Page 1

Бїгінгі нґмірде: Ырыс алды – ынтымаќ

5-бет

Майданда маздаєан махаббат 7-бет Ќаржы саласындаєы ќаќтыєыс 8-бет Ќызыл алаѕдаєы парад 12-бет

№67 (28545) 14 СƏУІР СЕЙСЕНБІ 2015 ЖЫЛ

● Индустрия игілігі

Ґндірістен ґрлеген ґзгеріс Айқын НЕСІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Иран – Ќазаќстан їшін жаќын серіктес ел Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Иран Ислам Рес публикасының Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зарифті қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі. Кездесу барысында Қазақстан Президенті біздің ел Иранды жақын саяси жəне экономикалық серіктес ретінде қарастыратынын, түрлі қиындықтарға қарамастан, қарым-қатынасымыз əрдайым жақсы дамып келгенін айтты. – Мен Иранның барлық мемлекет басшыларымен өзара сенісіп жұмыс істедім. Қазіргі Президент Х.Руханимен біз өткен жылы төрт рет кездестік. Елдеріміздің арасында ынтымақтастық үшін мол əлеует бар. Ұлы Жібек жолын жаңғырту аясында көп жұмыстар атқарылуда. Қазақстаннан Парсы шығанағына баратын теміржол экономикалық байланыстарды нығайтуға үлес қосады. Сондайақ, елдеріміздің арасында Каспий теңізі бойынша да өзара ықпалдас тық жолға қойылған, сол арқылы бұл мəселе де өз шешімін табуы тиіс, – деді Мемлекет басшысы. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев М.Зарифті Иран сыртқы

саясатының жемісті жұмысы арқылы қол жеткен Лозаннада өткен келіссөздер нəтижесімен құттықтады. – Бұл мəселені шешу үшін Қазақстан да күш-жігер жұмсады. Бəлкім, əлі барлық мəселе шешілмеген болар, бірақ келіссөз қорытындысы болашақтан зор үміт күттіреді, – деді Қазақстан Президенті. М.Зариф Елбасына Иран Ислам Республикасының Президенті Х.Руханидің сəлемін жеткізді. Иран Сыртқы істер министрі, сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевқа «алтылық» елдерімен Иранның ядролық мəселесі бойынша келіссөздер өткізуге көмектескені үшін айрықша ризашылығын білдірді. М.Зариф екі ел арасындағы қарым-қатынастың деңгейі жоғары екенін атап өтті. – Қазақстан мен Иран – ортақ тарихи жəне мəдени байланыстары бар достас мемлекеттер. Елдеріміздің арасында көптеген

Елбасыныѕ апталыќ кестесі Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтетін іс-шаралар аңдатпасы туралы хабарлады.

Бүгін Мемлекет басшысы мен «Тоталь» компаниясының пре зиденті Патрик Пуянненің кездесуі жоспарланған. 16 сəуірде Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстанға мемлекеттік сапармен келетін Түрік Республикасының Президенті Реджеп Тайып Ердоғанның келіссөздері өтетін болады. Сапар аясында екі мемлекет басшыларының Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің екінші отырысына қатысуы көзделген.

Əріптестік əлеуеті жоєары

Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы Тұрақты өкілі Стивен Туллды қабылдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Қ.Тоқаев БҰҰ-мен ынтымақтастық Қазақстанның сыртқы сая сатындағы басым бағыт болып табылатынын жəне осы ерекше əрі баламасыз ұйымның 70 жылдығын лайықты мерекелеудің маңыздылығын атап өтті. С.Тулл Сенат Төрағасын БҰҰның 70 жылдығына жоспарланған шаралар туралы хабардар етіп, БҰҰ ДБ-ның Қазақстандағы қызметімен жəне 2016-2020 жылдардағы кезеңде Қазақстан мен БҰҰ арасындағы даму мақсатындағы Əріп тестіктің рамалық бағдарламасымен таныстырды. Құжат

ұлттық басымдықтар негізінде жəне елде жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар мен реформаларды қолдауды мақсат еткен БҰҰның Қазақстандағы қызметінің келешек жоспары болып табылады. Жүздесушілер, сондай-ақ, Қазақстанда БҰҰ-ның Аймақтық хабын құруға байланысты мəселелерді талқылады. Қ.Тоқаевтың пікірінше, БҰҰ жүйесінің жұмысына Қазақстанның білікті жас мамандарын тарту қажет жəне осы маңызды істе БҰҰ Даму бағдарламасы пайдалы рөл атқара алады.

халықаралық жəне өңірлік мəселелерге қатысты көзқарас жақындығы бар. Президент Х.Руханидің Қазақстанға сапарынан бері ел деріміздің сауда-экономика саласындағы өзара ықпалдастық деңгейі айтарлықтай өсті. Біз Нұрсұлтан Назарбаевтың Иранға жауап сапары экономикалық қарым-қатынастарға жаңа серпін береді деп үміттенеміз, – деді Мохаммад Джавад Зариф. Сыртқы саясат ведомствосының басшысы Қазақстан мен Иранның бірқатар салаларда ынтымақтастықты дамыту перспективалары зор екеніне тоқталды. – Бізде шикізат жəне пайдалы қазбалар транзитіне, өнеркəсіп пен жол құрылысына байланысты одан əрі ынтымақтасуға жақсы негіз бар. Иран осы жəне басқа салаларда Қазақстанмен ынтымақтастықты бұдан əрі тереңдете түсуге ниетті. Біз Қазақстанмен қарым-қатынастарымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен нығая беретініне сенімдіміз, – деді Иран Сыртқы істер министрі.

----------------------------------------Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

«Құтты қонақ келсе, қой егіз табады» деген сөз бар емес пе. Қазіргі мəнермен жеткізсек құтты инвестор келсе, игілік те бірге келеді деуге болар. Қарқаралыдан əрі қарай Дегелең тауларына ұластас кең даладағы дүбірлі еңбек екпіні арқасында жергілікті тұрғындар тұрмысында өркен жайған өзгерістерге байланысты айтып отырмыз мұны. Күні кеше ғана дағдылы шаруадан басқа іс аз, бұйығы тіршілік кешудегі өңір өмірінің қыз-қыз қайнап сала беруі соған дəлел. Бұған əсер етуші не делінгенде, үлкен өндірістің бұл жақта да жаңғырып, қиян түкпірдегі ел іші тынысын дүр сілкінтуін айтар едік. Теректі ауылы аумағынан кен қазбасы табылып, оны игеруге «Алтайполиметалл» ЖШС кірісуі жол да əкеліп, жарық та жарқыратып, жұрттың келешекке сенімін де серпілтіп, күнненкүнге жағымды жаңарулармен жалғасып, өлке шырайын жайнатып жатыр. Индустрияландыру бағдарламасына еніп, қысқа мерзімде ісін бастаған жаңа таукен комбинаты осының бəрінің басты тірегі мен берекесі. Бұған дейін санаулы үй қалып, болашағы бұлдырлау күйге ұшыраған шағын ауыл Теректіні қайтып оралушылардың өзі тануы қиын қазір. Жарыса сап түзеген 50 коттедждің қатары мұнымен шектелмейтіндігі байқалады. Кəдімгідей қалалық сəулеттік жөнжобамен салынудағы спорттық кешен, тұрмыстық қызмет көрсету үйі, дүкен, медициналық пункт, монша шамалы уақыттан соң жапан түздегі кент келбетін тіпті келістіре түсетіндігі білінеді. Серіктестіктің əлеуметтік жəне жалпы мəселелер жөніндегі директоры Азамат Мұқановтың ең алдымен айтары да тұрғындардың алаңсыз еңбек етуіне , өмір сүруіне қолайлы жағдайлар жасалу мəселесі. Атап өтілген іс-шаралар солардың бастауы болса, бұл бағытта кезең-кезеңімен атқарылар жұмыстар ауқымы кеңейе бермек көрінеді. Өйткені, сырттан

Ќаперге алар мəселелер бар Кеше Үкімет үйінде ПремьерМинистрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен білім беру саласын дамыту бойынша селекторлық мəжіліс өткізілді, деп хабарлады ПремьерМинистрдің баспасөз қызметі. Мəжіліске орталық жəне жергілікті атқарушы органдардың басшылары қатысты. Күн тəртібінде ҰБТ пішімін жетілдіру аспектілерін, білім беру мекемелерін оқулықтармен толықтай қамтамасыз ету, колледж жəне ЖООның түлектерін жұмыспен қамту мəселелері қарастырылды. Сонымен қатар, мектепке дейінгі жалпы міндетті мемлекеттік стандарттарды енгізу тетіктері жəне «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында экономика салаларына кадрларды даярлау бойынша жүзеге асырылып жатқан іс-шаралар талқыланды. Мəжіліс соңында Премьер-Министрдің орынбасары Б.Сапарбаев орталық атқарушы органдардың басшыларына жергілікті органдармен өзара байланыстың тиімділігін арттыру бойынша нақты тапсырмалар беріп, Елбасының тапсырмаларын уақтылы əрі сапалы орындау қажеттілігіне назар аударды. Əсіресе, «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру – күн тəртібінің басты мəселесі екендігі атап өтілді. «Оқу бағдарламаларын əзірлеуге жұмыс берушілер мен Ұлттық кəсіпкерлер палатасы қатысуы қажет», – деді Б. Сапарбаев. Вице-премьер 2014 жылғы ҰБТ-ның ұйымдастырылуын, оқушылардың оқулықтармен нашар қамтамасыз етілгенін жəне колледж, жоғары оқу орындары түлектерінің жұмыспен қамтамасыз етілу мəселелерін қатаң сынға алды. Б.Сапарбаев БҒМ жəне басқа да мүдделі мемлекеттік органдарға қысқа мерзімде жоғарыда аталған мəселелерді шешу бойынша кешенді шараларды қабылдау бойынша тапсырма берді.

шақырылып, тұрақтауы қиындау болушыларға қарағанда жергілікті жастарды ұжым ұйытқысы ету үшін жарасты тұрмыстық ахуал қалыптастырудың маңызы зор саналады. Қалыптасудағы негізгі күш те солар. Ауылдың жəне айналасындағы елді мекендердің 120 тұрғыны бұл күнде комбинат еңбеккерлерінің негізін құрап отыр. Бұлар алдын ала арнаулы кəсіп меңгертілген мамандар. Серіктестіктің өз ынтасымен 250 шақырымдағы Екібастұздан тікелей электр желісі тартылуы, өндіріске де, тұрмысқа да ыңғайлы шара болды. – Мен осы аймақтағы Қарағайлы кен байыту комбинатының жабылуына байланысты жұмыссыз қалып едім. Теректіден жаңа өндірістің ашылуы тілеуімізден шықты. Мамандығым инженер əрі іс тəжірибем мол болғандықтан жұмысқа қабылдану үмітім орындалды. Қазір бас механикпін. Отбасымды көшіріп алдым. Ыстық суы да, ауыз суы да үзілмейтін, жылу тартылған коттеджіміз тұрмысқа қолайлы. Мекенімізде ашылғалы отырған əлеуметтік

нысандардың біріне келіншегімнің жұмысқа орналасуына мүмкіндігі бар. Балаларымыздың оқып, тəрбие алуына еш алаңдауымыз жоқ. Осыны көріп-естуші жастардың жан-жақтан келуі көп. Ауылдық өңірге үлкен өзгеріс енгізген өндірістің дамуына лайықты үлес қосу бізге де мерей – дейді Айдар Айтбаев. Балалар демекші, оларға қамқорлық құшағы, əсіресе, кең.

Наурызда мектептің 92 оқушысының бəріне бір-бірден велосипед сыйлануы ізгі ниет көрінісі. Кешегі ауылдан бүгінде кентке айналған алыстағы Теректінің тереңге жайылған тынысы осындай. Қарағанды облысы. ––––––––––––

Суреттерді түсірген Валерий ПЕТУХОВ.

 Сақтансаң – сақтайды

ТАСЌЫНЄА – ТОСЌЫН

ќоюдыѕ тас тїйін əзірлік шаралары пысыќталып, су басуы ыќтимал елді мекендердіѕ тўрєындарын ќауіпсіз жерлерге кґшіру жолдары ќарастырылды Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Биыл қардың мол түсуі, сəуір айының күрт жылынуы жəне орташа температурасы нормадан жоғары болуы өңірде 18 елді мекенді, республикалық жəне облыстық маңыздағы 300-ге жуық жол учаскелерін су басып қалу қаупін тудырып отыр. Сергеев пен Сілеті су қоймалары лықа толып тұр. Осыған байланысты Ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко мен облыс əкімі Ерік Сұлтанов су тасқынынан зардап шегетін елді мекендерді ұшақпен аралап, апаттық құтқару жұмыстарын жүргізумен айналысатын жедел топтардың дайындығын тексерді. Вице-министр төтенше жағдайлар туа қалған жағдайда тұрғындарға барлық көмекті көрсету міндеті қойылып отырғанын, Үкімет тарапынан тиісті жағдайлар жасалғанын атап көрсетті.

 Еркін елдің ертеңі

Жанартау

Жас єалымдардыѕ ізденістері жемісті болуда Оралхан ДƏУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Елімізде Тəуелсіздіктің көк туы желбірегелі бері ғылым мен білім саласында бірқатар жетістіктерге қол жеткізілді. Бұл саланың болашаққа бағыт-бағдары айқындалды. Елбасы ғалымдармен кездескен сайын ғылымға жастарды тарту мəселесін

ұдайы көтеріп келеді. Таланттылар мен дарындылардың білім алуына, озық технологияны шешуіне мемлекет тарапынан жасалынып жатқан игі іс-шаралар аз емес. Жастар – ғылыми-техникалық жəне экономикалық прогрестің негізгі қозғаушы күші жəне қоғамның жемісті дамуының кепілі. Сондықтан да білім мен ғылымдағы қолдау негізінен жастарға бағытталған.

Теріскейдегі үш облыста құтқару топтарын күшейту мақсатымен 1500-дей кəсіби маман жұмылдырылған. 200 техника бірлігі, 50 жүзу құралдары, авариялық-құтқару автомобильдері, мотопомпалық техникалар бөлінген. Тікұшақтар аттандырылған. Төтенше жағдайлар комитетінің судан құтқару, өрт сөндіру қызметтері сақадай-сай дайындық үстінде. Ерік Сұлтанов дəрі-дəрмектің біржарым айлық қоры жасалғанын, жолдарды, бөгеттерді су шаюдың алдын алу, оқшаулау, ауылдар мен нысандарды су басуына жол бермес үшін құрылыс, инертті материалдар қоры, ыдысқаптар, жанар-жағармай қоры жасақталғанын жеткізді. Облыс аумағында орналасқан 25 гидротехникалық имараттар техникалық тексерістен өткен. Тасқынның өтуін бақылаумен 14 метеостанса мен осынша гидрологиялық қосын айналысады.

(Соңы 8-бетте).

Бұл саладағы басты мəселе – ерекше қабілетті балаларды іріктеп, олардың қабілетінің əрі қарай дамуы үшін жағдайлар жасау керек. Себебі, баланың мүмкіндігін толық ашу өзіне ғана емес, мемлекетке де қажет. Еліміздің əлемдік өркениет үлгісінде дамуы – білім беру саласында қазақтың ұлттық мектебін жасау, оқушы мен студенттердің шығармашылық қабілеттілігін арттыру мен келешекте дамыған отыз елдің қатарына ене отырып жан-жақты, ақыл-ой өрісін кемелденген жастарды тəрбиелеу мəселесін шешу қажеттігін қойып отыр.

(Соңы 12-бетте).


2

www.egemen.kz

14 сəуір 2015 жыл

Ортаќ мїдде танытылєан ќабылдау

Тиімді дамудыѕ бес ќадамы аймаќтыќ сарапшылар форумыныѕ басты арќауына айналды

Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зарифты қабылдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Қ.Тоқаев Қазақстан мен Иран өзара тиімді саяси жəне экономикалық ынтымақтастықты одан əрі дамытуға зор мүмкіндіктерге ие екенін атап өтті. Ол Иран Ислам кеңесінің Меджлисімен тығыз байланыстар орнықтыруға Сенаттың мүдделі екенін айта келіп, Иран парламентшілерін Астанаға келуге шақырды. Иран дипломаты екі ел парламенттері мен іскер топтарының арасындағы белсенді байланыстарды дамытуға Астананың ұмтылысына қолдау білдірді. «Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың Иранға жоспарланып отырған сапары біздің дос елдеріміздің арасындағы екіжақты ынтымақтастыққа жаңа серпін береді», – деді М.Зариф. Иран министрінің пікірінше, Иран жəне Қазақстан

президенттерінің ерік-жігері мен ниеті екі ел арасындағы табысты ынтымақтастықтың кепілі болып отыр. Сенат Төрағасы Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшыларының V съезіне дайындық туралы хабардар етіп, діни форумға Ислам мазхабшылары дүниежүзілік жақындасу ассамблеясының Бас хатшысы Аятолла Мохсен Аракидің қатысуына Қазақстан зор маңыз беретінін айтты. М.Зариф Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшыларының съезін шақыру туралы Мемлекет бас шысының бастамасын, сондай-ақ, Иранның ядро лық бағдарламасын реттеу жөніндегі келіссөз үдерістеріне Қазақстанның іс жүзіндегі үлесін жоғары бағалады. «Ядролық қаруды таратпау үдерісін нық ұстанған

Биылғы жылдың наурыз айында өткізілген «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды одан əрі өркендетудің бес халықтық реформасын белгілеп берді. Бес саусақтай бұл өміршең бес қадам, сонымен бірге, бес институттық реформа деп те аталады. Оның барша қазақстандықтар үшін, соның ішінде мемлекеттің жан-жақты дамуы үшін алатын орны мен рөліне ешқандай баға жетпейді. Баламасы да табыла қоюы қиын. Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан».

жəне ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан ел ретінде Қазақстан осы саладағы маңызды мемлекет болып табылады. Біздің бəріміз ядролық қарусыз əлемді көргіміз келеді», – деді Иран Сыртқы істер министрі. Қ.Тоқаев Лозаннадағы Иран

мен «алтылықтың» халықаралық мəмілегерлері қол жеткізген уағдаластықтарды Қазақстан қолдайтынын айта келіп, бұл келісімдер түпкілікті шешім шығатын сындарлы үнқатысуды одан əрі ілгерілетуге негіз болатыны туралы пікірін білдірді.

Иранныѕ бас дипломатымен жїздесті Кеше Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың Астанаға ресми сапармен келген Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зарифпен келіссөздері өтті. Тараптар екіжақты саяси, сауда-экономикалық жəне инвестициялық ынтымақтастықты тереңдету жолдарын, көпжақты институттар шеңберіндегі ықпалдастықты жəне халықаралық күн тəртібінің өзекті мəселелерін талқылады. Екі мемлекет арасындағы ынтымақтастық пен достықты нығайтуда, сонымен қатар, экономикалық жəне өңірлік ықпалдастықты кеңейтуде Иран президенті Хасан Руханидің 2014 жылы қыркүйекте Қазақстанға сапарының маңыздылығы ерекше атап өтілді. Осыған орай, Қазақстан Президентінің Иранға жауап сапарын дайындау мəселелері талқыланды. М.Зариф Иранның ядролық бағдарламасы жөніндегі көпжақты келіссөздер үдерісіндегі Қазақстанның рөлін атап өтіп, 2013 жылы келіссөздердің екі раундын өткізу барысында

Алматы алаңын бергені үшін Қазақстан басшылығына алғысын білдірді. Келіссөздер жүргізуші халықаралық топ пен Иран аталған мəселе бойынша қорытынды келісімге қол жеткізуі үшін Қазақстан, ядролық таратпау ісіне зор үлес қосқан ел ретінде, қажетті қолдау көрсетеді деп атап өтті Е. Ыдырысов. ҚР СІМ басшысы келіссөздерге мүше елдердің саяси қалауы сақталып, Иранның ядролық бағдарламасы жөнінде баршаға ортақ келісімге тиісті мерзімде қол жеткізіледі деген үмітін қайта мəлім етті. Екіжақты экономикалық ынтымақтастық туралы сөз қозғағанда, сұхбаттастар жоғары жəне жоғарғы деңгейдегі байланыстардың белсене түсуі елдердің өзара сауда айналымына зор ықпал етті деп мəлімдеді. Ол 2014 жылы 1 млрд. АҚШ доллар құрап, 2013 жылғы көрсеткіштен 1,6 есе асып түсті. Осы орайда тараптар Қазақстан – Түрікменстан – Иран теміржол магистралінің ашылуын атап өтіп, елдер арасындағы сауда айналымының одан əрі өсуіне үміт артты. Үстіміздегі жылы Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық жəне мəдени

Наурыз айының 23-інде Астанадан шыққан «Менің Қазақстаным» арнайы пойызы еліміздің солтүстігі, батысы, оңтүстігін аралап келіп, Алматыға атбасын тірегенде, Алматы жұртшылығы «Менің Қазақстаным» пойызын ақ тілекпен қарсы алды. Жарты Қазақстанды аралап келген, өз міндетін үлкен абыроймен атқарған «Менің Қазақстаным» пойызы Алматыдағы жұмысына да ықыласпен кірісті.

Алматы аќ тілекпен ќарсы алды Шарафаддин ƏМІРОВ, «Егемен Қазақстан».

Республикалық акция қаты сушыларын салтанатты түрде қарсы алу митингісі «Алма ты-2» вокзалында өтті. Жастар флэш-моб ұйымдастырса, қала басшылығының өкілдері жолаушыларға алда күтіп тұрған екі күндік жұмыстарына табыс тіледі. Пойыз Алматыға келіп тоқтаған соң, бір сағаттан кейін Қоғамдық келісім мүшелері мен Парламент Мəжілісінің депутаттары азаматтарды қабылдау жұмыстарын бастап кетті. Депутат Роман Кимнің айтуынша, бұл қабылдауға түрлі мəселелермен 5 адам келген. Олардың төртеуінің мəселесі табан астында шешілсе, біреуінің көтерген сұрағы депутаттардың атынан Президентке жолданған. Сонымен қатар, «Тұран» университетінде Білім жəне ғылым министрлігінің өкілдері мен «Кəсіпқор» холдингінің мамандары бірлесіп, студенттермен кездесу ұйымдастырды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, Skillsshop деп аталатын бұл шаралар жастардың болашақтағы карьерасын жасауға көмегін тигізеді. Бұдан басқа, Жаңа технологиялар колледжінде де шаралар өтіп, онда жұмысшы мамандықтарының бүгінгі жұмыс нарығында алатын орны, олардың маңыздылығы туралы семинарлар өткізілді. «20 игі іс-шара» акциясы аясында Радиоэлектроника əскери институтында Ардагерлер кеңесімен бірлескен шара өткізіліп, онда ардагерлерге құрмет көрсетілді. Бұдан кейін ҚХА өкілдері «Отбасылық əулет» жобасы аясында «Келет» АҚ-қа барып, ондағы заманауи жоғары технологиялық құралжабдықтармен танысты. АҚ өкілдерінің айтуынша, мұндай жоғары технологиялық құралдар ТМД елдерінде əлі жоқ. Осы жерде кəсіпкерлерге арналып семинар өткізіліп, жетекші мамандар тегін консультациялар берді. Алматылықтарды Қ.Қожамьяров

атындағы республикалық музыкалық театрында өткен «Бір ел – бір тағдыр» шарасы да қатты қызықтырды. Сонымен қатар, 28 гвардиялық-панфиловшылар атындағы алаңда ағаш отырғызу да қалалықтарды бейжай қалдырмады. Əлібек Есен құ ловтың мəлі метінше, осы екі күнде Əуезов аудандық «Халыққа қыз мет көрсету орта лығында» 30-дан астам адамға мекенжай анықтамасы беріліп, 15-тен астам азамат электронды цифр лық қол таңба алды. Аталмыш қол таңба азаматтың «Электрондық Үкімет» порталын ХҚО ғимаратына келмей-ақ, үйіндегі ғаламтор арқылы қолдануына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет алуға келген азаматтарға «Электрондық Үкімет» порталының мобильдік жүйесін жеке телефондарына орнату жолдары үйретілді. Ал Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің бас сарапшысы Нұрлан Қадырбаевтың айтуынша, Алматыға келген алғашқы күні «Менің Қазақстаным» пойызының қатысушылары Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшыларымен, штаттан тыс мамандармен, медициналық ұйым дардың бас дəрігерлерімен, меди циналық жоғары оқу орындарының өкілдерімен дөңгелек үстел өткізді. Ертесіне «Менің Қазақ ста ным» пойызының дəрігерлері Алматы қаласының медици налық ұйымдарының дəрігер лерімен бірге емханада Ұлы Отан соғысының ардагерлерін қабылдады. Акция барысында 167 адамға, оның ішінде 47 балаға меди ци налық кеңес берілді. Екі бала республикалық медициналық орталыққа жолдама алды. «Менің Қазақстаным» пойызының Алматыдағы жұмыс қоры тындысы бойынша баспасөз мəслихаты болды. Кешке Алатау мəдениет сарайында эстрада жұлдыздарының қатысуымен үлкен концерт қойылды. АЛМАТЫ.

ынты мақ тастық жөніндегі үкіметаралық комис сия сының жəне Қазақстан Ұлттық кəсіпкерлер палатасы мен Иран Саудаөнеркəсіптік палатасы арасындағы іскерлік кеңесінің кезекті отырыстары жоспарланып, экономикалық ықпалдастықтың дамуына қосымша екпін береді деп күтілуде. Сұхбаттастар, сонымен қатар, 2014 жылы қыркүйекте Астрахань қаласында өткен Кас пий маңы мемлекеттері саммитінің қорытын дылары бойынша келісімдердің орындалу жолдарын жəне 2016 жылғы Астана саммитіне дайындық жұмыстарын қарастырды. Каспий теңізінің құқықтық мəртебесі туралы конвенцияға енгізілетін өзара тиімді қағидаларды жасауда кейінгі сындарлы ықпалдастықтың маңыздылығы атап өтілді. Келіссөздер барысында халықаралық лаңкестікпен, экстремизммен, есірткі заттарының заңсыз айналымымен күрес, БҰҰ, АӨСШК, ИЫҰ, ШЫҰ, т.б. түрлі халықаралық жəне өңірлік ұйымдар шеңберінде екі ел ықпалдастығының мəселелері талқыланды. «Егемен-ақпарат».

Қысқасы, аталған реформалардың елге тигізетін пайдасы мен тиімділігі қандай болмақ? Бұл сауал Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Орал қаласында ұйымдастырған аймақтық сарапшылар форумының басты арқауына айналды. «Бес институттық реформа – елді тиімді түрде дамытудың бес қадамы» деп аталған басқосуды аталған институттың директоры Ерлан Қарин ашып сөз сөйледі. – Бұл бес институттық реформа – «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясатынан бастау алады. Сондықтан бүгінде аталған институттың жанынан құрылған сарапшылар тобы институттық реформалардың тиімділігін түсіндіру үшін тек Астана мен Алматы төңірегінде қалып қоймай, ел өңірлеріне де шығып, оның мəні мен маңызын жан-жақты саралап беруді ұйғарды, – деді бұдан кейінгі кезекте Батыс Қазақстан облысы əкімінің орынбасары Бақтияр Мəкен. Иə, еліміздің батыс қақпасында өткізіліп отырған форум осы мақсаттың іске асуының көрінісі. Сонымен бірге, бұл форумда жергілікті саясаттанушылар мен ғалымдардың жəне БАҚ басшыларының ойпікірлеріне де құлақ түруді ұйғардық. Кейін осында айтылған ойпікірлердің түйіндері негізінде тиісті ұсыныстар əзірленбек. Бұл түбегейлі іс-шаралардың президенттік сайлау үдерістерімен ешқандай байланысы жоқ. Сайлаудан кейін де институттық реформаның мəн-жайына қатысты мəселелер жалғасын таба береді, – деді форум жұмысын жүргізіп отырған Ерлан Тынымбайұлы. Форумда тиімді мемлекеттік аппаратты қалыптастырудың өзекті мəселелері туралы тереңінен

толғаған саясаттанушы Данияр Əшімбаев қазақстандық қоғамның аршынды қадаммен дамуы, яғни оның бүгінгі биік сатысы жаңа базалық сұраныстарды қажетсініп отырғанын жеткізді. Бұл құрғақ, жаттанды деректердің жиынтығы емес, тұтастай мемлекеттің ішкі жəне сыртқы дамуының үйлесімділігін қамтамасыз ете алатын мүлдем соны жаңаша сапалық тұрпаттағы технология. Бес институттық реформа – дəл осы деңгейді қалыптастыруға септігін тигізе алатын тетік. Бұл істе мемлекеттік аппарат қызметін дамытудың орны бөлек. Мұндай жағдайда мемлекеттік қызметші кəсіби менеджер сипатында көрінуі керек деп түйін жасады бұдан əрі белгілі саясаттанушы. Əріптесінің ой-пікірін одан əрі толықтырған Əділ Қаукенов бес институттық реформаны тек теориялық тұрғыдан ғана зерделеп қоймай, сонымен бірге, оны практикалық негізде іске асыруға бір кісідей жұмыла кіріскен кезде ғана тиімді нəтиже бере алатынын тұжырымдап берді. Жоғарыда айтылғандай, сарапшылардың аймақтық форумында батысқазақстандық ғалымдар мен стратегиялық даму департаментінің мамандары да орнықты ой-пікірлер айтып, алға қойылған реформалардың көкейкестілігіне тың тұрғыдан көз жүгіртті. Мысалы, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетінің профессоры Қайнар Қапанов бес институттық реформаның арғы астарына өңірлік даму өлшемі тұрғысынан да көз жүгірту қажеттілігіне тоқталды. Бұл арада орталық пен өңірлердің тығыз байланысы көптеген мəселенің кілтін қолға ұстата алады. Бізде тұрақтылық бар. Оны ешкім жоққа шығара алмайды. Сөз жоқ, бұл – өте қажетті құндылық. Сонымен бірге, осы тұрақтылық формуласы біздің

тезірек дамуымызға қызмет жасауы қажет, деді шешен. Саясаттанушы Айдос Сарым бес институттық реформа қоғамды жаңғыртудың тың-тосын мəселелерін іске асыруды қажетсінетіні туралы ой қозғаса, «Альтернатива» өзекті мəселелер орталығының директоры Андрей Чеботарев жаңғырту заңдардың ойдағыдай іске асырылуымен қоса қабат жүргізілсе – институттық реформалар да соғұрлым жақсы нəтиже беретініне форумға қатысушылардың назарын аударды. Форум қызметі барысында www. saigez.kz интернет-басылымының бас редакторы Жарқын Жұмділов пен Батыс Қазақстан облыстық «Орал өңірі» газетінің бас редакторы Бауыржан Ғұбайдуллин БАҚ-тың бүгінгі қоғамдағы орны мен рөлі туралы ой қозғап, дəстүрлі ақпараттық құралдармен бірге интернет - ресурстар мен əлеуметтік желілердің мүмкіндіктерін де кеңірек пайдалану жөнінде əңгіме өрбітті. Сонымен бірге, олар импорт алмастыру мен экономиканы əртараптандыру ісінің берері мол екеніне тоқталып, бұл мəселелерді БАҚ-та көрсету үшін кəсіби шеберлікті шыңдай түсу қажеттілігін атап көрсетті. Сондай-ақ, сарапшылар форумында сөз алған Орал қаласындағы «Арту» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Батыс Қазақстан облыстық мəслихатының хатшысы Бауыржан Тұманов əрбір қазақстандық тұтас елге, туып-өскен жерге, оның иесі менмін немесе бізбіз деген қожайындық мінез-құлықты қалыптастыра алса, мұның өзі қоғамдық бес реформаның неғұрлым тезірек іске асуына алғышарт қалай алады деп мəлімдеді. Сарапшылар форумын қорытындылаған Е.Қарин келелі жиында көтерілген көкейкесті мəселелер елеусіз, ескерусіз қалмайтынын айта келіп, осындай басқосуларды аймақтарда өткізу тəжірибесі одан əрі жалғаса беретінін жеткізді. Мұның өзі бес институттық реформаның іске асуына қажетті ел ішіндегі халық үнін кеңірек əрі көбірек ескеруге ықпал жасайтыны туралы ой түйді.

Батыс Қазақстан облысы.

Болашаќ ќуаты – жастар Еліміздің тəуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктері ауыз толтырып айтарлықтай. Міне, осы тəуелсіздік табыстарын насихаттауда жастар жағы кемшілік көріп келеді. Соның орнын толтыру мақсатында өткен жексенбіде «Astana Mall» сауда-ойын-сауық орталығында «Болашақ қуаты – жастар» шығармашылық фестивальі жəне де «Тəуелсіздік табыстары» үнқатысу алаңы ұйымдастырылды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Аталған шараны өткізудегі басты мақсат – Тəуелсіз Қазақстанның қол жеткізген табыстарын жан-жақты ашып көрсету. Соның ішінде, əсіресе, жастар үшін басымдықтар мен шығармашылық бастамалар жайы, сондай-ақ, патриотизм, бейбітшілік жəне төзімділік құндылықтарын сақтау мəселесі кеңінен сөз болды. Бұдан басқа,

екі аймақта – «ARTin» (handmade мастерлері) жəне «ArtStudio» бөлігінде суретшілер мен фотографтар өздерінің өнерлерін көпшілік қауымға ұсынып, шараның қызғылықты əрі əсерлі өтуіне өз үлестерін қосты. Жəне де жиналған қауым үшін фестиваль аясында жас əртістерден құралған өнерпаздар өз өнерлерін көрсетіп, қала тұрғындары мен қонақтарына демалыс сыйлады.

Бұл ретте, жастар өз шығармаларын жанды дауыспен шырқағандығын айта кеткен жөн. Қазақстан Жастар конгресінің баспасөз хатшысы Алмас Тоғайдың айтуынша, ісшара кішігірім мейрам кейпінде ұйымдастырылып, мақсат «Болашақ қуаты – жастар» атты фестиваль аясында демалыс пен ойласуды бір арнада тоғыстыра білу болды. Мұнда келушілер өз істерінің майталмандарымен үнқатысу алаңында жолығып, көкейінде жүрген сұрақтарын ашық қоя алады. «Мақсатымыз – жастарымызға болашақта қандай бағыт-бағдар ұстануы ке ректігі жөнінде пікір алмасу. Биыл Қазақ хандығы құры луының 550 жылдығы жəне Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы атап

өтіледі. Сол тақырыптар аясында мемлекет тарапынан қандай іс-шаралар өткізілері де сөз болады. Шығармашылық жастарды қолдау да басты назарда», – деді Алмас Бақтиярбекұлы. Ал қоғам қайраткерлері мен жастар арасындағы үнқатысу «Тəуелсіздік табыстары» тақырыбындағы ток-шоу барысында барынша ашық өтті. Шараға арнайы келіп қатысқан қонақтар мен жиналған жастар арасында жылы рəуіштегі əңгіме өрбіп, əртүрлі тақырыптар бойынша пікір алмасылды. Атап айтқанда, шараға Парламент Мəжілісінің депутаты Мейрам Бегентаев, журналист Динара Сəду, Астана қаласы Іскер жастар кеңесінің президенті Қайырболат Сахметов жəне «Адал ниет» қоғамдық қорының жетекшісі

Дальмира Бекмұхамедова қатысты. Олар өз сөздерінде жастарға өз орнын табуына барлық мүмкіндіктердің жасалып жатқандығына назар аударта келіп, тек сол мақсаттарына жету үшін көп еңбек пен тердің төгілуі қажеттігін атап көрсетті. Табысқа жетудің астарында өз кəсібіңді сүю жəне де үнемі іздене отырып, жетілдірудің жолдарын жан-жақты пысықтау да уақыт талабына айналған. Қазіргі таңда мемлекетіміз жастар үшін көптеген бағдарламалар қабылдап жатқаны мəлім. Сондықтан да алған бағыттан айнымау қажет, дейді үнқа тысуға қатысушы қоғам қайраткерлері. Ең бастысы – білім, мақсат жəне сенім адам бойынан табылуы тиіс. Сонда ғана белгілі бір жетістіктерге қол жеткізуге болады. Адамдар үшін істеген жақсылықтардың əрқашан да қайтарымы болады.

