Page 1

24 саєат №177 (28655) 16 ҚЫРКҮЙЕК СƏРСЕНБІ 2015 ЖЫЛ

ҐЅІРЛІК ЌАУІПСІЗДІКТІЅ ҐЗЕКТІ МƏСЕЛЕЛЕРІ жан-жаќты ќаралєан кеѕес жўмысына Елбасы Нўрсўлтан Назарбаев ќатысты Кеше Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Душанбеде өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі сессиясына қатысты. Ауқымды іс-шараға, сонымен қатар, Тəжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Армения Президенті Серж Саргсян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, ҰҚШҰ Бас хатшысы Николай Бордюжа, Ұйымға мүше елдердің қорғаныс жəне сыртқы саясат ведомстволарының басшылары қатысып, өңірдегі ұжымдық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру, Ұйым қызметінің тиімділігін артты ру, жедел əрекет ету ұжымдық күштерінің оқу-жатты ғуларын өткізу мəселелерін талқылады. Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан» – Душанбеден.

«сол мемлекеттердің тыныштығын күзету», «шие леністі жағдайлардың түйінін тарқату» сынды ұстанымдармен толықтай сəйкес келеді. Өткен жылдың желтоқсан айында ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясы Мəскеуде ұйымдастырылып, онда тараптар өзекті, əсіресе, ушығып тұрған мəселелерді қозғаған болатын. Əсіресе, президенттер сол жылғы сессияның аумалы-төкпелі кезеңде, жағдай

Елбасы – Сочиде

Президенттің баспасөз қызметі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресей Федерациясына сапары туралы хабарлады.

Қазақстан Президенті Сочи қаласына келді. Сапар аясында Елбасы Қазақстан мен Ресейдің XII өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады. Форумның негізгі тақырыбы – агроөнеркəсіп кешені саласындағы ынты мақтастық жəне

азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сонымен қатар, Ресей Президенті В.Путинмен, сондай-ақ, Свердлов облысының жəне Урал федералдық университетінің басшылығымен кездесулер жоспарланған.

● Еңбегімен еленген

сəт сайын, тосыннан өзгеріп шыға келетін уақытта өткізілгенін айтып, сессия қорытындыланғаннан кейін Ұйымға төрағалық тізгінін Тəжікстан алған еді. Тəжік билігі Ұйымға төрағалық еткен бір жылдың ішінде кейбір «ескі жараның» аузы қайта ашылды, «жаңа сырқаттар» пайда болып қана қой май, дендей бастады. Демек, дүниежүзі құбылмалы жағдайды бастан кешкендіктен, Ұйымға жүктелетін жауапкершілік жүгі де күн санап арта түсуде.

«Егемен Қазақстан».

Омарташылық – қызық та қиын кəсіп. Бал арасын ырыққа көндіріп, оның өнімін жинап алу дегеніңіз аса зор еңбекті талап етеді. Омарташылықпен айналысудың өзін араның гүлден бал жинағанындай десек, қателеспейтін шығармыз. Сондықтан бүгінде бұл кəсіппен екінің бірі айналыса бермейді. Оның үстіне адамның ынтасы болмаса, қай тірлік те өнімсіз болады ғой. Ал жастайынан араның түрлеріне, ара өсіруге, омартамен айналысуға ерекше қызығушылық танытып, арнайы

басылымдарды оқып, ізденіп жүрген адам бар еді. Қармақшы ауданындағы ІІІ Ин тернационал ауылында. Ол ұлты түрік Блут Исмайлов болатын. Блуттың осы бір кəсіп түріне бейімділігін байқаған ауылдас тары «Ақниет» бағдарламасына қатысуға үгіттейді. «Ақниет» бағ дарламасы Қызылорда облысында кəсіппен айналысамын деген адамға қайтарымсыз несие беретінін əркім біледі қазір. Содан ойын жүзеге асыруға қаржы қолбайлау болып жүрген Блут бағдарламаға өз жобасын ұсынады. Нəтижесінде 500 мың теңгенің грантын жеңіп алады. (Соңы 9-бетте).

(Соңы 2-бетте).

Егін ораєы ойдаєыдай ґтеді Бұрнағы күні Орталық коммуникациялар қызметі өзінің көшпелі баспасөз мəслихатын Ақмол қалашығындағы «Ақмола-Феникс» кəсіпорынында өткізді. Онда Ауыл шаруашылығы вице-министрі Сапархан Омаров егін орағының жайы жөнінде əңгімеледі. Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».

● Оймақтай ой

Ержан БАЙТІЛЕС,

талқылап, Ұйымға мүше елдердің əскери-экономикалық əлеуетін арттыру төңірегінде пікір алмасты. Бұдан кейін Ұжымдық қауіп сіздік кеңесі сессиясының кеңейтілген құрамдағы отырысын ашқан Тəжікстан Президенті алғашқы сөзді ҰҚШҰ Бас хатшысы Н.Бордюжаға берді. Ол өз сөзінде бү гінгі күнге дейін атқарылған жəне Ұйым алдында тұрған мақсат-міндеттер жайын баяндап өтті.

● Орақ – 2015

Бір қуанарлығы, биылғы жылы астық сақтау қоймаларының саны артып, сыйымдылықтарының көлемі өткен жылмен салыстырғанда 12,4 пайызға кеңейіп,

Омарташы

Осы орайда, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттерді өңірдегі, оның ішінде Ауғанстанда қалыптасқан жағдай, террористік жəне экстре мистік топтардың өз «белсенділіктерін» Орталық Азияға кеңінен таратуға барынша ұмтыла түсуі алаңдататыны айтпаса да түсінікті. ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі сессиясының шағын құрамдағы отырысында президенттер өңірлік жəне жаһандық қауіпсіздікке қауіп төндіретін осы мазмұндағы мəселелер жайын

Ешкім іштен батыр болып тумайды: батырлық та мінез секілді – өскен орта, көрген тəрбиеге байланысты қалыптасады.

12,6 млн. тоннаны құрапты. Сондай-ақ, қазіргі күнде елімізде 6 млн. гектардан астам егін алқабы орылып болыпты. «Биыл барлық ауыл шаруашылық дақылдарының егіс алқабы 21,2 млн. гектарды құрайды. Оның ішінде, дəнді дақылдар 14,9 млн, бидай 11,7 млн, ал майлы дақылдар егілген

алқап 2 млн. гектарды құрап отыр. Мал азықтары дақылдары 3,7 млн, көкөніс, бақша дақылдары мен картоп 425 мың гектарға егілген-ді. Мұны былтырғы жылдың көрсеткіштерімен салыстыратын болсақ, жемдік жарма бұршақ дақылдары 316 мың, көкөніс, бақша дақылдары мен картоп 12,5 мың гектарға, мал азықтары дақылдары 400 мың гектарға, қант қызылшасы 7,4 мың гектарға көбейген», деді С.Омаров.

Бүгінгі нөмірде:

Мінсіз талант, мінезді ґлеѕ

(Соңы 4-бетте).

Ақпарат агенттіктерінің материалдары негізінде əзірленді.

БИГЕЛДИНОВТЕН КЕЙІНГІ БАТЫР Асќарбек Жандаровтыѕ есімі атаусыз ќала бере ме?

7-бет

Зорлап пьеса жаздыруға бола ма?

Бауыржан МОМЫШҰЛЫ.

Қатынқамал

11-бет

Сағымның соңғы сынығы 5-6-беттер

10-бет

мəселесі зорлық-зом бы лық пен лаңкестік іс-қимылдарды өздерінің теріс мақсаттарына пайдаланғысы келетін экстремистік сипаттағы ағымдар дың таралуына жол бермейтін жаңа факторларға тəуелді болары анық. ҰҚШҰ өңірлік Ұйым саналғанымен, оған мүше мемлекеттердің əлемге жария еткен қағидасы – «бейбітшілікті, халықаралық жəне өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету», «Ұйым құрамындағы елдердің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау»,

14-бет

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тұ рақтылық тінін бекіту – тек Орталық Азия елдері үшін ғана емес, бүкіл жаһан үшін алаңдаушылық туғызып отырған мəселе. Себебі, əлем жəне халықаралық қатынастар үлкен өзгерістерді басынан өткеруде. Ал қазіргі заманның қауіп-қатерлеріне қарсы күрес жүргізуде мемлекеттердің бұрыннан қалыптасқан қарапайым, дəстүрлі əдістəсілдерін қолдануға болмайды. Мұндай жағдайда қауіпсіздік

 Вашингтон Ресейге Сирия президенті Башар Асадты қолдағаны үшін халықаралық қоғам дастықтан оқшау қалдырамыз деп доқ көрсеткен еді. Бұған Кремль бірден үн қатты. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Д.Песков АҚШ қанша тырысса да өз елінің халықаралық оқшаулауға ұшырамайтынын мəлімдеді.  Түркияның шығысында əскери конвойға шабуыл жасалған. Оқиға негізінен күрдтер қоныстанған Мус провинциясында орын алған. Жол жиегінде ұйымдастырылған жарылыс салдарынан 13 солдат түрлі деңгейде дене жарақатын алыпты. Лаңкестікке Түркия билігі Күрдістан жұмысшы партиясының радикалдары кінəлі деп біледі.  Кеше Еуропалық одақ тың Ресейге қарсы санкцияны ұзарту туралы шешімі күшіне енді. Шектеу шараларының 149 жеке тұлғаға жəне 37 ұйымға қатысы бар. Санкциялар кем дегенде 2016 жылдың наурызына дейін ұзартылып отыр. Мұндай шешім 14 қыркүйекте ЕО-ның Жалпы істер жөніндегі кеңесінде қабылданған еді.  Солтүстік Корея Жерді бақылайтын спутник жасауды аяқтауға жақын көрінеді. Жасанды Жер серігі, сондайақ, ауа райын болжау үшін де пайдаланылады екен. Яғни, Пхеньян спутникті тек бейбіт мақсатта қолданатындарын көлденең тартып отыр. КХДР 2012 жылдың желтоқсанында Сохэ космодромынан сəтті ұшырылым жасағанын да айта кетейік.  «Сыған» фильмінде Будулайдың рөлін сомдаған КСРО халық əртісі Михай Волонтир 82-ге қараған шағында Молдовода қайтыс болды. Ол көптеген белгілі фильмдерде ойнаған. Солардың бірқатарын атап өтсек: «Ерекше назардағы аймақта», «Бугадан Вислаға дейін», «Будулайдың оралуы», т.б. Ол негізінен өзінің туған қаласы – Бельцыда өмір сүрді.  РЛДП серкесі В.Жириновский Ресей гимнінен бауырлас халықтар одағы деген жолды сызып тастауды ұсынды. Ол бұл ұсынысын Мемлекеттік думаның мəжілісінде жасаған. «Бұл халықтар дегеніміз кімдер қазір? Фашистер мен қанішерлер! Гимннің өзі де тым ұзақ, əлемде мұндай ұзақ гимн жоқ, тіпті, оған спортшылардың өздері де шыдамайды», – дейді депутат.  Дəрігерлердің халықаралық ұжымы Еуропа ұлттарының ішіндегі ең «семіздері» мен ең «арықтарын» атады. Оқымыстылардың зерттеуі бойынша, ең ұзын бойлы жəне сымбатты халық скандинавиялықтар (Норвегия, Швеция жəне Дания) болып шықты. Ал семіздер қатарына испандар, итальяндар, португалдар жəне гректер жатқызылған.  Ағылшын премьер лигасында ойнайтын атақты «Челси» командасының бас бапкері португалиялық Жозе Моуринью өз ойыншыларына жаттығу кезінде бірбірімен қалжыңдасуға тыйым салды. Мұндай қадамға ол «Челси» чемпионатты сəтсіз бастағандықтан барып отырған секілді. Команда қазір өзіне тым лайықты емес 17-ші орында тұр.

Майдан музасы 15-бет


2

16 қыркүйек

www.egemen.kz

2015 жыл

ҐЅІРЛІК ЌАУІПСІЗДІКТІЅ ҐЗЕКТІ МƏСЕЛЕЛЕРІ (Соңы. Басы 1-бетте).

Оның айтуынша, бүгінде Ұйымға мүше елдердің əскери-экономикалық ықпалдастығын арттыру, есірткіге, террористік жəне экстремистік бағыттағы іс-əрекеттерге қарсы күрес жүргізу бағыттарында бірқатар іс-шаралар атқарылған. «Ұжымдық сипатта жүр гізілер іс-шаралар барысында саяси маңызы бар бірлескен мəлімдемелер қабылданды. Оның ішінде жаһандық жəне өңірлік қауіпсіздікті сақтау мақсатында түрлі мазмұнда, мəселен, сыртқы істер министрлері деңгейінде келіссөздер жүргізілді. Ауғанстан мəселесін үйлестіретін жұмыс топтарының қызмет ету тетіктері жетілдірілді. БҰҰ, ЕҚЫҰ, ШЫҰ секілді ұйымдармен өзара əріптестік байланыс жалғасуда. Сонымен қатар, қауіпсіздік тетігін одан əрі нығайту үшін ҰҚШҰның дағдарыс жағдайларына тез арада жауап беретін орталықтарын құру бағытындағы ісшаралар жалғасып келеді», – деді Н.Бордюжа. Сонымен қатар, ол қазіргі таңда қалыптасқан күрделі жағдайларды ескере келе, Орталық Азияда экстремистік пиғылдағы ақпараттарды таратуды көздеген ресурстар анықталғанын, оның ішінде ұжымдық қауіпсіздікке қауіп төндіретін 50 мыңға тарта сайттың жұмысы тоқтатылғанын, əлі де 7 мыңға жуық сайтқа қатысты қылмыстық тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді. «Өткен жылғы бірлесе жүргізген жұмыстардың нəтижесінде, сондай-ақ, 20 тоннадан астам

экстремистік бағыт тағы топтар өздерінің əрекеттерін өршітпесе, бəсеңдетер емес. Сондықтан, Ұйым құрамындағы мемлекеттердің күш жұмылдыруы қауіп-қатер бұлтын сейілтіп қана қоймай, оларға қарсы күрес жүргізуге сеп болмақ», – деді С.Саргсян. Жиында сөз алған Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Ұйым-

бірлескен күш-жігерді екіжақты негізде де, өзге халықаралық ұйымдармен арадағы жұмыстар барысында да арттыра түсу қажет. Қазақстан Ауған стандағы жағдайдың тұрақтануы мен ондағы жағдайдың қалыпқа келуін, осы ел экономикасының дамуын қалайды. Сондықтан, Қа зақстан Кабулға азық-түлік, отын, дəрі-

білім алуын жалғастыруда», – деді Қазақстан Президенті. Қазақстан басшысы, сонымен қатар, біздің ел өңірдегі жағдайдың күрделілігін ескере отырып, ҰҚШҰ ұжымдық жедел əрекет ету күштерінің жауынгерлік қабілетін арттыруға бағытталған шараларды қолдайтынын айтты. «Қазақстан Ұжымдық же-

есірткі заттары айналымнан шығарылды, олардың 6 тоннасы «ауыр» есірткіге жатады», – деген Бас хатшы өңірлік қауіпсіздікке нұқсан келтіретін əрекеттерге қарсы бірлескен жұмыстар ал дағы уақытта күшейтілетінін атап өтті. Бұдан кейінгі кезекте ҰҚШҰның Іс басындағы төра ғасы, Тəжікстан Президенті Э.Рахмон сөз тізгінін Ұйымның алда ғы төрағасы, Армения Прези денті С.Саргсянға ұсынды. Ол өз кезегінде Тəжікстан Прези ден ті Э.Рахмонға сессия жұмысын жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін ризашылығын білдірді. «Бүгінде ҰҚШҰ-ның басқа да өңірлік жəне халықаралық ұйымдармен өзара ықпалдастығы нығайып келе жатқанын айтқанымыз жөн. Бұл, ең алдымен, оның əлеуетінің арта түс кендігінің белгісі. Біз алдағы уақытта да Ұйымға мүше мемлекеттермен ҰҚШҰ талаптарына сəйкес əріптестік орната беруге дайын екендігімізді білдіргіміз келеді. Мен сессияның шағын құрамдағы отырысы барысында Оңтүстік Кавказдағы, армян-əзербай жан шекарасындағы, Таулы Қарабақтағы жағдайлар жайын қозғадым. Біздің алдымызда көп міндет тұр. Олардың бірі – күрделі жағдайлар туындаған кезде бірлесе күш біріктіру үшін əскери дайын дықтың те ті гін нығайту. Себебі, бүгінде террористік жəне

ның күн тəртібіндегі негізгі мəселелердің бірі халықаралық терроризм мен экстремистік ұйымдардан төнетін ықтимал қатерлер екенін атап өтті. «Бұл, əсіресе, Орталық Азияда айрықша сезілуде. Өкінішке қарай, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің жекелеген азаматтары осындай радикалды құрылымдарға қосылып, заңға қайшы іс-əрекеттерге қатысу үшін Таяу Шығыстағы жəне Ауғанстандағы соғыс ошақтарына барып жататынын мойындауымыз керек. Бұған қарсы іс-қимыл жасау біздің тарапымыздан тиімді шаралар қабылдауды талап етеді», – деді Н.Назарбаев. Қазақстан Президентінің айтуынша, Тəжікстан халықаралық лаңкестікке қарсы күрестің алдыңғы шебінде тұр, сондықтан, барлық елдер əлемдік эконо микадағы қиындықтарға қарамастан, алдағы уақытта да елге эко номикалық тұрғыда көмек көр сетуі тиіс. «Қазақстан биылғы жылы ғана бауырлас елге 2,7 миллион доллардың азық-түлігі мен құрылыс материалдарын жіберді», – деген Мемлекет басшысы сессияға қатысушылар назарын Ауғанстандағы жағдайға аударды. «Ауғанстанның сол түс тігін дегі содырлар белсенділігі айрықша алаңдатып отыр. Ауған аумағы мен шекарасынан шығатын қауіп-қатерлерге қарсы əрекет ету үшін ҰҚШҰ аясындағы

дəрмек жеткізуді, сондай-ақ, ауған жастарын еліміздің жоғары оқу орындарында оқыту арқылы техникалық жəне гуманитарлық көмек көрсетуді жалғастыруда. Бүгінде бұл елдің 140 азаматы біздегі оқуын аяқтаса, 730 адам əлі де

дел əрекет ету күштері арнаулы құрылымдары əскери контингентінің жауынгерлік жəне қызметтік дайындығын арттыру қажеттігін қолдайды. Бұған қоса, біз оқу-жаттығуларды, соның ішінде төтенше тексерулерді де

үнемі өткізіп отыруды қажет деп санаймыз», – деді Н.Назарбаев. Қазақстан Президенті, сондай-ақ, сессия шешімдерінің жобалары арасынан əскери контингенттердің, қару-жарақтың, техниканың ҰҚШҰ-ға мүше елдер аумағы арқылы қозғалысын нақты реттейтін Əскери жəне өзге құрылымдарды тасымалдау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге айрықша тоқталып өтті. Сөзінің соңында Н.Назарбаев Қазақстанның ҰҚШҰ аясындағы барлық міндеттемелерді мүлтіксіз сақтайтынын, сонымен қатар, одақтас елдерге қажетті гуманитарлық көмек көрсетуді жалғастыра беретінін айтты. «Қазақстан əскери, əскери-техникалық ықпалдастықты жүзеге асыруды, түрлі табиғи, техногендік, төтенше жағдайлар кезінде бірлесе жедел əрекет етуді, есірткі бизнесіне қарсы күрес жүргізуде, заңсыз миграцияның жолын кесуде, ақпараттық кеңістіктегі заңсыздықтардың алдын алуда күш біріктіруді қуаттайды», – деді Қазақстан басшысы. Сессия аясында Беларусь Президенті А.Лукашенко шағын құрамдағы отырыс кезінде маңызды мəселелер кешенді түрде қарас тырылып, Ұйым қызметін одан əрі дамытуға мəн берілгенін жеткізді. Мəселен, ол: «Қазіргі таңда қалыптасып отырған күрделі жағдайлар бəрімізге белгілі. Дəл осындай уақытта ҰҚШҰның посткеңестік кеңістік үшін қажеттілігі мен өзектілігі айрықша сезілуде. Біздің елдеріміз үшін сырттан төнетін қауіп-қатерлер мəселесі сол күйінде, яғни өзгеріссіз қалып отыр. Экстремизмнің қарқын алуы, халықаралық террористік топтардың күшеюі секілді проблемалар бізді сөзсіз алаңдатады. Оған заңсыз миграция мəселесін де қосуға болады. Мұндай жағдайда əскери əлеуетті арттырудың маңызы орасан. Алдағы уақытта əуе шабуылдарына қарсы қауіпсіздік

тетігін одан əрі нығайту жағын да назарда ұстауымыз керек», – дей келе, Беларусьтің ұстанымы Ұйымға мүше елдердің өңірлік жəне халықаралық қауіпсіздікті сақтау жолындағы ұстанымдарымен сəйкесетінін айтты. Қырғызстан Президенті А.Атамбаев бүгінгі жағдайдың ертең қалай болатынын ешкім болжай алмайтынын, оған экстремизм ошағының өршуі кері ықпал етіп жатқанын жеткізді. «Олардың идеологиялары кеңінен таралуда, сонымен қатар, теріс пиғылдағы жақтастары күн санап артып келе жатқан күшті қылмыстық құрылым ретінде күшеюде. Ауғанстан дағы жағдай соның дəлелі. Мəсе лен, біздің өңірдегі елдер азаматтарының «Ислам мемлекеті» дегенге қосылып, олардың қатысуымен болатын қылмыстық əре кеттерге барынша тартылуы жағдайды ушықтыра түсуде. Ал бұл өз кезегінде олардың өз елдеріне қайтып келіп, теріс пиғылдарын жүзеге асыру қаупін күшейтеді. Сол себепті, Ұйым өңірдің қауіпсіздігін одан əрі нығайтуға, сонымен қатар, оның халықаралық аренадағы беделін арттыру жайына ерекше мəн бергені жөн. Бұл орайда, Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің былтырғы жылғы сессиясындағы ҰҚШҰ-ның дағдарыс жағдайлары кезінде жедел үнқосу орталықтарын құру туралы шешімінің маңызы орасан. Оның басты міндеті – жаңадан пайда болған қауіпқатерлердің алдын алып отыру», – деді Қырғызстан Президенті. Осылай дей келе, ол Қырғызстан алдағы уақытта да Ұйым қызметін одан əрі нығайтуда оған мүше елдермен əріптестікті жандандыруға күш салатынын жеткізді. Ресей Президенті В.Путин шағын құрамдағы кездесуде өңірлік жəне халықаралық си паттағы өткір мəселелер талқыланғанын, оған Ауғанстан жеріндегі жағдай да кіргенін жеткізді. Ресей Президенті: «Бізді Ауғанстандағы

жағдай толғандырады. Бүгінге дейін халықаралық ұйымдардың күшімен ол елде түрлі жұмыстар жүргізілді. Алайда, бұл ол елдегі шиеленісті толығымен тарқа тып, ондағы күрделі жағдайды түбірімен өзгерте алмады. Қазір бұл елдегі жағдай күрделену бағытына қарай бет алуда. Сонымен қатар, террористік жəне экстремистік пиғылдағы топтардың Ауғанстанмен шекаралас елдерге дейін өтіп кетуі қаупі өрши түсуде. Өкінішке қарай, есірткі бизнесі де жыл санап күш алып келеді. Сондықтан, əлемдік қоғамдастық өңірлік жəне халықаралық қауіпсіздікті сақтау бағытында күш біріктіріп, өз жауапкершілігін сезіне түсуі керек», – дей келе, елдер өздерінің геосаяси амбицияларынан бас тартып, бар күш-жігерді осы мақсат жо лында біріктіруі қажеттігін айтты. Тəжікстан Президенті Э.Рахмон Тəжікстан ҰҚШҰ-ға төрағалық ету барысында Ұйымның əлеуетін арттыруға хал-қадерінше үлес қосуға ұмтыл ғанын жеткізді. «Жалпы алғанда, біз Ұйым алдында тұрған міндеттер бойынша бүгінгі күнге дейін атқарылған жұмыстарды одан əрі жалғастыруға күш салдық. Тəжікстан террористік жəне экстремистік сипаттағы əрекет тердің елдерге төндіретін қаупін толықтай сезінеді», – деген Тəжікстан басшысы ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер бұл бағытта əрі қарай да бірлесе күш біріктіретініне сенім білдірді. Жиын аясында мемлекет басшылары ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі сессиясы аясында қабылданған 15-ке тарта құжатқа қол қойды. Бұдан кейін Тəжікстан Президенті Э.Рахмон, Армения Президенті С.Саргсян, сондай-ақ, ҰҚШҰ Бас хатшысы Н.Бордюжа сессияның қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне мəлімдеме жасады. –––––––––––––––

Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.


16 қыркүйек

3

www.egemen.kz

2015 жыл

БІЗ – ЌАЗАЌСТАНДЫЌТАРМЫЗ!

Ўйым бастауындаєы ўмытылмас кезеѕ Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған жылдары мен Ақтоғай ауданы əкімдігінің мəдениет бөлімі меңгерушісі қызметін атқарып жүрген болатынмын. Оның алдында, яғни 1980-1984 жылдар аралығында аудандық атқару комитеті мəдениет бөлімінің басшылығында болып, ауаткомдағы жауапты қызметтерден кейін, аудандық газеттің редакторынан осы лауазымға қайта тағайындалған едім. Жұмыс таныс та қызықты, бірақ жауапты екенін де жақсы білдім.

Осы жылдары татулықты, бірлікті, ұлтаралық келісімді ту етіп отырған Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстарда Кіші ассамблеялары құрыла бастады. 1995 жылдың 3 ақпанында Павлодар облысында өткен Кіші ассамблеяның ұйымдастыру сессиясында осындай құрылымның төрағасы болып облыс əкімі Д.Ахметов сайланды. Дербес орынбасарлығына Қ.Даржұманов бекітілді. Қазақстан халқы Ассамблеясы осы жылдың 1 наурызында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Мемлекет басшысы жанындағы кеңестік-ақылдастық орган ретінде құрылғаны мəлім. Өз жұмысын белсенді түрде жүргізе бастаған Кіші ассамблея өзінің шешімімен 1996 жылдың наурызынан бастап екі айдың ішінде облыста этномəдени бірлестіктердің бірінші фестивалін өткізетін болды. Фестиваль екі кезеңнен тұрды: біріншісі – облыстың қалалары мен аудандарында; екіншісі – Павлодар қаласында, қорытынды Галаконцерт түрінде. Ереже бойынша мерекелік шараға аудандар қолөнер бұйымдарын, концерттік бағдарлама ұсынып, ең бастысы – барлық алты турға қатысуы тиіс болды. Этномəдени бағыттағы жұмыстар біздің ауданымызда 90жылдардың басында аудандық, ауылдық мəдениет үйлерінің жанынан əуелі вокалдық, би топтары, қысқа сахналық көріністер ретінде басталған болатын. Оған қоса, жыл сайын «Наурыз» мерекесіне əр беріп тойлау өнерпаздарымызды шыңдай түскен еді. Осы үлкен додаға қатысу бізге онша қиынға соқпады. Сонымен бірге, аудан əкімдігі тарапынан қолдау көріп отырдық. Ауданда осы шараға байланысты жұмыс тобы құрылып, оны сол кездегі аудан əкімінің орын басары Үміт Келдібаева басқарды. 16 наурызда Ақсуда Байғабыл Жылқыбаев атындағы Мəдениет үйінде өткен қазақ ұлттық өнерінің мерекесіне біздің ауданнан «Бесікке бөлеу» жоралғысын көрсетуге Бағұстар Рамазанов атындағы тəжірибе шаруашылығының (қазіргі Əуелбек ауылдық округі) мəдениет үйінің өнерпаздарын Зайра Əбдірахманова мен қолөнер шебері Айман Кенжебаева бас тап барған еді. Концерттік бағдарламаға аудандық Мəдениет үйінен Бейсенбі Мұқажанов, Баян Дайырова, Руслан Айдаров, оқушы Балжан Сұлтанова жəне басқалар қатысты. Осы жылы тойланатын Жамбыл Жабаевтың 150 жылдығына орай, бесікке бөлеу тойына Жамбыл атаның «қатысуы» жайлы сахналық көріністі Б.Мұқажанов шебер көрсете білді. Өнерпаздарымыздың

өнеріне сүйсінген Т.Шевченко атындағы украин этномəдени бірлестігінің облыстағы төрағасы М.С.Парипса көпшіліктің алдында жылы лебіз білдірген еді. Аудан өнерпаздарының сəтті қадамы туралы облыстық «Сарыарқа самалы» газеті де көлемді мақала берді (№32, 19.03.1996 жыл). Орыс этномəдени бірлестігі (жетекшісі сол кездегі Ақтоғайдағы №2 мектеп директоры М.В. Зуев) құрамында Зинаида Шушункова, Сандуғаш Мұқанова, Елена Жукова жəне басқа өнерлі жастармен Ақсу мəдени-ағарту училищесінде өз өнерлерін паш етті. Аудандық Мəдениет үйінің «Подруги» атты украин вокалдық жəне Мүткенов мəдениет үйінің «Радуга» вокалдық əн-би топтары (жетекшілері Лидия Щепко, Шолпан Төлемісова), музыка мектебінің би тобы (жетекшісі Сара Мұхамеджанова) құрамымен Шарбақтыда украин халқының əнбилерін шебер орындап берді. Неміс этномəдени бірлестіктерінің мерекесі Успен ауданындағы Константиновка ауылында (бұрынғы Я.Геринг атындағы колхозда) өтті. Онда неміс ұлтының өкілдері – бірлестіктің жетекшісі Александр Дейнес, скрипкашы Рудольф Готфрид, Владимир Фастың отбасылық ансамблі өнер көрсетті. Басқа да би топтары қатысты. 20 сəуірде Павлодар қаласындағы Ильич ауданында Теміржолшылардың мəдениет сарайында (қазіргі «Шаңырақ» мəдени, ойын-сауық орталығы) татар-башқұрт бірлестіктерінің мерекесінде құрамында Т.Гибадуллина, Ж.Айдарова, Ф.Хайруллина, С.Гайфуллина, Н.Амирова, Г.Садырбаева бар татар ұлтының өкілдері өз өнерлерін паш етті. Алтыншы турда Индустриялық ауданының Металлургтер сарайында (қазір Ж.Аймауытов атындағы қазақ драма театры орналасқан) басқа ұлт өкілдерінің мерекелік шарасында бізден Агро номия ауылының болгар этно мəдени бірлестігінің өнерпаздары (жетекшісі Григорий Баклажанский) өнер көрсетті. Əсіресе, «Ешкі» деген көріністе олар болгар халқының салт-дəстүрін аша білді. Трактор жасаушылардың мəдениет сарайында осы 1996 жылдың 30 сəуірінде Гала-концерт болды. Оған біздің ауданнан жеңімпаз ретінде болгар этномəдени бірлестігі қатысты. Жалпы, осы бірінші облыстық фестивальға ауданымыздан 150ге тарта өнерпаз қатысқандығын мақтан ете аламыз. Қорытынды кездесуде облыстық Кіші ассамблея төрағасының орынбасары Қанат Даржұмановтың мақтанышпен: «Бəкібай қарағым, сен бірде-бір мерекені бос жіберген жоқсың, ауданыңның қоғамдық

негізде құрылған этномəдени бірлестіктері бəріне қатысты, рахмет барлық өнерпаздарыңа, биіктен көріне беріңдер!» – деген еді. Осы облыстық шараға белсене атсалысқанымыз – қанша қиын болса да сол кездегі еңбек ұжымдарының, басшылардың түсіністікпен қабылдағаны еді. Соның нəтижесі болар, ауданымыз Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғыс хатымен марапатталды. Осы айтулы байқаудан кейін де аудан өнерпаздары, өз бастауын алған мəдени-ұлттық фестивальдардан, байқаулардан, конкурстардан, ақындар айтысынан шет қалған жоқ. Сол кезде мектеп оқушылары болған Əсем Жəкетаева, Əбиба Қожахметова, Гафура Саттарова, Балжан Сұлтанова, Əсем Қазанғапова жəне басқалар бүгінде үлкен өмірде өнер-білім, мəдениет жолына түсіп, биіктерден көрініп келеді. Жолдары қашанда ақ болсын деп тілеймін! Осыдан кейін де қиыншылыққа қарамай, жылмажыл аудан өнерпаздарының күшімен өзінің жалғасын тапқан фестивальдың жетеуін өткізуге қатысқандығымды мақтан етемін. Екі рет келіп, мəдениет саласын 15 жылдай басқарудың ең үлкен қорытынды бағасы мен үшін 2001 жылдың 3 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Тəуелсіздігіне – 10 жыл» мерекелік медалімен Ақтоғай ауданы əкімінің ішкі саясат, мəдениет, тілдерді дамыту жəне спорт бөлімінің меңгерушісі лауазымында наградталуым болды. Награданы Мəдениет үйіндегі аудандық мерекелік салтанатта сол кездегі облыс əкімінің орынбасары, өзіміздің жерлесіміз, əдейілеп мəжіліске қатысуға келген Рысты Жұмабекова табыстаған еді. Бүгінгі күні зейнеткерлікте болсам да осыдан жиырма жылдай бұрын құрылған кішігірім бірлестіктер облыстағы этномəдени бірлестіктердің филиалдары болып қызмет жасап жатқандарына риза болып отырамын. Жоғарыда аталған ұйымдарға қосымша ашылған Шолақсор ауылындағы белорус (жетекшісі Наталья Хмарун), Харьков ауылдық округіндегі чешен-ингуш (жетекшісі Аминат Алисултанова) этномəдени бірлестіктері де белсенді жұмыстар атқаруда. Қазіргі уақытта осы бірлестіктердің жəне аудандағы Мұсылман əйелдері лигасы мүшелерінің (төрайымы Хатима Карағұжинова) бірлесе жұмыстар атқаруының нəтижесінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған іс-шаралардың 6 ақпанда Астанада өткен тұсаукесерінен басталған мереке аясында көптеген бұқаралық-мəдени шаралар ұйымдастырылуда. Олар жыл аяғына дейін жалғасатын болады. Бəкібай РАМАЗАНОВ, зейнеткер, Ақтоғай ауданының құрметті азаматы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

Павлодар облысы.

Келіндік міндетімді келісті атќаруєа тырысамын – дейді Виктория Аяпбергенова Мен Ыбырай Алтынсарин, Міржақып Дулатов сынды қазақтың көрнекті тұлғалары дүниеге келген Торғай жерінде туып-өстім. Ата-əжем де сол қасиетті топырақта өмірге келіп, отбасым тұрғылықты ұлтпен біте қайнасып кеткен еді. Анам маған қазақша ертегі оқып, қазақтың əндерін тамылжыта шырқайтын. Осылайша, мемлекеттік тілге деген құрмет пен сүйіспеншілік менің бойымда бала кезден қалыптасып кетті. Кішкентай кезімнен қазақ тілін үйренуге құлшынысым жоғары болды. Оған қоса, ертелікеш ойын қуып жүретін достарым да қара көзді ұл-қыздар еді. Адамды орта тəрбиелейді ғой. Соның əсерінен бе, тілді тез меңгеріп алдым. Тіпті, білім алған мектебім орыс тілді болса-дағы, үзіліс уақытында жапа-тармағай қазақша шүйіркелесетінбіз. Ойымды екі тілде де еркін жеткізе алатын болдым. Мен үшін қазақ тілі – əлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай, келбетті тілдердің бірі. Сол себепті, қазақ жерінде тұратын əр азамат мемлекеттік тілді меңгеруі тиіс деп білемін. Əрбір қазақстандықтың оны қолдау жəне дамыту бағытында барынша мүдделілік танытып, тіл жанашырлары қатарынан табылғаны дұрыс деп ойлаймын.

Кейін, ес білгелі қазақ əдебиетінің жауһарларын оқуды əдетке айналдырдым. Бұл тілді ғана емес, əдет-ғұрып, ырымдарды жетік білуіме өз септігін тигізді. Көр некті жазушылар Ғабит Мүсі репов, Тахауи Ахтанов, Ілияс Есенберлиннің кітаптары қолымнан түскен емес. Əрине, осы ретте мектепте қазақ тілі мен əдебиеті пəнінен сабақ берген Лидия Қожмұхамбетованың орны ерекше. Əрдайым білмегенімді үйретіп, қамқорлық танытып, қасымнан табылушы еді. Ұстазымның көмегімен мектепішілік кон церттерде Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» əнін орындағанда тыңдағандарды бейжай қал дырмайтынмын. Орыс

ұлтының өкілі болсам да, қазақ тілінде əн айтудан ешкімге дес бермеуші едім. Бүгінде сүйіп қосылған жан жарым Бауыржан – қазақтың көзі ашық, көкірегі ояу азаматтарының бірі. Екеуміз өмірдің ыстығы мен суығын бірге көріп, бір қыз, бір ұл тəрбиелеудеміз. Қазақшаға судай болғандықтан, қайын жұртыммен тіл табысу қиынға соқпады. Қазақ тың келіні атану үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Сол себепті, ұлттың салт-дəстүрлерін көздің қарашығындай сақтау басты міндетім деп білемін. Отбасындағы береке, бірлік келінге байланысты болатынын ешқашан естен шығарған емеспін. «Отан отбасынан басталады» демекші, ынтымақ пен бірліктің негізі əр шаңырақтан бой көрсетуі тиіс. Балаларымның қазақ тілін жəне халқымыздың рухани құндылықтарын жетік меңгеруге деген талпынысын барынша қолдап отырамын. Анам да маған қолғабыс танытып, олардың бойында ұлттық мəдениетті қалыптастыруда өз үлесін қосып келеді. Өзім көп жылдар бойы «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компа ниясы» акционерлік қоғамы «Атбасар электр жабдықтау дистан циясының» кадрлар бөлімінде қызмет етемін. Оған қоса, аталған мекемедегі іс-қағаздарды

қазақ тіліне аударамын. Мұның бəрі мемлекеттік тілді білуімнің арқасы. Елбасымыздың «Əлемде бір ғана қауым бар, ол – адамзат қауымдастығы, бір ғана жаратушы бар, ол – Алла тағала. Бір ғана тіл бар, ол – жүрек тілі. Ендеше, барша адамзаттың тілегі бір», – деген адасқанға жол көрсетер, қамыққанға жөн сілтер ұлағатты үндеуі жадымызда сақталуы тиіс. Бір шаңырақ астында татулықты əспеттеп, ұлт бірлігін баянды етуде күш-жігерімізді аямауымыз керек. Бүкіл дүниежүзі біздің татулығымызға қызыға қарайды, тіпті, достығымыздан үлгі алады. Жастарымызға келісім, достық сияқты ұғымдардың мəнмаңызын түсіндіріп, олардың өзге ұлт өкілдеріне деген құрмет сезімін қалыптастыру маңызды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген саясатының арқасында еліміздің əлем сахнасында өркениетті, дəулетті елге айналатынына сенімім мол. Ендеше, басшыға қосшы болып, ел бірлігі сіз бен біздің қолымызда екенін ұмытпайық, ағайын. Жазып алған Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».

Ақмола облысы, Атбасар ауданы.

Тарих толќынындаєы тоєысу «Алтын ўя» драмасыныѕ негізіне тəуелсіздік жылдарындаєы кґпэтносты Ќазаќстанныѕ таєдыры таѕдап алынды «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ-тың тапсырысы бойынша «СORICH PRODUCTION» ЖШС «Алтын ұя» телевизиялық көркем хикаясының түсірілімін қолға алды. Ал қазан айының ортасында хикая «Қазақстан» телеарнасының эфиріне жол тартады деп жоспарланып отыр. Бас-аяғы 16 сериядан тұратын драма көптеген қазақстандықтар тағдырының мысалында Тəуелсіз Қазақстанның барлық қалыптасу кезеңдері туралы баяндайды. Бұл шынайы оқиға түрлі ұлт өкілдері мекендейтін шағын ауылда өтеді. Нақтырақ айтсақ, хикая оқиғасы Астананың түбінде орналасқан Целиноград ауданына қарасты Новоишимка ауылында жəне елорданың өзінде өрбиді. Уақыт өте келе шағын ауыл өркендеп, Астананың ажырамас бөлшегіне айналады. Телекөрермендер киноқаһармандар тағдырын Тəуелсіздік орнаған 1991 жылдан бастап, қазіргі уақытқа дейінгі ара лықтағы жас елорданың

қарқынды дамуымен бірге бақылай алады. Кинотуындының бас қаһармандары – Қаратаевтар отбасы. Осы отбасының айналасында түрлі ұлт өкілдері бірігеді. Киноға Алматы жəне Астана қалаларының театр жəне кино актерлері қатысады. Отағасы Тұрғамбайдың рөлін танымал актер Нұржұман Ықтымбаев, ал оның əйелін актриса Райхан Айтқожанова

сомдайды. Олар өз өмірлерін түгелдей теміржол саласына арнағандар. Кинокартинада ма ңызды рөлдің бірін дəрігер Юрий Цой ойнайды. Сондайақ, ауылдастарын жарықтың жоқтығынан сақтап қалған жəне əлемдегі барлық оқиғалардан хабардар болу үшін «кеңестік» кезең құлаған кезде электрлігенератор ойлап тапқан өнертапқыш Андрей Гибнер тұлғасында инновацияға да

орын беріледі. Алғыр кəсіпкер Ысмайылдың арқасында ауылда сауда-саттық өркендейді. Жас Қазақстанның қалыптасуына өз үлесін Валентина Федоровна да қосады, кейіннен ол Қазақстан халқы Ассамблеясына (ҚХА) мүше болып қабылданады. Сериалда қазақстандықтардың жаппай Наурыз мейрамын тойлаған жəне Қазақстанның БҰҰға толыққанды мүше болған 1992 жылғы көрінісі сəтті шыққан. Көптеген ұлттар мен конфессия өкілдері тұратын ауылдың өркендеуімен ҚХА құруға мəн беріліп, ұлттық валюта – теңгенің қабылдануы да хикая қаһармандарының өмірінен тыс қалмайды. Кинода махаббат пен түңілу, жақсылық пен зұлымдық қатар жүреді. Алайда, хикая қаһармандары ынтымақ пен бірліктің арқасында, қоғам мен мемлекетке пайда ти гізу мақсатымен барлық қиын дықтарға төтеп беріп, алға қойған асқақ армандарына қол жеткізеді. Еске сала кетейік, туындының қоюшы режиссері – Ержан Рүстембеков, қоюшы операторы – Николай Работягов, қоюшы суретшісі – Марат Иманберген, ал продюсері – Құралай Анарбекова. «Егемен-ақпарат».


4

16 қыркүйек

www.egemen.kz

Н

А

Қ

Т

Ы

қ

а

д

а

м

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айқындаған «100 нақты қадам» Қазақстан Республикасының дамыған мемлекеттердің отыздығына кіру жөніндегі Ұлттық жос пары ел дамуына ерекше серпін беретін құнды құжат ретінде жоғары бағалануда. Ұлт жоспары мен «2050» Стратегиясын жүзеге асыру – еліміздің мемлекеттілігін нығайтуға, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай туғызатын беріктіктің қоры. Бағдарламаны орындау арқылы еліміздің бəсекеге қабілеттілігі артады. Ол үшін жоспардың негізіне кəсіби мемлекеттік аппарат құру, заңның үстемдігін қамтамасыз ету, индустрияландыру жəне экономикалық өсім, біртектілік жəне бірлік, есеп беретін мемлекетті қалыптастырудың бес институттық реформасы белгіленді. Елбасы əрдайым құқық қорғау органы қызметін назардан тыс қалдырған емес. Əсіресе, құқық қорғау органдары жүйесінің сапасын арттыру, мемлекеттік институттар жұмысын жетілдіру міндеттерін тапсырды. Демек, əлем нің дамыған елдерінің қатарына ұмтылыс кезінде адал бəсекелестік, əділеттілік, заңның үстемдігі мен жоғары құқықтық мəдениетіміз болу керек. Өйткені, мемлекеттің мызғымас негізі – əділеттілік. Қазіргі таңда құқықтық жүйенің реформасы аясында Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауда прокуратура органдары маңызды рөл атқарады. Елімізде кадр құрамын жүйелі түрде реформалау міндеті өткір қойылған. Жоспардағы «кəсіби мемлекеттік аппарат құру» институты талаптарының аясында Қызылорда облысы прокуратура органдарымен кадр ларды тəрбиелеу мен дайындау, сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу, қызметтік жəне орындаушылық тəртіпке қатаң талаптар қою жұмыстары жүргізілуде. Қадағалау органына қабылданған жас мамандар арасында оқыту жұмыстары ұйымдастырылып, əрқайсысына тəжірибесі мол тəлімгер бекітіледі. Сонымен қатар, қызметкерлердің іскерлігін жəне біліктілігін арттыру бағытында тұрақты түрде Бас прокуратура жанындағы С.Есқараев атындағы институтта алыс-жақын шетелдермен, оның ішінде Түркия, Венгрия, Израиль елдерімен тəжірибе алмасып, білімдерін жетілдіруде. Елбасының 2013 жылғы 31 желтоқ сандағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының кадр саясатының Тұжырымдамасына сəйкес, кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың ведомстволық жүйесін жаңғырту, қызметтің барлық кезеңінде кəсіби біліктілікті арттыруға деген жүйелі көз қарасты енгізу, қызметкерлердің, оның ішінде жас мамандардың рухани-адамгершілік қасиеттерін нығайту, жоғары отансүйгіштік сезімге, кəсіби борышына адал болуға тəрбиелеу, қызметтік міндеттерін сапалы орындауға жағдай жасау облыстық прокуратураның кадр саясатын қалыптастырудағы басты бағыты болып қала бермек. Ұлт жоспарында қызметкерлерді кешенді аттестаттауға да үлкен мəн берілуде. Жалпы, аттестаттау – іріктеу сынағы. Демек, тəжірибелі кадрлармен қатар, жас мамандар да сынға түседі. Қызметкерлердің кəсіби дайындық деңгейін жəне олардың қазіргі заманғы талаптарға сəйкестігін анықтау, органдарды моральдықадамгершілік қасиеттері төмен жəне жемқорлық əрекеті арқылы жалпы мемлекеттің беделін түсіретін біліксіз қызметкерлерден тазарту. Өйткені, біздің басты мақсатымыз құқық қорғау органдарына халықтың сенімін арттыру. Ол сенімге селкеу түсірмейтін мықты кадрлардан жасақталғанда ғана жүзеге асатыны анық. Елбасы жыл сайынғы халыққа Жолдаулары мен Жарлықтарында құқық қорғау органдарының басым бағыттары қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу екендігін айтып, нақты тапсырмаларды белгілеген. «100 нақты қадам» Стратегиялық бағдарламасында жемқорлыққа қарсы күресті күшейтіп, құқық бұзушылықтың алдын алатын арнайы бөлім құру қажеттілігі де тапсырылған. Осы орайда Сыр өңірінің прокуратурасы жең ұшынан жалғасқан жемқорлыққа

2015 жыл

БЕС РЕФОРМА – ЎЛТ ЖОСПАРЫ Іргелі істердіѕ ізденістері Сапарбек НҰРПЕЙІСОВ, Қызылорда облысының прокуроры, аға əділет кеңесшісі.

