Page 1

Бїгінгі нґмірде: Биік маќсат жолында 2-бет Кадрсыз ауыл – ќадірсіз ауыл 3-бет Жўмыла кіріссек, алынбайтын асу жоќ 4-бет Ўзаќ ґмір сїрудіѕ сыры неде? 16-бет

№51 (28275) 15 НАУРЫЗ СЕНБІ 2014 ЖЫЛ

● Өңір өмірі

Жылына екі рет ґнім алады Оралхан ДƏУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Саланы дамыту їшін салиќалы іс-ќимыл ќажет Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры Ақылбек Күрішбаевты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында отандық аграрлық ғылымның жай-күйі, сондай-ақ, оны одан əрі дамытудың өзекті мəселелері талқыланды. А.Күрішбаев университеттің соңғы жылдары қол жеткізген жетістіктері жəне жоғары оқу орны арқауында халықаралық аграрлық зерттеу университетін құру жөніндегі Мемлекет басшысы тапсырмасының іске асырылуы туралы баяндады. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда жеткілікті көлемде жер жəне адам ресурстары бар екеніне қарамастан, елімізде ауыл шаруашылығы саласы тиісті қарқында дамымай отырғанын айтты. – Біз ауа райы қолайлы, жауын-шашын қажетті мөлшерде

болғанда ғана мол астық жинаймыз. Əрине, ауыл шаруашылығында өнімділік бұрынғы жылдармен салыстырғанда, айтарлықтай артты, бірақ əлі де бұл бағытта белсене жұмыс жүргізу міндеті тұр. Мемлекет осы міндеттің орындалуына едəуір ресурстар бөлуде, – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы агроөнеркəсіп кешенінде сыннан өт кен əлемдік технологияларды пайдаланған жөн екенін, оларды Қазақстан жағдайын ескере отырып енгізу қажеттігін айтты. – Агроөнеркəсіп кешенін дамыту саласында жұмысты көптеген ғылыми-зерттеу институттарымен бірге, «ҚазАгроИнновация» жүргізуде жəне мемлекет оның

жұ мыс істеуі үшін жыл сайын айтарлықтай қаражат бөліп келеді. Алайда, осынау зерттеу құрылымдары мен фермерлер арасында тиісті деңгейдегі өзара іс-қимыл жоқ, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Кездесу барысында А.Күріш баев аграрлық зерттеу университетін құру тұжырымдамасын əзірлеу жөніндегі жұмыс, басқару жүйесі мен білім беру үдерісін реформалаудың басталғаны тура лы хабарлады. Бұған қоса, шетелдердің жетекші университеттерімен жəне ғылыми орталықтарымен ынтымақтастық орнап, қанатқақты халықаралық зерттеу бағдарламалары дайындалды. Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы қаралған мəселелер бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

----------------------------------------Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Телефон арќылы сґйлесті Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбритания Премьер-министрі Дэвид Кэмеронмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Британ тарапының бастама сымен өткен телефон арқылы сөйлесу барысында Қазақстан-Ұлыбритания қарым-қатынастарының жай-күйі мен перспективалары, соның ішінде Д.Кэмеронның 2013 жылғы шілде айында Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында қол жеткізілген келісімдердің іске

асырылу барысы талқыланды. Əңгімелесу кезінде халықаралық саясат мəселелері, сонымен бірге, алдағы 24-25 наурызда Гаагада өтетін Ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммитке дайындық жөнінде де пікір алмасылды. Украинадағы ішкі саяси жағдайдың өрістеуіне баса назар аударылды.

Екі елдің басшылары Украина дағдарысын дипломатиялық келіссөздер жолымен жəне халықаралық бітімгершіліктің ықтимал тетіктерін пайдалана отырып бейбіт реттеу қажеттігін қуаттады. Сондай-ақ, тараптар қалыптасып отырған жағдайдың шешімін табу Украинада халықаралық құқықтың барлық базалық нормаларын қалпына келтіру арқылы бейбіт жолмен жүзеге асырылуға тиіс екенін атап өтті.

Сенаттаєы кездесулер Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық бейбітшілік институтының президенті Терье Род-Ларсенмен кездесті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Белгілі норвег дипломаты, БҰҰ Бас хатшысының бұрынғы орынбасары жəне Таяу Шығыстағы бейбіт реттеу жөніндегі БҰҰ-ның Ар наулы үйлестірушісі Т.Род-Ларсен өзі басқарып отырған Халықаралық бейбітшілік институтының сараптамалық қызметі мен

жобалары туралы баяндап берді. Жүздесушілер қазіргі замандағы халықаралық қатынастар, қауіпсіздік жəне халықаралық құқықтың өзекті мəселелері, сондай-ақ, құбылмалы əлемдегі Біріккен Ұлттар Ұйымының рөлі туралы пікір алмасты. Сол күні Қ.Тоқаев Жапонияның

Қазақстандағы елшісі Масаеси Камохараны да қабыл дады. Парламентаралық байланыстардың келешегі мен екіжақты экономикалық жəне инвестициялық ынтымақтастықтың мəселелері талқыланды. Қ.Тоқаевтың пікірінше, Жапония Премьерминистрі Шиндзо Абэнің Қазақстанға жоспарланып отырған сапары Қазақстан мен Жапония қатынастарындағы маңызды оқиға ретінде өзара тиімділікке қуатты серпін беретін болады.

Кїн тəртібінде – ратификацияланатын заѕ жобалары Палата Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Мəжіліс бюросында жалпы отырыста қаралатын мəселелер белгіленді, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Депутаттардың қарауына бірінші оқылымға қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) жəне терроризмді қаржы лан дыруға қарсы іс-қимыл мəселелері бойынша заңнамаға енгізілетін жаңалықтар шыға ры лады. Ал палатаға екінші

оқылымға Əкімшілік құқық бұзу шы лық туралы кодекске өз герістер енгізу ұсынылып отыр. Жалпы отырысқа рати фикацияланатын бірқатар заң жобалары ұсынылды. Олар: 1928 жылғы 22 қарашадағы Халықаралық көрмелер туралы конвенция; 2008

жылғы 12 желтоқсандағы Тарифтік квоталарды қолданудың шарттары мен тетігі туралы келісім; 1999 жылғы 3 желтоқсанда Пе кинде қабылданған Озон жөніндегі Монреаль хаттамасы; Қазақстан мен Қытай ара сын дағы Қор ғас өзенінде «Достық» су торабын салу туралы келісім. «Жол жүрісі туралы» заң жобасына Сенаттың түзетулері де күн тəртібінің жобасына қосылып отыр.

Күздік бидай егіп, оны жазда орып ала салысымен орнына сəбіз егіп тастап, күзде мол өнім жинап алатын жанкештілікті сіз көрдіңіз бе? Бір жылда егістіктен екі рет өнім алып, жерді тиімді пайдаланудың бұл тəжірибесі Сайрам ауданында бүгінде жаңалық емес. Содан болар, халқы көп, шетінен еңбекқор бұл ауданда «жұмыс таппадым, жұмыс жоқ» деген əңгіме көтерілмейді. Бұл жақта жұмыс емес, жер сұрап келетіндер көп. Енді міне, сайрамдықтар жылыжайды көбейтіп, екі рет өнім алуды кеңінен қолға алуда. Өткен аптада Сайрам ауданын дағы «Ф. Ифтихари» жеке кəсіпкерлігінің жылыжай кешенінің құрылысымен танысып қайттық. Осы шаруашылықтың іс басқарушысы Камал Қалдаровтың айтуына қарағанда, жылы жай құрылысы 1 жыл бұрын басталған екен. Жылыжай жабдықтарының бəрі Израиль елінен жеткізілген. Барлық тетік тек компьютер арқылы жұмыс істейді. Егер кенеттен ауа райы бұзылатын болса, терезелер автоматты түрде өзі жабылады. Жоба үдемелі индустриялықинновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының Индустрияландыру картасы аясында жүзеге асуда. Құны 488,9 млн. теңгені құрап, 2 гектар аумақты алып жатқан бұл жылыжайда жылына 800 тонна қияр, қызанақ өсірілетін болады. Тағы бір айтары, жылыжай көшетті сырттан алмайды, өздерінде өсіреді.

«Жұмысшылардың бəрі жергілікті тұрғындар. Гол ландиялық мамандар оларға шетелдік технологияны меңгерудің қырсырын үйретті. Қазіргі таңда 20 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отырмыз. Алғашқы өнімді сəуір айының ортасында жинаймыз. Жылыжайдан жылына 2 мəрте өнім алынады. Жұмысты 1 ғана оператор бақылап, тетіктерді қосып-өшіріп отырады. Болашақта өнімді алдымен жергілікті базарларға таратамыз. Сондай-ақ, қазірдің өзінде Ресей,

Дайындыќ ўлттыќ ауќымдаєы сипатќа ие

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Халық аралық көрмелер бюросының Бас хатшысы Висенте Гонсалес Лоссерталес Астанаға жұмыс сапарымен келген болатын. Кеше Орталық ком муника циялар қыз метінде Бас хатшы брифинг өткізді. Оған сонымен бірге, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары, Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рəпіл Жошыбаев жəне «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Ермегияев қатысты. Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Брифингті кіріспе сөзбен ашқан Рəпіл Жошыбаев Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) Бас хатшысына осы уақытқа дейін Астанада Халықаралық көрмені өткізуге дайындық барысында көрсеткен көмегі үшін алғыс айтты. Сонымен бірге, ол биылғы жылғы маусым айында өтетін ХКБ Бас ассамблеясының 155-сессиясында Қазақстанға ЭКСПО көрмесін өткізуге құқық беретін Халықаралық көрмелер бюросының Туы тапсырылатынын, содан кейін еліміз көрмеге қатысатын елдерді шақырумен тікелей айналысатындығын атап көрсетті. (Соңы 2-бетте).

Алматы, Астанадан, басқа да облыстардан тапсырыстар түсіп жатыр», дейді Камал Қалдаров. Яғни бұл кəсіпорын қыс мезгілінде қызанақ бағасын тұрақты қалпында ұстап тұруға мүмкіндік беріп, өңірдің азықтүлік қауіпсіздігіне септігін тигізетіні анық. Жоба толығымен «ҚазАгроқаржы» АҚ тарапынан қаржыландырылып, «Бизнестің жол картасы-2020» бағ дар ламасы аясында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтылған.

Біріншіден, табиғаты жағынан ұқсастықтар көп. Екіншіден, бұл

Суреттерді түсірген Арман ƏБДІРАШҰЛЫ.

Биыл шығыс өңірі Наурыз мейрамын ерекше атап өтеді. Яғни ежелгі дəстүр негізінде Ұлыстың ұлы күніне арналған мерекелік іс-шаралар мемлекеттік күнтізбедегі мейрамнан жеті күн бұрын басталады. Əр күннің өз ұраны, іс-шараларды өткізуге арналған арнайы тақырыбы бар. Ұлық мереке облыста осылайша 16 наурыз күні басталып кетеді. Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан».

Алғашқы атаулы мереке өңірде «Өніс» күні болып белгіленді. Табиғат-ананың оянуын білдіретін бұл күні айы-күні жетіп босанған аналарды перзентханаға барып құттықтау, дүние есігін ашқан сəбилерге қадірлі ақсақалдардың бата беруі, облыстық əділет департаменті қызметкерлерімен бірге сəбилердің туу туралы куəліктерін табыстау жəне озат ауыл еңбеккерлеріне құрмет көрсету көзделіп отыр. Екінші күн «Қамқорлық» деп аталады. Атауы айтып тұрғандай, 17 наурызда соғыс жəне еңбек ардагерлерін құттықтап, қарияларға құрмет көр сетілмек. Жетім балалар, қарттар үйлеріне баруды ұйымдастыру, мұқ таждарға көмек көрсету де қарастырылған. «Тазалық» аталған үшінші күн түлеуге, түрленуге үндейтін ерекше еңбекке толы күн болмақ. Жаңаруды, тазаруды

Солтүстік Қазақстан об лысы соңғы жылдары мұхит тың арғы жағындағы ел дермен интеграциялық бай ланысқа түсіп, оның ішінде, агробизнес саласын дамытуға ерекше мүд делілік танытып отыр. Экономикасы қарыштап дамыған мемлекеттердің ішінен таңдаудың Канадаға түсуі бекер емес.

Өмір ЕСҚАЛИ,

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы. ––––––––––––––––

Ўлыс жеті кїн ўлыќталады

мақсат еткен 18 наурызда көшелер, мекемелер мен ұйымдардың аумақтары, аулалар күл-қоқыстан арылады. Ал 19 наурызда «Ынтымақ» мерекесі аталып өтеді. Халықты бірлікке үндейтін бұл күні мерекелік іс-шаралар өтетін орындарда мерекенің басты нышаны – «Алтыбақан» орнатылады, негізгі мерекелік шаралар: концерттік бағдарлама, түрлі байқаулар мен басқа да өнер сайыстары этно мəдени орталықтардың кеңінен қатысуымен ұйымдастырылатын болады. «Ырыс» мейрамы аталатын бесінші мерекелік күн ауыл шаруашылығы өнімдерінің жəрмеңкесімен, концерттік кештерімен ерекшеленеді. Бұл күні аймақтың фермерлері, диқандары өз өнімдерін базар нарқынан төмен бағаларда саудалауға мүмкіндік алады. Яғни өңір жұртшылығы үшін молшылық мерекесіне айналмақ. Алтыншы күннің аты – «Шат тық». Мəдени-бұқара лық іс-шараларға толы

Ынтымаќтастыќтан – ыќпалдастыќќа

«Егемен Қазақстан».

Жалпы алғанда, бүгінде Сайрам ауданында Индустрияландыру картасы аясында 7 жоба іске асырылуда. Ал, облыс бойынша 155,0 гектарға қосымша жылыжайлар салынып, жалпы көлемі 720,0 гектарға жетті. Осы жылыжайлар есебінен өткен жылы 150 мың тонна көкөніс өнімі өндірілді.

елдің мал өнімдері мен заманауи техникалық құрал-жабдықтары əлемдік рынокта үлкен сұранысқа ие. Үшіншіден, үйренерлік, тəлім аларлық тəжірибе мол.

«Араласпаса ағайын да жат келеді» демекші, алыс-жақын елдермен жүйелі сауда-саттық қарымқатынас орнатпайынша өркениет көшіне ілесу– қиынның-қиыны. Бертінге дейін солтүстікқазақстандық кəсіпкерлер тиіп-қашты жұмыс істеп келсе, енді тығыз əріптестік орнатудың маңызы ерекше екенін жете түсінгендей. «Сабақты ине сəтімен». Соның орайы келе қалғандай. Оған Канаданың Қазақстандағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Стивен Миллардың өңірге жасаған

болатын Ұлыстың бұл күнінде əн жəне би конкурстары, айтыс, шығармашыл зиялы қауым өкілдерімен кездесу лер ұйымдастырылады. Кешке жастарға арналған ойынсауық, оның ішінде «Алтыбақан», «Айқыш-ұй қыш», «Ақсерек-көксерек», «Алқақотан» сынды ұлттық ойындар өткізілмек. Əз Наурызға арналған алты күн аяқталып, жетінші күні шығыс жұртшылығы исі түркінің, күллі қазақстандықтардың жыл айналып күткен мейрамы – Ұлыстың ұлы күнін қарсы алады. Күн мен түн теңеліп, жылқы жылы босағадан аттайтын Ұлыс күнінде көптеген мерекелік іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр. – Өңір басшысы Бердібек Са парбаевтың тапсырмасы бойынша биыл шығыс өңірі Наурыз мерекесін осылай қарсы алуды жоспарлап отыр. Жеті күнді таңдап алуымыздың себебі, қазақ халқы жеті санын қастерлейді. Бұл – жақсы дəстүрге жол ашатын жоба бола ма деген ойымыз бар,– деді облыстық мəдениет, мұрағаттар жəне құжаттама басқармасының басшысы Н.Ахметжанов. Шығыс Қазақстан облысы. –––––––––––––––––– Наурыз мерекесі қарсаңындағы іс-шаралар туралы топтаманы газетіміздің 16-бетінен оқи аласыздар.

жұмыс сапары барысында аймақ басшысы Самат Ескендіровпен жүргізген келісімдер қозғау салды. Өзара уағдаластыққа сəйкес көп ұзамай Манитоба провинциясы үкіметінің сауда мен инвестицияларды дамыту жөніндегі бөлімнің директоры Билл Тириус жетекшілік еткен делегация облысқа арнайы келді. Дөңгелек үстел басына отырмас бұрын жергілікті ахуалмен тереңірек танысуды жөн деп тапқандарына қарағанда, теориядан гөрі практиканы қолай көріп, «жеті рет өлшеп, бір рет пішу» дағдысынан ауытқымаған тəрізді. (Соңы 3-бетте).


2

www.egemen.kz

15 наурыз 2014 жыл

● Мұратымыз – Мəңгілік Ел

Тыѕ идея, жаѕа баєыт Қазақ қазақ болғалы, ықылым заманнан аңсағаны тəуелсіздік еді. Енді Мəңгілік Елге қол созып отырмыз. Сонау арғысы Абылай, Кенесары сынды қазақтың біртуар бекзат ұлдарының арман-мүддесі «жеке ел болу» еді ғой. Бірақ ол мақсаттарына олар жете алмады. Қалың елінің, қазағының қамы деп жүріп «еңку-еңку жер шалып, егеулі найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен» көкейдегі тəуелсіздікке жете алмай кетті. Бірақ көреген саясаткер Абылай оң жағындағы Қытаймен, сол жағындағы Ресеймен бəтуəлі байлам жасаса отырып, қазақты бейбітшілік аясында ұйытты. Соған өзі ұйытқы болды. Одан кейінгі қарға тамырлы қазақтың тағдыры, өзімізге мəлім – Кеңес Одағының уысында өткенін білеміз. Дін, тіл, рух деген үш ұғым, солшыл саясаттың көлеңкесінде қалып, аздап санамызға соқыр сенім кіріп, кіріптар боп күй кештік. Тəубе! Тəубе! Тəубе! деп, өткенге көз сала отырып, сан қайталайтындай тəй-тəй басқан жас мемлекеттің, бүгінгі жүрісі ширақ, адымы алғыр, елдің еңсесі нық, болашағы даңғыл екенін ұғып жатырмыз. Кез келген мемлекетті басқа ратын көшбасшысы алдын

болжайтын көреген болмаса, ол елдің болашағы бұлдыр да, бұлыңғыр екені əмбе жұртқа аян. Мен өз басым осы күнге «шүкір» деймін. Келер буын жастардың жəне де өзімнің замандас құрбыларымның атынан айтатыным «жеке ел» болып отырған, еліміздің көркейіп, гүлденуі, дамыған елдердің қатарына кіруі, түстігін ғана атүсті ойламай ұзақ жылдық мерзімді болжап, халқының əл-ауқатын арттырып, келер ұрпақты заманына адамы сай ететіндей, хал қына тың идея, жаңа бағыт ұсынған Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың сарабдал сая сатының жемісін біз көріп отырмыз. Былтырғы жылы һəм 2013 жылға арналған Елбасымыздың Жолдауында біраз істер нақтыланды, «Қазақстан-2050 Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын» айқындады. Елбасы өзі айқындап, еліне, ұлт пен ұлысқа жария етті. Қазақ қазақ болғалы, бұндай ірі стратегиясы қалыптасқан жеке ел болмағаны, тарихтың ақ парақ беттерінен айқын. Бүгінгі заман талабы, Елбасымыздың тапсырмасы енжарлық, марғаулық, ұйқышылдықтан арылып, біреу үшін емес, өзің үшін, болашағың, ұрпағың үшін жаңа бағытпен жұмыс істеу. Бұл ХХІ ғасырдың озық ойлы, жаңа технологияны меңгерген, шетелден білім алған, үш тұғырлы тілді жетік білетін жастары үшін қолайлы сəт. Қырда тіршілік ет, мейлің қалада өмір сүр. Қолыңнан іс келсе, «көз қорқақ, қол батырлыққа басып, белді бекем буып» іске кіріс деп тұр Елбасымыз. Мен біраз жастарды білем. Достарым

да бар. Енді-енді айқын бағыттың жөн-жобасын біліп, бизнеске бет бұрып жатыр. Ауылдағы ағайын, ауыл жастары Үкіметтен несие алып, несібе табудың көзін іздеп, əртүрлі саламен айналысып, біреулері мал ұстап, тіпті жазда құс өсіріп, «баптап, бабын тауып, бағланның бағасына бағалап» баяғы тоқыраудың тұсындағы, кем-кетіктің орнын толтырып, белсенділік танытып, іске кіріскен. Ал қаладағы жастар да өз кəсіптерімен айналысып, маңдай термен келген таза еңбектің наны тəтті екенін ұғып жатыр. Ешкімге бағыныштылық жоқ. Қалтасында ақшасы, жеке кəсіпкерлік ісі, астында жүйрік көлігі бар. Ал енді ұлт пен ұлысқа келер болсақ, көп ұлтты қазақ елінде бөліну, бөлшектену жоқ. Қай ұлт болсын қазақпен бір туғандай ғұмыр кешуде. Біздің еліміз көп этностардың отаны екенін білеміз. Баяғыда тағдырдың жазуымен келіп қалған ингуш, неміс, курд, өзбек, қырғыз сынды т.б. ұлт өкілдерінің Қазақстанды Отанымыз деуі, біздегі айрандай ұйыған ынтымақ-бірлігі, татутəттілігі болар. Бір жағадан бас шығарған бірлігінің арқасында бейбітшілік орнап, қазақ елінің ынтымақтастығы жарасып тұр. Бұл Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың кемеңгерлігі, көрегендігі, данышпандығы ғой. Əйт песе, басқа елдерде ұлтқа, дінге бөлінудің кесірінен қантөгіс болып жатқаны аян. Бізге əлемді дүр сілкіндірген дағдарыс келген жоқ. Дағдарыс сырт айналып, алты қырдың астында, тұсаулы аттай мешеулеп те жеткен жоқ. Дағдарыс болған да

жоқ. Əйтпесе, дамыған елдердің біразы дағдарыстың дүмпуінен аласұрды. Ал бізде буыны жаңа бекіп келе жатқан балаң жастағы жас мемлекет болса да, қарқынды түрде біраз шаруалар атқарылды. Атап айтсақ, «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасымен біраз өңірлерде халыққа керекті игі нысандар бой көтерді. Əлі де бұл игілікті шара жалғасуда. Алда Елбасымыздың бастамасымен өтетін ЭКСПО-2017 тұр. Бұл Қазақстан үшін, əлем жұртшылығының назарын тағы да өзіне аударып, қазақ еліндегі жетістіктердің жемісін көрсетіп, айқындап, қуаты мол серпіліс беру болмақ деп болжап отырмыз. Бүгінгі күні, былтырғы Елбасымыздың Жолдауында айқындап айтылғандай, өңірлердегі моноқалаларды дамыту қолға алынды. Бұл бір жағынан жұмыс көздері ашылып, бұқараны жұмыспен қамтамасыз қылса, жергілікті жерлердегі кəсіпорындардың ресурстарының дамуы, əлеуметтікэкономикалық жағдайымыздың қалыпты өсуі. Бұндай істің шарапаты курорттық аймақтың картасынан табылатын, біздің ауданға да тиіп жатыр. Қазіргі күні Щучье қаласындағы Заречный шағын ауданынан көп қабатты үйлердің жөн-жобасы белгіленсе, заманауи талапқа сай мектеп те салынбақшы. Бұл біздің өңірдің тың серпіліспен дамып жатқандығын айғақтап беріп тұр. Өткен 2013 жылы қараша айында, Ақмола облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының он алтыншы сессиясына қатысып кел дім. Бұл жиын мен үшін ерек ше əсер қалдырды. Ұлт пен ұлыстың бүгінгі қазақ еліне

деген риясыз сүйіспеншіліктері, еліміздің дамуына атсалысатын белсенділіктері мені ерекше қуантты. Бір байрақтың астында 44 этномəдениеттің бірлесіп жұмыс істеуі, шығармашылықпен айналысқан, өзге ұлт жастарының мемлекеттік тілді насихаттап, қазақ тілінде еркін көсіліп сөйлеуі, бірлік бар жерде, тірлігінің жанданатындығын айғақтап тұрғандай болды. Осы Ассамблеяға қатысушы əрі мүшесі болғаным жəне де қазақ елінің еркіндікте екпінді дамып келе жатқандығы Елбасымыздың арқасы екендігін сезіндім. Біз ХХІ ғасырда арман көкжиегіне құлаш ұрған шатшадыман заманда өмір сүріп жатырмыз. Еркіндікте еңсесі нық елдің баласымыз. Арманымыз асқақ, көңіліміз көлдей, мұқым əлемге қазақ деген ұлттың бар екенін, бұл халық біреуді көкіректен итеріп, дінің мен тілің бөлек, нəсілің бөлек деп айтпайтын ел екендігін, түстігін ғана тоқтыққа санамайтын, жүз жылдығын болжап тастайтын ел болып жер-жаһанға атымыз танылуда. Мұны Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың елінің қамын ойлаған қажырлы еңбегінің жемісі деп ұққанымыз абзал. Міне, тағы да Қазақстан халқына ар наған Елбасының дəстүрлі Жолдауы Қазақ еліне жол тартты. Бұл Жолдаудан ел игілігін көретін айқын бағыттың жолын табамыз. Жеңіс ОСПАНОВ, Ақмола облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі.

Дайындыќ ўлттыќ ауќымдаєы сипатќа ие (Соңы. Басы 1-бетте). Өз кезегінде сөз алған ХКБ Бас хатшысы Висенте Лоссерталес Қазақстанға келген жұмыс сапары барысында Премьер-Министр Серік Ахметовпен, Қоршаған орта жəне су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаровпен, Астана қаласының əкімі Иманғали Тасмағамбетовпен, Халықаралық мамандандырылған көрменің комиссары Рəпіл Жошыбаевпен, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Ер мегияевпен нəтижелі кездесулер өткізгенін атап көрсетті. Одан əрі ол «Астана ЭКСПО-2017» шын мəнінде Қазақстанның ұлттық жобасына айналғандығын айтты. Бүкілəлемдік мамандандырылған көрмеге дайындық барысында Астанада жүзеге асыруға белгіленген шаралар ұлттық ауқымда сипат алуда. Бұл көрменің посткеңестік кеңістікте өткізілгелі отырған халықаралық ауқымдағы осындай бірінші көрме екендігін атап көрсетіп, осыған сəйкес жүзеге асырылатын бірқатар техникалық сипаттағы мəселелерді тілге тиек етті. ЭКСПО – белгіленген үш ай мерзімде өткізіліп, сонымен оған қатысты мəселелердің барлығы біте салатын шара емес. Бұл елдің ертеңгі дамуына түбегейлі əсер ететін маңызды мəселе. Екінші бір атап көрсететін жай, ЭКСПО-ның барлық элементтері бел гі ленген шеберлік жоспарда жəне архитектуралық шешімдерде көрі ніс табуы керек. Олардың үйлесімділігі өте күрделі мəселе. Осыған байланысты атқарылатын істер де ауқымды. Көрме қалашығының тұғыры болып саналатын қазақстан дық павильон, бұл тек қана «Бо лашақтың энергиясы» көрініс та батын тақырыптық павильон ғана емес, сонымен бірге ол Қазақстанның тарихын, мəдениетін жəне ұлттық салт-дəстүрлерін паш ететін орталық. Ендеше Қазақстан павильонының құры лысы, архитектуралық шешімі осындай ауқымды да жоғары талаптарға сай болуы тиіс. Бас хатшы өз сөзінде ЭКСПО көрмесін өткізуге дайындық барысында Астана қаласында жүзеге асырылып жатқан инженерлік-коммуникациялық ин фрақұрылымдық шешімдерге дəн риза екендігін атап көрсетті. Сонымен бірге, ХКБ Бас хатшысы

ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге дайындық барысындағы кезең жəне оны ойдағыдай өткізу Қазақстан үшін инвестиция тартудың мол мүмкіндігі екендігін тілге тиек етті. «Мен ЭКСПО-2017 көрмесінің Қазақ стан Республикасы үшін бола шақ дамудың катализаторы болатындығына сенімдімін», деді өз сөзінде Висенте Лоссерталес. «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-тың басқарма төрағасы Талғат Ермегияев өз сөзінде Қазақ стан павильонын салу, көрме қалашығындағы этноауыл құрылысы мəселелерін тілге тиек етті. ЭКСПО-2017 көрме қалашығына бөлінген 174 гектар аумақта мамыр айынан бастап құрылыс жұмыстары жүргізіле бас тайды. Төрағаның айтуы бойынша, Үкімет инженерлік-коммуникациялық жүйелерді жəне Қазақстан павильонын салуға ғана қаржы жұмсауы керек. Ал көрме қалашығындағы қонақ үйлер, сауда орталықтары жəне басқа нысандарды салуға инвестициялар мен жеке инвесторлар тартылуы керек. Сонымен бірге, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Ермегияев журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап бере келіп, көрме қалашығының құрылысын салуға бір ғана бас мердігер ұйым аздық ететінін атап көрсетті. Көрме қалашығындағы 1 миллион 300 мың шаршы метр құрылыс көлемін игеруге бір бас мердігердің шамасы жетпейді. Сондықтан көрме қалашығының құрылыс алаңында кемінде 3-4 бас мердігер ұйым болмақ. ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары Рəпіл Жошыбаев «Маусым айында көрме Туын алғаннан кейін еліміз көрмеге қатысатын елдерді шақыра бастайды. Бірінші кезекте, ХКБ-ға мүше мемлекеттерге шақыру жіберіледі. Сонымен бірге, ХКБ-ға мүше емес АҚШ, Үндістан сияқты мемлекеттер де бар. Олар көрмеге қатысуға ниет білдіруде. Сондықтан біз оларға да шақыру жолдайтын боламыз», деді. Сондай-ақ, Рəпіл Жошыбаев Қазақстанда таяу болашақта дамыған 50 мемлекетпен визасыз режім тəртібін енгізуге дайындық жасалып жатқандығын айтты. Брифинг барысында оған қатысушылар журналистер тарапынан қойылған көптеген сұрақтарға жауап берді.

Ферроќорытпа зауыты салынбаќ Премьер-Министрдің орынбасары – Индустрия жəне жаңа технологиялар министрі Əсет Исекешевтің төрағалығымен өткен ведомствоаралық мəжілісте Қызылорда облысының əкімі Қырымбек Көшербаев баяндама жасады. Сыр өңірінің басшысы аймақтағы металлургия кластерінің тұжырымдамасын таныстырды.

Биік маќсат жолында Қазақтың даласы ұлан-ғайыр, жерасты байлығы да мол. Бұл – бүгінгі тəуелсіз ел ұрпағына батыр бабалардан қалған ең үлкен мұра. Сол бай мұраны көздің қарашығындай сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру үшін Тəуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Мəңгілік Ел» идеясын ұсынды. Еліміздің əр өңірінде кең қолдау тапқан дəл осы идея мұнайлы Атырау жұртшылығын да бір мүддеге тоғыстырып отыр. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан».

Кеше Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен «Мəңгілік Ел» патриоттық акциясы өтті. Өңірдегі өзге ұлт өкілдері мен ел ертеңіне баланар жастарды ынтымаққа ұйыстырған акция ны облыс əкімі Б.Ізмұхамбетов ашып, Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауындағы «Мəңгілік Ел» идеясының маңызын тарқатып берді. – Осынау Ұлы даланы мекен еткен адамзат баласының тұңғыш пайғамбары

Ахура – Маздадан нұр алған Заратуштра мынадай үш қағида қойыпты: бірінші – ізгі ой ойла, екінші – ізгі сөз сөйле, үшінші – ізгі іс тындыр. Сол Заратуштрадан бергі күллі пайғамбарлар жоғарыдағы үш байламға тоқтаған екен. Өзінің елін ел еткісі келген, өзінің аспанын биіктеткісі келген біздің Елбасының да арманы осы үш қағидамен астасып жатыр. Бізде Мəңгілік Ел болудың барлық алғышарттары дайын. Біз ізгі ой ойлап, ізгі сөз сөйлеу арқылы қаншама ізгілікті іс тындырып келеміз. Соның жарқын мысалдарының бірі – Қазақ елінің, Мəңгілік Елдің мəңгі Астанасы! –деген ойымен бөліскен жас дарын, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Маралтай Райымбекұлы өзінің елордаға

арнаған өлеңін оқып, акцияға қатысқан жастарды қанаттандырды. Белгілі қаламгер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рахымжан Отарбаев «Мəңгілік Ел» идеясы – бізді алға бастар шамшырағымыз. Бұл – біздің мемлекеттің ұлттық идеясы. Батыр бабаларымыздан қалған сайын даланы қорғау, əр қазақтың бойтұмарындай тəуелсіздігімізді сақтау оңай емес. Қазақтың осынау ұланғайыр даласын ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғаған Қабанбай мен Бөгенбай, Қарасай секілді батыр бабаларымыз Мəңгілік Ел болуды көкседі. «Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін, Қайта тудым, өмірге қайта келдім. Мың да бір тірілдім мəңгі өлмеске – Айта бергім келеді, айта бергім», деп жырлаған ақын Жұбан Молдағалиевтің жүрек түкпірінде де Мəңгілік Ел болудың идеясы жатыр. Міне, елдің дербестігі мен мəңгілігін ойлаған бабалардан бүгінгі ұрпаққа жеткен аманатты – Қазақ елін Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев əлемге танытты. Қуатты елге айналдырды. Қазақ елінің

Келісімдерге ќол жетті

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уəкіл Асқар Шəкіров Женева қаласында (Швейцария Конфедерациясы) өткен Құқық қорғау мекемелерінің халықаралық үйлестіру комитетінің (ХҮК) 27-ші жыл сайынғы отырысына қатысты. ХҮК БҰҰ тікелей қолдауымен адам құқықтарын қор ғау саласындағы ұлттық институттардың қызметін үйлестіру мақсатында 1993 жылы құрылды

жəне құқық қорғау саласында негізгі үнқатысу алаңдарының бірі болып табылады. Аталған комитет 2012 жылы аккредиттеген қазақстандық Омбудсменнің

мекемесі оның жұмысына белсенді қатысады. Отырыс барысында кең ауқымды құқық қорғау мəселелері, соның ішінде ұлттық меке мелердің осы салада халықаралық шарттардың сақталуын қадағалайтын БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңес пен комитеттерінің жұмысына қатысуы, олардың парламенттермен өзара қатынастары, сондай-ақ, адам құқықтары саласында ұлттық іс-қимылдар

алдағы мақсат-мұраты биік, ал мұраты биік, ұлттық, мəдени құндылықтары сақталған ел ғана Мəңгілік Ел бола алады», деді. Өз Отанын сүйетін, өз Отанына адал қызмет етуді мақсат еткен атыраулық патриот жастарды бір мақсатқа, бір мүддеге, бір болашаққа біріктірген акция барысында Айгүл Қосанова, Ерболат Құдайбергенов жəне өзге де елімізге танымал жас əншілер патриоттық əндерді шырқады. Акцияда өзге ұлттың өкілдері де жастарды отансүйгіштікке шақырды. Соның бірі – Артем Тербушов: «Бізді, Қазақстанның көпұлтты халқын Нұрсұлтан Назарбаевтың тəуелсіз елімізді қуатты мемлекетке айналдырудағы ерен еңбегі ішкі тұрақтылық пен экономикалық бір мақсатқа, бір мүддеге, бір болашаққа біріктіреді. Осының бəрі Мəңгілік Ел болудың негізгі алғышарттары», деген пікірімен бөлісті. Атырау облысы. ––––––––––––––––––––––

жоспарларын əзірлеу бойынша жан-жақты пікір алмасулар өтті. А.Шəкіров отырыс шеңберінде өткен іс-шаралар мен екіжақты кездесулер барысында БҰҰ органдарына ұлттық баяндамаларды əзірлеуге қатысу, Парламентпен, басқа мемлекеттік органдармен жəне азаматтық қоғамдастықпен өзара əрекеттесу тəжірибесі туралы мəлім етті. Отырысқа қатысушылар Қа зақстандағы ұлттық құқық қорғау тетігін дамытуға ықпалдасатын маңызды мемлекеттік бағдарламалармен танысты.

Суреттерді түсірген Əнуар ƏБІЛҒАЗИЕВ.

Омбудсменнің ХҮК, БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жо ғарғы Комиссары Бас қармасының, ұлттық құқық қорғау мекемелерінің өңірлік желілерінің басшыларымен жəне өкілдерімен кездесулері нəтижесінде, атап айтқанда, өңірлік Азия-Тынық мұхиты форумына мүшелікке қазақстандық өтінімді қарау мерзімдері мен шарттары туралы бірқатар келісімдерге қол жеткізілді, деп хабарлады Қа зақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уəкіл аппаратының баспасөз қызметі.

Негізінен металлургиялық кластер Қазақстанның жаңа тау-кен металлургиялық орталығының қозғалтқыш күші ретінде Қызылорда облысын жасақтауға жəне сирек кездесетін металдарды экономикалық айналымға енгізуге мүмкіндігін береді. Кластер құрылымында инновациялық қызмет көрсету инфрақұрылымын жасақтау көзделеді. Мəселен, жаңа кен орындарында металл қорларын анықтау бойынша жұмыс жоспарланып отыр. Сондай-ақ, металлургиялық кластер мүшелеріне жə не серіктестеріне ҒЗТКЖ жобалық-конструкторлық жұмыстар жəне басқа да инжиниринг саласында қызмет көрсетілмек. Сарапшылар жəне ғалымдардың бағалауынша, Қызылорда облысында ванадий жəне көп металдық кен орындары негі зінде металлургиялық кластер жасақтауға мүмкіндік бар. Ал металлургиялық кластердің бола шақта бас тетігі

болып табылатын ферроқорытпа зауытын салу аймағымыздың экономикасын дамытуға сеп болмақ. Бүгінгі күнде ферроқорытпа зауы тының құрылысы бойынша жобаны жүзеге асыру мақсатында облыс əкімдігімен «Ningxia Baota Petrochemical Technology Industrial Development Co., Ltd» қытайлық компания төрағасы Чжанг Лижонг арасында өзара серіктестік жөнінде меморандумға жəне кездесу хат тамасына қол қойды. «ВАОТА» компаниясы екі ай ішінде техникалық-экономикалық негіздемені жасақтап, облыс əкімдігіне келісуге ұсынуға міндеттеме алды. Мəжіліс қорытындысында ферро қорытпа зауыты жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін жасақтап, ағымдағы жылдың мамыр айының ортасына дейін Үкіметке ұсыну жөнінде шешім қабылданды. «Егемен-ақпарат».

«АЛТЕЛ» АҚ 2014 ЖЫЛҒЫ 1 СƏУІРДЕН БАСТАП JET ҚЫЗМЕТІН СӨНДІРУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ТЕМІРТАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ALTEL 4G LTE-ҒА JET АБОНЕНТТЕРІН АУЫСТЫРУ БОЙЫНША АКЦИЯНЫҢ БАСТАУ АЛҒАНДЫҒЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАЙДЫ. Теміртау қаласындағы құрметті абоненттер! «АЛТЕЛ» АҚ «Мобилка» дилерлік желісі арқылы ALTEL 4G-ға Jet абоненттерін ауыстыру бойынша акцияның бастау алғандығы туралы хабарлайды. Сіздер аталған акцияның аясында шығу жағдайымен ALTEL 4G-ға Jet қызметімен ауысу мүмкіндігін аласыздар. Сіздер мұны неғұрлым ертерек жасайтын болсаңыздар, модемді сатып алуға барынша көп жеңілдік аласыздар! 1 сəуірден бастап 1 650 теңгеге алмастыру жағдайында Jet USB-модемін ALTEL 4G-ға ауыстыру үшін 1 100 теңге тек 31.03.2014 жылға дейін мүмкін болады. Сіздер ALTEL4G қызметіне ауысуды ресімдеу жəне жабдықты алмастыру үшін «АЛТЕЛ» АҚ-тың Сату жəне қызмет көрсету орталықтары бірінің мына мекенжайларына хабарласуыңызға болады:  Теміртау қаласы, Мир даңғылы, 86-үй, Мобилка» байланыс салоны. Телефондар: 8 (7213) 918 675, 8 700 420 00 01. Жұмыс уақыты: 09.00-19.00  Теміртау қаласы, Республика даңғылы, 14-үй, «Мобилка» байланыс салоны. Телефондар: 8 (7213) 980 270, 8 700 420 00 07. Жұмыс уақыты: 10.00-19.00 Назар аударыңыз: Теміртау қаласының жəне оған іргелес елді мекендердің 2013 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі «белсенді», «бүленденген», «тоқтатылған», «белсендірілген» мəртебесіне ие абоненттері пайдалана алады. Акцияларға қатысу үшін Jet жабдығын, абоненттік нөмірді жəне жеке куəлікті тапсыру қажет. Акцияға қосылсаңыз, Сіздер жұмыста да, оқуда да, саяжайда да, үйде де жəне автомобильде де бейнеконтент, музыка жəне ұтқыр қосымша жүктемелерінің таңқаларлық жылдамдығынан нағыз лəззат алатын боласыз! Акцияның əрекет ету мерзімі – 2014 жылғы 30 маусымды қоса алғанға дейін. Сіздің АЛТЕЛ


«Отты ґзен» кґркем фильмініѕ кґрсетілімі

 Толғандырар тақырып Биылғы Елбасы Жолдауында «Таяудағы 2-3 жылда дуальдік, техникалық жəне кəсіптік білім берудің ұлттық жүйесінің негізін қалыптастыру керек. Келешекте жастардың техникалық білім алуын мемлекеттік кепілдендіруге көшіруді қарастыру қажет. Үкіметке 2014 жылғы 1 маусымға дейін осы мəселе бойынша нақты ұсыныстар енгізуді тапсырамын. Жетекші университеттерді академиялық жəне басқарушылық автономияға біртіндеп көшіруге жоспарлы түрде кірісу қажет», делінген.

Пекиндегі Ресей мəдени орталығында Қазақстанның ҚХР-дағы елшілігінің ұйымдастыруымен «Отты өзен» көркем фильмінің көрсетілімі өтті.

Кадрсыз ауыл – ќадірсіз ауыл Бўл проблеманы шешу жолдары бар Амантай ҚАЛЫМБЕРГЕНОВ,

«Ақтоғай-Агро» ауылдық тұтыну кооперативінің төрағасы.

Ауыл шаруашылығына қаржы аз бөлініп жатқан жоқ. Əңгіме оны алудың қиындығында, əзірше фермер үшін «кісідегінің кілті аспанда». Алдымен ден қойып, дұрыстайтын нəрсе – ауылдағы шаруаның қолындағы құжаттары. Ол үшін əр округке кесте бойынша ауданнан тиісті шенеуніктер барса жөн болар еді. Əрине, ақпаратын ала барады, көреді, түзету, жөндеу жолын айтады. Бұл алдымен облысқа барғанда «КазАгро» АҚ-тың еншілес кəсіпорындарымен сөйлесу үшін қатты қажет. Сөзбұйданың əліппесі осы жерде басталады. Ақтоғайға бес барып, бес келсең де, оларға аса бата қоймайды. Құжатың дұрыс болып, өзің «Сыбаға» бағдарламасымен толық қаруланып, бизнесжоспарыңды меңгеріп бармасаң жағдайың мүшкіл. Себебі, ауданда сатып алатын бұқаның бағасын, жердің, үйдің, қораның кепілге алатын пайызын, бір сиырға тиісті жайылымды (га), қораның (үйдің) жаңа техникалық төлқұжатын, нотариустың қағазын, қожалықтың жеті жылдық есебін, тағы басқаларды тапсыру керек. Тапсыратын құжаттың ұзын саны жиырма бестен асады. Тым көп екенін бəрі біледі. Айтудай-ақ айтылады, өзгеріс жоқ. Ұлттық кəсіпкерлік палатасы не өзгертеді? Оны да көрерміз. Ал, менің фермер деп зорайтып жүргенім – кешегі механизатор, не көмекші шопан, не жүргізуші. Несие алудың қияметін келтірдім. Ауыл шаруашылығының баяғы əдістерімен алысқа бармайтынымызға көзіміз жетті. Сондықтан мал шаруашылығында жаңа технологияларға, инновацияға иек артпаса болмайды. Жермен жұмыс істеудің жаңа агротехнологиясын меңгеріп, малдың алдымен жемшөп қорын жасамайынша болмайтынын жұрт білетіндей болды. Құрғақшылыққа төзімді қазақстандық көпжылдық шөптің сорттары жеткілікті. Тек ауылға əкелу жағдайы лизингке техникалар алу арқылы сияқты. Алдымен осы жағы шешілсе малды асылдандыру, Балқаштың азық-түлік белдеуін құру, алдымен ауылдың өзін-өзі етпен қамтамасыз етуі толықтай шешіліп қалар. Сүт жөнінде. Шаруаға 1200 литрден сүт беретін үш сиырдың орнына 4500 литр сүт беретін өнімді бір асыл сиыр ұстаудың тиімді екенін уағыздайтын уақыт келді. Қайдан, қаншаға алатынын ауыл əкімдері интернеттен таба алады. Бір литр сүтті Балқаш сүт зауытына 50 теңгеден тапсырғанды құптамаймын. Қаладағы баға үш есе қымбат. Тері мен жүн жауыр болған тақырып. Айтпағым, істің тетігін кадр шешеді. Бұл аксиома бұрыннан келеді. Меншікті мемлекет иелігінен алып, жекешелендіру деген науқан ауылдың еңсесін түсіріп, тоздырып жібергені жасырын емес. Бейнетпен бетпе-бет қалған шаруа да абдырады, баласының да беті қайтты. Соңғысы келешекте ауылға тақамауға, малға жуымауға бел буды. Қалаға қоныс аударғаны қаншама. Екі қолға бір күрек таба алмай бос жүргендері де бар. Бір-екі тауарлық несие алып қарызға батқандар да баршылық. «Дипломмен – ауылға» деген ұранның ауыл игілігін көре алмады. Кейінгі 20 жылда Ақтоғай ауданына агроуниверситет бітірген, не зоотехник, не агроном келді дегенді естімедім. «Болашақ» бойынша бітіргендердің де ауылға бармасына сеніңіз. Отыра берсек ұтыламыз. Шығудың жолы мынау. «Жергілікті мемлекеттік өзін-өзі басқару», «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдарын, «Агробизнес-2020», «Еңбекпен қамту-2020» мемлекеттік бағдарламаларын нақты жұмыс істету. Бірден айтайын, бұл патриоттық (қанатқақты) жоба. Аты «Ақтоғай ауданында кадр проблемасын шешу жолдары». Тарқатайын: Сарытерек селолық округінен 11-сынып бітірушілер арасында 8-10 бала таңдап алу. Олар сол жерге, сол ауылға кіндігімен байлаулы. Бұл – бір. Екіншіден, олар

3

www.egemen.kz

15 наурыз 2014 жыл

сүттен қымызды, қозыдан лақты айыра білетін балалар. Атқа да міне алады. Осыларды қысқа бағдарлама бойынша оқытып «Ауыл кəсіпкері» деген сертификат беру керек. Мұнымен қоса шофер, тракторшы, электрик деген мамандықтарды қоса беру. Бұл мамандықтар селолық округ, мектеп, ата-ана, баланың қатысуымен таңдалса жөн болады. Ал оқытушы жақтар – тиісті лицензиясы бар заңды тұлғалар. Мүдделі жақтар Балқашта бар, Ақтоғайдан да табылады. Қаржы көзі – «Агробизнес-2020» немесе «Еңбекпен қамту-2020» бағдарламалары. Балалар агробизнес негіздері, кəсіпкерлік, агрозаңнамалар, бизнес-жоспар жасау секілді қысқа бағдарламалар бойынша оқытылуы керек. Мəселен, мынадай нақты пəндер бойынша оқытылса: «Сыбаға бағдарламасына қатысу»,«Лизингке техника алу», «Аралас көпжылдық шөп егу технологиясы», «Үй маңында қаз, үйрек, тауық, қоян өсіру», «Сүтті ешкілер өсіру», «Сүт өндіруде субсидияларды пайдалану», «Ауылдық тұтыну кооперативін ұйымдастыру артықшылығы», «Мал тұқымын асылдандыру», «КазАгро» АҚ қаржы институттарынан несие алу жолдары», тағы басқалар. Қанатқақты жобаның орны – Сарытерек орта мектебі, оның есеп-шотын да пайдалануға болар. Таңдаған жастарға ақша ауылда, аяқ астында дегенді уағыздауымыз керек. Арнайы бағдарлама жасап, агробизнес негіздерін оқытып, бизнес-жоспар жасауды үйретіп, несиелер мен субсидиялар алу жолдарына сендіруіміз керек. Əрине бəрі есеп, интернет, оқыту, алдынала келісу арқылы жүргізілгені жөн. Осыларды əрі қарай Ақтоғайдағы агротехникалық колледжде бір жыл оқытып агроном, зоотехник, гидротехник, бағалаушы, жерге орналастырушы, селекционер мамандықтарының біреуінің дипломын беруге болады. Оқу мемлекеттік тапсырыс бойынша, не «Жұмыспен қамту-2020» бойынша тегін. Бұл мəселені реттеуді аудан əкімі құзыретіне тапсыру керек. Балалардың ішінде зеректерін əрі қарай іріктеп, С.Сейфуллин атындағы агроуниверситетке тегін оқуға жіберген жөн (мүмкін квота бойынша, не бюджет есебінен). Бала өз қаражатымен оқи алмайды. Оның басын ашып алу керек. Ескеретін екі жағдай бар. Бірінші. Агроуниверситетке баратын кандидатпен үшжақты келісімшарт (студент – əкім – агроуниверситет) жасасу. Екінші. Дипломның тақырыбын жұмыс беруші ауыл əкімі анықтайды. Əрине, бұл шара аудан əкімімен келісіледі. Келісімшартқа қол қоюшылар үш жақтың міндеттері мен құқықтарын толық көрсетеді. Баратын жері, алатын қызметі, берілетін əлеуметтік пакет, тұрғын үй, т.б. Келісімшартқа дипломның тақырыбын жұмыс беруші көрсеткені жөн. Ертең маман соған керек. Жағдайын жасайтын сол. Сөйтіп, жоғары оқу орындары бұрынғыша ешкімге керек емес бағдарламалар бойынша маман шығара бермейтін болады. Дəлірек айтсам, С.Сейфуллин атындағы агроуниверситетке автономия берілді. Ол енді жұмыс берушінің тапсырысын қанағаттандыратын, ертең өндіріске пайдалануға жарамды маман дайындайтын болады. Басқаша айтқанда, жұмыс беруші мен жоғары оқу орны бірігіп отырып, сұранысқа сай, өндіріске керек мамандарды шығаратын болады. «ҚазАгроИнновация» АҚ құрылғанынан хабардармын. Ол бүгінде 20-дан астам ғылымизерттеу институттарын біріктіріп отыр екен. Кезінде құрамына алмағаны осы агроуниверситет қана болатын. Агроуниверситет ректоры профессор А.Күрішбаевтың таяуда «Егемен Қазақстан» бетінде «Қазақстанның өзіндік азық-түлік кеңістігін қалай құру қажет» атты мақаласы шықты. Онда профессор «Аграрлық ғылымды ұйымдастырудың өзіне өзгерістер қажет. Көптеген білікті мамандарды, біртұтас ғылыми бағыттарымызды жоғалттық. Енді қайтадан елімізде жаңа заманауи ғылыми мектептерді

құруымыз қажет», дейді. Меніңше, алдымен Ауыл шаруашылығы министрлігі, «ҚазАгро» ҰБХ, «ҚазАгроИнновация» АҚ, агроуниверситет қайсысы немен шұғылданады, осының аражігін ашып алу керек. Алдымен аграрлы, одан соң индустриялы ел екенбіз. Ауылды енді жүдетпеуіміз керек. Астанадағы агроуниверситетке «Родина», «Ижевск» сияқты 3-4 шаруашылықты өндірісіне зиян келмейтіндей етіп студенттердің тəжірибеден өтетін шаруашылықтары ретінде құрса қалай болар еді? Мемлекет ол шаруашылықтарды қосымша қаржылай қолдаса, қосымша жер, техника берсе дегендей. Нарық тұсында тегін ештеңе жоқ екені бесенеден белгілі. Келген агроном нөлдік технологияны білмесе, топырақтың құнарлылығын айыра алмаса, арпа (жоңышқа) егуді білмесе, ондай маман Ақтоғайға қажет пе? Агроуниверситетті бітірген зоотехник сиырды, қойды асылдандыру технологиясын білмесе, өнімдерін өңдей алмаса, генетика мен селекциядан бейхабар болса ондай маман кімге керек? Бұл агроуниверситет ғалымдарын да (оқытушыларын) еңбек нарығында бəсекеге қабілетті, сұранысқа ие кадрлар дайындауға итерер еді. Шұғыл арада оқу бағдарламаларын өзгертіп, қай мамандық қай облысқа (қай ауданға) қажет екенін білер еді. Қазір бұған Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігі де, Білім жəне ғылым министрлігі де жауап бере алмайды. Ақтоғай ауданы үшін мынадай мамандықтарды бүге-шігесіне дейін игеріп келген маманға жұмыс та, үй де, күй де болар еді. Əкімнің де қолы ұзарар еді. Ол мамандықтар «Абай селолық округінде аралас көпжылдық шөп егудің тиімділігі», «Нарманбет селолық округінде 360 гектар суармалы жерді біртіндеп игеру жолдары», «Қусақ селолық округінде дəнді дақылдардың қазақстандық сорттарын егудің артықшылықтары», «Ақтоғай ауданы шаруа қожалықтарында ірі қараны асылдандыру, ет өндіруді молайтудың жолы», «Шаруа қожалықтарында ветеринарлық қызметтің мемлекеттік стандарттарын сақтау жолдары», «Отарлы мал жайылымдықтарда баламалы энергия көздерін (жел, күн) пайдаланудың артықшылықтары», «Ақтоғай ауданы далалық (шөлейт) аймақтарында жайылымдықтарды суландырудың қажеттілігі (құдықтар)», «Мектеп жылыжайында көкөніс өсіру жəне тамшылатып суару технологиясы», тағы басқалары. Қош, сонымен селолық əкімдер қызметке қайта кіріскеніне – жарты жыл. Заңға сəйкес əкімдер көлігіне мініп, халық алдына шықты, есеп берді. Ақпанның ақ шұнақ аязы есептің температурасын жоғарылатты ма, жоқ төмендетті ме, оған уақыт төреші. Əр округте мал азығы базасын жасау, келген асыл бұқа, текті тұқыммен ұрықтандырылған сиыр, салынған бордақылау алаңы, несие, сойысхана, агролизинг, сүт өндіретін, шикізат өңдейтін цехтар, баламалы энергия, агробизнес орталығы, ауылдық тұтыну кооперативтері – осылардың барлығы ауыл үшін өте қажет инфрақұрылымдар. Шаруа қожалықтарына деген барлық жеңілдік, қолдау, субсидиялар ауылдық тұтыну кооперативтері арқылы жүрсе оң болар еді. Балқаш сияқты 77 мың халқы бар моноқаланың азық-түлік белдеуі Ақтоғай екенін əкім дер жақсы біледі. От көсеп тұрған кеншілер де біледі. Күні кеше Елбасы тұтыну кооперативтерін құру, оның заңын қабылдау керектігіне Үкіметтің назарын тағы аударды. Егер осы қанатқақты жоба орнынан қозғалса таяу жылдары Ақтоғай ауданы экономикасына бейімделген жоғары білімді мамандар келіп қалар деп ойлаймын. Қарағанды облысының қазағы басым аудандарына ортақ кадр проблемасын шешудің бір жолын ғана көтердім. Басқасы əкімдердің қолында. Қаражат та, заң да, солардың құзырында. Менің мақсатым тек ой бөлісу, ұсыныс жасау. Қарағанды облысы.

Шараға ҚХР Сыртқы істер министрінің орынбасары Чэн Гопин, ҚКП Орталық комитетінің Халықаралық бөлімі басшысының орынбасары Чжоу Ли, ШЫҰ Бас хатшысы Д.Мезенцев, Ресей, Беларусь, Грузия, Өзбекстан, Əзербайжан, Тəжікстан, Вьетнам жəне басқа елдер елшіліктерінің басшылары мен өкілдері қатысты. Қазақстанның Қытайдағы елшісі Нұрлан Ермекбаев «Елбасы жолы» киноэпопеясының екінші бөлімі болып табылатын «Отты өзен» фильмі жас ұрпақ үшін еңбекті қадірлеудің, Отанды сүюдің үлгісі екенін, оларды ұлтаралық келісім идеяларына тəрбиелейтінін атап өтті. Шараның ашылуында сөз сөйлеген ҚХР Сыртқы істер министрінің орынбасары Чэн Гопин «ұлы ұлттан ұлы басшылар туатынын», сондай-ақ, Н.Назарбаев Қазақстанның ұлттық басшысы ғана емес, əлемдегі ең беделді саясаткерлердің бірі болып табылатынын атап көрсетті.

Ол, сондай-ақ, Азиядағы өзара іс-қимыл жəне сенім шарала ры жөніндегі кеңес, Əлем дік жəне дəстүрлі діндер көшбасшыларының съезі сияқты айтулы форумдарға Н.Назарбаев бастамашылық танытқанын, оның активінде жа һан дық ядролық қарусыздану секілді үлкен бастама да бар екенін атап өтті. Қытайлық

Ўлттыќ ќўндылыќтар сарапталды Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада ЮНЕСКО жəне ИСЕСКО істері жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық комиссиясы жанындағы Материалдық емес мəдени мұраларды қорғау жөніндегі ұлттық комитеттің алтыншы отырысы болды. Берік САДЫР,

«Егемен Қазақстан».

2003 жылы Парижде қабылданған «Материалдық емес мəдени мұраны қорғау туралы» Конвенция 2011 жылы 23 желтоқсанда Қазақстан тарапынан мақұлданған болатын. Осыған байланысты ЮНЕСКО жəне ИСЕСКО істері бойынша еліміздің Ұлттық комиссиясы жанынан Материалдық емес мəдени мұраларды қорғау жөніндегі ұлттық комитет құрылды. Елбасының 2003 жылғы Қазақстан халқына Жолдауы негізінде дүниеге келген мемлекеттік «Мəдени мұра» бағдарламасы шеңберінде өшкеніміз жанып, жоғалғанымыз жаңғырды. Мəдени мұраларымызды жинау, жүйелеу жолында материалдық нысандар басты назарда болып, рухани құндылықтарымыздың кейбірін елеусіздеу қалдырғанымыз рас. Соған қарай, 2013 жылы 29 сəуірде Үкіметтің №408 қаулы сы мен «Қазақстан Рес публи ка сында Материалдық емес мұраны қорғау жəне дамыту жөніндегі тұжырымдама» қабылданды. Тұжырымдаманың

мақсаты – Қазақстан халқының материалдық емес мəдени мұрасын қорғау, дамыту жəне насихаттау үшін қолайлы жағдайлар жасау болып белгіленді. Мəдениет министрлігі, ЮНЕСКО жəне ИСЕСКО істері жө ніндегі Ұлттық комиссиясы жанындағы Материалдық емес мəдени мұраларды қорғау жөніндегі ұлттық комитетінің ұйымдастыруымен өткен басқосуда адам заттың материалдық емес мəдени мұрасының көрнекі тізіміне жəне ЮНЕСКО-ның жедел қорғау тізіміне енгізу үшін ұлттық өтінім беру жөнінде мəселе лер қаралып, оған еліміздің құндылықтары болып саналатын негізгі номинациялар ұсынылды. Олар: «Бүркітпен аң аулау» мен «Дəстүрлі асық ойындары» (əлФараби атындағы Қазақ ұлттық университеті), «Қазақ зергерлік өнері. Күмісті өңдеудің дəстүрлі өнері» (М.Əуезов атындағы Əдебиет жəне өнер институты жəне Қазақстан Қолөнершілер одағы), «Батырлар жыры» мен «Қыз Жібек» эпосы (М.Əуезов атындағы Əдебиет жəне өнер институты), «Қобызда ойнау өнері» мен

дипломаттың айтуынша, осының барлығы Қазақстанға кең көлемді əлемдік танымалдық əкелді. Чэн Гопин, сонымен қатар, аталған көркем фильм Қазақстан Президентінің тұлға болып қалыптасуының жолымен, қазақ халқының тарихы жəне ұлттық дəстүрлерімен тереңірек таныс болуға мүмкіндік беретінін айтты. Фильм көрсетілімінде Ресей мəдени орталығының директоры В.Коннов та сөз сөйледі. Ол «Отты өзен» фильмін Орталықтың қабырғасында көрсету ТМД кеңістігіндегі мəдени-гуманитарлық байланыстар мен достықты нығайтуға мүмкіндік беретінін көлденең тартты. «Егемен-ақпарат».

«Қазақтың дəстүрлі əншілік өнері» (Қазақ ұлттық Өнер университеті), «Домбыра аспабын жасау өнері» (Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті жəне Қазақстан Қолөнершілер одағы) мен «Қорқыт ата күйлері» (Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті). Отырысқа Материалдық емес мəдени мұраларды қорғау жөніндегі ұлттық комитеттің төрағасы Əлібек Асқар, комитет мүшелері, академик Сейіт Қасқабасов, ғалым Шəкір Ыбыраев, са рап шы-ғалымдар – Сауытбек Абдрахманов, Саида Еламанова, Дихан Қамзабекұлы, Серікқазы Қорабай, Евфрат Мамбеков, Жанерке Шайкөзова, Баймұрат Оспанов сияқты сала мамандары қатысты. Іс-шара барысында əл-Фара би атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті Сəбира Құлсариева, М.Əуезов атындағы Əдебиет жəне өнер институтының доценті Серікқазы Қорабай, Қазақ ұлттық Өнер университетінің лаборатория меңгерушісі Базаралы Мүптекеев, профессор Саида Еламанова, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық уни верситетінің профессорлары Баймұрат Оспанов пен Жанерке Шайкөзова мен Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің доценті Ғабит Тұяқбаевтар аталған номинациялар бойынша жеке-жеке деректі фильмдерді көрсете отырып, əр құндылықтың мəн-маңызына тоқталып, кең көлемде түсінік беріп өтті.

Ынтымаќтастыќтан – ыќпалдастыќќа (Соңы. Басы 1-бетте). Канадалық ауыл шаруашылығы техникалары мен ірі қара өсірушілерінен құралған беделді делегация таныстық жоралғысын “Аvagro” біріккен кəсіпорнынан бастап, осында шығарылатын дəрішашқыш қондырғылармен танысты. Фирма жетекшісі Николай Ерохин Қазақстан нарығында 16 жылдан бері жұмыс істейтіндерін, жылына 150-200 техника бірлігін жергілікті жəне шетелдік тұтынушыларға жөнелтетінін, бұдан тысқары егін алқаптарын дəрілеумен де айналысатындарын мəлімдеді. Меймандар кəсіпорынмен бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндігін қарастыратындарын жеткізді. “Сұлтан элеватор ұн үгу-макарон комбинаты” АҚ-қа келгенде таңдану əрі ризашылық сезімдерін жасыра алмады. Елбасының тікелей қолдауымен, түркілік бауырларымыздың инвестиция салуымен 1992 жылы бой көтерген ірі өндіріс кешенінің президенті Идрис Карталдың əр сөзін мұқият тыңдап, қысқа мерзім ішінде шырқау биікке көтерілу себептерін сұрастырып білді. Қазір мұнда 30-дан астам макарон түрлерін өндіретін 4 жүйе заманауи қондырғылармен жабдықталған. Тəулігіне 192 тонна өнім шығаруға қауқарлы. Оcы жерде «Convey-All Industries Ins» компаниясының менеджері Стивен Фрос əңгімеге араласып, қалдықсыз өңдейтін əртүрлі маркалы жабдықтар шығаратындарына, қазақстандық нарыққа орналастыру мүмкіндігінің ауқымдылығына назар аударды. Делегация өкілдері мен жергілікті ірі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің, кəсіпкерлердің жүздесуінде екі тараптық экономикалық ынтымақтастықты өрбіту басты тақырыпқа айналды. Кездесуді аймақ басшысы Самат Ескендіров ашып, канадалық ауыл шаруашылығы техникаларының сапасына жоғары баға берді. Бүгінге дейін 328 трактор, 306 егіс кешені, 40-тан астам дəрішашқыш жəне 20 “Кенворт” автомашинасы сатып алынған. Жергілікті табындар өнімділігі жоғары сүтті голштин, етті ангус, герефорд асыл тұқымды қашарлармен толықтырылуда. Жуырда жеткізілген 300-ден астам бас мал тез жерсініп кеткен. Делегация басшысы Билл Тириус өз сөзінде

сапар мақсатын кеңінен түсіндіріп, Президент Н.Назарбаевтың индустриялық аймақтарды дамытуға басымдық беру саясатына қолдау көрсетті. Сіздер де бұл бағытта бірталай шаралар белгілеп отыр екенсіздер. Үй құрылысы комбинаты мен кірпіш зауытын ашу жоспарларыңызды құптаймын. Бəлкім, біріккен кəсіпорындар құру арқылы құрылыс инфрақұрылымын жаңғыртудың оңтайлы шешімдерін іздестірген абзал болар десе, «AGI-Ag Growth International» компаниясының директоры Каспас Паварс астық сақтау құрал-жабдықтарының үлгілерін ұсынып, əрқайсысына сипаттама берді. Жеткізу, құрастыру біздің міндетімізге жатады, жасалатын жеңілдіктер жоқ емес, деді. «Xports International Ins» компаниясының жетекшісі Стивен Бонк мал экспорттау мен мал шаруашылығы индустриясына қатысты өз ойларын ортаға салды. Бұл тұрғыдан алғанда, қазақстандық əріптестердің ізденістері қолдауға тұрарлық. Əсіресе, ірі қара малының еттік тұқымын жаппай өсіруге бетбұруы назар аудартады. Канадада 12 миллионнан астам бас ірі қара мал өсіріледі. Етті бағыттағы ірі қара мал тəулігіне 2 килограмға дейін салмақ қоса алады. Ішкі нарық қажетін өтейтін өзге салалар аясында да көмек беруге əзірміз. Бұдан да өзге сөйлеушілер пневматикалық конвейерлік құрал-жабдықтар, тасымал тіркемелері, орталықтандырылған вакуум жүйелері артықшылықтарын тілге тиек етті. Жиын соңында канадалық делегация басшысы маусым айында Солтүстік Америкада өтетін ірі ауылшаруашылық көрмесіне қатысуға шақырды. Солтүстік Қазақстан облысы.


4

www.egemen.kz

15 наурыз 2014 жыл

ПАРЛАМЕНТ ПАРЛАМЕНТ

 Депутат дауысы

Жўмыла кіріссек, алынбайтын асу жоќ Ұласбек СƏДІБЕКОВ,

Мəжіліс депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі.

Елбасының жыл сайын ха лыққа арнайтын Жолдауының мəн-маңызы зор. Н.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты биылғы Жолдауының басқаларынан негізгі айырмашылығы – Президент алғаш рет еліміздің «Мəңгілік Ел» ұлттық идеясын ұсынды. Бұл – ұзақ жылға жоспарланған, бір идея төңірегіне топтастырылған стратегиялық мақсат болып табылады. Ол рас, халықты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға алып баратын патриоттық идея керек. Жаңа Жолдауда ұлттық идея арқылы мемлекетті дамытудың жаңа белесі айқындалды. Елбасы «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сұраққа толыққанды жауап берді. Елбасының өзі айтпақшы, «Мəңгілік Ел» жобасы – елдігіміз бен бірлігіміз, ерлігіміз бен еңбегіміз сыналатын, сынала жүріп шыңдалатын үлкен сынақ, оны мүлтіксіз орындап, сүрінбей өту – ортақ парыз, абыройлы міндет». Тəуелсіздік алған 22 жылдың ішінде Қазақстан басшысы экономикасы дамыған, саяси бағдары айқындалған жасампаз мемлекеттің іргесін қалады. Бұдан бұрынғы Жолдауында Елбасы 2050 жылға дейінгі стратегиялық бағытты айқындаса, биылғы Жолдауында стратегияны жүзеге асы рудың тетіктерін көрсетіп берді. Ел дамуының жаңа бағыты бүкіл қазақстандықтардың алдына жаңа мақсат-міндеттер қойып отыр. Бұл еліміздің даму жолында жеңіл жол болмасы да анық. Ел дамуының негізгі өзегі – экономика. Қазіргі жаһандық дамудың үлгі-көрінісі болып отырған, құрамына 34 ел кіретін «Экономикалық ынтымақтастық пен даму» ұйымы дүниежүзілік ішкі жалпы өнімнің 60 пайызынан астамын өндіреді. Сондықтан да, көптеген елдер жоғарыдағы елдердің санатына кіруге аса мүдделі. Олар – Бразилия, Қытай, Үндістан, Индонезия, Ресей,

Оңтүстік Африка Республикасы. Елбасымыздың да алға қойып отырған ауқымды міндеті мен ұзақ мерзімді мақсаты сол елдердің қатарынан көрініп, халқының өмір сүру сапасын барынша жоғары көтеру болып табылады. «Тəуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі, оны ұстап тұру əлдеқайда қиын» деп атап көрсетті өз Жолдауында Елбасы. Тəуелсіз ел болып, ата-бабалар арманы ақиқатқа айналған тұста бізге бірлік пен ынтымақты сақтау аманат. Туған тілімізге қатысты мəселе де жылдар бойы айтылып келеді. Осы жолы Президенттің «Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз Мəңгілік Елімізбен бірге Мəңгілік тіл болды. Қазақ тілін даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн», деген сөзі ана тіліміздің мəртебесін асқақтата түсті деп ойлаймын. Жолдауда Елбасымыз Үкіметке 2014 жылдан бастап еліміздің əлемнің дамыған 30 елі қатарына енуінің негізгі 15 бағыты бойынша нақты тапсырмалар жүктеді. Бұл бағыттардың барлығы да уақыт талабымен үндескен. Елімізде ішкі жалпы өнім көлемінің өсімін 4 пайыздан түсірмеу, жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім көлемін 13 мыңнан 60 мың долларға дейін, яғни 4,5 есеге арттыру, ғылымды қаржыландыру көлемін ішкі жалпы өнімнің 3 пайыздық деңгейіне жеткізу, қазақстандықтардың өмір сүру жасын ұлғайту, алдыңғы қатарлы жəне бəсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін қалыптастыру міндеттерінің маңызы

зор. 2050 жылға қарай ішкі жалпы өнімнің 3 пайызы ғы лымға бөлінсе, өнеркəсіп пен ауыл шаруашылығында үлкен серпіліс болмақ. Өнімнің өзіндік құны төмендеп, сапасы артады. Ғылымның сапасын арттырып, оны өндіріспен үйлестіру үшін білім саласында да оң өзгерістер жасалуы керек. Сол мақ сатта университеттердің дербес тігі қамтамасыз етілмек. Ал мектептердің тапшылығы алдағы үш жыл ішінде шешімін табады. Қазіргі уақытта елімізде экономиканы инновациялық жобаларды дамыту арқылы өркендету маңызды. Осыған байланысты баламалы энергия көздерін пайдалану, оны өмірге енгізу жұмыс тары нақты қолға алынуда. Жолдауда Елбасы мобильді жəне мультимедиялық, нано жəне ғарыштық технологияларды, роботтық техника саласын, гендік инженерияны дамыту, болашақтың энергиясын жасау өмірлік маңызды міндет екенін атап өтті. Əлемде технологиялар мен инновациялық экономика дамыған қазіргі уақытта біздің мемлекетіміз өзгелерден қалып қоймай, жасампаз ел болуы қажет дегенді де баса айтты. Бұл айтылған мəн-маңызы зор міндеттер Қазақстанның саясиэкономикалық жағынан да, тарихи жағынан жаңашыл даму жолына түсетінін көрсетеді. Ал даму үшін Елбасы қойған міндеттерді бұлжытпай орындау лəзім. Оған жұмылған күш, біріккен білек керек. Əрбір қазақстандықтың өз болашағына үлкен сеніммен қарай алатындай мүмкіндігі болуы тиіс. Ал сенім жоғалған жерде болашақтың да болмайтыны ақиқат. Елбасы Қазақстанның кемелді келешегін құру жолында «Қазақстан-2050» Стратегиясын асқан жігерліліктің, зор еңбек пен табандылықтың арқасында дүниеге əкелді. Жүзеге асатын жүйелі жоба болғандықтан, оған қолдау аса қажет. Біз өз елімізді табысты, өркениетті елдердің қатарынан көргіміз келсе, соған сəйкес өнімді еңбек талап етілетінін ұмытпауға тиіспіз. Біз сонда ғана бабалар армандаған «Мəңгілік Ел» бола алатынымызға сеніміміз зор.

 Фотокүнделік

Суреттерді түсірген Ерлан ОМАРОВ.

 Сауал салмағы

Ет дегенде, бет бар ма?!. Осыдан үш жыл бұрын Президент Нұрсұлтан Назарбаев 2016 жылға дейін экспортқа ет шығаруды 60 мың тоннаға дейін жеткізу туралы Үкіметтің алдына міндет қойған еді. Оған Қазақстанның табиғи, климаттық мүмкіндігі молынан жететінін бəріміз де білеміз. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

Бірақ сол мүмкіндік тиімді пайдаланылмай келеді. Тапсырма берілген соң ғана біршама іс-қимылдар жасалып, ет өндіруді көбейту жұмыстары қолға алынған. Соның ішінде азды-көп жер тырнап, егін егіп жүргендерді жергілікті əкім-қаралар мал алыңдар деп біраз дігерлеген. Тіпті, мал өсірмесең, жеріңді тартып аламыз деген қорқытуларға дейін барғанын білеміз. Алайда, қанша күштесе де бұл тапсырма орындалмады. Сыртқа ет шығармақ түгіл қазақстандық ет өндірушілер ішкі рынокты толығымен қамтамасыз ете алмай отыр. Жуырда, елдегі барлық экономикалық, əлеуметтік мəселелердің қалың жұрт біле бермейтін қырларын қопарып жүретін Мəжіліс депутаты, экономика ғылымдарының докторы Тұрсынбек Өмірзақов Премьер-Министр С.Ахметовке сауал жолдап, осы мəселенің шешілмеу қырларына назар аударды. Ресми статистикалық мəліметтерге қарағанда, ет өндіру соңғы бес жылда 15 пайызға ғана артқан. Соның ішінде 2012 жылы барлық өндірілген ет көлемі 934 мың тонна болса, 2013 жылы ол 1-ақ пайызға көбейіп, 943,4 мың тоннаны құрапты, дейді депутат. Ал осы аралықта... елдің ішкі рыногындағы ет тұтыну көлемі жыл сайын 7 пайызға артып отырған.