«Бірлік-Единство.kz» Облыс орталығында өткен екі күндік форум барысында Ресей, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Германия, Корея, Тəжікстан жəне Польша елдері жастар ұйымдарының өкілдері өзара достық, ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды. Мақсаты–еларалық бірлікті нығайтып, мəдени-рухани тұрғыда тəжірибе алмасу. Халықаралық жастар форумының ой түйіні де интеграциялық байланыстарды нығайту болды. Фарида БЫҚАЙ, «Егемен Қазақстан».

Осымен бесінші рет ұйымдастырылған форумға көршілес Ресей облыстарынан, сондай-ақ, Оңтүстік Корея, Польша, Беларусьтен жастар, этностық бірлестік өкілдері жиналды. Форум облыс əкімдігі, Қазақстан халқы Ассамблеясының жергілікті филиалы, Жастар саясаты мəселелері жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен өтті. Қаладағы Достық үйінде басталған шараға облыс əкімінің бірінші орынбасары Дүйсенбай Тұрғанов қатысып, форум делегаттарымен кездесті. – Биылдан бастап «Мемлекеттік жастар саясаты жөнінде» заң шеңберінде жəне мемлекеттік бағдарлама аясында жастар саясатын дамыту, жас буын өкілдеріне əлеуметтік қолдау көрсету көзделгені белгілі. Мəселен, былтыр «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы

бойынша елімізде 8 мыңға жуық жас маман жұмыспен қамтылып, ауылдардың əлеуметтік-экономикалық дамуына үлестерін қосуда. Осындай жастардың қатарында павлодарлық 566 жас маман бар, – деп атап өтті Д.Тұрғанов. Ал, «Бірлік-Единство.kz» форумының биылғы тақырыптары, алдыңғы форумдарға қарағанда, біршама өзекті болды. Өйткені, 2015 жыл – Ассамблеяның 20 жылдығы жылы Ұлы Жеңіске – 70 жыл, Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл сияқты атаулы мəнді күндерге арналып отыр. Бұл тақырып форум барысында мінбеге шыққан əрбір жасты толғандырып жүргенін көрдік. Достық, келісім мен ынтымақтың түпкілікті мəні, бүгінгі заманда бір үйдің балаларындай көрші елдер жастарымен байланысты нығайту жөнінде ұсыныстарын білдірді. Ал форумға қатысқан Мəжіліс депутаты Зухра Саяпова елдік мақсат пен бірліктің ажырамас бөлігі – татулықты сақтау

болашақта жастар мықтап ұстанатын тұғыр, берік қазық екенін, əрқайсымыз сол қазық пен тұғырды сақтау үшін қызмет жасауымыз керектігін айтты. – Біздің өңірлер сауда-экономикалық қана емес, жастар саясаты мəселесінде де бірлесіп жұмыс жасап келеді. Бірбірімізге барамыз, келеміз, араласамыз. Алтай өлкесінің жастары павлодарлық жастармен бірлесіп əлі көптеген жоспар, жобаларды жүзеге асырып, жұмыстар атқаратын болады, – деді алтайлық жастар саясаты бөлімінің бас маманы Евгений Радунцев Облыстық ҚХА жанындағы жастар бірлестігі кеңесінің басқарушысы Элина Паулидің айтуынша, 2011 жылы облыс орталығында облыстық этномəдени бірлестіктердің жастар құрылымы еліміздегі Ассамблеяның жастар бірлестігі үйлестіру кеңесінің бастамасымен алғаш рет шекаралық өңірлердің «Бірлік-Единство.kz» форумы өткізді. Форумда жастар əлеуметтікинновациялық бастамаларының көрмежəрмеңкесі, «ХХІ ғасырдың жастары: уақыт жəне өзі туралы диалог» пленарлық мəжілісі жəне заманауи жастар саясатын дамытудың көкейкесті мəселелері талқыланды. Осыдан екі жыл бұрын екі мемлекет басшыларының қатысуымен Қазақстан жəне Ресей өңіраралық ынтымақтастығының ІХ форумын өткізу қарсаңында «Бірлік- Единство.

kz» шекаралас ынтымақтастықтың екінші жастар этномəдени форумы ұйымдастырылды. Өткен жылы шекаралас ынтымақтастықтың үшінші халықаралық жастар форумы облыстағы «Черноярская жемчужина» демалыс аймағында жалғасты. Новосібірдегі Беларусь мəдени орталығының жетекшісі Анастасия Трубенкованың айтуынша, олар қазақстандық жастармен жиі кездесулер өткізеді. Қазақстан халқы Ассамблеясы біздер үшін үлгі, – дейді ол. Ал «Бірлік-Единство.kz» атты шекаралық ынтымақтастықтың жастар этномəдени форумының да мақсаты – көршілес өңірлер арасында жастардың мəдени, рухани байланысын орнату. Олар мұны өзара əріптестік турасындағы сұхбаттар арқылы «Болашақты бірге қалаймыз» атты автомотокросс, флеш-моб сынды шаралар ұйымдастырып көрсетті. Форум «Екі ел жастары: болашаққа көзқарас», «Сан алуандылықтағы бірлік» атты бағдарламалармен жалғасты. Форумға қатысушы жастар өңірдегі этномəдени бірлестіктер жұмысындағы жастардың рөлі, еліміздегі жастар саясаты заңын іске асыру тақырыбында өткен дөңгелек үстелдерге қатысты. Келесі жылғы форумға дейінгі мақсаттарды айқындады. Павлодар облысы.


3

www.egemen.kz

14 сəуір 2015 жыл

САЙЛАУ-2015

Бір єана дўрыс таѕдау бар, ол – Елбасы

Тўтынушы торына тїсуден саќтандырады

Ќўнарлы жер тапшылыєы – ґте кїрделі мəселе

Кеше Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері Оралда студент жастармен, Батыс Қазақстан машина жасау зауыты жəне «АКАС» агрофирмасы қызметкерлерімен, сондай-ақ, облыстың этномəдени бірлестіктерінің өкілдерімен кездесті.

Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат, ҚКХП Орталық комитетінің хатшысы Тұрғын Сыздықов «Защита локомотив жөндеу ДЭПО-сы» жұмысшыларымен кездесті. Кездесу барысында Тұрғын Ысқақұлы жиналғандарды өзінің сайлауалды бағдарламасының басты бағыттарымен таныстырды.

Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Əбілғазы Құсайынов «Тұран-Астана» студенттерімен жəне ұстаздарымен кездесті. Кездесу барысында Əбілғазы Құсайынов жиынға қатысушыларды экологияның қазіргі проблемаларын қозғайтын сайлауалды тұғырнамасының негізгі бағыттарымен таныстырды.

Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан».

Делегация құрамында Рес пуб ли калық қоғамдық штабтың жетекшісі Мұхтар Құл-Мұхаммед, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, ҚХА Төрағасының орынбасары Анатолий Башмаков, «Ақ жол» демо кратиялық партиясының төр ағасы Азат Перуашев, «Бірлік» партия сы ның төрағасы Серік Сұлтанғали, Қазақстан ның Азаматтық альян сы ның вице-президенті Артур Пла то нов, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, ақын Ақұш тап Бақты гереева, спорт ардагері Əмин Тұяқов жəне басқалар болды. Түске дейін Республикалық қоғамдық штаб мүшелері Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы («БҚМК» АҚ) зауытының жұмысшыларымен жүздесті. Кездесу барысында кəсіпорын жұмысшылары Индустрияландыру бағдарламасының арқасында компанияның басқа да қазақстандық зауыттардай, серпінді қарқынмен дамып келе жатқанына тоқталды. «БҚМК» АҚ еңбеккерлері Нұрсұлтан Назарбаев басшылық жасаған жылдарда Қазақстан индустрияландыруды дамытуда зор нəтижелерге қол жеткізді деп санайды. Жаңа инновацияларды енгізу, өндірістерді жаңғыртудың бəрі де Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп келе жатқан саясатының арқасында» мүмкін болғанына сенімді. «Біздің Президентіміздің есімі Қазақстанның игілігімен жəне тұрақтылығымен тығыз байланысты. Қарапайым халыққа, бірінші кезекте, елдің бейбітшілігі мен тыныштығы, жұмыс пен басында баспанасының болғаны маңызды. Осының бəрі де Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында бізде бар», – деді «БҚМК» АҚ қызметкері Татьяна Пантелеева. Республикалық қоғамдық штаб мүшелерінің келесі барған жері облыстағы ірі жоғары оқу орындарының

бірі – Жəңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техника лық университеті болды. Университет жылына агроөнеркəсіп саласы бойынша 5000 маман дайындайды. «Сапалы білім мен жастарды қолдау барлық уақытта да Мемлекет басшысының басты назарында. Ондаған мыңнан астам қазақстандықтың шетелдердің жетекші оқу орындарында білім алуына мүмкіндік берген, Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке бастамасымен құрылған «Болашақ» халықаралық шəкіртақылық бағдарламасы осының жарқын мысалы болып табылады. Сондықтан да Қазақстан жастары Нұрсұлтан Назарбаевты қолдайды!», – деп атап өтті Батыс Қазақстан агротехникалық университеті экономика факультетінің түлегі Зəмзəгүл Сұлтанова. Түстен кейін Республикалық қоғамдық штаб мүшелері «АКАС» агро фир масы тауарлы-сүт фермасының жұмыскерлерімен кездесті. «Біздің Президент үнемі еңбекші халықтың Қазақстанда жұмыссыз қалмайтынын айтумен келеді. Елбасы – біздің асқар таудай қорғанымыз. Сондықтан да біз оған сенеміз жəне сайлауда Нұрсұлтан Əбішұлына дауыс береміз!», – деді ферма қызметкері Əлия Жұмашева. Республикалық қоғамдық штаб мүшелері, сондай-ақ, облыстағы этномəдени бірлестіктердің өкілдерімен жүздесті. Өңірде бейбіт пен келісімде 90-нан астам этностың өкілдері өмір сүруде, 48 этномəдени бірлестік өз қызметін жүргізуде. ҚХА мүшелері Қазақстан жеріндегі бейбітшілік пен келісімді нығайтудағы Елбасының баға жетпес рөлін ерекше атады. Олар Елбасын өздерінің негізгі тірегі санайды жəне 26 сəуірде барша қазақстандықтарды жалғыз дұрыс таңдау – бейбітшілік, бірлік, тұрақтылық жəне өсіп-өркендеу үшін, яғни Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевқа дауыс беруге шақырады. Батыс Қазақстан облысы.

Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан».

Кездесу кезінде президенттікке кандидат батыстық стандарттар мен тұтынушылық мəдениеттің теріс ықпалына тоқталып өтті. «Бүгін буындары қатып үлгермеген əлемнің барлық жастары батыстық киімдерді киеді, шетел əуендерін тыңдайды, голливудтық фильмдерді жəне сериалдарды көреді. Мұның барлығы – жай бос уақыт өткізу емес, бұл – тұтыну мəдениетінің жалпыға бірдей таралу үрдісі. Дəстүрлі адами құндылықтарды насихаттауды жоққа шығарып, жат үлгілер мен өмірлік шарттарды көзсіз көшіру адамилықтан ауытқуға, жекелей енжарлыққа, жалпы материализм мен азаматтық немқұрайдылыққа əкеледі», – деп атап өтті кездесуде Тұрғын Сыздықов. Президенттікке кандидаттың ойынша, жаппай интернет арқылы таратылып отырған батыстық өмір мəнінде қатыгездік, енжарлық, немқұрайдылық, іс-əрекетке деген жауапсыздық белгілері жатыр. Мұндай жаппай шектеусіз өмірлік қағидаттар кез келген ұлттың құлдырауына алып келеді. Стандарттар мен тұтынушылық мəдениеттің теріс ықпалы «өз жемісін» беруде: Батыста туу көрсет кішінің төмендеп, дəстүрлі неке институттарының күйреуі нəпсілік жəне рухани тəрбиедегі жүгенсіздік, жауапсыздық пен немқұрайдылықтың салдары болып табылады. Жастар өздеріне отбасылық міндеттерді алғылары келмейді, өз істеріне жауапкершілікпен қарамайды, нақты азаматтық ұстанымдары жоқ. «Батыс сəн үлгісінің ең қауіпті көріністері – компьютерлік ойындар, фильм-блокбастерлер, сапасыз əдебиет арқылы кең таралған зорлық-зомбылық, қаталдық культтері. Шектеулі тұтынушылыққа тəрбиелейтін жаппай зорлықзомбылық насихаты жастарды өз торына түсіріп, ақыл-есінен, адамгершілік қасиеттерінен айыруда. Сол арқылы адам өмірі құнсызданып барады. Əрбір екінші батыстық фильмнің, бейнеклип немесе əуеннің астарында қатыгездік,

Байќаудыѕ маќсаты – саяси науќанды насихаттау «26 сəуірде өтетін Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидаттарды ел арасында насихаттау бағытында «Сенің даусың – сенің болашағың» атты əлеуметтік желіде республикалық байқау ұйымдастырылған еді. Бүгінде бұл республикалық байқауға 530 жұмыс келіп түсті. Ғаламтор желісі арқылы 17 наурыз күні басталған конкурс 15 сəуірге дейін жалғасатын болады». Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Қазақстан Президенті жа нындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ұйымдастырылған брифинг барысында қазылар алқасының төрағасы, Қазақстан Суретшілер одағының төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Байтұрсын Өмірбеков осылай деді. Бұл бастаманың басы-қасында жүрген азаматтар ең алдымен, аталған байқау арқылы 2015 жылғы саяси науқан кезінде сайлаушылардың белсенділігін арттыру мен азаматтық қоғамның бірегей құқықтық санасын қалыптастыруды көздеген екен. Ұсынылған жұмыстарға ғаламтор пайдаланушылары баға береді. Сол таңдаудан кейін қазылар алқасы ең көп дауыс жинаған үздіктерді анықтайды. «Қазіргі таңда бізге 530 жұ мыс

келіп түсті. Бұл бəрімізді айрықша таңғалдырып отыр. Жалпы, байқау өте сəтті жəне жоғары деңгейде өтіп жатыр. Себебі, біздің қолымызда көптеген қызықты жұмыс бар. Олар түрлі жанрда көрініс тапқан. Жұмыстардың барлығы

кəсіби тұрғыда əзірленген. Президенттік сайлау – халық пен мемлекеттің болашағы. Сондықтан, ол туралы əр адам өз ойын білдіре алады. Ал байқауға еліміздің əр аймағында тұратын кез келген азаматтың қатысатындай мүмкіндігі бар», – дейді Б.Өмірбеков. Оның айтуынша, байқауға қатысуға ниет танытқан аза мат тар дың басым көпшілігі 18-29 жастағы азаматтар екен. Ал бұл шараға ең жас қатысушының жасы – 14-те. Қазіргі таңда, конкурс жұмыстары еліміздің түкпір-түкпірінен – шағын ауылдар мен үлкен қалалардан келіп жатқан көрінеді. «Жұмыстардың көбін Алматы, Ақмола жəне Батыс Қазақстан облыстарының азаматтары жіберуде. Жұмыстарды қабылдау 15 сəуірде аяқталады. Бұдан кейін, яғни 20 сəуірде қазылар алқасы ең сəтті дүниелерді таңдап алатын болады. 20 сəуір күні жеңімпаздарды марапаттау рəсімі өтеді», – деді қазылар алқасының төрағасы. Байқау «Sailau2015.el.kz» арнайы тұғырнамасы жəне «EL.kz» əлеуметтік желісінің аясында өтуде. Бүгінде «EL. kz» порталына 190 мыңға тарта азамат тіркеліпті. АСТАНА.

енжарлық, немқұрайдылық, іс-əрекетке деген жауапсыздық белгілері жатыр», – деді Т.Сыздықов. ҚКХП жетекшісінің сөзіне қарағанда, батыстық өндірушілердің басты мақсаты – есірткі тəрізді, теріс эмоцияларды сыртқа шығарып, бойға адреналин сыйлайтын өнімдерге адамды тəуелді ету арқылы оларды көптеп сату. Сонымен қатар, батыс жастары отбасылық құндылықтар, дəстүр, бірізділік, үлкендерді құрметтеу, отансүйгіштік сияқты адамгершілік қасиеттерге мүлдем жат тұтынушылық стандарттарымен өмір сүріп жатыр. Мұндай қоғамда өмір сүрген адамдардың өмірлік қағидаттары – жалқаулық жəне материалдық ашкөздік, толық моральдық жауапсыздық. Батыстық өркениет елдері ақылес пен генетикалық аурулар бойынша жəне ғаламдық семіздік рейтингінде көш бастап келеді. Осылайша, олар өздерінің тегін жоғалтуда. Бұған дұрыс өмір сүру салтын ұстанбай, фастфуд тағамдарын жəне басқа да түрлі генді-модификациялық өнімдерді тұтынулары себеп. «Мықты моральдық негізі, түп тамыры, ұлттық санасы, қандай да бір діни ұстанымдары мен ұлттық рухани идеялары болмаса, ол елдің болашағы да жоқ. Мемлекеттің басты байлығы – оның адамдары. Саламатты, зайырлы ұлт қағидаттары адамдарға нəресте шағынан сіңдірілуі керек. Балалар тек қана пайдалы тағамдармен қоректеніп, денешынықтырумен айналысып, сезім, сыйластық жəне құрмет сияқты отбасылық құндылықтарды танып өсуі керек. Жастар дəстүрлі құндылықтар мен қоғамдық идеалдарды танып өскенде ғана батыстық мəдениеттің ықпалынан құтылады», – деп аяқтады сөзін Тұрғын Сыздықов. Одан əрі сөзді облыстық сайлауалды штабтың жетекшісі Ш.Байдəулетов алды. Ол қатысушыларға сайлауалды науқан кезіндегі үгіт-насихат жəне ісшаралар туралы айтып берді. ӨСКЕМЕН.

Əлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Ə.Құсайынов жиылған жұртқа тіршіліктің «жасыл» векторының ғылыми негіздемесі туралы, оның ішінде қоғамды кезең-кезеңмен экологияландырудың қандай күрделі əрі өзекті міндет болып табылатыны туралы əңгімелеп берді. Бұл – дамудың алдағы жоспарын мұқият зерттеу арқылы ғана қол жеткізуге болатын жаһандық мақсат, деді ол. Президенттікке кандидаттың айтуынша, əлемдік экологиялық мəселелерге тиісті деңгейде назар бөлінбеуі оның маңыздылығын түсінуде кедергі болып отыр. «Экология – адамзат тіршілігінің маңызды факторы. Біздің айналамыздағының бəрі – табиғат, біздің өмір сүріп жатқан ортақ əлеміміз. Технология ілгері дамыған сайын, «жасыл» орта осалданып барады. Бүгінде, бір адамды азық-түлікпен қамтамасыз етуге қажетті жердің көлемі, əлем бойынша, 21,9 гектарға тең. Ал Жер шарының биологиялық мүмкіндігі 15,7 гектарды ғана құрайды. Яғни, өздеріңіз байқағандай, Жерді мекендейтін 7 миллиард адамның əрбіреуін таза, ластанбаған, құнарлы жермен қамту үшін кем дегенде 6,2 гектар жетіспейді. Бұл – өте күрделі мəселе», – деді Ə.Құсайынов. Кездесу барысында кандидат, сондай-ақ, əлем бойынша бірегей табиғи кеңістіктердің күрт азайып бара жатқанын сөз етті. Мысалы, Жер шарындағы халқы көп аймақтарда жаһандық экожүйенің маңызды бөлшегі – батпақты жерлердің 90 пайызы мүлде жойылған. «Экология – біздің ортақ үйіміз, ғаламшарымыз туралы ғылым. Ғаламшарымыз жалғыз, сондықтан оны көзіміздің қарашығындай сақтауымыз керек. Бұл туралы мектеп қабырғасынан бері айтылып келеді, бірақ нақты іске келгенде мəселенің өзектілігі жойылар емес. Мысалға, жаһандық жылыну проблемасын алайық. ХХ ғасырдан бері ауаның орташа температурасы 0,74 градусқа көтерілді. Мұның үштен екі бөлігі соңғы отыз жылға тиесілі.

Тұрақты температуралық көрсеткіш ғасырлар бойы сақталып келген табиғат үшін бұл үлкен өзгеріс», – деді Əбілғазы Құсайынов. Кандидаттың келтірген мəліметі бойынша, ХІХ ғасырдың соңынан бері əрбір жаңа онжылдық алдыңғысына қарағанда жылырақ. Бұл – ғылыми қауымдастықтар мойындап отырған жалпыға аян ақпарат, бірақ халықаралық деңгейде оған тиісті жауап табылмай отырғаны өкінтеді, дейді ол. Көптеген елдерде жасыл технология өндіріске енгізілмей келеді, тіпті, оны жатырқап отырғандар қаншама. Табиғи ресурстар кешенін біріктіретін ортақ термин – экологияны күйзеліске ұшыратқан мұндай күрделі жағдай амалсыз ертеңгі күнің жайлы алаңдауға мəжбүрлейді. Студенттермен жəне ұстаздармен кездесу кезінде президенттікке кандидаттың сайлауалды штабының жетекшісі Рүстем Жоламан да экологиялық тақырыптың өзектілігіне тоқталды. «Біздің заманымызда экология – шектеулі тіршілік көзі. Негізінен, оның шектеулі екені бұған дейін де белгілі болатын, бірақ, шексіз көрінген шикізат қорының азаюы күн тəртібіндегі күрделі мəселеге айналды. Сондықтан да біз халықты экология ғылымдарының негізгі бағыттарымен таныстырып, аталған мəселеге мұқият көңіл бөлуге шақырамыз. Жасыл вектор үнемі таза ауа, құнарлы жер, ауыз су көздері мен Жер шарының атмосферасы сынды ең маңызды табиғат қорларының тапшылығы туралы өзекті мəселелерді меңзейді», – деді Р.Жоламан. Кездесу соңында Əбілғазы Құсайынов экологиялық күн тəртібінің өзектілігіне тағы бір тоқталып, қала жұртшылығын жаһандық экологиялық мəселелерге көңіл бөлуге шақырды. «Табиғат – адамзаттың басты байлығы. Оны қастерлеп, жанашырлық танытып отыруымыз керек, ол – əр адамның, əрқайсымыздың басты міндетіміз», – деп қорытты өзінің сөзін Ə.Құсайынов. АСТАНА.

Даусыѕды бер, Ќазаќстан! Айбар болар алашқа таусылмайды ер, Намыс оты лапылдап, жансын жігер. Көк байрақтың астында табысуға, Ата қазақ, жұмылып даусыңды бер. Халқыма айтатұғын назым өткей, Соқпағында саясат жазым етпей. Даусыңды бер еріңе, билік құр деп Əйтеке мен Төлеби, Қазыбектей! Терезеңнің дауыс бер теңдігіне, Керегеңнің дауыс бер кеңдігіне.

Даусыңды бер, тəуелсіз Қазақстан Еңсең түспес егемен елдігіңе! Күтер болсаң арайлы таңды асыға, Адам тауып ұнаған өз басыңа, Даусыңды бер айбарлы Əнұранға, Даусыңды бер еліңнің таңбасына! Ортағында ауа, су, Отан көпке, Отанына болмасын ботаңда өкпе. Даусыңды бер, ағайын, Абайыңа, Қасымыңа, Мағжан мен Махамбетке.

Маңғаз елім, мезгілсіз мазалатпа, Жайсаңыңды отырғыз ғажап отқа. Бақытыңның байрағын желбіретсін Даусыңды бер намыскер азаматқа! Болды ма ақын берместі сұрағандай, Ер таппайсың мемлекет құрағандай. Өзгеге емес, өзіңе, Қазақстан, Өзіңе бер даусыңды – бір адамдай! Жүрсін ЕРМАН.

АЛМАТЫ.

Заѕдылыќтыѕ саќталуына – ќоєамдыќ баќылау Конституциялық Кеңестің Төрағасы Игорь Рогов «Қазақстан Республикасының Президентін сайлауда конституциялық заңдылықтың сақталуына қоғамдық бақылау» атты дөңгелек үстел жұмысына қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Бұл іс-шараны Д.А.Қонаев атындағы Көлік жəне құқық гуманитарлық универси те ті мен «Заңгерлер əділ сайлау үшін» РҚБ бірлесіп ұйымдастырды. Дөңгелек үстел аясында Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Қазақстанның жоғары білім беру

жүйесінің ұзақ жыл еңбек сі ңірген қызметкерлері Зайырқан Əшитов пен Аркадий Агушевичті мадақтау рəсімі өтті. Конституциялық Кеңестің Төрағасы Игорь Рогов ардагерлерді Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығымен

құттықтай отырып, З.Əшитов пен А.Агушевичке Алғыс хат табыс етті, сондай-ақ, А.Агушевичті Конституциялық Кеңестің ведомстволық наградасы – «Конституциялық заңдылықты нығайтуға қосқан үлесі үшін» медалімен марапаттады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің баспасөз қызметі. АЛМАТЫ.


4

www.egemen.kz

14 сəуір 2015 жыл

Ќазаќстанныѕ болашаєы – Сайлаушы ґз ќўќын білуі тиіс ќазаќ тілінде

САЙЛАУ-2015

Азаматтардың сайлаушылар тізімімен танысуы жəне есептен шығару куəліктері берілетін жағдайлар туралы біз Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ма рат Сəр сем баев пен əңгімелескен кезде егжей-тегжейлі сұраған едік.

– Азаматты сайлаушылар тізіміне қосу үшін негіздеме болып табылатын не? – «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі №2464 Консти туциялық заңның 24-бабы 3-тармағына сəйкес, тиісті сайлау учаскесінде азаматты сайлаушылар тізіміне енгізу үшін «оның осы сайлау учаскесінің аумағында тұрғылықты жері бойынша тіркелу фактісі» негіз болып табылады. – Қай мемлекеттік орган сайлаушылар тізімін жасайды? – Сайлаушылар тізімін құзыретіне тұрғындарды есепке алуды жүзеге асыру кіретін органдар (ішкі істер) ұсынатын мəліметтердің негізінде жергілікті əкімдік жасайды. – Сайлаушылар тізімі қалай жасалады? – Сайлаушылар тізімі, əдетте, əліпби тəртібімен жасалады. Тізім сайлаушының тегі, аты, əкесінің аты, туған жылы (егер сайлаушы 18 жаста болса, онда оның туған кезін – күні мен айын көрсету қажет), сондай-ақ, сайлаушының тұрғылықты жерінің мекенжайы көрсетілетін бірқатар бағандардан тұрады. – Сайлаушылар тізімдері тиісті сайлау комиссиясына қалай беріледі? – Əрбір учаске бойынша сайлаушылар тізіміне жергілікті əкім қол қояды, содан кейін қабылдаутапсыру актісі бойынша аталған тізім учаскелік сайлау комиссиясына беріледі. Бұл ретте, осылайша берілген акт қатаң түрде сайлау күніне 20 күн қалғанда тапсырылуы тиіс. Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдары «сайлаушылар тізімдерінің, сондай-ақ, тиісті

сайлау комиссиялары ұсынған сайлаушылар туралы деректердің дұрыстығы үшін жауапты болатынын» назарға алған жөн (Сайлау туралы Заңның 24-бабы 5-тармағы). – Күндізгі оқу бөлімінің студенттері, магистранттар, докторанттар, əскери қызметшілер қандай тізімдерге енгізілуі тиіс? – Күндізгі оқу бөлімінің студенттері, магистранттар, докторанттар сайлаушылар тізіміне жатақханалардың орналасқан жері бойынша енгізілуі тиіс. Əскери бөлімдердегі əскери қызметшілердің, сондай-ақ, əскери бөлімдер орналасқан жерлерде тұ ратын олардың отбасылары мүшелері мен басқа да сайлаушылардың санынан тұратын сайлаушылар тізімі əскери бөлімдердің командирлері берген мəліметтер негізінде жасалады. Бұл ретте, əскери бөлімдерден тыс тұ ратын əскери қызметшілер сайлаушылар тізіміне ортақ негіздерде енгізілетінін назарға алған жөн. – Сайлау кезеңінде демалыс үйлерінде, емдеу мекеме лерінде, қатынасу қиын аудандарда, тергеу изоляторларында,

жолаушылар жəне команда мүшелері ретінде Қазақ стан Республикасының теңіз кемелерінде, шет мемлекеттердегі Қазақстанның өкілдіктері жанында, əдеттегіден тыс жағдайларда өзге жерлерде болатын адамдар қалай дауыс береді? – Сіз санамалаған жəне өзге де ұқсас жағдайлар заңда көзделген. «Сайлау туралы» Заңның 24бабы 8-тармағында Қазақстан Республикасы азаматының сайлау кезеңінде болуы мүмкін барлық жағдайлар қамтылған жəне оларды былайша шешуді ұсынады: «Демалыс үйлерiнде, санаторийлерде, тұрақты емдеу-профилактикалық мекемелерiнде, шалғайдағы жəне қатынасу қиын аудандарда орналасқан азаматтар тұратын мекендерде, алыс мал шаруашылығы учаскелерiнде, тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторларында, сондайақ, шет мемлекеттердегi Қазақстан Республикасының өкiлдiктерi жанынан, Қазақстан Республикасына қарайтын жəне дауыс беретiн күнi жүзуде жүрген кемелерде құрылған сайлау учаскелерi бойынша сайлаушылардың тiзiмдерi аталған мекемелердiң басшылары, тиiстi əкiмдер, өкiлдiктер басшылары мен кеме капитандары берген деректер негiзiнде жасалады». Көріп отырғанымыздай, мəліметтерінің негізінде сайлаушылар тізімдері жасалатын жауапты лауазымды адамдардың шеңбері едəуір кеңеюде. Олар сайлаушылар тізімдері үшін тапсырған деректердің дұрыстығы үшін заңда көзделгендей жауапты болады. Осы мекемелер адамдарының контингенті күн сайын өзгеруі мүмкін екеніне сүйене отырып, заңда осындай учаскелердегі сайлаушылар тізімдері «дауыс берiлетiн күннің алдындағы күндегі жағдай бойынша мiндеттi түрде нақтылануға тиiс» деген ереже бекітілген. Осындай сайлау учаскелерінің саны біздің елде жəне шетелдерде – 571. 571

сайлау учаскесінің құрамында Қазақстан Республикасының тиісті шет мемлекеттердегі дипломатиялық, консулдық жəне өзге өкілдіктердің жанында құрылған 65 сайлау учаскесі бар. Сайлаушылар тізіміне осы учаскелер бойынша не тұратын, не ұзақ шетелдік іссапарда (жұмыс істеп, оқып, ем алып, дем алып жатқан) жүрген барлық қазақстандық азаматтар енгізіледі. Мұндай сайлау учаскесінде сайлаушылар тізіміне енгізу үшін Қазақстан Республикасы азаматының паспортын көрсету жеткілікті. – Енді ел ішіндегі біздің сайлаушыларға оралай ық. Азамат тарды сайлаушы лар дың тізі мімен таныстыру тəртібі қандай? – «Сайлау туралы» Заңның 26-бабына сəйкес, азаматтар өз сайлау учаскесінде сайлаушылар тiзiмдерiмен дауыс беретiн күнге 15 күн қалғанда таныса алады. Қазіргі тізіммен таныстыру 2015 жылғы 10 сəуірден басталады жəне 26 сəуірге дейін жалғасады. Азаматтар тізімдермен сайлау комиссияларының үйжайларында танысады. Олар тiзiмдерiндегi аты-жөні мен əкесінің аты туралы, сондай-ақ, өзi туралы деректердi тексеруге құқылы. Егер де өздерін сайлаушылар тiзiмінен таба алмаса, сондай-ақ, тiзiмдердегi өздері туралы деректерде жаңсақтық болса, олар нақты бұзушылық туралы арыз беруге құқылы, бұл арыз тиiстi сайлау комиссиясына келiп түскен күнi қаралуға тиіс. Сайлау комиссиясы теріс шешім қабылдауы да мүмкін. Бұл жағдайда сайлау комиссиясы арызданушыға оның арызының мақұлданбағаны туралы дəлелдi шешiмін бередi. Шешiмге сайлау комиссиясы тұрған жер бойынша тиiстi сотқа шағым жасауға болады. Сот шағымды ол келіп түскен күні қарап, түпкiлiктi шешiм қабылдауға тиіс. Шешім арызданушының пайдасына қабылданған жағдайда, сайлау

комиссиясы сайлаушылар тiзiмiне түзету енгізеді немесе енгiзiлмеген сайлаушыны тiзiмге кіргiзудi дереу жүргiзедi. – Енді есептен шығару куəлігі туралы нақты айта кетсеңіз. Ол не үшін қажет? – «Сайлау туралы» Заңның 41-бабына сəйкес, есептен шығару куəліктері азаматқа дауысын оның тұрғылықты жері бойынша емес, дауыс беретін күні оның уақытша келген орны бойынша беруіне мүмкіндік туғызатын құжат болып табылады. Есептен шығару куəлігі «жалпы жұрттың танысуы үшін сайлаушылар тiзiмдерiн ұсыну мен сайлау күні арасындағы кезеңде учаскелiк сайлау комиссиясы сайлаушының өтініші бойынша жəне ол жеке басын куəландыратын құжатты көрсеткен кезде сайлаушыға табыс етіледi». Біздің жағдайда сайлаушы есептен шығару куəлігін 2015 жылғы 10 сəуірден бастап 25 сəуірдің сағат 18-ге дейінгі кезеңінде ала алады. Сайлау учаскесінде сайлаушының тұрғылықты жері бойынша тізіміне оның тегінің тұсына есептен шығару куəлігінің берілгені туралы белгі қойылады. Осы куəлікті сайлаушы дауыс беретін күнi өзінің келген орны бойынша учаскелік сайлау комиссиясына көрсетеді, бұл оны осы учаске бойынша сайлаушылар тізіміне енгізу үшін жəне оның дауыс беру құқығын іске асыру үшін негіз болып табылады. – Есептен шығару куəліктері берілмейтін жағдайлар бола ма? – Иə, ондай болуы мүмкін. «Сайлау туралы» Заңның 41-бабында есептен шығару куəлігі бір елді мекеннің шегіндегі басқа сайлау округінде немесе басқа сайлау учаскесінде дауыс беруге қатысқысы келетін сай лаушыларға берілмейді делінген. Əңгімелескен Самат МҰСА, «Егемен Қазақстан».

 Өңір өмірі

Жамбыл жері энергия ґндіруде еѕ алдыѕєы орында

Їлгі тўтар тыѕ ќадам Нұрбол ƏЛДІБАЕВ,

«Егемен Қазақстан».

