Page 1

Бїгінгі нґмірде: Ана тілініѕ уызына жарымаєандар 6-бет Їкімет 7-8-беттер Кеѕестік кезекті кеѕкелестік 9-бет Топ басындаєылар таєы алмасты 11-бет

№31 (28255) 14 АҚПАН ЖҰМА 2014 ЖЫЛ

 Өңір өмірі

Шалєай ќыстаќта да шам самаладай жарќырайды орнатқан бұл серіктестіктің қазіргі қадамы үлкен тиімділіктерден үміттендіреді. Аталған серіктестік директоры Естай Сисенбаев аудандарды жиі аралап, балама қуат көзі қондырғыларының техникалық сипаттамаларының артықшылығын, күнделікті тұрмыста, жұмыста тиімділігін дəлелдеп келеді. Олардың түрлері, бағалары туралы нақты мағлұматтар береді. Бүгінгі таңда алыс жайылымдық жерлерді пайдалану өте-мөте өзекті мəселеге айналды. Осы сəтте «Bazis Group KZ» ЖШС ұсы нып отырған қондырғылар пайдалы əрі тиімді. Оларға осы өнімдерді таратуға қатысатын қаржылық институттар арқылы қол жеткізуге болады. Қолайлы жəне тиімді бағамен лизингке алуға жол ашылуда. Сонымен қатар, «Агробизнес-2020» бағдар ламасы бойынша аталған қондырғыларды субсидиялау əдісімен қаржыландыруға мүмкіншіліктер бар. Осындай қондырғыларды лизингке сатып алып беруге «ҚазАгроҚаржы» АҚ батыл қадам жасап отыр. (Соңы 9-бетте).

Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Əлемде «жасыл экономика» тіркесі əлдеқашан айналымға еніп кетті. Қазір экономикалық дамуға бағыт ұстаған елдер баламалы энергия көздерін пайдаланудың ұтымды жолдарын кеңінен қарастыруда. Соңғы жылдары біздің елімізде де күн сəулесін, жел күшін пайдаланып, энергия өндіру күн тəртібіне қойылуда. Бұл, əсіресе, малдың қамы, шаруаның жəйімен шалғай қыстақтарда отыратындар үшін таптырмайтын қондырғы. Сондықтан да, соңғы жылдары күн сəулесінен жəне жел күшінен энергия өндіретін қондырғыларды пайдалануға деген ықылас жоғары. Мұның тиімділігі қазірдің өзінде көріне бастады. Облыста баламалы қуат көздерін беретін қондырғыларды тікелей шетелден жеткізу жəне орнату жұмыстарымен айналысатын «Bazis Group KZ» ЖШС бұл бағытта өнімді жұмыс істеуде. Осыған дейін облыста желмен жəне күн сəулесінен қуат өндіретін он қондырғы, бірыңғай күн сəулесінен энергия өндіретін он екі аппарат

Ґзара мїдделестік танытылєан кездесу

Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин Литва Республикасының Қазақстандағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Рокас Бернотасты қабылдады, деп хабарлады Мəжілістің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Литва арасындағы өзара түсіністіктің жоғары деңгейін, сондай-ақ, халықаралық жəне аймақтық саясаттағы өзекті тақырыптар төңірегіндегі ұстанымның ұқсастығын алға тартты. Нұрлан Нығматулин Литва Республикасына 2014-2015 жыл аралығында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүше ретінде жұмысқа кірісуіне байланысты өз құттықтауын жеткізді. Қауіпсіздік туралы сөз еткенде, Мəжіліс Төрағасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық қауіп-қатерлерге төтеп беруге бағытталған халықаралық бастамаларына баса назар аударды. – Қазақстан Еуроодақтың қауіпсіздік мəселесі бойынша Еуроодақ – Орталық Азия жоғары деңгейлі сұхбат құру бастамасын қолдады жəне оның дамуына тиісті деңгейде ықпал етуге дайын. Мұндай тетіктер бүкіл əлемде, соның ішінде біздің аймақтарымызда тыныштықты сақтауға өзіндік үлес қосатыны сөзсіз, – деді Нұрлан Нығматулин. Спикердің атап өткеніндей, сондай-ақ, Еуропа Кеңесімен əріптестік қатынасты дамыту, Еуропалық құқықтық кеңеске қосылу біздің еліміз үшін басым бағыттардың бірі болып табылады. Ал, əлеуметтік-экономикалық

даму туралы сөз еткенде, Нұрлан Нығматулин Елбасы Жолдауының маңызды бағыттарын жүзеге асыру қазақстандықтар үшін де, сонымен бірге, шетелдік компаниялар үшін де оңтайлы жағдай жасайтынын атап өтті. Өз кезегінде Рокас Бернотас Қазақстанның Литва үшін аймақтағы өте маңызды əріптес екенін атап өтті. Кездесу иелерінің пікірінше, қос мемлекет əріптестігінің маңызды бөлігі болып табылатын екі елдің парламентаралық ынтымақтастық мəселелеріне айрық ша көңіл бөлінді. Тараптар Қазақстан мен Литваның заң шығарушы органдары арасындағы байланысты кеңейту жолдарын талқылады, бұл ретте əртүрлі бағыттар бойынша тəжірибе алмасу маңызды болмақ. Əсіресе, ын тымақтастық жөніндегі топтар мен комитеттер байланысын нығайту қажет. Мəжілісте Литва Республикасының Сеймімен ынтымақтастық жөніндегі топ жұмыс істейді. Құрамында 11 депутат бар. Ал ағымдағы жылы Сейм Спикерінің Мəжіліске ресми сапары жоспарланып отыр. Тараптар бұл екі ел парламенттері, сондайақ, жалпы Қазақстан мен Литва арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға жаңа серпін беретініне сенім білдірді.

Баєа бўєауланады

Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде өткен кезекті брифингке Мұнай жəне газ министрі Ұзақбай Қарабалин, Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков, Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспанов жəне Бəсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Ғалым Оразбақов қатысып, теңге бағамының өзгеруіне байланысты өз салаларында қолға алынған шаралар жайын баяндады. Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».

Теңге бағамының өзге руіне байланысты халық тұтынатын негізгі тауарларға, мұнай өнімдеріне жəне ауылшаруашылық өнімдеріне бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу жөнінде ел Үкіметі министрлерге бірқатар маңызды міндеттер жүктеп, шұғыл тапсырмалар берген болатын. Бүгінде соған орай, əрбір ведомство тиісінше жұмыс атқаруда.

Кеше Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Рұқсат беру жүйесін жетілдіру мəселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның он бірінші отырысы өтті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Отырыста бизнестің дамуына кедергі келтіретін нормаларды жою тұрғысында заңнамаларға ревизия жасау мəселелері қаралды. Мемлекет басшысы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында осындай тапсырма берген болатын.

Метан газы игерілетін болды «Егемен Қазақстан».

Бұған дейін де жазып жүргеніміздей, шахталар көмір қабаттарындағы метан газын игілікке жарату қарағандылық кенші ғалымдар мен мамандарды көптен ойлантып-толғантушы өзекті мəселе болып келеді. Болжам бойынша отын кені өндірілетін тұстарда оның жалпы қоры 1 триллион текше метрден асады екен. Бұл былайша айтқанда, Қарағанды тұнып тұрған тағы бір байлық көзін бауырына басып жатыр деген сөз. Əлемнің 20 еліндегідей кəдеге асырылуы жолға толық қойылса, өңір экономикасына тигізер ықпалы ұшан-теңіз болмақтығы талассыз. Кейінгі он жылда өріс алған метан газын барлау, оны алу жұмыстары нəтижесін бере

бастап отыр. Бұдан үш жыл бұрын Ленин атындағы шахтада метан арқылы электр қуатын өндіру жобасы іске қосылды. Соның арқасында кəсіпорын өзін-өзі энергиямен 15-20 пайызға қамтамасыз ете алатын болды. Осылайша, қолда барды ұқсата білу басқа да шахталар қызығушылығын тудырды. Есептеулерге қарағанда қоры 28 млрд. текше метрді құрайтын Талдықұдық пен Саран көмірлі бөліктерінде игерілуі күнненкүнге өсуде. Елбасының метан газын өндіру жөнінде Үкіметке берген тапсырмасына сəйкес геологиялық барлау мен зерттеу ісшаралары кеңінен жүргізіліп жатыр. Жақында Шерубай-Нұра, Қаражар-Шақан учаскесінде де осынау байлық көзін өндірістік мақсатқа пайдалануға жол салынды. ҚАРАҒАНДЫ.

Брифингте Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспанов коммуналдық жəне басқа да реттелетін қызметтерге тарифтер теңге бағамының өзгеруіне байланысты өспейтінін хабарлады. Мұнымен қоса, осы жылдың 1 мамырына дейін реттелетін қызметтердің барлық түрлеріне тарифтер өзгермейтінін мəлім

Бірќатар заѕнама нормалары жеѕілдетілмек

 Бəрекелді!

Айқын НЕСІПБАЙ,

Коммуналдыќ ќызметтер ќымбаттамайды

Комиссия отырысының қорытындысында 43 заңнамалық нормаларды жою жəне қарапайымдандыру туралы шешім қабылданды. Атап айтқанда, Əкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске рұқсаттар беру мерзімін бұрмалағаны жəне

етті. Ал бұдан арғы өзгерістер жоспарлы түрде жүргізілетін болады. «Теңге бағамының өзгеруі сегментке қатты əсер ете қояды деуге де негіз жоқ», деді М.Оспанов. Ол электр, жылу, су жəне газбен қамту сияқты коммуналдық қызметтерге тарифтерді мемлекет реттейтінін атап өтті. Сəйкесінше, аталған тарифтер тұрақты бақылауда жəне өтінімдерді қарау нəтижесі бойынша ғана өзгертіледі.

Бензинге алаѕдаудыѕ ќажеті жоќ

Бензиннің қоры мен оның бағасы төңірегінде дүрбелең болмауы тиіс, деді Ұ.Қарабалин. Ол жанар-жағармайдың бағасын бұрынғы деңгейде сақтау үшін министрлік барлық шараны қабылдайтынын жеткізді. (Соңы 2-бетте). оларды беруден негізсіз бас тартқаны үшін шенеуніктердің жауапкершілігін белгілейтін түзету қарастырылуда. Жер кодексінде елді мекендер шеңберінде құрылыс салуға жер телімдерін алу процедурасы жеңілдетіледі, «бір терезе» қағидаты енгізіледі, құжаттарды беру мерзімі қысқарады. Оның сыртында Салық кодексінде алкогольді өнімдер жəне ЖЖМ сату саласындағы қызметті жүзеге асыратын кəсіпкерлерді бақылау-кассалық машина орнатуға міндеттейтін мерзім 2014 жылдың 1 шілдесінен 2015 жылдың 1 шілдесіне дейін ұзартылатын болды.

 Мемлекеттік мəселе

ЗАТЫМЫЗ ҐЗГЕРДІ. АТЫМЫЗ ҐЗГЕРЕДІ Сауытбек АБДРАХМАНОВ.

Осыдан екі күн бұрын телеар налардың бірінен телефон соғылған. Дəл осы күндерде қызу талқыланып жатқан тақырыпқа – мемлекет атауын өзгерту мəселесіне арнайы хабар түсірілмекші көрінеді. Соған шақырады. Пікіріңізді білдірсеңіз дейді. Қатыса алмайтын шығармын дегенбіз. Неге? Сақсына сөйлегеніміз бе? Олай деуге болмас. Ана жылы Парламент Президент мəртебесін ойластырып жатқанда да газет бетінде бір ауыз сөз қосқанбыз. «Елбасы мен Ел Басының арасында айырма бар» деп. «Ел басшысының бəрін Елбасы деуге болмайды. Елбасы – елдің басы. Елдіктің басы. Елдің, елдіктің басында, бастауында тұрған адам. Ел болуды бастап берген, елді орнатып берген адам. Елбасы – Мемлекетқұрушы» деп. «Президент туралы сөз Елбасының өзінен бұрын елдің өзіне көбірек керек. Келешегіміз үшін керек. Қадым заманнан қағанын қадірлеп, ханын қасиет тұтқан елдің болашақта да биліктің бағасын білетін, халықтың өзі сайлап, екі тізгін бір шылбырды қолға берген адамын қалтқысыз құрметтеу, ел басшысына тақ тұру дəстүрі орныға түсуі үшін керек. Басшысына тақ тұратын ел – басына бақ тұратын ел» деп. Сол тұстағы талқылаудан кейін Парламент «Ел Басы» нұсқасына емес, «Елбасы» нұсқасына түпкілікті тоқтаған. Онда неге? Айтарымыз жоқ па? Олай деуге де болмас. Тегінде, əр қатысушыға əрі кеткенде 2-3 минуттық қана уақыт тиетін хабарда осындай күрделі тақырыпта ойымызды түйіп-түйіп айта алмаспыз деп тар тынған сияқтымыз. Содан бергі екі күннің ішінде дəл қазір барша жұртты қызықтырып отырған осы тақырыпқа қалам тербеуге бел байладық. Сонымен...

Картадаєы сґз

Айзек Азимовтың географиялық атаулар мен олардың мағыналарына арналған «Слова на карте» деген тамаша кітабы «Əлемнің географиялық картасындағы адамды қайран қалдырарлық əрі ұдайы ауысып-түйісіп жататын атаулар толқынынан бірдеңе ұғу қиын; бірақ мəніне тереңдеп бойлай алсақ, глобустан романтика лебі есіп тұрғанын көреміз. Біздің көз алдымызға тарих үзіктері көлденеңдеп тұра қалады, планетамыздың қиыр-қиырын əлмисақтан кезіп, зерттеп кеткен саяхатшылар қадамының жаңғырығын естиміз. Картадағы сөз ғасырларды көктей өтіп, біздің ата-бабаларымыздың ойларын, сезімдері мен арманаңсарларын жеткізеді» деп басталады. Əлемдегі талай атауда терең мағына бар. Ғалымдар Азия, Еуропа атауларын семит тіліндегі «Ассу» (Шығыс) жəне «Эреб» (Батыс) сөздерінен шыққан деп түсіндіреді. Ежелгі гректер Эгей теңізінің екі жағын солай атаған көрінеді. Африкадағы Либерия мемлекетінің аты латынның

 Еңбегімен еленген

Бґденеден – бизнес

«Берейін бата асыңа, Амандық берсін басыңа. Бөденедей жорғалап, Қыдыр келсін қасыңа. Бар екем деп тасыма, Жоқ екем деп жасыма. Еңбек етсең ерінбей, Дəулет келер қасыңа». Бабадан қалған осынау бата бүгінгі біздің сөзіміздің мəнін толық ашатын тəрізді. Себебі, ел ішінде еңбегімен еленіп, ешкімге алақан жаймай, жұрт білмейтін кəсіптен нəсібін тауып жүрген кісі туралы айтпақ ойдамыз. Ол – Қайрат Ыдырысов. Бөденеден бизнес жасап отырған азамат. Ержан БАЙТІЛЕС,

«Егемен Қазақстан».

Кəдімгі дала құсы саналатын бөденені қолға үйретіп, оның жұмыртқасы мен етін сатып отырған адамды білесіз бе? Ал біз білеміз. Бір қарағанда жұдырықтай ғана құстың қолға үйретілуі, оның

оймақтай жұмыртқасын сатып пайда табу күдік туғызатын да шығар. Дегенмен, қызылордалық Қайрат Ыдырысов дəл осы істі кəсіпке айналдырып, əжептəуір бизнес жасап отыр. Жалпы, бөденені қолға ұстау ықылым заманнан басталған сияқты. Өйткені, қытай мен жапон елдері аталмыш құсты ХІ ғасырдың

өзінде қолға үйретіп, сəн ретінде пайдаланған деректер кездеседі. Ал оның адам ағзасына келтіретін емдік қасиеті кейіннен ашылса керек. Қайраттың да бөдене бизнесімен айналысуы қызық. Туыс ағасы Жұмабек Игембаев осыдан біраз жыл бұрын ауыр науқастанып қалады. Бірақ аурудың шипасы табылмайды. Күндердің бір күнінде оның солтүстік өңірлердегі танысы бөдененің жұмыртқасын жіберіп, жүйелі түрде ішу керектігін айтады. Содан жұ мыртқаны ішіп бастайды ғой. Құдайдың құдіреті дерсіз, Жұмабек Игембаевтың ауруы осыдан жазылады. Ақыры, дос тарымен ке ңесе отырып, бөдене өсірумен өзі айналыса бастайды. (Соңы 4-бетте).

«liber» («бостандық») сөзінен қойылған. 1821 жылдан сол жерге АҚШ-тағы құлдықтан босатылған адамдар жинала бастапты да, 1839 жылы бас біріктіріпті, 1847 жылы тəуелсіз Либерия республикасын жариялапты. Пəкістанның аты парсының «пəк», яғни таза жəне «стан», яғни ел сөздерінен құралғанын елдің бəрі біледі. Сонымен бірге, талай елдің атауында терең мағына тұрмақ, жай мағынаның өзі шамалы. Мысалы, «Канада» атауы ирокездер тілінде бар болғаны «деревня» (kanata) дегенді білдіреді. Мысалы, Бразилия (brazil) атауы португалдың «ыстық», «жанатын көмір» мағынасын беретін «braza» (ағаш) сөзінен. Отарлаушылар алғашқы экспедициядан ала келген ағаштың шатырлап жанатынына қарап, солай айтып кеткен. Мысалы, Камерун елінің аты кəдімгі асшаяннан (креветка) шыққан. Португалдар сол елдегі бір өзенде асшаянның көптігіне таң қалып, əлгі өзенді «Rio des Camarones» («Асшаянды өзен») атаған, кейіннен сол сөз бүкіл елге телінген. Берекесі қашып, ыдырай бастаған Рим империясының легиондары Британияны тастап кетісімен, аралға Солтүстік теңіз жақ беттен герман тайпалары жетіп барған. Ол тайпалар англдар, сакстар, юттар деген үш топқа бөлінетін. Солардың сакстарының аты Германияда Саксонияның атын, юттарының аты Данияда Ютландияның атын құрайды, материкте ат бұйырмай қойған англ дарға алып аралдың аты басыбайлы тие қалады. Англия – англдар елі. «Англ» атауының өзінің де жетісіп тұрғаны шамалы: көне герман тілінде «бұрыш» дегенді ғана білдіреді – англдар Британияға қоныс аударғанға дейін Ютландияны материкпен қосып тұратын қылта мойнақты мекендеген. Жапонияның «нипон» аталуы керек еді. «Ни» – күн, «пон» – ел деген сөз. Қытайлар сол мағынадан шығарып, «Жи бэнь го» («Таңғы шапақ елі») атаған. Оңтүстік Қытай диалектісінде «жи бэнь» сөздері «я пон» деп оқылады екен. Марко Полоның жеткізуі бойынша алдымен Еуропа, одан кейін бүкіл əлем ой қисынымен «Нипония» аталуға тиісті елді «Япония» атап кете барған. Осындай мысалдар толып жатыр. Қысқасы, ел атаулары да адам аттары сияқты. Бірі олай, бірі былай қойылған. Соған қарап, баланың атын көз тимесін деп Шұлғаубай қойсаңыз да кісі болатын адамның шығатын жерінен түбі бір шығатыны сияқты, елдің де басты қадір-қасиеті атында емес, затында деп түюге де келетіндей. Əйтсе де, елдің қалай аталатынын ойран салып, ойына келгенін істеген отарлаушылар, сайран құрып, ойына түскенін жазған саяхатшылар шешіп кете беретін кешегі заман бір басқа да, өз тағдырыңды өзің айқындап, өз мемлекетіңді өз қалауыңша құратын бүгінгі заман бір басқа. (Соңы 5-бетте).


2

www.egemen.kz

14 ақпан 2014 жыл

Баєа бўєауланады (Соңы. Басы 1-бетте).

Ведомство басшысы, отынның қоры 3045 күнге жететінін баса айтты. Жəне бұл қор ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында отынның бағасын ұстап тұруға мүмкіндік беретінін айтып өтті. «Бірақ жұрттың бəрі тек осы қормен ғана күн көреміз деп түсініп отыр. Тағы да қайталап айтамын, зауыттар жұмыс істеп тұр, біздегі мұнай өнімдерінің негізгі бөлігін дəл осы зауыттар жеткізуде», деп түйіндеді министр. Бұл ретте Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасы М.Оспанов та елімізде бензиннің реттелетін сұрыптарына бағалар жоғарыламайтынын айтып отыр. Өздерiңiзге белгiлi, АИ-80, АИ-92/93 маркалы бензинiне жəне дизель отынына мемлекеттiк реттеу қолданылады. АИ-95-96 жəне АИ-98 бензинiне баға реттелмейдi жəне бəсекелес нарықта қалыптасады. Ал реттелетiн жанар-жағармайдың қазiргi бағалары биылғы жылдың бiрiншi тоқсанының соңына дейiн өзгермейдi.

Агенттік төрағасы бағаны негізсіз көтергендер жазаға тартылатынын да еске салып өтті. Айталық, Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс бойынша реттелетін жанар-жағармай түрлеріне шектік бағаларды арттырғаны үшін айыппұл шағын жəне орта бизнес өкілдеріне 200-300 АЕК, ірі бизнес субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға 1000 АЕК немесе 1 млн. 852 мың теңгені құрайды. «Егер көрсетілген фактілер қайталанса, заңсыз табысты толық көлемде алуға жəне аккредиттеу туралы куəліктен айыруға дейін шаралар қолданылады», деп толықтырды М.Оспанов. Сондай-ақ, Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің аумақтық департаменттері күн сайын барлық өңірлерде жанар-жағармай бағасына мониторинг жүргізетінін басып айтты. Агенттік төрағасы, сондай-ақ, май құю стансаларында жанар-жағармай бағасында өзгерістерді байқаған пайдаланушыларды осындай фактілер туралы ТМРА орталық кеңсесіне немесе аумақтық департаменттерге

агенттіктің сайтында көрсетілген телефондар бойынша шұғыл хабарлауға шақырды.

