Page 1

Бїгінгі нґмірде:

№224 (28447) 15 ҚАРАША СЕНБІ 2014 ЖЫЛ

Мўнайлы Маѕєыстаудыѕ мəртебесі биік 8-бет Шґлейттену 9-бет Хорлан 10-бет «Ќайран біздіѕ аналар арды ойлаєан...» 11-бет

Ел тыныштыєыныѕ ќалќаны

Тўѕєыш Президент кітапханасы таныстырылды Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Монако Князі Альбер II-мен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында екі мемлекеттің басшылары саудаэкономикалық, инвестициялық, мəдени-гуманитарлық

салалардағы ынтымақтастықты нығайту мəселелерін талқылады. Тараптар жаңғыртылатын энергетика, туризм жəне

электроника салаларында екіжақты іс-қимылды дамытуға зор əлеует бар екенін атап өтті. Сондай-ақ, Нұрсұлтан На зарбаев пен Альбер II ха лықаралық күн тəртібіндегі өзекті мəселелер жөнінде де пі кір алмасты.

Сонымен қатар, Монако Князі Тұңғыш Президент кітапханасын аралап көрді, онда құрметті қонаққа «Əлемді өзгертетін идеялар» деп аталатын интерактивті білім орталығы жəне тақырыптық кітап коллекциялары таныстырылды.

Ќаржы жўмсау тетігін наќтылауєа арналєан отырыс

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңестің отырысы өтті, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі. Отырыста Мемлекет басшысының «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан

халқына биылғы Жолдауын жүзеге асыру үшін Ұлттық қордан бөлінетін қаражатты

пайдалану жолдары талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев жаңа экономикалық саясат аясында ауқымды жұмыс күтіп тұрғанын атап өтті. – Экономика өсімінің қарқынын бəсеңдетуге, халық арасында

жұмыссыздықтың бе лең алуына жол бермеу үшін біз жаңа бағдарламаны іске қостық. Əлемде қалыптасқан ахуал жағдайында сырттан келетін қаражат экономика үшін жеткіліксіз. Сондықтан біз Ұлттық қордың қаражатын пай далануды ұйғардық. Жаңа экономикалық саясатты жүзеге асыруға үш жыл бойы жыл сайын 3 миллиард доллар бөлінеді. Сонымен бірге, халықаралық қаржылық ұйымдардың несие желілері, сондай-ақ, былтыр бөлінген 1 триллион теңге бар. Осы қаражаттарды жұмсау механизмін нақты айқындау керек, – деді Қазақстан Президенті. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы қаржы ресурстарының мақсатқа сай əрі тиімді жұмсалуын бақылаудың маңыздылығына назар аударды. Мемлекет басшысы отырыс қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

 Сүйінші!

ЌАЗАЌ БАТЫРЛАРЫНА АШЫЛЄАН НЎРЛЫ ЖОЛ! Кеше, қарашаның 14-і күні Қазақстан ауыр атлеттері үшін нағыз ақ түйенің қарны жарылған ақжарылқап күн болды. Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында бір аптадан бері өтіп жат қан əлем чемпионатында біздің жерлестеріміз екі салмақ дəрежесі бойынша 1 алтын, 2 күміс тұғырға қадам басып, айды аспанға бір-ақ шығарды. Бұған саңлақтарымыз осы күні жарыс көрігін қыздырған 69 килоға дейінгі əйелдер жəне 94 килоға дейінгі ерлер бəсекелерінде қол жеткізді. Жанкешті жарыста алтын медальді Жасұлан Қыдырбаев кіл күштілер көшінен жұлып алса, күміс жүлдені Жазира Жаппарқұл мен Владимир Седов толассыз тайталас тегеурінінен тартып əкетті. Осылайша құрама жаттықтырушылар штабы чемпионатта алға қойған меже биігінен күні бұрын көрініп үлгерді. Осылайша Ж.Қы дыр баев қазақ жастары арасынан шыққан ауыр атлетикадан тұңғыш Əлем чемпионы болды!

Серік ПІРНАЗАР,

«Егемен Қазақстан».

Əңгімемізді алдымен алтын айдарлы жігітімізден бастайық. Не жасыратыны бар, осы біріншілік басталар алдында да, жұма күннің кешінде бəсеке басталып кеткен кезде де, бəріміз Жасұланнан осыншалықты ерлік күткен

жоқ едік. Оны тіпті бапкерлері де шындап күте қоймаған шығар. Олай дейтініміз, чемпионат басталуға санаулы күндер қалғанға дейін еліміз құрамасының 94 килоға дейінгілері сапында ол болған да жоқ. Əдепкіде мұндағы екі орында Владимир Седов пен Рүстем Сыбаев тұр еді. Тек біріншіліктің шымылдығы көтерілер

шақ жақын қалған шамада ғана 22 жасар Жасұлан құрамдағы тəжірибелі Рүстем ді алмастырды. Ал ол болса осының бəрінің басында əділдікке жығылмағанын дəлел дегісі келгендей, бəсеке басталған бойда буырқанып сала беріп, жанған оттан жалын қашырды. (Соңы 12-бетте).

Кеше Елбасы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5573 əскери бөлімінің жаңа үлгідегі заманауи əскери қала шығының ашылуына қатысты. Қалашықты ашу барысында Мемлекет басшысы Ұлттық ұланның жедел бригадасының жеке құрамына айбын мен даңқтың символы – Жауынгерлік туды тапсырды. Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Елбасы қолынан Жауынгерлік туды қабылдап алу мəртебесіне бригада командирі, полковник Марат Қанағатов ие

болды. Сондай-ақ, бұл шараға Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Қалмұханбет Қасымов, Ұлттық ұланның бас қолбасшысы генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов, 6636

жəне 3660 əскери бөлімдерінің əскери қызметшілері мен күшқуат құрылымдарының өкілдері қатысты. (Соңы 2-бетте).

 Жеделсөз – беделсөз

Ќор жинаєан ќор болмайды

Азға қанағат білдіретін, көпке шүкір айтатын, барға мəзір, жоққа сабыр дейтін халқымыз үнем шілдікті үнемі үлгі еткен, «Үлкен жау – өңеш» деп те мақалдаған. Жалпы, қай заманда да, қай қоғамда да алысты ойлаған, келешекті көздеген адамдар ардақ тұтылған, қадірленген, қастерленген. Елбасымыздың жаңа Жолдауын «Егемен Қазақстаннан» оқығанымда маған алдымен келген ой осы болды. Президент қашанда халқын риза етумен келеді, қашанда таңдандырумен келеді. «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» деп аталған бұл Жолдаудың да əсері ерекше. Алдымен, жылдағыдай жаңа басталған жылдың басында емес, аяқталуға айналған жылдың аяғында жария етілді Жолдау. Осы арқылы Нұрсұлтан Назарбаев ырғалып-жырғалуға уақыт жоқ екенін баршаға бадырайтып айтып отыр. Шынында да, Жолдауды қалыптасқан дəстүр солай ғой, жұрт соған үйреніп қалды ғой деп тағы екі-үш айдан кейін жария еткенде біз көп нəрседен ұтылуымыз да мүмкін еді. Əлемдік экономиканың бір бөлшегіне айналған Қазақстанның қазір мына жер-жаһанда болып жатқан жағымсыз жайлардың теріс ықпалынан атымен ада қала алмайтыны анық. Ал сол жақындап келе жатқан қиындықтарға Елбасымыз қандай қам жасаған, қашан жасаған десеңіз, тағы да айтамын, əрі таң

қаласыз, əрі тəнті боласыз. Президент шешімімен ана жылдарда, мұнайға, экспортқа шығара тын басқа да өнімдерге баға айтарлықтай жоғары болып тұрған кезде солардан түскен табыс Ұлттық қорға бағытталып келіп еді. Демократия деген оңды-солды сөйлетіп тұр ғой, сол жылдарда жаңағы қаржыны жұртқа қылдай бөліп берейік, халықтікін халыққа таратайық деп артық ақылын айтып тұрып алғандар да табылған, осы үшін Президентті сынаған сөздер де талай айтылған. Дана уақыт Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлттық қор құру жөніндегі ол шешімінің көрегенділігін қазірдің өзінде бірнеше рет дəлелдеп үлгерді. Ана жылдары əлемдік қаржы дағдарысы қысып кеп бергенде 10 миллиард доллар сол қордан алынып, дағдарысқа қарсы күреске бағытталған.

Жұрттың жылдар бойы жинаған ақшасын қалтаға басып, үй саламын деген жерден шұңқыр да қазбай шетке тайып тұрғандар табылғанда, алданған үлескерлер жүз мыңдап сабылғанда тағы да сол қордан ақша алынып, ол ақша банктерге салынып, құрылыстар қайта басталған. Жүз мыңдаған адамдар үйлеріне кіріп, Елбасына ақ алғысын айтқан. Енді, міне, ел жинақтаған бай лықты ел игілігіне жарататын кез тағы да келе жатыр. Жылдар бойғы қомақты қаржы қиын уақыттарды еңсеруге, экономиканы өсіруге көмектескелі тұр. Елбасымыз оның қаншасы қай салаға бөлінетінін, қашан бөлінетінін, қалай бөлінетінін қолмен қойғандай түсіндіріп берді. Міне, келешекті көздеген кемеңгерлік деген осындай сын сағ ат т ар да т ан ыл ады. « Қ ор жинаған қор болмайды» деген сөзді біздің қазақ содан айтқан. Ендігі міндет – сала-салаға бөлініп берілгелі жатқан сол қомақты қаржының дер кезінде бөлінуін, дəл жеріне жетуін, нақты іске жұмсалуын қамтамасыз ету. Солай боларына да сенеміз. «Мен құрған комиссия қаржының тиімді жұмсалуын қатаң қадағалап, жеке өзіме баяндап отыратын болады. Əр теңге үшін қатаң сұрау болмақ» деп қадап айтты Елбасымыз. Оның үстіне Президент Төрағасы болып табылатын билік партиясы «Нұр Отан» сыбайлас жемқорлыққа қарсы бітіспес майдан ашқалы отыр. «Іске сəт!» дейміз. Сəбит ОРАЗБАЕВ, Қазақстанның халық əртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.

АЛМАТЫ.


2

www.egemen.kz

15 қараша 2014 жыл

Ел тыныштыєыныѕ ќалќаны (Соңы. Басы 1-бетте).

Салтанатты рəсім кезінде сөз алған Елбасы офицерлер мен əскери қызметшілер үшін бұл ерекше күн екенін, өйткені, елордада ТМД-да баламасы жоқ əскери қалашық салынғанын айтты. «Бұл қалашық елорданың төрінде бой көтерді. Мұнда əскери қызметшілердің отбасымен тұруына, қызмет атқаруына, əскери дайындығын шыңдауына барлық жағдай жасалған. Осының бəрі мемлекеттің қамқорлығын көрсетеді. Сіздердің міндеттеріңіз – елдегі татулық пен тыныштықты сақтау, Қазақстан азаматтары құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету, қылмыспен күрес жүргізу. Республиканың Қарулы Күштерінің бір бөлігі болғандықтан, сіздер, сондай-ақ, тəуелсіз елді қорғауға, шекарасының бүтіндігін қамтамасыз етуге де дайын болуға тиіссіздер.

Мемлекеттің қамқорлығына сіздердің лайықты ерен еңбекпен жəне жоғары машықпен жауап беретіндеріңізге сенімдімін», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы жақында ғана Қазақстан халқына Жолдау арнағанына, онда елдің өсіп-өркендеуі бағытында жасалатын негізгі қадамдар айқындалғанына тоқталды. «Біз 30 дамыған елдің қатарына қосылу үшін көп жұмыс атқаруымыз керек. Дүние жүзінде, төңіректе болып жатқан қиындықтарды ескере отырып, мемлекетіміз алдын ала үлкен шараларды қолға алуда. Осының барлығы еліміздің, халқымыздың болашағы үшін жасалып жатыр. Біздің еліміз жеткен жетістіктердің барлығы ішкі тұрақтылық, этносаралық татулық, дінаралық келісім негізінде жүзеге асуда. Ал оны сақтау үшін сіздерге үлкен жауапкершілік жүктеледі. Міне, осы жолдағы сіздердің

еңбектеріңізге табыс тілеймін. Отан үшін аянбай қызмет етеді деп сенемін», – деді Н. Назарбаев. Сөзінің соңында Қазақстан Президенті əскери қызметшілер мен офицерлерді əскери қалашықтың ашылуымен тағы да құттықтап, оларға табыс пен мықты денсаулық тіледі. Бұл күні, сондай-ақ, əскери қалашықты аралап көру барысында Мемлекет басшысына айрықша айырым белгісі – «Бедерлі берет» жəне «Бүркіт» арнайы мақсаттағы жасағының төсбелгісі тапсырылды. 2007 жылы 29 желтоқсанда Елбасының тікелей тапсырмасымен құрылған Ұлттық ұланның жедел мақсаттағы бригадасына қоғамдық қауіпсіздік пен елордадағы тəртіпті қамтамасыз ету міндеті жүктелген. Негізі 2009 жылы қаланған əскери қалашықтың құрылысын «Квинтек» ЖШС жүргізген. Əскери қалашықтың жалпы аумағы 20 гектарды

құрайды. Ал онда жалпы алаңы 64 мың шаршы метр болатын 53 ғимарат пен құрылыс бір мезгілде пайдалануға берілді. Əскери қалашықтың инфра құрылымы жеке құрамның жауынгерлік шеберлігін жетілдіруге, жедел бригаданың жауынгерлік дайындығын шыңдауға, Астана қаласындағы қоғамдық қауіпсіздік пен құқық тəртібін сақтау жөніндегі күнделікті тапсырманы сапалы орындауға мүмкіндік береді. Бұл елорда төрінде өтетін түрлі халықаралық жиындар, мəселен, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі секілді ауқымды шаралар өткізу кезінде қауіпсіздік шараларын жоғары деңгейде қам т амасыз етуге мүмкіндік бермек. Бір атап өтерлігі, мұнда əскери қызметшілердің тыныс-тіршілігі үшін барлық қажетті нысандар салыныпты. Мəселен, қалашықтың аумағында штаб ғимараты, 3 жауынгерлік казарма, 2 асхана,

автокөлік паркі, заманауи үлгіде жабдықталған мультимедиялық атыс тирі бар спорт кешені, стадион, спорт жəне оқу қалашықтары, 60 жатын жəне амбулаториялық ем алуға арналған 100 орындық, заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған лазарет бар. Бұған қоса, мұндағы кинологиялық орталықта қоғамдық тəртіп пен қауіпсіздікті қадағалауға тартылатын қызметтік иттерді үйретіп, баптауға барлық жағдай жасалған. Əскери қалашықта баспана мəселесі де оң шешімін тауыпты. Мəселен, бұл жерде офицерлер мен келісімшарт бойынша жұмыс істейтін отбасылы əскери қызметшілер үшін 104 пəтерлі тұрғын үй салынған. Сондайақ, қалашықта мəдени-сауық орталығы жұмыс істейтін болады. Ғимараттың бірінші қабатында 840 орындық көрермендер залы, əн-би ансамбліне арналған өнер студиясы, сонымен қатар, сарбаздар

шайханасы орналасқан. Екінші қабатта Қазақ елінің сан ғасырлық тарихы мен мəдени мұраларынан сыр шертетін бай кітап қоры, оның ішінде электрондық кітаптар жинағы бар кітапхана орын тепкен. Бұған қоса, орталықта əскери қызметшілердің балалары үшін түрлі шығармашылық үйірмелері, Ұлттық ұланның Орталық музейі жұмыс істейтін болады. «Əскери қалашық ішінде алдағы уақытта осы жерде қызмет ететін екі жарым мың азаматқа барлық жағдай жасалған. Шынымен де, бұл қалашықтың ТМД кеңістігінде ешқандай баламасы жоқ. Мұнда 2015 жылдың шілде айында 2,5 мың əскери қызметші тұратын болады. Бүгінгі салтанатты рəсімге 500-ге жуық адам қатысты. Желтоқсан айында 990 адам қызметке қабылданады. Ал екінші шақырылым шілде айында өтеді. Осыдан кейін Астанадағы тəртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жедел мақсаттағы бригада құрылады. Сондай-ақ, алдағы уақытта, яғни 2015-2016 жылдары тағы да 220 пəтерлі тұрғын үйлер салынбақ. Бұдан кейін Астанаға Алматыдан əскери эскадрилья

көшіріледі. Осы эскадрильяның əскери қызметшілері үшін тағы бір əскери қалашық бой көтереді. Əуежай ауданында салынатын əскери қалашықтың құрылысын 2017 жылы аяқтау көзделіп отыр. Бұл мақсатқа тиісті қаражат бөлініп жатыр. Сондықтан, алдағы уақытта біз өзіміздің алдымызға қойылған міндеттер үдесінен шығып, қоғам қауіпсіздігін сақтау жолында еңбек ететін боламыз», деді Ұлттық ұлан бас қолбасшысының орынбасары полковник Жандос Омарқұлов. Биылғы жылдың 21 сəуірінде Қазақстан Президентінің Жарлығына сай, Ішкі əскерлер Ұлттық ұлан болып қайта құрылған еді. Ұлттық ұланның жеке құрамының басты міндеті – əрдайым мемлекет тыныштығы мен құқықтық тəртібін асқан қырағылықпен қалт жібермей қорғау. Сондықтан, Мемлекет басшысының ұдайы назарында тұрған Ұлттық ұлан өзінің кадрлық жəне техникалық базасы тұрғысында зор əлеуетке ие, іргесі берік күш-қуат құрылымына айналды.

----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Съезге шаќырулар ќўп алынды Мемлекеттік басќару реформасыныѕ маѕызы зор Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы ҚасымЖомарт Тоқаев Израильдің Қазақстандағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Элияу Тасманды қабылдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Кеше Астанада «Эксперт-200-Қазақстан» Ұлттық бизнестің экономикалық алтыншы форумы болып өтті. Оған Премьер-Министр Кəрім Мəсімов қатысты. Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».

Үкімет басшысы форумның ашылуында сөйлеген сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында жарияланған тапсырмаларды орындау маңыздылығын айрықша атап өтті. «Ағымдағы құбылмалы жағдай да, яғни əлемдік экономика теңселе бастаған уақытта, көптеген шикізаттық ресурстарға бағаның құлдырауы кезеңінде контрциклдік бюджеттік саясатты жүргізу керек. Бұл тұрғыда Мемлекет басшысы Қазақстан экономикасын ынталандыру жəне оның қаржылай тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қосымша қаражат бөлу туралы шешім қабылдады. Президент құрылымдық жəне əкiмшiлiк реформаларды жалғастыру мəселесiне назар аударды. Кез келген реформа оны өткiзiп жатқан адамдар дұрыс жұмыс жүргiзбесе, сəтсiздiкке ұшырайтыны жасырын емес. Егер де əкiмшiлiк басқару жүйесi дұрыс құрылмайтын болса, ең үлгiлi реформаның өзi сəтсiз болуы мүмкiн. Осыған орай, биылғы жылдың ортасында Мемлекет басшысы үкiметтiң реформасын жүргiзу, орталық пен өңiрлер арасындағы қызметтердi айқындау жөнінде шешiм қабылдады. Елба сының Жолдауын жемiстi орындау мақса тында тиiстi заңнамалық өзгерiстер жүр гi зiлмек», деп жалғастырды К.Мəсімов. Одан əрі Премьер-Министр елімізде құрылымдық реформалар жүргізу жалғасып жатқанына тоқталды. «Біз оны халықаралық қаржылық институттармен бірге іске асырудамыз, яғни Дүниежүзілік банкпен, Еуропалық қайта құру жəне даму банкімен, Азия даму банкімен, Ислам даму банкімен, сондайақ, Экономикалық ынтымақтастық жəне даму ұйымымен бірлесе атқарудамыз», деді Үкімет басшысы. Бұл бағыттағы шаралар Қазақстанға қиындықтарды еңсеруге, елдегі жеке инвестицияларды дамыту үшін қажетті жағдайды жасауға мүмкіндік береді деп күтілуде. Биылғы «Эксперт-200-Қазақстан» Ұлттық бизнестің экономикалық форумының басты тақырыбы – «Мемлекеттік басқару реформасы: орталық – өңірлер – бизнес», деп аталды. Форум барысында жүзеге асырылатын

мемлекеттік басқару реформасын, бизнес пен мемлекеттің өзара іс-əрекеті принциптерін, экономикадағы мемлекет рөлін жəне басқа да басты мəселелер талқыланды. Оған қазақстандық бизнес пен биліктегі 300-ден астам жетекші өкіл қатысты. Сонымен қатар, форумда еліміздің Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев баяндама жасады. Ол өз кезегінде Экономикалық ынтымақтастық жəне даму ұйымының Қазақстанға арналған елдік бағдарламасына жуырда қол қойылатынын хабарлады. Ал Қазақстанда мемлекеттік басқару моделін таңдау үшін түрлі индекстер бойынша Канада, Австралия, Сингапур секілді алдыңғы қатарлы мемлекеттердің тəжірибесі айқындалған. Айта кетейік, қазіргі уақытта Елдік бағдарлама жобасы мемлекеттік басқару, фискалды саясат, бəсекеге қабілеттілік, іскерлік ахуалды жақсарту жəне тұрақты даму сынды салалардағы бірлескен бастамаларды жүзеге асыруды болжайды. «Біз үшін Экономикалық ынтымақтастық жəне даму ұйымының тəжірибесі үлгі болып табылады. Желтоқсанның аясында біз тиісті елдік бағдарламаға қол қоямыз. Аталған ұйым бұл бағытта үш мемлекетті іріктеп алды, оның ішінде Қазақстанды барлық салаларда, сондайақ, əкімшілік басқару жүйесінде де үздік тəжірибелерді енгізу үшін таңдады», деп тоқталды министр. Оның сөзіне қарағанда, мемлекеттік басқару жүйесі бүгінде бұдан кейін де реформаларды қажет етеді. Бұл шаралар Қазақстанды алдыңғы қатарлы орындарға шығарып, экономикалық реформалар қарқынын үдетеді. Сондай-ақ, министр бизнес үшін жағдайды жақсарту мəселелері бойынша заң жобасы аясында кəсіпорындарды тіркеу жəне импорттық-экспорттық операциялар өткізу кезінде ресімдер саны қысқарып жатқанын тілге тиек етті. «Аталған заң жобасы аясында шағын жəне орта бизнес субъектілері үшін тіркеу мерзімін 1 сағатқа дейін қысқарту, экспорттық-импорттық операциялар, құрылыс, кəсіпорындар тіркеу саласында қызметтер ұсыну кезінде процедура мен мерзімдер санын минимум 3 есеге қысқарту қарастырылады», деді Е.Досаев. Бұдан өзге, құжат жеке кəсіпкерліктің барлық субъектілері үшін мөрді алып тастауды, заңды тұлғаны тіркеу үшін

тіркеу алымын төлеуді алып тастауды қарастырады. Оның айтуынша, ағымдағы жылдың соңына дейін бұл туралы сəйкес заң қабылданады. Қазір Үкімет алдында мемлекеттік басқару саласындағы мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігі мен сыбайлас жемқорлықты азайтуды халықаралық рейтингтер бойынша дамыған 30 елдің деңгейіне жеткізу үшін мемлекеттік басқарудың барлық элементтерінің тиімділігін бірнеше есе арттыру міндеті тұр. Осыған орай Президенттің 2050 Стратегиясын іске асыруды қамтамасыз ету үшін Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесіп мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарын одан əрі оңтайландыру жұмыстарын жалғастыруда. Ал бұл мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру тетіктерін жəне құралдарын сапалық тұрғыдан жақсартады. Қазіргі күні мемлекеттік басқару жүйесін одан əрі жетілдіру мақсатында тиісті ұсыныстар, оның ішінде мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктердің аражігін одан ірі ажырату бойынша, жергілікті өзін-өзі басқарудың қаржылық дербестігін күшейту, жергілікті билік органдарының жауапкершілігін арттыру бойынша ұсыныстар əзірленді. Ал форум барысында сөз алған Қаржы вице-министрі Руслан Дəленов Бəсекелестік ортада қызмет етіп отырған ұйымдар мемлекеттің тарапынан іріктелініп қолдауға ие болмауы тиіс екедігін айтып өтті. Оның сөзіне қарағанда, бүгінде елімізде жұмыс істеп тұрған компаниялар 226 мыңнан асып түсті. Қаржы вице-министрінің мəліметінше, жекешелендірудің екінші толқынына 850-ден астам компанияны сату белгіленген. Олар былтыр мемлекеттік бюджеттен мемлекеттік тапсырма мен мемлекеттік-əлеуметтік тапсырыс ретінде 25 миллиард теңгеге тарта қаржыны конкурссыз алған. «Бұл тұрғыда жеке бизнес бəсекелестік жағдайда қатыса алмады жəне оларға осындай құқық берілмеді де. Мемлекеттің міндеті бизнеспен бəсекелеспей, оларға жағдай жасау. Біз бəсекелестік ортада жұмыс істейтін ұйымдар мемлекеттің іріктеулі қолдауына ие болмауы тиіс деп санаймыз. Бүгінде бұндай қолдауды мемлекеттік кəсіпорындар алып жатыр. Бұл өз кезегінде бəсекелестік үшін теңсіздік жағдайын жасап, мемлекеттік қаржыны тиімсіз жұмсауға мүмкіндік тудырады», деп түйді сөзін вице-министр.

Қ.Тоқаев Қазақстан мен Израиль қатынастарының же місті дамуына қанағаттанғандық білдіріп, 2015 жылғы 10-11 маусымда өтетін Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбас шыларының V съезіне əзірлік барысы жəне ол діни көшбасшылар мен сая си қайраткерлердің бейбітшілік жəне даму жолындағы үнқатысуына арналатыны туралы хабардар етті. «Біз саммит жұмысына Израильдің діни көшбасшыларының қатысуын жоғары бағалаймыз жəне олардың бұдан былай белсенді қатысуына сенім

артамыз», – деді Қ.Тоқаев. Ол, сондайақ, Президент Жолдауына елшінің назарын аударды. Э.Тасман Сенат Төрағасына Қазақстандағы дипломатиялық миссияның жұмысы жəне су жинақтаудың тиімділігі, ауыл шаруашылығы мен денсаулық сақтау салаларындағы өзара іс-қимылды белсенділендіру жоспарлары туралы егжей-тегжейлі əңгімеледі. Халықаралық саладағы өзекті мəселелер Қ.Тоқаев пен Испанияның бұрынғы Сыртқы істер министрі, белгілі қоғам қайраткері Мигель Анхель

Палатаныѕ кїн тəртібі ќаралды

Кеше Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен Мəжіліс бюросы өтіп, онда палатаның алдағы жалпы отырысында қаралатын күн тəртібінің жобасы нақтыланды, деп хабарлады Мəжілістің баспасөз қызметі.

