Page 1

АҚПАРАТТАР аєыны №138 (28362) 17 ШІЛДЕ БЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ

СЇТ ● Ел тынысы: мың бір мысал

Ґскемендегі жаѕа зауыт тəулігіне 400 тонна сїт ґѕдеп, одан 60 тїрлі ґнім шыєарады Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан».

Осыдан екі апта бұрынғы Астана күні қарсаңында ұйымдастырылған телекөпір барысында Шығыс Қазақстан облысында сүт өңдеу зауыты іске қосылған еді. Сөйтіп «Raimbek Vostok Agro» корпорациясы Үдемелі индустриялықинновациялық даму бағдарламасы аясында құны 1,2 млрд. теңге болатын зауытты қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асырды. 1995 жылы жұмысын тоқтатқан сүт зауыты соңғы жылдары қалпына келтіріле бастаған. Нəтижесінде «Шығыс-Сүт» ЖШС базасында сатылы-біріктіру арқылы сүт кластері құрылды. Қуатты 7 сүт өңдеу кəсіпорнын орнату тəулігіне 400 тонна сүтті өңдеуге, сүт өнімдерінің 60 түрін шығаруға мүмкіндік берді. Өңдеуге қажетті шикізатты 8 аудандағы 20 шаруашылық қамтамасыз етеді. Үдемелі ин дустриялық-ин новациялық даму бағдарламасы аясында іске қосылған кəсіпорында 250 адам жұмыс істейді. «Шығыс-Сүт» кəсіпорны Ресей мен Белоруссияға сүт өнімдерін шығарады. Бүгінгі күні зауыттың ірімшік өнімдері Ресейдің Омбы, Новосібір, Барнаул қалаларына тасымалдануда. –Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы тауарымызды тасымалдауға, шығындарымызды азайтуға, кедендік алымдарсыз еркін қозғалуымызға септігін

тигізіп отыр», дейді «ШығысСүт» ЖШС директоры Сейілжан Сайлаубаев. Өңірде кəсіпкерлер үшін «Бəйтерек» ұлттық холдингінің желісі бойынша екінші деңгейлі банктерден жеңілдетілген несие алу бағытында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Оған облыста 1 млрд. 200 млн. теңге көлемінде 21 жоба ұсынылды. Оның ішінде 700 млн. теңгеге жуық қаржыға қол жеткізілді. Облыс басшылығы Ұлттық қордан «Бəйтерекке» бөлінген 55 млрд. теңгенің 10 пайызға жуығына қол жеткізуді көздеп отыр. «Шығыс-Сүт» компаниясы екі жоба бойынша пайыздық үстемесі төмен қаржы алған болатын. Кластерлік кəсіпорын ретінде құрылған зауытта сүтті сауудан бастап, өңдеу, өнім алуға дейінгі аралықтағы өндірістік үдеріс жолға қойылған. Зауыт басшысының айтуынша, 350 млн. теңге несиенің арқасында Глубокое ауданында «Бобровка+» роботтандырылған фермасы жұмысын ойдағыдай жүргізсе, екінші жоба ретінде 364 млн. теңгеге Өскемен қаласындағы сүт өңдеу комбинатының құрылысы салынды. Бұл жоба толық қуатымен іске қосылғанда жылына кем дегенде 30 мың тонна өнім өндіре алады. Тапсырыс пен сұранысқа орай өнім көлемін арттыруға мүмкіндік бар. Алдағы уақытта сүт өнімдерінің 100 түрін шығаруды жоспарлап отыр. Кəсіпорын жетекшісі индустрияландыру картасы шеңберінде

Ќўттыќтау жеделхатын жолдады Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Еуропалық Комиссияның төрағасы лауазымына сайлануына байланысты Жан-Клод Юнкерге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Жеделхатта Нұрсұлтан Назар баев Қазақстан хал қы жəне жеке өз атынан Ж.-К.Юнкерді Еуропалық Комиссияның төрағасы лауазымына сайлануымен құттықтаған. Қазақстан Президенті Люксембург Премьер-ми нистрі қызметіндегі жəне Еуропалық топ тағы басшы лығы кезінде жинаған Ж.-К.Юнкердің мол тəжі рибесі, Еуропа мəселелеріне аса жетіктігі оған Еуропалық одақтың орнықты дамуына зор үлесін қосуына септігін

тигізеді деп сенетінін айтады. «Сіздің 2008 жылы Астанаға жəне менің 2010 жылы Брюссельге жасаған сапарларымыз барысында арамызда орныққан өзара түсіністік пен сенімге негізделген сындарлы диалогты жалғастыруға əзір екенімді білдіремін. Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы қарым-қатынастар кеңейтілген əріптестік пен ынтымақтастық туралы жаңа келісім аясында жаңа сапалы деңгейге көтеріледі деп үміт артамын», делінген жеделхатта.

ұсынылып отырған несие үстемесінің бизнесті өркендетуге өте қолайлы болып отырғанын жеткізді. Мəселен, кəсіпкерлер бұрын 15 пайыздық үстемемен қаржы алса, бүгінде 6 пайыздық үстемемен қаржы алып отыр. Мұндай жеңілдік еш жерде жоқ. Шығынды азайта отырып, еңбек өнімділігін арттыру бағытында осыдан екі жыл бұрын қолға алынған зауыттың жаңа комбинатында бүгінгі нарық талабына сай құралжабдықтарды жаңғырту, жоғары технологияны енгізу жұмыстары

атқарылды. Италия, Жапония, Швеция жəне Ресейден əкелінген жоғары технологиялық құралжабдықтар орнатылды. Өнімнің өзіндік құны мен сапасының сəйкес келуін ұштастыру үшін ұтымды жұмыстар атқарылды. Қуаты облыс аумағында өндірілетін сүттің барлығын өңдеуге жетеді. Яғни, зауытта өндірілетін сүт өнімдері шикізаттың көлеміне байланысты болмақ. Шығыс Қазақстан өзін-өзі азықтүлікпен толығымен қамтамасыз ете алады. Тек қант пен тұзды

Семинар ќорытындысына арналєан кеѕес Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігінің Басшысы Нұрлан Нығматулиннің қатысуымен облыстар жəне Астана, Алматы қалалары əкімдерінің аппарат басшыларына арналған семинар қорытындысы бойынша кеңес өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кеңесте облыстар мен Астана, Алматы қалалары əкімдерінің аппарат басшылары қатысқан екі күндік семинар-кеңестің қорытындысы жасалып, сайланған ауыл əкімдерін қоса алғанда, жергілікті өзін өзі басқару органдарының жұмысын одан əрі жетілдіру, орталық пен өңірлер арасындағы өкілеттіктердің айырмашылықтары, сондай-ақ, Мемлекет басшысының актілері мен тапсырмаларының орындалу мəселелері талқыланды. Президент Əкімшілігінің Басшысы əкімдіктердің жұмысындағы анықталған кемшіліктерді жоюға жəне Мемлекет басшысының актілері мен тапсырмаларының мүлтіксіз орындалуына қатысты нақты тапсырмалар берді.

Жақында Шымкент қаласының «Нұрсəт» шағын ауданында бой көтерген көпқабатты үйден 31 азаматқа пəтер кілті тапсырылды. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында салынған үйге шалғайдағы əлеуеті төмен ауылдардан көшіп келген отбасылар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған жандар қоныстанды. Салтанатты шараға қатысқан облыс əкімінің орынбасары Əли Бектаев қуаныш иелеріне пəтер кілтін табыстап, құттықтады. Оңтүстік Қазақстан облысында бүгінге дейін «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде қоныс аударуға өңірлік комиссияның ұсынымын алған 449 отбасы салынған 6 көпқабатты үйге қоныстанған. Қоныс аударғандардың ішінен еңбекке қабілетті 614 адамның 433-і тұрақты жұмыспен қамтылып, 30-ы əлеуметтік жұмыс орындарына жіберілсе, 12 адам кəсіби білім алуда. «Нұрсəт» шағын ауданы барған сайын қанатын кеңге жайып келеді. «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» мемлекеттік бағдарламасы

ӨСКЕМЕН. ––––––––––––––

Суретті түсірген Сергей СУРОВ.

Хабарлар «ҚазАқпарат», BNews.kz, Altaynews.kz, Egemen.kz сайттарының деректері бойынша дайындалды.

їнќатысуы – ґѕір елдері мен Жапония арасындаєы ынтымаќтастыќты ныєайтатын маѕызды ќўрал Кеше Бішкекте Қазақстан Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов «Орталық Азия + Жапония» үнқатысуына (ОАЖҮ) мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлерінің 5-ші мерейтойлық кеңесіне қатысты, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі. Сонымен қатар, іс-шараға Қырғызстан, Тəжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан мен Жапонияның сыртқы саясат ведомстволарының басшылары қатысты. Сыртқы істер министрлері үнқатысу аясындағы 10 жылдық ынтымақтастықтың нəтижесін қарастырып, жаңа онжылдықтағы өзара тиімді əріптестікті нығайту мəселелерін талқыға салды. ОАЖҮ СІМК күн тəртібіне сəйкес ауылшаруашылық саласындағы ынтымақтастықты ілгерілету, Мыңжылдық даму мақсаттары мен БҰҰ Тұрақты

Жаѕа пəтерлер жəне балабаќша «Егемен Қазақстан».

Елімізде күнбағыс майын өндіруде Шығыс өңірі жетекші орынға ие. Жылына 350 мың тонна өсімдік майы өндіріледі. Мемлекет басшысының тапсырмасына сəйкес Шығыс Қазақстан күнбағыс майымен өңірді ғана емес, республика мен көршілес елдердің нарығын да қамтуды жоспарлап отыр.

«Орталыќ Азия + Жапония»

● Өңір өмірі

Мархабат БАЙҒҰТ,

ғана сырттан тасымалдайды. Осы орайда өңірде ауыл шаруашылығы саласындағы импортты азайту жоспарланып отыр. Тағы бір айта кететін жарқын мысал, өңірдің Кеден одағы шеңберіндегі тауар айналымы былтыр 1 млрд. долларды құраса, биыл бес айда 400 млн. долларға жетті. 2012 жылмен салыстырғанда 2013 жылы өсім 1,4 есеге артты. Бұл көрсеткіш ағымдағы жылы тағы ұлғая түседі деп күтілуде. Мұның барлығы өңірдегі əлеуетті кəсіпорындардың арқасында мүмкін болып отыр.

● Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының 265 тұрғыны 3 жылда бизнесті дамытуға 600 млн. теңге несие алды. Кəсіпкерлердің осынша көлемдегі қаржыға қымыз, бидай, бал, жұмыртқа, өсімдік майы, қарбыз, пима сияқты азық-түлік жəне өнім түрлерін дайындауды қолға алғанын айтқан облыс əкімі Бердібек Сапарбаев мұның бəрінің «Жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы қол жеткенін алға тартты. ● Солтүстік Қазақстанда ин вестиция көлемі жарты жылда 7,2 пайызға артты. Статис тика департаментінің басшысы Ольга Перепечинаның айтуынша, жылдың алғашқы жартысында бұл көрсеткіш 34,3 млрд. теңгені құраған. Соның ішінде негізгі капиталға тартылған инвестицияның 79,8 пайызы шаруашылық субъектілерінің жеке қаржысы, 12 пайызы мемлекеттік бюджет қаржысы, 6,5 пайызы өзге де заем қаражаттары, 1,7 пайызы банк несиесі болған. ● Шымбұлақ шатқалында даунхил паркі қатарға қосылды. Осындағы тау шаңғысы курорты жаз мезгілінде велоспорт маусымын ашты. Ол велосипедпен таудан құлдилау – кəсіби даунхил байк трассасының пайдалануға берілуі арқасында мүмкін болды. ● Шымкентте жұрт шылыққа «Электронды қазақ үй» жобасы таныстырылды. Бұл шара кеше облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Оңтүстік Қазақстан» газетінің баспасөз орталығында өтті. Электронды қазақ үй 4 негізгі бөлімнен тұрады. ● Қызылорда облысының Шиелі ауданында алғашқы роботтандырылған дəріхана ашылды. Мұндай форматтағы фармамаркет бұған дейін Астана жəне Өскемен қалаларында қатарға қосылған еді. Екі қабаттан тұратын дəріхананың алғашқы қабатында фармамаркет орналасқан. Ал денсаулық пен сұлулыққа арналған екінші қабатында УДЗ, косметолог, педиатр, терапевт, массаж бөлмелері бар. Дəріхана күн сəулесі энергиясымен қамтамасыз етілген. ● Кеше Алматыда 200 мұқтаж отбасыға азық-түлік таратылды. Ол «Рамазан сыйы» акциясы аясында өтті. Алматы Орталық мешіті мен «Зекет» қоры мұқтаж отбасыларға ұн, қант, күріш, сұйық май, макарон өнімдерінен тұратын азық-түлік пакетін ұсынды.

аясында салынып жатқан көпқабатты 84 үйдің 47-сі облыс бюджетінің есебінен қаржыландырылуда. Оның 21-і үстіміздегі жылы пайдалануға берілмек. Бұл үйлердегі пəтерлердің басым бөлігі əлеуметтік əлсіз топтарға арналған. Шағын аудан шығысындағы іскерлікəкімшілік орталығында да жаңа ғимараттар бой көтеруде. Шымкент қаласында, сондай-ақ, 140 орындық «Аружан» балабақшасы ел игілігіне тапсырылды. Кезінде жекеменшікке өтіп кеткен бұл ғимарат бүгінде мемлекетке қайтарылып, мектепке дейінгі мекеме ретінде қайта құрылды. Игілікті шараға арнайы келген Шымкент қаласының əкімі Дархан Сатыбалды бүлдіршіндер мен педагогикалық ұжымды балабақшаның ашылуымен құттықтап, ғимаратты аралап көрді. БАҚ өкілдеріне сұхбат берген қала əкімі Д.Сатыбалды: «Облыс орталығы Шымкент қаласында «Балапан» бағдарламасы аясында бүлдіршіндерді қамту 2009 жылы 28 пайыз болса, биыл 70 пайызды құрап отыр», − деді. Бүгінде Шымкент қаласында 256 балабақшада 41 мыңнан астам бала тəрбиеленуде.

даму мақсаттарына қол жеткізу, есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес, Ауғанстандағы ахуал, табиғи апаттардың алдын алу секілді мəселелерді қарастырды. Е.Ыдырысов өзінің құттықтау сөзінде жапон тарапына өңір елдерінің Жапониямен ынтымақтастықты нығайтатын маңызды құралдардың бірі болып табылатын «Орталық Азия + Жапония» үнқатысуын ілгерілетуге қосқан белсенді үлесі үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ, ол қатысушылардың назарын Орталық Азия аймағында қауіп-қатерлердің

күшеюіне байланысты бейбітшілік, тұрақтылық, аймақтағы азаматтардың əл-ауқатын арттыру мақсатында ынтымақтастықты тереңдету жəне кеңейтуді жалғастыру қажеттілігіне аударды. «Бұл орайда Қазақстан «Орталық Азия + Жапония» үнқатысуының нығая түсуін, оның аясында ынтымақтастық пен тиісті механизмдердің өміршең жобаларын іздестіруді қолдайды. Біздің қызметіміз тек ықпалдастыққа жағдай жасау, экономикалық қарымқатынасты нығайту мен дамыту ғана емес, сонымен қатар, таза саяси сенімді арттыру жəне нəтижесінде Азия құрлығының едəуір бөлігінде қауіпсіз ахуал қалыптастыру», – деп атап өтті қазақстандық министр. (Соңы 3-бетте).

Оќырман назарына!

Заман талабына орай жаңарған «Егемен Қазақстан» газетінің сайтын енді əлеуметтік желілер арқылы оқу мүмкін болып отыр. Ол үшін, құрметті оқырман, мына төменде көрсетілген сілтемелерді теру арқылы тікелей біздің сайтымызға өте аласыз. Сонымен қатар, аталмыш желілер арқылы «Егемен Қазақстан» газетінің бай сурет қорымен танысуға да тікелей мүмкіндік алатындықтарыңызды естеріңізге сала кетпекпіз.


2

www.egemen.kz

17 шілде 2014 жыл

Жолдау жүгі

Ўлттыќ тəрбие – ўлаєат їлгісі Елбасымыз Н.Ə.Назарбаевтың «Мəңгілік Ел» идеясы көпұлтты мемлекетіміздің өркениет жолымен қарыштап дамуына қуатты серпін берді. «Мəңгілік Ел» – ғасырлар бойы бабаларымыз аңсаған асқақ арман. «Мəңгілік Ел» – қазақ халқының əлемге танылуының үздік үлгісі, бекем бағыты. Ана тіліміз бен ата дініміздің, төл мəдениетіміз бен салт-дəстүріміздің өркендей беруінің сенімді кепілі. Сондықтан осы өскелең талапты дəйекті жүзеге асыру ең алдымен бəсекеге қабілетті болуды қажет етеді. Елбасымыз айтқандай: «Басқа елдердің соңында шаңын жұтпай, алдыңғы қатарына жылжыған абзал». Қазіргі таңда оза дамыған отыз елдің санатына қосылу ең биік меже екені баршаға белгілі.

Єылымсыз ґсу де, ґркендеу де жоќ Оєан ќолдау жасалса, ўлттыќ брендке айналар ґнім тїрлері кґбейеді Қазыбай БОЗЫМОВ,

ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор.

Ғылым ел экономикасы мен өндірісінің дамуына, индус триясының өркендеуіне қызмет жасауға тиіс. Онымен байланысы болмаған жалаң, құрғақ күйіндегі, өзіменөзі тұйықталған ғылымнан келер пайда шамалы. Елбасының биылғы Жолдауындағы басты талап пен тиянақты тұжырымның бірі осындай. Əрине, соңғы кезде ғылымның өндірістен алшақтап бара жатқаны, ғылыми жаңалықтардың өндірістің өрге басуына тигізетін пайдасы белгілі бір деңгейде төмендеп кеткені жасырын емес. Ендеше, елімізде ғылым мен ғалым мəртебесін биіктету, бір-бірімен тығыз байланысты. Осы екі ұғымның қадір-қасиетін көтеру ісіне шұғыл бетбұрыс қажет деп білеміз. Өйткені, Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, 2050 жылға қарай əлемдегі озық отыз елдің қатарына қосылудың басты факторының бірі ғылым болмақ. Ғылыми қамтымды экономика мəселесіне осы бастан айрықша мəн берілуінің басты себебі де осында екені хақ. Бұл орайда, ғалымдар жоғарыда айтып өткеніміздей, тек өздерімен өздері томаға тұйықталып қалмауы керек. Яғни, ғалымдардың ғылымға жұмсайтын ақыл-ойлары мен күш-қайраты өндіріс пен индустрия өкілдерінің қам-қарекеттерімен ұштасып, үйлесім табуы тиіс. Немесе, керісінше, өндірісшілер де ғылымға қарай бүйректерін бұрып, икемделе түсетін болса, ортақ нəтиже де көп күттірмесі кəміл. Қысқасы, ұлт Көшбасшысының ғылымға жаңаша көзқарас жөніндегі тұжырымдары алдағы ғұмырын ғылымға бағыттауға, оған сарп етуге əзір жас мамандарға да үлкен қолдау деп білеміз. Иə, соңғы уақытта қазақстандық қоғамда ғылыммен айна лы судың келешегі мен өміршең дігі төмен дегенге саятын тым біржақты көзқарастардың орныға бастағаны да белгілі. Отандық ғылым мен білімді дамытуға айрықша басымдық берілген Президент Жолдауынан кейін жастар мен студенттердің ғылымға келуіне даңғыл жол ашылады деген ойдамыз. Ғылыми ізденістер мен жаңалықтар тек орталықта жасалмайды. Оған республика өңірлерінде шоғырланған ғалымдар тобы да өздерінің сүбелі үлестерін қоса алады. Мұндай əлеуетті ескермеу еш мүмкін емес. Осы орайда мен нақты мы салдарға тоқталып, Жəңгір хан атындағы аграрлықтехникалық университеті ғалымдарының бүгінгі атқарып жүрген іс-қи мыл дарына тоқтала кеткім келе ді. Олардың қазіргі ғылыми ізденістері мəні мен маңызы жоғары, ғылымның қатысуын қажет ететін инновациялық жобалардың жүзеге асуына бағытталып отыр. Атап айтқанда, ғылыми-зерттеу институты базасында ауыл шаруашылығындағы биотехнология, ихтиология жəне балықтарды жасанды жолмен көбейту, мұнай химиясы жə не қоршаған ортаға залал келтіруі мүмкін нысандардың эколо гиялық мониторингі бағытындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, ғылым мен жоғары оқу үдерісін интеграциялау үрдісі нəтижелі жүзеге асуда. Аймақтағы жоғары оқу орны көптеген шетелдік жоғары оқу орындарымен, ұлттық компаниялармен жəне жергілікті кəсіпорындармен тығыз байланыста жұмыс істейді. Мысалы, «Парасат» Ұлттық холдингі жабық тоғанда бекіре балықтарын өсіру жобасына 900 миллион теңге бөлді. Қазір «Аквакультура ғылымизерттеу зерт ха насындағы» тұйық жүйелі

