Page 1

ТƏУЕЛСІЗДІК МЕРЕКЕСІ ЌЎТТЫ БОЛСЫН! №276 (28215) 15 ЖЕЛТОҚСАН ЖЕКСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

ТƏУЕЛСІЗ ЌАЗАЌСТАННЫЅ ЖЕТІ ЌАЗЫНАСЫ Ќазаќстан Республикасыныѕ Президенті – Елбасы Нўрсўлтан Назарбаевтыѕ Тəуелсіздік кїніне арналєан салтанатты жиында сґйлеген сґзі Кеше елордадағы «Қазақстан» орталық концерт залында 16 желтоқсан – Тəуелсіздік күніне орай салтанатты жиын болып өтті. Жиында Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйледі.

Қымбатты отандастар! Құрметті қазақстандықтар! Барша арманымыздың асқары, бақытымыздың бастауы болған ұлық мереке – Тəуелсіздік күні құтты болсын! 22 жыл бұрын біз Мəңгілік Ел болудың бірегей қадамын жасадық. Дүйім дүниеге тəуелсіздігімізді жария еттік. Бұл – ата-бабаларымыздың арманы ақиқатқа айналып, азаттыққа қолымыз жеткен аса қасиетті күн. Бұл – ұрпақтарымыз ұлы елдің ұланы, азат елдің ақиығы атануына жол ашылған қастерлі күн. Бұл – тілімізді жаңғыртып, дінімізді қайтарған, тарихымызды түгендеп, тағдырымызды таңдаған ұлы күн. Тəуелсіздік – тəуекелі жеткендердің ғана пешенесіне бұйыратын бақыт. Бүгін Мəңгілік Еліміз дің жаңа ғасырдағы жаңғыру жолы – «Қазақстан-2050» Стратегиясы дүниеге келген күн. Құрметті қазақстандықтар! 1991 жылдың 16 желтоқсанында əлем ұлттары шоқжұлдызында жаңа жұлдыз – Қазақстан Республикасы жанды. Осы күні біз өзіміздің Қазақстан Жолын бастадық. Біз ұлы миссияны жүзеге асырдық – Тəуелсіздіктің көш бастаушылары болдық. Уақыт – зымыран. Тəуелсіз Қазақстан дүниеге келген сəттегінің бəрі бүгін Мəңгілікке алыстап бара жатқан Тарих. Сол кездегі уақыт туралы біз қазіргі ұлы жетістіктерді салыстырып пікір айтамыз. Жиырма екі жыл бұрын біз тек экономикамызды көтере аламыз ба деп армандаған едік. Ал осы жылы Қазақстан əлемдегі бəсекеге аса қабілетті елуліктің қатарына енді. Тəуелсіздіктің таңсəрісінде біз ешқандай да əлемдік рейтингке енбейтінбіз. Біздің халықаралық рейтингіміз іс жүзінде нөлге тең еді. 2006 жылы мен дамыған елдердің «елулігіне» ену міндетін қойған кезде

елімізде жəне шетелдерде талай адам бұл қадамға күдік-күмəнмен қарады. Бірақ ақиқат ақиқат күйінде қала береді: біз бұл міндетті бар-жоғы жеті жыл ішінде шештік! Тəуелсіздіктің алғашқы таңы атқанда бізде өзіміздің жас валютамызды қолдау үшін өз қаржымыз тіпті атымен жоқ болатын. Биыл біз Қазақстан теңгесінің 20 жылдық мерейтойын атап өттік. Тұрақты қаржы жүйесі табысты жұмыс істеп тұр. Елдің жиынтық халықаралық резерві өсу үстінде. Жақын арада олардың көлемі 100 миллиард доллардан асып, тарихи рекордқа жететін болады. Осы жылдар ішінде біз тиімді өңірлік саясатты жолға қойып, барлық облыстардың өсу қарқынын теңдестірдік. Осы жылы алғаш рет жергілікті əкімдер сайлауы өтті. 7 мыңнан астам кандидат қатысқан сайлауларда мəслихаттар екі жарым мыңға жуық аудандық маңыздағы қалалар, ауылдық округтер, кенттер мен селолар əкімдерін сайлады. Бұл – еліміздегі əкімдердің жалпы санының 91%-ы. Тəуелсіздіктің алғашқы күндерінде сол кезде шеті де шегі де жоқ болып көрінген аса ауыр əлеуметтік проблемаларды біздің қашан жəне қалай шеше алатынымызды көп адамның көзіне елестетуінің өзі қиын еді. Бүгінде Қазақстанда халықтың əл-ауқатының сапасы артып келеді, адамдардың табыстары да ондаған есе өсті. Қарапайым цифрға назар салайық. 2000 мен 2013 жылдар аралығында қазақстандықтар бүкіл əлем бойынша шамамен 61 миллион рет шетелдік іскерлік жəне туристік сапарларға шыққан. Осы жылдар ішінде біздің елімізге шамамен 46 миллион шетелдік мейман келген. Бұл, бəрінен бұрын, біздің азаматтарымыздың арта түскен игілігі мен біздің Отанымызға жаһандық қызығушылықты көрсетеді. Бүгінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша қазақстандықтар əлемнің 33

Біз Мəңгілік Елдің іргетасын қаладық. Мəңгілік Елдің жүрегіне айналған мəңгілік Астанамызды тұрғыздық. Мəңгілік мызғымас экономика қалыптастырып, Мəңгілік өшпес жылнама жаздық. Мəңгілік болашаққа жол салдық. Осының барлығы тəуелсіздігіміздің тартуы, азаттығымыздың асыл қазынасы. Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

Азаттыєым Атажұрттың қазығына байланған соң кіндігім, Арқандаулы ат секілді шыр айналған тірлігім. Таң атқаннан күн батқанша өз басымен əуре боп, Арпалысқан бұл жалғанда ұғып жатыр кімді кім? еліндегі үздік жоғары оқу орындарында оқиды. Болашақтықтар қазірдің өзінде 10 мың адамнан асып отыр. Экономикалық ын тымақтастық жəне даму ұйымының (ЭЫДҰ) деректері бойынша, 2012 жылы 65 мың қазақстандық түрлі əлемдік уни верситеттерде білім алды. Бұлар

– болашақтықтардан басқа оқуының құнын ата-аналары төлеген ондаған мың жас қазақстандықтар. Осының барлығына қазақстандықтардың əл-ауқаты мен мүмкіндігінің артуының арқасында қол жетті. (Соңы 2-бетте).

Қанатымды шаңға малып тіршіліктің қамы үшін, Тауық та бір, мен де бірмін теріп жеген тарысын. Бостандықтың бір тал шашы түсер болса егерде, Қынабынан суырылар қылшылдаған намысым! Жеткен жан жоқ қуғанменен мына дүние шетіне, Пəни менен бақи барда бөлінесің екіге. Азаттығым, тиер болса суық ызғар бетіңе, Жүрегімді қалқан етем соққан желдің өтіне! Несіпбек АЙТҰЛЫ, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. АСТАНА.

Сенаторларєа – мемлекеттік наградалар

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатында Тəуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс өтті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Ер еѕбегімен еѕселі Кеше Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің басты мерекесі – Тəуелсіздік күні қарсаңында республиканың əлеуметтік-экономикалық жəне мəдени дамуына елеулі үлес қосып келе жатқан бір топ азаматқа жоғары мемлекеттік наградалар тапсырды. Бұл күні Мемлекет басшысының қолынан награда алғандар қатарында денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы өндірісі, білім, экономика, өнер салаларының көрнекті өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен əскери қызметшілер болды. Серік ПІРНАЗАР,

«Егемен Қазақстан».

Салтанатты рəсімді ашардағы кіріспе сөзін жиналғандарды Қазақстан Республикасы Тəуелсіздігі мерекесімен

құттықтаудан бастаған Президент Нұрсұлтан Назарбаев егемендік жылдарында елімізде көптеген озық дəстүрлердің пайда болғанын айта келіп, соның бастыларының бірі адам еңбегін лайықты бағалау, сол арқылы қазақстандық

патриотизмді қалыптастыру екенін атап өтті. – Енді екі күннен кейін Қазақстанның өз тəуелсіздігін жариялағанына 22 жыл толады. Бұл – Қазақстанды бүкіл əлем таныған күн, – деді Нұрсұлтан Əбішұлы. – Осы уақыт аралығында біздің қол жеткізген басты жетістіктеріміздің бірі ретінде адамдарды еңбек дағдысына үйреткенімізді айтып өткен лəзім. «Ер еңбегімен еңселі» деген сөз бар. Біз сондай еңселі ерлердің еңбектерін əрдайым лайықты бағалап, оларды жыл сайын Қазақстанның басты жалпыұлттық мерекесі қарсаңында марапаттап отыруды үлгілі үрдіске айналдырдық. Мұның

өте жоғары символдық мəні бар. Өйткені, мемлекетіміздің тəуелсіздігі осы жылдар ішінде сіздер мен біздердің, яғни əрбір жеке адамның еңбегінен құралады. – Біздің тəуелсіздік жылдарында ерен еңбектің өлшемін білдіретін бір белесіміз «Қазақстанның Еңбек Ері» деген жоғары атақты өмірге келтіргеніміз болды, – деді Елбасы. – Бейнеті қаттының зейнеті тəтті. Міне, бүгін сондай ел алдындағы ерекше еңбектерінің арқасында «Еңбек Ері» атанғандар қатары тағы үш адамға артып отыр. Олардың бірі – дəрігер болса, екеуі – ауыл шаруашылығы өндірісінің майталмандары. Осындай зор атаққа қол жеткізіп отырған үш азаматымыз да елдің игілігі жолында аянбай тер төгіп келеді. (Соңы 3-бетте).

Отырысты ашқан Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Тəуелсіздікке қол жеткізуі халқымыздың ұлы жеңісі, теңдесі жоқ тарихи оқиға екенін атап өтті. «Бүгінде Қазақстан қол жеткізіп отырған теңдессіз жетістіктер – Президент Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясаты мен қажырлы еңбегінің көрнекті нəтижесі. Еліміз татулық пен тұрақтылықтың, өзара сыйластық пен бейбіт өмірдің мекеніне айналып, дамудың даңғыл жолында келеді. Қазақстанның халықаралық қоғамдастық алдындағы мəртебесі күнненкүнге өсуде», деді Қ.Тоқаев. Сенат Төрағасы бəсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіруді көздейтін Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясы жаңа реформалар мен экономикалық серпіліс жасауға зор мүмкіндік туғызатынын атап өтті. Тəуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мемлекеттік жəне қоғамдық

қызметте сіңірген еңбегі, елдің əлеуметтік-экономикалық жəне мəдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін бір топ сенатор мемлекеттік наградалармен марапатталған болатын. Сенаторлар Талғатбек Абайділдин, Иран Əміров, Ақан Бижанов, Светлана Жалма ғамбетова, Ермек Жұмабаев жəне Ерлан Нығматулин «Парасат» орденінің иегерлері атанды. Парламент Сенаты Аппаратының бөлім меңгерушісі Ерлан Сапаров «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Сенат Аппаратының бас кон сультанттары Қадыржан Арыстанов, Рахима Бектібаева, Дəурен Жүсіпов Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталды. Одан басқа, жоғарғы палата бюросының қаулысымен Аппараттың бірқатар қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Құрмет грамотасы берілді.


2

www.egemen.kz

15 желтоқсан 2013 жыл

ТƏУЕЛСІЗ ЌАЗАЌСТАННЫЅ ЖЕТІ ЌАЗЫНАСЫ (Соңы. Басы 1-бетте).

Əлемдік экономика үшін дағдарысты болған соңғы 4 жылда біз мұғалімдердің орташа айлық жалақысын 2 есеге жуық көтердік. Бізде 22 жылда нағыз автомобильдік революция жүзеге асты. Егер 1992 жылы жеке иеліктегі жеңіл автомобильдер 885 мың болса, 2013 жылы олардың саны 3 миллион 600 мыңды құрады. Бұл – өсім 4 еседен астам деген сөз. Жиырма екі жыл бұрын Қазақстанға демографиялық құлдырау болжанған еді. Бірақ бұл болжам, басқа да көптеген сұрқайлықтар секілді, ақталған жоқ. Тəуелсіздік жылдарында біздің елде 6 миллион 736 мың сəби өмірге келді! Біздің дəрігерлер дайындауға жəне, тұтастай алғанда, денсаулық сақтау саласына ерекше назар аударып отырғанымыздың арқасында тек биылғы жылдың 9 айында Қазақстанда жүрекке 40 мың түрлі операциялар жасалды. Олардың шамамен 10 мыңы ашық жүрекке жасалды! Осының барлығы тегін жасалады, демек, мемлекеттің ақшасына деген сөз! Бұндай жағдай əлем елдерінде жоқ! Осы жылдарда «Болашақ» бойынша 560 білікті дəрігер дайындалды. Жəне олардың əрқайсысы адамдарды емдеп, жас мамандарға ақыл-кеңестерін айтады, тағылымдамадан өткізеді. Осының барлығы – денсаулық сақтауды дамыту, ана мен балаға, қарт адамдарға қамқорлық жасау жөніндегі жиырма жылғы жоспардың нақты нəтижесі. Ең басты нəтиже – орташа өмір сүру жасы өсіп, өлім азаюда, ел халқының саны артуда. Бұл – біз мақтана алатын негізгі жəне басты көрсеткіш. Жиырма екі жыл бұрын біз дамудың дұрыс векторын таңдадық. Ұлы Ел жобамызды біз «Қазақстан-2030» Стра тегиясында негіздедік жəне оны мерзімінен бұрын, бір жарым онжылдықта жүзеге асырдық. Тəуелсіздік бізге болашаққа батыл қарауға, алдағы перспективаларды айқын көруге мүмкіндік берді. Осы ұлы сыйды біз қазір «Қазақстан-2050» Стратегиясының тарихи міндеттерін шеше отырып, толығымен пайдаланудамыз. 37 жылдан соң аяқ басатын 2050 жылғы перспектива қазір алыс сияқты көрінеді, бірақ бұл – қысқа ғана уақыт аралығы. Біз көптеген қиындықтарды еңсере білдік жəне уақыт əркез біздің одақтасымыз болды. Əрқашан осылай болатынына сенімдімін. Қымбатты отандастар! Халқымыз үшін қашанда жеті санының

Бўл – аса жоєары міндет Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы:

– Елбасы бүгінгі, Қазақстан Республи касының Ұлттық мерекесі – Тəуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында өте мазмұнды əрі жасампаздыққа толы сөз сөйледі. Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев – ел Тəуелсіздігін жариялады жəне əлемге Қазақстан мемлекетін құрушы ретінде мойындалды. Оның қажымас күш-жігері мен биік стратегиялық мақсатының арқасында Қазақстан БҰҰ жəне басқа да халықаралық ұйымдардың мүшесі, халықаралық құқық субъектісі ғана емес, прогреске жəне жаңғырудың айқын жолына түскен табысты мемлекет ретінде құрметке ие болды. Мемлекет басшысы біздің алдымызға əлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына ену жөніндегі биік, бірақ қолымыздан келетін міндет қойып отыр. Президенттің ұзақ мерзімді стратегиясына сəйкес, біздің еліміз барлық бағыттарда – экономика, əлеуметтік немесе мəдениет, ғылым жəне спорт салаларында дами беретін болады. Бұл мақсатқа жету үшін біздің мемлекетіміздің бүкіл интеллектуалдық ресурстарын пайдалану қажет, көп жұмыстар атқарылуы тиіс. Сондықтан, Нұрсұлтан Əбішұлы өскелең ұрпаққа сенім артып, мыңдаған жастың Қазақстанда əлемдік деңгейде білім алуына жағдай туғызды жəне шетелдердің ең үздік оқу орындарына жіберді. Тіпті, жаһандық дағдарыстардың ең күрделі кезеңдерінде де білім саласына бірінші кезекте назар аударылды, дəл осы салаға ауқымды инвестиция салынды. Тəуелсіздік күні – біздің еліміздің ең басты мерекесі. Ынтымағы жарасқан қазақстандықтар, ұлттық сипатына қарамастан, өз елін дамыған елдердің алдыңғы сапынан көргісі келеді жəне ортақ Отанымызды қоғамдық өмірдің əр саласындағы жаңа биіктерге бастап келе жатқан Елбасына зор сенім артады. Нұрсұлтан Əбішұлының салтанатты жиындағы ел жүрегінен шыққан сөзі – біздің елдің басшылығында əлемдік қоғамдастықта беделі жоғары, дана жəне көреген мемлекет қайраткері тұрғанын тағы да дəлелдеді.

орны бөлек. Жеті ырыс, жеті қабат көк, жеті қазына: айта берсек жеті санына байланысты қасиетті ұғымдар өте көп. Еліміздің жаңа ғасырдағы басты бағдары – «Қазақстан-2050» Стратегиясы да жеті басымдықтан тұрады. Тəуелсіздіктің тартуы ретінде халқымыз құн жетпес Жеті қазынаға ие болды. Бірінші қазынамыз: Алтай мен Атыраудың, Арқа мен Алатаудың арасын ен жайлап, еркін көсілген Мəңгілік Еліміз. Біз шекарамызды шегендеп, іргемізді бекіттік, көршімен тату, алыспен сыйлас, ісі ілгері басқан жасампаз Ел болдық. Біздің мұратымыз – Мəңгілік Еліміздің асқақ болмысын аялап, 21-ші ғасырдың төріне оздыру. Басты игілігіміз – біздің қасиетті де лайықты еліміз – Мəңгілік Ел. Он төрт мың километрден астам талас тудырмайтын шекарамыз біздің Отанымызды біртұтас монолитке шегендеді. Шекарамыз барлық шектес елдермен ізгі көршілестіктің шебіне айналды. Екінші қазынамыз: Ел бірлігі. Біз туған елімізді бейбітшіліктің бесігіне айналдыра білдік. Тыныштық арқылы тұрақтылық, татулық арқылы тұтастық төрімізге озды. Барша этностар ел

иесі – қазақ ұлтының маңына ұйысты. Тегі бөлек болғанмен тілегі бір, қаны бөлек болғанмен жаны бір тұтас халық құралды. Бірлік, береке – біздің баға жетпес байлығымыз, құн жетпес қазынамыз. Тұғырымыз – тыныштық, тірегіміз – тұрақтылық, тілегіміз – татулық болса еліміз тарих төрінен табылады. Тəуелсіздік халықты Ассамблеяның – бейбітшілік пен келісімді сақтаушының біртұтас шаңырағының астында тұтастыра түсті. Біздің рухани бірлігіміз – зайырлы мемлекет пен қоғамның басты іргетасы. Үшінші қазынамыз: тəуелсіздікпен бірге түлеген төл мəдениетіміз бен туған тіліміз. Азаттықпен бірге ұлттық рухымыз асқақтады, мəдениетіміз мəңгілік құндылыққа айналды. Ата дініміз оралып, ана тіліміз тұғырына қонды. Қазақ тілі еліміздің мемлекеттік тілі ғана емес, түркі əлемінің жетекші тілдерінің біріне айналып келеді. Аймақтарға сапарларымның бірінде Ассамблеяның қазақша еркін сөйлейтін бір өкілі: «Мен мемлекеттік тілді меңгерумен бірге, 25-тен астам түркітілдес халықтың мəдениетіне есік аштым», деген еді.

Қазір қазақ тілі көрші елдерден өзге Əзербайжан мен Армения, Беларусь, Польша, Мажарстан, Оңтүстік Корея, Германия, Ұлыбритания, АҚШ мемлекеттерінің белді оқу орындарында оқытылады. Бұл мемлекеттердің қатары жыл өткен сайын толығуда. Əйгілі Кембридж университетінде қазақ тілі, тарихы мен мəдениеті туралы арнайы пəн бар. Осының барлығы қазақ тілін өзіміздің құрметтей бастағанымызды жəне оған қажеттілік күн санап арта түскенін көрсетеді. Мемлекеттің саясаты қазақ тілінің мəртебесін нығайтып, оның қолдану аясын кеңейтуде. Ол отандық ақпарат құралдарының, мемлекеттік қызметтің, интернеттің, ғылым мен білімнің тіліне айналды. Оқушылар мен студенттердің басым көпшілігі қазақ тілінде білім алуда. Қазір барша қазақстандықтардың 70 %-ы мемлекеттік тілді меңгерген. Тəуелсіздіктің арқасында ұлттық мəдениетіміз қайта жаңғырды. «Мəдени мұра» бағдарламасын жүзеге асырып, кеткенімізді келтірдік, кемтігімізді толтырдық. Көмбелерімізді аршып, тарихымызды түгендедік. Қазақтың асқақ өнері мен бай мəдени мұрасы əлем

Тəуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап біздің еліміз өзін əлемге жауапкершілікке берік егемен держава ретінде танытты. Əлемдік қоғамдастық біздің жаһандық ядролық қауіпсіздікті, мəдениеттер мен діндердің үнқатысуын нығайту туралы бастамаларымызды жоғары бағалайды. Үстіміздегі жылы Қазақстан Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөздер үдерісіндегі серпінділікке қол жеткізуге өзінің үлесін қосты. Алматыда өткен көпжақты келіссөздердің екі раунды көп жағдайда сенімсіздіктің сеңін бұзса, ол Женевадағы уағдаластықтарға алып келді. Астана ЭКСПО-2017 Бүкілəлемдік көрмесін өткізуге дайындық жүргізуде. Осының барлығы біздің Тəуелсіздігіміздің баға жеткізгісіз табысы, оның нақты жемістері мен перспективалары. Жылға бергісіз күндер, ғасырға бергісіз жылдар болады. Біз үшін өткен 22 жыл дəл осындай кезең. Біз үйренетін ұлттан үйрететін ұлтқа, жығуға емес, жығылмауға ұмтылатын елге айналдық. Ертеңгі ұрпақ бізге бүгінгі ісімізге қарап баға береді. Осы Жеті Қазынамызды дəріптеп, дамыта білсек, ұрпақ алдында жүзіміз жарқын, мерейіміз үстем болады. Біз «Қазақстан-2050» Стратегиясының ұлы мақсаттарына ұмтылдық. Əлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына қосылуға қадам бастық. Оған бізді адастырмай апаратын жалғыз жарық жұлдызымыз – Темірқазығымыз бар. Ол – тəубе дегізетін, тəу ететін біздің ұлы Тəуелсіздігіміз. Тəуелсіздік – жасампаз халқымызға сарқылмас қуат беретін, көзіне нұр, көңіліне шуақ құятын кəусар бұлағымыз. Біз кемеңгерлігі мен көрегендігі, бірлігі мен бірегей мақсаткерлігі қатар өрілген Мəңгілік Елімізді мақтан тұтамыз. Тəуелсіздіктің туын тігу бақыты мен оны баянды етіп, нығайту міндеті біздің маңдайымызға жазылды. Біз Мəңгілік Елдің іргетасын қаладық. Мəңгілік Елдің жүрегіне айналған мəңгілік Астанамызды тұрғыз дық. Мəңгілік мызғымас экономика қалыптастырып, Мəңгілік өшпес жылнама жаздық. Мəңгілік болашаққа жол салдық. Осының барлығы тəуелсіздігіміздің тартуы, азаттығымыздың асыл қазынасы. Тəуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз ғұмырлы болсын! Мəңгілік Еліміздің келбеті сəнді, еңбегі мəнді болсын! Күллі халқымызға берекелі бірлік пен баянды тірлік тілеймін!

халқының рухани байлығына қосылды. Төртінші қазынамыз: индустриялық-инновациялық экономика. Индустриялық бағдарлама – біздің экономикамыздың болашағы. Бүгінде біздің жеріміздің байлығы бүкіл халықтың игілігінде жəне соған қызмет етеді, халықтық əл-ауқатының тұрақты артуына жағдай туғызады. Халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша, осы жылы Қазақстан минералдық ресурстарды басқару жөніндегі əлемдік рейтингте 19-шы орын алды. Біз жаһандық дағдарыстардың тағылымын жақсы меңгердік. ХХІ ғасырда барлық табысты ұлттардың жолын индустриялық əлеует пен инновациялар айқындайды. Сондықтан индустриялықинновациялық дамудың жоғары нəтижесі – Тəуелсіз Қазақстанның экономикалық бекемдігінің басты мəселесі. Индустрияландырудың алғашқы «бесжылдығын» жүзеге асыра отырып, біз 200 мыңнан астам жұмыс орны құрылған 700 мүлдем жаңа кəсіпорын салдық. Оған біз 2 триллион 100 миллиард теңге жұмсадық, бірақ бұл кəсіпорындар тек биылғы жылдың өзінде 2 триллион 300 миллиард теңгенің өнімін өндірді. Осылайша, салынған қаржы қазірдің өзінде өзін өзі ақтап жатыр. Бесінші қазынамыз: Ұлттық байлығымыздың, əл-ауқатымыз бен əлеуетіміздің түп негізі – Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы. Қазақстан мен қазақстандықтардың қолындағы қазіргі барша қазынаға біз тер төге еңбек етудің арқасында жеттік. Еңбек əр адамды мейірбан, ал елді ұлы етеді. Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы – Тəуелсіздікті нығайту жолындағы күрделі жұмыс барысында туған біздің қазақстандық идеямыз. Алтыншы қазынамыз: еліміздің жүрегі, тəуелсіздігіміздің бойтұмары, əсем қаламыз – Астана. Бүгінде Астана – мемлекет қуатының архитектурадағы бейнесі. Оның жаңа орамдарында, алаңдарында, саябақтары мен сəулеткерлік інжу-маржандарында біздің Тəуелсіздігіміздің Ұлы Тарихы айнадағыдай көрінеді. Сондықтан Астанаға деген сүйіспеншілік – əрбір қазақстандықтың біздің ортақ Отанымыз – Қазақстан Республикасына перзенттік сезімі. Бұл Жаңа қазақстандық патриотизмнің алтын арқауы. Жетінші қазынамыз: Қазақ елінің абыройын асқақтатып, бүкіл əлемді мойындатқан жаһандық жауапкершілігі мен барша адамзаттық бастамалары.

 Қатысушылар лебізі Сағила ЕСЕНЖОЛОВА, Социалистік Еңбек Ері:

– Есіме тоқсаныншы жылдардың орта шені түседі. Сол жылдары жұмысшылар айлықтарына, зейнеткерлер зейнетақыларына қолдары жетпей, ауыртпалық көргенін ұмытпайды. Қазір оның барлығы келмеске кетті деп нық сеніммен айта аламыз. Тəуелсіздіктің арқасында еліміз жан-жақты дамып, өсіп-өркендеді. Елбасымыздың салмақты саясатының нəтижесінде сонау жылдардағы тоқтап қалған өндіріс орындары қайта жұмыс істеді. Жаңадан іске қосылған кəсіпорындар қаншама! Мемлекет басшысы осы салтанатты жиында сөйлеген сөзінде «Алдымен – экономика» деген өзінің ұстанымын тағы бір есімізге салып өтті. Егер еліміз саясатты бірінші кезекке қойып, экономиканы кейінге қалдырса, бүгінде не болатынымызды айтудың өзі қорқынышты. Оған мысалды алыстан іздемей-ақ, жақын көршілерімізді алсақ та жеткілікті. Шүкір, аймақтардағы елді мекендердің əлеуметтік жағдайы жақсарып келеді. Білім беру мекемелері мен балабақшалар көптеп пайдалануға берілуде. Жастарымыз əлемнің іргелі жоғары оқу орындарында білім алып жатыр. Əсем Астана бой көтерді. Басқа да толайым табыстар мен жетістіктеріміз баршылық. Міне, бұлар тəуелсіздіктің арқасы деп білеміз. Тоқтасын МЕНДЕБАЕВ, Қ.И.Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің профессоры:

– Еліміздің тəуелсіздік алғанына 22 жыл болды. Осы жылдар аралығында егемен еліміз кездескен қиыншылықтардың барлығын жеңе отырып, адамзат баласы қызығатын тамаша жеңістерге қол жеткізді. Екі онжылдықтың ішінде осындай биіктерді бағындырған мемлекет əлемде өте сирек кездеседі, тіпті кездеспейді десем, қателесе қоймаспын. Мұның барлығы Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың əуел бастан дұрыс саясат ұстанып, халқымызды сара жолмен бастай білгендігінің арқасы екендігі даусыз. Соның нəтижесін барша қазақстандықтар көріп келеді.

