Page 1

АҚПАРАТТАР аєыны

№112 (28590) 17 МАУСЫМ СƏРСЕНБІ 2015 ЖЫЛ

Ќазаќстан – сенімді серіктес Кеше Астанада Парламент Мəжілісінің ұйымдас тыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Қазақстан жолы: Бірлік. Патриотизм. Реформалар» тақырыбында халықаралық парламенттік конференция өтті. Оған Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің Төрағасы Қабиболла Жақыпов, Беларусь Республикасы Ұлттық Жиналысы Өкілдер палатасының Төрағасы Владимир Андрейченко, Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің Төрағасы Асылбек Жээнбеков, Қазақстан, Ресей, Ауғанстан, Тəжікстан, Түрікменстан парламентшілері, ҚХА, халықаралық ұйымдар өкіл дері жəне бірқатар мемлекеттердің еліміздегі елшілері қатысты. Жолдыбай БАЗАР,

«Егемен Қазақстан».

Көпэтносты жəне көпконфессиялы қоғамымызды дамыту, халықаралық қауіпсіздікті жəне қазақстандықтардың бірлігін қамтамасыз ету бағытында еліміз бойынша атқарылып жатқан жұмыстар талқыланған бұл жиынды Қабиболла Жақыпов ашты. – Бұл форум Қазақстандағы мемлекеттік жəне қоғамдық өмірді айқындайтын тарихи оқиғалар: жуырда ғана өткен президенттік

Кеше Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы Жол» инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысына арналған кеңес өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

сайлау мен Елбасымыз жария еткен бес институттық реформа кезеңінде өтіп отыр. Сонымен бірге, үстіміздегі жыл Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Қазақ хандығының құрылуы на 550 жыл толуы, Конституцияның 20 жылдығы сынды айтулы шаралармен ерекшеленуде. Осы оқиғалардың барлығы – Қазақстанның маңызды белестері. Бүгінгі конференцияның тұрақтылық пен өркендеуге қол жеткізуде Қазақстан жолының негізгі құрамдас бөліктерін ұғыну

тұрғысынан маңызы зор, – деді Қабиболла Жақыпов. Сондай-ақ, Мəжіліс Спикері қазіргі таңда «Қазақстан жолы» мен «Назарбаев моделі» ұғымдары берік орныққанын атап өтті. – Бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету – кез келген мемлекеттің болашағы үшін аса маңызды, барша адамзат өркениеті үшін өзекті. Сондықтан да, елімізді жедел жаңғырту жағдайындағы этносаралық жəне конфессияаралық келісімді қамтамасыз етудің қазақстандық тəжірибесін

халықаралық қоғамдастық жоғары бағалап отыр, – деді ол. Оның айтуынша, еліміздегі тұрақтылық «алдымен – экономика, сонан соң – саясат» қағидаты бойынша жүйелі экономикалық реформалар мен халықтың əл-ауқатын жақсартуды қамтамасыз ету есебінен жүзеге асуда. Қ.Жақыповтың сөзіне қарағанда, қазақстандық үлгіде дамудың ең басты факторы еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев көшбасшылығының əлемде мойындалуы. (Соңы 2-бетте).

«Нұр Отан» партиясының елордадағы орталық ғимаратында Ұлттық қордан «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жаңа Экономикалық Саясатын іске асыру үшін бөлінетін бюджет қаражаты мен қаржыларды тиімді жұмсау жəне бақылау орнату бойынша партияның фракциясы мүшелерінен құралған комиссиясының отырысы болып, онда тұрғын үй құрылысының қарқыны жария етілді. «Егемен Қазақстан».

Өткен жылдың қараша айында «Нұр Отан» партиясы Саяси

кеңесінің кеңейтілген отырысында қабылдаған «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» стратегиялық бағдарламасының жүзеге асырылуы еліміздің өркендеуінің

кең тынысын ашады деген халық оның тұрғын үйге қатысты жұмыс тарына ерекше елеңдейді. Ол түсінікті де, сондықтан да болар, фракция мүшелерінің отырыста белсенділік танытып, баяндамашыны сұрақтың астына алуы заңды көрінген. Негізінде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бюджет қаражатын жəне Ұлттық қордан бөлінетін қаражаттың қалыптасуын жəне тиімді жұмсалуын бақылаудың маңызына баса мəн берген нұротандықтар фракция мүшелерінен «Əлеуметтік инфрақұ рылымды дамыту»; «ТКШ

инфрақұрылымының, сумен жəне жылумен қамтамасыз ету тораптарының жаңғыртылуы, тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту»; «Индустриялық, энергетикалық инфрақұрылымды дамыту, шағын жəне орта бизнес пен іскер белсенділікті қолдау»; «Көліклогистикалық инфрақұрылымды дамыту» секілді төрт комиссия құрған болатын. Жəне де осы сияқты комиссиялар партия желісі бойынша құрылып, олар еліміздің барлық аймақтарында жұмыс істеді. (Соңы 6-бетте).

Рамазан – бірлік айы

Ќазаќстан мўсылмандары діни басќармасыныѕ тґраєасы, Бас мїфти Ержан ќажы МАЛЄАЖЫЎЛЫНЫЅ ќасиетті Рамазан айына байланысты халыќќа

ЇНДЕУІ

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Құрметті қауым! Баршаңызды аса ұлық қасиетті Рамазан айының келуімен құттықтаймын. Рамазан мүбəрак болғай! Оразаға аман-есен жеткізген Алла Тағалаға сансыз шүкірлер мен мадақтар болсын! Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биыл да Рамазан айын үлкен дайындықпен өткізбек. Еліміз бойынша мешіттер мен медреселерде, діни оқу орындарында, қоғамдық орталарда қайырымдылық акциялары, игі жобалар ұйымдастырылады. Баршаңызды осы ізгі іс-шараларға атсалысуға шақырамын. Рамазан – жалпыға ортақ ізгі амалдар маусымы. Ораза – тəрбие һəм тақуалық айы. Алла Тағала қасиетті Құранда: «Иə, мүміндер, өздеріңнен бұрынғыларға парыз етілгендей, сендерге де ораза ұстау парыз етілді. Бəлкім, сендер тақуа боларсыңдар», деген («Бақара» сүресі, 183-аят). Оразада отбасы құндылығын арттырып, жастарымыздың иманды, Отанын, халқын сүйетін, салт-дəстүрін ардақ тұтар нағыз азамат болып қалыптасуына əрдайым көңіл бөлейік. Ислам ғұламалары: «Отанды сүю – иманнан», деп тəлімді тұжырым айтқан. Рамазан – қайырымды жандар үшін үлкен мүмкіндік. Оразада жасалған Жаратушы Иемізге ұнамды

əрбір қайырлы іс – үлкен сауап. Пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың оған салауаты мен сəлемі болсын) бір өсиетінде: «Адамдардың жақсысы – елге пайдасы тигендері», деген. Адам қалай ниет етсе, сол мақсатына жетеді. Əр пенде сауапты амалымен, тақуалығымен Алланың алдында дəрежесі артады. Жомарт, жанашыр азаматтарды, кəсіпкерлерді көмекке мұқтаж адамдарға қамқорлық көрсетуге, мəселен, су тас қынынан үйсіз, шарасыз қалған отан дастарымызға қайырымдылық жасауға, табиғи апат салдарынан бұзылған көпір мен жолды жөндеуге үлес қосуға, жетім мен жесірге

Бағдарлама шеңберінде елдің ішкі рыногын, транзиттік жəне экспорттық əлеуетті ұлғайтуға, сондай-ақ, инфрақұрылымды дамытуға бағытталған басымдықты жобалар жүзеге асырылатын болады. Қазіргі уақытта «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодəлізінің, Астана – Алматы, Астана – Өске мен, Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды, Астана – Ақтөбе – Атырау – Ақтау, Алматы – Өскемен трассаларының учаскелерінде құрылыс жұмыстары жүруде. Теміржол саласы мен көлік логистикасы жобалары бойынша да жұмыстар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, Алматы-1 – Шу теміржол учаскесінде екінші жол құ рылысы үшін қазірдің өзінде топо-геодезиялық жəне инженерлік-геологиялық зерттеулер жүр гізілуде. Боржақты – Ерсай желісінің құрылысы жүруде, Құрық портында паромды өткел салу жобасы бойынша мемлекеттік са раптама қорытындысы алынды, геодезиялық жəне инженерлік-геологиялық зерттеулер

Ел кґрсеткіші ґсе тїсетін болады Кеңес жұмысына сондай-ақ, ДБ Жаһандық индикаторлар тобының директоры Лопес Кларос Аугусто, Еуропа жəне Орталық Азия өңірі бойынша өңірлік директор Кумар Джа Сарож, банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Людмила Бутенко қатысты. Қазақстандық мемлекеттік органдардың өкілдері ДБ қызметкерлеріне республикада Doing Business рейтингіндегі позицияны жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабарлады. Сəуірде Дүниежүзілік банктің бас офисінде мемлекеттік органдар өкілдерінен тұратын озық

топ Қазақстанда «Мемлекеттік басқару туралы», «Қазақстан Республикасында кəсіпкерлік қызметті жақсарту жөніндегі түбегейлі шаралар туралы», «Мемлекеттің кəсіпкерлікке қызметке қатысуын шектеу туралы» заңдарға өзгерістер енгізілуі шеңберінде жүргізілген реформалардың тұсаукесерін өткізді. Кездесу қорытындысы бойынша ДБ сарапшылары реформаларға оң баға берді. Тараптар 2015 жылы Doing Business рейтингіндегі рес публиканың позициясын жоғарылату мақсатында бірлескен жұмыстарды жалғастыруға келісті.

Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары, «ҚазАқпарат» агенттігі жəне «24kz» телеарнасының деректері бойынша дайындалды.

 Мəссаған!

«ЧИКИ-ЧИКИ»

деп сґйлейтін шикі шенеуніктіѕ мəселесі шешілді Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

мейірімділік танытып, қараусыз қалған қарттарға көңіл бөлуге шақырамын. Елбасы Ұлытау төрінде ұлт туралы, дін, тіл жайлы берген ұлағатты сұхбатында асыл дініміздің тұрмысы төмен жандарға көмектесу, бауырмал болу, үлкенді сыйлап, кішіге ізет көрсету сынды асыл құндылықтарын сөз еткені есімізде. Осындай ортақ игі амалдар жұртымызды жақсылыққа, ізгілік пен бірлікке ұйыстырады. Қасиетті айдың құрметі үшін халықтың тұрмыстық қажеттіліктеріне жеңілдік жасалып, Құдайы астар мен тойлар ауызашар уақытында ұйымдастырылса деген тілегімді білдіремін. Рамазан – бірлік айы. Осы айда берілетін ауызашарлар ағайынжұрттың арасын жақындастырып, игі іс-шаралар мен қайырымдылық акциялар халқымызды сенімі мен нəсіліне қарамай, ортақ мақсатқа үндейді. Бүкіл əлемнің Жаратушысы барша адамға: «Бөлінбеңдер», деп бауырмал болуға бұйырған. Бірлігі күшті елдің берекесі артады. Қымбатты отандастар! Рамазан айында жасаған амалдарымыз бен ізгі ниеттерімізді Алла Тағала қабыл етіп, сауапты істеріміз əрдайым жалғаса бергей! Тəуелсіздігіміздің тұғыры биік, мемлекетіміздің мерейі үстем, еліміздің болашағы баянды болғай! Əумин!

жүргізілуде. Астана қаласы əуежайының ұшу-қону жолағы мен терминалын қайта жаңғырту бойынша жұмыстар атқарылуда. Қазақстанда АЭА мен индустриялық парктерді дамытуға, тұрғын үй, мектептер мен балабақшалар салуға, елімізге келетін жəне сыртқа шығатын туризмді одан əрі дамыту үшін инфрақұрылымдар жасауға, АӨК субъектілерін, отандық автомобильдер, тікұшақтар, жолаушылар вагондарын жасаушыларды қолдауға бағытталған қаржылар игерілуде. Кеңес қорытындысы бойынша Бақытжан Сағынтаев министрліктерге, облыстар, Астана жəне Алматы қалалары əкімдеріне қарқынды бəсеңсітпей, 20152019 жылдарға арналған «Нұрлы Жол» инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының уақтылы жүзеге асуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ, ведомствоаралық іс-қимылды жəне қаржының тиімді игерілуіне бақылау жасауды күшейтуді тапсырды.

Кеше Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Дүниежүзілік банктің (ДБ) «Doing Business» рейтингіндегі Қазақстанның позициясы мəселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Салынєан їйдіѕ сапасы ќандай?

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ,

Инфраќўрылымдыќ жобалар жїзеге асуда

● «Қазтелеком» компаниясының акционерлік құны трансформация нəтижесінде 200 млрд. теңгеге артады. Компания басшысы Қуанышбек Есекеевтің айтуынша, бұл бастама құрылымды дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясы аясында «Өрлеу» трансформациялық бағдарламасы бойынша жүзеге асады. ● «Қазкоммерцбанк» пен «БТА Банк» арасындағы актив алмасу аяқталды. Яғни, қос банк активтер мен міндеттемелерді бір уақытта бір-біріне өткізу туралы келісімге қол қойды. Соған сəйкес БТА Банктің активтері мен міндеттемелерінің бір бөлігі «Казкомға» берілді. Ал, керісінше, бұл банкке тиесілі проблемалық активтердің кейбірі БТА Банкке өтті. ● Кеше Strategy2050 порталы елорда күніне орай «Астана геометриясы» жобасын іске қосты. Ол жерде күн сайын қаланың сəулет туындыларына қатысты математикалық есептер жарияланады. Ұйымдастырушылардың мəлімдеуінше, тапсырмаларды орындау арқылы Астанаға жаңа қырынан қарауға мүмкіндік туады. ● Алматыдағы Абай атындағы опера жəне балет театр ында 20-21 маусым күндері «Ұлы дала аңыз дары» қойылымының премьерасы өтеді. Қойылым театрдың Қазақ хандығының 550 жылдығына орай жоспарлаған мəдени шаралар циклі шеңберінде ұйымдастырылады. ● Кеше Шымкентте аймақтық журналистер форумы өтті. Жиынға қатысқан облыс əкімінің орынбасары Ербол Садыр бүгінгі таңда өңірде 236 БАҚ жұмыс істейтінін айтты. Оның 175-і газет болса, 37-і – журнал, 12-і – телеарна, 3-уі – радио жəне 9-ы интернет ресурс. ● «Қазатомөнеркəсіп» Ұлттық компаниясы қызылордалық кəсіпкерлерден 9,5 млрд. теңгенің өнімін сатып алатын болды. Компания басшысы Асқар Жұмағалиевтің сөзіне қарағанда, отандық өнімді қолдау мақсатында 2015-2016 жылдары өңірдегі өндірушілерден химиялық реагент, полимер құбырлар жəне тағы басқа да тауарлар сатып алу жоспарлануда. ● Қарағанды облысында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында құны 223 млн. теңгені құрайтын 8 жоба мақұлданды. Оның басым бөлігі көліктік қызмет көрсету саласы бойынша шағын жəне орта кəсіпті қолдауға бағытталған. ● Ақтауда орталық тандырылған сумен жабдықтау торабы іске қосылды. «Ақ бұлақ» мемлекеттік бағ дарламасы шеңберінде жүзеге асқан жобаның құны 480 млн. теңгеден асады. Жаңа қондырғы қаланың жоғарғы бөлігіндегі шағын аудандарды ауызсумен қамтамасыз етеді. ● Павлодар облысында жергілікті бюджеттен бөлінген 71 млн. теңгеге 38 жаңа жедел жəрдем көлігі сатып алынды. Медициналық қызметкерлер күні қарсаңында облыс əкімі Қанат Бозымбаев жаңа көліктердің кілтін өңірдегі аудандық жəне қалалық ауруханалардың бас дəрігерлеріне табыс етті.

Бұдан біраз бұрын əлеуметтік желілерде «чики-чики» сөзімен елге танылған шалқарлық шенеунікке тəртіптік кеңестің алдында жауап беруге тура келді. Интернет «жұлдызына» айналған Шалқар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі жəне автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Аян Қорқытұлының аты аталуы мұң екен жиналғандар түгіл, тəртіптік кеңес мүшелерінің өздері езу тартты. Соған қарамастан, кеңес мүшелері ауданның коммуналдық шаруашылығына жауапты білдей басшыны басынан сипай қоймады. Бір ауыздан «мемлекеттік қызметкердің Ар-намыс кодексін бұзды» деп таныды. – Мамыр айында БАҚ-та «Шалқарлық

шенеунік əлеуметтік желіде күлкіге айналды» деген атпен бірнеше мақала жарық көрді. Youtube желісінде бейнеролик жарияланды. Аян Қорқытұлы Шалқардағы жолдардың жайына шағымданған тұрғындардың сөзіне жауап алуға барған журналиске дөрекі жауап қайтарған. Яғни, мемлекеттік қызметкердің Ар-намыс кодексін бұзған. Ал, кодексте «көпшілік алдында сөз сөйлеген кезде мемлекеттік қызметкер мəдениетті болуы тиіс» деп көрсетілген, – дейді тəртіптік кеңестің бас маманы Бағдат Кенжеғалиев. «Сасқан үйрек артымен жүзеді» дегендей, мінбеге шыққан Аян Қорқытұлы Шалқардағы жолдардың жөнделу жайын айта жөнелгенде тəртіптік кеңес мүшелері «облысты ұятқа қалдырғанын» айтып, орта жолдан тоқтатып, журналиске дөрекі сөйлеуінің себебін сұрады.

Жан беру оңай ма, Аян Қорқытұлы камераның қосулы тұрғанын аңғармағанын айтып ақталды. Бірақ,«чикичики» сөзімен интернет «жұлдызына» айналған шенеуніктің сөзі ешкімді сендірмеді. Тəртіптік кеңес Аян Қорқытұлын қызметіне толықтай сəйкес емес деп шешті. Интернеттегі ол «қызықты» біз де көріп, өз көзімізге сенер-сенбесімізді білмегенбіз. Ол арада жалғыз «чики-чики» сөзі ғана емес, шенеуніктің басқа да теріс қылықтары күлкімізді келтірген. Тіпті, астамсып сөйлеуінен «мынау қайтеді» деп іш жиып қалғанбыз. Мұның өзі бізді əлі де балалығы қалмаған адам биік мансапқа қалай жеткен, сондай-ақ, артында жебеушісі бар-ау деген ойға қалдырғанын жасырудың реті жоқ. Міне, біздің халыққа қызмет етеді деген шенеуніктеріміздің түрі осындай болса, түңілмеске шара қайсы? Мұны шене у ніктің шикілігі дейсіз бе, əлде астамсудың ақыры дейсіз бе, өзіңіз біліңіз. Ақтөбе облысы.

Бїгінгі нґмірде: Нўрсўлтан Назарбаевтыѕ болашаќќа ќажеттігі басымыраќ 3-бет

Бїтін ќазаќ тарихы 5-бет

Ќырыќ жыл бойы саќталєан хат 7-бет


2

www.egemen.kz

17 маусым 2015 жыл

Ќазаќстан – сенімді серіктес (Соңы. Басы 1-бетте). – Тəуелсіздігіміздің алғашқы күнінен бастап ел Президенті Қазақстанның ішкі жəне сыртқы саясатының абсолютті əрі берік негізі ретінде бейбітшілік пен келісім құндылықтарын қалап қана қойған жоқ, Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға, барлық этностар мен конфессиялардың құқығы мен бостандықтарын қамтамасыз етуге өлшеусіз үлес қосып келеді. Нұрсұлтан Назарбаев – идеялары халықтың интеллектуалды қуатын ұлы істерге жұмылдыра алатын Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев – шын мəнінде халықтық Президент, – деді Қабиболла Жақыпов. Бұдан бөлек, Мəжіліс Төрағасы бүгінгі Қазақстан – ірі халықаралық ұйымдарда төрағалық ету тəжірибесі жеткілікті бейбітшілік сүйгіш мемлекет екенін, еліміздің Тəуелсіздіктің алғашқы күнінен əлемдегі төртінші ядролық қару арсеналынан өз еркімен бас тартып, Семей ядролық сынақ алаңын өз еркімен жапқанын, сонымен қатар, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей өзі ірі халықаралық бітімгерлік үдерістерге қатысқанын, посткеңестік кеңістікте, соның ішінде Таулы Қарабақта, Тəжікстан мен Қырғыз станда тұрақтылықтың сақталуы үшін, Украинадағы жағдай бойынша келіссөздер үдерісін жолға қою үшін көптеген əрі төтенше маңызды шаралар атқарғанын атап көрсетті. Бұған қоса, ол өңірлік жəне жаһандық қауіпсіздікті нығайту, өзара ісқимыл мен ынтымақтастықты жандандыру мақсатында Қазақстанда Ауғанстанға көмек жөніндегі Ыстамбұл конференциясы өткенін, Иран ядролық бағдарламасы бойынша келіссөздердің екі раунды жүргізілгенін, жақында ғана Сириядағы жағдайды реттеу бойынша келіссөздер ұйымдастырылғанын

айта келіп: «БҰҰ бейбітшілікті қолдау жөніндегі халықаралық бітімгершілік миссиясына қомақты үлес қосып келеді. Бүгінгі Қазақстан – ЕҚЫҰ, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы секілді ірі халықаралық ұйымдарда төрағалық тəжірибесі бар, Азиядағы өзара іс-қимыл жəне сенім шаралары жөніндегі кеңесті шақыру идеясын табысты жүзеге асырып келе жатқан бейбітшілік сүйгіш мемлекет. Қазақстан өз еркімен Ресей, Қы тай, АҚШ, Еуропалық одақ елдері, басқа да мемлекеттермен стратегиялық əріптестікті жүзеге асырып келе жатыр», – деді. Одан əрі Қабиболла Жақыпов Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2013 жылдың қыркүйегінде БҰҰ Бас Ассамблеясы 2013-2022 жылдарды Мəдениеттерді жақындастырудың халықаралық онжылдығы ретінде жариялау туралы ше шім қабылдағанын, адами өлшем тұрғысынан алғанда еліміз үшін толеранттылық қағидаттары мен кемсітпеушілік қағидаттары мейлінше маңызды болып табылатынын жеткізді. Сонымен қатар, Мəжіліс Спикері Елбасы ұсынған 5 институттық реформаның маңыздылығына назар аударды. – Елбасы айқындаған бұл реформалар мемлекеттік басқаруды жетілдіруге, заңның үстемдігіне, экономикалық өсімді ынталандыруға, қазақстандық біртектілікті нығайтуға, сонымен бірге, мемлекеттің есептілігін арттыруға бағытталған. Реформаны жүзеге асыру үшін «100 нақты қадам» Ұлт жоспары да бекітілді. Жалпы алғанда, мұндағы əңгіме ең алдымен меритократия қағидаттары бойынша жоғары кəсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру жəне мемлекеттік қызмет жүйесін реформалау туралы болып отыр. Екінші блокта, сот жүйесі мен құқық қорғау органдарының тиімділігі мен ашықтығын арттыру жолымен заңның

Таєаттылыќтыѕ тартымды їлгісі

Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылуының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған конференцияға қатысу үшін Астанаға келген ЕҚЫҰ-ның Ұлттық азшылықтар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары Астрид Турспен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен ЕҚЫҰ Жоғарғы комиссары кеңсесі арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен болашағын талқылады. Е. Ыдырысов А.Турс сапарының тағатты əрі көпұлтты қоғам қалыптастыру ісіндегі елі міз дің жетістіктері туралы ақпаратты «тура деректемеден» алу дағы жəне Қазақстандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалары кеңсесінің жобалық қызметін белсенді лендіруде жаңа мүмкіндіктер ашудағы маңыздылығын атап өтті. Сыртқы саясат ведомствосының

басшысы Қазақстан қаржы дағдарысына сəтті қарсы тұрып, бəсекеге қабілетті 50 елдің экономикалары қатарына енгенін жəне əлеуметтік-экономикалық дамудың ерекше үлгісін қалыптастырғанын айрықша атап өтті. «Күшжігердің нəтижесінде Қазақстанның 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясында айқындалған əлемнің 30 дамыған елдері қатарына енуді мақсат еткен «Нұрлы Жол» экономикалық бағдарламасын іске қосу жүзеге асты», – деп көрсетті министр. Е.Ыдырысов Қазақстандағы

үстем дігін қамтамасыз ету міндеті жүктелді. Сот жүйесін реформалау аясында инвестициялық дауларды шешудің ашықтығын қамти отырып, біз шетелдік инвесторлардың сенімділігін көтере түсеміз, – деді Қ.Жақыпов. Сөз кезегі өзіне тигенде Беларусь Парла менті төменгі палатасының Төр ағасы Владимир Андрейченко Қазақстан-Беларусь қарым-қатынастары жоғары деңгейде дамып келе жатқанын сөз ете отырып, еліміздің аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлінің маңыздылығын, Шығыс пен Батыстың өркениетін жақындатудағы, Еура зия кеңістігін рухани жəне мəдени дəстүрлерін біріктіруге деген ұмтылысын, сондай-ақ, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының артықшылықтарын сөз етті. Ал Қырғызстан Парламентінің Төрағасы Асылбек Жээнбеков ҚазақстанҚырғызстан арасындағы ынтымақты қатынастың өміршеңдігін, екі елдің тығыз байланыста болуына Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қосып келе жатқан үлесі зор екенін жеткізе келіп, «Қазақстан халқы Ассамблеясы институтының жұмысы – бұл бірегей тəжірибе, ондай тəжірибе басқа мемлекеттер тарапынан зерттеуді қажет етеді. Соның ішінде Қырғызстанда да бұл тəжірибені зерттеу керек. Біз үшін ұлтаралық келісім мағынасыз мəселе емес», – деді. Қырғызстан Парламенті басшысының пайымдауынша, ҚХА жұмысына ел Президентінің өзі басшылық етіп, дəл осы саланы тікелей бақылауында ұстауы институт қызметінің маңыздылығын арттыра түседі. Бұдан кейін ЕҚЫҰ-ның Аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары Астрид Турс, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов, Ресей Думасының депутаты Сергей Вайнштейн, Ауғанстан

тағаттылық пен сенім ахуалы еліміздің басты брендіне айналғанын, əлеуметтік-экономикалық дамудағы табыс ең алдымен Қазақстандағы ұлтаралық түсіністік пен конфессияаралық келісімнің арқасында іске асып отырғанын жəне бұл келісімге қолдау көрсету Қазақстан Президенті Н.Ə.Назарбаевтың сыртқы саясатының маңызды басымдығы болып табылатынын атап өтті. Министрдің айтуынша, Қазақстан саясатының ерекшелігі оның «тағаттылық» ұғымын «өзгелерге төзімділік таныту» ретінде ғана емес, өзгелерді құрметтеу, өзара тату өмір сүру барысында бір-бірінен үйрену, рухани-мəдени баюды қамтитын «тағаттылықтың тартымды үлгісі» ретінде ұсынуында болып отыр. А.Турс елдегі əлеуметтік-экономикалық дамуды одан əрі жалғастыру мен жаңарту шараларын, атап айтқанда, бес институттық реформа мен 100 нақты қадамның «Ұлт жоспарын» жүзеге асыру аясындағы іс-қимылын жоғары бағалап, «ұлтаралық қатынастар тұрақтылығы мен достық бүгінгі таңда ЕҚЫҰ үшін аса өзекті мəселеге айналғалы тұрғанын» атап көрсетті. Ол, сонымен қатар, өзара үнқатысуды халықаралық деңгейде нығайту үшін таяуда өткен Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшыларының V съезінің маңыздылығын атап өтті. Сұхбаттастар өзін жақсы жағынан танытқан Қазақстандағы ұлтаралық келісім саясатын одан əрі қолдаудың жəне осындай шетін мəселеде ЕҚЫҰ-мен тəжірибе алмасуды нығайтудың маңыздылығын көлденең тартты. «Егемен-ақпарат».

Ќоєам əйелдердіѕ белсенділігімен əдемі Кеше Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Əйелдер істері жəне отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымының орынбасарлары, Парламент Мəжілісінің депутаты Е. Тарасенко мен Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Л.Сүлеймен Қарағанды, Теміртау қалаларында жұмыс сапарымен болды. Айқын НЕСІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Ұлттық комиссия өкілдері облыс əкімі Нұрмұхамбет Əбдібековпен əңгімелесуде өңірдегі əйелдердің қоғамдық-саяси жұмыстарға, экономика саласына қатысуы, Мемлекет басшысының дамуды одан əрі нығайту үшін белгілеген бес институттық реформасын жүзеге асырудағы үлесі туралы мəселелерді талқылады. Аймақ басшысымен кездесуден соң облыс əкімі жанындағы əйелдер істері жəне отбасылықдемографиялық саясат жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысы өтті. Онда селекторлық режімде қалалар мен аудандар əкімдерінің

орынбасарларымен күн тəртібіндегі мəселе бойын ша келелі əңгіме қозғалды. Отырысты ашқан Елена Тарасенко өз сөзінде «Елбасының «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында алға қойылған басым бағыттарды, сондай-ақ, бес институттық реформа міндеттерін орындауға қазақстандық əйелдер де белсене атсалысуда деп нық сеніммен айта аламыз. Біздің негізгі жұмысымыз осы бағыттағы өңірлік дейгейдегі іс-шараларды күшейтуге арналады. Бұлар олардың жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету, кəсіпкерлігін қолдау, бизнестің жауапкершілігін арттыру, жаңа экономикалық саясат аясында инфрақұрылымдық жобаларға кеңінен қамту

болып табылады», деді. Ал Лəззат Сүлеймен əйелдермен нақ ты жұмыс істеуді күшейту, олардың мүдде-тілектерін білу, оған биліктің назарын аудару, тұрмысы қолайсыз топпен тікелей байланыс жасау, қоғамда орын алатын теріс факторлардың (балаларға зорлықзомбылық жəне қатыгездік көрсету, өзіне өзі қол жұмсау, некеге ерте отыру, жасөспірімдік жүктілік, т.б) алдын алу үшін жұмыс пəрменділігі мен тиімділігін жақсарту керектігін айтты. Отырыста облыстық денсаулық сақтау, білім басқармаларының есептері тыңдалды. Жұмыс сапары барысында Қарағанды жəне Теміртау қалаларындағы «Қарағанды үй комбинаты» ЖШС-інде «Шапағат» балалар үйінде, өмірде қиын жағдайға тап болушы əйелдерге арналған «Мой долг» дағдарыс орталығында кездесулер өтті. Қарағанды облысы.

Ќазаќстан халќы Ассамблеясыныѕ 20 жылдыєына арналєан «Ќазаќстан жолы: Бірлік. Патриотизм. Реформалар» халыќаралыќ парламенттік конференциясыныѕ

Ислам Республикасы Волеси Жиргасы Əйел дер мен балалар мəселелері жөніндегі комиссиясы төрағасының орынбасары Шукрия Пайкан Ахмади, Тəжікстан Республикасы Маджилиси Оли Маджилиси намояндагонның депутаты Дамир Амрихудои, Түрікменстан Меджилисінің депутаты Реджепгелди Мередов жəне басқалар сөз сөйледі. Жалпы, жиында сөз алғандардың бірқатары Қазақстан халқы Ассамблеясының тəжірибесі –қазақстандықтардың бейбітшілікпен өмір сүруге, халықтың тарихын, мəдениетін жəне дəстүрін сақтай отырып, ортақ болашақты құруға деген құлшынысының көрінісі деп есептейтіндерін жеткізді. Ал тағы бірқатар спикерлер Ассамблея жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік сайлауда жеңіске жетуімен, «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясатын, бес институттық реформаны жəне «Мəңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыруды бастауымен тұспатұс келуінің терең символдық мəні бар екеніне назар аударды. Бұған қоса, конференцияға қатысу шылар Қазақстанның Еуразиялық кеңістіктегі мемлекеттермен мəденигуманитарлық ынтымақтастықты одан əрі тереңдете түсуге ниетті екендігін сөз етті. Сондай-ақ, жиында Қазақстан жүйелілікпен жəне сенімділікпен дамып келе жатқан, түрлі этностар, мəдениеттер, діндер тоғысқан жас əрі күшті, жаһандық үнқатысу мен ынтымақтастықты құруда сенімді əріптес ел ретінде атап өтілді. Басқосу барысында халықаралық парламенттік конференцияға қатысушылар Қазақстан халқын, Президент, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевты аталған ұйымның 20 жылдығымен құттықтап, елімізге даму мен өркендеу, кемел келешек тіледі.

ЌОРЫТЫНДЫ ЌЎЖАТЫ

Біз, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған халықаралық парламенттік конференциясының қатысушылары, «Қазақстан жолы: Бірлік. Патриотизм. Реформалар» тақырыбын талқылай келе, Қазақстанның жəне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың полиэтностық жəне поликонфессиялық қоғамды дамыту, тұрақтылықты, қоғамдық келісімді жəне ұлттық бірлікті қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық тəжірибеге қосқан үлесі маңызды екендігін атап өтеміз. Біз мемлекеттердің ішкі тұрақ тылығының, олардың табысты дамуы мен қауіпсіздігінің маңызды факторы ретінде этносаяси жəне этноəлеуметтік контекстегі қоғамдық келісімнің халықаралық мəні артып келе жатқандығын атаймыз. Аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі еліміз рөлінің маңыздылығын мойындай отырып, конференцияға қатысушылар Қазақстанның Шығыс пен Батыстың өркениетін жақындатуға, Еуразия кеңістігінің рухани жəне мəдени дəстүрлерін біріктіруге деген ұмтылысын жоғары бағалайды. Пікірталас барысында Қазақстанның қоғамдық келісім мен ұлттық бірлік моделін қалыптастырудағы табысты тəжірибесі, сонымен бірге, Қазақстан халқы Ассамблеясының мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының бірегей институты, тұрақтылық факторы, қоғамдық келісімнің мызғымас негізі əрі орнықты дамудың кепілі ретіндегі рөлі айрықша аталып өтті. Қазақстан тəуелсіздік жылдары полиэтностық дамудың стратегиялық ресурсына айналған қауіпсіз жəне тұрақты елге айналғандығын қанағаттанарлықпен атаймыз. Қазақстан халқы Ассамблеясының тəжірибесі – қазақстандықтардың бейбітшілік пен келісіммен өмір сүруге,

Ќазаќстан жолы: Бірлік. Патриотизм. Реформалар Кеше Қазақстан Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қа зақстан жолы: Бір лік. Патриотизм. Реформалар» атты халықаралық конференцияның қорытындысы бойынша брифинг өтті. Естеріңізде болса, Парламент Мəжілісінің ұйымдастыруымен өткен бұл жиынға Беларусь, Қырғызстан, Ауғанстан, Ресей, Тəжікстан, Түрікменстан, парламентшілері, халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысып, Қазақстан мемлекеті мен оның басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың көпэтностық қоғамды дамытудағы еңбегін, қазақстандықтардың ұлттық бірлігі мен қоғамдық келісімін қамтамасыз етуге қосқан үлесін талқылаған болатын. Брифингке Парламент Мəжілісі Əлеуметтік-мəдени даму комитетінің

мүшесі Жұматай Əлиев, Парламент Мəжілісі Халықаралық істер, қорғаныс жəне қауіпсіздік комитетінің хатшысы Виктор Рогалев қатысты. Брифинг барысында Ж.Əлиев барлық ұлттардың Қазақстанды жақсы көретінін, мұндай саясат ешбiр елде жоқ жəне мұны бiз парасатты жүргiзуiмiз керектігін айта келіп: «Ұлттық тұрақтылықты көзiмiздiң қарашығындай сақтауға тиіспіз. Бiз елiмiзде тұрып жатқан барлық ұлттардың өкiлдерiн қолдауымыз қажет. Осылайша, өзiмiздiң ұлылығымызды көрсеткенiмiз абзал», – деді. Оның айтуынша, Қазақстанның ұлтаралық келiсiмге бағытталған саясатына əлемнiң көптеген елдерi қызығушылық танытып отыр. Сондай-ақ, ол: «Ұлы мемлекеттердiң қатарына кiрiп келе жатырмыз. Бiздiң елiмiздiң ұлтаралық келiсiм мен татулық моделi

халықтың тарихын, мəдениетін жəне дəстүр лерін сақтай отырып, ортақ болашақты құруға деген құлшынысының жарқын дəлелі. Ассамблея жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың кезектен тыс президенттік сайлауда ерекше жеңіске жетуі, «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясатын, айтулы институттық реформаларды жəне Мəңгілік Ел жалпыұлттық идеясын жүзеге асыруды бастау жылымен тұспатұс келуінің терең символдық мəні бар. Конференцияға қатысушылар Қазақстанның Еуразия кеңістігіндегі мемлекеттермен мəдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан əрі тереңдете түсуге ниетті екендігін толығымен мақұлдай отырып, бейбітшілік, мейірімділік, дəстүрлер күші жəне елдерді, халықтарды дамытудағы жəне өркениеттер дамуындағы жаңашылдықтың табысына деген өздерінің жақын екендігін білдіреді. Əлем этносаралық шиеленістерге рухани бастаудың, бейбітшілікcүйгіштік пен қоғамдық келісімнің тұтастығын қарсы қоюы қажет. Біз Қазақстанның жүйелілікпен жəне сенімділікпен дамып келе жатқан ел ретінде, əр түрлі этностар, мəдениеттер жəне діндер тоғысқан жас əрі күшті мемлекет ретінде, бүгінгі таңда үнқатысу мен ынтымақтастықты құруда ашық алаң əрі сенімді əріптес ретінде танылып отырғандығын атап өтеміз. Біз, халықаралық парламенттік конференцияға қатысушылар, Қазақ стан халқын, Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ас самблеясының Төрағасы Н.Назарбаевты Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығымен құттықтаймыз жəне Қазақстан халқына өсу мен өркендеу тілейміз!

