алғанымен, оның заңнамалық базасы болмады, өзге елдермен арада қарым-қатынас тетігі орнатылмады. Бұған қоса, экономикалық жəне саяси даму жолымызды айқындауымыз керек болды. Ал бұл жұмыстардың басықасында үнемі Н.Назарбаев жүргенін атап өткеніміз жөн. Егер де біреулеріңіз Парламент отырысының 12-ші жəне 13ші шақырылымдарының хроникасын көретін болсаңыздар, онда отырыс залында əрдайым Президенттің отырғанын көрер едіңіздер. Ол кез келген заңды, кез келген норманы өзінің өн бойынан, сын тезінен өткізіп отырды. Егер де, қандай бір заң нормаларына қатысты депутаттар өздерінің келіспейтіндіктерін білдіріп жатса, Елбасы сөйлеген кезде олардың қалай келісіп, өз дауыстарын бергендерін байқамай қалушы еді. Осындай қасиеттер көп жағдайда дұрыс шешім қабылдауға ықпал етіп жататын», – деді З.Федотова. Бұған қоса, ол аталған еңбекте Президенттің шетелге алғаш жасаған сапарлары əсерлі суреттеліп,

баяндалғанына да назар аударды. «Елбасы өзге елдердің мемлекет басқарудағы озық тəжірибелерін алып отырды. Сол арқылы өзінің үлкен стратег екенін көрсетті», – деді З. Федотова бұл туралы. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ президенті Сауытбек Абдрахманов Елбасы туралы əрбір кітап ең алдымен елтанудың тұтастай, үлкен бөлігі екенін жеткізді. «Біз Елбасын таныған сайын елімізді тани түсеміз. Өйткені, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі таңда Қазақстан деген сөздің баламасына айналды. Бүкіл əлемде Қазақстан деген ұғым Назарбаев деген есіммен тікелей байланыстырылады. Сондықтан да, біз Елбасын көбірек білген сайын, өзіміздің елімізді көбірек білеміз. Өзіміздің елімізді көбірек білген сайын, оны бағалай түсеміз. Өзіміздің елімізді бағалай түскен сайын, біздің отаншылдығымыз арта түседі. Отаншылдығымыз арта түскен сайын біздің ертеңгі күнге сеніміміз артады, өзімізге өзіміз көбірек сеніп, көптеген ірі де игілікті істерді атқаратын боламыз. Осы тұрғыдан қарағанда, Мемлекет тарихы институты шығарған «Нұрсұлтан Назарбаев: билік басындағы адам» деген еңбек шын мəнінде біздің елдігімізді еңселей түсетін ірі еңбек деп айтуға болады», – деді С. Абдрахманов. Басылым басшысы тарихи-өмірбаяндық жанрда жарық көрген кітапта құнды материалдар жинақталғанын, мəселен, онда Президенттің əлемдік ауқымдағы саясаткерге айналу кезеңдері жан-жақты сараланғанын, Елбасының көпэтносты, көпконфессиялы елді əлемге жетістігі бар ел ретінде қабылдата білгенін, бұл жерде ешқандай да əсірелеу жоқтығын, аталған еңбек, ең алдымен өзіміздегі барды бағалауға, қадірлеуге шақыратынын атап өтті. «Мұнда үлкен материалдар жинақталған, үлкен қорытындылар жасалған, үлкен баға берілген. Ең

бастысы, үлкен шаруа атқарылған», – деді С. Абдрахманов өз сөзінде. Кітаптың тұсаукесер рəсімінде, сонымен қатар, Парламент Мəжілісінің депутаты Абай Тасболатов, Словакия Республикасының Қазақстандағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Петер Юза, кітаптың авторлары Бүркітбай Аяған мен Əлима Ауанасова да сөз сөйлеп, өз пікірлерін білдірді. Мəселен, Əлима Ауанасова еңбекке жылы лебіздерін айтқан азаматтарға алғысын білдіре келе, былай деді: «Бұл кітаптың «тағдыры» күрделі болды деп айта алмаймын. Бірақ, ол 91-ші жылдан басталған еді. Сіздердің барлығыңыз мемлекетте болған оқиғалардың куəгерісіздер. Біз тек Қазақстан территориясында ғана емес, ТМД кеңістігінде болған оқиғаларға объективті, шынайы түрде баға бере білдік деп ойлаймыз. Біздің осы еңбекті жазудағы алға қойған мақсатымыз қазақстандық мемлекеттіліктің қалыптасу жəне даму кезеңінің жаңа моделін көрсету болатын. Бұл миссияны біз ірі саясаткер ретінде Н.Назарбаевтың тұлға ретіндегі қалыптасуымен байланыстыра қарастыруға тырыстық. Алдағы уақытта осындай кітаптар қатары молая түседі деген үмітіміз бар». Бүркітбай Аяған еңбектің бастапқыда қойылған үдеден шыққандығын, ал қандай да бір жетіспеген тұстары болса, олардың орны біртіндеп толықтырыла түсетінін, жалпы, бұл кітаптың кездейсоқ жазылмағанын айтты. «Еңбектің құндылығы неде? Əрине, Президент туралы отандық та, шетелдік те ғалымдар көп еңбек жазды. Сондықтан, біз өзгеге ұқсамайтын, оқырмандарды қызықтыратындай тың мəліметтермен еңбектің құнын арттыруды көздедік», – деді Б. Аяған. Кітап кейіпкерінің өмірбаянын зерттеу арқылы авторлар Қазақстанның тарихи даму заңдылығын зерделеген, қоғам дамуындағы кеңестік жүйенің дағдарысын, КСРОның тоқырауын, тəуелсіз мемлекеттің қалыптасу кезеңіндегі реформалардың қарыштап дамуын көрсете білген. Кітапта, сонымен қатар, жаңа методологиялық ұстанымдар негізінде басты назар ғасырлар тоғысындағы Елбасының ілгерішіл рөліне, КСРО дағдарысының Мемлекет басшысының саяси санасына əсер ету мəселелеріне аударылған. Елбасының тарихи даму барысында пайда болған саяси көзқарастары мен қабылданған шешімдерінің себептері баяндалған. Авторлар тəуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы Елбасының реформаторлық бағытын іс жүзіне асырумен байланысты басқа да ауқымды мəселелерді қарастырған. Ауқымды дүниелер жинақталған кітапта қазақ, орыс жəне ағылшын тілдеріндегі мұрағат материалдары мен деректер пайдаланылған. ––––––––––––––––––––––– Суреттерді түсірген Ерлан ОМАРОВ.

 Өмірдің өзегі – өндіріс

«KONDIZ» кїлшелері Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан».

Семей қаласы кеңестік кезеңде жеңіл өнеркəсіп орталығы болғаны белгілі. Бүгінде шаһарда бұл сала қайта жанданып келеді. Қаладағы жаңа кəсіпорындардың бірі – «Kondiz» кондитерлік фабрикасы. Кəсіпорынның жылдық қуаты 19 мың тоннадан астам түрлі печенье өнімдерін шығаруға есептелген. Əрине, кондитерлік өнімдер дегенде есімізге алдымен конфет оралады. Ал конфеттік өнімдердің мол легі ТМД елдерінен келетіндігін, отандық конфет өнімдерінің де аты алысқа ұзағанын ескерсек, нарықтағы кондитерлік өнімнің бұл саласынан табыс таба қою оңайға түспесі анық. Осыны ескерген «Kondiz» фабрикасының жетекшілігі печенье өнімдерін шығаруды ұйғарған екен. Биыл Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Шығыс өңіріне жасаған жұмыс сапарында аталған кəсіпорын жұмысымен танысып, печеньеден дəм татып,

отандық өнімге оң бағасын берген болатын. – Біздің кəсіпорын 2014 жылдың ақпан айында іске қосылып, наурыз айында нарыққа алғаш рет шықты. Алдымен еліміздің аумағында өз өнім дерімізді өткізе бастадық. Қазір Ресейде əріптестеріміз бар. Сондай-ақ, шекаралас Қытай мен Орталық Азия елдеріне де өнімдерімізді тасымалдауды жоспарлап отырмыз, – деді кəсіпорын директоры Мəди Өмірзақ. Фабрика толығымен автоматтандырылған, орталық пульттік басқару жүйесі жұмыс істейді. Жоба құнына жұмсалған 3 млрд. теңгеден астам қаражат кəсіпкер дің жеке қаражаты болса, «Даму» қорының «Өндіріс-ІІ» бағдарламасы бойынша банктен бөлінген 700 млн. теңгелік займға жаңа құрал-жабдықтар сатып алынған екен. Өндіріске арналған құрал-жабдықтар ішінде Қазақстан мен Ресейден, Кореядан, Түркиядан, Италиядан бисквитті өнімдер пісіруге, печеньелерді жылтыратуға жəне орауға арналған

жаңа технологиялар жеткізілген. Фабриканың бас технологы Алла Станиславскаяның айтуынша, «Kondiz» кəсіпорыны кондитерлік ұн өнімдерін шығаруға мамандандырылған. Қазіргі кезде мұнда крекер, снек, немістің Werner Pfleiderer фирмасының галеті, италиялық Laser компаниясының қантты печеньелері өндіріледі. Яғни, зауытта 60-тан астам печенье түрлері өндірілуде. – Біздің көптеген печеньелеріміз балаларға арналған. Сондықтан, оның сапасына ерекше көңіл бөлінеді. Бұл орайда, зауыттың өз зертханасы бар. Онда сырттан келетін шикізатты қатаң тексеруден өткізеді. Шикізаттың барлығы отандық өнім екенін айта кеткім келеді. Сондай-ақ, ересектерге арналған өнімдер де шығарылады. Біз маркетингтің тың жолдарын іздестірудеміз. Мəселен, биыл Наурыз мерекесі қарсаңында қазақтың киіз үйі іспетті жасалған печеньелерді сатылымға шығардық. Бұл ұлттық мерекеге сай хит-сатылым болды,

– деді А.Станиславская. Айта кеткен абзал, зауыттың бас технологы елімізге Украинадан арнайы келісімшарт бойынша келіп, еңбек етіп жатыр екен. Өнімді заманауи орау жабдықтары экспорттық шығарылым аясы мен тарату аумағын кеңейтуге мүмкіндік беріп отыр. Бүгін де кəсіпорын басшылығы Ресей, Түрікменстан, Өзбекстан, Əзербайжан, Қытай елдерімен келісімдер жүргізуде. – Өнімдеріміздің түрін көбейтуді көздеп отырмыз. Бұл біздің нарықтағы өрісімізді кеңейте

түседі, – деді бұл ретте фабрика директоры М.Өмірзақ. Оның айтуынша, аяғынан қаз тұрып келе жатқан кəсіпорында қазіргі кезеңде технологиялар жаңартылып, өнімді өткізу нарығы зерттелуде. Жоспарға сəйкес, бүгінде 150 адам еңбек етіп жатқан өнеркəсіп толық қуатына көшкен сəтте 320 адамды жұмыспен қамтитын болады. «Kondiz» фабрикасы алдағы уақытта конфет, қант өнімдерін, жартылай фабрикаттарды шығаруды да көздеп отыр. СЕМЕЙ.

Таѕбадан табылєан тарих Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Əрбір жаңа туындының, рухани мұраның жалпы адамзат баласының ортақ құндылығы үшін айрықша қымбат саналатын тұсы əрдайым құрмет тұтылады. Сол айтпақшы, «Дешті Қыпшақ. Құпия таңбалар» фильмінің басты ерекшелігі неде десек, тарихтың тартпасындағы таңбалардан айналамыздағы халықтардың бəріне тəн ортақ қасиеттердің көрініс табуы, түптеп келгенде адамзат игіліктері ежелден бір бəйтеректің тамырынан бастау алатыны, бір-бірімен етене тығыз қоғамның кешегі жəне бүгінгі келбеті қосыла өрбитін деректі фильмдегі материалдар негізінен ғылыми еңбектерге иек артады. Автор жинақталған фактілер құрғақ баяндалып кетпеуі үшін, мұны көпшілік көрерменнің рухани азығына айналдыру мақсатында заманауи тың тəсілдерді кеңінен пайдалана отырып, Қазақстаннан тыс өңірлерде түсірілген сюжеттердің өзіне өте мұқият талғаммен үңілгені сезіледі. Тарихтың, өткеннің айналасы қай кезде де талас-тартысқа толы болатыны заңды құбылыс. Мұны айтып отырғандағы себебіміз, көркем фильмге қарағанда деректі, құжатты фильмдерге екі есе жауапкершіліктің артылатындығы. Нақтылық пен дəлдіктің жүктелетіні. Мұнда ақиқатқа тарыдай дақ түссе, еңбегіңнің түкке тұрғысыз болып қала салуы опоңай. Осы өлшемге сала бағамдасақ, «Дешті-Қыпшақ...» фильмі үшін автор көп еңбектеніп, сол саланы зерттеумен айналысатын отандық жəне шетелдік ғалымдармен сөйлесіп, пікірлескені, бірталай тың мағлұматтар тапқаны, тарихқа қатысты əр тастың, əр таңбаның тұсында шұқшиып ұзақ отырғаны, көл-көсір еңбектерге көзін талдыртқаны байқалады. «Дешті-Қыпшақ. Құпия таңбалар» атты деректі фильмнің тұсаукесеріне фильмнің шығармашылық тобымен қатар зиялы қауым өкілдері қатысты. Көрсетілімнен кейін жарық көрген деректі фильм жайында Мəдениет жəне спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Мəдениет жəне спорт министрлігінің Мəдениет жəне өнер істері департаментінің директоры Ақтоты Райымқұлова, фильмнің режиссері əрі сценарий авторы Бақыт Қайырбеков журналистердің сұрақтарына жауап беріп, кинотуынды туралы ойларымен бөлісті. Ата-бабаларымыздың арғыбергі тарихынан сыр шертетін бұл еңбек өткенге өзгеше өлшеммен үңілтеді. Əсіресе, фильм кейіпкері, филология ғылымдарының докторы Александр Гаркавецтің түйіндеулері тың болжамдарға итермелейді. Ғалым қыпшақ тілінде жазылған байырғы құндылықтар төңірегінде ой өрбітеді. Олардың мағынасын тарқата əңгімелеп, жазу мəдениетіміздің көне дəуірлерден бастау алатынын нақты дəйектер арқылы дəлелдейді. Яғни, фильм негізінен, қыпшақ жазуларының көне жазба ескерткіштері туралы баяндайды. ХI ғасырда қыпшақ тайпалары біртіндеп Оңтүстік жəне Батыс Қазақстан, Еділ бойы, Кавказ жəне Қара теңіз жағалауларындағы аумақты толтыра бастады. Орыс халқына олар «половцы» деген атаумен белгілі еді. Көшпенді қыпшақ тайпалары Еділден өтіп, батысқа қарай жылжыды жəне ХІІ ғасырда Днепрге дейін өз ықпалын жүргізді. Осы кезеңнен бастап, XV ғасырда Ертістен Днепрге дейінгі кең дала батыс пен шығыстың тарихи көздерінде (ағылшын, француз, итальян, араб жəне парсы) ДештіҚыпшақ, яғни Қыпшақ даласы деп аталған еді. Фильмнің бірінші бөлімі көне дəуірлерде қыпшақтар мен армяндардың тығыз қарымқатынаста болғандығын растайтын жазбалар сырына қанықтырады. Осы ортада қыпшақ тілінде сөйлейтін, өздерін эрмени дейтін армяно-григориан дініндегілердің

Құдайды қыпшақ атауымен Тəңірі деп атаған таңқаларлық феномені пайда болды. Олардың артында қыпшақ-құман-половецтердің тұрмыстық қолданыстағы тілімен, əсіресе, Еуропада, əдеби тілде жазылған 30 мың беттік баға жетпес жазу жəдігерлері қалды. Бұл тілде ата-бабаларымыз — қыпшақтар басымдық танытқан Мысыр да сөйледі. Қыпшақ тілін білмеген адамның ұлан-ғайыр Еуразия кеңістігінде басқалармен тілдесуі мүмкін емес еді. Бүгінгі тілмен айтқанда, ол сол кезде қазіргі ағылшын, француз, орыс жəне басқа да əлем тілдері орындап отырған функцияны атқарды. Фильмнің екінші бөлімі қасиетті Петр шіркеуінің кітапханасында сақтаулы, сыртқы мұқабасы теріден қапталған «Codex Cumanicus» (Кодекс Куманикус) кітабы туралы. Оны Венеция кітапханасына 1362 жылы Қайта өрлеу дəуірінің көрнекті ақыны Франческа Петрарка тарту еткен көрінеді. «Кодекс Куманикус» (лат. Қыпшақ тілінің сөздігі) — құман (ескіқыпшақ) тілінің XIV ғасырдағы белгілі жазба көзі. Мұнда тек филолог мамандар үшін ғана емес, тарихшылар үшін де бай материалдар қамтылған. Бұл кітаптың тағдыры туралы қыпшақ жазуларының белгілі зерттеушісі Александр Гаркавец, сондай-ақ, италиялық мамандар тың деректерді алға тартады. Осынау таңғажайып кітапта қыпшақ тіліндегі əнұранның ноталары жаныңызға ерекше жылылық ұялатады. Өйткені, мұндағы нота ұлттық құндылыққа қосылған музыкалық мұра болып табылады. Белгілі композитор Ақтоты Райымқұлованың оны қайта тірілтудегі сіңірген еңбегі орасан зор. Фильм аяқтала бере осы гимн хордың орындауында шырқалады. Айта кететін тағы бір жайт, «Дешті-Қыпшақ. Құпия таңбалар» деректі фильмінің түсірілімдері Италия, Армения жəне Украинада жүргізілген. Сонымен қатар, фильмнің қазақ, орыс жəне ағылшын тілдерінде жасалуы өте құптарлық жағдай. «Осындай тарихи, маңызды фильмге өзімнің үлесімді қосқаныма қуаныштымын. Мұндай жобалардың өскелең ұрпақтың болашағы үшін пайдасы орасан зор. Қыпшақтар туралы теңдессіз тарихи кітаппен жақын танысып, тың жаңалықтарға қанығу мен үшін үлкен мəртебе болып саналады. Жəне де бізге мынадай тамаша фильмді ұсынып отырған шығармашылық топқа ризашылығымды білдіремін», – деді фильмді тамашалағаннан кейін министр А.Мұхамедиұлы. «Фильмнің соңында осы əнұран орындалғанда шексіз сезімге бой алдырасыз. Мұны дыбыстауда маған өзімнің талай жылғы тəжірибемнің көмегі көп тиді. Əуен əсерлі шыққан сияқты. Өйткені, қыпшақ даласының сарыны кісіні сол ғасырларға сапар шеккізгендей əсер қалдырады. Əнұран арқылы қыпшақ тілінің қазақ тіліне соншалық жақын тіл екеніне көзіңіз жетеді», – деді композитор берген сұхбатында. «Əдетте экрандық туынды өзі туралы көп сөз айтуды қажет етпейді. Мұны əр адам өз жүрегімен өткізіп көруі керек», – деп кеңес берді автор. Сонымен қатар, баспасөз мəслихатында министр алдағы жылы Италия мен Қытай кинематографистерімен бірлесіп тағы бір тың жобаны қолға алатындықтарын жеткізді. «Ол атақты Марко Полоның «Өмірдің түрлі сырлары» деп аталатын туындысы бойынша түсірілетін фильм, –деп атап көрсетті А.Мұхамедиұлы. – Марко Полоға арнап ағылшындар экшн жанрындағы фильмді ұсынды. Ал біз мұны тарихи негізге құрмақпыз. Сондықтан ондағы идея мейлінше шындыққа жанасады. Мұнда ата-бабаларымыздың өткен тарихы мен тұрмыстіршілігі көрініс табады».


17 шілде 2015 жыл

 Өңір өмірі

Жаѕа ќўс фабрикасы Байсуат ауылында жїзеге асырылмаќ Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».

Шағын ғана Байсуат ауылы шаттық құшағында. Мұнда өткен сəрсенбі күні елімізге белгілі «Aitas» компаниялар тобы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Ақмола облысы əкімдігінің қолдауымен еліміздегі жəне Орталық Азиядағы ең ірі құс фабрикасының іргетасын қалады. Салтанатты шараға қатысқан Ақмола облысының əкімі Сергей Кулагин, Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Сапархан Омаров жəне «Aitas» компаниялар тобының құрылтайшысы Серік Толықбаев жергілікті атқару органдарының өкілдерін, өңірлік тауар

7

www.egemen.kz

өндірушілерді, жобалық топтың мүшелерін, ауыл тұрғындарын айтулы оқиғамен құттықтады. Тірі салмақтағы жылдық қуаты 60000 тоннаны құрайтын болашақ құс фабрикасы 20152019 жылдар аралығында екі кезеңмен салынып бітпек. Жобаға құйылатын инвестицияның көлемі 32 миллиард теңге шамасында болады деп жоспарланған. Ең бастысы, қаржы көздерінің айқындалып, нақтыланғандығына ризашылық білдіруге болады. Яғни, қолға алған істің болашағы зор деп айта аламыз. Мұнда биылдың өзінде 7 миллиард теңгенің құрылыс жұмыстары атқарылатыны мəлімделді. «Aitas» компаниялар тобы жобаны жүзеге асыру барысында

«Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму бағ дарламасы», «Бизнестің жол картасы-2020» жəне «Агробизнес-2020» сияқты мемлекеттік бағдарламаларға қатысуды көздейді. Құс фабрикасын салу жаңадан 700 жұмыс орнының ашылуын қамтамасыз етіп, Бұланды ауданының қуат көздерімен жəне сумен жабдықталу жүйесін нығайтады жəне өңірдегі шағын жəне орта бизнестің дамуына септігін тигізеді деп болжануда. «Еуразия ІІ» аталымындағы жобаның желілік құрылыс кестесіне сай, алдымен инкубатор пайдалануға беріліп, əрқайсысында 6 тауықхананы

біріктіретін 8 алаңқай, құс етін жəне қалдықтарды өңдеу зауыты мен бөлімі, экологиялық жəне технологиялық қондырғыларды орнату іске асырылады. «Макинск құс фабрикасы» жалауымен бой көтермек жаңа кəсіпорын биыл «Қазақстанның бəсекеге қабілетті көшбасшылары – Ұлттық чемпиондар» тобының 30 үздіктері қатарына қосылған Өскемен құс фабрикасының озық дəстүрлерін жалғастыратын болады. Осы орайда, «Өскемен құс

фабрикасы» толық аяқталған кластерлік технологиядағы ірі кəсіпорын екендігін атап өткіміз келеді. Фабриканың жылдық қуаты 22000 тонна құс етін өңдеуге тең. Сондай-ақ, «Айтас» компаниялар тобының құрылтайшысы Серік Толықбаев алдағы кезде Ақмола облысында қуаттылығы сағатына 30 тонна құрама жем зауытының, Батыс Қазақстан облысында жылына 52 миллион дана жұмыртқа алынатын құс фабрикасының құрылысы жоспарланып отырғанын жеткізді. Міне, «100 нақты қадам» Ұлттық жобасының Ақмоладағы маңызды қазығы да қағылды. Алып техникалар Байсуат даласын дүр сілкіндіріп, өз жұмысын бастап кетті.