қарсы толассыз күрес жүргізіп келеді. Үстіміздегі жылы сыбайлас жемқорлыққа жол бергені үшін 49 лауазымды тұлға тəртіптік жазаға тартылған, оның ішінде 25-і басшы болса (аудан əкімінің орынбасары, ауылдық округ əкімі, мектеп директоры, құрылым басшылары), 4-і облыстық деңгейдегі басшылар. Мысалы, Қызылорда қаласы жер қатынастары бөлімінде азаматтардың арыздары жүйелі түрде созбалаңға салынып, төлем жүргізілмеген жер учаскелерінің ақысын өндіруге əрекетсіздік танытып келгендері анықталды. Прокуратураның ұсынысымен аталған бөлім бастығы қызметіне сəйкес емес деп танылса, қала əкімі мен басқа да 4 қызметкер тəртіптік жауаптылыққа тартылып, 1,4 млн. теңге өндірілді. Прокуратура осы санатта 9 қылмыстық іс қозғады. Атап айтсақ, 2014 жылдың қараша айында пайдалануға берілген құны 1,4 млрд. теңгені құрайтын Қармақшы ауданы, Жосалы кентіндегі 250 адам қабылдайтын емхана құрылысы бойынша 117,5 млн. теңгенің медициналық құрал-жабдықтары жеткізілмегені анықталды. «ҚазҚұрылысСервис» серіктестігінің директоры мен мемлекеттік қабылдау комиссиясының мүшелеріне қатысты жинақталған құжаттар сыбайлас жемқорлық қылмыс белгілері бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, мемлекетке келтірілген шығынның толық өтелуі қамтамасыз етіліп, қылмыстық іс ақталмайтын негізде қысқартылған. Қазіргі уақытта тұрақсыздық айыппұлын өндіруге шаралар қолданылуда. Байқоңыр қалалық прокуратурасы мемлекеттік меншік жəне жекешелендіру Байқоңыр департаментінің лауазымды тұлғалары ресейлік «Вега» серіктестігінің директорымен сөз байласа отырып, жалған құжатты пайдаланып, соңғы құны 18,3 млн. теңге болатын Байқоңыр қалалық əділет басқармасы ғимаратының 2-қабатын аукционда 610 617 теңгеге заңсыз сатып жібергені анықталды. Осыған орай қалалық прокуратура

қылмыстық іс қозғап, департамент бастығы М.Əжмолдаев, бөлім бастығы А.Шəкірұлы жəне «Вега» серіктестігінің директоры М.Жұбанғанов кінəлі деп табылып, сотты болды. Прокуратураның ұсынысымен ғимарат мемлекетке қайтарылды. Жылдан-жылға сыбайлас жемқорлықпен күрес күшейтілгенімен, мемлекеттік сатып алу төңірегінде бұл құбылыс əлі де тыйылмауда. Прокурорлық тексерулердің нəтижесінде 200 млн. теңгеден астам мемлекеттік сатып алу қорытындыларының күші жойылып, 100-ден астам лауазым иелері тəртіптік жауаптылыққа тартылды. Аталған мəселе облыстық прокуратураның көшпелі алқа отырысында облыс əкімінің қатысуымен қаралып, уəкілетті органдарға нақты тапсырмалар белгіленді. Заңның үстемдігі – нығайған мемлекеттің кепілі. Сондықтан, жаңа бағдарламаның құқықтық мемлекетті құрудағы маңызы зор. Бағдарламадағы 18 қадам заңның үстемдігін қамтамасыз етуге арналады. Бұл реформада құқық қорғау органдары мен сот төрелігіне айрықша мəн берілген. Оның ішінде азаматтыққұқықтық дауларға прокурордың қатысуын қысқарту қаралған. Себебі, қазіргі таңда даулардың сотқа жетпей келісімге келу, яғни медиация институтын дамытуға назар аударылуда. Демек, прокурорлар өз күштерін азаматтардың конституциялық құқықтарының қорғалуына жəне қада ғалаудың басқа да басым бағыттары бойынша міндетті қатысуын талап ететін салаларға жұмылдырады. Азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін жеңілдету үшін сот жүйесі сатыларын оңтайландыру, бес сатылы сот жүйесінен үш сатылы

сот төрелігіне көшу бекітілген. Сот актілерінің заңдылығы мен негізділігін қамтамасыз ету үшін прокурорлық қадағалау жұмыстары одан əрі күшейтілетін болады. Индустрияландыру жəне экономикалық өсім реформасындағы жер телімдерін мақсатты пайдалану саласында да прокуратура заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етіп келеді. Атап айтсақ, облыстық прокуратура жүргізген бір күндік рейд нəтижесінде облыс орталығында екі жылдық игеру мерзімі өтіп кеткен 164 259 шаршы метр игерілмеген жер учаскелері анықталып, олар бойынша қалалық жер қатынастары бөлімінің ешқандай шара қолданылмағаны белгілі болды. Биылғы жылы прокурорлық қадағалау актілерімен мемлекет қорына барлығы 2308,9 га. кадастрлық құны 6,1 млн. теңгені құрайтын игерілмеген жерлер қайтарылды. Бизнесті заңсыз тексеруден қорғау жөніндегі Президенттің тапсырмасын орындау аясында облыстық Ұлттық кəсіпкерлер палатасымен ынтымақтастық өз жалғасын табуда. Кəсіпкерлерден түскен сигналдарға дер кезінде ықпал ету үшін облыстық прокуратура, Кəсіпкерлер ассоциациясы, Ұлттық кəсіпкерлер палатасы мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен құралған арнайы ведомствоаралық мобильдік топ жасақталып, қызмет етуде. Осы бағытта 2 тексеру жүргізіліп, 13 ұсыныс енгізілсе, 15 кəсіпкердің құқығы қорғалды. Прокурорлық ықпал ету актілері негізінде 25 адам түрлі тəртіптік, 2 адам əкімшілік жауаптылыққа тартылды. Елбасы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халық қа Жол дауында елімізде мүгедектерді, сал ауруына шалдық қан адамдарды жұмысқа орналастыруға көмектесуге жəне олардың белсенді өмір сүруі не ықпал жасауға байланысты маңызды тапсырмалар берген болатын. Осы орайда кəсіп керлік қызметтегі мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтарын қорғау бойынша шаралар ұйымдастырылды. Биылғы жылы жергілікті атқарушы органдары мүгедектердің кəсіпкерлікпен айналысу құқықтарын жүзеге асыруға көрінеу кедергі жасау түріндегі

Ел дамуыныѕ жаѕа сатысы

Кеше Астанада «Ұлт жоспары, азаматтық қоғам дамуының жаңа сатысы ретінде» тақырыбында Қазақстан саясаттанушылар конгресі Сараптамалық клубының екінші отырысы өтті.

Сараптамалық клуб жұмысына Парламент депутаттары, жетекші қазақстандық жəне шетелдік сарапшылар, ҮЕҰ жəне БАҚ өкілдері, белгілі қоғам қайраткерлері қатысты. Отырыс барысында «100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспарына мемлекеттік құрылыстың жəне азаматтық қоғам дамуының жаңа сатысы ретінде жан-жақты талдау жасалып, сараптамалық баға қалыптастырылды.

Осында аталып өтілгендей, Ұлт жоспары Қазақстанның əлемнің дамыған елдерінің 30-дығына енуіне қол жеткізуге бағытталған жəне Қазақстан дамуының сапалық жаңа сатысын қарастыратын мемлекетті жаңғыртудың кешенді бағдарламасы болып табылады. Жұмыс қорытындысы бойынша Са раптамалық клубқа қатысушылар Ұлт жоспарын жүзеге асыру бойынша орталық жəне жергілікті мемлекеттік органдарға, қоғамдық бірлестіктерге жəне барлық мүдделі тараптарға нақты кеңестер мен ұсыныстар ұсынды, деп хабарлады «Саясаттанушылар конгресі» республикалық қоғамдық бірлестігінің баспасөз қызметі.

заңсыздықтарға жол бергендері анықталды. Мысалы, Қызылорда қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі жəне автомобиль жолдары бөлімі «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заң талаптарын сақтамай, мемлекеттік сатып алудың электронды порталында 13 конкурстың мүгедектер қоғамы арасында өткізілетіні туралы арнайы реквизит көрсетпей, жалпы тəртіпте жариялап, мүгедек жандардың кəсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын бұзған. Прокурорлық қадағалау актілерін қарау нəтижесінде аталмыш əлеуметтік топ мұқтажына салғырт қарап, оларға кедергісіз орта қалыптастыру қажет екендігін назардан тыс қалдырған кінəлі тұлғалар тəртіптік жауапкершілікке тартылып, конкурс қорытындылары жойылып, мүгедектер қоғамдық бірлестіктерінің қатысуымен қайта конкурс өткізіліп, осы санат тағы 60 адам жұмыспен қам тыл ды. Осы тектес заңсыздықтар Қазалы ауданында, яғни аудан дық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі жəне автомобиль жолдары бөлімі, Əйтеке би кенті əкімдігі, Басықара, Сарыбұлақ, Мұратбаев, Арықбалық ауылдық округтерінің əкім діктері тарапынан орын алған. Оның қорытындысымен 98 млн. теңгені құрайтын 8 конкурс хабарламасының күші жойылды. Мемлекет басшысының мем лекетаралық ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу туралы тапсырмасынан «Жасыл экономикаға көшу – құқықтық бағытты дамыту» жобасының тұжырымдамасы туындаған болатын. Осы бағытта облыстық прокуратураның ұйымдастыруымен «Жасыл экономиканы дамыту: өзекті мəселелері, құқықтық қамтамасыз ету» тақырыбында шетелдік жəне отандық ғалымдар мен заңгерлердің қатысуымен халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференциясы өткізілді. Конференцияға əзірленген ғылыми мақалалар топтастырылып, жинақ Астана қаласында жарық көріп, Бас прокуратураға, С.Есқараев атындағы институтқа жəне жергілікті прокуратураларға жолданды. Жалпы, қоршаған ортаны қорғау саласында біз 34 тексеру жүргізіп, 279 заң бұзу шылықты анықтасақ, солар бойынша 3 қылмыстық іс қозғап, 74 қызметкердің тəртіптік, 90 қызметкердің əкімшілік жауаптылыққа тартылуларына ықпал жасадық. Прокурорлық қадағалау шараларымен үстіміздегі жылы 1,9 млрд. теңгеге бюджеттің толығуына, сондай-ақ, мемлекеттік кірістер органдарымен салық төлеушілерге 14 млрд. теңгеден астам сомаға қоршаған ортаға эмиссиялар бойынша хабарламалар табысталуына қол жеткізілді. Ұлт жоспарының «Біртектілік пен бірлік» институтында Ассамблеяның жұмысына да үлкен мəн берілген. 2014 жылдың 11 қарашасындағы Елбасымыз «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында ешкімді кемсітпей, ешкімнің тілі мен ділін мансұқтамай, барлық азаматтарға тең мүмкіндік беру арқылы тұрақтылықты нығайтып келетінімізді атап өтті. Жалпыұлттық идеяны өміршең ететін елдің бірлігі екені сөзсіз. Ұлтаралық шиеленістің жəне оған бастайтын əрекеттерге шақыру деректерінің алдын алу мақсатында, елдегі татулық пен келісімді өнегелік дəстүрде алып келе жатқан ақсақалдарымыз бен ардагерлеріміздің үлесін айқындау үшін үстіміздегі жылы облыстық прокуратура Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық хатшылығымен жəне елімізде алғаш болып облыстық ардагерлер кеңесімен өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды. Азаматтық қоғам институттарымен қалыптасқан құрылымдық диалог аясында бірлесіп атқарылатын іс-шаралар жоспары жасалды. Сонымен қатар, этномəдени орталықтар басшыларымен бірлесіп, этностық ахуал жəне қоғамдық тұрақтылық паспорты əзірленді. Қазақта «Асу бермес асқар жоқ» деген сөз бар. Аз ғана жылдың ішінде Қазақстан халқы татулығы ұйыған, жасампаздыққа ұмтылған елге айналды. Ал біздің мақсат Елбасымен бағыт-бағдары айқындалған нақты міндеттерді мінсіз орындау болмақ.

Егін ораєы ойдаєыдай ґтеді (Соңы. Басы 1-бетте).

Қазір кейбір өңірлерде ауа райы құбылып тұрғаны рас. Осыған орай, ол жерлерде егін орағы біршама баяу жүріп жатқан көрінеді. Десе де, ел бойынша астық бастыру науқаны жоспарға сай жалғасын табуда. «Қазір барлық өңірлерде егін жинау науқаны жүріп жатыр. Оңтүстік өңірлерде егіс жинау науқаны аяқталып қалды. Ол аймақта қазір күріш пен жүгері жинау жұмыстары ғана қалды. Астық жинау науқаны ақырын жүріп жатқан өңірлер Ақтөбе жəне Батыс Қазақ стан облыс тары. Бұл ауа райының қолайсыздығына байланысты туындап отырған мəселе. Ал жалпы алғанда, 13 қыркүйектегі жағдай бойынша 6 млн. гектар жердегі астық жиналды. Бұл былтырғы жылдың осы кезеңіндегі жағдай мен салыс тырғанда, 250 мың гектар ға ар тық», деді министрдің орынбасары. Шарада жиналатын астықты сақтайтын қоймалардың дайындығы да назардан тыс қалмады. Биыл ел диқандары 17,3 млн. тонна астық бастыруды көздеп отырғанын жеткізген вице-министр, қоймалардың сыйымдылығы жөнінде де айтып өтті. «Жалпы сыйымдылығы 342 мың тонна болатын астық сақтау қоймалары салынады. Ал ғарыштан жүргізілген мониторингке сүйенсек, 17,3 млн. тонна астық бастырылады деп жоспарлануда. Ал қазіргі таңда елімізде 204 нан қабылдайтын лицензияланған кəсіпорын бар, олар 13,7 млн. тонна астықты сақтауға қауқарлы. Сондай-ақ, əрбір ауылшаруашылық тауар өндірушіде 12,6 млн. тонна астық сақтайтын қойма бар. Демек, бүгінде республикада 26 млн. тонна астық сақтайтын мүмкіндік бар. Осынау қоймалар биыл жинайтын астықты бұзбай сақтауға толық мүмкіндік береді», деді ол. Вице-министр ел диқандары астық жинауы үшін оларға жеңілдетілген жанар-жағармай жеткілікті мөлшерде берілгенін айтты. Оның сөзіне қарағанда, қазіргі кезде тауар өндірушілер ЖЖМ-мен толық қамтылған. «Биыл тауар өндірушілер жанар-жағармаймен толық қамтылды. Осы жылы ауылшаруашылық тауарын өндірушілерге литрі 81 теңгеден аспайтын жеңілдетілген баға бойынша 421 мың тонна жанармай бөлінді, бұл нарықтық бағадан 18 пайызға төмен. Ал былтырғы жылы ЖЖМ литріне 108 теңге бағасымен бөлінген болатын. Осы жылдың 11 қыркүйегіндегі мəлімет бойынша ауылшаруашылық тауарын өндірушілерге 276,5 мың тонна арзандатылған дизель отыны жеткізілген. Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы техникаларының 98-99 пайызы жиынте рімге толық дайын деп айта ала мын. Ағым дағы жылы егін жинау нау қа нына 14 мыңнан астам жоғары өнімді астық жинау комбайндары шығып отыр. Бірінші қыр күйек тегі ораққа дайын дық шараларына қарасақ, астық жинайтын комбайндардың 99 пайызы, орақтардың жəне астық кептіргіштердің 99 пайызы, механикаландырылған қырмандардың 98 пайызы дайындалды, бұл өткен жылдың дайындық деңгейінен əлдеқайда жоғары. Сондықтан, егінді ысырап қылмай жинап алуға толық мүмкіндік бар. Тек ауа райы қолайлы болса болғаны», деді вице-министр. Пресс-турдың екінші бөлігінде астық экспорты жөніндегі сұрағымызды қойдық. «Өздеріңіз білесіздер, былтыр экспортталған астық көлемі 7,3 млн. тонна болған еді. Ағымдағы жылы да астықты экспорттау көлемі осы шамалас болар деп жобалап отырмыз. Астықтың экспортқа шығатын тараптары – Орталық Азия мемлекеттері мен Иран, Пəкістан елдері. Бұған қосарымыз, биылдан бастап Қытай мемлекетіне экспорттайтын астық көлемін ұлғайтамыз», деді С.Омаров. Журналистерді қоймалардың астықты қабылдау мүмкіндігі де алаңдатты. «Расын айтқанда, астық қоймаларының бірқатары техникалық тұрғыда толық дайындалып үлгермеді. Сондықтан, ылғалмен дымқыл тартып келген дəнді кептіру мəселесі туындауы ықтимал. Осы мəселенің алдын алу үшін бидайын орып, бастырғалы отырған əр шаруашылық ылғал тартқан астықты кептіретін аппараттар мен тиісті құрылғыларды қазірден алып, дайындалғаны жөн. Ол үшін бізде «ҚазАгро» бойынша жеңілдетілген несие беріледі. Ауылшаруашылық өнімін

жинаушылар осы жеңілдікті толық пайдалануына мүмкіндігі бар», деді министрдің орынбасары. Биылғы астық шығымы өткен жылғымен деңгейлес болатын көрінеді. Бұл туралы тілші сұрағына жауап берген вице-министр, дəл қазіргі уақытта бір гектар алқаптан 10,9 центнерден дəн алынып жатқанын айтып, өткен жылы бұл көрсеткіш 10,7 болғанын жеткізді. Сондай-ақ, қыркүйек айының бірінші жартысында ауа райы өте қолайлы болып тұрғанына тоқталып, жағдай өзгермесе еліміздің мол астыққа кенелетінін білдірді. Бұған қоса, Қостанай облысындағы жағдай туралы сұраққа, «13 қыркүйектегі есеп бойынша аталған өңірде 1 млн. 37 мың гектар жердің астығы орылып, қамбаға тасылып болды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сəйкес кезеңімен салыстырғанда біршама көп», деп жауап берді ол. БАҚ өкілдері Қазақстан астықты ел екенін еске салып, соңғы уақытта 2-3 теңгеге елеусіз ғана қымбаттап келе жатқан нанның бағасын тұрақтандыру шарасы туралы да сауал қойды. «Бəріңізге мəлім, ел Үкіметі жыл басынан бері нан бағасын бақылауында ұстап, оның шамадан тыс қымбаттап кетпеуін қадағалап отыр. Нанға қатысты Үкімет ұстанымы бұдан былайда осылай жалғасатын болады. Биыл астық өнімінің көлемі көңіл көншітерліктей болғандықтан, нан бағасы өспейді деп ойлаймын. Егер ондай жағдай орын алатын болса, халыққа алдын ала хабарлаймыз», деді С.Омаров. Көшпелі баспасөз мəслихаты мұнымен ғана аяқталған жоқ. Орталық коммуникациялар қызметі журналистерді егін орағы жүріп жатқан егіс алқаптарына алып барып, диқандар жұмысымен таныстырды. Қазіргі уақытта «АқмолаФеникс» АҚ бидай алқаптарында егін орағы қызу жүріп жатыр екен. Бұйыртса, он күннің шамасында алқаптағы астықты түгел қырманға жеткізіп алуды көздеп отыр. Бұл жөнінде шаруашылықтың бас агрономы Денис Плужник əңгімелеп берді. «Осы кезде өздеріңіз көріп тұрғандай 32 комбайн мен 15 тасымал көлігі, тағы да қажетті техникалар жұмылдырылған. Жиналған астық іркіліссіз қамбаларға жіберіледі. Биылғы жылы акционерлік қоғам бір сағатта 10 тоннаға дейін дəн кептіре алатын, бір мезгілде 6 мың тонна астықты сақтауға қауқары жететін элеваторды тұрғызып, іске қосты. Негізі жыл басында 28 мың гектар жерге дəн септі. Бүгінде соның жартысынан астамы орылып болды. Өнім түсімі жөнінде айтар болсам, əр гектардан орташа есеппен 7,5 центнерден айналып жатыр. Өкінішке қарай, көктем мезгілінде жаңбыр жиі жауып, егу науқаны шамалы кешіккені есте. Мұнымен бірге, жаз айларында жауын жаумай, құрғақшылық орын алды. Осылардың салдарынан егін өнімділігі аздау болғаны рас», деді бас агроном. Бидай алқабында жұмыс істеп жүрген техникалар жөнінде «ҚазАгроҚаржы» холдингінің өкілі Ринат Кенешов айтып берді. «Өткен 16 жыл көлемінде біздің холдинг 329,8 млрд. теңгеге 33,3 мың түрлі техникаларды алып, шаруаларға жеңілдетілген несиемен беріп келді. «Агробизнес-2020» бағдарламасы бойынша ауыл шаруашылығының машина-техника парктерін жаңғырту үшін түрлі игі істер жүзеге асырылған. Шындығын айтқанда, қазіргі таңда егіс алқаптарында жүрген техникалардың үштен бір бөлігі «ҚазАгроҚаржы» холдингі арқылы алынған. Ал қазіргі егін орағындағы жағдайға келер болсақ, науқанға арнап 18 млрд. теңге бөлінді. Десек те, 1 877 техника алуға өтініштер келіп түскен. Олардың баға сын есептейтін болсақ, 25 млрд. теңгеден асып тұр. Əйтсе де, 13,3 млрд. теңгеге бағаланатын 1 347 техниканы біздің холдинг арқылы лизингтік əдіспен алу үшін келісімшарттар жасалып, жүзеге асырылды. Қазір ол техникалардың бəрі орақ науқанына қызу қатысып жатыр», деді холдинг өкілі. Бұдан кейін, Орталық коммуникациялар қызметі журналистерге Ақмол құс фермасын азықпен қамтамасыз ететін комбинатты көрсетті. Бұл жем зауыты үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында бір жыл бұрын іске қосылыпты. Бүгінде жиырма адамды жұмыспен қамтып отырған кəсіпорын сағатына 15 тонна құс азығын дайындап шығарады.


16 қыркүйек

Ж

2015 жыл

КҮНДЕЛІК

Сəуле апа! Мұндай сұлу мінезді, дарқан көңілді, қолы да, жаны да əрі таза жүректі адамға айқара ашық еді-ау. Ол өзінің Зейнолласын ерекше сүйетін, табынатын, аса құрметтейтін. Бейне Зейнолла ағамызға табиғаттан əдейі арналып туылғандай сүйікті жар еді. Алла тағала екеуін де Қызылқоға жерінде дүниеге келтіріп, жер жəннаты Алатау аясында гауһардай мөлдір қала Алматыда кездестіргендей. Тұрсынбек Кəкішев аға «Зейнолла, Сəуле сені күтіп отырғандай, менің Күбірəммен бір курста оқиды. Жүр кеттік, ЖенПИ-ге!», деп айтуы да жасағанның өз қалауымен болғандай. Сəуле Төлеуқызы Алматының қыздар педагогика институтының тарих факультетін бітіріп, тарих пəнінің мұғалімі деген квалификация алып шығады. Алғаш бітірген жылы Атыраудағы Доссор елді мекеніндегі мектепте мұғалім болып бастайды да, кейін Алматыға барады. Себебі, студент кезінде бірбірін қатты ұнатып, уəде байласқан жігіті қазақтың С.М.Киров атындағы мемлекеттік университетінің оқытушысы Зейнолла Қабдоловпен шаңырақ көтереді. Алматыдағы №12 мектепте тарих пəнінің мұғалімі болып жұмысқа орналасады. Осы мектепте зейнеткерлік жасқа жеткенше қызмет істеп, «Халық ағарту ісінің үздігі» деген атаққа, тағы басқа марапаттарға ие болады. Аталған мектепте оқып, Сəуле апайдан қазіргі республикаға аты белгілі журналистер, жазушылар, тағы басқа мамандық иелері білім алып, тəрбиеленді. Əсіресе, көрнекті жазушы Смағұл Елубай бір естелігінде Сəуле апайдың бір баласындай болып, осы отбасының қамқорлығында өскендігін айтады. Иə, бұл ұлы адамдардың шапағатына талай адамдар бөленді. Сондай адамдардың мен де бірімін. Алматыға іссапарға барғанымда мені Атыраудағы бір інілеріндей қарсы алатын еді. Зейнекең маған былай дейтін: «Мені көп жігіттер, яғни шəкірттерім өз ағаларындай көреді. Сен де солардың бірі боласың ғой, шырағым», деді. Зейнолла аға кандидаттық диссертация қорғағанымда – жетекшім, докторлық диссертация қорғағанымда кеңесшім болды. Бұл шынында да, мықты ағалық шапағат еді. Иə, біз, ағаның інілері көппіз: Жанғара, Зейнол, Серікқали, Арап, Бағдат, ғалым Бауыржан, ақын Бауыржан, Мақсат... Əрі қарай ондап, жүздеп жалғаса береді. Олардың əрбіреуі Сəуле апаның таңдайды жұлып алатындай ең дəмді бешбармағының дəмін татты. Бəріне аналық, апалық ақыл-кеңесін аямады. Сəуле апа асқан ақылды, парасатты адам болатын. Ол Зейнолла ағаның көңіл күйін қас-қабағынан, қимыл-əрекетінен, əр сөйлеген сөзінен байқайтын. Ғалымның, жазушының, ұстаздың жұбайы ретінде ағаға деген қарым-қатынас əркімге де үлгі болғандай. Міне, осылайша ұлы жазушы əрі ғалым Зейнолла ағамен екеуінің арасындағы сыйластық өзгелер қызыға да, қызғана да қарайтын қасиет еді. Сəуле апа Зейнолла аға сырқаттанып қалғанда, 1999 жылдан бастап күнделік жүргізіпті. Мұны бірақ ешкім білмеген екен. Зейнекеңнің қан қысымы көбейіп, денсаулығы нашарлай бастағанда оның үйдегі аса ұлағатты бапкері, дəрігері Сəуле апа болды. Зейнекең 2004 жылы қыркүйек айының басында қатты соққан инсульттен төсек тартып жатып қалды. Содан бастап, қайта-қайта бірде аурухана, үйде болғанда қайта-қайта жедел жəрдем, əлсін-əлсін дəрігерлердің келуі – бəрінде дархан жүректі Сəуле апа ағаны жанын қоярға жер таппай өбектеумен болды. Біз шəкірттері Зейнекеңнің ауырып қалғанына қатты күйзелдік. Мен осы кезде Алматыға қайта-қайта барып, ағаның хал-жағдайын біліп кетіп жүрдім. Зейнекең дені сау кезінде бес томдық шығармалар жинағын бастыруды жоспарлаған екен. Бірақ, оның екі томын ғана шығаруға мүмкіндігі болып, қалған үш томының жайы шешілмеген еді. Университет ректорының тапсырмасымен мен Алматыға іссапарға барып, қалған үш томды құрастырдым. Сəуле апаның осы кездегі көмегі зор болды. Үш томдықты «Санат» баспасына тапсырғаным туралы Зейнекеңе барып айтқанымда «Рахмет, қарағым!» – деп, маған риза болғандығын білдіріп, көз нұры төгіліп қарағаны əлі есімде. 2006 жылы тамыз айының аяғында ұлы аға бəрімізді қайғыға душар етіп, мəңгілікке аттанды. Қаралы жиында Атырау жерлестері атынан жəне шəкірттері атынан сөз сөйледім. 2008 жылы ғылыми іссапармен Алматыға жол түсті. Сəуле апайға, Зейнекең отбасына сəлемдесуге барғанымда, апай маған өзінің күнделігінің қолжазбасын көрсетті. Бұрын ешкімге айтпаған қолжазбаны маған оқып шығуды ұсыныс етті. Күнделікті бір күнде оқып шығып, өзімнің риза болғандығымды айттым. Күнделіктің тілі де көркем, майда, мазмұны да өте мəнді шыққан екен. Мен Сəуле апаға Зейнолла ағаға арналған үлкен ескерткіш жазғандығын айтып, баспаға ұсынуды кеңес еттім. Бірақ, апай қолжазба күйінде қалдырғысы келіп: «Жөнді дүние емес, өзімнің Зекең ауырып жатқанында түртіп жазып отырған көңіл күйімнің көрінісі ғой», деп баспаға бергісі келмегендей сыңай танытты. Алайда, мен «Алматы ықшамының» редакторы, Зейнекеңнің шəкірті Қали Сəрсенбайға телефон шалып, Сəуле апайдың күнделігі жөнінде айттым жəне газетке жариялау жөнінде кеңес бердім. Қали Зейнекеңнің тағы бір шəкірті Бауыржан Омаровқа күнделік жайын хабарлапты. Бауыржан апайдың күнделік жазып жүргенін білмейді екен. Ести сала Сəуле апайға барып, күнделікті жариялау үшін алып кетіпті. Бауыржан апайдың 2003 жылдан бастап жазған күнделік нұсқасын «Ана тілі» газетінің оншақты санына жариялаттырды. Бұл кезде газеттің редакторы Мақсат болатын. Осылайша, Зейнекеңнің шəкірттері тарапынан үлкен азаматтық жасалды. Күнделіктің газеттегі жарияланымын мен кітапқа айналдырып, «Емен-дағы құласа, бетеге екен, Дара туған тұлға да өтеді екен...» деген атпен Атырау университетінің баспаханасынан бастырып шығардым. Сəуле апайдың күнделігі сегіз жыл бойына жазылған екен. Барлығы бір кітап болып, 2009 жылы «Астана» баспасынан «Көрген түстей, сағымдай» деген атпен қомақты кітап болып жарық көрген. Кітап шығарылуға дайындалып жатқанда, Астанадан кітапты қалай атау керектігі жөнінде Сəуле апайдан сұраған екен. Апай ұзақ толғаныпты. Ойлаған əртүрлі нұсқаларды лайықты көрмепті. Сол күндерде Зейнекең апайдың түсіне еніп, дауыстап: «Көрген түстей, сағымдай» деп аян беріпті. Осы аян беріп айтылған сөзді кітаптың атына айналдырыпты. Ал бұл сөз Зейнекең өзі жазған «Жайық қызы» əнінің қайырмасының бір тармағы еді: Жалт етті де жоқ болды, Көрген түстей, сағымдай... Иə, бұл күнделік Сəуле апайдың ағаға деген шексіз терең махаббатынан туған күнделік деп айту лəзім. Ұзақ уақыт отасқан ұлы махаббаттың шынында да көрген түстей сағымдай болатыны шындық-ау деймін! Қадыр ЖҮСІП, филология ғылымдарының докторы, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессоры. АТЫРАУ.

Р

ЖЕ Р Ы М Ұ

1. Көшпелілер ұрпағының кездесуі • Сары даланың көкжиегінде көлкіген сағымды көрген сайын тылсым көш кетіп бара жатқандай əсерде қаламыз. Сананы сансыз сұрақ түрткілейтін. Алғашқысы – кімнің көші? Бірінші техникалық төңкеріске дейін жер бетінде көшпелі мəдениеттер дəурені жүрген. ХХ ғасырда олардың алқындылары қалды. Бірден түсініктеме бере кетелік, «алқынды» – Қадыр Мырза Əлиден алынған: Алтын деймін, қайдан табам алтынды, Маған айтпай жүрген сөзің тəрізді. Əр сабыннан қалады бір алқынды, Менде қалған шыдам-төзім тəрізді. Екінші-үшінші индустриялық төңкеріс арасында тұрған мына заманда қазақ – толық отырықшы халық. Атамекеннен табан аудармай тəуелсіз атанғаны, Түркия мен Еуропаға көшіп барғаны тұрмақ, Ресей, Моңғолия мен Қытай аймағында қалғаны түгелдей. Мұнда колхоз, анда сұмын, əріде коммуна аталған құрылымдар аталардың аяғын тұсады. Қазақпен бірге көшпелі мəдениеттің ең биігіне жеткен іргелес жұрт – жоңғардың тағдыры, тіпті, қайғылы. Біздің бабалармен жағаласқан жүз жылдық соғыста жеңіліс тапса да, артында тұяқ қалатын еді. Көшпелі халықтар əдетінде тұтастай қырып кету жоқ, əулеттің кенже баласын өлтірмеген. Ал... Қытай империясы жоңғарды мүлде жойып тастады. Орталық Азиядағы көшпелі халықтың бірі халқа – Моңғолияның негізгі ұлты – орысқа еріп социализм соқпағына түсерде жаппай сұмынға біріктірілген. ХХ ғасырдың соңында бірнеше сұмынның орталығын көргенбіз. Екі-үш ғимараты болады. Кеңсе, пош та, мектеп, салынса аурухана. «Ақ

тақталардың Күбер шатқалында тұнып тұрғанын көргенбіз. Ағылшын жаугершілігі салдарынан Ауғанстан отырықшылыққа көшті. Қорғануға ыңғайлы қамал тəріздес үйлер салды. Дуррани халқының пуштундар бастаған ірі тайпалары, белудж, тəжік, өзбек, күрд, хазар тегіс көшпелі тұрмысты қойған. 1979 жылғы ең соңғы санақ бойынша бұл елде барлық халықтың 91 пайызы отырықшы деп жазылған. Тек қошай атты тайпа ХХ ғасырдың сексенінші жылдарына дейінгі Конституция бойынша көшпелі деп танылып, мемлекетте ерекше жағдайларды пайдаланған. Бірақ, алдымен кеңестік,

5

www.egemen.kz

заманның алдамшы игіліктері үшін сатпаймыз, – дейді осы оңтүстік қауымының өкілі Эйса Сауид. – Арабтар біз сияқты қалқа астында күн кешпес еді. Жəне бір ерекшелігіміз – алдымен арды ойлаймыз. Бұл тұрғыда бəдəуи ұстанымы қазақтың «малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садақасы» деген мақалына сай келеді. Қазақпен жəне ұқсайтын жері – жастар үлкендердің алдын кесіп өтпейді. Бірінші сəлем береді. Бүкіл тайпа анаға, жалпы, əйел затына құрметпен қарайды. Көшпелі халықтардың осындай ортақ қасиеттері таңырқатады. Оған тағы бір мысалды Эйса Сауид келтірген.

аңға» өлеңі – нағыз тардийаттың өзі. Мұхтар Мағауин «Қобыз сарынында» қазақтың арғы жы рауларындағы мадақ пен өзін өзі мадақтау жырларын талдайтын. Бұл жағынан да біздің бабалар мен бəдəуилер үндес. Тіпті, мадақ жырдың атауы сол араб тілінен келгені хақ. Бұларды бəдəуи əдебиетінде «мадх» пен «фахр» деп жіліктейді. Біріншісі өзгермей жеткен, ал «фахр» мағынасын өзгертіп, «пақыр» атты сөзге айналып кеткен. Бəйіттерде біреуді кекеп-мұқаған жанр да кездеседі. Оны өздері «нақаид» дейді. Тоқтаңыз, қазақтың «нақақ күйдірмеші» не «нақақ қараламашы» дегені есте ме?

Сағымның соңғы сынығы

сынды бәдәуилер тіршілігі бабаларымыздың өмірін еске салған

Қайнар ОЛЖАЙ, журналист.

шағыл» романында Жұмекен Нəжімеденов сипаттаған қырық бесінші жылғы «Жаңа өмір» колхозының орталығынан аусашы. Сұмынның түтіні тегіс киіз үйде тұрады. Жазда алысқа, қыста іргеге көшіп келеді. Бəрібір, əр жерде орталықтары бар моңғол халқы тұтастай көшпелі деуге сыймайды. Америкада кезінде үндістер көшпелі болған. Басты азық көзі бизонның ізімен көшетін. Беріде жоңғардың басына туған зұлмат бірнеше ғасыр бұрын үндістен басталған. Жаулаушыларға қарсы тұрғаны оққа ұшты. Бас игеннің өзін құртудың оңай əдісі табылды. Зымияндар алдымен бизонды қырыпты. Азықсыз қалған үндістер 1886 жылдан 1887 жылға қараған қыста баудай түсті. Тура 1931-1932 жылдары қазаққа келген қасіретпен бірдей. Тірі қалғаны резерватқа тоғытылды. Осылай жəне бір көшпелі мəдениет жоғалды. Оңтүстік Америкада, негізінен Парагвай мемлекетінің, ішінара Боливия, Аргентина жəне Бразилияның шекаралас аумағында гуарани деген тайпа тұрады. Солар əлі күнге көшпелі өмір салтын сақ таған. Бірақ, мал бағып немесе аң қуып емес, өсімдік пен жеміс-жидек іздеп көшіп жүреді. Ботаникадағы атаулардың арасында гуарани тілі грек пен латыннан кейінгі үшінші орында болуы тегін емес. Беліне ораған бір елі жіптен басқа үстіне шүберек ілмейді. Жазу жазбайды. Оның есесіне барлық рухани мұрасы атадан балаға ауыз əдебиеті арқылы жетіп отыр. Өте қонақжай. Адамның тəні өлгенмен жаны өлмей, туғантуыстарын қорғаштап жүреді деп санайды. Осы сипаттамалардың бəрі көшпелі халыққа тəн емес пе! Əттең, жан-жақтан тықсырған цивилизация бұл тайпаны да жұтып тынады дейді ғалымдар. Өткенде бір картадан көрдік, Ұлыбритания жаһандағы 200-ге тарта мемлекеттің 20-сын ғана отарлауға тырыспаған. Бізде алпауыт елдің мүддесі болған. Кезінде Риддерді, Қарсақбайды, Ембіні иемденген. Мына жағымыздағы Моңғолия, ана жағымыздағы Қырғыз Республикасы мен Өз бекстан сол көз алартылмаған жиырманың қатарында. Ал жем болған немесе жемтікке жұтыла жаздаған елдер ішінде Ауғанстан мен Пəкістан бар. Мұны айтып жатқанымыз: тура осы аймақта жəне бір көшпелі мəдениет болған. Ағылшындар Үндістан түбегіне кеме арқылы оңтүстіктен кірді. Отырықшы хинди мен урду тілдес халықтарды бағындыру қиынға соқпады. Осы күнгі шекара бойынша Пəкістанның Белужстан провинциясына, одан бергі Еркін халықтар аймағына, сосын Ау ған стан тауларына кіргенде ағылшын арыстанының азу тісі сынды. Отырықшы жұрттар қол қусыра қарсы алған басқыншыға аймақтың көшпелі халқы тай лы-таяғымен қарсы тұрды. Ағылшындар мұхит жағасындағы порттан бері тартып жатқан теміржолын Күбер шатқалынан өткізе алмады. Оққа ұшқан солдаттары мен офицерлерінің аттары жазылған тақталарды тау-тасқа шегелеп, кері шегінді. Ондай ескерткіш

соңынан америкалық, ақыры халықаралық басқыншылық барысында бұл тайпа да көшпелі өмірді қойыпты. Сонда маңайда мал бағатын көшпелі кім қалды? Бағамдап отырсақ, жалғыз халық ХХІ ғасырға дейін жетіпті. Ол – бəдəуи. Израиль мен Иордания арасындағы Өлі теңізге беттеген сапарда, Маңғыстаудағы Қарақия ойпаты сияқты үлкен шұқанаққа түсер жолда туристер тоқтайтын алаңқайға түйесін шөгерген бəдəуиді көргенде туысымызды тапқандай қуанғанымыз сондықтан. Оспанхан жарықтықта: «Туысыңды таптың ба?» деген өлең бар еді. Сатирик жазғандай, тура туысымызды тапқандай күйде едік.

2. Арды ойлағандардың арылуы • Сары даланың көкжиегінде көлкіген сағымды көр ген сайын тылсым көш кетіп бара жатқандай əсерде қаламыз. Сананы сансыз сұрақ түрт кілейтін. Келесісі – қандай қазынаға толы? Бəдəуи – жер бетіндегі көне ұлттардың бірі. Көшпелі тайпалары қазіргі Израиль аумағында 5 мың жылдан бері өмір сүріп келеді. Бастапқыда арғы бабаларымыз сияқты киелі жануарларға табынған. Ақырында Мұхаммед пайғамбардың хақ дінін қабылдайды. Исламмен бірге араб тіліне жаппай көшкен. Оны арабтың бір тармағы деушілер бəдəуилердің арабша сөйлейтінін көлденең тартады. Бірақ, ғалымдар бұл тайпалардың исламға мойынсұнғанға дейінгі тілі басқаша болған дейді. Əрі сан ғасыр бойғы арабтармен құдандалы болудың да əсері тимей қалмаған. Израиль мемлекеті қалыптасып жатқан 1947 жылы шығыстанушы Яаков Шимони «Эрэц-Исраэль арабтарының тарихы» атты кітап жазған. Оған қарағанда, көшпелі бəдəуилер арасынан иудей нанымын қабылдаған бір топ бөлініп шығып, еврей ұлтының негізін қалайды. Бəдəуи тайпаларының бірталайы əлі күнге Израиль аумағында тұрады. Бірнеше қала ның іргелерінде олардың оңаша тұрақтарын көрдік. Ол жақта қыс пен жаздың айырмасы шамалы болғандықтан, бұл мекенді не жайлау, не қыстау деу қиын. Шошайған күркелері жел мен жаңбырдан ықтасын, күннің көзінен қорған болуға ғана жарайтындай. Оның қасында салтанаты жағынан бабаларымыздың киіз үйі ханның сарайындай. Осы жерде нақтылай кетейік, Израильдегі бəдəуилер ел дің солтүстік жəне оңтүстік тұрғындары болып бөлінеді. Бұлай бөлу олардың тұрмысы мен білім деңгейіне қатысты. Үш тайпадан тұратын солтүстік бəдəуилері ондаған жыл бұрын отырықшы өмірге өтті. Лашықтарын тастап қалаларға көшті. Бұл қауымның саны шамамен 30 мыңдай болса, оңтүстікте көшпелі 200 мыңға жуық бəдəуи бар. Басты шиеленіс солардың төңірегінде. Өз дəстүрін сақтап, ежелгі салтын ұстанған бəдəуилер Израиль мемлекетінің жып-жылмағай саясатына томпақ келіп тұр. – Біз еврейге де, арабқа да жатпаймыз. Сан ғасыр бойы жинақталған дəстүрлерімізді

– Қонақжайлық – бəдəуи бойындағы басты қасиет, – дейді ол. –Табалдырығымнан біреу аттайтын болса, алдымен алдына ас қоямын. Шөлін қандырамын. Содан кейін ғана ол бұйымтайын айтады. Кейде, аталарымыз екі күн қонған соң үшінші күні негізгі шаруасына көшеді екен. Бəдəуи үйіне келген жанға кофе қайнатып береді. Бұрын қазақтар қымыз ұсынатын. Көне дəуірде, əсіресе, қыпшақ тайпалары тұсында бəдізшілер тастан қашап, мəңгілікке орнатқан балбалдардың бір қолы қындағы кездікте болса, екінші қолмен тостаған ұстайтын. Келген жолаушыны осылай қарсы алу көшпелі халықтардың дəстүрі. Өйткені, ертең сен де жолаушылап шыққанда кенезең кеуіп, бір ауылға тап боларсың. Қымыз бойды қыздырады, жанды жадыратады. Көңілді күпті етіп, шешілмей келген шаруаны қы мыз үстінде реттеп алатындар болған. Сол сияқты қымызға масайып, өз ортасының тəртібін бұзғанды, қазіргі тілмен «этикет сақтамағанды» жазалаған. Оны Мұхтар Мағауиннің атақты «Аласапыранынан» оқуға болады. Қымыздың ағзада ғана емес, қоғамда осындай орны болса, кофе де бұл орайда олқы соқпайды. Əсіресе, бəдəуилер қыз айттырып келгенде. Біздегідей құда түседі. Жақын туыстарынан жасақталған топ барын киініп, бақанын ұстап қыз үйіне барады. Ондағылар ой дағыдай қарсы алады. Сол күні ме, ертесінде ме, əйтеуір сөз ауаны негізгі мəселеге көшкенде құдалардың түрін көрген, андағы-мұндағы жайттар есіне түскен қыз əкесі өз қарсылығын білдіруі ықтимал. Ондай бөгет туа қалса құдалар, тіпті, болашақ күйеу жігіт алдына қойылған кофені ішуден бас тартады. Ал қонақтың кофе ішпей қоюы – үй иесі үшін өліммен тең. Ол – дұрыс қонақжайлық танытпадың деген белгі. Тайпа ішінде «меймандос емес» атану – сүйекке таңба. Сүйегіме таңба салдың өлгенше, Өлген жақсы бұл қорлықты көргенше, – деп келетін өлең жолдары қазақтың бір тəуір ақынында бар. Ол да сайып келгенде құдалыққа қатысты жыр еді. Ондай сөзге қалғанша бəдəуи қызын бере салған. Бағзыдан бері талай жігіт қолданған тəсіл. Енді олардың шөберешөпшегінің кəдесіне жарап тұр. Бəдəуилердің пошымы киіз үйге келіңкірегенмен, не кереге мен уығы, не киізі мен желбауы жоқ баспаналарында болғанда екі халықтың арасындағы тағы бір ұқсастықты таптық. Ол мұндағылардың бабаларынан қалған өлшеусіз əдеби мұра – бəйіттерге, яғни жырларға қатысты. Иə, бəдəуи поэзиясы мың жылдар бойы қалыптасқан. Біздің ақындарда ұшырасатын «ғазал» сөзі – бəдəуилердің махаббат туралы бəйіттерінің жиынтық атауы. Жаңа аты аталған Мұхтар Мағауинмен теңдес, бəлкім іштей сырлас болған, бірақ лайықты бағасын алмаған Оразбек Сəрсенбаев бəдəуиден бастау алып, шығысқа кең тараған «рисала» жанры туралы біраз нəрсе айтқаны есте. «Рисала» – бəдəуише сағыныш, құса бəйіттері. Одан басқа бəдəуилердің «тардийат» жырлары болады. Абай атамыздың «Қансонарда бүркітші шығады

Осындағы «нақақ» пен анау «нақаид» та өзара тамырлас. Əдебиетшілігіміз шамалы болғандықтан, шайқалақтата бермей, осы тұстан тоқтайық. «Бір ерекшелігіміз – алдымен арды ойлаймыз», деген Эйса Сауид сөзі құлақта қалды. Осы мақаланы жазып шығуға жетелеген де сол сөз сияқты. Жəне бұл орайда, қазақтармен қалай үндесіп жатыр?! Бізге сенбесеңіз, Мұқағалиға жүгінейік. Қайран біздің шешелер, арды ойлаған, Шілік шауып, ши орып, бау байлаған. Солай жəне бір ортақтастық табылды. Ал ұзын тарихқа қатар көз салсақ, қазақ пен бəдəуидің көрген үркіншілігі, зорлықзомбылығы тағы ұқсайды.

3. Жерден кеткенің жойылғаның • Сары даланың көкжиегінде көлкіген сағымды көр ген сайын тылсым көш кетіп бара жатқандай əсерде қаламыз. Сананы сансыз сұрақ түрт кі лейтін. Соның бірі – қайдан шықты? Тарихтың тереңін қопаратын, əлбетте – археологтар. Алтайдың өрінде, Сырдың бойында, Қаратаудың қойнауында, Жайықтың жағасында, Есілдің еңісінде қаншама рет археологтардың жұмысымен таныстық. Зейнолла Самашев, Əбдеш Төлеубаев, Карл Байпақов, Жəкен Таймағанбетов, Виктор Зай берт, Айман Досымбаевадай əрқайсысы бірнеше жаңалық ашқан ғалымдармен пікірлестік. Сол сияқты бəдəуи тарихының тереңіне бойлағандардың пікірі де біздің құлағымыздан қағыс қалмаған. Израильдің оңтүстігінде қазба жасаған археологтар көшпелі халықтардың мыңдаған жылдар бойы мал өсіргенін анықтады. Бір ғажабы: ондағы қоныстардан жылқы мен сиырдың сүйегі кездеспеген. Біздің Виктор Зайберт Солтүстік Қазақстандағы Ботай қонысында жылқының бес мың жыл бұрынғы сүйектерін тапқаны мəлім. Сол арқылы ағылшын ға лымдарымен бірлесе отырып «жылқы алғаш рет осы аймақта адам қолына үйренген» деген тұжырым жасады. Екі елдегі деректер бойынша ескі мекендерге тасталған сүйектердің уақыттары шамалас. Тек Израильдің Негев шөлінен қойешкі мен түйенің сүйектері табылды. Арада бірнеше мың жылдар өткенде бəдəуилердің лашығы жанынан үйездеп жатқан қойды, отардан оқшауланып жартасқа шығып кеткен ешкілерді көрдік. Түйеде есеп жоқ. Бəдəуилер, жалпы арабтар оны бұрынғы міндеттерімен қатар туристерді мінгізетін жаңа ыңғайға бейімдепті. Түйе – бəдəуидің əлі күнге бас ты көлігі, азығы, шуда сияқты құнды шикізат берушісі. Израильде қайдам, Біріккен Араб Əмірліктерінде түйе жарысы өтіп тұрады. Бұрын шабандоз балалар мінген болса, енді Мадинат-Зайиде ипподромында роботтарды отырғызып жарысқан түйелерді көрдік. Рас, пульті иелерінде. Апта сайын осындай бəйге өтеді. Ол ғимаратпен Алматы тұрмақ, Астанадағы ипподромды салыстырып, көпті нəумез етпей-ақ қоялық. (Соңы 6-бетте).