ешкiмде жоқ. Бiздiң тəжiрибемiздi басқа елдер зерттеп, алып жатыр. Бiздiң елде ғана Президент Ассамблеяның Төрағасы болып табылады. Əлем көз тiккен бiздiң тəжiрибемiз əрi қарай тарала беретiнiне сенiмдiмiн», – дедi. Ал депутат Виктор Рогалев Семей ядролық полигонын жабу Қазақстанның ғана емес, адамзат тарихындағы жарқын жаңғырыққа айналғандығын ерекше толқыныспен жеткізді. «Қазақстандық делегация мүшелері аталған ауқымды басқосуда əлемдік қоғамдастыққа Президент Н.Назарбаевтың ядролық қарусыздану жəне таратпау саласындағы бастамалары туралы ақпараттар берді. Семей ядролық сынақ алаңын жабудағы Қазақстанның тарихи рөліне де назар аударылды. Бүгінгі таңда Қазақстан жаһандық ядролық қатерді болдырмаудың қажеттілігінде нақты шаралар қабылдау бойынша қатаң ұстанымды қолдайды», – деді В. Рогалев. Иə, Қазақстанда өмір сүріп жатқан өзге ұлт өкілдері үшін бізде барлық жағдай жасалған.

Арнайы ґкілдіѕ алыс елге сапары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің еліміздің кандидатурасын 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне ілгерілету бойынша Арнайы елшісі Бағдат Əміреев Джибути Республикасында болып, онда осы ел президенті Исмаил Омар Гуллехпен кездесті.

Кездесу кезінде Б.Əміреев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Джибути Президентіне жолдауын табыстап, Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде атқаратын болашақ қызметінің басымдықтары туралы хабардар етті. Басымдықтар қатарында,

атап айтқанда, бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту мен БҰҰның бітімгершілік əлеуетін арттыру, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін реформалау, ядролық қарусыздану, халықаралық құқықтың үстемдігі, орнықты даму мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жəне басқа да мəселелер аталды.

Достық рəуіште айтарлықтай уақытқа созылған əңгіме барысында екіжақты ынты мақ тастықтың экономика мен мəдениет салаларындағы, сондайақ, БҰҰ, Африка одағы, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы мен басқа да құрылымдар аясындағы көп деңгейлі қарымқатынастардың перспективалары атап көрсетілді. Б.Əміреев, сондай-ақ, Джибути Президентін 2017 жылы Астанада ЭКСПО-2017 мамандандырылған халықаралық көрмесі өтетінінен құлағдар етіп,

Елімізде уран банкі орналасады Эльмира МƏТІБАЕВА, «Егемен Қазақстан».

1991 жылдың 29 тамызында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Семей ядролық полигоны мəңгіге жабылған болатын. Қазақстан бастамасымен БҰҰ аталған күнді Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы ісқимыл күні деп жариялады. Ендігіде ағымдағы жылдың тамыз айының соңында Қазақстан мен МАГАТЭ арасында төмен байытылған уран (ТБУ) банкін құру туралы келісімге қол қою ядролық сынақтарға қарсы iс-қимылдың халықаралық күнi қарсаңында агенттiктiң бас директоры Юкио Аманоның қатысуымен өтедi деп жоспарлануда. Бұл жөнінде Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мəслихатында талқыланған «Кепілдендірілген жеткізулерді қамтамасыз ету. Төмен байытылған уранды мүше мемлекеттерге жеткізу үшін МАГАТЭ ТБУ банкін құру»

тақырыбы аясында белгілі болды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты ядролық қаруға қарсы халықаралық қозғалыс көшбасшысы ретінде бүкіл əлем танитыны баршаға белгілі. Елбасының осы саладағы маңызды бастамаларының бірі – Қазақстанда Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Төмен байытылған уран банкін құру болатын. Бұл ұсыныс халықаралық қауымдастықта кең қолдау тауып, үстіміздегі жылдың 11 маусымында Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Басқарушылар кеңесі Қазақстанда Төмен байытылған уран банкін құру туралы келісімді жəне Ресеймен транзиттік келісімді бекітті, деді Сыртқы істер министрлігінің Айрықша тапсырмалар жөніндегі елшісі Барлыбай Садықов. Сонымен қатар, оның айтуы бойынша, МАГАТЭ-мен келіссөздер төрт жыл бойы барлық мүдделі ұйымдарды тартумен жүргізілді. ТБУ банкін құрудағы негізгі мақсат – МАГАТЭ-ге

Астана, 2015 жылғы 16 маусым

мүше мемлекеттерге ядролық отынға қол жеткізу кепілін қамтамасыз ету. Сондай-ақ, аталған банктің құрылуы еліміздің халықаралық беделін арттырып, ядролық қаруды таратпау тəртібі мен жаһандық қауіпсіздікті нығайтады. Келесі кезекте сөз алған Энергетика министрлігі Атомдық жəне энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының орынбасары Тимур Жантикин Халықаралық атом энергетикасы жөніндегі агенттiк Қазақстандағы Ядролық банктiң қорын биылдан бастап толтыруды бастай алатындығын айтты. Бұл жобаны жүзеге асыру бойынша дайындық жүргiзiлiп жатыр. Банк жұмысы мен қауіпсiздiгi МАГАТЭ ұсыныстарына сəйкестендiрiлуде. Төмен байытылған уранды сату үдерісіне шығу екi жыл алуы мүмкiн, деді ол өз сөзінде. Сонымен қатар, ТБУ банкі Өскемен қаласында орналасқан Үлбі металлургия зауыты аумағында орналастырылмақ. Кəсіпорын

Раушан ТƏУІРХАНҚЫЗЫ, журналист.

Джибути басшылығы мен компанияларын аталған көрмеге белсенді қатысуға шақырды. Б.Əміреев пен И.Гуллех арасындағы кездесуге Джибути Республикасының Сыртқы істер министрі М.Юсеф пен Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративті Демократиялық Республикасындағы Төтенше жəне өкілетті елшісі, Джибути Республикасында елшілік қызметті қоса атқарушы Ерлік Əли қатысты. Аталған дипломаттар енді екіжақты ынтымақтастықты əрі қарай дамыту үшін жұмыс істейтін болады. «Егемен-ақпарат». барлық қажетті технологиялар мен білікті кадрларға жəне ядролық отын циклі саласындағы мол тəжірибеге ие екендігіне айрықша тоқталған Т.Жантикин банктiң құрылуы барша əлемде уранды бейбiт мақсатта қолдануға мүмкiндiк беретінін айрықша атап өтті. Сонымен қатар, жиында жобаның қаржыландырылуы ерікті жарналар есебінен МАГАТЭ жинаған 150 млн.долларға тең жəне де МАГАТЭ Төмен байытылған уран банкін құру Қазақстанның саяси жəне технологиялық мүдделеріне сай екендігі, ТБУ МАГАТЭ-нің барлық талаптарына лайықты жəне еліміздің ядролық өнімінің сенімді дəрежесін нығайтатын заманауи нысан болатындығы сөз болды. Айта кетерлігі, аталған банкті құру біздің елдің ядролық материалдармен жұмыс істеу стандарттарын жетілдіруге, халықаралық қадағалаумен қазақстандық кадрлар дайындығын одан əрі нығайтуға жол ашпақ. Сондайақ, Қазақстан жəне МАГАТЭ сарапшыларының бағалауынша, банктің Өскемен қаласында орналасуы экология жəне тұрғындар үшін қауіпсіз.


3

www.egemen.kz

17 маусым 2015 жыл

 Ел жəне Елбасы

Нўрсўлтан Назарбаевтыѕ болашаќќа ќажеттігі басымыраќ Өз басым Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың тікелей ұсынысымен құрылып, қолдауымен жемісті жұмыс істеп жүрген, бұл күндері 20 жылдығын атап өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясын өмірімізге аса қажетті жасампаздық саясат құрылымы ретінде бағалаймын. Себебі, 1991 жылы егемендігін жариялаған кезде жас мемлекет – Қазақстан Республикасының «болашағы бұлыңғыр» деген сөзді көп естідім, көп оқыдым жəне ондай пікірге іштей күйзелгеніммен, қарсы уəжім жоқ еді. Олай болатыны, 1986 жылғы Алматыда орын алып, дүниежүзін дүрліктірген Желтоқсан оқиғасы көкейден кетер іс емес. Ал мұндай қасіретті оқиғаның туындауы, сөздің тура мағынасында, ұлттық саясатқа қатысты үлкен қателіктің салдары болғаны жəне даусыз. Сағындық САТЫБАЛДИН, академик.

350 жылдан астам уақыт қазақтар Ресей империясының боданы болып келген. Оның 70 жылында КСРО құрамындағы өміріміз өтті. Жасыратын несі бар, Кеңестер Одағының жəне оны құрған Коммунистік партияның ісəрекеттері негізінен қолдауға лайық болды. Мəселен, 100 пайызға жуық сауатсыз болған қазақтар 70 жылдың ішінде түгелдей орта білімді ұлт болып шықты. Мұндай биікке əлемнің санаулы ұлты ғана көтеріле алған. Сондай-ақ, Қазақстанда ұлттық ғылым қалыптасты. Денсаулық сақтау саласы ерекше қарқынды дамыды. Қазақтардың денсаулығы нығайып, табиғи өсімі қуанарлықтай деңгейге жетті. Ғылымда жəне өнерде, əдебиетте əлем мойындаған тұлғалар пайда болды. Қаныш Сəтбаев, Мұрат Айтқожин, Өмірзақ Сұлтанғазин, Мұхтар Əуезов, Роза Бағланова, Бибігүл Төлегенова, Рамазан Бапов əлем таныған, əлем мойындаған жəне сүйсінген дара тұлғалар болып шықты. Елдің экономикасы өсіп, халықтың əлеуметтіктұрмыстық деңгейі жоғарылады. Пайдалы қазбаларымыз игерілді. Тың көтеріліп, Қазақстан КСРО державасының асыраушысына айналды. Көңіл көншітпесе де индустрия деп аталатын экономика саласы пайда болды. Атыраудан Алтайға дейінгі алып даланы көктей өтетін теміржолдар мен тас жолдар халық игілігіне айналды. Кең далада үлкен қалалар бой көтерді. Басқаны былай қойғанда, кеңшарлар мен ұжымшарлар орталығына ұшақпен қатынауға жағдай жасалды. Қарап отырсаңыз, осының бəрі – қазақтар пайдаланған игілік. Игілікпен қоса, қасірет ере жүрді. Мен бұл мақалада бүкіл КСРО державасын мекендеген ұлттардың бəріне бірдей қасірет болып жабысқан 30-жылдардағы ашаршылық жəне саяси қуғынсүргін құрбандары туралы айтқым келмейді. Себебі, ол баршамызға бірдей, ортақ қасірет болды. Десек те, қазақтардың бұдан бөлек көрген жеке қасіреті де аз емес еді. Мəселен, тың игеру деп аталатын ауқымды науқан басталды да, Орталық жəне Солтүстік Қазақстан аумағында жайылымдық жер қалдырылмай тегіс егіс үшін жыртылды. Əлі есімде, сол науқан басталған шақты Қостанайдан бауырларым телефон шалып, «Атабабамыздың зираттары тегістеліп, сол жерлер де жыртылатын болды» деген хабарды естіртті. Көзге де, көңілге де булыққан ыстық жас келді. Дереу сол кезде Қостанай облыстық атқару комитетінің төрағасы қызметін атқарып жүрген Оразалы Қозыбаев ағамызға хабарластым. Жағдайды толық түсінген ол кісі мені сабырға шақырып, мəселені шешуге уəде берді. Бұл кезде Орекең «Социалистік Еңбек Ері» атағын алған санаулы танымал да беделді тұлғалардың бірі еді. Іске ол кісі араласқан соң біздің мекендегі ата-баба қорымы ысырылудан аман қалды. Бұл – өзім ғана бастан кешкен ақиқаттың өзі. Ал ақиқат одан да ащырақ. Өйткені, сол тұста талай қорым ысырылып, жермен жексен етілді. Қазір егістік ретінде жыртылып жатқан жердің біразында аруақтардың сүйегі тапталып жатыр. Қазақ үшін бұдан асқан қайғы бар ма? Мұны қарапайым қазақтар түгілі, ғылым докторы, профессор, академик деген атақтарымыз бар біздің өзіміз ұлтпен санаспау, ұлтты басыну деп ойлаймыз. Сол кезде де солай ойладық, қазір де сол ойымыздан айныған жоқпыз. Демек, игілік жасай отырып, компартияның білімсіз, көкірек көзі соқыр басшылары бұл жерде де «асыра сілтеуге» жол берді. Қазақтың қасіреті кемелденген социализм тұсында тіпті, қоюлана түскендей. Мəселен, басқаны былай

қойғанда, ұлттық республика астанасы – Алматының өзінде балаларды қазақша оқытатын бір ғана мектеп болған екен. Ресми деректерге сенсек, сол кезде Алма ты тұрғындарының 20 пайыздайы қазақтар болған. Демек, ең кемі қала мектептерінің 20 пайызы қазақ тілінде оқытатын білім мекемесі болуы тиіс қой. Жоқ, олай болмады. Мəселе Солтүстік жəне Орталық, Батыс Қазақстан аймақтарында мүлде күрделене түсті. Бұл өлкелерде қазақ мектептері жаппай жабылды десе де болғандай. Бұл жерде негізгі қозғаушы күш біреу-ақ, ол – балабақшалардың тəрбиесі орыс тілінде жүргізілуі. Сонымен бірге, республикадағы ресми құжаттар тек орыс тілінде толтырылды. Сөйтіп, орыс тілі басты қажеттілікке айналды да, қазақ тілі керексіз болып қалды. Бұл орыстанудың алғы шартындай əсер етті десек, артық айтқандық емес. Осылайша қазақтың тың игеруге қатысты қасіретіне тілден айырылу қасіреті жəне қосылды. Мұны Горбачевтің ел басына келуі одан сайын ушықтырып жіберді. Ол Брежнев заманындағы кадрлардан арылып, өзінің жаңа саясатын, демократияшыл саясатын жүргізуге келгенде одақтас республикалармен санасып жатпады. Сөйтіп, қас-қағым сəтте республиканы 20 жылдай басқарған Д.Қонаевты қызметінен алды. Бұған наразы болған жастар «ең болмаса бұл қызметке қазақстандық орыстар тағайындалуы керек еді» деген ұранмен бейбіт шеруге шықты. Кеңестер Одағы тұсында мұндай демократиялық шеру бүкіл тарихта болмаған. Сондықтан оны əсери күшпен басып жанышты. Қазақтардың қанға боялғандығы жайлы хабар дүниежүзін шарлап кетті. Солай бола тұрса да, мəскеулік орталық білімді ықпалды қазақтарды лауазымды қызметтерден ығыстыра берді. Бұл республикаға аты берілген ұлттың саналы тобын ызаға булықтырды. Көп ұзамай Жаңаөзенде тағы да қанды қақтығыс орын алды. Бұл жолы қазақтар мен кавказдықтар арасында болған текетірес əділетті делінетін Кеңестер Одағы тұсының өзінде ұлт саясаты дұрыс жүргізілмегенін дəлелдей түсті. Өйткені, жоғары жалақылы мұнай өндірісінде жергілікті халықтан гөрі кавказдықтардың басым болуы шиеленістің туындауына себепкер болды. Міне, осы екі оқиға ғана мемлекетке аты берілген ұлттың келімсектерге қарсы наразылығы болмай қоймайтындығын, ал ол мемлекет ішіндегі тыныштықты бұзушы қызмет атқаратынын алдын ала дəлелдеп берді. Орайы келгенде ескерте кетейік, дəл сол шақта Қазақстан азаматтарының арасында жергілікті ұлттың үлес салмағы аз болды. Ертедегі соғыс кезінде эвакуацияланып келіп, осында тұрақтап қалғандар, миллиондап ағылып келген тың игерушілер, қойнауы бай Қазақстан жерінен ашылып жатқан қазба байлықтарын өндіруге келушілер, не керек, солардың бəрі қосылып, жағдайды жер иесі халықтың ызасын келтіретіндей деңгейге жеткізді. Мұны көріпбіліп отырған сарапшы сəуегейлер «Қазақстан егеменді мемлекетінің болашағы бұлыңғыр» демегенде не десін? Бірақ «сəуегейлер» қателесті. Меніңше, олар өз болжамдарында жас мемлекетті құру тізгінін қолына алған Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың білімі мен парасатын терең білмегендіктен қателесті. Ал Назарбаев болса, сол кездің өзіндеақ буырқанған толқынға қарсы шыға алатын үлкен дипломат екенін іс жүзінде дəлелдеген болатын. Мəселен, Жаңаөзендегі толқуды басу үшін қала басшылығына сол кезде іскерлігімен аймағының құрметіне бөленген Р.Шардабаевты тағайындады. Ол болса, өзіне жүктелген міндетті дер кезінде абыроймен орындап шықты. Қарағанды жұмысшыларының толқуы

басталған шақта-ақ Н.Ə.Назарбаев бір кездері өзі жұмыс істеген қалаға барып, қарағандылықтармен жүзбежүз кездесті. Бұл кездесуде ел бастан кешіп жатқан болмыс ақиқатын жұмысшыларға бүкпесіз ашық айтып, оларды шыдамға шақырды. Толқу басылды. Осы екі шара Назарбаевтың кейінгі қызметінде үлкен сабақ болды десек, артық айтпағандық шығар. Иə, өткен ғасырдың 90-жылдары аса ауыр кезең болды. Қаладағы өндіріс ошақтары бірінен соң бірі жабылып, жұмысшылар далада қалып жатты. Ауыл шаруашылығына жанар-жағармай жеткізу мұңға айналды. Жалақы, жəрдемақы, зейнетақы айлап төленбейтін жағдай қалыптасты. Дүкен сөрелері бос қалды. Ал баға болса, сағат санап өсті. Халық қолындағы рубль «пішен ақша» аталып кетті. Не керек, жас мемлекетті құрушы Көшбасшы өз қызметінде бір қиындықтан соң екінші қиындықпен күресуге мəжбүр болды. Соның өзінде ол қиналған халық алдына шығып, басу сөздер айтты. Н.Ə.Назарбаев осылайша кабинетінде тығылып отыратын қорқақ басшы емес екенін көрсетті. Ол шын халықшыл басшы болатынын сөзімен де, ісімен де дəлелдеп берді. Сөйтіп, алғашқы бəсекелі жалпыхалықтық сайлаудың өзінде Н.Ə.Назарбаевтың кандидатурасын қолдаушылар басым көпшілік болды. Бұл оған қуат берді. Назарбаевтың əр күні, əр айы, əр жылы қиындықтармен күресте шыңдалған үлкен мектеп еді десек, артық айтқандық емес. Бірақ, солардың бəрінде ұлт тағдырын мойнына алған Көшбасшы жеңіскер болып отырды. Меніңше, мұның сыры мынада: ол халқын, халқының үкілі үмітіндей егеменді мемлекетін сүйген, сол үшін неге де дайын басшы болды. Сондайақ, жауапкершілікті мойнына алған тұлғаға үлкен жəне жан-жақты білім керек екенін де білді. Ерінбей оқыды, үйренді. Мұны мен сол кездері Н.Ə.Назарбаев командасында жүрген ғалымдардың бірі ретінде жақсы білемін. Айталық, ол – социалистік қоғам мен Коммунистік партия тəрбиелеп, өсіріп шығарған тұлға. Солай бола тұрса да, Нұрекең көп ойланып жатпайақ қоғамнан да, партиядан да бас тартты. Бұл тағдыр шешер сəтте жасалған дұрыс таңдау болды. Олай болмаған жағдайда беймəлім Қазақстанға Батыс, Шығыстың байлары инвестиция құймас еді. Ал өзінің ұстанымынан бас тартқанын іс жүзінде дəлелдеу үшін жекешелендіруді жəне мемлекеттік құрылымды оңтайландыруды апылғұпыл бастап кетті. Кейбіреулер осынау шешімдердің асығыс жүргізілгеніне əлі сын айтады. Ал мен ол кезде Тұңғыш Президентіміз үшін əр күн түгіл əр сағат қымбат еді деймін. Иə, жекешелендіру кезінде əділетсіздіктер болған шығар. Бірақ ол ең басты мақсатқа жетудің жалғыз жолы болғандықтан, кеткен

олқылықтарға түсіністікпен қараған жөн. Көп жағдайда өзім ғалым ретінде сол жекешелендіру кезінде билік тарапынан кеткен қателіктен гөрі, халық тарапынан кеткен қателік басым ба деймін. Мəселен, Н.Ə.Назарбаев бастаған билік ауыл шаруашылығын жекешелендіруге шешім қабылдады. Кеңестер Одағынан мұраға қалған мыңғырған мал түгелдей дерлік сол ауыл шаруашылығында жүргендерге бөлініп берілді. Басқа жаққа Қазақстан мал айдаттырған жоқ. Бірақ араға көп уақыт салмай-ақ, ауылдағы ағайын қолына тиген малынан айырылып қалды. Сойғанын сойып, етін жеді, ал басым бөлігін керекті-керек емес ұсақ-түйекке айырбастап жіберді. Бірақ əділдікке тура қарар болсақ, осы ортаның өзінде өмірге білімді қарағандар болмай қойған жоқ. Олар өзіне тиесілі малын көбейтіп, бұл күндері ірілендірілген шаруа қожалығы деген кəсіпкерлікті өмірге əкелді. Мінекей, ақиқат осы. Ал осылай істеу, тек қана осы жолмен жүру басты талап болғандықтан, Н.Ə.Назарбаев одан бас тарта алмайтын еді. Нəтижесінде мемлекеттік меншіктің 70 пайыздайы қысқа мерзім ішінде жекешелендіріліп, мұны көрген Батыс, Шығыстың капиталистері Қазақстанға инвестиция əкеле бастады. Дүкен сөрелері тамаққа да, күнделікті тұтынатын тұрмыстық тауарларға да лық толды. Бір жақта жер қойнауындағы пайдалы қазбаларға инвестиция құйған шетелдіктер алғашқы егеменді Қазақстан өнімін экспорттай бастады. Одан елге валюталық кіріс түсті. Бұл кезде іргедегі Қытаймен де ашық есік жағдайында алыс-беріс, барыс-келіс орныққан болатын. Бірақ, бір кедергі Ресей рублі болды. Күн санап құнсызданған соның өзін Ресейдің сол кезде билік басында болған тұлғалары бізге беруден қашқақтады. Н.Ə.Назарбаев олармен дипломатиялық байланысқа сызат түсірмей, бір-ақ күнде ұлттық валютамыз – теңгені өндіріске енгізіп жіберді. Сөйтіп, теңге ұлттық экономиканы көтеруші, қозғаушы қуатты күшке айналып шықты. Мұның бəрін Елбасымыз ың-шыңсыз, «сіз, біз» деп жүріп дер кезінде атқарды. Дəл осы тұста əлемдік алпауыт – АҚШ басшылығымен сыйластық, түсіністік қарым-қатынас орнатты. Ядролық қару-жарақтан өз еркімізбен бас тартуымыз, одан бұрынырақта əлемге əйгілі Семей ядролық сынақ алаңын жабуымыз Н.Ə.Назарбаевтың дүниежүзі алдындағы беделін өсіре түсті. Еуроодаққа біріккен мемлекет басшылары табиғи қоры мол Қазақстанмен тығыз байланыс орнатуға қуана кірісті. Сөйтіп, Германия, Англия, Франция, Италия жəне Нидерланд секілді дамыған мемлекеттер кəсіпкерлері Қазақстанға тікелей инвестициямен келе бастады. Əлі есімде, сол кездері

Н.Ə.Назарбаев отандық бір топ ға лымды жинап алып, ол топқа танымал экономист Сауық Тəкежанов ағамызды жетекші етіп тағайындап, Қытай жəне ОңтүстікШығыс Азиядағы қарқынды дамушы мемлекеттердің тəжірибесін зерттеп, зерделеуді тапсырды. Мемлекеттік іссапармен сол жақтарда болып қайттық. Жай қайтқанымыз жоқ, олардың қарқынды дамуын қамтамасыз еткен бағдарламаларын алып қайттық. Іле-шала онымен танысып шыққан Тұңғыш Президентіміз бізге Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму бағдарламасын жасауды тапсырды. Жасадық та. Алғашқы нұсқасын əбден оқып, танысып шыққан Президентіміз біз ұсынған жобаның көп тұстарын сызып, көп тұстарына өзінің ұсыныстарын қосқан екен. Сөйтіп, бағдарламаның жаңа жобасын жасадық қой. Халыққа ұсынылған жоба – көп түзеуден өткен нұсқасы. Міне, осы тұста мен Н.Ə.Назарбаевтың əлемдік нарықтың сұранысын жете зерттей алған білімді Көшбасшы екеніне көзім жетті. Ол бəрінен бұрын көмірсутектері өндірісін ұлғайтуға басымдық беру керек деп шешті. Екінші орынға өндірістік металдар орналасты. Өмір тəжірибесінде бағдарламаның дəл осылай құрылуы дұрыс екеніне куə болдық. Мұнай мен газ өндірісіне инвестиция құюшылар легі молая түсті. Бұл біздің экспорттық əлеуетімізді өсіріп, қазынамызды валютамен толықтырды. Жас мемлекетке керегі де осы еді. Мен мұның бəрін не үшін айтып отырмын? Мұны да түсіндіретін кез келген сыңайлы. Қазақстан халқы Ассамблеясы кезектен тыс президенттік сайлау өткізу қажет деп ұсыныс жасағанда оны республика тұрғындарының, қоғамдық ұйымдардың басым көпшілігі қолдап шықты. Ақыр аяғында ол ұсыныс Президент Өкімімен заңды күшке ие болды. Сонан соң президенттікке кандидаттар ұсыныла бастады. «Нұр Отан» партиясы Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың бəсекеге түсуін ұсынды. Мұны партиядан бұрын қарапайым халық айтқан болатын. Партия халықтың сол ойын тек жүзеге асырды. Турасын айтқанда, Нұрсұлтан Əбішұлы секілді кемел басшының бұл қызметте болуын мен де қолдадым. Əлемнің қазіргі болмыс-бітімі мен болашағына жіті көз салып отырған ғалым ретінде бізге Н.Ə.Назарбаевтың зор білімі мен беделі бұған дейінгі қай кезеңнен де алдағы уақытқа аса қажет деп ойлаймын. Өйткені, алдағы уақыт бүкіл əлем үшін үлкен сын-сынақ кезеңі болмақ. Оның шет жағасы қазір де байқалып тұр. Ал ол таяудағы екі-үш жылда қаулаған өрттей жайпайтын жерін молайтып, зардабын салмақтырақ ете түсетін бір алапат секілді көрінеді. Сондықтан елін небір сындардан аман алып шаққан тəжірибелі де

беделді Көшбасшы біздің алдағы уақытымызға аса қажет. Сөзімді нақты деректермен жəне дəйектермен дəлелдеп берейін. Капиталистік қоғамда алғашқы дағдарыстан кейінгі дағдарыстың күрделірек жəне күштірек соққы болып тиетіні əлемдік экономика тарихын оқығандар үшін айқын. Өйткені, мұның алдындағы жазғандарымда айтып кеткенімдей, капиталистік қоғамдағы өндіргіш күштер мен капиталдың арасындағы қарым-қатынас бір-бірінен алшақтай түскендей. Қазіргі заманда ақшасы барлар содан ақша жасау оңай екенін жақсы біледі. Ал оған дейін ақша-тауар-ақша тізбегі пайда табудың жалғыз көзі деп бағаланды. Байқалғанындай, тізбектен тауар сөзі түсіп қалған. Сондықтан да натуралды тауар өндірісшілердің өздері ақшаға зəру кездері жиі қайталанады. Ал ақша иелері одан бірден ақша жасау жолында жанталаса жарысып, не керек, бағаны өсіре береді, өсіре береді. Сөйтіп, əлемдік базарда үлкен-үлкен көбіктер пайда болады. Өйткені, бағасы өскен тауарды сатып алу негізгі тұтынушының мүмкіндігіне келмейді. Ақыр аяғында тауарлық өндірістің тоқырауы, іркілуі көрініс береді. Мінекей, қазіргі əлемнің бастан кешіп жатқан жағдайы осы. 2007 жылғы тамыз дағдарысынан бергі уақыт ішінде АҚШ федералдық қаржы жүйесі айналымға бюджет қаражатымен қамтамасыз етілмеген 18 триллион доллардай мол ақшаны шашты. Ал АҚШ мемлекетінің ішкі берешегінің өзі 17 триллион доллар. Жылдық ішкі жалпы өнімі 15 триллион долларға жетпейтін мемлекеттің жəне əлемдік экономиканың негізгі тірегі саналатын мемлекеттің, олол ма, дүниежүзін халықаралық валютамен қамтамасыз етіп тұрған мемлекеттің жағдайы осылай болғанда, бұл күндері əлемдік экономика түзелуге бет бұрды деу мүмкін емес. Орайы келгенде айта кетейік, құнсызданған доллардан есе қайтару үшін Жапония өздерінің ұлттық валютасы – йенаны да құнсыздандырды. Еуроодақ еуроны құнсыздандыру үшін наурыз айынан бастап келер жылдың қыркүйек айына дейін ай сайын айналымға 60 миллиард еуро шығарып, қосындысында 1 триллион 140 миллиард еуроны іске қоспақ. Бұл да бірде-бір мемлекеттің бюджетімен қамтамасыз етілмеген қаражат. Ресей рублі табиғи түрде құнсызданғандықтан, бұл мемлекет те айналымға шығаратын ұлттық валюта массасын өсіруге мəжбүр болады. Ал қарқынды дамушы жəне əлемнің екінші экономикасы саналатын Қытай ұлттық валютасы – юаньды 2 пайызға құнсыздандыруға шешім қабылдады. Біз де теңгемізді құнсыздандырғанбыз. Қысқасы, əлемнің барлық мемлекеттері осы жолмен жүруде. Демек, дүниеде ақша массасы ұлғайғанымен, натуралды өндіріс өспеді. Өйткені, оны сатып алатын негізгі тұтынушының қолындағы ақша массасы азайған. Мұның себебі қысқартулар екені айтпаса да түсінікті. Демек, қазіргі таңда құнсызданып жатқан еуро АҚШ натуралды өндірісін тежейтін күшке айналады. Ал Еуропадан инвестициялық қаражат массасы Атлант мұхитының арғы бетіне барып қонақтайды. Мұндағы жалғыз себеп – бағасы өсіп жатқан доллар арқылы пайда табу. Осы айтылғандардан байқалатыны – біз үлкен көбіктің жарылуын енді көп күтпейміз деген тұжырым. Мұны алдын ала сезіп отырған АҚШ билігі жер бетінің түкпір-түкпірінде қолдан келсе жанжал өртін тұтатып, сол арқылы пайда табуға көшкендей. Қазіргі жағдайды кейбіреулер «қырғи-қабақ» соғыстың басталғаны дейді. Бірақ осыдан 30 жыл бұрынға дейін жалғасқан капитализм мен социалистік лагерь арасындағы қырғи-қабақ соғыстан бұл дағдарыс тым қымбатқа түсетін секілді. Өйткені, қанша жерден қырғи-қабақ соғыс болды десек те, ол қарсылас екі жақтың бір-біріне оқ атуы секілді кеселді туындата алмаған. Ал қазіргі таңда шығыс Украинада қантөгіс құрбаны 5000 адамнан асты деп тұрмыз. Алда не болатыны белгісіз. Ирак пен Сирия жерлерінде де қанды қырғын тыйылмай тұр. Солтүстік Африкадағы қырғынды текетірес дүмпуі жалғасып жатыр. Осындай жағдайда көңілге демеу болады деп күткен Иранның ядролық жоспары жайындағы халықаралық келіссөз жүргізушілер мəмілеге келе алмай, АҚШ бұл елге санкциясын соза түсетінін мəлімдеді. 2015 жылдың бюджетінде

АҚШ қатердің күштісі Қытайдан болатындай, сонымен күреске аса мол мөлшерде қаражат бөліпті. Одан кейінгі «жау» – Ресеймен күреске бөлінген қаражат та аз емес. Тіпті, бұл мемлекеттермен күрес ке бөлінген қаражат мөлшері «Ислам мемлекеті» деп аталатын жаңа құ рылыммен, Украинадағы шиеле ніске жəне Солтүстік Кореямен күрес ке бөлінетін қаражаттан əлде қайда көп екенін əлем біліп отыр. Сонда дөңгеленген дүние қайда барады, деген сұрақ алдан шығады. АҚШ өз əскерлерін Ауғанстаннан əкететін болды. Ал бұл елде билік пен оған наразы топтың арасындағы қырғынды шайқас əлі тоқтаған жоқ. Əлемге есірткі таратудан алдына жан салмаған Ауғанстан біздің іргелес көршіміз –Өзбекстанның арғы бетінде. Дүниежүзіндегі саяси ахуал осылай болып тұр. Біз болсақ, Ресей, Қытай секілді іргелес көршілерімізбен толып жатқан халықаралық одақтар бойынша əріптеспіз. Сондайақ, Еуроодақпен жəне АҚШ-пен стратегиялық əріптеспіз. Қысқасы, бір-біріне қарама-қарсы саясат ұстанып жатқан мемлекеттермен əріптеспіз. Өйткені, негізгі саясатымыз – көптарапты. Көптарапты саясат ұстансақ та қарсылас жақтардың бір-біріне лақтырған тасы бізге де тиюі əбден мүмкін. Айталық, АҚШ жəне Еуроодақ Ресей Федерациясына санкциялар қойып еді жəне əлемдік базардағы мұнай бағасы түсіп еді Ресей рублі құнсызданып шыға келді. Ал рубль құнсызданғанда Ресей тауары өтімді болып шығады. Біз – бұл елмен ашық есік жағдайындағы байланысты заңдастырған одақтаспыз. Сонда не істеу керек? Баяндалғандардан көрініп тұрғанындай, əлем саяси жəне экономикалық үлкен дағдарыс есігінің алдында тұр. Мұндай кезде жас мемлекетімізді басқару үшін талай сыннан мүдірмей өткен, сондай-ақ, дүниежүзінің саяси элитасы алдында беделі зор Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев секілді білімді, кемел, кемеңгер басшының Президент тағында отырғаны Қазақстанға, Қазақстан халқына аса қажет. Н.Ə.Назарбаевтың көрегендігі сонда, ол ел тізгінін қолына алған кезде талай қиындықты жеңе білді. Дағдарыстарды күні бұрын көре білді. Сөйтіп, елді қатерлі өткелдерден аман алып шықты. Тіпті, 2008 жылы екінші деңгейдегі банктерімізді дефолттық жағдайдан құтқара алған ол бұл кеселді банк олигархтарынан бұрын көріп, Ұлттық қор арқылы дер кезінде көмекке барды. Мұның өзі Н.Ə.Назарбаевтың көреген жəне дұрыс шешімді жедел іске қосатын басшы екенін дəлелдеп тұр емес пе? Қорыта айтқанда, бүгінгі əлем арқаны кеңге салатындай мүмкіндік бермейді. Мен баяндаған жағдайдың өзі дөңгелеген дүниенің қайда бара жатқанын нұсқап тұр. Демек, мен бұл мақаламда Н.Ə.Назарбаевтың білімі мен тəжірибесі жəне шешімталдық қасиеті Қазақстан үшін бұған дейінгі қай кезеңнен де енді қажеттірек десем, ол жоғарыда айтылған ақиқаттарды білгендіктен туындаған ой деп түсінген жөн. Иə, Нұрекең бізге бұрынғы қай кездегіден де бүгін жəне ертең қажеттірек. Бұл – өмір сұранысы. Үстіміздегі жылғы 26 сəуірдегі президенттің сайлауда қазақстандықтар өз қалауын жасады. Қалау, көпшілік күткендей, Нұрсұлтан Əбішұлына түскені жақсы мəлім. Менің отандастарымның білімі мен ақылына сенгенім ақталды. Солай бола тұса да, бұл мақала отандастарға əлемдегі бүгінгі жағдайды тағы бір түсіндіре түсу үшін жазылды. Біз алда болатын алапат қиындықты тек қана кемел басшы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевпен бірге жеңе аламыз. Сөз соңында айтарым, Қазақстан – «Мəңгілік Ел» болуға талпынған, «2050» Стратегиясын жүзеге асыру үшін «Нұрлы Жолға» түскен мемлекет. Бұл секілді ұлт тағдырын шешер ауқымды бағдарламалардың авторы Нұрсұлтан Əбішұлы екені баршаға белгілі. Сондықтан отандастарымның дұрыс таңдау жасап, білімді авторға өз жоспарын жүзеге асыруға мүмкіндік бергені кім-кім үшін де қуанарлық жайт. Бізге қиындықтан қысылмай шығу үшін ғана емес, жасампаз Қазақстанды жаңғырта түсу үшін де Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың білімі мен тəжірибесі жəне əлем алдындағы зор беделі аса қажет. Бүгінгі ақиқат білімді адамға осылай дегізеді. АЛМАТЫ.