Бұл да елдің тұрмысының жақсарып келе жатқандығының бір көрінісі болса керек. Өйткені, ең қуатты, ең дəмді, сонымен қатар, ең қымбат тағамды қолдану ұлғайған болса, бұл халқымыздың тұтынушылық əлеуетінің де артқандығының белгісі. Ал тұтынушылық əлеуеттің артуы – халықтың тұрмысының жақсарғандығының бір көрінісі. Сөйтіп, депутат Т.Өмірзақовтың келтірген дерегіне қарасақ, қазақстандықтар 2012 жылы 1 млн. 178 мың тонна ет тұтыныпты. Соның 79,3 пайызын ғана ішкі өндіріс қамтамасыз еткен. Демек, ішкі өндіріске ғана қарап отырар болсақ, қазақстандықтар жылына 55 кило ғана ет жей алады екен. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДСҰ) белгілеген нормасы бойынша əрбір адам жылына 80 кило ет жеуі керек. Ет жетіспеушілігін бүгінгі күнге дейін импорт жауып отыр. Өзгені сырттан əкелсек те етті сырттан тасығанымыз ұяттау, əрине. Бірақ амал жоқ, «ет дегенде бет бар ма» демекші, жетпеген соң оны сырттан тасуға мəжбүрміз. Соңғы бес жылда ғана ет импортының көлемі 10 есеге артыпты! Егер 2008 жылы ол 23,7 мың тонна болса, 2012 жылы 249,7 мың тоннаға жеткен. Əрине, бұл еттің көбісі Ресейден келеді жəне оның негізгі бөлігі мұздатылған жағдайда жеткізіледі. Ал мұздатылған (үсітілген) еттің сапасы мүлде төмен болатыны айтпаса да түсінікті.

 Жазылған жайдың жалғасы

 Достық дəнекері

Ќара орманымыздыѕ ќалыѕдай тїскенін ќалаймыз

Сенаторлар елшімен жїздесті

Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс жəне қауіпсіздік комитетінің төрағасы Икрам Адырбеков Армения Республикасының елшісі Ака Саакянды қабылдады. Кездесуге, сонымен бірге, сенатор Георгий Ким де қатысты.

«Егемен Қазақстан» газетінде Парламент Сенатының депутаты Жабал Ерғалиевтің «Орманды сақтау өзімізге байланысты» атты мақаласы (11 қаңтар, 2014 жыл) жариялануы Ақмола облысы жұртшылығы арасында айтарлықтай қоғамдық пікір туғызды. «Депутат дауысы» айдарымен оқырманға ұсынылған материалда Қазақстан Үкіметінің 2004 жылғы 23 сəуірдегі қылқан жапырақты орман алқаптарынан ағаш кесуге тыйым салу туралы қаулысының күшін тағы да он жылға жалғастыру мəселесі көтерілді. Біз осыған байланысты Бурабайдағы Қазақ орман шаруашылығы ҒЗИ директоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Болат МҰҚАНОВТЫ əңгімеге тартып, өз толғамдарымен бөлісуді өтінген едік.

– Болат Мəжитұлы, біздің пайымымызша, Парламент депутаты бұл мəселені ел Үкіметінің 2013 жылғы 9 тамыздағы №815 қаулысын негізге ала отырып жариялаған сияқты. Онда 100 жəне одан да жоғары жастағы қылқан жапырақты ағаштарды қайта кесу жалғасатыны айтылған. Бұған сіздің көзқарасыңыз қалай? – Сенатор салмақты мəселе көтеріп отыр. Облыс аумағындағы айрықша қорғалатын табиғи алапты «Бурабай» жəне «Көкшетау» ұлттық парктері мен Қорғалжын мемлекеттік қорығы біріктіреді. Елбасы тапсырмасына сəйкес, 1997 жылдан бастап Астананың жасыл белдеуін қалыптастыру мақсатында 65 мың гектардан астам жерге ағаш көшеттері егілді. Қазір аталған «жасыл аймақты» Щучье-Бурабай курортты аймағындағы табиғи ормандармен жалғастыру жұмыстары қызу жүргізілуде. Қойылған міндетті іске асыру заманауи ғылым жетістіктерін тиімді қолдануға негізделеді. Бұл орайда,

институтымыз Ақмола облысының аумағында да кең көлемді жұмыстар атқаруда. Мəселен, қарағайдың жаңа 7 түріне қатысты патент алдық. Оның екеуі көріктендіру міндетін атқарады, ал бесеуі гендік құндылығы жоғары тұқымдар алуға бағытталған. Бұған қосымша, Көкшетаудың таулы-қыратты алабындағы өнімділікті артты руға қатысты ұзақ мерзімді зерттеулер қорытындысымен ғалымдарымыз орман қорғау мақсатындағы ағаштар мен өскіндердің – 87, жасыл белдеуге қолайлы 200-ге жуық түрін өндіріске ұсынып отыр. Мұның қайтарымы көңілдегідей. Бірақ, орман күтімі мен зиянкестермен күрес, өрт қаупі жөніндегі ғылыми талдамалар, ішкі жағдайдың мониторингі үнемі бақылауда ұсталуы қажет. – Халық қалаулысы ел Үкіметінің 2004 жылдың 23 сəуіріндегі №460 қаулысынан кейінгі 10 жылда орман алабындағы, жалпы өс кіндерге қатысты жағдайдың жақ сарғанын алға тартады. Бұл қандай мəселелерде көрініс тапқан еді?

2013 жылғы деректерге қарасақ, оның 3 тоқсанында 3 млн. 192 мың тонна ет енгізіліпті. Кеден одағын келісіміне сəйкес, ішкі ет өндірушілердің мүддесін көздеп, сырттан келетін етке кедендік салықты арттыра алмаймыз. Сондықтан ресейлік жəне беларусьтік ет өтімді болып, күннен-күнге Қазақстан рыногын жаулап барады. Осындай жағдайда экспорт туралы сөз қозғаудың өзі артық. 2012 жылы бар болғаны 1,5 мың тонна, ал 2013 жылдың 10 айында 4 мың тонна ет жəне ет өнімдерін сыртқа шығара алыппыз. Өзінің сауалында осындай деректерді келтірген депутат Ауыл шаруашылығы министрлігінің мал шаруашылығын дамытудағы жұмысы жоққа тəн екенін атап көрсете отырып, ПремьерМинистрден Үкімет Елбасының 2016 жылы сыртқа ет сатуды 60 мың тоннаға жеткізу туралы тапсырмасын қалай орындайды деген сұрақ қояды. Сонымен бірге, ол қазақстандықтарды отандық ет өндірушілер қашан толық қамтамасыз ете алатын болады? Егер олардың бағасы сырттан əкелетін еттен арзан болса, халық сырттың үсіген етін емес, өзіміздің жас етті алмас па еді, дейді депутат. Ауыл шаруашылығы ет өндірушілерінің экспорттық əлеуетін арттыруды көздеген арнайы бағдарлама да қабылданған. Депутат осы бағдарламаны орындауға сəйкес, етті малдың саны қаншалықты артқанын да білгісі келген екен. Өзекті мəселе болғандықтан, бұл сауалға Т.Өмірзақовпен бірге бірнеше депутат қол қойыпты. Жауаптың қандай боларын біз оқырмандарға міндетті түрде жеткізуге тырысамыз.

Жүздесушілер екіжақты қатынастардың жоғары деңгейін жəне Қазақстан мен Армения халықтарының арасындағы тарихи байланыстарды атап өтті. Одан басқа, олар парламентаралық өзара іс-қимыл, аймақтық қауіпсіздік мəселелерін, сондай-ақ, еуразиялық кеңістіктегі ықпалдастық жобаларын іске асыру барысын егжей-тегжейлі талқылады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

 Əріптестік əлеуеті

Депутаттыѕ екіжаќты кездесулері – Шындығында, мораторий жарияланған уақыт аралығында орман байлығымыз молая түскені дау тудырмайды. Əсіресе, генетикалық тұтастығымен ерекшеленетін Ақмола ормандары, оның ішінде гранитті тау қойнауындағы қылқан жапырақты өскіндер алабы қоюланып, түрленгенін байқаймыз. Тіпті, ғалымдар тарапынан мұндай алқаптарға айрықша қорғалатын табиғи аймақ мəртебесін беру туралы ұсыныстары да қолдауға тұрарлық. Мұндай оң өзгерістер Ақмола аумағына ғана емес, еліміздің өзге өңірлеріне де тəн. – Мəселен. – Бір ғана мысал айтайын. Институтымыз «Республика аумағын дағы ормандарды сақтау жəне оны ұлғайту» жобасы аясында мақсатты жұмыстар атқарды. Шығыс Қазақстан

облысындағы 7 мекеме қарауындағы орман алқабы 52,4 мың гектарға, осы құрамдағы жұпарлы желек 22,8 пайызға артты. Жаппай кесу алаңдарындағы талдамаларға көз салсақ, он жыл ішінде əр гектарға шаққанда 10-13 мың дана өскін бой көтергенін байқаймыз. Орман өскіндерінің түрі де көбейіп, қазір ол бес мыңнан асады. Ағаштар мен бұталардың 620 түрі есепке алынса, соның 28-і 1981 жылы «Қызыл кітапқа» енгізілген болатын. Ел Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы қаулысымен оның саны 40-қа жеткізілді. Біздің соңғы сегіз жылдағы алдын ала зерттеулеріміз оның қатары ұлғая түсетінін көрсетуде. Бірақ, биоəркелкілікті сақтау қажырлы, ыждағатты еңбекті талап етеді.

Депутаттардың халқымыздың тұтастығын бейнелі суреттейтін «қара орманымыздың» қалыңдай түскенін қалайтыны, оған жанашыр болып отырғаны қуантады. «Мəңгілік Елге» жайнаған халқымызбен, жайқалған табиғатымызбен барудың өзі ғанибет. Бірақ, жиырма жыл бойы үздіксіз мораторий жариялау ғылыми тұрғыдан болсын, табиғи талаптар тұрғысынан болсын артықтау. Сондықтан, елімізде сексеуіл ағаштарын кеспеу туралы 2018 жылға дейін шектеу қойылған мерзімді қылқан жапырақты өскіндерге де қолданған тиімді деп есептейміз. Əңгімелескен Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».

АҚМОЛА.

Парламент Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс жəне қауіпсіздік комитетінің хатшысы Бірғаным Əйтімова Грекияның Қазақстандағы елшісі Эфтимиос Пандзопулоспен кездесті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық, оның ішінде парламентаралық байланыстарды дамыту мəселелері талқыланды. Қазақстан Парламентінің екі палатасында Грекия заң шығару органымен ынтымақтастық топтары жұмыс істейді. Сонымен бірге, Грекия Парламентінде «Грекия-Қазақстан» достық тобы бар. Сенатор елшіні Астанада алдағы уақытта болатын ЭКСПО-2017 көрмесі туралы хабардар етіп, оған грек жағының белсенді түрде қатысатынына сенім білдірді. Б.Əйтімова, сондай-ақ, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Орталығының басшысы Наталья Заруднамен де кездесті. Тараптар Қазақстан мен ЕҚЫҰ арасындағы ынтымақтастықты дамыту мəселелері бойынша пікір алмасты. Депутат Қазақстан Парламентінің маңызды саяси əріптесі болып табылатын ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясымен сындарлы ынтамақтастықты одан əрі дамытуға біздің еліміздің мүдделі екенін жеткізді.


5

www.egemen.kz

15 наурыз 2014 жыл

Қазақстан Республикасының Заңы

Оңалту жəне банкроттық туралы Осы Заң кредиторлар талаптарын борышкер толық көлемде қанағаттандыруға дəрменсіз болған кезде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, жеделдетілген оңалту рəсімін, оңалту рəсімін қолдану жəне борышкерді банкрот деп тану негіздерін белгілейді, сондай-ақ оңалту жəне банкроттық рəсімдерін жүргізудің тəртібі мен шарттарын айқындайды. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) ауылшаруашылық өнімін өндіруші – жердi пайдалана отырып, ауылшаруашылық өнiмiн өндiретiн; мал шаруашылығының, құс шаруашылығының (оның iшiнде төлдi өсiруден бастап толық циклді асыл тұқымды), омарта шаруашылығының ауылшаруашылық өнiмiн, егер осы өнiмдi, оның iшiнде қайта өңделген өнiмдi өткiзуден түсетiн табыс жылдық табыстың жалпы сомасының елу пайызынан астамын құраса, өндiретiн дара кəсіпкер немесе заңды тұлға; 2) əдейi банкроттық – заңды тұлға құрылтайшысының (қатысушысының), лауазымды адамының, органдарының, сол сияқты дара кəсiпкердiң жеке мүдделері үшін немесе өзге де тұлғалардың мүдделерi үшін жасаған əрекеттері (əрекетсіздігі) нəтижесінде төлем қабiлетсiздiгiн қасақана жасау немесе ұлғайту; 3) əкімші – сотта істерді қарау жəне оңалту рəсімі мен банкроттық рəсімін жүргізу кезеңінде белгіленген тəртіппен тағайындалатын уақытша əкімші, оңалтуды, уақытша жəне банкроттықты басқарушылар; 4) əкімшілік шығыстар – оңалту рəсіміне немесе банкроттық рəсіміне бастамашылық жасауға жəне оларды жүргізуге байланысты шығыстар; 5) банкрот – дəрменсiздiгi заңды күшіне енген сот шешімімен белгiленген борышкер; 6) банкроттық – борышкердiң сот шешiмiмен танылған, оны таратуға негiз болып табылатын дəрменсiздiгi; 7) банкроттық рəсімі – кредиторлардың талаптарын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен банкроттың мүліктік массасы есебінен қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын рəсім; 8) банкроттықты басқарушы – банкроттық рəсімін жүзеге асыру үшін оңалту жəне банкроттық саласындағы уəкілетті орган тағайындаған адам; 9) борышкер – төлем қабiлетсiздiгi оларға осы Заңда көзделген рəсiмдердi қолдануға негiз болып табылатын дара кəсiпкер немесе заңды тұлға; 10) бiртектi кредиторлар тобы – борышкерге қоятын бiрдей талаптары бар жəне оларды қанағаттандыруда бiрбiрiнiң алдында артықшылығы жоқ кредиторлар тобы. Бiртектi кредиторлар топтарын: өмiріне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу туралы талаптар бойынша кредиторлар; еңбек шарттары бойынша еңбекақы төлеу жəне өтемақыларды, сондай-ақ Мемлекеттiк əлеуметтiк сақтандыру қорына əлеуметтiк аударымдар, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кəсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешектердi төлеу бойынша кредиторлар; кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттемелер бойынша кредиторлар; салық жəне бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша кредиторлар; тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi беру шарттарынан туындайтын талаптар бойынша кредиторлар; кепiлмен қамтамасыз етiлмеген кредит (микрокредит) алуға арналған шарттардан туындайтын талаптар бойынша кредиторлар – қаржы ұйымдары (микроқаржы ұйымдары); кредиторлар – борышкердің облигацияларын ұстаушылар құрауы мүмкiн; 11) бірыңғай өндірістік кешен – жиынтығында ауылшаруашылық өнімін өндіру, дайындау, сақтау, тасымалдау, қайта өңдеу немесе өткізу кезінде бірыңғай циклді қамтамасыз ету үшін қажетті мүлік; 12) дəрменсiздiк – кредиторлардың ақшалай мiндеттемелер бойынша талаптарын толық көлемде қанағаттандыруға, еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн адамдармен еңбекақы төлеу бойынша есеп айырысуды жүргiзуге, салықтарды жəне бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi, Мемлекеттiк əлеуметтiк сақтандыру қорына əлеуметтiк аударымдарды, сондайақ мiндеттi зейнетақы жарналарын жəне міндетті кəсіптік зейнетақы жарналарын төлеудi қамтамасыз етуге борышкердiң сот белгiлеген қабiлетсiздiгi; 13) жалған банкроттық – кредиторларға тиесілі төлемдердің мерзімін кейінге қалдыру немесе ұзарту немесе борыштардан жеңілдіктер алу үшін, сол сияқты борыштарды төлемеу үшін кредиторларды жаңылыстыру мақсатымен заңды тұлға құрылтайшысының (қатысушысының), лауазымды адамының, органдарының, сол сияқты дара кəсіпкердің əрекеттері жəне (немесе) қабылдаған шешімдері нəтижесінде өзiнiң төлем қабілетсіздігі туралы көрінеу жалған хабарлау; 14) жеделдетiлген оңалту рəсiмi – сотқа дейiнгi тəртiппен кредиторлармен келiсiлген оңалту жоспары негiзiнде борышкерге қатысты сот тəртібімен қолданылатын рəсiм; 15) жоқ борышкер – тұрғылықты жерiн немесе тіркелген жерiн немесе тұрақты жұмыс істейтін органының, сондай-ақ борышкер оларсыз өз қызметiн жүзеге асыра алмайтын қатысушылары мен лауазымды адамдарының орналасқан жерін алты ай iшiнде анықтау мүмкiн болмаған борышкер; 16) кəдімгі коммерциялық операциялар – борышкердiң күнделiктi жұмыс iстеуiн қолдау мақсатында өндiрiлетiн тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң айналымымен байланысты, тұрақты сипаты бар iс-əрекеттер; 17) кепiлдi кредитор – талаптары борышкердiң мүлкiн кепiлге салумен қамтамасыз етiлген мiндеттемелер бойынша кредитор; 18) кредитор – еңбекке ақы төлеу, Мемлекеттiк əлеуметтiк сақтандыру қорына əлеуметтiк аударымдарды, міндетті зейнетақы жарналарын жəне міндетті кəсіптік зейнетақы жарналарын төлеу, авторлық сыйақы төлеу, салық жəне бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша мiндеттемелердi қоса алғанда, борышкерге азаматтық-құқықтық жəне өзiнiң өзге де мiндеттемелерiнен туындайтын мүлiктiк талаптары бар тұлға; 19) кредиторлар комитеті – кредиторлардың оңалту жəне банкроттық рəсімдерінде кредиторлар жиналысы сайлайтын жəне осы Заңда көзделген өкілеттіктерге ие өкілді органы; 20) кредиторлар талаптарының тізілімі – осы Заңда белгіленген тəртіппен оңалту немесе банкроттық рəсімдерінде қалыптасатын, мөлшері, негіздері мен туындау күні көрсетіле отырып, кредиторлардың борышкерге қоятын талаптарының тізбесі; 21) қала құраушы заңды тұлға – Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тəртіппен айқындалатын заңды тұлға; 22) лауазымды адам – акционерлік қоғам директорлары кеңесінің мүшесі, заңды тұлғаның – дəрменсіз борышкердің басшысы (басшының орынбасары), сондай-ақ заңды тұлғаның алқалы атқарушы органына кіретін, заңды тұлғаны басқару бойынша тұрақты немесе уақытша өкілеттіктер берілген өзге тұлға, заңды тұлғаның - дəрменсіз борышкердің бас бухгалтері (бас бухгалтердің орынбасары), сол сияқты оның міндеттерін уақытша атқаратын өзге тұлға;

23) мемлекеттiк қолдау шаралары – Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған тəртiппен ұйымға қатысты қолданылатын, қаржылық сауықтыруға бағытталған шаралар; 24) мүліктік масса – оңалту рəсімінде немесе банкроттық рəсімінде өндіріп алу қолданынуы мүмкін борышкердiң немесе банкроттың мүлкi, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларда өзге де тұлғалардың мүлкi; 25) оңалту жəне банкроттық саласындағы уəкілетті орган (бұдан əрі – уəкілетті орган) – оңалту жəне банкроттық саласында (банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын жəне жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда) мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 26) оңалту жоспары – оңалту рəсiмiн, жеделдетiлген оңалту рəсiмiн қолдану кезiнде борышкердi сауықтыруға бағытталған жəне жұмыс iстеп тұрған заңды тұлғаның төлем қабiлеттiлiгiн қалпына келтiру жəне жұмыс орындарын сақтау мақсатында борышкер мен кредиторлар, бiртектi кредиторлар тобы арасындағы өзара келiсiм негiзiнде жүзеге асырылатын, кредиторлар талаптарын өтеу кестесiн қоса алғанда, iске асырылу мерзiмдерi, сондай-ақ қол жеткiзiлетiн нəтижелер, пайдаланылатын ресурстар мен ықтимал тəуекелдер көрсетiлетiн өзара байланысты iс-шаралар кешенi; 27) оңалту рəсiмi – сот тəртібімен енгізілетін рəсiм, оның шеңберiнде төлемге қабiлетсiз борышкерге оның таратылуын болғызбау мақсатында борышкердің төлем қабiлеттiлiгiн қалпына келтiруге бағытталған қайта ұйымдастыру, ұйымдық-шаруашылық, басқарушылық, инвестициялық, техникалық, қаржылық-экономикалық, құқықтық жəне Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де шаралар қолданылады; 28) оңалтуды басқарушы – осы Заңда белгiленген тəртiппен оңалту рəсiмiнiң кезеңiне дəрменсiз борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқару жөнiндегі өкiлеттiк берiлетiн тұлға; 29) санация – оңалту жоспарында көзделген іс-шара, оның барысында борышкер мүлкiнiң меншік иесi (ол уəкiлеттiк берген орган), кредиторлар немесе өзге де тұлғалар төлемге қабілетсіз борышкерге қаржылық көмек көрсетедi, сондай-ақ борышкердiң резервтерiн жұмылдыру мен оның қаржылық-шаруашылық жағдайын жақсарту жөнiндегі өзге де шаралар кешенiн iске асырады; 30) уақытша əкімші – оңалту жоспарын əзірлеу кезеңінде кредиторлар талаптарының тізілімін жасау жəне кəдімгі коммерциялық операциялар шеңберінен тыс мəмілелерді келісу үшін сот тағайындаған тұлға; 31) уақытша басқарушы – борышкердің қаржылық жағдайы туралы мəліметтерді жинауды жүзеге асыру үшін, сондай-ақ банкроттықты басқарушыны тағайындағанға дейін банкроттық рəсімін жүргізу үшін сот тағайындаған тұлға; 32) үлестес тұлғалар – шешімдерді тікелей жəне (немесе) жанама айқындауға жəне (немесе) оңалту немесе банкроттық рəсімдеріне қатысушы қабылдайтын шешімдерге əсер ету, оның ішінде жасалған шартқа орай əсер ету мүмкіндігі бар жеке немесе заңды тұлға (өздеріне берілген өкілеттіктер шеңберінде бақылау жəне қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды жəне ұлттық басқарушы холдингті қоспағанда). Оңалту немесе банкроттық рəсіміндегі үлестес тұлғалардың тізбесі осы Заңның 9-бабымен белгіленеді. 2-бап. Қазақстан Республикасының оңалту жəне банкроттық туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының оңалту жəне банкроттық туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi жəне осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгендегіден өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады. 3-бап. Осы Заңның қолданылу ерекшелiктерi 1. Осы Заң қазыналық кəсiпорындар мен мекемелерден, жинақтаушы зейнетақы қорларынан, банктерден, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарынан басқа, заңды тұлғаларды жеделдетiлген оңалту рəсімі жəне оңалту, дара кəсіпкерлер мен заңды тұлғалардың банкроттығы туралы iстерге қолданылады. Сот банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, жинақтаушы зейнетақы қорын банкрот деп тану туралы шешім қабылдаған жағдайда оларды тарату Қазақстан Республикасының банк заңнамасына, Қазақстан Республикасының сақтандыру жəне сақтандыру қызметі, сондай-ақ зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сəйкес жүзеге асырылады. Банкроттық немесе оңалту рəсiмдерiн мақта өңдеу ұйымдарына, астық қабылдау кəсіпорындарына, сондайақ табиғи монополия субъектiлерiне немесе тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектiлерiне қатысты қолдану ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленуi мүмкiн. 2. Банкроттық, оңалту немесе жеделдетiлген оңалту рəсімі туралы iстердi сот осы Заңда белгiленген ерекшелiктерімен азаматтық сот iсiн жүргiзудiң жалпы қағидалары бойынша қарайды. 3. Табиғи монополия субъектiлерi немесе тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілері болып табылатын не республика экономикасы үшiн маңызды стратегиялық мəні бар, азаматтардың өміріне, денсаулығына, ұлттық қауіпсіздікке немесе қоршаған ортаға əсер ете алатын ұйымдар мен дара кəсіпкерлер, оның ішінде акцияларының пакеттері (қатысу үлестері) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес стратегиялық объектілерге жатқызылған, сондай-ақ мемлекеттiң бастамасы бойынша банкрот деп танылған ұйымдар банкрот болған кезде Қазақстан Республикасының Үкiметi азаматтар мен мемлекеттiң мүдделерiн қорғау мақсатында мүліктік массаны өткiзудiң ерекше шарттары мен тəртiбiн жəне мүліктік масса объектiлерiн сатып алушыларға қосымша талаптар белгiлеуге, сондай-ақ акцияларының пакеттерi (қатысу үлестерi) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес стратегиялық объектiлерге жатқызылған ұйымдар немесе республика экономикасы үшiн маңызды стратегиялық мəнi бар ұйымдар банкрот болған кезде мүліктік массаны ұлттық басқарушы холдингтiң сатып алуы туралы шешiм қабылдауға құқылы. 4. Шаруашылық жəне өзге де қызметтiң экологиялық тұрғыдан қауiптi түрлерiн жүзеге асыратын заңды тұлғалар банкрот болған кезде Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексiне сəйкес олардың қызметiне мiндеттi экологиялық аудит жүргiзiледi. 4-бап. Банкроттықты тану 1. Банкроттық борышкердiң сотқа берген өтiнiшi негiзiнде ерікті түрде белгiленедi. 2. Банкроттық кредиторлардың немесе осы Заңмен уəкілеттік берiлген өзге де тұлғалардың сотқа берген өтiнiшi негiзiнде мəжбүрлі түрде белгiленедi. 3. Осы Заңда белгiленген жағдайларда борышкер өзiн банкрот деп тану туралы өтiнiшпен сотқа жүгінуге мiндеттi. 4. Егер өзіне қатысты Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексi 49-бабының 1-тармағында белгiленген тəртiппен тарату туралы шешiм қабылданған заңды тұлға мүлкiнiң құны кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшін жеткiлiксiз болса, мұндай заңды

тұлға осы Заңда белгiленген қағидалар бойынша сот тəртiбiмен таратылуға тиiс. 5. Борышкердiң дəрменсiздiгi оны сот тəртiбiмен банкрот деп жариялау үшін негiз болып табылады. Дəрменсiздiк фактiсiн анықтау кезiнде борышкердiң орындау мерзiмi басталған, сондай-ақ орындауға қабылданған жəне (немесе) орындалып жатқан мiндеттемелерi ескерiлуге тиiс. 5-бап. Оңалту немесе банкроттық рəсiмiн қолдану үшін сотқа жүгіну негiздерi 1. Борышкердiң төлем қабiлетсiздiгi кредитордың борышкердi банкрот деп тану туралы арызбен сотқа жүгiнуiне негiз болып табылады. Борышкер мына шарттардың бірі жəне одан көбі басталған кезде төлемге қабілетсіз болып табылады: 1) өмір мен денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу, алименттерді өндіріп алу, еңбекақы төлеу, еңбек шарттары бойынша өтемақылар, Мемлекеттік əлеуметтік сақтандыру қорына əлеуметтік аударымдар, міндетті зейнетақы жарналары жəне міндетті кəсіптік зейнетақы жарналары жөніндегі, сондай-ақ авторлық шарттар бойынша сыйақылар жөніндегі кредиторлар алдындағы міндеттемелері оларды орындау мерзімі басталған кезден бастап үш ай ішінде орындалмаған жəне республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген бір жүз айлық есептік көрсеткіштен кем емес соманы құрайды; 2) салық берешегі бойынша борышкердің филиалдары мен өкілдіктерінің берешегін қоса алғанда, салықтар жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша кредитор алдындағы міндеттемелері оларды орындау мерзімі басталған кезден бастап төрт ай ішінде орындалмаған жəне республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген бір жүз елу айлық есептік көрсеткіштен кем емес соманы құрайды; 3) өзге кредиторлар алдындағы міндеттемелері оларды орындау мерзімі басталған кезден бастап үш ай ішінде орындалмаған жəне жиынтығында дара кəсіпкерлер үшін – республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген үш жүз айлық есептік көрсеткіштен кем емес соманы, заңды тұлғалар үшін – республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген бір мың айлық есептік көрсеткіштен кем емес соманы құрайды. Осы тармақтың талаптары жоқ борышкерді банкрот деп тану туралы өтініш беру жағдайларына қолданылмайды. 2. Борышкердiң төлем қабілетін қалпына келтiру мүмкiндiгi болмаған кездегі төлем қабiлетсiздiгi өзiн банкрот деп тану туралы өтiнiшпен сотқа жүгiнуiне негiз болып табылады. 3. Борышкердiң төлем қабілетін қалпына келтiру мүмкiндiгi болған кездегі төлем қабiлетсiздiгi немесе борышкерге таяу он екi айда ақшалай мiндеттемелердi орындау мерзiмi басталған кезде оларды орындайтындай күйде болмайтын төлем қабiлетсiздiгі қаупiнiң төнуi оның оңалту рəсiмiн қолдану туралы өтiнiшпен сотқа жүгiнуiне негiз болып табылады. 6-бап. Əдейi жəне жалған банкроттық үшін жауаптылық 1. Борышкердiң құрылтайшысы (қатысушысы) жəне (немесе) лауазымды адамдары əдейi банкроттық үшiн дəрменсiз борышкердің кредиторлары алдында өзiне тиесiлi мүлiкпен субсидиарлық жауаптылықта болады. Банкроттың лауазымды адамы борышкердi төлем қабiлетсiздiгiне əдейi əкеп соқтырғаны үшiн оның мүлкiнiң меншiк иесiне залалды өтейдi. 2. Егер борышкер сотқа банкрот деп тану туралы өтінішті жалған банкроттық мақсатында берсе, онда кредиторлар борышкерден келтiрiлген залалды өтеудi талап етуге жəне осындай шешім қабылдаған адамдарды субсидиарлық жауаптылыққа тарту туралы сотқа жүгінуге құқылы. 3. Банкроттықты басқарушы банкроттық рəсімі барысында əдейі банкроттық фактілері анықталған жағдайда, бір ай мерзімде банкроттық рəсімінің нəтижелері бойынша банкрот мүлкінің жеткіліксіз болуына қарай қанағаттандырылмай қалған кредиторлар талаптарының сомаларын өндіріп алу туралы осындай тұлғаға қатысты қуыныммен сотқа жүгінуге міндетті, ал кредиторлар осылай етуге құқылы. 4. Əкімші əдейi немесе жалған банкроттық белгiлерi анықталған кезден бастап бір ай мерзімде, сондай-ақ осы Заңның 47-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген негізде прокурордың өтініші бойынша банкрот деп танылған жағдайларда, тиісті тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа тарту үшiн құқық қорғау органдарына жүгiнуге мiндеттi. 7-бап. Борышкердiң мəмiлелерiн жарамсыз деп тану жəне мүлiктi қайтару 1. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мəмілелер, егер оларды борышкер немесе ол уəкілеттік берген тұлға Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында жəне осы Заңда көзделген негiздер болған кезде банкроттық жəне (немесе) оңалту туралы іс қозғалғанға дейін үш жыл ішінде жасасқан болса, жарамсыз деп танылады. 2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделгендерден өзге мəмілелердің жарамсыздығына мыналар негіз болып табылады: 1) жасалған мəміленің бағасы жəне (немесе) өзге де шарттар, егер мəміленің салдарлары қаржылық шығындарға əкеп соқтырса, салыстырмалы жағдайлардағы бағадан жəне (немесе) өзге де шарттардан борышкер үшін айтарлықтай нашар болып табылатын ұқсас мəмілелердің жасалуы; 2) мəміле борышкердің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде, құрылтайшылық құжаттарында шектелген қызметіне сəйкес келмейді не жарғыда айқындалған құзыретті бұза отырып жасалған; 3) мүліктің (оның ішінде уақытша пайдалануға) өтеусіз не салыстырмалы экономикалық жағдайлар кезінде біртекті немесе ұқсас тауар бағасынан борышкер үшін айтарлықтай нашар болып табылатын бағамен не кредиторлардың мүдделеріне нұқсан келтіре отырып негізі болмастан берілген; 4) егер банкроттық жəне (немесе) оңалту туралы іс қозғалғанға дейін алты ай ішінде жасалған мəміле бір кредитордың талаптарын басқаларына қарағанда артықшылықпен қанағаттандыруға əкеп соқтырса; 5) кəдімгі коммерциялық операциялардың шеңберінде жасалған шарттарды қоспағанда, егер осындай мəміленің оңалту немесе банкроттық туралы іс қозғалғанға дейін бір жыл бұрын жасалған мəмілелерден айтарлықтай айырмашылығы болса, борышкердің мүлкін сыйға тарту шарттары. 3. Осы баптың 1 жəне 2-тармақтарында көрсетілген мəн-жайлар кезінде жасалған мəмілелер анықталған жағдайда, əкімші мұндай мəмілелерді жарамсыз деп тану туралы өтінішпен сотқа жүгінуге оның ішінде мəмілені анықтаған кредитордың өтінішхаты бойынша жүгінуге міндетті. 4. Мəмілелерді жарамсыз деп тану туралы өтінішті кредиторлар комитеті белгілеген мерзімде əкімші ұсынады. 5. Мəміле жарамсыз деп танылған кезде жауапкер мəміле бойынша алғандардың бəрін қайтаруға міндетті, заттай қайтару мүмкін болмаған кезде – қайтарылуға жататын мүліктің, орындалған жұмыстардың немесе көрсетілген қызметтердің құнын өтеуге міндетті. Бұл ретте жауапкер осы Заңда көзделген тəртіппен қанағаттандыруға жататын, борышкерге талап қою құқығына ие болады.

6. Осы бапта көзделген жағдайларда мүлікті қайтару мүмкін болмаған кезде немесе мүлік оның жоғалуына, бүлінуіне не оны кейіннен үшінші тұлғалардың адал жолмен сатып алуына байланысты өтеусіз берілген кезде талап етілетін мүліктің бастапқы сатып алушылары борышкер алдында жоғалған, бүлінген не үшінші тұлғалар адал жолмен сатып алған мүліктің құны шегінде осыған байланысты туындаған залалды өтеу бойынша жауаптылықта болады. 7. Бастапқы сатып алушылардың мүлік құнын өтеуі мүмкін болмаған кезде борышкердің мүлкін иеліктен шығару туралы шешім қабылдаған тұлға, сондай-ақ осы Заңда белгіленген жағдайларда осындай мəмілені келіскен уақытша əкімші жəне уақытша басқарушы сот тəртібімен субсидиарлық жауаптылыққа тартылуға тиіс. 8. Осы баптың талаптары жобалық қаржыландыру жəне секьюритилендiру мəмiлелерiне қолданылмайды. 9. Əкімші банкроттық туралы іс қозғалғанға дейінгі үш жыл ішінде біріктіру, бөлу немесе бөліп шығару жолымен жасалған жəне активтерді шығаруға əкеп соққан борышкердің қайта ұйымдастырылуын жарамсыз деп тану туралы сотқа жүгінуге құқылы. 8-бап. Шарттардың құқықтық режимі 1. Банкроттық туралы iс қозғау банкроттық туралы іс қозғалғанға дейін борышкер контрагентінің бастамасы бойынша борышкер жасасқан шартты орындаудан біржақты бас тарту үшін негіз болып табылмайды жəне осы шарттың қолданысын тоқтатуға əкеп соқтырмайды. Тараптардың банкроттық туралы іс қозғалғанға дейін жасасқан, шартты орындаудан бас тарту жəне банкроттық туралы іс қозғау себебі бойынша осы шарттың қолданысын тоқтату туралы келісімі жарамсыз болады. 2. Оңалтуды басқарушы мынадай мəн-жайлардың бiреуi болған кезде: 1) шарт үлестес тұлғамен жасалса; 2) бұрын жасалған ұқсас шарттармен салыстырғанда шартта борышкерге ауыртпалық салатын жағдайлар болса; 3) шарт ұзақ (бір жылдан астам) мерзiмді болса не борышкердiң нəтижеге жетуi тек ұзақ мерзiмдi перспективаға есептелсе; 4) борышкердiң шартты орындауы қалған кредиторлар үшiн жағымсыз салдарларға əкеп соқтырады деп пайымдауға өзге де негiздер болса, оңалту туралы iс қозғалғанға дейiн борышкер жасасқан, екi тарап толық немесе iшiнара орындамаған шарттарды орындаудан бас тартуға құқылы. 3. Банкроттықты басқарушы кредиторлар комитетінің шешімі негізінде, банкроттық туралы іс қозғалғанға дейін жасалған шартты өзгертуге, бұзуға, орындаудан бас тартуға немесе оның жарамдылығына дауласуға, борышкер берген мүлікті қайтаруды талап етуге міндетті. 4. Оңалту немесе банкроттық туралы іс қозғалған кезден бастап жəне оңалту немесе банкроттық туралы істі тоқтату туралы сот ұйғарымы не борышкерге оңалту рəсімін қолдану немесе борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін борышкер мен оның кредиторлары арасындағы өзара талаптарды есепке алуға жол берілмейді. Оңалтуды немесе банкроттықты басқарушы, егер талаптарды есепке алу кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру кезектілігін бұзбаса, басқа тұлғалар тартылмай, тікелей, өзара негізде болып табылса, талаптарды есепке алу туралы кредиторға мəлімдеуге міндетті. Ақшаны төлеу туралы талаптар бойынша ғана есепке алуға жол беріледі. 5. Электр жəне жылу энергиясын, су шаруашылығы жəне кəріз жүйелері, байланыс жөніндегі, сондай-ақ борышкердің мүлкін қорғау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді беруші борышкерді банкрот деп тану себебі бойынша борышкермен жасалған шарттан бас тартуға құқылы емес. Оңалту немесе банкроттық туралы іс қозғалғаннан кейін осы шарттарды орындауға байланысты шығыстар əкімшілік шығыстарға жатады. 9-бап. Үлестес тұлғалар Осы Заңда мыналар үлестес тұлғалар деп танылады: 1) борышкердің немесе кредитордың акционері, құрылтайшысы (қатысушысы); 2) борышкер-дара кəсіпкердің, сондай-ақ осы баптың 1), 3) жəне 4) тармақшаларында көрсетілген жеке тұлғаның жақын туыстары, жұбайы (зайыбы), жұбайының (зайыбының) жақын туыстары; 3) шартқа сəйкес борышкер қабылдайтын шешімдерді айқындауға құқылы, оңалту жəне банкроттық рəсімдеріне қатысушымен жасалған шартпен байланысты тұлға; 4) оңалту жəне банкроттық рəсімдеріне қатысушының немесе осы баптың 1), 3), 5), 6) жəне 7) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғаның лауазымды адамдары; 5) оңалту жəне банкроттық рəсімдеріне қатысушы оған қатысты акционер, қатысушы болып табылатын не мүліктегі тиісті үлеске құқығы бар заңды тұлға; 6) оңалту жəне банкроттық рəсімдеріне қатысушымен бірге үшінші тұлғаның бақылауында болатын заңды тұлға; 7) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сəйкес оңалту жəне банкроттық рəсімдеріне қатысушының үлестес тұлғасы болып табылатын өзге де тұлға. 10-бап. Құпиялылық 1. Уəкілетті орган жəне əкімші борышкерді банкрот деп тануға дейінгі кезеңді қоса алғанда, банкрот мүлкінің меншік иесінің, құрылтайшыларының (қатысушыларының) келісімін алмастан, борышкердің қаржылық-шаруашылық қызметі туралы мəліметтерді сұратуға жəне алуға құқылы. 2. Əкімшінің не уəкілетті органның осы мəліметтер сеніп тапсырылған немесе оған қызметі немесе жұмысы бойынша белгілі болған лауазымды адамының қаржылық-шаруашылық қызмет туралы мəліметтерді жария етуі, сол сияқты осындай мəліметтерді қамтитын құжаттарды жоғалту Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа əкеп соғады. Осы баптың күші əкімші тартқан тұлғаларға қолданылады. 3. Уəкілетті органның немесе əкімшінің өздеріне ұсынылған ақпаратты Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда мемлекеттік органдарға беруі құпия ақпаратты жария ету болып табылмайды. 4. Осы Заңда көзделген рəсімдерді жүргізу кезінде мынадай ақпарат құпия болып табылмайды: 1) əкімші болып тағайындалған адам туралы; 2) кредиторлар комитетінің құрамы жəне ол қабылдаған шешімдер туралы; 3) кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілген талаптар сомасы туралы жəне оларды кезек бойынша қанағаттандыру мөлшері туралы; 4) рəсімдерді жүргізу мерзімдері туралы; 5) кредиторлар алдындағы берешекті өтеу кестесін орындау туралы; 6) əкімшінің əрекетіне (əрекетсіздігіне) шағымдардың болуы жəне оларды қарау нəтижелері туралы; 7) əкімшіні анықталған құқық бұзушылық фактілері бойынша əкімшілік жауаптылыққа тарту туралы; 8) оңалту рəсімін тоқтатудың негізі туралы; 9) əкімші кредиторлар комитетіне шешім қабылдау үшін ұсынатын; 10) осы Заңда белгіленген құқықтарды іске асыру шеңберінде осыған уəкілеттік берілген адамдар бастамашылық жасаған сот талқылаулары туралы ақпарат. 11-бап. Борышкердің құқықтық жағдайы 1. Борышкер:

1) өзінің төлем қабілетсіздігі салдарынан ақшалай міндеттемелерді жəне (немесе) еңбек жəне соған байланысты қатынастардан туындайтын міндеттемелерді белгіленген мерзімде орындауға жағдайының болмайтынын куəландыратын мəн-жайлар болған кезде оңалту рəсімін қолдану туралы өтінішпен сотқа жүгінуге; 2) оңалту жоспары бекітілген кезден бастап мүлкі мен істерін басқару құқығын сақтау туралы сотта өтініш білдіруге; 3) сотта кредиторлық берешек сомаларына дауласуға, сондай-ақ осы мақсаттар үшін аудитор ұйымдарды тартуға; 4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да құқықтарды пайдалануға құқылы. 2. Борышкер: 1) оның мүлкінің меншік иесі, ол уəкілеттік берген орган, заңды тұлғаның құрылтайшылық құжаттармен осыған уəкілеттік берілген органы оны тарату туралы шешім қабылдаған, ал мүлкінің құны кредиторлардың талаптарын толық көлемде қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болған жағдайда өзін банкрот деп тану туралы сотқа жүгінуге; 2) егер бір кредитордың немесе бірнеше кредитордың талаптарын қанағаттандыру оның басқа кредиторлар алдындағы ақшалай міндеттемелерін толық көлемде орындаудың мүмкін болмауына əкелсе, өзін банкрот деп тану туралы сотқа жүгінуге; 3) борышкер төлем қабілетсіздігінің басталғаны туралы білген немесе білуге тиіс болған кезден бастап алты ай ішінде өзін банкрот деп тану туралы сотқа жүгінуге; 4) əкімшіні тағайындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде сотқа жəне əкімшіге қаржылықшаруашылық қызмет туралы ақпаратты, оның ішінде борышкерде бар мүлік, оның ішінде кепіл ауыртпалығы салынған, мүліктік жалдауда (жалға алуда) жəне (немесе) лизингте тұрған мүлік туралы, банктік шоттарда жатқан ақша туралы, шоттардың нөмірлері жəне банктердің орналасқан жері, дебиторлық берешек сомасы туралы мəліметтерді ұсынуға; 5) оңалтуды басқарушыға ол тағайындалған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде құрылтайшылық құжаттарын, мөрлерді, мөртабандарды, он бес жұмыс күні ішінде – есепке алу құжаттамасын, екі ай ішінде – материалдық жəне өзге де құндылықтарды беруге; 6) уақытша басқарушы тағайындалған күннен бастап қарау арқылы зерделеу үшін есепке алу құжаттамасына оның қол жеткізуін қамтамасыз етуге; 7) бухгалтерлік құжаттаманың, бухгалтерлік есепке алу жəне қаржылық есептілік жүйелерінің толықтығы мен анықтығын қамтамасыз етуге; 8) оңалту жоспарын кредиторлар жиналысында қарау күнінен кейінгі күннен кешіктірмей, оны танысу үшін уақытша əкімшіге ұсынуға; 9) құпия болып табылатын мəліметтерді қоспағанда, оңалту рəсімін жүргізу кезінде борышкердің кез келген кредиторына оның жазбаша сұрау салуы негізінде сұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей өз қызметінің жүзеге асырылу барысы туралы ақпаратты ұсынуға; 10) сұрау салу негізінде сотқа, оңалтуды, уақытша немесе банкроттықты басқарушыға жəне кредиторлар комитетіне өзінің қаржылық жағдайы мен шаруашылық қызметі туралы ақпаратты, түсіндірмені ұсынуға; 11) əр айдың он бесінші күнінен кешіктірмей, оңалту рəсімін жүргізу кезеңіндегі қаржылық жағдай, алдыңғы айдағы кəдімгі коммерциялық операциялар барысында жүргізілген мəмілелер туралы ақпаратты кредиторлар комитетінің назарына жеткізуге; 12) егер осындай іс-əрекеттер оңалту жоспарында көзделмесе, оңалту рəсімін жүргізу кезеңінде заңды тұлғаның мүлкін пайдаланбауға немесе оны кредиторлар жиналысының шешімінсіз пайдалануға жол бермеуге; 13) оңалту рəсімін жүргізу кезеңінде кəдімгі коммерциялық операциялар шеңберінен тыс мəмілелерді уақытша əкімшімен келісуге; 14) осы Заңда көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті. 3. Борышкердің мүлкі мен істерін басқару құқығы борышкер мүлкінің меншік иесінде, құрылтайшыларда (қатысушыларда) қалған жағдайларда борышкердің органдарына осы Заңда оңалтуды басқарушы үшін көзделген, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзырет шегінде өкілеттіктер жəне жауаптылық қолданылады. 4. Борышкердің құрылтайшысы (қатысушысы), борышкер мүлкінің меншік иесі немесе лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған жағдайда аталған адамдар өздерінің іс-əрекеттері нəтижесінде келтірілген залалды өтей отырып, тиісті жауаптылыққа тартылады. 5. Осы баптың 2-тармағының 1) – 6) тармақшаларында көзделген талаптарды орындау міндеттеріне кіретін борышкердің лауазымды адамдары борышкердің мүлкі барлық кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болған жағдайда, осы баптың 2-тармағы 1) – 6) тармақшаларының ережелерін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес ортақ субсидиарлық жауаптылықта болады. 12-бап. Əкімші 1. Осы Заңда белгіленген жағдайларда, оңалту рəсiмiн, борышкердiң қаржылық жағдайы туралы мəліметтерді жинауды немесе банкроттық рəсімін жүзеге асыру мақсаттарына қол жеткiзу үшін оларды өткізу кезеңiнде борышкердің барлық органдары басқарудан шеттетiледi жəне борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқару жөнiндегi өкiлеттiктер əкімшіге берiледi. Əкімші борышкердiң жалғыз басқарушы органы ретiнде əрекет етедi жəне өз өкiлеттiктерiн борышкердiң орналасқан жерi бойынша жүзеге асыруға мiндеттi. Осы тармақтың ережелерi осы Заңның 69-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларға қолданылмайды. 2. Уəкiлеттi органда тiркелген адам осы Заңда белгіленген тəртіппен əкімші болып тағайындалады. Осы Заңның 78-бабының 2-тармағында жəне 118-бабында көзделген жағдайды қоспағанда, əкімшіге осы Заңмен жүктелген өкiлеттiктер өзге адамдарға берілмейді. 3. Мыналар: 1) үлестес тұлғалар; 2) заңда белгіленген тəртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адамдар; 3) наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған адамдар; 4) сот əрекетке қабілетсіз немесе əрекет қабілеті шектеулі деп таныған адамдар əкімші болып тағайындалмайды. 4. Əкімші ретінде қызметті жүзеге асыру үшін адамдарға қойылатын біліктілік талаптары мыналар: 1) жоғары заңгерлік немесе экономикалық бiлiмiнiң болуы; 2) экономикалық, қаржылық немесе заң қызметі салаларында кемінде үш жыл жұмыс тəжiрибесiнiң болуы; 3) Қазақстан Республикасының азаматтығы. 5. Біліктілік емтиханын тапсыру жəне біліктілік талаптарына сəйкес келу əкімші ретінде тіркелу үшін негіздер болып табылады. Біліктілік емтиханы қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі. Біліктілік емтиханын өткізу тəртібін уəкілетті орган белгілейді. 6. Уəкілетті орган тіркеу туралы өтініш берілген (Жалғасы 6-бетте).


6

www.egemen.kz

(Жалғасы. Басы 5-бетте). күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей тіркеуді жүргiзедi. Уəкiлеттi орган осы тармақта көзделген мерзiм iшiнде өтiнiш берушiге – тiркелгенi туралы растауды, ал тiркеуден бас тартқан жағдайда бас тартудың себептерi көрсетiлген дəлелдi жауапты жiбередi. Тiркеу туралы өтiнiште көрсетiлген деректер өзгерген кезде, уəкiлеттi органда тiркелген адам уəкiлеттi органға бес жұмыс күнi iшiнде хабарлауға мiндеттi. 7. Уəкiлеттi орган мынадай: 1) құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған; 2) өтiнiш берушi осы бапта белгiленген талаптарға сай болмаған; 3) біліктілік емтиханының қорытындылары қанағаттанарлықсыз болған; 4) өтiнiш берушi бұрын осы баптың 8-тармағының 1), 2) жəне 3) тармақшаларында көзделген негiздердiң бiрi бойынша тiркеуден шығарылған жағдайларда тіркеуден бас тартады. Осы тармақшаның ережелерi осы баптың 8-тармағының 1), 2) жəне 3) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша тiркеуден шығарылған өтiнiш берушiге үш жыл бойы қолданылады. 8. Уəкiлеттi орган əкiмшiнің қызметiн жүзеге асыру мақсатында тiркелген тұлғаны тiркеуден шығаруды мынадай: 1) тiркеу кезiнде анық емес мəлiметтерді ұсыну фактiсi анықталған; 2) кредитордың немесе борышкердің мүдделеріне нұқсан келтіруге əкеп соққан, осы Заңда белгіленген талаптар бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі жəне одан көп рет) бұзылған; 3) осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасына орай əкімшіні тағайындауға кедергі болатын мəн-жайлардың болуы себебінен оның бас тартуын қоспағанда, əкімші ретінде қызметті жүзеге асырудан бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі жəне одан көп рет) бас тартылған; 4) қайтыс болған; 5) өз еркімен тiркеуден шығару туралы өтiнiш берілген; 6) Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған; 7) экономикалық жəне сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы не экономикалық жəне сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы шығарылған; 8) осы адамға қатысты айыптау үкімі заңды күшіне енген; 9) наркологиялық немесе психиатриялық диспансерде есепке қойылған; 10) сот тəртібімен əрекетке қабілетсіз немесе əрекет қабілеті шектеулі деп танылған; 11) əкімші осы баптың 3-тармағы негізінде оның оңалтуды немесе банкроттықты басқарушы болып тағайындалуына кедергі болған мəн-жайлардың болуы туралы хабарламаған, оларды кейіннен оңалту рəсімі немесе банкроттық рəсімі барысында уəкілетті орган анықтаған жағдайларда жүргізеді. 9. Уəкілетті орган тіркеуден шығарғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде: 1) сотқа – уақытша басқарушыны, уақытша əкімшіні тіркеуден шығару туралы; 2) кредиторлар жиналысына – оңалтуды не банкроттықты басқарушыны тіркеуден шығару туралы хабарлама жібереді. 10. Əкімші мынадай: 1) уəкілетті органда тіркеуден шығарылған; 2) осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасына орай əкімшіні тағайындауға кедергі болатын мəн-жайлардың болуы себебінен ол өкілеттіктерді орындаудан бас тартқан; 3) кредиторлар жиналысы оны шеттету туралы шешім қабылдаған; 4) тексеру нəтижелері бойынша осы Заңда белгіленген талаптарды əкімшінің бұзғаны анықталған жағдайларда өз өкілеттіктерін орындаудан шеттетіледі. 11. Əкімші өз еркімен жұмыстан босату туралы өтініш берген жағдайда, осы Заңда белгіленген тəртіппен жүктелген өкілеттіктерді орындаудан босатылады. 12. Əкімші жүктелген өкiлеттiктердi орындаудан шеттетiлген немесе босатылған жағдайда жаңадан тағайындалған əкімші өзінен алдыңғысының құқық мирасқоры болып табылады. 13. Əкімші уəкілетті органда тіркелген кезден бастап əрбір үш жыл сайын уəкілетті органға растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсына отырып, уəкілетті орган айқындаған тəртіппен экономика, қаржы немесе заң салаларында өз біліктілігін арттыруға міндетті. 14. Əкімші осы Заңмен реттелетін қатынастарға уəкілетті орган белгілеген тəртіппен электрондық тəсілмен қатысуға құқылы. 13-бап. Əкімшінің сыйақысы 1. Əкімшінің негізгі сыйақысының ең төмен мөлшері мен оны төлеу тəртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. 2. Оңалтуды жəне банкроттықты басқарушыға қосымша сыйақы борышкердің мүлкінен кредиторлар жиналысының шешімі негізінде осы тармақта белгіленген шектерде мынадай: 1) заңсыз шығарылған мүлік қайтарылған жəне осындай мүлікті немесе мəмілелерді анықтау бойынша оңалтуды жəне банкроттықты басқарушы жүргізген жұмыс нəтижелері бойынша мəмілелер жарамсыз деп танылған жағдайларда: банкроттықты басқарушыға – қайтарылған мүлікті өткізуден түскен жəне кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруға бағытталған соманың екі пайызына дейін; оңалтуды басқарушыға – қайтарылған мүліктің бағалау құнының үш пайызына дейін; 2) дебиторлық берешек өндіріп алынған жағдайда: банкроттықты басқарушыға – өндіріп алынған жəне кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруға бағытталған соманың екі пайызына дейін; оңалтуды басқарушыға – осындай берешектің өндіріп алынған сомасының үш пайызына дейін төленеді. 14-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің оңалту жəне банкроттық саласындағы құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Заңда көзделген функцияларды жəне өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен жəне Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды. 15-бап. Уəкiлеттi органның құзыретi Уəкiлеттi орган: 1) əкiмшiнiң қызметiн жүзеге асыру құқығы бар адамдарды тiркеудi жəне оларды тiркеуден шығаруды жүргiзедi; 2) кредиторлар жиналысы ұсынған кандидатураны оңалтуды жəне банкроттықты басқарушы етіп тағайындайды; 3) оңалтуды жəне банкроттықты басқарушыны шеттетеді; 4) оңалту рəсiмiнің жəне банкроттық рəсiмiнің жүргiзiлуiн мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады; 5) оңалтуды басқарушының – оңалту рəсiмiнің жүзеге асырылу барысы туралы, уақытша басқарушының – борышкердің қаржылық жағдайы туралы мəліметтерді жинау мен банкроттық рəсімінің жүзеге асырылу барысы туралы, банкроттықты басқарушының – банкроттық рəсiмiнің жүргiзілу барысы туралы ағымдағы ақпаратын қарайды; 6) оңалтуды жəне банкроттықты басқарушылардың қорытынды есебiнiң нысандарын бекiтедi; 7) санацияға қатысушыдан растайтын құжаттарды сұратады;

8) борышкердiң мүлкiн (активтерiн) сату бойынша электрондық аукционды өткізу тəртiбiнiң сақталуын бақылауды жүзеге асырады; 9) осы Заңда көзделген жағдайда банкроттың мүлкін уақытша басқарушының сатуын келіседі; 10) жалған жəне əдейi банкроттық белгiлерiн анықтайды; 11) əкiмшiнiң iс-əрекеттерiне жасалған шағымдарды қарайды; 12) осы Заңның 7-бабында көрсетiлген мəн-жайлар кезінде жасалған мəмiлелердi анықтау бойынша шаралар қолданады; 13) əкімшілерді есепке алу, оңалтуды жəне банкроттықты басқарушыларды тағайындау жəне шеттету тəртібін, сондай-ақ əкімшінің біліктілігін арттыру тəртібін айқындайды; 14) оңалту жоспарының тиімділігі (тиімсіздігі) туралы уақытша əкімші қорытындысының үлгі нысандарын бекітеді; 15) мемлекеттiк органдардан, заңды тұлғалардан жəне олардың лауазымды адамдарынан төлемге қабiлетсіз жəне дəрменсiз борышкерлер туралы ақпаратты сұратады жəне алады; 16) уақытша жəне банкроттықты басқарушыларға банкрот деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі бар тұлғаның банктік шоттарының бар-жоғы жəне олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдықтары мен қозғалысы туралы ақпаратты ұсынады; 17) осы Заңды бұзушылықтар анықталған жағдайда əкімшінің шешiмдерi мен əрекеттерiн (əрекетсiздiгiн) сотта даулайды; 18) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сəйкес ақпараттық жүйелердi қолдана отырып, электрондық қызметтер көрсетедi; 19) заңда белгiленген жағдайларда жəне тəртiппен əкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасайды жəне олар туралы iстердi қарайды, өз құзыретi шегiнде əкiмшiлiк жазалар қолданады; 20) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес міндетті ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тəуекел дəрежесiн бағалау критерийлерiн, тексерулердің жартыжылдық жоспарларын əзiрлейдi жəне бекiтедi; 21) өз құзыреті шегінде оңалту жəне банкроттық рəсімдерін енгізу, жүргізу жəне тоқтату жөнінде түсініктеме беру мен түсіндіруді жүзеге асырады жəне береді; 22) борышкердің қаржылық жағдайы туралы уақытша басқарушы қорытындысының үлгі нысандарын бекітеді; 23) уəкілетті органның интернет-ресурсында оларды банкрот деп тану туралы сот шешімдері заңды күшіне енген банкроттардың тізімін жариялайды; 24) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жəне Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 16-бап. Уəкілетті органның мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы 1. Уəкілетті орган мемлекеттік органдармен өзара ісқимыл жасайды, өзара ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді. 2. Мемлекеттік органдар оңалту жəне банкроттық саласындағы қызметті жүзеге асыру бойынша міндеттерді орындауда уəкілетті органға жəрдем беруге міндетті. 3. Уəкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен мемлекеттік органдармен электрондық тəсілмен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға құқылы. 17-бап. Оңалту жəне банкроттық рəсімдерінің жүргізілуін мемлекеттік бақылау 1. Оңалту жəне банкроттық рəсімдерін жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылауды уəкілетті орган жүзеге асырады. 2. Əкімшінің қызметін мемлекеттік бақылау: 1) тексерулер нысанында; 2) мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандарында жүзеге асырылады. 3. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандарына: əкімшінің қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдарды есепке алу; камералдық бақылау; сұрау салуларды жіберу; рəсімдердің жүргізілу барысы туралы ақпаратты қабылдау жатады. 4. Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес жүзеге асырылады. 18-бап. Камералдық бақылау 1. Камералдық бақылау тəуекелдерді басқару жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. 2. Камералдық бақылаудың мақсаты əкімшіге камералдық бақылау нəтижелері бойынша уəкілетті орган анықтаған бұзушылықтарды өз бетінше жою мүмкіндігін беру болып табылады. 3. Камералдық бақылауды уəкілетті орган жүзеге асырады. Камералдық бақылауды жүргізудің тəртібі мен мерзімдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. 4. Камералдық бақылау нəтижелері бойынша əкімшінің əрекетінде (əрекетсіздігінде) бұзушылықтар анықталған жағдайда, анықталған бұзушылықтардың сипаттамасы қоса беріле отырып, камералдық бақылау нəтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама ресімделеді. 19-бап. Сұрау салуларды жіберу жəне рəсімдердің жүргізілу барысы туралы ақпаратты қабылдау 1. Əкімшілердің қызметін бақылауды жүзеге асыру мақсатында уəкілетті орган сұрау салулар жібереді. 2. Атына сұрау салу келіп түскен мемлекеттік орган, жеке жəне заңды тұлға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жəне тəртіппен уəкілетті органға кез келген құпия ақпаратты (банктік, салықтық, коммерциялық құпия) ашуға жəне борышкерге жəне əкімші жүзеге асыратын оңалту немесе банкроттық рəсіміне қатысты құпия ақпаратты қамтитын кез келген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға міндетті. 3. Сұрау салуды орындау мерзімі орындаудың неғұрлым ұзақ мерзімі осы сұрау салуда көрсетілген жағдайларды қоспағанда, сұрау салу келіп түскен күннен бастап он жұмыс күнін құрайды. 4. Əкімші рəсімдердің жүргізілу барысы туралы ақпаратты ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей, ұсынылатын ақпаратқа енгізілген мəліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, уəкілетті органға ұсынуға міндетті. Рəсімдердің жүргізілу барысы туралы ақпаратты əкімшінің ұсынған күні, оны ұсыну тəсіліне қарай: 1) өзі келу тəртібімен - уəкілетті орган рəсімдердің жүргізілу барысы туралы ақпаратты қабылдаған күн; 2) пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен – пошта немесе өзге де байланыс ұйымының қабылдағаны туралы белгісі қойылған күн болып табылады. 20-бап. Хабарламалар 1. Əкімшіге мынадай: 1) қызметін тексеру нəтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар үшін шеттетілген алдыңғы əкімшінің осы бұзушылықтарын жою туралы; 2) əкімшінің қызметін камералдық бақылау нəтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламалар жіберіледі. 2. Осы бапта көрсетілген хабарламаларды жі бе рудің тəртібін, нысандары мен мерзімде рін, сон дай-ақ осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген хабарламаның орындалуы туралы есептің тəртібін, мерзімдері мен нысандарын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

15 наурыз 2014 жыл

3. Хабарлама əкімшіге қолын қойдыра отырып жеке өзіне немесе жөнелту мен алу фактісін растайтын өзге де тəсілмен табыс етілуге тиіс. Бұл ретте төменде тізбеленген тəсілдердің бірі арқылы жіберілген хабарлама əкімшіге мынадай жағдайларда: 1) қолма-қол – əкімші алғаны туралы хабарламада белгі қойған күннен бастап; 2) электрондық тəсілмен – əкімшіні уəкілетті органда тіркеу (қайта тіркеу) кезінде əкімшінің өтініште көрсетілген электрондық мекенжайына уəкілетті орган жөнелткен күннен бастап табыс етілген болып есептеледі. 21-бап. Əкімшілердің ағымдағы жəне сұратылатын ақпаратты ұсыну жəне қабылдау тəртібі Əкімші ағымдағы жəне уəкілетті орган сұрататын оңалту рəсімінің немесе банкроттық рəсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ақпаратты уəкілетті органға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нысан бойынша, тəртіппен жəне мерзімдерде ұсынады. 2-тарау. КРЕДИТОРЛАР 22-бап. Кредиторлардың жеделдетілген оңалту рəсіміне, оңалту рəсіміне, банкроттық рəсіміне қатысуы 1. Жеделдетілген оңалту рəсімі, оңалту рəсімі, банкроттық рəсімі барысында барлық кредиторлардың мүдделерін осы Заңға сəйкес құрылатын кредиторлар жиналысы білдіреді. 2. Жеделдетілген оңалту рəсімі туралы, оңалту, банкроттық туралы іс қозғалған кезден бастап кредиторлар осы Заңда белгіленген тəртіппен ғана өздерінің талаптарын қанағаттандыру мақсатында борышкерге жəне (немесе) əкімшіге жүгінуге құқылы. 23-бап. Кредиторлар жиналысы 1. Жеделдетілген оңалту рəсімі кезінде кредиторлар жиналысына қатысу құқығы оңалту жоспарына енгізілген барлық кредиторларға тиесілі. 2. Оңалту рəсімі жəне банкроттық рəсімі кезінде кредиторлар жиналысына қатысу құқығы кредиторлар жиналысын өткізу күніне кредиторлар талаптарының тізіліміне талаптары енгізілген кредиторларға тиесілі. Кредиторлар жиналысына борышкер мүлкінің меншік иесі (ол уəкілеттік берген орган), құрылтайшылар (қатысушылар) жəне уəкілетті органның өкілдері қатысуға құқылы. 3. Кредиторлар жиналысының өкілеттіктері осы Заңның 34, 75 жəне 93-баптарында көзделген. 24-бап. Кредиторлар жиналысын шақыру тəртібі 1. Кредиторлар жиналысын ұйымдастыруды жəне өткізуді осы Заңда көзделген жағдайларда борышкер немесе əкімші жүзеге асырады. 2. Кредиторлар жиналысы: 1) борышкердің; 2) əкімшінің; 3) кредиторлар комитетінің; 4) талаптары тізілімге енгізілген кредиторлар талаптарының жалпы сомасының кемінде он пайызын не кредиторлардың жалпы санының кемінде он пайызын құрайтын кредиторлардың бастамашылығы бойынша шақырылуы мүмкін. 25-бап. Кредиторлар жиналысын өткізу туралы ақпараттық хабар 1. Осы Заңның мақсаттары үшін кредиторларға, сондай-ақ кредиторлар жиналысына қатысуға құқығы бар өзге де тұлғаларға кредиторлар жиналысы өткізілетіні туралы хабардың кредиторлар жиналысы өткізілетін күнге дейін күнтізбелік жиырма күннен кешіктірілмей пошта арқылы тапсырыс хатпен жіберілуі тиісінше хабардар ету болып танылады. Егер кредиторлар саны елуден астам болған жағдайда, кредиторлар жиналысы өткізілетін күнге дейін күнтізбелік жиырма күннен кешіктірілмей, кредиторлар жиналысы өткізілетіні туралы хабарландырудың уəкілетті органның интернетресурсында қазақ жəне орыс тілдерінде жариялануы тиісінше хабардар ету болып танылады. Тұрақты немесе көбіне тұратын немесе орналасқан жері бойынша жеке хабардар ету үшін қажет мəліметтерді анықтау мүмкін болмаған кезде не мұндай хабардар ету мүмкін болмайтын өзге де мəн-жайлар болған кезде кредиторлар жиналысының өткізілетіні туралы мəліметтерді осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген тəртіппен жариялау мұндай адамдарды тиісінше хабардар ету деп танылады. Борышкерде интернет-ресурс болған кезде кредиторлар жиналысының өткізілетіні туралы хабарды кредиторлар жиналысы өткізілетін күнге дейін күнтізбелік жиырма күннен кешіктірмей көрсетілген интернет-ресурста жариялау міндетті болып табылады. Осы тармақтың күші оңалту рəсімі немесе банкроттық рəсімі кезінде кредиторлардың алғашқы жиналысын өткізу туралы кредиторларды хабардар етуге қолданылмайды. Кредиторлардың алғашқы жиналысын өткізу туралы хабарламаны кредиторларға жіберу тəртібі: оңалту рəсімі кезінде – осы Заңның 72-бабының 6-тармағында; банкроттық рəсімі кезінде – осы Заңның 91-бабының 1-тармағында айқындалады. Кредиторлар жиналысын өткізу туралы хабарлама кредиторларға жіберілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде əкімші уəкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру үшін кредиторлар жиналысын өткізу туралы хабарламаны қазақ жəне орыс тілдерінде уəкілетті органға жібереді. Уəкілетті орган хабарламаны алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оны өзінің интернет-ресурсында орналастыруға міндетті. 2. Кредиторлар жиналысын өткізу туралы хабарда мынадай мəліметтер: борышкердің атауы, заңды мекенжайы; кредиторлар жиналысының өткізілетін күні, уақыты мен орны; кредиторлар жиналысының күн тəртібі; кредиторлар жиналысының қарауына жататын материалдармен танысу тəртібі қамтылуға тиіс. 3. Кредиторлардың алғашқы жиналысын қоспағанда, жиналысқа тікелей қатысу мүмкін болмаған жағдайда, кредитор сырттай, оның ішінде пошта арқылы тапсырыс хатпен немесе электрондық тəсілмен дауыс беруге құқылы. Егер кредитор сырттай дауыс беретін болса, ол бұл туралы борышкерге, оңалтуды немесе банкроттықты басқарушыға жиналыс өткізілетін күнге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлауға тиіс. Оңалтуды немесе банкроттықты басқарушы жиналыс өткізілетін күнге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей күн тəртібіне қатысты материалдарды осындай кредиторға танысу үшін жіберуге немесе ұсынуға міндетті. 26-бап. Кредиторлар жиналысының шешімдер қабылдауы 1. Борышкер немесе əкімші кредиторлар жиналысы ашылғанға дейін жиналысқа қатысушыларды тіркеуді жүргізеді. 2. Кредиторлар жиналысы оған сырттай дауыс беретіндерді қоса алғанда, кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілген жəне кредиторлар жиналысын өткізу күніне қанағаттандырылмаған кредиторлар талаптары жалпы сомасының елуден астам пайызын құрайтын дауыс санына ие кредиторлар қатысқан жағдайда заңды болып табылады. Қайта шақырылған кредиторлар жиналысы кредиторлар жиналысының өткізілетін уақыты мен орны туралы кредиторлар тиісті түрде хабардар етілген жағдайда, оған кредиторлар талаптарының жалпы сомасының кемінде жиырма бес пайызын құрайтын дауыс санына ие кредиторлар қатысқан жағдайда заңды болып табылады. 3. Кредиторлар жиналысының шешімдері хаттамамен ресімделеді. 4. Кредиторлар жиналысының отырысын оған

қатысып отырған кредиторлар қатарынан сайланған төрағалық етуші жүргізеді. Хаттаманы қатысып отырған кредиторлар қатарынан сайланатын хатшы жүргізеді. Төраға мен хатшы жай көпшілік дауыспен сайланады. Хаттамаға төрағалық етуші, əкімші, хатшы жиналыс өткізілген күні қол қояды жəне ол борышкердің мөрімен куəландырылады. 5. Тəртібі осы Заңның 99-бабының 6-тармағында айқындалатын борышкердің мүлкін (активтерін) тікелей сату туралы шешімдер қабылданатын жағдайларды қоспағанда, кредиторлар жиналысының шешімдері сырттай дауыс беретіндерді қоса алғанда, кредиторлар жиналысына қатысушы кредиторлардың дауыс санының көпшілік дауысымен қабылданады. Əкімші кредиторлардың шешімдерді қабылдауы үшін əрбір кредитордың дауыс санын «талаптардың бір теңгесі – бір дауыс» қағидаты бойынша айқындайды. Тұрақсыздық айыбы (айыппұлдар, өсімпұл), жіберіп алған пайда түріндегі шығындар, сондай-ақ өзге де мүліктік жəне (немесе) қаржылық санкциялар кредиторлар жиналысында дауыс санын айқындау мақсаттары үшін есепке алынбайды. Кредиторлар жиналысы шешімдер қабылдаған кезде: 1) осы Заңның 72-бабының 3-тармағына немесе 90-бабының 4-тармағына сəйкес дауыс беру құқығынан айырылған кредиторлардың; 2) қалған кредиторлардың талаптары толық қанағаттандырылғанға дейін борышкерге қатысты үлестес тұлғалар болып табылатын кредиторлардың дауыс беру құқығы болмайды. Кредитор талаптарының қанағаттандырылуына қарай оның дауыс саны қанағаттандырылған талаптар сомасына азаяды. 6. Кредиторлар жиналысының хаттамасы үш данада жасалады, олардың біреуі оған қол қойылғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде уəкілетті органға, екіншісі кредиторлар комитетіне беріледі, үшіншісі əкімшіде қалады. Кредиторлар жиналысының хаттамасына: жиналысқа қатысушыларды тіркеу ведомосының; жиналысқа қатысушыларға танысу жəне (немесе) бекіту үшін ұсынылған материалдардың; кредиторлардың кредиторлар жиналысының өткізілетін күні мен уақыты туралы тиісінше хабардар етілгені туралы куəландыратын құжаттардың; борышкердің немесе əкімшінің қалауы бойынша өзге де құжаттардың көшірмелері қоса берілуге тиіс. 27-бап. Кредиторлар комитеті 1. Кредиторлар комитеті жеделдетілген оңалту рəсімі, оңалту рəсімі жəне банкроттық рəсімі кезінде осы Заңда белгіленген тəртіппен құрылады. 2. Кредиторлар комитетінің құрамын кредиторлар жиналысы қалыптастырады жəне бекітеді. Кредиторлар комитетінің құрамына біртекті кредиторлардың əрбір тобынан өкілдер кіреді. Кредиторлар комитетіндегі мүшелердің ең аз саны салықтар жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша жалғыз кредиторы бар борышкерге қатысты банкроттық рəсімін жүргізу жағдайларын қоспағанда, үш адамнан кем болмайды. Кредиторлар комитетінің мүшесі үлестес тұлға болмауға тиіс. 3. Қалыптастырылған жəне бекітілген кредиторлар комитетінің құрамына өзгерістер енгізудің негіздері: 1) кредиторлар комитетінің құрамына кіретін кредиторлар алдындағы міндеттемелерді орындау; 2) кредиторға кредиторлар комитетінің құрамында болуға кедергі болатын мəн-жайлар (заңды күшіне енген сот актілері, кредитордың таратылуы не қайтыс болуы жəне басқалар); 3) үлестес тұлғалардың анықталуы; 4) кредиторлар комитеті мүшесінің кредиторлар комитетінің отырыстарына дəлелсіз себеппен екі реттен артық қатыспауы болып табылады. 4. Кредиторлар комитетінің отырысын өткізу туралы хабарламаны əкімші отырыс өткізілетін күнге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей пошта арқылы тапсырыс хатпен жібереді. 5. Кредиторлар комитетінің өкілеттіктері осы Заңның 76 жəне 94-баптарында көзделген. 28-бап. Кредиторлар комитетінің шешім қабылдауы 1. Кредиторлар комитетінің отырысы комитет мүшелерінің кемінде төрттен үші қатысқан кезде заңды болып табылады. 2. Кредиторлар комитетінің шешімі «комитеттің бір мүшесі – бір дауыс» қағидаты бойынша кредиторлар комитеті мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыс беру рəсімінде дауыстар тең болған кезде кредиторлар комитетінің төрағасына шешуші дауыс құқығы беріледі. 3. Кредиторлар комитетінің отырысы хаттамамен ресімделеді. Хаттамада отырыстың өткізілген күні мен орны, дауыс беруге қатысқан кредиторлар комитетінің мүшелері, күн тəртібі, дауыс беру нəтижелері мен қабылданған шешімдер туралы мəліметтер қамтылуға тиіс. Хаттамаға дауыс беруге қатысқан кредиторлар комитетінің барлық мүшелері мен əкімші қол қояды жəне ол борышкердің мөрімен куəландырылады. Əкімші хаттамаға қол қойылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде оны уəкілетті органға, кредиторлар комитетінің мүшелеріне жібереді. Хаттаманың бір данасы əкімшіде болады. 4. Кредиторлардың, борышкер мүлкінің меншік иесінің (олар уəкілеттік берген органдардың), құрылтайшылардың (қатысушылардың) кредиторлар комитетінің отырысына қатысуға құқығы бар. 3-тарау. ЖЕДЕЛДЕТІЛГЕН ОҢАЛТУ РƏСІМІ 29-бап. Жеделдетiлген оңалту рəсiмiн қолдану 1. Жеделдетiлген оңалту рəсiмi борышкер мынадай шарттарға сəйкес болған: 1) борышкерге қатысты оңалту туралы немесе банкроттық туралы iс қозғалмаған; 2) борышкер коммерциялық ұйым болып табылған; 3) борышкер төлемге қабiлетсiз болып табылған не таяу он екi айда ақшалай мiндеттемелердi орындау мерзiмi басталған кезде оларды орындауға қабiлетсiз болатын кезде қолданылады. 2. Өмiрге немесе денсаулыққа зиян келтiргенi үшiн борышкер жауаптылықта болатын азаматтардың талаптарын қоспағанда, борышкерге қатысты жеделдетiлген оңалту рəсiмi бiртектi кредиторлар тобы (топтары) алдындағы мiндеттемелер бойынша, еңбек шарты бойынша жұмыс iстеген адамдарға еңбекақы төлеу жəне өтемақылар, Мемлекеттiк əлеуметтiк сақтандыру қорына əлеуметтiк аударымдар бойынша, міндетті зейнетақы жарналар жəне міндетті кəсіптік зейнетақы жарналар бойынша берешектердi төлеу бойынша, авторлық шарттар бойынша сыйақыларды төлеу бойынша, сондай-ақ салық жəне бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша қолданылады. 3. Мемлекеттiк қолдау шараларына қатысушы болып табылатын борышкерге қатысты жеделдетiлген оңалту рəсiмi мұндай шараларды қолдану шарттарына сəйкес бiртектi кредиторлардың кез келген тобының (топтарының) мiндеттемелерi бойынша қолданылады. 4. Мыналар: 1) борышкер; 2) оңалту жоспарына енгiзiлген бiртектi кредиторлар тобына (топтарына) кiретiн кредиторлар жеделдетiлген оңалту рəсімі туралы iске қатысушы адамдар болып табылады. 5. Сот жеделдетiлген оңалту рəсiмiнде: 1) жеделдетiлген оңалту рəсiмiн қолданады жəне тоқтатады; 2) мемлекеттiк қолдау шараларына қатысушы болып табылатын борышкердiң жоспарын қоспағанда, оңалту жоспарын бекiтедi; 3) мемлекеттік қолдау шараларына қатысушы болып табылатын борышкердiң жоспарын қоспағанда, оңалту жоспарына өзгерiстер мен толықтыруларды бекiтедi;

4) борышкер жауапкер ретінде болатын мүлiктiк сипаттағы даулар бойынша iстердi өзiнiң іс жүргiзуiне қабылдайды; 5) жеделдетілген оңалту рəсiмiне қатысушылар арасындағы дауларды шешедi; 6) қорытынды есепті бекiтедi. 30-бап. Жеделдетiлген оңалту рəсiмiнiң мерзiмi Жеделдетiлген оңалту рəсiмiнiң жүзеге асырылу ұзақтығы екi жылдан аспауға тиiс. Сот борышкердiң өтiнiшi бойынша рəсiмнiң жүзеге асырылу мерзiмiн кредиторлар жиналысының келiсiмiмен ұзартуға, бірақ алты айдан аспайтын мерзiмге ұзартуға құқылы. Борышкерге мемлекеттiк қолдау шаралары қолданылған жағдайда, сот бекiтiлген оңалту жоспарына сəйкес рəсiмнің мерзiмiн белгiлейдi. 31-бап. Борышкердің жеделдетілген оңалту рəсiмiн қолдану туралы өтiнiшi 1. Төлем қабiлеттiлiгін қалпына келтіру, төлем қабiлетсiздiгі басталуының алдын алу мүмкiндiгi бар болған кезде борышкер жеделдетілген оңалту рəсiмiн қолдану туралы өтінішпен сотқа жүгінуге құқылы. 2. Борышкердiң өтiнiшi сотқа жазбаша нысанда берiледi. Оған құрылтайшылық құжаттарына сəйкес борышкердің басшысы не оны ауыстыратын адам қол қояды. 3. Борышкердiң өтiнiшiнде: 1) өтiнiш берiлетiн соттың атауы; 2) кредиторлық берешек сомасы туралы мəлiметтер; 3) кредиторлардың оңалту жоспарын мақұлдағаны туралы ақпарат; 4) алдағы төлемдердi уақтылы өтеу мүмкiн еместiгiнiң себептерiн қоса алғанда, кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру мүмкiн еместiгiнiң негiздемесi; 5) борышкердегі бар мүлiк, оның iшiнде кепіл ауыртпалығы салынып, мүліктік жалдаудағы (жалға алудағы) жəне (немесе) лизингтегі мүлiк туралы, банктік шоттардағы ақша, шоттардың нөмiрлерi жəне банктердің орналасқан жері, дебиторлық берешек сомасы туралы мəлiметтер; 6) борышкердiң орындалу мерзiмi басталмаған мiндеттемелерi туралы мəлiметтер; 7) шешiмдердi қабылдау үшін қажетті ақпаратты кредиторлар алдында ашу туралы борышкердiң жазбаша мiндеттемесi; 8) оңалту жоспарына енгiзiлмеген бiртектi кредиторлар топтарына жататын кредиторлардың кəдімгі коммерциялық операциялар шеңберінде тиесiлi төлемдердi алатыны жəне ұсынылған оңалту жоспары олардың құқықтарын өзгертпейтiнi жəне қозғамайтыны туралы борышкердiң мiндеттемесi; 9) қоса берiлетiн құжаттардың тiзбесi қамтылуға тиіс. Егер борышкер өзге де мəліметтер сотта iстi қарау үшін қажет деп есептесе, борышкердiң өтiнiшiнде олар көрсетiлуi мүмкiн. Осы тармақтың бірінші бөлігінің 4), 5), 6) жəне 8) тармақшаларының талаптары мемлекеттік қолдау шараларына қатысушы болып табылатын борышкерге қолданылмайды. 4. Жеделдетілген оңалту рəсiмiне бастамашылық ету жөнiндегi шығыстар борышкердiң қаражаты есебiнен жабылады. 5. Борышкердiң жеделдетiлген оңалту рəсiмiн қолдану туралы өтiнiшiне: 1) мемлекеттiк баждың белгiленген тəртiппен жəне мөлшерде төленгенiн; 2) берешектiң болғанын не оның басталғанын, сондай-ақ борышкердiң кредиторлар талаптарын қанағаттандыруға қабiлетсiздiгiн растайтын басқа да құжаттарды; 3) борышкердiң өтiнiшi негiзделетін өзге де мəнжайларды растайтын құжаттар қоса берiледi. Мемлекеттiк қолдау шараларына қатысушы болып табылатын борышкер мұндай шараларға қатысушының мəртебесiн растайтын құжатты қосымша ұсынады. Осы тармақтың бірінші бөлігі 2) тармақшасының талаптары мемлекеттiк қолдау шараларына қатысушы болып табылатын борышкерге қолданылмайды. 6. Борышкердiң өтiнiшiне сонымен қатар: 1) оңалту жоспары; 2) берешек сомасы, оның пайда болған күнi көрсетiлген жəне бiртектi кредиторлардың топтары бойынша бөлiнген кредиторлар тiзбесi; 3) отырыстың хаттамасы жəне (немесе) талаптарының сомасы оңалту жоспарына енгiзiлген бiртектi кредиторлардың əрбiр тобы (топтары) талаптарының жалпы сомасының елу пайызынан астамын құрайтын кредиторлардың оңалту жоспарын мақұлдағаны туралы жазбаша растауы; 4) соттар iс жүргiзуге қабылдаған борышкерге қатысты қуынымдар, сондай-ақ даусыз (акцептісiз) есептен шығарылуға қойылған талаптар туралы мəлiметтер; 5) егер кредиторлар мұндай органды оңалту жоспарын қарау жəне келiсу кезеңiнде құрса, кредиторлар органы мүшелерiнiң тiзiмi; 6) құрылтайшылық құжаттарының көшiрмелерi қоса берiледi. Осы тармақтың бірінші бөлігі 2), 3) жəне 4) тармақшаларының талаптары мемлекеттiк қолдау шараларына қатысушы болып табылатын борышкерге қолданылмайды. 7. Борышкердiң өтiнiшiне қоса берiлетiн барлық құжаттарға өтiнiш берген адам қол қояды жəне олар мөрмен куəландырылады. 8. Егер: 1) борышкер осы Заңның 29-бабында белгiленген шарттарға сəйкес келмеген; 2) өтiнiш осы бапта белгiленген талаптарға сəйкес келмеген жағдайларда, сот борышкердiң жеделдетiлген оңалту рəсiмiн қолдану туралы өтiнiшін қарамастан қайтарады. 32-бап. Жеделдетiлген оңалту рəсімі туралы iс бойынша iс жүргiзудi қозғау жəне оның салдарлары 1. Осы Заңның 31-бабында белгiленген талаптарға сəйкес келетiн, жеделдетiлген оңалту рəсiмiн қолдану туралы өтiнiштi алысымен, сот өтiнiш келiп түскеннен кейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей iс қозғау туралы ұйғарым шығарады. 2. Жеделдетiлген оңалту рəсімі туралы iс бойынша iс жүргiзу қозғалған кезден бастап: 1) борышкер мүлкiнiң меншiк иесiне (ол уəкiлеттiк берген органға), құрылтайшыларға (қатысушыларға), заңды тұлғаның барлық органдарына мүлiктi кəдімгі коммерциялық операциялар шеңберiнен тыс пайдалануға жəне өткізуге тыйым салынады; 2) оңалту жоспарына енгiзiлген бiртектi кредиторлар тобына кiретiн кредиторлардың, сондай-ақ борышкер мүлкiнiң меншiк иелерiнiң (олар уəкiлеттiк берген органдардың), құрылтайшылардың (қатысушылардың) борышкердің мүлкiне қатысты қуынымдары бойынша соттардың, аралық соттардың бұрын қабылданған шешiмдерiн орындау жеделдетiлген оңалту рəсімін тоқтату туралы сот шешім шығарғанға дейін тоқтатыла тұрады; 3) оңалту жоспарына енгiзiлген бiртектi кредиторлар тобына кiретiн кредитордың (кредиторлардың) өтiнiшi бойынша банкроттық туралы iстерді қозғауға жол берiлмейдi; 4) борышкер мемлекеттiк қолдау шараларына қатысушы мəртебесiн алған жағдайда кредитордың (кредиторлардың) өтiнiшi бойынша банкроттық туралы iс қозғауға жол берiлмейдi; 5) борышкер оңалту жоспарына енгiзiлген бiртектi кредиторлар тобының əрбiр кредиторына iс бойынша iс жүргiзудiң қозғалғаны туралы хабарламаны бес жұмыс күнi iшiнде жiберуге мiндеттi; 6) кредиторлар хабарламада көрсетiлген кредиторлық берешек сомаларымен келiспеген жағдайда, (Жалғасы 7-бетте).