сумен қамтамасыз ету қондыр ғыларында орыс жəне сібір бекірелері өсірілуде. Бекіре балығы табиғи ортаға қарағанда, осындай жабық кешендерде екі есе жылдам өседі. Демек, одан өнім алу үдерісі де соншалықты шапшаңдай түспек. Балықтар мамандардың жіті бақылауында болатындықтан одан алынатын өнімнің де сапасы жоғарылайды. Жоба ойдағыдай жүзеге асқан жағдайда мұнда жылына 8 тонна қара уылдырық пен 86 тонна қызыл балық еті өндіріледі жəне Жайық өзеніне жыл сайын бір миллионға жуық бекіре шабақтары жіберіліп отырады. Ол өз кезегінде Жайық өзені мен Каспий теңізі бассейнінде қызыл кітапқа енген қызыл балық қорын сақтап, көбейтуге оң ықпал етпек. Каспий теңізіне еншілес Қазақстан, Ресей, Əзербайжан, Түрікменстан жəне Иран мемлекеттерінің 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап бекіре балы ғын аулауға мораторий жариялағаны белгілі. Мұндай шешім қабылдауға теңізді мекен ететін бағалы бекіре балықтары қорының азаюы себеп болып отыр. Ресми деректерге жүгінсек, соңғы он жылда теңіздегі бекіре тұқымдас балық қоры елу пайызға кеміген. Жабық кешенде бекіре балы ғын өсіру жобасының маңыз ды лығы қандай екенін осы мəлімет терге қарап-ақ бағамдай беруге болады. Оралдағы осы бекіре зауыты іске қосылғанда жүзден астам жаңа жұмыс орны ашылады. Ғалымдарымыздың аталмыш жобасы өткен жылдың қазан айында университетімізге келген Нұрсұлтан Əбішұлының оң бағасын алды. Болашағы зор сала екендігін айтқан Елбасы аквакешендегі өнімді ұлттық брендке айналдыру жəне отандық инвесторларды тартуды міндеттеді. Өз шикізатымыздан қуат үнемдеп, жылуды жақсы сақтайтын жаңа құрылыс материалдарын шығару жобасының ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде жаһан жұртшылығының назарына ұсынылатыны жергілікті ғалымдарға зор жауапкершілік жүктейді. Осы орайда біздің университеттегі көбікшыны, көбікбетон, жылу сақтағыштығы өте жоғары кірпіштер мен жасанды қиыршықтастар шығарудың жаңа технологиясын өндіріске енгізу кезек күттірмейтін өзекті мəселе. Мұндағы əрбір өнім патенттелген жəне олар əдеттегі құрылыс материалдарынан екі есе жеңіл болып келеді. Аталмыш жоба 2013 жылы «Шапағат» республикалық өнертапқыштар байқауында жылдың ең үздік өнертабысы деп танылған болатын. Сондай-ақ, жас ғалымдарымыз ойлап тапқан жаңа мойынтіректер мен крестовиналар авиация, машина жасау, мұнай өңдеу, тау-кен өндірісі салаларында кең қолданысқа

енуге əбден лайық. Өйткені, ішінде серіппесі бар мойынтіректер қазіргі қолданыстағыларға қарағанда бес есе ұзағырақ қызмет етеді. Желініп біткенде өздігінен тоқтап қалмайды. Соның арқасында қауіпсіздік артады. Бүгінде Орал өңірінде мұнай өнімдерін өңдеумен айналысатын кəсіпорындар бізбен жұмыс істеуге қызығушылық танытуда. Биылғы Жолдауда Президент төрт түлікті түлетіп, қара жерден нəр алуды жаңғыртуға шақырды. Ата кəсіпті мықтап қолға алып, аграрлық саланы инновациялық əдіспен дамытудың қыр-сырына тоқталды. Осы орайда аграрлық-техникалық бағыттағы жоғары оқу орны ауыл шаруашылығы саласындағы ғылыми-зерттеулер нəтижесін өндіріске енгізіп қана қоймай, оқу-ғылыми-өндірістік орталық жұмысын табысты жүзеге асыра білді. Мұнда асыл тұқымды мал шаруашылығын жолға қоюға, ақжайық етті-жүнді қойларын өсіруге де баса көңіл бөлініп келеді. Қазіргі таңда оқу орны базасында 7500 бас биязы жүнді ақжайық етті-жүнді қой, 5000 гектарға жуық жер бар. Республика көлеміндегі ірі қара шаруа шылығы бойынша ірі көлемді селекцияны енгізу негізінде жүргізіліп жатқан жұмыстарға біздің ғалымдарымыз белсенді түрде атсалысуда. Облыста етті ірі қараның дамуын, қой шаруашылығы, жылқы жəне түйе шаруашылығындағы селекциялық-асылдандыру жұмыстарын да ғылыми жағынан қамтамасыз етеміз. Ғылым араласпаған жерде өсу де, ілгерілеушілік те жоқ екенін Пре зидент жақсылап тұрып, жілік теп шағып айтып берді. Елбасы айтқандай, ғылым араласса, кез келген өндірістің шығаратын өнімінің саны да, сапасы да арта түседі. Өнеркəсіп орындары мен индустрия өкілдері ғалымдардан өздерінің қажетін алып жататын болса, одан екі жақ та ұтады. Бұл тұрғыдан алғанда, Батыс Қазақстан облысының əкімі Нұрлан Ноғаев жас ғалымдардың жаңашыл идеяларын ұдайы қолдап, қуаттап отырады. Аграрлық салаға бағытталған оннан астам инновациялық жобаны облыс басшысы бекіткен «Инновациялық тəжірибелерді тарату жəне ендіру бойынша көр сетілетін қызметтер» бюджеттік бағдарламасы аясында қаржыландыру көзделіп отыр. Олардың қатарында қазіргі заманғы генетикалық əдістер бойынша асыл тұқымды малдың ата тегін анықтау, генеқорды сақтау, ғылыми негізде қолдан ұрықтандыру, жайылымдар жағдайын зерттеп, құнарлылығын арттыру, сондай-ақ, төрт түліктегі жұқпалы жəне паразиттік паталогиялардың алдын алу, тану, емдеу шараларын жүзеге асыру жобалары бар. Елбасы Жолдауынан туындайтын маңызды міндет-мақсаттар сараланған облыс активінде сөйлеген сөзінде өңір басшысы алдағы жұмыстың ұзақ мерзімді басымдықтарын айқындап берген болатын. Соның ішінде ауылшаруашылық саласына айрықша тоқталып, агроөнеркəсіп кешенінде бизнестің дамуына, жерді тиімді пайдалануға бөгет жасайтын барлық кедергілерді жою жөнінде нақты шаралар алынатынын жеткізді. Иə, Президент Жолдауынан кейін болашақта ғылымсыз өсу де, даму да жоқ екеніне айқын көз жеткізіп отырмыз. Түйіп айтқанда, біздің университет ғалымдары Жолдау талаптарына сай ғылыми ақыл-ойлары мен ізденістерін өндірістің өрге басуына, агроөнеркəсіп кешенінің өркендеуіне жəне мұнда қолға алынған республикада баламасы жоқ айрықша жоба – аквакешен өнімдерінің ұлттық брендке айналуына бағыттап жұмыла еңбек ете бермек. Батыс Қазақстан облысы.

Қазақстанның жарқын болашағы – жастар. «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, Мен жастарға сенемін!» деп ақын Мағжан Жұмабаев үлкен үміт артқан жастар тəуелсіз Отанымыздың бұдан да əрі гүлденуінің өркендетуші күші. Ойы озық, жаны таза, білімге бай, өмірге бейім, иманды да ибалы жастар – ұлт мақтанышы. Жаңа толқын, жанартаудай жалындаған өрендерді өмірге баулып, олардың «дүние кетігіне кірпіш болып қаланғаны», азамат болып саналғаны. Бүгінгі жасөспірім – ертеңгі ел иесі. Бүкіл халқымыздың үкілеген үміті де, сенім артқан тірегі де – осы жас жайнақтар. Келешекте балауса балғынның қандай болғанын қалаймыз? Тəуелсіздігімізге тəу еткен жастарымыздың бойында өршіл рух, жасампаз жігер, ұлттық намыс, отансүйгіштік пен ересен еңбекқорлық қасиеттер ұяласа жақсы. «Адамға ең бірінші білім емес, тəрбие беру керек. Тəрбиесіз білім адамзаттың қас жауы», деген əл-Фараби бабамыздың қанатты сөзі терең ойларға жетелейді. Адам – күрделі əлем, құпиясы ашылмаған таңғажайып жаратылыс. Міне, осы тылсым құбылыстың ішкі иірімін, жан дүниесін танып-білудің өзі нағыз ғылым. Ол ғылымның атауы – Адамтану ілімі. Аталмыш ілімнің алғашқы баспалдағы тəрбиеден тамыр тартады. Тəрбие – баланың тұлға ретінде қалыптасуының асыл арнасы. Олай болса, жас ұрпақты ұлттық сана, ұлттық дəстүр рухында тəрбиелеудің маңызы өлшеусіз. Қастерлі халқымыздың бойындағы адамгершіл ізгі қасиеттер – тəрбиенің қайнар көзі. Қазақ – тілге шешен, ойға жүйрік, ерлікке ерен, пейілі пəк, ақыл-парасаты асқаралы халық. Осы ұлт ұлағатын ұландар санасына сіңіре білу – ең жауапты іс. Ұлтты сүю, ұлтқа қызмет ету – саналы азаматтың қастерлі борышы. Елім деп, жерім деп жарғақ құлағы жастыққа тимей ұлты үшін жанпида ғұмыр кешкен кешегі Алаш арыстарының өнегелі өмірі өркенді тағылым тұғыры. Ұлт зиялылары сол бір зобалаң заманның астамшыл саясатына қарсы тұрды. «Мың өліп, мың тірілген» қазағының талқыдағы тағдырына алаңдап, талай тауқыметті бастан өткерді. «Ұлтты сүю – нағыз мəдениеттілік» деп ұрандаған Жүсіпбек Аймауытовтың сау басы саудаға түсіп, қуғын-сүргіннің құрбаны болды. Ұлтына ұлық болуды емес, ұлтан болуды аманаттаған Алаш ардақтыларының айбынды ісін жалғастыра білу – бүгінгі өскелең ұрпақтың өрелі міндеті. Жар астынан жау, бөрік астынан бөрі шыққан сонау аумалы-төкпелі заманда «Түркі үшін күндіз отырмадым, түнде ұйықтамадым», деген Білге қаған бабамыз ел тағдырына алаңдап ат үстінде мазасыз күй кешті. Ұлты үшін отқа күйіп, суға батқан қайран бабалардың қайсарлығы мен қаһармандығы бізді үнемі тəнті етеді. Ұлттық тəрбие – ұлағат үлгісі. Ұлт бесігінде тербетілген баланың болашағы жарқын, санасы сəулелі, көңілі кіршіксіз бала жаны нəзік, сергек, сезімтал. Айнала дүниеге сəби санамен, кəусар көңілмен қарайды. Сəмбі талдай сұлу бой түзеген бүлдіршінге өмір сабағын, дүние дəрісін үйрету үлкен ынтаықыласты, салқынқанды сабырды қажет етеді. Баланың бірінші ұстазы – ата-ана. Демек, тəрбие отбасынан басталады. Бала туған ұясында өнеге алады. Жақсыдан үйренеді, жаманнан жиренеді. Ұл – əкеге, қыз – шешеге қарап өседі. Сөйтіп, қабырғасы қатайып, буыны бекіп, қанат қағады. Ұяда көргенін ұшқанда іледі. Қазақ – тумысынан балажан, мейірбан халық. Тапқантаянғанын баланың жолына жұмсап, тəтті-дəмдісін баланың аузына тосады. «Құлыным», «ботам» деп еркелетіп өбектейді. Есейіп ержетсе де жанын үзіп еміреніп, толғанып отырады.

Атақты Жолымбет би 130 жасқа келгенде, жасы 100-ден асқан тұңғыш ұлы Қыдыр алжыңқырап отырса керек. Сонда əлі де ақылестен айырылмаған дана би: «Бұл қарғам не көрмеді, ылғи да желдің өті, жаудың бетінде жүрді ғой. Бұл құлынымның шаршайтын уағы болды», деп баласының маңдайынан сипап, бауырына тартады екен. «Есейіп кетсем де мен саған сəбимін» деген өлең жолдары осындайда ойға оралады. Қазақ бауыр еті баласын бəйге атындай баптап, көздің қарашығындай сақтай білген. Бала – өмірдің базары, ата-ананың шексіз қуанышы. Ол есейіп ат жалын тартқан азамат болады. «Мен бала он бес-отыз арасында, бұл жаста көп бересі аласым да, алдымда толған мақсат, толған таңдау, алайын анасын ба, мынасын ба?» деп сөз сүлейі Сұлтанмахмұт жырлағандай, мектеп табалдырығын жаңа аттаған түлектердің алдында тоқсан тарау жол тұр. Сол жолдың қай торабына түссе көші түзеліп, көңілі орнығады? Асығыс шешім қабылдап, ертең өкініп қалмай ма? Осылай санаға салмақ салар сансыз сауалдар самсап алдынан шығады. Мұндайда ақыл айтар ата-ана, ұлағат ұсынар ұстаз керек-ақ. Өмір – күрделі. Ағыны алапат теңіз тəрізді. Өмірдің алып айдынынан өзіңе лайықты орын табу, əрине, оңай емес. Белгілі бір кəсіппен шұғылданып, мамандық таңдау – үлкен жауапкершілік мəселесі. Мамандық таңдау сəтінде баланың білім-білігін, қабілет-қарымын ескеріп, ақыл елегінен өткізген жөн. Бала көңілі нені қалайды, кім болғысы келеді? Міне, мəселе осында. Күнделікті байқап жүргеніміздей, кейбір ата-аналар бала еркін ескермей, талабына тұсау салатын тəрізді. Балам биік мансапта, құзырлы қызметте болса деп ойлайды. Бір қарағанда ниет дұрыс, ой орынды. Бірақ қазақта «Шамасына қарай шанасы» деген сөз бар емес пе? Əркім өзіне ұнаған, жанына жақын кəсіппен айналысса, келешекте өкінбейді, қапыда қалмайды. Жасыратын несі бар, кейбір жастардың шама-шарқы келе ме, келмей ме, əйтеуір не заңгер, не экономист болуға аңсары ауып тұрады. Шынтуайтына келгенде, жұрттың бəріне бірдей заңгерлік пен экономистік мамандық жете бере ме? Бəлкім, «ақырын басып, анық жүріп» жан-жақты ойланған дұрыс шығар. Шүкір, біздің елімізде мамандықтың түрлері көп. Оның ішінде біздің жастарымыз бүгінгі заман талабына сай техникалық жəне кəсіптік білім алуға бетбұрыс жасау керек. Қабілетіне қарай соның бірін еншілесе, əр жастың есебі түгел, ұпайы орнында болары анық. Ақиқатын айтқанда, мамандық тың үлкен-кішісі, жақсыжаманы жоқ. Тау қопарған кенші де, астық орған егінші де, он саусағынан өнер тамған ісмер тігінші де, төрт түлік өсірген малшы да, сүт бұлағын селдеткен сауыншы да, зəулім сарайлар салған құрылысшы да – бəрі-бəрі ел игілігіне еңбек етіп жүрген

қадірлі жандар. Толағай табыстың, берекелі байлықтың бастауы – Еңбек. «Еңбек етсең – емерсің, ерінбесең – жеңерсің» дейді халық нақылы. Данышпан Абай: «Əуелі Құдайға сыйынып, екінші өз қайратыңа сүйеніп еңбегіңді сау, еңбек қылсаң қара жер де береді, құр тастамайды», деп ұрпағын адал еңбекке үндеді. Еңбегін сауып ер атанғандарды халық ардақтайды, құрмет тұтады. Кезінде Арқа төсін ақтылы қойға толтырып, ел ырысын еселеген Социалистік Еңбек Ері Сайлау Білəлов ағамыз, Қазақстанда атақдаңқы дəуірлеп, дүйім жұрттың сүйіспеншілігіне бөленген əйгілі механизатор Кəмшат Дөненбаеваның ізін басып, темір тұлпарды тізгіндеген мерейлі еңбектің майталманы Социалистік Еңбек Ері Нұрбақыт Кəбдікəрімова апамыз. Бірі ата кəсібіміз – мал бағумен айналысқан, екіншісі алып техниканы ауыздықтаған, еңбектен бақытын тапқан жандар. Сайлау ағамыз бен Нұрбақыт апамызды қазір күллі Қазақстан таниды. Міне, осы аға-апалары сияқты біздің жастарымыз да оқу бітіргеннен кейін ауылдарына келіп, еңбек етіп «Жер-Анамен» жұмыс жасаса дейміз. Ауыл – халқымыздың құтберекесі, ырыс дастарқаны. Ауыл – қазақтың күретамыры. Сол құнарлы тамырды солдырмай, үнемі нəр беріп, жандандыру – жастардың сүбелі сыбағасы. Кіндік қаның тамған атажұртыңа қылаусыз қызмет ету – шынайы бақыт. Туған жерің – алтын бесігің. Сол бесікті аялап, ардақтау – азаматтық ардың ісі. Бізде туған елінің түтінін түтетіп, ырыс-дəулетін еселей түсуге қажырлы еңбегімен үлес қосып жүрген жерлестеріміз аз емес. Осы азаматтармен бірге, сыртта жүрген жерлестеріміз де бүгінде елге келіп қыстақтар салып, ауданымыздың мал шаруашылығының дамуына өз үлестерін қосуда. Біз олардың игілікті шаруаларына қуанамыз əрі қуаттаймыз. «Əркімге туған жері – Мысыр шаһары». Арқаның алтын алқасы – Қарқаралының бай тарихы, айшықты шежіресі бар. Қарқаралы – құт қонған, береке дарыған қасиетті өлке. Қарқаралының топырағында жақсылар мен жайсаңдардың текті табанының ізі, аялы алақанының ыстық табы қалған. Жер жəннаты Қарқаралыға биыл – 190 жыл. Екі ғасырдай Арқаның рухани жəне мəдени ордасына айналған көне қаланың торқалы тойының тұсында ел мен жердің қадір-қасиетін жас ұрпақтарға насихаттау аса қайырлы іс болмақ. Елбасымыз «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты биылғы Жолдауында: «Тəуелсіз мемлекет атану – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу», деп атап көрсеткен еді. Мемлекет бас шы сының осы сындарлы, салиқалы сөзі біздердің баршамызды жаңа бастамаларға, биік белестерге жігерлендіреді. Халел МАҚСҰТОВ, Қарқаралы ауданының əкімі. Қарағанды облысы.


www.egemen.kz

17 шілде 2014 жыл

«Орталыќ Азия + Жапония»

Биылғы 29 мамыр күні Астанада қол қойылған Еуразиялық экономикалық одақ жөніндегі шарттың сиясы кеппей жатып, Орал қаласында осы ықпалдастық аясындағы іс-шаралар кешені басталып та кеткен еді.

(Соңы. Басы 1-бетте). Сонымен қоса, кеңесте осыған дейін қол жеткізілген келісімдерге сəйкес, ОАЖҮ-ге мүше мемлекеттердің өзара тығыз ықпалдасуындағы бастапқы жоба ретінде таңдалған ауылшаруашылық саласындағы ынтымақтастықты нығайту мəселелері бойынша пікір алмасу жүрді. Кездесу барысында ауылшаруашылық саласында нақты жобаларды іске асыруды бастау туралы шешім қабылданды. «Біз былтыр Бішкекте өткен ОАЖҮ Жоғары лауазымды тұлғаларының

Бастама Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан».

Мұндағы басты мақсат өзара тиімді ынтымақтастық пен халықаралық интеграция кеңістіктерін кеңейту болып табылады. Осы орайда Қазақстанның батыстағы қақпасында шекаралас аймақтарды дамытудың І халықаралық Қазақстан-Ресей форумы өткен-тін. Бұған қоса, облыс орталығындағы Мұз спорт сарайында Қазақстан мен Ресей кəсіп орындары шығарған сан алуан өнеркəсіп, азық-түлік жəне қолөнер өнімдерінің таң ға жайып көрмесі ұйымдастырылған еді. Шекаралас аймақтар мен екі арадағы іскерлік топтар арасында əріптестік байланыстарды одан əрі дамытуды мұрат тұтқан пленарлық мəжілісте сөз алған Батыс Қазақстан облысының əкімі Нұрлан Ноғаев сөз түйінін төмендегіше сабақтады.