Шымшыма шындыќ Өмірзақ МҰҚАЙ,

Қазақстанның мəдениет қайраткері.

ТҰСАУКЕСЕР Академтеатрға Ерлан Білəл, Жасөспірімдер театрына Сəбит Əбдіхалықов келді. Екеуі де жас. Соған қарамастан екеуі де көрерменге танымал, белгілі өнер қайраткерлері. Мұны не үшін айтып отырмыз дегенге келейік. Жақында бір драматургтің «бір орында ұзақ тұнған су борсиды» деп осы мəселенің аққарасын бір-ақ ауыз сөзбен ашып бергені бар. Ойландыратын-ақ сөз. Əрі белгілі драматургтің бұл пікірінің артында мың сан көрерменнің көптен айта алмай жүрген ниетті ойы, пиғылы жатыр, деп топшылау керек сияқты. Біз білетін Ерлан Білəл – байыпты сабырдың адамы. Əкемтеатрды үн-түнсіз жазғы демалысқа алып кетті. Əрі елдегі бас театрдың онысын «дауыл алдындағы тыныштыққа» балап жүргендер де баршылық. «Əкемтеатр жазғы демалысқа кеткен жоқ, алдағы маусымның тың жаңалықтарын енгізуге дайындалуға кетті» деген пікірлер де айтылуда. Лайым, солай болсын деп тілейік. Ал Жастар театры биылғы маусымның соңында көрермендеріне тың туынды ұсынды. Бұл жолы жас режиссер Сафуан Рысбайұлы Дулат Исабековтің «Құстар фестивалі» фарс-комедиясын сахналады. «Құстар фестивалі» бұрын да қойылған. Байырғы, бастыққан мəнерде... Көрермен есебінде біздің де «перде тасасынан – премьера», сол тұсаукесерден тың жаңалық, режиссерлік шешім күтетініміз белгілі. Оның үстіне драматургі белгілі, елге танымал адам. Ал режиссері – жас талап. Сөз ретіне қарай айта кететін бір нəрсе, талап пен таланттың ұдайы бір тұғырдан көріне бермейтінін көрермен жақсы біледі. Сондықтан бұл жолы да туындының тұсаукесеріне үмітпен қоса күдік пен күмəн арқалап келгеніміз де өтірік емес. Спектакльден ізденіс, тың режиссерлік шешім мен фантазия бірден байқалады. Алдымен оны сахна декорациясынан аңғардық. Шымылдық көтерілісімен залдағы көрермен ағаш бұтағында ілініп тұрған құстың ұясын көреді. Ұя – қашанда қасиетті ұғым. «Ұядан не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дейді данышпан қазақ атаң. Яғни, ұя – тəрбиенің тетігі. Ал бұл жердегі ұяда тылсым мен астарлы мимика бар. Кейіпкерлерінің бəрі – адамдар емес, құстар. Оқиға ортасы – құстар əлемі. Субабстракциялы ишара – құстың ұясы түрінде. Жалпы, астарлы мимикамен жазылған туындысында драматургтің құстар əлемін таңдауы да тегін емес шығар деп ойлаймыз. Қазіргі демократиялыққұқықтық қоғам орныққан заманда үздік əдебиет туындыларының, тіпті, ағымдағы журналистиканың ишаралы мимиканы ең тиімді де сəтті, ыңғайлы формаға айналдырып алғанын көріп жүрміз. Ол Борхесте де, Кортасарда да, Карпентьерде де бар. Ал, Мүсірепов театрының бүгінгі сахнасының объектісі – қазаны ғасырлар, жүзжылдықтар бойы тоқтаусыз, тынымсыз қайнаса да ішіндегісі піспеген, піспейтін, яғни сүйсініп «жеуге» əлі де болса... жарамаған, қалтарыс-бұлтарысы, спецификасы көп қазақ қоғамы. Драматургтің сол қоғамның ақ-қарасын ашып көрсету үшін тылсымды «Құстар əлемін» таңдауында

да өзіндік мақсат болғаны айдан анық. Əрі тың режиссерлік шешім арқылы сол ниеті орындалғанын да көрдік. Нақты ғылымдарға сүйене отырып айтсақ, он сегіз мың ғаламның ішінде дүниені, өмірді қабылдап көруі ерекше бірден-бір тіршілік иесі де осы құстар екен! Себебі, олар қарсы алдындағысынан басқаны көре алмайды. Ал, құстың екі көзі – басының екі қапталында. Яғни, қанатты құс ұшып келе жатып та, жер бетінде де əлемді басқалар сияқты тек бір қырынан ғана көрмейді. Құстардың көру, соған

сəйкес танып, білу ауқымы өзгелерден гөрі ауқымды, аумақты. Тіпті, құстар дүниені жалпақ, жазық қырынан емес, басқа қиылыс арқылы көреді дейді нақты ғылым. Пьеса авторы осы ерекшелікті ашып айтпаса да көрерменіне ишарамен түсіндіреді. Дүниенің біз білмейтін тылсымды құпиясы аз ба?! «Біздің, яғни адамдардың кемшілігі – құстар сияқты дүниеге аспани көзқараспен қарай алмауымызда шығар...» деген күмəнділеу ойдың оянуы да заңды. Дулат Исабеков шығарманың сюжетін құрарда осыны қаперде ұстағанға ұқсайды. Ал режиссер Сафуан Рысбайұлы оны сергектікпен түсіне білген. «Құстар фестивалі» – қоғамдағы, оның ішінде өнер əлеміндегі ел біліп, көріп жүрген кемшіліктерді, əділетсіздіктерді ашып көрсету үшін жазылған шығарма. Онда өнерлі ортада жиі кездесетін сольеризм, көреалмаушылық, шын дарын мен дарынсыздар арасындағы Моцарт пен Сольериге тəн дүнияуи һəм тарихи текетірес, тартыс баяндалады. Əрі шебер драматизм ширығыстарын көріп риза да боласың... ҚОЛШАТЫР АСТЫНДАҒЫ КҮҢГІРТ ДҮНИЕ Моцарттарға тиесілі мəртебелі өнер мен сахна төрінде Сольерилерге де орын табылып жатады. Орын болғанда да қандай дейсіз ғой! Сол киелі сахна мен өнердің ең мəртебелі төрінен бір-ақ шығады кейде олар. Спектакль желісіне сай Исабековше баяндағанда, əдебиеттің – өз əтештері, театрдың – өз тауықтары бар. Өнер мен шеберлік сайысымен қоса, марапат, атақ, жүлде, мəртебе бəсекесі де қызған үстіне қызып тұр. Кейбір дарынсыздардың алған марапаты əсірелеп айтар болсақ,

бір есекке жүк болғандай. Мəртебе мен жүлде жүрген жерде пара мен алақол ағайыншылықтың ілесе жүруі де заңды. Яғни, көп жағдайда Моцарттар – жетім, жүлдесіз қалып жатады. Ал Сольерилердің артында – қолдаушысы, төбесінде – жаңбыр мен ызғардан қорғайтын жебеуші қолшатыры болмақ. Көріп-біліп жүрген ақиқатымыз – сол. Əлбетте, ондайда дарынды ұтылып, дарынсыздардың тасы өрге домалап жатпақ. Құстар падишасы Бүркіттің (актер Ержан Жарылқасынұлы) құстардың əн

фестивалінің өтетінін жариялауы мұң екен, атаққұмарлар, мəртебеқұмарлар дүрлігісіп шыға келеді. Себебі, бас жүлдеге берілетін бір қап бидай мен бір қап тары далада жатқан жоқ. Оның үстіне «бəленше бас жүлде алыпты!..» деген жақсы атағы жəне бар. Композицияның, драматизмнің барынша ширығатын тұсы да – осы. Бүркіт падиша – байқауды жариялаушы ғана. Оның ендігі тағдыры Жапалақ (актер Руслан Ахметов), Сауысқан (актер Мерей Əжібеков), Тоты (актриса Гүлбахрам Байбосынова) сияқты жандайшаптарының қолында. Спектакльдегі шешуші бейнелердің бірі – Сауысқан (актер Мерей Əжібеков) сахнаға шығады. Би мен пластикасы сюжет мазмұнын барынша айқындап, ашып тұр. Тамаша бір режиссерлік шешімді де дəл осы тұстан көреміз. Сауысқанның қолында сценарий де жоқ қолшатыр бар. Барша ишаралы, тылсымды мимика сол қолшатырда! Əрі ол – жəй ғана қолшатыр емес. «Ақ дегені – алғыс, қара дегені – қарғыс» құзырлы Бүркіттің қамқорлығындағы құзыретті шенеунік алақол һəм алақанат Сауысқанды жəне оның көңілі түскендерді, түсетіндерді қорғайтын саялы да ырысты пана. Ырысты болатын себебі – Сауысқан сахнаға төмен қарай жайып қойған қолшатырға үміткерлерден пара түсіп жатады. Құзырлы Сауысқанды төңіректей қарқылдап, рулас, қауымдас Қарғалары жүр. Атаққұмар мақтаншақ Əтеш (актер Қуаныш Тұрдалин) келеді қос мекиенін ертіп. Қысқасы, пара мен сыйлық ырысты да күнəһар қолшатырға тоқтаусыз құйылып жатыр. БҰЛБҰЛДАР ƏЛЕМІНІҢ АЙЫҚПАС МҰҢЫ Фарс-комедияның лейтмотиві есебінде Латиф Хамидидің «Бұлбұл

ТОЛЫ ДЇНИЕ

Бўл – наєыз дəуірлік мəні бар келісім Мамадияр ЖАҚЫП, журналист.

Сейсенбі күні Иран мен қатарына АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Қытай жəне Ресей кіретін «халықаралық алтылық» арасында келісімге қол жетті. Бұл жайында хабарлар беріліп, əңгімелер айтылып жатыр. Алдағы уақытта да ол созыла береді. Өйткені, бұл келісімнің мəні орасан зор.

Ақмола облысы, Бұланды ауданы. –––––––––––

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

 Театр Қазақ ұлттық театр өнері əлемінде өзгеріс бар. Алдымен Əуезов пен Мүсірепов театрларының басшылығы ауысты. Реформа атаулы осындай оң ниетті өзгерістерден басталмақ. «Сахнадан тысқары сайыстарда» шаруамыз жоқ, дегенмен, көрермендермен қоса, театр қайраткерлері арасында елдегі сахнаның қос флагманындағы басшылық құрамның ауысуы туралы сан алуан пікірлерді естіп жүрміз.

ДҮБІРГЕ

əуені» алыныпты. Қазақи көкжиек пен аспани əлемді əуезді сазға бөлеген сол көзге көрінбес, бірақ көңіл кілтін дөп басатын абстрак циялы «бұлбұл» əуені Бибігүл Төлегенова сынды қайталанбас өнер тарланының арқасында барынша нақтыланып, ұғынықты жеткізілді. Қазіргі тыңдарман да, көрермен де «бұлбұл» лексиконын һəм əуенін қолтума ұғым деп қабылдамайды. «Бұлбұл» əуені қазіргі қазақы түсінікке əбден кірігіп, мықтап орныққан нақты лиризмнің баламасы. Онда нəзік эмоциямен қоса, мұң мен өкінішті өксік те бар. Бұл жерде спектакльдің лейтмотиві есебінде осы əуенді таңдаған режиссерлік шешімнің орынды қисынын, тапқырлығын айтуға тиіспіз. Режиссер Сафуан Рысбайұлының сценарийде жоқ лайықты əуенді дөп басып тапқаны бізді де қуантады. Яғни, пьесаның лейтмотиві есебінде алынған əуен шығарманың ишаралы ойына, айтарына ғажайып жағдайда сəйкесіп, мазмұнды ашып тұр. Эпизодтық көрініс арқылы тексіз Көкек (актер Мақсат Сəбитов) бейнесі де сəтті ашылған. Сонда беретін парасы жоқ (Əтештің парасы – тоқсан жұмыртқа мен бір қап мамық. Əрі жыл сайын Бүркіт падишаның жеуіне он балапанын береді) Көкек байғұс не істейді дейсіз ғой? Өнер əлеміне тəн қауқарға зəру дарынсыздардың күнделікті амалына айналған жəне бір кемшілік бар. Ол – жағымпаздық. Режиссерге жағыну, сценарий авторына жағыну деген сияқты... «Құстар фестивалінде» тексіз Көкек бас жүлденің тағдыры қолында тұрған, қолшатыр көтерген Сауысқанға жағынады. Алдына қолын қусырып отыра қалып, мойнындағы шарқатымен Сауысқанның топалайын сүртеді. Міне, «Құстар əлемінде» осындай да ғажайыптар болып жатыр. Ал адамдар арасында ше? Тұсаукесер спектакль кейіпкерлерінің əмбесі құстар болғанымен, айтар ойдың ишаралық нысаны – адамдар. Пенденің дүнияуи əрекеті. Көрермен спектакльден соны аңғарады. Қазір театрға келетіндердің тең жарымы өнер адамдары, өнерге қатысы барлар екені өтірік емес. Спектакль аяқталған соң орнынан тік тұрып, труппаға қол соққан залдағы көрерменге қарағанбыз. Əлбетте, бұл жолы, яғни, ойландыратын спектакльден соң қанатты құстың өзгелер көре алмайтынды көретін сергектігімен... «Əр кəллəда – бір қиял», көзтаныстардың біразының нені көксейтінін, қандай марапат, атақты армандайтынын жобалап болса да білеміз ғой. Сол атақ, марапаттың жолында қандай қаракеттер жасап жүргені де белгілі. Себебі, бас жүлдеге берілетін «бір қап бидай мен бір қап тары» далада жатқан жоқ. Атағымен қоса, біраз нəпақа! Сондықтан, алдымен айтарымыз: «біраз Тауықтың түсіне тары кіріп жүр...». Ал тың керемет туындыға зəру, көзіқарақты көрермен түсіне ширыққан жақсы драма, жақсы режиссура, актерлік шеберлік сияқты арманды игіліктердің бəрі кіріп жүр... Жастар театрының бүгінгі тұсаукесері осы қажеттілікті қанағаттандыра алды, деп ойлаймыз. Жаңа құрамнан тың ізденістер айқын байқалады. Л.Толстойдың «Соғыс жəне бейбітшілік» эпопеясының бастапқы шартты атауы «Бəрінің жақсы аяқталатыны қандай жақсы» болыпты. Фарс-комедия тұсаукесерінен соңғы əсермен біз де өз мақаламызды Толстойдың осы сөзімен түйіндемекпіз. Лиризмнен басталатын трагикомедияның соңы оптимизммен аяқталады. Əділет салтанат құрады. Бас жүлде, ақыры, Бұлбұлға бұйырады. Ал өнер мен өмір бұрынғысынша жалғаса бермек. Падиша Бүркіт – ой үстінде. Бұлбұлға жақтас болса да дүбəралау образ Атақаз – сабасына түскен. Əнші Бұлбұл – жеңіскер. Сауысқан мен Жапалақ өңін өзгертіп, бұл жолы да жеңіскер жағына ойысады. Əтештің мұңы – жүлдеден қағылған Тауықтарының кəрінен құтылу ғана. Ал Қарғалар ше? Əділ шешімге наразы Қарғалар... бір бұрышқа шоғырлана жиналып, өзара күбірлесіп, қарқылдасып жатыр. Əңгіме не туралы екен, сонда? Жобасы, алдағы өнер сайысы, бас жүлденің жəйі тəрізді... АЛМАТЫ.

Əңгіме сол келісімге неге қол жеткендігінде ғана емес, əрине, оның да мəні зор, ең алдымен, 12 жылға созылған қарамақайшылықты тоқтатуға бүгінгі күні қол жетіп отырғаны айрықша мəнді. Бұрынғыларын айтпағанда, соңғы келіссөз 20 айға созылды. Ал соңғы бірнеше аптада келіссөз күн-түн бойы жүрді. Тіпті, біреулер келісімге қол жетуден күдер үзгендей де еді. Əйтеуір, жақсылық хабарды Еуроодақтың сыртқы істер жөніндегі бас өкілі Федерика Могерени мен Иран сыртқы істер министрі Жавад Зариф жариялаған кезде, Ресей президенті Владимир Путин айтқандай, «бүкіл əлем жұртшылығы еркін бір тыныстағандай» болды. Келісімнің мазмұнын жалпақ тілмен айтсақ, Иран өзінің ядролық бағдарламасын парасатты тұрғыда шектеуіне байланысты Батыс елдері өздерінің Иранға бағытталған санкцияларын тоқтататын болды. Əрине, оның біраз бүге-шігелері бар. Басты əңгіме – талай жылдан бері жұрттың миын ашытқан мəселеге нүкте қойылғандай. Қашан да саясатты əлемнің жетекші елдері, оның басшылары белгілейді, жүргізеді. Көп нəрсе солардың көзқарасына, белсенділігіне қатысты. Осы ретте, осынау шиеленістегі екі жақтың басшылары: Иран президенті Хасан Роухани мен АҚШ президент Барак Обамаға айрықша тоқталуға тура келеді. Жұрт бұл шиеленістің Иранның бұрынғы президенті Ахмадинежад кезінде айрықша

ширыққанын біледі. «Израильді əлем картасынан өшіреміз» деген де сол. Роухани келіссөзге, келісімге ықылас білдірді. Венадағы келісімнен кейін халыққа сөз арнап, «Иран мен одан басқа əлемнің арасына жаңа арна ашылды», деп мəлімдеді. Бұл оқиға Барак Обаманың өзі билік ұстаған кездегі тындырған сүбелі істерінің бірі ретін де есепке алынатыны анық. Бұл келісімге жету жолында сырттағы ғана емес, ел ішіндегі қарсыластарымен де күресті. Оның атына саяси оппоненттері не айтпады?! Конгресте де қарсылар шықты. «Иранға, ХАМАС-қа жəне Обамаға қарсылық» бірлестіктері де құрылды. Егер Конгресс келісімге қарсы шешім қабылдар болса, вето құқын пайдаланып, оны өткізбейтінін де мəлімдеді. Келісімге қолы жеткен кезде қолдау көрсеткені үшін Обама Франсуа Олландқа, Ангела Меркельге, Дэвид Кэмеронға, Фидерика Могерениге ризашылығын білдірді. Бір сөзінде Мəскеудің де көмектескенін айтты. Обаманың: «Бұл келісім Иранды ядролық қаруға ие болу мүмкіндігінен айырады», дегені, сірə, қанатты сөзге айналар. Бұл келісім кімге пайдалы, кімге зиян деген де əңгіме көп. Басты пайдасын біраз сөз еттік. Иран мұнайы мен газы біраз елді рыноктан ығыстырып, экономикалық ықпал ететіні де анық. Ол алдымен Сауд Арабиясына, Ресейге қатысты. Біз де сезінетін шығармыз. Оның есесіне сауданың басқа көзі ашылады. Израиль басшылығы бұл келісімді «тарихи қателік» дейді. Нетаньяхудың: «Мектептер мен ауруханалар үшін емес, Иран аймақта жəне бүкіл əлемде басқыншылық жəне террорлық саясат жүргізу үшін жүздеген миллиард доллар қаржы тапты», деген сөзіне қосылу қиын. Сол саясатқа бақылау келісімде жан-жақты айтылған.

Жауыздыќты ўмытпау керек. Сабаќ їшін Адамзат жамандықты да, жақсылықты да ұмытпайды. Жамандық қайталанбаса екен, жақсылық жалғасса екен дейді. Қайталанбаса екен дейтін бір зұлымдық осыдан тура жиырма жыл бұрын болды – серб фашистері Босния мен Герцеговинадағы Сребреница қаласында қарусыз 8 мың босниялық мұсылманды қырып салды.