(Жалғасы. Басы 5-6-беттерде). жеделдетiлген оңалту рəсімі туралы iстi қарайтын сотқа хабарлама алған кезден бастап бес жұмыс күнi iшiнде қарсылық жiберуге құқылы; 7) жеделдетiлген оңалту рəсiмiне тартылған кредиторлардың талаптары, оның iшiнде даусыз (акцептiсiз) тəртiппен қанағаттандырылуға жататын талаптар бойынша борышкердiң банктiк шоттарынан ақшаны өндiрiп алуға, сондай-ақ борышкер мүлкiнен өндiрiп алуды қолдануға жол берiлмейдi. 3. Борышкер кредиторларға жiберетiн хабарламада: 1) жеделдетiлген оңалту рəсімі туралы iс қозғалғаны туралы ақпарат; 2) жеделдетiлген оңалту рəсімі туралы iс қозғау туралы ұйғарымды шығарған соттың атауы жəне оның орналасқан жерi; 3) жеделдетiлген оңалту рəсiмiн қолдану туралы өтiнiшке қоса берілген құжаттарда көрсетiлген кредиторлар талаптарының сомасы, сондай-ақ жеделдетiлген оңалту рəсiмiне қатысатын бiртектi кредиторлар тобы (топтары) талаптарының жалпы сомалары; 4) көрсетiлген кредиторлық берешек сомаларымен келiспеген жағдайда, кредитордың хабарламаны алған кезден бастап бес жұмыс күнi iшiнде сотқа қарсылық беру мүмкіндігі туралы ақпарат қамтылуға тиiс. 4. Борышкер жеделдетiлген оңалту рəсiмi туралы iс бойынша iс жүргізу қозғалған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде хабарландырулардың көшiрмелерiн, кредиторлардың хабарламаларды алғанын не кредитордың орналасқан жерi бойынша болмау себебiнен оларды табыс ету мүмкiн болмағанын растай отырып, хабарламалардың түпнұсқаларын сотқа ұсынуға тиiс. 33-бап. Iстiң сотта қаралуы 1. Қазақстан Республикасының азаматтық сот iсін жүргiзу заңнамасында көзделген iс-əрекеттерден басқа, жеделдетiлген оңалту рəсімі туралы iстi сот талқылауына дайындау кезiнде сот жеделдетiлген оңалту рəсiмiне тартылған кредиторларды жəне прокурорды iстiң сотта қаралатын уақыты мен орны туралы хабардар етедi. 2. Iстi алдын ала дайындау аяқталғаннан кейiн, бiрақ ол қозғалғаннан кейiн күнтізбелік он бес күннен кешiктiрiлмей, жеделдетiлген оңалту рəсімі туралы iс сот талқылауына тағайындалуға тиiс, бұл туралы сот ұйғарым шығарады. Сот жеделдетiлген оңалту рəсімі туралы iстi iс қозғалған күннен бастап бiр айдан аспайтын мерзiмде қарауға тиiс. 3. Жеделдетiлген оңалту рəсімі туралы iстi алдын ала дайындау мерзiмi iс қозғалған кезден бастап күнтізбелік он бес күннен аспауға тиiс. 4. Сот мынадай шарттар орындалғанда: 1) сот талқылауы барысында борышкер төлем қабiлетсiздiгiн не орындау мерзiмi таяу он екi айда басталатын ақшалай мiндеттемелердi орындаудың мүмкiн еместiгiн дəлелдеген; 2) борышкер iс бойынша iс жүргiзудiң қозғалғандығы туралы кредиторларды хабардар ету жөніндегі талаптарды толық көлемде орындаған; 3) жеделдетiлген оңалту рəсiмiн қолдануға келiсiм бермеген кредиторлардың мүлiктiк мүдделерi оңалту жоспарында ескерiлген; 4) оңалту жоспарын мақұлдаған кредиторлардың талаптары бiртектi кредиторлардың тиiстi тобы (топтары) талаптарының жалпы сомасының елу пайызынан астамын құраған кезде жеделдетiлген оңалту рəсiмiн қолдану туралы сот шешiмi шығарылады. Осы тармақтың бірінші бөлігі 1) жəне 4) тармақша ларының талаптары мемлекеттiк қолдау шараларына қатысушы болып табылатын борышкерге қолданылмайды. 5. Сот шешiмi: 1) борышкердiң атауын, оның орналасқан жерiн, банктiк шоттары туралы мəлiметтердi, бизнес сəйкестендiру нөмiрiн, басшысының тегiн, атын, əкесiнiң атын (ол болған кезде), телефонның байланыс нөмiрiн; 2) жеделдетiлген оңалту рəсiмiн қолдану туралы нұсқауды; 3) мемлекеттiк қолдау шараларына қатысушы болып табылатын борышкерге жеделдетiлген оңалту рəсiмiн қолдану жағдайларын қоспағанда, оңалту жоспарын бекiту туралы нұсқауды; 4) жеделдетiлген оңалту рəсiмiнiң мерзiмi туралы мəлiметтердi; 5) оңалту жоспарына енгiзiлген кредиторлар тiзбесiн; 6) оңалту жоспарына енгiзiлген бiртектi кредиторлар тобы (топтары) талаптарының сомасын; 7) осы Заңда көзделген жеделдетiлген оңалту рəсiмiн қолдану салдарының басталуы туралы нұсқауды; 8) борышкердiң оңалту жоспарын орындау нəтижелерi бойынша қорытынды есеп ұсынуы туралы нұсқауды қамтуға тиiс. 6. Сот: 1) сот талқылауы барысында борышкер төлем қабiлетсiздiгiн жəне (немесе) алдағы төлемдердi уақтылы өтеу мүмкiндiгi жоқтығын растамаған; 2) борышкер осы Заңның 32-бабы 4-тармағының талаптарын орындамаған жəне борышкер кредиторды оның орналасқан жерi бойынша болмауы себебінен хабардар етудiң мүмкiн болмағанын дəлелдемеген; 3) кредиторларға жiберiлген iс бойынша iстi қозғау туралы хабарламалар осы Заңның 32-бабы 3-тармағының талаптарына сəйкес келмеген; 4) жеделдетiлген оңалту рəсiмiн қолдануға келiсiм бермеген кредиторлардың мүлiктiк мүдделерi оңалту жоспарында ескерiлмеген; 5) оңалту жоспарына келiсiм берген бiртектi кредиторлар тобына жатпайтын кредиторлардың құқықтарын оңалту жоспары өзгертетін жəне қозғайтын; 6) борышкер ұсынған құжаттар оңалту жоспарына енгiзiлген бiртектi кредиторлардың əрбiр тобы талаптарының жалпы сомасының елу пайызынан астамын бiлдiретiн кредиторлардың оңалту жоспарын мақұлдағанын растамаған жағдайларда жеделдетiлген оңалту рəсiмiн қолданудан бас тартады. Осы тармақтың бірінші бөлігі 5) жəне 6) тармақшаларының талаптары мемлекеттiк қолдау шараларына қатысушы болып табылатын борышкерге қолданылмайды. 34-бап. Жеделдетiлген оңалту рəсiмi кезіндегі кредиторлар жиналысы 1. Кредиторлардың алғашқы жиналысы жеделдетiлген оңалту рəсiмiн қолдану туралы сот шешiмi шығарылған кезден бастап бiр айдан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде өткiзiлуге тиiс. 2. Мемлекеттiк қолдау шараларына қатысушы болып табылатын борышкерге жеделдетiлген оңалту рəсiмi қолданылған жағдайда, борышкердiң жоғарыда көрсетілген шаралар шеңберiнде қалыптастырылған кредиторлар органдарына кредиторлар жиналысы мен комитетiнiң осы Заңда белгiленген өкiлеттiктерi қолданылады. 3. Кредиторлардың жиналыстарын, кредиторлар комитетiнiң отырыстарын өткiзу, кредиторларды хабардар ету жөнiндегi шығыстар борышкердiң қаражаты есебiнен жабылады. 4. Кредиторлар жиналысының ерекше құзыретiне: 1) кредиторлар комитетiн құру туралы шешім қабылдау; 2) кредиторлар комитетiнiң санын айқындау жəне кредиторлар комитетінің құрамы мен төрағасының кандидатурасын бекiту; 3) кредиторлар комитетiнiң құрамына өзгерiстер енгiзу; 4) оңалту жоспарына өзгерiстер мен толықтыруларды келiсу; 5) кредиторлар комитетi мүшелерiнiң жеделдетiлген оңалту рəсiмiнің жүзеге асырылу барысы туралы

7

www.egemen.kz

15 наурыз 2014 жыл

ақпаратты кредиторлардың назарына жеткiзуі тəртiбiн айқындау; 6) оңалту жоспарында көзделмеген кəдімгі коммерция лық операциялар шеңберiнен тыс мəмiле лердi келiсу; 7) жеделдетiлген оңалту рəсiмiнің мерзімін ұзартуға келісім беру; 8) қорытынды есепті келісу; 9) осы Заңда көзделген өзге де өкiлеттiктер жатады. 35-бап. Оңалту жоспары 1. Оңалту жоспары борышкердiң төлем қабiлеттiлiгiн қалпына келтiру (оңалту шаралары), орындау мерзiмi басталмаған мiндеттемелердi өтеу мүмкiн еместiгiне байланысты төлем қабiлетсiздiгінiң туындауын болғызбау жөніндегі нақты iс-шараларды жəне жеделдетiлген оңалту рəсiмiне қатысатын бiртектi кредиторлар топтары алдындағы берешектi өтеу жəне (немесе) алдағы төлемдер кестесiн қамтуға тиiс. Оңалту жоспарына өзгерiстер мен толықтырулар кредиторлар жиналысының келiсiмiмен енгiзiледi жəне оны сот бекiтедi. 2. Оңалту шаралары санацияны, электрондық аукцион өткізу арқылы мүлiкті (активтерді) сатуды, борышкердің талап ету құқықтарын басқаға берудi, негiзгi борыш сомасының бiр бөлiгiн есептен шығаруды, өсiмпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығаруды, борыштарды акцияларға айырбастауды, бiтiмгершiлiк келiсiм жасасуды жəне басқаларды қоса алғанда, борышкердiң төлем қабiлеттiлiгiн қалпына келтiруге бағытталған кез келген ұйымдық-шаруашылық, техникалық, қаржылық-экономикалық, құқықтық жəне Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де iс-шараларды қамтуы мүмкiн. 3. Егер оңалту жоспары ақша тарту көзi ретiнде кредиттер (микрокредиттер) алуды қамтыған, сондай-ақ мемлекеттiк қолдау шараларын көздеген жағдайда, оңалту жоспарына кредит (микрокредит) алуға арналған шарт не қаржы ұйымының (микроқаржы ұйымының) оң шешiмi не мемлекеттiк қолдау шараларына қатысушы мəртебесiн алғандығын растайтын құжат қоса беріледi. 36-бап. Жеделдетiлген оңалту рəсiмiн қолданудың жəне оңалту жоспарын бекiтудің салдарлары 1. Сот жеделдетiлген оңалту рəсiмiн қолдану туралы шешiм шығарған жəне оңалту жоспарын бекiткен кезден бастап мынадай салдарлар басталады: 1) кредиторлар жиналысының немесе борышкерге мемлекеттiк қолдау шараларын қолдану кезiнде құрылатын кредиторлардың өзге де органдарының келiсiмiнсiз, оңалту жоспарында көзделгендердi қоспағанда, борышкер мүлкiнiң меншiк иесiне (ол уəкiлеттiк берген органға), құрылтайшыларға (қатысушыларға), заңды тұлғаның барлық органдарына мүлiктi кəдімгі коммерциялық операциялар шеңберiнен тыс пайдалануға жəне өткiзуге тыйым салынады; 2) оңалту жоспарына енгiзiлген бiртектi кредиторлар тобына кiретiн кредиторлардың, сондай-ақ борышкер мүлкiнiң меншiк иелерiнiң (ол уəкiлеттiк берген органдардың), құрылтайшылардың (қатысушылардың) борышкер мүлкiне қатысты қуынымдары бойынша соттардың, аралық соттардың бұрын қабылданған шешiмдерiн орындау тоқтатыла тұрады; 3) оңалту жоспарына енгiзiлген бiртектi кредиторлар тобына кiретiн кредитордың (кредиторлардың) өтiнiшi бойынша банкроттық туралы iс қозғауға жол берiлмейдi; 4) борышкерге мемлекеттiк қолдау шаралары қолданылған жағдайда, кредитордың (кредиторлардың) өтiнiшi бойынша банкроттық туралы iс қозғауға жол берiлмейдi; 5) жеделдетiлген оңалту рəсiмiне тартылған кредиторлардың талаптары, оның iшiнде даусыз (акцептісiз) тəртiппен қанағаттандырылуға жататын талаптары бойынша борышкердiң банктік шоттарынан ақша өндiрiп алуға, сондай-ақ борышкердiң мүлкiне өндiрiп алуды қолдануға жол берiлмейдi. 2. Жеделдетiлген оңалту рəсiмiнiң мерзiмi iшiнде борышкер əр айдың 15-iнен кешiктiрмей алдыңғы айдағы қаржылық жағдай, кəдімгі коммерциялық операциялар барысында жүргiзiлген мəмiлелер туралы ақпаратты кредиторлар комитетiнiң назарына жеткiзуге, кредиторлар комитетiнiң талабы бойынша кез келген ақпаратты ұсынуға мiндеттi. 3. Оңалту жоспарына енгізілген кредиторлармен есеп айырысулар оңалту жоспарында көзделген өтеу кестесiне сəйкес жүзеге асырылады. 4. Жеделдетiлген оңалту рəсiмiне тартылмаған, қалған кредиторлармен есеп айырысулар кəдiмгi коммерциялық операциялар шеңберiнде жүргізіледі. 37-бап. Жеделдетiлген оңалту рəсiмiн тоқтату 1. Сот жеделдетiлген оңалту рəсiмiн: 1) кредиторлар жиналысымен келiсiлген қорытынды есеп ұсынылған; 2) егер мерзiмдi ұзарту үшiн негiз болмаса, жеделдетiлген оңалту рəсiмiнiң мерзiмi өткен; 3) кредиторлар жиналысының шешiмi негiзiнде жиналыс уəкiлеттiк берген тұлғаның өтiнiшi бойынша оңалту жоспарын орындау кезiнде, сондай-ақ осы Заң нормаларын бұзушылықтар анықталған; 4) өтеу кестесiн үш айдан астам мерзiм iшiнде орындамаған борышкерге қатысты кредитор өтiнiш берген; 5) оңалту жоспарына енгiзiлген бiртектi кредиторлар тобына жатпайтын кредитордың не талаптары жеделдетiлген оңалту рəсiмiн өткiзу кезеңiнде туындаған кредитордың өтiнiшi бойынша банкроттық туралы iс қозғалған; 6) құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылған жəне (немесе) оңалту жоспарында ескерілмеген, оңалту жоспарына енгiзiлген бiртектi кредиторлар тобына кіретін кредитор өтiнiш берген жағдайларда тоқтатады. 2. Жеделдетілген оңалту рəсiмi тоқтатылған кезден бастап осы Заңның 36-бабында белгіленген шектеулер алып тасталады, кредиторлар Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес өз құқықтарын іске асыруды жүзеге асырады. 4-тарау. ОҢАЛТУ НЕМЕСЕ БАНКРОТТЫҚ ТУРАЛЫ IСТЕРДI СОТ ТƏРТIБIМЕН ҚАРАУ 38-бап. Оңалту немесе банкроттық туралы іс қозғау тəртiбi 1. Осы Заңның 5-бабында көзделген негіздер болған кезде оңалту туралы іс бойынша іс жүргізу борышкердің өтініші негізінде сотта қозғалады. Борышкердің банкроттық туралы істі қозғау туралы сот ұйғарымының көшірмесін алған күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде оңалту рəсімін қолдану туралы өтінішті сотқа жіберуге де құқығы бар. 2. Сотта банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізу осы Заңның 5-бабында көзделген негіздер болған кезде – борышкердiң, кредитордың (кредиторлардың), осы Заңның 47-бабында көзделген жағдайларда – прокурордың, осы Заңның 82-бабында көзделген жағдайда – оңалтуды басқарушының өтiнiшi негiзiнде қозғалады. 3. Борышкерді банкрот деп тану туралы кредитордың өтінішін сотқа беру құқығына салықтарға жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерге қатысты – салық жəне өзге де уəкілетті мемлекеттік орган, сондай-ақ азаматтық-құқықтық жəне өзге де міндеттемелер бойынша кредитор-жеке жəне заңды тұлғалар ие болады. 4. Сот оңалту рəсiмiн қолдану туралы немесе борышкердi банкрот деп тану туралы өтiнiштi іс жүргiзуге қабылдау туралы ұйғарым шығарған кезден бастап оңалту немесе банкроттық туралы iс бойынша iс жүргiзу қозғалды деп есептеледі. 5. Борышкер, оңалтуды басқарушы берген банкрот деп тану туралы өтiнiш соттың тиiстi шешiмiнсiз қайтарып алынбайды. Осы Заңның 82-бабында көзделген негіздер

бойынша өтiнiш берiлген жағдайларды қоспағанда, кредитордың (кредиторлардың), прокурордың өтiнiштерін олар борышкердi банкрот деп тану туралы шешiм қабылданғанға дейiн қайтарып алуы мүмкiн. 39-бап. Оңалту немесе банкроттық туралы iске қатысушы тұлғалар Мыналар: 1) борышкер; 2) кредиторлар; 3) кредиторлардың еңбекақы төлеу жөнiндегi өкiлi; 4) прокурор; 5) борышкер мүлкiнiң меншік иесi немесе ол уəкiлеттiк берген тұлға; 6) уəкiлеттi орган; 7) уақытша басқарушы; 8) оңалтуды басқарушы оңалту немесе банкроттық туралы iске қатысушы тұлғалар бола алады. 40-бап. Борышкердiң өтiнiшi 1. Борышкер оңалту рəсімін қолдану немесе өзiн банкрот деп тану туралы: 1) заңды тұлғаның құрылтайшылық құжаттарымен уəкiлеттiк берiлген органының; 2) борышкер мүлкiнің меншік иесiнiң немесе ол уəкiлеттiк берген органның шешiмi негiзiнде сотқа жүгiнуге құқылы. 2. Борышкер осы Заңның 11-бабы 2-тармағының 1) – 3) тармақшаларында белгіленген жағдайларда өзін банкрот деп тану туралы өтінішпен сотқа жүгінуге міндетті. 41-бап. Борышкер өтiнiшiнiң нысаны мен мазмұны 1. Борышкердiң өтiнiшi сотқа жазбаша нысанда берiледi. Оған борышкер – заңды тұлғаның басшысы не құрылтайшылық құжаттарына сəйкес оны ауыстыратын адам қол қояды. 2. Борышкердiң өтiнiшi: 1) өтiнiш берiлетiн соттың атауын; 2) кредиторлар талаптарын қанағаттандырудың мүмкiн еместiгiнiң негiздемесiн; 3) онда бар мүлiк, оның iшiнде кепiл ауыртпалығы салынған, мүліктік жалдаудағы (жалға алудағы) жəне (немесе) лизингідегі мүлiк, банктік шоттардағы ақша, шоттардың нөмiрлерi жəне банктердiң орналасқан жерi туралы мəлiметтердi, орналасқан жерлерi мен берешек сомалары көрсетiлген дебиторлар тiзбесiн; 4) орындалу мерзiмi басталмаған мiндеттемелерi туралы мəлiметтердi; 5) қызметiнiң табиғи монополия саласына қатысы туралы немесе осы борышкердiң тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектiсi болып табылатыны туралы ақпаратты; 6) қоса берiлетiн құжаттар тiзбесiн қамтуға тиiс. Борышкердiң өтiнiшiнде, егер банкроттық немесе оңалту туралы iстi қарау үшін қажет болса, өзге де мəлiметтер, сондай-ақ өтiнiш берушiде бар өтінішхаттар көрсетiлуi мүмкiн. Борышкер сотқа өтініш берумен бір мезгілде уəкiлеттi органға өтiнiштiң жəне оған қоса берiлетiн құжаттардың көшiрмелерiн жiберуге мiндеттi. 42-бап. Борышкердiң өтiнiшiне қоса берiлетiн құжаттар 1. Борышкердi банкрот деп тану туралы оның өтiнiшiне: 1) мемлекеттiк баждың белгiленген тəртiппен жəне мөлшерде төленгенiн; 2) берешегінiң бар екендігін, сондай-ақ борышкердiң кредиторлар талаптарын қанағаттандыруға қабiлетсiздiгiн; 3) борышкердiң өтiнiшi негiзделетiн өзге де мəнжайларды растайтын құжаттар қоса берiледi. 2. Борышкердi банкрот деп тану туралы оның өтiнiшiне сондай-ақ: 1) борышкердiң өзiн банкрот деп тану туралы өтiнiшпен сотқа жүгiнуiне негiз болған, оның мүлкінің меншік иесінің, ол уəкілеттік берген органның немесе құрылтайшылардың (қатысушылардың), заңды тұлға органдарының шешiмi; 2) соңғы үш жылдағы жəне өтiнiш берген кезге қаржылық есептiлiк, көрсетiлген кезеңдегі борышкердiң барлық мiндеттемелерi бойынша салық есептiлiгі, тиiстi берешектiң сомалары мен құралған күнi көрсетіле отырып (еншілес ұйымдар болған жағдайда, шоғырландырылған қаржылық есептілік те қоса беріледі), барлық кредиторлар мен дебиторлардың тiзбесi (жеке сəйкестендiру нөмiрi немесе бизнес сəйкестендiру нөмiрi, тегі, аты, əкесінің аты (ол болған жағдайда) жəне (немесе) толық атауы, заңды мекенжайы); 3) еңбекке ақы төлеу бойынша кредиторлардың банкроттық туралы iске қатысу үшiн олардың өкiлi жасырын дауыс беру арқылы сайланған жиналысының (конференциясының) хаттамасы; 4) құрылтайшылық құжаттарының көшiрмелерi; 5) егер борышкер табиғи монополия субъектiсi болып табылған жағдайда, табиғи монополиялар салаларында жəне реттелетiн нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уəкiлеттi органның борышкердiң өзiн банкрот деп тану туралы сотқа жүгiнуi туралы жазбаша хабарламасын алған кезден бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде ұсынатын қорытындысы; 6) егер борышкер тиiстi тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектiсi болып табылған жағдайда, монополияға қарсы органның борышкердiң өзiн банкрот деп тану туралы сотқа жүгiнуi туралы жазбаша хабарламасын алған кезден бастап он жұмыс күні iшiнде беретiн қорытындысы; 7) соттар iс жүргiзуге қабылдаған, борышкерге қатысты қуынымдар туралы, сондай-ақ даусыз (акцептiсiз) есептен шығаруға қойылған талаптар туралы мəлiметтер қоса берiледi. 3. Осы баптың 2-тармағының 1), 3) жəне 7) тармақшаларында көзделгендердi қоспағанда, оңалту рəсiмiн тоқтату жəне борышкердi банкрот деп тану туралы оңалтуды басқарушының өтiнiшi осы баптың 1 жəне 2-тармақтарында көзделген мəлiметтер мен құжаттарды қамтуға тиiс. 4. Борышкердiң оңалту рəсiмiн қолдану туралы өтiнiшiне: 1) мемлекеттiк баждың белгiленген тəртiппен жəне мөлшерде төленгенiн; 2) берешегінің бар екендігін, сондай-ақ борышкердiң кредиторлар талаптарын қанағаттандыруға қабiлетсiздiгiн не ақшалай мiндеттемелердi орындау мерзiмi таяу он екi айда басталған кезде оларды орындай алмайтын жағдайда болатын төлем қабiлетсiздiгі қаупiн; 3) борышкердiң өтiнiшi негiзделетiн өзге де мəнжайларды растайтын құжаттар қоса берiледi. 5. Борышкердiң оңалту рəсiмiн қолдану туралы өтiнiшiне сондай-ақ: 1) борышкердiң оңалту рəсiмiн қолдану туралы өтiнiшпен сотқа жүгiнуiне негiз болған, борышкер мүлкiнiң меншiк иесiнiң (ол уəкiлеттiк берген органның), құрылтайшылардың (қатысушылардың), заңды тұлға органдарының шешiмi; 2) соңғы үш жылдағы қаржылық есептiлiк, тиiстi берешектiң сомалары мен құралған күнiн көрсете отырып, барлық кредиторлор мен дебиторлардың тiзбесi (жеке сəйкестендiру нөмiрi немесе бизнес сəйкестендiру нөмiрi, тегі, аты, əкесінің аты (ол болған жағдайда) жəне (немесе) толық атауы, заңды мекенжайы), сондайақ өтiнiш берiлген кездегi активтер, мiндеттемелер мен меншiк капиталы туралы мəлiметтердi қамтитын қаржылық жағдайы туралы мəлiметтер (еншілес ұйымдар болған жағдайда, шоғырландырылған қаржылық есептілік те қоса беріледі); 3) соттар iс жүргiзуге қабылдаған, борышкерге қатысты қуынымдар туралы, сондай-ақ даусыз (акцептiсiз) есептен шығаруға қойылған талаптар туралы мəлiметтер; 4) құрылтайшылық құжаттарының көшiрмелерi қоса берiледi. 43-бап. Борышкер өтiнiшiнiң қаралмай қайтарылуы 1. Борышкердiң оңалту рəсiмiн қолдану немесе

банкрот деп тану туралы, осы Заңның 41 жəне 42-баптарында көзделген талаптарға сəйкес келмейтiн өтiнiшпен сотқа жүгiнуi өтiнiштiң қаралмай қайтарылуына негiз болып табылады. 2. Борышкер үшiн банкрот деп тану туралы өтiнiшпен сотқа жүгiну осы Заңға сəйкес мiндеттi болып табылған жəне қажеттi құжаттар өтiнiшке қоса берілмеген жағдайларда, мұндай өтiнiштi сот iс жүр гiзуге қабылдайды, ал жеткiлiксiз құжаттарды сот талқылауына iстi дайындау тəртiбiмен сот сұратып алады. 44-бап. Кредитордың (кредиторлардың) өтiнiшi 1. Банкроттық туралы iс азаматтық-құқықтық жəне өзге де мiндеттемелер бойынша кредитордың (кредиторлардың) өтiнiштерi негiзiнде қозғалуы мүмкiн. 2. Кредитордың (кредиторлардың) өтiнiшiнде: 1) өтiнiш берiлiп отырған соттың атауы; 2) борышкер дара кəсiпкердiң тегi, аты, əкесiнiң аты (ол болған кезде), тұрғылықты жерi немесе борышкер заңды тұлғаның атауы, орналасқан жерi; 3) кредитор (кредиторлар) жеке тұлғаның тегi, аты, əкесiнiң аты (ол болған кезде), тұрғылықты жерi немесе кредитор (кредиторлар) заңды тұлғаның атауы, орналасқан жерi; 4) борышкердiң кредитор (кредиторлар) алдындағы оның талабы туындаған мiндеттемесi, бұл мiндеттеменiң орындалу мерзiмi; 5) осы кредитордың (кредиторлардың) борышкерге қойған талаптарының мəнi мен сомасы; 6) мiндеттеме бойынша берешектің жəне осы сомаға есептелген сыйақының (мүдденің), борышкерден өндiрiп алуға жататын тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсiмпұлдың) жəне залалдың сомасы; 7) кредитор (кредиторлар) талаптарының белгiленген құқықтық негiздерi (сот шешiмi, бұл талаптарды борышкердiң тануы, ал олар болмаған кезде – кредитор (кредиторлар) талаптарының негiздiлiгiн жəне олардың сомаларын растайтын дəлелдемелер); 8) борышкердегі мүлiк туралы кредиторға (кредиторларға) белгiлi мəлiметтер; 9) жоқ борышкерді банкрот деп тану туралы өтініш берілген кезде борышкердің жоқ екендігі туралы ақпарат; 10) қоса берілетiн құжаттар тiзбесi; 11) борышкерге талаптар қойып жүгінуінің дəлелі; 12) егер банкроттық туралы iстi қарау үшiн қажет болса, өзге де мəлiметтер көрсетiлуге тиiс. 3. Кредитор (кредиторлар) сотқа өтініш берумен бір мезгілде өтiнiштiң жəне оған қоса берілетiн құжаттардың көшiрмелерiн борышкерге, уəкiлеттi органға жiберуге мiндеттi. 4. Кредитордың (кредиторлардың) осы баптың 2 жəне 3-тармақтарында көзделген талаптарға сай келмейтiн, сондай-ақ қажеттi құжаттар қоса тiркелмей берiлген өтiнiшiн сот қарамастан қайтарады. 45-бап. Кредитордың өтінішіне қоса берілетін құжаттар 1. Кредитордың борышкердi банкрот деп тану туралы өтiнiшiне: 1) мемлекеттiк баждың белгiленген тəртiппен жəне мөлшерде төленгенiн; 2) кредитордың өтiнiшi мен оған қоса берілетін құжаттар көшiрмелерінiң борышкерге жəне уəкiлеттi органға жiберiлгенiн; 3) борышкердiң кредитор алдындағы мiндеттемелерiн, сондай-ақ осы мiндеттемелер бойынша берешектiң бар екендігін жəне сомасын; 4) кредитор талаптарының (атқару құжаттары, соттың шешiмi немесе кредитор талаптарын борышкердiң жазбаша түрде тануы) негізділігін; 5) жоқ борышкерді банкрот деп тану туралы өтініш берілген жағдайларда, борышкердің жоқ екендігін растайтын құжаттарды; 6) кредитордың өтiнiшi негiзделетін өзге де мəнжайларды растайтын құжаттар қоса беріледi. 2. Кредитордың салықтар жəне бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер жөніндегі өтінішіне, егер мынадай: 1) борышкерде активтердің болмауы; 2) борышкерде жарамсыз деп танылуға жататын мəмілелердің болмауы; 3) борышкердің осы Заңның 11-бабы 2-тармағының 1) – 4) тармақшаларында көзделген талаптарды орындау міндетіне кіретін лауазымды адамдарында активтердің болмауы сияқты мəн-жайлардың жиынтығы болса, банкроттық туралы іс қозғалуына жəне банкроттық рəсімінің өткізілуіне байланысты əкімшілік шығыстарды оның өтеуі туралы өтінішхат қоса беріледі. 46-бап. Бiр немесе бiрнеше кредитордың талаптарын бiрiктiру 1. Кредитор əртүрлi мiндеттемелер бойынша борышкерге қойылған бiрнеше талапты бiр өтiнiшке бiрiктiруге құқылы. 2. Кредиторлар борышкерге қойған өздерінің талаптарын бiрiктiруге жəне сотқа бiр өтiнiшпен жүгiнуге құқылы. Мұндай өтiнiшке өздерінің талаптарын бiрiктiрген кредиторлар қол қояды. 47-бап. Прокурордың өтінішi 1. Прокурор: 1) ол əдейі банкроттық белгiлерiн анықтағанда; 2) кредитор – Қазақстан Республикасының, мемлекеттік органдардың мүдделерінде борышкерді банкрот деп тану туралы өтінішпен сотқа жүгінеді. 2. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше көзделмесе немесе құқықтық қатынастардың мəнінен туындамаса, прокурордың өтінішi сотқа осы Заңда кредитордың өтiнiшiне қатысты көзделген талаптар сақтала отырып берiледi. 48-бап. Оңалту немесе банкроттық туралы iс бойынша iс жүргiзудi қозғау 1. Осы Заңда белгiленген талаптарға сəйкес келетiн, оңалту рəсiмiн қолдану немесе борышкердi банкрот деп тану туралы өтiнiштi ала отырып, сот өтiнiш келiп түскеннен кейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей, ал осы Заңның 53-бабының 1-тармағында көзделген жағдайда, банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым шығарылған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей іс қозғау туралы ұйғарым шығарады. Iс қозғау туралы ұйғарым мүлiкке құқықты тiркеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк жəне өзге де органдардың осы Заңның 50-бабының 1-тарма ғында көзделген шектеулердi қолдану туралы мiндетiн қамтуға тиiс. 2. Соттың iс қозғау туралы ұйғарымының көшiрмелерiн сот борышкерге, өтiнiш берушiге, уəкiлеттi органға, мүлiкке құқықтарды тiркеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк жəне өзге де органдарға, жеке от орындаушыларының өңiрлiк алқасына жəне борышкердiң орналасқан жерi бойынша аумақтық атқарушылық iс жүргiзу органына жiбередi. 3. Сот iс қозғау туралы ұйғарым шығарылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде уəкілетті органның интернет-ресурсында ұйғарымды шығару күніне олар туралы мəліметтер орналастырылған, уəкілетті органда тіркелген тұлғалар қатарынан уақытша басқарушыны тағайындау туралы ұйғарым шығарады. Уақытша басқарушының кандидатурасын таңдауды борышкер қызметінің негізгі бейіні бойынша басқарушының жұмыс тəжірибесін ескере отырып, сот жүзеге асырады. 4. Уақытша басқарушыны тағайындау туралы сот ұйғарымында: 1) уақытша басқарушының тағайындалған күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде уəкілетті органға банкроттық туралы іс қозғау туралы хабарландыруды жіберуі жəне уəкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру үшін кредиторлардың талаптарды қазақ жəне орыс тілдерінде мəлімдеу тəртібі туралы; 2) уақытша басқарушының осы Заңның 90-бабында белгіленген тəртіппен кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыруы туралы нұсқау қамтылуға тиіс.

Егер банкроттық туралы іс кредитордың немесе прокурордың өтініші бойынша қозғалған жағдайда, уақытша басқарушыны тағайындау туралы сот ұйғарымында: 1) уақытша басқарушы тағайындалған күннен бастап бір айдан аспайтын мерзімде оның борышкердің қаржылық жағдайы туралы мəліметтерді жинауды жүзеге асыруы жəне сотқа уəкілетті орган белгілеген нысан бойынша қорытынды ұсынуы туралы; 2) уақытша басқарушының уəкілетті орган белгілеген нысан бойынша борышкердің қаржылық жағдайы туралы мəліметтерді жинауды жүзеге асыру нəтижелері бойынша қорытындыны сотқа ұсыну күні туралы нұсқауды қамтуға тиіс. 5. Сот осы Заңның 12-бабының 10-тармағында көзделген негіздердің бірі басталғаны туралы сотқа белгілі болған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уақытша басқарушыны шеттетеді. Сот осы Заңда белгіленген тəртіппен уақытша басқарушыны шеттеткен күннен кейін бір жұмыс күні ішінде басқа уақытша басқарушыны тағайындайды. 49-бап. Уақытша басқарушының қорытындысы Уақытша басқарушы борышкердің қаржылық жағдайы туралы мəліметтерді жинауды жүзеге асыру нəтижелері бойынша мынадай: 1) борышкер төлемге қабілетті, борышкерді банкрот деп тану туралы кредитордың талаптары негізсіз болып табылатыны; 2) борышкер төлемге қабілетсіз жəне борышкерді банкрот деп тану үшін негіздер бар екені; 3) борышкер төлемге қабілетсіз жəне оңалту рəсімдерін қолдану үшін негіздер бар екені; 4) борышкерді банкрот деп тану туралы өтініште көрсетілген мекенжай бойынша борышкер жоқ жəне оны банкрот деп тану үшін негіздер бар екені, бірақ оның есебінен банкроттық рəсімі жүзеге асырылуы мүмкін мүлкі (активтері) жоқ екені; 5) борышкердің өтініш берушіден басқа өзге кредиторларының жоқ екені; 6) борышкер уақытша басқарушыға есепке алу құжаттамасына рұқсат бермегені, бұл қорытынды жасауға кедергі болатыны туралы тұжырымдарды қамтитын талдамалық сипаттағы қорытынды жасайды. Осы тармақтың 5) жəне 6) тармақшаларында көзделген қорытындыны негіздер болған кезде уақытша басқарушы өзі тағайындалған күннен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде жасайды. 50-бап. Оңалту немесе банкроттық туралы iс бойынша iс қозғаудың салдарлары 1. Оңалту немесе банкроттық туралы iс бойынша iс қозғалған кезден бастап: 1) борышкер мүлкiнiң меншiк иесiне (ол уəкiлеттiк берген органға), құрылтайшыларға (қатысушыларға), заңды тұлғаның барлық органдарына мүлiктi кəдімгі коммерциялық операциялар шеңберінен тыс оларды уақытша басқарушымен келіспей пайдалануға жəне өткiзуге тыйым салынады; 2) моральдық зиянды өтеу туралы талаптарды есептемегенде, өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiргенi үшiн борышкер олардың алдында жауаптылықта болатын азаматтарға төлемдердi қоспағанда, соттардың, аралық соттардың, салық органдарының, сондай-ақ меншiк иелерiнiң (құрылтайшылардың, қатысушылардың) немесе борышкер органдарының оның мүлкiне қатысты бұрын қабылдаған шешiмдерiн орындау тоқтатыла тұрады; 3) үшінші тұлғалардың кепілдіктер мен кепілгерліктерді орындау бойынша талаптарын қоспағанда, кредиторлардың борышкерге қоятын кез келген талаптары осы Заңда көзделген оңалту немесе банкроттық рəсiмдерi шегiнде ғана қойылуы, сондай-ақ үшінші тұлғалар кепіл беруші болған жағдайларда, кепіл тұрғысында өндiрiп алуға қойылуы мүмкiн; 4) кредиторлардың, салық органы мен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдерді есептеуді жəне (немесе) жинауды жүзеге асыратын өзге де уəкiлеттi мемлекеттiк органның талаптары, оның iшiнде даусыз (акцептісiз) тəртiппен қанағаттандырылуға жататын талаптары бойынша борышкердiң банктік шоттарынан ақша өндiрiп алуға, сондай-ақ борышкердiң мүлкiне өндiрiп алуды қолдануға жол берiлмейдi; 5) борышкердiң акцияларын, жарғылық капиталындағы үлестерiн иелiктен шығаруға тыйым салынады. 2. Сот Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында жəне борышкердiң орналасқан жерi бойынша тиiстi əкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте таратылатын, белгiленген тəртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында, оның ішінде интернет-ресурста оңалту туралы iс бойынша iс жүргізу қозғалғандығы туралы хабарландыруды қазақ жəне орыс тiлдерiнде күнтізбелік жетi күннен аспайтын мерзімде жариялауға мiндеттi. Хабарландыруды жариялау оңалту рəсімін қолдану туралы өтiнiш берген борышкердің қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. 51-бап. Кредиторлар талаптарын қамтамасыз ету Сот кредитордың, прокурордың не iске қатысушы өзге тұлғаның өтiнiшi бойынша кредиторлардың талаптарын қамтамасыз ету жөнінде мынадай шараларды қолдануға: 1) борышкерге тиесiлi мүлiкке (мүліктің бiр бөлiгiне), оның iшiнде ақшаға тыйым салуға; 2) борышкерге оның мүлкiнiң азаюына əкеп соқтыруы не кредиторлардың мүдделерiне өзгеше түрде нұқсан келтiруi мүмкiн іс-əрекеттер жасауға тыйым салуға; 3) өндiрiп алу даусыз (акцептісiз) тəртiппен жүргiзiлетiн атқару құжаттары немесе өзге де құжаттар бойынша өндiрiп алуды тоқтата тұруға; 4) істі қарау кезеңінде борышкердің активтерін сақтауға бағытталған уақытша басқарушының ұсынымы бойынша өзге де іс-əрекеттерді қолдануға құқылы. 52-бап. Оңалту немесе банкроттық туралы істi сот талқылауына дайындау 1. Оңалту туралы iстi сот талқылауына дайындау кезiнде Қазақстан Республикасының азаматтық сот ісін жүргізу заңнамасында көзделген іс-əрекеттерден басқа сот iстiң сот отырысында қаралатын уақыты мен орны туралы уəкілетті органға, борышкерге, кредиторларға, прокурорға жəне iске қатысатын өзге де адамдарға хабарлайды. 2. Банкроттық туралы істі сот талқылауына дайындау туралы ұйғарымның көшірмелері уəкілетті органға, борышкерге, кредиторларға, прокурорға жəне іске қатысатын өзге де адамдарға жіберіледі. 53-бап. Банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру жəне қайта бастау 1. Сот борышкердің банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізу шеңберінде оңалту рəсімін қолдану туралы өтінішін алып, банкроттық туралы іске бастамашылық жасаған кредитордың келісімімен, өтініш келіп түскеннен кейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірмей банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы ұйғарым шығарады. 2. Соттың банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы ұйғарымының көшірмелерін сот борышкерге, өтініш берушіге, уəкілетті органға, жеке сот орындаушыларының өңiрлiк алқасына жəне борышкердiң орналасқан жерi бойынша аумақтық атқарушылық iс жүргiзу органына жiбередi. 3. Бұрын тоқтатыла тұрған банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді сот осы Заңның 59-бабының 6-тармағында жəне 82-бабының 2, 3, 4 жəне 6-тармақтарында көзделген негіздер бойынша оңалту рəсiмi тоқтатылған жағдайда қайта бастайды. 54-бап. Сот талқылауы 1. Алдын ала дайындау аяқталғаннан кейiн банкроттық туралы iс сот талқылауына тағайындалуға тиiс, бұл туралы сот ұйғарым шығарады. (Жалғасы 8-бетте).


8

www.egemen.kz

(Жалғасы. Басы 5-7-беттерде). Борышкердің өтініші бойынша қозғалған банкроттық туралы іс қозғалған күннен бір айдан аспайтын мерзiмде сот отырысында қаралуға тиiс. Кредитордың немесе прокурордың өтініші бойынша қозғалған банкроттық туралы іс ол қозғалған күннен бастап екі айдан аспайтын мерзiмде сот отырысында қаралуға тиiс. 2. Борышкерді банкрот деп тану туралы өтініш берген кредитор сот отырысына келмеген жағдайда, сот өтінішті қараусыз қалдыру туралы ұйғарым шығарады. Борышкер жоқ болған жағдайларды қоспағанда, борышкер сот отырысына келмеген жағдайда, сот оны мəжбүрлеп келтіру туралы ұйғарым шығарады. 3. Iстi алдын ала дайындау аяқталғаннан кейiн, бiрақ ол қозғалғаннан кейінгі күнтізбелік он бес күннен кешiктiрiлмей, оңалту туралы iс сот талқылауына тағайындалуға тиiс, бұл туралы сот ұйғарым шығарады. Оңалту туралы iс қозғалған күннен бастап бір айдан аспайтын мерзiмде ол сот отырысында қаралуға тиiс. 55-бап. Оңалту немесе банкроттық туралы iс бойынша сот актілері 1. Сот оңалту немесе банкроттық туралы iстi сот отырысында қарап, мынадай сот актiлерiнiң бiрiн: 1) борышкердi банкрот деп тану жəне банкроттық рəсімін қозғай отырып, оны тарату туралы шешiм; 2) борышкердi банкрот деп тану жəне банкроттық рəсімін қозғамастан, оны тарату туралы шешiм; 3) борышкердi банкрот деп танудан бас тарту туралы шешiм; 4) оңалту рəсімін қолдану туралы шешім; 5) оңалту рəсімін қолданудан бас тарту туралы шешім; 6) іс бойынша iс жүргiзудi тоқтату туралы ұйғарым қабылдауы мүмкін. 2. Осы баптың 1-тармағында көзделген сот шешiмдерi мен ұйғарымы осы Заңда көзделген ерекшелiктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңнамасының талаптарына сəйкес болуға тиiс. 56-бап. Борышкердi банкрот деп тану жəне банкроттық рəсімін қозғай отырып, оны тарату туралы шешiм 1. Кредитордың немесе прокурордың өтініші бойынша борышкерді банкрот деп тану жəне банкроттық рəсімін қозғай отырып, оны тарату туралы шешімді борышкердің төлем қабілетсіздігі жəне оны банкрот деп тануға негіздердің бар екендігі туралы уақытша басқарушының қорытындысын ескере отырып, сондайақ уақытша басқарушыға есепке алу құжаттамасына рұқсат берілмеген, бұл қорытынды жасауға кедергі болған жағдайда, сот шығарады. 2. Борышкерді банкрот деп тану жəне банкроттық рəсімін қозғай отырып, оны тарату туралы шешімді сот осы Заңның 118-бабының 4-тармағында белгіленген жағдайларда да шығарады. 3. Соттың борышкерді банкрот деп тану туралы шешімінде: 1) банкроттық рəсімін қозғай отырып, борышкерді тарату туралы; 2) борышкердің мүлкі мен істерін басқару құқығының уақытша басқарушыға өтуі туралы; 3) шешім шығарылғанға дейін сотқа жүгінген кредиторлардың мəлімделген талаптарының сомасы туралы; 4) борышкердiң лауазымды адамдарының борышкерді банкрот деп тану туралы шешім шығарылған күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешіктірілмейтін мерзiмде құрылтайшылық құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, мүлікке құқық белгiлейтiн құжаттарын, мөрлерін, мөртабандарын, банкротқа тиесілі материалдық жəне өзге де құндылықтарды уақытша басқарушыға беру туралы; 5) банкрот мүлкіне салынған барлық шектеулер мен ауыртпалықтарды (банкрот шоттарына қойылған инкассолық өкімдерді, сот орындаушылары тағайындаған мүлікке тыйым салуды жəне басқаларын) оларды тағайындаған органдардың тиісті шешімдері қабылданбастан, əкімшінің өтініші негізінде алу туралы; 6) осы Заңның 45-бабының 2-тармағында көзделген шарттар болған кезде кредитордың өтінішхаты негізінде салықтар жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша əкімшілік шығыстарды оның өтеуі туралы нұсқаулар қамтылуға тиіс. 4. Осы баптың 2-тармағында көзделген негіздер бойынша банкроттық рəсімі қозғалған жағдайда, соттың шешімінде уəкілетті органға кредиторлардың алғашқы жиналысын өткізу туралы нұсқау қамтылуға тиіс. 5. Уəкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру үшін уақытша басқарушы борышкерді банкрот деп таныған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде уəкілетті органға борышкерді банкрот деп тану жəне банкроттық рəсімін қозғай отырып, оны тарату туралы қазақ жəне орыс тілдерінде хабарландыруды жібереді. Уəкілетті орган хабарландыруды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оны қазақ жəне орыс тілдерінде өзінің интернет-ресурсында орналастыруға міндетті. Борышкердi банкрот деп тану туралы жарияланымда: 1) борышкердi банкрот деп тану туралы шешiм шығарған соттың атауы; 2) банкрот – дара кəсіпкердің тегі, аты, əкесінің аты (ол болған жағдайда), жеке сəйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері немесе банкрот – заңды тұлғаның атауы, бизнес сəйкестендіру нөмірі жəне орналасқан жерi; 3) банкротты сəйкестендіретін мəліметтер (салық төлеушінің сəйкестендіру нөмірі, дара кəсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы) қамтылуға тиіс. 57-бап. Кредитордың немесе прокурордың өтініші бойынша борышкердi банкрот деп тану жəне банкроттық рəсімін қозғамай оны тарату туралы шешiм 1. Уақытша басқарушының борышкерді банкрот деп тану туралы өтініште көрсетілген мекенжай бойынша борышкердің жоқ екендігі жəне есебінен банкроттық рəсімін жүзеге асыру мүмкін болатын мүлкінің (активтерінің) жоқ екендігі туралы қорытындысын ескере отырып, жоқ борышкерге қатысты сот уəкілетті органның келісімімен борышкердi банкрот деп тану жəне банкроттық рəсімін қозғамай оны тарату туралы шешiм шығарады. 2. Банкроттық рəсімін қозғамай борышкерді таратуды уəкілетті орган осы Заңның 118-бабында белгіленген тəртіппен жүргізеді. 58-бап. Кредитордың немесе прокурордың өтініші бойынша соттың борышкердi банкрот деп танудан бас тарту туралы шешiмi 1. Сот уақытша басқарушының: 1) борышкерді банкрот деп тану туралы кредитор талаптарының негізсіздігі туралы тұжырымдар қамтылған борышкердің қаржылық жағдайы туралы; 2) борышкердің өтініш берушіден басқа кредиторларының жоқ екендігі туралы қорытындысын ескере отырып, борышкерді банкрот деп танудан бас тарту туралы шешім шығарады. Егер өтініш беруші салықтар жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша кредитор болып табылған жағдайда, осы тармақша қолданылмайды. 2. Сот осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіздер бойынша борышкерді банкрот деп танудан бас тарту туралы шешім шығарған жағдайда, борышкер өтініш берушіден Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тəртіппен залалдардың орнын толтыруды талап етуге құқылы. 3. Соттың борышкердi банкрот деп танудан бас тарту туралы шешiмi кредиторларды Қазақстан Республикасының азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңнамасында көзделген тəртiппен борышкерге өз талаптарын қою құқығынан айырмайды. 59-бап. Оңалту туралы іс бойынша шешім 1. Борышкер сот талқылауы барысында өзінің

төлем қабілетсіздігін немесе ақшалай міндеттемелерді орындау мерзімі таяу он екі айда басталған кезде борышкердің оларды орындайтын күйде болмайтын төлем қабілетсіздігі қатері төнгенін дəлелдеген жағдайда, сот оңалту рəсімін қолдану туралы сот шешімін шығарады. 2. Соттың борышкерге оңалту рəсiмiн қолдану туралы шешімінде: 1) оңалту рəсiмiн қолдану; 2) борышкердің оңалту рəсiмi қолданылған кезден бастап үш айдан кешіктірілмейтін мерзімде кредиторлар жиналысында келісілген борышкерді оңалту жоспарын ұсынуы; 3) оңалту рəсімін қолданудың осы Заңда көзделген салдарларының басталғаны туралы нұсқау қамтылуға тиіс. 3. Оңалту рəсімін қолдану туралы шешім заңды күшіне енген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде сот уəкілетті органда тіркелген тұлғалар арасынан уақытша əкімшіні тағайындау туралы ұйғарым шығарады, олар туралы мəліметтер ұйғарым шығарылған күнге уəкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады. Уақытша əкімшінің кандидатурасын таңдауды борышкер қызметінің негізгі бейіні бойынша басқарушылық жұмыс тəжірибесін ескере отырып, сот жүзеге асырады. Сот осы Заңның 12-бабының 10-тармағында көзделген негіздердің бірі басталғаны туралы сотқа белгілі болған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уақытша əкімшіні шеттетеді. Сот осы Заңда белгіленген тəртіппен уақытша əкімші шеттетілген күннен кейін бір жұмыс күні ішінде басқа уақытша əкімшіні тағайындайды. 4. Соттың уақытша əкімшіні тағайындау туралы ұйғарымында: 1) уəкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру үшін уақытша əкімші өзі тағайындалған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде уəкілетті органға оңалту рəсімін қолдану жəне кредиторлардың талаптарды мəлімдеуі тəртібі туралы қазақ жəне орыс тілдерінде хабарландыру жіберуі; 2) уақытша əкімшінің оңалту рəсімін қолданған кезден бастап екі айдан аспайтын мерзімде кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыруы жəне интернетресурста жариялау үшін оны уəкілетті органға ұсынуы туралы нұсқау қамтылуға тиіс. 5. Оңалту рəсiмiн қолдану туралы хабарландыруда: 1) оңалту рəсiмiн қолдану туралы шешім шығарған соттың атауы; 2) борышкердің атауы жəне орналасқан жері; 3) уақытша əкімшіні тағайындау; 4) кредиторларға жарияланым шыққан күннен бастап бір ай мерзімде уақытша əкімшіге өздерінің борышкерге қоятын талаптарын қою қажеттілігі туралы хабарлама қамтылуға тиіс. 6. Егер борышкер сот талқылауы барысында өзінің төлем қабілетсіздігін не орындау мерзімі таяу он екі айда басталатын ақшалай міндеттемелерін орындау мүмкіндігі жоқ екендігін дəлелдемеген жағдайда, сот оңалту рəсiмiн қолданудан бас тартады. Соттың оңалту рəсiмiн қолданудан бас тарту туралы шешiмінде кредитордың оңалту рəсiмiн қолдану туралы өтініш беру салдарынан келтірілген залалдың орнын толтыруды борышкерден талап ету құқығына нұсқау қамтылуға тиіс. 60-бап. Жалған банкроттық кезiндегi сот шешiмi 1. Жалған банкроттық белгiлерi болған кезде сот кiнəлi лауазымды адамдардан барлық сот шығыстарын өндiрiп ала отырып, борышкердi банкрот деп танудан бас тарту туралы шешiм шығарады. 2. Соттың шешiмiнде осы Заңның 6-бабының 2-тармағына сəйкес кредиторлардың жалған банкроттықтан келтiрiлген залалдың орнын толтыруды борышкерден талап ету құқығына нұсқау қамтылуға тиiс. 61-бап. Əкiмшiлiк шығыстарды бөлу 1. Борышкердi банкрот деп тану, оңалту рəсімін қолдану туралы шешiм қабылданған кезде əкiмшiлiк шығыстар борышкердiң мүлкiне жатқызылады жəне осы мүлiктiң есебiнен кезектен тыс орны толтырылады. Оңалту рəсiмiн жүргiзу мақсатына қол жеткiзiлуiне байланысты іс бойынша iс жүргiзудi тоқтату туралы ұйғарым шығарылған кезде сот жəне əкiмшiлiк шығыстарының осындай тəртіппен орны толтырылады. 2. Негіздердің болмауына байланысты борышкердi банкрот деп танудан бас тартылған жағдайда осы баптың 1-тармағында көзделген шығыстар сотқа жүгінген кредиторларға жатқызылады жəне талаптарына қарай олардың арасында пропорционалды түрде бөлiнедi. 3. Банкроттық туралы іс қозғауға жəне банкроттық рəсімін жүргізуге байланысты əкімшілік шығыстардың сот шешімімен, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тəртіппен салықтар жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша кредитордың өтінішхаты негізінде оның есебінен орны толтырылады. 62-бап. Сот шешiмiнiң (ұйғарымының) заңды күшiне енуi, шешiмдi (ұйғарымды) қайта қарау Сот шешiмiнiң (ұйғарымының) заңды күшiне енуi жəне жаңадан ашылған мəн-жайлар бойынша, сондай-ақ апелляциялық, кассациялық жəне қадағалау тəртiбiмен оны қайта қарау азаматтық сот iсiн жүргiзу қағидалары бойынша жүзеге асырылады. 5-тарау. ОҢАЛТУ РƏСIМI 63-бап. Оңалту рəсiмiн қолдану Оңалту рəсiмi сот тəртiбiмен коммерциялық ұйымдарға ғана қатысты қолданылады. 64-бап. Оңалту рəсiмiнiң мерзiмi Оңалту рəсiмiн жүргiзу мерзiмiн оңалту жоспарына сəйкес сот белгiлейдi. Сот оңалтуды басқарушының өтінішхаты бойынша кредиторлар жиналысының келiсiмiмен осы мерзiмдi ұзартуға құқылы, бiрақ ол алты айдан аспауға тиiс. Табиғи монополиялар субъектiлерi немесе тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектiлерi болып табылатын не республика экономикасы үшiн маңызды стратегиялық мəнi бар, азаматтардың өмiрiне, денсаулығына, ұлттық қауiпсiздiкке немесе қоршаған ортаға əсер ете алатын ұйымдар үшiн оңалту рəсiмiнiң мерзiмiн сот екi жылға дейiн ұзартуға құқылы. 65-бап. Мемлекеттiк қолдау шараларына қатысушы үшiн оңалту рəсiмiн тоқтата тұру жəне қайта бастау 1. Оңалту рəсiмiн тоқтата тұру туралы өтiнiштi сот ол келіп түскен күннен бастап он жұмыс күнiнен кешіктірілмейтін мерзiмде қарауға тиiс. Борышкердiң мемлекеттiк қолдау шараларына қатысушы мəртебесiн алуы жəне кредиторлар комитетiнiң шешiмi оңалту рəсiмiн тоқтата тұру үшiн негiздер болып табылады. 2. Сот оңалту рəсiмiн тоқтата тұру туралы ұйғарым шығарған кезден бастап мынадай салдарлар басталады: 1) оңалтуды басқарушы борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқарудан шеттетiледi жəне басқару борышкер мүлкiнiң меншiк иесiне (ол уəкiлеттiк берген органға), құрылтайшыларға (қатысушыларға) өтедi; 2) осы Заңның 68-бабы 1-тармағы 1) тармақшасының қолданысы тоқтатыла тұрады; 3) ұйымды оңалту жоспарының орындалуы тоқтатыла тұрады; 4) кредиторлардың талаптарын өтеу мемлекеттiк қолдау шараларының шеңберiнде қабылданған оңалту жоспарына сəйкес жүргiзiледi. 3. Кредиторлар комитетi оңалту рəсiмiн қайта бастау туралы өтiнiшпен сотқа жүгiну туралы шешiм қабылдауға құқылы. Осындай өтiнiшпен кредиторлар комитетi уəкiлеттiк берген тұлға жүгiнедi. Оңалту рəсiмiн қайта бастау туралы сот ұйғарымы заңды күшiне енген күннен бастап осы баптың 2-тармағының қолданысы тоқтатылады. 66-бап. Оңалту рəсіміне қатысушылар Мыналар:

15 наурыз 2014 жыл

1) сот; 2) кредиторлар; 3) борышкер; 4) борышкер мүлкінің меншік иесі (ол уəкілеттік берген орган), құрылтайшылар (қатысушылар); 5) уақытша əкімші; 6) оңалтуды басқарушы; 7) уəкілетті орган; 8) басқа да мүдделі тұлғалар оңалту рəсіміне қатысушылар болып табылады. 67-бап. Соттың оңалту рəсіміндегі өкілеттіктері Сот оңалту рəсімінде: 1) оңалту рəсімін қолданады, тоқтата тұрады жəне тоқтатады; 2) уақытша əкімшіні тағайындайды жəне шеттетеді; 3) оңалту жоспарын бекітеді; 4) оңалту жоспарына өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді; 5) борышкер жауапкер ретiнде əрекет ететін мүлiктiк сипаттағы даулар бойынша iсті өзiнiң іс жүргiзуiне қабылдайды; 6) кредиторлар жиналысы шешімінің негізінде борышкердің мүлкі мен істерін басқару құқығын борышкер мүлкінің меншік иесінде (ол уəкілеттік берген органда), құрылтайшыларда (қатысушыларда) сақтап қалады немесе уəкілетті органға оңалтуды басқарушыны тағайындауды тапсырады; 7) оңалту рəсіміне қатысушылар арасындағы дауларды шешеді. 68-бап. Оңалту рəсімін қолданудың салдарлары 1. Сот оңалту рəсімін қолдану туралы шешім шығарған кезден бастап мынадай салдарлар басталады: 1) мүлікпен кəдімгі коммерциялық операциялар шеңберінен тыс мəмілелерді, оларды уақытша əкімшімен келіспей жасасуға тыйым салынады; 2) борышкер берешегінің барлық түрлері бойынша тұрақсыздық айыбын (өсімпұлдарды, айыппұлдарды), сондай-ақ алынған кредиттер бойынша сыйақыларды есепке жазу тоқтатылады; 3) моральдық зиянды өтеу туралы талаптарды есептемегенде, төлеу мерзімі оңалту рəсімі қолданылғаннан кейін басталған, өмiрге немесе денсаулыққа зиян келтiргенi үшiн борышкер жауаптылықта болатын азаматтарға төленетін төлемдердi қоспағанда, соттардың, аралық соттардың, салық органдарының, сондай-ақ борышкер мүлкі меншік иелерінің (олар уəкілеттік берген органдардың), құрылтайшылардың (қатысушылардың) оның мүлкіне қатысты қабылдаған шешімдерін орындау тоқтатыла тұрады; 4) оңалту рəсімі қолданылған салық кезеңінен кейінгі салық кезеңдеріндегі салық есептілігіне сəйкес салық төлеуші есептеген, салықтық тексерулердің нəтижелері бойынша салық қызметі органы есепке жазған салықтар жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер төленеді. 2. Оңалту жоспары бекітілгеннен кейін: 1) оңалту жоспарында көзделгендерді қоспағанда, мүлікпен кəдімгі коммерциялық операциялар шеңберінен тыс мəмілелер кредиторлар жиналысының келісуімен жасалады; 2) кредиторлық берешекті өтеу кестесі оңалту жоспарына сəйкес орындалмаған жағдайда, кредиторлық берешекті өтеудің оңалту жоспарында көрсетілген күнінен немесе кезеңінен кейінгі күннен бастап осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 2) жəне 3) тармақшаларында белгіленген шектеулер алынады. 69-бап. Оңалту рəсiмi кезінде борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқару 1. Борышкер мүлкi меншiк иесiнiң (ол уəкiлеттiк берген органның), құрылтайшылардың (қатысушылардың) өтiнiшi бойынша, кредиторлар жиналысының шешімі негізінде сот оңалту жоспары бекiтiлген кезден бастап борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқару құқығын борышкер мүлкiнiң меншiк иесiнде, ол уəкілеттік берген органда, құрылтайшыларда (қатысушыларда) сақтап қалады. Борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқару құқығын сақтап қалу туралы өтiнiш кредиторлар жиналысының шешiмiмен қоса бiр мезгiлде оңалту жоспары ұсыныла отырып сотқа жiберiледi. Кредиторлар жиналысы борышкер мүлкi меншiк иесiнiң, құрылтайшылардың (қатысушылардың) борышкердің мүлкi мен iстерiн басқару құқығының күшiн жою туралы шешiм қабылдаған жағдайда, кредиторлар жиналысы уəкiлеттi органда тiркелген тұлғалар арасынан оңалтуды басқарушыға өздерiнiң кандидатурасын ұсынуға мiндеттi. Кредиторлар жиналысының борышкер мүлкi мен iстерiн басқару құқығының күшiн жою туралы шешiмi бiр мезгiлде оңалту жоспары ұсыныла отырып сотқа жiберiледi. Борышкер мүлкiнiң меншiк иесi, құрылтайшылар (қатысушылар) борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқарудан шеттетiлген жағдайда да кредиторлар жиналысы оңалтуды басқарушыға кандидатура ұсынуға мiндеттi. Кредиторлар жиналысы кандидатқа оның кандидатурасын уəкілетті органға ұсынғанға дейін ол оңалтуды басқарушы ретінде таңдалғаны туралы хабарлауға міндетті. Кредитор (кредиторлар) борышкердiң басқару органының осы Заңда көзделген мiндеттердi бұзғанын анықтаған жағдайда, борышкер мүлкiнiң меншiк иесi (ол уəкiлеттiк берген орган), құрылтайшылар (қатысушылар) кредиторлар жиналысының шешiмi бойынша басқару органдарының мүшелерiн ауыстыруды жүргізуге мiндеттi. 2. Оңалтуды басқарушыға кандидатураны таңдау кезінде кредиторлар жиналысы уəкiлеттi органда есепте тұрған тұлғаларға қатысты ұсынымдарды дəрменсiз борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын тұлғалардың кəсiптiк бiрлестiктерiнен алуы мүмкін. 3. Сот ұйғарымында мыналар: 1) уəкiлеттi органға ұйғарым заңды күшiне енген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оңалтуды басқарушыны тағайындауды тапсыру; 2) борышкердiң құрылтайшылық құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, мүлікке құқық белгiлейтiн құжаттарды, мөрлерді, мөртабандарды, материалдық жəне өзге де құндылықтарды беруi туралы нұсқаулар қамтылуға тиiс. 4. Уəкілетті орган оңалту жоспарын бекіту туралы ұйғарым немесе борышкер мүлкiнiң меншiк иесiн, құрылтайшыларды (қатысушыларды) борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқарудан шеттету туралы ұйғарым заңды күшіне енген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде кредиторлар жиналысы ұсынған кандидатураны оңалтуды басқарушы етiп тағайындауға мiндеттi. Уəкілетті орган осы Заңның 12-бабы 3-тармағының негізінде кандидатураны оңалтуды басқарушы етіп тағайындауға кедергі болатын мəн-жайларды анықтаған жағдайда, ол анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уəкілетті орган оңалтуды басқарушының кандидатурасын тағайындаудан дəлелді бас тартуды не осы Заңның 12-бабының 8-тармағы 11) тармақшасының негізінде оңалтуды басқарушыны уəкілетті органда тіркеуден алып тастау туралы хабарламаны кредиторлар жиналысына жіберуге міндетті. Уəкілетті орган ұсынылған кандидатураны тағайындаудан бас тартқан жағдайда, кредиторлар жиналысы оңалтуды басқарушы етiп тағайындау үшін басқа кандидатура ұсынуға міндетті. 5. Кредиторлық берешектi өтеу кестесi үш айдан астам мерзiм бойы орындалмаған жəне (немесе) уəкiлеттi орган анықтағандарды қоса алғанда, осы Заңды бұзушылықтар анықталған жағдайларда, борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқару құқығы сақталған борышкер мүлкiнiң меншiк иесiн, құрылтайшыларды (қатысушыларды) сот кредиторлар жиналысы уəкiлеттiк берген тұлғаның өтiнiшi бойынша өтiнiш келiп түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күн iшiнде басқарудан шеттетедi.