Нанныѕ ќўны ґспейді Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков нан бағасы бойынша қазіргі бағаны сақтап тұруға барлық мүмкіндік бар екенін толық сеніммен мəлімдеді. Яғни, бірінші сұрыпты нан бағасы көтерілмейді. Бұл үшін алдын ала жасалған механизмдер мен мүмкіндіктер бар. Азық-түлік келісімшарт корпорациясының қорында 1,5 млн. тонна астық бар, егер қажет болған жағдайда, үкімет бұл астықты бағаны ұстап тұру үшін бөлетін болады. Қазір нарық бағасы бір қалыпты жəне бағаны көтерудің ешбір негізі жоқ», деді А.Мамытбеков. Министр, сонымен қатар, теңге бағамының өзгеруі отандық экспорттаушыларға оң əсер ететінін атап өтті.

Баєаны ќолдан кґтергендер жазаланады

Бəсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Ғалым Оразбақов теңге бағамын шетел валютасына түзетумен байланысты туындап отырған жағдай жекелеген нарық субъектілерінің тиісті тауарларға, оның ішінде отандық өндіріс тауарларына бағаны жасанды көтеруге бағытталған əртүрлі алыпсатарлық іс-əрекеттерге баруына əкеп соқты деп хабарлады. «Біріншіден, жосықсыз кəсіпкерлердің назарын мынаған аударғым келеді. Бəсекелестікті қорғау агенттігі мұндай көріністерге қарсы күрес жүргізеді жəне оларды тауар нарықтарынан алып тастау үшін тиімді тетіктерге ие. Бұдан басқа, осы заң бұзушылықтар үшін қатаң санкциялар көзделген», деді агенттік төрағасы. Оның айтуынша, əлеуметтік маңызы бар, мəселен, азық-түлік, көмір, цемент, коммуналдық қызметтер жəне басқалар, тауар нарығы субъектілеріне алыпсатарлық бағаның өсуіне жəне сауда кəсіпорындарына сауда орындары үшін жалға төлемінің қымбаттауына жол бермеу туралы хаттар жəне монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік туралы ескерту жіберілген.

Алаѕдауєа еш негіз жоќ

Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде отандық тауар өндірушілер баспасөз мəслихатын өткізді. Онда ұлттық валюта бағамының түзетілуіне қатысты айтылды. Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».

Брифингке «ҚазАгроИнновация» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Əзімхан Сатыбалдин, «Ордабасы Құс» ЖШС директоры Мұрат Тағаев жəне «Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу ҚазҒЗИ директоры Дариғаш Шаймерденова қатысты. Олар теңге бағамының өзгерісі туралы айтып, оның отандық тауар өндірушілерге тигізер пайдасы

жөнінде əңгімеледі. Мысалы, М.Тағаевтың сөзіне қарағанда, аталған кəсіпорын өндірген тауарының 70 пайызын ішкі нарыққа шығарады екен. Ал, қалған 30 пайыз өнімдері көрші Ресейге экспортталатын көрінеді. Қазіргі уақытта Үкімет кəсіпорынға қолдау көрсетумен қатар, ішкі нарықта күркетауыққа қажет жем-азықтың бағасын көтермеуге бел буып отыр. Бұдан шығатын қорытынды, егер жемазық бағасы бұрынғы бағасында

тұрса, кəсіпорынның ет өнімінің қымбаттауына ешқандай негіз жоқ. Əйткенмен, кəсіпорын бұдан былай экспорт көлемін арттырып, одан түсер табысты барынша молайтуды көздеп отыр екен. Теңге бағамының кезекті теңгерімі осы тұрғыда кəсіпорынның жаңа жобаларды қолға алуына мүмкіндік бермек. Сөз кезегін алған Ə.Сатыбалдин орын алған жағдайға байланысты жеке пікірін айта келіп, «Қазақстанда азық-түлiк қоры жеткiлiктi, күнделiктi тұрмыста қолданылатын негiзгi азықтүлiк түрлерi елiмiзде өндiрiледі. Сондай-ақ, астық экспорттаушы

ІЖҐ-єа пайдалы жаєы кґп Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».

Теңге бағамының өзгеруі бюджеттің табысы мен шығынына, ішкі жалпы өнім мен инфляцияға жалпы жағымсыз əсерін тигізбейді. Керісінше, бюджетке түсетін пайданы еселемек. Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрлігінің мəліметтері, міне, осылай дейді. Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрлігі теңге бағамының өзгеруін ескере отырып, ішкі жалпы өнімнің номиналды көлемі қосымша 6,5 пайыздық тармаққа ұлғаяды жəне ІЖӨ-нің номиналды өсуі 2014 жылы 119,4 пайызды құрайды, деп мəлімдеді. Ішкі жалпы өнімнің номиналды көлемі 2014 жылы бұрын болжамдалған 38,6 трлн. теңгемен салыстырғанда 41,1 трлн. теңгені құрайды. Экспорттан түсетін теңгемен есептегендегі пайданың 8,8 пайыздық тармаққа ұлғаюы ішкі жалпы өнімнің номиналды

өсуіне ықпал ететін болады. Сонымен бірге, импорттың қымбаттауы есебінен ішкі жалпы өнімнің номиналды көлемі 2,3 пайыздық тармаққа төмендейді. Сонымен қатар, министрлік мəліметтері теңге бағамының өзгеруі жүргізіліп жатқан индустрияландыру саясатын ескере отырып, қазақстандық өндірушілер мен экспорттаушылардың бəсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етуі тиіс деген пайымға келіп отыр. Теңге бағамының өзгеруі нəтижесінде, сондай-ақ, отандық тауар өндірушілер өнімдерінің өсуі жəне неғұрлым қымбат импорттық тауарлардың азаюы күтілуде. Бұл Қазақстанның сауда теңгерімін ұстап тұрады жəне еліміздің сыртқы саудадағы позициясын жақсартады дейді мамандар. Мұнайға экспорттық кедендік баждың түсімі бойынша (125,7 млрд. теңге), «Байқоңыр» кешенін пайдаланғаны үшін жалдау ақысы (3,7 млрд. теңге) бойынша, əскери

Пойыз бен ўшаќта жолаќы ќымбаттамайды Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».

Теңге бағамының өзгеруіне байланысты өткізіліп жатқан брифингтер Орталық коммуника циялар қызметінде өз жалға сын табуда. Осы мақсатта ұйымдастырылған кешегі баспасөз мəслихатына «Жолаушылар тасымалы» АҚ президенті Ермек Төлегенов пен «Эйр Астана» АҚ-тың үкіметтік, заңнамалық мəселелер жəне қауіпсіздік жөніндегі аға вице-президенті Ербол Оспанов қатысты. Олар журналистерге ұлттық валюта бағамына қатысты өз пікірлерін білдірді. Бірінші сөз кезегін алған Е.Төлегенов теңге бағамына қатысты түзетуді өз басы дұрыс қабылдағанын айтты. Сөйтіп, компания жұмысына ойысты. «Жолаушылар тасымалы» АҚ халықтың белгілі бір бағытқа жедел жетуін қамтамасыз ететін негізгі компаниялардың бірі ретінде өзінің əлеуметтік

жауапкершілігін сезінеді. Осыған орай, кəсіпорын басшылығы қазіргі күні теңгенің девальвациясына байланысты теміржол билеттерінің құнын қайта қарауды жоспарлап отырған жоқ», деп атап өтті АҚ президенті. Керісінше, үстіміздегі жылы субсидияланбаған тасымал дауларға тарифтерді қайта реттеуді ойластырып отырмыз. Соның нəтижесінде жүрдек (коммерциялық) тасымалдау тарифтері маусымға жəне сатулар дың деңгейіне байланысты азайтылады, деп жалғады сөзін Е.Төлегенов. Ол айтқан мəлі меттерге қарағанда, былтыр теміржол вокзалдарынан 20 млн. 450 мың жолаушы аттандырылыпты. Ол 2012 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 953 мың жолаушыға артық көрінеді. Ал биылғы жылдың осы күніне дейін 1 млн. 675 мың жолаушы аттандырылды. Ол 2013 жылдың сəйкес мерзімімен салыстырғанда 600 жолаушыға

Сауда-саттыќ тўраќты ќалыпта

iрi елдің біріміз. Ет экспорты бойынша да əлемдiк нарыққа шығып жатырмыз. Сондықтан, баға шарықтап кетеді деп алаңдаудың қажеті шамалы», деді. – Теңге бағамының осы түзетілуі отандық өнім өндірушілерге əлемдік нарықта өз орнын нақтылап алуға көмектеседі деп санаймын. Мəселен, еліміз жыл сайын 10 млн. тоннаға жуық астық экспорттайды. Ол алтын өнім қымбат қа бағаланып жатса, бағам өзгерісі ауыл шаруашылығының өркендеуіне де септігі тиеді емес пе?! Демек, теңге бағамының түзетілуінің көлеңкелі жақтарын ғана емес, тұтас елге келетін пайдасын да ескерген жөн, – деп шегеледі сөзін Д.Шаймерденова.

полигондарды пайдаланғаны үшін жалдау ақысы (0,8 млрд. теңге) бойынша бағамдық айырма есебінен бағалауға байланысты 2014 жылы республикалық бюджеттің кірісі 130,2 млрд. теңгеге ұлғаяды. Республикалық бюджет шығыстары бағамдық айырма есебінен 85,2 млрд. теңгеге ұлғаяды. Осылайша, бюджет шығыстарының өсуі бюджет кірістерінің өсуі есебінен нивелирленетін болады. Бағалау бойынша теңгенің 20 пайызға түзетілуі инфляцияны 3,3 пайыздық тармаққа ұлғайтады. Инфляция деңгейінің 2013 жылғы 4,8 пайыз деңгейін есепке ала отырып, инфляцияның 6-8 пайыз дəлізде қалатыны күтіледі. Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрлігінің айтуынша, сондай-ақ, коммуналдық қызметтер тарифтерінің қосымша өсуі көзделмейді. Инфляцияға ақылы қызметтердің салымы бұрын бекітілген 1,2 пайыз деңгейінде қалады. Бұл ретте, биылғы жылы инфляцияның орташа деңгейін 2 пайызға өсіру арқылы зейнетақыны 9 пайызға, əлеуметтік жəрдемақыларды 7 пайызға арттыру көзделеді.

көп екен. Жолаушы тасымалдау шаруашылығының басқа да жемісті жұмыстары туралы əңгімелеген акционерлік қоғам президенті тілшілер тарапынан қойылатын сұрақтарға дайын екенін білдірді. «Эйр Астана» АҚ-тың атынан сөз алған Е.Оспанов теңге құнына байланысты жасалған түзету ұжымдарында қалыпты қабылданып, ешқандай дүрбелеңнің туындауына сеп болмағанын жеткізді. Оның айтуынша, теңге бағамына қатысты түзетулер орын алғанымен, ішкі рейстердегі билеттер бағасы қымбаттамақ емес. Дегенмен, шығыстың 65 пайызының шетел валютасында жүргізілетініне байланысты, біршама əсерлер болуы бек ықтимал екен. Соның өзінде ішкі рейстер тарифін көтеріп, қымбаттату жоспарланбапты. – Сатылымдардың 70 пайызы теңгеде, яғни ұлттық валютада жүргізіледі. Қалғаны шетелдік валютада жүзеге асырылады.

Халықаралық ұшырылымдардың барлығы дерлік доллар, еуромен есеп айырысады. Сондықтан да, бұл ауыр болғалы тұр. Алайда, əлеуметтік жауапкершілікті сезіне отырып, компания əзірге ешқандай ішкі тарифтерді көтермек емес, – деді Е.Оспанов. Сондай-ақ, «Эйр Астана» 2002 жəне 2009 жылдардағы жағдайларда да компанияның тарифтерді көтермегендігін тағы бір рет айрықша атап айтты. Баспасөз мəслихатына келіп, тілшілер алдында түсінік берген екі спикерге де алуан түрлі сұрақтар қойылды. Е.Төлегеновке теміржолдағы жолаушы тасымалында жекеменшік сектор да жұмыс істейтіндігі қаперге алы нып, олардың пойыздағы жол ақыны қымбаттатуы мүмкін бе деген сауал тартылды. «Расын айтқанда, дəл қазір біздің олармен теңге бағамының түзетілгеніне қатысты байланысы мыз бола қойған жоқ. Негізі, жағдайды қалай пайдалану құқығы жекеменшіктің өзінде. Əйткенмен, олар да табиғи монополияларды реттеу агенттігіне барып қана, тиісті шешім қабылдай алады», деп жауап берді АҚ президенті.

Алматы қаласының əкімі Ахметжан Есімов елдегі теңге бағамының өзгеруіне байланысты қаладағы сауда нүктелерінің қызмет ақысын тұрақты ұстап тұру жағдайын тексеру мақсатында бірқатар нысандарды аралап көрді. Қанат ЕСКЕНДІР,

«Егемен Қазақстан».

Қалада орналасқан ірі сауда орталықтары мен дəріханаларда, жанармай бекеттерінде болған қала басшысы баға тұрақтылығы мен қалыпты сауда-саттық жағдайына қаныққаннан кейін теңге бағамын оңтайландыруға байланысты əкімдікте қозғалған мəселе мен əлеуметтік ахуалдың жай-күйі барысында жиылған көпшілікке айтып берді. Рас, сейсенбінің кешінде жекелеген сауда орталықтарында бірінші кезекте халық тұтынатын тауарларды ел талап алыпты деген қаңқу сөз тараған болатын. Алайда, ол əңгіменің негізсіз екендігін, ел арасындағы алыпқашты сөз екендігін ескерткен қала əкімі ешқандай дүрбелең тудыруға себеп жоқ екенін ескертті. – Мемлекет үнемі кəсіпкерлікті қолдап келе жатқаны баршаңызға аян. Қазір біз халқымыз елеңдеп отырған тұста өзіміздің кəсіпкерлеріміз жеке басының қамы үшін пайда көздемейді деп сенеміз. Осыған орай, қала аумағында заңсыз баға өсіру əрекеттерін болдырмас үшін біз барлық заңға сай талаптарды қадағалайтын боламыз, – деді Ахметжан Есімов журналистерге берген шағын сұхбатында. Еліміздегі теңге бағамына түзету енгізу мəселесіне орай Алматы қаласы əкімдігінде арнайы жиын өтіп, онда қала аумағындағы сауда орындары мен халыққа қызмет көрсету орындарында қасақана баға көтеру əрекеттерінің орын алмауы қатаң тапсырылған болатын. Соған орай, қала бойынша барлық аудандық əкімдіктердің ғаламтор сайттарында арнайы

рубрикалар ашылып, ол жерге қарапайым халық тарапынан түрлі ақпараттар түсу жүйесі жасақталды. Қаладағы кез келген сауда нүктесінде тауар бағасын өсіру фактісі орын алса, əрбір тұрғын аталмыш дүкеннің мекенжайы мен тауар түрін əкімдік жанынан ашылған арнайы сайтқа бере алады. Нəтижесінде аудандық əкімдік жанынан құрылған арнайы топ бағаны қасақана өсіріп отырған дүкенге барып, мəселені анықтауға тастүйін дайын отыр. Бұдан өзге, қала əкімдігінің ұйымдастыруымен журналистік топ Алматы қаласы аумағында жұмыс істеп тұрған «Алматы» əлеуметтік-кəсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ тұрақтандыру қорының сауда нүктелерін – əлеуметтік дүкендерін аралап көрді. Аталмыш қор қалада халық бірінші кезекте тұтынатын тауарлар бағасы негізсіз өсіп кету немесе күрт өзгеру жағдайында елге қажетті тауарды қолжетімді бағамен ұсыну мақсатында құрылған болатын. Азық-түлік тауарларының аймақтық тұрақтандыру қоры дегеніміз – Алматы қаласында əлеуметтік маңызды өнім түрлеріне бағаның негізсіз өсіп кетуіне жол бермеу шарасын алдын ала қолға алу үшін жасақталған оперативті тауар қоры. Тұрақтандыру қорын қалыптастыру мен пайдалану мəселелерін шешу үшін қаланың түрлі қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, мемлекеттік орган жетекшілерімен бірге осы тұрақтан дыру қорының комиссиясы құрылған еді. Қордың азықтүлік базасы қатаң қадағаланумен қатар, ықтимал жағдайларда же дел əрекет ету механизмі де

Облыстыќ штаб ќўрылып, жўмысќа кірісті Көсемəлі СƏТТІБАЙҰЛЫ,

дұрыс жолға қойылған. Бұл қорды үнемі толықтырып отыру үшін ауылшаруашылық өнімдері мен тұрмысқа аса қажетті тауарлар отандық өндірушілерден сатып алынады. Алматы қаласы азық-түлік тауарларының аймақтық тұрақтандыру қорын басқару комиссиясы бекіткен тізбе мен көлемге сəйкес биылғы жылы жалпы көлемі 16 502 тонна азық-түлік тауарлары сатып алынған. Оның ішінде азық-түліктің көкөніс жəне ұннан жасалатын түрлері бар. – Қазіргі таңда қала аумағында халыққа қажетті өнім мен тауарлар кестесі жасалған 19 павильон, 23 арнайы жасақталған шатыр жұмыс істеп тұр. Бұлардың барлығында баға тұрақты жəне базар нарығынан 10-15 пайызға төмен. Мəселен, картоп бағасы – 75, сəбіз – 65, пияз 55 теңге. Негізінен бізді ауылшаруашылық өнімімен Алматы облысы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан жəне Павлодар өңірлері қамтамасыз етіп келеді, – дейді «Алматы-азық» əлеуметтік дүкендер желісінің бас директоры Жарқын Сəрсембаев. Тұрақтандыру қорының өнім базасынан азық-түлік сату ісі Алматы қаласының барлық аудандарында орналасқан сауда павильондары мен арнайы шатырларда, сондай-ақ, қала аумағында орналасқан көтерме сауда қоймасы арқылы əлеуметтік-кəсіпкерлік корпорациямен еншілес «Алматы Азық» ЖШС-нің сауда желілері арқылы елге таралады. Жазғы маусымда қала аудандарының жекелеген алаңдарында ауылшаруашылық жəрмеңкесі түрінде де жеңілдетілген бағамен халыққа қызмет көрсетіліп келе жатыр. АЛМАТЫ. --------------------------------

Суретті түсірген Сəрсенбек ҚЫЗАЙБЕКҰЛЫ.

Баќылауєа да байыптылыќ керек Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».

Жамбыл облысының əкімі Кəрім Көкірекбаев селекторлық кеңес барысында АҚШ долларына қатысты теңге бағамының өзгеруіне байланысты мемлекеттік мекемелердің басшыларына азық-түлік тауарларының бағасын қадағалауды қатаң түрде тапсырды. Соған орай, облыстық штаб құ рылып, өз жұмысын бастады. Аталған штаб негізгі азық-түлік тауарлары, жанар-жағар май, дəрі-дəрмектің бағасын қатаң қадағалайтын болады. Со нымен қатар, ақша айырбастау пункттерінде алыпсатарлық əрекеттерді болдырмау мақсатында арнайы жұмыс жүргізеді. Мұндай штабтар облыстың барлық аудандарында жұмыс істемек. Облыс əкімінің тапсырмасына сəйкес құрылған штабтың жұмысын бақылау облыс əкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбековке тапсырылды. Сонымен бірге, облыс əкімінің орынбасары Ғали Есқалиевке жанар-жағармай бағасын бақылау, облыс əкімінің орынбасары Ерқанат Манжуовқа дəрідəрмек бағаларын бақылаумен қатар, ақша айырбастау пункттерімен жұмыс жасау жүктелді. Облыс əкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбековтің төрағалығымен аталған мəселе бойынша Тараз қаласы жəне аудан əкімдерінің қатысуымен кеңейтілген селекторлық жиналыс болып, тағы бір пысықталды. Тақырып – негізгі азық-түлік тауарларына күнделікті мониторинг жасап, аймақ басшысына ақпарат беріп отыру.

Ақмола медиа-орталығында облыс əкімінің орынбасары Асхат Қайнарбеков елдегі валюта бағамында орын алған өзгерістерге байланысты брифинг өткізді. Оның жұмысына Ұлттық банк филиалының директоры Ғ.Шегенов, облыстық кəсіпкерлік жəне өнеркəсіп басқармасының басшысы Т.Хамитов, облыстық табиғи монополияларды реттеу департаменті мен монополияға қар сы инспекцияның басшылары Т.Максилов пен Е.Сүлейменов қатысты. Асхат Қанатұлы республикалық жəне жергілікті БАҚ журналистері мен партиялардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдеріне алғашқы екі күннің қорытындылары туралы толық мəлімет берді. Қаңтардың 11-і күні облыс əкімі Қосман Айтмұхаметов аудан əкімдерімен, басқарма, кəсіпорын басшыларымен, халық тұтыну тауарларын өндіруші операторлармен жəне екіжақты меморандум иелерімен шұғыл мəжіліс өткізді. Онда 21 пункт бойынша іс-шаралар жоспары бекітіліп, қолданыстағы бағаны ұстап тұру, оның негізсіз өсуіне жол бермеу туралы тапсырма берілді. Облыста азық-түліктің 33 атауының бағасы қатаң бақылауда ұсталуда. Арнайы комиссия құрылып, күніне үш рет бақылау ақпараттары сараптан өткізілуде көрінеді. Болмашы ауытқушылықтарға қарамастан өңірдегі жағдай тұрақты сипатта деген мəлімдеме жасалды. Брифингке қатысушылар тарапынан Үкімет басшысы тарапынан белгіленген нұсқауларды орындамаушыларға қолданылатын шаралар, мұндай жағдайлар туралы қайда хабарлануы қажет, тұрғын үй мен автокөліктің қымбаттауы, несиені шетел валютасымен алғандардың мəселесі, тауар дефициті қолдан жасала ма, дəрі-дəрмектердің жайы, тағы басқа проблемалар туралы сұрақтар қойылды. Кездесу соңында облыс əкімінің орынбасары А.Қайнарбеков баспасөз өкілдерін салмақты да байыпты жарияланымдар арқылы облыс тұрғындары арасында түсінік жұмыстарын жүргізуге шақырды.