Мұны қанішер серб генералы Ратко Младич жүзеге асырды. Мұсылман болғанда, тек ер адамдар мен ұл балаларды қырды. Басты мақсат сонда бұрынғы Югославияның біраз аумағында Ұлы Сербия мемлекетін құру еді. Бұл үшін күйреген Югославияның мұрагері саналатын Сербияның басшылары, ең алдымен, Слободан Милошевич бөлініп шыққан біраз республиканың жерлерін өздеріне қосып алуды ойлап, онда «тазарту» əрекеттерін жүргізді. Серб еместерді, басқа діндегілерді қырып-жойды. Сребреницадағы сойқан – соның бір көрінісі. Халықаралық сарапшылардың пікірінше, бұл – Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі адамзатқа жасалған бір мезеттегі ең ірі жаппай қырғын. Оны бұрынғы Югославия жөніндегі халықаралық трибунал (БЮХТ) ресми түрде «геноцид» деп жариялады. Бұл оқиға адамзатқа жасалған зұлматтың ең бір жан түршігерлігінің бірі ретінде тарихқа енді. Əлем жұртшылығы мұндай зұлымдыққа одан əрі жол бермес үшін күреске шықты. Оның ақыры 1995 жылы АҚШ-тағы Дейтон қаласындағы келісімге жеткізді. Сонда президент Билл Клинтон əкімшілігінің айрықша белсенділік көрсетіп, фашизмнің ауыздықталғанын атап айтқан да жөн. Онан соң сол фашистер халықаралық сотқа да тартылды, жазаларын алды. Бірақ сол

қанішерлер талайлардың өмірін қиып үлгерген. Сол кезде 200-250 босниялық мұсылман қаза болды деп айтылатын. Қазір 100 мың деген цифр келтіріледі. Босния мен Герцеговина дейтін мемлекеттегі төрт этностың бірі босниялық мұсылмандар саны 1 миллион төңірегінде болса, оның оннан бірінің қырылуы аз емес. Сол сойқанға жиырма жыл толып отыр. Əлем соны еске алып жатыр. АҚШ-та, Ұлыбританияда үкіметтік деңгейде еске алу шаралары өтті. Біреулер оны саясатқа қосар, ал Босния мен Герцеговина еліндегі, Сребреница қаласындағы еске алу ұлы қасіретті аза тұту, оның адамзат өміріндегі орнын пайымдау екені даусыз. Мұндай зұлымдықтар қайталанбауы керек деп əлемге жар салудың көрінісі бұл. Сондықтан оған еріксіз назар аударасың. Сол еске алу кезінде жұрт күте қоймаған бір жайт болды. Оған қазіргі Сербияның премьерминистрі Александр Вучич қатысты. Мұны үлкен азаматтық ерлік санауға болар еді. Бұл көптеген саясаткерлердің қолынан келмес еді. Ол бұрынғылардың зұлымдығы үшін халықтан кешірім сұрады, өз фашистерінің айуандығын айыптады. Сөйтсе де, ашынған халық оған бөтелке, тас лақтырды. Оның бірі бетіне тиіп, жарақат алды. Ал Вучич өзінің азаматтық келбетін көрсетті. Осы оқиғаға байланысты тағы бір жайт көңілге оралады. Ұлыбритания өкілі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде адамзатқа жасалған осынау жауыздықты геноцид деп жариялау жөнінде ұсыныс жасап еді, вето құқы бар екінші бір ел оны өткізбей тастады. Фашистердің зұлымдығына ара түскендей болды. Мұны қалай түсіндірерсің?! Əркім өзінше пайымдайды. Біреулер зұлымдықты ақтап та өз сиқын көрсетіп жатады.


8

www.egemen.kz

17 шілде 2015 жыл

 Өнеге желкілдеп, екі иығы бүлкілдеп ат үстінде келе жатқандай əсер береді. Сол екпінге орай, сөзі де түйдек-түйдегімен шығып жататын еді. – Əке – балаға сыншы. Ендеше, əкеңіздің өсиеттері мен нақыл сөздерінің, одан өмірлік сабақ алған сəттеріңіздің бірін есіңізге түсіріңізші. – Иə, əке – балаға сыншы. Жас кезімізде біздің бүкіл жүріс-тұрысымызды байқап, қадағалап жүретінін ол кезде пайымдап жатпайтынымыз онсыз да белгілі. Бір жолы былай деп айтқаны бар-тұғын. «Көнеден айтылатын мынадай бір ақыл-нақыл бар, қарақтарым. Ертеңақ, бəрің де ержетіп, өмір соқпағына түсесіңдер. Алдарыңда не күтіп тұрғаны бір құдайға ғана аян. Сонда осы бір жайды естеріңде ұстаңдар», деп оң қолын алдымызға созып, əңгімесін бастайтын еді. «Міне, мынадай болмаңдар! – Атам оң қолының жұдырығын түйіп бəрімізге көрсетіп шығады. – Мұндай болсаңдар, қара тас секілді ешкімге жұғымы жоқ, өзіңмен өзің бөлініп қалған бір дүниесің. Досың да, дұшпаның да, қуанышың да, қайғың да жоқ, əйтеуір қара басын күйттеген бір пендесің, – деді. – Міне, мынадай болмаңдар! – Ол ендігі жерде саусақтарын жазып, алақанын көрсететін еді. Мұндай болсаңдар, қара жол немесе жайдақ су секілді ашық-шашық қаласың. Ешкімге қадірің болмайды. Кім көрінген үстіңнен басып, аттап өте береді. – Міне, мынадай болыңдар!» – Саусақтарын, орта тұсқа дейін бүгіңкіреп, бізге «көріп алыңдар» дегендей біраз тұрады. Нағыз адамға тəн, мазмұнды ғұмыр кешкісі келгендер үшін ең керегі де, ең мəндісі де осы қалып. Өмір болған соң басыңнан бəрін кешіресің. Өкініш те, сүйініш те, қайғы мен қуаныш та кезек алмасып жатады. Досыңа сүйініп, дұшпаныңа күйінесің. Кірісің де бар, шығысың да бар бел орта деген осы. Халықтың «жусаннан аласа, бетегеден биік» дейтіні осыған саяды. Ақылың асып, өнерің тасып жатса да кішіпейіл, қанағатшыл болыңдар. Бұл дүниенің көнеру мен жаңарудан, жыртылу мен жамалудан тұратыны ақиқат. Тіршіліктің бұлжымайтын заңы осы. Əкем, міне, осылай деп нақыл сөз, өсиет айтатын еді. – Кенен ата көп ақын-жазушымен, өнер қайраткерлерімен достық қарым-қатынаста болып, хат алысып тұрған екен. Əкеңіздің Сəбит Мұқановқа да ерекше ықыласпен қарағаны туралы айтылады. Мұны: «Сəбитпен достығымды кім білмейді, Кейбіреу

«Көнеден келе жатқан сал-серілер дəстүрін жалғастырушы, сол ұлы көштің соңғы тұяғы». Бұл – жазушы Ғабит Мүсіреповтің көмейінен əн-жыр төгілген, есімі қазақ-қырғызға бірдей мəлім Кенен Əзірбаев жайында түйіндеген ойы. Халқының өлшеусіз қошеметіне бөленіп, ғасырға жуық ғұмыр кешсе де, «бұл дүниеде «темір өзек» ешкімнің жоқ екенін» ұғындырып кеткен қарт ақынның бар өмірі əсіресе, балаларымен мəнді əрі мағыналы болғаны анық. Демек, аты аңызға айналған қазақтың біртуар перзентінің аманатын арқалаған ұрпағы барда оның ұлы көші ешқашан тоқтамайтыны, қайта жалғаса берері сөзсіз. Бүгінде ақынның артында қалған ұрпағының ұзын санының тоқсаннан асып жығылуы – соның айғағы. Таяуда біз Кенен атаның шығармаларын халыққа кеңінен насихаттап жүрген ұлы, сазгер, аудармашы, қаламгер Бақытжан ƏЗІРБАЕВҚА жолығып əңгімелескен едік. Сұхбат барысында көптеген дерек, мəліметтерге қаныққандай болдық. Төменде солардың бір парасын оқырман қауымға ұсынуды жөн көрдік.

– Базар, Назар өлген соң əкем көпке дейін өзіне өзі келе алмай, ешнəрсеге зауқы болмай жатып қалған екен. Қолына домбырасын алуды да ұмытқан сыңайлы. Ақынның қапалы күйін көріп-біліп жүрген ағайын бас қосып, ақылдаса келе шешем екеуін жайлауға апарып тынықтыру керек деп шешеді. Қырғыздың Сусамыр дейтін жерінде екі елге ортақ Ыстық ата жайлауы бар. Қазақтың шоң ақыны келіпті, Сусамырда демалып жатыр екен, деген хабар əкемді бұрыннан білетін қырғыз достарына да жетеді. Содан Осмонқұл, Атай, Мұса, Алымқұл бастаған бір топ қырғыз ақын-жыршылары «Кенекеңе сəлем беріп, қайғысына ортақтасып қайтайық», деп арнайы іздеп келіпті. Олардың сондағы өлеңмен көңіл айтуы көп қайталана бермейтін оқиға. Жөн білетін, халықтық дəстүрдің не екенін жете түсінетін тұлғалар кесек қимылəрекеті деп бағалайды білетіндер оны. – Қария сексеннің бел ортасына келгенше аттан түспеген деседі... – Əкем үнемі қос ат ұстайтын еді. Екеуінің мінезі екі басқа. Бірі шабандау, үрку-шошуды білмейтін, көнпіс, аяңға шыдамды жылқы. Əкем мұны көбіне ауыл арасына мінетін. Екіншісі қызуқанды, құлақтарын қайшылап, бір орнында тыпыршып тұра алмайтын мінезді жылқы. Бітімі сұлу, соған орай, қашыққа шабатын ұшқыр болып келеді. Мұнысын əкем алыс жолға шыққанда, той-томалақтарға мінеді. Қарт ақынның атқа отырысының өзі əсем еді ғой. Бойы сұңғақ. Атқа қонғанда денесін тік ұстайтын. Қасындағы серіктерінен төбесі оқшау көрініп, ақ сақалы желкілдеп кетіп бара жатады. «Кенекеңнің атқа отырысы қандай? Шіркін, жігіт кезіндегісін көрер ме еді!», деп жұрт таңғалысар еді. Ал өзі: «Сылап-сипап, жақсы көріп тұрғаныңды ат та сезеді. Ал машинаға тегіс тас жол керек. Ат баратын жерге ол бармайды. Тау-тасты, сай-жыраны өрлеп, кəусар бұлақтан су ішпеген соң, оның несі қызық?», – дейтін қалжың-шынын араластыра. – Ақын ғұмыр кешкен кезеңде оның əуезді əнін тыңдап, мағыналы сөзін естуге ықылас-ниет танытқан жұрттың санында есеп болмағаны анық. Сондай бір алқалы жиындарда, мерейтойларда оған сый тарту арқылы жылы лебізін білдіріп, қошемет көрсеткендер көп болған шығар. Əкеңізге тарту етілген сыйлардың ішінде ерекше əсер қалдырғаны болды ма?

«Атасы тектілердіѕ тўєыры асыл, Ўрпаєы бір тартады ќалыбына» – Бақытжан аға, Кенен ақын өзінің бар ғұмыр жолын өлеңмен өрнектеп өріп, кейінгі буынға мұра етіп қалдырған жан. Оның ұрпағына, яғни балаларына арнап жазған жырларының өзі бір төбе. Ендеше, əңгімеңізді алдымен, Кенен атадан тараған балаларынан бастасаңыз. Сіздер отбасында қанша ұл-қыз тəрбиеленіп, өстіңіздер? – Өз өмірінен алып, өлең өрген ақындар сирек кездеседі. Əкемнің кез келген əнін, өлеңін алсаңыз да өзінің көзбен көріп, бастан кешіргенін бейнелейді. Екі баланың өліміне арнап, ертеректе шығарған «Базар-Назар» əні ақ ешкінің зары болып елге кең тараған. Тіпті, көзі тірісінде ақынның өзі де, əні де аңызға айналып кеткендігі сондай, ел арасында: «Кенен ақын бұл өмірден тұяқ көрмей өтіпті, артында ешкім қалмаған», дейтін жаңсақ пікір қалыптасқаны да рас. Кейде шалғайда жатқан ағайындарға барғанда осындай сөзді өзімнің де естіген кездерім болды. «Қарағым, көңіліңе ауыр алып қалма! Ол кісіден ұрпақ қалмаған деуші еді. Бəлкім, туыс немересі боларсың?» дегенді сыпайылап жеткізетін. Сондайда өзімді бір ұрлық жасаған адамдай, ыңғайсызданып қалатын едім. «Ол не дегеніңіз? Ақынның арамыздан кеткені кеше ғана емес пе? Екі əйелінен қалған ұрпақтар бармыз. Үлпілдек бəйбішесінен Талжыбек, Ұлтай атты қыздар бар. Насиха шешемізден екі ұл, үш қыз бармыз. Осылардан тараған үрім-бұтақ өсіп-өніп, өз əлінше өмір сүріп жатыр. Талжыбектің Бəтима деген қызынан туған Жұмабайдан атамыз туажат сүйіп кетті. Құдайға шүкір, əкеміздің арты жаман емес», деп түсіндіріп беретінмін білмейтіндерге. Насиха шешеміз əкеме тұрмысқа шыққанда он жеті жаста екен. Ол кезде əкемнің атағы қырғыз-қазаққа түгел тарап, елдің аузынан түспей жүрген кезі. Оның үстіне жаңа үкіметтің жаршысы болған əрі Қордай елінің «болысы» деп атайтын жұрт. «Ел мақтаған жігітті, қыз жақтаған» демекші, Кенендей адамның жары болу үш ұйықтасам түсіме де кірмеген жай», дейтін шешем. Сонымен, Насиха анамыз үлкеніміз Төрткенге дейін жеті құрсақ көтерген адам. Соның бəрі жастай шетіней беріпті. «Бала өлімінен əбден запы болған жүрегім осы қыз туғанда аса қуанған жоқпын. Қуаныштан гөрі көңілімде қорқыныш тұратын еді», дейтін анам. «Бақ берсін барған жерде Төрткенім-ай, өзіңді аңсап жүріп өпкенім-ай», деп ақынның ақ жарыла бата беретін қызы осы. Сондықтан: «Төл басым, Төрткенім», деп отырушы еді жарықтық. Кейін

əке-шешеміз Төрткеннен кейін ұл да, қыз да сүйді. Күпті болып жүрген көңілдері орнына түскендей, баланың зарын ұмыттырғандай кез еді бұл. Елу жаста көрген қызы əкесінің бүкіл өнерін бойына сіңіріп өсті. Елу бесінде Көркемжан, алпысқа толғанда мен, одан кейін де құдайдың берері бар екен, артынан Ақтамақ, Ақбілек қыздары дүниеге келді. – Былайғы жұрт Кенен атаның «Келінжан» деген əнінің Көркемжан ағаңызбен байланысты екенін білсе де, оның негізгі шығу тарихынан көп хабардар емес секілді. Бұл əн қалай туған еді? – Көркемжанның менен алты жас үлкендігі бар. Қызыл шырайлы, қою қара қасты, көрікті жігіт болатын. Көңілінде тарыдай арамдығы жоқ, аңқылдаған жан. Қолы тым ашық, ақжүректің нағыз өзі. Кім не айтса да соған нанып қала беретін. Бұл ағамды үйлендірудің өзі біраз жыр болғаны əлі есімде. Ол мектеп бітіре салы сымен əкем дереу жоғарыдағы ойын жүзеге асыруға кіріскен еді. «Бала əлі жас қой. Əрі қарай оқуын жалғастырсын. Асығатындай не болды?» деп шешемнің бəйектенгеніне құлақ та асқан жоқ. «Жасым болса жетпістен асты. Мен тұрғыластардың бəрі келін түсіріп емес, немерелерін үйлендіріп, шөбере сүйіп жатыр. Ойланбайсың ба, Насиха! Өзегі темір кім бар дейсің? Жаман айтпай, жақсы жоқ. Ертең ажал дөп келсе, «тұра тұр, баламның оқуы бар еді» деймін бе? Оқу ешқайда қашпас. Менің де келін түсіріп, немере қызығын көретін кезім келген шығар?» – дейтін қызулана сөйлеп. Сонымен, келін түсіріп, шашу шашылатын күн де келіп жетті-ау! Міне, бет ашатын сəт те жақындады. Мұндайда қамшының сабындай ғана таяққа ақ мата байлай салып, келіннің бетін ашуға əзір тұратын пысықай жігіттер ауылда көп болатын. Бұл жолы да солардың бірі ортаға шығып: «Кенеке, келіннің бетін өзім ашып беремін, рұқсат етіңіз!» деді. Талай жерде той бастап, əккі болған жігітті жұрттың бəрі білетін. «Ашсын, ашсын», деп шуласып жатыр. Осы жерде ешкім күтпеген оқыс жағдай болды. Қолында домбырасы бар əкем елдің алдына шықты. Жүзінде қуаныштан гөрі толқу басым. Дауысында болар-болмас діріл аңғарылады. «Балам, – деді қарт ақын əлгі жігіттің қасына тақау келіп. – Мына шапан тойдың бір жоралғысы болсын. Бұған қоса өзіңе тағы бір құнан атадым. Разы бол. Күте-күте көкиық болып, қартайғанда көрген тұңғыш келін түсіруім бұл. Əрі келінге берген батам, əрі беташары болсын. Жолыңды маған бер, қарағым», деді. Алғашында ақынның мұнысын түсінбей қалған

жұрт аңтарылып қалған еді. «О заманда, бұ заман келіннің бетін атасы ашушы ма еді? Ата-салтымызда жоқ нəрсе. Кененнің мұнысы несі?» – деген күңкіл сөздер де болмай қалған жоқ. Жұрттың дабыры басылмай жатып-ақ, əкем домбырасын қағып-қағып жіберіп, сөзін бастап кетті. Баяғы жанға жайлы қоңыр үн. Өлеңі де, əні де бұрын біз естімеген дүние. Тереңнен қозғау салып, мұңын айтқандай болады. Ақынның көмейінен шыққан əсем əн көкке өрлеп, қаумалаған жұрттың көңілін баурап əкеткендей еді. Құтты болсын келінім, аяғынан Осы еді ғой күткенім баяғыдан. Мал-мүлкіңе ие бол, арнап жиған, Өсекшінің сақ болғын саяғынан. Осылайша, баяу басталған əн қанатын жіті қаққан құс сияқты бірте-бірте биіктеп, қалықтай түседі. Қарапайым ғана айтылған өлең жолдарында терең сыр жатыр. Ақынның көптен күткен арманы, жан дүниесі, қуанышы мен мұңы астарласып жатқандай. Көптен бері əкемнің нақ осылай шабыттана əн салғанын көрген емеспін. Бүкіл өмірін өлеңмен шолып өткендей əсер қалды рып еді. Əкемнің ұзақ жырлаған өлеңі беташардан гөрі батаға, тіпті, батадан гөрі тілекнақылға көбірек ұқсайтын. Бəлкім қарт ақынның діттеген ойы да сол шығар? Таутекеше тау-тасқа аттап кетпе, келінжан! Кір жастықты басыма жастап кетпе, келінжан! Асқар белім, шалқар көлім, келінжан! Қуанышым, жігер күшім, келінжан! Ендігі бар байлығым да, арқа сүйер күш-қуатым да сендер дегенді ақын осылай жеткізіп еді. Көркемжан екеуін қатар тұрғызып қойып, ұзақ жыр төкті. Келіннің бетін ашып, екеуінің маңдайынан кезекпен иіскеп, батасын берді. Қаумалап келіп, құттықтап жатқан жұрт ақынның жанарындағы жас тамшысын аңғарған да жоқ. Ақынның əні мен өлеңі ауызданауызға көшіп, тез тарап кетті. Қордайдың қай өңіріне барсаң да той-томалақта əкемнің осы өлеңін шырқап жатқан елді көруші едік. «Келінжан» дейтін əні өмірге осылай келген. – Ақын топ алдына шыққанда өзін қалай ұстайтын еді? Жүзінен, болмысбітімінен қандай құбылысты байқап, нені аңғарушы едіңіз? – Бұрын көңіл бөлмеген болуым керек, мұны бір жиында байқадым, əкем топ алдына шыққанда арқаланып, жүзі нұрланып, сұлуланып кетеді екен. Малдас құрып отырғанның өзінде өзгелерден биіктеу, бітімі ерекше көрінетін. Əлсінəлсін əуеннің ырғағымен басын шайқап қойып, екпіндетіп жырлайды. Ақ сақалы

ашық жүрмей күбірлейді. Алты жыл ауырғанда атса лысқан, Жүректің ыстық қаны үзілмейді», сынды жыр жолдарынан да байқағандай боламыз. – Бір жолы əкемнен: «Бүкіл ақынжазушылардың ішінен Сəбит Мұқановты ерекше көресіз, ықылас танытасыз. Соның сыры неде? Айтыңызшы», дедім. – «Балам, адамның ғұмырында сыйластар көп, сырластар аз болады, – деп бастады əңгімесін. – Адамға сый-сияпат көрсетудің жолы басқа, ал көңілдегіні бүкпей айтып, сыр ашуың басқа. Сəбит екеуміз сыйлас қана емес, сырлас доспыз. Сəбит те мен сияқты жасынан жетім қалып, жоқшылықтың ащы дəмін ерте тартқан адам. Өміріміз ұқсас. Бұл жағынан тағдырласпыз. Жазуды көбірек кəсіптегені болмаса, Сəбит те ақын. Бұл тұрғыдан əріптеспіз. Дүниенің астаң-кестеңін шығарған Кеңес өкіметінің алғашқы жылдары менің бағыма Ораз Жандосов сияқты оқығаны бар, көзі ашық азаматты жолықтырды. Кейіннен тағдырым осы Сəбитпен табыстырды. Сол жылдары айтылған кемері жоқ, ұшан-теңіз өлеңжырымның есебін кім өлшепті? Кейін көкірегі ояу деген азаматтардың бəрі қара тізімге ілікті, атылды, айдалып кете барды. Көкейде: «Бұл қалай?» деген запыран сұрақ қалып қойды. Үнсіз қалғам жоқ. Оған «Оразжан» əнім куə. Осы үшін Алматыға бірнеше ай абақтыда жатқанымды біреу білсе, біреу білмейді. Бұдан аман-есен құтылуыма алдымен тақыр кедей екендігім, Жамбылдың үзеңгілес шəкірті екендігім себеп болған да шығар. Алайда, осының бəрінің орайын тауып, тиісті орындарға жеткізген, елге оралуыма себепкер болған Мұхамеджан Қаратаев пен Сəбит Мұқанов ағаларың еді. Тұрлаусыз тірлік, заман қысастығы бір жағынан, тұрмыс тауқыметі, балалардың өлімі екінші жағынан қыспаққа алған кез. Өзім түгіл, əн-жырларым да кəдеге жарамай, ұмыт бола бастады. Осының бəріне іштей налып, күштеп шөктірген атандай болып жатқанымда қасымнан тағы да сол Сəбит табылып еді. Қанатымен су бүріккен қарлығаштай отбасымның қамқоршысы болған, қатты ауырып жатқанымда төніп келген ажалға араша түскен Сəбиттің алар орны ерекше, қарағым», деп əкем сол жолы ағынан жарылған болатын. – Кенен ақын бозбала кезінен қырғыздың талай жерін аралап, дəмін татқан екен. Кейін сол көрші елдің небір ақын-жыршыларымен, жазушы ғалымдарымен сыйласып, сырласып тұрған деседі. Олардың бір-біріне деген алғаусыз көңілінен, шынайы ықыласниетінен қандай мысал келтірер едіңіз?

