Page 1

Бүгінгі нөмірде: Мемлекетіміздің тірегі

3-бет

Форум жаңа белеске көтерілді №107 (28046) 16 СƏУІР СЕЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

Күмбір күй

4-бет

5-бет

«Ұлы самоед» кинофильміне түсіп едік...

7-бет

Наќты тапсырмалар берді Кеше Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

«Егемен Қазақстан».

Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Тиімді басќару білікті маманєа байланысты Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаровты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. негізгі ережелері жəне Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу тұжырымдамасын дайындау барысы туралы баяндады. Кездесу барысында Қазақстан

Таєайындау

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2013 жылғы

13 сəуір № 345

Астана, Үкімет Үйі

Демалыс күнін ауыстыру туралы

Еңбекшілердің демалысы үшін қолайлы жағдайлар жасау жəне 2013 жылғы мамырдағы жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Демалыс күні 2013 жылғы сенбі – 4 мамырдан жұма – 10 мамырға ауыстырылсын. 2. Қажетті өнім шығару, қаржылықты қоса алғанда, қызметтер көрсету, сондай-ақ құрылыс объектілерін іске қосу үшін еңбек, материалдық жəне қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілген ұйымдарға кəсіподақ ұйымдарымен келісім бойынша 2013 жылғы 10 мамырда жұмыс жүргізуге құқық берілсін. Көрсетілген күнгі жұмыс Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сəйкес өтеледі. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.

АҚПАРАТТАР аєыны «G-Global» алаңында Астана экономикалық форумына арналған виртуалды жоба іске қосылады. Ол əлемдік жəне ұлттық экономикалардың даму перспективаларына қызығушылық танытатын ғылыми-интеллектуалдық, сараптамалық, кəсіби жəне басқа да аудиториялар ауқымын кеңейту мақсатында жүзеге асырылады. Интернет-жоба ғаламшардың барынша кең ауқымын қамти отырып, халықтың түрлі жігі үшін барлық дерлік мемлекеттер өкілдерінің пікірін естуге мүмкіндік туғызады. Астанада «Тұрғын үй комму налдық шаруашылығы – ЭКСПО-2013» халықаралық фо ру мы өтеді. Сəуірдің 18-19 күндері қанат жаятын шарада инновациялар мен энергия үнемдегіш технологияларды енгі зу тұрғысындағы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының тиімділігін арттыру мəселесі қаралмақ. Жиынға еліміздің, Еуропа одағы елдері мен көршілес мемлекеттердің іскерлік топтары қатысады.

Президенті министрліктің елімізде су ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету жөніндегі қызметінің маңыздылығын атап өтті. – Бүгінде су ресурстарын пайдалану жəне сақтау мəселелері Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің құзыретіне берілді. Су ресурстары Қазақстан үшін өте маңызды болып табылады жəне келешекте

олардың маңыздылығы тек қана арта түсетін болады. Əлемде ауыз су мен суармалы су тапшылығы бар. Осы орайда, бұл үдерістерді тиімді басқару үшін елімізге жоғары білікті мамандар қажет, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы кездесудің қорытындысы бойынша қаралған барлық мəселелер жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Айтайын дегенім...

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрбах Тұрарұлы Рүстемов Қазақстан Республикасының Венгриядағы Төтенше жəне өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды.

Баспана жетімдікті ўмыттырады Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА,

Кездесу барысында Б.Байбек «Нұр Отан» ХДП тиімділігін арттыру, партияның өңірлердегі жəне жастар ұйымдарымен жұмысын күшейту жөнінде партия Төрағасы берген тапсырманың іске асырылуы туралы баяндады. Сонымен қатар, партия Төрағасының бірінші орынбасары еліміздің саяси дамуындағы жəне «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асырудағы партияның орны мен рөлін айқындауға бағытталған «Нұр Отан» ХДП Доктринасын дайындау барысы туралы айтты. Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша қаралған мəселелер жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді. ––––––––––––––––––––––––––

Н.Қаппаров министрлік жұмысының негізгі қорытындылары туралы, атап айтқанда, елімізде «жасыл экономиканы» қалыптастыру тəсілдері, «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасының

Бəрекелді!

Апыр-ай, ə!

Не дейді мына дерек, ќандай амал керек? Сүлеймен МƏМЕТ,

«Егемен Қазақстан».

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақтың екі олжасын бөліп айтқаны бар еді. Оның біріншісі – жер, екіншісі – тіл болатын. Сол жер мен тілдің иесі қазақ десек, азаттық алғалы бері жеріміз түрленіп, тіліміз мемлекеттік мəртебеге ие болды. Халық саны да өсіп келеді. Президент тəуелсіздігімізді жариялағаннан кейін бір замандары үстемдіктің үскірігіне ұрынып, ата жұртынан бұршақтан бас сауғалаған торғайдай болып алыс-жақын мемлекеттерге кеткен қандастарымызды ата-бабасының кіндік қаны тамған топыраққа шақырып, миллионға таяу азаматқа қамқорлық танытқаны баршаға аян. Əйтсе де, соңғы кездері шеттегі қандастарымызды түгендеп, ата мекеніне жеткізу ісінде сəл іркіліс байқалады. Бұл да уақытша шығар. Дегенмен, жаһандану заманында шекарамыздың сыртында күн кешіп жатқан сол бауырларымыз, əсіресе, жастар жағы тұрып жатқан елінде құмға құйған судай сіңіп кетпей ме деген ой маза берер емес. Байтақ жерге

Қазақстанда соңғы үш ай ішінде 17,3 млн. тонна мұнай өндірілді. Бұл – өткен жылдың сəйкес кезеңінен 2,5 пайызға артық. «ҚазМұнайгаз» компаниясының ресми сайтындағы ақпаратқа қарағанда, 2013 жылдың бірінші тоқсанында елімізде газ конденсатын өндіру 2,2 пайызға артып, 3,27 млн. тоннаны құраған. Қазақстан халқының саны 17 миллионға толуға жақын қалды. Бұған елімізде жыл басынан бері 42 мың адам қосылғаны себеп болды. Ал айтулы межеге қазір 47 мың адам ғана жетпей тұр. Сонымен бірге, халықтың табиғи өсімі 41 мың адамға жетіп, былтырғы жылғыдан 1 мыңға артқан. Батыс Қазақстанда Индустрияландыру картасы бойынша 33 жоба қолға алынады. Жалпы құны 256 млрд. теңге тұратын бұл жобалар 1700 жұмыс орнын ашып береді. Ал өткен жылы бұл салада 5605 жаңа жұмыс орны ашылған еді. Алматыда екінші деңгейлі банктерде кепілде тұрған жер учаскелерінде тұрғын үйлердің

қабырғадай қайысқан қазақ керек болып тұр ғой. Осы жерде мына бір тағылым алар оқиға ойға оралып отыр. Филология ғылымдарының докторы, тілші, ғалым Аққал Қалыбайқызы əңгіме барысында ұлы жазушы Мұхтар Əуезов туралы ой толғап отырып, ұлт жоқшысы Ташкентке сапары кезінде сонда тұрып жатқан бір қазақ бауырымыздың түртүсіне қарап, əзілге жеңдіріп: – Сізді қазақ дейді, бірақ нағыз өзбекке келіп тұрсыз ғой, – десе, əлгі азамат: – Өзбек десеңіз өзбек боламыз, қазақ десеңіз қазақ боламыз, – деп əзілге əзілмен жауап беріпті. Мұқаң: – Бірге туғандарың бар ма? – дегенде: – Бір інім бар, – дейді. – Пəлі, қазақ халқы екі адамға кеміп кеткен екен ғой, – дейді жазушы. – Балаларың нешеу? – Сегіз балам бар. – О! Енді қайттім ə!? Екеу десем, он екі ғой, қандай амал қылайын, – деп мұңайыпты. Кеңес дəуірі дүркіреп тұрғанда сусыған құмнан алтын іздегендей

құрылысы басталды. Бүгінгі таңда мұнда игерілмеген 86 жер учаскесі қалып отыр. Оның 22сі екінші деңгейлі банктерге кепілдікке қойылған. Енді қалалық əкімдік пен «Қазкоммерцбанк» осы жерлерді игеруге бірлесе кірісті. Павлодар облысында бірінші тоқсанда «Бизнестің жол кар тасы-2020» бағдарламасы бойынша 39 жоба мақұлданды. Кəсіпкерлер мұнда мемлекеттің шағын бизнеске қолдауын жоғары бағалап отыр. Қазақстанның үш облысында Түркиядан бір мезгілде əке лінген контрабандалық тауар лардың жолы кесілді. Олар Ақтөбе, Батыс Қазақстан жəне Жамбыл облыстарында 4 жүк автомəшине түрінде ұсталды. Олардағы заңсыз əкелінген халық тұтынымы заттарының жалпы кедендік құны 126 273 759 теңгені құрайды. ҚазАқпарат, Tengrinews, «Қазақстан жаңалықтары» агенттіктерінің хабарлары бойынша дайындалды.

ұлтының жоғын жоқтап, келешегіне осылайша көш жерден көз жіберген жазушының халқым, ұлтым деген аталы ойы белгілі демограф Мақаш Тəтімовтің: «Өзбекстанда «атаң кім?» деген сұраққа жауап беретіндер болса, онда 2 миллионға жуық қазақ бар деген сөз. Ал «бабаң кім?», яғни «елің кім?» дегенге жауап берсе, 3 миллионға жуық қазақты жинап алуға болады. Ал «дадаң кім?», яғни жүзін білсе, 4 миллион қазақ бар», – деген байламнан кейін еске түсіп отыр. Əрине, қанша жерден «апыр-ай, ə!?» десек те өткен өтті, кеткен кетті. Ендігі қолдан келер іс, азаттық таңы айбынды асырған, ата-баба арманына қайтсек адал қызмет етеміз деген кезде Қазақ елінің əр азаматының бойынан ұлы Мұхтар Əуезовтің отаншылдық рухы менмұндалап тұрса, «Қазақ тіліне қамқорлық жасау менің перзенттік те, президенттік те парызым», деп Елбасындай қайрат танытса, бұл, əсіресе, қалтасы қалыңдар мен шеншекпен кигендердің, шенеуніктердің ойынан да, бойынан да дəйім табылып жатса, былайғы жұрт олардың айтқанын екі етпейтіні анық. Мұндай қажырлы қадам тəуелсіздігімізді баянды етіп, əлемдегі барлық ұлт ұрпағының ойсанасына ар мен адалдықты, ізет пен инабатты, сүйіспеншілікті, ең бастысы отаншылдық рухты дарытумен қатар, киелі жердің, қасиетті елдің иесі мен деген патриоттық сезімді қалыптастырары қалтқысыз ақиқат.

Айбын

«Рудный қаласындағы Ленин көшесі бойындағы 187-үйде күнде дискотека болса таңғалуға бол майды», деген облыс əкімі Нұралы Сəдуақасовтың сөзін қазір рудныйлықтар қайталап жүр. Мұны əкім осы үйдің жаңа тұрғындарына пəтер кілтін тапсырып тұрғанда айтқан болатын. Өйткені, жалға берілген бұл үйдің алғашқы тұрғындары – балалар үйінің түлектері, 18 бен 23 жас аралы ғындағы жастар. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының «Еңбек ресурстарын жұмылдыруды арттыру» үшінші бағыты шеңберінде осы үйден алдымен 26 жетім балаға баспана берілді. 90-шы жылдары облыстағы Рудный, Арқалық сияқты шағын қалалардан адамдар үдей көшкенде, көп қабатты үйлердің есік-терезесі үңірейіп бос қалған болатын. Ондай үйлер Рудный қаласында осы күнге дейін көзге шыққан сүйелдей болып тұратын. 117 пəтерлі сондай үйдің бірін қайтадан қал пына келтіруге 377 миллион теңге жұмсалды. Арендалық үй болғандықтан оған бағдарлама бойынша шалғайда жатқан Амангелді, Жангелдин, Қамысты, Əулиекөл аудандарындағы келешегі жоқ 8 ауылдың тұрғындарын, оралмандарды жəне балалар үйінің түлектерін орналастыру ұйғарылған-ды. Бір қызығы, сол алыста жатқан ауылдарда бағып отырған малын, шаруасын қимаған ағайынның ешқайсысы да жылы орнын суытып, қалаға көшкісі келген жоқ. Үй беру туралы ұсынысқа «Алла

разы болсын» айтқан. Ал мемлекет тарапынан берілетін квотаның уақытша тоқтатылуына байланысты оралмандар бағдарламаның үшінші бағытынан шеттетіліпті. Сонымен, арендалық үйден пəтер кілтін əзірге балалар үйлерінің түлектері алды. Облыста мектеп-интернаттар мен балалар үйінде тəрбиеленген 4 мыңның сыртында жас бар. Олардың барлығына да баспана керек. – Əттең, бағдарлама бойынша пəтер беру 23 жаспен ғана шектеледі. Қазір бұл шектеуді 29 жасқа дейін көтеру үшін жұмыс істеп жатырмыз. Жастар, балалық шақтарың жеңіл болмағанын білеміз. Енді жаңа үйде жаңа өмір бастаңдар! – деді облыс əкімі Нұралы Сəдуақасов. Облыс əкімі пəтер алған əр отбасы иесіне алғашқы айда коммуналдық қызмет ақысын төлеу үшін кілтпен қоса 20000 теңге тапсырды. Ал «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы кəсіпкерлерге үндеу тастап, жетім балалар пəтерлерінің жиһаздарын, төсеніш, кілем, ыдысына дейін алып беруге ұйытқы болды. Пəтер алғандардың бірі Ғапбасовтар отбасының қуанышында да шек жоқ. Рудныйға жақын жердегі Денисов ауданында пəтер жалдап тұратын жас отбасының бір қызы бар, тағы да нəресте күтіп отыр. – Баспанаға қол жеткізгенде бар ауыртпалықтан арылғандай болады екенсің. «Қазақстан темір жолы» компаниясында жол монтері болып еңбек етемін. Елбасымыздың ерекше қамқорлығына ризамыз. Еліміздің дамуына бар күш-жігеріммен үлес қосамын, – дейді Рүстем. Əр пəтер иесінің көңілінде осы ой, осы сөз. РУДНЫЙ.

Талап жəне тəртіп

Кґрсеткіш ќуып, ќылмысты жасыру кеѕес заманынан ќалєан ауру. Полиция одан ќашан арылады? Расында, осы қылмыс неге көп деп ойланып көрдіңіз бе? Тіркелген қылмыс та көп, ал бəрінен сорақысы жасалған, бірақ жасырылған қылмыс одан да көп. Оған дəлел өткен жылы жасырылған 2471 қылмыс анықталды. Сонда қаншама қылмыскер жазадан жалтарды, қаншама жазықсыз жан жапа шек ті? Бұған кім жауап береді? Жауап беретін ешкім жоқ. Өйткені, есепке алу-тіркеу тəртібін ретке келтіру бойынша қабылданып отыр ған шараларға қарамастан, қылмыстарды жасыру фактілерін түбегейлі жою жөніндегі міндеттерді толықтай орындау мүмкін емес. Бұған ішкі істер органдарындағы статистикалық мəліметтерді бұрмалауға соқтыратын жəне көрсеткіштерді қуалауды ғана тудыратын есептілік жүйесі əсерін тигізіп отырған

көрінеді. Бірақ қанша жерден жүйе кінəлі дегенмен қылмыстарды жасыратын, оны ашпай жауып тастап отырған нақты адамдар ғой. Сондықтан да Мемлекет басшысы тапсырмаларының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету үшін есепке алу-тіркеу тəртібін бұзу жəне қылмыстарды жасыру орын алған жағдайда тиісті органдардың өңірлік бөлімшелерінің басшыларын қызметтік лауазымынан босатуға дейінгі дербес жауапкершілікке тар ту талап етілді. Осыған орай, бұл өзекті мəселелер төңірегінде біз Бас Прокурордың орынбасары Нұрмаханбет ИСАЕВҚА жолығып, толғандырған бірқатар сұрақтарымызға жауап алғанды жөн көрдік. (Соңы 6-бетте).

Кґк теѕіздегі кемелер шеруі Ақтауда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Əскери-теңіз күштерінің 20 жылдығына арналған салтанатты шара өтті. Бұл бір жағы Отан қорғаушылар күні өтетін алғашқы жауынгерлік шеруге дайындық деуге болады. Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Тəуелсіздік алып, етек-жеңін қымтай бастаған Қазақстан осыдан 20 жыл бұрын қоғамдық тыныштықтың, экономикалық өсудің қалқаны ретінде Əскери-теңіз күштерін құрған болатын. Бұл жас мемлекетте жоқтан бар жасаған жаңа жұмыстардың бірі болды. Қиын кезеңде бұрыннан жосығы бар əуе жəне құрлық əскерлерін дамыту өз алдына, жаңадан əскер түрін қалыптастыру оңай болған жоқ. Офицерлер дайындап, жұмысты жолға қоюда қажетті инфрақұрылымның жоқтығы қолбайлау жасады. (Соңы 10-бетте).


2

www.egemen.kz

Қайрат Мəмидің төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бюро отырысы болды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Кїн тəртібі белгіленді Бюрода Парламент Мəжілісінде мақұлданған заң жобалары Сенаттың тұрақты комитеттері мен Аппаратына берілді. Əлеуметтік-мəдени даму комитеті Порнографиялық басылымдар айналыcының жəне оларды саудалаудың жолын кесу туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы заң жобасы бойынша бас комитет болып белгіленді.

16 cəуір 2013 жыл

 Біз – қазақстандықтармыз!

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ХХ СЕССИЯСЫ

Конституциялық заңнама, сот жүйесі жəне құқық қорғау органдары комитетіне еліміздің кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметі мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы одан əрі пысықтауға берілді. Бюрода Сенаттың 18 сəуірде болатын кезекті жалпы отырысының күн тəртібі талқыланып, белгіленді.

Үкімет басшысы Серік Ахметов Ақжайыққа жұмыс сапары кезінде инновациялық өңірдің қос бірдей даму ерекшелігіне назар аударды. Оның біріншісі, əрине, облыс аумағында көмірсутегі шикізаты өндірілуіне байланысты оны өңдеу мен тасымалдаудың бүгінгі жай-күйіне бағытталды. Осындай мақсатпен Серік Нығметұлы Қарашығанақ кен орнында болып, мұндағы технологиялық үдерістерге қанықты.

Атќарылєан жўмыстар оѕ баєаланды Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан».

Бұл мəселе жөнінде кеңірек тоқталуға да болар еді. Алайда, Премьер-Министр осы сапарында Орал қаласында республиканың батыс өңірінде мұнай-газ кластерін дамытудың толғағы жеткен мəселелері жөнінде арнайы кеңес өткізгендіктен Қарашығанаққа қатысты кейбір қағидаттарды сол шеңберде жалғастырғанды жөн көрдік. Аталған кеңеске Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау жəне Қызылорда облыстарындағы жер қойнауын игерушілер мен шетелдік компаниялардың басшылары қатысты. Ақжайық о, бастан қазақтың асыл тұқымды ақ бас сиыры мен Көшім жылқысының жəне Еділбай қойының отаны. Асыл тұқымды мал өсіру дəстүрі мұнда бүгінгі күні де өскелең уақыт талаптарына сай өз жалғасын тауып келеді. ПремьерМинистр 8640 бас ірі қараны бордақылауға арналған «Кроун Батыс» ЖШС аумағында өңірдегі агроөнеркəсіп кешенінің алдағы даму бағыттарымен танысты. Соның ішінде ол етті бағыттағы ірі қараның экспорттық əлеуетін ұлғайту жөнінде нақты ұсыныстар білдірді. Əрі асыл тұқымды мал өсірумен шұғылданатын «Ақас» жəне «Аңқаты» секілді агроқұрылымдар жетекшілері Қатауолла Ащығалиевпен жəне Мағауия Зейнуллинмен, өзге де ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен ой-пікір алмасты. Сөз жоқ, экспортқа лайықталған мəрмəр ет өндіруді молайтуда облыс аумағында 8640 бас ірі қараны семіртуге арналған кешеннің орны ерекше. Алайда, пайдалануға берілгеніне 2-3 жыл өтсе де, республикада баламасы жоқ кешен толық қайтарыммен жұмыс істей қоймағаны да жасырын емес. Оның құрылысына кезінде «КазАгроҚаржы» жүйесі арқылы қомақты қаражат жұмсалды. Ендеше, «Кроун Батыс» ЖШС осы қаражаттың өтеуін қайтаруға қам жасауы қажеттігі де талас туғызбайды. Қазір мұнда 3600 бас ірі қара бордақыға қойылған. Кешенде малды сойып, өнімді нарықтық сұранысқа сай ресейлік жəне отандық тұтынушыларға өткізу кезеңі де басталды. Алайда, ЖШС толық қуатында қызмет атқаруы үшін тағы 200 миллион теңге қаражат қажет екен. Осы мəселе кездесу кезінде Премьер-Министр С.Ахметовтің назарына салынды. Үкімет басшысы облыстағы жылына 6200 тонна құс етін өндіретін жобаға «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында қолдау көрсетуге болатынын жеткізді. Оның құны 3 миллиард 800 миллион теңгеге тең. Тұтастай алғанда, ПремьерМинистр облыстағы асыл тұқымды мал шаруашылығының бүгінгі даму барысына оң баға берді. Жоғарыда айтылғандай, С.Ахметов Батыс Қазақстан маши на құрастыру компаниясы ғимаратының мəжіліс залында елімізде мұнай-газ кластерін қалыптастыруға қатысты арнайы кеңес өткізді. Бүгінде республика аймағындағы Теңіз, Қарашығанақ жəне Қашаған секілді ірі кен орындарын игеру шешуші кезеңге аяқ басты. Оның ерекшелігі, кен өндіру ісіне қоса мұнай химия өндірістерін жолға қою болып табылады. Оны ірі жер қойнауы байлықтарын игеруші компаниялар жанынан ыңғайлас, салалас, еншілес кəсіпорындар ашу арқылы шешуге болады. Бұл өз кезегінде көлік, құрылыс, сервистік қызмет түрлері ауқымын одан əрі ұлғайту деген сөз.

Кеңесте сөз алған Мұнай жəне газ министрі Сауат Мыңбаев бұл орайда отандық компанияларға басымдық беру бағытын көтерсе, «ҚазМұнайГаз» АҚ басқармасының төрағасы Лəззат Қиынов кен орындарын игеріп жатқан ірі компаниялар жанындағы қызмет көрсету ісі негізінен сервистік негізде өріс алып келе жатқанына тоқталды. Мұның өзі де бүгінгі кезеңге өлшем бола алмайды. Сондықтан, ірі кəсіпорындар жанынан қазақстандық үлес елу пайыздан кем болмайтын бірлескен кəсіпорындар құру қажет деді ол. Бұрғылау жұмыстары бойынша да осындай көзқарас үстем болғаны жөн. Осы арада Л.Қиыновтың ұсынысын толықтырған Үкімет басшысы Серік Ахметов бұл үшін отандық бизнестің сапалық құрамын жақсарту, салаға өз ісінің кəсіби шеберлері мен мамандарды шоғырландыру жəне жаңа жабдықтар мен технологияларды енгізу қажеттігін қадап көрсетті. Сонымен бірге, «ҚазМұнайГаз» осындай жасампаз жобалардың бас ту ұстаушысы, флагманы болуы қажеттігін мəлімдеді. Бұдан соң талқыланып отырған мəселеге қатысты «Теңіз Шевроил» ЖШС-ның бас директоры Тим Миллер сөз алды. Ол екіжақты байланыстар, бұл жөнінде нақты қолға алынған жобалар жөнінде айтып берді. Серік Ахметов «Теңіз Шевроил» жетекшісінің қазақстандық мазмұнды көтеруге қосқан елеулі үлесін ризашылық сезіммен атап өтті. ПремьерМинистрдің мəлімдеуінше, жер қойнауын пайдаланатын ірі шетелдік компаниялар, соның ішінде Қарашығанақ альянсы бойынша кадрларды ұлттандыру деңгейі көңілден шығады. Бұл үрдіс жұмысшылар мен инженер-техник қызметкерлер арасында ғана емес, сонымен бірге басшылық құрамында да көрініс тауып отыр. Серік Ахметов кеңесте «Атамекен» одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасының мұнайгаз кластерін қалыптастыруға қосатын үлесіне тоқталды. Бұл одаққа техникалық сараптама жасау құқығын енгізіп, оның лабо раториясын əлемдік деңгейге сай қажетті қондырғылармен жабдықтауымыз қажет. Мұнай-газ кластеріне қатысты мəселелерде «Атамекеннің» батыс өңірдегі бөлімшелеріне жаңа міндеттер жүктелмек, деді Серік Нығметұлы. Мұнай-газ өндірісіне қатысты құрылған отандық қауымдастықтарға қатысты да Үкімет басшысы тарапынан осындай биік талаптар қойылды. Батыс Қазақстан облысына сапары кезінде Премьер-Министр Серік Ахметов Орал əуежайындағы ұшу-қону алаңының мүшкіл жай-күйімен танысып, оған қатысты шұғыл ұсыныс əзірлеу жөнінде Көлік жəне коммуникация министрлігіне тиісті тапсырма берді. Осы арада бұл мəселе көкейкесті айдары бойынша, газетіміздің алтыншы сəуір күнгі нөмірінде «Орал əуежайы тозып тұр» деген тақы рыппен жарияланғанын да айта кет кіміз келеді. Бас басылым бетінде көтерілген көкейкесті мəселе Үкімет басшысы тарапынан ескерусіз қалмағаны қандай ғанибет. Елбасы тапсырмаларының орын далу барысын өз көзімен көруге арнайы келген С.Ахметов Ақжайыққа сапары кезінде Батыс Қазақстан облысында соңғы уақытта атқарылған істерді оң бағалады. Батыс Қазақстан облысы.

«ҚАЗАҚСТАН-2 2050: СТРАТЕГИЯСЫ» БІР ХАЛЫҚ – БІР ЕЛ – БІР ТАҒДЫР 2013 ЖЫЛДЫҢ Д Ң 24 СƏУІРІ АСТАНА, БЕЙБІТШІЛІК ЖƏНЕ КЕЛІСІМ САРАЙЫ

Ќазаќстан халќы Ассамблеясы:

этносаралыќ їнќатысудыѕ ўтымды ўйымы Тəуелсіздіктің алғашқы күрделі жылдары мемлекеттің барлық саласында реформалар терең жүріп жатты. Елдің саясат майданындағы түйінді проблемалар жəне күрделі қоғамдық-əлеуметтік мəселе лер мен қатар, сыртқы саясатта да келелі мəселелер күн тəртібінен түскен жоқ. Шешімін уақытында қабылдауды талап етті. Қазақстан қоғамы өзінің құндылықтарын қайта бағалау мен ұлттық бірегейлігін іздеудің қиын жолын өткерді. Өмірдің күрделі кезеңдерінде халықтың даналығы мен ұлттың рухы бақылаушы əрі бағдарлаушы қызмет атқарды. Елбасы Н.Ə.Назарбаев сабырлылық пен шыдамдылыққа басым дық беріп, елдің барлық азамат тарының мүдделерін, тəуелсіз мемлекеттің стратегиясы мен əдістерін негізге ала отырып, еліміздегі, əлемдегі баламасыз ұйым – Қазақстан халқы Ассамблеясын құрды. Мемлекет басшысы осыдан аттай 18 жыл бұрын мақсатын айқын дап, даму траекториясын белгілеп, іргесін қалаған Қазақстан халқы Ассамблеясы қазіргі таңда ауызбіршілік пен келісімнің түпнегізі, тұрақтылық пен тыныштықтың мызғымас шаңы рағы іспетті. Ассамблея өз дамуында, айшықты жолдан өтті, байыпты, пайымды да парасатты тəжірибе жинақтады. Ол еліміздегі этносаралық жəне конфессияаралық қатынастарды дамы тудың іргелі де зерделі институтына, толеранттылық пен келісімнің берекелі бекетіне айналды. Қазақстан халқы Ассамблеясының қалыптасу мен даму жолының алғашқы кезеңінде-ақ аталған маңызды да нəзік салаға ғылыми қауымдастық өкілдерінің қатысуына көңіл бөлген Мемлекет басшысы, ҚХА Төрағасы Н.Ə.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XVII сессиясында ғылыми қауымдастық өкілдеріне, тарихшылар, саясаттанушылар, əлеуметтанушыларға үндей отырып: «Қоғамымызда аталған сала бойынша елімізде ғана емес, сонымен қатар, əлемде болып жатқан үдерістерге нақты

сипаттама беру, этносаралық қатынастар қалыптасуының болашағын тану, білу, ұғу, зерделеу қажеттіліктері туындап отыр», – деп атап өткен болатын. Осыған байланысты, Мемлекет басшысының тапсырмасын тыңғылықты орындау, сондай-ақ еліміздегі этносаралық қатынастар саласы мен мемлекеттік саясатты тиімді жүзеге асыруда ғылыми негізделген бағыттар мен салиқалы саяси шешімдерді айқындауды талап еткен қоғамдық сұранысты қамтамасыз ету жəне елімізде бейбітшілік пен келісім, тəуелсіздік пен ұлттық бірлік идеясын дамытуда мемлекеттік жəне азаматтық құрылымдардың күшін бір арнаға тоғыстырып, қуатты институтқа айналып отырған Ассамблея қызметін ғылыми-сарапшылық сүйемелдеу мақсатында 2009 жылы құрамына 25 доктор, 11 ғылым кандидаты, 6 қоғам қайраткері енген Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылымисарапшылық кеңесі құрылды. Облыстар, Астана жəне Алматы қалалары Қазақстан халқы ассамблеялары жанынан ғылымисарапшылық топтары жұмыс істеуде. Олардың жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында жоғары оқу орындарының өкілдері, қоғам қайраткерлері, этномəдени бірлестіктердің жетекшілері, этносаралық жəне конфессияаралық қатынастар мəселесімен айналысатын мемлекеттік қызметшілер арасынан 52 ғылым докторы, 73 ғылым кандидаты, барлығы 183 адам тартылған. ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңестің міндетіне еліміздегі этносаяси, əлеуметтік-экономикалық жəне конфессиялық даму үдерістерін кешенді сараптамалық ба ға лау, аталған үдерістердің ел де гі жəне əлемдегі дамуына болжам жасау, Ассамблея қызме тін этносаралық жəне конфессияаралық қатынастар саласын дағы мемлекеттік этносаясаттың өзекті бағыттары бойынша ғылыми сараптамалық сүйемелдеу, этносаралық жəне кон фес сияаралық қатынастар сала сын дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіру,

