Page 1

АҚПАРАТТАР аєыны №180 (28403) 16 ҚЫРКҮЙЕК СЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ

Халыќтыѕ жаєдайы нашарламауы тиіс Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Кəрім Мəсімовті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

К.Мəсімов Мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалу барысы, Үкімет жұмысы мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы баяндады. Қазақстан Президенті Ресей, Қытай жəне басқа елдердің басшыларымен Душанбеде өткен келіссөздер нəтижесінде экономикалық қарым-қатынасты жақсартуға бағытталған бірқатар уағдаластықтарға қол жеткізілгенін айтты. – Əлемдік нарықта біздің негізгі шикізатымыз – мұнай мен газ бағасының төмендеуі байқалуда. Металлургиялық өнеркəсіпте, мұнай өндіруде жəне кейбір өнімдердің экспортында құлдырау бар, сондай-ақ, таяу көршілерімізбен арада сауда төмендеген. Мұның бəрі əлемдік экономикалық үдерістердің ықпалына байланысты. Соған қарамастан, біз экономикалық көрсеткіштердің төмендеуіне жол бермей, биылғы жылды тиісті деңгейде аяқтауға тиіспіз. Келесі жылдың бюджетін Қазақстанның барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ете алатындай етіп түзуіміз керек, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев қандай жағдайда болса да халықтың əлеуметтік ахуалы нашарламауы тиістігіне назар аударды. – Мемлекеттің зейнетақы, еңбекақы, сыйақы бойынша барлық төлемдері біз белгілеген деңгейде қалуы керек. Бұл оңай міндет емес, бірақ ол шешілуі тиіс, – деді Қазақстан Президенті. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Үкіметтің əлемдік нарықтардың тиісті да му бағыттарына жəне ықтимал дағдарыс жағдайларына лайықталған əртүрлі сценарийлері болғаны жөн екенін айтты.

Стратегия – ел ертеѕін еѕселетер сара жол Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

– Барлық сценарийлер біздің қандай жағдайда не істеуіміз керектігі жөніндегі есептермен жəне нақты жоспарлармен бекітілген болуға тиіс. Біз дағдарысқа қарсы тиімді жоспарды іске асырып, 2007-2009 жылдардағы дағдарысты өткердік. Əлемдік тəжірибемен қатар, сол тəжірибені де ескеру керек. Біз индустриялық-инновациялық бағдарлама аясында іске қосқан нысандардың барлығы толық қуатында жұмыс істеуі қажет, шағын жəне орта бизнес бюджеттің толығуы жəне жұмыс орындары жөніндегі өз жауапкершілігін сезінуі керек, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Өз кезегінде К.Мəсімов жағдайдың түрлі сценарийде өрбуінің алдын алу үшін Үкіметте

Ұлт тық банкпен жəне облыс əкімдерімен бірлескен арнайы жұмыс тобы құрылғанын айтты. – Осы жылы барлық əлеуметтік міндеттер толықтай орындалады. 2015 жылдың бюджеті де қалыпты жүзеге аса тындай болып жасақталды. Сіздің тапсырмаңызға сəйкес, жағдайға əрекет етудің түрлі сценарийлері əзірленетін болады. Сізді сыртқы нарықта қандай жағдай болса да еліміздегі ахуал нашарламайтындығына сендіргім келеді, – деді Премьер-Министр. -----------------------------------------

Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Сенат бюросыныѕ отырысы Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенаты бюросының отырысы болды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Əлеуметтік-мəдени даму жəне ғылым комитеті «Еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасына жəрдемдесетін негіздер туралы

конвенцияны (187-конвенция) ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы заңы ның жобасын одан əрі

Маѕєыстауда мал аштыєы: мəселе ќалай шешіледі?

кґзге ќуаныш, кґѕілге медет

Маңғыстауда биыл жер жұтаң, көктем кезінде де, ала жаз бойына да бір тамшы жаңбыр жауған жоқ. Жалпы, бұл құрғақшылық соңғы жылдары жиі белең алып келеді. Өткен жылы Бозашы бойына бір тамбаған жаңбыр жаздың соңына таман төгілтіп, артынша жарықтық жер көктеп, мал-жан, əсіресе, төрт түлік қарық болған, қысқа дейін қоңданып та алған еді. Биыл... «Егемен Қазақстан».

Жердің де, малдың да жағдайы жақсы емес. Бұған жуырда іссапармен Бозашы бойындағы ауыл-аймақты аралап қайтқанда көз жетті. Ауылдарға жеткенше, жол бойы көргеніміз жылқыға тəн асау мінезбен жұлына ойнақтайтын еркелік, паңдық жоғалып, сүйектері сойдия ілбіп жүрген сүлдерлер. Тапа-тал түсте Тұщықұдық ауылындағы қораға оншақты жылқыны қамап, өзгелерін қайырмалап, ішінде ең əлсіз дегендерін жемдеп тұрған шаруаға жолықтық. «Мал

пысықтау жəне қорытынды əзірлеу бойынша бас комитет болып белгіленді. Бюрода, сондай-ақ, «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының 2014 жылға арналған негізгі іс-шаралар жоспары туралы» Парламент Сенаты

атаулының күйі кетіп тұр, алдымен сыр берген жылқылар болды. Жұрт қазір жылқы соңында жүр, бірақ аш жылқыға не істей алады?» – дейді ол. Айтуынша, 30 келілік кебек жемнің бағасы 1000 теңге жəне ол таптырып тұрса, сөз жоқ. Жылқылардың күйсізденуінің, жемшөп жетіспеуінің сал дары апарып соқ ты руы мүмкін жағдайлардан қорыққан ел жылқыларын өткен бағасына сатып құтылуға асық. Ауыл жігіттері маңайда шабатын шөп болмағандықтан, Каспий теңізі жағалауындағы сораңды шауып көрген – сапасыз, қара кебіртек.

Отанымызда биыл Отбасы күні екінші жыл мерекеленуде. Елбасымыздың бастамасымен егемен елімізде отбасы мəселесіне, отбасы құндылықтарын сақтап, нығайтуға жан-жақты мəн беріле бастағанына бүкіл мемлекетіміздегідей біздің Оңтүстік Қазақстанның ардагерлері де қуана қолдайды. Шынында, əртүрлі жағдайларға байланысты ата-бабаларымыздан аманат болып қалған отбасылық асыл салт-дəстүрлерге жəне оларды жаңашылдықпен ұластыра

 Оймақтай ой Тату елге тыныштық пен тоқшылық нəсіп. Күлтегін.

(Соңы 5-бетте).

2-3-беттер

Аѕыздай жўмбаќ єўмыр 5-бет

пайдалануға үстірт қарағандықтан, көптеген əттегенайларға жол берілді. Президентіміз «Қазақстан-2050» Стратегиясында отбасылық тəрбиеге, əсіресе қыздар тəрбиесіне, ана мен баланы қорғауға, əйелдерге деген құрметті нығайта түсуге айрықша назар аударды. Үлкен-үлкен іс-шаралар қолға алынып, жүзеге асырылуда. Осыған орай Қазақстанда арнайы мерекеленетін Отбасы күні белгіленді. «Мерейлі отбасы» жарыс тары біздің алтын құрсақты аймақта да керемет қызықты да мазмұнды өтті. Мен ауруханадан осы Отбасы күнінің алдында ғана шықтым. Оншақты күн Шымкенттегі кардиологиялық орталықта жатып, жүрегіме операция жасаттым. Аллаға шүкіршілік, Елбасымызға мың да бір рахмет, бүгінде барлық облыстардың

қазіргі кезде 105 миллиард долларды құрап отыр. Қ.Тоқаев еліміз «жасыл экономиканы» дамытуға да ерекше көңіл бөліп, қоршаған ортаны қорғаудағы əлемдік үрдістерге сəйкес 2050 жылдары энергияның 30 пайызын баламалы көздерден алуды жоспарлап отырғандығын атап өтті. Бұл тұрғыдан келгенде Астанада өтетін «Болашақ энергиясы» атты халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесі аталған нəтижелерге жетудің құралдарын айқындауға көмектесетініне сенім білдірді. Қазақстан əлемдік шикізат рыногындағы көшбасшылық шебін сақтап қалып, азық-түлік өндірісін арттыру мен жаһандық жəне аймақтық көлемдегі хаб ретінде беки түспек. Сенат Төрағасы еліміз 47 мемлекетпен өзара инвестицияны көтермелеу жəне қорғау жөніндегі келісімдерге қол қойғандығын тілге тиек ете келіп, тек өткен сессия барысында Парламент 48 халықаралық келісімдерді ратификациядан өткізсе, соның 20-сы елдер арасындағы экономикалық байланыстарды тереңдету, сауда көлемін арттыру жəне өзара инвестицияны көтермелеу мен қорғауға қатысты екендігін жеткізді. Бұл жерде айтарлықтай инвестициялық белсенділік танытқан 10 елге Президент Жарлығымен біржақты ретпен визасыз режим енгізілгендігі де ерекше аталды. Инвестиция деңгейін ІЖӨ-нің қазіргі 18 пайызынан 30 пайызға жеткізу міндеті қойылып отырса, Мемлекет басшысы Қазақстанға қосымша инвестиция тарту үшін бірегей, былайша айтқанда, теңдессіз шараларға бастамашы болғаны мəлім. (Соңы 4-бетте).

орталықтарында денсаулық сақтау жұмысы жақсарған, небір заманауи жабдықтары, шебер мамандары бар ауруханалар мен емханалар, арнайы орталықтар салынған. Шымкенттегі кардиологиялық орталықта да қаншама адамдар емделіп, операциялар жасатып, сауығып шығып жатыр. Бұрын шетелдерде немесе Астана мен Алматыда жүзеге асырылатын күрделі операциялар қазір өз облысымызда да жасалуда. Кардиологиялық орталықтың бас дəрі гері, медицина ғылымдарының докторы Спандияр Бекжігітовке, Астанадан арнайы келген аритмолог, медицина ғылымдарының докторы Аян Əбдірахмановқа, өзге де дəрігерлер мен медбикелерге алғысым шексіз. Бұл – менің жəне отбасымның ғана емес, жүректеріне ота жасатып, қатарға қайта қосылған қаншама жандардың жəне олардың отбасыларының тілегі.

«Азамат» тіккен аќ боз їй 8-бет

Ауылдарєа газ барады Ержан БАЙТІЛЕС,

«Егемен Қазақстан».

Қызылорда қаласының басым бөлігі қыста отын жағып, күл шығармайды. Себебі, қаланың барлық жеріне дерлік газ жеткен. Тұрғын үйлер де, əлеуметтік нысандар да, жеке баспаналар да газбен жылытылады. Дегенмен, өмір бір орнында тұрмайды. Жаңадан нысандар, үйлер салынады. Оларға да биыл газ жетеді. Бұрнағы күні «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ пен Қызылорда облысы əкімдігінің арасында келісімге қол қойылды. Осы келісімнің арқасында қала толықтай газдандырылатын болды. Жаңалықтың бастысы бұл емес. Алдағы жылдарда ауылдарға газ барады. Жас бала белі қайысып отын шаппайды. Жасы жеткен кейуана қолы күс-күс болып от жақпайды. Аталған

Хабарлар Үкімет, облыстық жəне қалалық əкімдіктер сайттары деректері бойынша дайындалды.

● Айбын

Авиапарк таєы бір ўшаќпен толыќты

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Əуе қорғанысы күштерінің авиациялық паркі тағы бір С-295 ұшағымен толықты.

(Соңы 6-бетте).

● Жағымды жаңалық

Бїгінгі нґмірде: Ўлытау тґріндегі ўлаєат – ўлт тўтастыєын ўлыќтау

бюросының 2013 жылғы 23 желтоқсандағы қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мəселесі қаралды. Парламент Сенатының Төрағасы Қ.Тоқаев 70 жасқа толған мерейтойына байланысты сенатор Иран Əміровке Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың алғысы мен омырау белгісін табыс етті.

Төраға өз сөзінде еліміздің экономикалық əлеуеті мен оның жаһандық жəне аймақтық қауіпсіздікті күшейтудегі зор үлесін жетекші халықаралық ұйымдар мен қаржы институттары толық мойындап отырғандығын баса айтты. «Елбасы – ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бастаған Қазақстан тарихи тұрғыдан алғанда қысқа мерзімде жүзжылдықтарға тең десетін жолдан өтіп, қайта құрудың беймəлім болмысынан əлемдік саясаттың сахна тө ріне көтерілді. Қазір Қазақстан дамудың жаңа сапасына аяқ басты, бүкіл елімізде жаппай жаңғырту жұмыстары қолға алынды, – деді Қасым-Жо март Кемелұлы. – Сондықтан Президент Нұрсұлтан Назарбаев еліміз дің алдына «Мəңгілік Ел» тұжырымдамасы негізінде одан əрі тұрақты даму міндетін қойып отыр. Аталған тұжырымдама басты құндылықтарды қамтыса, ол – халықтың бірлігі, қоғамның тұрақтылығы, ұлтаралық келісім, біздің мемлекетіміздің тұрақты дамуы». Сенат Төрағасы дипло матиялық корпусқа қаратып соңғы 13 жылда Қазақстан экономика өсімінің жоғары қарқынын ұс тап келе жатқандығын жəне осы көрсеткіш бойынша əлемдегі лидерлердің біріне айналғанын, сондай-ақ, жаһандық дағдарысты сəтті еңсеріп, 2013 жылы 6 пайыздық экономикалық өсімге қол жеткізгенін ерекше атады. Ағымдағы жылы экономика өсімі 5 пайыз болса, ІЖӨ номиналды көрсеткіші 36 триллион теңгеге жетіп, елдің алтын-валюта қоры

Ќылыєы тəтті немере

● Үкімет назарына

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

Кеше елордада «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыруға байланысты «Қазақстан Республикасының халықаралық қауымдастықтағы рөлі» атты дөңгелек үстел болып өтті. Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс жəне қауіпсіздік комитеті ұйымдастырған аталмыш шараға палата Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

● Отандық шаруалардың несиелерін арзандатуға 443,6 млн. теңге мемлекеттік субсидия бөлінеді. «Агро бизнес-2020» бағдарламасы аясында жүргізілген бұл шараны хабарлаған «Қазагромаркетинг» АҚ өкілі оның меншік түріне қарамастан қаралатынын жеткізді. Бағдарламаға қатысқан фермер енді лизингке алған тракторының құнын 20 пайыздан аса арзандата алады. ● 2023 жылға қарай инновациялық гранттар көлемі 56 млрд. теңгеге дейін арттырылатын болады. Бұл «Техно ло гиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» акционерлік қоғамының даму үшін бөлетін инновациялық грант мөлшерін қазіргі 2,3 млрд. теңгеден осынша көлемге дейін көтеру жөніндегі межесінен туындап отыр. ● Астанадағы жəрмеңкеге Алматы облысынан 450 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі жеткізіледі. Қыркүйектің 20-сы күні қанат жаятын бұл шара кезінде əкелінген өнімдер қаладағы базар бағасынан 1020 пайызға дейін арзанға сатылады. ● Солтүстік Қазақстанда қуаттылығы 120 мың тонналық элеватор іске қосылды. Оны ашқан облыс əкімі Ерік Сұлтанов астық қабылдау бекетінің сағатына 600 тоннаға дейін өнім қабылдай алатынын айтты. Жаңадан 96 жұмыс орны ашылды. Серiктестiктiң жалпы аумағы 15 гектар. Құйылған инвестициясы 8,7 млрд. теңгені құрайды. ● Жалағаш элеваторы 22 жыл ғы үзілістен кейін қайтадан өнім қабылдай бастады. Оның іске қосылуына арналған салтанатта Қызылорда облысының əкімі Қырымбек Көшербаев көктемде 42 шаруа шылықпен келісім жасалып, күзде астықтарын осында əкеліп құятындары жөнінде уағдаластық орнатылғанын мəлімдеді. Алғашқы күні диқандар жаңарған қамбаға 450 мың тонна күріш əкеліп құйды. ● Оңтүстіктің Төлеби ауданында медициналық колледж ашылды. Оның қатарға қосылу рəсімінде аудан əкімі Əуелхан Тұрғымбеков пен ардагерлер кеңесінің төрағасы Жолымбек Кенжетай колледж оқушыларына жүрекжарды лебіздерін жеткізді. Ал жалпы сыйымдылығы 1200 студентке лайықталған оқу орны фельдшер, тіс емдеуші мамандықтары бойынша кадрлар даярлайды. ● Ақмолада үлгілі жəне көпбалалы отбасыларға құрмет көрсетілді. Шараға қатысқан облыс əкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов саналы ұрпақ тəрбиелеп, еліміздің келешегін кеңейтуге үлес қосып отырған үлгілі отбасы иелеріне естелік сыйлықтар тапсырды.

келісім бойынша биылдың өзінде 4 аудан орталығында жəне Байқоңыр қаласында автоматтандырылған газ тарту стансалары салынады. Атап айтар болсақ, Арал қаласы, Əйтеке би, Шиелі, Жаңақорған кенттерінде құрылыс жұмыстары басталады. Ал жобаның құны 23 миллиард теңгені құрайды. Келісім бойынша ауылішілік газ құбырлары да жүргізіледі. Бұл жұмыстар толықтай аяқталғанда облыс халқының 23 пайызы табиғи газға қосылады. Қызылорда облысын көгілдір отынмен қамтамасыз ету мəселесінде «БейнеуБозой-Шымкент» газ магистралінің алар орны да ерекше. Газ құбыры облысты көлденеңнен қиып өтеді. Ал бұл алдағы уақытта аймақтың əр ауылына газ жеткізуге толықтай мүмкіндік береді. Қызылорда облысы.

Пайдаланылуға берілген күннен бастап аталған ұшақ түрлері «Дала қыраны», Бейбіт миссия», «Өзара іс-қимыл», «Ашық аспан» халықаралық жаттығуларына қатысты. Қазіргі кезде бұл ұшақтар əскерлерді тасымалдау, жас ұшқыштар құрамын үйрету үшін пайдаланылуда. Испанияның «Airbus Militari» концернінде жасалған С-295 ұшағын ҚР ҚК ƏҚК ƏƏК-нің əскери ұшқыштары полковник Рүстем Тілеумағамбетов пен капитан Бауыржан Бисебаев басқарып келді. Авиаторлар Испанияның Севильия қаласында теориялық жəне практикалық оқып-үйренудің толық курсынан өтті. «Егемен-ақпарат».


2

www.egemen.kz

16 қыркүйек 2014 жыл

ҰЛЫТАУ ТӨРІНДЕГІ ҰЛАҒАТ – Сўхбат сабаєы Бектұр ТӨЛЕУҒАЛИҰЛЫ.

Жїрекке жеткізді Сəбит ДОСАНОВ,

жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.

Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың қасиетті қазақ жерінің бір киесі Ұлытау төрінде айтқан ұлағатты ойларын көгілдір экраннан тыңдап, газеттен оқығанда менің ойыма Стив Джобстың: «Мен өзімнің барлық технологияларымды Сократпен кездесуге айырбастар едім» деген сөзі оралды. Сөздің де сөзі бар. Жүректен шыққан сөз жүрекке жетеді. Елбасының Ұлытау төріндегі толғанысы да бұдан бұрынғы сөздері сияқты жүректен шығып, жүрекке жетті. Себебі, ол сөздер – іштен шыққан шын сөз. Мұхаммед пайғамбар айтқандай: «Шын сөз – құдіретті сөз». Кісіге қарап сөз алма, сөзіне қарап кісіні ал» деген хакім Абай ойын еске салған Ұлытау төріндегі ұлы толғаныс еліміздің бүгіні бекем, келешегі бүгіннен де жарқын екенін, Елбасының кемел ойлылығын тағы бір мəрте дəлелдеді. Ел тарихынан бастап тіл тағдыры, діннің жай-жапсары, экономика мен саясаттың өзекті де өткір мəселелері төңірегінде өрбіген өрелі əңгіме алшы түсер асыққа құйылған қорғасындай көкейге қона кетті. Əлемдегі бес мыңнан астам ұлт пен ұлыстың бар болғаны жүз тоқсан екісі ғана мемлекеттік деңгейге жетті. Сол биікке көтерілгендердің қатарында тəуелсіз Қазақстан əлемдік қауымдастықтан өз орнын ойып тұрып алды. Алла тағала қазаққа ақ адал ниет, кең пейіліне орай Тəуелсіздікпен бірге өзі – дара, сөзі – сара Нұрсұлтан сынды Президент те сыйлады. Тəуелсіздікке жету қандай қиын болса, оны сақтап тұру одан да қиын. Құдайға шүкір, қиыншылықта қайыспайтын еңбексүйгіш халқымыздың, дара туған Елбасымыздың арқасында Тəуел сіздігіміздің бүгіні бекем, келешегі кемел. Ұлттық сананы қалыптастыру, ұлттық рухты асқақтату, қазақ стан дық патриотизм – Тəуелсіздікті сақтап, нығайта берудің басты шарттарының бірі. Президент осыған орай əр жылдары қадау-қадау парасатты ойлар айтып келеді. Ұлытау төрінде айтылған ұлағатты ойлар соның заңды жалғасы. Сұхбатта кеңінен əңгімеленген өткір проблеманың бірі – діннің қазіргі ахуалы. Бұл өзекті мəселе төңірегіндегі Елбасы көрегендігін бүкіл əлем көріп, мойындап отыр. Өзгесін айтпағанның өзінде əрқилы көзқарастағы əртүрлі дін өкілдерін Астанаға жинап, бір үстелдің басында тоқайластыруының өзі дара туған даналықтың бір белгісі емес пе?! Діннің жеке тұлғаның ғана емес, қоғам, мемлекет өміріндегі маңызы, жастардың əртүрлі теріс ағымдарға еріп, адаспау жолдары жайлы Елбасы айтқан ұлағатты ойлары – ақиқаттың адастырмас ақ жолы деп бағалауға лайық. Сан

салалы діннің жолы – сан тарау. Сол көп жолда адаспай дұрыс бағытпен жүру аса маңызды. Кения мемлекетінің тұңғыш президенті Джомо Кениата (1894-1978) былай депті: «Батыстың адамдары келгенде қолдарында інжіл, ал біздің қолымызда жеріміз болатын. Біздің көзімізді байлап шоқынуды үйретті. Көзімізді ашқанда алақанымызда інжіл, ал олардың қолында біздің жеріміз тұрды». Бұл əркез əрқайсымыздың жадымызда болатын сөз емес пе?! Осы тұста Черчилльдің: «Ақымақтар өз қатесінен, ақылдылар өзгелердің қатесінен үйренеді» деген сөзі ойға оралады. Мына дөңбекшіген дүние қысқа күнін де қырық құбылған алмағайып, аласапыран уақытта адаспаудың бағытын белгілеп берген бағдаршам болды. Елбасының дін жайлы толғанысы. «Алашқа аты шыққан адамдар! Көсемдіктеріңді адаспай түзу істеңдер! Сендер адаспаңдар – арттарыңнан алаш адасады: арттарыңнан ергендердің обал-сауабына сіздер қаласыздар» деп еді-ау ақылман Ахаң – Ахмет Байтұрсынов. Президент Н.Ə.Назарбаевтың сөзі мен ісінен ғасыр басында айтылған осы қасиетті сөзді қастерлейтіні анық аңғары лады. Соның айқын бір айғағы Ұлытау төрінде айтылған ұлағатты ойлар. Тіл мен дін ғана емес, ел тарихы, қазіргі экономика мəселелері, Украинадағы шиеленіс тудырған проблемалар, тағы басқа да өмірдің өзекті мəселелерін жан-жақты қамтып, кеңінен толғаған ұлт ұясы – Ұлытаудағы толымды толғанысынан Н.Ə.На зар баевтың ғаламдық деңгейдегі ұлағатты ойшыл екенін тағы бір мəрте таныдық. Елбасының биліктің биігінде жүрген білімді кадр ларға қарата айтқан сөзі Əлихан Бөкейхановтың: «Əр ұрпақ өзіне артылған жүкті жетер жеріне апарып тастағаны дұрыс, əйтпегенде, болашақ ұрпағымызға аса көп жүк қалдырып кетеміз. Кейінгі ұрпақ не алғыс, не қарғыс беретін алдымызда зор шарттар бар» деген сөзімен үндес. Ұлттың ұлағатты ұстаздарының бірі Жүсіпбек Аймауытов 1918 жылы қазан айының екінші жұл ды зында «Абай» журналында жарияланған «Ұлтты сүю» атты мақаласында: «Оқығандар! Бұл уақыт жан тыныштығын іздейтін, қызық қуатын уақыт емес, қызмет қылатын, еңбек сіңіретін уақыт. Ойлаңыздар: халық біз үшін емес, біз халық үшін туғанбыз, олай болса, мойнымызда халықтың зор борышы, ауыр жүгі жатыр» – деп жазды. Ұлытау төрінде айтылған ұлағатты ойлардың бір парасы осы парасатты пікірді жаңаша жаңғыртып тұр. Ұлытау төрінде айтылған ұлағатты сұхбат – тəуелсіз Қазақстанның əлемнің дамыған отыз елінен өз орнын алуға беттеген қасиетті жолын нұрландырып тұрған шамшырақ!