70-бап. Уақытша əкімшінің өкілеттіктері 1. Уақытша əкімші: 1) оңалту жоспарымен танысуға; 2) кредиторлардан мəлімделген талаптардың негізі мен сомасын растайтын құжаттарды сұратуға құқылы. 2. Уақытша əкімші: 1) борышкердiң кəдiмгi коммерциялық операциялар шеңберiнен тыс мəмілені келісу туралы өтінішін бес жұмыс күні ішінде қарауға; 2) сотқа оңалту жоспарының тиімділігі (тиімсіздігі) туралы қорытындыны уəкілетті орган белгілеген нысан бойынша ұсынуға; 3) кредиторлар талаптары мəлімделген кезден бастап он жұмыс күні ішінде оларды қарауға жəне танылған талаптарды тізілімге енгізуге; 4) кредитордың талаптарын қарау нəтижелері туралы (толық көлемде немесе бір бөлігінде тану немесе танымау туралы) шешім қабылдаған күннен кейінгі күні оны жазбаша (танымау себептерін көрсете отырып) хабардар етуге; 5) осы Заңның 82-бабының 6-тармағында көзделген жағдайларда негіздердің бірі басталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оңалту рəсімін тоқтату туралы өтінішпен сотқа жүгінуге; 6) осы Заңның 75-бабының 1-тармағында белгіленген мерзімде өтетін кредиторлардың алғашқы жиналысының өткізілу орны мен күні туралы барлық кредиторларға хабарлауға; 7) оңалту рəсімі қолданылған кезден бастап екі айдан аспайтын мерзімде кредиторлар талаптарының тізілімін, сондай-ақ талаптары танылмаған кредиторлардың тізбесін қалыптастыруға жəне уəкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру үшін оны уəкілетті органға жəне борышкерге ұсынуға; 8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес өзге де өкілеттіктерді орындауға міндетті. 71-бап. Оңалтуды басқарушының өкiлеттiктерi 1. Оңалтуды басқарушы: 1) осы Заңда белгіленген өкілеттіктер шегінде борышкердің мүлкіне иелік етуге; 2) ұйымдардан, мемлекеттік органдардан жəне олардың лауазымды адамдарынан борышкер туралы ақпаратты сұратуға жəне алуға; 3) ақпараттық жүйені қолдана отырып, Қазақстан Республикасының оңалту жəне банкроттық туралы заңнамасымен реттелетін қатынастарға қатысуға; 4) оңалту жоспарында көзделген мəмілелерді қоспағанда, кредиторлар жиналысының шешімі бойынша кəдімгі коммерциялық операциялар шеңберінен тыс мəмілелер жасасуға; 5) кредиторлар жиналысының келісуімен тұтынуға, оның iшiнде борышкердің қызметкерлерiне еңбекақы төлеуге жұмсалған борышкер шығыстарын ұлғайтуға əкеп соғатын шешiмдер қабылдауға; 6) кредиторлардан мəлімделген талаптардың негізі мен сомасын растайтын құжаттарды сұратуға құқылы. 2. Оңалтуды басқарушы: 1) борышкердiң мүлкiн басқаруға қабылдауға жəне борышкердің мүлкін қорғау мен бақылауды қамтамасыз етуге; 2) тағайындалған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде кредиторлар комитетімен шарт жасасуға; 3) оңалту жоспарын орындауды ұйымдастыруға; 4) кредиторлар жиналысында келісілгеннен кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей оңалту жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы өтінішхатты сотқа жіберуге; 5) кредиторлар талаптарының тізілімін жүргізуге; 6) кредиторлар комитетінің мүшелеріне осы Заңның 27-бабының 4-тармағында белгіленген тəртіппен жəне мерзімдерде хабарлама жіберуге; 7) осы Заңның 25-бабының 1-тармағында белгіленген іс-əрекеттерді жасауға; 8) осы Заңның 7-бабында көрсетiлген мəн-жайлар кезiнде борышкер жасаған мəмiлелердi анықтауға жəне сот тəртібімен, оның ішінде мұндай мəмілені анықтаған кредитордың өтінішхаты бойынша оларды жарамсыз деп тану не мүлiктi қайтару туралы талаптар қоюға; 9) осы Заңда көзделген жағдайларда оңалту рəсімін тоқтата тұру туралы сотқа жүгінуге; 10) кредиторлар жиналысы оңалту рəсімін тоқтату туралы шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тиісті өтінішпен сотқа жүгінуге; 11) осы Заңда белгіленген жағдайларда оңалту рəсімін тоқтату жəне борышкерді банкрот деп тану туралы сотқа жүгінуге; 12) əр айдың он бесінен кешіктірмей алдыңғы айдағы қаржылық жағдай, кəдімгі коммерциялық операциялар барысында жасалған мəмілелер туралы ақпаратты кредиторлар комитеті мүшелерінің назарына жеткізуге, кредиторлар комитетінің талабы бойынша кез келген ақпаратты ұсынуға; 13) борышкердің кез келген кредиторына оның жазбаша сұрау салуы негізінде оны алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей өз қызметінің жүзеге асырылу барысы туралы толық ақпарат ұсынуға; 14) оңалтуды басқарушы шеттетілген (босатылған) жағдайда шеттету (босату) туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жаңадан тағайындалған оңалтуды басқарушыға құрылтайшылық құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, борышкердің мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарды, борышкерге тиесілі мөрлерді, мөртабандарды, материалдық жəне өзге де құндылықтарды беруге; 15) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті. 3. Егер борышкердiң оңалту рəсiмi қолданылғаннан кейiн туындаған ақшалай мiндеттемелерінiң жалпы сомасы оңалту рəсiмi енгізілген кездегi кредиторлық берешектiң жалпы сомасының жиырма пайызынан асып түссе, борышкердiң жаңа ақшалай мiндеттемелерiн туғызатын мəмiлелердi оңалтуды басқарушы кредиторлар комитетiнiң келiсуiмен ғана жасайды. 72-бап. Кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру 1. Уақытша əкімші өзі тағайындалған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оңалту рəсiмiн қолдану жəне кредиторлардың талаптарды мəлімдеу тəртібі туралы қазақ жəне орыс тілдеріндегі хабарландыруды уəкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру үшін уəкілетті органға жібереді. Уəкілетті орган хабарландыруды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оны өзінің интернет-ресурсында орналастыруға міндетті. Борышкерде интернет-ресурс бар болған кезде, аталған интернет-ресурста борышкерге оңалту рəсiмiн қолдану жəне кредиторлардың талаптарды мəлімдеу тəртібі туралы хабарламаны жариялау міндетті болып табылады. 2. Кредиторлар борышкерге қоятын талаптарын кредиторлар талаптарын мəлімдеу тəртібі туралы хабарлама жарияланған кезден бастап бір ай мерзімінен кешіктірмей мəлімдеуге тиіс. Кредиторлардың талаптарында, салыстыру үшін құжаттардың түпнұсқалары бір мезгілде ұсыныла отырып, талаптың сомасы туралы (талаптың негізділігі мен сомасын растайтын құжаттардың (күшіне енген сот шешімдері, шарттардың көшірмелері, борышкердің борышын тануы) көшірмелерін қоса бере отырып, негізгі борыштың, сыйақының (мүддесінің), тұрақсыздық айыбының жəне өзге де айыппұл санкцияларының, залалдарының сомасы туралы жеке-жеке) мəліметтер қамтылуға тиіс. Кредиторлар талаптың негізділігі мен сомасын растайтын өзге құжаттарды да ұсынуға құқылы. Кредиторлардың шетел валютасында көрсетілген талаптары сот оңалту рəсімін енгізу туралы туралы шешім қабылдаған кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша теңгемен есептеледі. 3. Кредитордың осы баптың 2-тармағында көрсетілген мерзімнен кешіктіріліп мəлімделген талабы

кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізіледі, бірақ мұндай кредитор бір ай мерзімінде мəлімделген кредиторлар талаптары толық қанағаттандырылғанға дейін кредиторлар жиналысында дауыс беру құқығынан айырылады. 4. Кредиторлардың мерзімінде мəлімделген, осы баптың 2-тармағында көзделген талаптарын уақытша əкімші оларды алған кезден бастап он жұмыс күні ішінде қарауға тиіс жəне танылған талаптар тізілімге енгізіледі. Кредиторлардың бұрын сотқа мəлiмдеген талаптары, егер олар осы баптың 2-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген талаптарға сай келсе, кредитордың өтініші болған кезде тiзiлiмге енгiзiлуi мүмкiн. Кредиторлар талаптарының тізіліміне осы Заңның 90-бабының 6-тармағында көзделген талаптар енгізілмейді. 5. Кредиторлар борышкерге берешек сомасын жəне осы сомаға тиесілі сыйақыны (мүддені), борышкер тарапынан міндеттемелердің орындалмауынан немесе тиісінше орындалмауынан келтірілген залалдарды, тұрақсыздық айыбын (айыппұлдарды, өсімпұлдарды) қамтитын талаптарды қоюға құқылы. Сыйақының (мүдденің), залалдардың, тұрақсыздық айыбының (айыппұлдардың, өсімпұлдардың) сомасы сот оңалту рəсімін енгізу туралы шешім қабылдаған кезге айқындалады. Кредиторлардың банкроттық рəсiміне қатысуға байланысты шығыстарының орны толтыруға жатпайды. 6. Кредиторлардың талаптарын қарау нəтижелері туралы (танымау себептерін көрсете отырып, талаптарды толық көлемде немесе бір бөлігінде тану немесе танымау туралы) уақытша əкімші шешім қабылданған күннен кейінгі күні əрбір кредиторға жазбаша хабарлауға міндетті. Кредитордың талабын (толық көлемде немесе бір бөлігінде) тану туралы хабарламада уақытша əкімші кредиторлардың алғашқы жиналысының өткізілу күнін, уақытын, орнын жəне күн тəртібін көрсетуге міндетті. Уақытша əкімшінің шешімімен келіспеген жағдайда кредитор, құрылтайшы (қатысушы), борышкер оңалту туралы істі қарайтын сотта он жұмыс күні ішінде оған шағым жасауға құқылы. 7. Уақытша əкімші соттың оңалту рəсімін қолдану туралы шешімі күшіне енген күннен бастап екі айдан кешіктірілмейтін мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тəртіппен, мерзімде жəне нысан бойынша кредиторлар талаптарының тізілімін, сондайақ талаптары танылмаған кредиторлардың тізбесін қалыптастыруға жəне уəкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру үшін уəкілетті органға жіберуге міндетті. Уəкілетті орган кредиторлар талаптарының тізілімін алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оны өзінің интернет-ресурсында орналастыруға міндетті. 73-бап. Оңалту жоспары жəне оны бекіту тəртібі 1. Оңалту жоспарында борышкердің төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жөнінде нақты ісшаралар (оңалту шаралары) жəне осы Заңның 77-бабының 2-тармағында көрсетілген кредиторлар алдындағы берешекті өтеу кестесі қамтылуға тиіс. Табиғи монополиялар субъектілері немесе тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілері болып табылатын не республика экономикасы үшін маңызды стратегиялық мəні бар, азаматтардың өміріне, денсаулығына, ұлттық қауіпсіздікке немесе қоршаған ортаға əсер ете алатын ұйымдардың оңалту жоспарына өзгерістер мен толықтырулар тиісті орталық атқарушы органмен, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тиісті аумақтық органымен, ал қала құраушы заңды тұлғалар бойынша - тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жəне астананың жергілікті атқарушы органымен келісілуге тиіс. Оңалту жоспарына өзгерістер мен толықтырулар кредиторлар жиналысының келісуімен енгізіледі жəне оны сот бекітеді. 2. Оңалту жоспарын борышкер оңалту рəсімін қолдану туралы шешім заңды күшіне енген күннен бастап үш ай ішінде кредиторлармен бірлесіп əзірлеуге тиіс. 3. Оңалту жоспарын іске асыру мерзімі бес жылдан аспауға тиіс. 4. Оңалту шаралары санацияны, электрондық аукцион өткізу арқылы мүлікті (активтерді) сатуды, борышкердің талап ету құқықтарын басқаға беруді, борыштың бір бөлігін кешіруді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығаруды, борыштарды акцияларға алмастыруды, бітімгершілік келісімін жасасуды жəне басқаларды қоса алғанда, борышкердің төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге бағытталған кез келген ұйымдастырушылық-шаруашылық, техникалық, қаржы-экономикалық, құқықтық жəне Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де іс-шараларды қамтуы мүмкін. 5. Егер оңалту жоспарында ақшалай қаражат көзі ретінде кредиттер (микрокредиттер) алу қамтылса, оңалту жоспарына кредит (микрокредит) алуға шарт қоса беріледі. 6. Оңалту жоспары кредиторлар талаптарының тізілімі бекітілгеннен кейін кредиторлар жиналысына келісу үшін ұсынылуға тиіс. 7. Борышкер уақытша əкімшіге əзірленген оңалту жоспарын кредиторлар жиналысында ол қаралғаннан кейінгі күннен кешіктірмей ұсынуға міндетті. Уақытша əкімші сотқа оңалту жоспарының тиімділігі (тиімсіздігі) туралы қорытынды ұсынуға міндетті. 8. Табиғи монополиялар субъектiлерi немесе тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектiлерi болып табылатын не республика экономикасы үшiн маңызды стратегиялық мəнi бар, азаматтардың өмiрiне, денсаулығына, ұлттық қауiпсiздiкке немесе қоршаған ортаға əсер ете алатын ұйымдардың оңалту жоспары тиісті орталық атқарушы органмен, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң тиiстi аумақтық органымен, ал қала құраушы заңды тұлғалар бойынша - тиiстi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жəне астананың жергілікті атқарушы органымен келiсiлуге тиiс. Ұсынылған оңалту жоспары он жұмыс күні ішінде қаралады. 9. Борышкер оңалту жоспарын кредиторлар жиналысы мақұлдағаннан кейін осы Заңның 59-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында белгіленген мерзімнен кешіктірмей сотқа ұсынуға міндетті. 10. Кредиторлар жиналысымен келісілген оңалту жоспары ұсынылған күнінен бастап жеті жұмыс күні ішінде сот ұйғарымымен бекітіледі. 11. Сот осы Заңда белгіленген талаптарды бұзушылықтар анықталған жағдайларда, сондай-ақ уақытша əкімшінің оңалту жоспарының тиімсіздігі туралы қорытынды ұсынуына байланысты оңалту жоспарын бекітуден бас тартуға құқылы. 12. Оңалту жоспарын бекіту туралы сот ұйғарымында: 1) оңалту жоспарын бекіту туралы; 2) оңалту рəсімін аяқтау жəне қорытынды есеп ұсыну мерзімдері туралы; 3) уақытша əкімшіні шеттету туралы; 4) уəкілетті органның оңалтуды басқарушыны тағайындауы туралы немесе басқару құқығының борышкер мүлкінің меншік иесінде (ол уəкілеттік берген органда), құрылтайшыларда (қатысушыларда) сақталуы туралы нұсқаулар қамтылуға тиіс. 74-бап. Борышкердің талап ету құқықтарын басқаға беруі Оңалту жоспарында борышкердің талап ету құқықтарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес өткізілетін электрондық аукционда сату арқылы осы талаптарды басқаға беруі көзделуі мүмкін. (Жалғасы 9-бетте).


(Жалғасы. Басы 5-8-беттерде). 75-бап. Кредиторлар жиналысының оңалту рəсіміндегі ерекшеліктері 1. Оңалту рəсімі кезінде борышкер оңалту рəсімін қолдану туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш айдан кешіктірілмейтін мерзімде кредиторлардың алғашқы жиналысын өткізеді. 2. Кредиторлар жиналысының құзыретіне: 1) оңалту жоспары бекітілген кезден бастап борышкердің мүлкі мен істерін басқару құқығын борышкер мүлкінің меншік иесінде (ол уəкілеттік берген органда), құрылтайшыларда (қатысушыларда) сақтау немесе оның күшін жою туралы шешім қабылдау; 2) кредиторлар комитетін құру туралы шешім қабылдау; 3) кредиторлар комитеті құрамының санын айқындау жəне құрамын бекіту; 4) кредиторлар комитетінің құрамына өзгерістер енгізу; 5) оңалту жоспарын келісу; 6) оңалту жоспарына өзгерістер мен толықтыруларды келісу; 7) оңалту рəсімінің мерзімін ұзартуға келісім беру; 8) кредиторлар комитеті мүшелерінің оңалту рəсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ақпаратты кредиторлардың назарына жеткізудің тəртібі мен мерзімдерін айқындау; 9) өзге де мəмілелерді кəдімгі коммерциялық операциялар шеңберінен тыс жасалатын мəмілелер санатына жатқызу; 10) оңалту жоспарында көзделмеген, кəдімгі коммерциялық операциялар шеңберінен тыс мəмілелерді келісу; 11) борышкердің өндiрiп алынуы мүмкiн емес дебиторлық берешегiнiң сомасын бекiту; 12) уəкілетті органда тіркелген тұлғалар арасынан оңалтуды басқарушының кандидатурасын таңдау; 13) уақытша əкімшіге жəне оңалтуды басқарушыға негізгі сыйақы төлемінің мөлшерін айқындау; 14) оңалтуды басқарушыға қосымша сыйақы мөлшерін айқындау; 15) борышкердің мүлкі мен істерін басқару құқығы борышкер мүлкінің меншік иесінде (ол уəкілеттік берген органда), құрылтайшыларда (қатысушыларда) сақталған жағдайларда борышкердің басқару органдары мүшелерінің ақшалай сыйақысының сомасын айқындау; 16) оңалтуды басқарушының (борышкердің) қорытынды есебін келісу; 17) осы Заңда көзделген өзге де өкілеттіктер жатады. 76-бап. Кредиторлар комитетінің оңалту рəсіміндегі ерекшеліктері Кредиторлар комитетi мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады: 1) оңалтуды басқарушының iс-əрекеттерiн бақылауды жүзеге асыру үшiн кредиторлар комитетiнің мүшелерi арасынан кредиторлар өкiлiн сайлайды; 2) оңалтуды басқарушыдан борышкердің қаржылық жағдайы жəне оңалту рəсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ақпарат беруді талап етеді; 3) уəкілетті органға жəне (немесе) сотқа оңалтуды басқарушының əрекеттеріне (əрекетсіздігіне) шағымданады; 4) кредиторлардың талаптарын есепке жатқызу туралы шешім қабылдайды; 5) аудиторлық тексерудің жəне түгендеудің нəтижелерін назарға алады; 6) борышкердің мемлекеттік қолдау шараларына өтініш білдіруіне жəне оңалту рəсімін тоқтата тұруға келісім береді; 7) оңалту жоспарында көзделгендерді қоса алғанда, борышкердің мүлкін (активтерін) кəдімгі коммерциялық операциялар шеңберінен тыс сату тəртібін айқындайды; 8) оңалту рəсімін жүргізу үшін əкімшілік шығыстардың сметасын жəне тартылатын қызметкерлердің санын бекітеді; 9) оңалтуды басқарушымен шарт жасасады жəне оны бұзады; 10) санацияға қатысушының оңалтуды басқарушымен келісімін бекітеді; 11) осы Заңда көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 77-бап. Кредиторлармен есеп айырысу 1. Оңалту рəсімін қолданған кезден бастап: 1) моральдық зиянның орнын толтыру туралы талаптарды қоспағанда, жалақыдан жəне (немесе) өзге де табыстан ұсталған алименттердi төлеу жөнiндегi талаптар, сондай-ақ өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн борышкер жауапты болатын азаматтардың талаптары қанағаттандырылады; 2) төлеу мерзiмi оңалту рəсiмi қолданылғаннан кейiн басталған, еңбек шарты бойынша жұмыс iстеп жүрген адамдармен өтемақыларды жəне еңбекақы төлеу бойынша, Мемлекеттiк əлеуметтiк сақтандыру қорына əлеуметтiк аударымдарды, міндетті зейнетақы жарналарын жəне міндетті кəсіптік зейнетақы жарналарын төлеу бойынша, авторлық шарттар бойынша сыйақыларды төлеу бойынша есеп айырысулар жүргізіледі; 3) міндеттемелерден, оның iшiнде оңалтуды басқарушы (борышкер) жасасқан мəмiлелерден туындаған, орындалу мерзiмi оңалту рəсiмiн жүзеге асыру кезеңiнде басталған кредиторлардың талаптары қанағаттандырылады. 2. Осы Заңның 104-бабында белгіленген кепілді кредиторлардың талаптарын өтеу тəртібін қоспағанда, өндіріп алу атқару парақтары бойынша немесе даусыз (акцептісіз) тəртiппен жүргiзiлетiн берешектерді қоса алғанда, борышкердiң кредиторлар алдындағы берешектерi бойынша барлық есеп айырысулар осы Заңның 100 жəне 101-баптарында белгiленген кезектiлiк пен есеп айырысу қағидалары сақтала отырып, оңалту жоспарына сəйкес кредиторлар талаптарының тiзiлiмi жарияланғаннан кейiн жүзеге асырылады. Өткен салық кезеңдері жəне оңалту рəсімі қолданылған салық кезеңі үшін салық есептілігіне сəйкес салық төлеуші есептеген, салықтық тексерулер нəтижелері бойынша салық қызметі органы есепке жазған салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша міндеттемелер туындаған кезде, кредиторлар талаптарының тізіліміне, сондай-ақ оңалту жоспарына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. 3. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, кредиторлардың оңалту рəсiмi енгізілгенге дейiн туындаған талаптарын қанағаттандыру, кредиторлар талаптарының тiзiлiмi жарияланғаннан кейiн жүргiзiледi. 4. Кепілді кредитор: 1) өзінің заңды мүдделеріне қатер төндіретін, осы Заңды бұзушылықтар анықталған; 2) өзінің алдындағы берешекті өтеу кестесі бұзылған; 3) кепіл нысанасы болып табылатын мүлік құны өз мүдделеріне нұқсан келтіруге əкеп соғатындай төмендеген; 4) егер өзінің алдындағы міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету нысанасы болып табылатын мүлік борышкер – заңды тұлғаның қызметін жалғастыру үшін немесе оңалту жоспарын іске асыру үшін талап етілмеген жағдайларда өзінің алдындағы міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету нысанасы болып табылатын борышкер мүлкіне өндіріп алуды қолдану туралы сотқа жүгінуге құқылы. 78-бап. Санация 1. Егер дəрменсiз борышкердi оңалту жоспарында оңалту шарасы ретiнде оның санациясы қамтылса, оңалту жоспарына сəйкес санацияға қатысушының борышкерге жəне (немесе) кредиторларға ақша аудару туралы жазбаша мiндеттемесi, сомасы мен мерзiмдері көрсетіле отырып, жоспарға қоса берiлуге тиiс. 2. Санацияға қатысушы барлық кредиторлардың

9

www.egemen.kz

15 наурыз 2014 жыл

талаптарын олармен келiсiлген мерзiмде қанағаттандыруды қамтамасыз ету мiндеттемесiн өзіне қабылдай алады. Бұл жағдайда, борышкерді басқаруды санацияға қатысушы немесе ол тағайындаған тұлға оңалтуды басқарушы үшін көзделген өкілеттіктер шегінде жүзеге асырады. Осы Заңның 12-бабының 2-тармағында белгіленген талаптар санацияға қатысушыға қолданылмайды. 3. Сот, сондай-ақ уəкілетті орган санацияға қатысушыдан оның осы баптың 1 жəне 2-тармақтарында көзделген мiндеттемелердi орындауы мүмкiндiгiн растайтын құжаттарды талап етуге құқылы. 79-бап. Санацияға қатысушылардың келiсiмi Егер санацияға кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруды қамтамасыз ету мiндеттемесiн өзіне қабылдаған екi жəне одан да көп тұлға қатысса, олар кредиторлар алдындағы жауапкершiлiктi өздерiнiң арасында бөлу, санацияға қатысудан ол басталғаннан кейiн санацияға қатысушылардың бiреуi немесе бiрнешеуi бас тартқан жағдайдағы жауаптылық, борышкер мүлкiн басқаруға қатысу тəртiбi көзделетiн келiсiм жасасуға тиiс. 80-бап. Санацияға қатысушылардың жауаптылығы 1. Осы Заңның 78-бабының 2-тармағында көзделген мiндеттеменi өзіне қабылдаған санацияға қатысушы борышкер таратылғаннан кейiн, егер еңсерілмейтін күштiң немесе кредиторлардың не борышкердiң (борышкер мүлкiнің меншік иесiнiң) iс-əрекеттерi нəтижесінде санация мақсаттарына қол жеткiзiлмегенiн дəлелдемесе, оның өтелмеген мiндеттемелерi бойынша субсидиарлық жауаптылықта болады. Егер келiсiмде өзгеше көзделмесе, санацияға екi немесе одан да көп тұлға қатысқан кезде, олар ортақ жауаптылықта болады. 2. Дəрменсiз борышкердiң кредиторлар талаптарын қанағаттандыруды қамтамасыз ету мiндеттемесін өзіне қабылдамаған санацияға қатысушының жауаптылығы кредиторлар комитетi бекiткен, қатысушының оңалтуды басқарушымен келiсiмімен айқындалады. 81-бап. Санацияға қатысушының құқықтары 1. Санация мақсатына қол жеткізілуіне байланысты оңалту туралы іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған кезде осы Заңның 78-бабының 2-тармағында көзделген міндеттемені өзіне қабылдаған жəне борышкер мүлкінің меншік иесі болып табылмайтын қатысушы санация басталғанға дейін шаруашылық серіктестігіне қатысушылардың, акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы қабылдаған шешімнің негізінде өзі инвестициялаған қаражат сомасында шаруашылық серіктестігіне қатысушы, акционерлік қоғамның акционері құқығына ие болады, ал егер борышкер мемлекеттік кəсіпорын болып табылса, мүліктің меншік иесі уəкілеттік берген мемлекеттік орган шешімінің негізінде борышкер шаруашылық серіктестігі, акционерлік қоғам болып алдын ала қайта ұйымдастырылғаннан кейін санацияға қатысушы шаруашылық серіктестігіне қатысушы, акционерлік қоғамның акционері құқығына ие болады. Егер борышкер өндірістік кооператив болып табылса, кооператив мүшелерінің жалпы жиналысы шешімінің негізінде борышкер шаруашылық серіктестігі болып алдын ала қайта ұйымдастырылғаннан кейін санацияға қатысушы шаруашылық серіктестігіне қатысушы құқығына ие болады. Көрсетілген шешiм сотқа оңалту жоспарымен бiр мезгілде ұсынылуға тиiс. Мұндай жағдайда құрылған шаруашылық серiктестiгiнің жарғылық капиталының мөлшерi жарғы лық капитал екi жыл ішінде белгiленген мөлшерлерге дейiн толықтырылатын жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген ең төменгi мөлшерден кем болуы мүмкiн. 2. Санацияға екi немесе одан да көп тұлға қатысқан жағдайда борышкер мүлкiндегi үлес мөлшерi олардың əрқайсысы санация мақсаты үшiн пайдаланған қаражаттың сомасына пропорционалды түрде айқындалады. 82-бап. Оңалту рəсiмiн тоқтату 1. Оңалтуды басқарушы, егер: 1) борышкерге қатысты оңалту рəсiмiнiң мақсатына қол жеткізілген; 2) ол бұл мақсатқа қол жеткізу мүмкін еместігіне көз жеткізген жағдайларда, кредиторлар жиналысының шешімі бойынша борышкерге қатысты оңалту рəсiмiн тоқтату туралы өтiнiшпен сотқа жүгiнедi. Оңалтуды басқарушының өтiнiшiне оңалтуды басқарушының қорытынды есебi қоса беріледi. Мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде бекітілген оңалту жоспары орындалған жағдайда, мемлекеттік қолдау шараларына қатысушы оңалту рəсімін тоқтату туралы өтініш білдіреді. 2. Борышкердi оңалту жоспарын iске асыру не оңалтуды басқарушының əрекеттерi (əрекетсiздiгi) өз мүдделерiне нұқсан келтiредi деп есептейтiн борышкер мүлкiнiң меншік иесi (ол уəкiлеттік берген орган) оңалту рəсiмiн тоқтату туралы сотқа жүгіне алады. 3. Кредиторлар жиналысының өткізілетіні туралы тиісінше хабардар етілмеген жағдайда, талап қою сомасы кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілген талаптардың жалпы сомасының кемінде он пайызын құрайтын кредитордың оңалту рəсімін тоқтату туралы сотқа жүгінуге құқығы бар. 4. Кредитор (кредиторлар): 1) борышкердің оңалту жоспарын құру жөніндегі əрекеттерi (əрекетсiздiгi) өзінің мүліктік мүдделеріне нұқсан келтіретінін растайтын негіздер болған; 2) кредиторлық берешекті өтеу кестесі үш айдан астам орындалмаған; 3) оңалту рəсімін қолдану туралы өтінішке қоса берілген құжаттарда анық емес мəліметтердің ұсынылу фактілері анықталған; 4) борышкердi оңалту жоспарын iске асыру не оңалтуды басқарушының əрекеттерi (əрекетсiздiгi) өзінің мүліктік мүдделерiне нұқсан келтiретінін растайтын негіздер болған кезде оңалту рəсімін тоқтату туралы өтінішпен сотқа жүгіне алады. 5. Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінің 2) тармақшасында, 2, 3 жəне 4-тармақтарында көзделген негіздер бойынша оңалту рəсімін тоқтату туралы сотқа өтініш берілген кезде өтініш беруші тұлға борышкерді банкрот деп тану туралы талапты өтініште көрсетуге міндетті. Осы тармақтың талаптары орындалмаған жағдайда сот оңалту рəсімін тоқтату туралы өтінішті қараусыз қалдырады. 6. Кредиторлар жиналысы оңалту рəсімін келісуден бас тартқан не борышкер осы Заңның 59-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында белгіленген мерзімде оңалту жоспарын ұсынбаған жағдайларда, сот уақытша əкімшінің өтініші бойынша оңалту рəсімін тоқтатады. 83-бап. Оңалту рəсiмiн тоқтатудың салдарлары Осы Заңның 82-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 2, 3, 4 жəне 6-тармақтарында көзделген негіздер бойынша оңалту рəсімі тоқтатылған жəне банкроттық туралы іс қозғалған (қайта басталған) жағдайларда: 1) осы Заңның 68-бабында көзделген салдарлар сақталады; 2) борышкерді банкрот деп тану туралы шешім шығарылғанға жəне банкроттықты басқарушы тағайындалғанға дейін борышкердің мүлкі мен істерін басқару құқығы оңалту рəсімінде басқаруды жүзеге асырған тұлғада сақталады. 6-тарау. БАНКРОТТЫҚ РƏСІМІ 84-бап. Банкроттық рəсімін жүргізу мерзімі 1. Банкроттық рəсімін жүргізу мерзімі сот шешімімен айқындалады жəне ол тоғыз айдан аспауға тиіс. Бұл мерзімді кредиторлар жиналысының келісуімен банкроттықты басқарушының өтінішхаты бойынша сот үш айдан аспайтын мерзімге ұзарта алады. Банкроттық рəсімін жүргізу мерзімі борышкерді

банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап есептеледі. 2. Мыналар: 1) соттың іс жүргізуінде борышкер мен оның кредиторларының мүліктік мүдделерін қозғайтын істің болуы; 2) өткізілмеген мүліктің болуы; 3) банкроттықты басқарушының борышкер мен оның кредиторларының мүдделеріне қарсы əдейі немесе жалған банкроттық белгілері, өзге де құқық бұзушылықтар немесе қылмыстар бойынша қылмыстық қудалау органдарына жүгінуі; 4) қорытынды есепті бекітуден бас тарту туралы сот ұйғарымында көрсетілген, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою қажеттілігі; 5) уəкілетті орган анықтаған, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою қажеттілігі банкроттық рəсімін жүргізу мерзімін ұзарту үшін негіз болып табылады. 85-бап. Банкроттық рəсіміне қатысушылар Мыналар: 1) банкроттық туралы істі қарайтын сот; 2) уəкілетті орган; 3) банкрот; 4) банкрот мүлкiнің меншiк иесі, қатысушылар (құрылтайшылар); 5) кредитор; 6) уақытша жəне банкроттықты басқарушылар; 7) басқа да мүдделі адамдар банкроттық рəсіміне қатысушылар болып табылады. 86-бап. Соттың банкроттық рəсіміндегі өкiлеттiктерi Банкроттық рəсімінде соттың мынадай өкiлеттiктерi болады: 1) банкроттық рəсімін қозғайды, ұзартады жəне тоқтатады; 2) заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеудi жүзеге асыратын органға, уəкілетті органға, жеке сот орындаушыларының алқасына жəне борышкердің орналасқан жері бойынша аумақтық атқарушылық іс жүргізу органына заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешiм шығарылғанын хабарлайды; 3) банкрот жауапкер ретiнде əрекет ететін мүлiктiк сипаттағы даулар бойынша iстердi өзiнiң іс жүргiзуiне қабылдайды; 4) уақытша басқарушыны тағайындайды жəне шеттетеді; 5) банкроттық рəсіміне қатысушылар арасындағы дауларды шешеді. 87-бап. Банкроттық рəсімін қозғау салдарлары 1. Сот борышкердi банкрот деп тану жəне банкроттық рəсімін қозғау туралы шешiм шығарған күннен бастап: 1) борышкер мүлкінің меншік иесіне (ол уəкілеттік берген органға), құрылтайшыларға (қатысушыларға), заңды тұлғаның барлық органдарына мүлікті кəдімгі коммерциялық операциялар шеңберінен тыс пайдалану мен өткізуге жəне міндеттемелерді өтеуге тыйым салынады; 2) банкроттың барлық борыштық мiндеттемелерiнiң мерзiмдерi өтті деп есептеледі; 3) банкрот берешегiнiң барлық түрлерi бойынша тұрақсыздық айыбын жəне сыйақыларды (мүдделерді) есепке жазу тоқтатылады; 4) сотта банкроттың қатысуымен қаралатын мүлiктiк сипаттағы даулар, егер олар бойынша қабылданған шешiмдер заңды күшiне енбесе, тоқтатылады; 5) үшінші тұлғалардың кепілдіктері мен кепілгерліктерін орындау бойынша талаптарды, ондай-ақ үшінші тұлғалар кепіл беруші болатын жағдайларда кепіл нысанасын өндіріп алуды қоспағанда, банкротқа банкроттық рəсімі шеңберінде ғана талаптар қойылуы мүмкін; 6) əкімші өтінішінің жəне борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімінің ұсынылған көшірмесінің негізінде банкрот мүлкіне қойылған барлық шектеулер мен ауыртпалықтар (борышкердің шоттарына қаржылық жəне мемлекеттік органдардың инкассолық өкімдері, мүлікке сот орындаушылары тағайындаған тыйым салу жəне басқалар) оларды тағайындаған органдардың тиісті шешімдері қабылданбастан алып тасталады; 7) банкроттың мүлкіне жаңадан тыйым салу жəне банкроттың мүлкіне иелік етуге өзге де шектеулер қою мəмілені жарамсыз деп тану туралы жəне банкротқа қойылған, мүлікті өзгенің заңсыз иеленуінен талап ету туралы қуынымдары бойынша ғана жол беріледі. 2. Банкроттық рəсімін қозғау кезінде иемденушіге берілмеген банкрот мүлкі банкроттың мүліктік массасының құрамына енгізіледі, ал кредитор немесе орындалмаған міндеттеме бойынша дəрменсіз сатып алушы банкроттық рəсімі шеңберінде борышкерге өз талаптарын қоюға құқылы. 88-бап. Уақытша басқарушының өкілеттіктері 1. Уақытша басқарушы: 1) мемлекеттік органдардан, жеке жəне заңды тұлғалардан борышкер, оған өтеусіз негізде берілуге тиіс екенін растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса алғанда, оның мүлкі туралы ақпаратты сұрау салу берілген кезден бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде сұратуға; 2) борышкердің өзі банкрот деп танылғанға дейін осы Заңның талаптарын бұза отырып жасаған мəмілелерін анықтауға, оларды жарамсыз деп тану туралы жəне сот тəртібімен, оның ішінде мұндай мəмілені анықтаған кредитордың өтінішхаты бойынша мүлікті қайтару туралы талап қоюға; 3) əдейі немесе жалған банкроттық жағдайлар анықталған кезде сотқа жүгінуге; 4) мəлімделген талаптардың негізі мен сомасын растайтын құжаттарды кредиторлардан сұратуға; 5) осы Заңда көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы. 2. Сот тағайындаған кезден бастап жəне банкроттық туралы істі қарау аяқталғанға дейін уақытша басқарушы: 1) борышкердің қаржылық жағдайы туралы мəліметтерді оның төлем қабілетсіздігі белгілерінің бар не жоқ екендігін растау мақсатында бухгалтерлік есеп жəне қаржылық есептілік құжаттарының негізінде сот шешімі шығарылғанға дейін жинауды жүзеге асыруға; 2) сотқа борышкердің қаржылық жағдайы туралы қорытындыны ұсынуға; 3) уəкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру үшін соттың оны тағайындау туралы ұйғарымы шығарылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде уəкілетті органға банкроттық туралы істі қозғау жəне кредиторлардың талаптарды мəлімдеу тəртібі туралы қазақ жəне орыс тілдерінде хабарландыруды жіберуге; 4) сот талқылауы кезеңінде борышкер мүлкі меншік иесінің, құрылтайшылардың (қатысушылардың) борышкердің активтерін шығаруына жол бермеу мақсатында оларды бақылауды қамтамасыз етуге; 5) мəмілелерді кəдімгі коммерциялық операциялар шеңберінен тыс келісу туралы борышкердің өтінішін бес жұмыс күні ішінде қарауға; 6) осы Заңда көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті. 3. Борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімі шығарылғаннан кейін уақытша басқарушы: 1) уəкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру үшін борышкер банкрот деп танылған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде борышкерді банкрот деп тану туралы қазақ жəне орыс тілдерінде жарияланымды уəкілетті органға жіберуге; 2) борышкер банкрот деп танылған кезден бастап жеті жұмыс күні ішінде уəкілетті органнан банкрот деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі бар тұлғаның бар-жоғы жəне банктік шоттарының нөмірлері, осы шоттардағы ақшаның қалдықтары туралы жəне қозғалысы туралы ақпарат сұратуға; 3) банкрот қызметкерлерін еңбек шартының Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сəйкес алдағы уақытта тоқтатылатыны туралы хабардар етуге;

4) банкрот мүлкін қорғауды жəне бақылауды қамтамасыз етуге; 5) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тəртіппен, мерзімде жəне нысан бойынша кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыруға; 6) банкроттың мүліктік массасына түгендеуді жүргізуге жəне түгендеу бойынша есепті кредиторлардың алғашқы жиналысына ұсынуға; 7) егер банкроттықты басқарушы тағайындалғанға дейін мұндай мүліктің құны елеулі төмендейтін (тез бұзылатын тауарлар, маусымдық тауарлар, мал жəне жедел өткізуді талап ететін өзге де тауарлар) жағдайларда уəкілетті органмен келісу бойынша банкрот мүлкін сатуды жүзеге асыруға; 8) кредитордың жəне борышкер мүлкі меншік иесінің жазбаша сұрау салуы негізінде банкроттық рəсімінің жүзеге асырылу барысы туралы сұрату алынған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлауға; 9) кредиторлар жиналысының өткізілу күні, уақыты мен орны туралы кредиторларды хабардар етуге; 10) сот борышкер мен оның кредиторларының мүдделерін қозғайтын акт шығарған жағдайда, осы сот актісіне шағымдану туралы мəселені қарау үшін өтініші бойынша банкроттық туралы іс қозғалған кредиторға не борышкерге оны алған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде оның көшірмесін ұсынуға; 11) кредиторлардың алғашқы жиналысын ұйымдастыруға жəне өткізуге; 12) банкроттықты басқарушыға (уəкілетті органға) өзін тағайындаған (борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімі шығарылған) күннен бастап үш жұмыс күні ішінде құрылтайшылық құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, банкроттың мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарды, банкротқа тиесілі мөрлерді, мөртабандарды, материалдық жəне өзге де құндылықтарды беруге; 13) сот іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру немесе тоқтату туралы ұйғарым, борышкерді банкрот деп танудан бас тарту туралы шешім шығарған, не борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімінің күші жойылған жағдайда борышкерге тиісті сот актісі қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде құрылтайшылық құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, мөрлерді, мөртабандарды, материалдық жəне өзге де құндылықтарды беруге; 14) осы Заңда көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті. 89-бап. Банкроттықты басқарушының өкілеттіктері 1. Банкроттықты басқарушы кредиторлардан мəлімделген талаптардың негізі мен сомасын растайтын құжаттарды сұратуға құқылы. 2. Банкроттықты басқарушы: 1) өзі тағайындалған кезден бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде уақытша басқарушыдан құрылтайшылық құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, банкроттың мүлкіне құқық белгiлейтiн құжаттарды, банкротқа тиесілі мөрлерді, мөртабандарды, материалдық жəне өзге де құндылықтарды қабылдауға; 2) оны тағайындағаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде мемлекеттік органдардан, жеке жəне заңды тұлғалардан банкрот, оған тиесілі (тиесілі болған) мүлік туралы ақпаратты жəне растайтын құжаттардың көшірмелерін талап етуге, егер көрсетілген ақпарат пен құжаттарды оған уақытша басқарушы бермеген болса, олар сұрау салу жіберілген кезден бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде оған өтеусіз негізде ұсынылуға тиіс; 3) өзі тағайындалғаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде уəкілетті органнан банкрот деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі бар тұлғаның банктік шоттарының бар-жоғы жəне нөмірлері, осы шоттардағы ақшаның қалдықтары туралы жəне қозғалысы туралы ақпарат сұратуға; 4) банкроттың мүлкін қорғауды жəне бақылауды қамтамасыз етуге; 5) кредиторлар комитеті дебиторлық берешекті сату туралы шешім қабылдаған жағдайларды қоспағанда, банкрот алдында берешегі бар адамдарды анықтаған кезден бастап жеті жұмыс күнінен аспайтын мерзімде осы берешекті сот тəртібімен өндіріп алу туралы талап қоюға; 6) борышкердің оны банкрот деп танығанға дейін осы Заңның талаптарын бұза отырып жасаған мəмілелерін анықтауға жəне оларды жарамсыз деп тану туралы не мүлікті сот тəртібімен, оның ішінде мұндай мəмілені анықтаған кредитордың өтінішхаты бойынша қайтару туралы талап қоюға; 7) кредиторлар комитетінің шешімі негізінде он жұмыс күні ішінде банкроттық туралы іс қозғалғанға дейін борышкер жасасқан шарттарды өзгертуге немесе бұзуға; 8) банкроттың мүлкін (активтерін) сату жоспарын əзірлеуге жəне оны іске асыруды жүзеге асыруға; 9) кредиторлар талаптарының тізілімін жүргізуге; 10) осы Заңның 11-бабының 5-тармағында белгіленген адамдарды анықтауға; 11) кредиторлар комитеті есеп айырысуға көшу туралы шешім қабылдағаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде кредиторлармен есеп айырысуды жүзеге асыруға; 12) кредиторға оның жазбаша сұрау салуы негізінде сұрау салу түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде банкроттық рəсімінің жүзеге асырылу барысы туралы хабарлауға; 13) егер банкроттықты басқарушымен жасалған банкроттық рəсімін жүргізу туралы шартта өзгеше белгіленбесе, сот банкрот пен оның кредиторларының мүдделерін қозғайтын актіні шығарған жағдайда оны алған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде кредиторлар комитетіне осы сот актісіне шағымдану туралы мəселені қарау үшін оның көшірмесін ұсынуға; 14) кредиторларды кредиторлар комитетінің жиналысын өткізу күні, уақыты мен орны туралы хабардар етуге; 15) сот қорытынды есепті бекіткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде банкроттың банктік шоттарын жабуға, салық төлеуші куəлігінің жəне қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куəліктің бланкілерін (олар бар болған кезде) салық органына тапсыруға, банкроттың мөрін жоюға; 16) борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімінің күші жойылған жағдайда борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімінің күшін жою туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде борышкерге құрылтайшылық құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, мүлікке құқық белгілейтін құжаттарды, мөрлерді, мөртабандарды, материалдық жəне өзге де құндылықтарды беруге; 17) банкроттықты басқарушы шеттетілген (босатылған) жағдайда, жаңадан тағайындалған банкроттықты басқарушыға шеттету (босату) туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде құрылтайшылық құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, банкроттың мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарды, банкротқа тиесілі мөрлерді, мөртабандарды, материалдық жəне өзге де құндылықтарды беруге; 18) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді орындауға міндетті. 90-бап. Банкроттық рəсімінде кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру 1. Уақытша басқарушы сот оны тағайындау туралы ұйғарым шығарған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде банкроттық туралы істі қозғау жəне кредиторлардың талаптарды мəлімдеу тəртібі туралы қазақ жəне орыс тілдерінде хабарландыруды уəкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру үшін уəкілетті органға жібереді. Уəкілетті орган хабарландыруды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оны өзінің интернет-ресурсында орналастыруға міндетті. Борышкерде интернет-ресурс болған кезде аталған

интернет-ресурста хабарламаны жариялау міндетті болып табылады. 2. Уақытша басқарушы сот орындаушыларынан заңды күшіне енген сот шешімін немесе борышкерден ақшаны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде осындай кредиторларды банкроттық туралы істі қозғау (борышкерді банкрот деп тану) жəне талаптарды мəлімдеу тəртібі туралы жазбаша хабардар етеді. Уақытша басқарушы банкроттық туралы істі қозғау туралы сот ұйғарым шығарған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өміріне жəне денсаулығына зиян келтіргені үшін өздерінің алдында борышкер жауапты болатын азаматтарды да борышкерді банкрот деп тану жəне талаптарды мəлімдеу тəртібі туралы хабардар етеді. 3. Кредиторлардың талаптарды мəлімдеу тəртібі туралы хабарландыру жарияланған кезден бастап бір ай мерзімнен кешіктірмей олар банкротқа қоятын талаптарын мəлімдеуге тиіс. Кредиторлардың талаптарында салыстыру үшін құжаттардың түпнұсқалары бір мезгілде ұсыныла отырып, талаптың сомасы туралы мəліметтер (талаптың негізі мен сомасын растайтын құжаттардың (күшіне енген сот шешімдері, шарттардың көшірмелері, борышкердің борышын тануы) көшірмелерін қоса бере отырып, негізгі борыштың, сыйақының (мүдденің), тұрақсыздық айыбының жəне өзге де айыппұл санкцияларының, залалдардың сомасы туралы жеке) қамтылуға тиіс. Егер кредиторлардың мəлімдеген талаптары бойынша сыйақы (мүдде), тұрақсыздық айыбы жəне өзге де айыппұл санкциялары, залалдар есептелген болса, онда мұндай кредиторлар борышкер банкрот деп танылғаннан кейін күнтізбелік он бес күн ішінде сыйақыны (мүддені), тұрақсыздық айыбын жəне өзге де айыппұл санкцияларын, залалдарды ескере отырып, өзінің талаптарын қайтадан мəлімдейді. Кредиторлар талаптың негізі мен сомасын растайтын өзге де құжаттарды ұсынуға құқылы. Кредиторлардың шетел валютасында көрсетілген талаптары борышкерді банкрот деп тану жəне оны банкроттық рəсімін қозғай отырып тарату туралы сот шешім қабылдаған кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша теңгемен есептеледі. 4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген мерзімнен кеш мəлімделген кредитордың талабы кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізіледі, бірақ мұндай кредитор бір ай мерзімде мəлімделген кредиторлардың талаптарын толық қанағаттандырғанға дейін кредиторлар жиналысында дауыс беру құқығынан айырылады. 5. Осы баптың 3-тармағында көзделген мерзімде мəлімделген кредиторлардың талаптарын уақытша басқарушы оларды алған кезден бастап он жұмыс күні ішінде қарауға тиіс жəне танылған талаптар тізілімге енгізіледі. Кредиторлардың бұрын сотқа мəлiмдеген талаптары, егер олар осы баптың 3-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген талаптарға сай келетін болса, кредитордың өтініші болған кезде тiзiлiмге енгiзiлуi мүмкiн. 6. Кредиторлар талаптарының тізіліміне: 1) Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру жəне секьюритилендiру туралы заңнамасына сəйкес шығарылған облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бөлiнген активтер жəне мынадай мүлiктi: ипотекалық тұрғын үй қарызы шарттары бойынша (ипотекалық куəліктердің кепілін қоса алғанда) талап құқықтарын, сондай-ақ олардың ұстаушыларында мəмілелер бойынша не Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де негіздермен көрсетілген облигацияларға меншік құқықтары туындаған немесе оларға көшкен жағдайларда Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын кепілмен қамтамасыз етілген ипотекалық облигацияларды ұстаушылардың талаптары; 2) кредиторлардың мемлекет кепiлгерлiгiмен қамтамасыз етiлген инфрақұрылымдық облигациялар бойынша талаптары; 3) борышкер құрылтайшыларының (қатысушыларының) талаптары енгізілмейді. 7. Кредиторлар борышкерге берешектің сомасын жəне осы сомаға тиесілі сыйақыны (мүддені), борышкер тарапынан міндеттемелерді орындамаудан немесе тиісінше орындамаудан келтірілген залалдарды, тұрақсыздық айыбын (айыппұлдар, өсімпұлдар) жəне өзге де айыппұл санкцияларын қамтитын талаптарды қоюға құқылы. 8. Сыйақының (мүдденiң) сомасы борышкердi банкрот деп тану туралы сот шешiм қабылдаған кезде айқындалады. 9. Залалдардың, тұрақсыздық айыбының (айыппұлдар дың, өсiмпұлдардың) жəне өзге де айыппұл санкцияларының сомасы борышкердi банкрот деп тану жəне оны тарату туралы шешiм қабылданған кезде айқындалады. Кредиторлардың банкроттық рəсiміне қатысуға байланысты шығыстары өтеуге жатпайды. 91-бап. Кредиторлардың талаптарын қарау 1. Уақытша басқарушы борышкер банкрот деп танылған күннен кейінгі күні кредиторлардың талаптарын қарау нəтижелері туралы (талаптарды толық көлемде немесе себептерін көрсете отырып, бір бөлігінде тану немесе танымау туралы) əрбір кредиторға жазбаша хабарлауға міндетті. Кредиторлардың борышкер банкрот деп танылғаннан кейін мəлімделген талаптары бойынша уақытша басқарушы шешім қабылданған күннен кейінгі күні осындай кредиторға жазбаша хабарлауға міндетті. Кредитордың талабын (толық көлемде немесе бір бөлігінде) тану туралы хабарламада уақытша басқарушы кредиторлардың алғашқы жиналысын өткізу күнін, уақытын, орнын жəне күн тəртібін көрсетуге міндетті. 2. Уақытша басқарушының шешімімен келіспеген жағдайда кредитор, құрылтайшы (қатысушы) оған банкроттық туралы істі қарайтын сотқа он жұмыс күні ішінде шағымдануға құқылы. 92-бап. Кредиторлар талаптарының тізілімін жариялау 1. Уақытша басқарушы борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешім шығарған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде кредиторлар талаптарының тізілімін уəкілетті органның интернет-ресурсына орналастыру үшін уəкілетті органға жіберуге міндетті. Уəкілетті орган кредиторлар талаптарының тізілімін алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оны өзінің интернет-ресурсында орналастыруға міндетті. 2. Кредитор жарияланған тізілімге енгізілген кез келген кредитор талабының мөлшері мен негізіне шағымдануға құқылы. 93-бап. Кредиторлар жиналысының банкроттық рəсіміндегі өкілеттіктері 1. Кредиторлардың алғашқы жиналысын уақытша басқарушы борышкер банкрот деп танылған күннен бастап күнтізбелік қырық бес күн мерзімінен кешіктірмей өткізеді. 2. Кредиторлардың алғашқы жиналысында: 1) кепіл мүлкіне бағалау жүргізу туралы шешім қабылданады; 2) уəкілетті органда тіркелген тұлғалар ішінен банкроттықты басқарушының кандидатурасы таңдалады; 3) кредиторлар комитетін құру туралы шешім қабылданады; 4) кредиторлар комитетінің саны айқындалады жəне кредиторлар комитетінің құрамы, төрағасы бекітіледі; 5) кредиторлар комитетінің жұмыс регламенті бекітіледі; (Жалғасы 10-бетте).


10

www.egemen.kz

(Жалғасы. Басы 5-9-беттерде). 6) уақытша басқарушыға негізгі сыйақы төлемінің мөлшері айқындалады. 3. Кредиторлар жиналысының құзыретіне: 1) кепіл мүлкін бағалау нəтижелерін ескере отырып, кепіл мүлкін кепілді кредиторларға олардың талаптарын қанағаттандыру үшін беру туралы мəселені қарау; 2) банкроттықты басқарушының кандидатурасын таңдау; 3) кредиторлар комитетінің құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізу; 4) банкроттың мүліктік массасын түгендеу туралы есепті мақұлдау; 5) мүлікті (активтерді) бағалауды жүргізу туралы шешім қабылдау; 6) мүлікті сату жоспарын бекіту; 7) банкроттың мүлкін (активтерін) тікелей сату туралы шешім қабылдау; 8) мүлікті теңгерімдік құны бойынша электрондық аукционға қою туралы шешім қабылдау; 9) борышкердің өндіріп алу мүмкін емес дебиторлық берешегінің сомасын бекіту; 10) банкроттықты басқарушыға негізгі сыйақы төлемінің сомасын айқындау; 11) банкроттықты басқарушыға қосымша сыйақы мөлшерін айқындау; 12) қорытынды есепті келісу; 13) банкроттық рəсімін жүргізу мерзімін ұзартуға келісім беру; 14) борышкердің кредиторларымен есеп айырысуға көшуі туралы шешім қабылдау; 15) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар жатады. 4. Банкроттықты басқарушының кандидатурасын таңдау кезінде уəкілетті органда есепте тұрған тұлғаларға қатысты ұсынымдарды кредиторлар жиналысы дəрменсіз борышкердің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың кəсіптік бірлестіктерінен алуы мүмкін. Кредиторлар жиналысы сайланған кандидатты оның кандидатурасын уəкілетті органға ұсынғанға дейін оның банкроттықты басқарушы ретінде таңдалғаны туралы хабардар етуге міндетті. Уəкілетті орган кредиторлар жиналысы ұсынған кандидатураны кредиторлар жиналысы оны ұсынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде банкроттықты басқарушы етіп тағайындауға міндетті. Уəкілетті орган осы Заңның 12-бабының 3-тармағы негізінде банкроттықты басқарушының кандидатурасын тағайындауға кедергі келтіретін мəн-жайларды анықтаған жағдайда уəкілетті орган анықтаған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде кредиторлар жиналысына банкроттықты басқарушының кандидатурасын тағайындаудан дəлелді бас тартуды не осы Заңның 12-бабының 8-тармағының 11) тармақшасы негізінде банкроттықты басқарушының уəкілетті органдағы тіркеуден алып тасталғаны туралы хабарламаны жіберуге міндетті. Кредиторлар жиналысы ұсынылған кандидатураны тағайындаудан уəкілетті орган бас тартқан жағдайда, банкроттықты басқарушы етіп тағайындау үшін басқа кандидатура ұсынуға міндетті. 94-бап. Кредиторлар комитетінің банкроттық рəсіміндегі өкілеттіктері Кредиторлар комитеті: 1) банкроттық рəсімінің өткізілуін жəне банкроттықты басқарушының қызметін жедел бақылауды жүзеге асырады; 2) банкроттықты басқарушымен шарт жасасады жəне оны бұзады; 3) шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын банкроттық рəсімін жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітеді; 4) салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша əкімшілік шығыстардың орнын толтыру жағдайларын қоспағанда, əкімшілік шығыстардың сметасын жəне банкроттық рəсімін жүргізу үшін тартылатын қызметкерлердің санын бекітеді; 5) банкроттың жаңадан анықталған не мүліктік массаға қайтарылған мүлкін (активтерін) бағалауды жүргізу туралы шешім қабылдайды; 6) банкроттықты басқарушы сатып алатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесін айқындайды; 7) борышкер мен кредитор арасындағы талаптарды өзара есепке алу туралы шешім қабылдайды; 8) осы Заңда көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 95-бап. Кредиторлардың еңбекақы төлеу жөніндегі мүдделерін білдіру 1. Борышкерге еңбекақы төлеу жөнінде талаптары бар адамдар жиналыста (конференцияда) жасырын дауыс беру арқылы борышкердің, оның кредиторларының алдында өздерінің мүдделерін қорғауға уəкілетті өкілді сайлайды. Кредитордың еңбекақы төлеу жөніндегі өкілі кредиторлар комитетінің құрамына кіреді. 2. Осы баптың 1-тармағында көзделген тəртіппен сайланған өкіл банкроттық рəсімін жүргізу кезеңінде осы Заңмен өзіне берілетін кредитордың барлық құқықтарын пайдаланады. Өкіл кредиторлар талаптарының тізілімінде еңбекақы төлеу жөніндегі талаптарды бекіту нəтижелері жəне оларды қарау нəтижелері бойынша оны сайлаған жиналыс (конференция) алдында есеп береді. 96-бап. Мүліктік масса 1. Мүліктік массаның құрамына: 1) банкроттың, оның ішінде оның қаржылық құжаттарында көрсетілмеген, бірақ талап құқықтарын (дебиторлық берешек) қоса алғанда, борышкердің меншік құқығын растайтын құжаттары бар мүлкі; 2) Қазақстан Республикасының жер заңнамасында көзделген жағдайларда банкроттың тұрақты жəне ұзақ мерзімді уақытша жер пайдалану құқықтары кіреді. 2. Мүліктік массаға банкрот – дара кəсіпкердің, толық серіктестіктер қатысушыларының жеке мүлкі, толық жəне коммандиттік серіктестіктерінің бұрынғы қатысушыларының, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік қатысушыларының, сондай-ақ банкроттың мүлкі жеткіліксіз болған кезде Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасына сəйкес оларға өндіріп алуды қолдану мүмкін болатын өндірістік кооперативтің мүлкі бөлек кіреді жəне ескеріледі. 3. Қазақстан Республикасының заңдарында борышкерді банкроттыққа жеткізгені үшін өзге тұлғалардың субсидиарлық жауапкершілігі көзделген жағдайларда бұл жауапкершіліктің мөлшері кредиторлар талаптарының жалпы сомасы мен банкроттың мүліктік массасы арасындағы айырма ретінде айқындалады. Банкроттықты басқарушы осындай тұлғаларға борышкердің барлық кредиторларының мүдделері үшін талаптар қоюға міндетті. Жекелеген кредиторлардың өз мүдделерi үшін мұндай талаптар қоюына жол берiлмейдi. 4. Мүліктік массаға: 1) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары; 2) Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру жəне секьюритилендiру туралы заңнамасына сəйкес жобалық қаржыландыру кезінде арнайы қаржы компаниясының міндеттемелері бойынша қамтамасыз ету жəне секьюритилендiру кезінде арнайы қаржы компаниясының облигациялары бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бөлiнген активтер мен ипотекалық облигациялар бойынша мынадай қамтамасыз ету болып табылатын кепіл мүлкі: ипотекалық тұрғын үй қарызы шарттары бойынша (ипотекалық куəліктерді қоса алғанда) талап құқығы, сондай-ақ көрсетілген акцияларға олардың ұстаушыларында мəмілелер не Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де негіздер бойынша меншік құқығы

туындаған немесе оларға ауысқан жағдайларда Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары енгізілмейді. Банкроттықты басқарушы көрсетiлген мүлiк пен бөлiнген активтердi кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшiн Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру жəне секьюритилендiру туралы заңнамасына сəйкес айқындалған ипотекалық облигацияларды ұстаушылардың өкiлiне, кредиторлардың жəне (немесе) облигацияларды ұстаушылардың өкiлiне береді; 3) Қазақстан Республикасының жер қойнауы жəне жер қойнауын пайдалану туралы заңамасына сəйкес құрылған тарату қорларының қаражаты; 4) концессия объектiсiнiң құрамына кiретiн мүлiк; 5) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодек сiнде көзделген, шығарындыларды азайту, сертификатталған шығарындыларды азайту, шығарындыларды ішкі азайту, парниктiк газдарды сiңiру квоталары бiрлiктерi; 6) осы Заңның 104-бабында көзделген тəртіппен жəне шарттармен кепілді кредиторға берген жағдайда кепіл мүлкі; 7) уақытша өтеусіз жəне уақытша қысқа мерзімді өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы енгiзiлмейдi. 97-бап. Банкроттың мүліктік массасын түгендеу 1. Уақытша басқарушы банкроттың мүліктік массасын түгендеуді жүргізеді жəне кредиторлардың алғашқы жиналысына түгендеу туралы есепті ұсынады. 2. Түгендеу туралы есеп негізінде кредиторлар жиналысы: 1) түгендеу туралы есепті мақұлдау жəне банкроттықты басқарушыға мүліктік массаны бағалау мен өткізуге кірісуді тапсыру туралы; 2) түгендеу туралы есепті нақтылау жəне банкроттықты басқарушыға он жұмыс күнінен аспауға тиіс мерзімде қайталап түгендеу туралы есеп беру мерзімін белгілеу туралы шешім қабылдайды. 3. Жаңадан анықталған не борышкерге қайтарылған мүлікке (активтерге) қатысты банкроттықты басқарушы түгендеу туралы есепті осы мүлікті өзінің қорғауына жəне бақылауына қабылдаған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде кредиторлар комитетіне ұсынуға міндетті. 98-бап. Банкрот мүлкінің (активтерінің) құнын бағалау 1. Уақытша басқарушының түгендеу туралы есебінде көрсетілген мүлікке (активтерге) бағалау жүргізу туралы шешімді кредиторлар жиналысы қабылдайды. Жаңадан анықталған не мүліктік массаға қайтарылған мүлікке (активтерге) бағалау жүргізу туралы шешімді банкроттықты басқарушының түгендеу туралы есебін қарау кезінде кредиторлар комитеті қабылдайды. 2. Жиналыстың не кредиторлар комитетінің бағалау туралы шешімінде: 1) конкурстық комиссияның саны мен құрамы туралы мəліметтер; 2) бағалаушыны таңдау жөнінде конкурс жариялау жəне өткізу үшін мерзімдер қамтылуға тиіс. 3. Жиналыстың не кредиторлар комитетінің шешіміне сəйкес банкроттықты басқарушы конкурстық негізде тиісті мамандарды тарта отырып, дебиторлық берешекті қоса алғанда, борышкердің мүлкін (активтерін) бағалауды жүргізеді. 4. Банкроттықты басқарушы кредиторлар жиналысы шешімінің негізінде мүлікті оның теңгерімдік құны бойынша электрондық аукционға қоюға құқылы. 99-бап. Банкроттың мүлкін (активтерін) сату 1. Талап қою құқығын қоса алғанда, банкроттың мүлкiн сатуды банкроттықты басқарушы сату жоспарына сəйкес не тікелей сату əдісімен электрондық аукцион өткiзу арқылы жүзеге асырады. Борышкердің (банкроттың) мүлкiн (активтерiн) сату бойынша электрондық аукционды өткiзу тəртiбiн жəне оны ұйымдастырушыны Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды. 2. Банкроттықты басқарушы сату жоспарын банкроттың мүліктік массасын түгендеу жəне бағалау деректерінің негізінде, сондай-ақ мүлікті теңгерімдік құны бойынша электрондық аукционға қою туралы кредиторлар жиналысы шешімінің негізінде жасайды. Банкроттың мүлкін сату жоспарында аукционға бірыңғай лотпен мүліктік массаны бастапқы қою бойынша міндетті шарт қамтылуға тиіс. Банкроттықты басқарушы кредиторлар жиналысы белгілеген мерзімде сату жоспарын жасауға жəне оны кредиторлар жиналысына ұсынуға міндетті. Егер аукцион бірыңғай лот бойынша өтпеген жағдайда не оған қатысушылардың ешқайсысы бірыңғай лотты иемденбесе, мүлікті өткізу бөлек лоттармен жүзеге асырылады. 3. Банкроттың айналымда шектеулі мүлкін өткізу жабық электрондық аукционда жүзеге асырылады. Осы мүлікті иемденуге құқығы бар адамдар жабық электрондық аукционның қатысушылары бола алады. 4. Банкроттың мүлікті сату жоспарына сəйкес сатуға ұсынылған, бірақ өткізілмей қалған мүлкі өздерінің талаптары толық көлемде қанағаттандырылмаған тиісті кезектің кредиторларына, олардың келісімімен сату жоспарында көрсетілген бастапқы бағасы бойынша жалпы үлестік меншікке беруге жатады. 5. Стратегиялық объектіні сату кезінде Қазақстан Республикасы осындай мүлікті иемденуге басым құқыққа ие болады. Банкроттықты басқарушы стратегиялық объектіні сатуды «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес оны иеліктен шығаруға рұқсат беру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімін алғаннан кейін жүзеге асырады. 6. Банкроттың мүлкін (активтерін) тікелей сату кезінде сату бағасы жəне басқа да шарттар, сондайақ сатып алушы жəне онымен сатып алу-сату шартын жасасу мерзімі кредиторлар жиналысының бірауыздан қабылданған шешімімен жəне мүліктің меншік иесінің келісімімен айқындалады. 7. Банкроттың мүліктік массасында банкроттықты басқарушы тағайындалғанға дейінгі мерзім ішінде құны елеулі төмендейтін мүлік (тез бұзылатын тауарлар, мал жəне жедел өткізуді талап ететін өзге де тауарлар) болған жағдайларда, уақытша басқарушы осындай мүлік анықталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде осындай мүлікті сату жоспарын жасауға жəне оны уəкілетті органға келісуге ұсынуға міндетті. Уəкілетті орган екі жұмыс күні ішінде уақытша басқарушының өтінішін қарауға жəне қабылданған шешім туралы уақытша басқарушыны дереу хабардар ете отырып, сату жоспарын келісу не келісуден бас тарту туралы шешім қабылдауға міндетті. Уақытша басқарушы бекітілген сату жоспарына сəйкес мүлікті өткізуге міндетті. 100-бап. Мүліктік массаны бөлудің кезектілігі 1. Əкiмшiлiк жəне сот шығыстары банкрот мүлкiнiң есебiнен кезектен тыс өтеледi. Банкроттық рəсімін жүргізуге байланысты əкiмшiлiк шығыстар олар бойынша төлеу міндеті банкроттық туралы іс қозғалған кезден бастап жəне одан кейінгі кезең ішінде туындаған, тартылатын мамандардың қызметтеріне ақы төлеу бойынша шығындарды, уақытша жəне банкроттықты басқарушыларға ағымдағы төлемдер сомасын, еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдарға еңбекақы төлеуді қамтиды. Əкімшілік шығыстарға салықтық тексерулердің нəтижелері бойынша салық қызметі органы банкроттық рəсімі қолданылған салықтық кезеңнен кейінгі салықтық кезеңдер үшін есептеген, салық төлеушінің салықтық есептілікке сəйкес есептеген салықтар жəне бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер жатады. Кредиторлар комитетінің банкроттықты басқарушымен жасасқан келісімі шегіндегі əкімшілік шығыстар сомаларын басқарушы олардың пайда болуына қарай төлеуі мүмкін. 2. Бірінші кезекте өмір мен денсаулыққа келтірілген зиянның орнын толтыру бойынша; алименттерді өндіріп алу бойынша; Мемлекеттік əлеуметтік

15 наурыз 2014 жыл

сақтандыру қорына əлеуметтік аударымдар, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кəсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешектерді төлей отырып, еңбек шарты бойынша жұмыс істеген адамдарға еңбекақы мен өтемақыларды төлеу бойынша; авторлық шарттар жөніндегі сыйақыларды төлеу бойынша талаптар қанағаттандырылады. Бірінші кезектегі талаптарды өтеу осы тармақта жазылған тəртіппен жүзеге асырылады. Кредиторлардың өмірге немесе денсаулыққа келтірілген зиянның орнын толтыру бойынша талаптарын өтеу үшін мүлік жеткіліксіз болған кезде мүлік олардың тізілімге енгізілген талаптарының сомаларына пропорционалды түрде олардың арасында бөлінеді. Осы бөлік ережелері кредиторлардың алименттерді өндіріп алу бойынша; Мемлекеттік əлеуметтік сақтандыру қорына əлеуметтік аударымдар, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кəсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешектерді төлей отырып, еңбек шарты бойынша жұмыс істеген адамдарға еңбекақы мен өтемақыларды төлеу бойынша; авторлық шарттар жөніндегі сыйақыларды төлеу бойынша талаптарын өтеу кезінде қолданылады. 3. Екінші кезекте осы Заңның 104-бабында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес ресімделген банкрот мүлкінің кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелері бойынша кредиторлардың талаптары қанағаттандырылады. 4. Үшінші кезекте салықтар жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешек өтеледі. 5. Төртінші кезекте азаматтық-құқықтық жəне өзге де міндеттемелер бойынша басқа кредиторлармен есеп айырысу жүргізіледі, сондай-ақ осы Заңның 104-бабының 3-тармағында көзделген жағдайда кредиторлардың талаптары қанағаттандырылады. 6. Бесінші кезекте кредиторлардың залалдардың орнын толтыру жəне тұрақсыздық айыбын (айыппұлдарды, өсімпұлдарды) өндіріп алу бойынша талаптары қанағаттандырылады. 101-бап. Кредиторлармен есеп айырысу қағидалары 1. Əрбір кезектің талаптары алдыңғы кезектегі талаптар толық қанағаттандырылғаннан кейін қанағаттандырылады. Кредитордың талабы оның келісуімен Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін тəсілдермен, оның ішінде ақшалай нысанда жəне (немесе) мүлікті заттай беру арқылы қанағаттандырылуы мүмкін. Салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша, Мемлекеттік əлеуметтік сақтандыру қорына əлеуметтік аударымдар жəне міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кəсіптік зейнетақы жарналары бойынша кредитордан басқа кредитор оны банкроттықты басқарушы ұсынған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімде мүлікті талапты өтеу есебіне заттай қабылдау туралы өзінің жазбаша келісімін (келіспейтінін) білдіруге тиіс. Кредитордың жазбаша келісімін белгіленген мерзімде ұсынбауы мүлікті заттай қабылдаудан бас тартуы болып танылады. 2. Егер талаптарды есепке жатқызу кредиторлар талаптарын қанағаттандырудың кезектілігін бұзбаса, басқа тұлғалар тартылмай, тікелей, өзаралық негізде болып табылса, кредиторлар комитетінің шешімі бойынша банкроттықты басқарушы оның қабылданған күнінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей кредиторға талаптарды есепке жатқызу туралы мəлімдеуге міндетті. Есепке жатқызуға ақшаны төлеу туралы талаптар бойынша ғана жол беріледі. 3. Кредиторлардың осы Заңның 90-бабының 3-тармағында көзделген мерзім өткеннен кейін, бірақ тарату теңгерімі бекітілгенге дейін мəлімделген талаптары, есептелген тұрақсыздық айыбын жəне сыйақыны (мүддені) немесе өзге де айыппұл санкцияларын, залалдарды ескере отырып, кредиторлардың қайтадан мəлімделген талаптарын қоспағанда, белгіленген мерзімде мəлімделген кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін банкроттың қалған мүлкінен қанағаттандырылады. 4. Бірінші кезектегі кредиторлардың барлық кредиторлармен есеп айырысу аяқталғанға дейін мəлімделген талаптары мүліктік масса есебінен қанағаттандырылуға жатады. Мұндай талаптарды тізілімге енгізгенге дейін кредиторлардың талаптарын өтеу тоқтатыла тұрады. 5. Банкрот мүлкінің жеткіліксіздігіне байланысты кредиторлардың қанағаттандырылмаған талаптары өтелді деп саналады. Көрсетілген сомаларды кредитор банкроттық рəсімін аяқтау туралы сот ұйғарымының негізінде дебиторлық берешек есебінен шығаруға тиіс. 102-бап. Бірінші кезектегі кредиторлардың талабын қанағаттандыру сомасы мен тəртібі 1. Борышкер өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін олардың алдында жауапты болатын азаматтар талаптарының сомасын айқындау азаматқа ол жетпіс жасқа толғанға дейін, бірақ кемінде он жыл ішінде төленуге жататын тиісті мерзімдік төлемдерді (борышкер банкрот деп танылған күнгі мөлшерде) капиталдандыру арқылы жүзеге асырылады. Егер азаматтың жасы жетпіс жастан асқан жағдайда, тиісті мерзімдік төлемдерді капиталдандыру кезеңі он жылды құрайды. 2. Осы баптың 1-тармағында көзделген тəртіпке сəйкес айқындалатын соманың төленуі банкроттың тиісті міндеттемесін тоқтатады. 3. Бірінші кезектегі кредиторлардың банкрот мүлкінің жеткіліксіздігіне байланысты қанағаттандырылмай қалған, өмір мен денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу бойынша талаптары Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тəртіппен өтеледі. 4. Кредиторлардың еңбекақы жəне өтемақы лар төлеу бойынша талаптарының сомасын айқындау кезінде, осы баптың 5 жəне 6-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, банкроттық туралы iс бойынша іс жүргізу қозғалған кезге түзілген берешек бірінші кезек құрамында ескеріледі. 5. Өздерімен еңбек қатынастары бiр жылдан басталатын банкроттық туралы iс қозғалғанға дейiнгi кезең iшiнде туындаған кредиторлардың еңбекақы мен өтемақы төлеу бойынша талаптары борышкерде банкроттық туралы iс қозғалғанға дейiнгi бiр жылдың алдындағы күнтiзбелiк он екi айда құралған орташа айлық жалақыдан аспайтын есеппен бірiншi кезек құрамында ескерiледi. Талаптардың қалған сомалары бесінші кезек құрамында ескерiледi. 6. Қызметкердiң жалақысын көтеру нəтижесiнде пайда болған, бiр жылдан бастап банкроттық туралы iс қозғалғанға дейiнгi кезеңде есептелген еңбекақы жəне өтемақы төлеу жөнiндегi кредиторлар талаптарының ұлғайту сомасы кредиторлар талаптарының тiзiлiмiнде бесiншi кезек құрамында ескерiледi. 103-бап. Екінші кезектегі кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру сомасы мен тəртібі 1. Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеме бойынша талаптың сомасын айқындау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес ресімделген кепілмен қамтамасыз етілген бөлігіндегі міндеттеме бойынша берешек ескеріледі. 2. Кредитордың кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеме бойынша талаптары кепіл нысанасын өткізуден түскен соманың мөлшері шегінде қанағаттандырылады. Талаптардың кепіл нысанасын өткізуден түскен соманың мөлшерінен асатын сомасы төртінші кезек құрамына енгізуге жатады. 3. Кепілді кредитор кепіл мүлікті заттай алуға келіскен кезде оның талаптарын өтеу осы Заңның 104-бабында көзделген тəртіппен жəне шарттармен жүргізіледі. 104-бап. Кепілді кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру 1) Банкроттықты басқарушы кепіл мүлікті бағалауды жүргізу туралы кредиторлар жиналысы шешім