Жамбыл облысы.

Ақмола облысы.

«Егемен Қазақстан».


 Сарапшы сөзі

Ауылєа аќша баратын болды Ұлттық валютаның 20 пайыз мөлшеріндегі бағам өзгерісі жөніндегі шешімге əркім əртүрлі пікір айтып жатыр. Бір топ халықтың қалтасы ортаятын болды десе, екінші топ өнімін экспорттаушылардың бағы жанды деп жатыр. Ол сөздердің қайқайсысы да қисынды. Десек те бұл жолы ауылдарымыздағы азықтүлік өндіріп, экспорттаушыларға ақша түседі деген үміттеміз. Ескерте кетейік, бұдан бір-екі жыл бұрын Елбасымыз Қазақстанның ет экспорттау мүмкіндігін арттыру жөнінде сала қызметкерлерінің алдына үлкен міндет жүктеген. Міне, сол міндетті орындау жолында биыл нақты қадам жасалатындығын Үкіметтің соңғы мəлімдемелерінен естіпбілдік. Биылғы жылы шамамен 60 мың тоннадай ет экспорттайды екенбіз. Міне, осы ет елге валюта түсіреді емес пе? Əрине, ол доллар күйінде болмақ. Енді сол сыртқа ет сатқаннан түсетін əр

100 доллардан ауылдарымыздағы ет өндіруші ағайынның қалтасына 3000 теңге түседі екен. Əр тайыншадан 30 мың теңге артық түседі. Бұл аз ақша емес. Егер Ауыл шаруашылығы министрлігі мен жергілікті əкімдіктер бірлесіп жұмыс істесе, онда еліміздің астық емес ет экспорттау мүмкіндігін арттыра отырып, ауылдарымызды жақсартып аламыз. Кейде істі əп-əдемі бастап, оның нəтижесін есептей келгенде жер шұқылап қалатынымыз бар. Байқауымша, бұл жолы бұған дейін болған сондай кемшілік орын алмайтын секілді. Олай дейтін себебім, Үкімет басшысының өзі аймақ əкімдерімен селекторлық жиналыс өткізгенде жанаржағармай бағасының өспеуін талап етті. Ол – ол ма, Серік Ахметов бағам өзгерісі енген алғашқы күнде «күдікті» нысандарда болып, жағдайды өзі бақылап шықты. Бұл енді нағыз шаруақорлық пен мемлекетшілдіктің көрінісі. Міне,

осындай қырағылық науқандық іс болып қалмауы керек. Егер біз жанар-жағармайдың бағасы кешеге дейінгі деңгейінен өспеуін қамтамасыз ете алсақ, онда сөз жоқ, 11 ақпан күнгі бағам өзгерісі Қазақстанның экономикасын алға жылжытатын игілік болып шығады. Ал егер мұнай өнімдерінің бағасын күрт өсіруге жол берсек, онда еңбектің зая кеткені. Өйткені бағам өзгерісі өнімнің өзіндік құнын сыртқы бəсекеге қабілетті ету үшін жасалды емес пе?! Ал жанармай бағасы өссе сол үмітіміз шайқалады. Атқарушы биліктің аймақтағы өкілдері осы мəселеге қырағы болғаны жөн. Бəлкім, Үкімет мұнай өндіріп, экспорттаудан мол пайдаға кенелетін отандық жəне шетелдік инвесторларды ішкі рынокты арзан мұнаймен қамтамасыз ететіндей бір қаулы қабылдар? Қайткен күнде де энергия көзінің бағасы өспеуі тиіс. Сағындық САТЫБАЛДИН, экономика ғылымдарының докторы, ҰҒА академигі, əлФараби атындағы ҚазҰУ профессоры.

Азыќ-тїлік ќоры жеткілікті Елімізде азық-түлік қоры жеткілікті, сондықтан да теңге бағамының өзгеруіне байланысты ешқандай да баға көтерілуі мүмкін емес. Шындығын айтсам, оның бірде бір алғышартын байқамай отырмын. Бұрнағы күні болған теңге бағамына жасалған түзету əлемдік жағдайларға байланысты болып отырғаны баршамызға жақсы белгілі. Өз басым бұдан дүрбелең болар ешбір себепті таппай отырмын. Менің ұғымымда валюта бағамын түзету еліміздің əлемдік нарықтағы бəсекелестікке төтеп беру үшін жасалады. Мұндай күрделі əрекет мемлекеттің қуатын арттыра түсу мақсатында істеледі. Демек біз, игі жолды бұра тартпай, Үкіметтің бұл шарасын қолдауымыз керек. Мұнымен бірге, Қазақстан халқын бізде азықтүлік қоры жеткілікті екенін, сондықтан да ешқандай баға көтерілуі мүмкін емес екенін айтып сендіргім келеді. Себебі, біз азық-түлік өнімдерінің басым көпшілігін өзімізде өндіреміз. Сондай-ақ, теңге бағамының өзгеруі жеке өндірісті бəсекелестік ортада дамытуға ықпал ететінін баса айтқан жөн. Бұл шара өз кезегінде елдің агроөнеркəсіп саласына оң əсерін беретін болады. Бізді не күтіп тұр деген мəселеге тоқталатын болсам, Қазақстан жолында ешқандай белгісіздік жоқ.

Сөз жоқ, доллар бағамының өсуі бірінші кезекте жабдықтар мен шикізат импорттайтын кəсіпорындар мен өндірістің басқа да факторларына əсер етеді. Біздің кəсіпорында шетелде шығарылған көптеген жабдықтар бар. Бірақ олар ескі бағамен алынған. Бұдан шығатын қорытынды сол: кəсіпорында қазақстандық мазмұн неғұрлым көбірек болса долларға қатысты теңге бағамының төмендеуінен де сол кəсіпорын ұтысқа шығатын болады. Бүгінде біз орын алған жағдайды басшылыққа ала отырып, шетелдік əріптестерімізбен байланысудамыз жəне өзіміздің коммерциялық ұсыныстарымызды жаңарту үстіндеміз. Келісімшарттың қандай валютада жасалғаны да маңызды рөл ойнайды. Біздің кəсіпорындар көбінекөп экспорттық келісімшарттарды сатып алушының валютасымен немесе доллармен жасайды. Ал егер

Шүкір, бəрі айқын, бəрі анық көрініп тұр. Ең алдымен теңге бағамының осы өзгерісінің нəтижесінде бюджет жүйесіне мол қаржы ресурстары құйылады. Соның арқасында біздің тауар өндірушілеріміз қолдауға ие болады. Экономикалық тұрғыда алып қарағанда біздер бірінші кезекте өндірісімізді қамтамасыз етеміз. Ал бұл жаңа жұмыс орындарының ашылуына септігін тигізеді. Ақша қаражатының құйылуы жаңа бағдарламаларға жол ашады. Сондықтан еліміздің əрбір азаматын елдік шараға түсіністікпен қарауға шақырамын. Əзімхан САТЫБАЛДИН, «ҚазАгроИнновация» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

келісімшарттар теңгемен жасалған болса, онда сіздің өнімдеріңіз долларда немесе басқа да валютада неғұрлым бəсекеге қабілетті бола түседі. Олег КРУГ, «Казэнергокабель» АҚ-тың бас директоры.

АСТАНА.

Жаѕа баєам жаѕаруєа жəрдемдеседі долларды құрап отыр. Елдегі ірі компанияның бірі «Арселор Миттал Темiртау» осы кезде қиын жағдайда тұр. Ол қара металдар өнеркəсiбiнде прокат шығаратын жалғыз кəсiпорын екені белгілі. Оның өндіретін металдары былтыр 2012 жылға қарағанда 2 есе арзандап кеттi. Себебi, қазiргi уақытта олардың шығарып жатқан өнiмдерi экспортталмай жатыр. Бұл нарық бағасына байланысты болып отыр. Мұнымен қатар, еліміз теңiзден алшақ орналасқандықтан, теңiзге дейiн өнiмдi темiржолмен жеткiзуге жұмсалатын шығын өнiм құнының айтарлықтай бөлiгiн құрайтынын

Экономикаєа оѕ əсерін тигізеді Салық кірістері мен мемлекеттік бюджетті қалыптастырудың негізгі көздерінің бірі – экономикадағы шикізат секторының экспорттық түсімі. Осыған байланысты теңге бағамының өзгеруі мемлекетке экономиканы дамытудағы бұрын жоспарланған бағдарламаларды орындау бойынша бұрын қабылданған шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Шикізат секторындағы ірі компания өкілдерінің атынан жəне өз тарапымыздан біз сияқты компаниялар экономиканың қозғаушы

Табыстылыќ толыєады Елбасы алдымызға барлау кен орындарын дамытуға байланысты нақты міндеттер қойды. Олардың көбісінің басым міндеттемелері теңгеге қатысты. Тиісінше теңге бағамының өзгеруі жер қойнауын пайдаланушылар міндеттерінің азаюына жəне шетел инвесторлары үшін олардың инвестициялық қызығушылығын арттыра түсуге мүмкіндік бермек. Ал бұл өз кезегінде тікелей шетел инвестициясының артуына жəне өндірістің өсуіне əсерін тигізбек. Қазақстандық үлестің өзіндік құнының дамуын ескерсек, қазақ тауарлары мен қызметтердің үлесі əлдеқайда өсіп, тиісінше теңге бағамының өзгеруі олардың құнын азайтты, яғни өндірудің өзіндік құнын азайтып, табыстылықты арттырмақ. Сондай-ақ, бұл қазақстандық үлестің дамуына одан əрі серпін бермек. Жарас АХМЕТОВ, «Ақтау Транзит» ЖШС директоры.

Келісімшарт та рґл ойнайды

Ұлттық банктiң теңге бағамын түзетiп, өзгертуi бiздiң тау-кен металлургия қауымдастығына өте тиiмдi дегiм келедi. Бiздiң қауымдастықта жүзге жуық кəсiпорын бар. Оларда 3 мыңнан астам адам жұмыс iстейдi. Барлық кəсiпорындардың өндірген тауарларының 90 пайызы экспортқа шығарылады. Ал металдардың бағасы жаһандық дағдарысқа байланысты айтарлықтай арзандады. Осыдан бiраз жыл бұрын Павлодарда электролиз зауытын іске қосқан болатынбыз. Онда шығатын аллюминий бағасы былтыр бұрнағы жылға қарағанда 20 пайызға төмендеп, қазiр 1670

3

www.egemen.kz

14 ақпан 2014 жыл

назардан тыс қалдырмайық. Бiздiң өнiмдердiң бəсекеге қабiлеттiлiгi бұл тұрғыдан алғанда қиын болып тұр. Өнеркəсiптер де бiзге хабарласып өз ойларын айтып жатыр. Бұйыртса, келешекте түсетiн табыс көбейедi. Ол қаражат өнеркəсiптi дамытуға сеп болмақ. Мысалы, «Арселор Миттал» ауқымды модернизациялау жұмыстарын бастап кеттi. Жасалып жатқан iрi 2 жобаға қаражат қажет. Теңге бағамының айырмасынан келетін пайда аталған жобалардың жүзеге асырылуына жəрдем болары анық. Төлеген МҰҚАНОВ, Қазақстан тауар өндірушілері жəне экспортқа шығарушылар одағының вице-президенті, Тау-кен өндіруші жəне кенметаллургиялық кəсіпорындары қауымдастығы директорының орынбасары.

күші болып табылатынын атап өткіміз келеді. Осы шара жылдық жұмыс бағдарламаларын орындау мақсатында қазақстандық нарықтағы тауар жəне қызмет өндірушілеріне сұраныс санын арттыруға, тұрақты негізде жергілікті білікті мамандарды тартуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде мемлекет экономикасының одан əрі дамуына жалпы оң əсерін тигізуі керек. Бұл шара əлемдегі əлі басылмаған дағдарыс кезеңінде Үкіметтің дұрыс қадамы болып табылмақ. Серікжан СЕЙІТЖАНОВ, «Саутс Ойл» ЖШС президенті.

Маңғыстау облысы.

Экспорттыќ əлеуетімізді арттырады Ұлттық банктің 2014 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан валютасының бағамын өзгерту туралы шешімі дер кезінде қабылданған экономикалық ықпалды шара деп есептеймін. Экономикамыздың тиімді жұмыс істеуі үшін отандық тауар өндірушілердің жағдайына басымдық беру басты міндет болып табылмақ. Негізінен экспорттық бағытта жұмыс істейтін біздің «Қазатомпром» компаниясы үшін бұл тіптен тиімді болып отыр. Өйткені, теңгенің қолдан жасалған тұрақтылығы біздің тауарларымыздың əлемдік рыноктағы бəсекелестігінің төмендеуіне əкеп соқты. Теңге бағамының долларға қарағанда бірден 20 пайызға төмендетілуі біздің экспортқа шығаратын шикізатымыздан түсетін пайданы арттыратын болады. Сонымен бірге, теңге бағамының төмендеуі 2011 жылы наурыз айында болған «Фукусима» атом электр стансасындағы апаттан кейін қалыптасқан табиғи уран шикізаты бағасының төмендеуінен келіп отырған кері əсердің азаюына да ықпал ететін болады. Қазіргі таңда компания басшылығының басты міндеті тауардың өзіндік құнына əсер ететін шикізат, қызмет жəне де басқа материалдардың негізсіз қымбаттап кетуіне жол бермеу болып табылады. Біздің кəсіпорынға қатысты алысберіс келісімшарттары жыл басында жасалып қойды. Сондықтан тауар өндіруге қажетті шикізат жəне басқа да материалдардың бағасында айтарлықтай ауытқушылықтар болмайды. Əлемде қалыптасқан ахуалға байланысты теңге бағамын өзгерту еліміздің экспорттық əлеуетін арттырып, отандық тауар өндірушілердің жағдайын жақсартатын болады. Енді еліміздің кəсіпкерлері өздері өндіретін тауарлардың өзіндік құнын төмендетіп, барынша мол табыс табуға бет бұруы қажет. Əлеуметтік жауапкершілікке басымдық беретін компания ретінде біздің акционерлік қоғам алдағы уақытта еңбеккерлерінің материалдық жағдайын жақсарту жолында нақты шараларды жүзеге асыратын болады. Айдар АРИФХАНОВ, «Қазатомпром» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары.

Отандыќ тауар ґндірушілерге тиімді Еліміздегі валюта бағамына қатысты өзгерістер ешкімді бейжай қалдырмайтыны белгілі. Алғашқы екі-үш күнде əрқилы пікір бой көрсетіп жатса, оған да таңғалудың қажеті жоқ. Өйткені, адамдар қоғам тынысынан шет қала алмайды. Біз əлемдік үрдіспен қатар қадам басатын елдің азаматтарымыз. Сондықтан, мұндай үрдіс бұрын да болғанын, одан сүрінбей өткенімізді есте ұстау керек. Əрине, дəл қазіргі тұста бəрі биліктің икемділігі мен ілкімді қызметіне байланысты екендігін айтқым келеді. Билік бəрімізге тиімді, батыл қадамдар жасап жатыр. Еліміздегі ауыл шаруашылығы өнімдері мен отандық тауарлар бағасы қымбаттамайды. Қазақстан фермерлері одағының мəжілісінде, өзім басқаратын Қазақстанның ет-сүт одағының жиналысында осы мəселелер нақты дəлелдермен сипатталды. Үкімет құрған жұмыс топтары белсенділік танытуда. Оны БАҚ материалдарынан, теледидар хабарларынан көріп отырмыз. Импортталатын тауар құны өскенімен, отандық өнім бағасы қымбаттамайды. Керісінше, олардың бəсекеге қабілеттілігі артады. Мəселен, елімізде тұтынылатын құрғақ сүт өнімдері негізінен Беларусь елінен жеткізілетін. Олардың бағасы жергілікті табиғи сүттен төмен болғандықтан, тасымалданатын өнімге сұраныс жоғары еді. Енді баға теңесетіндіктен, халық табиғи өнімге басымдық береді деп есептеймін. Жалпы, доллар бағамының көтерілуі

ішкі нарық үшін тиімді. Сондықтан, елдегі инфляция біздің баға саясатымызға əсер етпейді. Демек, жергілікті тауар өндірушілер үшін ешқандай алаңдаушылық болмауға тиісті. Қайта олар экспортқа бағытталған өндірісті дамытуға құлшыныс танытатыны анық. Оның үстіне, еліміз астық экспорты бойынша əлемде бірінші орын алатындықтан, бағам өзгерісі біз үшін қолайлы деп есептеймін. Өзіміздің шаруашылыққа келсек, өндірісті əртараптандыруға еселенген екпін түсіретін боламыз. Оның тиімділігі мынадан көрінеді. Соңғы үш жыл қатарынан жыл сайын 2,5 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, əр жұмысшыға шаққанда еңбек өнімділігі 35 мың доллардан айналды. Жалпы, өнімнің 35

Кəсіпкерлер мїмкіндікті ќўр жібермеуі тиіс – Валютаның бағамына өзгеріс енгізу туралы шешім менің ойымша, елдің экономикасына оң ықпал етеді. Бірінші кезекте тауар өндіруші, оның ішінде шығарған тауарларын сыртқа тасымалдайтын кəсіпкерлердің айы оңынан туады деп сенемін. Бұл кəсіпкерлерге, кəсіпорындарға жасалып отырған үлкен қолдау. Ал кəсіпкерлік пен кəсіпорындарыңыз экономиканың күретамыры емес пе? «Ордабасы Құс» ЖШС

түйетауық етін еуропалық стандарттарға сай өндіретін кəсіпорын. Шығарған тауарларымызды алыс, жақын шетелдерге жібереміз. Осы уақытқа дейін ішкі нарықта ресейлік, белоруссиялық құс өнімдері басып кеткен болатын. Мына жағдайдан кейін олар енді ішкі нарықтағы бəсекеге шыдас бермейді. Жергілікті өнімдердің күш-қуаты арта түседі. Рас, біз долларға қатысты өзгерістен кейін жергілікті жерден шығатын өнімдердің бағасының қымбаттамауын

пайызы мал шаруашылығының үлесінде болғандықтан, шикізат қоры мен өзіндік құн есебінен өнімді арзандату тетіктерін ұстап тұрмыз. Ол ішкі жəне сыртқы рынокқа бірдей қатысты болмақ. Бұрынғысынша, орталықтан жылытылатын үйлерде тұратын родиналықтар су мен жылу құнының 40 пайызын, азықтүлік өнімдерінің 20 пайызын ғана төлеп, нанды 25 теңгеден сатып алады. Мұндай жеңілдік ауылдағы 230 зейнеткер мен 117 бюджеттік сала қызметкерлеріне бірдей жағдайда қарастырылған. Иван САУЭР, Қазақстанның Еңбек Ері, «Родина» агрофирмасы» ЖШС бас директоры. Ақмола облысы, Целиноград ауданы.

қатаң қадағалауымыз керек. Елбасы бұл жөнінде жақсы айтты. «Экономикамыздың игілігіне қызмет етуі үшін барлық қажетті шараларды қабылдаған жөн» деді. Ал кəсіпкерлер үкіметтің берген мүмкіндігін құр жібермей пайдаланып қалғаны жөн. Егер елдегі кəсіпорындардың мүмкіндігі жақсарып, тыныстары кеңейіп жатса, бұдан бəрі ұтады. Бұл дегеніңіз қаншама жұмыс орны, елдің əл-ауқаты. Сондықтан, қабылданған шешім дұрыс жəне ол бүгінгі күннің талабына жауап берді деп есептеймін. Мұрат ТАҒАЕВ, «Ордабасы Құс» ЖШС-нің бас директоры.