Оралхан ДƏУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Жасыратыны жоқ, бұрын көлік айдаушылар Қордайдың асуынан қорқақорқа асатын. Бірнеше жыл бұрын жаңа жол салынып, одан «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дəлізі пайдалануға беріліп, қазір Қордай асуынан қалай өткеніңді де білмей қаласың. Асудан өтіп, Алматыға жол тартып бара жатсаңыз, Мұзбел жазығы тұсында жел электр стансалары бірден көзіңізге шалынады. Бір көштік жерден төбесі көрінетін бұл биік қондырғыларды «Vista International» ЖШС орнатқан. ЭКСПО2017-ге дайындық аясында осы компания Қордайда қуаты 21 МВт-ны құрайтын жел электр стансасын салуда. Бұған дейін олар қуаты 9 МВт-ны құрайтын Германияда шығарылған 9 жел генераторының бірінші кезеңін аяқтады. 12 жел генераторын салу арқылы жобалық қуатына шығу 2015 жылдың 3-ші тоқсанында жүзеге асады. Осы жылдың ақпан айында Индустрияландыру күні аясында өткен жалпыұлттық телекөпір барысында Елбасы Н. Назарбаев: «Қазіргі уақытта Жамбыл облысы жел энергетикасын орнатуда алдыңғы орындардың бірінде деуге болады. Бұл тəжірибені барлық жерде дамыту қажет. Еңбектеріңізге рахмет!» – деген болатын. Шынында, Жамбыл облысы баламалы

энергия көздерін дамытуда жəне оны пайдалануда республика бойынша алдыңғы орында келеді. Аймақта осы сала бойынша 12 инвестициялық жоба əзірленуде. Енді міне, ел картасында жалпағынан жатқан Жамбыл облысының батысындағы қақпасы – Жуалы ауданында «Burnoe Solar-1» ЖШС күн электр стансасын салуды қолға алды. Баламалы энергия көздерін пайдаланатын бұл нысан Орталық Азиядағы қуаттылығы 50 мегаватт болатын алғашқы күн электр стансасы болып табылады. Құрылыс жұмыстарына Еуропадан мамандар тартылған. Жобаның жалпы құны 23,5 миллиард теңгені құрап отыр, бүгінде оның 18 миллиардқа жуығы игеріліпті. Нысанда 250 адам тұрақты жұ мыспен қамтылған. Мұнда 192 мың энергия өндіретін күн панельдері қолданылады. «Burnoe Solar-1» ЖШС директоры Нұрлан Қапеновтің айтуына қарағанда, жыл аяғына дейін стансаның қуатын 100 мегаваттқа дейін ұлғайту жоспары бар. Бұл 30 мың ауланы жарықпен қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп, осы өңірдегі электр энергиясына деген тапшылықтың болмауына оң əсерін тигізетіні сөзсіз. Жамбыл облысы. ––––––––––––––

Суретті түсірген Ақəділ РЫСМАХАН.

Мемлекеттік саясатқа сай əлемдегі өркениетті, дамыған 30 елдің қатарынан орын алудың бір жолы мектеп түлектері жоғары оқу орындарына оқуға түсіп білім алуларына мүмкіндік жасау болып саналады. Бұл ретте Алматы облысының əкімі Амандық Баталовтың тағы бір тың қадамы үлгі тұтуға тұрарлық. Өңір басшысы республикамызда бірінші болып еліміздің ең беделді 10 ұлттық жоғары оқу орындарының ректорларымен жəне «Хэлибэри Алматы» мектебінің директорымен Талдықорғанда кездесу өткізіп, «Өзара ынтымақтастық туралы» келісімге қол қойды. Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақ ұлттық аграрлық университеті, С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті, Қ.Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Қазақ ұлттық өнер университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің басшылығымен келісім нəтижесінде ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жəне аз қамтылған отбасынан шыққан орта мектептерді бітіруші 90 түлектің аталған жоғары оқу орындарында өңірімізге қажетті мамандықтар бойынша алаңсыз білім алып шығуына жағдай жасалатын болды. Сол сияқты «Хэлибэри Алматы» мектебіне де кəсіпкерлердің есебінен 10 оқушыны тегін оқыту, шəкірт мектепті аяқтағанша оның ата-анасының

Алматы қаласында тұруына жағдай жасау да қарастырылды. «Осы оқушылар күні ертең жоғары оқу орындарын бітірген соң «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасының игілігін көріп, облысымыздың өркендеуіне атсалысады деп ойлаймын. Жас мамандарды жұмыспен, тұрғын үймен, басқа да қолдау шараларымен қамтамасыз етуге жағдай жасаймыз. Негізі, бұл қадам Елбасының бастаған өнегелі жұмысының бірі – «Болашақ» бағдарламасы секілді өз жемісін берсе, нұр үстіне нұр болар еді», – деді Алматы облысының əкімі Амандық Баталов. Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры, Қазақстанның Еңбек Ері Айман Мұсақожаева Жетісу жерінің өнер тарландарына, қайраткерлерге бай екенін айта келе, бұл тегін оқу сертификаттары Жетісу жерінің жаңа жұлдыздарын жарқырататын, жаңа есімдерді дүниеге əкелетін үлкен мүмкіндік болады деген сенімін білдірді. Өз кезегінде басқа ректорлар да салиқалы сөздерін əкімнің бастамасы шынымен де республикамыздағы алғашқы тың қадам екенінен бастап, ой бөлісіп, білікті маман дайындауға оқу орындарында барлық жағдай жасалып отырғанын жеткізді. Нақтылы істі көрсеткен кездесуде облыс əкімі мен жоғары оқу орындарының ректорлары екіжақты келісімге қол қойысып, 90 білім грантын иеленген түлектерге ректорлар өз қолдарымен сертификаттар табыс етті. Кездесу соңында ректорлар мен болашақ грант иелері Талдықорғандағы «Жастар» саябағына барып, ағаш көшеттерін отырғызды. ТАЛДЫҚОРҒАН.

«Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт – тілі болуы. Ұлттың тілі кеми бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетеді», деп М.Жұмабаев айтқандай, тіл мəртебесін биіктету – əрбір мемлекет үшін басты мақсат. Иə, Қазақстан Тəуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары болашаққа сенімді қадам жасап, мемлекеттік тілдің өрісін кеңейту мəселесіне шындап кірісті. Осындай үздіксіз қам-қарекеттің арқасында тілдің қозғалыс аясы ұлғайып, біршама алға қадам басты. Десе де, қуануға əлі ертелеу. Олай дейтініміз, мемлекеттік тіл саясаты əлі де болса күн тəртібіндегі негізгі мəселенің біріне айналып келеді.

Жуырда Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының орталық кеңсесінде президенттік сайлау қарсаңындағы үгіт-насихат жұмыстары аясында «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» атты дөңгелек үстел өтті. Жиынға партияның Орталық аппаратының қызметкерлері, Парламент Мəжілісінің депутаттары Оразгүл Асанғазы, Алмас Тұртаев, Меруерт Қазбекова, Мəдениет жəне спорт министрінің кеңесшісі, академик Ғарифолла Есім, Астана қалалық тілдер басқармасының басшысы Ербол Тілешов, ғалымдар Зиябек Қабылдинов, Сұлтанхан Аққұлұлы, Қайырбек Кемеңгер, Серікзат Дүйсенғазин, партияның ардагері Тұрсынбай Ахметов, сондай-ақ, қоғамдық бірлестік өкілдері мен партия мүшелері қатысты. Дөңгелек үстелді Парламент Мəжілісінің депутаты, «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуа шев ашып, тіл мəселесі төңі ре гінде біраз мəселені қау зады. Содан соң сөз алған партия төрағасының орынбасары Қазыбек Иса «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде», деп мəлімдеген Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттік тілді Ата Заңымызға сай өз төріне биіктету үшін үнемі қайрат көрсетіп келе жатқанын атап көрсетті. Ал «Ақ жол» партиясы Орталық кеңесінің идеологиялық жұмыс бойынша хатшысы Сəбит Байдалы: «Біздің басты мақсатымыз – қазақстандықтардың жаңа жалпыұлттық мұраттар мен құндылықтарды – құқықтың үстемдігін, жеке меншікті қорғауды, мемлекеттік дəстүрлерді, қазақстандық құндылықтар мен тəуелсіздік жылдарындағы табыстарды өздерінің этностық мінезқұлық модельдерінен жоғары қоюына қол жеткізуі», – деді. Қысқаша айтқанда, жалпыұлттық құндылықтар этностық мінез-құлық модельдерінен жо ға ры тұруы керек. Ендеше, мемлекет құраушы ұлт ретінде қазақтар Қазақ елінің біртектілігін қалыптастыру үшін қолдан

келгеннің бəрін жасауы қажет. Ал ол біртектілік Елбасы белгілеп берген Тəуелсіздіктің өмірлік философиясы – Мəңгілік Ел идеясының іске асырылуына қызмет етуі тиіс. Ал елдіктің басты тірегі – тіл екенін бұл аудиторияға дəлелдеудің өзі артық еді. Жетістіктерді көрмеу – көрсоқырлық, ал кемшіліктерді көре тұра айтпау – жаны ашымастық. Осы тұрғыдан келгенде, тəуелсіздігімізді алғанымызға ширек ғасырға жуықтаған кезде қоғам мемлекеттік тілдің шынайы, нақты мəртебесін одан əрі көтеру жөнінде жаңа міндеттер қоюға толық құқылы. Бұл уақыт ішінде біздің тəуелсіз мемлекетімізде тұтас бір ұрпақ туып, өсіп-жетілді. Дегенмен, «Ақ жол» партиясы мүшелерінің басым көпшілігі қазақ тілін пайдалану көлемін бұрын болмаған жоғары деңгейге көтеру қажет деп есептейді. Орыс тілі еліміздің басым көпшілігінің ойлау, сөйлеу құралына айналып алғаны жасырын емес. Оның үстіне, құлдық саналы шенеуніктердің тілге тосқауыл болып отырғаны тағы бар. Мемлекеттік тіл мəдениет мəселесі аясынан да асып кеткенін назарға алу керек, бүгінде ол – ұлттық қауіпсіздік мəселелерінің қатарына еніп отыр. Тақырыпқа байланысты түрлі пікірлер тыңдалып, ұсыныстар айтылды. Сондай-ақ, мəдениет, тəрбие, ұрпақ сабақтастығы, тіпті, Астана қаласында қазақ тілді басылымдар сатылатын екі дүңгіршектің (киоск) ғана бар екендігі де əңгімеге арқау етілді. Бұл жиынның тар тымдылығы соншалық, тіпті, түс кі үзіліс уақытында да ешкім тырп етпестен ұйып тыңдап, өз ойларын ащы да болса ойып осып айта білді. Тіл жанашырларының бұлайша қызылкеңірдек болатынындай бар, өйткені мемлекеттік тіл əлі де өз биігіне, өз дəрежесіне көтеріле алмай келеді. Раушан ТƏУІРХАНҚЫЗЫ, журналист.

АСТАНА.

Акционерное общество «Страховая компания «Казкоммерц-Полис» (дочерняя организация АО «Казкоммерцбанк») настоящим объявлением извещает об утере нижеследующих документов: Положение о филиале Акционерного общества «Страховая компания «КазкоммерцПолис» (дочерняя организация АО «Казкоммерцбанк») в городе Шымкент; Положение о филиале Акционерного общества «Страховая компания «Казкоммерц-Полис» (дочерняя организация АО «Казкоммерцбанк») в городе Жезказган; Положение Филиала Акционерного общества «Страховая компани «Казкоммерц-Полис» (дочерняя организация АО «Казкоммерцбанк») в городе Кызылорда и Свидетельство об учетной регистрации Филиала Акционерного общества «Страховая компания «КазкоммерцПолис» (дочерняя организация АО «Казкоммерцбанк») в городе Кызылорда, регистрационный номер №1420 – 1933 – Ф-л; Положение о филиале Акционерного общества «Страховая компания «Казкоммерц-Полис» (дочерняя организация АО «Казкоммерцбанк») в городе Кокшетау; Свидетельство об учетной перерегистрации Филиала Акционерного общества «Страховая компания «Казкоммерц-Полис» (дочерняя организация АО «Казкоммерцбанк») в городе Павлодар, регистрационный номер №440-1945-Ф-л.


5

www.egemen.kz

14 сəуір 2015 жыл

ЫРЫС АЛДЫ – ЫНТЫМАЌ

Ел бірлігі – еѕ асыл мўрат Татулыєымыз тўраќты, ґміріміз ґркенді Атырау облысы Ќазаќстан халќы Ассамблеясы тґраєасыныѕ орынбасары – хатшылыќ меѕгерушісі Еркін ЌАДЫРЄАЛИЕВПЕН əѕгіме Атырауда да өзге этностар достық пен татулықтың, бірлік пен ынтымақтың буынын бекіте түсуге айтарлықтай үлесін қосып келеді. Биылғы Ассамблея жылы аясында өңірдегі 17 этномəдени бірлестік этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайту бағытындағы көптеген ісшараларға ұйытқы болып, бел ортасынан табылуда. Ал Ассамблея жылы аясында қандай шаралар өткізілуде? Осы жəне өзге де сауалдарға Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – хатшылық басшысы Еркін ҚАДЫРҒАЛИЕВ жауап берді.

– Еркін Заберұлы, Атырау облысында мемлекет құраушы ұлт – қазақтардан өзге қандай этнос өкілдері тұрады? – Иə, еліміздің барша өңірі секілді, Атыраудың киелі топырағын мекен етушілердің басым бөлігін, əрине, өз қандастарымыз құрап отыр. Бұл қойнауынан «қара алтын» селі əсте толастамаған, асау толқынды айдынынан су маржаны таусылмаған Атырауда өзге этнос өкілдері тұрмайды дейтін пікірді қалыптастырмаса керек. Өйткені, бұл өңірде де ежелден жергілікті тұрғындармен етене араласып, сыйластығы араларынан қыл өтпестей достыққа ұласқан орыс ұлтының өкілдері бар. Түркітілдес татар-башқұрт ұлтының өкілдері де қазақтармен тонның ішкі бауындай болып, ел бірлігін ең асыл мұратымызға айналдыруға белсене атсалысып келеді. Өзара татулықтың буынын бекіте түсуге неміс пен корей, украин мен болгар, грузин мен əзербайжан, чешенингуш пен дағыстан жəне өзге де этностар 17 этномəдени бірлестік құрамында үлестерін қосуда. Жалпы, өңірдегі барлық этнос өкілдері қазақтың жерін киелі мекеніне, қазақ халқын қамқор досына балап отыр. Өйткені, өзге этнос өкілдерінің баршасы қазақ халқының даладай дархан көңілінен сая таптырған кеңпейілдігін, дастарқанындағы бір үзім нанын бөліп берген жомарттығын үнемі айтып, кейінгі ұрпағына өнеге етіп отырады. Алдыңғы буынның қазақ халқымен берік достығын көңілге түйген кейінгі толқын да татулықты қадір тұтатынын байқатып келеді. Тіпті, кейбір этнос өкілдері қазақ пен қыз беріп, қыз алысқан құда болып отыр. – Енді биылғы Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы аясындағы шараларға тоқталсаңыз. – Біз үшін биылғы жыл – ерекше жыл. Оның бірнеше себебі бар, ал ең бастысы –Қазақстан халқы Ассамблеясына арналуы. Шындығында мұның астарында терең мəн жатыр. Ол – еліміздегі этносаралық достықты қадірлеу, кейінгі ұрпақтың санасына сіңіру. Бірліктің құдіреті күшті екенін ұғындыру, еліміздегі саяси тұрақтылық пен экономикалық өркендеудің басты кепіліне айналған татулық пен ынтымақты паш ету. Халқымыздың «Ырыс алды –ынтымақ» дейтін даналығын өзге этнос өкілдері де

темірқазықтай бағдар берер қағидасына айналдырып, ортақ мақсаттарға жету үшін ел бірлігі мен қоғамдық келісімнің маңызы ерекше екенін сезінді. Сөйтіп, өзге этнос өкілдері тілі басқа болса да, жүрегі жергілікті халықпен бірге екенін паш етті. Этносаралық достықтың қадірі əсіресе, биылғы «Қазақстан халқы Ассамблеясы –20 игі іс» аясындағы эстафета барысында айрықша байқалды. Осы ретте біздің өңірдегі барлық этнос өкілдері ең басты құндылық – адам гершілік пен ізгілік қасиеттерді насихаттауға, сөйтіп, адамдарды жақсылықты көре білуге шақыруға белсене араласты. Жоғарыда аталған акция барысында Атырау жұртшылығы 20 ізгі іспен шектеліп қалған жоқ. Бір айдан аса мерзімнің ішінде 60-қа жуық ізгі іс, яғни қайырымдылық шарасы өтіп, одан 7 миллион теңгеге жуық қаражат жиналды. Қайырымдылық шараларынан түскен қаржыға өңірдегі Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен майданда қаза тапқан боздақтардың отбасыларына, аз қамтылған жəне көпбалалы отбасыларға əлеуметтік көмектер берілді. Акция аясында өткізілген «Мүмкіндігі шексіз дарындар» қайырымдылық концертіне 17 этномəдени бірлестіктің өнерлі мүшелерінің, сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі болса да өнерді жанына серік еткен жандардың өнері жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленді. Əсіресе, арбаға таңылған жандардың би билеуі ешкімді де бей-жай қалдырмады. Сонымен бірге, Берекет Ақжігітов, Бақыт Сəлиев сынды мүмкіндігі шектеулі жандардың қолынан шыққан туындыларға қызығушылық танытылды. Бұлардың барлығына арнайы сый-сияпат көрсетілді. Сонымен бірге, Қазақстан халқы Ассамблеясының жылына орай 20 мың адам жаппай спорттық жүгіруге қатысқан марафон өткіздік. Спорттық жүгірудің арақашықтығы –2 шақырым 950 метр. Атырау қаласындағы марафонға 6000ға жуық адам қатысып, Салтанат сарайынан Исатай-Махамбет ескерткіші алаңына дейінгі аралықты жүгіріп өтті. Ел азаттығын аңсаған батырлар ескерткіші алдында жүгірушілердің арасынан ең жас қатысушы –№15 орта мектептің 3-сынып оқушысы Алтынбек Əнуарбек пен ең ересек жастағы қатысушы – Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің

73 жастағы оқытушысы Жақсылық Рашбаевты, сонымен бірге, ең белсенді қатысушылар – облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Сəлімғали Салықбаев пен Əділбек Өтеевті арнайы дипломмен марапаттадық. Ұлт батырлары атындағы алаңда əр этностың өкілдерінің қолынан шыққан əсем бұйымдар мен тағамдардың көрмесі де өтті. Бұған қоса, «Тхониль», «Алия», «Довира» секілді этномəдени бірлестіктер өкілдері өз этностарының тарихи деректерін көрсетті. Бұл күні жаппай спорттық жүгіру марафоны жеті аудан орталығында да өтіп, оған əр ауданнан 2 мыңнан, барлығы 14 мың тұрғын қатысты. Жəне бір шара туралы айтсақ, профессор Бейбіт Мамраев басқаратын Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясы институты ашылды. Бұл саяси институтты ашудағы басты мақсат – ел ішіндегі достықты, ынтымақ пен бірлікті нығайтуға этностар өкілдерін жұмылдыра түсу. Сонымен бірге, студенттерге Қазақстандағы түрлі этностардың мəдениеті мен тілі, дəстүрі мен азаматтық бірегейлігі де кеңінен насихатталады. Ал Наурыз мейрамы қарсаңында Қазақстан – Ресей – Əзербайжан телекөпірі ұйымдастырылып, оған өңірдегі этномəдени бірлестіктер өздерінің мерекелік бағдарламасын ұсынды. – Этностардың бір-бірімен байланысы туралы не айта аласыз? – Адамдардың бір-бірімен достығы ешқашан шекарамен шектелмейді ғой. Ұлты, тілі басқа болса да, бір-бірімен достасып, тіпті бір-бірімен өмірлік серік болып табысып жатқандар бар. Ал өзің қадір тұтқан ұлттың тілі мен тарихын, мəдениеті мен əдебиетін үйренуге ниет болса, оған еш нəрсе де қиындық келтірмейді екен. Мəселен, Атырауда қазақша əн шырқап, тіпті қазақы домбыраны өзінің сүйікті аспабына айналдырған өзге ұлттың өкілдері жетерлік. Соның бірі –Александра Киселева. Ол балабақшаға барған кезінен қазақтың киелі аспабы –домбыраны жанына серік етіп келеді. Тіпті, сонау Мəскеуде өткен халықаралық конкурста да «Смуглянканың» сазын домбырамен тартып беріп, бас жүлде иеленіп келген. Александраның атасы да қазақтың тақиясын басынан тастамай, қазақ отбасыларынан көптеген достар тапқан. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Адамдардың арасындағы берік достыққа, ұлттық құндылықтарына құрмет көрсетудің тағы бір мысалына «Татулык» татар-башқұрт жəне «Иверия» грузин этномəдени бірлестіктері жанынан құрылған би топтарына қатысатын жастардың əр этнос өкілдерінен құралғанын айтуға болады. Жалпы, тек өз ұлтыңның ғана емес, сонымен бірге, өзге де ұлттардың мəдениеті мен əдебиетін, тарихын, тілін білгеннің артықтығы бола қоймас деп ойлаймын. Керісінше, тілін, өнерін терең білген ұлт туралы таным-түсінігің молайып, құрметің арта түседі. Əңгімелескен Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан».

Атырау облысы.

Ақтөбе – тоқсанға жуық ұлттың өкілдері тұратын қазыналы өңір, қасиетті мекен. Осыншама ұлттар мен ұлыстар тату-тəтті өмір сүріп, ұрпақ өрбітіп отыр. Елбасы бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы ұлтаралық татулық пен бірлікті, өзара достықты нығайтуға өзіндік үлес қосып келеді. Достық үйіндегі этномəдени бірлестіктердің қатары жылдан-жылға көбейіп, олардың көркемөнерпаздық шығармашылық аясы кеңейе түсуде. Мұндағы «Достық» балалар шығармашылығы студиясында музыкалық, театр, қолөнер, хореографиялық үйірмелер жұмыс істейді жəне этномəдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары – хор, əн-би ансамбльдері, хореографиялық топтар, драмалық топ, фольклорлық-этнографиялық ансамбльдер халыққа қызмет етеді. Татар-башқұрттардың «Язгы моңнар» халықтық əн-би ансамблі, немістердің «Файлхен» халықтық хоры, украиндардың «Оксана» халықтық хоры, «Барвинок» украин үлгілі балалар фольклорлық ансамблі, корейлердің «Чхинсон» халықтық би ансамблі, орыстардың «Радуга-Престиж» халықтық би ансамблі жəне «Русская песня» халықтық хоры, қазақтардың «Достық сазы» халықтық фольклорлық этнографиялық ансамблі мен «Жастық» халықтық би ұжымы ақтөбеліктерге жақсы таныс. Олар алыс - жақын шетелдерде өтетін байқаулардан да олжалы оралып жүр. Жалпы, өнер ұлтқа, халыққа бөлінбейді. Өнер халықты бірімен бірін жақындастырады. Кеңес Одағының Батыры Əлия Молдағұлованың ерлігіне 70 жыл толуы қарсаңында этномəдени бірлестіктер арасында «Достық əлемді сақтайды» атты облыстық фестиваль өткізілді. «Мемлекеттік рəміздер – теңдігімнің айғағы» тақырыбында өткізілген дөңгелек үстелдің жастарға берер тағылымдық мəні зор болды. Достық үйіндегі 19 этномəдени бірлестіктің жетеуінде Жексенбілік мектеп жұмыс істейді. Жексенбілік мектептер оқушыларының тіл оқып үйренуіне барлық жағдай жасалған. Мұғалімдер оқушыларға тіл үйрету үшін жылма-жыл қажетті оқулықтармен қамтамасыз етіліп отырады. Этномəдени бірлестіктердің жексенбілік мектептеріне облыстық тілдерді дамыту басқармасы арқылы жергілікті бюджеттен 2015 жылға 6 797 134 теңге көлемінде қаражат бөлу қаралған. Қазақстандық патриотизм мен толеранттылықтың қозғаушы күші болып табылатын жастар саясатын жетілдіріп, олардың деңгейін көтеру мақсатында жастармен жəне балалармен жұмыс бөлімі ашылды. Қоғамдағы ұлтаралық жəне конфессияаралық келісімді нығайтуға, патриотизмді қалыптастыру, салт-дəстүрді сақтау, біздің бай тарихымызды құрметтеуге жас ұрпақты тəрбиелеуге бағытталған шаралар 19 этномəдени бірлестік жұмысының алтын арқауына айналған.

Мұндай мəдени-көпшілік, тарихитанымдық шаралар Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы ая сында бұрынғыдан да салмақты жəне қызғылықты ұйымдастырылуда. Этномəдени бірлестіктер өкілдері Қазақстан Республикасы Президенті, Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында белгіленген міндеттерді насихаттау, тұрғындарға түсіндіру үшін республикалық, облыстық жəне аудандық ақпараттықнасихаттық топтар құрамында болып, осы мақсатта ұйымдастырылған қоғамдық-саяси маңызды жəне мəдени іс -шараларға белсене қатысуда. Қазақстан халқы Ассамблеясының жылын жəне Конституцияның 20 жылдығын өткізудің Ұлттық шаралар жоспары аясында «Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық тарихы» тақырыбында дəріс-таныстырылым ұйымдастырылды. Дəріс мақсаты Елбасының этносаралық толеранттылық мен қоғамдық келісім қазақстандық үлгісінің танымалдылығын арттыру, отандық этносаясатты жүргізу тетіктерімен, ҚХА құрылу тарихымен, қазіргі кезеңдегі міндеттерімен жəне қызметімен, конституциялық мəртебесімен таныстыру болып табылады. «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратының алаңында жəне барлық аудан орталықтарында Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы жалауын көтерудің салтанаты өткізілді. Ақпан айында Алға ауданындағы Болгарка орта мектебінде «Қазақ пен болгар – бір ұлтпыз» тақырыбында апталық өтті. «Аңсар» талдау жəне ақпарат орталығы» КММ, облыстық ішкі саясат басқармасы жəне ҚХА хатшылығы, «Бірлік» ақсақалдар кеңесінің қатысуымен «Рухани келісім – бірлік бастауы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Шара барысында «Соқыр сенімге арбалғандар» тақырыбында түсірілген деректі фильм көрсетіліп, соңынан діни терроризм жəне экстремизмнің жағымсыз жақтары туралы əңгімеленді. Облысты мекен еткен этностардың тарихи отаны болып табылатын мемлекеттермен əлеуметтік-экономикалық жəне мəдени байланыстар жүйелі жүргізілуде. 2015 жылдың 1 қаңтарына өңірде шетелдіктердің

қатысуымен құрылған бірлескен кəсіпорындардың саны 699 бірлікті құрады, сонымен қатар, облыс экономикасы 90-ға жуық елмен жұмыс жасайды. Үстіміздегі жылғы наурыз айында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде Ресей Федерациясы Орынбор облысы халықтарының Ассамблеясы өкілдерімен бірге «Жер бетінде жұбымыз бірге: интеграциялық үдерістерді дамытуда мəдениет пен білімнің рөлі» деген тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында Ақтөбе облысының ҚХА хатшылығы мен РФ Орынбор облысы халықтарының Ассамблеясы арасында ұлтаралық, білім мен мəдениетті, рухани қатынастарды жалғастыру жəне дамыту туралы меморандумға қол қойылды. Поляктардың «Святло» этномəдени бірлестігінің 15 жылдығы атап өтілді. Бұл шараға Польша Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Анжей Папиша мен Польша Республикасы елшілігінің бірінші кеңесшісі Радослав Грук арнайы келді. «Мы – народ Казахстана» атты республикалық акция ұйымдастырылды. Форумда облыс тұрғындарына сайлауға келіп дауыстарын берулері туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мы – народ Казахстана» атты республикалық акциясының үндеуі қабылданды. Республикалық «АСАР» акциясы аясында «Қоғамдық келісім» КММ ұжымы мүшелері бір күндік еңбекақыларын «Үміт» сəбилер үйінің есебіне аударды. Біздің облысымызда Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы бастау алған күннен бастап, мегажоба шеңберінде кəсіпорындар мен мекемелер түр лі қайырымдылық іс-шараларын өткізіп келеді, олар ардагерлер ұйымдарына, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктеріне, мүгедек балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектепке, орта, жалпы білім беретін мектептерге материалдық көмек көрсетуде. Облыста, аудандарда жəне Ақтөбе қаласында жастар бірлестіктері қарияларға көмектесуде, қазіргі уақытта жастардан құралған ҚХА волонтерлер қозғалысы жұмыс істеуде. Бұл атқарылған істер Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына белгіленген жоспарлы жұмыстардың бір парасы ғана. Алдағы жұмыстар бұдан да ауқымды. Соңғы жылдары, өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, облыстың этносаралық қатынастары мен этнодемографиялық жағдайлары саласына талдау жұмыстарын ұйымдастыру үшін Ақтөбе қаласындағы жоғары оқу орындары базасында облыстық ҚХА-ның ғылыми-сараптама тобы құрылды. Жыл сайын тəуелсіз зерттеу орталықтары мен қоғамдық ұйымдарға əлеуметтік зерттеулер ұйымдастыру бойынша жобаларды қаржыландыруға тиісті қаражат бөлініп келеді. Достық пен бірліктің берекесі күнделікті өмірімізде айқын көрініс табуда. Жолдас НҰРШИН, Ақтөбе облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі.

Автошерушілердіѕ достыќ маршы Əзербайжан этномəдени бірлестігінің бастамашылығымен ұйымдастырылған «Бейбітшілік пен келісім автошеруі» «Достық үйі» жанынан бастау алды. Оның ашылу жиынында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылық меңгерушісі Наиль Салимов, «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Дина Əбілмəжінова, «Коперник» поляк орталығы төрағасының орынбасары Валентина Корнева сөз алып, Мемлекет басшысының Жарлығымен жарияланған Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы тұрғындар арасындағы бірлікті, татулықты нығайтуды, ұлттық құндылықтарды сақтап, дамытуды діттейтінін жеткізді. Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Əзербайжан мəдени ұйымы төрағасының орынбасары Шыңғыс Құрбанов БАҚ өкілдеріне берген қысқаша сұхбатында мұндай акциялар адамдар ды жақындастыратынын, өске лең ұрпақ бойында елдік, отансүйгіштік сезімдерді қалыптастыратынын атап өтті. Айтулы ісшара «Алға, Қазақстан!» жастар флеш-мобына жалғасып, «Алуа»

би тобының, Жəмиевтердің отбасылық ансамблінің өнеріне шапалақ соғылды. Бұдан кейін Қазақстан халқы Ассамблеясының мерекелік логотиптерімен, достықты айшықтайтын ұрандармен безендірілген жеңіл көліктер, автобустар, мотоциклдер шеруі қаланың орталық көшелерін кесіп өтті. Ретромобильді Сергей Гай воронскийдің «Победасы» бас тап жүрді. Сөйтсе, бұл көлік осыдан көп жыл бұрын

құрастырылғандықтан, көшбасшылыққа арнайы таңдап алыныпты. Сатып алуға «құда түсушілер» көп болғанына қарамастан, мерейлі мереке легіне қосылуды жөн көріпті. Сол сияқты ГАЗ-21 «Волга», Газ-69 «Бобик» аталып кеткен автомобильдер де Тəуелсіздігіміздің елең-алаң шағын көз алдымызға елестетіп, қымбат құндылығымызбен табысқандай көзге де, көңілге де ыстық көрінді. Көшелердің қос қапталына жиналып, автошеруді тамашалаған петропавлдықтар қолдарын бұлғап, игі тілектерін жеткізіп жатты. Автошеру құрамындағы 60-қа жуық түрлі этнос, аға, жас буын өкілдері шаһарды аралағаннан кейін атбасын М.Жұмабаев ауданына бұрды. Мұнда акция мүшелерін жұртшылық шашумен қарсы алып, ақиық ақын атындағы мемориалдық мұражайға бастап жүрді. Онда қойылған жəдігерлермен жанжақты танысқаннан кейін «Нұр

Отан» партиясы аудандық филиалы ғимаратында қоғамдық қабылдау жүргізілді. Аудан əкімі Қайрат Пішенбаев, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұса Дадаев, хатшылық меңгерушісі Наиль Салимов, тағы басқалар азаматтардың өтініш-тілектерін тыңдады. Мəселелерді шешу жолдарын қарастырды. Жолдау талаптарынан туындайтын міндеттер жайлы əңгімеледі. «Бейбітшілік пен келісім автошеруі» акциясы мəдениет үйінде өткен жергілікті шығармашылық ұжымдардың, этномəдени бірлестіктердің концерттік бағдарламасымен түйінделді. Автошеруді ұйым дас ты рушылар басқа аудандарға да сапарлауды жоспарлап отыр. Солтүстік Қазақстан облысы, М.Жұмабаев ауданы. –––––––––––––––

Суретті түсірген Талғат ТƏНІБАЕВ.


6

www.egemen.kz

14 сəуір 2015 жыл

ЕРЛІК ДАҢҚЫ ӨШПЕЙДІ

Қаншама жылдар өтсе де есімі ел жадында жаңғырып, атқарған ісі, қалдырған ізі ұрпаққа ұлағат болған азамат өнегесі өшпек емес. Өмірдің соқтықпалы соқпақтарынан сүрінбей өтіп, «адам» деген ардақты атыңа кір келтірмей ғұмыр кешудің өзі де оңай міндет емес. Міне, осы сындарлы өмір сапарына өзі үшін емес, елінің мүддесі үшін ғұмыр кешіп, əрқашан тынымсыз тірлік пен мызғымас бірлікті ту етіп өткен ғибратты ғұмыр иесі – Астана қаласының іргесіндегі Оразақ ауылының тумасы Əкімжан Назаров.