қабылдаған күннен бастап күнтізбелік қырық бес күн ішінде кепіл мүлікті бағалауды жүргізуге жəне кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшін кепіл мүлікті кепілді кредиторларға беру туралы мəселені кредиторлар жиналысының кезекті отырысына шығаруға міндетті. 2) Кредиторлар жиналысы кепіл мүлікті бағалау нəтижелерін ескере отырып, кепіл мүлікті кепілді кредиторға беруге келісу (беруден бас тарту) туралы шешім қабылдайды. Егер жиналыс кепіл мүлікті кепілді кредиторға беруге келісу туралы шешім қабылдаған жағдайда, кепілді кредитор кредиторлар жиналысының құзыретіне кіретін қалған мəселелер бойынша шешімдер қабылдау кезінде кредиторлар жиналысында дауыс беру құқығынан айырылады. Егер жиналыс кепіл мүлікті кепілді кредиторға беруден бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда, кепілді кредитордың қалған мəселелер бойын ша шешімдер қабылдау кезінде кредиторлар жиналысында дауыс беруге құқығы болады, кепіл мүлік мүліктік массаға енгізілуге жатады, ал кепілді кредитордың талаптары осы Заңның 103-бабына сəйкес екінші кезектің құрамында қанағаттандырылуға жатады. Кепілді кредитордың кредиторлар жиналысына келмеуі кепіл мүлікті қабылдаудан бас тартуға теңестіріледі. Кепілді кредитор кепіл мүлікті заттай қабылдаудан бас тартқан кезде кепіл мүлік банкроттың мүліктік массасына енгізіледі жəне кепілді кредитордың талаптары екінші кезектегі тəртіппен қанағаттандырылуға жатады. Кепілді кредитордың өзіне кепіл мүлікті беруге қарсы дауыс беруі де кепіл мүлікті қабылдаудан бас тартуға теңестіріледі. 3. Егер кепіл мүліктің кепілді кредитор бірінші кезектегі кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру есебіне төлеген соманы шегергендегі бағалау құны кепілді кредитордың кепілмен қамтамасыз етілген талабынан артық болған жағдайда, онда айырманы кепілді кредитор кредиторлар жиналысы кепіл мүлікті кепілді кредиторға беру туралы шешім қабылдаған күннен бастап отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей банкроттың мүліктік массасына қайтарады. Егер кепіл мүліктің бағалау құны кепілді кредитор бірінші кезектегі кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру есебіне төлеген сомамен жиынтықта кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілген кепілді кредитордың талаптарынан кем болған жағдайда, кепілді кредитордың талаптары айырма мөлшерінде кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізіледі жəне төртінші кезек құрамында қанағаттандырылуға жатады. 4. Кредиторлар жиналысы кепіл мүлікті беру туралы шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік отыз күнге дейінгі мерзімде кепілді кредитор бірінші кезектегі кредиторлардың талаптарын жəне кепіл мүлікті сақтауға жəне ұстауға байланысты əкімшілік шығыстарды өтеуге міндетті. Егер кредиторлар жиналысы бірнеше кепілді кредиторға қатысты оларға кепіл мүлікті беру туралы шешім қабылдаған жағдайда, бірінші кезектегі кредиторлардың талаптарын өтеуді осындай кепілді кредиторлар олардың кепілмен қамтамасыз етілген талаптарының мөлшеріне пропорционалды түрде жүргізеді. Кепіл мүлікті кепілді кредиторға беру ол бірінші кезектегі кредиторлардың талаптары мен кепіл мүлкін сақтауға жəне ұстауға байланысты əкімшілік шығыстарды өтегеннен кейін жүргізіледі. 5. Борышкер банкроттық туралы іс қозғалғанға дейін шарт міндеттемелерін орындау процесінде қандай да бір сомаларды өтеген жағдайда кепілді кредиторлардың талаптары олардың өтелген бөлігінде қанағаттандырылуға жатпайды. Кепілге салынған мүліктің жоғалғаны немесе бүлінгені үшін сақтандыру өтелген жағдайда, кепілді кредиторлардың талаптары олардың өтелген бөлігінде қанағаттандыруға жатпайды жəне бұл талаптардың кез келген өтелмеген бөлігі төртінші кезек шеңберінде өтелуге тиіс. 105-бап. Үшінші кезектегі кредиторлар талаптарының сомасы жəне оларды қанағаттандыру тəртібі 1. Үшінші кезектегі талаптардың құрамына енгізілетін талаптардың сомасын айқындау кезінде банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізу қозғалған кезіне түзілген салықтар жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешек ескеріледі. 2. Егер борышкер банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізу қозғалғаннан кейінгі кезеңде салықты жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді толық көлемде аудармаған жағдайда, сот борышкерді банкрот деп тану жəне оны банкроттық рəсім арқылы тарату туралы шешім шығарғанға дейін төленбеген сомалар борышкердің үшінші кезектегі кредиторлар алдындағы берешегінің жалпы сомасына енгізіледі. 106-бап. Төртінші кезектегі кредиторлар талаптарының сомасы жəне оларды қанағаттандыру тəртібі 1. Төртінші кезектегі талаптар құрамына енгізілетін талаптар сомасын айқындау кезінде азаматтыққұқықтық жəне өзге де міндеттемелер бойынша кредиторлардың талаптары, сондай-ақ осы Заңның 104-бабына сəйкес туындаған кепілді кредиторлардың талаптары ескеріледі. 2. Мүлік жеткіліксіз болған кезде ол төртінші кезектегі кредиторлардың арасында олардың қанағаттандырылуға жататын талаптарының сомасына пропорционалды түрде бөлінеді. 107-бап. Бесінші кезектегі кредиторлар талаптарының сомасы жəне оларды қанағаттандыру тəртібі Мүлік жеткіліксіз болған кезде кредиторлардың залалдардың орнын толтыру жəне тұрақсыздық айыбын (айыппұлдарды, өсiмпұлдарды) өндiрiп алу бойынша талаптары, сондай-ақ кредиторлардың осы Заңның 102-бабының 5 жəне 6-тармақтарында көрсетілген талаптары олардың тізілімге енгізілген талаптарының сомасына пропорционалды түрде қанағаттандырылуға жатады. 108-бап. Кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлік 1. Кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған ақшаны банкроттықты басқарушы Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе банкроттың құрылтайшылық құжаттарына сəйкес банкрот мүлкінің меншік иесіне не оның құрылтайшыларына (қатысушыларына) береді. 2. Банкроттың сатуға ұсынылған, бірақ өткізілмей қалған, сондай-ақ кредитор талапты қанағаттандыру есебіне қабылдамаған, кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейінгі қалған заттай мүлік Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген, сондай-ақ егер осындай мүлікті əкімші əкімшілік шығыстарды өтеу есебіне жəне кредитор талаптарды қанағаттандыру есебіне қабылдамаған жағдайларды қоспағанда, банкроттың меншік иесіне не қатысушыларға (құрылтайшыларға) беріледі. 109-бап. Банкротты борыштардан босату 1. Кредиторлармен есеп айырысу аяқталғаннан кейін банкрот атқаруға қойылған жəне заңды тұлғаны банкрот деп тану кезiнде ескерiлген мiндеттемелер мен өзге де талаптарды орындаудан босатылады. Кредиторлармен есеп айырысу аяқталғаннан кейін банкрот деп танылған дара кəсіпкер банкрот деп жарияланған тұлға өміріне немесе денсаулығына зиян келтіргені үшін олардың алдында жауаптылықта болатын азаматтардың талаптарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жеке сипаттағы өзге де талаптарды қоспағанда, кəсіпкерлік қызметке байланысты қалған міндеттемелерді орындаудан босатылады. 2. Егер банкрот оңалту жəне банкроттық туралы

іс қозғалғанға дейінгі үш жыл ішінде өз мүлкінің бір бөлігін жасырса немесе жасыру мақсатында басқа адамға берсе, бухгалтерлік кітаптарды, шоттарды, құжаттарды қоса алғанда, қажетті есептік ақпаратты бүгіп қалса немесе бұрмаласа, ол борыштардан босатылмайды. 110-бап. Банкроттықты басқарушының қорытынды есебі 1. Кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейiн банкроттықты басқарушы тарату теңгерімі мен кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейiн қалған мүлiктi пайдалану туралы есептi қоса бере отырып, сотқа өз қызметi туралы кредиторлар жиналысымен келісілген қорытынды есептi ұсынады. 2. Сот банкроттықты басқарушының қорытынды есебi мен тарату теңгерімін бекiтедi жəне олар ұсыныл ған кезден бастап күнтізбелік он бес күннен кешiктірілмейтiн мерзiмде банкроттық рəсімін аяқтау туралы ұйғарым шығарады. Банкроттық рəсімі аяқталғаннан кейiн сот бiр апталық мерзiмде банкроттықты басқарушының бiрiншi кезектегi кредиторлардың қанағаттандырылмаған талаптары туралы мəлiметтер қамтылған, бекiтiлген қорытынды есебiнен үзiндi көшiрмені уəкiлеттi органға жiбередi. Банкроттық рəсімді аяқтау туралы ұйғарымда банкроттықты басқарушыға сыйақы төлеуге жəне банкроттың өткізілмей қалған мүлкiне байланысты реттелмеген мəселелер де шешiлуге тиiс. Сот ұйғарымның көшiрмесiн заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын органға, уəкiлеттi органға, мемлекеттiк статистика саласындағы уəкiлеттi органның аумақтық органына, сондай-ақ талаптары қанағаттандырылмаған банкроттың кредиторларына жiбередi. 111-бап. Уəкілетті органның интернет-ресурсында банкроттар тізімін жариялау 1. Банкроттық саласындағы уəкілетті орган өзінің интернет-ресурсында оларға қатысты банкрот деп тану туралы сот шешімдері күшіне енген банкроттардың (дара кəсіпкерлердің, заңды тұлғалардың) тізімін жариялайды. Борышкерді банкрот деп тану туралы шешім күшін жойған жағдайда, ол тізімнен алып тасталады. Тізімде борышкердің тегі, аты, əкесінің аты (ол болған жағдайда) не атауы, экономикалық қызмет түрі, борышкердің деректемелері, басшы мен құрылтайшылардың тегі, аты, əкесінің аты (ол болған жағдайда), борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімінің жəне банкроттық рəсімінің аяқталғаны туралы сот ұйғарымының күндері көрсетіледі. 2. Уəкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған банкроттар тізімі оларға қатысты банкрот деп тану туралы сот шешімдері өткен айда заңды күшіне енген банкроттарды енгізу жолымен ай сайын, өткен айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей жаңартылады. 112-бап. Банкротты таратуды аяқтау 1. Заңды тұлғалар мен дара кəсiпкерлердiң мемлекеттiк тiркелiмдерiне жазба енгiзiлгеннен кейін банкротты тарату аяқталды, ал банкрот жұмыс iстеуiн тоқтатты деп саналады. 2. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын органдар банкротты заңды тұлғалардың тiркелiмiнен алып тастау туралы бұйрықтарды сотқа жəне уəкiлеттi органға, сондай-ақ банкроттың орналасқан жерi бойынша салық органына жiбередi. 3. Заңды тұлғалар банкроттарының акционерлік қоғамдарының директорлар кеңесінің мүшелері, атқарушы органының басшылары мен мүшелері, бас бухгалтері уəкілетті орган қалыптастыратын банкроттар құрылтайшыларының тізіліміне енгізіледі. 7-тарау. БАНКРОТТЫҚТЫҢ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН РƏСІМДЕРІ 113-бап. Таратылатын борышкердің банкроттығы 1. Осы Заңның 11-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген мəн-жайлар анықталған кезде тарату комиссиясы сотқа борышкердi банкрот деп тану туралы өтiнiш беруге мiндеттi. Тарату комиссиясы көрсетілген мəн-жайлар анықталған кезде ол туралы борышкер-заңды тұлғаны хабардар етуге мiндеттi. 2. Сот банкроттық туралы iсті қозғаған кезден бастап борышкер мүлкiнiң меншiк иесiне жəне оның құрылтайшыларына (қатысушыларына) осы Заңның 50-бабында көзделген салдарлар қолданылады. 114-бап. Соттың істі қарауы 1. Таратылатын заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы iсті қозғаған сот бiр ай мерзiмде борышкердi банкрот деп тану жəне оны тарату туралы шешiм шығарады. 2. Егер iстi қарау кезiнде борышкердегi бар мүлiк (активтер) барлық кредиторлардың талаптарын толық көлемде қанағаттандыруға мүмкіндік беретіні анықталса, сот борышкердi банкрот деп танудан бас тарту туралы шешiм шығарады. Соттың шешiмi борышкердi Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тəртіппен таратуды жалғастыруға негiз болып табылады. 115-бап. Борышкерді тарату тəртібі Банкроттықты басқарушы осы Заңның 84-112-баптарында көзделген тəртiппен борышкердi таратуды жүзеге асырады. 116-бап. Борышкердi банкроттық тəртiппен таратудан бас тартудың салдарлары 1. Егер заңды тұлға тек банкроттық тəртiппен тар а тылуға тиiс болатын мəн-жайлардың болуы на қарамастан, меншiк иесi, құрылтайшылар (қатысушылар), тарату комиссиясы борышкердi банкрот деп тану туралы өтiнiшпен сотқа жүгiнбесе жəне заңды тұлғаны таратуды жүзеге асырса, барлық кредиторлардың талаптарын толық көлемде қанағаттандырмау заңды тұлғаның қызметін тоқтатуды мемлекеттік тіркеуден бас тарту үшін негiз болып табылады. 2. Егер борышкер мүлкiнiң меншік иесi, құрылтайшылар (қатысушылар), тарату комиссиясы (таратушы) осы Заңға немесе Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сəйкес борышкердің өтелмеген мiндеттемелерi бойынша жауаптылықта болса, кредиторлар оларға қанағаттандырылмай қалған талаптарын қоюға құқылы. 117-бап. Кредитордың өтiнiшi бойынша таратылатын борышкердiң банкроттығы 1. Заңды тұлғаның меншiк иесiнің, құрылтайшыларының (қатысушыларының) оны тарату туралы шешiм қабылдауы кредитордың мұндай заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы сотқа жүгiнуiне кедергi болып табылмайды. 2. Борышкердi банкрот деп тану туралы сот шешiм қабылдаған жағдайда осы тараудың ережелерi қолданылмайды, ал борышкердi тарату осы Заңның 84 – 112-баптарында көзделген қағидаларға сəйкес жүзеге асырылады. 118-бап. Уəкілетті органның банкроттық рəсімін қозғамастан банкротты таратуы 1. Осы Заңның 57-бабының 2-тармағына сəйкес тарату рəсімін жүргізу уəкілетті органға жүктелген кезде əкімшінің осы Заңда көзделген құқықтары мен міндеттері уəкілетті органға ауысады. 2. Банкротта активтер, сондай-ақ осы Заңның 7-бабына сəйкес жарамсыз деп тануға жататын мəмілелер болмаған жағдайда, уəкілетті орган бір ай мерзімде кредиторлар жиналысына келісу үшін қорытынды есепті жəне тарату балансын ұсынуға міндетті. 3. Уəкілетті орган: 1) кредиторлар жиналысымен келіскен кезден бастап екі жұмыс күні ішінде сотқа бекіту үшін қорытынды есеп пен тарату балансын ұсынуға; 2) сот қорытынды есепті бекіткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде банкроттың банктік шоттарын жабуға жəне салық төлеуші куəлігінің жəне қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куəліктің бланкілерін (олар болған жағдайда) салық органына тапсыруға міндетті. 4. Борышкерді таратуды жүргізу барысында мүлік (Соңы 11-бетте).


(Соңы. Басы 5-10-беттерде). массасы жəне (немесе) бұдан бұрын шығарылған мүлікті мүліктік массасына қайтару анықталған кезде уəкілетті орган жаңадан ашылған мəн-жайлар бойынша банкроттық рəсімін қозғамастан, борышкерді банкрот деп тану жəне банкроттық рəсімін қозғау туралы сот шешімін қайта қарау туралы сотқа жүгінуге міндетті. 8-тарау. ҚАЛА ҚҰРАУШЫ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР БАНКРОТТЫҒЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 119-бап. Қала құраушы борышкер – заңды тұлғалардың банкроттығы 1. Қала құраушы болып табылатын заңды тұлға – борышкер осы тарауда белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Заңда белгіленген жағдайларда жəне тəртіппен банкрот деп танылуы мүмкін. 2. Заңды тұлғаларды қала құраушыға жатқызу жəне олардың тізбесін жүргізу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тəртіппен жүргізіледі. 120-бап. Банкроттық туралы істі қарау 1. Қала құраушы заңды тұлғаның банкроттығы туралы iстi қарау кезінде тиiстi əкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк əкiм уəкiлеттiк берген өкiл атынан iске қатысушы деп танылады. Сот қала құраушы заңды тұлғаның банкроттығы туралы iс қозғалғаннан кейiн бұл туралы əкiмнiң өкiлiн жəне уəкiлеттi органды хабардар етуге мiндеттi. 2. Борышкердiң өзiн банкрот деп тану туралы өтiнi шiне, сондай-ақ борышкердiң пiкiрiне өзге де тұлғалардың оны банкрот деп тану туралы өтiнiшiне борышкердiң қала құраушы заңды тұлғаларға жататындығын куəландыратын құжаттар қоса беріледі. 3. Қала құраушы заңды тұлға – борышкер банкроттығы туралы iстi қарауға дайындық кезінде судья қала құраушы заңды тұлғалар тiзбесiнен үзінді көшiрме сұратып алады. 121-бап. Кредиторлардың талаптарын өтеу

11

www.egemen.kz

15 наурыз 2014 жыл

1. Сот тиiстi шешiм шығарғанға дейiн кез келген уақытта Қазақстан Республикасы, əкiмшiлiкаумақтық бірлік кепiлмен қамтамасыз етілген барлық кредитордың жəне қала құраушы заңды тұлға – борышкердің азаматтық-құқықтық міндеттемелері бойынша кредиторлардың талаптарын бiр мезгiлде өтеудi жүзеге асыруға құқылы. 2. Кредиторлардың талаптары осы баптың 1-тармағында көзделген тəртiппен өтелген жағдайда банкроттық туралы iс бойынша іс жүргізу тоқтатылуға жатады. 3. Қала құраушы заңды тұлға – борышкердің кредиторлар алдындағы талаптарын Қазақстан Республикасының, əкiмшiлiк-аумақтық бірліктің өтеуі борышкердiң мүлкiн алып қоюмен не олардың өзгеше жолмен сатып алуымен қоса жүргізілмейді. 9-тарау. АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМІН ӨНДІРУШІЛЕРДІ ОҢАЛТУДЫҢ ЖƏНЕ ОЛАРДЫҢ БАНКРОТТЫҒЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 122-бап. Ауылшаруашылық өнімін өндірушілердің банкроттығы 1. Ауылшаруашылық өнімін өндіруші болып табылатын борышкер осы тарауда белгiленген ерекшелiктер ескеріле отырып, банкрот деп танылады. 2. Ауылшаруашылық өнімін өндірушілердің дəрменсiздiгi анықталған кезде олар бойынша орындалу мерзiмi алдыңғы жылдан бұрын басталмаған мiндеттемелер ескерiледi. Бұл ретте, осы мерзiмде табиғи жəне техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар не мiндеттемелердiң мерзімінде орындалмауына себеп болып табылған аса қолайсыз табиғи-климаттық жағдайлар туындаған, банкроттық рəсiмi қозғалған жылдың алдындағы жыл есепке алынбайды. 123-бап. Кредитордың өтінішіне немесе борышкердiң пiкiрiне қосымша қоса берілетін құжаттар Кредитордың өтінішiне немесе борышкердiң пiкiрiне

осы Заңда көзделген құжаттардан басқа қосымша мыналар қоса беріледі: 1) жерлердiң кадастрлық сипаттамасы; 2) банкроттық рəсiмi қозғалған жылдың алдындағы жылда табиғи жəне техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар не табиғи-климаттық жағдайлар болса, олар туралы деректер. Борышкер кредитордың, салық жəне өзге де уəкiлеттi мемлекеттiк органның немесе прокурордың өтінішiне берген пiкiрiнде өзiнiң дəрменсiздiгiн таныған жағдайда, қосымша құжаттарды ұсыну мiндеттi емес. Борышкер банкрот деп танылған немесе оған оңалту рəсiмдерi қолданылған жағдайда қосымша құжаттарды алуға байланысты шығыстар əкiмшiлiк шығыстарға жатқызылады. 124-бап. Оңалту рəсiмiнiң мерзiмiн ұзарту Егер табиғи жəне техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың не аса қолайсыз табиғи-климаттық жағдайлардың салдарынан оңалту рəсiмiнiң мақсаттарына қол жеткізу мүмкiн болмаған жағдайда, сот оңалту рəсiмiн жүргізу мерзімін бiр жылдан аспайтын мерзiмге ұзартуға құқылы. 125-бап. Банкроттық рəсімі 1. Осы Заңның 84-бабының 1-тармағында белгіленген банкроттық рəсімді жүргізу мерзімін сот кредиторлар жиналысының келісуімен банкроттықты басқарушының өтінішхаты бойынша бір жылдан аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін. 2. Банкроттықты басқарушы кредиторлар комитетінің келісуімен банкроттың мүліктік массасының құнын ұстап тұру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады, оларға: 1) Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сəйкес жерлерді қорғау жөніндегі іс-шаралар; 2) егiс жəне егiн жинау жұмыстары, жануарлардың, құстардың, балараның өсімін молайту жəне өсiру, өсiмдiк шаруашылығы, мал шаруашылығы, құс шаруашылығы, омарта шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу;

3) борышкер мүлкiн өткізу үшiн тиісті жағдайда ұстауға байланысты шаралар жатады. Мүліктік массаның құнын ұстап тұру бойынша шығыстар əкімшілік шығыстарға жатады. 126-бап. Мүліктік массаны қалыптастыру жəне өткізу 1. Банкроттықты басқарушы банкроттың жер пайдалану құқығының тиісті ресімделуін қамтамасыз етуге міндетті, бұл ретте жұмсалған шығыстар əкімшілік шығыстарға жатқызылады. 2. Банкроттың мүлкін сату осы Заңның 99-бабына сəйкес жүргізіледі. Бұл ретте, негізгі қызмет түрін міндетті түрде сақтай отырып, банкроттың мүлкін сату жоспарына мүліктік массаны бірыңғай лотпен аукцион нысанында өткізілетін сауда-саттыққа бастапқы шығару бойынша қосымша шарт енгізіледі. 3. Егер аукцион өткізілмеген не оған қатысушылардың ешқайсысы бірыңғай лотты иемденбеген жағдайда, мүлікті сату бөлек лоттармен жүзеге асырылады, бұл ретте біртұтас өндірістік кешенге кіретін мүлікті бөлек лоттарға кіргізуге жол берілмейді. Егер біртұтас өндірістік кешен кіретін лот бойынша аукцион өткізілмеген не оның қатысушыларының ешқайсысы бірыңғай лотты иемденбеген жағдайда, оны өткізу одан əрі бөлек лоттар бойынша жүзеге асырылады. 4. Банкроттықты басқарушы мүлікті бірыңғай лотпен, сондай-ақ біртұтас өндірістік кешенге кіретін мүлікті өткізу бойынша өткізілген сауда-саттықтың қорытындылары туралы ақпаратты сатып алу-сату шарты жасалған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органдарға жіберуге міндетті. 5. Мүліктік массаны бөлек лоттар бойынша сатып алушы болмаған кезде кредиторлар өз талаптарын осы Заңның 100-бабында белгіленген мүліктік массаны бөлудің кезектілігіне сəйкес олардың талаптарының сомасына пропорционалды түрде заттай банкроттың мүлкі есебінен қанағаттандыруға құқылы. 6. Мүліктік массаны өткізу бойынша аукцион

өткізудің уақыты мен орнын кредиторлар жиналысының келісуімен банкроттықты басқарушы айқындайды. 10-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР 127-бап. Қазақстан Республикасының оңалту жəне банкроттық туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының оңалту жəне банкроттық туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа əкеп соғады. 128-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тəртібі 1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 2. «Банкроттық туралы» 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 1-2, 7-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 14, 198-құжат; № 17-18, 225-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 4, 26-құжат; № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 57-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14, 18-құжаттар; № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129 құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 9-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 2, 14, 15-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат) күші жойылды деп танылсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 7 наурыз №176-V ҚРЗ

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту жəне банкроттық, салық салу мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 1994 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Жалпы бөлiм) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., №15-16, 109-құжат; №20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., №2, 187-құжат; №14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; №12, 183, 184-құжаттар; №13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; №5-6, 50-құжат; №11-12, 178-құжат; №17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; №23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., №1, 7-құжат; №8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., №2, 17-құжат; №10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; №15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., №6, 42-құжат; №10, 56-құжат; №16, 91-құжат; №23, 142-құжат; 2005 ж., №10, 31-құжат; №14, 58-құжат; №23, 104-құжат; 2006 ж., №1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; №4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; №11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; №4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; №17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., №1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; №17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; №5, 43-құжат; №6, 50-құжат; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., №1, 5-құжат; №2, 13, 15-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; №10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; №23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76-құжат): 1) мазмұнында: 54-1-баптың тақырыбы алып тасталсын; 55-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «55-бап. Банкроттық рəсімін қозғаудың салдарлары»; 2) 21-бап мынадай редакцияда жазылсын: «21-бап. Дара кəсіпкердің банкроттығы 1. Дара кəсiпкердiң дəрменсiздiгi (осы Кодекстiң 52бабы) оны банкрот деп тануға негiз болып табылады. 2. Дара кəсіпкердің банкроттығы Қазақстан Республикасының оңалту жəне банкроттық туралы заңнамасында белгіленген қағидалар бойынша ерiктi немесе мəжбүрлi түрде танылады. Дара кəсiпкер банкрот деп танылған кезден бастап оны дара кəсiпкер ретiнде тiркеудiң күшi жойылады. 3. Дара кəсiпкерге банкроттық рəсiмдерiн қолданған кезде оның кəсiпкерлiк қызметпен байланысты емес мiндеттемелер бойынша кредиторлары, егер осындай мiндеттемелер бойынша орындау мерзiмi басталған болса, өз талаптарын қоюға да құқылы. Көрсетілген кредиторлардың осындай тəртiппен мəлiмделмеген талаптары, сондай-ақ мүліктік массадан толық көлемде қанағаттандырылмаған талаптар күшiн сақтап қалады жəне банкроттық рəсiмдері аяқталғаннан кейiн жеке тұлға ретiнде борышкерге өндiрiп алынуға қойылуы мүмкiн. Бұл талаптардың мөлшерi борышкердiң банкроттығы процесiнде алынған қанағаттандыру сомасына азайтылады.»; 3) 49-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Егер осы баптың 1-тармағында белгiленген тəртiппен оны тарату туралы шешiм қабылданған заңды тұлға мүлкiнiң құны кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшiн жеткiлiксiз болса, мұндай заңды тұлға Қазақстан Республикасының оңалту жəне банкроттық туралы заңнамалық актісінде белгiленген тəртiппен таратылуға тиіс.»; 4) 50-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «3. Тарату комиссиясы заңды тұлғаны тарату, сондайақ оның кредиторларының талаптарын мəлiмдеу тəртiбi мен мерзiмi туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінің ресми баспа басылымдарында жариялайды. Банкроттық жағдайларын қоспағанда, талаптарды мəлiмдеу мерзiмi тарату туралы хабарландыру жарияланған кезден бастап екi айдан кем болмайды. Банкроттық кезінде кредиторлардың банкротқа қоятын талаптары кредиторлардың талаптарын мəлімдеу тəртібі туралы хабарландыру жарияланған кезден бастап бір ай мерзімнен кешіктірілмей мəлімделуге тиіс.»; 5) 51-баптың 1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Банкроттық жағдайларын қоспағанда, заңды тұлға таратылған кезде оның кредиторларының талаптары мынадай кезектілікпен қанағаттандырылады:»; 6) 52-баптағы «сондай-ақ мiндеттi зейнетақы жарналарын» деген сөздер «сондай-ақ мiндеттi зейнетақы жарналарын жəне міндетті кəсіптік зейнетақы жарналарын» деген сөздермен ауыстырылсын; 7) 54-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Көрсетiлген шаралар жеделдетiлген оңалту рəсiмi, оңалту рəсiмi шеңберiнде iске асырылады, оларды жүзеге асырудың тəртiбi мен мерзiмдерi Қазақстан Республикасының оңалту жəне банкроттық туралы заңнамасында айқындалады.»; 8) 54-1-бап алып тасталсын; 9) 55-бап мынадай редакцияда жазылсын: «55-бап. Банкроттық рəсімін қозғау салдарлары 1. Сот борышкерді банкрот деп тану жəне банкроттық рəсімін қозғау туралы шешім шығарған күннен бастап: 1) банкрот мүлкінің меншік иесіне (ол уəкілеттік берген органға), банкрот-заңды тұлғаның құрылтайшыларына (қатысушыларына), барлық органдарына мүлікті иеліктен шығаруға жəне міндеттемелерді өтеуге тыйым салынады; 2) банкроттың барлық борыштық мiндеттемелерiнiң мерзiмдерi өткен деп саналады; 3) банкрот берешегінің барлық түрлерi бойынша тұрақсыздық айыбы мен сыйақыны (мүдденi) есептеу тоқтатылады; 4) банкроттың қатысуымен сотта қаралатын мүліктік сипаттағы даулар, егер олар бойынша қабылданған шешімдер заңды күшіне енбеген болса, тоқтатылады; 5) үшінші тұлғалардың кепілдіктер мен кепілгерліктерді орындау жөніндегі талаптарын, сондай-ақ үшінші тұлғалар кепіл беруші ретінде əрекет ететін жағдайларда кепіл затына өндіріп алуды қолдануды қоспағанда, банкроттық рəсімі шеңберінде ғана банкротқа талаптар қойылуы мүмкін; 6) уақытша немесе банкроттықты басқарушының өтініші жəне борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімінің ұсынылған көшірмесі негізінде банкроттың мүлкіне барлық шектеулер мен ауыртпалықтар (борышкердің шоттарына қаржылық жəне мемлекеттік органдардың инкассолық өкімдері, сот орындаушылары тағайындаған мүлікке тыйым салу жəне басқалар) оларды салған органдардың тиісті шешімдері қабылданбастан алып тасталады; 7) банкроттың мүлкіне жаңа тыйым салуларға жəне банкроттың мүлкіне иелік етудегі өзге де шектеулерге мəмілені жарамсыз деп тану жəне мүлікті бөгденің заңсыз иеленуінен талап ету туралы банкротқа қойылатын қуынымдар бойынша ғана жол беріледі; 8) банкроттық рəсімі қозғалған кезде сатып алушыға берілмеген банкроттың мүлкі банкроттың мүліктік массасының құрамына енгізіледі, ал кредитор немесе орындалмаған міндеттеме бойынша дəрменсіз болған сатып алушы банкроттық рəсімі шеңберінде борышкерге өзінің талаптарын қоюға құқылы.»; 10) 60-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: «2-1. Шаруашылық серіктестігі банкрот деп танылған немесе оңалту рəсімі қолданылған жəне заңда белгіленген тəртіппен уақытша не банкроттықты немесе оңалтуды басқарушы тағайындалған жағдайда, оны басқару жөніндегі барлық өкілеттік тиісінше уақытша не банкроттықты немесе оңалтуды басқарушыға өтеді.»; 11) 91-баптың 5-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) егер ол Қазақстан Республикасының оңалту жəне банкроттық туралы заңнамасына сəйкес төлем қабiлетсiздiгi немесе дəрменсiздiк белгiлерiне сай келсе не көрсетілген белгiлер қоғамда дивидендтердi оның акциялары бойынша төлеу нəтижесiнде пайда болса, дивидендтер төлеуге құқылы емес.»; 12) 92-бап мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын: «6-1. Акционерлік қоғам банкрот деп танылған немесе оңалту рəсімі қолданылған жəне заңда белгіленген тəртіппен уақытша не банкроттықты немесе оңалтуды басқарушы тағайындалған жағдайларда, оны басқару бойынша барлық өкілеттіктер тиісінше уақытша не банкроттықты немесе оңалтуды басқарушыға өтеді.»; 13) 99-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын: «3-1. Өндірістік кооператив банкрот деп танылған немесе оңалту рəсімі қолданылған жəне заңда белгіленген тəртіппен уақытша не банкроттықты немесе оңалтуды басқарушы тағайындалған жағдайларда, оларды басқару жөніндегі барлық өкілеттіктер тиісінше уақытша не банкроттықты немесе оңалтуды басқарушыға өтеді.»; 14) 102-бап мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын: «5-1. Мемлекеттік кəсіпорын банкрот деп танылған немесе оңалту рəсімі қолданылған жəне заңда белгіленген тəртіппен уақытша не банкроттықты немесе оңалтуды басқарушы тағайындалған жағдайларда, оны басқару бойынша барлық өкілеттіктер тиісінше уақытша не банкроттықты немесе оңалтуды басқарушыға өтеді.»; 15) 193-1-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «4. Азамат немесе мемлекеттік емес заңды тұлға стратегиялық объектіні иеліктен шығару бойынша мəміле жасасуға ниет білдірген, сондай-ақ стратегиялық объектіге өндіріп алу қолданылған не стратегиялық объектіні оңалтуды не банкроттықты басқарушы иеліктен шығарған не кепіл ұстаушы кепілге салынған

мүлікті (стратегиялық объектіні) соттан тыс тəртіппен өткізген не стратегиялық объектіге сот актісінің негізінде өндіріп алу қолданылған жағдайларда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актісінде айқындалған шарттар бойынша Қазақстан Республикасы стратегиялық объектіні сатып алудың басым құқығына ие болады.»; 16) 319-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Кепiл берушiнiң өтiнiшi бойынша сот кепiлге салынған мүлiктен ақы өндiрiп алу туралы шешiмiнде жеке тұлғалардың кепілге салынған мүлкінің жария саудаға салынып сатылуын бiр жылға дейiнгi мерзiмге жəне заңды тұлғалардың кепілге салынған мүлкін бір айға дейінгі мерзімге кейiнге қалдыруға құқылы. Кейiнге қалдыру осы мүлiктi кепiлге салу арқылы қамтамасыз етiлген мiндеттеме бойынша тараптардың құқықтары мен мiндеттерiн қозғамайды жəне борышкерді кейiнге қалдырылған уақыт iшiнде кредитордың өскен залалдары мен тұрақсыздық айыбы сомасын өтеуден босатпайды.»; 17) 404-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) егер Қазақстан Республикасының оңалту жəне банкроттық туралы заңнамалық актісінде өзгеше белгіленбесе, белгiленген тəртiппен екiншi тарапты банкрот деп таныған;». 2. 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., №6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 11, 59-құжат; № 15, 71-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; № 19, 145-құжат; № 20, 158-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13-құжат; № 3, 26, 27-құжаттар; № 4, 30-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 10, 77-құжат; № 12, 84-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 21-құжат; № 7, 36-құжат; № 10-11, 54, 56-құжаттар; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; 2014 жылғы 18 қаңтарда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 15 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 25 қаңтарда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) мазмұнындағы, 215-баптың тақырыбындағы «Банкроттық жағдайындағы» деген сөздер «Оңалту жəне банкроттық кезіндегі» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 215-бапта: тақырыбындағы «Банкроттық жағдайындағы» деген сөздер «Оңалту жəне банкроттық кезіндегі» деген сөздермен ауыстырылсын; бірінші бөліктегі «банкроттық жағдайында немесе банкроттықты күнiлгерi бiле отырып, борышкер ұйымның басшысы немесе меншiк иесi, не жеке кəсiпкер» деген сөздер «оңалту немесе банкроттық жағдайында немесе банкроттықты күнiлгерi бiле отырып, заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы), лауазымды адамы, органдары, сол сияқты дара кəсiпкер» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «2. Өзiнiң іс жүзіндегі дəрменсiздiгiн (банкроттығын) бiлетiн заңды тұлға құрылтайшысының (қатысушысының), лауазымды адамының, органдарының, сол сияқты дара кəсіпкердің, сол сияқты банкроттық рəсімі немесе оңалту рəсiмi кезiнде дəрменсiз борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқару бойынша өкiлеттiк берiлген адамның басқа кредиторларға көрiнеу нұқсан келтiре отырып, жекелеген кредиторлардың мүлiктiк талаптарын заңсыз қанағаттандыруы, егер бұл əрекет iрi залал келтiрген болса, – жеті жүзден бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бір жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі

мерзімге бас бостандығын шектеуге, не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салына отырып немесе онсыз үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»; 3) 216 жəне 217-баптар мынадай редакцияда жазылсын: «216-бап. Əдейі банкроттық Əдейi банкроттық, яғни заңды тұлға құрылтайшысының (қатысушысының), лауазымды адамының, органдарының, сол сияқты дара кəсіпкердің жеке мүддесі үшін немесе өзге де тұлғалардың мүддесі үшін іс-əрекеттері (əрекетсіздігі) нəтижесінде жасалған, iрi залалға əкеп соқтырған төлем қабiлетсiздiгiн қасақана жасау немесе ұлғайту жеті жүзден бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл сала отырып немесе онсыз бір жылдан үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»; «217-бап. Жалған банкроттық Заңды тұлға құрылтайшысының (қатысушысының), лауазымды адамының, органдарының, сол сияқты дара кəсiпкердiң əрекеттері жəне (немесе) қабылдаған шешімдері нəтижесінде кредиторларға тиесiлi төлемдерді кейiнге қалдыру немесе бөлiп-бөлiп төлеу немесе борыштарын азайту, сол сияқты борыштарын төлемеу үшiн кредиторларды жаңылыстыру мақсатында өзiнiң төлем қабілетсіздігі туралы көрiнеу жалған хабарлау, егер бұл əрекет iрi залал келтiрсе, – сегіз жүзден бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл сала отырып немесе онсыз үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.». 3. 1999 жылғы 1 шiлдедегi Қазақстан Республикасы ның Азаматтық кодексiне (Ерекше бөлiм) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; №23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; №5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 14, 15-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 85-құжат; №13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 82-құжат; 2014 жылғы 18 қаңтарда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 15 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 512-баптың 3-тармағындағы «банкроттық туралы заң актiлерiнiң» деген сөздер «Қазақстан Республикасының оңалту жəне банкроттық туралы заңнамалық актісінің» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 883-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) сот актiсi (банкроттық немесе оңалту рəсiмдерiнде банкроттықты немесе оңалтуды басқарушы тағайындалған, əрекетке қабiлетсiз, хабарсыз кеткен немесе қайтыс болды деп жарияланған азаматтың мүлкiне қорғаншылық белгiленген кезде жəне Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген басқа да жағдайларда);»; 3) 885-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Осы Кодекстiң 1081-бабында көзделген, сондайақ осы тұлғаның банкроттығы жағдайларын қоспағанда, құрылтайшының сенiмгерлiкпен басқаруға берген мүлкiне оның борыштары бойынша өндiрiп алуға жол берiлмейдi.»; 4) 891-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Құрылтайшы банкрот болған кезде мүлiктi

сенiмгерлiкпен басқару тоқтатылады жəне сенiп тапсырылған мүлiк мүліктік массаға берiледi. Құрылтайшы-жеке тұлға қайтыс болған жағдайда сенiп тапсырылған мүлiк мұрагерлiк массаға келiп түседi.». 4. 1999 жылғы 13 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 127, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 3-4, 12-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 17-18, 111-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 28-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 23, 179-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 93-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 64-құжат; № 14, 72, 74-құжаттар; № 15, 76-құжат; 2014 жылғы 18 қаңтарда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 18 қаңтарда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 15 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) мазмұнындағы 35-тараудың жəне 313-баптың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын: «35-тарау. Дара кəсіпкерлер мен заңды тұлғалардың банкроттығы, заңды тұлғаларды жеделдетілген оңалту рəсімі жəне оңалту туралы iстердi қарау 313-бап. Дара кəсіпкерлер мен заңды тұлғалардың банкроттығы, заңды тұлғаларды жеделдетілген оңалту рəсімі жəне оңалту туралы iстердi қарау»; 2) 35-тараудың тақырыбы жəне 313-бап мынадай редакцияда жазылсын: «35-тарау. Дара кəсіп к ер лер м ен заң ды тұлғалардың банкроттығы, заңды тұлғаларды жеделдетілген оңалту рəсімі жəне оңалту туралы iстердi қарау 313-бап. Дара кəсіпкерлер мен заңды тұлғалардың банкроттығы, заңды тұлғаларды жеделдетілген оңалту рəсімі жəне оңалту туралы iстердi қарау Сот дара кəсіпкерлер мен заңды тұлғалардың банкроттығы, заңды тұлғаларды жеделдетілген оңалту рəсімі жəне оңалту туралы iстердi Қазақстан Республикасының оңалту жəне банкроттық туралы заңнамасында белгіленген ерекшеліктермен осы Кодексте көзделген жалпы қағидалар бойынша қарайды.». 5. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Əкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, (Жалғасы 12-бетте).


12

www.egemen.kz

(Жалғасы. Басы 11-бетте). 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84, 85-құжаттар; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 93, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 10, 11, 13-құжаттар; № 4, 21-құжат; № 7, 36-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 54, 56-құжаттар; № 13, 62, 63, 64-құжаттар; № 14, 72, 74, 75-құжаттар; № 15, 77, 78, 79, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 жылғы 18 қаңтарда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 18 қаңтарда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 15 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 21 қаңтарда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркəсіптік кешен мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 25 қаңтарда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) мазмұнында: 155 жəне 155-1-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын: «155-бап. Оңалту жəне банкроттық кезіндегі заңсыз əрекеттер 155-1-бап. Қазақстан Республикасының оңалту жəне банкроттық туралы заңнамасын уақытша басқарушының бұзуы»; мынадай мазмұндағы 155-3, 155-4 жəне 155-5-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын: «155-3-бап. Қазақстан Республикасының оңалту жəне банкроттық туралы заңнамасын банкроттықты басқарушының бұзуы 155-4-бап. Қазақстан Республикасының оңалту жəне банкроттық туралы заңнамасын уақытша əкімшінің бұзуы 155-5-бап. Қазақстан Республикасының оңалту жəне банкроттық туралы заңнамасын оңалтуды басқарушының бұзуы»; 571-2-баптың тақырыбы алып тасталсын; 2) 155 жəне 155-1-баптар мынадай редакцияда жазылсын: «155-бап. Оңалту жəне банкроттық кезiндегi заңсыз əрекеттер 1. Мүлiктi жəне мүлiктiк мiндеттемелердi, мүлiк, оның көлемi, тұрған орны туралы мəлiметтердi не мүлiк туралы өзге де ақпаратты жасыру, мүлiктi басқа адамның иелігіне беру, мүлiктi иелiктен шығару немесе жою, сол сияқты экономикалық қызметтi көрсететiн бухгалтерлiк жəне өзге де есептiк құжаттарды ұсынбау, жасыру, жою, бұрмалау, оларды қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылдамау, егер бұл əрекеттер (əрекетсіздік) оңалту немесе банкроттық кезiнде немесе банкрот болатынын алдын ала бiлген кезде жасалса жəне қылмыстық жаза қолданылатын əрекет белгiлерi болмаса, – жеке немесе лауазымды тұлғаларға – сексен, шағын немесе орта кəсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға, коммерциялық емес ұйымдарға – үш жүз, iрi кəсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға əкеп соғады. 2. Өзiнiң iс жүзiндегi дəрменсiздiгiн (банкроттығын) бiлетiн борышкердің лауазымды адамының, борышкер мүлкінің меншiк иесiнiң немесе дара кəсiпкердiң, сондай-ақ банкроттық рəсімі немесе оңалту рəсiмi кезiнде дəрменсiз борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқару функциялары берiлген тұлғаның басқа кредиторларға залал келтiретiнiн бiле тұра жекелеген кредиторлардың мүлiктiк талаптарын заңсыз қанағаттандыруы, сол сияқты дəрменсiз борышкердiң басқа кредиторларға залал келтiре отырып, өзiне артықшылық жасағанын білетін кредитордың мұндай қанағаттандыруды қабылдауы, егер мұндай əрекеттер iрi залал келтiрмесе, – жеке, лауазымды тұлғаларға – бір жүз, шағын немесе орта кəсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға, коммерциялық емес ұйымдарға – алты жүз, iрi кəсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға əкеп соғады. 155-1-бап. Қазақстан Республикасының оңалту жəне банкроттық туралы заңнамасын уақытша басқарушының бұзуы 1. Сотқа борышкердің қаржылық жағдайы туралы қорытынды беру міндетін орындамау не тиісінше орындамау – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады. 2. Банкроттың мүліктік массасына түгендеу жүргізу жəне (немесе) түгендеу жөніндегі есеп беру міндетін орындамау не тиісінше орындамау – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады. 3. Банкроттық туралы іс қозғау жəне кредиторлардың талаптарын мəлімдеу тəртібі туралы хабарландыруды оңалту жəне банкроттық саласындағы уəкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру үшін оған жіберу міндетін орындамау не тиісінше орындамау – он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады. 4. Сот талқылауы кезеңінде борышкердің мүлкі мен активтерін меншік иесінің, құрылтайшылардың (қатысушылардың) шығарып əкетуін болғызбау мақсатында борышкердің активтерін бақылауды қамтамасыз етпеу – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады. 5. Оңалту жəне банкроттық саласындағы уəкілетті органға белгіленген нысандағы банкроттық рəсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ақпаратты ұсыну міндетін орындамау не тиісінше орындамау – он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады. 6. Қазақстан Республикасының оңалту жəне банкроттық туралы заңнамасына сəйкес мəлімделген талаптарды қарау нəтижелері бойынша қабылданған шешім туралы кредиторларды уақтылы хабардар етпеу –

он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады. 7. Кредиторлар жиналысының өтетін күні, уақыты мен орны туралы кредиторларға хабарлау міндетін орындамау не тиісінше орындамау – он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады. 8. Қазақстан Республикасының оңалту жəне банкроттық туралы заңнамасында белгіленген электрондық аукцион өткізу туралы ақпараттық хабарлама орналастыру тəртібін бұзу – он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады. 9. Борышкердің өзінің шеттетілген лауазымды тұлғаларынан құрылтайшылық, қаржылық, құқық белгілейтін жəне өзге де құжаттары мен мөрін қабылдау, сол сияқты шеттетілген лауазымды адамдарының аталған құжаттар мен мөрлерді уақытша басқарушыға беруі бөлігінде сот шешімін орындау бойынша атқару парағын беру туралы өтінішпен сотқа жүгіну міндетін орындамау не тиісінше орындамау – он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады. 10. Сот іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру немесе тоқтату туралы ұйғарым, борышкерді банкрот деп танудан бас тарту туралы шешім шығарған не борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімінің күші жойылған жағдайда өкілеттіктерді уақытша басқарушыдан банкроттықты басқарушыға немесе борышкерге беру кезінде, уақытша басқарушыны ауыстыру, сондай-ақ банкроттық рəсімін қозғамай-ақ таратуды жүргізуді оңалту жəне банкроттық саласындағы уəкілетті органға жүктеу кезінде борышкердің құрылтайшылық құжаттарын, есептік құжаттамасын, мөрлерін, мөртабандарын, материалдық жəне өзге де құндылықтарын беру міндетін орындамау не тиісінше орындамау – он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады. 11. Кредитордың жəне борышкер мүлкінің меншік иесінің жазбаша сұрау салуы негізінде ақпарат ұсыну міндетін орындамау не тиісінше орындамау отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады. 12. Кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру міндетін орындамау не тиісінше орындамау – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады. 13. Кəдімгі коммерциялық операциялар шеңберінен тыс мəмілелерді келісу туралы борышкердің өтінішін қарау міндетін орындамау не тиісінше орындамау – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады. 14. Банкроттың тез бұзылатын мүлкін оңалту жəне банкроттық саласындағы уəкілетті органның келісімінсіз сатуды жүзеге асыру – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады. 15. Осы баптың бірінші-он төртінші бөліктерінде көзделген, əкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайтадан жасалған əрекеттер (əрекетсіздік) – бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады.»; 3) мынадай мазмұндағы 155-3, 155-4 жəне 155-5-баптармен толықтырылсын: «155-3-бап. Қазақстан Республикасының оңалту жəне банкроттық туралы заңнамасын банкроттықты басқарушының бұзуы 1. Түгендеу жүргізу жəне (немесе) кредиторлар жиналысына түгендеу жөніндегі есеп ұсыну міндетін орындамау не тиісінше орындамау – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады. 2. Банкроттың мүлкін күзетуді жəне бақылауды қамтамасыз ету міндетін орындамау не тиісінше орындамау – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады. 3. Қазақстан Республикасының оңалту жəне банкроттық туралы заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, банкрот алдында берешегі бар адамдардан берешекті өндіріп алу туралы талаптар қою міндетін орындамау не тиісінше орындамау – он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады. 4. Оңалту жəне банкроттық саласындағы уəкілетті органға банкроттық рəсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы ақпаратты беру міндетін орындамау не тиісінше орындамау – он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады. 5. Банкроттық рəсімінде кредиторлар жиналысының өткізілу күні, уақыты мен орны туралы кредиторды хабардар етпеу не тиісінше хабардар етпеу – он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады. 6. Қазақстан Республикасының оңалту жəне банкроттық туралы заңнамасында белгіленген электрондық аукцион өткізу туралы ақпараттық хабарламаны орналастыру тəртібін бұзу – он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады. 7. Сату жоспарын жасау тəртібін бұзу не банкроттың мүлкін (активтерін) сату жоспарын бұза отырып борышкердің мүлкін сату – он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады. 8. Кредиторлар жиналысы есеп айырысуға көшу туралы шешім қабылдағаннан кейін кредиторлармен есеп айырысуды жүзеге асыру міндетін орындамау не тиісінше орындамау, сол сияқты кредиторлармен есеп айырысуды кредиторлардың талаптарын қанағаттандырудың белгіленген тəртібін бұза отырып жүргізу – он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады. 9. Əдейі жəне (немесе) жалған банкроттық белгілері анықталған жағдайларда құқық қорғау органдарына ақпаратты хабарламау – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады. 10. Борышкердің немесе ол уəкілеттік берген адамның Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында жəне «Оңалту жəне банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптарды бұза отырып жасаған мəмілелерін анықтау міндеттерін орындамау не тиісінше орындамау жəне оларды жарамсыз деп тану не мүлікті сот тəртібімен банкроттың мүліктік массасына қайтару туралы талаптарды қоймау – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады. 11. Əкімшілік шығыстар сметасында көзделген ақшалай қаражатты асыра жұмсау не мақсатқа сай пайдаланбау – он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады. 12. Банкроттықты басқарушыны шеттету (босату) немесе борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімінің күшін жою кезінде борышкердің құрылтайшылық құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, мөрлерін, мөртабандарын, материалдық жəне өзге де құндылықтарын жаңадан тағайындалған банкроттықты басқарушыға немесе борышкерге беру міндетін орындамау не тиісінше орындамау – он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады. 13. Сотқа қорытынды есепті ұсынбау, уақтылы

15 наурыз 2014 жыл

ұсынбау не Қазақстан Республикасының оңалту жəне банкроттық туралы заңнамасының талаптарына сəйкес келмейтін қорытынды есепті ұсыну он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады. 14. Растайтын құжаттарды қоса бере отырып, сұратылған ақпаратты оңалту жəне банкроттық саласындағы уəкілетті органға ұсыну міндетін орындамау не тиісінше орындамау – он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады. 15. Кредитордың жазбаша сұрау салуы негізінде банкроттық рəсімдердің жүзеге асырылу барысы туралы хабарламаны оған хабарламау не уақтылы хабарламау он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады. 16. Кредиторлар комитетінің шешімі негізінде кредиторға талаптарды есепке жатқызу туралы уақтылы мəлімдемеу он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады. 17. Мемлекеттік органдардан, жеке жəне заңды тұлғалардан банкрот, оған тиесілі (тиесілі болған) мүлік туралы ақпаратты жəне растайтын құжаттардың көшірмелерін талап ету міндетін орындамау не тиісінше орындамау он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады. 18. Борышкердің лауазымды тұлғаларының кінəлары анықталған жағдайда залалды (субсидиялық жауаптылықты) өндіріп алу (өтету) туралы сотқа талаптар қоймау – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады. 19. Егер банкроттықты басқарушымен келісімде өзгеше көзделмесе, банкрот пен оның кредиторларының мүдделерін қозғайтын сот актісінің көшірмесін оның шағымдану мəселесін қарау үшін кредиторлар комитетіне ұсыну міндетін орындамау не тиісінше орындамау он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады. 20. Уақытша басқарушыдан банкроттың мүлкіне құрылтай, қаржылық жəне құқық белгілейтін құжаттарды, банкроттың мөрі мен мүлкін қабылдау міндетін орындамау не тиісінше орындамау елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады. 21. Банкроттың банктік шотының уақтылы жабылмауы, салық органына салық төлеуші куəлігінің жəне қосылған құн салығы бойынша есепке қою куəлігінің бланктерін (олар болған кезде) тапсырмау, банкроттың мөрін жою – он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады. 22. Осы баптың бірінші-жиырма бірінші бөліктерінде көзделген, əкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайтадан жасалған əрекеттер (əрекетсіздік) – бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады. 155-4-бап. Қазақстан Республикасының оңалту жəне банкроттық туралы заңнамасын уақытша əкімшінің бұзуы 1. Оңалту жəне банкроттық саласындағы уəкілетті органның интернет-ресурсына орналастыру үшін оңалту рəсімін қолдану жəне кредиторлардың талаптарын мəлімдеу тəртібі туралы хабарландыруды оған жіберу міндетін орындамау не тиісінше орындамау – он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады. 2. Қазақстан Республикасының оңалту жəне банкроттық туралы заңнамасында белгіленген кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру тəртібін бұзу – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады. 3. Оңалту жоспарының тиімділігі туралы қорытындыны сотқа жіберу міндетін орындамау не тиісінше орындамау – он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады. 4. Кəдімгі коммерциялық операциялар шеңберінен тыс мəмілелерді келісу туралы борышкердің өтінішін бес жұмыс күні ішінде қарау міндетін орындамау не тиісінше орындамау – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады. 5. Растайтын құжаттарды қоса бере отырып, сұратылатын ақпаратты оңалту жəне банкроттық саласындағы уəкілетті органға ұсыну міндетін орындамау не тиісінше орындамау – он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады. 6. Кредиторлардың талаптарын қарау жəне оларға қарау нəтижелерін жеткізу міндетін орындамау не тиісінше орындамау – он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады. 7. Кредиторлар жиналысын өткізу орны мен күні туралы кредиторларға хабарлау міндетін орындамау не тиісінше орындамау – он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады. 8. Кредиторлармен оңалту жоспары келісілмеген жəне (немесе) оңалту жоспары «Оңалту жəне банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімде сотқа ұсынылмаған жағдайда оңалту рəсімін тоқтату туралы сотқа өтініш беру міндетін орындамау не тиісінше орындамау – он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады. 9. Осы баптың бірінші-сегізінші бөліктерінде көзделген, əкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайтадан жасалған əрекеттер (əрекетсіздік) – бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады. 155-5-бап. Қазақстан Республикасының оңалту жəне банкроттық туралы заңнамасын оңалтуды басқарушының бұзуы 1. Қазақстан Республикасының оңалту жəне банкроттық туралы заңнамасында белгіленген электрондық аукцион өткізу туралы ақпараттық хабарламаны орналастыру тəртібін бұзу – он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады. 2. Кредиторлар комитетімен оңалту рəсімінде жасасқан келісімнің шарттарын орындамау, – он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады. 3. Борышкердің мүлкін басқаруға жəне оның күзетілуін қамтамасыз етуге қабылдау міндетін орындамау не тиісінше орындамау – он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады. 4. Оңалту жоспарын орындамау не тиісінше орындамау – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады. 5. Оңалту жəне банкроттық саласындағы уəкілетті органға құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, оңалту рəсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы ақпаратты ұсыну міндетін орындамау не тиісінше орындамау – он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады. 6. Оңалту рəсімінде кредиторлар жиналысының өтетін күні, уақыты мен орны туралы кредиторды

хабардар етпеу не тиісінше хабардар етпеу – он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады. 7. Оңалтуды басқарушы шеттетілген (босатылған) немесе ауыстырылған кезде тағайындалған оңалтуды басқарушыға борышкердің құрылтайшы, қаржылық, құқық белгілейтін жəне өзге де құжаттары мен мөрін беру міндетін орындамау не тиісінше орындамау – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады. 8. Оңалту рəсімінде кредиторлар жиналысының келісуінсіз оңалту жоспарында көзделмеген кəдімгі коммерциялық операциялар шеңберінен тыс мəмілелерді жасау – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады. 9. Сотқа қорытынды есепті ұсынбау, уақтылы ұсынбау не Қазақстан Республикасының оңалту жəне банкроттық туралы заңнамасының талаптарына сəйкес келмейтін қорытынды есепті ұсыну – он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады. 10. Борышкерді төлем қабілетсіздігіне əдейі жеткізу белгілерінің бар екенін (жоқ екенін) анықтау жəне белгілер болған кезде құқық қорғау органдарына процестік шешімдер қабылдау үшін өтініш жолдау міндетін орындамау не тиісінше орындамау – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады. 11. Кредитордың жазбаша сұрау салуы негізінде оған борышкер қызметінің жүзеге асырылу барысы туралы ақпаратты ұсыну міндетін орындамау не тиісінше орындамау – отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады. 12. Растайтын құжаттарды қоса бере отырып, сұратылатын ақпаратты оңалту жəне банкроттық саласындағы уəкілетті органға ұсыну міндетін орындамау не тиісінше орындамау – отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады. 13. Оңалту жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы өтінішхатты сотқа жіберу міндетін орындамау не тиісінше орындамау – отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады. 14. Оңалту рəсімін тоқтата тұру туралы сотқа уақтылы жүгінбеу – отыз айлық көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады. 15. Кредиторлар комитеті мүшелерінің назарына қаржылық жағдай туралы, кредиторлар комитетіне кəдімгі коммерциялық операциялар барысында жасалған мəмілелер туралы ақпаратты жеткізу міндетін орындамау не тиісінше орындамау – отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады. 16. Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында жəне «Оңалту жəне банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптарды бұза отырып борышкер немесе ол уəкілеттік берген тұлға жасасқан мəмілелерді анықтау міндетін орындамау не тиісінше орындамау жəне оларды жарамсыз деп тану не мүлікті сот тəртібімен қайтару туралы талаптарды бермеу – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады. 17. Оңалту жоспарында көзделмеген əрекеттерді олар жасалғанға дейін кредиторлар жиналысымен келіспеу – бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады. 18. Егер оңалту рəсімін қолданудан кейін пайда болған, борышкердің кредиторлық берешегінің жалпы сомасы оңалту рəсімін енгізген кездегі кредиторлық берешектің жалпы сомасының жиырма пайызынан асатын болса, кредиторлық берешекті ұлғайтуға əкеп соғатын мəмілелерді кредиторлар жиналысының мақұлдауынсыз жасау – бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады. 19. Осы баптың бірінші – он сегізінші бөліктерінде көзделген, əкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайтадан жасалған əрекеттер (əрекетсіздік) – бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады.»; 4) 156-бап мынадай редакцияда жазылсын: «156-бап. Əдейi банкроттық Əдейi банкроттық, яғни заңды тұлға құрылтайшысының (қатысушысының), лауазымды адамының, органдарының, сол сияқты дара кəсiпкердiң жеке мүдделерi немесе өзге де адамдардың мүдделерi үшін жасаған əрекеттері (əрекетсіздігі) нəтижесінде төлем қабiлетсiздiгiн қасақана жасау немесе ұлғайту, егер бұл іс-əрекетте қылмыстық жаза қолданылатын іс-əрекет белгiлерi болмаса, – лауазымды адамдарға, дара кəсiпкерлерге – бір жүз елу, шағын немесе орта кəсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – бес жүз, iрi кəсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға сегіз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға əкеп соғады.»; 5) 157-бапта: бірінші абзацтағы «коммерциялық ұйым басшысының немесе меншік иесінің» деген сөздер «заңды тұлға құрылтайшысының (қатысушысының), лауазымды адамының, органдарының» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «лауазымды адамдарға, дара кəсiпкерлерге – жетпіс, шағын немесе орта кəсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – төрт жүз, iрi кəсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға əкеп соғады.»; 6) 541-баптың бірінші бөлігіндегі «155-1 (төртінші бөлігінде),» деген сөздер алып тасталсын; 7) 570-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «1. Салық қызметі органдары осы Кодекстің 88 (үшiншi, төртiншi жəне бесінші бөліктерінде), 88-1 (екінші, 2-1, үшінші бөліктерінде), 155-1, 155-3, 1554, 155-5, 161-2, 163 (бірінші, екінші, бесінші жəне сегізінші бөліктерінде), 166, 205 – 206-1, 207, 208, 210 – 212, 213 (бірінші - үшінші бөліктерінде), 215 - 218, 218-1 (бiрiншi – алтыншы, сегізінші бөлiктерiнде), 219, 357-2 (бірінші бөлігінде), 358, 358-1, 360-баптарында көзделген əкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.»; 8) 571-2-бап алып тасталсын; 9) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында: отыз бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «салық қызметi органдарының (154, 155, 156, 157, 163 (үшiншi, төртiншi, алтыншы, жетiншi жəне тоғызыншы бөлiктерi), 163-4 (үшiншi жəне төртiншi бөлiктерi), 203, 206-2, 208-1, 209, 213 (төртiншi – алтыншы бөлiктерi), 214, 356, 357-1, 357-2 (екінші бөлігі), 357-5, 359, 361, 374 (бесiншi, алтыншы, жетiншi, сегiзiншi, тоғызыншы бөлiктерi), 533 – 535-баптар);»; елу жетінші абзац алып тасталсын. 6. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24,

196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 1011, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 жылғы 18 қаңтарда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 21 қаңтарда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркəсіптік кешен мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 25 қаңтарда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс қызметі мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 53-баптың 1-тармағында: 1) тармақшаның тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «оңалту рəсiмiн, банкроттық рəсімін жүргізуді жəне банкроттық рəсімін қозғамастан борышкердi таратуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген негiздер бойынша сот шешiмiмен тарату рəсiмдерiн жүргiзудi ұйымдастыру;»; 7) тармақша мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын: «мемлекеттік республикалық спорт ұйымдарының жұмыс істеуі;»; 2) 54-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын: «мемлекеттік облыстық спорт ұйымдарының жұмыс істеуі;»; 3) 55-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын: «мемлекеттік қалалық спорт ұйымдарының жұмыс істеуі;»; 4) 56-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын: «мемлекеттік аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) спорт ұйымдарының жұмыс істеуі;». 7. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық жəне бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 1516, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат, № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 жылғы 18 қаңтарда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 15 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) мазмұнындағы 24, 106-1 жəне 583-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын: «24-бап. Салық қызметі органдарының уəкілетті мемлекеттік органдармен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен жəне жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылы»; «106-1-бап. Қайта сақтандыру активтерін азайту бойынша шегерім»; «583-бап. Уəкілетті мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жəне жергілікті атқарушы органдардың салық қызметі органдарымен өзара іс-қимыл кезіндегі міндеттері»; 2) 24-бапта: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «24-бап. Салық қызметі органдарының уəкілетті мемлекеттік органдармен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен жəне жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылы»; мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын: «6-1. Салық қызметі органдары салықтық тексеру барысында тексерілетін салық төлеушіге қатысты еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мəлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мəлімделмеген залалдар бойынша сақтандыру резервтері мөлшерінің Қазақстан Республикасының сақтандыру жəне сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сəйкестігі туралы қорытынды алу жөнінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен өзара іс-қимыл жасайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі уəкілетті органның сұрау салуы бойынша мұндай қорытындыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп уəкілетті орган белгілеген тəртіппен табыс етеді.»; 3) 64-баптың 3-тармағындағы «уəкілетті орган» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе уəкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) 77-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы 3-3) тармақшамен толықтырылсын: «3-3) осы Кодекстің 90-бабы 2-тармағының 7) жəне 8) тармақшаларында көзделген, борышкерлерге қойылатын талаптар мөлшерін азайтуларды есепке алу жөніндегі;»; 5) 78-баптың 4-тармағы 1) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «лизинг алушы Қазақстан Республикасының оңалту жəне банкроттық туралы заңнамасына сəйкес банкрот деп танылған жəне Бизнес-сəйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен шығарылған;»; 6) 89-1-бапта: 1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мəлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мəлімделмеген залалдар бойынша құрылған қайта сақтандыру активтері;»; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Есепті салық кезеңінің соңында Қазақстан Республикасының сақтандыру жəне сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сəйкес еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мəлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мəлімделмеген залалдар бойынша құрылған қайта сақтандыру активтерінің мөлшері мен алдыңғы салық кезеңінің соңындағы осындай активтердің мөлшері арасындағы (Жалғасы 13-бетте).


www.egemen.kz

15 наурыз 2014 жыл

(Жалғасы. Басы 11-12-беттерде). оң айырма сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мəлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мəлімделмеген залалдар бойынша құрылған қайта сақтандыру активтері түріндегі табысы деп танылады.»; 7) 90-бапта: 1-тармақтың бірінші абзацындағы «, осы Кодекстiң 106-бабының 1, 1-3 жəне 4-тармақтарына сəйкес» деген сөздер «, осы Кодекстiң 106-бабының 1, 1-3, 3 жəне 4-тармақтарына сəйкес» деген сөздермен \ауыстырылсын; 2-тармақта: алтыншы жəне тоғызыншы абзацтардағы «осы Кодекстiң 106-бабының 1, 1-3 жəне 4-тармақтарына сəйкес» деген сөздер «осы Кодекстiң 106-бабының 1, 1-3, 3 жəне 4-тармақтарына сəйкес» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «2) борышкер - жеке тұлға күшiне енген сот шешiмi негiзiнде хабарсыз кеткен, əрекетке қабiлетсiз, əрекет қабiлетi шектеулi деп танылған немесе күшiне енген сот шешiмi негiзiнде ол қайтыс болған деп жарияланған;»; мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын: «2-1) борышкер - жеке тұлғаға I, II топтағы мүгедектiк белгiленген, сондай-ақ борышкер - жеке тұлға қайтыс болған;» 3) жəне 4) тармақшалардағы «осы Кодекстiң 106-бабының 1 жəне 4-тармақтарына сəйкес» деген сөздер «осы Кодекстiң 106-бабының 1, 1-3, 3 жəне 4-тармақтарына сəйкес» деген сөздермен ауыстырылсын;»; 5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «5) борышкер - дара кəсiпкердiң Қазақстан Республикасының оңалту жəне банкроттық туралы заңнамасына сəйкес банкрот деп танылуына байланысты дара кəсiпкер ретiнде тiркеу есебiнен алынған;»; мынадай мазмұндағы 7) жəне 8) тармақшалармен толықтырылсын: «7) қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарына жəне Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен есептiлiк туралы заңнамасы талаптарына сəйкес төленбеген, мерзімі өткен кредит (қарыз) жəне ол бойынша сыйақы, құжаттамалық есеп-қисаптар мен кепiлдiктер бойынша дебиторлық берешек түрінде борышкерге қойылатын талаптың мөлшерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес есепті салық кезеңінде борышкерге салық төлеушінің мұндай талап қою құқығын толық немесе ішінара тоқтатуы болмаған жағдайда осы Кодекстің 106-бабының 1-тармағына сəйкес провизиялар (резервтер) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеуші бухгалтерлік есепте азайтқан; 8) осы Кодекстің 106-бабының 1-тармағына сəйкес провизиялар (резервтер) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеуші кредит (қарыз) жəне ол бойынша сыйақы бойынша үмiтсiз берешекті кешіруге байланысты кредиттер (қарыздар) жəне олар бойынша сыйақы бойынша салық кезеңінде кешірілген үмiтсiз берешектің жалпы сомасының салық кезеңінің басындағы кредиттер (қарыздар) жəне олар бойынша сыйақы бойынша негізгі борыш сомасына арақатынасының ең жоғары мөлшері шегінде борышкерге қойылатын талап мөлшерін азайтқан жағдайлар. Бұл ретте мұндай арақатынастың ең жоғары мөлшері 0,1 коэффициентке тең. Осы тармақша, егер кредит (қарыз) жəне ол бойынша сыйақы бойынша үмiтсiз берешек уəкiлеттi органның келiсiмiмен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгілеген негіздерде жəне тəртiппен кешірілген жағдайда қолданылады. Осы тармақшаның мақсаты үшін кредит (қарыз) жəне ол бойынша сыйақы бойынша үмiтсiз берешекті кешіру Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сəйкес борышты кешіру нəтижесінде кредит (қарыз) жəне ол бойынша сыйақы бойынша талап ету құқығын тоқтату, сондай-ақ «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес негізгі міндеттеме сомасынан төмен бағамен соттан тыс тəртіппен сауда-саттықтан ипотекалық шарт жасасқан күні негізгі міндеттемені толық қамтамасыз еткен кепіл мүлікті кепілге берілген мүлкін сатудан кейін өтелмеген кредиттің (қарыздың) сомасына сату кезінде кредит (қарыз) жəне ол бойынша сыйақы бойынша талап ету құқығын тоқтату болып танылады.»; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Есепті салық кезеңінің соңында еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мəлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мəлімделмеген залалдар бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру жəне сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сəйкес құрылған сақтандыру резервтерінің бұрын шегерімге жатқызылған мөлшері мен алдыңғы салық кезеңінің соңындағы осындай резервтердің мөлшері арасындағы теріс айырма сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының сақтандыру резервтерін азайтудан түсетін табыс деп танылады.»; 8) 105-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Дебитор банкрот деп танылған жағдайда, осы баптың 2-тармағында көрсетiлген құжаттардан басқа, оған қосымша банкроттық рəсімінің аяқталғаны туралы сот ұйғарымы көшiрмесiнiң болуы қажет. Салық төлеушi жоғарыда көрсетiлген шарттар сақталған кезде, банкроттық рəсімінің аяқталғаны туралы сот ұйғарымы күшiне енген салық кезеңiнiң қорытындылары бойынша күмəндi талаптың сомасын шегерiмге жатқызуға құқылы.»; 9) 106-бапта: 1-тармақтың екінші бөлігі жəне 1-3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Провизиялар (резервтер) сомасын айқындау кезiнде кепiлдiң жəне басқа қамтамасыз етудiң құны қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарына жəне Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сəйкес уəкiлеттi органмен келiсу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бекіткен провизиялар (резервтер) құру қағидаларында белгіленген жағдайларда жəне тəртіппен өздерiне қарсы провизия (резерв) құрылатын активтің, шартты міндеттеменің мөлшерін азайтады.»; 2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «2. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарының есепті салық кезеңінің соңында Қазақстан Республикасының сақтандыру жəне сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сəйкес еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мəлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мəлімделмеген залалдар бойынша құрылған сақтандыру резервтерінің мөлшері мен алдыңғы салық кезеңінің соңындағы осындай резервтердің мөлшері арасындағы оң айырма ретінде айқындалған мөлшерде еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мəлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мəлімделмеген залалдар бойынша сақтандыру резервтерін құру жөніндегі шығыстардың сомасын шегеруге құқығы бар.»; 10) 106-1-бап мынадай редакцияда жазылсын: «106-1-бап. Қайта сақтандыру активтерін азайту бойынша шегерім Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарының осы Кодекстің 89-1-бабына сəйкес бұрын табыс деп танылған еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мəлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мəлімделмеген залалдар

бойынша қайта сақтандыру активтерінің азайтылған сомасын есепті салық кезеңінің соңында Қазақстан Республикасының сақтандыру жəне сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сəйкес еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мəлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мəлімделмеген залалдар бойынша құрылған қайта сақтандыру активтерінің мөлшері мен алдыңғы салық кезеңінің соңындағы осындай активтердің мөлшері арасындағы теріс айырма ретінде айқындалған мөлшерде шегерімге жатқызуға құқығы бар.»; 11) 133-баптың 1-тармағы 5) тармақшасының екінші бөлігіндегі «жəне (немесе) тəжiрибелiкконструкторлық» деген сөздер алып тасталсын; 12) 147-баптың 2-тармағы екінші бөлігінің бірінші абзацындағы «бюджеттік субсидиялар танылады» деген сөздер «, оның ішінде бюджеттік субсидиялар танылады» деген сөздермен ауыстырылсын; 13) 155-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 29) тармақшамен толықтырылсын: «29) мұндай тұлғаға кредит (қарыз) беруден кейін басталған мынадай: қарыз алушы – жеке тұлға күшiне енген сот шешiмi негiзiнде хабарсыз кеткен, əрекетке қабiлетсiз, əрекет қабiлетi шектеулi деп танылған немесе күшiне енген сот шешiмi негiзiнде ол қайтыс болды деп жарияланған; қарыз алушы – жеке тұлғаға I немесе II топтағы мүгедектiк белгiленген, сондай-ақ қарыз алушы - жеке тұлға қайтыс болған; асыраушысынан айырылу жағдайларында «Міндетті əлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес əлеуметтік төлемдер алатын қарыз алушы - жеке тұлғада кіріс, жүктілігі мен босануына байланысты, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына, олар бір жасқа толғанға дейін баланы күтіп-бағуға байланысты, көрсетілген төлемдерден басқа кіріс болмаған жағдайларда; қарыз алушы – жеке тұлғада жəне қарыз алушы – жеке тұлғамен бірлесіп банк алдында ортақ жəне субсидиялық жауаптылықта болатын үшінші тұлғаларда мүлік, оның ішінде ақша, бағалы қағаздар немесе өндіріп алынуы мүмкін кірістер болмаған жағдайда атқарушылық құжатты банкке қайтару туралы сот орындаушысының қаулысы күшіне енген жəне оның мүлкін немесе кірістерін анықтау бойынша сот орындаушысы қабылдаған, Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамасында көзделген шаралар нəтижесіз болған; «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес ипотекалық шарт жасалған күні негізгі міндеттемені толық қамтамасыз еткен, кепілге берілген мүлікті негізгі міндеттеме сомасынан төмен бағамен соттан тыс тəртіппен саудасаттықта кепіл мүлікті кепілге берілген мүлкін сатудан кейін өтелмеген кредиттің сомасына сатқан немесе мұндай мүлік кепіл ұстаушының меншігіне өткен жағдайларда кредит (қарыз) жөніндегі азаматтық заңнамаға сəйкес міндеттемелердің тоқтатылуы кезіндегі кіріс. Осы баптың ережелері: банк қызметкеріне, банк қызметкерінің жақын туыстарына, банктің өзара байланысты тарапына берілген; талап ету құқығын беру жəне (немесе) борышты аудару жүргізілген кредит (қарыз) бойынша міндеттемелердің тоқтатылуына қолданылмайды.»; 14) 248-бап 23) тармақшасындағы «қалдықтарын өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.» деген сөздер «қалдықтарын;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 24) тармақшамен толықтырылсын: «24) Қазақстан Республикасының əділет органдарында тіркелген діни бірлестіктердің діни мақсаттағы заттарды өткізуі бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады. Осы тармақшада көрсетілген заттардың тізбесі мен оларды іріктеу критерийлерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»; 15) 255-баптың 1-тармағы 13) тармақшасының үшінші – алтыншы бөліктері алып тасталсын; 16) 263-баптың 7-тармағында: бірінші бөліктегі «бес жұмыс күнінен» деген сөздер «күнтізбелік бес күннен» деген сөздермен ауыстырылсын; төртінші бөліктегі «бес жұмыс күнінен» деген сөздер «күнтізбелік бес күннен» деген сөздермен ауыстырылсын; 17) 270-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «68-бабында» деген сөздер «68-бабында жəне осы тармақта» деген сөздермен ауыстырылсын; 18) 278-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «5) егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес Қазақстан Республикасының аумағында аталған тауарлар бойынша бұрын акциз төленбесе, осы Кодекстiң 279-бабында аталған акцизделетiн тауарлардың мүліктік массасын өткiзудi жүзеге асыратын;»; 19) 281-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) мүліктік массаны, тəркiленген жəне (немесе) иесiз, мұрагерлiк құқығы бойынша мемлекетке өткен жəне мемлекет меншiгiне өтеусiз берiлген, акцизделген тауарларды өткiзуі;»; 20) 367-баптың 1-1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «1-1. Осы Кодекстің осы бабының жəне 8-тарауының мақсаты үшін:»; 21) 387-баптың 6-тармағының үшінші бөлігіндегі «айқындау» деген сөз «анықтау» деген сөзбен ауыстырылсын; 22) 465-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «5) банкрот-заңды тұлғалардың мүліктік массасын өткізу жөнiндегi аукциондардан;»; 23) 541-баптың 24) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «24) банкроттықты жəне оңалтуды басқарушылар Қазақстан Республикасының оңалту жəне банкроттық туралы заңнамасында көзделген өз өкiлеттiктерi шегiнде банкроттық рəсімі, оңалту рəсiмi мүдделерiне орай қуынымдар берген кезде;»; 24) 557-бапта: 1-тармақ 10) тармақшасындағы «туралы мəліметтерді қоспағанда, салық қызметі органы салық төлеуші (салық агенті) туралы алған кез келген мəліметтер салық құпиясы болып табылады.» деген сөздер «туралы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын: «11) Қазақстан Республикасының оңалту жəне банкроттық туралы заңнамасына сəйкес құпия ақпарат болып табылмайтын мəліметтерді қоспағанда, салық қызметі органы салық төлеуші (салық агенті) туралы алған кез келген мəліметтер салық құпиясы болып табылады.»; 3-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «10) оңалту жəне банкроттық саласындағы уəкілетті органға береді. Оңалту жəне банкроттық саласындағы уəкілетті орган салық құпиясын құрайтын мəліметтерге қолжетімділігі бар лауазымды адамдардың тізбесін бекітеді.»; 25) 581-баптың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «10) азаматтық заңнамаға сəйкес жеке немесе заңды тұлға болып табылатын қарыз алушыға берiлген кредиттер (қарыздар) бойынша мiндеттемелердің тоқтатылуы кезінде тоқтатылған міндеттеменің мөлшері туралы қарыз алушының орналасқан (тұрғылықты) жері