Ішкі рынокта тўраќтылыќ керек Əлемдік қаржы рыногында доллар бағамының төмендеуі АҚШ экономикасының көтерілуіне алып келді. Долларға қарағанда басқа ұлттық валюталар бағамының көтерілуі көптеген елдердің экономикасына кері əсерін тигізе бастады. Осыдан келіп, соңғы уақытта 22 дамушы елдің ұлттық валюталары əлсіреді. Əлемдік экономикаға барынша интеграцияланған Қазақстан бұл жағдайдан сырт қала алмады. Осыған байланысты қаржы реттеушісі ретінде Ұлттық банк теңге бағамын өзгерту туралы шешім қабылдады. Ел экономикасы үшін, отандық тауар өндірушілер үшін бұл өте тиімді қолдау болып табылады. «АЛЗ» ЖШС осы жағдайға байланысты өзіне қатысты 2-басымдықты ерекше атап өтеді. Біріншіден, біздің серіктестіктің несиелік міндеттемелерінің бəрі ұлттық валютаға негізделген. Біз доллар бағамының ауытқуына тəуелді емеспіз. Сонымен қатар, экспортқа шығаратын өнімдерімізден түсетін кіріс АҚШ доллары есебінен болады. Екіншіден, біз табысымыздың 90 пайызына жуығын экспортқа шығаратын болат бұйымдарымыздың есебінен аламыз. Сортты жəне қалыпты прокаттарды біз соңғы уақытта ішкі рынокқа да көптеп шығара бастадық. Міне, нақ осы ішкі рынокта біздің өнімдеріміз импорттық

өнімдермен бəсекелестікке түсе алмай қалды. Себебі, импорттық арзан өнімдер біздің шығарған өнімдеріміздің өзіндік құнының қымбаттауына ықпал етті. Теңге бағамының өзгеруіне байланысты енді «АЛЗ» ЖШС шығаратын болат прокаттар ішкі рынокта импорттық өнімдерге қарағанда бəсекеге қабілетті болады. Теңге бағамының өзгеруіне байланысты импорттық өнімдердің бағасы қымбаттап, олардың отандық рынокқа көптеп келуіне тосқауыл қойылады. Бұл отандық тауар өндірушілерді қорғаудың ең тиімді жолы болмақ. Осы ретте айта кететін ерекше мəселе, Үкімет əлеуметтік маңызы бар тауарлардың қымбаттамауына барынша бақылау жасауы керек. Бұл ретте өзіміздің елімізде өндірілетін энергетикалық қуат көздерінің бағасын тұрақтандырудың маңызы ерекше. Егер газ, жылу жəне электр қуатының бағасы тұрақты болатын болса, отандық тауар өндірушілер ешқандай қосымша шығынға ұшырамайды. Өз кезегінде олар өндіретін тауарларының бағасын қымбаттатпайды. Сондықтан ішкі рынокта алыпсатарлыққа жол бермеу басты міндет болып табылады.

Тариф ґзгермейді Теңгенің бағамы өзгеруіне байланысты қарапайым халық тың алғашқыда абыр жып қалғаны шындық. Ондайда тұтынушыларға коммуналдық қызмет көрсететін кəсіпорындардың бірден еске түсетіні де белгілі. Алайда, қобал житындай ештеңе жоқ. Үкімет бағаның еріксіз өсуіне жол бермеудің барлық мүмкіндіктерін қарастыруда. Біздің мекеме тұтынушыларға электр қуатын жеткізумен айналысады. Біз өз тарапымыздан АҚШ долларының теңгеге шаққандағы бағамының көтерілуінен біздің жұмысымызға ешқандай əсер болмайтынын жеткізгіміз келеді. Электр қуатын жеткізу бұрынғы 3,85 теңге шамасында ұсталады. Бұған бола ешбір

алаңдаушылық болмауы тиіс. Бұл баға үстіміздегі жылдың аяғына дейін бекітіліп кетті. Енді оны ешкім де өзгерте алмайды. Ал, мекеменің жоспарлы жұмыстарына келсек, олар да уақтылы атқарылатын болады. Биылғы жылы түскен пайдадан инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыруға 867900 мың теңге қаралды. Бұған кəсіпорынның қондырғылары жаңартылады, қайта жарақтандырылады. Сондай-ақ, үстіміздегі жылы 283300 мың теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Шынын айтқанда, көптеген материалдарды еліміздің кəсіпорындарынан аламыз. Бірқатарын Ресейден аламыз. Солардың барлығымен

Сəуле БАЙМҰХАМБЕТОВА, «АЛЗ» ЖШС-нің қаржы директоры.

қондырғылар мен материалдарды жеткізуге келісімшарт жасалып қойылды. Оларға АҚШ долларының теңгеге шаққандағы көтерілуінің ешқандай да əсері болмайды. Дегенмен, кейбір бағадағы ауытқушылықты өз күшімізбен шешудің мүмкіндігі қарастырылатынын жасырудың реті жоқ. Солай болғанның өзінде жыл аяғына дейін біз жеткізген электр қуатының бағасы қымбаттамайды. Кейбіреулердің алыпқашты сөздерінің негізі жоқ. Баға тарифі өзгермейді, жоспарлы жұмыстар уақтылы жүргізіледі. Бір сөзбен айтқанда, мекемедегі қалыпты жұмыс ырғағы бұзылмайды. Марат АМАНҒАЛИЕВ, «Энергосистема» ЖШС бас инженері. Ақтөбе облысы.


4

www.egemen.kz

14 ақпан 2014 жыл

Сыртќы саясат мəселелері ќаралды Сыртқы саясат ведомствосының басшысы Ерлан Ыдырысовтың төрағалығымен Сыртқы істер министрлігінің алқа отырысы болып өтті.

Обыр дертін емдеу меморандумы Əбдірахман ҚЫДЫРБЕК, «Егемен Қазақстан».

Астана қаласы бүкіл əлемге танымал Густав Русси атындағы француз онкология институтымен əріптестік қарымқатынасын ұлғайтуда. Мұның дəлелі ретінде кеше елорда əкімдігінде шаһар басшысы Иманғали Тасмағамбетов пен аталған институттың бас директоры Александр Еггермонт стратегиялық серіктестік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандум Астана қаласындағы онкологиялық қыз мет ті əрі қарай дамыту үшін халық аралық диагностика жəне емдеу стандарттарын енгізу, сонымен бірге, онкологиялық патологияларды алдын алу мен емдеудің заманауи əдістерін пайдалана отырып, елорда мамандарының біліктілігін арттыруға бағытталған.

Бұдан өзге тараптар ауруды диагностикалау мен емдеу саласындағы инновациялық технологияларымен тəжірибе алмасу сынды өзге де салада бірқатар игі жұмыстар жасауға келісті. Густав Русси атындағы онкология институты құрамында 11 жоғары технологиялық ғылыми зертханалар, екі мыңнан астам жоғары білікті мамандар жұмыс істесе, жыл сайын екі жүз мыңға дейін кеңестер беріліп, бір жылда шамамен 12900 стационарлық науқастарға қызмет көрсетіледі екен. Бүгінгі таңда игілікті істердің нəтижесінде Францияда обыр кеселіне шалдыққандардың 70 пайызы науқастарынан сауыққан. 2009 жылы Астана қаласын дамыту бағдарламасы бойынша онкология орталығының заманауи жабдықтармен жабдықталған морфологиялық

Ыќпалдастыќты арттыру перспективалары Ќазаќстан-Франция Іскерлік кеѕесініѕ кезекті отырысында сґз болды

Еліміздің Сауда-өнеркəсіп палатасының қолдауымен кеше Тəуелсіздік сарайында Қазақстан-Франция Іскерлік кеңесінде екіжақты қарым-қатынастарға кедергі болатын проблемалар тарқатылып, ынтымақтастықты арттыруға қажетті тетіктер жан-жақты сөз болды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Француздық іскерлер Қазақстанмен өндірістік, инвестициялық, техноло гиялық жəне сауда əріптестігіне мүд делі. Соның бір дəлелі ретінде Франциядан ірі бизнес-делегацияның келуін атап өтуге болады. Елімізге 40қа тарта белді компания мен экономикалық ұйымдар өз өкілдерін жіберсе, солардың кейбірі қазіргі таңда біріккен инвестициялық жобалардың қатысушылары («Тоталь», «Альстом», «Арева», «Вика», «Шнайдер Электрик», «Санофи» жəне басқалары). Ал аталған шараға қазақстандық тараптан ұлттық компаниялар, экономикалық жəне ғылыми-зерттеу ұйымдарының 50-ден астам өкілі келіп қатысты. Жалпы, кеңес отырысының негізгі бөлігі «Қазақстан мен Францияның ынтымақтастығы. Ғылыми қамтымды экономикалық дамудың моделі» деген тақырыпта өтті. Онда алдымен Премьер-Министрдің орынбасары – Индустрия жəне жаңа технологиялар министрі Қазақстан-Франция Іскерлік кеңесінің экономикалық ынтымақтастық жөніндегі тең төрағасы Əсет Исекешев құттықтау сөз сөйледі. Кеңес отырысы осымен алтыншы рет өткізіліп отырғанын сөз еткен тең төраға 2012 жылдың көрсеткіші бойынша Франция сауда-экономикалық

əріптестікте бесінші орында екенін жəне өзара сауда көлемі 6 миллиард АҚШ долларына жеткенін атады. Ал инвестиция салуда Франция төртінші тұғырдан көрініп отыр. 2005 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Франция еліміздің экономикасына 10 миллиард доллардың тікелей инвестициясын құйыпты. Қазіргі таңда Қазақстанда 150-ге тарта француздық компания жұмыс істеуде. Тек соңғы бес жыл ішінде еліміздің индустрияландыру бағдарламасы бойынша келіп жұмыс істей бастаған компаниялар да жеткілікті. Қазақстан-Франция Іскерлік кеңесінің тең төрағалары «Визор Холдинг» АҚ директорлар кеңесінің төра ғасы Айдын Кəріпжанов пен «Total» компаниясының бас директоры Ив-Луи Даррикаррер де сөз сөйледі. И.Даррикаррер өз сөзінде қазақ стандық əріптестерімен бірге жұмыс істеп келе жатқандарына жиырма жылдан астам уақыт болғанын, Қазақстан Орталық Азиядағы басты экономикалық державаға айналғанын ерекше атады. Қазақстанға инвестиция салуда француздар алдыңғы лекте келеді. Оның айтуынша, делегация құрамындағылардың 25 пайызы бірінші рет қазақ жеріне аяқ басыпты. Ондағы мақсат – Қазақстан туралы жан-жақты ақпарат жинап, екі елдің əлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлестерін қосу.

Бґденеден – бизнес (Соңы. Басы 1-бетте). Солайша, солтүстіктегі таныстарынан арнайы бөдене алдыртып, өсіріп, бірыңғай осы жұмысқа беріледі. Дей тұрғанмен, егде адамға бөдене өсіру де оңайға тимейді. Бұл өзі өте кінəмшіл құс екен. Аса нəзік көрінеді. Ерекше күтімі болмаса, тез өліп қалатынға ұқсайды. Не керек, ағасы Қайратты бөдене ісіне машықтандырады ғой. Осылайша, оның бөдене бизнесі басталады. – Елге елеусіздеу көрінетін бұл кəсіптің қыр-сырын меңгеру оңайға түскен жоқ. Алғашқы жылдары талай қиындықты бастан кешірдік. Бүгінде 1,5 мыңнан астам бөдене бағып отырмын. Өткен жылғы қыста газ бірер күнге тоқтап қалып, бөденелерімді қырып алған жағдай да болды. Қайтесің, аса қатты күтімі болмаса, өліп қалады. Сосын жазда Қарағанды, Алматы мен Шымкенттен 1200 жұмыртқа əкелдім. Өзімде бар 450 жұмыртқаны қосып, инкубаторға салдым. Соның 80 пайызы өнім берді. Жалпы, бөдененің жұмыртқасын 37,8 градус жылы жерде ұстаса, 17 күн ішінде балапан өріп шығады. Əйтеуір бастырған жұмыртқаның басым бөлігі мекиен болып шықты. Ең ғажабы, ұрғашы балапан 40-45 күнде жетіліп,

жұмыртқалайды. Сондықтан мұны өзінөзі толық ақтайтын кəсіп деп айтуға болады. Бірақ бөдене ерте қартаяды. Айналасы 1,5 жылдың ішінде кəдімгідей шау тартады. Жұмыртқалауын сиретеді. Ол кезде сойып, етін сатамыз. Ал əтешті 45 күннен кейін етке айналдыра беруге болады. Таңсық ас диеталық тағамға мұқтаж адамдарға таптырмайды. Өзге ірі қалалардың мейрамханалары үлкен тапсырыспен алады екен. Əл-əзір біздің қалада ондай болмай тұр. Негізі, ерте заманда бөдененің еті ақсүйектер жейтін ас болған екен. Өйткені, оның етінде хлостерин деген атымен жоқ, – дейді Қайрат. Бүгінде оның фермасындағы бөдененің жартысы жапондық «фараон» дейтін тұқымнан тұрады. Қалғандары маньчжур жəне Американың Техас штатынан шыққан ет бағытындағы бөденелер. Əлгінде бөдене жұмыртқасының емдік қасиеті бар деп қалдық қой. Айталық, ол қан аздығына, бас жəне тыныс жолдары ауруларына, өкпенің қабынуына, төмен жəне жоғары қан қысымын реттеуге, ағзаның қорғаныс қабілетін арттыруға, асқазан-ішек дерттеріне, бүйрек, бауыр мен өт жолдары жəне жүрек-қан тамыры ауруларына таптырмас ем екен. «Осы қалада қант диабетімен ауыратын бірнеше адам үнемі бөдене

диагностика блогы бар əр ауысымда 380 келіп-кетушілерге арналған емханасы, жаңа 245 орынды емдеу ғимараты қолданысқа берілген. Онкология диспансері орта есеппен 6,5 мың қала тұрғындарына, оның ішінде медициналық ұйымды таңдау бойынша өзге де өңір тұрғындарына көмек көрсетеді. Жыл сайын əлемде 10 млн. дерт тіркеліп, оның 6,2 миллионы онкология ауруынан қайтыс болады екен. Ал Қазақстанда жылына обырдың 30 мың жаңа түрі анықталса, онкологиямен ауыратын 140 мың науқас есепте тұрады. Оның 60 пайызы химия терапиядан өтуге мұқтаждар санатында. Еліміздегі обыр сырқатына шалдыққандар тегін дəрі-дəрмекпен қамтамасыз етіледі. ––––––––––––––– Суретті түсірген Сұлтан СЕЙІТОВ.

Іскерлік кеңесінің екі елде кезек өткізіліп тұратынын алға тартқан А.Кəріпжанов елордадағы осы шараға қазақстандық компаниялар өкілдерін барынша көптеп қатыстыруға мүмкіндік туғанын айтты. Бұл ретте, Франция еліміздің Еуропадағы стратегиялық əріптесі екені де ерекше атап өтілді. Сондықтан да кеңес жұмысы барысында жергілікті үлесті арттыру, зияткерлік меншікті қорғау сияқты проблемалар талқыға түсуде. Бұдан кейін қатысушыларға Франция Сыртқы сауда министрі Николь Бриктің бейне-үндеуі көрсетілді. ҚФІК-тің тең төрайымы болып табылатын Брик ханым өз сөзінде Францияның саудаэкономикалық ынтымақтастықты арттыруға жəне ЭКСПО-2017 жобасына қатысуға мүдделі екенін жеткізді. Франция үкіметі Астананың болашақ дамуындағы экологиялық таза «жасыл» қала ретіндегі жобаларын əзірлеуге қаржы бөліп отырғаны да атап өтілді. Артынан талқылау үш пленарлық сессияда: «Адами ресурстар жəне өндірісті оқшаулау», «Астана ЭКСПО-2017» жобасы», МЖƏ жүйесі жəне көпжылдық мемтапсырыс», «Кеден одағы мен БСҰ» деп аталған тақырыптарда жалғасын тапты. Оларда «Астана ЭКСПО-2017», «Қазақстан темір жолы», «Қазақстан ғарыш сапары», «Самұрық-Энерго», «Қазақстан Инжиниринг», «Бəйтерек» ҰБХ жəне Қазақстан Ұлттық кəсіпкерлер палатасының басшылары баяндама жасады. Сондай-ақ, аталған шараға «Самұрық-Қазына» ƏАҚ, «ҚазМұнайГаз», «Қазақтелеком», «ҚазАгро», «Қазпошта», «Қазақстан Даму банкі», «Назарбаев Университеті» жəне өзге де құрылымдар өкілдері қатысты. Жалпы, Іскерлік кеңесі жұмысынан екі жақ та тиімді шешімдердің болғанына мүдделі екендігі байқалды. Ал шара барысында француздық делегация өкілдері Қазақстан үкіметі мүшелерімен кездесулер өткізуге мүмкіндік алды. жұмыртқасын сатып алып отырады. Олар күнделікті жұмыртқа ішіп жүргендіктен өздерін жақсы сезінетінін айтады», дейді кейіпкеріміз. Мұнан басқа Шиелідегі уран өндірісінде жұмыс істейтін адамдар мен Байқоңыр қаласының тұрғындары да бөдене жұмыртқасын жиі алатындардың қатарынан екен. Қысқасы, бөдененің жұмыртқасы мың бір дертке шипа деген сөз. – Бұл құсты жылы жерде бағу керек. Сол себепті бөденехананың ішіндегі температураны +16 градустан төмен түсірмеймін. Бұған қоса, ауаның ылғалдығы да 75 пайыздан кем болмауы шарт. Сондай-ақ, 18 сағат бойына жарық қажет. Арнайы таймер арқылы жарықты уақтылы жəне үздіксіз беріп отыруға мүмкіндік бар. Ал қыста жылу +22 градуста тұрады. Əйтпесе, жұмыртқа беруі қиындап кетеді,– дейді Қайрат. Осының өзінен бөдене өсірудің машақатты жұмыс екенін байқаймыз. Ал мұндай іспен Қызылорда облысында жалғыз Қайрат Ыдырысов қана айналысады. Бүгінде аталған бизнесті оның балалары да меңгере бастады. Елбасы биылғы Жолдауында «бизнес атадан балаға мирас болып қалатын мұра ретінде жалғасуы керек» деп еді. Сол айтқандай, бөдене бизнесі Ыдырысовтар отбасының ортақ кəсібіне айналып отыр. ҚЫЗЫЛОРДА.

Жиынға аталған министрлік басшылығы, Қазақстан Президентінің көмекшісі Ержан Қазыханов, Парламент Мəжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс жəне қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мəулен Əшімбаев, Парламент Сенатының Халықаралық істер, қорғаныс жəне қауіпсіздік комитетінің мүшесі Бірғаным Əйтімова, Президент Əкімшілігінің, ПремьерМинистр Кеңсесінің жəне басқа да бірқатар мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Сыртқы саясат ведомствосы басшылығының алқа отырысындағы күн тəртібінің негізгі бөлігі ел Президентінің «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шараларын талқылауға арналды. Сыртқы істер министрі өз сөзінде атап өткендей, бұл Жолдаудың маңыздылығы Мем лекет басшысының ел халқын өсіп-өркендеген, жемісті Қазақ елін құруға бірігіп атсалысуға шақыруы мен «Стратегия-2050» мақсаттарына қол жеткізу үшін дамыған демократиялық қоғамда өмір сүргісі келетін əр азаматтың

жеке қатысуы мен белсенді ұстанымының қажеттілігінде жатыр. Мемлекет басшысының алға қойған тапсырмаларына қол жеткізу үшін қолайлы сыртқы жағдай қалыптастыру сыртқы саясат ведомствосының ең маңызды басымдығы болып табылады. Осы орайда, Е.Ыдырысов жақында Президент тарапынан бекітілген жəне «2050» Стратегиясының не гізгі қағидалары аясында құрылған Қазақстанның 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған жаңа Сыртқы саясат тұжырымдамасының ерекше маңыздылығын атап өтті. Министр Сыртқы саясат тұжырымдамасында дəстүрлі ұстанымдармен қатар, басқа да жаңа сыртқы саяси қызметтің басым бағыттары айқындалды, деп атап өтті. «Егер осыған дейін мемлекет мүддесін қорғауға айтарлықтай басымдық берілсе, бүгінде қоғамның қажеттіліктерін, соның ішінде, жалпы азаматтардың жəне жеке əрбір қазақстандықтың қажеттіліктерін қамтамасыз етуге қарай бет бұрылуда», деп ол. Еліміздің сыртқы саяси бағытына тоқтала келе, Сыртқы істер министрі Қазақстан саясаты алдағы уақытта да

Ынтымаќтастыќ жалєасады

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Əлихан Байменов АҚШ Үкіметінің Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі Джон Ордвеймен кездесті.

Екі жақ мемлекеттік қызмет саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың жоғары қарқынды дамуын белгіледі. Ə.Байменов агенттік пен АҚШ персоналын басқару бойынша Федералды кеңесінің арасында Өзара түсіністік туралы меморандумды жүзеге асыру қадамдарының басталғанын атап өтті. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілерді оқыту саласында жəне Астанада мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хабтың шеңберінде жан-жақты ынтымақтастық жақсаратын болады. Ə.Байменов пен Дж. Ордвей одан арғы ынтымақтастық жайын да талқылады. «Егемен-ақпарат».

Ямайкада да елшіміз бар

Қазақстанның Канададағы елшісі Константин Жигалов Кингстон қаласында (Ямайка) болып, генералгубернатор Патрик Алленге Сенім грамотасын тапсырды. К.Жигалов сөйтіп, Ямайкада Қазақстанның елшісі қызметін қоса атқаратын алғашқы елші болып отыр.

П.Алленмен əңгіме шеңберінде К.Жигалов Қазақстанның 2014-2020 жылдарға арналған Сыртқы саясат тұжырымдамасына сəйкес, Қазақстан тарапы Кариб өңірімен, оның ішінде саяси салмағы жоғары Ямайкамен қарым-қатынасқа үлкен маңыз беретінін атап көрсетті. Генералгубернатор өз елінің Қазақстанмен көпжақты ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін қуаттады. Ямайка Сыртқы істер жəне сыртқы сауда министрі Арнольд Николсонмен келіссөз барысында екіжақты ынтымақтастық пен халықаралық мəселелер, оның ішінде БҰҰ шеңберіндегі өзара қолдау көрсету жайы талқыланды. Ямайка Туризм министрі Вайкэм Макнейл Қазақстан елшісімен кездесуі кезінде өткен жылы Ямайкада болған қазақстандық туристер саны өсе түскенін атап өтіп, олардың одан əрі көбеюіне қызығушылық танытты. Осы елдің Индустрия, инвестиция жəне сауда министрі Энтони Хилтонмен кездесу кезінде саудаинвестициялық əріптестікті дамытудың перспективалары талқыланды. Э.Хилтон қазақстандық компанияларды Ямайкадағы жаңа халықаралық логистикалық хабты дамытуға қатысуға шақырды. «Егемен-ақпарат».