Ассам блеяның демократияны дамытуда, қазақстандық қоғамның тұтастығын нығайтуда, жалпыұлттық келісімге қол жеткізуде саяси жəне азаматтық институт ретіндегі рөлін күшейтуге жəрдемдесу жəне т.б. кірді. Кеңестің қызметі ғылымизерттеу, талдау жəне білім беру сынды негізгі үш бағытта жүзеге асуда. Қазіргі таңда, кеңес қоғам дық келісім, тұрақтылық, толеранттылық пен ұлттық бірлік, этносаралық жəне конфессияаралық қатынастар саласындағы өткір мəселелерді ғылыми алаңдарда ашық талқылап, сараланған, зерделенген шешім қабылдауға мүмкіндік тудырып отыр. Кеңес жұмысына мемлекетіміздің ұлағатты істеріне атсалысып жүрген еліміздегі беделді ғылымизерттеу институттары мен отандық жəне шетелдік тəуелсіз сарапшылар, қоғам қайраткерлері мен этномəдени бірлестіктер өкілдері тартылып, ауқымды жұмыстар атқаруда. Ғылыми-сарапшылық ке ңес құрылған сəттен бастап, оның негізгі қызметінің мəн-мағынасы мəдениетаралық үнқа тысу мен этносаралық қаты нас тар қырларының барлық жиынтықтарын жүйелеу мен үлгілеуді теориялық тұрғыдан əзірлеу болды. Бұл, өз кезегінде, нормативтікқұқықтық жəне қоғамдық-саяси өзгерістер мен толықтырулардың ғылыми мəнін ұғынуды жəне жүйелеуді қажет етті. Ол үшін Қазақстандағы этносаралық қатынастардың ерекшеліктері, Қазақстан халқын нығайту жөніндегі ұлттық бірліктің бірегей тəжірибесі қосымша тарихи, əлеуметтіксаяси тұрғыдан қайта зерделеніп, қайталанбас үлгінің əдістері, үдерістері жəне оның даму бағыттары əзірленді. Осындай тынымсыз да қажырлы еңбектің нəтижесінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылымисарапшылық кеңесінің тікелей бастамасымен қазақ, орыс жəне ағылшын тілдерінде «Нұрсұлтан Назарбаев. Бейбітшілік жəне қоғамдық келісім идеясы» монографиясы жарыққа шығып, оның тұсаукесер рəсімі М.В.Ломоносов

атындағы ММУ-де, Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетінде, Ыстамбұл уни верситетінің Еуразия институты мен өзге отандық жəне шетелдік ғылыми қауымдастықтар алаңдарында өткізілді. Бүгінгі уақытта аталған еңбек отандық жəне шетелдік ғалымдар, дипло маттар, қоғам қайраткерлері мен студенттердің ғылыми еңбектерінің негізгі арқауына айналып отыр. Қазақстан халқының рухани ахуалын, шығармашылық əлеуетін, оның жаңа мақсаттар мен идеяларға ұмтылысын дамыта отырып, «Бір ел – бір тағдыр», «Тегі басқа – теңдігі бір», «Ұлт рухының дамуы» сияқты жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген ұлттық бірліктің өзекті қағидаттарын азаматтардың санасына орнықтыруды мақсат тұтқан «Қазақстанның Ел бірлігі доктринасы» жарыққа шықты. Аталған еңбек əр азаматтың тағдыры мен Отанының – Қазақстан Республикасының тағдыры ортақ екенін ұғынуға, эт ностық, болмаса басқа да шыққан тегіне, діни ұстанымына жəне əлеуметтік жағдайына қарамай тең мүмкіндіктерін сезінуге, жұдырықтай жұмылған қазақстандық ұлт болып дамуына негіз бола білді. Елімізде тұратын барлық ұлыстардың, жалпы қоғамның санасына сəуле құятын дəйекті мұрағат материалдары мен құжаттарға негізделген, Қазақстанда тұратын əртүрлі ұлт пен ұлыстың өкілдері туралы сыр шертетін «Қазақстан халқы Ассамблеясы: тарихи очерк» атты ғылыми еңбек жарық көрді. Сондай-ақ, өткен ғасырдың бірінші жартысында елімізге мəжбүрлеп қоныс аударылған жəне қуғынсүргінге ұшыраған азаматтар туралы, олардың кеңпейілді, дархан мінезді қазақ халқы жөніндегі пікірлерінен тұратын «Қазақстан бізді біріктірді» атты ғылымиағартушылық еңбегі қоғамдық жағымды пікір тудырып, көпшілік іздеп оқитын кітапқа айналды. Қазіргі таңда, этносаралық саладағы үдерістерді тиімді түсінуге бірегей көзқарас қалыптастыру

мақсатында мемлекеттік органдарға арналған талдау материалдары мен əдістемелік ұсы нымдардан түзілген этно сая саттың императивтері мен олардың қазақстандық ерекшеліктері негізделген «Мемлекеттік этносаясаттың императивтері» атты ауқымды еңбек жарық көрді. Қазақ халқының ХХ ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, ақын, публицист, қазақ тіл білімі мен əдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлы мен оның жұбайы Бəдрисафаның (Александра Ивановна) тағдыры туралы нақты оқиғаларға негізделіп, сол дəуірдің дауылды жылдары мен өмір шындығынан алыс кетпеген «Ақ келіннің махаббаты мен ажалы» атты театрлық қойылымы Қостанай облыстық орыс драма театрында алғаш рет қойылды. Орыс драма театры қойған бұл қойылым алдына жалпы қоғамның санасына сəуле құйып, тарихты зерттеу, өткеннен тағылым алу, ұлт болып жұмыла түсуге серпіліс жасау мақсатын қойды. Сонымен қатар, Ассамблеяның тікелей қолдауымен «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым», «Қазақ диаспорасы арасында Алаш Орда философиясының қазіргі заманғы түсіндірмесі: жағдайы, баға беру, сабақтары (əлеуметтік-тарихи талдау)» сынды бірқатар маңызды халықаралық жобалар, əлеуметтік зерттеулер ұйымдастырылып, олардың негізінде (қазақ, орыс жəне ағылшын тілдерінде) ғылымиағартушылық фильм түсіріліп, Тəуелсіздіктің 20 жылдығына орай «Сөнбесін от алауы» атты монография жарық көрді. Аталған ғылыми еңбектер мен жобалардың негізгі мəні, мазмұны Н.Ə.Назарбаевтың Этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісінің теориялық жəне құрылымдық негізін қалап, бірегей үлгінің нақты жүйеленген нұсқасы мен электронды тұсаукесерін жарыққа шығаруға мүмкіндік берді. Н.Ə.Назарбаевтың Этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімінің қазақстандық үлгісінің тұсаукесері əлемнің 11 мемлекетінде, оның ішінде ЕҚЫҰда (Вена), БҰҰ-да (БҰҰ-ның НьюЙорктегі жəне Женевадағы штабпəтерлерінде) өткізіліп, отандық жəне шетелдік сарапшы мамандар тарапынан жоғары бағаға ие болды. Этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісінің əдістемесі əлемнің бірнеше тіліне аудары лып, ЕҚЫҰ-ның барлық тілдерінде жарық көрді. Бүгінгі таңда, М.В.Ломоносов атындағы ММУ жəне РМГУ-де (Мəскеу) «Этносаралық толеранттылықтың қазақстан дық үлгісі» тақырыбында қа зақ жəне орыс тілдерінде 36 сағаттық арнайы курс енгізіліп, оқытылған. Аталған курсты елімізге белгілі этносаралық жəне конфессияаралық қатынастар, толеранттылық, қоғамдық келісімді сақтау саласындағы ғалымдар, жетекші сарапшы мамандар жүргізген. Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің үйлестіруі нəтижесінде 2009 жылдан бері Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында толеранттылық, қоғамдық келісім, тұрақтылық, этносаралық жəне конфессияаралық қатынастар саласындағы баспа жəне электронды нұсқадағы 1000нан аса ғылыми ақпараттарды құрайтын Ассамблея депозитарийі жұмыс істеуде. Қазақстан халқы Ассамблеясы депозитарийінің ғаламтордағы порталын 2012 жылы əлемнің (Ресей, Қытай, Германия, Түркия, АҚШ, Австралия жəне басқа) 73 мемлекетінен 135 161 адам тұрақты қолданған. Қазақстан Республикасы – азаматтық бірлікке негізделген, этностық, өңірлік, аумақтық бірегейліктен азаматтық бірегейлікке басымдық берген ұлттық мемлекет. Қазақстан Республикасының Конституциясы «Біз, Қазақстан халқы...» формуласы негізінде барлық азаматтардың бірлігін бекітеді. Халықаралық аренадағы елдің берік тұғыры, сенімді экономикалық негізі, тиімді саяси құрылымы жəне ұлттың ынтымақтасу идеясы – Қазақстан халқының бірлігі мен əлауқатының іргетасы. Ал тəуелсіздік идеясы қазақстандық қоғамның барлық əлеуметтік топтарының бір бағытта қозғалуына мүмкіндік беретін орасан зор біріктіруші функцияға ие. Мəлік ШЕГЕБАЙ, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Этносаралық жəне конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының ғылыми қызметкері.


Тəжікстанєа ќайтарымсыз əскери-техникалыќ кґмек Қазақстан Қорғаныс министрі Əділбек Жақсыбековтің Тəжікстан Республикасына ресми сапары басталды. Душанбеде қорғаныс ведомствосының басшысын Тəжікстан Президенті Эмомали Рахмон қабылдады, деп хабарлады ҚР ҚМ-інің баспасөз қызметі. «Біздің елдің басшылығы маңызды өңірлік серіктес ретінде Тəжікстанмен арадағы байланыстың дамып нығаюына үнемі баса назар аударады. Қазақстан мен Тəжікстан арасындағы саяси, экономикалық, сондай-ақ, қорғаныс саласындағы екі жақты байланыс серіктестік аясында дамуда, – деді Ə.Жақсыбеков. – Біздің өңірлік қауіпсіздік мəселесіндегі тығыз қарым-қатынасымыз Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ҰҚШҰ жедел əрекет ету күштерін дер кезінде құруымызға сізбен бірге басқа да мемлекеттер басшылары қолдау көрсетті». Тəжікстан Президенті Қазақстан басшысына екі жақты қарымқатынастағы жемісті ынтымақ тастыққа алғысын білдіріп, келешекте қорғаныс саласындағы байланыс өңірлік жəне жаһандық қауіпсіздікті сақтауға жаңа серпін беретіндігіне сенім артатындығын жеткізді. Əділбек Жақсыбеков екі жақты əскери жəне əскери-техникалық ынтымақтастық пен əскери білімнің

келешекте дамуын Тəжікстан Қорғаныс министрі Шерали Хайруллоев пен талқылады. Екі ел қорғаныс ведомствосының өзара тығыз байланысын қазақстандық жəне тəжікстандық əскерилердің ТМД, ҰҚШҰ, ШЫҰ бітімгерлік жаттығуларына қатысуынан аңғаруға болады. Келіссөздің қорытындысы бойынша Қазақстан мен Тəжікстан қорғаныс министрлері Тəжікстан Қарулы күштеріне қайтарымсыз əскери-техникалық көмек көрсету жөніндегі келісімге қол қойды. Құжат

Биылғы жылдың 1 наурызына дейінгі көрсеткіш бойынша Қазақстандағы халық саны 16 млн. 953,9 адамға жетті. Оның ішінде қалалықтар саны – 9 млн. 291,5 (54,8 %), ал ауылдықтар саны 7 млн 662,4 мың (45,2 %) адам. Ал ел азаматтары осы жылдың алғашқы екі айында 42 мыңға, яғни 0,2%-ға көбейді. Бұл өткен жылдың наурыз айындағы көрсеткішпен салыстырғанда 236 мың адамға немесе 1,4% пайызға артық. Бұл туралы Қазақстан Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен өткен брифингте белгілі болды. «Егемен Қазақстан».

Статистика агенттігінің төрағасы Əлихан Смайылов соңғы уақыт та халықтың табиғи өсімінде ілгерілеушілік барына, бұл көрсеткіш 41,4 пайызға (өткен жылы бұл 40,3 %-ды құраған екен) көтерілгеніне тоқтала келе, өсімнің жалпы коэффициенті 1 000 адамға шаққанда 15,0 адамға жеткенін атап өтті. Өз сөзінде Ə.Смайылов еліміздің басқа да салалары бойынша агенттік тарапынан жүргізілген жұмыстар мен сараптама қорытындыларына тоқталып өтті. Мəселен, елдің тұрғын үй нарығындағы жағдай төңірегінде сөз қозғай келе: «Тұрғын үй нарығындағы жағдай қалыпты. Тұрғын үй құны наурыз айында желтоқсан айымен салыстырғанда 1,4%-ға артқан. Бұған қоса, сұраныстың өсуiне байланысты бағалардың да өсуi біршама байқалып отыр. Егер де шаршы метр бойынша алатын болсақ, елімізде наурыз айында жаңа тұрғын үйдiң құны 175 мың теңгені құрады. Астанада бұл көрсеткіш – 217 мың теңге, Алматыда – 245 мың теңге, Ақтауда – 161 мың, ал Атырауда – 209 мың теңге, сондайақ, Шымкентте – 203 мың теңге», – деп атап өтті Ə. Смайылов. Қазақстандағы жалақы жəне ақшалай табыстарын бағамдау мəселесі де агенттік төрағасының назарынан тыс қалмады. 2013 жылдың наурыз айындағы көрсеткіш бойынша, қызметкерлерге есептелген орташа айлық жалақы 108 857 теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,2 пайызға жоғары, деп мəлімдеді бұл ретте агенттік басшысы. Жұмыссыздық мəселесіне тоқталған Ə. Смайылов 2013 жылдың наурызында жұмыссыздар саны 474,3 мың адамды құрағанын мəлімдеді. «Жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халық санына

шаққанда 5,3%-ға жеткен. Осыған орай, жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелген азаматтар саны сəуір айының басына дейін 56,1 адамды құрады, бұл экономикалық белсенді халық санының 0,6 пайызын көрсетіп отыр», деді өз сөзінде ол. Брифингке Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов та арнайы шақырылған екен. Ол өз сөзінде Ассамблеяның атқарып жатқан жұмыстарына тоқталды. «24 сəуір күні Бейбітшілік жəне келісім сарайында Мемлекет басшысы – Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» тақырыбында ҚХА-ның XX сессиясы өтеді. Онда стратегияға байланысты қалыптасқан мемлекетіміздің жаңа саяси бағыттарын іске асыру мəселелері, ҚХА-ның жұмысы, қызметі қаралып, талқыланатын болады. Бір сөзбен айтқанда, бүгінгі еліміздің тарихын Ассамблеямен байланыстыра қарастыруға болады. Осы орайда, Ассамблея сессиясы тақырыбын да «Бір халық. Бір ел. Бір тағдыр» деп тектен-тек шығарып отырған жоқпыз. Полиэтностық мемлекеттің тұрақты дамуының негізгі кепілі, сөз жоқ, халықтың бірлігіне тікелей байланысты. Экономикалық жəне əлеуметтік салалардың дамуы да, жалпы саяси тұрақтылықтың нығаюы да ел бірлігімен өлшенеді», – деді Ералы Лұқпанұлы өз сөзінде. ҚХА Төрағасының орынбасары, сондай-ақ, Парламент Мəжілісіне 9 депутат ұсынған Қазақстан халқы Ассамблеясында ел аумағы бойынша этностық топтардың 407 өкілі мен 800-ден астам этномəдени бірлестігі қалыпты қызмет көрсетіп келе жатқанын айтты. «Оның ішінде республикалық деңгейде жұмыс

Мəдениет министрлерініѕ басќосуы

Кеше Ресей Федерациясының астанасы – Мəскеу қаласында Еуропа Кеңесі мəдениет министрлерінің Х конференциясы басталды. Оған Қазақстан Мəдениет жəне ақпарат министрі Мұхтар ҚұлМұхаммед бастаған делегация да қатысуда.

Екі күнге созылып, бүгін аяқталатын форум жұмысына Еуропа Кеңесіне мүше 30-ға жуық мемлекеттен 250 делегат келді. Жиынның ашылу салтанатында Еуропа Кеңесі бас хатшысының орынбасары Габриэлла Бат тайниДрагони, Еуропа Кеңесі Министрлер комитеті төрағасының атынан Андорра мəдениет министрі Альберт Эстеве

 Толғандырар тақырып

Мемлекеттік тілді дамытуға жыл сайын қыруар қаржы жұмсалып жатқанына қарамастан бұл бағыттағы жетістігіміз əлі де ойдағыдай емес. Заңнама терминдерін қа лыптастыруда да нақты тұжырымдалған ұстаным жоқ деуге болады. Бұл салада əркім өз білгенімен жұмыс істеп, заңнаманы қазақша сөйлетуде бір терминді əртүрлі қолданып, заңдарды орындауда күрделі

бейімділік басым. Мысалы, «объект» термині баспасөздің бетінде «нысан» деп аударылып жүр. Ал, «объект», «объективті» де ген терминдер бар жерде «субъект», «субъективті» деген терминдердің болатынын мойындайтын болсақ, осы тер миндерді заңдарда қалай қолдану керектігіне жауабымыз дайын болуға тиіс. Ертеректе «объект-нысан», «субъект-пысан» десек жарасып-ақ тұр де-

бұрын жан-жақты ғылымипрактикалық талдаудан өткізген жөн. Көптеген жаңа терминдер, сөздіктердің редакция лары, қазақ тілінің құрылымындағы өзгерістер тілдің қолданылуын қиындатты. Оның көптеген қазақтардың өзіне түсініксіздігіне жəне норма шығармашылық процесін қоспағанда, іс жүргізуде, жазба тілінде қолдану кезінде қиыншылықтар тудыратынына күнделікті өмірден алынған мысалдар дəлел бола алады. Халықаралық құқықта қол данылатын бірқатар шет тіліндегі терминдерге балама ретінде тілді қиындататын

Асылбек СМАҒҰЛОВ,

ген ұсыныс болған. Сонда «объективная причина»-«нысанды себеп», «субъективная причина – пысанды себеп» десек, «мерседес автокөлігіне түйе жегіп айдағандай» болмаймыз ба? Бұл жағдайда қазақ терминология ғылымының негізін салған ұлы ғалым Ахмет Байтұрсыновтың: «Терминдерді аударудың қажеті жоқ. Оларды қазақшаға бейімдеп атай салу керек», – деп айтқанын ескеруіміз қажет. Еліміз тəуелсіздікке қол жеткізгенге дейін, яғни Кеңес үкіметі кезеңінде халықаралық терминдер, қысқарған сөздер аударылмай, сол қалпында алынуға тиіс деген бұлжымас қағида болған. Мысалы, СССР, КПСС, космос, спутник, баланс, стаж, стажер, тағы басқа көптеген сөздер сол қалпын да қолданылатын. Ал тəуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап халықаралық терминдерді жаппай қазақшалау басталды. Жоғарыда айтылған сөздерді КСРО, КОКП, ғарыш, серік (жер серігі), теңгерім, өтіл, тағылымдамадан өтуші, тағы сол сияқты заңнама, ресми құжаттар мəтіндеріне енді. Мағынасы біршама жақын келетін бұл сөздерді былай қой ғанда: бланк-атау қағаз, нормативный акт – қалыптық құжат, т.б. сөздер пайда болды. Бұл сөздер алғашқы кезде-ақ заңнамада қолданыстан шығып қалды. Терминдердің жан-жақты ғылыми-практикалық зерделеуден өткізілмей, дуалы ауыздан шығысымен дереу заң мəтіндеріне енгізілуі заңның орындалмауына əкеп соғады. Мысалы, теңгерім деген сөз белгілі бір шеңберде қолданысқа жарағанымен, қаржы операцияларында қолданылатын «баланс» терминінің жүгін көтере алмайды. Осындай терминді арабтың «Һимаратун» деген сөзін қазақ тілінің транскрипциясымен «ғимарат» дегеніміз сияқты «баланыс» деп енгізсек, бұл өзіміздің төл сөзімізге айналуына күмəн жоқ. Заңдардың бəрінде «форма» термины «нысан» деп алынып жүр. Бұл термин бірқатар контексте орнықты болғанымен, заң шығармашылығында қиындыққа душар ететін тұстар да баршылық. Мысалы, қаржы саласында «формальная проверка» деген норма бар. Оны «нысанды тексеру» деп аудару жөнсіз болғандықтан, заңдарда «жай тексеру», «ресми тексеру» деп алынған. Ал бұл екі аударма да «формальная проверка» ұғымына сай емес. Оның үстіне заңда бір норманың екі түрлі алынуы шатастыруға, заңның орындалмауына алып келеді. Ең дұры сы «формальді тексеру». Бірақ мұндай жағдайда бүкіл заң мəтіндеріндегі «нысан» терминін түзету мүмкін болмағандықтан аудармашылар неше түрлі жаңа сөз ойлап табуға мəжбүр болады. Сондықтан, əрбір терминді бекітіп, оны заң мəтіндеріне енгізбес

қазақша сөздер алынады. Комиссияның сөзжасам қызметі белгілі бір дəрежеде көне қазақ сөздері мен ескірген лексиканы «жаңғырту» арқылы жаңа терминдерді жасауға бағытталған. Сонымен қатар, əзірленетін терминдер мемлекеттік тілдің дамуының сұра ныстарына жауап беріп қана қоймай, оны жеңілдетуге, өзара түсіністікті қиындатпауға жəне жаһандану кезеңінде Қазақстанның халықаралық қоғамдастыққа кірігуіне септігін тигізуге тиіс. Қазіргі уақытта нормативтік құқықтық актілерде семантикалық бірліктің бағыты мен қолданылуының өзгешелігіне орай заң терминдерін түсіну проблемасы орын алды. Жалпы дүниежүзілік терминдердің бəрін жаппай аудару дұрыс емес. Күнде өзгеріп жатқан заманда əлемдік деңгейде айтылатын терминдердің бəрін аударуды қажет етпейді. Мысалы «интернет» сөзі барлық жерде интернет болып айтылады. Тек біз ғана «ғаламтор» деп аударып алдық. Мұндай терминдердің бəрін аудара берсек, онда тіліміз шынында да бұзылады. Мен бұл жағдайда терминдерді қазақ тілі лексемалары заңына сəйкес ыңғайлап алуымыз қажет деп есептеймін. Мысалы «кровать сөзін кереует, столды-үстел» деп алғандай жасау қажет. Сонда тіліміздің мəртебесі биіктеп, қолданыс аясы кеңейе түседі. Осы орайда интернетте жарық көрген «Қазақша терминдерді қалай қолданып жүрміз?» атты мақалада: «Күн сайын белгілі бір елде немесе белгілі бір жерде ғылымның түрлі салаларында жаңалықтар ашылуда. Мəселен, жаңадан дүниеге келген техника атаусыз қалмайды. Жаңалық ашқан ғалым өз тілінде техникаға атау береді. Дүниеге келген техника бүкіл ғаламға тарайды. Əлемдегі көптеген елдер жаңа техниканы тұрмыстық қолданысқа енгізеді. Ендеше, техниканы сол ғалымның, сол елдің тілімен атау керек пе?! Түрлі салаларда терминдер мəселесі осылайша əлі күнге дейін шешілмей келеді. Экономика саласында терминдерді аудару былай тұрсын, қазақ тілінде жарытып тұрған кітаптар да жоқ. Сонымен қатар, заң, тарих, тіл, химия, гео графия, т.б. салалардың барлығында термин мəселесі өте күрделі жағдайға жеткен. Осы ғылымдар тілінде шығатын кітаптарда терминдер əртүрлі қолданылады. Ал оны оқып жатқан студенттер мен оқушылар бастары айналып, кейбір терминдерді түсінбей, сауатсыз маман болып шығуда. Елімізде терминология ғылымын қолға алу керек. Терминолог ғалымдарды дайындап, бұл мəселелерді шешуге асықпасақ болмайды.

«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз».

Н.Ә.НАЗАРБАЕВ.

(«Қазақстан-2050» Стратегиялық Жолдауынан).

Мемлекетіміздіѕ тірегі Тəжікстанның қорғаныс əлеуетін кеңейтуге бағытталған жəне екі ел қорғаныс ведомстволары арасында құқықтық база құрудың қажеттілігіне негізделген. – Тəжікстанмен əскери ынтымақ тастықтағы негізгілердің бірі білімді дамыту болып табылады.Тəжікстандық əскери қызметшілерді оқыту үшін Қазақстанның əскери оқу орындарына жыл сайын тиесілі үлес бөлінеді, – деді Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы Тəжікстан Қорғаныс министрлігінің Əскери институтын аралаған сəтінде.

Ґсімде ілгерілеушілік бар Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

3

www.egemen.kz

16 сəуір 2013 жыл

Гарсия жəне басқа да мемлекеттердің мəдениет министрлері сөз алды. Жиында Мəдениет жəне ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед қазіргі əлеуметтік, экономикалық жəне қаржылық өзгерістер кезеңінде мəдениетке қолжетімділікті жəне қатысуды қамтамасыз ету тəжірибесі туралы баяндама жасайтын болады.

жүргізетіндері – 28. Бұлар өңірлердегі жергілікті тұрғындар арасында өз тілдері мен мəдениеттерін, ұлттық салт-дəстүрлерін қайта жаңғыртуда. Ал Ассамблея атынан сайланған тоғыз депутат осы күнге дейін заң шығару саласы мен құқықтық мəселелер төңірегінде 300-ден астам мəлімдеме жасап, депутаттық сауалдар жолдаған», – деді ҚХА Төрағасының орынбасары. Бұл күнгі брифинг барысында Қазақстан Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Əбибуллаев жақын күндері өтетін іс-шараларға тоқталып өтті. Оның айтуынша, 17 сəуірде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға алғаш рет мемлекеттік сапармен келетін Финляндия Президенті Саули Ниинистёмен кездеседі. Сапардың басты мақсаты – Қазақстан-Финляндия қарым-қатынастарының ахуалы мен болашағы болғандықтан, кездесу барысында аймақтық жəне халықаралық мəселелер де кеңінен талқыланатын болады. «Қос мемлекеттің көшбасшылары екіжақты келіссөздер жүргізіп, «жасыл» экономика мен жаңғырту мəселелері жөніндегі форумға қатысады. Форумда Қазақстан экономикасына Финляндияның инновациялық жəне экологиялық технологияларының таза түрлерін енгізу мүмкіндіктері қарастырылмақ», – деді бұл туралы ресми өкіл. А.Əбибуллаев, сондай-ақ, 17-18 сəуір де Қазақстанның жəне Финляндияның ресми адамдары мен іскер топтары Орталық Азия аймағындағы минералды кен орнын игеру үшін инвестиция тарту жəне тау-кен өндірісі секторына инвестициялық қызығушылық тудыру мəселелерін талқылау жөніндегі Астанада өтетін «МАЙНЕКС Орталық Азия» халықаралық кен өнеркəсібі форумына қатысатынын жеткізді. «18 сəуірде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Серік Ахметов «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының іске асырылу мəселелері бойынша кеңес өткізеді. Отырыста жаhандық қаржылық жəне экономикалық дағдарыстың жаңа толқыны тигізетін келеңсіздіктер, сонымен қатар, алдағы кезеңде азаматтарды жаңа жұмыс орындарымен қамтудың тиімді шаралары қаралады», деді ресми өкіл.

Форум барысында мəдениетаралық өзара əрекеттестік, əлемдегі əлеуметтік жəне экономикалық өзгерістер жағдайында мəдени өмірді дамыту, сондай-ақ қазіргі қоғамның мəдениетті басқару саласындағы инно вациялық əдістері мəселелері талқыланады деп жоспарлануда. Конференцияны ұйымдастырушы лар жиын 2006 жылы «Мəдениетаралық үнқатысу бойынша ақ кітапта» белгіленген Еуропа Кеңесінің стратегиялық бағытына сəйкес мемлекеттер арасындағы ықпалдастық пен ынтымақтастықты нығайту бағытында жаңа маңызды кезеңді бастап беретініне үміт артады. «Егемен-ақпарат».

Қазақстан Республикасы Заң шығару институтының директоры, заң ғылымдарының докторы, профессор.