бойынша салық органын күнтізбелік отыз күн ішінде хабардар етуге;»; 26) 583-бапта: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «583-бап. Уəкілеттi мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жəне жергілікті атқарушы органдардың салық қызметi органдарымен өзара іс-қимыл кезіндегі мiндеттерi»; мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын: «7-1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тексерілетін салық төлеушіге қатысты салықтық тексеру барысында уəкілетті органның сұрау салуы бойынша еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мəлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мəлімделмеген залалдар бойынша сақтандыру резервтері мөлшерінің Қазақстан Республикасының сақтандыру жəне сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сəйкестігі туралы қорытындыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп уəкілетті орган белгілеген тəртіппен табыс етеді.»; 27) 609-баптың 3-1-тармағының 1) жəне 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: 1) банкрот деп танылған жағдайда - банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы сот ұйғарымы шығарылған күннен бастап есепке жазу жүргізілмеген өсімпұлды қоспағанда, салық төлеушіні банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап; 2) оңалту рəсімі қолданылған жағдайда - сот оңалту жоспарын бекіту туралы ұйғарым шығарған күннен бастап тоқтатылатын, мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікке жəне (немесе) ол бойынша мəмілелері мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікке иелік етуді шектеуді қоспағанда, оңалту рəсімін қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап қолданылады. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының оңалту жəне банкроттық туралы заңнамасында белгіленген тəртіппен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының оңалту жəне банкроттық туралы заңнамасында көзделген жағдайда сомасы кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілмеген салық міндеттемесі бойынша осындай салық төлеушілерге қатысты мұндай міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тəсілдері қолданылады;»; 2 8 ) 6 1 4 - ба п т ы ң 2 - т ар мағ ын ы ң 2 ) жə н е 3 ) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «2) банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау – банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы сот ұйғарым шығарған күннен бастап; 3) салық төлеушіге қатысты оңалту рəсімін қолдану – өсімпұлды есепке жазуды қоспағанда, борышкердің өтініші түскен күннен бастап, - оңалту рəсімін қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап қолданылмайды. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының оңалту жəне банкроттық туралы заңнамасында белгiленген тəртiппен кредиторлар талаптарының тiзiлiмiне сомасы енгiзiлмеген салық міндеттемесі бойынша осындай салық төлеушілерге қатысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының оңалту жəне банкроттық туралы заңнамасында көзделген жағдайда, осындай міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тəсілдері қолданылады;»; 29) 620-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Банкрот деп танылған салық төлеушiнi (салық агентiн) тарату тəртібі Қазақстан Республикасының оңалту жəне банкроттық туралы заңнамасына сəйкес жүзеге асырылады.»; 30) 653-баптың 1 жəне 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «1. Салық органдары акцизделетiн тауарларды өндiрушiлердiң, импорттаушылардың, борышкердің мүлкiн (активтерiн) өткiзу кезінде банкроттықты жəне оңалтуды басқарушылардың осы бапта айқындалған акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн таңбалау, акцизделетiн тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында орын ауыстыру тəртiбiн сақтауы бөлiгiнде, сондай-ақ акциздiк бекеттер орнату арқылы акцизделетiн тауарларға бақылауды жүзеге асырады.»; «3. Таңбалауды акцизделетiн тауарларды өндiрушiлер мен импорттаушылар, банкроттықты жəне оңалтуды басқарушылар борышкердiң мүлкiн (активтерiн) өткiзген кезде жүзеге асырады.». 8. 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 14, 70-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81-құжат; № 16, 83-құжат): 169-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Банкрот деп танылған төлеушiнi тарату тəртiбi Қазақстан Республикасының оңалту жəне банкроттық туралы заңнамасына сəйкес жүзеге асырылады.». 9. «Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу жəне филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу туралы» 1995 жылғы 17 сəуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 35-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 12, 183-құжат; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 63, 64-құжаттар; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 1-құжат; № 8, 52-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 18, 157-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2009 ж., № 24, 122, 125-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 жылғы 18 қаңтарда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 15 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы): 11-баптың бірінші бөлігінің 4) тармақшасындағы «216» деген цифрлар «215, 216» деген цифрлармен ауыстырылсын. 10. «Шаруашылық серiктестiктерi туралы» 1995 жылғы 2 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 7, 49-құжат; № 15-16, 109-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 205, 210-құжаттар; 1998 ж., № 5-6, 50 құжат; № 17-18, 224-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 24, 178-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 56-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат): 1) 8-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

«4-1. Қазақстан Республикасының оңалту жəне банкроттық туралы заңнамалық актісінде белгіленген тəртіппен шаруашылық серiктестiгi банкрот деп танылған немесе оңалту рəсімі қолданылған жəне уақытша, банкроттықты немесе оңалтуды басқарушы тағайындалған жағдайларда, оны басқару бойынша барлық өкілеттік тиісінше уақытша не банкроттықты немесе оңалтуды басқарушыға өтеді.»; 2) 9-бапта: 5-тармақтың бірінші бөлігіндегі «таратуды», «соттың шешiмi бойынша сот тағайындаған тарату комиссиясы» деген сөздер тиісінше «таратуды-», «банкроттықты басқарушы» деген сөздермен ауыстырылсын; 6-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Кредиторлардың талабын қанағаттандыру Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне, Қазақстан Республикасының оңалту жəне банкроттық туралы заңнамалық актiсіне жəне Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілеріне сəйкес жүргiзiледi.». 11. «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметi туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 1718, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 жылғы 18 қаңтарда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 15 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 50-бапта: 4-тармақтың екінші бөлігінің 10) тармақшасындағы «беруі;» деген сөз «беруі банк құпиясын ашу болып табылмайды.» деген сөздермен ауыстырылып, 11) тармақшасы алып тасталсын; 6-тармақ мынадай мазмұндағы д-3) тармақшамен толықтырылсын: «д-3) прокурордың санкциясымен банкрот деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі бар тұлғаға қатысты банкроттық жəне (немесе) оңалту туралы іс қозғалғанға дейінгі бес жыл ішіндегі кезең үшін оңалту жəне банкроттық саласындағы уəкiлеттi органға.»; 2) 68-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Банкті тарату, оның iшiнде банкроттық негiзі бойынша тарату осы Заңға жəне Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актiлерiне сəйкес жүзеге асырылады.»; 3) 71-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Банктiң төлем қабiлетсiздiгi уəкiлеттi органның пруденциалдық нормативтердi жəне сақталуға мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi, есеп айырысу əдiстемелерiн, банк капиталының мөлшерiн, оның ішінде орындау мерзімі басталған кезден бастап үш жəне одан да көп ай ішінде банк орындамаған, банктегі ақшалай міндеттемелер мен ақшалай сипаттағы өзге де талаптардың бар-жоғын ескере отырып жасаған, сотқа берген қорытындысы ескеріле отырып белгіленеді. Банк ақшалай міндеттемелерді жəне ақшалай сипаттағы өзге де талаптарды оларды орындау мерзімі басталған кезден бастап үш айдың ішінде орындауға қабілетсіз болған кезде төлемге қабілетсіз болып табылады.»; 4) 73-баптың 1-1-тармағы алып тасталсын. 12. «Өндiрiстiк кооператив туралы» 1995 жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 20, 119-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 12, 183-құжат; № 13-14, 205-құжат; 2001 ж., № 17-18, 242-құжат; 2003 ж., № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 56-құжат): мынадай мазмұндағы 18-1-баппен толықтырылсын: «18-1-бап. Банкроттық жəне оңалту рəсімінде өндірістік кооператив iстерiн басқару Қазақстан Республикасының оңалту жəне банкроттық туралы заңнамалық актісінде белгіленген тəртіппен өндірістік кооператив банкрот деп танылған немесе оңалту рəсімі қолданылған жəне уақытша не банкроттықты немесе оңалтуды басқарушы тағайындалған жағдайларда, оны басқару бойынша барлық өкілеттіктер тиісінше уақытша не банкроттықты немесе оңалтуды басқарушыға өтеді.». 13. «Қазақстан Республикасының ішкi iстер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 17-18, 225-құжат; № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 1314, 174-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154, 155-құжаттар; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 15-16, 61-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 25-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 8-құжат; № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 75-құжат; № 16, 83-құжат; № 23-24, 116-құжат): 10-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 41-1) тармақшамен толықтырылсын: «41-1) оңалту жəне банкроттық саласындағы уəкiлеттi органның сұрау салулары бойынша заңда белгіленген тəртіппен банкрот деп танылған немесе оларға қатысты оңалту рəсімі қолданылған борышкерлерге қатысты меншікке қарсы қылмыстар бойынша қозғалған, іс жүргізуде жатқан қылмыстық істер бойынша мəліметтерді ұсынуға;». 14. «Жауапкершiлiгi шектеулi жəне қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктер туралы» 1998 жылғы 22 сəуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 5-6, 49-құжат;

13

1999 ж., № 20, 727-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 21-22, 124-құжат): 1) 41-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: «2-1. Қазақстан Республикасының оңалту жəне банкроттық туралы заңнамалық актісінде белгіленген тəртіппен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк банкрот деп танылған немесе оңалту рəсімі қолданылған жəне уақытша не банкроттықты немесе оңалтуды басқарушы тағайындалған жағдайларда, оны басқару бойынша барлық өкілеттіктер тиісінше уақытша не банкроттықты немесе оңалтуды басқарушыға өтеді.»; 2) 68-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Банкроттық жағдайларын қоспағанда, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жалғыз қатысушысы болып табылатын заңды тұлға таратылған жағдайда мұндай серiктестiк таратылуға тиiс. Бұл орайда серiктестiк құрылтайшысын таратуды жүргiзетiн тарату комиссиясының (таратушының) өтiнiшi бойынша сот серiктестiктi тарату жөнiндегi тарату комиссиясын (таратушыны) тағайындайды.». 15. «Табиғи монополиялар жəне реттелетiн нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 1516, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 20, 23-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 112-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 9, 15-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 11, 80-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 жылғы 15 қаңтарда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік органдардың құзыретін заңнамалық жəне (немесе) заңға тəуелді деңгейде бекіту мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы): 18-баптың 5-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «5-1. Жасалған мəмiленiң немесе банкрот деп танылған борышкер - табиғи монополия субъектiсiнiң мүліктік массасын өткізудің нəтижесiнде активтерi өз меншiгiне түскен табиғи монополия субъектiсi тұтынушыларға реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) осы активтердiң немесе банкроттық рəсімі процесiнде өндiрiп алынатын мүлiктiң меншiк иелерi үшiн уəкiлеттi орган бұрын бекiткен тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) немесе олардың шектi деңгейлерi жəне тарифтiк сметалары бойынша реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) жəне тарифтiк сметаларды бекiтуге өтiнiм ұсынғанға дейiн, бiрақ алты айдан аспайтын мерзiмде ұсынады.». 16. «Ұлттық мұрағат қоры жəне мұрағаттар туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 24, 435-құжат; 2001 ж., № 21-22, 286-құжат; 2003 ж., № 10, 53-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 8, 55-құжат; 2009 ж., № 1112, 53-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат, 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 жылғы 15 қаңтарда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік органдардың құзыретін заңнамалық жəне (немесе) заңға тəуелді деңгейде бекіту мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы): 8-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Заңды тұлғалар таратылған кезде Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының жəне жеке құрам жөнiндегi құжаттардың одан əрi сақталатын орны туралы шешiмдi уəкiлеттi органмен келiсу бойынша тарату комиссиясы немесе банкроттықты басқарушы қабылдайды.». 17. «Қаржы лизингi туралы» 2000 жылғы 5 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., № 10, 247-құжат; 2003 ж., № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат): 5-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Лизинг алушы банкрот болған кезде лизинг нысанасы мүліктік массаға енгiзiлмейдi.». 18. «Сақтандыру қызметi туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; № 8, 52-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат): 1) 65-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату, оның iшiнде банкроттық негiз бойынша тарату осы Заңға жəне Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актiлерiне сəйкес жүзеге асырылады.»; 2) 69-баптың 5-тармағы алып тасталсын; 3) 71-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабiлетсiздiгi уəкiлеттi органның пруденциалдық нормативтердi жəне сақталуға мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi есептеу əдiстемелерiн, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы капиталының мөлшерiн, оның ішінде орындау мерзімі басталған кезден бастап үш жəне одан да көп ай ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы орындамаған, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымындағы ақшалай міндеттемелер мен ақшалай сипаттағы өзге де талаптардың бар-жоғын ескере отырып жасаған, сотқа берген қорытындысы ескеріле отырып анықталады. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ақшалай міндеттемелерді жəне ақшалай сипаттағы өзге де (Соңы 14-бетте).


14

www.egemen.kz

(Соңы. Басы 11-13-беттерде). талаптарды оларды орындау мерзімі басталған кезден бастап үш айдың ішінде орындауға қабілетсіз болған кезде төлемге қабілетсіз болып табылады.». 19. «Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 2, 12-құжат; № 15-16, 232-құжат; 2003 ж., № 19-20, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат, № 20, 89-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 14, 94-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 жылғы 15 қаңтарда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік органдардың құзыретін заңнамалық жəне (немесе) заңға тəуелді деңгейде бекіту мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы): 34-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Астық қабылдау кəсiпорындары қызметiнiң тоқтатылуы Қазақстан Республикасының оңалту жəне банкроттық туралы заңнамасы мен осы Заңның талаптары ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сəйкес жүзеге асырылады.». 20. «Тұтыну кооперативі туралы» 2001 жылғы 8 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 10, 138-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 21-22, 124-құжат): 17-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын: «3. Қазақстан Республикасының оңалту жəне банкроттық туралы заңнамалық актісінде белгіленген тəртіппен тұтыну кооперативі банкрот деп танылған немесе оңалту рəсімі қолданылған жəне уақытша не банкроттықты немесе оңалтуды басқарушы тағайындалған жағдайларда, оны басқару бойынша барлық өкілеттіктер тиісінше уақытша не банкроттықты немесе оңалтуды басқарушыға өтеді.». 21. «Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы» 2002 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 145-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 62-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат): 8-баптың 1-тармағы 10) тармақшасындағы «табыс етуге міндетті.» деген сөздер «табыс етуге;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) жəне 12) тармақшалармен толықтырылсын: «11) оңалту жəне банкроттық саласындағы уəкiлеттi органның сұрау салуы бойынша тексеру жүргізу шеңберінде заңда белгіленген тəртіппен банкрот деп танылған немесе оларға қатысты оңалту рəсімі қолданылған борышкерлерге қатысты іс жүргізудегі материалдар мен қозғалған қылмыстық істер бойынша мəліметтерді жəне құжаттардың көшірмелерін ұсынуға; 12) уақытша не банкроттықты немесе оңалтуды басқарушының сұрау салуы бойынша оңалту немесе банкроттық рəсімін жүргізу шеңберінде заңда белгіленген тəртіппен банкрот деп танылған немесе оларға қатысты оңалту рəсімі қолданылған борышкерлерге қатысты іс жүргізудегі материалдар мен қозғалған қылмыстық істер бойынша мəліметтерді жəне құжаттардың көшірмелерін ұсынуға міндетті.». 22. «Акционерлiк қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 10, 55-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 4, 28, 33-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 4, 30-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 81-құжат): 1) 22-баптың 5-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) егер қоғам Қазақстан Республикасының оңалту жəне банкроттық туралы заңнамасына сəйкес төлем қабiлетсiздiгi немесе дəрменсiздiк белгiлерiне сай келсе не аталған белгiлер қоғамда оның акциялары бойынша дивидендтер төлеу нəтижесiнде пайда болса, дивидендтерді есепке жазуға жол берілмейді.»; 2) 26-баптың 3-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) егер акцияларды сатып алу кезiнде қоғам Қазақстан Республикасының оңалту жəне банкроттық туралы заңнамасына сəйкес төлем қабiлетсiздiгi не дəрменсiздiгi белгiлерiне сай келсе не аталған белгiлер қоғамда оның барлық талап етiлетiн немесе сатып алу болжанатын акцияларды сатып алу нəтижесiнде пайда болса;»; 3) 30-баптың 4-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) егер қоғам дəрменсiз борышкер болып табылса, Қазақстан Республикасының оңалту жəне банкроттық туралы заңнамасында көзделген тəртiппен қабылданған оңалту жоспары негiзiнде жүзеге асырылады.»; 4) 33-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: «2-1. Қазақстан Республикасының оңалту жəне банкроттық туралы заңнамалық актісінде белгіленген тəртіппен акционерлік қоғам банкрот деп танылған немесе оңалту рəсімі қолданылған жəне уақытша не банкроттықты немесе оңалтуды басқарушы тағайындалған жағдайларда оны басқару бойынша барлық өкілеттіктер тиісінше уақытша не банкроттықты немесе оңалтуды басқарушыға өтеді.». 23. «Инвестициялық қорлар туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 16, 90-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 33-құжат; 2008 ж., № 1718, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; 2011 ж., № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат): 43-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Инвестициялық қордың басқарушы компаниясы немесе кастодианы банкрот деп танылған немесе жарияланған жағдайларда инвестициялық қордың активтерi мүліктік массаға қосылмайды.». 24. «Жеке кəсiпкерлiк туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 3, 21-құжат; № 16, 99-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 17, 136-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 60-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 18, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 11-12, 54-құжат; № 15-16, 74, 77-құжаттар; № 17, 82-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат, № 23, 97-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 15, 71-құжат; № 22,

128-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 26-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 жылғы 15 қаңтарда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік органдардың құзыретін заңнамалық жəне (немесе) заңға тəуелді деңгейде бекіту мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы): 28-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Жеке кəсiпкерлiк субъектiсi борышкердің немесе кредитордың, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда өзге де адамдардың сотқа өтiнiшi негiзiнде сот шешiмiмен банкрот деп танылады. Дара кəсiпкердiң банкроттық рəсiмi Қазақстан Республикасының оңалту жəне банкроттық туралы заңнамасында белгіленген тəртіппен жүзеге асырылады.». 25. «Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 16, 130-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат): 39-бап мынадай редакцияда жазылсын: «39-бап. Мүліктік массаны қалыптастырудың ерекшелiктерi Мақта өңдеу ұйымы банкрот болған, таратылған кезде оның есебiнен мақта өңдеу ұйымы кредиторларының талаптары қанағаттандырылатын мүлiктiң құрамына, сондай-ақ мақта өңдеу ұйымының мүліктік массасына сақтауға жəне (немесе) бастапқы өңдеуге қабылданған мақта енгiзiлмейдi.». 26. «Мемлекеттiк сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 9-10, 47, 49-құжаттар; № 15-16, 74-құжат; № 17, 78, 82-құжаттар; № 24, 129, 133-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 17-18, 108-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 4, 37-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161, 171-құжаттар; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 22-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 жылғы 15 қаңтарда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік органдардың құзыретін заңнамалық жəне (немесе) заңға тəуелді деңгейде бекіту мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 18 қаңтарда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 18 қаңтарда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 15 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы): 4-баптың 1-тармағы 40) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының оңалту жəне банкроттық туралы заңнамасына сəйкес өткізілетін;». 27. «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы» 2007 жылғы 26 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 18, 142-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 8, 41-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 95-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат): 1) 17-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Жылжымайтын мүліктің нақты объектісі жөніндегі ақпарат жəне жеке немесе заңды тұлғаның өзінде бар жылжымайтын мүлiк объектiлерiне құқықтары туралы жинақталған деректер, сондайақ мүлікті иеліктен шығару жөніндегі құжаттардың тiркеушi орган куəландырған көшірмелері құқық иесiнiң (уəкiлеттi өкiлдiң) сұрау салуы бойынша, iс жүргiзiлiп жатқан қылмыстық, азаматтық, əкiмшiлiк iстер бойынша адвокаттардың, құқық қорғау, сот органдарының, iс жүргiзiлiп жатқан атқарушылық құжаттар бойынша сот орындаушыларының, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыретіне сəйкес салық жəне басқа да мемлекеттік органдардың, нотариустардың, мұрагерлердiң, тексеру жүргізу шеңберінде оңалту жəне банкроттық саласындағы уəкілетті органның, оңалту жəне банкроттық рəсімдерін жүргізу шеңберінде уақытша, банкроттықты жəне оңалтуды басқарушылардың, мəжбүрлі түрде таратылатын заңды тұлғаның тарату комиссиясының (таратушының), қамқоршылық жəне қорғаншылық органдардың дəлелді сұрау салуы бойынша берiледi.»; 2) 31-баптың 1-1-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) борышкердiң мүлкiн басқару құқығы оңалтуды не банкроттықты басқарушыға ауысқанын;»; 3) 47-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Құқықтық кадастрда осы Заңның 21-бабында көзделген тəртiппен борышкердiң мүлкiн басқару құқығының оңалтуды не банкроттықты басқарушыға өтуi мемлекеттiк тiркелуге жатады.». 28. «Бəсекелестiк туралы» 2008 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 24, 125-құжат; 2009 ж., № 1516, 74-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 жылғы 15 қаңтарда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік органдардың құзыретін заңнамалық жəне (немесе) заңға тəуелді деңгейде бекіту мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы): 50-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) оңалтуды немесе банкроттықты басқарушыны, уақытша əкімшілікті (уақытша əкімшіні) тағайындау;». 29 . «А т қ ар уш ыл ық iс ж үр г iзу ж əн е сот

15 наурыз 2014 жыл

орындаушыларының мəртебесi туралы» 2010 жылғы 2 сəуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 жылғы 18 қаңтарда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 15 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 47-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «6) өндiрiп алушы немесе борышкер болып табылған заңды тұлғаны тарату аяқталса, құқықтық мирасқоры болмаған кезде не атқарушылық құжат банкроттықты басқарушыға немесе оңалтуды басқарушыға немесе борышкер болып табылатын заңды тұлғаның тарату комиссиясына орындау үшiн жiберiлсе;»; 2) 50-бап мынадай редакцияда жазылсын: «50-бап. Атқарушылық iс жүргiзудi тоқтата тұру немесе тоқтату, атқарушылық құжатты өндiрiп алушыға қайтару немесе оны банкроттықты басқарушыға, оңалтуды басқарушыға, борышкерзаңды тұлғаның тарату комиссиясына жiберу туралы мəселелердi қарау 1. Атқарушылық iс жүргiзудi тоқтата тұру, тоқтату, атқарушылық құжатты қайтару немесе оны банкроттықты басқарушыға, оңалтуды басқарушыға, борышкер-заңды тұлғаның тарату комиссиясына жiберу туралы мəселелердi сот орындаушысы қарайды. 2. Сот орындаушысы атқарушылық iс жүргiзудi тоқтата тұру, тоқтату, атқарушылық құжатты қайтару немесе оны банкроттықты басқарушыға, оңалтуды басқарушыға, борышкер-заңды тұлғаның тарату комиссиясына жiберу туралы қаулы шығарады, оны мемлекеттiк сот орындаушылары үшiн аумақтық бөлiмнiң басшысы-аға сот орындаушысы бекiтуге тиiс. 3. Сот орындаушысының атқарушылық iс жүргiзудi тоқтата тұру, тоқтату, атқарушылық құжатты қайтару немесе оны банкроттықты басқарушыға, оңалтуды басқарушыға, борышкер-заңды тұлғаның тарату комиссиясына жiберу туралы қаулысына сотқа шағым жасалуы мүмкiн.»; 3) 56-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Белгiленген тəртiппен банкрот деп танылған борышкердiң мүлкiнен өндiрiп алуды қолдану Қазақстан Республикасының оңалту жəне банкроттық туралы заңнамасына сəйкес жүзеге асырылады.». 30. «Жер қойнауы жəне жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2010 ж., № 12, 60-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 6, 46-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат): 1) 24-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «5) банкроттық рəсiмдерiн жүзеге асыру кезiнде құрамына жер қойнауын пайдалану құқығы (оның бiр бөлiгi), жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiлер кiретiн мүліктік массаны өткiзу (сату) жөнiндегi жария сауда-саттыққа қатысуға;»; 2) 36-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «5) банкроттық рəсімі процесiнде жер қойнауын пайдалану құқығын, жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiлердi иелiктен шығару;»; 3) 41-баптың 1-тармағының алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Осы тармақтың ережелерi банкроттық рəсiмдердi жүзеге асыру кезiнде мүліктік массаны өткiзу жағдайлары үшiн де қолданылады.». 31. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау жəне қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2011 ж., № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 14-құжаттар; № 3, 21, 25, 27-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 11-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; № 21-22, 115-құжат; № 23-24, 116-құжат): көрсетілген Заңға қосымшаның 1-тармағының 57) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «57) банкроттық рəсімі мен оңалту рəсімінің өткізілуіне;». 32. «Мемлекеттiк мүлiк туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 жылғы 18 қаңтарда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 15 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 21 қаңтарда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркəсіптік кешен мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 25 қаңтарда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс қызметі мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 1-баптың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «9) Қазақстан Республикасының стратегиялық объектiге ие болуының басым құқығы – стратегиялық объект тиесiлi жеке тұлғадан немесе мемлекеттiк емес заңды тұлғадан, осындай тұлға стратегиялық объектiнi иелiктен шығару жөнiнде мəмiле жасасуды ниет етiп отырған жағдайда, сондай-ақ стратегиялық объектiге өндiрiп алу қолданылған не оңалтуды немесе банкроттықты басқарушы мүліктік (тарату) массасының құрамында стратегиялық объектiнi иелiктен шығарған не кепiл ұстаушы кепiлге салынған мүлiктi (стратегиялық объектiнi) соттың қарауынан тыс тəртiппен өткiзген не стратегиялық объектiге сот актiсiнiң негiзiнде өндiрiп алу қолданылған жағдайда, Қазақстан Республикасының стратегиялық объектiлердi нарықтық құны бойынша сатып алуға үшiншi тұлғалар алдындағы басым құқығы;»; 2) 139-бап мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын: «9. Қазақстан Республикасының оңалту жəне банкроттық туралы заңнамалық актісінде белгіленген тəртіппен мемлекеттiк кəсiпорын банкрот деп танылған немесе оңалту рəсімі қолданылған жəне уақытша не банкроттықты немесе оңалтуды басқарушы

тағайындалған жағдайларда, оны басқару бойынша барлық өкілеттіктер тиісінше уақытша не банкроттықты немесе оңалтуды басқарушыға өтеді.»; 3) 187-бапта: 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Стратегиялық объектіге ауыртпалық салуға не оларды иеліктен шығаруға рұқсат беруден бас тартуға Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес стратегиялық объектінің меншік иесі (құқық иеленуші) не кепіл ұстаушысы, банкроттықты немесе оңалтуды басқарушысы шағымдана алады.»; 7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «7. Стратегиялық объектiнiң кепiл ұстаушысы, оңалтуды жəне банкроттықты басқарушылар кепiлге салынған осы мүлiктi иелiктен шығару туралы шешiмдi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң иелiктен шығарудың ерекше шарттарын жəне стратегиялық объектiнi сатып алушыларға қойылатын қосымша талаптарды белгiлей отырып, рұқсат беру туралы шешiмiнiң негiзiнде қабылдайды.»; 4) 188-бапта: 1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Оңалтуды немесе банкроттықты басқарушы мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уəкiлеттi органға осы тармақтың 1), 2), 4), 6) жəне 7) тармақшаларында көрсетiлген құжаттарды, сондай-ақ борышкерге қатысты оңалту рəсiмдерi қолданылғаны туралы (банкроттық рəсімі жүргiзiлгенi туралы) сот актiсiн, мүлiктi иелiктен шығарудың (сатудың) болжамды бағасын жəне борышкердiң мүлкiн (стратегиялық объектiнi) иелiктен шығаруға немесе үшiншi тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салуға кредиторлар комитетiнiң жазбаша келiсiмiн тапсырады.»; 4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Стратегиялық объектiлердің меншiк иелерiнiң (құқық иеленушiлерінiң), оңалтуды немесе банкроттықты басқарушылардың ауыртпалық салу не иелiктен шығару туралы өтiнiштерiн қарау «Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тəртiппен жүзеге асырылады.»; 5) 191-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Жеке тұлға немесе мемлекеттiк емес заңды тұлға стратегиялық объектiнi иелiктен шығару бойынша мəміле жасасуға ниет бiлдiрген, сондай-ақ стратегиялық объектiге өндiрiп алу қолданылған немесе стратегиялық объектiнi оңалтуды немесе банкроттықты басқарушы иелiктен шығарған не кепiл ұстаушы кепiлге салынған мүлiктi (стратегиялық объектiнi) сот тəртiбiнен тыс өткiзген не стратегиялық объектiге сот актiсiнiң негiзiнде өндiрiп алу қолданылған жағдайларда, Қазақстан Республикасы осы тарауда айқындалған шарттармен стратегиялық объектiге ие болудың басым құқығына ие болады. Стратегиялық объектiлердiң меншiк иелерiнiң (құқық иеленушiлердiң), оңалтуды немесе банкроттықты басқарушылардың стратегиялық объектiнi иелiктен шығару туралы өтiнiштерiн қарау Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тəртiппен жүзеге асырылады.»; 6) 192-баптың 5, 6 жəне 7-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «5. Бюджет процесiн ескере отырып, стратегиялық объектiлердi сатып алу мерзiмдерi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң стратегиялық объектiні сатып алудың басым құқығын пайдалануы туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi шешiм қабылдаған кезден бастап екi жылдан аспауға тиiс. Оңалтуды немесе банкроттықты басқарушы стратегиялық объектiлердi сатқан кезде оларды сатып алу мерзiмдерi «Оңалту жəне банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген оңалту рəсiмiн немесе банкроттық рəсімін жүргiзу мерзiмдерiнен аспауға тиiс. 6. Стратегиялық объектiге өндiрiп алу қолданылған немесе банкроттық, оңалту немесе жеделдетiлген оңалту рəсiмi туралы iс бойынша iс жүргiзу қозғалған жағдайларда стратегиялық объектiлердiң меншiк иелерi (құқық иеленушiлерi) өндiрiп алуды стратегиялық объектiге айналдыру туралы хабарлама алған кезден бастап немесе соттың банкроттық, оңалту туралы немесе жеделдетiлген оңалту рəсiмi бойынша iс қозғау туралы ұйғарымының көшiрмесiн алған кезден бастап бес жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уəкiлеттi органды стратегиялық объектiге өндiрiп алуды қолдану немесе банкроттық, оңалту немесе жеделдетiлген оңалту рəсiмi туралы iс бойынша iс жүргiзудiң қозғалғаны туралы жазбаша хабардар етуге мiндеттi. Хабарлау жөнiндегi мiндеттердi сақтамау осы Заңның 195-бабында көзделген салдарға əкеп соғады. Қазақстан Республикасының Үкiметi осы бапта көзделген тəртiппен стратегиялық объектiге ие болуға басым құқықты iске асырады. Стратегиялық объектiге өндiрiп алуды қолдану немесе стратегиялық объектiнi мүліктік масса құрамында иелiктен шығару Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң стратегиялық объектiге ие болуға басым құқықты iске асыру немесе басым құқықты iске асырудан бас тарту туралы шешiмi алынғаннан кейiн жүргiзiледi. 7. Өндiрiп алуды стратегиялық объектiге айналдыру немесе стратегиялық объектiнi мүліктік массасы құрамында иелiктен шығару кезінде Қазақстан Республикасы басым құқықты iске асырудан бас тартқан жағдайларда стратегиялық объектiнi иелiктен шығару «Оңалту жəне банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында жəне Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген тəртiппен жүзеге асырылады.». 33. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 14, 117-құжат; 2012 ж., № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат): 7-баптың екінші, жетінші – оныншы абзацтары мынадай редакцияда жазылсын: «1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, осы Кодекстің 106-бабының 1, 1-3, 3 жəне 4-тармақтарына сəйкес провизиялар (резервтер) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеуші құрған провизиялардың (резервтердің) мөлшерін азайтудан түсетін табыстар деп:»; «5) осы Кодекстiң 106-бабының 1 жəне 1-3-тармақтарына сəйкес провизиялар (резервтер) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушi мынадай тəртiппен есептейтiн: уəкiлеттi органмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi айқындаған тəртiппен алдыңғы салық кезеңiнiң 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша құрылған, бұрын шегеруге жатқызылған провизиялар (резервтер), минус өзара байланысты тараптардың пайдасына не өзара байланысты тараптардың міндеттемелері бойынша үшінші тұлғаларға берілген активтер мен шартты міндеттемелерді қоспағанда, мынадай активтерге, шартты міндеттемелерге: басқа банктерде орналастырылған корреспонденттік шоттардағы қалдықтарды қоса алғанда, депозиттерге; басқа банктерге жəне клиенттерге берілген кредиттерге (қаржы лизингін қоспағанда); құжаттамалық есеп-қисаптар мен кепiлдiктер бойынша дебиторлық берешекке;

жабылмаған аккредитивтер, шығарылған немесе расталған кепілдіктер бойынша шартты міндеттемелерге қарсы халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына жəне Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп жəне қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сəйкес алдыңғы салық кезеңiнiң 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша құрылған провизиялардан (резервтерден) қаржылық есептілікте көрінген оң айырма түріндегі асып кету сомасы танылады.». 34. «Ұлттық əл-ауқат қоры туралы» 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2012 ж., № 4, 29-құжат): 18-баптың 1-тармағының 1) жəне 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «1) жеке тұлға немесе мемлекеттiк емес заңды тұлға стратегиялық объектiнi иелiктен шығару бойынша мəміле жасасуға ниет бiлдiрген, сондай-ақ стратегиялық объектiге өндiрiп алу қолданылған немесе оңалтуды немесе банкроттықты басқарушы стратегиялық объектiнi иелiктен шығарған не кепiл ұстаушы кепiлге қойылған мүлiктi (стратегиялық объектiнi) соттан тыс тəртiппен өткізген, не стратегиялық объектiге сот актiсiнің негiзiнде өндiрiп алу қолданылған жағдайларда Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша стратегиялық объектiлерге ие болуға басым құқығы; 2) акцияларының пакеттерi (жарғылық капиталда қатысу үлестері, пайлары) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес стратегиялық объектiлерге жатқызылған ұйымдар немесе республика экономикасы үшiн маңызды стратегиялық мəні бар ұйымдар банкрот болған кезде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша мүліктік массаны сатып алуға басым құқығы;». 35. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне магистральдық құбыр жəне салық салу мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2012 ж., № 11, 80-құжат): 1-баптың 3-тармағы 7) тармақшасының сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «6) тауарлы шикi мұнайға, газ конденсатына жəне табиғи газға – егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, осы тармақтың 1), 2), 2-1), 3), 4), 5) жəне 5-1) тармақшаларында көрсетiлген шикi мұнай, газ конденсаты мен табиғи газ көлемдерiн шегере отырып, жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңiнде жер қойнауын пайдалануға арналған əрбiр жеке келiсiмшарт шеңберiнде өндiрген шикi мұнайдың, газ конденсатының жəне табиғи газдың жалпы көлемiне бөлiнедi.». 36. «Микроқаржы ұйымдары туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2012 ж., № 20, 120-құжат): 21-баптың 4-тармағы 6) тармақшасындағы «негізінде беріледі.» деген сөздер «негізінде;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын: «7) банкрот деп танылған тұлғаларға қатысты оңалту жəне банкроттық саласындағы уəкілетті органға, банкроттықты басқарушыға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен беріледі.». 37. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2013 ж., № 21-22, 115-құжат): 1) 1-баптың 12-тармағында: 1) тармақшадағы «1,» деген цифр алып тасталсын; 3) тармақшадағы «26,» деген цифрлар алып тасталсын; 5) тармақша «56» деген цифрлардан кейін «, 58» деген цифрлармен толықтырылсын; 2) 9-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: «Осы Заңның 1-бабы 1-тармағы 3) тармақшасының қырық екінші жəне қырық үшінші абзацтары 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.». 2-бап. 2012 жылғы 1 қаңтардан 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге «Салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 90-бабының 2-тармағы «106-бабының 1» деген сөздерден кейін «, 1-1» деген цифрлармен толықтырылсын. 3-бап. 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде «Салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 90-бабының 2-тармағындағы «1 жəне 4», «1, 1-3 жəне 4» деген сөздер «1, 1-1, 1-3, 3 жəне 4» деген сөздермен ауыстырылсын. 4-бап. «Салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 106-бабы 1-2-тармағының екінші абзацының қолданылуы 2013 жылғы 1 қаңтардан 2015 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге тоқтатыла тұрсын жəне тоқтатыла тұру кезеңінде бұл абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін: «Динамикалық резервтің мөлшері уəкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген тəртіппен айқындалады.». 5-бап. Осы Заң, мыналарды: 1) 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 7-тармағының 12) тармақшасын; 2) 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 7-тармағының 1) тармақшасының үшінші абзацын, 6) тармақшасын, 7) тармақшасының он жетінші, он сегізінші абзацтарын, 9) тармақшаның төртінші, бесінші абзацтарын, 10) тармақшасын; 3) 2012 жылғы 3 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабының 35-тармағын; 4) 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 7-тармағының 4) тармақшасын, 9) тармақшасының екінші, үшінші абзацтарын, 14), 20) тармақшаларын; 5) 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабының 7-тармағының 3) тармақшасын, 7) тармақшасының екінші, бесінші – сегізінші, он үшінші абзацтарын, 11), 13), 15) тармақшаларын, 16) тармақшасының екінші абзацын, 21), 25) тармақшаларын жəне 37-тармағын; 6) 2014 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 7-тармағының 17) тармақшасын; 7) 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабының 7-тармағы 16) тармақшасының үшінші абзацын; 8) 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін жəне 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын осы Заңның 1-бабының 33-тармағын; 9) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 7-тармағы 7) тармақшасының төртінші, тоғызыншы абзацтарын; 10) 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін жəне 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын осы Заңның 1-бабы 7-тармағының 7) тармақшасының он төртінші – он алтыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 7 наурыз №177-V ҚРЗ


 Өнеге

Ґмір ґткелдерініѕ ґрнегі Қазір жасы жетпістен асқан аға толқынның өмір өткелдеріне ой жіберіп, көз тоқтатсаң өсу жолдары оңай болмағанын аңғарасың. Өткен ғасырдың ортасына қарай дүниені дүр сілкіндірген сұрапыл соғыс тұсында олардың балалық шағы бақытты сəттен гөрі əкелері майданға кеткенде орнын басып, аналарына қолқанат болған қарекетінен сезесің. Біз сондай қилы кезеңдердің қиындығына мойымай кешеден бүгінге келген ұрпақ өкілдерінің бірі – Рақыш Əміреұлы дер едік. Оның əкесі Əміре Қараев 1942 жылы əскерге шақырылып, соғыста хабарсыз кетіп, елге оралмапты. Қанаты қатып, бұғанасы бе кімеген жеті жасар Рақыш анасының қасында жүріп егін егіп, оны ору жұмысына қатысады. Қырманда атқа мініп, бидай басуға септігін тигізеді. Сегіз жасында мектеп табалдырығын аттайды. Оңалған тірлік алдағы күнге үміт арттырып, жоғары білім алуға талпындырады. Осы ниеті жас жігітті Қызылорда қаласындағы мемлекеттік педагогикалық институттың жаратылыстану факультетіне əкеледі. Бес жыл оқып, химия, биология жəне ауыл шаруашылығы негіздері бойынша мамандық алады. Ғылымға деген талпынысы оны қайтадан жоғары оқу орнына оралтады. Өзі білім алған институттағы химия кафедрасына оқытушылық қызметке тұрады. Сабақ бере жүріп, органикалық химия бойынша тиянақты зерттеулер, жан-жақты ізденістер жүргізеді. Ол өз нəтижесін беріп, білімімді тереңдетсем деген ойы ақталып, Мəскеу қаласындағы КСРО Ғылым академиясы элементтіорганикалық қосылыстар институтының аспирантурасына түседі. Органикалық хи мия мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын жоғары дəрежеде қорғағаннан кейін, оны Қызылорда мемлекеттік педагогикалық институты химия кафедрасының меңгерушілігіне шақырады. Осында жүргенде өзі кандидаттық қорғаған институт басшылығы аға ғылыми қызметкер болуға тілек білдіреді. Сонда жүріп органикалық химиядан докторлық диссертациясын даярлайды. 1987 жылы

Беларусь Ғылым академиясының Биоорганикалық химия институтында химия ғылымдары докторы диссертациясын абыроймен қорғайды. Осы арада ғалымның ғылыми еңбегіне жетекші ұйым М.Ломоносов атындағы Мəскеу мемлекеттік университеті, ал ресми оппоненттері КСРО Ғылым академиясының академиктері М.Воронков пен Г.Толстиков жəне Беларусь Ғылым академиясының толық мүшесі Ю.Ольдекоп бол ғанын айта кетсек дейміз. Осының өзінен-ақ Рақыш Əміреұлының ғылыми еңбегінің салмағының қандай екенін бірден білесің. Енді профессордың бүкіл өмірін арнаған органикалық химия саласындағы зерттеу еңбектеріне аз-кем тоқтала кетсек дейміз. Ол аталмыш саладағы бос радикалдар химиясы бойынша жан-жақты ізденістер жүргізген. Басты бағыты – галогенді алифатты йодты қосылыстардың гомолитті реакцияларын зерттеуге құрылған. Соның нəтижесінде йодолифатты қосылыстарды синтездеудің жаңа тиімді əдістерін ойлап тауып, қолданысқа енгізген. Сонымен қатар, ғалымның кейбір ашқан жаңалықтары тоқыма материалдарының өртенбеуіне, отқа төзімді қасиеттерге ие болуына мүмкіндік беруде. Мұндай заттар антипирендер деп аталады. Ол синтездеген кейбір антипирендер қазір үлкен сұранысқа ие екен. Жалпы, Рақыш Əміреев 160-тан аса ғылыми жəне ғылыми əдістемелік еңбектер жариялаған. Оның ішінде екі көлемді монографиясы, ондаған авторлық куəліктер бар. Көптеген зерттеу

дүниелері, нақтылай түссек, Ресей, Ұлыбритания, АҚШ, Жапо ния секілді елдерде жарық көрген. Профессор Рақыш Əміреұлы – ғылыми-зерттеу жұмыстарымен қатар, білім беру саласына да белсене атсалысқан азамат. Ол өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары қазіргі Алматы технологиялық университетінде кафедра меңгерушісі, одан кейін Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде проректор қызметтерін атқарған. Сол секілді Дулати атындағы Тараз мем лекеттік университетінде химия кафедрасын басқарып, ғы лыми кеңестің шешімімен «ТарМУ-дың құрметті кафедра меңгерушісі» академиялық атағына қол жеткізген. Білікті ғалым, білімді ұстазды С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті шақырып, химия кафедрасын ұйымдастыруды тапсырады. Сенімге селкеу түсірмей, бұл жұмысты да ойдағыдай орындап, жаңа кафедраны жасақтайды. Кейін бұл химия жəне химиялық технологиялар кафедрасы болып өзгереді. Мұндай өнегелі іс екінің бірінің қолынан келе бермесі анық. Осыған қарап, азаматтың ақылойының биік, кейінгіге көрсетер үлгісінің ерендігін білуге болады. Өмір өткелдеріндегі небір сын сағаттардан қажыр-қайратымен, ақыл-парасатымен, еселі еңбегімен өткен профессордың ғылымдағы сорабы, ел ішіндегі беделі талайларға үлгі болары анық. Сансызбай МОЛДАЖАН.

 Спорт

Паралимпиада: жїлде ауылы кґрінер емес Осы күндері Сочиде қысқы Паралимпиада ойындары өтуде. Оған Қазақстаннан бес спортшы қатысуда. Дастан КЕНЖАЛИН, «Егемен Қазақстан».

Сочиде өтіп жатқан Паралимпиадаға əлемнің 45 елінен 1650 мүгедек спортшы қатысуда. Спортшылар слеж-хоккей, керлинг, шаңғы жарысы, биатлон, тау шаңғысынан 72 медаль жиынтығын сарапқа салуда. Ал біздің елге келсек, биылғы ойындарға Қазақстаннан алғаш рет бес спортшы қатысуда. Қазақстан Паралимпиада комитетінің деректеріне қарағанда, біздің спортшылар Сочи сынына жолдаманы Канада, Финляндия, Германияда өткен іріктеу жарыстарында жеңіп алған. Енді Паралимпиадаға қатысып жатқан спортшыларымызға келсек, оған біздің елден екі əйел, үш ер адам қатысуда. Ең жасы 23-те болса, жасы үлкені 51де. Паралимпиадаға жолдама алғандардың ең жасы — Жаңыл Балтабаева. Ол шаңғышылар арасындағы LW12 бағдарламасы бойынша жарысқа қатысуда. Жаңыл бала кезінен мүгедек. Спортпен 13 жасынан бері айналысуда. 2013 жылғы Қазақстан чемпионы. Келесі спортшымыз Қайрат Қанапиннің көзі нашар көреді. Оның жасы 38-де. Жұмыс барысында көзінен жарақат алған екен. Ол биатлон мен шаңғы

15

www.egemen.kz

15 наурыз 2014 жыл

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Атырау мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті 2014 жылғы 3 сəуірде (Астана уақытымен) сағат 10.00-ден сағат 17.00-ге дейін www. gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында республикалық меншіктегі нысандарды сату жөнінде №3 электрондық аукцион өткізу туралы хабарлайды Республикалық меншіктегі нысандарды сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру нысандарын сату қағидасына сəйкес жүзеге асырылады. Сауда-саттықтың ағылшын əдісімен электрондық аукционға республикалық меншіктегі мына нысандар қойылады: 1. 1996 жылы шығарылған, мемлекеттік нөмірі Е 767 ВС, Nissan Maxima автокөлігі. Атырау қаласы, Еркінқала кенті. Баланс ұстаушы – «Атырау бекіре балық өсіру зауыты» РМҚК. Алғашқы бағасы – 141 500 теңге. Бастапқы бағасы – 283 000 теңге. Кепілді жарна – 42 450 теңге. 2. 2007 жылы шығарылған, мемлекеттік нөмірі Е 022 PR, Skoda Octavia A4 автокөлігі. Атырау қаласы, Құлманов көшесі, 48. Баланс ұстаушы – «Атырау облысының прокуратурасы» ММ. Алғашқы бағасы – 639 500 теңге. Бастапқы бағасы – 1 279 000 теңге. Кепілді жарна – 191 850 теңге. 3. 2006 жылы шығарылған, мемлекеттік нөмірі Е 017 PR, Lexus Rx 350 автокөлігі. Атырау қаласы, Құлманов көшесі, 48. Баланс ұстаушы – «Атырау облысының прокуратурасы» ММ. Алғашқы бағасы – 2 267 500 теңге. Бастапқы бағасы – 4 535 000 теңге. Кепілді жарна – 680 250 теңге. 4. 2007 жылы шығарылған, қозғалтқыш №0197796, Ваз212300 Шевроле Нива автокөлігі. Атырау қаласы, Құлманов көшесі, 48.Баланс ұстаушы – «Атырау облысының прокуратурасы» ММ. Алғашқы бағасы – 412 000 теңге. Бастапқы бағасы – 824 000 теңге. Кепілді жарна – 123 600 теңге. 5. 2005 жылы шығарылған, мемлекеттік нөмірі Е 576 BF, Daewoo Nexia автокөлігі. Атырау қаласы, Темірханов көшесі, 2а. Баланс ұстаушы – «Атырау облысы бойынша экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы)» ММ. Алғашқы бағасы – 120 050 теңге. Бастапқы бағасы – 240 100 теңге. Кепілді жарна – 36 015 теңге. 6. 2005 жылы шығарылған, мемлекеттік нөмірі Е 574 BF, Daewoo Nexia автокөлігі. Атырау қаласы, Темірханов көшесі, 2а. Баланс ұстаушы – «Атырау облысы бойынша экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы)» ММ. Алғашқы бағасы – 111 100 теңге. Бастапқы бағасы – 222 200 теңге. Кепілді жарна – 33 330 теңге. Электрондық аукционға қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі жəне электрондық аукцион басталғанға дейін қырық сегіз сағат бұрын аяқталады. Кепілді жарна Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитетінің Атырау мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаментінің мына депозиттік есепшотына төленеді: ММ коды – 2170168, ИИК (депозиттік шот) – KZ450705012170168006, БИКKKMFKZ2A, БИН – 120240020907, КНП-171, КБЕ – 11, алушы банк – «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті» ММ. Төлемді тағайындау – ауционға қатысу кепілді жарнасы (кепілді жарна мөлшеріне банк қызметінің төлемі кірмейді). Назар аударыңыз! Сатушының электрондық өтінімді

қабылдаудан бас тартуы үшін қатысушының хабарламада көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ жеке жəне заңды тұлғаның электрондық өтінімі мен құжаттарын қарау мерзімі аяқталғанға дейін сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілді жарнаның сатушының шотына түспеуі негіз болып табылады. Кепілді жарнаны қайтару үшін электрондық аукционның қатысушысы сауда-саттықты ұйымдастырушыға ағымдағы шотты растайтын банк анықтамасының түпнұсқасын ұсыну қажет. Электрондық аукционға қатысу үшін мыналарды: 1) жеке тұлғалар үшін: жеке сəйкестендіру нөмірін (бұдан əрі – ЖСН), тегін, атын, əкесінің атын (бар болған жағдайда); 2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сəйкестендіру нөмірін (бұдан əрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, əкесінің атын (бар болған жағдайда); 3) кепілді жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп-айырысу шотының деректемелерін; 4) байланыс деректерін (пошталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail); 5) ұлттық куəландырушы орталық берген ЭЦҚ-ның жарамдылығы мерзімін көрсете отырып Тізілімнің вебпорталында алдын ала тіркелу қажет. Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде Тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді. Электрондық аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін мынадай құжаттардың: 1) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаттың, сондайақ банктен ағымдағы шоттың бар-жоғын растайтын анықтаманың; заңды тұлғалар үшін: жарғының, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куəліктің не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың, сондай-ақ банктен банктік шоттың баржоғын растайтын анықтаманың; 2) қатысушының кепілді жарна сомасын аударғанын растайтын банк белгісі бар төлем құжатының; 3) заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куəландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куəландыратын құжаттың көшірмелерін қоса бере отырып, электрондық аукционға қатысуға нысан бойынша қатысушының ЭЦҚ қойылған (сканерленген) электрондық өтінімді (бұдан əрі – электрондық өтінім) Тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет. Шетелдік заңды тұлғалар қазақ жəне/немесе орыс тілдеріндегі нотариалды куəландырылған аудармасы бар құрылтай құжаттарының электрондық (сканерленген) көшірмелерін ұсынады. Электрондық аукционға қатысушылар электрондық аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде аукцион залына ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып кіреді. Электрондық аукцион жекешелендіру нысанының бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады.

Назар аударыңыз!

Əзірге біздің спорт шыларымыздың Паралимпиадада жолы болар емес. Отандастарымыздың бəрі өздері қатысып жатқан жарыстарда 10-нан кейінгі орындарды алып жатыр. Мəселен, Жаңыл Балтабаева 1 шақырымдық қашықтыққа оты рып жарысуда ең соңғы, 23-орынды алды. Ерлер арасында осы қашықтыққа еркін əдіспен түрегеп жарысуда Александр Колядин 33-орынды, Ерлан Омаров 35-орынды иеленді. Əйелдер арасында осындай бəйгеде Елена Мазуренко 16-орынды қанағат тұтты. Көзінен зақымданғандар арасындағы спринт бəйгелерінің іріктеу жарысында Қайрат Қанафин 13-орында тұр. Бұл жарыс əлі біткен жоқ. Ертең Паралимпиаданың соңғы күні осы жарыс түрінен сындар өтеді.

Їздік сегіздік аныќталды Жақында Бүкілəлемдік бокс сериясының ширек финалына шыққан командалардың қарсыластары анықталды. Бұған дейін «Astana Arlans» атлеттерінің Германияның «Team Germany» командасымен, Кубаның «Cuba Domadores» боксшыларының АҚШ-тың «USA Knockouts» жасағымен кездесетіні

белгілі болған. Кейін төрт команда қатарға қосылды. Соңғы кездесуінде Италияның «Italia Thunder» клубы Алжирдің «Algeria Desert Hawks» боксшыларын, Ресейдің «Russian Boxing Team» ұжымы Куба «қабыландарынан» басым түсті. Енді «Italia Thunder» командасы Əзербайжанның «Baku Fires» клубымен кездессе, ресейлік боксшылар Украинаның «Ukraine Ottomans» ұжымымен қолғап түйістіреді.

Назар аударыңыз!

Жамбыл мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті «Егемен Қазақстан» газетінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № 50 (28274) санында жарияланған ақпараттық хабарламасындағы республикалық мемлекеттік меншіктегі нысандарды сату жөнінде электрондық аукцион өткізу күнін 2014 жылғы 31 наурыздан 2014 жылдың 3 сəуіріне сағат 10.00-ге ауыстырылғаны жөнінде хабарлайды. Анықтама телефоны: 8 (7262) 343490 немесе мына мекенжай бойынша: Тараз қ., 5-ш/а., Əл-Фараби к-сі, 11.

Ақмола мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті «Егемен Қазақстан» газетінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № 50 (28274) санында жарияланған ақпараттық хабарламасындағы электрондық аукцион өткізу күні мен қатысушыларды тіркеу күні бойынша мынадай түзету енгізіп: 1) электрондық аукцион өткізу күнін 2014 жылғы 31 наурыздан 2014 жылғы 3 сəуірге ауыстырылып; 2) электрондық аукционға қатысушыларды тіркеудің аяқталатын күнін 2014 жылғы 29 наурыздан 2014 жылғы 1 сəуірге ауыстырылып оқылуын сұрайды.

Инновациялық грант алушылардың назарына!

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МƏДЕНИЕТ, МҰРАҒАТТАР ЖƏНЕ ҚҰЖАТТАМАЛАР БАСҚАРМАСЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ инновациялық гранттарды алу үшін өтініштерді қарастыру 2014 жылдың 19 ақпанынан бастап қайта жаңартылғаны туралы хабарлайды. Инновациялық гранттарды алу үшін өтініштерді қабылдау əрдайым жəне келесі Ережелерге сəйкес жүргізіледі: – Қазақстан Республикасының Үкіметімен 2012 жылғы 9 тамызында №1035 қаулысымен бекітілген «Шетелде инженерлік-техникалық персоналдың біліктілігін арттыруға, жоғары білікті шетелдік мамандарды тартуға, консалтингтік, жобалық жəне инжинирингтік ұйымдарды тартуға, басқарушылық жəне өндірістік технологияларды енгізуге инновациялық гранттар беру қағидалары»; – Қазақстан Республикасының Үкіметімен 2012 жылғы 9 тамызында №1036 қаулысымен бекітілген «Технологияларды сатып алуға, өнеркəсіптік зерттеулер жүргізуге, бастапқы даму кезеңінде жоғары технологиялық өнім өндіру жөніндегі қызметті қолдауға, шет елдерде жəне (немесе) өңірлік патенттік ұйымдарда патенттеуге инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту туралы»; – Қазақстан Республикасының Үкіметімен 2012 жылғы 9 тамызында №1037 Қаулысымен бекітілген «Технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттар беру қағидалары». Өтініштер қағаз жүзінде жəне электрондық тасығыштарда, конвертке салынған түрде əр күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, сағат 12.30-дан 14.30-ға дейінгі түс кезіне үзілісімен, 010000, Астана қаласы, Достық көшесі, 18, «Москва» бизнес орталығы, 716-бөлме мекенжайы бойынша қабылданады. Барлық сұрақтар бойынша Агенттіктің қолдау құралдарын басқару орталығына хабарлауыңызға болады: тел. 8 (7172) 571-014 (ішкі нөмірі 422, 252), сондай-ақ SKYPE арқылы natd.grant жəне natd.grant2 тіркелімдері арқылы жəне/немесе электрондық пошталар арқылы: Artyom.Vozzhayev@natd.gov.kz, Asel.Tlegenova@natd.gov.kz, Botagoz. Kuanyshbayeva@natd.gov.kz, Ainur.Turezhanova@natd.gov.kz, Gulmira. Buketova@natd.gov.kz, Aidana.Mynbayeva@natd.gov.kz, Maxim.Choporov@ natd.gov.kz.

ХАБАРЛАНДЫРУ

жарысына қатысуда. Содан кейін 41 жастағы Александр Колядин деген спортшымыз да шаңғының LW4 (тізеден төмен немесе жоғары протезі бар спортшылар арасындағы жарыс) бағдарламасы бойынша бақ сынасуда. Əйелдер арасында 46 жастағы Елена Мазуренко шаңғышылардың LW6 (қолы протезделген спортшылар арасындағы жарыс) бағдарламасы бойынша жарыс жолына шығып жатыр. Ол спорт шебері əрі Қазақстан чемпионы. Жалпы, еліміз спортшылары осы кезге дейін бес қысқы Паралимпиадаға қатысқанымен, бірде-бір медаль алмаған екен. Осыған байланысты біздің мемлекетіміз Сочи Паралим пиадасында алтын медаль алған спортшыға 50 000, күміс алған отандасымызға 35 000, қола алған спортшыға 25 000 АҚШ доллары көлемінде сыйақы тағайындады.

Сауда-саттықтың ағылшын əдісімен электрондық аукцион өткізудің ережесі: 1) егер аукцион залында электрондық аукцион басталған сəттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірдебіреуі осы Қағиданың 36-4-тармағына сəйкес белгіленген қадамға жекешелендіру нысанының бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растамайтын болса, осы жекешелендіру нысаны бойынша электрондық аукцион өткізілмеген болып танылады; 2) егер аукцион залында электрондық аукцион басталған сəттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың біреуі осы Қағиданың 36-4-тармағына сəйкес белгіленген қадамға жекешелендіру нысанының бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растайтын болса, бастапқы баға белгіленген қадамға артады. 3) егер ағымдағы баға артқаннан кейін жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру нысанының ағымдағы құнын арттыру жолымен жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал осы жекешелендіру нысаны бойынша электрондық аукцион өткізілген болып танылады. Жекешелендіру нысаны бойынша сауда-саттықтың ағылшын əдісімен электрондық аукцион қатысушылардың біреуі ұсынған ең жоғары бағаға дейін жүргізіледі. Жекешелендіру нысанының бастапқы бағасы бағаны ұлғайтудың кемінде екі қадамына өскен жағдайда ғана жекешелендіру нысаны бойынша сауда-саттықтың ағылшын əдісімен электрондық аукцион өткізілген болып танылады, бұл ретте бастапқы бағаның екі қадамға өсуін кемінде екі қатысушы жүзеге асырады. Əрбір сатылған жекешелендіру нысаны бойынша электрондық аукцион нəтижелері электрондық аукцион нəтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы жəне жеңімпаз ЭЦҚ-ны пайдалана отырып электрондық аукцион аяқталғаннан кейін жиырма төрт сағат ішінде Тізілімнің веб-порталында қол қояды. Электрондық аукцион нəтижелері туралы хаттама электрондық аукцион нəтижелерін жəне жеңімпаз сатушының жекешелендіру нысанын сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттерін белгілейтін құжат болып табылады. Атырау қаласы, Абай көшесі, 10а мекенжайында жеңімпазбен сатып алу-сату шартына электрондық аукцион өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қол қойылады. Бұл ретте электрондық аукционның жеңімпазы салыстыру үшін түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып көрсетілген құжаттардың көшірмелерін не болмаса нотариалды куəландырылған көшірмелерін сатушыға ұсынады. Құжаттардың түпнұсқалары салыстырылғаннан кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады. Аукцион өткізу туралы қосымша ақпаратты www. gosreestr.kz сайтынан жəне 8 (7122) 35-43-22 телефоны арқылы алуға болады.

ҚР ІІМ Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкі қатардағы, кіші жəне орта басшы құрамының бос лауазымдарына конкурс жариялайды. Талап: – орта жəне аға басшы құрам лауазымдарына – (жасына қойылатын талабы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы №380-ІV «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңына сəйкес), жоғары білімді (мамандығы – заңтану, құқық қорғау қызметі, денешынықтыру жəне спорт, алғашқы əскери дайындық, халықаралық құқық), Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарында болған немесе заңды түрде əскерге шақырту құқығынан босатылғандар қабылданады. – қатардағы жəне кіші басшы құрам лауазымдарына – (жасына қойылатын талабы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы №380-ІV «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңына сəйкес), орта білімді, ҚР Қарулы Күштері қатарында болғандар қабылданады. Мекенжайымыз: Астана қ., Омаров көшесі, 53 А, тел. 32-20-33, 32-31-68, кадр жұмысы бөлімшесі.

ОБЪЯВЛЕНИЕ Полк полиции МВД РК по охране правительственных учреждении объявляет конкурс на замещение вакантных должностей офицерского и сержантского состава. Требование: на должности младшего и средного начальствующего состава (возраст в соостветствии ст.10 Закона РК от 6 января 2011 года №380-ІV «О правоохранительной службе»), образование высшее (специальность – юриспруденция, международное право, правоохранительная деятельность, начальная военная подготовка, физическая культура и спорт), служба в Вооруженных силах РК или имеющие отсрочку от призыва на военную службу в соответствии с законодательством Республики Казахстан. На должности рядового и младшего начальствующего состава (возраст в соостветствии ст.10 Закона РК от 6 января 2011 года №380-ІV «О правоохранительной службе»), образование среднее, служба в Вооруженных силах РК. Адрес: г. Астана, ул. Омарова, 53 А, тел. 32-20-33, 32-31-68, отделения кадровой работы.

«АК Алтыналмас» АҚ (Жамбыл облысы, Тараз қ., Қазыбек би к-сі, 111, 212-офис, БИН 950640000810, (бұдан əрі – қоғам) ірі мəміле жасау туралы шешімді қоғамның барлық дауыс беруші акцияларын иеленуші акционермен, Aquila Gold B.V. қабылдағаны жөнінде хабарлайды, оны жасауға Aquila Gold B.V.пен мүдделілік танытуы бар.

АО «АК Алтыналмас» (Жамбылская область, г. Тараз, ул. Казыбек би, 111, офис 212, БИН 950640000810, (далее – общество) сообщает о принятии Aquila Gold B.V., акционером, владеющим всеми голосующими акциями общества, решения о заключении крупной сделки, в совершении которой имеется заинтересованность с Aquila Gold B.V

ИЗВЕЩЕНИЕ о проведении очередного общего собрания участников ТОО «ПП Базис» ТОО «ПП Базис» извещает о проведении очередного общего собрания участников, которое состоится 27 марта 2014 г. в 11.00 часов по адресу: г. Караганда, ул. Камская, 19 А. Повестка дня: Утверждение годовой финансовой отчетности за 2013 г.

Солтүстік Қазақстан облысы əкімдігінің Солтүстік Қазақстан облысының мəдениет, мұрағаттар жəне құжаттамалар басқармасы «Николай Погодин атындағы облыстық орыс драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кəсіпорынның директоры азаматтық қызметшісі бос орнына ашық конкурс жариялайды (əкімшілік азаматтық лауазымның санаты G – 3). Солтүстік Қазақстан облысы əкімдігінің Солтүстік Қазақстан облысының мəдениет, мұрағаттар жəне құжаттамалар басқармасы «Николай Погодин атындағы облыстық орыс драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кəсіпорынның орналасқан мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 1, тел.: 46-61-35, 46-35-90. «Николай Погодин атындағы орыс драма театры» КМҚК негізгі қызметінің қысқаша сипаты: ересектер мен балаларға арналған спектакльдер қою мен прокаттау. Қоғамның рухани жəне эстетикалық құндылықтарын дамыту, оның мəдени өмірін сауықтыру жəне жоғары этносаралық қарым-қатынас негізінде ұлтаралық құрметті əдетке айналдыру мақсатында жоғары көркемдік репертуарды іріктеп алу жəне орындау театр қызметінің мəні болып табылады. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары кəсіби білім, мəдени жəне өнер ұйымдарының немесе мəдениетті басқару органдарының басшылық лауазымдарында бес жылдан кем емес еңбек өтілінің болуы. «Мəдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 207 Заңын жəне Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін, мəдениет пен өнер дамуының келешегі мен бағыттарын айқындайтын, ұйымдардың шығармашылық-өндірістік, қаржы-экономикалық қызметін реттейтін мемлекеттік органдардың актілерін, еңбек туралы заңнаманың негіздерін, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы жəне өртке қарсы қауіпсіздіктің ережелері мен нормаларын, осы санаттың нақты лауазымның мамандануына сəйкес осы саладағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының басқа нормативтік құқықтық актілерін білу. Аталған лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білімдерді білу. Word, Excel бағдарламаларымен компьютерде жұмыс істей білуі. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға мынадай құжаттарды ұсынады: 1) конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2) мемлекеттік жəне орыс тілдерінде түйіндеме; 3) еркін нысанда жазылған өмірбаян; 4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны жəне еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері; 6) денсаулығы туралы белгіленген нысандағы анықтама. Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кəсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дəрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар туралы құжаттардың көшірмелері жəне т.с.) ұсына алады. Конкурс Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 қарашадағы №1353 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік кəсіпорынның басшысын тағайындау жəне аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидалары» (бұдан əрі – қағидалар) негізінде өткізіледі. Құжаттарды ұсыну мерзімі: конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар бұқаралық ақпарат құралдарының ресми республикалық басылымдарында («Казахстанская правда» жəне «Егемен Қазақстан») конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекенжайға ұсынылуы тиіс: 150010, Петропавл қ., Павел Васильев көшесі, 69, Солтүстік Қазақстан облысының мəдениет, мұрағаттар жəне құжаттамалар басқармасы. Анықтамалар үшін телефон, факс: 36-17-79, 36-17-88. Қойылған талаптарға сəйкес келетін жəне конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі қағидалардың талаптарына сəйкес осы хабарландыруда аталған барлық құжаттар болған жағдайда құжаттар қабылдау аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жасалады. Конкурс өткізілетін күні мен орны: əңгімелесуге жіберілген кандидаттар əңгімелесуді конкурсқа қатысуға жіберілетін тұлғалар тізімі бекітілгеннен кейін 10 күнтізбелік күн ішінде белгіленген тəртіпте мына мекенжайы бойынша өтеді: 150010, Петропавл қ., Павел Васильев көшесі, 69, Солтүстік Қазақстан облысының мəдениет, мұрағаттар жəне құжаттамалар басқармасы. Аталған бос лауазымға орналасқан тұлғаға көтермелеу жəрдемақысы төленбейді, пəтер жəне жеңілдіктер ұсынылмайды.

Астана қалалық МАЭС-тің 12.06.2013 ж. шешімімен «ТД Керемет-Астана» ЖШС, БИН 080 140 004 347 жəне 26.12.2013 ж. шешімімен «ПромСантехМонтажПрофиль» ЖШС, БИН 080640019036 банкрот болып танылды, конкурстық өндіріс қозғалды. Шағымдар екі ай ішінде мына мекенжайда қабылданады: Астана қ., Кенесары к-сі, 46-38.

Решениями СМЭС города Астана ТОО «ТД Керемет-Астана» от 12.06.2013 г. БИН 080 140 004 347 и ТОО «ПромСантехМонтажПрофиль» от 26.12.2013 г. БИН 080640019036 признаны банкротами, возбуждены конкурсные производства. Претензии принимаются в течении двух месяцев по адресу: г. Астана, ул. Кенесары, 46-38.

Егер сіз «Егемен Қазақстан» газетіне жарнама бергіңіз келсе, мына телефондарға хабарласыңыз: Астана тел/факс 37-64-48, 37-60-49. Электронды пошта: egemen_adv@mail.ru. Алматы 273-74-39, ф. 341-08-11. Электронды пошта: gulnurekkz@mail.ru. Қазақ ауыл шаруашылығын механикаландыру жəне электрлендіру ғылыми-зерттеу институтының ұжымы Мейірхан Əбиболлаұлы АРИХОВТЫҢ қайтыс болуына байланысты марқұмның туған-туысқандарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.


16

www.egemen.kz

15 наурыз 2014 жыл

Салт-дəстїрдіѕ тўєыры – əз Наурыз

Астанада түнде аздаған суық болғанмен, жылт еткен күн көзі қалың қардың көбесін сөгіп жатыр. Арасында қар қылаулап, жаңбыр себелеп қояды. Сөйтіп, əз Наурыздың лебі сезіле бастады. Соның бір дəлелі Астана қаласы əкімдігінің Тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Конгресс-Холл» сарайында ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына арналған «Армысың, əз Наурыз!» атты мерекелік думанды кеш дер едік.

Берік САДЫР,

«Егемен Қазақстан».

Сөйтіп, қанымызға сіңісті, жанымызға жұғысты, ой-санамызға нұрлы шуақ сыйлап сілкіндіріпсерпілтетін, тіліміз, салт-дəстүріміз бен əдет-ғұрпымызды насихаттауға тұғыр болатын ата-бабамыздан салт болып келе жатқан мере кемізді көпшіліктің тойлауына ықпал етуді мақсат тұтқан

іс-шараның басы елордада басталып кетті. Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы жыл сайын наурыздың 11-і мен 22-сі аралығында «Армысың, əз Наурыз!» атты қалалық байқау өткізуді дəстүрге енгізген. Дəстүрлі шараға аумақтық, жергілікті мемлекеттік органдар мен құрылымдық, денсаулық, мəдениет, спорт, қоғамдық, тұрмыстық қыз мет көрсету мекемелері, сауда орталықтары, жоғары жəне орта

 Мирас

арнаулы оқу орындары қатысады. Мерекенің соңғы күндері үздік деп танылған мекемелер əкімдік тарапынан арнайы дипломдармен жəне бағалы сыйлықтармен марапатталады. Наурыз мерекесіне лайықталып өр нек телген сахна төрінде арнайы бата оқылып, келер жылқы жы лына жұлдыз жорамал жасалып, көңілді көрерменге əсем əн əуенімен шашулар шашылды. Кешті жүргізушілер арасында дəстүрлі

«Тойбастарды» жұрттың өзіне бастатып, апа-əжелерге «Бесік» жырын жырлатып, «Тұсаукесер» нақышын орындағандарға арнайы сыйсияпаттар табыстады. Кеш барысында Сəуле Желдібаева «Наурыз-думанды», Данияр Мұханов «Айтбайды», Клара Төленбаева «Аққу-арманды», Ерлан Рысқали «Ақ сиса» мен «Сегіз аяқты», Жаңабай Өтегенов «Аяланы», Елена Əбдіхалықова «Есіңе мені алғайсыңды» нақышына

келтіре орындап, көпшілікті риза етті. Сондай-ақ, сахнада «Наз» мемлекеттік театрының бишілері би билесе, «Серпер» домбырашылары күй күмбірлетті. Айтыскер ақындар Балғынбек Имашев пен Айсəуле Бейсенханның мерекеге орайластырылған айтыстары көп көңілінен шықты. –––––––––––––––––– Суреттерді түсірген Ерлан ОМАРОВ.

 Басты байлық

«Ассалаумағалейкум, Ай! Ай көрдім, аман көрдім, бұрынғыдай заман көрдім, ескі айда есіркей гөр, жаңа айда жарылқай гөр!» деп əрбір жаңа туған айға амандасатын халқымыз, наурыз айының жаңаруын өзгеше қарсы алады. Наурыздың 14-і күні еліміздің батыс өңіріндегілер «Көрісу» мерекесін бастап кетеді. Оны маңғыстаулықтар «амал» деп атайды. Дерек көздері бұл мейрамның шығу төркінін бағзы замандардағы аспан əлемін зерделеуші жұлдызшылардың іліміне негіздейді. Амал жұлдызы мен Күннің бір түзу бойында өзара жүздесіп, көрісіп тұрғандай бейнеде болуы – шаруа баққан, жердегі тірлігін көктегі жұлдыздар əлемімен байланыстыра қараған ата-бабаларымыз үшін қыстың аяқталып, көктемнің басталуы болып табылған. Амал мен Күн тəрізді боп қол алысып, көкірек түйістіре амандасудың мазмұны осында жатса керек.