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тамылжыған тамыз айының соңында қасиетті де киелі Ұлытау төрінде «Хабар» телеарнасына сұхбат берген еді. Ол кейін басылымдарда жарияланды. Зейін қойып жұрт танысып шықты. Үлкен ойға жетеледі. Мен де осы сұхбатта айтылған елдік жайлы Елбасының ойларына ортақтасуды жөн көріп отырмын. «Ұлытау – өте қасиетті жер. Ұлытау деп аталуының өзінің тарихи мəні бар. Қазақтың ен даласының қай шетіне барсаң да, осындай қасиетті жерлер табылады», деді Президент. Шынында, азаттығымызды алғалы ұлыларымыздың ұлылығын, жеріміздің қадір-қасиетін түсініп жатырмыз. Заман озып, қоғамдық формациялар өзгеріп жатса да, еліміздің тарихындағы түрлі кезеңдердегі аға ұрпақ өкілдері көрсеткен еңбектегі қажырлы істер мен олардың ерлік жолы бүгінгі жəне келешек ұрпақ үшін өнеге бола бермек. Қазіргі кезде де арамызда сондай еңбекқорлығымен, табандылығымен, елі мен жерінің тағдыры үшін алаңдап, жиған-терген рухани қазынасын келешек ұрпағына үлгі етіп келе жатқан жалынды жастарымыз да, қазыналы қарттарымыз да баршылық. «Еліңде қартың болса – жазулы тұрған хатпен тең» деген ғой бұрынғылар. Бүгінде жетпістің бесеуінен асып бара жатсақ та ел өміріндегі елеулі істен тыс қала алмайсың. Оның үстіне Елбасы елді ұйытар сөзді Ұлытауда қозғап отыр. Біз өткен жол оңай болған жоқ. Мектеп бітіргеннен кейін еңбек жолын жүргізушіліктен бастап, кейін механизаторлық жұмысқа ауыстым. Атырау қаласындағы ауылшаруашылық техникумының механикаландыру бөлімін жəне Мəскеудегі Кəсіподақтардың жоғары мектебінің экономика факультетін бітірдім. 15 жылдан аса уақыт Маңғыстау ауданының «Октябрьдің 50 жылдығы», Куйбышев, Ералиев атындағы кеңшарларда бас инженер бола жүріп, саланың қыр-сырын жетік түсіндім. Партиялық жұмыста да жүрдік. Мұны неге айтып отырмын. Себебі, еңбек еткеннің есесі кетпейтінін, тұрмысы түзелетінін аңғарту. Осы күні кей азаматтар жұмыс жоқ дейді. Ұмтылған адамға жұмыс табылады. О шетімен бұ шетіне айлап жүретін байтағымызда тұрып жұмыссызбын деу келіспейтін секілді. Біз қызмет істеп жүргенде еңбек ету үлкен бəсеке еді. Біраз жыл ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің Маңғыстау облыстық кəсіподағы комитетінің төрағасы болдым. Елбасы сұхбаты еске мына бір жайды салып отыр. Азаттықтың алғашқы жылдары оңай болмады ғой. Бар боламыз ба, жоқ боламыз ба дегенді құлақ шалған. Елбасының əңгімеге желі етіп отырған сұхбаты сол қиындықтан құтылғаннан кейін орныққан берекебірлікті, ынтымақты тірлікті баянды ете беруге негізделген. 1993 жылдың басында Қазақстан кəсіподақтарының құрылтайы

Ұлытауда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жер тарихы, ел бірлігі, тіл, дін отандық экономика, Еуразиялық экономикалық одақ туралы да тағылымды əңгімелер қозғады. Теңізге шығатын жолымыздың жоқ екенін де, өзге елдердің өсу жолдарынан да нақты мысалдар келтірді. Өзге мемлекеттермен достық қарым-қатынасымыз жайлы да ой өрбітті. Əсіресе, Ұлытау баурайындағы Жезқазған өңірін түлеткен Қаныш Сəтбаевтың ерен еңбегін де, бүгінгі жай-күйін де əңгімеледі. Ұлытаудың мəртебесін өсіруге алдыңғы толқын да, кейінгі жастар да өз үлестерін қосып келе жатыр. Солардың бірі – Талғат Мұзарафұлы Аханов. Баланың отаншыл, жақсы азамат болып өсуі отбасына, ата-анасының тəрбиесіне байланысты. Үлгілі үйден тəрбие алған бала заманына лайық болып өседі. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дейді дана халқымыз. Ал, Талғаттың ата-анасы аймаққа белгілі, тұғыры биік тұлғалар. Əкесі Мұзараф жоғары білімді, жауапты қызметтер атқарған, елдің ағасы болған, халықтың қамын ойлаған, тамырында қазақтың қаны ойнаған елге белгілі ақсақал. Анасы Шабал Бейсенбекқызы – саналы өмірін ұрпақ тəрбиесіне арнаған, республикаға белгілі ұстаз. Осындай үлгілі отбасында тəрбие алған Талғат атаның ұлы болып қана қалмай, халықтың ұлы болып, əулетінің мақтанышына айналып жүр. Ол Алматы Қазақ политехникалық институтын 1992 жылы бітіріп, тау-кен инженері мамандығын алып шығады. Содан кейін кіндік қаны тамған өңірге келіп, еңбек

ша қырылды. Құрылтайға облыстан қатысатын делегаттардың ішінде мен де болдым. Құрылтай қарсаңында Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы делегаттармен кездесіп, қазіргі жағдайдың осал болмай тұрғанын, мұндай уақытша қиыншылықтарға төзімділікпен қараудың, ауызбіршіліктің қажет екенін, көп ұзамай жағдайдың жақсаратынын айтып, тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді де, делегаттардың ойларын білгісі келетінін айтты. Сол жүздесуде Маңғыстау облысы агроөнеркəсіптік кешені кəсіподақ комитетінің төрағасы ретінде орнымнан тұрып, жекешелендіруге байланысты кейбір түсінбестік жағдайлар туралы ойымды білдірдім. Ертесі Мемлекет басшысы мені жеке қабылдап, əңгімелесіп, ел жағдайын сұрады. Сол жолы Президенттің өте қарапайымдылығы мен елжандылығына, елдегі жағдайды түгелдей біліп отырған сұңғылалығына мен тəнті болдым. Оның көрегендігі мен ақылдылығына, үлкен парасат иесі екеніне көз жеткіздім. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сұхбатында тіл мəселесіне де ерекше мəн берді. «Ешкімге қазақ тілінде сөйлеме деп, кедергі жасап отырған бір адам жоқ. Өзіміз қазақша сөйлеуіміз керек. Қандай мінберден қазақша сөйлесең де, ешкім «тəйт, былай тұр» деп айтпайды. Қанша адам отырса да, соларға арналған аудармасын беріп, қазақ тілінде сөйлеуге болады. Біз тілімізді құрметтей білуіміз керек. Ешкімге анау сөйтеді деп уəж айтудың жөні жоқ», деді Президент Ұлытаудағы ұлы сөзінде. Шынында өз тілінде сөйлеуге кедергі жасап отырған бір пендені мен кездестірген емеспін. Олқылыққа ұрынып отырған, сөзді көбейтіп жүрген өзіміз. Əсіресе, алдыңғы толқын біз, отбасының ұйытқысы əрбір ата-ана. Ұлы мен қызын қарғадайынан қазақ тіліне баулыса тіл жайлы дақпырт азаяр еді. Кейде теледидарды қарап отырсам, өз балаларымыздан гөрі өзге жұрттың ұрпақтары мемлекеттік тілде сайрап тұрады. Сонда есіме түсетіні баяғы

намыссыздығымыздан осындай «жарыс» сөзге түсіп отырмыз ба дейтінім бар. Кəсіби жазушы болмасам да, ұрпаққа білгенімді қалдырсам деп талпынып келемін. Президент Ұлытауда тарихи жерлер, тарихи адамдар туралы тарата айтты. Сөзім дəлелді болсын. Президент сөзінен мысал келтірейін: «Шығысқа барсаң – Берел қорғаны бар. Орталыққа келсең – қалмақтармен соғысқан Аңырақай шайқасы өткен жер бар. Батысқа барсаң – Алтын Орданың хандары тұрған Сарайшық сияқты қасиетті мекен бар, Оңтүстікке барсаң – Түркістан тұр» деп үлкен ойды ортаға салды. Мен де өңір тарихына қатысты қалам тартып жүрмін. «Балдағы алтын ақ болат», «Бас сардар» жəне «Адай тарихы сыр шертеді» атты кітаптар соның дəлелі. Бұл дүниелерде бұрын айтылмай келген ақтаңдақтарға баса назар аудардым. «Балдағы алтын ақ болат» Махамбет Өтемісұлының өміріне арналды. Шығарма желісіне ел аузындағы деректер мен естелік əңгімелерді пайдаландым. 2007 жылы «Өлке» баспасынан жарық көрген «Адай тарихы сыр шертеді» атты роман-эсседе Адай батырдың өмір жолы мен ерлік істерін нақты құжаттарға сүйене отырып, тарихи шындық тұрғысынан баяндап, тарихи əділеттілікті орнықтыруға бағдар жасағандай болдым. Қазақтың аңызшежірелері мен ғылыми еңбектердегі деректерді жинақтап, əсіресе, иран саяхатшысы Əл-Ибн Бахуридың 1814 жылы жазған «Алғашқы қазақтардың бірігуі», сондай-ақ тарихшы Əкрам Мұхитбердінің «Қазақ құрамасы» атты 1797 жылы жазылған еңбегін негізге алып, Адай бабамыздың Қазақ елінің іргетасын қаласуда атқарған еңбегін бейнеледім. 2006 жылы Елбасымен тағы да дидарласудың сəті түскенін де айта кетсем деймін. Нұрсұлтан Əбішұлы Маңғыстау облысының əкімі қызметіне Қырымбек Көшербаевты тағайындаған облыс активінің жиналысына келген еді. Сол алқалы жиында, яғни 2006

жылы айтқан сөзім төмендегі еді: «Нұрсұлтан Əбішұлы – шын мəнінде, Қазақстан халқының маңдайына біткен қайталанбас дара тұлға, Алланың қазақ деген елге берген сыйы, біртуар перзенті. Қазақстан халқы арты шың, алды түпсіз құлама шыңырауға тіреліп тұрғанда, етегін түріп, білегін сыбанып, елін бастап ұшпадан ұшырмай алып шыққан кім еді, білесіздер ме? Əрине, білесіздер, ол – Нұрсұлтан Назарбаев еді ғой. Қазақстанды тəуелсіз мемлекет етіп тізгінін ұстағаннан бері адам айтса нанғысыз қаншама жұмыстар атқарылды. Етігімен су кешіп жүріп, кемел ертеңге апарар баспалдақтарды қалап тастады. Мемлекеттік шекараны бекітті, қарулы күштерді жасақтады, ұлттық экономиканың іргесін бекітті, ұлттық саясатты айқындады, ұлттық бизнесті қалыптастырды. Егемендікті жариялаған соң, 130 күннен кейін Мемлекеттік рəміздерді бекітті, төл теңгеміз өмірге келді. Қазақстан тəуелсіздіктің алғашқы жылдарынан-ақ бейбітшілік ұстанымымен ерекшеленді. Гуманистік идеяларды жоғары бағалайтын Елбасы 1991 жылдың тамыз айында атышулы Семей полигонын жапты. Елбасының «Қазақстан-2030» Стратегиялық даму бағдарламасы аясында елімізде жаңа жұмыс орындары құрылып, кəсіпорындар, тұрғын үйлер салынды, еңбекақылар, жəрдемақы мен зейнетақы, шəкіртақы көбейтілді. Астананы Сарыарқаға көшіріп, ешкімнің үш ұйықтаса түсіне кірмейтін ғажайып қала орнатты. Нұрсұлтан Əбішұлының тікелей бастамасымен 2004 жылы басталған «Мəдени мұра» стратегиялық жобасының арқасында ұлттық құндылықтарымызды түгендедік. Осы жерде бір аксиоманы айта кетуге тура келеді. Əлемдік тəжірибені жинақтаған ғылыми тұжырымдарда жас мемлекеттер толыққанды елге айналу үшін ең кемі елу-алпыс жыл керек екені дəлелденген. Ал біздің еліміз тəуелсіз Қазақстан бас-аяғы он үш-он төрт жылда адам айтса нанғысыз дəрежедегі жетістіктерге жетті. Жасыратыны жоқ, біз бұл жасампаздыққа өз еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың басшылығымен жеттік! Барлық салада аянбай тер төгіп, еңбек еткен отандастарымыз бен қандастарымыздың арқасында қол жеткіздік», – деп аяқтаған болатынмын. Қартпын деп қарап жатуды тəңірім маған жазбаған секілді. Соңғы кезде «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы энциклопедиясын» шығару жөнінде бастама көтеріп, облыс əкімі А.Айдарбаевтың қолдауымен осы іске белсене кірісіп те кеттім. Мұнда Елбасы бастаған елдің, бір өңірдің өткені мен бүгіні қамтылады. Қазіргі дəуіріміз ертең тарихқа айналады. Сол тарихтың бір саласы – осы іргелі еңбекте көрініс тапса, кейінгі ұрпақ алдыңғы толқынның өткен жолын танып біледі. Кең-байтақ жерінде дəулетіне сəулеті сай дамып отырған Қазақ елінің бүгінгі тірлік-тынысы сол жастар үшін жасалып жатқан жұмыс. Сол жұмысты баянды етіп, ырыс алды ынтымақты тиянақтау, бейбіт тірлігіміздің тұғырын мықтау жолындағы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлытау сұхбатынан алар сабақ аз емес деп білемін. АҚТАУ.

Ўрпаќтар їлесі жолын бастайды. Қарапайым қатардағы қызметтен «Жезқазғантүстіметалл» ғылыми өндірістік бірлестігінде, «Қазақмыс» корпорациясында жо ғары қызметтер атқарды. Талғат «Қазақмыс» корпорациясының, Жомарт руд нигінің бас директоры болды. Қазір Павлодардағы Бозшакөл тау-кен комбинатының директоры қызметінде. Қай кезде болсын Талғат Мұзарафұлы Ұлытауды дамытуға ерекше назар аударып, өзінің лайықты үлесін қосып келеді. Елбасы Ұлытау төрінде берген өнегелі сұхбатында аурасы жақсы Ұлытаудың ұлы қасиеттерін тарата айтып, «...Əулиебұлақтың жағасы қандай көркем. Мына тұрған қайыңдар, мынау жер сонау Жошы ханның да, Алаша ханның да, Тоқтамыстың да, Едіге батырдың да – бəрінің көзін көрген шығар. Мінекей, дүние деген осылай ылғи тұра береді. Заман өтеді, уақыт алға жылжиды. Ұрпақтар бірінің жолын бірі жалғайды. Бірақ ата-бабамыздың жері осылай керемет болып қала береді. Осындай əулиелі жерден қуат алған халқымыз ата-бабалар жолымен жүреді деп санаймын. Ол жол – сара жол, Мəңгілік Елдің жолы!» деп еді. Ұлтымыздың алтын бесігі саналатын Ұлытауға Елбасы айтқан ұрпақтар өз үлестерін қосып, сабақтастықты жалғастырумен келеді. Солардың бірі жəне бірегейі деп біз Талғатты алда да айттық. Ол жаз басталысымен

Ұлытауды көру үшін, ауасын жұтып, бұлағының дертке дауа суын ішіп, тау жуасын, бүлдіргенін, қарақатын теріп дем алып қайтуға толассыз келетіндерге жағдай жасауды əрқашан есте ұстайды. Алыс-жақын шетелдіктер біз əспеттеген Ұлытауға келгенде «бұл қалай» демесін деп, жігерін жаниды. Қасиетті жерге тəу етіп, ұлылыққа бас ию үшін жеткендер ондап емес, жүздеп саналады. Осыны ерте бастан есте ұстаған Талғат Мұзарафұлы «Қазақмыс» корпорациясының бас директоры болып жүрген кезінде Ұлытаудың бауырынан барлық талапқа сай құрылыстар жүргізіп, байланыс құралдарымен жабдықталған демалыс үйін салдырып, жоғары кернеулі электр жүйесін тарттырып, оған баратын жолды асфальттатып, келгендердің қиналмай жетуіне, емін-еркін дем алуына қажетті жағдай жасалуына ұйытқы бола білді. Сондай игілікті жұмыс тардың нəтижесінде, бұл жерге жаз да ғана емес, қыстың өзінде дем алушылар толассыз келіп жатады. Сондай-ақ, Кененбайға, Барақ көліне, Ащыкөл мен «Көпкөлге» демалыс орындарын салдырды. Қоскөлді қамқор лыққа алды. Бұл жерлердің табиғи байлықтарын қорғауға 15 күндік ауыспалы тəсілмен ауданның ондаған азаматтарын шақырып, жұмыспен қамтыды. Оларға бұл күндері тиісті жағдайдың бəрі жасалған. Сонымен бірге, «Қазақмыс» корпорациясының

бас директоры болып тұрғанда Ұлытау ұлттық тарихи-мəдени жəне табиғи қорық мұражайын көркейтуге 400 000 доллар қаржы бөлдіргені жəне бар. – Ұлытау ұлтымыздың ұлы тарихы, Тұран жұртының тұрағы болған киелі мекен. Сондықтан, «Мен – қазақпын» деген азаматтардың осы өлкені өркендетуге үлес қосуы абыройлы да, ардақты борышы. Бұл тарихымызды ұмытпауға, ұлтымызды ұлықтауға қосқан үлес, бабалар рухына тағзым ету болады. Біз Талғат Мұзарафұлына ризамыз. Ол өзінің азаматтық борышын адал атқарып жүр. Ұлытауды көркейтуге өзінің лайықты үлесін қосуда. Талғаттың адамгершілік қасиеті ерекше. Алла азаматты тіл-көзден сақтасын, – дейді ауыл ақсақалдарының қай-қайсысымен əңгімелесе қалсаң. Иə, «Халыққа ұнаған адам Аллаға да ұнайды» деп Талғат Мұзарафұлы Жезқазған жұртшылығына қызмет етуін жалғастыра бермек ниетте. Ол «Туған жерге туыңды тік» деп өзі ғана емес, өзімен бірге туған бауырларын да елдік іске ұйытумен келеді. Тəуелсіз еліміздің əр саласында жауапты қызметтер атқарып жүрген Ардақ ағасы, Жанат апасы, дəрігер бауыры Жомарт жəне қарындастары Лəззат, Салтанат, Гүлшат, Перизат, інісі Бейбіт – қай-қайсысы да əркез ата-қоныстарына, Ұлытау өңіріне қол ұштарын созып, көмектерін көрсетіп келеді. Бұл жоғарыда Елбасы айтқан ұрпақтардың ата-баба жолымен жүру кезіндегі Мəңгілік Елге қосқан үлесі деп білеміз. Мағзұмбек МАШАЙЫҚҰЛЫ, журналист.


3

www.egemen.kz

16 қыркүйек 2014 жыл

ҰЛТ ТҰТАСТЫҒЫН ҰЛЫҚТАУ Елбасының өз халқына Ұлы тау төрінен жолдаған ұлағатты сөздері – Қазақ елінің дамуындағы жаңа белестің бастамасы. Ай тылған игі ойлар ел иесі – əр қазақтың көкейінде жүрген арман ды, тілек-ниетті дөп басқан сүбелі ойдың таңдаулы қорытындысы болды деп білемін. Сұхбатта елді толғандырып жүрген өзек ті мəселелер шешім тапты. Еуразиялық экономикалық одақ тəуелсіздігімізге көлеңке түсірмейтін құрылым екеніне көзіміз жетті. Елбасы айтқан құнды пікірлер ел тəуелсіздігін мəңгілік баянды етуге құлшындырды. Сондай-ақ, ішкі бірлігімізді бекемдеп, берекелі еңбекке ден қоюға шақырды. Тəуелсіздікті ширатудың жолы сан алуан. Бірақ, соның ішіндегі ең жетекшісі, мөлшерін анықтау мүмкін емес тылсым күш – мектеп. Мектеп! Осы сөзді естігенде кез келген жанның жүрегі ерекше бұлқынатыны ақиқат. Үлкен өмірге жолдама беріп, білім нəрімен сусындатқан қасиетті ұя білім күмбезіне барғанда көңілді алабөтен күй баурайды. Бүгінгі күнге дейін табалдырығын имене аттайтын киелі мекеннің келешегі бəрімізді толғандырады. Елдің ең қастерлі мекені болып саналатын оқу ордасының қадірқасиеті бұл күнде қандай? Сөз жоқ, материалдық-техникалық тұрғыдан мектеп танымастай өзгерді. Елбасының талабы мен рахымының арқасында мектепте өз дəрежесінде озық білім беруге негіз болатын оқу

əлдеқашан жеткен жоқ па?! Ұстаз – ұлт болашағының айнасы. Сондықтан бұл істі ешқашан ертеңге қалдыруға болмайды. Ұстаздарымыздың ұлағаты жоғалмасын, ұлтымыздың рухы əлсіремесін, ұяты кемімесін, ұлылығы артсын десек бұл істі қоғам болып жаңаша қолға алу қажет. Жуық арада сенатор Қ.Айтаханов елімізде қазақ мектептері санының жетіспеушілігін алға тартып, еліміздегі қазақтілді оқушыларға қатысты «Өз елінде тұрып, өз ана тілінде оқуға мүмкіндік болмауын қалай түсінуге болады?» – деген ой тастады. Оның айтуынша, еліміздің кейбір өңірлерінде қазақ мектептерінің жетіспеушілігінен қазақ балалары өзбек жəне ұйғыр тілінде оқуға мəжбүр болып жүр екен. Ал, еліміздің бас қаласы Астанада қазақ балаларының 47%-ы тек орыс мектептерінде оқып, білім алатын көрінеді. Қазақ мектептеріндегі оқушылар қалыпты деңгейден тым артық. Оқушы санының көптігіне байланысты оқушыларын екі ауысыммен, үш ауысыммен оқытып жатқан қазақ мектептері де бар. Оның үстіне, жыл өткен сайын балаларын қазақ мектептеріне бергісі келетін ата-аналар санының еселеп өсе түсуі де қазақ мектептеріне деген сұранысты өсіре түсуде. Қуанатын бір жағдай кейінгі уақытта қазақ отбасында дүниеге келген сəбилер саны күрт көбейді. Көз тимесін. Ал енді мен деген қалталы азаматтар дүниеге сəби əкелген аналарға ерекше ілтипат көрсетуі парыз. Бұл

Кґкейдегіні ќозєаєан Оңалбай АЯШЕВ,

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор.

