Page 1

АҚПАРАТТАР аєыны №9 (28233) 16 ҚАҢТАР БЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ

 Жасампаздық жемістері

Натрий гипохлориді Атырауда осындай жаѕа ґнім шыєарыла бастады Индер ауданының топырағы табиғи байлыққа тұнып тұр. Соның бірі – тұз. Алыстан қарағанда о шеті мен бұ шетіне көз жетпейтіндей алып көлді елестетеді. Мұны аудан жұртшылығы Тұзды көл деп атайды. Осынау тұзды көлді игеру, одан сапалы тұз өнімдерін дайындауды 2003 жылдан бері «Тұз» серіктестігі іске асырып келеді.

тартылып отыр. Бұлардың барлығы да Индер ауданының тұрғындары, жұмыстары тұрақты дей аламын. Өйткені, сапалы тұз өнімдеріне сұраныс ұдайы болып тұрады. Демек, біздің өндірістің тоқтап тұруына, не кідіріспен жұмыс жасауына еш негіз жоқ, – дейді серіктестіктің директоры Əбиірбек Тоқтыбаев. «Тұз» серіктестігі иодталған ас жəне

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қ.Е.Жаңбыршинді Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы қызметіне тағайындау туралы

Қозыкөрпеш Есімұлы Жаңбыршин Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы болып тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 15 қаңтар. №730 1960 жылы туған, Мəскеу экономика-статистика институтын (МЭСИ) бітірген, мамандығы – экономист-математик. Экономика ғылымдарының докторы ғылыми дəрежесі бар. Қазақ КСР-ы Мемлекеттік жоспарлау комитетінің инженері, экономисі, аға экономисі болып жұмыс істеді. МЭСИ аспирантурасын бітіргеннен кейін Қазақстан Республикасы Экономика жөніндегі мемлекеттік комитетінің бас маманы, Президент жанындағы Жоғары экономикалық кеңестің консультанты болып еңбек етті. Қазақстандағы Еуропалық қоғамдастықтар комиссиясы Үйлестіру бюросының ұлттық директоры, Президент жанындағы Экономикалық консультанттар кеңесі басшысының орынбасары, «ТАСИС» бағдарламасының Қазақстандағы үйлестіру бюросының директоры, Алматы қаласының экономика жөніндегі комитетінің төрағасы лауазымдарында қызмет атқарды. Алматы қаласы əкімінің орынбасары, Қорғаныс министрінің орынбасары, Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары қызметтеріне тағайындалды. 2009 жылғы қыркүйектен – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісі.

техникалық тұз дайындайды. Əсіресе, техникалық тұзға сұраныс артып келеді. Сол себептен, тұз өндіретін зауыттан айына 500 тоннаға жуық ас тұзы шығарылады. Ас тұзы 10-30 келілік қапшықтарға, сонымен бірге, 1 келілік арнайы қорапқа салынып, сатылымға шығарылуда. (Соңы 2-бетте).

Таєайындау

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Серікұлы Мұқаш Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Төтенше жəне Өкілетті елшісі болып тағайындалды. *** Мемлекет басшысының Өкімдерімен: Қуат Бəкірұлы Қожахметов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметіне; Нұрлан Жетпісұлы Құсайынов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Қозыкөрпеш Есімұлы ЖАҢБЫРШИН

Қазақстан Рес пуб ли касы ның Мемлекеттік хатшысы Марат Тəжиннің Қазақстандағы дип лома тиялық миссиясының аяқталуына байланысты Чех Республикасының Төтенше жəне өкілетті елшісі Бедржих Копецкимен кездесуі өтті, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі. Мемлекеттік хатшы ынтымақтастыққа жəне қазақ-чех қарым-қатынастарын нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Чехия елшісіне алғыс айтты. М.Тəжин екі елдің өзекті халықаралық мəселелер жөнінде ұстанымдары ұқ састығын, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы мен Еуропалық одақ арасындағы серіктестік пен ынтымақтастық аясын кеңейту жөніндегі жаңа базалық келісімді əзірлеуге орай екіжақты байланыстарды сапалы жаңа деңгейге шығаруға алғышарттардың бар екенін айтты. Əңгімелесу барысында тараптар Қазақстан мен Че хия арасындағы саудаэкономикалық, саяси жəне мəдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың оң ахуалы мен перспективаларын қана ғаттанарлықпен атап өтті.

Мəжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің жетекшілігімен өткен палатаның сəрсенбі күнгі жалпы отырысында зияткерлік меншік, мемлекеттік жастар саясаты, ойын бизнесі жəне өзге де заң жобалары қорытынды əзірлеу үшін заңнамалық айналымға алынды. Сондай-ақ, депутаттар екі халықаралық құжатты қарап, ратификациялады. «Егемен Қазақстан».

«Егемен Қазақстан».

Елшіге елеулі їлесі їшін алєыс

ґзара тиімділікке негізделетін болады

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,

Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,

Серіктестік директоры Əбиірбек Тоқтыбаевтың газет тілшісіне мəлім еткеніндей, Индердегі тұзды көлде барланған болжам бойынша 2 миллиард тоннадай тұз қоры бар. Əрине, тұз бірден қазылып алынып, қапшықтарға салынбайды. Тұз дайындаудың бірнеше үдерісі бар. Алдымен алып экскаваторлар көл тұзын «КамАЗ-дарға» тиейді. Ал «КамАЗ-дар» тиелген тұзды «Тұз» серіктестігінің тазалау орнына жеткізеді. Бұл жерде серіктестік жұмысшылары тонна-тонна тұзды əбден тазалаудан өткізеді. – Қазір біздің кəсіпорында тұзды көлден өндірілген тұзды, өңдіруден өңдеуге дейінгі сатылы үдерістерді атқаруға 30-дан аса адам

Сауданы заѕдыќ ќолдау

Хроника

Мемлекет басшысының Жарлықтарымен: Аслан Есболайұлы Мусин басқа жұмысқа ауысуына байланысты Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы қызметінен; Ерлан Əділханұлы Əбілдаев Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Төтенше жəне Өкілетті елшісі қызметінен босатылды. *** Мемлекет басшысының Өкімдерімен: Қозыкөрпеш Есімұлы Жаңбыршин басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісі қызметінен; Бисенғали Шамғалиұлы Тəжияқов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметінен; Əбен Ағыбайұлы Бектасов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.

 Мемлекет мерейі

«Фольклорын жїз томєа жинап, бастырып шыєарєан əлемдегі жалєыз ўлт – ќазаќ»

Қазақ фольклорының 100 томдығының жариялануы – елдігімізді еңселентер ерен оқиға. Парламент Мəжілісінің кешегі отырысында депутат Алдан Смайылдың Үкімет басшысы Серік Ахметовтің атына жолдаған сауалының мəнін бір сөйлеммен осылайша түйіп айтуға болады. Сауалда былай делінген: Құрметті Серік Нығметұлы! Ұлтымыздың дəуірлерді сөйлеткен бай фольклоры – қазақ əдебиеті мен мəдениетінің қайнар көзі, халықтың теңдесі жоқ рухани құндылығы. «Егемен Қазақстан» республи калық газеті» акционерлік қо ғамының президенті Сауытбек Абдрахманов осы ауыз əдебиетіне қатысты мына бір оқиғаны аталған басылым бетінде (7.ХІІ.2013 ж.) былай деп еске алады: «2004 жылы «Мəдени мұра» бағдарламасын жаңа қолға алып жатқан шақта Ақпарат министрі ретінде АҚШ-тың сол кездегі елшісі Элизавет Джонс ханыммен кездесуім кезінде министрлік жұмысын əңгімелей келіп, Елбасы Нұрсұлтан Назар баевтың бастамасымен қолға алынған «Мəдени мұра» бағдарламасының аясында 100 томдық қазақ фольклоры шығарылатынын айтқан едім. Сөзімді елшілік қызметкері аударып болысымен министрліктің адамы: «Дұрыс аударған жоқ», деп қалды. Сөйтті де, өзі бір тұсын қайта аударып берді. Сөйтсек, елшілік қызметкері менің «жүз томдық» дегенімді министр жаңылыс кеткен болар деп, өзінше «түзетіп» «он томдық» деп аударған екен... Сонда Батыс адамының ұғымында бізде жүз томдық фольклор болуы мүмкін, оның бəрінің басы қосылып, сондай көлемде шығарылуы мүмкін деген ойдың өзі болмай тұрғаны ғой». Жақында Президент бастамашы болған осы «Мəдени мұра» бағдарламасының ең бір ірі жобасы – қазақ фольклорының 100 томдық «Бабалар сөзі» жинағын шығару жұмысы аяқталды. Мұндай басылым əлем мəдениетінің тарихында бұрынсоңды болған емес. Дүние дидарында фольклоры жүз томды құрайтын басқа ұлт бар болса, бар да

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Үкіметі арасындағы Инвестицияларды көтермелеу жəне өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша баяндаманы Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев жасады. Министрдің мəліметіне қарағанда, келісімге Вьетнам премьер-министрі Нгуен Тан Зунгтің елімізге ресми сапары барысында 2009 жылғы 15 қыркүйекте қол қойылған. Келісім экспроприация, ұлттандыру, инвесторға өтемақы төлеу жəне дауларды шешуге қатысты нормаларды қарастырады. Сонымен қатар, бұл келісім тараптар арасындағы дауларды шешу мақсатында ұйымдастырылатын халықаралық төрелік соттарды қалыптастыру рəсімін егжайтегжейлі регламенттейтін ережелерді қамтиды. 2005 жылдан бастап 2013 жылдың 9 айына дейін Қазақстанға ағылған вьетнамдық инвестиция көлемі 2,4 миллион АҚШ доллары болыпты. Жалпы, екі ел арасындағы сауда айналымы 221,8 миллион долларды құрағаны белгілі болып отыр. Қазақстанның экспорттық

шығар, бірақ фольклорын жүз томға жинап, бастырып шығарған əлемдегі жалғыз ұлт – қазақ екені анық. Бұл – əлемдік мəні бар оқиға, ұлт ретінде мақтаныш ететін рухани жетістігіміз. Сондықтан, Білім жəне ғылым министрлігінің М.О.Əуезов атындағы Əдебиет жəне өнер институтында əлемдік деңгейдегі фольклоршымыз, академик Сейіт Қасқабасовтың жетекшілігімен басталып, жеріне жеткізілген, Мəдениет жəне ақпарат министрлігінің қамқорлығымен Астанадағы «Фолиант» баспасында көркем безендіріліп, сапалы қағазға басылған «Бабалар сөзі» сериясының аяқталуы мемлекет өміріндегі елеулі рухани-мəдени белес ретінде қаралуы керек. Осы оқиғаға тиісінше мəн беріліп, үкімет деңгейінде көңіл бөлінуі, елдің ішінде де, сыртында да лайықты насихатталуы қажет деп санаймыз. Атап айтқанда, 100 томдықтың ЮНЕСКОның Штаб-пəтерінде, Майндағы Франкфурт қаласындағы кітап көр месінде тұсаукесерін өткізу, əлемдік тілдердегі салмақты журналдарда ғылыми мақалалар жариялау, осы оқиғаға орайластырылған халықаралық ғылыми конференциялар ұйымдастыру, дүниежүзіндегі ең танымал кітапханалардың қорында осы құнды басылымның болуын қамтамасыз ету қажет. Осындай ауқымды да өзекті шараларды атқару жөнінде Білім жəне ғылым, Мəдениет жəне ақпарат, Сыртқы істер министрліктеріне тиісті тапсырмалар беруіңізді сұраймыз. Біз осылай елдік рухымызды асқақтата түсейік. Алдан СМАЙЫЛ, Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің депутаты.

тауарлары асбест, темір прокаты, түрлі көліктік құрылғылар болса, ол жақтан шай, дəрі-дəрмек, тамақ өнеркəсібі үшін құрылғылар, компьютер жəне оларға қажетті жабдықтар жеткізіледі екен. Депутаттар заң жобасына қолдау білдіре отырып, өздерінің ойларын да ортаға салды. Уəлихан Бишімбаев Вьетнам Азиядағы ең қарқынды дамып келе жатқан елдердің бірі екенін айта кетіп, 90 миллион тұрғыны бар ел халық саны жағынан 14-ші орында екендігін де тілге тиек ете кетті. Бұрын аграрлы ел қазіргі таңда өнеркəсібі өркендеген елге айналып отыр. Бұл сала Вьетнам ішкі жалпы өнімінің 40 пайызын құрайды екен. Əсіресе, кеме жасау да қазір Вьетнам əлемде бесінші орында көрінеді.

 Республикамыздағы халық саны 17 млн. 145 мыңға жетті. Олардың 55 пайызы қалада, ал 45 пайызы ауылда тұрады.  21-23 мамыр аралығында өткізілетін VII Астана экономикалық форумына қатысуға 1000-нан аса адам тіркелген. Олардың қатарында белгілі саяси қайраткерлер, əлемдік деңгейдегі ғалымдар, бизнес жəне бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бар.  Халықаралық бүркітшілер қауымдастығы еліміз бүркітшілерін 45-ші мерейтойлық кеңеске қатысуға шақырды. Катар мемлекетінің астанасы Дохада өтетін бұл іс-шара қаңтардың 27-сінен ақпанның 2-іне дейін жалғасады.  Алматы қаласындағы туристік қызметті оңтайландыруға 183 млн. 232 мың теңге бөлінді. Мұны өткен жылғы қаржымен салыстырсақ, 40 млн. теңгеге артық.  Оңтүстік Қазақстан об лы сында тұратын Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен соғыстан оралмаған май дан герлердің жесірлері жыл бойы тегін жылумен қамтамасыз етілетін болды. Ол үшін жергілікті билік жəне «3-Энергоорталық» АҚ, ардагерлер ұйымы үшжақты меморандумға қол қойды.  Ақтөбе облысында бір ауысымда 500 адамды қабылдайтын емхана ашылды. Осы нысанды салуға жергілікті бюджеттен 1,2 млрд. теңге жұмсалған.  Батыс Қазақстан облысындағы тəртіп сақшылары қар құрсауында қалған жолаушыларды құтқарды. Біраз уақыттан бері межелі жеріне жете алмаған азаматтардың арасында Ресей еліне бет алғандары да бар.  Елімізде апаттық жағдайдағы 182 мектеп бар. Оның басым бөлігі Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Алматы облыстарында орналасқан. Egemen.kz хабарлары бойынша дайындалды.

 Оймақтай ой Ұлы істер бірден істелінбейді. СОФОКЛ.

(Соңы 2-бетте).

Ќоєамдыќ ќабылдаудыѕ жаѕа əдісі

«Нұр Отан» партиясы азаматтардың мұң-мұқтажын тыңдап, ұсыныс-тілектерін ескеруде жаңаша əдіс қолдануға көшті. Кеше «Нұр Отан» партиясының Орталық аппараты ұйымдастырған қоғамдық қабылдаудың онлайн форматында өтуі – осының көрінісі. Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Партия өкілдерінің айтуынша, мұндай жаңаша əдіс арқылы азаматтарға қызмет көрсету олардың уақытын үнемдеуге де белгілі бір деңгейде ықпал етпек. «Қоғамдық қабылдау бөлмесінің мұндай тəжірибесі өткен жылдың 1 желтоқсанынан бастап жүзеге асырыла бастаған. Сол күні Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев арнайы келіп, қоғамдық қабылдау бөлмесінің жаңа ғимаратын ашты. Бүгінгі таңда біз «электронды үкімет» арқылы халыққа үлкен мүмкіндік туғызып отырмыз. Яғни, əр азамат ешқайда шықпай, орталыққа келмей, бейне байланысқа шығып, өзін толғандырған мəселе бойынша партияның қоғамдық қабылдау бөлмесінде өтіп жатқан мемлекеттік органдар басшыларының, Мəжіліс

депутаттарының қабылдауларында бола алады, оның кестесі «электронды партияның» порталында жарияланған», деді «Нұр Отан» партиясы Орталық аппараты қоғамдық қабылдау бөлмесі меңгерушісінің орынбасары Жұмажан Қамкенұлы. Сонымен, кеше партияның қоғамдық қабылдау бөлмесіне Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова арнайы келіп, əуелгі кезекте бірқатар азаматтармен жүзбежүз кездесіп, олардың талаптілектеріне құлақ түрді. Аталған ведомство басшысының қоғамдық қабылдауына келген азаматтардың əрқайсысын сан түрлі мəселе толғандырып, əртүрлі сауал мазалайды екен. Мəселен, министр бұл жолы зейнетақы, еңбекақы, əлеуметтік жəрдемақы, əлеуметтік материалдық көмек, жұмысқа орналасу, жеке кəсіп ашуға шағын несие алу, мүгедектік тағайындау,

өндірістік жарақат алған жұмысшыларға төленетін өтемақы сынды мəселелер төңірегінде жұртшылықты толғандырып жүрген сауалдарға жауап берді. Министрдің қабылдауына келген азаматтардың арасында Астана қаласының 64 жастағы тұрғыны Тұрсын Қабыкенова деген азаматша да бар екен. Бүгінде 3 немересін бағып отырған ана өзінің қоғамдық қабылдау бөлмесіне келу себебін былайша түсіндірді. «Менің немерелерімді 4 жыл бұрын анасы, яғни менің келінім тастап кеткен еді. Ол кезде немере қызыма 1 жас 7 ай болса, ал одан кейінгі егіз немерелеріме 4,5 ай енді ғана толған болатын. Осы уақыт аралығында ешқандай жəрдемақы алған жоқпын. Өзімнің жұмысым жоқ, зейнетақыға да шықпағанмын. Бəріміз ұлымның аз-маз жалақысымен күн көріп отырмыз. Біздің материалдық жағдайымыз қиын. Немерелерім балабақшаларға бара алмайды. Себебі, жиі ауырады, өте əлсіз. Өкпелеріне суық тиген, демікпе ауруына шалдыққан.

(Соңы 2-бетте).

Кəсіпкерлікті дамыту – кїн тəртібінде Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде Еуразиялық бизнесфорумға жəне кəсіпкерліктің дамуына арналған баспасөз мəслихаты болды. Онда шараны ұйымдастыру комитетінің төрағасы Қуаныш Дəуітов аталған форум 17-18 сəуірде Алматы қаласында өтетіндігін мəлімдеді.

Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».

Брифингке Мəжіліс депутаты жəне «Нұр Отан» партиясының кəсіпкерлікті дамыту мəселелері жөніндегі үйлестірушісі А.Соловьева, Қазақстанның

ұлттық кəсіп керлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Р.Ошақбаев, «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» қауымдастығының вицепрезиденті М.Курбенов жəне Еуразиялық бизнес-форумның ұйымдастыру комитетінің

төрағасы Қ.Дəуітов қатысты. Қазақстанда 1,5 миллион шағын жəне орта кəсіпкерлік субъектілері тіркелген. Қазіргі таңда оның 850 мыңы белсенді жұмыс істеп тұр. Халқымыздың белгілі бөлігі, атап айтқанда, еңбекке қабілетті 2 миллионнан астам азамат осы салада қызмет етеді, деді орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі А.Əбибуллаев кіріспе сөзінде. Сөйтіп, мемлекеттік саясат пен ұлттық бəсекеге қабілеттілікті нығайтуда кəсіпкерліктің рөлі өсіп келе жатқанын айтты. Демек, кəсіпкерлікті қолдау – күн тəртібінде. (Соңы 2-бетте).


2

www.egemen.kz

16 қаңтар 2014 жыл

Сауданы заѕдыќ ќолдау (Соңы. Басы 1-бетте).