Маѕєыстаудаєы амал мерекесі Ўлыс кїнініѕ ўлылыєын кґрсетті

Ўзаќ ґмір сїрудіѕ сыры неде? Астана қаласындағы қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-əлеуметтік мекемеде алты жылдан бері психотерапевт қызметін атқарып келемін. Мемлекеттің тікелей қамқорлығындағы 300-ден астам адамға жас ерекшеліктері мен денсаулық ерекшеліктеріне қарай психотерапевтік те көмек көрсетіледі. Мұндағы адамдар арнайы бес топқа бөлінген. Бірінші топтағылар – жастары 80-85-тен 100-ге дейінгі аралықтағы қариялар. Осылардың ішінде мен бірінші топтағы, яғни 80-85 жас пен одан жоғары жастағы қариялар туралы əңгімелесем деймін. Олардың 77-сі əйел, 14-і ер адамдар. Бұл кісілерді емдеумен қатар, тəжірибелік бақылауға да алып жүрмін. Бақылауға алып жүрген кісілерімнің туған уақыты, тұрмыс жағдайлары аласапыран кезеңдерге сай келеді. 193133 жылдардағы ашаршылық, 1937-38 жылдардағы сталиндік репрессия, 1941-45 жылдардағы Екінші дүниежүзілік соғыс, одан қалса соғыс жылдарынан кейінгі қиыншылықтар, ал одан да бері тың жəне тыңайған жерлерді игеру мəселелері деген сияқты. Бұлардың бəріне де жоғарыдағы

қариялар жанама куəгер болды немесе тікелей бастарынан өткерді десек қателеспейміз. Сөйте тұра, олардың ұзақ жасауына қандай жағдайлар себеп болды дейтін сауал көлденеңдейді. Оқырмандар адам баласында ең басты рухани (психикалық) жəне соматикалық денсаулық түрі болатынын білуі тиіс. Бұлар бір-бірімен тығыз байланысты. Адам баласының ұзақ жасауы да осы екі денсаулық түрінің бір-біріне сəйкес келуіне байланысты болса керек. Əйтсе де біз өз пайымымызды бекіте түсу үшін тест сұрақтарын дайындадық. Бұл күнделікті жағдайлар мен өткен шаққа, сондай-ақ, келешекте болатын тұрақты жағдайларға арналған 31 сұрақты қамтиды. Біз жауаптардың нəтижесін талдай отырып, осы кісілердің өмір сүруінде қандай өзгешеліктер болды немесе

оларға ортақ қандай нəрселер бар екенін анықтадық. Оған қоса, бұл өзгешеліктер мен ортақ нəрселердің рухани денсаулық пен соматикалық денсаулыққа əсерін де сараптауға ұмтылыс жасадық. Енді оқырмандарға солардың барлығына ортақ жағдайларды баяндағым келеді. Бұл адамдардың біразы Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқандар болса, енді біразы тың жəне тыңайған жерлерді игеруге қатысқандар. Олар еңбекті жоғары дəріптейді. Мейлі қара жұмыс болсын, мейлі басқа да жұмыс түрлері болсын, адам баласы еңбек етуі тиіс. Жұмыстан ешуақытта қол үзбеу керек. Екінші орында 1820 жасында, əрі кетсе 22 жаста тұрақты отбасын құру айтылды. Отбасында ұрыс-жанжал болмау керек. Көбісі өте қиын жағдайларда да ата-аналарының жанжалдаспағанын атап көрсеткен. Ең бастысы, өткен ғасырда қоғамда атеистік көзқарас болды десек те, бұл адамдар дін ұстанған, дəстүрді қадірлеген, өтірік айтудан, жалған тірлікпен айналысудан, ұрыс-жанжалдан алыс болған. Əрине, мұның бəрі насихат

үшін жазылып отырған дүние емес. Жоғарыда айтылған 91 адамның тест жауаптарының көрсеткіші олардың 100 жасқа дейін өмір сүрулерінің бірден-бір рухани себептері десе болғандай. Күнделікті тіршілікте адамдар мұндай жағдайларды ойлана бермесе керек. Əйтпесе қоғамда тепсе темір үзетін жігіттер қолдан келетін жұмыспен айналысудың орнына, селтеңдеп бос жүрмес еді. Бос жүру, жұмыс істемеу рухани денсаулықты күйзелтеді. Оған қоса, 30-дан асса да отбасын құрмайтындар көбейіп барады. Мұны рухани денсаулық күйзелісінің негізгі себебі десе болады. Осы екі күйзеліс адамдардың өмірге көзқарасын бұзады. Өзіне өзінің сенімсіздігін туғызады. Рухани күйзелісті басу үшін адамдардың түрлі азғындық қадамдарға барып жататыны да түсінікті жайт. Əбіл ПІРЗАДАЕВ, жоғары сыныпты психотерапевт.

АСТАНА.

 Оқиға

Есілге тїсіп кеткен екі бала ќўтќарылды Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Көрісу дəстүріне Маңғыстауда кешегі «Асылдарымызды шаң бас ты, барымызды жарқырата жарата алмадық» дейтін кеңестік кезеңнің өзінде қылау түскен жоқ. Сол баяғы маңызды, мере келі күйінде жылжып келіп, тəуелсіздікке жалғасты. Қазіргі сипаты тіпті ерекше, еңбектеген баладан, еңкейген кəріге дейін ұмытпай атап, өзге ұлт өкілдері де қазақтың ұлттық киімдерін киіп, жадырай көрісетін жалпыхалықтық деңгейге көтерілді. Маңғыстауда соңғы жылдары бұл мейрам «Отпан тау» тарихи-мəдени

кешенінде аталып өтілетін болды. Биыл да жылдағы дəстүрге сай Қаратау етегіне 30-ға тарта киіз үйлер тігіліп, Маңғыстаудың түкпір-түкпірінен келген қонақтарды қабылдап, той көрігін қыздырды. Салтанатты шараға облыс əкімі А.Айдарбаев бастаған басшылық өкілдері барды. Алдымен Адай ата кесенесіне тəу етіп, Тобыш ата ұрпақтары салған «Ақниет» қақпасының ашылуына қатысты. Отпан таудың басында тұрып, амалдың ақ таңын «Еліміз аман, заманымыз тыныш, тəуелсіздігіміз баянды болсын!» деп тілек еткен маңғыстаулық тұрғындарды А.Айдарбаев, Пар ламент Сенатының депутаты Б.Шелпеков жəне шараны ұйымдастырушы Тобыш

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

ата балалары атынан Д.Сейбағытов құттықтады. Батагөй ақсақал Лепес қажы Исаев бата берді. Көкпар тарту, асық ату, өзге де бірнеше түрлі спорттық ойындар ойналып, жыр ақтарылған, арнайы келген аудандар өнерпаздары концертпен көмкерген мереке аясында туған жер төсіне жас шыбықтар отырғызылды. Келер жылғы шараны лайықты ұйымдастыру үшін жауапкершілікті Мұңал ата ұрпақтары қабылдап алды. Маңғыстауда амал мерекесі ақ тілек тілеп, тал еккен, əн-жыр əуелетіп, жамырай табысқан, салтдəстүрді тірілткен ақ көңілдердің мерекесі болып жалғасуда... Маңғыстау облысы.

Кеше Астанада абайсызда Есілдегі мұздың астына түсіп кеткен екі бала құтқарылды. Ағайынды Алдаберген жəне Құдайберген Бектановтар сағат 11:00 шамасында «Алатау» спорт кешенінде өткен дзюдо жаттығуынан шыққан екен. Екі бала ойнап келе жатып Есіл өзеніне сырғанай жөнеледі. Сол бойы ойылған мұздың астына күмп береді. Олардың көмекке шақырып үлгерген дауыстарын естіп қалған екі жас жігіт бірден өзен арнасына қарай құстай ұшады. Олар суға батып бара жатқан балаларды сыртқа тартып алады. Ал ағайынды балақайларды ажалдың тырнағынан аман алып қалған Мақсат Бейісов пен Досхан Мұса-Намаз Ішкі істер министрлігі Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкінің қызметкерлері болып шықты. Суға кетіп қала жаздаған балаларға

сосын «Алатау» кешенінде алғашқы көмек көрсетілген. «Дəрігерлер бізге де көмектесті. Екі баланың жағдайы қазір жақсы. Əке-шешесі келді. Бəрі ойдағыдай», деді құтқарушылар. Балалардың əкесі Толқын Бектановтың айтуынша, жұмыста жүргенінде жаттықтырушылар хабарласып, балалардың суға түсіп кеткенін жеткізген. Оқиға орнына бірден жеткен ол балаларын құтқарып алған жігіттерге алғысын жаудырды. Руслан ИГІЛІК.

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 341-08-12.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru, egemenkz@maіl.kz Алматыда: факс (727) – 341-08-12, электронды пошта – egemalm@mail.ru

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – (712-2) 32-94-07; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

Көкшетау – (716-2) 25-76-91; Павлодар – (718-2) 68-59-85; Қарағанды – (721-2) 43-94-72; Семей – (722-2) 52-26-86; Қостанай – (714-2) 39-12-15; Тараз – (726-2) 43-37-33; Қызылорда – (724-2) 27-00-85 Шымкент – 8 (701) 404-36-29; Орал – (711-2) 28-80-35; Петропавл – (715-2) 50-72-50. Өскемен – (723-2) 25-28-41; Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 341-08-11, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Ермеков к-сі, 33, «Қарағанды полиграфия» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Смағұлов к-сі, 9 К, «Хабар-Сервис» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Мұхит к-сі, 57/1, «Жайық Пресс» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

Бүгін «Егемен Қазақстанның» интернет-басылымынан (www. egemen.kz) мына хабарлармен таныса аласыздар: «Болашақ» талапкерлеріне қазақ тілін білу талабы күшейтіледі. «Тентек сумен» күшейтілген қызғаныш бір үйлі жанды қырып салды. Күннен миллион есе жарығы көп жұлдыз табылды. Жоғалған «Боинг» Үнді мұхиты аумағынан іздестіріледі. АҚШ қордағы мұнайын шығаруға шешім қабылдады. Дондағы Ростовта 14 зейнеткерді өлтірген жігіт 19 жылға сотталды.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 201 715 дана. Нөмірдің кезекші редакторы

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 16 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №267 ek


17

www.egemen.kz

15 наурыз 2014 жыл

РЕСМИ БӨЛІМ Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2014 жылғы 20 ақпан

№121

Астана, Үкімет Үйі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп оты рған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 ақпандағы №121 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар 1. «Жұмыспен қамтуға жəрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жəрдемдесуді жəне оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру жəне қаржыландыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 815 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 47, 639-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Жұмыспен қамтуға жəрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жəрдемдесуді жəне оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру жəне қаржыландыру қағидасы осы қаулыға 1-қосымшаға сəйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. «Жұмыспен қамтуға жəрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын адамдарға кəсiпкерлiктi дамытуды мемлекеттiк қолдауды ұйымдастыру жəне қаржыландыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 816 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 47, 640-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Жұмыспен қамтуға жəрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын адамдарға кəсiпкерлiктi дамытуға мемлекеттiк қолдауды ұйымдастыру жəне қаржыландыру қағидасы осы қаулыға 2-қосымшаға сəйкес жаңа редакцияда жазылсын. 3. «Жұмыспен қамтуға жəрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жəрдемдесу жəне оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 817 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 47, 641-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Жұмыспен қамтуға жəрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жəрдемдесу жəне оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидаларында: 1, 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Жұмыспен қамтуға жəрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жəрдемдесу жəне оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидалары (бұдан əрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сəуірдегі, «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы» заңдарына жəне «Жұмыспен қамту 2020 жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 636 қаулысына (бұдан əрі – Бағдарлама) сəйкес əзірленді. Қағидалар жұмыспен қамтуға жəрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жəрдемдесудің, оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетудің, өз еркімен қоныс аударудың, көшуді ұйымдастырудың, жұмыспен қамтуға жəрдемдесудің белсенді шараларын көрсетуге арналған нысаналы трансферттерді пайдаланудың жəне жұмыс берушілердің қатысу тəртібін айқындайды. 2. Жұмыспен қамтуға жəрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға бағытталған шаралар: 1) көшуге субсидиялар беру; 2) қызметтік тұрғын үй беру; 3) еңбекші жастарға жатақханалардан бөлмелер беру; 4) кəсіптік даярлау, қайта даярлау жəне біліктілігін арттыру курстарында оқыту (қажет болған кезде); 5) жаңа тұрғылықты жерінде жұмысқа орналасуға жəрдемдесу жолымен іске асырылады.»; 3-тармақта: 2) тармақша алынып тасталсын; 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «3) Бағдарламаға қатысушылар – Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар – жұмыссыздар, жұмыспен ішінара қамтылғандар, табысы аз адамдар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен Бағдарламада қатысу басымдығы белгіленген азаматтардың өзге де санаттары;»; 5) тармақша алынып тасталсын; 9), 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «9) қызметтік тұрғын үй – мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан берілетін жəне өздерінің еңбек қатынастарының сипатына байланысты міндеттерін орындау кезеңіне Қазақстан Республикасының азаматтарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сəйкес жұмыспен қамтуға жəрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарды қоныстандыруға арналған айрықша құқықтық режимдегі тұрғын үй; 10) өңірлік комиссия – жергілікті өкілді органдар, жұмыс берушілер, кəсіптік одақтар өкілдерінің қатысуымен облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы жанындағы Бағдарламаны іске асыру мəселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия;»; мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын: «14) жұмыспен қамтуға жəрдемдесудің белсенді шаралары – өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз жəне табысы аз халықтың қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарды, мемлекет Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тəртіппен жүзеге асыратын мемлекеттік қолдау шаралары;»; 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «6. Қазақстан Республикасы азаматтарының басқа облысқа көшуі республикалық маңызы бар қаланы жəне астананы қоспағанда, уəкілетті органдар ұсынған жұмыс берушілердің өтінімдері негізінде Бағдарлама операторының шешімі бойынша жүзеге асырылады.»; 7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «7. Өңірлік комиссия шешімінің негізінде республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыс орталықтарының шегінде тұратын адамдар қатарындағы Бағдарламаға қатысушыларды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде 2013 жылғы 1 шілдеде құрылысы аяқталған қызметтік тұрғын үйлерге көшіруге жол беріледі.»; 15-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Жатақханадан бөлмелер жиырма тоғыз жасқа толмаған еңбекші жастарға (соның ішінде балалар үйінің тəрбиеленушілеріне, жетім балаларға жəне атаанасының қамқорлығынсыз қалған, кəмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айрылған балаларға) олардың бұрынғы тұрған жеріне, оның ішінде облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалада жəне астанада тұрғанына қарамастан жүзеге асырылады. Мұндай адамдар əскери қызметке шақырылған кезде, жасы мерзімді əскери қызметті өткеру мерзіміне ұзартылады. Қызметтік тұрғын үйлер, көшіруді жəне жұмысқа орналастыруды жұмыс берушінің өзі жүзеге асырған Бағдарламаға қатысушыларға, сондай-ақ басқа облыстарға қоныс аударушыларға, олардың бұрынғы тұрған жеріне, оның ішінде облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалада жəне астанада тұрғанына қарамастан беріледі.»; 16-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Жастарға арналған жатақханадағы бөлмелер 5 жылға дейінгі мерзімге беріледі жəне жекешелендіруге жатпайды.»; 18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «18. Бағдарламаға қатысушының не оның отбасы мүшесінің екі айдан астам қолданыстағы еңбек шарты болмаған жағдайда, жастарға арналған жатақханадағы бөлмені жалға алу шарты мен онымен жасалған əлеуметтік келісімшарт бұзылады. Бұл шарттар Бағдарламаға қатысушы кəсіптік оқудан өту кезеңінде қолданылмайды.»; 23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «23. Жалға алу шарты күнтізбелік бір жыл мерзімге жасалады жəне тараптардың біреуі шарт аяқталғанға дейін күнтізбелік бір ай қалғанда, жалға алу шартының талаптарына сəйкес хабарлама жіберген жағдайларды қоспағанда, жыл сайын автоматты түрде ұзартылады (жатақханадағы бөлмені жалға алудың бесжылдық мерзімі аяқталғанға дейін). Қоныс аударған Бағдарламаға қатысушы қайтыс болған жағдайда, бұрын жасалған жалға алу шарты өңірлік комиссияның келісуімен тұрғын үй комиссиясының шешімі бойынша жалға алушы отбасының кəмелетке толған мүшесімен ұзартылуы мүмкін. Жалға алушының ауысуы тұрғын үйді жалға алу шартын қайта ресімдеуге алып келеді.»; 29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «29. Жергілікті атқарушы органдар Бағдарламаға қатысушыларды отбасылық үлгідегі жатақханалардан орын беру, осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген шарттарға сəйкес тұрғын үй сатып алу есебінен қамтамасыз ете алады.»; 35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «35. Əлеуметтік-экономикалық даму əлеуеті төмен, орта жəне жоғары елді мекендерді айқындау үшін критерийлерді өңірлік даму мəселелері жөніндегі уəкілетті орган əзірлейді жəне бекітеді. Əзірленген критерийлерге сəйкес облыстардың жергілікті атқарушы органдары өңірлік даму мəселелері жөніндегі уəкілетті органмен келісім бойынша əлеуметтік-экономикалық даму əлеуеті төмен, орта жəне жоғары елді мекендердің тізбесін айқындайды жəне оны Бағдарлама операторына жібереді.»; 36-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) еңбек ресурстарына қажеттілікті жəне аудандық/қалалық комиссиялармен келіскеннен кейін ақпаратты уəкілетті органға жібереді.»; 37-тармақта: 2) тармақшадағы «санын қалыптастырады;» деген сөздер «санын;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 2-1)тармақшамен толықтырылсын: «2-1) əлеуметтік-экономикалық даму əлеуеті жоғары елді мекендер мен экономикалық өсу орталықтарындағы жұмыс берушілердің еңбек ресурстарына

жалпы қажеттілігін, олардың жұмыс күшіне деген сұранысын қанағаттандыру үшін қосымша еңбек ресурстарын тарту қажеттілігін қалыптастырады;»; 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «3) жəне əлеуетті Бағдарламаға қатысушылардың жалпы саны, еңбек ресурстарына қажеттілік пен азаматтардың қоныс аудару мүмкіндігі туралы ақпаратты өңірлік комиссияға жібереді.»; 38,39-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «38. Өңірлік комиссия берілетін үйлердің жалпы санын негізге ала отырып: 1) мыналарды: шығу жəне қабылдау орындарын айқындай отырып, облыстың (ауданның, қаланың) шегінде қоныс аударатын азаматтардың ықтимал санын келіседі жəне қоныс аударуды ұйымдастыру үшін ұсынымды уəкілетті органға жəне (немесе) халықты жұмыспен қамту орталықтарына жібереді; республика шегінде қоныс аударатын азаматтардың санын келіседі жəне өтінімді немесе ұсынысты Бағдарлама операторына жібереді; 2) Бағдарламаға қатысушылардың қоныс аударуын, қоныстануын ұйымдастыру мəселелерін қарайды. 39. Өңірлік жəне аудандық/қалалық комиссияның құрамына жергілікті өкілді жəне атқарушы органдардың,уəкілетті органның (халықты жұмыспен қамту орталықтарының) өкілдері, жұмыс берушілердің, кəсіптік одақтардың өкілдері енгізіледі.»; 44-тармақтың 2-тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыс орталықтарының шегінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде 2013 жылғы 1 шілдеде құрылысы аяқталған қызметтік тұрғын үйлерге қоныс аударатын адамдарға қатысты, Бағдарламаға қатысушылар құрамына енгізу не енгізуден бас тарту туралы ұйғарымдарды шығарады жəне оны уəкілетті органға жəне (немесе) халықты жұмыспен қамту орталығына жібереді;»; 46-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «46. Осы Қағидалардың 7 жəне 45-тармақтарында көрсетіл ген критерийлер балалар үйінің тəрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, кəмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айрылған балалар (мұндай адамдар əскери қызметке шақырылған кезде, жасы мерзімді əскери қызметті өткеру мерзіміне ұзартылады), жиырма тоғыз жасқа толмаған жастар мен оралмандар болып табылатын Бағдарламаның осы бағытына қатысушыларға қолданылмайды.»; 48-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Бағдарламаға қатысуға үміткер осы Қағидалардың 7, 45 жəне 46-тармақтарында көрсетілген критерийлерге сəйкес келмеген жағдайларда, Бағдарламаға қатысушылардың құрамына енгізуден бас тартылады.»; 53-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Шыққан жерінің халықты жұмыспен қамту орталығы берген жолдаманың негізінде келген жерінің халықты жұмыспен қамту орталығы Бағдарламаға қатысушымен Бағдарлама операторы бекіткен нысан бойынша əлеуметтік келісімшарт жасасады, жұмыс беруші оның тарапы болады. Жұмыс беруші осы Қағидаларға 6-қосымшаға сəйкес лауазымды адамның қолымен жəне мөрмен куəландырылған əлеуметтік келісімшартқа қосылу туралы жазбаша өтініш (хабарлама) беру арқылы əлеуметтік келісімшарт жасасқанын растайды.»; 57-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «57. Бағдарламаны іске асырудың барлық кезеңдерінде оған қатысушылар туралы ақпарат «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне орналастырылады.»; 58-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «58. Бағдарламаға қатысушылардың құрамына енгізу қызметтік тұрғын үйлер салуға, сатып алуға жəне қоныстандыруға қатысатын жұмыс берушілердің өтініші бойынша жүзеге асырылады.»; 66-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) жартыжылдық қорытындысы бойынша жылына екі рет өңірлік даму мəселелері жөніндегі уəкілетті органға – сатып алынған жəне (немесе) пайдалануға енгізілген қызметтік тұрғын үйлердің, жатақханалардың саны туралы есеп береді.»; көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшада: «Жұмыспен қамтуға жəрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жəрдемдесу жəне оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидасының 28-тармағына сəйкес Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы əлеуетті қатысушылары ұсынған құжаттарды қарап БҰЙЫРАМЫН:» деген жол мынадай редакцияда жазылсын: «Жұмыспен қамтуға жəрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жəрдемдесу жəне оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидаларының 11-тармағына сəйкес Жұмыспен қамту 2020 жол картасына қатысушылар ұсынған құжаттарды қарап БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген Қағидаға 3-қосымшада: «2) отбасы құрамы туралы мəліметтері» деген тармақша алынып тасталсын; «5) білімі туралы құжаттың (диплом, аттестат, куəлік), сондай-ақ білімі мен біліктілігін растайтын басқа да құжаттардың көшірмесі.» деген тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «5) білімі туралы құжаттың (диплом, аттестат, куəлік), сондай-ақ білімі мен біліктілігін растайтын басқа да құжаттардың (бар болса) көшірмесі.»; мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: «Жұмыспен қамтуға жəрдемдесудің көзделген белсенді шараларын алу үшін қажетті менің дербес деректерімді жинақтауға жəне өңдеуге келісім беремін»; көрсетілген Қағидаларға 5-қосымша алынып тасталсын. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 ақпандағы.№121 қаулысына 1-қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 815 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамтуға жəрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жəрдемдесуді жəне оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру жəне қаржыландыру қағидасы 1. Жалпы ережелер 1. Осы Жұмыспен қамтуға жəрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жəрдемдесуді жəне оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру жəне қаржыландыру қағидасы (бұдан əрі – Қағида) Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңдарына сəйкес əзірленді жəне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 636 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасының (бұдан əрі – Бағдарлама) жұмыспен қамтуға жəрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың жұмысқа орналасуына жəрдемдесуді ұйымдастыру жəне қаржыландыру тəртібін айқындайды. 2. Жұмыспен қамтуға жəрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуға жəне олардың жұмысқа орналасуына жəрдемдесуге бағытталған шаралар тиісті жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен жəне қаражат шегінде: 1) кəсіптік бағдарлау, кəсіп таңдауда көмек, оқыту жəне жұмысқа орналасу мəселелері жөніндегі консультациялар, психологиялық бейімдеу бойынша көрсетілетін қызметтер; 2) стипендия төлей отырып, біліктілікті арттырудың, кəсіптік даярлаудың жəне қайта даярлаудың (бұдан əрі – кəсіптік оқыту) тегін курстарына жіберу; 3) кəсіптік оқуға материалдық көмек беру; 4) лайықты бос жұмыс орындарын іздеуге жəне жұмысқа, оның ішінде əлеуметтік жұмыс орындарына жəне жастар практикасына орналастыруға жəрдемдесу; 5) əлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жеке тұлғалардың жалақысын ішінара субсидиялау; 6) жастар практикасына жіберілген жеке тұлғалардың еңбегіне ақы төлеу жолымен іске асырылады. 3. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) Бағдарламаға қатысушылар – Қазақстан Республикасының азаматтары жəне оралмандар – жұмыссыздар, ішінара жұмыспен қамтылғандар, табысы аз адамдар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар жəне Бағдарламада қатысу басымдығы белгіленген азаматтардың өзге де санаттары; 2) Бағдарлама операторы – халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 3) білім беру саласындағы уəкілетті орган – білім беру саласындағы басшылықты жəне салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы; 4) білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар – техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласында білім беру қызметтерін көрсетуді басқару функцияларын іске асыратын жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері; 5) жұмыспен қамтуға жəрдемдесудің белсенді шаралары – мемлекет Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен жүзеге асыратын өзінөзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз жəне табысы аз адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын жəне оралмандарды мемлекеттік қолдау шаралары; 6) уəкілетті орган – өңірлік деңгейде халықтың жұмыспен қамтылуына жəрдемдесуді жəне жұмыссыздықтан əлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшесі; 7) халықты жұмыспен қамту орталығы – жұмыспен қамтуға жəрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру мақсатында ауданның, облыстық жəне республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын мемлекеттік мекеме; 8) оқуға материалдық көмек – кəсіптік оқудан өтіп жатқан Бағдарламаға қатысушыға жол жүруге жəне тұруға арналған шығындарды ішінара өтеуге төленетін ақшалай қаражат; 9) жұмыспен ішінара қамтылған жалдамалы қызметкерлер – толық емес жұмыс уақыты немесе жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы жағдайында немесе қызметкерлер əлеуметтік демалыста немесе өндірістің тоқтатылуына байланысты еріксіз бос жүрген жағдайларда еңбек қызметін жүзеге асыратын қызметкерлер; 10) əлеуметтік демалыс – ана болу, балалардың күтімі үшін, өндірістен қол үзбей білім алу жəне өзге де əлеуметтік мақсаттар үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында қызметкерді белгілі бір кезеңге жұмыстан босату; 11) кəсіптік оқыту – Бағдарламаға қатысушыларды білім беру ұйымдарында не жұмыс берушілердің өндірістік кəсіпорындары мен ұйымдарының жанындағы оқу орталықтарында (бұдан əрі – оқытатын ұйымдар) оқыту, кəсіптік оқыту: мамандығы (кəсібі) жоқ, мамандық (кəсіп) игеруді жəне сол мамандығы (кəсібі) бойынша жұмыс істеуді қалайтын адамдарды; еңбек нарығында сұранысқа ие емес мамандығы (кəсібі) бар, жаңа мамандық (кəсіп) игеруді жəне сол мамандығы (кəсібі) бойынша жұмыс істеуді қалайтын адамдарды кəсіптік даярлауды; егер Бағдарламаға қатысушыларға мамандығы (кəсібі) бойынша лайықты жұмыс ұсына алмаған немесе олардың белгілі бір мамандықтар (кəсіптер) бойынша жұмысты орындауға қабілеттілігі жойылған жағдайда, жаңа мамандықтар

(кəсіптер) меңгеру мақсатында қайта даярлауды; біліктілігін арттыруды – анағұрлым жоғары разряд (сынып, санат) алу, озық техника мен технологияны зерттеу жəне игеру мақсатында өндірістік қажеттілікке қарай, кəсіби шеберлігін жетілдіруді қамтиды; 12) өңірлік комиссия – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органының жанындағы жергілікті өкілді органдар, жұмыс берушілер, кəсіптік одақтар өкілдерінің қатысуымен Бағдарламаны іске асыру мəселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия; 13) «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан əрі – «ЖЖК 2020» ААЖ) – автоматтандырылған режимде Бағдарламаға қатысушылардың деректер қорын қалыптастыруды, жүргізуді жəне пайдалануды қамтамасыз ететін жүйе. 2. Кəсіптік бағдарлау, кəсіп таңдауда көмек, оқыту жəне жұмысқа орналасу жөніндегі консультациялар, психологиялық бейімдеу бойынша көрсетілетін қызметтер 4. Кəсіптік бағдарлау кəсіптерді саналы түрде таңдау үшін 50 жастан асқан адамдарды қоса алғанда, үміткерлердің бейімділіктерін, қабілеттерін айқындауға бағытталған. Кəсіптерді таңдау Жалпыұлттық деректер қорындағы мəліметтерді ескере отырып жүзеге асырылады. 5. Кəсіптік бағдарлау халықтың өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз жəне табысы аз топтары арасында жұмыспен қамту мəселелері жөніндегі орталық уəкілетті орган əзірлеген əдістемелік ұсынымдарға сəйкес жүзеге асырылады. 6. Кəсіптік бағдарлау жүргізуді жұмыспен қамту мəселелері жөніндегі уəкілетті органдар немесе олар тартатын жеке жұмыспен қамту агенттіктері жəне/немесе үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттік сатып алу жəне/немесе мемлекеттік əлеуметтік тапсырыс туралы қолданыстағы заңнамаға сəйкес жүзеге асырады. 7. Кəсіптік бағдарлаудан өткен адамдар туралы мəліметтер «ЖЖК 2020» ААЖ-де орналастырылады. 3. Оқыту жəне жұмысқа орналасу мəселелері жөніндегі консультациялар 8. Оқытуға қажеттілікті, еңбекке қабілетті халықтың саны мен құрылымын, жұмысқа орналасуға мұқтаж адамдардың санын, іске асырылатын жобалар шеңберінде құрылып жатқан жұмыс орындарының санын айқындау мақсатында жергілікті атқарушы органдар Бағдарлама операторы бекіткен əдістемеге сəйкес Өңірлердің жұмыспен қамту картасын қалыптастырады. Жергілікті атқарушы органдар жылына екі рет (есепті жылғы 1 қаңтардағы жəне 1 шілдедегі жағдай бойынша), 5 қаңтарда жəне 5 шілдеде Өңірлердің жұмыспен қамту картасының мəліметтерін жаңартады. 9. Халықты жұмыспен қамту орталықтары: 1) Өңірлердің жұмыспен қамту картасы негізінде жұмысқа орналасуға мұқтаж еңбекке қабілетті жастағы адамдардың санын айқындайды; 2) жұмыс берушілерді – аудан (қала) аумағында жұмыс істейтін кəсіпкерлік субъектілері болып табылатын барлық заңды жəне жеке тұлғаларды есепке алуды жүзеге асырады; 3) жұмыс берушілерге Бағдарламаға қатысу, оның ішінде жұмыс берушілерге Бағдарламаға қатысуға үміткерлерді таңдау, кəсіптік оқудан өту, жұмысқа орналасуға жəрдемдесу тəртібі жəне шарттары туралы консультация береді; 4) жылына бір рет кем емес кезеңділікпен кадрларға ағымдағы жəне болжамды қажеттілікті айқындау мақсатында жұмыс берушілерге сауалнама жүргізуді жүзеге асырады (оның ішінде коммуникация құралдары (интернет, электрондық почта, телефония құралдары жəне басқалары) арқылы); 5) Өңірлердің жұмыспен қамту карталарының, жеке жұмыспен қамту агенттіктерінің жəне жұмыс берушілердің мəліметтері негізінде кəсіптер (мамандықтар) бөлінісінде кадрларға ағымдағы жəне болжамды қажеттілікті қалыптастырады. 10. Халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысуға үміткерлерге: 1) мамандық (кəсіп) таңдауға, кəсіптік оқу жəне оны аяқтағаннан кейін деректер қорына енгізілген жұмыс орындарын, ағымдағы бос жұмыс орындарын жəне болжамды қажеттілікті ескере отырып, ықтимал жұмысқа орналасуға көмек; 2) үміткерлердің мамандығы (кəсібі) бар бос жұмыс орындарының біліктілік талаптарына сəйкес келмеген жағдайда бос жұмыс орындары жəрмеңкесіне қатысу мəселелері бойынша консультация береді. 11. Халыққа қызмет көрсету орталықтары консультация беру нəтижелері бойынша Бағдарламаға қатысуға үміткерлердің тізімдерін қалыптастырады жəне оларды жұмыс берушілерге жібереді. 4. Стипендия төлей отырып, біліктілікті арттырудың, кəсіптік даярлаудың жəне қайта даярлаудың тегін курстарына жіберу 12. Бағдарламаға қатысуға үміткерлерді іріктеуді жұмыс берушілер: 1) халықты жұмыспен қамту орталықтары ұсынатын үміткерлер қатарынан таңдау; 2) бос жұмыс орындары жəрмеңкелеріне қатысу; 3) дербес, оның ішінде жеке жұмыспен қамту агенттіктері арқылы іздестіру жолымен жүргізеді. 13. Жұмыс берушілер үміткерлерді əңгімелесу өткізу жолымен немесе жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушылар туралы ұсынған ақпарат негізінде іріктейді. 14. Халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыс берушілерден ақпарат алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде үміткерлерге Бағдарламаға қатысу үшін құжаттар ұсыну қажеттігі туралы хабарлайды. 15. Жұмыс берушілер Бағдарламаға қатысуға таңдаған үміткерлер хабарландырылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тұрақты тұратын жеріндегі ауданның, қаланың халықты жұмыспен қамту орталықтарына осы Қағидаға 1-қосымшаға сəйкес нысан бойынша өтініш береді. Жұмыс беруші мəлімдеген кəсіптер (мамандықтар) бойынша кəсіптік оқуға жіберілетін Бағдарламаға қатысуға үміткерлер осы Қағиданың 31-тармағында көзделген тəртіппен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында кəсіптік даярлауды, қайта даярлауды жəне біліктілікті арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының тізбесінен білім беру ұйымын жұмыс берушімен келісім бойынша өздері таңдайды. 16. Өтініш беру кезінде мынадай құжаттар ұсынылады жəне қоса беріледі: 1) жеке басты куəландыратын құжаттың көшірмесі; 2) еңбек кітапшасының (бар болса) немесе еңбек қызметін растайтын өзге құжаттың (табысы аз азаматтар жəне жұмыспен ішінара қамтылған жалдамалы қызметкерлер қатарындағы жұмыс істейтін адамдар үшін) көшірмесі; 3) білімі туралы құжаттың (аттестат, куəлік, диплом), сондай-ақ бар болса, оқудан өткенін растайтын басқа да құжаттардың (куəлік, сертификат) көшірмелері; 4) денсаулық сақтау саласындағы уəкілетті орган бекіткен нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтаманың (Бағдарламаға қатысушылар құрамына енгізу туралы шешім қабылданғаннан кейін ұсынылады) көшірмесі. Жұмыспен ішінара қамтылған жалдамалы қызметкерлер бұдан басқа жұмыс берушінің толық емес жұмыс уақыты немесе ұзақтығы қысқартылған жұмыс уақыты режиміне ауыстыру немесе əлеуметтік демалыс беру немесе мəжбүрлі тоқтату туралы актісін ұсынады. 17. Құжаттар топтамасын қабылдаған кезде халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкері көшірмелердің түпнұсқалығын түпнұсқамен салыстырып тексереді жəне өтініш берушіге қайтарады. 18. Халықты жұмыспен қамту орталықтары өтініш тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын талаптарға сəйкестігін тексеру нəтижелері негізінде Бағдарламаға қатысушылар құрамына енгізу (не одан бас тарту) туралы шешім қабылдайды. 19. Шешім қабылдаған кезде білім деңгейі, мамандығының (кəсібінің) жəне біліктілігінің болуы, ал жалдамалы қызметкерлер үшін жұмыс берушілерден қайта даярлауға жəне біліктілікті арттыруға өтінімнің де болуы ескеріледі. 20. Халықты жұмыспен қамту орталығы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіні қабылданған шешім туралы жазбаша хабардар етеді. 21. Халықты жұмыспен қамту орталығының шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен уəкілетті органға жəне (немесе) сотқа шағым жасауға болады. 22. Жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушыларды кəсіптік оқытуды ұйымдастыру бойынша жұмысты өздері не мемлекеттік сатып алу жəне/ немесе мемлекеттік əлеуметтік тапсырыс туралы қолданыстағы заңнамаға сəйкес жеке жұмыспен қамту агенттіктерін жəне/немесе үкіметтік емес ұйымдарды тарта отырып жүргізеді. 23. Білім беру ұйымына кəсіптік даярлыққа жіберілген кезде Бағдарламаға қатысушылар түсу емтиханын тапсырмай қабылданады. Ішінара жұмыспен қамтылған жалдамалы қызметкерлерді өндірістен қол үзіп немесе қол үзбей қайта даярлау немесе біліктілігін арттыру жұмыс берушілердің өтінімі бойынша Бағдарламаға қатысушының жұмыс орнын сақтау шартымен жүзеге асырылады. 24. Халықты жұмыспен қамту орталықтары кəсіптік оқыту үшін жұмыс берушілер іріктеген Бағдарламаға қатысушылармен Бағдарлама операторы бекіткен нысан бойынша оқытатын ұйым мен жұмыс беруші де тараптары болып қатысатын əлеуметтік келісімшарт жасасады. Жұмыс беруші мен оқытатын ұйым əлеуметтік келісімшартқа қосылу туралы осы Қағидаға 2, 3-қосымшаларға сəйкес жетекшінің не қол қоюға құқығы бар жауапты лауазымды адамның қолымен жəне мөрмен расталған жазбаша өтініш (хабарлама) беру арқылы əлеуметтік келісімшарт жасасуды растайды. Əлеуметтік келісімшарт халықты жұмыспен қамту орталық тары мен Бағдарламаға қатысушылар қол қойған жəне жұмыс берушілер мен оқытатын ұйымдардан əлеуметтік келісімшартқа қосылу туралы жазбаша өтінішті (хабарламаны) алған сəттен бастап күшіне енеді. Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастыру үшін тұрақты жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілер өтініште (хабарламада) Бағдарламаға қатысушылардың деректерін, оларды оқытуды ұйымдастыру жоспарланып отырған мамандықты (кəсіпті), оқытатын ұйымды, өндірістік практикадан өту орнын жəне оқу аяқталғаннан кейін жұмыс істеу кезеңін көрсетеді. Бағдарламаға қатысушыларды кəсіптік оқытуды жүзеге асыратын оқытатын ұйымдар өтініште (хабарламада) мамандығы (кəсібі), оқытудың ұзақтығы мен құны, өндірістік практикадан өтудің ықтимал орны мен шарттары туралы ақпаратты көрсетеді. 25. Осы Қағида қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған əлеуметтік келісімшарттар күшін сақтайды жəне өзгеріссіз күйінде қолданылады. 26. Жұмыс берушінің əлеуметтік келісімшартта айқындалған міндеттерді орындауына мониторингті халықты жұмыспен қамту орталығы жəне оқытатын ұйым жүзеге асырады. Оқытатын ұйымдардың əлеуметтік келісімшартта айқындалған міндеттерді орындауына мониторингті халықты жұмыспен қамту орталығы жəне жұмыс берушілер жүзеге асырады. Бағдарламаға қатысушының əлеуметтік келісімшартта айқындалған міндеттерді орындауына мониторингті халықты жұмыспен қамту орталығы, оқытатын ұйым жəне жұмыс беруші жүзеге асырады. 27. Кəсіптік оқыту бойынша көрсетілетін қызметтер мемлекеттік білім беру тапсырысына кіреді жəне «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 20) тармақшасына сəйкес мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың өнім берушіні таңдауды жəне онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтін нормаларын қолданбай сатып алынады. 28. Бағдарламаға қатысушыларды кəсіптік оқыту ұзақтығы оқу

бағдарламасының мазмұнына қарай белгіленеді жəне: 1) кəсіптік даярлау жүргізу кезінде – он екі айдан; 2) қайта даярлау кезінде – алты айдан; 3) біліктілікті арттыру кезінде – үш айдан аспауға тиіс. 29. Кəсіптік оқытудан өтетін Бағдарламаға қатысушыларға орта білімнен кейінгі техникалық жəне кəсіптік білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын студенттер үшін заңнамада белгіленген мөлшерде стипендия, сондай-ақ: 1) оқытудың барлық кезеңіне оқу орнына дейін жəне кері бағытта жол жүруге: облыс шегінде, бірақ Бағдарламаға қатысушылардың тұрақты тұратын елді мекендерінен тыс жерде орналасқан оқытатын ұйымдарда оқыған кезде кəсіптік даярлаудан өту үшін 4 айлық есептік көрсеткіш (бұдан əрі – АЕК) мөлшерінде, қайта даярлаудан жəне біліктілігін арттырудан өту үшін 2 АЕК мөлшерінде; Бағдарламаға қатысушылар тұрақты тұратын орындар облысының шегінен тыс елді мекендерде орналасқан оқытатын ұйымдарда оқыған кезде 1000 км дейінгі ара қашықтыққа 8 АЕК мөлшерінде, 1000 км асатын ара қашықтыққа 12 АЕК мөлшерінде; 2) Астана жəне Алматы қалаларынан, Атырау жəне Маңғыстау облыстарынан басқа барлық облыстарда тұруына ай сайын 10 АЕК мөлшерінде, Астана, Алматы қалаларында, Атырау жəне Маңғыстау облыстарында тұруына 15 АЕК мөлшерінде материалдық көмек беріледі. Материалдық көмек шығыстарды растайтын құжаттарды ұсынусыз төленеді. Өндірістен қол үзіп қайта даярлаудан немесе біліктілігін арттырудан өту кезінде ішінара жұмыспен қамтылған жалдамалы қызметкерлер қатарындағы Бағдарламаға қатысушыға жоғарыда аталған мөлшерде материалдық көмек ай сайын төленеді. Кəсіптік оқыту бойынша қызмет көрсететін білім беру ұйымдарының тізбесін айқындау 30. Кəсіптік оқыту кадрларды даярлаудың дуальді моделі қағидаттарында жүргізілуге тиіс. 31. Барлық облыстардағы, Астана жəне Алматы қалаларындағы өңірлік комиссиялар білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар ұсыныстарының негізінде осы Қағиданың 52, 53-тармақтарына сəйкес айқындалған мамандықтар (кəсіптер) бөлінісінде оқу құнын көрсете отырып, сол өңірдің аумағындағы жəне қолданыстағы заңнамаға сəйкес кəсіптік оқытуды жүзеге асыруға құқығы бар кəсіптік оқуды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының тізбесін (бұдан əрі – тізбе) жыл сайын бекітеді. 32. Оқытатын ұйымдарды кəсіптік оқытуды жүзеге асыру үшін тізбеге енгізу: 1) Бағдарламаға қатысушылардың өндірістік практикасын кадрларды даярлаудың дуальді моделінің қағидаттарына сəйкес міндетті ұйымдастырған; 2) өткен жылғы бітірушілердің кемінде 60 %-ын жұмысқа орналастырылған жағдайда. Жұмысқа орналастырылғандардың саны əскери қызметке шақырылған, жоғары оқу орындарында оқуды жалғастырушы, қайтыс болған, бала күтімі бойынша демалыстағы, республикадан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен адамдарды ескермей есептеледі; 3) кəсіптік даярлау бағдарламалары бойынша білім беру қызметіне лицензиясы болған жағдайда жүзеге асырылады. 33. Білім беру қызметіне лицензиясы жоқ оқытатын ұйымдар тізбеге кəсіптік даярлығына біліктілік емтиханынан өткен адамдарға заңнамалық белгіленген үлгідегі куəлік (сертификат) беру не «Республикалық техникалық жəне кəсіптік білім беруді дамыту жəне біліктілік беру ғылыми-əдістемелік орталығы» акционерлік қоғамында куəлік (сертификат) алуға жəрдем көрсету шартымен қосылады. 34. Бағдарламаға қатысушыларды кəсіптік оқыту жұмыс берушілермен келісім бойынша Бағдарламаға қатысушылар тізбеден таңдаған оқытатын ұйымдарда жүзеге асырылады. Өңірде (облыста, Астана жəне Алматы қалаларында) Бағдарламаға қатысушы жұмыс берушімен келісім бойынша таңдаған мамандық (кəсіп) бойынша кəсіптік оқытуды жүзеге асыратын оқытатын ұйым болмаған жағдайда, кəсіптік оқыту басқа өңірлерде орналасқан оқытатын ұйымдарда жүзеге асырылуы мүмкін. Мұндай жағдайда кəсіптік оқытуды жүзеге асыратын оқытатын ұйым өңірлік комиссия шешімінің негізінде тізбеге қосымша енгізіледі жəне осы Қағиданың 32-тармағында көзделген оқытатын ұйымдарды таңдау өлшемдеріне сəйкес келуге тиіс. 35. Бағдарламаға қатысушыларды аралық жəне қорытынды аттестаттауды білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган, халықты жұмыспен қамту орталығы жəне жұмыс берушілер өкілдерінің қатысуымен оқытатын ұйым жүзеге асырады. Бағдарламаға қатысушыларды қорытынды аттестаттау кəсіптік даярлық деңгейін бағалауды (бұдан əрі – КДДБ) қамтиды. Игеретін кəсібіне қарай КДДБ арнайы пəндер бойынша біліктілік емтихандарын тапсыруды (жазбаша тестілер) жəне біліктілік (сынақ) жұмысын орындауды (практикалық тест) көздейді. КДДБ өткізу үшін білім беру саласындағы уəкілетті орган бекіткен тəртіппен тəуелсіз біліктілік комиссиясы құрылады. КДДБ-ні бағалау бойынша біліктілік емтиханынан өткен адамдарға белгіленген үлгідегі біліктілік беру туралы куəлік (сертификат) беріледі. 36. Оқытатын ұйымдардың халықты жұмыспен қамту орталығымен келісім бойынша Бағдарламаға қатысушыларды: 1) сабақты дəлелсіз себептермен қатарынан үш оқу күнінен көп босатқан; 2) үлгерімі нашар немесе аралық аттестаттау қанағаттанғысыз болған; 3) оқытатын ұйымның ішкі тəртібін бұзған жағдайларда оқудан шығаруға құқығы бар. 37. Қайта даярлау немесе біліктілігін арттырудан өту уақытына Бағдарламаға қатысушыға қажет болған жағдайда əлеуметтік демалыс беріледі. 38. Бағдарламаға қатысушыны оқудан шығарған кезде: 1) оқытатын ұйымдарға кəсіптік даярлау бойынша нақты ұсынылған қызметтердің көлемі төленеді; 2) Бағдарламаға қатысушы тұрақты жұмысқа орналасқан, əскери қызметке шақырылған, қайтыс болған, оқу бағдарламасын толық көлемде игеруге мүмкіндік бермейтін жүкті болу, аурулар салдарынан сабақтарды босатқан жағдайларды қоспағанда, сондай-ақ жиырма тоғыз жасқа толмаған балалар үйлерінің тəрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жəне кəмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған балалар қатарындағы Бағдарламаға қатысушылар кез келген себептер бойынша, төленген материалдық көмек пен стипендия сомасын қоса алғанда оқуға арналған шығыстарды бюджетке өтейді. 39. Бағдарламаға қатысушы тұрақты жұмысқа орналасу, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мерзімді əскери қызметіне шақырылу, қайтыс болу, толық көлемде игеруге мүмкіндік бермейтін жүкті болу, аурулар салдарынан сабақтарды босату себебі бойынша, сондай-ақ жиырма тоғыз жасқа толмаған балалар үйлерінің тəрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жəне кəмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған балалар қатарындағы Бағдарламаға қатысушылар кез келген себептер бойынша кəсіптік оқуын мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда Бағдарламаға қатысушымен жасалған əлеуметтік келісімшарт көрсетілген білім беру қызметтері көлемінің құнын, сондай-ақ оқуға төленген материалдық көмек пен стипендия сомасын бюджетке қайтару бойынша талап қойылмай бұзылады. 40. Техникалық жəне кəсіптік білім беру ұйымдарында кəсіптік оқу құнын өңірлік комиссиямен келісім бойынша жергілікті атқарушы органдар оқу жоспарлары мен бағдарламаларының талаптарына сəйкес мамандық пен біліктілік деңгейіне қарай білім беру процесіне арналған шығыстарды негізге ала отырып, жыл сайын белгілейді. 41. Оқу орталықтарында кəсіптік оқытудың құнын халықты жұмыспен қамту орталығымен, білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдармен жəне өңірлік комиссиямен келісім бойынша оқу орталығы айқындайды. Оқу орталықтары кəсіптік оқыту қызметтері құнының есептеулерін жасайды жəне халықты жұмыспен қамту орталықтарына жібереді. Халықты жұмыспен қамту орталықтары оқу орталықтары ұсынған кəсіптік оқыту қызметтері құнының есептеулерін үш жұмыс күні ішінде білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органға жібереді. Кəсіптік оқыту қызметтерінің құнын қарау кезінде білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар мынадай негізгі өлшемдерді: 1) оқу жоспарлары мен бағдарламаларының талаптарына сəйкес мамандығы мен біліктілік деңгейіне қарай білім беру процестеріне арналған шығыстарды; 2) бір Бағдарламаға қатысушыны оқытуға арналған шығыстардың орташа құнын басшылыққа алады. Оқу құнының есептеулері негізді деп танылған жағдайда, білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган осы Қағиданың 31-тармағына сəйкес өңірлік комиссияларға оқу орталығын тізбеге енгізу туралы тиісті қорытындыны жібереді. Оқу құнының есептеулері негізсіз деп танылған жағдайда, білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар оқу құны есептеулерінің негізделмегендігі туралы қорытындыны үш жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен қамту орталықтарына жібереді. Халықты жұмыспен қамту орталықтары білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдардың оқу құны есептеулерінің негізделмегендігі туралы қорытындыны үш жұмыс күні ішінде оқу орталықтарына жібереді. Оқу құнының есептеулерін білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органның қорытындысында баяндалған талаптарға сəйкес келтірген жағдайда кейінгілері өңірлік комиссияларға қорытындыда баяндалған талаптарға сəйкес келтірілген оқу құнының есептеулерін қоса отырып, оқу орталығын тізбеге енгізу туралы ұсыныс енгізеді. 42. Бағдарламаға қатысушылар, жұмыс берушілер, оқытатын ұйымдар, білім беру курстарын ұйымдастыру үшін іріктелген заңды жəне/немесе жеке тұлғалар туралы мəліметтер «ЖЖК 2020» ААЖ-де орналастырылады. 5. Лайықты бос жұмыс орындарын іздеуге жəне жұмысқа (оның ішінде əлеуметтік жұмыс орындарына жəне жастар практикасына) орналастыруға жəрдемдесу, сондай-ақ əлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жеке тұлғалардың жалақысын ішінара субсидиялау жəне жастар практикасына жіберілген жеке тұлғалардың еңбегіне ақы төлеу 43. Жұмыс беруші оқуды аяқтаған Бағдарламаға қатысушымен оның өтінімі бойынша кəсіптік еңбек шартын жасасады. 44. Халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға енгізу сəтінде кəсіптік білімі болған не кəсіптік оқуды аяқтаған Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастыру үшін деректер қорында бар бос жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға осы Қағидаға 6-қосымшаға сəйкес жолдама беру арқылы жəрдемдеседі. Бағдарламаға қатысуға үміткерлер іске асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобаларға жұмысқа орналасу үшін тұрақты тұратын ауданның, қаланың халықты жұмыспен қамту орталықтарына осы Қағидаға 4-қосымшаға сəйкес нысан бойынша өтініш береді. Халықты жұмыспен қамту орталықтары іске асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобаларға жұмысқа орналастырылған Бағдарламаға қатысушылармен Бағдарлама операторы бекіткен нысан бойынша жұмыс беруші тарап болып қатысатын əлеуметтік келісімшарт жасады. Инфрақұрылымдық жобаны іске асыратын жұмыс берушілер əлеуметтік (Жалғасы 18-бетте).


18

www.egemen.kz

(Жалғасы. Басы 17-бетте).

келісімшартқа қосылу туралы осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес басшының не қол қоюға құқығы бар жауапты лауазымды адамның қолымен және мөрмен расталған жазбаша өтініш (хабарлама) беру арқылы әлеуметтік келісімшарт жасасуды растайды. Халықты жұмыспен қамту орталықтары халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін жұмыс берушілермен шарттар негізінде: жұмыс берушілер құрған әлеуметтік жұмыс орындарына еңбек шартына сәйкес белгіленген бір жыл мерзімге дейін әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған жеке тұлғалардың жалақысын ішінара субсидиялау шартымен жібереді; жұмыс берушілер құрған жұмыс орындарына жастар практикасынан өту үшін жіберілген жеке тұлғалардың еңбекақысын алты айдан асырмай толық төлеу шартымен жібереді. 45. Халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастыру бойынша жұмысты өздері не жеке жұмыспен қамту агенттіктерін және/немесе үкіметтік емес ұйымдарды тарта отырып, мемлекеттік сатып алу және/немесе мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы қолданыстағы заңнамаларға сәйкес жүргізеді. Халықтың нысаналы топтары қатарынан жұмысқа орналастырылуға тиіс адамдардың, оның ішінде 50 жастан асқан адамдардың тізімін жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушыны жұмысқа орналастыру үшін үкіметтік емес ұйымдарға, сондай-ақ жеке жұмыспен қамту агенттіктеріне ұсынады. Көрсетілген қызметтерге ақы төлеуді жұмыс беруші мен нысаналы топ қатарындағы адамдар, оның ішіне халықтың 50 жастан асқан адамдары арасында жасалған жұмысқа орналастыру туралы еңбек шартының көшірмесін ұсынған жағдайда халықты жұмыспен қамту органдары жүргізеді. Үкіметтік емес ұйымдар, сондай-ақ жеке жұмыспен қамту агенттіктері есепті айдан кейінгі айдың 3-күніне қарай жұмысқа орналастыру үшін адамдардың тізімін жіберген халықты жұмыспен қамту орталықтарына жұмысқа орналастырылғандар, кәсіпорындар (ұйымдар), мамандықтар (кәсіптер), жұмысқа орналастырылғанның орташа жалақысы туралы ақпаратты ай сайын ұсынады. Үкіметтік емес ұйымдар, сондай-ақ жеке жұмыспен қамту агенттіктері жұмысқа орналастырған адамдар туралы мәліметтерді «ЖЖК 2020» ААЖ орналастырады. 46. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналас­т ырылған жеке тұлғалардың жалақысын ішінара субсидиялау 12 ай ішінде жүзеге асырылады. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жеке тұлғалардың жалақысын субсидиялау мөлшері салық­тарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және эколо­гия­лық үстемеақылар бойынша төлемдер есепке алынбаған пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны ескере отырып, жалақы мөлшерінің 35 %-ын құрайды, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалған ең төменгі жалақы мөлшерінен аспауға тиіс және 2014 жылғы 1 қаңтарда жасалған шарт қатынастарына қолданылады. 47. Жұмыстан босатылған сәтке дейін бір жыл ішінде жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұрған адамдарға әлеуметтік жұмыс орнына орналасуға жол берілмейді. 48. Жастар практикасына жіберілген жеке тұлғалардың еңбекақысының мөлшері экологиялық үстемеақы төлемдерін ескермегенде айына (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны және банк қызметтерін ескере отырып) 17,2 АЕК құрайды. 49. Азаматтардың әлеуметтік жұмыс орындарына және жастар практикасына қатысу шарттары «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен айқындалады. 6. Оқытуға және жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге бағытталған шараларды қаржыландыру 50. Мемлекеттік қолдау шараларын қаржыландыру Бағдарлама операторы арқылы жүзеге асырылады. Кәсіптік оқуға 2013 жылға дейін қабылданған адамдардың оқуын қаржыландыруды білім беру саласындағы уәкілетті орган көрсетілген адамдар оқуын толық аяқтағанға дейін жүзеге асырады. 51. Кәсіптік оқыту ақысын, стипендияны, жол жүруге және тұруға материалдық көмекті төлеу, әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жеке тұлғалардың жалақысын және жастар практикасына жіберілген жеке тұлғалардың еңбекақысын субсидиялау мақсатында Бағдарламаға қатысушыларға ұсынылатын мемлекеттік қолдауды қаржылай қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы трансферттер бөлінеді. 52. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері Бағдарлама операторына оқытатын ұйымды (оқытатын ұйым, оқу орталықтары және т.б.), мамандықтар түрлері мен оқу орындары, оқыту құны мен мерзімдері бойынша оқытылатын контингентті көрсете отырып, бюджеттік өтінім жібереді. 53. Қаржылық тәртіпті және бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын мониторингілеуді қамтамасыз ету үшін: 1) білім беру саласындағы уәкілетті орган мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері арасында Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде бұрын кәсіптік даярлауға қабылданған адамдарды оқыту бойынша; 2) Бағдарлама операторы мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері арасында Бағдарлама шеңберінде кәсіптік оқыту және әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған жеке тұлғалардың жалақысын субсидиялау және жастар практикасына жіберілген жеке тұлғалардың еңбекақысын төлеу бойынша нәтижелер туралы келісімдер жасалады. 54. Білім беру саласындағы уәкілетті орган, Бағдарлама операторы бюджет заңнамасына сәйкес тиісті республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша ағымдағы нысаналы трансферттерді облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне аударуды жүргізеді. 55. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қала­ларының бюджеттеріне кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және кадрлардың біліктілігін арттыруға, оның ішінде бұ­рын кәсіптік оқуға қабылданған адамдардың оқуын аяқ­тау­ға бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттерді пай­да­лану оқытатын ұйымдармен жасалған шарттар негізін­де, жастар практикасына жіберілген жеке тұлғаларға ең­бек­ақы төлеу – жұмыс берушілермен жасалған шарттар негізінде, ал әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орна­лас­ты­рыл­ған жеке тұлғалардың жалақысын субсидиялау жұмыс беру­ші­л­ермен жасалған шарттар негізінде және олар жасаған шы­ғындарды растайтын құжаттар негізінде жүзеге асырылады. 56. Бағдарламаға қатысушыларды, сондай-ақ бұрын мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқытатын ұйымдарға кәсіптік оқуға қабылданған адамдарды кәсіптік даярлауды қаржыландыру техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарға сәйкес оқуды толық аяқтау мерзіміне дейін жыл сайын жүзеге асырылады. 57. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, білім беру саласындағы уәкілетті орган және Бағ­дарлама операторы трансферттерді пайдалану кезін­де нәтижелерге қол жеткізбегені үшін Қазақстан Респуб­ли­ка­сының заңнамасында белгіленген тәртіппен жауапты болады. 58. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері жылына екі рет Бағдарлама операторына, білім беру саласындағы уәкілетті органға келісімдерде көзделген нысан бойынша есептер ұсынады. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасына 1-қосымша ___________________ ауданының (қаласының) Халықты жұмыспен қамту орталығының директорына _____________________________ мекенжайы бойынша тұратын _____________________________ Өтініш Мені «Оқыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» бағыты бойынша Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасына қатысушылар қатарына енгізуді сұраймын. Қосымша ___ парақта: жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі; еңбек кітапшасының (бар болса) немесе еңбек қызметін растайтын өзге құжаттың (табысы аз және жұмыспен ішінара қамтылған жалдамалы қызметкерлер қатарындағы жұмыс істейтін адамдар үшін) көшірмесі; білімі туралы құжаттың (аттестат, куәлік, диплом), сондай-ақ бар болса, оқудан өткенін растайтын басқа да құжаттардың (куәлік, сертификат) көшірмелері; денсаулық жағдайы туралы анықтаманың (денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысанға сәйкес Бағдарламаға қатысушылар құрамына енгізу туралы шешім қабылданғаннан кейін) көшірмесі; жұмыс берушінің толық емес жұмыс уақыты немесе ұзақтығы қысқартылған жұмыс уақыты режиміне ауыстыруы немесе әлеуметтік демалыс беру туралы немесе мәжбүрлі тоқтату туралы актісі (жұмыспен ішінара қамтылған жалдамалы қызметкерлер үшін). Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің көзделген белсенді шараларын алу үшін қажетті менің дербес деректерімді жинақтау мен өңдеуге келісім беремін. *ұсынылған құжаттардың дұрыстығына өтініш білдіруші жауапты болады. Күні қолы -------------------------------------------------------------------------(кесу сызығы) _______________________________________________ азаматтың өтініші 20__ ж. «___» ________ қабылданды, № ________ болып тіркелді. Құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы және қолы: _________________________________________________ _________________________________________________ Күні

қолы

*ұсынылған құжаттың дұрыстығына өтініш беруші жауапты болады. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасына 2-қосымша __________________________________________ (Халықты жұмыспен қамту орталығының атауы) Әлеуметтік келісімшартқа қосылу туралы жұмыс берушінің өтініші (хабарламасы) Осы арқылы _______________ атынан __________________ (жұмыс берушінің атауы) (ереже, жарғы және т.б.) негізінде әрекет ететін _____________________________ (уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты) ___________________________ және _________________ (халықты жұмыспен қамту (Бағдарламаға қатысушының орталығы) тегі, аты, әкесінің аты)

арасында жасалған 20__ жылғы «___» ______ № ______________ әлеуметтік келісімшартқа қосылуға ниет білдіреді және төмендегілер

15 наурыз 2014 жыл

туралы: __________________________________ мамандығы (кәсібі) бойынша ____________________________________________ нысанында кәсіптік оқуды(даярлау, қайта даярлау немесе біліктілікті арттыру) табысты аяқтағаннан кейін Бағдарламаға қатысушыны алған мамандығы(кәсібі) бойынша _____________________ мерзімге жұмысқа орналастыруға міндеттеме алады. Өндірістік практикадан өту орны ____________________ Осы өтінімге мыналарды қоса беремін (құрылтай құжаттарының көшірмелері, банк деректемелері қоса берілсін): _____________ _______________ __________________________ (лауазымы) (қолы) (уәкілетті өкілдің Т.А.Ә.) М.О. _____________ _______________ __________________________ (лауазымы) (қолы) (уәкілетті өкілдің Т.А.Ә.) М.О Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасына 3-қосымша __________________________________________ (Халықты жұмыспен қамту орталығының атауы) Әлеуметтік келісімшартқа қосылу туралы білім беру ұйымының өтініші (хабарламасы) Осы арқылы _______________________ атынан _____________________ (білім беру ұйымының атауы) (ереже, жарғы және т.б.) негізінде әрекет ететін _____________________________________________ (уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты) ______________________________ және ____________________________ (халықты жұмыспен қамту (Бағдарламаға қатысушының тегі, орталығының атауы) аты, әкесінің аты) арасында жасалған 20__ жылғы «___» ______ № ______________ әлеуметтік келісімшартқа қосылуға ниет білдіреді және төмендегілер туралы дайын екенін мәлімдейді: 1. Бағдарламаға қатысушыны _________ мамандығы (кәсібі) бойынша 2.____________________________________________________ түрінде кәсіптік оқуға қабылдау; 2. Кәсіптік оқу мерзімі: 20__ жылғы «__» ____ бастап 20__ жылғы «___» _____ дейін. 3. Оқу құны _______ құрайды. 4. Өндірістік практикадан өту орны мен шарттары ______________. Осы өтінімге мыналарды қоса беремін (құрылтай құжаттарының көшірмелері, банк деректемелері қоса берілсін): _____________ (лауазымы)

____________________ (қолы)

_____________________ (уәкілетті өкілдің Т.А.Ә.)

М.О. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасына 4-қосымша __________________ ауданының (қаласының) халықты жұмыспен қамту орталығының директорына _____________________________________ мекенжайы бойынша тұратын ________________________________ Өтініш Мені «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бағыты бойынша Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасына қатысушылар қатарына енгізуді сұраймын. Қосымша ___ парақта: жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі; тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркелуді, уақытша тіркеу растайтын құжаттың (мекенжай анықтамасы, ауыл әкімдерінің анықтамасы)көшірмесі; білімі туралы құжаттың (аттестат, куәлік, диплом) және/немесе оқудан өткенін растайтын басқа да құжаттардың (куәлік, сертификат) көшірмелері (бар болса); Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің көзделген белсенді шараларын алу үшін қажетті менің дербес деректерімді жинақтау мен өңдеуге келісім беремін. *ұсынылған құжаттардың дәйектілігіне өтініш білдіруші жауапты болады. Күні қолы -------------------------------------------------------------------------------------------------(кесу сызығы) _________________________________________________азаматтың өтініші 20__ ж. «___» ________ қабылданды, № ________ болып тіркелді. Құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы және қолы: ______________________________________________________________ ______________________________________________________________ Күні қолы *ұсынылған құжаттардың дұрыстығына өтініш беруші жауапты болады. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасына 5-қосымша ____________________________________ (Халықты жұмыспен қамту орталығының атауы) Әлеуметтік келісімшартқа қосылу туралы жұмыс берушінің өтініші (хабарламасы) Осы арқылы _______________________ атынан _____________________ (жұмыс берушінің атауы) (ереже, жарғы және т.б.) негізінде әрекет ететін _____________________________________________ (уәкілетті өкілдің лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты) ______________________________ және ____________________________ (халықты жұмыспен қамту (Бағдарламаға қатысушының тегі, орталығы) аты, әкесінің аты) арасында жасалған 20__ жылғы «___» ______ № ______________ әлеуметтік келісімшартқа қосылуға ниет білдіреді және төмендегілер туралы: Бағдарламаға қатысушыны _________ ____________________________мамандығы (кәсібі) бойынша __________________________________________(жұмыс атқару кезеңі) жұмысқа орналастыруға дайын екенін мәлімдейді; Жұмыс орны ауыл, кент (қала) _________________________, жұмыс атауы _______________________________________. Осы өтінімге мыналарды қоса беремін (құрылтай құжаттарының көшірмелері, банк деректемелері қоса берілсін): ____________________ ________________ ______________________ (лауазымы) (қолы) (уәкілетті өкілдің Т.А.Ә.) М.О. ____________________ ________________ ______________________ (лауазымы) (қолы) (уәкілетті өкілдің Т.А.Ә.) Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасына 6-қосымша Бағдарламаға қатысушыны жұмысқа орналастыруға № ______ жолдама ___________________________________________ (қатысушының Т.А.Ә.) Жұмыспен қамту 2020 жол картасы Бағдарламасына қатысушы __________________ облысының _________________________________ (облыстық маңызы бар қаланың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың) Халықты жұмыспен қамту орталығымен жасалған 20___ жылғы __________ № __ әлеуметтік келісімшарттың шарттарына сәйкес және келісім негізінде ______________________ _____ айға (бірінші бағыт шеңберіндегі инфрақұрылымдық жобаларға жұмысқа орналасу, үшінші бағыт шеңберіндегі әлеуметтік жұмыс орны мен жастар практикасы кезінде толтырылады) ______________________________________________________________ (ұйым/мекеме атауы) ұйымға ___________________________________ (кәсіп/мамандық атауы) мамандығы (кәсібі) бойынша тұрақты жұмысқа/инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру шеңберінде бос жұмыс орындарына/әлеуметтік жұмыс орнына/жастар практикасына орналасу үшін_________________ (жұмыс берушінің атауы, мекенжайы, байланыс телефоны) жіберіледі. Жұмыспен қамту орталығының директоры Ұсыну мерзімі

қолы

М.О. --------------------------------------------------------------------------------------------(кесу сызығы) Жұмыспен қамту орталығына қайтарылады Жолдамаға № ______ хабарлама ________________________________________(жұмыс берушінің атауы) 201__ жылғы _________ Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасына қатысушы ___________________________________________ (қатысушының Т.А.Ә.)

201__ жылғы _________ жасалған келісімшартқа сәйкес (201__ жылғы _________ № ___ бұйрық) 201__ жылғы _________ дейінгі мерзімге (тұрақты жұмысқа қабылдаған кезде толтырылмайды) ________________________________________ (кәсібі/мамандығы бойынша) ретінде тұрақты жұмысқа/инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру шеңберінде бос жұмыс орындарына/әлеуметтік жұмыс орнына/жастар практикасына қабылданды. Жұмыс берушінің жауапты өкілі М.О.

