Page 9

www.egemen.kz

16 желтоқсан 2015 жыл

 Тəуелсіздік тұғыры

ШЕКАРАСЫ ШЕГЕНДЕЛГЕН ЕЛ ШЫМЫР Енді санаулы күндерден кейін еліміз шынайы Тəуелсіздігінің ширек ғасырлық шежіресіне аяқ басады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев күні кешегі Жолдауында «Бұл – тəуелсіздікті нығайту жолындағы өлшеусіз еңбегіміздің ширек ғасырлық белесін қорытындылайтын мерейлі сəт», деп атап көрсетті. Ал тəуелсіз мемлекеттің басты нышандарының бірі – оның шекарасы. Тəуелсіздігіміздің осы ширек ғасырлық шежіресінде егемен еліміздің шекарасы да айқын тұғырланып, берік нығайып келеді. Осыған орай төл мерекеміздің қарсаңында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры, полковник Дархан ДІЛМАНОВТЫ əңгімеге тартқан едік. – Тəуелсіздігіміздің алғашқы күндерінен бастап Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бел гілеп, оны көршілес мемлекеттердің басшыларымен халықаралық келісімдер ар қылы бекітіп алуға барлық күш-жігерін салды. Осыған байланысты бүгінгі таңда шекарамыз бойынша делимитация, демаркация үдерістерді қандай деңгейде жүргізілуде? – Иə, дұрыс айтасыз, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев шекара мəселесіне əрдайым ерекше көңіл бөліп келеді. Бұл ретте Елбасының «Ел тыныштығы – мемлекеттік шекараның тынышты ғына тікелей тəуелді», деген сөзі қазақстандық шекарашыларға зор жауапкершілік жүктеп, шекара қызметінің тəуелсіз мемлекет да муын дағы өмірлік маңызын тереңдете түседі. Енді делимитация жəне демаркация мəселесіне келетін болсақ, Қазақстан Рес пуб ли ка сының құрлықтағы Мемлекеттік шекарасының ұзақтығы 13 380 шақырымды құрайды. Ресей Федерациясымен арадағы шекарамыз делимитация қоры тындысы бойынша – 7548 ша қырым. Қазіргі күнге дейін барлығы 3000 шекара бағанасы орнатылды. Сонау 2009 жылы басталған жұмыс қарқынды жүргізілуде. Қа зіргі уақытта, демаркациялық жұмыстар таулы, ну орманды өңірге жақындап қалды.

Мұндай рельеф де маркациялық үдеріске өз кедергісін тигізгелі тұр. Осыған байланысты жұмыс қарқыны кішкене баяулап, қосымша материалдық, қаржылық шығындарды қажет ететіндігі сөзсіз. Дегенмен, бұл мəселелер шешімін тауып, белгіленген міндеттер нақты орындалады деген ойдамыз. Қырғыз Республикасымен арадағы шекараның жайына тоқ талсақ, демар кацияланған шекара сызығының ұзы н дығы 1257 шақырымды құрайды. Шекара сызығының ұзына бойына 533 шекара бағанасы орнатылды. Далалық демар кациялық жұмыстар 2008 жылдың екінші жартысынан бастап жүйелі түрде жүргізілді. Ал Түрікменстанмен ара дағы демаркацияланған шекара сызығы 459 шақырымды құрайды. Бұл бағыт бойынша барлығы 178 шекара бағаны орнатылды. Тағдыр табыстырған тағы бір көршіміз – Өзбекстан Республикасымен арадағы шекарамыз делимитация қорытындылары бойынша 2351 шақырым. Қазіргі уақытта шекараның өн бойына 776 шекара бағанасы қойылды. Қытай Халық Республи касымен арадағы шекарамыздың жөні бөлек. Ол негізінен бұрыннанақ қалыптасқан шекара деуге болады. Де маркациялық жұ мыстардың қо рытындысы бойынша оның ұзындығы 1783 шақырымды құрайды. Демар кация туралы хаттамаға 2002 жылы қол қойылды. Осыған сəйкес 346 шекара бағанасы орнатылды. Қысқаша айтқанда, делимитация жəне демаркация үдерістері бойынша бүгінгі күнге дейін жүргізілген жұмыс ауқымы осындай. Жоғарыда аталған жұмыстар бойынша əлі де бірлескен комиссиялар жұмыс істеп, қажетті бекіту құжаттарын дайындайтын болады. – Дархан Айтқалиұлы, тəуелсіз Қаз ақ стан Республи касының Мемлекеттік шекарасындағы делими тация, демаркация үдерісінің ойдағыдай атқарылып жатқандығы көңілге берік сенім ұялатады. Шапқан тұлпардың тұяғы күйетін, ұшқан құстың қанаты талатын, ата-бабамыздан мұраға қал ған ұлы да ладағы ұланғайыр шекарамызды күзету мəселесі қалай шешілуде? Əрине, ол оңай шаруа емес екендігін жақсы түсінеміз. Осы мəселені өз аузыңыздан естісек... – Бұл ретте ерекше атап өтетін мəселе, 2013 жылы «Қа зақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» заң қабылданды. Осы заңға сəйкес оннан астам заңнамалық жəне нормативтік-құқықтық актілерді дайындадық. Мем лекет басшысының тікелей бастамасымен