– 1959 жылдың маусым айында Қордай төсін дүбірлетіп, ақынның 75 жылдық мерейтойы аталып өтті. Шапан жауып, бөрік сыйламаған ешкім қалмады-ау деймін?! Менің есімде қалғаны – халқымыздың біртуар ұлы, атақты композитор, академик Ахмет Жұбанов əкелген қызыл қоңыр түсті домбыра. Беткі жақтаулары түгелдей мүйіз бен көмкерілген, мойны қынадай қызғылт аспаптың үні де ерекше екен. Əкем өзінің осы мерекеге арнап шығарған «Жетпіс бес» деген əнін тұңғыш рет осы домбырамен орындап еді. «Сайра тілім, шырқа үнім, сайра мас қа қоймайды ардақты елім», деп құйқылжыта шырқады. Бұдан кейін де ақын көзі тірісінде осы домбыраны қолынан тастаған емес. Қайда барса да, қандай сапарға шықса да өмірінің соңына дейін ол жан серігі, сырласы, қимас досы болғаны ақиқат. Тоқсанның торғынына оранғанша үніне үн қосып, ақынның өзімен бірдей жасасқан ақ ниет домбыра еді бұл. – Бақытжан аға! Өзіңіз айтып, біз біліп отырғандай сіз атақты ақын, үлкен композитордың ұлысыз. Халық, ел қадірлеген тұлғаның перзентісіз. Əріптестеріңіз, өзіңізді жақсы білетін достарыңыз сізді де өнерден қара жаяу емес адам деп айтады. Сөз соңында мамандығыңыз, атқарған жұмысыңыз бен шығармашылығыңыз туралы мағлұмат бере кетсеңіз. – Ауылдағы орта мектепті бітірген соң КазГУ-дің журналистика факультетіне оқуға түстім. Университетті аяқтайтын жылы міндетті əскери борышымды өтеу үшін Қиыр Шығысқа, Бурятия жеріне аттандым. Одан қайтып келген соң «Қазақстан», «Қайнар», «Жалын» баспаларында редактор, аға редактор қызметін атқардым. Əділет министрлігінде аударма бөлімінің меңгерушісі болып қызмет еттім. Содан кейін Парламент Сенатының редакциялық-баспа бөлімінде бас консультант сектор меңгерушісі болдым. Осы қызмет жолында мамандығыма байланысты жазу-сызу жұмысынан ажыраған емеспін. 30-ға жуық əн шығардым. Бұл туындыларым кезінде нотасымен «Көңіл кептері» атты атаумен жеке жинақ болып шыққаны бар. Одан басқа «Əке рухымен сырласу», «Кенен» деген деректі кітаптардың авторымын. Бойымдағы осы қабілет, қарымым əкемнен жұққан қасиет деп есептеймін. – Əңгімеңізге рахмет. Əңгімелескен Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

АСТАНА.

Мен – батырдыѕ ќызымын

Біздің əкеміз Матай Байысов 1903 жылы бұрынғы Талдықорған облысы, Талдықорған ауданы, Шымыр ауылында дүниеге келген. 19221926 жылдар аралығында Көксу ауданындағы «Батырақ» ауылының бастауыш мектебінде білім алып, 1927 жылдан бастап еңбекке араласады. Қоғамдық жұмыстарға бел шеше араласа жүріп, 1928-1932 жылдар аралығында аудандық комсомол ұйымының хатшысы, одан кейін «Батырақ» колхозының төрағасы қызметтерін атқарады. 1934-1936 жылдары Қоғалы ауданындағы «Бас көпір» колхозында басшылық жұмысын абыроймен алып жүріп, кейін келе «Қарғалы» мақтамата комбинатының директорлығына ауысады. 1937 жылы Көксу ауылшаруашылық техникумын бітіріп, ауданда бас есепші, жауапты басшылық қызметтерін ойдағыдай атқарғаннан кейін, Матай Байысов 1940 жылы Алматы ауылшаруашылық институтын тəмамдап, Талдықорғандағы МТС-3 зауытына директорлық қызметке тағайындалады. Партияның белсенді мүшесі бола жүріп 1942 жылы ел басына күн туған ауыр кезеңде өз еркімен майдан даласына сұранған ол Украина майданындағы 136-атқыштар дивизиясы қатарында əскери борышын өтеуді бастайды. Пулемет командирі ретінде қиян-кескі ұрыста өзіне

тапсырылған шептен жау əскерін өткізбеу туралы арнайы тапсырма алған Матай Байысов ерен ерлігімен көзге түседі. Соғыстың алғашқы күнінен бастап командир Байысов басқыншы фашистерден жол торабын тазарту, жау бекіністері орналасқан майдан даласын азат ету, екпіні қатты дұшпан əскеріне ойсырата соққы беріп, үнемі шабуылдай отырып алға жылжу секілді маңызды тапсырмаларды мүлтіксіз орындап отырған. Қиян-кескі ұрыстармен Днепрден өткеннен кейін жау қолында қалған елді мекендерді азат ету жолында кеңес əскерлері басқыншы жауды Батыс аймаққа қарай түре қуады. Осы орайдағы ерлігі үшін Матай Байысов «Богдан Хмельницкий» орденімен, «Суворов», «Кутузов» медальдарымен марапатталды. Соғыстың ең ауыр да азапты күндерінің бірінде қасындағы жауынгерлердің бəрі оққа ұшып, Матай Байысов дұшпанға қарсы жалғыз өзі пулеметінен оқ жаудырып төтеп берді. Алайда, осы шайқаста өзі де ерлікпен қаза табады. 1944 жылы 10 қаңтарда КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының арнайы Қаулысымен Матай Байысовқа «Кеңес Одағының Батыры» атағы берілді. Бұл күнде батырдың мəңгілік мекені Украина жерінде Киев облысы, Черняхов ауылында орын тепкен. Черняхов селосында орналасқан мектептің мұғалімі Овчаренко дейтін азамат арнайы мақала жазып, алдағы уақытта украин жерін қорғауда ерлікпен қаза тапқан Матай Байысовтың ескерткіш мүсінін жасатқысы келетіндерін тілге тиек етеді. Осы мақаладан кейін батырдың жанұясы атынан хат жолданып, 1973 жылы 9 мамыр Жеңіс күніне орай Байысовтар отбасын Украинаға шақыртады. Қазақстаннан келген қонақтарды Черняхов тұрғындары ыстық ықыласпен қарсы алып, көптеген кездесулер өткізеді. Сондай бір жан тебірентерлік кездесулердің бірінде украиндық қарт ана Кеңес Одағы батырларын қайтадан Бауырластар бейітіне жерлейтін кезде бір жауынгердің төс қалтасынан патрон тауып алғанын, бос оқтан шыққан қағазда «Мен Байысов Матай, ұлтым – қазақ, қазақстандықпын, партия мүшесімін» деген жазуы бар хатты көргенін, батыр туралы соңғы деректі Мəскеудегі жауынгерлер мұражайына өткізгендігін айтады. Матай Байысов туралы мəліметтерді отбасы мүшелері отставкадағы гвардия полковнигі Афанасий Чебурашкин мен армия генералы Сергей Штеменко секілді кісілердің естеліктерінен, Украина майданы туралы мол мəлімет көзі жинақталған мұражайлардан алдыртып, толымды еңбек етіп сақтап отыр. «Орнында бар – оңалар» демекші, бүгінде Матай Байысовтың туған ауылы мен өзі оқыған мектепке батыр аты беріліп, жүздеген шəкірт білім алып жатқан оқу ордасында оның ескерткіші бой көтерді. Сондай-ақ, Алматыдағы жаңадан ашылған Алатау ауданының Алғабас ауылында да бір көшеге Матай Байысов есімі беріліп отыр. Əкеміз майданға аттанарда анамызға «Балаларды оқыт, сауатты болсын, Отан алдында адал еңбек етсін!» деп тапсырып кеткен екен, Құдайға шүкір, анамыз бəрімізді оқытып, қатарға қосты. Мен де 40 жылға жуық оқу-ағарту саласында еңбек етіп, «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» атандым, 4 баланың анасымын. Қазірде Матайдан тараған ұрпақ Алматы қаласында тұрады, бəріміз адал еңбегімізбен өз Отанымыздың өркендеуіне қолдан келгенше үлесімізді қосып келеміз. Келешек ұрпақ біз көрген тағдырдың тауқыметін көрмесе екен деп қашанда тілегіміз елдің тыныштығы мен заманның берекелі болуында. Біз əкеміз Матай Байысовты мақтан тұтумен қатар, сондай елі үшін жанын қиған батырдың бізге аманаттап тапсырған əкелік өсиетіне мейлінше адал болуға тырысамыз. Зейнеш БАЙЫСОВА, зейнеткер-ұстаз, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі. АЛМАТЫ.


 Индустрия игілігі

 Өнер

«Славян базарын»

(Соңы. Басы 1-бетте). Біраз жылдан бері сиыр фермасына жолымыз түспегендіктен бе, əлде ең заманауи мал фермасын көріп тұрғанымыз осы ма, мұнда бізді ризашылыққа бөлеген технологиялар көп болды. Ферма онлайн-режімінде жұмыс істейді десе де болады. Сиырлар төбесі 11 метрге дейін биік, желдеткіштері бар қораларда күйсеп тұр. Тезектің иісі мүлде шықпайды жəне ол жарты сағат сайын автоматты түрде тазаланып тұрады. Ал сиырлар «душ» қабылдайды жəне жұмсақ төсеніштерде жатады. Жемі де, жағдайы да жақсы бұл сиырлар енді күніне орташа 1840 литр шамасында сүт бермей қайтсін?! Канададан əкелінген бұл сиырлардың арғы «аталары» Голландиядан. Мұның бəрі біздің алғашқы əсеріміз. Өз сиырларын сатып алғанша біраз қиындықтарға тап келген «Амиран» зауыты қалай пайда болып еді? Жалпы, балаларға сапалы, табиғи айрансүт беру бұрыннан да бар мəселе жəне бола бермек.

селт еткізген саѕлаќ

Жақында Белоруссияның Витебск қаласындағы «Славян базары-2015» халықаралық əн фестивалінде бас жүлдені иеленген қазақстандық жас əнші Димаш Құдайбергеннің жеңісі туралы еліміздегі ақпарат құралдары жарыса жазды. Айтулы өнер бəйгесінде жұртшылықты ешкімге ұқсамайтын керемет үнімен, мəйін мəнерімен елең еткізген жүлдегердің қуанышына ортақтасып, біз де балауса дауыстың сəтті қадамына жүрекжарды лебізімізді білдірген болатынбыз. Кеше Гранпри иегері отандық журналистердің қойған сұрақтарына жауап беріп, байқаудан алған əсерімен бөлісті.

«СЎЛУ» СИЫРЛАР Осы зауытты 2010 жылдың желтоқсанында Елбасы өз қолымен іске қосқан болатын. Сол кезде Елбасы: «Дəл қазір біздің елімізде тапшы болып келген балалар тағамын шығаратын кəсіпорынды іске қосуымыз маңызды. Біз əрдайым Қазақ станда осындай кəсіпорындардың болғанын мақсат етіп жүрміз. Себебі, балалардың денсаулығына байланысты мəселе өте көп: аллергия, ана сүтінің жетіспеушілігі жəне тағы басқасы. Сіздер бүл діршіндеріміз үшін үлкен іс жасадыңыздар деп ойлаймын» деген-ді. Мемлекет басшысы бұрын балаларда дисбактериоз, анемия, қант диабеті, гипертрофия сияқты аурулар сирек кездесетінін, қазір мұндай аурумен əрбір бала ауыратынын айтып: «Бұрын неге жас балалардың дендері сау болатын? Барлығы да дұрыс тамақтануда. Мысалы, 20 жыл бұрын біз «консерванттар» дегеніміз не екенін білмейтінбіз. Бүгінде ол əр тағамда міндетті түрде болатын қосынды болды. Консерванттардың ағзада зиянды қалдықтары қалады, иммунитетті төмендетіп, əртүрлі дерттерге шалдықтырады» дей келе Президентіміз адам денсаулығы жас кезінен қалыптасатынын, баланы экологиялық таза өнімдерден тұратын сапалы сенімді тағаммен қамтамасыз ету маңызды фактор екеніне ерекше тоқталған болатын.

Ең бастысы «Амиран» зауытының өнімдері жоғары сапалы табиғи сүттен жасалынып жəне Санитарлық Ережелер жəне Нормалар жүйесіне толықтай сəйкестендірілген, ешқандай химиялық қоспалар мен консервантсыз əзірленетіндіктен сақталу мерзімі 3-5 күнді құрайды. Дегенмен, мұның да кілтипандары бар. Өнімдердің тұтыну мерзімі тым аз болғандықтан, оны Қазақстанның барлық түкпіріне сата алмайды. Бірақ, айран, сүт шығаратын компанияның артықшылығы да осында.

механикаландырылған станса. Жылына 8 760 000 литр сүт немесе тəулігіне 24 000 литр көлемінде сүт сауылып жатқан сиыр фермасы. Жобаның жалпы құны 6 миллиард 300 миллион теңгеге бағаланып отыр. Толықтай аяқталуы үшін əлі де 500 миллион теңгедей қажет.

«Амиран Агро» жобасыныѕ артыќшылыќтары

Бірақ, бүгінге дейін «Амиран» компаниясының басты мəселесі жергілікті нарықта ши-

Барлық суармалы жер 100 шаршы метрге бөлініп, Голландияның BLGG AgroXpertus институтында талдау жасау үшін алдын ала сүт шығымының молдығына əсер ететін жем өсі руге жəне нəрлі дақылдар алу мақсатында дақылдардың

кізаттың, яғни жаңа сауылған сүттің жетіспеушілігі болған. Сондықтан, сүтті Қырғызстаннан тасуға тура келген жəне ол қымбаттығымен қоймай, тасымалдау барысында балғындығын да жоғалтатыны белгілі. Алайда, «Амиран» əлеуметтік жоба болғандықтан, өнімдері де қолжетімді болуы тиіс. Сондықтан, компания құрғақ сүттен жасалған, бірақ табиғи сүт пен атауы бірдей дүдəмал импорттық өнімдермен бағаны бірдей ұстап тұр. Сондықтан, компания қазіргі уақытта өз шығынын ақтайды, бірақ əзірше пайда көріп отырған жоқ Қырғызстаннан тасылым тұрақты емес. Оған қоса, Қазақстан Кеден одағына кірген соң Қырғызстанмен шекара сүт жеткізуге жабылып, осы мəселе 6 айға дейін шешілмей келеді. Компания бұл мəселені қалай шешті? Балаларға арналған емдікпрофилактикалық сүт тағамдарын өндіру үшін сауылатын сиырлар экологиялық таза жеммен жемделуі тиіс, яғни компа ния өнім шыққанға дейінгі дайындықтан бастап жəне сүтті кейін өңдеу процестерін өзі бақылауы керек. Сондықтан, компания құрылтайшысы Руслан Юн ауылшаруашылық кешенін құру туралы шешім қабылдаған. Ол «Амиран» сүтін өңдейтін зауыт пен «Амиран Агро» департаментінен тұрады. Бұл дегеніңіз, қазір 1870 гектар суармалы жер, ауыл шаруашылығы мақсатындағы кешенді түрде

жоғары шығымдылығына қажетті тыңайтқыш мөлшерін жəне түрін, саны мен түрін негіздеу жəне есептеу үшін сынама алынған. Сондай-ақ, ВҮ LO-мен тұрақты негізде жұмысты жүзеге асыру үшін Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры Тілектес Есполовпен келісімге қол жеткізіліп, осы мақсатта жоба əзірленіп, жергілікті аграрлық ғалымдар, селекционерлер, мал мамандары, генетиктер жұмыс істейтін ғылыми-зерттеу корпусының құрылысы салынып жатыр. Бұл жерде техникалар да аз маңызға ие емес. Компания əлемдегі ауыл шаруашылығы техникасы өндірісінде жетекші саналатын John Deere компаниясының жабдықтар жиынтығын сатып алған. Бұрынғы кезде жемді жинау жəне дайындау кезінде ескерілмей келген ерекшеліктерге байланысты 700 миллион теңге көлемінде үлкен қаржы ауыл шаруашылығы техникасын алуға жұмсалыпты. Мысалы, 6 300 га əртүрлі шөпті 5 күн ішінде жəне түнде ғана жəне гүлдеу кезінде жинау қажет. Тек осы кезде бұл дақылдар өзінің нəрлілігін сақтайды əрі сүт сауымын көбейтеді. Керісінше, жағдайда бұл дақыл тек «сағызға» айналады. Осы себептен жоғары өнімділік жасай алатын жəне жоғары бағадағы техниканы алудың аса қажеттілігі туындайды, өйткені, компания жергілікті нарықта оны жалға ала алмаған. «Амиран» компаниясы ауыл

Бизнестіѕ дамуына не кедергі болды?

шаруашылығы техникасының негізі ретінде органикалық тыңайтқыштарды ұтымды пайдаланып, уақтылы отырғызып, дер кезінде суарып, қысқа мерзімде дақылдарды тазартуға қол жеткізіп отыр. Тек осы жағдайда ауыл шаруашылығы дақылдары табын үшін қоректік азық-түлікке айналады жəне жоғары сүт сауымын береді. Фермада суару жұмыстарын атқару үшін Lindsay (Zimmatic) америкалық компания өндірген «Пивот» радиальді типіндегі жаңбырлатқыш машина қолданылады. «Пивот» ойқышойқы жерлерде жүре алады. Ал бұл суармалы алаңдарды қымбатқа жоспарлауды болдырмайды. Жаңбырды біркелкі жаудырудың сапасы бір мезгілде сұйық жəне минералдық тыңайт-

Содан бері не ґзгерді?

Қазірге дейін Қазақ тағамтану академиясының «Амиран» зауыты – балаларға жоғары сапалы табиғи қаймағы алынбаған сүттен дайындалған сүт өнімдерін шығаратын елдегі алғашқы жəне жалғыз зауыт болып қала бермек. Бұл «тірі» өнім, себебі, өндіріске келетін сүт қалпына келтірілмеген, консервіленетін заттар қосылмаған. Қалай десек те, «Амиран» компаниясы – коммерциялыққа қарағанда, əлеуметтік жобаға жақын. Компания мақсаты мынада, өнімдердің халыққа қолжетімді болуы. Себебі, компанияның қызметінің басты қағидасы – Алматы облысы мен қаласын отандық балаларға арналған сүт өнімдерімен қамтамасыз ету. Бұл өнімдердің спецификасы ерекше, себебі, əсіресе, балалық жас та аурудың алдын алу мəселесі еліміз үшін стратегиялық мəні бар. Бүгінгі таңда зауыт тəулігіне 12 тонна сүт өндіреді жəне йогурт, қаймақ, сүзбе, сүт жəне т.б. қышқыл сүт өнімдерін шығарады. Зауыттың өзі Алматы облысы Талғар ауданының Шымбұлақ кентінде орналасқан. 121 адам зауытта жұмыс істеп, дайын өнімді таратады. Зауыттың қызметкерлер құрамы жоғары кəсіпқойлығымен жəне тұрақтылығымен ерекшеленеді. Жұмысшыларға барлық жағдай жасалынған. Компания басшылығының негізгі міндеттерінің бірі – осындай күрделі кезеңде жұмыс орнын сақтап қалу. Осы зауыттың құрылысына 1 миллиард 300 миллион теңге жұмсалып, заманауи еуропалық құралдармен жабдықталған. Зауыт аумағын тазартатын құрал-жабдықтар, ағын суды тазалағыштар орнатылған, «Рено» маркалы сүт таситын машиналар сатып алынған. Инновацияға иек артатын кəсіпорынның ұжымы сапаға үміт артады, мемлекеттік сапа байқауларына белсене қатысады.