6 (Соңы. Басы 5-бетте). Араб əлемінде түйелер арасында сұлулық сайысы өтеді. Талабы арулар конкурсынан қатал. Түрі мен түсін, сымбаты мен көзін, өркеші мен тірсегін салыстырғанды айтпағанда ерні мен мойны өлшенеді. Қазақтың «ботакөз», «ботатірсек» сынды теңеулер мұнда өз құнын жоя қоймаған. Сұлулық сайысында жеңімпаз түйенің құны бес миллион долларға дейін баратынын естігенде, құлап қалсаң кешірімді. Хош, түйе туралы сөзді түйіндеп, енді негізгі бұйдамызды қайта ұстайық. Негев барлық жағырапия оқу лықтарында «шөл» деп жазылғанмен, Қарақұм мен Қызылқұмға, Аралқұм мен Нарынқұмға ұқсамайды. Тіпті, Əмірліктер пен Сауд Арабтары жеріндегідей шағыл кездеспейді. Əрі-бері қарап Үстіртке ұқсаттық. Ара-тұра қайнардан шымырлап шыққан бұлақтар қызыл-сары керіш жыраларды жарып ағады. Жағада жасыл тал-шілік жайқалады. Тастақты тө белерде қой мен түйеге азық жеткілікті. Осы аймақтан Ескендір Зұлқарнайын, Сайыпқыран Сүлеймен сияқты талай жер-жаһанды жаулаушылар өткенмен, бəдəуилердің ата-бабаларының өмірін өзгерту ешқайсына оңай соқпады. Бəрінен бұрын бəдəуиді отырықшы етпекші болған Осман империясы еді. Сонымен, Ыстамбұл мен Мысыр арасына дейінгі Жерорта теңізі жағалауын толық жайлаған ер түрік бəдəуиді тəртіпке түсірмек болды. Сөз ретіне қарай, осы Жерорта теңізі деген атау санамызға орыс жағырапиясы арқылы сіңгенін айта кетелік. Оны түріктер Ақ теңіз деп атайды. Ана жағы Қара теңіз, мына жағы Мəрмəр теңізі болғандықтан, үшіншісін Ақ теңіз атау қисынды.

www.egemen.kz

латынның «коммуна» сөзінен қашып, ортақ мекенді «кибуц» атайды. Иврит тілінен аударғанда мағынасы жаңағы латынмен бірдей: «қауым» деген сөз. Бірінші кибуц 1910 жылы ұйымдасқан. Атауы – «Дгания». Ивриттен қазақшаласаңыз – «бидай». Кибуцты көргенбіз, тек ол басқа жолғы əңгіме болсын. Мал бағатын көшпелі бəдəуилер мен отырықшы еврейлер арасындағы қақтығыс содан басталған. Еврейлер көшпелілердің жерге құжаты жоқтығын, ал өз дерінің жерді заңды иелерінен сатып алғандарын айтады. Иə, заң жүзінде осы аймақтың иелері бар, олар Шам, Бейрут қаласында тұратын дəулетті арабтар болып шыққан. Еврейлердің дүниежүзілік қоры синагогалар арқылы ақша жинап, жерді арабтардан арзанға сатып алады. Сосын алысжақыннан ағылған қандастарға 49 жылға

16 қыркүйек

Р

ЖЕ Р Ы ҰМ

Ж

Сонымен, көшпелі халық осы заманғы тұрмыстық жетістіктердің ешбірін мойындамай келеді. Тақтай, киіз, мата, қаңылтыр жəне басқа қолға ілінгеннің бəрінің басын қосып ілдебайлап қойған қырық жамау лашықтарда тұрады. Сосын тағы түрлі темір, ағаш кесінділерінен тұратын малға арналған қоршаулары бар. Бұл жақта қыстың өзі +10 градус жылы болады. Егер ол 5 градустан төмендесе, бəдəуидің қойешкісі шыдар-ау, еврейді асырап отырған цитрус ағаштары үсіп кетпек. Мына қырық жамау лашықтар сырт көзге əдейі жасалған, əйтпесе бəдəуилер өте бай деседі жол бастаушылар. Өйткені, қай елде болмасын ет қымбат. Таяу Шығыста тіпті, сұмдық. Етке құмар қазақ оны өз қалтамызбен сезініп қайтқан жайымыз бар. Сөйтіп, «бəдəуилер жүргіншілердің жаны ашысын деп өздерінің өмірін

2015 жыл Сосын қынаға қатысты əдеттерін көрдік. Алақанды бояп береді. Негізі құдалықтың бірінші күні атқарылады екен. Бала кезімізде Тарбағатайдың қынасымен асық бояғанда алақанымыз бен саусақтарымызға жұғып жататын. Қынамен қой-ешкінің жүнін бояп, текемет басу мен бұйда есу – екі елге бірдей екен. Хош, мына «бəдəуи кешіне» қайтып келейік. Мақпал түнде алаулаған от, иісі мұрын қытық таған қуырдақ, көзді қызықтырып мың бұралған мықын биі. Осының бəрі біле-білгенге көшпелі өмірді мал бағу арқылы ғана емес, турист тарту арқылы табыс көзіне айналдыру мысалы ғой. Бəдəуилер музейін ашушы Мұхаммед Халаф Əл Мəзруи – осы Əмірліктегі мəдениет пен мұралар ұйымының бас ди-

Сағымның соңғы сынығы

сынды бәдәуилер тіршілігі бабаларымыздың өмірін еске салған

Хош, түріктер ұлан-ғайыр жерді, шамамен жарты дүниені жайлаған соң өз мəдениеті мен тəртібін енгізуі керек қой. Ондай талап ен даласында мал бағып жүрген бəдəуидің алдына көлденең тартылған. Олар салық төлеуі, əскерге шақырылуы керек екен. Бұл жұмысты реттеу үшін Осман билігі көшпелі халық пайдаланған жерлерді заң жолымен реттеуге кірісті. Бірақ бəдəуилер қағазды мойындамаған. Сол сияқты салық төлеу де, əскерге алыну да түсініксіз нəрселер екен. Бұл еркін халыққа қарама-қар сы күш ретінде Екінші Абдулхамит сұлтан Кавказдан черкестерді көшіріп əкелетіні осы тұс та. Бəдəуилерді тұрақтандыру үшін бірінші қаланы түріктер салған. Оны Бир ас-Саба деп атады. Осында өз əскерін ұстады. Төңіректегі көшпелі халыққа білім, дəрігерлік көмек беруге, оларды есепке алуға ұмтылды. Бəдəуилер көшпелі өмірден артық ештеңе жоқ деп, бар қамқорлықтан бас тартыпты. Сөйтіп, əрі-сəрі жүргенде уақыт бəдəуилерді басқа алпауыт ұлттың уысына жақындатты. Аты... – ағылшын. Тіл болмаса да діннің ортақтығы шығар, бəдəуилер кейінгі жаулаушы емес, алғашқы билеушіге іш тартқан. Бірінші жаһандық соғыста түрікті жақтап, ағылшындарға қарсы қару көтерген. Бəдəуилердің нұжмат тайпасының түйелі мың жарым сарбазы түріктерге қосылып Суэц жармасына қарай жорыққа қатысқан. Не керек, Осман империясы құлап, Ататүрік жаңа мемлекет жариялағанда бəдəуилер аймағы, солтүстік-батыстағы Балқан түбегі сияқты ол елдің аумағынан тыс қалды. Көпшілігі «Британ боданында» деп жарияланған жерде көшіп жүрді. Ағылшындар да мектеп, аурухана салды. Ол жерлерде тұрақты су көзін ашты. Бəдəуилер бұған көп қызықпай, көпшелі өмір сүретін халық ретінде қала берді. Алып империялардың орнына ақыры бұл жердің бір бөлігінде мүлде басқа мемлекет пайда болды. Екінші дүниежүзілік соғыстағы одақтастар жеңісінен соң əлем жаңаша бөлінді. Енді құрылған елдер ішінде ең дау-дамайлы болғаны – Израиль. Гитлердің еврей атаулыны аяусыз қырғанын ескерген одақтас мемлекеттер басшылары олардың тірі қалғандары бір елге ұйыссын деп шешкен. Тек қай тұсқа ұйыстыру мəселесі оңайға соқпады. Бастапқыда Африкадағы Сомалидің іргесінен жер беру қарастырылды. Бұл Сталиннің Еврей автономиялық облысын сонау Қиыр Шығыстан ашқаны сияқты еді. Бірақ, əрібері тартыстан кейін картадан қарағанда, Сирия, Ливан, Иордания, Мысыр арасына қағылған сынадай үшкіл мемлекет пайда болды. Бұл булыққан Палестинаны есептемегенде бəдəуилердің ықылым заманнан бері Зұлқарнайын, Мəмлүк, Нəдір шах, Осман, Ұлыбритания империяларын мойындамай əрлі-берлі көшіп жүрген аймағы болатын. Бəдəуидің жырын жырлап жатып еврейлердің бұл аймаққа келуінен бірер дерек бере кетелік. ХІХ соңында Маркс пен Энгельсті құмарта оқыған Еуропаның еврейлері жаңа орта, яғни «коммуна» құруға кіріседі. Тек Еуропада емес, бір кезде бабалары кесіп өткен Палестина аймағында. Əрі сақалды екі достың еңбегіндегі

жалға береді. Одан əрі мерзімді ұзартуға болады деген шартпен. Осының бəрінен хабары шамалы көшпелі бəдəуилер басқаларды қалай мойындамаса, кейін жерді сатып алған еврейлерді солай мойындамады. Кешікпей араб-израиль соғысы басталды. Аймақтағы көшпелі жұрттың берекесі кетті. «Екі түйе сүйкенсе, ортасында шыбын өледінің» кері келді. Одан əрі Израиль көшпелілерді құжаттап, «концентрациялық аймақтарға» аттандыра бастады. Аме рикада баяғы үндістер бастан кешкен кеп. Əрі алдындағы малын түгел кəмпескелеп алды. Қазақтар көрген құқай. Бəдəуи отбасылары босқын болып кетті. Негев шөлінің үштен екісі «жабық əскери аймақ» деп жарияланды. Бұл да Семей, На рын, Байқоңыр, Сарышаған полигондары деп талай жайылымнан айырылған қазаққа таныс көрініс. Мал бағуларына тыйым салынды. Себебі, ол жерді аздырады екен. Қайта мал тұяғы топырақты қопсытатыны, тезегі тыңайтатыны ескерілмеді. Мың жылдар бойы азып-тозбаған жайылым еді ғой. Байғұстарға неге мұнша шүйлікті, өзі? «Бақсам, бақа екен» демекші, оның сыры бар. Біріншіден, бірбеткей бəдəуилер бəрібір ештеңені тыңдамай мал артынан көшіп, əлі талай жерді пайдаланып жатты. Екіншіден, олардың өсімі еврейлерден жоғары болды. Демографтардың есебі бойынша көшпелілер саны 15 жылда екі есеге өскен. Бұл «еврейлер елі» үшін қатер деп саналды. Кейінгі санақ бойынша мемлекеттегі 8 миллион халықтың төрттен бірін арабтар мен бəдəуилер құрайды. Əрі тарт та бері тарттан кейін Израиль үкіметі Бəдəуилер ісі жөніндегі арнайы комитет құрды. Ол 2011 жылы бодан халықты қалаларға орнықтыру жоспарын жасады. Бірақ, көшпелі жұрт оған көнбеді. «Қалада не істейміз?» деді. «Шөл дала мен жайылған малсыз жеке ұлт ретіндегі ерекшеліктерімізден айырыламыз», деді. Не керек, «жерден айырылсақ – ұлт ретінде жойыламыз» деген бəдəуилердің уəжі əлемде қолдау тапты. Саясаттың басқа тұстарында Израильді қолдайтын Ұлыбританияның өзі көшпелілерді сақтауды ұсынды. Тілін тістеген – баяғы үндістердің қанды көз жасы мойнында жүрген АҚШ шығар. Сөйтіп, Негев шөлінде əлгі 200 000-дай бəдəуи көшпелі өмір салтын сақтап қалды.

4. Көрмеге қойылған өмір • Сары даланың көкжиегінде көлкіген сағымды көрген сайын тылсым көш кетіп бара жатқандай əсерде қаламыз. Сананы сансыз сұрақ түрткілейтін. Соңғысы – қайда тоқтайды? Иерусалим маңайындағы бəдəуилердің мекендерін көрдік. Алдымен осы қаланың аты туралы анықтама бере кетейікші. Бұрындары Құдыс қаласы дейтін. Араб пен түрік зердесінде солай сақталған. Қазақтың ежелгі аңыз, ертегілерінде Шам, Машынмен қатар Құдыс атауы кездесіп қалады. Хош, бəдəуидің желдеген ешкісі сияқты тағы қай жартасқа шығып барамыз, өзі?

көрмеге қояды» деген пікірді естідік. Көрме демекші, Израильден кейін Біріккен Араб Əмірліктерінде болғанымызда, бəдəуилерге арналған музей ашылғалы жатыр екен. Аспанмен таласқан зəулімдер мен Жер шарының картасынан, құрма ағашынан аумайтын жасанды аралдар салған, алтынмен апталған автокөлік мінетін, оған қабыланды отырғызып қоятын, əлгі алтынды көшеде автоматтан сата беретін, су астында қонақүй ашып, акулаға қарап ұйықтайтын, аптапта қар жауғызып, сырғанақ тебетін, бұлттың үстінде тамақтанатын бұл ел енді соның бəріне шендестіру ретінде бəдəуи музейін салуға кірісті. Ғаламның барлық тех но ло гия лық жаңалықтарының алдында тұрған Əмірліктер неге мосы мен қомшалы бəдəуилер музейін салмақ? Туристер үшін. Бұл елде болғанда бəдəуи өмірінің шетелдіктерді қатты қызықтыратынын аңғардық. Əлгі уыс-уыс алтын мен аспанмен та лас қан зəулімдер кедей елдер болмаса, жапондық, батыс еуропалық туристерге таңсық емес. Ал, түйе жарысы мен өзіміз көрген құмдағы саятшылық оларға өте қызықты көрініс. Ол көрініс бүркітпен нағыз көкжалды алып жүрген біздің саятшыларға күлкілі көрінер-ау. Қазақ даласынан апарды ма, əлде бұрыннан осы құмды мекен ете ме, əйтеуір екі сұңқар тұғырда байлаулы тұрды. Балақбауын ағытып ұшырып жіберген иесі енді ұзын жіпке жалғанған кішкене тері тұлыпты шыр айналдырады. Кілт тоқтағанда əрлі-берлі сымпылдап ұшқан сұңқар тұлыпқа түсіп, бүре қалды. Шетелдіктер соған мəз-мəйрам. Саятшылық – көшпелі халықтардың ортақ салты екенін мана санаған ұқсастықтар қатарына қосу керек. Кешкілік күн батқан соң Əмірліктерде «бəдəуи дастарқанын» ұсынатын қызмет бар. Бардық, дəмін таттық. Сол баяғы джиптермен құм ішіне жеткізеді. Айтпақшы, тақтайдай тегіс жолдан шағыл құмға бұрылғанда автокөліктің желін азайтады. Кері шыққанда төрт дөңгелектің қысымын қайта толтырады. Бəдəуи дастарқаны – құдды өзі міздің қойшылардың қуырдағы. Кəуəбін қоспағанда. Қараңғылық қоюланғанда қарсыдағы құм ша ғыл дарға түрлі-түсті жарық түсірді. Осы табиғи сахна аясында бəдəуи сарынымен билеп, бірер биді мал шының таяғымен орындаған қыз шетелдіктерді тамсандырған. Айтпақшы, бəдəуи шатырының алдына шытырлатып от жаққан. Иісіне қарағанда сексеуіл емес. Қарағай сияқты. Сол кезде сазы жан тербегенмен, сөзі түсініксіз бəдəуи əуенін қақ жарып құлағымызға Зілқара ақынның: Қарағай түтіні ащы, жақтым арша, Хатқа жүйрік сол қалқа мұсылманша, – деп келетін асқақ əні естілгендей болды. От демекші, енді есімізге түсіп жатыр, бəдəуилер өзінің адалдығын таныту үшін оттан аттайды. Осыны естігенде санамызға сақ ете қалғаны: Жаралы батыр. Оның жанын алып қалу үшін күнə жасамаған əйелді оттан аттауға шақыру. Атының өзі екі халыққа ортақ туынды: «Көшпенділер». Демек, көшпелі мəдениеттердің бұл салты тағы бір-бірінен аумайды-ау.

ректоры. Ол «музей бəдəуи тұрмысы мен тіршілігін көрсететін көрменің қызметін атқарып қоймайды, басқа да міндеттері болады» дейді. Көшпелі өмірдің қырсырын бағамдайтын халықаралық оқу жəне ғылыми-зерттеу орталығына айналады. Бірнеше елдің мамандары тартылады. «Той дегенде қу бас домалайды» демекші, Əмірліктер арнайы шақырып жатса қандай елдің ғалымы келмей қалсын! Осы тұста өзіміздің көшпелі мəдениетті не ғылыми, не туристік айналымға толық енгізе алмағанымызға қынжылғанбыз. Өткенде Ресей Ғылым академиясы төралқасы жанындағы Көне Русь мəдени тарихы жөніндегі комиссия барын естігенде «Көне Қыпшақ мəдени тарихы жөніндегі комиссия біздің Ғылым академиямыздың төралқасы жанында неге жоқ?» деп өкінгеніміз сияқты. Мұхаммед Халаф Əл Мəзруи бəдəуилер аймағын біздің топшылауымыздан əлдеқайда кеңейтті. Түрік пен парсы халықтарының шекарасынан бастап Араб түбегін қоса Африканың Сахарасын көктей өтіп Атлант мұхитының жағалауына дейін созылады екен. «Бірақ, тек құмды жерлерінде» дегенді қосып қойған. ХХ ғасыр басында Əмірліктер мен Сауд Арабиясында көпшілік болған бəдəуилер бұл елдер мұнайдың арқасында дамыған кезде азшылыққа айналыпты. Сириядағы бəдəуилердің азайып кетуіне 1958 жыл мен 1961 жыл арасындағы сұрапыл қуаңшылық ықпал етіпті. Енді олар соғыс сахнасында қалып, тағы бір нəубетке ұшырап, Иорданияға, Түркияға, Ливанға босып жатыр дейді. Мысырда олар тек Синай тү бегінде тұрады. Жер ыңғайын пайдаланып Египет пен Израиль арасында есірткі тасуға көшті деген деректі естідік. Мұнда бəдəуилердің мал баққан жерлерін туристік компаниялар түрлі айла-шарғымен қолға түсіріп жатыр. Олар Иорданиядағы халықтың үштен бірін құрайды. Ақпараттарға қарағанда, 2007 жылы жартылай көшпелі бəдəуилер мен полиция арасында ірі қақтығыс болған. «Араб көктемі» жаппай етек жайған 2011 жылы Екінші Абдолла патшаға қарсы бұлғаққа бəдəуилер белсене қатысыпты. Міне, аумағы бір кезде біздің бабалар көшіп жүрген Алтай мен Азау теңізі аралығындағы даладан артық болмаса кем емес жерге мал жайған бəдəуилердің шалқар дариясынан қалған көлшіктер осындай. Ал Өлі теңізге барар жолда тура əлемдік мұхит деңгейімен 0 метр тұста ақ түйесін шөгеріп, туристерден нəпақа тосып тұрған бəдəуи көзден кетпейді. Үстіндегі дишдаш аталатын ұзын ақ киімі мен басындағы қызыл шаршы сəлдесі емес. Түйе ноқтасындағы үш қатар шашақтары мен өркешіне жапқан шаршы мен қиық түріндегі көне жабуы. «Осының бəрі біздің үйде елу жыл ғана болып еді, əжеміз өз қолымен жасайтын еді» деп кімді сендіргендейміз?! Бəрі уақыт көшіндегі сағымға айналған. Тек соңғы сынығы бəдəуилер тіршілігінде сақталыпты. Израиль – Біріккен Араб Əмірліктері.

● Мəдени мұра

ӨНЕГЕЛІ ӨМІРБАЯН 60-жылдары «Правда» газетінің Қазақстандағы меншікті тілшісі қызметін атқарған журналист əрі аудармашы Тельман Жанұзақов тірі болғанда биыл сексеннің сеңгіріне шығатын еді. Шоқ жұлдыздай жарқ етіп қазақ журналистикасында өзіндік ізін қалдырып, пəни дүниеден небəрі 43 жасында өтіп кеткен қаламгер атында Алматы облысындағы, Райымбек ауданының, Нарынқол ауылындағы орта мектеп бар. Осы білім ұясының жанындағы мұражайдың 2002-2012 жылдары меңгерушісі болған Арлия БЕРІКБАЕВАНЫҢ əңгімесіне назар аударалық.

– Арлия апай, Тельман Жанұзақов туралы мерзімді басылымдарда қазір мақалалар жарияланып жатыр. Сіз өз кезегіңізде қаламгердің тағы бір қырын өмірбаянымен сабақтастыра əңгіме өрбітсеңіз? Тау баласы тауға қарап өседі демекші, Тельман Жанұзақов та Аспантау аясында 1935 жылы дүниеге келіп, ірілігін тез таныта білген жан. 17 жасында Нарынқол ауылындағы орта мектепті үздік бітіріп, ҚазГУ-дің журналистика факультетіне оқуға түсіп, 1957 жылы тəмəмдаған. Университеттен соң «Лениншіл жас» газетінде əдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары болып қызмет атқарады. 1967 –1971 жылдары Кеңес одағындағы бас басылым – «Правда» газетінің Қазақстан бойынша меншікті тілшісі, сосын республикалық «Ара» журналының бас редакторы, 1975 жылдан өмірінің соңына дейін «Қазақфильм» киностудиясы директорының орынбасары болып қызмет атқарған. Ол «Ради жизни на земле», «Азамат» атты кітаптардың авторы. Аудармамен шұғылданып, Алексей Толстойдың «Инженер Гариннің гиперболоиды», Фенимор Купердің «Могиканның соңғы тұяғы» шығармаларын қазақ тіліне тəржімелеген. Амал нешік, ғұмыры тым қысқа болды. Небəрі 43 жыл ғана өмір сүрді. Бірақ сол төрт белесінде биік-биік асулардан асқандығын ол туралы айтқан естеліктер, мерзімдік басылымдарда жарияланған туындылар растап, біздің музейде сақталып тұр. Бір ғана мысал, Мұқағали Мақатаев Дантенің «Құдіретті комедия» атты кітабын аударып, баспадан 1972 жылы шыққаннан кейін Тельманға деп жазып өз қолтаңбасымен берген екен. Музейден сол құнды дүниені көрген адамдар қос таланттың арасындағы сыйластыққа разы болғанын өз көзіммен көрдім. – Музей қашан, қалай ашылып еді? – Тельман Жанұзақов атындағы орта мектеп жанындағы өлкетану музейі Нарынқол ауылында 1996 жылдан бері жұмыс істейді. Онда қаламгердің портреті, ол туралы жазылған естеліктер, əрине жазушының шығармалары, туып-өскен ауылының тарихы туралы мағлұматтар бар. Тельман Жанұзақовтың əр жылдары жазып «Правда» газетінде жарияланған мақалаларын жинап, өз қолыммен кітапша етіп жасап қойдым. Сондай-ақ, орта мектепті жақсы оқығандығының айғағы ретінде берілген мақтау қағаздары, отбасылық фотосуреттері де көрермендерге көп сыр шертеді. «Ауыл тұлғалары» атты фотоқабырғаға осы мектеппен байланысы болған Мұқағали Мақатаев, Бердібек Соқпақбаев, Баққожа Мұқаев, Сағат Əшімбаев сынды тұлғалар бастаған осы Нарынқолдан шыққан азаматтар суреттері ілінген. Тағы бір ерекше айтар құнды құжат Тельман Жанұзақовқа 1970 жылы «Правда» газетінің бас редакторы В.Зимяниннің 1 мамыр – еңбекшілердің халықаралық ынтымақ күнімен құттықтап жолдаған жеделхаты жəне ол сырқаттанып, жүрегіне операция жасаған кезде Новосибирск қаласына жіберілген түрлі құжаттар. Бұларды Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы Баққожа Мұқаев сол қалпында сақтап, əдіптеп музейге өткізген. Əуелгі ойымды сабақтасам, жалпы елімізге танымал жазушылардың Тельман Жанұзақовқа деген ықыласы зор болған. Оны растайтын құнды деректер мұрағатта сақтаулы. Əр жылдары түсірілген фотосуреттерді бірыңғай ортақ көлемде жасатып қабырғаларға іліп қойдық. Музейде бұдан басқа ұлттық бұйымдар, яғни ат əбзелдері – күміспен апталған ер тоқым, ноқта, жүген, қамшы, тұрмыстық заттар келі-келсап та орын алған. Тас диірмен, қыш құмыра, шəугім, ағаштан жасалған оюлы қасықтар, кесте, түскиіз тұтастай алғанда жалпықазақтық заттар болып көрінгенімен үңіле білген жан өңір халқының ерекшелігін байқайды. Музейдің ішкі көрінісі еліміздің Көкбайрағы түстес бояумен əдіптеліп, тартымдылығымен тəнті етеді.

Алматы облысы, Райымбек ауданы, Нарынқол ауылы.

Əңгімелескен, Нұрбол ƏЛДІБАЕВ, «Егемен Қазақстан».

«ОЙ-САНА» өз жеңімпаздарын анықтады

Мəдениет жəне спорт министрлігі тілдерді дамыту жəне қоғамдық-саяси жұмыс комитеті мен Ш.Шаяхметов атындағы республикалық тілдерді дамыту үйлестіруəдістемелік орталығы «Ой-сана» орыс тілі білгірлерінің VII республикалық байқауын өткізді. Айдар ӨРІСБАЕВ,

«Егемен Қазақстан».

Ұлтаралық қарым-қатынас жағдайында белсенді көзқарас қалыптастыруға бағытталған шығармашылық бастамаларды жүзеге асыру, сондай-ақ, орыс тілін еркін меңгерген дарынды жастарды анықтау жəне қолдау мақсатындағы шара «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында өтті. Елбасы ұсынған «үш тұғырлы тіл» идеясының маңызына тоқталып, осы байқаудың сол идеяны дамытуға елеулі үлес қосып жатқанын атап өткен тілдерді дамыту комитетінің төрағасы Ербол Нұрғалиев барша жиналған қауымды Қазақ хандығының 550 жылдығымен құттықтап, қатысушыларға сəттілік тіледі. Айта кетейік, байқауға облыстық жəне қалалық (Астана мен Алматы қаласы) іріктеу

кезеңдерінде жеңімпаз атанған 1622 жас аралығындағы жоғары оқу орындарының, колледждер мен жалпы білім беру мектептерінің оқушылары қатысты. Олар үш тапсырмадан тұратын байқауда өз өнерлерін ортаға салды. Оның біріншісі жаңылтпаштарды шапшаң əрі нық айтуға арналды. Екіншісі орыс тілінде эссе жазу жəне берілген тақырыптар бойынша диалог құрудан құралды. Ал үшінші тапсырма «Шабыт жұлдызы» деп аталды. Онда қатысушылар орысша əн орындап немесе театрландырылған интерпретациядағы көркем шығармадан үзінді қойды, мəнерлеп өлең оқыды. Бас бəйгені Шығыс Қазақстан облысының өкілі Ақмарал Ермұханбетова жеңіп алды. Бірінші орынға қарағандылық Айжан Тастаубай лайықты деп табылса, екінші орынға Батыс Қазақстан облысынан Аяулым Амангелдинова, ал үшінші орынға алматылық Ару Исак орналасты.


7 БИГЕЛДИНОВТЕН КЕЙІНГІ БАТЫР

16 қыркүйек

Қ

РЫ Ы Ғ Ң А

Ж

2015 жыл

www.egemen.kz

Асќарбек Жандаровтыѕ есімі атаусыз ќала бере ме? Ғаламторды шарлап отырып, саясаткер әрі тарихшы Жұмабай Доспановтың мақаласын еріксіз ұшыраттым. Жалма-жан көз жүгірттік. Автор өз мақаласында Екінші дүниежүзілік соғысқа қырыққа жуық қазақ офицер-ұшқыштың қатысқанын жаза келе бірнеше наградаға ие болғандардың ғана атыжөнін атапты. Олардың көшін 7 жауынгерлік орденнің иегері Талғат Бигелдинов бастап тұр. Әрине, кезінде Кеңес Одағының Батыры атанған ағамыздың жөні бір бөлек. Оның теңдессіз ерлігіне ешкім талас тудыра қоймас. Ал екінші орынға 6 орденді қыран, аға лейтенант Асқарбек Жандаровты қойыпты. (Оның үшеуі «Жауынгерлік Қызыл Ту» ордені). Әрине, Асқарбек ағамыздың аты «Қазақстандық батырлар» кітабына енгізілгенімен, Алтын Жұлдыз таққан қаһармандардың арасында жоқ. «Ерлікті жасамаудан, бағаламау қауіпті» деген қағидаға сүйенсек, империялық пиғылдағы ұлтшылдықтан жапа шеккен ардагеріміздің бірі осы Асқарбек Жандаров болатын. Ұлы Отан соғысының басынан аяғына дейін қатысқан жерлесіміз 4 жылға жуық уақыт ішінде бірнеше әскери құрама сапында шайқасқан. Бізге белгілісі – Қара теңіз авиациясына қарасты 82 жеке авиаэскадрилья. №10 ІІІ дәрежелі Суворов орденді Мәскеу-Кенигсберг Қызыл Тулы барлау авиаполкі. Басқасын айтпағанның өзінде соңғы әскери құрамадан әуе шайқасында ерлік пен батылдықтың үлгісін көрсеткен 13 әскери адам Кеңес Одағының батыры атанды. Асқарбек Жандаров бұдан басқа, ІІ дәрежелі Отан соғысы, ІІІ дәрежелі Богдан Хмельницкий, «Қызыл Жұлдыз» ордендерінің иегері.

Жамбыл ата екі өмір тауқыметін бірдей көрген ақын. Ол ес біліп, ат жалын тартып мінген заманнан бері Жетісу өлкесіндегі патша өкіметінің үстемдігі мен озбырлығын көп көрді. Өстіп жүргенде ХІХ ғасыр бітіп еді.

ѕ ы д л ы б м а Ж

испан тіліндегі жырлары Самат ӨТЕНИЯЗОВ,

тарих ғылымдарының кандидаты.

Ал бұл дəуірдің алып келген тауқыметі бұрынғыдан да асып түсті. Демек, жаңа ғасыр қылышын сүйрете келді. Күннен күнге отаршылардың қысымы күшейе түсті. Ішкі Ресейден қаптап келіп жатқан переселендер шұрайлы Жетісу өлкесіне емінеркін орныға бастады. Халық патша өкіметі қысымының үлкенін енді көрді. Қысым мен зорлықтың көкесі жер тарылғанда, жерден айырылғанда болады екен. Көп ұзамай 1916 жыл оқиғасы келді. Одан соң патша тақтан құлады. Бүкіл Ресейге қараған бұрынғы территорияда азамат соғысы басталды, оның зардабы ауыр болды. Көзі ашық ел азаматтары, жұрт келешегін ойлап, отарлық езгіден шығатын кез келді деп жанталасты... Азамат соғысынан соң елдің жағдайы əбден нашарлады... Соғыс бітіп, ел ішінде 1926 жылға дейін біраз тыныштық орнаған секілді болды. Жаңа большевиктердің өкіметі ел ішіндегі барлық жағдайды билеуді қолға ала бастады. Келесі жылдары болатын кəнпеске жоспарлары қаралды. Ұжымдастыру Ресей, Украинамен қатар бірінші кезеңде жүргізілді. Бұл көшпелі қазақтарға өте ауыр соққы болды. Орта Азия республикалары, яғни отырықшы елге жасалған ұжымдастыру екінші кезеңде болған себепті көп шығын болған жоқ. Ал Қазақстан мен Украинада халықтардың көп бөлігі аштан қырылды. Жəне оның үстіне халықтың бетіне шыққан қаймағы – интеллигенцияға арналған репрессияның жасаған озбырлығы тіпті бөлек еді... Міне осындай жамандықтың бəрін, халқымыздың басындағы «жеті ағайынды жұтты» көрумен Жамбыл атаның өмір бойы жүрегі сыздап, сақал-шашы ағарған еді. Ал Кеңес өкіметінің басшыларына өз саясатын мадақтайтын ел ішіндегі беделді ақындар керек болды. С.Сейфуллин секілді Кеңес өкіметіне шын берілген адамдардың көзін құртуға мəжбүр болған большевиктер өкіметі білімді адамдарға тіпті сенбейтін болды. М.Жұмабаев сияқты өз Пушкині бар қазақ əдебиетінде 1937 жылы бас көтерер ақын, жазушы қалмады. Міне, сол кезде

Кеңес өкіметіне Жамбыл поэзиясы аса қажет болды. Кеңес өкіметін жырлау оңай емес екен... Сол өкіметті құруға С.Сейфуллин сияқты кеудесін оққа төсеп қатыспаса да, осы өкіметке шын берілген бір топ ақын жазушылар: С.Мұқанов, Қ.Əбдіқадыров, Ə.Тəжібаев, Ғ.Орманов, Т.Жароков өкімет тапсырмасымен Жəкеңді ортаға алады. Бұрын кең далада еркін көсіліп қалған кəрі тарланға бұл оңай болмады. Себебі, бұрынғыдай халық үшін ойына келген мұң мен шерді жүрек түбінен жарып шығарып, жырлай жөнелу мүмкін емес-ті. Бұрын адам естімеген керемет нəрселерді мақтауға, яғни тапсырыспен жырлауға тура келді. Оған түсетін тапсырыстар мен өтініштерде: – Мынау Кеңес деген дүниедегі ең күшті, ең əділ мемлекет. Оның қызыл əскері əлемдегі ең жеңімпаз, ең қаһарман жандар. Басшымыз Сталин, көсеміміз Ленин болмаса жерді түнек басар еді. Солар берген жарықтың арқасында бүкіл халық күн көріп тұр... – деп толып жатқан сөздердің ыңғайына қарай Жəкең өлең шығарушы болып, кіріптар жағдайда қалды. Өз жері мен туған өлкесінде еркін шауып үйренген Жəкең енді бауырын жаза алмаған тұлпардай күн кешіп жатса да, тапсырыспен өлең жазғанның əлде жырлағанның қиындығы мен қызығы мол екенін ұқты. Қандай жағдайда өлең тудырса да Жəкеңнің табиғи таланты мен ақындық шабытының аса күшті екені алдымен көзге түседі. Бір жақсысы, алғаш рет 1936 жылдың 7 мамырында «Правда» газетінде оның «Туған елім» атты өлеңі жарық көрген соң Жəкеңнің басқа өлеңдері тоқтаусыз республика баспасөзінде жарық көріп жатты. Сондай-ақ, оның бұрынғы шығармаларына да жол ашылды. Барлығы хатқа түсіріліп, баспаға дайындала бастады. Міне, сол жылдардағы Жəкең шығармашылығында, аса құнды халықаралық тақырыптағы жырлар да дүниеге келген болатын. Мысалы, оның сол кездегі «Испандық туысқандарға» атты өлеңі аса құнды тарихи жыр. Ол тез арада испан тіліне аударылып, испан тілдес талай елдің баспасөздерінде жарық көріпті. Мадридте азамат соғысы болып, коммунистер қуылып,

халық əскері тапталып, фашистер жеңіске жеткенде осынау халық басындағы қара түнекке, яғни қаһарлы күндерге арнап Жамбыл ата үн қатқан. Сөйтіп, тағдырдың əртүрлі тəлкегін көріп жатқан испан халқын қолдап, күш жігер берген. Осынау тарихи туынды 1937 жылы жазылып, алғаш рет «Əдебиет майданы» журналында (1938, № 5) жарық көріпті. Ал өлеңінің испанша нұсқасы Испания баспасөзінде сол кезде талай рет жарық көріпті. Жалпы айтқанда, Жамбылдың біраз өлеңдері басқа шет тілдердегі сияқты испан тіліне де аударылған екен. Алайда, мына өлеңінің тарихи маңызы испан халқына арнап туысқандық тілек білдіріп жазылғандығында. Осы жəне басқа туындыларды испан тіліне аударған əйгілі коммунист, ақын-жазушы, испан халқының ардагер ұлы Арконада Сесар Муньос екен. Ол 1898 жылы туып, 1964 жылы өмірден өткен. 1931 жылдан коммунистік партия мүшесі. Көптеген реалистік өлеңдердің авторы. Айта кететін бір тарихи жайт, Жамбыл атаның жоғарыдағы жырын орысшаға аударған ақын К.Алтайский болатын. Ал испанша сөйлеткен С.М.Арконада екенін жоғарыда айттық. Біз сөз етіп отырған мəтінді 1954 жылы Мəскеуде шыққан испан тілі оқулығынан (J.Lopez Ganivet y N.Velikopokskaya. LEO EN ESPAÑOL. M/ 1954. 46-47 беттер.) алдық. Қорыта айтқанда, Испания мен Қазақстан арасындағы əдеби байланыс сонау 30-жылдарда басталғанын көреміз. Алғаш испан тіліне аударылған қазақ ақыны Жамбыл Жабаев екенінің куəсі болып отырмыз. Себебі, осы уақытқа дейін Испания мен Қазақстан арасындағы əдеби байланыс 50-жылдары, яғни Сервантестің «Дон- Кихотының» қысқаша аудармасы қазақ тілінде шыққан күннен басталады деп есептелген. «Дон-Ки хоттың толық аудармасын жасаған Ə.Бəженов, қазақтан шыққан белгілі испантанушы болатын. Сонымен, Испания мен Қазақстан ақын-жазушыларының шығармашылық байланысы сонау 30-жылдары Ж.Жабаев шығармасымен басталғанын біз мақтанышпен айтамыз. АЛМАТЫ.

Асқарбек Жандаров 1917 жылы 10 қарашада қазіргі Отырар ауданы Шытты ауылында дүниеге келген. Бір жасқа толғанда əкесі Əнетбай қайтыс болып, анасы Қадишаның тəрбиесінде болды. Кіндік қаны Отырар жерінде тамғанымен Бөген су қоймасында тұратын нағашысы Жандарбек жетімді өз қолына алып, тəрбиелеген. Асқарбек ауыр тұрмысты бастан кешірді. Балалық шағын мал бағумен өткізген. Алайда, білімге құмар зерек бала оқу іздеп, Темір стансасы арқылы өтетін жүк пойызына жармасып, Ташкентке кетіп қалады. Мұндағы рабфакта сауатын ашты. Бұл 1931 жыл болатын. Екі жылдан кейін Жамбыл қаласындағы есеп-қисап техникумына қабылданып, оны 1935 жылы бітіріп шықты. Бұдан соң комсомолдық жолдамамен Челябинскідегі əскери ұшқыштар даярлайтын училищеге түседі де оны 3,6 жылда аяқтап шығады. Лейтенант шенін алған жас маман əскери қызметін Омбыдағы аэродромда бастады. Кейін полкімен бірге Ашхабад қаласына ауысты. Көп ұзамай ол қызмет ететін əскери құрылым Белоруссиядағы Витебск қаласына қоныс аударды. ...1941 жылы 22 маусымдағы соғысты əуеде қарсы алды. Польшаның Субалка қаласына шабуыл жасап, бірінші рет əскери тапсырманы мүлтіксіз орындады. Алайда, күші тең емес əуе шайқасында қандыкөйлек əріптестері көп шығынға ұшырады. Бұдан бірнеше жыл бұрынғы «Отырар алқабы» газетінде жарық көрген «Ауданнан шыққан əуе қыраны» атты Егемжар Жанқабылдың мақаласында кейіпкеріміз Асқарбек Жандаров тірі кезінде сол кезеңдегі сұрапыл ұрыстағы жағдайды ашық айтады: – Ұшағымыз негізінен «СБ» – орта салмақты ұшақ. Алғашқы шайқастарда-ақ біздің авиаполк тегіс істен шықты. Қалғандарымызды Мəскеуге əкелді. Қазанда ұшақ зауыты бар екен. Ол жерден «У-2» екі қанатты, сағатына 110 шақырым жылдамдықпен ұшатын самолетке ие болдық. Мəскеудің батысында Солнечногорскіде бір көл бар. Сол көл суықтан қатып қалып, дайын аэродром болды. Воло коламскіге 8 ұшақпен жауынгерлік жорыққа шықтық. Сол 8 ұшақтан мен ғана аман оралдым. Мені бұлт қорғап қалды...» деген жолдарды бейжай оқып шығу мүмкін емес. Өлім мен өмір арпалысқан 4 жылдың ішінде 250 рет əуеге көтеріліп, жаудың ұшақтарымен бетпе-бет келген жерлесіміз қаншама қауіп-қатердің ортасында жүрді десеңізші?! – Асекеңнің екінші əйелі Айлаш Медеубекова біздің əпкеміз еді, – деп еске алады облыстағы құқық қорғау орындарында ұзақ жыл қызмет атқарған отставкадағы полковник Ақылбек Медеубеков. – Батырдың болмысы бөлек болады білем. Жүріс-тұрысынан, сөзінен басқалардан өзгешелігі байқалып тұратын. Туысқан болған соң үйімен жиі араласып тұрдық. Қулық-сұмдығы жоқ адал адам болатын. Соғыс туралы əңгімелегенді ұнатпайтын. Көңілі түскенде ғана сөз етуші еді. Бірде жездеміз Асқарбек өзінің 3 рет таранға барғанын айтты. Сол əңгімесі есімде жатталып қалыпты: «Оқ-дəрі таусылған соң басқа жол қалмайды. Қашсаң, атып құлатады. Кімде-кім тəуекелге барып, батырлық жасаса, сол ұтады». Сөйтіп, қанатымен дұшпан ұшағын барып ұрған ғой! Бірде əуе кемесіне оқ тиіп,

парашютімен секіре бергенде ұшақ жарылып, жалыны мұның жүзін шарпыған екен. Бетіндегі майда тыртықтар содан қалған дейтін. Кезекті бір жауынгерлік тапсырманы орындап келе жатқанда жанармайы таусылады. Секірейін десе, жерге жақындап қалған. Сондықтан, амалсыз танапқа қонуға тура келген. Бұл жер немістердікі ме, əлде біздің əскерлер орналасқан алаң ба, ажыратып болар емес. Айнала тұман. Кейін білгеніндей, колхоздың егіс алқабы екен. Тереңдеу арыққа түсіп кетіп, ұшақ аударылады да жеңіл жарақат алады. Келесі жолы парашюті биіктігі 8-10 метр келетін қарағайға ілініп қалған. Бір тəуліктей асылып тұрған кеңестік ұшқышты өтіп бара жатқан партизандар кездейсоқ көріп қалып, құтқарған екен. Майданда мұндайлар болып тұрады.

ие болса, үшінші жауынгерлік Қызыл Ту орденін Кенигсбергте өңіріне тақты. Ал ІІІ дəрежелі Богдан Хмельницкий ордені Берлин үшін болған кескілескен ұрыста берілді. «Қызыл Жұлдыз» орденімен Курляндияда айрықша көзге түскені үшін марапатталыпты. ІІ дəрежелі Отан соғысы орденінің де өз тарихы бар екеніне күмəніміз жоқ. Сұрапыл жылдарда Асқарбек Жандаровтың «СБ» орта салмақты ұшақтан бастап, «У-2» (түнгі жеңіл бомбалаушы), «ИЛ-2», «ПЕ-2» (шүйіліп бомбалаушы), «МБР-2» (теңіз үшін барлаушы) «Р-5», «Т.Б», «Д-И-Б», «СБ» тағы басқа ұшақтарда соғысқан. Демек, жерлесіміз тек барлаушы ғана емес, бомбалаушы ұшақтарды да шебер меңгерген ұшқыш. Кеңес Одағының əскери тарихында аты аңызға айналған қазақ

Жоғарыда айтып өткеніміздей, Отанымыздың жүрегі саналатын Мəскеуді қорғау үшін Волоколамск тас жолының бойындағы көзсіз ерліктері аңызға айналған авиациялық шабуылдарда Асқарбек Жандаров ерекше көзге түсіп, ысылған ұшқыштың бірінен саналады. Оның өміріндегі ұмытылмас мына эпизодты айтып өткеніміз жөн шығар. Бірде кеңестік Əуе күштері армиясының қолбасшысы, генерал-полковник М.М.Громов жерлесімізді өзіне шақырып алып, жауапты жауынгерлік тапсырма жүктейді. Сапар өте қауіпті. Жау тылына өтіп, партизандардан тың деректер алып келу үшін қазақтың батыл ұланына өзінің бронды «ИЛ-2» ұшағына отыруына рұқсат береді. Генералдың ұшағында реактивті снаряд қондырғысы бар. Тапсырма бойынша соғыс алаңынан төмен ұшып өткені соншалық, тіпті қарағай бұтақтарының ұшы ұшағына тиіп жатты. Немістердің аэродромы мен шоғырланған техникасына бомба тастап, партизан отрядының алаңына аман-есен қонды. Маңызды деректерді алып қайтты. Аэродромда М.М.Громов күтіп алып, өжет қазаққа алтын сағатын сыйлапты. Ертеңіне 1 Мамыр мерекесінде сапқа тұрған полк алдында авиация генералы, лейтенант Асқарбек Жандаровтың кеудесіне № 90774 нөмірлі жауынгерлік Қызыл Ту орденін қадайды. Иə, əрбір орден мен медальдың арғы жағында батырлық пен батылдықтың, жанқиярлықтың, ерліктің үлгісі бар. Мəселен, медальдарын айтпағанның өзінде екінші жауынгерлік Қызыл Ту орденіне Польшаның астанасы – Варшаваны азат еткені үшін

қаһар маны ретінде оның есімі мəң гілікке алтын əріппен жазылып қалары сөзсіз. «Военная литература» кітабының «Над Черным и Азовским морям» атты 5-тарауының 247-бетінде екі жаңа жолдан тұратын қысқаша əскери ісқимыл хроникасы берілген. Соны бірге оқып көрелік: «6 сентября 1943 г. в районе зоны Батуми-Поти была уничтожена подводная лодка противника самолетами МБР-2 82-й отдельной авиаэскадрильи. В 17 час. 25 мин. лейтенантом Жандаровым по обнаруженной лодке было сброшено 2 противолодочные бомбы. На поверхности моря наблюдалось выделение соляра и воздушных пузырей, но лодка продолжало свое движение. При повторном ударе 4 МБР-2 (ведущий капитан Бойченко) лодка прекратила движение. В результате противолодочных действий черноморской авиации вражеские подводные лодки были атакованы 65 раз. Из числа атакованных лодок 2 были потоплены и 3 повреждены». Ұшақпен жаудың ұшағын атып, жердегі əскери техникасын жойып жіберуге болар. Ал үнемі судың астында жүретін сүңгуір қайықты анықтап, оны істен шығару нағыз ерлік емей, немене?! Бəлкім, əскери командование А.Жан даровты еліміздің ең жоғары наградасы – Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынған болар. Алайда, жастайынан намысқой, тек əділдік пен туралықты ұнататын жерлесіміздің қызуқандылығы ол атақты алуға «кесірін» тигізгенге ұқсайды. Жоғарыда аталған мақалада бұл жайында ұшқыштың өзі былай дейді: «...Соғыста Отанның əрбір

патриоты қан кешіп жүргенде, кейбір «элементтер» өздерінің басын сауғалаумен жүрді. Ондайларға шыдамайтын менің осы өжеттігім «Алтын Жұлдыз» алуыма кедергі болды». Ақылбек көке бір сөзінде «жездеміз Асқарбек өзінен шені үлкен бір командирмен жанжалдасып қалғанын, іс насырға шапқан соң майдан қолбасшысының орынбасары, əскери кеңестің мүшесі Мэхлис араша түсіп аман алып қалған екен» деген əңгіменің ұшын шығарып еді. Кім біледі, осындай қолдан жасалған «кедергілер» қаһарман қазақ ұшқышының бағын жіпсіз байлады ма екен? 1946 жылы мамыр айында А.Жандаров елге аман-есен келді. Шымкентте облтресте кадр бөлімін басқарды. Арыс қаласындағы əскери бөлімде жұмыс істеген. Кейін Сайрам аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Созақ аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары, Төле би аудандық партия комитетінің идеология, кейін өнеркəсіп жөніндегі хатшысы қызметтерін атқарған. «Путь Ильича» колхозын, Түлкібас ауданында мал бордақылау кеңшарын басқарды. Құрметті демалысқа шыққан соң да өндірістен қол үзбеді. Леңгірдегі зағиптар қоғамына жетекшілік етті. Төле би жəне Отырар аудандарының құрметті азаматы атанған соғыс жəне еңбек ардагері, запастағы полковник, республикалық дəрежедегі дербес зейнеткер 1999 жылы Президент Н.Назарбаевтың қолынан «Парасат» орденін алды. Асқарбек Жандаровтың майдандас əрі бірінші əйелі Любовь Никофоровна Егоровадан Владимир деген тұңғыш ұлы дүниеге келген. Ол Белоруссияның Витебск қаласында тұрады. Мамандығы – инженер. Батырдың екінші əйелі Айлаштан Алтынбек, Еркін, Қал дыбек атты ұлдары, Лəззат, Шəкизат, Гүлзат есімді қыздары бар. Үлкен қызы Лəззат естелік айтты, əкесінің адамгершілік қасиеттері туралы əңгімеледі. Бұдан бірнеше жыл бұрын Леңгір қаласында тұрғанда Белоруссиядан Володя бауырының іздеп келгенін тілге тиек етті. Атақсыз батыр Асқарбек Жандаров 2006 жылы қаңтарда қайтыс болды. «Ерлік – елге ұран, ұрпаққа – мұра». Мұндай баһадүрге қандай құрмет көрсетсек те жарасады. Оның рухына тағзым ету – азаматтық парыз. Жастарды отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тəрбиелеуде оның өмірі өнеге. Аты аңызға айналған мұндай қаһармандарға арнап музей ашса да артық емес. Белоруссиядағы Витебск облыстық музейінде немістердің тылындағы əскери нысандарды суретке түсіргенде жерлесіміз мінген ұшақтың 15 жерінен оқ тескенін дəлелдейтін құжаттар əлі де сақтаулы тұр. Оңтүстік Қазақстан облысынан шыққан тұңғыш əскери ұшқыш, 8 орденнің иегері жерлесіміздің есімін мəңгі есте қалдыру үшін не істеу қажет? Батыр туып-өскен жерге немесе ол оқыған мектепке ескерткіш орнатылса кəнеки?! Аты аталған аудандар мен Шымкент қаласында батырдың атыменен аталатын көше жоқ. Неге? Серікқали ЖЕКСЕНБАЕВ.