Тəуелсіздіктің алғашқы жылдары көптеген қиындықтар болғанын мына біздер, ақсақалдар жақсы білеміз. Бүгінде елімізді əлем жұртшылығы таныды, танып қана қоймай, мойындады да. Міне, бұл əлеуметтік-экономикалық реформалардың сəтті жүргізілгенін əрі сəтті жүзеге асырылып келе жатқанын көрсетеді. Оның басы-қасында Елбасымыз тұрды. Тəуелсіздіктің ең қасиетті ұғым екенін, оны көздің қарашығындай сақтап, ерекше бағалау, қастерлеу қажеттігін болашақ ұрпақ жадынан шығармаса екен деймін. Тəуелсіздігіміз баянды болғай. Сəдуақас ЕСІМБАЙ, зейнеткер:

– Осы жылдар ішінде ел Тəуелсіздігін нығайтып, Қазақстанды əлем елдеріне таныту үшін ұшан-теңіз жұмыстар атқарылды. Соның нəтижесін бүгінде бүкіл қазақстандықтар көріп те, сезініп те отыр. Бұрын қандай едік, қазір қандаймыз?! Он төрт мың шақырымнан асатын мемлекеттік шекарамыз шегенделді. Ішкі жəне сыртқы саясатымыз орнықты. Этносаралық ынтымақ, конфессияаралық келісім – басты байлығымыз. Елбасымыз салтанатты жиындағы сөзінде «Біз үйренетін елден үйрететін елге айналдық» деп атап өткендей, шынында да, бүгінде Қазақстаннан, Қазақстанның тəжірибесінен, дəлірек айтқанда, Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатынан үйренетін мемлекеттер көбейе түсуде. Он бір жыл бойы өтпеген ЕҚЫҰ Саммитінің Астанада өтуі, бір-біріне қырын қарап келген діндер жетекшілерін бір үстел басына жинап, Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшылары съездерінің ұйымдастырылуы, басқа да ірі халықаралық жиындардың Қазақстанда өтуі, біріншіден, тəуелсіздіктің арқасы, екінші жағынан, Елбасымыздың халықаралық деңгейдегі беделінің нəтижесі. Нұртілеу ИМАНҒАЛИҰЛЫ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

– Біз алдымен 22 жыл болған Тəуелсіздікке тəуелді екенімізді айтуымыз керек деп ойлаймын. Өйткені, біздер еркіндіктің, бостандықтың не

Елдіѕ ортаќ концерті

екенін айтып-айтып болдық. Енді соны, əсіресе, жастар тұғырлы, мəңгілік етуге аянбай қызмет жасауы қажет. Барлығымыз сол жолда қызмет ете білсек, ол туған еліңе, халқыңа, Отаныңа жасаған қызмет болып табылады. Елімізде тəуелсіздікке тəуелді азаматтар қа та р ы кө бей г е н сай ын алды мы з ғ а қ о й ғ ан мақсат-мұраттарға жетудің жолы да жақындай бермек. Мұндай дұрыс жолмен Президентіміздің басшылық жасап, бастауымен жүріп келеміз. Мысал ретінде Елбасының ұзақ мерзімге арналған «Қазақстан-2050» Стратегиясын айтуға болады. Қысқасы, Тəуелсіздікті, егемендікті бағалай білейік. Ерлан ИСАБЕКОВ, Есеп комитетінің бөлім меңгерушісі:

– Тəуелсіздік күні еліміздің ең басты мерекесі болып табылады. 22 жыл, былай қарасаң, онша көп уақыт емес. Солай бола тұрса да, еліміз осы жылдары адам таңданарлық нəтижелерге жетті. Өткен жылдың соңында Мемлекет басшысы өзінің «Қазақстан-2050» Стратегиясын жариялады. Ел халқының алдына жаңа міндеттер қойды. Оны жүзеге асыру оңай шаруа емес. Ол көп күш-жігерді, ұйымшылдықты қажет етеді. Президентіміз осындай жиындарда ел болашағы жастарда екендігін үнемі айтып жүр. Өйткені, келешекте тəуелсіздікті солар баянды етуі тиіс. Міне, бүгін салтанатты жиын өтіп отыр. Тəуелсіздік болмаса, осындай жиын өтер ме еді? Сарыарқа төсіне Астана қаласы салынар ма еді? Əрине, жоқ. Осының барлығы – тəуелсіздіктің жемісі.

------------------------------------------------------

Ел өміріндегі белесті мерекелерге арналатын салтанатты мəжілістің соңынан берілетін өнер шеберлерінің концерті жайында əдетте сондай концерт өткені жөніндегі бірер сөйлеммен түйіндей салатынымыз болушы еді. Бұл жолы олай етпейін деп отырмыз. Онымыздың соқталдай себебі бар. «Үкіметтік концерт» деп аталатын іс-шаралардың бағдарламасы академиялық қасаң қалыпқа құрылатын, əйгілі Əлібек Дінішевтің тамаша дауысымен осыдан отыз жыл бұрынғыдай əйгілі «Ақбақайды» тағы да тамылжыта айтып беретіні сияқты, белгілі шеберлердің көрекөре көз үйренген, тыңдай-тыңдай құлақтың құрышы қанған белгілі əндерінен тұратын кездері аз емес еді. Бұл жолы олай болмады. «Қазақстан» залындағы кешегі концерт шын мəнінде бүкіл ел өнер шеберлерінің ортақ концертіне айналды. Мəдениет жəне ақпарат министрлігі мемлекеттің акустикасы керемет сахнасын барлық облыстардағы мəдениет басқармаларының игілігіне ұсынды, осы шешім арқылы Тəуелсіздіктің өңірлердегі өнерді қаншалықты өркендеткенін көрсетіп берді. Алдымен сахна төріне Атырау облыстық Дина Нұрпейісова атындағы халық аспаптары оркестрі көтерілді. Өзі де өнерге жақын азамат – Бақтықожа Ізмұхамбетов басқаратын облыстың мəдениет қайраткерлері

Жазып алған Əлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан». Суреттерді түсірген Ерлан ОМАРОВ.

биылғы мамыр айында Атырауда мың адамдық оркестрмен күй орындатып, бар қазақты қайран қалдырған. Одан кейін кезек Батыс Қазақстан облысындағы Дəулеткерей атындағы халық аспаптары оркестріне тиді. «Қазақстан» сахнасының төрінен Ақтөбе, Маңғыстау облыстық филармонияларының оркестрлері де жарқырай көрінді. Олардың бірінен кейін бірін төгілдірген Құрманғазы, Дəулеткерей күйлерінің, Ахмет Жұбанов, Нұрғиса Тілендиев, Кенжебек Күмісбеков шығармаларының үстіне барлық облыстардың əншілері оркестрлер сүйемелдеуімен небір əдемі əуендерді əуелете шырқады, бəрі де кəсіби тұрғыдан биік деңгей танытты. Сондықтан да кешегі мерекелік концертті оны ұйымдастырушылардың нағыз креативті ізденісінің жемісі, бүкіл ел шеберлерінің бірлесе өнер көрсетуі, Астана төрінде есеп беруі, Тəуелсіздіктің кезекті жылдығына тамаша тартуы дейміз. Айтқандай, салтанатты мəжіліс пен концерттің арасында жұртшылық назарына ұсынылған «Еуразия жұлдызы» атты деректі фильмді де «Хабар» агенттігінің шығармашылық табысы деуге əбден болады. «Егемен-ақпарат».

----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.


www.egemen.kz

15 желтоқсан 2013 жыл

Ер еѕбегімен еѕселі (Соңы. Басы 1-бетте).

Мемлекет басшысы өз сөзінде патриотизм, өз ісіне берілгендік, Отан игілігі жолындағы қа жырлы еңбек, қызметі мен кəсібіне қарамастан, марапатталғандардың барлығын бір ортада біріктіретініне тоқталды. – Біздің бəріміз награда алу үшін емес, өзіміздің күнделікті ісімізді адал атқару үшін жұмыс істейміз, – деді бұдан əрі Президент. – Адам сүйікті ісіне жан-тəнімен беріліп, оған өзінің барлық күш-жігерін жұмсаған кезде награда мен мойындау оны өзі табады. Біз үшін ең құнды ортақ награда – жаңа биіктерді бағындырып келе жатқан, күллі əлемге танылған өскелең Қазақстан. Өте жақсы атқарылған жұмыс үшін ең жақсы марапат – жұмысты одан əрі жақсы атқаруға мүмкіндік беру дейді ғой. Біздің қоғамның аса маңызды құндылығы – оны біріктіруші қажырлы еңбек. Сондықтан мемлекет атынан біз өз еңбегімен зор табысқа жеткен азаматтарға ерекше құрмет көрсетеміз. Олай болса, «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы осы қатардан көрініп отырған Абзал Жұмашұлы Ерəлиевке, Юрий Владимирович Пяға жəне Иван Адамович Сауэрге беріледі. Нұрсұлтан Назарбаев Қызылорда облысының Сырдария ауданындағы «Абзал жəне К» серіктестігі мен оның директоры Абзал Ерəлиевтің қызметіне ерекше тоқталды. – Бүгінде серіктестік күріштің түсімі бойынша Қызылорда облысында көш бастап келеді. Компанияда күріш өсіруден бастап, дайын өнімді дүкен сөрелеріне жеткізуге дейінгі толық өндірістік цикл енгізілген, – деді Президент. – Кəсіпорын, сондай-ақ, күрішті шетелге басты экспорттаушы да болып табылады. Ол адамдарды жұмыспен қамтып қана қоймай, əлеуметтік салаға тұрақты түрде инвестиция салады. Мен бұл шаруашылықта бірнеше рет болдым жəне ол тұрған жерде саябақтары, əлеуметтік нысандары мен жақсы өмір сүру үшін қажетті нəрсенің бəрі бар гүлдей жайнаған нағыз қалашықты көріп таңғалдым. Мемлекет басшысы Юрий Пя басшылық ететін Астана қаласындағы Кардиохирургия ұлттық ғылыми орталығы бүгінде бүкіл республикаға жəне шетелдерге де белгілі екенін атап өтті. – Ол мыңдаған ересектер мен балалар үшін үміт пен шипагерлік нышаны болып саналады, өйткені, ол жаңа өмір сыйлады, – деді

Нұрсұлтан Назарбаев. – Орталық қысқа мерзімде барлық жаңа технологияны игерді жəне əлемде мойындалды. Мемлекет басқа да бірегей орталықтар салды. Денсаулық сақтау саласына зор көңіл бөлінуде, қаржыландыру жыл сайын артуда. Осы салаға бөлінетін қаражаттың ішкі жалпы өнімге қатысты көлемі бойынша біз дамыған елдер қатарына жақындадық. Алайда, бүгінде қажетті жұмысты ғимарат пен жабдықтар емес, нақты айтсақ, мамандар орындайды. Қазір Юрий Пя өздерінің бірегей əзірлемелерін жасау табалдырығында тұр. Биылғы жылы елімізде жүрекке 40 мыңнан астам əртүрлі ота табысты жасалды. Ал оларды шетелдерде жасататын болсақ, аса көп шығын кеткен болар еді. Қазақстан Президенті Иван Сауэр басқаратын Ақмола облысындағы «Родина» агрофирмасының жұмысына да зор баға берді. – «Родина» агрофирмасы – ауыл шаруашылығы ісін жүргізудің нағыз үлгісі. Мысалы, кəсіпорындағы еңбек өнімділігі бір жұмыскерге 38 мың доллар болады. Бұл – рекорд, себебі, еліміз бойынша бұл көрсеткіш 7 мың долларға ғана тең. Егер, жалпы алғанда, аграрлық секторда өнімділік «Родинаның» көрсеткішінің жартысына жақындаған болса, онда өнім көлемі басқаша болар еді. Мұнда өндірісті мінсіз дамытып қана қоймай, əлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға жауапкершілікпен қарайды. Фирманың еңбеккерлері жұмыс істейтін кентте спорттық жəне əлеуметтік нысандар, жақсы жолдар, ауруханалар салынған, жылу беру жүйесі орнатылған, – деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті жоғары мемлекеттік наградалар ғалымдарға, мəдениет пен өнер, білім беру мен денсаулық сақтау салаларының қайраткерлеріне, өндіріс иелеріне, қоғам қайраткерлеріне, əскери қызметшілерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне тапсырылатынын айтты. – Сіздердің бəріңіз жаңа Қазақстанды құра отырып, барынша үздік нəтижелерге қол жеткізу үшін күш-жігерлеріңіз бен таланттарыңызды аянбай жұмсап келесіздер, – деп атап өтті Нұрсұлтан Əбішұлы. – Мен сіздердің жетістіктеріңіз өз əріптестеріңізді жəне барлық азаматтарды зор биіктерге жігерлендіретініне сенемін. Өйткені, біздің алдымызда жаңа, анағұрлым ауқымды мақсаттар тұр. Нақ осындай жасампаздықпен алға

қадам басу – тəуелсіздігіміздің басты мəн-мағынасы. Мемлекет басшысы осыдан кейін «Халықаралық бизнес университеті» ЖШС президенті Кенжеғали Сағадиев пен «Қазатомөнеркəсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Владимир Школьникке «Отан» орденін, Атырау облысының əкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовке «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденін табыс етті. Ал «Барыс» орденінің тиісінше үш дəрежесімен «ҚазМұнайГаз салынатын кəсіпорындар дирекциясы» ЖШС бас директоры Нұрлан Балғымбаев, Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың бас хатшысы Тайыр Мансұров жəне Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов марапатталды. Бұл күні «Парасат» ордені Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Əлихан Байменов пен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың омырауларына тағылды. Келесі кезекте «Абай атында ғы Қазақ мемлекеттік академиялық опера жəне балет театры» РМК əртісі Сəуле Альберс, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық жəне əкімшілік істер жөніндегі қа дағалаушы сот алқасының төрағасы Еліс Əбдіқадыров, Қазақстан Республикасы Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев, Солтүстік Қазақстан облысындағы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның «НежинкаЕрке» ЖШС бригадирі Надежда Колковская, «Н.Сац атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған мем лекеттік академия лық орыс театры» РМК əртісі Ольга Коржева, Қазақстан Республикасы Қор шаған орта жəне су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров, Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданындағы Б.Мо мыш ұлы атындағы №6 мектеп-гимназия директоры Өмірхан Қозыбақ жəне Алматы облысының əкімі Аңсар Мұсаханов «Құрмет» орденінің иегерлері атанды. Салтанатты сəтте əскери жəне қызметтік борыштарын үлгілі атқарғаны, заңдылық пен құқықтық тəртіпті қамтамасыз етуде, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін нығайту кезінде көрсеткен ерлігі мен қажырлылығы үшін əскери қызметшілер, құқық қорғау

Мəжілістегі марапат

Мемлекетіміздің ұлық мерекесі – Тəуелсіздік күні қарсаңында Мəжілісте мемлекеттік марапаттарды тапсыру рəсімі өтті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Елбасының Жарлығында атап көрсетілгендей, мемлекеттік жəне қоғамдық қызметтегі еңбектері үшін, əлеуметтікэкономикалық саланы, руханиятты дамытуға, халықтар арасындағы достық пен бірлікті нығайтуға қосқан үлестері үшін: II дəрежелі «Барыс» орденімен Мəжіліс депутаты Дариға Назарбаева, «Парасат» орденімен Ерсұлтан Бектұрғанов, Мейрам Пішембаев жəне Мұхтар Тінікеев, сонымен бірге, «Құрмет» орденімен

Мəжілістің аударма жəне редакциялау бөлімінің жетекшісі Дəуітəлі Омашұлы марапатталды. Ал «Ерен еңбегі үшін» медаліне Галина Баймаханова, Түлеш Кенжин, Зухра Саяпова, Алмас Тортаев жəне аппарат қызметкерлері Хулимат Əубəкірова мен Балхия Дəулетов ие болды. Сондай-ақ, Мəжілістің бірқатар үздік қызметкерлері Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен атап өтілді.

Мемлекеттік марапаттарды тапсыру рəсімі барысында Мəжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің атап өткеніндей, еліміздің осы күнге дейін жеткен жетістіктері, ең алдымен, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен жəне ерен еңбегімен байланысты. Сондай-ақ, Президенттің Қазақстандағы парламентаризмді қалыптастыру мен дамыту жолындағы рөлі де өте зор. – Бүгінгі күні көппартиялы Парламенттің жұмысы, ең алдымен, Елбасы стратегиясын табысты орындау үшін заңнамалық қамтамасыз етуге бағытталған, – деді Нұрлан Нығматулин. Жиналғандар Елбасына алғыс-тілектерін арнап, Қазақстанның Тəуелсіздігін тұғырлы ету жолында аянбай еңбек ете беретіндерін жеткізді.

Қуанышқа қосылған қуаныш Қазақстан Республикасының Президенті Тəуелсіздіктің 22 жылдығы қарсаңында еліміздің əлеуметтік-экономикалық жəне мəдени саласына еңбегі сіңген, ұлттар арасындағы ынтымақтастық пен достықты нығайтуға үлес қосқан бір топ азаматтарды ордендер жəне медальдармен марапаттады. Кеше Астана қаласының əкімі Иманғали Тасмағамбетов Мемлекет басшысы атынан марапатталған елордалықтарды құттықтап, наградаларын табыс етті. Астана қаласы ішкі істер департаментінің басшысы Амантай Əубəкіров ІІ дəрежелі «Даңқ» орденімен марапатталды. «Парасат» ордені белгілі жазушы Төлен Əбдікке, Астана қаласы денсаулық сақтау саласының ардагері Қаршыға Құлмұқановқа жəне Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Қойшығара Салғараұлына берілді. ІІ дəрежелі «Достық» орденін «Таң» татарбашқұрт мəдени орталығы төрағасының орынбасары Рафаиль Аблаков еншіледі. «Құрмет» ордені «Калык Транс» ЖШС бас директоры Тайжан Айқымбековке, «Бейбітшілік жəне келісім сарайы» МКҚК бас директоры Дильбар Амироваға, «Елордалық бокс федерациясы» ҚБ вицепрезиденті Дəурен Башиковқа, «Елорда асханасы» ЖШС

директоры Жанат Бекболатоваға, «Бекзат» фирмасы» ЖШС директоры Есенжол Бекішевке, «Астана» корпоративтік қорының директоры Гүлнəр Данбаеваға, Астана қаласы Табиғи ресурстар жəне табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Юсуп Келиговке, жазушылар Мырзагелді Кемел мен Кажығали Мұханбетқалиұлына, «Agua-rest» ЖШС коммерциялық директоры Александр Кимге, «Бахус Астана» ЖШС директоры Алмаз Кимге, «Казахдорстрой» ЖШС басқарма төрағасы Талғат Қожахметовке, «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ бөлім басшысы Болат Көпеновке, Астана қаласы Құрылыс басқармасының басшысы Владимир Лютовке, «КазАртБронза» ЖШС бас суретшісі Мұрат Мансұровқа, Астана қаласы Жер қатынастары

органдары өкілдерінің бір тобы ІІ дəрежелі «Даңқ» орденімен, І, ІІ жəне ІІІ дəрежелі «Айбын» ордендерімен жəне «Ерлігі үшін» медалімен наградталды. Олардың қатарында II дəрежелі «Даңқ» орденіне Алматы қалалық экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің бастығы Əмірхан Аманбаев, Оңтүстік Қазақстан облыстық экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің бастығы Серікбай Ерімбетов, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасарлары Ерлік Кененбаев жəне Амантай Күреңбеков, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары Бағдат Майкеев, Павлодар облысының прокуроры Дастан Сартаев, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департамент бастығы Сейітжан Шалабаев болды. Ал I дəрежелі «Айбын» ордені Республикалық ұланның бас инспекторы Мейрам Махатовқа, II дəрежелі «Айбын» ордені Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Əуе қорғанысы күштері бас қолбасшысы басқармасының бөлім бастығы – ұшулар қауіпсіздігі жөніндегі бас инспектор Қайрат Баймаханов пен Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің департамент бастығы Рүстем Чакеновке, ал «Ерлігі үшін» медалі Астана қаласы ішкі істер департаменті патрульдік полиция полкінің полицейі Медет Сасановқа тапсырылды. Салтанатты рəсім барысында мемлекеттік наградалар иелері аттарынан Абзал Ерəлиев, Юрий Пя, Иван Сауэр, Кенжеғали Сағадиев жəне Ольга Коржева өздерінің еңбектерін жоғары бағалағаны үшін Қазақстан Президентіне зор алғыс сезімін білдірді. Салтанатты рəсімнің соңында Мемлекет басшысы барлық лауреаттарды марапаттарымен тағы бір рет құттықтап, еліміз олардың еңбегін лайықты бағалайтынын атап өтті. – Бұл сіздер үшін қуанышты оқиға əрі үлкен жауапкершілік деп ойлаймын. Сіздерге қарап өзгелер өседі, осындай биіктерге жету үшін өзге үміткерлер ұмтылады. Еліміздің ұлы мерекесі – Тəуелсіздік күнімен құттықтаймын. Баршаңызға зор бақыт, бақ-береке тілеймін. Еңбектеріңіз үшін рахмет, – деді Нұрсұлтан Назарбаев сөзінің түйінінде. Шара соңында награда алғандар Президентпен бірге ескерткіш суретке түсті.

басқармасының басшысы Төлеуғазы Нұркеновке, «Тансу» корпорациясының вице-президенті Бауыржан Нұрпейісовке, Астана қалалық мəслихаты аппаратының басшысы Вера Пытьеваға, «Rostra Group» ЖШС директоры Александр Рингке, «АстанаСервис СтройМонтаж-01» бас директоры Ерік Смағұловқа, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры Марат Сырлыбаевқа, «Гранд Отау» ЖШС директоры Тілеужан Тəкібаевқа, «Алтын Орда» ЖШС директоры Ырза Тұрсынзадаға, «UMA group» ЖШС директоры Елена Усоваға табысталды. Мемлекет басшысының Жарлығымен «Елорда-Жарнама» ЖШС бас директорының орынбасары Жанар Əбішева, «Астананың шаруашылық басқармасы» ЖШС бас менеджері Юлия Əділбекова, №32 мектеп-гимназияның директоры Виктор Гродер, Экономика жəне бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнəр Жүсіпова, «Қарттар мен мүгедектерге арналған медициналықəлеуметтік мекемесі» КММ санитары Күлшат Достанова,

Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінің мұғалімі Рабиға Иманқұлова, «Ас тана-Теплотранзит» АҚ қызмет басшысы Рауза Кəке нова, Есіл ауданы əкімінің орынбасары Гүлнəр Қасенова, «Бəйтерек» халықаралық медиаорталық» ЖШС директоры Жанар Колбачаева, № 70 мектеплицейдің мұғалімі Меруерт Қуатбекова, «№1 автобус паркі» АҚ жүргізушісі Қанат Құлтаев, «Астанақұрылыссервис» ЖШС директоры Жұмағали Құсайынов, «Астана-Теплотранзит» АҚ электрдəнекерлеушісі Юрий Сахаров, «Казахавтодор» РМК аға шебері Вячеслав Шевченко «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. «Шапағат» медалін №8 қалалық емхананың дəрігері Лəззат Шайдимова алды. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағын «Таңдау» мекемесінің директоры Қарлығаш Əжиева, Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының əртістері Болат Ыбыраев пен Ерлан Малаев, «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі Нұртілеу Иманғалиев иеленді, деп хабарлады Астана қаласының əкімі аппаратының баспасөз қызметі.

3

 Серпінді жоба

н а є а ш а Ќ

Қашаған – Солтүстік Каспийдегі Қаратон-Теңіз кен орнының жалғасы болып саналады. Ол негізгі үш массивке бөлінеді: Шығыс Қашаған, Батыс жəне Оңтүстік-Батыс Қашаған. Өндірілетін мұнай қоры 1,5-10,5 млрд. тонна аралығында болса, ал жалпы геологиялық мұнай қоры – 38 млрд. баррель құрайды (6 млрд. т.). Шығыс Қашағанның қоры – 1,1-8 млрд. тонна, Батыс – 2,5 млрд. тоннаға дейін, ал Оңтүстік-Батыс Қашағанда – 150 млн. тонна.

Ќазаќстан-Израиль бизнес байланысы

Астанада Израиль мемлекетінің Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстандағы елшілігінің жəне Globe gatway компаниясының ұйымдастыруымен екі күнге ұласқан 2-Қазақстан-Израиль бизнес форумы аяқталды. Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».

Айтулы шараға Қазақстан мен Израильдің бірқатар лауазымды тұлғалары мен ірі компанияларының басшылары, сондай-ақ, өзге де ұйымдардың өкілдері қатысты. Олардың арасында Қоршаған ортаны қорғау жəне су ресурстары вице-министрі Ерлан Нысанбаев, Төтенше жағдайлар вице-министрі Валерий Петров жəне «Қазақ телеком» АҚ-тың басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев бол ды. Израиль мемлекетінің Қазақстандағы елшісі Элияу Тасман шараға модератор болумен қатар, алғашқы баяндаманы да өзі жасады. Ол əуелі екі елдің достық қарым-қатынасы туралы айта келіп, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Қазақстанға тағдыр тəлкегімен жер аударылып келген еврей халқына қазақтар тек есігін ғана емес, жүрегін де ашып, шын ықыласпен

қабылдағанын əңгімеледі. «Израиль мемлекетін құру барысында 20 жыл көлемінде біз жете алмаған жетістікке Қазақстан еркін серпіліп жетті. Оны көзіміз көріп отыр. Осында елші болып келген бір жылдан астам уақытта ғана мұндағы əлеуметтік-экономикалық даму үрдісі мен техникалық-технологиялық жаңару, жаңғыру үдерісіне куə болып жүрмін. Израиль іскерлеріне айтарым, Қазақстанға келіңіздер. Өздеріңізбен деңгейлес, нағыз іскер жандарды осы елден табасыздар. Өйткені, барлық дамы ған елдер Қазақстанда өз əріптесін іздеп жүр. Мұнда тек Израиль кəсіпкерлері ғана көзге кө рінбейді», деген елші мырза екі елдің ұлттық компаниялары мен іскерлер ортасын тығыз əріптестікке шақырды. Дегенмен, баяндамашы екі елдің бірлесіп атқарып жатқан жұмыстарын да жоққа шығармады. Мəселен, соңғы

жылдары Қазақстанға Израиль үлгісінде жылыжайлар салынып, онда көкөністерді сол елдің технологиясы бойынша тамшылатып суару шарасы жақсы нəтижелер беріп отырғанына тоқталды. Елші жылыжай құрылған жерлерде Израиль агрономдары тəжірибе алмасу мақсатымен 2-3 жыл бойы жұмыс істеп кететінін де айтты. Ендігіде екі ел ІТ-индустриясы бойынша бірлесіп жұмыс істесе, көп нəтижеге қол жеткізуге болатынын жеткізді. Келесі сөз кезегі берілген Төтенше жағдайлар вице-министрі В.Петров шараны ұйымдас тырушыларға алғысын айтты. Сөйтіп, екі елдің кəсіпкерлеріне тығыз байланыс жасап, пікір алмасу үшін осындай қолайлы іскерлік алаңы ашылғанына риза көңілін білдірді. «Біз бұл форумның маңызын жоғары бағалаймыз. Өйткені, телекоммуникация саласында тəжірибе алмасуда, жаңа идеяларды талқылап, тың бағыттарды анықтауда көп көмегі болады деген ойдамыз», деді В.Петров. Форумда екі елдің көптеген мамандары сөз сөйлеп, өз тəжірибелерін ортаға салды. Шара аясында Қазақстанның телекоммуникация секторына шолу жасалып, израильдік компаниялардың таныстырылымы ұйымдастырылды жəне екіжақты кездесулер өткізілді.

Ќўрметті отандастар!

Ќазаќстан халќы Ассамблеясы сіздерді еліміздіѕ басты ўлттыќ мерекесі – Ќазаќстан Республикасыныѕ Тəуелсіздігі кїнімен ќўттыќтайды! Бұл күн жаңа Қазақстанның құрылғанын, біздің еліміздің егемендігі мен өз тағдырын дербес шешу құқығының пайда болғанын паш етеді. Осы күні біз ұлы ата-бабаларымыз армандаған – қасиетті қазақ жерінде біртұтас мемлекет құру мұратының ақиқатқа айналғанына куә болдық! Тәуелсіздікпен бірге біздің өмірімізге бейбітшілік, тұрақтылық, қоғамдық келісім мен ел бірлігі ұғымдары бойлай енді. Бүгінде бұл – Қазақстанның Тұңғыш Пре зиденті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев негізін бекітіп берген тұтас халықтың, қоғам мен мемлекеттің бас ты қағидасы. Бұл мереке – туған жер мен Қазақ елінің азаттығы жолында ғасырлар бойы жанқиярлықпен күрескен азаматтарымыздың ерлігіне деген тарихи тағзым. Бұл – елді біріктіретін, біздің Ұлттық рухымызды асқақтататын және Ұлы Даладағы мемлекеттіліктің, дәстүр мен мәдениеттің лайықты мұрагері Тәуелсіз Отанымыздың өз дәстүрлерін қалыптастыратын Ұлы мереке. «Бір ел – бір тағдыр», «тегі басқа – теңдігі бір» ұғымдары бүгін біздің ұлттық бет-бейнемізге, қоғам өмірінің адамгершілік ұстанымына айналды.

Біздің еліміз, Мемлекеттік туымыз бен Мем лекеттік әнұранымыз барша әлемде мойындалған, біздің басқаға үйретеріміз, мақтан тұтар жетістіктеріміз жетерлік. Жиырма жылдың ішінде Қазақстан жаңа тәуелсіз елдер үшін үлгі боларлық ұлттық даму үлгісіне ие болды. Бұл, ең алдымен, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегінің, біздің халқымыздың жарқын ниеті мен қолдауының арқасында жеткен биік белес! Бүгінде Қазақстанның әрбір азаматы болашағына сеніммен қарайды, елінің жетістіктерін және Қазақстан Республикасы азаматы екенін мақтан тұтады. «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыру біздің елімізді жаңаша өркендеуге бастайтын тарихи міндет деп білеміз. Біз Президент Нұрсұлтан Назарбаевты, барша Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз! Қазақ жеріне бірлік, бейбітшілік және ырыс-ынтымақ тілейміз. Ұлы мереке бізге әрқашан келешек ұрпақтың бақытты өмірі жолындағы жарқын жетістіктерге бастайтын сарқылмас күш-қуат, берік сенім сыйласын! Мереке құтты болсын, қадірлі отандастар! Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі.