Халықаралық келісімдерге кімдердің жауап беретіндігі тұрғысында сауалын қоя отырып, Рауан Шаекин олардың тек мұнай-газ саласында ғана жүзеге асып отырғандығына қынжылыс білдірді. Депутаттың пайымынша, аграрлық салада айтарлықтай табыстарға жеткен бұл елдің бізге берері де мол еді. Ол өз сөзінде сыртқы саясат ведомствосына қарайтын «Инвестицияларға ықпал ететін Қазақстан орталығы» АҚ жұмысын да сынға алды. Бұл ретте

белгілі болғаны, бір вьетнамдық холдинг Астана қаласынан құны 100 миллион доллар болатын ғимарат кешенін салуды қолға алмақ. Сондай-ақ, ПетроВьетнам мұнай-газ компаниясы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясымен ынтымақтастыққа мүдделі екендігін көрсетіп отыр. Сондай-ақ, палата депутаттары «2007 жылғы 6 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтерін жарақтандыру үшін арнайы техника мен арнайы құралдарды жеткізудің

жеңілдікті шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады. Хаттамаға 2010 жылғы 10 желтоқсанда Мəскеу қаласында Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тəжікстан, Ресей мемлекеттерінің басшылары қол қойған. Қазіргі уақытта хаттама ұйымның Қазақстаннан басқа барлық елдері тарапынан ратификациядан өткені мəлім болды. Келісімді өзектендіру туралы бастамашылықты Ресей тарапы танытыпты. Бұл ретте хаттама бойынша келісімге құқық

Ґткен жыл ќорытындыланып, биылєы баєыт наќтыланды Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың басшылығымен Консультативті-кеңес органының (ККО) «Адами өлшем бойынша үнқатысу алаңы» пленарлық мəжілісі өтті. Мəжіліс барысында қатысушылар 2013 жылғы жұмыстардың қорытындысын жан-жақты талқылап, 2014 жылы жасалатын жұмыстардың басты бағыттарын анықтады, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі. Былтыр ККО мүшелері алты тақырыптық кездесу өткізіп, нəтижесінде демократияны дамыту, құқықтың үстемдігі мен адамның жеке құқықтары мен бостандығын қамтамасыз ету мəселелері бойынша 157 ұсыныс қабылданыпты. Ұсыныстар елдегі демократиялық жүйені одан əрі жетілдіру ісінде азаматтық сектор, Үкімет пен Парламент арасындағы өзара іс-əрекетті оңтайландыруға бағытталған. Барлық ұсыныстар Елбасының «2050» Стратегиясында белгіленген Қазақстанның саяси дамуының басымдықтарына, сондай-ақ, адам құқығы жəне демократия саласындағы

халықаралық міндеттемелерге сəйкес қалыптастырылыпты. 157 ұсыныстың жартысынан көбі мақұлданып, атқарушы органдар мен Парламент жұмыстарында ескерілген. Қалған ұсыныстар бойынша осы басталған жылы жұмыс жасалатын болады. Кездесуге қатысушылар Консуль тативті-кеңес органының 2014 жылға арналған жоспарын мақұлдады. Жоспарға сəйкес, үнқатысу алаңының тоқсанаралық кездесулерінде мақұлданған ұсыныстарды іске асыру механизмін іске қосу, Қазақстанның саяси дамуы жөнінде қосымша мəселелерді талқылау, 2013 жылғы ұсыныстардың ревизиясын

өткізу, сонымен қоса, Парламент, министрліктермен жəне ведомстволармен Қазақстанның ұлттық заңнамасын одан əрі жетілдіру бойынша ынтымақтастықты нығайту көзделген. Кездесу қорытындысы бойынша, Е.Ыдырысов үкіметтік органдардың, соттың, заңнамалық биліктің жəне азаматтық қоғамның бірлескен бір жылдық жұмысы өз жемісін бергенін атап өтті. Консультативті-кеңес органының қатысушылары арасында «тек қана тыңдау емес, сонымен қоса, естуге» негізделген өзара ынтымақтастықтың жаңа мəдениеті қалыптаса бастады. Дəл осындай көзқарас саяси үдерістің барлық қатысушыларына бірлескен күш-жігер арқылы Қазақстанның тұрақты əрі серпінді дамуына, сонымен қатар, Консультативті-кеңес органының 2014 жылғы жұмысын тиімді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ќоєамдыќ ќабылдаудыѕ жаѕа əдісі (Соңы. Басы 1-бетте).

Əрине, мемлекет тарапынан екі рет квота берілді. Сол квоталар бойынша талай рет емделдік, жылынан 3-4 рет ауруханаға жатамыз. Қанша жыл баспана деуге ауыз бармайтын «үйлерді» жалдап, тұрып келдік. Қазір де сондай жерлерде тұрып жатырмыз. Баспанамыз жоқ. Туысқандарымыз бізге аяушылық танытып, көмек көрсетіп отырады. Мəселен, биылғы қыс бойы бір ай бір туысымыздың үйінде, тағы бір ай басқа туысымыздың үйінде тұрдық. Мені немерелерімнің жағдайы алаңдатады. Аналары 4 жыл бұрын кеткеннен бірде-бір

рет төбесін көрсеткен емес. Министрге осы жағдай түрткі болып, мүмкін көмегі тиіп қалар» деген ниетпен келген едім. Міне, осылай деп мұң шаққан ол Тамара Дүйсенованың: «Өтініш жазыңыз, жағдайыңызды қараймыз», деген сөзіне үміт артып отырғанын жеткізді. Сонымен қатар, бұл күні алғаш рет аймақтармен онлайн пішімі негізінде қабылдау жүргізілді. Мəселен, ведомство басшысы еліміздің 3 өңірі – Ақмола, Ақтөбе жəне Қостанай облыстарымен тікелей байланысқа шығып, аталған өңірлердің 6 тұрғынының талап-тілектері мен өтініштерін тыңдады.

Онлайн байланысқа шыққан өңір тұрғындары еліміздің «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңына өзгерістер енгізу, еңбек ардагерлерінің дəрежесі туралы заң жобасын əзірлеу, ауыл шаруашылығында қызмет атқарған зейнеткерлердің зейнетақысын өсіру, мүгедек балалардың күтіміне қажетті əлеуметтік көмек көрсету туралы ұсыныстарын жеткізді. Азаматтарға қоғамдық қабылдау жүргізілгеннен кейін Т.Дүйсенова мұң-мұқтаждарымен келіп, өтініш айтқан азаматтардың мəселелерін шешу жөнінде аймақтық органдарға бірқатар тапсырмалар берді.

Кəсіптік білімді жаѕєырту жолында

Орал политехникалық колледжі 2012 жылы Техникалық жəне кəсіптік білімді жаңғырту жобасы аясында Институттық даму жоспарын ұсынып, «Ішкі санитарлық-техникалық қондырғыларды, желдеткіштерді жəне инженерлік жүйелерді құрастыру жəне пайдалану» мамандығы бойынша грант иеленген облысымыздағы бірден-бір оқу орны. Аталмыш колледж 1956 жылдан бері Батыс Қазақстан облысында құрылыс саласының мамандарын даярлап келе жатқан тарихы терең оқу ордасы болып табылады. Осы уақыт ішінде мұнда газ-электрмен дəнекерлеуші, құрылыс шебері, автокөлік жөндеуші слесарь, кранды автокөлік машинисі, электрмонтаждаушы, сылақшы, сырлаушы, əрлеу құрылыс жұмыстарының шебері, техник-құрылысшы мамандықтарының қыр-сырын игерген 13 000-нан астам жас түлектер үлкен өмірге жолдама алды. Колледжде бүгінгі таңда 750 оқушыға 42 оқытушы мен 28 өндірістік оқыту шеберлерінен тұратын инженер-педагогикалық қызметкерлер білім беруде. Бəсекеге қабілетті маман даярлау үшін колледжде барлық жағдай жасалған. 25 оқу кабинеті, 7 өндірістік оқу шеберханасы, 2 зертхана соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Институттық даму жоспарын жүзеге асыру мақсатында колледжде электр-газбен дəнекерлеуші зертханасы жабдықталды жəне жаңа технологиялы пісіру аппараттары, ЛСД панель, мультимедиялық мінбер, компьютерлер алынып, колледждің материалдық-техникалық базасы да нығая түсті. Осы жылдың қараша айында Жоба аясында осы

оқу орнының əдіскері, 2 арнайы пəн оқытушысы жəне 2 өндірістік оқу шебері Астана қаласындағы «Тұран-Профи» халықаралық кəсіптік академиясы арқылы Беларусь Республикасының Минск қаласына барып, «Құзыреттілікке бағытталған модульдік оқу бағдарламаларын құрастыру» тақырыбында біліктілік арттыру курсынан өтіп келді жəне грант иеленген «Ішкі санитарлық-техникалық қондырғыларды, желдеткіштерді жəне инженерлік жүйелерді құрастыру жəне пайдалану» мамандығы бойынша модульдік оқу бағдарламаларын жасауды жалғастыруда. Техникалық жəне кəсіптік білімді жаңғырту жобасы колледждің болашағының жарқын болуының алғышарты деуге болады. Өйткені, Институттық даму жоспарындағы біздің басты мақсатымыз – бəсекеге қабілетті білікті маман даярлайтын аймақтағы жетекші оқу орны дəрежесіне жету. Ал мақсат айқын болса, алар асу да алыс емес екендігі анық. Г.ТУРЕШОВА, Орал политехникалық колледжі əдіскері. Батыс Қазақстан облысы.

Натрий гипохлориді (Соңы. Басы 1-бетте).

Иодталған ас тұзы Қазақстанның барлық аймағына таралады. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығына, соның ішінде малға қажетті тұзды арнайы станокта кірпіш тастың көлеміндей етіп дайындайды. Бұл кəсіпорынның тұзын астма ауруына қарсы ем ретінде де қолдануға болады екен. Ал техникалық тұзы «Бейкер Хьюз Сервис Интернэшнл», «Халлибуртон Интернэшнл», «Теңізшевройл», «Интергазсервис», «ЭраОйл» секілді мұнай-газ өнеркəсібі саласындағы ірі компаниялар алады. Серіктестік директоры Ə.Тоқтыбаевтың айтуынша, зауыттың қуаты айына 50 000 тоннаға дейін техникалық тұз дайындауға да жетеді екен. Енді осы серіктестік жаңа бір өнімді шығаруға оң қадам жасады.

– Индер тұзынан, – деп жалғастырды əңгімесін серіктестік басшысы, – тек ас жəне техникалық тұз дайындаумен шектелгіміз келмеді. Мұндағы тұз қоры мол, əрі сапалық құрамы ерекше, тіпті, одан натрий гипохлоридін дайындауға əбден болады. Сол себептен, тұз құрамын арнаулы зертханаларда зерттедік. Бірақ біздің елімізде натрий гипохлоридін шығаруға лайықталған технологияның жоқтығынан ойға алған істі кешеуілдеттік. Əлемнің біраз елінен осындай өнім шығаруға лайықты технологиялардың мүмкіндіктеріне талдау жасап көрдік. Сөйтіп, Ресейдің технологиясын алуға берік тоқтам жасадық. Серіктестік басшылығы жаңа технологияны іске қосу үшін екінші деңгейдегі банктерден несие алуды мақсат тұтқан екен. Əрине, əр банктің талабы əрқалай. Натрий гипохлоридін өндіру зауытын салмақ ниетті көздеген

«АЌШ єасырын» айшыќтады

қорғау органдары мен арнайы жасақтарға арналған техника мен құралдарды жеңілдікті шарттармен жеткізуді жүзеге асыру кезінде шығыстарды еркін айырбасталатын валютамен де, Ресей рублімен де төлеу мүмкіндігі ұсынылады. Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов депутаттар сауалына берген жауабында арнайы техника мен құралдардың 90 пайызы Ресейден сатып алынатынын алға тартты. Жалпы, бұл мақсатқа жыл сайын 5 миллиард теңге жұмсалып келсе, хаттама ратификацияланғаннан кейін арнайы техника мен құралдар бағасы 25-30 пайызға дейін төмендейтіндігі ерекше аталды.

ЭКСПО шежіресі: Чикаго, 1893 жыл

Кəсіпкерлікті дамыту – кїн тəртібінде (Соңы. Басы 1-бетте).

– Партия өзінің сайлауалды тұғырнамасында шағын жəне орта бизнесті дамыту бойынша нақты міндеттер алды. Партияда кураторлық институты құрылды. Бұл бірнеше ба ғытты қарастыратын жаңа институт. Тұғырнама міндеттерін біз индикаторлар жүйесі арқылы бағалайтын боламыз. Атап айтқанда, осындай индикаторлардың 3 деңгейін белгіледік. Олардың біреуі жаһандық сипатқа ие. Бұл əлем дік қауымдастықта жəне ұлттық деңгейде қабылданған өлшем – ішкі жалпы өнімнің құрылымында шағын жəне орта бизнес үлесінің қандай болатындығы. Ол индикатор, бизнес өзінің лайықты орнын алуы үшін оған қандай жағдай жасағанымыздың көрсеткіші іспетті. Екінші, ағымдағы индикаторлар. Біздің елімізде қазір қолданылып жүрген бағдарламаларды түзетіп, жаңа ұсыныстар енгізуге мүм кіндік береді. Үшінші, кірік тірілген индикатор. Ол арқылы бизнестің қаншалықты белсенді дамып жатқанын білуге болады, – деді депутат А.Соловьева. Баспасөз мəслихаты барысында «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» қауымдастығының вицепре зиденті М.Курбенов пен Еуразиялық бизнес-форумның ұйымдастыру комитетінің төрағасы Қ.Дəуітов өзара келісім меморандумына қол қойды. Одан кейін тараптар екі ұйымның бірлесе отырып атқаратын жұмыстары туралы айтты. Елдегі шағын жəне орта кəсіпкерлікті дамыту мəселелеріне тоқталды. – Еуразиялық бизнесфорумға дайындық жұмыстары бес айдан бері жүргізілуде. Бүгінде Қазақстандағы бизнес Еуразиялық экономикалық одаққа кірудің барлық мүмкіндіктерін толық бағалап үлгерген жоқ. Сондықтан, форумда осы жəне өзге де мəселелерді талқылап, кəсіпкерлерге пайдасы болатын түрлі шараларды қарастыру жоспарланып отыр. Қазақстанның жəне Кеден одағы елдерінің басшыларына шақырту хатын жолдадық, – деді Қ.Дəуітов. Аталған бизнес форум 1718 сəуірде Алматы қаласында өтеді. Себебі, еліміздегі кəсіпкерлердің басым бөлігі осы қалада шоғырланған, дейді ұйымдастырушылар. Осы жиында қаралған мəселелер мамыр айында өтетін Астана экономикалық форумы аясында жалғасын табады.

серіктестік «АзияКредитБанк» АҚ-тан 290 300 000 теңге несие алды. Сонан соң ұзындығы 54, ені 21, биіктігі 8 метр болатын жаңа зауыт құрылысын салу, құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз ету үшін Ресейдің СанктПетербург қаласындағы «Авангард» ААҚ-пен келісімшартқа отырыпты. – Натрий гипохлоридін шығаратын жаңа зауытты іске қостық. Жаңа зауытта жылына 30 мың тонна натрий гипохлориді сұйығын өндіреміз. Бұл өнімнің патенті тек біздің кəсіпорынның еншісінде ғана болады. Біз осы игі іске Елбасының тапсырмасына орай жүзеге асырылып жатқан «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында қол жеткізіп отырмыз. Осы бағдарламаның жемісі ғой, банктен алған 14 пайыздық несиеміздің 50 пайызын «Даму» кəсіпкерлікті дамыту қоры арқылы мемлекет субсидиялап отыр, – дейді серіктестік директоры Ə.Тоқтыбаев. Атырау облысы, Индер ауданы.

Осыдан тура 120 жыл бұрын, яғни 1893 жылы Чикаго қаласында, Америка құрлығында екінші рет Бүкілəлемдік əмбебап көрме ашылды. Бұл құрлықтағы алғашқы көрме 1876 жылы Филадельфия қаласында АҚШ-тың Тəуелсіздік декларациясын жариялағанына 100 жыл толу мерекесіне арналған болатын. Ал 1893 жылғы Чикаго көрмесі Христофор Колумбтың Американы ашқанына 400 жыл толу құрметіне арналды. Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

1892 жылы Америка Құрама Штаттары Христофор Колумбтың Америка құрлығын ашқанына 400 жыл толуын кең көлемде салтанатпен атап өтті. Осы бір айрықша датаны тарихта ерекше айшықтау мақсатымен АҚШ билігі 1893 жылы Бүкілəлемдік əмбебап көрме өткізу жөнінде шешім қабылдады. Америкалықтар бұл тарихи датаға күні бұрын жан-жақты дайындала бастаған еді. Америка құрлығының ашылғандығына 400 жыл толу құрметіне өткізілетін сол кездегі əлемдегі ең ауқымды шара – Бүкілəлемдік жетістіктер көрмесін өткізуге Нью-Йорк жəне Чикаго қалалары бəсекеге түсті. Осыған байланысты Конгресте өткен бірқатар пікірсайыстардан кейін 1890 жылы АҚШ президенті Бенджамин Харрисон 1893 жылғы Бүкілəлемдік көрмені Чикаго қаласында өткізу туралы заңға қол қойды. Христофор Колумбтың құрметіне бұл əлемдік көрме «Колумбтық» деп аталды. Əлемдік жарнамалардан үміткер америкалық ең ірі компаниялар бұл көрмені өткізуге қа жетті барлық шығындарды өздерінің мойындарына алды. Көрмені өткізудің америкалық ауқымдағы жоспары белгіленді. Көрме қалашығын салу үшін Чикаго қаласынан 11 шақырым қашықтықтағы Мичиган көлінің жағасында 300 гектар жер бөлінді. Бұл осыдан бұрынғы, яғни 1889 жылғы Париж көрмесі қалашығының аумағына бөлінген жер телімінен үш есе үлкен еді. Көрме қалашығының аумағына бөлінген осындай үлкен аймақта адамдардың қиналмай қатынауы үшін арнайы теміржол жəне су жолы көліктері ұйымдастырылды. Көрме қалашығы алып жатқан аумақтың үлкендігі оның ішінде қатынайтын жеке көлік болуын қажет етті. Осыған байланысты 5 шақырым қашықтыққа созылған аспалы екі тармақты теміржол құрылысы салынды. Теміржол бойында жылжымалы жаяу жүргіншілер жолы бой көтерді. 1893 жылдың 1 мамырында АҚШ президенті Гровер Кливленд салтанатты жағдайда Америка құрлығындағы екінші Бүкілəлемдік əмбебап көрмені ашты. Бұл ашылу салтанатына 150 мыңнан астам қонақтар қатысты. Салтанатты рəсімге Филадельфия қаласынан арнайы азаттық қоңырауын алдырды. Көрменің ашылу салтанатында АҚШ-тың тапсырысы бойынша орыс сазгері А.Глазунов жазған салтанатты марш ойналды. Көрме қалашығында кең қанат жайған жəдігерлер мынандай тақырыптар бойынша орналастырылды: ауыл шаруашылығы, баубақша, мал шаруашылығы, тау-кен жəне металлургия өндірісі, балық аулау, өнеркəсіптік тауарлар, машина жасау, көлік, электрлік жабдықтар, көркем жəне еркін өнер жəне басқалар. Бұл көрмелерге 50 мемлекеттен жəне 37 отар елдерден əкелінген 60 мыңнан астам жəдігерлер қойылды. Көрме павильондарының ішінде барлық жұртты таңдандырған өнеркəсіп

павильоны болды. Оның алып жатқан аумағы келушілердің бар лығын таңдандырды. Бұл павильонның көлемі 514х240 метр болса, биіктігі 75 метрге созылды. Өзінің көлемі жағынан бұл павильон бұрын-соңды өткен көрмелердегі павильондардан бірнеше есе асып түсті. Жалпы, көрме қалашығы аумағында 200ден астам ғимарат салынды. Оның ішінде 19 павильон ұлттық болса, 24 павильон Американың жекелеген штаттарының жетістіктеріне арналды. Көрме қалашығы салыстырмалы түрде өте аз уақытта бой көтерді. Оның жобасын жасауға америкалық атақты архитекторлар Дэниел Хадсон, Фредерик Олмстед жəне басқа да суретшілер мен мүсіншілер қатысты. Павильондардың көпшілігі болат тұғырларға бекітілген ағаш панельдер мен гипс қабырғалардан құралды. Бұл ғимараттардың барлығы дерлік ақ түспен əрлендірілді. Соған байланысты, газет тілшілері Бүкілəлемдік көрме қалашығын «Ақ қала» деп сүйіспеншілікпен атады. 1893 жылғы Чикаго қаласындағы Бүкілəлемдік көрме қалашығының нысандарының архитектурасы Американың қалаларының болашақ сəулет өнерінің негізін қалады. Көрме қалашығын салу барысында 1870 жылғы үлкен өрт апатынан зардап шеккен Чикаго қаласының архитектурасын қалпына келтіру жұмыстары да кеңінен жүргізілді. Көрмені тамашалауға келушілер ді электр энергетикасына арналған павильон ерекше əсерге қалдырды. Бұл кезеңде АҚШ электртехникасы саласында орасан зор жетістіктерге жеткен болатын. Осы көрмеге қойылған электр-техникалық жетістіктер жəдігерлерін тамашалаған жұртшылық АҚШ-тың бұл салада шындығында да зор табыстарға жеткендігін мойындады. Электр энергетикасына арналған павильон 120 мың түрлі-түсті шамдармен əрлендірілді. Əлемге əйгілі «Westinghouse Electric» фирмасы 15 мың əртүрлі электр шамдарынан тұратын ұстын орнатып, электр жарығының сəулесімен айшықты көріністер жасады. Осы павильонның жұмысын көрсетуге орыстың белгілі ғалымы А.Лодыгин белсене атсалысты. Кейіннен ол Америкадағы электр лампалары зауытының құрылысын салуға арнайы шақырылды. Сонымен бірге, орыстың көрнекті ғалымы Н.Славянов 1888 жылы өзі ойлап тапқан электрмен дəнекер леу аппаратын алғаш рет осы көрмеде көпшілік назарына ұсынды. Оның бұл қондырғысы Чикаго көрмесінде ең жоғары баға алды. Нəтижесінде Славянов Францияның, Германияның, Англияның, Австрияның, Венгрияның, Бельгияның патенттерін алып, АҚШ, Швеция жəне Италияның осы саладағы сұраныстарына ие болды. Көрме жұмысы қызып жатқан кезеңде осы павильон шеңберінде ІІІ Халықаралық электр-техникалық конгресс өткізілді. Оның жұмысына əлемнің барлық жерлерінен келген инженерлер мен ғалымдар белсене қатысты. Чикагода өткен ІІІ