Ел таєдырын еѕкеймей кґтергендер Тылдаєы еѕбектіѕ де ерекше орны бар Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Əкімжан Назаров 1891 жылы Ақмола облысының бұрынғы Ақмола қазіргі Целиноград ауданының Оразақ ауылында дүниеге келген. Əкесі шағын ғана шаруасын күйттеген еті тірі адам екен. Біреуден ілгері, біреуден кейін күй кешкен тұрмысына қанағаттанып, баласын жастайынан еңбекке баулып, бұғанасы бекімеген Əкімжанға қара танытып, сауатын аштырады. Ат жалына жармасқан бозбала Əкімжанды Шүленбай байдың жылқышыларына қосып, атакəсіпке баулиды. Жылқы қосында өткен жастық шақ, жылқы малына деген сүйіспеншілік бала Əкімжанның алдағы ғұмырына мəңгі өшпес із қалдырды. ХХ ғасырдың құйындай құбылған, аумалы-төкпелі төңкеріс жылдары Əкімжан Назаровтың азамат атанып, атқа қонған жылдарымен тұспа-тұс келді. Сонау 1920 жылдары жиырмадан жаңа асқан Əкімжан туған ауылында тұңғыш жарлыжақыбайлардың артелін құрып, айналасы сегіз жылдың ішінде шағын артелді іргелі колхозға айналдырды. Кейін кеңестік заман талабына сай «Красный флаг» («Қызыл ту») кеңшары аудан мен облысты былай қойғанда, Одаққа атағы кең жайылған айтулы еңбек ұжымына айналды. Міне, осы шаруашылықтың алғашқы қазығын қағып, іргетасын қалаған Əкімжан Назаров шаруашылыққа 1928 жылдан бастап, 1961 жылға дейін табан аудармай 33 жыл бойы үзіліссіз басшылық жасады. Елдің бетінде, желдің өтінде жүрген адамға сынақ көп қой, қашанда. Аумалы-төкпелі өмір белестерінде өз қатарластарынан əрқашан оқ бойы озық жүрген Əкімжан Назаровтың замандастарына үлгі, ізбасарларына өнеге, ұрпаққа ұлағат болған игі бастамалары баршылық. Ел басына күн туып, ер етікпен су кешкен қиын-қыстау сол заманда ол жүзден астам шаңырағы бар «Қызыл ту» колхозының басқарма төрағасы болатын. «Соғыс» атты суық хабар жетісімен-ақ Əкімжан Назаров өз еркімен майданға аттану ға ниет қылады. Бірақ облыс басшылары оның шаруашылық басқарудағы бай тəжірибесін ескеріп, «жасыңыз асып кетті» деген желеумен алдарқатып, арнайы броньмен алып қалып отырған. Екінші майдан – тылдағы еңбекті ұйымдастыруға білікті басшы өзіне тəн қажымас жігер, тың құлшы ныспен кірісті. «Қызыл ту» колхозы сол жылдары мемлекетке тапсырылатын ауылшаруашылық өнімдерін еселей арттырды. Табиғатынан ізденіс пен іскерлікті ту еткен басқарма оны місе тұт пады. Жартылай шөлейт аймақ қа орналасқан «Қызыл ту» колхозының алатын астығын қайткен күнде рекордтық дəрежеге жеткізуді жатса да, тұрса да ойлады. Ақыры суармалы егіс тəсіліне көшуге бел байлады. Арқада алғаш рет суармалы егіс алқабы соғыс жылдары осы «Қызыл ту» колхозында дүниеге келді. Колхоздың сан-салалы науқандық шаруаларына онсыз да жұмыс күші жетпей жатқанда, Əкімжан Назаров жаңа бастама көтеріп, шаруашылықта жүрген адамдардан тыс «екпінді бригада» атты колхозшылар тобын құрды. Оған сол кезде республикаға аты шыққан ақын Мəриям Жагорқызы, Түсіпбай Қарабұзауов, Егор Болтусов, Дүйсенбек Рахметов, Жағыпар Мəмбетов сияқты жасы асып кеткен ауыл қарттарын тартып, бригадаға 85 жастағы Толжан Тайжанов атты ақсақалды жетекші

етіп бекітті. Қарттар бригадасы алғашқы қадамдарын топырағы құнарлы, бірақ суы тапшы Өріктің жонынан құдық қазудан бастады. Өмір тəжірибесі мол Толжан ақсақал су көзін дəл тауып, қарттар қадамы бірден сəтті болды. 40 метр тереңдіктен шыққан су шымырлай атқылады. Олар құдықты қолмақол шегендеп, тереңнен атқылаған кəусар суды тəулік бойы көлікпен тартып, арықтарға ағызып тұрды. Құдық басынан суармалы егіс бригадасының дала қосы салынды. Мол судың арқасында мыңдаған гектар тың жерлер игеріліп, егіс алқабы еселенді. Суармалы жерге өнген өнім берекесі ел игілігін арттырды. Тіпті, бақша салып, қыр еліне таңсық қауын-қарбыз, көкөністің неше түрін өсіре бастады. Бір ғана мысал, көршілес Қорғал жын ауданының жерінен алты бірдей бөгет салып, шабындық пен егінжай алқабын жайқалтып, жер төсіне нəр бергендігі неге тұрады?! Бүгінде Егіндікөл ауданына қарасты Абай ауылындағы бір бөгет ел аузында «Əкімжан бөгеті» деп əлі күнге дейін аталады. Сонау жетпісінші жылдардың орта шенінде Əкімжан Назаровтың бір немересі Зəуреш Жəдігерқызы Назарова сол өлкеге мұғалім болып барғанда, ұлты орыс ауылдық кеңес төрағасының оны арнайы іздеп келіп, бөгетке ертіп апарып, «Мынау сенің атаңның бөгеті» – деп таныстыруы да ел ықыласына бөленген айтулы азаматқа деген құрметтің бір көрінісі еді. Мұндай жетістіктің басты себебі – жоғарыда айтып өткеніміздей, Əкімжан ағаның елмен етене араласып жұмыс істеуінде, басшылық қабілетінің артықшылығында. Əйт песе, Қазақстанның бір түкпірінде жатқан қарапайым қазақ ауылы Одақ көлеміне таныла алар ма еді? 1942 жылы Қазақстанның барлық колхозшылары «Қазақстан колхозшысы» атты танк колоннасын жасақтауға қаржы жинау ісіне жұмылды. Оған қоса облысымызда «Ақмола Осоавиахимовшылары» атты танк колоннасы жасақта ла бастады. Бұл игі шараға да Əкімжан Назаров басқаратын колхозшылар ұжымы белсене кірісті. Жалпы жиналыста Толжан Тайжанов бастаған қарттар алғаш сөз алды. – Орталарыңдағы жасы үлкендерің мен екенмін. Ендеше, тізімді де менен бастаңдар. Біз, үйішімізбен ортақ қорға бес мың сом салуға бəтуаластық, – деді Толжекең қарт. – Менің құлынды биемді қосыңдар, – деді Əкімжанның ағасы Досымбек отағасы. – Мен үш мың сом саламын, – деді Мəриям Жагорқызы.

Əкімжан басқарма мен оның зайыбы Балшаһар: – Бір ат, бір бұзаулы сиыр, алтын сағат, үш алтын жүзік, қымбат бағалы қос ауыз мылтық, күміс белбеу, құндыз жағалы күзен ішік, қасқыр ішік, түбіт шəлі, қалы кілем жəне 27 мың сом ақша қосатындарын айтты. – Балаларым барлық бағалы заттарын атады ғой. Мен қалай қағыс қалам. Өзіме еншілеген үлкен кілем мен түлкі ішігімді, ал тын білезігімді Жеңіс қорына қосайын, – деді Əкімжанның анасы тебірене сөйлеп. Ертеңіне Əкімжан Назаров облыстық партия комитетіне келіп: – Танк колоннасын құру қорына бастама көтерген 25 ақсақал өз меншіктерінен 40 мың сом, қалған колхозшылар 80 мың сом, менің отбасым 110 мың сом – барлығы 230 мың сом беретін болдық, – деп мəлімдеді. Міне, үстіндегі соңғы ішігі мен қолындағы соңғы білезігіне дейін шешіп берген тылдағы қарапайым халық ерлігінің бір көрінісі осындай еді. Əкімжан басқарма болса, қамбадағы соңғы астығы мен қорадағы бір-екі тұяғына дейін қан майдандағы боздақтардың қажетіне жаратып отырған тылдағы елді қайтсем ашықтырмаймын, қорғаныс қорын қалай толықтырам деп, «жар құлағы жастыққа тимеді». Сұрапыл соғыс ұзаған сайын ел іші жүдеулікке ұрынып, берекелі игілігінен айырыла бастады. Адам қолымен жасалған кешегі ақсирақ аштықтан кейін мол қор жинай алмай онсыз да тақұл-тұқыл күн кешіп отырған ауылды соғыс əбден титықтатты. 1943 жылдың қатал қысы күшіне енген сайын колхоздар қатты күйзеліске түсіп, ел іші аштықтың аз-ақ алдында тұрды. Үлкенді-кішілі 130-ға тарта көлі бар Қорғалжын өңірінде тұрып, қарамағындағы жұртын ашықтыру Əкімжан басқармаға кешірілмес күнə еді. Осыған байланысты ол тағы бір тың бастамаға бел буды. Бұл ретте Əкімжан Назаровтың көңілінен шықпай қойған жер аяғы қияндағы Асаубалық көлі болатын. Оның Асаубалық аталуы да тегін емес. Аумағы аттылыға апталық жол болатын бұл айдын көлдің тайдай тулаған балығы мол. Айналасында қоныстанған ел жоқ. Жырақта жатқан осы Асаубалықтың байлығын игеріп, жағаға шығып жататын көп балығын кіремен тартып, жұрт игілігіне жарату Əкімжан басқарманың арманына айналды. Бірақ жапандағы елсіз көлден балық аулап, 200 шақырым қашықтықтан кіре тарту ойлауға ғана оңай. Оған колхоздың ат пен өгізден құралған күш көлігі жарамсыз. Оның үстіне «майдан

да майдан, тыл да майдан» болып тұрған мұндай қиын кезеңде, жаз бен күзде колхоздың шаруасынан басқа мəселеге жоғары жақтағылар мойын да бұрғызбайды. «Халық жауының» қамытын кигізіп, жер аударып жіберулері де əбден мүмкін. Сондықтан Асаубалықтан балық аулап кіре тартудың қолайлы кезеңі – қыс. Ал кіре тартуға қолайлы көлік – түйе. Ойсыл қараның заты түгілі атын ұмытқан Ақмола өңірінен түйе табу – түске де кірмейтін қиял. Басқарма қарттармен ұзақ кеңес құрып, ақыры аяқ жетер Жезқазған өңірінен түйе жинауға тоқтам жасады. Сексеннің сеңгірінен асқан Толжан қарт бастаған бір топ ақсақал күз бойы Жезқазған асып, жылқы мен сиырға айырбастап алған отыздан астам түйемен алғашқы қар түскенде Асаубалыққа аттанды. Қарттар бригадасы алты ай қысты мұз үстінде өткерді. Түйелі керуенмен тоң-тоң балық Ақмола мен Қарағандыға жөнелтілді. Əкімжан басқарма қарамағындағы елді аштықтан құтқарды. Қорғаныс қорына мыңдаған тонна балық жөнелтілді. Тіпті, одан артылғаны «Военторг» арқылы азық-түлікке жарымай отырған жұртқа сатылды. Соғыс жылдары бірнеше қыс қатарынан мыңдаған тонна балық өндірген қарттар бригадасы қорғаныс қорына қомақты үлес қосты. Екінші майдан – тылдағы Əкімжан Назаровтың өнегелі бастамалары елге кеңінен таны лып, Мемлекеттік қорғаныс комитетіне де жетті. Көп кешікпей Əкімжан Назаровтың атына Сталиннің алғыс хаты келді. Жеңіс ті жақындату жолындағы бүкілхалықтық қозғалысқа қосқан ерен еңбектегі ерлігі үшін ол 1943 жылы желтоқсанда «Қызыл Жұлдыз» орденімен, келесі жылы Ленин орденімен марапатталды. Жаны жаз, жүрегі жомарт Əкімжан Назаров тарыққанды көрсе демеп, жабыққанды жебеп, қамқорлық пейілін аямайтын. Осы сөзіміздің айқын дəлелі – сол бір сұрапыл жылдары Ақмола іргесіндегі АЛЖИР лагерінде жазық сыз жапа шегіп отырған мемлекет қайраткерлерінің əйелдерін де қамқорлығына алған ғой. Бүгінде Астанада тұратын зейнеткер, бұрынғы денсаулық сақтау саласының ардагері Майраш Елемесқызы Сағынаеваның əңгімесіне құлақ түрсек: – Мен онда жоғары сыныпта оқимын, 15-16 жастардағы кезім болар, сірə. Менің атам Сағынаймен тұрғылас болғандықтан, біздікіне Əкімжан аға жиі келетін. Бетінен үнемі қаны тамып тұратын, етжеңділеу адам еді. Кіре сала «қызым, халің қалай?», – деп маңдайымнан емірене иіскейтін. Сонан соң атам екеуі ұзақ сонар əңгіме тиегін ағытатын. Кейін атамның бір айтқанынан есімде қалғаны мынау. Əкімжан ағамыз салып-ұрып, лагерьге жетіп барып, қамшысын көтеріп, АЛЖИР-дің басшысына көз қылып, «мына халық жауларының əйелдері бостан-босқа неғып жатыр, бізде жұмыс күші жетпей жатқанда, колхозда сиыр сауатын адам жоқ» деп айқайлайды екен. Содан соң, оншақты бейбақ əйелдерді арбаға салып алып кетеді екен де, оларды жұмысқа салмай, демалдырып, күтіп-бағып, ауқаттандырып, тыңайтып, қайтадан əкеліп тастап, тұтқын əйелдердің басқа легін əкетеді екен. Міне, азаматтық пен шын жанашырлық қайда жатыр? Мұны, тіпті, ерлік деп те айтуға болар. НКВД тыңшылары біліп қалса, басынан сипамайтындығын біле тұра, Əкімжан аға осындай батыл қадамға, көзсіз ерлікке барған. Сонда оның қасында үнемі менің атам Сағынай демеу болып бірге жүріпті. Бұл тұрғыда колхоз төрағасының бейшара əйелдерге деген қамқорлық пейілін танып, тілектес болған лагерь басшысының адамгершілігін де айтпай кетуге болмас. Бұл құпияны бертінге дейін ешкім білген жоқ, – дейді Майраш Елемесқызы. Əкімжан Назаровтың ұлағатты өмір белестеріндегі Ұлы Жеңісті жақындату жолындағы жанқиярлық еңбегі мен ерлігі замандастарының аузында аңыз болып айтылып, бүгінге жетті. Осы ған байланысты, Ақмола облысы Целиноград ауданының Оразақ ауылының азаматтары бірнеше рет мəселе көтеріп, ауылдарына Əкімжан Назаров есімін беруді сұрап келеді. Ұлы Жеңістің 70 жылдығы құрметіне, ел мүддесі сынға түскен шешуші сəттерде жүзден жүйрік шығып, өнегелі істерге ұйытқы болған Əкімжан Назаровтың ардақты есімін тұңғыш қазығын өзі қағып, іргетасын қалаған Оразақ ауылына берсе нұр үстіне нұр болар еді. Ақмола облысы.

Сын саєатта Өмірден кеткенімен, өрелі де өнегелі ісі арқасында ұрпағының жадында сақталып қалған аяулы азаматтар қаншама десеңізші?! Олардың қайқайсысы туралы əңгіме қозғасаң да əрі-сəрі күй кешіп, көңілің толқиды. Əсіресе, сын сағаттарда тайсақтамай, кері шегінбей Отаны үшін отқа түскен, ал бейбіт өмірде еліне еңбегін сіңірген қарапайым адамдар жөнінде жылы лебізіңді білдіріп, оларды еске алып тұрсаң, көкірек көзің нұрланып, жүрегің елжіреп, жан сарайың ашылып қалады. Мұндай азаматтардың кешегі жəне бүгінгі қоғамымызда көп болғаны, шын мəнінде пешенемізге бұйырған бақ. Бүгін біз сөз еткелі отырған кейіпкеріміз – Ұлы Отан соғысының ардагері, ғұмырының басым бөлігін ұрпақ тəрбиесіне арнаған мəртебелі ұстаз, 1995 жылы, яғни, 82 жасында жарық дүниеден көшкен Ермекбай Манасбаев та осындай жандардың бірі еді. Ендеше, арамыздан бақиға аттанғанына 20 жылдай уақыт өткен ардагердің өмір жолына аз-кем шолу жасалық. Жолдыбай БАЗАР,

«Егемен Қазақстан».

Ермекбай Манасбаев 1913 жылы Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданындағы №4 ауылда дүние есігін ашқан. Балалық шағы аумалы-төкпелі, қауіпқатері көп, дүрбелеңге толы жылдармен тұспа-тұс келген ол ерте есейді, ел ісіне балауса шағынан араласа бастады. Көзі қарақты, сезімі сергек, ойы ұшқыр, өз еліне қызмет етуден өзге абыройлы іс жоқ екенін терең түсінетін жас Ермекбай заман талабына сай білім алмайынша ешқандай мақсат-мүддесіне жете алмайтынын біліп, таршылыққа, түрлі кедергілерге қарамай, Қарағанды педагогика институтына оқуға түсіп, оны 1939 жылы бітіріп шы ғады. Қай салада болсын жоға ры білімді азаматтар өте тапшы кез. Əсіресе, атқарушы билік орындарындағы сауатты мамандардың жетіспеушілігі анық байқалатын. Сондықтан, Е.Манасбаев аудандық партия ұйымының аппаратына шақырту алады. Жастық жігерімен қызметін бастаған ол өзінің қарымқабілетін ə дегеннен-ақ көрсете біледі. Алайда, сол қарсаңда соғыс басталып кетеді де, іле, яғни, 1942 жылы майданға аттанады. Ол соғыста Ленинградты қорғауға қатысады. Зерек, жоғары

білімді азамат түрлі əскери бөлімдерде саяси жетекші, партия ұйымдарының хатшысы болады. Қаланы қорғауда ерекше көзге түскен 2-ші екпінді армияның құрамындағы 163, 286, 320-шы атқыштар полкінде қызмет еткен, кескілескен ұрыстың бел ортасында талай қауіп-қатермен бетпе-бет келген Е.Манасбаев жаудың беті қайтып, шаһарды азат етуге таяу қалған кезде, яғни, 1944 жылы ауыр жарақат алып, госпитальға түседі. Онда ұзақ жатып емделуге мəжбүр болады. Содан Ұлы Отан соғысының ІІ дəрежелі мүгедегі болып елге оралады. Соғыстан «І дəрежелі Ұлы Отан соғысы» орденімен жəне 20-дан астам медальмен марапатталып, абыроймен қайтқан жауынгерді жүдеген елдің жайкүйі тыныш жатқыза қоймайды. Тəн жарасына қарамай, бірден жұмысқа кіріседі. Ол 1944-1952 жылдары аралығында Қарағанды облысындағы бірқатар аудандық партия комитеттерінің үгіт-насихат бөлімінде жұмыс істейді. Ал 1952-1973 жылдары ішінде Жаңаарқа ауданының Өркендеу, Ынталы, Алғабас кеңшарларында, Қаражал қаласының Ақтай кентінде мектеп директоры қызметін атқарады. Ардагердің ұл-қыздарының айтуынша, біздің кейіпкеріміз 1973 жылы дербес зейнеткерлікке

шыққаннан кейін де қоғам жұмысынан қалыс қалмаған. Қадір менді қария өзінің адалдығымен, жан дүниесінің тазалығымен ауылда, ел ішінде сыйлы болады. Е.Манасбаев өзінің еңбек жолында Қазақ КСР-і «Халық ағарту ісінің үздігі» төс белгісімен, Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен марапатталған. Сондай-ақ, ол – Санкт-Петербург қаласы мен Қарағанды облысындағы Қаражал қаласының құрметті азаматы. Бүгінде бұл марапаттардың көшірмелері жəне өзінің соғыс уақытында қолданған планшеті, жауынгерлік хаттары, суреттері Жезқазған қалалық мұражайындағы Ленинград қорғаушыларының жеке тақтайшасына ілінген. Ермекбай Манасбаев жан жары Ғазизамен 50 жылдан астам уақыт отасып, 10 ұл-қыз өсіріп, оларды жетілдіріп, Жеңістің 50 жылдығын көріп, өмірден өтті. Ал Ғазиза əжей қазір 98 жаста. Астана қаласында тұрады. Өмірлік серігін соғысқа шығарып салып, елде қалған ата-енесін бағып, тыл шаруасына білек сыбана кіріскен, бейнеттің неше түрін көрген жан. Тыл ардагері атанған кейуанаға 10 бала өсіріп-жеткізгені үшін Кеңес Одағының «Батыр Ана» ордені мен ««Алтын Жұлдыз» медалін жəне Тəуелсіз еліміздің «Алтын алқа» ордендерін алған. Жастайынан бейнет кешкен қария қазір ұрпағының қызығына батып əрі шалына дұға бағыштап отырған жайы бар. Бір ғасыр өмір сүрген, əлі де көрер жарығы мол əжей шығармашылықпен де шұғылданады екен. Өз ортасында ақын ана атанған ол «Ана сыры» шағын жинағын жарыққа шығарыпты.

70 жылдан соѕ табылєан марапат Жақында ауданымыздағы мектеп оқушыларының қызылізшілер тобы Ұлы Жеңістің 70 жылдығы құрметіне орай майдангерлер жүрген отты жолдармен жүріп, тың дерек тапты. Араға 70 жыл салып, қызыл əскер Дулат Əшкеевтің «Ерлігі үшін» медалінің дерегін ардагердің немере-шөберелеріне қуанышпен хабарлады.

Менің ағам Дулат Əшкейұлы Əшкеев 1924 жылдың қаңтар айында Жамбыл облысы бұрынғы Шу ауданы (Қазіргі Мойынқұм) Қақи (қазіргі Құмөзек) елді мекенінде туған. Бірінші Украина майданының Кутузов орденді Қызыл тулы Гатчинск 291 атқыштар двизиясының 838 артиллериялық полкінің барлаушы-бақылаушысы Дулат Əшкеев ағамыз соғысқа өзі сұранып барады. Майданда ағам екінші дəрежелі «Ұлы Отан соғысы», «Қызыл Жұлдыз» ордендерін алады. Германияның Дрезден қаласына дейін барып, соғысты Жеңіс солдаты ретінде бітіріп оралғаны біз үшін үлкен мақтаныш еді... 1943 жылы 10 тамызда Қызыл Армия қатарына шақырылады да, Ферғана қаласында 3 айлық əскери дайындықтан өтіп, Украина майданына өзі жіберіледі. Онда 838 артиллерия полкінің 291 Гатчинск батальонының атқыштар құрамында соғысқа қатысады. Польша, Чехословакия, Венгрия, ең соңында Германия үшін болған барлық ұрыстарға қатысады. Кеңес Армиясының

Қарулы Күштері қатарында неміс фашистерімен жан аямай шайқасады. Осының бір ғана дəлелі: барлаушы қызыл əскер Дулат Əшкеев Хабендорф елді мекенін алуда айрықша дəл мəлімет бергені үшін 32 жау солдатын, 4 танкісін, 2 пулеметін істен шығартып, 2 дзотының үнін өшірген сол жылғы ерлігіне «Қызыл Жұлдыз» орденін алады. Əр мемлекетті неміс фашистерінен босатқан сайын «Ерлігі үшін» медальдарымен наградталып отырған. Ең соңғы алғаны: 1945 жылғы 12 мамырда «Ерлігі үшін» медалімен марапатталады. «Қызыл Жұлдызды» қызыл əскер Д.Əшкеевтің ерлігі жолын іздестіру барысында 70 жыл бұрынғы осы «Ізгілігі үшін» медалінің ізі табылды. Ерлік ұмытылмайды екен. Ардагердің медалі ізі жергілікті қызыл ізшілер дерегінен табылды. Соғыс аяқталғаннан кейін де екі жылдай Кеңес Армиясының қатарында қалып, 1947 жылы аманесен елге оралып, қираған ауылды, қиналған халықты жақсылыққа бастай отырып, аянбай еңбек етті.

Колхоздастыру кезінде есепші бола жүріп, ерен еңбектің үлгісін көрсетіп, əсіресе «Алғатарт» колхозының тың жерлерді игеруге белсенді араласты. Шу өзенінен байлау сала отырып, канал қазғандары нағыз ерлік іс еді, себебі, каналды қолмен қазу, оны 3 өткелектен өткізу оңай шаруа емес болатын. Бүгінгі мектеп оқушыларының аға ұрпақтың ерлік істеріне мерейленуі біз үшін де үлкен қуаныш. 1989 жылы өмірден озған майдангер ағамыз жатқан жерінде бір аунап түскен шығар. Сағымбек ƏШІРБЕКОВ, інісі, Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы, зейнеткер.

Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы.


www.egemen.kz

14 сəуір 2015 жыл

Майданда маздаєан махаббат Жақында Мемлекеттік хатшы Гүлшара Əбдіқалықова Ұлы Жеңістің 70 жылдығы құрметіне Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында Валентин Ежовтың «Бұлбұлдар түні» шығармасының желісі бойынша режиссер Талғат Теменов сахналаған «Тыраулап ұшқан тырналар» лирикалық драмасын тамашалап, қойылым алдында бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбат берді. Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Мемлекеттік хатшы Г.Əбдіқалықова ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың екінші дүниежүзілік соғыстағы қазақстандық майдангерлердің ерлік шежіресіне тоқтала келіп, біздің елімізде тəуелсіздіктің барлық жылдарында бейбітшілік, достық пен келісім салтанат құрып келе жатқанын атап көрсеткенін айтты. «Ұлы Жеңістің 70 жылдығы еліміз үшін айтулы мереке болып саналады. Жыл басында Елбасы ардагерлерді құттықтады, содан бері еліміздің түкпіртүкпірінде кешегі қанды шайқаста қаза тапқан қаһарман ұл-қыздарымыз рухына арналған түрлі іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Соның ішінде, Қ.Қуанышбаев атындағы театрдың сахнасындағы «Тыраулап ұшқан тырналар» спектаклі де бар. Бұл қойылым Ресей драматургі В. Ежовтың шығармасы желісімен қойылып отыр. Қазақ тіліне аударған Əшірбек Сығай ағамыз. Ағаларымыз бен

апаларымыздың ерлігінен басқа, адами құндылықтар, шынайы махаббат, Отанға деген сүйіспеншілік, ерлік бүгін осы спектакль арқылы паш етілмек. Жалпы, Қазақстан жерінен 1 млн. 800 мыңнан астам адам соғысқа шақырылды. Оның жартысы, өкінішке қарай, жер жастанды. Қазір біздің елімізде 4 770-тен астам соғыс ардагері бар. Оларға Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында түрлі марапаттар көрсетіліп жатыр. Ал, бүгінгі қойылым жастарға, біздің барлығымызға үлгі тұтарлық спектакль болмақ», – деп түйіндеді өз сөзін Мемлекеттік хатшы Г.Əбдіқалықова. Орыс драматургі В.Ежовтың Мем лекеттік сыйлықтың лауреаты Əшір бек Сығай тəржімалауындағы «Бұлбұлдар түні» шығармасын алғаш Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында сахналап, ал мұнан кейін Жеңістің 70 жылдығына орай елордалық көрерменге жаңаша тұрпатта ұсынылғанын режиссер газетімізде жарық көрген сұхбатында

егжей-тегжейлі баяндап берген болатын. Осы айтылған əңгімеге енді не қосуға болады деген байламмен спектакльді тағы бір ойша сүзіп, екшесеңіз, ол мұндай ауқымды тақырып үшін теңіздің тамшысындай ғана үлес екенін аңғару қиын емес. Қанды майданның əлі қабығы аршылмаған қаншама қасіреті, өмір соқпағында соққы жеген қаншама тағдырлары тарихтың тереңінде қалып қойып жатыр. Талғат Теменов ой-қиялы шеберлікпен түйіндеген жауынгер бейнесі – соғыс аяқталып, жеңіске жеткен кеңес əскерлерінің туған жерге деген сағыныш сарынына құрылған, жер бетін қанша жерден соғыс өрті шарпыса да адамзат баласының жүрегіндегі ең ізгі арман, ғашықтық сезімі жоғалмайтынын паш еткен жалқы тұлға. Бірақ ондағы оқиға қазақ жауынгері Пернебек Боранбаевтың басынан өткен жағдайларға құрылғанмен, сол кезеңдегі адами қасиеттерді, биік парасатты, сатқындық пен опасыздықты, зұлымдық пен басқа да сұмдық əрекеттерді барынша қамтып өтуге əрекеттенуімен əр адамның жүрегіне жақындай түседі. Екі жастың арасындағы ғашықтық дастанын əр көрермен өз биігінде оқып, таниды. Бұл спектакль бір ғана қазақ жауынгерінің мұң-мұратымен шектелмейді, ол сол кезеңнің қасіретқайғысын, қуаныш-сағынышын толық

күйінде болмағанмен, біраз ақиқаттың бетін ашып беруімен тұшымды. Бұл ретте актерлердің ұжымдық еңбегі көзге ерекше шалынады. Қазақстанның халық əртісі Т.Мейрамов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері А.Омаров, Н.Өтеуілов, «Дарын» жастар сыйлығының иегері С.Қашқабаев, Қ.Қыстықбаев сияқты актерлер шеберлігі сол кезең трагедиясын сипаттарда жан-жақты ашыла түседі. Мұндағы əр кейіпкердің келбеті көрерменнің есінде сақталып қалатын сияқты. Бұл онда ойнаған əр актердің өзі сомдаған рөліне деген жауапкершілігінің, іштей қабысуы мен тіл табысуының, ортақ мұратқа бірге ұмтылысының нəтижесі болып табылады. Басты кейіпкер – қазақ жауынгерінің бейнесін отандық кино өнерінде басты рөлдерді сомдап жүрген жас актер – Əбілмансұр Серіков сомдаса, неміс қызы Инганы театрдың жас актрисасы Ақмарал Танабаева орындайды. Негізінен қазақ солдаты Пернебек Боранбаев пен неміс қызы Инга Браун арасындағы сезім хикаясы спектакльге арқау болады. Жауды жеңіп, елге қайтар күнін тосып жүрген Пернебек неміс қызы Инганы ойда-жоқта кездестіріп қалады. Басында бойын үрей билеген Инга айналасындағылардың бəрін жау көріп, бой тасаламақ болады. Бірақ екі

Константин ЩЕРБАКОВ, Ресейдің еңбек сіңірген қайраткері, ТМД кинематографистер одағы конфедерациясы төрағасының орынбасары: – Қазақ театр өнері, соның ішінде Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының репертуарлық саясаты, режиссерлік құрамы, актерлік ансамблі кəсіби театр дəрежесіне лайықты. Ұстанған бағыттарыңыз өте дұрыс əрі кəсіби деңгейлеріңіз жоғары екен. Биыл күзде Мəскеу қаласына гастрольдік сапармен келесіздер деген үміттеміз. Біз сіздерді асыға күтеміз. Ұжымдарыңызға тек сəттілік тілейміз! Жалпы театр мен киноны қатар алып жүретін режиссерлердің не сахнада, болмаса кинода қателесіп, сəтсіз туындылар жасап жататыны шындық. Осы тұрғыдан айтар болсам, Т.Теменов екі өнерде де аяқ алысы тең, нағыз шынайы туынды жасай алатын суреткер екенін осы спектакль барысында дəлелдеді. Мəскеуліктерге арнайы гастрольдік сапармен апарып көрсетуге лайықты спектакль деп мен осы «Тыраулап ұшқан тырналарды» айтар едім. Олег ПИВОВАРОВ, «Театральная жизнь» журналының бас редакторы: – Үш күн бойы театр репертуарындағы қойылымдарды көре отырып, труппа əртістерінің шеберліктеріне сүйсіндім. Сіздерде ана образын шебер сомдай алатын – Гүлжан Əспетова, Лəйла Бекназар-Ханинга, Майра Омар сынды актрисалардың барына қуандым. Бір-бірін қайталамайтын сахна шеберлері. Сол сияқты ерлерден – Ақыш Омар, Нүркен Өтеуілов, Қуандық Қыстықбаевтардың актерлік шеберліктерін ерекше атағым келеді. Репертуардағы қойылымдар бойынша айтар болсам, В.Ежовтың «Тыраулап ұшқан тырналар» («Бұлбұлдар түні») лирикалық драмасын шоқтығы биік спектакль дер едім. Актерлік ансамбль, спектакльдегі музыка, мизансценалардың құрылымы, ұтымды режиссерлік шешім жасай алған Талғат Теменовтің еңбегінің зор екенін көрдім.

жас бір-бірімен сырласа келе өмірлері де соншалық тағдырлас, арман-аңсарлары да өте ұқсас екенін ұғады. Əкесі соғыста мерт болған, ал кітапханашы анасы мен тоғыз жасар қарындасы фашистердің қолынан қаза тапқан жауынгер жігіт неміс солдаттарынан кек алмаққа, майданға аттанады. Неміс аруы Инганың тағдырына келсек, бұл соғыстан оның да жанына түскен жара ауыр. Кеңес əскерінің ұшағы үйіне құлап, əке-шешесі мен туған сіңлісінен айырылған ол көкірегіндегі өксіктен өліп кете жаздайды. Қыз бен жігіт бірбірінің жүрек мұңына құлақ тоса келіп, екеуінің арасында махаббат оты маздайды. Жалпы қойылым да тірі организм сияқты, өседі, дамиды, толысып, кемелденеді деген ұғымды өнер иелері жиі айтады. Сол секілді, сахнада жаңа талпынып өсіп келе жатқан жастардың бойынан біз де кемшілік іздегіміз келмеді. Жас əртістер адамзат баласына ортақ құндылық саналатын сүйіспеншілік сезімін мінсіз орындап бере алды. Махаббат пен жауыздық, адамгершілік пен азғындық, зұлымдық пен сүйіспеншілік, қатыгездік пен мейірімділік арасынан үлбіреп өсіп шыққан жауқазын гүлді ызғар шалып кетпеуін іштей тілеп отырасыз. Əртістер

7 ойынындағы əлсіздіктен гөрі əсерлі тұстар жеңіп шығады. Қазір жастарды ерлікке, патриотизмге тəрбиелеп, отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру үшін не істеу керек деген сұрақ жиі қойылады. Жауабы осы майдандағы ерліктерден мыңдап табылады. Бірақ, өкінішке қарай, екінші дүниежүзілік соғыстағы ағаапаларымыздың ерлігін бұлттың астынан түгел суырып алып шыға алмай жатырмыз. Оларды жарыққа шығаратын, рухын биіктететін сенімді құрал сахна десек, Бауыржан, Сабыр, Рахымжандай батырларымыздың, Əлия, Мəншүк сынды Шығыстың қос жұлдызы атанған апаларымыздың бейнесін жастардың санасына сахна тілімен орнықтыра алмай жүруіміздің өзі үлкен мін екенін сезінеміз. Қ.Қуанышбаев театрындағы бұл қойылымға соңғы кезде не себепті көп адамның назары ауып отыр десеңіз, қазақ сахна өнері бұл тақырыпты игеру жағынан, төсіне жөндеп түрен түспеген тың дала сияқты болып тұратыны рас. Сондықтан жылт еткен дүниеге жалт етіп қарамай қайтеді жұрт?! Осы спектакльді тамашалау барысында Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрындағы тағы бір айтулы шараның үстінен түстік. Шығармашылық ұжымның қойылымдарын 8-10 сəуір аралығында Мəскеудің өнер қайраткерлері келіп тамашалап, пікірлерімен бөлісіп жатыр екен. Мəскеулік қонақтар еліміздегі кəсібилігі жоғары өнер ордасының тыныстіршілігімен етене жақын танысып, театр ұжымының əртістеріне шеберлік сағаттарын өткізді. Бұл біріншіден, өнерге деген, оның ішінде театр өнеріне деген құрметті көрсетсе, екіншіден, екі жақты тəжірибе алмасуларға септігін тигізбек. Үшіншіден, екі ел арасындағы шығармашылық ынтымақтастықтың көрінісі. Сыншылар арнайы қойылымдарды көргеннен соң, кəсіби маман ретінде талдап, бағаларын берді. Үш күнде мамандар алты қойылымды Д.Ж.Патриктің «Қымбатты Памела» комедиясын ( реж. Ю.Ханинга), Д.Рамазанның «Абылай ханның арманы» тарихи драмасын (реж. Б.Ұзақов), Ж.М.Шевренің «Ізгілік формуласы» комедиясын (реж. Ə.Оразбеков), А.Вальехоның «Күн сəулесі түспеген» психологиялық драмасын (реж. Н. Жұманиязов), М.Əуезовтің «Абай» трагедиясын (реж. Ə.Оразбеков) жəне В.Ежовтың «Тыраулап ұшқан тырналар» лирикалық драмасын (реж. Т.Теменов) тамашалап, қорытындысында əріптестеріне ризашылықтарын білдірді. Ресейдің еңбек сіңірген қайраткері, ТМД кинематографистер одағы конфедерациясы төрағасының орынбасары, театр сыншысы Константин Щербаков пен Ресей Федерациясы мен Польшаның еңбек сіңірген қайраткері, «Театральная жизнь» журналының бас редакторы Олег Пивоваров қойылымды тамашалай келіп, өз ойларын ортаға салды.