– Елімізде ежелден ынтымағы мен тату-тəтті тірлігі жарасқан Ресейдің бес бірдей губерниясымен шектесетін Ақжайық аймағынан басқа бірде-бір өңір жоқ. Мұнда шекаралас облыстар арасындағы ең ұзақ шақырымдар бар. Бүгінгі басталған форум мен көрменің негізгі мақсаты – шекаралас өңір лердің инвестициялық мүмкіндіктерін анықтау мен сарапқа салу болып отыр. Əрі осы шара аясында бірлескен бизнестік құрылымдар мен жобалардың тұсауы кесіледі деп күтілуде. Бұлардың басты арқауы ынтымақтастық пен Еуразиялық экономикалық одақ талаптарына негізделген. Мұның ішінде шекаралас өңірлердегі бірлескен кəсіпорындардың санын өсірумен бірге, оның сапалық құрамын да түбегейлі жақсарту қажеттілігі туындайды. Ресейдің көршілес аймақтары арасында Орынбор облысы губернаторының

міндетін атқарушы, Орынбор облысы үкіметінің төрағасы Юрий Бергтің сөзі форумға жиналғандардың назарын аударды. Ол былай деді: – Қазақстанның Ақжайық аймағы мен Ресейдің Орынбор облысы аумағын ежелгі тарихи байланыстар біріктіреді. 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап өз қызметін бастайтын Еуразиялық экономикалық одақ та ежелгі байланыстар мен сабақтастықты одан əрі тереңдету мен нығайтуға негіз қалайды. Бұл интеграциялық құрылым тек экономикалық тұрғыда ғана емес, сонымен бірге, қарапайым адамдар арасындағы қарым-қатынастарды жақсартуға да септігін тигізетініне сенімім мол. Айталық, Орынбор облысында 116 ұлт пен ұлыстың өкілдері тұратын болса, саны жөнінен мұндағы ең көп диаспора – қазақтар. Біз бұл бауырларымыздың

көңілінің дархандығы мен жүрек жылуының молдығына, еңбекқорлығына əркез ризашылықпен қараймыз. Ал осы форум шекаралас екі өңір арасындағы үлкен іскерлік байланыстардың бастауы ғана деп санаймын. Оның жұмысына сəттілік тілеймін. Форумға қатысушылар көршілес аймақтар арасында бірлескен кəсіпорындар ашу мен шекаралас өңірлерде бизнестің жаңа өрістері мен мүмкіндіктерін ашу əрі оны жүзеге асыру жөнінде жанжақты жəне егжей-тегжейлі ой-пікір алмасты. Оралда өткізілген бұл халықаралық басқосу интеграциялық үрдістерді үздіксіз дамыту ісіне елеулі үлесін қоса алды деуге толық негіз бар. ОРАЛ. Суреттерді түсірген Рафхат ХАЛЕЛОВ.

«Бір зауыт – бір ќамал» болсын десек... Ел Тəуелсіздігі экономиканың мықтылығымен ғана мығым екені мəлім. Ал экономиканың қуатты болуы елдегі əр мүмкіндікті тиімді пайдаланып, өндірілген өнімдерді толық өңдеп өз қажетіңе жарата білуде. Одан қалса, əлем нарығына шығарып пұлдай білу екені белгілі. Сонда ғана экономикалық тəуелсіздік нығайып, ел іргесі беки түспек. Бүгінгі мақаламызға Ататүріктің «Бір зауыт – бір қамал» деген қанатты сөзін тақырып етіп алуымыздың мəнісі де осында. Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ,

Тегін донорлыќ насихатталды Оңтүстік Корея – əлемдегі экономикасы дамыған жиырма мемлекеттің біріне айналып, «экономикалық кереметті» жүзеге асыра бастаған ел. Жақында ғана жамбылдық бір топ дəрігердің Оңтүстік Корея астанасы Сеулге сапар шегіп, Дүниежүзілік трансфузиологтардың 33 конгресіне қатысуының басты мақсаты тəжірибе алмасып, біліктілікті арттыру болды. Жалпы алғанда, осы сапар барысында Қазақстан мен Корея 1992 жылдың қаңтар айынан бері дипломатиялық байланыс жасап келе жатқанын білдік. Осы жылдар ішінде қарым-қатынас барлық салаларда дамып келеді. Мұның айғағы ретінде 2011 жыл Қазақстанда «Оңтүстік Корея жылы» болып жарияланғанын айта кетсек болады. Біз конгрестің барлық жиындарына түгел қатысып, Сеулдегі қан орталығының жұмысымен таныстық. Бұл елдегі қан орталығының қызметі біздегіден бір ерекшелігі 15 мекемеде донорлық қан дайындалып, оларды тексеру тек қана

үш мекемеде жүреді екен. Біздің облыста бұл іс тек бір жерде ғана, атап айтқанда, облыстық қан орталығында дайындалып, сол жерде толық тексеруден өткізіледі. Конгрестің көрме залында көптеген мемлекеттердің соңғы заманауи үлгімен жабдықталған медициналық құралжабдықтарын көріп, жұмыстарымен таныстық. Қазақстанда да соңғы жылдары денсаулық сақтау саласына көп көңіл бөлініп, түрлі озық үлгілі медициналық құралдармен жабдықталып жатқаны белгілі. Осы көрмені аралау барысында дəл қазір өзіміз қолданып жүрген медициналық құралдар-жабдықтардың нарықта əлі үлкен сұранысқа ие екеніне көзіміз жетті. Яғни, Корея пайдаланып жатқан медициналық жабдықтар мен біздің елдегі жабдықтардың анау айтқандай айырмашылығы жоқ. Сондайақ, конгресте қан дайындау толық көлемде тек ақысыз донорлардан жəне олардың жасы 18-28 аралығында болуы керек екені баса айтылды.

Бақберді КЕЗЕМБАЕВ, Жамбыл облыстық қан орталығының директоры.

Жамбыл облысы.

Ыќпалдасудан ўтарымыз кґп Еуразиялық экономикалық одақ шартына қол қойылуы Елбасының алысты болжай білетін көреген саясаткерлігін тағы бір дəлелдеді. Қашанда ілгері күнге деген үмітті қадаммен қимылдайтын Мемлекет басшысы Н.Назарбаев бастамасының баяндылығына əлем иланды. Осыншалықты ауқымды істің іргетасы берік қаланғанын тағы бір мойындады деу орынды болмақ. Бұл біздің бойымызда ертеңгі күнге деген сенімділікті нығайта түсті. Елдің егемендігі мен саяси тəуелсіздігіне сызат түсірмей бірыңғай экономикалық байланыстарды нығайтуға бағытталған бұл батыл қадам одаққа қатысушы қай-қай елге де тиімді екені сөзсіз. Қазір іргеңді тас қып бекітіп отыратын уақыт емес. Төрткүл дүниеге қарап отырсаң алыс-беріс, барыс-келіс жасамаған елдерді көрмейсің, олай болса, бүгінгідей жаһандану заманында интеграциялық үрдістерге иек артудың еш əбестігі жоқ. Оның үстіне одаққа қатысушы елдерде экономикалық байланыстардың бұрыннан қалыптасқан дағдысы бар. Еуразиялық одақ бізге өнімдерімізді бəсекеге қабілетті ете отырып, іргелес жатқан өңірлерге шығаруға жаңа жол ашып отыр. Біз осыны өз кəдемізге жарата білуіміз керек, əрине. «Ситаль-2» ЖШС-нің кірпіш зауыты еліміздің батыс

аймағында керамикалық кірпіш жəне тас бұйымдарын шығаратын бірденбір ірі кəсіпорын болып табылады. Кəсіпорынның өндірістік қуаты жылына 20 миллион дана шартты кірпіш шығаруға мүмкіндік береді. Зауытта керамикалық кірпіш пен тас бұйымдарының 40тан астам түрі шығарылады. Біздің керамикалық кірпіштерімізге өз өңірімізді былай қойғанда, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарынан сұраныс жоғары. Бұдан басқа көршілес Ресейдің Орынбор облысына да өткіземіз. Бұған дейін оларға өз өніміміздің 10 пайызын өткізіп келсек, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт күшіне енгеннен кейін бұл көлем бұрынғыдан да арта түсетініне сенімдіміз. Оның үстіне біздің кірпіштеріміздің жылу ұстағыштық, ылғалға беріктік, дыбыс пен суық өткізбейтін қасиеттері жоғары. Бізге 1 мың шақырымнан қашық жерлерге өнімдерімізді өткізу тиімсіз. Сондықтан болашақта көршілес Ресейдің Оңтүстік Уралға жататын өңірлерін де керамикалық кірпішпен қамтамасыз етудің жолдары қарастырылуда. Өзара əріптестік алға бастайтынын өмірдің өзі көрсетіп отыр. Орынборда, Тұзтөбеде өткен өнеркəсіптік көрмелерге ұда йы қатысып, өз өнімдерімізді

тұтыну шыларға таныстырып жүрміз. Ақтөбе қаласында өткен «Еуропа-Азия. Шекарасыз ынтымақтастық» халықаралық өнеркəсіптік көрмесінде біздің өнімдерімізге сұраныстың жоғары екені байқалды. Осы көрме енді Орынбор қаласында өтеді. Біз осы мүмкіндікті пайдаланып, өздеріміздің өнімдерімізді жарнамалайтын боламыз. Ресейдің Оңтүстік Урал өңірінің облыстарынан жаңа əріптестер табуға тырысамыз. Себебі, оларда бізбен бəсекелесетіндей кəсіпорындар жоқ. Əрі біз керамикалық кірпіштерге бағаны көтерген жоқпыз, салыстырмалы түрде басқаларға қарағанда арзан. 2010 жылы Мəскеудің «ВНИСТРОМ» керамика ғылыми-зерттеу институтының көмегімен қондырғыны жаңғырттық. Бұл өнім сапасын жақсартуға негіз қалап отыр. Еуразиялық экономикалық одақтың шекаралас аймақтармен əріптестік қатынастарды нығайтатыны сөзсіз. Бұған біз де өз деңгейімізде атсалысатын боламыз. Жалпы, алыс-жақын əріптестермен интеграциялық үндесу ілгерілеуге алғышарт жасайды деп ойлаймын. Наталья КУРОЧКИНА, «Ситаль- 2» ЖШС бас технологы.

Ақтөбе облысы.

«Орталық Азия + Жапония» үнқатысуы – 2004 жылы Орталық Азия елдерімен тығыз қарым-қатынасты нығайту мен кеңейту бойынша күшжігерді ұлғайта түсу жəне аймақтық ынтымақтастықты дамыту мақсатында Жапонияның бастамасымен құрылған ынтымақтастықтың жаңа пішіні. Бүгінде ОАЖҮ өңірдің ортақ саяси, экономикалық, сонымен қоса, қауіпсіздік мəселелерін талқыға салатын маңызды алаңға айналды. Бішкекке сапары барысында Е.Ыдырысов Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаевтың қабылдауында болып, Жапония Сыртқы істер министрі Фумио Кишидамен келіссөз жүргізді.

 Көкейкесті

«Егемен Қазақстан».

Ғалымдардың жүргізген зерттеулері бойынша қан тапсырудың адам денсаулығына зиянсыз екені дəлелденген. Тіпті, қан тапсыратын адамдар қан тапсырмайтын адамдарға қарағанда инфаркт, ишемиялық аурулармен он есе сирек ауыратын болып шыққан. Жамбыл облысында «100 мектеп, 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2010 жылы облыстық қан орталығы ашылды. Ол жылына 15 мың литр қан дайындауға лайықталған жəне дүниежүзілік стандартқа сəйкес жаңа құрал-жабдықтармен жасақталған. Яғни, бұрынғыдай облыс бойынша барлық емдеу мекемелерінде донорлық қан дайындау тоқтатылды. Оңтүстік Корея сапарынан біздің дəрігерлер осы саланың көптеген жетістіктерін көзімен көріп, үлкен тəжірибе жинақтап қайтты. Шетелдік əріптестеріміздің біздің елге деген ыстық ықыласын, жоғары құрметтерін анық сезіндік. Екі елдің ақ халатты жандарының арасындағы барыс-келіс алдағы уақытта дами беретіні сөзсіз.

отырысында Жапония тарапының ауылшаруашылық саласында, бизнес топтарды тарта отырып, нақты аймақтық жобаларды іске асыру қажеттілігі туралы бастамасын қолдаймыз. Дəл осы сала Орталық Азия елдері мен Жапонияның аймақтық ынтымақтастығына бастама болады жəне ынтымақтастықтың басқа да өзара тиімділігі жағынан кем түспейтін салаларында ықпалдастықтың əрі қарай дамуына үлгі болады деген сенімдемін», – деді қазақстандық министр. ОАЖҮ СІМК-нің қорытындысы бойынша Бірлескен мəлімдемеге қол қойылды.

3

Қазақстанның тұрақты экономикалық өсуі мен келешек мақсаты дүниежүзілік нарыққа еркін еніп, мүдделес елдермен экономикалық тұрғыда ықпалдасу еке ні аян. Осы мақсатқа жету үшін арнайы бағдарламалар түзіліп, ірі жобалар ды іске де асырып жатыр. Үдемелi индустриялық-инновациялық дамудың 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы дайындалып, елді индустрияландыру шарасы қолға алынды. Нəтиже жаман емес. Десек те, мақсатты бағдарламаны жүзеге асыру ісінде шалағайлықтар да бар. Соны байқаған ел Үкіметі бағдарламаның екінші бесжылдығын дайындауда орын алған кемшіліктерді жібермеуге барын салуда. Əсіресе, жеңіл өнеркəсіпті өсіріп, өрлетуге ынталы болып отыр. Бағдарламаның негiзгi мiндеттерiнің бірі, шикiзатты толық өңдеп, сыртқы нарықтарға бағытталатын мүмкіндігі мол, сапасы жоғары өнiм өндiру болып тұр. Соның есебiнен жеңiл өнеркəсiп өнiмдерiне деген iшкi нарықтың қажеттiлiгiн қанағаттандыру да ойда бар. Осы мақсат толығымен жүзеге асырылса еңбекке қабiлеттi халықты жұмыспен қамтамасыз ету мəселесі өздігінен шешіледі екен. Қазіргі уақытта республикада 1,5 мыңнан астам жеңіл өнеркəсіп кəсіпорындары жұмыс істейді. Оның 90 пайыздан астамын шағын жəне орта кəсіпорындар құрайды. Олардың басым көпшілігінде қызмет тұтқасын нəзік жандылар ұстаған. Нақты мəліметтерге жүгінсек, салада 12 мыңнан астам адам еңбек етіп жүр. Ал 800 мыңнан астам шағын жəне орта кəсіпорындарда 2,4 млн. адам еңбек етеді. Аталған секторда өндіріс көлемі соңғы 4 жылда 1,6 млрд. теңгеден 8,3 млрд. теңгеге дейін өсіпті. Оны Индустрия жəне жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркəсіп комитетінің төрағасы Бақтыбай Қасымбеков айтты. Қазақстанның жеңіл өнеркəсібінде шығарылатын өнімдердің 51 пайызын тоқыма бұйымдары, 42 пайызын киім өндірісі, 7 пайызын былғары мен соған қатысты өнімдер құрайды. Өткенге көз салсақ, 2008-2013 жылдар аралығында жеңіл өнеркəсіп саласында экспортталатын бағалы өнімдердің бағасы 2,4 есеге өсіп, 39,3 млн. АҚШ долларынан 95 млн. АҚШ долларына дейін жеткен. Тоқыма саласындағы негізгі шикізат көзі мақта мен жүн. Қазіргі уақытта елімізде шамамен 100 мың тонна мақта талшығы өндіріліп, оның 95 пайызы экспортталады. Осылайша, мақта талшығының 95 пайызы шикізат күйінде шетел асып, отандық тоқыма кəсіпорындарына тек 5 пайызы ғана, яғни жылына 5 мың тоннасы ғана қалады екен. Негізі елімізде өндірілетін мақтаның 30 пайызын отандық кəсіпорындар игеріп, өңдей алады. Алайда, басқару жұмысындағы ұқыпсыз менеджменттің салдарынан «Textiles.KZ» компаниялар тобының тарақтық жəне кардтық

жіптер өндіретін «Ютекс» АҚ жəне «Меланж» АҚ кəсіпорындары 2010 жылдан бері қаңтарылып, тоқтап тұр. Енді оларды қайта іске қосу шаралары қарастырылып отыр. Арнайы жоба да жасалып қойған. Ол Қазақстан Даму банкі мен «ҚДБ-Лизинг» қолдауымен іске асырылып жатыр. Жобаның құны 5,4 млрд. теңге болды. Қазір Оңтүстік Қазақстан облысының тоқыма кластері кəсіпорындарын айналым қаражатымен қамтамасыз ету үшін несие бөлу жұмысы жүргізілуде. Аталған кəсіпорындар толық қуатында іске қосылғанда тоқыма кəсіпорындарының мақта-мата жіптеріне деген мұқтаждығын толықтай қамтамасыз етіп, жаңадан 500 жұмыс орны ашылады. Əйткенмен де, қазіргі күнде де ауызды құр шөппен сүртпеген дұрыс. Себебі, əлемдік экономикалық дағдарыс кезеңдеріне қарамастан, үздіксіз жұмыс істей білген кəсіпорын да бар. Ол мақта-мата жіптері мен мата өндіретін SouthTextiline. kz компаниясы. Оның 2013 жылғы жүктемесі 65 пайызды құраған. Бұдан көретініміз, отандық кəсіпорындарда кейір басшылар жұмысын дұрыс жоспарлай білсе, ендігі біреулері мемлекетке қол жайып, көмек күтіп отыр. Десек те, ағымдағы жылы Индустрияландыру картасы шеңберінде кілемдер мен кілем бұйымдарын шығаратын «Бал Текстиль» фабрикасы іске қосылды. Оның жылдық қуаты 2,3 млн. шаршы метр кілемді құрайтын болады. Үдемелі индустриялықинновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру басталғалы бері жеңіл өнеркəсіп саласында 15 кəсіпорын іске қосылған. Бұйыртса, осы жылдың соңына дейін тағы 4 кəсіпорынды пайдалануға беру жоспарланып отыр. Оның бəрі қазіргі заманғы жоғары технологиялы өндірістік жабдықтары бар кəсіпорындар. Жүн тоқыма талшықтарының ішіндегі ең қымбаты екені мəлім. Елімізде жүн өндіру 2000-2013 жылдар аралығында 14,7 мың тоннаға артып, 37,6 мың тоннаны құрапты. Республикада жүнді бастапқы өңдейтін, жалпы қуаты 30 мың тоннадан асатын 15 кəсіпорын жұмыс істейтін көрінеді. Жыл сайын 40 мың тонна жүн қырқылады. Оның 15 мың тоннасы биязы, қалғаны жартылай биязы жүн. Өкініштісі, отандық сала кəсіпорындары осы азғана жүннің 70 пайызын ғана игеріп отыр. Бүгінде осы олқылықтың орнын толтыру шаралары қарастырылып жатыр. Əйтпесе, қазіргі уақытта елімізде жүн жіптер өндіретін жалғыз кəсіпорын – «Қостанай жіп иіру-тоқыма фабрикасы» ЖШС ғана. Ол жылына 180 тонна биязы жəне жартылай биязы жүн өңдеп, одан 60 тонна жіп иіреді. Негізі елімізде жүннен иірілген жіптер ге деген қажеттілік 200 тонна дан асады екен. Қазіргі уақытта бар-жоғы 5 пайызға дейінгі жуылған биязы жəне жартылай биязы жүн ғана өң де ле ді. Осыған қарағанда, екінші индустрияландыру бағдарламасының аясында республиканың барлық өңір лерінде жіп иіру-тоқыма фабрикаларын салу мəселесін қарастыру қажет болар.

Тері илеп, былғары жасау халқымыздың ежелгі кəсібі болғаны аян. Бабаларымыз былғарыдан киім, аяқ киім жəне түрлі тұрмыстық бұйымдар жасап шығаратын. Бұл заттың бəсі мен бағасы қазіргі заманда да жоғары болып тұр. Осы кезде елімізде жыл сайын 10 млн. тері, оның ішінде 2,5 млн. ірі қара мен 7,5 млн. ұсақ малдың терісі жиналады екен. Қолда бар кəсіпорындардың 175 млн. шаршы дециметрге дейін тері өңдеу мүмкіндіктері болса да, дəл осы кезде тек 100 млн. шаршы дециметрге дейін тері өңделіп жатыр. Жиналған терілердің жалпы көлемін тағы да шотқа салып көрсек, республиканың қолданыстағы кəсіпорындары толықтай жұмыс істеген күннің өзінде, барлық жиналған терінің 10 пайызына дейін ғана өңдеуге қауқарлы. Тіпті, өңдеу үлесі осыншалықты аз ғана болса да, кəсіпорындар шикізатпен қамтамасыз етілмей отыр. Былғары шикізатының 90 пайызы Қырғыз еліне асып, одан əрі Қытайға экспортталады. Осы келеңсіздіктің алдын орау мақсатында, осы уақытта терілердің республикадан тыс шығарылуына уақытша тыйым салу мəселесі көтеріліп, мемлекеттік органдармен бірлесіп пысықталуда. Мысалы, бір одақ аясындағы Беларусь мемлекетіне өңделмеген тері шығаруға толықтай тыйым салынды. Терілерді жинау жəне оларды өңдеу теңгеріміне жүргізілген талдауларға зер салсақ, терілерді экспорттауға тыйым салынған жағдайда, республикада жалпы қуаты 900 млн. дециметрге дейін тері өңдейтін кəсіпорындар салуға мүмкіндік туады. Олардан түсетін қыруар пайда мен жаңадан ашылатын жүздеген жұмыс орындары еліміздің экономикалық тəуелсіздігін қазіргіден де нығайта түседі. Шындығына қарасақ, Қазақстан жеңіл өнеркəсіптің барлық секторларын лайықты дамыту үшін жақсы нарықтық мүмкіндіктер ауқымына ие. Алайда, бұл мүмкіндіктер толықтай пайдаланылмай отыр. Жыл сайын импорт артып келеді. Импорт экспорттан 10 есе асып түседі. Қазіргі уақытта тігін жəне тоқыма саласындағы кəсіпорындар зияткерлік жабдықтарды қолданып жүр. Десек те, саланы тұтастай алғанда, əзірше оларды пайдалану жеткілікті түрде дами қойған жоқ. Қазіргі өндірісте қарқынды дамып келе жатқан ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы инновациялармен өзара алмасу мəселесі бəсекеге қабілеттілікке қол жеткізу үшін аса қажетті шарт жəне ол тұрақты түрде инвестициялар салуды қажет етеді, деді Б.Қасымбеков. Оның айтуына қарағанда, қазір үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша енгізілетін технологиялардың инновациялығына, ғылымды қажет етуіне мəн берілетін екінші бесжылдықтың бағдарламасы əзірленуде. Ғылым экономиканың салаларын дамытудың болашағын айқындауы тиіс. Бұйыртса, салада жұмыс істейтін ғалымдар, жеңіл өнеркəсіп технологиялары жəне сала бұйымдарын құрастыру мамандықтары бойынша оқып жатқан студенттер бұл мақсатты жүзеге асыра алатыны кəміл. Міне, солар болашақта аталған саланы дамыту бағыттарын айқындайтын болады. Нəтижесінде заманауи зауыт-фабрикалар бой көтеріп, ел экономикасының тəуелсіздігіне тірек болып, бір-бір берік қамалға айналады.