Оңтүстік Қазақстан облысы. ––––––––––––– Суреттерде: А.Жандаров Ұлы Отан соғысы жылдарында (оң жақтан санағанда бірінші); бейбіт күндегі бейне.


8 Əдебиет əлемінде қанша оқысаң да жалықтырмайтын, оқыған сайын тынысың ашылып, тамырың иіп, тамсандыра түсетін көркем туындылар баршылық. Сондай шығармалардың қатарына өз басым орыстың ойсаң жазушысы Константин Паустовскийдің əңгімелерін қосар едім. Əсіресе, «Корзина с еловыми шишками», «Старый повар», «Ручьи, где плещется форель» атты əңгімелердің орны ерек. Биыл Атырау облысында іссапарда болып, Ресеймен шекараға дейінгі біршама ел мен жерді армансыз аралағаным бар. Сонда өлкетанушы-ғалым Өтепберген Əлімгереев досымнан естіген, Астраханьнің Володар ауданында өткен ғасырдың жетпісінші жылдарында болған мына бір ғажайып хикаяны Константин Паустовскийдің əңгімелеріне ұқсатқандай болғам... * * * Қазан айының басы еді. Колхоз нулы жерді сағалап, сулы жерді жағалап, ала жаздай шапқан шөбін біртіндеп қораға тасып жатқан кез. Ертеде бұл маңай аумақты арал болатын. Жаз шыға оған кірер кеңірдектей тар қылтаны белуардан су басып кететін. Су басса да, жолдың сорабын жатқа білетін əккі тракторшылар оны елең қылмаушы еді. Олар жер-көкте көлкіген көлден де жол тауып, төтесінен салып арсы-гүрсі өте шығысатын. Қазір ондай мол су қайда... Жер дүниенің аңқасы кеуіп, əжімделіп құрғап барады емес пе! Қалай десек те, осы бір жабайы аралдың жон арқасы жылмиған жазық, шүйгіні мол қоғалы қорыс-ты. Күзгі қарбалас сабасына түсіп, саябыр тапқан бұл күндері сонда түртінектеп төрт-бес тракторшы ғана жүр. Шөп тасып жүрген төрт тракторшы жаңбырды сылтауратып қас қарая қайқайып ауылға кеткен. Аралдағы бесінші адам – Нариман – механик еді. Трактордың біреуі сынып, соның ақауын жөндемекке қоста қарайып жалғыз сол қалған болатын. Нариман тракторшы ағалары кеткен соң, іңір алагеуімінде бергідегі айрыққа шығып, бұрыстағы атаудың ығына төрт құлаштық торкөз ау салып қайтқан еді. Таңертең көзін тырнап ашқан бойда қайыққа отырып, кешегі өзі құрған ауды қарауға шықты. Аудың құлағын саумалап тартып, асықпай жинап жатыр еді, арғы шеттегі нар қамыстың қалың жынысы жайқала қозғалғанын көз қиығымен байқап қалды. Алдымен өзен бетіндегі ала тұман астарынан əлдебір қара қайықтың қайқы тұмсығы көрінді. Ол баяу ағыспен дария бетінде салындыдай сырғи жылжып келе жатты. Қайық үстінде күлəпарасын басына милықтата киіп, жылтыраған жарғақ сулық жамылған жадау біреу отыр. Тас мүсін сияқты, қыбыр етпейді, шоқиып қатып қалыпты. Мылтығы белден бүктеліп, қасындағы көлденең орындықта асылып жатыр. Сулықтың ішкі жағында қынай буынған патронтаж жалтырайды. Қайық түбінде бастары қылжиған бірер көк мойын сарыала үйрек байқалды. Бұл оқыс көрініске Нариман күдіктене қарады. Мынау ара тұңқима тұйық еді, теңіздің тамағына тақау мақау шет. Былайғы бейсауат адам жүрмейтін ұры түкпір. Іргедегі Еділден қиырға тартқан Қиғаш өзенінің жоғарғы иінінде Ресейдің аңшылық шаруашылығы бар-тын... Мына жұмбақ жан таң қараңғысынан үйрек атуға шыққан сол мекеменің көп аңшысының бірі болды-ау, тегі? Бойын болмашы үрей билесе де, «қайтер екен» деген əуесқойлықпен бір ер мезет қадала қарап қал ды. Байқайды, қайықтағы шоқиған жанда тіпті тіршіліктің белгісі жоқ. «Омалып отырған күйі өліп қалғаннан сау ма?» деп ендігі сəтте Нариман мазасы кетіп, алаңдай бастады. Аудың қалған бөлігін апыл-ғұпыл жинады да, жалма-жан ескекке отырды. Жылжи есіп қара қайықпен қатарласа бере, сықырлатып ернеу тіреді. Шоқиған жан қайық шайқалғанда барып басын баяу көтерді. Көтерді де, іле аузын басып, булыға күркілдей жөнелді... Əйтеуір, бойында жаны бар екен, тірі екен, Нариман сонысына қуанды. – Сынок, помоги! – деп, қайықтағы бейбақ жағын əзер ашып, қарлыға тіл қатты. Бет-жүзі өлекседей көгіс тартқан, жанары лайсаң, көз маңайы қызыл жиектеніп, мөлиіп қапты. Екі қайықты да жағалаудағы білеу қазыққа жібінен байлай бере, ана кісіге көмекке ұмтылды. Өзі қарағайдай қапсағай, ересен ұзын бəле екен, өндіршегі сорайып, орнынан үш ұмтылып азар тұрды. Нариман қарынан демеп, қолтығынан сүйеп, əлтек-тəлтек кирелеңдетіп аңшыны үйге кіргізді. Алдымен басындағы күнқағарын, үстіндегі жарғақ сулығын шешті. Жаңбыр суы бүкіл киіміне өтіпті. Енді байқады, аңшы дегені – əукесі салбырап, жағы қабысқан мыжырайған мосқал шал боп шықты. Суық өтіп, аруақтай бозарып кеткен кеспірі өзін одан əрмен қартайтып жібергендей. Аңшының орнына өлмелі шалды көргенге күдікшіл көңілі орнына түскендей болды... «Осыларға не жорық, кемпірінің қасында, жылы үйде жамбастап жатпас па», деп бір ойлап қойды. Өзі иегінде тұқыл жоқ көк жарғақ көсе екен.

www.egemen.kz

Аңдауынша, бұл кісі түн асырып адасқан ғаріпке ұқсаған. Қатты зардап шеккен, халі мүшкіл, өң мен түстің арасындағы міскін жан. «Құрғыр, қолымда қылжиып қалып бəлесіне қалармын» деп, Нариман екі бөлменің арасында зыр жүгірді. «Қайсыбір қиын жағдайға» деп өзгелерден жасырып, ана бір жолы жалғыз шөлмекті орап-шымқап тапшанның астына жасырып қойғаны бар-ды. Сол есіне түсіп, Нариман шөлмекті сылдырлатып суырып алды да, шөпілдетіп қырлы стақанға толтыра арақ құйды. Сосын, оны жайымен шалға ұсына бере: – Мынаны тез тартып жіберіңіз! – деп бұйыра сөйледі. Шал шүңкиіп көзін əзер ашты. Сексеуілдің семген бұтағына ұқсаған салалы саусақтары икемге көнбей дір-дір етті.

РІ Е Д М І ІР ӨР

ӨМ

үстелді жылжытып, шалдың алдына зерен кесемен буы бұрқыраған ыстық сорпа қойды. Шал сорпаны ұрттап таусып, ұзақ сораптады. Бұлауға түскендей сүйсініп, тағы да маңдайынан шып-шып тер сорғалады. Терлей бергесін бе, үстел басында ұзақ отыра алмады, сүйегін сықырлатып тапшанға қайыра қисайды. – Балам, атың кім болады? – деп сұрады арадағы біраз үнсіздіктен соң. – Нариман... Нариман Əрешов боламын. Механикпін. Шал қабағын түсіріп, біруақ тоң-торыс қалды. Əбден қалжыраған, жаңағы екі ауыз тіл қатқанға да діңкесі құрығандай. – Мен, балам, қамыс ішінде үйрек аңдып отырып адасып кетіппін, – деп күйзеле күрсінді. – Атқан үйрегімді іздеймін деп ағыспен ығып, тұрған

– Толя атай арқасын пешке қақтап, қол қусырып бергі шоланда отыр екен. Ұзын мойнын ырғап қойып, езу тартып күлген болады. Қайық табанында бірер үйрек жатқанын, реті келсе солардың бірін асып, тамақ жасауын қиылып сұрайды. Əрине, сөз бар ма... Нариман лып беріп қайық табанындағы үйректерді мойнынан тізіп алып келді. Төртеу екен, біреуін ыстық суға салды да, жүнін бұрқыратып тазалап, кешкі тамақ қамына кірісті. Бабында піскен үйрек етінен талмап, тарамдап дəм татқаны болмаса, атайдың тəбеті оған да оншалықты тарта қоймады. Ал ыстық сорпаның бір кесесін сораптап ұзаққа созды. Сорпадан соң Нариманнан қайта-қайта кешірім сұрап, орнына қайыра жантайды да, тас бүркеніп жатып қалды.

16 қыркүйек 2015 жыл

неге екені белгісіз, ана кісі сан тарам бұрылыстың біріне жылыстап жылжып кетіпті. Содан қара басып бұл бейбақтар «уважаемыйдан» мүлде көз жазып қалса керек. Қорықшының ұсқыны былайғы басбұзар тентекке ұқсамаған, ауылдың қой аузынан шөп алмас момын қазағына келеді. Сонысын байқап, Нариман оның сөзіне үнсіз иланғандай болды. Келесі бір мезетте қорықшы терістік жағалауда жамбастап жатқан қайқы тұмсық қара қайықты көзі шалып, жерден жеті қоян тапқандай қуанып кетті. – Əне, əне... біздің қайық! Соның дəп өзі! – деп аяғымен тепсініп, дауыстап жіберді. Қасындағы күдірейген қалалық жігіт ыржалаңдаған қорықшының байбаламы-

ҚИҒАШ ХИКАЯСЫ Əлібек АСҚАРОВ.

– Бұл не, балам? – деп стақанға қарады, жыпылықтап қасын көтерді. – Бұл кəдімгі арақ... жақсы болады... ішіп жіберіңіз? – деп Нариман дігірлей түсті. «Жақсы болады» дегенге ана кісі келіскендей басын болмашы изеді. Қолы қалтылдап стақанды зордың күшімен аузына апарды. Тісі сақылдап, шашалып қала жаздады, ұрттап ішіп ұзақ жұтты. Өзі қатып-семген көтерем, қабырғасын санап алуға болғандай қу сүйек, арық екен. Нариман оны кеудесіне дейін жалаңаштады да, төсекке етбеттей жатқызып, арқасына арақ жақты. Жаққан арақты арқасына жайып, асықпай алақанымен ұзақ ысқылады. Арқадан соң аударып кеудесін ысқылады, білгенінше массаж жасады. Сөйтті де, құндақтай орап, құрақ көрпемен төсекке бөлеп тастады. Жұмысшыларға деп өткен жексенбіде сойған қойдың құйрық майы түтінделіп шоланда ілулі тұрған, соны əкеліп табаға шыжғырып ерітті. Араға аздаған үзіліс салып көрпені ашып, еріген сұйықпен шалдың кеудесі мен арқасын майлады. Май əбден сіңгенше алақанымен қайтақайта ысқылаумен болды. Жазған шал əбден титықтаған екен. Жаңағы айғыр стақан арақ та буын-буынына түсіп кетті ме, өн бойы қорғасындай балқып, былқ-сылқ болды да қалды. Қалай төңкерсең де дым сезер емес, кескен теректей серейіп қалың ұйқыға кеткен. Маңдайына алақанын басып көріп еді, аздаған ыстығы бары байқалды. Құлағын төсеп өкпесін тыңдады, шүкір, бөтен сырыл жоқ, қабынудан аман тəрізді. Күн жылына трактормен айналыссам деп еді, трактор ғана емес, шарқайлы шаруаның бəрі адыра қалды. Ендігі ойы жайсыз уақытта жаңылып жүрген мына мүсəпірді аман алып қалу. Алдымен кəстрөлге су құйып, оны бұрқ-сарқ қайнатты. Сыртына майы шыққан сап-сары сазанның бірінің қабыршағын аршып, ішек-қарнын тазалап, шылп еткізіп қайнаған суға тастады. Балықтың көзі ағарып піскен шақта оны жайлап сүзіп алды да, орнына шикі сазанның тағы біреуін тоғытты. Піскен кезде оны да сүзіп, былай алып қойды. Сосын қайнаған сорпаға үшінші балықты тастап жіберді. Кесектеп турап үстіне бірер картоп салды. Дəм шығару үшін сорпа бетіне ұсақтап туралған жуа мен ащылы-тұщылы дəмдеуіштерді қоса септі. Тракторшылардың мұрындары тершіп, тамсана ішетін «тройная уха» дейтіні осы болатын. Тілді таңдайға жапсыратын дəмді тағам, жеңсік ас, көже атаулының көкесі. Сыртқа шығып, төңірекке көз жіберіп күн райын болжады. Түс əлдеқашан ауып кетіпті. Жырымдалған сұр бұлттың арасынан күннің сұйқылт нұры өлеусіреп сығыраяды. Кешеден бері себелеген күздің салқын жаңбыры басылғанымен, ауада əлі дымқыл сыз сезіледі. Нариман қайыра үйге кіріп, бейтаныс шалдың бейқұла халін бақылап біршама уақыт қасында қалшиып отырды. Құр сүлдері қалған бұл кісі бой жазып, біруақ тамақ ішпесе одан бетер əлсірей бермек. Сондықтан, балықтың ыстық сорпасын беріп, ар жағына ел қондырсам, күш жинатсам, емдесем деген ниетте еді. Қария дəнеңе сезер емес, күрк-күрк жөтеліп қойып, шала бауыздаған малдай қорылдап терең ұйқыда. Қашанғы күтеді, қабатталған көрпелерді бір-бірлеп аршыды да, қарияны иығынан баяу қозғап оятты. Шал үй ішін көзімен қыдыра бір қарады да, тұнжырап еденге шұқшиды, қайдан келіп, қайда тұрғанын білмей қиналған түрі бар. Орамалымен аузын басып, күркілдеп жөтеле береді. Нариман

жерімнен жылыстап ұзап кетсем керек. Түні бойы жаңбыр астында қалып, қатты тоңдым. Сен кездеспегенде өліп қалғандай екем. – Оныңыз рас! – Нариман құптап басын шұлғыды. Еділдің ендей тарамдалған атырабы мың-сан айрық, бытысқан қалың қамыс, жыныс тоғай, қайық түгілі кеме жоғалса табылмайтынын Нариман жақсы білетін. – Атым кім дедің? – Нариман. Шал дұға оқығандай ерін ұшынан «Нарыман» деп үш мəрте қайталады да, басын шайқады. – Мен орыстың ыңғайына салып сені Николай десем қайтеді? Сен мен үшін Коля болсаңшы? – деп сұрады. – Өзіңіз біліңіз! – деді Нариман. – Ал, мені Толя атай десең болады. – Толя атай дейсіз бе? Жарайды... – Əке-шешең бар ма еді? – Жоқ, балалар үйінде өстім. – Менде де бала жоқ! – Толя атай үһіледі, əлдене есіне түскендей көзін тарс жұмып алды. – Үйленіп пе едің? – деп сұрады артынша. – Осы көктемде үйленгем... – Жөн-жөн, балам... Арадағы аз-кем үнсіздіктен соң, Толя атай жастықтан басын көтеріп, Нариманның қолын алып, кеудесіне басты. – Коленька, – деді тебіреніп. – Мен айдалада атаусыз өліп қалғандай болсам, айықпас ұятқа қалып, ел-жұрттың алдында үлкен шу болар еді. Сен мені зор қатерден құтқарып қалдың. Енді сен менің балам боласың. – Балам боласың дейсіз бе? – Нариманның еріні қайыстай керілді. Астраханьнің адасып жүрген атасы бөтен аңсағайдай мұжығына бала болғысы жоқ еді. Бірақ бұл кісінің енді-енді өңі кіріп оңала бастағанын ойлады да, көңілін жыққысы келмей, жауабын жұтып қойды. – Қандай оқу бітірдің? – Сельхозтехникум... Астрахань қаласындағы... – Оның да жөн екен, балам... Нариман атайды көрпемен қымтап жауып, пештің оттығындағы күлді тазалап, қолын жүре сүртіп далаға шығып кетті. Содан кешке дейін трактордың ақауын жөндеумен арпалысты. Кеш түсе комбинезонын шешіп, қолын жуып, үйге кірсе

Атай ұйықтаған соң да Нариман қараңғы үйді күзетіп біразға дейін отыра берген. Соңынан шолақ пешке бір шелек көмірді толтыра салып, өзі де босағадағы тапшанға киімшең қисая кетті. * * * Таң бозынан мотор дауысын естіп, күртесін жамылып сыртқа шыққан. Дарылдаған дарақы қайықтың бірі ме деп еді, қыт-қыттаған катер екен. Катер күнгей қалтарыстағы ықтасын қолтықтан емес, теріс-қағыс тұстан, қарсыдағы ақжал толқын сапырған шалқар жақтан көрінді. Сонадайдан боздата сигнал беріп айдындай келді де, күрк-күрк жөтеліп барып, түйетайлау жағаның май батпағын тұмсығымен сүзе тоқтады. Жағалау батпақ екен демеді, ыршыпыршып төрт жігіт жерге түсті. Түрлері өрт сөндіргендей, əлденеге қатты абыржулы. Нариман бұлардың біреу қуғандай суыт жүрісінен біртүрлі секем алып қалған. Араларындағы қорық инспекторы формасындағы тəйпиген домалақ қазағы болмаса, қалған үшеуінің киім киістері бөтен... Бұл маңайдың қауметіне ұқсамайды. Шаштарын таранып, өкшесіне қаранған қалалық тасыраң біреулер. Іштеріндегі бітеу мойын тайөгіздей біреуі аман-саулық жоқ, тепсініп Нариманның қасына жете бере: – Мы ищем одного уважаемого человека! – деді орысша саңқылдап. – Высокого роста? – деп сұқ саусағын шошайта көтеріп, ауада екі рет иірді. Нариманның жон арқасынан аяз жүгіріп өткендей болды. «Бұлар ұйымдасқан топ болды-ау», деп секемденді. Қалай болғанда да бойын тез жинап, қораздана қоқиланған бұл жігітке шырай бермей, үніне барынша салмақ сала сөйледі. –Уважаемый, не уважаемый, я не знаю... Но один дряхлый старик дома лежит, – деп жауап берді де, иегімен үй жақты нұсқады. Жауапты естіген бойда төртеудің екеуі үйге қарай борсаңдай жөнелді. Қорықшы мен тағы біреуі Нариманды аңдып, тықыршып оның жанында тұрып қалысты. Қорық инспекторы «уважаемый» деген кісіні екі күннен бері су бойында сабылып іздеп жүргендерін, күндіз-түні ұйқы жоқ, таба алмай бос сандалғандарын шағынғандай боп сарнап жатыр. Үйрек аңдытып, əдейі қойып кеткен жерден,

на иланбаған секілді, тапыраңдап қайыққа ұмтылды. Барды да, алақанымен сипалаптүрткілеп қайықты бір айналып шықты. Сол бойда үйге қарай желе жүгірді. Қорықшы да оның соңынан емпеңдеп бірге ілесті. Далада состиып жалғыз тұра бергенге ыңғайсызданып, арада бірер минуттан соң Нариман да есікті сықырлата ашып, үйге кірген. Төрт жігіт беті-қолын шайып, орамалмен сүртініп жатқан Толя атайдың маңайында үймелеп, тар шоланда шиыршық атысып жүр. Қайта-қайта кешірім сұрап, ұятқа қалғандарын айтып, жалпылдап-ақ жатыр. Кеше таңертең Астраханнан арнайы тікұшақ шақыртыпты, бірақ ол құрғыры жаңбырда жете алмай, «енді шықтық» деп бүгін таңертең ғана хабар беріпті. Егер атай табылмағанда, бүгін бұлар сол тікұшақпен төбеден іздеу салмақшы болған екен. – Анатолий Петрович, сіз дереу қалаға барып, дəрігерге көрінуіңіз керек? – деп бағанағы бітеу мойын жалпылдап еді, Толя атай келіспегендей басын шайқады. – Ол жаққа да барармыз, бірақ менің кешелі бергі дəрігерім, міне, мына жігіт! – деп қасын керіп, мейірлене жымиды. – Танысып қойыңдар, аты Николай болады! Атай не айтса да аузына кіріп кетердей боп азар тұрған жігіттер жаңа көргендей, Нариманға таңырқай қарасты. Миықтарында кежір күлкі ойнап, атайдың жаңағы сөзін əзілге балаған түрлері бар. – Дұрыс қой... – деді бітеу мойын күйбежектеп. – Айтқаныңызға құлдық, Анатолий Петрович! Бірақ, мына сасық лашықтан тездетіп кетейікші? – Бұл лашық сасық емес! – Толя атай қабағын кіртитіп, мұрын астынан күңк етті. Жөткірініп еді, оның соңы булыққан жөтелге жалғасты. Орамалымен бетаузын бұрап сүртті де, – Бұл жер маған құтты мекен болды... – деді. – Осы лашық болмағанда... мына Николай болмағанда, сіздер мені бүгін тірідей көрмес едіңіздер. Төртеуінің көздері оттай жанып, тағы да Нариманға назар шаншыды. Атайдың сөзінің əзіл еместігі енді ғана миларына жеткендей... Жəмпең қағып Нариманға кезек-кезек қол ұсынып, бастарын изесіп рахмет айтысып жатыр. Атай тоқыма қалпағын басына кие беріп, қалбалақтаған ұзын жігітке: – Валентин, сен мына Николайдың мекен-жайын түгел жазып ал! – деп бір тапсырып өтті. Валентин дегені жіптіктей жұтынған біреу екен, басын ұршықша бұлғаңдатты да, Нариманды сыртқа жетелей жөнелді. Жеке шығарып, тəптіштеп отырып атыжөнін, жұмыс орнын, мекен-жайын қойын дəптеріне мұқият түсіріп алды. Артынша Толя атайды қаумалаған үшеуі де дабырлай сөйлесіп сыртқа шыққан. Қазір катерге отырып қонақүйге жеткен бойда, тікұшақпен дереу қалаға аттанбақшы боп келісті. Қара қайықты бұл жерден кейінірек алып кетпекші болды. Атай қоштасарда Нариманның қолын қысып, ұзақ ұстап тұрды, ризашылығын білдіріп, жүректен шыққан жылы сөздерін айтты. – Балам, ендігі қалған ғұмырда біз екеуміз бірге боламыз, осыны ұмытпа! – деп елжіреді. Туған ұлындай еркелетіп арқасынан қақты, еңкейіп маңдайынан иіскеді. Сөйтті де, жайлап басып катерге көтерілді. * * * Нариманның содан кейінгі өмірі тура ертегідей болды. Мерейі тасып, жас өмірі өрге домалады. Ауыл арасында «Нариман тіпті де жетім емес екен, туған əкесі табылыпты» деген дақпырт желдей есті. Алдымен, арада ай өткенде ол Саратов қаласындағы ауыл шаруашылығы институты ректорынан арнайы шақырту қағазын алған. Ректор нағашысы емес, бұл оның жиені емес еді. Содан ба, бұл шақырту ашық күнде аспаннан тас құлағандай жаңғырығып, ойдағы мен қырдағының баршасын аң-таң етті. Дəнеңе түсінбесе де, артын жақсылыққа

жорып Нариман Саратов қайдасың деп соңына жалтақ-жалтақ қарап кете барды. Қызықтың басы сол шалғайдағы Саратовтан басталды... Техникумды қызыл дипломға бітіргені зор демеу болып, ректормен қысқа əңгімеден соң институттың механика факультетіне сырттай оқуға қабылданды. Он күндей «установочный» дейтін арнайы курсын өткен бойда қуанышы қойнына сыймай, алақайлап ауылға қайтты. Ол қуаныштың қызығы басылмай жатып, жаңа жылдың басында Астрахань қаласындағы «Сельхозтехника» дейтін алпауыт мекемеге қызметке шақырылды. Артынша қала шетінен үш бөлмелі пəтердің кілті қолына тиді. Ақпан айының соңына қарай келіншегі Əсима екеуі буынып-түйініп... міне қызық, пойыз емес, автобус емес, əскери ұшақпен Мəскеуге аттанды. Бұларды шақыртқан, өткен күзде Қиғашта кездестірген Толя атай екен. Мерей жасқа толыпты, сол тойға Нариман мен келіннің келіп, қуанышын бөліскенін қалапты. Толя атайдың бəйбішесі жасы ұлғайғанына қарамастан ажарын бере қоймаған, мінезі жұмсақ мейірбан жан екен. Нариманды да, келіншегін де ботадай елпілдеп жақын тартып, əңгімеге үйіріп, ежелгі таныстардай-ақ баурап əкеткен. Мерейтойдың үлкені көктемге қалыпты да, бұл күні тілеуі бір, тілегі ортақ бір топ замандастары атайдың Мəскеу түбіндегі оңаша саяжайында бас қосыпты. Бəрі де тетелес үзеңгі достар, жөн білетін бірөңкей сырлы зерең, қазыналы қариялар екен, көкейге қонатын көрікті əзіл, көшелі əңгіме айтысып отырды. Нариман оларды сырттан бақылап, құлақ қойып қызықтап, өзге бөлмеде жүрген. Қариялардың əңгімесінің бірін ұқса, бірін ұқпай, аузын ашып таңданумен болды. – Диманы күтейік. Қызметі ауыр ғой, кешігіп жатқан болар, – деп, кешті бастамай, Толя атай əлдебір досын сағатқа жуық күттірді. Ақыры əлгі айтқан «Дима» деген досы да келді. Нариман алтын оқалы погон, сары ала киімді əскери адамды есіктен кірген бетте тани кеткен... Армияда жүргенде Ленин бөлмесінде бұл кісінің үлкен суреті ілулі тұратын. КСРО Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының маршалы Дмитрий Устинов екен!.. Нариман онсыз да еденіне дейін мұздай жалтыраған мына сəулетті бөлмелерде өзін қоярға жер таппай қолайсыз күйде жүрген-ді. Үйге алшаң басып маршал кіріп келген соң өзін арыстанның апанына тап болған қояндай сезінді. Офицер демесең, əскерде жүргенде тірі генералды көрмеген қатардағы солдат еді. Енді, мінеки, маршалмен дастарқандас болғанына көңілі құрғыр сенер емес. Сенбейін десе, шыққыр көзі оттай жайнап бəрін көріп-біліп отыр... Қиғаштағы баяғы шүмек бет көтерем шал осындай құдіретті кісі деп кім ойлаған? Аузы дуалы, сөзі уəлі марқасқаның нағыз өзі екен-ау! Саяси бюроның мүшесі, маршалды дос қылған жойпаң бастық екен ғой! Нариман Толя атайға қызыр көргендей қайта-қайта жаутаңдаумен болды. Дастарқан басына жайғасқан кезде Толя атай Нариманды: «Менің Николай деген ұлым – осы!» деп мақтанышпен таныстырып өтті. «Ұлым – осы», дегеніне қарағанда, бұл ескі достары Нариман жөнінде бұрыннан хабардар ма, əлде бекзат мəдениеттіліктің белгісі ме, бетжүзін күн қаққан қазақтың қара баласына таңданған да, сұрақ қойып сұқтанған да ешкім болмады. Осы кештен кейін де келіншегі екеуі атайдың саяжайында бой үйретіп, бауыр басып апта бойы жатып қалды. Мəскеуден елге қайтарында атай Нариманға жаңа үйдің көрімдігі ретінде ресімдетіп «Сақтық кітапшасын» сыйға тартқан. «Алмаймын» деп безек қақса да қоймады. Үй ішіне қажетті керек-жарақ, жарқыратып жиһаз алуын Əсима келінге тапсырды. Сол жазда іңгəлап өмірге келген Нариманның тұңғышының есімін Толя атай өзі қойды. Немересінің құрметіне атай жас отбасына жұтынып тұрған көгілдір «Волга» автокөлігін тарту етті. Нариман содан кейін Мəскеуге əр жыл сайын барып тұрды. Толя атайдың ақсарайдай кең саяжайында балашағасымен аунап-қунап, жаз бойы дем алып қайтып жүрді. Осы алғаусыз көңіл, селкеусіз ниет Толя атай тоқсанның біріне жетіп, өмірден өткенге дейін – он сегіз жыл бойына жалғасқан еді. * * * Қазақ жігітіне үлкен жүрекпен шынайы ықыласы ауып, туған ұлындай бауырына тартқан, риясыз əкелік қамқорлық жасаған бұл кісі кім екен деп тағатсыздана күтіп отырған шығарсыздар? Айтайық... Ол кісінің аты-жөні – Анатолий Петрович Александров болатын. Кеңес Одағы қорғаныс саласының аса ірі маманы, отандық ядролық энергетиканың іргетасын қалаушы айтулы ғалым, үш мəрте Социалистік Еңбек Ері, Лениндік сыйлықтың, төрт мəрте Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, КСРО Ғылым академиясының президенті, академик Александров-тын. Жазушы Паустовскийді еске түсірген хикая осы еді. АЛМАТЫ.


16 қыркүйек

Н ТОҚСА Ы У А ТОЛҒ ІРШІЛІК Т

2015 жыл  Айтайын дегенім...

 Достық дəнекері

Сўраєановќа дауыс сўраймыз ба?

Ресейлiк төлқұжатыма ұлттық шапанмен суретке түстiм

Облыс орталығындағы бір көшеге Кеңес Одағының Батыры Құдайберген Сұрағановтың атын беру үшін мəслихат депутаттары қоғамдық тыңдау өткізбекші көрінеді. Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Қала əкімі Болат Бақауовтың ресми сайтында тұрғындарды қоғамдық тыңдауларға шақыру туралы хабарлама шығыпты. Тіпті, бұл тыңдауларды қалалық мəслихат жанындағы экология жəне қала құрылысы, заңдылықтар мен тұрғындардың құқықтарын қорғау жөніндегі тұрақты комиссия өткізетін болыпты. Депутаттардың тұрақты комиссияда дауысқа салатын мəселесі мынадай: облыс орталығындағы Дерибас көшесінің атауын өзгертіп, Құдайберген Сұрағановтың есімін беру. Құдайберген Сұрағанов 1921 жылдың 25 мамырында Қашыр ауданында туған. 1942 жылы Ұлы Отан соғысына аттанып, бірінші Белорус майданы құрамында ерлік көрсетті. 1946 жылы Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Сонымен қатар, І дəрежелі Отан соғысы жəне «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен марапатталған. Жауынгерлік жолы Сталинградты

қорғаудан басталып, Берлиндегі жеңіспен аяқталған. 1947 жылы туған жері – Сұлуағашқа оралады. Анасы Жəникені, ауылдастарын қуантады. Сүйген жары Шайза екеуінен Гүлмира, Нұрзия есімді қыздар, Серік есімді ұл келе ді өмірге. Шайза апа мен Құдайберген аға 47 жыл отасты. Ағамыз соғыстан кейінгі жылдары Абай атындағы

педагогикалық институтты бітіріп, жоғары білім алды. Өзі де осы институтта 41 жыл студентжастарға білім берді. Ардагер ұстаз, белгілі ғалым-математик Құдайберген Сұрағанов 2008 жылы 18 ақпанда қайтыс болды. Енді қараңыз, чекист Терентий Дерибас туралы былай дейді: 1920 году председатель Павлодарского ревкома и бюро РКП(б), руководитель массовых расстрелов офицеров и «классовых врагов» в Павлодаре и Троицке. 1923 года назначен начальником Секретного отдела ГПУ – ОГПУ СССР, а 30 июля 1927 года – первым помощником начальника Секретно-оперативного управления ОГПУ. В 1929 году Дерибас переведён на Дальний Восток в качестве полномочного представителя ОГПУ, где руководил массовыми репрессиями...». Ал Батырдың есімін берсек қайтеді деп отырған бұл көше қаншама жыл бойы Дерибас аталып келді. Өткен зұлматқа қашанғы бейжай қарап

жүре бермекпіз?.. Қалалық тілдерді дамыту жəне мəдениет бөлімінің мəліметінше, көше атауын өзгерту туралы тұрғындар ұсынысы бар. Елімізде 2016 жылға дейін ономастикалық жұмыстарды жүргізуге тағы да мораторий жарияланды. Биылғы жылдың сəуір айында Үкімет көшелерге Кеңес Одағының батырлары, Даңқ орденінің толық кавалерлерінің есімдерін беруге қойылған шектеуді алып тастады. Сондықтан, облыстық «Қазақ тілі» қоғамдық ұйымының облыстық филиалы Дерибас көшесіне Құдайберген Сұрағановтың есімін беруге бастама көтерді. Батырдың есімі ұрпағы үшін мақтаныш. Қоғамдық тыңдауларсыз-ақ, қол көтеріп дауысқа салмай-ақ, облыс орталығының бір көшесін беруге əбден лайық есім. ПАВЛОДАР. –––––––––– Суретте: Кеңес Одағының Батыры, математика ғылымдарының кандидаты Құдайберген Сұрағанов. Алматы мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының ұстазы кезіндегі суреті.

 Жазылған жайдың жаңғырығы

Ана аманаты Биыл «Егемен Қазақстан» газетінің 26 мамырдағы санында Жеңістің 70 жылдығына байланысты тарихшы, журналист Жұмабай Доспановтың «Екінші дүниежүзілік соғыстағы қазақ офицерлері» атты 10 томдық туындысының таныстырылымы турасында «Соғысқа қатысқан қазақ сардарларының саны қанша?» атты мақала жарық көргелі Орынтай ападан маза кетті. Көптен бері жақсы сыйласатын Орынтай апа: «Қарағым, «Егеменнен» осындай жақсы жаңалық оқыдым. Редакциямен хабарласшы, бəлкім, менің əкемнің қай жерде жерленгені туралы бір ақпарат табылып қалар, жасым болса келіп қалды, мойнымда анамның аманаты бар еді, соны орындауға көмектесші», – деп қиылған. Мамандығым журналист болғандықтан, үнемі түрлі əнгімелер мен адамдардың тағдыры мені қатты қызықтырады. Телефоннан айтылған апаның өтініші бір жағынан жетектеп, бір жағынан анамның аманаты бар еді деген сексеннің биігіне жақындаған қарияның анасының аманатын білуге деген журналистік əуестігім жетелеп, ол кісіге асықтым. Апа бойындағы жан жылуымен қарсы алып, мол дастарқанын жайып, екеуміз əңгімеге кірістік. Апаның осы күнге дейін жанын жеп жүрген, айтылмаған бір сыры бар екен. Ол Ұлы Отан соғысынан оралмай қалған əкесінің жатқан жерін таба алмай, анасына берген уəдесін орындай алмай жүргені болып шықты. Қарияның көңіліне осы жайттың қатты бататынын біліп, мен де қаламымды алып іске кірістім. – Шырағым, жасым келген сайын мойнымдағы ана аманатының жүгі ауырлай беруде. Егер əкемнің қабірін таба алмай, өмірімнің соңына дейін мойнымдағы аманат мəңгілік қарыз болып кетеді-ау деп ойласам, ұйқым бұзылады. Қартайған адамның қай жөнді ұйқысы бар дейсің, кейде түн баласы көз ілмей, дөңбекшіп шығамын. Кірпігім айқаспай, анама берген уəдемді қайтемін, ана дүниеде қалай жолығамын деп жаным жай таппайды, – дейді Орынтай апа. Əміре Метеев 1943 жылы Ақмола қаласынан 39 жасында өз еркі бойынша соғысқа аттанады. Артында жары Қамила мен қыздары Орынтай, Бəтима, Ақжарқын қалады. Майданға аттанардағы əкесінің сені енді көре алмаспын дегені 6 жастағы Орынтай

Елбасыныѕ сəлемдемесі ўсынылєан съезд 12 қыркүйекте Түркияның астанасы – Анкара қаласында Түрік Республикасы Əділет жəне даму партиясының кезекті V съезі өтті. Съезд делегаттары Əділет жəне даму партиясының төрағасы ретінде Түрік Республикасының іс басындағы Премьерминистрі А.Давутоғлуды қайта сайлап, 1 қарашада болатын Түрік Республикасы Парламентіне сайлауларға қатысу мəселесін талқылады. Қатысушылардың назарына Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» партиясының төрағасы Н.Ə.Назарбаевтың сəлемдемесі ұсынылды. Съезге «Нұр Отан» партиясының хатшысы Ф.Қуанғанов қатысты. «Егемен-ақпарат».

қыздың есінде мəңгілікке сақталыпты (Олай дейтіні, ол кезде Орынтай апа сырқат екен). Апаның əкесінің əскери жолы туралы ешқандай ақпарат жоқ. Бар білетіні – 1943 жылы Ақмола қаласынан соғысқа кеткені, 1945 жылдың 3 ақпанында қаза тапқаны, əскери атағы қатардағы жауынгер болғаны ғана. 1995 жылы шыққан еске алу кітабының бесінші томында əкесінің Венгрияның астанасы Будапешт қаласының жанындағы Келенфельд бауырластар зиратында жерленгені туралы жазылған. Ұлы Жеңістің 70 жылдығы аясында Орынтай апа əкесінің жатқан жерін нақты анықтау үшін 2015 жылдың маусым айында Сыртқы істер министрлігіне хат жолдапты. Сыртқы істер министрлігінің жəне Қазақстанның Венгриядағы елшілігінің мамандары іздеумен айналысып, артынан Əміре Метеевтің сүйегі Келенфельд бауырластар зиратынан басқа жерге апарылып, қайтадан жерленгені туралы хат келеді. Орынтай апа болса, содан бері əкесінің қай зиратқа қайта жерленгені турасында мəлімет таппай алаңдауда. Оның үстіне Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне Қазақстан Республикасы аумағында жəне ТМД елдеріне теміржол, əуе көлігімен бір рет тегін барып-қайту мүмкіндігінің қазан айына дейін жүретіндігі еске түскен сайын 80-ге иек артқан апамыздың мүлде мазасы жоқ. Əкесінің басына барып топырақ салып, құран бағыштау мүмкіндігі туа ма, тумай ма, соғыста Отан үшін өз өмірін қиған əке мүрдесі Венгриядағы бауырластар зиратында жер қойнына

тапсырылды ма, əлде жетім зиратқа ұқсап, аяқ астында басылып жатқан елеусіз топырақ па? Апаның мұңын тыңдап, мен де ойға баттым. Туған жерден топырақ бұйырмағаны былай тұрсын, құндылықтар өзгеріске ұшырап жатқан заманда жат жерде қалған жауынгерлердің бұрынғы қойылған орындарынан қозғалғандары қанша екен, жалпы, майдан даласында қаза тапқан қазақ сарбаздарының саны қанша болды екен? Олардың ішінде айдалада аты-жөндері анықталмай, беймəлім мүрде ретінде жатқандары қанша? Сан сауалға оң жауап табылар ма екен? PS. Жақында ғана біздің елдің Венгриядағы елшілігінен Орынтай апаға хат келді. Онда жауынгер Əміре Метеевтің сүйегінің бұрынғы жатқан жері Келенфельд бауырластар зиратынан ол зираттың таза христиандық қорымға айналуына байланысты басқа жерге апарылып, қайтадан жерленгені, ал оны анықтаудың еш мүмкіндігі жоқтығы, сондықтан да, Орынтай апаға Венгриядағы Келенфельд қаласындағы бауырластар зиратының бірінде Əміре Метеевтің аты жазылған тақтайша қойылып, сол жерге топырақ салу мүмкіндігін жасауға елшілік тарапынан көмек көрсетілетіні жазылыпты. Орынтай апа болса əкемнің ол тек табаны тиген жер, ал мен анама əкемнің зиратын тауып, басына топырақ салуға уəде бергенмін, менің мұңымды кім ұғады деп пұшайман күйде. АСТАНА.

Əсел ЖҰМАҒҰЛОВА.

Халыќаралыќ ќадаєалау ќамтылды Бас Прокурор Асхат Дауылбаев Цюрих қаласында (Швейцария Конфедерациясы) өткен Халықаралық прокурорлар қауымдастығының (ХПҚ) 20-шы жыл сайынғы конференциясы мен жалпы жиналысына қатысты. Онда əлемнің 90-нан астам елдерінің жоғары қадағалау органдарының басшылары бас қосты. Швейцария Конфедерациясының президенті, Швейцария Əділет жəне полиция департаментінің басшысы Симонетта Соммаруга, Швейцарияның Бас прокуроры Майкл Лаубер жəне Халықаралық прокурорлар қауымдастығының президенті Герхард Ярош ашылу рəсімінде сөз сөйледі. Форумда сыбайлас жемқорлық пен ақшаның жылыстауы, лаңкестікті қаржыландыру, алаяқтық пен салық төлеуден жалтаруға байланысты қылмыстар, сондайақ, қылмыстық жолмен табылған кірістер мен активтерді қайтаруға қарсы тұрудағы халықаралық ынтымақтастықтың маңызды мəселелері талқыланды. Қадағалаушы органдардың басшылары трансұлттық қылмыспен күрестегі ынтымақтастықты нығайту жəне үйлестірілген саясат жүргізуге ниет білдірді.