4

www.egemen.kz

15 желтоқсан 2013 жыл

● Тəуелсіздік тарихынан

● Жасампаз жоба

ќ а н й о М

Есте ќалар елеулі кїндер

і С Э Г

Иə, өмір сабағында есте қалар жайттар аз емес. Жаныңа ерекше əсер еткен өмірдің кейбір сындарлы сəттерін мəңгілік ұмыта алмайтының рас. Мұның бəрі Қазақ еліне Алланың берген баға жетпес сыйы –Тəуелсіздігіміздің тартқан тартулары деп білемін. Əкім ЫСҚАҚ,

бірінші шақырылған Парламент Мəжілісінің депутаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.

Франкфурттегі кездесу

Жобаның бекітілген құны – 54,1 млрд. теңге. Құрылыс жұмыстары кезінде 700-ге жуық адам жұмыспен қамтылған. Іске қосылғаннан кейін стансада 127 жаңа жұмыс орны ашылмақ.

● Тəуелсіздік тартуы

Таєы бір авиарейс Кеше Көкшетау əуежайында «Трансаэро» əуе компаниясының алғашқы Көкшетау – Мəскеу халықаралық рейсі жасалды. Бұл оқиға қалалық əуежайдың «KTZ Express» көліктік-логистикалық компаниясына сенімді басқаруға өтуіне байланысты жүзеге асырылды. 2013 жылғы мамырдың 8-інде облыс орталығының əуежайы көліктік-логистикалық

компанияның қарауына өтіп, содан бері Азаматтық авиация комитетімен бірлескен түрде мемлекеттік қабылдау өткізіп, оған халықаралық мəртебе берілді. 2013 жылғы қазанның 19-ында Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен жоғары

талаптарға сай келетін əуежайға халықаралық мəртебе беру туралы шешім қабылданды.

Сонымен қатар, «KTZ Express» компаниясы «Трансаэро» əуе компаниясымен келісімшарт негізінде халықаралық рейстерді орындауға уағдаластыққа қол жеткізді. Соның нəтижесінде Кокшетау – Мəскеу\Мəскеу – Көкшетау тұрақты əуе бағыты

кестеге енгізілді. Алғашқы рейс Қазақстан Республикасының Тəуелсіздік күні мерекесіне сəйкес келді. Бұл халықаралық рейс Бойнг 737-700 ұшағымен аптасына екі рет жүзеге асырылады. Онда 8 бизнес-класс, 120 эконом-класс орындары бар. Көкшетаудан таңғы 6.20-да шықса, 2 сағат 30 минутта Ресей Астанасының Внуково əуежайына табан тірейді. Рейстің екі бағытына да бір баға – 40 мың теңге белгіленген. Алғашқы рейске 20 жолаушы билет алды. Оған «Трансаэро» əуе компаниясының ұшу отряды командирінің орынбасары қатысады. Биылғы мамырқазан аралығында əуежайдың ұшу-қону жолағы ұзартылды. Жолаушылардың ұшаққа отыруына жайлы жағдай жасалды. Жобаның Көкшетау қаласы мен Ақмола облысы тұрғындарының жедел қатынауына жағдай жасап, əуежайдың кірісі молаюына, экономикасы дамып, туризмнің қалыптасуына ықпал етеді. «KTZ Express» пен Көкшетау халықаралық əуежайы келесі жылдан бастап Омбы – Анталия халықаралық рейсін қолға алмақ. Сөйтіп, ел аумағы ғана емес, көршілес мемлекеттер арқылы да ұшу аясын кеңіте түсу жоспарлары бар. «Егемен-ақпарат».

● Тəуелсіздік тағылымы

Рахмет саєан, Ќазаќстан! Наталья КОЧНЕВА,

Қарағанды қаласындағы №32 мектептің 10-шы сынып оқушысы.

Мен Қазақстанда тудым, бүгінгі күні Қарағандыда тұрамын. Бұл менің Қазақстаным, тəуелсіз Қазақстаным! Мен өз еліме бақыт ты балалық шағым үшін алғыс айтамын. Рахмет саған, Қазақстан! Мен өз еліме бақытты отбасы үшін алғыс айтамын. Рахмет саған, Қазақстан! Мен өз еліме бұлтсыз ашық көк аспаным, халықтың татулығы, бірлігі, түсінігі үшін алғыс айтамын. Рахмет саған, Қазақстан!

Біздің еліміз үнемі егеменді ел болмаған. Ол 1991 жылы 16 желтоқсанда тəуелсіздігін алды. Бұл күн – бүкіл Қазақстан халқы үшін өте маңызды күн! Өткен ғасырдың отызыншы жылдары менің əжем мен атам қуғынға ұшырап, осы елге келген. Қазақ халқы қайырымдылық танытып, басқа елден келгендерге көмек көрсеткен, себебі, қазақ халқы – өте мейірімді, өте мейірбан халық. Осы елде менің ата-бабаларым тұрды, оқыды, жұмыс істеді, ғашық болды, отбасын құрды, балаларын тəрбиеледі. Менің ата-анам маған:

«90-шы жылдары азық-түлік дағдарысы болды», дейді. Ол – мен туған кез. Ал қазір Қазақстан танымастай өзгерген. Біздің тəуелсіз елімізге небəрі 22 жыл толды, соның өзінде бəсекелес елдер қатарына енуге ұмтылып жатырмыз. Біз қол жетпеске жеттік. Біз бұл шыңдарға Президентіміз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевпен бірге жеттік. Рахмет саған, Қазақстан! Мен сені ардақтаймын, Қазақстан! Мен сені мақтан тұтамын, Қазақстан!

1996 жылдың қазаны. Белгілі қайраткер Қаратай Тұрысов бастаған бір топ қазақстандық бірінші шақырылған Парламент Мəжілісінің депутаттары арнайы сапармен Англияға бардық. Ол жақтағы халық қалаулыларымен, заң жұмыстарымен таныстық. Қайтатын мезгіл де жетті. Лондоннан Германияға, яғни, Франкфуртке жеттік, енді осы жерден Алматыға ұшпақпыз. Əуежайға келіп, құжаттарымызды тіркетіп, заттарымызды тексерттік. Барлығымыздың елге апара жатқан сəлем-сауқатымыз да жоқ емес. Сөйтсек, Лондоннан сатып алған заттарымызды елге алып кетуге рұқсат беретін қағазды алмаған екенбіз. Оны кім білген? Əуежайдың кедендік қызметі барлығын тəркілеп алды. Толықтау келген неміс кеденшісінің беті қалың, түрі мұз. Ешқайсымыз да неміс тілін білмейміз. Көңіл-күйіміз түсіп кетсе де, енді ештеңе жасауға болмайтынын мойынсұнып ұшаққа отыратын сəтті күтіп, жайғасып жатырмыз. Сол сəтте досым əрі жерлесім Ерғали Бөлегенов (бүгінде Қазақстанның Беларусь мемлекетіндегі Төтенше жəне өкілетті елшісі) бірден: – Мен ана немісті танимын, – деп айтып қалғаны. – Танығаны несі, Ерғали, біз Шымкентте емес, Германияда жүрміз ғой? – деп мен күлдім. Біраз уақыттан кейін жан-жағыма қарасам, Ерғали жоқ. Жүгіре басып артынан барсам, ол əлгі неміс тұрған жаққа бара жатыр екен. – Қайда барасың? Қайтесің сол немісті? Бəрібір ештеңе істей алмаймыз енді... – деп Ерғалиға енді жете бергенім сол еді, ол: – Е-е, мен сені танимын ғой! – деді дауысы шығып. Күтпеген жерден: – Қайдан? – деген дауысқа екеуміз жалт қарадық. Сұрақ қойып тұрған əлгі еңгезердей, депутаттардың заттарын алып қойған кеденші, түрі мұз неміс екен. Қатты таңғалғаным соншалық: – Сен қайдан білесің қазақ тілін? – деп сұрадым. – Мен Қазақстанда тұрғанмын, екі жыл бұрын көшіп келдім, – демесі бар ма əлгі немістің. Екеуміз де: – Қазақстанның қай жерінде тұрдың? – деп тəптіштеп сұрап жатырмыз. Сөйтсек, ол қазақтың қалың ортасы – Жетісайда өскен, шынымен біздің Шымкент жақтың немісі екен. Кейін Германияға анасымен көшіп келіпті. Орыс, қазақ тілдерін білгеннен кейін ТМД елдерінің ұшақтары ұшатын жағына қызметке қойылыпты. Осында жұмыс істейтініне бір жылдай болған екен. – Бауырым, қазақтың мына сөзін білесің бе? «Өзің су ішкен құдығыңа түкірме» деген. Мен қатты айтуыма тура келді. – Иə, аға, кешіріңіз... Бағанағы немістің мұзы еріген. Жылы жымиысы қосылып, екі беті қызара түсті. Басын төмен қаратып: «Аға, кешіріңізші», – дей береді. Жаңағы неміс отандасымды қолтықтап алып, Қаратай ағам мен бір топ əріптестерім отырған жерге алып келдім. Қашанда жайдары тіл қататын Қаратай ағам: – Əкім, мынауың кім? – деді. – Қаратай аға! Сіздерге мына жігіт бір ауыз сөз айтамын дейді, – дедім. – Не айтпақшы екен? Сонда кеденші жігіт: – Ағалар, кешіріңіздерші! Бір қателік кетті. Мен қазақ халқының нанын жеп өскен азаматпын. Заттарыңыздың бəрін қайтарып беремін, – деді. Таза қазақ тілінде. Депутаттардың барлығы аң-таң, туған-туысқа деген базарлықтарын алып мəз-мейрам болып қалды. Өмірдің өзі қызық. Қалай дегенімізбен, «тау мен тау емес, адам мен адам кездеседі» ғой. Қазақ елінен көрген жақсылығын осылай өтеген, жат елде кездесіп, жан жылуын ұсынған неміс азаматының бейнесі есімде сақталып қалыпты. Қайран, қазақтың дарқан даласы талайларға құшағыңды ашып, көзден аққан талай жастың жұбатушысы болдың емес пе? Сенің киең мен қадір-қасиетің қаншама ұлттың өкілдерінің жүректерін шабыттандырып, оның бақытқа бастаушысы болды емес пе! Сонау Германияда да неміс кеденшісінің өзін қазақша сөйлеткен де, халқымның алдында басын идірген де, елімді шүбəсіз сүйдірген де сенің шексіз махаббатыңның арқасы, қазағым!

«Қай жобаны таңдаймыз?»

1997 жылы 14 мамыр сындарлы сəт еді. Сынға түсу қашанда оңай емесі анық. 4 ай бойғы талқылаудан кейін Мəжілісте мен ұсынған «Халықтың көші-қоны туралы» жəне Үкімет ұсынған «Көші-қон туралы» заң жобалары қатар қаралды. Өйткені, екеуінің біреуі ғана таңдалмақ. Қайсысы елімізге керек? 20 министр қол қойған Үкімет жобасы ма? Əлде ауылдан шыққан Əкім Ысқақ жобасы

ма? Кімді де болса толғандырған осы сұрақ. Депутаттар қай заң жобасын қолдаса, сол жоба өтпек. Таңдалған жобамен Парламент əрі қарай жұмысын жалғастырмақ. Бірақ Үкімет жобасында шикіліктер көп. Онда негізінен отандастар жағдайы қарастырылған. Бұған Қазақстанда туған өзге ұлттың өкілдерінің бəрі жатады. Сондай-ақ Отанға оралушы жергілікті ұлт өкілдері мен босқындар мəртебесін біріктіріп жіберген. Егер бұл заң жобасы қабылдана қалса, Қазақ елі босқындар еліне айналмақ. Бəрінен де сорақысы – елімізден көшіп кетушілер ғана республикалық бюджеттен қаржыландырылмақ. Ал бізге көшіп келетіндерді жергілікті жерге сілтей салған. Сонда Қазақстанға көшіп келетіндер кімдер? Көшіп кететіндер кімдер? Бұл көзі қарақты жандарға түсінікті. Жаның ауыра ма, жоқ па? Қаның қайнай ма, қайнамай ма? Міне, осыдан соң ғана амалсыз балама жоба ұсынғанмын. Алғашқы сөз кезегі əдеттегідей Үкімет атынан Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрі Н.Коржоваға берілді. Ол белгілі, жұртқа жақсы таныс ресми тілде сөйледі. Біздің заң жобамызды «өздерінше атаған баламасымақ» деп кекетіп те өтті. Үкіметтік жобада барлық ұлттың жағдайы қарастырылғанын тілге тиек етті. Осынау сөздерді естігенде, шыдамсызданып отырдым. Сөз кезегі маған тигенде асыққаным соншалық, баяндамамды ұмытып, құстай ұшып, мінберге қалай жеткенімді білмедім. Өмірдің өткелінде тарыдай шашылып кеткен қандас бауырларымыздың жүрек шырылы мен жан дауысы жаныма маза бермей, сергелдең күйде жүрген кезім еді. Асыл арманды арқалап, елге жете алмай жүрген қандастарымның ақ пейілінің көмегі болар, «ұлтшылсың» дегенге жеткен ханымның іс-əрекеті де намысымды қамшылады. Бабалар аманаты – қазағымның жоғын жоқтап, қарапайым əрі киелі тілін қорғау да парызым еді. «Е, Алла, бір өзің қолдай гөр», деп іштей өзімді қайрай түстім. Ешқандай қағазға қарамай, тоқтамай сөйледім. Сөйлеп жатқан шерменде болып қатқан жүрегім еді... Мен үшін шеттегі қандастарым өз туған жерінен алшақтап, бөгде елде жүрсе де, бүкіл қазақтың қазақи болмысы мен ана тілін бабалар аманатындай қорғап, ана əлдиіндей баға жетпес байлыққа балаған асыл жандар. Өзге халықтың əнұранын тыңдап өссе де, ұрпағына ұлт тəлімін сіңірген бауырларымыз олар. Желмен тербелген шөбінің сылдырынан қобыздың үнін ұлт сағынышындай ұғынған аяулы алтын ағайындарым ғой, менің! Түйінді сөзімде: Ар жетім болар егер де, Арыңды біреу лайласа. Бақ жетім болар егер де, Бағыңды біреу байласа... Сөз жетім болар егер де, Сөзіңе ешкім нанбаса, Көз жетім болар егер де, Көз қырын ешкім салмаса. Сыр жетім болар егер де, Сырласар досың болмаса. Қыр жетім болар егер де, Қырларға гүлдер толмаса. Көл жетім болар егер де, Аққу-қаздар қонбаса, Адам жетім болар егер де, Өз Отаны болмаса, Қазақ жетім болар егер де, Өз перзенттері болмаса,.. – дедім. Бір қарасам... залдағы депутаттардың бəрі көздеріне жас алуда. Сөйтсем, өзімнің көзімнен жас парлап тұр екен! Қызу талқылау басталды. Ана тілімде сөйлесем де əріптестеріме жүрек сөзімді жеткізе біліппін. Дауыс беру нəтижесінде... маған үш-ақ дауыс қарсы беріліп, өзгелері қолдады. Мəжіліс Төрағасы Марат Оспанов: «Бұл күн – тарихи оқиға, бұдан былай бұл заң Əкім Ысқақтың заңы деп аталады», – деп бағалап, сонау төрдегі орнынан түсіп келіп, артта отырған менің қолымды алып, бүкіл депутаттардың көзінше ақ тілегін жеткізді. Түсіне білген жанға мұның өзі үлкен жеңіс еді! Мұны бабалар рухының қолдауы деп білдім.

«Күте тұрыңыз...» Тұңғыш қазақ тіліндегі «Халықтың көшіқоны туралы» Заңның қабылданған кезі. 1998 жылы Американың Қазақстандағы елшісі Элизабет Джонс демократияға үлес қосқан депутат ретінде мені Америка Құрама Штаттарына шақырды. Ондағы мақсат сол алып елдің заңдарымен танысу, ондағы асырап алған балалардың тағдырына көңіл бөлу еді. Сонымен, шағын қазақстандық делегацияның жетекшісі болып жолға шықтым (Топ құрамында Білім министрлігінің жауапты қызметкері Шолпан Сайпена, «Жұма-пятница» газетінің бас редакторы Светлана Синицкая бар). Вашингтон, Нью-Йорк, Лос-Анджелес, Детройт, Неаполис сияқты бірнеше қаланы араладық. Бес-алты штатта кездесулерімнің бəрінде тек өз ана тілімде сөйледім. Ол егемендігіне енді ғана қол жеткізген жаңа Қазақстанның мемлекеттік тілін ұғынсын, менің ана тіліме құрметпен қарасын деген ізгі ниет еді. Мен қазақ тілінде сөйлеймін. Шолпан оны орыс тіліне аударады. Ал америкалық тілмаш оны ағылшын тіліне аударады. Жəне керісінше, америкалықтар сөзін аудармашы орыс тіліне, оны Шолпан апайымыз қазақша тəржімалап жүрді. Лос-Анджелестегі мына оқиға естен шықпайды. Кезекті басқосудың соңында біздің құрметімізге бір беделді компанияның

президенті (аты-жөнін ұмыттым, əйел кісі) дастарқан жайды. Кенет əңгіме үстінде: – Ысқақ мырза, сіз ағылшын тілін білесіз бе? – деп сұрады. Сол сəтте еш кідірместен: – Ал сіз қазақ тілін білесіз бе? – деп қарсы сұрақты қойып қалдым. Өйткені, əркімге өз тілі қымбат емес пе?! Əлгі кісі сасқалақтай бастады. Ойланыңқырап біраз отырды. Мұндай сұрақты күтпегені рас еді. Мен де ішімнен ыңғайсызданып тұрмын. «Ағылшын тілі мен қазақ тілін тең қойғаным қалай болды?». Алпауыт елдің жаңадан егемендігін алған жас мемлекеттің тіліне де құрметпен қарасын деген ой мазалап, мені жеңіп кеткен кезі еді. Артынша америкалық ханым: – Қазақ тілінде тек бір ауыз сөз білемін, – деп орнынан асықпай тұрды. Мына сөзді естіген соң мендегі мазасыздық тіпті күшейді.«Қазір əлгі кісі қазақ тілі деп Азияның бір тілін қойып қала ма екен» деген күдігім де бар. – Қазақ тілінде тек бір ауыз сөз білемін, – деп қайталады ол. Демін ішке тартты да: «Күте тұрыңыз...», «Күте тұрыңыз...», – деп айна-қатесіз таза қазақ тілінде айтты. Содан алдындағы су толы стақанды ұстап: – Қазақ халқы үшін көтеремін, – деді. Менің жан дүниеме бір жақсылық нұр сепкендей қуанышқа кенелдім. Сол сəт үнсіз қалғым келмей орнымнан атып тұрдым: – Мен де ағылшынша бір-ақ ауыз сөз білемін. «Сэнкь ю». Мен де америкалықтар үшін көтеремін, – дедім. Рюмкамды сол кісімен соғыстырдым. Сонау мұхиттың арғы жағындағы қалада үлкен беделді компанияның басшысының таза қазақ тіліндегі бір ауыз сөзі мені қанаттандырды, шын мəнінде сүйсіндірді. Көкейімде кептеліп қалған сұрақтарға мүмкіндік бердім. – Бұрын Қазақстанда болып па едіңіз? – Жоқ! – Қазақстанда таныстарыңыз бар ма? – Жоқ! – Онда бұл сөзді қалай үйрендіңіз? – Иə, Қазақстанда болып көрмеппін, бірде сырттай білетін Алматы деген қалаларыңызға жұмыс бабымен телефон соғуыма тура келді. Тұтқаның ар жағынан автоматты түрде қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде «күте тұрыңыз» деген сөзді естідім. Тез арада əлгі сөзді бір керегі болар деп блокнотыма жазып алдым. Содан есімде сақтап, бір керегіме жаратамын деген ойда жүрдім. Міне, сол сөзді сіздің алдыңызда бірінші рет жеткізіп отырмын, – деді ол. Бір-бірімізге деген ыстық ықылас пен жылы жүздесу нұр сыйлап, дастарқан үстінде ұзақ əңгімелестік. Мұхиттың ар жағындағы бөтен елде өмір сүріп, Қазақстан жеріне бір рет болсын аяқ баспаған өзге ұлт өкілінің ана тілімде айтқан бір ауыз сөзі жанымды тебірентіп, жүрегіме жылу ұялатты. Елге, туған жерге деген шалқар сағынышымды еселеді. Бəлкім, ана тілдің, кіндігім байланған қасиетті жердің өзіне жіпсіз байлаған құдіреті осы болар, бəлкім!

Қазақы Настя

Армысың қазағымның бағына біткен, Баянтауым менің! ...Баянауыл атауы жөнінде ел ішінде тараған аңыздар көп. Қазақтың маңдайына біткен ғұлама ғалымы Шоқан Уəлихановтың зерттеуіне сүйенсек, моңғол тілінен аударғанда «Баян» – молшылық, «Ола» – тау деген мағына білдіреді екен. Яғни, бұл ырыс пен бақ дарыған берекелі мекен, молшылық тауы дегенді аңғартса керек. Тау баласын тау шыңдайды ғой. Көркіне көз тоймас осынау киелі жердің тағы бір ерекшелігі – қаймағы бұзылмаған қазақилығы дер едім. Баян жеріне барған сапарымда сол кездегі аудан əкімі, қағылез жан Қорабай Шəкіровке соққаным бар. Қабылдау бөлмесінің есігін ашып кіре бере, бұрышта отырған өзі сары, көзі көк хатшы қызға үйреншікті əдетпен: – Здравствуйте! – деп сəлем бердім. Орнынан күлімсірей көтерілген қыпша бел, сүйкімді қыз: – Сəлеметсіз бе, аға? – деп сызыла үн қатты. Сол сəт осы бір жауап маған əлемдегі ең əдемі сөздей əсер қалдырды. Себебі, аудан əкімінің кіреберісінен қарсы алған қазақи жылылық жан дүниемді шуаққа бөледі. Сонда мен кеңес дəуірінен бері көп өңірлерде қалыптасып қалған ресми орысшаның бұл елде дəурен құрып тұрмағанына көзімді анық жеткіздім. Қазақи əдептілік, қарапайымдылық өн бойынан ескен қыздың аты Настя екен. – Аға, қазір жиналыс болып жатыр, бес-он минөтте бітеді, шай іше отырыңыз, – деді ол тағы да. – Рахмет, айналайын! Қазақ тілін қалай үйрендің? – деп сұрадым. – Аға! Қазақ елінде өмір сүріп, қазақша білмегеніміз ұят емес пе?! Шынымды айтсам, менің жаным қазақ болып кеткен, – деп жауап қайтарды хатшы қыз. Мінезі де жайдары, ашық. Жауабы да жарасымды. Іңкəр көңілмен ізет білдірген арудың жүзінен ертедегі асыл аналарымыздың бейнесі елес бергендей болды. Күлімсіреген көк көздерінен қазақи тəрбиенің тағылымы мен тəлімі ұшқын атып тұрды. Бұл жайт баяғы Мəшһүр Жүсіптің баласы жоқ орыс досына ішірткі беріп, перзентті болған оқиғасын еске түсірді. Бірнеше жылдан кейін сағым далада қой жайып жүрген өзі сары, көзі көк баладан: – Кімнің баласысың? – дегенде: – Мəшһүр Жүсіптің баласымын! – деп жауап қатады. – Оның мұндай баласы жоқ еді ғой? – Ол кісінің Құдайдан сұрап алған перзенттерінің бірімін! – деп түрі өзге жанның таза қазақша сайрай жөнелгені ойға оралады. Айтқандай-ақ, қазақтың тілін, дəстүрін меңгерген сол Настямыз кейіннен қазақ жігітіне тұрмысқа шығыпты. Осыдан кейін бұл сайын даланы қалай киелі демессің?! Міне, Баянауылдың өнегелі қасиеті.


● Тəуелсіздік талаптары

Тəуелсіздік – ґркениет бастауы Қайрат ИЩАНОВ,

Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары.

Жуырда Парламент депутаттары аймақтарда болып, халықпен жүздесті. Кездесулер барысында ел Тəуелсіздігін баянды ету жолында қажырлы еңбек етіп жатқан азаматтарымыздың Қазақстанның ертеңіне деген селкеусіз сенімінің куəсі болдық. Тəуелсіздік алғаннан бергі аз уақыт ішінде татулық пен келісім, бірлік пен ынтымақ қайнарына айналған көпұлтты Отанымыздың өркендегені жəне əлемдік қоғамдастық алдында жыл санап абыройы биіктей түскені көңілге қуаныш ұялатады. Тəуелсіздікке қол жеткеннен кейінгі əр жыл өзіндік ерекшелігімен есте қалып келеді. Биылғы жыл ел өміріндегі айрықша айтулы кезең – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назар баевтың «Қазақстан-2050» Стр атегиясында əлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына ену бағытын белгілеген жəне «Нұр Отан» партиясының алдағы ондаған жылдардағы миссиясын айқындауға арналған жаңа Саяси доктринасын қабылдаған жауапты кезең ретінде тарихта таңбаланары анық. Елбасы Қазақстан халқына «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын бекітуін жəне осы бастаманың нəтижесінде, мəслихат арқылы ауыл əкімдерін сайлаудың сəтті өтуін атап өтуге тиіспіз. Бұл – елімізде Ата Заң талабының мүлтіксіз орындалуының жəне Қазақстанның демократиялық үрдіске адалдығының нақты дəлелі. Ауылдық округ əкімдерінің сайлануы қоғамды одан əрі демократияландырудың маңызды кезеңі болып табылады жəне

5

www.egemen.kz

15 желтоқсан 2013 жыл

жергілікті жерлерде басқарудың тиімділігі мен айқындығын арттыруға мүмкіндік береді. Барлық жердегі ауылдық округ əкімдерін сайлау Отанымыздағы демократиялық өзгерістердің жаңа кезеңі болды. Жергілікті əкімдердің сайлануы – мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігі мен халық алдында атқарушы билік органдары жауапкершілігін арттыру, саяси жүйені одан əрі демократияландыру мен азаматтық қоғам дамуын жетілдіру. Ауылдар əкімдерінің балама сайлауы саяси жүйедегі реформалардың жүзеге асуына жəрдемдеседі. Оның мақсаты халықты мемлекет басқаруына, қазақстандық қоғамды дамытуға қатысуға кеңірек тарту болып табылады. Өңірдің серпінді дамуы облыс, қала еңбеккерлерінің, мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, барлық деңгейдегі мəслихаттар депутаттарының, сонымен бірге, кəсіпкерлердің үйлесімді, нысаналы жұмыстарының арқасында мүмкін болды. «Нұр Отан» партиясының алдағы ондаған жылдардағы миссиясын айқындауға арналған жаңа Саяси доктринасын қабылдаған партияның кезектен тыс XV съезінде: «Қоғамымыз «Қазақстан-2050» Стратегиясында айтылған жаңа ұлы мақсаттарға батыл қадам басты. Стратегияның өзегі – біздің əлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылуға тиіс екеніміз. Халқымыз қазір қол жеткізген осындай экономикалық жəне əлеуметтік биіктерге өткен тарихында ешқашан жеткен жоқ. Мұны тек қазақстандықтардың бүгінгі буыны ғана жүзеге асыра алды. Тəуелсіздікті жариялап, Қазақстанымызды дамытып, біз даму перифериясынан біржола алыстап, Еуразиядағы лайықты жаңа мемлекетке айналдық», – деді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев. Партияның XXI ғасырдағы

көшбасшылығы қандай болуы керектігі жөніндегі толғақты ойларын ортаға салған Мемлекет басшысы «Нұр Отан» басты патриоттық күшке айналуға тиіс екенін, оның маңызды миссиясы, «Қазақстан-2050» Стратегиясында атап көрсетілгендей, жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың жалпыұлттық орталығына айналу болып табылатынын айтқаны белгілі. Бұған қоса, Елбасы партия жалпыұлттық бірліктің орталық буыны болуы қажеттігіне жəне бұл тұрғыда «Нұр Отанның» халықты топтастырушы партия ретіндегі мəртебесі ескеріліп, оған көпэтносты халқымыздың бірлігі үшін зор жауапкершілік жүктелетіні, сондай-ақ, ол өңіраралық байланысты нығайту ісін де атқаруға тиістігін міндеттегені де ел жадында. Тəуелсіздіктің 21 жылдығында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің 2050 жылға дейін əлемдегі ең жоғары дамыған 30 мемлекет қатарына ену бағыты айқындалған ұлттық саяси даму стратегиясын белгілей отырып, осы уақыт ішінде бағындырылуға тиісті жеті басымдықты айқындап берді. Сөйтіп, қазақстандықтарды жаңа белестерді бағындыруға жетелейтін жəне ортақ мақсатқа топтастыратын осы тарихи құжаттың дүниеге келуімен ел дамуының жаңа кезеңі басталды. Бұл орайда, Парламентке елде жүргізіліп жатқан оңды өзгерістерді заңнамалық жағынан қамтамасыз етуге қатысты үлкен міндеттер жүктеліп отыр. Жалпы, ел Тəуелсіздігінен берідегі жылдар ішінде Парламент Президенттің Қазақстан мемлекеттілігін ойдағыдай құру жөніндегі стратегиялық идеяларының қолдаушысы болғанын атап көрсеткім келеді. Жоғары заң шығару органы аса маңызды мемлекеттік міндеттерді шешуге белсене қатысты, реформаларды құқықтық тұрғыдан қолдауды жедел қамтамасыз

етті. Тəуелсіздіктің алғашқы жылдарында бүкіл қажетті заңнамалық база жедел режімде қалыптастырылды, нарықтық экономиканың құқықтық негіз дері қаланды, қоғам өмірінің аса маңызды салаларын регламенттейтін заңдар қабылданды. Кəсіби қос палаталы Парламент құрылған 1995 жылдан бері 2000-нан астам заң қабылданды, сайлаушылармен мыңдаған кездесулер өткізілді, шетелдік əріптестермен бірге заң шығармашылық үдерістерін халықаралық пысықтау кеңінен жүргізілді. Парламент өткен сессия кезінде де белсенді жұмыс істеді. Ал осы сессияда Сенатта бюджет пен салық саясатын, сот жүйесін, құқық қолдану аясын, əлеуметтік қамсыздандыру мен еңбек мəселелерін, əкімшілік рəсімдерді жетілдіруді, көші-қон саясаты мен басқа да мəселелерді реттейтін заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, халықаралық келісімдер ратификацияланды. Сенат парламентаралық байланыстарды дамыту жөнінде де белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Қазақстан Парламенті бүгінде бірқатар беделді халықаралық парламенттік ұйымдарға қатысады. Жоғарыда айтып өткенімдей, Президенттің «Қазақстан-2050» Стратегиясын түсіндіру жəне Парламент жұмысы туралы хабардар ету үшін Парламент депутаттары жуырда аймақтарда болып, жергілікті халықпен жүз десті. Халықпен кездесу барысында мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру, инфра құрылымдарды дамыту, əлеуметтік сала нысандарының құрылысы, тағы да басқа көптеген мəселелер талқыланды. Мемлекет басшысы ел алдына үлкен міндеттер қойып отыр. Осыған орай жергілікті билік органдарына ерекше жауапкершілік жүктеледі. Мемлекеттің өңірлік саясат саласындағы негізгі стра тегиялық мақсаттары – об лыс тардың экономикалық əлеуетін ұлғайту, əлеуметтік тұрақтылықты нығайту, азаматтарымыздың əл-ауқатын арттыру, жергілікті билік инс титуттарының қызметін жақсарту іске асырылатын болады. Осыған байланысты облыстарда басқару органдары жұмысының басты бағыттарының бірі – өңірлерде, əрбір нақты ауданда, қалада, ауылда бизнес жүргізу үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасап, оларды жан-жақты қолдап отыру, жаңа өндіріс орындарын ашу үшін белсенді саясат жүргізуге көшу жəне кəсіпкерлік бастаманы жұмылдыра түсу болмақ. Əсіресе, шағын жəне орта бизнесті қолдау, оның ішінде халықты жұмыспен қамту мен жаңа жұмыс орындарын ашу басты бағыттардың бірі. Мемлекет басшысы 2020 жылға дейін ішкі жалпы өнімдегі шағын жəне орта бизнестің үлесін кемінде 40 пайызға жеткізуді мақсат етіп қойғаны белгілі. Осы ретте үдемелі индустриялықинновациялық даму бағдарламасын орындаудың өңірлердің экономикалық жағынан көтерілуі үшін зор маңызы бар. Ең бастысы, еліміздің аймақ тарына сапарымыз барысында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси, экономикалық, əлеуметтік жаңару бағытын халықтың шынайы қолдайтынын əрдайым сезініп отырдық. Бүгінде Тұңғыш Президентіміздің басшылығымен ынтымағы жарасқан Қазақ елі күллі əлем таныған тұғырлы да тұрақты мемлекетке айналды. Осы жетістіктердің бəрі ең алдымен ата-бабамыз аңсаған Тəуелсіздігіміздің жəне Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында мүмкін болды. Мəңгілік Ел болуды бағдарға алған егемен Қазақстанның болашақта да қарыштап дамып, əлем мойындаған өркенді мемлекет ретінде өмір сүруі – Тəуелсіз еліміздің басты мақсаты.