қиындықтарға душар болып жүргенімізді жасыруға болмайды. Мысалы, «непреодолимая сила» термині аудармасының қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерде төрт нұсқасы бар (олардың үшеуі ҚР Азаматтық кодексінде): – «бой бермейтін күш» – ҚР Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 182-бабы; – «еңсерілмейтін күш» – ҚР Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 328-бабы, сондай-ақ, «Жер қойнауы жəне жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Заңының 61-бабы; – «дүлей күш» – ҚР Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 779-бабы; – «ырық бермес күш» – Кеден одағы Кеден кодексінің 235-бабы. Аталған актілерден басқа заңға тəуелді нормативтік актілерде өзге де нұсқалар кезде седі. Мысалы, Білім жəне ғы лым министрлігінің 2012 жылғы 13 сəуірдегі №163 бұйрығында бұл термин қазақ тілі не «еңсерілмес күш» деп аударылған. «Декриминализация» термині де əртүрлі нұсқада қолданылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында аталған термин «қылмыс деп танымау» (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 қарашадағы №1778 қаулысы), «қылмыстан арылту» (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 95 қаулысы), «декриминализациялау» (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 сəуірдегі № 451 қаулысы) деп қолданылған. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарында «қылмыстық сипаттан арылту» (Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17 тамыздағы № 1039 Жарлығы), «қылмыссыздандыру» (Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 261 Жарлығы) деп қолданылған. «Қазақстан Республикасының Тəуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты рақымшылық жасау туралы» 2011 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында «қылмыстық сипаттан арылту» деп қолданылған. Жергілікті атқарушы органдардың заңға тəуелді нормативтік актілерінде жоғарыда аталған термин «декриминализация» деп қолданылған (Маңғыстау облысы мəслихатының 2003 жылғы 27 наурыздағы № 25/264 шешімі). Қазіргі заң мəтіндерін аударушылар мен терминологтардың арасында халықаралық терминдерді қазақшалауға

Бəрі ашыќ тїрде ґтеді Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Облыс орталығында Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік төрағасы Əлихан Байменов еліміздің солтүс тік өңірлерінен жиналған мемлекеттік қызметкерлердің басын қосты. Жалпы, бұл өңірлік семинар агенттіктің жəне облыс əкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Ал мемлекеттік қызметкерлерге байланысты елімізде басталған жаңа өзгерістерге қатысты

сұрақтарға Ə.Байменов жауап берді. Биылғы жылдың 26 наурызында Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң өз күшіне енгені белгілі. Осыған орай біздің облыста да кадрлық комиссия құрылды. Енді жаңа заңға сəйкес, алдағы алты ай ішінде «А» корпусының кадр резервіне іріктеуді Ұлттық республикалық комиссия жүргізетін болады. Яғни, қазіргі мемлекеттік қызметкерлер «А» корпусының лауазымына үміткерлермен бірге тестілеу

жəне əңгімелесуден өтеді. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік төрағасының айтуынша, біріншіден, мемлекеттік қызметкер үшін заңды біліп, қағаз жазу жеткіліксіз. Алдымен адамда басқарушылық қабілет болу керек. Бұдан кейін дұрыс шешім қабылдауға əрқашан дайын болу негізгі талаптардың бірі. Енді кез келген адам жоғары деңгейдегі мемлекеттік қызметкер бола алады. Сондай-ақ жұмысқа қабылдау жүйесі бұқаралық ақпарат құралдарының

Күрмеуікке күрметіліп, шырмауыққа шырматылған терминдер мəселесі түзелмей, тіл мəселесі түзеледі деп айту ақылға нанғысыз. Сондықтан терминдерді дұрыс жасайық» – деп, ағынан жарылғанын айта кеткен жөн. Тəуелсіздігіміздің алғашқы жылдарында қазақ тіліне ауда рылған заңдар баршаға түсінікті болуы керек деген ниетке орай, оның тілінің жатықтығына, оқуға жеңіл болуына жəне əр аудармашының стилін сыйлау керектігіне баса назар аударылған сыңайлы. Сондықтан да жоғарыда айтқа нымыздай, терминдердің əр түрлі аударылуына жол беріліп, бұл бірден-бір дұрыс əдіс деген пікір басым болды. Заң аудармасына маманданған кəсіпқой аудармашылардың ресми тілінен гөрі көркем əдебиет тіліне басымдық берілді. Осылайша, заңның арналған мақсатына, функциясына, міндетіне мəн берілмеудің салдарынан, орысшасын қатар алып отырмаса, орындалуы қиын қазақша заңдар дүниеге келді. Мұндай оралымсыздықтың авторлары: «заң дағы терминдерді контекст (қазақшасы екі түрлі: «түпмəтін», «мəнмəтін») бойынша тү сіну керек», деген дəлел айтады. Бүкіл дүние жүзіндегі барлық тілдерге ортақ: «заңда сөз қалай жазылса, дəл солай түсініледі» деген қағида бар. Яғни заңнама терминдерінен басқа тұрақты тіркестерді, атау сөздерді бірізді қолдануды қалыптастыруымыз қажет. Ол үшін заңнама тіліне тəн ерекшеліктерді бұлжытпай сақтауға тиіспіз. Сондықтан құрамына Қазақ стан Республикасының Парламенті Сенаты мен Мəжілісінің депутаттары, Қазақстан Республикасының Парламенті палаталары аппараттарының қызметкерлері, Тараптардың өкілдері, филолог ғалымдар, заңгер ғалымдар кіретін сарапшылар тобы кіретін комиссия құрылуы қажет. Барлық термин мəселелері тек сол комиссия арқылы қаралу қажет деп есептеймін. Негізі заңнамаға қойылатын талаптарға мұқият назар аударуымыз керек. Нормативтік актілер тілі айқын əрі түсінікті болуға тиіс, өйткені, олар қоғамдық қатынастарды реттеуші болумен қатар, мемлекеттің саяси насихат құралы болып табылады. Екінші жағынан, ғылыми-техникалық прогресс пен əлеуметтік өмірдің даму қарқыны құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастардың нормативтік актілермен тікелей байланысын күшейте түседі. Демек, ел халқының мемлекеттік тілді жетік меңгеруі ана тілімізде жазылған заңнаманың іске асырылуына тікелей ықпал жасайды. Қазақта «көрмес түйені көрмес» деген сөз бар. Іздей берсек, айта берсек, кемшілік табыла береді. Осыдан 20 жыл бұрынғы қазақ тілі мен қазіргі кездегі қазақ тілінің дəрежесі жермен көктей. Бұл Елбасымыздың жүргізіп отырған салиқалы саясатының арқасы. Стратегиялық жолдаулардағы түрлі бағдарламалар арқылы мемлекеттік тілдің қолданыс аясы кеңейіп, айдарынан жел есті. Сөзімді қорытындылай келе, Елбасымыздың Қазақстан -2050 Стратегиялық Жолдауында айтқан сөзін тиек еткім келіп отыр. «Қазақ тілін дамыту саясаты одан жерінуге, тіпті қазақтардың өздерінің бойды аулағырақ ұстауына ықпал етпеуі керек. Керісінше, тіл Қазақстан халқын біріктіруші болуға тиіс. Бұл үшін тіл саясатын сауатты жəне дəйекті, қазақстандықтар сөйлесетін бірде-бір тілге қысым жасамай жүргізу керек» деп атап айтты. Мемлекеттік тілдің мəртебесі биік болғанын тілейік. Себебі, мемлекеттік тіл – мемлекетіміздің тірегі. қатысуымен ашық түрде өтеді. Ал ауыл əкімдері тамыз айында болатын сайлау арқылы таңдалады. Тағы бір жақсы жаңалық – елімізде бірінші рет «Үздік мемлекеттік қызметкер» деген марапат бекітіліп отыр. Мемлекеттік қызметке, əсіресе, лауазымды қызметтерге орналасу үшін талап күшейеді. Бұрынғыдай тамыр-таныстықтың заманы өтті. Ə.Байменов облыс əкімдігінде мемлекеттік қызметкер болғысы келетін талапкерлермен жеке қабылдау өткізді. ПАВЛОДАР.


4

www.egemen.kz

Алматы облысында басты мақсаты туған жерінің қалыптасуы мен жүйелі дамуына, сол арқылы тұтастай тəуелсіз Қазақ станның дамуына сүбелі үлес қосқан отандастарымыздың жетістіктерінің тарихын айқындап, көрсету болып табылатын «Елімнің тағдыры – менің тағдырым!» атты форумның екінші кезеңі бастау алды. Ауданның белгілі адамдарының қатысуымен өткен мерекелік іс-шара Қаскелең қаласында ұйымдастырылды.

Форум жаѕа

белеске кґтерілді

16 сəуір 2013 жыл

 Мемлекеттік мəселе Елбасы Н.Ə. Назарбаев өзінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында ауыл əкімдерінің сайланбалылығы туралы шешім қабылдады. Осылайша, азаматтармен тікелей жұмыс жасайтын жəне мəселені жергілікті жерде шешетін барлық əкімдердің сайланбалылықпен қамтылатындығы атап көрсетілді. Сайлау – билік өкілдерінің жауапкершілігін арттыру жөніндегі институттық əдістердің бірі болып табылатыны белгілі. Алайда, сайлауға жəне сайлаушылар алдындағы «жауапкершілікке» ғана үміт артып, өңірлік проблемаларды шешеді деп сенім білдірілген адамды тиісті құралдармен жəне өкілеттіктермен жеткілікті түрде қамтамасыз етпейінше көздеген мақсатқа қол жеткізе алмайтынымыз да түсінікті. Сондықтан да, Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында былай деп қадап айтты: «Біз 2013 жылы жауапкершілік пен өкілеттіктерді орталық пен өңірлер арасында бөлу жөнінде нақты шаралар қабылдауымыз қажет. Жергілікті жерлердегі билік органдарының өкілеттіктері қаржылық жəне кадрлық ресурстармен нығайтылатын болады». Осыған байланысты, дүние жүзінің көптеген елдерінде қолданысқа енгізілген жəне оң нəтиже беріп отырған фискалдық федерализм жүйесі туралы ойымызды ортаға

жағдайында өңіраралық бəсекелестіктің тиімді іске асырылатынын атап көрсеткен жөн. Біріншіден, жергілікті экономикалық қатынастарды реттеу саласында шешім қабылдаған кезде биліктің жергілікті органдары белгілі бір дербестікке ие болуға тиіс. Бұл олардың тиімді де өнімді жұмыс істеуіне жол ашады, себебі, олардың əрқайсысы өз өңірлеріндегі жағдайдан хабардар, салықты қай кезде төмендету қажеттігін немесе белгілі бір уақыт кезеңінде оны көтеру керектігін (əрине, орталық билік күні бұрын айқындаған шекара шегінде), қайсыбір əлеуметтік мəселені шешуді ертеңге қалдыруға болмайтынын, бизнестің қай түрінің өңірде дами алатынын жақсы біледі. Екіншіден, өңірлер арасындағы тиімді бəсекелестік тауарлар мен ресурстардың оңтайлы болуын талап етеді. Осылайша, қазыналық орталықсыздандыру жүйесі жұмыс істеп тұрғанына қарамастан, тауарлар мен қызмет көрсетулердің ортақ рыногының жұмыс істеуіне қолдау көрсетіледі. Басқаша

салсақ па деп едік. Түптеп келгенде, бұл əдістің негізгі мақсаты өңірлерге жергілікті билікті халықтың экономикалық əл-ауқатын арттыруға ынталандыратын қосымша қазыналық құралдар мен өкілеттіктер беру болып табылады. Сөз ретіне қарай, көптеген дамыған мемлекеттердің бүгінгі күні осы жүйені кеңінен қолданып отырғанын айта кеткен жөн. Қазыналық орталықсыздандырудың оң нəтижелерін дамушы мемлекеттердің тəжірибесінен де көруге болады. Мысалы, 1980 жылдан бастап Қытайдың жергілікті билік өкілдері салықтық-бюджеттік саясат жүргізуге қосымша құралдар мен өкілеттіктер берді. Бұл өз кезегінде олардың жұртшылық арасында игілікті ісшараларды жүзеге асыруына оң əсерін ти гізді. Ал Үндістанда жағдай басқаша өрбіді. Оларда 1990-жылдардың бас кезінен орталықтандыру саясаты жүргізіліп, маңызды шешімдердің басым көпшілігін орталық үкімет қабылдады. Орталықтандырылған федерализм өңірлерге мардымсыз қазыналық өкілеттіктер берді, бұл жергілікті экономиканың дамуын тежеді. Үндістанның орталық үкіметі соңғы жылдары қазыналық саясат саласындағы шектеуді біршама босаңсытты, соның нəтижесінде мемлекет штаттары инновацияға бет бұрып, экономикалық өсу едəуір жақсарды. Осы мысалдардан бюджеттік-салықтық орталықсыздандырудың жергілікті билікті ынталандыратынын байқауға болады, бұл өз кезегінде кірістің жергілікті қосымша көздерін іске қосуға, сол арқылы кіріс көлемін еселей түсуге ықпал етеді. Бұған қоса қазыналық орталықсыздандыружергілікті биліктің кірістерді барынша көбейтуден өзге де мақсаттарға көңіл бөлуіне мүмкіндік туғызады. Атап айтқанда, кіріс көлемін ұлғайтуға қол жеткізген жергілікті билік халықтың əлеуметтік жағдайын жақсартуды қолға алады, жергілікті əлеуметтік жобаларды қаржыландыруға арналған қосымша кірістер қарастырады, қаржылық түсімдерді арттыра түсу құралы ретіндегі сапалы мемлекеттік қызмет көрсетулерге жəне жаңа нарықтық мүмкіндіктер жасауға көңіл бөледі.

айтқанда, ойынның бірыңғай қағидалары жағдайында өңірлер салықтық-бюджеттік саясаттың əртүрлі нысандарын жүргізуге ұмтылатын болады. Түптеп келгенде, өңірлік билік өз өңірінің «тартымдылығын» арттырумен ғана шектелуге тиіс, бас қа өңірден келген бизнеске кедергі жасамауы керек. Керісінше, өңірге барлық ресурстардың ағылуын қолдау қажет. Үшіншіден, өңіраралық тиімді бəсекелестік жергілікті биліктің қарыз алуына да, сондай-ақ, билік деңгейлері арасындағы бюджеттік трансферттерге де қатысты бюджеттік қатаң шектеу енгізуді талап етеді. Ғалымдар өңірлік билік өздерінің салықтықбюджеттік шешімдерінің салдарларына қаржылық тұрғыдан жауапты болуға тиіс деп есептейді. Атап айтқанда, өңірлер өздерінің қаржылық мүмкіндіктерінен тыс қаражат жұмсамауы керек. Бұл ретте жергілікті билік органдары Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында атап көрсетілген қағиданы үнемі басшылыққа алып отыруға тиіс. Онда былай делінген: «Біз бюджет саясатының жаңа принциптерімен қарулануға – өз мүмкіндіктеріміз шегінде ғана шығындануға жəне тапшылықты барынша мүмкіндікте қысқартуға тиіспіз... орталықсыздандыру жоғарыдан төмен қарай, басқару билігінің əлсіреуіне, орындаушылық тəртіп пен реттіліктің төмендеуіне апарып соқтырмауы тиіс». Бюджеттік қатаң шектеу орталық биліктің өңірлік билікті «қиындықтан» құтқаруға «ұмтылысын» тежейді, өйткені, жергілікті билік қысқа мерзімді жергілікті саяси мүдделерді көлденең тартып, тапшылықты əдейі қолдан жасауы мүмкін. Осындай жағдайларда бюджеттік қатаң шектеу жергілікті биліктің ақылға қонымды салықтық-бюджеттік саясат жүргізуіне түрткі болады. Бюджеттік жұмсақ шектеу, керісінше, жергілікті билікте жоғары тұрған деңгей тарапынан «құтқаруды күту» сезімін туындатады. Бұл өңірлерде қаражатты өз мүмкіндігіне қарай жұмсау, жергілікті кірістер мен шығыстар арасындағы теңгерімділікті сақтау қағидатының бұзылуына əкеп соғады. Басқаша айтқанда, бюджеттік жұмсақ шектеу жергілікті бюджет есебінен жеке мүдделерді көздейтін, белгілі бір топтардың пайдасына жұмыс істейтін, өзін-өзі ақтамайтын, қымбат бағалы əлеуметтік-экономикалық бағдарламалардың іске асуы арқылы жергілікті нарықтық қатынастарға сыбайлас жемқорлықтың енуіне жол ашады, жергілікті халықтың мұқтаждарына сергектік төмендейді, ал шенеуніктер неғұрлым кең өкілеттіктерге ие бола түседі. Бұдан шығатын қорытынды, өңірлер негізінен трансфертке емес, кірістің ішкі көздерімен жұмыс істеп үйренуге тиіс.

Трансферттерді тиімді пайдалану – өңірлерді дамытудың қайнар көзі

Салық салу мəселелері трансферттер мəселелерімен өзара тығыз байланысты. Былай қарағанда, орталық биліктің салықты жинауы, жиналған қаражатты өңірлерге аударуы неғұрлым тиімді процесс сияқты болып көрінуі мүмкін. Азаматтар алдында есеп беретін жергілікті атқарушы органдар келіп түскен осы қаражатқа жергілікті жердегі кірістердің едəуір бөлігін қосып, тиімді мемлекеттік қызметтер көрсетеді, тұрғындар өмірінің сапалы болуына қамқорлық жасайды жəне кірістердің деңгейі өңірдің əлеуметтік-экономикалық жайкүйіне байланысты болғандықтан, сыбайлас жемқорлық деңгейі де төмен. Алайда, өңірлерді трансферттермен қамтудың теріс əсері де бар екенін жоққа шығаруға болмайды. Атап айтқанда, трансферттерге иек артқан жергілікті билік салықтың жəне басқа да төлемдердің есебінен жергілікті бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайтуға инновациялық тұрғыдан қарауды ке рек етпейді. Яғни өңірге инвестиция тарту үшін мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыруға ынталы емес. Мəселен, Үндістанның трансферттерінен немесе кірістерді қайта бөлуінен осындай құбылыстар байқалады. Бөлінген трансферттердің 62,5

арттыруға арналған бюджет қаражаты шығыстарының өңірдің экономикалық дамуына əжептəуір əсер ете алатынын айтуымыз керек. Бұл ретте мемлекеттік қызмет көр сетудің заман талабына сай бизнестартымдылық мəселесінің маңыздылығын айқындау проблемасы бүгінде алдан жиі шығатын болды. Мұны басқаша түсіндірер болсақ, кейбір мемлекеттік қызмет көрсетулер экономикалық дамудың кейбір көрсеткіштеріне оң ықпалын тигізетінін əлемдік тəжірибе дəлелдеп отыр. Ретіне қарай мемлекеттік қызмет көрсетудің көлік, қоғамдық қауіпсіздік жəне білім беру тəрізді маңызды түрлерін атап өтуге болады. Осылардың арасында көлік саласындағы мемлекеттік қызмет көрсетудің сапалық деңгейі мен экономикалық даму арасында оң байланыстың бар екені байқалады. Ал қоғамдық қауіпсіздік пен өңірдің экономикалық дамуына арналған мемлекеттік шығыстар арасындағы байланыс, көлікке арналған шығыстармен салыстырғанда төмен. Сондай-ақ, білім беру мен өңірдің экономикалық дамуына арналған шығыстар арасындағы байланыс аталған үш сала ішіндегі ең осалы болып табылады. Мұның өзіндік себебі де жоқ емес. Өйткені, биз нес тұрғысынан қарағанда, білім беруге арналған шығыстар, көп жағдайда,

Орталыќсыздандырудыѕ оѕ аспектілері Еске сала кетсек, екінші республикалық форум Ақмола облысында бастау алған болатын. Бірінші кезеңде эстафетаны республиканың барлық аудандары қабылдап алып, облыстық форумға лайық дегендері жолдама алды. Форум спикерлерін бүгінгі күннің нағыз ерлері: көрнекті қоғам жəне саяси қайраткерлер, мемлекеттік органдардың, өнер мен ғылым, этномəдени бірлестіктердің өкілдері елімізде түрлі салаларда қызмет ететін зиялылар, соғыс жəне еңбек ардагерлері, жауынгеринтернационалистер, атақты спортшылар, жастар көшбасшылары құрады. Ең лайықты деп танылғандар елорда күні қарсаңында Астанада өт кізілетін «Елімнің тағдыры – менің тағдырым!» екінші республикалық форумына жолдама алады. Алматы облысы ерте кезден-ақ өзінің өндіріс, ауылшаруашылық жəне құрылыс салалары бойынша жетістіктерімен танылып, аймақтың экономикасының дамуына өз үлестерін қосып келеді. Индус триялық-инновациялық дамуға бағытталған мемлекеттік бағ дарламаларды жеделдетудің нəтижесі экономика салаларының нақты дамуына оң ықпалын тигізді. Облыста аймақтық жалпы өнім 2011 жылы 1 286,4 млрд. теңгені, жан басына шаққанда 680,1 мың. теңгені құрады. Сонымен бір ге, облыстың республикадағы ІЖӨсі 4,4%-ды көрсетті. 2012 жылғы бағалау бойынша ІАӨ 1 385,4 млрд. теңгені, жан басына шаққанда 726,8 мың теңгені құрап, 2011 жылмен салыстырғанда 6,9%- ға өсті. Денсаулық сақтау, білім беру, мəдениет, спорт, шағын жəне орта бизнестің дамуына барлық жағдай жасалған. Жергілікті басым дықтардың бірі халықтың əлеуметтік қорғалуы, əсіресе, отандастарымыздың өмір сапасын арттыру екені қуантып отыр. Тек ішкі жəне халықаралық туризмнің дамуына ғана емес, сондай-ақ мыңдаған қазақстандықтардың əн-жырына арқау болған қасиетті Жетісу жері мен табиғи-рекреациялық ресурстар – Іле жəне Жоңғар Алатауы, Алакөл жəне Балқаш көлдері, тау өзендері жайында айта кеткен орынды. Дегенмен, Алматы облысы мен жалпы Қазақстанның басты байлығы – адамдары. Олардың қатарына елімізге ғана емес, сонымен бірге, əлемге танымал жыр алыбы Жамбыл Жабаев, саяси қайраткер Тұрар Рысқұлов, ақиық ақын Мұқағали Мақатаев, қазақтың бейнелеу өнерінің негізін салушы Əбілхан Қастеев, композиторлар Нұрғиса Тілендиев пен Мұқан Төлебаев, ұшқыш-космонавт Талғат Мұсабаев жəне т.б. бар. Бұл тізімдегі ерекше орынды Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында дүниеге келген Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы На зарбаев иеленеді. Дəл осы жерде бірінші облыстық форумды өткізу туралы шешім қабылданды. Іс-шараның салтанатты рəсімі Наурызбай батырдың ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен басталды. Одан ары кеш қонақтары мен қатысушылары Үшқоңыр кентіндегі Қарасай батыр атындағы мектептегі «Шапағат» мұражайында жəне Қаскелеңдегі

тарихи-өлкетану мұражайында қарсы алынды. Қаhармандары Алматы облысының тұрғындары болып табылатын «Елімнің тағдыры – менің тағдырым!» деректі фильмі көрсе тілгеннен кейін Қаскелең мəдениет үйінде негізгі жиынды облыс əкімінің орынбасары Серік Мұқанов ашып: «Қиын-қыс тау кезеңде Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің басты басымдығы ретінде əуелі – экономика, одан кейін – саясат, деп белгілеп, елі мен халқының тағдырын өз жауапкершілігіне алды. Бүгінде біздің реформаларымыз əлемде «қазақстандық жол» деген атпен белгілі. Нұрсұлтан Əбішұлы тағдыр мен тарих сынағынан абыроймен өтті, өз халқын өркендеу жолына жеткізді», – деді. Ұлы Отан соғысының ардагері, Елбасының мұғалімі болған Сейітхан Исаев, Қарасай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сайлаубек Қыдыралиев, «Құрмет» орденінің иегері, Балқаш ауданының құрметті азаматы, облыстық мəслихаттың депутаты, Балқаш аудандық «Бірлік» агрофирмасының директоры Əб діжаппар Қыстаубаев, Алакөл аудандық мəслихатының депутаты, аудандық əжелер кеңесінің төрайымы, білім беру ісінің құрметті қызметкері Ұлжалғас Дүйсенбаева, Панфиловтағы «Ирада» шаруа қожа лығының төрайымы Суриям Изимова жерлестері алдында өздерінің ой-пайымдарын ортаға салды. ҰОС-тың 95 жастағы ардагері Сейітхан Исаев өзінің дарынды оқушысы Нұрсұлтан Назарбаев туралы естеліктерімен бөлісті. «Мектеп қабырғасынан бас тап Нұрсұлтанның мінезінде басты ерекшелік – мақсатқа талпынушылық аңғарылды. Сол балғын шағынан ол келешекті ойлады, ол үшін күресті, адамдарға қызмет етуге ұмтылды, өзіндегінің бəрін Отанына берді», – деді ол. Форумға қатысушы Суриям Изимова Тұңғыш Президенттің «Халықтың күші – бірлікте!» деген сөзін келтірді. «Жəне шын мəнінде, біз, Қазақстанда өмір сүретін əртүрлі этнос өкілдері елдің басты жетістігі – ол адам екендігіне көз жеткіздік. Біздің ортақ Отанымыз – Қазақстан! Бұл ел маған өмір сүруге барлық мүмкіндіктер берді, мұнда өсу, даму жəне гүлдену үшін барлық жағдайлар жасалған. Біздер бұл елге ризамыз!», – деді ол. «Елімнің тағдыры – менің тағдырым!» атты облыстық форум аясында Қаскелең қаласында «АТОМ» жобасының петициясына 4 мың адам қол қойды. Облыстық филармония əртістері нің атсалысуымен дайындалған мерекелік концерт оның шарықтауы болды. Бағдарлама Президент Н.Назарбаевтың əндерінен құралды. *** Өткен апта ішінде Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында 30 қалалық жəне аудандық деңгейдегі форумдар болып өтті. Іс-шараға мəжілісмендер мен сенаторлар қатысты. ---------------------------Суретте: Наурызбай батыр ескерткішіне гүл шоқтарын қою рəсімінен көрініс.

Өңіраралық бəсекелестік – əлеуметтік даму кепілі

Кірістің жергілікті көздері іске қосылғаннан кейін өңіраралық бəсекелестік пайда болады. Атап айтқанда, биліктің жергілікті органдары арасындағы бəсекелестік тиісті өңірге қосымша қаржы құятын инвестиция, шағын бизнес, білікті жұмыс күшін жəне т.б. тарту саласында өрістейді. Жалпы, мемлекеттік қызмет көрсетуді тиімді ете түсу идеясы, өңіраралық бəсекелестік тұрғысынан алғанда, мынадан туындайды. Орталық билік жергілікті қызмет көрсетулерді көбіне «əмбебабтық», яғни халықтың басым бөлігіне бір бағдарлама тұрғысынан қамтамасыз етеді. Бұл тиімді жобалардан гөрі көлемді жобаларға көбірек иек артатын орталықтандырылған мемлекеттік қызмет көрсетудің проблемасына айналады. Нəтижесінде, жергілікті жерлерде мемлекеттік қызмет көрсетуде əмбебабтық орталық биліктің істе «асырып жіберуіне» немесе «кем түсіп жатуына» əкеп соғады. Өңіраралық бəсекелестік жағдайындағы ресустар үшін «күрес» бəсекелестіктің сапалы жəне арзан қызмет көрсету қағидаларын ескере отырып, өңірлерді мемлекеттік қызмет көрсетудің неғұрлым оңтайлы көлемін ұсынуға ынталандырады. Өңірлердің «жетілдірілген бəсекелестік рыногы» өзінің құрамында ағымдағы жағдай туралы толық ақпаратқа ие жəне сайлаушылар тұрмысының барынша ауқатты болуына ұмтылатын жергілікті биліктің, сайлаушылар мен саясаткерлердің болуын қалайды. Алайда, нақты өмірде өңірлердің аталған талаптарға сай келетін жетілдірілген «бəсекелестік рыногы» жоқ деуге болады. Ақпаратқа қолжетімділік бірдей емес, мемлекеттік лауазым иесі сайлаушылардың ойлағанынан басқа бір мүддені көздеуі мүмкін жəне т.б. Бірқатар институттық шарттардың болуы

Икемді салық саясаты – экономикалық даму кілті

Көптеген сарапшылар салық мөлшерлемесін нарықтың жай-күйіне икемдеу өңірдің тартымдылығын арттыра түсетінін жоққа шығармайды. Алайда, жұмыспен қамтудың, инвестицияны немесе бизнесті орналастырудың дəрежесіне қарай салық салудың да құбылып отыратынын ескеру керек. Зерттеулер салық салуды 10 пайызға қысқарту экономикалық бел сенділікті 2 пайызға арттыратынын көрсетеді. Өңірдің экономикалық дамуына салық саясатының əсерін кəсіпкерлердің бизнес үшін орын таңдауда салықтың əртүрлі өлшемдеріне назар аударатынан да байқауға болады. Бұл өлшемдер үш санатқа бөлініп қарастырылуы мүмкін: ағымдағы (операциялық) шығыстар, пайдалану шарты жəне өмір сапасы. Бизнес үшін орын таңдаудың бірінші кезеңінде салық факторы салыстырмалы түрде алғанда айтарлықтай рөл атқармайды. Өйткені, жолға жəне көліктік инфрақұрылымның басқа да объектілеріне қаржының мемлекет тарапынан жұмсалуы бизнестің көліктік шығыстарын азайтумен бірге өңірдің тартымдылығын арттырады. Бір сөзбен айтқанда, салық салудың икемді болуы өңірлердің экономикалық белсенділік деңгейіне əсер етеді.

пайызы штаттар кірісіне теріс əсерін тигізіп отыр, былайша айтқанда, штат неғұрлым кедей болса, қаражатты соғұрлым көп алады. Мао Цзе Дун билігі кезінде Қытайда да осындай жағдай орын алды. Өңірлердің қосымша кірісінің шамамен 75 пайызын орталық билік ұстап қалып отырды. Латын Америкасының бірқатар дамушы мемлекеттерінде де осындай проблемалар бар. Аргентинаның 23 провинциясының біреуін ғана мысалға алайық. Мұнда провинцияның өзі қосымша тапқан əр песоның төрт сентавосы ғана жергілікті жерде қалады. Мексиканың штаттарында бұдан да аз, небəрі үш сентаво қалады. Бұдан жергілікті кірісті ұлғайтуға ынталылықтың болмауын аңғару қиын емес. Өйткені, қосымша табыс табуға ынта-жігер танытқысы келген нақты бір өңір түптің-түбінде кірісінің қомақты бөлігінің өзіне бұйырмайтынын түйсінеді. Басқарудың қазыналық жүйесі салықтан түскен табысты бөлудегі осындай əділетсіздіктерге шама-шарқынша тосқауыл бола алады деген ойдамыз. Мұндай жүйе жағдайында өңірдің экономикалық тұрғыдан дамуының арқасында салықтан қазынаға түскен қосымша табыстың едəуір бөлігін жергілікті жерде қалдыруға мүмкіндік туады, өңірдің өркендей түсуіне одан əрі қолдау көрсетуге жергілікті басқару органдарының да ынта-жігерін арттыру қамтамасыз етіледі. Салықтан түскен кірістің 100 пайызын жергілікті жерде қалдыру саясатын Америка Құрама Штаттары сонау ХІХ ғасырда-ақ қолдана бастаған. Ал Қытай өткен ғасырдың 80-жылдарындағы реформа барысында салықтан түскен кірістің қомақты бөлігін (89 пайызын) жергілікті жерде қалдыру саясатын қолға алды. Жоғарыда айтылғандардан трансферттер кезінде екі жағдай ескерілуге тиіс деген қорытынды жасауға болады. Біріншіден, өңірлер арасында кірісті қайта бөлу арқылы нашар дамыған өңірлердің экономикасына салықтық жүктемені азайтқан жөн. Екіншіден, өңірдің экономикалық дамуын арттыруға өңір билігін ынталандыра түсу керек. Осыған байланысты салық салудың немесе трансферттің сатылы функциясын енгізу тиімді болар еді. Бұл ретте орталық билік өңірдің кірістің күні бұрын белгіленген деңгейіне дейінгі үлесінің белгілі бір бөлігін өзіне алады да, осы деңгейден тыс жиналған кірістің қалған бөлігін өңірде қалдыруға рұқсат етеді. Яғни дəстүрлі схеманы пайдаланған жағдайда орталық билік өңірдің барлық кірісінің 75 пайызын ұстап қалатын болса, күні бұрын белгіленген деңгейден 80 пайыз жəне қосымша кірістің 25 пайызын ұстайды. Орталықсыздандыру кезіндегі мемлекеттік қызмет көрсету

Өңірлердің экономикалық дамуы көптеген салалардың бір-бірімен үйлесімді жұмыс істей білуімен тығыз байланысты екенін жұрттың бəрі жақсы біледі. Осы орайда, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапа деңгейін

болашаққа салынған инвестиция ретінде қарастырылады. Оның үстіне білімді адамға сұраныс көп болатындықтан, білім беруге жұмсалған қаржының едəуір бөлігі бір өңірден екінші өңірге ауыс-түйіс болып отыруы əбден мүмкін. Бұдан мемлекеттік қызмет көрсетуді қаржыландыру билік деңгейлерінің арасында бөлінуге тиіс деген қорытынды жасауға болады. Орталықсыздандыру – бір адым алға жылжу

Президент Н.Ə.Назарбаев өзінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында орталықсыздандыру идеясының мəні – шешім қабылдау үшін құқықтар мен қажетті ресурстарды орталықтан өңірлік билік органдарына беру екендігін атап көрсетті. Осыған орай орталықсыздандыру идеясының əлемнің басқа мемлекеттерінде іске асырылуына назар аударып көрелік. Көптеген дамушы елдердің қазыналық орталықсыздандыру барысында түрлі қиыншылықтарға тап болатынын дүние жүзінің тəжірибесі көрсетіп отыр. Бұл ретте салықтық-бюджеттік орталықсыздандыру бойынша əзірленіп, асығыс жасалған реформаны бүкіл ел аумағына бір мезгілде енгізудің ойдағыдай нəтиже бермейтініне мысалдарды көптеп келтіруге болады. Демек, түбегейлі орталықсыздандыруды біртіндеп жүргізген жөн. Алдымен, орталықсыздандыру барысында экономикалық өсімге қол жеткізе алады деген өңір таңдалып, оған реформа жүргізу үшін қажетті өкілеттіктер мен ресурстар беру керек. Мұндай стратегияның мақсаты – орталықсыздандыруды аталған елде іске асыруға болатынын дəлелдеу. Жалпы алғанда, қазыналық федерализм қағидаттарына сəйкес белгіленген нормадан тыс қосымша қаржылық кірістер өңірлерде қалып, сол өңірдегі халықтың əл-ауқатын арттыруға қызмет етуге тиіс. Ол үшін өңірлер бірінші кезекте бизнестің дамуына қолайлы жағдайлар жасауға ынталылық танытып, келіп түскен қосымша кірістердің есебінен халықтың тұрмысын жақсартуға күш салуы керек. Қазыналық орталықсыздандырудың саяси аспектілеріне келсек, оның ұлттық деңгейдегі оң əсерін атап көрсетуге болады. Орталықсыздандыру – қоғамды одан əрі демократияландыру көріністерінің бірі. Ол сайлаушыларды кандидаттар туралы толық ақпаратпен қамтамасыз етеді. Жергілікті жерде іскер əрі лайықты адамға таңдау жасауға мүмкіндік туғызады. Мақсат ЖОЛДЫБАЙ, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының жəне Халықаралық «Болашақ» бағдарламасының «Мемлекеттік саясат» мамандығы бойынша магистрі (АҚШ).