 Өнер

Эцио ФРИДЖЕРИО:

«Менде арман жоќ» «Астана Опера» театрында Б.Астафьевтің «Бақшасарай бұрқағы» атты балетінің тұсаукесері болып өтті. Спектакльдің көркемдік жағынан безендірілуін өз жауапкершілігіне алған аса көрнекті итальяндық шеберлер, ерлі-зайыпты Эцио Фриджерио мен Франка Скуарчапиноны қойылым қарсаңында жолықтырып, əңгімеге тартқанымызда суретші-сценограф, аты аңызға айналған маэстро Фриджерио бізге бірден келісімін берді. – Италия – ежелден сəулет өнерінің ордасы, ренессанстық өркениеттің ошағы саналады. Осындай елден өзіңіздей дарын шығуы заңдылық, өскен ортаңыз жайлы білсек дейміз. – Мен балалық шағым жайлы əңгіме айтқанды ұната бермеймін. Жалғыз бала болғаннан ба, буржуаздар отбасында ерке болып өстім. Өмір мені жатырқаған жоқ, барынша еркелетті. Əу баста химик болғым келді, бірақ неге екенін əлі күнге дейін түсінбей-ақ қойдым. Жастау кезімде теңізде еңбек еттім. Кейін келе, өмір мені театр мен байланысы бар адамдармен жолықтырды. Театр – киелі орын, мұнда еріншек адамға орын жоқ. Театрдағы алғашқы жұмысым ұлы режиссер Джорджо Стрелермен байланысты болса, кино əлемі мені Эдуардо Де Филиппомен жолықтырды. Осылайша, өмірім театр, кино, опера болып тізбектеле берді. Балетпен де достасып кеттім. Біз əлемнің түкпір-түкпірінде атақты балет қойылымдарын жасадық. Нью-Йорктің Метрополитенінен бастап, Лондонның Ковент-Гарденінде, Мəскеудің Үлкен театрында тер төгіп, өз қолтаңбамызды қалдырдық. – Театр ісі асығыстықты ұнат пайды. Дүниенің төрт бұрышындағы театрлардың шаруасымен жүресіздер. «Өз үйім – өлең-төсегім» дегізетін табан тірер мекен бар шығар? – Біз Италияның солтүстік жағындағы

Эупильо деген кішігірім қалашықта тұрамыз. Сол жерде коттеджім бар, вилла деп айтуға келмейді енді. Менің үйімнің терезесінен əдемі өзен көрінеді. Онда салмағы ауыр, алып балықтар жүзеді. Мен ешқашан балық аулаған емеспін, ұнатпаймын. Тек балықшыларды сырттай бақылап, олардың жұмысына таңырқай қарағанды жақсы көремін. Мен өмірімді сахнаға арнаған адаммын. Бұл үшін маған жақсы ақша төлейді, барамын, басқа театр шақырса сонда ұшып жетемін. Осы менің жұмысым. Қолым қалт еткенде саяхаттауға шығамыз. Африка елдерін аралап көрдім, қайда жүрсем де адам мен табиғаттың үйлесімділігін іздеймін. – Қазақстанмен байланыс жасай бастағаныңызға көп уақыт өте қоймапты. «Сырт көз – сын шы» демекші, отандық туындыларымызға қандай баға бересіз? – Қазақстанда мен балетті ғана қойдым, сондықтан басқа саланы айтуға аузым бармайды. Маған сіздердің балет труппаларыңыз қатты ұнады, жалпы, Қазақстанда мені көбірек қызықтырғаны да осы өнер. Біз «Астана Опера» театрында белгілі хореографтар Тұрсынбек Нұрқалиевпен, Ғалия Бөрібаевамен жұмыс жасадық. Олардың шеберлігі, балеттік труппамен жұмыс істеуі бізді тəнті етті. Театр ашылғанына екі жыл ғана болды, алайда, біз бірлесіп осымен

төртінші балеттік спектакльді қойып отырмыз. Əрине, Қазақстанды əлі толықтай білмеймін, жалпы кез келген мемлекетке жұмыспен барғанымда менің жол жүру бағытым – əуежай, қонақүй, театр жəне осы жолды керісінше жүріп өтемін де, үйіме қайтамын. – Фриджерио, сіз 85 жастағы өнер иесісіз, талай ел аралап, жер көрдіңіз, жақсы мен жаманды ажырата алдыңыз ба? Өмір қандай екен деп сіздей көпті көрген жаннан сұрау əбестік емес деп ойлаймын? – Иə, ұзақ өмір сүрдім, талайды көрдім. Мен бір-ақ нəрсе айта аламын, өмір бойы мені қызықтырғаны, маған ұнайтыны – ол менің жұмысым. Қалған қызықтың барлығы осының көлеңкесінде ғана қалады. Əрине, менің жан жарым Франка – өмірімнің мəні. Біз бір-бірімізге өлердей ғашықпыз, ол менің өмірімдегі үлкен махаббатым. Біз əлі күнге дейін бір-бірімізді шынайы сүйеміз. Біздің Лола деген итіміз бар. Мен – өмірде

драмасыз ғұмыр кешкен жолы болған адаммын. Өкіндірер сəттерім жоқ десе де болады. Өмірде өзім жасағым келген істі ғана жасадым, кейде асып кетіп жатты. – Сахнаны көңіліңіздегідей безендіру үшін элемент таппаған кезде қайтесіз, сабылып іздейтін сəттер бола ма? – Бар дауысыммен қатты ай қайлаймын, сонда іздеген затым табыла қалады. Менің қалай айқайлайтынымды естігіңіз келе ме? – Жоқ, рахмет! – Рас айтамын, менің өмірім өте қарапайым, бəрі маған жеңіл келеді. – Философияға көбірек жүгінетін сияқтысыз. Жетістікке қалай жетуге болады? – «Бүгін жасай алатын ісіңді, ешқашан ертеңгі күнге қалдырма». Бұл менің сөзім емес, бірақ осы ұстанымды тұмар еткен адам өкінбейді. Өмірде ең қажеттісі 99,9 пайыз еңбек, 0-0,1 пайыз дарын, талант. Ал егер осы 0-0,1 талант болмай, тек еңбек болса, адам діттеген мақсатына жете алмайды, яғни, дарын болмаса қиын. Сізбен əңгімелесіп отырып, менің көз алдыма бір картина келіп тұр. Бұл жануар сіздерде жоқ, бірақ Италияда ертеректе болған деседі. Үлкен, аса алып жылқылар. Олардың жүрісі де баяу, себебі, үстінде өте салмақты ауыр жүгі бар. Бір сəтте өз-өзінен əлгі аттар шыбық тигендей үркіп, жанұшыра шаба жөнелді. Бұл не болды екен? – Сіздің қазіргі көңіл-күйіңіз шығар. Алда «Бақшасарай бұрқағы» атты балеттің тұсаукесері, көңіліңіз алаңдаулы, түсінеміз. Бəрі де сəтті өтеріне сенімдіміз. Сіздіңше, Италияның гүлденген кезі қай уақыт, қазіргі жағдайы қалай? – Италия мен алты жаста болғанда тым жақсы еді. Соңғы жылдары бəрі өзгеріп кетті. Мені Италияның болашағы соншалық алаңдатпайды,

себебі, асарын асап, жасарын жасаған адаммын. Білесіз бе, менің мұңым өзге біреулер үшін маңызды деп ойламаймын. Жанымдағылар да Италияның болашағына соншалықты күйіпжанбайды. Барлығы тырыса-тырмыса өз өмірлерін өткізіп жатыр. Менде мүлдем өкініш жоқ. – Есіміңіз тарихта қалады деп ойлайсыз ба? – Тарихта атымның қалғанын қалар едім, бірақ қалмайтын да шығармын. Қалмаса да ренішім жоқ, неге десеңіз, тарихта қалу үшін тырысқан емеспін. – Бір нəрсеге қатты ренжіп отырсыз ғой деймін? – Мұнда мені ешкім де ренжітпейді. Театр – мені жылы қабылдады, Қазақстанның қонақжайлылығы өте ұнады, бəріне алғысым шексіз. Менің мінезім қа талдау. Егер маған театрда бірдеңе ұнамаса, бұрыламын да кете саламын. Мен көп жүрмеймін, арбаға таңылып отырмын. Құлағым да жақсы естімейді. Маған не арманда

дейсіз, мен сияқты сексеннің сеңгіріне шықсаңыздар, өмірде не қымбат, не арзан екенін жақсы түсінесіздер. Мен өмірімде 360 қойылымға жанымды салып, тер төктім. Өмірге екі қайтара келмейтін өте дарынды адамдармен кездестім. Жасың егде тартқанда, өмір жайлы көп ойланады екенсің. Сізге сұхбат берген кезде – дəл қазір менің көңіл-күйім осындай болып отыр. Бір сөзбен айтқанда, арманым жоқ. – «Астана Опера» театрымен тағы қандай бірлескен жоспарларыңыз бар, бөлісе отырсаңыз. – Əрине, жоспар көп. Қазір театр басшылығымен, режиссерлермен жəне басқа қойылымға қатысы бар адамдармен келіссөз жүріп жатыр. Жақын күндері «Астана Опера» театры жағымды жаңалықтармен бөліседі, ал біз жұбайым Франка екеуміз қуана-қуана қайтып келеміз. – Рахмет. Əңгімелескен Құндыз ЕРАЛЫ.


8

www.egemen.kz

14 сəуір 2015 жыл

● Дүние жəне дағдарыс

ЌАРЖЫ САЛАСЫНДАЄЫ ЌАЌТЫЄЫС Бірқатар сарапшылардың атап көрсетуінше, əлемді кернеген экономикалық дағдарыстардың ауыр салмағы бірте-бірте қаржы саласындағы шиеленістерге алып келуі мүмкін. Өйткені, əлемде соңғы жылдары орныққан қаржы тəртібі ешкімді қанағаттандырмай отыр. Төменде осы жөнінде хабарлар жазылған.

Жапонияның жоғарыдағыдай əрекетінің себебін де осымен түсіндіруде. Олар Жапонияның бұл əрекетін америкалық қаржы гегомониясын сақтап қалудағы соң ғы да шешуші əрекет деп есептейді. АҚШ қаржы министрі Джейкоб Лью АИИБ-тің пайда болуы Халықаралық валюта қоры мен Бүкілəлемдік банктің көшбасшылығына төнген қатер деп мəлімдеген болатын. Ал АҚШтың Федералдық қазынашылық агенттігінің бұрынғы басшысы Ларри Саммерстің күдігі бұдан да қою. Оның пікірінше, Қытай Халықаралық валюта қоры жəне Бүкілəлемдік банкпен бəсекелестікке қабілетті мұндай қаржы институтын құра отырып, қазірдің өзінде үлкен жеңіске жетіп үлгерді. Ол АҚШ-тың Ұлыбритания секілді сенімді одақтастарының өзін осы жобаға қосып алуға қол жеткізді. Расында да, жобаға қосылуды қолайлы көрген елдер қатарына көз салсаңыз, халықаралық қаржы

мəселесіндегі Қытайдың жаңа табысына еріксіз сүйсінесіз. Өйт ке ні, жаңа банк тізімінің құрамында Еуропаның дамыған елдерінің көпшілігі, Ресей, Парсы шығанағының бай елдері, Иран мен Израиль, тіпті, құрлықтық Қытаймен кикілжің жағдай ында отырған Тайвань да жүр. Сарапшылардың пікірінше, бұл тізімге, əрине, Жапония да қосылған болар еді. Бірақ оның өзі орналасқан өңір бойынша Қытайды басты бəсекелес деп танитындығы белгілі. Сондықтан ол бақталастың бел алуына жол бергісі келмей отыр. Əзірге əлемнің басты қаржы институты болып табылып отыр ған Халықаралық валюта қорының басшылығы алып Қытайдың жаңа əрекетіне қатысты ішкі сырын ашпай отыр. Тіпті, қор басшысы Кристин Лагард ханымның өзі «Мұндай көп қырлы қаржы институтын құруға Қытайдың себептері жеткілікті. Əрине, мен де Халықаралық валюта қорының (ХВҚ)

инфрақұрылымдық нысандар құрылысын қаржыландырған дығын қалар едім. Алайда, ХВҚ-ның алдындағы міндет басқа. Сондықтан, біз АИИБ-пен ынтымақтастыққа пейілміз», деген сөздерін айтып, Қытайдың жаңа бастамашылдығына қолдау білдіргендей сынай танытқан болатын. Бірақ ханым көпшілік алдында осылай дегенімен АҚШтағы билік басындағыларға жаңадан құрылған халықаралық қаржы институтына қосылмай тұра тұру жөнінде кеңес берген көрінеді. Шындығында, Ақ үй осы уақытқа дейін Халықаралық валюта қорына кеңес беріп келген болатын. Ал мына жағдайда, керісінше болып отыр. Сарапшылар осы оқиғаны атап көрсете кетіпті. Алайда, АҚШ-тың Қытайдың бұл əрекетіне тосқауыл қоюдың сыннан өткен тағы бір тəсілі бар. Бұл жерде əңгіме юаньға резервтік валюта мəртебесін беріп, оны Халықаралық валюта қорының қоржынына қосу жайында болып отыр. АҚШ-тың

қаржы министрі Джейкоб Лью бұл үшін Қытай ең алдымен ұлттық валютасын жүзбелі бағамға көшіріп, капиталдың қозғалысын бақылауға алудан бас тартуы қажет деп есептейді. Бірақ əңгіме мұнымен де тынбайтын секілді. Ақ үйдің экономикалық кеңесшілер тобының басшысы Джейсон Фурман Вашингтон алдағы уақыттары валюталық саясат мəселесінде Бейжіңге жасайтын қысымын жалғастыра беретіндігін айтады. Қысқасын айтқанда, юаньға доллармен шынайы бақталас ретінде бой көрсету үшін əлі де көптеген кедергілерден өту керек. Бірақ осы бағыттағы Қытайдың жасап жатқан қадамының сəтті басталғандығын көптеген сарапшылар атап көрсетіп отыр. Тіпті, АИИБ-тің құрылып, қазірдің өзінде оған көптеген елдердің мүше болуын, осы оқиғаға байланысты Жапонияның мазасыздық танытуын халықаралық ақша соғысындағы Қытайдың жеңісі деп есептеуде.

ХВЌ əлемдік экономикаєа сенбейді Халықаралық валюта қоры таяудағы жылдары бүкіл əлем бойынша экономикалық өсімнің барынша баяулай түсетіндігін атап көрсетті. «Əлемдік қаржы дағдарысы басталғаннан бері көптеген елдер өздерінің өндірістік əлеуетінің тым баяу өсуіне тап болуда. Мұның өзі болашақта тұрмыс деңгейінің көтерілуін тежейтін болады», деп атап көрсетілген осы жөніндегі қордың жаңа хабарламасында. Осыған орай, көптеген экономикалардың ұзақ мерзімдік пайыздық өсу деңгейі төмен белгіленген. Мəселен, Халықаралық валюта қорының хабарламасында алдымыздағы бес жылда əлемнің дамыған экономикаларының өсімі 1,6 пайызбен шектелген. Бұл – дағдарысқа дейінгі кезеңнен де төмен көрсеткіш. Соның ішінде Жапония экономикасының дамуы бұрынғыдан да тежеле түсетіндігі атап көрсетілген. Ал дамушы елдер қазіргі уақытта дамыған елдермен салыстырғанда неғұрлым тəуір өсім деңгейін көрсетіп келе жатқандығы белгілі. Мəселен, 2008-2014 жылдар аралығында мұндай елдердің даму көрсеткіші 6,5 пайызды құраған.

Бұл бір есептен жоғары көрсеткіш болып табылғанымен, ХВҚ сарапшыларының бағалауынша, дағдарысқа дейінгі

жағдайдағыдан 2 пайызға төмен. Алайда, соған қарамастан, ендігі кезекте дамушы елдердегі өсім көрсеткіштерінің баяулай түсетіндігі, сөйтіп, алдағы бес жылда оның 5,2 пайыздан аса алмайтындығы болжанған. Осы ретте Қытай экономикасындағы даму қарқынының төмендеуі одан əрі жалғаса түсуі мүмкін екендігі атап көрсетілген. Сарапшылар мұның себебін ел экономикасының ендігі кезекте импортқа емес, ішкі сұранысқа сəйкес қайта бағдарлануымен түсіндіреді. Құжатта атап көрсетілгеніндей, өндірістің жаһандық өсімі əлемдік қаржы дағдарысы кезінде көп төмендеп кетті. Себебі, бірқатар ірі экономикаларда даму деңгейі шектелді. Бұған инновациялық қызметті, өндіріске салынған инвестицияларды ынталандыру саясатының заман ағымына сəйкес келмеуі əсер етті. Сондай-ақ, əлем халқының қартайып бара жатуының да көп ықпалы болды. Сондықтан ендігі кезекте əлем халықтары тұтастай алғанда экономикалық өсім баяулай түсетін жаңа жағдайға қарай бейімделуі қажет деп есептейді Халықаралық валюта қорының мамандары.

Экспорт 4,2 пайызєа тґмендеді Өткен наурыз айында Оңтүстік Кореяның экспорты 4,2 пайызға төмендеді. Бұл – күткендегіден де төмен көрсеткіш. Осы жөніндегі хабарламада елдегі экспорттан түсетін түсім атаулы мерзім ішінде 46,99 миллиард долларға дейін төмендегендігі айтылады. Сондай-ақ, импорттық көрсеткіштер де құлдырай түскен. Ол наурыз айында өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 15,3

пайызға төмендеген. Бұл көрсеткіш мұның алдындағы ақпан айында тіпті 19,7 пайызға дейін құлдыраған болатын. Сондықтан, наурыз айында жағдай біршама оңала түсті деп есептелгенімен, сарапшылардың күткен көрсеткіші басқаша еді. Олар наурыз айында импорт құлдырауының деңгейі 8,9 пайызбен шектеледі деп есептеген болатын. Бірақ қазіргі алдын ала есептеулер құлдыраудың тұңғиығы бұған қарағанда əлдеқайда

 Ауыл ахуалы

Кґктем келсе, ауылдар əбігерленеді Облыс орталығына қарасты Ленин, Кенжекөл, Баянауылдың Теңдік, Қара-ащы, Көкдомбақ, Жаңажол, Жуантөбе, Ақши, Лебяжі ауданының орталығы, Жамбыл, Кеңшілік ауылдары, Павлодар ауданының Мичурин, Ақтоғай ауданының Шолақсор ауылдарына су тасқыны келу қаупі бар. Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің мəліметінше, қазір осы ауылдарда тасқынға қарсы жұмыстар жүргізілуде. Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Облыста төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында су жайылу салдарын жоюға бағытталған құрамында 1211 адам, 454 бірлік техника жəне 43 бірлік жүзу құралы бар топтар жасақталыпты. Яғни, су тасқыны кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша кешенді жұмыстар қар толық еру кезінде, өңірдегі су қоймаларындағы су мөлшерінің артуы кезінде қолға алынады. Облыс əкімдігі де бас қосып, жина лыс өткізіп қояды. Осыншама қап құм, тас тасылды, жағдай бақылауда, ауылдар көше қалса, ыстық тамақ, төсек-орын дайын деп басқарма басшылары, аудан əкімдері есеп беруде. Мысалы, Баянауылдың Сəтбаев, Теңдік ауылдарында, Ақтоғайдың Шолақсор ауылын су басу қаупі бар. Ал, Қарағанды облысындағы Қаратоқа бөгеті

аумағынан ағатын қар суы Теңдік ауылына, ал Ақмола облысындағы Сілеті су қоймасынан келетін су Шолақсор ауылына қауіп төндіреді. Су мамандары болса, елімізде 365 су қоймасы бар екенін, оның 66-сы мемлекет қарамағында болса, қалған 142-сі жекеменшікке берілгенін, барлығы да күрделі жөндеуді қажет ететінін айтады. Өкініштісі, қоймаларда су бей-берекет сақталып, иелері ондағы судың шамадан тыс асуына назар аудармауынан ауылдар су астында қалатын көрінеді. Техникалық қауіпсіздігі нашар су қоймаларын мемлекетке өткізуді міндеттеп, тоғандарды, гидроқұрылыстарды ретіне кел тіріп, техникалық-экономикалық негіздемелер, жобалық-сметалық құжаттама жасалуы қажет. Сонда ғана, каналдардың су өткізу жəне су қойма лар ының су қабылдау мүмкіндігін арттыру, магистралды каналдарын тазалау жобалары жүзеге асырылады. Тасқын суды реттеп отыратын

Əлем жаѕалыќтары

Клинтон президенттік сайлауєа тїседі АҚШ-тың бұрынғы Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон өзінің 2016 жылы өтетін президенттік сайлауға қатысатындығын мəлімдеді. Ол Демократиялық партия атынан сайлауға түспек. «Мен президенттік сайысқа қатысамын, – деп жазыпты ол өзінің «Фейсбуктегі» парақшасында. – Америкалықтарға күн сайын чемпион қажет. Менің де чемпион болғым келеді». 67 жастағы Х.Клинтон өзінің сайлау кампаниясын Айова мен Нью-Гемпшир штаттарынан бастамақ. Осыдан бірер күн бұрын АҚШ президенті Барак Обама Клинтон АҚШ-тың өте тамаша президенті болады деген пікір айтқан еді. Ақ үй басшысының пікірінше, Хиллари Клинтон мемхатшылық қызметті ойдағыдай атқарған. Қазіргі кезде президенттік сайлауға республикашылардан сенаторлар Тед Круз бен Рэнд Пол түсетінін ресми түрде жария етті.

АЌШ аќша соєысында Ќытайдан жеѕіліс тапты Осы аптада үлкен қаржы жанжалы орын алуы мүмкін. Өйткені, Жапония үлкен жиырмалықтың қаржы министрлерінің саммитінде жаңадан құрылған Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің (АИИБ) мөлдірлігі ту ралы мəселе көтермек. Бұл – Қытай құрып отырған халықаралық банк. Мəліметтерге қарағанда, жаңадан құрылған бұл алып банкке қазірдің өзінде 40 ел мүше болып үлгерген. Ол мүшелердің қатарында «үлкен жиырмалық» елдер дің барлығы да жүр. Тек екі мемлекет қана оған өтуге асығар емес. Олар – АҚШ пен Жапония. Сарапшылардың пікіріне қарағанда, бұл екі елдің асықпай отырған себебі түсінікті. Негізінен алғанда, АҚШ басында тұрған жəне Жапония белсенді қатысушысы болып табылатын Халықаралық валюта қорына Қытайдың құрып отырған жаңа халықаралық банкі арқылы қуатты бəсекелестің пайда болуынан қорқады. Сарапшылар

ШАРАЙНА

Ўшаќ шассиі бґлігіндегі «жолаушы» Индонезия тұрғыны Марио Стеван Амбарита деген азамат Паканбару мен Джакарта қалалары аралығындағы бір мың шақырымдай қашықтықты реактивті ұшақ шассиінің бөлігінде отырып, «жүріп өтіпті». «Рейтер» ақпарат агенттігінің жазуына қарағанда, Амбарита əуе кеңістігінде шамамен екі сағаттай болған көрінеді. Ұшаққа кіру үшін ол əуежайдың биіктігі 2,5 метрлік қоршауынан асып түскен. Джакартаның тиісті əуежайына қонған ұшақтан «түскен» Амбаританы əуежай қызметкерлері байқап қалған. Дəрігерлер оның денсаулығына ешқандай зақым келмегенін айтады. Ал ол ел астанасына осылай жетуге бір жылға жуық дайындалғанын, ұшақтың ұшу жəне қону ережелерін интернет арқылы зерттегенін алға тартқан. Сондай-ақ, ол бұрын да осылайша «тегін ұшуға» ниеттенгенін де атап өтіпті.

Алапат ґрттен 15 адам ќўрбан болды Хакасияда жексенбі күні басталған өрт салдарынан бес мыңға жуық адам баспанасыз қалды. Құрбан болғандар да, жарақат алғандар да бар. «Новости» ақпарат агенттігі осылай деп хабарлады. Хакасия республикасы үкіметі баспасөз қызметінің келтірген мəліметтері бойынша, 1,3 мың үй отқа оранған немесе түгелдей күйіп кеткен. Өрт салдарынан 15 адам құрбан болған, тағы бір адам із-түзсіз жоғалған. Хакасия денсаулық сақтау министрінің көмекшісі Михаил Мальгиннің айтуынша, медициналық көмекке 613 адам жүгінген, оның 78-і ауруханаға жатқызылыпты. Өртті қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспектор Б.Борзовтың сөзіне қарағанда, өрт ошағы толық сөндірілді, билік органдары өрттен зардап шеккендерге қаржылай көмек көрсету шараларын қарастырып жатыр. Оларға 10 мың рубльден 100 мың рубль аралығында ақшалай көмек берілетін болады. Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев республиканың басшыларымен телефон арқылы сөйлесуінде өрттің шығу себептерін тексеруді жəне келген шығын көлемін анықтауды тапсырды.

Ќысќа ќайырып айтќанда: АҚШ-тың Огайо штатындағы Кливленд қаласында үш жастағы бала өзінің бір жасар інісін атып тастаған. Ойын баласы қараусыз қалған тапаншаны алған да, інісінің басына тіреп, шүріппені басып жіберген. Ал үйде ересек адам болған көрінеді. Польша президенті Бронислав Коморовский өзінің сайлау кампаниясы аясында жол-көлік оқиғасына тап болды. Мемлекет басшысы белгіленген жоспар бойынша, ретро-трамвайға отырып, қаланы аралауы тиіс еді. Өкінішке қарай, ол мінген трамвай бұрылған кезде рельстен шығып кеткен. «Ислам мемлекеті» тобының содырлары 2011 жылғы 11 қыркүйекте АҚШ-та болған террорлық əрекеттерді қайталауға уəде берді. Олар осындай ақпаратты интернет желісінде орналастырған. Киевтің «Борисполь» əуежайында шекарашылар Вьетнам азаматының багажынан радиациялық қаупі аса жоғары үстел сағатын тапты. Оның радиациялық қауіптілігі нормадағыдан 6 мың есе жоғары екен.

НАТО-єа кіру ќателік деп есептейді

тереңдей түскендігін көрсетіп берді. Бұл ел Қытай басшылығының бастамашылығымен құрылған Азия инфрақұрылымдық инвес тициялар банкінің (АИИБ) мүшелігіне өтуге мүдделілік танытып отыр. АҚШ болса, өз одақтастарын бұл жаңа ұйымға қосылудан бас тартуға шақыруда. Дайындаған Сұңғат ƏЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Тасќынєа – тосќын (Соңы. Басы 1-бетте).

облыс аумағындағы коммуналдық меншіктегі су қоймаларын бір жерден басқаруға беру керек, дейді су мамандары. Бұдан шығатын қорытынды сол, ауылдарды жылда су астында қалдыратын тасқын судың қаупі өмірі бір реттелмей осылай қайталана беретінін көріп отырмыз. Кеңес кезінде салынған су қоймаларының, бөгеттердің əбден ескіргені белгілі. Сондықтан, жыл сайын апаттың алдын алу, тасқын судың салдарын жою бойынша қап-қап құм мен тас, топырақ тасуға қаржы бөліне береді. Нəтижесі шамалы. Су астында қалатын ауылдарды басқа жерге көшіру тиімді де болар еді, бірақ, бұ ған біріншіден, Үкіметтен қыруар қаражат керек, екіншіден, ауылдықтар басқа жерге көшуге ниет білдіре қойса жақсы. Коммуналдық меншікке берілсе бөгеттер де жөнделіп, жоба-жоспарлар қолға алынар еді деген үміт бар ауылдықтарда. Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында күнделікті мониторинг жүргізіліп, ақпараттандыру жұмыстары қолға алынуда. Қазір ауылдықтар тас-түйін дайын. Тасқынды күтіп отыр. Құм толы қаптарымен, тастарымен бөгеп, əкімдіктердің судың астында қалдырмасын біледі. Жылдағы əдет осы...

В.Божко «Өрт сөндіру жəне апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» мен «Судан құтқару» мемлекеттік мекемелерінің құтқарушыларынан құралған топтардың əзірлік жайымен танысты. Сергеев су қоймасында болып, тасқынның алдын алу шараларына қанықты. Бұл бөгенде су тасу кезеңінде күтілетін көлем мөлшері нормадағы 1,3 миллиард текше метр орнына 2,6-3,4 миллиард текше метр болады деп жобалануда. Ал, Ақмола облысындағы Сілеті су қоймасына 150-230 миллион текше метр су жиналуы ықтимал. Бұл да шамадан тыс көп көрсеткіш. Күніне 3,5 миллион текше метр су құйылуда. Осы себепті су көлемін жоспарлы азайтудың жолдары қарастырылған. Өйткені, Уəлиханов ауданының Қаратал, Қулыкөл елді мекендерінің тұрғындары жыл сайын тасқын судан зардап шегеді. В.Божко мен Е.Сұлтанов Қызылжар ауданының Тепличное ауылы маңындағы бөгетте болып, жағдайдың тұрақта бақылауға алынғанын көрді. Оны қалпына келтіруге жергілікті қазынадан 4 миллион теңге жұмсалған. Жақын орналасқан үйлерді қорғау мақсатымен бөген 200 метрге ұзартылған. Ішкі істер министрінің орынбасары В.Божко тиісті орындарға су тасуы ықтимал қауіпті аумақтарда күн сайын мониторинг жүргізуге, тəуліктік кезекшілік ұйымдастыруға тапсырма берді.

Павлодар облысы.

Солтүстік Қазақстан облысы.

Финляндияның қаржы министрі Антти Ринне өз елінің НАТО-ға кіруге өтініш беруін қателік деп есептейді. Оның мəлімдеуінше, бұл елдің сыртқы саясатына жəне елдің ұлттық қауіпсіздігіне кері əсер етеді. Министрдің сөзіне қарағанда, дəл қазіргі кезде елдің Солтүстік атлантикалық альянсқа кіруге өтініш беруіне ешқандай негіз жоқ, мұнымен «Финляндияның жағдайы жақсармайды». Финляндия орталығы партиясының төрағасы Ю.Сипильдің де көзқарасы осыған жақын келеді. Өйткені, ол елдің қаржы министрін 19 сəуірдегі парламенттік сайлаудан кейін премьер-министр лауазымына аса лайықты кандидат деп есептейді. Оның пікірінше, аталған мəселе референдум арқылы шешілуі қажет. Атап өтейік, Финляндияның көпшілік тұрғындары елдің НАТО-ға кіруіне қарсы.

Рим папасынан тїсінік беруді талап етті Түркия билігі Ватиканнан Рим папасы Францискінің армяндарға қарсы зұлмат туралы мəлімдемесіне байланысты түсінік беруді талап етті. Бұл жөнінде «Рейтер» агенттігі хабарлады. Ресми Анкара бұл талапты жайдан-жай қойып отырған жоқ. Осы жылдың 12 сəуірінде Рим папасы Франциск Римдегі қасиетті Петр соборындағы рəсім кезінде 1,5 миллион армяндардың өлтірілуі «ХХ ғасырдағы алғашқы зұлмат» болды, деп айтқан еді. Осы діни рəсімге қатысқан Армения президенті Серж Саргсян да Рим папасының айтқанына қолдау білдірген. Түркия Армениямен дипломатиялық қатынасты 1993 жылы үзген болатын. Оған Ереванның Осман империясының армяндарға қарсы зұлматын тануды талап етуі ең басты себеп болды. Ал Түркия тарапы армяндарға ешқандай қысым, зорлықзомбылық көрсетілмегенін əркез мəлімдеп келеді.

Туристерге де тыныштыќ жаќпайды Нидерланд полициясы Германияның 70-тен астам турисін ұстады. Бұл əрекетке полицейлер Ренесс курортындағы жаппай төбелес салдарынан барып отыр. Полицейлердің мəліметтеріне қарағанда, полицейлер мен германиялық туристер арасындағы жанжал Солтүстік теңіз жағалауында орын алған. Оған құқық қорғау органы қызметкерлерінің бір демалушы туристі ұстамақ əрекеті себеп болған сияқты. Осыны байқап қалған германиялық туристер полицейлерге қарсылық көрсеткен. Жанжал салдарынан екі полицей жарақат алыпты, оның бірінің басына сыра саптаяғы тиген екен. Қазір полицейлер орын алған оқиғаның ақ-қарасын анықтауды қолға алып жатыр. Интернет материалдары негізінде əзірленді.


www.egemen.kz

14 сəуір 2015 жыл

 Талап жəне тəртіп

«Нўрлы Жол» – аймаќ дамуына айќын баєыт Мемлекет басшысы «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты жаңа Жолдауында маңызды салалар бойынша тапсырмалар беріп, алдағы міндеттерді айқындап берді. Бұл Жолдауды нақты істерге негізделген ел дамуының жаңа экономикалық стратегиясы ретінде қабылдап отырмыз. Өйткені, бұл құжатта болашақ үшін маңызды мəселелер түгел қамтылған.

Еліміздің экономикалық ілгерілеуі аймақтардың экономикалық дамуымен тығыз байланысты. Соңғы жылдары Қызылорда облысында аймақ басшысы Қырымбек Көшербаевтың жетекшілігімен жоспарлы түрде көлемді істер атқарылып келді. «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Елбасының Жолдауында жол салу ісіне айрықша маңыз берілгені қуантады. Бұл біздің мемлекетіміздің даму бағытын айқындайды жəне аймақтарды бір-бірімен байланыстырады. Маңызы зор осы құжатта Елбасы «Біздің басты мақсатымыз – 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың жəне жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру» деп нақтылады. Осылайша, тəуелсіз Қазақстанның алдағы даму жолында атқаратын істері айқын көрсетіліп, осындай үлкен жобаларды жүзеге асыру батыл қолға алынғалы отыр. Мəселен, бізге жол салумен бірге Президенттің елді индустрияландыру, жедел экономикалық жаңғырту жөніндегі саясаты да өте жақын. Мұның барлығы халықтың жағдайын, əл-ауқатын жақсарту үшін жүзеге асырылып жатыр. Тек жол құрылыстары арқылы ғана елімізде 200 мың жаңа жұмыс орны ашылатын болады. Қаншама қалалар мен елді мекендердің инфрақұрылымы жақсарады, халықтың тұрмыс деңгейі көтеріледі. Бұл мақсатқа 2015-2017 жылдар аралығында əр жыл сайын Ұлттық қордан 3 миллиард АҚШ доллары көлемінде қаражат бөлінеді. Ал, инвестициялық жобаларға тоқталар болсақ, биылғы жылдың өзінде стратегиялық жəне əлеуметтік маңызы жо ғары жалпы құны 296,6 млрд. теңгенің инвестжобалары жүзеге асатын болады. Олардың қатарында Қызылорда əуежайының жолаушылар терминалының (6,5 млрд.теңге), «Шалқия» кені өндірістік жəне байыту фабрикасының (85,0 млрд.теңге) құрылысы, Қызылорда облысының елді мекендерді газдандыру (23,2 млрд. теңге) секілді ірі жобаларды атап өтуге болады. Сонымен қатар, республикалық маңызы бар 3 жол, облыстық деңгейдегі 14 жолдың қайта жөнделетінін айта кетейік. Көпшілік көптен күткен «Жезқазған – Қызылорда» автожолының 60 шақырымын қайта салу, Сырдария өзені арқылы өтетін бірнеше көпірлер құрылысы жəне т.б. құрылыстар бар. Президенттің Жолдауында еліміздегі шағын жəне орта бизнесті дамыту мен қолдауға айрықша маңыз беріліп отырғанын жоғарыда атап өттік. Барлық мəселенің тіні – жеке жəне отбасылық кəсіпті сауатты жүргізу, шаруаны қолға алғанда аймақтардың табиғи ерекшеліктері мен өндірістік перспективасын танып-білуден басталып, тарқайды. Сыр өңірінде де жыл озған сайын əр отбасы жеке кəсіп жүргізудің, кəсіпкерлеріміз шағын жəне орта бизнес нысандарын ашудың пайдасын терең түсініп, тынбай еңбектенуді үйреніп келеді. Мұны, біздер салық саласының маманы ретінде кəсіпкерлер санының өсуінен, салық базасының көлемінен жəне, қарапайым тілмен айтқанда, жұмыс көлемінің еселеп артуынан көріп отырмыз. Салықты өндіру бар да, салық төлеушілерді тексеру, яғни аудит бар. Салықтан жалтару немесе өндіріс пен тауар көлемін төмендетуге тырысу

да кездейпей тұрмайды. Мұны мойындауымыз керек. Бұл – көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдарды белсенді жүргізу қажеттілігін тудырып отыр. Міне, салық, кеден саласы жəне бұрынғы қаржы полициясының экономикалық қылмыстармен күрес бөлігін біріктірудегі негізгі мақсат осы. Бүгінде Мемлекеттік кірістер департаменті болып аталып отырған біздің құрылымның жұмысы осындай басты бағыттарды қамтып отыр. Сонымен қатар, салық төлеушінің құқықтық сауаттылығын көтеру жəне бақылау органдарына сенімін арттыру – мемлекеттік кірістер ор гандарының басым стратегиясының бірі. Бұл орайда, Елбасымыз «Біздер кəсіпкерлердің құқықтарын толық қорғауды қамтамасыз ете отырып, салықтарды жеңіл жəне оңай төлеуге болатын жағдайлар қалыптастыруымыз керек», деген болатын. Қазіргі дамыған жəне бəсекеге қабілетті болуға ұмтылған Қазақстан үшін салық мəдениетін көтеру өте маңызды. Егер 90-шы жылдар басында бұл көрсеткіш 15-20 пайыз деңгейінде болса, қазір ол 90 пайызға жетті. Нақты кезеңде Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті құрылымдық жағынан толық қалыптасты. Мамандар біліктілігі мен тəжірибесіне қарай орналастырылды, жаңа автоматтандырылған бағдарламалар іске қосылып, бірлескен операциялар жүйемен жүргізіліп жатыр. Біздің департамент өткен жылдың соңына қарай жүргізілген бірігу мен қайта қалыптасудың бірқатар өзіндік қиындықтарына қарамастан, 2014 жыл қорытындысымен мемлекеттік бюджетке 88,2 млрд. теңге салықтар түсімін қамтамасыз еттік. Жоспардың орындалуы 103,4 пайыз болды, яғни болжамды тапсырмадан 2,9 млрд. теңгеге артық салықтар мен төлемдер өндірілді. Осы тұста өткен 2014 жылы Қызылорда облысының көрсеткіштері республикадағы өңірлердің ішінде ең жоғары көрсеткішке қол жеткізгенін айта кетейік. Жергілікті бюджет бойынша болжам 105,1 пайызға орын далып, 2013 жылмен са лыстырғанда түсімдер көле мі 14 млрд. теңгеге өсті. Бюд жеттік түсімдердің артуы облыс экономикасының қар қынды дамуымен байланысты. Оның ішінде, өңі рімізде шағын жəне орта бизнестің ырғақты дамуы оң əсерін тигізіп отыр. Сонымен қатар, біздегі салықтық əкімшілендірудің жақсаруы бірқатар жетістіктерге қол жеткізуге ықпал етіп отыр. Бүгінгі таңда аймағымыздағы шағын жəне орта бизнес субъектілерінің саны – 43 437. Бұл 2013 жылмен салыстырғанда 854-ке артық. Айта кетейік, олардан бюджетке 23,2 млрд. теңге салықтар мен төлемдер түсті. Камералды бақылаулар нəтижесінде бюджетке 5,3 млрд. теңге салықтар мен алымдар қосымша есептеліп, оның 4,7 млрд. теңгесі өндірілді. Салық салу базасын ұлғайту бағытында жүргізілген жүйелі жұмыстар нəтижесінде бірқатар жетістіктерге қол жеткіздік. Мəселен, бұрын салыққа тіркелмеген қалаіші лік жəне қалааралық бағытта жолаушы тасымалдаумен, ауыр жүк тасымалымен айналысатын кəсіп иелері, сондай-ақ, пəтерлерді жалға берушілер мен медициналық жəне бас қа да тұрмыстық қызмет көрсетуші тұлғалар анықталып, олар түгелдей қосымша есепке тұрғызылды.

