Page 3

Еѕбегі еленгенніѕ еѕсесі биік (Соңы. Басы 1-бетте). Бұдан əрі Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік наградалармен марапатталған азаматтардың жетістіктерін атап өтті. «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы ұзақ жылдар бойы өндіруші салада жұмыс істеген, өз кəсібінің үздік маманы ретінде зор құрметке ие болған Павлодар облысының Екібастұз қаласынан Р.Əміреновке берілді. Ол – «Еуроазиялық энергетикалық корпорация» АҚ «Восточный» разрезінің механигі. Дəл осындай жоғары атаққа Тараз қаласынан «Қазфосфат» ЖШС бас директоры М.Искандиров те лайық деп танылды, оның бүкіл еңбек жолы фосфор өнеркəсібімен байланысты. Ол бұл салаға 30 жылдан астам өмірін арнаған. Осы атақ аграрлық салада 40 жылдан аса жұмыс істеген жəне ұжымына жақсы қамқорлық жасаған, Қостанай облысының Қамысты ауданынан «Алтынсарино» ЖШС директоры Б.Князевке берілді. «Отан» орденімен танымал əнші əрі композитор Е.Хасанғалиев пен жазушы Əкім Тарази атап өтілді. Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха ауданынан «Камышинское-2» ЖШС директоры В.Акуловқа берілді. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденіне Президент Əкімшілігінің Басшысы Н.Нығматулин, Қызылорда облысының əкімі Қ.Көшербаев лайық деп танылды. ІІ дəрежелі «Барыс» орденімен Парламент Мəжілісінің Төрағасы Қ.Жақыповтың, «Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» РМК ректоры Е.Сыздықовтың еңбегі атап өтілді. ІІІ дəрежелі «Барыс» орденімен Петропавл қаласындағы «Орталық Азия электрэнергетика корпорациясы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы А.Клебанов, Астана қаласындағы «Қазақстан Республикасы Кəсіподақтар федерациясы» кəсіподақтар республикалық бірлестігінің төрағасы Ə.Құсайынов марапатталды. «Парасат» орденіне Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Н.Ермекбаев, «Назарбаев Университет»

ДББҰ президенті Ш.Катсу, Жамбыл облысының əкімі К.Көкірекбаев, Ауыл шаруашылығы министрі А.Мамытбеков лайық деп танылды. ІІ дəрежелі «Достық» орденімен Тараз қаласындағы «Корё» Жамбыл облысының корейлер ассоциациясы» ҚБ президенті, этносаралық жəне конфессияаралық келісімді нығайту ісіне зор үлес қосқан Л.Канның еңбегі атап өтілді. «Құрмет» орденімен Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласындағы «Түркістан медицина колледжі» МКҚК директоры Ғ.Бимұрзаев, Ақмола облысының Шортанды ауданындағы «Жакен-1» ЖШС директоры А.Бренер, Жоғарғы Сот судьясы Ұ.Сүлейменова марапатталды. Биыл бірінші рет «Еңбек Даңқы» ордені тапсырылып отыр. Оның үш дəрежесін иеленген лауреаттарға «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріледі. Бұл марапатқа алғаш ие болғандар қатарында Атырау қаласынан «Каспий Құбыр Консорциумы-К» АҚ

операторы Е.Жұмағалиев, Қарағанды облысының Теміртау қаласынан «АрселорМиттал Теміртау» АҚ темір кесушісі М.Ибраев жəне Қостанай облысының Таран ауданындағы «Адлет-Т» ЖШС механизаторы Н.Капранчиков, Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданындағы «Дайындық» ЖШС комбайншысы А.Сағындықов, Алматы облысының Талғар ауданындағы «Алматы» асыл тұқымды зауыты» АӨК аға шопаны К.Сейтенбекова бар. Негізінен, биыл «Еңбек Даңқы» орденіне өнеркəсіп, көлік, құрылыс, ауыл шаруашылығы жəне басқа материалдық өндіріс салаларының 52 жұмысшысы мен еңбеккері лайық деп танылған. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы С.Ақшолақовқа берілді. Оның еңбегі ғылымға, сондай-ақ, еліміздегі нейрохирургия технологияларын ілгерілетуге қосылған үлес болып саналады. Сонымен қатар, бұл атаққа Алматы қаласындағы «Ғ.Мүсірепов атындағы

қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры» РМҚК əртісі А.Иманбаева да ие болды. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісінде І дəрежелі «Даңқ» орденімен Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары В.Жұмақановтың, ІІ дəрежелі «Даңқ» орденімен Б.Ашқаровтың, «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің директоры Ғ.Байжановтың қызметі атап өтілді. ІІ дəрежелі «Айбын» орденімен Ішкі істер министрлігі Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің жолпатрульдік полициясының аға инспекторы Е.Абдрахимов, Мемлекеттік күзет қызметінің департамент бастығы Р.Нұркин, Қорғаныс министрлігі 03534 əскери бөлімінің командирі С.Поплавский марапатталды. Мемлекет басшысы өзінің сөзінде мемлекеттік наградалармен мəдениет, ғылым, білім, денсаулық сақтау саласының қайраткерлері, өндіріс пен бизнес саласының өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, əскери қызметшілер, спортшылар, соғыс жəне еңбек ардагерлері, мемлекеттік қызметшілер марапатталып жатқанын айтты. «Бүкіл ел бойынша марапатталушыларға менің атымнан ордендер мен медальдар тапсырылуда. Сіздердің əрқайсыңыздың Отанымыздың игілігі жолындағы жұмыста үлестеріңіз бен тəжірибелеріңіз бар. Əрқайсыңызды Қазақстанның мақтанышы деп айтуға əбден болады. Осының бəріне еңбекпен жеттіңіздер. Біз еңбек адамына құрмет көрсетуге тиіспіз, сондықтан «Еңбек Даңқы» орденін алған адамдардың қызметін айрықша атап өткім келеді. Бұл – экономикалық қуатты еселеп жатқан еңбекшілер үшін үлгі болсын, соның негізінде барлық өзге салалар дамып жатыр», – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев барлық марапатталушыларды Тəуелсіздік мерекесімен құттықтап, мықты денсаулық жəне табыс тіледі. –––––––––––––––––––––– Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Ќызметтері биік баєаланєандарєа – ордендер мен медальдар Кеше Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Əбдіқалықова еңбегі еленген азаматтарға мемлекеттік наградалар тапсырды. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

Награда тапсыру салтанатын ашқан Мемлекеттік хатшы ұлттық мереке – Тəуелсіздік күні қарсаңында жоғары марапаттарды табыс етудің символдық мəні зор екенін атап өтті. Бұл күндері бүкіл еліміз айрықша үздік деп танылған, қоғамды дамыту жəне

3

www.egemen.kz

16 желтоқсан 2015 жыл

Қазақ стан Республикасының тəуелсіздігін нығайту жолында халықтың құрметіне бөленген барша қазақстандықтарды марапаттайды. Республикамыз қол жеткізген табыстар Елбасының стратегиялық көрегендігі мен саяси ерік-жігерінің жарқын көрінісі, сондай-ақ, ел азаматтарының қалтқысыз қызметі мен қажырлы еңбегінің нəтижесі болып табылады, деді ол.

Марапатталғандар арасында мəдениет, білім жəне ғылым, денсаулық сақтау саласының қайраткерлері, экономика жəне бизнес өкілдері болды. – Бəріңіз 2015 жыл Президент Жарлығымен Ассамблея жылы деп жарияланғанын білесіздер. Сонымен бірге, жыл бойы біз Конституцияның 20 жылдығын, Қазақ хандығының 550 жылдығын жəне Жеңістің 70 жылдығын атап өттік. Осы айтулы даталарды тойлағанымыз елдің əлеуметтікэкономикалық, саяси-қоғамдық

Ерлік ескерілген кїн

Астанада Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов биылғы жылдың күзінде əскери міндетін орындау кезінде қаза тапқан əскери қызметшілердің ата-аналарына мемлекеттік наградалар табыстады.