9

www.egemen.kz

Конференция аясында А.Дауылбаев Швейцария, Чехия, Ресей, Сауд Арабиясы, Моңғолия, Малайзия, Əзербайжан, Оңтүстік Корея бас прокурорларымен жəне Қытай Халық Республикасы мен Біріккен Араб Əмірліктері бас прокуратураларының басшылығымен, сондай-ақ, Ұлыбританияның Алаяқтық қылмыстармен күресу Офисінің директорымен жəне ХПҚ басшылығымен келіссөздер жүргізді. Əріптестер халықаралық ұйымдасқан қылмыспен, есірткі саудасы, экстремизм жəне терроризммен күресу аясындағы ынтымақтастықтың маңызды мəселелері бойынша пікір алмасты. Сонымен қатар, шарттық-құқықтық базаны кеңейту жəне күшейту, жедел ақпаратпен алмасу мəселелері қозғалды, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

– дейді киноактер Шерхан ƏБIЛОВ

Шерхан ƏБIЛОВ – Кентау қаласының құрметтi азаматы, «Ленфильм» киностудиясының актерi, Ресей киноактерлер гильдиясының мүшесi, РФ Кинематографистер одағының мүшесi. Ресейде актерлiк өнерiмен көпшiлiктi мойындатып, көптеген туындыларда белгiлi тұлғаларды сомдап жүрген жерлесiмiзбен Кентауға келген сапарында сұхбаттасудың сəтi түстi. – Шерхан Əбдiұлы, Мəскеуде түсiрiлген фильмдерде сiз жыршы-жырау, халық ақыны Жамбыл Жабаевтың, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлiн сомдадыңыз. Iрi тұлғалардың образына ену сiзге қиындық тудырмай ма? – Менi жыр алыбы Жамбылдың рөлiн сомдауға шақырғанда бiрден келiсiм бердiм. Фильмде мен Жамбылдың рөлiн сомдап, «Ленинградтық өренiм» өлеңiн оқыдым. Маған көп қиындық тудырған мəселелер болған жоқ. Тек қызықты оқиғалар жиi кездестi. Образды сомдау үшiн қазақы киiм табу қиындық келтiрдi. Режиссерлер бұл мəселеде көмек бере алмай, «Сiз қазақсыз ғой, үйiңiзден қазақы киiмдер табылып қалар, бəлкiм?» – дедi. Үйден апарған екi шапанның бiрiн түсiрiлiм алаңында, екiншiсiн, үйдiң iшiндегi көрiнiстерде кидiм. Сондай-ақ, үйдегi көрпетөсектi, қоржынды, самаурын, қамшы, шəйнек, кесе секiлдi ұлттық нақыштағы бұйымдардың барлығын түсiрiлiм алаңына тасуға тура келдi. Оларда қазақтың тұрмысын бейнелейтiн ұлттық заттар қайдан болсын?! Түсiрiлiм өте тамаша өттi. Фильм көпшiлiктiң көңiлiнен шықты деген ойдамын. Ал 2001 жылы «Ельцин. Тамыздағы үш күн» деген фильм түсiрiлетiн болды. Үйге Мəскеуден қоңырау соғып, Қазақстанның Президентi Нұрсұлтан Назарбаевты сомдауымды өтiнгенде де, бiрден келiстiм. Түсiрiлiм көрерменнiң көңiлiнен шығуы үшiн барымды салуға тырыстым. Эпизодта Ельцин, Горбачев, Назарбаевтың кездесуiн көрсеттiк. – Үйiңiзде халқымыздың ұлттық бұйымдарын көп ұстайтын көрiнесiз. Оларды қайдан аласыз? – Бiр бөлмеме Ж.Жабаев, Ш.Уəлиханов, А.Құнанбаев жəне «Алтын адам» бейнеленген, қазақ қыздарының билеп жүрген суретi салынған кiлемдер iлiнген. Оларды Алматыдағы кiлем зауытынан

арнайы сатып алғанмын. Сондайақ, ұлттық ою-өрнектерi бар ыдысаяқтар, қоржын, шəйнек, құман, самаурынды əспеттеп, көрнекi жерге орналастырғанбыз. Елден келген қонақтарға арнап намаз оқитын жайнамаз дайындап қойғанмын. Ресейдiң төрiнде отырып жайнамаз ұстағаныма барлығы таңқалады. Елге барғанда Түркiстанның базарынан жайнамаз бен құманның түр-түрiнен мол етiп сатып аламын. Дубайдан сатып алған жайнамазым да бар. Қай жерде жүрсем де, ұлттық киiмiмiздi ұлықтап, ұялмай киiп жүремiн. Ресейлiк төлқұжатыма суретке түскенде де бiраз қиындықтар болған. Төлқұжат дайындайтын жерге екi сурет алып бардым. Мамандарға шапан киiп түскен суретiмдi ұсынғанымда, жарамайтынын айтты. Мен де өз дегенiмнен қайтпадым. Болмаған соң, басшысын шақырттым. Ол да «костюм киiп түскен басқа сурет алып келiңiз» дедi. «Басқа костюмiм жоқ. Не себептi қабылдай алмайтындарыңызды қағаз жүзiнде жазып берiңiздер. Мен сотқа шағым түсiремiн», дедiм. Басшысы амалсыздан ұлттық шапанмен түскен суретiме паспорт дайындауға тапсырма бердi. Осылайша, 2004 жылы Ресей Федерациясынан алған төлқұжатыма ұлттық шапанымды киiп түскен суретiмдi орналастырдым. – Ұлттық тағамдарды жиi тұтынасыз ба? – Елге жиi келiп тұрамын. Қайтарымда мiндеттi түрде қазықарта сатып аламын. Үйiмiзден жыл он екi ай бойы қазы үзiлмейдi. Əуежайда қазыға санитарлық анықтама сұрайды. Мен қолыма ұстап, «пiскен қазы» деп алып өтемiн. Пiсiрiлмеген тағамды алып қояды. Жалпы, қазақтың ұлттық тағамы – еттi жиi пiсiремiз. Қазыны қонақтар келгенде асамыз. 2003 жылы Санкт-Петербургте Жамбыл Жабаевтың ескерткiшi ашылғанда, ақынның немересi Əлiмқұл үйiмiзде қонақта болды. Ет

пен қазыны молынан асып, күттiк. Ұлттық ою-өрнегi бар көрпеше төседiк. Шайды да қазақша оюы бар кесемен бердiк. Құран оқыдық. Сонда Əлiмқұл ақсақал: «Қазықарта жеп, оюлы кесемен шай iшiп, өрнегi бар төсекте отырмын. Бiздi Ресейде жүр деп кiм айтады?» дегенi бар. Туған жерiме барған сайын Əлiмқұл көкеге соғып, амандасып, батасын алып кетемiн. Туған жерiме құрқол келмеймiн. Осы сапарымда қаладағы Əлия Молдағұлова атындағы мектепке Ресейден түрлi көрнекiлiктер, батыр қыз жайлы тың деректер алып келiп, табыс еттiм. Болашақта музей ашылса қажет болады деген оймен Əлия туралы мақалалар жарық көрген кiтаптар мен газеттер сыйладым. Түркiстан қаласындағы Нəзiр Төреқұлов атындағы музейге де Н.Төреқұлов атындағы медаль табыс еттiм. Жерлестерiме мұнан өзге де алып келген заттарым, ыстық ықыласым жетерлiк. – Өзiңiз қазақ тiлiнде еркiн сөйлейсiз. Отбасыңыздың мүшелерi қазақ тiлiн бiле ме? – Келiншегiм Кентауда жылға жуық уақыт тұрған. Қазақтың салтдəстүрiн, əдет-ғұрпын жақсы бiледi. Балам қазақ тiлiнде таза сөйлейдi. Ал жарым түсiнедi жəне тұрмыстық дəрежеде бiршама сөздердi айта алады. «Əке туралы əндi» қазақ тiлiнде нақышына келтiрiп орындайды. – Жалпы, «Ленфильмге» қалай орналастыңыз? Ресейдегi қан дастарымыздың жағдайы қалай? Байланысып тұрасыздар ма? – Ресейде оқып жүрген кезiмнен-ақ «Ленфильммен» тығыз байланыс орнаттым. Оқуымды бiтiргелi берi осы киностудияда еңбек етемiн. 1981 жылдан берi «Ленфильмде» 90-ға жуық фильмге түстiм. «Бандитский Петербург», «Убойная сила», «Русский бунт», «Морские дьяволы – Смерч-3» секiлдi фильмдерде түрлi кейiпкерлердi сомдадым. Қазiрге дейiн 13 кiтабым жарық көрдi. Ресейлiк қазақтар жиi бас қосып тұрамыз. Ұлыстың ұлы күнi – Наурыз мерекесiн, Тəуелсiздiк күнiн жоғары деңгейде атап өтемiз. – Əңгiмеңiзге рахмет. Əңгімелескен Қайрат ЗАЙНИШЕВ. Оңтүстік Қазақстан облысы.

 Еңбегімен еленген

Омарташы (Соңы. Басы 1-бетте). Алғашқы жұмысын омарта орналастыратын жерді жəне қажетті құрал-жабдықтарды алудан бастайды. Омартаны ұйымдастыру үшін құрғақ жерде орналасқан, желден жақсы қорғалған шағын алаңқай қажет. Сонымен қатар, оның маңында орман, бақша, балды өсімдіктер өсетін шалғындар мен алаңдар болуы керек. Омарталар конструкциясы да үлкен мəнге ие. Оның сапасы жақсы, жұмысқа қабілетті аралардың тобын құруға жəне омарташының еңбек өнімділігінің артуына тікелей əсер етеді. Араның шамамен 25 мыңға жуық түрі бар. Бірақ, Блут украиндық тұқымды 12 ара отбасын сатып алды. Аралар үшін негізгі тамақтану көзі гүлдің шырыны ғой. Аралар жемін өздері тауып, қысқы азық қорларын өздері əзірлейді. Олар жемді өңдейді, өсімдік шырынын балға, ал гүл тозаңдарын балтозаңға, яғни ұзақ мерзімге сақтауға болатын жəне

ара ағзасымен жақсы игерілетін өнімге айналдырады. – Омарта кəсібімен айналысу оңай емес. Əр адамның сүйікті ісі болады ғой. Ал мен жастайымнан аралар туралы зерттеп, білуге құштар едім. Ешкім мені бұл кəсіпке үйреткен жоқ. Ауыл кітапханасындағы ара түрлері, оны өсірудің жолдары туралы жазылған кітаптардың барлығын алып, оқып бітірдім. 90-жылдардың тұсында тұрмыс ауыр болғанын білесіздер. Сол кезде осындай кəсіппен айналыссам деген ой болды. Бірақ оған қолымда еш қаражатым болмады. Дегенмен, үйімнің айналасын жасыл желекпен көмкеруден шаршағаным жоқ. Түбі осы кəсіпті қолға аламын деген мақсатымнан танбадым. Аралар тек гүлдермен қоректенетіндіктен оларды көктем шығысымен ауыл сыртындағы шабындыққа алып кетемін. Шеңгел, жантақ, жоңышқа гүлдегенде араларым еркін жайылады. Жаз бойы тек ауыл сыртындағы көгалды жерлерде жүремін. Көктемде

арнайы келіп аралардың жайылымын тамашаласаңыздар ерекше əсер аласыздар. Дайын болған табиғи балға ауыл тұрғындарынан сұраныс көп. Алдағы уақытта сапалы бал өнімімен ауданды, облысты қамтамасыз етуге ниеттімін. Араларымның санын 40-қа жеткізіп, балаларыма бөліп бергім келеді. Бай болып кетпесе де омартамен айналысу бір отбасын асырайтын кəсіптің түрі. Көбісі арадан шағады деп қорқады, қашық жүреді. Қазір салқын түсті. Бал дайындап жатқанымыз жоқ. Себебі, аралар азмаз жинаған балды өздеріне қысқы азық етеді. Қазір араларымның саны 20-ға жетті. Барлық қызу жұмыс көктемде басталады. Келер жылдан күтер үмітім көп, табысым да жақсы болады деп сенемін,– дейді кəсібінен нəсібін күтетін жан. Ал кəсіпкер балдың келісін 1200 теңгеден сатуда. Қазақ тілінде еркін көсіліп, ерінбей еңбек етіп, өз ісін дөңгелетіп отырған Блут Исмайловтың əрекеті көпке үлгі боларлықтай. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» дегенде қазақ осыны меңзесе керек. Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы.

 Мəссаған!

Ќабірдіѕ ќўны 70 мыѕ теѕге... Қайрат ƏБІЛДИНОВ, «Егемен Қазақстан».

«Естімеген елде көп» деген. Қарағанды облысындағы Доскей деген ауылда қабір сатылып жатыр деген хабардың құлаққа түрпідей тигені рас. Сол ауыл тұрғындарының айтуынша, жұмыр басты пенде баласының түптің-түбінде баратын мəңгілік мекенінің бағасы 70 мың теңгеге бағаланған екен. Мына сұмдықты естіген ауыл адам дары жиылып алып, бейіт басына барыпты. Өздерінің наразылықтарын білдіріп, мұндай

жағдаймен келіспейтіндіктерін ашық айтқан. Солардың бірі Жангелді Нəбиев деген азамат былай дейді: «Бұрын мен бейіт басын жылына екі мəрте тазалайтынмын. Менің бригадам қабір қазумен айналысты. Міне осы қызметтер үшін жұрттан азын-аулақ ақы алып келдік. Биылғы мамыр айында жоғарыдан шенеуніктер келіп, бейіт басы сатылады деп кеткен. Ал бүгінгі күнде оны сатып алған адамдар жұрттан əр қабір басы үшін ақша талап етіп отыр». Енді, мына қызықты қараңыз.

Доскей ауылының əкімі жұрттың бұл əңгімесін теріске шығарады. «Олардың шағымы негізсіз», – деп мəлімдеген ауыл əкімі. Оның айтуынша, бейіт орын тепкен 8 гектар жер жауапкершілігі шектелген серіктестікке жалға беріліпті. Ал олардың міндеті қабір сату емес, жерлеуді ұйымдастыру, бейіт маңын тазалықта ұстау екен. Бүгінде бұл даудың ақ-қарасын арнайы құрылатын комиссия шешпесе, ауылдықтардың бір мəмілеге келетін түрі жоқ деп отыр. Қарағанды облысы.


10

СУ А Л Й

www.egemen.kz

О

Драматург пен режиссердің шығармашылық бірлігі дегенді біз қалай түсінеміз және ол байланыстардың кәсіби үрдістері қандай? Театр театр болғалы, әріге барсақ, көне Грекия дәуірінен басталған театр өнері сахналық әдебиетке, яғни, драмалық шығармаға зәру болған. Тіпті, бас-аяғы түгел драмалық шығарманы қажет етпейтін театрландырылған көріністерді қоюға арналған композициялардың өзіне де белгілі бір сценарий қажет. Театр өнері өзінің қалыптасу, өркендеу, даму, профессионалдық өсу жолдарының тарихи кезеңдерін артқа тастап, бүгінгі дәрежеге көтерілген кезінде драмалық шығармаға деген сұраныс, оған қойылар талаптар да көбейіп, әлем театрларының жаңа туындыларға зәрулігі арта түсті. Оның да себептері түсінікті. Бір ғана Мәскеудің өзінде 153 театр болса, Қазақстанда 60-қа жуық театр бар. Мәскеудің жайын айтпай-ақ қояйық, Қазақстандағы сол театрлардың репертуарын кім толықтырады? Елімізде 600-700

тұрғандай». Ол сөйтті де қоңырауды басып қалды. Аса сəнді киінген əдемі қыз жетіп келді. – Он минуттың ішінде барлық əртістер залға жиналсын. Жаңа пьеса оқимыз. Тез!» – деді əскери адамша бұйырып. – Сонда қалай? Пьесаны дəл қазір оқимыз ба? – Бүгін бітіретін істі ертеңге қалдыруға болмайды. – Япыр-ай, табан астында... – Біз онсыз да көп күтіп қалдық. Қалай, пьесаны əртістердің біреуі оқысын ба, əлде, өзіңіз оқисыз ба? – Əртістердің дауысындай даусым жоқ, бірақ, өзім оқығаным дұрыс болатын шығар. Əр сөздің мəнін əзірге менен басқа адам түсініп оқи алмас. – Келістік! Он минутта əртістер жиналды. Жарты сағатта мен пьесаны оқып біттім. Пьеса оқылып біткенде басы Сұлтанғали болып, əртістер ду қол шапалақтады. – Дəл біз күткен пьеса болып шығыпты. Рахмет! – деп директордың өзі бастап мақтай жөнелді де, қалған сөйлеушілер де оны қостап, кезек-кезек сөйлеп шықты. Сонымен, «Киелі алма» бас-аяғы бір айдың ішінде сахналанып, премьерасы үлкен табыспен өтті. Арада жарты жыл өтпей жатып Сұлтанғали тағы телефон соқты. Жаңа ұсыныс, жаңа тапсырыс. Бұл жолы ол өз тақырыбын ұсынды. Əйгілі

«Қыз-Жібек» эпосын «қуыршақтандыру» қажеттілігін айтты. Əрине, мен шошып кеттім. «Ойбай, ол қуыршақ театрының мүмкіндігіне лайық бола қояр ма екен? Ол кең ауқымды жанр ғой. Сұлтеке, бұл жолы мені қинама, «Қыз-Жібекті» қуыршақ театрына лайықтап жазу қолымнан келе қоймас», – деп ат-тонымды ала қаш тым. Алған бетінен қайта қоятын Шүкіров пе? «Осылай да осылай, анадай да, мынадай, ол жырды балалар жастайынан құлаққа сіңіріп өсуі тиіс. Өз балаларымызға қашанға «Алтын кілт» пен «Ослик-посликті», немесе «Колобок» пен «Красная шапочканы» көрсете береміз. Мен де қара жаяу емеспін. «ҚызЖібек» балалар сахнасына сұранып тұрған шығарма. Ойланыңыз, тағы да ойланыңыз. Ол сіздің қолыңыздан келеді. Келмесе – келтіріңіз. Балаларды ұлттық рухта сіздер тəрбиелеуден қашсаңыздар олардың ертеңі не болмақ? «Өзінің асыл мұрасын бала қиялына лайықтап сіздер жазып бермесеңдер кім жазбақ? Балалардың санасына театр деген ұғымды жастайынан сіңіру керек қой. «Өз жырын білмейтін мəңгүрттер қайдан пайда болады», деп қазірдің өзінде қынжылып жүрген жоқсыздар ма. Бүйтіп сырт айналып, балаларды ұмытатын болсаңыздар олар мəңгүрт болмағанда қайда барады? Қазақтың өз өмірінен қызғылықты сабақ алып отырса, олардың театрға деген сүйіспеншілігін оятпаймыз ба? Балаларға арнап Л.Толстой да, А. Пушкин де, К.Чуковский де ертегілер жазған. Ал сіздер болсаңыздар балаларға арнап пьеса жазуды дəстүрге айналдырмағансыздар. Өздеріңізше Қуыршақ театрына арнап пьеса жазуды биіктен төмен құлағандай

Сонымен, ол мені тағы көндірді. Көнгенім сол, өзінің өтініші бойынша «Аладдиннің сиқыр лы шамы» деген атақты араб ертегісінің желісімен бəріміз үйреніп кеткен қазіргі «орысша» нұсқасынан басқа, қазақша нұсқасын жазып беруді өтінді. Бұл деген орындалмастай өтініш еді. Барша халықтың санасына əбден сіңіп қалған ертегінің қазақша нұсқасын жасау – еркекті əйелге, немесе, əйелді еркекке айналдырып бер деген өтінішпен бірдей еді. Осы қаупімді айтып көріп едім, ол өз аргументтерін қардай боратып, менімен айтыса кетті. «Бұғалық түскен асаудай, жұлқынып үзіп қаша алмай» деп Нартай ақын айтқандай, тулап-тулап, əрі-бері жұлқына келіп, ақыры діңкем құрып барып «ойланайын» деп құтылдым. «Ойланайын» деген сөзім Сұлтанғали үшін «келістім» дегенмен бірдей естілді ме, ол апта сайын телефон шалатын болды. Ақыры ол пьесаны да жазып бердім. Оны өздерінің сахнасында Əзірбайжан Мəмбетовтің режиссерлігімен көрсетті. Мен ол спектакльді көре алмадым. Премьераның кезінде алыс сапарда жүр едім. Театр ұжымы мен Сұлтанғалидың спектакль жайлы бұрынғыдай аптыға сөйлеп, алқына баға беріп жатпағандарына қарап, қойылымның сəтті шықпағанын сездім. Бұдан соң «Құрманғазы» атты оншақты беттік пьесаны жазуым да Шүкіров мырзаның өтінішімен байланысты еді. Премьера сəтті өтті. Театрмен бірлесіп жұмыс істеуім бұл пьесалармен ғана біткен жоқ. Осы пьесалардың арқасында мен бұл театр ұжымының өз адамындай болып

Зорлап пьеса жаздыруєа бола ма? Болады екен, егер драматург пен режиссер бірлесе жўмыс істесе... Ежелден келе жатқан қағида бар – театр ашықса əдебиетке жүгінеді деген. Яғни, театр көркем əдебиетке жүгініп, оның озық үлгілерін сахнаға лайықтап, инсценировка жасау жолдарын қарастыру керек. Ол үшін режиссерлер əдебиетті көп оқулары қажет. Қазақ көркем прозасы қазіргі таңда ешкімнен кем емес, олардың ішінде «əлемдік классика» деп жүрген батыс əдебиетінен тайталаса алатын шығармалар жетерлік. Өкінішке орай, біздің кино режиссерлеріміз де, театр режиссерлеріміз де өзінің төл əдебиетін аз біледі, тіпті, білмейді десе де болады. Батыс Еуропада (Лондонда), Ресей театрларында пьесаларымның қойылуы арқасында мен олардың драматургтермен жұмыс істеу тəсілдерімен біршама таныспын. Англияда да, Ресейде де өз əдебиетін білмейтін режиссер жоқ. Олар өз əдебиетінің үздік шығармаларымен жақсы таныс. Сол Ресейдің өзінде мыңдаған жазушы болса (бір Мəскеуде 10 мың Жазушылар одағының мүшесі бар), солардың бəрі бірдей айдарынан жел ескен мықты жазушылар емес, ел аузында жүрген нағыз суреткерлер ол жақта да аз. Бас-аяғы 100 қаралы қаламгердің ғана шығармалары қалың көпшілік пен əдеби ортада айтулы оқиға болар дəрежеге көтерілген. Ресей режиссерлері орыс əдебиетінің ондай үлгілерімен жақсы таныс. Олардың əрқайсысы жайлы өзіндік пікірлері қалыптасқан. Сондықтан да: «Драматургия жоқ!» деп біздегідей ауыздарын қу шөппен сүртіп, байбалам сала бермейді. Олар өздеріне ұнаған роман, повесть, əңгімелерді алады да, сол бойынша инсценировка жасап, сахнаға қойып жатады. Бізде ондай фактілер бірдіекілі ғана. Мен араласып жүрген Ресей театрларының əдебиет бөлімінде пьесалар мен инсценировкалардың сөрелері сықа толып тұрады. Ол аз болғандай, келешекте қандай прозалық шығармалармен жұмыс істеу керектігі жайлы да жоба-жоспарлары бар. Бүгінгі драматургтермен байланыстары да, олармен жұмыс істеу тəсілдері де өзінше бір лаборатория. Көрші елдегі əдебиет бөлімі де біздердегідей емес, шағын кітапхана. Жоспарларына қарасаң алдағы 5-10 жылда драмалық шығармадан тапшылық көретін түрі жоқ. Олардағы режиссерлердің міндеті тек дайын пьесаны алып қоя салу емес, автормен жұмыс істеу институты қалыптасқан. Өздері қалаған тақырыпта автормен бір емес, бірнеше жыл бойы жұмыс істеу арқылы керекті шығарманы дүниеге келтіреді. Біздің Қазақстанда театрлардың автормен жұмыс істеу институты мүлде қалыптаспаған. Өз аяғымен келген пьесаларды жұмыс барысында редакциялау, қысқарту, өз беттерінше мəтін қосу – драматургпен жұмыс істеу деген талапқа толық сай келмейді. Драматургпен жұмыс істеу оған тапсырыс беруден басталуы керек. Театрдың көркемдік жетекшісі мен директорынан бастап вахтерге дейін олардың негізгі мақсаттары жақсы пьеса, оқиға болар жаңа спектакль болса керек. Театр ұжымы түгелдей сол мақсатта жұмыс атқарулары тиіс. Өз тəжірибеме жүгінетін болсам, драматургпен жұмыс істей алатын екі театрды ғана жақсы білемін. Оның бірі – Алматыдағы республикалық Қуыршақ театры, екіншісі – С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық драма театры. Ең əуелі Қуыршақ театрының директоры Сұлтанғали Шүкіров маған телефон соқты. Уақыт тауып, театрға келіп кетуімді сұрады. Бардым. Бұрын алқамсалқам боп жататын «Қазақфильмнің» ғимараты түгел қайта жөндеуден өтіп, адам танымастай бүгінгі заман талабына сəйкес жаңа ғимаратқа айналыпты. Есік күзетушіден бастап əкімшілік отыратын кабинеттер мен қосалқы бөлмелер, сахна, көрермен залы қарасаң көз тоятындай жайнап тұр. Сұлтанғали Еуропа стилінде

жабдықталған кабинетінде күтіп отыр екен. Мені көре салып, орнынан ұшып тұрды да, құшақтасып амандасты. Еуропа стилімен кофе алдырды. Төңірегінде ғимарат көркіне сай көрікті қыз-жігіттер құрақ ұшып қызмет етіп жүр. Ол ескі ғимаратты жөндеуге қаншама қиындықтарға тап болғанын, мемлекеттің қаржысы жетпей қалған соң өз қаржысын құйғанын, театрдың ішкі интерьерінің бəрін, жаңаша үлгіде жасауға, сахна жабдықтары мен көрермен залындағы креслоларды шетелден алдырғанын, театр əртістеріне жоғарғы қабаттан жатақхана бөлдіргенін айтып болған соң, мені шақырған себебіне көшті. Сөз ыңғайына қарағанда менің шығармашылығыммен өте жақсы таныс екен. Əсіресе, драматургия саласындағы еңбек теріме жоғары баға бере келіп, қуыршақ театры ның бүгінгі таңда репертуарлық тұйыққа тіреліп тұрғанын, қазақ балаларына көрсетіп келе жатқан бір-екі өз авторларымыздың пьесаларының заман талабына сай еместігін, сол себепті орыс пен шетел ертегілерін көрсетуге мəжбүр екендіктерін, қазақтың жасөспірім көрермендеріне қазақ рухында жазылған жаңаша (жаңа емес) жазылған пьесалар ауадай қажет екендігін зор тебіреніспен айтып шықты. Қазақ авторлары Қуыршақ театрларына арнап пьеса жазуды неге екені белгісіз жеңіл-желпі қарайды. Өздерінше мұны «кішірею» деп ұғатын сияқты. – Сонымен, – деді ол əлден соң мəселенің төтесіне көшіп, – сіз бізге арнап бір емес, бірнеше пьеса жазып беруге тиіссіз. – Неге тиіспін? – дедім таңдануымды жасыра алмай. – Сол, тиіссіз! Менің интуициям солай дейді. – Ол иллюзионистің интуициясы ма? – дедім, оның осы саладағы көп жылғы еңбегін еске түсіріп. – Дəл айттыңыз. Ойлана-ойлана келіп, сізден басқа ешкім біздің талабымызға сай шығарма жаза алмайды деп шештім. Пьесалар көп, бірақ, бəрі көп сөзге құрылған. Сөйлемдері балалар түгілі ересектердің қабылдауына тым ауыр тиеді: «Жаман болма, жақсы бол», «Бұзық болма, тəртіпті бол», «Үлкендерді сыйла», «Жақсы оқы» деген сияқты əбден жауыр болған идеямен жазылған пьесалар. Бүгінгі балаларға жалаң ақыл айтудың керегі жоқ. Ондай ақылдан олар жалығып кетеді. Отырған орындарында ұйықтап та қалады. Бізге оқиғасы тартымды, балалардың түсінуіне жеңіл, əдемі, көркем, сымбатты пьесалар қажет. Оның айтқандары мен талап-тілектерін тыңдап болған соң көпке дейін үнсіз отырып қалдым. Өмір бойы үлкен көрермендерге арнап пьеса жазып келгендіктен бірден балаларға, Қуыршақ театрына арнап пьеса жазудың өте қиынға соғатынын ойладым. – Балаларға арнап пьеса жазу қолымнан келе қояр ма екен? Жоғарғы класта оқып жүріп, бастауыш класқа қайта барған сияқты ыңғайсыз жағдай емес пе? Балалар

тақырыбына өлең, ертегілер жазып жүрген авторларға қолқа салсаң қайтеді? – Мен қолқа салатын адам таппай отырған жоқпын. Міне, мыналардың бəрі «қолқа салудың» нəтижесі, – деп ол үстелдің бір шетінде үйіліп жатқан оншақты пьесаларды көрсетті. – Бағана айтқанымдай өңкей «ақылгөй» шығармалар. Балалар қызығып көретін ештеңе жоқ. Қысқасы, біздің ұсынысымызды қабылдайсыз. Ойлануға он күн беремін. Он бірінші күні шартқа отырамыз. Тек не туралы жазатыныңызды бір бетке түсіріп алып келіңіз. Алпысыншы жылдардың аяқ кезінде балаларға арнап «Ащы бал», «Қарлығаштар», «Сүйкімді өжет құстар», «Құндыз бөрік» деген секілді үш-төрт əңгімем болмаса, бұл тақырыпта өндіртіп шығар ма жазбаған едім. Əлгі айтқанымдай, жоғарғы кластан төменгі класқа түсіп, өмірбақи үлкен аудиторияға арнап шығарма жазып қалыптасқан маған балаларға арнап пьеса жазу қиынның қиынындай боп көрінді. Көпке дейін тəуекел ете алмай жүрдім. Балаларға арналған пьеса мейлінше қарапайым, мейлінше түсінікті, мейлінше қызықты, тілі де олардың қа былдау қабілетіне сəйкес қысқа да нұсқа болуы керек. Сұлтанғали Шүкіров айтқандай он күн емес, бір ай шамасында «Киелі алма» деген пьесаны бітіріп, ешқандай алдын ала шартқа отырмай-ақ дайын пьесаны алып, театрға келдім. Бұған дейін Сұлтанғали: «Не боп жатыр, неге хабарласпай кеттіңіз?» деп əлденеше рет телефон соққан. Кабинетіне кіріп келген бойда ол қуанышы мен күдігі аралас кейіппен бетіме таңырқай қарап: «Заявканы əкелдіңіз бе?» – деді. «Жоқ, дайын пьеса əкелдім». Ол сенерін де, сенбесін де білмей қара торы ашаң жүзі қызған қаңылтырдай күреңітіп, аңқиып тұрып қалды. «Шынымен бе? – деді əлден соң тілінің күрмеуі жазылып. «Міне!». Мен оған тасқа басылған 14 беттік пьесаны көрсеттім. – Сапасының қандай екенін оқып болған соң айтармыз. Ал, əзірге, менің сөзімді жерге тастамай, пьеса жазып əкелгеніңіз үшін көп рахмет! Заявкаңызды бұрынырақ əкеп бергеніңізде бүгін қаламақыңыздың 40 пайызын алатын едіңіз. – Мен алдын ала ешқашан қаламақы алған емеспін. Алдымен пьесаны көркемдік кеңес қабылдасын, содан соң барып қаламақы жайлы сөз қозғауға болар. Пьеса жазылмай тұрып қаламақы алу деген – халтураға апарар төте жол. Қарыздан құтылу үшін қалай да пьесаны бітіруге тиіссің. Шикілік содан басталады. – Сіз тіпті: «Қанша төлейсіңдер?» деп те сұрамадыңыз ғой. Шарт жасалмаған соң ең төменгі ставканы қоя салармыз. – Оны патша көңілдерің білсін! Əуелі пьесаны оқып шығыңдар. Көл боласыңдар ма, шөл боласыңдар ма, ол жағы пьесаның өзіне байланысты. Сұлтанғали бұл сөзге қауындай жарылып, қатты қуанды. «Осы сөзіңіздің өзі пьесаның сəтті боларына кепілдік беріп

2015 жыл сезінесіздер. Жазушының басты міндеті – ересектерден гөрі жас ұрпақты тəрбиелеу емес пе? Сіздер мұны неге ұмытасыздар! – Сұлтанғали қыза-қыза намысқа тиетін талай сөздер айтып тастады. Мен оны түсіндім. Оның жас ұрпаққа деген жанашырлығы, оларды ұлттық рухта тəрбиелеу керек деген берік ұстанымы маған да жаңаша ой салды, намысымды қамшылады. – Болды, тоқтат! Түсіндім. Жарайсың! Екі күннен кейін хабар өзімнен болады, – деп құтылдым. Бір айдан соң «Аққу-Жібек» деген пьеса жазып, тағы да тура өзіне кіріп бардым. Тағы да табан асты əртістерін жинап, пьесаны тағы да өзім оқып бердім. Олардың бұл жолғы қуаныштарында шек болмады. Бұрынғыдан да бетер қуанып, бəрі мақтап ала жөнелді. Арада екі ай өткен соң «Аққу-Жібектің» премьерасы зор табыспен өтті. Ол қатарынан оншақты жыл бойы үзбей қойылып келді. Сұлтанғали Шүкіров Қуыршақ театрын «Театр теней» деп өзгерткен болатын. Мұнда актерлер сахнаға шығып ойнайды. Ескерте кетер бір жəйт – Сұлтанғали Шүкіров пен зайыбы Сара Қабиғожина ұзақ жылдар бойы қазақтың цирк өнерін, оның ішінде иллюзия жанрын əлемге танытқан өнерпаздар болатын. Ол екеуінің «Как прекрасен этот мир» деген иллюзионистік бағдарламасы жер-əлемді аралап шығып, халықаралық деңгейдегі таңғажайып өнер иелері екенін баршаға паш етті. «Қазақстанның халық əртісі» деген құрметті атақты да дəл осы иллюзионистік өнерлері үшін алған еді. Оның бір кереметі, кабинетінде жай сөйлесіп отырған кездің өзінде ермек үшін қолындағы əлдебір заттарды көз алдыңда жоқ қып жіберіп, артынша алақанынан шығара салатын. Иллюзионистік өнер оның қанында, табиғатында бар еді жəне осы мінезі өзінің түр-тұлғасы мен болмысына ерекше жарасып тұратын-ды. Оның осы иллюзионистік өнері «АққуЖібек» спектаклінде тамаша пайдаланылды. Пьесаның соңында Бекежан бастаған қара ниетті топтардың қара қарғаға айналып, Жібек пен Төлегеннің аққуға айналып кететін сəті ғажайып шықты. Бұл көрініс балаларға да, балалармен бірге кеп отырған ата-аналарға да ерекше əсер етті. Бұл пьеса сахнада оншақты жыл өмір сүрді. Театрға миллиондаған табыс əкелді. Оның көрермендерге ұнағаны сондай, ол күніне екі реттен көрсетілетін болды. Қуыршақ театрымен жұмыс істесу мұнымен ғана тоқталып қалған жоқ. Арада 4-5 ай өткен соң Сұлтанғали тағы телефон соқты. Жаңа пьеса жазу жайлы тағы да ұсыныс жасады. Мен бұл жолы тағы да ат-тонымды ала қаштым. «Оу, директор мырза, менен басқа адам құрып қалған жоқ қой. Қайта-қайта менің пьесамды қоя берсеңдер ертең сөзге қалмайсыңдар ма? «Исабековтен басқа драматург жоқ па? Бір театрдың бір авторға қадалып қалғаны несі? Оның ар жағында не сыр бар?» деп жұрт гуілдеп кетер. Қазіргі жұрт аяқпен емес ауызбен жүреді ғой. Араға бір-екі жылдай уақыт салайық, сонан соң тағы ойланып көрерміз». Уəж тыңдайтын Сұлтанғали ма?

жазушы бар дейміз, олардың бәрі драматург емес – ақындар, прозашылар, эссеистер мен мемуаршылар. Драматург аз, бірді-екілі пьесаларымен көрініп қалып жүргендерді қоса есептеген күннің өзінде сахнаға арнап пьеса жаза алатын қаламгерлердің саны 15-16-дан аспайды екен. Соңғы кезде олардың да қатары сиреп, бір қолдың саусағымен санайтындай халге жетті. Бұл деген – театрлар үшін репертуарлық ашаршылықтың алғашқы көріністері деген сөз. Жағдай дәл осылай жалғаса беретін болса, күндердің күні қазақ театрлары мүлде тірі драматургсіз қалуы ғажап емес. Мұның бәрінің себебі неде? Мұның себебін айта бастасақ, ең әуелі драматургияға деген мемлекеттік қамқорлықтың азайғанын тілге тиек етеміз. Жарайды делік, ондай пікірлермен де келісуге болар. Бірақ, өз ішіміздегі жағдай қалай? Драматург пен театрдың байланысы, олардың бір-бірімен шығармашылық бірлігі неге тым төмендеп кетті?

Дулат ИСАБЕКОВ.

16 қыркүйек

кеттім. Ғимарат ішіне кіріп барсам болды, бəрі əкелерін көргендей қуанып, жапырлап амандасып жатады. Сондай күндердің бірінде Сұлтанғали тағы бір өтініш айтты. Бұл жолы да тақырып ұсынды. Құстар арасындағы əн фестивалі жайлы жақсы бір пьеса қажеттігін айтты. «Сұлу табиғат, сұлу əнші-құстар, əдемі музыка. Бəлкім, əнші құстар фестивалі болар. Осыны ойланып көрсеңіз қайтеді?». Онымен дауласудың артық екенін əбден түсініп болған мен салған жерден келісе кеттім. Оның əңгіме ырғағының өзінен-ақ болашақ пьесаның қандай боларын аңғарып үлгергендей едім. Көп ұзамай «Əнші құстар фестивалі» деген пьеса дүниеге келді. Ескі дəстүр бойынша театр əртістердің ортасында отырып, пьесаны оқып шықтым. Бəрі ду қол соғып қарсы алды. Спектакльге енді кіріскелі жатқан кезде, неге екені белгісіз, ойда жоқта, табан астында министрлік Сұлтанғали Шүкіровті орнынан босатып, оның орнына министрліктің аппаратында қызмет істеп жүрген басқа адамды əкеп қоя салды. Сұлтанғали Шүкіровтің өнер саласындағы көп жылғы жанқиярлық еңбегі, арса-арса боп жатқан «Қазақфильмнің» əбден тозығы жетіп, едендері ойдым-ойдым болған ғимаратын қайта жөндеуден өткізіп, ақша жетпей қалғанда əйелі екеуі өз қалталарынан қаржы жұмсап, Еуропа стиліндегі жаңа театрға айналдырған еңбектері мен театр репертуарын жаңа жолға салып, репертуар саясатын мүлде жаңаша жүргізіп келген шығармашылық табыстарына жоғары жақ пысқырып та қарамады. «Құстар фестивалін» қоймақ боп құлшына кірісіп жатқан кезінде ол қызметінен босап, жұмыссыз қалды. Көп ұзамай жүрек талмасынан қайтыс болды. Бірақ, қыр соңынан қалмай жүріп жаздырған пьесалары түгелдей дерлік («Құрманғазыдан» басқасы) республиканың өзге де театрларында кеңінен қойылып жатты. «Құстар фестивалі» республиканы былай қойып өзге елдің театрларын аралап кетті. Оны СанктПетербургтің музыкалы-комедия театры сахналап, 2012 жылы менің 70 жылдық мерейтойым кезінде өткен «Исабеков əлемі» атты халықаралық Театр фестивалінің шең берінде Алматы жұртшылығына көрсеткені көпшіліктің есінде шығар деп ойлаймын. Ал, «Аққу-Жібек» болса «О чем поют лебеди?» деген атпен Петербургтің «Эксперимент» театрының 2016 жылғы жоспарында тұр. Қазірдің өзінде оның режиссерлік нұсқасы мен музыкасы дайын. Дəл осы пьеса Лондон қаласының «Sohнa» театрында музыкалы спектакль боп келер жылы сахнаға шықпақ. Енді «Құстар фестиваліне» келсек, Ғ.Мүсірепов атындағы жастар театрында қойылып, театр 2015 жылғы маусымын осы спектакльмен жауып еді. Мұның бəрін мақтаныш үшін емес, театр мен драматургтің бірлесіп жұмыс істеуінің қаншалықты жемісті боларын айтқым келгені. Егер Сұлтанғали Шүкіровтің тынымсыз белсенділігі болмаса, əлгі айтқан пьесалар да жазылмаған болар еді. Драматургпен жұптасып жұмыс істеудің озық үлгісін С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық драма театрынан көп көріп едім. Театр директоры Қуандық Қасымов та Сұлтанғали Шүкіров сияқты қыр соңымнан қалмай жүріп «Жаужүрек» жəне «Жүз жылдық махаббат» атты екі драма жаздыртқан. Оның бірі «Жаужүрек» (алғашқы аты – «Шыңдағы шындық») рес публикалық конкурста бас бəйге алып, алдымен Солтүстік Қазақстан облыстық драма театрында, сонан соң М.Əуезов атындағы академиялық театрда көрсетіліп келе жатыр. «Балуан Шолақты» жаздыру үшін (кейіннен Əшірбек Сығай пьесаның атын «Жаужүрек» деп өзгертіп еді) Қуандық Қасымов Ресейдің Омбы қаласына «Өкпек жолаушының» премьерасын көруге барған менің соңымнан арнайы іздеп келіп, менімен екі күн бірге болып, Балуан Шолақ жайлы пьеса жазуға көндіріп еді. Екі жыл өткен соң Мағжан мен Зылиха өмірінен драма жазуыма да осы тынымсыз Қуандықтың «түрткілеуі» себеп болды. Сол «түрт кілеудің» нəтижесінде екі пьеса дүниеге келді. Топырағы торқа болсын, Қуандық та бұл күнде о дүниелік боп кетті. Драматургпен жұмыс істеу практикасы да осы екеуімен біткен сияқты. Ал, біздің мүйіздері қарағайдай режиссерлеріміз драматургтерін іздемейді, олармен бірігіп жаңа туынды тудырайық деп ойламайды да. «Пьеса жоқ», «драматургия əлсіз» дегеннен басқа сөз ауыздарына түспейтін сияқты. «Жоқжоқ» дей бермей жоқты іздеу, табу, драматургке тапсырыс беру, бірлесе жұмыс істеу арқылы жаңа дүниенің туылуына себепкер болу деген əзірге ешқайсысының қаперлеріне кіретін емес. Театр мен драматургтің бірлігі – жаңа шығарманың өмірге келуінің кепілі. Егер əр театр Сұлтанғали Шүкіров пен Қуандық Қасымов сияқты қаламгерлермен бірігіп жұмыс істесе, театр репертуары бүгінгі күнінен байырақ болар еді. Өкінішке қарай, ондай белсенділік іс жүзінде осы екі басшыдан басқа ешкімнен байқала қоймады. АЛМАТЫ.


16 қыркүйек 2015 жыл

«Сыбызғыдай сазды əуенмен сызыла ескен желдермен, Сені іздеймін сағыныш пен сылқым сұлу көлдерден. Аққу шабыт, қанатыңмен сипап өтті жанымды, Мөлдіреген тамшы шуақ тамып түскен кеудемнен! Осындай аққу мүсінді, мөлдір сезімді жапжас балауса жолдардың Ерлан сынды балғын жігіттің қаламынан тууы қандай ғанибет, қандай əсем! Жыр мен жыршының арасындағы жарастық қандай. Ерлан баламның жырын алғаш оқыған бойда мен өзім жаңа ғана ашылған гүл қауызын көріп, дəл жанымнан ескен жұпар иісті сезінгендей болдым. Таң алдындағы тазалыққа, мөлдір сезімге молықтым. «Мені қызықтырған – жастық. Жас ақынның мінезі. Ал ақынның мінезі өлеңінің де мінезі. «Түсі игіден түңілме», дейді халқымыз. Мен Ерланның өзінен де, өлеңінен де ізеттілік байқадым. Отанға, елге, өскен ортасына деген бүкпесіз ма хаббатын сездім. Соны айтуға, жеткізуге талпынған ақын жүректің құштарлығына, қуатына сүйсіндім». Біз бұл сөздерді қазақ жырының қадірлі абызы, дəуірінде жарқырап шыққан жастарға шынайы қамқорлық көрсете алған Əбу Сəрсенбаевтың жас талап Ерлан Бағаевқа сəт сапарынан дəйекке келтіріп отырмыз. «Қайтемін өзімді құбылтып, жалғыздық – жанымның қас жауы», деп Ерлан өткен ғасырдың жетпісінші жылдары өлең өлкесінде өзінің үнімен жарқ етіп көрінді. Өзі секілді өзегі таза таланттар оны қолдап, қатарына тартты. Қашан да шын талант тар болмаған, тарыдай түйілмеген. Сіңірдей сіресіп, орынсыз тіресіп, бірде олай, бірде бұлай, бірде көл, бірде шөл күй кешпеген. Жүректегі мөлдір сезімімен, көңілдің көктей кеңдігімен айналасын нұрға бөлеп жүрген. Соның бір əдемі мысалы, 1974 жылы жеті ақынның топтама өлеңдері «Қанат қақты» деген атпен бір мұқабаның ішінде шықты. Сол жеті ақынға, яғни Ш.Сариевке атақты Əбділда Тəжібаев, М.Қалдыбаевқа лирик Ғани Орманов, Е.Бағаевқа жоғарыда айтқан «Ақша бұлттың» авторы Əбу Сəрсенбаев, Х.Есенқараеваға айбыны бөлек Қалижан Бекхожин, Д.Стамбековке сыршыл Сырбай Мəуленов, Н.Сейітовке сөз таразышысы Мұзафар Əлімбаев, Ұ.Есдəулетовке тереңдік иесі Қадыр Мырзалиев сынды поэзия жампоздары ағынан жарылып, баталарын берді, өлең өлкесінде өрісті болуларын тіледі. Бата да, тілек те ақталды. Жетеуі де жетелі екендерін көрсетті. Өмірден озғандарының артында өлмес өлең қалды. Жер басып жүргендері абырой-бедел биігінде. Шіркін, толқын-толқын ұрпақтар арасындағы осы бір сабақтастық кейде үзіліп қалғандай көрінеді. Таланттың орнын талапкер басып, оны ажырататын алдыңғы алыптардың аузы дуалы, сөзі уəлі мықты ізбасарларын заман иірімі иіп əкеткен секілді. Ерлан Бағаев 2014 жылдың шіліңгір шілдесінде алпысқа келер еді. 2002 жылы 48 жасында, елуге екі аттам қалғанда өмірден озған-тын. Ақынның елу жасы да, алпысы да ескеріле қоймады. Ол мектепті бітіргеннен кейін Мəскеуде оқыды. ҚазМҰУ-дың журналистика факультетін бітірді. Еңбек жолын өзін қанаттандырған Алматы облысының бұрынғы Кеген, қазіргі Райымбек аудандық газетінде бастап, одан соң Алматыға қызмет ауыстырып, баспада редактор, Алматы қаласының сол тұстағы Совет, қазіргі Алмалы аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болды. Қалалық партия комитетінде жүрді. Болмысы сықиған бүтін шенеунік болмағасын ба, ол жұмыстарды жеріне жеткізбеді. «Оралдым өлеңге, оралдым өлеңге, от-жалын лаулайды, лаулайды денемде, Ұйқымды қашырды, тынышымды кетірген, ақындық сезімнің тамыры тереңде, байлық ол сыйлайтын ел – ерге, ер – елге», деп артынан «атқұмар, сауыққұмар, намысқұмар халқымның бір ұлы болып қалайыншы», деген ізгі ниетпен рухани ортаға келіп кең тыныс алып еді. «Əй, сол ырғайдай қатып қалған, аңдысып жүретін қызметі құрысыншы. Ағаларымның қасында, замандастарымның ортасында жүргенге не жетеді», деп: «Талмас мəңгі иығым, ел-жұртымның қамы үшін. Аласармас биігім – азаматтық дауысым!», деп төрт жол өлеңін шабыттана оқығаны есте. Ерланның (кейде өзін Ерұлан деп жазатын) тұңғыш жыр жинағы «Таңсəрі» 1977 жылы оқырман қолына тиіп еді. Одан кейін «Жиырма бес» (1982), «Жүрегімнің жүз жібі» (1996), өзі өмірден озған соң «біркүндік сəулеге» іңкəр ниеттен туған күн мен түнді, өмір мен өлімді, жақсылық пен жамандықты, махаббат пен ғадауатты ұштастыра жырлаған «Саумал дүние» деген толымды кітабы 2004 жылы жарық көрді. Ерлан Бағаев тектінің тұяғы, жақсының ұрпағы-тын. Ең бастысы, кісілігі мол, ақ адал, өзі де, өлеңі де мөлдір еді. Тектінің тұяғы дейтініміз: «Əкенің жасыл туын биік ұстап, жүрейік жақсы адамның балалары», деп өзі айтқандай, қазақ баспасөзінің айтулы өкілі, өзі кетсе де үлгі сөзі қалған, көзі көргендер адамдығы мен азаматтығын, білімі мен білігін, қайырымы мен қажырлы ісін, мейірімді дидарын, нұрлы жанарын əлі күнге мақтан ететін, тілі шырайлы көсемсөзші, журналист, публицист, ат жалын ерте тартып мініп Қызылорда, Талдықорған облыстық газеттеріне, 39 жасында «Социалистік Қазақстан» («Егемен Қазақстан») бас басылымына басшылық еткен Ұзақ Бағаев еді. Ақынның қай жинағын қолыңа алсаң да əке туралы өлеңі алдыңнан шығады. Əже тəрбиесінде болғанын «Үлкен апам» атты жырында əдемі береді. «Айтқандары жүрегімде жатталған, жатушы еді тілегінде тəтті арман. Үлкен жолға он жетімде Сатыдан, үлкен Апам ақ жол тілеп аттанғам. Қарайтын-ды жаңбыр күтіп аспанға (өмірі оның жазылмаған дастан ба?) ...қайтыс болды мен Мəскеуде жүргенде, кəріліктен, тоқсан жастан асқанда», дейді де қала жағалап кетіп сол əжесінің басына бармағанын: «...Көп жыл өтті, бейітіне бармадым, жатқан шығар Үлкен Апам өкпелеп. Сөнгендей ме жүректегі мың алау, шұғыл солай аттың басын бұрам-ау. Топырағынан иіскеп бір қайтпасам, Үлкен Апам кешірмейтін шығар ау...», дейді. Бұл өлеңнен оның алақанында аялаған əжеге деген сүйіспеншілігін аңғарасың. Шіркін, қатыгезденіп бара жатқан капиталистік қоғамның қатыбастау ұрпағы осыны түсініп оқыса, жаһанданудан қатқылданған ет жүрегі жібіп, қарттар үйі

азаяр ма екен. Əже қолында өскен, ағайынға бала болған ұл – əкесін бірде əке, бірде аға деп өлең өрнектейді. «Əке! Мен кейбір жолдасыңа кезігемін. Өзіңді тірідей-ақ сезінемін. Тағы бір жолдасыңа кезігемін – көлеңкесі түсірер көзіме мұң. Енді бір жолдасыңа кезігемін – Сағынамын, жоқтаймын, езілемін. Жолықпаған ойларға жолығамын, қанықпаған жайларға қанығамын...», деген жолдардан қаншама бейне менмұндалап тұр десеңізші. Бірі адалдығын, екіншісі кішілігін, басқа бір пенденің «құбылаға» қарап құбылуын іштей сезінесің. Сезінесің де, «Заман-ай!» – деп запыран жұтқандай боласың. Ал «Тірісің, аға» деген толғауында «Неге, неге, жан аға, ерте сөндің, азаматы едің-ау, еркесі елдің. Жүрегіңде жоқ еді жалғандығың, жалғандыққа бүгінде мен төселдім. Ағаң, жеңгең меселін қайтармадың, асыранды боп мен сорлы жаутаңдадым. Туған

Е ЗЕРД

www.egemen.kz

айтқан. «Тістелді талай бармағым...Ұстаспай жаумен бетпе-бет күрестен талай кеш қалдым. Ақыл айтқанға өкпелеп, қолпаштағанға мастандым. Сұрамай: «Батыр, бұл қалай?» Күйінбес іске күйіндім. Мұңлықтың мұңын тыңдамай, мұрнымды көкке шүйірдім. Қателіктерді кешірмей, кекшіл боп кеттім кей кезде. Болам ба деп бастық «ерледім», таңданбас жайға таң қалдым. Əзіз достарға ермедім, Əзəзілдерге арбалдым», деген өкінішін бір қайырып тастап: «Отызда орда бұзбадым, қырықта қамал алмадым... Бастығы сынды бақыттың, қолымды қуға ұсындым. Бос өткен алтын уақыттың, қадірін кештеу түсіндім. Қызықты талай қалдырдым, татыр ма бүгін таңдайға. Осының бəрі тағдырдың, жазғаны шығар маңдайға... Кең жайылымды өркенім, Өкпем жоқ күн мен жаңбырға. Осылай болды, қайтейін, Амалым қанша тағдырға», деп мұндай жолды ұрпағына тілемейді. Оған да дəйек келтірейік: «Бар екен тіршіліктің ұзынсоңы, өмірдің қызуы мол қызыл шоғы. Бір күні, байқамасаң, күйдіреді, түсініп жүргейсің сен, қызым, соны», дейді. Бұл – барлық ата-аналардың айтар тілегі, білдірер ниеті.