Депутаттар Қазақстандағы кəсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мəселелері бойынша заңнамалық түзетулерді бі рінші

оқылымда талқыға салады. Сондай-ақ, мəжіліс депутаттарының назарына жер қойнауын пайдалану бойынша жаңа енгізілімдерді екінші

Аналар кеѕесініѕ алєашќы форумы 13-14 қараша күндері Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясы Мəдениет жəне спорт министрлігімен бірлесе отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясының Даму тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында (2020 жылға дейін), отбасындағы толеранттылық мəселелері бойынша Аналар кеңесінің бірінші Республикалық форумын өткізді. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Аталған шара мақсаты отбасылық құндылықтар арқылы қоғамдағы толеранттылықты нығайту, балаларды азаматтық пен патриотизм рухында тəрбиелеу жəне де отбасы, ана мен бала мəселелерін шешуде мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың күш біріктіре түйткілді мəселелерді қарастыруға арналған сұхбат алаңын құру болып табылады. Форум жұмысына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, аймақтық аналар кеңестерінің өкілдері, мемлекеттік мекемелер мен этномəдени бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері, жастар, БАҚ өкілдері қатысты. Форум аясында аймақтық аналар кеңестерінің өкілдері үшін тренингтер өтті. Форум қорытындысында арнайы қарар, қатысушылардың Қазақстан Республикасының Президентіне үндеуі қабылданды.

Моратиноспен кездесу барысында талқыланды. Палата Төрағасы Президент Н.Назарбаевтың «Нұрлы Жол» Жолдауындағы негізгі мəселелер туралы хабардар етті. Қ.Тоқаевтың пікірінше, Жол дауда біздің еліміздің экономикалық əлеуеті айқын көрінеді, ол Президент Н.Назарбаевтың көреген стратегиясының арқа сында мүмкін болып отыр. Қазақстан жаһандық дағдарыс жағдайында инфрақұрылым жəне əлеуметтік-экономика салаларымен бірге, экономика дамуының жаңа кезеңіне аяқ басты. Сенат Төрағасы, сондай-ақ, испан дипломатын Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшыларының V съезіне əзірлік барысы туралы хабардар етті. оқы лым да қарау ұсынылып отыр. Жалпы, отырыстың күн тəртібі бойынша халық қала у лылары Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдай лардың алдын алу жəне оларды жою сала сын дағы ынтымақтастық туралы Қазақстан-Əзер бай жан үкімет аралық келі сімін ратифи кация лау ға қатысты бейінді комитетке қорытынды əзірлеу уақытын тағайындайды.

Комиссиялар ќўрылады Мемлекет басшысының 2014 жылғы 11 қарашада «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Нұр Отан» партиясына Парламент Мəжілісіндегі «Нұр Отан» партиясының фракциясына бөлінетін қаражаттың барлық деңгейде жұмсалуына қатаң бақылауды белгілеуге қатысты берген тапсырмасын орындау мақсаттарында, келесі бағыттарда бюджет қаражатының қалыптастырылуы мен тиімді жұмсалуын бақылау жөніндегі комиссиялар құру туралы шешім қабылданды: 1. «Əлеуметтік инфрақұрылымды дамыту» (жетекшісі – И.П. Аронова, Парламент Мəжілісі Əлеуметтік-мəдени даму комитетінің мүшесі); 2. «ТКШ инфрақұрылымын, сумен жəне жылумен жабдықтау жүйелерін жаңғырту, тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту» (жетекшісі – Н.Н.Логутов, Парламент Мəжілісі Экономикалық реформа жəне өңірлік даму комитетінің мүшесі). 3. «Индустриялық, энергетикалық инфрақұрылымды дамыту, шағын жəне орта бизнесті жəне іскери белсенділікті қолдау» (жетекшісі – Н.С. Сабильянов, Парламент Мəжілісі Қаржы жəне бюджет комитетінің мүшесі). 4. «Көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту» (жетекшісі – М.Б. Тінікеев, Парламент Мəжілісі Заңнама жəне сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі). Құрылған комиссиялар «Нұр Отан» партиясының Партиялық бақылау комитетімен белсенді өзара іс-қимылда болады.


3

www.egemen.kz

15 қараша 2014 жыл

ПАРЛАМЕНТ ПАРЛАМЕНТ

 Жолдау жүгі

Наќтылыєымен ерекшеленген баєдарламалыќ ќўжат Икрам АДЫРБЕКОВ,

Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс жəне қауіпсіздік комитетінің төрағасы.

Елбасы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында əлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс қайта айналып келуімен ерекшеленетінін ерекше атап кетті. Осы ретте, мұның салдары Қазақстанға тиюі де əбден мүмкін екенін ескертті. Сондықтан да Президент «Нұрлы Жол» деп аталатын Жаңа Экономикалық Саясат ұсынды. Аталған жоба дағдарыстарға төтеп беруді ғана ұсынбайды, сонымен бірге, «Қазақстан-2050» Стратегиясына сəйкес, ел экономикасының өсіміне де өзіндік үлесін қосуы тиіс. Толықтай алғанда, АҚШ пен Еуропалық одақта эконо мика өсімі байқалып отыр. Алайда, еліміз экономикасының төмен деуіне аймақтағы геосаяси жағдайлар да өз əсерін тигізуде. Украинадағы жағдайдың, Ба тыстың санкция ларының, əрине, еліміз экономикасына теріс салдары болмай қоймайды. Мұның алдындағы əлемдік қаржы дағдарысы кезінде Үкі мет жол картасын қабылдап, дағдарысқа қарсы тұрып қана қоймай, сонымен қатар, экономика өсіміне де қол жеткізгені есімізде. Бұл жолы да кең ауқымды əрі мақсатты бағдарлама қабылданып отыр. «Нұрлы Жол» еліміз инфрақұрылымын жақ сартуға арналған жобаларды қамтитын болады. Неге? Өйткені, бұл жобалар мультипликативтік тиімділік əкеледі. Мұндай инфра құрылымдық жобаларды жүзеге асыру барысында шағын жəне орта бизнес дамитын болады. Соның нəтижесінде жұмыссыздық мəселесі шешімін табатыны айтпаса да түсінікті. Жаңа экономикалық саясат еліміздің қаржылық мүм кіндіктеріне негізделген. Əрине, бұл жерде Ұлттық қор өзінің оң əсерін береді. Қазіргі таңда онда 100 миллиард доллардан астам қаржы жинақталған. Жыл сайын осы қордан ел экономикасына 3 миллиард доллар бағытталатын болады. Бұған қоса, халықаралық несиелік ұйымдар да Қазақстанға үш жыл бойы 2 миллиард доллардан бөлуге мүдделі. Шетелдік инвесторлар жылына 3 миллиард доллар салуға ыңғай білдіруде. Барлығын қоса есептегенде, Қазақстан экономикасына 2 жыл көлемінде қосымша 27

миллиард доллар құйылады деп күтілуде. Мұның экономикаға айтарлықтай қолдау екені анық. Бұл ретте, аталған ақша Үкіметтің алдындағы əлеуметтік мəселелерді шешіп қана қоймайды, жалпы экономиканың дамуына оң ықпал тигізетін болады. Тұрғын үй салуда да жаңаша көзқарас қалыптаспақ. Мəселен, əлеуметтік жалға берілетін баспана салуға жақын екі жылда 180 миллиард теңге бағытталатыны белгілі болып отыр. Бұл қаржыға əлеуметтік тұрғын үйлер салынып, əрі қарайғы сатып алу құқымен жалға берілетіндігін де айта кеткен жөн. Бұл – азаматтардың өз баспанасына ие болуы арманына қол жеткізуге деген мүмкіндік. Бүгінгі таңда ипотекаға пəтер сатып алуға көп қаржы төлеу қажет болса, мұнда бұл ресурстарға қажетті үстеме ақыға 1-2 пайыз жетеді дегендей ой айтылды. Бұл еліміз тарихында өте төмен пайыз саналады. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты, инфра құрылымдарды жаңғырту үшін еліміз бойынша 2 триллион теңге қажет екен. Қазіргі таңда олардың 70 пайызы əбден тозған. Жыл сайын бұл мақсатқа 2 миллиард теңге көзделуде. Жақын 10 жыл ішінде бұл мəселе түбірімен шешімін табуы тиіс. Апатты жəне үш ауысымды мектептер мəселесін шешуге 70 миллиард теңге көзделсе, балалар бақшасына 20 миллиард теңге қарастырылмақ. Президент, бұл ретте, балалар бақшасы мəселесін шешу үшін шағын жəне орта бизнес мүмкіндіктерін пайдалануды ұсынды. ЭКСПО-2017 кешені құрылысына қосымша 40 миллиард теңге бөлінетін болады. Президент өз сөзінде халықаралық көрменің қаламызды түбірімен қайта түлететінін ерекше атап кетті. Шынымен де, солай боларына ешқандай күмəн жоқ.

 Парламентші пайымы

Метрополитен – стратегиялыќ нысан Ақан БИЖАНОВ, Сенат депутаты.

Алматы метрополитенін стратегиялық нысандар қатарына қосу керек. Пайдалануға берілген кезінен бері ол 20 миллионға жуық жолаушыға қызмет көрсетіп үлгерді. Күн сайын метро қызметін шамамен 20 мыңнан аса жолаушы пайдаланады. Бүгінде жұмыс істеп тұрған жеті бекеттің қатарына «Мəскеу» жəне «Сайран» атты екі жаңа станса қосылғанда, жолаушылар тасымалы екі есеге дейін ұлғаяды деп күтілуде. Метрополитеннің бірінші тармағы толықтай іске қосылған кезде, күніне 120 мыңға дейін жолаушы

кей бір мəселелері» деп аталатын 2011 жылғы 7 қазандағы №1151 қаулысында метрополитен стратегиялық нысан ретінде ескерілмеген. Мысал үшін айтсақ, Ресей Федерациясында барлық метрополитендер стратегиялық нысандар қатарына жатқызылған. Оңтүстік астана метро политенінің бірінші кезегін салу барысында құрылыс норма лары мен ережелерінің жəне азаматтық қорғаныс шараларының инженерлік-техникалық көлемінің талаптары толығымен ескерілген. Бұл нормалар мен талаптар метрополитен құрылысының келесі кезектерінде де толықтай қолданылуда.

Осыған орай, халық қауіпсіздігін сақтау мақсатында жəне аталған мəселенің үлкен қажеттілігін ескере отырып, метрополитенді стратегиялық нысандар қатарына қосу жəне

соған байланысты мемлекетіміздің нормативті құқықтық актілеріне тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезек күттірмей шешуді қажет ететін көкейкесті мəселе деп білеміз.

 Талқылау тағылымы

Кґші-ќон – əрдайым назарда ўстауды талап ететін сала Парламент Мəжілісінде Əлеуметтік-мəдени даму комитетінің ұйымдастыруымен «Көші-қон үдерістерінің үрдістері (əлеуметтік аспектілер) туралы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Бұл іс-шараға аталған комитет төрайымы Гүлнар Иқсанова жетекшілік жасады, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Негізгі баяндаманы «Қазақстан Республикасындағы ішкі, этностық жəне еңбек көші-қоны» тақырыбына Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова жасады. Дөңгелек үстел аясында республикадағы көші-қон үдерістерінің негізгі үрдістері, мигранттардың əлеуметтік бейімделуі мен ықпалдасуы проблемалары, олардың білім беру жəне денсаулық сақтау қызметтеріне қолжетімділігі талқыланды. Қазақстан Республикасындағы көшіқон үдерістері əлеуметтік-экономикалық,

саяси, этностық, экологиялық жəне басқа да түрлі факторлардың ықпалымен дамиды. Тəуелсіздіктің бірінші күнінен бастап көшіқон үдерісін реттеу мемлекет саясатының маңызды бағыттарының біріне жатады. Мемлекеттегі көші-қон үдерісінің негізгі үрдістерін сипаттай келе, мыналарды атап өту қажет. 2004 жылдан бері көші-қонда: 2004 жылы – 3,4 мың адам, 2005 жылы – 22,1 мың адам, 2006 жылы – 30,4 мың адам, 2007 жылы – 10,0 мың адам жəне 2008 жылы 3,5 мыңнан астам адам көрсеткішімен сальдо байқалуда. Бірақ 2007 жылдан

бастап оң сальдо қысқартылды. ТМД елдері шеңберінде негізгі көші-қон ағымдары Ресеймен, Украинамен жəне Орталық Азия елдерімен, алыс шетелдер арасынан Германиямен байланысты. Соңғы кезде Қазақстан Орталық Азия ның көршілес республикаларында «ығыстырылатын факторлар» (жұмыссыздықтың жоғары деңгейі жəне өмір сүрудің төмен деңгейі) мен экономикалық даму («тартушы фактор») нəтижесінде жұмыс күшіне деген өсіп келе жатқан қажеттіліктен біркелкі шамада еңбек көшіп-қонушыларын қабылдайтын елге айналды. Отырысқа қатысушылар арасында белсенді пікір алмасу өтті. Онда Ұлттық экономика вице-министрі М.Əбілқасымова «Еліміздің əлеуметтік-экономикалық

 Фотокүнделік

 Тұрақты комитеттер тынысы Парламент Мəжілісінің Аграрлық мəселелер комитеті «Ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру туралы» мəселе бойынша Парламенттік тыңдаудың арнайы уақытша комиссиясының тыңдауды дайындау жəне өткізу жөніндегі отырысында «Ауыл шаруашылығы кооперациясы туралы» заң жобасы бойынша тұсаукесер рəсімін өткізді.

Заѕ жобасыныѕ тўсаукесері Заң жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі депутат Рауан Шаекин отырысты жүргізіп, Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Гүлмира Исаева депутаттарды құжатпен таныстырды. Аграрлық мəселелер комитеті 2015 жылғы қаңтарға «Ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру» тақырыбына парламенттік тыңдау өткізуді жоспарлаған болатын. Уақытша арнайы комиссия құры лып, оған депутаттар, мемлекеттік ор ган дардың өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар кірді. Комитет отырысында Үкімет əзірлеген «Ауыл шаруашылығы кооперациясы туралы» заң жобасы таныстырылды. Ұсынылған заң жобалары өндірістік кооперативтің ұйымдық-құқықтық нысанында ауыл шаруашылығы кооперативтерін құруды, қатысушылардың құқықтық жағдайын, құқықтары мен міндеттерін, ауыл шаруашылығы кооперативтерін жəне олардың тексеру одақтарын (қауымдастықтарын) құру, олардың

тасымалданатыны да белгілі болып отыр. Метроны пайдаланушылар санының артуы мен осы нысанның ерекшелігін ескерсек, аталған аса тиімді көлік түріндегі, оның стансаларындағы қауіпсіздік мəселесі бүгінде өте өзекті бола түседі. Жапонияның, Ресейдің жəне тағы басқа да мемлекеттердің метро стансаларында лаңкестік əрекеттер жасалып, айтарлықтай адам шығынына алып келгені əлі де ұмытыла қойған жоқ. Сонымен қатар, Азаматтық кодекстің 193-1-бабында жəне Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің

қызметінің қайта ұйымдастырылу жəне таратылу тəртібін көздейді. Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің негізгі қағидаттары: кооперативке қатысудың еріктілігі жəне кооперативке кіру мүмкіндігі, кооперативке қатысушыларға өзара көмек жəне олар үшін экономикалық пайданы қамтамасыз ету, кооперативке қатысушылардың тең құқықтылығына: бір қатысушы – бір дауыс, кооперативтің тауарларды, жұмыстарды жəне көрсетілетін қызметтерді өз қатысушыларына өзіндік құнымен өткізуге, кооператив қызметінің оған қатысушылар үшін ашықтығына негізделген демократиялық басқару болып табылады. Ауыл шаруашылығы кооперативтерін мемлекеттік қолдау шараларын күшейту ретінде арнайы салық режімін қолдану кезінде қызмет түрлерінің тізбесін кеңейту болжанады. Комиссия жұмысының шеңберінде, сондай-ақ, халықаралық тəжірибе де зерделенетіні қарастырылған, деп хабарлады Мəжілістің баспасөз қызметі.

даму тұрғысындағы көші-қон үдерістері», Білім жəне ғылым вице-министрі Т.О.Балықбаев «Көшіп-қонушылардың Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарындағы білім алуы», Көшіқон жөніндегі халықаралық ұйымның Қазақстандағы жəне Орталық Азиядағы миссиясының басшысы Д.Кесерович «Көшіқон үдерістерінің үрдістері», Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрғын халықтың қоныстануы саласындағы қорының (ЮНФПА) ұлттық бағдарлама үйлестірушісі Ғ.Молдақұлова «Көші-қонның жəне дамудың өзара қарымқатынастарының əлеуметтік аспектілері», Ішкі істер министрлігі Көші-қон полициясы департаментінің басшысы С.Сайынов «Қазақстан Республикасындағы көші-қон ахуалы туралы» деген тақырыптарда сөз сөйледі. Дөңгелек үстелдің жұмысына Парламент Мəжілісінің депутаттары, уəкілетті мемлекеттік органдардың басшылары, халықаралық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

 Сізді не толғандырады?

«Казреставрацияєа» реставрация жасайтын уаќыт келді Алдан СМАЙЫЛ,

Мəжіліс депутаты.

Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ.

Алматы қаласындағы Республикалық кітап мұражайы мемлекеттік қазыналық кəсіпорны – қазақ руханиятының ғажайып қазынасы. Осыдан 36 жыл бұрын ұлтжанды азаматтардың қайрат көрсетуімен ашылған мұндай мұражай тек Мəскеу мен Киев қалаларында ғана бар. Өзінің қорында 50 мың құнды, сирек кітаптарды сақтап отырған осы мұражайға Алматының тұрғындары мен қонақтары, шетелдік меймандар да келіп-кетіп жатады. Тарихи мəні бар ғимаратқа ашылғаннан бері жөндеу жұмыстары жүрмеген. Аса сирек қолжазбалар, көне кітаптар жүдеу күйде сақталып отыр. Мұражайды осы заманғы технологиямен қайта жабдықтау – қазақ руханияты үшін маңызды шаруа. Елдің қолында жүрген еліміздің мəдениеті мен əдебиетіне зор үлес қосатын құнды қолжазба, сирек кітаптар өте көп. Біздің негізгі міндеттеріміздің бірі құнды жазба

мұраларды сатып алып сақтау болып табылады. Қаржы министрі Б.Сұлтановқа «Казреставрация» ғылыми-зерттеу жəне жобалау мекемесінің осы мұражай ды жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына арналған шығын мөлшерінің құжаттарын бірге ұсына отырып сауал да жолдадым. Ұлтжанды азамат ретінде тиісті қаржыны 2014 жылдың есебінен бөліп береді ғой деген де үмітім бар. Ал жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының шығын мөлшері 52 276 000 (елу екі миллион екі жүз жетпіс алты мың) теңгені құрайды. Бұған қоса, жобалау-жөндеу жұмыстарының құжаттарын əзірлеу құны 2 668 685 (екі миллион алты жүз алпыс сегіз мың алты жүз сексен бес) теңге болып отыр. Сирек, құнды кітаптар мен қолжазбаларды сатып алу үшін 10 000 000 (он миллион) теңге керек екен. Мəселенің маңызын ескере келгенде, бұл соншалықты көп қаржы да емес. Тек түсіністік пен жанашырлық көзқарас қана қажет.

 Сауал салмағы

Ґз тауар ґндірушілерімізді де ойлайыќ Өзбекстанмен сауда қарым-қатынастарымызды тепе-теңдік негізде, соның ішінде бұл мемлекеттегі қазақстандық экспортты шектеу бойынша қадамдарға орай тура сондай шаралар қолдану жолымен құру қажет. Бұл туралы Мəжіліс депутаты Нұрлан Жазылбеков «Ақ жол» ҚДП фракциясының депутаттық сауалында мəлімдеді. Төменде Премьер-Министр К.Мəсімовтің атына жолданған депутаттық сауалдың толық мəтіні келтіріліп отыр.

«Сыртқы сауданың маңызды қағидасы ұлттық экономикалық мүдделерді көздеу болып табылатыны, ол тең құқылы жəне əділ бəсекелестікпен қамтамасыз етілетіні белгілі. Біздің ел үшін табиғи жəне коммерциялық тартымды бағыттардың бірі Өзбекстанмен өзара сауданы дамыту болып табылады, мұндағы қазақстандық тауарларға импорттық қажетсіну миллиардтаған АҚШ долларымен бағаланады. Сонымен бірге, 1997 жылдың 2 маусымындағы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы Еркін сауда жасау туралы келісімге қарамастан, ал құжатқа сəйкес кедендік баж салығы, салықтар жəне алымдар, сондай-ақ, тауарлардың экспортына немесе импортына өзге де шектеулер қолдануға болмайды. Өзбекстан жағынан қазақстандық өнімнің импортын шектеу бойынша белсенді саясат жүргізілуде. Мəселен, Қазақстаннан əкелінетін

тауарлардың барлық түрлеріне өзбек тарапы акциздер енгізген, бұл бірден қазақстандық жəне өзбекстандық тауар өндірушілерге тең емес шарттар қалыптастырады. Оның үстіне, Өзбекстан тарапынан акциздік жинақ жыл сайын тұрақты көтерілуде. Бұл шаралар халықаралық тəжірибеге қайшы келеді, өйткені, акциздік жинаулар көбіне көлеңкелі нарықта белсенді айналымдағы тауарларға қатысты немесе қоғамдық қаупі бар алкоголь мен темекі сияқты тауарларға енгізіледі. Дегенмен, 2011 жылдан бастап қазақстандық тауарларды Өзбекстанға экспорттау кезінде көрші елмен келесі акциздер өндіріліп алынуда: - өсімдік майына жəне шыныпластикалық өнімдеріне – 10%; - ұнға – 15%; - кондитерлік өнімдерге, шұжық пен ет өнімдеріне, жиһаз бен тоқымаға – 50%-дан;

- теледидарларға – 60%; - сүт өнімдері, шырын жəне жұмыртқаға – 70%; - алкогольсіз сусындарға – 100%; - балмұздаққа жəне т.б. – 200%. Жағдай 2013 жылы Өзбекстанмен тұтынушылық бағыттағы тағы да 45 атауға қосымша акциздер енгізген кезде мүлдем ушықты. Олардың тізімі ашық қолжетімділікте жоқ, алайда, əртүрлі ақпарат көздерінен ол өзіне тоқыма өнімдерін, картоп, тұрмыстық химия заттарын, табиғи былғарыдан жасалған бұйымдарды, өсімдік майын, макарон жəне басқа да тауарларды қосатыны белгілі болды. Аталған тауарларға деген акциздің мөлшерлемесі Өзбекстанның кедендік шекарасынан өткен кезде 30 пайызға дейін өсіп кетеді. Қалыптасқан жағдай 1997 жылдың 2 маусымындағы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы Еркін сауда туралы келісімде қарастырылған шарттарды тікелей бұзады. Оның үстіне, бұл бұзушылықтар біржақты сипатқа ие, себебі, біздің еліміз бұрынғыша өз аумағында өзбек тауарларының импорты үшін ешқандай кедергілер келтірмейді, ешқандай акциздер немесе қосымша салықтар алуға ұмтылып та отырған жоқ. Қазақстанға белсенді түрде Өзбекстанда

қарастырылған жеңіл автокөліктер, ауылшаруашылық өнімдері мен басқа да тауарлар əкелініп сатылып жатыр, ал қазақстандық бизнеске өзбек нарығына өтуге есік барған сайын тарыла түсуде. Қысқасы, осы жалпақшешейлік салдарынан отандық тауар өндірушілер тікелей зиян шегуде. Жыл сайын тауарлардың барлық тізімі бойынша біздің экспорттың осы туысқан мемлекетке жеткізілуі қысқартылуда. Сөйтіп, 2011 – 2013 жылдары Өзбекстанда айтарлықтай сұранысқа ие қазақстандық тауар – ұнның экспорты 13%-ға төмендеді. Басқа позициялар бойынша жағдай бұдан да нашар. Осыған байланысты «Ақ жол» партиясы Өзбекстан Республикасымен екіжақты сауда-экономикалық байланысты дамытудың маңыздылығын тани отырып, сонымен бірге, сауда-саттықты тепе-теңдік негізде, соның ішінде бұл мемлекетке қазақстандық экспортты шектеу бойынша қадамдарға орай тура сондай шаралар қолдану жолымен құру қажет деп есептейді. Құрметті Кəрім Қажымқанұлы, жоғарыда баяндалғанның негізінде, «Ақ жол» ҚДП депутаттық фракциясы өзбекстандық тараппен келіссөздер жүргізу жолымен не Өзбекстаннан жіберілетін тауарларға қатысты Қазақстанмен де жауап беру шараларын қабылдау арқылы жоғарыда келтірілген кедергілерді жою мүмкіндіктері туралы хабарлауыңызды сұрайды».


4

www.egemen.kz

15 қараша 2014 жыл

АСЌАЌ МЎРАТПЕН бар. Президент біздің баршамызға жарық, шұғылалы əрі ашық жол нұсқап отыр. Халықтың еңбекпен қамтылу деңгейін өсіруге жол ашатын инфрақұрылымды дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға екпін берілді. Нəтижесінде, біз отандық экономиканың дамуының қозғаушысына айналатын əуе жолынан бастап автомобильге дейінгі көлік магистралінің

Бўл – əлемдегі тереѕ ґзгерістермен бір ќатарєа ќоятын саясат Гүлшара ƏБДІҚАЛЫҚОВА,

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы.

Бүгінгі таңда біз жаһандық ауқымда, сонымен бірге, əлемнің жекелеген елдерінде орын алып жатқан түрлі дүниежүзілік, өңірлік жəне ішкі қыр көрсетулердің, тəуекелдер мен қауіпқатерлердің куəгерлері əрі қатысушылары болудамыз. Қазақстан Республикасы əлемдік кеңістіктегі маңызды геосаяси ойыншы ретінде, əлбетте, аталған үдерістердің белсенді қатысушысына айналуда. Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын халыққа жариялай отырып, өзінің стратегиялық көрегендігін тағы да айрықша паш етті. Президент алдымызда əлемдегі ахуалды түбегейлі өзгертетін жаһандық сынақтар күтіп тұрғанын алдын ала сезеді. Аталған қауіп-қатерлердің алдын алу мақсатында Мемлекет басшысы қолда бар ресурстарды,

тетіктерді жəне мүмкіндіктерді шұғыл жасақтауға жағдай туғызатын Жаңа Экономикалық Саясатты алға тартты. Бұл шешімді мен Американы Ұлы күйзелістен алып шығуға мүмкіндік берген өзінің əйгілі Жаңа бағытын ұсынған АҚШ президенті Франклин Делано Рузвельттің праг матикалық саясатымен жəне белгілі реформатор Дэн Сяопиннің терең бас тамаларымен түпкі нəтижесінде елді əлемнің Екінші экономикасы мəр тебесіне көтерген Қытайдағы терең өзгерістермен ғана бір қатарға қоя аламын. Əлеуметтік салада қызмет еткен адам ретінде Жолдаудың əлеуметтік жан-жақты бағ дарлылығын атап көрсеткім келеді. Жолдаудың «Нұрлы Жол» деп аталуының да өзіндік мəні

тұтастай жүйесін құрамыз. Тек жол құрылысының өзінен 200 мың жаңа жұмыс орны ашылмақ.