құрал-жабдықтар жеткілікті топталды. Ел дамуының басты белгілері ғылым мен техниканың, экономиканың жетістіктері болса, оның бастауы – білімде, ал, білім беру негізі – мектепке, мұғалімнің біліктілігі мен біліміне, тəжірибесіне келіп тіреледі. Дүниеде адамды тəрбиелеп, азамат атандырғаннан артық абырой мен құрмет жоқ. Мектептің беделін биіктету үшін мұғалімдікті бірінші жоғары деңгейдегі мамандық дəрежесіне көтеру қажет. Ол үшін ұстазға деген қамқорлықты күшейтіп, жалақысын ғана емес, қоғамдағы мəртебесін көтеріп, айрықша жағдай жасалуы шарт. Мектеп мұғалімдерінің білім деңгейінің жоғары болуы – сол мектептің ғана емес бүкіл ұлттың абыройы. Шет мемлекеттерде ең беделді мамандықтардың қатарында саналатын ұстаздық біздің елімізде əлі де болса əділ бағаланбайтын кəсіп болып табылады. Бұған түрлі себептер бар. Əлеуметтік жағдайдың орта болуы, яғни жалақының аздығы, жұмысқа орналасу барысындағы түрлі кедергілер, осы саладағы парақорлық, ата-ана мен бала, ұстаз арасындағы байланыстың əлеуметтік статусқа тікелей бағыныштылығы, қоғамдағы мұғалімнің беделінің төмен болуы. М.Əуезовтің «Ел боламын десең бесігіңді түзе!» деген қанатты сөзін «Ел боламын десең, мектебіңді түзе» деп айту орынды. Жаны бар сөз. Себебі, мектепте біздің болашағымыз, ұлтымыздың ұлылығын ұлықтайтын, еліміздің тізгінін ұстайтын ұрпақ оқып, білім алуда. Мектептің хəлі түзелмей – қоғамның жағдайы жақсара қояды деу қисынсыз. Мектеп пен мұғалімге жасалған жағдайды ұлттың болашағына деген қамқорлық деп ұққан жөн. Тəуелсіздігіміз бен тұтастығымыз сақталған тұрақты мемлекет болудың алғышарты тəрбиеде дейтін болсақ, сол тəрбие ошағы – мектеп. Ұлт болып сақталу үшін мектептің, ұстаздың қоғамдағы мəртебесін көтеріп, оларды ұлықтауымыз шарт. Əлемнің екінші ұстазы əл-Фараби бабамыз: «Адам да гүл сияқты жақсы күтіп, баптап тəрбие лемесе қурап қалады», деген. Бұл қанатты сөз мектеп мұғалі міне тікелей байланысты. Ұс таздық – ең ізденімпаз мамандық. Ал, отбасының тірлігімен, қат-қабат қағаздан аса алмай тын, айлығы шайлығына жетпейтін ұстаздарымыздың жағ дайын жасамастан, олардан үлкен нəтиже күту қаншалықты ұтым ды?! Нарық заманында еңбек сəнді болмай, өмір мəнді болмай тынын ұғынатын кез

азаматтықтың бастауы. Тəрбиеліліктің тұтқасы. Адам тəрбиесі күрделі сала. Ал тəрбие желісі педагогтарда. Елімізде қазақ тілінде оқитын оқушылардың үлес салмағы 70%дан асып жығылады. Əрине, ауылаймақтағы мектептердің барлығы дерлік қазақ мектептері екенін ескерсек, жоғарыда келтірілген статистикада қазақ тілділердің сол ауылаймақтағы мектептердің есебінен артып отырғанын білуге болады. Биылғы жылы ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы республика бойынша орташа балл 2,4 балға жақсарып отыр. Былтыр – 74,5 болса, биыл – 76, 9 балды құрап отыр. Елбасымыз Н.Назарбаев: «Ұстаз өзінің адамгершілік этикалық парызын орындауға тиіс. Білімді түрлендіруде, білім беру үрдісін реформалауда зерттеуші мұғалім жаңа формация мұғалімі ретінде орталық тұлға болып табылады. Қазіргі заман мұғалімі – рухани дамыған əрі əлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі əрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты», деген. Мұғалімнің кəсіби білігін шыңдаудың үздіксіздігі оның шығармашылық қабілетінің дамуының кепілі жəне өзіндік жеке педагогтік тəжірибесінің дамуының алғышарты болып табылады. Үздік мұғалім – бұл қай кезде де ең алдымен кəсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шы ғар машылық əлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тəрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамның ең озық бөлігінің бірі. Жəне солай болуға тиіс. Дүрбелеңге толы дүниеде елдің ешбір сына қағылмастай тұтас болуы айрықша маңызды. Ел бірлігі дегеніміз, Елбасы айтқандай, ең алдымен қазақтың бір лігі, қазақтың маңына ұйысқан барша этностардың бірлігі. Ешкімді ұлтына, дініне, тіліне қарап бөлмеу, кемсітпеу – зайырлы, мəдениетті елдің белгісі. Кез келген саладағы саясат байыптылықпен, байсалды түрде жүргізілсе ғана баянды болатынын өмірдің өзі көрсетіп отыр. Əрбір істің орайы келетін кезі, жұлдызы туатын шағы боларына, кезең-кезеңімен, қоғамның барлық өкілдерімен келісе отырып жүргізілген саясат қана жемісін берері сөзсіз. Ұлт келешегі туралы бүгінгі замандағы теке-тіреске байланысты «Мəңгілік Ел» идеясына ешқандай күдік тумау керек. Əр қазақ, əр қазақстандық, жақын-алыс көршілер ең маңыздысын ұғынуы тиіс. Біз мемлекеттігін сақтап қалған ұлт ре тінде «Мəңгілік Ел» идеясынан ешуақытта бас тартпаймыз! «Бостандыққа апаратын жалғыз жол – ұлттық ынтымақ қана» екенін,

«бірліктен айырылған елдің қаңғып қалатынын» (Əлихан Бөкейханов) жүрегімізбен сезініп, түсінеміз. Бұл туралы күні кеше Ұлытау төрінде берген сұхбатында Елбасы егжейтегжейімен, нықтай айтты. Қасиетті мекендегі сырлы сұхбат ойлантты, толқытты, толғандырды. Көкейде жүрген күдікті сейілтті, сенімге түскен селкеуді бүтіндеді, шашыраңқылыққа түскен ойды жинақтады. Тебірендірді. Күш-жігер қайта толысып, көктен рух алғандай ерекше шабыттандық. «Қазағым, салиқалы іс-əрекетке бет бұр, тебірен, ойлан, нақты іске көш» деген үн ерекше серпін сыйлады. Тіл туралы айтылған толғамды пікірлер парасаттылыққа, пайымға шақырды. Тіл – елдің барша тірлігінің тұтас ар хитектоникасын асқақтата ұстап тұратын рухани күш-қуат. «Тіл – тектен де күшті алапат. Адам санасы қай ұлттың тілінде сөйлеп түбегейлі қалыптасса, адамның өзі де сол ұлт тың жолында өледі». «Ұлытау төріндегі толғаныста» Мемлекет басшысы ана тілдің тағдыры ел иесінің қолында екенін, өзге ұлтқа үлгі болу үшін өзіміздің таза əрі мағыналы сөйлей білуіміздің қажеттігін атап өтті. Шешен əрі сұлу сөйлеу – еңбекпен келетін, талмай ізденіп, көркем əдебиетпен сусындаудың нəтижесінде қол жеткізетін жеңіс. Тіл байлығы саяз, ойы жұтаң жандардың кемшілігі де сол – құныға кітап оқуды əдетке айналдырмауы. Ойды көркемдеп жеткізу сөздік қордың молдығына байланысты. Тіліміздің тұнған байлық екенін кезінде немістің ұлы ақыны Гетенің өзі: «Шығыстың жеті ұлы ақынының соңына ілесе алсам, арманым жоқ» деп мойындаған. Ана тілін меңгерген біздер оның мол байлығын толығымен қолдана алмай жүрміз. Сондықтан да ойымыз жұтаң, тіліміз қысаң күй кешуде. Мұны бүгін қолға алмасақ, ертең кеш болады. Мемлекеттің қауіпсіздігі мен тəуел сіз діктің тұрақтылығы күреске түсер шақта бұл аса маңызды. Ал тілді үйренудің негізі біз сөз етіп отырған мектептен басталады. Мектеп – ұлттың тұтастығын сақтаудың негізгі ошағы. Тілді үйренуге қаржы да, түрлі əдістемелік нұсқаулар мен кітаптар да көмектесе алмауы мүмкін, егер де үйренушіде ең бастысы ниет болмаса. Осы ниеттің жоқтығы біздің көркем өрнекті ана тілімізді үйренушілердің «бағын байлап жүр». Тілді меңгертумен қатар, оны қолдануды отбасы тəрбиесінен бастап, балабақша, мектеп қабырғасындағы ұстаздар тəлімі үйретеді. Өкінішке қарай, білім беру саласындағы түрлі реформалардың кейбірі, қазақ тілді оқулықтардың сын көтермес сапасы кезінде қазақ тілі мұғалімдерін, журналистерді дайындауға кері əсер етті. Баспасөз беттерінде бір сөздің бірнеше нұсқада жазылуы көптеп кездесті. Оқырман қайсысы дұрыс деп бас қатырды. Мұның

барлығы тілді игеруге кесірін тигізді. Елбасы тарихи мекен – Ұлытауда берген сұхбатында алмағайып замандарда тілімізбен қатар дінімізден де айырылып қала жаздағанымызды, əйтсе де үзілместен бүгінгі күнге жеткенін, оны əрі қарай дамыту баршамызға ортақ іс екенін айтты. Кеңестер Одағы тарқап, егемендік алған алғашқы тұстағы қазақтардың 40 пайызы барлығы бірдей ана тілінде сөйлемейтін. Анығы сөйлей алмайтын. Бүгінгі таңда 65 пайызға жеткен ел иелерінің ана тіліне деген құрметі мен ұмтылысы өзгерген. Десек те, Елбасы атап өткендей, жалғыз қазақ тілін меңгеріп қою замана көшінен қалумен тең. Үштілділік – уақыт талабы. Оны бүгінде барлығымыз жақсы түсінеміз, қажеттілігін сезінеміз. Сұхбатта Мемлекет басшысы ағылшын тілінен бас тартып, қайта қолға алған бірнеше мемлекеттерді атап өтті де. Ал дін туралы айтқан «Құранның қасиетті үкімдерін орындау үшін кемтарларға көмектесу, бір-бірімізге жанымыз ашу, бауырмал болу, үлкенді сыйлау, баланы тəрбиелеп өсіру, Отанды, елді қорғау, бірлікке шақыру арқылы дінді өркендеткен жөн. Сонда діннің мемлекетке зор пайдасы, үлкен қамқорлығы болады. Ол елдің басын біріктіреді. Міне, осындай исламды құрметтеуіміз керек» деген пікірі көп түрлі көзқарасқа қатысты түйінді сөз деп есептеймін. Ал ұлттық патриотизм – бұл ұлттың ішіндегі жеке адамның асыл белгісі мен қасиеті – өз халқына деген сүйіспеншілігі, өз халқымен қан жағынан да жəне шыққан тегі, территориясы, тілі, тұрмыс-тіршілігі, мінез-құлқы, психологиялық жəне этнографиялық ерекшеліктері, қалыптасқан тарихи дəстүрлері жағынан да əбден айқын, əрі дербес басқа қасиеттері жəне ерекшеліктерімен де байланысты. Дəл қазіргі таңда қазақстандықтардың барлығын бірдей патриоттар деп айта аламыз ба?.. Баспасөз дерегіне сүйенсек, жақында чуваштар өз тілдерінен айырылды. Демек, ұлт ретінде құрыды. Неге? Себебі, оларда ұлттық мінез кемшін түсті. Ал, ұлттық мінез мықты болу үшін не істеу керек? XVII-XVIII ғасырлардағы француздың əйгілі жазушысы Жеремин де Сталь: «Еркін ұлт қана ұлттық мінезге ие» деген екен. Демек, ұлт болу үшін ең керегі – еркіндік, егемендік, тəуелсіздік, тіл бірлігі! Мұның барлығының іргетасы мектептен қаланады. Бойымыздағы қызғаншақтық, көре алмаушылық, бос дабырагершілік сынды кертартпа қасиеттерден арылып, біріктіруші, мемлекет құрушы ұлт болғанда ғана ұлттық тұтастық арманнан ақиқатқа айналады. Ол үшін бізге асқақ та биік ұлттық арман керек! Ұлттың ұлы болуы жолында ұсақталмауымыз шарт. Ұлтты тəрбиелеп, білім беретін мектептің мəртебесін көтеру – саяси маңызы бар, ұлтымыздың бүгіні мен келешегі үшін аса маңызды мəселе екенін осыдан-ақ бағамдауға болады. «Үш тұғырлы тіл» идеясын жүзеге асыру, игеру қазақ мектептеріне жүктелді. Сөзіміздің басын мектептен бастағанымыз да сондықтан болатын. Қазақ жерінің кіндігі қасиетті мекен Ұлытаудағы Елбасы айтқан ұлағатты ойлардың жүзеге асатынына толық сенемін. Олай болса, жатпай-тұрмай іске кірісейік. Осы жолда бəрімізге сəттілік тілеймін!

Жігер жанитын жалынды сґз Жақында Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев қазақтың кең даласындағы қасиетті орындардың бірі Ұлытау өңірінде, Əулиебұлақтың басында ұлтты ұйытар сұхбат берді. Керемет табиғат аясында өткен əңгімеде Елбасымыздың көңіл түкпіріндегі ойларымен ағынан жарыла халқымен бөліскендігінің куəсі болдық. Қазақ халқының армандаған асқақ биігі тəуелсіздігіміздің оңай келмегендігін, тəуелсіздік жолында бабаларымыздың қаншалықты қиыншылықтарға қарамастан, əлеуметтік-рухани болмыстық сипатын сақтап қалғандығын өскелең ұрпақтың жадында сақтау керек екендігін айрықша атап өтті. Нұрсұлтан Əбішұлы өзінің ұлағатты сұхбатында «Біздің елдігіміз, қазақ жұртының арғы түбі ғұндардан басталады. Ғұндардан кейін көк түріктерге жалғасады. Одан кейін Алтын Орда орнығады. Сөйтіп, хандық дəуірге ұласып, кейін біртіндеп тəуелсіздікке келіп тіреледі», – деп толғанып, тарих қойнауынан сыр шертіп, қымбат құндылығымыз – Тəуелсіздігіміздің алатын орнын айшықтай түсті. Əлем кеңістігіндегі өмір сүріп жатқан ұлттардың өздеріне тəн рухани жəне əлеуметтік əлемі болатындығы белгілі. Əлемдік қауымдастықтың мүшесі ретіндегі қазақ халқының да өзіне тəн рухани əлемі, яғни тілі, діні, ділі, салт-дəстүрі, əдет-ғұрпы бар. Біз ата-бабаларымыздың тұрмыстіршілігіне, олардың рухани өміріне, дүниеге деген көзқарасына құрметпен қараймыз. Ал, өзіміздің үлесімізге тиген рухани мұраларымызды ақыл-парасат елегінен өткізіп, қазақ халқының, ұлтымыздың күшжігерін біріктіріп бір арнаға бағыттай алсақ, қазіргі заманғы өркениеттік дамудың биік шыңына көтеріле аламыз. Біз көп ұлтты, көпконфессиялы елміз. Сондықтан біздің қоғамымыздағы саяси тұрақтылықты қалыптастыру жəне дамытып отыру өзекті мəселелердің бірі. Біз елімізге сырттан қауіп, қыспақ келмесін деп тілейміз. Бізді қазіргі кезде Украинаның оңтүстік-шығысында болып жатқан оқиғалар алаңдатады. Саяси тұрақтылықтың қалыптаспауы осындай қайғылы жағдайларға əкеліп соқтырады. Бетін аулақ қылсын, ондай жағдай бола қалса жанын пида ететін, ерен ерлікке баратын сол елдің негізі – ұлты болатындығын естен шығармағанымыз жөн. Қазақстан – қазақтардың атабабаларының жері. Осы жерде оның

менталитеті қалыптасқан, суын ішіп, ауасын жұтқан. Бұл жерден алыс кетсе, оны аңсап, сағынып, сарғаятын да солар. Ол сезім барлық халықтарда да бар. Ол сезім адамды еріксіз билейді. Өйткені, ол – оның Отаны. Қазақта «Отанды сүю – отбасынан басталады» деген қасиетті сөз бар. Өз Отанын сүйетін, сыйлайтын, қорғай білетін патриоттарды тəрбиелеу күн тəртібінен түспеуі тиіс. Біз өзіміздің бай тарихымызға қысқаша шолу жасасақ, Отан үшін жанын пида еткен қарапайым жандарды көптеп кездестіруге болады. Мысалы, парсы патшасы Дарий Сыр бойын жауламақ болып, қарулы көп қосынмен келе жатқанда, олардың бетін елден басқа жаққа аудармаққа ниет етіп, соны сендірмек үшін өзінің құлағын, мұрнын кестіріп, оның алдынан шыққан байманап емес, қатардағы жай жылқышы Сирак (Шырақ) емес пе еді? Ол осылайша Отаны үшін жанын пида етті. Қандай идея халықтың санасын билейді? Егер ол идея халықтың ойынан шықса ғана халықтың санасын билейді. «Халықтың басына келген ой, данышпанның тілінің ұшында», – деген осы. Егер кемеңгер адам сол халықтың ойын дəл басып айтса, оның айтқандары ұлы күшке айналады жəне жерде қалмайды. Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың «Мəңгілік Ел» идеясы бір ауыздан бүкіл елден қолдау тапты. Бұл идея баршамыздың көңіліміздің түкпіріндегі ой-арманымыздың реалдық шындығы. Елбасымыздың сөзімен айтсақ, «Ол сара жол, мəңгілік елдің жолы». Жалынды сөз адам ішіне рухани шоқ салады, адами дүниені қорғайды, өзгертеді. Міне, идеяның күші оның тек өзінде емес, адам санасына еніп, оны терең қозғалысқа келтіруінде жатыр. Сондықтан біз Ұлытау басындағы ұлағатты сұхбатты дұрыс ұғынуымыз керек. Себебі, халықтың санасын билеп, оның рухын жігерлендіретін идея – ол жай пікір емес, ол терең толқу тудыратын ой. Осы орайда, егемен еліміздің болашағы үшін адал еңбек етіп, қызмет жасау – əр азаматтың ұлт алдындағы парызы деп түсінгеніміз жөн. Баймырза ҚОЖАМБЕРЛИЕВ, философия ғылымдарының докторы, профессор.

ҚЫЗЫЛОРДА.

Суреттерді түсірген Ерлан ОМАРОВ.


4

www.egemen.kz

16 қыркүйек 2014 жыл

Стратегия – ел ертеѕін еѕселетер сара жол

(Соңы. Басы 1-бетте). Сондай-ақ, Төраға 2014 жылдың 12 маусымында қабылданған заң бойынша қазіргі бар жеңілдіктер мен преференцияларға қосымша корпоративтік жəне жер салығынан 10 жылға, жылжымайтын мүлік салығына 8 жылға босату, мемлекет тарапынан нысан қолданысқа енгеннен кейін инвестор жұмсаған шығынның 30 пайызы төленіп берілетінін де қаперге сала кетті. Белді халықаралық қаржы институттарымен – Халықаралық банк, ЕҚДБ, АДБ жəне ИДБ өзара ынтымақтастығының рөліне ерекше маңыз беріліп отыр. Қазақстанның сыртқы саясатын айтқанда, əлемнің өркениетті мемлекеттер қауымдастығында лайықты да берік орнын иемден генін атап айтқан жөн. Бұл тұрғыдан келгенде, Сенат Төрағасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың интеграциялық бастамаларын атай келіп, Қазақстанның көршілес елдермен достық қарым-қатынастар мен стратегиялық əріптестікті нығайтып келе жатқандығына ерекше назар аудартты. Бұдан кейін сөз алған еліміздің Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов тəуелсіздік алған күннен бастап Қазақстанның Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен алдына бейбіт мақсаттар қойған, болашағына сенімді, халықаралық аренада жауапты əріптес ретінде танылған мемлекет құрып отырғанына тоқталды. Бұл ретте алдымен экономика, сосын барып саясат деген ұстанымның елдің экономикалық жəне саяси дамуын қапысыз қамтамасыз еткенін айтып, бүгінгі басқосудың парламентарийлер мен дипломаттар үшін пайдалы болатынына сенімін білдірді. Парламент Сенаты Төрағасының қолдауымен жəне тікелей өзінің қатысуымен өткізіліп отырған дөңгелек үстел басындағы жүздесудің тиімділігіне иек арта отыра, оның дипломатиялық корпус үшін маңыздылығына мəн беріп, бұл тəрізді шараның əлі де жалғасын тапса нұр үстіне нұр болатынын айтты. Əрі қарай Ерлан Ыдырысов Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінде жан-жақты қамтып өтілгеніндей, еліміз қазір «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру үстінде. Ал стратегия болса ел дамуының қайнары, ескіліктен жаңа үрдіске

шығу, «Мəңгілік Елге», тұрақты дамуға көшу, кемелденуді мақсат тұту. Өкінішке қарай, қазір əлемде көңіл ортайтатын кикілжің ошақтары туындап отыр, олардың арасында біздің елге географиялық тұрғыдан жақын елдер де бар. Сонымен қатар, тереңдеп кеткен Украинадағы дағдарыс, Ауғанстан болашағы сынды мəселелерді айналып өту мүмкін емес. Қазақстанға жақын жатқан осы елдегі тəуекелдерді есепке алмай қоя алмаймыз жəне Таяу Шығыстағы ахуал да халықаралық қауымдастықты алаңдатуда, деді. Қазақстан Республикасы Президентінің сыртқы саясаттағы жаңа ықтимал қауіп-қатерлерді еңсерудегі қимылдарына, Қазақстанның халықаралық деңгейдегі көптеген мəселелерді шешудегі үлесіне тоқталған шешен əрі қарай еліміздің шартараппен жəне жақын көршілермен арадағы қарым-қатынастарының тереңдеп отырғанына, осының барлығы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтаудағы аса бір мəн беретін игілікті іс екеніне екпін түсірді. Қазақстанның интеграциялық бағыттағы қимылына тоқталған шешен оның түпкі негізінің «Мəңгілік Ел» идеясымен астасып жатқанына сенімін жеткізді. Сонымен қатар, Елбасы ұсынған G-Global идеясының басты 5 қағидатына тоқталып өткен министр əрі қарайғы сөзінде халықаралық қоғамдастықтың ілгері дамуында осы қағидаттардың қай-қайсының да маңыздылығына баса мəн беру қажеттігіне тоқталды. Бұдан кейін пікір алысу

жүр ді. Парламент палаталары депутаттарынан өзге, Астанадағы дипломатиялық корпус – шетелдік дипломатиялық миссиялардың жəне Қазақстан Республикасында тіркелген халықаралық ұйымдар өкілдерінің басшылары өз ойларын ортаға салды. Бұл жерде тақырыпты талқылауға Ресейдің Қазақстандағы елшісі, дипломатиялық корпустың дуайені М.Бочарников, Еу ропалық одақтың Қазақстандағы өкілдігінің басшысы А.Бушез, Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі міндетін атқарушы, UNFPA субаймақтық кеңсесінің директоры Н.Ботев, Беларусьтің елшісі А.Ничкасов, Францияның елшісі Ф.Етьен, Пəкістанның елшісі Ш.А.Мукадам, Нидерланд елшісі Х.Дриссер, Ұлыбритания елшісі К.Браун, АҚШ істері бойынша уақытша сенімді өкіл Дж.Ордвей қатысқанын айта кеткен лəзім. Отырысқа модераторлық етіп отырған Сенаттың Халықаралық істер, қорғаныс жəне қауіпсіздік комитетінің төрағасы Икрам Адырбеков шараның палата Төрағасының Астанадағы дипломатиялық корпуспен арнайы кездесуі ретінде өткізіліп отырғандығын жəне оның барлық қатысушыларға халықаралық қатынастардағы өзекті мəселелер бойынша ашық пікір алмасуға мүмкіндік беретінін алға тартты. Алдымен сөз алған Ресейдің Қазақстандағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Михаил Бочарников стратегияда елдің сыртқы саясаты тұрлаулы, ашық та ұлт тық мүддені ілгерілетуге, сонымен қатар, жаһандық жəне