4

www.egemen.kz

17 шілде 2014 жыл

 Депутат дауысы

Сессия жемісті аяќталды Парламент депутаттарының жазғы каникулға шығар алдында Мəжіліс депутаты Талғат ЕРҒАЛИЕВТІ əңгімеге тартып, сессияның қалай аяқталғандығы жөнінде сұраған едік. – Мен Парламенттің бесінші шақырылымының үшінші сессиясы табысты аяқталды деп санаймын. Осы сессияда 154 заң жобасы қаралып, 104 заң қабылданды. Бұл – үлкен жұмыс. Бұлардың бəрі де еліміздің экономикасын нығайтып, халықтың əл-ауқатын арттыратын, мемлекетіміздің іргесін нықтай түсетін заңдар. – Заң жобаларының негізгі бөлігін Үкімет дайындайды. Ал бұл істегі депутаттардың үлес салмағы қандай? – Əрине, қаралған заң жобаларының 134-і Үкіметтен түсті. Бұл – табиғи жайт. Өйткені, заң жобаларын əзірлеуге негізінен Үкімет бастамашы болады. Өзінің күнделікті жұмысын тиімді жүргізуге ықпал ететін, экономиканы дамытуға негіз болатын заң жобаларын дайындауға олар мүдделі. Дегенмен, бұл істе депутаттар да белсенділік танытып жүр. Осы сессияда қаралған 11 заң жобасының əзірленуіне депутаттар бастамашы болды. Сондайақ, депутаттар халықтың, елдің шешілмей жатқан өзекті проблемаларын көтеріп, орталық атқарушы органдарға 444 депутаттық сауал жолдады. Бұлардың бəрі де тезірек шешілуді күтіп жатқан кезек күттірмес мəселелер екендігі даусыз. Соның ішінде өзім де бірнеше депутаттық сауал жолдадым.

– Қабылданған заңдардың ара сында халыққа тиімділігі тұр ғысынан өзіңіздің есіңізде қалғандары қаншалықты? – Ондайлар көп. Əсіресе, менің есімде елдегі кəсіпкерлікті дамытуға игі əсер ететін рұқсат беру жүйесін жетілдіру жөніндегі заң жобасы қалды. Еліміздегі шағын жəне орта кəсіпкерлікті қолдау, мемлекеттік кірістің сүбелі бөлігі осы саладан түсетін салықтар болуы керектігін Елбасы да өзінің талаптарында үнемі айтып отырады. Алайда, кəсіпкерлікті дамытуға қолбайлау болып жүрген кедергілер көп. Соның ең бастыларының бірі – рұқсат беру жүйесінің тым күрделілігі. Кəсіппен айналысқысы келетін адамның аяғынан алып, тұсау болатын толып жатқан талаптар оны əбден қажытатын. Осының өзі сыбайлас жемқорлыққа да жол ашып, шенеуніктердің кəсіпкерді теспей соруына жағдай жасайтын. Енді рұқсат беру жүйесін барынша мөлдір жəне көптеген орынсыз талаптарды қысқартатын заң қабылдадық. Соның нəтижесінде бұрынғы 1436 талаптың 699-ы қысқарды. Былайша айтқанда, жаңа заң арқылы кəсіпкерге қолбайлау болатын талаптарды екі есеге жуық қысқарттық. Бұл жеке кəсіппен айналысатын

жандарға біршама жеңілдік беріп отыр. Меніңше, кедергілерді əлі де қысқарту керек, сонда біздегі кəсіпкерлік те тез дамитын болады. Оны енді жаңа заң жобасында қарастыру керек шығар. – Жоғарыдағы сөзіңізде депутаттық сауалдар туралы əңгі ме қозғап қалдыңыз. Енді осы мəселеге тоқталып өтсеңіз. Сессия барысында қанша сауал жасадыңыз? – Депутаттың белсенділігін көрсететін бір критерий осы сауал жолдау деп білемін. Елде, ай мақтарда, өзіміз сайланған өңірлерде орталық биліктің араласуын тілеп жүздеген проблемалар жатады. Соны тиісті органдар мен мекемелердің назарына негізінен депутаттар жеткізеді. Ал депутаттың сауалына орталық атқарушы билік міндетті түрде жауап беруі керек. Əрине, елдегі қордаланған проблемаларды

журналистер де көтереді. Алайда, БАҚ туралы жаңа заң бойынша ор та лық билік онда көтерілген проблемаларға жауап беруі мін детті емес. Ал депутаттың көтерген мəселесі аяқсыз қалмауы заңда қарастырылған. Сондықтан біз депутаттық сауал арқылы елдің кейбір проблемаларының оң шешілуіне ықпал етеміз. Жоғарыда айтқанымдай, біз осы сессияда 444 депутаттық сауал жолдаған екенбіз, соның бəрі де өзекті мəселелер. Мен өз басым сессия бойына 30 шақты депутаттық сауалды қолдап, қол қойдым. Соның ішінде қазақстандық шенеуніктерге отан дық тауар өндірушіні қолдау мақсатымен елімізде құрасты рылған автомобильдерді алу қажеттігі жөніндегі сауалды қолдадым. Сондай-ақ Премьер-Министр ге əскери қызметтің беделін көтеру шараларын жасауды ұсынған депутаттық сауалды да қолдаушының бірі болдым. Экономикалық аймақтардың қазіргі жағдайына бақылау жасау қажеттігі туралы да мəселе көтердік. Бұлардан басқа да көптеген өзекті мəселелерді Үкімет басшысы жəне министрліктер мен ведомстволар басшыларының қарастыруына ұсындық. Алайда, сауалдарға келіп жатқан жауаптарға қанағаттана бермейсің. Тиісті органдар көбінесе жалтарма жауаппен құтыла салады. «Егемен Қазақстан» газетінің бетіне шыққан Қорғалжын мемлекеттік қорығының жағдайы

жəне оған апаратын жолды еліміздегі туризмді дамыту бағдарламасы шеңберінде күрделі жөндеуден өткізу жөнінде жазылған мақаланы өте орынды деп тауып, осы мəселені қолдап депутат тық сауал жолдадық. Оны ақмолалық əріптесіміз Жексенбай Дүйсебаев пленарлық отырыста оқып берді. Соған осы өңірден сайланған барлық депутаттар қолдап, қол қойдық. Шынында, Қорғалжынға апаратын жол ешқандай сын көтермейді. Соған қарамай жыл сайын келіп жататын мыңдаған шетелдік эко-туристерден қатты ұяламыз. Жолдарды ауыр салмақты жүк машиналары бұзады, біздің жазығымыз жоқ деп жол жөндеушілер айтылған сынға ден қоймайды. Шетелдік тас жолдарда «КамАЗ»-дардан бірнеше есе ауыр жүк көліктері жүрсе де жолдар бұзылмайды, біздердікі не қылған «тез бұзылғыш» жол екенін түсінбейсің... Біз өз сауалымызда Қорғалжынның Астанадан 135 шақырым ғана екенін ескертіп, оның инфрақұрылымын ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге дайындық шең берінде қайта жаңғырту керек екенін айттық. ЭКСПО-ға 5 млн.-дай адам келеді деп күтудеміз. Оларға жалғыз көрмені ғана емес, экологиялық ахуалымызды көрсететін де жер керек қой. Бурабай біршама алыс, ал Қорғалжын нағыз қолайлы жер. Оның үстіне Қорғалжынның қызыл қоқиқазы шетелдіктерді қатты қызықтырады. – Əңгімеңізге рахмет. Əңгімелескен Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

 Талап жəне тəртіп

Салєырттыќ Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан».

Денсаулық сақтау саласына мемлекет қашанда ерекше назар аударып келеді. Соның арқасында халықтың денсаулығын қарайтын, түзейтін, сақтайтын тұтас кешенді жүйе жүзеге асырылды. Мемлекет басшысының айрықша атсалысуы арқасында бір ғана Астана қаласында қаншама түрлі бағыттағы медициналық орталықтар, ауруханалар, зерттеу институттары бой көтерді. Соның бəрі Елбасы: «Халықтың ең басты құндылығы – өзінің денсаулығы» деп айтқандай, Президент пен Үкіметтің халқымызға, ұрпағымызға жасап жатқан жақсылықтарының бірі ғана. Алайда, осы иыққа қонған бақты бағалап, оны халықтың мұқтажына сай пайдалана алудамыз ба? «Əрине, жоқ», дейді көпшілік. Өйткені, денсаулық сақтау саласына бөлініп жатқан мемлекеттің орасан қаражатын орынды жарата білу білікті маман дəрігерлер мен олардың қызметін ұйымдастырушы Денсаулық сақтау министрлігі басшылығының міндеті дегенімізбен, ақ желеңділердің ісіне жұрт неге риза емес? Жəне халықтың бұл наразылығы қашанға дейін созыла бермек? Сонда елдің, Мемлекет басшысының сенімі қайда қалмақ? Əрине, елімізде Денсаулық сақтау министрлігінен басқа да халыққа қызмет етіп жатқан салалар баршылық. Кімде кемшілік болмайды дейсіз. Кемшіліктері сыналған сол министрліктердің қайсыбірі орынды сыннан дер мезетінде қорытынды шығарып, қатарға қосылып жатыр. Ал өзін де, өзге салаларды да етектен тартқан денсаулық сақтау саласы қашан оңалмақ? Əрине, біздің елімізде білікті, білімді дəрігерлер баршылық. Небір мықты кардиохирург, нейрохирург, терапевт, хирургтер, педиатрлар, т.б. мамандық иелері көптеген адамның өміріне араша түсіп, мыңдаған жанның ақ алғысын алуда. Бірақ «бір қарын майды бір құмалақ шірітеді» дегендей, арада Гиппократ антына адал емес ісіне немқұрайлы қарайтын, біліксіз дəрігерлер де, мед бикелер де, техникалық қызметкерлер де баршылық. Жоғарыдағы нағыз мамандардың адал еңбектері осы «бір құмалақтармен» бүркемеленіп жатқан соң сол оң еңбектің бəрі зая кетеді. Ал бұған кім жол беріп отыр? Жұрт Денсаулық сақтау министрлігі қайда қарап отыр дейді? Расында өз іштеріндегі тəртіпті түзеу Денсаулық сақтау министрілігінің құзырына жатпай ма? Денсаулық сақтау саласына қатысты көңілді жабырқататын кемшіліктер еліміздің көптеген газет-журналдары мен телеарналарда, интернет сайттарда жарияланып жатыр. Аз емес. Үстіміздегі жылдың өзінде-ақ, мұндай келеңсіз жайттар жоғарыда аталған əр басылымды ашып қалсаңыз болды, көзіңізге бірден түседі. Ондай хабарлардан жүрегіңіз ауырмаса, кəнеки. Мəселе, ондай хабарлардың уақтылы жариялануында емес, мəселе осындай жағдайлардың орын алуына жол беріп отырған кімдер деген сұраққа тіреледі. Егер тиісті орындар өрескел оқиғалардың орын алуына алдын ала жол бермегенде, халық та ауруына дұрыс ем іздеп сарғайып қайғырмайды, сөйтіп адамдарды мұңайтатын мақалалар да жазылмайтыны анық. Бірақ, мұны кім

тыңдап жатыр дейсіз. Мəселен, «Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қарабұлақ ауылдық ауруханасы дəрігерлерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. «Оларға өз міндетіне салғырт қарады» деген айып тағылып отыр. Ақ желеңділер оқ тиіп жараланған науқасты емдеудің орнына, оны ауруханадан мерзімінен бұрын шығарып жіберген. «Осыдан кейін сырқат аяғынан айырылып, мүгедек болып қала жаздады», – дейді прокурорлар. Шыбын жаны үшін шырылдаған науқас «дəрігерлер өз міндетіне салғырт» қарады деп аудандық прокуратураға арызданған. Содан кейін жарақатына қатысты бірнеше арнайы сараптама тағайындалыпты. Нəтижесінде құқық қорғаушылар ауруханадағы үш дəрігердің үстінен қылмыстық іс қозғады. Ал мұндай сорақы жағдайлар денсаулық саласында аз емес. Күнде бір көңілге кірбің түсіретін жайттар қайталанып жатады. Тіпті, оның бəрін айта беруге ұят. Өйткені, балтыры сыздамайтын адам бар ма, тірі жанның бəрі ауырады. Біз аурудың алдын алу туралы мəселені мүлде айтып отырғанымыз жоқ. Аурудың алдын алу үшін қызмет еткендерді көру бір арман. Бірақ мұндай біздің елімізде болмайды, əркім өз денсаулығы үшін өзі күресуі керек дейміз. Ал жазатайым ауыра қалса онда, өз обалы өзіне. Өйткені... иə, солай. Қайтеміз, денсаулық сақтау бойынша біздің елде бəрі керемет деп қаншалықты жақсы жағынан жазғымыз келгенімен, құзырлы органдардан асып кете алмаймыз. Өйткені, олар дұрысты дұрыс, бұрысты бұрыс деп тек заң бойынша ғана айта алады. Міне, біз де көпшіліктің назына ден қойып, соған дəлел іздеген соң құқық қорғау органына жүгінгенбіз. Олар да көпшіліктің ақ халаттыларға деген назы дұрыс екенін айғақтап берді. Расы керек, денсаулық сақтау саласындағы осындай орын алып жатқан келеңсіз істерге сенгіміз келмегенімен, заңды органдар бұл келеңсіздіктердің жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап шығып жатқанын заңды мəліметтерімен қуаттап берген соң, айтпасқа не амал бар. Мəселен,

Денсаулық сақтау туралы заңнаманы сақтауды қамтамасыз етуді бақылау про куратура органдарының тұрақты қадағалауында болатыны белгілі. Сонда Бас прокуратура мəліметіне сүйенсек, жүргізілген тексерістер барысында дəрілік заттарды өндірушілер жəне дайындаушылар қызметінде заң бұзушылықтар, яғни лицензиялау туралы заңнама жəне біліктілік талаптары, дəрі-дəрмектерді дайындау жəне өндіру, сақтау ережелері, санитарлық-эпидемиологиялық нормалар жəне т.б. талаптардың сақталмайтыны анықталған. Бұл неліктен? Оған еш жауап жоқ. Демек, əрі қарай да бұл келеңсіздік жалғаса береді деген сөз бе? «Халыққа тегін медициналық көмек көрсетуге кепілдік берілген көлемінде (бұдан əрі – ТМККБК) денсаулық сақтау туралы заңнаманың қолдануына тексеру барысында ТМККБК шеңберінде медициналық қызметтерді өз уақытында емес жəне сапасыз көрсету, соның ішінде негізсіз ақы алу, дəрілік заттармен қамтамасыз етуде азаматтардың құқықтарын сақтамау, медициналық жабдықтардың тұрып қалуы, дəрілік заттарды жəне медициналық техниканы сатып алуда бұзушылықтар, бюджеттік заттарды тиімсіз пайдалану мен ұрлау жəне басқа да фактілер анықталды», дейді Бас прокуратура. Көрдіңіз бе, мəселе қайда жатыр? Халыққа тегін медициналық көмек көрсетуге кепілдік берілген көлемде денсаулық сақтау туралы заңнаманы қолдану шеңберіндегі медициналық қызметтерді уақтылы емес жəне сапасыз көрсету, соның ішінде негізсіз ақы алу, дəрілік заттармен қамтамасыз етуге азаматтардың құқықтарын сақтамау секілді өрескел заң бұзушылықтарға жол берілгендігін құзырлы орган анықтап отыр. Ал бұдан кейін халықтың денсаулығы неліктен төмен деген сұраққа қалай жауап бересіз? Жауап белгілі. Бұдан кейін прокуратура органы Үкіметтің 2013 жылғы 11 қазандағы кеңейтіл ген отырысында айтылған Мем лекет басшысының тапсырмасын орын дау мақсатында денсаулық сақтау нысандарының,

соның ішінде «100 мектеп, 100 аурухана» жəне «350 дəрігерлік амбулатория, фельдшерлікакушерлік пункттер мен емханалар» бағдарламалары шеңберіндегі құрылыс барысында заңдылықтың сақталуына тексеру жүргізеді. Тағы да сол, «баяғы жартас – бір жартас» дегендей, тексерсе болды алдан атойлап, кемшілік деген қаулап шыға келеді. Өйткені, аталған тексеріс барысында мемлекеттік сатып алу туралы, сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс қызметі туралы заңнамалардың бұзылуы анықталған. Көптеген құрылыс объектілерінде жобалық-сметалық құжаттамадан ауытқу, оны сапасыз əзірлеу, тапсырыс берушілердің орындалған жұмыс актілеріне олар іс жүзінде орындалмаса да қол қоюы, уəкілетті органның құрылысмонтаждау жұмыстарын жүргізуге рұқсаты болмастан оларды жүзеге асыру жағдайлары орын алған. Тіпті, оны айтасыз, мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзумен қатар, оны місе тұтпай, енді мемлекеттік сатып алу процедураларынан өтпей жатып денсаулық сақтау нысандарын салу фактісі анықталған. Ал мұндай қаракет қалайша жүзеге асырылған? Оған кім жол беріп отыр? Жол берген адамдар қашан анықталады жəне олар жауапқа тартыла ма? Тағы ешқандай жауап жоқ. Сонымен қатар, Парламент Мəжілісінің депутаты Дариға Назарбаеваның сауалы бойынша денсаулық сақтау ұйым дарының бекітілген нормативтерге, сон дайақ, жарақтандырудың ең төменгі стандарттары талаптарына сəйкестігі тексерілген екен. Аталған тексерулер бойынша тиісті прокурорлық ықпал ету шаралары қабылданды, соның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметі атына заңдылықты бұзушылықтарды жою туралы ұсы ныстар енгізілді, дейді құзырлы орган. Сонымен бірге, халыққа тегін медициналық көмек көрсетуге кепілдік берілген көлемінде денсаулық сақтау туралы заңна ма ның қолдануына тексерулер нəтижелері 2013 жылғы 20 ақпанда Бас прокуратураның жанындағы Заңдылықты қамтамасыз ету мəселелері жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелерінің, Парламент депутаттарының, орталық жəне жергілікті (бейнеконференцбайланыс арқылы) мемлекеттік органдар басшыларының, ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен Бас прокуратураның кеңейтілген алқа мəжілісінде қаралған. Жалпы, прокурорлар 2014 жылдың 4 айында (2012, 2013 ж.ж.) денсаулық сақтау заңнамаларын қолдануына 276 (1198, 1172) тексерулер жүргізіп, олардың нəтижесі бойынша 7156 (19574, 27052) заң бұзушылықтар анықталғанын атап өту қажет. Сөйтіп, ашығын айтқанда, прокурорлық ықпал ету шараларымен ғана денсаулығын сақтауға жəне кепiлдi медициналық көмектiң көлемiн тегiн алуға тиіс 6814 (37708, 37844) азаматтың конституциялық құқықтарын қорғауға қол жеткізілген көрінеді. Прокуратура органдарымен анықталған заң бұзушылықтарды жою мақсатында 334 (1063, 1044) ұсыныс енгізіліп, 72 (54, 33) заңсыз акті жойылған. Осылайша еліміздегі денсаулық сақтау ісін айрықша тексеру барысында анықталған кемшіліктерге байланысты, яғни прокурорлық ықпал ету актілерімен 1347 (4316, 3922) лауазымды тұлға түрлі жауапкершіліктерге тартылып, оған қоса, 8 (20, 18) қылмыстық іс қозғалған. Бұл аз ба, көп пе, өзіңіз есептей беріңіз. Бірақ осыншама лауазымды адам жауапкершілікке тартылып, соншама қылмыстық іс қозғалған соң, енді кімнен не қайыр күтеміз? Бұған жауап бола ма, болмай ма? Əлде баяғы жартас – бір жартас дегендей, денсаулық сақтау кемесі жартасқа соғылған күйі тұра бере ме?