● Жасампаз жоба

н е м е к с Ґ – р а Ш лы о ж р і м е т

ШАР – ӨСКЕМЕН. 151 шақырымдық Шар – Өскемен темір жолы еліміздің экономикалық-əлеуметтік ахуалын ілгерілетуге мол септігін тигізді. Бұл аталған жаңа жолдар мемлекет ішінде тасымалдаулардың қашықтығын шамамен 700 шақырымға қысқартты.

● Мерей

Еѕбегі жанєандар Кеше елордадағы Қазақ ұлттық өнер университетінің «Шабыт» шығармашылық сарайында білім жəне ғылым саласы бойынша мемлекеттік жəне ведомстволық марапаттарды тапсыру рəсімі өтті. Айгүл СЕЙІЛОВА,

«Егемен Қазақстан».

Марапаттау рəсімінде сөз алған Білім жəне ғылым министрі Аслан Сəрінжіпов Елбасының бастамасымен қолға алынған білім саласындағы жобалар қазақстандық білімнің жүйелі дамуына əсер еткенін баяндады. «Президенттің «Болашақ» бағдарламасы – оның айқын дəлелі. Бүгінгі күні Назарбаев зияткерлік мектептері өңірлердегі инно вация лардың ресурстық орталық тары болып табылады. Олар өз тəжірибелерін еліміздің мектептеріне таратуда. Техникалық жəне кəсіптік білім беру жүйесінде «Кəсіпқор» холдингі» əлемдегі алдыңғы қатарлы тəжірибелерді енгізетін жүйелі оператор ретінде жұмыс істейді» – деген министр ғылымның басты міндеті – ғылыми зерттеулердің

тиімділігі мен сапасын арттыру екенін атап өтті. Ол жоғары білім беру жүйесінде жаңа, бірегей əлемдік деңгейдегі жоба – Назарбаев Университетінің құрылып, табысты дамуына куə болып отырғанымызды, университеттің еліміздегі басқа да алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарын дамыту үшін білім, ғылым жəне инновацияны синтездеуге бағытталған «болашақ моделі» екенін де баяндады. «Бүгінде мектепке дейінгі, орта, кəсіптік жəне жоғары білім, ғылым жəне жастар саясаты жаңа бағыт алды. Одан əрі дамудың негізгі жолдары анықталды. Алдағы үш жылға арналған білім беруді дамытудың негізгі басымдықтары Үкімет тарапынан қолдау тапты» деген министр білім жəне ғылым саласы бойынша биылғы марапаттауларға лайық болған отандастарымызға наградаларын тапсырды. Сонымен, биыл білім жə не

ғылым саласы бойынша «Парасат» орденімен Т.Рысқұлов атындағы Қазақ эко но ми калық университетінің профессоры Кеңес Бердалиев, Қ.Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің кафедра меңгерушісі Баян Рақышев марапатталды. II дəрежелі «Достық» орденін Қазақ ұлттық өнер университетінің кафедра меңгерушісі, белгілі əнші Қайрат Байбосынов иеленді. Əл-Фараби атындағы ҚҰУ профессоры Ажар Жұбанова, Абай атындағы ҚҰПУ профессоры Нина Ишмұхамедова, «Ұлттық ғылыми медициналық орталығы» АҚ балалар кардиохирургия бөлімінің басшысы Дмитрий Горбунов, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің ректоры Серік Святов, «Парасат» Ұлттық ғылымитехнологиялық холдингі басқарма төрағасының орынбасары Лəззат Мылтықбаеваның өңірлеріне «Құрмет» ордені тағылды. Сондайақ, білім жəне ғылым саласы бойынша бірқатар профессорлар мен оқытушылар «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағымен, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен, Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалімен марапатталды.

● Тəуелсіздік менің өмірімде

Орындалєан арман

Убайдулла ҚОШАНОВ,

Қостанай облыстық соты апелляциялық сот алқасының төрағасы.

Біздің елімізде қасиетті Тəуелсіздік ұғымымен Президент қатар аталады. Бұл заңдылық сияқты. 1991 жылғы 1 желтоқсанда, алғаш рет жалпыхалықтық сайлау өтіп, Тəуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы Нұр сұлтан Назарбаев тұңғыш рет Президент болып сайланды. Ол мемлекетіміз өтпелі кезеңнің қиындығына төтеп беріп тұрған өлара кезең еді. Сол жылы сол айда халқымыз ғасырлар бойы армандаған Тəуелсіздікке де қол жетті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында Тəуелсіз Қазақ елі бүгінде бүкіл əлемге танымал болды. Елбасымызбен бірге келе жатқан 20 жылдан астам уақыт ішінде еліміз өзінің қарқынды экономикасы, салиқалы саясаты, ұлт қауіпсіздігін қорғайтын əскері, қала

берді қатықтай ұйыған көпұлтты халқы бар толыққанды мемлекетке айналды. Ақордамыз Астананы əлемдік деңгейдегі саяси-қоғамдық пікір алмасу, əлем елдері үшін маңызды шешімдер қабылданатын орталық деп біледі. Астанада ЭКСПО-2017 көрмесінің өтетіндігі де Елбасымыздың əлемдік беделінің айғағы. Ар жағынан күн көрінетін тілдей оқулыққа «сыйып кеткен» тарихымыз тереңдеп, том-том кітап болды, табалдырықтан қарап қалған тіліміз, дініміз, дəстүр-салтымыз қайта оралып, жаңғырып, руханияты бай қазақ деген халықты дүниежүзі танып, мойындады. Халықаралық сарапшылардың пікірінше, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев – халықтың мүддесін бірінші кезекке қоятын қайраткер. Сонымен қатар, ол – жаһандық деңгейде ойлайтын тұлға. Оған өткен жылдың аяғында Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы толық дəлел. Онда Президент Қазақстанды дамытуды, оның болашағын жаһандық негізде алып қарастырады. Елбасымыз Қазақстанның сот жүйесін, судьялардың мəртебесін үш биліктің бірі ретінде конституциялық тұрғыда бекітіп берді. Елімізді

құқықтық мемлекеттердің алдыңғы қата рына қосып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын заңды түрде қорғау мақсатында судьялар қауымдастығына үлкен жауапкершілік жүктеді. Жақында Президенттің қатысуымен Қазақстан судьяларының VI съезі өтті. Онда Елбасы сот жүйесін, судьялар мəртебесін күшейту бағыттарын тағы да айқындап берді. Халық құқығын қорғау үшін судьялар сапалы жұмыс атқаруы қажет деп түсінетін Елбасы судьялардың жүктемелерін азайту үшін 900-дей штаттық санды көбейтуге тапсырма берді. Əрине, бұл – біз үшін қуанышты жағдай. Медиация заңын пысықтап, дауларды сотқа дейін реттеуге қатысты мəселелерді тапсырды. Съезде Елбасы: «Кез келген азамат сот жүйесі арқылы өзінің мəселелерін əділ шеше алуы керек. Сондықтан мемлекет те, мен де сот жүйесіне баса көңіл бөліп отырмыз», деген еді. Сондықтан алдымен сот төрелігін əділ де заңды атқару – халық сенімін, Президент сенімін ақтаудағы біздің басты міндетіміз. Алаш баласы аңсаған Тəуел сіздік мерекесі – орындалған арман салтанаты.


6

www.egemen.kz

15 желтоқсан 2013 жыл

● Елімен етене Елбасы

Ґрелі ґмір ґнегесі Радио хабарынан туындаған ойлар Биыл «Деловой Мир Астана» баспасы» «Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян» атты кітап басып шығарды. Оның авторы – белгілі қаламгер, публицист Махмұт Қасымбеков. Кітапта Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың бала лық шағынан бастап Елбасы болғанға дейінгі өмірі мен еңбек жолы баяндалады. Оны сондайақ Елбасымыздың осы кезеңге дейінгі өмірі мен қызметінің кезеңдері ресми əрі жүйелі түрде толық баяндалған туынды деп атауға болады. Еңбек жолын қарапайым жұмысшыдан бастап, ұдайы оқып, тынбай ізденіп, өзін-өзі жетілдірудің арқасында Тəуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті жоғары мəртебелі қызмет лауазымына ие болып, бүгінде аты əлемге танымал саяси қайраткер деңгейіне көтерілгені арқау етілген. Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың ғибратты өмір жолы кім-кімді де қызықтырмай да, əрі таңдандырмай да қоймайды. Мұның өзі болашақ өмір жолын, еңбек жолын айқындауды ойлап жүрген жасөспірімдер мен жастарымыз үшін жақсы өнеге екені анық. Сондықтан да Қазақ радиосы биыл «Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян» кітабынан «Өрелі өмір өнегесі» атты хабарлар циклын ұйымдастырып, тыңдармандардың назарына ұсынған еді. Жетекшісі – Махмұт Қасымбеков. Өз басым осы хабарды сүйсініп тыңдадым. Əрі зор ғибрат алдым. Тəуелсіздік тарихына саяхат жасап қайтқандай болдым. Басқа замандастарымның да оны тыңдап, радиодағы журналистерге мың сан алғыс айтқанын да осы мақала арқылы жеткізгім келді. Бұл кітапты мен Үштөбе қаласындағы орталық кітапханадан алып оқыған едім. Оның қолдан қолға өтіп, оқырмандар таңдауына айналғанына куə болғанмын. Əрі Президент күні қарсаңында осы кітап бойынша мектептерде қосымша сабақ оқытылса ғой деп те көксеген едім. Сөйтсе де радиодан оқылғандағы əсері тым ерекше болады екен. Диктор Шолпан Байғабылованың ерекше үні, хабардың ғажайып музыкасы дала дауысына айналғандай өмірмен үндесіп, Елбасымыздың өмір деректерімен сабақтасып, жүрегіме мақтаныш сезімін ұялатты. Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлының да жаңа мемлекет орнатудағы кемеңгерлігі оның бойында даналықтың РУХЫ бар екенін айғақтайды. Ол Рухтың Ел ҚУАТЫНА айналғанын біреу білер, біреу білмес. Бұл да аңызға бергісіз ақиқат. Енді қарапайым халықтың өмірінен осы пікіріме нақтылы мысалдар келтірейін: Қарапайым ел-жұрттың ішінде Тұңғыш Президентімізге қатысты таңғаларлықтай оқиғалар да кезігеді. Тіршіліктің шырмауы көп қой. Сондай бір кезеңде Қаратал ауданы Жаңаталап ауылындағы амбулаторияның дəрігері Мейіз Нұрқасымова Қаратал аудандық газетінің редакциясына келді. Бас редактор ретінде маған ешкімге тіс жармаған құпия сырын ақтарды. Оқиға 2006 жылы болған еді. – Сіз маған сеніңізші. Жасым зейнеттікке жеткен соң аудандық аурухананың бас дəрігері Рысхан Аманжоловқа жұмыстан босату жөнінде арыз жаздым. Сол күні орнымды қимай қатты қиналдым. Түнде түс көріппін. Əуелі бөлмеме шұғыла шашылды. Сонан соң есікті ашып Нұрсұлтан Əбішұлы кіріп келді де, менімен амандасып: – Мейіз, сен уайымдама. Əлі бес жылдай қызмет жасайсың, – деп шығып кетті. – Бұл ненің нышаны? – деді. – Болашақтың болжамы ғой. Мықты дəрігерсіз ғой. Тəжірибеңіз де мол. Халыққа қажетсіз. Бір жақсылыққа берілген аян болар, – деп көңілін аулап шығарып салғанмын. Бірер күннен соң Мəдениет үйінде медицина қызметкерлерінің күні салтанатты түрде атап өтілді. Мейіз Нұрқасымова «Шапағат» орденімен наградталды. – Біз сізді демалысқа əзір жібермейміз. Қызметіңізді бұдан былай да жемісті атқара беріңіз, – деді аудан əкімі Қыдыркелді Медеуов. Сөйтіп дəрігер тағдыры оңды шешімін тапты. Бұл түс делік. Енді өмірде болған жағдайды айтайық. – Немерем жұмысқа тұра алмай қатты қиналдым, – дейді бұрынғы педагог Əсия Сыдықова. – Бір күні Нұрекең түсіме еніп, мені бір қуанышпен құттықтап

жатыр. Ояна келіп, оны жақсы ырымға жорыдым. Көп кешікпей үлкен ұл жақсы жұмысқа орналасты. Немере де өз мамандығы бойынша мемлекеттік қызметке тұрды. Өмірімізде қуанышты сəттер көбейді, – дейді. Ол да сол түсті бақыттың бастауы санайды екен. Мен болсам адамның рухы өз бетінше əрекет жасай алатынына сенбейтін едім. Бірақ өз басымнан өткен бір оқиға шынында да Тұңғыш Президентіміздің рухы қалаған адамының болашағын болжап, тіпті рухани тірекке айналып, қол ұшын бере алатынына көзімді тағы жеткізді. 2003 жылы біз жолдасым Имаш Балабеков екеуміз зейнетке шықтық. Зейнетақымыз мардымсыз. Бірден материалдық қиындыққа душар болдық. Күш те, қуат та бар. Алайда екі қолға жұмыс жоқ. Мен қырық жылғы əрқилы баспасөзде жарияланған əңгімелерді сандыққа салып жауып тастадым да отыра қалып жыладым-ай. Қаржысы жоқ адам кітапты қайдан шығарсын. Орындалмаған арманға арналған дүниені қайтейін деп көз жасымды ағызып жүргенде бір қызық түс көрейін. Сəулетті де салтанатты ақ сарайда ай маңдайлы, күн сипатты қазақтар сұп-сұлу ханымдарымен əдемі əуенмен билеп жүр. Билеп жүрген жұртқа қарап бір бағанның қасында мен тұрмын. Үстімде – аппақ көйлек, аяғымда – қара туфли. Жалғызбын. Кенет қасыма Сара Алпысқызы келіп: – Мына бөлмеге жүріңізші, – деді. Кең бөлмеде жаюлы дастарқан толы тағамдар. Сара ханым менің аяғыма ки деп ақ етік берді. Киіп алдым. Сонан соң залдағы жұрттың арасымен орныма келе жатқанымда алдымнан Нұрсұлтан Əбішұлы жолықты да: – Білемін, – деді. – Кітаптарым жарық көрмейді-ау деп жылап жүрсіз. Жыламаңыз. Сіздің кітаптарыңызды шығаруға 32500 доллар бөлінеді, – деп мені ақ бағанның қасына əкелді. Күліп ояндым да, «Сізге рахмет, менің Президентім» деп айқай салдым. – Қандай түс көрдің? – деді жолдасым таңғалып. – Мен бақыттымын, – дейін кəдімгідей марқайып. – Менің Президентім маған кітап шығаруға 32500 доллар бөлді, – дегенімде ол ішек-сілесі қатып күліп жіберді де: – «Тауықтың түсіне тары кіреді» деген рас екенау. Қазіргі доллардың құнымен санағанда 3 миллион теңге екен. Осыншама қаржы бөлінетіндей сен кім едің? Түс түлкінің боғы емес пе? – дегенде кəдімгідей жасып қалған едім. Бірақ əдет бойынша бұл түсімді кітапшама жазып қойдым. Арада екі жыл өтті. 2005 жылы мені аудандық газеттің бас редакторлық қызметіне қайта шақырды. 2007 жылдан бастап кітаптарым жарық көре бастады. Алматы облысының бұрынғы əкімі, қазіргі Парламент Мəжілісінің депутаты Серік Үмбетовтің қолдауымен «Дариға-дəурен», содан кейін бұрын Қараталда, қазіргі Еңбекшіқазақ ауданының əкімі Қыдыркелді Медеуов өз қаржысына «Дүние – керуен» атты кітапты, одан кейін Текелі қаласының бұрынғы əкімі, қазіргі Алматы облысы əкімінің орынбасары Серік Исламжанов өз қалтасынан қаржы бөліп, «Дария ғұмыр» кітабымды шығарып берді. Мына ғажайыпты қараңызшы. Олардың бəрі де – Елбасымыздың сенімді өкілдері. Əкімдер. Адам сенгісіз жағдай. Бірақ шындық. Мұндай мысалдар өте көп. Өкінішке қарай, оның бəрі шағын мақаланың аясына сыймайды. Осының бəрі Нұрсұлтан Əбішұлына деген ризалық сезімнен, сенімнен туындаған шығар. Өйткені, 20 жылда Елбасының даналық саясатының арқасында жаңа Қазақстан өркениетке қарышты қадам жасап жатыр. Оны нақтылы білгіңіз келсе «Махмұт Қасымбековтің «Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян» кітабын оқыңыздар. Қазақ радиосынан беріліп жатқан «Өрелі өмір өнегесі» хабарын тыңдаңыздар. Тəуелсіздігіміздің 20 жылдық мерзімінде 20 ғасырға бергісіз тарихи ерлік еңбек жасалған. Одан шығатын тұжырым – Қазақстанның Тұңғыш Президентінің есімі тарихқа алтын əріппен жазылды. Ұлы рух дегеніміз осы шығар. Ендеше сол Ұлы рухтың Ел қуатына айналғанына мен таңғалмаймын. Қазақ болып туғаныма мақтанамын. Мəкен ӨСЕРБАЕВА, Қазақстанның құрметті журналисі. ТАЛДЫҚОРҒАН.

● Тəуелсіздік менің өмірімде

Егемен елдіѕ баласымын Зарина МҰСАБАЕВА, кітапханашы.

Ұлттық намыстан басқа ештеңе ойламаған жастар, студенттер, жұмысшылар «Ел мен жер біздікі, неге бізді басқа жақтан келген біреу басқарады?» деген сұраққа жауап іздеп желтоқсанда алаңға шықты. Кеуделерін намыс кернеген олардың жүздеп, тіпті мыңдап көбейе бергенінен қорыққан билік алаңдағы жастарды «нашақорлар», «маскүнемдер» деп атап, елге жалған ақпарат таратты. Жастардың ұраны Жұмекен Нəжімеденовтің сөзіне жазылған Шəмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» əні еді. Сөйтіп, қазақтың ер рухын көтерді... Тарихтың беті бері айналып,

1991 жылы көп аңсап, ар ман еткен тəуелсіздігімізді ал дық. 16 желтоқсан – Қазақстан Республи касының Тəуелсіздік күні. Осы айтулы оқиғаға орай аудандық ор та лық балалар кітапханасының «Тəуелсіз елдің баласымын» атты əңгімешолу «Жұпар», «Қаламқас», «Балдырған» балабақшалары мен Есір ауылының «Балапан» мектепке дейінгі шағын орталығында өткізілді. Кітапханамызда «Қылқалам» жас суретшілер үйірмесі жұмыс жасап келеді. Бүлдіршіндерге үйірме мүшелерінің «Тəуелсіз еліміздің Астанасы» тақырыбында салынған суреттері таныстырылып, викториналық сұрақжауап ойын түрінде өткізілсе, «Желтоқсан желі ызғарлы» атты

слайд-шоу көрермендерге үлкен əсер берді. Осы іс-шара кейіннен кітапха наның оқу залында ұйымдастырылып, мектеп оқушылары, ата-аналар қатысып, «Тəуелсіз елдің тірегі – жастар» атты үлкен кең көлемде кітап көрмесі, шолу ұйымдастырылды. Біз Көк байрағымызды жоғары көтеріп, Елтаңбамыз бен Əнұранымызды қастерлей берейік. Көк тудағы күн тəуелсіздік пен ерліктің белгісі десек, оның астындағы дала қыранының қанаты талмай, мəңгіге шарықтай берсін! Қостанай облысы, Амангелді ауданы.

Сол бір сəулелі сəт Елімен етене Елбасы. Осы сөзді үлкен де айтады, кіші де айтады. Тума халқымыздың ғана емес, бүкіл қазақстандықтардың бағына туған ұлы тұлға туралы ірілі-ұсақты мақалалардың, естеліктердің басым көпшілігінің түпкі ойы осы əділ баға мен дəлме-дəл сипаттамаға саяды. Адам баласына деген ақжарма пейіл Нұрағаңа сонау балдəурен шақта, Үшқоңырдың баурайында жүргенде-ақ дарыса керек. Сөзін де, əнін де өзі жазған «Үшқоңыр» əнін тыңдаған көкірегі ояу, санасында саңылауы бар əрбір жан бұл пайымдауымды даусыз қуаттайтынына кəміл сеніп отырмын. Туған жерге, атамекенге деген перзенттік махаббаттың əуеніне жүрегің тербеледі... Осы əнді естігенде тебіренбейтін, еміренбейтін ер жоқ шығар, сірə?! Ата-анасының тəлім-тəрбиесі, өскен ортасының игі ықпалы оны бала жастан үлкенге ізетпен, кішіге ілтипатпен қарауға баулығаны анық. Кейін атжалын тартып мініп, азамат болып қалыптасқан, отызында орда бұзып, қырқында қамал алып, билікке араласқан, ел тізгінін өз қолына ұстаған кездерде де «Ұлық болсаң, кішік бол» деген атам қазақтың аманат сөзі жадынан бір сəт те шықпаса керек. Сол бабалар өсиетін сертке таққан семсердей ұстанғанына өзім де куə болдым. 1975 жылдың мамыр айы болатын. Қарағанды облыстық радиосының «Жас түлек» бағдарламасының редакторы болып жүрген кезім. Іргедегі Теміртауға жол түсті. Иығымда репортерім бар, телерадиокомитеттің брезент жабулы «ГАЗ-53» автокөлігіне мініп алып, тартып кеттік. Қайран жиырма бесті өткеріп жатқан шағым. Күй талғамаймын. Жолсапар десе елеңдеп тұрамын. Бір ғана түйткіл бар – барған жерімде қазақша сөйлейтін адам таба алмай қиналамын-ау деген үрей. Қос бүйірі шығыңқы «Қарағанды облыстық теледидары мен радиосы» деген алау түсті куəлігімді көрсеткен соң, Қарағанды металлургия комбинатының аумағына өттік. Салынып жатқан №2 аглофабриканың құрылыс алаңына да жеттік. Үйреншікті жұмыс қой, құрылыс жетекшілерін тауып алып, жұмыстың барысы мен жай-жапсарын сұрастырып, енді қазақша сөйлейтін бір-екі адамды репортеріме жазып алуға ойыстым. Ныспыға жоқ. Қалыпты ырғағымен жүріп жатқан құрылыстың дүбірлі дыбысын жазып алумен шектелдім. Біздің қызметтің де өз талабы бар. Қазақша дауысы жоқ хабар үшін берісі аға редактордан, əрісі телерадиокомитет төрағасынан сөз естиміз. Қазақ тілінің мүшкіл халге ұшырап, өндіріс орындарында, мекемелерде қазақша дұрыстап сөз сөйлейтін адам таба алмай, абдырап жүрген кезіміз. Тіпті, одан сорақысы, таптым-ау деп жармасқан қандасымыздың жазып берген мəтінімізді оқи алмай, ақ тер, көк тер болып кекештеніп, тұтығып қиналғанын көрсеңіз?!