теңдестірілген, бірізді жəне прагматикалық қағидаларға негізделетінін атап өтті. «Біз Қазақстанның жаһандық жəне аймақтық мəселелерді шешуге қатысуын, сыртқы саясаттың стратегиялық ресурсы ретінде көп деңгейлі дипломатияны дамытуын еліміздің қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз етудің негізгі факторы деп білеміз», деді Е.Ыдырысов. Сонымен қатар, алқа отырысы барысында 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңе сінің тұрақты емес мүшелігіне Қазақстан кандидатурасын ұсыну жоспарын жүзеге асыру мəселелері қарастырылды. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне сайлануы аймақтың өзекті мəселелеріне халықаралық қоғамдастық назарын аударуға жəне оларды шешуге, сонымен қоса, халықаралық күн тəртібіндегі күрделі мəселелерді реттеуге өз үлесімізді қосуға мүмкіндік беретіні айтылды. Сондай-ақ, алқа жиынына қатысушылар ЭКСПО-2017 халық аралық көрмесіне дайындық жайы, еуразиялық жəне орталықазиялық интеграция мəселелері, Ауғанстандағы жəне Сириядағы жағдайды тұрақтандыру, Украинадағы саяси дағдарысты реттеу мен халықаралық күн тəртібіндегі басқа да мəселелерді талқыға салды. Сəулебек БІРЖАН.

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының кезектен тыс өткен ХІХ конференциясында «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдау талаптарынан туындайтын міндеттер талқыланып, Саяси кеңестің дербес құрамына өзгерістер енгізілді.

Ендігі міндет – тапсырмаларды орындау Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Бірінші мəселе бойынша аймақ басшысы, «Нұр Отан» партиясы жергілікті филиалының төрағасы Самат Ескендіров баяндама жасады. Ол биылғы бағдарламалық құжат ауқымдылығымен, нақтылығымен сипатталатынын, ел дамуының 2050 жылға дейінгі жаңа міндеттері мен жақын келешектегі стратегиялық көкжиектері айқындалғанын, 30 мемлекеттің қатарына ену екі кезең бойынша жүзеге асырылатынын атап өтті. Одан əрі Жолдау партияның басты құжаттарымен үйлесім тапқанына, бұл орайда, Саяси доктринаның орны ерекше екеніне, оның басты саяси күш жəне Президенттің негізгі тірегі ретіндегі «Нұр Отан» партиясының рөлін айқындайтынына тоқталды. Облыс қарқынды дамып келе жатқан өңірлер тобына еніп, Қазақстан экономикасында маңызды орын алады. Бұдан былай аграрлық сектордың бірыңғай желісін құруға, инновациялық бағытқа түсіруге баса мəн берілетін болады. Шағын жəне орта бизнесті индустриялық жəне əлеуметтік жаңғыртудың басты құралы ете отырып, бизнеске қолайлы ахуал жасау, 2050 жылға таман оның ішкі жалпы өнімінің 50 пайызына жеткізуге үлес қосу – негізгі талаптардың бірі. Баяндамашы Елбасы қазақстандықтардың əлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктерді белгілеп бергенін, бұл орайда, сапалы білім беру, денсаулық сақтау, мəдениет, əлеуметтік салаларға тың серпін қосу, мемлекеттік институттар жұмысын жетілдіру тапсырмаларын ұсынғанын жеткізді. Мемлекет басшысы биыл экономика өсімін 6-7 пайыз деңгейінде қамтамасыз ету, халықтың жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім 14,5 мың доллардан кем болмау, инфляцияны 3-4 пайызға дейін төмендету міндеттерін қойды. Аудандық партия ұйымдарына Жолдау қағидаттарын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарын

əзірлеуді, үгіт-насихат қызметтерін жандандыруды, тұрғындармен тікелей байланыс орнатуға назар аударуды, мəселелерді шешу жолдарын іздестіруді, «Жас Отан» партиясы жастар қанаты қызметінің белсенділігін арттыруды жүктеді. Конференцияда сөз алған облыстық мəслихаттың депутаты, «Мəмбетов жəне К» КС бас директоры Еркебұлан Мəмбетов былай деді: – Біз өндіру нарығын меңгергенмен, сатуға келгенде делдалдарға тəуелді болатынбыз. Енді өткізу нарықтарына тікелей шығу жүйесін қалыптастыруға ұмтылыс өте құптарлық. Жиынға қос палата депутаттарының қатысуын пайдаланып, олардан шағын шаруа қожа лықтарының кедергісіз дамуы үшін экологиялық жəне салық заңнамаларына өзгерістер енгізу ұсынысын қолдауға шақырамын. Сонда əлсіз шаруашылықтардың аяқтарынан тік тұрып, бəсекелестікке төтеп беруіне қолайлы жағдай туар еді. «Қазақ саңыраулар қоғамы» бірлестігі облыстық бөлімшесінің директоры Василий Мироняк: – «Нұр Отан» партиясының қолдауымен «Кедергісіз аймақ» жобасы қолға алынып, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көбірек көңіл бөліне бастағаны қуантады. Елімізде 630 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі адам осы санатқа жатқызылса, олардың 15 пайызы ғана жұмысқа тартылғаны ойландырмай қоймайды. Облыста есту мүмкіндігінен айырылған 823 мүгедек жан есепте тұр. Біздің кəсіпорында мемлекеттік тапсырыстың көлемі шектеулі. Оның мөлшері ұлғайтылса, тағы да 50 мүгедек жанды жұмысқа қабылдауға қауқарлымыз, – деді. Басқа да сөйлеушілер тұрғындардың өмір сапасын, халыққа көрсетілетін қызметтердің тиімді лігін жақсарту, осы заманғы əлеуметтік қорғау жүйесін нығайту, отандық өнімдер мен бұйымдардың экспорттық əлеуетін арттыру төңірегінде ой-пікірлер алмасты. Солтүстік Қазақстан облысы.

Бас мїфтидіѕ Саудия сапары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы ресми сапармен Сауд Арабиясына барды. Діни басқарма делегациясын бастап барған Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Қажылық министрлігінің Жидда қаласындағы басқарма жетекшісі Абдолла Марғұланимен кездесті. Тараптар ресми басқосуда қажылық сапарында қызмет көрсету жұмыстарын талқылап, пысықтады. Тараптар өзара келісімшарт құжатына қол қойды. ҚМДБ төрағасы сапар барысында Көлік департаменті бастығының орынбасары Əл Яманимен кездесіп, өзара ынтымақтастық құжатына қол қойды. Сонымен қатар, Ержан қажы Малғажыұлы Түркия қажылары мен Еуропа мұсылмандары департаментінің жетекшісі Тарық Анкауимен жүздесіп, басқосуда қажылық кезіндегі қызмет сапасын жетілдіру жұмыстарын сөз етті. «Егемен-ақпарат».


5

www.egemen.kz

14 ақпан 2014 жыл

ЗАТЫМЫЗ ҐЗГЕРДІ. АТЫМЫЗ ҐЗГЕРЕДІ

(Соңы. Басы 1-бетте).

Оның үстіне ғалымдар адамның аты өміріне əсер ететінін де айтып жатады. Елдің аты елдің затына неге əсер етпесін?! Астана ауысқанға дейін Целиноградтан құтыларда «Ақмола» атауын «Белая могила» деп түсіндіру «ақ батаны» «белое благословение» деу сияқты қисынсыздығын, біздің ұғымымызда «ақ» түстің ғана емес, адалдықтың, əділдіктің де баламасы екенін, «моланы» бейіттен биік бағалайтынымызды, қасиет тұтып, молаға түнеп, тілек тілейтін түркілердің ұрпағы екенімізді қанша жерден дəлелдеп тұрсақ та, елордамыз ерке Есілдің жағасына ту тігерде бас қаламызды Астана деп жаңаша атап, жаңа жолға жаңарып барып түскен жоқпыз ба? Астананың аты затына əсер етпеді деп кім айта алады?

Атауын алмастырєандар аз емес

Ақмоланы Астанаға алмастырарда елордасын көшірген елдерді де, астанасының атауын жаңаша қойған елдерді де біраз тізбелегенбіз. Ал мемлекеттің атауын ауыстырудың жайы қалай екен? Қарайық. Бұған мысал өте көп. Есте жоқ ескі замандардан бері атауы атымен алмастырылмаған елді табу қиын деуге де болады. Сондықтан біз ХХ ғасырмен ғана шектелмекшіміз. Өткен жылғы 29 наурызда «Əлемге əйгілі» авторлық айдарының аясында «Иран» деген мақала жариялағанбыз. Соның бір тұсында былай делінеді: «Иранның затынан бұрын атын айтсақ та жақындығымыз бірден-ақ көрінеді. Қазақта «арыс» деген сөз бар ғой. Иран елінің аты дəл осы сөзден шыққан. «Среди индоиранцев (и только среди них) был широко распространен термин арья – «благородный» («История древнего мира. Ранняя древность», М., 1983, 330-бет). «С мидийско-ахеменидской эпохи ираноязычное население уже преобладало в Иране. Само его название происходит от слова арий, как называли себя ираноязычные племена (мидяне, персы и др. в Иране, скифы и сарматы, древние народности Средней Азии и т.д.)» («История Востока. І. Восток в древности», М., 1997, 275-бет). Елдің қазіргі аты ежелдегі Аиранам, яғни «арийлер елі» деген сөзден. Страбон еңбектерінде Ария сөзі қолданылған. Халықтың өз атауы – ирани». Ал осындай тарихы аса терең елдің атауы күні кешеге, яғни 1935 жылға дейін Персия болып келген. Есениннің атақты топтама жыры «Парсы саздары» аталады ғой. Бұл атауды оларға атам замандаақ гректер қойған еді. Ұлы Кирдің сүйегі жатқан қала қазір де Персеполис, яғни Парсылар қаласы аталады. 1935 жылы шах Мохаммед Реза Пехлеви əлем елдерінің басшыларына мəлімдеме таратып, мұнан былай өз мемлекетін Иран атауды талап етті. Шахтың сол шешімі арқылы халық өзінің тарихын тереңдетіп, тектілігін таныта түсті. Біз баяғыдан Бирма деп білетін ел 1989 жылдан бері Мьянма аталады. Неге? Елдің ежелгі аты сол екен. Бирма деп британиялық отаршылар атаған екен. Мектепте, университетте жүргенімізде Жоғарғы Вольта деген елді білетінбіз. 1984 жылдан бері ол елдің аты – Буркина-Фасо. Неге? Сол жылы Томас Санкара деген капитан əскери төңкеріс жасап, француз отаршылдары қойған Жоғарғы Вольта атауын Буркина-Фасо деп өзгерткен. Мағынасы – «Адал адамдардың отаны». Арада аз уақыт өткенде, 1987 жылы Санкара өлтірілген, ол қолға алған реформалар жайына қалған, бірақ ел рухын көтеріп тұратын асқақ атау жұрттың жүрегіне де ұялады, əлем картасынан да орнын тапты. Есіңізде бар шығар, кеуделері бірігіп біткен егіз балаларды «Сиам егіздері» дейтін еді ғой. Сол Сиамның қазіргі аты – Таиланд. Неге? «Сиам» ел тіліне жат санскриттен сіңген сөз. Таиланд – тайлықтар елі деген сөз. Ал тай – бостан адам деген сөз. Сонда Таиланд «Бостандық сүйгіш ерлер елі» деген мағынаға ие болады. Абиссинияның Эфиопия, Цейлонның Шри-Ланка атанатыны да осы бертінде. Отаршылдық ойранын санадан сылып тастауды ойлаған Бенин, Кот Д’Ивуар, Кабо-Верде, Суринам сияқты елдер де атауын өзгерткен. Тарихын танытып тұруды көздеген көршілес Моңғолия өз елін өз тілінде ресми түрде Моңғол Ұлысы (Монгол Улс) атай бастаған. Араб ағайындар копттар қойған Египет атауымен қатар (орыс тіліндегі «египтяне» сөзі «коптяне», яғни копттықтар дегеннің сəл ғана өзгертілген түрі), елді Миср Аль Арабия, яғни Мысыр деп атай бастаған. Жарайды, бəрін тізбелей беріп қайтеміз, өзіміздің түріктерді-ақ алайықшы. Жақында «Егемен Қазақстанда» танымал қаламгер, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қойшығара Салғараұлының «Алысқа қарағанның алымы мол» атты мақаласы жарияланды. Сонда автор былай дейді: «Бұрын көшкінші халықтардың сан мыңжылдықтар бойына қалыптасқан дəстүрі бойынша жаңадан бір мемлекет

шаңырақ көтерсе, ол сол мемлекетті құруға ұйытқы болған тайпаның атымен, яғни билеуші тайпаның атымен аталатын. Мысалы, кейінгі «Қырғыз қағандығы», «Ұйғыр қағандығы», «Түргеш қағандығы», «Қарлұқ қағандығы» деген сияқты. Бумын болса, бұл дəстүрді бұзды. Өйткені, оның арманмүддесі басқа еді. Ол сонау тəуелсіздікке ұмтылған алғашқы жылдардың өзінде-ақ өзі шыққан тайпасының ғана емес, бүкіл түркітектес бауырларын бостандыққа жеткізіп, бір үлкен шаңырақтың астына біріктіруді көздеді. Ол кейінгі Азия тарихшылары (Рашид Ад-дин, Хондемир, Əбілғазы) жазатын, жарты əлемге əмірін жүргізген Ежелгі Түрік Мемлекетіндей ел болуды армандап, ертеңіне елеулі өзгеріс кіргізуді мақсат етті. Мерзімдікке мəз болмай, мəңгілікке ұмтылды. Болашаққа батыл жол ашуды армандады. Талай жыл өздеріне үстемдік жүргізіп келген Жыужан мемлекетін құлатып, сол арманына жеткізер өрлеу баспалдағының алғашқы сатысына аяқ басқанда өз елінің негізін қалаған құрама жұртты көне дəстүрмен өзі шыққан тайпаның атымен атандырмай, оларға баршасының тектестігінің ортақ бірлігін танытар киелі түрік есімін берді. Сөйтіп өздерін «біз – түрік халқымыз» («түрк будынымыз») деп жалғанға жария етті. Осыны арада 1400 жыл өткеннен соң негізін оғыз тайпалары қалаған Османлы империясы құлағаннан кейін жұртында қалған құрама халықты «түрік халқы» деп атап, Мұстафа Кемал Ататүрік қайталады, оған дейін қазіргі түріктер өздерін «османлы» деп атап келген еді». Интернет осы таяуда ғана: «Во времена Блистательной Порты слово «турки» для имперской элиты значило примерно то же самое, что «деревенщина». Подданные султана именовались османами» деп жазды. Тұтас бір халық өзін түрік деп атауға қысылатын күйге дейін түскен, түрік атану артта қалғандықтың бір белгісіндей санала бастаған сол тұста Мұстафа Кемал Ататүрік «Ей, түрік жастары! Тəуелсіздігіңе жəне еліңе қауіп төндіретін жауларың бүкіл əлемді тізе бүктірген жалмауыздар болуы мүмкін. Олар зорлықпен жəне айлакерлікпен киелі Отаныңның бүткіл қамалдарын бағындырып, армияңды қиратып, еліңді бодандыққа түсіруге тырысуы мүмкін. Мұндай қиын-қыстау кезеңдерде сен намысты қолдан бермей, еліңді құтқаруға міндеттісің. Сол кезде сенің сенетін жалғыз күшің, арқа сүйер жалғыз тірегің бойыңда ағып тұрған түрік қаны екенін ұмытпа» деген атақты сөзін айтқан. Түріктердің бойында түріктің қаны қайнап шыға келген сонда. Түріктер жан-жақтан анталаған Антантамен арыстандай арпалысып, азаттығын сақтап қалған сонда.

«Шаруашылыќ орналасќан тўраќ»...

Атырауда сөйлеген сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің атауында Орталық Азияның басқа елдеріндегі сияқты «стан» деген жалғау бар екеніне назар аударды. Президенттің əбден көз үйреніп кеткен көріністерге де тосыннан қарай алатын бөлекше қасиеті осы тұста тағы бір танылды. Былайынша, елдің атауы əбденақ көкейге қонымды. «Стан» жалғауы мемлекет құрушы ұлтқа қосылған тұста сол елдің аты шыға келетіні бесенеден белгілі емес пе? Ауғанстан десе ауғандардың елі, Өзбекстан десе өзбектердің елі, Түркіменстан десе түркімендердің елі, Тəжікстан десе тəжіктердің елі, тиісінше Қазақстан десе қазақтардың елі. Əйтсе де... Енді осы жалғаудың жайына аз-кем тоқталайық. Алдымен айтарымыз – «станның» біздің төл сөзіміз еместігі де, тіпті түркі сөзі де еместігі де, түбі парсы сөзі екендігі де өздігінен оның ешқандай кемістігі болып табылмайтыны. Нұртас Оңдасыновтың, Еркеболат Бекмұхаметовтің, Лениншіл Рүстемовтің сөздіктерін сүзіп шыққан кез келген адам қазақ тіліне парсыдан енген сөздер ұлт тілінің ұлы байлығының байтақ саласы екенін біледі. Қарап отырсаңыз, қазақ тіліндегі фарсизмдер делінетіндердің дені заттық мəдениет ұғымдары – реалиялар. Мысалы, абат, азық, ақыр, палау, алқа, алша, ара, арша, əбзел, бақ, дастарқан деген сияқты. Реалиялар өте ерте қалыптасады əрі өзгеріске көп түсе қоймайды. Демек, біздің елдеріміз де, тілдеріміз де есте жоқ ескі заманда араласып-құраласқан. Арабизмдердің қазақ тіліне көп кейін келгені ағза, азан, ақирет, ақырзаман, амал, аманат, əзірейіл, əлем, əріп, бақалшы деген сияқ ты рухани мəдениетке тəн сөздердің сипатынанақ көрініп тұр. Бірақ... Мəселе осы «бірақта». Мысалы, ирандықтар неге өз елін халық атына өз тіліндегі «стан» (sitan) жалғауын қосып атамайды? Неге олар Ираннан мемлекет болып бөлініп шығуды талап етіп, тынышын алып жүретін курдтардың мекенін «Курдистан» атайды? Мəселе «стан» сөзінің түпкі мағынасы біз көзіміз үйреніп, құлағымызға сіңген ұғымнан сəл басқашалау екендігінде.

Этимологиядағы ең классикалық еңбектердің бірі саналатын Фасмер сөздігіне жүгінейік. Бірінші мағынасы – «Туловище человека» – белі бұралған қызды «девичий стан», сымбатты тұлғаны «стройный стан» дейтіні содан. Екінші мағынасы – «место, место пребывания», авест., др.-перс. stana – «стойка, место, стойло», нов.-перс. sitan (откуда тур. Turkistan, Turkmenistan) – («Этимологический словарь русского языка. В четырех томах. Том ІІІ. Санкт-Петербург, «Терра», 1996, 745бет). Казактардың тұрғынжайы «станица» аталатыны сон дықтан. Ожегов сөздігі де осыны айтады: «Лагерь, место стоянки». Мысалының түрі: «Полевой с. (в колхозах и совхозах: пункт с жилыми помещениями на отдаленных полях» («Словарь русского языка», М., 2008, 998-бет). Ожегов бұл сөздің басқа мағы наларын да келтіреді: «Воюющая, борющаяся сторона, общественно-политичес кая группировка» деп, «Смятение в стане врага» деген сөйлемді алады. «Прокатный стан», «ткацкий стан» деген мағыналарды түсіндіріп жатпайақ қояйық. 15 томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» «стан» сөзі «Шаруашылық орналасқан тұрақ, белгілі мекен» (13-том, 315-бет) деп айқындалады.