9

www.egemen.kz

17 шілде 2015 жыл

қыштармен егістіктерді суарып шығуға мүмкіндік береді. Барлық тозаңдатқыштар толық автоматты режімде жұмыс істейді немесе бір оператор арқылы басқарылатындығы маңызды.

Зеѕгібаба

Ал фермаға келсек, жоғары сапалы сүтті мол мөлшерде алу үшін Канададан голштин-фриз тұқымды 780 сиыр сатып алынған. Бұл Голландияға шығарылады жəне əлемдегі сүтті малдың ең танымал тұқымы болып табылады. Бұл сиыр біздің дəстүрлі тұқымдағы сиырларға қарағанда сүтті үш есе көп шығарады. Қамбалардың құрылысы «Boumatic» америкалық технология бойынша жүргізілді. Əрбір сиырға ыңғайлы орын болуына ерекше назар аударылды. Сол сияқты фермада малақты өңдейтін «Bauer» компаниясының реакторы орнатылғаны, тіпті тезектің иісі шықпайтынын айттық қой. Қайта өңделген тезек төсем ретінде пайдаланылып, ол сиырларды инфекциялық аурудан, мастит, тұяқ аурулары жəне т.б. қорғайды, ауру көрсеткіштерін азайтады жəне осы тəсіл арқылы сиырлар демалатын бокстар таза болады. Жəне сиырдың желіні инфекция көздерімен жанаспайды. Қайта өңделген тезекті реактордан кейін органикалық тыңайтқыш ретінде егістіктерге тасталады. Сондай-ақ, сүтті тарту кезіндегі сұйықтық жəне қатты

көң фракциялары алаңға шығарылатын кезде өсімдік тамырына дейін жеткізіліп, оның жақсы өсуін қамтамасыз етеді, ал ол өз кезегінде 50 пайыздан кем емес өнімнің өсуін қамтамасыз етеді. Дамыған елдерде органикалық тыңайтқыштарды көң пайдалану арқасында жоғары өнімділігі қол жеткізіліп отырғаны баршаға мəлім. Ендігі жерде «Амиран» да органикалық тыңайтқыштарды көбейтіп, химиялық тыңайтқыштар азайтуды жоспарлап отыр. Малдың жайы белгілі, ал ферма жұмысы сол жерде тұрақты болуды талап ететіндіктен, барлық қызметкерлерге жайлы тұрғын үйлер мен демалысы қарастырылған.

Жобаны жетілдіруге арналєан ќадамдар «Амиран» енді əрбір сиырдан кем дегенде 30 литр сүт сауып отырған Ресейдің «Фризен» компаниясымен 3 жылға келісімге келген. Келісімшарт талаптары əр сиырдан кем дегенде 30 литр сүт алуды, ферма бойынша күніне 24 тонна сүт жəне жылына 8 760 тонна сүт алуды көздейді. Ол үшін «Фризен» компаниясы 3 жыл бойы барлық агротехникалық жұмыстарды тікелей басқарып отырады, ҚазҰАУ-мен персонал оқытуда тығыз байланыста болады. Жəне «Фризен» компаниясының екі маманы жылына 365 күн фермада болады. Оған қоса ресейліктердің талабы бойынша Қазақ ұлттық аграрлық университетінің 12 үздік түлегі іріктеліп, олар Ресей, Канада, Германия мен Голландияға оқуға жіберілмек. Еуропадағы фермерлік шаруашылықтың инвесторлары əр сиырдан 30 литр сүт алу қиын міндет екенін жəне оған көп шаруашылықтар қол жеткізе алмағандығын, өйткені олар онда адами факторлар үлкен рөл атқаратындығын зерттеп, байқаған. Өз кезегінде Америка мен Канаданың ірі фермерлік шаруашылықтары (бірнеше мың бастан тұратын) компьютерлендірудің арқасында табынды басқару адам факторынсыз жүзеге асырылады, сондықтан 30 литр сүт өндіру қалыпты жағдайға айналып отыр. «Амиран Агро» жобасында дəл осы «Boumatic» америкалық технология таңдалған, табынды толықтай автоматты түрде басқаруға адам факторы 99 пайызға қажет емес. Қысқасы, осынау іссапар барысында «Амиран» ҚТАЗ директорлар кеңесінің төрағасы Руслан Юн бұл зауыттың дүниеге келуіне Қазақ тағамтану академиясының президенті, академик Төрегелді Шарманов түрткі болғанын жəне елімізде балаларға арналған сүт тағамдарын əзірлеудің күрделіліктері мен келешегі жайлы жан-жақты ақпар берді. – Бірінші кезекте халқымыз денсаулық та, ауру да астан екенін білуі керек. Нағыз табиғи сүт пен нарықты жаулап алған консервантты сүттердің сапасын айырып, сүтті – сүт, қалған құрғақ сүт ұнтағынан жасалатын сүт өнімдерін өз атымен атаудың кезі бая ғыда жетті, – дейді Руслан Борисович. Ең бастысы, əрбір өңір балаларын саумал сүтпен қамтамасыз етіп, өзгелердің өнімдеріне тəуелді болмау үшін осы үрдісті жалғастыруы керек. Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы. –––––––––––––

Суреттерді түсірген Айтжан МҰРЗАНОВ.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан».

«Мұндай айтулы өнер сайысына қатысу менің бала күнгі арманым болатын. Сондай қуанышқа кенеліп тұрғанда адамның аузына түк сөз түспей қалатын əдеті. Сондықтан, тап қазір жеңістен кейінгі шат сезімді жеткізе алмай тұрмын. Бірақ мұны бəрінің басы деп ойлаймын. Шын сайыс, нағыз аламан – алда. Қазақстанды əлемге паш ету, елдің намысын қорғау алдағы күндердің еншісіндегі басты мақсатым», – дейді əнші БАҚ өкілдерімен болған сұхбатында. Биыл 24-ші рет өткізіліп отырған «Славян базары-2015» байқауына əлемнің 21 елінен небір жүйріктер мен жас дүлдүлдер қатысқанын ескерсек, Д.Құдайбергеннің жүлдесі жалпы қазақ эстрадасының имиджі үшін үлкен жетістік болып саналады. «Мынадай «сен тұр, мен атайын» дейтін жастардың арасынан суырылып алға озамын деген ой менде басында мүлде болған жоқ. Бірақ бəйгеден қанжығаңның бос қайтпағаны қандай жақсы. Сондай мүмкіндіктің маған бұйырғанына қуаныштымын. Ең алдымен, біз секілді өнерлі өрендерге қолдау көрсетіп отырған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қамқорлығына шексіз алғыс айтқым келеді. ТМД елдерінен келген танымал əншілердің алдында қаймықпай қазақ əнін орындап шықтым. ...Рас, бүгінде шетелдің əндерімен жұртты таңғалдыра алмайсың. Өйткені, мұны ешкім олардың өзінен асырып тамаша орындап бере алмайды. Əн байқауына халық əні «Дайдидауды» таңдауымның себебі содан. Өйткені, бұл əннің сарыны кез келген жүрекке еніп, жұтылып кете барады. Оны ешкім жатырқамайды, естіген құлақты елітіп əкетеді. Жүлдеге қол жеткізуімнің сыры соның құдіреті болса керек», – дейді өнер иесі. Əнші өз сөзінде бұл биікпен шектелмей, əрі қарай да жаңа жобаларға қызу дайындық жасап жатқанын тілге тиек етті. Ол күз айында əлемдік деңгейдегі əншілермен тең дəрежеде, бір сахнада тұрып əн шырқамақ. Айта кету керек, бұл концертті 50 ел өздерінің телеарналарынан тікелей көрсетілімде ұсынбақ. «Оған əлемдік деңгейдегі əншілер қатысады. Қазақстанның намысын қорғап шығу алғаш рет осы жолы маған бұйырып отыр. Мега-жобаға 50 мемлекеттің өнерпаздары қатысады. Бұл байқауға халық əні «Дайдидауды» тағы да алып барудың сəті түсіп отыр», – дейді ол алдағы іс-жоспарлары туралы сұрағанымызда. «Славян базары» байқауының қазылар алқасы Димаш Құдайбергеннің вокалдық шеберлігіне өздерінің жоғары бағаларын берді. Витебск байқауының нəтижелері бойын ша Қазақ ұлттық өнер университетінің студенті 175 балл жинап, əріптестерінен əжептəуір алға озып шықты. Мысалы, алғашқы күнгі сынақта Димаш Константин Меладзенің «Опять метель» əнін нақышына келтіре орындау арқылы 90 баллдың 89-ын иеленді. Ал келесі күнгі бəйгеге

қазақстандық əнші «Sos dun terien un detresse» əнін ұсынды. Француз шығармасын өз иірімінде мүлтіксіз жеткізіп бола бере, жас əнші халықаралық байқаудың сахнасында тұрып: «Қазақстанның намысын қорғап əн салғанымды мақтаныш етемін», – деді. Еске сала кетейік, бұл фестивальға Əзербайжан, Армения, Болгария, Италия, Куба, Мексика, Ресей, Литва жəне басқа да мемлекеттерден өрендер қатысты. І дəрежелі жүлдені Белоруссия əншісі Валерия Грибусова иеленсе, екінші орын болгариялық Николай Маноловтың еншісіне тиді. Украиналық əнші Анна Твердоступ (Анитт) пен грузиялық Софи ІІІ дəрежелі жүлдені тең бөлісті. Тағы бір осыған қоса айтылуға тиіс есім – əншінің жетекші педагогы, Қазақ ұлттық өнер университетінің «Эстрада өнері» кафедрасының меңгерушісі, профессор Майра Дəулетбақ. Ал Димаштың туып-өскен ортасы туралы айтар болсақ, 21 жастағы өнерпаз Ақтөбеде музыканттар əулетінде дүниеге келген. Əншінің ата-анасы – Қазақстанның мəдениет қайраткерлері Қанат пен Светлана Айтбаевтар. Димаштың өнерге талпынысы оның екі жасындағы эпизодтық рөлінен басталған. Ал 5 жасында фортепиано жəне вокал сыныбы бойынша балалар музыкалық студиясында оқи жүріп, музыкалық колледж сахнасында əн салады. «Айналайын» республикалық байқауында «фортепиано» номинациясы бойынша лауреат атанғанда ол небары 6 жаста болатын. Міне, бір кездергі сол балапан қанат бүгінде қатайып, Қазақ ұлттық өнер университетінің «Эстрада өнері» факультетінің студенті атанған. Өзінің жастығына қарамастан қазақ, орыс, ағылшын, француз, итальян тілдерінде, түрлі жанрдағы шығармаларды орындайды. Күміскөмей əнші қазірдің өзінде талай биікті еңсеріп, бəйгенің алдын бермей жүрген жайы бар. Мысалы, 2010 жылы «Звонкие голоса Байконура» халықаралық фестивалінің лауреаты атанса, 2012 жылы жас орындаушылардың «Жас қанат» республикалық байқауының бас жүлдесін жеңіп алды. Сонымен қатар, «Шығыс базары» эстрада орындаушылары халықаралық телебайқауының І дəрежелі лауреаты атанған болатын. Соңғы жылдарғы өнер бəйгелері дидарына тəн құбылыс – отандық өнерпаздар ірі-ірі өнер байқауларынан табыспен оралып жүр. Айта кетсек, олардың қатарында «Хрустальная магнолия» жас орындаушылардың ХІХ халықаралық музыкалық байқауының Гран-при жүлдесін иеленген ҚазҰӨУ студенті Фархад Маденов, түркі əлемінің «Түрквижн» əн байқауының жеңімпазы атанған Жанар Дұғалова, «Балалар Жаңа толқынында» 3-ші орынға ие болған астаналық Мұхаммедəлі Жүгінісов бар. Сол сияқты «Астана Опера» театрының солисі Салтанат Ахметова Ресейдегі «Большая опера» жоба сында жеңімпаз атанып, классикалық өнер бойынша қазақ даласы талант иелеріне кенде емес екенін мінсіз мойындатты.


10

www.egemen.kz

17 шілде 2015 жыл

 Жұлдыздар жарығы

ЇШ АЄЫС Қали СƏРСЕНБАЙ.

Мейрамбек Əлбетте, дарынды адамдар бар. Ал, аса дарынды сирек. Бүгінде шөп те өлең, шөңге де өлең боп кеткен заманда аса дарындылар саусақпен санарлық, əрине. Сол сиректің бірі – Мейрамбек Беспаев.

Құдай – шебер. Тал бойында бір фальш жоқ Мейрамбекке бір ғана дауыс бермей, нұрлы дидар сыйлап қана қоймай, оны виртуоз орындаушы, күйші етіп жаратып қана қоймай құдайдың құдіретімен келген өнерді аялай білген аяулы жүрек бергенін айтсайшы. Біреуге дауыс береді, түр де береді, бірақ, біртүрлі суық, біртүрлі əсерсіздікке кезігіп, қор болған өнер, тəрбиеленбеген дауысты аяйсыз. Былай қарағанда, ондайларды талантына ғана сеніп, сол талантын өз қолымен тұншықтырған халық алдындағы қылмыскер деуге болатындай. Еңбектену жоқ. Еңбектің кісі бойындағы көп кемшілікті жоюшы фактор екенін, «семіздікті қой ғана көтереді» дейтін қазақы пəлсапаны қаперіне де алмаған бейбақ ақыр соңында өзі айтақырға отырып қалады. Ал Мейрамбек сол Алла тағаланың өлшеусіз сыйын əлпештеп, аялай білді, іңкəр ізденістер құлашын кеңге жайып, шалқыған айдынға айналды. Осынша өнер берген Тəңірі пендесін қайсыбір жолы сынап та алды. Бірақ, Мейрамбек руханиятқа адалдығының арқасында ол жолдан да өтті. Қайсыбір жолы Астана күніне орай «Астана жұлдызы» байқауында Мейрамбектің мерейі үстем болды. Айтпағымыз не? Орташа таланттар ортаны бұзып-жарып, аспанға бір қарап, жерге бір қарап əн жазып, «аузы барлардың бəрі əнші» (Б.Тілеухан) болып кеткен заманда Мейрам бектің бағалануын жаңалық демеуге əддің жоқ. Атақты «Бұлбұл» əнінің қорлап орындалғанына, Латиф Хамидидің орнынан бір аунап түспегеніне əбден қапаланып жүргенімізде Мейрамбектің – «Муз-Арттың» жарқ ете қалғанына шүкіршілік еттік. Жүйріктің аты – жүйрік. Мейрамбек жалғыз шауып та бəйге алады, десек те оның ар жағында Сəкен мен Кенжебек, тұтас «МузАрт» ұжымы тұрғанын ұмытпаймыз. Айналып келгенде, бұл – көл-көсір еңбек. Жігіттер, ең бастысы, «жұлдыз дертіне» шал дықпаған. Ол дертке ерте шалдыққанда, еңбек еш болар ма еді, кім білсін! Мəселе атақта емес. Атақсыз да атақты Мейрамбек тəрізді жігіттердің бағасы əлгі орташа таланттар құрсаулап алған ортадан қашанда биік көрініп тұрса дейсің. Мемлекеттің мерейі осы Мейрамбектер екенін, биіктің қадірін білсек дейміз. Аман болсын, азамат!

Уəлибек

Біз бақыттымыз. Олай болатын себебі Хабиба Елебекова апамыз жиі айтатын қазақ театр өнерінің негізін қалаған жеті шалдың бəрін көрмесек те, бірлі-жарымын көрдік. Серағаң сахнаға шыға келгенде жұрт қыран-топан күле беретін. Сол «самородоктардың» соңғысы, жүз жасқа жақындап өмірден озған Қапан Бадыровпен «Шежіре-шал» атты сұхбат жүргізіп, талай əңгімені өз аузынан жазып алғанымызға кəдімгідей қуанамыз. Себебі, бұл сұхбатта кейінгілер өтірік айтпас үшін қажетті құнды деректер баршылық.

Қош. Мұны неге айтып отырмыз? Сəл шегініс жасайық. 1925 жылы Ташкентте «Ақ жол» газетінің жанынан «Шаншар» атты сатиралық журналдың бір-ақ нөмірі жарық көрді. Ал, XVIII-XIX ғасырда ел ішінде «Шаншарлар» деген атаумен күлдіргілер өмір сүрген. Бұларды ресми тіркелмесе де сатиралық

театрдың негізін салушылар деп айтуға болатын шығар. Оның құрамында арнайы білімі болмаса да нақты аты бар адамдар болған. Демек, қазіргі тілмен айтқанда – əртістер. Есімі ел аузында құрметпен аталған Текебай, Тонтай, Торсықбай тəрізді күлдіргіштер сол қоғамның кеселін өткір əзіл-əжуамен əш-

керелеп отырған. Олардың тірлігі Ж.Шаниннің «Торсықбай» атты пьесасына арқау болған. Міне, əлгіндегі жеті шалдың бірі – Қ.Қуанышбаев, Е.Өмірзақовтың шығармашылығында осы «шаншарлардың» көп мінезі көрініс тапқан жəне олардан көп үйренген. Сондықтан бүгінгі жасампаз заманның күлдіргісі Уəлибек Əбдірайымов басшылық ететін «Шаншар» да көктен түскен жоқ. «Шаншарлардың» заңды жалғасы десе болады. Драматургия, жазу дамымаған кезде суырып салмалық, тапқырлық сол заманғы күлдіргілердің басты қаруы, қасиеті еді. Бүгінгі «шаншардың» «қуларына» да осы қасиет тəн. Уəлибек пен Жүсіп бастаған сол театрдың бойынан мен осы қасиетті қара шалдардың өнерінің шалығын көремін. Театр тілінде қалыптасқанындай, олар даланың даналығымен дараланған «сары алтын – самородоктар» еді. «Шаншардың» ойынын көргің келеді де тұрады. Өйткені, олардың бойында сол шалдардан қалған шынайылықтың нышандары көп. Əсіресе, ойынында жасандылық жоқ. Əртіс үшін ең бастысы – өзіне-өзі ұқсамау, өзгеге ұқсау ғой. Сыртқы əлпет, яғни фактура басты рөл атқарса, біреулер ішкі иірім, жан толқынысымен баурап əкетеді ғой. Жігіттерде осы екеуі де бар. Сұлу да емес, басқа да емес, бірақ, сұңғыла өнер, сүйкімділік бар. Иландырады, тамсандырады жəне таңғалдырады. «Шаншардың» əр қойы лымында ине шаншар орын болмайды. Оған көп жарнаманың да керегі жоқ. Себебі, əлдеқашан халық театрына айналып кеткен. Оның тағы бір себебі, олар қалаға қызықпайды. Əлдебіреулердей сəл байыса болды, қымбат көлік, зəулім үй салып алып, бұдан кейінгі жерде өнерді күнкөріс көзіне, ермекке айналдыру бұларға жат. Ел ішінде, Шымкентте жүреді. Шынайы

оқиға, мінез, əрекеттерді өз көзімен көріп, қолымен ұстайды. Сөйтіп, тақырыбының əбден иін қандырады, ел арасынан түрлі типаждарды кездестіреді. Содан барып өмірдің өз бояуын, шындығын шырылдатып сахнаға алып шығады. Сол образдардың əрқайсысынан əркім өзін көреді, бəлкім, өзін-өзі танып, дұрыс жолға түсетіндері де бар. Міне, «Шаншарды» ұстап тұрған – осы шынайылық. Ұстазымыз Темірбек Қожакеев жарықтық: «Күлкі – күштілердің қаруы», деуші еді. «Шаншар» осы қағидамен қаруланған. Кейде қоғамда жауабы жоқ сауалдарға осы «Шаншар» жауап беріп жатады. Əрине, əр саланың өз көшбасшысы бар. Уəлибекті «Шаншарсыз», «Шаншарды» Уəлибексіз көзге елестете алмайсыз. Демек, өзгелері бір төбе, Уəлибектің өзі бір төбе десек, келісерсіз. Леонардо да Винчи деген ғұ лама күнделігіне: «Шар шағаннан өлген жақсы», деп жазып кетіпті. Əрине, шаршаудың да түрлі себептері бар. Бұл кісі үшін шаршау өліммен тең көрінген. Өнердің құдіретіне, құмарына қанбағаннан жазған арман-сөз ғой. Кісі не болса соған шаршаушы ма еді. Шаршататын жағдай бар. Бірақ, бүгінде шаршадым деп өлгісі келіп жүрген адам таппайсыз. Тек шаршаудан арылудың жолын, шипасын іздеп табу қиын. Одан құтылатын бір-ақ нəрсе бар. Ол – күлкі. Əрине, күлген жақсы, бірақ, өзіңіз күлкі болғаннан сақтасын. «Шаншар» осыны ескертеді.

Ол үшін шаршағанда «Шаншарды» қараңыз.

«Ќоѕыр»

Екі жағдай еске түсіп отыр. Осыдан біраз уақыт бұрын Қаһарман Бабағұлов деген ағамыз өмірден озды. Елге сыйлы, құрметті азамат еді. Сол кісі «Қоңырдың», Р.Стамғазиевтің орындауындағы Т.Шапайдың «Дариғадəуренін» жиі тыңдайды екен. Тыңдап жатып көз жұмыпты. Бұл жайында «Алматы ақшамында» Берік Жүсіп жақсы жазды.

