Page 11

16 желтоқсан 2015 жыл

Ўлан-єайыр жері бар, ўлы мўратты елі бар, бабалар жазєан ўлы тарихы мен ўрпаєы кґз тіккен ўлы болашаєы бар меніѕ халќым – ўлы халыќ!

Нўрсўлтан НАЗАРБАЕВ.

 Мемлекет мерейі

Мəѕгілік Елдіѕ мəртебесі Қасиетті Құран-Кəрімде Алла тағалаға шын пейілмен сыйынып, ақ жүрекпен сұрасаңыз, қандай тілегіңіз болса да қабыл етіледі делінген. Осы орайда, менің ойыма бұдан ондаған жыл бұрын Тұңғыш Президентіміз Н.Ə.Назарбаевтың Сауд Арабиясының Королі Фатхтың шақыруымен сол елге алғашқы ресми сапары оралады. Сол жолғы жылы жүзді, іскерлік кездесу кезінде Елбасымыздың киелі Қағбаға кезектен тыс кіру құрметіне ие болғандығы жəне өзіне тағдыры сеніп тапсырылған тəуелсіз Қазақстанның баянды болашағы туралы перзенттік арман-мүддесі де əлі есімізде. Өйткені, қатарынан бірнеше ай бойы күрделі жөндеу жүргізу үшін зиярат етушілерді кері қайтарған Бəйтулланың (Алла үйі) қақпасының тек қана Қазақстан басшысына арнайы ашылуы, ала жаздай жаумаған нұр – нөсердің күтпеген жерден ақтарыла селдетуі назар салып қараған жанға аңыз-əфсанадай əсер қалдыруы əбден мүмкін. Бірақ та, бір нəрсе шыққан күндей шындық, туған айдай айқын. Себебі, ұмытылмас ұлағатты оқиға жайында аяғы жеткен ақпарат құралдары əр алуан тілдерде жарыса жазып, жарқырата жариялап жатты. Мəселен, орыс тілді, оң бағыттағы беделді бір мерзімді басылымнан оқыған «Над Назарбаевым – Бог» атты көлемді мақаланың ағынан жарыла айтқан объективті пікірлері күні бүгінге дейін көкейімде сайрап тұр. Бəлкім, солай болуы «Темірді қызған кезінде соқ» дегендей, ізгі ниетті бұл дəйекнаманың дəл Елбасының кезекті бір президенттік сайлауының қарсаңында оқырман қауымға жол тартуы, сөйтіп, өзінің діттеген жеріне жетуі, нақты нəтижесін берді десем, ешқандай əсірелегендігім емес. Иə, тəуелсіз Қазақстанның тағдыры қыл үстінде тұрған,

11

www.egemen.kz

аса бір сындарлы шағында нартəуекелге бел буған да ер жүректі, ерен ақылды, еңсегей білікті Нұр-ағамыз еді ғой! Екіталай күндерде екі тізгін, бір шылбырды қаймықпай қолына алған Нұрсұлтан Əбішұлын бұл күнде барша əлемнің дегдарлары айрықша бағалайды. Төрткүл дүниенің күллі зиялы қауым өкілдері оның көрегендіксындарлы саясатымен санасса, қатардағы қалың жұрт қызыға да зор құрметпен қарайды. «Шіркінай, Нұрсұлтан Назарбаевтай дара туған Президенті бар қазақ халқы қандай бақытты!» – деп тамсана таңдай қақса, өзімен тұстас, кейбір алдыңғы буын серкелері керек кезінде лайықты мадақтарын ұзақ уақыт бойы ішінде бүгіп келгендігіне өкіне, үнсіз кешірім сұрағандай, сыпайы кейіп танытады. Ойлап отырсақ, Қазақстан

Көшбасшысына қалтқысыз көрсе тіл ген құрметтерін тарихи-ресми құ жат тамаларға қол қою, дүниежүзілік форумдар мен конференцияларда, сандаған салиқалы, жоғары мəртебелі кездесулерде ризашылық сезімдерге толы ізгі лебіздерін де іркіліссіз жеткізеді. Сонымен қатар, Египет Араб Республикасы, Əзербайжан, Қырғызстан, Татарстан, Италия тəрізді бірталай елдерде Нұрсұлтан Əбіш ұлының көркемөнердегі келбеті атақты мүсін шілердің өміршең шы ғармаларының арқауына айнал ды. Ал Елбасымыздың биік беделінің арқасында əлемнің бірнеше алып қалаларында ұлы Абай бабамыздың еңселі ескерткіштері бой көтергендігін бүгінгі ұрпақтары ерекше мақтан етеміз! Қазіргі таңда күні кешегі үр кердей ғана үш мемлекеттің білек біріктіруімен өмірге келген Еуразиялық экономикалық қоғамдастық пен Кеден одағы өзінің тарихи миссиясын абыроймен атқарып шықты. Соның нəтижесінде 2014 жылдың желтоқсан айында ратификацияланған «Еуразиялық экономикалық одақ туралы» арнайы Заң 2015 жылдың 1 қаңтарынан толыққанды күшіне еніп, бағдарлы жұмысын бастап кетті.Тіпті, оның қатарына Армения қосылып үлгерсе, қырғыз ағайындарымыз сапалы əзірлік үстінде. Расында, ешқандай боямасы жоқ, өмір шындығына айналған сирек кездесетін тарихи құбылыс ретіндегі саяси-экономикалық