«Елбасы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының арнайы Жарлығымен Отаны мен халқы алдында өз борышын орындай отырып, батылдық танытып, опат болған сарбаздар марапатталады. Бұл

– есімдері мəңгі жадымызда қалатын айбынды əскери қызметшілерімізді құрметтеу белгісі. Мақсатымыз медальдарды табыстау ғана емес, сонымен бірге, қайғыларыңызға ортақ болу болып табылады. Əрине, анасы мен

жəне рухани-мəдени дамуының айғағы болды. Бүгін осы залда осынау мерекелік шараларға белсене атсалысқан адамдар отыр. Олар Қазақстан Тəуелсіздігінің нығаюына айтарлықтай үлес қосқандар, деді Г.Əбдіқалықова. Мемлекеттік хатшы барлығы 19 адамға ІІІ дəрежелі «Барыс», «Парасат», ІІ дəрежелі «Достық» жəне т.б. ордендерді табыс етті. Сонымен қатар, 15 адам «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын алды. Олардың арасында Л.Н.Гумилев атындағы

əкесіне қаза болған ұлдарын ешбір марапат қайтара алмайды. Біз оны жақсы түсінеміз. Алайда, өзгелерге үлгіөнеге болып табылатын сарбаздың батыл дығының маңыздылығын, Отан қорғау шысының абыройын, əскери қызметшінің бейнесін ешкім жоққа шығармайды. Бұл медальдар жұбаныш болып табылмайды, бірақ, мақтауға тұрарлық ұл тəрбиелеп өсірген ата-аналар үшін нағыз халықтың сый-құрметі іспетті», – деді Қорғаныс министрі Иманғали Тас ма ғамбетов.

Еуразия уни вер ситетінің профессоры, белсенді авторымыз С.Негимов те болды. Ал ІІІ дəрежелі «Еңбек Даңқы» орденін алғандардың ішінде Павлодар алюминий зауытының жұмысшысы Сергей Агапов бар. Марапаттау рəсімінің соңында Г.Əбдіқалықова қатысушыларды алдағы Тəуелсіздік күнімен құттықтап, баршаға бейбітшілік пен бақ-береке жəне Отанымыздың игілігі жолындағы еңбектеріне табыс тіледі.

Қаза болғаннан кейін ұлан қатардағы жауынгері Асылжан Махамбетов, ұлан қатардағы жауынгері Замир Əділов, ұлан қатардағы жауынгері Бауыржан Жолдыбай жəне ұлан қатардағы жауынгері Бағытжан Қалыбай «Ерлігі үшін» медальдарын иеленді. Естеріңізге сала кетсек, қайғылы оқиға Ақтауда 18 қыркүйекте «Орталық-2015» оқу-жаттығуының 2-кезеңін өткізу кезінде орын алды. Оқу-жаттығу барысында 4 əскери қызметші суға батып кетті. Бүгінгі күні тергеу əлі жалғасуда.

Достыќќа ќосќан їлестеріне лайыќты ќўрмет

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сəйкес Тəуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Е.Л.Тоғжанов елдің əлеуметтік-экономикалық дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелеріне, этномəдени бірлестіктердің, шығармашыл жəне ғылыми зиялы қауымның өкілдеріне мемлекеттік наградалар тапсырды.

Іс-шараға Парламент Мəжілісінің депутаттары, ҚХА мүшелері, мемлекеттік органдардың, этномəдени бірлестіктердің өкілдері, қоғам қайраткерлері қатысты. «Қазақстан ұйғырларының республикалық этномəдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы

Шаймардан Нұрымов, Астана қаласы корей этномəдени бірлестігі төрағасының орынбасары Роза Пак, Алматы қаласындағы «Беларусь мəде ни орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Леонид Питаленко, «Авиценна» тəжік этномəдени бірлестігінің төрағасы Бекпулат Ташпулатов «Құрмет» орденімен марапатталды. Астана қаласы М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс театрының актері Денис Анников «Ерен еңбегі үшін» медаліне ие болды. Сондай-ақ, бір топ азамат «Қазақстан Республикасының Конституциясына – 20 жыл», «Қазақстан халқы Ассамблеясына – 20 жыл» мерейтойлық медальдарымен, «Қазақ хандығына – 550 жыл» естелік белгісімен наградталды. Кездесу соңында Е.Тоғжанов қатысушылардың барлығын Тəуелсіздік күнімен құттықтап, бейбітшілік пен келісім, Отан игілігі үшін жаңа жетістіктерге жете беруге тілектестігін білдірді, деп хабарлады Қазақстан халқы Ассамблеясының баспасөз қызметі.