Есім ерді де, елді де есейтеді

Нұрсұлтан Назарбаев елімізді əлемдегі дамыған 50 елдің қатарына қосу міндетін алға тартқалы бері, ол мақсатқа о баста көздеген мерзімнен бұрын қол жеткелі бері, əсіресе мемлекетіміздің алдына ең озық отыздықтың арасынан орын алу міндеті қойылғалы бері бізде көп нəрсе өзгеруі керек. Ең алдымен, халықтық сана өзгеруі керек. Даланың өзгеруінің де, қаланың өзгеруінің де, баланың өзгеруінің де, дананың өзгеруінің де басты шарты – сананың өзгеруі. Сана өзгеріп те жатыр. Əлемнің əділеттілікке бет бұра бастағанын көрдік. Əрекеге емес берекеге бастаған халықтың қандай əрекетті де əдемі жасай алатынына сендік. Қалай сенбейсің? Əуелі халық болып құралсақ, ауызбіршілігі бар ел екенімізді өзімізге де, өзгеге де көрсетсек. Одан кейін мемлекет құра алсақ, ел құруға керектің бəрін түгендеп, ел қатарлы тірлік жасауға кіріссек. Одан кейін дербес тұра алсақ, өз ішіміздегі шаруаны реттеп, сыртымыздағы тірлігімізді түгендеп, қалтқұлт еткен қайығымызбен-ақ адамзат жүзіп жүрген алып айдынға абыроймен шыға білсек. Одан кейін ұлт болуға бет бұра алсақ, баршаның басын біріктіріп, үйренері ғана емес, үй ретері де бар елге айналуға ұмтылсақ. Əуелі өзімізді танытсақ, одан кейін өзімізді мойындатсақ, кеңестен кейінгі кеңістікте бірінші болып, түркі дүниесінде бірінші болып, мұсылман əлемінде бірінші болып ЕҚЫҰ сияқты ерен ұйымға төрағалық етсек,

оның 11 жылдан бері өткізілмей келе жатқан Саммитін өткізсек, əлемнің талай қаласы жарысқа түскен бəсекеде оза шауып, дүниежүзілік көрмені елордамызда ұйымдастыру құқын жеңіп алуға қол жеткізсек, тіпті елімізді Олимпиада шақыруға шамасы келетін мемлекеттер қатарында үміткер еткізсек, осының бəрі айналып келгенде алдымен өзімізді өзімізге құрметті ет кеніміз, өзгелерге өзімізді құрметтеткеніміз емей немене? «Саясат – қолдан келетінді жасай алу өнері». Қазақ елінде əлі көп шаруа жасалмағаны анық. Қазақ елінде бұған дейін жасауға болатын шаруа ның көбі жасалғаны тағы анық. Жиырма жылда Жапо ниядағыдай жайқалып кетпегеніміз, Америкадағыдай аршындай алмағанымыздың басты себебі – жиырма жылда Жапониядағыдай жайқалып кету, Америкадағыдай аршындай алу мүмкін еместігі. Жиырма жылда тəуелсіздік тəуекеліне қатар кіріскен өзіміздей елдерден кем қалмауға болатын еді, ол жасалды. Ол елдерден озуға болатын еді, ол да жасалды. Өзімізден мүмкіндігі көбірек елдермен теңесуге болар еді, ол да жасалды. Олардан да озуға болар еді, ол да жасалды. Қанша жерден талапшыл болсақ та Қазақстанның ішкі жалпы өнімі Орталық Азия елдерінің бəрін, Кавказдағы елдердің бəрін қосқандағы ішкі жалпы өнімнен артық екеніне, тіпті халқының саны бізден үш есе көп Украинаның ішкі жалпы өнімінің көлемінен де анағұрлым асып түсетініне тəубе айтпау жөнсіз. Ендігі жерде осы жасампаздық жолымызға кедергісін келтіруі, келбетімізге көлеңкесін түсіруі мүмкін дейтіндей жайдың бəрін ескере жүруіміз керек. Соның бірі – сан түрлі себептерге байланысты Азиядағы бірқатар елдерге таңылып үлгерген жағымсыз стереотиптер. Өкінішке орай, əлеуметтікэкономикалық реформаларды жүзеге асыруда да, елдегі қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етуде де онша жарқырап көріне қоймаған мемлекеттердің біразының атауына «стан» жұрнағының жабысып жүргендігі рас. Өзгелерге баға беріп қай тейік, бірақ Пəкістанның да, Ауғанстанның да, Өзбекстанның да, Түркіменстанның да, Тəжікстанның да, қол жеткізген бірқатар табыстарына қарамастан, тұтастай алғанда, əлемдік өлшемдер тұрғысынан қарағанда артта қалған мемлекеттер шоғыры саналатыны рас. Талайлардың Қазақстанды да сол қатарға қоса салуға бейім тұратыны да рас. Əрине, біздің елдеріміздің қордаланған мəселелерінің тірелер түйіні атауында «стан» жұрнағы жүргенінен деу күлкілі жай, олай деу тіпті құлаққа кірмейді, олай айтатындар табылса, ондайларды кешегі Қырғызстан ның бүгін Қырғыз Республикасы ата нуынан не өзгере қалды деген жалғыз уəжбенақ жал п еткізуге болады. Дегенмен, ел туралы сырт көз пікірдің елдіктің сипатына атымен əсері жоқ деудің де жөні келмейді. Яғни, Назарбаев ел атауынан

«станды» алып тастау жайында ойланып көруді ұсынғанда мемлекеттің əлемдегі жағымды имиджін жақсарта беруді алдымен мақсат тұтып отыр.

Ел – ўлы ўєым

Бір айдай бұрын «Бірінші бағана» деген айдар ашқанбыз. Жаңа айдардың алғашқы мақаласын Сұлтанмахмұт сөзінен шығарып, «Күн сөнгенше сөнбейміз!» деп атағанбыз. «Ел – халық сөзінің де, мемле кет сөзінің де, ұлт сөзінің де баламасы. «Адамзат тарихында өшпес із қалдырып кеткен, Еуразия құрлығындағы халықтардың тағдырына орасан əсер еткен» (Н.Назарбаев), заманында көктің жүзін тітіреткен көк түріктері ел болуды халық ретінде қалыптасудың, мемлекет ретінде мығымданудың, ұлт күйінде ұйысудың биік белесі деп білген. Осының бəрін біржолата бекіту үшін сол заманның өзінде басқа қонған бақыттың баяндылығын білдіретін философиялық категория – Мəңгілік Ел ұғымын ойлап тапқан. Соны тасқа қашап тұрып, «МИНГУ ЕЛ» деп жазып кеткен. Ежелгі түркілерден тараған барша халыққа бірдей түсінікті сөздер. Мұсылмандыққа бет бұрған ағайындар тұрмақ, тарихтың талайымен басқа діндерді ұстанатын сахалар, тувалар, марийлер де ет жүректі елжірететін Ел сөзінен екі елі ажырамай, өз елдерін Саха Эл, Эл Тыва, Марий Эл атаумен келеді. Солардың ішінде марийлер Марий Эл атауын ресми алып та үлгерді. Демек, Ел – ұлы ұғым», деп жазғанбыз. Ел болу – ұлы мұратымыз. Қазақ Елі атануға ұмтылысымыз – сол мұраттың жолындағы ұтырлы ісіміз. Нұрсұлтан Назарбаев Атырауда ел сөзін ата-бабаларымыз көктасқа қашап жазған дегенде Күлтегін жазуын еске алған болатын. Елбасының бұл қадамы – сол асыл амантты ақтау. Осы мақаланы қолға аларда «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінен» «ел» сөзіне қатысты тұсты қарағанбыз. Ол тұс 5-томның 205-220 беттерін түгел алып жатыр. Халық, жұрт, қауым десеңіз де, адамдар, көпшіл десеңіз де, өскен орта, туған жер, ауыл-аймақ, ел-жұрт десеңіз де, адамның шыққан тегі, негізі десеңіз де, Отан, мемлекет десеңіз де, дос-жар, жақтас, ұрандас десеңіз де – бəрі де Ел деген ұлы ұғымның аясына сыяды. Ұшан қиыр жұртты айтсақ, «байтақ ел» дейміз, алға ұстар адамды айтсақ, «ел ағасы», «ел анасы» дейміз, жақсыжайсаңды «ел аузын да жүр» дейміз, жолбасшылық жасайтын жігітті «ел бастады» дейміз, береке-бірлігі кеткен жерді «ел болудан қалды» дейміз, жұрт тынышын алғанды «елге бүлік салды» дейміз, бірлікті, тұтастықты сақтағанды «ел ұйытқысы болды» дейміз, əйтеуір, «ел» сөзіне қатыстының бəрі ірі келіп, кесек туралады. «Ел» сөзі тарих табыстырып, тағдыр тоғыстырған, өзімізбен етене орыстың тіліне де жақын. Финугор тілдік тобындағы марийлердің өз елін Марий Эл атауын Мəскеудің қолдауы да соның бір белгісі. Ресейдің тарих ғылымында, түркологиясында «Эль» ұғымы (Великий Тюркский Эль) Түрік қағанаты заманынан бері барлық түркілердің қоғамдық-саяси құрылымын, рухани əлемін сипаттайтын ұғымға айналған. Сол үлгімен мемлекеттің жаңа атауының орысша нұсқасын «Казах Эль» түрінде алуға болар еді деп ойлаймыз. Ағылшыншасы тиісінше «Kazakh El» болар, бəлкім.

Жылдардыѕ жиынтыќ жемісі

Атыраудағы Елбасы сөзін айтқанда осы ұсыныс сол жерде жасалғандай көретіндердің, солай сөйлейтіндердің кездесетіні таң қалдырады. Біле білсек, Қазақ Елі атауы – Нұрсұлтан Назарбаевтың жылдар бойғы перзенттік те, президенттік те ой-толғаныстарының, адамдық арман-аңсарының жиынтық жемісі. Мен Елбасы еңбектерінің белгілі ғалым, қайраткер Махмұт Қасымбековтің жетекшілігімен қазақ тілінде дайындалып жатқан көптомдығының арнаулы редакторлығына бекітілген, сол томдардағы ұзын саны бес мыңдай бетке жуық мəтінді мұқият қараған, салыстырған, аударылған тұстарын тексерген, түзеген адам ретінде бұл ұғымның сондағы сөздерде талай рет қолданылғанына кепілдік ете аламын. Оның сыртында Президент 2008 жылғы 6 шілдеде Астананың қақ ортасындағы бас алаңға егемен еліміздің ең басты ескерткішін – Тəуелсіздік монументін орнатқызып, оған «Қазақ елі» деген ат берген еді. Осы арқылы өзінің өміршең идеясына қажетті қоғамдық пікірді дайындай бастаған еді. Оған да алты жылдай уақыт кетті. Бұл ойды жүзеге асыруға, нақты шешім қабылдауға да тағы біраз уақыт кетеді. Онсыз болмайды. Бəрі ескеріледі. Бəрі екшеледі. «Плюстер» мен «минустер» сараланады. «Минустерді» де алға тартатындар табылады. Біріккен Ұлттар Ұйымынан бастап барлық əлемдік құрылымдардағы атауымызды өзгертуден тартып, ондаған заңнамаға, жүздеген құ жат тарға

өзгеріс енгізу, мыңдаған маңдайшаларды, мөрлерді, миллиондаған бланкілерді қайта жасатуға, қайта бастыруға, қайта орнатуға жұмсалатын қыруар қаржыны шотқа салатын күндер де келеді. Қанымызға, жанымызға, ойымызға, бойымызға сіңіп кеткен, көз үйренген, құлақ дағдыланған, өзіміз «Туған жерім менің, Қазақстаным!» деп шырқайтын ардақ ты атаудан бірте-бірте алыстау да психо логиялық тұрғыдан оңайға түспейді. Бірте-бірте дегенде де күн тəртібіне қойылған бұл мəселе бойынша шешім ел тарихындағы ерекше белес болатын ЭКСПО-2017 көрмесіне дейін қабылданғанын қалайды халық. Оған дейін ел сипатын ерекшелейтін, осы атаудан табиғи туындауға тиісті тағы біраз мəселелердің қаралғаны жөн деп білеміз. Соның бірі – елдің аумақтықəкімшілік бөлінісінің атауларында төлтумалылықтың керектігі. Біз бұл арада қазіргі Қазақстанда ол атаулардың біразы көрші елмен сөзбе-сөз сəйкес келетінін, мұның өзі, бұйыртса, болашақта Қазақ Елі деп аталатын мемлекеттің ұлттық даралығын көмескілендіріп тұратынын айтпақпыз. Мысалы, Ресейде де облыстар, Қазақстанда да облыстар, Ресейде де аудандар, Қазақстанда да аудандар. Əсіресе, ол атаулар орысшасында тіпті сөзбе-сөз қайталанады. Осыны шешуге əбден-ақ болатындай көрінеді. Мысалы, біздегі облыстың «аймақ» сияқты төл сөзбен аталуы ойластырылса. Ал ауданның орысшасын «район» дей салмай, қазақша нұсқадағы «аудан» түрін алуға болар еді. Сонда орысша жазғанның, сөйлегеннің өзінде «Карагандинский аймак» деудің, «Талгарский аудан» деудің түк əбестігі жоқ. Бара-бара бəріміз айтып та, жазып та үйреніп кетеміз. Өзбек ағайындар, мысалы, тəуелсіздіктің алғашқы жылында-ақ «облысты» «уəлаят» деп ауыстыра қойған болатын. Тіл туралы сөз қозғаған соң, Президенттің «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауындағы «Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мəніндегі мемлекеттік тіл мəртебесіне көтерілгенде, біз елімізді ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІ деп атайтын боламыз» деген сөзін тағы еске салайық. Қазақ тілін шын мəніндегі мемлекеттік тіл мəртебесіне көтермейінше елдің аты да, заты да Қазақ Елі бола алмақ емес. Сондықтан, Елбасымыздың осы ойын қай кезде нақты жүзеге асыра алатынымыз өзімізге, тек өзімізге, тек қана өзімізге қатысты деп ашық айтуға тиістіміз. «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» дегенді Елбасымызға қайта-қайта қайталату – ұлттық намысымызға сын. Тағы ескерер жай мынау: мемлекеттің ресми атауы өзгере қалғанда бұған дейін елімізді бір ғасыр бойы қате атап келгендей қуыстанудың тіпті де жөні жоқ. Мұның бəрі біздің тарихымыз. «Өткенге топырақ шашсаң, болашақ саған тас атады» деген атадан қалған ұлағатты сөз бар. Тарихын ұлықтамаған, барын бағаламаған жұрттың бағы жанып, жоғы түгенделмейді», дегенді Елбасымыз дəл сол «Қазақ елі» монументін ашарда айтқан еді. Жаңа ел атауына қатысты «минустер» қанша көп болғанымен, олардың бəрін безбеннің басына салғанда бір ғана «плюстің» таразына төмен тартып кететіні талассыз. Ол – біздің елдігіміздің еңселенуі, мемлекеттің даралық сипатының екшелуі, қазақ жұртының осы мемлекеттегі ұлттық ұйысудың ұйытқысы екендігін ерекшелеуі, ішкі тұрақтылықты нығайта отырып, елдің барлық азаматтарының бірлігін күшейте түсуі, сөйтіп Тəуелсіздігімізді тұғырландыра түсуі. Қазақ елі – біздің жеріміздің тарихи атауы, оны қалпына келтіру арқылы біз халқымыздың, мемлекетіміздің қайнар бастауларына қайта ораламыз дейтін зиялы қауым пікірі өте орынды. «Қазақстан» атауы жиырмасыншы ғасырдың басында, негізінен одақтық Қазақ ССРнің бейресми атауы ретінде орныққаны белгілі. Егемендіктің елең-алаңында, тəуелсіздіктің таңсəрі шағында енді ғана, жаңа-жаңа қаз баса бастаған жас мемлекеттің атын «Қазақ Республикасы» деп бекітудің сəті түспегені де белгілі. 1991 жылғы 17 желтоқсанда, Тəуелсіздік жарияланған күннің ертеңінде Алматыдағы бас алаңда сөйлеген тұңғыш сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев «Асықсақ та аптықпайық» деп еді. Біз бір асудан кейін бір асуды асықпай да, аптықпай да алып келе жатқан елміз. Ел атауының Қазақ Елі болып өзгертілуінің мүмкіндігі жөніндегі ойдың ортаға тасталуының өзі сондай асуларымыздың тағы бірі, бірегейі. Басын ашып айтайық: Президент бұл жөнінде кесіп-пішіп пікір білдірген де жоқ, бұған байланысты нақты тапсырма берген де жоқ, бəрі де елмен ақылдаса отырып шешілетінін ескертіп қана өтті. Біздің бұл мақаланы жазудағы мақсатымыз – тəуелсіздіктің тағдыры үшін аса маңызды мемлекеттік мəселе бойынша қоғамдық пікір қалыптастыруға ықпал жасауға ұмтылу ғана. Ел атауын елдің өзі шешеді. Заты өзгерген елдің аты да өзгергені жөн.


6

www.egemen.kz

14 ақпан 2014 жыл

Тасымалдау кґлемі артады

● Оралмандар – Отан деп оралғандар

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан».

«Оѕтїстікте халыќ кґп, жер аз. Ал бізде жер кґп, халыќ аз» Шыєыс Ќазаќстан облысында ќандастарєа ќанатты ќамќорлыќ жасалып отыр Жуырда шетелден қоныс аударған қандастардың тыныстіршілігімен танысу үшін Ұлан ауданына арнайы бардық. Жолбасшымыз – ішкі саясат бөлімінің жетекшісі Айтқұрман Тұрғанбаев Бозанбай, Аблакет жəне Егінсу ауылдық округтерінде арғы беттен келген ағайын молынан шоғырланғанын айтты. Өйткені, аталған ауылдар – мал басын өсіріп, егістікпен айналысуға өте қолайлы сулы, нулы тепсеңде орын тепкен екен. Шүйгін қоныс шырайды да кіргізеді емес пе! Алдымен Аблакет ауылдық округіне келдік. Округке Мамай батыр, Аблакет, Бестерек жəне Желдіөзек ауылдары қарайды. Б із көлік тұмсығын бұрған Мамай батыр ауылында Дəлелқан Əбділдəбек пен Дастан Мақсұтхан ныспылы жігіт ағалары күтіп тұр екен. Бұл азаматтар – 2011 жылы құрылған «Жебелі» ауылдық тұтыну кооперативінің жетекшілері. Дəлелқан – Қытай Халық Республикасының Жеменей ауданынан, Дастан Алтай ауданынан көшіп келген. 2005 жылы көш түзеген ағайындар Мамай ауылына тоқтапты. Əңгімеміз іркіліссіз ағытыла жөнелді. Айтуларынша, алғашқы жылдары аудан əкімдігі Мамай батыр жазығынан 108 гектар суармалы жер кесіп берген. Жер телімін ресімдеуде Жомарт Мұратов, Мейіргүл Құсайынова сынды ауылдың бұрынғы-бүгінгі əкімдерінің көмегі көп тиіпті. Өйткені, шеттің заңына қанық болса да, атажұртында қаріп тануда да қиындық көретін ағайынға тікелей қолдау қажет. Өздеріне тиесілі алқапқа картоп пен көпжылдық өсімдік егіп, екі-үш жыл бойы мотормен суарған екен. Бірақ электр қуатының шығыны өнім түсіміне сəйкес келмеген соң сайдың тасындай жігіттерді іріктеп алып, Ұранқай өзенінің тоспасынан бастап егістікке дейін арық қазуға кірісіп кетеді. Осылайша он шақырымға жуық арық табанын қолмен қазып шығады. Себебі, жер бедері техника күшін пайдалануға келмейді. Таулы өңір болғандықтан, су деңгейін шығару үшін жартасты, тастақ жерлермен арық жүргізуге тура келеді. Күрекқайлаға жүгінген қандастарымыз, əсіресе, бес шақырымға жуық арық құрылысы қиынға түскенін айтады. Бір себі тиген жайт, арықты ілкіде, бірінші дүниежүзілік соғыста тұтқынға түскен жапондықтар салған екен. Жылдар өткенде топырақ қыртысының астына көміліп, көмескіленіп кеткен. Осы арық жүлгесімен жүріп отырып, арнаны қайта қалпына келтірген оралман ағайындар үшін аздыкөпті маңдайтер өтеусіз қалмады. – 2011 жылы шаруашылығымыз кемеліне келе бастады. Аблакет ауылдық округі мен Сағыр ауылына бөлініп орналасқан 54 оралман отбасының жұмыла кірісуінің нəтижесінде, арық құрылысын аяқтадық. Сонан соң 84 гек тар жерге жоңышқа ектік. Көпжылдық өсімдік алқабын мал тұяғынан қорғау үшін тікен сыммен қоршадық. Жоңышқаны былтыр екі мəрте шауып алдық. Оның үстіне 32 гектар жерге картоп саламыз. Былтыр картоп алқабын да қоршадық. Гектарына орташа есеппен алғанда 200-250 центнерден картоп жинадық, – деді Дастан Мақсұтхан. Биыл «Жебелі» кооперативінің өкілдері шаруашылықты кеңейте түсуді жоспарлап отыр. Бұл тарапта əкімшілікке жер телімін ұлғайту жөнінде өтініш түсіргендерін жеткізді. Кооператив үшін күрделі мəсе ле – тоғанның жайы. Өткен жылы Ұранқай өзенінің бойында орналасқан шағын бөген қар қалың түскендіктен ағытылып кеткен екен. Қол күшімен лекерлеп қана жасалған тоғанды бекітуге мемлекет тарапынан көмек көрсетілсе құба-құп. Бұл Мамай батыр жазығының сол жағын да игеруге