«ШЫРЌА, ДАУСЫМ!» таланттар ќанатын ќатайта тїсті

«Қой, қалайда бір қазақша дауыс табу керек!» деп комбинат басшылығына беттедім. Əдетте, біз партия, кəсіподақ, комсомол ұйымдарын жағалаймыз. Алып комбинаттың ғимараты да заңғар. Дəліздері атшаптырым, қабылдау бөлмелері де соншама кең. Біріне кірсем, сол жақтағы үлкен сарыала есіктің өкпе тұсындағы «Партком хатшысы Назарбаев Нұрсұлтан Əбішұлы» деген жазу көзіме оттай басылды. Ол кезде республика басшылығының басым көпшілігі, обком хатшысы да, қала басшысы да, комбинаттың бас директоры да басқа ұлт өкілдері. Осы бір сəулелі сəтті іштей жақсылыққа жорыдым. «Осындай қазақ азаматтарын өсірсе ғой, шіркін!», деп толқыдым. Есік қағып ішке ендім. Есік пен төрдей үлкен кабинет. Бас изеп сəлем беріп, орта тұсына жақындағанымда, алдымда ұзыннан ұзақ сарыала үстел тұрғанын аңғардым. Партком хатшысы оң жақтағы төрден бері озды. Иə, осы сəт мəңгі есімде қалды. Үлкен басымен үстелді айналып бері шықты. Ортадан жоғары бойы бар дембелшең, бидай өңді жігіт. Қазір ойлап отырсам, сол кезде Нұрекең отыз бес жаста ғана екен ғой. Қол беріп сəлемдесіп, маған орындық нұсқап, өзі қарсыма отырды. Өзімді таныстырып, келген шаруамды айтып жатырмын. Сөзімді тыңдап болған соң, асықпай, саспай, сабырмен кеңесін берді. «Қазақша сөйлейтін адамдар керек болса, коксохимияға бар. Шымкенттің жігіттері. Оларға мəтін керек емес. Микрофоныңды тоссаң болды, қатырып сөйлеп береді», деді. Қасыма комсомол хатшысын қосып берді. Ашық-жарқын орыс қызы екен, талай бұрылыс-қалтарыстан өтіп, коксохимия цехына да жеттік. Айтса айтқандай, кілең сайдың тасындай іріктелген ұзын бойлы, денелі, білекті жігіттер. Əңгіме-дүкеннің көрігін қыздырысып жібердік. Өздері сондай елгезек. Қызды-қызды əңгіменің қызығымен кокс пешінің үстіне қалай шығып кеткенімді де білмей қалдым. Табанымды шым-шым ыстық қарып, өн бойымды балқытып барады. Пештің бірінің қақпағын ашып көрсетіп еді, ар жағында қып-қызыл шоқ. Мен Қарағандыға соншама əсерленіп қайттым. Бара салып «Жалынды жүректер» деген репортаж жаздым. Хабар ретінде облыстық, республикалық радиодан берілді. Мақала ретінде облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің қызыл тақтасына ілінді. «Төртінші биіктік» деген атаумен лирикалыромантикалық нұсқасы «Лениншіл жас» газетінде жарияланды. Кейін мен осы кездесу жəне Қарағанды

метталургия комбинатының №4 домна пешінің қатарға қосылуы туралы «Төртінші биіктік» деген хроникалы хамса жаздым. Ол алдыңғы жылдары «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланып, былтыр жарық көрген «Дүрия дүние» жыр кітабымның беттерінен орын алды. Осыдан он алты жыл бұрын, 1997 жылы ұлымыз екеуміз Елбасының «Елім менің» атты жүрекжарды жырын тұңғыш рет орыс тіліне аудару бақытына ие болдық. Тəржіме «Экспресс К» газетінің 1997 жылғы 18 қыркүйектегі 150-151 нөмірінде жарияланды. Аталмыш басылымның меншікті тілшісі Станислав Песнев «Я лиру посвятил народу своему…» (Поэтический дебют Нурсултана Назарбаева) деген кіріспе мақаласында: «… Сегодня «Экспресс К» впервые в республике познакомит читателей с переводом текста песни на русский язык, который по нашей просьбе сделала поэтическая династия из Караганды – Сабит и Акниет Бексеитовы. Передать всю глубину и афористичность языка оригинала – это трудная работа. Но делали ее отец и сын для вас от души, тоже поражаясь многосторонности и творческой одаренности автора», деп жазды. Мен саналы өмірімнің қақ жартысын бұқаралық ақпарат құралдарына арнаған, қайда жүрсем де қолымнан қаламым түспеген қаламгер ретінде де, енді бір қақ жартысын мемлекеттік қызметке арнаған, ұлықты басшыға құлықты қосшы керек екенін білетін мемлекеттік қызметші ретінде де азды-көпті тəжірибе жинақтаған, өз пікірімді бір адамдай айта алатын азаматпын деп шамалаймын. Əр дəргейдегі адамдармен көп араластым, талай əкім-қараның алдынан өттік. Сонда бір байқағаным: солардың біразының «Əкім бол, халқыңа жақын бол» деген өміршең қағиданы ұмытып кететіндігі; кеуделеріне нан пісіп, көздерін шел басып, күні кеше амандасып жүрген адамын көпе-көрнеу танымай, төремін деп кекірейіп, қызметшілерін менсінбей, қабылдаудан ат-тонын ала қашып, мəселені шеше алмайтын дəрменсіздігін бюрократтық бетпақ бет-пішінімен жасырамын деп жаңсақ ойлайтындығы. Иə, ондай жортақай жармақтарды мен аямай-ақ қояйын, оларды Құдай аясын. Бірақ солардың арасынан əлі де болса өзіне сын көзімен қарап, түзелемін деген ойы бар есті азаматтар шығып жатса, мен өзімнің көзім көрген, өмір бойы өзіме өнеге тұтқан, үлкенге ізетті, кішіге ілтипатты, елімен етене, халқына қадірлі Нұрсұлтан ағамыздың нұрлы жолын нұсқар едім. Өйткені, ол – адамгершіліктің, азаматтықтың, ізгіліктің нұрлы жолы. Сəбит БЕКСЕЙІТ, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. ҚАРАҒАНДЫ.

● Өнер

Тәуелсіздік – Тәңір сыйы…

Көсемəлі СƏТТІБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Тараз қаласында Кенен Əзірбаев атындағы «Шырқа, даусым!» деп аталатын VІІ республикалық конкурс болып өтті. Оған конкурс иелері – жамбылдық таланттарды айтпағанда, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарымен бірге Астана жəне Алматы қалаларынан келген 18-35 жас аралығындағы 28 əнші қатысты. Күміс көмей əншілердің өнері сынға түскен конкурс қорытындысы бойынша бас жүлдеге тігілген 500 мың теңгені алматылық талантты əнші Арай Асқап жеңіп алды. Ата-бабасының кіндік қаны тамған қазақ жеріне Қытай елінен сағынышпен келген ару қыздың бұл жеңісін əн бəсекесіндегі алғашқы табысы деп бағалауға болады. Бірінші орынға берілетін 200 мың теңгені тараздық əнші Ерлан Ибаділдаев пен Талдықорған қаласынан келген жез таңдай Рауан Əбілбаев иеленді. Екінші орынның еншісіндегі 150 мың теңгені Жамбыл облысының дарынды ұлы Камал Нарбатыров пен Алматы облысының өзіндік өрнегі бар өнерпазы Оразəлі Жаңабаев алды. Үшінші орынға тиесілі 100 мың теңге астаналық əнші Нəзира Бейсенова мен Оңтүстік Қазақстан облысының түлегі Ерғали Ағайдаровқа бұйырды. ТАРАЗ.

Қазағым, қуанамын мен ел үшін! Əлемнің маңдайалды Беделісің. Аққу – күй, Алатау – əн, дария-жыр, Келісті кең пішілген кемел ісің. Көз ашты гүл-жазира бақ көңілде, Кең далам бақ жұлдызын тақты өңірге. Арманы ата-баба орындалып, Шалқып тұр Астананың қақ төрінде. Талайдан келген еді жан алқымда, Жүрдік біз Мəскеу-бидің дəл артында. Еліміз еңсе тіктеп, болды бүгін Қаймықпай келешекке қарар Тұлға! Ақбұлақ жарып шықты ақ тақырдан, Халықпыз жылы биік тақта тұрған. Тарылып Кремльдің тас құшағы, «Құдай..!» деп құтылдық-ау қақпақылдан.

Өткен күн өкініші ол батпандай, Тынбадық ел намысын қорғап қалмай. Туды ғой Тəуелсіздік тар құрсақтан, Толықсып тоқсан əйел толғатқандай. Ие боп жасампаздық жарасымға, Айналды Елбасымыз дара шыңға. Қалықтап ұя салды бейбіт құсы, Астана ақ ордалы қаласында. Сарылып күткеніміз ақ таң екен, Тəуелсіз қазағымды мақтан етем. Елтаңба, Көк туымды биік ұстап, Əнұранды бас иіп жаттап өтем. Сүйемін аспанын да, Күнін де мен, Шаттығы бал жүзінен түрілмеген. Қазақпыз – Тəуелсіздік таңы атқан. Жастарымыз көңілді күлімдеген. Болған ғой қазаққа осы далам нəсіп, Еліме емірене болам ғашық. Тəуелсіз, тағылымды ұлы Отаным Барады келешекке қадам басып… Аллаберген ҚОНАРБАЕВ, «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы. Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы.


Егемендік тілегі – елдіѕ ќайта тїлеуі «Бағыты жоқ ел – ескегі жоқ қайық іспеттес. Ескегі жоқ қайық – ірі толқынның құрбаны». Шығыс нақылы.

Бақытбек СМАҒҰЛ,

Ауған соғысы ардагерлері ұйымдары «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығының төрағасы, Парламент Мəжілісінің депутаты.

Əлем тарихы халықаралық қатынастарда білім мен технологияны, даму мен жетістіктерді үлгі нысанына айналдырған мемлекеттердің тарапынан жасалатынын көрсетіп келеді. Қазақстан да бұл жолда өзінің несібелі орнын иеленуі – халқымыз үшін, ел басшылығындағы азаматтар үшін, ертеңгі күннің иелері, ел құндылықтарының мұрагерлері – жастардың жауапкершілігі үшін игі мақсат қана емес, қолжетімді стратегиялық міндет болып отыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев əр жыл еліміздің дамуындағы маңызды салалар бойынша мемлекеттік саясаттың құрамдас бөлігі болатын, оған қоса заман талабына сай құндылықтар мен жастарға бағыт берерлік қағидалардың қалыптасуының бастауында тұруы ел басшылығындағы азаматтарға ерекше жауапкершілік, ұрпаққа қастерлі міндет жүктейді. Дегенмен, кішкентай баланың өсуі мен оның мінез-құлқының қалыптасуы жолында қарама-қайшылықтардың да болатыны секілді, мемлекеттің де дамуы қарамақайшылықсыз болмайтындығы мəлім. Заң шығарушы органның Əлеуметтік-мəдени даму комитетіндегі жұмыстарға мəн бере отырып, қабылданатын заңдардың пайдалы əрі жемісті болуы азаматтардың құқықтары жағынан сауатты, бастаманың жоғарыдан төменге емес, керісінше, төменнен жоғары қарай көтерілуімен бағаланады. Бүгінгі күні тарихымызды бүтіндеп, елдің мұраты болар ортақ мемлекеттік идеологияны қалыптастыру – білім алып жатқан баладан еңкейген қарияға дейін атсалысатын ортақ мақсат болғаны дұрыс. Еліміздің экономикалық, энергетикалық, əлеуметтік, мəдени-рухани, білім жəне ғылым, денсаулық сақтау мен қоршаған ортаны қорғау ісі – өзінің құқықтық базасын қалыптастырғанымен, оның орындалуы қоғам тарапынан сын көтермейді. Оның басты себебі тек заңдардың күшті не əлсіз болуында ғана емес, сол заңдардың қоғамдағы азаматтар тарапынан тиісті деңгейде қолданылмауы болып отыр. Дамыған елдердің тəжірибесі халықтардың өз елінің тарихын таразылай отырып, бүгінгі күнге лайықты еңбек етіп, ертеңгі күнге лайықты мұра қалдыру мақсатында топтасатынын көрсетеді. Қазақстан да өзінің даму бастауын ХХ ғасырдың құндылықтары мен талаптарына сай құрды. Бірақ ХХІ ғасырдың алдыңғы он жылдығы əлемдегі өзгерістерден еліміздің тыс қала алмайтындығын

7

www.egemen.kz www.egemen.kz

15 желтоқсан 2013 жыл

айғақтап берді. Технология мен ғылым дамығанмен, соған тең дəрежеде ұлттық құндылықтар мен ұлттық мəдениетке, еліміздің ішкі саясатының тіректері: дініміз, тіліміз, руханиятымыз бен ғылыми мұрамызға деген сұраныстың да артатындығын көптеген елдерден көреміз. Оған анық мысал ретінде Израиль мен Жапонияны атап өтуге болады. Əлемдегі қуатты əскер мен ақпараттық технологиялар саласындағы үлкен ғылыми жаңалықтар Израильде жүзеге асырылып келеді. Онысымен қатар, ғылымның дамуы жастардың бойында өз күшіне деген сенімділігін қалыптастырып, экономиканың дамуына серпіліс берді. Олар көне иврит тілін тек мемлекеттік тіл дəрежесінде ғана емес, ұлттық құндылықтың қайнар көзі ретінде білдірте алды. Қазақ халқы да еуразиялық кеңістікте қаншама ғасырлар бойында, ұлы империялардың тоғысында пісіп, өзінің бастауын ғұндардан алатын болса, үлкен жер мен бай мұраны тиімді əрі ұрпақтың игілігіне пайдалану, оны тиісінше келер ұрпаққа жеткізу қажеттігі бүгінгі күні бізге ерекше жауапкершілік жүктейтінін атап өткен жөн. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Жапония мен Германиядағы сана серпілісі, тарих алдындағы қара жағылған мемлекет имидждерін қайтадан қалпына келтіру неміс жəне жапон халықтарының ерік-жігерлерін жаншып, өз күштері мен интеллектуалды əлеуетін, білімі мен ғылымға деген икемділігін еңбекке салуға бағыттады. Осыған орай, біздің қоғам үшін де Елбасы Н.Назарбаевтың Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құру баста масының мəнін жете түсіну, оның берекелі тұстарын өскелең ұрпаққа сендіре білу біз үшін аса үлкен міндет болып табылады. Белгілі себептерге байланысты, оның ішінде аймақтық қауіпсіздік, халықаралық мүдделер тоғысы, халықаралық ірі ойыншылардың мүдделер балансы ішінде өз орнын табу – біздің ел үшін өте үлкен сындарлы жол екендігін қазір барлығымыздың түсінетін кезіміз жетті. Жеті басымдық «Қазақстан-2050» Стратегиясындағы мемлекеттің жаңа саяси бағыты деп аталған жаңа Жол дау дың өзектілігінен кем емес. Ең əуелгі басымдық ұлттық қауіпсіздік мəселесі болып белгіленді. Мемлекетіміздің шекарасы бекіді, Отанымыз əлемдік деңгейде танылды. Сөйтіп, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымы, Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік банк секілді мемлекетаралық ұйымдардың мүшелігіне қабылданды. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы, Ташкентте орналасқан

Анти тер рорлық құрылымның бастауында болып, өзіндік сыртқы саясатын қалыптастыра бастады. Бірақ, сонымен қатар, елімізге қауіптердің жоқ емес екені де айқын көрінді. Еліміздің батыс өңіріндегі діни экстремизмнің кесірінен орын алған кей оқиға лар, мемлекеттік қауіпсіздік меке мелері мен тура жолдан тайған жастардың қауіпті болуы – қоғамымызды толғандырмай қоймады. Осы тұрғыдан алғанда, жастардың иманды тəрбиеленуі қоғамымыздың, зиялы қоғамның, келер ұрпақтың қамы үшін баршамызға ортақ мақсат болуы тиіс. Осы ретте ағартушылық мақсатты көздеген аймақтардағы конференциялардың, семинарлардың өткізілуі тек тағылымдық сипатта ғана емес, тəжірибелік тұрғыдан əр адамға танымды болуы шарт. Себебі, аумағы үлкен, бірақ халқы енді өсіп келе жатқан біздің ел үшін əр азамат бағалы игілік деп атасақ артық айтқандық емес. Ауғанның от-жалынын көр ген мен үшін бейбіт күндегі əр жетіс тік өте үлкен жеңіс болып көрінеді. Соғыста қарсыласушы топ тың сағын сындыру біздің жеңіске деген мүмкіндіктерімізді арттырса, бейбіт күндегі ортақ мақсаттардың орындалуы елдер арасындағы бəсекелестікте Отаны мыз орнының бекемделуіне қосар үлес болатынын түсінемін. Осы ой тұрғысынан қарасам, бүгінгі бейбіт күннің қадірін білу біз үшін парыз ғана емес, қолдағы алтын құсты ұшырып алмаумен тең. Екінші басымдық ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы десек те, осы жайт бүгінгі күні еліміздің серпінді дамуының негізгі тірегі болды. Халқымыздың дарқандығы Қазақстанда көптеген ұлыстардың ортақ Отанына айналдырды. Елімізде барлық ұлттарға мүмкіндіктердің теңдей берілуі əр ұлттың өзінің мəдениетін, тілі мен дінін ұстануына жағдай туғызса, бұл өз кезегінде Қазақстанда бейбітшіліктің салтанат құруының көрінісі болып отыр. Қазақстан халқы Ассамблеясы да бүгінгі күні мемлекеттік бірегей институт ретінде танылып, бейбітшілік пен бірліктің қорғаушы орталық буыны ретінде нығайды. «Бір ел – бір тағдыр» ұстанымымен қалыптасқан бейбітшілік пен бірлік моделі бүгін өзінің өзектілігімен ерек шеленеді. Сонымен қа тар, қазақ халқының мемлекет құраушы ұлт ретінде ғана емес, заман талабына сай тілдік, өркениеттік, ділдік, ғылыми жəне мəдени тұр ғыдан дамыған ұлт ретінде де қайта серпіле бастауы қазақ ұлтының жанына топтасқан өзге ұлттар мен ұлыстардың да арқасы екендігін зиялы қауым, басқарушы топ көп айта бастады. Дегенмен, батыстан шығысқа, оңтүстіктен солтүстікке дейінгі аралықтардағы өзіндік да му ерекшеліктері бар бай мұраларымызды, үлкен тарихи жəдігерлерімізді ұрпаққа жеткізу қоғамдағы барлық топтың елімізге деген отансүйгіштік қасиеті мен пат риот тық сезіміне тікелей

байланысты болады. Сондай-ақ, кəсіпкерлік пен экономикаға сай озық технологияларды заманаға лайықты пайдалана білу қабілетімен де бағаланатыны анық. Үшінші басымдық ретін де экономикалық өсу белгіленгендіктен, бүгінде ол өзінің тиімді нəтижелерін беріп жатыр. Экономиканың ашық болуы, елімізге халықаралық компаниялар мен инвесторлардың қызығушылық танытуы, табиғи байлықтың пайдаланылуы – шикізат емес, адамның ми жемістерінен туындаған жаңа экономика ғасырының жақындап келе жатқанын көрсетуде. Бүгіндері əлеуметтік жағдайдың жақсаруы, болашақта қарыз алушы емес, қарыз беруші ұрпақ тəрбиелеу – заман талабына, қоғамның сұранысына сай өнімдерді шығаратын озық ойлы, білімді адамдардың қолында қалыптасатындығын дамыған елдердің тəжірибесі анық көрсетіп отыр. Бірақ, осы орайда, қаражат пен қаржыны бақылаушы азаматтардың бойындағы кəсіптік жауапкершіліктен тыс, қоғам алдында ерекше сана-сезімінің болу қажеттілігін айрықша атап өткім келеді. Төртінші басымдық – Қазақстандағы азаматтардың денсаулығы, білімі мен əл-ауқатының артуы. Бүгінгі күні адами ресурстардың сапалық көр сеткіштерінің жоғары, əр азаматтың дені сау, санасы еркін, əл-ауқатты болуы – мемлекет қалыптасуының сəтті жүзеге асырылғандығының көрінісі ғана емес, ертеңгі күнгі жарқын дамуға деген ұмтылыстың негізгі түпқазығы. Америкалық болашақты болжайтын футурист ғалымдардың бірі Элвин Тоффлердің: «Болашақтағы білімді адам – бір білімнің иесі ғана емес. Ол қайта оқу, қайта түрлену арқылы ғана жетекшілікке ие болады», деген пікірімен келіспеске болмайды. Аталмыш пікір Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қайта түрленіп отыру – заман талабы», деген ұстанымымен үйлеседі. Яғни, сананы жаңалықтарға ашық ұстау, жаңа мамандықтарды иеленуге деген ынтызарлық белгілібір дəрежеде көшбасшылықтың кепілі болмақ. Осы жылы өзінің 20 жылдығын атап өткен «Болашақ» халықаралық бағдарламасы түлектерінің бұл тарапта атқарар рөлінің зор екендігін ерекше атап өтемін. Батыс елдерінің, Оңтүс тік-Шығыс Азия елдерінің, көрші Қытай мен Ресейдің университеттерінде медицина, жаратылыстану, технология мен ғарышты игеру секілді мамандықтарды меңгеру адами ресурстарға салынған қайтарымды инвестиция екендігі түсінікті. Осы тұста, заманауи білімді сан ғасырлық рухани құндылықтармен сабақтастыра білген жастарды одан əрі өсіру – еліміз үшін жасалған ірі қам қорлық. Ден сау лық сақ тау ісінде ана мен баланың денсаулығы, ер азаматтар мен жастардың саламатты өмір салтын ұстануға деген ықыластары – саламатты Қазақстанның іске асырылуы. Еліміздің болашағына қатысты ойлардың бүгінгі күні кішкентай баладан еңкейген қарияға дейін өзектілігі зор болмақ. Адам алдындағы, қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіну арқылы ғана біз елдің болашағының жарқын болуына өз үлесімізді қоса аламыз.

● Жасампаз жоба

– а п о р у Е с ы т а й Б а т ы Ќ с ы т а Б

Ұзындығы – 2787 шақырым. Қайта жаңғыртылған жол – 2 452 шақырым. Жоба құны – 825 млрд. теңге. 2012 жылы 700 шақырымдық жол пайдалануға берілсе, 2013 жылға 806 шақырым жолды ашу жоспарланған.

Елбасы еѕбегініѕ арќасында еѕсе тіктеген елге айналдыќ Дүние есігін жаңа ашқан сəби ана сүтінен қуат, ана тілінен нəр алып өседі. Осының арқасы болса керек, қазақ қанынан, ата тамырынан ел дегенде егіліп, жер дегенде жанын қиюға əзір болады. Біз үшін Отан деген сөздің қадірі оттан ыстық болатыны осыдан болса керек. Отаның тыныш, бейбіт ел болып, берекесі тасып, əлемге үлгі болу үшін жаныңды сарп қылып қызмет етуге не жетсін! Экономикасы күшті, халқы бірлік пен берекені ту еткен тəуелсіз елдің ғана болашағы баянды болмақ. Досжан ƏМІРОВ,

Маңғыстау облыстық сотының төрағасы.

«Бақ тағатты ерге ғана тұрмақ» дегендей, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған тыныш заман, соны тілеп, бірлік үшін ерінбей еңбек еткен, ырыс-ынтымақты қадірлеген елге ғана келмек, сонда ғана тұрақтап қалмақ. Ел үшін де, ер үшін де тəуелсіздіктен асқан бақыт жоқ. Сан ғасырдың сынына көніп, тезінен өткен еліміз 1991 жылдың 16 желтоқсанында Тəуелсіздікке қол жеткізді. Азаттықты аңсаған арлы халқымыздың болашағына даңғыл жол ашылды. Содан бері бас-аяғы жиырма жылдан астам уақыт бойы еліміз адам танымастай өзгерді. Дүниежүзі таныған, мəнді де сəнді тəуелсіз елге айналды. Біз бұл күнде экономикада, əлемдік саясатта, спортта, мəдени іс-шараларда əлем мойындаған тамаша жетістіктерге жеттік, талай шыңдарға ту тіктік. Жетістікке жетіп қана қойған жоқпыз, елдің көшін бастаған Елбасының арқасында біз əлем елдерінің алдында тұрақтылық пен тыныштықтың символы на айналдық. Тəуелсіздік алған алғашқы кезеңдегі қиыншылықтар артта қалды. Ал бүгінгі жаңа Қазақстанның өз ұстанымы бар. Əлемнің айбарлы елдерімен тізе қосып, терезені тең ету – Ердің бағына біткен қасиетті міндет. Ендігі жерде дүниежүзіне экономикалық дамуымен, əлеуметтік бағытымен, саяси ұстанымдарымен танымал болған алдыңғы қатарлы 30 елмен үзеңгілеспекпіз. Шежірелі еліміздің даңқын асқақтатпақпыз. Жолбарыстан жасқанбайтын, Алатаудың айбарлы барысын жаһан танысын! Көк байрағы желбіреген Қазақ елінің абыройы асқақтай берсін! Тарихты халық жасайды десек, халықтың бағына туған ерлер тарихты жасаған! Жаратқанның қолдауы болар, еліміздің ерлері тəуелсіздіктің əуел басынан-ақ дұрыс бағыт ұстанды. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара білді. Тарих елдің бағына орай, тарихқа тағылым боларлық Ерді əкелді. Талай ғасыр тəуелсіздікке жете алмай, ақымыз кеткен күндер артта қалды. Ел тізгінін күш-қуаты мол, ақыл мен парасаты тереңнен нəр алған, жаңаны жадына жиған, болашақты болжай білетін, көреген басшы алды. Ол алдыңғы буын батасын берген, орта буынның алғысына ие болған, жас буынның шамшырағына айналған, барша халықтан қолдау тапқан, атқарған істері мақсат-мұраттарымызбен астасқан ұлт перзенті – Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев.

Тəуелсіз Қазақ елінің тұғырын қалау Нұрсұлтан Назарбаевқа жүктелді. Қазақстан халқы 1991 жылдың 1 желтоқсанында Нұрсұлтан Назарбаевты Тұңғыш Президент етіп сайлап, сенім артты, ел тағдырын аманаттады. Бұл тарихи сəт еш ұмытылмай, елмен бірге жасары анық. Тарихқа сəл шегініс жасасақ, тəуел сіздіктің алғашқы жылдары кеңестік империяның құрсауы нан енді босаған еліміздің басында қиын мезгіл орнаған еді. Алмағайып заман деп соны айтса керек. «Екі қолға бір күрек» дейтіндей жұмыс та жоқ, тұрмыс та өте нашар. Дүкен біткендерде «дария» кезек. Сабан ақшаны сапырып ұстасаң да, саудасы жоқ, құны жоқ сол бір уақытты ешкім ұмыта қоймаған болар. «Күніне тоқсан түрлі бəле жауса, үмітің бір Құдайдан үзілмесін», деген нақылды берік тұтқан еліміз сонда да үміт үзбеді. Ең бастысы: ең үлкен олжамыз бар еді ол кезде. Ол бəріміздің жүрегімізді жібітіп, қайғымызды тарқатып, қуанышымызды еселеген айналайын Тəуелсіздік! Өз басшымыз, өз еліміз бар деген сөз əр қазақтың қуанышын қойнына сыйғызбады десем, қателеспеспін. Елбасы сонда: «Күшіміз – жауапкершілікте. Бірлігіміз – əралуандықта. Еркіндігіміз – келісімде. Абыройымыз – игілікте. Қа у іп сіздігіміз – ашықтықта. Тəуел сіз дігіміз – серіктестікте. Болашағымыз – бүгінде», деген жеті тірекке сүйенді. Сол тарихи сəтте Мемлекет басшысы халқымыздың дүниетанымының түпкі мəнін тап басып, оның ең асыл қасиеттеріне жүгінді. Елбасы еңбегі туралы қоғам қайраткері, академик Мырзатай Жолдасбеков келесідей ой топшылаған екен. Ол: «Біз осы бір ұлы тарихи үдерісте бұрын-соңды қазақ басынан кешпеген бақытты кешіп, солар атқара алмаған жауапкершілікті – Тəуелсіз мемлекет орнатуды қолға алдық. Осы жауапкершілікті қалың елдің тағдырымен жалғаған, сөйтіп, олардың ылғи үзіле берген үмітін ақтаған халқының нағыз ержүрек перзенті Нұрсұлтан Назарбаев болатын. Жауапкершілігі де, қиындығы да мол осы жолда Президент халқына сенді», деп жазды. Қиын-қыстауда жолдас болған жеті тірек бүгінгі күнге дейін Елбасын ел жолынан адастырған емес. Қазақстанның күннен-күнге қарыштап, өркендеп келе жатуы Елбасы қолға алған ынтымақ пен бірліктің, татулықтың арқасы. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен бұл күнде Қазақстан

халықаралық саяси үнқатысудың бейбіт отанына, алтын көпіріне айналды. Халқымыздың қанындағы көп асыл қасиеттің бірі ақ көңілі мен дос құшағын айқара аша білуі. Соның арқасында қаншама ұлт өкілдері тату-тəтті тұрып жатыр. Елбасы сөзімен айтсақ, əр республиканың ұлттар дос тығының ұясына айналуы – ықпалдасқан ынтымақ пен түсінушіліктің жемісі, бейбіт өміріміз бен мемлекетіміздің басты тірегі. Нұрсұлтан Əбішұлының даламыздың дана билеріндей елдерді татуластыра білуі, қиыннан қиыстырып, қиюы кетті деген ескі дауды екі ауыз сөзбен шешуі, не болмаса асықпай келісім жүргізіп береке келтіруі сияқ ты қадірқасиеттерінен тəлім алуымыз қажет. Дүниежүзілік қырғын апаттың ықтимал құралы – ядролық қаруға тыйым салу, Семей полигонын жабу жəне осы бағыттағы басқа да іс-қимылдар дүниежүзілік ядролық қаруларға тосқауыл қою жөніндегі келісімдердің тірегіне айналды. Пəкстан мен Үндістан бір-біріне ядролық қару кезенген қауіпті тұста бұл мəселе Нұрсұлтан Назарбаевтың келелі кеңеске шақыруымен келісім тапқаны Елбасымыздың өзіміздің елде ғана емес, сырт елдерде де абыройы мен беделінің қаншалықты жоғары екенін білдіреді. Нұрсұлтан Əбішұлын бүкіл түркі елінің жарық жұлдызы деп санаған Түркия өз елінде ескерткіш орнатты. Индонезия, Чешенстан елдерінде біздің Елбасының атына көшелер берілген. Ал Қазақстан басшысының ерекше қасиеттерін жыр етіп жүрген дүниежүзінің айтулы тұлғаларының жылы ілтипат сөздерін бұқаралық ақпарат құралдарынан естіп, біліп жүрміз. Елді біріктірген, дұшпанды бітістірген, ел ішіндегі дау-дамайды бірауыз аталы сөзбен ауыздықтап, адамгершілік, парасаттылықтың үлгісі болған, жетімін жылатпай, жесірін жерге қаратпай елге пана болған данагөй би-сұлтандардың өнегелі дəстүрін жете білетін Президентіміздің орамды ойлары мен кесімді тұжырымдары қазақ ұлтының төңірегіне жүзден аса ұлттар мен ұлыстарды топтастырып, татулық төрін көрсетуге негіз қалап отыр. Елін сүйген Елбасы: «Мен – өз халқымның жолында басымды бəйгеге тіккен адаммын. Маған ары үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғыбергідегі қазақ баласының бірдебірінің пешенесіне бұйырмаған бақытты – Тəуелсіз мемлекет құрудың басында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңе жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар қайрат-қабілетімді, білім-білігімді аямай жұмсаймын, қандай да бір тəуекелге барамын», деген болатын. Бұдан асырып сөз айту аса қиын шығар, сірə! АҚТАУ.