_____________________________________ (қолды таратып жазу)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 ақпандағы №121 қаулысына 2-қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 816 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын адамдарға кәсiпкерлiктi дамытуға мемлекеттiк қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасы 1. Жалпы ережелер 1. Осы Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын адамдарға кәсiпкерлiктi дамытуды мемлекеттiк қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасы (бұдан әрi – Қағида) Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы заңдарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 19 маусымдағы № 636 қаулысымен бекiтiлген Жұмыспен қамту 2020 жол картасының (бұдан әрi – Бағдарлама) екiншi бағытына қатысатын адамдарға кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдау көрсету тәртібін айқындайды. 2. Кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге бағытталған шаралар тиісті жылға республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде: 1) материалдық көмек ұсына отырып, кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқытуға жіберу, бизнес-жоспар дайындауға жәрдемдесу; 2) микрокредит беру; 3) бір жылға дейінгі мерзімге жобаны сүйемелдеу жөніндегі сервистік қызметтерді (маркетингтік, заң, бухгалтерлік және басқа да көрсетілетін қызмет түрлері) ұсыну; 4) жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін дамыту және/немесе салу және/немесе Бағдарламаға қатысушылар іске асыратын жобалар үшін, оның ішінде шалғайдағы мал шаруашылығын дамыту үшін жабдықтар сатып алу жолымен іске асырылады. Кәсіпкерлік бастаманы мемлекеттік қолдау шаралары, олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан, даму әлеуеті орташа және жоғары ауылдық елді мекендерде, шағын қалаларда, қалалық әкімшілік бағынысты аумақтардағы кенттерде іске асырылады. Тірек ауылдық елді мекендер кәсіпкерлік бастаманы мемлекеттік қолдауды іске асыру үшін басым елді мекендер болып табылады. 3. Осы Қағидада мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) халықты жұмыспен қамту орталығы – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларын iске асыру мақсатында ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органы құратын мемлекеттiк мекеме; 2) өтiнiш берушi – Бағдарламаға қатысу үшiн халықты жұмыспен қамту орталығына өтiнiш берген жеке тұлға; 3) Бағдарламаға қатысушылар – Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар – жұмыссыздар, ішінара жұмыспен қамтылғандар, табысы аз адамдар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және Бағдарламада басымдық белгіленген азаматтардың өзге де санаттары; 4) аудандық/қалалық комиссия (бұдан әрi – комиссия) – ауданның (қаланың) жергiлiктi атқарушы органының жанындағы Бағдарламаны iске асыру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия; 5) өңiрлiк комиссия – жергілікті өкілді органдардың, жұмыс берушілер, кәсіптік одақтар өкілдерінің қатысуымен облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органының жанындағы Бағдарламаны iске асыру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия; 6) уәкiлеттi өңiрлiк ұйым – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экономиканың белгiлi бiр салаларында мемлекеттiк инвестициялық саясатты iске асыруға уәкiлеттi ұлттық басқарушы холдинг және акцияларының жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесiлi заңды тұлға, сондай-ақ банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын, мемлекет жүз пайыз қатысатын ұйым және әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациялар; 7) Бағдарлама операторы – халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 8) өңірлік даму мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – өңірлік даму саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 9) кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi уәкiлеттi орган – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органының кәсiпкерлiктi дамытуға жәрдемдесудi қамтамасыз ететiн құрылымдық бөлiмшесi; 10) инфрақұрылымды дамыту жөнiндегi уәкiлеттi орган – аудандық/ қалалық, облыстық маңызы бар жергiлiктi атқарушы органның инженерліккоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жайластыру мәселелерiне жауапты құрылымдық бөлiмшесi; 11) блок-модуль – бизнес-жобаларды қамтамасыз ету, оның ішінде шалғайдағы жерлерді энергиямен, сумен жабдықтаудың балама көздерін дайындау үшін арнайы жабдықтармен жарақтандырылған модульді ұтқыр кешен; 12) микрокредиттiк ұйым – микрокредит беру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға; 13) микроқаржы ұйымы – коммерциялық ұйым болып табылатын, ресми мәртебесі әділет органдарында мемлекеттік тіркелумен және есептік тіркеуден өтумен айқындалатын, микрокредиттер беру жөніндегі қызметті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында рұқсат етілген қызметтің қосымша түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға; 14) кредиттiк серiктестiк – жеке және (немесе) заңды тұлғалар оған қатысушылардың кредитке және басқа қаржыға, оның iшiнде банк қызметтерiне қажеттiлiктерiн олардың ақшаларын шоғырландыру арқылы және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа көздердiң есебiнен қанағаттандыру үшiн құрған заңды тұлға; 15) бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган – бюджеттi атқару, бухгалтерлік есепті жүргізу, бюджеттiк есепке алуды және республикалық бюджет пен өз құзыретi шегiнде жергiлiктi бюджеттердiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң есебi негiзiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының атқарылуы бойынша бюджеттiк есептiлiктi жүргiзу саласында басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 16) мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган – стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау, бюджет саясатын әзірлеу және қалыптастыру саласында басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық уәкiлеттi орган; 17) материалдық көмек – кәсiпкерлiк негiздерiне оқудан өтiп жатқан Бағдарламаға қатысушыға жол жүруге және тұруына жұмсалатын шығындарды iшiнара өтеуге төленетiн ақшалай қаражат; 18) сервистік қызмет көрсететін ұйым – кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі қызметтер кешенін (консультациялық, маркетингтік, заң, бухгалтерлік, жобаны сүйемелдеу жөніндегі қызметтер және басқа да көрсетілетін қызмет түрлері) көрсететін ұйым; 19) кәсіпкерлік негіздеріне оқыту – бір айға дейін Қазақстан Республикасында бизнесті жүргізудің заңды негіздеріне, қаржы және салық салуға, бизнес құруға және дамытуға, бизнес-жоспарларды әзірлеу жөніндегі практикалық дағдыларды игеруге бағдарланған кәсіпкерлік қызметінің негізгі ұғымдары мен ережелеріне қысқа мерзімді оқыту; 20) сервистік қызметтер – жобаны сүйемелдеу жөнінде консультациялық, мар­кетингілік, заң, бухгалтерлік қызметтер көрсету жөніндегі қызметтер кеше­ ні және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі басқа да көрсетілетін қызмет түрлері; 21) кәсіпкерлікті дамыту картасы – аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдары әзірлейтін және бекітетін әрі олардың қаржылықэкономикалық көрсеткіштерін, басқа мемлекеттік, салалық бағдарламалармен және аумақтарды дамыту бағдарламаларымен байланысын қоса алғанда, іске асыру жоспарланған бизнес-жоспарлардың тізбесін қамтитын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі шаралар кешені; 22) мастер-жоспар – кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдау арқылы оның экономикалық және табиғи ресурстарын тиімді пайдалану есебінен азаматтарды нәтижелі жұмыспен қамтуды кеңейтуге бағытталған Тірек ауылдық елді мекенді дамытудың кешенді жоспарының құрама компоненті; 23) банк – тірек ауылдық елді мекендерде өз қызметін жүзеге асыратын Бағдарламаға қатысушыларға кредит беру бойынша қызметтер ұсынатын екінші деңгейдегі банк; 24) субсидиялау шарты – субсидиялау жөніндегі қаржы агенті, Бағдарламаға қатысушы, банк арасында жасалатын жазбаша келісім, оның шарттары бойынша субсидиялау жөніндегі қаржы агенті банк берген Бағдарламаға қатысу­шының кредиті бойынша сыйақы мөлшерлемесін ішінара субсидиялайды; 25) ВАК – Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Бағдарламаны іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия; 26) субсидиялау жөніндегі қаржылық агент – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ. Осы Қағидада пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады. 2. Микрокредиттер беру Бағдарламаның екінші бағытына қатысу тәртібі 4. Бағдарламаға қатысуға және мемлекеттік қолдау алуға үміткерлер халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді, онда оларға микрокредит алудың ықтимал нұсқалары, материалдық көмек, сервистік қызмет ұсыну мен кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы консультация беріледі. 5. Бағдарламаға қатысуға үміткерлер жұмыспен қамту орталықтарына осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішке мынадай құжаттарды қоса береді: 1) жеке басты куәландыратын құжаттың көшiрмелері; 2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тiркелгенiн растайтын құжаттың көшiрмелерi (мекенжай анықтамасы, ауыл әкiмінiң анықтамасы); 3) осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке iсiн ұйымдастыру немесе кеңейту бойынша бизнес-ұсыныс; 4) жоба үшін жетiспейтiн инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін дамытуға және/немесе салуға және/немесе Бағдарламаға қатысушылар іске асыратын жобалар үшін, оның ішінде шалғайдағы мал шаруашылығын дамытуға жабдықты сатып алуға осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім (қажет болған жағдайда). Жеке iсiн кеңейтудi жоспарлайтын адамдар төлем қабiлеттiлiгiн (адамға қызмет көрсетiлетiн екiншi деңгейдегi банктiң немесе оның филиалының қол қойылған және мөр басылған адамның банктiң немесе оның филиалының алдындағы (адам бiрнеше екiншi деңгейдегі банктiң немесе олардың филиалдарының, сондай-ақ шетелдiк банктiң клиентi болған жағдайда, мұндай анықтама осы банктердiң әрқайсысынан берiледi) мiндеттемелерiнiң барлық түрлерi бойынша анықтама берген күннiң алдында үш айдан астам созылған мерзiмi өткен берешегi жоқ екенi

туралы анықтамасының түпнұсқасы) растайтын құжаттарды қосымша ұсынады. 6. Екінші бағытқа қатысудың басым құқығы әйелдерге, еңбек қызметімен айналысу үшін денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектерге, зейнеткерлік жасына жеткенге дейін елу жастан асқан адамдарға, ауыл тұрғындары қатарынан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастағы жастарға беріледі. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың қатарынан қатысуға басым құқық мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіпте Қазақстан Республикасындағы өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың санын, олардың орташа айлық табысының деңгейін және жұмыссыз халықтың санын айқындау әдістемесіне сәйкес бекітілген нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар мәртебесіне ие адамдарға беріледі. Микрокредиттер беру шарттары 7. Бағдарламаға қатысушыларға микрокредит беру шарттары мыналарды қамтиды: 1) микрокредит қайтарымдылық негізінде микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдар, қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйым үшін кепіл немесе кредиттік серіктестіктердің барлық қатысушыларына немесе қаржылық жай-күйі уәкілетті өңірлік ұйымның талаптарын қанағаттандыратын үшінші тұлғаларға кепілдіктер берген кезде беріледі. Бюджеттік кредиттің қайтарылуын қамтамасыз ету құны сыйақы сомасын ескергенде бюджеттік кредиттің мөлшерінен кем болмауға тиіс; 2) нысаналы сипатта болады – жеке ісін ұйымдастыру немесе кеңейту; 3) микрокредит тұтынушылық мақсаттарға, бұрынғы қарыздарын өтеуге және жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға, сондай-ақ сауда саласындағы қызметтi жүзеге асыруға берiлмейдi; 4) микрокредит беру мерзiмi – бес жылдан аспайды; 5) микрокредиттiң ең жоғары сомасы – үш миллион теңгеден аспайды (осы Қағиданың 8-тармағының 1) тармақшасында және 58-тармағында көзделген шарттарды қоспағанда); 6) соңғы қарыз алушыға, микроқаржы (микрокредиттік) ұйымына және/немесе қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйымға кредит бойынша негiзгi берешекті өтеу бойынша жеңiлдiктi кезең ұсынылуы мүмкiн, ол микрокредит беру мерзiмi ұзақтығының үштен бiрiнен аспауға тиiс. 8. Кешенді дамыту үшін іріктелген тірек ауылдарда тұратын және жобаларды іске асыратын Бағдарламаға қатысушылар үшін мемлекеттік қолдау мынадай қосымша шарттарды қамтиды: 1) микрокредиттiң ең жоғары сомасы бес миллион теңгеден аспайды; 2) микрокредит беру мерзiмi – бес жылға дейін; 3) қолданыстағыларға қатысты жаңа тұрақты жұмыс орындарының кемінде 10 пайызын құруды қамтамасыз еткен жағдайда Бағдарлама қаражатынан тыс берілген екінші деңгейдегі банктердің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау; 4) олар таңдаған Бағдарламаның бағыттарына сәйкес мемлекеттік қолдаудың барлық шараларын ұсыну. 9. Кәсіпкерлік бастаманы мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну кәсіпкерлікті дамыту картасын, сондай-ақ тірек ауылдардың мастер-жоспарын ескере отырып жүзеге асырылады. Кәсіпкерлікті дамыту картасын қалыптастыру 10. Аумақтарды дамыту бағдарламаларына сәйкес аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдары 3 жылға арналған Кәсіпкерлікті дамыту карталарын әзірлейді және оны облыстың кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі уәкілетті органымен келісім бойынша бекітеді. Кәсіпкерлікті дамыту картасы бекітілгенге дейін Бағдарламаға қатысу­шы­ ларға микрокредит беру өңірде айқындалған, өңірлік комиссиялар айқындаған кәсіпкерлікті дамытудың басым бағыттарына сәйкес жүзеге асырылады. 11. Кәсіпкерлікті дамыту карталарын әзірлеуге жауапты ұйымдарды іріктеуді Қазақ­стан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәй­ кес аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады. 12. Кәсіпкерлікті дамыту карталарын әзірлеуге ауылдық (кент) округтердің әкімдері, тұрғындар, кәсіпкерлер мен кредиттік серіктестіктердің өкілдері қатысады, олар қаржылық-экономикалық көрсеткіштерді, технологиялық циклдардың дамуын, басқа мемлекеттік, салалық бағдарламалармен және аумақтарды дамыту бағдарламаларымен байланысын қоса алғанда, іске асыру болжанатын бизнес жобалардың тізбесіне енгізу үшін ұсыныс енгізеді. 13. Кәсіпкерлікті дамыту картасында мыналар көзделеді: 1) нақты аумақ үшін Бағдарламаны іске асырудың нақты тиімділік көрсеткіштерінің (индикаторлардың) тізбесі, Бағдарламаға қатысушыларды заңдастыруды қоса алғанда күтілетін нәтижелер; 2) Бағдарламаға әлеуетті қатысушылардың кәсіпкерлік белсенділігімен байланыстыра отырып, нақты аумақ үшін қызметтің басым түрлері; 3) басқа мемлекеттік, салалық бағдарламалармен және аумақтарды дамыту бағдарламаларымен байланысы; 4) картаны іске асыруға болжанатын бюджет; 5) қызметтің басым түрлерінің технологиялық тізбегін дамыту (кластерлік тәсіл); 6) түпкілікті өнім және нарық сыйымдылығына бағаларды талдай отырып, қызметтің әрбір басым түрі бөлінісіндегі жалпы қаржылық-экономикалық көрсеткіштер. 14. Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ауданның (қаланың) уәкілетті органы ұсынылған Кәсіпкерлікті дамыту картасының жобасын ауданның кәсіпкерлікті дамытудың бекітілген бағыттарына сәйкестігін тексереді және оны облыстың кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі уәкілетті органымен келіседі. 15. Облыстың кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі уәкілетті органымен келіскеннен кейін Кәсіпкерлікті дамыту карталарын аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдары бекітеді. Аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдары өзгерістерді ескере отырып, Кәсіпкерлікті дамыту картасын түзетуі мүмкін, бірақ жылына бір реттен жиі емес. 16. Кәсіпкерлікті дамыту картасында көзделген көрсеткіштердің және лимиттің жеткізілген жалпы сомасы негізінде жергілікті атқарушы орган тиісті қаржы жылына арналған бюджеттік өтінімді қалыптастырады. 17. Өңірлердің жергілікті атқарушы органдары Бағдарлама операторына микрокредит беру жөніндегі жиынтық бюджеттік өтінімді жібереді. Бұл ретте жергілікті атқарушы органдар Бағдарламаға қатысушыларға микрокредит беруге лимиттің жеткізілген жалпы сомасынан кемінде 10 % қаржы бөлуді қамтамасыз етеді. 18. Қалыптастырылған Кәсіпкерлікті дамыту картасы халықты жұмыспен қамту орталығына, микроқаржы (микрокредит) ұйымдарына, кредиттік серік­ тестіктер және/немесе уәкілетті өңірлік, оның ішінде қаржы агенттігі мәрте­бесіне ие ұйымға, сервистік қызметтер көрсету жөніндегі ұйымдарға ұсынылады және аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың және халықты жұмыспен қамту орталықтарының интернет-ресурстарына орналастырылады. Тірек ауылдарды кешенді дамытудың мастер-жоспарын қалыптастыру 19. Тірек ауылдық елді мекендерді айқындау әдістемесін өңірлік даму мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді. Әзірленген әдістемеге сәйкес жергілікті атқарушы органдар тірек ауылдар тізбесінің жобасын тиісті негіздемелермен қоса, тірек ауылдарды айқындау әдіс­ те­месінде айқындалған критерийлерге сәйкестігін бағалау, келісу және тиіс­ті қорытынды алу үшін өңірлік даму мәселелері жөніндегі уәкілетті орган­ға жібереді. 20. Жергілікті атқарушы органдар Бағдарламаға қосу және пилоттық тірек ауылдық елді мекендерді кешенді дамыту мастер-жоспарын әзірлеу үшін өңірлік даму мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен келісілген тірек ауылдық елді мекендер тізбесінен ауылдарды іріктейді. 21. Ауылдық округтер әкімдері ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелерінің қатысуымен тірек ауылдардың мастер-жоспарын әзірлейді. 22. Тірек ауылдың мастер-жоспары жергілікті қоғамдастық жиынының талқылауына шығарылады және оны ынтымақты жауапкершілік қағидаттарында жеке және заңды тұлғалар іске асырады. 23. Жергілікті қоғамдастық жиынында мақұлданған тірек ауылдың мастержоспары аудандық комиссияның қарауына шығарылады және оң қорытынды алғаннан кейін өңірлік комиссияның қарауына жіберіледі. 24. Өңірлік комиссиядан оң қорытынды алған тірек ауылдың мастер-жоспары бағалау, тиісті орталық уәкілетті органмен бірлесе отырып қаржыландыру бойынша қорытындыны ұсыну және ВАК қарауына шығару үшін Бағдарлама операторына жіберіледі. ВАК мақұлдаған мастер-жоспарды ауданның (қаланың) мәсли­хаты бекітеді және жергілікті атқарушы органдар іске асырады. 25. Тірек ауылдың мастер-жоспары кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдау арқылы оның экономикалық және табиғи ресурстарын тиімді пайдалану есебінен азаматтарды нәтижелі жұмыспен қамтуды кеңейтуге бағытталған Тірек ауылдық елді мекенді дамытудың кешенді жоспарының құрама компоненті болып табылады. 26. Тірек ауылдың мастер-жоспары мыналарды: экономикалық дамудың ағымдағы жағдайын және тірек ауылдың халқын нәтижелі жұмыспен қамтуды талдауды; тірек ауылдың даму мүмкіндіктері мен жағдайларын оның экономикалық қызметтің нақты түріне мамандануын ескере отырып айқындауды; қолданыстағы мемлекеттік және салалық бағдарламалар, сол сияқты жеке инвестициялар шеңберінде көрсетілетін мемлекеттік қолдау шараларын қамтитын мастер-жоспарды іске асыру тетіктері мен құралдарын; инвестициялар тартуды, шикізат қорын дамытуды, қайта өңдеуді, ілеспе және көмекші өндірістерді, инфрақұрылымды дамытуды, ауылды дамыту жөніндегі жұмысқа өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және табысы аз азаматтарды тартуды көздейтін тірек ауылды дамыту жөніндегі шараларды іске асырудың қадамдық жоспарларын; қолданыстағы мемлекеттік және салалық бағдарламалар мен басқа да қаржыландыру көздері шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларының көлемін, іске асыру мерзімдерін және жауапты орындаушыларды айқындауды қамтиды. 27. Жергілікті өкілді атқарушы орган бекіткен тірек ауылды дамытудың мастер-жоспары негізінде ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органы, ауылдық округтің (кенттің) әкімі бірлесіп: 1) мемлекеттік және салалық бағдарламалардың, сол сияқты өзге де қаржы ұйымдарының есебінен қаржыландырылатын кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған жобалардың тізбесін; 2) осы елді мекенге көшуге ниет білдірген үміткерлерді қамтамасыз етуге қажетті үйлердің (пәтерлердің, жатақханалар­дың) санын; 3) құрылатын жұмыс орындарының санын; 4) микрокредиттер алуға үміткер адамдардың санын; 5) оқуға үміткер және жұмысқа орналасуға мұқтаж адамдар­дың санын; 6) жобаларды банктерден алған кредиттердің есебінен іске асыратын адамдардың және сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға үміткерлердің санын; 7) қаржыландырудың қажетті көлемі мен көздерін айқындайды. 28. Тірек ауылдың мастер-жоспарында көзделген іс-шараларды қаржыландыру Бағдарламаны, сондай-ақ басқа да қолданыстағы мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыруға бөлінген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады. 29. Облыстың жергілікті атқарушы органдары тірек ауылдық елді мекендердің мастер-жоспарларында көзделген іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді. 30. Бағдарлама операторы өңірлік даму мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, тірек ауылдардың мастер-жоспарларының іске асырылуына мониторинг жүргізеді және бақылауды жүзеге асырады және ВАК-қа олардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынады. (Соңы 19-бетте).


___________ ауданының (қаласының) халықты жұмыспен қамту орталығының директорына _______________________ мекенжайы бойынша тұратын _________________ Өтiнiш Менi жеке кəсіпкерлік бастаманы қолдау шеңберінде Жұмыспен қамту 2020 жол картасының екінші бағыты бойынша қатысушылардың қатарына енгiзудi сұраймын. Қосымша ___ парақта: жеке басты куəландыратын құжаттың көшiрмесi;

Құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ə., лауазымы жəне қолы: _________________________________________________ Күнi қолы *ұсынылған құжаттардың дұрыстығына өтiнiш берушi жауапты болады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2014 жылғы 11 наурыз

___________ ауданының (қаласының) халықты жұмыспен қамту орталығының директорына _______________________ мекенжайы бойынша тұратын _________________ Өтiнiш Жеке кəсіпкерлік бастаманы қолдау шеңберінде Жұмыспен қамту 2020 жол картасының екінші бағытына сəйкес екінші деңгейдегі банктің кредиті бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау туралы қолдаухат беруді сұраймын. Қосымша ___ парақта: жеке басты куəландыратын құжаттың көшiрмесi; тұрақты тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi (мекенжай анықтамасы, ауылдық əкiмнiң анықтамасы); ұйымның құрылтай құжатының көшірмесі; кредит беру туралы екінші деңгейдегі банк шешімінің көшірмесі; кредит беру бойынша оң шешім туралы екінші деңгейдегі банк шешімінің көшірмесі. _____________________________________ _____________________________________ _____________________________________ Оң шешiм қабылданған жағдайда жеке əлеуметтiк келісімшартқа қол қоюға жəне қолданыстағы санға қатыстылығы бойынша жаңа тұрақты жұмыс орындарының кемінде он пайызын құруға немесе жаңа жобаны іске асыру кезінде кемінде ______________ жаңа жұмыс орындарын құруға мiндеттенемiн.

Сібір тау ешкісі

Қоңыр аю

Қабан

Асыл тұқымды бұғы Сібір елігі

Бұлан

34 230 178 1 5 442

275 20 75 -

61 -

1 Ақмола 2 Ақтөбе 3 Алматы 4 Атырау 5 Шығыс Қазақстан 6 Жамбыл 7 Батыс Қазақстан 8 Қарағанды 9 Қостанай 10 Қызылорда 11 Маңғыстау 12 Павлодар 13 Солтүстік Қазақстан 14 Оңтүстік Қазақстан Жиыны

32 65 97

Р/с №

Жануарлардың түрлері (сирек кездесетін жəне құрып кету қаупі төнген түрлерінен басқа)

800 206 196 100 524 600 100 649 159 90 184 75 253 270 252 1000 192 190 25 90 0 860 55 25 120 4559 2456

25 395

61

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13

Ақмола Ақтөбе Алматы Атырау Шығыс Қазақстан Жамбыл Батыс Қазақстан Қарағанды Қостанай Қызылорда Маңғыстау Павлодар Солтүстік Қазақстан 14 Оңтүстік Қазақстан Жиыны

8013 862 2805 7822 712 10490 5314 2500 795

6 -

2795 476 436 1276 244 164 1330 962 140 170 899 4352

Америка күзені

Қоян

37

Қарсақ

934 -

25750 1930 2321 2140 1800 50 3840

Түлкі

Құндыз

(дарақ) Облыстардың атауы

778 156 56 4 59 65 401 20 140 470 265

16283 8586 18641 1300 19801 2037 5901 20912 12700 3500 4700 6963 12310

5 133 -

- 4515 39313 37831 934 43 13244 2414 138149 138

(дарақ)

1 Ақмола 2 Ақтөбе 3 Алматы 4 Атырау 5 Шығыс Қазақстан 6 Жамбыл 7 Батыс Қазақстан 8 Қарағанды 9 Қостанай 10 Қызылорда 11 Маңғыстау 12 Павлодар 13 Солтүстік Қазақстан 14 Оңтүстік Қазақстан Жиыны

215 110 220 600 111 88 811 558 150 138 269 145 3415

207 207

78 47 30 404 20 579

27 27

Сілеусін

12 44 56

Сары күзен

Жануарлардың түрлері (сирек кездесетін жəне құрып кету қаупі төнген түрлерінен басқа) Сасық күзен

Облыстардың атауы

Ақкіс

Р/с №

4 21 25

(дарақ)

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13

Құр

Саңырау құр Сұр құр

Жануарлардың түрлері (сирек кездесетін жəне құрып кету қаупі төнген түрлерінен басқа) Шалшықшы

Облыстардың атауы

Қасқалдақ

Р/с №

Ақмола Ақтөбе Алматы Атырау Шығыс Қазақстан Жамбыл Батыс Қазақстан Қарағанды Қостанай Қызылорда Маңғыстау Павлодар Солтүстік Қазақстан 14 Оңтүстік Қазақстан

50333 8695 1535 8000 4161 530 1734 29080 34215 820 610 4558 5369

63161 50704 57645 72000 72490 11789 8890 84053 68295 5100 20000 45256 48686

7582 11791 8638 1000 16646 6613 1297 10792 4070 5450 4000 5266 9894

261 2880 505 1000 159 282 2115 1000 469 280

1091 56 346 5359 3145 1121 455 715

10 41 -

-

6000

27000

16000

-

-

-

-

Жиыны

155640 635069

109039 8951

12288 51

507 -

507

(дарақ) Р/с №

Облыстардың атауы

1 Ақмола 2 Ақтөбе 3 Алматы 4 Атырау 5 Шығыс Қазақстан 6 Жамбыл 7 Батыс Қазақстан 8 Қарағанды 9 Қостанай 10 Қызылорда 11 Маңғыстау 12 Павлодар 13 Солтүстік Қазақстан 14 Оңтүстік Қазақстан Жиыны

Жануарлардың түрлері (сирек кездесетін жəне құрып кету қаупі төнгени түрлерінен басқа)

28329 50 3079 460 2645 5000 39563

12 5 17

2773 4408 1721 900 6039 1010 2270 9322 3107 500 2116 1340 7000 42006

3402 202 1811 -

1120 3375 1000 238 1790 3180 520 150 3970 3433 12565 11626

Кептер

Жұмыспен қамтуға жəрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын адамдарға кəсiпкерлiктi дамытуға мемлекеттiк қолдауды ұйымдастыру жəне қаржыландыру қағидасына 4-қосымша

Жануарлардың түрлері (сирек кездесетін жəне құрып кету қаупі төнген түрлерінен басқа)

Бөдене

қолы

Облыстардың атауы

Кекілік

Күнi

Р/с №

Шіл

Жетiспейтiн инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға жəне/немесе салуға жəне /немесе Бағдарламаға қатысушы іске асыратын жобалар үшін жабдықты, оның ішінде жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін жабдықты сатып алуға өтiнiм 1. Жобаның атауы _________________________________ Жобаның болжамды құны _________________мың теңге 2. Тегi, аты, əкесiнiң аты ___________________________ _________________________________________________ 3. Жетiспейтiн инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымның сипаты: а) жолдар (ұзындығы (км), жол төсемiнiң енi м, бетiнiң сипаттамасы (түрi), су өткiзгiш қондырғыларды орнату қажеттiлiгi) _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ болжамды құны __________ мың теңге; б) электрмен жабдықтау (желiнiң ұзындығы (км), тiреулердiң, оның iшiнде қос тiреулердiң қажеттi саны, желiдегi қажеттi кернеу (вольт), төмендеткiш трансформатор сатып алу жəне орнату қажеттiлiгi) _______________ болжамды құны __________ мың теңге; в) сумен жабдықтау (желiнiң ұзындығы (км), өткiзу қабiлетi тəулiгiне текше м., байланыстырушы құбырдың диаметрi мм, өрт сөндiру жүйесiн, оның iшiнде өрт гидрантын жайластыру қажеттiлiгi) ___________ болжамды құны __________ мың теңге; г) кəрiз (су бұру) – қолданыстағы жүйеге қосу – ұзындығы км, өткiзу қабiлетi тəулiгiне текше м., байланыстырушы құбырдың диаметрi мм, қайта жiберу құдықтары құрылыстарының қажеттi саны, сорғы жабдықтарын сатып алу жəне орнату қажеттiлiгi) ______________болжамды құны __________ мың теңге; д) септик жайластыру – қажеттi көлемi текше м. _________ 4. Байланыс (желiнiң ұзындығы км, тiреулердiң қажеттi саны, абоненттiк нөмiрлердiң қажеттi саны)____________________ 5. Бағдарламаға қатысушылар іске асырып жатқан жобалар үшін жетіспейтін ілеспе, оның ішінде жайылымдық мал шаруашылығын дамытуға арналған жабдықтың сипаттамасы_________________ болжамды құны __________ мың теңге 6. Бағдарламаға қатысушылар іске асырып жатқан жобалар үшін, оның ішінде жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін жетiспейтiн инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту, жайластыру жəне жабдықты сатып алудың жалпы құны _______ мың теңгенi құрайды.

Балықты жəне басқа да су жануарларын қоспағанда, жануарлар дүниесі объектілерін алудың 2014 жылғы 15 ақпан – 2015 жылғы 15 ақпан аралығындағы лимиттері (дарақ)

Бұлғын

Жұмыспен қамтуға жəрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын адамдарға кəсiпкерлiктi дамытуға мемлекеттiк қолдауды ұйымдастыру жəне қаржыландыру қағидасына 3-қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы11 наурыздағы № 223 қаулысымен бекітілген

Ондатра

10. Кредиттi өтеу үшiн төлемдi шегеру қажеттiлiгi (бар, жоқ). 11. Қолда бар мүлiктiң, техниканың жəне жобаны iске асыру үшiн қажетті жабдықтың сипаты_____________________ _________________________________________________ 12. Жетiспейтiн инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды тарту қажеттiлiгi (жол, электр, сумен жабдықтау, кəрiз не септик, байланыс жəне оның болжамды құны _______ __________________________ мың теңге). 13. Бағдарлама қатысушылары іске асырып жатқан жобалар үшін жабдықты, оның ішінде жайылымдық мал шаруашылығын дамытуға арналған жабдықты сатып алу қажеттігі ________________________ болжамды құны _________ мың теңге. Жұмыспен қамтуға жəрдемдесудің көзделген белсенді шараларын алу үшін қажетті менің дербес деректерімді жинақтауға жəне өңдеуге келісім беремін. Күнi қолы

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.

Суыр

Бизнес-ұсыныс 1. Жобаның атауы _________________________________ 2. Тегi, аты, əкесiнiң аты ___________________________ 3. Бiлiктiлiгi (кəсiбi, мамандығы) _____________________ _________________________________________________ 4. Кəсiпкерлiк негiздерiн оқу туралы мəлiметтер (аяқтау күнi, ұйымның атауы, оқу бейiнi) ______________________ _________________________________________________ 5. Жобаның сипаттамасы (мақсаты, ерекше белгiлерi, iске асыру кезеңдерi – тактикалық жоспар, мақсаттарға қол жеткiзу жолдары, қызметтердi немесе өндiрiлген өнiмдi тұтынатын болжамды тұтынушылар) _________________________________________________ _________________________________________________ 6. Жобаның болжамды құны ________________ мың теңге 7. Қажеттi кредит сомасы __________________ мың теңге 8. Кредиттiң жоспарлы мерзiмi ______________________ 9. Жоба іске асырылған жағдайда кемінде _________ тұрақты жұмыс орны құрылатын болады.

Астана, Үкімет Үйі

«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту жəне пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған балықты жəне басқа да су жануарларын қоспағанда, жануарлар дүниесі объектілерін алудың 2014 жылғы 15 ақпан – 2015 жылғы 15 ақпан аралығындағы лимиттері бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

*ұсынылған құжаттардың дұрыстығына өтiнiш берушi жауапты болады. Жұмыспен қамтуға жəрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын адамдарға кəсiпкерлiктi дамытуға мемлекеттiк қолдауды ұйымдастыру жəне қаржыландыру қағидасына 2-қосымша

№223

Балықты жəне басқа да су жануарларын қоспағанда, жануарлар дүниесі объектілерін алудың 2014 жылғы 15 ақпан – 2015 жылғы 15 ақпан аралығындағы лимиттерін бекіту туралы

Тиін

Құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ə., лауазымы жəне қолы: ______________________________________________ __________________________________________________ Күнi қолы

Күнi қолы -------------------------------------------------------------------------Азамат ____________________________________ өтiнiшi 20__ ж. «___» ________ қабылданды, № ___ болып тiркелдi.

Үйрек

Азамат ___________________________________ өтiнiшi 20__ ж. «___» _________ қабылданды, № ___болып тiркелдi.

Жұмыспен қамтудың көзделген белсенді шараларын алу үшін қажетті менің дербес деректерімді жинақтауға жəне өңдеуге келісім беремін. *ұсынылған құжаттардың дұрыстығы үшін өтініш беруші жауап береді.

Ұлар

Жұмыспен қамтуға жəрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын адамдарға кəсiпкерлiктi дамытуға мемлекеттiк қолдауды ұйымдастыру жəне қаржыландыру қағидасына 1-қосымша

тұрақты тұрғылықты жері бойынша тiркелгенiн растайтын құжаттың көшiрмелерi (мекенжай анықтамасы, ауыл əкiмінiң анықтамасы); нысан бойынша жеке iсiн ұйымдастыру немесе кеңейту бойынша бизнес-ұсыныс; жоба үшін жетiспейтiн инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін дамытуға жəне/немесе салуға жəне/немесе Бағдарламаға қатысушылар іске асыратын жобалар үшін, оның ішінде шалғайдағы мал шаруашылығын дамытуға жабдықты сатып алуға осы Қағидаға 3-қосымшаға сəйкес нысан бойынша өтінім. Жеке iсiн кеңейтудi жоспарлайтын адамдар: төлем қабiлеттiлiгiн (адамға қызмет көрсетiлетiн екiншi деңгейдегi банктiң немесе оның филиалының қол қойылған жəне мөр басылған адамның банктiң немесе оның филиалының алдындағы (адам бiрнеше екiншi деңгейдегі банктiң немесе олардың филиалдарының, сондай-ақ шетелдiк банктiң клиентi болған жағдайда, мұндай анықтама осы банктердiң əрқайсысынан берiледi) мiндеттемелерiнiң барлық түрлерi бойынша анықтама берген күннiң алдында үш айдан астам созылған мерзiмi өткен берешегi жоқ екенi туралы анықтамасының түпнұсқасы) растайтын құжаттарды қосымша ұсынады. Оң шешiм қабылданған жағдайда жеке əлеуметтiк келісімшартқа қол қоюға мiндеттенемiн. Жұмыспен қамтуға жəрдемдесудің көзделген белсенді шараларын алу үшін қажетті менің дербес деректерімді жинақтауға жəне өңдеуге келісім беремін. *ұсынылған құжаттардың дұрыстығына өтiнiш берушi жауапты болады. Күнi қолы --------------------------------------------------------------------------(кесу сызығы)

Борсық

78. Инфрақұрылымды дамыту жөніндегі уəкілетті орган инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның жетіспейтін объектілерін дамыту жəне/немесе салу жобалары бойынша техникалық-экономикалық негіздемені немесе жобалаусметалық құжаттаманы əзірлеуді қамтамасыз етеді. Техникалық-экономикалық құжаттамаға мемлекеттік сараптама жүргізу республикалық бюджеттен инженерліккоммуникациялық инфрақұрылымның жетіспейтін объектілерін дамытуға жəне/немесе салуға көзделген нысаналы трансферттер есебінен жүргізіледі. Техникалық-экономикалық негіздемені жəне/немесе жобалау-сметалық құжаттаманы əзірлеу, мемлекеттік сараптамадан өткізу, авторлық жəне техникалық қадағалауды жүргізу шығыстары инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның жетіспейтін объектілерін дамытуды жəне/немесе салуды талап өтеуге көзделген шығындардан бөлек ескеріледі. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның жетіспейтін объектілерін дамытуға жəне/немесе салуға жəне/ немесе Бағдарламаға қатысушы іске асыратын жобалар үшін, оның ішінде шалғайдағы мал шаруашылығын дамыту үшін жабдықтар сатып алуға, жобалау-сметалық құжаттаманы əзірлеуге жəне мемлекеттік сараптама жүргізуге, жергілікті смета жасауға арналған шығыстарды олардың қажеттілігі бойынша жергілікті атқарушы органдар айқындайды. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның жетіспейтін объектілерін дамыту жəне/немесе салу республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері есебінен жүзеге асырылады. Бағдарлама қатысушылары іске асыратын жобаларға, оның ішінде шалғайдағы мал шаруашылығын дамытуға арналған жобаларға жабдық сатып алу республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы трансферттердің есебінен жүзеге асырылады. Жергілікті атқарушы органдар нысаналы трансферттерді белгіленген техникалық шарттарға немесе заңнамада белгіленген тəртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға жəне бизнес-ұсыныстарға сəйкес пайдаланады. 79. Инфрақұрылымның жетіспейтін объектілерін дамытудың жəне/немесе салудың жəне\немесе Бағдарламаға қатысушылар іске асыратын жобаларға, оның ішінде шалғайдағы мал шаруашылығын дамытуға сатып алынатын жабдықтың құны, жобалау-сметалық құжаттаманы əзірлеу құны мен мемлекеттік сараптама жүргізу құнын есептемегенде, берілетін кредит сомасына қарамастан, Бағдарламаға бір қатысушыға шаққанда 3 млн. теңгеден аспауға тиіс. 80. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның жетіспейтін объектілерін дамыту жəне/немесе салу қолданыстағы жүйелерге жетіспейтін инфрақұрылымды: Бағдарламаға қатысушылар іске асыратын жобалар үшін жолдарды, кəріз, жылумен жəне сумен жабдықтау, газбен жабдықтау, телефон жəне электр желілерін жеткізуді болжайды. Жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу елді мекенді дамытудың бас жоспарына (ауылда – инженерлік-коммуникациялық желілердің жергілікті схемаларына) сəйкес болуға тиіс жəне бір немесе бірнеше жобаны қамтамасыз етуге бағытталуы мүмкін. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның жетіспейтін объектілерін дамыту жəне/немесе салу Қазақстан Республикасында сəулет, қала салу жəне құрылыс қызметі туралы заңнамаға сəйкес жүзеге асырылады. 81. Бағдарлама қатысушылары іске асыратын жобаларға арналған жабдық сатып алу, кəріз, жылумен жəне сумен жабдықтау, газбен жабдықтау, телефон жəне электр желілерінің болмауын алмастыратын жабдықпен, сондай-ақ Бағдарламаға қатысушылар іске асыратын жобалар шеңберінде шалғайдағы мал шаруашылығын дамыту үшін блок-модульдермен жарақтандыруды қарастырады. Шалғайдағы мал шаруашылығы үшін инженерліккоммуникациялық инфрақұрылымның жетіспейтін объектілерін дамытуды жəне/немесе салуды жəне/немесе инженерліккоммуникациялық инфрақұрылым үшін жабдықты сатып алуды таңдау экономикалық орындылығына қарай айқындалады. 82. Жүргізілген инженерлік инфрақұрылым жергілікті атқарушы органдардың коммуналдық меншігінің теңгеріміне беріледі. Бағдарламаға қатысушылар іске асыратын жобалар үшін, оның ішінде шалғайдағы мал шаруашылығын дамыту үшін сатып алынатын жабдық қабылдау-беру актілері арқылы Бағдарламаға қатысушының меншігіне беріледі. Бұл ретте микрокредитті қайтару мерзімі ішінде Бағдарламаға қатысушы жабдықтың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етеді жəне растайды. 83. Шартта көзделген инфрақұрылымдық жобаны іске асыру мониторингі инфрақұрылымды дамыту жөніндегі уəкілетті органға жүктеледі. 5. Ауылда кəсіпкерлікті дамытуға жəрдемдесуге бағытталған шараларды қаржыландыру 84. Қаржылық тəртiптi қамтамасыз ету жəне бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуына мониторинг жүргiзуүшiн нысаналы трансферттер бойынша нəтижелер туралы: 1) Бағдарлама операторы мен облыс əкiмдерiнің арасында микрокредит беру, кəсiпкерлiк негiздерiн оқыту жəне жобаларды бір жылға дейін сүйемелдеу бөлігінде; 2) өңірлік даму жөнiндегi уəкiлеттi орган мен облыс əкiмдерiнің арасында Бағдарлама шеңберiнде iске асырылатын жобалар бойынша инженерлiк-коммуникациялық жүйелерді тарту жəне қолданыстағыларына қосу мақсатында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның жетіспейтін объектілерін дамыту жəне/немесе салу жəне/немесе инженерлiккоммуникациялық инфрақұрылым үшін, оның ішінде шалғайдағы мал шаруашылығын дамыту үшін жабдықты сатып алу бөлігінде нысаналы трансферттер бойынша нəтижелер туралы келiсiмдер жасалады. 85. Бағдарлама операторы мен өңірлік даму жөнiндегi уəкiлеттi орган бюджет заңнамасына сəйкес тиiстi республикалық бюджеттiк бағдарламалар бойынша облыстық бюджеттерге нысаналы трансферттердi аударуды жүргiзедi. 86. Нысаналы трансферттер жергiлiктi атқарушы органдарға əрбір объектi бойынша бөлiнбей аударылады. Облыстардың жергiлiктi атқарушы органдары инженерліккоммуникациялық инфрақұрылымның жетіспейтін объектілерін дамытуға жəне/немесе салуға жəне/немесе Бағдарламаға қатысушылар іске асыратын жобалар үшін жабдықтарды сатып алуға өтінімдерді алуына қарай iске асырылуына қаражат бөлiнген объектiлер бөлiнiсiндегi жиынтық ақпаратты өңірлік даму мəселелері жөнiндегi уəкiлеттi органға жiбередi. 87. Қаражат бөлу жəне бюджеттiк кредиттiң мақсатты пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру үшiн бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уəкiлеттi орган, Бағдарлама операторы мен облыстардың əкiмдерi арасында осы Қағидада ескертiлген шарттармен кредиттiк шартқа қол қойылады. 88. Бағдарлама операторы бюджет заңнамасына сəйкес бюджеттiк кредиттердi тиiстi республикалық бюджеттiк бағдарлама бойынша аударады. 89. Облыстардың əкiмдерi ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың 5-күнiне қарай: 1) Бағдарлама операторына – сервистік қызмет көрсетілген, микрокредит алған, жеке iсiн ұйымдастырған немесе кеңейткен, кəсiпкерлiк негiздерiн оқудан өткен Бағдарламаға қатысушылар саны, соңғы қарыз алушылардың микрокредиттерді мақсатты пайдалануы туралы; 2) өңірлік даму мəселелері жөнiндегiуəкiлеттi органға – салынған жəне реконструкцияланған жəне/немесе сатып алынған жəне инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымға қосылған объектiлердің, сатып алынатын жабдықтардың, оның ішінде шалғайдағы мал шаруашылығын дамыту үшін сатып алынатын жабдықтардың саны туралы есептердi ұсынады. 90. Қаржы агенттігі мəртебесіне ие уəкілетті өңірлік ұйым не микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдары немесе кредиттік серіктестіктер берілген микрокредиттің мақсатты пайдаланылуын жəне Бағдарламаға қатысушылардың шартқа сəйкес өздеріне алған міндеттемелерін орындауын сүйемелдеуді жəне бақылауды жүзеге асырады. Бағдарламаға қатысушының қаражатты мақсатты пайдалануы туралы есебі жұмыспен қамту орталықтарына жіберіледі. Микрокредит алған Бағдарламаға қатысушылар кредит беруші ұйымдарға оларға берілген микрокредиттің мақсатты пайдаланылуы туралы растайтын құжаттарды ұсынады. Халықты жұмыспен қамту орталықтары микрокредит алған Бағдарламаға қатысушылардың тізімдерін аудандардың (қалалардың) салық органдарына ұсынады. Микроқаржы (микрокредиттік) ұйымы, кредиттік серіктестік не қаржы агенттігі мəртебесіне ие уəкілетті өңірлік ұйым Бағдарламаға қатысушыларға берілген микрокредитті қайтаруға мониторинг жүргізеді жəне есептерді, сондай-ақ микрокредитті уақытынан бұрын өтеген адамдардың тізімдерін Бағдарламаға қатысушыны жіберген жұмыспен қамту орталығына ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың 5-күнiне қарай ұсынады.

Қаз

Микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдары немесе қаржы агенттігі мəртебесіне ие уəкілетті өңірлік ұйым, сондай-ақ кредиттік серіктестіктер арқылы микрокредит алу шарттары 41. Үміткер қаржы агенттігі мəртебесіне ие уəкілетті өңірлік ұйым немесе конкурстық негізде іріктелген микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдары арқылы микрокредит алуға ниет білдірген жағдайда,халықты жұмыспен қамту орталықтары ұсынылған өтініштер мен құжаттарды қарайды, мемлекеттiк қолдау алу түрлерi бойынша үмiткерлердiң тiзiмi мен: 1) Кəсіпкерлікті дамыту картасына (немесе өңірдегі кəсіпкерлікті дамытудың басым бағыттарына); 2) Тірек ауылдың мастер-жоспарына сəйкес инженерліккоммуникациялық инфрақұрылымды дамытуды жəне/немесе Бағдарлама қатысушысы іске асыратын жобалар үшін жабдықтар сатып алуды талап ететін жобалардың тізбесін қалыптастырады жəне оларды: ауданның (қаланың) кəсіпкерлікті дамыту жөніндегі уəкілетті органына; болжамды жобаны іске асыру орны бойынша ауылдық округтің, кенттің əкіміне; конкурстық негізде іріктелген микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдарына немесе қаржы агенттігі мəртебесіне ие уəкілетті өңірлік ұйымға; үміткер мəлімдеген инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту жəне/немесе Бағдарламаға қатысушы іске асыратын жобалар үшін ілеспе жабдықты сатып алу қажет болған жағдайда ауданның (қаланың) инженерліккоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту жəне/немесе салу жөніндегі уəкілетті органға жібереді. 42. Уəкілетті органдар, ауылдық округтің, кенттің əкімі мен ұйымдар сұрау салуды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен қамту орталығына: 1) болжамды жобаның Тірек ауылдың мастер-жоспарына, Кəсіпкерлікті дамыту картасына (немесе өңірде кəсіпкерлікті дамытудың басым бағыттарына) сəйкестігі туралы қорытындыны (ауданның (қаланың) кəсіпкерлікті дамыту жөніндегі уəкілетті органы); 2) жобаны іске асырудың орындылығын келісуді не дəлелді түрде бас тартуды (ауылдық округтің, кенттің əкімі); 3) үміткерлерге Бағдарламаның осы бағытына қатысуға кредит беру мүмкіндігі туралы қорытындыны (конкурстық негізде іріктелген микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдары, қаржы агенттігі мəртебесіне ие уəкілетті өңірлік ұйым); 4) инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту жəне/немесе салу жəне/немесе Бағдарламаға қатысушы іске асыратын жобалар үшін жабдықтар сатып алу мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы қорытындыны (инженерліккоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту жəне жайластыру жөніндегі уəкілетті орган (аудан) жібереді. 43. Халықты жұмыспен қамту орталығы жоғарыда көрсетілген құжаттарды алғаннан кейін Бағдарламаның аталған бағытына əлеуетті қатысушылар құрамына қосу не одан бас тарту туралы шешiм қабылдайды жəне шешiм қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде өтініш берушіге бұл туралы жазбаша хабарлайды. 44. Халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаның аталған бағытына қатысушылардың құрамына енгізілген адамдармен Бағдарлама операторы бекіткен нысан бойынша əлеуметтік келісімшарттар жасасады. 45. Халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушыларды сервистік қызметтер көрсету жөніндегі ұйымдарға жібереді, онда бір айға дейінгі мерзімде бизнес-жоспар дайындауға жəрдемдеседі жəне жол жүруге жəне тұруға материалдық көмек ұсына отырып, кəсіпкерлік негіздеріне оқуын қамтамасыз етеді. Оқуды өткізу кестесі халықты жұмыспен қамту орталығымен келісіледі. Сервистік қызметтер көрсету жөніндегі ұйым Бағдарламаға қатысушы жобасының бизнес-жоспарының іске асырылуын экономикалық жəне қаржылық тұрғыдан негіздейтін қорытынды береді. Сервистік қызметтер көрсету жөніндегі ұйым тұрғылықты жерінен тыс жерде орналасқан жағдайда Бағдарламаға қатысушыға материалдық көмек көрсетіледі. 46. Жол жүруге жəне тұруға материалдық көмек төлеу кəсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өткені туралы растайтын құжаттар негізінде жүзеге асырылады. 47. Кəсіпкерлік негіздеріне оқымай, микрокредит алуға жұмыс істеп тұрған бизнесін кеңейтетін немесе бұдан бұрын кəсіпкерлік негіздеріне оқытудан өткен адамдар не кəсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан микрокредит алған жылдың алдындағы үш жылдан аспайтын мерзім ішінде өткенін растайтын тиісті құжаттары бар адамдар үміткер бола алады. 48. Бағдарламаға қатысушы бұрын конкурстық негізде іріктелген микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдарына не қаржы агенттігі мəртебесіне ие уəкілетті өңірлік ұйымға микрокредит алу үшін өтініммен жүгінеді. 49. Микроқаржы (микрокредиттік) ұйымы не қаржы агенттігі мəртебесіне ие уəкілетті өңірлік ұйым бес жұмыс күні ішінде жобаға бағалау жүргізеді жəне Бағдарламаға қатысушыға микрокредит беру мүмкіндігі туралы (немесе мүмкін еместігі) туралы шешім қабылдайды жəне қорытын дыны халықты жұмыспен қамту орталықтарына жібереді. 50. Бағдарламаға қатысушылардың жобаларын қарау кезінде микроқаржы (микрокредиттік) ұйым не қаржы агенттігі мəртебесіне ие уəкілетті өңірлік ұйым: 1) өтініш берушілердің жеке ісін ұйымдастыруға немесе кеңейтуге арналған бизнес-жоспарын бағалауды жүзеге асырады; 2) Бағдарламаға қатысушылармен дербес əңгімелесу жүргізеді жəне қажет болған кезде төлем қабілеттілігін жəне/ немесе кепілдікпен қамсыздандырудың болуын айқындау үшін өтініш берушінің табысына жəне ресурстарына қосымша тексеру жүргізеді. 51. Оң шешім қабылданған жағдайда микроқаржы (микрокредиттік) ұйымының не қаржы агенттігі мəртебесіне ие уəкілетті өңірлік ұйымның қорытындысы бес жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен қамту орталықтарына жіберіледі. 52. Теріс шешім жағдайында микроқаржы (микрокредиттік) ұйымы не қаржы агенттігі мəртебесіне ие уəкілетті өңірлік ұйым бас тарту себептерін көрсете отырып, бұл туралы өтініш берушіге хабарлайды, өтініш берушіге құжаттар топтамасын қайтарады жəне халықты жұмыспен қамту орталықтарын хабардар етеді. 53. Шарт жасау жəне микрокредитті бөлу не бөлуден бас тарту туралы ақпаратты микроқаржы (микрокредиттік) ұйымы не қаржы агенттігі мəртебесіне ие уəкілетті өңірлік ұйым шарт жасалған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен қамту орталықтарына жібереді. 54. Халықты жұмыспен қамту орталықтары микроқаржы (микрокредиттік) ұйымы не қаржы агенттігі мəртебесіне ие уəкілетті өңірлік ұйым шешім қабылдағаннан кейін бес жұмыс күні ішінде бұдан бұрын жасалған əлеуметтік келісімшарттарға қажет болған жағдайда тиісті өзгерістер енгізеді. 55. Микрокредит алғаннан кейін экономика салалары бөлінісінде ауылда кəсіпкерлікті дамытудың белгілі бір басым бағыттары немесе Кəсіпкерлікті дамыту карталары шеңберінде

уəкілетті өңірлік комиссиямен келісім бойынша микрокредиттің нысаналы мақсатын өзгертуге жол беріледі. 56. Бағдарламаға қатысушы кредит алуға оң қорытынды алғаннан немесе кредиттік серіктестік арқылы микрокредит алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде сервистік қызметтер көрсету жөніндегі ұйыммен бір жылға дейінгі мерзімге жобаны сүйемелдеу жөніндегі қосымша қызметтер (бухгалтерлік, маркетингтік, заң жəне басқа да қызмет түрлерін) ұсынуға шарт жасасуға құқылы. 57. Кəсіпкерлікті дамыту үшін микрокредит алған Бағдарламаға қатысушылар салық заңнамасына сəйкес салық органдарында тіркеуден өтуге тиіс. 58. Микрокредиттерді мерзімінен бұрын өтеген Бағдарламаға қатысушылардың жеке ісін кеңейтуге микрокредит алу үшін қайтадан өтініш білдіруге жəне бес миллион теңгеге дейін микрокредит алуға құқығы бар. Бағдарлама шеңберінде бұрын микрокредит алған, салық заңнамасына сəйкес салық органдарында тіркелген, қолданыстағыларға қатысты қосымша жаңа тұрақты жұмыс орындарының кемінде он пайызын құрған жағдайда берілген микрокредиттерді мақсатты пайдаланғанын растаған адамдар микрокредит алуға құқылы. Микрокредит алуға қатысу шарттары осы Қағидаға сəйкес айқындалады. Кредиттік серіктестіктер арқылы микрокредит алу шарттары 59. Егер үміткер микрокредитті кредиттік серіктестік арқылы алуға ниетті болған жағдайда, оның жұмыс істеп тұрған кредиттік серіктестікке қосылуына немесе Кредит беру қағидаларына сəйкес уəкілетті өңірлік ұйым жүргізетін кредиттік серіктестіктерді іріктеу жөніндегі конкурсқа қатысатын жаңа кредиттік серіктестік құруына болады. 60. Халықты жұмыспен қамту орталығы өтінішті жəне құжаттарды кредиттік серіктестік мүшесінен алғаннан кейін Бағдарламаның екінші бағытына қатысушылардың құрамына енгізу не одан бас тарту туралы шешім қабылдайды жəне шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды бұл туралы жазбаша хабардар етеді. 61. Жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушыны осы Қағиданың 70-тармағында көзделген қызметтерді алу үшін сервистік қызметтер көрсету жөніндегі ұйымға жібереді. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау шарттары 62. Тірек ауылдық елді мекендерде тұратын адамдарды екінші деңгейдегі банктердің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сəуірдегі № 301 қаулысымен бекітілген Бизнестің жол картасы 2020 қаржыландыру тетігі, тəртібі мен көздері бойынша жүзеге асырылады. 63. Іріктелген тірек ауылдарда сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға үміткерлер: 1) тиісті жыл басынан кредит алған не екінші деңгейдегі банктерден оң шешім алған; 2) ұсынылған жобалары тірек ауылды дамытудың мастержоспарына енгізілген жəне «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының басым бағыттарына сəйкес келетін; 3) кредит сомалары бес миллион теңгеден аспайтын; 4) қолданыстағы санға қатысты жаңа тұрақты жұмыс орындарының кемінде оң пайыз көлемін қамтамасыз ететін немесе жаңа бағыттарда жұмыс орындарын құратын жеке жəне заңды тұлғалар бола алады. 64. Тұтынушылық мақсатқа, бұрынғы қарызды өтеуге жəне жылжымайтын мүлік сатып алуға ұсынылатын овердрафт түріндегі кредиттер сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға жатпайды. 65. Халықты жұмыспен қамту орталығы үміткерден осы Қағидаға 4-қосымшаға сəйкес нысан бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға қолдаухат туралы өтінішті алғаннан кейін бес жұмыс күші ішінде: осы Қағиданың 64-тармағына сəйкес шарттарға ұсынылған құжаттардың толықтығын жəне сəйкестігін тексеруді; ұсынылған құжаттар сəйкес келген жағдайда Бизнестің жол картасы 2020 іске асыру жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің (бұдан əрі – ӨҮК) қарауына үміткерлердің тізімін дайындауды; құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған не жобалар сəйкес келмеген жағдайларда үш жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды дəлелді бас тартумен үміткерге қайтаруды жүзеге асырады. 66. Халықты жұмыспен қамту орталығы он жұмыс күні ішінде үміткерлер тізімін жəне жобаларды қажетті құжаттар топтамасымен қоса кəсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi уəкiлеттi органға қарау үшін жібереді, ол осы жобаны ӨҮК қарауына шығарады. 67. ӨҮК жобаларды қарайды жəне осы Қағиданың 62-тармағына сəйкес сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы шешім қабылдайды. 68. ӨҮК шешімі хаттамамен ресімделеді жəне кəсіпкерлікті дамыту жөніндегі уəкілетті органға жіберіледі, ол оны тиісті халықты жұмыспен қамту орталықтарына жібереді. 69. Халықты жұмыспен қамту орталығы үш жұмыс күні ішінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау туралы оң шешім алған үміткерлерді Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу туралы шешім қабылдайды жəне қолданыстағыларға қатысты жаңа тұрақты жұмыс орындарының кемінде он пайызын құру бойынша міндеттемелерді көздейтін əлеуметтік келісімшарт жасайды. 3. Кəсіпкерлік негіздеріне оқыту жəне консультациялық қызметтер көрсету 70. Кəсіпкерлік негіздеріне бір айға дейінгі мерзімде тегін оқыту мыналарды көздейді: 1) бизнес-жоспар дайындауға жəрдемдесу; 2) жол жүруге жəне тұруға материалдық көмек ұсыну. Кəсіпкерлік негіздеріне оқитындарға материалдық көмек: 1) жол жүруге – 2 айлық есептік көрсеткішті; 2) тұруға – 10 айлық есептік көрсеткішті құрайды. 71. Облыстың халықты жұмыспен қамту мəселелері жөніндегі уəкілетті органы мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сəйкес сервистік қызметтер көрсету жөніндегі ұйымдарды іріктеуді жүзеге асырады. Сервистік қызметтер көрсету жөніндегі ұйымдарды іріктеу кезінде мынадай критерийлер ескеріледі: кəсіпкерлік негіздеріне оқыту жəне сервистік қызмет көрсету жөніндегі мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың шеңберінде штатында тиісті бағыттар бойынша жұмыс тəжірибесі бар білікті мамандарының болуы; кəсіпкерлік негіздеріне оқыту жөнінде қызмет көрсететін əлеуетті өнім берушіде қызмет көрсету кестелерінің, оқу бағдарламаларының, оқуды жүргізу əдістерінің, əдістемелік құралдарының болуы; сервистік қызметтер көрсету əлеуетті өнім берушіде қызмет көрсету əдісін (орнында немесе барып) ескере отырып, олардың осыған ұқсас қызметтердің орташа нарықтық бағасына сəйкес келуге тиіс құны көрсетілген қызметтердің егжей-тегжейлі тізбесі болуы керек. Өңірлік комиссия индикаторларды, сондай-ақ тиісті шарттарда көрсетілуге тиіс қызмет көрсету мониторингі құралдарын келіседі. 72. Кəсіпкерлік негіздеріне оқыту құны Бағдарлама шеңберінде білім беру ұйымдарында біліктілігін арттыруға оқыту құнына теңеседі, оның мөлшерін жергілікті атқарушы органдар айқындайды. 73. Сервистік қызметтер көрсету жөніндегі ұйымдар Бағдарламаға қатысушылардың қалауы бойынша бір жылға дейінгі мерзімге жобаларды, оның ішінде консультациялық (бухгалтерлік, заң, маркетингілік) жобаларды сүйемелдеу жөніндегі сервистік қызметтерді көрсетеді. Жобаларды сүйемелдеу жөніндегі сервистік қызметтер көрсетуге арналған шығыстарды олардың қажеттілігі бойынша жергілікті атқарушы органдар айқындайды. Жобаны сүйемелдеу жөніндегі сервистік қызметтер: 1) жұмыс уақытында телекоммуникациялық байланыс пен интернет бойынша; 2) жұмыс уақытында сервистік ұйымның орналасқан жері бойынша; 3) екі айда кемінде бір рет Бағдарламаға қатысушының тұрғылықты жері бойынша консультациялар өткізу арқылы көрсетіледі. Бағдарламаға қатысушының тұрғылықты жері бойынша сервистік қызметтер көрсету кестесі халықты жұмыспен қамту орталығымен келісіледі. 74. Сервистік қызметтер көрсету жөніндегі ұйым шартқа сəйкес Бағдарламаға қатысушыға қызмет көрсетеді. Сервистік қызметтер көрсету жөніндегі ұйымдарға жобаны сүйемелдеу бойынша қызметтеріне ақы төлеу Бағдарламаға қатысушының қызметтерді толық көлемде алғанын растайтын құжаттарға сəйкес жүзеге асырылады. 75. Жобаны сүйемелдеу жөніндегі сервистік қызметтер 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап көрсетілетін болады. 4. Инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту жəне Бағдарламаға қатысушы іске асыратын жобалар үшін жабдықтар сатып алу 76. Инфрақұрылымды дамыту жөнiндегi уəкiлеттi орган он жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен қамту орталықтары ұсынған инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның жетіспейтін объектілерін дамытуға жəне/немесе салуға жəне/ немесе Бағдарламаға қатысушы іске асыратын жобалар үшін жабдықтар сатып алуға арналған өтiнiмдер тізбесін қарайды, мəлімделген жобаларды iске асыру мүмкiндiгi (немесе мүмкiн еместігі), оларды қаржыландырудың қажеттi көлемi туралы қорытынды дайындайды жəне оны халықты жұмыспен қамту орталығына жібереді. 77. Микрокредит алғаннан кейін Бағдарламаға қатысушы мен инфрақұрылымды дамыту жөніндегі уəкілетті орган арасында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның жетіспейтін объектілерін дамытуға жəне/немесе салуға жəне/ немесе Бағдарламаға қатысушы іске асыратын жобалар үшін жабдықтар сатып алуға шарт жасалады.

Қырғауыл

(Соңы. Басы 17-18-беттерде).

Кредиттік ұйымдарды іріктеу тəртібі 31. Республикалық бюджеттен бюджеттік кредит жергілікті атқарушы органға 0,01% жылдық сыйақы ставкасымен қайтарымдылық, жеделділік жəне ақылылық қағидаттарында 5 жылға беріледі. 32. Облыстардың жергілікті атқарушы органдары микрокредитті ұйымдастыру үшін уəкілетті өңірлік ұйымдарды айқындайды. 33. Уəкiлеттi өңiрлiк ұйымдар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 819 қаулысымен бекітілген Микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдарына жəне кредиттік серіктестіктерге кредит берудің белгiленген қағидаларына (бұдан əрі – Кредит беру қағидалары) сəйкес Бағдарламаға қатысу үшiн микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдарды жəне кредиттік серіктестіктерді iрiктеу бойынша ашық конкурс өткiзедi. 34. Микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдары мен кредиттiк серiктестiктер арасында конкурс өткізбей, соңғы қарыз алушыларға кредит беруді қаржы агенттігі мəртебесіне ие уəкілетті өңірлік ұйымның өзі жүзеге асыруы мүмкін. 35. Бағдарламаға қатысу құқығын алған микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдары жəне кредиттік серіктестіктер мен уəкiлеттi өңiрлiк ұйымның арасында кредит беру туралы шарт жасалады. 36. Микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдары жəне/немесе кредиттік серіктестіктер үшiн уəкiлеттi өңiрлiк ұйым беретін кредиттер бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесін уəкілетті ұйым өңiрлiк комиссиямен келiсiм бойынша уəкiлеттi өңiрлiк ұйым үшiн белгiленген кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін жəне оның кредит берудi ұйымдастыруға байланысты жоспарланған шығыстарын негізге ала отырып белгілейді. 37. Уəкілетті өңірлік ұйымның қаржы агенттігі мəртебесі болған жағдайда, кредиттік шарт тікелей уəкілетті өңірлік ұйым мен соңғы қарыз алушы арасында жасалады. 38. Соңғы қарыз алушы үшін қаржы агенттігі мəртебесіне ие уəкілетті өңірлік ұйым ұсынатын кредиттік ресурстар бойынша жылдық сыйақының ең жоғары тиімді мөлшерлемесі өңірлік комиссиямен келісім бойынша белгіленеді. 39. Микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдар ұсынатын соңғы қарыз алушы үшін кредиттік ресурстар бойынша жылдық сыйақының ең жоғары тиімді мөлшерлемесін уəкілетті өңірлік ұйым өңірлік комиссиямен келісім бойынша белгілейді. 40. Кредиттік ресурстар бойынша жылдық ең жоғары тиiмдi сыйақы мөлшерлемесінің мəнi кəсiпкерлiк қызметтiң түрiне байланысты саралануы мүмкiн.

19

www.egemen.kz

15 наурыз 2014 жыл

100 1259 4260 1837 1414 327 2180 495 880 700 530 5105 19087


20

www.egemen.kz

Қазақстан Республикасының Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығы 2013 жылғы 9 қаңтар №13-Ө-М

Астана қаласы

Жұмысшылардың жұмыстары мен кəсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (45-шығарылым) бекіту туралы (Жалғасы. Басы 43, 48-нөмірлерде). Параграф 4. Былғары, аң терісі бөлшектері мен бұйымдарды ылғалдаушы, 4-разряд 303. Жұмыс сипаттамасы: былғары жəне үлбір жартылай фабрикаттарын өтетін үлгідегі ылғалдау машиналарында жəне басқару тетігімен жарақтандырылған ылғалдау камераларында ылғалдау; ылғалдаудың технологиялық режимін транспортердің қозғалыс жылдамдығын, берілетін судың мөлшері мен температурасын, желімді жуу үшін былғары жартылай фабрикаттарына алдыңғы жəне артқы щеткаларын қысу мен саңылау шамасын, бу, су, ауаның келіп түсуін реттеу жолымен орнату; ылғалдау камерасының басқару тетігі бойынша қызмет көрсету; ылғалданған жартылай фабрикаттарды органолептикалық бақылау; былғарыны су өткізбейтін материалдармен жабу. 304. Білуге тиіс: өтетін үлгідегі ылғалдау машиналары мен ылғалдау камераларында былғары жəне үлбір жартылай фабрикаттарын ылғалдау технологиясын, ылғалдауға дейін жəне одан кейін былғары жəне үлбір жартылай фабрикаттарының сапасына қойылатын талаптарды, өтетін үлгідегі ылғалдау машиналарының жəне ылғалдау камералараның құрылысын жəне оларды пайдалану ережелерін, ылғалданған былғары жəне үлбір жартылай фабрикаттарын органолептикалық бақылау əдістерін. 43. Бөлшектер мен бұйымдарды қалыптаушы Параграф 1. Бөлшектер мен бұйымдарды қалыптаушы, 1-разряд 305. Жұмыс сипаттамасы: тегістеу, жазу, бұйымның бұрыштары мен тігістерін шырғалау, өң бетін немесе терісін айналдыру жолымен қызмет ету машинасында, электрмен қыздырылатын тегістеуіштернемесе арнаулы аспаптардың көмегімен қолмен бөлшектер мен бұйымдарды қалыптау; бөлшектерге, бұйымдарға, қажетті пішінді беру; тегістеуіштерді қыздыру температурасын реттеу. 306. Білуге тиіс: бөлшектер мен бұйымдарды қалыптау ережелерін, қалыптанатын бөлшектер, бұйымдар жасалған материалдардың қасиеттерін, бөлшектердің, бұйымдардың түрін, үлгісін жəне өлшемдерін, аяқ киімнің дайындамасында сірінің орналасуын, қызмет ету жабдығын пайдалану жəне тегістеуіштердің қызу температурасын реттеу ережелерін. 307. Жұмыс үлгілері: 1) сыздықты ұлтарақтың ерні, ұлтарақтың ерніне бекітілген сыздық – машинада шырғалау, тегістеу – түзету; 2) аяқ киім дайындамасы өкше бөлігінің қыры – балғамен қолмен қағу, өкшені отырғызу ақауларын жою; 3) жұмсақ материалдардан жасалған бөлшектер мен бұйымдар – бұрап шығару жəне қолмен қалыптау; 4) аяқ киімнің төменгі бөлігінің тері бөлшектері (табан, ұлтарақ, сына) – балғамен қағу; 5) ортопедиялық аяқ киімнің қатты бөлшектері – престерде қалыптау; 6) аяқ киімнің үстіңгі бөлігінің дайындамасы – сіріні желімдеуге дейін жəне одан кейін өкше бөлігін машинада жазу; 7) спорт доптарының камералары мен қабы – жұмсарту, олардан ауаны қысып шығару; 8) қолғаптар – қолғаптың бармақтарын пресс астына қою; 9) сандал аяқ киімінің сыздықтары – сыздықтардың ұшын біреуін екіншісіне (шырғалаумен қоса) жəне дайындаманың тартпа жиегіне (табанды қайып тіккеннен соң) қысу; 10) қолғаптар – правилдерде қалыптау, пресс астына қою. Параграф 2. Бөлшектер мен бұйымдарды қалыптаушы, 2-разряд 308. Жұмыс сипаттамасы: қызмет ету машинасында матрицалардың көмегімен, престерде қыздырумен жəне қыздырусыз, сондай-ақ қолмен рамкаларда, қалыптарда бөлшектер мен бұйымдарды қалыптау; бөлшектерге парафинді немесе машина майын жағу; бөлшектерге қажетті пішінді беру; қалыптанған бөлшектердің тұрақтылығын жəне қалыптанған бөлшектің кескінін қалыптың кескініне дəл сəйкестігін қамтамасыз ету; бөлшектер мен бұйымдарды қалыптаудың технологиялық режимін сақтау; бөлшектер мен бұйымдарда əжімдер мен қыртыстардың пайда болуының алдын алу; бөлшектер мен бұйымдарды белгіленген ылғалдылыққа дейін кептіру. 309. Білуге тиіс: бөлшектер мен бұйымдарды қалыптауды орындаудың технологиясын, дайын бұйымдарға қойылатын техникалық шарттарды, бөлшектер мен бұйымдар жасалған материалдардың қасиеттерін, бөлшектердің түрін, үлгісі мен өлшемдерін, оларға сəйкес келетін матрицаларды, қалыптарды, рамкаларды, бөлшектер мен бұйымдарды қалыптаудың технологиялық режимін, қолданылатын жабдық пен жарақты пайдалану жəне реттеу ережелерін. 310. Жұмыс үлгілері: 1) бөлшектер (қалталар, клапандар, сыналар, тұтқалар, жақтар, бұрыштар, əшекейлік бүрмелер) жəне былғары галантерея бұйымдары – электрмен қыздырылмайтын машиналарда немесе қолмен қалыптау жəне бұрап шығару; 2) аяқ киімнің бөлшектері (бөлшектер мен дайындамалардағы сірі мен ұшастылар) – машинада қалыптау; 3) қатты материалдардан жасалған бөлшектер мен бұйымдар – машинада немесе қолмен терісін немесе өң бетін айналдыру; 4) жұмсақ материалдардан жасалған бөлшектер – машинада теріс немесе оң бетін айналдыру; 5) аяқ киімнің төменгі бөлігінің бөлшектері – машинада матрицалардың көмегімен немесе қолмен қалыптау; 6) аяқ киімнің үстіңгі бөлігінің дайындамасы – айналдырумен жəне астар жағына оны бүгумен қоса көмкермені шырғалау, дайындаманың бүйір жақ қырларын жəне тартпа жиегін балғамен қағу; 7) доппель жəне сандал əдістерімен бекітілген аяқ киім – созу жəне оны табанға тығыз қысумен бірге дайындаманың тартпа жиегін пластиналармен сығу; 8) былғары үстіңгі бөлігі бар аяқ киім – ыстық ауамен қалыптау; 9) айналма аяқ киім – қалыптарда қалыптау; 10) былғары қолғаптар – машинада немесе қолмен теріс немесе өң бетін айналдыру; 11) тартылған аяқ киімнің ізі – машинада өкше жəне ұш бөліктерін қалыптау, тартпа тексті бір мезгілде бүгумен қатар аяқ киім ізінің қырларын түйіндерде жəне переймаларда қағу; 12) сыздықты ұлтарақтар – машинада аяқ киімнің сыздығы бойынша жасанды ерін мен тігістерді қалыптау. Параграф 3. Бөлшектер мен бұйымдарды қалыптаушы, 3-разряд 311. Жұмыс сипаттамасы: ыстық матрицалардың көмегімен престерде, ыстықте тегістеуіштерде, гидравликалық престерде металл шаблондардың, қысу қалыптарының көмегімен машинада немесе қолмен бөлшектер мен бұйымдарды қалыптау; бөлшектерге, олар жасалған материал мен тігістерді бүлдірмей, қажетті пішінді беру; бөлшектер мен бұйымдарды қалыптаудың технологиялық режимін сақтау жəне оны реттеу; материалды қисайтпай жəне күйдірмей, қалыптанған бөлшектердің тұрақтылығын қамтамасыз ету; қолданылатын жабдықты дайындау: бөлшектердің фасоны мен өлшемдеріне сəйкес қалыптарды, металл шаблондарды, тегістеуіштерді іріктеу; пресс– қалыптарға бөлшектерді, бұйымдарды салу жəне қалыптау аяқталған соң түсіру; пресс–қалыптарды бөлшектеу. 312. Білуге тиіс: бөлшектер мен бұйымдарды қалыптаудың технологиялық режимі мен əдістерін, қалыптанатын бөлшектер мен бұйымдардың түрлерін, конструкциясын, өлшемдерін жəне оларға сəйкес келетін матрицаларды, шаблондарды, тегістеуіштерді бөлшектер мен бұйымдар жасалған материалдардың қасиеттерін, қолданылатын жабдықты пайдалану ережелерін. 313. Жұмыс үлгілері: 1) етіктің қоныштары – тігістерді бүлдірмей жəне оларды шырғалаумен ыстық тегістеуіштерде тегістеп жазумен қоса машинада немесе арнаулы аспаптардың көмегімен қолмен айналдыру; 2) былғары галантерея бұйымдарының бөлшектері (шабадандардың корпустары, жапқыштары, қатырма қағаз дайындамалары) – престерде немесе металл қалыптарда қолмен немесе рамкаларда қалыптау; 3) қайыс-ер бұйымдарының бөлшектері – ыстық тəсілмен матрицалардың көмегімен престе немесе қолмен қалыптау; 4) үй жəне гимнастикалық туфлилердің дайындамасы – машинада немесе арнаулы аспаптардың көмегімен қолмен айналдыру жəне қалыптау; 5) модельдік аяқ киімнің дайындамасы – машинада өкше бөлігін қалыптау; 6) былғары жəне былғары қатырма қағаз сірілер – металл шаблондар мен қысу қалыптарының көмегімен қалыптау; 7) құрастырылған былғары өкшелер – металл шаблондар мен қысу қалыптарының көмегімен қалыптау; 8) аяқ киім – өкшені орнату жəне өкше бөлігіндегі тартпа жиектің қырына анықтық беру үшін өкше бөлікті алдын ала қалыптау; 9) қолғаптар – электрмен қыздырылатын тегістеуіштерде оларға алдын ала парафин немесе машина майын жағумен қоса қалыптау; 10) былғарыдан жасалған техникалық бұйымдар (тілімшелер, белдіктер, мақта тазалау машиналарының білікшелері үшін дискілер жəне басқалар) – гидравликалық престерде жəне қолмен белгілі бір температурада бұйымдар дайындамаларына əр түрлі заттарды сіңіру жəне іріктеумен қоса қалыптау.

Параграф 4. Бөлшектер мен бұйымдарды қалыптаушы, 4-разряд 314. Жұмыс сипаттамасы: технологиялық режимге сəйкес престер мен қалыптарда бөлшектерді, бұйымдарды қалыптау; престі əзірлеу, қалыптарды іріктеу, будың қысымы мен плиталардың температурасын бақылау; қалыптарды бөлшектеу; аяқ киім жұлқысының үстіңгі бөлігін, термостатта оны қыздырумен бірге, алдын ала қалыптау; сəйкес келетін үлгі мен өлшемдегі қалыптарға аяқ киім дайындамасын кигізу; қисайтпай жəне тігістерді бүлдірмей, қалыпта дайындаманың қажетті орналасуын, дайындама материалын қажетті созуды қамтамасыз ету, дайындамаға аяқ киім қалыбының үлгісін беру, тексті қағу. 315. Білуге тиіс: бөлшектер мен бұйымдарды қалыптаудың технологиялық режимін, оны реттеу тəсілдерін, дайындамалар мен бұйымдардың, қалыптардың түрін, үлгісін, конструкциясын жəне өлшемдерін, бөлшектер мен бұйымдар жасалған материалдардың қасиеттерін, бөлшектер мен бұйымдарды қалыптауға қойылатын талаптарды, қолданылатын жарақтың түрлері мен мақсатын, қолданылатын жабдықты техникалық пайдалану ережелерін. 316. Жұмыс үлгілері: 1) аяқ киімнің үстіңгі бөлігінің термоиілімді сірісімен, қойылған ұшасты жəне сірімен бірге дайындамасы – қалыптау; 2) тартпа жəне тігу-желімдеп бекіту əдістерінсіз аяқ киім дайындамасы – қалыпта қалыптау; 3) былғары жəне былғары қатырма қағаз сірілері – жартылай автоматта жəне автоматта қалыптау; 4) тартпа жиек жəне аяқ киімнің бүйір жақ қыры-«Анклепф» машинасында қағу; 5) юфть аяқ киімі – машинада аяқ ұшы мен өкшені қалыптау; 6) былғарыдан жасалған техникалық бұйымдар (сыналар, бастырмалар, жағалар, манжеттер, қамыттар) – гидравликалық престерде немесе қолмен суда белгілі бір температурада бұйымдар дайындамаларына əр түрлі заттарды сіңіру жəне іріктеумен қоса қалыптау; 7) тубустар жəне футлярлардың басқа бөлшектері – престерде қалыптау. Параграф 5. Бөлшектер мен бұйымдарды қалыптаушы, 5-разряд 317. Жұмыс сипаттамасы: аяқ киім дайындамасын жəне былғарыдан жасалған техникалық бұйымдар бөлшектерін престерде немесе қалыптарда қалыптау; олардың пуансонға тығыз жатуын қамтамасыз етумен бірге дайындаманың тартпа əдібі мен сіріні сақтаумен қоса аяқ киімнің дайындамасын пуансонға орнату, оларды пуансонға қатысты ортаға дəлдеу; қалыпты престеу жəне гелендік бөлікті қалыптау; бір мезгілде шершеваттаумен қоса аяқ киімнің ұшы мен өкше бөліктерін, ПЛКО желісінде жасалатын аяқ киімнің өкше бөлігін (ПЛКО – аяқ киімге арналған қалып), ортопедиялық аяқ киім бөлшектерін қалыпта қалыптау, бөлшектерді тарту жəне оларды қалыпқа бекіту, бөлшектерге қажетті пішінді беру үшін қалыпта ұстау; қалыптанған бөлшектердің тұрақтылығын қамтамасыз ету; Белгілі бір температурада былғарыдан жасалған техникалық бұйымдар дайындамаларына əр түрлі заттарды сіңіру жəне іріктеу; Қалыптарды іріктеу, оларды преске орнату; будың қысымын жəне плиталардың температурасын бақылау; пресс – формаға бұйымдарды салу жəне қалыптау аяқталған соң оларды түсіру; пресс-қалыптарды бөлшектеу. 318. Білуге тиіс: бөлшектер мен бұйымдарды қалыптаудың технологиялық режимін, қалыптанатын бөлшектер мен бұйымдардың түрін, өлшемін, конструкциясын, олар жасалған материалдардың қасиеттерін, қолданылатын жабдықтың құрылысын жəне оны пайдалану ережелерін. 319. Жұмыс үлгілері: 1) былғарыдан жасалған техникалық бұйымдар (сыналар, бастырмалар, манжеттер, жағалар, тілімшелер, қайыстар, қамыттар, мақта тазалау машиналары білікшелерінің дискілері) – престержартылай автоматтарда, ыстық жəне суық штамптарда, майды қолданумен қолмен қалыптау; 2) қалыптанған түйіндер мен бөлшектерден жасалған аяқ киім – сірілер мен аяқ ұштылар қойылған дайындаманың өкше жəне ұш бөліктерін қалыптау. 44. Бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды тазалаушы Параграф 1. Бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды тазалаушы, 1-разряд 320. Жұмыс сипаттамасы: былғарыны шаңнан щеткамен, тампонмен немесе матамен қолмен тазалау, аяқ киімнің төменгі бөлігінің бөлшектерін, дайындама мен дайын аяқ киімді, қалыптарды шаңнан, ластан, желім қалдықтарынан жуу құралдарын қолданумен не оларсыз қызмет ету машинасында немесе щеткамен не болмаса шұғамен қолмен тазалау, дайын үлбір терілері мен бұйымдарын тарамай жəне қырықпай щеткалы немесе пневматикалық машинада, оның бүтіндігін сақтаумен қоса түкті жабынға тазалықты, шашыраңқылықты беру үшін шаң мен ағаш үгінділерін қағу жолымен үлбір терілері мен бұйымдарын қолмен тазалау; қызмет ету машинасында немесе инструменттің көмегімен қолмен ұлтарақтан жəне тартылған аяқ киімнің тартпа жиегінен шегені, қапсырма шегені, тарақшаларды, тексті жою, етік пен жартылай етіктің сірісінен тексті, саптама шегелердің қырларын түзулеу. 321. Білуге тиіс: былғарыны тазалау бойынша жұмыстарды орындау ережелерін, шегелерді, қапсырма шегелерді, тарақшаларды, тексті жою тəсілдерін, қолмен үлбір терілерін шаңнан қағу тəсілдерін, қолданылатын жабдықты пайдалану ережелерін. Параграф 2. Бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды тазалаушы, 2-разряд 322. Жұмыс сипаттамасы: қызмет ету машинасында немесе қолмен терілерді күдерінің түктерін көтерумен жəне шаң мен ағаш үгінділерін жоюмен, дайын үлбір терілерін ұрғылау, пневматикалық немесе щеткалық машиналарда терілерді машинаға жайылған түрінде берумен қоса тазалау жəне əр түрлі бағытта көпреттік жылжыту мен оларды өңдеу, шегелердің, винттердің, қапсырма шегелердің, шпилькалардың қайырылмаған ұштарын бүгу, кесу немесе жою жолымен ұлтарақтардың, табандардың, шолақ ұлтаншалардың, өкшелердің беттерін өңдеу; етіктер мен юфттің ішін шегелермен қағу; машинада тері тіні жағынан мехтық қағу, тегіс емес қылды қырқумен, түтумен жəне бұйымдардың түкті жабынын қолмен щеткамен тегістеп жазумен қоса мех жəне тондық қой терісі бұйымдарының түкті жабынын тазалау жəне тарау. 323. Білуге тиіс: бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды тазалау бойынша жұмыстарды орындау ережелерін, өңдеуге дейін жəне одан кейін жартылай фабрикаттар мен бұйымдарға қойылатын техникалық талаптарды, мех жəне тондық қой терісі бұйымдарының тері тіні мен түкті жабынның құрылымын, мех жəне тондық қой терісі бұйымдарының түкті жабынын тарау тəсілдерін, қызмет ету машиналарының құрылысын, оларды пайдалану ережелерін. Параграф 3. Бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды тазалаушы, 3-разряд 324. Жұмыс сипаттамасы: мотовариатормен жарақтандырылған щеткалы шаңсыздан