айғайдан, миллионды жинап алған бай қайдан? Бірін бірі көре алмайтын қазақтар, ұлтқа тұтқа бола алар ма? Əй, қайдам...», деп, алғыр ақын айтқан осы күдік əлі де жойыла қойған жоқ. Ол қанша уақытқа дейін созыларын Тəңірім ғана білетін шығар. Көп жағдайда ұлттық істі орындамайтындар қара басының қамын жегендер мен жағымпаздар екенін, «...жағымпаздық алдында «ұяттымын», дейді де: «Өз жүрегім өзіме неге бөтен? Өзекті өртер өмірді өлең етем. Алып кет деп Аллаға жалбарынсам, тілегіме Жаратқан не дер екен?», деп арсыздар үшін өз өмірін қиюға əзір екенін, осы арқылы өзгені ойландыра аламын ба, əлде олар үшін менің «өлімім» күлкілі көрініп: «Е, сен өле бер. Мен өмір сүре беремін», деп жымысқы жымияма деген ойын ортаға салып, азат елі үшін, қазақ жері үшін – енді «тірі» қимыл көрсетпеу – барып тұрған сатқындық, ессіздік, қысқа өмірді шолақ оймен мəңгілік деп ұғатын пасықтық деген терең философиялық иірімдерге толы жыр жолдарын көз алдыңнан өткізеді. Тағы бірде, сөзімен ісі үйлеспейтіндерді: «Шынын айтсақ, арада əлі көп надандар, Келбетті адамдай, кеудесі – мақлұқ... Байдың да, құлдың да қара жер

Тірліктің татымсыз жолы оны Алматысынан алыстатып жіберіп, қайта оралғанда бірде əке, бірде аға дейтін бəйтерегіне мұңын шағады. «Аға, қайттым ауылға біржолата. Қар бората жүректен жыр бората. Туған жерім сағынып шақырғанда, тыңдамауға хақым мен дəтім бар ма? Аға, келдім, ауылға біржолата, мұң бората, жүректен жыр бората. Күн батыра, арайлы таңды атыра, аға, оралдым аяулы Алматыма», деп өзін өзі жігерлендіреді. Елдігімізді алған тұста ақын ерекше шабытпен жыр керуенін түзіпті. «Жүректегі емдеп жарақаттарды, тулатты шарап қарақат қанды. Тəуелсіздіктің ауасын жұтып, ойпырмай, жаным жаңа рахаттанды!», деп шаттанады, шалқиды. «Ел басқарған шаршамасын төрдегі ер, оған қазір ешкім де жоқ тең келер. Ауытқымай, осы бағытты ұстанса, Кемеліне жетер бір күн кеуделі ел», дейді. Бұл 1997 жылы жазылған өлең еді. Ол тұста елдік туды көтергенімізге алты-ақ жыл болған. Күдік пен үміт əлі де арбасып тұрған шақ. Бірақ, «Қазақтың іргесін қайтсек бекітеміз, береке-бірлікті қайтсек бұзбай сақтаймыз?», деген ақын оны жырымен айшықтап айтады. Ұлтты сүюдің, сүйгенде де күнімдік үшін емес, өмірлік сүюдің арқасында ғана мақсатымызға жететінімізді жар салып алға тартады. Ізгі ниетімізге жету жолында қара басының қамын жегендерден сақтану керектігін еске салып, «ішкі есебі түгел», «Бірі – басшы, бірі – қосшы, өріп жүр, сырты – жібек, іші – кебек адамдар», дейді де азат елді осындайлардан сақтау жолы бірлікте екенін: «Арқаланып келе жатыр сүйікті ел... Отандастар, осы өтпелі кезеңде, көрінейік азаматтық биіктен!», дейді. Азаттықтан асқан бақ болмайтынын «Тəуелсіздік тағылымы» атты толғауында төмендегіше өрбітеді. «Күлтегінім бүгінгі – бүкіл түрік танитын, он үш ғасыр бұрынғы, тасқа жазған тарихым. Бейбітшілік – сөз басы, бірлік – елдің ұраны. Күлтегіннің жазбасы – түріктердің тұмары. Елбасымыз – бас тұлға, ақ тілегін төкті жұрт. Көгілдір ту астында, көбеюде көк түрік... Керек болған кезінде, мықтылармен белдесер. Өз ырығы өзінде – Қазақ еркін, дербес ел», деп ерекше леп, шат көңілмен ел мерейін көтеріп, ұлт абыройын асырып: «Қазағымның ерлігі, басты шарты даңқымның. Міндетіміз ендігі, тұтастығы халқым ның... Басқа қонған бағымыз, бұлбұл ұшып кетпесін... Уақытыңмен санаспа, ұрпақ үшін, ар үшін. Мың тірілген Алашқа, Қыдыр мəңгі дарысын», дейді де: «О, Жасаған! Халқыма ырыс-құт бер, ынтымақ кел, бірлік кел, туыстық кел. Төрт мүшелім – бір жылсыз жарты ғасыр, жүрегім мен жүйкеме тыныштық бер», деп ақын жүрек шарқ ұрады. Тіл жайы толғандырғанда да жүрегіңді дір еткізер өлең жолдарын көлденең тартады. «Бойымызды билеп алған салғырттық... түбімізге жетер ме екен мəңгүрттік? Түбімізге жетер ме екен енжарлық, бос сөз бүгін татымайды таңдайға... Ең алдымен ана тілің түземей, өз ұлтыңды шығармайсың ұшпаққа», дейді. Өз тілінен жеріп, өзге тілдің құлы болғандардың қатарға қосылуы қалай болар екен деген күмəнін: «Тілі шүлдір, ділі тұлдыр қазақтар, ұлтқа тұтқа бола алар ма? Əй, қайдам... Төл тарихын білмейтұғын қазақтар, ұлтқа тұтқа бола алар ма? Əй, қайдам... Не шығады өңеш жыртқан

– мекені, екеуін өлгенде тепе-тең етеді. Күндердің күнінде... осындай жебірлер түбіңе жетеді», деп сақтандырады. Бүгінгі жұртымыздың айбынын асырып отырған Астана туралы алғашқы əңгіме көтерілгенде ол «Өткеніңді, өткеліңді білмесең, боласың ғой масқара. Жарқырай бер, жарқылдай бер күнде сен, аруақ қонған Астана», деп бас қаланың бүгінгі келбетін сол кезде көңіл көгінде көркем бейнелепті. Мұның өзі ақынның көрегендігін, келер күнге сеніммен қарайтынын, түбінде көздің жауын алатын айшыққа ие болатынын алдын ала сезгендей əсерге қалдырады. Ерлан Ұзақұлының арнау өлеңдерінде де өзіне ғана тəн тағылым молынан. Қазақтың Бауыржанының қазасына: «Қайтты өмірден. Қазақтың дүлдүлі еді, Жүз тілегі бар еді, бір жүрегі. Отыз төрт мың Бауыржан қалды артында, əлі қанша туарын кім біледі?», деп ұлт рухын көтерген, ұрпақ намысын қайраған қас батырды көкке көтереді. Ал болмысы бөлек Асқар Сүлейменовке: «Тірлігіңде дүмшені мазақтадың, осалдық, күйкіліктен азат дарын! ...Ас-Ағаның өшпейтін отыменен, жаурап қалған жүректі жылытайық», десе, жұмбақ күйде жоғалған дарынды суретші Мағауия Аманжолов туралы: «Сыры мұңдыны ұғайық, жыры мұңдыны, таланты ірі, Мағауия, қылығың да ірі. Ірілікпенен жазылған кесек шығарма – көрегендер көп пе «Ақтабан шұбырындыны»?», деп оның бояуы қанық керемет дүниелерін келістіріп суреттейді. Иранбек Оразбаевтың ұлы өмірден өткенде баллада арнап, соңын «Ақын аға! Көп алда шығар белің, көкірегіңнен қайғының шығар лебін. Өзің барда, дос-жаран, жарың барда, ешқашан да өлмейді Мұнарбегің!», депті. Ибрагим Исаға «Өмірден өтті арманда, елуге жетпей қанша адам. Елуің артта қалғанда, бір арнау жаздым мен саған... Ай санап тағы күн санап, барады достар азайып», десе сол елуге өзі жете алмады. Өлең арнаған Ибрагим да жоқ қазір арамызда. Қарғадайынан қасына ерткен Əбдіраштың Жарасқаны туралы өлеңі өрнекті. «Дарынымен оқ бойы озық көптен, таба алмаспыз алтынды қазып көктен. Арман бар ма азулы ақындарда, соңғы өлеңін халқына жазып кеткен... Шын ақында болмайды ақырғы өлең, шын ақынның жарының бəрі жаңа. ...Арман бар ма арыңды ақындардың, соңғы өлеңі жазылса тоқсан жаста. Бақидағы тұлғалар шақырды ерен, Жер астында демалып жатыр денең, Əлі сені аспанға шығарады, өзің жазған өлерде ақырғы өлең!..», дейді. Осы жолдардағы терең ойдың əрі мен нəрі тең түсіп тұрғаны анық. Өлеңдегі тоқсан қайда, бірі – елуге екіншісі алпысқа да жетпей аттанып кетті емес пе? Ерлан ағаларынан кейін замандас тарына, оның ішінде телқоңырдай қатар шыққан Ұлықбек (Есдəулет) досына жазған жыры да əдемі. «Мəртебесін ақынның биіктеттің, Ұлықбек, жырларыңды баршаға сүйікті еттің, Ұлықбек... Арулардың жүрегін дір еткіздік, Ұлықбек, талай қызық күндерді бір өткіздік, Ұлықбек. Қастың харамдығына, достың адалдығына – өлең өріп, жыр арнап, тілек тіздік, Ұлықбек... Ақын болдың аяулы ғасыр жүгін артатын, ғажабы мен азабын заманының тартатын... Өлең-баққа гүлдерін кім екпеді, Ұлықбек, арамыздан əрдайым қыл өтпеді, Ұлықбек... Қынабынан суырылған алмас едің, Ұлықбек,

Мінсіз талант, мінезді ґлеѕ Сүлеймен МƏМЕТ,

«Егемен Қазақстан».

əкем болсаң да «аға» дедім, басқалардай «папа» деп айта алмадым. Немереңді көрер ең тірі болсаң, Алпыс төртке келер ең биыл, əке», деп барып қазақы қалыппен ағасы мен жеңгесіне берген жарымкөңіл баланың кейпін тап басып суреттейді. Ерлан екінші бір «Қайран, Аға!» деген өлеңінде: «Əке, Аға! Өше қойған жоқ əлі Ерлан атым, Ақын емес балауса – толған ақын. Асхат тентек – ол менің сол қанатым, Ерболатың – ол менің оң қанатым. Алаңдама, кеңейді өрістерің, пісті (шүкір) бағыңның жемістері. Нəзікенің өмірге алып келген, дəл өзіңдей бейкүнə періштені. Бізді бүгін адам аз мол айыптар, көз қиығын сап жүрген халайық бар. Сізді бүгін тірілтіп жатыр, Əке, ұрпақтарың – ұлқыздар, Бағаевтар!», деп бірде аға деп аһ ұрса, одан кейін əке деп өзегі өртенеді. Оның арғы жағында аяулы жанға деген сүйіспеншілік, ізет ілтипат жатқаны да анық. Артынан тəубесіне келеді, ұрпағының өсіп-өнгенін айтып, əке аманатына адал екендіктерін жеткізеді. Сөйтеді де, «Ұмытпас сені ғұлама халқым, «Жақсы ғой – деген, – ештен кеш», деп жүзінен мейірім төккен, жанарынан нұр шашқан аяулы əкесіне əлі де болса қарыз екенін: «Теңеу сөзімді айта алмай келем, бас иген елдің пірісің. Қайталап айтам, қайталай берем: Біз үшін, аға, тірісің! Ел үшін, аға, тірісің», деп асыл азаматтың текті ұрпағы екенін осы өлең жолдарымен жеткізеді. Ерлан «Жайлауға құмар жанымды, жастықтың жыры кернейді. Аяулы Алатауымды тыныштық күйі тербейді», деп Алатау баурайындағы табиғат көріністерін де келісті етіп кестелейді. «...Туған жерім – намысым кірлетпейтін. Суым – шекер, көл – күміс, жерім – жəннат, бұдан асқан жұмақ жоқ жер бетінде! Көлсай – ару, көркімен дара шыққан. Бір көруді армандап, ел асыққан. Кербездікті үйренгем Қыземшектен, дарқандықты үйренген Дала шықтан», дейді де Алматыда туып, өзі өскен, Мəскеуге қанаттандырып ұшырған Саты жайлы: «Саты – жайлау, Саты – нұр, Саты – көктем, «Саты» деген сүйкімді аты неткен! Мен анамнан туғам жоқ ақын болып, қасиетті Туған жер... ақын еткен», деп тамылжыған табиғатқа тамсанады, Оның əдемі көрінісін құртып бара жатқандарға «неліктен?» деген сұрақты көлденең тартып: «Неліктен Балқаш, Арал қашады, сыйлы болады адам нашары, Кейбіреу сəуле, жарық тұрғанда қараңғылыққа қадам басады? Неліктен Жағымпаз, пасық күліп тұрады, күліп тұрып-ақ былықтырады, атамекеннің – тау мен даланың лайланады тұнық бұлағы?», дейді де мұның шешуіне келген де: «Сондықтан: жайнасын десек – хауыздың нұры, тумасын десек – жауыздың күні, табамыз десек – сұраққа жауап, Алаштың керек ауыз бірлігі!», деп байлам жасайды. Бұл – 1987 жылы жазылған өлең. Əлі күнге осы проблеманы күн тəртібінен түсірмей келе жатқанымыз ақиқат. «Ақын едім, бақсы едім, жамандыққа тапшы едім, жіберер ме жақсы өлім?» деп мына өмірге қонақ болып келгенін, қонақтың жамбастап жата бермейтінін, кететінін Ерлан өзінің өмір өткелдерін өлеңге түсіргенде бүкпесіз

11

алынбаған асуың алда сенің, Ұлықбек. Жылқы жылы туылған құрдасыңнан бір тілек – Көрсетсінші нар ұлға Алла сенім, Ұлықбек», деп атамекені Көлсайының тұнығындай тұнық ниетін алға оздырады. Сол секілді 1999 жылы бір ағасына арнаған өлеңінде: «Қадірлейік ата-баба қонысын, болашақта атқаратын мол ісің. Жер-Ананы саудалауға бола ма, күрессеңші, тірессеңші жер үшін», деп ел мен жердің тағдырына араша түскені жəне бар. «Кейде мен Мұқағали ағам құсап, қараймын дүниеге сəби көзбен», деп артынан өзінің «Кейде дана, кейде бейне бала тым» болатынын, бүкіл тірлігінде алға қойған мақсат-мұраты тек қана: «Сарқылғанша күш ақтық, болғанынша жыр ұмыт, Жиренерім – ұсақтық, үйренерім – ірілік. Жақсы іздеген жайымды ұқ, адалдықтан көрем құт. Түңілерім – тайыздық, үңілерім – тереңдік», үшін күн кешіп, соған сай адал болғанын, екі келмейтін өмірде пенде емес, адам болып өтуді еске салып: «Бетіңді тырнап, айғыздасаң да, келмейді қайтып бұл өмір. Сондықтан, бүгін тау бұзбасаң да, өмірді сүй де сүре біл», деп қатені мойындау да адамдық екенін, оны жалған намысқа салып, сырт көзге қопаңдау ар алдында ұятқа батыратынын ескертеді де, өзі қателігін мойындайтынын өлең өрнегіне түсіреді. «Қателестік, жазғырмасты жазғырдық, қателестік, мəз қылмасты мəз қылдық. Қателесу тəн екен-ау адамға – тіршіліктің қонағына аз күндік. Қателескен қаралар да, хандар да, Қателеседі балалар да, шалдар да. Адамдар көп өтіп кеткен өмірден, қателерін түзей алмай арманда. Қателесу – үйреншікті ісіндей, қателескен ел алдында кішірмей, адамдар көп өтіп кеткен өмірден, өз қатесін өзі толық түсінбей», деп байлам жасайды. Қатені мойындау да ерлік. Өмір өкінішсіз, жол оқтай түзу болған ба? Мұны Ерланның ойлы өлеңдерін оқып отырғанда көзің жетіп, көңілің иланады. Өзіңше болған көрік кеуденің желі шығып, қалыпқа түседі. Арлы ақын бірде: «Бұл өмірден менің іздеп тапқаным, ол өзімдік ғұмырбаян қап-қалың. Қайда жүрсем, адалдықты сақтадым, мені сатып кеткендерді сатпадым... Жастық өтті ұршықтайын зуылдап, бірге кетті түндерменен, таңдармен... Жас дəуреннің мəңгілікке кеткенін, əйел сезіп, қария ұғар, жас ұғар. Талай адам түзу жолда сүрінді, көп пенделер түсінбейді түгіңді. Кейбіреуі ажырата алмайды, ұйқы басып, күнің менен түніңді», дейді. Осылайша ақынның артында мол мұра қалды. Ол Ерлан Ұзақұлының екінші өмірі деп білеміз. Иə, бір кездері əке деп, аға деп өрттей жанған Ерлан енді өзі де əке болғанын өлеңінде баян етеді. «Өлең – менің тентек ұлым, қазір жасы жиырма үште, Жігіт болды. Бірақ, бірақ... ұшырап жүр қилы іске. Іштен шыққан шұбар жылан, енді сенен тілерім – Бұдан былай есіңді жи, қайғысы мол уды ішпе! Кім қалайды қисыққыңыр болғандығын ұлының, текті жерден шыққан мен де əулиенің бірімін. Сенің əкең бұл жалғанда жүре бермес мəңгілік, оның жасын ұзартатын өзің ғана, Құлыным!». 1993 жылы жазылған осы жолдар Ерланның бүкіл табиғатын беріп тұр. Өлеңге келген уақытын, тектінің тұяғы екенін, ес жиып, есеңгіремеу қажеттігін – бəрін жырға сыйғызған. Өлеңін ұлға, құлынға балап, ақиқатты алға тартады. Шынында өлең ақынның іштен шыққан «шұбар жылан» екені рас. Онда шын таланттың бітім-болмысының жататыны да ақиқат. Қуанышын да, ренішін де, қайғысын да, қоғамдық құбылыстарды да, пенделердің арасындағы ала-құла тірлікті де, азамат дегізетін ірілікті де – бəрін де соның аясына сыйғызып: «Айтып өткен ақында арман бар ма», соны ақаусыз орындасам деп талпынады. Кейде ол жүрген жол сан тарау болып, бірде бас айналдырар бақытқа бөленсе, бірде адастырып, соңы өкіндіріп, «Əттең, дүние-ай!» дегізіп жатады. Жалпы, ақын өмірі көп жағдайда күнгей мен көлеңкеден тұрады десек, қателесе қоймаспыз. Алда да айттық, Ерлан Бағаевтың артында мол мұра қалғанын, ол екінші өмірі екенін. Бұл жасанды сөз емес, ақиқат. Оның үстіне Ерлан Ұзақұлы – қарғадайынан танылған талант. Əкесінің демеуімен емес, өзінің дарынымен көрінген ақын. Ол енді-енді қанаттанып келе жатқанда əкесі өмірден озып, өзі емес сөзі, ізгілікке толы ісі елімен бірге жалғасып келе жатқан болатын. Аз жазса да артында мол мұра қалдырған дарын иесі 1954 жылдың 3 шілдесінде өмірге келіп, елуге жетпей бақиға аттанып еді. «Айтқан тірлікті Қасым ағалар ойласақ бүгін, шашың ағарар... Ақынға пəтер бермеген басшы Қасым ағаның қасына барар», деп жырдың қос шынары Қасым мен Мұқағалиды ардақ тұтқан асыл затты Ерланның мұрасын алдағы уақытта жинақтап қайта бастырсақ, орыс əдебиетіндегі əдемі үрдісті жаңғыртып, туған күніне орай поэзия кешін өткізіп отырсақ – бұл кейінгі жасқа үлгі-өнеге болар еді. «Ештен – кеш» деп пайғамбар жасынан асқан азаматқа арнап осы жылдың аяғына дейін туған қаласы Алматыда, өскен өңірі Алатаудың баурайындағы өзі емірене жырлаған Сатысында атап өтсек, есімін көшеге беріп, оқыған мектебінде шағын мұражай ұйымдастырсақ, нұр үстіне нұр болар еді. Оның маржандай етіп жазған шығармалары класс жетекшісі болған Клара апайының отбасында əлі де сақтаулы тұрған шығар. Өзгеде өзіндік дүниелері əкесінің ордасында, ағайын туысының қолында да болуы тиіс. Егер біз осындай игілікті істі атқарсақ, кейінгі толқын одан сабақ алар еді, үлгі тұтып, болмаса да ұқсап бағуға ұмтылар еді. Көзін көріп, сөзін естігендер оны іске асырмаса, арада жылдар өткеннен кейін кейінгі ұрпаққа неге істемейсің деудің өзі ағаттық болары хақ. Жақсыны ардақтауды заманға теліп, уақытты көлденең тартып, сылтау іздеп арыла алмасымыз ақиқат. Сылтау басқаға жарасқанмен – мəңгілік болып есептелетін рухани құндылыққа «билігі» жүре қоймады. Дəуірлер көшіне төтеп беріп, мəңгі жасап келе жатқан сол рухани құндылықтарымыз емес пе?! Осы жерде «адам өлген күні өлмейді, ұмытылған күні өледі», деген бір данышпанның қанатты сөзі еске түсіп отыр. Ендеше, мақтан етуге тұрарлық, үлгі етіп көрсетуге болатын, отты жыр, өрнекті өлең иесі Ерлан Ұзақұлы Бағаевтың мұрасы мұнарға сіңбей, жарқырап жұрт қолына жетсе, аты əспеттеліп, рухы биіктеп жатса, бұл абзал іс, иманды жұмыс болар еді.


12

16 қыркүйек

www.egemen.kz

2015 жыл

Ќазаќстанныѕ ґтініші ќанаєаттандырылды

Батуми қаласында (Грузия) Еуропалық конституциялық соттар конференциясы (бұдан əрі – Еуропалық қауымдастық) төрағаларының XIV отырысы болып, онда Қазақстанның Конституциялық Кеңесін осы қауымдастықтың құрамына бақылаушы ретінде қабылдау туралы мəселе қаралды.

Еуропалық конституциялық соттардың 1972 жылы бекітілген конференциясы 40 еуропалық конституциялық соттардың жəне конституциялық мəселелерді қарауды жүзеге асыратын соған тепе-тең органдардың өкілдерін біріктіреді. Еуропалық қауымдастық өздерінің мүшелерін олардың жұмыстарының əдістері жəне конституциялық бақылау практикасы

мəселелері бойынша өзара ақпараттандыруға, сондай-ақ, конституциялық заң саласында түрлі мəселелер бойынша идеялармен алмасуға ықпал етеді. Үш жылдық мерзімдегі кезең ділікпен Еуропалық конс титуциялық соттардың конференциясына төрағалық етуді Конференцияның толық құқығы бар мүшесі болатын соттардың бірі жүзеге асырады. Қазіргі

таңда, Еуропалық қауымдастыққа Грузияның Конституциялық соты төрағалық етеді. Қазақстанның Конституциялық Кеңесін Еуропалық қауымдас тықтың жұмысына қосу халықаралық қоғамдастықтың Конституция үстемдігін қамтамасыз ету аясында Қазақстан Республикасының жетістіктерін мойындауының куəсі болады. 2012 жылы Қазақстан конституциялық құ рылыс, демократия жəне құқық тың үстемдігі саласында идеялармен алмасу бойынша жалпы қабылданған халықаралық форум болып табылатын Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық Кеңес (Венеция комиссиясы) құрамына қабылданған еді. 2013 жылдан бастап біздің Конституциялық Кеңес Конституциялық сот төре лігі бойынша Дүниежүзілік конференцияның жəне Азия конституциялық соттар мен оларға тепе-тең институттарының қау ым дастығына мүше болды, ал 1997 жылдан бастап ол жа ңа

демократиялық елдердің конституциялық бақылау органдары конференциясының мүшесі атанды, оның құрамына, сондайақ, Армения, Беларусь, Молдова, Ресей, Тəжікстан жəне Украина конституциялық соттары кіреді. Қазақстан Конституциялық Кеңесінің Еуропалық қауымдастық жұмысына қатысуы ұлттық заңнамаларды дамыту саласында алдыңғы қатардағы шетелдік, бірінші кезекте, конституциялық құқықтық технологияларға қолжетімділікті қамтамасыз етеді, қаралып отырған салада басқа да қатысушы-мемлекеттердің ағымдағы проблемалық мəселелері туралы жұртшылықтың хабардар болуының қосымша арнасын құрады. Сонымен, Қазақстан Респуб ликасы Конституциялық Кеңесінің бақылаушы болуға байланысты өтініші қанағаттандырылды.

Ґнермен ґрнектелген ґмір «Бір қолымен бесікті, екінші қолымен əлемді тербетер əйел» деп Гүлжан апамызды айтқандай. Ол бүгінде 5 ұл, 3 қыздың анасы, 5 немеренің əжесі бола тұра, сонымен қатар, əн өнерінің құдіретін білетін əнші де. Бұл ретте заманымыздың əйелдері ардақты ана ғана емес, мамандықтың мың санын игеріп алатын жағдайдағы азаматшаларға айналғаны рас. «Егемен Қазақстан».

Бірақ, бүгін заман ағымына ілесіп, қаржы табу жолында кез келген ауыр жұмысты жасап жүрген нəзік жандылар жайын емес, болмысы бөлек, арманы басқа əйел-ана жөнінде əңгіме өрбітпекпіз. Ол – бойына Алла берген талантты жандандыру жолында талайлардан тайсалмай, бөгеттерде бұқпай, қиындықтарды қаймықпай жеңіп келе жатқан өнерлі əйел болса, қайынжұртында өзіндік орны бар беделді келін еді... Сарыағаш ауданындағы Келес өңірінің Игілік елді мекенінде туыпөскен Гүлжан Керімқұлова теңіз түбіндегі гауһартас секілді. Ішіне жылтылдаған əншілік жауһарын жұтып есейген оның бойында лирикалық көңіл-күй тербеліп тұратын. Себебі, əн айтуға жаны құштар қыздың бұл құлшынысын анасы құптамайды. Оның жастайынан аттың құлағында ойнап, ауыл жігіттерін оза шауып, шабандоз қыз атанғандығы, жақын маңнан

шырқалған əн естісе əлемді ұмыта сонда тарта отырып, солармен бірге əндететіні, жан күйзелісі — анасының қызына əншілікке жол бермегендігін ғаламға паш ете жырлайтынын, табиғатпен тебірене толғайтынын бірі ұқса, екіншісі ұқпаған болатын. Содан да болар, қыздың əртіс болуына қарсы болған анасының қолға алған шарасы 16 жасар балаң Гүлжанды тұрмысқа бе ріп жібереді. Арман-тілектерін, мақсат-мұраттарын жүрек түкпіріне түйіндеп, ақ орамалын тағынған келіннің кейінгі өмірі қайынжұрттың қамын жасаумен жалғасып жатады. Бойында қызуқандылық пен Алла аманаттаған əншілік өнері бар келіншектің дарыны жанына маза бермей, ата-енеден бұғып тұрсадағы өнері сыртқа шығуға ыңғай жасаған шағында қырға барып əн салып жүреді. Осындай күндердің бірінде табиғатпен тебірене əн шырқап тұрған ауыл келінін көрген бағбан Гүлжан апамыздың əніне ебіл-дебіл жылап, ауыл-аймаққа

айта барыпты. Сөз жерде жатсын ба, осы хабар ата-енеге жайымен жете бастайды. Талантты келіннің бұл өнерін кейіннен қайынжұрты дұрыс көріп, өмірінің соңғы уақыттарында ылғи батасын беріп жүріпті. Бір жағында бала, екінші жағынан ер азаматы тыйымдап отырғанның өзінде, жүректегі жанайқайын əнімен тебірене жеткізе, əуелі ата-енесін, онан соң ер азаматын мойындатқан Гүлжан апамыздың бүгінгі таңда танымал əншіге айналуында үлкен мəн бар. Ата-енеден бата алған соң, қалаға тартып отырған ананың жолын енді тұрмыс құрған, үйленген ұлқыздары кес-кестейді. Дегенмен, өзінің арнасынан алыстағысы келмеген өнерлі ана алған бетінен қайтпайды. Кішігірім бесік тойларда əн айтып, бірқатар өлеңдерге əн жазып, сазгерлікке бет бұрады. Өнерге деген алғашқы қадамын 2004 жылдан бастаса, сол уақыттарда елімізге танымал «Əжелер» ансамблінің құрамына шақыртылады. Осы топта жүріп өзінің өнерін шыңдай түскен апамыз, бастапқыда əншілік өнерін қол көрген болса, кейіннен сөзінің мəні, ісінің жөні жоқ кейбір той асабаларын бақылап, ылғи көңілі толмай жүретіндіктен бұл міндетті де атқара алатынына көзі жеткен соң, той тізгінін қолға алуға ұйғарады. Əрбір сөзі мірдің оғындай өткір, діттеген жеріне дөп тиетін апамызға той басқару қиынға соқпаса керек. Дей тұрғанмен, бұл мəселеде өзінің пікірін де жасырып қалмайды. «Өзім асаба əйелдерді ұнатпаушы едім», дейді ойын түсіндіре. Асабалықты кəсіп емес, Құдайдың нəсіп еткен бұйрығы шығар дегенді айта отырып, өзі басқарған тойлардың қазақилыққа

жат, сəнсіз қылықтардан аулақ болуын мейлінше қадағалайды. Бесік той, тұсаукесер, шілдехана жəне ұзату тойлардың сəніне айналған апамыздың бүгінгі уақытта ауылаймақта беделі үстем. Осылай, өнермен өрнектелген өмір жалғасын тауып, апамыздың жүрек қалауы орындала бастаған сəтінде жұлдызы оңынан туып, белгілі сазгер Лесбек Амановпен танысып қалады. Арнайы білімі болмаса да ерекше дауысы мен əн жазуға қабілетті Гүлжан апамыздың өнеріне тəнті болған сазгер оған жоғары баға береді. Содан, өнердің айдынында бірге жүзген екі талант иесі дуэт болуға ұйғарады. Бұл ретте «азаматымның арқасы» деп аузынан тастамай отыратын жолдасының қолдап-қолпаштап отыратындығын тағы ұқтырады. Əн десе ортаға суырылып шығып, шырқай жөнелетін əншінің дауысына мүлгіген табиғат оянып, айнала рухтана түсетінін байқағандар, «əн құдіретін білетін əйел», деп мадақтайды. Оның дарыны сонда, өзгелер секілді нотамен қағазға үңіліп отырмайды, əсіресе, түн ауған шағында құлағына ырғалған əуендер келіп, соның ырғағына тербеле жүріп бір өлеңнің музыкасын ойына жазып шығады. Осылай лек-легімен бірінен соң бірінің артын қуып 50 шақты əн дүниеге келеді. «Қызыма», «Аялаңдар аналарды», «Іздеймін», «Жылдарға бағынып», «Əттең-ай», «Құс қанат арман жетеле», «Жақсы ғой жұрттың білгені» секілді əндерге музыкалық жан бітірген апамыз ақын Ақшагүл Рамазанованың бірқатар өлеңдеріне де əн жазған екен. Əн өнерінің құдіретін білетін, жанымен түсінетін жандардың тым

аз екендігіне қынжылатын Гүлжан бүгінгі күні дауысы жоқ сансыз əншілердің көбейіп кеткендігін ренжи жеткізеді. «Көміліп жатқан таланттар көп» деген сөзін жиі қайталайтын апамыздың, расында өнерге өртенген өзегін аңғарған едік. Бұл ретте ондай адамдардың жарыққа шығуына көптеген кедер гілердің болуына орай, қаншама дарынды тұлғалардың арнасынан алыстап кеткендігіне мазасыз ой білдіреді. Бүгінгі күніне шүкіршілік ете отырып, өмір жолын өнермен өрнектеуге сеп болған ата-енесі мен жолдасына алғысын жаудыра жүретін Гүлжан апамыздың қай қылығы болса да көңілден күдікті аулақ етеді. Бұл орайда күміс көмей əнші, өнегелі де ардақты ананың қазақ қыздарына айта жүрер ақыл-кеңесі молынан. Оның аруларымыздың бойында кішіпейілдік пен инабаттылық қасиеттердің болу міндеттігін, арнамысты жоғары қойып, қыздардың өмір жолында ағаттыққа жол бермей, ең əуелі ана болу керектігін ұқтыратын терең ой жатады. «Қазағымның қаракөз қыздары өздерінің ата салтын сақтап, дəстүрін бұзбай, ұлтымызға жат қылықтан аулақ болса екен деймін. Оларға ең əуелі кішіпейіл келін мен ардақты ана болу бақыты бұйыр сын деп тілер едім. Ал қалғаны болашақтың еншісінде» дейді сөзін толықтыра. Тап солай ер жігітке тəн мінезді қазақ ұлдарының келбетін кестелейді. Аруларды алақанында ұстайтын, бір сөзді ерлеріміздің шетелдің жағымсыз жағдайларына бейімделіп, ұсқынсыз кейіпке енбеуін қалайды. Біз, осылай егде жасында өмірін өнерге арнап, тағдырын талан тымен тоғыстырған Гүлжан Керімқұлованың бойында асқақ рух пен ұлтжандылық қасиеттің қайнап жатқандығын аңғарған едік... Оңтүстік Қазақстан облысы.

 Басты байлық

Біздіѕ нейрохирургтер Орталыќ Азияда бірегей ота жасады Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Бірінші рет еліміздегі Ұлттық нейрохирургия орталығының жетекші дəрігерлері Германия профессоры Валтер Штумермен бірлесіп интраоперациялық флуоресценцияны қолдану арқылы қатерлі ми ісігін микрохирургиялық жолмен алып тастады. Бұл – Орталық Азияда жасалған алғашқы ота. Ал интраоперациялық флуоресцентті навигация ми ісігін хирургиялық емдеу кезінде ісік тінін жарқырату арқылы қолданылады. Яғни, ота жасалатын бөлік жақсы көріну үшін пациент операцияға дейін бірнеше сағат бұрын препаратты арнайы сұйықтықты қабылдайды. Аталған препарат ісік жасушасына

өтіп, белгілі жарық диапазонында флуоресценсияланады, яғни қатерлі ісік көк түспен айқындалады, ал сау жасушалар қызыл түспен көрінеді. Бұл əдіс нейрохирургке ісіктерді түбірімен алып тастауға мүмкіндік береді. Мұндай жағдайда мидың өмірлік маңызы бар құрылымдары зақымдалмайды. Орталық жүйке жүйесінің патологиясы бөлімшесінің меңгерушісі Нұржан Рыскелдиевтің айтуынша, биыл Ұлттық нейрохирургия орталығының дəрігерлері Германияда «Интраоперациялық флуоресценцияны қолдану арқылы қатерлі мидың глиомасын микрохирургиялық жолмен алып тастау» медициналық технологиясы бойынша оқытудан өтіп, нейрохирургия орталығына енгізген. Бұл ə д і с ті ң артықшылығ ы

– интраоперациялық флуоресценцияның қолданылуында болып тұр. Ол дəстүрлі микрохирургиямен салыстырғанда қатерлі ісіктердің түбегейлі резекциясын арттыруға жəне ауруды асқындырмай науқастардың өмір жасын ұзартуға мүмкіндік береді. Мамандардың мəлімдеуінше, қазіргі таңда орталық жүйке жүйесінің бастапқы ісіктері барлық ісіктердің шамамен 2 пайызын құрайды жəне онкопатология шеңберінде адамдар арасындағы өлім-жітім құрылымында бірінші қатарда тұр. Оның ішінде бастапқы ми ісіктерінің 60 пайызы əртүрлі глиомалар түрінде болады, соның ішінде 55-60 пайызы қатерлі ісік болып табылады. Бұл мəселеде 1998 жылы неміс профессоры Вальтер Штумер интраоперациялық флуоресцентті

навигацияны əзірлеуді бастап, ол тек 2009 жылы қосалқы əдіс Еуропа елдерінде алғаш рет қолданыла бастаған. Бүгінгі күні интраоперациялық флуоресцентті нави гация нейроонкологияның

дамуындағы жаңа қадам болып табылады. Ол АҚШ-та, Канадада, Австралияда, Жапонияда, енді Қазақстанда да қолданылды. АСТАНА.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитетінің «Шығыс Қазақстан мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті» ММ 2015 жылғы 6 қазанда сағат 12.00-де www.gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында мемлекеттік республикалық меншіктегі объектіні сату бойынша коммерциялық тендер өткізу туралы хабарлайды. 1. «Аюдиночка» демалыс базасы, 1980 ж.с., жалпы ауданы 589,5 ш.м., орналасқан жері – ШҚО, Ұлан ауданы, 14,0 шақырымдағы Манат ауылынан солтүстік-шығыста орналасқан. Алғашқы жəне бастапқы бағасы – 9 724 405 теңге. Кепілдік жарнасы – 1 458 661теңге. Тендердiң шарттары: - 3 жыл бойы қызмет бейінінің сақталуы; - жаңа жұмыс орындарын құру; - сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап үш ай мерзім ішінде 778 150,14 (жеті жүз жетпіс сегіз мың жүз елу теңге он төрт тиын) теңге мөлшерінде 2015 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша демалыс базасын күзетуге жұмсалған қарызды өтеу қажет; - табиғат қорғау іс-шараларын жүргiзу; - мəмiлелердi жасауды шектеу (қайта сату, кепiлге, сенiмгерлік басқаруға беру жəне т.б.) жəне/немесе жекешелендiру объектiсiне қатысты 3 жыл iшiнде белгiлi бiр iсқимылдарға тыйым салынуы мүмкiн. Сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі жəне аукцион басталғанға дейін екі сағат бұрын 2015 жылғы 6 қазанда сағат 10.00-де аяқталады. Электрондық тендерге қатысу үшін мыналарды көрсете отырып, www.gosreestr. kz Мемлекеттік мүлік тізілімнің вебпорталында алдын ала тіркелу қажет: 1) жеке тұлғалар үшін: жеке сəйкестендіру нөмірін (бұдан əрі – ЖСН), тегін, атын, əкесінің атын (бар болған жағдайда); 2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сəйкестендіру нөмірін (бұдан əрі - БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, əкесінің атын (бар болған жағдайда); 3) кепілді жарнаны қайтару үшін екінші

ЌазЎУ БЎЎ-ныѕ жаѕа жобасын бастады

Біріккен Ұлттар ұйымының (БҰҰ) 70 жылдығы қарсаңында БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пəтерінде БҰҰ «Академиялық ықпал» бағдарламасы үйлестірушілерінің бастамасымен «START» атты ауқымды жоба өз жұмысын бастады. Аталмыш жоба болашақта тұрақты дамуды қамтамасыз ететін технологияның дамуына ықпал етуге бағытталған. Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан».

 Ел іші – өнер кеніші

Эльмира МƏТІБАЕВА,

«Егемен-ақпарат».

 Бəрекелді!

деңгейдегі банктегі есеп-айырысу шотының деректемелерін; 4) байланыс деректерін (пошталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail); 5) ұлттық куəландырушы орталық берген ЭЦҚ-ның жарамдылығы мерзімін көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет. Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді. Электрондық тендерге қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ қойылған электрондық тендерге қатысуға өтінімді осы қағидаға қосымшаға сəйкес объект бойынша тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет. Коммерциялық тендерге қатысушылар өтінімді мынадай: 1) тендерге қатысушы қол қойған, тізілімнің веб-бетінде арнайы бөлінген электрондық конвертке жүктелетін тендерлік ұсыныс пен бағалық ұсынысты; 2) сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген сатып алушыға қойылатын ерекше шарттар мен қосымша талаптарға сəйкестігін растайтын құжаттардың электрондық (сканерленген) көшірмелерін қоса тіркейді. Шетелдік заңды тұлғалар қазақ жəне/немесе орыс тілдерінде нотариатта куəландырылған аудармасы бар құрылтай құжаттарының нотариатта расталған көшірмелерін ұсынады. Электрондық тендерге қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі жəне электрондық тендер басталғанға дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады. Қатысушыларға кепілді жарнаның кез келген санын енгізуге жол беріледі, бұл ретте бір

кепілді жарна қатысушыға ол бойынша саудасаттыққа қатысу үшін осы кепілді жарнаны енгізген жекешелендіру объектісін сатып алу құқығын береді. Кепілді жарналарды бөлімнің депозит шотына уақтылы түсіру мақсатында кепілді жарнаны өтінімдерді қабылдау аяқталуға дейін үш күннен кешіктірмей төлеуді ұсынамыз. Кепілді жарнаны алушы – «Ақпараттықесептеу орталығы» АҚ; банк - «Қазкоммерцбанк» АҚ; ИИК КZ529261501102032004; БИК: KZKOKZKX; БИН:050540004455; КНП: 171; Кбе:167 (кепілді жарна мөлшеріне банктік қызмет төлемі кірмейді). Төлемнің белгіленуі – тендерге қатысу үшін кепілді жарна. Тендерге қатысуға өтінім тіркелгеннен кейін тізілім веб-порталында үш минут ішінде өтінім берілген сату объектісі бойынша кепілді жарнаның түсуі туралы мəліметтердің тізілім дерекқорында болуы тұрғысынан автоматты түрде тексеру жүргізіледі. Қатысушының осы қағидада көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ сатушының шотына сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілді жарнаның тендер басталғанға дейін жетпіс екі сағат бұрын түспеуі тізілім веб-порталында өтінімді қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады. Тізілім дерекқорында сатушының шотына кепілді жарнаның түскені туралы мəлімет болған жағдайда, тізілім веб-порталында өтінімді қабылдау жəне қатысушыны аукционға жіберу жүзеге асырылады. Тізілім дерекқорында сатушының шотына кепілді жарнаның түскені туралы мəлімет болмаған жағдайда, тізілім веб-порталында қатысушының өтінімі кері қайтарылады. Автоматты түрдегі тексеру нəтижелері

бойынша тізілім веб-порталында қатысушының өтінімінде көрсетілген электронды мекенжайына өтінімді қабылдау туралы электрондық хабарлама не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жіберіледі. Электрондық тендерді өткізу тəртібі Коммерциялық тендерге қатысуға өтінімдерді ашу сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген күн мен уақыттың басталуы бойынша тізілімнің веб-порталы арқылы автоматты түрде жүргізіледі. Тендердi өткiзу кезінде комиссия ұсынысы жекешелендiру объектiсi үшiн ең жоғары мəнді қамтитын жəне тендердiң шарттарын қанағаттандыратын қатысушыны тендердiң жеңiмпазы деп жариялайды. Егер тендерде екi жəне одан көп қатысушының ұсынысы бірдей ең жоғары бағаны қамтитын жəне тендер шарттарын қанағаттандыратын болса, онда осы қатысушылардың арасында ұсыныстары бірдей ең жоғары бағаны қамтитын жəне тендер шарттарын қанағаттандыратын қатысушылардың басқа өтінімдерінен өтінімі бұрын қабылданған қатысушы тендердің жеңімпазы болып танылады. Коммерциялық тендердің жеңімпазы коммерциялық тендер аяқталғаннан кейін электрондық хаттамаға қол қою үшін саудасаттық нəтижелері туралы электронды почта арқылы хабардар етіледі. Коммерциялық тендерде сауда-саттық нəтижелері туралы хаттама тізілімнің вебпорталында қалыптастырылады, оған саудасаттық өткізілетін күні комиссияның барлық мүшелері мен коммерциялық тендердің жеңімпазы ЭЦҚ-ны пайдалана отырып қол қояды. Коммерциялық тендер кезінде

сатушы тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушылардың электронды мекенжайларына коммерциялық тендер нəтижелері туралы электрондық хабарламаны жібереді, оған комиссия қол қойған сауда-саттық нəтижелері туралы хаттаманың электрондық көшірмесі қоса беріледі. Сауда-саттық нəтижелерi туралы хаттама сауда-саттық нəтижелерi мен жеңiмпаздың жəне сатушының тендердiң нəтижесi болып табылатын шарттармен жекешелендiру объектiсiн сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемесін тiркейтiн құжат болып табылады. Өскемен қаласы, Крылов көшесі, 114 мекенжайы бойынша жеңімпазбен сатып алусату шартына электрондық тендер өткізу күннен бастап он күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде қол қойылады. Тендер жеңімпазы сатып алу-сату шартына қол қойған кезде сатушыға салыстыру үшін мынадай құжаттардың: 1) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаттың; заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куəліктің не анықтаманың; 2) заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куəландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куəландыратын құжаттың түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып, олардың көшірмелерін не нотариат куəландырған көшірмелерін ұсынады. Құжаттардың түпнұсқалары салыстырғаннан кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады. Тендер өткізу туралы ақпаратты 8 (7232) 57-00-19 телефоны арқылы жəне www. gosreestr.kz ресми сайтынан білуге болады.