Күні кеше өмірден өткен белгілі жазушы Дидахмет Əшімханұлы: «Қоңырдың» «Сəулемайы», орындалып тұрсын» деп аманат қалдырыпты. Аманат орындалды. Марқұмды Жазушылар одағынан шығарып салу рəсімінде «Сəулем-ай» баяу айтылып тұрды. Осының бəрі бір Алладан берілетін, ананың сүтімен, атаның күшімен сіңген өнердің құдыреті. Алтын бастау мен алтын саға – халық əндері мен сол халық əндеріне айналып кеткен композиторлардың шығармаларын тыңдасаңыз, мейірімге шөлдеп жүргенде əкең мен

шешең маңдайыңнан сипағандай күй кешетінің рас. Бір сорақысы, бүгінде «шекпен киген қазақтың қара өлеңін шапан жауып өзіңе қайтарамын» деп Мұқағали айтпақшы, қырғыздың, өзбектің, түріктің əуенін зорлап тықпалап, одан «қазақ əнін» жасап, рухани кеңістігімізді көк тұманға айналдырып, халықтың өз маржанын тереңнен сүзіп, өзіне сол табиғи, бекзат қалпында қайтара алмай жүрген жоқпыз ба?! «Қоңыр» тобы бұл дүниеге əуендегі қазақы қалып табиғылықты сақтап, орындау үшін келгендей. Асыра орындағаны соншалық, өмірден өткелі жатқан пендеңіздің де қалауы «Қоңыр» болып, оны қимайтындай жағдайға жетті. Орыстың көрнекті жазушысы И.Тургенев өмірден көшкелі жатқанда біреу: «Кімді, нені қимайсыз?» деген сауал қойыпты. Сонда жазушы: «Бəрін де қимаймын, əсіресе, əнді қимаймын», депті. Рас қой. Мынау сұлу дүние, сұлу жаратылысты, əсіресе, соның бəрінің құдыретін тал бойына сыйдыратын əнді кім қисын?! Қазақта аз ба сондай сұлу əн?! «Əнді ерттеп, күйді мінген» (Жарылғапберді) «Қоңыр» тобының аз уақыттың ішінде халықтың осыншалықты сүйіспеншілігіне бөленуі тегін дейсіз бе? Топыраққа тартып туған, тегінде, қанында бар өнерпаз топ жармай, тамсандырмай тұра ма!? «Əн салсаң Əсеттей сал əуелетіп» демекші, əннің өзінің ішіне кіріп, табиғатына қарай келістіріп, мың құбылтып, түрлендіріп, əсірелеп, тамсандырып, таңдайыңның суын жұттырып, күрсіндіріп, аһ ұрғызып салса, ол да бір емші екен ғой. Емші дегеннен еске түсіп отыр. Қазір ғылымда «му зыкалық терапия» деген ұғым бар. Ғалымдар халық əндерінің, халық аспаптарының демеуімен кісі бойындағы кеселдерді сылып тастауға да болатынын дəлелдеп жатыр. Тіпті, Жапонияда біздің Нұрағаңның – Нұрғисаның əндері сондай бір сеанстарға еніпті деп естідік. Демек, 5 мыңнан асатын қазақ əнінің, музыкасының мүмкіндігін біз əлі де толық күшінде пайдалана алмай жатқанымызға бұдан артық дəлел бола ма? Əбікеннің «Қоңыры» мен бұл «Қоңырдың» арасындағы нəзира байланыстарға қайран қаласың. Қазақ əн өнерінің кемел кіріспесі – халық əндерінен бастау алған «Қоңыр» шығармашылығының ел ықыласына бөленуі – халықтың өз тұнығын төкпей-шашпай, лайламай, сол қалпында мөлдіретіп өзіне қайтаруында. Алатау – Арқа, Атырау – Алтайдың арасы, əн мектебінің бар сəн-салта натымен, болмыс-бітімімен жарқырай көрініп, көркем көш түзуінде. Осынау «жержебіріне» жетіп орындалған ғажайыптарымен құмарыңды қандырып, сағынышыңды басады. Сағыныш демекші, бір заманда іргемізде, Ташкентте жүріп «сағыныш» күйін кешкен Таңсықбаевқа Əуезов жіберген халық əндері мен күйлерінің қандай демеу болғаны еске түсіп отыр. Сондықтан қайда жүрсеңіз де «Қоңыр» да сіздің

көңіл-күйіңіздің емшісі екеніне дау жоқ. Халықтың таңдайы мен маңдайына айналу екінің бірінің қолынан келмейді. Сіз «Қоңырды» тыңдап жүрсеңіз, бұдан да бауырмал, бұдан да мейірбан болар едіңіз. «Арбаған мені бір сиқыр» (С.Бердіқұлов) дегендей, басқасын былай қойғанда, өнердегі осы бір үш ағыстың – нұрлы ағыстың мені де арбап алғанын да енді жасырып жаба алмайтындай халдемін. Бəлкім, тыңдарманның да, оқырманның да ойының үстінен дөп түскен болармыз... АЛМАТЫ.

Елбасының арнайы тапсырмасымен осыдан біршама уақыт бұрын Қазақстанда Үдемелі индустриялықинновациялық даму бағдарламасы мемлекеттік тұрғыда қолға алынғаны белгілі. Бүгінде бағдарлама аясында ел ішінде түрлі өндірістік кəсіпорындар ашылып, мыңдаған азаматтарымыз тұрақты жұмысқа тартылып келеді. Сондай кəсіпорындардың бірі – Шымкент қаласындағы «Бал Текстиль» қазақ-түрік бірлескен кəсіпорны. Аталған өндіріс ошағы қазіргі кезде отандық өнім шығаруға қажетті шикізатпен өзін-өзі қамтып қана қоймай, ендігі жерде экспортқа да жөнелту ісін үйлестіру үстінде. Бұл орайда, «Бал Текстиль» ЖШСнің құрылтайшысы Баян Исқақов ҮИИДБ алғашқы кезеңдегі бес жылдығында кілем тоқу ісінің іргетасын қалап, оны іске қосқан болса, ендігі бес жылдықта мемлекеттің қолдауымен кілем тоқу өндірісінің жылдық қуатын 15 млн. шаршы метрге дейін жеткізуді көздеп отыр.

«Бал Текстиль» кілеммен ќоса, оныѕ жібін де экспорттауда

2013 жылы түркиялық «Kartal Carpets» деп аталатын өте үлкен фабриканың 50 пайыздық үлесімен қосылуы арқылы бірлескен қазақ-түрік кəсіпорны қазіргі кезде 180 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Өткен жылға дейін кілем тоқуға қажетті шикізат атаулының бəрін Түркиядан тасымалдаған кəсіпорын ағымдағы жылы «Даму» қоры арқылы несие алып, Германияның осы саладағы озық бір компаниясынан жіп өндіретін қондырғы сатып алған. Соның нəтижесінде қазіргі кезде жылына 4 мың тонна кілем жібін өндіру мүмкіндігіне ие болған. «Осылайша біз өзімізді ең қажетті шикізат болып табылатын жіппен қамтамасыз етіп қана қоймай, артығын экспорттауға да əлеуетті болып отырмыз. Қазіргі кезде айына 190-200 мың шаршы метр кілем шығарудамыз. Егер осы қарқынымыздан жаңылмасақ, жылдық əлеуетіміз 2 млн – 2 млн. 300 мың шаршы метр кілем тоқуға жеткілікті болады. Оған қоса жақында ғана біз екінші кезеңді іске қостық. Яғни, алғашқы кезде кілем тоқитын 4 станогымыз бар болса, енді оған қосымша тағы 3 станок сатып алдық. Ендігі жерде жыл соңына қарай 5 миллион шаршы метрге дейін кілем тоқып шығару мүмкіндігіміз бар» дейді Баян Жүнісбекұлы. Мемлекеттің жағдай жасап, ал «Даму» қорының қолдауы нəтижесінде уақыт озған сайын əлеуетін арттырып келе жатқан кəсіпорын жетекшісінің айтуына қарағанда, олар өз өнімдерінің 60 пайызын ел нарығына шығарып, қалған 40 пайызын экспортқа шығара бастаған. Атап айтқанда, сапасы əлемдегі үздіктер санатында көш бастайтын Бельгияның кілемдерімен тең түсетін, отандық өнімдер Ресей мен Қырғыз еліне жөнілтіледі. «Бұл біздің биылғы жетістіктеріміз. Ал келесі жылдан бастап көрші Қытай мен Өзбекстан нарығына шығу қажет болып отыр. Өйткені, машиналық құрылғылармен тоқылатын кілемдер қатарында əлемде Бельгияның кілемдерімен бəстесетін кілем түрлері жоқ. Біздің кілем тоқитын құрылғыларымыз болса, жоғарыда аталған елдің өнімдері. Сондықтан жібіміз де осы елдің жібімен сəйкес келеді. Яғни, өзіміз шығарып жатқан полипропилен жібіміз бельгиялық жіптен еш айырмасы жоқ» деген қазақстандық құрылтайшының келешекте көздегені өз кəсібінің əлеуетін одан сайын арттыру екен. Бұл ретте олар ең алдымен, қандай да бір тəуелділіктен

арылу керек дейді. Соған сəйкес олар мұнай өнімінен алынатын жіпке қажетті шикізатты полипропилен-синтетиканы Ресейден алдырып, оны өңдеу арқылы жіпті өздері шығаруда. Оның бір артықшылығы, өнім экологиялық тұрғыдан таза əрі қауіпсіз жəне жүн секілді болып келеді. Орайы келгенде айта кетерлік бір ой, осыдан он шақты жыл бұрын Оңтүстіктің ордасы Шымкент қаласында арнайы өндірістік аймақтан мақта өңдеу жəне текстиль ісін ілгерілету мақсатында жергілікті атқарушы билік қолға алған жобалардың бірі – аймақта өсетін мақта өнімін өңдеу болатын. Қазіргі кезде, осы мақта өңдеу арқылы тоқыма кластерін дамытуда тізе қоса қызмет етіп келеді. Десек те, олардың негізгі басымдаққа ие бағыты мақта мен мақта шитін өңдеу арқылы жіп өндіру ісі болғандықтан, кілем тоқу ісіне өте ұқсас. Сондай-ақ, жеңіл өнеркəсіп саласына ұқсастығынан бəрінің де илегені сол бір терінің пұшпағы. Сондықтан да бұл жерде кілем тоқуға мақтадан алынған жіп талшықтары келмейтіндігін баса атап өткеніміз лəзім. Себебі мақта жібі басылып, жаншылатындықтан, оның қайта көтерілу немесе қал пына келу қабілеті жоқ. Ал жібінің сапасына 25 жылдық кепілдігі бар отандық кілемдерді қанша жуса да, су жаңа қалпына қайта еніп, құлпырып шыға келеді. Демек, кілем тоқымасына өзге емес, тым төзімді жіп керек деген сөз. Жыл соңына қарай еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке қабылданған соң еселене түсетін бəсекелестікке төтеп беру жайынан сыр тарқатуын сұрағанымызда Баян Жүнісбекұлы бұл мəселені жұрт сан-саққа жүгіртіп, түрлі пікір айтылып, əркім өз көзқарасын білдіріп жатқандығын тілге тиек етті. «Енді ол заңдылық та шығар. Бірақ, мен өз фабрикамыз жайлы айтар болсам, біздің бəсекелестіктен қорқатын түгіміз жоқ. Себебі, шығарып жатқан өнім сапалы, бағасы арзан. Мұнымен тоқтап қалмай, алдағы 2-3 жыл ішінде ҮИИД бағдарламасының екінші кезеңі бойынша кəсіпорын əлеуетін одан сайын арттыруды көздеп отырмыз. Яғни, мемлекеттің қолдауымен фабрикамыздың үшінші кезеңін іске қосқымыз келеді. Ол жоспарымыз ойдағыдай іске асатын болса, біздің жылдық əлеуетіміз 15 миллон шаршы метрге дейін артатын болады», дейді ол. Əңгіме ауаны отандық өнім мен оны нарыққа шығару арқылы жағдайды жақсарту болғандықтан,

«Қазақстанда жасалған» брендімен шығарылып жатқан кілемдер тұтынушылар үшін қаншалықты қолжетімді екендігі жайына тоқталып өтпеу мүмкін емес. Біздің міндет осы отандық өнімді елге таныту ниетімен жазып, жариялау, жеткізу, таныстыру арқылы оқырмандарымызға өзімізде жасалған кілемдердің құнын құпия қалдырмағанымыз дұрыс шығар деген оймен, оның бағасын да бағамдап көрдік. Бүгінде «Бал Текстиль» кілемінің құны бір шаршы метр өлшем бірлігі бойынша есепке алынып, оның өзіндік бағасы мың теңгеден басталады. Ол əртүрлі сапа бойынша айқындалатындықтан ең төменгі баға осылай бекітілген. Мысалы, 1,5х2,30 көлеміндегі кілем 3,45 шаршы метрге тең түсіп, оның фабрикадан сатылып шығу бағасы 3 500 теңге деп бекітілген. Алайда, бұл баға тым арзан болып көрінгенімен, мұның ішінде өнімнің өзіндік құны мен өзге де шығындарынан басқа, өндірушінің көрер пайдасы да бар. Бұл жайды естіп тұрып, отандық өнім тұтынушының өзіне неге осындай бағамен жеткізілмейді деген мəселені кілем тоқу ісінің құрылтайшысына төтесінен қойғанымызда, жауап ретінде мынадай уəж естідік. Енді бұл бізден делдалдардың көтерме бағамен алып кеткендегі бағасы. Одан ары қарай олар кілемді өздерінің сауда нүктелерінде сатылымға шығарады. Ал олар қанша пайыз қосып сатады, ол жағында біздің шаруамыз жоқ. Оны бақылауда ұстауға құқымыздың жоғын былай қойып, қадағалауға да құлқымыз жоқ. Себебі, қазір нарық заманы, – дейді ол. Дегенмен, осы олқылықтың орнын толтыру мақсатымен өнім өндірушілер бұл түйткілді мəселені оң шешу мақсатымен қазіргі кезде Шымкент пен Алматыдан ғана дүкендер желісін ашыпты. Ал басқа қалаларда ашуды алдағы күндердің еншісіне қалдырған. Сондықтан да болар, Астана сынды ірі қалалардан кəсіпкерлер барып көтерме бағамен алып кететін көрінеді. Ал енді олар қандай бағамен саудаға шығаратынын тауар иелерінің өздері шешеді. Өйткені, қазір нарық заманы. Нарықтағы жағдай сұранысқа қарай сан құбылып отыруы жазылмаған заңдылық. Олай болса, осы бір заң дылықты біз қаласақ та, қаламасақ та бой ұсынуымызға тура келеді. Нұрлыбек ДОСЫБАЙ.

ШЫМКЕНТ.


 Жағымды жаңалық

Ќазаќстандаєы еѕ алєашќы ЖЭС іске ќосылады Ақмола облысының əкімі Сергей Кулагин өзінің Ерейментау ауданына барған жұмыс сапары барысында салынып жатқан жел электр стансасының құрылыс жұмыстарымен танысты. Кəсіпорын жел электр стансасының құрылысымен жəне жаңартылмалы электр қуаты бастауларын пайдалану арқылы электр қуатын өндірумен айналысады. Нысанның жобалық қуаты – жылына 45 МВт. Қазақстандағы ең алғашқы өнеркəсіптік ЖЭС болашақта 300 МВт-ға дейін қуат көзін кеңейтуді жоспарлауда.

Бүгінгі күні 22 жел турбинасы орналастырылған, қосалқы бекеттің құрылысы аяқталып, іске қосу жəне жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы жоба құны 17,6 млрд. теңгені құрап отыр. Өңір басшысы Сергей Кулагин жел электр стансасы ның құры лысы барысына оң баға берді. Нысан – 2015 жылдың

15 тамызында іске қосылмақ. «Баламалы энергия саласында «Самұрық-Энерго» компаниялар тобымен бірлесіп тың жоба жүзеге асырып жатырмыз. Қазақстанда алғашқы ірі жел электр стансасы салынады. Ақмола облысында Ерейментау қаласында 22 жел қондырғысы орнатылады, олардың жалпы қуаты 45 мегаватт болады. Жел электр стансасында өндірілген электр энергиясы ЭКСПО нысандарына жеткізіледі», – деді Досмұқаметов. «Егемен-ақпарат».

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, САУДА-САТТЫҚ! Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитеті республикалық меншіктегі объектілерді сату бойынша сауда-саттық өткізу туралы хабарлайды Жекешелендіру объектілерін сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидасына (бұдан əрі – Қағида) сəйкес жүзеге асырылады. Коммерциялық тендер 2015 жылғы 4 тамызда Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10.00-де www.gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында (бұдан əрі – тізілім) өткізіледі. Коммерциялық тендерге мына төмендегі объектілер қойылады: 1. Ұйым атауы: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Казгипроорманшар» Қазақ мемлекеттік орман шаруашылығын жобалау жөніндегі жобалау-іздестіру институты шаруашылық жургізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кəсіпорны. Ұйымның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Бəйішев көшесі, 23; Қызмет түрі: ормандарды, жануарлар дүниесін тұрақты дамытуға жəне қорғауға, қолайлы қоршаған ортаны қамтамасыз етуге жəрдемдесуге бағытталған орман жəне аңшылық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғат аумақтары объектілерін жобалау-сметалық құжаттамамен, жобалық əзірлемелермен қамтамасыз ету. Орман, аңшылық шаруашылығы жəне ерекше қорғалатын табиғат аумақтары саласындағы нормативтік-құқықтық жəне нормативтік-техникалық құжаттарды жетілдіру. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Казгип роор маншар» Қазақ мемлекеттік орман шаруашылығын жобалау жөніндегі жобалауіздестіру институты шаруашылық жургізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кəсіпорны мүліктік кешен ретінде сатылады. Сатып алушы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Казгипроорманшар» Қазақ мемлекеттік орман шаруашылығын жобалау жөніндегі жобалау-іздестіру институты шаруашылық жургізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кəсіпорнының азаматтық құқықтары мен міндеттемелерінің құқықтық мирасқоры болып табылады. Бастапқы бағасы: 321 641 000 теңге 2 (екі) жыл мерзімге бөліп-бөліп төлеуге болады. Бұл ретте сату бағасынан кемінде 15 % (он бес пайыз) мөлшеріндегі бастапқы жарна сатып алу-сату шартына қол қойған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде енгізілуі тиіс. Қалған сома Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің ресми қаржыландыру мөлшерін негізге ала отырып пайыздарды есептеумен тоқсан сайын бірдей үлестермен енгізіледі. Кепілдік жарнасы: 48 246 150 теңге Тендер шарттары: 1) негізгі қызмет бейінін 5 (бес) жыл бойы сақтау; 2) 5 (бес) жыл ішінде жылжымайтын мүлік объектілеріне қатысты мəмілелерді (қайта сату, кепілге қою, басқаруға беру жəне т.б.) тек мемлекеттік мүлік жөніндегі уəкілетті органның жазбаша келісімі бойынша ғана жасау; 3) сатып алушы «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу жəне филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995 жылғы 17 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабына сəйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Казгипроорманшар» Қазақ мемлекеттік орман шаруашылығын жобалау жөніндегі жобалау-іздестіру институты шаруашылық жургізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кəсіпорнының қызметін тоқтатуды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады. 2. Ұйым атауы: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрлігінің «Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кəсіпорны». Ұйымның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Өтепов көшесі, 19 А. Қызмет түрі: жоғары жəне орта кəсіби білімді мамандарды, денсаулық сақтау ұйымдарының ғылыми, ғылыми-педагогикалық кадрлары мен қоғамдық денсаулық жəне денсаулық сақтау, медицина жəне фармацевтикалық білім жүйесінің мамандарын дайындау, біліктілігін жоғарылату жəне қайта даярлау, сондай-ақ ғылыми-зерттеулерді жүргізу. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрлігінің «Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кəсіпорны мүліктік кешен ретінде сатылады. Сатып алушы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрлігінің «Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кəсіпорнының азаматтық құқықтары мен міндеттемелерінің құқықтық мирасқоры болып табылады. Бастапқы бағасы: 664 326 000 теңге 2 (екі) жыл мерзімге бөліп-бөліп төлеуге болады. Бұл ретте сату бағасынан кемінде 15 % (он бес пайыз) мөлшеріндегі бастапқы жарна сатып алу-сату шартына қол қойған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде енгізілуі тиіс. Қалған сома Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің ресми қаржыландыру мөлшерін негізге ала отырып пайыздарды есептеумен тоқсан сайын бірдей үлестермен енгізіледі. Кепілдік жарнасы: 59 460 000 теңге Тендер шарттары: 1) қосымша кəсіби жəне жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық жəне фармацевтикалық білім беру саласындағы қызмет бейінін 5 (бес) жыл бойы сақтау; 2) 5 (бес) жыл ішінде жылжымайтын мүлік объектілеріне қатысты мəмілелерді (қайта сату, кепілге қою, басқаруға беру жəне т.б.) тек мемлекеттік мүлік жөніндегі уəкілетті органның жазбаша келісімі бойынша ғана жасау; 3) сатып алушы «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу жəне филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сəуірдегі Заңының 16-бабына сəйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрлігінің «Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кəсіпорнының қызметін тоқтатуды мемлекеттік