4

www.egemen.kz

17 маусым 2015 жыл

ЎЛТ ЖОСПАРЫ. 5 РЕФОРМА ЖƏНЕ 100 ЌАДАМ Тəуелсіздік тірегі – əлеуетті мемлекет Мемлекет басшысы еліміз дамуының стратегиялық бағыттарын таңдау, негіздеу, оны орындаудың нақты тетіктерін анықтау бағдарынан бір жалыққан емес. Тынымсыз ізденуде, еңбектенуде. Осыдан айнымаған Елбасы өзінің сайлауалды бағдарламасында жаңа жоба – елді жетілдірудің бес халықтық реформасын ұсынды. Ол институттық дамудың бес реформасы деп те аталады. Елбасының осы жаңару реформаларының, индустрияландыру туралы тың бастамалары мен ойларының басты себебі неде? Шындығында, Қазақстанның ХХ ғасырдағыдай (əрине, онда КСРО құрамында, тəуелділік жағдайында) тағы да əлемдік өркениет көшінің соңында қалу қаупі бар ма? Тəуелсіздікке төнген қатер көп пе? Қай салада? Əңгіменің күрделісі де, қиыны да осында жатыр. Нəубəт ҚАЛИЕВ,

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, саяси ғылымдар докторы.

Əлемдік үдерістерді білетін, солардың қайнаған ортасында жүретін Мемлекет қайраткері ретінде Президент Н.Назарбаев: «Осындай күрделі жағдайда Қазақстан қайтпек керек? Өз егемендігі мен тəуелсіздігін қалай нығайтады? Оның нақты жолдары мен тетіктері қандай?» – деген сұрақтарға үнемі жауап іздеуде. Ал жаһандық күрделі ахуалда Елбасы ұсынған жаңа бес реформа неге инс титуттық деп аталады? Ол неге жаңғыртумен байланыстырылған? Саясаттану мен əлеметтану ғылымдарында мемлекет, оның ұйымдары мен құрамдас бөліктері, əдетте «институт» категориясы арқылы сипатталады да, олардағы сапалы, түбегейлі өзгерістер институттану түсінігімен анықталады. Қоғамдық ғылымдарда физика ғылымынан алынған институттық белгісіздік (институциональная неопределенность) деген күрделі түсінік бар. Оны еңсеру əр институт, бірлестік үшін айрықша маңызды. Ал институттық белгісіздік мемлекет деңгейінде еңсерілмеген болса, ол – тым қауіпті үрдіс. Институттық белгісіздік – тапсырыс, жүктеудің болмауынан, даму векторын білмеуден туатын қиын ахуал. Америкалық институционалист ғалым Д.Норт белгісіздікті азайтудың жолдарының күрделілігін сипаттап, ол үшін ең алдымен, тиісті білім шеңберінде ақпаратты молайту, қолда бар институттық құрылым-каркастың көлемінде – өнертапқыштық, инновация, жаңа сенімдерді қалыптастыру, институттық құрылым-каркасты өзгерту арқылы ынталандыру деп есептейді. Сондықтан, Президент ұсынған институттық реформалардың түпкі мақсаты, біздің пайымдауымызша, мемлекеттің құрылымдық-функциялық каркасы негізіндегі институттық белгісіздіктер мен қалыптасу, кемелдену кезеңіндегі бойында əлі де болса орын алып отырған «балалық ауруларды» еңсеріп, оның қазіргі күрделі заманның сын-қатерлеріне жауап беретін даму векторына шығару деп есептейміз. Ал институттану деген үрдіс нені білдіреді? Əлеуметтану теориясында «институт» деп латынның «institutum» – біріншіден, мекеме, ұйым, бірлестік деген мағынаны білдіретін, екіншіден, тұрақты ішкі берік қатынастар арқылы міндеттері, мақсаттары мен əлеуметтік жағдайларының ортақтығы біріктіретін жəне бұл маңызды жүйеқұраушы белгілердің түгелі дерлік заңдар мен ережелер арқылы түбегейлі реттелген адамдардың белгілі бір үлкен тобын, бүтіндей қоғамның жəне оның кіші жүйелерінің (экономиканың, əлеуметтік саланың, отбасының жəне т.б.) орнықты дамуын, функциялық толысуын сипаттайды. Ал сөздің кең мағынасында мемлекет те қоғамның саяси жүйесінің бір институты. Ерекшелігі – ерекше мəртебеге ие, басты орталық институты. Қазіргі заман осы басты институт – мемлекеттің иығына үсті-үстіне жаңа сынақтар артуда. Бұған қалыптасқан Қазақстан мемлекеті де түсуде. Ендеше,

орнықты даму үрдісіне тұрақты ұмтылып отырған мемлекетіміздің өз кемелденуінің басты бағыттарын əр кезеңнің, уақыттың талабына сай сындарлы жіті қарап, нақтылап, толықтырып отыруы табиғи да заңды. Президент ұзақ мерзімді «Қазақстан-2050» Стратегиясында анықталған күрделі міндеттерді жүзеге асырудың жаңа тетіктерін «институттық реформа» деген талап-мақсатпен анықтап, олардың мəн-мазмұнын нақты сипаттады. Аталған реформалардың өзегін құрайтын жоғарыда айтылған институттық даму дегеніміз – аса күрделі үдеріс. Оның күр делі талап-мақсаттары барысында қоғамдық өмір саласындағы, белгілі бір қоғамдық-саяси объектідегі əлеуметтіксаяси қатынастар мен үрдістер қажетті реттілікке келіп, ол тұрақты əлеуметтікфункциялық құрылымға айналады. Сапалық даму жолына түседі. Əлемдік, əсіресе, америкалық (соның ішінде Гарвард университеті оқымыстылары) жаһантанушы ғалымдар қазіргі заманғы ұлттық мемлекеттер рөлінің, тіпті, мемлекет егемендігінің өзінің маңызды еместігін, олардың өз функцияларының бір бөлігін халықаралық əлеуетті ұйымдар мен алпауыт трансұлттық компанияларға беруі туралы қандай да болсын сырттай түсінікті, халықаралық ахуалға негіздеп, дəлелді ғылыми қисындар, парадигмалар құрса да ол біздің ұлттық мүддемізге сай келмейтінін ашық айту парыз. Біздің жол, қазақ ұлтының терең, қасиетті де айнымас, ұзақ мерзімді мүддесі – мемлекеттің тəуелсіздігін нығайту, егемендікті тұрақты ету. Бізде басқа жол, басқа таңдау жоқ! Осы ретте ағылшынның белгілі мемлекет қайраткері лорд Палмерстонның 1848 жылы ел Парламентінің Қауымдар палатасында айтқан: «Англияның өзгермес одақтастары да, тұрақты жаулары да жоқ. Англияның тек мəңгілік мүдделері ғана бар», – деген тарихи, тəлімді сөзі қазіргі Қазақстанның, билік биігіндегі, мемлекет, ұлт мүддесіне байланысты стратегиялық шешімдер қабылдайтын саяси тұлғалардың қашанда жадында болса дейміз. Өйткені, сыртқы мүдделерді айтпағанда, елдің ішкі өмірінде мемлекет, халық мүддесін сақтау, мемлекет, ұлт мүддесіне қызмет ету үлкен проблемаға айналды. Бұл да, сайып келгенде, «Егемен Қазақстанда» көтеріліп жүрген құндылықтардың құлдырауы проблемасының бір парасы, өзекті парасы екендігінде дау жоқ. Тек əлеуетті мемлекет, оның сындарлы мемлекеттік тетігі ғана жоғарыдағы құндылықтарды қамтамасыз етеді. Соның ең бір күрделі бағыты – мемлекеттің басқарушылық қабілеті мен деңгейін көтеру. Реформаларды жүзеге асырудың басты, сыннан өткен құралы – əлеуетті мемлекет. Ал ол қандай мемлекет? Əлеуетті мемлекетте, ең алдымен, басқарудың тегеу рінді, берік, сындарлы, ықшам жүйесі болуы керек. Бұл – мемлекеттің қолында жеткілікті материалдық-қаржылық, əкімшілік, ұйымдық, адами, ақпараттық, коммуникативтік, техникалықтехнологиялық, тағы басқадай ресурстар болуы қажетті шарт деген сөз. Əлеуетті мемлекеттің өз функцияларын толыққанды жүзеге асыруы үшін

материалдық-қаржылық ресурстардың да маңызы айрықша. Қай кезеңде де, əсіресе, қазіргі нарықтық қатынастарға жəне оның идеологиясына сəйкес, мемлекет саяси билікпен қоса, өз қолында экономикалық билікті шоғырландыруы керек, яғни бай болуы керек. Онсыз саяси билікті қолда ұстап тұру қиынға соғады. «Егер мемлекет жеке кəсіпорындардан жоғары, үстем тұрмаса, – деп жазды ағылшындық көрнекті философ, математик жəне қоғам қайраткері Б.Рассел, – онда ол олардың қолындағы марионетка болып, олар (кəсіпорындар) нақты мемлекетке айналады». Сондықтан, мемлекет ірі меншік иесі, өндірістік құрал-жабдықтардың үлкен бөлігінің қожасы болуы керек. Əлеуетті, қабілетті мемлекеттің маңызды сипатты белгісі – мемлекеттікəкімшілік құрылымдардың ықпалының кеңеюі, реттеушілік-бақылаушылық функциялары маңызының артуы. Бұл функцияларынан бас тартқан мемлекет – əлсіреуші, қабілетсіздік жолына қарай бет бұрған, күйреуші мемлекет. Либерализм əлдеқашан жариялап, əсіре деморатияшылар бүгінде де қорғап, дəріптеп жүрген «мемлекет неғұрлым кішкентай болса, соғұрлым жақсы» деген қағида-ұранды қазіргі күрделі сынқатерлер уақытында мүлдем қабылдауға болмайды. Бұл, əсіресе, Қазақстан секілді жас, жаңа қалыптасып келе жатқан мемлекеттер үшін тіпті қауіпті, қатерлі ұран. Америкалық белгілі ғалым Ф.Фукуяма «Күшті мемлекет: ХХІ ғасырдағы басқару мен əлемдік тəртіп» атты еңбегінде кейінгі отыз жыл бойы əлемдік саясаттың жетекші үрдісі – мемлекеттің əлсіреуі болды деп атап көрсете келе, ендігі тарихи кезеңде басты мəселе мемлекеттің күшеюі дейді. Ол жеке қоғамдар жəне əлемдік қоғамдастық үшін мемлекеттің əлсіреуі апатқа бастайтын жол деп, бүгінгі кезеңдегі маңыздысы мемлекетті, оның ұйымдарын нығайту, қалыптастыру өнерін игеру деп тұжырымдайды. Кəсіпқой мемлекеттік аппаратты қалыптастыру Президент ұсынған реформалардың ішінде бірінші басымдықта тұруы – заңдылық. Бүгінде реформалар дың да тағдыры мен орындалуы деңгейі мем лекеттік аппаратың сапасы мен іскерлігіне тікелей байланысты. Оның қызметінің құрылымы, құрамы, кадрлардың жауапкершілігі де «Қазақстан-2050» Стратегиясы талаптары мен мүддесіне сай келмейтіндігін Мемлекет басшысы 2014 жылғы тамыз айының 6-сы күнгі Үкіметтің кеңейтілген отырысында ашық айтты. Содан кейін атқарушы билік жүйесінде қаншама құрылымдық өзгерістер жасалды. Қанша адамның тағдырына салмақ түсті. Кезекті жүйке жұқартар қысқартулар, өзгерістер, ауысулар, міндеттер мен функцияларды, штаттарды, құзыреттер мен өкілдіктерді анықтау жөнінен аппараттық тартыстар мен бітпейтін, кадрларды əбден мезі қылған күйкі тіршіліктер басталып кетті. Нақты істер тағы да екінші кезекке ығыстырылды. Көп мəселе тағы да бұрынғы таптаурын ізіне қайта түсті. Біз сонда осы уақытқа дейін кезінде Ю.В.Андропов айтқандай, «өзіміз өмір сүріп отырған қоғамның мəнін түсінбей, тəжірибе қою жəне қателіктер («путем проб и ошибок»)» жолымен жүріп келіппіз. Егер тереңірек зерделесек, басқару институттары, əсіресе, жоғары биліктегі стратегиялық бағыттағы мəселелерге жауап беретін, мемлекеттік шешімдер қабылдайтын басшы кадрлар 1997 жылы қабылданған «Қазақстан-2030» Стратегиясындағы жетінші басымдықтағы – негізгі міндеттермен ғана шектелетін кəсіпқой мемлекет құру туралы талаптарына үңілмеген бе деген сұрақ туады. Онда кəсіпқой мемлекет үшін тайға таңба басқандай анық талаптар

қойылған еді ғой: неғұрлым маңызды бiрнеше функ цияны ғана орындауға жұмылған ықшам əрi кəсiпқой Үкiмет; нақты жолға қойылған ведомствоаралық үйлестіру; министрлердiң өкiлеттiктерi мен жауапкершiлiктерiн, олардың есептiлiгi мен қызметiне стратегиялық бақылауды арттыру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы батыл да ымырасыз күрес; кадрларды жалдау, даярлау жəне жоғарылату жүйелерiн жақсарту. «Табысқа жеткен үкiметтер, əдетте ықшам келедi əрi мемлекет қана атқара алатын ең басты бiрнеше функцияға жұмылады. Əлбетте, оңтайлы үкiметтер аз санды басымдықтарға жəне осы мақсатқа жету жолындағы стратегияларды iске асыруға ұмтылады». Бұл да сол «Қазақстан-2030» Стратегиясында айтылған маңызды тұжырымдар. Бұдан шығатын қорытынды – мемлекеттік басқаруды ғылым жəне өнер деп қарауда, оны игеруде, басқару құрылымдарын институттық жетілдіру мəселелерінде біздің басқарушы кадрлар уақыт, заман, қоғам мүдделерінің соңында келеді деген қорытындымен еріксіз келісесіз. Мəселен, бүгінде сыбайлас жемқорлық мемлекеттік органдарды жегідей жеп, кеулеп барады. Сондықтан, Мемлекет басшысы кəсіби мемлекеттік аппарат құру реформасын күн тəртібіне қайта қойды. Нақты он бес қадамды анықтады. Бұл – кезек күттірмес, өткір мəселе. Бұл жерде осы реформаның жүзеге асуының қарқыны, тереңдігі, сапасы басқа реформалардың қарқынына, сапасына тікелей əсер ететінін тура айту керек. Өйткені, рефомаларды жүзеге асыратын мемлекеттік аппарат қой. Ендеше, бүгінгі мемлекеттік аппараттан сапалы реформа күту тағы да ұтылу, кешігу, бір орында батбақтау болмай ма? Тығырықтан шығар жол біреу – жаңа кəсіби мемлекеттік аппаратты тездетіп құру. Осындағы «мемлекеттік аппарат құру» деген талаптың мəні мен маңызына ерекше назар аудару мейлінше қажетақ. Əңгіме бұл жерде жетілдіру, ішінара ауыс-күйіс, құрылымдық өзгерістер туралы емес. Кəсіби аппаратты жаңа негізде құру. Жаңа талаптар, жаңа қағидалар, кадрлардың жаңа корпусы, жаңа буыны туралы болып отыр. Бүгінгі мемлекеттік аппарат құрамына қарасаң, көрер көзге сырттай жинақы, ұтқыр, білімді, 40 пайызына жуығында екі-үш диплом бар, шет тілін білетін, сыпайы, кішпейіл көрінеді. Ал қоғамдық шындық, пікір оларды көп ретте екіжүзді, өзімшіл, жемқор, жауапсыз, жалған патриот, кəсіби біліктілігі төмен, мансапқа жеке іскерлік сапасымен емес, жегжаттық, туыстық жолмен, белгілі бір топтың өкілі ретінде келген, кездейсоқ кадрлар деп қабылдайтыны ешкімге құпия емес. Бұл – бүгінгінің ащы шындығы. Абай данышпан сипаттап, қауіптенгендей, «Іші – жылан, сырты – абыз, ...Саудасы – ар мен иманы, Еңбекпен етті ауыртпай» дəулет жиғысы келетін қатерлі ұрпақ толқыны кеулеп келе ме деген қауіп ұлғайып барады. Сондықтан, Мемлекет басшысы Парламенттің бесінші сессиясын ашардағы сөзінде, 2014 жылғы 1 қыркүйек басқару проблемаларына тоқтала келе, бізде жеделдік пен икемділік жоқ, міндеттерді шешудің ең қиын да көп иірімге толы созылмалы жүйесі қалыптасқан, соңғы жылдардың өзінде осы н дай «үдерістердің» салдарынан министрліктер ішіндегі құжаттар айналымы 3-4 есеге дейін артып, соңғы 10 жылда мем лекеттік қызметкерлердің саны шамамен 8,5 мың адамға көбейген, мұндай «шенеуніктік аппарат» мемлекет қолға алған іс-шараларды жүзеге асыруға тежеу болады жəне оның тиімділігіне кері əсерін тигізеді, деп атап көрсеткенін тағы бір еске салуды жөн деп есептейміз. Германия канцлері Отто фон Бисмарктың

кезінде айтқан: «Елді əлжуаз заңдармен жəне жақсы шенеуніктермен басқаруға болады. Ал шенеуніктер əлжуаз болса, ең тамаша заңдар да көмектесе алмайды» афоризмі де, «Бəрін де кадрлар шешеді!» деген тұжырым да бүгінде тағылымды, өміршең естіледі. Елбасы Н.Назарбаев ұсынған реформалардың ең күрделі, ең қиын, ең ұзақ мерзімді, елдегі, əсіресе, интеллектуалдық күштердің бірлескен қажырлы рухани-мəдени ізденістерінің, шығармашылығының бағыты – жалпыұлт тық біртектілік пен бірлік. Жалпыұлттық біртектілік – аса күрделі саяси, əлеуметтік-экономикалық, руханимəдени проблема. Оның мазмұны, құрылымы, құрамы, тікелей əкімшілік басқаруға, заңдармен қатаң реттеуге көнбейтін, адамның, этнос өкілдерінің жан-дүниесіне, дүниетанымына, санасезіміне байланысты рухани категориялар. Сірə, адамзаттың ақылманы К.Маркс: «Ең алынбайтын қамал – адамның бас сүйегі», деп осындай мəселеге қатысты дөп айтса керек. Жалпыұлттық біртектіліктің ұйытқысы, өзегі, біздің пайымдауымызша, азаматтық біртектілік болуы тиіс. Əр азаматтың өзінің этностық тегіне қарамастан, ең алдымен Қазақстан Республикасы азаматы ретінде төл құқықтары мен міндеттерін ажырамас бірлікте түсінуі, мемлекеттің саяси, экономикалық, əлеуметтік, рухани-адами құндылықтарын, мемлекеттік тілді өзінің жеке басының құндылықтары ретінде етене қабылдауы жəне соларға толық азаматтық саналылықпен, жауапкершілікпен қызмет етуі азаматтық біртектіліктің басты талаптары жəне түпкі жетістігі болуына ұмтылуымыз қажет. Қазақстанда өмір сүретін барлық этностық топтардың азаматтық біртектілігіне, барлық этнос өкілдерінің таяу уақытта «Мен – қазақстандықпын!», ал көз жетерлік болашақта өзінің этностық сана-сезімін сақтай отырып, «Мен – қазақпын!» деп айтуына қол жеткізу азаматтық, жалпыұлттық біртектіліктің сапалық көрсеткіші болмақ. Жалпыұлттық біртектілікті нығайту жолындағы аса күрделі проблема əрі оған қол жеткізудің маңызды тетігі – мемлекеттің жан-жақты ойластырылған тіл саясаты, тіл құрылысы. Тəуелсіздік жылдарында бұл салаларда қол жеткізілген мəселелер жеткілікті. Ұстамды, орнықты тіл саясаты елдегі қоғамдық келісім мен татулықтың басты негіздерінің бірі болды. Ал жалпыұлттық біртектілікке ұмтылу, оны бекіту тіл саясаты мен тіл құрылысы саласында мүлдем соны, күрделі мəселелерді күн тəртібіне қойып отыр. Жалпыұлттық біртектілік дегеніміз, ең алдымен тіл мəселесіндегі түбегейлі мəселені – мемлекеттік тілдің барлық деңгейдегі өз мəртебесіне сай басымдығын, толыққанды қызмет жасауын талап етеді. Ол өз функцияларын қоғамдық қатынастардың барлық салаларында толыққанды, қазіргі заманғы ғылыми-техникалық прогреске, индустриялық жəне ақпараттық қоғамның өскелең талаптарына сай жүзеге асыруы керек. Мемлекеттік тіл ғана жалпыұлттық біртектілікке жетудің нақты, іргелі тілдік-рухани негізі. Ұлт-мемлекет болып қалыптасқан, жалпыұлттық, азаматтық біртектілік мəселелерінде қазіргі өркениет үрдісінен шыққан Батыс елдерінің тəжірибесі осыны көрсетіп отыр. Бұл мəселеде əртүрлі пікір-таластардан, жалған, жасанды сақтық пен үрке қараушылықтан, шектен тыс күдікшілдік пен шамшылдықтан, этностық эгоизм психологиясынан арылатын кез келді. Ширек ғасырға жуық егеменді дамуымыз еліміздің тіл саясатының кемелдігін де, даму бағытының дұрыстығын да дəлелдеп берді. Енді үгіттеу мен иландырудан мемлекеттік тілдің өрісін кеңейтіп, оны жалпыұлттық бірлесу, бірігу мен топтасудың аса маңызды құралы ретінде нығайтудың жалпымемлекеттік шараларды жүзеге асыратын уақыт жетті. Осы іс-шаралардың өзекті де қажетті бағыты – алдағы уақытта мемлекеттік тілдің адамдардың, этностардың өзара қарым-қатынасының аса маңызды құралы ретіндегі рөлін күн тəртібіне шығарып, осы ретте оның бойындағы қуатты əлеуетін тиімді де кешенді пайдалану. Институттық реформа – бүкілхалықтық іс. Оны басты жүзеге асырушы, тірегі – халықтың саналы іс-əрекеті. Ал мемлекеттік басқаруды жаңа сапалық деңгейге көтеру жаңа мемлекеттік аппаратың аса жауапты миссиясы. Сондықтан да Президент: «Мен рефор малар жос парын Ұлт жос пары деп атадым, өйткені реформалар Қазақстанның əрбір азамат ының тікелей қаты суын талап етеді. Ре формалар – тек мем лекет тік машинаның ғана емес, халықтың ісі», – деп атап көрсетті. Осы екі күш халықтың бойындағы сарқылмас күш-жігер мен басқаруды ғылым жəне өнер ретінде меңгерген, мемлекет пен ұлт мүддесіне адал, білікті, таза, іскер, сапалы жаңарған кəсіби мемлекеттік аппараттың жасампаздық қызметі елімізде қазіргі заманғы сын-қатерлерге төтеп берер, тəуелсіздік тірегі – əлеуетті мемлекет қалыптастырудың іргелі негізі болады деп үміттенейік. Ел халқы мұндай үмітке əбден лайық. АСТАНА.

Əмірліктерде алєаш рет

Президент Н.Ə.Назарбаев бейнеленген пошта маркалары шыєарылады

Біріккен Араб Əмірліктерінің пошта операторы – Emirates Post пен «Қазпошта» АҚ екі достас мемлекет басшылары – Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевқа жəне Біріккен Араб Əмірліктерінің Президенті шейх Халифа бен Заид əл-Нахаянға арналған пошта маркаларын бірлесіп шығару туралы шешім қабылдады. Жақында Дубайда пошта маркаларының тұсаукесер рəсімі өтіп, меморандумға қол қойылды. «Егемен-ақпарат».

Инновациялыќ даму жолы Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ төрағасының орынбасары Өміржан Тəшімов баспасөз мəслихатын өткізді. Онда мемлекеттің инновацияны қолдау шаралары сөз болды. Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».

Мемлекет басшысы халыққа бірінші кезекте индустриялы ел жəне инновациялық ұлт болып қалыптасу міндетін жүктегелі де төрт-бес жылдың жүзі өтті. Бұл мақсатқа жету үшін көптеген игі шаралар атқарылды. Арнайы агенттік құрылып, өнертапқыштарды жаңа өнер туындысын ойлап тауып, жасап шығаруға ынталандыру жұмыстары қолға алынды. Нəтижесінде, түрлі сала бойынша жаңа өнертапқыштар шығып, инновациялық еңбектерін ұсына бастады. Баспасөз мəслихатында осы бағытта атқарылған жұмыстар əңгіме өзегіне айналды. Қазіргі таңда Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агент тік елді индустрияландыру бағдарламасының екінші бесжыл дығы ның аясында инновациялық даму ісін барынша күшейтуді көздеп отыр екен. «Бүгінгі күнде агенттік алдына екі мақсатты нақты қойып отыр. Оның бірі – Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша дəстүрлі өндіріс орындарында ескірген технологиялардың санын мүмкіндігінше азайта беру. Бұл негізінен, металлургия, геология, ауыл шаруашылығы саласындағы кəсіп орындардың бұйым дарына қатысты. Екінші кезекте индустрияландырудың екінші бесжылдығының аясында жаңа салаларды дамыту шарасы тұр. Қазіргі таңда автоматтандыру мен инжиниринг, сондай-ақ жұмыс техникасын жетілдіру жəне жаңарту істері жөніндегі тапсырмалар орындалып жатыр», деді төраға орынбасары. Спикердің сөзіне қарағанда, саладағы грант бөлу жəне инноваторларды ынталандыру шаралары əбден пысықталып болған. Бұл істе оларға Инвестициялар жəне даму министрлігі мен «Бəйтерек» ұлттық басқарушы холдингі қолдау білдіріп отыр екен. Осыған орай инновацияны дамытып, қолданысқа енгізуге қатысты тиісті заңға өзгертулер енгізіліп, бірқатар тұстары жетілдірілген көрінеді. «Саланы дамытуға арнап жасалған бағдарлама бойынша гранттарды қаржыландыру ісі жақсарып, инновациялық жобаларды жүзеге асыруға аударылатын ақша көлемі еселеп артты», деді Ө.Тəшімов.


www.egemen.kz

17 маусым 2015 жыл

Ұлы жазушы Мұхтар Əуезов: «Шығыстың бір елі – қазақтың, Қазақстанның тарихы да қызықтылығымен де талантты боп шықса-ау деген орынды арман ойға оралып еді», депті. Осы ойдың астарында ұлы қаламгердің сол кеңес дəуірінің өзінде бүгінгідей атажұртының азаттығын, бүтін тарихын аңсаған-ау, шамасы! Ортасынан көші ілгері, тіпті, жүз, мың жылдығын ойлаған айтулысын халық ұлы деп рух шыңына көтерген, ал көңіл қимастықпен жорта айта салатын тұсы да болған. Жалпы, ұлт ұлысы қап түбінде жатпайды, қын түбінде тот баспайды, түптің түбінде жарыққа шықпай қоймайды. Ұлы Мұқаң армандаған қазақ тарихы қазір жарыққа шықты. Оқып-біліп, танып, танысып жатырмыз. Оған бес ғасыр бұрын жазылған М.Х.Дулатидің «Тарих-и Рашиди» кітабы дəлел деп білеміз. Қазақтың бүкіл бітімболмысын өмір бойы зерттеп, артына өлмес мұра қалдырған академик Əлкей Марғұлан: «Қазақтың тұңғыш тарихшысы» (1941 жыл) деп бағалапты. «Сол ұлы тарихшы қазақ топырағына тəуелсіздіктен кейінгі жылдары қалай оралды, оған бастамашылар кім болған?» деген сұрақ төңірегінде, кезінде бұл іске ұйытқы бола білген, мамандығының басқа екеніне қарамай, ұлт ұлысын ерте танып білген Ұлттық ғылым академиясының академигі, Мəжіліс депутаты, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Уəлихан БИШІМБАЕВТЫ əңгімеге тартқан едік. – Уəлихан Қозыкеұлы, Мемлекет басшысы үстіміздегі жылғы негізгі мерейтойларды атап айтқаны белгілі. Соның бірі – Қазақ хандығының 550 жылдығы. Осы елеулі оқиғаның маңыздылығы туралы ойларыңызды ортаға салсаңыз? – Еліміздің тұтастығы мен бірлігін, татулығы мен тыныштығын басты назарда ұстап Президент Нұрсұлтан Назарбаев биыл ұлттық тарихымызды ұлықтау жəне бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белес тер жылы деді. Қазақ хандығының 550 жылдығы көне Таразда, қасиетті Əулиеата жерінде аталып өтетіні менің жүрегімді тебірентеді. Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» еңбегінде Қазақ хандығының құрылған уақыты 1465 жылы деп көрсетілген. Тəуелсіз мемлекетіміз үшін осы айрықша мерейтойды атап өтудің маңызы зор. Біз жас шағымызда, ғылыммен айналысқан кезімізде өз елдерінің туын көтеріп, əнұранын айтып, елтаңбасын əспеттеп жүргендерге қызыға қарайтынбыз. «Неге біз өз алдымызға жеке мемлекет бола алмаймыз?» деп ойлайтынбыз. «Біздің көне тарихымыз қандай?» деген сұрақты өзімізге іштей қоятын едік. Философақын Қадыр Мырза Əлі айтқандай, тарихымыз пышақтың қырындай жұқа еді. Көне, тіпті, орта ғасырдағы тарихымыз біз үшін жабық болатын. Қазақ елінің Ресейге қосылған кезінен бергі тарихты білетінбіз. Бүкіл ұрпақ соны оқыды, сол бойынша тəрбиеленді. Алайда, тек тамырымыздың осал болмағанын көнекөз қариялардан, əкелерімізден еститінбіз. Керей, Есім, Абылай, Қасым, Жəңгір хандар туралы сирек болса да, аңыздай əңгімелер айтылатын. Сол секілді Қабанбай, Бөгенбай, Жанқожа, Наурызбай, Қарасай, Райымбек жəне басқа да ел қорғаған батырлар жөнінде де сөз болатын. Бірақ олар туралы кітаптарда, оқулықтарда жазылмайтын еді. Иə, əйгілі тарихшы, əдебиетші, қайраткер, қазақтан шыққан əлемге танымал Мұхаммед Хайдар Дулати (14991551) біз үшін əлі де терең зерттеуді қажет етеді. Оның Моғолстан мен оған іргелес елдердің тарихы жөнінде аса құнды деректер беретін «Тарих-и Рашиди» кітабы мен «Жаһаннама» дастанының жөні бөлек. – Тарих тақырыбына, тарихи тұлға өміріне кездейсоқ келдіңіз бе, əлде ұлттық рух жетеледі ме? – 80-жылдардың ортасы еді. Мəскеудегі Ленин атындағы кітапханада отырғанда ғылыми ізденістер шаршатпай қоймайтын. Сондай сəтте демалайын деп тарихи анықтамалық материалдарды қарайтынмын. Бір күні «Мырза Мұхаммед Хайдар Дулати» деген сөз көзіме жарқ ете қалды. «Əуелі оның тегі неге Дулати?» деп ойладым. «Ол кім? Қазаққа қатысы жоқ па екен?» деймін. Анықтап қарасам, бүкіл əлем оны ұлы ғалым ретінде біледі. Біздің ұлттан шыққаны есімінен байқалып тұрғандай. Ағылшындар, немістер еңбектерін өз тіліне аударып алған. Кітабы баспадан

Бїтін ќазаќ тарихы Мўхаммед Хайдар Дулатидіѕ «Тарих-и Рашиди» кітабы арќылы тїгенделіп отыр бір емес, бірнеше мəрте басылып шыққан. Ирандықтар да өз тілінде сөйлеткен, үндістандықтар, қытайлар құрмет тұтады. Ал біз ұлы адамымызды білмейміз. «Бұл қалай, неге үнсізбіз?» деп терең ойға батамын. Сөйтіп, ол туралы материалдарды іздестіріп, зерделей бастадым... Тəуелсіздікке де қол жетті. 1996 жылы қызмет бабымен Қызылордадан Тараз қаласына қоныс аудардым. Бұрынғы педагогика институты Жамбыл университеті болып қайта құрылды. Мен сол оқу орнына ректор болып тағайындалдым. Оқу ғимараттары қаланың шетіне орналасқан екен, оны орталыққа көшіру мəселесін шешу қажет болды. Сол кездегі облыс əкімі Амалбек Тшановтың қолдауымен қала орталығынан екі-үш ғимарат алуға қол жеткіздік. Университеттің стратегиялық даму жоспарын жасадық. Сол уақытта халықтың көкейінде: «Бұл оқу орнына қазақ ғұламаларының бірінің есімін беру керек қой. Кім лайық?» деген сұрақ туындады. Көп ұсыныстар болды. Жүсіп Баласағұн, Тұрар Рысқұлов, Мұхаметжан Тынышбаев, Бауыржан Момышұлы жəне басқа да есімдер аталды. Əлемге белгілі ғалым Мұхаммед Хайдар Дулатидің атын бергеніміз жөн-ау деген ой көкейден кетпеді. Бұл істі жалғастыруымызға Елбасымыз үлкен серпін бергенін айта кетуім керек. 1997 жылы 7 қаңтарда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл аталып келген қалаға тарихи Тараз атауын қайтарып беруге қатысты мəселемен өңірге келді. Облыс атауы Жамбыл болып қалды. Университетке Мұхаммед Хайдар Дулати атын беруді қозғағанымда Елбасы: «Алдымен, оқу орнын жақсы университет жасаңыздар. Тарихшы туралы терең зерттеулер жүргізіңіздер», деп қысқа да нұсқа тапсырма берді. Бұл бізді қатты қанаттандырды. Бұдан кейін батыл іске кірістік. Университет жанынан М.Х.Дулатидің өмірі мен шығармашылығына арналған ғылымизерттеу орталығы құрылып, іске кірісті. Мұражай ашылып, ғалымға қатысы бар ғылыми деректерді жинақтай бастадық. Ұлы бабамыздың тегіне жалғасып тұрған Дулати деген сөз оның нағыз қазақ екенін əйгілеп тұр деген байлам да жасалды. Бірақ, көрші ел ғалымдары өз ұлтына теліп, өзбек деп жазып жіберген. Ташкенттегі Шығыстану университетінің ғалымы Орынбаевтың аудармасымен орыс тілінде шыққан «Тарих-и Рашиди» кітабында «Мирза Мұхаммед Хайдар» деп көрсетілген. «Дулати» деген сөзді мүлде алып тастаған. Эллиос Росстың аудармасымен ағылшын тілінде 1872 жылы алғаш рет шыққан нұсқасында «History of Central Azia» «Tarihi of Rashidi», «Mirza Muhammed Haidar Douglat» деп жазылған. Содан біз бұл мəселені əр қырынан көтеріп, Мұхаммед Хайдар Дулатидің өмірі мен ғылыми еңбектеріне арналған халықаралық конференция өткізуді жоспарладық. Ол, 1997 жылы наурыз айында халықаралық деңгейде болды. Оған Ресейдің Мəскеу, Санкт-Петербург қалаларынан,

Еуропадан, Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстаннан шығыстанушы ғалымдар, тарихшылар қатысты. Өз Отанымыздың оқымыстыларын Ш.Уəлиханов атындағы Тарих жəне этнология институтының сол кездегі директоры академик Манаш Қозыбаев бастап келді. Қаратай аға Тұрысов пен Шерхан аға Мұртаза, өзге де көптеген ұлт зиялылары, Парламент жəне мəслихат депутаттары болды. Сол келелі басқосуда «Мұхаммед Хайдар Дулати кім? Ол қазақ па, өзбек пе?» деген үлкен мəселе көтерілді. Біздер барлық деректерді алға тартып, ғылыми түрде дəлелдеген соң, Өзбекстан ғалымдары Мұхаммед Хайдар Дулатидің қазақ екенін жəне «Дулати» деген сөзді алып тастағандарын мойындап, «бəрімізге ортақ» деген уəжға келді. Əл-Фараби бабамыз да осындай «жолдан» өтіп, қазақтың киелі топырағына табан тірегенін қалың қауым біледі. Сол конференцияда «Тарих-и Рашиди» кітабында Шу өңірінің Қозыбасы деген жерінде Қазақ хандығының құрылғаны туралы жазылғаны бірнеше мəрте айтылды. Содан бастап жыл сайын халықаралық конференция өткізу дəстүрге айналды. Жалғасын тауып жатты. Үндістанның мəдени орталығымен бірлесіп, «Дулатитану», «Тарих-и Рашиди» кітабын зерттеу тақырыбында ғылыми жұмыстар қолға алынды. Бұл іске шығыстанушы, дінтанушы ғалым Əбсаттар Дербісəлі ерекше үлес қосқанын айту парыз. Осындай көп еңбектің арқасында халқымыз ұлы бабамызбен, оның еңбектерімен танысуға мүмкіндік алды. Сол тұста біз Ираннан атажұртына қоныс аударған шығыстанушы, парсы тілінің білгірі, тарихшы, филолог Ислам Жеменейді университетке қызметке алдық. Ол да көп еңбектеніп, екі-үш жылдың ішінде Дулатидің «Тарих-и Рашиди» кітабын түпнұсқадан қазақшаға аударып шықты. Ол кітап үлкен көлемде 2003 жылы алғаш рет қазақ тілінде жарық көріп, жұрт қолына тиді. – Жалпы, шын ниетпен ұлт үшін, оның айтулы өкілі туралы талпыныс жасасаң, əсте жеміссіз болмаған ғой. Бұл жағынан келгенде сіздердің бастамаларыңыз да өз нəтижесін бергенін көреміз. Өзіңіз айтқандай, кеңес дəуірінде атақты Ақжан Машанидің ерекше ерлігімен əл-Фараби бабамыз да осылай атажұртына келіп еді-ау! – Иə, бір адам бел шешіп кіріспесе, іс ілгері баса ма? Көрініп тұрған ақиқатты дəйегімен дəлелдесең, қиянат жолда қалады екен. Менің бұған М.Х.Дулатиді байтағымызға қайтару кезінде көзім жетті. Алда айтқан, университетке М.Х.Дулатидің есімін беру туралы ұсынысты ел ақсақалдары, мемлекет жəне қоғам қайраткерлері, беделді де байсалды, қарымды қаламгерлер Қаратай Тұрысов, Шерхан Мұртаза, Өмірбек Байгелди, Марс Үркімбаев, Əшімжан Ахметов жəне басқалар қолдады. Алқалы жиындарда арашалап алған арыс жайлы Ш.Мұртаза: «Ұлы ғалымның есімін осы оқу орнына неге бермейміз?! Біз