www.egemen.kz

16 сəуір 2013 жыл

 Теледидар терезесі

«Ґз руханиятынан ажыраєан адам – мəѕгїрт...» дейді белгілі саясаттанушы Айдос САРЫМ

Жақында «Қазақстан» ұлттық телеарнасында «Ашық əңгіме» атты жаңа жобаның тұсауы кесілген болатын. Осы айтулы оқиғаға орай төменде тележүргізуші, белгілі саясаттанушы Айдос САРЫММЕН болған тілші сұхбаты жарияланып отыр. – Белгілі саясаттанушы Айдос Сарым өткен аптада «Қазақстан» ұлттық арнасынан тележүргізуші ретінде танылды. Саясат пен руханиятты қатар алып жүру үшін адамға біліктілік, еңбекқорлық, табандылық... тағы да қандай қасиеттер керек деп ойлайсыз? – Менің ойымша, кез келген адамға өмірге деген қызығушылық, күнделікті ізденіс пен зеректік қажет сияқты. Адам болдым, толдым деген күні өледі. Саясатқа келетін болсақ, менің ойымша, оның үш қағидасы бар: оқу, ойлану жəне ой бөлісу. Үшеуі де, қарап отырсақ, руханиятпен, адамның ойлау жəне пайымдау қабілетімен тығыз байланысты. Өз руханиятынан ажыраған адам – мəңгүрт, ал өз руханиятынан ажыраған саясаткер тірі өлікпен тең. – «Қазақстан» ұлттық телеарнасында тұсауы кесілген «Ашық əңгіме» жобасының алғашқы қонағы – «Нұр Отан» ХДП-ның хатшысы Ерлан Қаринмен болған əңгімеде қойып үлгермей қалған сұрақтарыңыз бар ма? – Əрине! Болғанда қандай. Шынын айтсам, өмірдегі уақыт пен эфирдегі уақыттың ағысы екі бөлек дүние екен. Əңгіме қызған сайын сұрақтарды қоя бергің келеді, сұрақтан сұрақ туындайды. Ал эфирдің уақыты мен хабарды жазу уақыты түсінікті себеп терге байланысты шектелген. Хабарға қонақ болып қатынасу мен хабарды жүргізіп отыру, теледидар деп аталатын өте-мөте күрделі шы ғармашылық, технологиялық үдерістің, механизмнің бір бөлігі болу – мүлдем өзгеше құбылыс екен! Осы тұрғыдан келсек мен өзім үшін бір керемет əлемді ашып жатқан сияқтымын. Бұл, сөзсіз, керемет сын. – Көрерменнің көкейіндегі өзек жарды жайттар қозғалады деп күтілген жобаны дайындарда кімдердің ақыл-кеңесіне құлақ түріп, танымал мамандардан кімдер тартылды? – Əкем Əміролла Сарымов көп жылдар бойы осы «Қазақстан» арнасында жаңалықтар саласында қызмет етті. Сондықтан мен өзімді бұл салаға біршама жақын адаммын деп санаймын. Бірақ осы жұмысқа кіріскелі өзімді телевидениеде қызмет етіп жүрген əрбір қызметкердің шəкіртімін деп қабылдаймын. Əрине, менің де өз түсінігім, пайымым бар. Дегенмен, көп нəрсені түсініп, талай дүниеге үйренуім керек екен. Бұған толық көзім жетіп отыр. – «Ашық əңгіме» жүргізушісінің басқа бағдарламаның авторларынан ерекшелігі мен өзгешелігі неде? – Менің ойымша, бүгінгі күні ел теледидары көпшілікті ақпаратпен қамтамасыз ету, қызықтыру, көңілін аулау функцияларын орындап келеді. Бірақ, бүгінгі күннің бір ерекшелігі – теледидар бір кездегі өзінің көрермен ді қамтудағы монополиялық мүмкіндіктерінен айырылып барады. Ғаламтор, əлеуметтік желілер жағынан қысым күн сайын артып жатыр. Əрбір телеарнаның жаңалықтар қызметі бар. Мемлекеттік хатшы Марат Тəжиннің жақындағы тапсырмасынан кейін əрбір телеарна ізденіп, жаңа, тың хабарларды көрерменге ұсынып бағуда. Телехабарлардың, қойылымдардың рейтингі мəселесі де өткір қойылып отыр. Осындай артып жатқан бəсекелестік жағдайында əр телеарнаның өз ерекшелігі, ұтымды тұсы болуы керек. Тек осындай

жағдайда біз отандық теледидарды басқа елдердің телеарналарымен бəсекелесетін деңгейге, дəрежеге шығара аламыз. Қазақ көрермені өзіне қажетті жаңалықты естіп-көру үшін ең алдымен, өз нарығына, өз телеарналары мен бұқаралық ақпарат көздеріне жүгінуі керек. Бұл үшін қыруар еңбек етіп, ізденіп, тер төккеніміз абзал. Ал егер нақты «Ашық əңгімеге» келсек, менің пайымдауымша, оның тұрақты көрермені – еліміздің зиялы қауымы. Бүгінгі күні теледидарда көптеген талқы-шоулар жүріп жатыр. Онда барған адамдар бір-бірімен сөз жарыстырып, кейде өз ойындағысын толық аша алмайды. Бетпе-бет отырып, сұхбаттасатын хабарлар да жоқ емес. Осының арасынан өз орныңды ойып алу қиынның қиыны. Қолдан келсе рейтинг, мəртебе, ал келмесе «қарабет» болуға да болады. Хабарды бастаған кезде жарқ етіп шығуға, қатты-қатты сөздерді, ойларды айтуға да болар еді. Бірақ, менің табиғатым, ұстанымым бұны қабылдамайды. Жалпы, парасатты, терең ой айту үшін у-шу тек зиянын тигізетін сияқты. Сондықтан, басты ой сұрақтар мен сауалдардың тосындығы, оларды жаңа тұрғыдан қоюға, студияға келген қонақтың адами, кəсіби, тіпті, философиялық тұрғыдан ашылуына негізделеді. Өз басым ешкімді сөзбен тұқыртайын, мұқатайын деген ойым жоқ. Хабардың əрбір қонағы – танымал адам, өз ісінің майын ішкен маманы. Олардың барлығын дерлік білеміз, танимыз, сұхбаттарын оқимыз, көреміз. Басты мəселе сол тұлғалардың аузынан бұрын-соңды айтылмаған ой, сөз есту, жұрттың алдында отырып ойлану, ой бөлісу. Мысалы, композитор, қоғам қайраткері Төлеген Мұхамеджановпен болған екінші хабарды біздер 1 сағат 35 минут жазған екенбіз. Əңгіменің қызық болғаны сонша! – Мұны аламан ойдың алаңына айналдыру үшін не істеу керек деп ойлайсыз? – Таза технологиялық, жарнамалық əдістерден бұрын хабардың зиялы, ойлы көрермен үшін қызық болуын қамтамасыз ету керек деп санаймын. Бұл үшін іздене түсу қажет. Басқа оңтайлы не оңай жолын көріп отырған жоқпын. Менің ойымша, бұл жерде мынадай бір гəп бар. Бүгінгі күні телеарналардың бəрі көрерменнің соңынан жүреді. Көпшілікке ұнайтын сериалдарды, ойын-күлкі хабарларды көптеп қоюға тырысады. Ол да дұрыс шығар. Бірақ, теледидардың санаткерлік функциясын естен шығармағанымыз абзал. Теледидар қоғам ды тың тақырыптарды айтыпталқылауға итермелеуі, қажет болса, байқатпай күштеуі керек. Біздің қоғамда көпшілікке түсінікті, жағымды 5-10 тақырып аясынан шығып, мүмкіндігінше қоғамдық талқылардың сапасын жаңа деңгейге шығару қажет-ақ. Бүгінгі күні баспасөз бетінде талқылана бермейтін көптеген тақырыптар бар. Соларды айтуымыз керек. – Студия қонақтары ішінен алдағы уақытта танымал тұлғалардан тағы кімдерді көруіміз мүмкін? – Негізінен əрбір хабардың өлмейтін тақырыптарға арналғанын қалаймын. Бірақ, ағымдағы оқиғаларға да баға беріп, саралау керек. Қазақ қауымына осы тұлғалар қызық болады-ау, осы кісілердің ойы қызық екен деген талай азаматтардың тізімдерін жасақтадық. Мəселе студияға келетін адамдардың

5

 Есімі елге елеулі танымалдығында емес, олардың терең ой, тосын пікір айта білуінде болуы керек. Тіпті осы хабар арқылы қаймана қазаққа жаңа есімдерді, ғалымдарды, кəсіпкерлерді, сарапшыларды таныту, ашу бар жоспарда. Реті келіп жатса, Қазақстанға келіп жатқан шетелдік қонақтарды, елшілерді шақырып сөйлету де ойда бар. – Жалпы, хабарға қатысушыны алдын ала тікелей өзіңіз таңдайсыз ба, əлде бұл ұжымдық мəселе ме? – Екеуі де бар. Мен белгілі бір тұлғаны ұсынсам хабардың шығармашылық тобына оның көрерменге немен қызықты болатынын айтып дəлелдеуге тырысамын. Дəл сол сияқты продюсерлер: «Осы адам қалай, негізі керемет пікір айтып жүр» десе, мен де ондай ұсынысты қабылдауға дайынмын. Ортақ шаруа болғандықтан бір адамның өктемдігі болмағаны дұрыс. – Шақырылған студия қонақтарының арасында мұндай ұсыныстан бас тартушылар кездесе ме? – Болып жатады. Өкінішке орай, зиялы қауым өкілдерінің басым бөлігі Алматыда, ал хабар Астанадағы «Қазмедиаорталығында» жазылады. Хабардың түсірілу уақыты мен жаңағы кісілердің Астанаға келуі кейде сəйкес келмейтін кезі болады. Кейбір шенеуніктеріміз де сан алуан себеп айтып, тайқып жатады. Жалпы, біздің шен-шекпенділердің өз жұмысын халыққа түсіндіру, түйсіндіру тұрғысында шорқақтық танытатыны, ашық əңгімеден қашатыны өкінішті. – Өткен хабарға байланысты ғаламторда өзіңізге түрлі сынескертпелер жазылған екен. Сынды қалай қабылдайсыз? – Айдос Сарымның ең қатал сыншысы – Айдос Сарымның өзі. Интернетте, əлеуметтік желілердегі сындар менің ішкі сыныма ілесе алмай ма деп қорқамын. Студиядағы отырыс, жұмыс бір бөлек те, оның жарық көруі екінші бөлек дүние ғой. Жарық көрген екі хабарды эфирден де, интернеттен де 2-3 қайтара қарап, өзімді-өзім біраз аяусыз қажадым, ой түйдім. Қарапайым көрермендердің, осы сала мамандарының біраз пікірлерін қойындəптеріме түртіп алдым. Негізі, қарап отырсақ, бізге осы телевидение саласына арнайы дайындығы бар, кəсіби сыншылардың санын арттыру қажет сияқты. Бұл да телеиндустрияның бір құрамдас бөлігі. – Саяси сахнада кімдердің ойпікірімен санасасыз? – Шынын айтсам, бүгінгі саяси сахнада жүргендердің ішінен ондай адамдардың саны аса көп емес. – Соңғы уақытта телеарналарда саясаттанушы, актер, əншітележүргізушілер көбейді. Бұл Ресей телеарналарының əсері ме? – Менің ойымша, осы кезге дейін бізде де, Ресейде де журналистика дағдарып келді. Осыдан 15 жыл бұрын, 10 жыл бұрын жарық жұлдыз дең гейіне жеткен журналистерді барлығымыз атай аламыз. Ал бүгінгі күні газет саласында, телевидениеде істеп жүргендердің ішінде аса танымал журналистер бар ма? Отырып тізіп бере аламыз ба? Менің ойымша, жоқ. Оның көптеген себептері бар. Баспасөздің қоғамдағы орны мен рөлі қатты əлсіреді. Баспасөз құралдары рухани күштен гөрі ақпараттық, сая си тоқпаққа айналып кетті. Ал тоқ пақпен тоқпақтасып жатқанда оның ою-өрнегіне кім назар аударады? Ішкі цензура мен жабық тақырыптардың саны артты. Бұның барлығы журналистикаға теріс əсерін тигізіп, тұлғалық журналистиканы жоқ қылды. Ал журналистикадағы тұлға деген не? Ол сөз бен іске, жазы лып жатқан мақала мен түсі ріліп жатқан сюжетке деген асқан жауапкершілік, белгіленген межеден төмен түспеу. Бүгінгі əлем, қоғам мəдениеті, оның ішінде теледидары «жарық жұлдыздарды» қажет етеді. Сондықтан да болар баспасөз нарығындағы реформаны іске асыру үшін қазақ телевидениесі өзімен еншілес салалардан танымал тұлғаларды импорттап жатыр. Бұл уақытша үрдіс болар. Бұның өзі кəсіби журналистерге ұнамауы да мүмкін. Бірақ ішкі бəсекелестікті күшейту үшін бұның да пайдасы болады. Сіз айтып отырған тұлғалардың біразы түбі осы салаға икемделіп, шын мəніндегі майталман журналистке айналуы да ғажап емес. Шындап келсек, бүгінгі журналистика факультеттерінің түлектеріне ғана негізделген телевидение мен баспасөз аса қызықты бола алмайтын сияқты болып көрінеді. Заман өзгеріп жатыр, көптеген тың тақырыптар, бағыттар ашылып келеді. Олардың барлығына журналистік білім беру жүйесі уақтылы жауап бере алмайды да. Сондықтан дəл бүгінгі телевидениеге басқа салалардан көптеген азаматтардың келуін «қан жаңарту» деп түсінгеніміз дұрыс шығар. Бұл да бір ғаламат эксперимент. Түбі бағасын беретін қазақ көрермендері болуы керек, баға беру солардың қолында. Əңгімелескен Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, күйшікомпозитор Шəміл Əбілтаев туралы жазуды қолға алғанымда, алдымен онымен таныс-білістігім туралы ойладым. Сөйтсем, тым əрі, анау жиырмасыншы ғасырдың жетпісінші жылдарынан бастап, тіпті, одан да бұрын алпыс бес-алпыс алтыншы жылдарда ма, Атырау облыстық газетінде оның Д.Нұрпейісова атындағы музыка училищесінің үлгілі оқушысы ретінде басылған суреті арқылы қанық екенмін.

Кезінде Малайсарының билік сөздерін жинауға кəдімгідей атсалысқаным бар-ды. Таныс тақырып, тамаша тұлға ғой, бірден келісімімді бердім. Жолға шық тық. Бағытымыз əуелі Кулагинге соғу. Кулагинде қос күйші келеді дегесін ағайын, көрші-көлем бар біраз адамның басы жиналып қалған екен, Шəміл арғыбергіден біраз күйді төкпелеп,

Кїмбір кїй

Ал бірінші рет көруім – 1970 жылдың көктемі болатын. Сол жылы Алматыда атақты жазушы Сəбит Мұқановтың 70 жасқа толу тойы өтті де, аталған шарада Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияның IV курс студенті Ш.Əбілтаевтың қарт қаламгерге арналған «Сəбең сазы» күйі өз орындауында тыңдармандар назарына ұсынылды. Күйді өнерсүйер қауым асқан қошеметпен қабылдап, жамырай қол соқты, жабыла мақтады. Ертесіне республикадан шығатын көптеген газет бетіне жас күйшінің суреті басылып, ол туралы ауыздарының суы құрып жазды. Тіпті, оның Атыраудың алыстағы Толыбай құмы, Қарақызыл қыстағында дүниеге келгендігі, төрт жасынан бастап қолына домбыра алып, күй шалудағы алғашқы ұстазы – əкесі Бисенғали екендігі, оның орындаушы ретінде қалыптасуына Көшелі, Кəмеш, Серкебай сынды белгілі күйшілердің үлкен ықпалы болғандығы ай тылды. Шəміл сегізінші сыныптан соң Гурьевтегі Д.Нұрпейісова атындағы музыка училищесінде белгілі күйші, Атырауда алғаш болып 500 адамдық домбыра оркестрін дүниеге əкелген дирижер Сейілхан Құсайыновтан дəріс алып, шеберлік шыңдағандығы жайлы жазды. Міне, осыдан кейін-ақ республикалық деңгейде өтіп жатқан шараларда Шəміл жиі-жиі бой көрсетіп, өз өнерін көрермен назарына ұсынды. Ол сол жылдары негізінен Құрманғазы мен Динаның, Абыл мен Мəменнің ең бір күрделі күйлерін орындайтын еді. Бұл ретте оған ұстазы, pеспубликаның халық əртісі, дəулескер күйші Қали Жантілеуовтің əсері мол-ды. Өйткені, кейіннен 94 жасында күй-ғұмыры үзілген Қали ағаның орындау мектебі Құрманғазының өзінен тамыр тартатын. Соған сай оның шығарма жебеу ерекшелігі де түпнұсқаға ең жақын, табиғи-тұғын. Осындай дарабоздан сабақ алған жас күйшінің орындау шеберлігі мен машығы аумай қалған Қалекең тұрпатында болса, жалпы Шəмілдің өзі де, алғашқы тə лімгерлері, кəсі би ұстазы Сейілхан күйші, тағы сол Қали аға, бəр-бəрі бір топырақ – Нарын құмы, Жаңғала бойының күй мектебінен суарылған шын мəніндегі шарболаттар еді. Шəміл 1972 жылдан бастап Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында халқымыздың дəстүрлі күйлерін орындаушы-лектор болып қызмет атқарып, бір өзі тұтас өнер ұжымының міндетін арқалап, республика облыстарын түгелге жуық аралады. Қарақалпақ елі мен түркімендер, тəжік асып, Өзбекстандағы қандастарымызды күйге бөледі, əлемнің жиырма елінде өнер көрсетті. Сол кезде тағы да қазақ баспасөзі түгелге жуық жас таланттың орындау шеберлігі мен ғасырлар қойнауынан сыр тартқан шешендік (лекторлық) қабілеті туралы ауыздарының суы құрып жазды. Атап айтқанда, «Лениншіл жаста» қарағандылық Ақселеу

Сей дім бековтің «Шəмілдің Шайтанкөлі», Шөмішбай Сариевтің «Тағдыр», «Социалистік Қа зақ станда» қостанайлық Байтұрсын Ілиясовтің «Күйдомбыра», қызылордалық Байжігіт Əбдіразақовтың «Күй қанатында», тағы да басқа материалдарды атауға болар. Аталған дүниелердің қайқайсысы да көркемдігі жоғары, жүректің қанымен жазылған əңгімеге бергісіз ғажайып очерктер еді. Əсіресе, Ақастың «Шайтанкөлінде» Шəмілдің осы аттас күйінің дүниеге келуі əсерлі баяндалса, Байжігіттің «Күй қанатында» очеркі Əбілтаевтың Қазақстан комсомолы сыйлығына ұсынылуына себепші болды. Ақыры аталған сыйлықты иеленді де. Орындау шеберлігі жетіліп, өмір тəжірибесі толысқан Шəкеңнің уақыт өте композиторлық қыры өсе түсті. Ол дүниеге біраз жаңа күйлер мен əндер əкелді (Осы күні олардың саны жүзден асады). Олардың тақырыптық арқауы негізінен тарих тағылымы, оның қазақ елінің қазіргі тəуелсіздік таңына ұласуы. Ел тірегі – ерлер, тау тұлғалы арыстар. Солардың ішін де «Құнанбай қажы», «Қаракерей Қабанбай», «Пір Бекет», «Матай», «ҚазақстанНұрсұлтан» күйлері бар. Сондай-ақ, «Жер ұраны – Ұлытау», «Ордабасы», «Құрманғазы – күй дүлдүл», «Түркістан» музыкалық толғауларының авторы. Кезінде Шəміл Бисенғалиұлы Қазақ радиосының музыкалық редакциясында бас редактор болып істеді. Қазақ теледидарында «Үкілі домбыра», «Домбыра дастан» бағдарламаларын жүргізді. Кейін əр жылдарғы туындыларының басын құрап, «Ұлытау» атты кітабы мен «Ордабасы» деп аталатын күй табағын шығарды. – Менің, – дейді Шəкеңнің өзі – күйші атанып, елге танылуыма халқымыздың маңдайына біткен асыл ағалардың орны бөлек. Жастайымнан жақсы лардың қасында жүрдім. Əуелі Сейілхан ағаның қанатының астында болсам, сол кезде ақын Меңдекеш Сатыбалдиевтің қамқорлығы мол еді. Кейін атақты Хамит ақын, одан Əбіш Кекілбаев, Жұмекен Нəжімеденовтердің қамқорлықтарын көп көрдім. Мəмен мен Абыл күйлерін Жұме кендей шегелеп, ақыл мен тартатын күйшіні кездестірмедім. Шындығында мен күйші ретінде Жұмекенге борыштармын. Кəкімбек Салықов, Ақселеу Сейдімбеков, Байжігіт Əбдіразақовтарға деген алғысым мол. Шəміл қазақ композиторлары ішінде елдің ертеде өткен ерлері мен билері, батырлары мен əулиелеріне ең көп əн-күй арнаған өнер иесі. Оларды дəл қазір санамалап, саусақ бүгудің өзі қиын. Кейбіріне белгі қойып, кесене тұрғызуға да себепкер болды. Оның біріне өзіміз де куəгер болғанымыз бар. 1997 жылдың жазы еді. Қасын да белгілі өнертанушы, үш ішекті домбыраны халқымызға қайта табыстап, тірілтуші Жарқын Шəкəрімов бар Шəміл Дендердің Қараой бойында жатқан Малайсары қорымына барып қайтайық деп қолқа салды.

нешеуінің басын қайырды. Осы арада ойға тағы бір сырбаз күйші Ғатау Ибішевтің Шəкең туралы айтқан «Оның орындау стилі бөлек қой. Əсіресе, шығарманың əуезділігі, əуенін (вибрация) арттырудағы шеберлігі ғажап» деген бағасы түседі. Содан соң сорғалап Сейтектің «Заманайы» кетер еді. Мəменнің «Ақшолпанын» қайда қоясыз? Бұлары да жан рахаттандырады. Шəміл əр күйді орындау үстінде бүкіл кеуде тұсы шалқалап, енді болмағанда артына ауып кетер кейіпте отырады, бірақ құламайды. Сол сəтте қос жанары айналасындағы адамдарды түп-түгел барлай сү зеді. Осы кезде ойымызға кө некөз қарияларымыздың Дина шешеміз туралы əңгіме бастағанда «Əжеміз шығарманы ойнау үстінде екі көзі тыңдаушыны түгел барлап, орталарындағы күй табиғатын түсінетін ілуде біреуін тез танушы еді. Содан соң тағы бір жерде манағы құйма-құлақ отырса, əлгі күйді өзге нұсқада орындап, бағып отырған тыңдаушысының жадын тас-талқан етіп бұзып жіберер еді» деген сөздері оралады. Тегінде нағыз өнерпаз қыз ғаншақ келеді. Өзгенің өзіндей ғып орындауын тіпті де қаламайды. Сол қағиданы бе рік ұстағанның бірі Дина күйші болса керек. Əрине, біз Шəміл Бисенғалиұлын ондай дей қо й маймыз. Бірақ, сол барлауда кімнің күйді түсініп, кімнің түк түсінбей, əйтеуір қалың дүр мектің ортасында алаң-ғұлаң отырғанын аңдауда ма деп ойладық. Ертесіне ертелетіп, Жайықтың оң бетіне өтіп, Махамбет жатқан Қараойға бағыт ұстадық. Мақсатымыз ұлы ақынға зиярат ету. Содан соң... Əйтсе де Малайсары бидің моласы қай қорымда, қай жерде жатқанын ешкім білмейді. Əуелгіде біз «Қазақтың қай даласынан кімнің мазарын таппақпыз. Ол үшін алдын ала біреулерден сұрап, бағыттап алмаса, қиын ғой» деп таңданыс білдіріп едік, оған мұрты қисаймаған күйші «Маған біреулер осы маңайда болуы керек деген» деп арқасын кеңге салды. Күн болса, күйіп тұр. Біз болсақ жоқ іздеп, бал ашпақпыз. Бір-екі округтің ауылдарын араладық. Ешкім білмейді. Ақыры шыдамымыз таусылып, «Махамбет ақын осы араға соңғы рет түйе шөгеріп, үй тіккенде үш түрлі мақсатпен келіпті дейді ғой. Оның бірі – көптен бері мазалап жүрген, жамбасындағы соғыстан қалған найза жарақатын Дендер көлі тұзына түсіп, емдеу болса, екіншісі – Малайсары би мазарының аяқ жағында отырып, ендігі қалған өміріне құдайдан тыныштық тілеу, үшіншісі – осы төңірекке орналасқан қайын жұрты, алашалар ауылына қоңсы қонып, түтін алыстатпау, ағайыншылық көрінеді. Ендеше, бидің жамбасы тиген жер осы арадан қашық болмауы керек», деп Махаң басына қайта айналып соққанбыз. Осы кезде қазірде аудан əкімінің орынбасары болып отырған (ол кезде Жарсуат селолық округінің əкімі болатын) Əлиполла Балахметов «Мына бесіндікте жатқан алқапты «Малайсары жазығы» деп атайды. Ендеше, сол жақтан із кесейік», деген соң тағы да көлігімізге тақым арттық. Баржоғы бірер шақырым жүргенде ескілеу шом қоралардың орны кездесті. Одан əрі шопан ауылы бар екен. Сол арадан қасына 4-5 қарадомалағын ілестірген жас келіншекті сөзге тартып «Осы маңайда Малайсары бидің бейіті бар дегенді естігеніңіз бар ма?» деп сұрап едік. Қай қорымда кім бар, кім жоғынан хабарым жоқ, бірақ ана қыстақтың аула-қорасына іргелес шығыс бетінде үлкен қорым жатыр. Оны білетіндер біраз атақты адамдар жерленген орын деп қастерлейді, дегені. Бардық, шыннан да көне

қорым екені көрініп тұр. Біраздан бері өлік те жерленбеген. Ал енді іздеген баба бейітін қайдан табамыз? Махам бет қадір тұтып, атақты Сырымның өзі он жасында бата алған Малайсарының басынан кемінде екі жарым ғасыр өткенде құлпытас іздеудің өзі күлкілі сияқты. Бірақ «суға кеткен тал қармайды» деген емес пе, екі автокөлік адам, жүргізушіміз, журналисіміз болып, құлпытас қуалап, қорымды кезіп-ақ кеттік. Атам заманғы құлпытас, жазуларының бəрі араб əрпінде. Басқаларын қайдам, өз басымыз студент кезімізде араб тілінен сынақ тапсырғанымыз бар-ды, соны малданып, қайсы біріне үңіліп-ақ жатырмыз. Бірақ одан нəтиже шамалы. Арада бірер сағаттай уақыт өткенде жаңағы Əлиполла жерден жеті қоян тапқандай болып «Жігіттер, мында келіңдер! Мен таптым» деп дауыстады. Қойшы, жанына жетіпақ барайық. Маңғыстаудың қызғылт тартқан ұлу тасына «Малайсары би. XVII ғ.» деп жазылған екен, кəдімгі кириллица. Шамасы мал сүйкенді ме, əлде басқашалай ма, əйтеуір сынған күйі етпеттеп құлаған көрінеді. Құлағандарын аударыстырып жүрген сапарласымыз, ғайыптан тайып сəті түсіп кездейсоқ кездесіпті. Сөйтсе артынан естідік, бұл белгіні осыдан 4-5 жыл бұрын сол кезгі Индер аудандық мəдениет бөлімінің меңгерушісі Табылды Досымов қойған сыңайлы. Шəкең сол бойда тапқышбекке сүйіншісін ұсынып, жанымызға жаңа ғана келген шопан жігітке «Інім, бұл менің жетінші атам. Бірақ, оны мен атам болғасын іздеп жүрген жоқпын. Ол – Сырымның ұстазы. Кіші жүздің белгілі биі, əділеттік жаршысы. Тəуелсіздік – елді ұлықтау, ерді қадірлеуден басалатындығын ұғындыруда. Бізден кейінгі ұрпақ бұл кісіні білмейді. Сондықтан, олардың жадында қалсын, сөз қадірін білсін. Үлкенді сыйлап, ұлыны дəріптеуді үйренсін деп жүрмін. Ендеше, міне, орамалы, маған бір тоқтыңды қи», дегені. Мына сөзден кейін ол да атанына отырды да, іргеде жайылып жатқан отарынан ерте туған марқаның бірін сүйрелей жетті. Аруаққа арнап құран оқылды. Содан соң Шəміл «Мына күйімді атама арнаймын» деп мазар басында отырып алып Құрманғазының «Сарыарқасын» сорғалатсын деңіз. Аса шабытты. Күн екіндіге ауысқан, тыптымық. Айналаның бəрі аруаққа табынып, күйшіге құлақ түрген. Əуелден көсіліп шертілетін керемет күй кербез орындаушының қолынан құйындап, ширатылған күйі көкке атылуда. Орындаушының омырауына жас құйылып отыр. Сары даланың саңлақтары-ай... Аздан соң біз Атырауға аттанып кеттік. Кейін осы жерде Маңғыстаудың аппақ тасынан Малайсары бидің келісті кесенесі көтеріліп, батырлық пен билікті, азаттық пен теңдікті ту еткен тəуелсіз елдің ұл-қызының ойдан, қырдан басы қосылып, алқалы жұрт асқа жиналды. Міне, бұл Шəмілдің аруақтарға деген құрмет, мəңгілік мінəжатының бірі ғана. Ал күйші араласқан ондай құрметтер Қазақстанның қай бұрышында да баршылық. Ол өзінің «Пір Бекет» күйін «Бекет атаның Оғыландыдағы мешітіне түнеп шыққан таңда дүниеге келген шығармам еді» деп шаттанады. Тегінде Шəмілдің композиторлығы да өзіндік стилімен ерекшеленеді. Күйлер табиғатында түрлі мектептер сарыны болғанымен негізінен төкпе күйдің екпіні бар. Ал, əндері əр қалай. 1994 жылы Түркияның Измир қаласында өткен түркі халықтарының Дүниежүзілік құрылтайында оза шапқан оған «Түркі» озаны (жыршы) атағы берілді. Ол өткен жылы «Атырауым» деген күй шығарыпты. Біз керемет шаттандық, ол қуаныштан жарыла жаздап, «Бұл өзі əдемі күй» деді. Содан соң «Жақында Елбасының сөзіне жазылған «Шабдар ат» деген əн шығардым. Ол да əдемі. Өткен аптада Нұрекеңнің өзі тыңдап, ризалық білдірді» деді. Біз болсақ, ішімізден «Сізде əуелден əдемі емес нəрсе бар ма? Жалпы, өнер атаулының бəрі де əдемі ғой. Соның ішінде қазақтың қара домбырасы, оның сұлу күйіне не жетеді? Əдеміліктің бəрі күмбір күйде ғой» деп ой түйіндедік. Шіркін-ай, күй əлемін түсіне білсең ғой, ол сөйлеп тұрады, Сыр ақтарады емес пе?! Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ.