Халықаралық электр-техникалық конгресс тарихта тұңғыш рет ом, ампер, ватт, вольт, джоуль сияқты электр-техникалық бірліктерді қолданысқа шығарды. Осыдан кейін 1900 жылы Парижде өткен Бүкілəлемдік жетістіктер көрмесінде ІV Халықаралық электротехникалық конгресі өтіп, онда Ресей зерттеушісі К.Персидский алғаш рет өзінің баяндамасында «телевидение» терминін енгізді. Сонымен бірге, бұл көрмеде көлік павильонындағы жəдігерлер де ерекше əсерлілігімен есте қалды. Атап айтқанда, бұл павильонды көлік құралдарының көнеден қазіргі дəуірге дейінгі небір түр лерінің шежіресі жасалынды. Мəселен, ең алғаш ағаштан жасалған қолапайсыз ағаш арбалардан бастап, сол заманның озық үлгілері болып табылатын локомотивтер мен жайлы вагондар көрініс тапты. Бөренелерден қалай болса солай қиып жасаған алғашқы қайықтардан бастап сол заманның таңдай қақтыратын алып жолаушылар кемелері мен əскери корабльдері көрмеге келуші дүйім жұртты таңдандырды. Павильонның жоғарғы қабаттарында сол уақытқа дейін дүние жүзінің барлық жерлерінде шыққан велосипедтердің небір үлгілері көрініс тапты. Ғимараттың қарсы бетіне Джеймс Уатт, Джордж Стефенсон, Роберт Фултон сияқты бу машиналарын ойлап тапқан атақты механиктер мен инженерлердің мүсіндері орын алды. Ал павильонның ішінде адамзат тарихында теміржолға алғаш табан тіреген локомотивтен бастап, осы көлік құралының 60 түрі орналастырылды. Бүкілəлемдік жетістіктер көрмесін өткізудің географиялық шежіресі дүние жүзінде өнеркəсіп жəне сауда орталықтарының қалыптасуымен тұспа-тұс келеді. Бұл Халықаралық əмбебап көрмелер əлемнің өнеркəсібі ең дамыған қалаларында өткізіліп отырды. Мəселен, 1851 жəне 1862 жылғы Бүкілəлемдік көрмелер Лондонда, ал 1855, 1867, 1878, 1889, 1900 жылдары Парижде 1873 жылы Венада 1876 жылы Филадельфияда өткізілсе, 1893 жылы ЭКСПО көрмесінің жалауы Чикагода желбіреді. Бұл көрмені өткізуге дайындық жəне оны өткізу жылдары Чикаго қаласының тарихындағы айшықты кезең болып саналады. Сөйтіп, осы уақытқа дейін «ет қаласы» аталып келген елеусіз Чикаго осы көрмені өткізудің нəтижесінде АҚШ-тың Орталық батысындағы ірі мəдени жəне өнеркəсіп орталығына айналды. Осылайша Чикаго АҚШтағы көшбасшы қалалар легіне қосылды. 1893 жылғы Бүкілəлемдік жетістіктер көрмесінің жалауы Чикаго қаласында жарты жыл бойы – 1 мамырдан 30 қазанға дейін желбіреді. Осы уақыт аралығында бұл көрмені дүние жүзінің түкпір-түкпірінен келген 21 миллионнан астам адам тамашалады. Чикаго көрмесіне келген туристердің көп болуына америкалық ірі компаниялардың үздіксіз жүргізген арнайы жарнамалары бірден-бір себеп болды. Көрме АҚШ экономикасының барлық салаларда жеткен жетістіктерін көрсетумен қатар, америкалықтардың көшбасшылық рөлін айрықша паш етті. Америкалықтар осы көрмені өткізу барысындағы өздерінің зор жетістіктері арқылы «АҚШ ғасыры» басталғанын төрткүл дүниеге жариялады.


www.egemen.kz

16 қаңтар 2014 жыл

 Демократия – даму даңғылы

ҐКІЛЕТТІ ОРГАНДАРДЫЅ ҐРКЕНДІ ЖОЛЫ Ќазаќстан мəслихаттарына – 20 жыл Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық. Қазақстан Республикасының Конституциясында осылай бекітілген. Қоғамды демократияландыру үдерістерінде жергілікті өкілді органдардың, халық билігінің негізгі формасы ретінде, мəслихаттар мен жергілікті өзін өзі басқару органдарының маңызы өте зор. Мəслихат – халық сайлайтын, халықтың еркін білдіретін жəне Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды белгілеп, олардың жүзеге асырылуын қадағалайтын жергілікті өкілді орган. Өз қызметінде мəслихат мемлекеттің жалпы сыртқы жəне ішкі саясатына, қаржы жəне инвестициялық саясатқа сай келмейтін шешімдердің қабылдануына жол бермейді, қоғамдық маңызы бар салаларда белгіленген жалпы мемлекеттік стандарттарды ұстанады, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етеді.

Нұрлан ДУЛАТБЕКОВ,

Қарағанды облыстық мəслихатының хатшысы.

Мəслихат өз өкілдігін, Қазақстан Республикасының Конституциясына жəне Қазақстан Республикасының заңнамаларына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жəне өзін өзі басқару туралы» Заңға, Қазақстан Республикасының Президенті, Парламенті мен Үкіметінің актілеріне жəне де мəслихат жұмысының регламентіне сəйкес жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Тəуелсіздік алғаннан бергі жылдары мəслихаттар жергілікті билік жəне барлық сайлау науқандары түрлерінің əрекеттерінде негізгі рөлге ие болғанын сеніммен айтуға болады. Тəуелсіздік жылдарында Қазақстан саяси жəне экономикалық үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Мұнда да жергілікті өкілетті органдар өкілдерінің сүбелі үлесі бар. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Отанымыздың 1993 жылғы Конституциясы қабылданғанда жаңа тəуелсіз, егемен мемлекеттің негізгі аяққа тұруы басталды. Дəл сол жылы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі жергілікті мемлекеттік органдар құрылымына маңызды өзгерістер енгізген «Жергілікті билік жəне атқарушы органдар туралы» Заң қабылдады. Жергілікті өкілетті органдар – мəслихат, жергілікті атқарушы органдар əкімшілік болып аталды. Мəслихаттар жəне əкімшіліктер «жергілікті мемлекеттік басқару органдары» деген жалпы атауға біріктірілді. Ұйымдастырушылық жағынан жергілікті органдар «бір-бірінен бөлінген, əрқайсысының өкілеттігі, мəселелер аясы мен өз құзыреті бар». 1994 жылдың наурыз айында елімізде Қазақстанның саяси көзқарасындағы жаңа толқынды танытқан жергілікті өкілетті билік органдары – мəслихаттарға алғашқы сайлаулар басталды. Ол елдегі бəсекеге қабілетті алғашқы сайлау болып, республиканың демократиялығын жедел дамытты. Мəслихаттар нақты заң шеңберінде жергілікті халықтың еркіндігі мен ерікті ісəрекет етуін қамтитын мемлекеттік органдардың өкілеті ретінде функцияларға ие болды. 2001 жылдың қаңтар айында Парламент «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жəне өзін өзі басқару туралы» Заң қабылдады. Жалпыхалықтық қолдауға ие болып, алдағы саяси өзгерістерге бастау болған Нұрсұлтан Назарбаев тың бастамасымен өткізілген 2007 жылғы конституциялық реформа мəслихаттарға, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің ұсынысымен, Парламент Мəжілісіне жəне барлық деңгейлі мəслихаттарға депутаттар сайлау кезінде аймақтық, орталық жəне учаскелік сайлау комиссиялары құрамын сайлауға байланысты қосымша өкілеттіліктер берілді. Конституциялық реформаның іс жүзінде жүзеге асырылуы 2007 жылы тамыз айында өткен Парламент Мəжілісіне жəне мəслихаттарға депутаттар сайлаулары болды. Олар Елбасының «партиялық механизмдердің күшеюі заманауи азаматтық қоғамның қалыптасуына, халықтың қоғамдық үдерістерге белсенді араласуына ықпал ететін» жəне «бұл үдерісте басты рөлді саяси партиялар ойнауы керек» деген ойын дəлелдеп берді. Уақыт саяси партиялардың конституциялық реформаға қатысуы оңды нəтиже бергенін көрсетті – партиялық жарыс қағидаты мəслихаттар құрамына 98 пайыздан астамы партияларға мүше депутаттарды əкелді. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің реформаторлық бағытының ұстанымды екенін мəслихаттар өз іс-əрекеттері арқылы көрсетті. Конституциялық реформалардың маңыздылығы туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Жаңа саяси жүйеде мəслихаттар əрекетінің табиғаты өзгереді. Олар азаматтық қоғам сұранысын ілгерілетуді қамтамасыз ететін жеке билік органы болады», деп атап көрсетті. Сондықтан, Қарағанды облыстық мəслихаты жұмысының негізгі принципі – түсіністік, атқарушы органдармен тығыз байланыс, ортақ іске бірге жұмылу. Сонымен

қатар, былтырғы жылдың 3 желтоқсанында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен мəслихаттардың функциялары мен іс-əрекетін, міндеттерін нақты реттейтін типтік регламент бекітілді. Депутаттардың қоғамдағы үдерістердің мазмұнын жіті түсінуі қуантады. Олар депутаттық корпус алдындағы міндеттерді шешудегі өз орындары мен рөлдерін сезіне біледі. Былтыр «Нұр Отан» партиясының VI съе зінде қабылданған Доктринасында мемлекеттің жаңа саяси бағытты жүзеге асырудағы рөлін нақтылады. Ол Елбасының мемлекеттік бағытының тұрақтылығын қамту мен мемлекеттің даму стратегиясына қызмет етеді. Доктринада партияның үш маңызды мұраты анықталды: Қазақстанның өркендеуі

– республика тұрғындарының жасы, ұлты, тұрғылықты жері мен қызметіне қарамастан, ортақ мақсат ретінде; ел Тəуелсіздігі – негіз бен құндылық, біздің мемлекетіміздің басты жетістігі; жəне Елбасы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев – заманауи мемлекеттің негізін қалаушы. Жаңа Доктринаның негізгі құндылықтары ретінде адамның беделі мен амандығы, еркіндігі, бірлігі, əділдігі, заңның үстемдігі, отбасы жəне дəстүр, болашаққа ұмтылу – күнделікті біз басшылыққа алатын, біздің əлеуметтік-құқықтық жəне рухани дəстүрлеріміз негізделетін, əрбір азаматқа түсінікті ұғымдар таңдалынды. Доктринада мемлекеттің азаматтар сұранысына қызмет етуін негізге алған жаңа қағидалар белгіленді. Бұл – азаматты қолдайтын, кепіл беретін, əрбір азаматтың өз мүмкіншіліктерін жүзеге асыруға көмек көрсететін, мүмкіндік ұсынатын мемлекеттің белгісі. Өз кезегінде азаматтар мемлекетті нығайту жолында белсенді жəне бастамашы болуы тиіс. Тек, азамат пен мемлекеттің бірлігі ғана бізді алға жетелейді. Қуатты мемлекет еркін жəне жауапты азаматтармен құрылады. Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, «Нұр Отан» – парламенттік партия. Сондықтан, «Нұр Отан» жұмысының күшеюінің негізгі тетігі – барлық деңгейлі мəслихаттардағы фракциялардың əрекеті. «Нұр Отан» ашықтық, жауапты партиялық əлеует үлгісін көрсетуі тиіс. «Нұр Отан» партиясы VI съезіндегі сөзінде Елбасы: «Біз ашықпыз, ештеңе жасырмаймыз. Біз адал еңбек етеміз жəне халыққа əрбір кемшілікті ашық айтамыз, əлі өзекті мəселелер бар екенін түсінеміз, қолдау көрсетеміз», деп атап көрсетті. Бүгінде «Нұр Отан» құрамында 900 мыңдай партия мүшесі бар екенін мақтан тұтамыз. Депутаттар – партия мүшелері Парламент Мəжілісінің негізін құрайды. Бұл – «Нұр Отанды» қолдаудағы жалпы халықтық көрсеткіш. Партияның соңғы съезінде Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, «Парламенттік заң шығарудың сүбелі тəжірибесі жинақталды. Парламенттің бесінші шақырылымы жұмысы кезеңінің өзінде 140-тан астам заң қабылданды! Халық мүддесін қорғайтын депутаттарды

партия тəрбиелеп шықты. Біздің партия Үкіметті билік саласының барлық істерінің ретті болуын қамтамасыз етеді». Осы орайда, биылғы жылы жергілікті өкілетті органдар – мəслихаттардың алғашқы сайлауларына 20 жыл толатынын мақтанышпен айтуға болады. Бұл елдегі алғашқы бəсекелесті сайлаулар болды. Бұл күнді атап өтуге дайындық шаралары басталып кетті. Облыс көлемінде Қарағанды облыстық мəслихатының 20 жылдығына арналған мерейтойлық шаралар өткізу жоспарланып отыр. Елдің дамуымен халықтың əлеуметтікэкономикалық жағдайы да өзгеріп отырады, сондықтан да əрбір шақырылымдағы мəслихаттар экономика мен қоғамдағы маңызды рөлге ие болып қала береді. Арада өткен жылдары мəслихат құрамына өндіріс,

ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, білім беру жəне мəдениет салаларындағы бірқатар таңдаулы өкілдер сайланды, олардың көпшілігі өздерін қайраткер, іскер басшы, ұйымдастырушы ретінде көрсете алды. Халық қалаулылары ретінде тұрғын халықтың мұң-мұқтажы, талаптілектерімен көп жұмыс жасады. Қалың бұқара мен билік органдары арасында алтын көпір болды. Еліміздің экономикасының локомотиві іспетті өркенді аймақ, жайлауы тыныс, қойнауы ырыс Қарағанды облысының əлеуметтік-экономикалық дамуына лайықты үлестерін қосты. Қазіргі күні де облыстық мəслихат аймағымыздың қоғамдық-саяси жəне экономикалық, əлеуметтік салаларына белсенді араласуда. Жергілікті өкілетті органдардың беделін арттыруға бағытталған Елбасының таразыланған саясаты жүйелі жəне нəтижелі. Облыстық мəслихаттың 42 депутатының 41-і «Нұр Отан» партиясының мүшесі. Депутаттар мəселелерді зерттеу, саралау мақсатында сайлау округтерінде (ауылдарда, кенттерде) халықпен жиі кездесулер өткізіп тұрады. Əлбетте, мерейтой – өткенге есеп беру, жинаған іс-тəжірибені бағамдап, ой байыптау, қорытындылар жасау ғана емес, сондай-ақ, алдағы мерзімге жоспарлар белгілеу, бағыт-бағдарларды айқындап алу үшін де жақсы мүмкіндік. Уақыт əрбір азаматтың қоғам жəне мемлекет өміріне белсене қатысуы оның тек конституциялық мүмкіндігі ғана емес, сонымен бірге, міндеті екенін де нақты белгілеп берді. Өкілетті органдарға сайлана отырып, аймақ өміріне қатысты түрлі, маңызды шешімдер қабылдау, оның жүзеге асуын бақылау барысында жерлестеріміздің мүдделерін қорғау міндеті жүктелгенін жақсы сезінеміз. Бұл дегеніңіз, біздің барлығымыз да сайлау округтерінде тұрып жатқан жүздеген, мыңдаған адамдар бізді өздерінің мүдделерін билік органдарында лайықты көрсетеді, əлеуметтік маңызы бар барлық мəселелерді шешу үшін қолдан келгеннің бəрін жасайды деп сайлағаны, сенім білдіргеніне қатысты жоғары жауапкершілік бар дегенді білдіреді. Бүгінде өкілетті органдар өзінің өміршеңдігін, ал депутаттар кəсіптік қабілеттілігі мен қызметтік жауапкершілігін толық

дəлелдеді деп сеніммен айтуға болады. Бұл мерейтойлық датаның жергілікті өзін өзі басқарудың өкілетті органдарының қалыптасуы мен дамуының белгілі бір кезе ңінің қорытындысы ретінде ерекше маңы зы бар. Аталмыш жауапты міндеттерді орын дауға өткен төрт шақырылымның жəне қазіргі бесінші шақырылымның депутаттарының күш-жігерлері жұмсалуда. Өзіміз дің білімімізді, өмірлік тəжірибемізді, қарымқабілетімізді біріктіре отырып, нақтылы нəтижелерге жете алатынымызға сенемін. Қазіргі таңда жергілікті өкілетті органдар мен Парламенттің бірлескен ісқимылдары маңызды мəселеге айналып отыр. Парламентте «Нұр Отан» партиясының фракциясы жанынан Аймақтық саясат жəне мəслихаттармен жұмыс жөніндегі кеңес құрылған, оның мақсаты – жергілікті өкілетті органдармен іс-қимылдың тиімді жолдарын қарастыру. Осы мақсатта Парламент депутаттары халық арасына шығып, көшпелі отырыстар өткізуді дəстүрге айналдырды. Олардың құрамында міндетті түрде жергілікті өкілетті органдар мүшелері – депутаттар да болады. Дегенмен, Парламент депутаттары мен мəслихаттар арасындағы байланыс тек бастамашылық тұрғыда ғана қалыптасып отырғанын айта кетуге тиіспіз. Уақыт, өмір бір орнында тұрмайды. Ол кез келген өміршең мəселелердің өзіне де жаңаша тұрғыдан қарап, дамытып, жетілдіріп отыруды қажет етеді. Осы орайда мерейлі мереке қарсаңында мəслихат жұмысын одан əрі дамытуға қатысты өз тарапымыздан бірқатар өтініш-ұсыныстар білдіргенді жөн көреміз. Мəслихаттардың рөлін көтеру, олардың өзара, сондай-ақ, Парламент депутаттарымен бірлесе іс-қимыл жасауы мақсатында облыстық мəслихаттардың міндеттеріне қалалық жəне аудандық мəслихаттарға практикалық жəне əдістемелік көмек көрсетуді заңдастыру қажет. Қазіргі уақытта біздің облыста облыстық мəслихатқа депутаттар сайлау бойынша 42 сайлау округі бар, əр округтегі сайлаушылардың саны 18 мыңнан 22 мыңға дейін жетеді, сайлау округтерінің ауылдық аудандардағы ара қашықтығы 200 шақырымнан 800 шақырымға дейін созылып жатыр. Сайлаушылардың көптігі жəне округтердің қашықтығы салдарынан депутаттар барлық округті толық қамти алмайды, тұрғындардың жеке мəселелері бойынша кестелі кездесулерін жүйелі өткізе алмайды. Мұндай жағдай басқа да облыстарда бар болар деп ойлаймын. Сондықтан да «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жəне өзін өзі басқару туралы» Заңның 5-бабы 3-тармағына сəйкес облыстық мəслихат депутаттарының санын – 50, қалалық депутаттарды – 30, аудандық депутаттарды 25 деп белгілеу керек. Бұл өз кезегінде мəслихаттарға жəне «Нұр Отан» партиясы фракцияларына алыс аймақтарда өз өкілдерінің болуына жəне жергілікті проблемаларды барынша тиімді шешуге мүмкіндік беретін болады. Өткен жылдың ең маңызды саяси оқиғаларының бірі – жергілікті ауылдық, кенттік əкімдер сайлауы болғаны белгілі. Міне, осы тұрғыда да сайланған əкімдердің жұмыс пəрменділігін нығайту, оған тұрғын халықтың белсене қатысуына, сайлаудың ашық өтуіне ықпал ету үшін де депутаттардың санын арттырудың маңызы ерекше. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жəне өзін өзі басқару туралы» Заңында «иммунитет» жəне «депутат мəртебесі» жеткілікті анықталмаған. Қазақстан Республикасының «Мəслихат депутаттарының мəртебесі туралы» Заңы жоқтығына байланысты Парламентте жұмыс істейтін депутаттар мен аймақтық мəслихаттарда жұмыс істейтін депутаттар бірдей жағдайда емес. Этика тұрғысынан халық қалаулыларының жағдайын теңестіретін, Қазақстан Республикасының «Мəслихат депутатының мəртебесі туралы» Заңын қабылдайтын уақыт жетті деп білеміз. Қарағанды облыстық мəслихатының делегациясы өткен жылы іскерлік байланыстар, іс-тəжірибе алмасу негізінде Санкт-Петербург (Ресей Федерациясы) Федералдық жиналысында болып қайтқан еді. Көп жылдық тағылымды тарихы бар заң шығарушы органның алатын өнегесі, тəжірибесі мол екен. Соның бір парасы ретінде мынадай да ұсынысымыз бар. Мəслихат жұмысының тағы бір маңызды бөлігі – оның жанындағы тұрақты комиссиялар. Барлық дерлік маңызды мəселелер осында қаралады, келелі кеңестер осында өтеді. Сондықтан да болашақта комиссиялардың жұмысын бұдан да ықпалды, пəрменді ете түсу үшін олардың төрағалары басқа жұмыстан босатылған, тұрақты негізде жұмыс атқарғандары абзал болар еді. Қорыта келгенде, Елбасы Стратегиясы мен партияның жаңа Доктринасындағы тапсырмаларды жүзеге асыруға жергілікті тұрғындардың өкілді тұлғалары – депутаттар да сүбелі үлес қоса береді деп сенім білдіреміз.

3

Вице-министрді таныстырды

Үкімет қаулысымен Жанай Омаров Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат вицеминистрі қызметіне тағайын далды. Кеше Мəдениет жəне ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед министрлік ұжымына, министрлікке қарасты мекемелер мен ұйымдардың басшыларына жаңа вице-министрді таныстырды. Жанай Сейітжанұлы Омаров кезінде осы министрлікте департамент директоры болып жұмыс істегенін, одан кейін Елбасының баспасөз хатшысы қызметін

атқарғанын, «Қазақстан» телерадио корпорациясын, Қазақ ақпарат агенттігін, соңғы жылдарда «Казахстанская правда» республикалық газеті» акционерлік қоғамын білік тілік пен басқарғанын атап өтті. Жанай Омаров өзіне көрсетілген сенім үшін алғыс айтып, оны ақтау үшін бар күш-жігерін жұмсайтынын жеткізді. Қай қызметте де абырой биігінен көрініп жүрген азаматқа жаңа жұмысында жаңа табыс тілейміз. «Егемен-ақпарат».