Шекара қызметін дамытудың жəне Қа зақстан Рес публикасының Мемлекеттік шекарасын жайғастырудың 2020 жылға дейінгі кешенді жоспары бекітілді. Осы құжаттардың бар лығы да шекарамыз ды күзету мəселесін нығайтуға, оның сапасын арттыруға бағытталып отыр. Елбасының тікелей қол дауы арқасында жыл сайын Ше кара қызметіне қомақты қаржы бөлініп, заманауи материалдық-техникалық базамен жабдықталуда. Бүгінгі заман талабына сай қажетті инфрақұрылымдар бой көтеруде. Биылғы жылдың өзінде арнаулы техникалық құралдармен жабдықталған жаңа үлгідегі екі жүзден астам автокөлік алынды. Олардың ішінде жол таңдамайтын көліктер, ауа райының қолайсыздығына бейімделген арнаулы көліктер шекара шыларымыздың таптырмас серігіне айналды. Жағалау күзеті үшін мыңнан астам шам шырақ, прожекторлы стансалар сатып алынды. Қазіргі кезде шекара күзетін əскери ұшақтар жəне тікұшақтарсыз көзге елестету мүмкін емес. Каспий теңізін жəне ондағы биоресурстарды қорғап, браконьерліктің жолын кесу үшін «Айбар» жобасындағы шекара кемелері іске қосылды. Бүгінгі таңда Қазақстан Республи касы ның шекарасы жоғары əскери-техникалық талаптарға сай жабдықталған ірі қорғаныс құрылымы болып табылады. Шекара күзетінде жаңа техника мен озық технология толық көрініс тапқан. Шекара қызметінің қару-жарағын, техникасын үстіміздегі жылы Жеңістің 70 жылдығына арналған Астанадағы əскери шеру барысында көптеген адам тамашалады. Сонымен қатар, шекара күзетінде қызметтік жануарлар да кеңінен пайдаланылады. Оның ішінде аттар мен иттердің жөні бөлек. Аттар тау мен тастың арасындағы шекара сызығын бақылауда таптырмайтын көлік екендігі ертеден-ақ белгілі. Ал шекара бұзушыны іздестіруде, есірткі заттарын анықтауда шекарашы сарбаздар қызметтік иісшіл иттердің көмегіне жүгінеді. Инженерлік инфрақұрылымдармен қамтамасыз ету мақсатында да көптеген жұмыстар атқарылуда. Шекара қызметінің инженерлік бөлімшелері биылғы жылдың өзінде сегіз жүз шақырымға жуық қоршаулы жəне бөгетті шарбақтар орнатты, ор қазды. Сондай-ақ, шекара жолдары, бақылау мұнаралары, ұшып-қону алаңқайлары, шекара катерлері үшін айлақтар, қалқымалы көпірлер салынды. Жалпы, шекара күзеті деген ұғым кешенді шаралармен ерекшеленеді, асқан жауапкершілік пен шынайы патриоттықты қажет етеді. – Қазақстан Кеден одағының белді мүшелерінің бірі болып табылады. Кеден одағы жағдайында мем лекеттік шекараны күзету қалай жүргізілуде? Қандай