септігін тигізеді, дейді азаматтар. Кооператив жетекшілері аталған мəселені шешуге аудан əкімі Айдос Садықов уəде бергенін айтты. Дəлелқан Əбділдəбек картоп сақтау қоймасы ретінде жер астынан ұзындығы 40 метр, тереңдігі 3 метр болатын ұраны қолмен қазып шыққандарын жеткізді. Қойма құрылысына Семей қаласында БҰҰ Даму бағдарламасы арқылы қаржы бөлінген. Кооператив жетекшілері «Жұмыс пен қамту-2020», «Агробиз нес-2020» сынды мемлекеттік ба ғ дарламалардан хабардар бол ғанымен, несие алудан бас тартқандарын жеткізді. Шаруашылық нығайып, несиені төлеу қабілетіне ие болған кезде ғана аталған бағдарламаларға жүгінбек. Қуанарлығы, биыл шаруашылық егістігіне демеуқаржы бөлінеді. Бұл орайда Мамай батыр жəне Сағыр ауылдарында жиын өткізіп, қар жұқа түскендіктен қуаңшылық болу ықтималдығын, егістік жұмыстарына əзірлікті ерте бастап жатқандарын атап өтті. – Жер өте шұрайлы, қарашірігі мол. Кооперативтің егістік техникалары, МТЗ-80 тракторы бар. Алдағы бес жылда техниканы жаңалауды жоспарлап отырмыз. Облыс пен аудан орталығы да жақын. Өнімімізді сатып пұл қыламыз. Қосымша мал өсіреміз. Бəрінің əлеуметтік жағдайымызды жақсартуға себі тиіп тұр. 54 отбасы аз жылда баспана сатып алды. Ауылымызға тағы 9 отбасы көшіп келген еді. Енді оларға да жер телімін беруді көздеп отырмыз. Бір-бірімізге қарайласып, қолдау көрсетіп отырамыз. Балаларымыз мектепте, жоғары оқу орындарында білім алып жатыр. Ауылдың байырғы тұрғындары бізге əрдайым қолдау көрсетеді. Қытайдан көшіп келген қандастар арасында шағын кəсіпкерлікпен айналысушылар да бой көрсете бастады. Мамай ауылында екі дүкен, Сағыр ауылында кірпіш цехын аштық. Көпшілік монша салуды жоспарлап отырмыз, – деді Дəлелқан Əбділдəбек. Əу баста «Жебелі» кооперативінің атауы жебедей зымырып, үкілі үміттерге жете беру ниетімен қойылған екен. Дұрыс қойылған атау екендігіне шүбəміз қалмады. Əрі қарай Тарғын ауылына жол тарттық. Күре жолдың бойында, таудың аңғарында отырған ауылда «Алтын ТӨС» кооперативінің жетекшісі Солтанхан Қасымханмен кездестік. Ол 2006 жылы Шыңжан өлкесінің Алтай қаласы Алағақ ауылынан көшіп келген. Майқапшағай кеденінен өткен соң Зайсан ауданында бір айдай қонақтап, Ұлан ауданына түпкілікті қоныстанған екен. – Елімізге келгенде алғашқыда абдырап, не істерімізді білмедік. Ел мен жердің сырын білмейміз. Қытайда төте жазумен жаз ғандықтан, кириллица қарпін үйрене алмай қиналдық. Алайда квота мен азаматтық алуға, тіркеуге тұруға құжат толтырып жүріп дағдылана бастадық. Біз, Қазақстанға Отанымыз, қайда жүрсек те байырғы ата-бабаларымыздың қонысы деп келдік. Қазақ елінде, көк тудың астында жүрсек деген арманымыз болды. Əйтпесе, Қытай Халық Республикасында қиындық, жəбіржапа көргеніміз жоқ. Ол жақ – туыпөскен жеріміз. Десе де, ұлттық болмысымыз, рухани тамырымыздың келешегі Қазақстанда екенін

сезіндік. Сондықтан үйренген жерді, кəсібімізді артқа қалдырып, ұрпағымызды атамекенімізде өсіру үшін жеттік. Қазір көштен озбасақ та, ел қатарлы күн кешіп жатырмыз. Екі балам Тарғын ауылындағы Кеңес Одағының Батыры Ізғұтты Айтықов атындағы орта мектепте кілең бестікке оқыды. Бірі Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дің математика, физика жəне технологиялар факультетін тəмамдап, мектепте математика пəні мұғалімі болып еңбек етуде. Екінші ұлым Қ.Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің металлургия факультетінің 3-курс студенті. Қоғамдық жұмысқа да белсене қатысып, «Ұя» атты университет тобының мүшесі болып жүр, – деп өз жайынан мағлұмат берді Солтанхан Қасымхан. Тарғын ауылында Қытай мемлекетінен көшіп келген 37 отбасы бар. Барлығы да бір жыл ішінде өз қаржыларына баспана сатып алыпты. Солтанханның айтуынша, «Алтын ТӨС» кооперативін алғаш өзі құрғанымен, жетекшілігін өзге адам атқарып, жұмысы жүрмеген көрінеді. Кооператив мүшелерінің шешімімен тізгінді өткен жылы қолға алыпты. – Егіндаладан 18 гектар суармалы алқап бөлінді. Тарғын өзені арқылы суарамыз. Сараптама жүргізіп, картоп дақылы жақсы өсетінін анықтадық. Салқын өңір болғандықтан, бидай мен жүгері мұнда пісіп үлгермейді. Картоп өсірумен шұғылданғанымызға үш жыл болды. Өзенде Кеңес өкіметі кезінде тоған салынған екен. Бірақ пайдаланылмай бітеліп қалған. Үш шақырымға созылған осы тоғанды тазалап, су шығарып алдық, – дейді кооператив жетекшісі. Солтанхан кооператив құрамына ауылдың байырғы тұрғындарын да шақырып отыр. Барлық жұмыстар жарғыға сəйкес жүргізіледі. Диқандар егістікте қытай технологиясын қолданады. Биылғы жылы мемлекеттен субсидия алуды көздеп отыр. Қазіргі кезде «Алтын ТӨС» кооперативі үшін негізгі мəселе – ауыспалы егістік алқабына қажет ті жер телімінің жоқтығы жə не өнімді өткізу қиындығы. Оралман ағайындар өнімді сатуда келісімшарттар жасау үшін тіл мəселесі туындайтынын, облыс, аудан орталығында өткізілетін ауыл шаруашылығы жəрмеңкелеріне жеткізуге көліктерінің жоқтығы да кедергі келтіретінін жеткізеді. Аудан əкімінің орынбасары Іслəмғазы Нұғымановтың айтуынша, 1991 – 2013 жылдар аралығында ауданға 795 отбасы көшіп кел ген. Барлығы – 4298 адам. Де ні Қытай мен Моңғолиядан кел ген қандастарымыз. 2 пайыз – Өзбекстаннан келген отбасылардың еншісіне тиесілі. Оларға 19 500 гектар жер берілген.

30 пайызы суармалы алқапқа жатады. «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы бойынша 28 оралманға 63,3 млн. теңге көлемінде несие бөлінді. Аталған қаржыны құс өсіру, құрылыс материалдарын шығару жəне мал басын өсіру бағытында алған. Соңғы жылдары Ұлан ауданында бос жерлерді игеруге атсалысқандар қатарында Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш, Жетісай, Мақтаарал, Шардара аудандары мен Кентау, Шымкент қа лаларынан келген отбасылар да бар. Мəселен, Өскемен ауылдық округіне көшіп келген Мақтаарал ауданы, Үтіртөбе ауылының тумасы Əзімхан Битөреев Донское ауылынан жер алып, ша руа қожалығын ашты. 2012 жылы шаруа қожалығын əрі қарай дамыту үшін картоп жəне көкөніс өсіруге «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша 3 млн. тенге несие, 2013 жылы 17 гектар егіс алқабына өсімдік шаруашылығының шығымдылығын арттыруға арналған субсидиядан 750 мың теңге қаржы алды. Қазіргі уақытта шаруашылығын дамыту мақсатында бизнес-жоба əзірлеп отыр. Егінсу ауылдық округіне келген Сарыағаш ауданы, Береке ауылының тұрғыны Арапбай Орынбаев көкөніс өсірумен айналысуда. Былтыр 29 гектар алқапқа сəбіз, қызылша, қырыққабат, шалқан жəне картоп егіп, мол өнім алды. Жұмыссыз ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз етті. Енді Қытай кəсіпкерлерімен бірлесіп, жылыжай салмақ. Оған ау дан тарапынан жер телімі бөлі неді. Жылыжай жанынан жұмысшыларға арналған үй салуды да жоспарлап отыр. – Өңір басшысының тапсырмасымен Оңтүстік Қазақстан облысына қатарынан екі жыл барып, ондағы халықты шығыс өңірінде еңбек етуге шақырдық. Оңтүстікте халық көп, жер аз. Ал бізде жер көп, халық аз. Насихатымыз нəтижесіз емес. Былтыр оңтүстіктен 8 адам келді. Сəуір айында 10 отбасы көшіп келмек. Қазір жалға берілетін үйлер мен жер телімін дайындап, құжаттар əзірлеп жатырмыз. Олар алғашқыда салт келіп еңбек етіп көреді. Егер шығыс өңірі ұнаса, егіні бітік шықса, түпкілікті қоныстанады. Сондықтан біз жұмыс орны, ауылдағы үйлердің бағасы, бос жер телімдерінің көлемі туралы айтып тұрамыз. Келіп жатса, қарсы аламыз. Егер көрсеткен жер телімдерін ұнатса, құжаттарын дайындауға, жерді жыртуына, тұқым алуына, техника табуына көмектесеміз. Өз қаржыларымен келеді. Мемлекеттік бағдарламалар арқылы қаржы алады. Шын мəнінде олар жер қадірін біледі. Таңның атысынан күннің батысына дейін тыным таппай егіс алқабында жүреді, – деді аудан əкімінің орынбасары І.Нұғыманов.

Тїйін: Ахмет Байтұрсынұлының мынадай сөзі бар: «Біз бай, білімді əрі күшті болуымыз керек. Бай болу үшін кəсіп керек. Білімді болу үшін оқу керек. Күшті болу үшін бірлік керек». Шеттен келген қандастарымыздан осы үш қасиет те көрінеді. Өйткені, басым бөлігі миллиардтар елінен, бəсекелестік бар өлкеден келді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та бəсекеге қабілеттілік – ұлт сапасының көрсеткіші екенін үнемі еске салып отырады. Сондықтан қандастарымыздан көп нəрсе үйренуге болады. Оның бірі – ерен еңбек үлгісі, кəсіп ашу болса, екіншісі – жерді тиімді пайдалану, үшіншісі – ауызбіршілік. Соңғы жылдары Алматы қаласының маңындағы Талғар, Ұзынағаш ауылдарына, еліміздің оңтүстік облыстарына тығыз қоныстану байқалады. Алайда барлығына жер жете ме, кəсіп жете ме? Қордалы мəселе. Басқа аймақтар да Қазақстанның бір пұшпағы. Əсіресе, солтүстік жəне шығыс өңірлерге қандастарымызды қоныстандырудың стратегиялық маңызы зор. Шығыс Қазақстан – осы тəжірибені іс жүзіне нəтижелі асырған алғашқы өңірлердің бірі. Тыңда түрен тартуға ертеден отырықшылыққа үйренген оңтүстікқазақстандықтардың үлес қосуы да ел мен жер дəулетін еселей түсері анық. Думан АНАШ. Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы.

Кеден органдарының ел эконо микасын өркендетуге қосар үлесі қомақты екендігі айтпаса да түсінікті. Əсіресе, кеден органдарындағы өткізу пункттерінің кедендік ресімдеу қызметтерінің сапалылығы мен жеделдігі айрықша маңыз атқарады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы жылғы халыққа арнаған Жолдауында: «Ең алдымен біздің жүктерімізді тасымалдау үшін Кеден одағы аумағын барынша пайдалану туралы сөз болып отыр», – деп атап өтті. Осыған орай, елімізде кедендік қызметті пайдалану бойынша келелі істерді іске асыру басталып та кетті. Мəселен, Қазақстан-Қытай шекарасындағы «Бақты» (Қазақстан Республикасы, Шы ғыс Қазақстан облысы) жəне «Покиту» (Қытай Халық Республикасы) өткізу пункттері іске қосылған сəттен бастап (2013 жылы 23 желтоқсаннан) 7 млн. 238 мың

АҚШ доллары сомасындағы жалпы салмағы 6,9 мың тонна көкөніс жəне жеміс-жидек өтті. Жобаның мақсаты – Қытай Халық Республикасынан Қазақстанға келетін жеміс-жидек өнімдерінің жылдам өтуін жəне кедендік ресімдеуді қамтамасыз ету. Кеден органдары өткізу пункттерінде кедендік ресімдеу уақытын қысқарту бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауда, бұл шекарада кезектің болмауына жəне сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға қолайлы жағдай жасауға ықпал етеді. Қазіргі уақытта «Бақты» өткізу пунктінде кедендік операцияны жүргізудің орташа уақыты 51,6 минутты құрайды. Бұл – Қаржы министрлігінің 20112015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына сəйкес өткізу пункттерінде 2014 жылда кедендік операцияларды жүргізу кестеге сай болады деген сөз. ҚХР-дан «Бақты» өткізу пункті арқылы өткізілетін өнімдердің негізгі көлемін мандарин (27%),

томат (18%), алма (13,7%), қияр (12,5%) жəне бұрыш (4,6%) құрайды. Аталған жоба 2012 жылғы қыркүйекте екі ел – премьерминистрлерінің уағдаластығымен іске қосылды. Жобаны егжейтегжейлі іске асыру жайын 2013 жылғы желтоқсанның басында Пекин қаласына Қазақстан делегациясы ресми сапарының шеңберінде екі ел кеден қызметінің басшылары талқылап, ортақ келісімге келді. Жеміс-жидек өнімдерін жыл дам өткізуді енгізу өткізу пунк т терінде олардың үлкен көлемде өткізілуін ескере отырып жүргізілді, алайда, кеден қызметінде жеміс-жи дек өнімдерін бақылаусыз өткізуге жол берілмейді. Бұған қолданыстағы заңнамада қарастырылған кедендік ресімдеу жəне бақылау рəсімдері қолданылады.

● Туған тілдің толғағы

Ана тілініѕ уызына жарымаєандар

Елбасы айтќан Мəѕгілік тілдіѕ мəйегін білу ісінде əлі де сынаќќа сылтау іздеп əлек Сіздер біздің саясатымыз туралы – 2025 жылға қарай қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін білуге тиіс екенін білесіздер. Бұл үшін қазір барлық жағдай жасалған. Қазақ тілі 2025 жылға қарай өмірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналады. Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ. «Қазақстан-2050» Стратегиясынан Сүлеймен МƏМЕТ,

«Егемен Қазақстан».

Қазақ тілі мемлекеттік мəртебеге ие болғалы 25 жылға таяп қалды. Содан бері тіл туралы жиын да көп, сөз де көп. Елбасының жоғарыдағы тапсырмасын мүлтіксіз орындап шығуға 11 жыл уақыт қалыпты. 25 жыл өте шыққанда, 11 жыл да зу ете түсері хақ. Егер үш мүшелге толғанға дейін тіліміз заңда белгіленген биігінен көріне алмаса, оған кінəні өзгеден емес, қазақтың өзінен, намыссыздығынан, рухсыздығынан, бүгінгі бітер істі ертеңге қалдыра беретін еренсіздігінен көруі тиіс. Мəңгілік тілді баянды етуге арналған дөңгелек үстелге Білім жəне ғылым министрлігі ұйытқы болды. Алқалы басқосуға көрнекті жазушылар, белгілі ғалымдар, саясаттанушылар, əдіскер мұғалімдер қатысты. Беташар сөзді Білім жəне ғылым министрі Аслан Сəрінжіпов алып, биылғы жылдың 4 ақпан күні Премьер-Министр С.Ахметовтің төрағалығымен Мемлекеттік тіл саясатын одан əрі жетілдіру жөніндегі комиссияның отырысы өткенін, онда білім беру саласында да олқылықтардың барын сын тезіне салғанын жеткізіп, ендігі жерде «Қазақ тілі бүгінде ғылым мен білімнің, интернеттің тіліне айналды. Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз Мəңгілік Елімізбен бірге Мəңгілік тіл болады» деген Елбасы сөзіне жүгінді. Ал вице-министр Есенғазы Иманғалиев ұлттық білім беру жүйесінде мемлекеттік тілге қатысты атқарылып жатқан жұмыстарға нақты дəлел-дəйектер келтірді. Мысалы, 8764 мектепке дейінгі ұйымның 64,4 пайызын қазақ тіліндегі мекемелер құрайды екен. Қазақ тілінде оқытатын мектептер желісі тəуелсіздіктен кейінгі жылдары 1051-ге артыпты. Сол секілді орыс мектептеріндегі қазақ тілін жүргізетін мұғалімдер 15 013 болса, олардың 104-і орыс тілі пəнінің, 48-і басқа пəндердің, 75-і жеделдете оқытылатын курстың өкілдері, 9-ы тек мектептік біліммен мемлекеттік тілді оқытып жүр екен. Орыс тілді мектептердегі қазақ тілінің ҰБТ-дағы көрсеткіші 17,81 баллды құрайтын көрінеді. Дөңгелек үстелде Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі заманауи өзгерістері туралы Білім беру бағдарламалары орталығының аға менеджері Жаңабай Əбуов қазақ тілін меңгеру деңгейлері туралы атқарылып жатқан жұмыстарды тарата айтып, жеке пəндер бойынша нақтылай түссек, төмендегі пəндер: дүниетану, география, құқық негіздері, Қазақстан тарихы, қазіргі замандағы Қазақстан – қазақ тілінде, информатика, дүниежүзі тарихы – орыс тілінде, жаратылыстану-математика бағытындағы, жаһандық перспективалар, экономика – ағылшын тілінде оқытылатынын

жеткізді. Дегенмен, оның мына бір байламы көңілге қонатын секілді. Үш тілдегі пəндер бойынша білім алып жатқан оқушылар тілді сол аяда ғана ұғынатынын, алдағы уақытта негізгі мəселе мемлекеттік тілде жатқанын ескеруді талқыға ұсынды. Күн тəртібіндегі мəселе бойынша жарыссөзді көрнекті қаламгер, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Қойшығара Салғараұлы алып: «Тіл мəселесі күрделі əрі нəзік. Бұл бізге ата-бабаларымыздан қалған құндылық. Оны қожыратпай сақтау – бабалар аманаты. Аманатты орындау ісінде Үкімет, басқа демей əр ұлт перзенті үлес қосуға міндетті. Осы арада мен мынаны айтқым келеді. Дəстүрді жете білу керек. Дəстүр деген не? Ол – қазақы таза болмысымыз, ата-бабамыз ғасырлар бойы жинап, бір ізге түсіріп, бізге қалдырған Ата Заңымыздай құндылық. Сол дəстүрді берік сақтаған заманда қазақ жеріне түрме, есігіне құлып салмаған. Дəстүрін сақтаған ел тегін де сақтайды, теріс баспайды. Біз көп жағдайда сол дəстүрден көз жазып қалғандықтан тілін дау-шарға салатын «дертке» ұрынып отырмыз. Əсіресе, ана тілінің уызына жарымағандар сергіп, серпілмесе тіл өспейді. Сөз түзелмейді. Қазақтың тілі Г.Колбин тұсында мемлекеттік мəртебеге ие болды. Содан бері заң да қабылданды, қоғам да өзгерді, ақша да бөлініп жатыр. Бірақ тіл туралы əңгіме тыйылар емес. Себебі, біз отбасын оңалта алмай отырмыз. Ана тілі отбасылық тілге айналмай тұр. Осыдан келіп ұрпақ ата-баба өмірін, ата салтын, тарихын толық біле алмайтын жағдайға жеттік. Тілдің оңалмай тұрған тұсын осыдан іздесек екен», деп оқулықтағы олқылықтарды, əсіресе, түрік жұрты жайлы деректердің алақұлалығына 5-сыныпқа арналған тарих оқулығынан мысалдар келтіре отырып, өкінішін білдірді. Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры Фаузия Оразбаева мемлекеттік тілді Мəңгілік тіл дəрежесіне жеткізу үшін атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттерді тарата келіп, «Не істейміз?» дегенге, оқыту стандартын, содан туындайтын бағдарламаны, оқулық, оқу əдістемелік кешенді, оның электронды нұсқасын, əдіс-тəсілін жетілдіру екенін айтып: «Бұл ұлттық инновацияға келіп тіреледі. Ендеше, ұлттық инновациялық институт ашу қажет. Сонымен қатар, тілді үйретудің механизмдері бар, конференциялар өткізіледі, кітаптар шығарылады, бір қарағанда жұмыс істеп жатқандай көрінеді. Əйтсе де, əркім өзінше дамытпақ ниетте, ортақ жүйе, үлестіретін тетік жоқ» деп сөз аяғын түйді. Саясаттанушы Расул Жұмалы: «Қазақ тілін білу, бұл – мəртебе ғана емес, мемлекетті сыйлау болып табылады. Тіл мемлекеттің бүгіні,

ертеңі, болашағы екенін жете ұғынуымыз керек. Өз Отанында жүріп өз тілінде сөйлемеген азаматты бүтін адам дей аламыз ба? Үш тілде оқытып жатырмыз. Соның ішінде қазақ тілінің орны ерекше болуы тиіс. Өзге тілдер еш қамқорлыққа зəру емес, зəрулік тек қазақ тілінде бар» деді. Алматы облыстық Ш.Смағұлов атындағы мектептің ұстазы Бақытнұр Əділов: «Арбалап алтын жию, дорбалап дүние жию бір басқа, адамшылықтың ақ бесігінде тербетіліп, ананың ақуызына қанып, азамат болу, тілді ұғып, дінін сыйлау бір басқа» дей келіп, тілді оқытуды мектептен қолға алу керектігін атап айтты. «Біз кейде стандартты, бағдарламаны, оқулықты оңалта алмай жатып, оқушыларды кінəлайтынымыз бар. Мен бұған мүлде қарсымын. Егер керек-жарақ жетіп, мұғалім мықты болса, бəрі де шешіледі» деді. Профессор Серік Негимов Алаш дəстүрін, олардың оқулық жазу үлгісін таратса, «Нұр Отан» п а р ти яс ы Қ оғ амд ық сая сат институтының директоры Саясат Нұрбек тіл мəселесі ұлттың жанды жері екенін айтып, өзі білім жетілдірген Италияда мемлекеттік тіл туралы мұндай сөздің өмірі қозғалмайтынын, біздегі басты олқылық қолданыста болып отырғанын, содан келіп мəселе туындап жататынын тілге тиек етті. Ол Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2025 жылы ел халқының мемлекеттік тілді толық білу жөніндегі тапсырмасын орындау үшін бүгінгідей ұзын арқан, кең тұсауға салына бермеу керектігін атады. «Аңыз адам», «Жұлдыздар отбасы» журналының бас редакторы Жарылқап Қалыбай өзге тілге қажеттілік болып жатса, əркім ақша төлесе де, үйреніп алатынына, Оңтүстік Кореяда мұғалім мен дəрігердің беделі ерекше екеніне тоқталды. Тіпті профессор мұғалімдер мен дəрігерлердің беделі биік тұратынын дəйекке келтірді. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, əнші Сəкен Майғазиев, Халықаралық білім беру орталығының бас директоры Ғани Бейсенбаев, «Тіл туралы айтылған мəселелердің көп жағдайда орындалмай жататыны қалай?» деген сұрақты төтесінен қойса, қазақ тілін судай сіміретін «Қазавтожол» ұлттық компаниясы» АҚ баспасөз хатшысы Максим Рожин: «Мен ғылым докторы да, магистр да емеспін. Ауылдан шыққан қарапайым жұрттың өкілімін. Тілдің беделін көтермесек, қажеттілігін арттырмасақ ешкім оңай үйрене қоймайды. Екінші, қазақ тілі мұғалімдерінің абыройын асыру керек. Үшінші, əр адамның санасында қазақ тіліне деген құрмет, жанашырлық тұруы тиіс», деп қысқа қайырды. Жалпы, тіл мəселесі көтерілген бұл дөңгелек үстелдің бір ерекшелігі ылғи да төрден түспейтін белгілі бір топты емес, алуан түрлі мамандық иелерін шақырып, ой бөлісу екендігінде еді. Бір өкініштісі, келелі істі кең ауқымда көтеретін отырысқа уақыт аз бөлініп, еліміздің əр өңірінен келген азаматтардың қилы пікірлерін талқыға сала алмай, «əттеген-ай» деп аттанғандары болды.