неден қорқамыз?! Баспасөзге Мұхаммед Хайдар Дулати туралы нақты деректерді жариялайық. «Егемен Қазақстан» газетіне, өзге де БАҚ-тарға мақалалар шығарайық. Сөйтіп, ұлы бабамызды халыққа танытайық», – деп табандап тұрып үн қатты. Облыстық мəслихат қолдап, Үкіметке ұсыныс жібердік. Ол да оң шешімімен оралып, оқу орнына Дулатидің есімі берілді. Өзім тарихшы болмасам да, техника ғылымдарының саласында жүрсем де, өткен тарихи тұлғалардың еңбегімен азат елдің айбынын асыру керектігіне ден қойдым, біраз зер салдым. Дулатидің халқымызға қайта оралуына атсалысқан М. Қозыбаев, Ə.Дербісəлі, Ж.Қасымбаев, У.Шалекенов жəне басқа ғалымдарды ерекше атап өтуіміз керек. Тараз өңіріндегі тарихшылар, журналист Бақтияр Əбілда, ғалым Асқар Əбдуəлиев көп үлес қосты. Сол жылдардағы облыс басшылары Амалбек Тшанов, Сарыбай Қалмырзаев, Серік Үмбетовтің қолдау көрсеткенін құрметпен айтқым келеді. Ұлтымыздың ардақты азаматы Асанбай Асқаровтың да ұйытқылығын ұмытуға болмайды. Оның Дулати атындағы үлкен тарихи қорды басқарғанын да еске сала кетсем деймін. – Дулатидің бейнесін салу жөніндегі жобаның авторлар тобының жетекшісі өзіңіз болған екенсіз. Ұлы тұлғаның портреті мен мүсіні, кейін ескерткіші қалай жасалды? Осы туралы таратып айта кетсеңіз? – Расында, бізді толғандырған бір мəселе – Дулати келбетінің қандай болғаны еді. Бабырдың «Бабырнамасын» жəне басқа еңбектерді іздестірдік. Өйткені, Бабыр екеуі туған бөле ғой. Аналары Жүніс ханның қыздары. Мұндай жағдайда тамыры бір Дулати мен Бабыр бір-біріне ұқсайтыны анық. Үндістаннан көп деректер алдық. Көне жазбаларға сүйенсек, ол ұзын бойлы, келбетті адам болған екен. Бойында даналығы, ойында ақыл, тектілігі көрініп тұрған. Сөйтіп, ұлы баба образы жасалды. Сапархан Керімбеков деген суретші болған, қайтыс болып кетті. Сол түрлі-түсті бояумен келбетінің үш-төрт нұсқасын салып шықты. Жұмыс барысында ақылдасып, талқылап отырдық. Портреттің нақты нұсқасы бекітілген соң, мүсінін жасадық. Бюсті орындаған мүсінші – Амангелді Тұрсынов. Ол мүсін қазір Тараз мемлекеттік университетінің мұражайында тұр. Содан кейін оқу орнының бас ғимаратының алдына ескерткішін орнату ісін қолға алдық. Авторлары белгілі суретші, мүсіншілер Дəурен Əлдеков пен Насыр Рүстемов. Орындаған топтың жетекшісі – Айнабек Оспанов. Жобасын бес адам тізе қосып отырып, талқыладық. Одан соң макеті жасалды. Біз ескерткіштен ұлы тұлғаның бүкіл болмыс-бітімі, арман тілегі көрінуі тиіс дедік. Қазақтық қасиеті көрініп тұруына жəне бет пішініне, қимылқарекетіне, киген киіміне дейін терең мəн бердік. Жай тұрғанын емес, жігерлі, айбынды, айбарлы қалыпта тұрғанын қаладық. Ескерткіште тұғырдан аяғының

ұшы шығып тұр. Бұл сол заманның оған тарлық еткенін білдіреді. Дулати бабамыз «Тарих-и Рашиди» еңбегінің кіріспесінде: «Аллаға сеніп, мен осы жұмысты бастаймын. Өйткені, Шыңғыс ханнан бастап, Моғолстан хандарының тарихы дерекке түспесе, кейін келешек ұрпақ білмей қалады. Қалай шығатынын білмеймін. Əйтеуір бастап жатырмын», деп жазған екен. Кітапта өзінің шежіресін Байдағанбектен бастайды. Бұл жерде кəдімгі тарихта аты белгілі Бəйдібекті айтып отыр. Ескерткіш тұрғызу ісіне ала-құла қарайтындар да табылды. Бес саусақ бірдей емес қой. Сол тұстағы облыс əкімі С.Қалмырзаевтың оларға: «Егер біреу жұмыстарыңызды істеп беріп жатса, оны қолдаудың орнына, неге кедергі жасайсыздар? Ескерткіш елге керек, ұрпаққа қажет емес пе?!» деген сөзі əлі есімізде. Ескерткішті ашу салтанатына дайындық қызу жүріп жатты. Сол сəтте Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Өмірбек Байгелди мен өңір басшысы Сарыбай Қалмырзаев ескерткішті тұғырға қырандай қондырған күні келіп көрді. Ризашылықтарын білдірді. Сенат Төрағасы: «Бұл Елбасы батасын беретін ескерткіш екен. Мұның мағынасы терең, тəуелсіз ел өміріндегі елеулі оқиға деп бағалауымыз керек. Өйткені, Дулати еңбегінде қазақ тарихы нақты жазылған. Оны Елбасы жақсы біледі», деген пікірін алға тартты. Шынында, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 1998 жылдың тамызында Таразға іссапармен келіп, Мұхаммед Хайдар Дулатидің тұңғыш ескерткішін салтанатты түрде ашып, құттықтау сөз сөйледі. Онда Президент: «Біздер батыр да дана бабаларымыздың еңбегі мен ерлігінен жігер алып, жастарды сондай рухта тəрбиелеуіміз қажет. Мұхаммед Хайдар Дулатиге ашылған ескерткіш ұрпақты рухтандырады. Келесі жылы туғанына 500 жыл толатын бабамыздың араға ғасырлар салып туған жерге, кіндік қаны тамған топыраққа оралуы – үлкен бақыт. Бабамыздың əруағы қолдап, ісімізді оңдайды деп сенемін», – деп ұлы тарихшыны жұртқа үлгі етті. Ескерткіш туралы бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазды. Ақиқатына келсек, Дулатидің бұл айбынды ескерткіші Орталық Азиядағы тұңғыш құндылық болатын. Осы арада Елбасының алыстан ойлап, бəріне байыппен қарап шешім шығаратынын айта кетсем деймін. Алғаш келгенде: «Жақсы университет жасаңыздар, Дулати туралы терең зерттеу жүргізіңіздер», деді. Оны атқардық. Ескерткішті өзі келіп ашып берді. Одан кейін де біраз жылдар өтті. Еліміз еңсесін тіктеді. Арқа төсіндегі Астананың абыройы биіктеді. Өркениет жолына нық қадам бастық. М.Х.Дулати кітабында Қазақ хандығының іргетасын қалаған Керей мен Жəнібекке елордада ескерткіш қойылды. Президент өткен жылғы Ұлытау сұхбатында Қазақ хандығының 550 жылдығын 2015 жылы жан-жақты атап өтуді міндеттеді. Көрдіңіз бе, осының бəрі ол кісінің ел дамуындағы жүйелі жұмысының бір əдемі көрінісі емес пе?! – Үндістанға барғандарыңыздан да хабардар едік. Сол сапарларыңызда тапқан тарихи деректер туралы да мəлімет бере кетсеңіз? – Қолда бармен шектеліп қалу – тарлық ететін болды. Оның үстіне 1999 жылы М.Х.Дулатидің 500 жылдығы ЮНЕСКО деңгейінде атап өтілді. Бұл бізді серпілтті. Ұлт ұлысының осал емес екенін көрсетті. Əбсаттар Дербісəлі зерттеп-зерделей келіп, Дулатидің жерленген жері Кашмирде екенін айтты. Соған орай, арнайы қазақстандық делегациямен барып келу туралы идея туды. Бұл ұсынысымызға сол кездегі облыс əкімі Серік Үмбетов ілтипат көрсетті. Білім жəне ғылым министрі Владимир Школьник те қолдап, бұйрық шығарып, делегация құрамын бекітті. Мені оған жетекші етіп тағайындады. Өз қаржымызға Үндістанға баратын болдық. Делегация құрамында Ə.Дербісəлі, М.Дайырбеков, А.Жаужүрек, А.Əбдуəлиев, Б.Əбілда, т.б. азаматтар болды. Сол жылғы мамыр айында біз Үндістанға атбасын тіредік. Ондағы азаматтар жақсы қарсы алды. Сол кездегі Қазақстанның Үндістандағы елшісі Асқар Шəкіров барлық жұмысты жоғары деңгейде ұйымдастырып, одан кейінгі ісшараларды елшілік хатшысы Мұсалнəби Тұяқбайға тапсырды. Делидегі Сихатия академиясында үлкен конференция өтті. Оған Үнді елінің ғалымдары, шетелдің елшілері қатысты. Негізгі баяндаманы Ə.Дербісəлі екеуміз жасадық. Үнді ғалымдары да баяндамаларын жұрт талқысына салды. Дүниежүзіне танымал тарихшы ғалым, саясаткер Рам Рахул (ол өткен ғасырдағы көрнекті саясаткердің бірі Джавахарлал Нерудің əріптесі, жақын досы болған) біздерге: «Қазақстанның тəуелсіз ел болғаны жəне Дулати сияқты ірі тұлғаларын іздегені бізді өте қуантады. Дулати – қазақ, ол – əлем тарихы мен мəдениетінде үлкен із қалдырған сіздердің тікелей ұлы бабаларыңыз. Ондай алыптар қазақ халқында бірлі жарым емес, көп . Д ер еккө здер ден іздең із дер, біздер көмектесеміз», деді кеңпейіл көрегендік танытып. Мұның бəріне Иран, Түрікменстан, Ресей, Өзбекстан, Қытай елдерінің елшілері куə болып, тыңдап отырды. Үндістанның баспасөз құралдары айрықша оқиға ретінде бағалап жатты. Телеарналары арнайы репортаждар көрсетті. Бұл тəуелсіз Қазақ елінің мерейін өсірген бір ұлық оқиға деп айта аламын. Одан кейінгі сапарымыз Кашмирде жалғасты.

5 – Ол жақта қиындықтар туған жоқ па? – Иə, ол кезде Үндістан мен Пəкістан арасында əскери шиеленістер болып жатқан. Бізді бірінші күннен бастап əскери күзетшілер алып жүрді. Кашмир штатының губернаторы Гриш Саксина қабылдады. Ұлт ұлысын іздеген қадамымызды қолдап, шынайы құрмет көрсетіп, барлық жағдайды жасау туралы өз адамдарына тапсырма берді. Кашмирдің Бас министрі Фарух Абдолла бірге жүрді. Кашмир университетінде ЮНЕСКО-ның, Үндістанның ғылым жəне білім министрлері, елшілік өкілдері қатысқан халықаралық конференция болды. Кашмир университетінің сол кездегі ректоры М.Кадри, танымал ғалым А.Рафики сөз сөйледі. Дулати бейнесі салынған кілемшені сыйға тартқанда, олар қуана қабыл алды. Дана баба ұрпақтары əкелген жəдігер деп мұражайға қойды. «Мазар-и салатин» деп аталатын атақты адамдары, патшалары жерленген үлкен қорымдағы Дулатидің зиратына да алып барды. Баба басында 1551 жылы қойылған үлкен құлпытас тұр. Бес ғасыр аз уақыт емес. Бірақ қасиетті адам болғандығынан шығар, тас қалыбын сақтаған. Ал 1822 жылы Ұлыбритания патшайымының Үндістандағы атбегісі, саяхатшы Уильям Макграфт Дулатидің өмірбаяны, жазған еңбектерімен танысқан соң жан-жақты адам болғанына сүйсініпті, таңданысын жасыра алмапты. Ғалым зиратына екінші құлпытас орнатып, оған оның өмірбаянын жазып шығыпты. Міне, Дулатидің ұлылығына тəнті болудың дəйегі. Жанында төрт-бес қабір бар. Ол, біздің топшылауымызша, бабамыздың əйелі мен балалары болуы мүмкін. Мұны зерттеу болашақтың еншісінде қалып келеді. Дулати қабірінің басына туған жерімізден алып барған топырақты қойдық. Шырақшы имам құран оқыды. Біз де құран бағыштадық. Сапарға шығарда Асанбай Асқаров: «Бабамыздың басына барғанда, менің атымнан да құран оқыңыздар!» деп аманат айтқан болатын. Бастап жүрген азаматтар екі елдің арасындағы қауіпті қайшылықты айтып қанша асықтырғанмен, сол аманатты Асанбай ағаның атынан өзім орындадым. Кашмирліктер бізге Дулати қабірінің бір уыс топырағын берді. Елге келген соң, сол топырақты арнайы құтыға салып, бабамыздың ескерткішінің іргесіне қойдық. Кашмир өте бір көрікті, жер жəннаты екен. Егер сол уақытта Делиде ауа райы 42-43 градус болып тұрса, таудың бөктерінде орналасқан Кашмир штатының табиғаты біздің Алматы, Жамбыл облыстарының жеріне ұқсайды: ауасы салқын, қапырық ыстық жоқ. Халқы ажарлы, еңбекқор. Таудан ағып жатқан мөлдір су да сарайыңды ашады. Қарағайлы, шыршалы ормандары көз тартады. Мұхаммед Хайдар Дулати кезінде бір оқ шығармай ақыл-парасатымен Кашмирді алып, халықтың назарын өзіне қаратыпты. Сөйтіп, ол елге 11 жыл билік жүргізіпті. Сол кезеңде аймақтың руханиятына, яғни өнері мен мəдениетіне, музыкасы мен білім саласына ерекше мəн беріпті. Жан-жақты дамытыпты. Ауыл шаруашылығын өркендетуді қолға алған, əсіресе, күріш пен шай өсіру саласын өрістетіпті. Көзі ашық, көңілі ояу, білімді адам болғандықтан, жұртты берекебірлікке ұйыта біліпті. Сəулетті де сəнді ғимараттар салғызыпты. Сол уақытта жасалған саябақтар, отырғызған баулар, гүлбақтары əлі күнге дейін жайқалып, көздің жауын алады. Соның бəрін аралап көріп, үлкен əсер алдық. 500 жылдай өтсе де, сол уақытта тартылған су құбырлары, субұрқақтары қазір де жұмыс істеп тұр. Жақтауы таспен қаланыпты. Оның кəдімгі гидротехникалық құрылыс екені көш жерден көрініп тұр. Тұрғындар мұны тарихи құндылық деп ерекше құрмет тұтады екен. Сол сапарымызда Сринагар қаласындағы кіндік Азия мұражайында үлкен кездесу болды. Ол – тарихи жəдігерлері өте мол мұражай болып шықты. Сол жерде бізге Дулати заманында шыққан металл теңгелерді көрсетті. Теңгеге өзінің атын емес, Нəзік ханның атын жаздырыпты. Бұл оның кісілігін, кішілігін көрсетсе керек. – Осының өзінен тарихымыздың тамыры тереңде жатқанын көруге болады. Қазақ хандығының құрылған жылын көрсеткен ұлы тұлға толық зерттеліп болды деп айта алмасақ керек. Бұл тұрғыда сіздің қандай ұсыныс-тілектеріңіз бар? – Рас, Мұхаммед Хайдар Дулати – əлі де терең зерттеуді қажет ететін тұлға. Оның қоғам дамуына қосқан үлесі де өлшеусіз. Бұл енді қазақ тарихшыларының алдында тұрған келелі міндет екені сөзсіз. Қазақ елінің жаңа дəуірі басталды. Елбасы «Мəңгілік Ел» құру идеясын алға тартып отыр. Бұл да тасқа басып қалдырар тарих. Ойымды қорыта келгенде айтарым, Қазақ хандығының 550 жылдығы Елбасының кемеңгерлік саясатының нəтижесі деп білемін. «Нені де болса елмен бірге көремін, елмен бірге төземін, елмен бірге жеңемін», деген еді Елбасы бір сөзінде. Сол сөзі шындыққа айналды. Ақыл-ой жеңісі Қазақ елінің берекебірлігінің ұйытқысы болды. – Мазмұнды əңгімеңізге рахмет. Əңгімелескен Сүлеймен МƏМЕТ, «Егемен Қазақстан».

––––––––––––– Суретте: Ə.Дербісəлі (сол жақтан бірінші) мен У.Бишімбаев (ортада) шетел ғалымдарымен бірге.


6

www.egemen.kz

17 маусым 2015 жыл

Ўлы істердіѕ жаршысы Биылғы жылы Қазақстан айтулы мерекені – Конституциямыздың 20 жылдығын атап өтеді. Жиырма жыл – Ата Заңның асқаралы асуының жарқын жолы. Қазіргі осы қол жеткізген өркенді істеріміздің бəрі, оның ішінде еліміздің экономикалық, саяси жəне əлеуметтік жаңғыртылуы Конституция əлеуетінің арқасында іске асырылғандығын барынша мақтанышпен айта аламыз. Өйткені, қашанда Конституция бүгінгі шынайы өмірге сай болуы жəне оған енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар уақыт талабына сəйкес негізделген болуы тиіс. Бұл тұрғыдан алғанда біздің Ата Заңымыз барлық талаптарға жауап беріп келеді. Осы жəне басқа да сындарлы мəселелерге орай біз Əділет министрі Берік ИМАШЕВҚА жолыққан едік. – Берік Мəжитұлы, Конституциямыз еліміздегі барлық заңдардың негізі, яғни Ата Заң болып табылады дейміз. Ендеше, осы сонау 1995 жылы қабылданған Конституциямыз негізін де қанша заң, акті қабылданды? Сонымен қатар, Конституцияның əлеуеті туралы не айта аласыз? – 1995 жылғы Консти туцияның негізінде қолданыстағы 265 заң актілері жəне заң актілеріне өзгерістер мен толықтыруларды енгізетін 791 заң қабылданды. Сонымен қатар, қолданыстағы заңнаманы жетілдіру процесі əлі жалғасуда əрі өмірдің құндылықтары жəне мемлекеттің жаңа міндеттері туындауда. Сондықтан, мемлекетіміздің Ата Заңы болашақта өзінің іске аспаған əлеуетін қолдануға мүмкіндік береді. Конституцияның қабылданғанына 20 жыл болғанына қарамастан, ол əлі де іске асырылмаған əлеуетін қамти береді. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, билікті бөлу қағидасы жəне жергілікті өзін-өзі басқару мəселелеріне қатысты құқықтық ережелер одан əрі іске асырылатын болады. Мəселен, Мемлекет басшысы айқындаған маңызы зор мақсат – жергілікті атқарушы органдарды сайлаудың жаңа жүйесі туралы мəселе болып табылады. 2013 жылы қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізіліп, оған сəйкес аудандық маңызы бар қалалар, ауылдық округтер, кенттер мен ауыл əкімдерін сайлау жасырын дауыс беру, яғни тиісті ауданның (қаланың) мəслихаттар депутаттары арқылы өткізілгендігі белгілі. Сонымен қатар, əкімдерді тікелей сайлаудың үлгісіне көшу мəселесі талқылануда, бұл Конституция нормаларының толығымен іске асырылуына жəрдемдесетін болады. – Ал Конституцияның жергілікті өзін өзі басқаруға қатысты 89-бабының ережелеріне қатысты не айта аласыз? – 2012 жылы еліміздің Президенті Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзінөзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын бекітті. Мемлекет басшысының кейінгі берілген тапсырмаларын ескере отырып, осы Тұжырымдаманы іске асыру – біздің жауапты міндетіміз. Біз Тұжырымдамада белгіленген мақсаттарға қол жеткізген жағдайда, мемлекеттік басқару органдарына тиісті бақылау өкілеттіктерін қалдырып, оларды қалыптасқан сайлау тəжірибесі бар толыққанды жергілікті өзінөзі басқарумен ауыстырып, жергілікті органдардың қосарлы

жүйесінен бас тартуға болады деп пайымдаймыз. – Бұл орайда біздің бір байқағанымыз, Конституцияға қайшы келетін заңдарға прокуратураның наразылық білдіру құқығы туралы Конституцияның 83-бабының əлеуеті бүгінгі күні толық көлемде іске аспағандығын атап өткен жөнау. Бұған қалай қарайсыз? – Иə дұрыс айтасыз, Конституцияның аталған бабын іске асыру үшін Конституцияға қайшы келетін заңға прокурордың наразылық білдіру тетігін əзірлеу қажет. Атап айтқанда, прокурордың заңдарға наразылық білдіру, наразылық білдірудің негіздемесін белгілеу, наразылық білдірудің мазмұны мен нысанына қойылатын талаптарды бекіту, наразылық білдірудің тəртібін əзірлеу, оны қараудың рəсімін жəне сот шешімдері түрлерін анықтау бойынша өкілеттіктерін айқындау керек. Аталған ұсыныстардың іске асырылуы «Прокуратура туралы» заңға, Қылмыстық-процестік жəне Азаматтық іс жүргізу кодекстеріне түзетулер енгізуді талап етеді. – Сонымен бірге, Конституцияның нормалары Конституциялық Кеңестің жəне Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларында анықталып, айқындалады ғой. – Əрине, Конституцияның 4-бабына сəйкес Конституциялық Кеңестің жəне Жоғарғы Соттың нормативтік қаулылары қолданыстағы заңнаманың бөлігі болып табылады, сонымен бірге, олар мемлекеттің құқық жүйесінің тұтастығын қамтамасыз етуіне жəне заңдылық тəртібінің қамсыздандырылуына бағытталады. Мысал ретінде, сот практикасында мүлікті мемлекет қажеттілігі үшін еріксіз иеліктен шығару барысында мəселе туындады, сонда Конституцияда мемлекет мұқтаждығы үшін деп көрсетілген. Практикада жер телімдерін мəжбүрлеп иеліктен шығару түсінігін жою үшін Конституциялық Кеңес осы мəселе бойынша заңнамалық актілерге өзгерістер енгізуді ұсынды. Аталған ұсыныс Жер кодексінде жүзеге асты. Сонымен қатар, қазіргі уақытта Конституциялық Кеңес Конституцияның жеке нормаларын жүзеге асырумен байланысты сот практикасының басқа да мəселелері бойынша түсіндірме береді. – Бірақ, Конституциялық Кеңес тек конституциялық нормаларға қатысты ресми түсіндірме беруі тиіс, ал сот практикасының мəселесі бойынша түсіндірме Жоғарғы Соттың құзырында болуы керек емес пе?

– Иə дұрыс айтасыз, «Нормативтік-құқықтық актілер туралы» Заңына сəйкес Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулыларды қабылдау тəртiбi Қазақстан Республикасының соттары туралы заңдарымен реттеледі. Алайда, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі жəне судьялардың мəртебесі туралы» Конституциялық заңында аталған ерекшеліктер көрсетілмеді. Осыған орай аталған Конституциялық заңда Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларын дайындау тəртібін регламенттеу жəне басқа да сондай нормативтік-құқықтық актілерді дайындауды жоспарлау қажет. Соның ішінде: сот практикасы сұрақтары бойынша Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларды қабылдауды жоспарлау, аталған қаулыларды қабылдау жоспарын мүдделі мемлекеттік органдарымен келісім жасау жəне Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларының жобасын көпшілікпен талқылау. – Берік Мəжитұлы, өзіңіз де жақсы білесіз, Елбасы «Нұр Отан» партиясының ХVI съезінде заң үстемдігін қамтамасыз ету қажеттілігін нақты белгіледі. Осы орайда, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің біліктілігі мен заң талаптарына тоқталып өтсеңіз? – Президент Нұрсұлтан Назарбаев, өзіңіз айтқандай, «Нұр Отан» партиясының ХVI съезінде заң үстемдігін қамтамасыз ету қажеттілігін айрықша айқындады. Мемлекет басшысы: «Бүгінде сот жүйесінің əлсіз буыны – судьялар корпусы арасындағы сыбайлас жемқорлық көріністеріне жиі-жиі соқтырып жататын судьяларды іріктеу, судьяларға қойылатын біліктілік талаптарының тиімсіздігі. Судьялар корпорациямен меңіреу тұмшаланбауы тиіс жəне қоғамдық сыннан тыс болмауы керек. Ашықтық – судьялар қатарындағы жемқорлықтан емдейтін дəрі» – деп атап өтті. Осыған орай, судьяларға біліктілік талаптарын күшейту ұсынылды. Сондайақ, 2014 жылғы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы қабылданды. Бұл стратегияда жемқорлықтың алдын алудың ықпалды тетігі болып табылатын «Қоғамдық бақылау туралы» Заңын қабылдау қарастырылған. Аталмыш заң сыбайлас жемқорлыққа қарсы міндеттердің өзін де, сондай-ақ, қоғам мен мемлекеттің тыныстіршілігінің басқа да əлеуметтік маңызы бар мəселелерін шешуге ықпал етеді.

 Оқиғаға орайлас ой

Ќазаќстанныѕ əлемдік діни їнќатысудаєы їлесі Айнель ТОҚМЫРЗИНА,

Мəдениет пен діндердің халықаралық орталығының сарапшысы.

Мемлекеттік аппарат жұмысы ның ашықты ғын қамта масыз етудің тағы да бір құралы «Жария ақпаратқа қолжетімділік туралы» Заң болуы тиіс, ол жария ақпаратты алушылардың құқықтарын, оны беру, есепке алу жəне пайдалану тəртібін бекітеді. Жария ақпаратқа еркін қолжетімділік халықтың шенеуніктермен артық байланысын болдырмайды. Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігі, бірінші кезекте, негізгі буыны сот төрелігінің мінсіз жүйесі болып табылатын құқық үстемдігін қамтамасыз ету жүйесіне байланысты. – Оқырмандарымызға түсінікті болуы үшін пайдаланылмайтын жəне заңнаманы бұзумен пайдаланылатын жер телімдерін алып қоюды құқықтық реттеуді жетілдіру қажеттігі мəселесіне тағы бір мəрте тоқталып өтсеңіз? – Бұл туралы республика Президенті 2013 жылғы қазанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтқан болатын. Алайда, алға қойылған мақсаттарды тиімді түрде шешуге бүгінгі күнге дейін қол жеткізілмеді. Осыған байланысты жер телімдерін алып қою мəселелері бойынша заңнаманы жетілдіру мақсатқа сай болады деп пайымдаймыз. Демек, тəжірибе көрсетіп отырғандай, азаматтыққұқықтық мəміле немесе сот шешімі бойынша жер телімінің немесе онда орналасқан жылжымайтын мүліктің кадастрлық құны нарықтық бағадан елеулі түрде төмен деген сөз. Бұл жағдайда құнды өтеу бағасы тең болмайды, өйткені, учаскенің меншік иесі алған қаражатына сай келетін жер телімін сатып ала алмайды. Осылайша, Конституцияда көзделген «тең бағамен өтеу» қағидаты шын мəнінде іске асырылмайды. Мəселені шешу үшін құнды өтеу кезінде нарықтық бағаны басшылыққа алу қажет, не учаскеге жылжымайтын мүлікті салуға жұмсалған шығынды өтей отырып, бағасы тең жер учаскесін беруді қамтамасыз ету

қажет деп пайымдаймыз. – Сонымен, Ата Заң əлеуеті арқасында атқарылған жұмыс тарға қысқаша ғана нақты баға берсек. – Конституция бүгінгі шынайы өмірге сай болуы қажет жəне оған енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар уақыт талабына негізделген болуы тиіс. Əзірге, қолданыстағы Конституция Парламент қабылдайтын заңдар арқылы одан əрі нормативтік дамытуды қажет етеді, ал біз заң шығармашылық үдерісінің субъектілері ретінде оған белсене қатысуымыз қажет. Осы жылдарда өзіміз өткен жолдарды бағалай отырып, тарихи өлшем бойынша қысқа кезеңде, яғни конституциялық құндылықтарды, қағидаттарды жəне нормаларды күнделікті өмірде жүзеге асыруда, азаматтардың жеке, саяси жəне əлеуметтік-экономикалық құқықтары мен бостандықтарын толықтай іске асыру үшін объективтік жағдайлар жасауда ғаламат жұмыс атқарылғандығын нық сеніммен айтуға болады. – Елбасы «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде кешіктірмей іске асыруға қажетті 5 институттық реформаны атап өтті. Бұған алып, қосарыңыз қандай? – 2015 жылғы 11 наурыздағы «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде Президент, партия Төрағасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев біздерге іске асыруға қажетті бес институттық реформаны жіліктеп бергені белгілі. Елбасы осы бес бағыт бойынша жетістіктерге қол жеткізумен бірге Президенттен Парламент жəне Үкіметке билік құзыретін қайта бөлуді көздейтін конституциялық реформа сатылай өткізілу керек деген ойды білдірді. Жалпы алғанда осы бес реформа қазақстандық мемлекеттілікті жəне əлемнің дамыған 30 елдің қатарына ену үшін негізгі шарттарды құрайды деп білемін. – Əңгімеңізге рахмет. Əңгімелескен Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан».

Өзінің тəуелсіздік алған жылдарында Қазақстан конфессияаралық жəне этносаралық келісім бойынша айрықша модель жасап, оны бүкіл əлем «қазақстандық жол» деп таныды. Біздің елдің тəжірибесі, əсіресе, қазіргі этносаралық жəне конфессияаралық кикілжіңдер туып отырған кезде ғаламдық деңгейде сұранысқа ие болып отыр. Еліміз əрқашанда өркениеттер мен мəдениеттердің арасындағы алтын көпір болып келеді. Ұлы Жібек жолы да қазіргі Қазақстанның аумағы арқылы өтіп, Шығыс пен Батыстың, Оңтүстік пен Солтүстіктің өзара мəдени жəне рухани баюының арнасы қызметін атқарды. Өз кезегінде Қазақстан да əлемдік діндер көшбасшыларының үнқатысуына алтын көпір болып отыр. 2003 жылы Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың бастамашылдығымен Əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидерлерінің съезі сияқты дінаралық үнқатысу алаңы дүниеге келді. Дінаралық алғашқы саммит рухани құндылықтардың жаһандық араласуы процесінің алғашқы қозғаушы күші болды. Осында жəне одан кейін болған съездерде көптеген бірлескен декларациялар мен мəлімдемелер қабылданып, олар əлемдік қоғамдастықтың барлық халқына жетті. Астана саммитінің арқасында əртүрлі діндер мен этностар өкілдерінің арасында өзара сенім мен ынтымақтастықтар пайда болды. Төзімділік, бейбітшілік, мəдениеттердің, діндер мен өркениеттердің ынтымақтастығы мемлекетіміздің сыртқы саяси бастамаларын жасауға да негіз болды. Бүгінгі таңда Қазақстан Еуропа елдерімен қатар, мұсылман əлемі елдерімен де бейбітсүйгіштік міндеттерді іске асыратын ынтымақтастық аумағын ұлғайтып келеді. Қазақстандықтардың болашақ тағдырында Президент Н.Назарбаевтың «Нұрлы Жол» Жолдауын іске асыру маңызды рөл атқарады. Онда елдің жарқын болашағының стратегиясы айқындалған. Дін көшбасшыларының түрлі жанжалдар мен кикілжіңдерді еңсеріп, бейбітшілікке бастар жолында өзара бірлесе іс-қимыл жасаудың маңызы зор. Өзара үнқатысулар мен ынтымақтастыққа ұмтылу арқылы дін көшбасшылары басқаларға үлгі бола алады. Міне, осы міндетті əлемдік өзекті мəселелерді талқылайтын жəне өзара қатынасты дамытатын дінаралық форум атқарады. Екінші деңгейдегі дипломатия – бұл кикілжіңдерді реттеудің стратегиясын əзірлеуге бағытталған топтар мен халықтардың бейресми қарым-қатынастары. Əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидерлерінің үнқатысу арқылы бейбіт өмір сүруге шақырған үндеулері гуманистік, адамгершіл жəне негізделген мақсаттарды көздейді. Ол нəсілдік жəне діни қағидаттармен қудаланған халықтар арасында қолдауға ие болды. Төзімділік, өзара түсіністік

Салынєан їйдіѕ сапасы ќандай? (Соңы. Басы 1-бетте). Отырысты ашқан Нұр Отан» партиясының хатшысы Қ.Ақсақалов өз сөзінде: «Бюджет қаражатын жəне Ұлттық қордан бөлінетін қаражатты тиімді жұмсау – аса маңызды жəне ол – партияның тұрақты бақылауындағы мəселе. Комиссия жұмысы барысында Үкіметпен өзара іс-қимыл жөніндегі жұмыс күшейтілді жəне ол осы қалыбынан таймайды, қазіргі уақытта партияның Орталық аппараты осы бағыт бойынша жұмыс жүргізуде, соның шеңберінде «Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша қаражатты жұмсау тетігі мен бақылау индикаторлары жөнінде əдістемелік ұсынымдар əзірленетін болады», десе, Комиссия жетекшісі, Парламент Мəжілісіндегі «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі, депутат Н.Логутов сегіз ай ішінде жоспардың 22 пайызын ғана игерген холдинг небəрі бес ай уақыт ішінде қалған қаражатты игеріп бітіре ала ма деген мəселеге күмəнмен қарап, құрылыс уақтылы аяқталмай жатқан аймақтарды атай келе, көш соңында жүретін құрылыс нысандары мен оларды салатын мердігерлердің «Нұрлы Жол» бағдарламасының дұрыс орындалуына кедергі тигізетінін баса айтты. Сонымен бірге, «Бəйтерек» ұлттық басқарма холдингі» АҚ желісі бойынша құрылыс жүріп

жатқан облыстардағы жергілікті атқарушы органдар құрылыс жұмысының барысын бақылауға қатты көңіл бөлмейді, əрекетті көмек көрсетпейді, инженерлік коммуникацияларды дайындау бойынша өздерінің міндеттемелерін орындамайды, деген Николай Логутов кейбір өңірлердегі құрылыс уақытының кешігуі жəне қаржыны игеру көлемі алаңдаушылық тудыратынын қаперге салды. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысы 2015 жылдың сəуірінде 8 тұрғын үйді, яғни 1080 пəтерді пайдалануға беруі керек еді. Бірақ, құрылыс, тіпті, 1 маусымға дейін аяқталмаған. Себебі, кəріз желілерінде кінəрат бар. Енді жұмыс 1 шілдеге дейін аяқталады деп күтілуде. Шығыс Қазақстан облысында, атап айтсақ, Семей қаласында кейбір тұрғын үйлер жоспарға сəйкес мерзімі жеткенде инженерліккоммуникациялық желінің тек 18 пайызын ғана дайындап үлгерген», деп атап өтті фракция мүшесі. Отырыста мəлім болғандай, 2015 жылы əлеуметтік инфрақұрылымды дамыту шеңберінде Ұлттық қордан 34 мектептің құрылысын бастауға қаражат бөлінген. Деректерге сəйкес, Ақтөбе облысында («Нұр-Ақтөбе» шағын ауданында); Алматы облысы (6 мектеп) мен Астана қаласында (№ 26 орта мектеп) жəне Алматы қаласында (№ 26 орта мектеп) салынады. Сондай-ақ, 7 аймақта 9 мектептің құрылысын бастау үшін дайындық

жұмыстары басталыпты. Ақтөбе облысында (Кирпичный кентіндегі мектеп), Жамбыл облысында (Кұмшағыл бекеті, Тараз қ.), Қарағанды облысында – 2 мектеп бойынша (Сəтбаев, Қарағанды қалаларында), Қызылорда облысында (Тəжібаев ауылындағы орта мектеп), Маңғыстау облысында (Бейнеу ауылындағы орта мектеп), Солтүстік Қазақстан облысында – 2 мектеп бойынша (Тайынша қ. жəне Новоишим ауданындағы Мүсірепов қ.), Алматы қаласында (№157 орта мектеп). Сонымен қатар, конкурс өткізілді, соның арқасында Ақтөбе облысының Заречный-3 кентіндегі мектеп құрылысының мердігерлері айқындалған көрінеді. Бұл дегеніміз, еліміз бойынша қыркүйек айында 34 мектептің оқушыларының жаңа оқу жылын сəулетті ғимаратта бастаймыз деген үкілі үміттері болса керек. Сондай-ақ, мектепке дейінгі білім беру шеңберінде 2015 жылы Ұлттық қор қаржысының есебінен 17 балалар бақшасының құрылысын бастау жоспарланыпты. Маңызды мəселе бойынша негізгі баяндаманы жасаған «Бəйтерек» ұлттық холдингі» АҚ басқармасының төрағасы Қуандық Бишімбаев Астана, Алматы қалалары мен өңірлердегі құрылыс жұмыстары жайлы асықпай баяндады. Оның айтуынша, «НҰҚ Бəйтерек» қол қойылған келісім бойынша 121,7 млрд. теңге көлеміндегі бөлінген соманың 27 млрд. теңгесін игеріп отыр.