8

www.egemen.kz

15 желтоқсан 2013 жыл

 Тəуелсіздік – тұғырымыз

● Жасампаз жоба

Рухы еркін халық қана ұлы істерді атқара алады. Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

Кең байтақ Отанымыздың тəуелсіздігі – сөзбен айтып жеткізе алмас қасиетті ұғым, ұлттық санамыздың, адами жаратылысымыздың, өміріміздің қайнар бұлағы. Тəуелсіздік – халықтың үні, ұлттың тілі мен ділі. Мəңгілік Елдің бастауы. Осы бір ауыз сөзге адамзат үшін ең қымбат түсініктер топтастырылған. Азаттық, теңдік, бостандық, береке, бірлік, бақыт, тəубешілдік пен ризашылық сынды əдемі де аяулы сезімдер осы сөз арқылы адам жүрегіне ұялайды. Көңіліңді көркейтіп, жаныңды жадыратады. Масаттандырады, бойыңды биіктетіп, еңсеңді тіктейді. Талабың асқақтап, мақсатың нақтылана түседі. Елдің ертеңін ерен еңбекпен көркейтуге деген ерекше құлшыныс пайда болады. Іскерлікпен, ізденімпаздықпен жұмыс жасайсың. Бойыңды Отанға деген орасан сүйіспеншілік сезімі билейді. Оңалбай АЯШЕВ,

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор.

1991 жылғы 16 желтоқсан Қа зақстанның Жоғарғы Кеңесі «Тəуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы» Заң қабылдаған тарихи күн. «…Уақыт – зымыран. Күні кеше өткен оқиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып үлгерді. Бұл – жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапқа толы, сонымен бір мезгілде, ғаламат сəті. Сол сəт əлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дəл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін», деді Нұрсұлтан Əбішұлы. Осы жылдар аралығында Тəуелсіз Қазақ елі қалыптасты: шекарасы бекіді, экономикасы өсіп, əскері жасақталды, нарықтың қиын өткелдері мен дəуір сынақтарынан аман өтті, жаһандағы алпауыт мемлекеттерге танылды, танылып қана қоймай, санасатын, сыйласатын биік дəрежеге жетті. Осының барлығы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегінің нəтижесінде мүмкін болды. Мемлекет басшысының «Қазақ станның тəуелсіздігі тағдырдың қазақтарға тартқан сыйы емес, өзінің ежелгі жерінде қилы кезеңді бастан кешу арқылы қол жеткен өз мемлекеттілігін құруға деген заңды құқығы, бұл даусыз жəне саяси фактіге ешкім күмəн келтірмеуі тиіс», деген сөзіне баршамыз мəн беріп, маңызын терең түсінуге тиіспіз. Жер бетіндегі əрбір ұлт үшін тəуелсіз ел болу – ұлы арман. Дүние жүзінде 6 мыңға жуық ұлттар мен ұлыстар бар болса, солардың ішінде 200-дей ұлт қана тəуелсіз мемлекет болып табылады. Жерінің аумағы жағынан бүкіл əлемде тоғызыншы, ал халқы саны жағынан шамамен жетпісінші орынды иеленетін Қазақстан – əлемдегі үлкен елдің бірі. Жыл сайынғы Президенттің халыққа арнаған жолдаулары мен қабылданған мемлекеттік бағдарламалар, стратегиялық бағыттардың барлығы да қарапайым халықтың тұрмысын жақсартып, тəуелсіздігімізді нығайтуға бағытталып келеді. Мемлекетіміздің тəуелсіздік тари хы мен осы жолда жеткен толағай табыстары жайлы жазылып та жүр, айтылып та келеді. Бұл игілікті іс жалғаса да бермек. Біздің бүгінгі сөз етпегіміз – тəуелсіздігіміздің туын биік, тұғырын берік ету жолында бізге не қажет, ұлттық құндылықтарымызды қалай сақтасақ болады, білім мен тəрбиенің ел тəуелсіздігіне етер қызметі қандай деген тұрғыда болмақ. Қазақ халқы – аталы сөзге тоқтаған, барын бардай, жоғын жоқтай айта білген, ұлын нарға, қызын арға балаған, достықты сақтай, дəм тұзды ақтай білген, басынан сөз асырмаған, үйіне құлып салмаған, пейілі жомарт, сайын даласындай дарқан халық. 140-тан аса ұлттың баласын бауырына басып, бəрінің басын біріктіруші негізгі ұлт – қазақ хал қы өзгеге ешқашан өктемдік көрсетпеген. Қазақ халқы – Қазақстан мемлекетінің иесі. Мұны Елбасының мына сөзі де растамақ жəне жауапкершілік жүк темек: «Мемлекетіміздің діңгегі – қазақ халқы. Ел де, жер де – қазақтікі. Ел болудың ұяты да біздің жұрттың мойнында. Қазақстандағы ұлтаралық жарастықтың негізгі ұйытқысы болу міндетін алдымен осы атамекеннің иесі – қазақ халқы өз мойнына алуы керек». Қазақ – тумысынан еркіндікті сүйетін, кең дала төсінде табиғатпен туыстасып, еркін өмір сүрген батыр, ержүрек, намысшыл халық. Елдің біртұтастығы мен тыныштығын сақтауға бар өмірін сарп еткен хансұлтандары мен батырларын тарихқа өлшеусіз үлес қосқан ірі тұлғалар ретінде ардақтап, олардың өлмес рухын ұлт мақтанышы ретінде күні бүгінге дейін жеткізді. Бұл қасиетті шежіре – бүгінгі буын арқылы келер ұрпақтың бойына жастайынан сіңірілетін баға жетпес игілік. Осы өнегені, елжандылық, отансүйгіштік дəстүрді жастардың бойына дарыту, патриоттық рухта тəрбиелеу

сапасы артады. Ұлттық сана-сезім салт-дəстүрмен, тілмен бірге бойға сіңеді. Бұл жерде отбасындағы тəрбиенің маңызы зор. Ұлттық намыс – ар-ожданнан бастау алатын, отансүйгіштікпен ұштас рухани құндылық сезім. Ұлттық намыс адамның ұлттық құндылықтарының маңызын түйсінуден туындап, халқының мұң-мұқтажын түсініп, туған елін корғауымен сипатталады. Ұлттық намыстың негізгі көрінісі адамның туған еліне сүйіспеншілігінен, төл мəдениетіне деген кұрметінен байқалады. Ұлттық намыс – елдің ұлттық тұтастығы, рухани бірлігіне қызмет жасайтын елдікпен егіз ұғым. Ұлттық намыс – халықтың мəңгілік құндылықтарын сақтаудың кепілі. Тəуелсіздігімізді мəңгілік сақтауда ұлттық намыс туындататын қанағатшылдық,

орта білім беруде үлгі болса, Назарбаев Университеті жоғары білім беруде елімізде көш бастап тұр. Олардағы тəжірибелерді еліміздегі жетекші жоғары оқу орындарына енгізу ісі жүйелі түрде жүргізілуде. Бұл да тəуелсіздіктің жемісі. Саяси-экономикалық тұ рақ тылық реформалардың тереңдігімен, еліміздің əлеуметтікэкономикалық өмірінің жоғары деңгейін қалып тастырумен сипатталады. Саяси-экономикалық тұрақтылыққа жету құқықтық жəне моральдық нормаларды, ұлттық дəстүрді танытатын саяси мəдениет деңгейіне ті келей қатысты. Жəне қоғам тұрақ тылығы мемлекет лидерінің нақты тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты. Н.Назарбаевтың болжам паз саясаты мен тыным сыз

үнемшілдік, кішіпейілділік сынды адами қасиеттер бізге ауадай қажет. Өмірдің өзегі – үнемділік, тірегі – еңбекқорлық. Патриотизм, отаншылдық. Патриоттық тəрбиені ойға алғанда санаға бірінші Отан түсінігі келеді. Отанға құрмет көрсету тұрғысындағы патриоттық сезім жалпы адам баласына тəн түйсікқасиет, оның еліне, туған жеріне, өз тілі мен мəдениетіне, ұлттық құндылықтарына жеке қатынасын, өзіндік бағасын, қуаттап-қолдауын пайымдайтын сезім көрсеткіші болып табылады. Отансүйгіштік қасиетті қалыптастыруға əсер ететін факторлар – ұлттық сезім, ұлттық мақтаныш, ұлттық сана, ұлттық игі дəстүрлер, ұлттық парыз, бір лік жəне міндет. Патриотизм – адамның туабітті био логиялық қасиеті емес, ол əлеуметтік, тарихи қалыптасқан, Отанға деген сүйіспеншілік сезім. Ол Отанға қызмет етуден көрінеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стра-

ізденімпаздығының, жүйелі тəртіп пен іскерлігінің нəтижесінде ұлттық саяси-экономикалық тұрақтылық бүгінгі таңда мемлекеттік идеология деңгейіне көтерілген. Оңтүстігінде Өзбекстанмен жəне Қырғызстанмен, батысы мен солтүстігінде Ресеймен, шығы сында Қытаймен шекаралас жат қан алып мемлекеттің саяси ахуалын, экономикалық өсімін тұрақтандыруда Елбасының тұлғалық қасиетінің өлшеусіз биік тігінің алар орны ерекше екенін қадап айтқымыз келеді. Ел – Елбасына тірек. Елбасы – еліне қалқан. Бұл – ақиқат. Ұлттың өсімі дегенге келсек, еліміз халқының, оның ішінде қазақтардың аумақтық, яғни аймақтарға, ауыл мен қалаларға орналасуында көптен келе жатқан, дəстүрге айналған ерекшеліктер бар. Статистикалық мəліметтерге жүгінсек, Қазақстан халқының жартысына жуығы – 45-46%-ы Оңтүстік аймақта (Алматы қаласы, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақ-

а р е п О стана

А

Серпін

– бүгінгі таңда əрбір қазақстандық үшін қасиетті борыш. Бұл қасиеттер Тəуелсіздікті санамен, ақылмен сақтап, тұрақтан-дырып, күшейтуге өлшеусіз үлес қоспақ. Тəуелсіздік идеологиясы – ұлтыңды, Отаныңды сүю, туған ті ліңді құрметтеу, бейбітшілікті, ел іргесінің бүтіндігі мен қауіпсіздігін сақтау. Ел тəуелсіздігінің қауіпсіздік тетіктері ретінде бейбітшіліктің, шекара тыныштығының, ұлттық құндылықтардың сақталуын, ұлттық сананың тазалығын, ұлттық намыстың жо ғары болуын, патриотизм, отаншылдық тəрбиені, үдемелі ин дустриялық дамуды ұлттық идеология деңгейіне көтеріп, бəсекеге қабілеттілікті арттыру мəселесін, саяси-экономикалық тұрақтылықты, ұлттың өсімін көтеру сынды ілкімді істерді атауға болады. Мұнда айтылған қайсыбір мəселе болмасын барлық уақытта өзекті. Бейбітшілік. Халық тыныш, бақытты əрі бақуатты ғұмыр сүруі үшін бейбіт өмір сүруі ке рек.

«Астана Опера» мемлекеттік опера жəне балет театры заманауи шығармалармен қатар, ең күрделі классикалық қойылымдарды сахналауға дейін мүмкіндік беретін бірегей өнер ордасы. Мəдениет ошағының құрылысын жүргізген мердігер – «B&A Contractors S.A.» компаниясы. Бас сəулетшісі – осы салада белгілі тұлға Ренато Аркетти. Жобалаушы – «IT Engineering S.A». Жер учаскесінің жалпы аумағы – 8,51 га болса, ал ғимараттың нақты көлемі – 64 163 ш.м. Көріктендірілген аумағы – 58 717 ш. м. Сыйымдылығы – 1500 орын деп есептелсе, бүгінгі заманның талабына сай тағы бір артық жері – сыртында 325 орындық жерүсті жəне 92 орындық жерасты автотұрағы бар.

Мемлекеттік тілді меѕгергендер марапатталды Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен облыс əкімі Архимед Мұхамбетовтің мемлекеттік тілді жетік меңгеріп, қоғамдық өмір мен шығармашылықта белсенді пайдаланатын өзге ұлт жастарымен кездесуі өткізілді. Өңір басшысымен кездесуге əртүрлі салада қызмет ететін мемлекеттік тілді жетік меңгерген тəуелсіздік құрдастары-жастар, облыстық басқармалардың басшылары, облыстағы жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Кездесуде облыс басшысы мемлекеттік тілді меңгерудің өмірлік қажеттіліктен туып отырғанын, қазақ тілін оқып-үйрену əркімнің өз еркінде екенін, алайда, мемлекеттік тілді игеруге ниеттілерге жағдай туғызып, қолдау көрсету жергілікті биліктің міндеті болып табылатынын жеткізді. Тəуелсіздік құрдастарына өзге ұлт өкілдері бола тұра мемлекеттік тілді игеруге деген құштарлықтары, қазақ тіліне деген құрметі үшін ризашылығын білдірді. Облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлайым Төлебаева осы бағытта атқарылған

жұмыстарға тоқталды. Оның мəлімдеуінше, қазір облыста мемлекеттік тілді меңгергендердің үлесі 85 пайызды құрайды. Зерттеу қорытындысы бойынша, қазақ тілін оқып-меңгеру қажет деп санайтын тұрғындар үлесі 90 пайызды құраса, өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі 21,3 пайыз болып отыр. 2013 жылы оқыту орталығында мемлекеттік тілді оқытумен қамтылған тыңдаушылардың 33 пайызы өзге ұлт өкілдері болды. Облыстағы 19 этно-мəдени орталықтар жанындағы 6 жексенбілік мектепте 281 өзге ұлт өкілі ана тілдерін, 265 өзге ұлт өкілі мемлекеттік тілді оқып-үйренуде. Бүгінгі күні мектепке дейінгі білім мекемелерінде өзге ұлттардың 721 бүлдіршіні, жалпы мектептерде 437 баласы қазақ тілінде білім-тəрбие алуын олар балаларының болашағын қазақ елімен, қазақ тілімен байланыстыратынының бірден-бір дəлелі болып табылады. Кездесуде Ақтөбе гуманитарлық колледжінің студенті Татьяна Ширяева, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік өңірлік университетінің студенті Марат Зиядиев, «Ақтөбе хром қосындылары зауыты» АҚ хатшы-референті Наталья Кундиус таза қазақ тілінде сөйлеп, мемлекеттік тілді оқып-үйрену, білу əр қазақстандықтың азаматтық парызы, мемлекет құрушы қазақ халқына деген құрметі деген ой түйді. Ақтөбе облысы.

● Тəуелсіздік менің өмірімде Бұл – дəлелдеуді қажет етпейтін аксиома. Найзаның ұшымен, білектің күшімен жерін жаудан қор ғаған халықтың ұрпа ғы ретінде бабалар көрген жаугершілікті балалар көрмеуі тиіс. Бейбітшілікті сақтау ішкі жəне сыртқы саяси жағдайларға, əсіре се, мемлекетіміздегі ішінара ынтымаққа тікелей байланысты. Ұлттық құндылықтар. Адам белгілі бір ұлтқа жатуын сезіну үшін бес түрлі шартқа сай болуы тиіс: ұлтының тілін жақсы білетін; ұлтының дінін меңгерген; ұлтының дəстүрін толық бойына сіңірген; ұлтының тарихын түгендей алатын; ұлты мекендеген жердің ой-шұңқырын жете танитын. Осы сипаттар бойынан табыл ған жанды ғана белгілі бір ұлтқа жатқызуға болады. Аталған ұлттық сипаттаманың сақталуы – тəуелсіздіктің тұрақтылығы. Өйткені, кез келген ұлттың өз тілі сақталса ғана, ұлт болып қалатыны ақиқат. Бұл – өте маңызды мəселе. Ұлтымыз үшін үлкен сынақ. Əйтсе де, бұрынғы кезеңмен салыстыр ғанда бүгінгі жағдай көңіл қуантарлық. Ұлттық сана. Ол – шыр етіп жарық дүниеге келген əрбір сəбидің алғаш естіген сөзінен, əуенді əлдиі бар бесік жырынан, ана сүтімен даритын қасиет. Дəстүрді меңгеріп, дінді мойындауы, байырғы ата кəсіпке икемделуі, атақонысты қадірлеп, ата-бабаның ақылкеңесіне мойынсұнуы, қысқасы, туған жердің топырағымен кісі бойына даритын қасиеттердің бəрі ұлттық санаға жатады. Ұлттық сана-сезімі көтерілген халықтың

тегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауындағы маңызды бағыттардың бірі – жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру. Жолдауда жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты жəне көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі деп анықталған. Елбасы өз сөзінде: «Біздің бұл бағыт тағы басты мақсатымыз қарапайым жəне түсінікті: біз қоғамдық келісімді сақтауға жəне нығайтуға тиіспіз. Бұл – біздің мемлекет ретінде, қоғам ретінде, ұлт ретінде өмір сүруіміздің айнымас шарты. Қазақстан патриотизмінің іргетасы – барлық азаматтардың тең құқылығы жəне олардың Отан намысы алдындағы жалпы жауапкершілігі», – деп ерекше тоқталған. Үдемелі индустриялық дамуды ұлттық идеология деңгейіне көтеріп, бəсекеге қабілеттілікті арттыру қажет дегенге келсек, үдемелі индустриялық-инно вациялық даму бағдарламасы бойынша өңірлерде іске қосылып жатқан түрлі кə сіпорындар мен жұмыс орындары ел эко номи касының өсуіне жəне тұрақты дамуына тікелей əсер етуде. Бұл бағдарлама аясында жасалып жатқан игі істер елу елдің қатарына енуде өз үлесін қосып қана қойған жоқ, елдің бəсекеге қабілеттілігін арттырды. Бұл бағдарлама еліміздегі білім беру жүйесіне оң əсерін тигізуде. Жаңа заман технологиясын меңгерген мамандарды қажет ететін түрлі зауыттар мен фабрикалардың сұранысын қанағаттандыру мақсатында түрлі кəсіптік оқу орындары ашылды. Назарбаев Зияткерлік мектептері

стан жəне Қызылорда облыстары) орналасқан. Ал ел қазақтарының да жартысы – 49,8%-ы осы өңірлерде тұрады. Тəуелсіздігіміз нығая түсіп, əлеуметтік-экономикалық жағдайымыз жақсарған сайын ел халқының, оның ұйытқысы – қазақтардың саны өсіп, құрамы күшейе түсетіні баршамызға анық жəне болашақтың кепілі. Бұл үшін Отанымызда ғылымға негізделген əлеуметтік-демографиялық жəне көші-қон саясаты жүргізілуге тиіс. Ел тəуелсіздігі. Елбасы. Ел ертеңі. Осы үш ұғым – бір-біріне етене жақын, бір-бірін толықтыратын өзара сабақтас ұғымдар. Тəуелсіздік десек, ең алдымен оның бастауында болған, оның негізін қалап, нық сеніммен алға апарған Елбасы ойға келеді. Елбасы десек, қиын-қыстау кезеңде елді басқарып, оны бар қиыншылықтан алып шығып, бүгінгі өркенді дамуға жеткізген Елбасы мен ел ертеңі тағы да алдымыздан шығады. Ел ертеңі де өз халқы Елбасы деп атаған Тұң ғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз байланыстырылады. Қорыта айтқанда, мемлекеттің тəуелсіздігі – көңілге қуаныш, жүрек ке жұбаныш, бойға қуат, жанға шуақ сыйлайды. Азаттығымызды ардақтап, арманымызды асқақтатуда Елбасымен бірге қарыштай берейік! Тəуелсіздік мерекесі ұлтымыздың ұлылығын ұлықтатып, ғұмырымызды ғажап еткей! Сенімді серік еткен мəңгілік серіктестер – қазақстандықтардың бірлігі ажырамасын, татулығы арта берсін, елімен етене Елбасы аман болсын! ШЫМКЕНТ.

Ел сенімі аќталды

Зульмира ЗУЛЬЯРОВА,

Атырау облыстық əділет департаменті басшысының орынбасары.

Қазақ елі – қасиетті мекен. Осы мекенде біз қазір тəуелсіз елдің таңымен оянып, емін-еркін өмір сүрудеміз. Иə, тəуелсіз елдің таңы. Ал осы күнге жеткенге дейін еліміз қанша азапты күнді басынан өткерді десеңізші! Азаттық, теңдік үшін кімдер басын жауға тікпеді, кімдер құрбан болмады? Тарихқа көз жүгіртсек, ұлан-ғайыр даламыз алып империяның меншігіне айналды. Тоталитарлық жүйенің қармағына ілініп, ашаршылықты, репрессияны бастан кешті. Ұлы Отан соғысы да талай боздақты жалмады. Міне, халқымыз осының бəріне көніп, шыдамасқа шыдай білді. Қатер төнген сəттерде

бірігіп, найзаның ұшымен жерін қорғады. Сондағы мақсат – тəуелсіздік еді. Көптен күткен мақсат та орындалды. 1991 жылдың 16 желтоқсанында бодандықтың бұғауы бұзылып, ата-баба аңсаған арманға қол жеткіздік. Қазақ елі – азаттыққа жетіп, тəуелсіз мемлекет атанды. Еліміз үшін жаңа тарихтың парағы ашылды. Қазақстан халқы мемлекеттің Тұңғыш Президенттігіне Н.Ə.Назарбаевты сайлады. Жəне оған сенім артты. Елбасы ел сенімін ақтай білді. Бірлікке, елдікке шақыра отырып, болашақты дұрыс бағдарлайтын көрегенді саясат жүргізіп, елді экономикалық дағдарыстан аман сақтап қалды. Тəуелсіздігіміз одан əрі нығайды, шека рамыз бекіді. Əлеуметтікэкономикамыз дамудың биік сатысына өрледі. Қазақстан алпауыт мемлекеттермен достастық қарымқатынас орнатып, əлемге танылды. Міне, осы жетістіктің бəрі, ең алдымен, тəуелсіздігіміздің, Тұңғыш Президентіміздің сарабдал саясатының жемісі екені даусыз. Тəуелсіздіктің арқасында Қазақстан халыққа қызмет ететін өзінің түрлі саяси институттары мен

ұйымдарын жаңартты. Солардың бірі – əділет органы. Тəуелсіздіктің алғашқы жылдарында азаматтардың жəне ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін атқарушы əділет органы талай істі тындырды. Нақтырақ айтсақ, əділет органдары жұмыс жүйесін түбегейлі өзгертті. Соның нəтижесінде, жаңа заман талабына сай мемлекеттік құқықтық реформаны қалыптастырып, сол бағытта жүйелі қызмет етуде. Елбасы қолдауымен «электронды үкімет» жандануда. Соның ішінде, жылжымайтын мүлікті тіркеу тəртібі, азаматтық хал актілерін жəне заңды тұлғаларды тіркеу саласы электронды жүйе бойынша халыққа қызмет етуде. Нақтырақ айтсақ, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеудің электронды түрі рəсімдеу шараларын түбегейлі жеңілдетіп, кедергілерді жойып, азаматтарға қолайлы жағдайлар туғызуда. Бұл өз кезегінде құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, сыбайлас жемқорлықты болдырмауға көп септігін тигізіп отыр. АТЫРАУ АТЫРАУ.


15 желтоқсан 2013 жыл

ы у а є л о т к і д з і с л Тəуе

www.egemen.kz www.egemen.kz

9


10

www.egemen.kz

15 желтоқсан 2013 жыл

● Тəуелсіздік толғанысы

● Жасампаз жоба

Елдіѕ жайын да, жаєдайын да Елбасыдай ойлайыќ!

Мен үшін ең бастысы – əрбір қазақстандық отбасының жеткілікті жағдайда өмір сүруі, қарапайым адамдардың өздерінің ертеңгі күндеріне сенімді болуы!

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

Дүрмегі мен дүрбелеңі азаймай тұрған мына дүбірлі дəуірдің күн сайынғы адамзат баласы үшін сынағы қатайып бара жатқандығын аңдай білгенге мына бізге тəуелсіздік те, сол тəуелсіздіктің жеңістері мен жемістері де, жиырма екі жылғы уақыттың əргі-бергі кезеңдерінің үдерісіндегі əлем сүйініп те, сүйсініп те отырған табыстарымыздың бəрі, бəрі де бізге оңайға түспегендігі жəне əлі де оңай болмайтындығы бар. Түсіне білсек, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қалың еліне бұл жайды жаны шырылдап айтып та жүр жəне соңғы уақытта айтудан бір танбай да келеді. Бұған мына ел, біз куəміз! Жəне де Елбасы Қазақстанның бүгінгі жаhандық дамыған əлемде бəсекеге қабілеттілік мəселесін айқындайтын басты мəселенің бірі индустрияландыру екендігін атап көрсете отырып, осы өзекті мəселенің ел мен тəуелсіздіктің жəне əрбір қазақстандықтың тағдыры екендігін əрқайсымыздың ой санамыздың түйсігіне қайыра бір түсіргендей болды. Ендігі арада əлемдік экономиканың құбылмалы болып тұрған жағдайына қарамастан, бүгінгі Қазақстанның жағдайында жоға ры технологиялар қолдана отырып, инновацияны сенімді түрде енгізіп, заманауи кəсіпорындарды ашу арқылы сыртқы нарықтағы ел экономикасының оңтайлы өсімін қамтамасыз ету біздің басты бағытымыз болуы қажеттілігін өз елінің жайын да, жағдайын да ойлай білетін Елбасының айтуы да, соны талап етуі де орынды деп санаймыз. Өйткені, əлемнің дамыған деген елдерінің өздеріндегі қазіргі дағдарыс бізден жаңаша ойлап, батыл қадамдар жасауды қажетсінеді.