БҰҰ-ның Жаһандық хабы, ЮНЕСКО-ның тұрақты даму бойынша аймақтық хабы болып табылатын, сондай-ақ, əлемнің жоғары технологиялық таңдаулы 50 университеттер қатарына кіретін əлФараби атындағы Қазақ ұлттық университеті аталмыш жобаны іске қосу мəртебесіне ие болды. Бұл көрсеткіш ҚазҰУ-дің беделінің өте жоғары екендігін жəне əлемдік деңгейде ғылым мен технологияның дамуына қосқан зор үлесінің белгісі екендігін айқындайды. Конференцияда ҚазҰУ ректоры Ғ.Мұтанов қазіргі заманда қабілеттілік пен технология дамуының маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, конференцияда, БҰҰ-ның тұрақты даму бағдарламасына оның ішінде, БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы қабылдаған «Əлемнің жандануы: 2030 жылға дейінгі тұрақты даму бойынша күн тəртібі» құжатына баса назар аударылды. Жобаны іске қосу рəсіміне БҰҰ, БҰҰ Даму бағдарламасының

көрнекті өкілдері, ірі халықаралық қорлар, сонымен қатар, Стэнфорд, Кэмбридж, Оксфорд университеттері, Сингапурдың ұлттық университеті секілді 30-дан аса əлемнің көшбасшы университеттері қатысты. «START» жобасы əлемдік технологиялық даму сұрақтары бойынша күштерді жұмылдыру жəне арттыруға бағытталған. Кон ференция қатысушылары жəне қонақтары арасындағы интеллектуалды ойталқылар тұрақты келешек үшін технологиялық дамудың мақсаттарын жүзеге асырудағы зерттеу университеттерінің ғылыми əлеуетін арттыруға бағытталды. ҚазҰУ-дің аталған жобаға қатысуы əлемнің жоғары технологиялы оқу орындары арасындағы тұғырын жəне мемлекет имиджін нығайта түседі. Сонымен қатар, ғылым жəне білімді дамытуда жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, Қазақстан үшін маңызды жоғары технологиялы жобалар мен өндірістердің алға жылжуына септігін тигізбек. АЛМАТЫ.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының əкімшісі «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ 2015 жылғы 13 сəуірден бастап 1 қазанға дейінгі кезеңде Астана қ., «Алтын Орда» бизнес орталығы, Орынбор көшесі, 4-үй мекенжайы бойынша магистратураға, докторантураға, резидентураға, тағылымдамаға құжаттар қабылдайды. Сонымен қатар, www.egov.kz «ҚР электронды үкімет» порталы жəне Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы құжаттар тапсыру мүмкіндігі бар. Байланыс телефондары: 8 (7172) 76 90 82, 76 90 83, 24 93 85, 24 93 86, www.bolashak.gov.kz «Досжан темір жолы (ДТЖ)» АҚ Шар – Жаңа Өскемен – Шар учаскелерінде локомотив тарту күштері қызметтерін сатып алу жөнінде ашық тендер өткізу туралы хабарлайды. Сатып алуды жүзеге асыруға бөлінген сома: 463 101 893 теңге ҚҚС-мен. Қызметтер көрсетілуі тиіс: Шығыс Қазақстан облысы, «Шар стансасы – Жаңа Өскемен стансасы» теміржол желісі. Қызмет көрсетудің талап етілетін мерзімі 2015 жылғы 8 қазаннан бастап 2015 жылғы 31 желтоқсанға дейін. Тендерге қатысуға 2015 жылғы 6 наурызда Директорлар кеңесінің № 4 хаттамасы шешімімен жəне тендерлік құжаттамамен бекітілген «Досжан темір жолы (ДТЖ)» АҚтың тауарларды, жұмыстарды жəне қызметтерді сатып алу Ережесінің 7-тармағында көрсетілген біліктілік талаптарына сай келетін барлық əлеуетті жеткізушілер жіберіледі. Тендерлік құжаттама топтамасын 2015 ж. 7 қазанды қоса есептегенде сағат 10.00-ге дейінгі мерзімде мына мекенжайдан алуға болады: 070012, Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы, Меновное кенті, Шоссейная к-сі, 26, материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бөлмесі, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін немесе www.kazraіl.kz сайтында. Тендерлік құжаттама тегін беріледі. Əлеуетті жеткізушілер тендерге қатысуға тендерлік өтінімдерін жапсырылған конверттерге салып «Досжан темір жолы (ДТЖ)» АҚ-ға мына мекенжай бойынша тапсырады: 070012, Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы, Меновное кенті, Шоссейная к-сі, 26, материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бөлмесі. Тендерлік өтінімдерді тапсырудың түпкілікті мерзімі 2015 жылғы 7 қазанда сағат 10.00-ге дейін. Тендерлік өтінімдер салынған конверттерді тендер комиссиясы 2015 жылғы 7 қазанда сағат 11.00-де мына мекенжайда ашады: 070012, Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы, Меновное кенті, Шоссейная к-сі, 26, материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бөлмесі. Əлеуетті жеткізушілер жəне олардың өкілдері (бірінші басшының қолы расталған жəне мөр қойылған сенімхатты тапсырумен бірге) тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде қатыса алады. Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: 8 (7232) 705 852.

«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» акционерлік қоғамы «Егемен Қазақстан» газетінің 15.09.2015 жылғы №176 (28654) санының 13-бетінде жарияланған «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы хабарламасында (бұдан əрі – Хабарлама) техникалық қате жіберілгенін хабарлайды. Хабарлама мəтінінде «Акционерлердің жылдық жалпы жиналысы» деген сөз тіркесі түгелдей мəтін бойынша «Акционерлердің жалпы жиналысы» деп оқылуын сұрайды. «Қазақ өндірістік жерсіндіру станциясы» РМҚК 2015 жылдың 1 қазанында Қапшағай су қоймасына балық шабағын жіберуді бастайтындығы туралы хабарлайды. Қосымша акпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: 8 (727) 2308 349.

Егер сіз «Егемен Қазақстан» газетіне жарнама бергіңіз келсе, мына телефондарға хабарласыңыз: Астана тел/факс 37-64-48, 37-60-49. Электронды пошта: egemen_adv@mail.ru. Алматы 273-74-39, ф. 341-08-11. Электронды пошта: gulnurekkz@mail.ru. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ұжымы кедендік бақылау департаментінің бас сарапшысы Мұрат Ермағанбетұлы ОСПАНОВТЫҢ мезгілсіз қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына, бауырларына, балаларына жəне туыстарына орны толмас ауыр қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұжымы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өлкелік мемлекеттік университетінің профессоры, физика-математика ғылымдарының докторы Жайшылық Сартабановқа зайыбы Рахима ТӨЛЕУБАЙҚЫЗЫНЫҢ дүниеден өтуіне байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. «Күш-Қуат Wt» ЖШС ұжымы Бақтияр Мұратбекұлы Абдрамановқа ƏКЕСІНІҢ мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.


16 қыркүйек

Р

Ы ТАҒД

2015 жыл

МАЙДАНДА ТУҒАН МАХАББАТ Біздің облыстағы Железинка ауданында шалғайдағы Есқара деген ауыл бар. Осы ауылда тұрған Сейіт Бегежанов пен Татьяна Труш соғыс кезінде табысыпты. 1946 жылы 9 мамырда, Жеңістен кейін тура бір жыл өткенде барып, Пермь облысынан Свердловск арқылы Павлодарға келіп жетеді. Украин қызымен қосылып, үйленгендерін айтып, өзге ұлт өкілінің қызын алып келіпті деген сөзге қалдырмас үшін алдымен барлық жайды түсіндіріп үйіне, əкесіне хат жазады. Қазақтың салт-дəстүріне сай алдынан өтіп, рұхсат сұрайды. Бірден келуге жүрексінеді. Көп ұзамай Пермьге ағасы Бейсек келеді. Таня келінін көріп көңілі толады. – Енді елге қайт, – депті деген «Майданда туған махабаттың» шет жағасын Мүккарам ата, Төлеубек Қоңыр ағадан бұрындары жиі естіп жүрдік. Алыстағы ауылға баруға жер шалғайлығы себеп болды ма, бұл кісілердің көзі тірісінде əңгімелесудің реті келмеді. 2004 жылы Елбасы Жарлығымен Татьяна Бегежанова апамызға «Алтын алқа» берілді дегенді ести сала, аудан əкімінің орынбасары Айгүл Марданова екеуміз барған кезде, өкінішке қарай, апамыз «Алтын алқасын» тағып, төркіндеп Украина жаққа жол жүріп кетіпті. Бір жылдан соң, 2005 жылы сол кездегі Украина Президенті Л.Кучма Татьяна Бегежанованы «60 років визволения Украіни від фашистських загарбників» деген медальмен марапаттайды. Тағы да жол түспеді. Əрі қарай əдеттегідей күнделікті жұмыс. Есқара қайда, біз қайда деп ақталғым келіп жүргенде, Жеңістің 70 жылдығы да келіп қалды. Ештен – кеш жақсы. Сөйтіп, «Майданда туған махаббаттың» басты кейіпкері – Татьяна Трушты қайта іздей бастадым. Енді, міне, Бегежановтардың кіші қыздары Луизамен əңгімелесіп отырмыз: – Иə, мамам марқұм – Есқара ауылының Тана əжейі осыдан үш-төрт жыл бұрын қайтыс болды. Бегежанова деп əкемнің тегін алған ғой. Əкем Сейіт екеуі, біздің үлкен отбасы жайлы ауылдас ағамыз Темірхан Рамазанов деген журналист жиі жазып жүрді. Сіз біздің мамамыз жайлы жазамын деп хабарласып ауданға келгенде, қуанып қалдым. Əрине, көпшілікті, əсіресе, сіздерді əкем екеуінің соғыс кезінде танысқан майданда туған махаббаттары қызықтыратын болар. Оны да айтып берейін. Соғыс кезінде əкем мен шешемді табыстырған таза сүйіспеншілік, махаббаттан біздер өмірге келдік қой. 1967 жылы 3 шілдеде Кеңес өкіметі кезінде анамызға 10 бала тапқаны үшін «Ардақты Ана» атағы берілді. Бірақ, менің сізге айтайын дегенім басқа еді, – деді күтпеген жерден. КУБАНЬ ҚЫЗЫ – Мамам Кубань жерінде өскен ғой. Тағдыр деген сол. Қай жерден топырақ бұйырарын ерте жазып қоятын болу керек. Есқараның дəмі тартып, соғыстан қайтқан əкеммен бірге осы жаққа келеді. Соғыс басталған кезде əкесі Афанасий Труш пен анасы Прасковья Хмара Анна, менің мамам, інілері Афанасий, Иван, сіңлісі Софья бар – бес балалы украин отбасы екен. Немістер бұлар тұратын деревняға басып кіреді. Астық, картоп, мал мен құсқа дейін, азық-түліктерін тартып алады. Деревнядағы мектеп казарма болады. Қарсылық білдіргендерді дарға асып, сол қалпы іліп қояды екен. Мамамның əкесі мен інісін көз алдарында атып кетеді. Қара жұмысқа салу үшін, ішінде інісі Иван да бар, барлық жастарды тиеп əкете бастайды. Кейін, жолда Иван қашып құтылып, үйге келді. «Туған деревнямның тас-талқаны шыққаны үшін, əкем мен інім үшін кек қалды жүректе. Өз еркіммен майданға баруға сұрандым», дейтін мамам, – деп Луиза əңгімесін əрі қарай жалғады. Содан, 1944 жылы 20 жастағы Татьяна Труш Тимошевская стансасындағы майдан госпиталіне медбике болып қабылданады. Ал Луизаның əкесі Сейіт Бегежанов 1917 жылы Павлодар қаласында дүниеге келіпті. 1939 жылы Алматыдағы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының география факультетін бітіреді де, Павлодарға келіп, облыс орталығындағы педагогикалық училищеде сабақ береді. Соғыс басталған кезде əскер қатарына шақырылып, Бакуде Əскери академияда білім алады. Осы жерден соғысқа аттанады.

– Əкеміз алғашқы əскери наградасы – «Қызыл Жұлдыз» орденін 1943 жылы Сталинград шайқасында алады. І жəне ІІ дəрежелі «Ұлы Отан соғысы» ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған. Оқ пен оттың, өмір мен өлімнің арасында жүрді. Батальон командирі болды, – деді Луиза сарғайған қағаздарды көрсетіп.

де үнсіз қалдық. Ол көз жасына ерік берді, ал мен бейнебір соғыс, майдан даласы жайлы кино көріп отырғандай күй кештім. Осы біз немістер жайлы өтірік-шыны аралас қаншама кино көрдік, ал дəл қасымыздағы шынайы майдан тағдырлары жайлы білмейді екенбіз. Киносценарийске ұсынатындай-ақ, қазіргі өмірге, достық, махаббатқа

қоюшы едім. Көзі жасқа тола үнтүнсіз кетіп бара жатқан Татьяна Афанасьевнаны көргенде өзімді қоярға жер таппадым», деді бізге соңынан. ЖҮРЕКТЕ КЕТКЕН РЕНІШ – Содан, мына өзіңіздің алдыңызда тұрған 1945 жылғы 14 наурызда мөр басылып, №2/264

www.egemen.kz

ізденіп, Мəскеу жақтағы архивтерден сұрастырып, анамыздың соғыс ардагері деген атауын қайтадан қалпына келтірсек пе деп те ойлаймыз, – деп Луиза көзіне қайтақайта жас алды. Мен де не деп жұба та рымды білмедім. Аудан əкім дігіндегілердің қарапайым ғана адамгершілік талаптарын аттап өтіп,

Қазаққа он бала тауып берген

Таня апамыз – соєыс ардагері Татьяна Бегежанованыѕ жїрегінде ќандай реніш кетті? өрескелдікке барғандарына қатты ренжідім. Адам тағдыры ойыншық емес. Қазаққа он бала тауып берген, соғыс қасіреті мен өртін көрген украин қызы қандай құрметке болсын лайық еді ғой. БЕГЕЖАНОВТАРДЫҢ ОН БАЛАСЫ

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

СИГЭТ ҮШІН ШАЙҚАС – Мамаңыз Татьяна Афанасьевнамен Сталинград шайқасы кезінде кездескен бе екен? – Жо-жоқ. Əке-шешем Румынияның Сигэт қалашығында танысқан. Майдан жолы ұзақ қой, одан əрі қарай əкеміз 1945 жылы Румынияны немістерден азат ету ұрыстарына қатысады, – деді Луиза. – Татьяна Труш медбике болып қабылданған əскери госпиталь 4-ші Приморье армиясының 4-ші Украин майданы құрамында болыпты. Ауыр артиллерия, зіркілдеген зеңбіректер, жарылған снарядтар дауысы, автомат пен пулеметтің бір тыным алмайтын толассыз үндері ғұмыр бойы құлағыма сіңіп қалды. Оқ пен отқа қарамай, жаралы жауынгерлерге көмекке келу оңай емес. Күні-түні ауыр оталар жасалады. Отадан аман шыққан жаралы жауынгерлерді медбикелер қарайды. Шабуыл жүріп жатқан аймақтан жаралыларды алып шығуға өзіміз де жүгіріп кетеміз. Жаралы жауынгерлерді тыныштандыру да қиын. Көз алдымда талай жауынгер көз жұмды, деп еске алатын мамамыз. 1944 жылы госпитальді Украинаның Тимошевская стансасынан теміржол бойымен Румы нияның Сенай стансасына көшіреді. Татьяна Труш медбике болып жүрген госпитальді Керчь бұғазы арқылы баржаға тиеп, Симферопольға, одан əрі Харьков арқылы Румынияның Сигэт қалашығына жеткізеді. Сигэтті қорғау үшін кескілескен ұрыс болады. Əкеміз батальон командирі, жауынгерлерді ұрысқа шығуға шақырады. Осы ұрыста қатты жараланады. «Жолдас капитан! Сіз жаралысыз. Мен санитарлық нұсқаушы Трушпын», – де ген медбике қыздың дауысын естиді. Қыз ұрыс даласында қансырап жатқан əкеміз Сейіт Бегежановты сүйреген күйі госпитальға жеткізіпті. Майданда туған махаббаттың тағдыры алғаш рет осылай ұрыс даласынан басталады. Осыдан кейін Луиза да, мен

үлгі тұтарлық шынайы дүние, шынайы өмір. Нағыз махаббаттың бір мысалы осы болса керек деп ойлап отырмын. – Содан əкеміз санбатта жатып емделіп шығады. Сигэт қалашығындағы əскери госпитальде кешкілік би кеші өтеді екен. Бір күні капитан Сейіт Бегежанов биге шақырады, Татьяна Труш комбатпен билеуге жүрексінеді. Комбат мамамның құрбысын құшақтай ала билеп кетеді. «Қарасам, екі көзі менде. Содан би кешінен соң кездестік. Арада бір айдай уақыт өткенде комбат маған сөз салды. Əкелеріңе келісім беріп, қосылдық та, Есқарадан келіп бір-ақ шықтым ғой», деп бізге айтып отыратын мамам, – деді Луиза. «СОҒЫС АРДАГЕРІ ЕМЕССІЗ!..» – Əңгімеміздің басында «бірақ, сізге айтайын дегенім басқа еді» дегеніңіз не? – Анам – біз үшін от пен оқ кешкен соғыс ардагері. Бірақ, Татьяна Труштың жүрегінде реніш кетті. Өкініш дейміз бе, білмеймін. Анамыз 87 жасқа келіп өмірден озды. Көңіліне қатты алып қалды. Үнемі айтатын. Қиналды, жүрегі ауырды. Жеңіс күні жақындаған сайын біздер де қазір қатты толқып жүреміз. Бір кездері қан майдандағы əке-шешеміз асыға күткен Жеңіс күні ғой!... – Айтсаңызшы енді... – 2000-жылдары ғой деймін. Мамамды аудан орталығы – Желе зинкада 9 мамыр күні соғыс ардагерлерінің кездесуіне шақырды. Бір кезде келді. Түрі біртүрлі, көңілсіздеу көрінді. Қолында ештеңе жоқ! Бұрындары қолына гүл, сыйлық, Алғыс хатын арқалап қуанышты, жайдары келгеніне үйреніп қалғанбыз. Біз дастарқан жасап, жылдағы əдетіміздей күтіп отырғанбыз. – Мені соғысқа қатысқан жоқ, соғыс ардагері емессің деп жатыр! – деді де, қыстығып тұрған анам көз жасына ерік беріп жылап жіберді. Сөйтсек, кездесуге келген аудан ақсақалдарына соғыс ардагерлері деп бəріне сыйлық, марапаттарын үлестіреді де, мамамды сол жерден «сіз соғыс ардагері емессіз» деп шығарып салады. Бір ағай: «Қап, мұны білгенде өзім алдын ала сыйлық дайындап

ретімен анамыздың атына берілген «в том, что, она действительно является участником Великой Отечественной войны с 22 марта 1944 г. по 9 мая 1945 г. в составе отделении Приморской армии 4 Украинского фронта» деп майор Энгельдің қолы қойылған, 50 жыл бойы сандықта сақтаулы жатқан бүкіл құжат-қағаздарын, соғыстағы сарғайған фотосуреттерін алып, аудандық əкімдікке кетті, – дейді Луиза. Аудан əкімдігіндегілер «Татьяна Бегежанованы соғыс ардагері қатарынан шығарған біз емес, ол кісі жаңа заң бойынша соғысқа барған еріктілер ретінде санитар, медбике қатарында соғысқа қатысушылармен теңестірілді...» деп жауап беріпті. Содан ауыл арасында «немісті көзбен көріп, оқпен атқандар ғана соғысқа қатысқан болып есептеледі» деген сөздер шығыпты. – Біз сонда соғыста болмағанда қайда болдық? – дейтін анам. Бəріміздің жүрегіміз ауырды. Əлі күнге дейін ауырады. Сол кезде отбасы үшін ауыр күндер болды. Анамыз күрсінумен күндерін өткізді, мұңаюмен, неге бұлай болғанын түсіне алмай кетті. Бізден жасырып жылап алатынын білетінбіз. Заң дегенді ол кісілер онша-мұнша түсіне қоймайды ғой, жас кезінен неміспен соғысты көрген, өзі қан майданды бастан өткерген анамызға мұның қатты соққы екенін жақсы түсінетінбіз. Сол оқиғадан кейін аудан орталығына ардагерлерді шақырған кездесулерге бір де бір рет барған емес. Сол жолы «сіз соғыс ардагері емессіз» деген ауыр сөзден от пен оқ кешкен жанның қатты торыққаны айтпаса да түсінікті. Соғысқа қатысқан санитар, медбикелердің тыл ардагерлеріне теңестірілгендері жөнінде еліміздің заңына өзгерістер енгізілгенін тым болмаса адами ілтипат, сыйластықпен түсіндіруге болар еді ғой. Немістер əкесі мен ағасын көзінше атып өлтірген бұл кісілердің онсыз да жандары жаралы емес пе еді?! Оны соғыс өртін, қасіретін көрмегендер қайдан білсін? Əрине, ғұмыр бойы өзін майдангер, соғыс ардагері ретінде санап келген əрбір қарт адамға мұндай сөзді естігеннің қаншалықты ауыр екенін кім-кім де түйсінсе керек. Кейде əлі де болса

Соғыс аяқталған 1946-48 жылдары Сейіт Бегежанов Павлодар облыстық атқару комитетінде ңұсқаушы болып қызмет етеді. Бір жылдан кейін шалғай жатқан Есқара ауылындағы Талапкер орта мектебіне директорлыққа тағайындалады. Содан 1974 жылға дейін сол мектепте жұмыс істеп, зейнетке шығады. Отбасының қызығын көреді. 1990 жылы өмірден өткен. Ал 1948 жылдан бастап Есқарада бой көтерген Сейіт пен Татьяна Бегежановтардың шаңырағының көсегесі көгерді, бақытты отбасы атанып, ұл-қыз өсірді. Қазаққа келін болған Таня апамыз – алты ұл, төрт қыз туған батыр аналардың бірі. Ұлдары Жұмабай, Максим, Еркінбай, Марат, Мұрат, Болат болса, қыздары Алма, Роза, Светлана, Луиза – бəрі де ержетті. Қазір өздері бір-бір шаңырақтың үлкені. Балаларының бəрі де екі тілге бірдей құрметпен қарап, қазақ, орыс тілдерінде еркін сөйлеп өсті. Бұл отбасындағы қазақы ауылдық тəрбиенің үлгісі іспетті. Ал Татьяна Бегежанова ауылда медицина саласында қызмет жасады. Ауылдастарының алғысына бөленді. Бұл күндері Бегежановтардың соңында 27 немере-жиені мен 8 шөбересі қалды. ЕСКЕРТКІШ ҚАЛСЫН СОҢЫНДА – Ауыл Тана əжей деп кеткен бе? – Мамам қайтыс болғанда Тана Исахмет келіні деп жазып, қазақ зиратына жерледік. Əкемнің жəне енесінің қасында қатар жатыр. Мен де, аға-əпкелерім де Краснодар өлке сінде, Киевте тұратын шешемнің туысқандарымен араласып тұрамыз. Кішкене кезімде, балалық шағымда Краснодар, Киевке жиі бардым жазғы каникул күндерінде. Əке-шешеміз өздерінің сүйіспеншілікке толы мəңгілік махаббаттары арқасында екі жақтың туыстық, жегжаттық, достық қарым-қатынасына, құда-құдағилар жақтың алыс-берістеріне, келім-кетіміне өте мəн беріп, біздерді де солай осы жолды үзбей жүруге тəрбиеледі, – деді Луиза əңгіме соңында. ...Біздің аңыздай болған «Майданда туған махаббат» хикаясын бұлай көңілсіз ауанда аяқтағымыз келмейді. Бұл мəселенің мəнісіне көз жеткізгіміз келіп, облыстық əскери комиссариатқа да бардық. Тіпті, бұл мақалаға қайта оралуымыз да мүмкін. Əзірге уақыт еншісіне қалдыра тұрайық. Ал біз күнделікті патриоттық тəрбие, достық жайлы жиі айтамыз. Көз алдымызда жас ұрпаққа, жастарға үлгі боларлық нағыз шынайы өмірдің қалқада қалып бара жатқаны өкінішті. Мақаламыздың кейіпкері Татья на Афанасьевна Бегежанова апамыз ұл-қыздары, əулеті құрмет тұтатындай, біздер үшін де, əрине, соғыс ардагері болып қала бермек... Павлодар облысы, Железинка ауданы. –––––––––––––––– Суретте: сол жақта отырған Т.БЕГЕЖАНОВА.

13

Академияда авторлыќ семинар басталды Кеше Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында жемқорлықпен күреске арналған семинар басталды. Оны «Transparency International» бағдарламасының директоры Марк Пайман жүргізді. Бұл авторлық семинар «Жемқорлыққа қарсы идеологияны қалыптастыру: бүгінгі болмысы мен келешегі» тақырыбы бойынша өрбіді. Ол Скандинавия елдерінің, Сингапур жəне басқалардың тəжірибесі негізінде жүргізілді. Семинардың ашылуында ака демия ректоры Болатбек Əбдірəсілов құттықтау сөз сөйледі. Ол өз сөзінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру бойынша елде жүргізіліп жатқан жұмыстар, атап айтқанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту шаралары, Қазақстан Республикасының 2015–2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттары туралы айтып берді. Үш күндік семинарға Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігі, ПремьерМинистр Кеңсесі, орталық жəне жергілікті атқарушы органның

мемлекеттік қызметшілері қатысуда. Доктор Марк Пайман жемқорлыққа қарсы күрес жəне жемқорлықтың алдын алу мəселелері бойынша танымал эксперт болып табылады. Транспаренси Интернэшнлда (Transparency International) 2004 жылдан бері қызмет атқарып, үлкен бағдарламаның негізін қалады жəне басқарды, сол бағдарлама шеңберінде үкіметтегі жемқорлық мəселелерін конструктивті шешу жолдары əзірленіп, жүзеге асырылды. Ол көптеген елдерде, атап айтқанда, қорғаныс министрлігі мен қарулы күштер секілді күрделі секторларда жемқорлыққа қарсы тиімді бағдарламаларды жасау бойынша өз жұмыстарымен əлемге əйгілі. Ұлыбритания үкіметінде ірі мемлекеттік жобаларға үкіметтік сараптаманы жүзеге асыратын жауапты лауазымдарды атқарды. Семинар барысында сарапшы мемлекеттік қызметшілерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі элементтерімен жəне басқа елдердің жемқорлыққа қарсы тəжірибесімен таныстырады. Сəкен МАЙЛЫБАЙ.

Назар аударыѕыз, баєдаршам! Саламатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығының ұйымдастыру-əдістемелік жетекшілігімен 1-10 қыркүйекте республиканың барлық өңірлерінде оқушылар арасында жарақаттану профилактикасы бойынша «Назар аударыңыз, бағдаршам!» ұранымен онкүндік өтті. Гүлзейнеп СƏДІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) 2014 жылғы мəліметтері бойынша, əлемде əр 4 минут сайын жолда бір бала қайтыс болып, жүздеген бала жарақат, оның дені ауыр жарақат алады екен. Əлемде жол-көлік оқиғаларының нəтижесінде (ЖКО) жыл сайын 186 300 бала, яғни күн сайын 500-ден астам бала қаза табады. ЖКО бес жастан асқан барлық балалар үшін өлім-жітімнің ең кең таралған төрт себебіне жатады. Ал Қазақстанда Травматология жəне ортопедия ғылыми-зерттеу институтының мəліметтері бойынша, 15-17 жастағы жасөспірімдер арасында жарақаттану деңгейінің өсу үрдісі бар. Мəселен, 2014 жылдың нəтижесі 2013 жылғы 6368,5-ке қарағанда 100 мың халыққа шаққанда 6610,7-ні құрады, ол басқа жас мөлшері тобындағы көрсеткіштен (14 жасқа дейінгі балалар мен ересектерден) 2 есе артып отыр. Республика бойынша жол-көлік оқиғасы салдарынан балалар арасында алғашқы мүгедектік үлесі 18,3, ал 2013 жылы 18,6 пайызға жеткен. Жаңа оқу жылының басталғанына да көп уақыт өте қойған жоқ. Міне, осы қауіптің алдын алу мақсатында еліміздің барлық өңірлерінде жоспарланған іс-шаралар үлкен ұйымшылдықпен өтті. Онкүндік акциясы бағдарламасында мектеп оқушыларына жол қозғалысының ережесін (ЖҚЕ) жəне ІІД мамандарымен бірге алғашқы көмек көрсетуді интерактивті оқыту бойынша педагогтарға арналған, сондай-ақ, «Қауіпсіздік сабақтары» атты дəрігер алғашқы көмек көрсету бойынша жол полициясы қызметкерлері мен жүргізушілер үшін семинар-тренингтер; көлікті жүргізу кезінде ішімдікті тұтынудың зияндылығы туралы интерактивті тренинг; жол полициясы қызметкерлерінің қатысуымен «Балалардың жолкөлік жарақатының профилактикасы» тақырыбында дөңгелек үстел; оқушылар, жастар жəне ересектердің қатысуымен ЖҚЕ туралы ұрандармен веложарыс, мотожарыс, байқау; жүргізушілер арасында ақпараттық-білім беру материалдарын тарату арқылы жол полициясының қызметкерлерімен бірге жас инспектороқушыларды патрульдеу шаралары енгізілген. Ал «Жол қауіпсіздігі мен жарақаттанушылықтың алдын алуды қамтамасыз ету бойынша əрекеттің ғаламдық онжылдық бағдарламасы» жоспарын орындау мақсатында ЖҚЕ бойынша үздік білімі бар оқушылар арасында турнир өткізіліп, жеңімпаздар марапатталған.

Жўлдызшы жорамалы Ауа райының шұғыл өзгерістері осы күні қалыпты жағдай болып кетті. Гидрометерология орталықтарының болжамдары да кейде келе бермейді. Сондықтан да оны болжайтын жандардың, жұлдызшылардың жорамалдарына құлақ түретіндер көп. Оқырмандарымыздың осындай сұранысын ескеріп, біз редакциямызға келген белгілі жұлдызшы Назарбек ҚОЖАМСЕЙІТОВТІҢ жорамалын жазып алған едік: – Қыркүйектің 18-22-сі аралы ғында күн жауып өтеді де, салқын түседі. Ал 29 қыркүйекте қар аралас жаңбыр жауады. Содан кейін ғана біршама ашылады. Бұл – солтүстік облыстардағы болжам. Одан арғы болжамдар туралы білгісі келетін шаруашылық басшылары, фермерлерге шарт жасасып, еңбекақымды төлейтін болса, жорамалдарымды айтып бере аламын. Жорамалдарым 90 пайызға келетін болса ғана төлесін дегенді де онда жазатын боламыз. Былтыр Ақмола облысындағы Есіл ауданымен осындай шарт жасасып, ауа райын тура болжап бердім. Сондай-ақ, «Баймырза» ЖШСмен де осындай шартқа отырып, оларға да пайдамды тигіздім. Олар қысқы бидайды менің айтуыммен

сепкен еді, биыл содан жоғары түсім алуда. – Биылғы қыс туралы қандай жорамал айтар едіңіз? – Биыл қыс ерте түседі. Қазан айының аяғында қар жататын болады. Сонымен қатар, шаруалардың есінде болсын, биыл қыс ұзарып кетеді. Сəуірдің ортасына дейін қар жауып, арасында суық жаңбыр да болып, күн қытымыр мінез танытады. – Ал қыстағы ауа райы қалай болады деп болжайсыз? – Қыста қатты суық болмайды. Қалыптағы ауа райы тұрады. Қатты суықтар болғанымен, олар ұзақ уақытқа созылмайды. Жазып алған Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».


14

www.egemen.kz

16 қыркүйек

ІК БЕС

ТАЛ

2015 жыл

Қатынқамал үңгірі жайындағы ұзақты күн айтылатын аңыз желісі қызықтырған күйі тау басына өрмелеген жалғыз аяқ сүрлеу сұлбасымен жоғары көтерілген жүргінші үзілмейді, əлемнің əр шалғайынан өз ғажайыбымен ерекшеленер үңгірлер қанша... Десек те, Қаратау мен Сыр бойын жайлаған ел Қатынқамал дегенде елеңдей қалады, сан тарау əңгімеге құлақ түреді, сосын оған өзінің естігенін үстемелеп қояды, бəлкім рас та шығар-ау, кейде тау атырабын өздігінен сəбидің іңгəлап жылағандай болған үні тербеп тұратынын айтады. Жұртты ынтықтыратындай Қатынқамалдың не қасиеті бар екен?.. Осы ой сауал болып өріліп алға жетелейді.

 Сақтансаң – сақтайды

АЮДЫЅ «АШУЫ» Медведка ауылының тұрғындарын үрейлендіріп отыр

Сапарбай ПАРМАНҚҰЛОВ, «Егемен Қазақстан».

Көне кіндік Қаратауда тосыннан естілген сəби үні тербетіп тұр ма дерсіз, жылаған баланың құмыққан даусы бүткіл атырапты селт еткізгендей, содан сəл уақыт өтпей өзінен өзі ғайып болатыны несі-қақ төбеде алтын күн дөңгелейді... Қыраш ауылы алыстан бұлдырап көрінді. Түркістаннан Жаңақорғанға қарай шыққан тас жолдың осы тұсында Шығыс – Еуропа – Батыс Қытай жобасының негізінде қолға алған ауқымды жұмыстың тынысын сездірердей атқарылған істің елеулі бөлігін аңғартуға болады. Үлкен жолдың бір аумағы төселіп, оның үстіне өзінің қызметтік ақ «Нивасын» көлденең қойған Сүлеймен Садыбай арқылы елдегі жағдайдың жай-жапсарын да, қай жерде екендігімізді білдіріп, қалта телефонмен хабар алып келе жатқанбыз. Діттеген нүктеге

Қатынқамал жетер жетпесте қалғып кетіппін. Жүйіткіген джиптің руліндегі Сəбит есімді елгезек жігіт те байқамапты, айтып келіскен кезеңнен асып барып оянғанбыз. Жаңақорғанға екі шақырым қалыпты. Қылтиған бағдар тақтасының көрсеткіш бағанын кері айналдық. Құдай ау, бақандай он сегіз шақырым өтіп барып тоқтағанбыз. Жолда ақ «Ниваны» көргенін Сəбит айтып жатыр. – Неге тұр деп ойладым, – дейді, Сүлейменмен сөйлескеннен кейін мен де оған ескертпегенмін ғой. Енді кері қайтып келеміз. Мына əзірде алыстан бұлдыраған ауыл Қыраш осы ау деп келе жатқанымыз рас екен. Сол маңнан «Нива» көзге шалынды. Жанында ақ көйлек киген Сүлеймен сағатына қайта-қайта қарайлай тұрыпты. Көне Қаратаудың күз демін сезіндіргендей сұрғылт тарта бастаған етегінде жап-жасыл болып көз арбаған Қыраш ауылы көркейе түскенін бірден бағамдар едіңіз. Бұл күнде ел Жаңа ауыл атаған жаңа бой көтерген еңселі шаңырақтар соның нақты айғағындай. Келбеті көркейген Қыраштың орталығында түйеші Əбдібектің еңселі шаңырағында бір-бір тостақ шұбатты бір деммен сіміріп, шөл бастық та, ат ауыстырғандай Сəбитті сол үйде қалдырып, Сүлейменнің «Нивасына» ауыстық. Жергілікті қариялардың əңгімесін жатқа айтады деп жолсерік ретінде Қасым əңгімешіні ертті. Жəне жол бойы бүгінгі күні сыйлы мамандық иесі фотограф əрі оператор Ислам мырза көлікке отырды. Беткей-беткейді қуалаған қара жолдың шаңын бұрқырата аспанға көтере апшысын қуырған жеңіл машина Қаратауды бетке алды. Қыр басында бір кезгі салынған тас арықты жағалай тау аңғарына қарай кейде шалт бұрылып, кейде кілт тоқтай қалып, ілгері жылжыған көлік алға екпіндей ентелейді. Қатынқамал... Қайбір жылы жастар газеті «Лениншіл жаста» қызмет істеп жүргенде «Қаратау мен қара шал» деген тақырыппен екі нөмірге мақала жазғанбыз. Оның біріншісі Жылағанатаның жұмбақ сырларына арналды да, екіншісі Үкаша əулиенің қырық құлаш құдығының құпиялары жайында əңгімеленген болатын. Мақала шығысымен жазушы Жолтай Əлмашұлы телефон шалып: «Біздің ауылдың маңайында бір керемет киелі үңгір бар, ел құрмет тұтып кейде зиярат етеді. Сол туралы қалам тербесең болар еді, деген. Мақұл дестік. Əйтсе де, бұл өңірге талай келгенде, қызық ай, ары өтіп, бері өтіп жүріп жол түспеді. Неге дейсіз, сəті болмаған да шығар. Бар шаруаны жиып қойып, осы жолы арнайы атбасын бұрдық. Көңілді мазасыз ой тербейді. Діттеген жерге жақындаған сайын толқып бір кетесіз. Құж-құж жартастың əжімді беткейі қатпарлана түскендей, тым жоғарыдан ба екен, жалғыз түйір тас домалай сусыған күйі қара жолды кес-кестей құлады, жас баланың шықылықтай күлген даусы естілгендей... естілгендей болып тұрды да өздігінен тұңғиық аспанға сіңіп бара жатқандай семіп жоғалды, іле айналаны əсерлі əуеннің таңдай қақтырар əуезі көмді-аспанда алып күн, түс ауып барады... Қатынқамалдың қиялды тербеген ғажайып үңгірін көз алдымызға елестетіп келеміз. Айналадағы сан қатпарлы əжімдей торлаған құз жартастың қою қабағы терең ойдың тұңғиығына тартардай. Неге екенін, əңгімеші Қасым да бір сəт үнсіз қалған. Тек, гүрілдей тербелген, тербеліп бізді тербеген көлік ғана. Оның тізгінін қос қолдап ұстап, қара жолдан көз алмаған Сүлеймен тершіген маңдайын көкшіл орамалмен сүртіп алды. Ұзақ бір əңгімені бастардай ойға шомған. Сосын, біз күткендей, машинаның жылдамдығын шалт ауыстырды да магнитафон қосты. Бəрін ұмыттырардай болып, сезімді аялай əдемі əуен төгілді. – Мына əн негізі Тамара Асарға арнап жазылған, – деп бір қойды. Көкшіл сүлгімен маңдайын қайта сүртті. Қолындағы орамалды жанына қойып жатып, қазір бəрін айтайын, – деген. Біз көлік жүргізіп келе жатқан Сүлейменге аңтарыла бұрылдық. «Нива» қара жолмен шаңдатып, жүйіткіп келеді. Аңғардың аузына келгенде көлік кілт тоқтады. Алдымызда суалған өзеннің тасты табанындағы тастақты кешіп бір отар қой кетіп барады. Аңғар табанындағы тасты жол сұлбасымен оң жақты ала, жартасты беткейдің етегін жиектей жүрдік. Сол жағымызда аңғар табанында жайылып су жатыр. Əдемі суреттің кербез кейпі өзіне ынтықтыра түсті. Осыны сезгендей фотограф Ислам мырза сөзге араласты: – Кезінде тау өзенін бөгеген, мынау содан қалған су ғой. Бұл жерге көктемде келсеңіз, енді керемет, мына беткей алабөтен көрінісімен көз

арбар еді, таудың ерке самалымен жібектей төгілген алқызыл қызғалдаққа толып, оттай басылып алаулайды, өзеннің суы арнасынан аса толқып жатады, қаз-үйрегіңіз бар, құс атаулы осы жерде... Магнитофонның төгілген əдемі сырлы əуені əңгімені көміп кетті, сезімді тербеген нəзік үннің иірімі толқытады. – Зайыбым тосыннан сырқаттанып, ауруханаға түсті, уайымдап артынан іздеп барсам, ерекше көңілмен жадырай қарсы алды, əн жаздым дейді. Қайдағы əн, өзі қатты ауырып жатқанда əні несі, ештеңе ұға алмадым. Қолындағы мен тастап кеткен ұялы телефонымды қымсына өзіме қайта ұсынып жатыр. Бір əуен маза бермеді дейді. Кей-кейде Қатынқамалдан шыққан беймəлім үн жаныңызды тербейтіні, ондайда мал шалып, құран оқытып жіберетініміз бар. Неге екенін, Қыраш өңірінде кездесетін ғажайыпқа таңданыс білдіреміз де қоямыз. Ауруханадағы мына көріністі күтпеп едім. Қалта телефонымды қосқан бойы абыржып тұрғанымды білдірмей құлаққа тостым. Маза бермей қойған беймəлім əуенді сол күйінде телефонға өзі ыңылдап айтып жазып қойыпты. Алдында ештеңеге түсінбей, абдыраған қалпы қолымдағы телефонның арнайы тетігін қайта бастым. Əсерлі саз... Содан газет-журналға шыққан өлең көрсем əкеліп беретін болдым. Алғашқы əннің тууы өстіп тосындау болды. Жан тербер таныс əуендер ойда жатталып, соның қайталануы емес пе екен деп те ойладым. Қазір келініңіз он алты əн жазды. Осы жазда аудан орталығында əн кешін ұйымдастырып бердім.Тартымды кеш өтті. Бір əні Қызылордада, бір əні Түркістанда айтылып жүр. Өзі батыстың қызы ғой, бір сөйлескенімде «Каспий» тобы туған жері Маңғыстау туралы əнін дайындаймыз деген, – Сүлейменнің манадан толқып, айта алмай отырғаны осы екен ғой. Шіркін, Қыраш ауылының қадірлі ұл-қыздарының ардақты анасы атанған, тəтті немеренің сүйікті əжесі болған шағында – Алтынкүл замандасты толқытқан не құдірет екен?!. Қатынқамалға бара жатқанда бізді тебіренткен сырлы əуендердің əсері ойға қалдырды. Ана жүрегін жарып шыққан жауһар əн... Қасым əңгімеші де қарап отырмады. Əннің аяғын ала бере, көкейді сан жылдар əлетінде толқытқан аңызды өрбітті. – Бұл өзі бала кезімізде естіген аталарымыздың əңгімесі ғой. Сақалын саумалай отырып аталарымыз жан сырын айтқандай болып əсер етті де, көкейге түйіп алдық. Бүгінгі жастар бірі тыңдайды, бірі иə дей салатындай əсерде ойланып қаламын. Бəлкім деймін ғой, бəлкім, осы біз аталарымыздың сезімін əлдилеген сырды жүрекке жеткізіп айта алмайтын да шығармыз деп ойлаймын. Кім біледі... – Қатынқамалды сіз сонау алыстан іздеп келгеніңізге толқып отырмын. Мына жерді Ақүйік деп атайды. Терезеден аңғардың өкпе тұсын көрсетіп қойды. – Бұл енді Қаратаудың аяқ тұсы. Осы маңайда екі өзен келіп түйіседі, содан да шығар, Ақүйік аталып кеткен. Осы өзеннің жоғары жағында биік жота бар. Құжыр жартастың биік қия беткейінде үңгір қысылтаяң кезде қырық қыз келіншек жан сақтап пана еткен дейді. Жылапсықтап тау-тасты өрмелеп қиналып келе жатқанда жарықтық қарт Қаратау сол көз жасына етегі толған қырық қыз-келіншекті бауырына басып, ғайыптан тау басынан ойық пайда болып, киелі үңгірге айналыпты. Қысылғанда жарықтық Қаратау өзі жебеп қырық қыз-келіншекті қойнауынан пана таптырып, жоңғар шапқыншылығы аяқталғанша үңгірде өмір сүрген. Төмендегі қылдырықтай ирелеңдеп жатқан өзеннен ат суарған жау аңдысын аңдып, ерекше селкем оймен жоғарыға қарағанда, жартас жартас күйінде тырс етпей тұра береді. Кім біледі, тау басынан беймезгіл уақытта құмығып естілген сəбидің əлсіз үнін Ақүйік те сылдырап ағып естіртпеген деседі. Беткейде өскен бұта мен қолмен қашағандай тас беткей үңгір аузын жасырып тұратыны табиғаттың ғажайыбы. Таудың етегінен өрмелеп шығып, қия соқпақ арқылы жартастың төбесіне барып, қайтадан төмен қарай еппен жүріп отырып үңгір аузына түсетін болған екен. Қаратаудың жөн жобасын жетік зерделейтін адамдар болмаса, өзге жұрт үңгір аузына жете алмаған. Жол білетін ер азаматтың арасында түнделетіп сүрлеу сорабы арқылы іздей тауып, ас-суын апарып тұрған дейді. Киелі үңгірді паналаған қырық қыз-келіншек жоңғардың қан шеңгелді қолына түспей, бейбіт күн туғанда аман-есен еліне қосылды деседі. Содан бері үңгір Қатынқамал аталып кетіпті... – Əңгімеші Қасым сөзін бір түйіп қойды. Таудың кең аңғарындағы тасты табанына жайылған Ақүйіктің арнасы көз алдыңа көлді

елестетеді. Алдымыздан бау кезікті. Өзен арнасы қайтадан өз қалпына түсті. Жол бойы бір өзенді бірнеше кешіп өтіп, Ақата тұсына келгенде оңға бұрылдық. Сол беткейдегі жартастың астынан мөлдіреп қайнар шымырлай ағып жатыр. Ақатаның жатқан төбесінде қылтиған бұталардың басына байланған ақ шүберек желбірейді. Кішкене жүрген соң қарсы алдымыздан кезіккен құздың етегіне жақындай тоқтадық. – Арғы бетінен барсақ өзенді жалаң аяқ кешіп өту керек. Қазір су суый бастады ғой. Құздың мына беткейі сəл биіктеу, – деп қойды фотограф Ислам мырза. Тау қойнауына енгенде ынтықтырған кең аңғар осы жерге келгенде тұйықталғандай екен. Селдір тоғай арасында сылдырап өзен ағады. Қарсы алдымызда тік болғанымен көне сүрлеу сұлбасы ағараңдаған беткей шығуға ыңғайлылау ма дегенмін. Батырға оң терісі бір секілді көрінетіні бар. Ынтығып келгенде кері қайтар кім?! Төртеуміз іркес-тіркес тау басына тіке көтерілген жалғыз аяқ жол сорабымен ілгері жылжыдық. Сəл жүргеннен кейін-ақ, ентіге баспайды екенсіз. Сүрлеу сұлбасы ынтыққан көңілді жоғарыға жетелей берді. Өн бойымнан тер боршалады, көзімнің алды бұлдырланып, жанарыма құйылды. Ілби түстім. Көйлегімнің жеңімен көзімді сүрттім. Сондай кезде жоғарыға жанар тастап қоямын. Əңгімеші Қасым мен фотограф Ислам мырза құз басындағы айналма асуға жақындап қалыпты. Орта жолдан қай тасқа отырып, тыныс алсам ба екен деп те ойладым. Сүлеймен бірдеңелерді айтып келеді. Оның даусы құлақ тұсында жаңғырады. Бəлкім бүткіл тауды көмген менің ентіккен демім бе, білмедім. Сосын аялдадым. Ақырын бұрылып, етекке қарадым. Биікке көтеріліп кетіппіз ғой. Құз жартастың етегінде, «Нива» бармақ басындай болып көрінді. Қарсы беттегі тау басына енкейген күннің көлеңкесі ұзарып келеді. Тым төмендегі аңғардың қос беткейіндегі құжыр тастың кейпі керім суретімен көз арбайды. Шіркін, Қаратаудың да өз сұлулығы тұнған сыр дерсіз. Арқа тұсыңнан соққан самал лебі терге көмілген өн бойыңды аймалайды. Ентіккен күйі деміңді басу қиын. Қайта бұрылып, ілгері жылжисың. Қия беттегі сүрлеудің əрбір тасын санамалағандай ақырын аяқ басасың. Табан жолды қиыршық басып қалған, байқамасаң тайып кетесің. Шың алқымындағы қос тасты діттеп келемін, соған жетсем бағытқа алған Қатынқамал үңгірінің аузы үңірейе қарсылардай көрінеді. Демімді алуға тағы аялдадым. Əр қадам басқан сайын аяғым салдырап қалды. Тістеніп ілгері басамын. Маңдайымдағы тер моншақтады, еңкейген күйі қой тасқа қарай жылжи түстім. Əупірім дегенде армандай болған, көз алдыңда бұлдырап тұрып алған қой тастың біріне шынтағым ілінді. Шіркін, Қаратау... Көне кіндік Қаратаудың əр жер-əр жерде еңсе көтерген шоқ-шоқ құздардың керемет келбетіне қызыға қараған сəтте, қайдан екені белгісіз, ғайыптан естілген сəби үні мына ғажайып өлкені өзгеше ырғағымен тербетіп тұр ма дерсіз, жылаған баланың құмыққан даусы бүткіл атырапты селт еткізгендей, содан сəл уақыт өтпей өзінен өзі тау-тасқа сіңіп жоғалатыны несі – аңғардың арғы бетіндегі жартасқа иек артқан алау күннің алқызыл шуағы аймалайды... Тасқа сүйеніп тұрып, тыныс алдым. Сəлден соң ғана жан-жағыма анықтай қарадым. Асу басында тұрғандай сезінесің, құздан төмен құлаған сүрлеу сұлбасы жарқабақтың беткейімен сəл төмен түскен бойы сусыған қалың тастың арасымен ілгері озады екен. Қия беткей қаланып бітпей қалған тас қабырғалар секілденіп көрінеді. Сүлеймен бастап əңгімені Қасым қостаған үшеу біраз жүріп барып қия беткейдің арасынан əлдене іздегендей үңілді. Алдыңнан самал еседі, сүрлеу жиегін басқан қалың қияқ тербеледі. Мен де ілгері жылжыдым. Аяқ астындағы тас сусиды. Ақырын ептеп басқан күйі жүріп келемін, қара саным талып қалғандай салдырап көтертпейді. Құжыр тастың əрқайсысынан сүйеу іздегендей бір ұстап ғана алға жылжимын. Тым төменде ирелеңдеген өзен сарыны да өзіне еріксіз назар аудартады. Тас қабырғалар көлбеу күйінде бірінен соң бірі өріліп тауды құрап тұрғандай, шын мəнінде төменнен жоғарыға қарасаң қабағы түскен құз жартас, ал жоғарыдан төменге қарасаң ғана аңғарар едіңіз, мың сан тас қабырғалар арасынан үңгір аузы үңірейіп көрінеді. Үш достың қызықтай қарап тұрғаны сол екен. Қатынқамал үңгірінің аузы... Тас астаудың бір жақ қабырғасы секілденген бөгеттен асып түссеңіз, кішкентай

тесіктен ішке енесіз. Үңгір аузы тар көрінгенімен, тас қабырғаның арғы жағы ғаламат əлемге енгендей боласыз, алдымен еңбектей бастап, артынан бойымызды ақырын тіктедік. Теп-тегіс еденнің əдемілігі таңдай қақтырады. Тізе бүгіп отырдық. Айналамызды қолмен сипалап қоямыз. Үңгір аузынан саулап нұр құйылады. Жарықтық тас үңгір үйдің кейпіне келеді. Қоңыр салқын лепті сезінеміз. Қараңғылыққа көз үйретейін дедік. Қасым əңгімеші күбірлеп құран бағыштады. Тымтырыс үнсіздік, тау қойнауындағы өзгеше бір тылсым дүние, қолымыздағы жарықты жағып, қарсы бетіміздегі қабырғадан бастап қарадым. Құжыр тас төне түскендей. Алты қанат киіз үйдің аумағындай жер, тек бір бұрылыстағы іргеден кешкене тесік көрінді. Қасым əңгімеші тізерлеген күйі сол жақтан көз алмады. – Қатынқамалдың кіреберіс дəлізі осы енді. Мына тесіктің арғы жағында үлкен үңгірдің өзі, – деп бір қойды. Жаудан үріккен қырық қызкеліншек тас еденге етпеттей түсе еңбектеп құйтақандай тесіктен өтті-ау... Тұңғиық ой мазалап, біз де əлгі үңірейген тесіктен бас шығарып көрдік. алғашқыда епетейсіз қозғалдық па, екі иығымыз жақтауға кептелді де қалды. Сосын артқа шегініп, қолымыздағы шамды ыңғайлап қайта бас сұқтық. Шамның əлсіз жарығы тас қабырғаның əр жер-əр жерінде ойнақ салды. Түпсіз қараңғылықтың бітер жері жоқтай, қолымдағы жарық жұтылып кетті дерсіз. Құжыр-құжыр жартас тынысты тарылта түскендей, сұсты кейпімен еңсені басады. Қою түнек қаусырлаған үңгірдің ұшы-қиыры жоқтай көрінеді. Əлде бір дауыс жаңғырықты, күмбіркүмбір бір үн құлақ тұсында тұрып алды. Кейін шегініп, басымды көтергенде байқадым, фотограф Ислам дəл жанымда тізерлеп отыр екен. – Бұл үңгір ұзына бойына əрі қарай кете береді, бала кезде қызығып біраз жерге дейін барғанбыз. Əрі қарай жүре беруге дəтіміз шыдамады, қолдағы шырақ, неге екенін өшіп қала береді. Содан қорықтық та кері қайтып кеткенбіз. Көп кісіден естідім, шам жамбай өшіп қала береді дейді. Бəлкім, оның да бір құпиясы бар шығар, – мойнындағы фотоаппаратын ыңғайлап жатып, бір иығын көтеріп қойды. Қатынқамал... Құж-құж тасқа телміре қараған сəт ойға ел арасында айтылатын аңыздың тағы бір нұсқасы өзіне еліктіре түседі: – Ауылға жау жақындай түскенде сарбаздар əйелдер мен балаларды аман алып қалу үшін тау басындағы осы үңгірге ертіп əкеліп жасырады, ал өздері із жасыру мақсатында қаша жүріп соғысады. Құз жартастардың арасындағы аңғарларды айнала шайқасып жүргенде жылаған сəбидің үні тау-тасты жаңғырықтырады. Сəбидің тосыннан естілген үні жаудың да өн бойын дір еткізіп, бəрі қалт тұра қалады. Беймəлім дауыс жаңғырығы құз басынан естіледі. Өре тұрып тау беткейіне ентелей жүгірген жау үңгір аузын тауып алады. Сөйтіп, үңгірге енгенімен осы дəлізден қайтқан екен. Елес шығар дейді, əйтсе де үңгірдің аузын тарс бекітіп біразға дейін көзден таса қылмаған. Күндердің-күнінде жау жеңіліп, кейін қайтқанда сарбаздар келіп үңгір аузын ашып қараса қырық қыз-келіншек қайтыс болып кеткен екен, бəрін ауылға əкеліп арулап қойған деседі... Бұл аңызды еске алғанда бойың түршігеді. Үңгірден шығып, келген ізімізбен кері қайттық. Құз етегінде ағып жатқан өзен жақ беткеймен де көтерілетін жол бар болып шықты. Бұл сүрлеумен көтерілу жеңілдеу ме деп қалдық. Құздың батыс беткейінен көтерілгеніміз фотограф Ислам мырзаның өзенді кешіп өткенде аяғымыз су болмасын деген қаупінен шығыпты. Төмен түсіп өзен жағасына келіп тыныс алдық. Өзіміз жаңа ғана көтерілген зау биік құз жартастың шырқау шыңына таңданыспен қарап қоямыз. Көне кіндік Қаратаудың əр жер-əр жерде еңсе көтерген шоқ-шоқ құздарының керемет келбетіне қызыға қараған сəтте, қайдан екені белгісіз, ғайыптан естілген сəби үні мына ғажайып өлкені өзгеше ырғағымен тербетіп тұр ма дерсіз, жылаған баланың құмыққан даусы бүткіл атырапты селт еткізгендей, содан сəл уақыт өтпей өзінен өзі тау-тасқа сіңіп жоғалатыны несі - аспанға қарасақ, қос күшіген қанатын жайып құздың ұшар басын айнала ұшып жүр. Күн ұясына ілінгенде Қаратаудың аңғарына шығып алыстағы ауылға беттедік. Көз ұшында көкжиекке ілінген болар болмас ай сұлбасы көрінеді. Жарықтық жаңа ай туыпты. Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы.