 Айбын

Ағымдағы жылдың 10 қаңтарында «Қазақстан» концерт залында Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі əскерлері орталық оркестрі мен Əн-би ансамблінің дəстүрлі Гала-концерті өтті. Бұл жолғы концерттік бағдарлама «Қазақстан менің жүрегімде!» деп аталды. Жиналған жұртты жалынды əн-жырмен жігерлендірген мерекелік шара ІІМ Ішкі əскерлерінің құрылғанына орай ұйымдастырылды. Себебі, дəл сол күні, яғни 10 қаңтарда еліміздегі іргелі күш-құрылымдардың бірі – Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі əскерлеріне 22 жыл толды.

Ішкі əскерлер тґл мерекелерін тойлады Елбасы – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылдың 10 қаңтарында Ішкі əскерлерді құру туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Міне, сол кезден бастап ішкі əскерлер жауынгерлері өздеріне жүктелген міндет-талапты абыроймен арқалап келеді. 1998 жылы 11 шiлдеде Елбасы Ішкi əскерлер қолбасшылығының Бас басқармасында болып, астаналық гарнизонның екi əскери бөлiмiне Жауынгерлiк туларын тапсырып тұрып: «Мен елiмiздiң Жоғарғы Бас қолбасшысы ретiнде қызметтерiңiздiң жақсы жағдайда өтуiне жəне iшкi əскердiң қамтамасыз етiлуi лайықты деңгейде болуына қамқорлық жасауға тырысамын», – деген еді. Қуатты елдің қауіп сіздігіне кепіл берер күш құрылымына берілген сөз жерде қалмады. Мемлекет басшысы – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев ішкі əскердің күш-қуатын жетілдіру мен дамытуға ұдайы көңіл бөліп келеді. Қазіргі таңда мықты материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етілген ішкі əскердің жауынгерлік жəне сандық құрамы Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы талаптарына сай. Еліміздің ішкі əскері стратегиялық маңызды, оның ішінде, ядролық нысандар, арнайы жүктерді тасымалдау күзетін қамтамасыз етеді. Ішкі əскер, сондай-ақ, Ішкі істер министрлігінің Қылмыстықатқару жүйесіне қарасты 50 түзеу мекемесін күзетіп, ішкі істер органдарының полиция қызметкерлерімен бірге еліміздің 19 ірі қаласындағы қоғамдық тəртіптің күзетінде тұрады. Темірдей төзімді талап ететін жауапкершілігі мол жауынгерлік жолда кəсіби біліктілік пен шеберліктерімен алғы шепке шыққан əскердің даңқы жылдан-жылға артып келетінін де айта кеткен жөн. Бұл сөзімізге жоғары мемлекеттік марапаттарға ие болған 130-дан астам əскери қызметші мен тəуелсіздігімізді тəу еткен 22 жыл ішінде Мемлекет басшысының өз қолынан əскердің 22 сардары «генерал» жоғары əскери атағын алғаны айғақ бола алады. Ішкі əскердің тағы бір үлкен мақтанышы – əлемдік дүбірлі додаларда намысты қолдан бермей жүрген спорт саңлақтары. Санаулы күндерден кейін басталатын Сочидегі Қысқы Олимпия ойындарында ІІМ ІƏ-нің 14 спортшысы бақтарын сынамақ. Олардың алдыңғы қатарында Алексей Полторанин, Елена Хрусталева, Денис Тен, Дмитрий Рейхард, Юлия Галышева секілді үздіктер бар. Естеріңізде болса, өткен жылы Лондонда өткен Олимпия ойындарында Қазақстанның құрама командасы 13 медальға қол жеткізген болатын. Осы жеңістің алтауын ішкі əскер

спорты-сарбазы қанжығаларына байлап қайтқан еді. Еліміз егемендігін жариялағаннан 26 күннен кейін құрылып, бүгінге дейін егемен дігімізбен бірге есейіп, сын мен сынаққа толы күрделі жол дан өткен ішкі əскерлер төл мерекелерін жоғары деңгейде атап өтті. Атаулы датаға орай ұйымдастырылған салтанатты шара қасиетті жұма күні Ішкі əскерлер Бас қолбасшылығында бастау алды. Шараның ресми бөлігінде Қазақстан Респуб ликасы Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Қалмұханбет Қасымов пен Ішкі əскерлер Бас қолбасшысы, генерал-майор Руслан Жақсылықовтың бұйрығымен аға буын дəстүрін жалғастырып, қызметтік міндеттерін адал орындап жүрген бірқатар офицерлер мен келісімшарт бойынша əскери қызметшілер марапатталды. Дəл осы күні 6636 мен 3660 əскери бөлімдерінде қатарға жаңа қосылған 400-ге жуық жас сарбаз салтанатты түрде Əскери ант қабылдады. Ал, Қазақстан Респуб ликасының мəдениет қайраткері, полковник Рахметжан Ша мұратовтың жетекшілігімен өткен концерттік бағдарламада Естай Мұқашев, Мұрат Ерғазиев, Маржан Арапбаева, Еділ Құсайынов, Ғайни Жұмашева секілді елге танымал əншілер өнер көрсетті. «Қазақстан менің жүре гімде!» ұлттық өнерден бастау алып, күмбірлеген күймен көмкерілген, қазіргі эстра да лық əндер мен өріліп, əлем халықтарының мың бұралған билерімен əспеттелген жарасымды кеш болды. Əдемі əзілге де, жас буынның жаңа бағыттағы əн мен биіне де орын таба білген концертте жи налған жұрт Естай Мұқашев, Рахметжан Шамұратов пен Виктор Яшновскийдің орындауларындағы А.Розенбаумның «Вечерняя застольная», ансамбль əншісі Бауыржан Тұрғұмбаев жүрекпен шырқаған «Офицер мырзалар» əндеріне ерекше қошемет білдірді. Ішкі əскердің бет-бейнесін, тыныстіршілігін ғана емес, рухты оятатын жалынды жырлар төгілген кештің шымылдығын концертке қатысушылардың барлығы «Елдің қорғаны» əнімен жапты. Депутаттар, Астана əкімдігі, Ішкі істер министрлігі орталық аппаратының басшылары, Ішкі əскерлер Бас қолбасшылығы мен ішкі əскерлер ардагерлері, сондай-ақ, еліміздің əр өңірінен келген сарбаздардың отбасы мен туған-туыстары алдында патриоттық асқақ рух, өр намыс жайлы əн-жырларын ұсынған сарбаздар сапта ғана емес, киелі сахна төрінде де қуатты екендіктерін тағы бір дəлелдеп берді. Бану РАХЫМБАЙҚЫЗЫ, журналист.


4

www.egemen.kz

16 қаңтар 2014 жыл

● Мерейтой жоғары оқу орны ретінде, ҚазҰУ Елбасы қойған міндеттерді орындауға белсене кірісіп, классикалық университеттен əлемдік деңгейдегі заманауи зерттеу университетіне айналудың кең көлемді бағдарламасын іске асыру жұмысын бастады. 2011 жылы университеттің кешенді құрылымдық модернизациясы жасалып, кластерлік əдіс негізінде факультеттер дамып, кафедралар ірілендірілді. Нəтижеге негізделген басқару жүйесі белсенді қолға алынып келеді, ғылым мен инновацияның дамуына, материалдық жəне ғылыми-зертханалық негіздерге, білім беруге қажет жағдай жасалуда. Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ жоғары халықаралық стандарттарға жəне əлемнің жетекші жоғары оқу орындарының оқу-білім бағдарламаларына сай негізделген экспериментальді білім беру бағдарламаларын жасау базасына айналды. Маман даярлау үдерісі пəнаралық оқыту білікті тəсілдеме негізінде құрылды. Əлемдік білім беру жүйесінде қабылданған талаптарға жақындай түсу біздің білім беру бағдарламаларымызға AQUIN жəне ASIN жетекші шетелдік агенттіктерден халықаралық аккредиттеу

танымал «Hewlett-Packard», «Cisco», «Konica minolta», «Microsoft» компанияларының оқу-ғылыми орталықтары мен зертханаларының бізде ашылуы дер едім. Мұндай бағыттағы орталықтар мен зертханалардың жұмыс істей бастауы алдағы уақытта оқу бағдарламасына əлемдік деңгейдегі жаңаша оқыту технологияларын енгізуге, білім мен бизнесті үйлестіруге мықты қозғаушы күш болмақ. Оқу-зерттеу жəне студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының үйлесімділік жүйесі негізінде жасалуы бітіруші түлектердің, магистранттар жұмысының тақырып аясын кеңейтуге мүмкіндік берді. Ғылыми жұмыспен айналысатындардың белсенділігін арттыруға студенттерді ғылыми жұмыстарға ынталандыруға бөлінетін гранттық қаржы сомасы 10%ды құрайды. Мұның бəрі ертең студент диплом алып шыққанда жұмыс іздеп жүрмей, кіші инновациялық кəсіпорын ашып, жұмыс берушіге айналуы үшін жасалуда. Сол үшін университетте студенттік бизнес-инкубатор қарқынды қызмет етіп келеді. ҚазҰУ студенттері алғаш рет «UNIFORM

ТЎЅЄЫШ УНИВЕРСИТЕТ Ќазаќ елініѕ білімі мен єылымыныѕ алтын діѕгегіне айналып отыр Еліміздің тұңғыш университеті Əл-Фараби атындағы білім ордасының құрылғанына 80 жыл толды. Осы кезеңде ҚазҰУ Қазақстан экономикасының, мəдениетінің, ғылымы мен білім саласының қалыптасуы мен дамуына үлкен үлес қосып, Отанымыздың барлық жоғары мектеп жүйесінің тірегіне, барлық ортаазиялық аймақ бойынша кадрлардың ірі ұстаханасына айналды. Жоғары білім сапасы, халықаралық танымалдылық, ғылыми жəне зерттеу қызметтерінің, инновацияның белсенділігі, мықты оқытушыпрофессорлар құрамы жəне талантты түлектер – бүгінде, ҚазҰУдың мақтанышына айналды. Ғалым МҰТАНОВ,

Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры.

Университет тарихы – бұл біздің еліміздің тарихы. Осы жылдар аралығында Отанымыздың жоғары мектебі жолбасшысының дамуы Қазақстан мемлекетінің елеулі кезеңімен, жанжақты əрекет, түбегейлі өзгеріспен үздіксіз байланыста болды. ХХ ғасырдың күрделі 30-жылдарының басында Қазақстанның халық шаруашылығына ұлттық кадрлар дайындау мəселесі тұрғанда Халық Комиссарлар кеңесі Алматы қаласында Қазақ мемлекеттік университеті – ҚазМУ-ды ұйымдастыру туралы шешім шығарады. Нəтижесінде 1934 жылдың 15 қаңтарында оқытушыпрофессорлар құрамы туралы жəне алғашқы 54 студентті физика-математикалық жəне биологиялық факультеттерге қабылдауға бұйрық қабылданды. Артынан химия, шет тілдері жəне филология факультеттері ашылып, қазақ жастары үшін дайындау бөлімдері ұйымдастырылады. Осы күрделі кезеңдерде басшылықта болған тұңғыш директор Федот Трофимович Оликов өзін жоғары мектептің талантты ұйымдастырушы ретінде танытты. Ұлы Отан соғысы жылдарында университетке қысқартылған бағдарламалар бойынша жұмыс істеуге тура келді. Ең алдымен, майдан үшін – мейірбикелер, дəрігерлер, радист-операторлар, рентгенологтар, аудармашылар жəне басқа да мамандар дайындау қажет болды. Майданға кеткен оқытушылар мен студенттердің көбісі ұрыс майданынан оралмады. Ерлігі мен қаһармандығы үшін білім ордасының білімгерлері мен қызметкерлері ордендермен жəне медальдармен марапатталды. Ал университет түлегі Александр Поповқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Сол соғыс жылдары ҚазҰУ-ға Ресейдің, Украинаның, Белоруссияның үздік ғылыми-зерттеу институттары жəне зертханалары орналастырылды. Жетекші ғылыми мектептерді басқаратын академиктер жəне көрнекті ғылым докторлары келді. Зерттеулер ауқымы кеңейді. Мəселен, химия факультетінде көптеген техникалық мекеме мен əскери бөлімшелердің кеңес беру орталығы болған əскери химияның ғылыми мектебі дамыды. Сондай-ақ, осынау күрделі кезеңде астрономия, физика, тарих, тіл білімі бойынша қазақстандық ғылыми мектептер негізі қаланды. Сұрапыл соғыстан соң факультеттердің саны артты, аспирантураға қабылдау саны өсті. Жаңа оқу ғимараттары салынып, биостанса, биологиялық мұражай құрылды. ҚазҰУ республиканың экономика жəне қоғамдық-саяси өмірінің барлық саласына білікті кадрлар дайындайтын жетекші орталық болды. Жетекші кафедраларды академик, профессорлар Əбікен Бектұров, Ісмет Кеңесбаев, Сергей Покровский, Константин Персидский, тағы басқалар басқарды. Қазақстандық ғылымның іргетасын қалаған жұлдызды академиктер Мұхтар Əуезов пен Қаныш Сəтбаев дəріс оқыды. Əрине, университеттің дамуында оның ректорлары, мемлекет жəне қоғам қайраткерлері, жетекші ғалымдар – Иван Лукьянец, Төлеген Тəжібаев, Асқар

Закарин, Темірбай Дарқанбаев еңбектері өте маңызды. Олардың есімдері ҚазҰУ шежіресінде алтын əріптермен жазылған. ХХ ғасырдың 1960-1980 жылдары білім ордасы заманауи жəне үздік оқуəдістемелік, ғылыми-зерттеу жəне университеттік əлеуметтік инфрақұрылымын құрумен қатар, оның халықаралық білім беру жүйесіндегі тығыз қарымқатынасын орнықтыруды бастады. ҚазҰУ республикаға ғана емес, шетелдер үшін де кадрлар дайындай бастады. Университет ғалымдары еліміздің азық-түлік бағдарламасы, қоршаған ортаны қорғау жəне табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, есептеу техникасын құру, басқа да салалардың өзекті мəселелері бойынша теориялық жəне эксперименттік зерттеу жұмыстарын жасады. Осы қиын да күрделі жұмыстарды атқаруда ҚазҰУ-дың білім мен ғылымның көшбасшысы болып тұруында оның мықты оқытушы-профессорлар құрамы, сонымен бірге, ректорлар: Асқар Закариннің, Өмірбек Жолдасбековтің, Еділ Ерғожиннің ұйымдастырушылық таланттары ерекше орында тұрды. Танымал ғалым жəне бірегей басшы Ө.Жолдасбеков жетекшілігі кезеңінде, ең алдымен, бүгінде əлемнің жетекші университеттерінен кем түспейтін «ҚазҰУ қалашығы» керемет оқу-ғылыми жəне тұрғын кешені құрылысының жүргендігін айтып өту əділдік болар. Түбегейлі тарихи жандану 80-90 жылдар аралығында орын алды. Бұл уақыттағы саяси жəне əлеуметтікэкономикалық үдерістердің күрделі кезеңі Қазақстанға егемендік əперді, жаңа мемлекет, ашық экономика жəне заманауи əлеуметтік орта жасауға алып келді. Университет тəуелсіздіктен кейін Қазақстан Республикасында бұрынғыша жоғары білімнің көшбасшысы ретінде тарихтың жаңа парақтарын ашты. Бұл жерде Қазақстанның əлемдік қауымдастықта теңқұқылы мүше ретінде қалыптасуы басты фактор еді, осындай шарттарда таңдау біреу ғана болды. Ол – əлемдік білім беру жүйесіне сатылай көтерілу, маман даярлауда халықаралық стандарттарға өту. Университет дəрежесі де айтарлықтай өзгере бастады. 1991 жылдан бастап университет ұлы ойшыл Əбу Насыр ибн əл-Фараби есімімен атала бастады. 1993 жылы университет дербес мемлекеттік жоғары оқу орны дəрежесін иеленді, кейін Президент Жарлығымен Қазақстандағы бірінші оқу орнына маңызды ұлттық университет дəрежесі берілді. Кадрларды дайындауда халықаралық талаптарды енгізудің жəне ғылыми-инновациялық инфрақұрылым құрудың, маман дайындаудың екі сатылы «бакалавриат-магистратура» жүйесіне ауысудың, сонымен бірге, университет құрамында ҒЗИ жүйесін жəне технологиялық парк құрудың алғашқы қадамдары жасалды. Университет ректорлары, отандық білім мен ғылымның көрнекті қайраткерлері Мейірхан Əбділдин мен Көпжасар Нəрібаев университет дамуына зор үлес қосты. 2003 жылдың қыркүйегінде Болонья қаласында (Италия) ҚазҰУ университеттер Ұлы Хартиясына қол қойды. Сол арқылы Қазақстан жоғары оқу орындары жəне Орталық Азия елдері арасынан бірінші болып еуропалық білім беру кеңістігіне енді. 2006 жылы

сапа саласындағы жетістіктері үшін ел тарихында бірінші болып Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты атанды. Бұл еліміздің барша жоғары білім беру ісіне, маман даярлауға берілген жоғары баға еді. Ғылыми мектептер қызметтерінің жəне бағыттарының кеңеюі жалғасып, жаратылыстану мамандықтары бағдарламаларына халықаралық сертификаттау жүргізіліп, ҚазҰУ жоғары оқу орындары арасында алғашқы болып əлемдік рейтингке кірді. Елбасының үлкен қолдауымен оқу орны қалашығының екінші кезектегі құрылысы басталып, жаңа оқу ғимараттары пайдалануға берілді. Осылардың іске асуында академиктер, университет басқарған басшылар Төлеген Қожамқұлов пен Бақытжан Жұмағұловтың еңбектері елеулі. 2009 жылы қазанда Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев ҚазҰУ-де оқыған дəрісінде біздің университетті «Жаңа Қазақстанның білімі мен ғылымының алтын діңгегі» деп атаған болатын. Осы жеткен жетістіктерде, университет алдында уақыт талабы қойған міндеттерді іске асыруда барлық ректорлардың, қызмет еткен барша оқытушы-профессорлар құрамының, сондай-ақ, өз еңбектерін төл университеттерін жəне туған елін өркендетуге қосып жүрген түлектердің еңбегі жатыр. ҚазҰУ-дың заманауи даму кезеңі Елбасының Қазақстанды 2020 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспарымен, «Қазақстан-2050» Стратегиясында қойған жаңа міндеттермен тығыз байланысты. Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, білікті мамандарды дайындау елдің инновациялық-индустриялық дамуымен сəйкес келуі керек. Жоғары білім беру сапасы халықаралық ең жоғары талаптарға жауап беруі қажет. Барлық жоғары оқу орындары əлемнің үздік университеттері рейтингіне енуге талаптануы тиіс. Еліміздің жетекші

алуға мүмкіндік берді. Халықаралық деңгейде мойындалуымыздың бір көрінісі ол қосдипломдық білім беру бағдарламасының іске асуы болды. Бүгінде ҚазҰУ дипломы бірнеше мамандықтар бойынша əлемдегі беделді университеттер деңгейіне жетті. Мысалы, Лотарингия университеті, Страсбург менеджмент мектебі, Валенсия политехникалық, Ланьчжоу жəне т.б. шетелдік университеттер. Жыл сайын халықаралық жүйедегі жоғары оқу орындары – Шанхай ынтымақтастық ұйымы университеті мен Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығы университетіне магистратураға қабылдау жүргізіледі. Студенттердің академиялық ұтқырлығы белсенді дамып келеді. Соның аясында əлемнің жетекші жоғары оқу орындарында тек магистранттар мен докторанттар ғана емес, бакалавриаттағы студенттер де барып білім ала алады. Соңғы үш жыл ішінде шетелдік ЖОО-ларда университетіміздің 3,5 мың студенттері оқу тағылымдамасынан өтті. Іргелі де ірі оқу орны əлемдегі заманауи зерттеу университеттері сияқты Вильгельм фон Гумбольдттың: «Оқыта – зертте, зерттей – оқыт» басты қағидасына сүйенеді. Мұнда еліміздегі өзге университеттерде əлі орныға қоймаған бірегей ғылыми-технологиялық инфрақұрылым жұмыс істейді. Мықты ғылымитехнологиялық парк құрылды. Онда көптеген ғылыми-зерттеу жұмыстарының жобасын жасайтын 30 шақты ғылымизерттеу институты мен орталық бар. Еуропалық одақ жоғары рангы сарапшылары бағалауынша, ҚазҰУ ғылымитехникалық жəне инновациялық əлеуеті Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында теңдессіз көшбасшы делінеді. Соңғы екі жылда ҚазҰУ-дың ғылымизерттеу жəне құрастырмалы-тəжірибе дайындау, өңдеуді қаржыландыру көлемі 3,8 есеге өсіп, бүгінде 4,5 млрд. теңгені құрайды. Біздің ғалымдарымыздың дəйектемелік индексі еуропалық көрсеткіштерге шықты. Оған 20-дан жоғары импакт-фактор қазір қалыпты жағдайға айналды. Университетіміздің халықаралық ғылыми мүмкіндігінің мойындалуының бір белгісі əлемге