ШАРАЙНА

Əлем жаѕалыќтары

Обама мен Меркель татуласќандай АҚШ президенті Барак Обама неміс канцлері Ангела Меркельмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл екіжақты қарым-қатынасқа сызат түсірген шпиондық жанжал басталғаннан бергі екі саясаткердің арасындағы алғашқы байланыс болып отыр. Обама Меркельге америкалық жəне неміс барлауындағы ынтымақтастықты тереңдету бойынша жаңа жол іздеу ниеті бар екенін білдірді. Бұдан бөлек, екі мемлекет көшбасшылары Украинадағы жанжал мен Иранның ядролық бағдарламасына қатысты əңгіме өрбітті. Айта кететін болсақ, соңғы кездері Германияда АҚШ-тың арнайы қызметімен ынтымақтастық орнатқан деген екі жансыздың əрекеті əшкерленген еді.

Юнкердіѕ кандидатурасын ќолдады

Еуропарламент Люксембургтің бұрынғы премьерминистрі Жан-Клод Юнкердің кандидатурасын Еурокомиссия басшысы лауазымына қолдау білдірді. Еуродепутаттардың 422-сі оны қолдап дауыс берсе, 250-і қарсылық танытқан, ал 47-сі қалыс қалған. 59 жастағы Юнкер Еуропарламентте дауыс беруден кейін осындай лауазым алған Еурокомиссияның алғашқы басшысы болып табылады. Оның алдындағы кандидатуралардың барлығы ЕО-ға мүше елдер басшыларының саммитінде келісіліп келген еді. Алайда, Юнкерге қатысты консенсусқа қол жеткізу мүмкін болмады: оның тағайындалуына Ұлыбритания мен Венгрия қарсы шықты. Бірақ көпшілік дауыспен ол аталған лауазымға тағайындалатын болды.

Газада тыныштыќ орнар емес Мысырдың бастамашылығымен Израиль үкіметі екіжақты атысты тоқтату ниеті бар екенін білдіргенімен, бұл бастаманы ХАМАС тобының қолдамағаны бұған дейін хабарланған болатын. Сөйтіп, бұрнағы түнде Израиль əскерилері Газадағы жер үсті операцияларын қайта жалғастырды. Осының алдында, яғни 15 шілде күні Газа секторынан жіберілген зымыран жарылуы салдарынан бір израильдік бейбіт тұрғын қаза тапқан-тын. Ол бір аптадан астам уақытқа созылған екіжақты текетірес кезінде Израиль тарапынан көз жұмған алғашқы құрбандық болып табылады. Жалпы, Палестинаның шекарасы 1967 жылғы көлемде қалпына келтірілмей, Палестина жағы күресін тоқтатпайтыны айтпаса да түсінікті. Бірақ əлемдік қоғамдастықтың бұл ұсынысын Израиль əзірше жүре тыңдап келеді.

Қысқа қайырып айтқанда: Бұрнағы күні ертеңгісін болған Мəскеу метросындағы апат салдарынан қаза тапқандар саны 22 адамға жетті. Жараланып, ауруханаға түскендердің 40-ы жансақтау бөлімдерінде жатыр екен. Оқиғаға кінəлі деп табылған екі күдікті ұсталыпты. Осы оқиғаға байланысты Ресей үкіметінің шешімімен 16 шілде қаралы күн деп жарияланды. Филиппинде жылдамдығы сағатына 185 шақырымға жеткен қатты дауыл соқты. Ол ағаштарды түп-тамырымен құлатып, электр желілерін істен шығарды. Табиғат апатының салдары да айтарлықтай ауыр – алдын ала дерек бойынша 10 адам қаза тапты делініп отыр. Ауыл шаруашылығы саласына келген залал есептеліп жатыр. Ресей əскерилері ұшқышсыз ұшатын аппараттарды (ҰҰА) сынақтан өткізуді бастады. Бұл үрдіс Армения аумағындағы Оңтүстік əскери округінің (ОƏО) базасындағы кең ауқымды тактикалық жаттығулар кезінде жүзеге асырылуда. Ресей əскерилері ҰҰА-ны Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы шеңберінде қолдануда.

Барлау орталыєын ґзіне ќайтарады Ресей мен Куба Лурдестегі радиоэлектрлік барлау орталығын Ресейдің қолдануына қайтаруға қатысты нақты уағдаластыққа қол жеткізді. Ресей басшылығы одан 2001 жылы бас тартқан болатын. Себеп орталықты ұстап тұруға қаржының жоқтығы жəне АҚШ-пен арадағы қарым-қатынасты жақсартуға деген ұмтылыс болатын. Аталған орталық АҚШ жағалауларынан бар-жоғы 250 шақырым қашықтықта орналасқан жəне бұл елдің үлкен аумағындағы радио жəне телефон байланысын бақылауда ұстауға мүмкіндік береді. Лурдесті Ресейге қайтару туралы келіссөздер бірнеше жылға созылды жəне Ресей үшін табысты аяқталды. 1990-жылдары, яғни Кеңес Одағы кезінде онда 3 мыңға дейін маман орналасқан екен. Ресей оны қысқартып, орталықта 1,5 мың маман ұстамақ.

МЌК ќызметініѕ салдары ќандай? Латвияның үкіметтік комиссиясы КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі салдарынан келген залалды есептеп шығармақ. Комиссияның алғашқы отырысы бұрнағы күні өтсе, оған Ұлттық тарихи мұрағаттың, Латвия университеті тарих жəне философия факультетінің, Тарих жəне отарлау мұражайы институтының мамандары қатысқан. Комиссия құрамында барлығы 20 адам жұмыс істейтін болады. 2014 жылдың мамырында Латвия парламенті тарихшылар МҚК-нің қызметіне ғылыми бағам беруі тиіс қаулы қабылдаған екен. Сөйтіп, КСРО-ның арнайы қызметтері Латвияға қаншалықты зардап əкелгені есептеп шығарылмақ. Осы көктемде МҚК мұрағаттарының құпиялық мерзімі аяқталыпты. Енді барлық құжаттар ашық түрде жариялана алады. Комиссия жұмысын 2018 жылдың 17 маусымында аяқтауы тиіс.

Ќайта ќарау керек дейді Мемлекеттік думаға Ресей либерал-демократиялық партиясынан депутат Михаил Дегтярев жаңа заң жобасын дайындапты. Ол бойынша Ресейдің ресми туы қайтадан империялық ту, яғни қара-сары-ақ түсті штандарт болуы шарт. Аталған саясаткер-сымақтың пікірінше, Қырымның Ресейге қосылуы, Кеден одағының құрылуы жəне елде патриотизмнің өсуі Ресей империясының даңқты өткенін қаперге салатын мемлекеттік нышандарда көрініс табуы тиіс. Бүйректен сирақ шығармаса жүре алмайтын РЛД партиясының өкілі Ресейдің империялық туының құрамына Қырым түбегі мен Шығыс Пруссия аумағы, Аляска, Кавказ, Польша, Балтық жағалауы Финляндия кіруі керек деп есептейді. Интернет материалдары негізінде əзірленді.


www.egemen.kz

17 шілде 2014 жыл

5

Єасырдан да ўзаќ еѕбек Осыдан 110 жыл бўрын бірінші ірі транзиттік теміржол телімі біздіѕ елдіѕ аумаєында пайдалануєа беріліп, Ќазаќ еліндегі теміржол тарихы бастау алды. Содан бері жылдан жылєа, шаќырымнан шаќырымєа, тоннадан тоннаєа жеткізіп, тасымалданєан жїктерімен бел асќан шойын жол ґз ќызметін адал атќарып келеді. Елбасы Нўрсўлтан Назарбаев айтќандай, теміржол ел экономикасыныѕ «кїретамыры».

Ұзындығы 1668 шақырымды құрайтын Орынбор–Ташкент шойын жол алыбы 1906 жылы ғаламат ара қашықтықты құрайтын еуропалық Ресей мен Орталық Азияны жалғап жатты. Сөйтіп, ол өзі өткен өңірлерге керемет даму серпінін беріп, Қазақ даласына түпкілікті өзгеріс əкелді. Алып теміржол магистралі пайдалануға берілген соң халқымыздың тұрмыс салты, менталитеті, сондай-ақ, экономикалық өсімі түбегейлі өзгерді деуге негіз бар. Былай қарағанда, отарбаның алғашқы ащы дауысы шыққаннан-ақ қазақ даласында өндіріс ошақтары құрыла бастады. Үлкен экспорттық мүмкіндіктер мен аграрлық сала дамып, жер игерілді. Ұлттық білімді инженер мамандардың буыны қалыптасты. Бұлармен қоса, Қазақ елінің Еуропа мен Азия елдерінің көпшілігімен гуманитарлық байланысы орнады.

Өткен 110 жылда болат жол еңбеккерлерінің алтын қолымен, қарымды қабілетімен көп жұмыс атқарылды. Демек, бүгін де, ертең де Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Ешқандай көлік түрі бұған дейін де, таяу болашақта да Қазақстан үшін теміржолдай маңызды бола алмайды», деген сөзі өз мəнін жоймайды.

Қазақ елі тəуелсіздік алғалы бері теміржол көлігі мемлекет экономикасының драйверіне айналды. Соңғы 5 жылда «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ индустрияландыру бойынша көшбасшы болып, Қазақстанда 4 бірдей замана талабына сай ірі зауыттарды іске қосты. Олар – вагон жасау, локомотив құрастыру, рельс шығаратын кəсіпорындар. Бұлармен қатар, салаға қатысы бар ондаған цехтарды жаңғыртып іске қосты. Оның ішінде вагон құятын жəне қосалқы бөлшектер жасайтын өндіріс ошақтары бар. Ұлттық компания транзиттік мүмкіндіктерді кеңейте отырып, соңғы 5 жылда стратегиялық маңызы өте жоғары төрт бірдей теміржол желісін тартты. Олардың жалпы ұзындығы 1641 шақырымға жетіп жатыр. Жетіген–Алтынкөл жолы Қазақстан мен Қытай арасындағы екінші байланыс теміржолы болса да, таяу жылдары пойыз өткізу тұрғысында Достық–Алашаңқай деңгейіне жетеді деген сенім бар.

Өткен ғасырдың алғашқы жартысында Қазақ теміржолының технологиясы, стансалары мен əрбір телімі үнемі даму үстінде болды. 1913-1917 жылдары Челябі–Троицк– Қостанай теміржолдары салынды. Алтай мен Семейді жалғаған теміржол желісі де 1913 жылы тартылды. Ал 1922 жылы Петропавл–Көкшетау теміржолы төселіп, кейіннен ол Ақмола мен Павлодар–Құландыға дейін ұзартылды. Осы арада 1926-1930 жылдары құрылысы жүргізілген атақты Түрксіб теміржолын назардан тыс қалдыруға болмайды. Оның жалпы ұзындығы 1500 шақырымға созылып жатса, кірме жолдарын қоса есептегенде 2000 шақырымнан асып жығылатын.

Біздің елдегі теміржолдың 110 жылдық тарихында көптеген оқиғалар орын алды. Теміржол рельстерімен 1930-жылдары Кеңес Одағының индустрияландыруы өтсе, бүгінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамашылығымен заманға сай жаңа үдемелі индустрияландыру шарасы жүріп жатыр. Біздің халық шойын жолмен Ұлы Отан соғысында жеңіске қол жеткізді. Себебі, сол жылдары теміржол тамырларымен Қазақ елінің азық-түлігі соғыс даласына қарай ағылып жатты. Еліміздегі ірі өндіріс орындарын теміржолымыз бейне-бір қуатты қолдарымен тұтынушылармен тығыз байланыстырды.

Ал, Өзен – Түркіменстанмен мемлекеттік шекара теміржол желісі Қазақстан арқылы Парсы шығанағына шығатын халықаралық тамаша үйлесім тапқан жол болып отыр. Таяу уақытта Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда облыстарының тұрғындар сирек қоныстанған аудандары арқылы өтетін Жезқазған–Сексеуіл жəне Арқалық–Шұбаркөл теміржол желілері іске қосылып, пайдалануға беріледі. Олар төтелей тартып, шығыс пен батысты жалғайды. Сөйтіп, оңтүстік пен солтүстік өңірлердің дамуына серпін береді. Сондай-ақ, Қазақ елінің транзиттік əлеуетін одан сайын күшейте түседі. Себебі, ол жолдар Азия-Еуропа аралығындағы еліміз арқылы өтетін жолдарды мың шақырымға дейін қысқартады. «ҚТЖ» ҰК» АҚ экономикалық бағытты алға жылжытушы локомотив ретінде көліктік-логистиканы басқаруына алып, болашаққа сүйреп келеді. Бүгінде бұл компанияның басқаруына еліміздің 11 əуе айлағы, су нысандары мен автокөлік кешендері беріліп, логистикалық тізбек құру ісі жүзеге асырылып жатыр. Қытай елінің Ляньюньган портында көліктік-логистикалық терминал салынуда. Сөйтіп, көрші елдің солтүстігі мен орталығындағы өңірлермен тығыз байланыс, əріптестік орнатылуда. Аталған аймақтар жөнелтер жүгінің айтарлықтай бөлігін Қазақстан тарабына бұрмақ. Сондай-ақ, ел ішінде жəне шетелде көліктік-логистикалық орталықтардың желілері құрылуда. Бүгінде Алматы облысының Қытаймен шекарасында «құрғақ порт» құрылысы жүргізіліп жатыр. Жолаушылар тасымалдау ісі де назардан тыс қалмауда. Оның айқын көрінісі өткен жылы теміржолдың қызметін 20 млн. адам пайдаланыпты. Отандық «Тұлпар-Тальго» зауытының вагондары негізінде жаңа бағыттар жасақталып, соның арқасында «ҚТЖ» ҰК» АҚ жоғары жылдамдықты жолаушылар бағдарламасын жүзеге асырып жатыр. Бұрнағы жылы «Алматы–Петропавл» пойызы оңтүстік пен солтүстікті жалғаса, былтыр оның қатарын «Астана– Атырау», «Алматы–Атырау» пойыздары толықтырды. Ал, биыл тағы 5 пойыз жолға шығады. Олар, Астана–Қызылорда, Алматы– Ақтөбе, Астана–Өскемен, Алматы–Өскемен, Алматы–Атырау бағыттарындағы жүрдек пойыздар болмақ. Бетті əзірлеген Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».


6

www.egemen.kz

17 шілде 2014 жыл

 Руханият

 Есімі елдің есінде

Аќ жауын аќын Өз ұлын, өз ерлерін ескермесе, Ел тегі қайдан алсын кемеңгерді.

І.ЖАНСҮГІРОВ.

Өнер адамдарының өмірбаяны көбіне-көп бір-біріне ұқсастау болып өріледі. Қиындықтың қаншама қиясынан өткен, тағдыр тауқыметін бір кісідей тартқан Əбілда Аймақ ағамыздың өмірдерегіне көз салып отырсаңыз, сыздаған барлық жараның ауызында жүрген ақын ғұмырының соншама келте келетінін ұққандай боласыз. Дүниеде бүтін адамдар қақ жарылып, өнерде бір бөлек, өмірде мүлдем басқаша көріне беретіні бар ғой. Жұрт алдында мақалдатып насихат айтқансып, ұлы мұраттар туралы шешіліп сөйлейтіндердің тіршіліктегі тірліктерінен тұздың дəмі шығып тұрады. Бас пайдасы үшін ешқандай да жасандылықтан тайынбайды. Ал халықаралық Физули атындағы əдеби сыйлықтың, «Құрмет» орденінің иесі Əбділда ағамыз кейбіреулер сияқты асып-таспады. Өзінің қоңыртөбел тіршілігімен-ақ қарапайым өмір кешті. Қазақстан Жазушылар одағы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының төрағасы қызметін атқарып жүрген ағаның астамшылығын көрмеппіз. Сондықтан ба екен, көзге көріне бермейтін, іштей айқын сезіліп тұратын бір рухани байланыс бізді табыстырған еді. Сол таныстық уақыт өте келе достыққа, сыйластыққа ұласты. Əбекеңнің баладай пəк көңілді, ақ сөйлеп, адал күлетіні, шындықты ғана жақтап жүретіні, сыйластықтың сырын терең білетіні бəрімізді де қайран қалдырушы еді. Ол адалдықтың ақ жолынан айнымаған адам. Өлеңдері көктемнің ақ жауыны секілді құйылып тұратын. Өмірден де ақ жауын секілді берерін сарқып төкті. Шалқар шабытты шайырымызды жоғалтып аламыз деп кім ойлаған? Мен Əбілда ағаны республика бойынша тұңғыш рет жарыққа шыққан тəуелсіз «Жібек жолы» журналында қызмет істеп жүрген кезінен білемін. Осы басылымда ақынның өлеңдер топтамасы жарияланып тұрды. Мен сонда ол дүниелерді оқып: «Шіркін-ай, мен де осындай өлеңдер жаза алсам ғой», деп армандадым. Оның отты жырлары бізге жігер берді. Өз өлеңдерінде дəуір келбетін

кес кіндей білді. Ұлттық рухты жанитын туындылары ғажап-ты. Бірде ақынды көрмек, таныспақ болып редакцияға арнайы іздеп бардым. Орта бойлы, қағылез келген қырықтың қырқасындағы қарапайым жан екен. Мені жатсынған жоқ, бұрыннан таныс жандай еркін əңгімелесті. Осы қарапайымдылығынан ғұмыр бойы арылмады. Қуанышымыз ортақ еді. Мəселен, өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары «Аққұс» атты республикалық əдеби бəйге жарияланды. Бұл жарыста Əбілда Аймақтың аты дара шығып алда келді. Жүлделі оралған ағаны «Жібек жолы» журналына іздеп барып құттықтадым. Ақынның жүзінде ерекше бір толқу бар еді. Кəдімгідей қуанып жүрді. Ақындықтың асау арнасына ауылдан келіп қосылған оған бұл жүлде үлкен шабыт сыйлады. Міне, осыдан кейін оның өлеңдері республикалық газет-журналдарда жиі-жиі жарық көретін болды. Əбілда Аймақтың саф алтындай сыңғырлаған, жақұттай жалтылдаған жырларын жастар сүйіп оқыды. Ол қазақ поэзиясында өз өрнегімен əдебиет көгінен орын алған арқалы ақындардың бірі еді. «Өлең маған ғашық-ау, мен өлеңге, Ұқсаймыз ба Қыз Жібек, Төлегенге... Айнымайтын Отаным, бала-шағам, Шаңырағым да жыр менің керегем де», – деп өзін өлеңімен бөле жармайтын ақын бейнесін өз шығармаларынан табатынбыз. Жиырма жыл. Бұл айтқанға ғана оңай болуы бек мүмкін. Əбекең Қазақстан Жазушылар одағы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалын осынша жыл ақысыз-пұлсыз қоғамдық негізде басқарды. Ол, сондай-ақ, Қазақстан Жазушылар одағының басқарма мүшесі болатын. Сондықтан оны оңтүстіктіктер «шығармашылық шырақшысы» деп атады. Ол Қазығұрт пен Қаратаудай қасиетті, киелі мекендердің ортасындағы тұнық бұлақты тел еміп өсті. Тəкен Əлімқұлов, Асқар Сүлейменов, Тоқаш Бердияров, Төлеген Айбергенов шығармаларымен сусындады. Оларды өзіне ұстаз тұтты. Ақын, жазушы деген халық

теңіз толқындарындай буырқанып жатады. Осындай жандарды басқару үшін де мінез керек. Əбекең өзінің төзімділігімен, қарапайымдылығымен, адалдығымен, иманды серік еткен ибалылығымен облыс ақын-жазушыларының оябын таба білді. Алматы қаласынан кейін республикамызда Оңтүстік Қазақстан облысында ақын, жазушылар көп шоғырланған. Сондықтан осындағы біраз ақын, жазушылардың кітабын шығаруға көмек көрсетті. Оларға қолдау жасап, түрлі əдеби сыйлықтарға ұсынып отырды. Əдебиетке жаңадан келген жас таланттарға жылы сөзін аямады. Жамбыл облысы Шу ауданында Төле би бабамыздың 350 жылдығы аталып өтілді. Міне, осы іссапарда Əбекеңмен тұңғыш рет сапарлас болдым. Соның алдында ғана аталмыш ауданның 77 қариясын Ташкент қаласына апарып қайтқан едім. Сонда Төле бидің Ташкенттегі қабірі басына барып құран оқыттық. Бұл сол сапардың жалғасы іспетті болды. Жамбыл облысында бабаның кіндік қаны тамған Жайсанда болудың сəті түсті. Əбілда ағамен шешіліп, емен-жарқын сөйлесудің реті осылай келді. Ол кісі жол-жөнекей Төлеби туралы талай əңгіме шертті. Əңгіме ауаны əртарапқа ауысып, əлем əдебиеті жөнінде сөз өрбіді. Ол түркітілдес халықтардың əдебиетін бір қыдыру жақсы біледі екен. Физули атындағы сыйлықты аларда Ыстамбұлда болғанын, сол ел əдебиеті туралы қызғылықты əңгіме шертті. Жалпы, Əбілда аға түркітілдес халықтардан түрік, қырғыз, өзбек ақындарының

өлеңдерін қазақшаға аударып, газет-журналдарға көп жариялады. Ол тынымсыз ізденісте жүретін. Тіпті, ұзақ жолға шыққанда ұшақта да, пойызда да кітап оқып немесе əлденелерді жазып отыратын. Былтырғы қоңыр күзде Шығыс Қазақстан облысына жасаған сапарымызда делегация құрамында Əбекең де бар-ды. Сонда Оралхан Бөкейдің кіндік қаны тамған Шыңғыстай ауылында, оқыған мектебінде, мұражайында болдық. Көп əсер алып қайттық. ХХ ғасырдағы қазақ əдебиетінің ең сүйікті де, сүлей суреткерлерінің бірі Орекеңнің 70 жылдығына орай «Айғақ» республикалық апталық газеті талантты жазушы туралы жазылған əртүрлі жанрдағы материалдарға бəйге жариялады. Қазылар алқасы Əбілда Аймақтың «Қобыз жыры немесе Кербұғы күйі» атты жыр топтамасын бірінші орынға лайық деп тапты. Жеңімпазға темір тұлпар мінгіздік. Жүлдені Қазақстан Жазушылар одағы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы, облыстық «Дидар» газетінің бас редакторы болған, Оралханның досы Жұмаділ Əділбаев табыстады. Қуаныш үстінде Əбілда ақын Оралхан Бөкеймен алғаш қалай кездескенін əсерлі айтып берді.