аймақтық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталғандығын алға тартты. Қазақстанның Бүкілəлемдік сауда ұйымына мүше болуы маңызына екпін берген елші еліміздің Еуразиялық экономикалық одақты құрудағы рөліне де тоқталып өтті. Инвестиция тарту жағынан алда келе жатқан Қазақстан 2015 жылдың 1 қаңта рынан жұмыс істей бастайтын Еура зиялық экономикалық одақтың тиімділігіне өзіндік үлесін қосатын болады. Ал аталған экономикалық одақ елдердің өз мақсат тарын жүзеге асыруына өзіндік септігін тигізуі тиіс. Бұдан кейін сөз алған Еуропалық одақ өкілдігінің басшысы Аурелия Бушез ханым өз сөзінде «Қазақстан-2050» Стратегиясының ел дамуы үшін қаншалықты мағынасы барлығына назар аудара келе, үш басты маңызды мəселеге тоқталды. Біріншісі – оның кең ауқымдылығы, басымдықтардың анық көрсетілуі, институттық, саяси реформалар мен экономика арасындағы синергияның қажеттілігінің байыпталуы. Қазақстан барлық саланың дұрыс жолмен дамуына мəн беруде. Бұл – өте маңызды. Əрине, ол бəсекеге қабілетті ел болуға, үздік отыздыққа енуге жол ашатын іс дей келіп, Еуроодақпен арадағы қарым-қатынастар төңірегіндегі ойымен бөлісті. «Жақында ғана екі арадағы келіссөздердің соңғы раундын өткізіп, кең ауқымда ынтымақтастықты дамытуға уағдаластық. Келіссөздер негізі жылдар бойына қаланып, ол Қазақстанның Еуропаға жол бағытымен өрбіді. Экономикалық қарым-қатынастар, тұрақты

Министрмен бірге келген Ромин Мəдинов, Темірхан Досмұхамедов секілді халық қалаулыларын Алматы облысы ның əкімі Амандық Баталов қарсы алып, облыстың алдыңғы қатарлы ауылшаруашылық кешенін аралатты. Биолог ия ғылымдарының докторы, профессор Абай Сағитов Астанадан келген қонақ тарға елімізде өндіріліп отырған дəнді-дақылдардың сапалылығы мен өсімдіктің тегін күшейтетін отандық дəрі-дəрмектер мен химиялық жаңа қоспаларды таныстырды. «Байсерке-Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2002 жылы құрылып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру ісімен қызу айналысып келеді. Кəсіпорын негізінен дəнді дақылдар, сүтті жəне етті тұқымды

«Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жариялауды ұсынған болатын. Осыған байланысты өткен айдың 29-ы күні Елбасының арнайы Жарлығы қабылданды. Бұл жайында Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды. Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

ҚХА Төрағасының орынбасары – Ассамблея Хатшылығының меңгерушісі Ералы Тоғжанов Жарлыққа сəйкес Үкіметтің Ұлттық жоспар əзірлеп жатқанын жеткізді. Брифингте мəлім болғандай, ҚХА биылдың өзінде біраз жұмыстар атқарған. «Біз ендігі жылды күтіп, қарап отырған жоқпыз, осы айдың басынан бастап біраз жұмыстар қолға алынды, олардың ішінде халықаралық деңгейдегі шаралар да бар. Өздеріңіз жақсы білесіздер, өткенде ғана Лондонға барып, ҚХА-ның орталығын ашып келдік. Сонымен қатар, депутаттар АҚШ-қа барып, бірқатар лауазымды тұлғалармен, конгресс мүшелерімен кездесіп, ұлтаралық татулықтың қазақстандық моделімен ортақтасты. Сіздердің көкейлеріңізде ендігі жылы қандай жұмыстар атқарылады деген сауал тұрған шығар деп білемін, сондықтан қысқаша түрде баяндап кетейін», деген Е.Тоғжанов 2015 жылдың қаңтарының аяғында ҚХА жылының салтанатты ашылуына байланысты үлкен іс-шара өткізілетінін, жыл сайын сəуір айында өтетін арнайы сессияның да кең көлемде ұйымдастырылатынынан хабардар етті. Мамыр айында бір ай бойы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына байланысты жəне келесі жылы Ата Заңымыздың 20 жылдығына орай да үлкен дайындықтар жүретіні журналистер қаперіне салынды. Сонымен қатар, келесі жылдың күз айларында да үлкен фестивальдер өткізу қарастырылатынын, оның ішінде мемлекеттік тілге арналған шараларға тоқталған ол мемлекеттік тілді басқа ұлт өкілдерінің санасына жеткізіп, олардың үйренуге деген қызығушылығын тудыру шараларының тек күз айларында ғана емес, бүкіл жыл бойы жүргізілетініне мəн берді. Е.Тоғжанов өз сөзінде Ассамблея бастауымен былтырғы 1 наурызда «Бірліктің, елдіктің жол картасы» атты жобаның басталғанын, ал келесі жылдың наурыз айында осы жобаның қорытындысы шығарылатынын да айтып өтті. Ол жерде көптеген əлеуметтік мəселелерді шешуге байланысты, əсіресе, аудандарымызда, ауылдарымызда материалдық көмекке мұқтаж адамдарға қолұшын беру мəселесіне баса назар аударылады. Шара барысында 550 мыңға жуық

адамға нақты көмек көрсетілген. Осындай жұмыстар одан əрі жалғасын таба бермек, деді ол. Бүгінгі күні əлемде қоғамдағы келісім мен татулық мəселесі халықаралық проблемаға айналып тұрған заманда еліміздегі тыныштық моделі көңіл тоғайтады. Брифингтегі шешеннің сөзімен айтсақ, ел халқының 96 пайызға жуығы бүгінгі таңда мемлекеттегі этносаралық жағдайды оң бағалайды, азаматтардың 94,5 пайызы өздерін Қазақстан халқының толыққанды өкілі ретінде сезінеді жəне мұны шетелдіктер де мойындап, қазақстандық модель жұртшылықтың назарын өзіне аударуда. Брифингте Астанада дүниежүзі елдерінің конституцияшы-ғалымдарының басы қосылғалы отырғаны да айтылды. Ол жайынан хабардар еткен Конституциялық Кеңестің мүшесі Анар Жайылғанова ғылымитəжірибелік конференцияға ғалымдар, мемлекеттік құрылымдар қызметкерлері, Парламент депутаттары, шет мемлекеттердің конституциялық заң органдарының өкілдері шақырылып, сонымен бірге, Ата Заңның 20 жылдығын мерекелеу аясында «Қазақстандық тренд: тоталитаризмнен демократиялық жəне құқықтық мемлекетке» деп аталатын кітапты басып шығару жоспарланғанын айтты. Онда Қазақстандағы конституционализмнің дамуы туралы шетелдік сарапшылардың, саясаткерлер мен заңгерлердің ой-пікірлері топтастырылады. «Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Тони Блэр, «Құқық арқылы демократияға» Венеция комиссиясының президенті Джанни Букиккио жəне Азия мен Еуропа конституциялық соттарының көптеген төрағалары осы кітапқа автор болуға ниет білдіріп отыр», деп түйіндеді өз сөзін А.Жайылғанова. Сондай-ақ, брифингте 17 қазанда 12 елдің қатысуымен Рухани келісім күні атап өтілетіні, ал алдағы уақытта оған қатысатын мемлекеттердің саны одан да өсуі мүмкіндігі айтылды.

Білім жəне ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев Президент жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде жоғары оқу орындарын дербестендіруге қатысты ақпараттармен бөлісті. Айгүл СЕЙІЛОВА,

«Егемен Қазақстан».

Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков бастаған бір топ Парламент Мəжілісінің депутаттары Алматы облысына қарасты «Байсерке-Агро» ЖШС-нің ауылшаруашылық өнімдерін зерттейтін жəне асылдандыратын ғылыми орталығында болып, биылғы өнім сапасының жай-күйімен танысты. «Егемен Қазақстан».

Суреттерді түсірген Ерлан ОМАРОВ.

Бірлесу белесі

Дербес басќарудыѕ алєашќы ќадамдары

Ґнім сапасы артып келеді Қанат ЕСКЕНДІР,

даму, инвестициялар тарту, адамдар арасындағы байланыс, қоғамдардың бір-бірімен ықпалдасуы сынды мəселелер қамтылған бұл жұмыстар қай жаққа да тиімді», деді ол. «Тоқталғым келген екінші мəселе – стратегияның Қазақ станның сапалық дамуына көңіл бөлуі. Қазірдің өзінде көрсеткіштер көңіл тоғайтарлықтай. Халықтың тұрмысының жақсаруы, озық елдердің қатарына енудегі қимылдар, қазақстандықтардың осыдан 20 жыл бұрынғы өмірі мен бүгінгі өзгерістер, орта жəне шағын бизнес тынысының ашылып, дамуы, биліктің орталықсыздануы секілді мəселелерде алға басу анық байқалады. Ел азаматтарының шетелдерге шығуында визалық жеңілдіктер бар. Үшіншіден, стратегия елді тұрақтылыққа бастап отыр. Бұл Қазақстанды тұрақтылықты экспорттай алатын ел дəрежесіне көтерді. Қазақстандағы тұрақтылық, этносаралық келісім мен конфессияаралық түсіністік өзге елдермен арадағы байланыстар дамуында да маңызды факторлардың бірі болып отыр. Бұл жағдайдың аймақта ғана емес, одан тыс жерлерде де елдің басты активіне жазылатыны анық», – деді А.Бушез. UNFPA субаймақтық кеңсесінің директоры Николай Ботев Қазақстан 22 жыл бойы БҰҰның белсенді əрі конструктивті мүшесі болып келе жатқандығын жеткізді. Бұл ретте Қазақстан ұлттық мүдделерін сақтай отырып, өзге қатысушы елдермен де теңгерімді ұстанымын сақтап келе жатқандығына назар аудартты. Ал Беларусьтің елшісі Анатолий Ничкасов «Қазақстан-2050» Стратегиясы Қазақстанның ғана емес, сонымен бірге, аймақтың ұзақ мерзімді дамуын айқындап берген құжат екендігін атап көрсетті. Елшінің пайымдауынша, құжат Қазақстанның алдында тұрған 10 сын-қатерді де нақты белгілеп беріп отыр. Жалпы, пікірсайыс барысында дөңгелек үстелге қатысушылар «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асырудағы бір жарым жыл ішінде ауқымды жұмыстар атқарылғандығына ерекше назар аударды. Атап айтқанда, стратегиядағы қойылған міндеттерге сəйкес тиісті заңнамалық актілер қабылданып, қоғам өмірінің көптеген салаларында арнайы бағдарламалар бекітілген. Сөз алған елшілер өз сөздерінде, сонымен қатар, əлемдегі жалғасып келе жатқан экономикалық дағдарыс пен саяси тұрақсыздық мəселелері бедерінде Қазақстанның дамуы ерекшеліктерін де тілге тиек етті. Əсіресе, мемлекеттің одан əрі даму бағытын айқындауда жаңа стратегия ерекше құнды болып отырғандығы айрықша айтылды. ––––––––––

ірі қара мал, асыл тұқымды жылқы, қой шаруашылығы, ет өндіру жəне сүт өнімдерін өңдеу секілді ауыл шаруашылығының маңызды салаларымен айналысады. Алматы облысының аумағында 43 мың гектар жерге соя, жүгері, арпа, бидай, қарақұмықпен қатар мал азығына арналған дəнді-дақыл түрлері де өсіріледі. Қазіргі таңда «Байсерке-Агро» ЖШС 1400 бас ірі қараға арналған жаңа сүт жəне ет өндіру фермасының құрылысын жүргізіп жатыр. Үстіміздегі жылдың маусым айында бұл ферманың бірінші бөлігі іске қосылып, онда қазір 300 бас ірі қара бағылуда. Кəсіпорын бұған дейін Канададан 634 бас голштин тұқымды сиырын жеткізіп, 340 бас сиырдан тəулігіне 6,8 тонна сүт өнімін алумен қатар, облыс пен қала халқын майлы сүт, сапалы етпен қамтамасыз етіп келеді. Биыл шетелден

2800 бас сиыр əкелу жоспарда бар көрінеді. 2011 жылдан бастап жұмыс істей бастаған сүт зауыты бүгінде 1 374,3 миллион теңгеге бағаланып, асыл тұқымды ірі қарадан жылына 1800 тонна сүт өндіреді. Ол сүттен айран, қаймақ, ірімшік, кілегей, йогурт, сыр жəне сары май дайындап, өндірілген тауарды елімізде сатады жəне алыс-жақын шетелдерге де шығарып тұрады. «БайсеркеАгроға» қарасты ет комбинаты да жылына 1250 тонна өнім беріп, тəулігіне 30 бас ірі қара, 250 бас қой союмен қатар, күнделікті ет өнімін салқындату, мүшелеу, арнайы вакуум ыдыстарға бөлектеп салу жəне шұжық жасау ісін де жолға қойған. Комбинаттың қазіргі бағасы 1 316,8 миллион теңге. Мəртебелі қонақтар ауылшаруашылық өнімдері мен техникасын тамашалаған соң, «Энерго-жылу сақтаушы инновациялық агротехнология жəне Оңтүстік Қазақстан жағдайында дəнді-дақылдарды қорғау интеграциясы» атты республикалық семинар-кеңеске қатысты. Кеңесте Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков білім, ғылым жəне кəсіпкерлік саласының тығыз байланыстылығын, оның

ел экономикасына толассыз мол табыс əкелетін сектор екендігін, сондай-ақ, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ауыл шаруашылығы саласына ерекше көңіл аударып, білімді де дарынды мамандарға айрықша үлкен жауапкершілік артып отырғандығын жеткізді. Кеңес барысында А.Сағитов, К.Төлеубаев, М.Кенеев, Б.Дүйсембеков, Г.Исенова секілді биология ғылымының білгір мамандары «Алматы облысы жағдайында соя жəне жемшөп өнімін кешенді қорғау», «Экологиялық таза өнім алу жолында ауылшаруашылық өнімдерінің биоқорғанысы», «Ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестеріне қарсы биопрепараттарды қолдану» жəне «Өсімдікті химиялық қорғау жəне ауылшаруашылық өнімдерінің сапасы» дейтін тақырыптарда баяндамалар жасады. «Байсерке-Агроның» жас мамандары астаналық қонақтарға ауыл шаруашылығы өндірісіне арналған заманауи жаңа технологиялардың қызметі мен өсімдікті қорғаудың қазақстандық үлгісі негізінде жасалған жаңа дəрі-дəрмектердің қолдану тəсілдерін көрсетіп, жаңашыл тəжірибелерімен бөлісті. Алматы облысы.

Елбасы «Қазақстан-2050» Стратегиясында жоғары оқу орындарына автономия беру туралы тапсырма берген болатын. Жиында Білім жəне ғылым министрлігінің өкілі стратегияның орындалу барысымен бөлісті. «Еліміз 2010 жылы Болон декларациясына қол қойды. Бұл жоғары білім берудегі əлемнің озық тəжірибелеріне сүйенуге мүмкіндік берді. Мысалы, осы жылдардың ішінде жоғары білім берудің үш деңгейлі жүйесі енгізілді. Кредиттік сынақтың қазақстандық моделі жасалды. Тəлімгерлер мен оқытушы профессорлар құрамының академиялық тұтастығы артып, үш жыл ішінде 2 мыңнан аса адам шетелдік ЖООда оқып келді, еліміздің дипломдарына еуропалық деңгейдегі қосымша анықтама берілетін болды, сондай-ақ, жоғары білім сапасын бақылайтын тəуелсіз жүйе қалыптасты», – деп атап көрсетті Т.Балықбаев. Сонымен қатар, бүгінде білім беру бағдарламасының мазмұнын анықтау құқығы ЖОО-лардың қолында екені айтылды. Яғни, қазіргі кезде «академиялық бостандық» дейтін ұғым бар. Жоғары оқу орындарында бакалавр бағдарламасының 55 пайызы, магистратура бағдарламасының 70 пайызы жəне докторантура

бағдарламасының 100 пайызы оқу орындарының еншісіне берілген. Білім жəне ғылым министрлігі бұл «бостандықтың» аясын одан ары кеңейте түспек. Т.Балықбаев осы мəселенің Білім туралы заңға енгізілетін өзгерістер қатарында бар екенін мəлімдеді. Жалпы, автономия дербестік деген ұғымды білдіреді. Бұған ЖОО-ны басқарудың жаңа моделі – корпоративті басқару арқылы қол жеткізуге болады. Білім жəне ғылым вице-министрінің айтуынша, басқарудың бұл үлгісі еліміздегі 10 жоғары оқу орнына қазіргі күннің өзінде енгізілген, жыл соңына дейін көрсеткішті 40-қа жеткізу жоспарлануда. Корпоративті басқару жүйесі Бақылау кеңесін құру арқылы жүзеге асады. Кеңес ЖООның даму стратегиясын жасайды, қаржыны жұмсау, ректорды тағайындау сияқты процестерге қатысады. Бүгінге дейін отандық ЖОО жетекшілері корпоративті басқарылатын «Назарбаев Университеті» базасында шетелдік мамандардан тəлім алып, тəжірибе алмасқан болса, қазан айында Бақылау кеңесінің мүшелері дəріс тыңдамақ. Айта кетейік, 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамыту бағдарламасына сəйкес, еліміздегі барлық жоғары оқу орындары кезең-кезеңімен автономдық жүйеге өтіп бітуі тиіс.


www.egemen.kz

16 қыркүйек 2014 жыл

Маѕєыстауда мал аштыєы: мəселе ќалай шешіледі? (Соңы. Басы 1-бетте). Тұщықұдықтан Қызанға баратын үлкен жолға қосылғанға дейін жол бойында екі жылқының өлексесін көрдік. Бірі тай болса, екіншісі ірі жылқы, шамасы құлын емізіп жүріп, өзі жүдеген бие болса керек. Ал үлкен жолға түскен соң тағы екі жылқының өлімтігі кезікті. – Қазірге дейін Қызанда əр үйде екі-үш жылқыдан өлді. Бұл бастамасы, жағдай жалғаса берсе, жылқы өлтірудің көкесі алда келе жатыр. Былтыр бір бумасы 350-400 теңгеден тұрған шөптердің бағасы биыл көтеріліп барады, қазір 900 теңге шамасында, – дейді Қызан ауылының тұрғыны Т.Нұрлыбаев. 210 отбасы мекен еткен Ақшымырау ауылында сол күнге дейін 200-дей жылқы өлген екен. Тұрғындардың айтуынша, ауылдан күніне 5-6 жылқыдан өліп жатыр, ал əр үй 10-15 жылқыны жемнің күшімен ұстап отыр. Жаздың қызуы сембей жатып қолға қараған малға жемшөп шақ келетін емес, жағдайды пайдаланған саудагерлер мал азығының бағасын аспандатып əкеледі екен. Алуға біреудің шамасы бар, біреудің шарғасы жетпейді. Ең қорқыныштысы – жемшөп таба алмай дағдарып, қабының түбін қағып отырған жұрттың қолына қарайтын мал санының күн өткен сайын көбейе түсетіндігі. – Қонысқа байланысты қазіргі таңда жағдайымыз нашар. Күнелтісіміз мал болғандықтан, мал кетсе, халықтың əлауқатына нұқсан келетіні де белгілі. Жазғы ыстықта ауыл маңындағы құдықтар суына тəуелді болғандықтан, қазір олар сарқылды. Тұрғындар қойды жеммен ұстап отыр, бірақ қой атаулы да күйсіреген, тұруға шамасы келмей домалап жатып қалудың аз алдында. Əзірге құламаған көнбіс түйе түлігі ғана, бірақ қыс қатты болып, азық-түлік мардымсыз болса, оның да ұзар жері алыс емес, дейді мал жайынан сыралғы шаруагер ауылдықтар. Қазақта «түйені теңселткен дауылда, ешкіні аспаннан ізде» деген бар. Жаздың соңына таман басталып кеткен мал арасындағы аштық аша тұяқты қой-ешкі түгілі, құлынды бие, байталқұнажындарды құлатып, атпал айғырлардың өзін алып ұрған... – Жол бойы өзіңіз де байқап келе жатқан боларсыз, айналатөңіректе жығылсаң бетке тиетін қылтанақ жоқ. Шабатын шөп болмағандықтан, көзапара, айдың-күннің аманында малды жұтқа ұшыратпайтын шығар деп берісі облыс басшылығына, əрісі ел Үкіметіне үміт артамыз. Жаздай мал түгілі жанымызға су жетпей ала-топалаң болған ауылымыз енді осындай жағдайға кезікті, – деп құзырлы орындарға дұғай сəлемін жеткізді зейнеткерлер Қ.Серіков пен Қ.Нұрболатов бастаған ақшымыраулықтар. Өлген жылқының ішін жарып қарағанда, сылдыр судан басқа тіс шұқитын бір тал ши таппаған. Демек, аштық. Байырғы шалдар «Бозашы қатқыл түбегі» деп атаған Ақшымырау, Қызан халқы алаңдаулы. Тіпті, Түпқараған ауданының Таушық ауылында, жол бойындағы Бекі ауылында да бірнеше жылқы өлген. Жол бойы кезіккен Шат ауылының тұрғыны да жылқы өлімі белең алып бара жатқанын жеткізді. Қыс қыр астында, күздің қылығы мынау болса, қыстың қаһарынан

отар орнында таяқ ұстап, жылқы соңында жүген ұстап қаламыз ба деген уайымдары бар. Бірақ, «жамандық шақырғандай» боп олай айтқысы келмейді, құзырлы орындардан көмек күтеді. Жуырда Маңғыстау облысы əкімінің бірінші орынбасары С.Алдашев жəне тағы бір орынбасар Ə.Шөжеғұлов келіп, «Каспий» əлеуметтік-кəсіпкерлік корпорациясы» АҚ арқылы жəрдем береміз деп кеткен екен. Артынша, бұл ауылдарға 4-5 қаптан кебек берілген, бірақ ол бəріне бірдей жетпеген. Бұл жем күніге жемделіп отырған 10-15 жылқы мен ұсақ малдардың бір күндігінен аспайды, қайтпек керек? Жағдайдың алдын алмаса, мал арасындағы өлім-жітім күш алып кеткелі тұр. Жеткілікті жемшөппен азықтандырып, малды аяғынан тұрғызып алатын кез осы. Əйтпесе, əбден кетеуі кетіп қалған малдың кейін қатарға қосылуы екіталай. Кеңес кезінде дер шағында жемшөп жеткізбей, кейін барынша жүдеген малға қызыл жем, балықтың майы бастаған небір құнарлыларды əкелгенмен, араша түсе алмаған. Іссапардан оралған бетте, «Каспий» əлеуметтік-кəсіпкерлік корпорациясы» АҚ тарапынан азық-түлік мəселесіне қатысты ақпар келіп түсті. Компания Ақмола облысының Бұланды жəне Астрахан аудандары шаруашылықтарымен шарт жасасып, малға жем сатып алуға келіскен. Қазіргі таңда өңірге 168 тонна кебек, 110 тонна сұлы, 493 тонна ұнтақталған, дəн аралас жарма жеткізіліпті. Келіп жеткен жемнің 100 тонна кебек, 110 тонна сұлы мен 302 тонна ұнтақталған жарма сұраныс бойынша облыстағы бес аудандық əкімдіктерге сатылған. Ендігі бөлігі аталмыш компанияның еншілес кəсіпорны болып табылатын «Қарағантүбек» ЖШСне беріледі екен. Жергілікті басылым беттерінен хабардар болғанымыздай, «Каспий» əлеуметтік-кəсіпкерлік корпорациясы» АҚ төрағасы И.Тағашев журналистерге облыста орын алып отырған қиын жағдайды үкіметтік комиссияның көріп кеткендігін, Ауыл шаруашылығы министрлігінің несиелік жүйе арқылы қаржылай көмек жасауға дайын екендігін айтқан. Мəселе – пайыздық көрсеткішпен қаржыны қайтаруда тұрған көрінеді. Мысалы, облыстағы «Сенек» ЖШС малдарының етін мұнайшыларға тапсырады екен жəне «Өзенмұнайгаз» компаниясы бұл шаруашылыққа ұдайы көңіл бөліп, керек кезде көмегін аямайтын болып шықты. Осы жақсы бастаманы, жарасымды үрдісті өңірдегі өзге компаниялар неге жалғастырмасқа?! Бозашы бойындағы ауылдардан салымыз суға кетіп келген болатынбыз, əйтсе де алдымыздан ескен жаңалық лебі көңілге болмашы үміт ұялатты. Енді Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыс тарынан мал азығын жеткізу жайы назарда, сондайақ Бейнеу астық терминалы да өз үлесін қоспақ. Бұл жердегі негізгі жайт – қаржы мəселесіне тіреледі екен. Бірақ, қаржысы бар, байлығы бар елміз, жерге қарап отырғанымыз жоқ, қандай жағдайда да малды аман алып қалу басты міндет. Қаржы жайы қалай болады деп жүргенде, Бозашы бойының малынан көз жазып қалуымыз мүмкін. Ал, мал кетсе, елдің жағдайы кететіні бесенеден белгілі.