Жолдауда басты орын адамдарға жан-жақты қамқорлық жасауға, өмір сапасын жақ сартуға, тұтастай алғанда, қазақстандықтардың əл-ауқатын нығайтуға беріліп отыр. Осыған орай, Жолдаудағы жалға берілетін əлеуметтік тұрғын үйді дамыту туралы ережені айрықша атап өткім келеді. Бұл қадам бүгінде ел халқының ширегінен астамын құрайтын Қазақстанның болашағы – жастарға деген қамқорлыққа бағытталған. Бұл қазіргі əлемде теңдесі жоқ ерекше мемлекеттік шешім. Жаһандық экономикалық өсім бəсең тартып, жұмыс орындары қысқарып жатқан қазіргі жағдайда біздің елімізде Мемлекет басшысының стратегиялық көре гендігінің арқасында даму мен өркендеудің бұрын-соңды болмаған бағдарламасы – Жаңа Эко номикалық Саясат қарқын алмақ. Бұл бағдарламаның мақсаттары, міндеттері мен мазмұндық деңгейі ең дамыған елдердегі осы тақылеттес құжаттар өлшемімен толық сай келетінін атап өткен орынды. Мен «Нұрлы Жол» бағдарламасы Қазақстанның ал да күтілетін «Экономикалық Мариан шұңғымасын» бағындыруға мүмкіндік туғызатынына сенімдімін. «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын іске асыру, сөзсіз, индуст риялықинновациялық экономиканы одан əрі тереңдетуге, əлеуметтік инфрақұрылымды сапалық жағынан одан əрі дамытуға, осы арқылы қа зақстандықтардың өмір сүру сапасын түпкілікті жақсартып, Елбасымыз алға қойған əлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына қосылу туралы басты мақсатты жүзеге асыруға барынша жағдай туғызатынын да қоса айтқым келеді.

Ел ґміріндегі маѕызды ќўжат Айман МҰСАҚОЖАЕВА,

Қазақстанның халық əртісі, профессор, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры.

Біз еліміз дамуының қарқынды кезеңінде өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан, бұл кезең жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, биік армандар мен мақсаттарға жетелейді. Бірақ, сонымен қатар, əлемдік ауқымда саяси жəне экономикалық қиын жағдайлар да қатар келе жатыр. Қамкөңіл болып жүрген жандар да баршылық. Алайда, біз осындай кездерде шұғыл, батыл шешімдер қабылдай алатын қабілеттілігімізді де таныта білуіміз қажет. Міне, дəл бүгінгі күніміз осындай тағдырлы болып тұрғанымен ерекше. Əйтсе де, біз үшін, халқымыз үшін ең бастысы: қорғанымыз бар, ол – Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев. Елбасының саяси көрегенділігі мен өмірлік

мол тəжірибесінің арқасында еліміз түрлі жағдайлардан үлкен қиындықсыз өте алады. Ол күні кешегі Жолдауы арқылы əлемдік экономикалық жағдайдың күрт төмендеуіне байланысты еліміздегі экономикалық жəне əлеуметтік салаларды шұғыл қайта құрудың жолдарын ұсынды. «Нұрлы Жол» деп аталған Қазақстанның Жаңа Экономикалық Саясаты бойынша ұсынылған ісшаралар салиқалы ойдың жемісі екені анық. Ол ұсынылған ісəрекеттер мемлекетіміздегі құрылымдарды дер кезінде сауықтыруды көздейді. Президент ұсынған шаралар тек экономика, қаржы институттары, көлік жəне өндіріс орындарын ғана емес, сондай-ақ, еліміздегі кең ауқымды əлеуметтік салаларды, білім беру жəне денсаулық сақтау салаларын да қамтыған. Қазақстанның Жаңа Экономикалық Саясатының мақсаты

айқын əрі нақты, ол − Қазақстан халқының жағдайын жақсарту. Бұл жаңа саясат жас ұрпақтың болашағының қамын, еліміздің үлкен саясаттағы абы ройын ой лаудан туған. Сондықтан, біз дің əрқайсымыз Президент Н.Назарбаевтың жаңа саяси бағытын барынша қолдап, азаматтығымызды таныта білуіміз керек. Тек қана алға! Біз Елбасы – Президентіміздің барлық бастамаларын қолдаймыз! АСТАНА.

Жастардыѕ їмітін оятты Ержан КӨЛДЕЕВ, Қ.Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ-дің инновациялық қызметтер жөніндегі проректоры.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына дəстүрлі «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты жаңа Жолдауын жариялады. «Менің тапсырмама сəйкес Үкімет дамудың ауқымды жаңа бағдарламасын əзірлеуді аяқ тады. Бүгінде, алдымызда тұрған сын-қатерлерге жауап бере отырып, мен Қазақстанның «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты туралы жария лаймын. Мен 2015 жылға арналған халыққа Жолдауымды осыған арнаймын», деп сөзін бастаған Елбасы Үкіметке үлкен міндеттер мен жауапкершіліктер жүктеді. Биылғы Президент Жолдауы мерзімінен бұрын болуымен қатар, өзге Жолдаулардан қысқа бол ғандығымен ерекшеленді. Жолдауда көпшіліктің назарын бірден аударған жаңа тұрғын үй бағдарламасы болғаны анық. Қазір өз елінде өгейдің күйін кешіп жүрген жас отбасылардың басты мəселесі де баспана болып отырғаны шындық. Елбасымыз ұсынып отырған тың бағдарлама қаншама қазақ жастарына үміт отын жағып қоймай,

армандарының орындалатынына көз жеткізгендей. Жастар баспаналы болса, жұмыссыздар саны азайып, қаншама адам еңбекпен қамтылады. «Нұрлы Жолдың» аясында, əлеуметтік сала да назардан тыс қалмайды. Мəселен, еліміздегі құлағалы тұрған мектеп пен үш ауысымдық оқу мəселесін шешу үшін – 70, балабақша тапшылығын жоюға – 20, тозған тұрғын үйлерді жөндеуге 200, ал жалға берілетін баспана салуға 180 миллиард теңге жұмсалмақ. Жол – өмірдің күретамыры екені анық. Жол мəселесін реттей отырып, алыс-жақын шет елдермен сауда-саттық,

алыс-берісті, қарым-қатынасты жақсарта түсеріміз анық. Елімізде əуежай, ұшу-қону алаңдары, теңіз инфрақұрылымы жаппай жөнделіп, жаңадан жол төселіп, теміржол желісі тартылмақ. Биылғы Елбасы Жол дауының да көтерер жүгі– көліктіклогистикалық инфрақұрылымдарды дамытудың кешен ді жоспары, индустриялық жəне энергетикалық инфрақұрылымдарды дамыту болып отыр. Сон дай-ақ, Ұлттық қор қара жа ты ның жұмсалуы да ең өткір мəселенің бірі. Орнымен жұмсалған қаражат əлеуметтік мəселелерді шешуде, дағдарыстың алдын алуда өз шешімін табады деген үміттеміз. Елбасы «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты əлемді шарпыған дағдарыстың өзінде Қазақстанның экономикасына оң əсерін тигізетініне сенім білдірді. Иə, білім мен ғылымға, жастардың білім алуына ерекше жағдай жасауда. Биылғы «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауда білім жəне ғылым саласына ерекше көңіл бөлініпті. Енді тек, ел-жұрт болып жұмылып болашаққа талпыну, іздену, білім мен ғылым жолында аянбай еңбек ету қай-қайсымызға да парыз деп білемін. АЛМАТЫ.


5

www.egemen.kz

15 қараша 2014 жыл

АСТАСЌАН ЖОЛДАУ Бесінші баєыт: баспана ќўны тґмендейді Өтепберген ƏЛІМГЕРЕЕВ, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Атырау облыстық филиалының төрағасы.

Санаєа ўялаєан жарќын їміт Нұрғали АРШАБЕКОВ,

философия ғылымдарының докторы, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры.

Біздің өміріміз интеграциялық үдерістерге толы, қарқынды өзгерістерімен сипатталады. Жаһанданған əлемде əрбір қазақстандық экономикалық əл-ауқатымыз, көршілес мемлекеттермен қарым-қатынасымыз қалай өрбиді деп Қазақстан Рес публикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын асыға күтеді, себебі, осы салиқалы бағыт-бағдар беретін құнды стратегиялық құжатта нақты іс-əрекеттер, уақтылы дұрыс шешімдер айқындалады. Адамның санасына, өміріне, бастаған істеріне үлкен сенімділік тудырады. Осы жылғы Жолдаудың «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» деп аталуының өзі бүгінгі таңдағы дағдарыс кезеңінде еліміздің нық қадамдары, қауіп сіздігі, əлеуметтік жағдайы басты назарда екені қоғамда оң пікір тудырып отыр. Азаматтарымыздың əлемдік экономикалық ахуалдан туған көкейлеріндегі сұрақтарға нақты жауап Жолдауда жан-жақты берілген. Баянды болашаққа бағ дар берген Елбасымыз алдағы жылдар да əлемдік экономикалық жағдайды сараптай отырып, жаңа экономикалық саясатты назарымызға ұсынды. Елбасы шағын жəне орта бизнесті экономикамыздың күретамырына айналдыру мақсатындағы жұмыстарға жаңа қарқын бере отырып,

кəсіпкерлікті жеңілдікпен несиелеу қажеттілігін баса айтты. Осы тұрғыда банк секторына мемлекет тарапынан қолдау ретінде біршама қаржы бөлінетінін халыққа деген қамқорлық деп білеміз. Көліктік-логистикалық инфрақұрылымдарды дамытудың кешенді жоспары, индустриялық жəне энергетикалық инфрақұрылымдарды дамытудағы мақсаттарымыз экономикаға ғана емес, сонымен қатар, əлеуметтік салаға да жаңа серпін берері сөзсіз. Логистика – дамудың кепілі. Ло гистиканың екі басты ерекшелігі бар. Біріншіден, ол – экономикалық табыстарға жол ашады. Кеше ғана ашылған Жезқазған – Бейнеу теміржолының бойында елді мекендер пайда бола бастағанын Президенттің өзі айтты. Демек, бұрын елсіз жатқан жерге қан жүгіріп, сауда жасалады, халықтың əл-ауқаты артады. Екіншіден, ішкі туризмнің дамуына жол ашылады. Əлеуметтік инфрақұрылым, тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту, баспана мəселесі жəне оның қатардағы азаматтарымызға, əсіресе, жастарымызға қолжетімділігін қамтамасыз ету – қуантар лық жайт. Бұған дейін де жас отбасыларды баспанамен қамтуға қатысты Үкіметтің бірне ше бағ дар ламасы осындай Елбасының Жолдауларында айтылған. Əйтсе де, баспана мəселесі толық шешімін тапқан жоқ. Сондықтан, жастарға жасалатын пайыз жеңілдіктері, жалдамалы баспана мəселесі жағынан болашағына сенімділігі зор, отансүйгіш азаматтардың

қалыптасуына оң əсер етеді деп білеміз. Айрықша көңіл жалпыұлттық идея – «Мəңгілік Ел» төңірегінде өрбіген. Ахмет Байтұрсынов кезінде былай деген: «Біз білімді болуымыз керек, біз бай болуымыз керек, біз күшті болуымыз керек. Білімді болу үшін оқу керек, бай болу үшін кəсіппен айналысу керек, мықты болу үшін бірлік керек». Осы жылғы Жолдауда Елбасы «Мəңгілік Ел» идеясын жаңа тұғырнамадан қарастыру қажеттілігін қадап айтып отыр. Ұлттық идеяны ұлттық идеологияға айналдыру үшін бізге креативті, жаңаша ойлайтын жастар керек. Рулық сана деңгейінде ғана емес, қазақ халқын, басқа да құндылықтар негіздерін біріктіретін, жаңа формацияда ойлайтын жас буын қажет. Ол пассионарлық рухта тəрбиеленген болуы тиіс. Жаңа жағдайда жаңаша еңбек ететін, жаңа өмір сүру философиясын стратегиялық бағыт ретінде қалыптастыратын ұлттық интеллигенция керек. Бұл – «Мəңгілік Ел» идеясын дамытудың басты бағыттарының бірі, ал жоғары оқу орындары осы мақсатқа қол жеткізудегі негізгі көпір болып табылады. «Мəңгілік Ел» ұғымы халқымыздың санасында мың даған жылдар бойы толғанысты бастан өткізген, бүгінгі күні əбден пісіп-жетілген идеологиялық тұжырымдамаға толық негіз бола алады деп ойлаймыз. «Мəңгілік Елден» туындайтын Қазақ елінің жарқын болашағы туралы идеологияның тарихи

тамырларына, этноəлеуметтік негіздеріне көз жүгіртіп, терең бойлауымыз керектігі туындайтыны хақ. XX ғасырдың басындағы ұлт зиялыларының алдына қойған міндеті қазақ деген «халқын ұлт деңгейіне көтеру», өз елін «жат үстемдіктің тепкісінен құтқарып, өз мекемелеріне ие, тəуелсіз бір жеке тұлғаға айналдыру» болды жəне осы мұратқа жету жолында халық бұқарасымен арада ортақ сана қалыптастыруға тырысты», деген М. Шоқай өз ойын бүгінгі қазақ қоғамының көптеген мəселелері ағартушылық жəне ұлтжандылық идеяларының өзінің табиғи логикалық соңына жетпей үзіліп қалу себептерінің байланысын көре білген. Өткеннің қателіктерінен сақтану жəне тарих тағылымынан сабақ алу мұндайда аса қажет. Алдағы жылда маңызы зор шараларды атап өтеміз. Олар – Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы. Аталған ауқымды шаралар халықтың бірлігін нығайтуға, отансүйгіш сезімнің артуына əсер ететіні баршамызға мəлім. Ел дің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы ең басты құндылығымыз, сондықтан да ұлтаралық келісімді сақтау, əрбір ұлт өкілінің мəдениетке, тілге, дінге деген көзқарасын құрметпен қабылдау, қоғамымыздың басты жетістіктерін студенттердің санасына сіңіру біздің міндеттеріміздің бірі болып табылады.

Институтымызда Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылымитəжірибелік орталығы ашылды. Осы орталық аясында жас ұр паққа 140-тан астам ұлттың тарихи мұрасы мен мəдени құнды лықтары дəріптеліп, қазақ хал қының ұлт-дəстүрінің мəнмағынасы түсіндіріледі, Отанға деген патриоттық сезімі қалыптастырылады. Біздің ұжымның алдында атқаратын міндет жүгі біршама, себебі, ұстаздарды даярлайтын оқу орны жан-жақты маманды қалыптастыруда жауапкершілігі зор деп білеміз. Жолдаудан кейін ұжымымыз «жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, белсене жең ді түріп іс-əрекетке көшті. Атқаратын жұмыстар институт көлемінде ғана емес, бүкіл облыс жұртына бағытталған үгіт-насихат шараларын көздеп отыр. Болашақ ұрпақ үшін заманауи əдістер мен технологияларды енгізу, білімге қолжетімділікті кеңейту, білім сапасын арттыру Қазақстанның одан əрі қарыштап дамуына үлкен үлес қосады.

Ўлттыќ ќор ќаражаты – ел игілігіне Бауыржан ТҰМАНОВ,

Батыс Қазақстан облыстық мəслихатындағы «Нұр Отан» партиясы фракциясының жетекшісі.

Елбасы өзінің биылғы Қазақстан халқына Жолдауы мен «Нұрлы Жол» бағдарламасын өткен сейсенбі күні өткізілген «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің отырысынан кейін ілешала жария жасады. Мен – сол күні оны Елбасының тікелей өз

аузынан есту мен тыңдау мүмкіндігіне ие болғандардың бірімін. Ең алдымен айтарым, Нұрсұлтан Əбішұлы бұл күні алдағы бір жылдың ауқымымен шектелмей, еліміздің таяу болашағына тайға таңба басқандай дəл, айқын болжамдар жасады. Қазіргі уақыт пен кезеңнің барша қазақстандықтар үшін күрделі екенін ашық айтты. Мұндай сындарлы шақ, ең біріншіден, елдің қарапайым тұрғындарына салқынын тигізіп, əртүрлі əлеуметтік төлемдердің кеміп кетуіне əкеліп соқтыруы мүмкін. Сонымен бірге, бюджеттік салаға нұқсан келуін де жоққа

шығаруға болмайды. Елбасы мұның бəрі негізінен сыртқы факторларға, дүниежүзілік қаржы дағдарысының тоқтамай тұрғанына, оның екінші бір лебі есе бастағанына, бірқатар Еуропа елдерінің іргедегі көршіміз Ресейге жасаған экономикалық санкцияларына байланысты екенін атап көрсетті. Сөз жоқ, бұл жоғары-төмен балды өзгерістер Қазақстанға да əсерін тигізбей қоймайды. Сондықтан да, Мемлекет басшысы бұл үшін Ұлттық қордан қомақты қаражат бөлінетінін мəлімдеді. Əсіресе, одан тұрғын үй, жол құрылысына, инфрақұрылымдарды дамытуға бөлінетін қаражаттың молдығы Елбасы ұстанған экономика мен əлеуметтік саясаттың бір лігін тағы бір мəрте паш ете алады. Қай кезде де жол экономиканың

күретамыры болып келеді. Бұл ретте, елдің іші мен сыртындағы автожолдар мен теміржолдар жəне əуе қатынастары бұрынсоңды болып көрмеген қарқынмен дамымақ. Елбасы дəстүрлі Жолдаудың өз уақытынан ерте жариялану мəнісіне де тоқталып өтті. Яғни, бұл қадам дүниежүзілік дағдарыс толқынының алдын алудан, бұл үшін не істеп, не тындыру қажеттігін ерте бастан ойластыру мен қамдастыру қажеттігінен туындаған. Əйтпесе, кеш қаларымыз анық, деді Мемлекет басшысы. Сөйтіп, төбесі көрініп қалған алдағы 2015 жылдың бірінші қаңтарынан бастап Жолдауда қойылған талаптар мен міндеттердің орындала бастауы, оның алғашқы нəтижелері де көрінуі хақ. Иə, Саяси кеңестің отырысында

«Нұрлы Жол» бағдарламасына сай елдің əлеуметтік-экономикалық деңгейін төмендетпеу үшін ұлттық қордан мол қаражат бөлінетіндігі айтылды. Мұнайгаз кен орындарын игеру мен салықтық түсімдерді молайтудан жəне бюджеттің кіріс көздерін ұлғайтудан түсетін қаржылар ұлттық қорға жинақталатыны белгілі. Демек, бұл халықтың өз қаражаты деуге болады. Ендеше, «Нұр Отан» партиясының Парламент пен мəслихаттардағы депутаттық фракциясының мүшелері оның тиімділігі мен өз мақсатына жұмсалуына тиісті бақылаулар орнатуы қажет деп түсінемін. Өйткені, халықтың қаражаты оның өз игілігіне жұмсалуы керектігі талас туғызбайды. Батыс Қазақстан облысы.

Елбасы Жолдауларының əрқай сының маңызы ерекше екені дау тудырмайды. Ал бұл жолғы Жолдаудың бұрынғыларынан өзгешелігі айрықша байқалады. Өйтке ні, Жолдаудың «Нұрлы Жол» аталуының өзінен келешекті бағдарлаған, алдағы мақсатқа жету үшін басым бағыттарды айқындаған ба ғ дарлама екендігімен көңіл қуантады. Экономиканың əр саласын өркендетудің жеті басым бағытынан ел экономикасының бүгінгі ырғақты дамуын бəсеңдетпеу, тек бəсеңдетпеу ғана емес, үдете түсудің маңыздылығын айқындап берді. Əрине, экономика əр бағытта дамиды. Оған Ұлттық қордан қомақты қаржы да бөлінетіндігі айтылды. Менің айтайын дегенім, экономика өздігінен өркендемейді. Мұны барша біледі. Экономиканы дамыту бағдарламасын жасақтайтын білгір экономистер болса, əр саланы өркендететін қатардағы жұмысшыдан бастап, басшысына дейінгі мамандары жұмыс жасайды. Ал сол мамандардың жайлы баспанасы болмаса, жұмысы да өнбейтіндігі даусыз. Дегенмен, біздің елімізде əр кезеңде тұрғын үй құрылысын дамытудың кешенді бағдарламалары іске асырылып келеді. Енді биылғы Жолдауда көрініс тапқан бесінші бағыт – тағы да тұрғын үй құрылысын дамытуға арналып отыр. Рас, қазір тұрғын үй ешкімге тегін берілмейді, тұрғын үйді əркім жалға алуына болады. Десек те, жалға берілетін тұрғын үй баспанаға мұқтаждардың бəріне бірдей жете бермейді. Міне, енді Елбасы тағы да 2015-2016 жылдар аралығында жалға берілетін тұрғын үйлер құрылысын салуға 180 миллиард теңге бөлуге тапсырма берді. Жəне бір ерекшелігі, «Арендалық баспана құрылысы тұрғысындағы қадамдарды қайта қарастыру керек. Бізде қолжетімді баспана бойынша көптеген əдістер бар. Елімізде Тұрғын үй-құрылыс жинақ, ипотека, арендалық бағыттар қамтылған.

Енді бізге басқа қырынан қарау керек. Мемлекет əлеуметтік арендалық баспананы салып, оны халыққа сатып алу құқығымен ұзақ мерзімге жалға беретін болады. Қазіргі кезде қолданыстағы жүйе қомақты қаржыны талап етеді. Бастапқы жарнаны төлеткізеді, содан кейін банктер кіріптарлық пайыздарды бекітеді, яғни оның деңгейі 20 пайызға жетеді. Адамдар оны төлеуге қауқарсыз жəне проблемалар туындайды. Бұл бағдарламалар қалады, олар дəулетті адамдар үшін қалыпты. Ал жаңа бағыттағы бағдарламаны жас отбасылар үшін жəне баспанаға зəру азаматтарға жасап жатырмыз», – деп Елбасы мəселенің басын ашып берді. Біз бұдан жаңа бағдарлама бойынша енді жалға берілетін баспананы еш делдалдарсыз, барынша төмен пайызбен алуға болатынын түсінеміз. Ал несиелік қызмет ету 1-2 пайыз деңгейінде болып, тұрғын үйді сатып алу құны төмендетіледі, бастапқы жарнаға тыйым салынады екен. Бұл əсіресе, жаңадан жоғары оқу орнын бітіріп, шаңырақ көтерген жас отбасылар үшін үлкен қолдау болары даусыз. Биылғы Жолдаудың осы секілді өзге де бағыттары экономиканы жаңаша өркендетуге серпін береді дегенмен, тұрғын үй құрылысына қатысты тұсы баспанаға зəру отбасылардың үмітіне сəуле түсірді. АТЫРАУ.

Ертеѕге деген сенімді ныќтады Бақтияр АЛДАШОВ,

«Talas Investment Company» ЖШС директоры.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында алдағы уақытта инфрақұрылымдық дамудың ауқымды бағдарламасы жарияланатыны туралы айтқаны елдің тұрмысына үлкен серпін беретіні анық. Шынында ел экономикасы жақсы жолдар болған кезде қарқынды дамиды. Бұл құрылыстың бəрі елге жұмыс тауып беріп, несібесін молайтады. Мемлекет басшысы бүгінде көптеген елдер əлемдік экономикадағы қиындықтарға байланысты үлкен сынқатерлерге кезігіп отырғанына тоқталды. Еліміздің даму перспективаларына жасаған өзіндік пайымдауымен, жаңа саяси бағытымен бөлісе отырып, ел мүддесі үшін аянбай еңбек ететін əрбір қазақстандықтарға тапсырма берді. Біздің елде аталған үрдістердің алдын алу үшін қажетті мүмкіндіктің бəрі бар. Ол үшін тек аянбай жұмыс істеу қажет. Тұсауын биыл ғана кескен «Talas Investment Company» ЖШС қолға алған натрий цианид зауытына мемлекеттік бағдарлама бойынша үлкен көмек көрсетіліп жатыр. Мысалға, 12 пайызбен несие алсақ, соның 10 пайыздайын шағын қалаларды дамыту бағдарламасы бойынша мемлекет өз мойнына алды. Одан бөлек Қаратау қаласына теміржол жəне басқа да қатынас жолдары тартылған. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша қаламызға 4,5 млрд. теңге, ал, инфрақұрылымды дамыту

бойынша 1 469 млн. теңге бөлінді. Көлік жолы, газ құбыры, байланыс жүйесі бəрі-бəрі бар. Бизнес бастаймын деген жанға мемлекет көмегі көл-көсір. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының дүниеге келуіне себепші болған Елбасыға, жер бөліп, жағдай жасаған Жамбыл облысының басшылығына зор алғыс айтамыз. Зауыттың құрылысына 13 млрд. теңгеге жуық қаржы жұмсалды. Кəсіпорын толық қуатына кіріскенде 491 адам жұмыс істейтін болады. Қорыта айтқанда, Елбасының Жолдауда айтқан тапсырмаларын саралап, бағыт-бағдар алып, қиындық, сынақтардан сүрінбей өтуге мүмкіндігіміз мол. Жамбыл облысы, Қаратау қаласы.


6

www.egemen.kz

15 қараша 2014 жыл

ҐРШІЛ ҐСІМДЕГІ ҐНДІРІС

Їдемелі индустриялыќ-инновациялыќ даму мемлекеттік баєдарламасы іс-ќимыл їстінде «Басталєан жобаларды аяќтау жəне аса ґткір мəселелерді шешу їшін Їкіметке Ўлттыќ ќордан 500 миллиард теѕге кґлеміндегі екінші транш ќаржысын мына маќсаттарєа баєыттауды тапсырамын. Бірінші. Шаєын жəне орта бизнесті, сондай-аќ, ірі кəсіпкерлікті жеѕілдікпен несиелеуге ќосымша 100 миллиард теѕге бґлу ќажет. Бўл тамаќ жəне химия ґнеркəсібіндегі, машина жасаудаєы, сондай-аќ, ќызмет кґрсетулер саласындаєы жобаларды жїзеге асыруды ќамтамасыз етеді... Индустриялыќ инфраќўрылымдарды дамыту. Инфраќўрылымдыќ жобаларды жїзеге асыру ќўрылыс материалдарына, кґліктік-коммуникациялыќ, энергетикалыќ жəне тўрєын їй-коммуналдыќ салалар їшін ґнімдер мен ќызмет кґрсетулерге їлкен сўраныс тудырады». Нўрсўлтан НАЗАРБАЕВ.

(Ќазаќстан халќына Жолдауынан).