«Бүгінгі күні «Нұрлы Жол» бойынша жалға алу бағдарламасын іске асыру шеңберінде жалпы сомасы 63,2 млрд. теңге, көлемі 417,6 мың. м2 (7 208 пəтер) болатын 43 нысан бойынша келісімге қол қойылды, олардың ішінде: 2015 жылы тапсыру мерзімімен 53,3 млрд. теңге тұратын, аумағы 344,7 мың м2 (5 929 пəтер) болатын 36 нысан бойынша; 2016 жылы тапсыру бойынша 10 млрд. теңге тұратын аумағы 72,9 мың (1 279 пəтер) болатын 7 нысан бойынша келісімге қол қойылды», деп атап өтті холдинг басшысы Қ.Бишімбаев. Баяндамашының айтуынша, қол қойылған келісімдердің иемдену көлемі 194,8 мың шаршы метрді немесе 3 295 пəтерді құрайды, құрылыс аумағы 222,8 мың шаршы немесе 3913 пəтер. Мысалы, бүгінгі күні Шымкент, Тараз, Семей, Қызылорда, Орал, Павлодар, Талдықорған, Өскемен жəне Петропавл қалаларында құрылыс жұмыстары жүруде. Ал депутаттардың бір жылға бөлінген қаражаттың бүгінгі күнге дейін, өзіңіз айтқандай, 23 пайызы ғана игерілгеніне қарап, жыл соңында қаржыны игере алмай қалмайсыздар ма деген сауалына: «Бүгінгі таңда мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үй құрылысына бөлінген қаржының 23 пайызы игерілді, себебі, біз мердігерге алдын ала ештеңе төлемейміз. Тəртіп бойынша конкурстан жеңіп шыққан компания толығымен құрылыс жұмыстарын бітіруі қажет. Біз төлемді содан

пен сыйластық, теңдік сияқты жалпыадамзаттық құндылықтар барлық діндерге де тəн. Барлық діндегі адамдарды бейбіт өмір сүруге ұмтылыс біріктіреді. Бірақ бүгін біз барлық діндердің өкілдері ортақ үлес қоспаса жеңе алмайтын проблемалар мен қатерлердің алдында тұрмыз. Мейірлі бастамалар көтеру арқылы Қазақстан барлық əлемдік қоғамдастықтан өзіне деген құрмет пен танымалдыққа қол жеткізді. Дінаралық үнқатысуға қосқан үлесі ұлттар қауымдастығындағы біздің еліміздің беделін көтерді. Ғаламдық құрылымдар да Қазақстанды танып жəне оған деген өзінің сенімін арттырды. Барлық бес съездегі кездесулер мен үнқатысулардың арқасында біз діндер көшбасшыларының арасындағы жайлылық пен өзара сенімге де қол жеткіздік. Əрбір келесі съезд əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшыларының арасындағы өзара құрмет пен қарым-қатынасты жақсарта түсіп, əлемдегі бейбітшілік, қауіпсіздік жəне үйлесім жолындағы ынтымақтастықтарды арттыруда. Бұл істің табысты болуына Қазақстан халқының өз ішіндегі ғасырлар бойғы діни төзімділігі мен толерантты өмір сүру үлгісі де маңызды факторлардың бірі болып отыр. Қазақ халқының мəдениэтностық дəстүрлерінен бастау алатын рухани өмірдегі қатынасқа деген төзімділік қазіргі жəне болашақтағы азаматтық бейбіт өмірдің сақталуына жақсы негіз болды. Қазақстанда барлық этностардың мəдениеті мен діндері жалпыұлттық құндылық деп бағаланады. Республиканың азаматтары өздерінің балаларын басқа ұлттар мен ұлыстардың діні мен құндылықтарына қатысты төзімді болуға тəрбиелейді. Бір аумақта тұрып, əртүрлі діндерді тұтынатын көптеген ұлттар мен ұлыстардың тарихи жағдаймен қалыптасқан бірге өмір сүруі халықтар мен діндер арасындағы ынтымақтастықты қажет етеді. Республиканың сыртқы саяси ісəрекетінде халықаралық ұйымдар елеулі рөл атқаруда. Қазақстанның халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықтағы басымдықтары туралы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Егеменді мемлекет ретінде Қазақстанның құрылуы мен даму стратегиясы» атты кітабында атап көрсетілген. Халықаралық ұйымдар арқылы елдің дипломатиялық қызметі Қазақстан Республикасының БҰҰ жəне басқа да халықаралық ұйымдардағы конференциялар, форумдар, кеңестер мен саммиттерге шығуын қамтамасыз етіп, мемлекеттің халықаралық деңгейдегі танылуы мен рөлін арттырады. Жоғарыда айтылғандардың бəрін қорытындылай келе біздің елімізде тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан Əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидерлерінің съездері əлемдік бейбітшілік пен келісімге, жұмыр Жердегі бейбіт өмір сүру мен үйлесімділіктің негізі болатын моральдық жəне этностық қағидаттардың салтанат құруына ғаламдық кеңістікте жол ашты деп айта аламыз.

кейін ғана жасаймыз, ал қазіргі 23 пайыз – олардың бүгінгі күні атқарған жұмысының көлемі, холдинг үйлер дайын болғанымен, қажетті құжаттары толық болмаса да қаржы аудармайды. Біз қазіргі уақытта 2015 жылы 344 мың шаршы метр алаңды пайдалануға беру келісімшартына қол қойдық. Ал біздің осы жылға жоспарымыз – 400 мың шаршы метр. Яғни, бізге 60 мың шаршы метр жетпейді. Бірақ байқау жүргізіліп жатыр. Біз 2015 жылдың соңына дейін қажетті шаршы метрді жинап үлгереміз. Егер мердігерлер тұрғын үйлерді уақтылы тапсыратын болса, онда біз толығымен төлейміз. Демек, біз пəтерлер бойынша жоспарымызды толық орындайтын боламыз», деп жауап қайтарды. Депутаттар пəтер пайдалануға беріліп жатқан көпқабатты үйлердің маңы абаттандырылмай жатқанына мəн берді. Балалар ойнайтын алаңдарда тастардан аяқ алып жүре алмайсыз, ойдым-ойдым шұңқырлар, ал мұнымен ешкім де айналысып жатқан жоқ. Үй пайдалануға берілген, адамдар тұрып жатыр, ал абаттандыру жағы мүлдем «ұмыт қалған». Инфрақұрылымды қойшы, олар əйтеуір жасалады. Ал аулалардың абаттандырылмауы, балалардың ойын алаңдарының болмауы алаңдатады. Мұнымен нақты кім айналысуы тиіс? Мүмкін мұны депутаттық топ тексеруі қажет шығар? Слайдтан көріп отырмыз, ал іс жүзінде мүлдем басқа жайт орын алуда, деген дабылға «Бəйтерек» ұлттық холдингі» АҚ басқармасының төрағасы холдинг желісі арқылы салынатын тұрғын үйлер жергілікті əкімдіктердің қаржысы есебінен абаттандырылатындығын атап өтті.


www.egemen.kz

17 маусым 2015 жыл

Ол оқиға былай болыпты. Қолымда атам Дайырбай Шашкиннің Жеңістің 30 жылдығы қарсаңында Қазпотребсоюз мекемесінде мерекені өткізу жөнінде құрылған жергілікті комитеттің төрағасына жазған өтініші тұр. Қырық жыл бойы сақталған сарғайған қағаз бетіндегі жазулары маржандай екен. «Менің соғыста болғанымды, небір қанды шайқастарға қатысқанымды

Баукеѕ атындаєы ќордыѕ батыл ќадамы

артиллерияның көмегімен бекіністер тас-талқан етіліп, Ленинград қаласын қоршауға алған неміс əскерлері кері шегінді. Осы шайқас кезінде аяғымнан жараланып, майдан даласында қалып қойдым. Жауынгер достарым уралап алға жүгіріп бекіністерді алу үшін жау соңына түсті. Жан-жағым қалың қар. Айқайласам дауысым шықпайды. Аяғым жараланса да қолым аман.

Білім ошаќтарында «Бауыржантану» пəні енгізілетін кїн таяу

Ќырыќ жыл бойы саќталєан хат

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының «Дөңгелек залында» даңқты қолбасшы – Кеңес Одағының Батыры, Мəскеуді қорғаған панфиловшы, жазушы «Бауыржан Момышұлы мұрасы» атты Қоғамдық қор құрылды. Талғат СҮЙІНБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

немесе майдангер атамныѕ аманаты Көрнекті жазушы Зейін Шашкиннің немере ағасы Дайырбай Шашкин Ұлы Отан соғысына 1942 жылы шақырылып, Волхов, Ленинград, 1 Украин майдандарында жаумен шайқасқан. 1943 жылы ауыр жараланып, госпитальға түседі. Соғыс жылдары майданнан үшбу хаттарды халық асыға күтетін. Бір хат қуаныш əкелсе, екіншісі қайғы бұлтын үйіретін. «Қара қағаз» деген атпен ел есінде қалған жансыз парақтағы ақпарат аядай ауылға лезде таралып үлгеретін. Сол кездерде

«қара қағаз» келіп, кейін еліне аманесен оралған майдангерлер де аз емес. Дəл осындай оқиға бүгін біз əңгіме еткелі отырған менің атам Дайырбай Шашкиннің де отбасында болады. Майдангердің жары Теміржан апамыз бен оның туған-туыстарын бұл суық хабар күйзелтіп жібереді. Өзегі қанша өртенсе де апамыз үмітін үзбейді. Оның жүрек түкпірінде жарына деген жарық сəуле өшпеді, өлді деуге сенбеді, сенгісі де келмеді. Сөйтіп жүргенде атамыз 1945 жылы қыркүйекте елге аман оралады.

Қызыл Тулы, Суворов орденді Павлов дивизиясының командирі мен саяси бөлімінің комиссары берген мақтау қағаздары дəлелдейді. Олардың көшірмелерін қоса жіберіп отырмын. 1942 жылы күз айларында немісфашист басқыншыларының əскерлері Ленинград қаласын қоршауға алғандығы өздеріңізге мəлім. Бұл кезде мен Волхов майданында бөлімше командирі едім. Басқыншыларды қалаға кіргізбеу үшін жан аямай шайқасып жаттық. 1943 жылғы 8 қаңтар күні Волхов,

Ленинград майдандарының жауынгерлері мықты бекініс жасап алған неміс əскерлеріне қарсы шабуылға шықты. Он тəулік бойғы үздіксіз қантөгістен соң неміс əскерлері бірінші бекіністен кері шегініп, екінші қорғаныс белдеуіне орнықты. Оған шабуыл 17 қаңтар күні басталып кетті. Жау бекінісінде орналасқан доттар мен дзоттар бас көтертер емес. Қорған қалыңдығы 10 сантиметрлік шойын трубалармен қоршалғандықтан біздің əскерлер үш күн, үш түн бойы жау шебін бұза алмады. Ақырында ауыр

Шынтақпен таянып 100-150 метрдей жерге сүйретіліп барып құлаппын. Сол күні түнде көрші əскери бөлімнің барлаушылары мені тауып алып санбатқа, одан далалық госпитальға, содан кейін Калинин облысы, Боровичи қаласына жеткізіпті. Мұнда тез емделіп, майданға аттандым. Осы аралықта əскери бөлім командирі мені өлдіге жорып отбасыма «қара қағаз» жолдаған болу керек. Сонымен, Ленинград қаласы қоршаудан босатылып, немістер кейін шегініп, қауіп-қатер азайған кезде біздің майданға, мен қызмет еткен Қызыл Тулы Суворов орденді Павлов дивизиясының штабына Қазақстаннан журналистер келеді. Олардың мақсаты қазақстандық жауынгерлер туралы материал əзірлеу. Осы тұста дивизия командирі менің фамилиямды атап, он тəулік бойы Ленинград қаласын қоршаудан босату үшін болған шайқастың соңғы күні ерлікпен қаза тапты дейді. Олар елге келгеннен кейін болған жағдайды баспасөз бетіне жариялайды. Сол кезде газеттің бір данасы Қарағанды қаласында тұратын Мейрам Ыбыраевтың қолына тиеді. Ол бұл газетті менің інім Зейін Шашкинге жібереді. Аумалы-төкпелі заман кезінде інім ол газетті жоғалтып алады. Қандай газет, қай күні шыққанын інім есіне сақтай алмапты. Мен туралы жазылған сол басылымды осы уақытқа дейін іздеп таба алмадым. Газетке басылған материал мен жараланғаннан кейінгі 1943 жылдың қаңтар, ақпан, наурыз, сəуір, мамыр, яки жаз айларында «Социалистік Қазақстан» немесе Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газеттерінде жарияланған болуы керек. Бұл жөнінде 1969 жылы Қаскелең аудандық əскери комиссариатына өтініш жаздым. Олар Қарағанды облыстық газетінің редакциясына іздеп табуды тапсырып, хат жіберді. Олар 1943 жылғы газет архиві Алматыдағы орталық кітапханаға тапсырылған, сонда сақталады, деп жауап жіберіпті. Осыдан кейін мен сырқаттанып, əрі қарай іздете

алмадым. Сіздерден сұрайтыным Жеңістің 30 жылдық мерекесіне дейін сол мақала шыққан газетті табуға көмек көрсетсеңіздер екен. Өтініш беруші Ұлы Отан соғысының ардагері, зейнеткер Д.А.Шашкин». «Қырық жыл қырғын болса да ажалды өледі» деген рас. Атамыз Дайырбай Шашкин Ұлы Отан соғысына басынан аяғына дейін қатысып, ерекше ерлік көрсетіп, Берлинге жетіп, елге жеңістен соң оралды. Оның «Ленинградты қорға ғаны үшін», «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін» сияқты медальдары соның бір айғағы іспетті. Атамыз білімді əрі өнерлі адам болатын. Ол кəдімгідей өлең жазатын, əдебиетке құмар еді. Белгілі ғалым Қаныш Сəтбаевпен бірге оқып, бірге өскен. Олар жастық шағын туған жері Баянауылда бірге өткіз ген. Көркемөнерпаздар клубын алғашқы құрушылар. «Арқалық батырды» қоюшы жəне сол пьесада басты рөлдерін ойнаған адамдар. Сонымен қатар, концерттер де ұйым дас тыр ған. Өздері əн салып, домбыра, скрипка, сырнай тартқан. Өлең, тақпақ, скетч, интермедиялар оқыған. Сол кездерде əйелдерін де концертке қатыстырған. Əсіресе, атамыздың жары, менің енем атақты əнші-композитор Жарылғапбердінің қарындасы Қозғанбайқызы Теміржан гармоньмен əн салған.

Соғысқа дейінгі жылдары да Шашкиндер əулеті көптеген қиыншылықтарды бастан өткерген. Бұл жөнінде əсіресе, атамыздың немере інісі Зейін Шашкин туралы жазылған естеліктерде, атамыздың қызы Макиза апайдың бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбаттарында ашық та анық жазылған. Атамыздың ұрпақтары білім мен ғылым жолын қуып еліміздің өркендеуіне ат салысқан азаматтар. Олар: Сақа Дайырбайұлы Шашкин – тарих ғылымдарының кандидаты еді. Осыдан он жыл бұрын қайтыс болды. Сақаның ұлы Шыңғыс Шашкин бетке ұстар дəрігер-нейрохирург, Ұлттық нейрохирургия орталығы жоспарлау жəне даму департаментінің директоры, медицина ғылымдарының кандидаты. Ауыл молдасынан білім алып көз ашқан, қарапайым ғана еңбек адамының қырық жыл бойы сақталған хатын қайта жария етудегі мақсатымыз, марқұм атамыз туралы осыдан жетпіс жыл бұрын жазылған материалды іздеп тауып, өзі болмаса да соңында қалған ұрпағына оқытып, ата аманатын орындау еді. Аманатқа қиянат жүрмесі анық. Сəуле Дайырбай келіні ШАШКИНА. ––––––––––––––

Суреттерде: Д.Шашкин (оң жақта); қаруластар ортасында.

Аєа ўрпаќќа бас иеді Ќоянќўс Əлия

Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Ақтөбе топырағында халқының аяулы қарылғашы, Шығыстың қос шынарының бірі, қан майданда ерлермен бірге ерліктің асқан үлгісін көрсеткен Кеңес Одағының Батыры Əлия Молдағұлованың 90 жылдық мерейтойы басталып та кетті. Алдымен облыс орталығындағы батыр қыздың мемориалдық кешеніне соғыс жəне еңбек ардагерлері, Əлияның туыстары, «Əлия гүлі» достарын шақырады» VІ халықаралық балалар шығармашылығы фестиваліне қатысушылар жəне ақтөбеліктер гүл шоқтарын қойды. Салтанатты шарада сөз алған қала əкімінің орынбасары А.Арынғазиева жиналғандарды мерейтоймен құттықтап, «Біз Əлия ерлігіне бас иеміз» деді. Əлияның нағашы інісі Сапар Молдағұлов батыр қызына құрмет көрсетіп жатқан халыққа риза шылығын білдірді. Мұның өзі Əлия апайының рухының алдындағы ұрпақ парызы екенін тілге тиек етті.

Салтанатты сəтті ««Əлия гүлі» дос тарын шақырады» VІ халықаралық балалар шығармашылығы фестиваліне қатысушылар мың бұралған бимен бедерледі. Одан кейін мерейтой қонағы əскери ғылымдар докторы Ким Серікбев Əлияның ерлігі арқылы тек ақтөбеліктер ғана емес, барша қазақстандықтар мақтанатынын жеткізіп Əлия мен Мəншүктің өмірі мен ерлігі туралы ой толғады. «Қос Шынар» қоғамдық бірлестігі Ақтөбе қалалық қайырымдылық қорының төрағасы Ғалымжан Байдербес Əлия апамыз жайлы мазмұнды сөз айтты. Ақын Амантай Өтегенов Əлия туралы жырдан шашу шашты. Шара барысында «Əлия гүлі» халықтық би ансамблі, облыстық филармония əртістері өз өнерлерін көрсетіп, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің доценті, əуесқой суретші А.Корваттың сурет көрмесі ұйымдастырылды. Ақтөбе облысы.

Ауылымыз көп жылдық тарихы бар көне ауылдардың бірінен саналады. Осы құтты да киелі мекенде көптеген ұлт өкілдері тату-тəтті өмір сүріп келеді. Сонау сұрапыл соғыс жылдарында бір үзім нанды бөліп жеп, бір-біріне демеу болған қоянқұстықтар бүгінде өздерінің бірлігін көрсетіп, батыр аталарының аруағына арнап үлкен игілікті шара өткізді. Жеңістің 70 жылдығына орай ауыл жұртшылығы соғыста құрбан болған ата-бабаларының аруағына арнап ескерткіш тақта орнатып, жауынгерлердің ұрпақтары қайырымдылық ас берді. Бұл қуанышты ауданымыздың əкімі Қ.Медеуов ауылдастарымызбен бірге бөлісті. Ескерткішке осы ауылдан соғысқа аттанған азаматтардың есімдері ойып жазылған. Олардың қөшін бастап, ауданымыздың құрметті азаматы 95 жастағы ардагер Жұмағали Əлібаев тұр. Бұл тарихи мұраның осы ауылдың білім ошағы №1 орта мектебінің ауласында орналасуы да өскелең ұрпаққа үлкен патриоттық тəлім-тəрбие беріп тұр. Жас ұрпақ оларға бас иіп, есімдерін ешқашан ұмытпайды. Батырлар мемориалы, əрине, көпшіліктің қолдауымен орнатылды. Бұл орайда, ең алдымен ауылдың

7

ақсақалдар алқасының төрағасы Жұматай Ноғайбаевтың басқаруымен С.Батырова мен А.Қасенов сияқты азаматтар орасан зор үлес қосты. Ал өзінің он жылдық тарихы бар білім мекемесі – №1 орта мектеп ұжымының еңбегі тіпті ерекше болды. Жиналған ауыл жұртшылығы осы ұжымға жас ұрпақ алдында берген тəрбиелері үшін алғыс айтты. – Жастарымыз осы ауылдан шыққан батырларымызды ұмытпайды. Олардың ерліктерін ұрпақтан ұрпаққа жастар өздері айтып жүреді.Сондықтан

да мемориал тақтаны осы мектебіміздің ауласына орнаттық, – дейді мектеп директоры Г.Көлбаева. Бүгінгі күні батырлардың жарқын бейнесі жанында жас ұрпақтар гүл шоқтарын қойып, тағзым етуде. Бекзат САДЫҚОВА, №1 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі.

Алматы облысы, Іле ауданы, Қоянқұс ауылы.

Даңқты полковник Бауыржан Момышұлы 1944 жылы еліміздің білім шамшырағы – Ғылым ордасында əскери психологиядан тыңдаушыларға 31 сағаттық лекция оқыған. Өрттің ішінен келген от жүректі сар дар дың өз аузынан естіген ақиқат əңгіменің сол кездегі тыңдармандарына қандай əсер еткенін көз алдыңызға елестете беріңіз. Ғылым ордасында басқосқан қауымға, арада қаншама жыл өтсе де, ерекше əсер еткені осы жаңалық болды. Белгілі зерттеуші Мұхтар Қазыбек: «Момышұлының сондағы лекцияларымен танысқанда өз басым бірнеше жыл бедерінде оның əсерінен арыла алмай жүрдім. Сол сезімнің күші əлі де бойымда...», деді. Ақ жүректен ақтарылған шынайы сөз – біз білетін Баукеңнің біз білмейтін қаншама қыры мен сырының тұңғиығына жетелегендей əсерлі шықты. Жаңадан шаңырақ көтерген салмақты Қоғамдық қордың алдына қойған басты мақсаты да сол – халқы жанындай жақсы көретін батыр Бауыржанның бүгінге дейін беймəлім болып келген мың сан қырлары мен сырларын ашу. Əрине, батырдың болмысын тану – қолға алған үлкен істің бір ғана парасы. Ең басты тақырып – «Бауыржан

мен жас ұрпақ тəрбиесі» болмақ. Бүгінгі жиынның негізгі əңгіме түйінінің де солай қарай ауғаны бірден байқалды. Сонымен... Қазіргі қазақ қоғамының дуалы ауызды азаматтарының қолқалауымен Қордың басшысына тағайындалған белгілі ғалым, мемлекет жəне қоғам қайраткері Көпжасар Нəрібаев жаңа ұйымың жұртшылықпен кездескен алғашқы жүздесуінде-ақ қордың білім саласына жан жадыратар жылымық қосатынын атап өтті. Ол – мектептердегі оқу жүйесіне «Бауыржантану» пəнін енгізу. Бұл, сөз жоқ, батыр атындағы Қоғамдық қордың бірден-бір батыл қадамы. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бес институттық реформасын жүзеге асыруға бағытталған 100 қадамы» талаптарына сəйкес Мəңгілік Ел патриоттық актісі жобасына үн қосу дегеніңіздің өзі де осы емес пе? Əлемдік əскери ілімде ерекше із қалдырған полковник Бауыржан Момышұлының білім саласындағы атан түйеге жүк болар еңбегінің жаңа қырынан танылар сəті де туған секілді. «Мақсатымыз –Президенттің қазіргі талқылану үстіндегі ғаламдық мəні бар ғасырлық бағдарламасына сəйкес «Бауыржантану» сабағын мектептерде, жоғары оқу орындарында жəне əскери білім ордаларында арнайы пəн етіп енгізу» деген академик Көпжасар Нəрібаев Білім жəне ғылым министрлігінің бұл ұсынысты бірден қолдап, жергілікті оқу орындарына арнайы хат жібергенін де ортаға салды. Қазақ қауымының құлағына жағымды болып жететін ерекше құбылысқа тəн бұл оқиғаның алғашқы аяқ алысы осындай. Енді батыр атындағы Қоғамдық қордың батыл қадамын бастаған академик пен оның командасының құрамына тоқталып өтейік. Олардың барлығы да елімізге танымал, нардың жүгін арқалаған тұлғалар: сенатор Нұрлан Оразалин, ректор Серік Пірəлиев, əскери ғалым, полковник Ким Серікбаев, Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров, профессор Бақтияр Сманов, жазушы Мамытбек Қалдыбай, Еңбек Ері Аягүл Миразова жəне басқалар. Қордың ашылуына қуанған Баукеңнің отбасы атынан келіні – белгілі жазушы Зейнеп Ахметова мен немересі Ержан Момышұлы қаһарманның жеке мұрағаттары бойынша қолдау көрсетуге əзір екендіктерін білдірген. Батырдың туған жері Жуалыдағыдай бір музейді халқы басым, қонағы көп Алматы төрінен де ашу көзделіп отырғаны осы арада жарияланды. Махамбет сыйлығының иегері, медицина жəне педагогика ғылымдарының докторы, бүгінгі қазақ ақсақалдарының бір зиялысы Совет-Хан Ғаббасов жиын барысы туралы былайша ой түйіндеді: – Баукең – ерекше туған ұлы жаратылыс, бұл кісіні феномен десе де болады. Баукеңнің халқына жасап кеткен мұрасы ұлан-асыр таусылмас дүние ғой. Ол ХХ ғасырдағы ерекше тұлға болып шықты. Өз басым бүгінгі шара, бұл – халық үшін, оның болашақ ұрпағы үшін жасалған сəтті қадам деп санаймын, – деді. Айтпасқа болмас, батыр атында бұған дейін де бір қор болған. Ол 1990 жылы ашылып, беймезгіл уақытта, беймəлім күйде жабылып қалған. Ендеше, мақсаты биік, мұраты берік өзіне де, сөзіне де сенімді жаңа Қоғамдық қордың батырдың атына сай адал да əділетті, шыншыл да пəк, бет алған бағытынан таймай, тек қана халқының болашағы үшін қызмет ететініне сенім білдірейік. Ұлттың ұрпағы – өмірі «ашылмаған аралдай» саналатын батырын бұрынғыдан бетер тани түсуге аңсары ауып, шөліркеп отырғаны жəне ақиқат. Өйткені, Бауыржан Момышұлының есімі аталса құлағы елең етпейтін қазақ кем де кем. Бұрын солай болған, қазір де солай. АЛМАТЫ.


8

www.egemen.kz

17 маусым 2015 жыл

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы Осы Заң Қазақстан Республикасы қабылдаған халықаралық міндеттемелерге сəйкес Қазақстан Республикасы ұлттық контингентінің бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі операцияларға (миссияларға) қатысуына байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) азаматтық персонал – Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының (ұйымдарының) жұмыскерлері, қызметкерлері болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары; 2) əріптес мемлекеттер – Қазақстан Республикасымен бірлесіп бітімгершілік операцияға қатысатын мемлекеттер; 3) əскери персонал – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлері мен əскери құралымдарының əскери қызметшілері; 4) бейбітшілікке мəжбүрлеу жөніндегі операция – Біріккен Ұлттар Ұйымының (бұдан əрі – БҰҰ) Жарғысына сəйкес бірлескен халықаралық мəжбүрлеу іс-қимылдарын жүргізуді көздейтін бітімгершілік операция түрлерінің бірі; 5) бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі операция (миссия) (бұдан əрі – бітімгершілік операция) – болуы ықтимал немесе болып жатқан қарулы қақтығыс аймақтарындағы (аудандарындағы) ахуалды тұрақтандыру үшін БҰҰ Жарғысына сəйкес қолданылатын, бітімгершілік операциялар жүргізуге арналған мандатқа сəйкес жүзеге асырылатын жəне қақтығысты шешуге ықпал ететін жағдайларды жасауға жəне бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға немесе қалпына келтіруге бағытталған, əскери жəне азаматтық персоналдың мақсаттары, міндеттері, орны мен уақыты бойынша өзара байланысты жəне келісілген іс-қимылдар жиынтығы; 6) бітімгершілік операцияға дайындық (бұдан əрі – бітімгершілік дайындық) – Қазақстан Республикасының аумағында жəне оның шегінен тыс жерде оқужаттығулар жүргізуді, келіссөздер жүргізуді, алдын ала барлауды, жоспарлауды, ұлттық контингентті, оның ішінде əріптес мемлекеттердің қарулы күштерінің қатысуымен оқытуды, материалдық-техникалық жəне қаржылық қамтамасыз етуді, жүктер мен ұлттық контингентті тасымалдауды, жедел штаб құруды қамтитын іс-шаралар кешені; 7) бітімгершілік операция жүргізуге арналған мандат (бұдан əрі – мандат) – БҰҰ Жарғысына сəйкес халықаралық ұйым қабылдаған жəне бітімгершілік операция жүргізуді регламенттейтін заңды құжат; 8) Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі (бұдан əрі – бітімгершілік қызмет) – əскери жəне (немесе) азаматтық персоналды пайдалана отырып, БҰҰ Жарғысының мақсаттары мен міндеттеріне сəйкес келетін, үшінші тараптың араласуы арқылы мемлекеттер арасындағы немесе мемлекет шегіндегі қарулы қақтығыстарды болғызбауға, тежеуге жəне тоқтатуға бағытталған жəне бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға ықпал ететін құралдар мен əдістерді қамтитын шаралар жиынтығы, Қазақстан Республикасы қабылдаған халықаралық міндеттемелерге сəйкес гуманитарлық көмек көрсету; 9) Қазақстан Республикасының ұлттық контингенті (бұдан əрі – ұлттық контингент) – Қазақстан Республикасының əскери жəне (немесе) азаматтық персоналы. 2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы Осы Заңның күші бітімгершілік операцияға қатысатын (қатысқан), бірақ ұлттық контингенттің құрамына кірмейтін (кірмеген) адамдарға қолданылмайды. 3-бап. Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызмет саласындағы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызмет саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді жəне осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады. 4-бап. Бітімгершілік қызметтің негізгі қағидаттары Бітімгершілік қызметтің негізгі қағидаттары: 1) заңдылық; 2) халықаралық құқық нормаларының сақталуы; 3) турашылдық жəне бейтараптылық; 4) жергілікті халықтың əдет-ғұрыптары мен дəстүрлерінің құрметтелуі; 5) бейбітшілікке мəжбүрлеу жөніндегі операцияларға қатысу жағдайларынан басқа, ұрыс қимылдарына қатыспау болып табылады. 5-бап. Бітімгершілік қызметтің мақсаттары Бітімгершілік қызметтің мақсаттары халықаралық қоғамдастыққа жəне шет мемлекеттерге (шет мемлекетке) мемлекеттер арасындағы немесе мемлекет шегіндегі қарулы қақтығыстарды болғызбауға, тежеуге жəне тоқтатуға жəрдем көрсету, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қабылдаған халықаралық міндеттемелерге сəйкес гуманитарлық көмек көрсету болып табылады. 6-бап. Бітімгершілік қызметтің міндеттері Бітімгершілік қызметтің міндеттері: 1) тараптар келіспеушіліктерінің алдын алу, қақтығыстардың қарулы қақтығыстарға ұласуына жол бермеу, қақтығыс ауқымын шектеу; 2) күш көрсету іс-қимылдарын тоқтатуға дип ломатиялық құралдармен жəне əдістермен жəрдемдесу; 3) əскери персоналдың БҰҰ Жарғысына сəйкес бірлескен халықаралық мəжбүрлеу іс-қимылдарына қатысуы; 4) бітімгершілік операция жүргізу аймағында (ауданында) аумақты жəне (немесе) халықты қарулы шабуылдан қорғау; 5) оқ атуды тоқтату шарттарының сақталуын қамтамасыз ету; 6) қақтығысушы тараптарды ажырату, бөлімшелерді қарусыздандыру жəне тарату; 7) босқындар, ел ішінде уақытша орнын ауыстырған адамдар проблемаларын шешуге жəрдемдесу; 8) гуманитарлық көмек көрсету; 9) бітімгершілік операция жүргізу аймағында (ауданында) инфрақұрылымды қалпына келтіру; 10) құқықтық тəртіпті, халықтың қауіпсіздігін жəне адам құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету; 11) мандатта көзделген өзге де міндеттер болып табылады.

2-тарау. БІТІМГЕРШІЛІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ 7-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің құзыреті Қазақстан Республикасының Президенті: 1) Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысының қарауына бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін пайдалану туралы ұсыныс енгізеді; 2) ұлттық контингенттің бітімгершілік операцияға қатысуды аяқтауы туралы, ұлттық контингентті бітімгершілік операция жүргізу аймағынан (ауданынан) мерзімінен бұрын кері шақырту туралы, сондайақ шұғыл эвакуациялау туралы шешім қабылдайды; 3) Қазақстан Республикасының Конституциясына жəне заңдарына сəйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 8-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) Қазақстан Республикасының Президентіне қаржыландыру көздерін көрсете отырып, қажетті шығыстар туралы қорытындымен бірге əскери персоналдың бітімгершілік операцияға қатысуы туралы ұсыныс енгізеді; 2) азаматтық персоналдың ерікті негізде бітімгершілік операцияға қатысуы туралы шешім қабылдайды; 3) мандатқа сəйкес азаматтық персоналдың құрамын, санын, міндеттерін, болу мерзімін жəне ауыстырылу, оларды бітімгершілік операция жүргізу орнына жəне кері қарай тасымалдау тəртібін айқындайды; 4) бітімгершілік операция жүргізу аймағына (ауданына) қарай ұлттық контингентті қосымша мүлікпен қамтамасыз ету, сондай-ақ ұлттық контингенттің бітімгершілік операцияға қатысуы үшін оны қаржыландыру көздерін көрсете отырып, қосымша қаражат бөлу туралы шешім қабылдайды; 5) ұлттық контингентке сеніп тапсырылған мүлікті əріптес мемлекеттерге немесе қабылдаушы мемлекетке беру туралы шешім қабылдайды, сондай-ақ оны есептен шығару тəртібін айқындайды; 6) бітімгершілік қызмет шеңберінде гуманитарлық көмек көрсету, ұлттық контингентті бітімгершілік операция жүргізу орнына жіберу жəне кері қайтару, ұлттық контингентті бітімгершілік операция жүргізу аймағынан (ауданынан) мерзімінен бұрын кері шақырту, шұғыл эвакуациялау жəне ұлттық контингент келтірген залалды өтеу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен ақшалай қаражат бөледі; 7) Қазақстан Республикасының бітімгершілік операцияға қатысуға арналған шығыстарын халықаралық ұйымдар мен əріптес мемлекеттердің өтеуіне жататын мəселелерді шешеді; 8) бітімгершілік операцияға дайындық қағидаларын бекітеді; 9) ұлттық контингент құрамына əртүрлі мемлекеттік органдардан (ұйымдардан) əскери жəне азаматтық персоналды тарту кезінде бітімгершілік операцияға дайындық қағидаларына сəйкес жедел штаб құрады; 10) өзіне Конституциямен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен жəне Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды. 9-бап. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің құзыреті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі: 1) бітімгершілік операцияға дайындық қағидаларын əзірлейді, сондай-ақ оларды орындауды ұйымдастырады; 2) бітімгершілік операцияға дайындық жоспарын əзірлейді жəне бекітеді; 3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президентінің жəне Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 10-бап. Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарының (ұйымдарының) құзыреті 1. Ұлттық контингентті бітімгершілік операцияға қатысуға жіберуді жоспарлайтын мемлекеттік органдар (ұйымдар): 1) егер Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімінде, Қазақстан Республикасының халықаралық шартында немесе мандатта өзгеше айқындалмаса, əскери жəне (немесе) азаматтық персоналды мүлікпен қамтамасыз етеді; 2) бітімгершілік операцияға дайындық жоспарына сəйкес ұлттық контингентті бітімгершілік дайындықтан өтуге жібереді; 3) ұлттық контингентті бітімгершілік операция жүргізу орнына жəне кері қарай жібереді; 4) бітімгершілік операцияға қатысқан азаматтық персоналға осы Заңның 17-бабында көзделген жағдайларда жəне негіздерде біржолғы өтемақылар төлеуді жүзеге асырады. 2. Сыртқы саясат саласындағы уəкілетті орган Қазақстан Республикасының Президентіне жəне Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұлттық контингенттің бітімгершілік операцияға қатысуының сыртқы саяси орындылығы туралы ұсыныс енгізеді, келіссөздер жүргізеді, бітімгершілік қызмет мəселелері бойынша халықаралық ұйымдармен жəне əріптес мемлекеттермен өзара іс-қимыл жасайды. 3. Денсаулық сақтау саласындағы уəкілетті орган ұлттық контингентке сапар алдында, бітімгершілік операция жүргізу кезеңінде профилактикалық егулер, сондай-ақ бітімгершілік операциядан қайтып оралғаннан кейін оңалту іс-шараларын жүргізуді ұйымдастырады жəне қамтамасыз етеді. 4. Байланыс жəне көлік саласындағы уəкілетті орган ұлттық контингентін бітімгершілік операцияға қатысуға жіберу жоспарланған мемлекеттік органдарға (ұйымдарға) қолжетімді байланыс түрлерімен қамтамасыз етуге жəне ұлттық контингент пен жүктерді бітімгершілік операция жүргізу аймағына (ауданына) жəне кері қарай тасымалдауға жəрдемдеседі. 5. Халықты əлеуметтік қорғау саласындағы уəкілетті орган ұлттық контингент қатарындағы адам мертіккен, контузия алған, жарақаттанған, ауырған жəне қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайларда Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік əлеуметтік жəрдемақылар төлеуді ұйымдастырады. 3-тарау. ҰЛТТЫҚ КОНТИНГЕНТТІ БІТІМГЕРШІЛІК ОПЕРАЦИЯҒА ҚАТЫСУ ҮШІН ЖІБЕРУ 11-бап. Ұлттық контингенттің бітімгершілік операцияға қатысуы туралы шешім қабылдау тəртібі 1. Ұлттық контингенттің бітімгершілік операцияға

қатысуы туралы мəселені қарау үшін халықаралық ұйымның шешімі жəне (немесе) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарт негіздер болып табылады. 2. Бітімгершілік операцияға əскери персоналдың қатысуы үшін: 1) сыртқы саясат саласындағы уəкілетті орган Қазақстан Республикасының Президентіне жəне Қазақстан Республикасының Үкіметіне əскери персоналдың бітімгершілік операцияға қатысуының сыртқы саяси орындылығы туралы ұсыныс енгізеді, келіссөздер жүргізеді, бітімгершілік қызмет мəселелері бойынша халықаралық ұйымдармен жəне əріптес мемлекеттермен өзара іс-қимыл жасайды; 2) əскери персоналдың бітімгершілік операцияға қатысуының сыртқы саяси орындылығы туралы ұсыныс қолдау тапқан жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Президентіне қажетті шығыстар туралы қорытындымен, əскери персоналдың бітімгершілік операцияға қатысуы үшін оны қаржыландыру көздерін көрсете отырып, қосымша қаражат бөлу туралы шешімнің негіздемесімен бірге ұсыныс енгізеді. Ұсыныста бітімгершілік операция жүргізу аймағы (ауданы), міндеттер, жалпы саны, қару-жарақтың түрі мен құрамы, мүлік, бағыныстылық, болу мерзімі, ауыстыру тəртібі, шығару, бітімгершілік операция жүргізу орнына жəне кері қарай тасымалдау шарттары туралы мəліметтер, сондай-ақ нақты бітімгершілік операцияға байланысты басқа да ақпарат қамтылуға тиіс. 3. Бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін пайдалану туралы шешім Қазақстан Республикасы Конституциясының 53-бабының 5) тармақшасына сəйкес қабылданады. 4. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында қабылданған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін пайдалану туралы шешімнің негізінде əскери персоналды бітімгершілік операцияға қатысу үшін жібереді. 5. Бітімгершілік операцияға азаматтық персоналдың қатысуы үшін: 1) сыртқы саясат саласындағы уəкілетті орган Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен жəне басқа да мүдделі орталық мемлекеттік органдармен келісу бойынша сыртқы саяси орындылығын қарау жəне халықаралық ұйымдармен жəне (немесе) аумағында бітімгершілік операция жүргізілетін əріптес мемлекеттермен келісу нəтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне бітімгершілік операцияға азаматтық персоналдың қатысуы туралы ұсыныс енгізеді; 2) бітімгершілік операцияға азаматтық персоналдың қатысуы туралы ұсыныс қолдау тапқан жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі азаматтық персоналдың бітімгершілік операцияға қатысуы жəне қосымша қаражат бөлу туралы қаржыландыру көздерін, бітімгершілік операция жүргізу аймағы (ауданы), міндеттер, жалпы саны, мүлік, бағыныстылық, болу мерзімі, ауыстыру тəртібі, шығару, бітімгершілік операция жүргізу орнына жəне кері қарай тасымалдау шарттары туралы мəліметтерді, сондай-ақ нақты бітімгершілік операцияға байланысты басқа да ақпаратты көрсете отырып шешім қабылдайды; 3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары (ұйымдары) Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдаған шешімнің негізінде тиісті азаматтық персоналды бітімгершілік операцияға қатысу үшін жібереді. 12-бап. Ұлттық контингенттің бітімгершілік операцияға қатысуды аяқтауына негіздер 1. Ұлттық контингенттің бітімгершілік операцияға қатысуды аяқтауына мыналар негіздер болып табылады: 1) бітімгершілік операцияның аяқталуы; 2) бітімгершілік операцияға қатысу мерзімінің аяқталуы; 3) Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі; 4) Қазақстан Республикасының бітімгершілік операцияға одан əрі қатысуы орынсыз болатын халықаралық əскери-саяси ахуалдың өзгеруіне байланысты мерзімінен бұрын кері шақырту; 5) бітімгершілік операция жүргізу аймағында (ауданында) қақтығыстың шиеленісуі мен қарқындылығы күрт өршіген жағдайда шұғыл эвакуациялау; 6) Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделген өзге де негіздер. 2. Ұлттық контингент бітімгершілік операция жүргізу аймағынан (ауданынан) үшінші елдерге шұғыл эвакуацияланған жағдайда, ұлттық контингенттің Қазақстан Республикасына келген күні бітімгершілік операцияға қатысу аяқталды деп есептеледі. 13-бап. Ұлттық контингентті жасақтау жəне дайындау 1. Əскери персоналды жасақтау келісімшарт бойынша əскери қызмет өткеріп жатқан жəне бітімгершілік дайындықтан өткен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлері мен əскери құралымдарының əскери қызметшілері қатарынан ерікті негізде жүзеге асырылады. 2. Азаматтық персоналды жасақтау бітімгершілік дайындықтан өткен адамдар қатарынан ерікті негізде жүзеге асырылады. Ол штатында тұрған мемлекеттік органның (ұйымның) азаматтық персоналымен келісімшарт жасалады, онда бітімгершілік операцияға қатысу шарттары мен тəртібі жазылады. Келісімшарт нысаны бітімгершілік операцияға дайындық қағидаларында белгіленеді. 3. Ұлттық контингентті бітімгершілік операцияға оқыту мен дайындау бітімгершілік операцияға дайындық қағидаларына сəйкес жүргізіледі. 4. Бітімгершілік дайындық Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі бекіткен жоспар бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің базасында жүзеге асырылады. 5. Бітімгершілік дайындықтан өтіп жатқан адам дардың бітімгершілік дайындық уақытында жалақысы мен жұмыс орны сақталады. Еңбекке ақы төлеуді, іссапар шығыстарын төлеуді оқудағы адам штатында тұрған мемлекеттік орган (ұйым) жүзеге асырады. 6. Бітімгершілік дайындықты қамтамасыз ету мақсатында азаматтық мамандарды жəне шет мемлекеттердің қарулы күштерінің бөлімшелерін тарта отырып, оқу-жаттығулар, курстар, семинарлар, тренингтер жəне басқа да іс-шаралар өткізілуі мүмкін. 14-бап. Ұлттық контингентті материалдықтехникалық қамтамасыз ету 1. Ұлттық контингентті материалдық-техникалық қамтамасыз етуді оны жіберетін мемлекеттік орган (ұйым) жүзеге асырады. 2. Ұлттық контингентті басқа мемлекеттік органда (ұйымда) бар мүлікпен қосымша материалдықтехникалық қамтамасыз ету қажет болған кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі қосымша мүлікті

бір мемлекеттік органнан (ұйымнан) басқа мемлекеттік органға (ұйымға) беру туралы шешім қабылдайды. 3. Мемлекеттік органдарда (ұйымдарда) қосымша мүлік болмаған жағдайда, мүлік осы Заңның 23-бабында көзделген қаражат есебінен сатып алынады. 4-тарау. ҰЛТТЫҚ КОНТИНГЕНТТІ ƏЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ, ОНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ЖАУАПТЫЛЫҒЫ 15-бап. Бітімгершілік операция жүргізу аймағында (ауданында) медициналық қамтамасыз ету 1. Бітімгершілік операция жүргізу аймағында (ауданында) медициналық ұйымдар немесе бөлімшелер, медициналық жабдық болмаған кезде ұлттық контингентті бітімгершілік операция жүргізу аймағында (ауданында) медициналық қамтамасыз ету халықаралық шарттар негізінде əріптес мемлекеттердің, болатын елдің медициналық ұйымдарында жүзеге асырылады. 2. Бітімгершілік операция жүргізу аймағында (ауданында) мамандандырылған медициналық ұйымдар болмаған кезде азаматтық персонал əскери персоналдың əскери-медициналық бөлімшелерінде өтеусіз медициналық қамтамасыз етіледі. 16-бап. Ұлттық контингентті əлеуметтік қамсыздандыру 1. Ұлттық контингент бітімгершілік операцияға қатысу кезеңінде үш еселенген ақшалай қамтылыммен (жалақымен) қамтамасыз етіледі. Еңбекке ақы төлеуді ұлттық контингент қатарындағы адамдар штатында тұрған мемлекеттік органдар (ұйымдар) жүзеге асырады. 2. Ұлттық контингент қатарындағы адам бітімгершілік операциядан қайтып оралғаннан кейін өзі жұмыскері, қызметкері болып табылатын мемлекеттік органның (ұйымның) қаражаты есебінен кемінде күнтізбелік жеті күн, бірақ жиырма бір тəуліктен аспайтын мерзімге санаторий-курорттық емделуге жіберіледі. 3. Бітімгершілік операцияға қатысу кезеңінде, сондайақ бітімгершілік операция жүргізу аймағына (ауданына) бару жəне кері қайту кезінде, егер халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, ұлттық контингент Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлері мен əскери құралымдарының əскери қызметшілері үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормалар бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінің қаражаты есебінен тамақтандырумен қамтамасыз етіледі. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Қазақстан Республикасы азаматының паспортына белгі қоюымен айқындалатын, Қазақстан Республикасынан кеткен жəне Қазақстан Республикасына келген кезден бастап есептелетін уақыт бітімгершілік операцияға қатысу кезеңі деп есептеледі. Қазақстан Республикасы азаматы паспортының болуы міндетті емес елдерге кеткен кезде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күндер бітімгершілік операцияға қатысу кезеңі деп есептеледі. 4. Бітімгершілік операцияға қатысатын (қатысқан) əскери персоналды əлеуметтік қамсыздандыру Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тəртіппен жүргізіледі. 5. Бейбітшілікке мəжбүрлеу жөніндегі операцияларға қатысатын əскери персоналға бітімгершілік операция аймағында (ауданында) болған кезеңі ұрыс қимылдарына қатысумен теңестіріледі. 17-бап. Азаматтық персоналды əлеуметтік қамсыздандыру ерекшеліктері 1. Бітімгершілік операцияға қатысатын (қатысқан) азаматтық персоналға бітімгершілік операциядан келгеннен кейін бір жыл ішінде ұзақтығы күнтізбелік он төрт күн қосымша жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы беріледі. 2. Бітімгершілік операцияға жəне бітімгершілік дайындыққа қатысу кезеңінде азаматтық персоналдың мемлекеттік органдағы (ұйымдағы) жұмыс орны сақталады. 3. Азаматтық персонал қатарындағы адам бітімгершілік операция кезеңінде, сондай-ақ бітімгершілік операцияға қатысу нəтижесінде мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы), ауыруы салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған), бітімгершілік операция кезеңінде мүгедектік белгіленген немесе мертіккен (жараланған, жарақаттанған, контузия алған) жағдайларда, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тəртіппен біржолғы өтемақы төлеу жүргізіледі. 4. Азаматтық персонал қатарындағы адам бітімгершілік операция кезеңінде, сондай-ақ бітімгершілік операцияға қатысу нəтижесінде мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы), ауыруы салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайларда, адамның бітімгершілік операцияға қатысуы аяқталған күннен бастап бір жыл өткенге дейін азаматтық персонал қатарындағы адамның мұрагерлеріне қаза тапқан (қайтыс болған) күні соңғы атқарған лауазымы бойынша бес жылдық жалақысы мөлшерінде біржолғы өтемақы төлеу жүргізіледі. 5. Азаматтық персонал қатарындағы адамға бітімгершілік операцияға қатысу кезеңінде немесе бітімгершілік операцияға қатысу нəтижесінде мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы), ауыруы салдарынан болған мүгедектік белгіленген кезде біржолғы өтемақы адамның бітімгершілік операцияға қатысуы аяқталған күннен бастап бір жыл өткенге дейін соңғы жұмыс орны (атқарған лауазымы) бойынша: 1) I топтағы мүгедекке – отыз айлық жалақы; 2) II топтағы мүгедекке – он сегіз айлық жалақы; 3) III топтағы мүгедекке – алты айлық жалақы мөлшерінде төленеді. 6. Егер азаматтық персонал қатарындағы адамның қаза табуы (қайтыс болуы) немесе оның мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы): 1) соттың заңды күшіне енген үкімі болған кезде өзіне-өзі қол жұмсауға дейін жеткізу жағдайларын қоспағанда, өзіне-өзі қол жұмсау салдарынан; 2) қылмыстық немесе əкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған кезде; 3) оның алкогольдік, есірткілік немесе өзгедей масаң күй туғызатын заттарды тұтынуы немесе қолдануы себебінен; 4) біржолғы өтемақы алу немесе міндеттерін орындаудан жалтару мақсатында өзіне қасақана қандай да бір дене зақымын (дене мүшесін зақымдау) немесе өз денсаулығына өзге де зиян келтіру салдарынан болғаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен дəлелденсе, біржолғы өтемақы төленбейді. 7. Азаматтық персонал қатарындағы адам бітімгершілік операцияға қатысу кезеңінде мүгедектікке əкеп соқпаған ауыр мертіккен (жараланған, жарақаттанған, контузия алған) жағдайда, оған – бір жарым айлық жалақысы, жеңіл мертіккенде жарты айлық жалақысы мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді.

8. Бітімгершілік операцияға қатысу кезінде қаза тапқан немесе бітімгершілік операцияға қатысу нəтижесінде мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы), ауыруы салдарынан адамның бітімгершілік операцияға қатысуы аяқталған күннен бастап бір жыл өткенге дейін қайтыс болған азаматтық персонал қатарындағы адамды жерлеу Қазақстан Республикасында оның туыстары таңдаған жерде жүргізіледі. Мəйітті жеткізуге əзірлеумен, мəйітті жеткізумен, жерлеумен, құлпытас дайындаумен жəне орнатумен байланысты барлық шығыстар азаматтық персонал жұмыскері, қызметкері болып табылған мемлекеттік органның (ұйымның) есебінен Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлері мен əскери құралымдарының əскери қызметшілері үшін белгілеген мөлшерде жүзеге асырылады. 18-бап. Ұлттық контингенттің құқықтары мен міндеттері 1. Ұлттық контингент Қазақстан Республикасының Конституциясында жəне заңдарында көзделген барлық құқықтарды пайдаланады. Бітімгершілік операцияда ұлттық контингенттің құқықтары мен бостандықтары болатын елдің заңдарымен, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттармен ғана шектеледі немесе кеңейтіледі. 2. Ұлттық контингент Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын жəне болатын елдің заңдарын сақтауға, сондай-ақ жергілікті халықтың əдет-ғұрыптары мен дəстүрлерін құрметтеуге міндетті. 3. Əскери персоналға Қазақстан Республикасының заңнамасында жəне Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлері мен əскери құралымдарының жалпы əскери жарғыларында көзделген міндеттер жүктеледі. Бітімгершілік операциядағы міндеттер аясы мандатпен шектелуі немесе кеңейтілуі мүмкін. 4. Ұлттық контингентке бітімгершілік операцияда атқарып отырған лауазымына сəйкес лауазымдық міндеттер жүктеледі. 19-бап. Ұлттық контингенттің қару қолдануы Ұлттық контингенттің қару алып жүру жəне қолдану қағидалары Қазақстан Республикасының заңнамасында, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлері мен əскери құралымдарының жалпы əскери жарғыларында, сондай-ақ мандатта, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда айқындалады. Қару қолданған кезде ұлттық контингент айналадағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық мүмкін болатын шараларды қолдануға, ал қажет болған жағдайда, зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсетуге міндетті. Ұлттық контингент қатарындағы адам қару қолданылған əрбір жағдай туралы командирге (бастыққа) баяндайды. 20-бап. Ұлттық контингенттің жауаптылығы Ұлттық контингент қылмыстары, теріс қылық тары жəне өзге де құқық бұзушылықтары үшін Қазақстан Республикасының заңдарына жəне Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сəйкес қылмыстық, əкімшілік, азаматтық-құқықтық жəне тəртіптік жауаптылықта болады. Ұлттық контингент қатарындағы адам немесе адамдар тобы бітімгершілік операция кезеңінде оның (олардың) бітімгершілік операция жүргізу аймағында (ауданында) одан əрі болуына жол бермейтін құқық бұзушылықтар жасаған кезде ауыстыру бойынша шығыстар аталған адамдардың қаражаты есебінен өтеледі, олар адамның немесе адамдар тобының Қазақстан Республикасынан бітімгершілік операция жүргізу орнына баруы жəне кері қайтуы бойынша шығыстарды қамтиды. 21-бап. Бітімгершілік операция жүргізу аймағындағы (ауданындағы) юрисдикция Бітімгершілік операция жүргізу аймағында (ауданында) шетелдіктер ұлттық контингентке қатысты құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше ескерілмесе, болатын елдің заңдары қолданылады. 22-бап. Бітімгершілік қызмет саласында қадағалауды жүзеге асыру Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызмет саласындағы заңнамасының дəлме-дəл əрі біркелкі қолданылуын жоғары қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры жəне ол уəкілеттік берген прокурорлар жүзеге асырады. 5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР 23-бап. Бітімгершілік қызметті қаржыландыру 1. Бітімгершілік қызметті қаржыландыру: 1) жұмыскерлері, қызметкерлері бітімгершілік операцияға қатысуға жіберілетін мемлекеттік органдарды (ұйымдарды) ұстауға көзделген; 2) бітімгершілік қызметті қаржыландыру үшін немесе бітімгершілік операцияға жұмсалатын шығындарды толық немесе ішінара өтеу тəртібімен БҰҰ, өзге де халықаралық ұйымдар жəне əріптес мемлекеттер бөлетін; 3) Қазақстан Республикасы Үкіметі резервінің қаражаты есебінен жүргізіледі. 2. Қазақстан Республикасының бітімгершілік опе рацияға кететін шығындарын толық немесе ішінара өтеу тəртібімен БҰҰ, өзге де халықаралық ұйымдар жəне əріптес мемлекеттер бөлетін қаражат республикалық бюджет кірісіне түседі. 24-бап. Бітімгершілік қызметте пайдаланылатын мүлікті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы алып өту Ұлттық контингенттің жұмыс істеуі немесе бітімгершілік дайындықты жүргізу үшін қажетті жай қару-жарақ пен əскери техниканы Қазақстан Республикасының аумағына əкелу (аумағынан əкету) Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау туралы заңнамасында белгіленген тəртіппен жүзеге асырылады. 25-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тəртібі Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2015 жылғы 15 маусым № 320-V ҚРЗ


9

www.egemen.kz

17 маусым 2015 жыл

Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы 1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне толықтырулар енгізілсін: 1. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 9, 65-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 24, 146, 148-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 6, 45-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 123-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 15-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 78, 81-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 11, 67-құжат; №

14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 3, 13-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 45-құжат; 2015 жылғы 21 мамырда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ең төмен əлеуметтік стандарттар жəне олардың кепілдіктері мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) мазмұны мынадай мазмұндағы 154-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын: «154-1-бап. Бітімгершілік операцияға қатысқан жұмыскер, қызметкер үшін кепілдіктер»; 2) мынадай мазмұндағы 154-1-баппен толықтырылсын: «154-1-бап. Бітімгершілік операцияға қатысқан жұмыскер, қызметкер үшін кепілдіктер Бітімгершілік операцияға қатысқан жұмыскер,

қызметкер үшін кепілдіктер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.». 2. «Экспорттық бақылау туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 16, 132-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; № 23, 143-құжат): 9-бап мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын: «7-1. Қазақстан Республикасы ұлттық контингентінің жұмыс істеуі немесе бітімгершілік дайындықты жүргізу үшін қажетті жай қару-жарақ пен əскери техниканы Қазақстан Республикасының аумағына əкелу (аумағынан əкету) қорғаныс саласындағы уəкілетті орган беретін əскери рұқсаттамалар негізінде тыйым салулар, шектеулер, рұқсаттар немесе лицензиялар

қолданылмай жəне кедендік баждар, салықтар жəне өзге де алымдар алынбай жүзеге асырылады.». 3. «Əскери қызмет жəне əскери қызметшілердің мəртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 5, 40-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 10-құжат; № 3, 15-құжат; № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат): 1) 44-баптың 7-тармағының 11) тармақшасындағы «ұсталған кезде тамақтанумен қамтамасыз етіледі.» деген сөздер «ұсталған кезде;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын: «12) бітімгершілік операцияға қатысқан кезде, сондай-ақ бітімгершілік операция жүргізу аймағына (ауданына) бару жəне кері қайту кезінде тамақтандырумен қамтамасыз етіледі.»;

2) 49-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын: «Бітімгершілік операциядан қайтып оралғаннан кейін əскери қызметшілер құрылымында өздері əскери қызмет өткеретін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлері мен əскери құралымдарының қаражаты есебінен кемінде күнтізбелік жеті күн, бірақ жиырма бір тəуліктен аспайтын мерзімге санаторий-курорттық емделуге жіберіледі.». 2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2015 жылғы 15 маусым № 321-V ҚРЗ

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сумен жабдықтау және су бұру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты кредиттеу және субсидиялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77, 79, 81-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 64-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат): 44-1-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Жер учаскесін таңдау актісінде қазіргі бар инженерлік коммуникациялар көрсетіледі, ал қажет болған жағдайда, инженерлік коммуникацияларды берілетін жер учаскесінің шекарасынан тыс жерге көшіру көзделеді.». 2. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 15-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат): 1) мазмұнында: 36-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «36-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi»; 16-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «16-тарау. Елді мекендерді ауызсумен, техникалық сумен жабдықтау жəне су бұру»; 90-баптың тақырыбындағы «ауызсумен жəне шаруашылық-тұрмыстық сумен» деген сөздер «ауызсумен» деген сөзбен ауыстырылсын; 91 жəне 92-баптардың тақырыптарындағы «ауызсумен жəне шаруашылық-тұрмыстық сумен» деген сөздер «ауызсумен» деген сөзбен ауыстырылсын; 16-тарау мынадай мазмұндағы 92-1, 92-2, 92-3, 924, 92-5, 92-6, 92-7, 92-8, 92-9, 92-10, 92-11, 92-12 жəне 92-13-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын: «92-1-бап. Елді мекендердің сумен жабдықтау жəне су бұру жүйелерінің құрамы 92-2-бап. Елді мекендердің ауызсумен жабдықтау жүйелері 92-3-бап. Техникалық сумен жабдықтау жүйелері 92-4-бап. Елді мекендердің су бұру жүйелері 92-5-бап. Халықты ауызсумен жəне шаруашылықтұрмыстық сарқынды суларды бұруды қамтамасыз ету кепілдіктері 92-6-бап. Ауызсудың сапасын қамтамасыз ету 92-7-бап. Елді мекендерді сумен жабдықтау жəне су бұру саласындағы суды есепке алудың жалпы ережелері 92-8-бап.Суды коммерциялық есепке алуды ұйымдастыру 92-9-бап. Су тұтынушылардың құқықтары мен міндеттері 92-10-бап. Сумен жабдықтау жəне (немесе) су бұру жөніндегі ұйымның құқықтары мен міндеттері 92-11-бап. Тұрғын үй кондоминиумдарының құрамына кіретін сумен жабдықтау жəне су бұру жүйелері 92-12-бап. Су тұтынушының меншігіндегі сумен жабдықтау жəне су бұру жүйелері 92-13-бап. Елді мекеннің сумен жабдықтаудың жəне су бұрудың иесіз қалған жүйесі жəне (немесе) оның құрамдас элементтері»; 135-баптың тақырыбындағы «мемлекеттiк қолдаудың», «принциптерi» деген сөздер тиісінше «, сумен жабдықтауды жəне су бұруды мемлекеттiк қолдаудың», «қағидаттары» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 135-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын: «135-1-бап. Сумен жабдықтау жəне су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды жəне жаңғыртуды субсидиялау»; 2) 1-бапта: мынадай мазмұндағы 2-1), 3-1), 3-2) жəне 7-1) тармақшалармен толықтырылсын:

«2-1) ауызсу – сапасы бойынша белгіленген ұлттық стандарттарға жəне гигиеналық нормативтерге сай келетін, халықтың ауызсу жəне шаруашылық-ауызсу мұқтаждарына арналған табиғи күйіндегі немесе өңделгеннен кейінгі су;»; «3-1) ауызсумен жəне (немесе) шаруашылық-ауызсумен жабдықтау (бұдан əрі – ауызсумен жабдықтау) – ауызсуды алуды, дайындауды, сақтауды, тасымалдауды жəне су тұтынушыларға беруді қамтамасыз ететін технологиялық процесс; 3-2) баланстық тиесілікті бөлу шекарасы – сумен жабдықтау жəне су бұру жүйелерінің элементтерін иеленушілер арасында меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару белгісі бойынша бөлу орны, бұл схемаларда көрсетіледі;»; «7-1) елді мекендердің ауызсумен жабдықтау жүйесі – су тұтынушыларды ауызсумен қамтамасыз етуге арналған су тарту құрылыстарын, су құбырын тазартқыш құрылыстарды, таза су резервуарларын, су құбырының сорғы стансалары мен желілерін біріктіретін, өзара байланысты су объектілері мен гидротехникалық құрылыстар кешені;»; 12) тармақшадағы «тұрмыстық» деген сөз «шаруашылық» деген сөзбен ауыстырылсын; 13-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «13-1) зиянды заттардың жол берілетін шоғырлануы – су бұру жүйесіне ағызылатын, су тұтынушының сарқынды суларында болатын зиянды заттардың жол берілетін шамасы;»; мынадай мазмұндағы 13-2), 19-1), 21-1), 21-2), 23-1), 25-1), 25-2), 31-1), 36-1) жəне 57-1) тармақшалармен толықтырылсын: «13-2) коммуналдық шаруашылық саласындағы уəкілетті орган – елді мекендер шегінде сумен жабдықтау жəне су бұру саласындағы басшылықты жəне салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»; «19-1) пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы – тараптардың келісімімен белгіленетін, сумен жабдықтау жəне су бұру жүйелерінің элементтерін міндеттер (оларды пайдаланғаны үшін жауапкершілік) белгісі бойынша бөлу орны. Мұндай келісім болмаған кезде, пайдалану жауапкершілігінің шекарасы баланстық тиесілікті бөлу шекарасы бойынша белгіленеді;»; «21-1) сарқынды суларды тазартқыш құрылыстар кешендері – сарқынды суларды табиғи биологиялық тазартуға арналған жасанды су объектілерін қоса алғанда, химиялық реагенттерді қолданып немесе қолданбай, елді мекендердің сарқынды суларын механикалық жəне биологиялық тазарту құрылыстары; 21-2) сарқынды суларды табиғи биологиялық тазартуға арналған жасанды су объектілері – жинағыш тоғандар, буландырғыш тоғандар, биологиялық тоғандар, сүзгі алқаптары, суару алқаптары;»; «23-1) су бұрудың оқшау тазартқыш құрылыстары – су тұтынушының өзінің сарқынды суларын тазартуға арналған құрылыстары мен құрылғыларының жиынтығы;»; «25-1) суды есепке алу аспабы – нормаланған метрологиялық сипаттамалары бар, белгілі бір уақыт аралығы ішінде физикалық шама бірлігін жаңғыртатын жəне сақтайтын, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен суды коммерциялық есепке алу үшін қолдануға рұқсат етілген, судың (ауызсу, техникалық, сарқынды жəне сулардың басқа да түрлерінің) көлемін өлшеуге арналған техникалық құрал; 25-2) суды коммерциялық есепке алу – сумен жабдықтауға жəне (немесе) су бұруға арналған шарт бойынша тараптар арасында өзара есеп айырысу үшін қажетті су көлемін есепке алу;»; «31-1) су құбырын енгізу – қосылу нүктесіндегі бекіту арматурасы бар құдықты қоса алғанда, сумен жабдықтаудың тарату желісінен ғимараттағы бірінші ысырмаға дейінгі құбыржол;»; «36-1) сумен жабдықтау жəне (немесе) су бұру жөніндегі ұйым – елді мекендердегі сумен жабдықтау жəне су бұру жүйелерін пайдалануды жүзеге асыратын су шаруашылығы ұйымы;»; «57-1) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту жəне дамыту жөніндегі ұйым – қызметі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртуға жəне дамытуға бағытталған, мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғам;»; 3) 9-бап мынадай мазмұндағы 12) жəне 13) тармақшалармен толықтырылсын: «12) жобалау жəне құрылыс кезінде сумен жабдықтаудың жəне су бұрудың ажырамастығы мен өзара байланыстылығы; 13) сумен жабдықтаудың жəне (немесе) су бұрудың көрсетілетін қызметтерінің ақылы болуы.»; 4) 35-бап мынадай мазмұндағы 15), 16), 17) жəне 18) тармақшалармен толықтырылсын: «15) сумен жабдықтау жəне су бұру саласындағы құқықтық қатынастарға қатысушылар мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз ету; 16) су тұтынушылардың жəне сумен жабдықтау жəне (немесе) су бұру жөніндегі ұйымдардың құқықтарының, міндеттері мен мүдделерінің теңгерімділігі; 17) энергия үнемдеу жəне су үнемдеу технологияларын енгізу жəне басымдықпен дамыту үшін жағдайлар жасау; 18) сумен жабдықтау жəне су бұру жүйелерін реконструкциялауды жəне дамытуды, сумен жабдықтау жəне

су бұру саласында ғылыми зерттеулер жүргізуді, жобалауды мемлекеттік қолдау.»; 5) 36-бапта: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «36-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi»; мынадай мазмұндағы 20-2) тармақшамен толықтырылсын: «20-2) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту жəне дамыту жөніндегі ұйымды айқындайды;»; 6) 37-1-бапта: 8) тармақшадағы «тұтынушылар үшін сумен жабдықтау жəне су бұру жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қыз меттерді» деген сөздер «су тұтынушылар үшін сумен жабдықтаудың жəне (немесе) су бұрудың коммуналдық көрсетілетін қызметтерін» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 8-3), 8-4), 8-5) жəне 8-6) тармақшалармен толықтырылсын: «8-3) сумен жабдықтау жəне су бұру жүйелеріндегі суды есепке алу аспаптарын таңдау, монтаждау жəне пайдалану қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді; 8-4) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органмен келісу бойынша сумен жабдықтау жəне су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды жəне жаңғыртуды кредиттеу қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді; 8-5) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органмен келісу бойынша сумен жабдықтау жəне су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды жəне жаңғыртуды субсидиялау қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді; 8-6) сумен жабдықтау жəне су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды жəне жаңғыртуды кредиттеуді жəне субсидиялауды жүзеге асырады;»; 7) 44-баптың 1-тармағының екінші абзацындағы «тұрмыстық» деген сөз «шаруашылық» деген сөзбен ауыстырылсын; 8) 53-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын: «4. Ауызсудың жəне тазартылған сарқынды сулардың сапасына өндірістік бақылауды сумен жабдықтау жəне (немесе) су бұру жөніндегі ұйымның аттестатталған зертханалары, сондай-ақ жасасылған шарттарға сəйкес басқа да аттестатталған зертханалар жүзеге асырады.»; 9) 65-баптың 4-тармағының екінші бөлігіндегі «тұрмыстық» деген сөз «шаруашылық» деген сөзбен ауыстырылсын; 10) 66-бапта: 1-тармақта: 2) тармақшадағы «коммуналдық-тұрмыстық» деген сөздер «шаруашылық-тұрмыстық» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «3) сарқынды суларды табиғи биологиялық тазартуға арналған жасанды су объектілеріне жəне жергілікті жер бедеріне сарқынды суларды бұруға арналған құрылыстарды;»; 12) тармақшадағы «коммуналдық-тұрмыстық» деген сөздер «шаруашылық-тұрмыстық» деген сөздермен ауыстырылсын; 14) тармақшадағы «коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждарын», «коммуналдық-тұрмыстық» деген сөздер тиісінше «шаруашылық мұқтаждарын», «шаруашылықтұрмыстық» деген сөздермен ауыстырылсын; 6-тармақтың 1) тармақшасындағы жəне 8-тармақтың бірінші абзацындағы «коммуналдық-тұрмыстық» деген сөздер «шаруашылық-тұрмыстық» деген сөздермен ауыстырылсын; 11) 74-баптың 2-тармағындағы «тұрмыстық» деген сөз «шаруашылық» деген сөзбен ауыстырылсын; 12) 85-баптың 3-тармағындағы «тұтынушыларға» деген сөз «су тұтынушыларға» деген сөздермен ауыстырылсын; 13) 89-баптың 2-тармағындағы «қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкiлеттi орган», «денсаулық сақтау» деген сөздер тиісінше «қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкiлеттi мемлекеттік орган», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы» деген сөздермен ауыстырылсын; 14) 16-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «16-тарау. Елді мекендерді ауызсумен, техникалық сумен жабдықтау жəне су бұру»; 15) 90-бапта: тақырыптағы, 1 жəне 3-тармақтардағы «ауызсумен жəне шаруашылық-тұрмыстық сумен», «Ауызсумен жəне шаруашылық-тұрмыстық сумен» деген сөздер тиісінше «ауызсумен», «Ауызсумен» деген сөздермен ауыстырылсын; 6-тармақтағы «ауызсумен жəне шаруашылықтұрмыстық сумен» деген сөздер «ауызсумен» деген сөзбен ауыстырылсын; 7-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Қалалық жəне ауылдық елді мекендердегі ауызсудың сапасына мемлекеттік бақылауды халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уəкілетті органның аумақтық бөлімшесі жүзеге асырады.»; 16) 91-баптың тақырыбындағы, 1 жəне 2-тармақтарындағы «ауызсумен жəне шаруашылық-тұрмыстық сумен» деген сөздер «ауызсумен» деген сөзбен ауыстырылсын; 17) 92-бапта:

тақырыптағы «ауызсумен жəне шаруашылықтұрмыстық сумен» деген сөздер «ауызсумен» деген сөзбен ауыстырылсын; 1-тармақта: бірінші бөліктегі «ауызсумен жəне шаруашылықтұрмыстық сумен» деген сөздер «ауызсумен» деген сөзбен ауыстырылсын; екінші бөліктегі «ауызсумен жəне шаруашылықтұрмыстық сумен» деген сөздер «ауызсумен» деген сөзбен ауыстырылсын; 2-тармақтағы «ауызсумен жəне шаруашылықтұрмыстық сумен» деген сөздер «ауызсумен» деген сөзбен ауыстырылсын; 18) 16-тарау мынадай мазмұндағы 92-1, 92-2, 92-3, 924, 92-5, 92-6, 92-7, 92-8, 92-9, 92-10, 92-11, 92-12 жəне 92-13-баптармен толықтырылсын: «92-1-бап. Елді мекендердің сумен жабдықтау жəне су бұру жүйелерінің құрамы 1. Елді мекендердің сумен жабдықтау жəне су бұру жүйелері елді мекендердің тіршілігін қамтамасыз ету объектілеріне жатады. 2. Мыналар елді мекеннің сумен жабдықтау жүйесінің құрамдас элементтері болып табылады: 1) су тарту құрылыстары; 2) су құбырын тазартқыш құрылыстар; 3) реттегіш ыдыстар; 4) сорғы станциялары; 5) оқшау сутартқыштар; 6) тарату желілері; 7) ғимараттарға енгізу орындары; 8) ішкі сумен жабдықтау жүйелері; 9) суды есепке алу тораптары. 3. Мыналар елді мекеннің су бұру жүйесінің құрамдас элементтері болып табылады: 1) ғимараттардың ішкі су бұру жүйелері; 2) ғимараттардан шығару орындары; 3) орамішілік жəне көшелік желілер; 4) коллекторлар; 5) сорғы станциялары; 6) сарқынды суларды тазартқыш құрылыстар кешендері; 7) су объектілеріне тазартылған сарқынды суларды ағызуға арналған құрылыстар (сужібергіштер). 92-2-бап. Елді мекендердің ауызсумен жабдықтау жүйелері 1. Елді мекендердің ауызсумен жабдықтау жүйелері сумен жабдықтау көзінің типі мен жүйелерге кіретін элементтердің құрамы бойынша ерекшеленетін орталықтандырылған, орталықтандырылмаған болып бөлінеді. 2. Ауызсуды алуға, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға жəне су тұтынушыларға беруге арналған инженерлік желілер мен құрылыстар кешені орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі болып табылады. 3. Ауызсуды құбыржолдар арқылы тасымалдамай, оны алуға жəне дайындауға арналған су тарту құрылыстары мен су тазартқыш құрылыстар орталықтандырылмаған сумен жабдықтау жүйесі болып табылады. 92-3-бап. Техникалық сумен жабдықтау жүйелері 1. Техникалық сумен жабдықтау жүйелері технологиялық процестің белгіленген нормалары бойынша дара кəсіпкерлер мен заңды тұлғалардың өндірістік мұқтаждарын сумен қамтамасыз ету үшін құрылады. 2. Техникалық сумен жабдықтау схемасын таңдау кезінде, суды қайталап пайдалану, айналымдық сумен жабдықтау көзделеді. 92-4-бап. Елді мекендердің су бұру жүйелері 1. Елді мекендердің су бұру жүйелері сарқынды суларды бірлесіп жəне (немесе) бөлек іркіліссіз бұру үшін қызмет етеді. 2. Елді мекендердің су бұру жүйелеріне сарқынды суларды қабылдау шарттары мен тəртібі елді мекендердің су бұру жүйелеріне сарқынды суларды қабылдау қағидаларына сəйкес айқындалады. 3. Елді мекеннің су бұру жүйесіне қосылмаған тұрғын үйлерден (тұрғын ғимараттардан) шыққан сұйық тұрмыстық қалдықтар су өткізбейтін науа-ыдыстарға құйылып, кейіннен арнайы автокөлікпен шығарылып жəне оларды орналастыру орындарын халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уəкілетті органның аумақтық бөлімшелері, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкілетті мемлекеттік органның аумақтық органы жəне сумен жабдықтау жəне (немесе) су бұру жөніндегі ұйым айқындайтын төгу станцияларында төгілуге тиіс. 4. Дара кəсіпкерлер мен заңды тұлғалардың сарқынды суларын елді мекендердің су бұру жүйелеріне қабылдау: 1) елді мекендердің су бұру жүйелеріне сарқынды суларды қабылдау қағидаларына сəйкес сарқынды сулар олардағы зиянды заттардың жол берілетін шоғырлануының құрамы бойынша талаптарға сəйкес келген кезде жол беріледі. Сарқынды сулар сəйкес келмеген жағдайда дара кəсіпкерлер мен заңды тұлғалар оларды тазартуды өзінің су бұрудың оқшау тазартқыш құрылыстарында жүзеге асыруға міндетті; 2) сумен жабдықтау жəне (немесе) су бұру жөніндегі ұйымның техникалық шарттарының талаптарын орындаған кезде жол беріледі. 92-5-бап. Халықты ауызсумен жəне шаруашылықтұрмыстық сарқынды суларды бұруды қамтамасыз ету кепілдіктері 1. Қазақстан Республикасының аумағында жеке тұлғалар сумен жабдықтаудың жəне (немесе) су бұрудың қосылған желілері болған кезде су тұтынудың