 Кітап көкжиегі Қазіргі таңда толассыз өмір көшінің небір қилы дəуірлерін басынан өткерген халқымыздың өткен тарихын тануға деген ерекше құлшыныс байқалуда. Ол ұлттық санадағы бұлқынысты айғақтауымен қатар тəуелсіздіктің рухани ұстындарын бекітудегі қоғамдық сілкіністен туын дап жатқан ілкі қасиеттерді танытса керек. Ел азаматтарын мемлекетшілдік сана биігіне, отаншыл ұстаным өріне жетелейтін «Мəдени мұра», «Тарих толқынындағы халық» бағдарламалары негізінде атқарылып жатқан игі қадамдар «Мəңгілік ел»

мен шығармашылығын тың дерек, соны материалдар негізінде зерттеу арқылы Алаштану ілімін жаңа деңгейге көтерген Е.Тілешов пен Д.Қамзабекұлының Алматының «Сардар» баспасынан өткен жылы жарық көрген аталмыш еңбегі айрықша назар аудартады. Энциклопедиялық анықта малықтың «Аңдатуында» əдебиетші ғалымдар: «Алаш – Қазақстанның «Мəңгі ел» ел мұратын саясат пен руханият тұрғысынан айқындаған, айшықтаған кезең атауы.

жəне Торғай облысы қазақтар өкілдерінің кеңесі», «Ақмола көтерілісі», «Ақмола облыстық Алаш комитеті», «Алаш автономиясы», «Алаш автономиясының жерінде жер пайдалану туралы Уақытша Ереже», «Алаш əдебиеті», «Алаш жəне Кеңес үкіметі», «Алаш қаласы», «Алаш қозғалысы», «Алаш қоз ғалысына мүше болғандар мен ниеттестер тізімі», «Алаш қозғалысына қатысқандардың тізімі», «Алаш қозғалысы тарихын дəуірлеу мəселесі», «Алаш мектептері», «Алаш милиция-

Алаш – Қазақ елінің мемлекет құру тəжірибесі мен мемлекетшілдік мүддесінің үзілмеген арқауы. Алаш – Тəуелсіздік жылдары Қазақстан Республикасының батыл да бастамашыл білік пен парасат, білім мен жауапкершілік тарихына қараған айнасы» деп мемлекетшілдік ұстанымдағы тарихи сабақтастық желісінде үзілмеген алтын арқауды өте орынды атап көрсетеді. Алаш қозғалысының тұтас тарихын кешенді зерттеп, зерделеуге негізделген энциклопедиялық анық тамалық көтерген жүк өте салмақты. Сол себептен де білікті ғалымдар Алаш қайраткерлерінің өнегелі өмірбаяны мен сан салалы тағылымды қызметін, Алаш қозғалысы, Алаш партиясына қатысты ұғымдар мен атауларды жүйелі қамтуға, сол кезеңнің тарихиқоғамдық, мəдени, əдеби дамуын байқататын мағлұматтарды кеңінен беру ге қажыр-қайратқа толы мол жауапкершілікпен келген. Ең бастысы, Алаш қозғалысы, қос қозғалысқа қатысқан айтулы тұлғалардың деректі тізім жаңа мұрағаттық материалдармен толықтырылып берілген. Энциклопедиялық анықтамалық Алаш қозғалысына, партиясына қатысты ұғымдар мен атаулардан, Алаш қозғалысына қатысқандар тізімінен жəне Алаш жылнамасы қамтылған ауқымды үш бөлімнен тұрады. Бірін бірі тарихи хронологиялық тұрғыдан толықтырып тұрған бөлімдерде қамтылған құнды деректер, ұғым атаулар елдік үшін арпалысып өткен ұлы тұлғаларымыздың қайраткерлік болмысын, руханият пен түрлі ғылым салаларында өшпес із қалдырған феномен қасиеттерін жаңа қырынан тани түсуімізге мүмкіндік береді. «Автономияны басқару жəне Алаш автономиясы территориясында жергілікті басқаруды ұйымдастыру жөніндегі қаулы сы», «Автономияшылдар одағы», «Ағартушылық», «Азамат» серіктестігі», «Ақмола, Жетісу, Семей, Орал

сы», «Алаш оқулықтары», «Алаш» партиясының бағдарламасы», «Алаш» партиясының облыс тық комитеттері» «Алаш» партиясының сиезі», «Алаш» партиясының шарты», «Алаш полкі», «Алаш пьесасы», «Алаш сөзін сөйлеген Дума депутаттары», «Алаш ұғымы», «Алашорда үкіметі, Алаш орданың халық кеңесі», «Алашорда төрағасының Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына хаты», «Екінші жалпықазақ сиезі» өзге де ұғымдар мен атаулар Алаш қозғалысының тарихын тұтас əрі кешенді жүйеде зерттеп, зерделеуге, танып таразылауға құнарлы нəр сіңіруімен құнды. Қазақ теңдігі, азаттығы жəне рухани кемелденуі үшін бастарын бəйгеге тіккен ұлт перзенттерінің аяулы есімдерін анықтауда сан буын ның өтелмеген парызын атқаруда Ербол Ердембекұлы, Дихан Қамзабекұлы айрықша ыждаһат танытқан. Кітаптың «Алаш қозғалысына қатысқандар» бөлімінде ұлт азаттық қозғалысқа қатысушылар саны соны деректермен толықтырылған. Бұл ретте Алаш азаматтары есімдерінің тізімін жасауды алғаш рет қолға алған алаштанушы Кеңес Нұрпейіс түзген «Алаш қозғалысына мүше болғандар мен ниеттестер тізімінде» 270 адамның аты-жөндері көрсетілген болатын. Кейінгі ғылыми ізденістерде Алаш қозғалысы мүшелерінің тізімі барынша толықтырылып отырғанын байқаймыз. Мəселен, Б.Мүрсəлім құрастырған «Алашорда» фотоальбомында 350 тұлға қамтылса, «Алаш» қозғалысы» анықтамалығында (Е.Тілешов., Д.Қамзабекұлы., И.Нұрахмет Алматы, 2007) Алаш қозғалысына қатысқан 583 адамның тізімі дəйектелген-ді. Ал біз сөз етіп отырған «Алаш қозғалысы» энциклопедиялық анықтамалығында Алаш қозға лысына қатысқан 940 тұлғаның есімдері беріліп, Алаш қозғалысына қатысы нақты тарихи деректермен негізделген. Энциклопедиялық анықтамалықтағы ХХ ғасыр бас кезіндегі саяси-əлеуметтік, тарихи-қоғамдық жайттан, ұлт зиялыларының елдік мұраттағы сан қатпарлы қызметтерінен мол мағлұмат берер «Атылған, қуғындалған күйшілер», «Аштарға жəрдем комитеті», «Ахмет Байтұрсынұлының Ташкент сапары», «Ғалиханның Семейге келуі», «Қазақ білім паздарының тұңғыш сиезі», «Қазақ жəдитшілдігі», «Қазақ-қырғыз білім комиссиясы», «Қарқаралы жеделхаты», «Қарқаралы құзырхаты», «Маса» жинағы», «Орынбордағы əдебиет кеші», «Шəуешек сапары» т.б. сипатындағы ұғымдар еңбектің ғылыми жəне танымдық өрісін барынша кеңейте түскен. Сонымен қатар, кітапта берілген «Алаш жылнамасының» Отан тарихын қастерлеп, оның ақтаңдақ күйінде қалып келген түйінді мəселелерін білуге құштар оқырман

Алаштанудыѕ айтулы асуы Мемлекеттік сатып алу жүйесі аясында бюджеттен 10,7 млрд. теңге қаржы алған 278 салық төлеуші бюджетке бар болғаны 52 млн. теңге төлеген. Тағайындалған камералдық бақылау қорытындысымен олардың 216-сы 914 млн. теңгеге қосымша декларациялар табыс етті, оның 288 млн. теңгесі төленді. Өткен жылы Қызылорда облысының сыртқы сауда айналымы 1 млрд. 69 млн. АҚШ долларын құрады. Кедендік төлемдер мен салықтар бойын ша мемлекеттік бюджет 10 млрд. 994 млн. теңгеге толықты. Түсімдердің басым бөлігін əкету, кеден бажы жəне қосымша құн салығы (ҚҚС) құрайды. Департаменттің экономикалық тергеу қызметі экономикалық жəне қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды тергеу мен ашу, болдырмау, алдын алу бойынша жұмыстар кіреді. Биылғы жыл басталғалы бері экономика саласында 49 қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл – салық жəне кеден саласындағы заң бұзушылықтар, көлеңкелі экономика мен жалған кəсіпкерлікке қатысты фактілер. Сөз басында атап өткенімдей, бақылау органдарына жұртшылықтың сенімін арттыру – біздің басым мақсаттарымыздың бірі. Бұл үшін өз қызметіміздің деңгейін, салық төлеушілермен қарымқатынас мəдениетін көтеруді ұдайы назарда ұстаймыз. Өткен жыл қорытындысымен салық төлеушілерге салық есептіліктерін қабылдау бойынша 275 076 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілген, оның 258 071-і (94%) электронды түрде, 17 005-і (6%) қағаз жүзінде. Қызметіміздің сапасын көтеру, қызметтердің қолжетімділігін арттыру мақсатында өткен 2014 жылдың 1 қарашасынан бастап Қы зылорда қаласы бойынша кірістер басқармасының ақпарат қабылдау жəне өңдеу орталығында электронды басқару жүйесі орнатылды. Қазақстанның 5 облысы арқылы өтетін – «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автожолының Қызылорда облысындағы үлесі 812 шақырымды құрайды. Бұл сəтімен жүзеге асқан ірі жобалардың санатынан. Шығыстан Батысқа жəне кері бағытта жүк тасымалын жылдамдатады, транзиттік əлеуетті кеңейтеді. Сонымен қатар, ірі жəне орта бизнестің дамуына жаңа тыныс береді, жол жиегіндегі сервистік қызмет түрлерін дамытады. Бұл бір ғана мысал. Елбасы атап өткендей, біздің азаматтарымыз заманауи жəне сапалы автомагистральдармен жүріп, кез келген өңірге қауіпсіз əрі жедел жететін болады. Əлеуметтік инфрақұрылым жақсарады. Нəтижесі əрбір қазақстандықтың əл-ауқаты мен өмір сапасында көрініс табады. Ал, ең бастысы, осының бəрі болашақ ұрпақтың байлығы болып біздің жерімізде қалады. Өз Жолдауын осылай қорытындылаған Елбасымыз əр азаматқа, əр кəсіпкерге, əр мемлекеттік қызметкерге болашақ ұрпақ алдында үлкен жауапкершілік жүктеді. Осыны əрқайсымыз түсінуіміз керек. Серік МҰСТАФАЕВ, Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.

9

мұратын мəңгілік баянды етудегі жауапкершілікті сезінудегі намысымызды қам шылай түсері хақ. Бұл ретте Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына кезекті Жол дауында «Мəңгілік ел атабабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы екенін барлығымыз білеміз. Ол арман əлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, əлем картасынан ойып тұрып орын алатын тəуелсіз мемлекет атану еді. Ол арман тұрмысы бақуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Біз бұл армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мəңгілік елдің іргесін қаладық. Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек» деген сауалдың жиі талқыға түсіп жүргенін естіп жүрмін, біліп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар етіп ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – Мəңгілік Ел идеясы. Тəуелсіздігімізбен бірге халқымыз мəңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тəуелсіздігіміздің тірегі мəңгілік елордамызды тұрғыздық. Қазақтың мəңгілік ғұмыры ұрпақтың мəңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ – мəңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы – Мəңгілік ел» деп атап көрсетуінің тарихи маңызы ерекше деп ұғынамыз. Сондықтан, мəңгілігіміздің мəңгілік мəселесі ұлт тəуелсіздігінің саяси жəне рухани темірқазығын бекітудегі тарихи сабақтастықты жаңа сапалық сипатта жаңғырту барынша өзекті мəселе болып қала бермек. Осы жағынан алғанда ұлттанудың алтын арқауы Алаштануға ерекше екпін жасалуының өзіндік заңдылықтары бар. Бұл бағытта соңғы жылдар бедерінде атқарылып жатқан ғылыми-зерттеушілік, рухани-танымдық ізденістер көңіл марқайтады. Міне, таяуда ғана жарық көрген «Алаш қозғалысы» энциклопедиялық анықтамалығы сол бір игілікті істердің тағы бір жарқын үлгісі болып табылады. Отаршылдық ойранынан шаңырағы шайқалған қазақ мемлекеттігін қалпына келтіруде өлшеусіз тарихи қызмет атқарған Алаш қозғалысы, Алаш Орда үкіметі ұлт тарихындағы аса ірі кезеңдік құбылыс. Алаш қайраткерлерінің ел азаттығы мен саяси теңдігі жолында атқарған қызметі сан ұрпақтың тағылым алар қастерлі мектебі. Де мек, ұлт мақ танышы Əлімхан Ермекұлы айтқандай «Отансыз жұрты Отанды еткен» Алаш қозғалысы, Алаш авто номиясының тарихын жүйелі зерттеп, зерделеу арқылы оның əлі де болса тереңірек екшелетін арналарын парасат пайымында байыптау бүгінгі алаштанушы ғалымдардың басты да келелі міндеттерінен болса керек. Осы жағынан алғанда Алаш қозғалысын, қозғалыс қайраткерлерінің өмірі

қауымға берер деректілік маңызы орасан зор. Бұл ретте кітап авторлары Алаш қозғалысының саясиəлеуметтік негіздерін, оның тарихи алғышарттарына тəн эволюциялық даму жолдарын беруде ғылыми дəйектілік қағидаттарын орынды ұс тан ған. Атап айтқанда «Алаш жылнамасындағы» «1905 жыл, 26 маусым – Қоянды жəрмеңкесінде Ресей патша үкіметінің министрлер кабинетіне сөз бостандығы мен ана тілінде оқу, діни еркіндік т.б. мəселелер көтерген 12.767 қазақ азаматы қол қойған петиция (құзырхат) жолданды» немесе «1917 жыл, 5-13 желтоқсан – Екінші жалпықазақ сиезі болды. Сиезде Алашорда үкіметі, Алаш автономиясы жарияланды. Алашорданың төрағасы болып баламалы негізде Ə.Бөкейхан сайланды», сондай-ақ «1922 жыл, 19 тамыз – С.Сəдуақасұлы, Ə.Байділдин, Е.Алдоң ғаров Қазақстан автономиялық республикасының басшылығы атынан 30 қазақ азаматын білім мен технология үйрену үшін Батыс Еуропаға жіберуді өтініп хат жазды» деп берілген тарихи оқиғалар жүйесі Алаш қозғалысының тар жол, тайғақ кешулі бел белестерін, елдікті ту еткен Алаш қайраткерлерінің тағылымды ғұмырын танудағы маңызы ерекше. Сталинизм құрбаны болған руханият сардарларының тағдырталайына қатысты «1928 жыл – Мəдине медресесін, Арабстанның «Ишфха» медресесін, Каирдың «Жамие Асхари» медресесін бітіріп келіп, елде ислам тарихы мен дəни құндылықтар туралы кітаптар жаза бастаған діндар ақмолалық А.Əділбайұлы тұтқындалды», «1928 жыл, 29 желтоқсан – Қызылордада М.Дулатовтың тұтқындалған күні», «1929 жыл, 14 мамыр – Қызылордада Ж.Аймауытұлының тұтқындалған күні», «1929 жыл, 29 маусым – Алматыда А.Байтұрсынұлының тұтқындалған күні. 5 шілдеде ҚазПИ басшылығы ағартушыны жұмыстан шығару туралы бұйрық шығарды», «1930 жыл, 1 қазан – М.Əуезов пен Қ.Кемеңгерұлы Ташкентте тұтқындалды. 24 қарашада ұсталған күннен бастап САГУ-дың аспирантурасынан шығарылғаны туралы бұйрық шықты» деген құжаттық дəйектер де еңбектің тарихи сипаттағы құндылығын үстей түскен. Қазақ ұлтының азаттығы мен тəуелсіздігі үшін ерен еңбек атқарған Алаш қайраткерлерінің аяулы есімдерін, баға жетпес ғылыми жəне əдеби мұраларын қастерлеу бүгінгі саналы ұрпақтың басты парызы. Кітап авторлары орынды атап көрсеткеніндей, «Алаш зиялыларын біз қаншалықты бағаласақ, байыптасақ, ұлт тарихын да соншалықты бағалап, байыптай алғанымыз. Ал, егер оған атүсті қарасақ, бұл кезеңді «көп кезеңнің бірі» деп шешсек, онда өзіміздің жер болғанымыз. Тарихи баға туралы мағлұмат алып, анықтама беру де – жауапты жұмыс» екені сөзсіз. Ең бастысы энциклопедиялық анықтамалықтың өрелі істің биік үдесінен шыққан ғалымдарға шығармашылық толайым табыстар тілейміз. Иə, алаштануға соны серпін əкеліп, тың тыныс дарытқан іргелі еңбек Отан тарихын қастерлейтін оқырманға олжа салып отыр. Алаш арыстарының туған елінің азаттығына, рухани кемелденуіне даңғыл жол салған өміршең бастамалары бүгінгі тəуелсіздік мұраттарымен толық үйлесім тауып жатқаны мемлекетшілдік ұстанымдағы ұрпақтар сабақтастығының үзілмеген алтын арқауын жаңа ғасыр биігінен ұғынуымызға серпін бермек. Сондықтан, тарихи санамыз бен тарихи жадымызды жаң ғыртуға бұла күш дарытатын энциклопедиялық анықтамалық Алаш баласын мемлекетшілдік сана биігінде тəрбиелеп, елшілдік ұранына ұйыстырар рухани қазына болуымен құнды. Өмірзақ ОЗҒАНБАЙ, тарих ғылымдарының докторы, профессор.

Сенбілік сəтті басталды Көктемнің шуақты күндері басталысымен əдеттегідей еліміздің барлық аймағында ел тұрғындары сенбілікке шығады. Тұрғындар отбасы мүшелерімен бірге көшеге шығып, өздерінің туған қалалары мен өңірлерінде тазалық жұмыстарын жүргізеді. Бұл игілікті үрдістен қазақстандық əскерилер де қағыс қалған емес.

Биылғы 11 сəуірде Қазақстан Қарулы Күштерінің əскери қызметшілері 2015 жылғы алғашқы сенбілікті бастады. Атап айтқанда, «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 510151, 41433, 41321 əскери бөлімдерінің жалпы саны 1 450 адамдары құрайтын жауынгерлері мен қызметшілері өз бөлімдері орналасқан жерді, сондай-ақ жергілікті атқарушы ор гандары белгі леген аумақтарды тазалады. Сонымен бірге, Қазақстанның оңтүстігінде «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына бағынысты əскери бөлімдерінің 3 500-ден астам əскери қызметшілері Тараз қаласының

орталық саябағында, тұрғын үй аулаларында 50 гектарды құрайтын аумақты тазалап, ретке келтірді. Сарбаздар 420 ағаш көшетін отырғызып, 250 гүл тұқымын екті. Шымкент гарнизонының бастығы подполковник Б.Жуминнің басшылығымен 800-ге жуық сарбаз жəне олардың отбасы мүшелері 600 ағаш көшетін отырғызып, сенбілікке белсене қатысты. Дəстүрлі көктемгі сенбілікке Гвардиялық гарнизонның жауынгерлері де қатысуда. Сəуір айында əскерилер 7 500 ағаш көшетін отырғызды. Осы орайда атап көрсететін бір мəселе, 18 сəуір күні Астанада қалалық сенбілік өтеді.

Шараға Қорғаныс министрлігі Орталық аппаратының, оған бағынысты құрылымдардың жəне елордада орналасқан əскери бөлімдердің əскери қызметшілері тегіс қатысатын болады.

Еліміздің елді мекендерін абаттандыру мақсатындағы бұқаралық сенбіліктер жалғасын таба бермек. «Егемен-ақпарат».


10

www.egemen.kz

14 сəуір 2015 жыл

 Талбесік

Киіктіѕ киесі Ата Заңымыздың талабына сəйкес, Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға жəне табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға мiндеттi. «Қызыл кітапқа» енген ақбөкен халқымыз үшін киелі жануар саналады. Өңіріміздегі Бетпақдала таралымының (Қостанай, Ақтөбе, Қарағанды, Ақмола жəне Қызылорда облыстары) киіктері негізінен қыс айларында, қар қалың түсіп, күн суытқан кездерде келе бастайды.

Бүгінгі таңда Қызылорда облысы көлемінде аңшылықты пайдаланушыларға 30 алқап бекітіліп берілген. Олардың жалпы жер көлемі 6628,420 мың гектарды құрайды. Мəліметтерге сүйенсек, Қазақстанда 1921 жылы ақбөкенді аулауға тыйым салынған. 1957-1958 жылдары олардың жалпы саны 2 млн.-нан асқаннан кейін кəсіптік жолмен аулауға рұқсат берілген. Ал, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 25 шілдесіндегі қаулысымен ғылыми мақсаттарда пайдаланудан басқа, республиканың бүкіл аумағында киіктерді, олардың бөліктері мен дериваттарын 2020 жылға дейін пайдалануға тыйым салынды. Алайда, соңғы жылдары мемлекет тарапынан салынған осындай тыйымдарға қарамастан, киіктерді заңсыз аулау мен осы санаттағы қылмыстың өсіп келе жатқаны

байқалып отыр. Қазақ үшін ұлы даланың киесі саналатын жануарлар адам қолымен жаппай жойылуда. Бүгінде ақбөкендер аштықтан емес, ашкөздіктен қырылуда. Бұған жануардың құнды екені негізгі себеп. Мəселен, оның мүйізінен пантокрин дəрісі жасалады. Сондықтан, киікке қарсы жасалатын зұлым əрекеттердің астарында жеңіл тірлікпен мол табысқа кенелуге ұмтылу сияқты тағылық жатқанын пайымдау қиын емес. Шынында да, Шығыстың дəстүрлі медицинасында бөкеннің мүйізіне деген сұраныс өте зор. Бейресми мəліметтерге қарағанда, өңірлерде киік мүйізінің бір килосы 100-150 мың теңге аралығын құраса, тағы бір өңірлерде бұл баға бұдан екі есеге асып кететін көрінеді. Міне, осы оңай олжа табуға деген қара ниет браконьерлердің көптеп шығуына жол ашуда.

Қызылорда қалалық прокуратурасы қызметкерлері осы бағалы аңның қорғалуы мен талан-таражға түсуі жағдайын зерттеуге арналған рейдтер жүргізді. Іс-шара барысында М.Қ. жəне С.Е. есімді азаматтардың ауласынан ақбөкеннің бөлшектенген денелері табылды. Прокуратура осы деректер бойынша, Қылмыстық кодекстің 290-бабына сəйкес аталған азаматтарға қарсы 2 қылмыстық іс қозғады. Қылмыстың соңы – жаза екені белгілі. Екеуі де сотпен кінəлі деп табылып, түрлі жазаға тартылды. Бұдан бөлек, «Құмкөл-Самара» тас жолында А. есімді азаматтың «Мерседес Бенс» автокөлігінің жүк салғышынан бөлшектенген киіктің еті алынды. Бұл дерек күдікті А-ның үстінен қылмыстық іс қозғалуына апарып жеткізді. Үстіміздегі жылдан бастап Қазақстан Республикасында жаңа Қылмыстық кодекс күшіне енді. Онда құрып кету қаупі төнген жануарларды заңсыз алу, иемдену, сақтау, өткізу, əкелу, əкету, салып жіберу, тасымалдау немесе жою сипатындағы қылмыстарды жасағаны үшін 3 мың айлық есептік көрсеткіштен 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. 2014 жылы киіктің 260 мүйізі алынып, киіктерді заңсыз аулаудан, мүйіздерін жинаудан жануарлар дүниесіне 30 560 712 теңге залал келтірілген. Бұл ретте киік мүйіздері бойынша есептесек, онда ауланған киіктер саны 130-ға көбейер еді. Сандық мəліметтерге қарағанда, соңғы жылдары киіктерді заңсыз аулау деректері өсіп, табиғатқа келтірілген залал мөлшері де тиісінше еселеп артуда. Бұл келеңсіз дерек

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Қарағанды мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті 2015 жылғы 30 сəуірде сағат 10.00-ден сағат 17.00-ге дейін www.gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында республикалық меншіктегі объектілерді сату жөнінде электрондық аукцион өткізу туралы хабарлайды Республикалық меншіктегі объектілерді сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылығы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекеше лендіру объектілерін сату қағидасына сəйкес жүзеге асырылады (өзгертулермен жəне толықтырулармен, бұдан əрі – Ереже) Сауда-саттықтың ағылшын əдісімен электрондық аукционға республикалық меншіктегі мына объектілер қойылады: 1) Зил-131 автокөлігі, 1960 жылы шыға рылған, мемлекеттік нөмірі M902BK, Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Үштөбе ауылы, 067 есептік квартал, 10-учаске. Баланс ұстаушы – «Қазаэронавигация» ШЖҚ РМК ҚФ. Бастапқы (алғашқы) баға – 279000 теңге, кепілді жарна – 41850 теңге. 2) Ваз-21214-109 автокөлігі, 2008 жылы шығарылған, мемлекеттік нөмірі М889CS, Қарағанды қаласы, Қазыбек би атындағы аудан, Чкалов көшесі, 10. Баланс ұстаушы – «Қарағанды облысы бойынша статистика департаменті» РММ. Бастапқы (алғашқы) баға – 307000 теңге, кепілді жарна – 46050 теңге. 3) Газ-3307 автокөлігі, 1993 жылы шығарылған, мемлекеттік нөмірі 4265ДКМ, Қарағанды қаласы, Қазыбек би атындағы аудан, Бұқар жырау көшесі, 17. Баланс ұстаушы – ҚР ҰҚК «Қарағанды облысы бойынша департаменті» ММ. Бастапқы (алғашқы) баға – 196000 теңге, кепілді жарна – 29400 теңге. 4) ВАЗ-21150 автокөлігі, 2002 жылы шығарылған, мемлекеттік нөмірі 056CS09, Қарағанды қаласы, Қазыбек би атындағы аудан, Кривогуз көшесі, 7. Баланс ұстаушы – «Қарағанды облысы бойынша сот кеңсесі» ММ. Бастапқы (алғашқы) баға – 134000 теңге, кепілді жарна – 20100 теңге. 5) Audi A6 автокөлігі, 2000 жылы шығарылған, мемлекеттік нөмірі M101DB, Қарағанды қаласы, Қазыбек би атындағы аудан, Əлиханов көшесі, 12. Баланс ұстаушы – «Қарағанды облысы бойынша қаржы полиция департаменті» ММ. Бастапқы (алғашқы) баға – 702000 теңге, кепілді жарна – 105300 теңге. 6) ВАЗ-21099 автокөлігі, 2004 жылы шығарылған, мемлекеттік нөмірі М034СК, Қарағанды қаласы, Қазыбек би атындағы аудан, Язев көшесі, 10. Баланс ұстаушы – ҚР ƏМ «ЗАӨО» ШЖҚ РМК. Бастапқы (алғашқы) баға – 128000 теңге, кепілді жарна – 19200 теңге. 7) ВАЗ-21213 автокөлігі, 2005 жылы шығарылған, мемлекеттік нөмірі М036СF, Қарағанды қаласы, Қазыбек би атындағы аудан, Чкалов көшесі, 3. Баланс ұстаушы – «Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті» ММ. Бастапқы (алғашқы) баға – 208000 теңге, кепілді жарна – 31200 теңге. 8) «Сарыарқа» демалыс орнының мүліктік кешені, Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Бектау ата шатқалы. Баланс ұстаушы – «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС. Алғашқы баға – 30711000 теңге, бастапқы баға – 153555000 теңге, ең төменгі баға – 8929183 теңге, кепілді жарна – 4606650 теңге. 9) Газ-3110-411 автокөлігі, 2003 жылы шығарылған, мемлекеттік нөмірі 022CS09, Қарағанды қаласы, Қазыбек би атындағы аудан, Кривогуз көшесі, 7. Баланс ұстаушы – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) «Қарағанды облыстық сотының кеңсесі». Алғашқы баға – 90000 теңге, бастапқы баға – 450000 теңге, ең төменгі баға – 26167 теңге, кепілді жарна – 13500 теңге. 10) ВАЗ-21214 107 автокөлігі, 2007 жылы шығарылған, мемлекеттік нөмірі М831СN, Қарағанды қаласы, Қазыбек би атындағы аудан, Чкалов көшесі, 3. Баланс ұстаушы – «Қарағанды облысы бойныша мемлекеттік кірістер департаменті» ММ. Бастапқы (алғашқы) баға – 233000 теңге, кепілді жарна – 34950 теңге. Сауда-саттықтың голланд əдісімен электрондық аукционға республикалық меншіктегі мына объектілер қойылады: 1) «Орленок» демалыс орнының мүліктік кешені, Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, Баланс ұстаушы – «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС.

Алғашқы баға – 162549000 теңге, бастапқы баға – 812745000 теңге, ең төменгі баға – 18309844 теңге, кепілді жарна – 24382350 теңге. 2) «Сарыарқа» демалыс орнының мүліктік кешені, Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Бектау ата шатқалы. Баланс ұстаушы – «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС. Алғашқы баға – 30711000 теңге, бастапқы баға – 153555000 теңге, ең төменгі баға – 3459348 теңге, кепілді жарна – 4606650 теңге. Сауда-саттықтың ағылшын əдiсiн қолданып аукцион өткiзу кезiнде жекеше лендiру объектілерінің бастапқы бағасы алғашқы бағаға тең болады. Электрондық аукционға қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі жəне аукцион өткізуге дейін екі сағат бұрын аяқталады. Кепілді жарналар мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор – «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ-тың (бұдан əрі – бірыңғай оператор) деректемелеріне енгізіледі: БСН:050540004455; ЖСК KZ529261501102032004; БСК: KZKOKZKX; банк атауы – «Қазкоммерцбанк» АҚ; ТТК: 171; БеК: 16. Аукционға қатысу үшін мыналарды көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет: 1) жеке тұлғалар үшін: жеке сəйкестендіру нөмірі (бұдан əрі – ЖСН), тегі, аты, əкесінің атын (бар болса); 2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сəйкестендіру нөмірі (бұдан əрі – БСН), толық атауы, бірінші басшының тегін, аты, əкесінің аты (бар болса); 3) кепілді жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелерін; 4) байланыс деректері (пошталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail). Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді. Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ-мен қол қойылған осы Қағидаға қосымшаға сəйкес объект бойынша сауда-саттыққа қатысуға өтінімді тізілімнің вебпорталында тіркеу қажет. Аукционға қатысуға өтінім тіркелгеннен кейін тізілімнің веб-порталы үш минут ішінде өтінім берілген сату объектілері бойынша кепілді жарнаның түсуі туралы мəліметтердің тізілімнің дерекқорында болуы тұрғысынан автоматты түрде тексеру жүргізіледі. Қатысушының осы Қағиданың 23-1 жəне 23-2-тармақтарында көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілді жарнаның сауда-саттық басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Тізілімнің дерекқорында бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына кепілді жарнаның түскені туралы мəліметтер болған жағдайда, тізілімнің веб-порталы өтінімді қабылдау жəне қатысушыны аукционға жіберуді жүзеге асырады. Тізілімнің дерекқорында бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына кепілді жарнаның түскені туралы мəлімет болмаған жағдайда, тізілім веб-порталы қатысушының өтінімін кері қайтарады. Тізілімнің веб-порталы автоматты тексеру нəтижелері бойынша тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электронды хабарлама жібереді. Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді. Аукцион жекешелендіру объектілерінің бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен саудасаттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады. Бірыңғай оператор тізілім вебпорталының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ сауда-саттыққа қатысу шылардың кепілді жарналарын қабылдайды, сатушының шотына сауда-саттықта жеңген қатысушының кепілді жарнасын аударады жəне саудасаттықтың басқа қатысушыларына кепілді жарналарды қайтарады.

Сауда-саттықтың ағылшын əдісі бойынша электрондық аукцион ережесі: 1) егер аукцион залында аукцион басталған сəттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі Қағиданың 36-6-тармағына сəйкес белгіленген қадамға жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, онда осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілмеді деп танылады; 2) егер аукцион залында аукцион басталған сəттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың біреуі Қағиданың 36-6-тармағына сəйкес белгіленген қадамға жекешелендіру объектілерінің бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растайтын болса, онда бастапқы баға белгіленген қадамға артады; 3) егер ағымдағы баға артқаннан кейін жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру объектісінің ағымдағы құнын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, онда жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілді деп танылады. Сауда-саттықтың голланд əдісі бойынша электрондық аукцион: 1) егер электрондық аукцион басталған сəттен бастап бес минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі электрондық аукционда жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы Қағидамен сəйкес белгіленген қадамға азаяды; 2) егер баға азайғаннан кейін бес минут ішінде қатысушылардың бірдебіреуі жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру объектісінің соңғы жарияланған бағасы белгіленген қадаммен азаяды. Жарияланған баға бойынша жекешелендіру объектісін сатып алуға ниетін бірінші болып растаған қатысушы сауда-саттықтың голланд əдісі бойынша аукцион жеңімпазы болып танылады жəне осы жекешелендіру объектісі бойынша электрондық аукцион өткізілді деп танылады; 3) егер жекешелендіру нысанының бағасы белгіленген ең төменгі мөлшерге жетсе жəне қатысушылардың бірдебіреуі жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамаса, онда аукцион өткізілмеді деп танылады. Əрбір сатылған жекешелендіру объектісі бойынша аукцион нəтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы жəне жеңімпаз ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, аукцион аяқталғаннан кейін жиырма төрт сағат ішінде Тізілімнің веб-порталында қол қояды. Жекешелендіру объектісі бойынша сауда-саттықтың ағылшын əдісімен аукцион қатысушылардың біреуі ұсынған ең жоғары бағаға дейін жүргізіледі. Жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы бағаны арттырудың кемінде екі қадамына өскен жағдайда ғана жекешелендіру объектісі бойынша сауда-саттықтың ағылшын əдісімен аукцион өткізілді деп танылады, бұл ретте бастапқы бағаның екі қадамға өсуін кемінде екі қатысушы жүзеге асырады. Əрбір сатылған жекешелендіру объектісі бойынша аукцион нəтижелері аукцион нəтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы жəне жеңімпаз ЭЦҚны пайдалана отырып, сауда-саттық өткізілген күні тізілімнің веб-порталында қол қояды. Аукцион нəтижелері туралы хаттама аукцион нəтижелерін жəне жеңімпаз бен сатушының жекешелендіру объектісінің сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттерін белгілейтін құжат болып табылады. Қарағанды қаласы, Қазыбек би ауданы, Костенко көшесі, 6-үй, 11-кабинет мекенжайында жеңімпазбен сатып алусату шартына электрондық аукцион өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қол қойылады. Аукцион өткізу туралы қосымша ақпаратты www.gosreestr.kz сайтынан жəне 8 (7212) 42-57-51 телефоны арқылы алуға болады.