Project» халықаралық консорциумы аясында Токио университетімен бірге бірінші қазақстандық наноспутникті жасауды іске асыруға кірісті. Бұл жұмыс өзге де жобалармен бірге ЭКСПО-2017 көрмесінде ұсынылатын болады. Жұмыс берушілер тарапынан түлектердің кəсіби құзыреттілігіне деген үлкен бағасы ҚазҰУ-дың үлкен мақтанышы. Түлектердің сұранысқа ие болуы жəне жетістігі университет қызметінің негізгі көрсеткіші болып табылады. Университет түлектері өндірісте, ғылымда, бизнесте жетекші рөл атқарады. Олардың көбісі бүгінде əлеуметтік серіктестік қағидасы негізінде түлектер қауымдастығы жұмысына тартылған. ҚазҰУ Орталық Азиядағы Халықаралық ЖОО-лар қауымдастығы құрамына енген жəне Қазақстандағы университеттер арасынан БҰҰ «Академиялық ықпал» бағдарламасына кірген жалғыз университет десек, бұл халықаралық жоғары деңгейде мойындалғандығының бір көрсеткіші болып табылады. ҚазҰУ Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздің энергия экология лық стратегиясын жəне «Жасыл кө пір» бастамасын қолдау бойынша «Рио+20» тұрақты даму бойынша БҰҰ Жаһандық саммитінде өзінің секциясын ашқан ТМД елдері ЖОО-лары арасындағы жалғыз университет. Соңғы екі жылда жаңа 270 жұмыс орны ашылды, университеттің 127 қызметкері мен оқытушылары «Ақкент» тұрғын үй кешенінен жаңа пəтер кілттерін алды. Жыл сайын талантты студенттерді қолдауға 30 млн. теңгеден жоғары көлемде атаулы демеушілік шəкіртақы беріледі. Ұжымдық мəдениет кодексінің қабылданғанына орай, ұжымдағы адамгершілік-психологиялық ахуал көтерілді. Кураторлар институты даму үстінде, соның аясында студенттік топтарға оқытушылар педагогикалық тəлімгерлік жасайды. Бізде əлемнің үздік университеттерінде кең таралған əрі қолдау тапқан студенттермен клубтық жұмыс формасы да қолға алынып жатыр. ҚазҰУ үш маусым қатарынан еліміздегі жоғары оқу орындары арасында жазғы универсиадада жеңімпаз атанып, студенттік спортта ешкімге дес бермей келеді. Бірінші рет университеттің 11 студент-спортшы-жастары Лондондағы Олимпия ойындарына қатысса, олардың арасынан Светлана Подобедова ауыр атлетика бойынша Олимпиада чемпионы атағын жеңіп алды. Жоғары руханиадамгершілік орта қалыптастыруға «Айналаңды нұрландыр!», «Саламатты жəне мəдениетті дене», «100 кітап», «ҚазҰУ-Гринкампус» сияқты кең көлемді инновациялық əлеуметтік жобалар септігін тигізуде. Бұлардың барлығы студенттер мен оқытушы-профессорлар құрамының жаңа əлемдік көзқарасының мықты интеллектуалды тұғырнамасын дамытқан «өсу нүктесіне» айналды. Университеттің қарқынды дамуын жаңа инфрақұрылыс нысандарының бой көтеруінен де байқауға болады. Орталық Азияда теңдесі жоқ жаңа əлФараби ғылыми кітапханасы ашылды. Жуық арада «Керемет» жастар ресурстық орталығының тұсауы кесіледі. Жаңа сапалық ұстаным негізінде мұнда «Бір терезе» қағидасымен студенттер барлық қажет қызмет түрлеріне қол жеткізе алады. Жаңа 500 орындық ыңғайлы жатақхана тұрғызылды. Магистранттар мен докторанттарға арналған жас ғалымдар үйінің, заманауи жүзу бассейнінің құрылысы басталды. Ағымдағы жылы əлемдік стандарттық сапаға сай қызмет көрсететін медициналық диагностикалық орталық қолдануға беріледі. Əлемдік тəжірибе негізінде университетті дүниежүзілік деңгейге көтеретін инновациялық жəне биомедициналық екі ірі кластер жасалуда. Бұған мемлекеттік, жекеменшік серіктестік қағидасы нарықтық əдісін

пайдаланып, инновациялық жəне биомедициналық кластер құруға Оңтүстік Кореяның, Гонконг жəне Сингапурдың жетекші компаниялары тарапынан жарты миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылып жатыр. Соңғы жылдардағы менеджмент жүйесіне, оқу-тəрбие үдерісіне жəне ғылыми-зерттеуге енгізілген инновациялар халықаралық рейтингіде секіріс жасауға мүмкіндік берді. Біздің университет 2013 жылы Орталық Азия жəне Қазақстан жоғары оқу орындары арасында бірінші болып QS World Universiti Rankings халықаралық рейтингісіне еніп, дүние жүзіне мойындалған 800 университет арасында 299-орынды бағындырып, əлемнің үздік топ – 300 университеттері құрамына енді. Бұл топқа ТМД елдері ЖОО-лары арасында тек – М.Ломоносов атындағы ММУ, Санкт-Петербург университеті жəне əлФараби университеті ғана енді. «Қазақстан-2050» Стратегиясында Президент білімге негізделген экономика құру мəселесіне зор көңіл аударады. Бұл үдерісте басты рөл университеттерге жүктеледі. Еліміздің инновациялық жүйесінде үштік тұтастық «университетбизнес-мемлекет» құруда қазақстандық ЖОО-лар өзінің интеллектуалдық орнын анықтауы қажет жəне біздің елімізді дамудың жаңа сапалы деңгейіне бастайтын қабілетті жаңа рухани-интеллектуалды элитаны тəрбиелеуі керек. ҚазҰУ өзінің көп қырлы қызметін əлемнің жетекші университеттерінің халықаралық тəжірибесін, сондай-ақ, «Назарбаев Университетінің» үлгісін негізге алады. Университет ұжымы жаңарудың белсенді субъектісі ретінде ұлттық зерттеу университетінің мəртебесін, сонымен бірге, дербес университетке айналдыруға байланысты жауапкершілікті қабылдауға дайын. Бұл оқу орнына экономикалық қатынасқа өздігінше қатысуға мүмкіндік беріп қана қоймай, ҚазҰУ-ға шетелдік стандартқа жақын келетін жағдайда қызмет етуге, өз кезегінде халықаралық бəсекеге қабілеттілігін арттырады. «Алатау» инновациялық технологиясының үшінші даму кезеңін 2014 жылдан бастап ҚазҰУ базасында жүзеге асыру шешімі үлкен маңызға ие. Аталған инновациялық кластерді құрудың сапалы нəтижесінің негізінде ғалымдардың жəне ғылыми ұйымдардың тиянақты еңбектерін өндіріске енгізу, шағын кəсіпкерліктің инновациялық аймағын дамыту күтілуде. Ғылыми өзін өзі басқару жəне экономикалық жеткіліктілік қағидаларын назарға алған жаңа кластер білімге негізделген экономиканың «өсу нүктесін» құруға жол ашады. Жақында ЮНЕСКО шешімімен ортаазиялық аймақ бойынша тұрақты даму хабын ҚазҰУ базасында құру шешімінің қабылдануы университет қызметіне жаңа мүмкіндіктер береді. ЮНЕСКО-ның аймақтық хабы жобасын жүзеге асыру университетке Орталық Азия бойынша аталған бағытта көшбасшы атануға мүмкіндік береді. Университеттің жаңа формациясын жасау мақсатында ҚазҰУ биыл «АlFarabi university smart city» ғылымиинно ва циялық жобасын іске қосты. Жаңа үлгі ұлы ойшыл əл-Фарабидің ерек ше қала ойларына негізделген. Ғұлама ғалым өзінің трактаттарында əділ жəне ізгілікті қоғамды көрсетуге тырысып, оны қайырымды қала деп атады. Оның маңызды белгілері əмбебап рухани құндылықтарды жəне ізгілікті өмірдегі əріптестік жетістіктерді сипаттайды. Бұған заманауи тұрғыдан қарастыратын болсақ: XXI ғасырда университет қалаларының аймақтық жағдайы үздік инфрақұрылымдармен, қаржылық жəне материалдық ресурстармен ғана анықталмайды. Заманауи университеттер жоғары рухани жəне адамгершілік деңгейді меңгерулері қажет. «Al-Farabi university smart city» жобасы технологиялық жəне рухани-адамгершілік тұжырымдардың біртұтастығы негізінде ғылыми, білім беру жəне əлеуметтік мəселелерді шешудің жаңа заманауи тəсілін ұсына отырып, университеттің жаңа ұрпақ дайындауына негіз болады. Smartуниверситеттер – бұл нəтижесінде SmartҚазақстанды құратын біздің еліміздегі Smart-қалалардың негізі болмақ. 2020 жылдарға қарай еліміздің кемінде, екі жоғары оқу орны əлемнің үздік топ университеттері рейтингінің қатарына енуі қажет. «Al-Farabi university smart city» жобасы ел Президенті алға қойған осы мемлекеттік маңызды тапсырманы жүзеге асырудың методологиялық негізі болады. Мерейтойлық жыл қара шаңырақ үшін əлемдік деңгейдегі маңызды оқиғамен ерекшеленіп отыр. Осы жылдың мамыр айында ҚазҰУ базасында Азия аймағы елдері университеттері ректорларының ІІІ форумы өтеді. Бұл университеттің халықаралық деңгейдегі беделінің, менеджмент тиімділігінің жəне дамудың стратегиялық курсының дұрыстылығының көрсеткіші болып табылады. Осы форумның, сондай-ақ, Жоғары білім беру бойынша еуразиялық форумның жəне басқа да мерейтойлық іс-шараларды өткізу университеттің үдемелі дамуының жаңа белесі, жаңа жетістіктерге жетудің мықты қозғаушы күші болмақ. Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұжымы Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы алға қойып отырған жаңа міндеттерді бар күш-жігерімен орындап, Қазақстанды əлемнің ең дамыған 30 елі қатарына қосуға өз үлестерін қосады.


5

www.egemen.kz

16 қаңтар 2014 жыл

 Өнеге өрнектері Əңгіме Оразай Батырбеков туралы. Əркім біреу туралы білгенін айтады. Білу үшін жақын жүруің керек, көп естуің керек, зерттеуің керек. Осы тұрғыдан алып қарағанда, менің Орекеңді жақсы білем деуім артықтау да көрінер. Бірге қызмет істеген де емеспіз. Отбасымыздың да араласы бола қоймаған. Рас, біраздан бері таныспыз, шұрқырасып амандасамыз, біразға созылар əңгімеміз бар, бұл кісінің отбасы туралы, сүйікті жары Шəмшиябану апамыз туралы, өзі туралы біршама естігенім де, оқығаным да бар. Жалпы, бұл азамат жайында біршама білетін сияқтымын. Білген соң, айтқың келеді. Жалпы, Орекеңді елімізде біле тіндер көп. Оған ағамыздың қыз меті себепші. Өзі айтқандай, «...1950-1990 жылдарда Алматы, республика аумағында партия-совет ұйымдарында басшылық еткен басшылардың қызметке қалай келіп, қалай кеткенін жақсы білді». Олардың да Орекеңді жақсы білгені анық. Өздерінің қызметі үшін. Отыз жылдай уақытта көптің көз алдында жүрген, қызметінің мəнінің өзі кадрларды зерттеу, олардың қабілетқарымын, азаматтық келбетін

қасиеттерді бойына сіңіріп өсті. Осы жерде апайы Қатира туралы айтпасқа болмайды. Бағаналы найман Бабастың бір жақсы баласы Баржақсы болса, оның жеті перзентінің үлкені – Батырбек. Сол Батырбектің үлкені Қатира да, кенжесі – Оразай. Ерекше дарын, таланты бар Қатира қазақ драма театрының студиясын бітірген соң, біраз театрда қызмет істеп, тез-ақ көз ге түседі. Сəбира Майқанова сияқты тарландармен ажырамас құрбы, дос болып қана қоймай,

сенім артыла бермейді. Алдымен өзіңді басқа жұмыста көрсетіп барып, мұндай сенімге жетесің. Ал Оразай Батырбеков бірден жетті. Бірақ алда оны өмірдің бір сыны күтіп тұр еді. Сол сын Оразайға қаттырақ тиген. Ауданның бір пионер лагерінде бір жасөспірім суға кетеді. Бұл мəселе комсомолдың Орталық Комитетінде талқыланады. Республикалық басшылар ауданның жаңа болған хатшысына түсіністікпен қарап, оны талқылаумен шектелмек болғанда, оған Мəскеу араласып, жұмыстан босатылуын қасарысып талап етеді. Босатады. Қатты таяқ. Əсіресе, өмірін жаңа бастаған адамға ауыр. Біреулерді жолынан тайдыратын соққы. Оразай соған шыдаған. Бір жақсысы – жас жігіттің біраз ауқымда танылып қалған беделі бар. Ол далада қалған жоқ, бірден аспирантураға түсіп, онда екі жыл оқып, ғылымға біржола бет бұрғандай болғанда, оны саяси-ұйымдастырушылық жұмысқа қайта шақырады. Жақсы адамды іздеушілер табылады. Бұл

қызметте абырой биігінде жүруіне негіз болды-ау дейсің. 1961 жылдан ол Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетіне жұмысқа ауысты. Бұл мекеме туралы қазір əркім əртүрлі пікір айтуға құмар. Ұшқарылауы көбірек. Коммунистік жүйеге сын айтамыз. Кадр мəселесін іріктеуде, олардан жауапкершілік сұрауда сол кезде қалыптасқан тəртіп дəл қазір болар ма еді деп біраз жұрттың армандауында да негіз бар. Ілуде біреулер болмаса, онда кездейсоқтарға есік жабық еді. Орталық Комитет дегенде, Оразай Батырбеков сол үлкен мекеменің кадрмен айналысатын бөліміне барды. Сондағы барлық сатыдан өтті: нұсқаушы, жауапты ұйымдастырушы, бөлім меңгерушісінің орынбасары, сонан соң 1971-1977 жылдарда – бөлім меңгерушісі. Орталық Комитет Компартия ның ақыл-ой орталығы болса, ұйымдастыру-партиялық жұмыс бөлімі, яғни кадр бөлімі ондағы жүректей сезілетін. Бүкіл республикадағы барлық басшы

талай рет енді. Бұл қызметті атқарған адамдарға, ол қандай болса да, сондай сенім артылатыны заңдылық. Содан да оны жұмысқа берілген баға деу де қиын. Басты баға – жұрттың бағасы, тағдырына қатысы болған адамдардың бағасы. Орекеңмен қызметтес болғанымыз жоқ. Сол

дəм дес, сырлас болдым, ақ ниет баталарын алдым. Аттарын атауды қажет көрмеймін, кейбіреулер мақтанды дер», – деп ақталатыны бар. Кадр мəселесімен айналысты дегенде, Орекеңнің бұған қатысты қызметі партияның Орталық Комитетімен шектелмейді, ол 13 жыл бойы республика Жоғарғы партия мектебінің ректоры болып, нағыз кадр даярлау ісінің тізгінін ұстады. Мұның, сірə, Оразай Батырбековтің бұған дейінгі жұмысына бір жағы баға десе де болғандай-ау. Ол ОК-те кадрларды іріктегенде, қалай талап қойса, енді сол талапқа сай адамдарды даярлаумен айналысты. Бұл мектепті бітіргендердің жадында да ректордың жарқылдаған жайдарлы көңілі жүретіні анық. Сол өзін сыйлаған, құрметтеген ұжымнан Орекеңнің кетуі де оның азаматтық келбетін аңғартқандай еді. Жасы алпысқа толған соң, ол зейнеткерлікке шығу жөнінде ОК-ға өтініш берген. Сол өтінішті оқығанымыз бар. Сондағы басты себеп – жастарға жол берген жөн

Шапаєат шуаєы Мамадияр ЖАҚЫП, «Егемен Қазақстан».

пайым дау болған соң, адамның таныстары көп болатыны заңды. Жəне олардың көбінің бұл кісіге ісі түскендей жағдайда болуы оны басқаларға еріксіз танытады. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті ұйымдастыру-партиялық жұмыс бөлімінің меңгерушісі Оразай Батырбековті біз 1972 жылы Мəскеуде Жоғары партия мектебінде оқып жүргенде көрдік. Кадр мəселесімен айналысатын адам болғандықтан, ол біздің жағдайымызды білуге келіпті. Жап-жақ сы əсер қалдырған. Басқалардай тым ресми емес, əсіресе, сөзіне əзіл-қалжың араластыра сөйлегені ұнаған. Ал жақынырақ танысудың реті арада ширек ғасырдан аса уақыт өткеннен кейін келген. Бұл кезде Орекең – зейнеткер. 1999 жылы Қаныш Имантайұлы Сəтбаевтың 100 жылдығы атап өтілді. Осынау үлкен оқиғаға байланысты «Егемен Қазақстан» газетінің кезекті «Ұлылыққа – тағзым» акциясын өткізбек болдық. Ол маған жүктелген. Павлодар қаласынан Қа некеңнің туған жері Баянауыл ауданындағы Теңдік ауылына жаяу сапар өткізу алдында академиктің Алматыдағы зиратынан қос уыс топырақ алмақ болдық. Оны Имантай атамыздың зиратына апарып қосуды ойладық. Ал Қанекеңнің зиратынан топырақ алу үшін, аруақты бейсар мазаландырмау үшін шелпек пісіріп апарып, құран оқытуды жөн санадық. Міне, осы шараға Қаныш Имантайұлының ұрпағын қатыстыруды ойлап, оның қыздарына – апайларымызға хабарластық. Ханиса, Мейіз апаларымыз ұсынысты қуана қарсы алды. Ал Шəмшиябану апайымыз сырқат екен, ниетімізге үлкен ризашылығын білдіріп, шарамызға жездеміздің қатысатынын айтты. Алғаш рет Оразай Батырбек ұлымен осылай жақынырақ кезіккенбіз. Бұл кісі бізбен бұрыннан таныстай əңгімелесті. Сөз арасында біздің газетте бала кезінде өзі де жұмыс істегенін айтты. «Демек, əріптеспіз» деп аңқылдап жатыр. Сол зират басындағы бір сағаттай уақытта Орекең мен кəдімгідей танысқандай болдық. Қаныш атасының аруағына бағышталып қызметкеріміз Оңғар қажы оқыған құранға орай «Редакцияларыңызда молдалық қызмет те бар ма?» деп қағытқаннан кейін-ақ əңгімеміз жарасып кете барған. Осы тұлғаны толығырақ тану үшін оны кейінгі үлкен лауазымды қызметтерінен бұрын алдымен алғашқы өмір бастауына үңілу қажет сияқты. Үлкен азаматтық жол сол балалық шағынан, оның шыққан тегі, алған тəрбиесінен басталады. Негіз сонда жатыр. Сол негіз болмаса, талант туа бітеді дегендей, Орекең үлкен қоғам қайраткері деңгейіне көтеріле қоймастай көрінеді. Көп адам жетім өстім, балалығым қиындықпен өтті деп жатады. Оразай да жетім өсті, қиындықты да көрді. Бірақ ол əсте де өмірдің қатыгездігін көрдім деп айт пайды. Өйткені, ол жасынан адами мейірімнің шəрбатын қанып ішті. Өз анасы Хатша дүниеден ерте өтсе, екінші анасы Сақыптың мейірімін көрді. Кейін əкесі Батырбек қайтыс болып, одан соғыстың қиын-қыстау кезеңі туғанда, апайы Қатираның қолында тарықпай өмір сүрді. Ең бастысы – осы кезде ол қазақ отбасының асыл қасиеттерін: атаанаға, жалпы, үлкенге құрмет, ба уырға қамқорлық, ағайынға рақымшылық, азаматтық əліппелері – адалдық, əділдік, мəрттік сияқты