құрылымға шалғайдағы Араб, Африка, одан бергідегі Түркия, Үндістан, тағы басқаларының да үлкен қызығушылықпен қарап отырғандығы қандай ғанибет десеңізші! Көк тудың желбірегені – Жүректің елжірегені, – деп ақын-сазгерлеріміздің тебірене əнге қосып, айдай əлемге жар салатынындай-ақ бар! Олай орайласатыны, Елбасымыздың ұйытқы болуымен қол жеткізген ұлан-асыр табыстарымызды шағын бір мақаланың шарасына сыйғызу мүмкін емес. Сондықтан да шарапатты ойлардың, шарапатты сөздердің, шарапатты ісəрекеттердің нəрлі нəтижелерінің «Алтын сандығы» – Тұңғыш Президентіміздің əр жылдарда жарық көрген көп томдық таңдаулы шығармаларының жинақтарынан там-тұмдап тəмсілдер келтірумен мақаламызды түйіндеуге тура келіп тұр. Егер де, зейін қоя зерделеуге тырысып, Мемлекет басшысының бір ғана өткен жылқы жылындағы таңғажайып жұмыс кестесінің жақұт-жауһарларындай бүкіл ілге рішіл адамзаттың игілігіне айналған асыл еңбектеріне ілкі бір сəт үңіліп көрген жанның əрқайсысы əлгінде тілімізге тиек етілген «тылсым сырлар мен құпия күш-қуаттардың» «түп-тұқиянын» анық аңғаратыны аян. Себебі, қылышынан қан тамған Қызыл империя – Кеңес өкіметі келмеске кеткен кезден бастап-ақ кең-байтақ қазақ даласы мен қала сы адам айтса нанғысыз, арылмастай ауыртпалықтар мен аласапыранның ызғарлы құрсауында қалғандай еді. Алайда, бəрі де көрген түстей, қырдан аса қашқан қызыл түлкідей артта қалды. Сол үшін де Ұлы Отан соғысының қанды қырғынын бастан өткерген батыр-майдангерлеріміздің «Ондай сұмдықтарды жастарымыздың басына бер ме сін!» деп ағынан жарыла тілей тін індей, біз де Жаратқан Иемізден «Қоғамдық формациялар ауысқан алмағайып заманның зобалаңын енді қайтып көрсете көрмеңіз! «Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған Тəуелсіздігіміздің тұғыры биік, ғұмыры ұзақ болғай!» дейміз. Бұған дейін де көсегелі еліміздің өнегелі өткені мен өрелі өткелдерін сарабдал талғам сүз гісімен сұрыптап, тұмарлы түйіндермен тиянақтаған Елбасымыздың көптеген сөздері қанатты нақылдарымыздың қатарынан лайықты орнын алды. Ол өзінің туған халқына деген