6

www.egemen.kz

16 сəуір 2013 жыл

Кґрсеткіш ќуып, ќылмысты жасыру (Соңы. Басы 1-бетте). - Нұрмаханбет Молдалыұлы, «Тура биде туған жоқ» деп адалдықты ту етіп өскен ата-бабамыз дəстүрінде қылмысты жасыру деген болмағандығы белгілі. Ал қылмыс жасаған жандар болса, ол кезде бір ауыз сөзге тоқтап, айыбын мойындайтындары да рас еді. Ендеше, осы қылмыстарды жасыру деген қайдан бастау алды? Қалай пайда болған? Əуелі осыған тоқталып өтсеңіз. – Иə, дұрыс айтасыз, қылмыс жасаған жанның кінəсін толық дəлелдей алса, оның айыптан құтылмасы белгілі. Ал бірақ, сол жасалған қылмысты тиісті құқық қорғау органдары тарапынан жасыру – тіптен сорақылық. Бұл əріден келе жатқан сырқат. Екі жыл бұрын, біз, есеп-тіркеу сұрағын тəртіпке келтіру үшін, Ішкі істер министрлігімен бірлескен кеңейтілген алқа мəжілісін өткіздік. Осы алқаға дайындалу барысында мен бір қызық құжаттарды таптым. Сонда сонау 1956 жылдың өзінде КСРО Министрлер Кеңесі «КСРО Ішкі істер министрлігінің жұмысын жақсарту шаралары туралы» қаулы қабылдаған екен. Əрине, оның қабылдануына дейін, үлкен тексерістер жүргізіліп, анықтамалар дайындалған. Соның кейбіріне көз жүгіртсек, мəселен, «Милиция органдарының жұмысын тіркелген қылмыс санымен ғана есептеу секілді тəжірибе орын алған. Милиция органдарының басшылары, өздерінің аймақтарында жасалып жатқан қылмыстардың өсуінен қорқып, көптеген қылмыстарды есептен жасырған. Қолдағы мəліметтерге сəйкес, қылмыстық əрекеттерді жасыру кеңінен орын алған» делінген. Сонда байқасаңыз, бұл құжат 57 жыл бұрын қабылданғанына қарамастан, бүгінгі күннің шындығына сай кеше ғана жазылған сияқты. Демек, сіздің айтып отырғаныңыз ертеден келе жатқан өзекті мəселе жəне ол тек бұрынғы Кеңестік одақ мемлекеттеріне тəн құбылыс секілді. Содан қалған ескі жүйе сырқаты болып тұр. – Бұл мəселе қазіргі күнгі құқық қорғау органдарында қалай көрініс беріп отыр? – Жылдар бойы біз тек бір мəселемен айналысып келдік: қылмыс азайса – жұмысты жақсартқанның арқасы деп баяндаймыз, өссе – олардың тіркелуін қатаңдаттық деп жəне сайраймыз. Ең қызығы, жаңа полиция бастығы келсе (бұрын – милиция), сол жылдың соңына дейін қылмыс өседі, содан кейін қайтадан келесі жаңа бастықтың тағайындалуына дейін біртіндеп азаяды. Ал шын негізінде мұның бəрі қулық, алдау. Өзіңіз саралап көріңізші. Егер, 2000 жылы 423 мың қылмыс туралы өтініштер мен хабарламалар түссе, он жылдан кейін ол 234 мыңға көбейген. Сонда логика бойынша қылмыстардың саны да өсу керек еді, бірақ, ол керісінше 16 мыңға, яғни 135 тен 119 мыңға азайған. Көрдіңіз бе? Қылмыстар туралы өтініштердің саны көбейсе де, неге екені белгісіз, қылмыстар төмендетіліп көрсетілуде. – Ал сонда осындай жағдайдың себебі неде жəне бұның бəрі неліктен болады деп ойлайсыз?

– Жауап біреу ғана, ол – сонау кеңестік кезеңнен қалыптасып қалған жүйедегі құқық қорғау органдардың жұмысын əртүрлі көрсеткіштермен, сандармен, пайыздармен бағалау. Бұл, өзіңіз түсініп отырғандай, қызметкерлерді тек көрсеткіштерді жоғарылатуға жəне соны ғана көрсетуге итермелейді. Ал мұндай жарыс кезінде полиция қызметкерлері кімге жəне не үшін қызмет атқарып жүргендерін ұмытады. Сөйтіп, халықтың проблемалары екінші кезекте қалады. Қылмыстың саны мен ашылуына деген жалған сұраныс, қылмысты жасыруға ғана емес, адамды қинауға да, азаптауға да соқтыратыны қорқынышты. Өйткені, əртүрлі өтірік сандар, жалған ақпарлар өзімізден басқа ешкімге керек емес. Қарапайым азаматты полиция бастығының қылмыс ашудағы керемет пайызы мүлдем қызықтырмайды. Оған ең алдымен, оның арызын тез арада қабылдап, сол мезетте тергеуді бастағаны керек. Сөйтіп, əрбір қатардағы қарапайым азамат, полицияның шынында да өз құзыреті шегінде уақыт оздырмай заңға сай тексерістің жүргізіліп жатқанын көріп, білуі қажет. Ал, полициялар болса, мұның орнына, жоғарыда айтқанымыздай, тек пайыз үшін ғана жұмыс істеп, болмаған қылмыстарды ойлап табуда. – Расында мынау сұмдық екен. Жұрт осы уақытқа дейін «Полиция – менің қорғаным» деп сеніп жүрсе, өкінішке қарай, жасалмаған қылмыстардың өзіне тергеу жүргізіліп, толық ашылды деген есептер алдын ала жазылып, дайындалады екен ғой. Енді бұл жөнінде не айтуға болады? – Бүгінгі таңда қылмыстардың ашылу пайызы ауыр жəне аса ауыр қылмыстармен өлшенеді, ал онша ауыр емес жəне ауырлығы орташа қылмыстар саналмайды, олар тек статистиканы бақылап отыру үшін қажет. Алайда, аумақтық полиция бөлімдерінің басшылары əлі де болса бұл жөнінде негізсіз сұрау салуда. Егер де, полиция қызметкерлерінің үлесінде үлкен көлемде ашылмаған ұрлық қылмыстары болса, бұл ашылу пайызын көтеруге, яғни оларға өз кезегінде ашылған қылмыстардың санын ұлғайтуға қажет. Сондықтан да, олар жасалмаған қылмыстарды ойлап табуда. Мəселен, Алматы қаласының прокурорлары қайтыс болғандарға, елден тысқары шығып кеткендерге жəне қамауда отырғандарға 50ден астам болмаған қылмыстарды жасады деп тіркелген жалған мəліметтерді анықтады. Бұл бұрмалау бойынша полиция қызметкерлеріне қатысты 20 қылмыстық іс қозғалып, бүгінгі таңда тергеліп жатқандығын еске сала кеткен жөн. Міне, енді өзіңіз де түсініп отырғандай, сонау кеңестік заманнан қалған сырқатты, сүйекке сіңіп қалған жүйені жою оңай емес. – Бұл орайда осы ресми статистикамен салыстырғанда шынайы көрсеткіш қандай болып отыр? Ал статистиканы бұрмалаушылық қандай қылмыс түрлері арқылы жасалуда? – Ауыр жəне аса ауыр қылмыстар бойынша статистиканы «қолдан жасау» қиын. Бұл жерде алдаушылық аз десек те, көңіл қобалжытатын деректер де жоқ емес, бірақ олар жаппай орын алып отыр деуге тағы

 Оқыс оқиға

болмайды. Аса ауыр қылмыстар көп жасырылмайды. Əдейі кісі өлтіру немесе денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру қылмыстарына қарағанда, ұрлық қылмыстарын есептен жасыру оңай əрі жеңіл. Сондықтан, онша ауыр емес жəне ауырлығы орташа қылмыстарды есептен жасыру көп, олар жалпы жасырылған қылмыстардың 85 пайызын құрайды. 2012 жылы қылмыстардың ашылу барысынан осы санаттағы қылмыстар алынып тасталған сəтте, олардың тіркелуі 254 мыңға дейін бірден өсті, себебі төменгі деңгейдегі полиция қызметкерлері бар мəн-жайды шынайы көрсетуге қорықпады. Мұндай қылмыстардың алдыңғы қатарына, 3 есеге өскен ұрлық (2010 жылы 59 988 ден 2012 жылы 178 461 ге) пен бұзақылық (6 821 ден 17 375 ке), 2 есеге өскен алаяқтық (10 115 тен 22 638 ге) пен тонау (10 734 тен 20 259 ға) жатады. Барлық кезеңде де осы қылмыстар есептен ең көп жасырылып келгені белгілі. – Ұрлық жасалды делік. Бірақ полицияға жүгінгендерге көбінесе, əуре болып қайтесіз, арыз жазбай-ақ қой, ол нəтижесіз қалады, қылмыскерді бəрібір таппайды, деп түрлі кеңес берушілер де көп болады. Жалпы, бұл қаншалықты дұрыс, полиция қызметкерлері осындай кеңестер беруге құқылы ма? – Былтыр 52 мың ұрлық бойынша қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы шешім қабылданыпты (52 147). Мұны полиция қызметкерлерінің түсіндіруі бойынша 52 мың адам полицияға болмаған ұрлық туралы арызданған көрінеді. Алайда, бұл жерде ұрлық болған, бірақ, белгісіз жағдайлармен, соның ішінде полиция қызметкерлерінің тарапынан қысым көрсетудің нəтижесінде, адамдар өздерінің алғашқы берген арыздарын өзгерткендігін бəріміз де жақсы білеміз. Кейбір облыстарда арызданушыларға ұрлық болғаны туралы емес, мүліктерінің жоғалып кеткендігі туралы трафареттік арыздың үлгісін жаздыру жолға қойылған. Мысалы, Жамбыл облысында ұрлық оқиғасы бойынша барлық арыздар, жоғалып кеткен мүлігін тауып беруге өтініш жасаумен басталса, Қостанай облысында арызданушылар ұрлықтың мүлдем болмағаны туралы көрсетуде. – Мынау бір қызық мəлімет екен. Бірақ заң бойынша арызданушыға полиция қызметкері тарапынан көрсетілген қандай да болмасын қысым заңсыз болып табылады емес пе? – Міне, осыған да байланысты

Жабыќ базар жалынєа оранды Ақтөбе қаласындағы «Мерей» сауда үйі өртеніп кете жаздады. Сатыбалды СƏУІРБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Төбеден басталған өрт екі қабатты шарпыды. Онда кілемдер, құрылыс материалдары, жиһаз сатылатын. Демалыс күні болған соң сатып алушылар қарамы да көп еді. От ортасынан 250 адам қауіпсіз жерге шығарылды.

Тілсіз жауды ауыздықтауға 35 өрт сөндірушімен, құтқарушылар жəне медицина қызметкерлері атсалысты. Жалпы алаңы 200 шаршы метр өртті сөндіруге бір сағат уақыт кетті. Алдын ала болжамға қарағанда, өрт электр желісінің тұйықталуынан болған көрінеді. Ақтөбе облысы.

Бас прокуратураның бастамасымен 2011 жылдың 9 қара шасында, Қылмыстық кодекс жаңа 363-1-бабпен толықтырылды, яғни қудалау органының лауазымды тұлғасы қылмысты жасырса, оны он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді. Енді бұл аталған баппен қазіргі күндері қылмыстық істер қозғалуда жəне кейбір облыстарда кінəлі қызметкерлерге қатысты сот үкімдері шығып жатыр. Бұл жұмыс өз жалғасын таба беретініне сенім мол. Сонымен қатар, аталған заңмен, «Құқық қорғау туралы» заңының 80-бабы да жасырылған қылмыстарды болдырмауға шара қолданбағаны үшін бірінші басшыны жұмыстан босату туралы нормасымен толықтырылды (12-1 тармағы). Біз, қазір осы норманың мүлтіксіз орындалуына күш салудамыз. – Жалпы, азаматтардың өтініштеріне орай полиция қалай тез арада шара қабылдауы керек? Мұның айлап созылатындығы да жасырын емес қой? – Шынында да, осы жылдарға дейін барлық арыздар бір немесе екі ай бойы қаралып келген. Осы күнге дейін полиция қызметкерлері қылмыс туралы арыздар бойынша 3 тəулік ішінде шешім қабылдауды өздерінің міндеттері емес, құқықтары ретінде санапты. Сондықтан да былтыр тамыз айында Бас Прокурордың нормативтік нұсқауымен бұл заң нормасын бұлжытпай орындау туралы қатаң талап қойылды (ҚІЖКнің 184-бабы). Нəтижесінде, бүгінгі таңда 100 арызданушының 90-ы өздерінің арыздары бойынша қабылданған шешім туралы 3 тəулікте біле алады. Егер бұл жағдай іске аспаса, тез арада ол туралы талап ету керек немесе прокурорға шағымдану қажет. Əрине, азаматтар да ескеруі тиіс, кейбір арыздар бойынша шешім 3 тəулік ішінде қабылдануы мүмкін емес. Бірақ, сізге айтарым, ондай арыздар көп емес, аз мөлшерді құрайды. – Енді сіздің ойыңызша, бұл салада заң бұзушылықтарды жойып, тəртіп орнату үшін не істеу қажет? – Жасыратыны жоқ, бізде, статистика əлі де болса қамшы ретінде қолданылады. Полицияда, Кеңес дəуірінен бастап, жұмысты көрсеткіштің негізінде бағалау дəстүрге айналған. Бұған көз жеткізудің ешқандай қиыншылығы жоқ, тек кез келген полиция қызметкерімен сөйлессеңіз бəріне қанығасыз. Бұл сан қуу ауруы (цифромания) қылмыстарды жасырудан басталып, басқаларына да ауысты. Сөйтіп, біз сандық көрсеткіштің тұтқынында қалдық. Əр қызметкердің өзінің тəсілі, амалы (қылмыс, іс, құжат, айыппұл жəне т.б.) мен жоспары бар, егер біреулері шынайы істі жасырса, басқалары жоқ құқық бұзушылықты ойлап табу мақсатында жалған хаттамалар толтырып, өздері айыппұл төлеуде. Сондықтан да, бұл мəселеге түпкілікті нүкте қойып, əртүрлі жалған сандарды, пайызды жоятын кез келді. – Іс жүзінде құқық қорғау органдарының қызметін халықтың сенімі арқылы бағалайтын

болсақ, онда оны қалай іске асыру керек? – Былтырғы жылдың 1 қаңтарынан бастап, құқық қорғау органдарында жаңа инновациялық технологияларды қолдана отырып, азаматтардың қылмыстар туралы барлық өтініштері мен хабарламаларын бірыңғай ашық жүйе арқылы іске асыру енгізілді. Əрбір тіркелген арыз бойынша азаматқа 14 санды түбіртек беріледі, ол бойынша заманауи ақпараттық байланыстар арқылы, (интернет, SMS арқылы хабарлама, Бас прокуратураның Call орталығы) тез арада өз арызыңыздың тағдырын жəне ол бойынша тексеру нəтижелерін білуге болады. Қазір осындай қызмет түрін 23 мыңнан астам азамат пайдалануда. Осыған орай, кез келген полиция органына шағымданған азамат, интернетке кіріп, құқық қорғау қызметі туралы өз ойын білдіріп жəне полицияға сене ме немесе сенбей ме деген сұраққа жауап бере алады. Дəл қазірге дейін 99 азамат өз ойларын айтып, оның жартысынан көбісі (65) полиция жұмысына қанағаттанбайтындықтарын, 16-сы қанағаттанатынын жəне 17-сі қалыс қалғандығын білдірді. Бұл ендігі уақытта ештеңе де жасырын қалмайтындығын білдіреді. Сондықтан полиция қызметкерлері барлық күш-жігерлерін салып, өзде рінің құзыреті шегінде тез, сапалы əрі заң шеңберінде жұмыс істесе, халық оны көрсе, сонда тіпті қылмыс ашылмай қалса да жұрт өзінің оң ілтипатын білдірер еді. Ал керісінше, егер олар өздерін дөрекі жəне асқақ ұстауымен қатар тіпті бұл жағдайда қылмысты ашып жатса да, олардың міндетсінгеніне жұрт кейістік білдірері анық. Өйткені, қашанда көрсеткен қызмет нəтижесі тек халық сенімімен ғана бағаланатынын ұмытпау қажет. – Сөйтіп, Бас прокуратураның жоғарыда айтылған мəселе төңірегінде өткен алқасына қатысқан құқық қорғау органдары қызметкерлері одан не түйді дейміз? Қандай жауаптылық жүктелетін болды? – Иə, осындай өзекті мəселелерге байланысты Асхат Дауылбаевтың төрағалық етуімен өткен Бас прокуратураның кеңейтілген ал қа мəжілісінде құқық қорғау ор ган дарындағы есепке алу-тіркеу тəртібін сақтау мəселелері айрықша айтылды. Оның жұмысына Іш кі істер министрлігінің, Эко номикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің, Кедендік бақылау ко митетінің басшылығы қатысты. Осында есепке алу-тіркеу тəжірибесін тəртіпке келтіру бойынша қабылданған шараларға қарамастан, қылмыстарды жасыру фактілерін түбегейлі жою жөніндегі міндеттерді толықтай орындау мүмкіндігі қиын екендігі де жеткізілді. Сөйтіп, бұл тал қылау қорытындысы бо й ынша қылмыстарды жасыру де ректерін болдырмау, ведомство лық бақылауды күшейту бойынша түбегейлі шаралар қабылдауды көздейтін ұсыныстар да қабылданды. Мəселен, Асхат Дауылбаев Мемлекет басшысы тапсырмаларының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етуді, ағымдағы жартыжылдықтың аяғына дейін қылмыстар туралы арыздар мен хабарламаларды жүз пайыздық тіркеуге қол жеткізуді талап етті. Сондай-ақ, есепке алу-тіркеу тəртібін бұзу жəне қылмыстарды жасыру орын алған жағдайда уəкілетті органдардың өңірлік бөлімшелерінің басшыларын лауазымнан босатуға дейінгі дербес жауапкершілікке тартуды күшейтуді талап етті. Ал прокурорларға осы салада қадағалауды күшейту, анықталған заң бұзушылықтарға сəйкес ден қою, қылмысты жасырудың əрбір фактісі бойынша кінəлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тартуды қамтамасыз ету міндеті қойылды. Енді жазықты жазасыз қалмайтын болады. – Əңгімеңізге рахмет.

Əңгімелескен Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан».

Дїниежїзілік денсаулыќ саќтау кїні аясында Əлемнің көптеген елдерінде 7 сəуірде Дүниежүзілік денсаулық сақтау күні атап өтіледі. Осыған орай, Республикалық аллергология орталығы «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде игілікті іс-шаралар ұйымдастырды. Орталықта 4 сəуірде «Ашық есік» күні болды. Онда еліміздің түрлі аймақтарынан келген науқастарға тəжірибелі маман дəрігерлер тегін кеңес беріп, ақысыз диагностикалық тексерулерден өткізді. Орталықта аурудың алдын алу жəне онымен күресу жолдары жақсы қойылған. 10 сəуірде демікпе ауруымен ауыратын сырқаттар үшін «астма-мектеп» дəрісі өткізілді. Сонымен бірге, 12 сəуірде маман дəрігерлерден құралған топ Алматы облысының шалғай жатқан ауылдарына барып медициналық көмек көрсетті. Бұл шара аясында науқастар аллерголог, лор, эндокринолог, кардиолог, гинеколог тəрізді маман дəрігерлерден білікті кеңес алды. Гүлмира МЕДЕНОВА, аллергология бөлімінің меңгерушісі. АЛМАТЫ.

ШАРАЙНА

Əлем жаѕалыќтары

Чавестіѕ мўрагері жеѕіске жетті Жексенбі күні Венесуэлада өткен президенттік сайлауда билік партиясынан кандидат Николас Мадуро жеңіске жетті. Бұл жөнінде кеше «Рейтер» ақпарат агенттігі дауыс берудің ресми нəтижесіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Елдің ұлттық сайлау комиссиясының мəліметтері бойынша, Николас Ма дуроны сайлаушылардың 51 пайызы қолдаған. Ал оның басты бəсекелесі оппозициядан президенттікке кандидат Энрик Каприлеске сайлаушылардың 49 пайызы дауыс берген. «Бүгін біз сайлауда əділ жеңіске жеттік деп айта аламыз», – депті Мадуро дауыс берудің ресми нəтижесі жарияланғаннан кейін.

Отыз тґрт адам опат болды Сомали астанасы – Могадишо қаласында болған террорлық əрекеттен 34 адам опат болып, ондаған тұрғын жараланды. «Франс-пресс» агенттігінің хабарлауынша, жарылыстар сот ғимараты орналасқан аумақта жасалған.

Ақпарат көздеріне қарағанда, террорлық əрекеттер жауапкершілігін «Əл-Каеда» ұйымымен байланысы бар «ƏлШабаб» радикалды ислам тобы алған көрінеді. Осы топтың өкілі террорлық əрекеттер Сомалиді басқыншылардан азат етпейінше жалғаса беретінін мəлімдепті. Сол күні мұндай жарылыстар ел астанасындағы əуежайда да болған екен. Соның салдарынан бес адам қаза тапқан. Оның екеуі түркиялық азаматтар. Бұл елде азаматтық соғыс 1991 жылдан бері жалғасып келеді.

Ґзіне ґзі айыппўл салды АҚШ-тың Мичиган штатындағы Иония округінің судьясы Раймонд Воут сот тыңдауы өтіп жатқанда, ұялы телефоны қоңыраулатып кеткеннен кейін өзіне өзі айыппұл салды.

Жергілікті басылымдардың жазуынша, сот отырысы барысында бір іске қатысты прокурор сөйлеп жатқан екен. Сол кезде судьяның ұялы телефонына күтпеген жерден қоңырау шалынып, отырысқа қатысушыларды елең еткізсе керек. Ал судья телефонының үнін бəсеңдетуді ұмытып кетіпті. Тыңдау аяқталған соң, судья Воут сотқа құрмет көрсетпегені үшін өзіне өзі 25 доллар айыппұл салуға шешім қабылдап, оны сол сəтте кассаға төлепті. Сондайақ, ол кез келген судья заңға құрметпен қарауға тиіс екенін де атап өтіпті.

Қысқа қайырып айтқанда: АҚШ-тың бұрынғы президенті кіші Джордж Буш алғаш рет немерелі болды. Оның қызы Дженни өмірге қыз бала əкелді. Германия тұрғыны лотереядан 46 миллион еуро ұтып алды. Хельсинкиде өткен бұл лотерея ойынына Еуропадағы 14 елдің тұрғындары қатысқан екен. Қытайдың Хубэй провинциясындағы қонақ үйден шыққан өрттен 14 адам мерт болып, 47 адам зардап шекті. Дубай соты тəжікстандық оппозиционер əрі саясаткер Умарали Кувватовты өз еліне қайтару жөнінде санкция берді. Ол өткен жылдың желтоқсанында БАƏ аумағында ұсталған болатын.

Зардап шеккендер ґз еліне жеткізілді «Интерфакс» агенттігінің хабарлауынша, кеше Бельгияда туристік автобустың апатқа ұшырауы салдарынан зардап шеккен ресейліктер Волгоград қаласына жеткізілді. Барлығы 26 адам, олардың 14-і ауыр жарақаттармен медициналық мекемелерге жатқызылды.

Ресейлік туристерді өз отанына Төтенше жағдайлар министрлігі ұшағымен əкелген. Бельгияда зардап шеккен тағы алты адам қалып отыр. Олардың барлығы кəмелеттік жасқа толмағандар, үшеуінің денсаулығы ауыр. Волгоград облысының балалары мінген туристік автобус Парижден келе жатқанда, 14 сəуірде ертеңгілік эстакададан құлап кеткен. Апат салдарынан автобустағы 39 адамның бесеуі қайтыс болған еді.

Бейбіт тўрєындар ќаза табуда Сирияда үкіметтік авиацияның соққы беруі салдарынан 25 бейбіт тұрғын қаза тапты. Олардың жартысына жуығы балалар. Бұл жөнінде кеше «Ассошейтед пресс» ақпарат агенттігі хабарлады.

Авиасоққы Дамаскідегі көтерілісшілер бақылауындағы ауданға жасалған. Бұдан бөлек үкіметтік авиация елдің оңтүстікшығысындағы күрдтер тұратын Хадад деревньясын бомбалаған. Оның салдарынан 16 адам опат болған сияқты. Өткен жылы сириялық авиацияның шабуыл жасауынан 4,5 мыңнан астам бейбіт тұрғын қаза тапты деген мəліметтер бар.

Єимарат 10,6 метрге жылжытылады Бакуде қаланың Физули көшесіне орналасқан тарихи ғимаратты 10,6 метрге жылжыту жоспарланып отыр. АРА агенттігінің хабарлауынша, бұл жобаны Нидерландының Bresser Eurasia компаниясы жүзеге асырады.

Компания басшысы Леон Свеегердің айтуынша, дайындық жұмыстары 18 сəуірде аяқталады. Жобаны жүзеге асыруға 200ден астам гидравликалық аппарат тартылады. Ғимаратты жылжытуға бес күндей уақыт кетеді. Үш қабатты тұрғын үй 1908 жылы салынған екен. Үйдің ұзындығы – 52 метр, ені – 35 метр, биіктігі – 20 метр. Оның салмағы – 18 мың тонна. Ғимаратты жылжыту көшелерді кеңейту үшін қажет. Интернет материалдары негізінде əзірленді.


Зерде Мəскеудегі Жоғары комсомол мектебінде оқып жүргенбіз. Бірде жатақханамызға түрі корей не жапонға келетін бір жігіт келді. Ол бізге қысқаша түрде өзінің бұрын осында оқып кеткенін, қазірде Ненец автономиялы облысында комсомолда жұмыс істеп жүргенін айтты. Сонан соң бірден келген шаруасына көшіп: – Жігіттер, киноға түскілерің келе ме? – деді. – Əрине! – дедік жан-жақтан жамырап. – Ендеше, былай, – деді, – «Мосфильмде» бір кинофильм түсіріліп жатыр еді. Соған өздерің сияқты өңі жапонға, қытайға келетін азаматтар керек болып тұр... – Біз оны ойнай алар ма екенбіз? – дегендей аздап дағдарып қалдық. – Тегін тамақ береді. Ептеп ақша

Ақпарат айдынында

ізі байқалады. Мұндай талант оған қайдан дарыған десеңші. Ол ешкімге ұқсамайды. Табиғаттың тынысын, көрік-келбетін дөп басып, өз бояуымен кескіндей біледі. Біздің ешқайсымыз да Жаңа жердің болмыс-тылсымын Тыко сияқты көріп, бейнелеп бере алмаймыз», деп жазған. Тыко Вылко суретшілікпен қатар, өз халқының ауыз əдебиетін, аңыз əңгімелері мен ертегілерін жинаумен де айналысты. 1914 жылы тұңғыш рет «Жаңа жер туралы жазбалар» деген жинақ шығарды. 1917 жылы Қазан төңкерісінен кейін кеңестендіру жұмыстарына араласып, алдымен поселкелік артынан бүкіл Жаңа жер еңбекші депутаттары комитетінің төрағасы болып сайланды. Оған қоса кəсіпшілік жəне аңшылық артельдеріне де басшылық жасады. Өзінің жерлестерін, əсіресе, балаларды жаңа

қарап жымың-жымың етеді. Енді бір мезетте Тыко велосипедті төңкеріп қойып, екі балаға тепкіштерін зыр айналдыртып, оған сыммен жалғанған лампаны жандырып көрсетті. Бұған таң қалған балалардың көздері шарасынан шығып кете жаздады. – Бұл Ильич шамы! – деді Тыко. – Егерде сендер оқып білім алсаңдар осындай жетістікке жетесіңдер. – Оқисыңдар ғой? – Оқимыз!!! – дедік ұлардай шулап. Осылай кинофильмнің көрінісі сəтті аяқталды. Бəріміз ду қол шаплақтап, бір-бірімізді құттықтап жаттық. Кино түсіруші топ бізге алғыстарын білдірді. Айтпақшы, түсте асханаға апарып тамақ берді. Сол жерде ойламаған қызық бір көрініске тап болдық. Тамақты енді алдымызға ала беріп едік. Асхананың іші үстеріне ала халат киген, жақтары қушиған тұтқындарға толып кетті. Сөйтсек, көрші па вильонда Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған режиссер Игорь

«ЎЛЫ САМОЕД» кинофильміне тїсіп едік... төлейді осы ос ып қойды төлейді... – дегенді ққосып қойды. Ашқұрсақ студентке бұдан басқа не керек. – Əйда, кеттік! – дедік желпініп. Ол бізді əй-шайға қаратпай таксиге отырғызып, заулатып «Мосфильмге» алып келді. Бұрынсоңды көрмегенбіз. Студияның ауласы шынында да ат шаптырымдай едəуір үлкен екен. Жан-жағымызға барлай қарап, əр нəрсеге таңырқап келе жаттық... Бастаушымыз бізді бірден кино түсіру алаңына апарып, біреумен таныстырып жатты. Артынан білсек, ол режиссердің көмекшісі болып шықты. Оның əңгімесінен ұққанымыз, солтүстіктегі ненец халқының атақты ағартушысысуретшісі, ауыз əдебиетін жинаушысы Тыко Вылка туралы көркем фильм түсіріліп жатқан көрінеді. Біз соның бір эпизодына түсуіміз керек... Оқиғаға қанық болып, өзімізді шынайы ненец балалары сезініп, ойнау үшін фильмнің мазмұнын айтып, Тыко Вылканың өмір жолымен таныстырды. Бейнебір ертегі айтқандай əңгімені əсерлі бастап кетті. Біз елітіп тыңдап қалдық. ...Ненец халқының əйгілі суретшісі Тыко Вылко 1886 жылы ақпанда Жаңа жер аралында өмірге келді. Оның бүкіл балалық шағы аңшылардың арасында өтті. Тыко ненец тілінде кішкентай бұғы деген мағынаны білдіреді. Ширақтығы, əрекетшілдігі үшін ата-анасы оны осылай атаған. Тыконың əкесі құралайды көзге атқан мерген, бүкіл Жаңа жердегі аз саналған сауатты адамдардың бірі болған. Тыко алғаш рет осында келіп қыс бойы аң аулаған кəсіпкерден қалған күнтізбедегі суретті шай орайтын қағазға салып көрген. Сөйтіп, суретшілікке құштарлығы оянған. 1901 жылы Жаңа жерге танымал полярлық суретші Александр Борисов келіп, аралды аралап көру үшін ол қасына жас Тыконы ертіп алады. Екеуі ит жеккен шанаға отырып, 400 шақырым жерді шарлап шығады. Суретші жолай табиғаттан көрген-білгендерін əдемі бейнелеп қағазға түсіреді. Бұған қатты қызыққан Тыконың живопиське құштарлығы оянады. Жас өреннің ұмтылысы мен талабын байқаған А. Борисов оны қыс бойы сурет салуға баулиды. Тыконың бағына араға екі жыл салып, үкіметке қарсы шыққаны үшін осында жер аударылып, суретші əрі жазушы Степан Писахов келеді. Ол Тыкоға қарындаш пен сурет салатын бояу сыйлайды. Оның салған суреттерін көріп таңғалады. Пи сахов өзінің күнделігінде: «...Выл коның салғандары ме ні біркелкі емес, ала бөтен ерекшелігімен қайран қалдырды. Мұнда еуропалық шебер суретшілердің