Шабаќтан – алып балыќќа, жобадан – алып ќуатќа

Каспий теңізінің жағасында орналасқанмен, бағалы балық – бекіренің еті мен сорпасына түсінде тамсанатын маңғыстаулықтардың қажетін жаңа кəсіпорын қанағаттандырмақ. Ақтаумен іргелес Ақшұқыр ауылында «БекіреАралды» деп аталатын кəсіпорын іске қосылды. Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Бекіре балығын өсіру мен айналысатын ферма – еліміздің үдемелі

индустриялық-инновациялық бағдарламасының жемісі. Мемлекеттің қолдауына сеніп-сүйенген жеке кəсіпкер Тұрсынгүл Жақыпова жеңілдетілген несие алып, түбекте тұңғыш бекіре өсіретін

кəсіпорын ашуға бел буыпты. Жоба біраз пысықталып, құрылыс жұмыстары 4 жыл бойы жүрген, алдын ала мамандары оқып, тəжірибеден өткен кəсіпорында Ресейдегі жəне Атыраудағы бекіре зауыттарынан əкелінген 3,5 мыңдай шабақтар арнайы жа салғ ан акв ари умдарғ а жіберілді. Шабақтардың ең кішісінің салмағы 5 грамды құрайды. Күніне таңғы сағат 6-дан бастап түнгі 12-ге дейін балықтардың көлеміне қарай лайықты шамада 10 рет тамақтандырылатын кəсіпорындағы күтім мен бап келіссе шабақтар енді екі жылдан кейін салмағы 3 кило болатын ірі балыққа айналады. Баптың келісіп, бүгінгі шабақтардың ертең-ақ ірі балыққа айналатындығына кəсіпорынның озық үлгідегі құралдармен жабдықталуы сендірсе, лайықты күтімнің болуына балықтарды жемдеп, баптап-өсіру жай-жапсарын іргелі кəсіпорындарға барып арнайы оқып келген мамандар жауапкершілігі үміттендіреді. Жаңа фермада 25 ауыл тұрғыны жұмысқа тартылған. Өңірдегі балық шаруа шылығын да мытуға жасалған алғашқы қадамға арнайы келісім-шарт негізінде ресейлік жəне отандық ғалымдар көмек пен кеңес беруде. «Жол картасы» бағдарламасы аясында инженерлік инфрақұрылымын жүргізіп, газ бен ток тартуға, сондай-ақ жол мəселесін шешуге мемлекет тарапынан көмектер берілген. Құны 582 миллион теңге тұратын жоба қуатына енген соң, жылына

60 тоннадай балық еті мен 8 тонна қара уылдырық береді деп көзделуде. Мамандардың айтуынша, бір килолық балықтар бір жылдан соң, ал уақ шабақтар екі жылдан кейін өнім бере бастайды. Ал, қара уылдырық 4 жылдан кейін алынады. Су жануарын қолда өсіру оңай емес, алайда іс аяқтан тұрып жатса, бекіре тұқымдас балықтың бірнеше түрін өсіру, сол арқылы өнім көлемін арттырып, отандық өнімді ішкі нарыққа шығарып қана қоймай, Еуразиялық экономикалық одақ аясында өзге елдерге сату жоспарланған. – Елбасының бастамасымен қолға алынған үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы үлкен шаруаларға қозғау салып, тың жобалардың тұсауын кесті. Елімізде қаншама жаңа кəсіпорындар іске қосылып, отандық өнім өндіруге өз үлестерін қосуда. Қазір еңбек етемін, өз кəсібімді жүргіземін деген талап иелеріне жол ашық. Мемлекет тарапынан жүйелі жұмыс бағдарламалары жиі ұсынылып, көмектер берілуде. Мен осы мүмкіндікті пайдаланушылардың бірімін, – дейді кəсіпорын басшысы Т.Жақыпова. Толық қуатында жұмыс істеуге сақадай сай тұрған кəсіпорынның өнім деріне дүкендер мен мейрамханалардан сұраныс қазірден бастап түсуде. Демек, шабақтар алып балыққа айналып, жоба алып қуатқа енетін күн алыс емес. Маңғыстау облысы.

Осы кездесу туралы арнау жазды. Өлеңдерін оқыды. Əлем əдебиеті классиктерінің бірі – Шыңғыс Айтматовтың туғанына 85 жыл толуына орай Бішкек сапарының əсері ұмытылар ма? Ұлы жазушы мəңгі тыным тап қан мекені – Атабейітте болуы мыз, Бішкектегі Мұхтар Əуезов, Шыңғыс Айтматов, Манас ескерткіштеріне гүл қою, мемлекеттік мұражай экспонаттарымен танысу бізді үлкен əсерге бөледі. Кейіннен жазушының туған ауылы Шекерге де арнайы барып қайттық. Міне, сонда Əбілда аға «Шыңғыс шыңы» атты өлеңін демде-ақ жазып тастады. Сол жолы да ақынның көп білетініне, көп оқитынына көзіміз жетті. Манасшылардың барлығының аты-жөндерін жатқа айтты. Осы бір ұлы эпос туралы ой толғады. Шыңғыс шығармаларын түгелдей біледі екен. Ал Астанада өткен ХІІ Еуразиялық Медиафорумда Əбекеңді журналистік қырынан таныдық. Ол қай сапардан оралмасын жолжазба, очерктерді мөлдіретіп жазушы еді. Бір ерекшелігі, қаламгер аға күй таңдамайтын. Əрекетті, əбігерлі Əбілда əдебиеттің төл перзенті болды. Руханият əлеміне құрылысшылықтан келгенімен поэзияда өз кірпішін орнықты да түзу қалап кетті. Оның өткір, өжет өлеңдері туралы қазақ əдебиетінің алыптары Тұманбай Молдағалиев, Фариза Оңғарсынова, Сəкен Иманасов, Есенғали Раушанов, Ұлықбек Есдəулетов, филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметұлы жақсы пікірлер жазды. Бір ғана Фариза Оңғарсынованың: «Əбілда Аймақтың жырлары – классикалық өлеңдер. Мен оның өлеңдерін оқып шықтым. Бір өлеңінде: «Түк таппай пенделердің сенімінен, Анда-санда байларға еріп үрем», – дейді. Бұлай деп қазақта Əбілдадан басқа əлі ешкім де айтқан жоқ», деп жазуының өзі неге тұрады? Өршіл өмір өз дегенін жасайды. Тағдырдың жазмышынан қай адам да қашып құтыла алмайды. Ұлы Жаратушы да жаны сұлу адамдарға сұлу өлім сыйлайдыау, шамасы. Ол Оралхан ағасына еліктеп еді. Сол ағасы сияқты Əбекең де ұйқысынан оянбай қалды. Өмір-ай десеңші... Əбілда ағам əр келген сайын маған: «Дулат, бауырым, сен туралы мықты бір мақала жазамын», дейтін. Өкініштісі сол, өзек өртеніп, ол туралы естелікті мен жазып отырмын... Дулат ƏБІШ, Қазақстанның құрметті журналисі, Оңтүстік Қазақстан облыстық мəслихатының депутаты.

ШЫМКЕНТ.

Мўражай саќшылар ќызметін дəріптейді Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан».

Арқалық қаласының полицейлері милиция даңқы мұражайын ашты. Тəртіп сақшыларының ерлік ісін паш ететін бұл облыстағы алғашқы мұражай емес. Облыстық ішкі істер департаменті жəне Жітіқара қалалық-аудандық ішкі істер бөліміндегі осындай мұражайлардан да сақшылардың ауыр да жауапты қызметімен, қылмыскерлерді ұстау кезіндегі ерлік істерімен танысуға болады. Мұражайды жабдықтауға, экспонат жинауға Арқалық қаласындағы полиция ардагерлері атсалысты. Оған жүзден аса құнды жəдігерлер қо йылды. Торғай облыстық ішкі істер басқармасының бастығы, осы өңірден шыққан алғашқы генералдың бірі Амангелді Жармағанбетовтің оқалы киімі мен мемлекеттік наградаларын, Ұлы Отан соғысына қатысқан милиция қызметкерлерінің өмірбаяндарын, жеке заттарын көруге болады. Сондай милиция ардагерінің бірі Федор Романенко əлі күнге дейін жас п о л и ц и я қ ыз мет к ер л ер ін е ұ с т а з дық етіп келеді. Жергілікті мем лекеттік автоинспекцияда қызмет еткен, Торғай облысындағы алғашқы полковник Алдаберген Ибрагимовтің милиция таяғын келушілер, оның замандас тары қызықтады. Сонымен қатар, Арқалық қаласындағы полицейлердің үздік қызметі үшін алған медальдары, грамоталары, кубоктары жəдігерге айналыпты. Арқалық қалалық ішкі істер басқармасы осы саланың 2014 жыл басынан бергі жұмыстар қорытындысында облыс бойынша үздік атанып отыр. Қалалық полицейлер тек тыныштықты қорғап қана қоймайды, олар спортқа, кəсіби біліктілігін көтеруге де уақыт табады. Милиция даңқы мұражайының ашылуы салтанатына тек Арқалық қана емес, Торғай өңірінен – Жангелдин жəне Амангелді ауданының полицейлері де қатысып, арқалықтық əріптестерін құттықтады. АРҚАЛЫҚ.

Қазіргі заманда интернеттің дəурені жүріп тұр. Жастар кітап оқудан гөрі WhatsApp жəне басқа да əлеуметтік желілерде отырғанды ұнатады. Кітап, газет-журналдарды шұқшия оқып, ізденгеннен гөрі өздеріне керек мағлұматты интернеттен лезде тауып алғанға үйренген. Əйтсе де кітапханаға деген қызығушылығы бар жастар қауымы сол күйі жоғалып кеткен жоқ. Əр заманның өз оқырманы, өз жазушысы бар. Өз замандастарының шығармаларын іздеп жүріп оқитын жастар бар. Біз мұны Ш.Уəлиханов атындағы Жамбыл облыстық əмбебап ғылыми кітапханасының директоры Эльмира АБДИНОВАНЫҢ əңгімесінен байқадық. Жалпы алғанда бұл кітапхананың түп тарихы 1898 жылы Əулиеата қаласында қоғамдық болып ашылған күннен басталады. Сол жылдары кітапханада небəрі 460 дана кітап, 4 газет, 10 журнал болған екен. Бүгінде 230 мыңға жуық кітап қоры бар қара шаңырақта 7 бөлім мен 4 сектор жұмыс істейді.

Бала аптасына бір кітап оќыса... – Қазіргі қоғамда кітап оқуға деген көзқарастың өзгергендігі шындық, – дейді Эльмира Елеусізқызы. – Бұл заман ағымына, яғни əлеуметтік желілердің дамуына жəне де халықтың əлеуметтік жағдайына, тұрмыс-тіршілігіне де байланысты. Оның үстіне экономикалық прогрестің белең алуына байланысты олардың кітап оқуға уақыттарының тапшылығы да бар. Сонымен бірге, ұлттық тəрбиенің жоқтығы, ұлттық құндылыққа баса назар аудармауда жастардың кітап оқуға деген құлшынысын азайтты. Үйде əрбір ата-ана баласының аптасына бір кітап оқуын назарға алса, бұл дегеніміз рухани жаңа бастама, бала тəрбиесінің жаңа бір моделі, ұлттық тəрбиені бойына сіңірген ұрпақтың пайда болуы болар еді. Қазіргі кезде кітаптардың электрондық нұсқалары да жасалған. Сондықтан, уақытты үнемдеген жастар онлайн жүйесінде білім алуда. Сонымен қатар, «Жамбыл облысы: адамдар, оқиғалар, фактілер» жобасы бойынша, 1974 жылдан бүгінгі күнге дейінгі мерзімді басылым беттеріндегі мақалаларды жинау жұмысы жүргізіліп жатыр. «Қасиетін жоймаған құнды кітаптарды сандықтау» жобасы аясында 10 мыңға жуық кітаптың 3265 данасы сандықталды. Облыста ақпараттық технологиямен жабдықталған Т. Рысқұлов ауданындағы Қарақыстақ жəне Талас ауданындағы Ақкөл ауылдық кітапханасы «Үлгілі» кітапханалары болып ашылып, ауыл тұрғындарына заманауи талаптарға сəйкес қызмет көрсетуде. Бізде ауыл кітапханасының материалдық-техникалық базасын нығайтуға көмектесу мақсатында «Ең үздік ауылдық кітапхана» байқауы өтеді. Енді қыркүйек айынан бастап кітапханалық қызмет көрсетудегі ұйымдастыру біліктілігі мен кəсіби деңгейін анықтау мақсатында «Жыл маманы» байқауын өткізуді жоспарлап отырмыз. – Соңғы уақытта оқырман тартып, елді тамсандыратын қандай іс-шаралар өтті? – Жамбыл облысының құрылғанына 75 жыл толуына орай кітапханада ақын Қуандық Шолақ (Т.Рысқұлов), ақынсазгер Қасқырбай Нарбатыр (Байзақ), ақын-сазгер Болатбек Əбішевтермен (Мойынқұм) өткен кездесулерде көптеген жастар өздерінің сүйіп оқитын өлеңдерін көпшілік қауымға тарту етті. Осының өзі жастардың кітапқа деген қызығушылығының арта бастағанын байқатса керек. Алдағы уақытта ақын Ш.Мамасерікова, ақын Б.Төлентаев, жазушы П.Дүйсенбин жəне т.б ақын-жазушылармен кездесу кештері өтеді. Ал жоғары көркемдік, образдық, жарқын суреттер арқылы оқу мен кітапты, кітапхананы əйгілеу, оқитын адамның образы арқылы көпшіліктің оқу мəдениетін көтеру, рухани байыту, жастардың шығармашылық белсенділігін қолдау жəне ынталандыру мақсатында «Оқитын қала» фотобайқауы ұйымдастырылды. Егер адам кітапқа қарай жүргісі келмесе, онда кітаптың өзін адамға қарай жүргізіп, оны оқырман орбитасында шыр айналдырып, жастардың кітапқа деген ықыласын оятып, рухани мəдениетін көтеру мақсатында «Жас Отан» жастар ұйымымен бірлесе отырып Жастар күніне орай «Кел, жастар, оқылық» атты акциясы өтті. – Кітап қоры толығып жатыр ма? Бұл бағытта қандай жұмыстар атқарылуда? – Кітапхананың кітап қоры облыстық бюджеттен, Қазақстан

Республикасының «Мəдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы мен мемлекеттік тапсырыстан жəне басқа да түсу көздерінен 2014 жылдың І жарты жылдығы бойынша 1472 дана, оның ішінде қазақ тілінде 1063 данаға толығып отыр. Кітап қорын толықтырудың басқа да ықтимал жолдары қарастырылуда. Бұл ретте тұрғындардың жеке кітапханаларында сақталған сирек кітаптарды анықтап, оларды халық игілігіне айналдыру, кітап ескерткіштерінің кітапханалық коллекцияларын жинау, есепке алу, сақтау жəне пайдалану жұмыстарын да үйлестірудеміз. Бұл іске жоғары оқу орындарының ғылыми жəне өндірістік-техникалық əлеуетін, қоғамдық ұйымдарды, жеке тұлғаларды да көптеп тарта отырып, кітапты, кітапхананы танымал ету мақсатында «Бұл – халық игілігі!» қайырымдылық акциясын өткіздік. Аталған шара оң нəтижесін беріп те жатыр. Қазірдің өзінде кітапханалар қорларына 300-ден астам кітап тапсырылды. Бүгінгі таңдағы қоғамдық өзгерістер, қоғамның өркениеттік деңгейге көтерілуі, ашық ақпараттық кеңістікке өтуі кітапханалардың жаңа бағытта жұмыс істеуін талап етеді. Осы ған бағытталған кітапхана оқырмандарына электронды əдебиеттерді интернет арқылы өз сай тынан оқу мүмкіндігін ұсынуда. – Мемлекет тарапынан кітапханаларға деген қамқорлық, демеу қаншалықты? Қандай жетістіктерге қол жеткіздіңіздер? – 2010 жыл кітапхана өміріндегі елеулі жыл болды. Кітапханаға «Жол картасы» бағдарламасы негізінде 110 млн. теңгеге күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді. Кітапхана дизайны жаңартылып, заман талабына сай жаңа жиһаз бен компьютерлер жиынтығы алынды. Кітапханадағы «Американдық бұрыш» АҚШ елшілігімен бірлесіп жемісті жұмыс жасауда. 2012 жылы ашылған бұл бұрыш түрлі жиындар ұйымдастырып, тіл үйренушілерге тегін қызмет көрсетеді. Кітапханада 23 дана компьютермен жабдықталған екі электронды зал пайдаланушыларға қызмет көрсетеді. 2013 жылы тұңғыш Тараз қаласы «Кітапханалар Астанасы» болып танылып, Ш.Уəлиханов атындағы облыстық əмбебап ғылыми кітапханасында «Жаңа қоғамдағы кітапханалық инновациялар» тақырыбында республикалық конференция өтті. Сонымен қатар, кітапханада Түрік ақпараттық орталығы салтанатты түрде ашылды. Əңгімелескен Оралхан ДƏУІТ, «Егемен Қазақстан».