ІШКІ СҰРАНЫС ҚҰÐÛËÛÑ ÈÍÄÓÑÒÐÈßÑÛ АРҚАУЫНДА ÆӘÍÅ ҚҰÐÛËÛÑ САЛАЛАРДЫ ДАМЫТУ ÌÀÒÅÐÈÀËÄÀÐÛÍÛҢ ӨÍÄІÐІÑІ

ІШКІ СҰРАНЫС БАЗАСЫНДА САЛАЛАРДЫ ДАМЫТУ

МАҚСАТТЫ ИНДИКАТОРЛАР 2008 жылдың нақты көрсеткіштеріне сəйкес басқа да металл емес минералдық өнімдер өндірісіндегі жалпы қосымша құнның өсімін қамтамасыз ету кемінде

-ға Ішкі рыноктың құрылыс материалдарына деген сұранысты 80%-дан артық қамтамасыз ету (2008 жылы құрылыс материалдары рыногындағы импорт көлемі 46,7% болды)

Машина жасау саласында жалпы қосымша құнды өсіру (2008 жылдың нақты көлеміне сəйкес)

ÌÀØÈÍÀ ÆÀÑÀÓ

1,5 есе

Машина жасау саласында отандық өндіріс үлесінің өсімін қамтамасыз ету (2008 жылғы саладағы ресурстарының жалпы көлеміне сəйкес)

Машина жасау саласындағы еңбек өнімділігін арттыру (2008 жылғы нақты көрсеткіш мөлшеріне сəйкес)

МАҚСАТТЫ ИНДИКАТОРЛАР 2008 жылдың нақты көрсеткіштеріне сəйкес металл емес басқа да минералдық өнімдер өндірісіндегі еңбек өнімділігін 1,9 есе арттыру


7

www.egemen.kz

15 қараша 2014 жыл

ҐРКЕНДЕУ ҐРІСІНДЕГІ ҐНЕРКƏСІП

Їдемелі индустриялыќ-инновациялыќ даму мемлекеттік баєдарламасы іс-ќимыл їстінде

«ДƏСТҮРЛІ ИНДУСТРИЯДАҒЫ» ӨНДІРІСТІ ƏРТАРАПТАНДЫРУ

ÕÈÌÈß ӨÍÅÐÊӘÑІÁІ

«ДƏСТҮРЛІ ИНДУСТРИЯДАҒЫ» ӨНДІРІСТІ ƏРТАРАПТАНДЫРУ

Уран өндіру көлемін арттыру 2014 ЖЫЛЫ 22-25 МЫҢ ТОННАҒА ДЕЙІН

Мақсатты индикаторлар

2008 жылғы деңгеймен нақты алғанда жиынтық қосымша құнды кем дегенде

2000 жылғы деңгеймен нақты алғанда химия өнеркəсібі өнімдері экспортының көлемін

70 пайызға ұлғайту

38 пайызға ұлғайту

ÀÒÎÌ ӨÍÅÐÊӘÑІÁІ Жер қойнауын пайдалану келісімшарттары жөніндегі міндеттеме аясында уранның əлемдік рыногындағы коньюнктураны есепке ала отырып жəне Қазақстан Республикасының құзыретті органдарының келісім жағдайында

Табиғи уранның əлемдік рыногындағы жетекшілік орынды сақтау

Мақсатты индикаторлар

2008 жылы саладағы өнімдер экспортының көлемі

101 млрд. теңге (0,84 млрд. АҚШ доллары) болды

2008 жылғы деңгеймен нақты алғанда химия өнеркəсібі өнімдері өндірісіндегі еңбек өнімділігін ұлғайту

2 есе

2008 жылы Қазақстандағы уран өндіру көлемі

8512 тонна болатын


8

www.egemen.kz

15 қараша 2014 жыл

Мўнайлы Маѕєыстаудыѕ мəртебесі биік

Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде Маңғыстау облысының əкімі Алик Айдарбаев брифинг өткізді. Онда өңірдің əлеуметтік-экономикалық дамуы мен мемлекеттік жəне салалық даму бағдарламаларын жүзеге асыру барысы жөнінде əңгімелеп, тілшілердің аймаққа қатысты қойған сұрақтарына жауап берді. Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».

Кїн тəртібінде – халыќтыѕ ќоныстануы мен дамуы

Алматыда Азия парламентарийлері халықтың қоныс тануы жəне дамуы жөніндегі форумының (АПХҚДФ) Орталық Азиядағы конференциясы болып, онда осыған дейін атқарылған жұмыстар қорытындыланды жəне болашаққа жоспар жасалды. Қанат ЕСКЕНДІР,

«Егемен Қазақстан».

Форум жұмысына Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тəжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Түркия, Непал жəне Филиппин елдерінің депутаттары, мемлекеттік органдар мен халықаралық жəне мемлекеттік емес ұйымдар өкілдері қатысты. Конференцияны ашқан АПХҚДФ вице-төрағасы, «Нұр Отан» партиясы парламенттік фракциясы жанындағы Əлеуметтік кеңес төрайымы, Мəжіліс депутаты, жиын модераторы Айткүл Самақова бұл жолғы жүздесудің Каир іс-əрекеті бағдарламасының 20 жылдық нəтижелерін қорытындылауға, сондай-ақ, 2015 жылға жаңа халықаралық даму бағдарламасын талқылауға арналғанын атап өтті. – Əрбір елдің тəжірибесі өзінше ерекше жəне баршамыз үшін де тиімді. Біздің бұл кездесуіміз 2014 жылдан кейін осы конференция ның даму бағдарламасы аясында заңнамаларды жетілдіруге бағытталған тағы бір нақты қадам екеніне сенімдімін, – деді А. Самақова. Ал шара қатысушыларына сөз арнаған Мəжілістің Вицеспикері, «Нұр Отан» партиясы парламенттік фракциясының жетекшісі Дариға Назарбаева: «Осы уақыттар ішінде халықтың қоныстануы мен дамуы бойынша халықаралық конференцияда қабылданған бағдарламаның заңды негізін қалыптастыруға мүмкіндік туды. Осы бағытта парламентшілердің қосқан үлесі айтарлықтай. Соңғы 20 жылда жаһандық өзгерістер болды. БҰҰ есебіне сүйенсек, 1990 жылдан бері Орталық Азияда кедейлік деңгейінен аса алмай жүрген халықтың саны 10 пайызға төмендеді. Бағдарлама нəтижесінде əйелдердің мүмкіндігі мен құқықтары барынша нығайып, Қазақстанда экономиканың, əлеуметтік саланың, кəсіпкерліктің қорғаушысына айналған əйелдер үлесі 52 пайызға жетті. Ал əйелдердің еліміздің саяси өміріне белсене араласуы қоғам дамуы мен тұрақтылықты қамтамасыз

етуде өте маңызды. Сондай-ақ, ұлттық заңнама репродуктивті денсаулықты сақтауды барынша қолжетімді етіп отыр. Тəуелсіздік жылдарында ана өлімі – 5 есе, бала өлімі – 64 пайызға төмендеді», – деді. Халықтың өсуі мен дамуы жөніндегі кездесетін мəселелер ретін шешу, сондай-ақ, аталған мəселелерді Парламент депутаттары арасында тиімділікпен қарастыру мақсатында халық қалаулылары «Отбасы-семья» парламенттік тобын құрып, ол 2001 жылы Азия парламентарийлерінің халықтың қоныстануы жəне дамуы жөніндегі форумына мүше болған. Бұл сала бойынша көптеген жұмыстар атқарып келе жатқан белсенді депутаттардың ықпалымен əр жылдарда халықтың денсаулығы мен тұрмыстық əлімжеттікке, ер мен əйелдің өзара тең құқықтылығына қатысты қоғамдық маңызы зор заң жобалары қабылданған. Орталық Азия парламентарийлерінің конференциясының негізгі бағыты мен тапсырмасы да АПХҚДФ-ның қабылдаған бағдарламалары мен жобаларын жүзеге асыру, тұрақты даму жөнінде қабылданған халықаралық заң актілерімен жəне ережелерімен саяси ортаны жəне қоғамды хабардар етіп отыру, парламентарийлердің атқарып келе жатқан қызметтерінің тиімділігін қадағалау болып табылады. Конференция «Əр адамның игілігі – мемлекеттің өркендеуі», «Орталық Азиядағы конференция жетістіктері», «2015 жылдан кейінгі тұрақты даму мен халықтың қоныстану қарқыны» секілді тақырыптарды қамтыған 3 пленарлық сессия бойынша өтті. Жиынның екінші күнінде парламентшілер «Репродуктивті денсаулық пен құқық қызметтеріне əмбебап қолжетімділік», «Гендерлік теңдік, əділдік, əйелдер мүмкіндіктері мен құқықтарын кеңейту», «Даму негізінде жастардың қажеттіліктері», «Іс-тəжірибені пайдалана отырып, болашақта күн тəртібін ұлттық деңгейде белгілеу» тақырыптарында сессия жұмыстарын жалғастырып,

өзара тікелей сұхбат барысында тəжірибелерімен бөлісті. «Əр адамның игілігі – мемлекеттің гүлденуі» тақырыбындағы пленарлық отырыс барысында Қазақстан Республикасы Денсаулық жəне əлеуметтік даму министрінің орынбасары Светлана Жақыпова «Əлеуметтік саясатқа жасалған инвестиция – тұрақты дамудың негізі», ЮНФПА субөңірлік бюросының директоры Николай Ботев «АПХҚДФ жаһандық үдерісінің күнтізбесі жəне оның ұлттық даму бағдарламасына берері», Индонезия Парламентінің өкілі Эрмалина Хасбулла ханым «Ғаламдық қозғалыстағы тең мүмкіншіліктерге парла ментарийлердің үлесі», АПХҚДФ Атқарушы директоры Рамон Сан Паскуаль «Халықтың өсуі мен дамуы жөніндегі халықаралық конференцияның 2014 жылдан кейінгі бағыты» деген тақырыптарда баяндамалар жасап, парламентарийлер арасында пікірсайыстар мен өзара үнқатысулар, тəжірибе алмасу сабақтары өткізілді. Адамзаттық ортақ мəселе төңірегінде бас қосқан көпшілік конференция жұмыстары кезінде Орталық Азия елдері халықтарының бүгінгі тыныстіршілігін бейнелейтін жəне қазіргі проблемаларын танытатын бейнероликтер көрсетіліп, əр мəселенің шешімін табу жолындағы жоспарлар мен жобалар ұсынылды. Азия парламентарийлері халықтың қоныстануы жəне дамуы жөніндегі форумының Орталық Азиядағы конференциясы құрылғалы бері осы күнге дейінгі атқарылған істер пысықталып, болашақта жедел атқарылуы тиіс жұмыстардың реті түзілді. Екі күнгі кездесу қорытындысы бойынша форумға қатысушылар бірауыздан аталған мəселенің жүгін келешекте едəуір жеңілдетеді деген ортақ келісіммен арнайы ұсынымдар қабылдады. Айта кетейік, халықаралық деңгейдегі аталған шараны АПХҚДФ мен Қазақстан Парламентінің Мəжілісі ұйымдастырды. АЛМАТЫ.

«Таяуда ғана Елбасы еліміз үшін тарихи мəні зор Жолдауын жария етті. Сыртқы нарықтағы жағымсыз құбылыстар мен энергия тасымалдаушылар бағасының құбылмалылығын ескерген Мемлекет басшысы «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Жаңа Экономикалық Саясаттың негізін қалыптастырушы идеяларын ұсынды. Біз осыған байланысты қолданыстағы жəне келешекте қабылданатын бағдарлама ларды Елбасы көрсеткен бағытпен сəйкестендіруге тиіспіз. Бұл ретте Маңғыстау облысы Прези дент тапсырмасын орындауға дайын», – деді кіріспе сөзінде əкім. Маңғыстау облысының экономикасы белгіленген параметр аясында дамып келеді екен. Бұған облыс əкімі келтірген ағымдағы жылдың 9 айындағы əлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері дəлел бола алады. «Нақты мысал келтірейік, 2013 жылы Маңғыстау облысының жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім көрсеткіші 22 мың

шаруашылығындағы жалпы өнім 9 айда 5 млрд. теңгеден асқан. Нəтижесінде, өңірдегі инфляция деңгейі 6,1 пайыз дəлізінде тұрған көрінеді. Шағын жəне орта бизнестің белсенді субъектілер көрсеткіші 102,7 пайызға артып, 32 мың бірліктен асып жығылған. Жалпы, бұл секторда 97 мыңнан астам адам қызмет етіп жүр екен. Таяу арада Маңғыстау облысында жергілікті атқарушы билік пен Ұлттық кəсіпкерлер палатасы бірлесе отырып, кəсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын ашқалы жатыр. Бұл жөнінде

долларды құраған. Осы көрсеткіш бойынша біз республикамызда төртінші орында тұрған болатынбыз. Ал биылғы жылдың қорытындысына сəйкес, өңірдегі ішкі жалпы өнімде 5 пайыз деңгейінде өсім болжанып отыр. Бұл Үкіметтің болжамына сай келеді», деді А.Айдарбаев. Мұнайлы өлкеде өткен 9 айда 13,8 млн. тонна мұнай өндіріліпті. Ол туралы «Айтылған мерзімде өнеркəсіп өндірісінің көлемі 1 триллион 900 млн. теңгені құрады. Бір жылдың ішіндегі өсім 2,5 пайызға ұлғайды. Мұндай қарқын ең бірінші кезекте мұнай өндірудің тұрақты көрсеткішімен байланысты. Есепті кезеңде Маңғыстау облысында 13,8 млн. тонна мұнай өндірілді. Бұл былтырға қарағанда 2,7 пайызға артық», деген облыс əкімі өңірдің өңдеуші өнеркəсіптері айқын өсімге ие болғанын жеткізді. Нақты көрсетер болсақ, 14,4 пайыздық динамикаға немесе 78 млрд. 800 млн. теңгеге шыққан. Сонымен қатар, құрылыс жұмыстары да қарқын алып, 418 млрд. теңгені құрапты. Ал ауыл

аймақ басшысы, «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жаңа Экономикалық Саясат аясында Ұлттық қордан 100 млрд. теңге бөлінуі өңір кəсіпкерлігін дамытуға қосымша серпін бергенін айтты. «Маңғыстау облысында жыл басынан бері жалпы сомасы 3,9 млрд. теңгенің 10 жобасы мақұлданған болатын. Олардың 8-і қазір іске қосылып, жұмыс істеп тұр. Жақын арада Ұлттық кəсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, кəсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын ашуды жоспарлап отыр мыз. Бұл орталықта бизнесмендер құжаттар рəсімдеп, кеңестер алады, тіркеуден өтеді», деп толықтырды сөзін облыс басшысы. Бұл орталықта тəуекелдерді басқаруға оқытып, кəсіпкерлердің құқықтық сауатын арттыруға жəрдемдесетін шаралар қабылданады. Облыста индустрияландырудың екінші кезеңін жүзеге асыру ісі басты назарда. Бұйыртса, екінші кезеңде 60-тан астам жобаны жүзеге асыру көзделген. Əкімнің сөзіне қарағанда, Маңғыстау өңірінде ағымдағы жылы негізгі

Ел бірлігі – ерен істер бастауы Жолдау – жылдың аса басты құжаты. Ертеңін ойлаған ел алдына нық мақсат қойып, атқарар шараны кезең-кезеңге бөліп, уақытымен жүзеге асырады. Елбасының дер уақытта жасаған Жолдауын оңтүстікқазақстандықтар да бірауыздан мақұлдап, ондағы талаптарды орындауға жұмыла кірісуде. Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

Осыған орай облыс əкімдігінің үлкен мəжіліс залында Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың халыққа арнаған «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жолдауы бойынша облыс активінің жиыны өтті. Оған облыс басшылығы, облыстық мəслихат депутаттары, аумақтық басқарма, инспекция басшылары, құқық қорғау органдарының басшылары, аудан, қала делегациялары, ардагерлер, зиялы қауым жəне этномəдени бірлестіктер өкілдері, жоғары жəне арнаулы орта оқу орындарының, мəдениет, білім беру, денсаулық сақтау салаларының қызметкерлері, үкіметтік емес, жастар жəне басқа да қоғамдық бірлестіктер мен БАҚ өкілдері қатысты. Стратегиялық құжатта Қазақстан жолдарына айрықша маңыз беріліп, ондағы атқарылар шаруалар жүлгеленген. Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында “Батыс Еуропа – Батыс Қытай” автокөлік дəлізінің 448 шақырымы өтеді. Оңтүстік халқы

басқа өңірлерге қарағанда шаруаға икемдірек, пайда-зиянын дереу есептеп, еппен жұмыс жасайтындығымен белгілі. Ғасыр жобасы атанған транзиттік магистральдің бойында қазірдің өзінде кəсіпкерлік нысандар көптеп салынып жатыр. Яғни, жүздеген отбасылардың нəпақасы осы жерлерден бұйырмақ. Облыс əкімі Асқар Мырзахметов Шымкент – Ташкент жолын таяу жылдарда аяқтау көзделгенін айтты. Осы жоба біткен жағдайда Мақтаарал, Сарыағаш аудандарының 600 мыңға жуық тұрғындарының облыс орталығымен байланысы жақсарады. Жолдауда экспорттың көлемін арттыруға байланысты тапсырмалар берілді, деді облыс басшысы. Оңтүстікте Қытай, Иран, Ресей, Еуропа елдерінің «құрғақ» жəне теңіз порттарының терминал құрылыстарын қарастыру жүктеліп отыр. Осы орайда, Шымкентте «Сауда-логистикалық орталығының» құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін мұнда жалпы алаңы 43,3 мың шаршы метр құрайтын

ауылшаруашылық өнімдерін сақтайтын 11 қойма іске қосылады. Жолдауда айтылған тапсырмалардың қатарында кəсіпкерлікті дамыту да бар. Асқар Исабекұлы өңірде ірі өнеркəсіптер аз болғанымен, облыстың ЖӨӨ-сі өткен жылдың қорытындысымен 2,1 трлн. теңгеге жеткендігін айтты. Республикада бірінші болып «Оңтүстік» индустриялық аймағы» құрылып, жұмыс істеп жатқанына 4 жылдың жүзі болып қалды. Мұнда жалпы құны 76 млрд. теңгені құрайтын 68 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Онда 6 мың жұмыс орнын ашу жоспарланған. Жолдауда айтылған өзекті мəселенің бірі – əлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту екені де атап көрсетілді. Жалпы, Асқар Исабекұлы Жолдауда нақтыланған жеті тапсырма бойынша облыста атқарылып жатқан, атқарылатын жұмыстарды тарқатып берді. Жиын соңында Мемлекет бас шысы тарапынан берілген тапсырмалардың облыста қалай жүзеге асырылып жатқанын бір жүйелеп алған А.Мырзахметов Оңтүстік жұрты ның Жолдауда айтылған міндеттерд і о р ы н д ау ғ а т о л ы қ мү мкін діг і жететіндігін мəлімдеді. Оңтүстік Қазақстан облысы.

капиталға инвестиция ағынының өсімі 20 пайызға немесе 367 млрд. теңгеге жететіні болжанған. «Бұл неге байланысты? Жауап белгілі. Бұл индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының нəтижесі. Мəселен, бағдарламаның бірінші бесжылдығында Маңғыстау облысында 160 млрд. теңгеден астам қаражатқа 23 жоба бекі тілген болатын. Соның арқасында, біз 2 мыңнан астам жұмыс орнын аша алдық. Ал, биылғы жылдың өзінде 105 млрд. теңгенің 14 жаңа жобасын іске қоспақпыз. Бұның өзі 900-ден астам жұмыс орны ашылады деген сөз», деді өңір басшысы. Сөйтіп, индустрияландырудың келесі кезеңінде экономиканың түрлі салалары бойынша 60-тан астам жобаны жүзеге асыруға ниетті екендіктерін білдірді. Онда инвестицияның болжамды көрсеткіші 2 трлн. теңгені құрап, 13 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу көзделген. Брифингте əлеуметтік сала туралы да айтылды. Облыс əкімінің сөзі бойынша, онда балабақшаның жетіспеушілігі туу көрсеткішінің жоғары болуынан туындап жатқан көрінеді. «Маңғыстау облысы халық санының өсімі жоғары өңірге жатады. Бүгінде өлкемізде 600 мың адам тұрады, өткен жылмен салыстырғанда тұрғындар саны 103,4 пайызға артты. Мұндай өсім қарқыны ең бірінші кезекте туу көрсеткішінің жоғары болуымен байланысты. Оған қоса, басқа өңірлерден келушілердің саны бойынша да алдыңғы қатарға шығып, миграциялық өсім 2 мың адамды құрады. Халық санының осылайша өсім қарқынына ие болуы бізге əлеуметтік мəселелерді жедел шешу, адамның тұрмыстіршілігіне қажетті əрі маңызды саналатын инфрақұрылымдарды дамыту міндеттемелерін жүктейді. Биыл əлеуметтік салаға 72 млрд. теңге бөлінді. Білім беру саласындағы «Балапан» бағдарламасы 3-6 жастағы балалардың 82 пайызын қамтып отыр. Жалпы, балабақшаларда орын жетіспеушілігі негізінен туу көрсеткішінің жоғары болуымен байланысты болып табылады. Бүгінгі таңда 10 мыңнан астам бала кезекте тұр», деді А.Айдарбаев. Мемлекет басшысының білім беру саласына қатысты берген тапсырмалары да əкім

Ертеѕгі кїнге їлкен сеніммен Н.Погодин атындағы орыс драма театрында облыс активінің қатысуымен Елбасының «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты халыққа арнаған Жолдауы талқыланды. Онда аймақ басшысы Ерік Сұлтанов баяндама жасап, жиналғандарды өңірде атқарылатын ауқымды жұмыстарымен таныстырды. Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

«Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында жария етілген Жолдау тəуелсіз еліміздің бүгіні мен ертеңгі бағытбағдарын нақты айқындап берген «Қазақстан-2050» Стратегиясының заңды жалғасы болып табылады, деп бастады сөзін Ерік Хамзаұлы. Маңызды құжатта Президент əлемдік экономикадағы қаржылық дағдарысқа қарамастан, барлық əлеуметтік міндеттемелерді толық көлемінде қамтамасыз ету міндетін қойды. Бұл орайда, көлік-логистика, индустрия, энергетикалық, əлеуметтік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы инфрақұрылымдарын, сумен, жылумен қамту желілерін дамыту, шағын жəне орта бизнесті қолдаудағы қалыптасқан тəжірибелерді одан əрі жалғастырудың

басым бағыттарын белгілеп берді. Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен шағын жəне орта бизнесті, ірі кəсіпкерлікті жеңілдікпен несиелеуге, банк секторын сауықтыруға, жаңа инвестициялар тартуға, ЭКСПО-2017 құрылысын жалғастыруға, Астананың көліктік инфрақұрылымын дамытуға жұмсауға пəрмен берілуі күрделі кезеңнен мүдірмей өтуімізге кепілдік берері сөзсіз. Жолдауда, сондайақ, əлеуметтік инфрақұрылымдар, индус трияландыру бағдарламалары шеңберінде тың талаптар жүктелді. Е.Сұлтанов «əкімдер өкілеттіліктің қажетті деңгейіне ие болды. Өңірлерде бəрі бар – бағдарламалар, ресурстар, қаржы құралдары. Əркім өз жұмыс учаскесі үшін жауап береді. Тек білекті сыбанып, іске кірісу қажет», деген Елбасы сөзін еске сала отырып, таяу жылдарда шешімін табатын түйінді мəселелерді тарқатты.

назарынан тыс қалмады. «Білім беру бағдарламасы біз үшін аса маңызды. Президент 2017 жылға дейін оқушы орнының тапшылығын жою, апатты мектептер проблемасын толығымен шешу туралы тапсырма жүктеген болатын. Біз биыл 200 орындық бір мектептің құрылысын аяқтадық. Келесі жылы əрқайсысы 624 орындық тағы 2 мектеп салынбақ. Тұтастай алғанда, 2015 жылдан бастап облыста апатты мектептер болмайды. Сондай-ақ, алдағы жылы үш ауысымды мектептердің проблемасын шешу де басты назарға алынады. Қазіргі күнде мұндай 4 мектебіміз бар. Мұны жою үшін осы айда 960 орындық мектепті қолданысқа береміз. Оған қоса, тағы да 1700 орындық екі мектеп салынатын болады», деді А.Айдарбаев. Аймақ басшысы 2020 жылға дейiн халықты таза ауызсумен қамту толық дерлік шешілетінін де айтты. «Су облыста тапшы. Қазiр 100 мың текше метр суды тұшытып отырамыз. Су құбыр арқылы Едiл өзенiнен тасымалданады. Мысалы, 100 мың текше метр су өндiремiз. Сонда да 40 мың текше метр су əлi жетiспейдi. Кейбiр елдi мекендерге су кестемен берiлуiнiң басты себебi осында жатыр. Егер ешқандай шараны қолға алмасақ, су тапшылығы 70 мың текше метрге дейiн өседi. «Каспий» су тұщыту зауыты салынған. Оның қуаттылығы 40 мың текше метр суды тазартуға жетедi. Болашақтағы 70 мың текше метр су қажеттiлiгінiң 40 мыңын бiз осылайша жаппақпыз. Мұнымен бірге, «Астрахань – Маңғышлақ» су тасымалының иесi «ҚазТрансОйл» компаниясымен келiсiм жасалды. Олар технологияларды жаңғырту арқылы оның қуатын 15-20 мың текше метрге ұлғайтады. Ақтаудағы су тазарту компаниясы да өз қуатын арттыратын болады. Осылайша, 2020 жылға дейiн су тапшылығын жоямыз. Нəтижесінде, орталықтандырылған су жүйесiмен қалалардың 100, ауылдардың 80 пайызы қамтылады», дедi əкiм. Бұл жобаларды жемісті жүзеге асыру үшін «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында 60 млрд. теңге бөлiнедi екен. Мұнайлы аймақта жұмыссыздар мұнай секторынан басқа салаға барғысы келмейтін көрінеді. Əуелі бұл тұрғыдағы жетістіктерін баяндаған өңір басшысы, осынау түйткіл мəселені де айтып қалды. «Облыста жұмыспен қамту жағдайы да жағымды көрсеткішке ұласып отыр. Халықтың жұмыспен қамтылу көрсеткіші 266 мың адамды құрайды, бұл өткен жылғы көрсеткішке қарағанда 3 пайызға артық. Расында, жұмыссыздар саны азайған. Қазір олардың саны 15 мыңға жетпейді. Жалпылама алсақ, біздегі жұмыссыздардың басым бөлігі мұнай секторынан жұмыс іздейді. Олардың əрқайсысына дерлік басқа салаларда жұмыс орындары ұсынылғанымен, жалақының төмендігіне орай жұмыссыз 10 адамның алтауы одан бас тартады. Сондықтан да, біз маңғыс таулықтар үшін жаңа мүмкіндіктерді қамтитын «Жаңа серпін» атты бағдарламаны жүзеге асыра бастадық. Аталмыш бағдарлама таяудағы 3 жылда 9 мыңнан астам жұмыс орындарының ашылуына мұрындық болады», деп қорытты сөзін облыс əкімі.