P.S. Мал иелерінің мəселесі «Каспий» ƏКК» АҚ арқылы шешіледі деген Маңғыстау облысы əкімі орынбасарларымен де, уəжі мен əрекеті жоғарыдағыдай болып отырған аталмыш корпорация басшылығымен де тілдесудің реті келмеді. Бірақ, Ақмола облысынан келген жем түрлерін сатып алған Маңғыстау ауданында шалғайдағы ауылдарға мал азығы жеткізілді ме деп қоңырау шалғанымызда, Маңғыстау ауданы əкімінің орынбасары А.Сарбалаев «Каспий» ƏКК» АҚ арқылы 40 тонна жем сатып алғандығын, оны Шебір, Тұщықұдық, Қызан, Ақшымырау ауылдарына бөлгенде тағы да əр үйге 4-5 қаптан тигендігін айтты. Жем жетпей қалған үйлер де бар екен. Корпорациядан 23 келілік бір қап жемді 700 теңгеден алған аудан басшылары ауылдықтарға сол бағамен жеткізген. «Өзіміз де қол қусырып қарап отырғанымыз жоқ, жеке кəсіпкерлер арқылы Қостанай, Петропавл қалаларынан вагондармен жем алудамыз, бүгін алғашқы тасылымы келіп жетті. Енді ауылдарға алып шығамыз», дейді ол. Маңғыстаудың қатал табиғаты ескертіп тұр. Жаз бойы тамшы тамбауы, қылтанағы жоқ даланың ала шаң боп көз көрсетпеуі-ақ «қапы қалма» дегенді меңзеп тұрғандай. Расында, қапы қалып жүрмейік... Маңғыстау облысы.

5

 Алаштың ардақтысы Елге жол түсті. Соңғы кезде сирексіп кеткен сапар болған соң ба, осы жолы өзгеше толқып, ауылдың əр тасына, əр қыратына дейін назар салып, қайтақайта қара жолына қарағыштай беріппін. Жанымдағы серігім – Əкім. Жо-жоқ, аудан əкімі деп ойлап қалмаңыз! Тіпті ауыл əкімі де емес. Ол – үлкен əріппен жазылатын Əкім. Өйткені, бұл маған тереңнен қозғап əңгіме тиегін ағытқан асыл ағаның есімі. Яғни, аты – Əкім, ал заты – ақын! Əкім аға туған топырақтың арғыбергі тарихынан сөз сауып, кешегі батыр бабалар Көкен, Құттықожа, Төлек, Айтбай, Сырғақтарды тілге тиек етуде. Қорасан мен Қылауыз баба, Бақсайыс пен Айхожа ишан, Сунақ ата мен Сабылт ата, сосын Құлан мен Құтбай секілді ақын-жыршылар, нешелеген қоғам қайраткерлері хақында еселеп айтады. Бірқатар жазбалары да бар бо лып шықты. «Əттең, елдемін ғой, елде жүріп ақын-жазушы болу азап, əйтпесе басын қосып кітап етіп шығарса, кемі 2-3 том болар ма еді, қайтер еді», деп қояды сөз арасында. – Туған жердің тарихын мүлде аз біледі екенмін, сізді тыңдап отырып, соны байқағандаймын, – деп, мен ағымнан жарылдым. Əкім ағам күлді. Күлді де: – Жазушы болсаң, ана Дүкенбай ағаңдай болғаның абзал, – деді. – Дүкең əрі тарихшы, əрі зерттеуші, əрі жазушы... – Оны білем.... – деп күмілжігем. – Жоқ, білмейді екенсің, – деді Əкім аға. – Білсең, бұлай сөйлемеген болар ең. Сен өзі Дүкенбай Досжан деген қаламгердің қандай тарихи көркем дүниелерін ерекше бөліп айта алар едің? – Ол енді... көп қой. Айталық, «Жібек жолы...». – Орта жолдан бастадың, – деп, ағам сөзімді бөліп тастады. – Сені бұлай жайдақ сөйлейді деп ойламап ем. Мен де қисая тілге келдім енді. – Немене, «Жібек жолы» осал роман ба? Нашар шығарма ма? – Осал емес! Тіпті де осал емес! Мəселе, бірақ, мынада. Дүкенбай осы романға келмес бұрын қаншама əңгіме-хикаяттар жазды. Жазушы болып қалыптасып та үлгерді. Алдымен соларды атамайсың ба, а? Ойланып қалдым. Көз алдыма Дүкенбай ағамның «Жусан мен гүлдер», «Фараби» «Отырар», «Түркістан» секілді шоқтығы биік повестері елес бергендей. – Ертегі... – деді Əкім ағам. – Ертегі секілді бəрі де... Сөзін сол сəтте түсінбей қалсам керек, аузым ашыла Əкім ағама қарап тұрмын. Əкім аға енді былай деді: – Есіңде болсын, мына Сыр өңіріндегі шым-шытырық, тараутарау тарихты ертегідей етіп қара сөзбен жырлап бере алған қаламгер – ол Дүкенбай. Дүкенбайша есте жоқ ескі заманды тірілте сөйлету, жан бітіре жырлау – əркімнің-ақ арманы. Менің ойыма Дүкенбай көкеммен болған бір мөлтек əңгіме орала берді. * * * 2002 жылдың жазы. Жазушы ағам Дүкенбай Досжан қырық жылдан астам уақыт тұрған сүйікті Алматысымен қош айтысып, Астанаға қоныс аударып, көшіп келгеніне көп уақыт бола қойған жоқ-ты. Бір күні ол кісі маған телефон шалды. – Жұмыста отырсың ба? – деді. – Жұмыстамын. – Ерте шыға аласың ба? – Білмедім. Жағдайға байланысты... – Сені сағат жетіде үйде күтемін. Əңгіме бар. – Жарайды, аға. Баруға тырысайын. Сəтін салғанда, сол күні кеңсе жұмысында сəл-пəл тыныштық болды да, дереу Дүкенбай ағаның үйіне тарттым. Сол айтқан уақытында есігінің қоңырауы басып тұрдым. Ағам есікті өзі ашты да: – Е, мемқызметтегі жігіттердің бəрі мына сендей берген уəдеде тұратын болса, біздің Қазақстан жайнап-гүлдеп кетер еді-ау! – деп əлде арман, əлде өкініш, əлде əзіл... сөзін айтты. – Ой, аға, үлкен басыңызбен сіз шақырған соң, кешігіп келуге бола ма! – деп, мен де ол кісіге қолпаш білдіріп, екеуміз залға қарай өттік. Үйде жеңгей жоқ екен. Бəсе, Сəуле жеңгем болса, ендігі аңқылдап, алдымнан шығып, «ой, данышпаным» деп жарқылдап сөйлеп тұрмас па! – Жеңгең Алматыға жол жүріп кетіп еді, оңаша сөйлесейін дегенім ғой, – деп Дүкең де менің ойымды оқып қойғандай, дереу анықтама беріп жатыр. Əңгіме бірден əдебиет жайына ауысып жүре берді. – Мені білетін, һəм қадірімді арттыратын қатарлас қаламгерлер, сыйлас жазушылар, құдайға шүкір, қазақ топырағында баршылық, – деп Дүкең əңгіме арқауын ағытты. – Биыл 60-жасқа толмақшы екем, мерейтойлық мақала жазатындар да

табылар. Арманым ол емес... Сəл тоқтады. Стаканға толтыра құйып, су ішті. Тамағын кенеді. – Менің өмірім бейнелеп айтсақ, аңызға ұқсас, – деді сосын. – Кейде өзімді ертегі əлемінде өмір сүріп жүргендей сезінетін сəттерім көп... Оның себебі неде деп ойларсың сен... – Қызық екен. Əрине, себебі... – Себебі, мен əу баста қаламгерлік жолды есте жоқ ескі замандар шындығын түп-тамырымен қопарып ашамын деп, сол заманға шым батып кетіп, көркем сөзбен сурет сала бастаппын. Бір əфсананы екінші əфсана жалғады. Бір аңызды

берудің үлгісі қандай болады деген жағдаятты түсіндіріп отырмын. – Сонда, – дедім мен өзімше қисая сөйлеп. – Тарихты қаузап жазбаған жазушы-жазушы емес пе? Олар туған топырақты риясыз сүймегені ме? Бұл тақырыпқа ешқашан бармаған, өмірі мақсатмұрат тұтпаған қаншама ғажайып қазақ қаламгерлері бар. Мысалы, Соқпақбаев... Ақын ағам маған жалт бұрылып қарады да, дереу көзін тайдырып əкетіп, былай деп күбірледі: – Күз де келіп қалыпты-ау, ə! – деді. Енді күз туралы ойға беріліп кетті білем!

қайта ақталып жатуды жөн санамадым. Əйтпесе, «Абақтыны» əуелгілердің бірі болып, түп-түгел оқыған да мен едім. Өзім де Алаш арыстарының өмір жолын аз-кем қаузап жүрген соң, неге оқымасқа! Сол жылдары С.Қожановты, Н.Төреқұловты, С.Сапарбековті зерттеп, енді кітап жазуға бел байлаған кезім-ді. Ойыма оралды. Досжан былай деп жазып қалдырыпты: «...Əуезовтің қиналып келген кезіндегі медет тұтары – кіші мақсатын үлкен мақсатының жолына қия білетіндігі, келешек ұрпақпен

Аѕыздай жўмбаќ єўмыр (эссе)

Жолтай ЖҰМАТ.

екінші аңыз тірілтті. Мен туралы осы күні тереңнен ой толғаса, əсте не Əбіш (Кекілбай), не Мұхтар (Мағауин) болар еді-ақ. Бірақ... Тағы да əңгімесін үзді. Тағы да су ішті. Тағы да тамағын кенеді. – Ол кісілер молынан қамтып қа лам тербесе, ғажап болмас па еді,аға, – дей беріп ем, Дүкең сөзімді бөліп: – Менің аңыздарым сонау ел ішінен, Сыр бойынан, Қаратау иірімдерінен һəм Қызылдың құмынан бастау алып жатқан жоқ па! – деді. Сосын тағы да былай деді: – Əр жазушының көңіл түкпіріндегі асыл арманы – шығармаларының тағдыры қайдан, қай жерден басталып, қандай асу-белестерден асып һəм қай жаққа бағыт бұрғанын дөп басып білетін ойлы оқырманы көп болғаны... – Ол ғана емес, – деді сосын тағы да. – Ең бастысы – жазушы үшін үлкен бақыт сол – сені мақтаса да, сынаса да біліп-түсініп, аққараңды ажыратып, төресөз тізіп, қара қылды қақ жарған əділ əңгіме болса ғой... Мен таңданулымын. Дүкенбай ағамның дəл осылай барынша шешіліп, бүкіл жан-тəнімен сыр айтып, ағыл-тегіл сөйлегенін алғаш рет көріп отырмын. Көп шешіле бермейтін, көп сыр шаша бермейтін көкемнің бүгінгі жағдайын қала ойласам да, еш түсіне алар емеспін... Есіме түсті. Бір жылы белгілі сыншы З.Серікқалиұлы Дүкенбай жазушы туралы былай деп жазды: «...Екінші қадап айтарым: Дүкенбай Досжанның ешкімге ұқсамайтыны, ешбір канон, қалып қа сыймайтыны; сондықтан ба, кезінде қаламгердің сыншысы көп болды, бəсекелес, бақталас қатарлары да аямай тірсектен қағып бақты...». Сонда... қаламгердің өзгеден оқшау құпия таланты, сөз құдіретін тануы һəм кестелі көркем дүние тудыруы-бəрі де түкке тұрмағаны ма? Сонда... жазушының сөз айдынында жарқ-жұрқ етіп, алмастай жарқылдап, төгілте жазып, мейлінше жаңа қырынан танылуға талпынған əрбір ізденісі елеусіз қалып, қарапайым өмірдегі момынмомақан мінезі елге ілік, сөзге тізгін бола бергені ме? Қараңыз: «...Ұшы-қиырсыз Жібек жолының бойымен лықылдай соққан сары жел бір мезет демін ішіне тартқан. Күн арқан бойы көтеріліп, демде қызған көсеуге ұқсап жер құйқасын көңірсіте түсті. Күйген иіс көтерілді...». Бұл – «Жібек жолы» тарихи романының əп деп басталардағы алғашқы сөйлемі. Осы шығарманы қағаз бетіне түсірген кезде Дүкенбай жазушы отызға да толмаған екен. Өзінің тұстастарының біразы ол кезде енді-енді ғана танылып, алғашқы əңгіме-хикаяттарын жазып жүрсе керек... * * * Менің осындай бас-аяғы бітпес ұшы-қиырсыз ойымды қасымдағы ақын ағам Əкім Мейірбекұлы бөліп жіберді. – Дүкенбай қаламгерді бұл қазақ, шамасы, əлі түсініп болған жоқ. Əсіресе, тарихшылығын, терең тарихтан молынан қарпып, телегей сыр тарта, төгіліп жаза білетін сыршылдығын... Əкім ақынның бұл сөзіне өзімше дау айтқан болып: – Дүкең тек тарихи тақырыпты қаузаған жоқ, ол кісі бүгінгі заман туралы да кесек-кесек шығарма жазды. Əңгіме дейсіз бе, хикаят дейсіз бе, роман дейсіз бе... – дей бергенімде, Əкім аға: – Ол бөлек əңгіме, – деді. – Мен саған туған жердің тамырлап тараған тарихын бейнелі сөзбен

Мен білетін Əкім Мейірбекұлы – өмір бойы Сыр бойында, Жаңақорған кентінде тұрып жатыр. Ешқашан үлкен қалаға ұмтылмады. Жас күнімде Əкім ағам біздің үйге жиі-жиі келетін. Келген сайын мені оңашалап əңгімеге тартушы еді. «Талабың зор, тілің жатық, қаламды тастама» дейтін. – Біздің өмір өтті! – деп, дауыс шығара айтқанда, селк еттім. Ойым кілт үзілді. – Өткені қалай, аға? – Шығармашылыққа барынша ынта-ықылас қойып, қасиетті өнермен түбегейлі айналыса алмағаным өкінішті. Бойда бар қабілет-талантты аялап ұстап, мейлінше пайдаланбадық. Енді, міне, жас болса жетпістен асып, сексенге бет түзедік. – Ал, Толстой 80-ге тақаған шағында «Қажымұратты» жазды деген дерек бар... – Білем. Толстой – ол Толстой! Бізді ондай тау тұлғамен салыстырма, – деп алды да, сəл-кем бөгеліп, тағы да Дүкенбай ағам жайлы əңгімеге ауысты. – Біздің елден шыққан Толстой – ол осы Дүкенбай Досжан болар, – деді. – Қарашы, артында қаншама мол мұра қалды. Əттең, жетпістен аса бере-ақ көз жұмды. Енді тағы да бес-он жыл өмір сүргенде, бұдан да көп дүние бере алатын жағдайы бар болатын. Дүкенбай досым шаршаған жоқ, қалжырағанын байқамадым... Ол кісі сөйлеп отырғанда есіме тағы да Дүкенбай көкеммен болған бір əңгіме орала берді. – Мен тəуелсіздікпен ілесе алғашқылардың бірі болып Алаш арыстарын тірілту бағытында аянбай тер төктім, інім! – деп еді Дүкең. – Сен менің 1992 жылы жарыққа шыққан «Абақты» деген тарихи эсселер кітабымды оқыдың ба? – Оқығам, – деп күмілжідім. – Оқысаң да атүсті қараған боларсың. Ол жарамайды. Ал, мен сол кітабымда М.Əуезовтің, М.Жұмабаевтың, Ж.Аймауытовтың, М.Дулатовтың, А.Байтұрсыновтың істі болуы жайынан сыр суыртпақтағам-ды. Бастан-аяқ тарихи дерекке құрылған дүние. Сол асыл дар бастан кешкен азапты, ауыртпалықты, қиянатты таныпбілмейінше, еш қаламгер тыныш ұйықтауға хақылы емес. Мен соны білем. Ағамен сөз тайталастырып,

жүздесетін, шүйіркелесіп əзіз ғұмырын мақсаттардың мақсаты деп түсінетіндігі...» («Абақты», 43-бет). Менің Дүкенбай көкем ше? Ол да аз мехнат көрмеген болар-ау!.. * * * 2012 жылы Дүкенбай Досжан 70 жасқа толды. Бірақ, неге екені белгісіз, қаламгердің мерейтойын өз деңгейінде атап өту туралы еш жерде сөз болмады. «Осыны өткізу керек еді» деген ынталы топ бой көрсетпеді. Бəрі де селқос кейіп танытты. Осындай күндердің бірінде Дүкең мені тағы да іздеді. Телефон арқылы сөйлестік. «Үйге кел» деді ағам. Бардым. Оңаша отырып сөйлестік. Сəуле жеңгем шəй құйып беріп, «ой, данышпаным» деп менің бетімнен сүйді де, «əңгімелеріңе бөгет болмайын» деп келесі бөлмеге шығып кеткен. Дүкеңнің осы жолы тым шаршаулы екенін байқағандаймын. – Аға, бір жеріңіз ауырып жүр ме? – деп сұрадым. – Тəнім сау, – деді ағам. – Бірақ жаным сау емес. – Неге? Неліктен? Дүкең ойланып отырды да: – Жетпіс жасымды дүркіретіп тойламай-ақ қояйын деп шештім, інім, – деді. – Тек үйге мол етіп үлкен дастарқан жаямын. Ең сыйлы деген оншақты кісіні шақырамын... – Ол да дұрыс, – дедім мен Дүкенбай ағамды көңілдендірейін деп. – Осы жетпіс жасты міндетті түрде елге дабыралап, шулатып тойлауды кім ойлап тапты екен? Мынадай заманда... Осы сөзді естіген Дүкең де сəл жымиып: – Сол дастарқанды сен жүргізесің, –деді. – Бəлкім, сені қазіргі аға буын қаламгерлер əлі де бала көретін шығар, ал мен үшін қалыптасқан жазушысың, өз қолтаңбаң бар. Оның үстіне – бір елдің суын ішкенбіз. Сенің əрбір сөзің – маған қуат береді. Туған ауылдың бойға шымырлап даритын саф ауасындай болады... Келіспеске амал қалмады. Үйге қайтып келе жатып, тағы да Дүкенбай көкемнің тарихи романы туралы ойлағам-ды. «...Иен даладан дүркіреп жабайы бұлттар өтті. Адырлардан қарғын ақты. Қарғынның қызыл суы жолындағы қиыршық, тас, құм, бұта, ағаш атаулыны құмыға

жұтып, қоймалжыңына араластырып, алысқа-алысқа əкетті...». Бұл – «Жібек жолы» тарихи романының соңғы жолдары. Түйінделер тұсындағы сөз түзілімі. Есіме түсті. Қаламдас, сыйлас досы, үлкен жүректі жазушы Ə.Кекілбай былай деп жазды: «Дүкенбай Досжановтың бір шығармадан бір шығармаға баспалдақтан өсіп, тынымсыз ізденуі өзімді қатты қызықтырады...». Олжас Сүлейменов жазады: «...Меніңше, Досжанов сөз қаруын қасиет тұтатындықтан да қаламға қажетсіз жерде жөнсіз жармаспайтын жазушы...». Г.Бельгердің, В.Бадиковтың, т.б. қаламгерлердің де ой-пікірлері жүрегіңді қозғайды. * * * Осы əдеби эссені жазу үстінде мен əртүрлі ойға ерік бердім. Кеше ғана өмірден озған қарасөздің жүйрігі Дүкенбай Досжан туралы қалам тербегенде, бəлкім, оның шығармаларына үңіліп, тереңірек талдаған жөн бе еді. Айталық, тарихи дүниелерін бір бөлек, бүгінгі заман туралы роман, əңгімелерім бір бөлек – жеке-жеке сөз етсе ше! Оның ішінде «Жібек жолы», «Дария», «Зауал», «Табалдырығыңа табын», «Ақорда», «Алаң», «Мұхтар жолы» іспетті кең тынысты романдарына тоқтала сөз арнасақ ше! Болмаса отызға жуық əртүрлі тақырыптағы кесек-кесек хикаяттарын талдаған дұрыс па? Бəлкім, ең соңғы жинағы – 100 əңгімеден тұратын екі томдық кітабы сөз өзегі болғаны орынды ма еді?! Жо-жоқ, біз зерттеуші емеспіз. Əдебиеттің əр жанрын түп-түгел тамырлап жазып, терең талдау да – біз үшін мақсат болмақ емес. «Абақты» кітабында М.Дулатов туралы жаза келіп: «... Уақыт – сарапшы, тарих – таразы. Арада өткен жетпіс бес жылдан астам уақыт кімнің кім екенін таразыға салып өлшеп көрсетті. Дулатовтың өзіне тəн тұлғасын ұрпағына енді ғана айқынырақ көрсетіп берді...» деген түйіндеме жасайды. Асылы, осы түйінсөз Дүкенбай қаламгердің өзіне де арналса, еш артық емес. Ол – шын бағасын енді ғана алады. Алдағы күндерде артындағы мол асыл мұрасы таразыға салынады. Шындық айтылады. Жазылады. Біз үшін ең керегі –Дүкенбай есімді кең жүректі қаламгердің көзі тірісінде айтылмаған қырлары мен қадір-қасиетін аша түсіп, артында қалған жас ұрпаққа оның əдебиеттегі ерлік істері мен шынайы азаматтық бет-бейнесін барынша ашып көрсету... Мен елден қайтар сəтте тағы да Əкім ағаммен аз-кем тілдестім. Ол кісі маған туған елді сүюдің ең үздік үлгісі – туған тарихты һəм кесек-кесек аңыздарды терең білу екендігін, оны көркем тілмен кестелеп жаза білу екендігін тағы да қадап айтты. – Дүкенбай аға сияқты ма? – деп мен күліп едім, Əкім аға маған жалт бұрылып: – Оның еш күлкісі жоқ! – деді. – Дүкенбай ертегі-арманмен өмір сүрген қаламгер. Оның бүкіл ғұмырын əдемі де əсерлі ертегі деуге болады. Ендігі жерде Дүкенбай – қаламгер туралы əдемі əфсана, əлде ертегі, əлде аңыз шығарма жазуға да болар... Осы ой ешқашан есіңнен шықпасын, бала!... Тұп-тура Дүкенбай көкемнің өз аузымен айтқандарын маған қайталап тұрғандай. Содан соң аз-кем тыныстап алып, бір өлең оқыды. – Өгей көрмейсің өзгенің жырын, Туысыңдай тыңдайсың өзгенің сырын! Қуана білесің, қуанта білесің, Осы ғой, осы, азаматтық қырың!.. Тоқтап қалып еді, мен де жұлып алғандай асыға сөйлеп: – Кімге арналған жыр бұл? – деп сұрап үлгердім. Ағам үндемеді. Өлең туралы лəм деп тіс жармады... Тек бір-ақ ауыз сөз айтты: – Жақында үш ғасыр бұрын өмір сүрген аңыз адам – Көкен батыр жайлы көлемді тарихи дастан бастадым. Бұл да сол Дүкенбаймен болған əңгімеден өрбіген ой. Жетпіс бестің биігіне көтерілген ағаңның арыны қалай, шабысы қалай – оны осы туынды аяқталған кезде бағалай жатарсың, бауыр інім... Ақын ағаммен қоштасып болып, поезға отырғанымда терезеден Сыр бойындағы менің туған топырағым – Жаңақорған аймағы көз алдымда дөңгеленді. Бұл – Дүкенбай туған жер. Бұл – Дүкенбай ағама алғаш ертек əуезін тыңдатқан, аңыз əлемге барынша жетелеген кең дала! Демек, осындай аңыз – дала аман болғанда, сол даланы өле-өлгенше қара сөзбен дамылсыз жырлаған Дүкенбай Досжан неге естен шығады? Жоқ, Дүкенбай – қаламгер тірі! Ол біздің жүрегімізде... Елден бастау алған ертегі – арман бұдан кейін де жалғаса бермек! Өйткені, ол – «Мың бір түндей» ұзақ...