өнерде терезесі тең жүрді. Бірақ дəл осы кезде соғыс басталып, оған шиеттей екі баласын, інісі Оразайды асырау тауқыметі жүктеліп, өнерді тастап, азын-аулақ нəпақасы бар ет комбинатына жұмысқа кіруге тура келеді. Қалайда театрға қайтаруға келген Сəбира құрбысына: «Бір кісідей өнерім бар екеніне өзім де сенімдімін. Бірақ, амал нешік, мына екі баламды, анау Оразай інімді əртістің 5-10 тиынымен қалай асырамақпын» дегенін Оразай өз құлағымен естіген. Кейінірек Орекең апайы туралы естелігінде былай жазғаны бар: «Апамның ой-өрісі кең, жігерлі, қайсар мінезді, аса мейірімді еді. Ел басына, өзінің отбасына түскен қиын-қыстау кезеңде де мойымады, болашаққа сенді, үміті мол болды. Бізді осылай тəрбиеледі. Осының бəрін бүгін ойлап қарасам, марқұм өзі үшін емес, өзгелер үшін біздер үшін, өмір сүрген екен ғой. Қазір ойласам, апамның мейірімділігіне, жойқын қайсарлығына қайран қаламын». Сол Қатира апасының бір бөлмелі үйінде талай марқасқалар бас қосып, жас Оразайға өнеге болған. Ағайын-жамағаты деп Баубек Бұлқышев, Мұқан Иманжановты үйіне тоқтатып, Баубек майданға осы үйден аттанған. Мұқанға жазған хаттарын осы үйге жіберген. Елден келгендер де осы үйге түскен. Көңіл сыйған бір бөлмеге талай адам сыйған. Сол апайы қаршадай Оразайға жай қарнын ашырмай, асырап қана қоймапты, азамат болуға баулыпты. Соған бір мысал – алтыншы сыныпты бітіріп, жазғы демалысқа шыққанда інісін «Социалистік Қазақстан» газетіне хат тасушы жұмысына кіргізіпті. Сонда ол оқып жүріп те жұмысын атқара берген. Елгезек, тілалғыш, тындырымды бала редакция ұжымының сүйіктісіне айналады. Орекеңнің өзі: «Жұмысты ойнап жүріп, редакция қызметкерлеріне еркелеп жүріп істедім» деп жазатыны бар. Еркелей білу де, еркелету де екіжақты нəрсе ғой. Сол қиын-қыстау соғыс кезіндегі редакция ұжымындағы ынтымақты жағдайды Орекең үлкен ризашылықпен елжірей еске алады. Жалпы, Орекең өз өмірінде кезіккен адамдарының барлығына демегенмен, көпшілігіне ризашылық көңілмен жүретін адам. Бəлкім, олай да емес шығар, аяқтан шалғысы келгендер де болған шығар, ал Орекең оларды емес, тек жақсы адамдарды ғана еске сақтайтындай. Содан да мынау қатыгездеу заманның өзінде айналаның бəрі тек жақсы адамдардан тұратындай көреді. Жақсы адамдардың алдындағы өз борышын, жауапкершілігін осылай түсінген адам да жаман болмауға тиіс қой. Əдетте адамдар жақсы адамға жақсылық жасағысы келіп тұрады. Оларға сенеді. Оразайға сенгендер көп болды. Алдымен дайындық курсында оқып, кейін тарих факультетіне қабылданған университетте ол жастардың жетекшісіне айналды. Жастар жақсыға жайдан жай үйір болмайды. Аңқылдаған ақкөңіл, аузынан əзілі түспейтін жайдарлы жігіт, кіршіксіз таза, досқа қоң етін кесіп бергендей мəрт. Үнемі жақсы істің басында жүретін ұйымдастырушылық қабілеті жоғары адам қасындағылардың ғана емес, жоғарыдағылардың да көзіне түсетіні заңды. Оразай университетте оқып жүріп-ақ аудандық комсомол комитетінің екінші хатшылығына, ал бітіре салысымен бірінші хатшылығына сайланады. Бұл – ол кезде əжептəуір үлкен қызмет. Оқуды бітіре салғанға мұндай

жолғы іздеуші ерекше бір жұрт қадірлеген азамат – Алматы қаласы Фрунзе аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Бектенбай Қосынов еді. Тұла бойы ізгілікке толы бұл адамның бір қасиеті – адам танығыштығы. Екі жыл бұрын комсомол жұмысынан жазықсыз «ұрылып» кеткен жігітті тауып алып, басшылық жұмысқа қайта тартуы да сол адам танығыштығы еді. Оған ұсынылған қызмет – аудандық партия комитетінің үгіт-насихат бөлімінің меңгерушілігі. Ел астанасындағы рухани-мəдени мекемелер, ғылым-оқу орындары шоғырланған аудандағы саяси жұмыстың тізгінін ұстау аса жауапты да маңызды еді. Орекең қашанда тапсырылған істі ойдағыдай орындайтын əдетімен сол 50-жылдардың екінші жартысында кəдімгідей көзге түседі. Аудандық көлемнен көтеріліп, Алматы қалалық партия комитетіне жұмысқа ауысады. Оның өміріндегі ең үлкен оқиғаның бірі – сүйікті жарын тауып, отбасын құруы. Орекең Шəмшиябану Қанышқызындай жар тапқан тағдырына ризашылығын өмір бойы айтып келеді. Сол отбасын құру оның өмір мақсатына жаңа бір мəн бергендей еді. Сол отбасындағы береке арқасында біраз қиындықтарды жеңеді, жайсаң жандармен танысып, керемет достар табады, біртіндеп қызмет сатыларымен биіктейді. Қамқор адамдар, берекелі отбасы, Орекеңнің өзі айрықша атап айтатын тамаша достары оның

кадрлар есебі осы бөлімнің қолында, соның сүзгісінен өтеді. Ол кезде қазіргідей командамен жүру жоқ, тамыр-таныстық жоқ, кейбір мансапқорлар, пысықайлар осы сүзгіден-ақ өте алмас еді. Содан да бұл бөлімнің орны ерекше болды. КСРО дейтін алып елді бір уыста ұстап отырған Компартияның күші де сол кадрларға барып тірелер еді. Содан да Мəскеу оған қатты мəн берді. Республикалық, тіпті облыстық деңгейдегі басшылықты өзі бекітіп отыратыны өз алдына, ел аймақтарындағы кадрға жауап беретін адамдар да айрықша назарда ұсталды. Оған бір мысал – Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің кадрлармен айналысатын бөліміне Батырбековке дейін қазақ азаматы басшылық еткен емес еді. Бұл да Орекеңнің жауапкершілігін арттыра түскендей. Алыста сенің жұмысыңды жіті қадағалап отыратын қалғымайтын көз бар. Бəрін көреді. Мүлт басқан қадамыңды қапы жібермейді. Сақтық қана емес, жұмысыңды жоғары деңгейде атқаруың керек. Сол жұмысты қалай атқарғанын килограммен, метрмен өлшей алмайсың. Тіпті, алған орден, медальдар да өлшем болмайды-ау. Əйтпесе, оның кеудесіне тағылған төрт ордені, біраз медалы бар. Грамоталар мен атақтар да аз емес. Талай рет республика Жоғары Кеңесіне депутат та болып сайланды, партияның басшы органы – Орталық Комитеттің мүшелігіне

тұста араласпадық та. Сөйтсе де ол туралы əңгімелер естіліп жатар еді. Бөлімінің беделінен де болар, бүкіл республикадағы басшы кадрлардың оның алдынан өтетінінен де болар, оған қатысты жұрттың Орталық Комитеттің бесінші хатшысы деген де сипаттамасы айтылар еді. Орекеңнің сол кездегі қызметі туралы көп əңгімені кейінірек естідік. Жұрттың жазғанынан оқыдық. Оның алдына келген адамның бірі, Махамбет аудандық атқару комитетінің төрағасы Д.Шененов былай дейді: «Менің бағыма бірінші қабылдаған Батырбеков деген шешен сөзді, ашық та жайдарлы мінезді жігіт екен, бұрыннан білетін танысындай бірден бауырына тартып, əзіл-шыны араласқан жағымды əңгімесімен көңілімді көтеріп, бойыма батылдық бітірді. Соның арқасында өмірімде бірінші рет Орталық Комитеттің хатшысына барғаным еді, тізем дірілдемей, қолым қалтырамай шықтым ғой». Мұндай əңгімені талайлар айтқан. Оған үлкен қайраткер азаматымыз Саламат Мұқашев куəлік етеді: «Орекеңнің жұмыстас, жолдас болған, жиі кездескен кісілерінің бəрі бірдей оның іскерлігін, кішіпейілділігін, қарапа йымдылығын шын ықыласпен айтатынына айғақпын жəне өзім де сол əділ бағаға қосыламын. Ұзақ жылдар бір салада қызметтес болып жүргенде оның сынға ілінгенін естіген емеспін», – дейтіні бар. Ал Орекеңнің өз аузынан мен біреуге жақсылық жасаған едім деген сөзді ешқашан да естімейсің. «Менің өмірім коммунистік партияның аппаратында кадр жəне ішкі саясатымен байланысты болды. Бұл өте ауыр іс екені белгілі. Мен кадр мəселесін шешкем жоқ», дейді. Орекеңнің бұл сөзіне қосылуға да болады, қосылмауға да болады. Кадрларды бюро бекітеді, ұсынатындар негізінен басшылар. Бірақ сол бюроға мəселені дайындайтын – бөлім, оның қызметкерлері. Кадрларды ішек-қарнын ақтарып, зерттейтін де солар. Жақсы адамның аяғынан шалуға да болады, кейбір пысықайларды өткізіп жіберуге де болады. Орекеңнің алдынан ондаған, жүздеген емес, мыңдаған адам өтті. Алғашында кейбіреулері аптығын баспаған жас болса, кейін байсалды басшыға айналып, көз алдында өсті. Солардың көпшілігі Орекеңді ақ батасын берген абыздай санайды. Əркез жолы түскенде, арнайы келіп, сəлем беретіні де бар. Өз орнын тапқанын Орекеңнің арқасындай көретіндер қаншама?! Ал Орекең болса, қызмет солай болды ғой, солай етуге тиісті едік қой деумен шектеледі. Сол адамдардың өмірі, тағдыры, оған өзінің қалай араласқаны туралы жазса, ол бір ғибратты дүние де болып шығар едіау дегенді оған талай достар айтқан. Біз де айтқанбыз. Орекең ат-тонын ала қашады. Сондағысы – біреудің өскеніне өзі себепші болғандай көрінермін, біреулер мақтанды деп айтар деп, оған аяқ баспайды. Ал қазір өз өмірінен естелік жазып, əйтпесе біреуге жаздыртып, кітап шығарып жататындар көп. Орекең олардың ауылынан емес. Жазатыны, айтатыны көп-ақ. Айту өз алдына, жазу да оның қолынан келеді. Оған апайы Қатира, сүйікті жары Шəмшиябану туралы мөлдіретіп жазған естеліктері, достары туралы мақалалары куə. Ал қызметі туралы жазғысы жоқ. Біраз тарих бүркеулі қалды-ау деп өкінесің. Бұл адам көп нəрсені көрген, көп нəрсені білген. Өзі жазғандай, «Өмір мені талай жақсы-жайсаңдармен жүздестірді. Тіпті, кейбір ұлы адамдармен

дейді. Сонда Орекеңнің қарттықтан қажығандай емес-ау, қайта сол жасына қарамай, жігері тасып тұрғандай шағы еді. Басқа біреулер болса, денсаулығым жақсы, əлі де жұмыс істей тұрайын дер едіау дейсің. Оның өтінішін ОК бір жарым жылдан кейін ғана қабыл алып, пайғамбар жасына толған соң 1990 жылы Оразай Батырбеков зейнеткерлікке шыққан. Орекеңді достарынан бөліп қарау да мүмкін еместей. Оның бала кезінен достары көп болған, кейінірек ол өмір мəніне айналып, оларсыз, тіпті, Батырбековтердің отбасын бөліп қарау да болмайтындай көрінер еді. Қуаныш ортақ, қиындық ортақ зиялы қауым іріктеліп, берекелі топқа айналған. Оны жұрт біледі, қызығады. Олар жайында əңгіме де, аңыз да көп. Белгілі адамдар. Бүкіл журналист қауымының ұстазы саналатын Тауман Амандосов ағамыз сол топтан. Тауқыметті жағдайда жолымыз қосылған Жұмағали Ысмағұлов ағам да солардың «колхозынан» болып шықты. Орекең туралы əңгімені де мен алғаш сол кісілерден естігем. Əзілдеп, «Оптимист» деген колхоз құрып, бас біріктірген топ жарты ғасырдан астам уақыттан бері тағдырлас болып келе жатыр екен. Тауман Амандосов, Қанапия Ахметов, Шерияздан Елеукенов, Манаш Қозыбаев, Жұмағали Ысмағұлов, Шайкен Надиров, Қыпшақбай Баймұратов, Құрманбек Əбілтаев, Сыздық Мусин, Оразай Батырбеков... тізім біразға созылады. Достар деген қасиетті ұғымды ту еткен тұлғалар, қазақ зиялы қауымының бір шоғыры. Олар бір-бірін бағалай да білген еді ғой. Осы жерде Манаш ағамыздың 1997 жылы «Түркістан» газеті арқылы Орекеңнің 70 жылдығына арнаған хатынан бір үзінді келтірудің реті келіп тұр. «... сен мансап қолыма тиді деп, жалаңаяқ жолдастарыңнан қол үзбедің. «Қаныштың күйеу баласымын, Димекеңнің көлеңкесіндегі данасымын» деп кердең қаққан емессің. Еңбегіңмен елге танылған талай адал жандардың бағын жандыруға септігің тигені тағы бар. Адамгершілік қасиетіңе табынған Димекең сенің үстіңнен арыз айтқан талай қуларды тыңдамай, бағалай білгені де ақиқат. Ақкөңіл, ақпейіліңмен «партия жолы – адал жол» деген қағиданы құран қылып, еңбекті ұран қылып жүрген Ореке, сен пара алмадың, арамдыққа бармадың, қалтаңа көлденең тиынды салмадың, баяғы жалаңаяқ арын жанына пида етер қалпыңда қалдың...». Бұл достар қашанда бірге болды. Уақыттың сынына шыдас берді. Өмірдің қиын-қыстау кезеңдерінде бір-біріне сүйеу болды. Қуанышты бірге тойлап, қайғыны бірге көтерді. Сол қайғы-қасірет Орекеңді де айналып өткен жоқ. 2002 жылы сүйікті жары, үлкен ғалым, бүкіл еліміздің аяулы перзенті Шəмшиябану Қанышқызы Сəтбаева дүниеден озғанда Орекең қатты күйзелген. Сонда қасында достары болды. Сүйеді, еңсесін көтертті. Бірақ қатты соққы тағы тиді – арада жеті ай өткенде, үш ұлдың ортасында еркелеп өскен жалғыз қыз, жұлдызы Райхан шешесінің қазасын көтере алмай, оның соңынан дүниеден өтті. Өзі де жақында өмірден озған Кəкімбек ақынның: Өнерлі еді ақыл қонған затынан, Есімі өшпес артта қалған хатынан. Оразай аға, қайғыңды қақ бөлісем, Жезқазған мен қарт Ұлытау атынан,

– деп жұбататыны осы кез. Бұл аз болғандай, тағы араға жеті ай салып, үлкен ғалымдар қатарына қосылып үлгерген Ғазизі көз жұмды. Тағы да қасында достары жүрді.

Өмірде мəн қалмағандай еді сонда. Достары басқа жайды ұқтырды. Сол аяулы жандардың аруағы үшін əлі де бойын тіктеп, біраз шаруаны тындыруы керек екен. Өмірден озған аяулы жандарының бəрі де ғалымдар. Арттарында қалған мұралары бар, əсіресе, Шəмшиябану Қанышқызы Сəтбаеваның мұрасы – халықтың игілігіне айналуға тиіс. Өзі қолға алмаса, мынадай нарық дейтін заманда, олардың жарық көруі екіталай екенін ұққан Орекең, «қайратым қайда, келші осындайда» дегендей, қажырлылықпен біраз іс тындырды. Алдымен сол аяулы жандарының бастарына мəрмəр тастан ескерткіш белгі қойып, олардың еңбектерін бірінен соң бірін кітап етіп шығарып жатты. Біз осы тұста Орекеңмен біршама жиірек араластық. Шəмшиябану апайымыз, балалары, апайы Қатира жайлы əңгімелерін тыңдадық. Соны өзіңіз жазсаңызшы деген тілек те білдіргенбіз. Əдетіне басып, алғашында қашқақтаған. Сөйтсе де Шəмшиябану апайымыз туралы жазбаққа уəде берген. Арада екі-үш күн өткенде, сүйікті жар, отбасы жауапкершілігі, достық жарасымдылық, азаматтық борыш сияқты үлкен тақырыпты қамтыған лирикалық баллададай дүниені алып келді. «Егеменде» жарияланған бұл естелікті жолдастары, достары Шəмшиябану апайымызға қойылған ескерткіштей қабылдаған. Бұдан кейін Орекеңнің «жазушылығы» басталды. Қатира апайы туралы «Апатайым, ардақтым» естелігі дүниеге келді. Бұл айрықша д ү н и е . М ұ н ы қ а з ақ т ы ң а сы л қасиеттерін бір бойына жинаған қайраткер ана туралы жыр деумен қатар, ұлттық салт-дəстүріміз, əдетғұрпымыз жайында да нақты мысалдармен жақсы мағлұмат беретін танымдылығы да мол шығарма деп қабылдағанымыз жөн. Өкініштісі – кейін аз таралыммен ғана шығып, шектеулі адамның қолына тиді. Ол көптің игілігіне айналуға тиіс ғибратты шығарма еді. Осы төрт-бес жылда біраз шаруа ның басын қайырып, сүйікті жандарының мұраларын түгендеп, біразын жарыққа шығарып, көңілін біраз демдегендей болғанда, Орекеңе тағы бір соққы тиді – ең кенже перзенті Ержан дүние салды. Перзенттің бəрі ыстық қой. Бірақ бұл балаларының орны бөлектеу еді. Олай болатын бір себебі – Орекеңнің өзі жазғандай, Шəмшиябану апайымыз «Мен тағы бір бала табайын, егер ұл болса, папамның фамилиясын берейік» деп жасы келіп қалса да, төртінші бала көтерген екен. Сол Ержан ғой, Сəтбаев Ержан. Үйдің кенжесі, бүкіл ағайын жамағат жақсы көрген еркесі. Бұл өлім үнемі еңсесін биік көтеріп жүретін əкенің белін бүктіріп, қолына таяқ ұстатқан. Тірі адам тіршілігін жасайды дейміз. Ал қайраткер қашанда күреседі. Орекеңнің өмірі жай тіршілік ету ғана емес, маған əрқашан күрестей көрінеді. Қайғыға да қасқайып қарсы тұрып күреседі. Ержанның қазасынан кейін де сол сүйікті жандарының мұраларын жинақтап, жарыққа шығаруды үзген жоқ. Біразын еліміздің Орталық мұражайына тапсырды. Қайғының уытын тарқататын басты ем еңбек екенін Орекең өз өмірімен дəлелдеп жүргендей көрінеді де тұрады. Осыдан екі жыл бұрын өзінің естеліктер, мақалаларының басын құрап, «Тағдыр толқынында» деген ғибратты кітап та шығарды. Осы бір ғажап адамның ерікжігеріне қайран қаламын. Таяғына сүйеніп, түр лі шараларға, досжораларының қуаныштарына барып жүреді. Сырқаты жанға бататыны да анық-ау. Бірақ онысын білдіргісі келмейді. Кейде оны əзілқалжыңмен бүркемелейтіні бар. Сəлем беріп, хал-жай сұрау үшін телефон соқсаң, қашанда əзілі дайын тұрады. «Сексенді еңсерген адамның ауырмағаны ұят болады, содан да ұят болмасын деп азын-аулақ ауырып қоямыз», дейді жадырай күліп. Сенің де жаныңды жадыратады. Жақсы адамдарға қатысты өкінішің де, өтінішің де болатыны бар ғой. Оразай Батырбеков ағамыз заманымыздың екі ұлы тұлғасы – Дінмұхамед Қонаев пен Қаныш Сəтбаевқа жақын жүрген адам. Бірімен – қызметіне қарай, бірімен – туыстығына қарай. Олардың басқалар біле бермейтіндей қасиеттерін де жақыннан көрген. Солар туралы неге жазбайсыз деп айтқандар көп болды. Біз де айттық. Ағамыз көнбеген. Олардың жұрт бағалаған өмірлері белгілі. Ал мен білген кейбір тұстарын жария ету қажет бола қоймас деген төңіректе жауап айтар еді. Сірə, бұлай айту да Орекеңе тəн қасиет. Басқалар ұлылармен қатар жүргенін айтып қалғысы келер еді. Сірə, мұндай адамдардың қасымызда жүргені де жай туыс, достарына ғана емес, бүкіл қоғамға қажет. Мұндай таза адамдарды көріп біраз жұрт жаман іске барудан тайсақтайды. Орекеңдер айналасына шапағат шуағын шашып жүреді. Жаныңды жылытатын шуақ. АЛМАТЫ.


6

www.egemen.kz

16 қаңтар 2014 жыл

 Үйренетін үрдіс «Бесінші қазына: Ұлттық байлығымыздың, əл-ауқатымыз бен əлеуетіміздің түп негізі – Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы. Қазақстан мен қазақстандықтардың қолындағы қазіргі барша қазынаға біз тер төге еңбек етудің арқасында жеттік. Еңбек əр адамды мейірбан, ал елді ұлы етеді. Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы – Тəуелсіздікті нығайту жолындағы күрделі жұмыс барысында туған біздің қазақстандық идеямыз». Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, Тəуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзден.