облыс көлемінде киіктерді заңсыз аулаудың жолын кесіп, болдырмауға бағытталған профилактикалық іс-шаралардың əлі де жеткіліксіз екенін көрсетеді. Осыған орай бірнеше нақты да пəрменді шараларды қолға алуға тура келеді. Біріншіден, өңірдегі жануарлар дүниесін қор ғау бағытында жұмыс жасайтын органдар арасында маусым сайын тұрақты түрде бірлескен ісшаралар ұйымдастырылуы қажет. Себебі, күн суытқан кезде киіктердің солтүстіктен Сыр өңіріне ауатыны бəрімізге белгілі. Ауып келген киіктің суықтан ықтайтын, паналайтын жері болмайды. Кейбір жылдары қала іргесінде орналасқан ауылдарға келген кездері де кездеседі. Киіктің заңсыз аулануының алдын алуда бірінші кезекте осы кезеңде облыстағы жергілікті атқарушы билік жəне қылмыстық ізге түсу органдарымен бірге тізе қосып, пəрменді профилактикалық жұмыстар атқарылуы тиіс. Қорғау жұмыстарынан бөлек, бұл іс-шара шеңберінде киіктердің Бетпақдаладан облыс төңірегіне келу жолдарын анықтап, бақылаудан бастап, олардың жайылымдық жерлерін белгілеп, табиғи азық түрлері мен қосымша азықтандыру алаңқайларға емін-еркін барып тұруын, жем дайындап, оларға астаулар жасалуға дейін қамтылуы қажет. Екіншіден, киікті атып алу дың алдын алып, болдырмау жолдарының бірі – киік, қарақұйрықты заңсыз аулауды кəсіп ететін аңшылардың тұрмыс-тірлігіне заң шеңберінде тиісті бақылау орнату. Киіктерге қатысты қылмыстарды əшкерелеу бағытында құзырлы органдар бірқатар

пəрменді жұмыстар жүргізуде. Осы орайда құзырлы органдар заңсыз киік атып, құқық қорғау органдарының назарына ілінген тұлғалардың тізімін түзіп, деректер базасы жасалуы тиіс. Базада олардың табыс көздері, жұмыс орындары, айналысып жатқан кəсіптері, тіркелген автокөліктері, сенімхат негізіндегі басқаруы мен атыс қарулары туралы мəліметтер қамтылғаны абзал. Осыған байланысты аталған қылмыстың бұл түріне жол беріп, табиғатқа залал келтірген адамдардың кескінін жасауға мүмкіндік туады. Үшіншіден, киік атуды кəсіп ету деректері сипат алуда. Оның себептерін жоғарыда айттық. Осы ған орай киік мүйізінің ішкі нарық тағы болжамды бағасын да келтірдік. Қазір сұраныстың күшті болуынан Қызылорда қаласындағы базар маңайлары мен көпшілік орындарында мүйіз сатып алуды білдіретін жарнамалар қаптап тұр. Жасыратыны жоқ, қылмыстық топтар заңсыз атып алған киік аңдарының мүйіздерін жинап алып, оларды алдын ала келісім бойынша қабылдайтын орындарға апарып, өткізуде. Киік мүйіздерін жинаушылардың түпкі мақсаты – бұл контрабанда, жиналған киік мүйіздерін шетелге заңсыз шығару. Олардың əрекеттеріне осы тұрғыдан баға берілуі тиіс. Төртіншіден, жоғарыда атап көрсетілгендей, киікті заңсыз ату ға байланысты қылмыстар то лық көлемде əшкере етілмей, қылмыстық топ мүшесінің барлығы құрықталмай, олар қылмыстық жауаптылықтан тыс қала береді. Заңға қайшы əрекеттерге барып, қылмыс жасаған адам жазасыз кетсе, ол жауаптылықты

түсінбей, сезінбей, қайтадан қылмысқа барады. Ендеше, тергеу органдары көп жағдайда киіктің етімен ұсталған адамды əшкере етумен шектелмей, оны атушыларды да «судың» бетіне шығарулары керек. Сондықтан, осы қылмысқа жауапкершілікті күшейту қажет. Бесіншіден, заңсыз киік аулау деректеріне жол бермеу мақсатында жеке жəне заңды тұлғалардың жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi қызметiн ынталандыру қажет. Мұның арғы жағында азаматтарды жануарлар дүниесiне iзгiлiктi жəне ұқыпты қарау рухында тəрбиелеу жұмыстарын жаңдандырған жөн. Жергілікті атқарушы органмен бір лесіп, азаматтардың арасында киіктерді аулауға арнайы тыйым салынғанына қатысты жəне оны тек аулау үшін ғана емес, сонымен қатар, олардың бөліктері мен дериваттарын заңсыз алу, сатып алу, сақтау, өткізу, əкелу, əкету, салып жіберу, тасымалдау үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескерте отырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізуді қажет етеді. Қазіргі таңда ақбөкендер құрып кету қаупінде тұр. Киіктердің өсіп-өнуін сақтап қалу, браконьерлікке қарсы күрес пен оның алдын алу, тосқауыл қою, əшкерелеу жəне осы бағытта құқық бұзушылықтың профилактикасын жүргізу əрбір азамат пен мемлекеттік органның парызы болып қала беруі керек. Адай ƏКІМ, Қызылорда қаласының прокуроры, аға əділет кеңесшісі.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитетінің Шығыс Қазақстан мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті 2015 жылғы 30 сəуірде сағат 10.00-де www.gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік тізілімінің вебпорталында мемлекеттік республикалық меншіктегі объектілерді сату жөнінде аукцион өткізу туралы хабарлайды Республикалық меншіктегі объек тілерді сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидасына (бұдан əрі – Қағида) сəйкес өткізіледі. Сауда-саттықтың ағылшын əдісімен аукционға республикалық меншіктегі мына объектілер қойылады: Теңгерім ұстаушы – «Қазақстан Респуб ликасы Əділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы» ММ 1. ГАЗ-2705 автокөлігі, м/н F 727 PC, 2005 ж.ш., орналасқан жері – ШҚО, Өскемен қ., Вокзал көшесі, 39. Алғашқы жəне бастапқы бағасы бағасы – 223 000 теңге. Кепілді жарнасы – 33 450 теңге. Теңгерім ұстаушы – «Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемле кеттік техникалық универститеті» РМК 2. ПАЗ-3205 автобусы, м/н 293АВ16, 1991 ж.ш., орналасқан жері – ШҚО, Өскемен қ., Серікбаев көшесі, 19. Алғашқы жəне бастапқы бағасы – 110 000 теңге. Кепілді жарнасы – 16 500 теңге. 3. МАЗ-5549 автокөлігі, м/н 868АВ16, 1988 ж.ш., орналасқан жері – ШҚО, Өскемен қ., Серікбаев көшесі, 19. Алғашқы жəне бастапқы бағасы – 219 000 теңге. Кепілді жарнасы – 32 850 теңге. Теңгерім ұстаушы – «Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің ШҚО бойынша департаменті» ММ 4. ВАЗ-21074 автокөлігі, м/н F 379 KA, 2001 ж.ш., орналасқан жері – ШҚО, Өскемен қ., Леваневский көшесі, 21. Алғашқы жəне бастапқы бағасы – 151 000 теңге. Кепілді жарнасы – 22 650 теңге. 5. ВАЗ-21074 автокөлігі, м/н F 932 KW, 2007 ж.ш., орналасқан жері – ШҚО, Өскемен қ., Леваневский көшесі, 21. Алғашқы жəне бастапқы бағасы – 167 000 теңге. Кепілді жарнасы – 25 050 теңге. 6. ВАЗ-21099 автокөлігі, м/н F 006 KW, 2001 ж.ш., орналасқан жері – ШҚО, Өскемен қ., Леваневский көшесі, 21. Алғашқы жəне бастапқы бағасы – 200 000 теңге. Кепілді жарнасы – 30 000 теңге. Теңгерім ұстаушы – «ШҚО бойынша қазынашылық департаменті» ММ 7. Folkwagen Polo classic автокөлігі, м/н F 930 KM, 1999 ж.ш., орналасқан жері – ШҚО, Өскемен қ., Ушанов көшесі, 87/2. Алғашқы жəне бастапқы бағасы – 425 000 теңге. Кепілді жарнасы – 63 750 теңге. 8. Daewoo Espero автокөлігі, м/н F 352 AA, 1997 ж.ш., орналасқан жері – ШҚО, Өскемен қ., Ушанов көшесі, 87/2. Алғашқы жəне бастапқы бағасы – 116 000 теңге. Кепілді жарнасы – 17 400 теңге. 9. ВАЗ-21213 автокөлігі, м/н F 858 KP, 2004 ж.ш., орналасқан жері – ШҚО, Өскемен қ., Ушанов көшесі, 87/2. Алғашқы жəне бастапқы бағасы – 103 000 теңге. Кепілді жарнасы – 15 450 теңге. Теңгерім ұстаушы – «ШҚО бойынша экология департаменті» РММ 10. ВАЗ-21213 автокөлігі, м/н 398 AF 16, 2004 ж.ш., орналасқан жері – ШҚО, Өскемен қ., Потанин көшесі, 12. Алғашқы жəне бастапқы бағасы – 162 000 теңге. Кепілді жарнасы – 24 300 теңге. Теңгерім ұстаушы – «ОВ-156/2 мекемесі» ММ 11. ГАЗ-33021 автокөлігі, м/н F 014 AT, 1996 ж.ш., орналасқан жері – ШҚО, Өскемен қ., Малдыбаев көшесі, 170. Алғашқы жəне бастапқы бағасы – 161 000 теңге. Кепілді жарнасы – 24 150 теңге. 12. УАЗ-315120 автокөлігі, м/н F 011 АТ, 1994 ж.ш., орналасқан жері – ШҚО, Өскемен қ., Малдыбаев көшесі, 170. Алғашқы жəне бастапқы бағасы – 143 000 теңге. Кепілді жарнасы – 21 450 теңге. 13. ГАЗ-31029 автокөлігі, м/н F 381 РР, 1993 ж.ш., орналасқан жері – ШҚО, Өскемен қ., Малдыбаев көшесі, 170. Алғашқы жəне бастапқы бағасы – 193 000 теңге. Кепілді жарнасы – 28 950 теңге. Теңгерім ұстаушы – «ШҚО статистика департаменті» РММ 14. ВАЗ-21214 автокөлігі, м/н F 806 OS, 2008 ж.ш., орналасқан жері – ШҚО, Өскемен қ., Тоқтаров көшесі, 85. Алғашқы жəне бастапқы бағасы – 332 000 теңге. Кепілді жарнасы – 49 800 теңге. 15. ВАЗ-21214 автокөлігі, м/н F 809 OS, 2008 ж.ш., орналасқан жері – ШҚО, Өскемен қ., Тоқтаров көшесі, 85. Алғашқы жəне бастапқы бағасы – 249 000 теңге. Кепілді жарнасы – 37 350 теңге. 16. ВАЗ-21214 автокөлігі, м/н F 815 OS, 2008 ж.ш., орналасқан жері – ШҚО, Өскемен қ., Тоқтаров көшесі, 85. Алғашқы жəне бастапқы бағасы – 208 000 теңге. Кепілді жарнасы – 31 200 теңге. Теңгерім ұстаушы – «Қазақстан Республикасы Көлiк жəне коммуникация министрлiгi Автомобиль жолдары комитетi» ММ 17. Ғимарат кешені, жалпы ауданы 2297,9 ш.м., 1959 жылы салынған, орналасқан жері – ШҚО, Өскемен қ., Зеленая көшесі, 1. Алғашқы жəне бастапқы бағасы – 19 129 000 теңге. Кепілді жарнасы – 2 869 350 теңге. Сауда-саттықтың голланд əдісімен аукционға республикалық мен шік тегі мына объектілер қойылады: Теңгерім ұстаушы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК-ның ШҚО бойынша филиалы 18. Jmc Jx 6504db автокөлігі, м/н F 199 KА, 2007 ж.ш., орналасқан жері – ШҚО, Өскемен қ., Белинский көшесі, 37а. Алғашқы бағасы – 367 000 теңге, бастапқы бағасы – 3 670 000 теңге, ең төменгі бағасы – 102 074 теңге. Кепілді жарнасы – 55 050 теңге. Теңгерім ұстаушы – «ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» РМҚК. 19. Уаз-3962 автокөлігі, м/н F 418 DЕ, 1995 ж.ш.,

орналасқан жері – ШҚО, Өскемен қ., Белинский көшесі, 32. Алғашқы бағасы – 154 000 теңге, бастапқы бағасы – 1 540 000 теңге, ең төменгі бағасы – 42 832 теңге. Кепілді жарнасы – 23 100 теңге. Теңгерім ұстаушы – «С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті» РМК 20. Уаз-22069-04 автокөлігі, м/н F 296 KS, 2001 ж.ш., орналасқан жері – ШҚО, Өскемен қ., Бажов көшесі, 7. Алғашқы бағасы – 210 000 теңге, бастапқы бағасы – 2 100 000 теңге, ең төменгі бағасы – 58 407 теңге. Кепілді жарнасы – 31 500 теңге. Теңгерім ұстаушы – «ШҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті» ММ 21. Daewoo-NEXIA GL автокөлігі, м/н 701 АА 16, 2005 ж.ш., орналасқан жері – ШҚО, Өскемен қ., Лихарев көшесі, 2. Алғашқы бағасы – 243 000 теңге, бастапқы бағасы – 2 430 000 теңге, ең төменгі баға – 67 585 теңге. Кепілді жарнасы – 36 450 теңге. Теңгерім ұстаушы – «Ветеринариялық бақылау жəне қадағалау комитетінің ШҚО аумақтық инспекциясы» ММ 22. Ваз-21214 автокөлігі, м/н F 011 РК, 2011 ж.ш. орналасқан жері- ШҚО, Өскемен қ., Вешний бұрылысы, 14. Алғашқы бағасы – 675 000 теңге, бастапқы бағасы – 6 750 000 теңге, ең төменгі бағасы – 208 597 теңге. Кепілді жарнасы – 101 250 теңге. Теңгерім ұстаушы – «Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ШҚО департаменті» ММ 23. Ваз-21213 автокөлігі, м/н F 046 NS, 2000 ж.ш., орналасқан жері – ШҚО, Өскемен қ., Пермитин көшесі, 15. Алғашқы бағасы – 161 000 теңге, бастапқы бағасы – 1 610 000 теңге, ең төменгі бағасы – 44 779 теңге. Кепілді жарнасы – 24 150 теңге. 24. Ваз-21213 автокөлігі, м/н F 025 NS, 2001 ж.ш., орналасқан жері – ШҚО, Өскемен қ., Пермитин к-сі, 15. Алғашқы бағасы – 182 000 теңге, бастапқы бағасы – 1 820 000 теңге, ең төменгі бағасы – 50 620 теңге. Кепілді жарнасы – 27 300 теңге. Сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі жəне аукцион өткізуге дейін екі сағат бұрын 2015 жылғы 30 сəуірде сағат 8.00-де аяқталады. Кепілді жарналар «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ (бұдан əрі – бірыңғай оператор) шотына төленеді: БСН 050540004455, ЖСК KZ529261501102032004, БСК KZKOKZKX, Банк – «Қазкоммерцбанк» АҚ, ТТК: 171, БеК: 16 (төленген кепілді жарна көлеміне банктік қызмет кірмейді). Аукционға қатысу үшін мыналарды көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет: 1) жеке тұлғалар үшін: жеке сəйкестендіру нөмірі (бұдан əрі – ЖСН), тегін, атын, əкесінің атын (бар болған жағдайда); 2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сəйкестендіру нөмірін (бұдан əрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, əкесінің атын (бар болған жағдайда); 3) кепілді жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелерін; 4) байланыс деректерін (пошталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail). Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде тізілімнің вебпорталына енгізілген деректерді өзгертеді. Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының электрондық-цифрлық қолтаңба қойылған аукционға қатысуға өтінімді Қағидаға қосымшаға сəйкес объект бойынша тізілімнің вебпорталында тіркеу қажет. Аукционға қатысуға өтінім тіркелгеннен кейін тізілімнің веб-порталы үш минут ішінде өтінім берілген сату объектісі бойынша кепілді жарнаның түсуі туралы мəліметтердің тізілімнің дерекқорында болуы тұрғысынан автоматты түрде тексеру жүргізеді. Назар аударыңыз! - қатысушының Қағиданың 23-1 жəне 23-2-тармақтарында көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілді жарнаның сауда-саттық басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілім веб-пор талының өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады; - тізілімнің дерекқорында бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына кепілді жарнаның түскені туралы мəліметтер болған жағдайда, тізілімнің веб-порталы өтінімді қабылдау жəне қатысушыны аукционға жəне коммерциялық тендерге жіберуді жүзеге асырады. Тізілімнің дерекқорында бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына кепілді жарнаның түскені туралы мəлімет болмаған жағдайда, тізілім вебпорталы қатысушының өтінімін кері қайтарады; - жылжымайтын мүлікті жекешелендіру кезінде Қазақстан Респуб ликасының Жер кодексіне сəйкес жер учаскесіне құқық сатып алушыға өтеді. Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын сатып алушы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сəйкес жеке төлейді. Тізілімнің веб-порталы автоматты тексеру нəтижелері бойынша тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электронды мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді. Аукционға жіберілген қатысушыға тізілімнің

веб-порталы беретін аукцион нөмірі бойынша аукцион залына кіруге рұқсат беріледі. Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде электрондық-цифрлық қолтаңбасы мен аукцион нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді. Аукцион жекешелендіру объектісінің бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады. Сауда-саттықтың ағылшын əдісі бойынша аукцион өткізу тəртібі: 1) егер аукцион залында аукцион басталған сəттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі Қағиданың 36-6-тармағына сəйкес белгіленген қадамға жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, онда осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілмеді деп танылады; 2) егер аукцион залында аукцион басталған сəттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың біреуі Қағиданың 36-6-тармағына сəйкес белгіленген қадамға жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растайтын болса, онда бастапқы баға белгіленген қадамға артады; 3) егер ағымдағы баға артқаннан кейін жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру объектісінің ағымдағы құнын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, онда жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілді деп танылады. Жекешелендіру объектісі бойынша сауда-саттықтың ағылшын əдісімен аукцион қатысушылардың біреуі ұсынған ең жоғары бағаға дейін жүргізіледі. Жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы бағаны арттырудың кемінде екі қадамына өскен жағдайда ғана жекешелендіру объектісі бойынша сауда-саттықтың ағылшын əдісімен аукцион өткізілді деп танылады, бұл ретте бастапқы бағаның екі қадамға өсуін кемінде екі қатысушы жүзеге асырады. Сауда-саттықтың голланд əдісі бойынша аукцион өткізу тəртібі: 1) егер аукцион басталған кезден бастап екі минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі аукционда жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы осы Қағиданың 36-6-тармағына сəйкес белгіленген қадамға азаяды; 2) егер баға азайғаннан кейін екі минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру объектісінің соңғы жарияланған бағасы белгіленген қадаммен азаяды. Жарияланған баға бойынша жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін бірінші болып растаған қатысушы сауда-саттықтың голланд əдісі бойынша аукцион жеңімпазы болып танылады жəне осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілді деп танылады; 3) егер жекешелендіру объектісінің бағасы белгіленген ең төменгі мөлшерге жетсе жəне қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамаса, онда аукцион өткізілмеді деп танылады. Қағиданың 36-4-тармағының төртінші бөлігінде, 3 6-5-тармағында, 36-7-тармағының 1) тармақшасында жəне 36-8-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген жағдайларда сатушы тізілімнің веб-порталынан басып шығарылатын аукционның өткізілмегені туралы актіге қол қояды. Əрбір сатылған жекешелендіру объектісі бойынша аукцион нəтижелері аукцион нəтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы жəне жеңімпаз электрондық-цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, сауда-саттық өткізілген күн ішінде тізілімнің веб-порталында қол қояды. Аукцион нəтижелері туралы хаттама аукцион нəтижелерін жəне жеңімпаз бен сатушының жекешелендіру объектісін сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттерін белгілейтін құжат болып табылады. Жеңімпазбен сатып алу-сату шартына аукцион өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде Өскемен қаласы, Крылов көшесі, 114 мекенжайында қол қойылады. Аукционның жеңімпазы сатып алу-сату шартына қол қойған кезде сатушыға салыстыру үшін мынадай құжаттардың: 1) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаттың; заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куəліктің не анықтаманың; 2) заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куəландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куə ландыратын құжаттың түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып, олардың көшірмелерін не нотариат куəландырған көшірмелерін ұсынады. Құжаттардың түпнұсқалары салыстырғаннан кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады. Аукцион өткізу туралы қосымша ақпаратты www.gosreestr.kz сайтынан жəне Өскемен қаласындағы 8 (7232) 285195, 258715 телефондары арқылы алуға болады.


www.egemen.kz

14 сəуір 2015 жыл

Сауда-саттыќтыѕ жаѕа əдісі жўмысты барынша жеѕілдетеді Мемлекет басшысы Н.Ə.Назарбаев «Қазақстан-2050»: Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында Үкіметке стратегиялық емес объектілерді жекешелендірудің екінші толқынын жүргізуді жүктегені мəлім. Осы тапсырманы орындау мақсатымен республика Үкіметі 2014 жылдың 31 наурызында арнайы қаулымен кəсіпкерлік қызметте мемлекеттің қатысуын қысқартуға бағытталған іс-шара ларды қарастыратын жеке шелендірудің 2014-2016 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті. Мұнымен бірге, осы қаулымен жекешелендіруге жататын мемлекеттік меншік объектілерінің тізбесі де жасалды. Есте болса, Елбасы сол жылғы тамыз айында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында электрондық алаңдарды қолдану арқылы, тікелей мақсатты тағайындалымын сақтау шартымен жеке инвесторларды қамти отырып, жекешелендірудің ашықтығы мен айқындылығын қамтамасыз етуді міндеттеді. Осы арада, мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару «Мемлекеттік

мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңына жəне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылдың 9 тамызындағы қаулысымен бекітілген жекешелендіру объектілерін сату қағидасына сəйкес жүзеге асырылатынын атап айтқан жөн. Сауда-саттық аукцион, тендер; қор биржасында сауда-саттық жəне екі кезеңді тəсілмен конкурс өткізу арқылы қарастырылған. Қағидаға сəйкес, аукционды тек электрондық түрде өткізу керек, жəне ол www.gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында орналасқан бірыңғай сауда алаңы арқылы жүзеге асырылады. Сауда-саттықтың осындай əдісі мемлекеттің объектіге деген одан əрі бақылауына қызығушылығы азайған кезде қолданылады. Сондайақ, сауда-саттықты өткізу сəтінде қатысушылардың көпшілігін барынша тартуға жəне сол объектіге

бəсекелестік деңгейін арттырып, оның анағұрлым жоғары бағамен сатылуына мүмкіндік тудырады. Өткен жылдың шілде айында Үкімет жекешелендірудің сату қағидаларына бірқатар өзгертулер мен толықтырулар енгізді. Онда, коммерциялық тендерді электрондық үлгіде өткізу қарастырылған. Демек, бұдан былай коммерциялық тендер де аукцион секілді тек электрондық үлгіде ғана өткізіледі. Шын мəнінде коммерциялық тендер – ағылшын əдісімен аукцион өткізу бағаны жоғарылатуға бағытталған. Бірақ, коммерциялық тендердің өз шарттары бар. Бұл екі əдіс бойынша да объекті үшін ең жоғары бағаны ұсынған адам жеңімпаз болып танылады. Дегенмен, тендерге қатысушылар сатушы белгілеген нақты шарттарды орындауға келісуі тиіс. Екі тəсілдегі бір ғана айырмашылық, аукционға қатысушылар объект бағасын бірнеше рет жоғарылата алады. Ал, коммерциялық тендерде қатысушылар объектінің құны

бойынша ұсыныстарын бір рет қана ұсынуға құқылы. Коммерциялық тендер нысанды сатып алушының бірқатар шарттарды орындау міндеттемесімен сату мүмкіндігін анықтайды. Мемлекеттік объектілерге қатысты сату шартын салалық министрлік немесе жергілікті атқарушы орган пысықтайды. Мұнда объектінің қызметтік бейінін сақтай отырып, кəсіпорын берешегін өтеу сату шарты болуы мүмкін. Мұнымен қатар, жалақы берешегін беріп, жұмыс орындарын, өндіріс көлемін кемітпей, керісінше ұлғайту сияқты шарттар негізге алынуы ықтимал. Негізі, коммерциялық тендер біршама шиеленіскен əлеуметтік мəселелерді тиімді шешуге мүмкіндік береді деген үміт бар. Ол əлеуметтік сала объектілері мен тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық нысандарын кəсіпкерлік субъектілеріне беру кезінде кеңінен қолдануға арналған. Оған қатысушылар сатып алатын қандай да бір объектіге өз

бағасын анықтау кезінде біршама жауапкершілікпен қарайды. Себебі, өтінім бергеннен кейін өз ұсыныстарын өзгертуге мүмкіндігі болмайды. Электронды сауда-саттық (аукцион жəне коммерциялық тендер) арқылы мемлекеттік меншік объектілерін сату кезінде сатушы мен əлеуетті қатысушылар арасындағы байланысты толығымен жояды. Бұл өз кезегінде сауданың айқындылығын қамтамасыз етеді. Бұдан басқа, қай жерде орналасқанына қарамастан кез келген ниет білдіруші тұлға аукционға немесе коммерциялық тендерге қатыса алады. Бұл – сауданы өткізудің ашықтығын жəне осы үдерісті жылдамдата отырып, оны жеңілдетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мемлекеттік мүліктің веб-порталы тіркеуші орган дардың дерекқорларымен біріктірілгендіктен бизнестің ақпаратқа қолжетімділігі де қамтамасыз етіледі. Сөйтіп, қажетті мəліметтерді тексеру уақытын барынша азайтып, бизнес өкілдерін қағаз құжаттарын тапсыру жұмысынан азат етеді. Толқын ƏДІЛБЕКОВА, Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитетінің бас сарапшысы.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Алматы қаласы мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті республикалық меншіктегі жылжымайтын мүлік объектілерін сату жөнінде 2015 жылғы 29 сəуірде сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін www. gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында аукцион өткізу туралы хабарлайды Республикалық меншіктегі объектілерді сату ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидасына сəйкес орындалады. Сауда-саттықтың ағылшын əдісімен аукционға республикалық меншіктегі мына объектілер қойылады: 1. Mercedes-Benz-320S маркалы автокөлігі, 1998 ж.ш., м.н. А166WW, Алматы қ., Абылай хан д-лы, 93/95. Баланс ұстаушы – Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті. Бастапқы (алғашқы) баға – 1 027 000 теңге, кепілді жарна – 154 050 теңге. 2. Mercedes-Benz-200Е маркалы автокөлігі, 1997 ж.ш., м.н. А400EN, Алматы қ., Абылай хан д-лы, 93/95. Баланс ұстаушы – Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті. Бастапқы (алғашқы) баға – 914 000 теңге, кепілді жарна – 137 100 теңге. 3. Газ-3110 маркалы автокөлігі, 2001 ж.ш., м.н. А208ТС, Алматы қ., Абылай хан д-лы, 93/95. Баланс ұстаушы – Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті. Бастапқы (алғашқы) баға – 162 000 теңге, кепілді жарна – 24 300 теңге. 4. Ваз-21213 маркалы автокөлігі, 2006 ж.ш., м.н. 740АВ02, Алматы қ., Мақатаев к-сі, 15. Баланс ұстаушы – Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті. Бастапқы (алғашқы) баға – 303 000 теңге, кепілді жарна – 45 450 теңге. 5. Mercedes-Benz-280 маркалы автокөлігі, 1996 ж.ш., м.н. 736АВ02, Алматы қ., Мақатаев к-сі, 15. Баланс ұстаушы – Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті. Бастапқы (алғашқы) баға – 500 000 теңге, кепілді жарна – 75 000 теңге. 6. Hyundai elantra маркалы автокөлігі, 2003 ж.ш., м.н. 637АL02, Алматы қ., Əуезов к-сі, 107. Баланс ұстаушы – «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» РМК. Бастапқы (алғашқы) баға – 590 000 теңге, кепілді жарна – 88 500 теңге. 7. Kia cerato маркалы автокөлігі, 2006 ж.ш., м.н. 618АL02, Алматы қ., Əуезов к-сі, 107. Баланс ұстаушы – «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» РМК. Бастапқы (алғашқы) баға – 633 000 теңге, кепілді жарна – 94 950 теңге. 8. Volkswagen passat маркалы автокөлігі, 2004 ж.ш., м.н. 619АL02, Алматы қ., Əуезов к-сі, 107. Баланс ұстаушы – «Жер кадастры ғылымиөндірістік орталығы» РМК. Бастапқы (алғашқы) баға – 763 000 теңге, кепілді жарна – 114 450 теңге. 9. Toyota hiace маркалы автокөлігі, 1993 ж.ш., м.н. 602АL02, Алматы қ., Əуезов к-сі, 107. Баланс ұстаушы – «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» РМК. Бастапқы (алғашқы) баға – 734 000 теңге, кепілді жарна – 110 100 теңге. 10. Зил-131 маркалы автокөлігі, 1981 ж.ш., м.н. 213AD02, Алматы қ., Əуезов к-сі, 107. Баланс ұстаушы – «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» РМК. Бастапқы (алғашқы) баға – 891 000 теңге, кепілді жарна – 133 650 теңге. 11. Зил-ММЗ 554, маркалы автокөлігі, 1980 ж.ш., м.н. 287AD02, Алматы қ., Əуезов к-сі, 107. Баланс ұстаушы – «Жер кадастры ғылыми-өндіріс орталығы» РМК. Бастапқы (алғашқы) баға – 964 000 теңге, кепілді жарна – 144 600 теңге. 12. Газ-66-02 маркалы автокөлігі, 1980 ж.ш., м.н. 094AD02, Алматы қ., Əуезов к-сі, 107. Баланс ұстаушы – «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» РМК. Бастапқы (алғашқы) баға – 582 000 теңге, кепілді жарна – 87 300 теңге. 13. Газ-3110 101 маркалы автокөлігі, 2002 ж.ш., м.н. 611AL02, Алматы қ., Əуезов к-сі, 107. Баланс ұстаушы – «Жер кадастры ғылыми-өндіріс орталығы» РМК. Бастапқы (алғашқы) баға – 308 000 теңге, кепілді жарна – 46 200 теңге. 14. Иж-2715101, маркалы автокөлігі, 2002 ж.ш., м.н. 628AL02, Алматы қ., Əуезов к-сі, 107. Баланс ұстаушы – «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» РМК. Бастапқы (алғашқы) баға – 194 000 теңге, кепілді жарна – 29 100 теңге. 15. Mercedes benz маркалы автокөлігі, 1996 ж.ш., м.н. 994AL02, Алматы қ., Əуезов к-сі, 107. Баланс ұстаушы – «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» РМК. Бастапқы (алғашқы) баға – 492 000 теңге, кепілді жарна – 73 800 теңге. 16. Газ-3307 маркалы автокөлігі, 1992 ж.ш., м.н. А575BV, Алматы қ., əл-Фараби д-лы, 71. Баланс ұстаушы – «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» РМК. Бастапқы (алғашқы) баға – 610 000 теңге, кепілді жарна – 91 500 теңге. 17. Тойота Хайэс маркалы автокөлігі,

1994 ж.ш., м.н. А264AR, Алматы қ., əл-Фараби д-лы, 71. Баланс ұстаушы – «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» РМК. Бастапқы (алғашқы) баға – 552 000 теңге, кепілді жарна – 82 800 теңге. 18. Nissan maxima маркалы автокөлігі, 2003 ж.ш., м.н. А513AV, Алматы қ., Мəметова к-сі, 3. Баланс ұстаушы – «Медицина жəне фармацевтика қадағалау департаменті» ММ. Бастапқы (алғашқы) баға – 521 000 теңге, кепілді жарна – 78 150 теңге. Сауда-саттықтың голланд əдісімен аукционға республикалық меншіктегі мына объектілер қойылады: 1. Газ-2705 маркалы автокөлігі, 2001 ж.ш., м.н. А 085 ВР, Алматы қ., Жібек жолы к-сі, 15. Баланс ұстаушы – Алматы қаласы бойынша экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті. Бастапқы баға – 2 335 000 теңге, ең төменгі баға – 72 159 теңге, алғашқы баға – 467 000 теңге, кепілді жарна – 70 050 теңге. 2. Газ-2705 маркалы автокөлігі, 2001 ж.ш., м.н. А 632 СА, Алматы қ., Жібек жолы к-сі, 15. Баланс ұстаушы – Алматы қаласы бойынша экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті. Бастапқы баға – 2 920 000 теңге, ең төменгі баға – 90 237 теңге, алғашқы баға – 584 000 теңге, кепілді жарна – 87 600 теңге. 3. Ваз-21099 маркалы автокөлігі, 2003 ж.ш., м.н. А 535 СL, Алматы қ., Жібек жолы к-сі, 15. Баланс ұстаушы – Алматы қаласы бойынша экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті. Бастапқы баға – 1 660 000 теңге, ең төменгі баға –51 299 теңге, алғашқы баға – 332 000 теңге, кепілді жарна – 49 800 теңге. 4. Ваз-21099 маркалы автокөлігі, 2004 ж.ш., м.н. А 515 СХ, Алматы қ., Жібек жолы к-сі, 15. Баланс ұстаушы – Алматы қаласы бойынша экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті. Бастапқы баға – 1 660 000 теңге, ең төменгі баға –51 299 теңге, алғашқы баға – 332 000 теңге, кепілді жарна – 49 800 теңге. 5. Ваз-21150 маркалы автокөлігі, 2005 ж.ш., м.н. А 743 DM, Алматы қ., Жібек жолы к-сі, 15. Баланс ұстаушы – Алматы қаласы бойынша экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті. Бастапқы баға – 1 385 000 теңге, ең төменгі баға – 42 801 теңге, алғашқы баға – 277 000 теңге, кепілді жарна – 41 550 теңге. 6. Ваз-2115 маркалы автокөлігі, 2006 ж.ш., м.н. А 559 DР, Алматы қ., Жібек жолы к-сі, 15. Баланс ұстаушы – Алматы қаласы бойынша экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті. Бастапқы баға – 1 385 000 теңге, ең төменгі баға – 42 801 теңге, алғашқы баға – 277 000 теңге, кепілді жарна – 41 550 теңге. 7. Ваз-2115 маркалы автокөлігі, 2006 ж.ш., м.н. А 757 DР, Алматы қ., Жібек жолы к-сі, 15. Баланс ұстаушы – Алматы қаласы бойынша экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті. Бастапқы баға – 1 115 000 теңге, ең төменгі баға – 34 457 теңге, алғашқы баға – 223 000 теңге, кепілді жарна – 33 450 теңге. 8. Nissan sunny маркалы автокөлігі, 1996 ж.ш., м.н. К 204 КР, Алматы қ., Өтепов к-сі, 29. Баланс ұстаушы – ҚР ІІМ Алматы академиясы. Бастапқы баға – 1 780 000 теңге, ең төменгі баға – 55 008 теңге, алғашқы баға – 356 000 теңге, кепілді жарна – 53 400 теңге. 9. Toyota corolla маркалы автокөлігі, 1997 ж. ш., м.н. К 202 КР, Алматы қ., Өтепов к-сі, 29. Баланс ұстаушы – ҚР ІІМ Алматы академиясы Бастапқы баға – 1 915 000 теңге, ең төменгі баға – 60 261 теңге, алғашқы баға – 383 000 теңге, кепілді жарна – 57 450 теңге. 10. Ваз-21093 маркалы автокөлігі, 2003 ж.ш., м.н. К 212 КР, Алматы қ., Өтепов к-сі, 29. Баланс ұстаушы – ҚР ІІМ Алматы академиясы Бастапқы баға – 915 000 теңге, ең төменгі баға – 28 276 теңге, алғашқы баға – 183 000 теңге, кепілді жарна – 27 450 теңге. 11. УАЗ-396206 маркалы автокөлігі, 1997 ж.ш., м.н. A 894 BS, Алматы қ., Мақатаев к-сі, 34. Баланс ұстаушы – Хамза Жұматов атындағы гигиена жəне эпидемиология ғылыми орталығы. Бастапқы баға – 1 450 000 теңге, ең төменгі баға – 44 810 теңге, алғашқы баға – 84 317 теңге, кепілді жарна – 43 500 теңге. 12. Ваз-21053 маркалы автокөлігі, 1997 ж.ш., м.н. А 056 NS, Алматы қ., Байзақов к-сі, 275 А. Баланс ұстаушы – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің

Алматы қаласы бойынша департаменті. Бастапқы баға – 820 000 теңге, ең төменгі баға – 25 341 теңге, алғашқы баға – 164 000 теңге, кепілді жарна – 24 600 теңге. 13. Ваз-21053 маркалы автокөлігі, 1998 ж.ш., м.н. А 033 NS, Алматы қ., Байзақов к-сі, 275 А. Баланс ұстаушы – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті. Бастапқы баға – 820 000 теңге, ең төменгі баға – 25 341 теңге, алғашқы баға – 164 000 теңге, кепілді жарна – 24 600 теңге. 14. Даевоо Нексия маркалы автокөлігі, 1997 ж.ш., м.н. А 060 NS, Алматы қ., Байзақов к-сі, 275 А. Баланс ұстаушы – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті. Бастапқы баға – 915 000 теңге, ең төменгі баға – 28 276 теңге, алғашқы баға – 183 000 теңге, кепілді жарна – 27 450 теңге. 15. Фольксваген Поло маркалы авто көлігі, 1998 ж.ш., м.н. A030NS, Алматы қ., Байзақов к-сі, 275 А. Баланс ұстаушы – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті. Бастапқы баға – 2 330 000 теңге, ең төменгі баға – 72 004 теңге, алғашқы баға - 368 000 кепілді жарна – 69 900 теңге. 16. Ваз-21102 маркалы автокөлігі, 2002 ж.ш., м.н. A799CD, Алматы қ., Байзақов к-сі, 275 А. Баланс ұстаушы – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті. Бастапқы баға – 345 000 теңге, ең төменгі баға – 10 662 теңге, алғашқы баға – 69 000 кепілді жарна – 10 350 теңге. 17. Газ-31105-411 маркалы автокөлігі, 2004 ж.ш., м.н. А 414 CX, Алматы қ., Манас к-сі, 34. Баланс ұстаушы – Алматы мемлекеттік дəрігерлер білімін жетілдіру институты. Бастапқы баға – 1 880 000 теңге, ең төменгі баға – 58 098 теңге, алғашқы баға – 376 000 теңге, кепілді жарна – 56 400 теңге. 18. ТОПАС-4 аспап жиынтығы, Алматы қ., Абай д-лы, 191. Баланс ұстаушы – «Ұлттық технологиялық болжау орталығы» РМК. Бастапқы баға – 26 818 900 теңге, ең төменгі баға – 1 559 512 теңге, алғашқы баға – 5 363 780 теңге, кепілді жарна – 804 567 теңге. 19. Daewoo nexia маркалы автокөлігі, 2005 ж.ш., м.н. А 916 DК, Алматы қ., Жібек жолы к-сі, 15. Баланс ұстаушы – Алматы қаласы бойынша экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті. Бастапқы баға – 1 840 000 теңге, ең төменгі баға – 56 862 теңге, алғашқы баға – 368 000 теңге, кепілді жарна – 55 200 теңге. 20. Ваз-21099 маркалы автокөлігі, 2002 ж.ш., м.н. А 119 СН, Алматы қ., Байзақов к-сі, 275 А. Баланс ұстаушы – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті. Бастапқы баға – 615 000 теңге, ең төменгі баға – 67 293 теңге, алғашқы баға – 123 000 теңге, кепілді жарна – 18 450 теңге. 21. Ваз-21102 маркалы автокөлігі, 2002 ж.ш., м.н. А 144 СН, Алматы қ., Байзақов к-сі, 275 А. Баланс ұстаушы – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті. Бастапқы баға – 615 000 теңге, ең төменгі баға – 67 293 теңге, алғашқы баға – 123 000 теңге, кепілді жарна – 18 450 теңге. 22. Ваз-21099 маркалы автокөлігі, 2002 ж.ш., м.н. А 127 СН, Алматы қ., Байзақов к-сі, 275 А. Баланс ұстаушы – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті. Бастапқы баға – 805 000 теңге, ең төменгі баға – 88 082 теңге, алғашқы баға – 123 000 теңге, кепілді жарна – 24 150 теңге. 23. Ваз 21099 маркалы автокөлігі, 2002 ж.ш., м.н. А 122 СН, Алматы қ., Байзақов к-сі, 275 А. Баланс ұстаушы – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті. Бастапқы баға – 615 000 теңге, ең төменгі баға – 67 293 теңге, алғашқы баға – 123 000 теңге, кепілді жарна – 18 450 теңге. Аукционға қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен басталады жəне аукцион өткізуге дейін жиырма төрт сағат қалғанда аяқталады. Сауда-саттыққа қатысу үшін кепілді жарналар бірыңғай оператордың шотына төленеді: «Ақпараттық есептеу орталығы» АҚ, БИН: 050540004455, ИИК: KZ529261501102032004, БИК: KZKOKZKX, банк атауы: «Казкоммерцбанк» АҚ, КНП: 171, КБЕ: 16 (кепілді жарна мөлшеріне банктік қызмет төлемі кірмейді). Аукционға қатысуға өтінім тіркелгеннен кейін тізілім веб-порталында үш минут ішінде өтінім берілген сату объектісі бойынша кепілді жарнаның түсуі туралы мəліметтердің тізілім

дерекқорында болуы тұрғысынан автоматты түрде тексеру жүргізіледі. Қатысушының хабарламадағы көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ сатушының шотына саудасаттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілді жарнаның аукцион басталғанға дейін жетпіс екі сағат бұрын түспеуі тізілім веб-порталында өтінімді қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады. Аукционға қатысушы кепілді жарнаны қайтару үшін сауда-саттық ұйымдастырушыға ағымдағы есепшоттың барын растайтын банк анықтамасының түпнұсқасын өткізуі қажет. Аукционға қатысу үшін келесі құжаттарды: 1) жеке тұлғалар үшін: жеке сəйкестендіру нөмірін (бұдан əрі – ЖСН), тегін, атын, əкесінің атын (бар болған жағдайда); 2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сəйкестендіру нөмірін (бұдан əрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, əкесінің атын (бар болған жағдайда); 3) кепілді жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелерін; 4) байланыс деректерін (пошталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail). Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы екі сағат ішінде тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді. Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін ЭЦҚ қойылған аукционға қатысуға өтінімді объект бойынша тізілімнің веб-порталында толтырып, екі сағат қалғанға дейін тіркелуі қажет. Аукцион жеңімпазы сатып алу-сату шартына қол қойған кезде сатушыға салыстырып тексеру үшін мынадай құжаттардың: 1) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаттың; 2) заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куəліктің не анықтаманың; заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куəландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куəландыратын құжаттың түпнұсқаларын ұсынады. Құжаттардың түпнұсқалары салыстырып тексерілгеннен кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады. Аукционға қатысуға өтінім тіркелгеннен кейін тізілімнің веб-порталы үш минут ішінде өтінім берілген сату объектісі бойынша кепілді жарнаның түсуі туралы мəліметтердің тізілімнің дерекқорында болуы тұрғысынан автоматты түрде тексеру жүргізеді. Қатысушының көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ сатушының шотына сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілді жарнаның сауда-саттық басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады. Тізілімнің дерекқорында сатушының шотына кепілді жарнаның түскені туралы мəліметтер болған жағдайда, тізілімнің веб-порталы өтінімді қабылдау жəне қатысушыны аукционға жəне коммерциялық тендерге жіберуді жүзеге асырады. Тізілімнің дерекқорында сатушының шотына кепілді жарнаның түскені туралы мəлімет болмаған жағдайда, тізілім веб-порталы қатысушының өтінімін кері қайтарады. Тізілімнің веб-порталы автоматты тексеру нəтижелері бойынша тізілім нің веб-порталында көрсетілген қатысушының электронды мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді. Аукционға жіберілген қатысушыға тізілімнің веб-порталы беретін аукцион нөмірі бойынша аукцион залына кіруге рұқсат етіледі. Аукционға қатысушылар аукционға бір сағат қалғанда аукцион залына ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдаланып кіреді. Аукцион сауда-саттық өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана уақытымен, сонымен қатар аукцион залында жекешелендірілген объектінің бастапқы (алғашқы) бағасын автоматты түрде орналастыруымен басталады. Сауда-саттықтың ағылшын əдісі бойынша аукцион: 1) егер аукцион залында аукцион басталған сəттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі осы Қағиданың тармағына сəйкес белгіленген қадамға жекешелендіру

объектісінің бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілмеді деп танылады; 2) егер аукцион залында аукцион басталған сəттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың біреуі осы Қағиданың тармағына сəйкес белгіленген қадамға жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растайтын болса, бастапқы баға белгіленген қадамға артады. 3) егер ағымдағы баға артқаннан кейін жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру объектісінің ағымдағы құнын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, онда жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілді деп танылады Жекешелендіру объектісі бойынша сауда-саттықтың ағылшын əдісімен аукцион қатысушылардың біреуі ұсынған ең жоғары бағаға дейін жүргізіледі. Жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы бағаны ұлғайтудың кемінде екі қадамына өскен жағдайда ғана жекешелендіру объектісі бойынша сауда-саттықтың ағылшын əдісімен аукцион өткізілді деп танылады, бұл ретте бастапқы бағаның екі қадамға өсуін кемінде екі қатысушы жүзеге асырады. Əрбір сатылған жекешелендіру объектісі бойынша аукцион нəтижелері аукцион нəтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы жəне жеңімпаз ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, аукцион аяқталғаннан кейін жиырма төрт сағат ішінде тізілімнің веб-порталында қол қояды. Аукцион нəтижелері туралы хаттама аукцион нəтижелерін жəне жеңімпаз сатушының жекешелендіру объектісін сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттерін белгілейтін құжат болып табылады. Сауда-саттықтың голланд əдісі бойынша аукцион: 1) егер аукцион басталған сəттен бастап екі минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі аукционда жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы осы Қағиданың тармағына сəйкес белгіленген қадамға азаяды; 2) егер баға азайғаннан кейін екі минут ішінде қатысушылардың бірдебіреуі жекешелендіру объектісін сатып алуға ниетін растамайтын болса, жекешелендіру объектісінің соңғы жарияланған бағасы белгіленген қадаммен азаяды. Жарияланған баға бойынша жекешелендіру объектісін сатып алуға ниетін бірінші болып растаған қатысушы сауда-саттықтың голлан əдісі бойынша аукцион жеңімпазы болып танылады жəне осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілді деп танылады; 3) егер жекешелендіру объектісінің бағасы белгіленген ең төменгі мөлшерге жетсе жəне қатысушылардың бірдебіреуі жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамаса, онда аукцион өткізілмеді деп танылады. Əрбір сатылған жекешелендіру объектісі бойынша аукцион нəтижелері аукцион нəтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы жəне жеңімпаз ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, аукцион аяқталғаннан кейін жиырма төрт сағат ішінде тізілімнің веб-порталында қол қояды. Аукцион нəтижелері туралы хаттама аукцион нəтижелерін жəне жеңімпаз сатушының жекешелендіру объектісін сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттерін белгілейтін құжат болып табылады. Жеңімпазбен сатып алу-сату шартына аукцион өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде мына мекенжайда қол қойылады: Алматы қаласы, Достық даңғылы,134, 206-кабинет. Аукцион жеңімпазы сатушыға сатып алу-сату шартына қол қойған кезде өтінімге тіркелген құжаттардың тұпнұсқаларын не нотариатта куəландырылған көшірмелерін ұсынады. Құжаттардың түпнұсқалары салыстырып тексерілгеннен кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады. Аукцион өткізу туралы қосымша ақпаратты 8(727) 313-07-85 телефоны жəне www. gosreestr. kz. сайты арқылы білуге болады.

11

Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының əкімшісі «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ 2015 жылғы 13 сəуірден бастап 1 қазанға дейінгі кезеңде Астана қ., «Алтын Орда» бизнес орталығы, Орынбор көшесі, 4-үй мекенжайы бойынша магистратураға, докторантураға, резидентураға, тағылымдамаға құжаттар қабылдайды. Сонымен қатар, www.egov.kz «ҚР электронды үкімет» порталы жəне Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы құжаттар тапсыру мүмкіндігі бар. Байланыс телефондары: 8 (7172) 76 90 82, 76 90 83, 24 93 85, 24 93 86 www.bolashak.gov.kz Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі (Астана қ., Қонаев к-сі, 31) Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) шеңберіндегі халықаралық шарттарды жəне Еуразиялық экономикалық комиссияның актілерін мемлекеттік тілге аударуға байланысты ЕАЭО ресми құжаттарын аударатын ұйымды іріктеуге қатысты конкурстың өткізілетінін хабарлайды. Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефондар бойынша алуға болады: 8 (7172) 72-03-34, 72-02-14.

Министерство иностранных дел Республики Казахстан (г. Астана, ул. Кунаева, 31) объявляет о проведении конкурса по выбору организации по переводу на государственный язык международных договоров в рамках Евразийского экономического союза и актов Евразийской экономической комиссии. Дополнительную информацию и справку можно получить по телефонам: 8 (7172) 72-03-34, 72-02-14. Объявление Считать недействительным ККМ Меркурий-180ФКZ заводской номер 10165341. В связи с утерей диплом ЖБ-б0418764 выданный УИЯ и ДК на имя Важниной Елизаветы Олеговны считать недействительным.

Шетелдік веб-сайттарда орналасќан ќўжаттарды заѕсыз тїрде ќабылдаєан тўлєалардыѕ назарына! 2015 жылғы 12 наурызда Қазақстан Республикасы АҚШ, НьюЙорк қ. Оңтүстік аймағының Аймақтық сотына Сізге қарсы талапарыз ұсынды. Іс Қазақстан Республикасы Does 1-100 Inclusive, No. 15 Civ/ 1900 (ER) (S.D.N.Y. 2015)-ға қарсы ретінде ресімделді. Талапарыздың көшірмесін мына сілтеме бойынша өтіп, көруге болады: www.facebook.com/KazakhstanvDoes. Толықтыра келе, Сізге қатысты Уақытша шараларды қамтамасыз ету жəне сотпен тыйым салу туралы өтінішхат (бұдан əрі – «Өтінішхат») ұсынылды. Өтінішхаттың жəне қоса берілген құжаттардың көшірмесін мына сілтеме бойынша өтіп, табуға болады: www.facebook.com/KazakhstanvDoes. Өтінішхат Негіздемелер ұсыну туралы бұйрық бойынша берілген, сондықтан іс жеделдетілген тəртіпте қаралатын болады. Біржақты уақытша сотпен тыйым салу Сізге, сіздің үлестес тұлғаларыңызға, жұмысшыларға, агенттер мен өкілдерге жəне сіз Қазақстан Республикасының компьютерлік желісінен материалдарды жəне Қазақстан Республикасының лауазымды тұлғаларының Gmail есеп жазбаларын сізбен бірлесе пайдалануға, жариялауға, таратуға, басып шығаруға, көрсетуге, айырбастауға, бөлуге, қабылдауға, көшіруге, шолуға, қолжетімділікке, қандай да бір түрмен басқалар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етуге немесе қолжетімділікті ұсынуға қатысқан барлық тұлғаларға шығарылды. Негіздемелер ұсыну туралы бұйрықтың көшірмесін мына сілтеме бойынша өтіп, табуға болады: www.facebook.com/KazakhstanvDoes. Сот тараптарды Уақытша сотпен тыйым салуға сəйкес 2015 жылғы 20 наурызда 14.00 сағатта Нью-Йорк қ. Оңтүстік аймақтық сотының ғимараты, АҚШ, 40 Фолей Сквер, Нью-Йорк қ., НЙ, 10007 мекенжайы бойынша келуге міндеттеді. Егер Сіздің атыңыздан заңгер өкілдік етсе, бізге бұл туралы хабарландыруды сұраймыз жəне біз сіздің адвокатыңызға Сот тағайындаған күнге жəне уақытқа қатысты хабарлаймыз. Curtis, Mallet-Prevost, Colt & Mosle LLP 101 Парк Авеню Нью-Йорк қ., НЙ 101-78 – 0061 Жак Семмелманның назарына jsemmelman@curtis.com Қазақстан Республикасының адвокаттары Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы Наталья Артёмовна Коржоваға жұбайы Андрей Иванович КОРЖОВТЫҢ мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің басшылығы мен ұжымы Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы төтенше жəне өкілетті елшісі Мұхтар Бескенұлы Тілеубердіге əкесі Бескен ТІЛЕУБЕРДІНІҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Қазақстан Республикасы Инвестициялар жəне даму министрлігі Наталья Артёмовна Коржоваға жұбайы Андрей Иванович КОРЖОВТЫҢ мезгілсіз қайтыс болуына байланысты ауыр қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің басшылығы мен ұжымы Наталья Артёмовна Коржоваға жұбайы, Максим Андреевич Коржовқа əкесі «Наурыз» корпорациясы» ЖШС бас директоры Андрей Иванович КОРЖОВТЫҢ қайтыс болуына байланысты орны толмас ауыр қайғыларына ортақтасып шын ниеттен көңіл айтады. Қазақстан Республикасы «Атамекен» ұлттық кəсіпкерлер палатасының басшылығы мен ұжымы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы Наталья Артёмовна Коржоваға жұбайы Андрей Иванович КОРЖОВТЫҢ қайтыс болуына байланысты орны толмас қайғысына ортақтасып көңіл айтады. «Хабар» Агенттігі» АҚ басшылығы мен ұжымы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы Наталья Артёмовна Коржоваға жұбайы Андрей ИВАНОВИЧТІҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы Наталья Артёмовна Коржоваға жұбайы Андрей Иванович КОРЖОВТЫҢ қайтыс болуына байланысты орны толмас ауыр қайғысына ортақтасып шын ниеттен көңіл айтамыз. Александр Машкевич, Патох Шодиев, Алиджан Ибрагимов. Еуразиялық Топтың (ERG) басшылығы мен ұжымы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы Наталья Артёмовна Коржоваға жұбайы Андрей Иванович КОРЖОВТЫҢ қайтыс болуына байланысты орны толмас ауыр қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұжымы С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ректоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Айқан Ақанұлы Ақановқа анасы Ғазиза Кəбдікəрімқызы ЫСҚАҚОВАНЫҢ қайтыс болуына байланысты орны толмас қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрлігі Туберкулез проблемалары ұлттық орталығының басшылығы С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ректоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Айқан Ақанұлы Ақановқа анасы Ғазиза Кəбдікəрімқызы ЫСҚАҚОВАНЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. «Б.О.Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы» АҚ ұжымы С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ректоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Айқан Ақанұлы Ақановқа жəне оның туған-туысқандары мен жақындарына аналары Ғазиза Кəбдікəрімқызы ЫСҚАҚОВАНЫҢ қайтыс болуына байланысты ауыр қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясының басшылығы мен ұжымы С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ректоры Айқан Ақанұлы Ақановқа анасы Ғазиза Кəбдікəрімқызы ЫСҚАҚОВАНЫҢ мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті ұжымы С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ректоры Айқан Ақанұлы Ақановқа анасы Ғазиза Кəбдікəрімқызы ЫСҚАҚОВАНЫҢ өмірден өтуіне байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының ұжымы белгілі публицист, газет жанашыры Шархан Қазығұлға əкесі НАҒЫМЕТТІҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. «Рауан» баспа үйі» ЖШС ұжымы танымал журналист Шархан Қазығұлға əкесі НАҒЫМЕТТІҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.


12

www.egemen.kz

14 сəуір 2015 жыл

 Жағымды жаңалық

Ќазаќтыѕ дастарќаны əлемге əйгіленді

Ежелден жүгі нарда, қазаны теңде болып келген көшпелі қазақ жұрты ертеден ішіпжемдік ас-суын əрдайым өте жоғары бағалаған. «Ас – адамның арқауы» деп түсінген халқымыз сол тамақты тіршіліктің өзегі деп қана танымай, оның бойға

нəр, денеге қуат берер құнарына да ерекше мəн берген. Егеулі найза қолға алып, еңку-еңку жер шалып, саналы ғұмырының басым бөлігін аттың үстінде өткізген бабаларымыз сондықтан да тағамның жорық жондарында шұғыл пісіріп, жедел жарататын

түрлеріне де көбірек көңіл бөлген. Талай ғасырлардың тезінен өтіп, теңсеңіне шыға білген осы ас мəзірлеріміз күллі əлем жаһандану деп ат беріп, айдар тағып жатқан ұшқыр уақыттың ұшпағы – бүгінгі заманға да бауыры бүтін, тұяғы түгел қалпында аман-есен жетті.

Қазақтың құнары бай, шипасы шүйгін, дəмі тіл үйіретін сол ұлттық тағамдары жер-жаһанның басқа қиырларындағы нағыз ас қадірін білетін гурмандарының да назарына іліге бастады. Солардың бірі – АҚШ-тың 100 млн. адамдық аудиториясы бар Travel Channel телеарнасының қызметкері, əлемге танымал Bizarre Foods («Экзотикалық тағамдар») бағдарламасының авторы Эндрю Зиммерн жақында Қазақстанға арнайы келіп, қазақтың ұлттық тағамдарын біршама зерттеп кеткен еді. Ал кеше, 13 сəуірде ол осы жөніндегі хабарын өз арнасынан көрсетті. «Мен Қазақстанда таңғажайып тағамдарды жеп көрдім. Олар жылқыны сойып, оның ішегіне ет салады екен. Біз тауда да болып, атқа міндік. Мен өз қолыммен бүркітті ұстап көрдім. Оны қоянға салып едік, тап бастырмай ұстады. Керемет шеберлік қой бұл. Біз өзен нің жағалауында қоян етін пісіріп жедік. Əуелі мен оның терісін сыпырдым, содан кейін ашық отқа қақтадым. Алған əсерлерім керемет», – деді танымал шоумен. Сонымен қатар, ол қазақтың ұлттық тағамы – асылған ет туралы да өте жақсы пікір айтты. «Бұл тағам жылқының еті мен қамырдан жасалады. Қазақтар оған

пияз қосады. Маған аталмыш тағам қатты ұнады», – деді Эндрю Зиммерн. Бір айта кететін жайт, тағамдарға арналған Bizarre Foods жобасы əлемнің əр түкпірінде тұратын халықтардың экзотикалық ас мəзірімен таныстыруға бағыт ұстайды.

 Айбын

Тағы бір айта кететін нəрсе, бұл Эндрю Зиммерннің бірінші рет қазақ тағамдарына əлем жұртының назарын аударуы емес. Ол қазақ ас мəзірін 2011 жылғы 31 мамыр кү ні алғаш рет «Экзотикалық тағамдар» бағдарламасы бойынша көрсеткен еді.

Мына фотоларға қараңыздаршы, ағайын. Расында да, əр қазақтың жүрегін ата-бабаларымыздың тамақтану мəдениеті үшін мақтаныш сезіміне бөлемей ме? Əрине, дəл солай. «Егемен-ақпарат».

 Еркін елдің ертеңі

Ќызыл алаѕдаєы парад

Оєан ќазаќстандыќ əскери оќу орныныѕ 74 курсанты таѕдалып алынды Қазақстан Қарулы Күштері Құрлық əскерлері əскери институтының курсанттары – болашақ офицерлерге

Мəскеу қаласының Қызыл алаңындағы əскери парадқа қатысу мəртебесі бұйырып отыр. Осыдан 70 жыл бұрын,

1945 жылы Ұлы Отан соғысында фашистерді ойсырата жеңген ағаапаларымыз Жеңіс күні дəл осы алаңда сап түзеп адымдаған болатын. Əскери оқу орнынан 74 үздік курсант іріктеліп алынды. Қазіргі уақытта олар Алматыдағы тұрақты орналасқан пункттерде жаттығу жүргізуде. Курсанттар сəуір айының соңында Мəскеуге барып, ресейлік əскери қызметшілермен бірге жаттығуларға кіріседі. Ағымдағы жыл – Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына арналған айтулы жыл. ҚР Қорғаныс министрлігі мерейтойды атап өту аясында ауқымды іс-шараларды ұйымдастыруда. Олар əскери-патриоттық акциялар, құрмет көрсетулер, байқаулар жəне басқаларды қамтиды. Жеңіс мерейтойын мерекелеудің шарықтау шегі əскери парадпен жалғасады. «7 мамыр күні «Қазақ елі» Монументінде ҚР ҚК бүкіл тарихындағы ауқымы жағынан теңдесі жоқ ең ірі əскерлер парады өтеді. Парад

 Бəрекелді!

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Павлодардағы Оқушылар сарайында жас астрономдарға арналған обсерватория биыл жазда пайдалануға беріледі. Облыстық білім беру басқармасының хабарына қарағанда, қазір бұл ғимараттың бақылау-көру алаңы, астрономиялық сыныптарды жабдықтап, мұнараға телескоп орнату жұмыстары жүргізілуде. Жалпы, осы ерекше планетарийді жаңғырту жəне жабдықтау мақсатына 90 миллион теңге жұмсалған. Қаражат «ENRC Көмек» корпоративтік қоры мен «М.Катаев атындағы оқушылар сарайы» мемлекеттік мекемесі арасындағы келісімшарт негізінде бөлініпті. Обсерватория оқушыларға

астрономия мен астрофизика ілімдерін үйренумен қатар ғылыми жұмыстар жүргізуге мүмкіндік береді. Облыс орталығында жуырда тұңғыш рет өңірлік астрономдар слеті өтті. Бұл еліміздің жаңа білім беру жүйесінің инновациялық дамуды жүзеге асыратын жас мамандарды дайындауға бағытталған орталық

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

«Егемен-ақпарат».

 Міне, қызық!

Обсерваторияєа їш телескоп орнатылады Облыс орталығындағы Оқушылар сарайының инновациялық үйірмелеріне қатысушы оқушылар қажет десе, Марсқа да ұшпақшы...

біздің армияның, қоғамның, Қазақстан халқының жауынгерлік қуатын, бірлігін жəне тұтастығын көрсете отырып, егемен еліміздің мызғымас бейнесін айқындай түседі. Қазіргі уақытта парадқа қатысушылар, қаружарақтар мен əскери техника Астана маңындағы базаларға орналастырылған. Бүгінде əскерилердің сапты құрамы күн сайын жаттығулар өткізсе, ал 20 сəуірден бастап механикаландырылған лектер жаттығуын бастайды. Басты репетицияның өтуі 2,4 жəне 5 мамыр күндері жоспарланып отыр. Бұл репетиция ҚР Қорғаныс министрі мен ҚР ҚК Бас штабы бастығының қатысуымен өтеді», деп атап өтті ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Мүслім Алтынбаев. ҰОС Жеңістің 70 жылдығына арналған əскери парад арқылы ардагерлерге, майданда қаза болған жауынгерлерге жəне ұрыс даласынан аман-есен оралған жерлестерімізге деген құрметті білдіреді.

деуге болады. Қуаттылығы əртүрлі үш телескоп орнату жоспарлануда. Аспан əлеміне көз тігуге бəріміз де құмармыз. Жалпы, павлодарлық оқушыларды астрономия, ғарыш əлемі қызықтырады. Өйткені, оқушылардың таңертеңнен кешке дейін компьютерге тесіліп, ұялы байланыста байланып отырғанынан гөрі, Оқушылар сарайына келіп, өзі таңдаған, өзін қызықтырған неше түрлі үйірмелерге жазылуларына əбден болады. Орталықтың инновацияшыл ұстаздары ондаған жылдар бойы инновацияшыл оқушылар тəрбиелеп келеді. Енді жөндеу жұмыстары аяқталған соң, планетарий күмбезінің астында жас астрономдар «3-D» режіміндегі «Астрономия», «Физика», «Био логия» жəне «Геология» бөлім де рінен ғарыш, галактика туралы танымдық фильмдер көре алады. Павлодар облысы.

Стэнфорд университетінің ғалымдары смартфон батареяларын 1 минут ішінде толық қуаттандыратын жаңа технология əзірленгендігін жария етті, деп хабарлады «Би-Би-Си» агенттігі.

Смартфонды тез ќуаттандыратын технология

Айтулы жаңалықты жария еткен ғалымдардың айтуынша, бұл аккумуляторлар бұған дейінгі қуаттандырғыштардан қауіпсіз əрі қоршаған ортаға еш зиянсыз көрінеді. Жаңа технологияны барлық құрылғыларға, соның ішінде смартфондарды да қуаттандыруға пайдалануға болады екен. Алайда, осы мақаланы жазып отырған «Би-би-си» агенттігінің тілшісі аталған тың технологияның адам өмірі үшін қауіпсіздігін əлі де нақтылау қажеттігін алға тартыпты. «Егемен-ақпарат».

Жанартау (Соңы. Басы 1-бетте).

– Біздің оқу орнының құрылтайшысы болып табылатын «Университеттік технологиялық бизнес-инкубатор» Корпоративтік қоры соңғы бір жылда өз қызметі бағыттарының бірін оқушыларды ғылымға тартуға, олардың арасында дарындыларды табуға арнап келеді, – дейді бұл жөнінде М. Х. Дулати атындағы ТарМУ ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Махметғали Сарыбеков. – Қордың бастамасымен «Жас дарын» жобасы дүниеге келді. Қазіргі уақытқа дейін 3 республикалық ғылымипрактикалық конференция өткізіліп, 2 том жинақ болып баспадан шығарылды. Алғашқы конференцияны ұйымдастырғанда үміттен күдік басым еді. Алайда, республикадағы мектеп оқушыларының ғылымға деген құлшынысы, ұстаздардың тынымсыз еңбегі бұл күдік бұлтын сейілтті. Алғашқы конференцияның өзіне еліміздің түкпір-түкпіріндегі мектеп оқушыларынан, колледж студенттерінен 400-дей мақала қабылданды. Көптеген мектеп мұғалімдері ризашылығын білдіріп, жобаны жалғастыруды өтініп хат жазды. Қазіргі уақытта «Жас дарын» жобасы кең қанат жайып келеді. Аталмыш Қор Ұлттық бизнес-рейтингтің 2013 жылғы қорытындысы бойынша Жамбыл облысының шағын кəсіпорындарының арасында үздік деп танылып, «Сала көшбасшысы-2013» ұлттық сертификатымен марапатталған. Сондай-ақ, университетте жастарды ғылымға тарту, ғылымдағы жастарға консультативті көмек беру, жас ғалымдардың құқықтарын қорғау жəне олардың ғылыми жұмыстарын іске асыруға көмек беру мақсатында 2008 жылы жас ғалымдар кеңесі өз жұмысын бастап, 2014 жылы еліміздегі ғылыми ұжымдардағы жəне жоғары оқу орындарындағы үздік жас ғалымдар кеңесі деп танылды. Шынында, бұл оқу орны жастарының ғылымдағы жетістіктерін мақтан етуге тұрарлық.

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 341-08-12.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru, egemenkz@maіl.kz. Интернет-редакция: ekazakhstan@mail.ru Алматыда: факс (727) – 341-08-12, электронды пошта – egemalm@mail.ru

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – 8 (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – 8 (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – 8 (712-2) 31-74-13; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

Көкшетау – 8 (716-2) 25-76-91; Қарағанды – 8 (721-2) 43-94-72; Қостанай – 8 (714-2) 39-12-15; Қызылорда – 8 (701) 772-70-74; Орал – 8 (777) 496-21-38;

Өскемен – 8 (778) 454-86-11; Павлодар – 8 (718-2) 68-59-85; Тараз – 8 (726-2) 43-37-33; Шымкент – 8 (701) 362-63-76; Петропавл – 8 (715-2) 50-72-50.

Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 341-08-11, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Арко» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-Полиграфия» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Достық-Дружба даң., 215 А, «WESTA» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

Университеттің жас ғалымдары шығармашыл жастарға арналған Жамбыл облысы əкімінің дəстүрлі сыйақысының «Ғылым» номинациясы бойынша лауреат атағын жыл сайын иеленіп келеді. Олардың бірқатары «Болашақ» бағдарламасының стипендианты атанып, Польша, Ресей, Франция, Ұлыбритания, Литва, Беларусь, Қытайда ғылыми тағылымдамадан өтіп келді. Өткен жылдың өзінде 46 магистрант тəжірибеден өтіп келіпті. Осының арқасында ТарМУ бүгінде əлемдегі 18 елдің 53 жоғары оқу орнымен серіктестік келісім жасасқан. Осы жылдар ішінде 13 елдің 19 университеті мен ғылыми-зерттеу орталықтарында тəжірибеден өтіпті. Тағы бір айтары, осы оқу орнының жас ғалымдары басқаларға қарағанда ең көп патент алады екен. Орта есеппен жыл сайын 45-50 патентке қол жеткізеді. Əйтсе де біздің елдегі ғылыми жобалардың негізін нақты өндіріске енгізетін үрдістің жоқтығы, қосымша қаражат көздерінің қаралмауы бұл өнер табушылардың өрісін кеңейтпей тұр. Университет басшылығы жас ғалымдардың тапқан жаңалығын кəсіпкерлердің назарына ұсынып та көрген екен. Бəрі мойындаған, таңғалған, бірақ еш қандай қолдау жоқ. Сондықтан, алдағы уақытта қабылданатын ғылым туралы заң осынау кемшіліктің орнын толтырады деген үміт бар. Əрбір қоғамның əлеуметтік-экономикалық даму деңгейі, сол қоғамдағы жеке адамның шығармашылық əлеуетіне байланысты. Қазіргі кезде қоғамдағы қарқынды өзгерістер жыл сайын жаңа өмір салтын құруда. Яғни, қоғамның жаңа талап-тілектері мен əлеуметтік сұранысын қамтамасыз ету мақсатында шығармашылық тұрғыда ойлаушы, тəуелсіз жеке адамды дербес шешім қабылдауға бейім ұрпақты тəрбиелеу – бүгінгі күнде аса маңызды мəселе. Жамбыл облысы.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 203 394 дана. Нөмірдің кезекші редакторы

Дастан КЕНЖАЛИН.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 6 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №539 ek

Profile for Egemen

14042015  

1404201514042015

14042015  

1404201514042015

Profile for daulet
Advertisement