6

www.egemen.kz

Жобаныѕ жаѕа кезеѕі «Сəтті қадам» партиялық жобасы аясында 400-ден астам ЖОО түлектері 200-ден астам ұлттық компаниялар мен мемлекеттік органдарда үш ай тəжірибеден өтулерін бастайды. «Сəтті қадам» жобасына барлық аймақтан қатысуға 1 874 өтінім келіп түсті. Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша 407 адам Қазақстанның ұлттық компаниялары мен мемлекеттік органдарында тəжірибеден өтуге жолданылды. «Жас Отан» жастар қанатының «Сəтті қадам» жобасы жастарға Қазақстанның бас ұйымдарынан тəжірибе жинауына жəне алған мамандықтары бойынша кəсіби біліктілігін арттыруларына мүмкіндік береді. Жобаның қатысушылары тəжірибеден ұлттық компаниялардан, атап өтсек, «Бəйтерек» ҰБХ», «Парасат» ҰҒТХ», «ЭКСПО-2017» ҰК», «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Халықаралық бағдарламалар орталығы», «Астана Innovations», «Қазақстан ғарыш сапары» ҰК», «Ұлттық медицина холдингі», «ҚТЖ» АҚ, сонымен қатар, министрліктер жəне еліміздің алдыңғы қатарлы мемлекеттік органдарынан өте алады. Тəжірибеден өтуге жоғары оқу орнын бітірген жастар ғана қатыса алады. Мысалы, Қаржы министрлігінде жоғары оқу

орнының 6 түлегі тəжірибеден өтті. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі стратегиялық даму департаменті басқармасының басшысы Есілбаева Анардың айтуынша, аталмыш жоба Қазақстан Республикасының еңбек жолында қойылатын талаптарға сəйкес бейімделуіне үлкен мүмкіндік береді. Кез келген білім беру жүйесінде практика мен теорияның айырмашылығы болып жатады, ЖОО студенттерінің алған білім мен заман талабына сəйкес сұраныстары екі бөлек дүние. «Сəтті қадам» жобасының аясында тəжірибеден өту осы айтылған кедергілердің алдын алуға, сонымен қатар мемлекеттік органдарда жұмысқа орналасуына мүмкіндік береді. Үш адам «Болашақ» АҚ-та тəжірибеден өткен. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ жоғары оқу орындары түлектерімен байланыс бөлімінің басшысы Мақсат Даулиев: «Меніңше, дəл осы жоба жұмыс өтілімі жоқ жастар үшін ең тиімді. Жұмысқа орналасар кезде кедергілер көп, жұмыс тəжірибесі жоқ, «ағасы»,

16 қыркүйек 2014 жыл

«көкесі» дегендей мəселе тағы бар. Əрбір адам өз мамандығы бойынша қалаған жұмыс орнында қызмет етуге құқылы деп санаймын. Дəл осы жоба жастардың мүмкіншіліктерін толықтай көрсетіп, жұмыс берушіге əділ шешім қабылдауына мүмкіндік береді», дейді. 2013 жылмен салыстырғанда түскен өтінім де, бітіруші түлектер саны да, іріктеуден өткендер де 25%-ға өскен. Алдыңғы жылы 1500 адамнан 330-ы ғана тəжірибе алуға жіберілген болатын. Алдыңғы жылдың қорытындысы бойынша 45 адам тəжірибеден өткен орындарында жұмысқа орналасқан. Осы жоба аясында жұмысқа орналасқан Айдана мен Əлия өз пікірлерімен бөлісті. «Сəтті қадам» жобасының қатысушысы Айдана Омарова: «Іздегенім алдымнан шықты деп айта аламын. Қай салада жұмыс атқарғым келетінін білемін, бірақ жұмыс өтілімім жоқ. Ал жоба аясындағы тəжірибе жинау маған жұмыста өзімді көрсетуіме мүмкіндік беріп отыр» десе, жобаның тағы бір қатысушысы Əлия Елубаева: «Жоғары оқу орнында берген білім жəне жұмыс орнындағы талаптар екі түрлі дүние болып жататын кездер болады. Менің ойымша, дəл осы жоба ЖОО бітірген түлектерге екі жақтың да сұранысын байланыстыра білуге бағытталған. Білім алу ешқашан кеш емес! Жəне əрбір жұмыс орны – ол тағы да бір университет курсы», дейді. «Егемен-ақпарат».

Ќарттар їйіндегі ќуаныш Эльмира МƏТІБАЕВА, «Егемен Қазақстан».

Отбасы күніне орай Жоғарғы Сот өкілдері Астанадағы қарттар үйіне атбасын бұрып, қариялардың жағдайын біліп, көңілдерін көтеріп қайтты. Мұндай келелі кездесуді Жоғарғы Соттың азаматтық жəне əкімшілік қадағалаушы алқасының төрағасы Е.Əбдіқадыров, Жоғарғы Сот судьясы Ұ.Сүлейменова жəне Жо ғарғы Сот жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету депар таментінің басшысы І.Испанов өткізді. Кездесу барысында Жоғарғы Сот өкілдерінің ұйымдастыруымен мерекелік концерт қойылды. Онда əн, жыр, термелер орындалды. Қабақтарын мұң шалған қарттардың көңілдері бір сəт көтеріліп қалғандығы олардың жүздерінен байқалып тұрды. Кездесу соңында қарияларға естелік ретінде сыйлықтар табысталды. Оның ішінде күнделікті тұтынуға арналған

теледидар, тоңазытқыш, шағын толқынды пештер мен үтіктер бар. Астана қалалық əкімдігінің қарттар мен мүгедектерге арналған əлеуметтік-медициналық мекемесінде 300-ден аса адам тұрады. Олардың басым көпшілігі мүгедектер. Бұл мекемеде мүмкіндігі шектеулі жанның белсенді əрі ұзақ өмір сүруіне жағдай жасайтын əлеуметтікмедициналық қызмет көрсетіледі. Жас шамасына қарамай қарттар компьютер тілін үйреніп, өз бетінше өмір сүруге бейімделуде. Мүгедектер ішінде мықты шахматшылар мен түрлі спорт чемпиондары бар. Əрқайсысының өз тағдыры болғанымен, оларды осы бір жылуға толы мекеме қауыштырады. Бір-біріне мейіріммен қараған, бірін аға, бірін іні тұтқан тағдырлас жандар өздерін бір отбасымыз деп есептейді. Еліміздің түкпіртүкпірінде тойланып жатқан отбасы күні мерекесі қарттар үйінің

де ішін шаттыққа бөле гендей. І.Испановтың айтуынша, Жоғарғы Сот өкілдері мұндай іс-шараларды жиі өткі зіп тұрады екен. Осындай арнаулы мекемелермен қоян-қолтық байланыста болып, оларға қажет болған дүниелерді жеткізіп отыратындығын айтады. Аталмыш мекемедегі мүгедектер арасында заңды некеге тұрғандар бар. Олардың саны 20 шақты екен. Ерлі-зайыптыларға бөлек сыйлықтар берілді. Солардың бірі – Орынтай Мұхтаров пен Əлия Жұбатқанова. Олардың бір арнаға тоғысқандарына 14 жыл болыпты. «Отбасы дегеніміз – екеуміздің бірге болғандығымыз, ешкімге тəуелді болмай еркіндікте өмір сүргендігіміз», – дейді 1-топтағы мүгедек Орынтай Мұхтаров. Атаулы мерекеде Жоғар ғы Сот өкілдерінің арнайы келіп құттықтағаны өздеріне үлкен қуаныш сыйлағандығын қариялар атқарыла айтты.

Ќылыєы тəтті немере

кґзге ќуаныш, кґѕілге медет

(Соңы. Басы 1-бетте). Денсаулықтың да, дəрігерлер дің де, қамқорлық жасап отырған мемлекетіңнің де, отбасың мен дос-жаран, құда-жекжаттарыңның да қадірін жаның қиналғанда жақсырақ біліп, тереңірек ұғынасың ғой. Оншақты күнде үйге, отбасыма оралғанда осыны зайыбым Құттығызға да, ұл-қыздарым мен немерелеріме де ерекше екпін түсіре айттым. Ойпырмай, немерелерім мен шөберелерім сəл көрмесе сағынып қалады. Бұл жолғы жолығысуымыз тіпті толқынысқа толы болды. Дəрігерлер «эмоцияға қатты беріл меген абзал» деп еді. Қалай берілмейсің, немерелер мен шөберелердің сағынышы емдей түседі ғой қайта. Жалпы, біз – зайыбым

екеу міз елімізге, Елбасымызға, халқымызға қашан да ризамыз. Абырой-беделге ие болдық, қаншама марапаттар, құрметті атақтар алдық. Үлкен қызымыз Салтанат Ленин градтағы медицина институтын бітірген. Дəрігер-невропатолог. Куйеу баламыз Қыдыр – құрылысшы. Қыздары Меруерт пен Бибі жоғары білімді мамандар, ұлдары Елдос Алматыда студент. Екінші қызымыз Гүлім– мұғалім, күйеу баламыз Нұрлан кəсіпкерлікте, Маржан, Айдана, Ілиястай немерелеріміз бар. Ұлымыз Нұржан Түркістандағы ХҚТУ-ді тəмамдаған. Заңгер. Келініміз Гүлнəр əскери бөлімде қызмет істейді. Əсел деген сүйікті немереміз мектепте оқып жүр. Аллаға шүкір, перзенттерімізден төрт шөбере көріп үлгердік.

Бұрын ойлаушы едік, зейнеткерлікке шықсақ, бос уақыт көбейетін шығар, қалаған жағы мызға баратын болармыз, қалаған ісімізбен айналысармыз деп. Қайда-а-ан... қол босамайды. Ұрпақтар сабақтастығының жемісті болуы үшін аянбақ емеспіз. Біздің ардагерлеріміз бүгінде отбасылық құндылықтарды қастерлеудің жолдарын талмай насихаттауда. Тек сөз жүзінде ғана емес, өнеге мен үлгіні нақтылы іспен көрсете білуде. Солардың ортасында екендігіме шүкіршілік деймін. Көп жылдар бойы облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жауапты қызметтер атқардым. «Қазақстан-Шымкент» телеарнасын құрып, он бес жылдай басқардым. Одан кейін де «Аталар сөзі», «Біздің жанұя» газеттерінің бас редакторы болдым. «Бетпебет», «Ұрпаққа ұлағат», «Асыл жүрек», «Алуан-алуан жүйрік бар» атты кітаптарым шықты. Мерейлі мемлекетімнің қамқорлығы мол дəрігер лердің шеберлігі арқасында отбасымда, перзенттерімнің, не мерешөберелерімнің ортасында көңіл күйім көтеріліп отырып қолыма қалам алдым. Мəңгілік Ел мұраттары жолында Қазақстанымыз қарыштап алға баса бергей. Əр отбасыға бақ-береке тілеймін. Байдулла ҚОНЫСБЕК, Қазақстанның құрметті журналисі, Оңтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы.

ШЫМКЕНТ.

Жастар белсенділігі – бірліктіѕ ўйытќысы Жастар – əрбір ортаның, қоғамның барометрі секілді. Сезімтал, сергек, қырағы, қайратты келетін олар заманның талабына қарай бейімделгіш, алаулап алдыңғы сапта жүретін буын. Ерік-жігерін білім-білікпен қайрап, оны жақсы іске жұмсай білсе, олар алмайтын асу, олар бағындырмайтын белес жоқ.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Бүгінде тəуелсіз елдің талантты, талапты жастары ел экономикасын дамытуға өз үлестерін қосу үшін еңбек майданына білек сыбана кірісуде. Бірнеше тіл меңгеріп, түрлі алыс-жақын шетелдердің айтулы оқу орындарында білім алып жүрген жастар саны артып келеді. Өз ісін білетін, тыныштық пен бірлікті ел дамуының негізгі тетігі деп түсінетін жəне өз ойын ашық айта алатын жаңашыл, белсенді жастарды іріліұсақты əрбір жұмыс орындарынан кездестіруге болады. Жастардың ізгі ойларын бір арнаға тоғыстырып, білім-білігін, қажыр-қайратын іргелі істерге жұмсауға бағыттау, тың ойлары мен бастамаларын жүзеге асыруға ықпал ету, жастар арасында кездесетін қиындықтарды өздері арқылы біліп, оларды шешуге, келеңсіз жағдайлардың алдын алуға ұмтылу – үлкен жұмысты қажет етеді. Осы мақсатта бұдан бес жыл бұрын студенттерден бастап, əрбір мекемелердегі жұмысшы жастар арасында жалғасқан үрдіс енді ірі компаниялар тарапынан қолдау табуда. Қазыналы жеріміздің қойнауы нан қара алтынды иге руші мекемелердің арасында қарашаңырақтай болған «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ қабырғасында еңбек ететін жастар компания құрамының 20 пайызын құрайды, яғни мұндағы 29 жасқа дейінгі жалынды жастардың саны он жеті мыңға жуық. Олардың қатарында «Болашақ» бағдарламасы аясында білім алғандар да, ғалымдық, ізденушілік жолында жүрген ғылым кандидаттары да, магистрлар да бар. Бірқатары басқарушы лауазымдық қызметтерге тағайындалған. Өткен жылы компаниядағы 3 мың жас маман түрлі деңгейде білімдерін шыңдапты. Қатарына леклек жастардың кеп қосылуы компанияның жауапкершілігін арттыра түскен. Бүгінгі таңда ұлттық компания тек өнім өндіру, қызметкерлердің əлеуметтік мəселелерін назарда ұстаумен ғана емес, жастар мəселесіне де айрықша көңіл аударуды назардан тыс қалдырмаған. Оларды белсенділікке тартып, біліктілігін арттырып, бəсекеге қабілетті маман боп қалыптасуын қамтамасыз ету компанияның негізгі жұмыстарының бірі болып отыр. Осы бағыттағы екі-үш жыл бұрын қолға алынған жаңашыл жұмыс өзінің шарықтау шегіне жетті, нақтырақ айтсақ ұйымдастыру жұмыстары аяқталып, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Ақтау қаласында тұңғыш рет жастар слетін өткізді. Құрылтай аясында компанияның жастар ісі кеңесі құрылып, төрағасы мен мүшелері сайланды. Аталмыш компанияның құрамындағы еншілес жəне тəуелді кəсіпорындардан 150-ге тарта жас қатысқан слетте «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарушы директоры С.Əбденов алғашқы слеттің ашылуымен жəне жастар ісі кеңесінің

құрылуымен құттықтап, жастар ұйымына сəттілік тіледі, компанияда жастарға қатысты жасалып жатқан жəне болашаққа бағдарланған жұмыстарға тоқталды. – Қазіргі таңда компания жас қызметкерлердің дамуына жағдай жасауға, олардың құқын жəне əлеуметтік ахуалын қорғауға, ұжым мен қоғамның пайдасына өзін толығырақ көрсете білуіне, кəсіби өсуіне, жастар арасында бірыңғай ақпараттық кеңістік қалыптастыруға қолдау көрсетуге ұмтылуда деген ол, компанияның көптеген жоғары жəне арнаулы оқу орындарымен арнайы тəжірибелік байланысқа түскендігін, жұмыс үрдісіне жаңа технологияларды енгізе бастағандығын жеткізді. Айтуынша, компания басшылығы өз тарапынан қаржылық, əдістемелік, өзге де тиісті көмек түрлерін көрсеткенмен, қандай да бір проблемаларды жастармен бірлесе отырып шешуге дайын болғанмен, жастар мəселесімен жастардың өздері ай на лысқаны дұрыс деп санайды екен. Жастармен жүргізіліп отырған жұмыстар осы айтылғанның көрінісі. Слетте Маңғыстау облысы əкімінің орынбасары Б.Нұрғазиева, «Əлеуметтік серіктестік орталығы» ҚФ бас директоры Н.Ерімбетов, Білім жəне ғылым министрлігі жанындағы Жастар ісі жөніндегі комитеттің жастар саясаты аясында салааралық өзара іс-қимылды үйлестіру басқармасының бастығы М.Мəжитов, «Жас Отан» ЖҚ атқарушы хатшысы Н.Сыдықов, «ҚМГ» ҰК» АҚ» сервистік жобалар департаментінің сарапшысы Ч.Черниязданов құттықтап, алғаш рет киелі Маңғыстау жерінде өткізіліп отырған жастар слетінен де, құрылған кеңестен жəне ең бастысы – жалынды жастардан сəттілік, табыс, нəтижелілік күтетіндігін жеткізді. «Өзенмұнайгаз» АҚ жастар ісі жөніндегі кеңесінің төрағасы А.Ноғаев Жаңаөзендегі мұнайшы жастар арасындағы жаңарту жұмыстары туралы, «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС жас мамандар кеңесі төрағасының орынбасары А.Сатыбалдин жастар үшін кəсіби мансаптық өсу мен мəдени-бұқаралық шаралар туралы, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС жастар кеңесінің төрағасы Ю.Кустаденчев спортты насихаттау шаралары жəне жастарды əлеуметтік қолдау мəселелері жайында баяндап, өз ұжымдарындағы жастардың жетістіктері мен белсенділіктері

туралы айтуды да ұмытқан жоқ. Жас кадрлар компанияның кадрлық əлеуетінің негізін қалайды. Компанияның жастар саясаты ұжымдағы жас қызметкерлермен жұмыс ұйымдастыруға бағытталған, ал оның негізгі мақсаты жас қызметкерлермен жұмыс жасау механизмі мен көзқарасты біріктіру, жастар саясатын жүзеге асырудың бірыңғай стандартын шығару болып табылады. Жастар саясатын жүйелі жүргізу компанияның стратегиялық саясатын жүзеге асыру жолында жастар əлеуетін тиімді пайдалануға, жастарды бейімдеу мəселесін шешуге, корпоративтік мəдениетті қалыптастыруға көмектеседі. Жастардың бос уақытын мазмұнды өткізуге, олардың бойында бар шығармашылық қабілетін ұштау үшін түрлі мəдени-бұқаралық, спорттық шараларды өткізудің маңызы зор, деген «ҚМГ»ҰК»АҚ жастар ісі кеңесінің төрағасы Е.Көшербаев компаниядағы жас тар саясатының жүргізілуі, оның мақсаттары мен міндеттері, негізгі қағидалары, іс-əрекетінің бағыттары, саясатты жүзеге асырудың құралдары жəне күтілетін нəтижелерге тоқталды. Компания басшылығы мен жастар арасындағы дəлізге айналатын кеңес жастардың күшін біріктіріп, соны идеяларын жүзеге асыруға, жастар саясатын орталықтандыруға, жастардың кəсіби жəне мəдени дамуына, əлеуметтік жағдайына қолдау көрсетуге ұйытқы болмақ. – Кеңес жастар тарапынан туындаған мəселелердің шешілуіне əрекеттеніп, жас қызметкерлердің саламатты өмір салтын ұстап, өздерінің ерекше қабілетін ұштап, оны одан əрі дамытуына атсалысатын болады. Инновациялық жобаларының жүзеге асырылуына жəрдемдесеміз. Жастар ісімен айналысатын мұндай кеңестер келешекте компания құрамындағы барлық бөлімшелерде құрылатын болады, деген Еркін Көшербаев жастар слетінің қарарымен таныстырды. Компаниядағы жастар саясатының бағыттары, негізгі қағидаттары нақтыланған қарарда компания мен оның еншілес, бірлескен кəсіпорындарында, бағынышты қоғамдарында жастар саясаты іс-əрекеттерінің бағыттары мен қағидаттары аясында жұмыс жүргізу, оларда жастар ісі кеңесін құру, жыл сайын бірінші басшылардың есепті кездесулерінің күн тəртібіне жастар ісі кеңестерінің жұмыс қорытындысы мен алдағы

жоспарлары туралы мəселелер енгізу, жастар ісі кеңесінің жұмыстарын БАҚ жəне ғаламтор арқылы жариялау жəне «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ екінші жастар слетін «ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШСның Зеренді кентінде орналасқан «Сұңқар» сауықтыру кешенінде өткізу мəселесі мақұлданған. «Білектің емес, біліктің заманында» егемен еліміздің керегесін өзгелермен теңдеп, шаңырағын шалқайта көтеру, көк байрақты желбірету жастардың тегеурінділігіне, əлеуетіне бай ланысты. Слетке еліміздің əр түкпірінен жиылған жастарымыздың батылдығы мен тау қопарар екпіні байқалды. Керегі де сол. Слетте «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарушы директоры С.Əбденов қызметте жауапты, ортада белсенді, іскер жастарға ұлттық компанияның Құрмет грамоталарын табыстады. Жас делегаттармен Халықаралық бизнес академиясы жанындағы «Делдалдық жəне жанжалнама» орталығының директоры Б.Жұмақаева «Делдалдық – жастар ортасында жанжалдың алдын алу шарасы» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді. Ақмаржан Ақтауды аралап, тазалығына тəнті болып, тамсана қайтқан жастар Каспий теңізінің жағалауына барып, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ жастар құрылтайына қатысушылардың үндеуін жариялады. «Жастар əрқашанда кез келген қоғам мен мемлекеттің елеулі бөлігі болып қала береді. Атап айтқанда, Қазақстанның болашақта қандай болатыны біздің белсенділігімізге, мəдениетімізге жəне жұмыс істей білуімізге байланысты. Біз егеменді, өскелең елде тұратынымызды мақтан етеміз! Біз өз еліміздің патриоттарымыз жəне ел тағдыры жастар қолында деп есептейміз! Біз білімпаз, бəсекеге қабілетті болуға ұмтылып, кəсіби білім деңгейін үнемі арттырып отыруға, халқымыздың тарихы мен дəстүрін ардақтап, құрметтеуге, саламатты өмір салтын ұстанып, еліміздің игілігі үшін еңбек етуге шақырамыз! Жас кəсіпқойлар – Қазақстанның болашағы!» деп үн тастап, тілек біріктірді жастар. Мұнай компаниясы жастарының Каспий жағасынан бірге əуелеген тілегі мен көкке бірге көтерілген құрыш білегі қатарына барша Қазақстан жастарын қосса... берекелі бірлік те, жарасымды тірлік те осында. АҚТАУ.

Ата-аналарєа да психологиялыќ кґмек ќажет Өткен апта соңында Орталық коммуникациялар қызметінде «Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек» тақырыбында конференция өтті. Шара мақсаты, отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Бұл шара Мемлекет басшысы Н.Ə.Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген мереке – Отбасы күніне тұспа-тұс келді.