қиындықтар мен кедергілер кездесуде? – Иə, тəуелсіз Қазақстанның Ке ден одағы көлемінде белді де беделді орны бар екендігі сөзсіз. Биылғы жылы Кеден одағына Қырғыз Республикасы мүше болып енді. Соған байланысты, 2015 жылдың 12 тамызынан бастап қазақ-қырғыз шекарасындағы бақылау-өткізу бекеттерінде кедендік ре сімдеу доғарылды. Бірнеше бақылау-өткізу бекеттері тұрақты жұмыс істеп тұр. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын қорғау ұлттық заңдылық тұрғысында атқарылып келеді. Сондықтан, бақылау процедуралары шекаралық бақылау аясында сақталатын болады. Шекаралық бақылау дегеніміз заң талаптарын сақтайтын азаматтар үшін ешқандай да əкімшілік кедергі болып табылмайды. Қайта керісінше, олардың тыныштығын қорғайтын, елдегі тұрақтылықты сақтауға бағытталған қадам екендігі сөзсіз. Оның ішінде, заңсыз көшіқон, есірткі трафигі, қару-жарақ контрабандасы жəне радикалды идеологияны тартушылардың жолын кесіп, сыртқы қатерлерге тосқауыл қояды. Əрине, шекара бойындағы бақылауөткізу бекеттерінде сапалы қызмет көрсету үшін қолдан келген ісшаралардың барлығы қолданылуда. Сондықтан, айтарлықтай қиындықтар мен кедергілер жоқ. – Қазіргідей алмағайып заманда шекараның мығым болғаны жақсы. Дегенмен, шекараның ар ғы жағы мен бергі жағында ағайын-туыс адамдар тұрады. Халқымыз «Бармасаң, келмесең жат боларсың» деп тегін айтпаса керек. Олардың араласып тұруына шекара ешқандай кедергі келтірмеуі керек деп ойлаймыз... – Пікіріңіз өте орынды. Өмір тəжірибесі көрсетіп отырғандай, Қазақстан шекарасы достықтың шекарасы болып табылады. Шекара қызметінің барлық іс-қимылы шекара туралы заңнамаларда толығымен айқындалған. Қазіргідей интеграциялық үдерістер жүріп жатқан кезде шекара дегеніміз ниеті дұрыс адамдар үшін ешқандай кедергі болмауы керек. Оның сыртында, сауда-экономикалық қарымқатынастар, мəдени байланыстар үшін барлық жағдай жасалынған. Сол үшін мемлекеттік шекараның өн бойындағы 98 бақылау-өткізу бекеттері азаматтарды шекарадан бақылап өткізу, бақылап енгізу үшін қалтқысыз қызмет атқарып тұр. Шекаралық бақылау 2013 жылғы 16 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген. Осы заңның 23-бабына сəйкес өткізу пункттерінде шекаралық бақылау көлік құралдары, жүктер жəне тауарларға қатысты жүргізіледі. Оның ішінде, мемлекеттік шекараны кесіп өту заңдылы ғын анықтау, мемлекетке кіру жəне шығу бойынша шектеуі бар тұлғаларды анықтау шекара арқылы көлік құралдарының, жүктер мен тауарларды тасымалдаудың заңдылығын сақтау секілді тағы да басқа мəселелерге басты көңіл аударылады. – Аталған бақылау-өткізу бекеттеріндегі жолаушы-жүк тасымалының айналымы қандай? – Соңғы 5 жылдың ішінде жолаушылардың өтуі, жүктердің өткізілуі екі есеге дейін артты. Мысалы, еліміздің оңтүстігінде орналасқан «Қордай» бақылау-өткізу бекеті арқылы орта есеппен алғанда, жылына 6 миллионнан астам адам, 500 мыңнан астам көлік құралдары өткізіледі. Еліміздің солтүстігінде орналасқан «Қайрақ» бақылауөткізу бекеті арқылы жылына 2 миллионға жуық адам, 600 мыңнан астам көлік құралдары өткізіледі. Батыстағы «Сырым» бақылау-өткізу бекеті арқылы жылына бір жарым миллионға дейін адам, 500 мыңға дейін көлік құралдары өткізіледі. Міне, Кеден одағы жағдайындағы шекаралық бақылау-өткізу бекеттері, ондағы шекарашыларымыз өздерінің осындай қомақты жұмыстарымен мақтана алады. – Күн-түн қатып қасиетті шекарамызды күзетіп, ел-жұрттың тыныштығын қамтамасыз етіп жүр ген қазақстандық ше карашылардың əскери-жауынгерлік қызметі туралы да айтып өтсеңіз? – Шекара шебінде демалыс деген болмайды. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, тəулік бойы мемлекеттік шекара шекарашылардың