Сенаторларєа – мемлекеттік наградалар

15 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатында ұлттық мереке – Тəуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс болды. Палата Төрағасы ҚасымЖомарт Тоқаев өз сөзінде «Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында Қазақстан тəуелсіздіктің əр жылында мол табыстарға қол жеткізіп келеді», деп атап өтті. Төраға өтіп бара жатқан жылдағы еліміз үшін маңызды оқиғаларға – Президент сайлауында Н.Назарбаевтың бүкілхалықтық жаппай қолдауға ие болғанына, Қазақ хандығының 550 жылдығы, Конституцияның жəне Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидерлерінің V съезі өткізілгеніне назар аударды. Қ.Тоқаев депутаттардың нəтижелі еңбегін айта келіп, Ұлт жоспарын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету үшін алпысқа жуық заң қабылданғанын атап өтті. Төраға сенаторларды Президенттің «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» жаңа Жолдауын түсіндіруге белсене атсалысуға шақырды. Əріптестерін мерекемен құттықтаған Қ.Тоқаев «Тəуелсіздікті мəңгілік ету – əрбір қазақстандықтың Отан алдындағы қасиетті парызы», деді. Тəуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан Республикасы

Президентінің Жарлығымен бір топ сенаторлар мемлекеттік жəне қоғамдық істегі қызметі, еліміздің əлеуметтік-экономикалық жəне мəде ни дамуына, сондай-ақ, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін мемлекеттік наградаларға ие болды. Сенатор Сəрсенбай Еңсегенов «Парасат» орденімен, Сергей Ершов, Георгий Ким «Құрмет» орденімен, сенатор Михаил Бортник ТМД Парламентаралық Ассамблеясының «Содружество» орденімен марапатталды. Сенаторлар Бірғаным Əйтімова, Владимир Бобров, Сергей Громов, Ерболат Мұқаевқа ТМД ПАА-ның «Парламенттік ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін» медалі табыс етілді. Сенаторлар Жабал Ерғалиев, Ольга Перепечина ТМД-ның Құрмет грамотасымен, сенатор Ақан Би жанов ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының Құрмет грамотасымен марапатталды. Одан басқа, жоғары палата Бюросының қаулысымен Үкіметтің Парламенттегі өкілі Сайлаухан Райымбеков Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Құрмет грамотасына ие болды, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.

Мəжілістегі марапат

Мəжілісте палата спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен Тəуелсіздік күніне орай салтанатты жиын өтті, деп хабарлады Мəжілістің баспасөз қызметі. Оған дейін егемен еліміздің төл мерекесіне арналған салтанат Елбасының қатысуымен ақордада өтіп, онда Мəжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыповқа «ІІ дəрежелі Барыс» ордені табыс етілген болатын. Ал Мəжілісте өткен жиында халық қалаулылары мен аппарат қызметкерлеріне ыстық лебізін арнаған Қ. Жақыпов аталған мерекенің маңыздылығын атап өтіп, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында қол жеткізілген жетістіктерге тоқталды. Ел дамуы жолындағы əрбір маңызды бастамаларды заңдық тұрғыдан қолдап, Қазақстанымыздың құқықтық саласын қамтамасыз ете білген Парламенттің, соның ішінде, Мəжілістің де елеулі еңбегін назардан тыс қалдырмады. Мəжіліс Төрағасы өз сөзінде қазір біздің елдігіміз бен болашағымыз сынға түсетін өте жауапты кезең басталғанын, əлемді шарпыған дағдарыс пен алпауыт елдердің текетіресі біздің елге де өз салқынын тигізіп жатқанын айтып, Елбасымыздың 5 институттық реформасына, оны жүзеге асырудың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына тоқталды. Елбасының биылғы Жолдауында жаһандық қиын ахуалда өсудің, өркендеудің негізгі жолдарын тағы бір мəрте пысықтағанын айта келіп:

– Президентіміздің болашақты болжай білетін көреген саясатының арқасында біз бұл дағдарыстан да аман өтіп, əлемде ең дамыған 30 елдің қатарына ену мақсатымызға жететінімізге ешқандай күмəн жоқ. Тек қана осы жауапты сəтте бірлікберекемізді сақтап, аянбай еңбек етуге тиіспіз, – деді Мəжіліс Төрағасы. Одан əрі палата Спикері Тəуелсіздік мерекесіне орай Мəжіліс депутаттары мен аппарат қызметкерлеріне мемлекеттік наградаларды табыс етті. Елбасы Жарлығы бойынша мемлекеттік жəне қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің əлеуметтік-экономикалық жəне мəдени дамуына, халықтар арасын дағы достық пен ынтымақ тастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Мəжіліс депутаттары Азат Перуашев «ІІ дəрежелі Барыс», Рахмет Мұқашев «ІІІ дəрежелі Барыс», Тұрарбек Асанов, Нұрлан Əбдіров, Мəулен Əшімбаев, Тұрсынбек Өмірзақов «Парасат» ордендерімен, Мейрам Бегентаев «Ерен еңбегі үшін» медалімен, Тəңірберген Бердіоңғар Құрмет грамотасымен марапатталды. Ал аппарат қызметкерлері Төрегелді Тұяқбайға «Ерен еңбегі үшін» медалі, Ерғали Келсейітов жəне Наталья Липовкаға Құрмет грамотасы берілді. Мəжіліс Төрағасы марапат иелерін құттықтап, алдағы жұмыстарына толағай табыстар тіледі.

Адал жўмыс атќарєанныѕ аты озады Алматы қаласының əкімі Бауыржан Байбек Қазақстан Республикасы Тəуелсіздігі күнінің құрметіне орай Елбасының Жарлығымен марапатталған бір топ алматылықтарға наградалар табыс етті. Талғат СҮЙІНБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Марапат иелерін құттықтаған қала басшысы Қазақ елінің ең қасиетті мерекесі – Тəуелсіздіктің қадір-қасиетін шын ұғынып бағалай білу керектігін атап өтті. «Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай – тарихи өлшем тұрғысынан қысқа уақытта біз үлкен жолдан өттік, мемлекеттілікті нығайтып, экономиканы дамыттық, қазақстандықтардың жаңа буынын тəрбиеледік. Біз индустриялықинновациялық бағдарламаны жүзеге асырып жатырмыз. Биыл үшінші ғарышкеріміз ғарышта болып келді. Қазақстан ДСҰ мүшесіне айналды. Əлемдік экономикадағы қиындықтарға қарамастан, біз көп іс тындырдық, – деген Бауыржан Байбек берілетін бүгінгі наградалар мен атақтар қажырлы еңбек пен қызметтің жоғары деңгейде бағалануының белгісі деді. Елбасының Жарлығына сəйкес «Құрмет» орденімен еңбек ардагері

Нұрила Бөлекбаева, «Алатау» емдеусауықтыру кешені АҚ президенті Қанат Жұмабаев, Никольск шіркеуінің клиригі Андрей Бурдин жəне басқа барлығы 13 адам марапатталды. ІІІ дəрежелі «Еңбек Даңқы» ордені –2, «Ерен еңбегі үшін» медалі – 23, «Шапағат» медалі –5 адамға, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы 13 адамға берілді. Сол күні Қазақстан Жазушылар одағында Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Жайлыбай бір топ ақын-жазушыға Елбасы Жарлығымен берілген наградаларды тапсырды. Олардың қатарында ақын Кəдірбек Құныпияұлы мен жазушы Ерғали Сағат «Құрмет» орденін, қаламгерлер Мағира Қожахметова мен Ахметжан Əшіри «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын алды. Марапаттау салтанаты кешкілік Республика сарайындағы үлкен мерекелік концертке ұласты. АЛМАТЫ.

Profile for Egemen

16122015  

16122015

16122015  

16122015

Profile for daulet
Advertisement