теңгерімді дамуы, əлеуметтік жаңғырту мəселелері бойынша Үкіметтің алдына қойып отырған қазіргі басты міндеттері ел тағдырын анықтайтын да, болашағымызды нықтайтын да жайлар екендігі басқа ой тудырмауы керек. «Индустрияландыру картасының мəртебесін көтеру қажет. Осы ретте министрлер мен əкімдер тарапынан индустрияландыру түсінігін оңайлатуға, қарапайымдандыруға жол берілмеуі тиіс. Олардың бірқатары басты нəрсе есеп беру деп біледі. Əдемілеп есеп беріп, лентаны қиса болғаны. Сонан кейін ол істің арты не болғанына мəн бере бермейді», деп Елбасының бұл айтқандығы тағы да сол елдің жайы мен жағдайын ойлағандығы деп қабылданатыны анық. Жасыратын несі бар, əне бір жылдары өңірлер мен олардың əкімдері бір-бірімен жарысқандай болып, түрлі кəсіпорындарды алаулатып-жалындатып, ұрандатып ашумен болды да, солардың біразы мандытып жұмыс істемей жатып, жабылып, күйреп қалды. Мұндай мысал менің өз туған өңірім – Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданындағы «Биохим» өндірісінің көпке ұзамаған, қазір банкрот деп жарияланған қысқа ғұмырынан да елес берсе етті. Бұл орайда Нұрсұлтан Назарбаев «индустрияландыру картасына жоғары технологиялы өнім шығаратын жəне нақты негізі бар басым мəндегі жобалардың ғана енгізілуі қажеттілігін» ескертіп, Мемлекеттік органдар, ең алдымен, əкімдіктер жобалардың жүзеге асырылуын бастапқы кезде ғана қадағалап қоймай, олардың толық қуатына жетуіне дейін жұмыстар жүргізілуі қажеттігін жəне де Үкімет проблемалы жобаларды үнемі қадағалап отыруға міндетті екендіктерін атап көрсетуі біздің əрқайсымызға салмағы ауыр міндет жүктеліп отырғандығын сезіндірсе керек. Өйткені, бұл – ел тағдыры! «Əлемде қазіргідей күрделі дағдарыстар

Елімізді индустрияландыру бағдарламасы тағы да сол Елбасының тапсырмасымен 2009 жылы қабылданып, сол кезеңнен бері ауқымды жұмыстар атқарылды. Қазақстан индустриясы қарқынды даму жолына түсті. Мəселен, қазіргі есеп бойынша екі жарым жыл ішінде жалпы құны 12 миллиард теңгенің 443 жобасы іске қосылса, бұл елімізде үдемелі индустрияландырудың іргетасын қалауға негіз салды. Елдегі үдемелі индустрияландыру бизнестің дамуына да жаңа серпін беріп, соның нəтижесіде «Doing business» халықаралық рейтингінде Қазақстан 58-ші орыннан 47-ші орынға көтерілді. Қазақстанның бұл орайдағы жағдайының жақсарғаны осы ұтымды жобалардың игілігі екендігін де айту керек. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ел болашағын кеңінен пішіп, əріден ойлауының арқасында сол соңғы екі жарым жылдың ішінде өндіріс көлемі еліміз бойынша 300 миллиард теңгеден 500 миллиард теңгеге дейін өссе, жоғары технологиялық экспорт 58 пайызға ұлғайды. Тағы да сол екі жарым жыл ішінде машина жасау – 16,4, фармацевтика 9,6 пайызға ұлғайды, ал жеңіл өнеркəсіп 11,5 пайызға, өзге де металл емес минералдық өнім өндірісі 7,6 пайызға өскендігін айтар болсақ, бұл – кешегі «біз мал баққан елміз» деген халықтың бүгінгі жасап отырғаны, ал, алда əлі де ұйқы-күлкі көрмей атқаратын қыруар шаруа бар. Елбасының өз елінің жайы мен жағдайын терең ойластыра білуінің нəтижесінде «Жұмыс пен қамту-2020» бағдарламасына қосымша жаңа «Ауылдық елді мекендерді дамыту» бағыттары енгізілгені де белгілі. Мұнда шалғайдағы коммуналдық, көлік жəне əлеуметтік құрылымдарды, сонымен бірге, емдеу амбулаториялық жəне фельдшерлікакушерлік пункттерді дамыту көзделіп отыр. Елбасының индустрияландыру, өңірлердің

жүріп жатқан кезде халықаралық капиталдың өзіне қолайлы тыныш өңірлерді іздестіретіндігі белгілі», дей келіп, Елбасы еліміздегі қазіргі қолайлы жағдайды пайдалана отырып, сол капиталды, тек қаржы ғана емес, сонымен қатар, алдыңғы қатарлы инновациялық технологиялары бар əлемдік деңгейдегі компанияларды да Қазақстан экономикасына мейлінше тарта білу қажеттігін ескертті. Ал Елбасының осы сөзінің ар жағында жатқан Қазақстанды мекендеп отырған барлық ұлттар мен ұлыстар арасындағы бүгінгі ынтымақ пен бірлікті сақтау жəне де қоғамда түрлі сілкіністерге жол бермеу жөніндегі əуелгі ойы мен ұстанымын ұғынсақ етті. Өйткені, ел бірлігі – ел тағдыры! Ел тағдыры үшін қашанғы алаң көңілімен Елбасы білім беру, кадрларды, мемлекеттік қызметкерлерді, инженер мен технологтарды даярлау мен қайта даярлау жүйесін қайта қарастыру қажеттігін, ал бұл жүйе үшінші өнеркəсіптік революция қажеттігіне бағытталуы тиіс екендігін бөле-жара атап көрсетіп-ақ келеді. Өйткені, бұл да ел тағдыры! Нұрсұлтан Назарбаевтың барша қазақстандықтарды ел игілігі жолындағы еңбекке шақырған «Қазақстанның əлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам» ой тұжырымы бүгінгі күні мазасыз күй кешіп отырған əлемнің жəне де дағдарыстың жаһандық деңгейде əлі де еңсерілмеген қазіргі жағдайында біздің еліміз бен халқымыз үшін тағдырлық маңызы бар. Өмір жəне де күн сайынғы тіршілік адам баласының алдына сəт сайын жаңа мəселелерді көлденең тартып тұрады. Бұл жай əлеуметтік сала ісінің əркез күрделене түсуіне əкеліп соқтыратынын да байқатады. Сондықтан да Елбасы кесімді əлеуметтік саясат жүргізілуін талап етумен бірге, өзі де əлеуметтік мəселелерді əркез өз бақылауында

Жабал ЕРҒАЛИЕВ,

Парламент Сенатының депутаты, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

ұстап отыруы тегіннен-тегін емес. Өйткені, бұл қажеттілік еліміздің барлық азаматтарының өмірі мен күн сайынғы олардың көңіл күйлеріне де əсер етіп отыратындығын естен шығаруға болмайды. Тəуелсіздік жылдарында Елбасы əлеуметтік мемлекеттің берік іргетасын қалата білді. Соның нəтижесінде, соңғы деректер бойынша, Қазақстанның Еуропа елдерінің əлеуметтік даму сапасының орташа деңгейіне нақты жақындай түсуі жəне де қазақстандықтардың өмір үлгі-қалыптарының тұрақты жоғарылауы да қуантады. Алайда, қалыптасып келе жатқан біздің жақсы өміріміз əрдайым жақсы болып қала бере ме, сол жақсылықтардың тұрақтылығына кім кепілдік бере алады? Қоғам мен əлеуметтік саланың игіліктерін біздің қаншалықты тиімді пайдаланып келе жатқандығымыздың маңызды мəселе болып табылатындығына Елбасы баршамыздың назарымызды аударады. Неге деп бір сəт ойланар тұс та, міне, осы ара! Өйткені, Елбасының: «Қазақстанға экономикалық табыстар мен қоғамдық игіліктерді қамтамасыз ету арасында тиімді тепе-теңдік табуының өмірлік маңызы бар. Мен əлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың шешуші міндеттерін нақ осыдан көремін», деуі бізді бүгінгі күннің жағдайына неғұрлым байыпты қарауға жетелейді. Елбасы əлеуметтік мəселелерді «кейінге» қалдыруға болмайды дей отырып, өз кезегінде, жаһандық тұрақсыздық жағдайында сол жаһандық дауылдарға қарсы тұра алу үшін қазіргі Қазақстан қоғамы қандай болуы керек деген сұрақтарға жауап іздейді де, сол жауаптардың түйінін жиырма тапсырма аясында шешіп те беріп отыр: «Мен қазақстандықтар жақсы білетіндей, өзімнің кəсіби жолымды «ақ саусақтар» секілді кабинетте де, паркетте де емес, жұмысшыметаллург ретінде бастадым. Ал бұл, атап айтсам, нағыз кəсіп болып табылады! Қанша жыл өтсе де, бұл еңбек мектебін ұмыту мүмкін емес», деген Елбасының шынайы көңіл сөзі де үлкен ой салса керек-ті. Жасыратыны жоқ, біздің елдегі түрлі министрліктегі мамандарға кəсіби тəжірибенің жетіспей жататындығы байқалып тұратыны бар. Олар кей жағдайда жергілікті жерлердегі істің жайын да, жағдайын да толық біле бермейді. Міне, осы арада елді мекендерге дипломды мұғалімдер мен дəрігерлерді жіберумен бірге, ендігі арада жергілікті жерлердегі индустрияландыру бағдарламаларын сапалы орындап шығу үшін тіпті «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелдерден білім алып келіп жатқандарды да елелге жіберіп отырғанның ешбір артықшылығы болмас еді. Көпшілігі қалада туып, дамыған елдің білімін алып, жақсы тұрмысын көріп келген жас буынға ендігі жерде қазақ топырағына да бауыр басып, оқығанын да, тоқығанын да өз елі мен халқының кəдесіне жаратуға мүмкіндік жасалғаны абзал. Бұл, əрине, білімді əр жастың өз санасына да байланып тұрған жайт. Бүгінгі жаһандық бəсекелестік жағдайында еңбектің шешуші ұлттық мəселе есебінде алдыңғы кезекке шығары бар. Сонымен бірге, еңбек адамының беделін көтеру қажеттігін де Елбасы тегін айтып келе жатқан жоқ. Жасыратын несі бар, 90-шы жылдардағы «жабайы капитализмнің» өтпелі кезеңінде еңбек адамдарын еңбектен жеріндіріп алған жағдайларға да жол берілгені рас. Сол тұста пайда болған пысықайлар өз жұмыстарын істетіп алып, кейіннен еңбекақыларын төлеуге кезек келген кезінде түрлі жайларды сылтауратып, тіпті, оларды қорқытып-үркітіп, көк тиын да төлемей, обал-сауаптан да қорықпастан, қуып тастап отырды. Сол пысықайлар мұнысын мақтана айтудан да ұялмады, ал бұл адам хақысын жеу болатын. Міне, осындай жағдайлар Елбасы айтып отырған «аз жұмыс істеп, көп табу», «ауадан ақша жасау» жəне тағы басқа да əлеуметтік тоғышарлықты туындатты. Еңбек етуден көңілі қалған жəне де содан туындаған масылдықты жою əлеуметтік жаңғыртудың біртұтас моделін жасаумен шешілетіндігін де Елбасы зерделеп берген еді. Бұл да Елбасының өз елінің жайы мен жағдайын ақыл-парасатпен пайымдай білгендігі дер едік. Үкіметтің биылғы 11 қазанда болып өткен кеңейтілген мəжілісінде Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды баспанамен қамтамасыз ету сияқты маңызды əлеуметтік мəселені қозғады. «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасын жүзеге асыру көп реніш тудырып отырғанына тоқталды. Төлем қабілетінің төмендігіне байланысты оған көптеген отбасылар қатыса алмай келеді. Қазақстан Президенті осы арада «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінің» басшылары мен олардың туыстарының бағдарлама аясында жеңілдік қарастырылған бағамен пəтер алуға жол бергендіктерін ашына айтып, бұл салада орын алған осы олқылықтарды жойып, кінəлілерді жазаға тартуды тапсырды. «Қайтарсын да, мұқтаждарға берсін», деді Президент. Міне, бұл да Елбасының өз халқының жағдайын қашан болсын ойлай білер үлкен жүректі перзенті екендігін айғақтап тұрғандығын айтқан лəзім. Елдің жайы мен жағдайын қашан болсын тереңінен ойлап, пішіп келе жатқан Елбасы «Қазақстан-2050» Стратегиясы да қазақстандықтардың екі-үш буыны үшін ойластырылғанын жəне де біздің əлемнің ең дамыған отыз елінің қатарына кіруіміз де оңай болмайтынын жəне мұны əр қазақстандықтың түсінуі керектігін де аңдатып отыр. Біз Мəңгілік Ел болуды мұрат тұтқан елміз! Сондықтан сол елдің жайын да, жағдайын да Елбасыдай ойлағанымыз абзал! АСТАНА.

» а н и д о «Р ы с а м р и ф агро Астана маңындағы Родина елді мекеніндегі сүт зауыты 2011 жылы республикалық ҮИИБ аясында іске қосылған болатын. Тəулігіне 50 тонна сүт өнімдерін өндіретін зауыт «Астананы азық-түлікпен қамту» мемлекеттік бағдарламасы аясында шығаратын өнімін елорда дүкендеріне тасымалдайды.

 Əлем жəне Қазақстан

Ўлыќ мерекеге орай салтанатты ќабылдаулар

Қазақстан Республикасы Тəуелсіздігінің 22 жылдығына орай Мəскеуде салтанатты қабылдау болып өтті. Оған Ресей Президенті əкімшілігінің, Үкіметінің өкілдері, Мемлекеттік дума мен Федералды жиналысы Федерация кеңесінің депутаттары, сыртқы саясат ведомствосының басшылығы, бірқатар министрліктер мен мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатысты. Қазақстанға өздерінің құрметтерін Мəскеуде тіркелген дипломатиялық корпустың, халықаралық ұйымдардың, іскерлік жəне академиялық топтардың, жұртшылықтың, қазақ диаспорасының, БАҚ-тардың өкілдері, ардагерлер, сондай-ақ, Ресейде оқитын қазақстандық студенттер де білдірді. Өзінің сөзінде Қазақстанның Ресейдегі елшісі Ғалым Оразбақов Тəуелсіздік жылдарында Қазақстанның жүріп өткен жолы туралы кеңінен əңгімелеп берді. Жалпы, екі мемлекет арасында ізгі көршілестік пен стратегиялық əріптестіктің берік іргетасы қалыптасқаны атап көрсетілді. *** Қазақстан Тəуелсіздігінің ұлық мерекесіне орай Қытай астанасы – Бейжің қаласында салтанатты қабылдау болды. Шараға Қытайдың мемлекеттік органдарының басшылары, шетелдік дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың жетекшілері, қоғам қайраткерлері, іскерлік жəне ғылыми топтар мен ҚХР-дағы қазақ диаспорасының өкілдері қатысты. Қабылдау кезінде Қазақстанның Қытайдағы елшісі Нұрлан Ермекбаев пен ҚХР Сыртқы істер министрінің орынбасары Чэн Гопин сөз сөйледі. Олар екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнаған 22 жыл ішінде Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы стратегиялық əріптестіктің биік деңгейіне көтерілгенін атап көрсетті. Қабылдауға қатысушыларға Қазақстанды жəне екі елдің ынтамақтастығын айғақтайтын бейнефильмдер мен фотосурет көрмесі ұсынылды. *** Қазақстанның Германиядағы елшілігі Қазақстан Тəуелсіздігі күніне орай мерекелік концерт пен салтанатты қабылдау ұйымдастырды. Қазақстандықтарды ұлттық мерекемен құттықтауға 1 мыңнан астам мейман қатысса, араларында ГФР-дің көрнекті қоғам жəне саяси қайраткерлері, Бундестаг пен жер ландтагтарының депутаттары, министрліктер мен ведомстволардың басшылары, мəдениет қайраткерлері, Берлинде тіркелген дипломатиялық корпустың, БАҚтардың, қазақ диаспорасының, студент жастардың, сондай-ақ, Германия іскер топтарының өкілдері келді. Қабылдауға ГФР Сыртқы істер министрі Гидо Вестервелленің қатысуы ынтымақтастықтың жоғары деңгейі мен Германияның Қазақстанға ерекше көзқарасын айғақтап берді. Қазақстанның Германиядағы елшісі Нұрлан Онжанов неміс əріптестеріне Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Германия канцлері Ангела Меркельдің 2012 жылдың ақпанында өткен Берлиндегі келіссөздері барысында қол жеткізілген өзара тиімді ынтымақтастықты орындау жолындағы əрекеттері үшін ризашылығын білдірді. Жəне ол екі елдің халықаралық ұйымдар аясындағы өзара ісқимылын жоғары бағалады. Салтанатты кеш соңы Е.Құсайыновтың басқаруындағы фольклорлық ансамбльдің тамаша концертіне ұласты. *** Қазақстан Республикасының Тəуелсіздік күніне арналған салтанатты қабылдау Франция астанасы – Париж қаласындағы беделді «Дофин» павильонында ұйымдастырылды. Қазақстандықтарды ұлттық мерекемен құттықтауға көрнекті саяси жəне қоғам қайраткерлері, ғылым мен мəдениет, іскерлік топтар, дипломатиялық корпус пен халықаралық ұйымдар өкілдері, сондай-ақ, қазақ диаспорасы мен студент жастар келді. Салтанатты қабылдау шеңберінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Еділ Құсайыновтың басқаруындағы фольклорлық-этнографиялық ансамблі өнер көрсетті. Қазақстан тарапына Сенаттың бұрынғы төрағасы Кристиан Понселе, «Франция-Орталық Азия» достық тобының төрағасы, сенатор Андре Дюле,

Халықаралық көрмелер бюросының Бас хатшысы Висенте Лоссерталес, ЮНЕСКО-ның Коммуникация жəне ақпарат мəселелері жөніндегі бас директорының орынбасары Янис Карклинс, «Франция-Қазақстан» Іскерлік кеңесінің тең төрағасы Ив-Луи Даррикарер, т.б. ізгі тілектерін білдірді. *** Рим қаласында Қазақстан Тəуелсіздігі күніне орай салтанатты қабылдау болды. Оған Италия Парламенті мен министрліктерінің көрнекті өкілдері, саяси жəне іскер топтар, жұртшылық, осында тіркелген шетелдік дипломаттар, жергілікті эстрада жұлдыздары, жетекші БАҚ-тар өкілдері қатысты. Шараны аша келіп, Қазақстанның Италиядағы елшісі Андриан Елемесов Қазақстан дамуының саяси жəне əлеуметтік-экономикалық негізгі табыстары туралы айтып берді. Қабылдау барысында италиялық əріптестер Қазақстан халқына өздерінің жүрекжарды лебіздерін білдіріп, өсіп-өркендеу тіледі. Қабылдау меймандарын өзінің өнерімен əлемдік ауқымдағы Италия жұлдызы Аль Бано мен Пупо тəнті етті. Мерекелік көңіл күйді Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері дайындаған мəдени бағдарлама одан сайын көтере түсті. *** Мадридте Қазақстан Республикасы Тəуелсіздігінің 22 жылдығына арналған салтанатты қабылдау болып өтті. Оған Испанияның жоғары лауазымды саяси қайраткерлері, Парламент депутаттары, СІМ жəне мемлекеттік мекемелер басшылығы, ең ірі испандық компаниялар басшылары, қоғамдық-саяси жəне мəдени топтардың, дипломатиялық корпустың, қазақ диаспорасының жəне БАҚ-тардың өкілдері қатысты. Атап айтқанда, Парламент Сенаты Төрағасының бірінші орынбасары Хуан Хосе Лукас, Қорғаныс министрі Педро Моренес, Дүниежүзілік туристік ұйымының атқарушы директоры Золтан Шомоги, Корольдік саяси ғылымдар академиясының президенті, бұрынғы Сыртқы істер министрі Валино Ореха, «EFE» Халықаралық испан ақпарат агенттігінің президенті Хосе Антонио Вера, «World Stability Observatory» беделді талдау орталығының президенті, белгілі саясаткер, бұрынғы сенатор Луис Фрага жəне т.б. келді. Өзінің сөзінде Қазақстанның Испаниядағы елшісі Бақыт Дүйсенбаев қатысушыларды Елбасымыздың басшылығымен өткізілетін экономикалық реформалар барысы, саяси өзгерістер мен Қазақстанның жетістіктері туралы хабардар етті. Іс-шара шеңберінде ақпараттық-имидждік материалдар таратылды, Қазақстан туралы тақырыптық фотокөрме ұйымдастырылып, меймандарға ұлттық тағамдар ұсынылды. *** Қазақстанның Бразилиядағы елшілігі Тұңғыш Президент күні мен Қазақстан Республикасы Тəуелсіздігінің 22 жылдығына орай салтанатты қабылдау ұйымдастырды. Ресми шара, сондай-ақ, Қазақстан мен Бразилия арасында дипломатиялық байланыс орнауының 20 жылдығына арналды. Салтанатты кешке араларында Бразилия Ұлттық конгресінің сенаторлары мен депутаттары, министрліктер мен мемлекеттік органдардың басшылары, Бразилияда тіркелген дипломатиялық миссиялар жетекшілері, қоғам жəне саяси қайраткерлер, іскер топтар мен БАҚ-тар өкілдері қатысты. Бразилия Сыртқы байланыстар министрінің орынбасары Мария Рейс өзінің сөзінде екі ел арасындағы қарым-қатынастың достық сипатын ерекше атап көрсетті. Сондай-ақ, ол Қазақстан мен Бразилияның өз өңірлеріндегі көшбасшылығына, екі елдің халықаралық аренадағы жоғары беделіне айрықша назар аударды. Мысал үшін, ол 2014 жылы Бразилияда футболдан əлем чемпионаты, 2016 жылы Жазғы олимпия ойындары, ал Қазақстанда 2017 жылы ЭКСПО-2017 көрмесі өтетінін көлденең тартты. Салтанатты кеш қазақтың ұлттық əуенімен, фотокөрмемен, Мемлекет басшысы туралы жəне жалпы Қазақстан туралы бейнеролик көрсетумен əрлене түсті. Сəулебек БІРЖАН.


 Еңбегімен еленген

 Тəуелсіздік тартуы

Кəсіби баќытын ЌазТрансОйлдан тапќан Сейдахмет ақсақалды сырлы Созақ өңірі тайлы-тұяғына дейін жақсы танитын. Еңбек жолын мұғалімдіктен бастап, іскерлігі мен алымдылығының арқасында бағы жанып, ұзақ жылдар бойы мектепте директор, аудандық білім бөлімінде басшы болып еңбек еткен Сейдахмет Əбуов бүкіл саналы ғұмырын бала оқытуға арнады. Содан болар, ол кісі ұлы Нұрғалидың да өз жолын қуып, мұғалім болғанын қалады. Бірақ, адамның емес, Алланың дегені болады емес пе? Өмірдің сан тарау жолы Нұрғалиды мүлдем басқа салаға түсіріп, мүлдем басқа мамандықты таңдауға мəжбүр етті. Сейдахмет қарияның мұғалім болады деген баласы ақырында мұнайшы болып кетті.

қамқорлығына алған жігіттер де бар. Ұжым мүшелерінің бəрі осы жергілікті жердің тұрғындары. Осы мұнай айдау стансасы ашылғанда алғашқылардың бірі болып жұмысқа тұрған көптеген қазақ жігіттері əлі күнге осы жерде еңбек етіп келеді. Яғни, біздің мекемеде бұрыннан қалыптасқан, өз істерін бес саусағындай білетін, өте тəжірибелі мамандардың басы топтасқан. Мысалы, осы стан-

Оралхан ДƏУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Алғашында Шардара ауданында құрылысшы болып азғана уақыт еңбек еткен ол ұзамай əскерге алынып, азаматтық борышын өтеп келді де, туған жерге туын тігіп, Шолаққорғанда қалып қойды. Міне, сол кездері, яғни, өткен ғасырдың сексенінші жылдарының басында Шолаққорғанда мұнай айдау стансасының іргетасы енді-енді қаланып жатыр еді. Жасыратыны жоқ, ол жылдары кең далада еркін тыныстап, «Құдай» деп жүрген қазақтардың мұнайда анау айтқандай шаруасы болмайтын. Мұнай айдау стансасының құрылысын жүргізуді қолға алған «Средазнефтегазстройтрест» меке месінде прораб болып еңбек ететін Талғат Баймаханов деген азамат біраз қазақ жігіттерінің осы салаға мойын бұруына мұрындық болды. Əлі есінде, Нұрғали осы стансаға жұмысшы болып қабылданған бесінші адам еді. «1980 жылдардың басында осы мұнай айдау стансасының негізі қаланды, – деп Нұрғали Əбу сол бір күндерді сағынышпен еске алады. – 1983 жылдың ақпан айында станса пайдалануға берілді. Ол кезде мекеме Омбы қаласына қарайтын. 1982 жылы жұмысқа орналасқан кезімде стансаның жабдықтарын жаңадан орнатып жатқан. Содан көптеген қиындықтарға кездестік. Жұмысты алғаш бастаған жылдары құбырға мұнай жібергенде мұнай сыртқа шығып кететіндей болып, қорыққанымыздан бəріміз жапа-тармағай тұра қашқан кездеріміз болды. Өйткені, құбырдағы мұнай ағысының қысымы күшті, «абайламаса, адамды «орып» түседі екен» деген əңгіме əбден естігенбіз. Кейін бəріне үйрендік қой. Грозный қаласынан, Сібір өлкесінен арнайы мамандар келіп, солардың қасында шəкірт болып жүріп, тəжірибе жинақтадық. Тіпті, өз жұмысымызға ынты-шынтымызбен кіріскеннен болар көп ұзамай-ақ сырттан келген кадрлардың қажеті болмай қалды. Қазақтың жас та жігерлі жігіттері олардың орнын басып, кəдімгі тəжірибелі мамандардай жұмыс істей білді. Бүгінде бұл мекеме Шолаққорған мұнай айдау стансасы деп аталып, «ҚазТрансОйл» АҚ Шығыс филиалының, «Шымкент мұнай құбырлары» басқармасына

11

www.egemen.kz

15 желтоқсан 2013 жыл

қарайды. Еңбек жолын осы мекемеде слесарь болып бастаған Нұрғали Сейдахметұлы ə дегенненақ іскерлігімен көзге түсті. Содан көп ұзамай-ақ, оператор, аға механик, станса бастығының орынбасары қызметіне жоғарыласа, арада он жыл өткенде, нақтырақ айтқанда, 1993 жылдың қараша айында Нұрғали мұнай айдау стансасының бастығы болып тағайындалды. Əрине, мұның бəрі айтуға оңай, əйтпесе, осынау он жылдың астарында қаншама ащы тер, қаншама ерен еңбектің жатқаны анық. – «Міне, содан бері отыз жылдан астам уақыт өтіпті, – дейді Нұрғали Əбу. – Рас, алғашқы жылдары бұл мекемеде жұмысшылар саны көп еді. Қазір ұжым ықшамдалды. Ол жылдары стансаның бірнеше əлеуметтік нысандары бар болатын. Елімізде Тəуелсіздік туы желбіреген жылдары ондай нысандардың бəрін жергілікті əкімдіктерге бер дік. Қазір мекемеде 84 адам жұ мыс істейді. 26 техника бар. Əйтсе де, біздің мекеме ауданның əлеуметтік жағдайына көмектесуді ешқашан ұмытқан емес. Жыл сайын ұжым болып тұрмысы нашар отбасы балаларының мектепке баруы үшін керек-жарақтар алуына, басқа да жоқ-жітік жандарға қаржылай қолдау көрсетіп тұрамыз. Тіпті, біздің ұжымда жағдайы нашар жандарға үнемі көмектесіп, əлеуметтік жағынан демеп отыруды əдетке айналдырып, бір отбасын

саның құрылысын жүргізудің басы-қасында болып, көптеген қазақ жігіттерінің осы мекемеге келуіне септігі тиген Талғат Баймаханов бүгінде біздің мекеме тікелей бағынатын «Шымкент мұнай құбырлары» басқармасының басшысы. Темірхан Тілеубаев деген азамат 1984 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Еркін Жайымбаев, апатты қалпына келтіру бекетінің бастығы Нұржігіт Асқаров, сорғыларды механикалық жағын жөндеуші Ержан Жұмақов, энергетик Жарқын Абдуллаев, міне, бұлар нағыз өз ісінің білгір мамандары. Созақ даласында ұзынынан созылып бұл мұнай құбыры о бастан «Павлодар-Шымкент» мұнай құбыры» деп аталады. Сіріңкенің шиіндей бір-бірімен жалғасып, ұшы-қиыры көрінбейтін осынау темір құбырлардан ол жылдары Сібір мұнайы тасымалданса, қазір құдайға шүкір, елдің ырысы мен несібесін тасытқан бұл темір арналар Құмкөл мен Шымкенттің арасын жалғастырып жатыр. Оның ішінде «Шолаққорған» мұнай айдау стансасына қарайтын магистральды құбырдың ұзындығы 280 шақырым. Мұндай алып арнаға нағыз жаны сірі, соңғы озық технологияға негізделген жабдықтар қажет екені анық. Содан болар сағатына 3600 текше метр мұнай айдайтын 2 сорғы, одан бөлек сағатына 1250 тек ше метр мұнай айдайтын 2 сорғы бар. Ал, мұндағы мұнай қой маларының əрқайсысының

сыйымдылығы 20 000 текше метрді құрайды. – Əрине, қиындық атаулы кез келген салада бар, біздің жұмыстың ең ауыры – мұнай құбырларында апатты жағдайдың орын алғаны, – дейді Нұрғали Əбу бізбен əңгімесінде. – Ел іші болған соң түрлі ниеттегі адамдар кездеседі. Бірнеше жүз шақырымға созылып жатқан мұнай құбырын тесіп, оңай олжаға кенелгісі келетін қараниеттілер де бар. Əйтсе де, біз мұндай апаттарды жоюға са қадай саймыз. 2006 жылдан бастап «СКАДА» деген жүйеге өтіп, жұмыс толық автоматтандырылды. Сондай-ақ, бір сорғы жұмыс істеп тұрғанда қалған 3 сорғы кез келген уақытта оны алмастыруға дайын тұрады. Бұдан бөлек 280 шақырымға созылып жатқан мұнай құбырлары спутник арқылы бақыланады. Егер құбырлар қараниеттілердің қолымен тесіліп, болмаса басқа да жағдайларда мұнай төгілген оқиға орын алса, компьютер арнайы белгі беріп, қай жерде, қанша мұнайдың атқылап жатқанын лезде біле қояды. Міне, осындай озық технологияның арқасында трассадан мұнай ұрлау азайды. Нұрекеңнің отыз жыл бойғы еңбегі елеусіз қалған жоқ. Н. Əбуов ҚР мұнай өнеркəсібінің 100 жылдық мерекесіне орай Құрмет грамотасымен, «ҚазТрансОйл» АҚ-тың 10 жылдық мерекесіне байланысты мерекелік ескерткіш белгісімен, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен марапатталып, «Магистральды құбыр көлігінің құрметті қызметкері» атағы берілді. Нұрғали Сейдахметұлы өнегелі отбасы иесі. Нұржамал жеңгей екеуі 2 ұл, 1 қыз тəрбиелеп өсірді. Екі ұлы да əке жолын қуып, бүгінде осы мұнай саласында жемісті еңбек етіп жүр. Үлкен ұлы Сержан екі мамандық иесі. Біріншісі – заң саласы бойынша, кейінгісі – мұнайшы. Алғашқы мамандығы бойынша прокуратурада, əділет басқармасында жұмыс істеді. Бірақ, кейіннен мұнай саласына ауысып, əке соқпағына түсті. Ғалымжаны «Бола шақ» бағ дарламасы бойынша Ұлыбританияда білім алып, қазіргі таңда Қытаймен шекаралас «Үшарал мұнай құбырлары» басқармасында өзінің мұнай құбыршы мамандығы бойынша жұмыс істеп жатыр. Ал, қызы, үйдің еркесі Əсем Алматы қаласындағы Байланыс жəне энергетика академиясының 4-курс студенті. «Дарақ бір жерде көгереді» деген, нағыз еңбек жолын осы жерден бастап, бар күшжігерін, білімін, тəжірибесін осы мекеменің қалыптасуына жұмсап, аянбай еңбек етіп, аяғынан тік тұрғызған Нұрғали Əбуовтің əулетінде мұнайшы мамандығы əкеден балаға мұра боп қалып, жалғаса беретіні ақиқат. Оңтүстік Қазақстан облысы.

«Ауыр машина жасауда да ауыр атлетикадай алда болсын» Қостанай еліміздегі машина жасау орталықтарының біріне айналды. Мұндағы «АгромашХолдинг» акционерлік қоғамының өндіріс алаңында атақты итальяндық IVECO компаниясы мен «СарыарқаАвтоПром» кəсіпорнының əріптестігі негізінде IVECO 682 ауыр жүк машинасын жасау желісінің тұсауы кесілді. Оған еліміздің Индустрия жəне жаңа технология министрінің бірінші орынбасары Альберт Рау мен IVECO операциялық директоры Франко Фузиняни қатысып, су жаңа IVECO 682 ауыр жүк машинасының лентасын қиды. Альберт Рау мен Франко Фузиняни өндіріс алаңындағы жаңа жүк машинасын құрастыру цехтарын аралап көрді. Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан».