11

www.egemen.kz

17 шілде 2015 жыл

тіркеуді жүзеге асырады. Коммерциялық тендерді өткізу тəртібі Егер тiркелген тендерге қатысушылардың саны екеуден аз болса, онда жекешелендiру объектiсi бiр ғана қатысушыға сатылуы мүмкiн үшiншi жəне одан кейiнгi сауда-саттықты қоспағанда, тендер өтпеген деп жарияланады. Егер тендер өтпеген деп жарияланса, сатушы тендердің өткізілмегені туралы актіге қол қояды. Коммерциялық тендерге қатысуға өтінімдерді ашу сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген күн мен уақыттың басталуы бойынша тізілімнің веб-порталы арқылы автоматты түрде жүргізіледі. Тендердi өткiзу кезінде комиссия ұсынысы жекешелендiру объектiсi үшiн ең жоғары мəнді қамтитын жəне тендердiң шарттарын қанағаттандыратын қатысушыны тендердiң жеңiмпазы деп жариялайды. Егер тендерде екi жəне одан көп қатысушының ұсынысы бірдей ең жоғары бағаны қамтитын жəне тендер шарттарын қанағаттандыратын болса, онда осы қатысушылардың арасында ұсыныстары бірдей ең жоғары бағаны қамтитын жəне тендер шарттарын қанағаттандыратын қатысушылардың басқа өтінімдерінен өтінімі бұрын қабылданған қатысушы тендердің жеңімпазы болып танылады. Коммерциялық тендердің жеңімпазы коммерциялық тендер аяқталғаннан кейін электрондық хаттамаға қол қою үшін саудасаттық нəтижелері туралы электрондық почта арқылы хабардар етіледі. Коммерциялық тендерде сауда-саттық нəтижелері туралы хаттама тізілімнің вебпорталында қалыптастырылады, оған саудасаттық өткізілетін күні комиссияның барлық мүшелері мен коммерциялық тендердің жеңімпазы ЭЦҚ-ны пайдалана отырып қол қояды. Коммерциялық тендер кезінде сатушы тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушылардың электрондық мекенжайларына коммерциялық тендер нəтижелері туралы электрондық хабарламаны жібереді, оған комиссия қол қойған сауда-саттық нəтижелері туралы хаттаманың электрондық көшірмесі қоса беріледі. Сауда-саттық нəтижелерi туралы хаттама сауда-саттық нəтижелерi мен жеңiмпаздың жəне сатушының тендердiң нəтижесi болып табылатын шарттармен жекешелендiру объектiсiн сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемесін тiркейтiн құжат болып табылады. Жеңімпазбен жасалған сатып алу-сату шартына сауда-саттық нəтижелерi туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қол қойылады. Егер жеңімпаз коммерциялық тендер нəтижелері туралы электрондық хаттамаға не сатып алу-сату шартына көрсетілген мерзімдерде қол қоюдан бас тартқан жағдайда, сатушы тендер нəтижелерінің күшін жою туралы актіге ЭЦҚ арқылы қол қояды жəне осы жекешелендіру объектісі сауда-саттыққа қайтадан шығарылады. Аукцион 2015 жылғы 19 тамызда Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10.00ден бастап 17.00-ге дейін www.gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында (бұдан əрі - тізілім) өткізіледі. Сауда-саттықтың голланд əдісімен аукционға мына төмендегі объекті қойылады: 1. Ұйым атауы: «Қазақстан көлік лизингтік компаниясы» АҚ Ұйымның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 2/2. Қызмет түрі: Көлік жəне байланыс саласындағы лизингтік қызмет Сатылатын акциялардың мемлекеттік пакетінің мөлшері, жарғылық капиталдан % жəне акциялар саны: 100%, 1 874 425 жай акция Бастапқы бағасы: 7 500 000 000 теңге Ең төменгі бағасы: 900 000 000 теңге 2 (екі) жыл мерзімге бөліп-бөліп төлеуге болады. Бұл ретте сату бағасынан кемінде 15 % (он бес пайыз) мөлшеріндегі бастапқы жарна сатып алу-сату шартына қол қойған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде енгізілуі тиіс. Қалған сома Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің ресми қаржыландыру мөлшерін негізге ала отырып пайыздарды есептеумен тоқсан сайын бірдей үлестермен енгізіледі. Кепілдік жарнасы: 59 460 000 теңге. Сауда-саттықтың голланд əдісі бойынша аукцион өткізудің тəртібі: Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді. Аукцион жекешелендіру объектісінің бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады. 1) егер аукцион басталған сəттен бастап екі минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі аукционда жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы Қағиданың 36-6-тармағына сəйкес белгіленген қадамға азаяды; 2) егер баға азайғаннан кейін екі минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру объектісінің соңғы жарияланған бағасы белгіленген қадаммен азаяды. Жарияланған баға бойынша жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін бірінші болып растаған қатысушы сауда-саттықтың голландтық əдісі бойынша аукцион жеңімпазы болып танылады жəне осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілген болып танылады. 3) егер жекешелендіру объектісінің бағасы белгіленген ең төменгі мөлшерге жетсе жəне қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамаса, онда аукцион өткізілмеген болып танылады. Бастапқы баға – əрбір жекешелендіру объектiсi бойынша сауда-саттық басталатын баға. Егер сауда-саттықтың голланд əдісін қолдана отырып өткізілген аукцион аяқталатын сəтте сағат 17:00-де аукцион жеңімпазы айқын далмаса, онда осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілмеген болып танылады. Əрбір сатылған жекешелендіру объектісі бойынша аукцион нəтижелері аукцион нəтижелері туралы электрондық хаттамамен

ресімделеді, оған сатушы жəне жеңімпаз ЭЦҚны пайдалана отырып, сауда-саттық өткiзiлген күнi тізілімнің веб-порталында қол қояды. Аукцион нəтижелері туралы хаттама аукцион нəтижелерін жəне жеңімпаз бен сатушының жекешелендіру объектісін сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттерін белгілейтін құжат болып табылады. Жеңімпазбен сатып алу-сату шартына аукцион өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қол қойылады. Коммерциялық тендерге қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап 2015 жылғы 4 тамызда сағат 08.00-де аяқталады. Аукционға қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап 2015 жылғы 19 тамызда сағат 08.00-де аяқталады. Коммерциялық тендерге жəне аукционға қатысу үшін мыналарды көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет: 1) жеке тұлғалар үшін: жеке сəйкестендіру нөмірі (бұдан əрі – ЖСН), тегі, аты, əкесінің аты (бар болса); 2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сəйкестендіру нөмірі (бұдан əрі – БСН), толық атауы, бірінші басшының тегі, аты, əкесінің аты (бар болса); 3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелері; 4) байланыс деректері (почталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail). Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді. Коммерциялық тендерге жəне аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ-мен қол қойылған нысан бойынша саудасаттыққа қатысуға өтінімді тізілімнің вебпорталында тіркеу қажет. Акционерлік қоғамның жарғылық капиталынан 25%-дан астам мемлекетке тиесілі акцияларды сату кезінде – сауда-саттыққа қатысу үшін тіркелу үшін акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеті сауда-саттыққа қойылатын акционерлік қоғам осы сауда-саттыққа қатысуға ниет білдірген акционерлік қоғамның акцияларына ие емес екендігін растауы тиіс, ал женімпаз қатысушының акцияларына иелік ететін акционерлік қоғамдар туралы ақпаратты қамтитын акционерлер тізілімінен (хабарламаның жариялану сəтінде) үзіндікөшірмені ұсынады. Коммерциялық тендерге қатысушылар өтінімді тізілімнің веб-бетінде арнайы бөлінген электрондық конвертке жүктелетін, тендерге қатысушы қол қойған, тендерлік ұсыныс пен бағалық ұсыныстың электрондық (сканерленген) көшірмелерін қоса тіркейді. Коммерциялық тендердің жеңімпазы сатып алу-сату шартына қол қойған кезде сатушыға салыстырып тексеру үшін мынадай құжаттардың: 1) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаттың; 2) заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куəліктің не анықтаманың; заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куəландыратын құжаттың, сондай-ақ, заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куəландыратын құжаттың түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып, олардың көшірмелерін не нотариатта куəландырылған көшірмелерін ұсынады. Коммерциялық тендердің жеңімпазы сатушыға сатып алу-сату шартына қол қойған кезде өтінімге тіркелген құжаттардың тұпнұсқаларын не нотариатта куəландырылған көшiрмелерін ұсынады. Құжаттардың түпнұсқалары салыстырып тексерілгеннен кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады. Кепілдік жарна мынадай деректемелерге енгізіледі: «Қазкоммерцбанк» АҚ-да ЖСК KZ529261501102032004, БСК KZKOKZKX, төлем мақсатының коды 171, бенефициар коды 16, төлем алушы: «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ, БСН 050540004455. Коммерциялық тендерге қатысуға өтінім тіркелгеннен кейін тізілімнің веб-порталы үш минут ішінде өтінім берілген сату объектісі бойынша кепілді жарнаның түсуі туралы мəліметтердің тізілімнің дерекқорында болуы тұрғысынан автоматты түрде тексеру жүргізеді. Қатысушының Қағиданың 23-1 жəне 23-2-тармақтарында көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ, арнайы транзиттік шотына сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілді жарнаның сауда-саттық басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады. Тізілімнің дерекқорында арнайы транзиттік шотына кепілді жарнаның түскені туралы мəліметтер болған жағдайда, тізілімнің вебпорталы өтінімді қабылдау жəне қатысушыны коммерциялық тендерге жіберуді жүзеге асырады. Тізілімнің дерекқорында арнайы транзиттік шотына кепілді жарнаның түскені туралы мəлімет болмаған жағдайда, тізілім веб-порталы қатысушының өтінімін кері қайтарады. Тізілімнің веб-порталы автоматты тексеру нəтижелері бойынша тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді. Аукционға жіберілген қатысушыға тізілімнің веб-порталы беретін аукцион нөмірі бойынша аукцион залына кіруге рұқсат беріледі. Осыған байланысты, арнайы транзиттік шотқа кепілдік жарнаның уақытылы түсуі мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитеті өтінім бергенге дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей кепілдік жарнаны төлеу ұсынымын жасайды. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитетінің орналасқан жері: Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11, 905-кабинет. Коммерциялық тендер жəне аукцион өткізу туралы қосымша ақпаратпен www.gosreestr. kz сайтында қарауға болады немесе 8 (7172) 717189, 717280, 717184 телефондары арқылы алуға болады.

«AMF Group» АҚ «Егемен Қазақстан» газетінің 2015 жылғы 6 маусымдағы №105 санында жарияланған хабарландыру мəтініндегі «Қадағалаушы кеңес» деген сөздердің «Байқаушы кеңес» деп өзгертіліп оқылуын сұрайды.

АУДИТОРЛЫҚ ЕСЕП Аудитордың қорытындысы Біз «Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті» акционерлік қоғамының (бұдан əрі мəтін бойынша – Қоғам) 2014 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жылдағы қоса тіркеліп отырған қаржылық есептілігіне аудит жүргіздік. Қаржылық есептілік 2014 жылғы 31 желтоқсандағы бухгалтерлік баланстан, пайда мен залал туралы, ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы, капиталдағы өзгерістер туралы есептерден, сондай-ақ, көрсетілген мерзім ішінде аяқталған жылдың қаржылық есебіне қосымша берілген түсіндірме жазбадан тұрады. Қоғам басшылығының қаржылық есептіліктің дайындалуы жəне дəйектілігі үшін жауапкершілігі Халықаралық стандарттарға сəйкес осы аталған қаржылық есептіліктің дайындалуы жəне дəйектілігі үшін жауапкершілік Қоғам басшылығына жүктеледі. Жауапкершілік қатарына мыналар жатады: алаяқтық немесе жосықсыз əрекеттердің, сондай-ақ, жіберілген қателердің салдарынан туындаған елеулі бұрмалаулары жоқ қаржылық есептіліктің дұрыс дайындалуына жəне ұсынылуына байланысты ішкі бақылау жүйесін əзірлеу, енгізу жəне қолдау, тиісті есеп саясатын таңдау жəне пайдалану; бухгалтерлік есепте негізделген тиісті жағдайларға қатысты бағалауды пайдалану. Аудитордың жауапкершілігі Жүргізілген аудит негізінде аталған қаржылық есептілік туралы пікір білдіру біздің жауапкершілігімізге жатады. Аудит халықаралық стандарттарға сəйкес жүргізілді. Бұл стандарттарда бізден қолданыстағы этикалық нормаларды сақтауды, сонымен қатар аудитті қаржылық есептілікте елеулі бұрмалаулардың жоқ екеніне жеткілікті сенімділік болатындай етіп жоспарлау жəне жүргізу талап етіледі. Аудиторлар толығымен берілмеген ақпарат үшін жəне Қоғамның аудиторлық тексерістен кейін есепке алу тізбесіне енгізген өзгерістері үшін жауапты болмайды. Аудит осы қаржылық есептілік құрамындағы сомаларды жəне ашып көрсетулерді растайтын аудиторлық дəлелдемелерді алуға бағытталған рəсімдерден тұрады. Таңдалған рəсімдер алаяқтықтан немесе жосықсыз əрекеттердің салдарынан туындаған елеулі бұрмалаулардың, сондай-ақ, қателердің тəуекелдерін бағалаумен қатар, аудитордың пайымдамасына байланысты болады. Осы тəуекелді бағалау үдерісінде аудитор ішкі бақылау жүйесінің тиімділігі туралы пікір білдіру мақсатында емес, тиісті аудиторлық рəсімдерді таңдау мақсатында қаржылық есептіліктің дайындалуын жəне дəйектілігін қамтамасыз ететін ішкі бақылау жүйесін қарастырады. Сонымен қатар, аудит қолданылған бухгалтерлік есепке алу қағидаттарының дұрыстығын жəне басшылық есептеген бухгалтерлік бағалаудың негізділігін бағалаудан жəне қаржылық есептіліктің жалпы түсініктемесін бағалаудан тұрады. Аудитордың пікірі Біздің ойымызша, осы есепке қосымша берілген қаржылық есептілік Қоғамның 2014 жылғы 31 желтоқсандағы қаржылық жай-күйінің барлық маңызды аспектілерін, сондай-ақ, Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сəйкес, көрсетілген күні аяқталған жыл ішіндегі қызметінің нəтижелерін, ақша қаражаттарының қозғалысын жəне капиталындағы өзгерістерді дəл көрсетеді. «Adept Audit» ЖШС ҚР Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы аумағында аудиторлық қызметпен айналысуға берген 2014 жылғы 29 қаңтардағы № 14001013 мемлекеттік лицензия. Алматы қ., «18» наурыз 2015 жыл.

Стыбаев Д.А., аудитор, бас директор (Қазақстан Республикасының аудиторларын аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясының шешімімен берілген № 0000186 біліктілік куəлігі, 22.06.1995 жылғы №14 хаттама 1 нысан

Ұйымның атауы – «Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті» акционерлік қоғамы Қайта ұйымдастырылуы туралы мəлімет – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 501 қаулысы Ұйым қызметінің түрі – Денсаулық сақтау саласында білім беру жəне ғылыми қызмет Ұйымдық-құқық нысаны – Акционерлік қоғам Есептілік нысаны: бірлестірілмеген Қызметкерлердің жылдық орташа саны – 399 адам Орта кəсіпкерлік субъектісі Заңды мекенжайы (ұйымның): ҚР, 050057, Алматы қ., Манас көшесі, 34-үй.

2014 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күйі бойынша бухгалтерлік баланс Активтер

Қатар Есептілік коды кезеңінің соңында

I. Қысқамерзімді активтер: Ақша қаражаттары мен оның эквиваленттері 010 Қысқамерзімді сауда жəне басқа дебиторлық 016 берешек Қорлар 018 Қысқа мерзімді басқадай активтер 019 Қысқа мерзімді активтердің жиынтығы 100 II. Ұзақ мерзімді активтер Ұзақ мерзімді сауда жəне басқа дебиторлық берешек 115 Негізгі құралдар 118 Материалдық емес активтер 121 200 Ұзақ мерзімді активтердің жиынтығы Баланс Міндеттемелер мен капитал Қатар коды III. Қысқа мерзімді міндеттемелер Қысқа мерзімді сауда жəне басқа кредиторлық 213 берешек Қысқа мерзімді резервтер 214 Қызметкерлерге сыйақы 216 Қысқа мерзімді басқа міндеттемелер 217 Қысқа мерзімді міндеттемелердің жиынтығы 300 IV. Ұзақ мерзімді міндеттемелер Ұзақ мерзімді басқа міндеттемелер 316 Ұзақ мерзімді міндеттемелердің жиынтығы 400 V. Капитал Жарғылық (акционерлік) капитал 410 Резервтер 413 Бөлінбеген пайда (өтелмеген залал) 414 Бас ұйымның меншігіне жатқызылатын 420 капиталдың жиынтығы Капитал жинағы 500 Баланс

Есептілік кезеңінің басында

48 063 201 597

284 508 10 565

79 408 9 517 338 585

65 283 360 356

1 848 648 15 851 1 864 499 2 203 084

2 954 809 926 8 694 821 574 1 181 930

2 980

2 603

38 212 980 20 029 62 201

21 813 40 304 64 720 423 392 423 392

1 965 872 175 011 2 140 883

504 993 2 855 185 970 693 818

2 140 883 2 203 084

693 818 1 181 930

2 нысан 2014 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын жыл ішіндегі пайдалар мен залалдар туралы есеп Көрсеткіштердің атауы

Қатар Есептілік Алдыңғы коды кезеңінде кезеңде Түсім 010 1 679 002 1 785 612 Өткізілген тауарлар мен қызметтердің өзіндік құны 011 1 447 913 1 394 209 Жалпы табыс 012 231 089 391 404 Əкімшілік шығыстар 014 305 124 320 816 Басқа табыстар 016 118 156 Операциялық кіріс жиынтығы (шығын) 020 44 121 70 587 Салық салынғанға дейінгі кіріс (шығын) 100 44 121 70 587 Табыс салығы бойынша шығыстар 101 3 529 44 121 67 058 Салық салынғаннан кейін жалғасатын қызметтен 200 түсетін кіріс (шығын) Жыл ішіндегі кіріс 300 44 121 67 058 Басқадай кіріс жиынтығы, барлығы 400 Жалпы жиынтық кіріс 500 44 121 67 058 (300 қатар + 400 қатар)

«Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті» акционерлік қоғамының қаржылық есебі 2015 жылғы 18 наурызда шығаруға дайындалған жəне бекітілген, басшылық атынан қол қойғандар: Басқарма төрағасы Бас бухгалтер

Тоғызбаев Г.А. Найзабекова Р.Е.

«Қазақмыс корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (атқарушы органның орналасқан жері: Қарағанды обл., Қарағанды қ., Ленин көшесі, 12) серіктестік басқармасының шешіміне сəйкес, 2015 жылғы 3 тамызда сағат 11.00-де Астана қ., Тұран даңғылы, 37, 13-қабат мекенжайында «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС қатысушыларының кезектен тыс жалпы жиналысы болатындығы туралы өз қатысушыларына хабарлайды. Қатысушыларды тіркеу 2015 жылғы 3 тамызда көрсетілген мекенжайда сағат 9.30-дан бастап сағат 10.45-ке дейін жүзеге асырылады. Жиналысқа қатысуға құқылы қатысушылардың тізімі 2015 жылғы 17 шілдеде 00 сағат 00 минуттағы жағдай бойынша жасалады. Күн тəртібіне мына мəселелер енгізілді: 1. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ны одан «Maker (Мэйкер)» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін, «Kazakhmys Distribution (Казахмыс Дистрибьюшн)» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ның жер қойнауын пайдалануын жəне мүліктің бөлігін (құқықтар мен міндеттер) оларға беру туралы; 2. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС құрамынан «Maker (Мэйкер)» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін, «Kazakhmys Distribution (Казахмыс Дистрибьюшн)» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін бөлу жоспарын бекіту туралы; 3. Серіктестіктің таза табысын бөлу туралы; 4. Бөлу балансын бекіту туралы 5. «Maker (Мэйкер)» ЖШС жарғысын бекіту жəне «Maker (Мэйкер)» ЖШС жарғысына қол қоятын тұлғаны анықтау туралы; 6. «Kazakhmys Distribution (Казахмыс Дистрибьюшн)» ЖШС жарғысын бекіту жəне «Kazakhmys Distribution (Казахмыс Дистрибьюшн)» ЖШС жарғысына қол қоятын тұлғаны анықтау туралы; 7. «Maker (Мэйкер)» ЖШС, «Kazakhmys Distribution (Казахмыс Дистрибьюшн)» ЖШС қатысушылары болып табылатын тұлғаларды анықтау туралы; 8. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС жарғылық капиталына қатысу үлестерінің құнын анықтау үшін бағалаушыны тарту туралы; 9. «Maker (Мэйкер)» ЖШС атқарушы органын сайлау туралы; 10. «Maker (Мэйкер)» ЖШС бақылау кеңесін сайлау туралы; 11. «Kazakhmys Distribution (Казахмыс Дистрибьюшн)» ЖШС атқарушы органын сайлау туралы; 12. «Kazakhmys Distribution (Казахмыс Дистрибьюшн)» ЖШС бақылау кеңесін сайлау туралы; 13. Жер қойнауын пайдалануға келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалануды алуға, ресімдеуге, жүзеге асыруға байланысты жер қойнауын пайдалану құқын, барлық активтерді, құқықтар мен міндеттемелерді беру туралы, олар «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ға өтеді; Бірінші жиналыста жиналым болмауы жағдайында қайталама жиналыс өткізу күні – 2015 жылғы 4 тамызда. Қатысушылардың жалпы жиналысының күн тəртібіндегі мəселелер бойынша материалдармен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС атқарушы органы орналасқан жерде танысуға болады.