– Бұл күн кездейсоқ таңдалып алынған жоқ, біздің мақсатымыз – қазақстандық отбасыларда болатын өзара қарым-қатынастардағы проблемалардың маңыздылығын жəне оларды шешу жолдары мен тəсілдерін көрсету, бағыт-бағдар беру. Сондықтан біздің институттың жетекші психологтары биыл мектеп табалдырығын тұңғыш аттаған бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына арналған тəжірибелік ұсыныстар дайындайды, – деген Отбасылық тəрбие институтының бас директоры Софья Евдокимова, ол одан соң сөзін төмендегіше жалғады. – Жас отбасы болғандықтан білмеулері мүмкін, сондықтан баладан бұрын əуелі ата-аналарға келелі кеңес айтып, оларды да тəрбиелеу қажет. Бірінші сыныпқа алдымен балалардың ата-аналары сақадай-сай болғандары жөн. Олардың басты міндеті – баланың оқуға деген ынтаықыласын, алып жатқан жаңа білімі мен

тəртібін қадағалап, қалыптастыру жəне оған қолдау көрсете білу керек, – деп сөз аяғын түйді. Оның айтуынша, түрлі үйірмелерге сүйреп, баланың басын қатырмай, яғни одан «вундеркинд» жасауға асықпай, ұл мен қыздың өз қалауына қалдыруға, ойын еркін жеткізуге мүмкіндік беру керек. Қазіргі таңда ел іші отбасымен жұмыс істейтін психолог мамандарға тапшы. Мектептер кейде білікті де білгір мамандарды сырттан шақыртады екен. Бұл жиынға Парламент Мəжілісінің депутаттары А.Соловьева, О.Асанғазы, т.б. қатысты. Аталмыш іс-шара Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Əйелдер істері жəне

отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, Білім жəне ғылым министрлігінің, «Жасыл экономиканы қолдау жəне G-Global-ды дамыту коалициясының», отбасы институтын нығайтуға, отбасылық құндылықтар мен отбасылық тəрбиені дəріптеуге бағытталған «Бақытты отбасы» – «Счастливая семья» партиялық жобасы аясында «Нұр Отан» партиясының қолдауымен өтті. Басқосуда уақыт талабына қарай ата-анаға да психологиялық көмек қажет деген түйін жасалды. Раушан ТƏУІРХАНҚЫЗЫ, журналист.


www.egemen.kz

16 қыркүйек 2014 жыл

 Спорт

«Тур де Ґскемен»

Риддер мен Ґскемен арасында ґткен веложарысќа 1300 спортшы ќатысты Шығыс өңірінде ерекше жарыс өтті. Еуропа елдерінде өтетін «Тур де Франс» есіңізде болар?.. Ал бұл жарыс «Тур де Өскемен» деп аталады. Риддер қаласында басталған халықаралық веложарысқа түрлі елдерден өкілдер қатысты. 13 ќыркїйек Ұлтына, жасына қарамастан, велоспортқа деген риясыз іңкəрлік тоғыстырған жарыстың ерекшелігі көп. Айталық, қашықтыққа тек кəсіпқойлар ғана емес, сонымен бірге маунтин-байкерлер, əуесқой велоспортшылар да қатысуға мүмкіндік алды. Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан».

Алдымен Риддер шаһарында Қазақстанның бірқатар облыстары мен Шығыс Қазақстанның қалалары мен аудандарынан, сондай-ақ шет мемлекеттерден келген 1300-ге жуық спортшы бас қосты. Велосипедін майлап, тепкішекке аяғын салып, тастай түйініп жарыс жолына шығуға əзір тұрған спортшыларға облыс əкімінің орынбасары Жақсылық Омар сəттілік тіледі. – Бұл халықаралық шара өңірімізде алғаш рет ұйымдас тырылып отыр. Жарыс Елбасымыздың халықты бұқаралық спорт түрлеріне жұмылдыру жөнінде жүктеген тапсырмасына сəйкес ұйым дастырылғандықтан, алдағы уақытта да дəстүрлі түрде өткізілетін болады, – деді Ж.Омар. Велоспорт бəсекесіне Қазақстан, Ресей, АҚШ, Канада, Швеция, Ұлыбритания, Түркия, Ямайка, Кения, Филлипин жəне Африка елдерінен келген өкілдер қатысты. Адам жасына шектеу қойылмағандықтан велосипедке спорт мектептерінің оқушысынан бастап зейнеткерге дейін отырды. «Tour de Oskemen» жарысының ең жасы үлкен қатысушысы елімізге ғана емес, шетелдерге де белгілі Түгелбек Қасымов болғанын айта кеткеніміз лəзім. Халықаралық велосаяхаттармен аты шыққан Тарбағатай ауданының шағын ғана ауылының тұрғыны жуықта өзінің 70 жасқа толған мерейтойын атап өтпек.

Жарыстың алғашқы бөлігі Риддер қаласының шегінде қысқа қашықтықта өтті. Төрт жарым шақырымды құраған жарыс жолына барлық қатысушылар шығып, топ ортасынан суырылып шыққан жүйріктер марапатталды. Одан кейін жекелеген трассалар бойынша маунтин-байкерлер, əуесқой велоспортшылар, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің өкілдері жарыс жолына шықты. Ең соңғы ысқырық кəсіпқойларға берілді. Олар облыстың табиғаты ең көрікті жерлерімен ұзақ қашықтыққа бет алған болатын. Кəсіпқойларға арналған қашықтық, яғни Өскемендегі мəре сызығына дейінгі жол 135 шақырымды құрайды. Жарыс жолына шыққандар облыс орталығына жеткенше ұйымдастырушылар спортшылар арасында түрлі креативті байқаулар өткізді. Мəселен, бірнеше қысқа қашықтықтарда өткен əуесқой велоспортшылар арасындағы бəйгеде жылдамдық шеберлерімен бірге «Үздік спортшы киімі», «Үздік велошабандоз каскасы» жəне тағы басқа да қызықты аталымдардың жүлдесі өз иелерін тапты. Ең креативті киім үлгісін Өскемен қаласының тұрғыны, «Устинка плюс» газетінің журналисі Екатерина Шендрик жеңіп алды. Ол қысқа қашықтықтағы жарыста батыс ертегілерінде көп кездесетін сиқырлы періште бейнесіндегі киімімен көзге түсті. Катя киген киімнің ерекшелігі – киімге жапсырылған қанаты

мен сылдырмақтары спорттағы жеңілдіктің, сондай-ақ велоспорттың қайталанбас үні мен дыбысының нышанын білдіреді. Айта кеткен лəзім, халықаралық жарыс өңір тұрғындары үшін айтулы мерекеге айналып үлгерді. Жарыс жолындағы əр елдімекен сайын жанкүйерлер мен тұрғындар спортшыларды үлкен қошемет-ілтипатпен қарсы алып, гүл шоқтары мен түрлітүсті шарлар сыйлап жатты. Ұзақ қашықтықтағы жарыс жолына шыққан спортшыларды Өскеменнің орталық алаңына жинал ған қалың жұртшылық қарсы алды. Бұл күні облыс орталығындағы Республика алаңы қарақұрым халыққа толы еді. Өйткені, қала тұрғындары мен қонақтары Өскемен қаласының күнін атап өтіп жатқан болатын. 135 шақырымды бағындыру оңай емес. Оған өз саласында əбден шыңдалған, кəсіпқой спорттың майталмандары ғана жете алады. Қала күні аясындағы мерекелік шарада кəсіпқойлардың көшбасшысы болып Александр Шушемоин көрінді. Ал екінші орынды Виталий Зверев, үшінші орынды Дмитрий Лукьянов иеленді. Жасөспірімдер арасындағы жарысқа қатысушылардың ішінде Егор Ильин бас жүлдеге лайық болса, Мейіржан Қайсаров екінші орынға, Владимир Логинов үшінші орынға табан тіреді. Облыстық туризм жəне сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Ержан Сембинов барлық шетелдік қатысушыларға өңір жұртшылығы атынан ризашылық білдіріп, 10-нан астам елден келген спортшылар арқылы жарыстың мəртебесі көтерілгенін атап өтті. Өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен Шы ғыс Қазақстан облысында тұңғыш рет өткізіліп отырған велоаламан халықты саламатты өмір салтына үндеу мақсатында алдағы уақытта дəстүрлі түрде өткізіліп тұрмақ. ӨСКЕМЕН. –––––––––––––

Суретті түсірген Ғылымбек СƏБИТОВ.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитетінің «Батыс Қазақстан мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті» ММ мемлекеттік мүлікті меншікке кейіннен өтеусіз бере отырып, мүліктік жалдауға (жалға) беру жөнінде тендер өткізу туралы хабарлайды Тендер өткізу күні мен орны: 2014 жылғы 2 қазанда сағат 10.00-де Орал қ. Достық-Дружба даңғылы, 208, 4-қабат, 41-бөлме. Тендерге мына нысан ұсынылады: 1. Орал қаласы, Əбілқайыр хан даңғылы, 14 мекенжайында орналасқан 4 қабатты тұрғын үйдің 1 қабатындағы «Батыс Қазақстан облысының əділет департаменті» ММ-нің теңгерімінде тұрған жалпы ауданы 70,8 ш.м. үй-жай. Нысан жақсы пайдалану жағдайында, барлық инженерлік-техникалық құрылғыларымен бірге (орталық жылыту, салқын жəне ыстық су, кəріз, электрмен жарықтандыру). Жалдау ақысының мөлшерлемесі айына – 50450 теңге. Кепілді жарна сомасы – 295036 теңгені құрайды. Жалгерлік ақы мөлшерлемесіне коммуналдық қызмет жəне үй-жайды ұстау шығындары кірмейді, ол бөлек төленеді. Тендер өткізу шарты жəне жеңімпазды анықтау өлшемдері: • Шағын кəсіпкерлік субъектілеріне өндірістік қызметті ұйымдастыру жəне халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін. Сауда-саттық делдал қызметтерін қоспағанда. • Мүлікті жалға алу (жалдау) мерзімі 1 жыл; • Үй-жайға жөндеу жүргізу; • Іргелес аумақты абаттандыру жəне көгалдандыру; • Жалгерлік ақыны уақтылы төлеуді қамтамасыз ету; • Нысан мүліктік жалға қосалқы жалға беру құқығынсыз беріледі. Тендер жеңімпазы болып тендерлік комиссияның шешімі бойынша тендерлік құжаттамадағы барлық талаптарға сай келетін жəне тендер талаптары бөлігі

бойынша ең таңдаулы тендерге қатысушы есептеледі. Тендерге қатысуға тілек білдірген шағын кəсіпкерлік субъектілері белгіленген мерзімде мыналарды ұсынады: • тендерге қатысуға өтініш, онда тендерге қатысуға жəне оның тендер шартын орындау бойынша міндеттемесі жəне тиісті шартты жасауға үміткердің келісімі; • аталған нысанда өндірістік қызметті жəне халыққа қызмет көрсетуді ұйымдастыру бойынша бизнес-жоспары; • заңды тұлғалар үшін – мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куəліктің, құрылтай құжаттардың (жарғының жəне құрылтай шарттың) жəне салық төлеушінің куəлігі көшірмелері жəне салыстыру үшін түпнұсқаны міндетті түрде көрсетумен бірге немесе аталған құжаттардың нотариалды куəландырылған көшірмелері; • жеке кəсіпкерлер үшін – жеке кəсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куəліктің, жеке тұлғаны куəландыратын құжаттың, азаматтарды тіркеу кітабының (мекенжай анықтамасы) көшірмелері жəне салыстыру үшін түпнұсқаны мін детті түрде көрсетумен бірге немесе аталған құжаттардың нотариалды куəландырылған көшірмелері; • өтінім беру сəтінде салық берешегінің болмауы туралы салық органынан анықтаманы; • кепілді жарнаның аударылғандығын растайтын төлем тапсырмасының көшірмесі; • соңғы есептік датаға шағын кəсіпкерлік субъектісінің бухгалтерлік балансы, егер шағын кəсіпкерлік субъектісі салық органдарына бухгалтерлік баланс тапсырмайтын болса Қазақстан

Рес публикасының заңнамаларымен қаралған басқа құжаттамалар; • шағын кəсіпкерлік субъектісі тобына кіретін тұлғалардың тізімі; • екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шоты бар екендігі жөнінде анықтаманы; • конверт. Тендер қатысушыларын тіркеу тендер өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі жəне 2014 жылғы 1 қазанда сағат 10.00-де аяқталады. Өтініштерді қабылдау Батыс Қазақстан мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаментінің мекенжайына құжаттарды тапсыру кезінде жүргізіледі жəне нөмірленген беттері тігілуі жəне соңғы бетіне қол қойылып мөр басылып расталуы тиіс. Кепілді жарна Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитетінің «Батыс Қазақстан мемлекеттік мүлік жəне жекеше лендіру департаменті» ММ-нің депозиттік шотына аударылады, ИИК (депозиттік шот) KZ400705012170171006, банк – «ҚР ҚМ Қазынашылық комитеті» ММ, БИК KKMFKZ2A, Кбе 11, КНП 171 (кепілді жарналарды енгізу үшін). Төлемнің тағайындалуы – тендерге қатысу үшін кепілді жарна. Тендер жеңімпазымен шарт тендер хаттамасына қол қойылған күннен бастап бес күнтізбелік күннен кешіктірілмей жасалады. Тендерлік құжаттамамен танысу үшін барлық сұрақтар бойынша хабарлама ресми жарияланған күннен бастап Батыс Қазақстан мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаментіне хабарласу керек, анықтама алу телефондары: 8 (7112) 50-47-53, 53-42-36.

Оңтүстік Қазақстан облысы жолаушылар көлігі жəне автомобиль жолдары басқармасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 қарашадағы №1353 «Мемлекеттік кəсіпорындардың басшыларын тағайындау жəне аттестаттау, сондай-ақ оның кандитатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» қаулысының негізінде бос орындар қызметіне конкурс жариялайды Оңтүстік Қазақстан облысы шаруашылық жүргізу құқығындағы «Оңтүстік жолдары» жолаушылар көлігі жəне автомобиль жолдары басқармасының мемлекеттік коммуналдық кəсіпорнының директоры. Конкурсты өткізу мерзімін ОҚО жолаушылар көлігі жəне автомобиль жолдары басқармасы осы хабарландыру жарияланғаннан кейін он бес күннен соң белгілейді. Конкурс өткізілетін орын – ОҚО жолаушылар көлігі жəне автомобиль жолдары басқармасы, мекенжайы: Шымкент қ., Желтоқсан к-сі, 20 «а» үй, 5-қабат, 506, 508-бөлмелер. Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Оңтүстік жолдары» мемлекеттік коммуналдық кəсіпорынның мекенжайы: Шымкент қ., Ақпан батыр к-сі, 20 «а». Мекеме басшысының қызмет орнына үміткерлерді іріктеу кезінде қойылатын негізгі талаптар: Құрылыс саласындағы жоғарғы кəсіптік білім, экономикалық мамандықтары жəне осы лауазымның функционалды бағыттарына сəйкес ұйымдарында басшылық лауазымдарда 5 жылдан кем емес қызмет атқарған болуы тиіс. Қосымша: Негізгі мамандығы бойынша қайта даярлау, персоналды басқару немесе қазіргі заманғы мемлекеттік басқарудың баламалы курстарынан өткендігі жөніндегі сертификатының болуы қажет. Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Қазақстан Республикасының тіл туралы» заңдарын, аталған мекеменің қызметін, аталған лауазым мамандығына сəйкес келетін облыстардағы реттеу бойынша ҚР заңнамалық актілер, қызметкерлердің еңбекақысын төлеу жүйесінің негіздерін, еңбек қорғау, қауіпсіздік жəне өндірістік техникасының ережелері мен нормаларын. Кəсіби біліктілігі мен дағдысы: Қарамағындағы қызметкерлердің жұмысын болжай, жоспарлай білу, ұйымдастыру, бақылау. Қосымша: Өзін басқара білу, бейімделу. Конкурсқа өтініш беру мерзімі – 15 күн ішінде. Конкурсқа ниет білдірген тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады: 1) конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2) мемлекеттік жəне орыс тілдерінде түйіндеме; 3) еркін нысанда жазылған өмірбаян; 4) белгіленген тəртіппен куəландырылған білімі туралы құжаттар, диплом көшірмесі; 5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны жəне еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері; 6) денсаулығы туралы белгіленген нысандағы анықтама: 7) 3х4 фотосурет жапсырылған жеке іс парағы. Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кəсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дəрежелі атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, бұрынғы жұмыс орнының басшылығына ұсынымдар туралы құжаттардың көшірмелері жəне т.с.с.) беруіне болады. Құжаттар мына мекенжайға жіберілуі тиіс: Шымкент қ., Желтоқсан к-сі, 20 «а», 5-қабат, ОҚО жолаушылар көлігі жəне автомобиль жолдары басқармасының жұмыстарды ұйымдастыру жəне құжаттандыруды қамтамасыз ету бөлімі. Анықтама телефондары: 21-23-49, 21-51-15. Конкурсқа қатысуға тілек білдірген азаматтардан құжат қабылдау соңғы хабарландыру мемлекеттік жəне орыс тілдерінде жарияланған күннен басталып, 15 күннен кейін аяқталады. Конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі бекітілгеннен кейін комиссия конкурсқа қатысушылар ұсынған құжаттарды зерделейді жəне күнтізбелік он бес күн ішінде конкурсқа қатысушылармен мемлекеттік кəсіпорын қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуін тексеру мақсатында əңгімелесу өткізеді.

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы №821 қаулысының кіші бөлімінің 6-тармағы 3) тармақшасына сəйкес Ақтөбе қаласында «Юнис Сити» ТК-ден пəтерлерді сату арқылы өткізуді бастайтынын хабарлайды. Пəтерлерді өткізу Жылжымайтын мүлік қорының ішкі ережелеріне сəйкес 1 шаршы метр үшін 143 987,33 теңге нақтыланған баға бойынша жүзеге асырылады. Пəтерлерді алу үшін өтінімдер www.fnsk.kz. веб-сайты арқылы басында Ақтөбе қаласында баспанасы жоқ немесе тұрғын үй жағдайларын жақсартқысы келетін адамдардан қабылданады. Сату арқылы өткізілетін объектілердің жалпы саны – 103 пəтер. Екі үй Ақтөбе қаласының «Авиатор» ауданында Бөгенбай батыр даңғылы, 155-үйде орналасқан, үйдің қаңқасы: құрама темірбетон, қабырғаларының материалы: кірпіш, қабаттар саны: 7 жəне 8 қабат. Сатып алынатын пəтерді екінші деңгейлі банктердің, соның ішінде Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің шарты бойынша кепілге қою арқылы қарыз қаражат есебінен алу мүмкіндігі қарастырылған. «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша пəтер алғысы келетін барлық адам www.fnsk.kz сайтына тіркелуі қажет. Өтінімдерді қабылдау басталғанға дейін сайтқа тіркеліп қойған жөн. Сайтқа тіркелу үшін электрондық-сандық қолдың болуы қажет. Тіркелу жөніндегі нұсқаулықты www.fnsk.kz сайтынан оқи аласыздар. Өтінімдерді қабылдау басталатын күні мен уақыты: 2014 жылғы 12 қазан, сағат 10.00 (Астана уақыты бойынша). Өтінімдерді қабылдау аяқталатын күні мен уақыты: 2014 жылғы 27 қазан, сағат 10.00 (Астана уақыты бойынша). Өтінімдерді қабылдаудың белгіленген мерзімінде барлық тіркелген пайдаланушылар үшін пəтер алуға өтінімдер жіберу мүмкіндігі бір мезгілде ашылады. Кезектілік электрондық өтінім қабылданған уақыт бойынша автоматты түрде қалыптасады. Бұл ретте өтінім белгілі бір пəтерлер түріне беріледі. Өтінімдер нақты берілгеннен кейін таңдап алынған пəтер түрін өзгертуге болмайды. «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы бойынша Жылжымайтын мүлік қорының тұрғын, коммерциялық (тұрғын емес) үй-жайларын өткізу қағидалары, Жылжымайтын мүлік қорының тұрғын, коммерциялық (тұрғын емес) үй-жайларын, сондай-ақ көлік орындарын өткізу тəртібі жəне Өтінім беру жүйесі жөніндегі келісім Жылжымайтын мүлік қорының www.fnsk.kz сайтында орналастырылған. «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ның Ақтөбе қаласы, Бөгенбай батыр даңғылы, 155-үй мекенжайы бойынша орналасқан сату арқылы өткізілетін пəтерлерінің түрі бойынша тізімі Пəтер түрі бой- Пəтерлердің Пəтер түрі бой- ынша ең үлкен жалпы Пəтер Бөлмелер ынша ең үлкен сату бағасы, саны № р/с түрі саны ауданы, ш.м. теңге 1 №1 1 бөлмелі 35,3 5 082 741 56 2 №2 1 бөлмелі 41 5 903 467 23 3 №3 2 бөлмелі 45,9 6 609 003 24

Пəтерлердің жоспарымен жəне Ақтөбе қаласы, Бөгенбай батыр даңғылы, 155-үй мекенжайы бойынша орналасқан «Юнис Сити» тұрғын үй кешенінің орналасқан жері туралы ақпаратпен «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ның www.fnsk.kz сайтынан таныса аласыздар. Анықтама телефоны: 8(7172)91-90-70, info@fnsk.kz

«Технологияларды коммерцияландыру орталығы» ЖШС Технологияларды коммерцияландыру жобасын іске асыру аясында технологияларды коммерцияландыруға арналған гранттар бойынша конкурсты жариялайды: Гранттар түрлері а) тұжырымдамаларды негіздеу б)өнеркəсіптік түптұлғаны құру

Гранттың ең көп сомасы, мың теңге 22 000 дейін 74 000 дейін

Іске асырудың ең көп мерзімі, ай. 6 дейін 12 дейін

Конкурсқа жеке тұлғалар қатыса алады (жеке тұлғалар тобы). Жеңімпаздар ұлттық жəне шетелдік сарапшылары жəне гранттық бағдарламаларды іске асыру бойынша комиссияның таңдау процессінің шешімі бойынша анықталады. Құжаттарды қабылдауды бастау мезгілі осы хабарландырудың жарияланған күні болып табылады. Толық ақпарат «Технологияларды коммерцияландыру орталығы» ЖШС-нің www. cest.kz ресми сайтында, «Гранттар» бөлімінде ұсынылды. Барлық конкурстарға қатысушыларға электронды түрде өтінімдерді 2014 жылғы 15 қазанда Астана уақыты бойынша сағат 18.00-ге дейін info@cest.kz e-mailға ұсыну қажет. Технологияларды коммерцияландыруға арналған гранттар бойынша толық ақпаратты: 010000, Астана қаласы, Достық көшесі, 20, «Санкт-Петербург» БО, 1311-офис, телефон: +7(7172) - 79-25-68, 79-25-82, e-mail: info@cest.kz мекенжайы бойынша ала аласыздар.

Товарищество с ограниченной ответственностью «Корпорация Казахмыс» (местонахождение исполнительного органа: Карагандинская обл., г. Караганда, улица Ленина, 12) уведомляет своих участников, что в соответствии с решением правления товарищества в повестку дня внеочередного общего собрания участников, проведение которого намечено на 29 сентября 2014 года (уведомление о проведении внеочередного общего собрания участников ТОО «Корпорация Казахмыс» было опубликовано в газете «Егемен Казахстан» № 178 (28401) от 12 сентября 2014 года) внесено дополнение, повестка дня дополнена вопросом «О внесении изменений и дополнений в устав товарищества».