жəне шаруашылық-тұрмыстық сарқынды суларды бұрудың белгіленген нормаларына сəйкес ауызсумен қамтамасыз етіледі. 2. Елді мекендердің сумен жабдықтау жəне су бұру жүйелерінің меншік иесі халықты ауызсумен жəне шаруашылық-тұрмыстық сарқынды суларды бұруды қамтамасыз етудің кепілі болып табылады. 92-6-бап. Ауызсудың сапасын қамтамасыз ету Ауызсудың сапасы: 1) ауызсумен жабдықтау көзін таңдау; 2) ауызсуды дайындау үшін тиісті технологияны, оларды пайдалану қауіпсіздігін жəне санитариялық қағидалардың, гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттердің белгіленген талаптарына сəйкестігін растайтын құжаттары бар жабдықты, материалдарды, реагенттерді пайдалану; 3) ауызсумен жабдықтау көздерін қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды іске асыру; 4) елді мекендердің сумен жабдықтау жүйелерін білікті техникалық пайдалану; 5) ауызсумен жабдықтау көздеріндегі жəне жүйелеріндегі су сапасының санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерге сəйкестігіне бақылау жүргізу арқылы қамтамасыз етілуге тиіс. 92-7-бап. Елді мекендерді сумен жабдықтау жəне су бұру саласындағы суды есепке алудың жалпы ережелері 1. Сумен жабдықтау жүйелерінде көздерден алынатын, тарату желісіне жəне су тұтынушыларға берілген су көлемдерін толық есепке алу ұйымдастырылады. 2. Суды: 1) бірінші, екінші, үшінші жəне кейінгі көтерілімдердің сорғы стансаларында; 2) су тұтынушының сумен жабдықтау жүйелерімен баланстық тиесілікті немесе пайдалану жауапкершілігін бөлу шекараларында; 3) суды есепке алудың үйге ортақ аспабы арқылы көппəтерлі тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) есепке алу міндетті болып табылады. 3. Суды есепке алу аспаптарына қойылатын талаптар осы Кодексте, техникалық регламенттерде, сумен жабдықтау жəне су бұру жүйелеріндегі суды есепке алу аспаптарын таңдау, монтаждау жəне пайдалану қағидаларында белгіленеді. 4. Берілген су үшін су тұтынушылармен есеп айырысулар су тұтынушыда орнатылған жəне коммерциялық ретінде пайдалануға жол берілген, суды есепке алу аспаптарының көрсетілімдері ескеріле отырып, шарттар негізінде жүзеге асырылады. 5. Сумен жабдықтаудың жəне (немесе) су бұрудың көрсетілген қызметтерінің көлемі коммуналдық шаруашылық саласындағы уəкілетті орган бекіткен, елді мекендердегі сумен жабдықтаудың жəне (немесе) су бұрудың көрсетілген қызметтерінің көлемдерін есептеу əдістемесіне сəйкес айқындалады. 6. Сумен жабдықтау жəне (немесе) су бұру жөніндегі ұйымдар суды есепке алу жөніндегі деректердің негізінде жыл сайын тарату желілеріндегі жəне су тұтынушыдағы су ысырабына талдау жүргізеді. 92-8-бап.Суды коммерциялық есепке алуды ұйымдастыру 1. Көппəтерлі тұрғын үйлерді (тұрғын ғимараттарды) салу, реконструкциялау, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделі жөндеу жобаларында суды коммерциялық есепке алуды ұйымдастыру үшін суды есепке алудың үйге ортақ жəне жеке (пəтер бойынша) аспаптарын міндетті түрде орнату көзделеді. 2. Пайдалануға жаңадан берілетін объектілерде деректерді қашықтықтан беретін, сезімталдық шегі төмен, жоғары метрологиялық сыныпты суды есепке алу аспаптарын орнату көзделеді. Бұл талап жұмыс істемейтін немесе белгіленген пайдалану мерзімі өткен, суды есепке алудың үйге ортақ аспаптары ауыстырылған жағдайда да қолданылады. 3. Жұмыс істемейтін немесе белгіленген пайдалану мерзімі өткен, суды есепке алудың жеке (пəтер бойынша) аспаптары ауыстырылған кезде, сезімталдық шегі төмен, жоғары метрологиялық сыныпты, кейіннен деректерді қашықтықтан беруге мүмкіндік болатын құрылғылармен жарақтандырылған суды есепке алу аспаптарын орнату көзделеді. 4. Елді мекеннің сумен жабдықтау жəне (немесе) су бұру желілеріне қосылған объектіні суды есепке алу аспаптарынсыз пайдалануға қабылдауға жол берілмейді. 92-9-бап. Су тұтынушылардың құқықтары мен міндеттері 1. Елді мекендердегі сумен жабдықтаудың жəне (немесе) су бұрудың көрсетілетін қызметтерін пайдаланатын су тұтынушылардың: 1) жасасылған шартқа сəйкес ауызсуды тұтыну үшін санитариялық қағидаларға сай ауызсумен жабдықтау жүйелерінен сумен іркіліссіз қамтамасыз етілуге; 2) сумен жабдықтаудың жəне (немесе) су бұрудың көрсетілген қызметтері үшін ақы төлеуге арналған төлем құжатын алуға; 3) ауызсу сапасы жəне оны берудегі ықтимал іркілістер туралы ақпарат алуға; 4) сотқа талап қоюға; 5) сумен жабдықтаудың жəне (немесе) су бұрудың көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифтер жобасын талқылау бойынша өткізілетін жария тыңдауларға қатысуға; 6) бір айдан кешіктірмей сумен жабдықтау жəне (Соңы 10-бетте).


10

www.egemen.kz

(Соңы. Басы 9-бетте).

(немесе) су бұру жөніндегі ұйымды бұл жөнінде жазбаша хабардар еткен кезде шартты біржақты тəртіппен бұзуға; 7) егер объектілері тұрғын үй қорына жатқызылса, денсаулық сақтау субъектілері пайдаланса, сондай-ақ тамақ өнімін өндіру үшін пайдаланылса, ауызсумен жабдықтау жүйелерінен бірінші кезектегі тəртіппен ауызсумен қамтамасыз етілуге; 8) көрсетілген қызметке төлемді түзету үшін сумен жабдықтау жəне (немесе) су бұру жөніндегі ұйымға өтініш жасауға құқығы бар; 9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтары бар. 2. Елді мекендердегі сумен жабдықтаудың жəне (немесе) су бұрудың көрсетілетін қызметтерін пайдаланатын су тұтынушылар: 1) сумен жабдықтау жəне (немесе) су бұру жөніндегі ұйыммен сумен жабдықтауға жəне (немесе) су бұруға арналған шарт жасасуға; 2) меншігіндегі сумен жабдықтау жəне су бұру жүйелерінің, олардағы басқару тораптарының, суды есепке алу аспаптарының белгіленген талаптарға сəйкес сақталуын жəне тиісінше санитариялық жəне техникалық жай-күйін ұстаптұруға; 3) жасасылған шартқа жəне белгіленген тарифтерге сəйкес сумен жабдықтаудың жəне (немесе) су бұрудың көрсетілген қызметтері үшін уақтылы əрі толық көлемде ақы төлеуге; 4) көппəтерлі тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) тұратын су тұтынушыларды қоспағанда, жеке салынған үйлерде тұратын су тұтынушыларды қоса алғанда, сумен жабдықтау жəне су бұру жүйелеріне қосылуға техникалық жағдайларының, меншігіндегі сумен жабдықтау жəне (немесе) су бұру желілерінің атқарушылық түсірілімінің болуы; 5) сумен жабдықтау жəне су бұру жүйелерін пайдалану қағидаларын, санитариялық қағидаларды сақтауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының су заңнамасында белгіленген талаптарды орындауға; 6) зиянды заттардың жол берілетін шоғырлануынан асып түсетін ластауыштармен сарқынды суларды ағызуға жол бермеуге; 7) шаруашылық-тұрмыстық сарқынды сулардың су бұру жүйесіне жауын-шашын жəне сорғыту суларын ағызуға жол бермеуге; 8) сумен жабдықтау жəне (немесе) су бұру жөніндегі ұйымның рұқсатынсыз меншігіндегі сумен жабдықтау жəне (немесе) су бұру желілеріне өзге су тұтынушыларды қоспауға; 9) сумен жабдықтау жəне (немесе) су бұру жөнін дегі ұйымның техникалық талаптарын орындауға; 10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де талаптарды орындауға міндетті. 3. Су тұтынушы заңды тұлғалар, осы баптың 2-тармағында көзделген міндеттерден басқа, мыналарды: 1) сумен жабдықтау жəне (немесе) су бұру жөніндегі ұйым өкілдерінің көрсетілімдерді алу жəне жұмыс қабілеттілігін тексеру үшін суды есепке алу аспаптарына, аумағында орналасқан немесе шаруашылық жүргізуіндегі сумен жабдықтау жəне су бұру жүйелерінің барлық элементтерінің техникалық жайкүйі мен қауіпсіздігін бақылау үшін, сарқынды сулардың сынамаларын алу үшін, сондай-ақ берешегі болған кезде су тұтынушының желілерін ажырату үшін кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз етуге; 2) су тұтыну жəне (немесе) су бұру көлемдері шартта белгіленгеннен асқан кезде, сумен жабдықтау жəне (немесе) су бұру жөніндегі ұйымның техникалық шарттарын немесе техникалық талаптарын сұратуға міндетті. 92-10-бап. Сумен жабдықтау жəне (немесе) су бұру жөніндегі ұйымның құқықтары мен міндеттері 1. Сумен жабдықтау жəне (немесе) су бұру жөніндегі ұйым: 1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен сумен жабдықтаудың жəне (немесе) су бұрудың көрсетілген қызметтері үшін ақы алуға; 2) суды есепке алу аспаптарын тексеруді жүргізуге; 3) сотқа талап қоюға; 4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарға ие болуға құқылы. 2. Сумен жабдықтау жəне (немесе) су бұру жөніндегі ұйым: 1) гигиеналық нормативтерге сəйкес ауызсуды жəне оны су тұтынушыларға беруді дайындауды қамтамасыз етуге; 2) елді мекендердегі сумен жабдықтаудың жəне (немесе) су бұрудың көрсетілетін қызметтерін іркіліссіз ұсынуды қамтамасыз етуге; 3) суды көздерден алуды, оны желіге жəне су тұтынушыларға беруді есепке алуды қамтамасыз етуге; 4) көздерді санитариялық қорғау аймақтары, сумен жабдықтау жүйелерінің құбыржолдарын санитариялық қорғау белдеулері жəне су бұру жүйелері элементтерінің санитариялық-қорғау аймақтары үшін белгіленген, шаруашылық жəне өзге де қызмет режимін сақтауға; 5) елді мекендердің сумен жабдықтау жəне су бұру жүйелерінің тиісінше пайдаланылуын қамтамасыз етуге; 6) су тұтынушының желілері мен құрылыстары жарамды болған жəне (немесе) сумен жабдықтау жəне (немесе) су бұру жөніндегі ұйымның техникалық шарттары орындалған кезде су тұтынушының объектілерін сумен жабдықтау жəне су бұру жүйелеріне қосуға рұқсат беруге; 7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де талаптарды орындауға міндетті. 92-11-бап. Тұрғын үй кондоминиумдарының құрамына кіретін сумен жабдықтау жəне су бұру жүйелері 1. Тұрғын үй кондоминиумдарының құрамына: 1) сумен жабдықтау бойынша – тұрғын үйлердің (тұрғын ғимараттардың) сыртқы қабырғаларының шекарасы шегіндегі ішкі сумен жабдықтау жүйелері, оның ішінде ауызсуды қосымша тазарту бойынша топтық қондырғылар, су тартатын сорғы қондырғылары; 2) су бұру бойынша – елді мекеннің су бұру желісіне қосылатын жердегі бірінші құдыққа дейінгі шығару орындарын қоса алғанда, үй ішіндегі жүйелер кіреді. 2. Тұрғын үйлердің (тұрғын ғимараттардың) ішкі сумен жабдықтау жəне су бұру жүйелерін пайдалануды пəтерлер мен үй-жайлардың меншік иелері, кондоминиум объектісін басқару органы жүргізеді, сондай-ақ бұл шарт негізінде жүргізіледі. 92-12-бап. Су тұтынушының меншігіндегі сумен жабдықтау жəне су бұру жүйелері 1. Су тұтынушының баланстық тиесілікті бөлу шекарасынан су бөлу жəне санитариялық-техникалық аспаптардан су бұру жүйесіне сарқынды суларды шығару нүктелеріне дейінгі сумен жабдықтау жəне су бұру жүйелерінің элементтері су тұтынушының сумен жабдықтау жəне су бұру жүйелеріне жатады жəне оларға өз күшімен, сондай-ақ шарт негізінде қызмет көрсетіледі. 2. Су тұтынушының сумен жабдықтау жəне су бұру жүйелерінің қондырғысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сəйкес келуге тиіс. 92-13-бап. Елді мекеннің сумен жабдықтаудың жəне су бұрудың иесіз қалған жүйесі жəне (немесе) оның құрамдас элементтері 1. Елді мекеннің меншiк иесi жоқ немесе меншiк иесi белгiсiз не өзіне берілген меншiк құқығынан меншiк иесi бас тартқан сумен жабдықтау жəне су бұру жүйесі жəне (немесе) оның құрамдас элементтері иесіз болып табылады. 2. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы елді мекеннің сумен жабдықтаудың жəне су бұрудың иесіз қалған жүйесін жəне (немесе) оның құрамдас элементтерін анықтаған жағдайда Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 242-бабына сəйкес оларды иесіз жылжымайтын заттар ретінде есепке қою жөніндегі рəсімдерді жүргізеді. 3. Елді мекеннің сумен жабдықтау жəне су бұру жүйесі жəне (немесе) оның құрамдас элементтері иесіз жылжымайтын заттар ретінде есепте болған уақытта сумен жабдықтау жəне (немесе) су бұру жөніндегі коммуналдық ұйымға пайдалануға беріледі. 4. Сумен жабдықтау жəне (немесе) су бұру жөніндегі коммуналдық ұйым өзіне пайдалануға берілген сумен жабдықтаудың иесіз қалған жүйесі жəне (немесе) оның құрамдас элементтері арқылы су тұтынушыға берілетін ауызсудың сапасын қамтамасыз етеді.»; 19) 103-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Салқындату мақсатында су объектілерінен немесе салқындатқыш тоғандардан сумен жабдықтау жүйелерін пайдаланатын жұмыс істеп тұрған немесе реконструкцияланып

жатқан жылу энергетикасы ұйымдарын қоспағанда, өнеркəсiп пен жылу энергетикасы ұйымдарының айналымдық сумен жабдықтауы болуға мiндеттi. Салқындату мақсатында су объектілерінен немесе салқындатқыш тоғандардан сумен жабдықтау жүйелерін пайдаланатын жұмыс істеп тұрған немесе реконструкцияланып жатқан жылу энергетикасы ұйымдарын қоспағанда, айналымдық сумен жабдықтауы жоқ ұйымдар уəкiлеттi органға, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкiлеттi мемлекеттiк органға, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уəкiлеттi органға нақты мерзiмдерiн көрсете отырып, айналымдық сумен жабдықтауға көшу жоспарын ұсынуға мiндеттi.»; 20) 104-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы, 107-баптың 2 мен 4-тармақтарындағы жəне 120-баптың 2-тармағындағы «ауызсумен жəне шаруашылық-тұрмыстық сумен», «Ауызсумен жəне шаруашылық-тұрмыстық сумен» деген сөздер тиісінше «ауызсумен», «Ауызсумен» деген сөздермен ауыстырылсын; 21) 135-бапта: тақырыптағы «мемлекеттiк қолдаудың», «принциптерi» деген сөздер тиісінше «, сумен жабдықтауды жəне су бұруды мемлекеттiк қолдаудың», «қағидаттары» деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақта: бірінші абзац «Су шаруашылығын» деген сөздерден кейін «, сумен жабдықтауды жəне су бұруды» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын: «5-1) бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, сумен жабдықтау жəне су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды жəне жаңғыртуды өтеусіз жəне қайтарымсыз негізде субсидиялау;»; 6) тармақша «су шаруашылығы субъектiлерiне» деген сөздерден кейін «, сумен жабдықтау жəне (немесе) су бұру жөніндегі ұйымдарға» деген сөздермен толықтырылсын; 22) мынадай мазмұндағы 135-1-баппен толықтырылсын: «135-1-бап. Сумен жабдықтау жəне су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды жəне жаңғыртуды субсидиялау 1. Сумен жабдықтау жəне су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды жəне жаңғыртуды субсидиялау сумен жабдықтауды жəне су бұруды дамытуды экономикалық ынталандыру ретінде жүзеге асырылады. 2. Сумен жабдықтау жəне су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды жəне жаңғыртуды субсидиялау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады: 1) жобаларды техникалық қолдау, бұл техникалық негіздемені, жобалау-сметалық құжаттаманы əзірлеуді, техникалық жəне авторлық қадағалауларды жүзеге асыруды қамтиды; 2) капиталды қажет ететін шығыстар, оның ішінде құрылысмонтаждау жұмыстарына, жабдықты, материалдарды сатып алуға арналған шығыстар.». 3. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; №2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат): 1) 220-баптың 1-тармағының 13) тармақшасындағы «ауызсу жəне шаруашылық-тұрмыстық сумен» деген сөздер «ауызсумен жəне шаруашылық-ауызсумен» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 225-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Сарқынды суларды жинағыштары жəне (немесе) сарқынды суларды табиғи биологиялық тазартуға арналған жасанды су объектілері бар табиғат пайдаланушылар олардың қоршаған ортаға əсерiн болғызбау жөніндегі қажеттi шараларды қолдануға, сондай-ақ оларды пайдалану тоқтатылғаннан кейiн жерлердi рекультивациялауды жүзеге асыруға мiндеттi.»; 3) 291-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Қалалық жəне басқа да қоныстардың, орман саябақтарының, курорттық, емдеу-сауықтыру, рекреациялық аймақтардың жəне су қорғау аймақтарының аумақтарында, ауызсумен жəне шаруашылық-ауызсумен жабдықтау мақсаттарында пайдаланылатын жерасты су объектілерінің су жинау алаңдарында, сондай-ақ тарихи-мəдени мұра объектілеріне жатқызылған аумақтарда қалдықтарды көмуге тыйым салынады.». 4. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., №23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., №1, 5-құжат; №2, 16-құжат; №3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; №5, 36, 41-құжаттар; №8, 64-құжат; №13, 91-құжат; №14, 94-құжат; №18-19, 119-құжат; №2324, 125-құжат; 2013 ж., №2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; №8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; №10-11, 56-құжат; №13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12,82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; №22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат): 1) 3-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 68-1) тармақшамен толықтырылсын: «68-1) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту жəне дамыту жөніндегі ұйым – қызметі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртуға жəне дамытуға бағытталған, мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғам;»; 2) 176-баптың 1) тармақшасы «қаржы агенттіктерін» деген сөздерден кейін «жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту жəне дамыту жөніндегі ұйымды» деген сөздермен толықтырылсын; 3) 178-бапта: 1-тармақтағы «Мамандандырылған ұйым оған кредитор немесе қаржы агенттігі айқындаған шарттармен» деген сөздер «Кредитор немесе қаржы агенттігі айқындаған шарттармен мамандандырылған ұйым немесе жергілікті атқарушы органның атынан қарыз алушы» деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақ «ұйымдар» деген сөзден кейін «немесе жергілікті атқарушы органның атынан қарыз алушы» деген сөздермен толықтырылсын; 4) 179-бапта: 1-тармақтағы «кредитордың (сенімгердің) атынан жəне оның есебінен жəне оның» деген сөздер «кредитордың (сенімгердің) немесе бюджеттік бағдарлама əкімшісінің атынан жəне есебінен жəне оның» деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақта: 3) тармақша «жобалардың» деген сөзден кейін «жəне (немесе) қарыз алушы немесе түпкілікті қарыз алушы іске асыратын инвестициялық жобалардың» деген сөздермен толықтырылсын; 4) тармақшадағы «қарыз алушылардың» деген сөздер «қарыз алушының жəне (немесе) түпкілікті қарыз алушының» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын: «7) түпкілікті қарыз алушыларды айқындау.»; 4-тармақ «Қаржы агенттігін» деген сөздерден кейін «жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту жəне дамыту жөніндегі ұйымды» деген сөздермен толықтырылсын; 5) 183-баптың 3-тармағының екінші бөлігі «қарыз алушы» деген сөздерден кейін «немесе түпкілікті қарыз алушы» деген сөздермен толықтырылсын; 6) 184-баптың 4-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Жергілікті атқарушы органдарға, қаржы агенттіктеріне бюджеттік кредиттер бойынша, сондай-ақ қарыз алушылар ретінде жергілікті атқарушы органдар түпкілікті қарыз алушыларға мемлекеттің əлеуметтік саясатының міндеттерін

17 маусым 2015 жыл

шешуге беретін бюджеттік кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін қоспағанда, бюджеттік кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі айналыс мерзімі бюджеттік кредиттің мерзіміне сəйкес келетін мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша кірістіліктің орташа өлшемді мөлшерлемесінен төмен болмайтын шамада белгіленеді.». 5. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., №17, 102-құжат; 2006 ж., №3, 22-құжат; №7, 38-құжат; №13, 87-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 1314, 62-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 21-құжат; № 12, 85-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 122-құжат; № 23, 143-құжат): 1) 1-бап мынадай мазмұндағы 8-1) жəне 24-1) тармақшалармен толықтырылсын: «8-1) жылумен жабдықтау жүйесі – жылу өндіретін, жылу беретін жəне жылу тұтынатын қондырғылардан тұратын кешен;»; «24-1) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту жəне дамыту жөніндегі ұйым – қызметі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртуға жəне дамытуға бағытталған, мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғам;»; 2) 3-бапта: 2-тармақтың 10) тармақшасындағы «белгiлеу болып табылады.» деген сөздер «белгiлеу;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын: «11) жылумен жабдықтау жүйелерін салуды, реконструкциялауды жəне жаңғыртуды кредиттеуді жəне субсидиялауды қамтамасыз ету болып табылады.»; 3-тармақтың 5) тармақшасындағы «реттеудi қамтиды.» деген сөздер «реттеудi;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) жəне 7) тармақшалармен толықтырылсын: «6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен жүзеге асырылатын, жылумен жабдықтау жүйелерін салуды, реконструкциялауды жəне жаңғыртуды бюджет қаражаты есебінен кредиттеуді; 7) бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, жылумен жабдықтау жүйелерін салуды, реконструкциялауды жəне жаңғыртуды өтеусіз жəне қайтарымсыз негізде субсидиялауды қамтиды.»; 3) 4-бап мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын: «1-2) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту жəне дамыту жөніндегі ұйымды айқындайды;»; 4) 5-1-бап мынадай мазмұндағы 5-1), 5-2) жəне 5-3) тармақшалармен толықтырылсын: «5-1) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органмен келісу бойынша жылумен жабдықтау жүйелерін салуды, реконструкциялауды жəне жаңғыртуды кредиттеу қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді; 5-2) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органмен келісу бойынша жылумен жабдықтау жүйелерін салуды, реконструкциялауды жəне жаңғыртуды субсидиялау қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді; 5-3) жылумен жабдықтау жүйелерін салуды, реконструкциялауды жəне жаңғыртуды кредиттеуді жəне субсидиялауды жүзеге асырады;»; 5) мынадай мазмұндағы 7-2-баппен толықтырылсын: «7-2-бап. Жылумен жабдықтау жүйелерін салуды, реконструкциялауды жəне жаңғыртуды субсидиялау 1. Жылумен жабдықтау жүйелерін салуды, реконструкциялауды жəне жаңғыртуды субсидиялау жылумен жабдықтауды дамытуды экономикалық ынталандыру ретінде жүзеге асырылады. 2. Жылумен жабдықтау жүйелерін салуды, реконструкциялауды жəне жаңғыртуды субсидиялау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады: 1) жобаларды техникалық қолдау, бұл техникалық негіздемені, жобалау-сметалық құжаттаманы əзірлеуді, техникалық жəне авторлық қадағалауларды жүзеге асыруды қамтиды; 2) капиталды қажет ететін шығыстар, оның ішінде құрылысмонтаждау жұмыстарына, жабдықты, материалдарды сатып алуға арналған шығыстар.». 6. «Жер қойнауы жəне жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 12, 60-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 6, 46-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат): 35-баптың 2-тармағы екінші бөлігінің 6) тармақшасындағы «ауызсумен немесе шаруашылық-тұрмыстық сумен» деген сөздер «ауызсумен жəне шаруашылық-ауызсумен» деген сөздермен ауыстырылсын. 7. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат): 134-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) елді мекендердің тіршілігін (энергиямен, газбен, сумен, жылумен жабдықтау, су бұру жəне коммуналдық қалдықтарды көму, қалдықтар полигондарын құру жəне пайдалану) қамтамасыз ету;». 8. «Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 3, 20-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 6-құжат): 8-бапта: 1-тармақта: бірінші бөлік «Энергетикалық ресурстарды», «энергетикалық ресурстарды» деген сөздерден кейін «жəне су ресурстарын» деген сөздермен толықтырылсын; екінші бөліктегі «есепке алу аспаптарын жəне» деген сөздер «жəне суды есепке алу аспаптарын,» деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақта: «Энергетикалық ресурстарды» деген сөздерден кейін «жəне су ресурстарын» деген сөздермен толықтырылсын; «энергетикалық ресурстарды есепке алудың тиісті аспаптарымен» деген сөздер «энергетикалық ресурстарды жəне суды есепке алу аспаптарымен» деген сөздермен ауыстырылсын. 9. «Рұқсаттар жəне хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат): 2-қосымшада: 324-жолдағы «ауызсумен жəне шаруашылық-тұрмыстық сумен», «ауыз жəне шаруашылық-тұрмыстық сумен» деген сөздер «ауызсумен жəне шаруашылық-ауызсумен» деген сөздермен ауыстырылсын; 327-жолдағы «коммуналдық-тұрмыстық» деген сөздер «шаруашылық-тұрмыстық» деген сөздермен ауыстырылсын. 2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2015 жылғы 15 маусым № 322-V ҚРЗ

 Тағзым

Єўмартанудыѕ жаѕа параќтары Ғұмар Қараш қазақ əдебиетіндегі өзінің лайықты орны мен бағасын əлі толық алып үлгермеген ойшыл ақын десек, қателеспейміз. Əсіресе, оның қазақ өлеңін мазмұн мен түр жағынан байытудағы жаңашылдығының орны тіпті бөлек. Оның əдеби мұралары өзінің өміршеңдігімен, қоғамдық құбылыстарға терең əрі жан-жақты философиялық ой тастауымен ерекшеленеді. Сондықтан да философ ақынның шығармаларындағы тағылымды тұстар бүгінгі күні де мəнін жоғалтпағанына еріксіз келісуге тура келеді. Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан».

Орал қаласында Алаш қайраткері, ойшыл ақын, ағартушы Ғұмар Қараштың туғанына 140 жыл толуына орай «Ғұмар Қараш – тарихи тұлға» атты ғылыми-практикалық конференцияда сөз алған философия ғылымдарының докторы Тілекжан Рысқалиев ой арнасын осындай түйінді пікірмен сабақтады. «Ғұмар Қараштың, оның классикалық сипаттағы өшпес өлеңдеріне қайта оралу оның құндылығын көтере түседі», – деді ғалым одан əрі. «Өз басым Ғұмар шығармаларының ішінде «Неден қорқам?» деген өлеңінің орны айрықша деп есептеймін, – деді бұдан кейін сөз алған əдебиетші ғалым Серікқали Шарабасов. – Оның осы туындысының өзегінде тұтастай адами философиялық тұжырымдар мен дара даналық бар. «Неден қорқамның?» əрбір жолдары мен шумақтарында, тіпті, бүгінгі қоғамның өзінде орын алып жүрген кейбір келеңсіздіктердің көріністері кездеседі». Конференцияда Батыс Қазақстан Гуманитарлық академиясының доценті Бақтылы Боранбаева Ғұмар Қараштың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі жөнінде, профессор Дəметкен Сүлейменова Алаш қозғалысы жəне Ғұмар Қараш тақырыбында ой толғады. Сондай-ақ, конференцияда журналист Қазбек Құттымұратұлы Ғұмар Қарашты қазақ журналистикасының негізін салушылардың бірі ретінде қарастырды. Ал «Жайық Пресс» ЖШС-ның бас директоры Жантас Сафуллин «Ғұмар Қараш рухының парасаты: өткеннен үлгі – болашаққа

өнеге» атты баяндамасында ұлы тұлғаны ұлықтау бағытында өзі басқаратын мекеме қызметкерлері атқарып келе жатқан бірқатар нақты істерге тоқталды. Ол, сондай-ақ, конференцияға қатысушыларға Ғұмар Қараштың Мəскеуде тұратын немересі Надежда Қарашеваның өз атасы, шыққан əулеті жайында əңгімелеген бейнесұхбатын тамашалауға мүмкіндік жасады. Сонымен қатар, шешен қазақ филология ғылымдарының алдында ақынның шығармалары мен публицистикалық бағыттағы туындыларын одан əрі тереңірек зерттеп жарыққа шығару жөнінде іргелі істер тұрғанын айтып берді. Оны тек ақынфилолог ретінде ғана емес, сондай-ақ дəстүрлі ислам жолынан адаспаған дінтанушы ретінде де қарастыру қажеттігін алға тартты. – Бүгінгі конференцияны ұйымдастырудағы мақсатымыз Ғұмар Қараш сынды ойшыл, ағартушы тұлғаның кейінге қалдырған мұралары арқылы өскелең ұрпақты өз тарихы мен Отанын сүюге жетелеу болатын. Осы бағыттағы шаралардың легі конференция жұмысымен тəмамдалып қалмақ емес. Бұл Ғұмарды танудағы кешенді жəне жүйелі шаралардың бірі ғана, – деп қорытынды жасады Батыс Қазақстан облыстық мəдениет, мұрағаттар жəне құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Əбіл Жоламанов. Аталмыш шара аясында Ғұмар Қараштың өмірі мен шығармашылығы туралы деректерді қамтитын «...Жойылмаса игі еді, артта қалған ізіміз» атты кітап көрмесі конференцияға қатысушылардың назарына ұсынылды. ОРАЛ.

Ардагер мўрасыныѕ тўсаукесері Жақында Астанадағы Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ драма театрында Қорғалжын өңірінің ардақты азаматы, кеңеспартия қызметінің ардагері, артында шығармашылық мол мұра қалдырған Ермек Біжкеновті еске алу жəне оның «Арман асуында», «Жан тынысы» атты кітаптарының тұсаукесері болып өтті. Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Кешті Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Диқан Қамзабекұлы модератор ретінде жүргізіп отырды. «Қазақ даласы сөз қадірін білетін азаматтардан кенде болған емес. Тіпті, таңдаған мамандығы тіл-əдебиеттен бөлек азаматтар да көркемсөз өнеріне хал-қадерінше атсалысты. Кеңеспартия қызметінде болған талай қайраткерлердің халқымыздың рухани мұрасын толықтырғаны да оқырман қауымға белгілі. Осы орайда, Ақмола жəне Қорғалжын өңіріне белгілі азамат, осы аймақтағы талай шаруашылықты ұйым дастырып, білім жəне ағарту саласын дамытқан қайраткер, хал-қадерінше əдебиет пен өнерге атсалысқан қаламгер һəм аудармашы Ермек Балтабайұлы Біжкеновтің туғанына 80 жыл толған жəне оның қаламынан шыққан туындыларының оқырман қауымға жол тартқан тұсаукесер кешіне жиналып отырмыз», деді ол өзінің кіріспе сөзінде. «Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қара шаңырағында білім нəрімен сусындаған Ермек Балтабайұлы қалада қалып, қаламгерлердің дүбірлі тобының бел ортасында жүрмесе де ел арасында тұрып шығармашылықпен айналысты. Артында қалған «Күйеу балаға құрылған тор», «Өмір өткелінде», «Арман асуында» атты туындыларымен В.Дроздан аударған «Сластионның бас киімі» повесі кəсіби жазушы емес, əдебиеттің киесін түсінген азаматтың қаламынан туған құнды дүниелер», деді тұсаукесер кешінде Ермек Біжкеновтің өмірі мен шы ғармашылық еңбегі

хақында баяндама жасаған Еуразия ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Серік Негимов. Иə, білікті де білімді Ермек Біжкенов өзінің бүкіл саналы ғұмырын Қорғалжын өңірінің экономикалықəлеуметтік жағдайын жақсартуға, оқуағарту саласын дамытуға арнады. Ол 1956 жылы ҚазМУ-ды үздік бітіріп, арнайы жолдамамен Қорғалжын аудандық оқу бөлімінде мектеп инспекторы болып еңбек жолын бастайды. Міне, осыдан бастап өмірінің соңына дейін осы өңірде тапжылмай еңбек етіп, Қорғалжын аудандық партия комитетінің идеология жөніндегі хатшысы лауазымына дейінгі өсу жолынан өтеді. Өкінішке қарай, Ермек Балтабайұлының өмірі аққан жұлдыздай қысқа болды. Алайда, ол осы жарты ғасыр қысқа ғұмырында адал еңбегімен туған елінің үлкен құрметіне бөленіп, артында өшпес із қалдырды. Тұсаукесер рəсімінде Ермек Біжкеновтің университетте бір курста оқыған досы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Нұрғожа Ораз, Қорғалжын өңірінің ардагерлері, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, зейнеткер Бостан Шахманов, техника ғылымдарының кандидаты, зейнеткер Жаңбыршы Нүркенов, Қорғалжын ауданы əкімінің орынбасары Сағдат Аққожина, Қорғалжын ауданы №1 мектеп-лицейінің директоры Нұрлан Тəжин жəне осы жолдардың авторы сөз сөйлеп, Ермек Балтабайұлының өмірі мен еңбек жолына қатысты естеліктерін ортаға салды. Кешті Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ драма театрының əртістері қаламгер туындылары негізінде жасалған сахналық қойылымдармен өрнектеп отырды.


Алматыда Ұлттық кітапханада «Қазақ диаспорасы жəне репатриация. 19912012» атты орыс тіліндегі ұжымдық ғылыми монографияның тұсаукесері өтті. Қазақ диаспорасының даму тарихы мен олардың тарихи отанына иммиграциясы туралы жинақтау мен талдауына арналған ғылыми зерттеулердің қорытындылары енген еңбектің таныстырылымына белгілі қоғам қайраткерлері, шеттегі этностық қазақтардың тарихы мен мəдениетін зерттеуге үлес қосқан ғалымдар, шетелдегі қазақ диаспорасының өкілдері, оралман бауырлар, ЖОО-ның оқытушылары мен студенттері жиналды.