7

www.egemen.kz

16 cəуір 2013 жыл

əліппеге үйретіп у шы шылық үйретіп, ағарту ағартушылық істер де атқарды... ...Біз қазір мектеп ішінде Тыко Вылконың сондай оқытушылық ісінің бір көрінісін орындаймыз. – Қалай, дайынсыңдар ма? – Дайынбыз! – Мен де бір сұрақ бар? – деді ішімізден біреу. – Қандай сұрақ? – Неге фильмнің аты «Великий самоед» деп аталады? – Ə-ə дұрыс екен. Ұмытып кетіппін ғой. Ертеректе ненец халқын «самоедтер» деп атаған. Ал, Тыко Вылко осындай дəрежеге жеткен сол халықтың өкілі. Былайша айтқанда «ұлы самоед». Біздің қарсы алдымызда бөренеден жасалған шағын мектеп үйі тұрды. Бəріміз ненецтердің ұлттық киім-тондарын киіп ішке ендік. Міне қызық, қарсы алдымызда қазақтың белгілі киноактері Нұржұман Ықтымбаев ағамыз тұр. Бізге айтпап еді. Əлде ұмытып кетті ме? Тыко Вылконың рөлін сол кісі ойнайды екен. Біз бұған кəдімгідей қуанып қалдық. Əрі көңілімізге бір демеу пайда болғандай сезілді. Басты рөлді сомдайтын болғандықтан ба, фильмнің режиссері Аркадий Кордоннан бастап бəрі «Нуржуманчик, Нуржуманчик!» деп Нұржұман ағамыздың асты-үстіне түсіп жүр. Ол кісі үстіне аппақ тон киіп, сақалмұрты салбырап нағыз Тыко Вылконың кейпіне еніп алған... Жағалай парталарға қонжиып алған бізге – ненец балаларына ол қазір сабақ үйретуді бастайды. Кенет: – Мотор! – деген үн естіліп, жан-жақтан қаптаған аппараттар сартылдап іске қосылып, класс бөлмесі жап-жарық болып, киноны түсіру басталды да кетті. – Екі аңшы бір-бірімен қол беріп амандасты. Бұл қандай əріп? – Н-н-н! – дейміз бəріміз шулап. – Аңшы бір қолымен дөңгелекті ұстап тұр. Ол қандай əріп? – Ю-ю-ю! – Тарағымен шашын тарады. Қандай əріп? – Р-р-р! – Талтайып тұрып қолын екі аяғының арасына қойды. Қандай əріп? – А-а-а! Тыко Вылко шеткі партада отырған кішкентай қыз балаға қайырылып: – Сенің атың кім? – деді – Нюра! Оны ортаға шығарып, жоғары көтеріп: – Мұның аты Нюра! – деді. Тақтаға ірі əріптермен «Нюра» деп жазып қойды. – Сонымен, біз бүгін қандай сөзді үйрендік? – Нюра!!! Ненец балалары əріп үйреніп, сауат ашқандарына мəз. Бір-біріне

Гостевтің «Фронт за линией фронта» киноэпопеясының кезекті бір сериясы түсіріліп жатыр екен. Мына кісілер сондағы неміс концлагеріндегі тұтқындардың рөлін ойнап жүргендер болып шықты. Асхананың бір бұрышында шүйіркелесе əңгімелесіп Сталин мен Гитлер, бірге тамақ ішіп отырды. Бəріміз ол екеуіне таңғалып қарап қалдық. Сол күні кешке қарай «Мосфильмнен» жатақханаға көңілді қайттық. Өнердің құдіреті керемет қой. Көпке дейін өзіміз түскен «Ұлы самоед» фильмнің əсерінен арыла алмай жүрдік. Біздің түскеніміз бір сəттік көрініс қана. Ал, тұтас, яғни бастан-аяқ фильмге түскендер, тіпті басты рөлді ойнағандар қайтер екен? Қандай сезімде болар екен деңіз? Мен артынан қызық үшін бірнеше кітапты ақтарып Тыко Вылконың өмірбаянымен кеңірек таныстым. Сонда білгенім ол 1910-11 жылдары Мəскеуге келіп, сауаттанып, білім алыпты. Сурет салумен қоса, орыс тілін, арифметиканы, топографияны оқып үйренген. Мұндағы музейді көріп, опера театрынан қойылымдар көріп таң тамаша қалған. Еліне қайтып барғанда ойламаған жерден, жазатайым ағасы қайтыс болып, ненецтердің салт-дəстүрі бойынша ағасының артында қалған жесірі мен шиеттей алты баласын қам қорлығына алып, жеңгесіне үйленуге мəжбүр болған. Сөйтіп, Мəскеудегі оқуынан қол үзіп қалған... ...1950 жылы Кеңес өкіметі Жаңа жер аралында ядролық сынақ алаңын салу жөнінде шешім қабылдайды. Осыған байланысты жергілікті тұрғындар Архангельскіге көшірілетін болады. Бұған ненецтер қарсылық білдіреді. Сонда басшылар Тыкоға сен бастап көшіп, жұртқа ұйытқы бол, үлгі көрсет, деп нұсқау береді. Жаратылысынан жаны нəзік, ешкімге зияны жəне ауыр сөзі жоқ Тыко Вылко туған жерімен қимай-қимай мұңая қоштасады. Қоныс аударып, Архангельскіге келгенен кейін де өмір бойы өзінің кіндік қаны тамған Жаңа жерді бір барып көруді армандап өтеді. Өйткені, аса құпия, жабық объекті саналатын ядролық полигонға жоғарының арнайы рұқсатынсыз ешкімді жібермейтін еді. Аз санды ненец халқының көзі ашық, көкірегі ояу, аяулы азаматы Тыко Вылко 1960 жылы Архангельскіде 74 жасында көз жұмды... Кітапта Тыконың екі-үш суреті жəне автопортреті бар екен. Мен оған ұзақ қарадым. Көзінде мұң бар сияқты... Əшірбек АМАНГЕЛДІ, журналист.

«Еріктен» бастау алєан Исатай БАЛМАҒАМБЕТОВ,

«Атырау» газетінің бас редакторы, Қазақстанның құрметті журналисі.

Сана сарабына салып, ой таразысына безбендегенде біздің тұңғыш ізашарларымыздың өзі тегін тұлғалар болмағандығын риясыз пайымдағандай боламыз. Енді ше, басынан қаншама тар жол, тайғақ кешудерді өткерген халқымыздың ғасырлар бойы жан-жүрегімен аңсаған арман-мұратын газет атауына «Ерік» деп асқан патриоттықпен қоя білген əрі оның бірінші нөмірінен-ақ қазақтың көзін ашып, көкірегіне сəуле түсіруге тер төккен алғашқы толқынның ерлікке пара-пар еңбегіне еріксіз бас иеміз. Байыптап қарасақ, бодандыққа қарсылық пен тəуелсіздікке іңкəрлікті осы ұғымдардың осы бір синонимімен ерекше ептілікпен, келешекке деген көрегенділікпен бейнелей білудің өзі неткен шеберлік! Жалғыз ауыз сөзге мол мағына сыйғызуды, жалғыз ауыз сөзбен айтарын əдемі айшықтауды шығармашылықтың түп қазығы деуге де болар. Өйткені, «Еріктің» бірінші санындағы (1923 жыл, 1 сəуір) «Тірлік осымен басталады» деген бас мақаладағы «...Патша заманында өнер-білім үйретіп, қатарға кіргізейін деген хұқметтің де, басқалардың да ниеті болған жоқ... Онымен жүргенде алдағы күніне не керегін білмей, кейінгі ұрпақтың қайғысы қайғыртпай, аз күнгі айдаған малға алданып, өткінші болып шықты. Мал артынан көшіпқонып жүріп, құтымның қу шоқысына барып, өнер-білімнен құр қалды. Соның арқасында əлі бұғып келеді. Өзінің орны қайда екенін, кімнің кім екенін, кімнің кім болатынын білген жоқ. Оны білсе, бұлай отырмас еді. «Игіліктің ерте-кеші жоқ» деген. Əлі де болса ұйқыны ашып, дұрыс жолға түсу керек...» делінетін шырқыраған шындық осы ойымызды айқын дəлелдегендей. Газеттің əлқиссасынанақ біздің журналист аталарымыз патша заманының зымиян саясатын ашық айтып отырып, 1923 жылдың өзінде (кеңестік алдаусырату кезеңінде) қазағын оянуға үндеген!.. Осыған қарап біздің облыстық газет əу бастан-ақ, ең бірінші нөмірінен-ақ халықшыл басылым, қалың бұқараның жоғын жоқтап, мұңын мұңдаған еркін мінбер бола білгенін тап басып танимыз. «Ерікте» жарияланған іріліұсақты мақалалардың дені «Жұмысшыларға не қылу керек?» (№14), «Еңбек етсең, емерсің» (№19), «Жарлының бұрынғы көрген күні» (№22), «Волисполкомдарды жаңарту керек» (№18) деген тақырыптарды қамтыған. Мазмұн жағы да жаңадан мектептер ашу, сауатсыздықты жою, ұлт кадрларын тəрбиелеудің өзекті мəселелерін жан-жақты ашып көрсетті. «Қазаққа ғылым керек, өнер керек. Сол екеуінің анасы – мектеп керек! Мектеп керек!» – деп жазды газет №2 санындағы бас мақаласында. Яғни «Еріктің» тұңғыш редакторы Төлепкерей Өтеулиев пен оның қосшыларының халқын сүйген, оның мүддесі жолында отқа да, суға да түсетін, көзі ашық, көкірегі ояу, ең бастысы, нағыз ұлтжанды азаматтар болғанын мақтаныш сезіммен айта аламыз. Дегенмен, əр сөзден саяси астар іздеген, əр адамнан ұлтшыл, «халық жауын» жасаған кезеңдерде газет атауы да əлденеше рет өзгерді. Тізіп айтар болсам, расында да, сол кезеңнің тынысын бейнелейді: «Жұмыскер тілі» (1924 ж.), «Жем жұмысшылары» (1932 ж.), «Социалды құрылысқа» (1933 ж., қыркүйек), «Социалды құрылыс» (1933 ж., қараша), «Социалистік құрылыс» (1938 ж., қаңтар), «Коммунистік еңбек» (1963 ж., мамыр), «Атырау» (1990 ж., маусым) болып өзгеріп отырғанмен, қазыналы өңірдің төл басылымы бір орында қайырлап, не тұралап қалған жоқ, талай-талай шыңдалу белестерінен өтті. Қалай аталса да, халықтың көзі мен құлағы, сенімді мінбері бола білді. Осынау тоқсан жылдық шығармашылық жолда облыстық газеттің деңгейін төмендетпей, ұдайы бұқарамен біте байланыста ұстап,

халықтың үніне айналдырғандар қатарында Серікқали Жақыпов, Ғатау Махамбетов, Зайтүн Сыздықов, Шияп Қожахметов, Сағат Төлебаев, Сүлеймен Сауырғалиев, Мəди Байтұрсынов, Абдолла Құрманаев, Хабир Нұрмұхамедов, Түсіп Бисекенов жəне басқаларының есімдерін құрметпен атап, рухтарына тағзым етеміз. Олардың қайқайсылары туралы да бүгінде жинақталған естеліктер бар, бұл бұған дейін екі мəрте арнайы жинақ болып жарық көрген. Биыл да 90 жылдық мерейтойымызға орай үшінші кітап баспаға дайындалып жатыр. Əрине, ізашар толқын туралы айтқанда, газетіміздің Ұлы Отан соғысы жылдарындағы редакторы Сүлеймен Сауырғалиев хақындағы мына бір деректі келтіргенді орынды санаймын: 1946 жылы ол «Ана тілін бағаламайтын, саясаттан кенже қалған бейшаралар туралы» деген көлемді мақала жазыпты. Белгілі драматург-жазушы, газетімізде ұзақ жылдар бойы табан аудармастан жауапты хатшы болып қызмет еткен ардагер Берік Қорқытов бұл туралы естелігінде былай дейді: «... Облыстың бетке ұстаған бірталай басшыларының есімі аталды. Елдің іші ду ете түсті, құптағандары да, артын баққандар да болды. Көп кешікпей бұл мақала облыстық партия комитетінің бюросында қаралып, редактор сөгіс алып шықты. Сүлеймен сол бойда тəржімашы Қыдырғали Сасықовқа мақаланы орысша аудартып, машинкеге бастырып, Москваға, партияның Орталық Комитетіне, Г.М.Маленковтың атына жіберді. «Редакторды жұмыстан алады екен» деген сыбыс та ел ішіне тарай бастады. Бір күні Сүлейменнің атына сыртында «Центральный Комитет ВКП (б)» деген жазуы бар пакет келді. Сүлеймен өзі оқып болғаннан кейін бəрімізді шақырып алып таныстырды. Ол хатта: – газеттің мақаласы дұрыс, облыстық партия комитеті бюросының шешімі теріс деп табылды, қаулы облыстық партия комитетіне жіберілді, сонымен танысыңыз, – деп жазылыпты. Əлде қалай болады деп күдіктене жасып жүрген біздің де мерейіміз көтеріліп қалды. Ал, бұдан кейін редактормен сөйлесіп көр. Басшысымақтар да жым-жырт болды...». Мұндай мысалдар көп. «Еріктен» басталған осы өткірлік, байсалдылық, сарабдалдық сара жол ұрпақтан-ұрпаққа ұласып, «Атырау» газеті бүгінде кемеліне келген заманауи басылымға айналып отыр. Аймақтың рухани өмірінде облыстық газеттің алар орны да, ұйымдастырушылық-ұйтқылық рөлі де ерекше болды. Осы тұрғыдан алғанда, қазақтың талай-талай небір талантты тұлғаларының қаламгерлік жолдағы тұсауы да осында кесілді. Барша журналистердің ұстазы Тауман Амандосов, қазақтың көрнекті ақындары Меңдекеш Сатыбалдиев, Фариза Оңғарсынова,

Марат Ысқақов сынды қаламгерлер редакцияда қызмет істеп, осы ортадан түлеп ұшты. Өмірдің өзі ұрпақтар сабақтастығымен мазмұнды. «Атырау» газетінің 90 жылдық белеске шығуын да осы тұрғыдан саралағанымыз абзал. Өзімнің де алғаш еңбек жолымды осы редакциядан бастағаныма тура 30 жыл толып отыр. Арасында түрлі республикалық ақпарат құралдарында қызмет істеп келсем де, осы үш ондықтың бірінен саналатын мерзімде мен де аға буын журналистердің екі-үш толқынын көріп қалдым. ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітіріп келген сол 1983 жылы «Коммунистік еңбек» газетінің бас редакторы Құмар Кенжеғалиев ағамыз еді. Бас редактордың бірінші орынбасары Шөпенғали Дəуенов, орынбасары Қилыбай Қуанышбаев болатын. Кейіннен бас редактор Теңдік Жауырұлы мен бас редактордың орынбасары болған Құмарғали Ғабдешов ағадан да өмірлік мол тағылым алдым. Бір ғажабы, сол 80-інші жылдары редакцияда өңкей қаламы қарымды ер-азаматтар қызмет жасады. Атап айтқанда, Айтқали Нұрғалиев, Қабижан Сағиев, Жаңбырбай Сұлтанғалиев, Қаржаубай Сұлтанғалиев, Сансызбай Оқасов, Мұқан Көптілеуов, Тəжі Ақымов, Төлеген Берішбай, Өтепберген Əлімгереев, Мақсот Елеусінов, Əнуарбек Қосанов, Төлеген Жаңабаев, Тасмағамбет Текеев, Арынғазы Мырзағалиев, Кеңес Тұрышев, Ермек Биғалиев, Алпамыс Теміров, Мұхтасын Суханбердиев, Жоламан Бошалақов, Əбілқайыр Спанов, Əндіржан Мұқанғалиев, Ғапур Шапатов, Меңдібай Сүмесінов, Тəкен Қозыкешов... Ал, қыздардан Светлана Қайырғалиева, Бағзай Супьянова, Сара Досниязова ғана болды. Олардың ішінде Сара (жақында өмірден озды) қалам қарымдылығымен ерекше көзге түсіп, өзге салаларда қайраткерлік танытса, Бағзай апамыз əлі күнге дейін редакцияда бізбен бірге еңбек етіп, кейінгі буынға тəлімгерлік танытуда. Тұтас бір аймақтың ұдайғы жылнамасына айналған газетіміз 90 жылдық белесіне көтерілгенде біз де өткенімізді таразылап, болашағымызға бағдар жасап алар жауапты шақтамыз. Осы орайда бүгінгі облыстық газеттің мазмұны да, көтер жүгі де күн санап байып, халық арасындағы абырой-беделі өсіп отырғандығы бізге зор жауапкершілік жүктейді. Жұртшылық іздеп жүріп оқитындай тартымды басылым жасауға жан-жақты мүмкіндік те бар. Баяғыдай сия сауыт пен қол терімнің уақыты өткен, компьютер мен басқа да заманауи озық құралдармен «қаруланған» журналистер мен баспагерлер аймақтың ғана емес, елдің, тіпті əлемнің жаңалықтарын да қас пен көздің арасында оқырманға жеткізе алады. Газеттің жеке вебсайты да «айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызған» (Ыбырай Алтынсарин) заманды əйгілеп отыр. Оның үстіне жуырда «Атырау-ақпарат» медиахолдингінің басшылығына журналистиканың қазанында əбден қайнаған белгілі қаламгер Төлеген Сақтағанұлы Берішбайдың келуі де жанды бастамаларға жол ашты. Журналист кадрларын даярлау, қызметкерлерге жан-жақты əлеуметтік оңды ахуал қалыптастыру, баспахана құрылымын жетілдіру бағытында жаңа жобалар қолға алынуда. Газетті ұстап тұратын үштағанның алдыңғы екеуі – қалың оқырман мен белсенді авторлар десек, ең басты тірек – тілшілер корпусы. Редакция аппаратындағы жəне аудандардағы тілшілеріміздің қаламынан туған төлтума дүниелер облысымыздың түкпір-түкпіріндегі қазақтың санасына сəл де болса сəуле шашып жатса, бізге одан артық мəртебенің керегі шамалы. Бір сөзбен айтқанда, «Атырау» – ақпарат айдынында алғы күнге үкілі үмітпен, əппақ сезіммен, жалын жігермен бет алған ақ желкен! АТЫРАУ.

Жаңа кітап

Астананыѕ таєы бір шежіресі Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Алаштың асқақ айбыны мен асыл арманына айналған ару Астананың тарих сахнасына шыққан 15 жылға тарта ғұмырын да атағы айбындап, əлем таныды. Егемен еліміздің елордасы хақында соңғы жылдары жазылған кітаптар мен зерттеу еңбектер шоғыры да соның айғағы. Жақында сол танымдық зерттеулер қорына «Астана кітапханасы» сериясымен Алматы қаласындағы «Полиграфкомбинат» ЖШС баспасынан шыққан «Астана» атты энциклопедиялық кітап-альбом қосылды. «Астана қаласы Ішкі саясат басқармасы» ММ тапсырмасымен басылған энциклопедиялық кітапальбомда Астана өңірінің ежелгі тарихынан бастау алған танымдық деректер бас қаламыздың бүгінгі жетістіктерімен əрлендіре өріп берілген. Жоба авторы жəне құрастырушысы, бас редакторы – БАҚ саласындағы Президент грантының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі қаламгер Жұмагүл Саухат оқырмандарға арналған шағын кіріспесінде бұл басылымның танымдық деректерге бай

екендігін айта келіп, оның жарыққа шығуы туралы қысқаша мағлұмат береді. Егемен еліміздің бас қаласын таныстыруға арналған бұл танымдық еңбектің алғашқы бетінен бастап, заманалар қойнауының шежіресі сыр ақтарып, сонау ғұн, сақ дəуірлеріндегі ежелгі қоныстан бүгінгі сəулетті əсем мегополисқа дейінгі сан ғасырлық тарихы көз алдыңыздан өтеді. Кітапта VI-VII ғасырларда түрік қағанатының қол астында болған осы төңіректегі байырғы шаһарлар Бозоқ, Бытығай туралы да деректер берілген. Біздің заманымыздағы Ақмола бекінісінің салынуы, өркендеуі туралы да мол мағлұмат алуға болады. Басылымда Ақмола атауының шығуы туралы тың деректер келтірілген. Ғұн тілінде «ақ» – батыс, «мола» – қамал ұғымын білдіреді. Ендеше, Ақмола – «Батыстағы қамал» деген атпен Ұлы даланың даңқты ұландары – ғұндар салған қала деген тұжырым жасайды басылым. Ару Астанамыздың атасына айналған көне Бытығай, Бозоқ шаһарларының шежіресі туралы да мағлұматтар беріледі. Мəселен, қазіргі Астана маңындағы Бытығай шаһары 1375

жылы Италияда шығарылған «Католон картасына» түсірілген екен. Қытай оқымыстысы Ма Юн: «Ескі Жібек жолы Алтай тауының шығысын өрлей келіп, Альпі тауына қарай жөңкілген Сол ұзақ жолда жүргінші Ақжолға (Бозоқ) сəл-пəл тыныстайтын», – деп жазады. Одан əрі энциклопедиялық кітап-альбомда Ақмола бекінісінің салынуынан бастап, тəуелсіз Отанымыздың бас қаласы Астананың гүлдену кезеңіне дейінгі жылдардың кең тынысты шежіресі баяндалады. Бұл классикалық энциклопе дия сипатындағы кітап-альбомның басты ерекшелігі, барлық танымдық мағлұматтар

мен мақалалар үш тілде – қазақ, орыс жəне ағылшын тілдерінде қатар өріліп отырған. Сондықтан бұл еңбектің Батыс пен Шығыс өркениетінің алтын көпіріне айналған елордамызға келетін туристер үшін құнды кітап болатындығы даусыз. Кітаптың «Астана алған асулар» атты бөлімінде егемен еліміздің бас қаласының тарих сахнасына шыққан жылдар ішіндегі қол жеткізген жетістіктері паш етіледі. Халықаралық сахнада шыққан жетістіктері туралы айтылады. Ал «Астана – айтулы оқиғалар ордасы» атты бөлімінде елордамыздың жаһандық ірі бас қосулар орталығы ретіндегі ірі оқиғаларға шолу жасалынған. Кітап-альбомның тағы бір ерекшелігі – оның атына сай арайлы Астананың ажарын келті ретін əсем ғимараттардың су рет терімен өріліп беруінде. Жал пы, кітап-альбомның көркін ашып, мазмұнын байытып тұрған осы тартымды да сəнді суреттер екендігін ерекше атап өткен жөн. Кітап-альбомды əсем сурет-шежірелермен əрлендіруде фототілшілер И.Бурган динов, Е.Омаров, Д.Граб, А.Мақсұтовтардың еңбектері де өлшеусіз. Сонымен, жалпы таралымы 4500 дананы құрайтын түрлі-түсті энциклопедия сипатындағы кітап-альбом оқырмандарға жол тартты.


8

www.egemen.kz

16 сəуір 2013 жыл

ҰЛТТЫҚ БАНК ХАБАРЛАЙДЫ, ТҮСІНІКТЕМЕ БЕРЕДІ, ТҮСІНДІРЕДІ

МӘРТЕБЕ ЖӘНЕ ФУНКЦИЯЛАР – Бисенғали Шамғалиұлы, Ұлттық Банк тарихының көптеген оқиғаларға бай екендігі белгілі, солардың ішінен ең маңыздыларын бөліп алып, оқырмандарымызға еліміздің қаржы жүйесін дамыту кезеңдерінде қандай өзекті міндеттерді шешуге тура келгендігін айтып берсеңіз. – Расында да сіздің атап өткен күндеріңіз біздің банк жүйеміздің тарихында маңызды орын алады. Мəселен, 1991 жылы 20 маусымда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің «Қазақ КСР-дегі банктер жəне банк қызметі туралы» Заңы банк жүйесін реформалау үшін заңнамалық базаның негізі болды. Осы құжатта алғаш рет коммерциялық банктің анықтамасы бекітілді жəне өзге кредиттік мекемелерді құруға, жеке банктерді, сондай-ақ шетелдің қатысуы бар банктерді ашуға рұқсат етілді. Бұдан басқа заң негізгі міндеттер мен функцияларды, оның ішінде Қазақ КСР Мемлекеттік банкінің ақша-кредиттік реттеу саласындағы негізгі міндеттері мен функцияларын белгіледі, өзі жəне коммерциялық банктер жүзеге асыратын операциялардың тізбелерін айқындады. Бірақ коммерциялық банктерді ашу жəне қызметін тоқтату тəртібін, сондай-ақ Мемлекеттік банктің олардың қызметін реттеу қағидаттары мен əдістерін белгілеу ең маңызды жаңалық болды. «ҚР Ұлттық Банкі туралы» 1993 жылғы 14 сəуірдегі Заңға сəйкес Қазақ КСР ҰБ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып қайта аталды. Заңда Қазақстан Республикасының екі деңгейлі банк жүйесі бар екендігі жазылды. ҚР Ұлттық Банкі орталық банк болып табылады жəне еліміздің банк жүйесінің жоғары деңгейін білдіреді. Заң КСРО-ның Мемлекеттік банкімен байланысты барлық ережелерді жойды. Əңгіме ортақ бірыңғай ақша бірлігі туралы емес, өзіміздің ұлттық валютамыз, оның ішкі жəне сыртқы орнықтылығын қамтамасыз ету туралы еді. ҚР ҰБ-ның ақша айналысы саласындағы өз мемлекеттік саясатын əзірлеуге жəне жүргізуге қатысуы негізгі мақсаты болды. Ұлттық Банктің функциялары, құқықтары, өкілеттіктері мен жауапкершілігі нақтыланды, құрылымы мен басқару органдары айқындалды. 1993 жылдың ортасында ұлттық валютаны енгізу жөніндегі мемлекеттік комиссияны құру туралы шешім қабылданды. ҚР Премьер-Министрі Сергей Терещенко оның төрағасы болып тағайындалды. Құжаттамасын Дəулет Сембаев басқарған арнайы жұмыс тобы əзірледі. Банкноттардың эскиздерін жасау үшін құрамына Меңдібай Əлин, Досбол Қасымов, Ағымсалы Дүзелханов, Тимур Сүлейменов жəне Хайролла Ғабжəлелов кірген авторлық ұжым құрылды. Теңгені енгізер алдында Президент Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің азаматтарына ұлттық валютамызды енгізудің қажеттігі туралы үндеу жолдады. Кеңестік рубльді теңгеге ауыстыру 1993 жылғы 15 қарашада сағат 8.00-де басталып, 1993 жылғы 20 қарашада сағат 20.00-де сəтті аяқталды. 1995 жылғы 30 наурызда Президенттің «ҚР Ұлттық Банкі туралы» Заң күші бар Жарлығына қол қойылды. Экономиканың құлдырау қарқынының баяулауы жəне инфляция деңгейінің айтарлықтай төмендеуі 1995 жылы Қазақстан экономикасы дамуының негізгі жəне оң нəтижелері болды. Жыл қорытындылары ақша-кредит саясаты құралдарының көмегімен инфляцияның монетарлық құрамдас бөлігін төмендете отырып, оның деңгейіне əсер етуге болатындығын көрсетті. Экономиканы кредиттеу функциясы Ұлттық Банктен екінші деңгейдегі банктерге өтті. ҚР ҰБ көбіне ЕДБ-нің өтімділігіне қолдау көрсету мақсатында оларды кредиттеуді жүзеге асыра отырып, орталық банктерге тəн ақша-кредит жəне валюталық реттеу функцияларын орындай бастады. Қазақстанда өз Банкнот фабрикамызды ашу да, банкаралық валюта нарығының туындап, қалыптасуы, сауда-саттықты жүргізудің электрондық сауда жүйесіне өту сол жылдың маңызды оқиғасы болды.

РУБЛЬ АЙМАҒЫНАН ШЫҒУ – Аса маңызды мемлекеттік құрылымды құруға өзіне жауапкершілік алған жəне ол міндетті абыроймен атқарып шыққан адамдар туралы əңгімелессек. Бұл жерде шетелдік сарапшылар жұмыс істеді деген кең тараған пікірге қарамастан, Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік Банк Қазақстанға бұл мəселеде көмек беруге аса құштарлық танытпады деуге болады. Себебі, Марченко мырза берген сұхбаттарының бірінде республика олар үшін «айрықша жағдай болған жоқ». – Ол кезде Қазақстан рубльдің тарту аймағында қалды, Дəулет Сембаев басқарған жұмыс тобы қаржы жүйесін дамытудың екі: рубль аймағын сақтау кезіндегі, сол сияқты өз ұлттық валютамызды енгізу кезіндегі сценарийді қарастырды. Сонымен қатар, бүкіл қаржы жүйесінің жұмыс істеуінің негізгі өлшемдері қарастырылды. Ел жол торабында

тұрды... Көптеген нұсқалар болды. Жоспарлы жүйеден нарықтық жүйеге өту, модель түрін айқындау, тіпті банк түрін таңдау – инвестициялық немесе коммерциялық – құзыретті, сараланған тəсілді талап етті. Салыстырмалы талдау жүргізіп, ойлануға уақыт болған жоқ. Ұзаққа созу дағдарысқа əкеп соғу қаупін туғызды. Валюта бойынша ғана емес, бүкіл банк жүйесін құру үлгісін таңдау бойынша, Ұлттық Банктің активтерін басқа-

бар орталық банктердің функцияларына жақындату бойынша жүйелі қадам жасай бастады. Мəселен, 1994 жылы Ұлттық Банктің нақты сектордың кəсіпорындарын тікелей кредиттеуі, сондай-ақ Үкіметтің шешімі бойынша кредиттер беруі тоқтатылды. Бюджет тапшылығын жабу үшін Үкіметке кредиттер ақылы негізде берілді, ал 1995 жылы беру мүлдем тоқтатылды. Ұлттық Банктің кредит ресурстарын орналастыруы жүргізілген кре-

айырысу банкінің зерттеуі бойынша баға тұрақтылығы əлемнің зерттеуге қатысқан 45 елінің 33-де негізгі мақсат болып табылады.