шексіз сүйіспеншілігі мен мерейлі мақ танышын Ұлытау төріндегі сұхбаты мен Тəуелсіздіктің кезекті мерекесі кезінде де сабақтастыра, жасын отындай лаулата, «алыстан сермеп, жүрек тен тербеп», ана тіліміздің теңеу табылмас қадір-қасиетінің аясында алдаспандай жарқылдата айшықтады. Мысалы, Ұлытау тарихы туралы толғану, əлі күнге дейін тамылжи мүлгіп тұрған көне күмбездер мен жəдігерлер, мирасқорларының күшімен танымастай түлеу үстіндегі табиғатпен сырласу арқылы шынайы құрметпен қараудың өзі Тəуелсіздікті баянды етудің басты бір кепілі деп білген Президенттің тұрлаулы тұжырымдарының ешкімді де бейжай қалдырмасы хақ. Жаңғырған, жайнаған, жайқалған, жарқыраған қазақтың Жиделібайсын жерінде танымастай құлпырған Жібек жолы – нұрлы келешегіміздің сенімді сайрағы. Ал, Жаңа Экономикалық Саясаттың «Нұрлы Жолына» сəйкес кешелі-бүгінді қауырт қарқындаған Жезқазған – Бейнеу, Арқалық – Шұбаркөл магистральдары ұлы бабаларымыздың үкілі үміттерін ақтаудың тың тынысы, кең арнасы. Өйткені, бұл құдіретті күн сəулесіндей, жүрек тамырларындай, ару Астанамыздан шартарапқа алтын шұғыласын шашқан Батыс Еуропа – Батыс Қытай күре жолының заңды жалғасы! «Жақсы сөзде салмақ бар, салмақты сөзді ел жаттар», деп жыр дүлдүлі Жамбыл атамыз бе кер айтпаса керек. Айталық, Елбасының Ұлытау төріндегі толғаныстарының жақұт толқынындай, «Қазақстан Республикасының Тəуелсіздігі – Мəңгілік Елдің ұлы тарихы» атты баяндамасында: «Ел Тəуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты ұлы құндылықтар ғана құнды», дей келе, одан əрі өрнекті ойларын «Тəуелсіздіктің өмірлік философиясы – Мəңгілік Ел» екендігімен байланыс тыра тұжырымдады. Оған жеткізетін Тəуелсіздіктің ұлы рухын халық даналығымен, қарапайым еңбекпен қуаттандыра білу қажеттігіне ерекше екпін түсіріп, миллиондар жүрегіне тура жол тапты. Əлімжан ДƏУІТҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты.

Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы.

 Тəуелсіздік тартуы

Алып зауыт іске ќосылды Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».

Қазақстан Тəуелсіздігі қарсаңында Ерейментау ауданында алып кірпіш зауыты іске қосылды. Салтанатты шараға Ақмола облысының əкімі Сергей Кулагин, Қазақстанның тұңғыш ғарышкері, «Халық қаһарманы», Кеңес Одағының Батыры Тоқтар Əубəкіров, кəсіпорын құрылтайшысы, «Он олжа» ЖШС бас директоры Марат Нəбиев қатысып, жұртшылықты құттықтады. Облыс əкімі Сергей Кулагин өз сөзінде жаңа зауыт өңірдегі ең ірі екінші кəсіпорын екендігін атап өтіп, мұнда жекеменшік инвестиция жұмылдырылғанына ризашылық білдірді. «Ерейментау кірпіш зауыты» ЖШС жылына 50 миллион дана, тəулігіне 137 мың кірпіш шығару қуатында. Жалпы құны 2,1 миллиард теңгелік кəсіпорын жаңа жұмыс орындарының ашылуымен бірге, өңірдегі құрылыс индустриясын дамытуға елеулі серпін береді. Заманауи зауыт небəрі бір жылдың ішінде салынып біткен. Біз осыдан екі ай бұрын құрылыс алаңында болғанымызда Екібастұз қаласынан келген «Əлем-Базис НС» мердігер компаниясы қауырт жұмыс

үстінде болды. Ауысым басшысы Анатолий Мищенко жұмыстың сапасына, шетелдік жабдықтардың ілкімділігіне көңілі толатындығын айтқан. Өнімнің өзіндік құны да арзан түсетіні тілге тиек етілген. Өйткені, шикізат осындағы «Сарыадыр» кенішінен алынады. Құрастыру жұмыстары толық аяқталған зауыттың 900 градустық екі пеші, автоматтандырылған 17 конвей ерлік жүйе тəжірибелік сынақтан ойдағыдай өткен. Асхана, монша жұмыс істеп тұрса, əкімшілік-тұрмыстық ғимарат пен жатақхананың іргетасы көтеріле бастаған. Осындағы 220 адамның басым көпшілігі кəсіпорын есебінен оқытылыпты. Салтанат соңында «Ерейментау кірпіш зауыты» серіктестігінің атқарушы директоры Олег Шикаренконы сөзге тартқанымызда, ол биылғы жылдың соңына дейін құны 185 миллион теңгенің 3,7 миллион дана кірпішін шығару жоспарланғанын айтты. Ал, 2016 жылы – 24 миллион, 2017 жылы 35 миллион данаға жеткізу жоспарланып отырғанын білдік. Өнім негізінен Қазақстан жəне Ресей нарығына шығарылатын болады. Ақмола облысы, Ерейментау ауданы.

100 Атырауда ќуаты осынша МВт

турбогенераторы іске ќосылды Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан».