Ел экономикасын өркендету мен демократиялық мемлекет құрылымын жетілдірудің тиімді жетістігіне қол жеткізуде бизнестің əлеуметтік жауапкершілігінің маңызы арта түсуде. Тəуелсіздік алған кезден бері бизнестің кең ауқымда өркендеуі тек осы саланың ғана емес, сонымен бірге, мемлекеттік саясаттың қалыптасуына ықпалын тигізіп келеді. Бизнес қауымдастығының өкілдері мемлекеттің əлеуметтік саясаты мен ұлттық экономиканы жаңғыртудың инновациялық жобаларын іске асыруға атсалысу арқылы тұрақты экономикалық өсімге қол жеткізуге болатынын ұғынды. Əлеуметтік-еңбек қатынасының тиімді моделінің негізі мемлекет, бизнес пен қоғам арасындағы өзара серіктестіктің берік орнығуымен байланысты екені даусыз. Кез келген бизнес құрылымы əлеу меттік жауапкершілігінің басты стратегиялық мақсаты ретінде ұзақ мерзімдік бəсекелестік басымдығына жетуді көздеп, өз компаниясындағы қызметкерлер мен жергілікті тұрғындардың өмір сапасын жақсарту мен деңгейін көтеруді мақсат тұтады. Əрине, бизнестің əлеуметтік жауапкершілігі тек қоршаған ортаны қорғау мен экономиканы өркендетумен, сонымен қатар, əлеуметтік саладағы жетістіктерге қол жеткізумен шектеліп қалмаса керек. Корпоративтік жауапкершіліктің қазақстандық моделі іскерлік топ өкілдерінің мемлекет пен қоғамның құндылығы мен тұтастығы үшін ортақ мүддені көздегенде ғана нəтижесін берері ақиқат. Тəуелсіз еліміздің игілігі жолында бизнестің əлеуметтік жауапкершілігін шынайы сезінетін қазақстандық компаниялардың бірі – «Косми Казахстан» ЖШС. Бұл компания Қазақстанның батыс аймағында сан алуан қызмет көрсетумен танылып келеді. Нақтылай айтқанда, мұнай-газ жəне энергетика секторына ең озық нысандар жеткізеді. Осы саладағы жобалау жұмыстарын атқарады. Техникалық қызмет көрсетуді де басты бағытының біріне айналдырып отыр. Ең бастысы, «Қашаған» кенішінің жобасын игеруге сенімді əрі белсенді қатысушылардың бірі ретінде өзіндік бағытын айқындады. Сөйтіп, тəуелсіз Қазақстанның мұнай-газ өнеркəсібінің өркен жаюына лайықты үлесін қосып келеді. «Косми Казахстан» ЖШС Қазақстанның үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында 2011 жылы механикалық бұйымдар шығару зауытының құрылысына қомақты инвестиция салды. Өңдеу өнеркəсібіндегі отандық тауарлар өндірісін қолдау мақсатында инновациялық технологияларды кеңінен қолдануға ұмтылыс танытты. Германия, АҚШ, Швеция, Корея секілді өркенді дамыған елдердегі үздік өндірушілердің ең озық үлгідегі қондырғыларын əкеліп, отандық мұнайгаз өнеркəсібіндегі маңызды жобаларды инвестициялауды қолға алуда. Мəселен, 2012 жылдан бері Батыс Қазақстандағы кен орындарында өндірілетін мұнай көлемін арттыру мақсатында кен қабат тарының қысымын жоғарылату (Enhanced Oil Recovery) жобасымен жұмыс жасайды. Осы мақсатта өндіріске инновациялық технологияларды қолдану арқылы тəжірибелік-өнеркəсіптік зерттеулер жүргізілді. Бұл зерттеулер ұңғымалардың сулануын азайту жəне забой маңын тазалау мақсатын көздеді. Соның нəтижесінде ұңғымалардың дебиті 40 пайызға ұлғайды. Осылайша, «Косми Казахстан» жергілікті өндірістің жоғары технологиялармен өркендеу көкжиегін кеңейтуге барынша үлес

қосуды көздепті. Демек, мұны ұлттық экономиканың қарқынмен өркен жаюына қосылған лайықты үлес десек, артық айтқандық бола қоймас. Бүгінгі таңда қазақстандық өңдеу өнеркəсібінің ішкі нарықты бəсекеге қабілетті өніммен қамтудағы əлеуеті молайды деуге болады. Алайда, өнім өндіру көлемі, отандық тауар мен қызмет көрсетудің үлесі импортпен салыстыра қарағанда, соншалықты мол емес. Міне, осы себептен, «Косми Казахстан» ЖШС қазақстандық үлесті дамыту үшін отандық тауарлар мен қызмет көрсету, сонымен бірге, еңбек ресурсы көлемін арттыруға ұдайы басым бағыт береді. Компания басшылығы 2008 жылы алғашқылардың қатарында Маңғыстау облысындағы Түпқараған ауданының əкімдігімен Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Мұндағы мақсат – жергілікті

иеленді. Үнемі іскерлігін ізденумен шыңдайтын іскер жігіт бірнеше əлеуметтік бағдарламалар тобын да сəтті іске асыра бастады. Бұған мысал ретінде алдымен, компанияда жұмысшылар үшін сан алуан əлеуметтік жеңілдіктер барын алға тарта аламыз. Атап айтқанда, тұрақты жұмысқа қабылданған жұмысшылар тегін тамақтанады, жұмыс орнына жəне үйіне дейін автокөлікпен жеткізіледі. Жалақы тұрақты төленеді. Өмір болған соң, кездесіп жататын əртүрлі қиындықтарға орай əлеуметтік қолдау да ұдайы көрсетіледі. Əр отбасында болып жататын қуанышты сəттерде де солай. Медициналық қызмет көрсету, спорттықсауықтыру бағытындағы шараларды өткізу, жұмысшылар балаларының жазғы лагерьлерде демалысын ұйымдастыру, міне, осының бəрінің шығыны компания есебінен өтеледі. Компания жұмыс-

Ұйымшыл ұжымның спортта да бəсі биік.

Еѕбекті баєалаєанныѕ абыройы артады

«Парыз» конкурсының алтын жүлдесі.

тұрғындарды жұмысқа көптеп тарту, олардың еңбек құқығын қорғауды қамтамасыз ету. Сол 2008 жылдан бері аталған компания жаңадан 500-ден аса жұмыс орнын ашты. Ал 200-ден астам жұмысшы халықаралық стандарттар бойынша кəсіптік оқыту курстарынан өтіп, кəсіби біліктілігін жетілдірді. «Косми Казахстан» ЖШС-нің өңірдегі қызметін жетілдіре түсуіне Ықылас Мұқамбетқалиұлы Қалиевтің айрықша үлес қосқанын айтқан лəзім. АҚШ-тың беделді оқу орнының бірі – Гарвардтағы жоғары Бизнес мектебінде (Harvard Business School ) бизнесті сəтті жүргізудің, оны тиімді басқарудың қыр-сырын жетік меңгерген іскер жігіт 2008 жылдан бері аталған компанияның бақылау кеңесінің төрағасы қызметін атқарады. Əке қанымен, ана сүтімен дарыған ана тіліне де, шетелдің бірнеше тіліне де жетік, жүрегі Отан деп соғатын қазақтың іскер жігітінің компанияны тиімді басқарудағы жəне жұмысты оңтайлы жүргізудегі толымды тəжірибесінің арқасында ISO 9001:2008, ISO 14001:2004, BS OHSAS 18001:2007 секілді халықаралық сертификаттарды

Өндірістегі жұмыс сəті.

Іскер кəсіпкер Ықылас ҚАЛИЕВ.

шылардың жоғары оқу орнын бітірген балаларын жұмысқа орналастыру арқылы ұрпақтар сабақтастығын жалғастыруды өз міндетіне алыпты.

Бизнес өкілдері əлеуметтік жауапкершілікті дəл осылай сезіне алар болса, еңбек дауларына жол берілмейтіні «Косми Казахстан» ЖШС-нің мысалынан айқын аңғарылады. Олай дейтініміз, бұл компанияда бірде-бір рет еңбек дауы орын алған емес. Керісінше, компания мен жұмысшылар өкілдері ұжымдық шарттың жобасын бірлесе дайындап, оған 2009 жылдың наурызында қол қойылыпты. Əлеуметтік жауапкершілік мəселесінде үнемі жұмысшыларының бірде-бір ұсынысын назардан тыс қалдырмайтын «Косми Казахстан» ЖШС 2012 жылғы «Парыз» республикалық конкурсының ірі кəсіпкерлік саласындағы «Үздік ұжымдық шарт» номинациясы бойынша алтын жүлдегері атанды. – Бізге бұл марапат үлкен жауапкершілік жүктеді. Өйткені, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамының маңызы туралы «Қазақстанға экономикалық табыстар мен қоғамдық игіліктерді қамтамасыз ету арасында тиімді тепетеңдік табуының өмірлік маңызы бар. Мен əлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың шешуші міндеттерін нақ осыдан көремін» дегенін басты қағида ретінде ұстанамыз. Біздің компанияның басты байлығы – жұмысшыларымыз ғой, – дейді Елбасының қолынан «Парыз» конкурсының алтын жүлдесін алған «Косми Казахстан» ЖШС бақылаушылар кеңесінің төрағасы Ықылас Қалиев. – Біз жұмысшыларымыздың өз жұмысын жауапкершілікпен атқаруының арқасында экономикалық өсімге, тұрақты табысқа қол жеткізіп келеміз. Сондықтан, жұмысшыларымыздың ұсыныстары негізінде оларға жұмыс орнында қолайлы жағдай туғызуды басты міндетіміз деп білеміз. Бізде жұмыс жасаушылардың əлеуметтік жағдайын жақсарту жөніндегі жобаларымыз олардың тарапынан жауапкершілікті, жұмыс өнімділігін арттыруына оң ықпалын тигізіп отыр. «Косми Казахстан» ЖШС-нің бизнестің əлеуметтік жауапкершілігі тұрғысында жан-жақты ойластырылған

«Наурыз» мерекесінде ұлттық нақышқа баса көңіл бөлінеді.

өзіндік саясаты кадрлар қызығушылығын оятқанына мына бір дерек дəлел болатындай. Бұл компанияға жұмысқа орналасуға отандық оқу орындарын бітірушілермен бірге, халықаралық «Болашақ» бағдарламасымен шетелдің ең үздік, ең беделді оқу орындарында білім алған түлектер де көптеп ынта танытып отыр. Қазір мұнда «Болашақтың» грантымен шетелден білім жетілдірген жиырмадан астам жас маман жұмыс жасайды. Демек, «болашақтықтардың» жұмысқа орналасуының өзінен бұл компанияның жас мамандарға сенімді жұмыс беруші екенін, сондай-ақ, келешегі кемелдене түскенін анық байқатады. Дегенмен, компанияның əлеуметтік жауапкершілігі тек өз қызметкерлеріне ғана əлеуметтік қолдау білдірумен шектелмейді. «Косми Казахстан» ЖШСнің ұстанған бағыттарының бірі – өңір тұрғындарының тұрмысын жақсартуға қайырымдылық таныту, оған қоса əлеуметтік салаға инвестиция құю. Мəселен, Ақтау қаласындағы облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылына бірнеше велосипед, əдістемелік əдебиеттер мен көрнекі құралдар сатып алынуына демеушілік жасалды. Компанияның қаржылай қолдауымен компьютерлік сыныбы толықтай жабдықталып, ағылшын тілі мұғалімінің штатын ашып берді. Ал аудандық əкімдіктің сұрауымен тұрмысы төмен отбасыларының балалары мектеп киімдерімен қамтылды. Бұған қоса, Атыраудағы «Шаңырақ» отбасылық үлгідегі балалар ауылының тəрбиеленушілері үшін кеңсе жəне мектеп құралдары, маусымдық киімдер сыйға тартылды. Жыл сайын соғыс жəне тыл ардагерлерін, зейнеткерлерді газетжурналдарға жаздырып береді. Компанияның бақылау кеңесінің төрағасы Ықылас Қалиевтің пікірінше, көрші отырған қос облыстың қамкөңіл жандарына көрсетілген қолдау алдағы кезеңде де жалғасын табады. Қарапайым еңбек адамының қадірін білетін компания басшылығы əлеуметтік серіктестікті одан əрі жетілдіру көзделіп отыр. Бұл ретте

жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы əріптестік қарым-қатынасты реттеудің тиімді əдістері тəжірибеге енгізілмек. Əрине, əлеуметтік жауапкершіліктің маңызын арттыра түсетін жобалардың желісі үзілмейтіні даусыз. Болашақта инновациялық жобаларды кеңінен енгізе отырып, сервистік қызмет көрсету аясын кеңейтпек. Жаңа бизнес-жобаларды жүзеге асыру мақсатымен серіктестер арасындағы байланысты дамытудың жоспары да бар. – Біз еліміздің бəсекеге қабіле т тілігін отандық өндіріске жаңа инновациялық технологияларды көптеп енгізу арқылы арттыра аламыз, – дейді Қазақстанның қуатты мемлекет ретінде əлемге кеңінен танылғанын қалайтын Ықылас Қалиев. – Осы орайда, əсіресе, шетелдік мамандармен бəсекелес болуға отандық жас мамандардың қабілеті де, кəсіби біліктілігі де жетеді. Сол себептен тек өз мамандарымызды тұрақты жұмыспен қамтып, əлеуметтік тұрғыдан қолдауды көздеп отырмыз. Əр маманның атқаратын жұмысына, кəсіби тəжірибесіне құрметпен қараймыз. Өзімізде жұмыс жасайтын отандастарымыздың тұрмысы жақсарғанын, олардың балаларының жоғары білім алғаннан соң жұмыссыз қалмағанын қалаймыз. Бүгінгі нарықтық бəсекенің дəуірінде бизнестің əлеуметтік жауапкершілігін шынайы сезінетіндердің, адал еңбекті қадірлей білетіндердің ғана абыройы биіктейді. Толағай табысқа кенеледі. Осы тұрғыдан айтқанда, Ықылас Қалиевтей отаншыл, ізденімпаз, іскер кəсіпкер басқаратын «Косми Казахстан» ЖШСнің өзіндік қалыптасқан жолы, əлеумет алдындағы жауапкершіліктен шет қалмайтын өзіндік бағыты, ең бастысы, өзгелер үшін өзіндік үйренер үрдісі бар. Демек, бұл компанияның тəуелсіз Қазақстанның ұлттық экономикасын өркендетуге қосқан үлесінің молая түсері өз алдына, сонымен бірге, келешегінің кемел боларына сенім мол. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан».

Жұмысшылар кəсіби біліктілігін ұдайы арттырады.


 Өнер

 Тағзым

Мəѕгілік махаббат жыры

Орыс композиторы С.Прокофьевті шабыттандырған У.Шекспирдің «Ромео мен Джулет та» атты шығармасы əлем жұртының рухани қазынасына айналған ғажап дүние. Иə, бұл У.Шекспирдің мұңды махаббат жыры. «Махаббат» атты ғажап сезімнің иесі болған екі жастың өмірі. Бұл шығарма ХХ ғасырда əлем театрларында көп қойылған балеттің бірі. Балет алғаш рет Қазақстан сахнасында Ю.Григоровичтің қойылымында Абай атындағы академиялық опера жəне балет театрында іске асты. Енді осы балет елордадағы «Астана Опера» театрында қойылып, көрерменді дүр сілкіндірді. Бұл балетті əр кезеңде Джон Крэнко, Кеннет Макмиллан жəне Рудольф Нуриев қойған еді. Ал осы жолғы спектакльді белгілі

7

www.egemen.kz

16 қаңтар 2014 жыл

балетмейстер Шарль Жюд қойды. Джульеттаны орындаған Гауһар Усина шығармашылығы пісіп, жетілген қандай болсын күрделі партияларды өз деңгейінде алып шыға алатын биші. Спектакльдің бірінші бөлімінде балалық жарқын мінезді Гауһар – Джульетта, екінші бөлімде махаббаты үшін қандайда болсын шешімге баратын, жанұшыра соның жолын іздеген трагедияға толы бейнені көрсетті. Джульеттаның Ромеоны көріп, ғашықтық оты жалындаған ішкі сезімін аяқ ұшындағы ұсақ қимыл (pas suivi) арқылы, қос қолдың қарапайым қимылы арқылы орындағанда жүрек лүпілі мен жан тебіренісін көрерменге жеткізеді. Ал, Əйгерім Бекетаева сомдаған Джульетта бала мінезді, оң-солын танып біле қоймаған,

күтушісімен таласа ойын ойнап жүрген аңғал жанды көрсете алды. Осы спектакльдегі бишілердің ішінде орындаушылық шеберлігімен көзге түскен Досжан Табылды болды. Ол өр мінезді, намысын қолдан бермейтін жігерлі жан Тибальдіні сомдады. Биші ішкі жинақылығымен, классикалық би қалыптарын нақты, таза орындауы арқылы кейіпкерінің мінез-құлқын барынша ашты. Балет өнерінің техникасын жоғары деңгейде меңгерген орындаушылардың пластикалық еркіндіктері күрделі образдарды ашуда үлкен мүмкіндік бергені көрініп тұрды. Спектакльде кордебалеттің алар орны ерекше. Верона қаласының алаңындағы ұрыс-керіс, айқай-шу төбелес екі топтың

бір-біріне тап бере орындалатын секіріс, жүгірістер арқылы бейнеленсе, балдағы көпшілік билер ақсүйек жандардың асықпай жылжи аяқ тастау арқылы көрсетілген. Ал, Джульеттаны жерлеу шеруі қара киім киіп, шырақ ұстаған қалыпта жай жылжу арқылы берілген. Осы көпшілік сахналар спектакльдегі жеке образдардың сан қырларының ашылуында негізгі психологиялық жүкті көтеруші күш. Екі қарсы топтың көпшілік сахналары өзі нің пластикалық ырғақты, психологиялық бояулар арқылы шешілген. Балетмейстер осы мұңды махаббат иелерінің өмір сүрген ортасын көрсетуде сəтті көрсетілген суреттемелерін Джульеттаның өлімімен байланыстырған. Джульеттаның денесін көтеріп тұрған əкесі, екі жағында басы мен аяғын құшқан анасы мен күтушісінің қалпы, Ромеоның Джульеттаның жансыз денесін арқасына сала жоғары көтеріп билеген биіндегі кейпі шіркеудің айқастырылған (крест) белгісін бергендей. «Астана Опера» театрының балет труппасы өзінің жастығымен ерекшеленетін ұжым. Осы ұжымның кəсіби шеберлігінің шыңдалуында дүниежүзіне белгілі балетмейстерлермен жұмыс істеу белгілі бір деңгейде өз нəтижесін бергені сөзсіз. Сөйтіп, «Астана Опера» театрында С.Прокофьевтің «Ромео мен Джульетта» балеті үлкен табыспен өтті. Би өнері көпқырлы. Сондықтан да, осы жас театр балет труппасынан əлі де талай қызықты қойылымдар күтеміз. Тойған ІЗІМ, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген əртісі, өнертану кандидаты.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың сенім білдірілген тұлғасы мына мүлікке сауда-саттық жариялайды: Лот №1 – Жер телімі, жалпы алаңы 1,303 га кадастрлық нөмірі 20-315015-395, орналасқан мекенжайы: Алматы қ., Медеу ауданы, Бекхожин көшесінің оң жағында, Қармысов көшесінің шығыс жағында, Көшкінов көшесінің солтүстік жағында. Бастапқы баға – 1 250 000 000 (бір миллиард екі жүз елу миллион) теңге. Сауда-саттық əдісі – ағылшын. Кепілді жарна бастапқы бағаның 10%-ын құрайды. Бастапқы бағаның 10% мөлшеріндегі кепілді жарна «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың сенім білдірілген тұлғасының шотына енгізілуі тиіс, төменде көрсетілген деректемелер бойынша. Сауда-саттыққа қатысуға өтінімдер Алматы қ., Абай д-лы, 109В, 1004-бөлмеде 2014 жылғы 27 қаңтарда сағат 18.00-ге дейін қабылданады. Сауда-саттыққа қатысуға өтінімдер үшін қажетті құжаттардың тізімін алуға сенім білдірілген тұлғаға хабарласу керек. Сауда-саттық ағылшын əдісімен 2014 жылғы 28 қаңтарда сағат 16.00-де мына мекенжайда болады: Алматы қ., Абай д-лы, 109В, 1000-бөлме. Сауда-саттық аяқталғаннан кейін түпкілікті баға ұсынған сауда-саттық қатысушысы банктің чек түріндегі немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа қолма-қол ақшаның толық көлемінде сатып алу сомасын бес жұмыс күні ішінде есеп айырысу тəсілімен енгізуі қажет. Сенім білдірілген тұлғаның деректемелері: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың сенім білдірілген тұлғасы Төремұратов Азат Болатұлы, Алматы қ., Абай д-лы, 109В, шот KZ 246010011286000043, БИН 940140000385, СТН 600200048129, Кбе 14. Сауда-саттық өткізу мəселесі бойынша анықтама алу телефондары: 8 (727) 330 16 80, 330 17 57. Алдағы тендер туралы хабарландыру «№4 қалалық клиникалық аурухана» шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК 415 000 000,00 теңге сомаға 2014 жылға тізе жəне жамбассүйек буындарының эндопротездерін сатып алу бойынша тендер өткізу туралы хабарлайды. Сатып алынатын тауарлардың толық тізбесі, олардың саны мен егжей-тегжейлі ерекшелігі тендерлік құжаттамада көрсетілген. Тауар мына мекенжайға жеткізілуі тиіс: Алматы қ., Папанин к-сі, 220. Жеткізу мерзімі - 2014 ж. ішінде. Тендерге Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлеміне байланысты фармацевтикалық қызмет көрсету, дəрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастыру жəне өткізу Ережесін бекіту туралы қаулысының 8-9-тармақтарында көрсетілген біліктілік талаптарына сəйкес келетін барлық əлеуетті өнім берушілер жіберіледі. Тендерлік құжаттама топтамасын 2014 ж. 30 қаңтарда сағат 12.00-дейінгі мерзімді қоса есептегенде мына мекенжайдан алуға болады: Алматы қ., Папанин к-сі, 220, мемлекеттік сатып алу бөлімі, жұмыс күндері, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін немесе мына электрондық пошта мекенжайы бойынша: goszakup@gkb4.kz. Тендерлік өтінімдерді тапсырудың соңғы мерзімі 2014 жылғы 31 қаңтарда сағат 10.00ге дейін. Тендерлік өтінімдер салынған конверттер 2014 ж. 31 қаңтарда сағат 12.00-де мына мекенжайда ашылады: Алматы қ., Папанин к-сі, 220, мемлекеттік сатып алу бөлімі. Əлеуетті өнім берушілер тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде қатыса алады. Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефондар арқылы алуға болады: 8 (727) 300-36-11; 300-36-19.