Товарищество с ограниченной ответственностью «Корпорация Казахмыс» (местонахождение Исполнительного органа: Карагандинская обл., г. Караганда, улица Ленина, 12) уведомляет своих участников, что в соответствии с решением Совета директоров Товарищества, 3 августа 2015 года в 11.00 часов по адресу: г. Астана, проспект Туран, 37, 13-этаж, состоится внеочередное общее собрание участников ТОО «Корпорация Казахмыс». Регистрация участников осуществляется 3 августа 2015 года по указанному адресу с 9 часов 30 минут до 10 часов 45 минут. Список участников, имеющих право на участие в собрании, составляется по состоянию на 00 часов 00 минут 17 июля 2015 года. В повестку дня включены вопросы: 1. О добровольной реорганизации ТОО «Корпорация Казахмыс» в форме выделения из него товарищества с ограниченной ответственностью «Maker (Мэйкер)», товарищества с ограниченной ответственностью «Kazakhmys Distribution (Казахмыс Дистрибьюшн)» и передаче имущества, прав и обязанностей ТОО «Корпорация Казахмыс», в том числе связанных с правами недропользования; 2. Об утверждении плана выделения из состава ТОО «Корпорация Казахмыс» товарищества с ограниченной ответственностью «Maker (Мэйкер)», товарищества с ограниченной ответственностью «Kazakhmys Distribution (Казахмыс Дистрибьюшн)»; 3. О распределении чистого дохода Товарищества; 4. Об утверждении разделительного баланса; 5. Об утверждении устава ТОО «Maker (Мэйкер)» и определении лица, которое подпишет устав ТОО «Maker (Мэйкер)»; 6. Об утверждении устава ТОО «Kazakhmys Distribution (Казахмыс Дистрибьюшн)» и определении лица, которое подпишет устав ТОО «Kazakhmys Distribution (Казахмыс Дистрибьюшн)»; 7. Об определении лиц, которые будут являться участниками ТОО «Maker (Мэйкер)», ТОО «Kazakhmys Distribution (Казахмыс Дистрибьюшн)»; 8. О привлечении оценщика для определения стоимости долей участия в уставном капитале ТОО «Корпорация Казахмыс»; 9. Об избрании Исполнительного органа ТОО «Maker (Мэйкер)»; 10. Об избрании Наблюдательного совета ТОО «Maker (Мэйкер)»; 11. Об избрании Исполнительного органа ТОО «Kazakhmys Distribution (Казахмыс Дистрибьюшн)»; 12. Об избрании Наблюдательного совета ТОО «Kazakhmys Distribution (Казахмыс Дистрибьюшн)»; 13. О порядке передачи имущества, а также прав и обязательств ТОО «Корпорация Казахмыс», включая права недропользования, а также прав и обязательств, связанных с получением, оформлением, реализацией прав недропользования. Дата проведения повторного собрания в случае отсутствия кворума на первом собрании – 4 августа 2015 года. С материалами по вопросам повестки дня общего собрания участников можно ознакомиться по месту нахождения Исполнительного органа ТОО «Корпорация Казахмыс».

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МƏДЕНИЕТ ЖƏНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ СПОРТ ЖƏНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ КОМИТЕТІНІҢ «ҚАЖЫМҰҚАН МҰҢАЙТПАСОВ АТЫНДАҒЫ ОЛИМПИАДА РЕЗЕРВІНІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕП-ИНТЕРНАТ-КОЛЛЕДЖІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ 2015-2016 ОҚУ ЖЫЛЫНА ОҚУШЫЛАР МЕН СТУДЕНТТЕРДІ МЕКТЕП- ИНТЕРНАТ- КОЛЛЕДЖГЕ ҚАБЫЛДАУ КОНКУРСЫН ӨТКІЗЕДІ Мектеп-интернатқа құжат қабылдау мерзімі – 24 тамызда. Колледжге құжат қабылдау мерзімі – 20 маусымнан 24 тамызға дейін. 25 тамыз – жалпы дене дайындығы бойынша емтихан; 26 тамыз – арнайы дене дайындығы бойынша емтихан; 27 тамыз – қабылдау комиссиясының шешімін жариялау. 27 тамыз – жалпы білім беру пəндерінен тест (колледж оқушылары үшін). Анықтама телефондары: 8 (7172) 56-06-47, факс: 8 (7172) 56-07-95, e-mail: schoolinternat111@mail.ru; kmsportmektep.kz.

Советом директоров акционерного общества «Жетісу» 15 июля 2015 года принято решение о заключении крупной сделки с АО «Народный Банк Казахстана».

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитеті сауда-саттықтың өткізілуі туралы «Егемен Қазақстан» газетінде 2015 жылғы 15 шілдедегі №133 нөмірінде жарияланған хабарлама, Алматы қаласы, Тимирязев көшесі, 32 Б мекенжайы бойынша орналасқан («Алматы қаласының мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті» ММ) жылжымайтын мүлік объектісін www.gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында 2015 жылғы 31 шілдеде 10.00 сағатта өткізілетін сауда-саттықтан алынып тасталатындығын хабарлайды.

АО «Казахинстрах» просит считать недействительным страховой полис ОГПО02186189.

«Жетісу» АҚ Директорлар кеңесімен 2015 жылдың 15 шілдесінде «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-пен ірі мəміле жасау туралы шешім қабылданды.

Егер сіз «Егемен Қазақстан» газетіне жарнама бергіңіз келсе, мына телефондарға хабарласыңыз: Астана тел/факс 37-64-48, 37-60-49. Электронды пошта: egemen_adv@mail.ru. Алматы 273-74-39, ф. 273-07-26. Электронды пошта: gulnurekkz@mail.ru. Қазақстан Суретшілер одағының басқармасы белгілі мүсінші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Ескен Аманжолұлы Сергебаевқа зайыбы Əсия Үсіпбайқызы АҚЫЛТЕГІНІҢ мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ұжымы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Ескен Аманжолұлы Сергебаевқа зайыбы, профессор Əсия ҮСІПБАЙҚЫЗЫНЫҢ мезгілсіз қайтыс болуына байланысты орны толмас қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ұжымы еңбек ардагері, ұлағатты ұстаз Манат Жұмашұлы САБИРОВТЫҢ қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.


12

www.egemen.kz

 Білім. Бағдарлама. Білік

Кешенді тест

17 шілде 2015 жыл

 Айбын

Оєан биыл 81 285 талапкер ґтініш тїсіріп отыр Жоғары оқу орындарына түсуге ниет еткен талапкерлерден сынақ алу мақсатында жыл сайын өткізіліп келе жатқан дəстүрлі кешенді тестілеуге дайындық аяқталды деуге болады. Биыл өтініш бергендердің ұзын саны 81 285 болса, оның 56 741-і қазақ тілінде, ал 24 544-і орыс тілінде емтихан тапсырады. Сүлеймен МƏМЕТ,

«Егемен Қазақстан».

Өткен жылмен салыстырып қарайтын болсақ, өтініш бергендер саны 6,63% қысқарыпты. Сынақ тапсыруға тілек білдіргендердің 17 259-ы мектеп бітіруші түлектер екен. Ал 19 765-і 11 сыныпты бітіргеннен кейін кəсіптік-техникалық білім беру орындарында оқығандар, 44 261-і 9 сыныптан кейін кəсіптік-техникалық білім беру мекемелерінде оқығандар болып табылады. Биылғы кешенді тестілеу ағымдағы жылдың 18 жəне 23 шілдесі аралығында Ота нымыздағы 40 жоғары оқу орнының базасында өткізіледі. Оның ішінде үшеуі Ұлттық өнер университеті мен Ішкі істер министрлігінің ведомствосына қарайтын үш жоғары оқу орны.

Кешенді тестілеуді өткізу жөніндегі Білім жəне ғылым министрлігінің уəкілдері мен бағдарлама жасаушыларына, апелляциялық комиссия төрағаларына, сол секілді аймақтарда болатын тестілеуге бақылауды жүзеге асыратын техникалық қызметкерлерге арнап жақында елордадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде семинарлар ұйымдастырылған. Əрбір тестілеу орталығындағы талапты мүлтіксіз орындау тиісті адамдарға қатаң тапсырылған. Сынақ нəтижелері емтихан күні өңделіп, оның қорытындылары жоғ ары оқу орын д арын ың көр некі жеріне қойылады. Сонымен қатар, Ұлттық тестілеу орта лығының сайтында да (www.testcenter.kz) жарияланатынын айта кетсек дейміз.

Əскери-əуе кїштерініѕ экипаждары «Авиадартс-2015» халыќаралыќ байќауына баруєа дайындалуда Үстіміздегі жылдың 26 шілдесі мен 16 тамызы аралығында Ресей Федерациясындағы Липецк жəне Рязань қалаларының əскери-əуе айлақтарында өтетін «Авиадартс-2015» ұшқыш экипаждардың халықаралық байқауына қазақстандық авиациялық базаның даярлығы аяқталуға жақын қалды. «Қазақстандық ұшқыштар осы халықаралық байқауға алғаш рет қатысқалы отыр, біз Қазақстанды лайықты деңгейде көрсету үшін бар күш-жігерімізді саламыз.

Ұшқыштардың көңіл күйі сергек, жүлделі орын алуға үміттіміз. Авиаторлардың даярлығы барысында жұптасқан əуе пилотаждары, əуе жолының ашылуы,

мақсатты анықтау жəне жеңу пысықталды», – деді Шымкент қаласына қарасты 55652 əскери бөлімінің тəрбие жəне əлеуметтікқұқықтық жұмыстар жөніндегі командирдің орынбасары подполковник Жандос Нұрымбетов. Ұшу экипаждарын іріктеу бір ай бұрын басталған болатын. Қазақстандық Əскери-əуе күштерінің атынан Халықаралық байқауда МиГ-29, Су-25, Су27 жəне Ми-8 ұшақтары мен

тікұшақтарының экипаждары қатысады. Ұшу құрамы байқауға белсенді даярлық үстінде. Əуеайлақтарда инженерліктехникалық құрам жəне жер үсті ұшуларын қамтамасыз ететін мамандар толық даярлықтан өтті. Ұшақтар мен тікұшақтардың қозғалтқыштары мен аппартуралары күн сайын тексеруден өтеді. Байқауда ұшақтар мен тікұшақтар экипаждары үшін ұшу тапсырмасы бойынша көзбен

 Апыр-ай!

 Редакцияға хат

Ќырылєан ќўстар ќўны

21 704 мыѕ теѕге айыппўл, дейді сот орындары Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Осыдан екі жыл бұрын Кеңқияқ елді мекені маңында аққу, үйрек-қаз бен шағалалар қырылып қалған-ды. Бұған Кеңқияқ кеншінен мұнай өндіруші «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚтың кінəлі екені белгілі болып отыр. Облыстық орман шаруашылығы жəне жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы осы аумақтан қара алтын өндірумен айналысатын ірі компанияның үстінен

 Алыпқашпаның ақиқаты

Банкрот болды ма? Ержан БАЙТІЛЕС,

«Егемен Қазақстан».

Былтырғы маусымда жанкүйерлерін үздік алтылықтың қатарына кіріп қуантқан қызылордалық «Қайсар» футбол клубы биыл көш соңында келеді. Мардымды ойынымен көзге түсе алмай, кіл жеңіліс пен тең ойыннан тұратын кездесулерін жалғастыруда. Енді бұрнағы күні: «Қайсар» футбол клубы банкротқа ұшырады», деген ақпарат тарап кетті. «Бұл қалай?» деп клубтың медиа-офицері Əзиз Жұмаділге хабарластық. – «Қайсар» футбол клубы» қоғамдық бірлестігінің банкрот болғаны рас. Бірақ оның біздің клубқа ешқандай қатысы жоқ. «Қайсар» Қызылорда облыстық футбол клубы» ЖШС 2013 жылы құрылған жəне жұмысын жалғастырып келеді. Клубта ешқандай қаржылық қиындық жоқ. Команданың алдына қойған жоспары бар. Барлық жұмыс сол жоспардың шеңберінде атқарыла бермек,– деді ол. Сонымен, клуб банкротқа ұшырамаған. Қаржылық қиындығы да жоқ секілді. Енді жанкүйерлер «Қайсардан» тек жақсы ойын күтеді. ҚЫЗЫЛОРДА.

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

сотқа шағым түсірген болатын. Экологтар табиғатқа келтірілген залалды 56 миллион теңге деп бағалаған-ды. Сотқа шағымданбас бұрын экологтар 2013 жылы кеніштегі «Кеңқияқ СК» КМК тыңғылықты тексеріп, кəсіпорынның булағыш тоғандағы суға мұнай қалдықтарын төккенін анықтады. Сол кезде лас судың тоғанға «СНПСАқтөбемұнайгаз» АҚ-қа тиесілі жер асты коллекторынан төгілгені белгілі болды. Экологтар оқиға орнынан фото жəне бейне түсірілімдер

жасаған. Бейне түсі рілім нен тоған жағалауында құстардың қырылып жатқандығы анық көрінеді. Мұнай қалдығына былғанып, қырылып қал ған құстардың арасында аққу, қаз, үйрек пен шағалалар бар. Сот кезінде «СНПС-Ақтө бемұнайгаз» АҚ өкілі кəсіпорынның құстардың қырылуына кінəлі екенін мойындамауға тырысты. Судьядан талапарызды қанағаттандырудан мүлдем бас тартуын сұрады. Алайда, сот мемлекетке «СНПСАқтөбемұнайгаз» акционерлік

 Міне, қызық!

Рафаэлло емес. Ќўртафелло! Құрт – өте пайдалы тағам. Ол, тіпті, сусын мен астың орнына да жүре береді. Əсіресе, жаугершілік заманда күн-түн қатқан сарбаздарға алты малтаның ас болғаны анық. Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

Сонау өткен ғасырдың 80-жылдарында біз оқитын мектептің бір оқушысы қысты күні бес күн жоғалып кеткен. Қойлы ауылдағы əке-шешесіне көмектесуге барған. Қой қайырып жүргенде Арқаның алай-дүлей бораны соғып кетеді. Қарға адым жер көрінбейді. Үйдегілер аттандап шыққанымен, баланы да, отар қойды да таппай қалады. Дереу аудан орталығына телефон шалынып, төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері келеді. Ақтүтек боранда кім не істей алады, бала жердің жыртығына түсіп кеткендей зым-зия жоқ. Сол бала бес күннен кейін, боранның екпіні басылғаннан кейін табылды. Ыққан қоймен бірге кете берген. 70-80 шақырым жердегі «Рассвет» кеңшарының қарағаш алқабында қой соңында жүр дейді. Қорыққаны болмаса, дін аман. Аяғында саптама етік, үстінде сеңсең тон, басында тұмақ. Ал бес күн тамақ, су ішпей адам өмір сүре ала ма? Сөйтсе, тонының жанқалтасын құрт қа толтырып алған екен.

Малжаңдап, тілінің астына салып, сорып жүрген. Шөлдегенде қарды қарбытқан. Міне, құрттың кереметі. Бірақ, осы дəмді нарыққа шығару, пайдасын насихаттау кем болып жатыр. Десек те, жақында шымкенттік Айнаш Ұбайдулина Астанадағы авторлық құқық жөніндегі орталыққа барып, «Құртафелло» деген сауда белгісін тіркетті. Көп жылдар бойы ағарған сатқан бұл

қарындасымыз белгілі бір кəсіпке тоқтағысы, жаңалық ашқысы келеді. Таңдауы құртқа түскен. Құрт сату таңсық болмағанымен, арнайы сауда белгісін қою қызық. Айнаш əзірге қорапқа салып сатып жатыр. Оңтүстіктің қай ауылында, қай отбасында жақсы құрт дайындалады, дереу сатып алады. Əзірге нарықтан өз орнын табу, жақсы пайдаға шығу қиын. Бірақ, іскер, өмірге құштар қызды бұл кедергілер тоқтата алмайды.Түбінде құрттың бренд тағамға айналарына сенеді. Оңтүстік Қазақстан облысы.

қоғамынан қоршаған ортаға келтірілген шығынның тек жартысын, яғни 21 704 мың теңге өндіруге шешім шығарды. Сондай-ақ, жергілікті бюджетке 651 мың 122 теңге мемлекеттік баж өндірілетін болды. Табиғаттың тұнған байлығын пайдалануға келгенде ашкөздене қимылдайтын шетелдік компанияның қоршаған ортаға келтірген зиянға көз жұмып қараушылығын қалай түсінуге болады, сонда? Ақтөбе облысы.

 Оқыс оқиға Əр нəрсені көруге құмар сəбилердің басқан ізін аңдып отырмасаң, қатерге ұрынуы бек мүмкін. Жақында ғана Ақтөбе қаласында бес жасар бала бесінші қабаттан құлап кетті.

Бес жасар бала бесінші ќабаттан ќўлады Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Оқыс оқиға облыс орталығындағы №11 шағын аудандағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. Сəби қазір хал үстінде жатыр. Дерек көздеріне сүйенсек, өткен жылдың алты айымен салыстырғанда биыл балалар арасында түрлі деңгейде жарақат алу күрт көбейіп кеткен. Осы шілде айы туғалы бері Ақтөбеде 3 бала жоғары қабаттан құлаған. Зардап шегушілердің бірі шетінеді. Араға апта салып, 1 жастағы сəби 2 қабаттан құлап кетіп, бас-ми жарақатын алды. Ал соңғы құлаған 2010 жылы өмірге келген сəбидің жағдайы, дəрігерлердің мəлімдеуінше, əзірге өте ауыр көрінеді.

Алматы облысының Шелек ауданында еңбектің көрігін қыздырып, тыным таппаған Алтынбике Бертаева деген ардагер апамыз болды. Ол кісінің отағасы Ұлы Отан соғысында майданға аттанады да хабар-ошарсыз кетеді. Жары Мұхамеджаннан 70 жылдан бері еш мəлімет жоқ. Алтынбикенің қолында Бүбіш атты қызы қалады. Жылдар өтіп, ұрпағын өсіріп жүріп Алтынбике апамыз еңбекке араласады. Сол тұстағы Қаратұрық колхозында темекі дақылын өсіруге құлшына кірісіп, бригада жетекшісі болады. Жылдар бойы темекі өсіріп жинауда алдына жан салмайды. Осы еңбегі үшін 1966 жылы Алтынбике Бертаеваға Социалистік Еңбек Ері атағы беріледі. Сол кезеңде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне екі мəрте депутат болып сайланады. Ұзақ жылдар бойы өзі қажымай, талмай еңбек еткен Достық ауылында өмір сүреді. Есімі алтын əріптермен Қазақстанның Құрмет кітабына жазылады. Əлі есімде, Социалистік Еңбек Ері атанған Алтынбике апамызбен Қаратұрық мектебінің оқушылары жиі кездесіп, ол кісінің мойнына галстук таққанымыз. Сол тұста еңбек майталманы өзінің тек адал еңбектің арқасында биік табыстарға жетіп, абырой-беделге ие болғанын оқушыларға жан-жақты айтып бергені ұмытылмастай жадымызда сақталып қалды. Есімі алтын əріптермен жазылған ардагер анамыздың еңбекке деген құрметі Достық ауылының жас жеткіншектеріне үлгі бола білді. Кейін зейнетке шығып, қартайған шағында Алтынбике Бертаева Алматы қаласында немересінің қолында тұрып, жасы 90-ға жуықтап өмірден озды. Осылайша, еңбектің ерен үлгісін көрсете білген, жастармен сан мəрте кездесіп, кейінгі ұрпаққа өнеге бола алған Социалистік Еңбек Ері Алтынбике Бертаева есімі ұмытылмаса дейміз. Ол үшін өзі ұзақ жылдар еңбек еткен Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы Достық ауылындағы орта мектепке аты берілсе ғанибет болар еді. Саясат БЕЙІСБАЙ, журналист.

«Егемен Қазақстан» газетінің келесі нөмірі 21 шілде, сейсенбі күні шығады).

АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 273-07-87.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru, egemenkz@maіl.kz. Интернет-редакция: ekazakhstan@mail.ru Алматыда: факс (727) – 273-07-87, электронды пошта – egemalm@mail.ru

Көкшетау – 8 (716-2) 25-76-91; Қарағанды – 8 (721-2) 43-94-72; Қостанай – 8 (714-2) 39-12-15; Қызылорда – 8 (701) 772-70-74; Орал – 8 (777) 496-21-38;

Есімі ескерілсе екен

Ақтөбе облысы.

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А.

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – 8 (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – 8 (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – 8 (712-2) 31-74-13; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

шолатын əуе барлауы бағытымен, аймаққа, жай пилотаж жəне кіші биіктікте жұптасып ұшатын болады. Байқаудың мақсаты əуе жолында жер үсті объектілерін іздестіруді жəне жұп құрамында жай пилотаждың кескінін орындауда ұшу экипаждарының дағдыларын бағалау болып табылады. Барлық ұшулар қолайлы метеорологиялық жағдайда іске асырылады. «Егемен-ақпарат».

Өскемен – 8 (778) 454-86-11; Павлодар – 8 (718-2) 68-59-85; Тараз – 8 (726-2) 43-37-33; Шымкент – 8 (701) 362-63-76; Петропавл – 8 (715-2) 50-72-50.

Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-07-26, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Арко» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-Полиграфия» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Достық-Дружба даң., 215 А, «WESTA» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Достық ауылы.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 203 394 дана. Нөмірдің кезекші редакторы

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 6 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №607 ek

Profile for Egemen

17072015  

1707201517072015

17072015  

1707201517072015

Profile for daulet
Advertisement