Тұсаукесерден кейін болған баспасөз мəслихатында тараптар IVECO 682 ауыр жүк машинасының сапасын алдымен ауызға алды. Көліктің Қазақстан үшін жаңа түрі бұрынғы «КамАЗ бен» ғана иық тірестіре алады екен. Бірақ бұл бағасы жөнінен, ал сапасына келгенде оның алдына машина түсе алмайды. Ауыр машина 20 тоннаға дейін жүк тартады. Оның кабинасы қолайлылығымен қоса қауіпсіздігімен де жоғары бағасын алған. Егер машина жол-көлік оқиғасына тап болып, тұмсығымен соғысып қалатын болса, онда кабина 50 сантиметрге дейін артқа жылжып кетеді. Бұл машинаға тиген күштің екпі нін азайтып, жүргізушіні апат салдарынан сақтап қалады. Жүк машинасының двигателі қуаттылығымен ерекшеленеді, сондай-ақ, машинаның қорабы да жоғары сапалы болаттан жасалған. Оның құрамындағы бұл металл басқа өндірушілер шығарған автомобильдерден 20 пайызға қалың. Ол ең алдымен, машинаның қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндігін айтты мамандар. Зауытта бұл машинаның негізі құрастырылады, ал оны əрі қарай жанар-жағармай таситын,

жүк таситын немесе басқа да қажеттерге орай түрлендіру мамандардың қолында. Индустрия жəне жаңа технологиялар министрінің бірінші орынбасары Альберт Рау Қостанайдағы машина жасау ісінің өндірістік қуатын жəне оның экономиканы дамытуға қосар үлесін СоколовСарыбай кен өндіру бірлестігімен салыстырды. – Қазақстан азғана жылдардың ішінде машина жасау өндірісін аяғынан қойды. Бұл тек облыс қана емес, еліміздің экономикасын серпінді дамытуға мүмкіндік беретін болады. Қазақстанда машина жасау кластерін үш аймақта, Алматы, Өскемен, Қостанайда дамытып отырмыз. Бұлар ешқашан біріне-бірі кедергі, бəсеке болмайды. Біз бұл саланы тек əлемдік машина жасау компанияларын тарту арқылы ғана өркендете аламыз. Итальяндық атақты IVECO компаниясының біздің елімізге келуі осы орайда жақсы нышан. IVECO 682 ауыр жүк машинасын жасау желісімен бірге Қазақстанға озық технологиялар, жоғары сапалы құрастыру жəне өндірістік стандарттар, ең бастысы сапа келеді. Сондықтан бүгінгі IVECO 682 машинасының тұсаукесерін тарихи күн деп білемін, – деді Альберт Павлович. – IVECO 682 – маңызды

жоба. «СарыарқаАвтоПром» кəсіпорнымен біздің əріптестігіміз жартыжылдың ішінде өз нəтижесін берді. Осындай жетістікке мүмкіндік жасаған Қазақстан басшылығына алғысым шексіз. Қазақстан Лондон олимпиадасында ауыр атлетикадан төрт алтын алып, əлемді таңғалдырған еді. Енді ауыр жүк машинасын жасаудан олимпиадалық биікке шығарына сенімдімін, – деп IVECO операциялық директоры Франко Фузиняни сөзін əзілмен қайырды. AllurGroup компаниялар тобының директоры Андрей Лаврентьевтің айтуынша, Қазақстандағы ауыр жүк көлі гі нарығы өткен жылмен салыстырғанда 30 пайызға өсті. IVECO 682 ауыр жүк машинасы осы көрсеткіштің алдағы уақытта өсе түсуіне ықпал жасайды. Əзір өндіріс алаңында сегіз машина құрастырылды. Құрастыру цехтарында 35 жұмыс орны ашылды. AllurGroup компаниялар тобы IVECO ауыр жүк машиналармен қатар осы аттас автобустар да шығарады. Алдағы уақытта компания жылына IVECO 1200 машиналарын шығарса, соның 20 пайызы ауыр жүк таситын көліктер болмақ. ҚОСТАНАЙ.

● Тəуелсіздік менің өмірімде

 Мирас

Ќос ќуаныш Алматыда «Мұстафа Шоқай. Он екі томдық толық шығармалар жинағы» жəне «Поль Гурдэ – Верный қаласының французы» кітаптарының тұсаукесері өтті. Айтулы шараны Р. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты, Францияның Қазақстандағы елшілігі мен ҚР Ұлттық кітапханасы бірлесіп ұйымдастырды.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Түбінде тəуелсіз болатынымызға сенген тұлғаға қатысты осынау шаралар рухани тұрғыда Мұстафа Шоқайды туған жеріне оралтты деп айтуға енді негіз бар. – Қазақстандағы Франция мəдениеті жылы шеңберінде өтіп отырған бұл шара 3 күннен кейін

өтетін Тəуелсіздік мерекесіне үлкен тарту болмақ. Өйткені, тəуелсіздік болмағанда Мұстафа Шоқайдың есімінің аталу-аталмауы екіталай еді. Бізге осындай жағдай жасауға мүмкіндік беріп отырған ең алдымен ел Тəуелсіздігі. Бүгін бізде қос бірдей қуаныш болып отыр. Біріншісі, Мұстафа Шоқайдың толық шығармалар жинағының 6 томдығының тұсаукесері болса,

екіншісі, оны шығарып бізге жеткізіп отырған тарих ғылымдарының докторы, профессор Көшім Есмағамбетовтің туғанына 75 жыл толып отыр, – деді Рамазан Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры Əбсаттар Дербісəлі. Көшім Есмағамбетовтің айтуынша, жинақтың келесі 6 томы 2014 жылы көрнекті мемлекет қайраткері, тарихшы-ғалым, публицист М.Шоқайдың 125 жылдық мерейтойы қарсаңында жарық көрмек. Шығыстану институты Мұстафа Шоқайдың 12 томдық еңбектерін шығарып отыр. Мұстафаның көп еңбектерінің түпнұсқаларының көшірмелері Ресейдің, Францияның Сыртқы істер министрлігі, АҚШ-тағы Гувер институтының мұрағаттарынан, Түркия, Англия, Польша, Грузия, Өзбекстан мен басқа мемлекеттердің кітапханаларынан сатып алынды. 2011 жылы Франциядан Мұстафа Шоқайдың жеке мұрағатының элек трондық көшірмесін сатып алу осы жобаны іске асыруда зор демеу болды. Басылым ғылыми түсініктермен, Мұстафа Шоқайдың жеке жұмыстарының факсимилесі, оның жеке мұрағатының құжаттарымен жəне иллюстрациялармен қамтылған. Қай жағынан алсаң да тағылымы мол шараға Мұстафа Шоқайдың туған жері Қызылорда елінен де арнайы делегация келіпті. Қызылорда облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ержан Уайіс Мұстафаның кіші отанының сəлемін жеткізіп, қазақ азаттығын көксеп, көкейкесті арманына ғұмырын арнаған тұлғаға қатысты туған өңірінде жасалынып жатқан тірліктерді тілге тиек етті.

ҚР ҰҒА академигі Əбдімəлік Нысанбаев пен ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Мəмбет Қойгелдиев Мұстафа Шоқайға қатысты маңызды деректермен бөлі сіп, бұл томдар Мұстафа Шоқай дың Отанына оралуы десті. Ал Түркиядан арнайы келген PhD докторы Вежихи Сефа Хуат Хекимоглы шоқайтанудың негізі Түркияда қаланғанын алға тартып, қазір де өз елінде қазақ перзентіне қатысты зерттеулер жүргізіліп жат қа нын нақты мысалдармен дəйектеді. Осыдан кейін шара келесі – «Поль Гурдэ – Верный қаласының французы» атты кітаптың тұсаукесеріне ұласты. Жиналғандар профессор Винсент Фурньонің баяндамасын қызыға тыңдады. Тағдыр жазуымен байырғы Алматының тұрғыны болған көрнекті сəулетші, ағартушы Поль Гурдэге қатысты ҚР Білім жəне ғылым министрлігінің «Ғылыми қазына» атты мақсатты бағдарламасы шеңберінде жəне Қазақстандағы Француз Республикасының елшілігі мен «Allianse Francaise» қолдауымен үш тілде шыққан кітапта қызықты деректер мол. Қазақстан мен Францияның мұрағаттық қор ларында сақталған құжаттар мен материалдардың басым бөлігі бұрынсоңды жарияланбаған жəне ғылыми айналымға енбеген. Кітап тың иллюстрациялық материалдары да айрықша құнды. ХІХ-ХХ ғасырдың басында Алматы қаласының тарихы мен мəдениетінің айғағы болатын фотосуреттерге баға жетпейді. АЛМАТЫ. –––––––––––––––––––

Суретті түсірген Азамат ҚҰСАЙЫНОВ.

Баќ ќўсы ќалыќтайды байтаєымда

Тəуелсіздік – анықтама тілемейтін қасиетті құндылық. Бүкіл адамзат Жаратушы алдында ғана тəуелді. Өзі өмір сүрген қоғамның жалпыға ортақ заңдылығына мойынсыну тіптен де бағыныштылық емес. Нəсіліңнің, тіліңнің бөлектігі басқалармен келіс пеушілік нышаны саналмайды. Ал, тағдырталайының, бақ-берекенің бұйыруы – жазмыштан. Сəбидің талпынумен өсетіні секілді, алға басу елдің де, ердің де бағын ашатынын тəуелсіз Қазақстанымыздың арайлап атқан əр таңы айғақтайды. Бағзы заман ертегісі бүгінгі бетбұрысымыздың шаңына да ілесе алмай қалды. Нағыз ертегі беймəлім болашағымызға ғана жарасатын тəрізді. Асанқайғы бабамыз іздеген Жерұйық кіндігі – Астанамыз десек, əсте, əсірелегендікке жатпас. Əнеугі отаршылдық аласапыраны кезінде Тың далаға андағайлағандардың іштері бір артықшылықты сезген шығарау, тегінде... Он бес тараудан тұратын Бодан дық томының мұқабасы сөгіліп, өңделген тарих парақтарын саясаттың сойқан желі шашы ратқанда, Қазақстан анадан жаңа туғандай күй кешкенін қалайша ұмытармыз?! Өзгеге де,

өзді-өзімізге де көз алартпадық. Рас, əлдеқалай заманда адаспайық деп аз-кем айналаға қарайладық. Іштен тынған бейбіт халқымыз бір пəлеге ұшырамасын деп алаңдадық. Бүлінгеннен белгі алмауға бекініп, жаға жыртысудан аулақ болдық. Желтоқсан тəлімін жүрек түкпірінде аялап, отқа май құюдың əсіреқызыл арандатуына жол бермедік. Енді, міне, тарих куə, ел риза – тəуелсіз Қазақстанымыз кеңестік кезеңдегі қатарлас мемлекеттердің көші түзу, көңілі тоқ, болашағы нұрлы талассыз дарабозы. Тұңғыш Президентіміздің əр бастамасы жаңалықтың жаршысындай. Оның жан дүниесінен адамзаттық романтика ұшқыны атып, оптимистік Олимп рухы алаулайды. Не күлтелейтіні бар, хан басқарған, батыр қорғаған, би бітіміне тоқтаған қазағымның осынау үш тұлғасының Елбасы болмысынан менмұндалайтыны əмбеге аян. Біз – тіптен де жайбасар емеспіз, керісінше, жасампаз халықпыз. Болжамы байламды, талдауы терең, тапсырмасы нақты Президентіміздің өркениет бəйгесіне үміт тұлпарын қосуы бəрімізді де қамшылауы тиіс. Əсіресе, өскелең буын, жас ұрпақ жеті жұрттың тілін де, ісін де

меңгеруді мұрат тұтса, нұр үстіне нұр! Батасы қабыл бабаларымыз аңсаған Тəуелсіздік дəуірінің бəріміз де үлескеріміз. Қазақтың дарқандығы мен қаһармандығын саяси салтанаттар мен сараптау ларда даналық биігінен паш еткен Назарбаевтың наркес кен ұстанымына əлем жұрт шылығы əлдеқашан назар аударған. Жаңалықтың ұстасы, тынышт ық тың тұтқасы Елбасымыз да, еліміз де лайым дін аман болғай! Шарықтай берсін шат үнім, қалықтай берсін бақ құсым! Елеңдесін еліме шіренгендер шалқалап, жалынды жастар төрге оз сын болашақ жүгін арқалап. Жұлқына жүрек соғатын, күн сайын жеңіс тосатын, құрлықтар келіп тілдесіп, мұхиттар шалқып таситын, ғажайып орда орнатқан алғысы шексіз халқының Нұрсұлтандай дараға! Қазақты қазақ жақын тұт, жаутаңдама ешқашан сырты дос, іші басқаға! Жаңабай КЕМАЛ, халықаралық «Дарабоз» əдеби бəйгесінің жүлдегері.

АРАЛ АРАЛ.


12

www.egemen.kz www.egemen.kz

15 желтоқсан 2013 жыл

– ы т а м л і г А і с е б к і д з і с л е у Тə

Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ.

● Теледидар терезесі

Байтаќ байлыќты баєалау баќыты Ел Тəуелсіздігіне орай «Қазақстан» ұлттық арнасы мерекелік бірнеше арнайы жоба əзірледі. Тəуелсіздік күні егемен Қазақстанның тарихынан сыр шертетін «Теңдессіз тəуелсіздік!», «Менің Отаным – Қазақстан», «Тұғыры биік тəуелсіздік!» атты деректі фильмдер көрерменге жол тартпақ. Жəне мерекелік концертпен қатар «Мемлекеттік қызметшілер миссиясы», «Баға жетпес байлығымыз оралды» атты арнайы жобалар ұсынылмақ.

Тəуелсіздік мерекесіне арналған бағдарламаның бірнешеуіне қысқаша тоқталып өтетін болсақ, алғашқы жобаның аты – «Теңдессіз тəуелсіздік!». 22 жылдық тарихы бар тəуелсіздік қазаққа оңай жолмен жеткен жоқ. Осы жылдарда Қазақ елі түрлі өзгерістерді бастан өткізді. Сын сағатта Қазақстан өзін 100-ден астам елге мойын да тып, жаңа Ата Заңын қабылдады. 1998 жылғы азиялық дағдарыстан, 2008 жылғы əлемдік қар жы күйзелісінен де үлкен шығынсыз өтті. Егемен ел атанып, 5 Олимпиадаға ұландарын қатыстырды, байрақты талай бəсекеде қанжығасы бос қайтпай, ел туы жеңіс тұғырында желбіреді. Президент Н.Назарбаевтың бастамасымен еліміз бірнеше интеграциялық үдерісте белсенділік таныта білді. Осы жетістіктерді 22 жылдан соң қорытындылап, түйін жасау – кейінгі ұрпақтың басты міндеті болып саналады. Осыған орай, «Қазақстан» ұлттық арнасы 3 бөлімнен тұратын 1 сағаттық «Теңдессіз тəуелсіздік!» атты арнайы жоба түсірді. Бағдарламада еліміздің басты оқиғаларына қатысты қоғам қайраткерлері

сұхбат беріп, қызықты сюжеттер көрсетіледі. Мəселен, ПремьерМинистрдің орынбасары Гүлшара Əбдіқалықова еліміздің ұзақ жылдар бойы үзілмей жалғасқан əлеуметтік саясаты жайлы баяндаса, ақын Əкім Ысқақ елімізге қандас бауырлардың оралуын еске алады. Ал белгілі тарихшы Бүркіт Аяған 90-жылдарғы қиындықтың себебін түсіндірсе, дипломат Вячеслав Ғиззатов мемлекеттік шекараларымыздың бекітілу хроникасын əңгімелеп береді. Ал мерекелік жобаның соңғы нүктесін дəстүрлі əнші Бекболат Тілеухан Елбасының сүйікті əндері жайлы сөз ете келіп, атақты «Менің Қазақстаным» əнін орындаумен түйіндейді. Тəуелсіз тарихымызда Қазақстан үшін сын сəтіне айналған маңызды оқиғаның бірі – 2008 жылы бастау алған жаһандық қаржылық дағдарыс десек, осы кезде əлемде жүйе құраушы талай ірі банк, компаниялар өзін дефолт, банкрот деп жариялаған болатын. Дағдарыстың мұндай салқыны Қазақстанға да жетпей қоймады. Қаржы тапшылығы орнады. Бірақ 2000 жылы Президент бастамасымен құрылған Ұлттық

қор қаражаты – мəселенің ең тиімді шешімі болды. Себебі, Елбасы мұнай сатылымынан түскен артық қаражаттың қиын сəтте қажет болатынын дер кезінде көре біліп, айтты. Дəл солай болды да. Үкімет экономиканы тұрақтан дырып, оның басты салаларын қаржыландыру үшін Ұлттық қордан 10 млрд. доллар алып, оны 5 салаға бөлді. Олар: қаржы

● Өңір өнері

Ќос ќойылым Тəуелсіздік мерекесі қарсаңында Түркістан сазды-драма театры бүгінгі күннің ең өзекті мəселелерінің бірі – шетелге бала сату проблемасына арналған «Тірі жан» атты драманы көрерменге ұсынды. Бұл шығарма кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы өткізген драмалық шығармалардың жабық бəйгесінде жүлдеге ие болған еді. Оны сахналаған – өнертану ғылымдарының кандидаты, профессор Кəрімбек Сейітметов. Алданып қалған жас келіншек Ұлмекен (Гүлзада Айтбаева), жылпос жігіт Пазик (Жандос Маханов), шетелдік бизнес өкілі Эльтон мырза (Шəкен Амантұров), т.б. өз рөлдерін аса шеберлікпен орындап, көп көңілінен шықты. Екінші спектакльді Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театры сахналады. «Ай астындағы алтын шаһар» атты спектакльдің негізгі оқиға желісінде – бір отбасындағы трагедиялық ахуал сөз болады. Спектакльдің режиссері – халықаралық театрлар фестивалінің лауреаты, кəсіби «Еңлікгүл» сыйлығының

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

иегері Қуандық Қасымов. Өз шаранасынан жеріген жас келін Нұрғаным (С.Айдарова), көреген ана Балым (Ұ.Базарбаева), кейуаналар Нəзипа (М.Жұмаділдаева) мен Шəрипа (А.Раметова), т.б. шығарма мазмұнын барынша аша түскен. Əсіресе, мұнда енелер мен келіндер арасындағы бүгінгі қарым-қатынас жайы барынша шынайы көрініс тапқан. Шымыр тартыс бар. Айта кету керек, «Ай астындағы алтын шаһар» – Мəдениет министрлігі 2011 жылы жариялаған Тəуелсіздіктің 20 жылдығына арналған драмалық шығармалар конкурсында арнайы жүлде алған пьеса. Бұл екі пьесаның да авторы – белгілі жазушы-драматург, бірқатар əдеби бəйгелердің жеңімпазы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жолтай Əлмашұлы. Екі қойылымдағы көтерілген өмірлік-тағдырлық мəселелер көрермендерді бейжай қалдырмайтыны анық. Айнұр НАЙМАНБАЙ, мəдениеттанушы.

нарығы, құрылыс саласы, агросектор, индустриялық жобалар жəне шағын жəне орта биз нес еді. Өзге елдерде жұмыс орны қысқарып, зауыттар жабылып жатқанда, мұндай қолдаудың нəтижесінде Қазақстан қызмет орындарын сақтап қала алды. Тіпті, күрделі жағдайда қалған үлескерлердің өтпей қалған құрылыс объектілерін бюджет

есебінен тəмамдады. Нəтижесінде Қазақстан бар-жоғы 2-3 жылда өзінің бастапқы экономикалық өсіміне қайта оралды. «Менің Отаным – Қазақстан» жобасына келсек, 1990-жылдардың басы. Аласапыран кезең. Бұл – егемендікті енді ғана алып, дербестікке қол жеткізген уақыт болатын. Нарықтық тұрмысқа əлі үйренісе қоймаған шақ. Бүтін бір мемлекет түгілі жекелеген азаматтың күнкөрісі мұңға айналған қиын-қыстау кезеңде жат жерде жүрген қандастарымызды атажұртқа шақыру расында, ердің ері ғана тəуекел ете алатын ісі еді. Президент Н.Назарбаев 1992 жылы осындай батыл қадамға барды. Сол кездегі астанамыз – Алматы қаласында Дүниежүзі қазақтарының алғаш қы құрылтайы өзіндік сəнсалтанатымен өткен болатын. Бұл құрылтай – дүние жүзіндегі иісі қазақ баласының рухани оянуына, қайта түлеуіне дем берді. Шарапатын тигізді. Үміт сыйлады. Бұл үміт кейін, шындыққа, ақиқатқа айналды. Үлкен тебіре ніспен басталған құрылтай – Дүниежүзі қазақтарына жəне Қазақстан Үкіметіне бес баптан тұратын өз үндеуін жолдады. Бұл Қазақ елі үшін тарихи оқиға еді. Себебі, жаһанда қандас бауырларын тарихи отанына шақырған мемлекеттер некен-саяқ еді. Нақты айтсақ, мұндай батыл қадамға үш ел ғана бара алды. Олар – Германия, Израиль жəне біздің Қазақстан. Бұл жұмысты Қазақстан мен Израиль Тəуелсіздік ала сала, көп ұзамай қолға алды. Міне, осылайша Қазақстан басшысы

Нұрсұлтан Назарбаевтың мұрындық болуымен тағы бір асыл арман – шындыққа айналды. Миллиондаған тағдыр, мыңдаған отбасы атажұртымен қайта қауышты. Бұл оқиға Қазақ елі тарихында алтын əріппен жазылатыны ақиқат. Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығын құрып, оған Елбасы Н.Ə. Назарбаевтың өзі Төраға болды. Сөйтіп, əлемнің əр тарабына тарыдай шашырап кеткен қандастарымыздың атамекенге оралуына заңдық жəне əлеуметтік негіз қаланды. Сол жылдардан бастап, Қазақстан Үкіметі көші-қон жəне демография мəселелерімен айналысатын арнайы агенттік құра отырып, шеттегі ағайындарды Отанға оралтуға бюджеттен квоталық қаржы бөлді, алыс-жақын шетелдерден қандастарымызды көшіріп əкелу мен орналастыру шараларын жоспарлы, кешенді түрде жүзеге асыра бастады. Содан бермен қарайғы 22 жылда алыс-жақын шетелдерден тарихи Отанына – Қазақстанға миллионнан астам қазақ баласы оралып үлгеріпті. Тəуелсіздік ұлы мұрат, қастерлі ұғым! Сан ғасырлар бойы арман еткен ата-бабамыздың асыл мұраты осы дəуірде шындыққа айналуы қандай ғанибет! Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ұлы мұраттың ұйытқысы бола білді. Елі сенді, Елбасы сенімді ақтады. Осылайша, қазақтың жаңа тарихы, жаңа жылнамасы жазылды. «Қазақстан» ұлттық арнасының арнайы мерекелік жобаларынан осындай ақшуақ əсерге бөленесіз. Танагөз ІЛИЯСОВА.

● Спорт Жалаулы жарыстар Кеше Астанада «Қазақстан бокс федерациясының кубогы» республикалық турнирінің жартылай финалы өтті. Биылғы бəсеке ел боксының 80 жылдық мерейтойына арналып отыр. Осы күні Астана қаласының жəне Оңтүстік Қазақстан облысының командала ры жартылай финалда кездесіп, 6:5 есебімен ұтты. Екінші жартылай финалда Қарағанды облысы жəне Маңғыстау облысының боксшылары шаршы алаңға шықты. Онда Маңғыстау облысы қарсыластарынан 7:3 есебімен басым түсті. Тағы бір айта кететін нəрсе, «Қазақстан бокс федерациясының кубогы» республикалық турнирінің жартылай финалы кезінде алғаш рет үш салмақ дəрежесі бойынша əйелдер арасындағы жекпе-жектер өтті. Бокс федерациясының хабарлауынша, келесі турнирде əйелдер құрамасы ерлер құрамасымен бірге тең дəрежеде өнер көрсететін болады. Бүгін сағат 15.00-де Астана қаласы мен Маңғыстау облысы командаларының арасында финалдық кездесу өтеді. Финалдан соң Қазақстан бокс федерациясының ең үздік номинациялары бойынша биылғы жылдың жеңімпаздары мен бокс ардагерлері марапатталады.

«Тəуелсіздік жəне əдебиет» Алматыдағы С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің мемлекеттік əдеби-мемориалдық мұражай кешенінде «Тəуелсіздік жəне əдебиет» деген тақырыпта көрме ұйымдастырылып, əдеби кеш өтті. Оған М.Əуезов атындағы Əдебиет жəне өнер институтының «Тəуелсіздік дəуіріндегі əдебиет» бөлімінің аға ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, жазушы Нұрдəулет Ақыш, «Абайтану жəне жаңа дəуір əдебиеті» бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Серікқазы Қорабай қатысып, еліміз егемендік алғаннан бергі жылдардағы рухани əлемімізді байытқан əдеби құндылықтарымыз туралы, институт ғалымдары əзірлеп жарыққа шығарған 100 томдық «Бабалар сөзі», 10 томдық «Қазақ əдебиетінің тарихы», 25 томы жарық көрген «Классикалық зерттеулер», т.б. туралы кеңінен əңгімеледі. «Классикалық зерттеулерге» С.Мұқановтың «ХХ ғасырдағы қазақ əдебиеті» (1932), Ғ.Мүсі реповтің «Суреткер парызы» (1970) атты еңбектері енген. Ғылыми кітаптар мұражай кешені қорына сыйға тартылды. Көрме-кешке Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің студенттері, №2 дарынды балалар мектепгимназиясының шəкірттері қатысты. Əнші Саят Нұрғазин жүрек тербер əншашу шашты. Көрме-кешті мұражай кешенінің директоры, ақын Əділғазы Қайырбеков ашып, қорытындылады. Назгүл АЛТАЕВА. АЛМАТЫ.

Кубалыќтар кемел кґрінді

Желтоқсанның 13-і күні Бүкілəлемдік бокс сериясының (WSB) төртінші турында Astana Arlans Кубаның Cuba Domadores командасын қабылдап, 2:3 есебімен ұтылып қалды. Бірінші ұрыста Мирас Жақыпов Херардо Сервантесті ұтып, кубалықтардың бірінші жеңілісін тіркеді. Мəселенің мəнісі мынада, Бостандық аралының командасы

«Егемен-ақпарат».

бұған дейін өткізген үш матчын да 5:0 есебімен аяқтап, бірде-бір жекпе-жекте қарсыластарына есе бере қоймаған еді. Сол сеңді біздің боксшы бұзды. Бірақ бұдан кейінгі үш шайқаста куба лықтардың айдыны озды. Атап айтқанда, Жандос Момынов Лазаро Альвареске, Бақытжан Қожабеков Ариспойдис Дэспайнға, ал хорватиялық легионер Хрвое

АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 273-73-80.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru , egemenkz@maіl.kz Алматыда: факс (727) – 273-73-80, электронды пошта – egemalm@mail.ru

Көкшетау – (716-2) 25-76-91; Павлодар – (718-2) 68-59-85; Қарағанды – (721-2) 43-94-72; Семей – (722-2) 52-26-86; Қостанай – (714-2) 39-12-15; Тараз – (726-2) 43-37-33; Қызылорда – (724-2) 27-00-85 Шымкент – 8 (701) 404-36-29; Орал – (711-2) 28-80-35; Петропавл – (715-2) 50-72-50. Өскемен – (723-2) 25-28-41; Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-73-97, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

Сеп өз кезегінде Сезар де ла Крусқа тізе бүкті. Меймандар сапындағы жоғарыдағы үш боксшы да биыл Алматыда өткен əлем чемпионатына қатысқан болатын. Үшеуі де финалға дейін жетті. Солардың екеуі – Лазаро Альварес пен Хулио Сезар де ла Крус чемпион атанды. Екеуі де бұл атаққа 2011 жылғы Бакуден кейін қатарынан екінші рет қол жеткізді. Ал Ариспойдис Деспайн Алматы финалында біздің Данияр Елеусіновтен ұтылып қалды. Осы жолы кубалық біздің Бақытжанды нокаутпен ұтты. Сонымен, матчта қонақтардың командалық есепте жеңіске жеткендері белгілі болды. Соңғы айқаста келесі хорват жігіті Филип Хргович қарсыласы Хосе Анхель Лардуэтті үшінші раундта жеңді. Ол алғашқы екі раундта айқын басым көрінді. Үшінші раундта екі рет нокдаунға жіберді. Осыдан кейін кубалық бапкерлер өз жігіттерін шаршы алаңнан шығарып алды. Осылайша, есеп 3:2 болып, Cuba Domadores боксшыларының пайдасына шешілді. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ.

(«Егемен Қазақстан» газетінің келесі нөмірі 19 желтоқсан, бейсенбі күні шығады).

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А.

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – (712-2) 32-94-07; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

● Көрме

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Арко» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-полиграфия» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Мұхит к-сі, 57/1, «Жайық Пресс» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Космическая к-сі, 6/3, «Шығыс ақпарат» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 200 601 дана. Нөмірдің кезекші редакторы

Дастан КЕНЖАЛИН.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 6 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №207 ek

Profile for Egemen

15122013  

1512201315122013

15122013  

1512201315122013

Profile for daulet
Advertisement