Жамбыл облысы.


www.egemen.kz

17 шілде 2014 жыл

 Замандас

Семейдіѕ серісі Семей өңірін əн мен күйге бөлеп жүрген Оразғали деген сері бар. Сері болғанда сұңғыла сазды əнші, бармағынан бал тамған күйші, қобызшы, дирижер, оркестр ұйымдастырушысы, композитор, педагог, тағысын тағы. Ол меңгерген өнер түрлері осылайша тізбектеле береді. «Сегіз қырлы, бір сырлы» десе дегендей. Қолымызға қалам алып жазуға себепкер болған да оның осындай сан түрлі өнер қырларын əңгімелеу. Қазақтың қара қобызы – қасиетті музыкалық аспап. Оразғали ес білгелі əкесі Жүнісбек ұстаған қобыз үніне тебірене, тербеле, құлақтана жүріп есейе келе үйренуге талпыныпты. 1965 жылы Қарқаралыдан Қарағандыға келіп, Тəттімбет атындағы музыкалық училищеге оқуға қабылданып, қобызшы Сайлау Нокиннен білім алады. Ол кездері Қарағандыда əйгілі Əміремен үзеңгілес, көзі тірі əнші Қали Байжанов, Жаңыл Қартабаева, Қазақстанның халық əртісі Жəмила Шашкина, жазушы Жайық Бектұров, күй орындаушы Тұңғышбай Игенбеков, сондай-ақ, əлем жұртына танымал ғалым Ебіней Бөкетов тəрізді қалыптасқан зиялы орта болған. Оразғали қолындағы қобызын ойнатып солардың көзіне түседі. Үлкендерден бата алып қобызшы жігіт атанады. Оразғали музыкалық училищені бітірген соң Қарқаралы мен Қарағандыда өткен бозбалалық шағын артта қалдырып 1969 жылы Алматыдағы Құрманғазы атындағы консерваторияға оқуға түсіп, жоғары музыкалық білім алуға талпынады. Білім ордасын бітірген соң Семей қаласының дəм-тұзы бұйырады. Ондағы Мұқан Төлебаев атындағы музыка училищесінде тапжылмастан 27 жыл бойы ұстаздық етті. Одан соң педагогикалық институтта студент жастарды өнерге тəрбиеледі. Институт профессоры атанды. Біраз жылдар Əміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармонияның директоры қызметін де атқарды. «Қазына» ансамблін ұйымдастырды. Бүгінгі күндері ол филармония жанындағы «Бибігүл» халық аспаптары оркестрінде он жылдан астам уақыт бойы бас дирижер, 2006 жылы Оразғали басқарған оркестрдің Астана қаласында өткен І халықаралық «Сарыарқа» фестиваліне қатысып жүлде алуы, оркестрдің үлкен жетістігі болды. Оразғали – көптеген шетелдерде де өнер көрсеткен азамат. Ол «Киелі қобыз құдіреті» деген кітап жазды. Онда қобыз жайлы тарих көшіндегі ұмыт қалған беймəлім деректерді ортаға салып, қызықты дəлелдермен айшықтады. Əбу Насыр əл-Фараби, Шоқан Уəлиханов, Əлкей Марғұлан, Ахмет Жұбанов, Болат Сарыбаевтардың қобыз жайлы айтқандарын қорытындылай келе, тың мəліметтер келтірген Оразғалидың бұл кітабы музыка сүйер ортада құнды оқу құралы болып отыр. Оразғали шəкірттерін зерттеушілікпен қатар, шешендік сөзге де, білімдарлыққа да, іскерлікке де баулып келеді. Мұндай қасиет оған консерватория қабырғасында жүргенде Ықылас қобызшыны пір тұтқан ұстазы, қазақтың маңдайалды қобызшысы атанған Дəулет Мықтыбаев пен Фатима Балғаевадан жəне халқымыздың көне музыкалық аспаптарын зерттеу ғылымының негізін салған Болат Сарыбаев ілімінен дарыған. Дəулеттен қылқобыз, Бөкеңнен сыбызғы үйренеді. 1969 жылы Болат Сарыбаев ұйымдастырған қазақтың тұңғыш көне музыкалық аспаптары ансамбліне қатысып білімін шыңдайды. Осылайша, қазақтың түптегі саналатын түркі дүниесінің күмбірлеген көне

күйі оның құлағына студенттік шағынан үйірілген. Консерватория қабырғасында қазақтың кəсіби дəрежесі жоғары дирижері Тұрғыт Османовтан, атақты композитор Латиф Хамидиден үлгіөнеге, білім алады. Есімі Еуропаға танылған əйгілі дирижер Төлепберген Əбдірашевпен қызықты студенттік шақтарын бірге өткізгені, дирижерлік өнерге қатар қанат қаққаны тағы бар. Тегінде Семей жері: Абай, Шəкəрім, Ақтайлақ би, Ақтамберді жырау, Дулат Бабатайұлы, Əріп, Көкбай тəрізді шашасына шаң жұқпаған небір дүлдүл ақындар елі ғой. Бұл елдің қай өнерпазы да бабалар рухымен қанаттанған. Əміре Қашаубаев, Жүсіпбек Елебеков, Мəдениет Ешекеев, Жəнібек Кəрменов, Болат Сыбанов, Келденбай Өлмесеков тəрізді əншілер, Теміржан Базарбаев, Тұрсынғазы Рахимов секілді елге танылған композиторлар осы өңірдің мақтанышы. Бұл орайда композитор Оразғалидың да өз биігі бар. Орекең ес білгелі ыңылды əуенімен, ырғақты əнімен, жан тербетер композитор ретінде де өз жанынан авторлық əн шығарумен айналысып келеді. Ол – қазақтың халық, үрмелі аспаптар оркестріне, сондай-ақ, хор мен жеке аспаптарға арналған бірнеше шығарманың, он күйдің, жүзге тарта əн авторы. Бұған қоса 300-дей шығарманы халық аспаптары оркестріне өңдеп түсірді. Əндері «Қазақстаным менің» жəне «Кел, билейік, сəулешім» атты 2 жинаққа еніп, 2013 жылы «Балабақша əндері» жəне «Мектеп əндері» деген екі хрестоматиялық кітабы жарық көрді. Əйгілі композитор Теміржан Базарбаев: «Оразғали Сейітқазының композиторлығы жайында қорыта келе айтарым, бүгінгі күні ол өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан дарынды сазгер. Сазгер музыкасының ерекшелігі, ұлттық əн нақышының Еуропаның классикалық музыка нақышымен жəне ұлтымыздың аспаптық музыка жанрының ерекшеліктерімен біте қай насуында», деп əділ бағасын берген болатын. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға», деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегі шəкірттерімен де бағаланады. Оразғалидың қолынан қанаттанып, Уфа кон серваториясының сыбызғы класын бітіріп келген шəкірті Тал ғат Мұқышев бұл күндері білім мекемесінде еңбек етеді. К.Жаманшалова, Ж.Жайлаубаева, Н.Бекжанов, Ж.Қожахметова, М.Көш кінбаева, С.Шəріпова, К.Елубаева, Ш.Бошанова тəрізді шəкірттері республика көлеміне танымал. Қадау-қадау еңбектерімен танылған өнер жұлдызы, ұстаз, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Оразғали Сейітқазы бүгіндері ұлын ұяға, қызын қияға қондырған, жеті немере сүйіп отырған өнегелі отбасының отағасы. Бойындағы тұнған өнері мен, қарапайым мінезімен жүрген ортасына қадірлі. Семей өңірінің мақтанышы. «Еңбек ширатады, өмір үйретеді», деп өзі айтқандай, ширатқан еңбектің, үйреткен өмірдің жақсы жемісі, əдемі көрінісі деп білеміз. Жарқын ШƏКƏРІМ.

7

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың сенім білдірілген тұлғасы мына мүліктерге сауда-саттық жариялайды: Лот №1 – жер телімі, жалпы алаңы 140,0000 га (кадастрлық нөмірі 03-046-198-020), орналасқан мекенжайы: Алматы облысы, Іле ауданы, аудандық жерінің қоры. Жер телімінің мақсатты тағайындалуы – тауарлық ауылшаруашылық өнімдеріне іс жүргізу үшін. Бастапқы баға – 303 725 000 (үш жүз үш миллион жеті жүз жиырма бес мың) теңге. Лот №2 – жер телімі, жалпы алаңы 67,0000 га (кадастрлық нөмірі 03-046-220-324), орналасқан мекенжайы: Алматы облысы, Іле ауданы, аудандық жерінің қоры (бұрынғы «Рауан» ӨК). Жер телімінің мақсатты тағайындалуы – тауарлық ауылшаруашылық өнімдеріне іс жүргізу үшін. Бастапқы баға – 164 870 000 (жүз алпыс төрт миллион сегіз жүз жетпіс мың) теңге. Лот №3 – жер телімі, жалпы алаңы 7,4000 га (кадастрлық нөмірі 03-046-220-311), орналасқан мекенжайы: Алматы облысы, Іле ауданы, «Рауан» өндірістік кооперативі. Жер телімінің мақсатты тағайындалуы – шаруа қожалығына іс жүргізу түшін. Бастапқы баға – 21 680 000 теңге (жиырма бір миллион алты жүз сексен мың) теңге. Лот №4 – жер телімі, жалпы алаңы 21,8000 га (кадастрлық нөмірі 03-046-220-350), орналасқан мекенжайы: Алматы облысы, Іле ауданы, «Рауан» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі. Жер телімінің мақсатты тағайындалуы – шаруа қожалығына іс жүргізу түшін. Бастапқы баға – 60 143 000 теңге (алпыс миллион жүз қырық үш мың) теңге. Лот №5 – жер телімі, жалпы алаңы 59,0000 га (кадастрлық нөмірі 03-046-220-361), орналасқан мекенжайы: Алматы облысы, Іле ауданы, Іле аудандық жерінің қоры. Жер телімінің мақсатты тағайындалуы – шаруа қожалығына іс жүргізу түшін. Бастапқы баға – 153 744 000 теңге (жүз елу үш миллион жеті жүз қырық төрт мың) теңге. Лот №6 – жер телімі, жалпы алаңы 28,2800 га (кадастрлық нөмірі 03-046-221-424), орналасқан мекенжайы: Алматы облысы,

Ақтөбе қ., 312-Атқышқар дивизиясы даңғылы, 42«ж» орналасқан «Ақтөбе мұнай жабдықтары зауыты» АҚ Бас директоры күн тəртібімен акционерлердің жылдық жалпы жиналысын шақырады: 1. қоғамның 2013 жылғы қаржылық есептілігі бекітіледі; 2. қоғамның аяқталған қаржы жылы үшін таза кірісін бөлу тəртібі жəне қоғамның бір жай акциясына есептелген дивиденд мөлшері айқындалады. Жиналыс 2014 жылғы 20 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 10.00-де мына мекенжайда өтеді: Ақтөбе қ., 312Атқыштар дивизиясы даңғылы, 42«ж». Жиналым болмаған жағдайда жиналыс 2014 жылғы 21 тамызға сол уақытқа көшіріледі.

Іле ауданы, «Рауан» өндірістік кооперативі. Жер телімінің мақсатты тағайындалуы – шаруа қожалығына іс жүргізу үшін. Бастапқы баға – 77 933 000 теңге (жетпіс жеті миллион тоғыз жүз отыз үш мың) теңге. Лот №7 – жер телімі, жалпы алаңы 4,7300 га (кадастрлық нөмірі 03-046-220-365), орналасқан мекенжайы: Алматы облысы, Іле ауданы, Іле аудандық жерінің қоры. Жер телімінің мақсатты тағайындалуы – шаруа қожалығына іс жүргізу түшін. Бастапқы баға – 13 964 000 теңге (он үш миллион тоғыз жүз алпыс төрт мың) теңге. Сауда-саттық əдісі – ағылшын. Кепілді жарна бастапқы бағаның 10%-ын құрайды. Бастапқы бағаның 10% мөлшеріндегі кепілді жарна «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың сенім білдірілген тұлғасының шотына енгізілуі тиіс, төменде көрсетілген деректемелер бойынша. Сауда-саттыққа қатысу өтінімдеріне қажетті құжаттар тізілімін алу үшін сенім білдірілген өкілге бару керек. Сауда-саттыққа қатысуға өтінімдер Алматы қ., Абай д-лы, 109В, 1004-бөлмеде 2014 жылғы 28 шілдеде сағат 18.00-ге дейін қабылданады. Лоттар бойынша сауда-саттық ағылшын əдісімен 2014 жылғы 29 шілдеде сағат 15.00-де мына мекенжайда болады: Алматы обл., Іле ауд., Өтеген батыр кенті, Абай к-сі, 23а. Сауда-саттық аяқталғаннан кейін түпкілікті баға ұсынған сауда-саттық қатысушысы банктің чек түріндегі немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа қолма-қол ақшаның толық көлемінде сатып алу сомасын бес жұмыс күні ішінде есеп айырысу тəсілімен енгізуі қажет. Сенім білдірілген тұлғаның деректемелері: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың сенім білдірілген тұлғасы Төремұратов Азат Болатұлы, Алматы қ., Абай д-лы, 109В, шот KZ246010011286000043, БИН 940140000385, Кбе 14. Сауда-саттық өткізу мəселесі бойынша анықтама алу телефондары: 8 (727) 330 16 80, 330 17 57.

Генеральный директор АО «Актюбинский завод нефтяного оборудования» расположенного по адресу: г. Актобе, проспект 312 стрелковой дивизии, 42 ж, объявляет о созыве годового общего собрания акционеров с повесткой дня: 1. об утверждении финансовой отчетности общества за 2013 год; 2. об определении порядка распределения чистого дохода общества за истекший финансовой год и размер дивиденда в расчете на одну простую акцию общества. Собрание состоится 20 августа 2014 г. в 10 часов 00 минут местного времени по адресу: г. Актобе, проспект 312 стрелковой дивизии, 42 ж. При отсутствии кворума собрание переносится на тоже время 21 августа 2014 г.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Маңғыстау мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті 2014 жылғы 5 тамызда (Астана уақытымен) сағат 11.00-ден бастап www.gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік Тізілімінің веб-порталында республикалық меншік нысандарын сату бойынша электрондық аукцион өткізу туралы хабарлайды Республикалық меншіктегі нысандарды сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген, Жекешелендіру нысандарын сату қағидасымен жүзеге асырылады. Сауда-саттықтың ағылшын əдісімен электрондық аукционға республикалық меншіктің мына нысандары қойылады: Теңгерім ұстаушысы – «Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы жоғарғы соты аппаратының) Маңғыстау облыстық сотының кеңсесі» ММ. Лот № 1. ГАЗ-3110 101 а/м, м/н R 013 VP, 2003 ж.ш. Нысанның орналасқан жері: Ақтау қ., 3-шағын аудан, 101-ғимарат. Алғашқы бағасы – 265722 теңге. Бастапқы бағасы – 265722 теңге. Кепілді жарна – 39858,30 теңге. Лот № 2. ВАЗ-21060 а/м, м/н R 020 VP, 2003 ж.ш. Нысанның орналасқан жері: Ақтау қ., 3-шағын аудан, 101-ғимарат. Алғашқы бағасы – 211404 теңге. Бастапқы бағасы – 211404 теңге. Кепілді жарна – 31710,60 теңге. Лот № 3. ВАЗ-21060 а/м, м/н R 010 VP, 2003 ж.ш. Нысанның орналасқан жері: Ақтау қ., 3-шағын аудан, 101-ғимарат. Алғашқы бағасы – 211404 теңге. Бастапқы бағасы – 211404 теңге. Кепілді жарна – 31710,60 теңге. Лот № 4. ГАЗ-3110 а/м, м/н R 015 VP, 2003 ж.ш. Нысанның орналасқан жері: Ақтау қ., 3-шағын аудан, 101-ғимарат. Алғашқы бағасы – 265722 теңге. Бастапқы бағасы – 265722 теңге. Кепілді жарна – 39858,30 теңге. Сауда-саттықтың голланд əдісімен электрондық аукционға республикалық меншіктің мына нысандары қойылады: Теңгерім ұстаушысы – «Маңғыстау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы». ММ. Лот № 5. Махамбет-200 жыл катері, тіркеу нөмірі 143041, 2002 ж.ш. Нысанның орналасқан жері: Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қ., Аташ с. Алғашқы бағасы – 5 930 000 теңге. Бастапқы бағасы – 29 650 000 теңге. Кепілді жарна – 889 500 теңге. Теңгерім ұстаушысы – «Маңғыстау облысы бойынша экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы)» ММ. Лот № 6. Газ 322132 а/м, м/н R 739 АҮ, 1998 ж.ш. Нысанның орналасқан жері: Ақтау қ., 23-шағын аудан, 100-ғимарат. Алғашқы бағасы – 291 000 теңге. Бастапқы бағасы – 1 455 000 теңге. Кепілді жарна – 43 650 теңге. Электрондық аукционға қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі жəне электрондық аукцион басталғанға дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады. Кепілді жарнаны өткізу реквизиттері: Маңғыстау мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаментінің депозиттік шоты, ЖСК № KZ980705012170175006 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінде, БСН 120240022666, төлем тағайындау коды 171, Кбе 11, мекеме коды 2170175, БСК KKMFKZ2A, төлем тағайындалуы: аукционға қатысу кепілді жарнасы (кепілді жарна мөлшеріне банк қызметінің төлемі кірмейді). Қатысушыларға кепiлдi жарнаның кез келген санын енгiзуге жол беріледі, бұл ретте бір кепілді жарна қатысушыға ол бойынша сауда-саттыққа қатысу үшін осы кепілді жарнаны енгізген жекешелендіру нысанын сатып алу құқығын береді. Департаменттің депозиттік есеп-шотына кепілді жарналардың уақытылы түсуі мақсатында кепілді жарнаны өтінімді қабылдау аяқталғанға дейін үш күн бұрын төлеу ұсынылады. Аукционға қатысу үшін мыналарды көрсете отырып, Тізілім веб-порталында алдын ала тіркелу қажет: 1) жеке тұлғалар үшін: жеке

сəйкестендіру нөмірін (бұдан əрі – ЖСН), тегін, атын, əкесінің атын (бар болған жағдайда); 2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сəйкестендіру нөмірін (бұдан əрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, əкесінің атын (бар болған жағдайда); 3) кепілді жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп-айырысу шотының деректемелерін; 4) байланыс деректерін (пошталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail); 5) ұлттық куəландырушы орталық берген ЭЦҚ-ның жарамдылығы мерзімін көрсете отырып, Тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет. Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде Тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді. Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ-сы қойылған аукционға қатысуға өтінімді осы Қағидаға қосымшаға сəйкес нысан бойынша Тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет. Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді. Аукцион жекешелендіру нысанының бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады. Аукционға қатысуға өтінім тіркелгеннен кейін Тізілім веб-порталында үш минут ішінде өтінім берілген сату нысаны бойынша кепілді жарнаның түсуі туралы мəліметтердің Тізілім дерекқорында болуы тұрғысынан автоматты түрде тексеру жүргізіледі. Назар аударыңыз! Қатысушының осы Қағиданың 23-1 жəне 23-2-тармақтарында көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондайақ Сатушының шотына сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілді жарнаның аукцион басталғанға дейін жетпіс екі сағат бұрын түспеуі Тізілім веб-порталында өтінімді қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады. Тізілім дерекқорында сатушының шотына кепілді жарнаның түскені туралы мəлімет болған жағдайда, Тізілім веб-порталында өтінімді қабылдау жəне қатысушыны аукционға жіберу жүзеге асырылады. Тізілім дерекқорында сатушының шотына кепілді жарнаның түскені туралы мəлімет болмаған жағдайда, Тізілім вебпорталында қатысушының өтінімі кері қайтарылады. Автоматты түрдегі тексеру нəтижелері бойынша Тізілім веб-порталында қатысушының өтінімінде көрсетілген электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау туралы электрондық хабарлама не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жіберіледі. Аукционға жіберілген қатысушыға Тізілім веб-порталында берілетін аукцион нөмірі бойынша аукцион залына кіруге рұқсат беріледі. Сатушы аукционға қатысудан жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында бас тартқан қатысушының аукцион нөмірін оны өткізгенге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей жояды. Электрондық аукционға қатысушылар электрондық аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде аукцион залына ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып кіреді. Электрондық аукцион жекешелендіру нысанының бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады. Сауда-саттықтың ағылшын əдісі бойынша электрондық аукцион ережесі: 1) егер аукцион залында аукцион басталған сəттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі осы Қағиданың 36-6-тармағына сəйкес белгіленген қадамға жекешелендіру нысанының бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растамайтын болса, онда осы жекешелендіру нысаны бойынша аукцион өткізілмеген болып танылады; 2) егер аукцион залында аукцион басталған сəттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың біреуі осы Қа ғиданың 36-6-тармағына сəйкес

белгіленген қадамға жекешелендіру нысанының бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растайтын болса, онда бастапқы баға белгіленген қадамға артады; 3) егер ағымдағы баға артқаннан кейін жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру нысанының ағымдағы құнын арттыру жолымен жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растамайтын болса, онда жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал осы жекешелендіру нысаны бойынша аукцион өткізілген болып танылады. Жекешелендіру нысаны бойынша саудасаттықтың ағылшын əдісі бойынша аукцион қатысушылардың біреуі ұсынған ең жоғары бағаға дейін жүргізіледі. Жекешелендіру нысанының бастапқы бағасы бағаны арттырудың кемінде екі қадамына өскен жағдайда ғана жекешелендіру нысаны бойынша сауда-саттықтың ағылшын əдісі бойынша аукцион өткізілген болып танылады, бұл ретте бастапқы бағаның екі қадамға өсуін кемінде екі қатысушы жүзеге асырады. Сауда-саттықтың голланд əдісі бойынша электрондық аукцион ережесі: 1) егер аукцион басталған сəттен бастап бес минут ішінде қатысушылардың бірдебіреуі аукционда жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру нысанының бастапқы бағасы осы Қағиданың 36-6-тармағына сəйкес белгіленген қадамға азаяды; 2) егер баға азайғаннан кейін бес минут ішінде қатысушылардың бірдебіреуі жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру нысанының соңғы жарияланған бағасы белгіленген қадаммен азаяды. Жарияланған баға бойынша жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін бірінші болып растаған қатысушы сауда-саттықтың голланд əдісі бойынша аукцион жеңімпазы болып танылады жəне осы жекешелендіру нысаны бойынша аукцион өткізілген болып танылады; 3) егер жекешелендіру нысанының бағасы белгіленген ең төменгі мөлшерге жетсе жəне қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растамаса, онда аукцион өткізілмеген болып танылады. Осы Қағиданың 36-4-тармағының төртінші бөлігінде, 36-5-тармағында, 36-7-тармағының 1) тармақшасында жəне 36-8-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген жағдайларда сатушы Тізілімнің веб-порталынан басып шығарылатын аукционның өткізілмегені туралы актіге қол қояды. Жекешелендіру нысанының бастапқы бағасы бағаны ұлғайтудың кемінде екі қадамына өскен жағдайда ғана жекешелендіру нысаны бойынша саудасаттықтың ағылшын əдісі бойынша электрондық аукцион өткізілген болып танылады, бұл ретте бастапқы бағаның екі қадамға өсуін кемінде екі қатысушы жүзеге асырады. Əрбір сатылған жекешелендіру нысаны бойынша электрондық аукцион нəтижелері электрондық аукцион нəтижелері туралы электронды хаттамамен ресімделеді, оған сатушы жəне жеңімпаз ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, электрондық аукцион аяқталғаннан кейін жиырма төрт сағат ішінде Тізілімнің веб-порталында қол қояды. Электрондық аукцион нəтижелері туралы хаттама электрондық аукцион нəтижелерін жəне жеңімпаз сатушының жекешелендіру нысанын сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттерін белгілейтін құжат болып табылады. Ақтау қаласы, 9-шағын аудан, 23-ғимарат мекенжайында, жеңімпазбен сатып алу-сату шартына электрондық аукцион өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қол қойылады. Бұл ретте, электрондық аукционның жеңімпазы салыстыру үшін түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып, көрсетілген құжаттардың көшірмелерін не болмаса нотариалды куəландырылған көшірмелерін сатушыға ұсынады. Құжаттардың түпнұсқалары салыстырылғаннан кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады. Аукцион өткізу туралы қосымша ақпаратты www.gosreestr.kz сайты жəне мына телефондар арқылы алуға болады: 8(7292) 421657.