Баяндамашы өңірде туризмді дамытуға барынша басымдық берілетінін мəлімдеді. Ол үшін төрт аудан таңдалып, инвесторлардың қолдауымен 60-қа жуық туристік нысандар салу межеленген. Биыл 21 шақырым жылу, 15 шақырым сумен қамту жүйелері ауыстырылғанымен, бұл салалар əлі де күрделі жаңғыртуларды қажет етеді. «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша 37 елді мекенге су жеткізіледі. Əлеуметтік жалдамалы баспана салу, несиеге барынша төмен пайызбен ұсыну, сатып алу құнын арзандату қолжетімділігін арттыру мақсатымен пəтерлер салу көлемі 1,5 есеге көбейтіледі. Мектепке дейінгі мекемелердің жетіспеушілігі барынша қысқарады. Жыл аяғына дейін 400 орынды балабақша іске қосылады. Мемлекетжекеменшік əріптестік шеңберінде бір мың орынға кеңейеді, деді əкім. Актив жиынында Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Халық шаруашылығы жəне мемлекеттік қызмет академиясының профессоры, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі Анатолий Спицын, Ұлттық банк облыстық филиалының директоры Жомарт Қажырахымов, Ғ. Мүсірепов ауданы «Раисов» ЖШС жетекшісі Владимир Коваленко, ардагерлер кеңесінің төрағасы Ескендір Елеусізов, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің оқытушысы Людмила Гривенная, тағы басқалары сөйлеп, Жолдау талаптарын қолдайтындарын білдірді. Солтүстік Қазақстан облысы.


www.egemen.kz

15 қараша 2014 жыл

9

 Толғандырар тақырып 2014 жылдың 25-27 қыркүйегінде Астана қаласында Назарбаев Университетінің жетекшілігімен «Орталық Азияның шөлденуі: бағалау, болжау, басқару» тақырыбында халықаралық ғылымитəжірибелік конференция өтті. Іс-шараны Білім жəне ғылым министрлігінің «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі География институты, «Қазақстандық ұлттық географиялық қоғамы», «Назарбаев Университеті» жəне Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) ұйымдастарды. Конференция жұмысына Əзербайжан, Беларусь, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Тəжікстан, Түрікменстан, Украина, Өзбекстан ғалымдары қатысты. Жалпы, шөлдену үрдісі қазіргі таңда – Азия, Африка, Америка құрлығының аридті белдемінде орналасқан бірқатар елдердің басты мəселесі. Шөлдену тек жекелеген елдердің ғана емес, əлемдік деңгейдегі шешуі қиын ғаламдық мəселеге айналды. БҰҰ-ның келтірген деректеріне сүйенер болсақ, бір жылда азық-түлікке жарамды 3 миллион гектар жер шөлденуге ұшырап, бұдан келетін экономикалық шығын 40 миллиард АҚШ долларын құрайды. Аталған мəселе дүниежүзілік жəне халықаралық маңызы бар конференцияларда кеңінен талқыланды. 1994 жылғы 17 маусымда Париж қаласында (Франция) Бiрiккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Шөлейттенуге қарсы күрес конвенциясы қабылданды. Аталған құқықтық құжат негізінде көптеген елдер шөлейттенумен күрес бағдарламаларын қабылдады. Осы мəселе бойынша Қазақстан Республикасында шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі 2005-2015 жылдарға арналған бағдарлама жүзеге асуда. Бұл бағдарлама шөлейттенудің негізгі себептерiмен күрестi ұйымдастыру жəне оның салдарларын жою жөнiндегі негiзгі құжат болып табылады. Қазақ елінің шөл аймағы – табиғаттың физикалық-географиялық жағдайынан, сол сияқты адам əрекетінің нəтижесінен пайда болған ландшафт. Қазақстанның алып жатқан географиялық орны 4 табиғи аймақты қамтиды: орманды дала, дала, шөлейт, шөл. Бұл аймақтар жалпы география ғылымында қалыптасқан табиғи ландшафттық аймақ ретінде аймақтарға жатады. Аймақтың қалыптасуын В.В.Докучаев, Л.С.Берг сияқты ұлы ғалымдар зерттеген. Л.С.Берг осы зоналар аралығында өтпелі аймақтарды қарастырған жəне ендік бағыттағы зоналарды геологиялық, тектоникалық, орографиялық ерекшеліктеріне қарай провинцияларға бөлген. Осы айтылған аймақтар шекаралары бүгінгі таңда өзгеріске ұшыраған. Оның негізгі себебі қоғамның, экономиканың дамуымен, адам əрекетінің əсерімен тікелей байланысты. Адам əрекетінен пайда болған ғаламдық экологиялық мəселелер қоршаған ортаға техногендік жүктеменің артуынан туындайды. Осыдан келіп, шөлейттенудің көлемі ұлғаюда. Аумағының көп бөлігі жеткілiксiз ылғалдану аумағында орналасқан Қазақстан үшiн, елдiң үштен екiсi шөлейттену процесiнiң əртүрлі деңгейiне ұшыраған (барлық жердің 70%-ға жуығы). Мұның пайда болуына климаттың аридтылығы, топырақтың дефляцияға ұшырауы, топырақтың тұздануы, сол сияқты жердің əртүрлі химиялық заттектермен ластануы əсер етеді. Шөлейттену əлемдік деңгейде бұрын да, қазір де жəне болашақта да болатын жаһандық табиғи өзгерістердің қатарына жатады. Ол – циклдық өзгерістердің туындысы. Оның əрі қарай дамуы, күрделенуі адамның іс-əрекетімен тікелей байланысты. Қазақстан жерінің шөлейттенген негізгі аймақтары Шығыс Қазақстан (Семей өңірі), Алматы облысы (Балқаш көлі маңы), Қызылорда облысы (Арал маңы), Маңғыстау облысы, Қарағанды облысы (Жезқазған аймағы) бүгінгі таңдағы адам мен қоғам арасындағы үлкен арақатынастың күрделенуіне əкеліп соғуда. Біздің келтірілген антропогендік ландшафттардың планетарлық, аймақтық кең таралуы, оларды жіктеудің бір жүйеге түспегендігінен. Біз білетін орманды дала, дала, шөл, шөлейт, биік таулы табиғи ландшафттарының шекаралары өзгеріп кеткендігі жайлы ғалымдар арасында жүйеленген пікір жоқ. Тіпті, ғалымдардың жазған ландшафт жайлы еңбектері мен оқулықтарында да антропогендік ландшафттың жіктелуінің себебі, салдары айтылмайды. Осыдан шығатын қорытынды, антропогендік ландшафттың қалыптасуы, кең етек алуы жайлы ғылыми-теориялық тұжырымдамалар жетіспейді. Ерте кезден-ақ қоғам дамуы мен оның экономикасының дамуында адам əрекетінің рөлі ерекше болған. Жаңа жерлерді ашу, оның байлықтарын игеру қоғамның дамуына қызмет жасаған. Соның салдарынан мемлекет пен мемлекеттің, құрлық пен құрлықтың, ел мен елдің, сауда-саттықтарының тарихта қалдырған іздерінен, табиғат тұтастығы жайлы мағлұматтарынан байқауға болады. Мысалы, Жібек жолы арқылы жүрген саудагерлердің, саяхатшылардың, елшілердің жүрген жеріндегі табиғаттың біртұтастығы жайлы мағлұматтарын ескерсек, қазіргі табиғаттың нысандарына сəйкес келе бермейді. Феодализмнен социализмге көшу, социализмнен капитализмге көшу жолындағы табиғаттың бұрын қалыптасқан табиғат болмысын өзгертуде адамның үлкен əрекетін байқауға болады. Əлемдік деңгейде ғылымның дамуы мен адамдардың өзіне керекті табиғатты ысырапсыз пайдалануы арқасында көптеген табиғат ландшафтысының өзгеруіне əкеп соқты. Ғылыми-техникалық прогрестің дамуы табиғи ресурс қорының азаюымен қатар, олардағы

топырақтың құнарсыздануы, ауаның ластануы, ғылымдағы жаңа даму сатысындағы жоғарғы технологияның келуі, пайдаланудың əлемдік стратегиясының қалыптасуы арқылы орны толмас табиғат ланд шафтысы көрінісінің өзгеруіне əкелді. Солтүстік Қазақстанның 30% жері жарамсызданған, Батыс Қазақстанда мұнай-газ өнеркəсіп өнімдерімен 100 мың гектар жері техногендік ластанған, 2,5 миллион гектар жайылымдары жойылуда. Əсіресе, Азғыр мен Тайсойған полигондары қамтып отырған 1,4 миллион гектар жер радиоактивті қалдықпен ластанған. Ал Каспий теңізінің 268 миллион гектар жағалауы су астында қалып, мұнай өнімдерімен ластану одан əрі жалғасуда (итбалықтардың азаюы, мезгіл-мезгіл қырылуы, өсімдіктердің жойылуы). Орталық Қазақстанда жарамсыз жерлер көбеюде. Өзен бойларында тех-

километр жерге тарайтыны белгілі. Жаңа қалалар, құрылыстар, су қоймаларын, жолдар салуға жыл сайын 5-7 миллион гектар егістік жерлер кетеді, сөйтіп 20-25 миллион адамды асырайтын егін алқабы кеміп жатады. Адамдар өмір сүргелі 1,5-1,9 миллиард гектар жер құмға, батпаққа, жыра мен сайға, бұта басқан алқапқа айналуда. Сахара сияқты тіршілігі жоқ құмдар табиғаттың ғана ісі емес, адамдардың ісі. Антропогендік ландшафтылар аймақтық сипат алуда. Кейінгі ғалымдардың жоғарыда айтылған антропогендік ландшафтыны зерттеуде нақтылы жаңа бағыттағы геоэко логиялық мəселелердің негізгі туындауы оның кең көлемде аумақтық деңгейде етек алуы ғылыми-техникалық прогрестің (ҒТП) жедел дамуымен байланысты. Сонымен, антропогендік ландшафттың күрт дамуына əсер еткен факторларды төмендегідей топтастыруға болады:

ШҐЛЕЙТТЕНУ – адам əрекетінен пайда болєан єаламдыќ экологиялыќ мəселе Əлия БЕЙСЕНОВА,

География жəне экология ғылыми-əдістемелік орталығының жетекшісі, ҰҒА-ның академигі.

ногендік ластану, топырақ құнарсыздануы, жануарлардың түрлерінің сиреуі, жайылымдардың тозуы, радиоактивті химиялық ластану мен ракета-космос қалдықтармен ластану (Бетпақдалада) жоғары деңгейде. Оңтүстік Қазақстанда Амудария мен Сырдария алабының 2 миллион гектар жері шөлге, топырақтары сор, тақырға айналған Арал табанынан ұшқан тұздар экожүйені қайтымсыз бүлдіруде. Жаңа антропогендік ландшафтының қалыптасуы əлемдік деңгейде де бай қалады. Мысалы, Жапониядағы Хиросима мен Нагасаки, АҚШ-тағы Невада штатындағы жасалған сынақ жарылыстары. Осы өңірдегі 300 млн. га сексеуілдің жойылуы өте өкінішті. Арал, Созақ, Шолаққорған уран кен орындарының қоршаған ортаны ластауы антропогендік ландшафттың көрінісі. Жаңа антропогендік ландшафттың қалыптасуы əлемдік деңгейде де байқалады. Мысалы, Жапониядағы Хиросима мен Нагасаки, Америкадағы Колорадо атом жарылысы. Шу-Мойынқұм, Балқаш-Алакөл аймағында адам əрекетінен антропогендік ландшафт ұлғаюда, климатының құрғақтануы, Қапшағай, Тасөткел су қоймаларының салынуы, суды көп қажет ететін күріш техникалық дақылдарының өсірілуі суармалы жерлердің тозуына əкеліп соқты. Сол сияқты, Шығыс Қазақстан аймағында да ірі түсті металл, вольфрам, уран, қорғасын, мыс, мырыш кен орындары елді мекендер мен қала тұрғындарына қауіп əкелуде. 1949-1996 жылдар аралығында Қазақстан жерінде 503 ядролық қару сыналды. Ол 20 миллион гектар жерді тоздырып тіршіліксіз экожүйелерге айналдырды. Соның нəтижесінде, 3,4 миллион адам тұратын елді мекендер қамтылды, олар əлі де зардап шегіп отыр. Ядролық қарудан тек атом бомбаларын сынаумен шектелмей, полигондарда соғыс ракеталарын, т.б. техникаларды да сынақтан қатар өткізіп отырған. Батыс Қазақстан аумағында 19661979 жылдар аралығында 24 рет ядролық қару сыналған. Соның ішінде Азғыр полигоны ғана 6,1 мың гектар жерді алып жатыр. Осы аймақтарда радиоактивті заттардың шекті рауалы мөлшері (кадмий, стронций, қорғасын) бірнеше есеге көбейіп кеткені анықталған. Мұндай сынақтар Үстіртте де 1968-1970 жылдары жасалған. Сол сияқты ірі полигондар қатарына Атырау облысының Тайсойған, Балқаш көлі маңында Сарышаған, Ташкент-4 сынақ алаңдары мен Байқоңыр ғарыш айлағы да жатады. Қазақстанда қазіргі кезде 20 миллион тонна қатты радиоактивті қалдықтар жинақталған. Полигондардың ішінде Семей өңірі – ең көп зардап шеккен аймақ. Мұнда атом қаруын сынаудың ғылыми орталығы орналасқан. Ол – Курчатов қаласы. Семей облысының Абай, Бесқарағай, Жаңасемей, Абыралы аудандарының аумақтары атом сынақтарының ордасы аталып, ең көп зардап шеккен экологиялық апатты аймаққа айналды. Қазақстан жерінде атом қаруларын сынау 40 жылға созылып, табиғи экожүйелерді бүлдіріп, жарамсыз етті. Полигондарға пайдаланылған жерлердің ауа, су, топырақ құрамы радионуклеидтермен ластанып, ауа мен жерасты сулары арқылы мыңдаған

1. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі адам əрекетінің етек алуынан; 2. ҒТП жедел дамуынан; 3. Геоэкологиялық апаттардың молаюынан. Көптеген елдер қазірдің өзінде жер тапшылығын көруде. Шығыс Азия елдерінде технопарк, жасанды су қоймаларын салу, бау-бақша, газондар отырғызу, тастардан мүсіндер жасау, ал мұнайлы елдерде өндіріс орындарын көбейту салдарынан мəдени ландшафт кең етек алуда. Сондықтан жерді ұтымды жəне үнемді пайдаланудың түрлі шараларын іске асыруда. Олардың ішінде мыналарды айтуға болады: – əлемдік деңгейде қаладағы тұрғын үйлердің қабаттарын көбейту; – жер астын тұрғын үйлер мен басқа құрылыстарды салуға пайдалану. Табиғи ландшафттардан антропогендік ландшафттың негізгі айырмашылығы – табиғи ландшафт өзін-өзі реттеп, бірбірімен байланысып жатса, антропогендік ландшафт қайта қалпына келмейді немесе өзін-өзін реттеу үшін ұзақ уақыт кетеді. Сондықтан, антропогендік ландшафтты қайта қалпына келтіру үшін, адам табиғат компоненттерін жоспарлы түрде тиімді пайдалануы қажет. Осы бір-біріне қайшы келетін екі көзқарас даулы мəселені шешпейді. Тұранды Оңтүстік Қазақстанмен бірге бір физикалық-географиялық облысқа біріктіріп, сондай-ақ шөлейтті Қазақстанды Орталық Азияға жатқызу көңілге қона бермейді, себебі олардың табиғи ерекшеліктерінің кешені бір типті емес. Бұл жəйт КСРО-ның табиғи аймақтану бойынша бірқатар жұмыстарымен дəлелденді. Климатологтар (Б.П. Алисов, 1956) «Тұран табиғатына байланысты Орта Азияның континенталдық шөлейтті климаттық облысын бөліп көрсетеді, ол Орта Азияның жартысын алып жатыр жəне Оңтүстік Қазақстанды, субтропикалық белдеудің шөлейтті оңтүстік Тұран облысын қамтиды, оның климаты радиациялық фактордың əсері негізінде жəне қыс мезгіліндегі иран фронтындағы циклонның əрекетіне байланысты құрылады» дейді. «КСРО-ны геоботаникалық аудандастыру» кітабында (1947) Тұранның шөл далалары екі аймаққа бөлінген – АралКаспийлік жəне Каспий сырты. «КСРОны табиғи-тарихи аудандастыру» монографиясында (1947) Орта Азияның шөл далалары 3 аймаққа бөлінген – Маңғышлақ-Үстірт, Арал-Балқаш жəне Тұран. Құмдар Қазақстанның өте үлкен аудандарын (Қызылқұм, Сарыесік-Атырау, Мойынқұм, Үлкен жəне Кіші Борсыққұм) алып жатыр. Климатпен бірге құмдағы өсімдік топырақ түзуші факторлардың ең маңызды ерекшеліктерінің бірі болып табылады. Шөлді аймақтарда сонымен қатар, тақыр топырақтар мен ақ сортаң жерлер де тараған. Құмды шөлдер бүкіл шөл аймағының үштен біріне жуығын алып жатыр. Олардың ең ірілеріне Қызылқұм, Арал маңы Қарақұмы, Мойынқұм, СарыесікАтырау, жəне Каспий маңы ойпатының құмдарын (Нарын, Тайсойған, Қарақұм, т.б.) жатқызуға болады. Мұндағы құмдар ондаған мың жылдар бұрын осы жердегі өзендер мен көлдердің орнында пайда болған. Кейін желдің əрекетінен бұл құмдардан шағылдар, қырқалар, төбелер түзілген. Құмға су жақсы сіңеді жəне одан аз буланады. Əдетте, тек құмның беткі қабаты ғана құрғайды, ал оның астыңғы қабаттары əруақытта ылғалды келеді. Сондықтан аз ғана тереңдікте ішуге жарайтын еспе суы жатады. Көшпелі құмдарда топырақ

жамылғысы жоқ дерлік. Топырақ қабаты қырқалар мен төбелерде, борпылдақ құмды қырқалардың аралығында, қазаншұңқырлар мен жазық жерлерде құмайтты, қоңыр жəне сұр қоңыр топырақты болып келеді. Еспе суы жер бетіне таяу жатқан жерлерде дəнді дақылдар мен бақша дақылдарын егуге болады. Сазды шөлдер құмды шөлдердің арасында немесе сорларға жапсарлас жатады. Ең ірі сазды шөл – Үстірт, Бетпақдала жəне Сырдария өзенінің оңтүстік жағалары. Үстірттің ойпаң жерлерін тұзды көлдер, сор, сортаң жəне тақыр алып жатыр. Тастақ немесе тасты шөлдер Қазақстанда онша көп емес. Мұндай шөлдер Сарыарқаның оңтүстігінде, Бетпақдаланың шығысында жəне Үстіртте кездеседі. Шөл дала зонасы егін шаруашылығы үшін шамалы пайдаланылады. Мұнда негізінен ашық-қызғылт топырақ ты жерде ғана егіншілікпен шұғылданады. Шөлейтте қой жəне жылқы шаруашылығы басым дамыған. Ойдым-ойдым суармалы жерлерде көкөніс, бақша егіледі. Шөл аймағында Барсакелмес, Үстірт мемлекеттік қорықтары ұйымдастырылған. Республика аумағының ормандылығы жалпы аумақтың 4,6%-ын ғана құрайды. Бұл сексеуілді жерлерді, орман жайылымдарын жəне бұталы тоғайларды қоса алғандағы көрсеткіш. Ал, орман құрамына тек ағаштарды алған кездегі нақтылы ормандылық 2,3%-ды құрайды. Ормандардың сиреуі соңғы 40 жылдың ішінде қылқан жапырақты ормандардың өнімділігі 7%-ға, майқарағай ағаштарының ауданы 13%-ға кеміген, Кенді жəне Оңтүстік Алтай ормандарында ағаштардың сиреуі байқалады. Жетісу жəне Іле Алатауында өсетін алма ормандарының ауданы 24%-ға қысқарды. Қазақстанның 5,0 миллион гектар ауданында шабындықтар бар. Шөлейттену салдарынан шабындықтардың ауданы қысқаруда. Оларды арамшөптердің басуы, бұталардың көбеюі, шалғындық өсімдіктердің ресурстық қана емес, сонымен қатар, суды реттейтін рөлі де толық немесе жартылай жойылуы көрініс беруде. Қазақстанда топырақтың жел эрозиясы негізінде туындаған шөлейттенуі далалы, құрғақ далалы, жартылай шөлейтті жəне шөлейтті ландшафтты қамтыған. Жел эрозиясының əсерінен топырақтың құмдану, құнарсыздануы пайда болады. Егістік жерлердің жел əрекетінен қарашіріндінің құрамы азаяды, карбонаттылығы көбейеді, агрохимикалық жəне сулы-физикалық қасиеттері нашарлайды. Бүгінгі таңда Қазақстанда егістік жерлерде дефляцияның əлсіздігіне, оның қысқаруына байланысты болжаулар бар. Республикамыздың қуаңшылық аймақтарында, əсіресе қатты тозған жайылымдарда жер эрозиясының күшею қауіптілігі жоғары. Суармалы жерлерді кеңейту жөніндегі бағдарламаны іске асыру барысында суландыруға сорғытылмаған жəне сортаңданған топырақтардың ауқымды алқаптары азайды. Көлемді суландырудағы өңірлердің су жəне экологиялық проблемаларының ішінде суды үнемсіз пайдалану мəселесі күн тəртібінде тұр. Бұл суды тасымалдаудың қарабайыр технологияларымен, экономикалық ынталандырудың жəне оны үнемдеу дəстүрінің болмауынан. Суғарудың есепсіз болуы тұздану дың, батпақтанудың жəне су эрозиясының негізгі себебіне айналды, ал кəрізді сулардың шығыны өзендердің тыңайтқыштармен, пестицидтермен

ластануына жəне жоғары минералдануына алып келді. Қазіргі кезде əлемдік деңгейдегі планетарлық антропогендік ландшафттың етек алуы – табиғаттың даму заңдылығында тепе-теңдіктің күрт өзгеруінен бүгінгі күнде бүкіл адамзат баласының алдында тұрған үлкен мəселе. Əлемдік деңгейде ғалымдардың осы мəселені зерттеуі, табиғаттың өзгеру болмысын анықтау үшін экология ғылымына жүгінеді. Арал қасіретінің əлеуметтік, экономикалық жəне экологиялық салдарлары зор. Арал өңірі аудандарында төтенше санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қалыптасты жəне мұнда соңғы 1520 жылда жұқпалы аурулар, əсіресе, іш сүзегі, туберкелез, вирусты гепатит, сондай-ақ онкологиялық аурулар ұлғайды. Осындай мəселелер Балқаш маңы өңірінде де туындауы мүмкін. Қазақстан аумағындағы техногендік шөлейттену индустриялық өндірісті дамыту жəне пайдалы қазбалар мен кен орындарын игеру, көлік жəне инженерлік инфрақұрылымдарды салумен, су жəне жер ресурстарының жедел игерілуімен жəне ластануымен, экожүйелерге тікелей жəне жанама теріс əсер етуінен туындайды. Осы əсер етудің түрлерімен қатар, техногендік шөлейттену үдерістеріне ауа бассейніне улы заттардың таралуы тікелей əсер ету жағдайы да байқалған. Шаруашылық жүргізудің жаңа нысандарының қалыптаспағандығы, жайылымды мал шаруашылығы жүйесінің бұзылуы, техникалық жəне қаржы құралдарының жеткіліксіздігі жұмыссыздық пен кедейлікті ұлғайтуда. Теріс əлеуметтік-экономикалық процестер өз кезегінде шөлейттену үдерісін дамытуда. Қазақстандағы қазіргі əлеуметтік жағдаймен байланысты, шөлді аумақтарда орналасқан облыстардан халықтың жыл сайынғы көшіп кетуі жүздеген мың адамдарға жетуде. Экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы жəне мекен ету ортасының жұтауы салдарынан халықтың тұрмыс деңгейі төмендеді, медициналық қызмет көрсету жеткіліксіздігі, пайдалануға жарамсыз ауыз су, шаңды жəне тұзды дауылдар халық денсаулығы жай-күйінің тез нашарлауының, демографиялық дағдарыстың алғышарты болып табылады. Бұл халықтың өсуіне кері əсер етеді. Шөлейттенуге ұшыраған өңірлерде балалар өлімі өте жоғары. Экологиялықсанитарлық қысым балалардың жалпы дамымай қалуының, қан аздығының, туа біткен ауытқушылықтардың, жүйке аурулары, жүрек-қан тамырлары аурулары туындауының негізгі көзі болып табылады. Қоғамның тұрақты əлеуметтік-экономикалық дамуына қол жеткізудің мемлекеттік стратегиясы елдің шаруашылық жəне өзге де шешімдерді қабылдау кезінде экологиялық жағдайды ескеру көзделуде. Сондықтан қоршаған ортаны қорғау саласындағы тиімді саясатты жүзеге асыру республикалық, облыстық жəне жергілікті деңгейлерде табиғатты пайдаланудың нормативтік-құқықтық қаржы-экономикалық негіздерінің қазіргі талаптарына сəйкес келетін табиғат қорғау заңнамасының жаңа жүйесін құруды талап етеді. Осыған байланысты, шөлейттену мен құрғақшылық үдерістерінің физикалық, биологиялық жəне əлеуметтік-экономикалық аспектілерін қамтитын кешенді шараларды əзірлеу қажет. Атап айтқанда, елдің тұрақты даму саясатына кедейшілікпен күрес, шөлейттенуге қарсы күрес жəне құрғақшылықтың салдарларын туындайтын мəселелерді азайту жөніндегі іс-шаралардың

ықпалдасуын күшейту қажет. Қазақстан Республикасында жасалып жатқан шөлге айналумен күресудің тиімді мемлекеттік саясатын жүзеге асыру үшін ұлттық стратегия мен жоспар табиғатты тиімді пайдаланудың нормативтік-құқықтық жəне қаржылықэкономикалық негіздерінің қазіргі заман талаптарына сəйкес келетін табиғатты қорғау заңнамасының үйлесімді жүйесін құруды жəне енгізуді қарастырады. Негізгі бағыттары – адамдардың əлауқатын жоғарылату жəне қоршаған ортаның жағдайын тұрақтандыру, тұрақты даму мақсаттарына жету үшін топырақтардың құнарлылығын, өнімділігін жоғарылату жəне олардың биологиялық əртүрлілігін сақтау жəне қалпына келтіру, жерлердің деградациясымен күресуге, жер пайдалануды əртараптандыруға бағытталған ісшаралар кешенін жүзеге асыру жолымен Қазақстандағы шөлейттену үрдісін тоқтату жəне оның алдын алу. Климаттың өзгеруі табиғи ішкі жəне сыртқы себептерден, адам əрекетінің салдарынан да болатындығы белгілі. Əртүрлі ғалымдардың жүргізген зерттеулерінің қорытындылары энергияны тұтыну дəрежесінің жоғарылауы ауа температурасын ғаламдық климаттың ғасырлық ауытқуының себебінен табиғи жолмен болатын өзгеріспен салыстырғанда бірнеше есе тез жүреді. Ғаламдық жылыну дегеніміз жердің бетіндегі ауаның орташа жылдық температурасының жоғарылауымен сипатталады. Жер бетіндегі күн энергиясының саны сипаттайтын шағылу қабілеті шөл далаларда ылғалды өсімдіктердің альбедосымен салыстырғанда анағұрлым жоғары. Егер топырақтың альбедосы төмендесе, онда сіңірілген күн энергиясының саны жоғарылайды, бұл одан əрі ауа температурасының жоғарылауына əкеледі. Шөл далада орналасқан халық шаруашылық нысандары үнемі шөлейттену үрдістерінің əсеріне душар болуда жəне бұл Қазақстанның түгел экономикалық жəне əлеуметтік саясатына қатты əсер етеді. Сондықтан қоршаған ортаны қорғау, табиғатты тиімді пайдалану, атап айтқанда, жер ресурстарын тиімді пайдалану Қазақстанның мемлекеттік экологиялық саясатының басым бағыты болып табылады. Қазақстанның барлық дерлік аумағы ежелгі дефляциялық-аккумулятивті үрдістерге белсенді жеткен ежелгі өзен арналарында пайда болған кең алқапты құмды шөл далаға жатады. Шөлге айналумен күресу бойынша іс-əрекеттердің ұлттық бағдарламасында төрт басым бағыт анықталған. Олар: – көп жылдық жыл бойына созылатын жайылымдарды құру; – шағын тұтынушыларға арналған күн энергиясы қондырғысын жасау жəне іске асыру; – Арал маңында орналасқан халықтың əлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту мақсатында Арал маңындағы экологиялық жағдайды сауықтыру; – ең маңызды инженерлік құрылыстарды құм басудан жəне дефляциядан қорғау. Жоғарыдағы айтылған шешімі қиын мəселелерді шешу үшін жаратылыстану ғылымымен айналысатын ғалымдар біріге отырып, еліміздің болашақ ұрпақ алдындағы міндетін атқарудың жолдарын қарастыру керек. Орта Азия бойынша шөлденумен күрес жолындағы елеулі жұмыстармен Түрікменстандағы Ұлттық шөл институты айналысуда. Өткен ғасырдың екінші жартысында бізде де шөлдену мəселесімен айналысатын институт болған. Ол институт түрлі себептерге байланысты жұмысын тоқтатты. Қазіргі таңда сол институтты қайта жандандыру керек. Себебі, Қазақстан аумағында шөл жерлер күн санап ұлғаюда. Бұл еліміздің экономикасына жəне ауыл шаруашылығына үлкен соққы болмақ. Сонымен қатар, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет. Шетел тəжірибесін ескере отырып, шөлденумен күрес жолдарының тетіктерін жетілдіру қажет. Əрбір жерді тиімді пайдалану – бұл уақыт талабы.