Атырау облысының энергетикалық тəуелсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жаңғырту жұмыстары кезең-кезеңімен іске асырылып келеді. Кəсіпорын басшысы Мұхамбетқали Қалиевтің мəлім етуінше, бұған 30 млрд. теңгеден астам қаржы салыныпты. Осыған дейін, яғни 2009-2010 жылдары жылу-электр орталығының төртінші кезегінің І-ші легі іске қосылған еді. Бұдан кейінгі жылдары да аталған кəсіпорында инвестициялық жобалар жалғасын тауып, ескірген қондырғыларды жаңарту жұмыстары қарқынды жүргізілді. Нақтылай айтқанда, 2009 жылдан бері электр қуаты 215 МВт-тан 414 МВтқа дейін өсті. Жылу қуаты 526 Гкал/ сағаттан 695 Гкал/сағатқа жетті. Негізгі қондырғылардың тозу көрсеткіші 68-ден 47 пайызға дейін төмендеді. Инвестициялық жобалардың іске асырылу нəтижесінде 2010-2015 жылдары 2 млрд. 357 млн.

квт/сағ. электр энергиясы өндірілді. Енді міне, ел Тəуелсіздігі мерекесі қарсаңында Атырау жылу-электр орталығында қуаты 100 МВт болатын турбогенераторы іске қосылды. Осының нəтижесінде электр қуатын өндіру 414 МВт-қа жетіп, өңірді электр энергиясымен тұрақты жəне үздіксіз қамтуға қол жеткізіліп отыр. Облыс əкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің айтуынша, бұл сонымен бірге, өңір экономикасының барлық саласын ырғақты дамытуға тың серпін береді. Əсіресе, сатылы жаңғырту жобалары іске асырылып жатқан Атырау мұнай өңдеу зауыты секілді ірі кəсіпорындардың да электр энергиясына сұранысы толықтай қамтылады. «Біздің кəсіпорында жаңа турбогенератордың іске қосылуымен 135 жұмыс орны ашылды», деді «Атырау жылу-электр орталығы» АҚ президенті Мұхамбетқали Қалиев. АТЫРАУ.

 Еркін елдің ертеңі Осы бір бозбала жігітті соңғы кездері жастардың қатысуымен ұйымдастырылатын түрлі қоғамдық шаралардан көріп қалатынмын. Алайда, тəуелсіздіктің бел құрдасы екенін білмеуші едім.

Арманы биік жас Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

«Облыстық жастар саяса ты жөніндегі басқарма» мемлекеттік мекемесінің басшысы Дариға Исмағамбетоваға: «Сіздер жастармен жұмыс істей сіз дер ғой, маған тəуелсіздік құрдасын тауып бересіз бе», дегенмін. Ол: «Алысқа барып не керек, біздің жастар ресурстары орталығында жұмыс істейтін Данияр Ізбасаров деген белсенді жігітіміз тəуелсіздіктің түйдей құрдасы», демесі бар ма. Дереу оның телефонын алып, кездесуге келістік. Аласа бойлы ашаң жүзді жас жігітпен азкем амандық-саулықтан соң əңгімеміз жарасып жүре берді. Мектеп қабырғасынан қоғамдық жұмыстарға қатысып, студенттік кезде де белсенді жас болған ол ашық жігіт екен, сауалдарыма іркілмей жауап беріп отырды. Адамдармен жұмыс істеуге төселіп қалғаны да аңғарылады, жатырқамай жатық сөйлейді. – Мен еліміз егемендік алып, өз тəуелсіздігін жариялаған жылы Шалқар ауданы Шетырғыз ауылында дүниеге келіппін. Кейін төрт жасқа толғанда ата-анам Ақтөбеге қоныс аударды. Əкем Ербол Ақтөбе хром қосындылары зауытында жүк көлігінің жүгізушісі, анам Лəйла №2 қалалық емханада медбике болып еңбек етеді. Артымнан ерген інім Дархан №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде бокстан жаттықтырушы болып жұмыс істейді. Қарапайым отбасында өстім, əжем Қоңырдың қолында болдым. Ол кісі кішкентайымнан ертегілер айтып, өлең-жырды жаттатып, салт-дəстүрімізден хабардар етіп отыратын. Бəрін көңіліне түйе берсін дейтін болар. Бес жасымда санауды, жүргізіп оқи білдім, ертегілерді жаттадым, бата қайыруды үйрендім. Қазақ фольклорына ден қоюыма осы əжем Қоңырдың əсері болды. Ал оны мектеп қабырғасында одан əрі жетілдіріп, қазақ филологиясына баруыма мектептегі ұстазым Дина Мұхамедиярова ықпал етті. Мен 8-11 сыныптарда қазақ тілі мен əдебиеті пəндерінен өткен қалалық жəне облыстық олимпиадаларда жеңімпаз атандым, – дейді Д.Ізбасаров. Талапты жас қаладағы Ғ.Ақтаев атындағы №6 орта мектепті үздік тəмамдағаннан кейін Қ.Жұбанов атындағы мемлекеттік педагогикалық институтының филология факультетіне оқуға түсіп, оны қазақ филологиясы мамандығы бойынша бітірді. Мектепте қалыптасқан қоғамшылдық қасиет жоғары оқу орнында да жалғасын тауып, орта көріп, шыңдала түсті. 2012 жылы облыстың үздік студенті атанды. Еліміздің жоғары оқу орындары арасында қазақ тілі мен əдебиетінен өткен республикалық олимпиадада жеңімпаз атанды. Институтта оқып жүргенде «Қазақстан студенттері альянсы» республикалық студенттер қозғалысы Ақтөбе филиалының бірінші вице-көшбасшысы болды. Сол шақта студент жастардың құқығын қорғау мəселелері бойынша өткізілген қоғамдық ісшаралардың ұйытқысына айналды. «Стоп: қылмыс», «Таза сессия», «Қалай тұрып жатырсың, студент?» жəне «Қалай тамақтанасың, студент?» сынды шараларды ұйымдастырудың басы-қасында жүріп, студентжастардың қылмысқа ұрынбауына