Ќазаќ їшін ќўнды еѕбек Гүлзейнеп СƏДІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Алдымен монография авторлары – тарих ғылымдарының кандидаты Күлғазира Балтабаева, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев, тарих ғылымдарының докторы, профессор Жарас Ермек бай жəне философия ғылымдарының кандидаты Айтбала Баймағамбетованың 10 тараудан тұратын қазақ диаспорасы, репатриация, көші-қон саясаты, демография жəне диаспорология тарихының мəселелеріне арналған үлкен ғылыми жұмыстарымен құттықтағанымыз жөн шығар. Олай дейтініміз, авторлар этникалық иммигранттарды қабылдау мен орналастырудың əлемдік тəжірибесін де жан-жақты қарастыра отырып, Германияның саясаты, назар аударуға тұрарлық Израильдің репатриация үдерісінің тəжірибесі, көршілес Ресейдің көші-қон саясатының өзгерістерін де қамтыған. Соған орай, салыстырмалы түрде Қазақстандағы этникалық көші-қон саясатының қалыптасуы мен дамуы, сондайақ, Өзбекстан, Қытай, Ресей, Түр кия, Ауғанстан, Иран мен басқа елдердегі болып жатқан репатриацияның тəуекелдері, табыстары мен келешегі көрсетілген. Монография ғылыми сипатта жазылып, географиялық, пəндік жəне атаулы көрсеткіштермен, қысқарған сөздер тізімімен, сондай-ақ, түрлі-түсті суреттермен қамтылған. Алғаш рет Қазақстанда қазақ диаспорасы жастарының білім алу мақсатында иммиграциялау мəселелері талданған. – Ерекше назар аударатын жайт, бұл еңбек Қауымдастықтың

 Айбын

Жауынгерлік əзірлікті «жедел тестілеу» «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы əскери қызметшілерінің жауынгерлік əзірлігін «экспресс-тест» арқылы тексеруде. Жеке құрамның кəсіби дайындығын, далалық машығын тексеру, дене даярлығы мен жауынгерлік дағдыларын арттыру үшін «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында арнайы «экспресс-тест» енгізілді. Ол атыс жəне дене даярлығы бойынша тұтас жаттығулар кешенін қамтиды. Атап айтқанда олар: ЖƏЖМ-2, Т-72 жəне АК-74 қару-жарағынан жеке жəне взвод құрамында ұзақ қашықтыққа оқ ату, қол гранаталарын лақтыру, АРД кедергілер жолағын еңсеру, взвод құрамында жауынгерлік машинаны басқару, белтемірге тартылу, 24 кило гір тасын жұлқи көтеру, 5 шақырымға жүгіру. «Экспресс-тест» «Мə тібұлақ» (01098 ə/б) жəне «Отар» 40-шы əскери базасының (30212 ə/б) оқу-жаттығу полигондарының базасында төрт күн өткізілді. Бұл уақыт ішінде мотоатқыш, танкті, инженерліксаперлік взводтар, минаатқыш батареялар мен мергендік жұптар құрамына қарасты бөлімдердің 350-ден астам əскери қызметшісі тексерістен өтті. Тестілеу қо рытындысы бойынша бірқатар мотоатқыш, танкті, инженерлік-саперлік взводтар мен минаатқыш батареясы белгіленді. «Егемен-ақпарат».

11

www.egemen.kz

17 маусым 2015 жыл

қоржынындағы алғашқы ғылыми монография емес, – деді жоба авторларының бірі Талғат Мамашев еңбектің маңызы мен алар орнына кеңінен тоқтала келіп. – Алайда, біздің алдымызда Азия, Түркия, Еуропадағы қазақ диаспорасының қалыптасуы мен дамуын көрсету міндеті тұрған жоқ, өйткені, аталған жағдай Г.Меңдіқұлованың «Қазақ диас порасының тарихи тағдыры. Қалыптасуы мен дамуы» монографиясында қамтылған болатын. Дегенмен, Қауымдастық осы монографияның толықтырылған нұсқасын «Қазақ диаспорасы: тарихы мен бүгіні» деген атпен қайта басып шығарды. Ал үш жылдан кейін Қауымдастықтың мұрындық болуымен елші Қалыбек Қобландин мен Гүлнара Меңдіқұлованың ұжымдық моно графиясы қа зақ тілінде «Өзбекстандағы қа зақтардың тарихы жəне бүгінгі дамуы» деген атпен жарық көрді. Бүгінгі тұсауын кесіп отырған монография Мəдениет жəне спорт министрлігі Тілдерді дамыту жəне қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің қолдауымен, Білім жəне ғылым министрлігінің гранты бойынша жарық көріп отыр. Шетел қазақтарының саяси, əлеуметтікдемографиялық жəне мəдени дамуының ерекшеліктері Қытай, Моңғолия, Ресей, Түрікменстан, Қырғызстан, Тəжікстан, Беларусь елдерінде ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басында өткізілген халық санағының есебінде талданған. Менің білуімше, халық санағының жарық көрген материалдары еліміздің ғылыми кітапханаларының қорында жоқ. Жалпы, зерттеудің жылнамалық шектеуі 1991 жəне 2012 жылдар аралығын қамтиды. Көріп отырғанымыздай, жылнаманың төменгі шектеулері Қазақстанның

тəуелсіздік алуымен жəне қазақтардың өз тарихи отанына оралу үдерісімен анықталады. Еңбектің жоғарғы шектеулері – бұл еліміздің мемлекеттік көші-қон саясатының заманауи тəжірибесін жинақтаған кезең. Бір айта кететін жайт, модератор Талғат Асылұлы интернетте жəне əлеуметтік желілерде осы монографияның шыққаны туралы хабарлама берген сəттен бастап оның қай тілде шығарылғаны туралы сауалдар, пікірлер келіп түсе бастағанын, ал монографияның орыс тілді қауым жəне бұқаралық ақпарат құралдарын таныстыру мақсатында орыс тілінде жарық көргенін, өйткені, қазақ тілінде осы тақырыптағы жарияланымдар жеткілікті екенін, оның үстіне, репатрианттардың қазақстандық қоғамға бейімделуі еліміздің адами жəне зияткерлік əлеуетінің дамуы мəнінде көрсетілгенін атап өтті. «Ал екінші жағынан, мемлекеттік органдар мен қабылдаушы қоғамның оралмандарды əрі қарай ықпалдастыруға байланысты өзекті міндеттері күн тəртібінен алынбайды», деді төраға орынбасары. Кітапқа зор еңбек сіңірген ғылыми редакторы «Интеллект Орда» əлеуметтік-мəдени ғылымдарды бірлестірудің халықаралық институтының бас директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Саттар Мəжитов те əр ғылыми еңбектің негізгі мақсаты, маңыздылығы – қоғамдағы осы тақырып қызықтырып немесе айналысып жүргендерге жаңа бағытбағдар беріп, жолдарын айқындап беретінін атап өтті. «Кітапта негізінен қазақ диаспорасының, репатриациясының қайтып келуі, яғни жалпы көші-қондағы ең маңызды да күрделі мəселелерді

көтеріп, қамтыған, – деді ол. – Біздер қазақ диаспорасының тарихы дегенде, қазақтар екенін, олардың нақты адамның тағдырынан тұратынын ұмытпағанымыз жөн. Олар қалай отанына көшіп келді, қандай жағдайларды бастан кешкенін түсінуіміз қажет. Тіпті, адам жат елде əуежайға келгеннен бастап өзін біртүрлі сезінеді. Яғни, олардың əлеуметтік бейімделуі қалай жүріп жатыр? Қоғамда өз орнын тауып жатыр ма? Бұл үлкен мəселе. Өйткені, қазір жағдай басқа. Маған өте ұнағаны, оралман деген сөздің қажетті бір жағдайларда ғана пайдаланып, отандастар, өзіміздің ағайындарымыз елімізге қайтып келе жатыр дегенге ерекше назар аударуы. Өйткені, олардың келіпкетуінде саяси, идеологиялық, экономикалық қырлары көп. Біз түбінде бір халықпыз, бір ағайынбыз. Сондықтан бұл мəселені талдауда, əсіресе, шетелдік сарапшыларға «біз тағдырымыз бір халықпыз, түбі бірігуіміз керек» дегенді құлақтарына құя беруіміз керек. Осылайша алдағы уақытта Қазақстанның, қазақ халқының бүтін бір тарихы жазылуы тиіс. Жиында монография авторлары Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы қызметіне белсене атсалысып жүрген оралман ағайындардың барлығына көрсеткен көмектері, көтерілген мəселеге жанашырлықпен қарап, сұхбат бергендері үшін ризашылықтарын білдірді. Қытайдан келген оралман, Қазақстанда үлкен жетістіктерге қол жеткізген əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің қытай тілі кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Нəбижан Мұқаметханұлы: «Мен бұғанға дейінгі дүниежүзі қазақ диаспорасы жайлы Қауымдастықтың

шығарған еңбектерімен жақсы таныспын. Меніңше бұл кітап солардың ішіндегі шоқтығы биік сүбелісі, сапасы жоғары, мазмұны кең еңбек деп санаймын. Бүгінгі таңда кітаптың орысша шыққаны өте орынды. Өйткені, орыс тілді оқырмандар, жазушылар қазақ тілінде қандай дүниелер шығып жатқанын біле қоймайды. Сондықтан кейбір зерттеу, аналикалық мақалаларда əртүрлі пікірлер айтылып қалып жатады. Бүгінде дүниежүзінде əр ұлт шетелдегі өз өкілдеріне, диаспорасына ерекше назар аударуда. Диаспора зерттеу əлемдік өркениетті зерттеумен қатар жүріп жатқан үдеріс. Ал бұл еңбектің құндылығы – Елбасының жиырма жылдан бері көші-қон мəселесінде жүргізген саясатының жемісі, нəтижесі екендігін көрсетеді. Бұл не үшін керек? Бұл – Қазақстанның болашағы, қазақ қоғамының дамуы, біздің Мəңгілік Ел болуымыз үшін қажет» десе, М.Əуезов атындағы Əдебиет жəне өнер институтының директоры, ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі Уəлихан Қалижан бұл еңбектің құндылығы, қасиеті – Қазақстандағы көші-қон саясатының бүкіл мазмұндалған сипатын көрсететін, оралмандар тағдыры қазақтың тағдырынан бөлек еместігін, түрлі жағдайларға байланысты қазақтың жері Қытай мен Ресейге өтіп, сол ата қоныстағы қазақтар шетел қазақтары болып қалғанын, сондықтан олардың бəрі қиыншылықтан қашып кетті деген орынсыз айыптауларға жол бермеу керектігін, ал мына кітапты оқыған адам сол сауалдарға жауап алатынын екпін түсіре жеткізді. Сондай-ақ, жиында Қазақстан Президентінің мұрағаты директорының ғылым жөніндегі орынбасары, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қайрат Əлімғазинов, Ш.Уəлиханов атындағы тарих жəне этнология институты бөлім меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы Айжамал Құдай бергенова, ҚазақстанБритан университетінің профессоры, техника ғылымдарының докторы Даулет Шейх-Əли, 1992 жылы Моңғолиядан келген оралман, тарихи Отанында үлкен жетістіктерге қол жеткізген, мемле кеттік қызмет жолын Көшіқон комитетінің Алматы облысы бойын ша департаменті директорының орынбасары лауазымды қызметін атқарып, бүгінде көшіқон саласының қызметкері, көшіқон жөніндегі 3 кітаптың авторы Кұрметбек Сансызбайұлы аталмыш құнды еңбек жайлы ойларын ортаға салды. Болашақта бұл еңбек қазақ, ағылшын тілдеріне аударылып, Қытай, Моңғолия, Түркия, Еуропа елдеріндегі қазақтар үшін қайта басып шығару жоспарланған.

 Спорт

Кенді Алтайда

футбол академиясы ашылады, хоккей ќайта тїлейді

Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан».

Шығыс Қазақстан – сайыпқыран спортшылар туған, Олимпиада мен əлемдік додалардың жеңімпаздарын сыйлаған өңірлердің бірі. Кенді Алтайдың болмысы шығар, бұл өлкеден түлеп ұшқан жас спортшылар зəуде бір биікті бағындырмай қайтпайды. Бүгінде өңір жұртшылығының спортпен шұғылдануына, саламатты өмір салтына көңіл бөлуіне мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалуда. Алда шығысқазақстандық спортсүйер қауымды тың жаңалықтар күтіп тұр. Таяуда облыс əкімі Даниал Ахметов спортшылар қауымдастығымен жүздесуінде бұл туралы тарқатып айтты. Облыс спортының даму мəселелерін талқылаған жиында халықаралық жарыстарда жеңімпаз атанып, жүлдеге ие болып жүрген шығысқазақстандық спортшылар марапатталды. Өскемендегі Металлургтердің мəдениет сарайында өткен жиында спортшылар 150 мың теңгеден 1 миллион теңгеге дейінгі облыс əкімінің стипендиясына ие болды. Стипендия иегерлері қатарында Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова, шаңғы

жарысы бойынша Əлем кубогы кезеңінің жеңімпазы, 2015 жылғы Əлем чемпионатының қола жүлдегері Алексей Полторанин, фристайлдан Бүкілəлемдік қысқы универсиада жеңімпазы Юлия Галышева, фристайлдан Əлем чемпионатының күміс жүлдегері, Универсиаданың күміс жүлдегері Дмитрий Рейхерд, еркін күрестен Азия чемпионы Расул Қалиев жəне тағы басқа белгілі спортшылар бар. Еліміздің ұлттық құрамасы сапында өнер көрсетіп, олжалы қайтып жүрген қайсар ұл-қыздарды құттықтаған облыс басшысы Шығыс Қазақстанда спортты дамыту саласында атқарылар жұмыстарға тоқталды. Өңір басшысының айтуынша, жақында Өскеменде футбол академиясы құрылады. Жұмысты ұйымдастыру үшін шетелдерден мамандар шақырылады. Қазіргі уақытта аталған академияға неміс, испан футбол мектептерінің тəжірибелерін пайдалану мəселелері қарастырылуда. Бұл орайда бес жыл бойы өңірдің талантты спортшыларын тəрбиелеумен шұғылданатын жəне өз тəжірибесін жергілікті жаттықтырушылармен бөлісетін жоғары кəсіби білікті мамандар шақыру көзделіп отыр.

– Біз егер əлемдік футбол держа валарындағыдай балалар футболын дамытуды қолға алмасақ, жақсы нəтижеге ешқашан қол жеткізе алмаймыз. Ал футбол академиясын құрудың нəтижесінде балаларымызда жоғары кəсіпқойлық пайда болады, лайықты білім алады, сапалы медициналық қызметке қол жеткізеді. Əрине, бірінші кезекте біз тек спорттық жарыстардың жеңімпаздарын ғана емес, өз еліміздің лайықты азаматтарын тəрбиелейтінімізді есте ұстауымыз қажет, – деді өңір басшысы. Енді Семей мен Өскемен қалаларындағы футбол клубтарының орнына бір ғана «Алтай» клубы жұмыс істейді. Теңбіл доп тебуді үйрететін мектептер мен жаңа академия аталған клубты ойыншылармен қамтамасыз етеді. Облыс əкімі үздік спорттық алаңдар жəне су бассейндері өңіріміздің негізгі байлығы саналатын балаларға берілгенін атап өтті. Яғни олардың арасынан келешекте биікті бағындыратын мықты спортшылар шығатын болады. – Біз өскемендік «Торпедо» командасының даңқын қайтаруымыз тиіс. Сондықтан жас хоккейшілерді өз ісінің шебері етіп тəрбиелеу керек. Бұл үшін Еуропа мен Солтүстік Америка, Ресей елдерінен белгілі бапкерлерді шақыруымыз, жаңа мұз алаңдарын салуымыз қажет, – деді облыс əкімі – Шайбалы хоккейді шыңға шығару үшін «Торпедо» клубының бұрынғы атауы қайтарылып, оның лайықты өнер көрсетуіне қолайлы жағдай жасалуда. Атап айтқанда, үш үлкен базалық клуб, екі фарм-клуб құрылды. Өскеменде үш хоккей модулі бар. Жыл соңына дейін Риддер мен Зырянда хоккей модульдері ашылады. Хоккейді дамытуға Үржар мен Аягөз аудандары да қатысады. Аталған аудандарда келер жылы жаңа мұз айдыны кешені бой көтермек. – Семей қаласында 200 адамдық спорт интернатын салып, оған спорттық əлеуеті мықты балаларды орналастырамыз. Пансионаттың жанына жаңа медициналық жабдықтармен жарақтандырылған заманауи оңалту орталығы пайдалануға беріледі, – деді Д.Ахметов. Дəл осы іспетті жұмыстар самбо, бокс, дзюдо салаларын дамыту бойынша да жүргізілетін болады. Ал Риддер қаласында ауыр атлетика бойынша мамандандырылған мектеп құрылысын жүргізу жоспарланып отыр. Қазіргі кезде Шығыс Қазақстан облысында спорттың 88 түрімен шұғылдануға арналған 3232 спорт нысандары қызмет етеді. ӨСКЕМЕН.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының əкімшісі «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ 2015 жылғы 13 сəуірден бастап 1 қазанға дейінгі кезеңде Астана қ., «Алтын Орда» бизнес орталығы, Орынбор к-сі, 4-үй мекенжайы бойынша магистратураға, докторантураға, резидентураға, тағылымдамаға құжаттар қабылдайды. Сонымен қатар, www.egov.kz «ҚР электронды үкімет» порталы жəне Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы құжаттар тапсыру мүмкіндігі бар. Байланыс телефондары: 8 (7172) 76 90 82, 76 90 83, 24 93 85, 24 93 86, www.bolashak.gov.kz

Ќўрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 2015 жылдың 2 шілдесінен 2 қыркүйегі аралығында Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының ІІ бағыты бойынша «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» талаптарына сəйкес келетін тұлғалардан пəтерлерді сатып алушылар мен жалдаушылар пулына қатысуға өтініштер қабылданатындығы туралы хабарлайды. Құрылысы Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы аясында жоспарланған БҚО, Ақсай қаласы, Қарашығанақ-1 шағын ауданы мекенжайында салынып жатқан «144 пəтерлі тұрғын үй», бағасы – 1 ш.м. үшін 100 000 теңге, «таза» өңделген. Құрылыстың аяқталу мерзімі: 2015 жылдың 30 қыркүйегі. Қатысушыларға қойылатын талаптармен Банктің www.hcsbk.kz Интернетресурсындағы «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» бөлімінде танысуға болады. Өтініштерді Банктің барлық филиалдарында, сондай-ақ, Банктің www.hcsbk.kz Интернет-ресурсындағы «Клиенттің жеке кабинетінде» бере аласыздар. Өтініштер тек Банк салымшыларынан қабылданады. Орал қаласы, М.Мəметова к-сі, 111-үй мекенжайында орналасқан Банктің филиалында немесе Банктің www.hcsbk.kz Интернет-ресурсында тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылар пулдарын құру тəртібімен жəне құрылыс объектісінің сипаттамасымен толығырақ танысып, ғимарат қасбеті мен пəтерлер жоспарын көруге болады.

Ќўрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы аясында Тараз қаласы, 14 га «Арай» алқабы тұрғын үй кешені, №3 жер телімі, 3-ші белгісінде орналасқан көп пəтерлі тұрғын үй құрылысын бастауға «Жамбыл облысы əкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен Ынтымақтастық туралы келісіміне қол қойылғандығы туралы хабарлайды. Пəтер саны – 80, 1 ш.м., бағасы 116 000 теңге. Құрылыстың аяқталу мерзімі: 2016 жылдың 4 тоқсаны. Жалға алушылар жəне сатып алушылар пулына өтініштерді қабылдау уақыты шамамен 2016 жылдың 3 тамызынан 3 қазанына дейінгі аралықта өтеді. Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үй сатып алушылар мен жалға алушылар пулдарын құру тəртібімен жəне құрылыс объектісінің сипаттамасымен, сондай-ақ, ғимарат қасбеті мен пəтерлер жоспарымен Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Жамбыл даңғылы, 9Б мекенжайында орналасқан Банктің филиалында немесе Банктің www.hcsbk.kz Интернет-ресурсында көруге болады.

Мерзімді баспа басылымдарына жазылушылардың назарына! Құрметті жазылушылар, «Қазпочта» АҚ мерзімді баспа басылымдарын уақтылы жеткізбеген, мүлде жеткізбеген немесе қызмет көрсету сапасы төмен болған жағдайда «Қазпочта» АҚ-тың Байланыс орталығына 1499 нөмірі арқылы хабарласуларыңызды өтінеді (ҚР бойынша ұялы жəне қалалық нөмірлерден қоңырау шалу тегін). Біз Сіздерге əрдайым көмектесуге дайынбыз!

Хабарландыру

Алматы облысы «Қарасай ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Қарасай ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қарасай ауданы əкімдігінің ветеринарлық станциясы, ауыл округтеріндегі ветеринарлық пунктері» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кəсіпорнының басшысы лауазымына конкурс жариялайтынын хабарлайды. Конкурс «Қарасай ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мына мекенжайында өтеді: Қарасай ауданы, Үшқоңыр ауылы, Қоғамдық мəдениет үйі, Жібек жолы көшесі, н/ж, байланыс телефоны: 8 (72-771) 5-61-77. Конкурсқа қатысушыларға талаптар: жасы 18-ден асқан ветеринарлық дəрігер мамандығы бойынша жоғары білімі бар, басшылық қызметте 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар Қазақстан азаматтары қатыса алады. Конкурсқа қатысуға өтініш 2015 жылдың 17 маусымнан 1 шілде аралығында сағат 17.00-ге дейін «Қарасай ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жоғарыда аталған мекенжай бойынша қабылданады. Конкурсқа қатысу үшін қажет құжаттар: 1.Өтініш; 2.Түйіндеме (қазақ жəне орыс тілінде); 3.Жеке куəлік (көшірмесі); 4.Өмірбаян (қолдан жазылған); 5.Диплом (көшірмесі); 6.Еңбек кітапшасының (көшірмесі); 7.Денсаулығы туралы анықтама (форма №86).

«Алматы Қанты» АҚ акционерлерінің назарына

Махмудов Сайрамбай Джумашович, тұрғылықты мекенжайы: Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қ., Саламатов к-сі, 81-үй, «Алматы Қанты» АҚ-тың 47,89584827 % (643 463 дана) дауыс беруші акциясын сатып алды, осыған байланысты акционерлерге өздеріне тиесілі 1 акция үшін 2,47 теңге бойынша сатуды ұсынады.

Вниманию акционеров АО «Алматы Канты»

Махмудов Сайрамбай Джумашович, проживающий по адресу: Алматинская область, Карасайский район, г. Каскелен, ул. Саламатова, д. 81, приобрёл 47,89584827 % (643 463 шт.) голосующих акций АО «Алматы Канты», в связи с чем предлагает акционерам продать принадлежащие им акции по 2,47 тенге за 1 акцию.

«Көксу-Шекер» АҚ акционерлерінің назарына

Махмудов Сайрамбай Джумашович, тұрғылықты мекенжайы: Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қ., Саламатов к-сі, 81-үй, «Көксу-Шекер» АҚ-тың 44,11962818 % (13 100 дана) дауыс беруші акциясын сатып алды, осыған байланысты акционерлерге өздеріне тиесілі 1 акция үшін 45,55 теңге бойынша сатуды ұсынады.

Вниманию акционеров АО «Коксу-Шекер»

Махмудов Сайрамбай Джумашович, проживающий по адресу: Алматинская область, Карасайский район, г. Каскелен, ул. Саламатова, д. 81, приобрёл 44,11962818 % (13 100 шт.) голосующих акций АО «Коксу-Шекер», в связи с чем предлагает акционерам продать принадлежащие им акции по 45, 55 тенге за 1 акцию.

«Көксу-Шекер» АҚ акционерлерінің назарына

Вниманию акционеров АО «Коксу-Шекер»

Туганбай Балнура Ауезхановна, тұрғылықты мекенжайы: Алматы қ., «Сайран» ш/а, 1-үй, 51-пəтер, «Көксу-Шекер» АҚ-тың 43,78283713 % (13 000 дана) дауыс беруші акциясын сатып алды, осыған байланысты акционерлерге өздеріне тиесілі 1 акция үшін 45,55 теңге бойынша сатуды ұсынады.

Туганбай Балнура Ауезхановна, проживающая по адресу: г. Алматы, мкр. «Сайран», д. 1, кв. 51, приобрела 43,78283713 % (13 000 шт.) голосующих акций АО «Коксу-Шекер», в связи с чем предлагает акционерам продать принадлежащие им акции по 45, 55 тенге за 1 акцию.

«Алматы Қанты» АҚ акционерлерінің назарына

Вниманию акционеров АО «Алматы Канты»

Туганбай Балнура Ауезхановна, тұрғылықты мекенжайы: Алматы қ., «Сайран» ш/а, 1-үй, 51-пəтер, «Алматы Қанты» АҚ-тың 44,66070149 % (600 000 дана) дауыс беруші акциясын сатып алды, осыған байланысты акционерлерге өздеріне тиесілі 1 акция үшін 2,47 теңге бойынша сатуды ұсынады.

Туганбай Балнура Ауезхановна, проживающая по адресу: г. Алматы, мкр. «Сайран», д. 1, кв. 51, приобрела 44,66070149 % (600 000 шт.) голосующих акций АО «Алматы Канты», в связи с чем предлагает акционерам продать принадлежащие им акции по 2,47 тенге за 1 акцию.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының төралқасы ҰҒА академигі, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор Жүрімбек Сыдықұлы Сыдықовқа ұлы Мирхат Жүрімбекұлы СЫДЫҚОВТЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.


12

www.egemen.kz

17 маусым 2015 жыл

Мўратымыз – Мəѕгілік Ел!

Суреттерді түсірген Ерлан ОМАРОВ.

 Тосын табиғат

Теректіѕ эфир майы

Белгілі єалымныѕ ойлап тапќан емдік препараттары ќаржы тапшылыєынан ґндіріске жол таба алмай отыр М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры Владлен Поляковтың ғылыммен айналысып келе жатқанына 40 жылға таяп қалыпты. Соңғы ширек ғасыр бедерінде терек бүршіктерінің негізінде емдік препараттар жасап шығарғанымен, медицинада кеңінен қолданылып отырғаны – балауыз шам тəрізді дəрілік суппозиторийлер ғана. Ғалымның көз майын тауысып, маңдайтерін сарп еткен еңбектері не себепті тоқырап тұрғанын білмекке ниеттеніп, еңбек демалысында жүрген жерінен тауып алдық. Бірінші сауалымыз алғаш ашқан жаңалық төңірегінде өрбіді. – Негізгі мамандығым химик болса да, табиғат, өсімдіктер мəселелерімен де айналыстым. Терек бүршіктерінің химиялық құрамын зерттеу арқылы керемет емдік қасиеттеріне көз жеткіздім. Қазақстанда теректің 30-дан астам түрі өседі. Біздің пайдаланылатынымыз – көк терек. Ғылым тілінде «populus balsamifera» деп атайды. Көктем кезінде теректің бүршіктеріне май көп жиналады. Оны медицина саласына қолданып, көп жылғы ғылыми ізденістер өз нəтижесін берді. – Терек майы қалай алынады?

– Ол үшін терек бүршіктері арнайы жасалған баротермикалық қондырғыға салынып, май жоғары қысым арқылы сығымдалады. Оған «Тополин» деген атау берілді. Кейін құрамына эфир майын қосу арқылы адам ағзасына өте пайдалы бірнеше дəрілік заттар ойлап табылды. – Кейбіріне сипаттама бере кетсеңіз. – Өндірісте кеңінен пайдаланылып жүрген суппозиторийдың саудадағы атауы – «БальзамдықКМ». Құрамында тополин, бүрген, какао майлары, сары балауыз секілді белсенді қоспалар бар.

Фармакологиялық қасиеттеріне тоқталатын болсақ, түрлі бактерияларға, қабынуларға, ерлер мен əйелдердің жыныс ауруларына – бірден-бір шипа. Облыс орталығындағы дəріханаларда үлкен сұранысқа ие. Бұл жобаны алматылық «Қызыл май» фирмасымен бірлесіп, жүзеге асырып келеміз. Біз медициналық дəкенің орнына өзгеше жарақатты таңу материалдарын ұсындық. Тополин майы қоспасы бар емдік жұқа пленкалар жараға таңылып, аз уақыттың ішінде жазылып кеткенін тəжірибе көрсетті. Өкініштісі сол, мұны

 Міне, қызық!

Астанадағы ортопедия жəне травматология орталығы ғана кəдеге жаратып жүр. – Туберкулез ауруына қарсы қо л д а ны л а т ы н ф ит о қа бықшалар жобасы да қаражат жетімсіздігінен лабораториялық сынақ дəрежесінен аспай қалған көрінеді. – Ол рас. Бар мəселе тағы ақшаға келіп тіреледі. Əйтпесе, біздің тарапымыздан ешқандай кінəрат жоқ. Эфир майы Алматыдағы, облыстағы туберкулез орталықтарында жан-жақты зерттеліп, жұқпалы кеселдің 33 микробактериясына əсер ететіні, науқасты 2-3 айда жазып шығаратыны дəлелденді. Осы емнің арқасында 46 адам денсаулығын жақсартты. Бүгінде Қарағандыдағы «Фитохимия» халықаралық холдингі жобаны сұратып алды. Əрі қарай не болары белгісіз. Осыдан бірнеше жыл бұрын «Сұлтан» макарон фабрикасы эфир майының 0,1 пайызы араластырылған сағыз шығаруды қолға алған еді. Ауыз қуысы кеселдеріне

бірден-бір сеп болатын бұл бағдарлама да жалғасын таппады. Қорыта айтқанда, біз ойлап тапқан емдік препараттардың суық тиюде, күйік шалуда, стоматологияда, туберкулезде емдік шипасы мойындалғанымен, тиісті орындар тарапынан жеткілікті қолдау таппай отыр. – Тығырықтан шығудың қандай жолдарын ұсынар едіңіз? – Елімізде импорттық дəрідəрмектің үлесі мол. Бағасы да удай. Оның үстіне сапасына қатысты арыз-шағымдар да айтылып жатады. Ал, біздің патенттелген, сертификатталған емдік препараттардың артықшылықтары көп. Біріншіден, шикізат іздеп алысқа сабылмайсың, жергілікт жерде қамтамасыз етіледі. Екіншіден, жасанды қоспалардан таза. Үшіншіден, баға қолжетімді. Сондықтан Елбасымыздың отандық фармацевтиканы дамыту, қазақстандық үлес мазмұнын арттыру міндетіне орай Үкіметтен қолдау болғанын қалар едім. Əңгімелескен Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан».

Солтүстік Қазақстан облысы. ––––––––––––––––

Суретті түсірген Талғат ТƏНІБАЕВ.

 Сақтансаң – сақтайды

Ќазаќы тазылар кґрмесі Далада ќалмайды Облыста 50-ге жуық қазақы тазы бар көрінеді. Көрмеге өңірден олардың 20-сы қатысты. Шымкенттік кинолог Нина Ясизова ақтөбелік тазыларды жарыстырып көрді.

«Егемен Қазақстан».

Ақтөбе облысы.

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

Семейде сұрапыл дауыл болды. 14 маусым күні сағат 18.30-да орын алған табиғаттың тосын оқиғасы шаһар тұрғындарын біраз əбігерге салды. Секундына 20-35 метр жылдамдықпен соққан адуын жел бірқатар нысандардың шатырын жұлып кетіп, көше жиегіндегі тал-теректерді құлатты. Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан».

Қаланың бірқатар бөлігінде жарық өшті. Стансалардағы электр қуатының болмауынан 40 мыңға жуық семейлік тұрғын сусыз қалды. Төтенше оқиғадан соң Семей қаласының жедел жəрдем қызметіне 10 зардап шеккен тұрғын хабарласып, оның 8-і түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды. Олардың арасында үстіне сынған ағаш құлаған əйел жəне жел жұлып кеткен шатырдың астын да қалып, жарақаттанған екі ер адам бар. Дауылдан қаладағы 11 мектеп, 12 көпқабатты үй, 3 əлеуметтік-мəдени нысан жəне 30 жеке тұрғын үй мен жоғары кернеулі электр желісі, 28 электр қуатын беру желілері, билбордтар, 28 автокөлік зардап шекті. Сондайақ, 10 көше мен 4 жол өткелін су басты. Ең бас тысы, адам шығыны орын алған жоқ. Қазіргі кезде облыс əкімінің орынбасары Димитрий Гариковтың төрағалығымен

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

СЕМЕЙ.

– Бізге 21 адам келіп көрінді, – дейді Кентау қалалық аурухана бөлімінің дəрігерлері. – Солардың 17-сіне дереу жедел көмек беріп үйлеріне қайтардық. Өрт бол ған нан кейін зардабы болмай қоймайды. Төрт адам ауруханаға түссе, екеуі жан сақтау бөлімінде жатыр. Екеуі хирургия бөлімінде. Уланып қалғандар бар. Оларды сауықтырудың бар шарасы қолға алынып жатыр. Тұрғындар төтенше жағдай жөніндегі бөлімнің қызметкерлеріне алғыс айтады. Олар дер кезінде келіп, тұрғындарды қауіпсіз аймаққа көшіруді ұйымдастырған. Куəлердің мəліметінше үшінші қабатта тұтанған өрт ауа тартқыш құбыры арқылы жоғары өрлеген. Тілсіз жау бір сəтте уайымсыз отырған үш пəтердегі отбасыларды естен тандырар күйге жеткізді. Оқиға орнына жеткен облыс əкімінің орынбасары

Сəкен Қалыбеков: «Мүмкіндігінше өрт шалған пəтер иелерін уақытша тұрғын үймен қамтамасыз етіп жатырмыз. Біразы осындағы ағайындарының үйлеріне барып жайғасты. Қала əкімдігі ыстық тамақпен қамтамасыз етудің жағдайын шешті. Тұрғындарды далада қалдырмаймыз. Өрт шалған пəтерлерге жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз», деді. Шетелдерде тосын жағдайда адамдарды құтқарып алғаны болмаса Үкімет баспана салып беруді немесе күрделі жөндеуден өткізуді мойнына алмайды. Ал Қазақстанда азаматтарын көшеде өз мұңымен арпалысуына жол бермейді. Облыс əкімі Асқар Мырзахметов осы жағын нықтап жатыр. Құдай қос көрсе, пəтерлерінің астан-кестеңі шығып абдырап қалған отбасылар демеушілер көмегімен жөндеуден өткен сайлы пəтерлеріне қайта оралады. Оңтүстік Қазақстан облысы.

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 273-07-87.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru, egemenkz@maіl.kz. Интернет-редакция: ekazakhstan@mail.ru Алматыда: факс (727) – 273-07-87, электронды пошта – egemalm@mail.ru

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – 8 (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – 8 (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – 8 (712-2) 31-74-13; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

төтенше жағдай зардаптарын жою жөніндегі комиссия жұмыс істеуде. Өңір басшысы Даниал Ахметовтің тапсырмасы бойынша қалада қалпына келтіру жұмыстары түні бойы жүргізілді. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мəліметіне қарағанда, дереу қолға алынған жұмыстар нəтижесінде электр жары ғынсыз қалған 57184 абоненттің басым бөлігі электр қуатына қайта қосылды. Апат салдарын жоюға жергілікті атқарушы органдар мен жедел жұмылдыру құрылымдары тартылды. Атап айтқанда, дауыл зардаптарын жою мақсатында 50 техника мен 200-ге жуық маман жұмыс істеуде. Сондай-ақ, автокөлік жолдары құлаған ағаштардан тазартылып, жол қозғалысы қалпына келтірілді. Бағдаршамдар істемей тұрған көше қиылыстарындағы көлік қозғалысын реттеуге жол сақшылары тартылды.

Өрт – тіл-құлағы жоқ тілсіз жау. Таңғы сағат төрттің шамасында басталған өрт Кентаудағы Алтынсарин көшесіндегі №1 үй иелерінің əптер-тəптерін шығарды. Үш пəтер түгелдей жанып кетті. Құдай сақтап осында тұрып жатқан адамдардың денсаулығына ауыр зардап əкелген жоқ.

Сатыбалды СƏУІРБАЙ,

Дене бітімін, аяқ сүйектерін, тісін, тырнағын байқап, қандарының тазалығына назар аударды. Барлық талапқа сай келген Талғат Ермағанбетовтің 3 жасар Лашы ны көрме жеңім пазы атанды. Бұл тазы осы ған дейін де екі мəрте облыстық жарыста жүлдегер болған екен. Екін ші, үшінші орындарды Құмай жəне Ақтабан бөлісті. Көр мені ұйым дас тырушылардың мəлімдеуінше, Ақтөбенің қаны таза 15 иті Қазақстан кинологтар одағының тіркеуіне алынған. Бұл бірлестіктің алдағы мақсаты – тазы санын көбейту жəне тұқымын асылдандыру, бүкілəлемдік кинологтар одағына кіру. «Қансонарда» қоғамдық бірлестігі күзге салым тағы да тазы өсірушілердің көрмесін өткізбекші.

Семейдегі дауыл

Көкшетау – 8 (716-2) 25-76-91; Қарағанды – 8 (721-2) 43-94-72; Қостанай – 8 (714-2) 39-12-15; Қызылорда – 8 (701) 772-70-74; Орал – 8 (777) 496-21-38;

Өскемен – 8 (778) 454-86-11; Павлодар – 8 (718-2) 68-59-85; Тараз – 8 (726-2) 43-37-33; Шымкент – 8 (701) 362-63-76; Петропавл – 8 (715-2) 50-72-50.

Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-07-26, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Арко» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-Полиграфия» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Достық-Дружба даң., 215 А, «WESTA» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 203 394 дана. Нөмірдің кезекші редакторы

Сұңғат ƏЛІПБАЙ.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 6 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №584 ek

Profile for Egemen

17062015  

1706201517062015

17062015  

1706201517062015

Profile for daulet
Advertisement