қырағы назарында болады. Биылғы жылы шекара шебінде құқық бұзған 21409 адам ұсталды. Олардың ішінде, мемлекеттік шекараны немесе шекара режімін бұзушылар, бақылауөткізу бекеттерінің режімін, теңіздер мен өзендердегі аумақтық суға шығу ережелерін бұзушылар көптеп кездеседі. Осы мерзімде тоғыз жүзге жуық контрабандалық іс-қимылдың жолы кесілді. Оның ішінде жарияланбаған 1 миллионнан астам АҚШ доллары, 3 миллионнан астам Ресей рублі, 19 миллионнан астам теңге анықталды. 102 тоннадан астам металл, 67 тоннадан астам халық тұтынатын тауарлар, 80 килодан астам зергерлік заттар ұсталды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасының бір бөлігі Каспий теңізі арқылы өтетіндігі белгілі. Теңіздегі шекараны күзетумен қатар қазақстандық шекарашылар Каспий бассейніндегі биоресурстарды талан-тараждан сақтап қалуға да өздерінің үлестерін қосып келеді. Жыл сайын қазақстандық теңіз шекарашылары Каспий теңізінде өткізілетін бірлескен халықаралық арнайы іс-шараларға қатысып, онда шекара бұзушыларды, браконьерлерді құрықтап, олардан тонналаған бекіре жəне бекіре тұқымдас балықтарды, мыңдаған шақырымға жететін балық аулайтын ау, басқа да құралдарды тəркілеуде. – Сөз реті келіп тұрғанда шекаралық қауіпсіздік мəселесі туралы, оның ішінде басқа мемлекет тердегі əріптестеріңізбен байланыс туралы айта кетсеңіз... – Бұл мəселе шекара ведомствосында үлкен көңіл бөлінеді. Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығына кіретін барлық мемлекеттердің шекара ведомстволарымен байланысымыз жақсы жолға қойылған. Бұл бойынша тұрақты жұмыстар атқарылып келеді. Жақында ғана Астана қаласында ТМД-ға мүше-мемлекеттердің шекара əскерлерінің қолбасшылары кеңесінің 74-мəжілісі болып өтті. Оған ТМД-ның 9 мемлекетінен шекара əскерлерінің басшылары қатысты. Онда өзара тығыз қарым-қатынасты арттыру, шекаралық қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатерлерге бірлесіп қарсы тұру, лаңкестік қауіптің алдын алуға қатысты бірлескен шаралар қабылдау, заңсыз көші-қон, есірткі, қару-жарақ тасымалының халықаралық арнасына шекарада тосқауыл қою мəселелері кеңінен талқыланды. Биылғы жылы атқарылған жұмыстар талқыланып, келесі жылы атқарылар жұмыстар талданды. Мəжілістің күн тəртібіне барлығы 12 мəселе қойылып, олар бойынша тиісті шешімдер қабылданды. – Дархан Айтқалиұлы, мемлекеттік шекарамыздың көздің қарашығындай сақталуы шекарашылардың ерлікпен өрілген күнделікті қызметінің арқасы. Осы орайда, бүкіл өмірін осы қызметке арнаған, батыр шекарашыларымыз туралы да айтып өтсеңіз? – Отан қорғауды əкеден балаға мирас етіп келе жатқан ұрпақтар шекара қызметінде көптеп кездеседі. Осылайша, ұрпақтар сабақтастығы дегеніміз ешуақытта үзілген емес. Шекарашыларымыз қайда жүрсе де Отанға адал қызмет етудің үлгісін көрсетіп келеді. Жақында ғана Жаркент қаласында Ауғанстанда интернационалдық борышын өтеу кезінде ерен ерлік үлгісін көрсетіп, құрбан болған бір топ шекарашыларға арналған ескерткіш ашылды. Ауған жерінде ерлік үлгісін көрсетіп қаза тапқан Раджан Батырханов атындағы шекара заставасы да (Қазақстан – Қытай шекарасы) жас шекарашы-сарбаздарды батырлық пен патриоттыққа үндейтін тəрбие орталығына айналды. Отанға деген шынайы сүйіспеншілік сезімімен рухтанған шекарашыларымыз бейбіт күнде де ерлік істерімен көзге түсіп келеді. Жақында, ғана еліміздің оңтүстігіндегі «Жетісайавто» бақылау-өткізу бекетінің келісімшарт сержанты Бахадүр Жураев педофилді ұстап, жасөспірім қызды құтқарып қалды. Арамызда кеудесіне мемлекеттік орден-медаль таққан шекарашыларымыз көптеп саналады. Жас сарбаздарға тəрбие беру ісі жүйелі жолға қойылған. Оның ішінде «Застава тарландары» атты ардагерлер ұйымы жастар тəрбиесінде өлшеусіз өнеге көрсетіп келеді. – Əңгімеңізге рахмет. Əңгімелескен Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

9

 Бəрекелді!