10

www.egemen.kz

15 қараша 2014 жыл

 Өнеге

 Замана

Баєытымыз айќын, маќсатымыз белгілі

халық операсына тағылымдамаға жолдама алады. 1977-78 жылдары көрнекті дирижер Асен Найденовтың жетекшілігімен Хорлан Вердидің операларынан Виолетта жəне Джильданың партияларын дайындап, орындады. Бұл жөнінде «Народная культура» газеті былай деп жазды: «Хорлан Қалиламбекованың Виолеттасы өзінің өмірлік шыншылдығымен таң қалдырды. Актриса өз кейіпкерінің күрделі жан күйзелістерін нəзік штрихтармен жеткізе білді. Хорлан Қалиламбековамен кездесу – айшықты дарын, күмістей сыңғырлаған дауыспен кездесу болып табылады. Өзінің тартымдылығы арқылы ол образды да барынша ұнамды ете білді». Бірнеше жыл өте келе Софияның опералық театрына Хорланның қайта шақырылуы дарынды əншінің өнеріне деген жоғары баға деп тануға болады. Бұл арада кеңес дəуірінде шетелдерге шығу қатаң бақылауда болғанын атап кету қажет. Мəдени, спорттық, ғылыми топтар мұқият қалыптастырылатын жəне елді кəсіби тұрғыдан лайықты деңгейде көрсете білетін көрнекті, дарынды жəне қабілетті адамдар іріктелетін. 70ші жылдардың өзінде Хорлан Қалиламбекова

Діни басќарманыѕ 2020 жылєа дейінгі ќызметін дамыту тўжырымдамасы ќабылданды

Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти.

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жұмыс бағыттары сан алуан. Бүгінгі таңда Діни басқарманың қызметін дамыту бағдарламасын əзірлеу өзекті болып отыр. Өйткені, дін – өте нəзік мəселе. Бас мүфти лауазымына сайланған сəттен бастап ҚМДБның бағыт-бағдарын айқындайтын Даму тұжырымдамасын жасауды қолға алдық. ҚМДБ-ның білікті, діни салада тəжірибесі мол Ғұламалар кеңесі мен Жоғары төралқа мүшелері мемлекет мүддесін, заң нормаларын ескере отырып, мұсылман қауымының арасында орын алған мəселелерді кешенді түрде шешуге арналған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2020 жылға дейінгі қызметін дамыту тұжырымдамасын қабылдады. Бұл құжаттың басты міндеті – мемлекетіміздің рухани тірегі болған асыл дініміздің жалпыға ортақ адамгершілік қағидаларын насихаттау, дін өкілдерін, ұлттар мен ұлыстарды ынтымаққа ұйыстыру. Аталған тұжырымдаманы қабылдаудың да өзіндік үлкен себептері бар. Қазіргі таңда халықты бүлікке бастайтын лаңкестік əрекеттер бүкіл əлемді алаңдатып отыр. Дін атын жамылған жат ағымды ұстанушылар біздің елде де көрініс тапты. Саяси мақсаттарға жету үшін исламдық діни сенімнің шынайы мағынасын бұрмалағысы келетіндер де бар. Осы орайда, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы республикалық ислами діни бірлестік ретінде Қазақстандағы исламның жаңғыру үдерістерінің басы-қасында болуы тиіс. Қоғамдағы діни саладағы келеңсіз жайттарды тиімді шешу жолдарын іздестіру – ҚМДБ-ның басты міндеттерінің бірі. Еліміздегі діни саланы дамыту жайлы арнайы қабылданған тұжырымдама мақсаты: – исламның рухани-имандылық жəне адамгершілік қасиет терін насихаттау, діниағар тушылық, қайырымдылық жұмыс тарды сапалы, тұрақты жəне тиімді жүргізу; – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасын жалпы халық пен мешіт жамағатына сапалы қызмет көрсете алатын, олардың алдында құрмет пен беделге ие қоғамдық институт дəрежесіне көтеру; – қазіргі заманғы қазақстандық мұсылман қауымының негізгі проблемаларын анықтап, қоғамдағы исламның рухани-имандылық жəне қайырымдылық ықпалын арттыру. Жалпыға бірдей құндылықтар мен мемлекет мүдделерін, қазақстандық заңнамалардың нормаларын ескере отырып, мұсылман қауымының арасында орын алған мəселелерді шешу жолында нақты бағыттар мен тетіктерді қарастыру міндеті қойылды. Сондай-ақ, жалпы стратегияны, исламдық діни қызметті, соның ішінде республика аумағында ханафи мазһабының ұстанымына сəйкес, діни ілім мен тəжірибені дамытудың тетіктері мен оларды жүзеге асыру жолдары айқындалды. Айта кететін негізгі мəселелердің бірі – осы тұжырымдама Қазақстан Республикасы Конс титуциясының сенім бостандығы туралы бабына, Қазақстан Республикасының «Діни қызмет

жəне діни бірлестіктер туралы» Заңына, еліміздің 2050 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарына, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жарғысына негізделген. Тұжырымдама халқымыздың басым көпшілігі ұстанатын ханафилік ілімге сүйенген мұсылмандық сенімнің нығаюын қазіргі қоғам дамуымен үйлестіре отырып, 2020 жылға дейінгі кезеңін реттеп, ислам дінін насихаттайды. Құжатта мамандар дайындау, білім беру жүйесін жақсарту, кадрлық діни ахуалды тұрақтандыру жəне дəстүрлі дінімізді кеңінен насихаттау жұмыстары айқындалған. Тұжырымдаманы іске асыру кезінде бірқатар нəтижелерге қол жеткізу көзделуде. Соның ішінде, басты мақсат – ханафи мазһабы ұстанымын ел аумағында одан əрі қарай дамытып, оның əлеуетін радикалды ағымдардың идеологиясына тойтарыс беретіндей деңгейге көтеру. ҚМДБ-ға қарасты мешіттерге кадрлар дайындау жəне олардың біліктілігін арттыру жүйесін əрі қарай дамытып, тиісті кадрлық резерв құру жоспарлануда. Əсіресе, ҚМДБ имамдарының білімі мен біліктілігін көтеру, қазіргі заманға сай діни маман болумен қатар, зайырлы қоғамның талап-мүдделерін дұрыс түсіне білетін тұлғаларға айналдыру осы тұжырымдама шеңберінде жүзеге асырылатын болады. Еліміздегі бірегей республикалық ислами діни бір лестік болып табылатын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының дəрежесін жалпы республика тұрғындары құрметтейтін қоғамдық институтқа айналдырып, осы бірлестіктің аясына елдегі бүкіл мұсылман қауымын шоғырландыру ең басты стратегиямыз екені айтпаса да түсінікті. Осы тұжырымдамаға мұқият қарайтын болсақ, ҚМДБ-ның алдағы уақытта атқаратын жұмыстары екі кезеңге бөлініп қарастырылғанын көруге болады. Оның ішінде I кезең 2015-2016 жылдарды қамтыса, ал II кезеңдегі игі жұмыстар 2016- 2020 жылдарда жүзеге асады. ҚМДБ жанынан арнайы ғылыми-зерттеу орталығын ашып, оған аудармашы мамандарды тартуды көздеп отырмыз. Дəстүрлі Имам Ағзам Əбу Ханифа мазһабы жəне Матуриди сенімі негізіндегі еңбектерді аудару жұмыстары жоспарға енгізілді. ҚМДБ-ның жанынан баспа ашып, діни басылымдарды шығару жұмыстарын бір ізге келтіру арқылы діни ахуалды реттеу – басты назарымызда. Тұжырымдама қабылданды, енді бірқатар шараларға бел буып кірісетін боламыз. Келелі жұмыстар қолға алынып жатқанда білекті сыбанып кіріспесе болмасы анық. Діни басқармадағы шариғат жəне пəтуа, оқу-ағарту, қажылық, дін істері, мешіт істері, діни сараптама, уағыз-насихат, халықаралық байланыс, т.б. бөлімдердің жұмыстарын жетілдіру – өз алдына үлкен талап. Бұл жұмыстар үнемі ізденісті талап етеді. Еліміздің тұрғындарының да осы жұмыстардың нəтижесін асыға күтіп отырғандарын сезініп отырмыз. Сондықтан, ел үмітін ақтау үшін маңдай терімізді төгіп жұмыс жасайтын боламыз. Мұсылман жамағатының күн сайын туындап жататын күрделі мəселелері өте көп. Оның ішінде көпшілікке жария етуге болмайтын жағдайлар туындап жатады. Осыны ескере отырып, ҚМДБ жанынан тұрақты жұмыс жасайтын

«сенім телефоны» желісін ұйымдастырып, сұрақтарға онлайн жүйесімен жауап беруді жолға қоямыз. Ел сеніміне жарап жатсақ, бұдан артық абырой жоқ деп санаймын. Келесі бір келелі мəселе еліміздің барлық өңірлерін білікті имамдармен қамтамасыз ету жұмыстары. Осыны ескере отырып білікті, көзі қарақты мамандарды жинау қажет деген шешімге келдік. Жұмысты жүйелі жүргізу – бұл да табысқа апаратын жолдың маңызды бір бөлігі. Сондықтан кадрларды да реттеу үшін ҚМДБны білікті жəне білімді кадрлармен қамтамасыз етіп, жоғары діни қызметтерге кіретін кадрлық резерв құру, жаңа тағайындауларды тек сол резервтен алу жүйесін енгізгелі отырмыз. Білікті маман шығару үшін білім беру жүйесін жетілдіру, оны заман талабына сай оңтайландырып отыру қажет. Біз білім саласында тоқырауға жол бермеу үшін ҚМДБға қарасты медреселердің оқу бағдарламаларын Əл-Азһар университеті колледжінің оқу бағдарламаларына сəйкестендіре отырып, нострификациялау жүйесін осы тұжырымдама аясында жүзеге асыратын боламыз. Сондай ақ, бүгінгі күні интернет жүйесі жастардың ең көп назарын аударатын тақырыпқа айналды. Дінді оқығаны да, оқымағаны да интернеттен тауып алғанын, ең бірінші қайсысы көзіне ілінсе, соны оқып алады да төңірегіне соны жеткізгісі келеді. Осы мəселенің оң шешімін табуына ықпал ету мақсатында Діни басқарманың ресми сайттарының рейтингісін көтеруді мақсат етіп қойдық. Осы жұмыстың бір саласы пəтуа шығарудың ортақ жүйесі ретінде www.fatua.kz сайтын ашуды көздеп отырмыз. Ал екінші кезеңде 2016-2020 жылдарға дейін келесі игі ісшаралардың жүзеге асырылуы жоспарлануда. Оның мазмұны да елді елең еткізер жағымды жаңалықтарға толы. Шалғай елді мекендердегі имамдарымыздың жалақыға тарығып, отбасын асыраудың қамымен кейде мешіттегі қызметін ақсатып жататыны көпшілік қауымға белгілі. Имам дін жолындағы қызметін тиынтебенге алаңдамай атқарса деген арман көкейімізден кетпей жүргені рас. Қазақстандағы діни қызметкерлерді айлық жалақымен қамтамасыз ету мəселесін біржола шешу ұзақ мерзімді жұмыс болғанымен, жүйеге отырған соң, діндарларымыз оның да қадірін сезінер деген үміттемін. Мен өзім жоспарсыз басталған жұмыс жолда қалдырады деп санаймын. Осы тұжырымдама ағарту саласын да толығынан қамтып отыр. ҚМДБ ағарту жүйесін дамыту, шетелдік мамандарды елімізге шақырту жолдарын реттеу, жергілікті мамандардың білімін жетілдіруді ұйымдастыру секілді жұмыстар назарымызда болады. Аллаға мың шүкір, егемен ел болып, басқалармен тереземіз теңесті. Алыс-жақын шетелдермен байланысымыз арта түсуде. Соның ішінде қасиетті Мекке мен Медине қалаларына қажылық сапарға шығу, қажылық міндетті абыроймен атқаруға жағдай жасау үлкен жауапкершілікті талап етеді. Сондықтан, қажылық жұмыстарын жүргізуді бір ретке келтіретін жүйе құрып іске асыру, ҚМДБ жанынан қажылықпен айналысатын бірегей орталық ашуға қол жеткізу үлкен жоспар ретінде тұжырымдамада көрініс тапты. Астана жəне Алматы қалалары мен облыс орталықтарында жалпы оқырмандардың қолдануына қолайлы «Діни кітапхана» ашуға бел будық. Тақырыпты түйіндер болсақ, Діни басқарма қызметін дамыту тұжырымдамасын жүзеге асыру дəстүрлі діни ұстанымдарды нығайтуға, ҚМДБ беделін арттыруға, соның негізінде қазақстандық мұсылман қауымын біріктіруге мүмкіндік береді. Халқымыздың бірлігі мен берекесі артып, ауызбіршілігіміз н ы ға я б е р с і н де п т і л е й м і з . Алла тағала Тəуелсіздігімізді мəңгілік етіп, болашаққа басқан қадамымызды берекелі еткей! Тілегіміз қабыл, мұратымыз асыл болғай! Əмин!

н а л ор

Х

нда басы п ң ы д лдар демілік де ы ж і ен зə -ш ет 70 ң есімі бі эстрадам р ш ттік мны ұңғы сім т рі бұл ада а, концер е л ұ сахн а... Б ан бе бековн еді. Сод опералық м а л , ли астаға ка, əн ан Қа б əлемді шарлап, опералық өнердің кеңестік қазақ Хорл мал бола мен: музы мектебін паш етті. Сол кездері, əлемнің біраз таны етін ұғым н түкпірлерінде КСРО Ресей деп қабылданатын і с . . . тү тікте тұста, Хорлан Қалиламбекова секілді шеберс е д н ү Хорлан Қалиламбекова өзінің өнердегі жолын бақытты деп есептейді: Қырық жылдан астам уақытта ол Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера жəне балет театрында ең танымал опералардағы партияларды орындап келеді, оның лирикалық сопраносы Қазақстанда жəне шетелдерде жүздеген тыңдармандарын тəнті етуде. Ол тек прима ғана болып қоюды мақсат тұтқан жоқ. Кешегі романтикалық Татьяна бүгін «Теремоктағы» жылпың Тышқанға, «Фаустағы» тəкаппар Маргаритаға «Борис Годуновтағы» елеусіз Ксенияға айналады. Ол басқа жандарды ойнай жүріп, өзіндік қасиеттерін жоғалтқан емес. Оның шығармашылығы өз кейіпкерлерінің өмірлерін кең қорытындылай отырып, нақты нышандармен, шынайылықпен табиғи үйлесімін тауып келеді. Əлемде опералық шығармалармен тұңғыш гастрольдерге шыққан қазақстандық əншінің шығармашылық жолы қалай басталды? Жас шағында Хорлан өз өмірін əнсіз елестете алмайтын, сондықтан да, оның музыкалық училищеге түспек болған шешімі ешкімді де таң қалдырмады. Оның əн өнері – вокалдан дəріс берген тұңғыш ұстазы Қарағанды музыкалық училищесінің оқытушысы, Мəскеу мектебінің шəкірті, атақты əнші М.Дейши-Сионицкаяның шəкірті Тамара Спиридоновна Шнэйх болған еді. Музыкаға деген зор махаббатты Хорланға мұра ретінде бере білген, Рахманинов жəне Шаляпинмен таныс болған Тамара Спиридоновнаның жанынан жас бойжеткен ұзақ күндер бойына үйіріліп, шықпайтын. Музыкалық училищені тəмамдағаннан соң, ол білімін Алматы консерваториясында профессор Н.Юмашеваның сыныбында жалғастырды. Оның дипломдық жұмысы – Пуччинидің «Мадам Баттерфляй» операсына Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера жəне балет театрының бүкіл көркемдік кеңесі шақырылды, сөйтіп, сəл мерзімнен соң Хорлан театр труппасының жеке дауысты əншісі ретінде жұмысқа қабылданды. Əртістік əлем қашан да сезім мен жан толғанысына бай. Егер де сенің бойыңда өзгелердің жетістіктеріне деген қызғаныш болмаса, олардан көп дүние үйренуге болады. Хорланның достарының арасында өзі қатарлары жоқтың қасы еді – барлығы да ересектер болатын. Клавдия Ивановна Бабошко консерваторияда камералық əн сыныбын жүргізді, əрі театрдың жеке дауысты əншісі еді, ал Евгения Ивановна Духанина кезінде əдемі Карменді, Виолетта Понайотовна Герматская Виолетта, Иолантаны ойнаған хас шеберлер болатын. Өз естеліктерінде Хорлан: – Мен ешқашан да үйреніп, оқудан жəне... астыртын бақылаудан ұялмайтынмын. Мен Роза Жаманованың қалай гримделгенін, оның шашын қалай түзейтінін бақылауды ұнататынмын... Евгения Ивановна шлейфті қалай əсемдене салу қажеттігін үйретті. Бір қарағанда, бəрі де ұсақ-түйек секілді, алайда, осылардан актердің өзіндік қолтаңбасы қалыптасады. Мен бірде-бір қойылымды жібермеуге тырысатынмын жəне де өзімнің шығармашылық қоржыныма қажет болады дегеннің бəрін де жинақтайтынмын, – дейді. Театрда жұмыс істеген алғашқы жылдары Хорлан мына спектакльдердегі жетекші партияларды орындады: П.Чайковскийдің «Евгений Онегиніндегі» – Татьяна, Дж.Пуччинидің «Мадам Баттерфляйіндегі» – Чио-Чио-сан, Ғ.Жұбанованың «Еңлік-Кебегіндегі» – Еңлік, Е.Рахмадиевтің «Қамар сұлуындағы» – Қамар, Е.Рахмадиевтің «Алпамысындағы» Қаракөз рөлдерін сомдады. Жас, дарынды əнші көп ұзамай София

лердің шығармашылығының арқасында шетелдік операсүйгіш қауым Қазақстан туралы естіп, білді. Хорлан Болгарияның Опера жəне балет театрында екі жыл қызмет етті. Ол тұста шетелдерде əртістер топтарының өнер көрсетуі өзіндік гастрольдер деп танылатын. Афишалар ілініп, билеттер сатылатын, сөйтіп, əртістер өздері мардымсыз іссапар қаражатын алып, ал шын мəнінде елі үшін толайым іс тындыратын. Болгариядағы тағылымдамадан соң, өз Отанында Хорлан əйел бейнелерінің тұтас галереясын сомдады. Олар: М. Төлебаевтың «БіржанСара» операсындағы – Сара, Леонковаллоның «Паяцы» операсындағы – Недда, Гуноның «Фауст» операсындағы – Маргарита, П.Чайковскийдің «Иолантасындағы» – Иоланта,

Римский-Корсаковтың «Царская невеста» операсындағы Марфа, Бизенің «Кармен» операсындағы – Микаэла Е.Рахмадиевтің «Тың туралы əн» операсындағы – Катя жəне С.Мұхамеджановтың «Ақан сері-Ақтоқты сындағы» Ақтоқты партиялары арнайы Хорланның дауысы үшін жазылған болатын. Осымен қатар, Хорлан үлкен концерттік қызмет те атқарады. Ол Римский-Корсаков, Рах манинов, Чайковскийдің романстарынан жеке дауысты концерттер береді. Оның концерттерінде Қазақстанда тұңғыш орындалған вокалдық циклдар берілді: Малердің «Песнь об умерших детях» шығармасы, Марина Цветаева Окуневаның өлеңдеріне цикл, Саша Черныйдың өлеңдеріне Д.Шостаковичтің «Сатиры» шығармасы жəне де басқа көптеген шығармалар бар. Əсіресе, бірқатар танымал жəне бұрын айтылмаған соны шығармалар орындалған дуэттер кеші көрермендердің есінде ұзаққа сақталды. Ол жылдары Хорлан гастрольдік сапарларға көп шықты. Тек бұрынғы Кеңес Одағы бойынша ғана емес, ол əлемнің таңдаулы сахналарына шақырылды. Олар – Италия, Австрия, Германия, Португалия, Швейцария, Финляндия, Түркия, Үндістан, Жапония, Корея жəне де басқалары. Əнші Сеулдегі құрамына Шығыстың опералық театры кіретін «Азия-опера» компаниясының құрметті мүшесі. Əрине, мұндай деңгейдегі əншінің шығармашылығы наградалар жəне атақтардан құр алақан қалуы мүмкін емес еді. 1980 жылы оған Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген əртісі, ал 1982 жылы халық əртісі атағы берілді. Хорлан тек өз концерттерінің ғана емес, көп жағдайда – орасан зор гала-концерттердің де авторы жəне режиссері. А.С. Пушкиннің 200 жылдығын атап өтуге арналған концерт есте қаларлық оқиға болды. «Моей души коснулась ты», «В молчании ночи тайной», «Вечер у камина» деп аталған музыкалық-поэзиялық кештер де өз өрнегімен айшықты болды. Халық əртісінің бар шығармашылық өмірі Қазақстанмен – Алматы жəне Астанамен байланысты, ол екі астаналық – Абай атындағы жəне К. Байсейітова атындағы опера жəне балет

театрларының жеке дауыстағы əншісі ретінде танылды. Көптеген жылдар барысында Хорлан əлемнің теңдесі жоқ опералық туындыларынан жетекші партияларды орындап келеді. Қазақстан тəуелсіздігімен бірге ел тынысы үшін қажет көптеген мəселелерді шешетін сəт туған тұста, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев барлық маңызды аспектілер – саясат, экономика, өндіріс, білім жəне денсаулық сақтау мəселелерімен тығыз айналысты. Сонымен қатар, ол ел тынысының аса маңызды бөлігі – мəдениетті де назардан тыс қалдырған жоқ. Оның ішінде, жаңа салынып жатқан бас қала – Астанада театр, опера өнерінің қаланып, қайта жаңғыруына зор ықпал етті. Президенттің арнайы шақыруымен Хорлан Қалиламбекова зайыбы Əзірбайжан Мəмбетовпен бірге Астанаға қоныс аударды. Əзірбайжан Мəмбетов Астанадағы Опера жəне балет театрының ашылуына тікелей мұрындық болды. Өнердің көптеген жас қайраткерлері, əншілер, бишілер пəтер мəселесі, жалақы мөлшері туралы сұрап білген соң, басым бөлігі Астанаға барудан бас тартқан еді. Ал Əзірбайжан мен Хорлан секілді өнерге жəне еліне берілген нағыз өнер адамдарын мұндай қарабайыр мəселелер қызықтырған жоқ. Жиналып, жолға шығып кетті. Жатақханада өмір сүріп, ұзақ күндер барысында қызу еңбек етіп, қолдары қалт етсе үйде өзара немесе үзеңгілес достарымен жаңа жобаларды талқылап, тек өнерді өркендетуді ғана ойлады. – Біз Астанаға 1999 жылы көшіп келдік, сөйтіп, бір жыл өткен соң Опера жəне балет театры есігін айқара ашты, – деп Хорлан өткен күндерді есіне алады. – Əзірбайжан Мəмбетов ерекше дарын иесі еді, осындай адаммен жолықтырған тағдырыма шексіз ризамын. Бірінші жұбайы – композитор Ғазиза Жұбанова өмірден өткеннен кейін, біз бір шаңырақ астында он бес жыл бірге өмір кештік. Оның қазасы мен үшін ауыр соққы, орны толмас өкініш болды, алайда, өзімді ұстауға тырысамын, жұмыстан алданыш іздеймін. Астанада опера жəне балет театры құрылғанда, Хорлан Қалиламбекова жаңа театрдың жеке дауыстағы əншісі жəне вокалдық кеңесшісі болды. Əнші жеке концерттер беруді жалғастырды. Күні бүгінге дейін музыкалықпоэзиялық кештерді ұйымдастырумен, шығармашылық жастарды тəрбиелеу ісімен белсене айналысып келеді. Концерттік қызметке едəуір уақыты арналғанмен, Хорлан Қалиламбекова ұстаздық жұмыстан да еш сырт қалған емес. Жаңа астанада Өнер университеті ашылғалы бері ол жеке дауыстағы əн кафедрасында профессор лауазымында оқытушылық қызметін жалғастырды. 2002 жылы шығармашылық қызметінің 30 жылдығына орай, əнші «Құрмет» орденінің иегері болды. Хорлан Қалиламбекова Қазақ ұлттық Өнер университетінің ЖАК профессоры. Ұстаздық жолы туралы Хорлан былай дейді: – Астанаға көшіп келгеннен соң да 30 шəкірт тəрбиелеп, шығардым. Қазақстанның əр түпкірінде еңбек ететін оларды мен мақтан етемін жəне барлығын да жақсы көремін. Əрине, қатал болған тұстарым да бар болған шығар, өйткені, өнер мүддесі үшін кейде дауыс көтеруге тура келіп қалады. Алайда, олардың бəрі де мені сүйіспеншілікпен еске алатындарын білемін, жиі қоңырау шалып, мерекемен құттықтап тұрады, кеңесу үшін де хабарласады. Оның шəкірттері өнерде танымал тұлғалар – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері «Астана Опера» театрының жетекші əншісі Айгүл Ниязова, осы театрдың жетекші əншісі, көптеген халықаралық опералық конкурстардың лауреаты Салтанат Ахметова. Мысалы, Салтанат қазір Мəскеудің Үлкен театрында табысты өнер көрсетіп жүр. Ресейлік жəне австриялық опера шеберлері, жюри мүшелері оның өнеріне шексіз тəнті болып: «Қазақстанда тамаша ұстаздар бар» деген екен. Бұл сөздің Хорлан Қалиламбековаға тікелей қатысы бар. Хорланды əн өнерінің танымал кəсіби маманы ретінде көптеген шығармашылық фестивальдар мен байқауларға əділқазы мүшесі ретінде шақырады. Жұмыс кестесінің тығыздығына, кейде шаршағандығы мен сырқаттанғанына қарамастан, ол адамдарды ренжітпеуге тырысып, республикамыздың əр түкпіріндегі мұндай шараларға шын ниетімен қатысуға барынша тырысып бағады. Кейде шын дарынмен кездескен жағдайда, қос тараптың да қуанышында шек болмайды. Жастар оның кеңесін қашан да бағалайды. Əдетте əйел жасы айтылмайды. Солай десек те, адам өмірінің қыр-сыры өткен жылдар еншісінде сақталары белгілі. Осы жағынан келгенде, біздің бүгінгі кейіпкеріміз де өзіне жəне өткен тағылымдарына өзгенің қызыға көз тігетін мизам шағына табан тіреп отыр. Ендігі бір айтарымыз – жанымызда жүрген кəсіби білікті, дарынды, өз өнерімен, мейірімімен, жан шуағымен бөлісе білетін тамаша жандарды бағалап, жылы сөзбен қолдаған дұрыс болар, шамасы. Өнер мен мəдениеттің əр саласындағы тамаша қазақстандық əртістердің шығармашылығы жас буынға кеңінен танымал деп айта да алмаймыз, яғни, əлі де үйренеріміз де, үйретеріміз де көп деуге болады. Хас шеберлер арамызда жүргенде олардан үйреніп, оларды құрметтегеніміз абзал. Хорлан өз өмірін өнерден, елінен тыс елестете алмайды. Оның өнері қазақ операсының тамаша жетістігі, ол шынайы жəне тағылымды, жеке басының рухани жəне адамгершілік қасиеті мен əсемдігін паш етеді. Хорлан Қалиламбекованың бүгінгі күнгі мақсаты – өз өнерін шəкірттерінен көру, өзі жинақтаған мол тəжірибесін, кəсіби шеберлігінің тылсым құпияларын олардың бойына егу. Оның өмірі өнермен ғана өріліп қоймай, шын мəнінде ел тарихымен де өрнектелді десек, еш артықтығы жоқ... Гүлмахира НҰРБЕКҚЫЗЫ. АСТАНА.