Мемлекеттік экологиялық сараптамаға «ГНПС Кеңқияқ жаңғырту (2-ші кезегі)» жұмыс жобасын түзету» жобасы жіберіледі. Аталған жобаны жүзеге асыру кезінде қоршаған ортаны қорғау мəселесі бойынша танысу жəне ұсыныстар енгізу үшін мына мекенжайға хабарласуға болады: Алматы қ., Достық д-лы, 132-үй, 3-офис, тел. 222 18 01, e.mail info@geodata.kz

Ақтөбе қаласындағы Əлия Молдағұловаға арналған мемориалдық кешенде болашақ ұшқыштар қазақ халқының даңқты қызына арналған еске алу шарасын өткізді. Шара Кеңес Одағы Батырының қаза тапқанына 70 жыл толуына арналды.

Əлияны əспеттеді Митингіге қатысушылар іс-шара барысында халқымыздың даңқты қызын бір минут үнсіз тұрып еске алды. Қазақстан Қарулы Күштері Əуе қорғанысы күштері əскери институты курсанттарынан құралған құрмет қарауылы əуеге үш дүркін оқ атты, батыр қыздың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. 54-ші жеке атқыштар бригадасының мергені Əлия Молдағұлова Ұлы Отан соғысы кезінде 1944 жылы Псков облысындағы Казачиха деревнясында қаза тапты. 19 жастағы Əлия Молдағұловаға Кеңес Одағының Батыры атағы ол қаза тапқан соң берілді. «Егемен-ақпарат».

 Басты байлық

Дəрігерлік кґліктер саны кґбеюде Шалғай ауылдардың тұрғындарына, əсіресе, қыста ем-дом алу үшін ауруханаларға қатынау қиын. Осыны ескерген болу керек, жергілікті басшылық аймақтың денсаулық сақтау саласына 45 млн. теңгеге жаңа автокөліктер алып берді. Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

– Бұл – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларды жəне «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру барысындағы ауылдық жерлерде дəрігерлік көмектің қолжетімділігін

ХАБАРЛАМА

2014 жылғы 4 ақпанда 12.00 сағатта Атырау қаласы, Қабдолов көшесі, № 1 үй мекенжайындағы «АтМӨЗ» ЖШС-нің орталық əкімшілік ғимаратында (мəжіліс залы) «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС қатысушыларының кезектен тыс жалпы жиналысы шақырылады. Қатысушыларды тіркеу 2014 жылғы 4 ақпанда 10.45 сағаттан бастап 11.45 сағатқа дейін «АтМӨЗ» ЖШС-нің мəжіліс залында жүргізіледі. «АтМӨЗ» ЖШС-нің орналасқан жері: индексі 060001, Атырау қаласы, Қабдолов көшесі, № 1 үй. Күн тəртібіндегі мəселелер бойынша материалдарды танысу үшін «АтМӨЗ» ЖШСнің активтерді басқару бөлімінен алуға болады. Анықтама телефондары: 8 (7122) 259699/265. Кворум болмаған жағдайда жиналысты қайта өткізу сол күн тəртібімен жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша 2014 жылғы 7 ақпанда 12.00 сағатқа тағайындалады. Күн тəртібі: 1. 400 миллион теңгеден асатын сомадағы мəмілелерді жəне/немесе мəмілелердің маңызды шарттарының өзгерістерін, сондай-ақ, «АтМӨЗ» ЖШС міндеттемелерін көрсетілген жəне одан жоғары сомаға ұлғайту туралы шешімді бекіту туралы. 2. «АтМӨЗ» ЖШС-нің ішкі қызметін реттейтін кейбір ережелер мен қағидаларды бекіту туралы. «АтМӨЗ» ЖШС басқармасы.

КГУ «Управление здравоохранения акимата Жамбылской области» объявляет о проведении тендера по закупке фармацевтических услуг в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи для ЛПО Жамбылской области на 2014 год. Общая сумма - 1 607 487 814,80 тенге. Полный перечень закупаемых услуг, их объем и подробная спецификация указаны в тендерной документации. Услуги должны быть оказаны по Жамбылской области. Требуемый срок оказание услуг до 31 декабря 2014 года после заключения договора. К тендеру допускаются все потенциальные поставщики, отвечающие квалификационным требованиям, указанным в п.8-9 Правил организации и проведения закупа лекарственных средств, профилактических (иммунобиологических, диагностических, дезинфицирующих) препаратов, изделий медицинского назначения и медицинской техники, фармацевтических услуг по оказанию гарантированного объема бесплатной медицинской помощи, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 октября 2009 года №1729. Пакет тендерной документации можно получить в срок до 11.00 часов 4 февраля 2014 года включительно по адресу: г. Тараз, ул. Желтоксан, 78, 3-этаж, кабинет №326, время с 15.00 до 18.00 часов или по электронной почте по адресу: dzo_goszakup@mail.ru. Окончательный срок представления тендерных заявок до 10.00 часов 5 февраля 2014 года. Конверты с тендерными заявками будут вскрываться в 11.00 часов 5 февраля 2014 года по следующему адресу: г. Тараз, ул. Желтоксан, 78, 2-этаж, зал заседаний. Потенциальные поставщики могут присутствовать при вскрытии конвертов с тендерными заявками. Дополнительную информацию и справку можно получить по телефону: 8 (7262) 43 27 49.

Объявление о предстоящем тендере

ГКП «Городская клиническая больница №4» на праве хозяйственного ведения объявляет о проведении тендера по закупкам эндопротезов коленного и тазобедренного суставов на 2014 год на сумму 415 000 000,00 тенге. Полный перечень закупаемых товаров, их количество и подробная спецификация указаны в тендерной документации. Товар должен быть доставлен по адресу: г. Алматы, ул. Папанина, 220. Срок поставки - в течении 2014 г. К тендеру допускаются все потенциальные поставщики, отвечающие квалификационным требованиям, указанным в пп. 8-9 Правил организации и проведения закупа лекарственных средств, профилактических (иммунобиологических, диагностических, дезинфицирующих) препаратов, изделий медицинского назначения и медицинской техники, фармацевтических услуг по оказанию гарантированного объема бесплатной медицинской помощи, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан. Пакет тендерной документации можно получить в срок до 30 января 2014 г. 12 часов 00 мин. включительно по адресу: г. Алматы, ул. Папанина, 220, отдел государственных закупок, в рабочие дни, время с 9.00 до 17.00 часов или по электронной почте по адресу: goszakup@gkb4.kz. Окончательный срок представления тендерных заявок до 10 часов 00 мин. 31 января 2014 года. Конверты с тендерными заявками будут вскрываться в 12 часов 00 мин. 31 января 2014 г. по следующему адресу: г. Алматы, ул. Папанина, 220, отдел государственных закупок. Потенциальные поставщики могут присутствовать при вскрытии конвертов с тендерными заявками. Дополнительную информацию и справку можно получить по телефонам: 8 (727) 300-3611; 300-36-19.

Музыканттар назарына! Қызылорда облыстық филармониясы төмендегі мамандықтар бойынша кəсіби музыканттарды жұмысқа шақырады. Камералық оркестрге аспапшылар: скрипка, альт. Үміткерлер түйіндемелерін 2014 жылдың 24 қаңтарына дейін тапсыруы керек. Байланыс үшін: тел.: 8 (7242) 27 42 81; факс: 8 (7242) 27 49 68; e.mail obl_filarmonia@mail.ru

Ақтөбе қ., 312-атқыштар дивизиясы даңғылы, 42«ж» мекенжайында орналасқан «Ақтөбе мұнай жабдықтары зауыты» АҚ бас директоры акционерлердің жалпы жиналысын шақырады, күн тəртібі: 1. 2013 жылғы аудиторлық тексеруді жүргізу үшін аудиторларды таңдау. Жиналыс 2014 жылғы 13 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 10.00-де мына мекенжайда өтеді: Ақтөбе қ., 312-атқыштар дивизиясы даңғылы, 42 «ж». Жиналым болмаған жағдайда жиналыс 2014 жылғы 14 ақпанда сол уақытқа көшіріледі.

арттыру бағытындағы жұмыстарымыздың бірі. Жаңа басталған жыл ішінде бірнеше дəрігерлік нысанның құрылысы аяқталады деп күтілуде, – деді Маңғыстау облысы əкімінің орынбасары Х.Нұрғалиева көлік тапсыру сəтінде. Облыстың аудан-қалаларына бөлінген бұл көліктер аймақ денсаулық сақтау саласының əлеуетін

арттыру, «Жедел жəрдем» қызметін дамыту үшін берілген көмектің бірінші бөлігі, екінші бөлігі – республикалық бюджеттен бөлінген 30-ға тарта реанимобильдер. «Жедел жəрдем» стансаларына арналған бұл көліктер медициналық құрал-жабдықтармен толық жарақтандырылған. Ал кілті алдымен қолға тиген 15 «УАЗ» облыс орталығынан өздері бөлінген аудандарға аттанып кетті, қабылдап алушылардың айтуынша, олар одан əрі шалғай ауылдарға жіберілмек. Маңғыстау облысы.

«Жамбыл облысы əкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ Жамбыл облысы ЕААҰ үшін 2014 жылға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінде фармацевтикалық қызметті сатып алу тендерін өткізетіндігін жариялайды. Жалпы сомасы - 1 607 487 814,80 теңге. Сатып алынатын қызметтердің тізімі, олардың көлемі жəне ерекшеліктері тендерлік құжаттамада көрсетілген. Қызметтер Жамбыл облысы бойынша көрсетілуі тиіс. Қызметтерді көрсетудің талап етілетін мерзімі: келісімшарт жасалған соң 2014 жылғы 31 желтоқсанға дейін. Тендерге Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы «Кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлеміне байланысты фармацевтикалық қызмет көрсету, дəрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастыру жəне өткізу Ережесін бекіту туралы» №1729 қаулысының 8-9-тармақтарында көрсетілген біліктілік талаптарына сəйкес келетін барлық əлеуетті өнім берушілер жіберіледі. Тендерлік құжаттама бумасын əлеуетті өнім беруші 2014 жылғы 4 ақпанда сағат 11.00-ге дейінгі мерзімді қоса алғанда мына мекенжай бойынша: Тараз қ., Желтоқсан к-сі, 78, №326 бөлмеден сағат 15.00-ден сағат 18.00-ге дейін немесе dzo_goszakup@mail.ru электрондық почтамен алуға болады. Тендерге қатысуға өтінімдерді берудің соңғы мерзімі 2014 жылғы 5 ақпанда сағат 10.00-ге дейін. Тендерге қатысуға өтінімдер салынған конверттер 2014 жылғы 5 ақпанда сағат 11.00-де мына мекенжай бойынша: Тараз қ., Желтоқсан к-сі, 78, 2-қабат, мəжіліс залында ашылады. Əлеуетті өнім берушілер тендерге қатысу өтінімдері салынған конверттерді ашу кезінде қатыса алады. Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: 8 (7262) 43 27 49.

Игнатий Евгеньевич ЛИ 2014 жылдың 13 қаңтарында даңқты металлург, Жезқазған мыс зауытының негізін қалауға атсалысып, оның тұңғыш директоры, одан соң «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басқармасының металлургия жөніндегі кеңесшісі болған Игнатий Евгеньевич Ли 91 жасқа қараған шағында өмірден озды. Игнатий Ли 1923 жылдың 10 тамызында Приморье өлкесінің Хасан ауданына қарасты Кедровая Падь ауылында дүниеге келген. 1937 жылдың күзінде небəрі 14 жасар өрен тағдырдың тауқыметімен атаанасымен бірге Қазақстанға жер аударылып, Талдықорған облысының Үштөбе ауылына қоныс тепті. 1942 жылы орта мектепті үздік тəмамдаған Игнатий Ли Қазақ политехникалық институтының гидромелиоративтік факультетіне еш қиындықсыз қабылданады. Бұдан кейін оның өмірінің студенттік кезеңі сұрапыл соғыс жылдарына тап келген болатын. Қ. Сəтбаев атындағы Тау-кен металлургиялық институ тын бітір геннен кейін жетек шілерінің кеңесімен Игнатий Ли еңбек жолын Үлкен Жезқазған жұмысшылар ауылында орналасқан тəжірибелік гидрометаллургиялық зауытында бастау туралы шешім қабылдайды. Сөйтіп, 1947 жылы жас маман алдағы өміріне арқау болған Жезқазған қаласына келді. Игнатий Ли еңбек жолын Қарсақпай мыс комбинатының техникалық бөлімі инженері қызметінен бастап, кейін тəжірибелік гидрометаллургиялық зауытқа ауысады. Əуелгіде өндірістік-техникалық бөлім бастығы болған білікті маман 1951 жылы зауыт директоры болып тағайындалады. 1958 жылы Игнатий Ли Жезқазған тау-кен металлур гия лық комбинатының өндірістік-техникалық бөліміне жетекшілік етті.

Генеральный директор АО «Актюбинский завод нефтяного оборудования» расположенного по адресу: г. Актобе, пр. 312-стрелковой дивизии, 42 «ж», объявляет о созыве общего собрания акционеров с повесткой дня: 1. Выбор аудитора для проведения аудиторской проверки за 2013 год. Собрание состоится 13 февраля 2014 г. в 10 часов 00 минут местного времени по адресу: г. Актобе, пр. 312-стрелковой дивизии, 42 «ж». При отсутствии кворума собрание переносится на тоже время 14 февраля 2014 г.

Ол он жылдай сол өңірдегі ең ауқымды жобаның құрылысына дайындық жұмыстарымен айналысты. 1966 жылдың наурыз айында Жезқазғанда əлемдегі ең ірі мыс қорыту зауыттарының бірінің құрылысы басталды. Ал 1968 жылдың 1 қаңтарында ол салынып жатқан жаңа зауыттың директоры болып тағайындалды. Зауыт құрылысы алға басып, жұмыс жандана бастаған тұста Игнатий Евгеньевич кадр жасақтау мəселесімен айналысып, талай жас маманға бағыт-бағдар көрсетіп, жолбасшы болды. 1971 жылдың 23 ақпанында зауытта алғашқы катодты мыс алынған болатын. Ал Жазқазған мыс зауыты кешенінің құрылысы 1979 жылы толықтай аяқталды. Сол кезеңде Жезқазған мыс қорыту зауыты техникалық-эко номикалық көрсеткіші, механикаландыру жəне автоматтандыру жағынан Кеңес Одағында алдыңғы қатарда болды. Игнатий Ли бастаған мамандар тобы зауытқа үлкен экономикалық пайдасы бар жүзге жуық жаңа элемент енгізді.

Егер сіз «Егемен Қазақстан» газетіне жарнама бергіңіз келсе, мына телефондарға хабарласыңыз: Астана тел/факс 37-64-48, 37-60-49. Электронды пошта: egemen_adv@mail.ru. Алматы 273-74-39, ф. 273-73-97. Электронды пошта: gulnurekkz@mail.ru.

Жиырма жыл бойы еліміздің түрлі-түсті металлургия саласының дамуына сүбелі үлес қосқан ЖМЗ-ның алғашқы директоры екі мəрте Еңбек Қызыл Ту орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен жəне Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Екі дүркін КСРО Министрлер Кеңе сі сыйлығының жəне Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты болып, Қазақстанның еңбек сіңірген металлургі атанды. Игнатий Евгеньевич, сондай-ақ, Жезқазғандағы Корей ұлттық-мəдени орталығын құруға мұрындық болды. 1988 жылдың наурыз айында зейнеткерлікке шыққан Игнатий Ли өндірістен қол үзген жоқ. Тəжірибелі металлург 1995 жылдың шілде айында қайта құрылған «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасының металлургия жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалды жəне 2013 жылдың 1 қыркүйегіне дейін осы лауазымда еңбек етті. 2013 жылы Игнатий Евгеньевич Ли «Құрмет» орденімен марапатталды. Өмірін металлургиямен байланыстырған Игнатий Евгеньевич Лидің өмір жолында ұстанған өзіндік қағидалары да бар еді. Ешкімді күндемеу, кек сақтамау, ұқыптылық – ардақты азамат өмірінің құндылықтары болатын. Жезқазған мыс зауытының іргетасын қалауға атсалысып, елімізде түрлі-түсті металлургияның дамуына елеулі үлес қосып, теңдессіз еңбек сіңірген Игнатий Евгеньевич Лидің жарқын бейнесі біздің жадымызда əрдайым сақталады. Қазақмыс тобының басшылығы мен еңбек ұжымы марқұмның отбасы мен туыс-туғандарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

Қазақмыс тобының басшылығы мен ұжымы.

Қазақстан Театр қайраткерлері одағы қазақ кəсіби театрының негізін салушы, КСРО халық əртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қалибек Қуанышбаевтың ұлы Андабек Қалибекұлы ҚУАНЫШБАЕВТЫҢ қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.


8

www.egemen.kz

16 қаңтар 2014 жыл

 Біздің ел осындай!

Алатау тəжі Алматыда Медеу мен Шымбўлаќќа ќыдыру ќайтадан сəнге айнала бастады

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Бұл күндері оңтүстік астананың ең көрікті мекені – Іле Алатауын бөктерлеп жатқан Медеу шатқалындағы «Медеу» мұз айдынында конькимен сырғанау, Шымбұлақ тау-шаңғы кешенінде қыдыру қайтадан бұқаралық сипат алып келеді. Демалыс күндері тау жаққа қарай ағылып бара жатқан алматылықтар мен қала қонақтарының саны арта түскені қуантады. Егемендіктің елең-алаңында есеңгіреген ел Алматының өзінде тұрып, Алатаудың төріндегі əлемдегі ең көрікті жерге қыдыруға мұршалары да жоқ еді. Енді, міне, еңсесі тіктелген халық ауасы саф таза, қарағай, самырсын, шыршалары көк тіреген демалыс орнын қайта думанға бөлеп отыр. Ең бастысы, соңғы жылдары Шымбұлақтағы тау шаңғысы кешеніне арнайы келетін шетелдіктердің де қарасы көбейе бастады. Алыс-жақын мемлекеттерден келген туристер қазір Медеу мен Шымбұлақта көрсетілетін қызметке мін таға алмайды. 2011 жылы VII Қысқы Азия ойындары қарсаңында Медеу мұз айдыны мен Шымбұлақ тау-шаңғы кешені күрделі жөндеуден өткізіліп, халықаралық стандарттар талабына сай келбетке келтіріліп, Медеу мен Шымбұлақ арасына ең заманауи аспалы жолдар тартылған еді. Осылайша, 1972 жылы

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

қалалықтардың игілігіне берілген, Кеңес өкіметі тұсында-ақ «Рекордтар фабрикасы» атанған Мұз айдыны араға қырық жыл салып барып, құлпырып шыға келген-ді. Қазір Медеуден Шымбұлаққа аспалы жолмен баратын адамдар панорамалық кабиналардың ішінде отырып, жылдың кез келген мезгілінде төбесін мұз басқан құзар шыңдарды, Іле Алатауының сұлулығын тамашалай алады. Көктемде төменге көз салсаң, неше түрлі шөптер мен гүлдерден көз тұнады. Ал қыста аппақ қардан тон киген бұйра-бұйра шатқалдар мен шыршалар ертегідей əлемге жетелейді. Бұл кезде қалада жаңбыр жауып, тұман басып, ел түтінге тұншығып отырғанда, Шымбұлақ жақта күн шайдай ашық болып тұрады. Осылайша, тəуелсіздік тұсында екінші тынысы ашылған демалыс орындары алматылықтарға шын мəнінде қайта құшағын айқара ашты. Ал демалыс жəне мереке күндері бұл жаққа автобус түнгі 24.00ге дейін қатынайды. Қазіргі қала жастары арасында Медеудегі «түнгі сырғанауға» бару сəнге айналып келеді. АЛМАТЫ. ––––––––––––––––––––––

Суреттерді түсіргендер Ерлан ОМАРОВ, Юрий БЕККЕР.

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 273-73-80.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru , egemenkz@maіl.kz Алматыда: факс (727) – 273-73-80, электронды пошта – egemalm@mail.ru

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – (712-2) 32-94-07; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

Көкшетау – (716-2) 25-76-91; Павлодар – (718-2) 68-59-85; Қарағанды – (721-2) 43-94-72; Семей – (722-2) 52-26-86; Қостанай – (714-2) 39-12-15; Тараз – (726-2) 43-37-33; Қызылорда – (724-2) 27-00-85 Шымкент – 8 (701) 404-36-29; Орал – (711-2) 28-80-35; Петропавл – (715-2) 50-72-50. Өскемен – (723-2) 25-28-41; Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-73-97, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Арко» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-полиграфия» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Мұхит к-сі, 57/1, «Жайық Пресс» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Космическая к-сі, 6/3, «Шығыс ақпарат» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 201 715 дана. Нөмірдің кезекші редакторы

Берік САДЫР.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 4 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жария ланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №225 ek

Profile for Egemen

16012014  

1601201416012014

16012014  

1601201416012014

Profile for daulet
Advertisement