Сўраншы батыр ауылы «ЌазТрансГаз» салєан спорт єимаратын сыйєа алды Бұл апта Алматы облысы Жамбыл ауданындағы Сұраншы ауылының тұрғындары үшін айшықты басталды. Көгілдір отын саласының көшбасшысы – «ҚазТрансГаз» АҚ мереке қарсаңында бірегей жобаның құрылысын мəреге жеткізіп, осы ауылға заманауи спорт кешенін сыйға тартты.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Компанияны сауапқа бөлеп, жергілікті халықтың алғысын əперген спорт кешені əйгілі Сұраншы батырдың да құрметіне арнап салынып, тарихи батырдың атын иемденгенін айта кеткен жөн. Қалай десек те, соңғы айлар аталмыш компания үшін табысты болып тұр. Таяуда ғана ел тарихындағы ірі газ тасымалдау жобасын іске қосып, «Қазақстан – Қытай» магистралды газ құбырының «С» желісін пайдалануға берген «ҚазТрансГаз» АҚ бизнестің əлеуметтік жауапкершілігі аясындағы жұмыстарын да біртіндеп абыроймен іске асыруда. Қысқасы, су жаңа спорт ғимаратының құрылысы толықтай газ саласындағы ұлттық оператордың қаржысына салынды. Компания сыйға тартқан замана талабына сай ғимарат Алматы облысының өзге елді мекендерінде кездеспейтін бірегей спорт кешені деп айтуға болады. Күрестің барлық түрлеріне арналған ғимаратта спортшылар толыққанды жаттығу өткізіп қана қоймай, мұнда республикалық, тіпті халықаралық деңгейдегі жарыстарды ұйымдастыруға мүмкіндік бар. Өңір жұртшылығы үшін маңызды оқиға санатындағы осынау салтанатта «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ бас директорының орынбасары Ақылбай Сапаров: – Еліміздің басты мерекесі қарсаңында Сұраншы батыр атындағы спорт сарайын ашып отырмыз. Бұл – осы ауыл тұрғындарына, əсіресе жастарға жасалған үлкен сый. Осылайша, «ҚазМұнайГаз» бен «ҚазТрансГаз» компаниялары Елбасының спортты дамыту жөніндегі саясатына осындай нақты іспен қолдау көрсетуде. Спорт кешені Алатаудың бөктеріндегі табиғаты тамаша жерде орналасқан. Оны салу барысында спортшылардың жаттығуларына барынша жағдай тудыру мақсатында ең озық технологиялар, экологиялық таза материалдар қолданылды. Былтыр Алматы облысының əкімдігімен өзара əріптестік туралы меморандум бекіткен едік. Онда көрсетілген міндеттерімізді орындап, бүгін осы тамаша спорт кешенін ашқалы тұрмыз. Жетісудан шыққан қазақтың əйгілі батыры Сұраншы есімімен аталған осы Спорт сарайының түлектері де болашақта əлем чемпионаттарында, Олимпиада ойындарында сайысқа түсіп, Қазақстанның Көк туын биіктерде желбіретеді деген үміттеміз! – деді. Өз кезегінде Алматыдан арнайы барған БАҚ өкілдері бой көтерген спорт кешенін көріп, ауыл тұрғындарының қуанышына ортақтасты. Қысқасы, алаңсыз спорттағы үлкен армандарға қарай қол созуға болады. Заманауи спорттық жəне жаттығу құралдарымен жабдықталған ғимараттың жалпы аумағы 1000 шаршы метрге тең. Ғимаратта соңғы жетістіктерге сай келетін желдеткіш жүйесі, дербес шағын жылыту қазандығы орнатылған. Бұған қоса, кешен ауласында жасанды көгалды кіші-футболға арналған алаң бар. Бұл – спортпен жаппай шұғылдануды қолдау мен баршаның спортпен айналысуын арттыруға бағытталған мемлекетіміздің стратегиялық саясатын қолдауға компанияның қосқан үлесі. Осындай спорт кешенінің ашылуы – болашақ ұрпақтың саламатты өмір салтын ұстанып, еліміздің мықты тірегіне айналар нағыз патриоттары болып өсуіне қазық болатын бүгінгі жастарымызды дұрыс тəрбиелеу үшін ең қажетті шаралардың бірі. «ҚазТрансГаз» АҚ отандық спорттың дамуына үлкен мəн беретінін атап өту керек. Қазіргі уақытта Астанада «Жекпе-жектер сарайы» спорт кешенінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. «ҚазТрансГаз» АҚ осы əлеуметтік жобасы да компанияның өз қаржысына салынуда. Алматы облысы, Жамбыл ауданы.

Profile for Egemen

16122015  

16122015

16122015  

16122015

Profile for daulet
Advertisement