7

В соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 ноября 2011года №1353 «Об утверждении Правил назначения и аттестации руководителя государственного предприятия, а также согласования его кандидатуры» управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог Южно-Казахстанской области объявляет конкурс на занятие вакантной должности директора государственного коммунального предприятия на праве хозяйственного ведения «Оңтүстік жолдары» упроавления пассажирского транспорта и автомобильных дорог Южно-Казахстанской области. Дата проведения конкурса определяется управлением пассажирского транспорта и автомобильных дорог ЮКО по истечении 15 дней со дня опубликования настоящего объявления. Место проведения конкурса – Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог ЮКО, г.Шымкент, ул.Желтоксан, 20 «а», 5-этаж, кабинеты 506, 508. Место нахождение государственного коммунального предприятия на праве хозяйственного ведения «Оңтүстік жолдары»: г.Шымкент, ул.Акпан батыра, 108. Основные квалификационные требования при отборе кандидатур на должность руководителя предприятия: Высшее профессиональное образование в сфере строительства, экономики, а так же стаж работы не менее 5 лет на руководящих должностях в предприятих соответствующих функциональным направлениям конкретной данной должности. Дополнительные: Наличие сертификата о периодичной переподготовке на курсах по профилю основной специальности, управлению персоналом или эквивалентных курсах современного государственного управления. Должен знать: Конституцию Республики Казахстан, Гражданский кодекс Республики Казахстан, Трудовой кодекс Республики Казахстан, законы Республики Казахстан «О борьбе с коррупцией», «О государственных закупках», «О языках в Республики Казахстан», законодательных актов РК регулирующих отношения в сфере деятельности данного предприятия, в областях соответствующих специализации данной должности, основы системы оплаты труда работников, правила и нормы охраны труда, техники производственной и противопожарной безопасности. Профессиональные умения и навыки: Способность прогнозировать и планировать, организовывать, контролировать и проводить мониторинг за работой подчиненных. Дополнительные: Адаптируемость, способность владеть собой, коммуникабельность. Срок предоставления заявления – в течение 15 дней. Перечень документов, необходимых для участия в конкурсе: 1) заявление об участии в конкурсе; 2) резюме на государственном и русском языках по установленной форме; 3) личный листок с фотографией 3х4; 4) автобиография, изложенная в произвольной форме; 5) копии документов об образовании, заверенные в установленном порядке; 6) копия трудовой книжки или индивидуального трудового договора либо выписки из приказов о приеме и увольнении с подледного места работы, заверенные в установленном порядке; 7) справка о состоянии здоровья по Ф-086У. Участник конкурса может предоставить дополнительную информацию, касающуюся его образования, опыта работы, профессионального уровня. Документы должны быть предоставлены по адресу: г.Шымкент, ул.Желтоксан, 20 «а», отдел организационной работы и документационного обеспечения управления пассажирского транспорта и автомобильных дорог ЮКО. Телефоны для справок: 21-23-49, 21-51-15. Начало приема документов у лиц, изъявивших желание принять участие в конкурсе, со дня опубликования последнего объявления на государственном или русском языке. Окончание приема документов по истечении 15 дней со дня опубликования объявления.

Амангелді ауданы əкімдігінің мəдениет жəне тілдерді дамыту бөлімі «Шұғыла жастар демалыс орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кəсіпорны директорының бос лауазымына орналасу үшін конкурс жариялайды Кəсіпорын мекенжайы: Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Амангелді селосы, Дүйсенбин көшесі, 35-үй. Жұмыстың қызметтік бағыттары: кəсіпорынның мəдениет саласындағы өндірістікшаруашылық жəне қаржы-экономикалық қызметін жүзеге асыру, жастардың мəдени сұраныстарына сəйкес іс-шараларды ұйымдастыру жəне таланты тұлғаларды қолдау, халық шығармашылығын насихаттау əрі сақтау. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптар: біліктілік талаптарға сəйкес қажетті жоғары білімі (экономика, гуманитарлық, мəдениет жəне өнер, педагогикалық, құқықтық, жергілікті мемлекеттік басқару жəне өзін-өзі басқару) жəне кəсіби дайындығының деңгейі, кəсіпорын бейініне сəйкес басшы лауазымы бойынша 5 жылдан кем емес еңбек өтілі. Лауазымдық жалақы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 72 418-бен 86882 теңгеге дейін. Конкурсқа қатысушылар: Қазақстан Республикасы Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Əкімшілік рəсімдер туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Нормативтік-құқықтық актілер туралы», «Жеке жəне заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тəртібі туралы», мемлекеттік кəсіпорынның қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі. Функционалды міндеттерді атқару үшін аталған санат бойынша басқа да қажетті міндетті білімі болуы. Конкурс «Мемлекеттік кəсіпорынның басшысын тағайындау жəне аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 қарашадағы № 1353 қаулысымен бекітілген Ережесінің негізінде өткізіледі. Конкурсқа қатысуға тілек білдірген тұлғалар «Амангелді ауданы əкімдігінің мəдениет жəне тілдерді дамыту бөлімі» МКМ бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымдарында «Егемен Қазақстан» газетінде конкурс өткізілетіндігі туралы хабарландыру жарияланған сəттен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде конкурсқа қатысуға қажетті құжаттарын мына мекенжай бойынша өткізу немесе пошта арқылы келесі құжаттарды жіберілуі қажет: 110200, Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Амангелді селосы, Дүйсенбин көшесі, 38-үй, эл.kultura_ amangeldy@mail.ru. Анықтама телефоны: 8(71440)21-5-87, тел/факс 22-1-66. конкурсқа қатысу туралы өтініш; мемлекеттік жəне орыс тілінде түйіндеме; еркін нысанда жазылған өмірбаян; білімі туралы құжаттардың көшірмелері; еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны туралы бұйрықтың көшірмелері; 086у үлгідегі денсаулығы туралы анықтама; жеке куəлігінің көшірмесі. Конкурсқа қатысушы оның біліміне, жұмыс тəжірибесіне, кəсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпараттарды беруіне болады (біліктілігін көтеру, ғылыми дəрежелер мен атақтарының тағайындалуы, ғылыми мақалалары туралы құжаттар көшірмесі, бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар жəне т.б.). Көрсетілген құжаттардың толық болмауы конкурсқа қатысушылардың құжаттарын кері қайтаруға жəне конкурстық комиссияның қарауына жіберілмеуіне негіз болып табылады. Конкурстық комиссия құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейін он күн ішінде қатысушының біліктілік талаптарына сəйкестігіне əңгімелесу өткізеді. Жіберілген үміткерлермен əңгімелесу Амангелді ауданы əкімдігінің мəдениет жəне тілдерді дамыту бөлімінде өтеді.

«Қазақмыс корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (атқарушы органның орналасқан жері: Қарағанды обл., Қарағанды қ., Ленин көшесі, 12) серіктестік басқармасының шешіміне сəйкес, қатысушылардың кезектен тыс жалпы жиналысының күн тəртібіне, оны өткізу 2014 жылғы 29 қыркүйекке белгіленген («Қазақмыс корпорациясы» ЖШС қатысушыларының кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама «Егемен Қазақстан» газетінің 2014 жылғы 12 қыркүйектегі №178 (28401) санында жарияланған болатын), толықтыру енгізіп, күн тəртібі «Серіктестік жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» мəселемен толықтырылғандығы жөнінде өз қатысушыларына хабардар етеді.

«Микрокредитная организация «ОРДА» АҚ қарыз алушыларға (өтініш берушілерге) заңды мекенжайының өзгергендігі туралы хабарлайды. Жаңа мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Алмалы ауданы, Нұрмақов к-сі, 65-үй, 61-пəтер. Пошта индексі 050026.

ТОО «Микрокредитная организация «ОРДА» уведомляет заемщиков (заявителей) о смене юридического адреса. Новый юридический адрес: Республика Казахстан, г.Алматы, Алмалинский район, ул. Нурмакова, д.65, кв.61. Почтовый индекс 050026.

«Сəлем» СҚ АҚ-ның ОСВТ №0738730,0738731,0738732 сақтандыру полистері жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын.

Договор о вступлении в ЖСК «Эльнара-Астана» на имя Рамазановой Рымтай Тлеугалиевны в связи с утерей считать недействительным.

Егер сіз «Егемен Қазақстан» газетіне жарнама бергіңіз келсе, мына телефондарға хабарласыңыз: Астана тел/факс 37-64-48, 37-60-49. Электронды пошта: egemen_adv@mail.ru. Алматы 273-74-39, ф. 341-08-11. Электронды пошта: gulnurekkz@mail.ru.

Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігі Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Аслан Есболайұлы Мусинге əпкесі СВЕТЛАНА ЕСБОЛАЙҚЫЗЫНЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ ұжымы Қазақ радиосының ардагері Светлана Есболайқызы МУСИНАНЫҢ қайтыс болуына байланысты марқұмның туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.


8

www.egemen.kz

16 қыркүйек 2014 жыл

 Мирас

Суретті түсірген Ғани ӨМІРБЕКОВ.

! а д ы р о т ќ а Б е г й ə б с а Б

Жексенбі күні Алтайы мен Атырауын, Арқасы мен Алатауын бауырына сыйдырған алып та ұлан-ғайыр дала – Алаштың аяулы елорда баурайы тұлпар тектес ер қазақтың барша асылдарын тоғыстырды. Себеп – бəйгеден өткен республикалық «Алтын тұлпар» турнирі.

 Алыста жүрген ағайын

«Азамат» тіккен аќ боз їй Қостанай облысымен іргелес Ресейдің Челябі облысында 36 мыңнан аса қазақ тұрады. Осындағы «Азамат» ұлттық-мəдени қоғамдық ұйымы он екі жылдан бері қандастардың басын қосып, халқымыздың дəстүрсалтын, тілін ұмытпауы үшін түрлі шаралар өткізіп келеді. Жақында Челябі қаласы күні мерекесінде «Азамат» ұлттық-мəдени қоғамдық ұйымы қазақтың ақ киіз үйін тікті. Ішіне ақ дастарқан жайып, халқымыздың ет, бауырсақ, қымыз, жент секілді ұлттық тағамдары мəзірін жасады.

Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан».

– Киіз үйді Қостанай облысының Əулиекөл ауданынан сатып алып келдік. Ескі киіз үй екен, оның тек сүйегі ғана əжептəуір қаржыға түсті. Туырлығы ақ шəйі матадан жасалған. Жаздыгүнгі мерекелерде тігуге жарайды. Ал ішіне өзіміз білгенімізше кілем, құрақ көрпешелер, сандық, бесік қойып, қасқыр, түлкі терілерін іліп, бабалар тұрмысын елестеткендей болдық, – дейді «Азамат» қазақ ұлттық-мəдени қоғамдық ұйымының төрағасы Қанат Сейтіков. «Азаматтың» жұмысына негізінен Челябі қаласындағы жоғары, орта оқу орындарында

оқып жүрген қазақ жастары қатысады. Мереке күні киіз үйді тіккен де, ішінің жасауын жасаған да, ұлттық тағамдарды қолынан келгенше пісіргендер де солар. Қазақ эстрада жұлдыздарының орындауындағы əндерді күшейткіш арқылы қойып қойған. Қазақ əні қала аспанында қалықтады. Жастар киіз үйдің алдында «Қара жорғаға» думандатып биледі. Челябі қаласындағы «Азамат» ұйымы соңғы жылдары қандастарымызға қазақ тілін үйретуді ұйымдастырып келеді. Қостанай облыстық тілдерді дамыту басқармасымен тізе қоса жұмыс істеуде. Биыл тамыз айында да Қанат Хакімұлының жетекшілігімен Челябі

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

облы сының қандастырымыз тұратын бірнеше ауданына 18 мұғалім келіп, семинарға қатысып, қазақ тілін үйрету əдістемелерін игергені жөнінде сертификат алып кетті. Көпшілік аудандарда қазақ тілі мектептерде факультативтік сабақ ретінде жүр гізіледі. Оған ұлты қазақ оқушылармен қатар, тілек білдірген өзге ұлттың балалары да қатысады. «Азамат» тіккен ақ үйдің ай наласындағы жұмыстарға осы ұйым төрағасының орынбасары, Челябі агроинженерлік академиясының оқытушысы, техника ғылымдарының докторы, Электрмен қамтамасыз ету кафедрасының профессоры Сəкен Шериязов басшылық жасап жүрді. Қандастардың басын қосатын ұйым құрылғалы бері көп жұмыстың ортасынан көрінетін қандасымыз кейінгі кезде халқымыздың тілі мен дəстүріне жастардың, студенттердің қызығушылық білдіруі, тіл үйренуге деген талпынысы қуантатынын айтты. Ол «Азамат» тіккен ақ үй ішіндегі əңгімеде елге сəлем айтумен бірге өз ұсынысын да жасырмады. – Біздің мақсатымыз – Қазақстанмен осындағы қандас тарымыздың байланысын нығайту. Соңғы кезде «Азаматтың» қоғамдық жұмысына қатысатын жастарымыз сахнаға шығып жүр. Челябі халықтары ассамблеясы жастарды облыста өтіп жататын көптеген шараларға қатысуға шақырады. Сонда олар сахнаға жұпыны ұлттық костюмдермен шығады. Халқымыздың бай қолөнері мен дəстүрін, əн-биін көрсету үшін елден жастардың ұлттық киімін алуға көмек болса деген де тілегіміз бар. Ал Қазақстаннан келген кəсіпкерлерге, олардың екіжақты жұмыстарына қолдан келгенше біз де қолғабысымызды аямас едік. Елден жастар келіп оқимын десе де оларға көмегіміз даяр, – деді Сəкен Қойшыбайұлы. «Азаматтың» төрағасы Қанат Сейтіков алдағы уақытта Қазақстаннан киіз үйдің туырлығы мен ішкі жасауын, бау-шуын іздестіретінін де айтты. Ол да уақытты керек ететінін, əрі қаржы да күттіретінін жеткізді. ҚОСТАНАЙ – ЧЕЛЯБІ – ҚОСТАНАЙ.

Қабанбай батыр елдімекені аумағында өткен бұл жарысқа еліміздің барлық өңірінен 60-қа жуық шабандоз келіпті. Мақсаты – бас жүлдеге қойылған 10 млн. теңгеге қол жеткізу. Сонымен, 43 шақырымды құраған бəсекеде Қарағанды облысынан келген Д.Амангелді Бақ торы атты жүйрігімен мəреге бірінші болып жетіп, 10 миллион

теңгеге ие болды. Екінші орынға Оң түстік Қазақстан облысының өкілі Ж.Сүлейменқұлов Рабат атты сəйгүлігімен қол жеткізді. Оған 5 миллион теңге берілді. Үшінші орын алған Қарағанды облысынан Бекторы атты жүйрігімен жүлдеге іліккен Е.Ермағанбетовке 2,5 миллион теңге бұйырды. Ұйым дас ты ру шылар көмбеге алғаш келген 9 тұлпарға ақшалай сыйлықтар тағайындады.

Турнир аясында «Ат сыншысы» байқауы да өткізілді. Бұл байқауда «Толыбай сыншы» атағын Алтынбай Тышқанбаев, Бердалы Аташев, Жазыбек Халиолла, Бауыржан Айтмағамбетов, Сансыз бай Дəулетбеков, Алмас Құлтасов, «Күреңбай сыншы» атағын Құдайберлі Мырзабеков, «Кейхауыс сыншы» атағын Қаділ Елемесов иеленді.

Қыркүйектің 9-14-і аралығында Саха республикасының орталығы – Якутск қаласында жалау желбіреткен бокстан студенттер арасындағы əлем біріншілігінде

қайраты көп екенін анық байқатты. Финалдық жекпе-жекте Əнуар франциялық Гевия Маркусты 3:0 етіп сүріндірсе, Нұрзат ресейлік Сухроб Сиддиковті бет қаратпай

ширек финалдан ойнаған Нұрбол Қалжанов өзбек Захиджон Хурбоевты 3:0 есебімен тізе бүктірді. Қыркүйектің 10-ында Олжас Байниязов өзбек Надир Мирзахмедовті

қазақстандық екі спортшы Əнуар Мұзарапов пен Нұрзат Сабыров чемпион атағын жеңіп алды. Екі чемпионның бірі – Нұрзат бəсірелі бəсекедегі бірінші ұрысын 11 қыркүйекте өткен ширек финалда корей Ким Чи-Охты 3:0 етіп ұтудан бастады. Ал Əнуар 12 қыркүйекте бірден жартылай финалға жолдама алды. Ол мұнда моңғолиялық қандасымыз Нұрлан Асқармен қолғап түйістіріп, өзінің басым екенін айқын танытты. Бір айтатыны, Нұрлан мұның алдында ширек финалдағы қарсыласынан басым түскен еді. Бұдан кейін Нұрзат рингке шығып, өзінің моңғол Отгонжаргал Жаргалдан күш-

жеңді. Бұл күні біздің бұлардан басқа тағы үш жігітіміз финалда шайқасып, нəтижесінде күміс медальдың деңгейінен аса алмады. Атап айтқанда, Нұрбол Қалжанов (56 кг) – ринг иесі Дарман Кутубековтен, Мəулен Өскенбек өзбек Шахрам Гиясовтан, ал Құлахмет Тұрсынбай (81 кг) ресейлік Имам Хатаевтан айлаларын асыра алмады. Қола медальды 49 килодағы Олжас Байниязов пен 91 килодан ауыр салмақтағы Қанағат Ахметов алды. Турнир ашылған 9 қыркүйек күні іріктеу жекпе-жегін өткізген қазақстандық Құлахмет Тұрсынбай (81 кг) швейцариялық Уке Смайлиді 3:0 етіп ұтты. Сол күні

ұтса, 60 килодағы Бағдат Уайдаев ресейлік Григорий Николайчиктен 1:2 болып ұтылды. Бұдан əрі 69 килодағы Абай Төлеш франциялық Соулейман Сиссоходан ұтылса, Құлахмет Тұрсынбай өзбек Отабек Ибрагимовті жұлып түсірді. Келесі күні біздің Мəулен Өскенбекке белорус Евгений Даугавелявецті жеңсе, Айбек Ерметовке өзбек Мирзобек Хасановтан ұтылуға мəжбүр болды. Қыркүйектің 12-сінде ойналған жартылай финалда Нұрбол Қалжанов моңғол Биигун Баттулганы, Мəулен Өскенбек фран циялық Абдел Малик Ладжалиді жолдан шығарып тастады. Есесіне Олжас Байниязов моңғол Ганслем

Арюнбольдтен 1:2 есебімен ұтылды. Келесі, 13 қыркүйек күні Құлахмет Тұрсынбай франциялық Сулиман Абдурашидовті тізе бүктірсе, Қанағат Ахметов (+91) белорус Ян Судзиловскийден жеңілді (0:3). Біздің екі атлеттен басқа, чемпиондық тұғырға, сондай-ақ, ресейліктер Василий Егоров (49 кг), Дарман Кутубеков (56 кг), Григорий Николайчик (60 кг), Имам Хатаев (81 кг), Никита Стогов (+91), өзбек Шахрам Гиясов (64 кг), франциялық Киссоко Сулейман (69 кг), белорус Сергей Корнеев (91 кг) көтерілді. Чемпионатта 5 алтын, 2 күміс жəне 2 қола медаль алған Ресей құрамасы бірінші орынға шықты. Екінші орын 2 алтын, 3 күміс жəне 2 қола медаль жинаған біздің жігіттерге тиді. Ал, үшінші сатыға 1 алтын, 1 күміс жəне 3 қола медальмен Франция орналасты. Чемпионат соңынан жарыс жалауы Таиланд өкіліне тапсырылды. Онда 2016 жылы студенттер арасындағы əлем чемпионаты өтеді.

 Бəрекелді!

Ќазаќстандыќ екі студент – бокстан əлем чемпионы

Ќазаќ биі ќай деѕгейде? «Astana Ballet» хореографиялық ұжымының əлемдік турнесі 20 қыркүйекте Францияның Le Palais des Congrès de Paris театрынан бастау алады.

Мұнан кейін өнер ұжымының гастрольдік сапары 24 қыркүйекте Австрия астанасы – Венадағы HALLE концерт залында жалғасатыны мəлім болуда. Соңғы уақытта əлемдік деңгейдегі театр сыншылары мен өнер зерттеушілері назарын аудартып отырған қазақстандық жас хореографиялық ұжымның тамаша жетістігіне 30 қыркүйекте Мəскеудегі К.С.Станиславский жəне В.И.Немирович-Данченко атындағы музыкалық академиялық театрында тағы бір мəрте көз жеткізуге мүмкіндік туып отыр. «Astana Ballet» Еуропа турнесіне дайындық барысы туралы хореографиялық ұжымның директоры Валерий Күзембаевқа жолыққанымызда, басшы əлемдік турне шеңберінде əлем мойындаған белгілі мəдени орталықтарды арнайы таңдап отырғандықтарын мəлімдеді. «Париж. Вена. Мəскеу... сияқты ірі мəдени мегаполистерде өнер көрсету біз үшін, əрине, бір жағынан мəртебе саналса, екінші жағынан жас өрендер шеберлігіне үлкен сабақ екені сөзсіз. Еуропа көрермені қазіргі заманғы хореографиялық өнердің

АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 341-08-12.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru, egemenkz@maіl.kz Алматыда: факс (727) – 341-08-12, электронды пошта – egemalm@mail.ru

Көкшетау – 8 (716-2) 25-76-91; Қарағанды – 8 (721-2) 43-94-72; Қостанай – 8 (714-2) 39-12-15; Қызылорда – 8 (701) 772-70-74; Орал – 8 (777) 496-21-38;

Дамир ҚОЖАМҚҰЛ.

 Өнер

барлық ағымдарымен жақсы таныс болғандықтан, алдағы болатын гастрольдер жас ұжымға зор жауапкершілік жүктейді. Бізге талғамы жоғары көрермен мен балеттің түрлі стильдерінің майталмандары алдында сынақтан өтуге тура келеді. Ұжым соңғы уақытта көрермен алдында жетістікке жеткен жаңа туындыларды таныстырады. Біз бұл гастрольдік сапарда Қазақстан би өнеріне шетелдік көрерменнің қызығушылығын арттырып, сыншылардан лайықты

бағамызды алып қайтамыз деп үміттенемін. Əлі жас əрі əлемдік мəден и кең істікке ен ді ен іп жатқан ұжым үшін осының өзі ел мəдениетін өркендетуге қосқан қомақты үлес болып қалары даусыз», – деді бізге берген сұхбатында Валерий Күзембаев. Шетел жұртшылығына таңдалған репертуарлық туынды ларға келсек, Париж бен Вена көрермендеріне 2 бөлімнен тұратын бағ дарлама ұсынылмақ. Бірінші бөлімге қазақстандық жəне шетелдік талантты балетмейстерлер Айгүл Тати, Мукарам Авахри, Пол Гордон Эмерсон, Николай Маркеловтардың үздік жұмыстарын көрсететін «Шығыс рапсодиясы»

Өскемен – 8 (778) 454-86-11; Павлодар – 8 (718-2) 68-59-85; Тараз – 8 (726-2) 43-37-33; Шымкент – 8 (701) 747-63-01; Петропавл – 8 (715-2) 50-72-50.

Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 341-08-11, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

концерттік бағдарламасынан таңдау лы нөмірлер қамтылған. Ал хореографиялық композициялардың дені Игорь Стравинский, Карл Дженкинсон, Қуат Шілдебаев, Еділ Құсайынов, сондай-ақ, «Тұран» этно-фольклорлық тобы музыкаларына қойылғанын атап өткен жөн. Сонымен қатар, поэтикалық туындылардың авторы белгілі қазақстандық ақын Бақыт Қайырбеков екенін атап өткен абзал. Екінші бөлімде көрермен «Astana Ballet»-тің қазіргі заман стиліндегі бір актілі алғашқы ірі қойылымы – «Əлем» балетін тамашалай алады. Ал, Мəскеуде ұжым танымал ресейлік хореограф Никита Дмитриевский сахналаған «Əлем» балетін ұсынбақ. Автор қиялының сыршылдығы хореографиядағы заманауи əлемдік ағымдар мен қазақ дəстүрлі би өнері синтезінен анық байқалады. Спектакльдің визуалдық тұжырымдамасын Қазақстанның бай мəдениетінің ерекшеліктері мен өзіндік өрнектерін ескере отырып Леонид Басиннің дайындауы ешкімді бейжай қалдырмайды. Музыкасын Арманд Амар мен Болат Гафаров жазса, либереттосы танымал қазақстандық ақынсценарийші Бақыт Қайырбековтікі. Айта кету керек, əлемдік турне «Балет жəне ұлттық би өнерін қолдау қоры» жеке қорының қолдауымен өткелі отыр. «Егемен-ақпарат».

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А.

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – 8 (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – 8 (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – 8 (712-2) 31-74-13; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

«Егемен-ақпарат».

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Ермеков к-сі, 33, «Қарағанды полиграфия» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Смағұлов к-сі, 9 К, «Хабар-Сервис» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Мұхит к-сі, 57/1, «Жайық Пресс» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 201 715 дана. Нөмірдің кезекші редакторы

Сұңғат ƏЛІПБАЙ.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 4 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №396 ek

Profile for Egemen

16092014  

1609201416092014

16092014  

1609201416092014

Profile for daulet
Advertisement