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ келесі профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды! I. Жаратылыстану ғылымдары факультеті бойынша: «Математика жəне математиканы оқыту əдістемесі» кафедрасы: профессор-1, қауымдастырылған профессор (доцент)-1; «Физика жəне физиканы оқыту əдістемесі» кафедрасы: аға оқытушы-1, оқытушы-1; «Химия жəне химияны оқыту əдістемесі» кафедрасы: оқытушы-1; «Биология жəне биологияны оқыту əдістемесі» кафедрасы: профессор-1; «Информатика жəне есептеу техникасы» кафедрасы: кафедра меңгерушісі-1, қауымдастырылған профессор (доцент)-5, аға оқытушы-1. II. Филология факультеті бойынша: «Орыс филологиясы» кафедрасы: аға оқытушы-2; «Қазақ филологиясы» кафедрасы: кафедра меңгерушісі-1; «Практикалық шетел тілі» кафедрасы (ағылшын тілінде): кафедра меңгерушісі-1, қауымдастырылған профессор (доцент)-4, оқытушы-1 (ағылшын тілі мамандығы); «Шетел тілдері» кафедрасы: кафедра меңгерушісі-1, қауымдастырылған профессор (доцент)-8 (ағылшын тілі мамандығы), аға оқытушы-1 (қытай тілі мамандығы); III. Тарих-география факультеті бойынша: «Қазақстан тарихы» кафедрасы: кафедра меңгерушісі-1; «География жəне экология» кафедрасы: қауымдастырылған профессор (доцент)-1 (география мамандығы); «Философия жəне əлеуметтік-саяси пəндері» кафедрасы: кафедра меңгерушісі-1; «Дүниежүзі тарихы, экономика жəне құқық» кафедрасы: кафедра меңгерушісі-1, қауымдастырылған профессор (доцент)-5 (1-тарих мамандығы, 2-юрист мамандығы, 2-экономист мамандығы). IV. Шығармашылық мамандықтар факультеті бойынша (қазақ тілінде): «Дене шынықтырудың ілімі мен əдістемесі» кафедрасы: кафедра меңгерушісі-1, қауымдастырылған профессор (доцент)-1, аға оқытушы-3, оқытушы-1; «Дене шынықтыру» кафедрасы: кафедра меңгерушісі-1, қауымдастырылған профессор (доцент)-3; «Алғашқы əскери дайындық» кафедрасы: кафедра меңгерушісі-1, қауымдастырылған профессор (доцент)-2, оқытушы-1; «Музыкалық білім» кафедрасы: кафедра меңгерушісі-1, қауымдастырылған профессор (доцент)-5, ассистент-1; «Бейнелеу өнері жəне сызу » кафедрасы: аға оқытушы-1; «Кəсіптік оқыту» кафедрасы: қауымдастырылған профессор (доцент)-3, аға оқытушы-1; «МТЖ жəне хореография» кафедрасы: кафедра меңгерушісі-1. V. Педагогика факультеті бойынша: «Педагогика жəне бастауыш оқыту əдістемесі» кафедрасы: кафедра меңгерушісі-1, профессор-2; «Мектепке дейінгі оқыту жəне тəрбие» кафедрасы: кафедра меңгерушісі-1, қауымдастырылған профессор (доцент)-2; «Əлеуметтік педагогика жəне өзін-өзі тану» кафедрасы: қауымдастырылған профессор (доцент)-3; «Психология жəне акмеология» кафедрасы: қауымдастырылған профессор (доцент)-4, ассистент-1; «Жалпы педагогика жəне психология» кафедрасы: профессор-3; «Арнайы педагогика» кафедрасы: кафедра меңгерушісі-1, қауымдастырылған профессор (доцент)-3, оқытушы-1. Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды өткізу қажет: Ректордың атына жазылған өтініш, кадрларды есепке алу бойынша жеке парағы, өмірбаян, жоғары білімі мен академиялық жəне ғылыми дəрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттың нотариалды расталған көшірмелері, қайта даярлау жəне біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда), №086 нысанындағы медициналық анықтама; Тиісті қызметтерге қойылатын біліктілік талаптар Кафедра меңгерушісі қызметіне үміткерлердің жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дəрежесі жəне педагогикалық немесе басшылық қызметтерінде еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс. Профессор қызметіне үміткерлердің жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дəрежесі, «профессор» ғылыми атағы жəне ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс. Қауымдастырылған профессор (доцент) қызметіне үміткерлердің жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дəрежесі, ғылыми атағы, ғылымипедагогикалық қызметтегі еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс. Аға оқытушы қызметіне үміткерлердің жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, немесе магистр академиялық дəрежесі, ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі 3 жылдан кем емес, оның ішінде оқытушы қызметінде 1 жылдан кем болмауы немесе мамандығы бойынша іс-тəжірибелік жұмыс өтілі 2 жылдан кем болмауы тиіс. Оқытушы (ассистент) қызметіне үміткерлердің жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, мамандығы бойынша еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы жəне/немесе магистр академиялық дəрежесі болуы тиіс Құжаттар мына мекенжайда қабылданады: Тараз қ., Төле би к-сі, 62-үй, ұйымдастыру-кадрлар жəне құқықтық жұмыстар басқармасы, тел.: 43-29-52. Конкурсқа қажетті құжаттарды тапсыру мерзімі – хабарландыру жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күннен кешіктірілмей берілуі тиіс.

«АК Алтыналмас» АҚ, (Жамбыл обл., Тараз қ., Қазыбек би к-сі, 111, офис 212, БИН 95064000810, Кбе17, ИИК KZ8594806KZT22031329, Алматы қ., «Еуразиялық банк» АҚ №6 филиалы), Aquila Gold B.V.-ны «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-мен ірі келісім жасау жөнінде шешім қабылдайтын жəне қоғамның барлық дауыс беруші акцияларына иелік ететін акционер ретінде қабылдайтыны туралы хабарлайды.

АО «АК Алтыналмас», (Жамбылская обл., г. Тараз, ул. Казыбек би, 111, офис 212, БИН 95064000810, Кбе17, ИИК KZ8594806KZT22031329, в Филиале №6 АО «Евразийский банк» г.Алматы), сообщает о принятии Aquila Gold B.V., акционером, владеющим всеми голосующими акциями общества, решения о заключении крупной сделки с АО «Народный Банк Казахстана».

Калмухаметова Асель Нурмухаметовнаның атына Əл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеті 2001 жылы 28 маусымда берген №0197596, тіркеу нөмірі 1470 жоғары білім алғандығы туралы дипломы жарамсыз деп табылсын.

После смерти Садыковой Мейрамкул Касымалдиевны, умершей 26 июня 2014 года, открылось наследство у нотариуса Дауылбаева Н.Е. Наследникам обратиться по адресу: г. Алматы, мкр. 11, дом 9 А, оф. 35. Тел. 303-13-94.

Егер сіз «Егемен Қазақстан» газетіне жарнама бергіңіз келсе, мына телефондарға хабарласыңыз: Астана тел/факс 37-64-48, 37-60-49. Электронды пошта: egemen_adv@mail.ru. Алматы 273-74-39, ф. 341-08-11. Электронды пошта: gulnurekkz@mail.ru.

«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ұжымы басылымның жанашыры, «Республикалық Нейрохирургия ғылыми орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Жанболат Байжановқа əкесі ҚОҢҚЫШ қарияның қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Қазақ мал шаруашылығы жəне мал азығы өндірісі ғылыми-зерттеу институтының ұжымы Қой шаруашылығы ҒЗИ-дың бас ғылыми қызметкері, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Алтынбек Нартбаевқа ағасы Сапарғали НАРТБАЕВТЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Қазақ мал шаруашылығы жəне мал азығы өндірісі ғылыми-зерттеу институтының ұжымы ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Темірғали Сəдуақасұлы ҚАСЫМОВТЫҢ қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. «Атырау-Ақпарат» ЖШС басшылығы мен ұжымы танымал қоғам қайраткері, «Хабар» телеарнасының жүргізушісі Ирак Қасымұлы Елекеевке ағасы КƏРІМНІҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. «Оңтүстік-Батыс мал жəне өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС ұжымы белгілі ғалым, профессор Алтынбек Нартбаевқа ағасы Сапарғалидың қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.


8

www.egemen.kz

17 шілде 2014 жыл

 Өнер

Стейнвейдіѕ кїйсандыєы Сүлеймен МƏМЕТ,

«Егемен Қазақстан».

Əлемдік бренд саналатын Генри Э.Стейнвейдің күйсандығының тарихына көз жүгіртсең, екі ғасырға таяу уақытты қамтиды. Содан бергі кезең ішінде Гамбург пен Нью-Йоркте шамамен 600 мыңға таяу пианино жасалыпты. Əлемдегі атақты пианистердің 98,9 пайызы концерттік залдарда Генри Э.Стейнвейдің күйсандығын таңдайды

 Достық дəнекері

екен. Бұл аспаптың эстетикалық талғамына сай 125-тен астам өнімі патенттелгенін де еске сала кетсек дейміз. Күйсандықты шығаратын «Steinway&Sons» компаниясының өкілдігі елордада ашылды. Оның ашылу салтанатына Қазақстанның халық əртісі, төрткүл дүниеге танымал Айман Мұсақожаева мен Венгрияның тұңғыш ғарышкері Бертален Фаркаш қатысты. Алғашқы сөзді алған Айман Мұсақожаева: «Астана Опера» театрының жанынан орын

тепкен өкілдіктің ашылуы ел өміріндегі айтулы оқиға екенін жеткізіп, бұл жұмысты іске асырған Т.Битуоваға ілтипат танытты. Əлемнің көптеген елдері осы күйсандықты жоғары бағалайтынын нақты мысалдармен алға тартып, «Бұл брендтің қазақ топырағынан, оның ішінде елордадан орын алуын мен елге деген құрмет деп білемін. Мұндай күйсандық біздің оқу орнында да санаулы. Ендігі жерде осы саз əуенінің сапасын арттыратын күйсандықпен өнерге ұмтылған əр азамат келіп

Ќўрманєазыны кґрген Савичев

 Кино

Есенжол ҚЫСТАУБАЕВ, журналист.

Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан».

Орал шаһарының қақ ортасындағы өзінің атындағы көшеде орналасқан гүлзарда (бұл да өзінің атымен аталады) Никита Савичевке ескерткіш қойылды. Бұл өнер туындысының авторы жергілікті мүсінші Дмитрий Баймұқашев. Оған арналған кеудемүсін халықтар достығының дəнекері, дəстүр сабақтастығының белгісі ретінде ашылды десек, артық болмайды. Оралдықтар төбесіне көтеріп, қаланың қақ ортасына ескерткішін орнатқан Никита Савичев кім еді? Ол осы Оралда 1820 жылы казак офицерінің отбасында дүниеге

Əсіресе, Никита Федоровичтің бір күні қызмет бабында осы күнгі Жаңақаланың Фокейіне бара қалғанын тарихи оқиға демеске амалың жоқ. Сонда өнерде қазақтың асып ту ған асылы Құрманғазыны көріп, танысып, дидарласып, сағат тап отырып күйін тыңдайды. Құр тыңдап кетпейді: «Əттең, Құрманғазының еуропалық білімі болғанда, оған музыка əлемінде тең ке летін ешкім болмас еді-ау», деген əрі таңданысқа, əрі өкінішке толы кейін қазақ баласы біткен мақтанып, айтып жүретін ескірмейтін естелік жазып қалдырған да осы Савичев. Ма хамбет пен Исатай туралы төгілдіріп жазған зерттеу очеркі де халқымыздың көңіл төрінде əмəнда қала беретін баға жетпес дүние. Ендеше, қазаққа түзу көңілмен қарап, ол жайлы талай тарихи дүниелер жазып қалдырған Никита Савичевтің ескерткішінің қаланың қақ ортасынан еңселеніп тұрғаны орынды болды деп тарқасты салтанатқа жиналғандар. ОРАЛ.

Айта кету керек, бұл картинаны Қазақстан, Германия, Грузия, Франция жəне Чехия елдерінің кинематографистері бірігіп түсірген. Психологиялық драманың қысқаша мазмұны бойынша 16 жастағы бойжеткен мен қария Абхазия мен Грузия шекарасындағы жүгері аралына тап болады. Ал біз үшін аламан бəйгеде Қазақстан киносы даңқының асқақтауы

үлкен мəнге ие десек, бұл ретте лента продюсерлерінің бірі, қазақстандық кинематографист Сайын Ғабдуллиннің еңбегін өз алдына атап өткен жөн сияқты. Чехиядағы айтулы өнер додасына қазақстандық киногерлер алғаш рет қатысып отырған жоқ. Мысалы, былтыр Эмир Байғазиннің «Асланның сабақтары» фильмі де Карловы Варыдағы кинофестивальдің

 Қылмыс

Алтынды алып ќалды Қазақстан-Ресей шекарасында зергерлік заттарды заңсыз өткізбек болған күдікті əйелдің жолы кесілді. Бұл оқиға «Жайсаң» бекетінде орын алды. Онда Ақтөбе шекара отрядына қарасты «Жайсаң» (теміржол) бекетінің бақылаушылары «Ташкент – Мəскеу» пойызын тексеру кезінде Өзбекстан азаматшасының қол жүгінде жасырылған зергерлік заттарды анықтады. Оның салмағы 800 грамм болып шықты. Ұсталған азаматшаның сөзіне қарағанда, зергерлік заттарды Əндіжан қаласынан алып, Ресей жерінде сатуға əкетіп бара жатыр екен. Бұл заңсыз заттар

Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

«Көкнəр-2014» жедел-алдын алу шараларын жүргізу барысында «ВагонСервис» АҚ маңынан 24 жастағы күдікті ұсталды. Оны тексеру кезінде полиэтилен дорбаға салынған жасыл түсті арнайы исі бар өсімдік табылды. Жасалған сараптамаға сəйкес алынған зат 2 килоға жуық кептірілген марихуана болып шықты. Қазіргі уақытта оның үстінен Қылмыстық кодекстің 259-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru, egemenkz@maіl.kz Алматыда: факс (727) – 341-08-12, электронды пошта – egemalm@mail.ru

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – (712-2) 31-74-13; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

Көкшетау – (716-2) 25-76-91; Павлодар – (718-2) 68-59-85; Қарағанды – (721-2) 43-94-72; Семей – (722-2) 52-26-86; Қостанай – (714-2) 39-12-15; Тараз – (726-2) 43-37-33; Қызылорда – (724-2) 27-00-85 Шымкент – 8 (701) 747-63-01; Орал – (711-2) 28-80-35; Петропавл – (715-2) 50-72-50. Өскемен – 8 (778) 454-86-11; Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 341-08-11, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

«Егемен-ақпарат».

Полицей парамен ўсталды Оралхан ДƏУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Кеден комитетінің Ақтөбе облыстық депар таментіне өткізілді. Енді тергеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Сол секілді есірткіге қарсы күрес қызметкерлері «Ақтөбе – Астрахань» тас жолы бойында «ВАЗ» маркалы жеңіл көлікті тоқтатқан еді. Көлікте жүргізушіден басқа үш жолаушы болған. Көлікті қызметтік итті пайдаланумен тексеру кезінде жасыл түсті өсімдік тектес зат салынған үш дорба табылды. Сараптама қорытындысына сəйкес жалпы көлемі 3 кило марихуана алынды. Кейін белгілі болғанындай, жүргізуші де, үш жолаушы да Темір ауданының тұрғындары болып шықты. Ақтөбе облысы.

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 341-08-12.

негізгі бағдарламасынан орын алған еді. Ал биыл сонымен қатар, қазақстандық фильмдердің ішінен халықаралық бəйгеге қосуға лайық деп табылған тағы бір фильм бар. Бұл картина – Ф. Достоевскийдің «Ақ түндер» шығармасы желісімен түсірілген «Шытырман оқиға» деп аталатын туынды. Фильмдегі басты кейіпкерлерді «Еуразия» VIII халықаралық кинобайқауында «Конвой» лентасындағы ең үздік ер адам рөлі жүлдесін иеленген Азамат Нығманов пен жас əртіс Айнұр Ниязова сомдайды.

 Масқара!

Есірткіге еліту

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы

Суреттерді түсірген Арман ОСПАНОВ.

Жақында белгілі режиссер Георгий Овашвилидің «Жүгері аралы» («Кукурузный остров») фильмі Карловы Вары халықаралық кинофестивалінің «Шыны глобус» жүлдесін иеленді.

 Жастықтың жұлынқұрты

Меншік иесі:

ойнауына болады. Біз алдағы уақытта екі бөлмеге қойылған күйсандықтарда түрлі өнер кештерін, байқаулар өткізуге мүмкіндік жасаймыз. Əсіресе, жас ұрпаққа əр кез есік ашық» десе, орталықтың атқарушы директоры, елордадағы Өнер университетінің түлегі, Италиядағы Санта-Чечилия консерваториясында академиялық тағылымнан өткен, халықаралық байқаулардың бірнеше рет жүлдегері Зере Төлегенова ресми бөлімнен кейін күйсандықта шетелдік жəне отандық композиторлардың туындыларын орындап, ерекше ризалыққа кенелді. Мұнда қазақ композиторы Қуат Шілдебаевтың «Концерттік күй» атты туындысы ерекше естілді.

Бес елге ортаќ бас жїлде

Исатай мен Махамбет туралы да ќалам тартып еді келіпті. 19 жасында Оралдың əскери училищесін тəмамдап, содан 50 жасқа толып, доғарысқа шыққанға дейінгі өмірін əскерге арнаған азамат. Никита Федорович əскери қызметтегі жылдарында талай жердің дəмін татып, суын ішкен. Украина, Мəскеу қалаларының əскери казармаларында да талай жылдары өтсе керек. Əскерде жүрсе де сөз сиқырына ерте шалдығып, журналист ретінде талай жауһар тəмсілдер қалдырған. Никита Савичев журналистік қабілеті өз алдына, проза мен поэзияда да Орал өңірінде жеке жортып, 100-ден астам көркем дүние қалдырған. Қылқаламның құдіретін де қоса ұғып игерген ол талай суреттер салса, бүгінде туындылары құнды дүниелер қатарында. Екі ғасырға жуық уақыт бұрын өзінің түп атасы казактар жөнінде жаза бермей, арасында қырды жайлаған қазақтар жайлы да талай жылы лебіздер, əңгімелер қалдырыпты, қысқасы, қазаққа деген арғы жағы ақ айдын азамат екені айқын аңға рылады.

танысады, «мың естігеннен – бір көрген артық» екенін білетін болады», деді. Ал ғарышкер Бертален Фаркаш «Steinway» компаниясы өкілдігін ашу кез келген елге бұйыра бермейтін бақыт екенін тілге тиек етіп, өзінің ести салып, атбасын бұрғанын, төрткүл дүниеге танымал С.Рахманинов, Н.Петров, А.Рубинштейн, тағы да басқа алыптардың бұл күйсандықта құбылтып əн əуелеткенін атап өтті. Сол секілді компанияның Орталық жəне Шығыс Еуропадағы менеджері А.Вильгельм өнер барлық жұртқа ортақ екенін, сол өнерді өрістететін музыкалық аспаптың ерекше орнын тарата айтып, мінсіз аспапта ойнау əр музыканттың алға қойған мақсаты болатынын жеткізді. «Бұл орталыққа кəсіби музыкант та, өнерден хабары бар астаналық азаматтардың қай-қайсысы да келіп күйсандықта

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Ермеков к-сі, 33, «Қарағанды полиграфия» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Смағұлов к-сі, 9 К, «Хабар-Сервис» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Мұхит к-сі, 57/1, «Жайық Пресс» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

Таразда парақор əскери полицей ұсталды. Жамбыл облыстық экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментіне С. деген азаматтан арыз түсіпті. Ол Ішкі істер министрлігінің №5513 əскери бөлімі əскери полиция бөлімшесінің аға анықтаушысы, полиция капитаны Р. деген азаматтың өзін қылмыстық жауапкершілікке тартпау үшін ақша талап еткенін айтқан. Ақша берсе, істі болудан құтқарамын деген əскери полицей қызметі үшін алатын ақшасының да көлемін нақты айтып, екі жақ 50 мың теңгеге келісіпті. Бірақ, істі болушы қаржының барлығын бірден бере алмайтынын жеткізген. Алдын ала жүргізілген жедел-іздестіру шаралары кезінде қаржы полициясының қызметкерлері əскери полицейдің 20 мың теңге ақша алған сəтін тіркеген. Ертеңіне қалған 30 мың теңгені алып жатқан кезінде өзі де қолға түсті. Кінəсін бірден мойындағандықтан, сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу өндірісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жамбыл облысы бойынша Экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің басқарма басшысы Камал Қалыбековтің айтуына қарағанда, күдіктінің үстінен Қылмыстық кодекстің 311-бабы, 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол бойынша 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Жамбыл облысы.

(«Егемен Қазақстан» газетінің келесі нөмірі 19 шілде, сенбі күні шығады).

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 201 715 дана. Нөмірдің кезекші редакторы

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 4 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №354 ek

Profile for Egemen

17072014  

1707201417072014

17072014  

1707201417072014

Profile for daulet
Advertisement