11

www.egemen.kz

15 қараша 2014 жыл

КƏСІПКЕРЛІК КӨКЖИЕГІ КЕҢЕЙІП КЕЛЕДІ «Мемлекеттіѕ міндеті – азаматтарєа олардыѕ іскерлік белсенділіктерін жїзеге асырулары їшін барынша мїмкіндіктер туєызу. Ал ол дегеніміз – отандыќ бизнес їшін инфраќўрылымдар ќўруєа ќамќорлыќ жасау» Н.НАЗАРБАЕВ.

Аймаќтыѕ инвестициялыќ ґѕі ґзгерді Ержан БАЙТІЛЕС,

«Егемен Қазақстан».

Жыл басынан бері Қызылорда облысына 250 миллиард теңгеден астам инвестиция түскен. Бұл аз қаржы емес. Бір ғана аймақтың өзі құр бюджеттің ақшасына алақан жаймай, инвесторлар тауып, өңірдегі экономикалық жағдайды алға сүйрегені көңілге қуаныш ұялатады. Осы ретте Сырдың бойына қаржы тартуда «Байқоңыр» инвестициялық форумының да ерекше рөл атқарып отырғанын айтуымыз керек. Осыған дейін төрт рет өтіп, алыс-жақын шетелдерден қаржылық ұйымдарды шақырып, аймақтың əлеуетін таныстырып, оларды инвестиция салуға иліктіруде осы форум айрықша еңбек сіңіруде. Қызылордаға қаржысын сүй реп келген компаниялардың бірі «Хуа Ю Интернационал Қызылорда» ЖШС. Аталмыш серіктестік өңірлік индустрияландыру картасы аясында «Көмірсутекті шикізатты өңдеу шағын өндірістік құрылғысын орнату» атты жаңа жобаны қаржыландырды. «Хуа Ю Интернационал Қызылорда» ЖШС өңірдегі химия реагенттерін өндіретін бірден-бір компания. Ал жобаның құны 500 миллион теңгені құраған. Жаңадан 24 адамға жұмыс ашылды. Жылына 2,0 мың тонна өнім шығаруға қауқарлы. Бұл жобаның негізгі мақсаты – жұмыс жасап тұрған химиялық реагенттер өндірісін ұлғайтуға

бағытталған. Бүгінде қолға алынған іс толықтай жұмыс істеп тұр. Оған мына көрсеткіш дəлел бола алады. Соңғы 9 айда 1389,1 тонна химиялық реагенттер өндірілген. Солайша жоспар артығымен орындалған. Компания жобаға қажетті қаражатты толығымен инвесторлардың есебінен іске асыруда. Жоба бойынша жалпы қаражаттың жартысынан астамы шикізатқа, құрал-жабдықтарға, одан басқа бөлігі өндіріс шығындарына жəне жалақыға жұмсалды. Қызылордада мұнай өндірілетінін білесіздер. Жер астындағы мұнаймен бірге түрлі минералдар ілесе шығады. Оның ішінде су да бар. Ал осы судың құрамында көптеген бактериялар кездеседі. Бұл бактериялар суды ластап қана қоймайды, сонымен қатар, мұнай құбырларының мерзімінен бұрын корозияға ұшырауына ықпал етеді. Осы бактериялармен күресу үшін компания өндірген химиялық реагенттер пайдаланылады. Компания қазіргі таңда жылына 1 мың тонна химиялық реагенттер өндіруде. Бұл химиялық реагенттер пайдаланылғаннан кейін мұнай құбырларының шіруі, корозияға ұшырауы, қақ тұруы төмендеп, пайдалану мерзімі ұзарады. Сондай-ақ, өндірілген химиялық реагенттер мұнай саласында жоғары сұранысқа ие болып отыр. Ал компанияның өз меншігінде аумағы 1728 шаршы метрді құрайтын арнайы өндірістік базасы бар.

Айта кету керек, бүгінде мұнай компаниялары жұмысында тұтынып жатқан химиялық реагенттердің 95 пайызын шетелден алдыртады. Атап айтқанда, Қытай, Ресей, АҚШ секілді ірі мемлекеттерден əкелінеді. Олар тұтынатын химиялық реагенттердің 5 пайызы ғана өзімізде өндіріледі. Осы ретте «Хуа Ю Интернационал Қызылорда» компаниясы қолға алған жоба өзімізде өндірілетін заттарды көбейтіп, мұнай компанияларына отандық өнімді ұсынбақшы. Бұл тұтынушылар үшін де қолайлы болмақ. Өйткені, «Құмкөл» мұнай кен орындарында химиялық реагенттерді тасымалдау қиын емес. Бар-жоғы 240 шақырым қашықтық қана. Бұл өз кезегінде өнімнің өзіндік құнының төмендеуіне септігін тигізеді. Химиялық реагенттерді сату бойынша «СНПС Айдан мұнай» АҚ жəне «ПетроҚазақстанҚұмкөлРесорсиз» АҚ келісімшарт жасасқан. Өндірген өнімді болашақта «Қуат Амлон Мұнай» БК ЖШС, «Торғай Петролеум» АҚ, «КАМ» БК» ЖШС жəне облыстан тыс орналасқан басқа да мұнай компаниялары тұтынады деген жоспар бар. Осы арада аймақта инвесторлардың көмегімен іске асқан тағы бір екі жоба туралы қысқаша айтып кеткіміз келеді. Бірінші, 2010 жылы «ҚазГермұнай» БК» ЖШС «Газды тиімді пайдалану кешенінің 2-кезегінің құрылысы» жобасын іске қосты. Жобаның іске қосылуы өз кезегінде өңдеу өнеркəсібін дамытуға, Қызылорда қаласы мен қала кəсіпорындарын арзан бағадағы көгілдір отынмен

қамтамасыз етуге, шағын жəне орта бизнестің дамуына ықпал жасады. Сондай-ақ, ілеспе газды өңдеу арқылы қоршаған ортаның ластануын төмендетіп, өңірдің экологиялық жағдайына оң əсерін тигізді. Жоба құны 10 275 миллион теңгені құрады. Солайша, 21 адам жұмысқа орналасты. Екінші, «ПетроҚазақстанҚұмкөлРесорсиз» АҚтың «Құмкөл газ-турбиналы стансасында 25 мВт-тық қосымша 2 газ-турбиналы қондырғылар құрылысы» жобасы болатын. Бұған жалпы есепте 7 600 миллион теңге шығындалды. 57 адамға жаңа

 Адамдық айнасы

«Ќайран біздіѕ аналар арды ойлаєан...» Қазақ əкені асқар тауға, ананы ағып жатқан бұлаққа теңесе, баланы жағалай өскен құраққа балаған. Əрқайсысының өз орны бар екені талассыз. Десек те, Алла тағала əз-Ананы бөлекше етіп жаратқан ғой. Дүниеге шыр етіп келген сəбиі үшін түн ұйқысын төрт бөліп, табанына қадалған тікен маңдайыма қадалсын деген өмір бойғы тілеумен өтетін аяулы да қастерлі жан алдындағы перзенттік парыздың ешқашан өтелмесі анық. «Жұмақ ананың аяғының астында» деген даналық сөз бар. «Алдымен жақсылықты анаңа, тағы да анаңа, тағы да анаңа жаса» деп пайғамбарымыз өсиет еткен. Бар жақсылық атаулыны жұдырықтай жүрегіне сыйдырып, жандүниесі тек мейірімнен суарылған, жан-жағына күннің көзі сияқты нұр-шуақ сеуіп тұратын 9 ұл-қыздың анасы Қымбат КƏКІМКЕЛІНІМЕН отбасы тұтастығын сақтау, үлкендерге құрметпен қарау, жастарды жақсы қасиеттерге баулу төңірегінде əңгімелескен едік.

– Ұлттық салт-дəстүріміздің, əдет-ғұрпымыздың қаймағы бұзылмаған біздің заман өзгеше еді, – деп бастады əңгімесін кейуана. – Сүттей ұйыған, ынтымақты бір қауым ел болатынбыз. Əжелеріміз бен аналарымыздың биязы мінезі, иманды көңілі жібектей төгіліп тұратын. Еңбектің жампозы еді-ау, шетінен! Оларды ойласам, жүрегім езіліп, қолқамды біреу суырып алғандай болады. Еңсеміз енді көтеріле бастағанда сұм соғыс талай шаңырақты күйретіп, тыныш өмірді айран-асыр етті. Тұлымшағымыз желбіреп, құлын-тайдай асыр салып жүрген балалар бұғанасы қатпаған күйі ауыр жұмысқа жегілді. Өгіз айдап, жер жыртты. Егін септі. Балалық шақтың не екенін білмей өсті. Желдей есіп, бөкендей желіп, көзден бұлбұл ұшқан заман десеңші! – Апай, іргесі мықты, босағасы берік көпбалалы отбасының тұтқасына айналып, құт-береке дарытқан, ырыс, бақыт əкелген ай маңдайлы аналарымыз ел намысы, абырой-беделі жолында бар күш-қуатын, тіпті, денсаулығын да, бала-шаға қызығын да сарп еткен еңбегін тілмен жеткізу қиын. Ұжымшардың, кеңшардың тыным сыз тірлігіне қара нардай жегіліп, артына ұлағатты ұрпақ қалдыра алмағандары да жоқ емес қой. Осындай абзал, қайратты, қайсар аналардың рухын асқақтататын еңселі ескерткіштер əр өңірде тұрғы зылса, артықтық етпес еді. – Дұрыс айтасың, айналайын! «Өлі риза болмай тірі байымайды». Еске алып, дұға бағыштап тұрса, аруақ риза болмай ма? Қалай қадірлесек те жарасымды. Кейінгі толқын біздің осындай ата-əжелеріміз болған екен деп еске алып, тəу етіп жүрсе, соған шүкіршілік. Бəйни, Мəруəр, Əкіжан, Бикамал, Күлəндəм, Сағила, тағы басқа келіншектер керемет еңбекқор еді. Жұмысты жапырып жіберетін. Күлəндəм мен Бикамал заманына қарай, əйелдер арасынан тұңғыш шыққан тракторшылар əрі коммунистер еді. Ол кездері əйел түгіл еркек техникаға жақындай қоймайтын. Жиналыс сайын мақтау алатын. Кейін бұлардың қатарына Зарбап, Ендіғой қосылды. Біз мал азығын дайындауға, шөп маялауға көмектесеміз. 4-5 кісіден бөлініп, өзара жарысқа түсеміз.

– Сіздер еңбекке неше жастан араластыңыздар? – 12-13-тегі шикіөкпе баламыз ғой. Үлкендердің бəрі соғыста. Ауылда қалғандар шал-шауқан, біз сияқты бала-шаға ғана. Мен құралыптас Меңсұлу, Мақпуза, Нағима, Мəжікен бəріміз қоста қона жатып, жұмыс істедік. Озат еңбеккерді «интеллигент» дейтін. Осы саптан көріндік. Таңмен таласа тұрамыз. Содан кеш батқанша дамыл таппай, сүрініп жығыламыз. Бағымызға қарай сол жылдары егін бітік шықты. Ол кездің адамдары анау-мынауға жаси қоймайтын жігерлі, қуатты болатын. Ауыртпалық жандарына қанша батса да, еш қыңқ деместен көтеретін. Шаршап келсек те, көпке дейін ұйықтамайтынбыз. Аталарымыздың, ағаларымыздың неше түрлі қылықтарын айтып, майданнан аман-есен келулерін тілейтінбіз. «Бəрі де майдан үшін, бəрі де жеңіс үшін!» деген сталиндік ұран қиындық атаулыны ұмыттырып жіберетін. Майданнан келген үшбұрыш хаттарды таласатармаса оқитынбыз. «Қара қағаз» келсе, ауыл болып егілетінбіз. – Жап-жас күйіңізде «тыл батыры» атанып, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталыпсыз. – Нұрғали, Нағима, Бораш төртеумізге берді. Қатар ластарымыздың бірі тұрмысқа шығып, бірі баламен үйде отырып жұмыстан қол үзіп қалса, біз 1947 жылға дейін еңбек еттік. Осы жағы ескерілген болу керек. Медаль алу өңіміз түгіл түсімізге енбеген. Жиын Явленка селосында өтіп, арбаға жегілген пар атпен барлық. Неге шақырғанын ешкім ашып айтпады. Ауылдан ұзап шыққанымызға мəзбіз. Медальға бір-бір шұлық пен сия қалам қосып берді. Мұның бəрін тəптіштеп айтып отырғаным, Президентіміздің: «Тек еңбекпен ғана жеміс өнбек, тек еңбек қана бар қиындықты жеңбек» деген сөзі есімде қалыпты. Бүгінгі жастардың ауыр еңбектен қашатынын, жеңілге қарай ұмтылатынын, жайлы, тыныш жер іздейтінін түсінбеймін. Үйленбей жатып ажырасып жатуларының бір сыры қиындыққа шыдамауында, отбасылық сынаққа төтеп бермеуінде болса керек. Əрине, бəрін кінəлаудан аулақпын. Десек

те, дəстүрімізге, салтымызға қайшы келетін жат құбылыстарға əуес болып бара жатқаны шындық. Тағы бір айтарым, отбасылық-өнегелік құндылықтарды жеріне жеткізе насихаттаудың орнына атыс-шабыс, кісі өлтіру, тонау секілді жиренішті дүниелерді көрсетуге бейілміз. Қоғамға да, адамға да залалы мол ішімдік ішу, араққа салыну, темекі шегу, баланы тастап кету секілді жаман əдеттерден жирендірудің жолдарын талмай қарастырған абзал. Ана жолы теледидардан алимент төлемеген күйеуін сотқа тартып жатқан əйелдің шырылын естіп, тұла бойым түршікті. Безбүйрек əкелер мен көкек аналардың өз баласынан безуі сұмдық емес пе? Мұның бəрі отбасы тəрбиесінде ұлттық тамырымыздан ажырап, алыстап кеткенімізді аңғартады. Бізде не көп, ұйымдар көп. Осылардың жабыла қолдауымен теріс көріністерді қатаң айыптап, төзбестік ахуал қалыптастыру керек. Кейбір жастардың отбасы, ошақ қасының тірлігін өз күштерімен атқарудың орнына масылдық пиғылдан аса алмай жататыны да қабырғама аяздай батады. Қос жүрек бір-бірін тапқаннан кейін бірі отағасы, бірі отанасы ретінде отбасының бірлігін алдымен ойлау қажет. Бұған ұлқыздарын үлпілдетіп өсірген атааналардың да кінəсі бар. Қазақ ұл балаға он үште отау иесі деп қараған. Қызға қырық үйден тыйым салып, жастайынан келін, ана болу əліппесін үйреткен. Мені жыл сайын жетімдер үйлерінен балаларды асырап алатын адамдар санының өсіп келе жатқаны қуантады. Əрине, бұл да амалсыздың қуанышы ғой. Əркім өз ұрпағын баққанға не жетсін. Сөз арасында əке-шешенің қарауынсыз қалған жетім балаларды жебеуімен ел-жұрттың ыстық ықыласына бөленген Есқожина Тұяқ сіңлім жайлы айта кетейін. Өз күшімен білім қуып, ауылдан ерте кеткендіктен, кейінгі толқын оны біле бермейді. Əкем Қамза азан шақырып қойған шын аты – Күлзия. Оның алдында ер бала туып, шетінеп кеткен. Балқай марқұмның ойында сол қалса керек, санақ кезінде құжатқа «Тұяқ» деп жазып жіберген. Біз еркелетіп Көзтай дейтінбіз. Мінезі қыздай сызылып тұратын жолдасы Əнуар

екеуінің 110 баланы бауырына басуы – екінің бірінің қолынан келе бермейтін ерлік. Солардың көбінің ата-аналары тірі. – Жетімін жылатпаған, жесірін жатқа бермеген текті халық екеніміз ұлттық салт-дəстүрлерімізден, əдет-ғұрыптарымыздан айқын байқалса керек. Сіздердің кездеріңізде үлгі етерлік үрдістер болды ма? – Болғанда қандай! Солардың ажырамас бір саласы əмеңгерлік салт талай отбасылардың шаңырағын шалқытып, босағасын берік етті. Ағам қайтыс болғаннан кейін жеңгеміз Нағима қайнағасы Зəмзеге тұрмысқа шыққан. Оған Зəмзенің Көзтайымды жетімсіретпеймін деуінің үлкен ықпалы болды. Бауырына басып, қызындай ардақ тұтты. Құрманғали, Қаби – Əбдірақидың балалары. Қаби домбыраның құлағында ойнайтын керемет өнерпаз еді. Ол қайтыс болып, артында қалған жесірі Ендіғойды да солай қосқан. Зарбап апамыздың күйеуі көз жұмғаннан кейін қайнысы Таңқышқа ұзатылған. Қасым мен Қаппасты бала күнімізде көрдік. Екеуі де соғыстан оралмады. Қасымның жары Бикамалды қайын атасы Аяған үш баласымен жанында ұстаған. Ұлы Ғелман Қиыр Шығыстан оралған соң жеңгесін атастырған. Ол үйленгісі келмегенмен, əкесі: «Мына үш қыршынды не істейсің? Баламнан қалған тұяқты көзін жаутаңдатып біреудің самаурынының жанына отырғызбаймын» деп, де ге ніне көндірген. Кейін екеуі 4 ұл-қыз өсіріп, үлгілі отбасына айналды. Айта берсе, мұндай мысалдар көп. Отбасының, ағайынның бірлігін сақтауда осындай салтдəстүрлеріміз зор қызмет атқарған. – Сырттан келген жетімжесірлерді қанатының астына алып, бір үзім нанды бөліп жеген отбасылар жайлы жиі естиміз. Бірқатарын өз қолдарымен үйлендіріп, ұзатып, шаңырақ құруларына ұйытқы болған десе-ді. – Ол рас. Соғыс жылдары Ефим деген орыс жігітінің барар жері, басар тауы болмағаннан біздің ауылды паналағанын білемін. Орысты бірінші көруім. Қайдан келгені белгісіз, əйтеуір, көп жыл ұсталық құрды. Кейбіреулер оны мұсылман зиратына жерлеуге қарсылық білдірсе керек. Оларды Кəкім молда: «Алла тағала оны да адам баласы етіп жаратқан. Адамнан адамның айырмасы жоқ» деп, тоқтатқан екен. Соғыс кезінде келіп, тұрақтап қалғандардың бірі – өзіміздің Иван Герман. «Өзіміз» деп өзім сініп отырғаным, қатарлас болғандықтан əңгімеміз тез жарасатын. Ол шешесі Наталья екеуі жер аударылған туыстарынан адасып, басы ауған жаққа қаңғып жүре берген. Ақыры Ақтасқа тап болған. Алғашқыда Білəл мен

Бəтеннің үйінде тұрды. Сосын ауылдағылар кезек қондырып, тамақтандырып, туыстарындай күтті. Орыс əйелі Хадишамен қыздары Кəттай мен Шура бірге ере келген. Жол бойы қайыр сұрап, аш-жалаңаш, азып-тозып жеткен. Оларды да түстендіріп, жылыжұмсағын тосқан. Бірінші күйеуі қазақ болғандықтан, ортаға тез сіңісіп кетті. Ескі моншаны жөндеп, үй тұрғызып берді. Жеңіл-желпі жұмысқа орналастырды. Кəттай Иванға қазақы жолмен ұзатылды. Қанша айтқанмен, заты неміс қой. Пысықтығының арқасында құтты ұяға айналды. Өмірбақи ұсталықты кəсіп етті. Қазақша мақалдап, мəтелдеп сөйлегенде сөзден жаңылдыратын. 4 ұл-қыз сүйді. Бəрі қазақ мектебін бітірді. Надясы «мен тек қазақ жігітіне тұрмысқа шығамын» деп отыратын. Ол мұратына жетті. Ауылда екі Күлəн болды. Оларды бір-бірінен айыру үшін дене тұрқына қарап «жуан Күлəн» жəне «жіңішке Күлəн» дейтін. Соңғысы менің қайын енем еді. Ол кісімен қатты сыйласып өттім. Алдын кесіп өткен емеспін. Мені қызындай көрді. Шаңырақтағы шаттық пен жарастық сыйластық пен татулық арқылы орнайтынын талмай үйреткенін əркез жылы сезіммен еске аламын. Қайын атам Кəкім Əбдірақиев өңірге белгілі, беделді адам болған. Ескіше де, жаңаша да хат таныған. Елді имандылыққа шақырып, молдалық құрғаны үшін 60 жасында саяси қуғын-сүргінге ұшырап, еш жазықсыз 10 жылға сотталып кете барған. Ісмерлігі мен шеберлігінің арқасында түрмеден ерте босаған. Жалғыз ұлы Жəмет екеуміз отау құрғанда ақ батасын беріп, үлкен немересінің атын өзі қойды. Марқұм жолдасым 40 жылға жуық бригадир, бөлімше басқарушы қызметтерін абыроймен атқарды. Атақ-беделі бір басына жетерлік. «Еңбек қызыл Ту», «Құрмет Белгісі», екінші, үшінші дəрежелі «Еңбек даңқы» ордендерімен марапатталды. Ұлдарым да, қыздарым да жоғары білім алып, өмірден өз орындарын тапты. Түрлі мамандық иелері. Отанға үлгілі қызмет етіп жүр. Келіндерім, күйеу балаларым шетінен ибалы, құрақ ұшып тұрады. Немере, шөбере қызығын көріп отырған өзімді бақытты санаймын. Отан отбасынан басталатынын, береке-бірлік, ынтымақ орнаған жерде ғана сыйласымдылық, түсіністік болатынын кейінгі жастар ұқса деймін. Əңгімелескен Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан».

Солтүстік Қазақстан облысы.