ДАҒДАРЫС АРҚЫЛЫ «СТРЕСС-ТЕСТ» – Елдің қаржы нарығы, сондай-ақ банк секторы бірнеше күрделі кезеңдерді бас-

Бисенғали ТƏЖІЯҚОВ:

«Еліміздің банк жүйесінің тарихында жай шешімдер мен оңай жолдар болған жоқ» 14 сəуірде Ұлттық Банк ресми түрде өзінің жиырма жылдығын атап өтті. Алайда ҚР ҰБ тарихында басқа да атаулы күндер болды: 1991 жылғы 20 маусым – ҚР Ұлттық Банкінің ресми құрылған күні; 1993 жылғы 15 қараша – ұлттық валютаның енгізілген күні; 1995 жылғы 30 наурыз – «ҚР ҰБ туралы» жаңа Заңның шыққан күні. Тіпті 1876-шы жылы қазіргі Қазақстанның аумағында Орал қаласында Мемлекеттік банктің бірінші бөлімшесі ашылды. Бұлардың бəрі – атаулы күндер, бірақ олардың арасында Ұлттық Банктің жəне еліміздің банк жүйесінің маңызды қалыптасу кезеңдері болды. Осы жүріп өткен жолдың қалай болғандығы жайында барлық жылдар бойы Ұлттық Банк жүйесінде жұмыс істеген ҚР Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары Бисенғали ТƏЖІЯҚОВ айтып береді. ру жүйесі бойынша маңызды шешімдер қабылдау қажет болды. 1993 жылғы желтоқсанда Дəулет Хамитұлы Сембаев ҚР Ұлттық Банкін басқарды, енді ол теориялық тұрғыдан қаланғандарды, Президентіміздің қолдауымен іс жүзінде іске асыруы тиіс болды. Теңгеге бар болғаны бір ай болғанда ұлттық валютаның алдында өз тұрақтылығын сақтап қана қоймай, елдің бүкіл қаржы жүйесінің өзегі болу міндеті тұрды, себебі теңге енгізілгеннен кейін ғана Қазақстан толық егемендігін, өз ақша-кредит жəне экономикалық саясатын жүргізу мүмкіндігін алды. Əсіресе, осы кезеңде Ұлттық Банктің макроэкономикалық ахуалға əсер етуінің негізгі қағидаттары əзірленді, құралдар сынақтан өткізіліп, ықпал ету тəсілдері тексерілді, қызметінің алгоритмдері қаланды. Ұйымдастыру жұмысы да жүргізілді: Банкнот фабрикасы салынды, Мемлекеттік қойма жəне Теңге сарайы құрылды.

ОРНЫҚТЫЛЫҚТЫ СЫНАУ – Ұлттық валютаны енгізу туралы саяси шешімді ел басшылығы қабылдады, ал ҚР Ұлттық Банкінің осы мəселедегі рөлі қандай болды? – Сол кезеңде Ұлттық Банк ұлттық валютаны енгізудің рəсімдік мəселелеріне ерекше назар аударды: жаңа валютаны ел бойынша, айырбастау пункттеріне жеткізу, ескі ақшаны жаңа ақшаға айырбастаудың басталу күні мен ұзақтығы, айырбастау коэффициенті. Теңге алғашқы айырбасталған күннен бастап заңды төлем құралы болды. Меншікті валютасының болуы Ұлттық Банкке тəуелсіз ақша-кредит саясатын жүргізуге мүмкіндік берді. Бюджет тапшылығын жəне директивалық кредиттерді жабу үшін кредиттер беру тоқтатылды. Экономиканы кредиттеу функциялары екінші деңгейдегі банктерге толық берілді. Ұлттық Банк негізгі міндетті – ұлттық валютаның орнықтылығын, яғни инфляцияның төменгі қарқынын жəне бағамның тұрақтылығын қамтамасыз етуді шеше бастады. Меншікті бағалы қағаздарын (қысқа мерзімді ноттарды) шығарып, ашық нарықта операциялар жүргізуді жəне кредиттер беруді бастады. Ақша-кредит саясатын жүргізудің тиімділігіне «ҚР Ұлттық Банкі туралы» Заң мүмкіндік жасады, оған сəйкес ҚР ҰБ өз қызметінде тəуелсіз жəне тек Қазақстан Республикасының Президентіне ғана есеп береді. – Ұлттық валютаның енгізілуімен қатар мемлекеттің экономикалық саясаты ғана емес, сонымен бірге РФ Орталық банкінің ықпалынан шыға отырып Ұлттық Банк негізгі функциялары мен өкілеттігіне толыққанды ие болды. Ұлттық Банктің қандай басты міндеттерді шешу керек болғанын, алда қандай мақсаттар тұрғанын, сол кезеңде ақша-кредит саясаты қандай негізгі жəне қандай құралдарына қолжетімді болғанын оқырмандардың есіне салайық? – Ұлттық валютаны енгізу кезеңі Қазақстанда өндірістің жаппай құлдырауымен жəне инфляцияның үдеуімен сипатталды. 1993 жылы инфляцияның орташа айлық қарқыны 30,1%, нақты ІЖӨ құлдырауы 9,2% құрады. Осындай өте күрделі жағдайда Үкімет пен Ұлттық Банк инфляцияны біртіндеп төмендетуді жəне бір мезгілде өндірістің құлдырауын тежеуді бірінші кезектегі міндет ретінде айқындады. Осы кезде Ұлттық Банк тікелей кредиттер берді жəне мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қаржыландырды, яғни іс жүзінде коммерциялық банктің функциясын орындады, бұл орталық банктің мəртебесіне қайшы келді. Сондықтан Ұлттық Банк өзінің функцияларын дамыған нарықтық экономикасы

диттік аукциондар арқылы жүзеге асырыла бастады. 1995 жылы жоғарыда атап өтілгендей, Ұлттық Банк туралы заң қабылданды, оған сəйкес оның тəуелсіздігі заңнамалық деңгейде айқындалды, ал мақсаты ұлттық валютаның ішкі жəне сыртқы орнықтылығын қамтамасыз ету болды. Қабылданған шаралар одан əрі 1995 жылға қарай гиперинфляцияны ауыздықтау бойынша міндеттерді шешуге мүмкіндік берді: инфляция деңгейі 1993 жылғы 2265%-дан 1995 жылғы 60%-ға дейін төмендеді. Ұлттық Банктің ақша-кредит саясаты біртіндеп жетілдірілді жəне оның құралдарының тобы кеңейді. Теңге енгізілгеннен бастап ақша-кредит саясатының қайта қаржыландыру мөлшерлемесі, міндетті резервтер нормаларымен ішкі валюта нарығындағы өктемдіктер сияқты пайдаланылып отырған құралдарына жаңа құралдар қосылды, яғни меншікті бағалы қағаздары – қысқа мерзімді ноттарын шығаруды, «овернайт» кредиттерін беруді, ашық нарықта мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялар жүргізуді, банктерден депозиттер тартуды бастады. Қалыптасып келе жатқан экономикалық жағдайда Ұлттық Банк жүргізіп отырған ақша-кредит саясатының барабарлығы 1998 жылы инфляцияның тарихи ең төменгі 1,9% деңгейге дейін төмендеуімен расталды.

АҚША-КРЕДИТ САЯСАТЫНЫҢ МАҚСАТЫН АУЫСТЫРУ – Экономикалық жағдайдың дамуына қарай Ұлттық Банктің міндеттері де, мақсаттары да өзгерді. Бүгінгі күні ҚР ҰБ басты міндеті инфляцияны бақылау болып табылатыны белгілі. Мақсаттың ауысуы қашан жəне неге болды, өйткені көпшілікке осы уақытқа дейін бұл орталық банкке қарағанда экономикалық блок, нақты экономика секторы құрылымдарының функциясы болып көрінеді емес пе? – Қазақстанда ақша-кредит саясатының тұрақты жетілдіріліп жатқаны, тиісінше оның мақсаттары мен міндеттерінің өзгеріп жатқанына күмəн жоқ. Теңге енгізілгеннен кейінгі алғашқы 10 жылда Ұлттық Банктің ақша-кредит саясатының мақсаты ұлттық валютаның ішкі жəне сыртқы орнықтылығын қамтамасыз ету болды. Яғни, инфляцияны төмендетуге жəне сол сияқты айырбастау бағамын тұрақтандыруға қол жеткізу жөніндегі мақсат қойылды. Осы мақсаттың ішкі экономикалық қайшылығына қарамастан ұлттық валютаның қалыптасу кезеңінде оның таңдалуы өзін-өзі ақтаған шара болды. Қаржы жүйесін дамытудың белгілі бір деңгейіне, баға тұрақтылығына қол жеткізу, барлық қадағалау функцияларын құрылған Қаржы нарығын жəне қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне беру Ұлттық Банкке өз қызметінің сапалы дамуының келесі сатысына өтуіне мүмкіндік берді. Негізгі күш-жігер ақша-кредит саясатын одан əрі дамытуға жəне оны халықаралық стандарттарға жақындатуға бағытталды. 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап басқа міндеттермен қатар жаңа мақсат – баға тұрақтылығын қамтамасыз ету заңнамалық түрде жарияланды, яғни орталық банктің классикалық функцияларына шоғырлану мүмкіндігі пайда болды. Осыны шешудің негізі көп таралған, классикалық болып қалыптасқан халықаралық практика болды. Халықтың кірісін құнсызданудан қорғауға жəне халықтың жинақ ақшасының жедел өсуіне мүмкіндік беретін, əлеуметтік тұрақтылықты ұстап тұруға, елдің экономикасына инвестициялардың тиімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайтын баға тұрақтылығы. Мəселен, Халықаралық есеп

отырып, Ұлттық Банк нені басшылыққа алады? – Қандай да бір секторды реформалау туралы шешім аяқ астынан қабылданбайды. Бұған қалыптасқан ахуалға жасалатын терең талдау жəне қандай да бір реформалар алып келуі мүмкін салдарлар себепші болады. Соңғы бір жарым жыл ішінде зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін одан əрі жетілдіру мəселелері, оның ішінде жинақтаушы зейнетақы қорларын біріктіру мəселесі белсенді түрде талқыланып келеді. Нəтижесінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын құру туралы шешімді Мемлекет басшысы қабылдады. Зейнетақы жүйесіндегі соңғы реформа Қазақстан ортақ зейнетақы жүйесінен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне көшкен 1998 жылы қабылданғанын атап кеткен жөн. Зейнетақы жүйесін реформалаудың ағымдағы жобасы жұмыс істеп тұрған жинақтаушы зейнетақы жүйесінің кемшіліктерін алып тастауды көздейді. Олар: жинақтаушы зейнетақы қорлары агенттерінің салымшыларды бір қордан екіншісіне ауыстыру бойынша бəсекелестікке жатпайтын іс-қимылдары; əкімшілік шығыстардың төмендеуі, оның нəтижесінде комиссиялық сыйақының, филиалдық желіні ұстауға жұмсалатын шығыстардың төмендеуі; үлестес тұлғалармен жасалатын мəмілелерді болдырмау.

ҮШІНШІ БАЗЕЛЬГЕ КӨШУ

тан кешірді. Оның ішінде, ең кем дегенде соңғы əлемдік қаржы дағдарысының екі күрделі кезеңі, бұлар Қазақстанның банк секторына айтарлықтай соққы жасады. ҚР ҰБ қаржы нарығындағы тұрақтылыққа қандай құралдармен жеткенін түсіндіре отырып, оларды еске түсірейік. – Қаржы дағдарысының күшеюі едəуір қарқын ала бастаған 2008 жылы, сол уақыт кезеңіндегі неғұрлым маңызды сəт мемлекеттік органдардың жүйелік тəуекелдердің дамуына жол бермеу мақсатындағы шоғырландырылған іс-əрекеті болды. Осының негізінде қабылданған маңызды құжаттардың бірі 2008 жылғы 25 қарашада қабылданған Үкіметтің, Ұлттық Банктің жəне Қаржы қадағалау агенттігінің Экономиканы жəне қаржы секторын тұрақтандыру жөніндегі бірлескен іс-қимылының 2009-2010 жылдарға арналған жоспары болды. Жоспарға сəйкес қаржы секторын тұрақтандыру үшін мемлекеттің Қазақстанның төрт банкіне көмек көрсету бойынша уақытша кіруі үшін қаражат жұмсалды. Олар: «Темірбанк» АҚ, еншілес ұйымын қоса алғанда БТА, Халық банкі, Қазкоммерцбанк, Альянс Банк. – Шаралар іске асты. Соған қарамастан, бүгінгі күні Ұлттық Банк пен банк жүйесі дағдарыс кезеңінің салдарларымен əлі де күресіп келеді. Реттеушінің көзқарасы тұрғысынан стрестік активтердің көлемін төмендетуден басқа қандай міндеттер барынша өзекті болып табылады? – Дағдарыс салдарынан 2007-2009 жылдары шетелдік қаржы институттарының қазақстандық банктерге орта жəне ұзақ мерзімді қаржыландыруды ұсынуды жалғастыру мүмкіндігі болмады жəне банктер ұзақ мерзімді қорландыруды тарту үшін ішкі нарыққа қайта бейімделуге мəжбүр болды. Сонымен қоса, депозиттік база қысқа мерзімді қорландыру көзі болып табылатындықтан, қазіргі кезде қазақстандық банктер ұзақ мерзімді қорландыру көздеріне қажеттілігі артады да, соның салдарынан активтер мен міндеттемелерді өтеу мерзімдерінде едəуір айырма орын алады. Мұндай ахуал кредиттеу құрылымының біртіндеп өзгеруіне алып келді, атап айтқанда банктер ұзақ мерзімді кредиттеуге қарағанда қысқа мерзімді тұтынушылық кредиттеуге көбірек бейімделе бастады. Осыған байланысты кредиттеу құрылымын ретке келтіру жəне экономикалық өсуді қосымша ынталандыру үшін банктерге ішкі нарықта ұзақ мерзімді қорландырудың балама көздерін тарту қажет болады деп санаймын. Институционалдық инвесторлар тарапынан сұранысқа ие бола алатын борыштық қаржы құралдарын шығару банктердің орта жəне ұзақ мерзімді қорландыруының əлеуеттік көзіне айналуы мүмкін. Бұл ретте қайта қаралуы орта жəне ұзақ мерзімді қорландыру көздерін ұлғайтуға мүмкіндік беретін белгілі бір тежейтін реттеу талаптары (банктерге де, институционалдық инвесторларға да арналған) қолданылады.

ҮЗДІКСІЗ ДАМУ ҮСТІНДЕ – Қаржы жүйесінің ғасырлар бойы өзгеріссіз сақталып келе жатқан Мысыр пирамидасы емес екендігі түсінікті. Алайда үздіксіз реформалаудың өзі де стрестік жағдай туындатуы мүмкін, мəселен, қоғамда түрлі көңіл-күй тудырып отырған зейнетақы жүйесі сияқты. Қандай да болсын секторды не бүкіл қаржы жүйесін реформалау тұжырымдамасын айқындай

– Бүгінгі таңда отандық жəне шетелдік сарапшылар Қазақстанның банк жүйесінің тұрақтылығын қалай бағалап отыр жəне Ұлттық Банктің қандай стратегиялық міндеттері таяу болашақта өзекті болып қалмақ? – Жалпы банк жүйесіндегі тəуекелдер деңгейі құптарлық деңгейде сақталып отыр. Алайда кредиттік тəуекелдің жоғары деңгейі банк секторының тұрақты қалыптасуына кедергі келтіріп отыр, өйткені банктердің несие портфеліндегі жұмыс істемейтін қарыздарының жоғары деңгейі олардың нақты секторды барынша белсенді кредиттеуіне мүмкіндік бермейді. Сонымен қоса, Ұлттық Банк енгізген банктердің балансын жұмыс істемейтін қарыздардан «тазартудың» арнайы тетіктері (Проблемалық кредиттер қоры, Стрестік активтерді басқару жөніндегі ұйымдар АҚ-ын құру, салық міндеттемелері жоқ үмітсіз қарыздарды кешіру) қандай да бір дəрежеде осы проблеманы шешуге ықпал ететін болады. Сондай-ақ, Ұлттық Банк стресс-тестілеу əдісінің көмегімен теріс макроэкономикалық сценарийдің даму ықтималына банк секторының тұрақтылығын жүйелі түрде бағалайды. «Қазақстанның 2012 жылғы қаржылық тұрақтылығы туралы есебінде» жарияланған стресс-тестердің соңғы нəтижелері күтілетін шығындардың салыстырмалы түрде жоғары мөлшеріне қарамастан, банктер капиталының жеткіліктілік деңгейі жол берілетін мəндер шегінде қалатынын көрсетті. Сонымен қоса, қаржы секторының тұрақтылығын одан əрі арттыру мақсатында бүгінгі күні Ұлттық Банктің ең өзекті міндеті Базель 3 жаңа стандарттарын енгізу болып табылады. Банктік қадағалау жөніндегі Базель комитеті ұсынған жаңа стандарттар банктердің қаржылық жəне экономикалық стрестер нəтижесінде туындайтын күйзелістерді тазарту қабілетін жақсартуға бағытталған жəне капиталдың сапасы мен құрылымын күшейтуге, капитал деңгейіне қойылатын ең төменгі талаптарды арттыруға, сондай-ақ реттеудің циклділігін барынша азайтуға жұмсалады. Ұлттық Банк Қазақстан банктерінің арнайы тəуекелдерін ескере отырып, капитал жеткіліктілігі нормативтерінің ең төменгі мəндеріне баға берді. Қазақстан банктерінің жүйелік тəуекелдерге жəне ықтимал теріс факторларға тұрақтылығына барынша ықпал ететін капитал деңгейі Базель 3 ұсынған стандарттардан жоғары болуы тиіс екендігін нəтижелер көрсетті. Базель 3 жаңа стандарттары Қазақстан тəжірибесіне кезең-кезеңімен енгізілетін болады: I кезең: бес жыл ішінде (2013-2017 жж.) Базель III стандарттарына сəйкес келмейтін құралдарды алып тастау жəне консервациялық буферді енгізу; II кезең: үш жыл ішінде (2016-2018 жж.) капиталға қойылатын талаптарды біртіндеп арттыру. Кестені екі кезеңге бөлу банктердің капиталға қойылатын жаңа талаптарға көшуін едəуір жеңілдетеді, өйткені бірінші кезең ағымдағы талаптармен салыстырғанда капиталдың ең төменгі мəндерінің нақты төмендеуін болжайды. – Газет оқырмандарына қандай тілек айтасыз? – Біздің əңгімеміздің соңына таман өз мүмкіндігімді пайдалана отырып, Ұлттық Банк басшылығының атынан «Егемен Қазақстан» газетінің оқырмандарына денсаулық, табыс, өмірдегі бар игілікті жəне қаржылық əл-ауқат тілегім келеді. Барлық жобалар мен жоспарлар табысты, мақсаттар биік, ал жеңістер жарқын болсын! – Əңгімеңізге рахмет.

Əңгімелескен Алевтина ДОНСКИХ.


 Басты байлық

Инновациялыќ ота тїрлері Қ.А.Ясауи атындағы Халық аралық қазақ-түрік университетіне қарасты медицина факультетінің клиникадиагностикалық орталығында шетелдің білікті дəрігерлері оқутəжірибелік семинар өткізуде. Түркияның Гази университеті медицина факультетінің ұстаздары əрі өз саласының алдыңғы қатарлы дəрігерлері травматолог-ортопед, доцент Ердинч Есен, уролог, доцент Февзи Фазлы Полат жəне анестезиолог, доцент Мұстафа Арслан медицина факультетінің студенттерінің теория жүзінде алған білімдерін тəжірибемен ұштастырып, ота жасаудың қыр-сырларын үйретуде. Сондай-ақ, шетелдік дəрігерлер жоғары мамандандырылған инновациялық ота түрлерін жасауда. Оқу-жаттығу семинары барысында медицина факультетінің клиника-диаг нос тикалық орталығында травматологиялық бағыт бо йын ша 11 науқасқа эндопротездік, 5 науқасқа артрос копиялық операциялар жəне урология саласы бойынша 10 науқасқа эндоскопиялық, реконструкциялық жəне ашық оталар жасау жоспарланған. Сонымен қатар, шетелдік дəрігерлер Оңтүстік Қазақстан жəне басқа облыстардан келген науқастарға тегін кеңестер беруде. Қазіргі кезде клиникада Түркияда өз біліктіліктерін жетілдіріп, тəжірибе жинақтаған 15 маман табысты қызмет етуде. Қайрат ЗАЙНИШЕВ. Оңтүстік Қазақстан облысы.

 Қаз-қалпында

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Жамбылдыѕ бюстін «жекешелендірген» аќсаќал Жұмыста отырғанмын. Телефоным шылдыр ете түсті. Трубкадан үздік-создық жеткен үннің иесі: «Əлеу, бұл Тараз ба, мен Түркістаннанмын ғой», деді. «Қай Түркістан болды екен?» деп ойладым. Өйткені, дауыс иесінің мақамы өзім қызмет ететін Жамбыл облысының Сарысу деп аталатын ауданындағы Түркістан ауылында тұратын тумалардың тіліне ұқсаңқырамайды. Көсемəлі СƏТТІБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Жөн сұраса келе белгілі болды, телефон шалып тұрған адам Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түркістан қаласының жанындағы Оранғай ауылының тұрғыны Əбдіғани Ташметов деген ақсақал екен. Сөзінен ұққаным, тоқ саныншы жылдары колхоз кең сесінің алдындағы тұғыр тас та тұрған Жамбыл Жабаевтың бюстін «жекешелендіріп» алыпты. «Құжаттарым бар» деп қояды. Хабарласқандағы мақсаты, «тарих пен мəдениетті қастерлейтін есті азаматтар болса, ақын мүсінін солардың қолына аман-есен тапсырсам» деген тілек екен. Ал басқа емес, маған телефон шалғаны, сірə, жыр алыбының мүсініне бір қызықса, ақынның атын иеленіп отырған іргелі облыстың шенеуніктері қызығатын шығар, ал журналист ініміз соларға газет арқылы жеткізетін шығар деп ойлаған сияқты. «Барып, көріп қайтуға бола ма?» деп едім, Əбдіғани ака: «Келің», «келің», деп тіпті, қуанып кетті. Содан Тараздан шығып, Созақ арқылы Түркістан барып, одан Кентау қаласына апаратын жолдың бойындағы Оранғай ауылына да жеттік. Əбдіғани ақсақал əңгімешіл адам

болып құлпырып кетеді», деп үйінен ерінбей барып су əкеліп, ескерткіштің төбесінен төмен қарай құйып жіберіп еді, Жамбыл атамыздың мүсіні шынында жарқырап шыға келді. Бірақ қашанғы су құйып тұрасың. Сонымен, ары-бері мың шақырымдай жолды жүріп өтіп, «Түркіс таннанмын ғой» деп телефон шалған Əбдіғани ақсақалды да, ауласында (дұрысы үйінің артында) тұрған Жамбыл Жабаевтың бюстін де, бұрын Жамбыл Жабаев атындағы колхоз болған Оранғай ауылын да, оның тұрғындарын да көріп қайттық. Бұл, ұмытпасам, 2006 немесе 2007 жылдар болатын. Ал ол кездің бағамымен 12 мың АҚШ доллары деген əжептəуір ақша. Ойланып қалдым. Өйткені, Жамбылдың бюстін «іздеп» шығар алдында Алматы облысындағы бір лауазымды кісіге осы қызық оқиға жөнінде айтып, телефон арқылы сөйлескенімде, «бағасын біл» деген еді. Енді ол кісіге мына соманы айтсам, «жартысын өзі қосып отыр» деп ойлап қала ма деп, шошып кеттім. Сірə, қатты шошып қалсам керек, сол күйі Жамбылдың бюстін де, Əбдіғани ақсақалды да, Оранғай ауылын да ұмытуға тырыстым. Ал Əбдіғани аканың үйінің артында «жалғызсырап» қалған Жамбыл

екен, жаппай жекешелендіру «науқаны» кезінде өзіне Жамбыл бюстінің қалай бұйырғанын, бірақ одан отбасы титімдей де пайда көрмегенін айтып берді. Əбдіғани ака Жамбыл Жабаевтың бюстін қажет еткен адамдар болса хабарласуын өтініп, интернет арқылы да хабарландыру беріпті. Бірақ одан ештеңе шықпаған. Ұзын сөздің қысқасы, əңгіменің соңында «Əбеке, біздің жақта Жамбылдың бюстіне бір лауазымды кісі қызығып отыр. Бірақ тегін бермейтін шығарсыз, «сүйіншіңіз» деп пе, «еңбегіңіз» деп пе қолыңызға бірдеңе ұстатуымыз керек қой. Қанша дейсіз?» деп едім, əуелде тегін беруге құлық ты сияқты көрінген қария ойланып қалды. Ағайындарын шақырып, əжік-күжік ақылдаса келе, Жамбылдың бюсті үшін 12 мың АҚШ долларын сұрады. Мен болсам ішімнен «Көп болса 2 немесе 2,5 мың АҚШ долларын сұрайтын шығар» деп тұрғанмын. Қапелімде не дерімді білмей, ал дымен «жекешелендіруге», содан кейін «саудаға» түскен Жам был атамыздың бюстіне мұңая қарадым. «Қызыл граниттен қашалды» дегенімен, шаң тұрып қалған заттай бозаң тартып көрінеді екен. Осы ойымды сезді ме, Əбдіғани ақсақал: «Сумен жусаң түсі қып-қызыл

жəкемнің мүсіні жөнінде сəтін салса бір əдемі əңгіме жазармын деп жұбатқанмын өзімді. Содан бері арада, міне, 6-7 жыл зу етіп өте шығыпты. Жақында Оңтүстік Қазақстан облысынан қуанышты хабар естідім. Түркістан қаласының əкімдігі Оранғай ауылындағы Əбдіғани аканың ауласында тұрған бюстті алдағы уақытта тарихи қаладағы №11 Жамбыл Жабаев атындағы мектептің алдындағы көрікті жерге орнататын болыпты. Ал бюст үшін Əбдіғани ақсақал қанша мың АҚШ долларын алғаны туралы дерегім жоқ. Енді оны білудің қажеті де жоқ шығар. Ең бастысы, жыр алыбы халқымен қайта қауышты ғой жарқ етіп. Жамбыл облысы. –––––––––––––– Суретте: Жамбыл Жабаевтың мен көрген бюсті осы.

 Өңір өмірі

«Егемен Қазақстан».

Қарағанды облысының ірі өндіріс басшылары, бизнестік құрылымдар мен тұрғын үй құрылысы, коммуналдық шаруашылық, энергетика, тамақ жəне өңдеу өнеркəсібі жетекшілері, ғылым, мəдениет өкілдерінен құралған делегациясы Беларусь Республикасында жұмыс сапарымен болып қайтты. Туысқан елмен арада қалыптасқан экономикалықəлеуметтік қатынастарды одан əрі тереңдетуге бағытталған шаралар аймақ басшысы Бауыржан Əбдішев пен Беларусь Өнеркəсіп министрі Дмитрий Катериничтің кездесуінен бастау алып, əйгілі «БелАЗ» ауыр салмақты жүк

кө ліктерін құрастыру, күрделі жөн деуден өткізу мақсатында бұдан үш-төрт жыл бұрын Қарағандыда ашылған «ҚазБелАЗ» бірлескен кəсіпорнының жұмысын қамтамасыз ету мəселесі қозғалды. Сонымен бірге, көпқабатты үйлерге арналған лифтілерді жаңарту, ескілерін қалыпқа келтіру жайы тілге тиек етілді. Минск облыстық атқару комитетінің төрағасы Борис Батурамен болған əңгімеде Қарағанды жəне Минск облыстары арасында экономикалық қатынастарды дамытумен қатар мəдениет пен өнер, ғылым мен білім, спорт саласында екіжақты ынтымақтастық байланысты өрістету туралы сөз өрбітіліп, бұл бағытта үлкен мүмкіндіктер бары аталды.

Жұмыс сапарының екінші күнінде Беларусь Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Михайл Русыймен кездесу болды. Содан соң «Аймақаралық ынтымақтастық екіжақты тиімді əріптестік тұғырнамасы» тақырыбында бизнес-форум өтті. Онда жергілікті іскер топтар өкілдеріне Қазақстанның экономикалық та, əлеуметтік те əлуеті мықты аймағында үдемелі индустриялықинновациялық даму бағдарламасы аясында іске асырылудағы жаңа жобалар, өңірдің инвестициялық тартымдылығы, бірлесіп атқауды қажет ететін істер жөнін де «Сарыарқа « ƏƏК» ҰК басқарма төрағасы Талғат Əбділда, Қарағанды машина жасау консорциум директоры Болат Кенжин жəне

Мəнді мəселе талќыланды Теміртаудағы Тұңғыш Президенттің тарихи-мəдени орталығында Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын насихаттап, түсіндіруге жəне қоғамдық өмірдегі күнделікті өзекті мəселелерге байланысты алқалы жиындар жиі ұйымдастырылып тұрады. Сондай мəнді шаралардың бірі аймақтық құқық қорғау саласы қызметкерлерінің, əскери бөлімдер сарбаздарының қатысуымен «Құқық

қорғау органдары мен арнаулы қызметті реформалаудың негізгі бағыттары» тақырыбында өткен «Назарбаев оқулары» аясындағы семинаркеңес болды. Онда облыстың осы буын басшылары, белгілі ғалымдар, қоғамдық пікірді зерттеушілердің «Құқық қорғау органдарының қоғамға қызмет етудегі жаңа міндеттерді жүзеге асыру жолдары жəне олардың мемлекеттілікті нығайтудағы рөлі», «Тəртіпсіздікке мүлде төзбеушілік принципін енгізу-қоғамдық

«Каспий Меруерті Оперейтинг Компани Б.В.» Ақтау қаласындағы филиалы, «Казахстанская правда» газетіне 2012 жылдың 20 ақпанда жарияланған «№ C01861: Ауыспалы ұңғымаларды жобалау қызметін көрсету» жөніндегі ашық конкурсы, Қазакстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылдың 28 қарашасындағы № 1139 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылдың 1 сəуіріндегі № 267 қаулысымен бекітілген №1139 тауарларды, қызметтерді жəне жұмыстарды сатып алу Ережелерiнің 66-тармағының, 2-тармақшасына сəйкес орындалмағанын жариялайды. Филиал «Каспий Меруерты Оперейтинг Компани Б.В.» в г.Актау, уведомляет о признании открытого конкурса «№C01861: Оказание услуг по моделированию критически важных скважин», объявленного в газете «Казахстанская правда» от 20 февраля 2013 года несос тоявшимся, в соответствии с пунктом 66, подпункта 2, Пра вил приобретения товаров, ра бот и услуг при проведении операций по недропользованию, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 апреля 2010 года № 267, о внесении изменения в постановление Правительства Рес публики Казахстан от 28 ноября 2007 года № 1139.

ТЕМІРТАУ.