Шемонайха ауданында Медведка атты ауыл бар. Тіпті, ауыл жанындағы өзен де Медведиха аталады. Атауында тұрғандай, аюы арадай өретін ауылдан бұл күнде тыныштық кетті. Жақында ауылдың бір тұрғыны із-түзсіз жоғалып, аюдың азуы мен тырнағының ізі қалған мәйіті табылды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, осы оқиғадан біршама уақыт бұрын жүк көлігі аюдың қонжығын абайсызда қағып кеткен екен. Орман тағысы адамға осы себепті шабуылдаған болуы мүмкін. Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан».

Медведка ауылының 65 жастағы тұрғыны елді мекеннен 15 шақырым жердегі қалың орманға саңырауқұлақ теруге кеткен. Отбасына оралмаған отағасының балалары келесі күні полицияға шағымданады. Ұлы Виталий Белокопытов полиция сақшылары арызды алып кеткеннен кейін келесі күні келмегенін, əкесін алдымен өздері іздегенін айтады. Үшінші күні ғана аудандық ішкі істер басқармасы қызметкерлері мен жергілікті аңшылар жоғалған тұрғынды іздеуге шыққан. Алдымен ауылдан үш-ақ шақырым жердегі бұтақтар арасынан аю кездесіпті. Аспанға оқ атқаннан кейін жыртқыш аң ну тоғайға қарай қашып кетеді.

Аңшы Андрей Юртайкиннің айтуынша, іздеу жұмыстарының бесінші күнінде ғана жоғалған тұрғын табылыпты. Алайда, тағы хайуанның əбден талауына түскен мəйіттің арша-боршасы шыққан екен. – Қылмыстық іздестіру бөлімі қызметкерлері мен учаскелік полицей орманды сүзіп шықты. 15 адам жұмылдырылған іздестіру кезінде қан жоса болған адам денесі табылды. Денедегі іздердің аюдың тырнағы мен азуынан қалғанын аңшылар анықтады, – дейді Шемонайха АІІБ криминалдық полиция бөлімінің бастығы Серік Оразов. Содан бері медведкалық тұрғындардың мазасы кетті. Өйткені, қонжығының өліміне ашулы аю ауылды əлі торуылдап жүрген көрінеді. Тіпті, үрейі ұшқан омарташылардың тастап кеткен омарталарына «иелік» етіп, ұяларды талқандап, балауыздарды шығарып тастаған. Тұрғындар ауылдағы шеткі үйге 20 метрдей жақын келген аюдың ізін көріпті. Атын суаруға барған тұрғындардың бірі, көміп тастаған аю жемтігінің иісін сезгенін айтады. Артем Писарев есімді тұрғынның айтуынша, түн баласында ауыл иттері ұлардай шулап, жылқылар жайылымға шықпайтын болған. Қазір орман тағысын ұстауға барлық күш жұмылдырылды. Жергілікті аңшылар да ізіне түсуге құлшынып отырғанымен, аюды атуға рұқсат жоқтығын алға тартады. Браконерлікке кесілетін айыппұл – 500 мың теңге. Облыстық Табиғи ресурстар жəне табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы жетекшісінің орынбасары Виталий Чернецкий аңшылық маусымы ашылмаған кезде аңды атуға жыл бойы қару ұстауға рұқсаты бар ғана адамдар тартылатынын айтады. Бүгінде Медведка көшелері иесіз қалған жұрттай күндіз де қаңырап тұрады. Өйткені, тұрғындар үйден шығуға үрейленеді. Шығыс Қазақстан облысы, Шемонайха ауданы.


16 қыркүйек

ƏҢГ

2015 жыл Сол күні. Кешкі сəт. Командир көңілсіз. Көңіл хошын келтірер əзіл де айтпайды. Түнеріңкі. Бөлімше командирлерін шұғыл өзіне шақырды. Сөзі қысқа. – Таң алдында фашистер шабуылы. Жау алға бір адым жылжымасын! Тапсырма – осы! Жауынгер жігіттер үндесті. Кектің үні. Ашудың үні. – Əрине, алға бастырмаймыз! – Қасық қанымыз қалғанша алысамыз! – Аттап басқанын дəлдеп атамыз!.. Сонда да командирдің жүзі салыңқы. Серпілмейді. Сілкінбейді. Салқын қабақ. Қалың ой үстінде. – Сəтін салса...– деді ақырын ғана. Нұрбек аға лейтенанттың тұнжыраңқы жүзін алғаш көруі. Батыр! Ержүрек! Қайтпас қайрат! Жігеріңе жігер қосар намыс! Білгелі бері байқағаны – осындай өр қасиеттер. «Волковтың бұнысы несі? Əлде... кескілескен қанды соғыс боларын сезіп, ішінен тынғаны ма? Жау əскерлері тым көп пе?..» Басқосудан соң өзінің бөлімшесіне келіп, тағы ой сарынына ере түскен. Волков нені айта алмады? Кеудесіндегі кермек сезім неден? Бөлімшедегі көңілді жігіт – Сидоров бұған: – Жолдас гвардия аға сержанты! Сізді танымай тұрмын,– деген. – Түріңіз түтігіп кетіпті... – Енді той емес. Соғыс-с... Таң алдында – қан майдан! Кім өледі, кім тірі қалады? Бір Алланың қолында. – Кішкене демалыңдар. Таңсəріде жау шабуылы! – деп қарауылшыдан басқа жігіттерді тынығуға жіберді. Өзі жалғыз. Есіне ел түсті. Қаратау етегі. Түркістан түбі. Көкмайса. Көздің жауын алар алқызыл гүлдер! Төсбұлақтан сылдырап аққан мөп-мөлдір су... Балалығы өткен жер... Шахан байдың ұлы. Кенжесі. Ұлдан кенже! Кəмпеске кезінде-ақ Шахан бай бақилық болып кеткен. Кенеттен! Жаңа заманды түсінбеді ме? Түсіне алмағаны ма? Қабылдағысы келмегені ме? Кемпірі Зəурекүлге бар ауыр салмақты қалдырды. Өңкей жетімдер. Алды – жиырмаға ілінбеген. Соңы... жетіде. Талапты еді Нұрбек. Қайсарлығы бар-ды. Қарап жатпады. Қапланбектегі зоотехникалық техникумға бақ сынамақ болып, жолға шықты. Барды. Түсті. Оқыды. Бітіре сала ауылға келіп, зоотехник емес, мұғалім болды. Бала оқытты. Қырсық əңгіме сонда да жалғаса берді. «Байдың құйыршығы!.. Елді қанаған сасық байдың ұрпағы!..». Шымшыма сөздер намысына тиді. Ауыр қабылдады. Жүрегі шаншыды. «Соғыс басталыпты» деген хабар жеткен күніақ əскери комиссариаттың есігін ашқаны содан. Майдан барып, ерлік жасамақ. Қару ұстап, жауды жайпамақ. Байдың емес, халықтың ұлы екенін дəлелдемек. Отанды қалай сүю керектігін сөзімен емес, ісімен көрсетпек. Сол еді арманы... Комиссариаттағы қара мұрт: – Өліміңе асығып жүрсің бе, кет бұл жерден, – деп дауыс көтеріп, қуып шыққаны. Келер жылы тағы келді. Қара мұрттың орнында шикіл сары кісі отырды. – Соғысқа...– дей бергенінде, дереу құжатын сұрады. Берді. Алды. Əлденені толтырды. Сосын бұған: – Үш күннен кейін жолға əзір бол, – деді. Зəурекүл ана ести сала зар еңіреді.– Аман-сау келесің бе, жоқ па... – Аман ораламын, апа! Отқа салса жанбайтын, суға салса батпайтын ұлыңмын! Өзің солай деуші едің. Жау өлтіре алмайды мені?.. Жас шынардай майысқан қарындасы Зада: – Қашан аттанасың? – деді. Тілін бұрап сөйледі. – Үш күннен соң... – О-о, əлі уақыт көп. Онда маған жылдам жазуды үйрет... Əдемі жазуды... – Үйретем. Елден хат жазып тұратын сен боласың. – Жақсы үйретпесең, жазбай қоям... – Жазбай көр, осыдан... – Апа, маған ұрысты! – Зекіме! Əлі-ақ сағынарсың қарындасыңды... *

*

*

Сол түні. Үйде Зəурекүл ана аһ ұрды. Қайта-қайта күрсінді. Кішкентай Зада мен Нұрбек сабақ оқыды. Ұзақ отырып оқыды. Түн ауғанша. Тыста суық жел ызың-ызың етті... Əндетті... ...Жауынгер елес-дүниеден айығып, енді қолына қалам ұстады. «Бəлкім, ақырғы түнім бе? Неде болса, елге хат жазып қояйын. Соңғы сəлемдемем болып кетпесе...». Суық ой жүрегін зырқ еткізді. Денесі мұздап сала берді. Өлең туды. Өзінен-өзі. Көңілінің терең түкпірінен. Былай деп төгілді. – Аман-сау жатырмысың, қарындасым, Кеудеңнен қуанышың арылмасын. Сəлем айт, Зəурекүлдей анамызға, Тілектес бола жүр деп балаңызға! Анасының бір түн бойы көзіне жас алып, қайтақайта күрсініп шыққаны елес берді. «Ораласың ба сол қырғыннан? Əлде... майдан даласындағы қаңғыған оқ...». Арғы жағын айта алмаған. Тілін жұтқан. Баласы жұбатып: – Мені періштелерім демеп-жебейді, – деді. – Ораламын деймін, апа! Əрі қарай жазды. Өлеңмен өрнектеді. Тосыннан туындаған жолдармен...

І

ЕМ Л Ə Е ІМ

– Аман ба, Ынтымағым, Талдысуым, Татып ем талай рет балды суын. Есімде бала күнім, бал күндерім, Қызықтаған Қаратаудың қарлы шыңын! Тағы тосылды. Жүрегі лүп-лүп! Миы шымшытырық. Хат па? Өлең бе? Не нəрсе? Қайда? Кімге?.. Жанарына жас іркіліп қалды. Елді сағынғаны. Жұдырықтай Заданы ойлағаны! – Айналайын, қарындасым-қарлығашым, Ойымдасың, сен менің жадымдасың!..

сұлатып жатса да екібасты айдаһар. Қайта тұрып кетіп жатқандай. Сидоров оққа ұшты. Пулемет үнсіз қалды. Қансырап жатыр. – Шыда, Сидоров! – деді. – Сені аман алып қалады. – Маған қарамаңдар, жауды жайратыңдар-р... Сидоров ауырсына тағы сөйлеген. Тілінің ұшымен. Нұрбек Сидоровқа еңкейіп, құлағын тосып: – Не айтайын деп едің? – деді. – Алматыда-а... – деді Сидоров.

– Қазақстан қайда? – Алыста. – Қазақ едік, – деді Керменбаев. – Қазақ... Енді туған жерім – Ақтөбені көре алмаспын... – Олай деме! Жеңіс түбі біздің жағымызда. Керменбаев қинала аһ ұрды. – Мұндай жеңіс... кімге керек? – деді тағы да даусы дірілдеп. – Мыңдардың, миллиондардың қанымен келетін жеңіс... қай ұлтқа қажет? – Соғыс шығынсыз бола ма? – Неден басталған соғыс? Кім үшін болып жатқан соғыс? Басы қайсы, аяғы қайсы?..

Майдан музасы Жолтай ЖҰМАТ.

Əрі қарай қаламы жүрмеді. Ойы тоқырады. Көзінің алды бұлдыр тартты. Жүрегі сығымдады... *

*

*

Тап сол күні. Қаратау етегіндегі Ынтымақ аулында түнгі майшам жарығымен періште мінез бала қыз ақ қағазға маржан сөздер тізді. Бұл – Зада. «Аға» деп бастады сөз басын. «Сені қатты, өте қатты сағындым. Көзімді жұмсам болды, нұрлы бейнең елес береді. Күле қарап тұрасың. Алыстасың. Украина жеріндесің. Соғыстың отты ортасындасың...» Ары қарай не жазарын білмей тосылып қалды. Аңсау селі кеудесінде ағыл-тегіл. Түбі де, шегі де жоқ. Айтып тауыса алмас сағыныш. «Сені сағынғаным соншалық, өлең жаза бастадым» деді. «Аға, тыңдашы! Менің жырымды оқышы...» Сосын былай деп өрнектеді. – Ағажан, асыл менің ағатайым, Жоғалтып алмайыншы жазатайым! Өзіңді сағынамын, сарғаямын, Жақсы хабар берсе деймін əрбір таңым!... *

*

*

*

*

Жаудың саны көп. Санап тауысу мүмкін емес. Қарақұрым. Оң жақ, сол жақ... самсаған жау солдаттары. Атыс толастар түрі жоқ. Екі жақ та саябыр таппайды. Байқағаны – жаудың ең белсенді тобы Нұрбектің бөлімшесінің тұсында. Шетінен

– Өзіңді ойлап, өзегім талды, Есіме түсті сөздерің балды. Ағам-ау, ағам, келесің қашан – Қуаныш күнді сыйлайсың қашан? Басын көтеріп алды. Жалт қарады. Көкжиекке. Күн шығар жаққа! Тау ішінен күн жылт етті. Таң атты. Зада таң шапағына қарады. Қуана алмады. Көңілі əлденеге алаң. Апасының үні келді құлағына. – Хат жаздың ба ағаңа? – Жаздым, апа! – Біздің жағдайымыз өте жақсы дедің бе? – Дедім, апа! – Жауды жеңіп қайт дедің бе? – Иə, апа!.. *

*

*

Бөлімше жігіттері жаппай жаралы. Қансырап, əл үстінде жатқандары бар. Тек аманы – Нұрбек. Жау құмырсқадай. Құжынаған көп-п... «Жоқ, ешбіріңді бұл арадан аман өткізбеспін. Өлі сүйегімді таптап кетпесеңдер, басқа өткел жоқ. Сертім – серт...» Жанарынан кек оты ұшқындады. «Өліп кетсем де... шегінбеймін!.. Өліп бара жатсам да...» Селк етті. Анасына берген уəдесін ойлады. Қайта бойын жинады. Мергеннің əрбір оғы текке кетпейді. Біреу, екеу, төртеу, он... Жалп еткендердің санын есептейтін кім? Кенет... көкке самолет көтерілді. Гүрілі жетті құлаққа. Айналып ұшты. Жау самолеті. «Аһ» деді Нұрбек. «Жердегі əскер жеңе алмасын біліп, əуе арқылы шабуылға шықтыңдар ма? Олай болса, самолетке де айбат көрсетем ендеше...» Винтовкасын көкке бұрып, дүрсін-дүрсін оқ атты. Ызалана атқылады. Тиді ме? Тимеді ме? Оны кім білер? Кім айтар? Көктен қара дақ көрінді. Алмұрт секілді бірнеңе. Салбырап түсіп келе жатыр. Жақындап қалды. Тұп-тура төбесінде. Бомба! Нұрбек оны көрді. Көзі шарасынан шықты. Қайда қашады? Қайда тығылады? Пана болар жер қайсы? Бар ма пана?.. Жер бауырлап, жағасымен басын бүркемелеп жата кетті. Жанарын жұмды. Тарс жұмды. Бомба жарылды. Гүрс-с... Зор дауыс! Алысқа кетті. Тым-м ұзаққа... Айнала отқа оранды. Қазақ жауынгері əрі қарай не болғанын біле алған жоқ... Бүктетілген күйі қимылсыз қалды. *

*

*

Тұлымшағы желкілдеген қыз бұлақты айнала жүгіріп, жүгіріп алды. Қозы-лақпен жарысқаны. Сосын тоқтады. Майданнан келген соңғы хатты есіне түсірді. Өлең. Бастан-аяқ. Түп-түгел. Қалай еді? – Соғыс деген айдаһар ғой ақырған, Арбап бізді апанына шақырған. Сендер аман болыңдаршы, жас ұрпақ, Ойнаңдаршы, күліңдерші асыр сап!.. Осыны ішінен ыңылдап оқып тұрды. Қайтақайта. Сол сəтте жанарына жас іркілді. Көзінің алды бұлдырады. Ағасын қайтып көре алмайтындай болып, кеудесін ащы өксік қысып бара жатты... Тағы бір өлеңін оқыды. Еріндері дірілдеді. – Елім барда, мен өлмеймін, тірімін, Мақтанбаймын, көп қазақтың бірімін. Болсам кəні, мінберлерден оқылар, Кейіпкері кей ақынның жырының... Бұдан əрі шыдамы бітті. Өзін-өзі ұстай алмады. Зада солқылдап жылап жіберді. Екі иығы селкілдеді. Ұзақ жылады... Тау сілемдері қызбен бірге қосыла өксіді...

*

Таң алды. Командирдің ащы үнінен барлық жауынгер жантая кеткен орнынан ұшып-ұшып түрегелді. Дереу бой түзеді. Сапқа тұрды. Аға лейтенант бар даусымен: – Əр бөлімше өз орнына жайғассын,– деп бұйрық берді. – Шегінуші болмаңдар... Нұрбек командирдің түріне қарады. Сол абыржу. Əлі табы кетпеген. «Бүгінгі майдан... шынымен-ақ шешуші шайқас! Сезем. Байқаймын. Жан алып, жан берісу... Кім тірі қалады! Кім осы жолы?..» Ойлағысы келмеді. Арғы жағын. Ауыр ой. Зіл батпан. – Жауынгерлер! – деп айқайлады. – Еріңдер соңымнан! Гвардия аға сержанты мерген солдаттарды өзі бастап, жүгіріп ала жөнелді. «Кім тірі қалады? Ал, енді кім...» Қиялында осы кермек ой. Қайта-қайта есіне түседі. Мазалайды. Белгіленген орынға келді. Пулемет, винтовкаларын жау жаққа бағыттады. Əзірлік. Өзі де винтовкасын қыса ұстаған. ...Алыстан жау əскерлерінің қарасы көрінді. Атыс жоқ. Əлі тым-тырыс. Күту сəті. Қазір ғана жоғарыдағы командирден бұйрық келіп жетті. – Мергендер,– деді Нұрбек. – Əр оқ – бір тағдыр! Мүлт кету – сын. Сенемін өздеріңе... Құралайды көзге дəлдеп ататын жауынгерлер енді алысты көздеуге жатты. Пулеметші Сидоров аса сақ. – Елуін жер жастандырамын. Көр де тұрыңдар... – Оны кім санайды? – деді Керменбаев. – Саған есепші керек болар?.. – Өзім-м... Керменбаев күле сөйлейді. – Елуге жеткізген кезде маған айтарсың. – Сен ше? Сен нешеуін... – Жүз фашисті жайратқанша тыным таппаспын. Айтамын санын... – Тек өтірік сөйлеме! – Өзің де шын айт! Жау жақындап қалған-ды.

15

www.egemen.kz

* – Алматының жанындағы селода қызым... – Қай қыз? Кімнің қызы? – Сүйген қызым... Наташа-а... Ол жылайтын болды-ау енді... Көз жасын көл етіп... – Қамықпа, Сидоров! Сен өлмейсің. – Өліп қалсам, Наташаның мөлдір арманы үзіледі. Менімен бірге. – Жазыласың! Айығасың дедім ғой... – Махаббатқа қиянат! Қиянат жасайтын болдым-м... – Тоқтат! Айтпа ондайды, жауынгер... Көмекке келер дəрігер жоқ. Көрінбейді. Қансыраған мерген жандалбаса. Сөздері жуыспай барады. Сандырақтайтындай. Командир көз ұшында көрінген тағы бір жау солдатын дəл көздеді. Қақ маңдайдан. Орнында қалды. Қайтып қозғалмады. Артынан тағы екі-үшеуі бас көтерген. Оларды да атты. Дөп тигізді. «Осымен толастайтын шығар» деп ойлаған. Тағы да бес-бестен неміс солдаттары өріп шыға келді. Не деген көп! Оқ жете ме? Таусылады-ау сəлден соң... «Əттең» деп ойлады Нұрбек. «Мерген емес, танкист болғанымда... мыналарды түп-түгел қырып салар едім...». Гвардия сержанты енді байқаса, бөлімшедегі тағы бір жауынгер қансырапты. Ыңырсыды. Ол – қатардағы жауынгер Керменбаев. Жанына еңбектеп барды. Не айтарын білмеді. Арқасынан қақты. «Шыда» деді. Керменбаев ауыр жарақаттан денесін əзер қозғады. Бөлімше командиріне түсініксіз үрей көзімен қарады. – Бұл қай соғыс? – деді əлсіз үнмен. – Отанды қорғап жатырмыз. Жау жендеттерінен... – Біз қайдамыз? – Украина жеріндеміз.

– Қатардағы жауынгер, сен сандырақтай бастадың. – Жоқ, командир! Тəнім жаралы, ақыл-есім орнында. Осы қантөгістің зардабын əлі талай ұрпақ тартады. Ешқашан ұмытылмайтын, ұмытуға болмайтын ұлы өкініш əкеледі. – Бар өкініш бізбен өлсе, арман жоқ. Кейінгі ұрпақ қайғысыз өссін дейік. – Командир! Қандасым! Біздің қайғы – сабақты қайғы! Ол ұрпақтан ұрпаққа ауысады. Соны ойлап көрдің бе? – Жауынгер Керменбаев! Саған көп сөйлеуге болмайды. Онсыз да əлсіреп жатырсың... – Өзекті өртер қанды қайғы!.. Жүз жыл, мың жылға ұласар қанды қасірет... Есінен танып бара жатты. Жау солдаттары тұс-тұстан өрді. Қай жағына қарап ату керек? Кімді көздеуі керек? *

*

*

Қаратау етегіндегі бұлақ суына барып бетін жуды. Мөп-мөлдір. Сап-салқын. Бойы тоңазыды. Басы жазылып сала бергендей. Қозы-лақ маңырады. Тау жаңғырықты. Құс үні естіліп қалады. Ағасын ойлады. «Сені шын сағындым ғой, аға! Соғыс қашан бітеді? Жеңісті қашан тойлаймыз? Жеңіс тойында... əн саламын. Тіпті, биле десең, би де билеп беремін, аға!». Қойтастың үстіне отырды. Кеудесінен жыр шумағы төгіле жөнелетіндей. Лықсып-лықсып кетеді. Өлең. Жансарайы өлең болып өріліп бара жатқандай.

*

*

1943 жыл. Украинаның Донецк облысындағы Славян ауданы. «Голая долина» селосында Совет Одағының 88-гвардиялық атқыштар дивизиясы жаумен кескілескен соғыс жүргізді. Дивизия құрамында жиырмаға жаңа іліккен, Түркістан түбінде дүниеге келген қазақ жауынгері, аға сержант Нұрбек Шаханұлы бар еді. Таң алдындағы кескілескен шайқаста дивизия көп жауынгерлерінен айырылды. Мыңдаған майдангер жау оғынан көз жұмды. Мерген қазақ Нұрбек те сол жерден мəңгі мекенін тапты. *

*

*

Біраз уақыт өткен. Украина жері. Аз ғана тыныштық. Атқыштар дивизиясының бір топ жауынгерлері бас қосқан сəт. Сонау алыстан, Қаратау жақтан үшбұрыш хат келген. Ашып кезек-кезек оқыды. Оны жазған – Зада. Аға сержант Нұрбектің атына. «Майдандас жолдастарыңа да оқып берерсің» деп ескертіпті қарындасы. Өлеңмен басталыпты. – Ағам менің нағыз ер, Жау да оған бас иер! Жеңіп елге келеді, Маған көп гүл тереді... Берген гүлін аламын, Тұлымыма тағамын! Қуанышта боламын, Құшағында ағаның!.. Жауынгерлер қалың ойға батты. Кейбірі көзіне жас алды. Балғын қыздың маржандай тізілген бал сөздері кеуделеріне құйылып жатқан бұлақ суындай. Мөпмөлдір тамшыдай. ... Майдан музасы тəмам!


16

ХА

Амандық болып, «Абай бағын» ашу туралы жоба толықтай жүзеге асатын болса, биыл отырғызылатын көшеттер бес жылдан кейін-ақ жайқалып, уақыт өте келе еменді орманға айналмақ. Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлына арналған еліміздегі алғашқы тақырыптық бақ Алматы облысының Кербұлақ ауданының Басши ауылында ашылады. Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Нақты жобаларымен туған өлкесін гүлге көмкерген Гөзел Құлжабаева бұл бақты бастапқыда ақын ның туған жері Жидебай да жайқалтуды көздеген. Алайда, бір себептермен бұл мақсаты жүзеге аспай қалғанына қарамастан, Құлжабаева ханым ұлтқа ортақ ақынның рухына арналған тақырыптық бақты өз туған жерінде өсіруге шындап кіріскелі отыр. Өзгелерге де тағылым боларлық осынау тамаша бастамаға Қазақстан Жазушылар одағынан бастап, бірқатар ұлттық жоғары оқу орындарының ғалымдары мен ел зиялылары қолдау көрсетуде. Қалай десек те, «Абай бағы» – бұл күнде тек қазақтың ғана емес, бүкіл адамзаттың əйгілі тұлғасына айналып кеткен ұлы Абайдың 170

жылдығына «Гүлстан» журналы мен «Гүлзар» қоғамдық бірлестігі нің ғажайып тартуы. Мере йтой кезінде «Гүлстан» журналы мен «Гүлзар» қоғамдық бірлестігі Қазақстан Жазушылар одағы басқармасымен бірлесіп ұлы Абайдың 170 жылдығына 170 емен ағашын отырғызу идеясын көтерген екен. Алматыдағы «Гүлстан» республикалық ғылыми-танымдық, көпшілік журналының баспасөз клубында өткен баспасөз мəс лихатында ел аумағының 5 пайызына да жетпейтін орман-тоғайлардың көлемін ұлғайтудың өзекті мəселелері қозғалып, экологиялық мəде ниеттің жай-күйі сөз болады. Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Жайлыбай, əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ректорының кеңесшісі Бауыржан Жақып, Қазақ

 Тіршілік түйткілдері Шошып оянды. Қара терге түскен екен. Кешегі «сілтегеннің» де əсері ме, жаңағы көрген түсін есіне түсіре алмай біраз жатты... Өзіне мылтық ұңғысын кезеніп, төніп қара киімді бейне жақындап келеді... Қорыққаннан үні шықпай қалды. Бір уақытта əлгі бейне өзінің жалғыз ұлы Айдосқа айналып кетті. Жүзі суық, селт етер емес. «Əке» деген дауыс естілді. Ақ көйлегі мен қос бұрым шашы желбіреп Аружан жүгіріп келе жатыр... Айдос ұстап тұрған мылтыққа жармасты. Гүрс етті... – Аруж – а-а – ан!... Осы арада шошып оянған еді. Өткеннің күндері көз алдына келе бастады... Автобазада көлік жүргізуші болып жұмыс жасады. Алыс жерлерге іссапарға шығып тұратын болғандықтан еңбекақы да тəуір еді. Зайыбы Күлпəш екеуінің арасындағы сəбилері Айдос пен Аружан кішкентай үйді базарға айналдыратын. Əсіресе, тұлымшағы желбіреген Аружанның қылықтары тіпті тəтті еді. Алыс жолдан шаршап келгенде оның мойынға асылып, əлденелерді айтатыны барлығын да ұмыттырып жіберетін. Заман өзгерді. «Өз күніңді өзің көр» деген уақыт басталды. Өзі жұмыс жасаған автобаза да тарады. Кейбір пысықайлар пайға деп, өздері жүргізген «көк қасқаларды» (ЗиЛ) еншілеп алса, бұның қақ-соқпен ісі жоқ, жуас мінезін пайдаланды ма, тозығы жетіп тұрған ескі гаражда үлесің бар, ұжымдасып сатыңдар, деп басшылар құтылып тынды. Иесіз қалған, күзетшісі жоқ гараж бір түнде өртеніп кетті... Уақыт өз қиындығын алға тоса бастады... Əупірімдеп жүріп ауылдағы балабақшаға маусымдық жұмысқа кірді. Алты ай қысқы маусымда табатын еңбекақы нені жарытсын?.. Жаз айларында ауылдағы əлділердің жұмыстарын да істеп беріп жүрді. Олар төлеген азын-аулық қаражаттан бөліп, өзі сияқты мұңдастарымен бірге аздап «көңіл» де көтеріп қоятын... Араға уақыт салынды. Айдос мектепті бітірді. Қолдың қысқалығы əрі қарай оқуға мүмкіндік бермегендіктен қалада тиіп-қашты жұмысқа қалды. Ал бір кездегі тұлымшағы желбіреген Аружан да 10-сыныпта оқитын еді.

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

ұлттық аграрлық университетінің халықаралық байланыстар жəне инвестиция жөніндегі проректоры Аюп Ысқақов бастаған тірліктің баянды болуын тілеп, оны жүзеге асырудың жай-жапсарына тоқталды. Қысқасы, «Гүлстан» республикалық ғылыми-танымдық, көпшілік журналының бас редакторы Гөзел Құлжабаеваның ұсынысымен əрі демеушілігімен отырғызылатын «Абай бағы» – биыл «Гүлстан» журналы мен «Гүлзар» қоғамдық бірлестігінің 2008 жылдан бері дəстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп келе жатқан «Туған табиғатты аялайық» деп аталатын ғылыми-танымдық конференциясы қарсаңында ашылмақ. Аталмыш бақ Кербұлақ ауданындағы Нұрым ауылындағы орта мектептің жанында орналасады. Онда ұлы Абай жүріп өткен жол – Семей қаласынан бастап, Күшікбай асуы, М.Əуезов туған Бөрлі ауылы, Құнанбай қажы əулетінің қыстауы, əрі қорымы Ақшоқы, Еңлік-Кебек мазары, Еңлік-Кебек үйтасы, Əйгерім бұлағы, Жидебайға дейінгі аралықтың шағын көшірмесі көрініс таппақшы. Бұл бір ғана Нұрым орта мектебінің оқушыларына ғана емес, еліміздің барлық мектептеріне үлгі боларлық бастама. Реті келгенде айта кету парыз, 2005 жылдан бері жарық көріп келе жатқан еліміздегі көгалданды ру саласындағы қа зақ тілін де шығарылатын ең алғашқы республикалық басылым саналатын «Гүлстан» журналы «Гүлзар» қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып, бар болғаны 10 жыл ішінде Кербұлақ ауданында 2009 жылы 7 гектар жерде көктерек бағын, 2011 жылы 2 гектар жерге қарағайлы бақ жəне 5 гектар жерге Қазақстанның халық əртісі Нұрғали Нүсіпжановтың құрметіне алма бағын, ал 2012 жылы 10 гектар жерге «Батыр ана» саябағын жасаған болатын. Баспасөз мəслихатында Гөзел Құлжабаева журналистердің мүдделі сауалдарына жан-жақты жауап бере отырып, қаламгер қауым осы маңызды бастаманы насихаттауға атсалысқанда баянды бола түсетінін айтып отыр. • Арғымақтар арыны

АЛМАТЫ.

с е л Е

Сол Аружан 10-сынып оқып жүргендегі 30 желтоқсан алдағы қасі реттердің бастауы болған сияқты көрінеді де тұрады. Қызы мектептен келіп, мама, Жа ңа жылға кеш ұйымдастырылайын деп жатыр, соған кеш көйлегі мен туфли алып берші, деп өтініш жасады. Қы зым-ау, қайдан қаражат табамыз? Онсыз да төлей алмай отырған қарыздар бар, бармай-ақ қойсаң қайтеді, деген анасының жауабын естігенде Аружанның қарақаттай көзіндегі мұңды байқағанда, өзі де шыдай алмай теріс айналып кетіп еді... Бұл сүйікті де сүйкімді қызының ата-анасына деген соңғы өтініші екенін қайран басы білмепті. Мына өмірге деген наласы ма, əлде балғын жүректі намыс буындырды ма, қызының жансыз денесін үй алдындағы малы жоқ қорадан таңертең бір-ақ көрді. Əке, мен ешкімді де кінəламаймын, дегендей, оның бейкүнə сəби жүзі əлі есінен кетпейді. Өзегін жарып шыққан перзент қайғысы ана жүрегіне соққы болып тиді ме, зайыбы Күлпəш та қызының артынан кенеттен кете барды... Бір күні өлі тыныштық орнаған үйге екі жігіт кіріп келді. Жөн сұрасқаннан кейін, «Ұлың Айдостың тірлігінен хабарың бар ма?» – деген сұрағына, «Қалада жұмыс істеп, өз күнін өзі көріп жүр ғой», – дегеннен басқа ештеңе айта алмады. Балаңыз бүгінде қалада емес, осындай да осындай, бір ағымдардың жетегімен ана елге өтіп кеткен. Құзырлы орындардың бақылауында тұр. Егер ұлыңыз бір хабарласа қалса, елге қайтуға əкелік кеңес

«Егемен Ќазаќстан» газеті Ќазаќстан халќы Ассамблеясы жобасы аясындаєы республикалыќ фотоконкурсты жалєастырады

Суретті түсірген Ербол ЕРДЕНБЕК.

еліміздегі алєашќы таќырыптыќ баќ болады

2015 жыл

Їлкен ел – їлкен отбасы

 Талбесік

«Абай баєы»

16 қыркүйек

ШАР О Р БА

www.egemen.kz www.egemen.kz

 Қаз-қалпында беріңіз. «Қайта үйірін тапқанның айыбы жоқ», кешірім болады. Бұл əңгімені көп дабыра қылмаңыз, деді де олар қоштасып кете барды. Ұлдан хабар болмады. Көшеден келіп өлі тыныштық орнаған үй бойына үрей тудыратын... Қарақат көзі мөлдіреп есіктен қызы кіріп келе жатқандай елестейтін... Зайыбы Күлпəштің мұңды жүзі келетін... Бір мезгіл осы елестерден арылғысы келіп «əзəзілге» бой ұратын... Ол дағдыға да айналған еді. Бүгін де сол «сілтеудің» бірі болатын. Жаңа көрген үрейлі түстің əсері ме, бойына қорқыныш кірді, жүрек аласұрды... Жалғыз қалғалы анда-санда бір ашылатын мұздатқыштың ішін қарады. Бос тұр. Көршінің есігін қақты... Басталған жартылықты қойнына тығып, үйге кірді. Телевизорды қосып еді, «Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев» бағдарламасы жүріп жатыр екен. Студияның бүгінгі қонағы Түркиядан келген киноактер ме, əлдебіреуге сұрақтар жаудырылуда. Көрермен мəз-мəйрам... Басталған жартылық таусылуға да айналды. Қорқыныш басылған сияқты, тұла бойын тер басты, көзі бұлдырады. Кенет есік сықырлап ашылғандай болды. Қызы Аружан… Сол қасіретті 30 желтоқ сандағы мұңды жүзі... «Құлыным, келдің бе?»... Қызы шегіншектей берді. Тоқташы!.. Елес есіктен шығып барады, қораға кіріп кетті. Артынан кірді. Əйнегі жоқ терезеден түскен əлсіз сəуледен қызының мойынына жіп салып жатқанын көрді. Тоқта қызым!.. Жіпке жармасты... Қараңғылық басты... Үйдегі сөндірілмей қалған телевизордан соңғы жаңалықтар беріліп жатты. «Кеше «Ислам мемлекетін» құрушылардың қатарында соғысып жүрген 56 содырдың көзі жойылды. Олардың ішінде Орта Азиядан жəне басқа да елдерден келген еріктілер бар...» Гүлфия КӨШБАЕВА, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

Батыс Қазақстан облысы, Қазталов ауданы.

«Талаќ» деп тастай беретіндерге жол жоќ Қайрат ƏБІЛДИНОВ, «Егемен Қазақстан».

Біздің қазіргі қоғамды əсіредіншілдік пен теріс ағымның жетегінде кеткен арамза молдалардың əуре-сарсаңға салып қойғаны ащы шындық. Ел ішін алатайдай бүлдіріп жүрген бұларға тыйым салынбайынша, дəстүрлі дініміздің абыройын аман сақтап қалу неғайбыл. Айтпасқа болмайды, бұл күнде теріс ағымдардың жетегінде жүрген адасқандар неке институтын да ойыншық қылып алған.

– Мысалы, – дейді Қарағанды облыстық мешітінің бас имамы Өмірзақ Бекқожа, – жастар үй ішінен жасырынып үйленеді. Ол-ол ма, елімізде «халал же зөк шелік» деген түсініктің пайда бола бастағаны қатты алаңдатады. Жап-жас қыздар теріс ағым санасын улаған жігіттерге тұрмысқа шығады да, оңбай опық жейді. Өйткені, олардың күйеусымақтары желіктері басылғаннан кейін «талақ» деп үш рет қайталайтын көрінеді де, «сүйіп қосылған» келіншектерін достарының қойнына салып

 Апыр-ай!

Аќмолалыќтар «əдемі» нґмірлерге 15 миллион теѕге жўмсады Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».

сұраҚазақстанда автокөліктердің жоғары ың алуд рін ірле нөм еу ныстағы мемлекеттік тірк гілі . Екі арн айы тар ифт ері бек ітіл ген і бел 253 724 сы йсы топтағы бұл нөмірлердің əрқа ды. Алайда, теңгеден 422 256 теңгеге дейін тұра аса қиналта бұл ақмолалықтардың біршамасын қоймайтын тəрізді. шілік Облыстық ішкі істер департаменті əкім імі бөл қ ына еу-с тірк полиция басқармасының иелеріне 15 биылғы жыл басынан бері көлік ірін тапсынөм миллион теңгенің 49 «əдемі» » комби«333 ар ықт олал ақм рыпты. Бұл орайда, ірінің нөм 7» «77 , сын дана 16 ің ірін нөм ы нациял 8» «88 е жəн 5» «55 0», – алт ы, «00 1», «30 нын алға п саты н асы дан т төр ң нөмірлеріні ерекшелену айтқымыз келеді. Бірақ, елден майтындай. қой зе еткі селт аса жұртшылықты Ақмола облысы.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru, egemenkz@maіl.kz. Интернет-редакция: ekazakhstan@mail.ru Алматыда: факс (727) – 273-07-87, электронды пошта – egemalm@mail.ru

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – 8 (717-2) 37-54-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – 8 (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – 8 (712-2) 31-74-13; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

Көкшетау – 8 (716-2) 25-76-91; Қарағанды – 8 (721-2) 43-69-31; Қостанай – 8 (714-2) 39-12-15; Қызылорда – 8 (701) 772-70-74; Орал – 8 (777) 496-21-38;

Өскемен – 8 (778) 454-86-11; Павлодар – 8 (718-2) 54-31-56; Тараз – 8 (726-2) 43-37-33; Шымкент – 8 (701) 362-63-76; Петропавл – 8 (715-2) 50-72-50.

Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-07-26, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

ҚАРАҒАНДЫ.

 Жағымды жаңалық

Сусиыр тґлі Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

Шымкент зообағында Ламбада есімді сусиыр бар. Осыдан табаны күректей 23 жыл бұрын Мəскеудегі Николаев хайуанаттар бағынан сатып алынған. Сол Ламбада дүниеге төл əкелді. Жаңа туған сусиырдың əкесі он бір жасар Тұрсын. Əдетте, қамауда тұрған сусиырлардың тууы өте сирек кездесетін оқиға екен. Тағы бір қызығы, Ламбада төлін қала əкімі Ғабидулла Əбдірахимовтың зо обаққа жұмыс сапарымен келген кезде туып, əкімге тосынсый жасаған. 1980 жылдан жұмыс жасап келе жатқан Шымкент мемлекеттік зоологиялық

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 273-07-87.

береді екен. Жəне де бұл сұмдық бір емес, бірнеше рет қайталанатын көрінеді. Дінтанушылардың айтуынша, осының кесірінен елімізде əкесінің кім екені белгісіз бүтіндей бір «харам» ұрпақ өсіп келеді. Тағдырдан осылайша таяқ жеген сормаңдайлардың барар жер, басар тауы қалмаған соң Сириядағы содырлардың қатарын көбейтуден басқа амалы қалмайды... Енді жағдай мүлде басқа бағытта дамуы мүмкін. Неге десеңіз, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының нұсқауы бойынша, бұдан былай мешіттерде жастардың некесі қиыларда олардың ата-аналарының рұқсаты жəне АХАЖ берген неке туралы куəлік міндетті түрде талап етілетін болады.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Арко» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-Полиграфия» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Достық-Дружба даң., 215 А, «WESTA» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

бағында екі жүзге жуық аң түрлерінің екі мыңнан астамы мекендейді. Қала əкімі зообақты қайта жаңғыртуға байланысты жұмыстармен танысып, нақты тапсырмалар берді. Ал, жаңа туған сусиырдың есімін қою қала тұрғындарына тапсырылды. Бір ғана шарт бар. Есімі Шымкент шаһарына орайластырылып қойылуы керек. ШЫМКЕНТ.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 203 394 дана. Нөмірдің кезекші редакторлары

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 8 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №650 ek

Profile for Egemen

16092015  

1609201516092015

16092015  

1609201516092015

Profile for daulet
Advertisement