ықпал етті, студенттердің жатақ ханалары мен асханаларын тексеріп, студенттердің мүддесін қорғап, оларға қалыпты тұрмыстық жағдай туғызылуына мұрындық болды. «Самұрық-Қазынаның», облыстық жастар мəселелері жөніндегі жəне облыстық ішкі саясат басқармаларының жастар саясатына қатысты жобаларын жүзеге асыруға атсалысты. «Жас күш» қоғамдық бірлестігін құрып, оған басшылық етті. Жастар мəселесін шешудің жолдарын іздестіріп, жастарды толғантқан сауалдарға кеңес беріп, олардың адами қалыптасуына ықпал еткені де сол студенттік жылдар еншісінде. Қазір облыстық жастар ресурстары орталығының жастар бастамашылығын жүзеге асыру жəне ұйымдастыру бөлімінің жетекшісі. Ол Башқұртстан мемлекеттік педагогикалық институтын башқұрт филологиясы педагогикалық білім магистрі мамандығы бойынша тəмамдады. Бұл жоғары оқу орнында оқығанда да қоғамдық жұмыстардың бел ортасында жүрді. Осындағы ЮНЕСКО кафедрасының жастар жобаларының үйлестірушісі болды. – Біз тəуелсіз Қазақстанмен бірге өсіп келеміз. Сон дықтан ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандаған тəуелсіздіктің құрдасы болу мақтаныш, сонымен бірге, жауаптылық жүктейді. Егемендіктің елең-алаңындағы қиындықтарға мойымай, осындай əлемге танымал мемлекетке айналған Қазақстанның бүгінгі қол жеткізген табыстары үшін Елбасына, аға ұрпақ өкілдеріне қарыздармыз. Оның өтеуі, Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы ұдайы айтып келе жатқандай, Қазақстанның қарышты дамуына жастар – біздің ұрпақ анағұрлым үлес қосуы керек деп ойлаймын. Қазір елімізде жастардың білікті маман болып шығуына барлық жағдай жасалған. Олай болса, əлемдік өркениеттің көш басынан көріну үшін біз – жастар білімге, ғылымға, инновациялық технологияға бейім болуымыз қажет, жалпы алғанда, адами жақсы істерге құштар болуымыз керек, – дейді ол. Д.Ізбасаров сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұйым дас тырылған акцияда сөйлеген сөзін тыңдап, белсенді жастың азаматтық ұстанымына риза болғанбыз. Тəуелсіздік күніне арналған жастардың автошеруін ұйымдастырушылардың қатарында көріп, белсенді жастың іскерлік қабілетіне тəнті болдық. Қашан көрсең де ізгілікті істердің қақ ортасында жүретін Данияр Ізбасаровты əріптестері кезекті шараның басталатынын айтып асықтырып жатты. Міне, Елбасы сенім артқан ертеңі нұрлы елдің жастары осындай болуы керек деген ой түйдік біз іштей. Ақтөбе облысы.

Profile for Egemen

16122015  

16122015

16122015  

16122015

Profile for daulet
Advertisement