жұмыс орындары ашылды. Екі жоба да бүгінде еш кедергісіз жұмыс істеп келе жатыр. Расы керек, соңғы жылдары Қызылорда облысының инвестициялық сүйкімі артты. Бұған аймақ басшысы Қырымбек Көшербаевтың көп еңбек сіңіріп жатқанын байқаймыз. Соның арқасында өңірге жаңа инвесторлар келіп, жұмыс орындары ашылып, облыс экономикасы өзгеше реңкпен дами бастады. Қызылорда облысы.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитетінің «Қостанай мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті» ММ республикалық мүлікті жалға (жалдауға) беру жөнінде 2014 жылғы 3 желтоқсанда сағат 10.00-де тендер өткізу туралы хабарлайды

Тендер əкімшілік ғимаратта мына мекенжайда болады: Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, 75, 1-қабат, 3, 16-бөлме. Лот № 1. Жалпы алаңы – 600,0 ш.м. ғимараттың Қостанай қ., Мəуленов көшесі, 12 мекенжайы бойынша өндірістік бөлімшесі (құрылымы) орналасқан. Баланс ұстаушы – «Резерв» РМК «Целина» филиалы. Жалдау ақысының бастапқы мөлшерлемесі айына – 171014 теңге. Кепілді жарна – 90007 теңге. Тендер шарты: 1.Тұрақжайды айлық жалдау мөлшерлемесінің ең үлкен көлемі. 2.Нысанды тікелей мақсаты бойынша пайдалану. 3.Мүліктік жалдау шартын жасау мерзімі – 03.12.2014 ж. бастап 02.12.2015 ж. дейін. Жалдау ақысының мөлшерлемесіне коммуналдық қызметтер мен тұрақжайға қызмет көрсетудің шығыны енгізілмейді. Олар бөлек төленеді. Егер тіркелген өтініштердің саны екеу ден кем болса, онда тендер болмады деп жарияланады (бұған екінші жəне одан кейінгі тендерлерді қоспағанда). Тендер өткізу ережесі Комиссия тендер өткізу кезінде нысан үшін бастапқыдан төмен емес жалдау ақысының ең жоғары сомасын ұсынған жəне тендерлік құжаттамада қамтылған барлық талаптарға сай келетін қатысушыны тендер жеңімпазы деп жариялайды. Тендерлік құжаттарды мына мекенжайдан алуға болады: Қостанай қ., Гоголь к-сі, 75, 115-бөлме. Кепілді жарна Қостанай мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаментінің мына депозиттік шотына енгізіледі: № KZ350705012170174006, БИК ККМFKZ2A, банк коды 070, БСН 120240011849, КБЕ 11, КНП 171, ҚР Қаржы министрлігі «Қазынашылық комитеті» ММ. Тендерге қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі: - тендерге қатысуға өтініш, онда тендерге қатысуға үміткердің келісімі жəне оның тендер шартын орындау бойынша міндеттемесі жəне тиісті шартты жасауы қамтылады; - жапсырылған конвертке салынған

ай сайынғы жалдау ақысы бойынша ұсыныс; - кепілді жарнаның аударылғандығын растайын төлем тапсырмасының көшірмесі; - өтініш беру сəтінде салық берешегінің болмауы туралы салық органынан анықтама; - екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шоттың бар екендігін растайтын анықтаманы ұсыну қажет; 1) заңды тұлғалар үшiн – салыстыру үшiн мiндеттi түрде түпнұсқасын ұсына отырып мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куəлiктiң, құрылтай құжаттардың (құрылтай шарты мен жарғы) не көрсетiл ген құжаттардың нотариалды куəландырылған көшiрмелерiн; - акционерлік қоғамдар үшін – бағалы қағаздарды ұстаушылардаң тізілімнен көшірме; - жеке кəсіпкерлер үшін – жеке кəсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куəліктің көшірмесі, жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжат, азаматтарды тіркеу кітабының (мекенжай анықтамасының) көшірмелерін немесе көрсетілген құжаттардың нотариалды куəландырылған көшірмелерін; - жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін – серіктестік қатысушыларының тізілімінен көшірме (серіктестік қатысушыларының тізілімін жүргізу жағдайында); - шетелдік заңды тұлғалар үшін – қазақ жəне орыс тілдеріне аударылып нотариалды расталған құрылтай құжаттар. Мүлікті жалға беруге шарт жасау мерзімі – баланс ұстаушымен келісім бойынша одан əрі ұзарту мүмкіндігімен. Мүліктік жалдау шартын жасау мерзімі – 03.12.2014 ж. бастап 02.12.2015 ж. дейін. Тендер жеңімпазымен шарт тендер хаттамасына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 10 күннен кешіктірмей жасалды. Өтініштер қабылдау жалға берушінің мекенжайына құжаттарды тігілген түрінде, беттері нөмірленген жəне мөрленіп (жеке тұлға үшін, егер ондай болса) тапсыру жағдайында, ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі жəне 2014 жылғы 3 желтоқсанда сағат 10.00-де аяқталады. Өтініштер мына мекенжайда қабылданады: Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, 75, 3,16-бөлме. Анықтама алу телефондары: 501-511, 500-510 (факс).

«Медтехника» АҚ «АТФ Банк» АҚ-пен ірі мəміле жасау ниеті туралы өзінің акционерлеріне, кредиторларына жəне өзге мүдделі тұлғаларға хабарлайды.

АО «Медтехника» уведомляет своих акционеров, кредиторов и иных заинтересованных лиц о намерении совершить крупную сделку с АО «АТФБанк».

«Интерфарма-К» АҚ «АТФ Банк» АҚ-пен ірі мəміле жасау ниеті туралы өзінің акционерлеріне, кредиторларына жəне өзге мүдделі тұлғаларға хабарлайды.

АО «Интерфарма-К» уведомляет своих акционеров, кредиторов и иных заинтересованных лиц о совершении крупной сделки с АО «АТФБанк».

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ұжымы Қазақстан Республикасының Ұлыбритания жəне Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше жəне өкілетті елшісі Ержан Хозеұлы Қазыхановқа əкесі Хозе РАҚЫМХАНҰЛЫНЫҢ қайтыс болуына байланысты орны толмас қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейінің ұжымы Антропология жəне этнология орталығының жетекшісі Досымбек Хатранға əкесі Хатран ОРЫНБАЙҰЛЫНЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.


12

www.egemen.kz

15 қараша 2014 жыл

ЌАЗАЌ БАТЫРЛАРЫНА АШЫЛЄАН НЎРЛЫ ЖОЛ! (Соңы. Басы 1-бетте). Бірақ біз бұл салмақтағы 2009 жылғы əлем чемпионы, 2013 жылғы əлем чемпионатының жүлдегері Владимир Седовтың тап сол бес жыл бұрынғы табысын қайталай қоятынына айрықша қатты сенбесек те, еліміз сапынан өнер көрсететін екеудің еңселісі сол болатын шығар деп ойлағанбыз. Ал Володя біздің ойлағанымыздан да ілгері кетіп, бірінші жұлқа жаттығуда қасқиып бірінші орынды алды да қойды. Ол бірінші тұғырды жəй алып қоя салған жоқ, 188 кило салмақты төбесіне тік ұстап тұру арқылы грек спортшысы Акакий Какиашвилидің 1999 жылы жасаған əлемдік рекордын қайталады. Екінші орынға 185 кило салмақты бағындырған литван атлеті Ауримас Дидзбалис орналасты. Содан соңғы үздік көрсеткіш 179 килоны көтерген Жасұландікі болып шықты. Осылайша екі атлетіміздің бірі – кіші алтын, екіншісі кіші қола медаль алып, көңілді көтеріп тастады. Кезек серпе көтеруге келгенде де, ең соңғы сəтке дейін біздің қаперден ол тысқарылау тұрды. Айқас аяғы қыза түскен шамада Владимир Седов енді ешкімді маңайлата қоймайтындай көрінген. Бұған 85 килоға дейінгі салмақ бойынша 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының жəне Еуропаның қазіргі чемпионы поляк Адриан Зелиньскидің бірінші жаттығуда үш талпынысында да тапсырыс берген салмағын ала алмағасын, екінші жаттығуға қатысудан бас тартуы да өзінің оң ықпалын берген секілді. Оның туған інісі Томаш Зелиньски де күштілермен текетірес келе алмады. Сондықтан Володяның «алтын» алатыны еш күмəнсіз сыңайлы болып қалған. Тек қытайлық Лю Хао ғана 220 килоға тапсырыс беріп, қоссайыста екінші тұрған Жасұланнан асып түспекші болып, бір зəрені алып қойған. Бірақ ол мұны екінші кезегінде ғана бағындыра алды. Сол кезде Жасұлан жарқ етті. Ол Володяның алғанының өзінен 10 кило артық салмаққа – 229 килоға тапсырыс беріп, оны əп-сəтте төбесінде тербелтіп тұрды. Чемпион! Осылайша жиынтығында 408 (179+229) кг салмақты бағындырған Жасұлан Қыдырбаев ең соңғы сəтте топтың басына топ ете түсті. Ол сонымен бірге, серпе көтеруде де кіші алтын медальды еншіледі. Кіші «күміс» Лю Хаоның мойнында кетіп, қола медальға Седов қол созды. Ал қоссайыста 407 (188+119) кг көрсеткішімен Владимир екінші болды. Үшінші орын Ауримас Дидзбалиске тиді. Бұл күні 69 килоға дейінгі қыздар арасындағы жарыс бұдан бұрын өтіп еді. Оның бəсекесіне жасөспірімдердің бірінші Олимпиялық ойындарының үздігі Жазира Жаппарқұлдан басқа, 63 кило салмақ бойынша 2012 жылғы Лондон Олимпиялық ойындарының жеңімпазы, əлемнің 2009 жəне 2010 жылдарғы чемпионы, 2011 жылғы күміс жүлдегері Майя Манеза да қатысты. Ол 2013 жылғы сəуір айында қазақстандық ауыр атлет Вячеслав Ершовқа тұрмысқа шыққан еді. Ал өткен күзде ұлды болды. Міне, бұл Маяның содан кейін бірінші рет тұғырға шығуы болды. Бұған қоса, бұрынғысынан бір салмақ

дəрежесіне жоғарылады. Жəне осы жолы бірінші рет медальдарға таласуды алдына мақсат етіп қойған жоқ. Ол қоссайыс қорытындысында алғашқы сегіздікке кіріп, команда қорына айтарлықтай қомақты ұпай қосу үшін ғана алаңға шықты. Бірден айтып қояйық, Манеза бұл міндетті бұлжытпай орындап шықты, ол екі жаттығудың жиынтығында шынымен межелі сегізінші орыннан көрінді. Жұлқа көтеру жаттығуын Майя 95 кило салмақпен бастады. Тұғырға бірінші келуінің өзі оның зілтемірді көтеру дағдысын ұмыта қоймағанын танытты. Ол бұдан кейінгі 100 жəне 105 кило салмақтарды да осылай ешбір қиналмай алып шықты. Ал алаңдағы айқастың негізгі арнасы содан кейін тартылды. Ол негізінен төрт атлеттің арасында өтіп жатты. Сол квартеттегінің бірі – белгілі белорус спортшысы, əлем чемпионатының өткен жылғы жүлдегері, Еуропаның қазіргі чемпионы Дина Сазановец 117 киломен таласты аяқтады. Біздің Жазира 118-ге ат шалдырды. Дəл осы салмақ қытайлық Чэнь Юзцюань үшін де шеткі шек болып шықты. Тек Солтүстік Корея қызы Рё Ын Хи ғана 120-дан тізгін тартты. Мұның өзі корей спортшысының жұлқа көтеру бойынша – кіші алтын, қытай өкілінің – күміс, ал біздің қыздың қола медальдардың иегерлері болғанын анықтап берді. Жазира тек жеке салмағының ауыр болып шығуына байланысты ғана үшінші орынға ырғып кетті. Дегенмен, топ басындағылардың алған салмақтары арасында оншалықты көп айырымның болмауы қоссайыс қорытындысы бойынша берілетін үлкен алтын медаль үшін таластың бұдан да тартысты бола түсетінін аңғартқандай еді. Бұл ақиқатында солай болды. Көп ұзамай оның алғашқы төрт орнына жоғарыдағы төрттіктің ие болатыны да байқала бастады. Медальдан үміті жоқ Манеза тұғырға алғаш шығушылар қатарынан табылды. Ол бірінші талпынысында 126 килоны бағындырғанымен, бұдан кейінгі 132 жəне 133 кило салмақтарды ала алмады. Сөйтіп, қосссайыста 231 кило салмақ көрсетті. Кейін, жарыс соңынан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы

Алексей Ни мұнда да тактикалық ойындар болғанын, команданың негізгі мұзжарғышы ретінде Жазира Жаппарқұлдың алынғанын, ал Майя Манезаның тек алдарқатушы атлет болғанын атап өтті. Бапкерлер штабы Жазираның алаңға шығар сəтіне байланысты біршама қулық əдістерге барғаны белгілі болды. Олар атлет үшін басында 130 килоға тапсырыс беріп қойғандарымен, оны ұдайы сырттай көтерумен тұрды. Ақырында спортшымыздың 140 киломен сайысты бастайтыны айқындалды. Бұл кезде тұғырдың төріне таласудан үмітті сайыскерлер сапында өзімен бірге баяғы төрт зілтемірші ғана қалған еді. Абырой болғанда, біздің қыз əдепкі салмағын оп-оңай алып кетті. Содан кейін екінші талпынысына шыққан белорус атлеті салмақты 143-ке жеткізіп, белдеуді көтере түсті. Дəл осы салмақтан əріге қытай спортшысы да бара алмады. Міне, осы тұста Жазираға серпе көтеруде жəне сонымен бірге қоссайыс бойынша топ жарып шыға келудің өте бір оңтайлы сəті туды. Өкініштісі, оның бірінші рет алған 144 килосын төрешілер алқасы санамай тастады. Бұған, сірə, спортшымыздың сəл шайқалақтап тұрып барып, қалыпқа келгені əсер етсе керек. Ал корей саңлағы оған қарағанда, салмақты айтарлықтай оңай еңсеріп кетті. Бұл оны топ басына да шығарды. Жазира жаңағы салмақты соңғы, үшінші талпынысында еркін ала білді. Осы жерде біз оның жаттығуда 150 килоны жапжақсы алып келгенін де естідік. Əттең, сол қарым тап мына тұста табылмай қалды. Бұдан кейін Жазираның басты бəсекелесі үшінші мəрте тұғырға шығып, 147 килоны алмаққа əрекет етті. Алайда, алдында мығым көрініп тұрған корей тарланы осыған келгенде, білгенінен жаңылып, шашылып қала жаздады. Осылайша чемпионның алтын алқасын КХДР спортшысы Рё Ын Хи мойнына тақты. Ол қоссайыста 264 (120+144) кг салмақ жинады. Одан бар-жоғы 2 кило ғана аз алған Жазира Жаппарқұл күміс медальдің иесі атанды. Ол жиынтығында 262 (118+144) кг салмаққа қол жеткізді. Қола медальдің иесі болған қытайлық Чэнь Юзцюань біздің қыздан 1 кило салмақ қана

Тіл ґнерініѕ тарланы Қазақ тілі білімінің теориялық негізін салушылардың бірі Құдайберген Жұбановтың туғанына 115 жыл толуына орай Халықаралық Түрік академиясы ұйытқы болуымен ғылыми-практикалық дөңгелек үстел елордада өтті. Бұл шараға өз Отанымыздың білім-ғылым қайраткерлерімен қатар, алыс-жақын шетелдерден оқымыстылар қатысты. Алғашқы сөзді Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырəлі алып, өткен ғасырдағы қазақ тіл біліміне Құдайберген Жұбановтың қосқан үлесіне тоқталып, Ясауи, Абай мұраларына тереңдеп барған көп қырлы аса көрнекті ғалым екенін атап айтты. Бішкек гуманитарлық университетінің профессоры Ташполот Садықов қырғыз халқы Ахмет Байтұрсынов пен Құдайберген Жұбановты жоғары бағалайтынына дəйектер келтірді. Сол секілді Құдайберген Жұбановтың ұлы профессор Асқар Жұбанов бар болғаны 38 жыл өмір сүрген əкесінің артта қалған өшпес мұраларына тоқталып, қазақ тілінің грамматикасын жасағанын жеткізді. Өткен ғасырдың отызыншы жылдарындағы ойранда жазықсыз атылып кеткенін де еске салды. Алаш арысы туралы көрнекті ғалым Мекемтас Мырзахметұлы тереңнен ой тербеп, бір замандары Абайдың

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

еңбегіне қарамай, тегіне қарап бағалаған кездердің бастан өткенін, «Сол теріс бағытты оңға бұрған екі адам еді. Оның бірі – Мұхтар Əуезов, екіншісі – Құдайберген Жұбанов болатын. 1934 жылы Абайға арналған «Əдебиет майданы» деген журнал шыға бастаған. Онда Абайға қатысты 12 мақала шыққан. Бірақ соның бəрі тұншықтырылды. Сол тұншықтырылғандардың қатарында, алдында айтқан екі алып та болған еді. Мəселен, Құдайберген Жұбановтың «Абай – қазақ əдебиетінің классигі» деген мақаласы қарауылға ілінді. Онда ғалым «Абай кім?» деген сұраққа жауап берді», деді. Бұл халықаралық деңгейдегі дөңгелек үстелде əрісі түркі əлемінің, берісі қазақ жұртының тіл ғылымына бүкіл саналы ғұмырын арнаған Құдайберген Жұбановтай арыстың бүкіл еңбектері, өмір жолы, ғылымға қосқан ерекше үлесі жан-жақты сараланып, алда атқарылар жұмыс жобасы талқыланды. «Егемен-ақпарат».

төмен кетті – 261 (118+143). Сол сияқты медальдар ауылынан бір сүйем жерде ғана тыс қалған белорус Дина Сазановецтің алған салмағы бұдан 1 кг кем болды. Міне, осының бəрі сайыстың қаншалықты тартыспен өткенін анық байқатады. Осы жан алып, жан беріскен шайқастарды көріп отырып, өзімізге өзіміз «шүкір» дедік. Шүкір, Жазира жақсы өсіп келеді екен. Алдағы желтоқсан айының ішінде жасы 21-ге толатын қызымыздың болашағы, спорт саласындағы табысқа толы күрестері алда сияқты. Оның өз салмағындағы тарлан Майя Манезаға да оңай бəсекелес болмайтыны қазірдің өзінде сендіріп тұр. Демек, екі қызымыз білек сыбанып, қатарласа шыққанда, алда болатын талай байрақты бəсекелерде айымыз оңынан туатын сияқты. Енді сол күндерге жеткізсін дейік. Кеше түнге қарай 94 килоға дейінгі салмақ бойынша ерлер күш сынасты. Оның жалынына алау қосқандар сапында Қазақстаннан Владимир Седов жəне Жасұлан Қадырбаев болды. Енді бұрнағы күні, қарашаның 13інде түнде кештеу өткен тағы бір сайысқа қысқаша шолу жасап өтейік. Онда 85 килоға дейінгі салмақтағы ерлер сынға түсті. Жарыс соңында ирандық Киануш Ростамидің бағы жанып, алтын медальді жеңіп алды. Ал мұндағы текетірес те оңай болған жоқ. Бұл шоғырда кіл мықтылар – ересектер мен жасөспірімдер арасындағы қазіргі əлем чемпиондары, Олимпия ойындарының жүлдегерлері, Азия ойындарының, Азия мен Еуропа біріншіліктерінің жеңімпаздары бас қосқан екен. Додаға тек бір салмақ жоғары кеткен Лондон Олимпиялық ойындарының чемпионы, поляк Адриан Зелиньски ғана қатысқан жоқ. Алғашқы жұлқа көтеруде Еуропаның үстіміздегі жылғы чемпионы жəне өткен жылғы əлем чемпионатының күміс жүлдегері болгар Иван Марков 179 кило көтеріп, үздік көрсеткішке жетті. Екінші орынға 178 кило көрсеткішімен Киануш Ростами көтерілді. Ал кіші қола медаль əлемнің өткен жылғы чемпионы, белорус Андрей Рыбаковтың еншісіне тиді. Бұдан кейін əдеттегідей барлық мəселені серпе көтеру шешті. Онда 213 килоны төбесіне көтерген Ростами тек бұл жаттығуда ғана емес, жалпы қоссайыста алдына жан салмады. Сөйтіп, ол 391 кило салмақпен əлем чемпионы атанды. Иран атлеті осымен бұл атаққа екінші мəрте қол жеткізді. Оның біріншісін Киануш 2011 жылы Парижде жеңіп алған еді. Сол жылы ол алдымен жасөспірімдер арасында да əлем чемпиондығы атағын алып еді. Бұған қоса, оны Лондондағы Азия ойындарының жүлдегері деген атағы тағы бар. Ал таяуда Инчхонда да жүлдегер атанып қайтқан болатын. Екінші орынға ирандық атлеттен бір кило ғана төмен жиынтық салмақ алған Иван Марков табан тіреді. Үшінші орында 385 кило салмақпен Ресейдің 20 жасар спортшысы Артем Окулов жеңіп алды. Қазірге дейін чемпионатта 11 медаль жиынтығы сарапқа салынып болды. Оларды Қытайдың – 4, Солтүстік Кореяның – 3, Қазақстан – 2, Албания жəне Иран елдерінің бір-бірден атлеттері өзара бөлісіп алды. Газетіміздің келесі, сейсенбілік нөмірі шыққанша Алматыдағы Əлем чемпионаты аяқталып та қалады. Сондықтан сенбі, жексенбі, дүйсенбіде бар жаңалықты газет сайтынан (www.egemen.kz) күтіңіздер. Бəріміз де Илья батырдан алтын медаль қоржынға түсер деп сенеміз. Жеңісті күндерде жүздесуге жазсын! АСТАНА.

 Тұсаукесер

Ўлтты ўйытќан «Ўран» «Егемен Қазақстан».

Қазақ жұртын қайтсек қатарға қосамыз, өзгеге өзектен тептірмейміз, есесін жібермей, есін жиюдың жолы қайсы деген Алаш арыстарының өткен ғасырдағы жанталасы бүгінгі жаһанданудан да зор болғаны анық. Олардың сан салалы еңбектерінің бірі ұлтты оятатын газет шығару ісі еді. Ұлт зиялысы Ғұмар Қараш бұл туралы: «Бізді бір ниет, бір тілекке жиятұғын зат – газет, сол себепті газет – біздің басшымыз, газет – біздің достар алдында көркіміз, дұшпандарға қарсы құралымыз. Газет – біздің білмегенімізді көрсететін ұстазымыз, газет – біздің қараңғыда жарық беріп, тура жолға салатын шамшырағымыз» дейді. Осы биіктен көріну мақсатында, батыс өңірінің Алаш рухты ұлдары «Қазақстан», «Ұран» деген газеттер шығарған. Сол газет материалдарын облыстық «Орал өңірі», «Приуралье» жəне аудандық газеттердің басын біріктіріп отырған «Жайық Пресс» ЖШС кітап етіп шығару үрдісін жақсы жолға қойған. Өткен жылы «Қазақстан» газетін əдемі жинақ етіп жұртқа ұсынса, биыл «Ұранның» материалдарын бір кітапқа топтастырып, жариялаған екен. Осы кітаптың тұсаукесер рəсімі кеше елордадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде болды. Тұсаукесер рəсімінің тізгінін ұстаған профессор Дихан Қамзабекұлы жақсы іске ұйытқы болған азаматтарға шынайы ілтипатын білдіріп, мұндай игілікті істер əр өңірде жүзеге асып жатса, нұр үстіне нұр екенін жеткізді. Арғы кезеңді былай қойғанда, Кеңес Одағы күйреген тұста елдегі кітапханалардың күйі кетіп, құнды дүниелердің жоғалғанына нақты мысалдар келтіріп, ол ұқыпты қолда ма, əлде көрінгеннің қанжығасында кетіп, жоғалып тынды ма, осы күндері ондай

Аќындыќ пен єылымды ўштастырєан Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде журналистика жəне саясаттану факультетінің ұйымдастыруымен ғалым əрі ақын Нəзікен Алпамысқызымен шығармашылық кездесу болып өтті. Берік САДЫР,

«Егемен Қазақстан».

Нəзікен Алпамысқызы – саналы ғұмырын ғылымға арнап, сол салада білімі мен біліктілігінің арқасында экономика ғылымдарының докторы атанған. Ол сонымен бірге, өрнекті өлең жазып, танымал қаламгер атанып отыр. Бүгінде ақын Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Жамбыл атындағы халықаралық сыйлықтың иегері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Нəзікен Алпамысқызы Қарғалы

орта мектебін алтын медальмен, Қазақ мемлекеттік университетін қызыл дипломмен, М.Ломоносов атындағы Мəскеу мемлекеттік университетінің аспирантурасын тəмамдаған. Көп жылдан бері Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде педагогикалық қызметте. Ғылымнан өнерге қол жеткізген ақынның «Шырағдан», «Күрең шетен», «Жарқырап аспанымда күн тұрғанда» атты кітаптары жарық көрген. Оның шығармашылығы туралы кезінде ақиық ақын Хамит Ерғалиев: «Алпамысова Нəзікен деген қыздың əрқайсысы нақыл сөз боп ауыздан ауызға тарап кеткелі тұрған ғибратты бірқақпайлары – таңдай жұла тамсандыратын

дүниелер болды» десе, жазушы Бек Тоғысбаев: «Алпамысқызы барлық дерлік өлеңінде образбен ойлайтын бейнелі сөздер, ұтқыр теңеулер таба алатын ақын екенін аңғартады. Тағы бір қызықтыратын жағы – байлауға тұрмайтын асау сезімі, өмірге деген іңкəр жүрек лүпілі. Бұл – ақын атаулыға ең қажет қасиет», деп баға берген болатын.

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 341-08-12.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru, egemenkz@maіl.kz Алматыда: факс (727) – 341-08-12, электронды пошта – egemalm@mail.ru

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – 8 (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – 8 (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – 8 (712-2) 31-74-13; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

дүниелерді өзге мемлекеттерден ат арытып іздеп жүргенімізге де дəйектер келтірді. Ал көрнекті ғалым, профессор Намазалы Омашев қазақ баспасөзінің арғыбергі тарихына тереңдеп барып, жақсы істі жалғастырып жатқан азаматтарға ілтипатын білдіріп, қазір қыр-сыры ашылып жатқан осындай басылымдарды кезінде ұстаздарының жұмбақтап айтатынына мысал келтіріп, ендігі жерде сол ақтаңдақтың ақиқатқа айналғанын, мынау соның бір мысалы екенін атап өтіп, ендігі жерде бұл кітапты ғылыми айналысқа енгізу мəселесін қолға алатынын тілге тиек етті. Орда бұзар отызға жаңа ілінген қаршығадай жігіт – «Жайық Пресс» ЖШС бас директоры Жантас Набиоллаұлы ұлт руханиятына қосылған кітап туралы жанжақты баян етіп, ұжым атқарып жатқан жұмыстарға тоқталды. Алдағы уақытта мұндай жұмыстар жалғасын таба беретінін айтып, осы басылымдар арқылы бұрын аттары аталмай кеткен арыстар қайта жаңғыратынын еске салды. Сол бір алакөбең заманның өзінде қазақ жұртының газетке деген ынта-ықыласының зор болғанын газетке жазылуымен дəйектеді. Мəселен, «Ұран» газетінің бір жылдық жазылу бағасы – 15 сом болса, соны ауырсынбапты. 15 сом бүгінгі ақшамен есептегенде 60 мың теңгені құрайды екен. Осының өзінен-ақ халқымыздың ой-өрісінің биік, санасының саңлақ екенін көруге болады. Бұл кітап шағын мақалаға емес, көлемді ғылыми еңбектерге, танымдық мақалаларға арқау болатын, ұлт руханиятына қосылған құндылық деуге əбден боларлық. Газеттің беташарында Ғұмар Қараш «Қабыл ал құшақ жайып «Ұраныңды», Астана, арманың жоқ мұны көрген», депті. Енді, міне, жаңа Астанада ұлтқа ұран болған газеттің материалдары жинақталған кітаптың тұсауы кесіліп, жұртымызға жол тартты.

Сүлеймен МƏМЕТ,

Көкшетау – 8 (716-2) 25-76-91; Қарағанды – 8 (721-2) 43-94-72; Қостанай – 8 (714-2) 39-12-15; Қызылорда – 8 (701) 772-70-74; Орал – 8 (777) 496-21-38;

Өскемен – 8 (778) 454-86-11; Павлодар – 8 (718-2) 68-59-85; Тараз – 8 (726-2) 43-37-33; Шымкент – 8 (701) 362-63-76; Петропавл – 8 (715-2) 50-72-50.

Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 341-08-11, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Ермеков к-сі, 33, «Қарағанды полиграфия» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Смағұлов к-сі, 9 К, «Хабар-Сервис» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Мұхит к-сі, 57/1, «Жайық Пресс» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

Университеттің журналис тика жəне саясаттану факуль теті ұстаздары, сту денттерімен болған кездесуде профессор Намазалы Омашев баяндама жасады. Өз кезегінде Нəзі кен Алпамысқызы ғылымнан ақындыққа келу жолын əңгімелеп, студенттер тарапынан қой ыл ған сан тарау сұрақтарға жауап берді.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 201 715 дана. Нөмірдің кезекші редакторы

Венера ТҮГЕЛБАЙ.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 6 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №440 ek

Profile for Egemen

15112014  

1511201415112014

15112014  

1511201415112014

Profile for daulet
Advertisement