Бұл түйткіл туралы әркез дабырлатпай, одан құтылудың жеке жолын іздейді. Қажетіңізді өтеу үшін әжетханаға барған кезде денеңіздің қышып дуылдауы және қан кетуі әрине жақсы көрініс емес. Сіз жанға жағымсыз ауруға алғаш рет шалдықтыңыз ба? Мәселенің мәнісі міне осында жатыр. Бұл дерттен арылудың жолдарын тарқатып айтудың реті енді келген сыңайлы! ПРОКТОНИС – бұл крем мен капсула, олар геморройды сырттан да, сондай-ақ іштен де емдейді. ПРОКТОНИС кремін тікелей жанды жерге жағу керек. Оның мынадай табиғи құрамдастары, акуланың бауырынан жасалған сквален, какао майы, көктемгі чистяк, гамамелис, алоэ және шалфейдің сығындылары жұмсарту мен жандандыру қасиетіне ие. Олар сондай-ақ микробқа қарсы және қабынуға қарсы әрекет ете алады. Соның нәтижесінде дененің қышып дуылдауы, тік ішекте бөтен дененің

облыстағы басқа да кəсіпорындар басшылары жан-жақты таныстырды. Минск еркін экономикалық аймағы əкімшілігі басшысының орынбасары Марина Адамович сөз кезегінде аталған буын іс жайын баян етті. Форум қорытындысында бірқатар меморандумға қол қойылды. Өзара ынтымақтастық мəселелері Брест облысы губернаторының міндетін ақта рушы Михайл Юхимукпен болған кездесуде де кеңінен пысықталды. Қарағанды облысының делегациясы Минскінің іргесіндегі «Унибокс» компаниялар тобы» кəсіпорнының агрофирмасын, трактор зауытын, «БелАз» ААҚ өндірісін аралап, жұмыстарымен тікелей танысты. Бірыңғай экономикалық кеңістіктегі ел экономикасымен байланысты дамытуға арналған бұл танымдық əрі тағылымдық жұ мыс сапарының екіжақты ынтымақтастыққа ықпалы зор болмақ.

өмірдің жаңа үлгісін қалыптастырудың негізі», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша мемлекет саясатын жүзеге асыру жолдары: проблемалар жəне алдағы жоспарлар» туралы баяндамалары тақырыптарға сəйкес дайындалған бейнекөрсетілімдер арқылы тартымды болып, терең ой салды. Семинар-кеңеске қатысушылар қаладағы ірі өндіріс орындары тынысымен, аталған орталықтың мұражайымен танысып, теміртаулық қылқалам шеберлерінің сурет көрмесін тамашалады.

СЫРҚАТТЫҢ БҰЛ ТҮРІН ЖЕҢІП ШЫҒУҒА БОЛАДЫ!

Қазіргі таңда геморройдан (көтеуден) адамдардың 70% зардап шегеді. Бұл аурудың туындауына үнемі отырып жұмыс істеу, мәшине рөлін жиі ұстау, жүктілік, алкогольді ішімдіктерді мөлшерден тыс тұтыну, дұрыс тамақтанбау және тұқым қуалаушылық тәрізді әрекеттер әкеліп соғады. Алайда осы түйткілді жағдайға тап болғанда тек – ПРОКТОНИС препаратына жүгінетініңіз хақ. ПРОКТОНИС табиғи дәрі-дәрмегі 100%-ға сізге геморройды тиімді түрде жеңіп шығуыңызға көмектеседі!

2013 жылғы 15 сәуір

№ 351

Астана, Үкімет Үйі

«Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 303 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 303 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., №35, 470-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) көрсетілген қаулыға 1-қосымшада: «Балқаш-Алакөл балық шаруашылығы бассейні бойынша шектеу мен тыйым салу» деген 3-бөлімнің 9-тармағының 1), 2) жəне 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «1) Балқаш көлінде: шығыс бөлігінде № 1 бастап № 21 дейін жəне № 52 бастап № 70 дейін балық шаруашылығы учаскелерінің аумағынан бастап – 1 мамыр - 1 маусым аралығында; батыс бөлігінде № 22 бастап № 51 дейінгі балық шаруашылығы учаскелерінің аумақтарынан бастап 22 – сəуір – 1 маусым аралығында; 2) Балқаш көліне құятын сағалардан 5 км ағыспен жоғары бағытта, сондай-ақ Балқаш көлінің ішкі бағыттарында жəне екі жағындағы 5 км кеңістіктегі сағаларды, жылғаларды, жəне алқаптарды қоса алғанда, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аягөз өзендерінде – 1мамыр -1 маусым аралығында; 3) Қапшағай су қоймасында жəне оған келіп құятын барлық өзендерде жəне су ағындарында – 15 сəуір – 30 мамыр аралығында;»; 6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «6) Іле өзенінің барлық атырауында кəсіпшілік емес балық аулау құралдарын қолдана отырып – 22 сəуір - 1 маусым аралығында;»; «Жайық-Каспий балық шаруашылығы бассейні бойынша шектеу мен тыйым салу» деген 8-бөлімнің 21-тармағының 4) жəне 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «4) Жайық өзенінің Золотой арнасындағы Төменгі Пешной (өсімді молайтуға арналған ұйықтық учаскесі), Кіші Дамба, Төменгі Дамба, Жоғарғы Дамба, Жоғарғы Золотой, Төменгі Золотой, Жоғарғы Зарослый, Төменгі Зарослый, Золотенок ұйықтық учаскелерінде, Яицкий арнасындағы Еркінқала, Жоғарғы сол жақ Яицкий төменгі сол жақ Яицкий ұйықтық учаскелерінде жəне Жайық өзеніндегі Жаңа Лицевая, Ескі Лицевая, Бугорки, ғылыми-зерттеуге арналған Төменгі Татар ұйықтық учаскелерінде – 11 мамыр -15 тамыз аралығында жəне мұз қатқан кезеңде; 5) Қиғаш өзеніндегі Қамыс, Қарақамыс, Дамба, Круглая, Қызылоба, Қараағаш, Булгач, Төменгі Богатин, Бақыт, Золотенок, Тимофеев, Ягодка, Песок, Жаңа Лицевая ұйықтық учаскелерінде – 25 мамыр – 15 тамыз аралығында жəне мұз қатқан кезеңде;»; 2)көрсетілген қаулыға 2-қосымшада: «Балқаш – Алакөл балық шаруашылығы бассейні бойынша пайдалану орындары мен мерзімдері» деген 2-бөлімнің 2-тармағында: 1) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Іле өзені атырауында – 2 маусым - 21 сəуір аралығында;»; 2),3) жəне 4-тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «2) Балқаш көліне құятын сағалардан 5 км ағыспен жоғарғы бағытта, сондай-ақ Балқаш көлінің ішкі бағыттарында жəне екі жағындағы 5 км кеңістіктегі сағаларды, жылғаларды жəне алқаптарды қоса алғанда, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аягөз өзендерінде – 2 маусым - 30 сəуір аралығында; 3) Балқаш көлінде: шығыс бөлігінде № 1 бастап № 21 дейін жəне № 52 бастап № 70 дейін балық шаруашылығы учаскелерінің аумағынан бастап – 2 маусым - 30 сəуір аралығында; батыс бөлігінде № 22 бастап № 51 дейінгі балық шаруашылығы учаскелерінің аумақтарынан бастап – 2 маусым – 21 сəуір аралығында; 4) Қапшағай су қоймасында жəне оған келіп құятын барлық өзендерде жəне су ағындарында – 31 мамыр - 14 сəуір аралығында;»; «Жайық-Каспий балық шаруашылығы бассейні бойынша пайдалану орындары мен мерзімдері» деген 7-бөлімнің 7-тармағының 4) жəне 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «4) Жайық өзенінің Золотой арнасындағы Төменгі Пешной (өсімді молайтуға арналған ұйықтық учаскесі), Кіші Дамба, Төменгі Дамба, Жоғарғы Дамба, Жоғарғы Золотой, Төменгі Золотой, Жоғарғы Зарослый, Төменгі Зарослый, Золотенок ұйықтық учаскелерінде, Яицкий арнасындағы Еркінқала, Жоғарғы Сол жақ Яицкий, Төменгі Сол жақ Яицкий ұйықтық учаскелерінде, Жайық өзеніндегі Жаңа Лицевая, Ескі Лицевая, Бугорки, ғылыми-зерттеуге арналған Төменгі Татар ұйықтық учаскелерінде мұз қатқан кезеңді қоспағанда, 16 тамыз – 10 мамыр аралығында; 5) Қиғаш өзеніндегі Қамыс, Қарақамыс, Дамба, Круглая, Қызылоба, Қараағаш, Булгач, Төменгі Богатин, Бақыт, Золотенок, Тимофеевка, Ягодка, Песок, Жаңа Лицевая ұйықтық учаскелерінде мұз қатқан кезеңді қоспағанда, 16 тамыз – 24 мамыр аралығында;». 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ

Танымдыќ əрі таєылымдыќ сапар Айқын НЕСІПБАЙ,

9

www.egemen.kz

16 сəуір 2013 жыл

пайда болуы тәрізді жағымсыз әсерлер жойылады. ПРОКТОНИС капсулалары іште гі «жаумен» күресе алады. Жарықтағы және тік ішектегі қабынуды жояды. Оны қабылдау кезінде жарық жанданып қышып дуылдау кетеді, шырышты және жұмсақ тіндер қалыпқа келеді. Капсулаларды сондай-ақ геморройдың алдын алуға жақсы пайдалануға болады. Капсулалар сонымен бірге отырып жұмыс істейтін, іші қататын, геморройға тұқым қуалайтын адамдар үшін өте қажет препарат болып табылады.

ПРОКТОНИС – БҰЛ СЫРҚАТТЫ СЫРТТАН ДА СОНДАЙ-АҚ ІШТЕН ДЕ ЕМДЕЙТІН КРЕМ МЕН КАПСУЛАЛАР (фраза-маяк). ПРОКТОНИС – енді сырқатыңызды сезінбейтін боласыз.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ұйғарымымен «ANSAB 2009» ЖШС банкроттығы жөнінде іс қозғалды. Іс мына мекенжайда қаралады: Астана қаласы, Абай даңғылы, 36-үй, 3-қабат.

Определением специализированного межрайонного экономического суда города Астана в отношении ТОО «ANSAB 2009» возбуждено дело о банкротстве. Дело будет рассматриваться по адресу: город Астана, проспект Абая, дом 36, 3-этаж.

Дәріханалардан сұраңыз!

Егер сіз «Егемен Қазақстан»

мың теңге

Жаңа нысандар құрылысы бойынша Атауы

№ Жоспар Факт р/с 1 «ЖГТЭС-ті 152 МВт-ға дейінгі қуаттылыққа жеткізу» жоба- 1 013 060 1 025 915 сын жүзеге асыру 2 «ГТУ қозғалтқыштарын сақтау жəне жөндеу үшін өндірістік 73 683 73 639 ғимаратқа» арналған жабдықты сатып алу жəне монтаждау (теңгерімдеу станогы, ГТД құрастыру-бөлшектеуге арналған көлбеу стенд) 3 АСУТП енгізу 5 625 6 125 Жиынтығы: 1 092 368 1 105 679 2012 жылғы əрекет етуші активтерді жаңарту, қолдау, жаңғырту жəне техникалық қайта жарақтандыру бойынша 4 Т-12-2ЭУЗ генераторын сатып алу – 1 дана 90 000 91 468 5 ДЦ59Л қозғалтқышын сатып алу – 1 дана 175 000 161 385 Жиынтығы: 265 000 252 853 БАРЛЫҒЫ 1 357 368 1 358 532

«Алел» қаржы-инвестициялық корпорациясы» акционерлік қоғамы (Қазақстан Республикасы, 071400, Семей қ., Фрунзе к-сі, 122-үй) (бұдан əрі – қоғам) қоғамның ірі мəміле жəне мəміле жасағандығы туралы өзінің кредиторларына жəне акционерлеріне хабарлайды, оған қоғамның мүдделілік танытуы бар. Қоғамның ірі мəміле жасау қорытындысы туралы шешімін, қоғамның мəміле жасауы туралы шешімін қоғамның Директорлар кеңесі 2013 жылғы 12 сəуірде қабылдады, оған қоғамның мүдделілік танытуы бар, қоғамның жалғыз акционері 2013 жылғы 12 сəуірде қабылдады.

Қазақстан Республикасына шетелдік жұмысшы күшін тартуға рентгенолог-дəрігер Шоназаров Ш.Х. атына 01.02.2013 жылы берілген № 0024212 рұқсаттама жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын.

С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті Актаева Алимбуби Умербековнаға берген НВ № 083110 дипломы жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ұйғарымымен «ҚҰРЫЛЫС-АДАЛ 2006» ЖШС банкроттығы жөнінде іс қозғалды. Іс мына мекенжайда қаралады: Астана қаласы, Абай даңғылы, 36-үй, 3-қабат.

Определением специализированного межрайонного экономического суда города Астана в отношении ТОО «ҚҰРЫЛЫСАДАЛ 2006» возбуждено дело о банкротстве. Дело будет рассматриваться по адресу: город Астана, проспект Абая, дом 36, 3-этаж.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ұйғарымымен «Ингис А» ЖШС банкроттығы жөнінде іс қозғалды. Іс мына мекенжайда қаралады: Астана қаласы, Абай даңғылы, 36-үй, 3-қабат.

Определением специализированного межрайонного экономического суда города Астана в отношении ТОО «Ингис А» возбуждено дело о банкротстве. Дело будет рассматриваться по адресу: город Астана, проспект Абая, дом 36, 3-этаж.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ұйғарымымен «Олжа-Астана» ЖШС банкроттығы жөнінде іс қозғалды. Іс мына мекенжайда қаралады: Астана қаласы, Абай даңғылы, 36-үй, 3-қабат.

Определением специализированного межрайонного экономического суда города Астана в отношении ТОО «Олжа-Астана» возбуждено дело о банкротстве. Дело будет рассматриваться по адресу: город Астана, проспект Абая, дом 36, 3-этаж.

газетіне жарнама бергіңіз келсе, мына телефондарға хабарласыңыз: Астана тел/факс 37-64-48, 37-60-49. Электронды пошта: egemen_adv@mail.ru. Алматы 273-74-39, ф. 273-73-97.

Шұғыл желідегі тегін телефон: 8 (800) 080-59-59 (жұмыс сағаты: 8.00-23.00). Алматы қ. анықтама телефоны: (727) 297-59-59 / www.riapanda.ru

«Жанажолская ГТЭС» ЖШС «Электр энергетикасы туралы» Заңның 12-бабы 3-тармағының 6-тармақшасына сəйкес 2012 жылғы келісімде қарастырылған инвестициялық міндеттемелерді орындау жөніндегі мəліметті ұсынады.

ЖАРНАМА. БАД. Дәрі-дәрмек болып табылмайды. Қолдану алдында мамандармен кеңесіңіз. СГР № KZ.7500042.05.01.11421 от 15.11.2011 г. СГР № KZ.7500042.05.01.10914 от 22.09.2011 г.

Электронды пошта: gulnurekkz@mail.ru.

Атырау облысы прокуратурасының басшылығы жəне ұжымы Қазақстан Республикасы прокуратурасының құрметті қызметкері, 3-сыныпты мемлекеттік əділет кеңесшісі Қайрат Зияұлы ЖҮСІПОВТІҢ қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен жақын туыстарына орны толмас ауыр қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. «Шымкент» əлеуметтік-кəсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының ұжымы Қайрат Зияұлы ЖҮСІПОВТІҢ қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.


10

www.egemen.kz

16 сəуір 2013 жыл

 Айбын

Кґкжиегі кеѕ кґрме Алматыда «Атакент» Қазақстан іскерлік ынтымақтастық орталығында VII Халықаралық «Ұлы Жібек жолымен» атты кітап жəне полиграфия көрмесі ашылды. Шарафаддин ƏМІРОВ, «Егемен Қазақстан».

Кґк теѕіздегі кемелер шеруі (Соңы. Басы 1-бетте).

Қолға алынған осы салада тəжірибесі бар елдермен жүргізілген əскеритехникалық ынтымақтастық орайындағы келіссөздер көкжиекті кеңейте түсті. Қазақстандық флот АҚШ-тан келген катерлермен, Германия, Түркиядан келген шағын корабльдермен толықты. Мұқият жүргізілген жұмыс барысында Түркия, Ресей, Корея, Германия, Əзербайжан, Пəкстанда мамандар дайындала бастады, ірі елдермен түрлі ынтымақтастық келісімдерге қол жетіп, бірлескен оқу-жаттығуларға қатысуға мүмкіндік туды. Жақсы іс оңынан оралып, Оралдағы жаңаша күш жиып, жұмысын жандандырған «Зенит» зауыты ана тілімізде ат қойып, айдар тағылған, көк туды желбіреткен отандық кемелерді бірінен соң бірін Каспий айдынына аттандырып жатты. Бүгінде еліміздің Əскери-теңіз күштері тəуелсіз Қазақстанның айбынды армиясының сүбелі саласына айналды. Каспий теңізінің қазақстандық аймағында шекара тыныштығы мен тұтастығын қамтамасыз етіп, экономикалық мүдделерді қорғайтын Теңіз күштері,

сонымен қатар, өз құзырына су асты диверсиясына қарсы қорғаныс, құрлықтағы əскерлер қимылын теңізден қолдау, өндірістік жəне азаматтық мақсатта сапар шеккен кемелерді жолға салу, мұнай өндіруге қатысты орындарды күзету, экологиялық апаттардың зардабын ауыздықтауға көмек беру, табиғатты қорғау сынды алуан міндеттерді жүктеген. Ақтауда əскери база ашылып, теңіз қызметіне жан-жақты қолдау көрсетуде. Қиындығы мен қызығы қатар жүретін теңізші мамандығына құмартқан жастар көбейді. 20 жыл ішінде осындай қалыптасу, даму сатыларын бастан өткерген Əскеритеңіз күштері өз мерейтойына үлкен дайындықпен келді. Жаңбыры сирек Маңғыстауда айтулы күні жаңбыр жауса «нұр жауды» деп жақсы ырымға баланады. Теңізшілердің мерейтойы күні де Маңғыстау даласына көктем бойы күткен жаңбыр ағыл-тегіл ақтарылды дейсің! Мерейтой Маңғыстау облысының əкімі А.Айдарбаев, Қазақстан Қарулы Күштері Əскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы контр-адмирал Ж.Жанұзақов, Қарулы Күштер ардагері, контр-адмирал Р.Комратов, өзге де сала офицерлері

мен ардагерлері бастаған топтың Ақтау қаласындағы мəңгі алауға гүл шоғын қойып, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан ерлердің рухына тағзым етуімен басталды. Жаңбырмен астаса мұнартқан көк теңіз жағасына келгенімізде, көз ұшында сап құрған кемелер керуені қарсы алды. Кең алаңда Ақтау гарнизоны салтанатты шеру жасады. Артынша дабыл қағылып, теңіздегі «Жайық» кемесін қарулы лаңкестердің «басып алғандығы» туралы дабыл түсті. Кемедегі 8 адамды «кепілге алған» лаңкестердің мақсаты – мұнай өндіретін кен орындарын жою болса, шамадан тыс талаптары да басшылық үшін оңайға түспеді. Сондықтан басшылық кемеге шабуыл əрекетін жасап, кепілдегілерді құтқаруға шешім қабылдады. Бұл жауапты тапсырманы орындау капитан Рахымғалиев басшылық ететін теңіз жаяу əскерлері арнайы мақсаттағы ротасына жүктелді. 2012 жылғы оқу-жаттығуда жауынгерлік жəне мемлекеттік-құқықтық дайындығы бойынша үздік танылған рота көк теңіз үстінде жұлдыздай ағып, атой сала жүріп тапсырманы ойдағыдай орындап шықты. Кеме қара түтін құшағында қалды. Рота капитаны бас қолбасшыға

кепілдегі теңізшілердің аман-есен құтқарылғандығы жайлы баяндады. Тəуелсіз еліміз үшін ең басты қажеттілік – тыныштық. Тыныштықтың тірегі саналатын əскерилеріміз теңіз үстінде жат пиғылды көксегендерге оңай алдыра қоймайтынын осылайша танытты. Жағалауға жақын жүріп өткен кемелер шеруі ақтаулықтардың қызығушылығын тудырды. Шеруде еліміздің Əскеритеңіз күштері мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі жағалау күзеті бөлімінің кемелері сап түзеді. Шеруді ракета-артиллериялық «Қазақстан» кемесі бастады. Артынша ҰҚК шекара қызметіне қарасты шекаралық «Семсер» кемесі жүзіп өтті. Бұлардың екеуі де «Зенит» зауытында құрастырылып, заманауи техникалық жабдықтармен жарақтанған жəне жауынгерлік құрамға 2012 жылы алынған. Шеруді одан əрі жауынгерлік сапқа 2010 жылы тартылған «Жеңіс», осы сапта 2003 жылдан бері жүрген «Ақтау», 2002 жылы жауынгерлік атанған «Алматы» шекаралық кемелері мен Каспий теңізінің қазақстандық аумағында шетелдік қарақшыларға қарсы күреске арналған жылдам жүзетін «Егемен» шекаралық катері,

15 жылдан соѕ табылды

Ґскемендегі аќылды аялдамалар Өскемен қаласында алғашқы ақпараттық аялдамалар пайдалануға беріліп, ол жолаушылардың көңілінен шыға бастады. «Егемен Қазақстан».

Автокөліктер аялдамасында теледидар экраны арқылы көліктердің қай уақытта келіп тоқтайтыны, түрлі жарнама роликтері, ауа райы болжамы, ақша айналымы, апта күндері мен аялдама атауы көрсетіліп тұрады. Бұл құрылғылар ғаламтордың көмегімен жұмыс істейді. Автобустардың аялдамаға келу мерзімі ағымдағы координаттар негізінде анықталады. Алдағы уақытта ақылды аялдамалармен қаланы толық қамтамасыз етеміз, дейді Өскемен қалалық тұрғын үй- коммуналдық, жолаушы көлігі жəне автомобиль жолдары бөлімінің бастығы Жандос Байырханов. Жандос Бақытбекұлының мына бір жаңалығы елең еткізді. Жақын арада планшеттер мен смартфондарға арналған «Bus report» қосымшасы шығарылып, жолаушылар автобустардың аялдамаға қай уақытта келіп тоқтайтынын алдын ала үйінде отырып білу мүмкіндігіне ие болмақ.

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

жылы бас сүйек-миына зақым келуіне орай жадынан жартылай айырылып қалған көрінеді. Сол аралықта ол бір қызбен танысып, əлгіге еріп Ақмола облысына кетіп қалыпты. Арада біраз уақыт өткенде, ол қызды тастап, басқа біреуді тауыпты. Осы кезең ішінде ол күнделікті кездескен жұмыстарды атқарумен тіршілік еткен. Ал Павлодар облысынан Астананың уақытша қабылдап-өткізу бөліміне жақынын алып кетуге келген туысқандарының қуанышында, расында, шек болмады. Осы қуаныштан көз жасы көл болған анасының айтуынша, ол қашанда ұлының табылатынына үміт артып, сенімін бір жоғалтпаған көрінеді. Ол бір емес, бірнеше мəрте балгерлерге де, көріпкелдерге де, БАҚқа, тіпті «Күт мені» бағдарламасына да хабарласқан екен, амал не, нəтиже шықпапты. Енді, міне, елордалық полицейлердің көмегінің арқасында ұлын тауып, қуанышқа бөленіп отыр. «Егемен-ақпарат».

Аптасына бір рет аламыз

Оңдасын ЕЛУБАЙ,

ӨСКЕМЕН.

Елордалық ішкі істер департаментінің қызметкерлері осыдан 15 жыл бұрын ізтүссіз жоғалған адамды тапты. Əрине, осыншама уақыт бойына хабар-ошарсыз кеткен жанды табу да оңайға түспегені белгілі. Дегенмен, елордалық сақшылардың қырағылығы оңтайлы сəтті қалт жібермеді. Олардың көзіне, əуелі, киінісі күдік келтірген бір ер адам түсті. Тексере келсе, өзін анықтайтындай ешқандай құжаты жоқ екен. Бірақ ол өзін 1978 жылы туған Павлодар облысының тұрғыны Сергей Дудко деп таныстырды. Содан оны Астана қалалық қабылдау бөліміне орналастырады. Сөйтіп, бұл белгісіз жанның кім екендігін анықтау барысында Павлодар облысының тұрғыны Светлана Дудко деген табылды. Ол телефон арқылы Сергей Дудко дегенді білмейтіндігін, бірақ оның 1973 жылы туған ұлы Григорий Поляков 1998 жылы жоғалып кеткендігін жеткізді. Бұдан əрі тексеріс нəтижесінде, əлгі Сергей Дудко деген, шын мəнісінде, Г.Г.Поляков екендігі анықталды. Оның айтуынша, ол 1998

Алматы облысы, Алакөл ауданы, Қабанбай ауылдық аймағындағы (бұрынғы Үйгентас ауылы) Көктұма ауылында да мерзімдік басылымдарға жазылушылар аз емес. Алайда, сол газеттер қолымызға аптасына, тіпті айына бір рет қана тиіп жігерімізді құм қылып тұр. Бұл өңірде барлығы 40 ауыл бар. Соның ішіндегі ірі елді мекендер Көктұма, Ақши ауылдарына газет 10-15 күнде бір рет жеткізілген соң, түкпірдегі ауылдардың жайын айту артық. Кеңестік дəуірде жайлау төрінде жатып айына бір рет газет келсе, шопандар мəресəре болатын еді ғой. Бұл ауылдар да қазір сондай күй кешіп отыр. Сондықтан елдің үні – ел газеті «Егемен Қазақстан» басылымы арқылы ғана тиісті орындар назарына

сондай-ақ шағын күзет кемесі –«Өжет» жалғастырды. Шағын болғанмен, «Өжет» расында өжет-ақ екен. Ол Қара теңіз, Мəрмəр теңізі, Еділ-Дон каналы арқылы Каспий теңізіне дейін алыс жолды жүріп өтіпті. Артиллериялық жəне зениттік жабдықтар қондырылған кеме бірнеше рет халықаралық жаттығуларға қатысқан. Көрермендердің соңғы тамашалағаны «Жайық» кемесі болды. Каспий теңізінің қазақстандық секторы қауіпсіздігін бақылауға, теңіз астын зерттеуге арналған гидрографикалық кеме – еліміздің Əскери-теңіз күштеріндегі айтулы су көліктерінің бірі. Қарулы Күштердің əскери техникалары көрмесі ұйымдастырылған салтанатты шарада облыс əкімі А.Айдарбаев, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Əскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы контр-адмирал Ж.Жанұзақов, Қарулы Күштер ардагері, контр-адмирал Р.Комратов құттықтап, ел қорғанысының нығая түсуіне тілек білдірді. Үздік жауынгерлер мен бөлімдер марапатталып, теңіз жаяу əскерлері қол ұрысы жауынгерлік өнерін ұсынды. Шекарашы, теңізші сарбаздар əн салып, ҚР ІІМ əн-би ансамблі ауқымды концерт берді. Маңғыстау облысы. –––––––––––––––––––––––

Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ.

 Қылмыс

Кїйеулерін жер жастандырды Араққа сылқия тойып алған Қызылжар ауданының ерлізайыптылары жанжалдасып қалады. Оның ақыры өлімге соқтырарын олар ойламады. Содан екеуінің ұрыс-керісі жаға жыртысуға ұласып, ақыры əбден ашынған 28 жастағы келіншек ас пышақты жұбайының жүрек тұсына бойлата салып кеп жібергенде, ана бейбақ тіл тартпай кеткен. Екінші оқиға да осыған ұқсас. М.Жұмабаев ауданының 43 жастағы тұрғыны азаматтық некедегі күйеуімен арақты ақылынан айрылғанша сіміріп, оның соңы бір-бірін балағаттауға жалғасқан. Соңынан əйелі күйеуіне пышақ жұмсап, жер жастандырған. Динара САҒЫНДЫҚОВА, Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметінің маманы.

д ю т э о Фот

ілінер деген үмітпен қолыма қалам алдым. Бүгінгі күнде өз басым бала тəрбиесімен үйде отырамын. Елімізде, жалпы əлемде болып жатқан жаңалықтарды газет арқылы оқып, қаныққанды ұна тамын. Əсіресе, нақ тылығымен, жылдамдығымен ерекшеленетін бас басылымның орны бөлек. Ақиқатты айтқаныма жазықты бола қоймаспын. Тиісті ұйымдар біздің осы мұңымызды ескерусіз қалдырмаса деймін. Роза СҮЛЕЙМЕНОВА.

Алматы облысы, Алакөл ауданы, Көктұма ауылы.

Суретті түсірген Алтынбек ҚАРТАБАЙ.

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 273-73-80.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru , egemenkz@maіl.kz Алматыда: факс (727) – 273-73-80, электронды пошта – egemalm@host.kz

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728) 27-05-70; Атырау – (712-2) 32-94-07; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

Көрмені Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы мен Қазақстан Баспагерлері кітаптаратушылар ассоциациясы жəне «Атакент-Экспо» халықаралық көрме компаниясы бірлесіп ұйымдастырған. Мəдениет жəне ақпарат министрлігі Ақпарат жəне мұрағат комитеті төрағасының орынбасары А.Нұрмаханов: «VII Халықаралық «Ұлы Жібек жолымен» кітап жəне полиграфия көрмесін өткізу еліміз мəдениетіндегі дəстүрлі де маңызды шаралардың біріне айналды, – деді көрменің ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде. Көрмеге əлемнің он үш елінен баспа жəне баспа ісімен айналысатын мекемелер қатысуда. Бұл көрме барысында «Ұлттың интеллектуалдық деңгейін көтерудегі кітаптың рөлі» тақырыбындағы ғылыми-тəжірибеліқ конференция, мемлекет тарапынан шық қан кітаптарды насихаттау мақсатында Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігінің стенді, 11 номинация бойынша баспа герлерді, баспа ісімен айналысатын ұйымдарды марапаттау, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ бірлескен «Кітаптан туындаған ұлы кинолар» атты жоба аясындағы қазақ киносының қарашаңырағында өмірге келген туындылар насихатталып, отандық кино өкілдерінің мектеп оқушыларының жəне студенттермен кездесуі өтеді. Биылғы жылы Қазақстан Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы, Қазақстан Баспагерлері мен кітаптаратушылар ассоциациясы, Қазақстан Жазушылар одағы жəне «Жас өркен» жауапкершілігі шектеулі серік тестігі жариялаған жоғары сынып оқушылары арасындағы «Жауқазын» əдеби-шығармалар бəйгесінің қорытындысы жарияланады. Сондай-ақ, «Нұр Отан» п арти ясының қолдауымен Алматы қаласындағы 7 аудан мек тептері мен жоғары оқу орындарында қазақтың белгілі ақын-жазушыларымен əдеби кездесулер өтеді.

Көкшетау – (716-2) 25-76-91; Павлодар – (718-2) 57-18-09; Қарағанды – (721-2) 43-94-72; Семей – (722-2) 52-26-86; Қостанай – (714-2) 39-12-15; Тараз – (726-2) 43-37-33; Қызылорда – (724-2) 27-00-85 Шымкент – 8 (701) 404-36-29; Орал – (711-2) 28-80-35; Петропавл – (715-2) 50-72-50. Өскемен – (723-2) 25-28-41; Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-73-97, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Арко» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-полиграфия» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Мистоль» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Мұхит к-сі, 57/1, «Жайық Пресс» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Космическая к-сі, 6/3, «Шығыс ақпарат» КМК баспаханаларында басылып шықты.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 200 601 дана. Нөмірдің кезекші редакторы

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 5 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №38 ek

Profile for Egemen

16/04/2013  

1604201316042013

16/04/2013  

1604201316042013

Profile for daulet
Advertisement