ҮКІМЕТ

ҮКІМЕТ

Жўмыс жїйелі жїруде Əбдірахман ҚЫДЫРБЕК,

«Егемен Қазақстан».

Жуырда Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде кеңей тіл ген алқа отырысы өткен-ді. Он да агент тік төрағасы Мұрат Ос панов Мемлекет басшысы «Қазақстан-2050» Стратегиясында жə не Қа зақстан халқына Жол да уын да қойған ел дамуының жаңа міндеттері экономиканың тиімді инфрақұрылымын құру, тұтынушылар құқықтарын қорғау жəне тарифтік саясат тетігін жетіл діру үшін жағ дайлар жасауды талап ететіндігін айтқанды. Сонымен агенттік атқарған жəне атқаруға тиіс іргелі жұмыстар қандай? Бүгінгі күні агенттік инфрақұрылымдық реттеуші ретінде 1186 табиғи монополия субъектісі қызметіне реттеліп көрсетілетін қызметті тарифтік жəне техникалық реттеуді жүзеге асыруда. Табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтерін қарау жұмысының 2013 жылғы нəтижелеріне келсек, барлығы 1073 өтінім қаралса, олардың 336-сы қабылданбаған. 29 тариф төмендетіліп, 41-і бұрынғы деңгейде қалған. 478-і көтеріліп бекітілген. Доминант субъектілер тарифтер көтеруге 129 хабарлама берсе, оның 55-і бойынша бағаларды көтеруге тыйым салынып, оның ішінде 22 тариф төмендетілген. Тарифтер заңнама талаптарына сəйкес бекітіледі. 2012 жылы монополистер сұраған кірістер 55 млрд. теңгеге төмендетілсе, 2013 жылы «олардың сұранысы» 175 млрд.-тан астам теңгеге қысқартылған. Агенттікке берілген тапсырмалар мен жүктелген міндеттерді сапалы орындау үшін тарифтік саясат жетілдірілуде. Шағын жəне орта бизнес үшін кедергілер төмендетілген. Бірқатар шағын монополистер тарифтерді өзгертудің хабарлама беру нұсқасына көшіріліп, нормативтік базаны оңтайландыру жүргізілген. Озық елдердің тəжірибесі бойынша кезең-кезеңмен ынталандырып реттеу енгізілуде. Электр энергиясы саласында өткен жылдан бастап өңірлік электр желілік компаниялар үшін бенчмаркинг əдісімен тарифтер белгіленген. Негізгі қағидат монополист тарифі деңгейінің жəне оның жұмысы тиімділігінің арасында тікелей байланыстың болуына негізделеді. Заңнаманы жетілдіру бөлігінде тариф белгілеудің ашықтығын, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру жəне қаражаттың мақсатты

пайдалануын бақылауды күшейту жөнінде заң жобасын əзірлеген. Атап айтқанда, жария тыңдауларды жəне монополистердің жыл сайынғы есептерін өткізу, доминанттардың электрмен жабдықтау жөніндегі хабарламалары бойынша жария тыңдаулар өткізу тəсілдерін өзгерту көзделіп отыр. Сондай-ақ, заң жобасында монополистердің өтінімді электронды форматта ұсыну мүмкіндігі, ал болашақта осы талапты қою мүмкіндігі көзделген. Сумен жабдықтау саласында проблемаларды шешу бойынша жұмыс жүргізілуде, кең ауқымды жаңғырту мен реконструкциялау үшін суға тариф белгілеудің жаңа тетіктерін енгізудің 20132015 жылдарға арналған кешенді жос пары қабылданып, іске асырылуда. Бүгінгі таңда Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Атырау жəне Жамбыл облыстарында кең ауқымды жаңғырту жұмысы басталған. 2013 жылы инвестициялардың жалпы сомасы 12 млрд. теңгені құраса, 2014 жылы шамамен 32 млрд. теңге деп жоспарлануда. Сонымен қатар, қарыз қаражатын, тұрғын үй-коммуналдық шаруа шылығын жаңғырту бағдарламасының ресурстарын пайдалану арқылы жылу желілерін жаңғырту бойынша кешенді жоспар əзірленуде. Аталған жоспар мақұлданып, іске асырылған жағдайда 2020 жылға дейін тозудың 15 пайызға, ал ысыраптар деңгейінің 4 пайызға төмендеуі жоспарланған. 2013 жылдың қорытындысы бойынша инвестициялар сомасы шамамен 230 млрд. теңгені құраса, бұл өткен кезеңнен 10 пайызға артық. Бүгінгі күні 92 табиғи монополия субъектісі шекті тарифтермен жұмыс істейді, бұл тұтынушылар үшін тарифтердің тұрақтылығы мен болжамдылығын, қызметтер сапасын көтеруді қамтамасыз етеді. Агенттік қызметіндегі басты бағыттардың бірі тұтынушылардың мүдделерін қорғау болып табылады. Сонымен бірге алға қойған міндеттерді тиімді жүзеге асыру үшін монополистерді ба қылау күшейтілген. Былтыр тұтынушылардың құқықтарын бұзуға жол бермеу мақсатында 1198 нұсқама енгізілсе, əкімшілік айыппұл мен нұсқамалар бойынша жалпы сома 3,3 млрд. теңгені құраған. Тарифтік сметада көзделген қаражатты пайдалануды бақылау мақсатында тұтынушыларға келтірілген залалдарды өтеу үшін жыл басынан бері 185 субъектіге уақытша өтемдік

Кґлікті баќылау кїн тəртібінде Таяуда Астанада Көлікті бақылау күні өтті. Оны «KAZLOGISTICS» көлік одағы мен Көлік жəне коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитеті ұйымдастырды. Шара барысында бизнес құрылымға, автомобиль саласындағы қауымдастықтар мен мекемелерге арналған дөңгелек үстел отырысы өткізілді. Сондай-ақ, «Ахуал орталығының» тұсаукесер рəсімі болды. Оған Көлік жəне коммуникациялар вице-министрі А. Бектұров, «ҚТЖ» ҰК» АҚ, ҰКП, ҚазАТО қауым дастығы, автокөлік саласы мен басқа да мекемелердің өкілдері қатысты. Онда Көліктік бақылау комитетінің 2014 жылға жасалған жоспарлары мен саланың өзекті мəселелері талқыланды. Отырыста логистикалық ахуалды жақсарту тұрғысындағы физикалық кедергілерді болдырмаудың бірлескен жобасы жəне көліктік бақылаудың стационарлық бекеттеріне мониторингтік бақылау орнату жайы қаралды. Мұнымен бірге, автоматтандырылған арнайы өлшем құралының жүйесі, автомобиль көлігімен жолаушылар жəне жүк тасымалдауды мониторингтік бақылау мен кіші бақылау желісі, көліктік мониторингтік бақылаудың GPS жылжымалы бекеті, «Техникалық бақылау» бірың ғай ақпараттық жүйесі, жол техникасы жұмысына мониторинг жасаудың, А-1

7

www.egemen.kz

14 ақпан 2014 жыл

трассасындағы «Астана – Көкшетау» ақпараттық ауа райын бақылаудың, сондай-ақ, Кеден одағы сыртқы шекаралық жүйесін бұзғандығы туралы автокөлік құралдары иелерін құлақтандыру желісінің жұмысы сарапталды. Халықаралық жолдарда автокөлікпен жүк немесе жолаушы тасымалдауда шетелдердің рұқсат ету ережесін сақтау керек. Осы мақсатта Көліктік бақылау комитеті көліктік бақылау орнатудың тиімді тұстарын ұсынды. Мəселен, автоматтандырылған арнайы өлшем құралы, сондайақ, көліктік бақылаудың стационарлық бекеттерін кезең-кезеңімен азайту, халықаралық автокөлік тасымалындағы рұқсат ету жүйесінің ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, бақылауды күшейту, еліміздің шекаралық қызметі мен кеден органдарының шетелдік автокөліктерінің жүрісін қадағалаудағы ақпарат алмасуы сарапшы мамандардың талқысына түсті. Қазақстанда трансқұрлықтық бағыттарда мультимодальдық тасымалдаудың көлемі артып келеді. Осыған байланысты өзара іскерлік ықпалдастықты дамыту көзде ліп отыр. Нəтижесінде Көліктік бақылау комитеті мен «KAZLOGISTICS» көлік одағы арасында меморандумға қол қойылады. Қайсар ЖҮСІП.

тариф енгізген. Тұтынушыларға қайтарылған жалпы сома 2,8 млрд. теңге болған. Жылу энергиясын тұтынушылардың мүдделерін қорғауды қамта масыз ету мақсатында сыртқы ауа температурасының өзгеруі нəтижесінде жылу энергиясына төлемақыны қайта есептеу тұрақты негізде жүргізіледі. 2012-2013 жылдары жылыту кезеңі үшін халыққа қайтарылған қаражат 498 млн. теңгеден асқан. Электр энергиясы нарығында делдалдар толығымен алынып тасталса, энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға электр энергиясы туралы заңнаманы бұзғаны үшін 2,2 млрд. теңге айыппұл салынған. Бұл бағытта жұмыс жалғасын тауып, қоғамдық мониторинг жүйесі қолданылмақ. Энергия тиімділігін арттыру мен реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуда нақты нəтижелерге қол жеткізілген. Бұл жағдайда энергияны үнемдеу мен энергия тиімділігі бойынша шараларды қабылдау тұтынушылар үшін тарифтердің өсуін тежеуге мүмкіндік бермек. Жалпы алғанда, 2012 жылы бұл шаралар тұтынушылардың 11,6 млрд. теңгеден аса қаражатын үнемдеуге мүмкіндік берген. Жөндеу жұмыстары мен жабдықтарды жаңарту, ұйымдастыру шаралары нəтижесінде жылу энергиясы өндірісінде отын шығыстары едəуір төмендеді. Соңғы 10 жылда статистика мə ліметтері бойынша оның деңгейі 2 еседен астам азайған. Сондай-ақ, электр, жылу жəне сумен жабдықтау желілерінде нормативтік ысыраптар деңгейлерінің жыл сайынғы төмендеуі байқалады. 2006 жылдан бастап олардың деңгейлері іс жүзінде шамамен жартылай төмендеген. Ыстық жəне суық суды есептеу аспаптарын орнату бойынша судың жеке есептеу аспаптарымен жабдықталуы шамамен 85, ыстық су 88,3 пайызды құраған. Биылғы жылы ведомство алдында тұтынушылардың мүдделерін қамтамасыз ету, тариф белгілеудің ашықтығы, шағын жəне орта бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау сынды міндеттер тұр. Сонымен қатар, тарифтік процесте жұртшылықтың рөлін жəне табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларды орындауына бақылауды күшейту, «жасыл экономикаға» көшуге ықпал ету, ысыраптар деңгейі мен желілердің тозуын төмендетуді қамтамасыз ету де агенттіктің басты жұмыстары қатарынан орын алмақ.

Елбасы биылғы Жолдауында инновацияға айрықша назар аударды. Бұйыртса, енді ұтқыр жəне мультимедиялық, нано жəне ғарыштық технологиялар, робот техникалары мен гендік инженерия, болашақтың энергиясын іздеу жəне ашу сияқты экономиканың жаңа салалары қалыптасады.

Инновация жемісі Осы орайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «Ин форм-сервис» мекемесін құру туралы шешімнің дұрыс болғанын уақыттың өзі көрсетіп отыр. Оны дəйекпен бекітсек, нақты уақыт тəртібінде қызметтер ұсынудың iService ақпараттық жүйесі əзірленген. Жылдам жүйе жүк жөнелтуші клиенттер ғаламтор арқылы онлайн жағдайда өз елімізде, сондай-ақ, ТМД жəне Балтық жағалауы елдерінің аумағындағы өз вагондары жөнінде толық мəлімет алып тұра алады. Тіпті қалай орналасуы, қанша жол жүріп өткені, жарамсыздықтары, тұрып қалу себебі сияқты кілтипандардың байыбына қанығуға мүмкіндік береді. Мұнымен бірге, «Қазтеміртранс» АҚ вагон паркін басқарудың автоматтандырылған жүйесінің бағдарламалық кешені үшін шұғыл тəртіпте қоғам вагондарының орналасуы туралы ақпарат алудың бағдарламалық құралы түзілген. Ол жергілікті теміржол əкімшілігінде вагондарды бақылап, жолдағы қалыптан тыс оқиғаларға жедел үн қатуды, пойыз қозғалысын дұрыс болжап, тасымал үдерісіне қатысушылармен есеп айырысу ауыртпалықтарын жеңілдетеді. Ал, «Кедентранссервис» компаниясына вагон паркін жедел басқаруға қажетті ақпараттық қызметтердің барлығын жедел беруге қатысты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Тиісті құжаттарға қол қойылған. «Əскерилендірілген теміржол күзеті» АҚ пен Тасымалдау үдерісі дирекциясының ортақ тірлігіне қатысты күзетілетін жүкті есепке алудың бағдарламалық құралы жасалған. «Егемен-ақпарат».

Үйсіздік – күйсіздіктің басы. Тапқан ақшаңа пəтер жалдап, қожайынның қасқабағына жалтаңдау тозақтың тозағы. «Кісідегінің кілті аспанда» дегендей, шыжынаған шілде мен азынаған ақпанда далада қалып, тағдырыңның тас-талқан болуы да оның бір ауыз сөзімен шешіледі. Яғни адам адамға кіріптар...

«халықтың əл-ауқатының артуы – мемлекет дамуының негізі» деп санап, халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсартуды бірте-бірте шешуді жолға қойған мемлекеттік мүдденің шапағаты. Талай отбасының үйлі болуына «Қолжетімді тұрғын үй-2020» мемлекеттік бағдарламасы себепкер болғандығын ешкім жоққа шығара алмас. Бағдарламада

Аќтауда тўрєын їй ќўрылысы ќарќынды

біраз серпілтіп тастауды ойлаған жергілікті басшылық іске мықтап кіріскендей. Құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатқандығының дəлелі сол, Ақтаудың көлемі жылдамықпен ұлғайып келеді. Тіпті, тұтастай шағын аудандар қатарға қосылып жатыр деуге болады. Жерді түгендеп, игілікті іске жұмсау барысында мемлекетке қайтарылған жер телімдері тұрғын үйлер салу үшін пайдаланылуда. Маңғыстау облысында 2013 жылы 532 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, биылғы жыл да екпінмен басталды. Өткен аптада облыс орталығындағы жаңа шағын ауданнан «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы бойынша жас отбасыларға арналған 100 пəтерлі тұрғын үйдің кілттері өз иелеріне табысталды. Үй маңынан балаларға арналған шағын орталық өз тұсауын кесетін болады. Облыс басшысы А.Айдарбаев, Ақтау қаласының əкімі Е.Жаңбыршин бастаған салтанатты сəтте алдағы уақытта салынатын үйлер туралы да айтылды. Жуық арада бұл үйлермен көршілес тағы да 40 пəтерлі 5 тұрғын үй пайдалануға беріледі деген жаңалық көпшілікті жадыратты. Осы

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Үйсіздіктен талай адамның, талай отбасының зардап шеккені белгілі, əлі басын сұғар тұрақты пана таба алмай, қиналып жүргендер қаншама?! Құрылыстар тоқтаптоқыраған жылдардың зардабы осылай болған еді, қазір түйткілдің түйіні тарқатыла бастағаны анық. Басқа өңірлерді айтпағанда, бір ғана Ақтау қаласының өзінде орны белгіленгені бар, шарбақпен қоршалғаны бар, қазығы қағылғаны бар, іргетасы қаланғаны бар, қабырғасы көтерілгені бар, шатыры жабылғаны бар қаулаған құрылыс... Мектеп, балабақша, дүкен-

орайда 40 пəтерлі тұрғын үйдің іргетасы қаланып, онымен қатар тағы да 60 пəтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүрмек. Сондайақ, 120 пəтерлі 5 үйдің, 100 пəтерлі 3 үйдің жобалық-сметалық құжаттары жасақталу үстінде екен. Жалпы, жақын болашақта 32а деп аталатын жаңа шағын ауданның өзінде 3000-нан астам пəтер салу жоспарланған. Баспанамен қамтуға бөлінген көңіл мен баспана салудағы қарқын Ақтау қаласында үй үшін кезекте тұрған 5 мыңнан астам отбасының арманын орындауды алысқа апармай, таяу жылдары шешіп беруі мүмкін деген жақсы болжамды алға тартады. дүңгіршек, түрлі қызмет көрсету орындарынан бөлек көңіл қуантатыны – тұрғын үйлердің көптеп салынуы. Бұл, əрине,

межеленген міндеттер мен жүктелген тапсырмаларды жүзеге асыру арқылы Ақтау қаласында қордаланған тұрғын үй мəселесін

Маңғыстау облысы. –––––––––––––––––––––– Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ.

Бизнес пен билік арасындаєы байланыс Кəсіпкерлер палатасыныѕ арќасында жаѕа деѕгейге кґтерілмек Райхангүл САТАБАЕВА,

облыстық кəсіпкерлер палатасының директоры.

Елбасы Жолдауында шағын жəне орта кəсіпкерлікті дамытудың жаңа идеологиясын жасау керектігі айтылды. Бұл ел кəсіпкерлерінің кəсібін қолдауға жол ашылды деген сөз. Қазір осы бағытта түрлі бағдарламалар қолға алынып, жаңа құрылымдар да пайда болуда. Еліміздегі Ұлттық кəсіпкерлер палатасының құрылуы да осы мүддені көздеп отырғаны сөзсіз. Яғни бизнес өкілдеріне қажетті жан-жақты көмек көрсетіледі. Аталған ұйым бизнес пен Үкімет, атқарушы билік жəне мемлекеттік органдар арасындағы дəнекер, байланыстырушы болмақ. Дегенмен, іскерлік қоғам, жалпы, жұртшылық ұйымның нақты мақсат-міндеттерімен, атқаратын қызметімен толық танысып үлгерді деу қиын. Мəселенің мəнісі де сонда, жалпы, Ұлттық кəсіпкерлер палатасын құру нендей қажеттіліктерден туды десек, біріншіден, еліміздің экономикалық əл-ауқаты шағын жəне орта бизнестің дамуына тікелей байланысты екені белгілі. Кəсіпкерлік саласы неғұрлым қарқынды дамыса, халықтың тұрмысы да соғұрлым жақсара түсетіні заңдылық. Мысалы, Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында 2050 жылға дейін еліміздің ішкі жалпы өніміндегі шағын жəне орта бизнестің үлесін 50 пайызға жеткізуді тапсырды. Бұл мақсатты жүзеге асыр үшін бизнеске жанжақты қолдау қажет. Бұл осы күнге дейін мемлекет тарапынан еш көмек болмады деген

сөз емес, əрине. Дегенмен, кей жағдайларда кəсіпкерлердің өтініш-тілектері тиісті деңгейде «жоғары жақтарға» жете бермейтіні рас. Елбасы өткен жылдың 4 шілдесінде еліміздің «Ұлттық кəсіпкерлер палатасы туралы» Заңына қол қойды. Сөйтіп, бизнес өкілдерінің мүддесін қорғауға бағытталған Ұлттық кəсіпкерлер палатасы құрылды. Өздеріңізге белгілі, бүгінде шағын жəне орта бизнестің дамуына қолбайлау болып отырған мəселелер бар. Мысалы, əкімшілік кедергілер, несие беру талаптарының тым қатаңдығы, заңнамадағы олқы тұстар жəне тағы басқалар. Енді түйткілді мəселелерді кəсіпкерлерді қолдау үшін ше шу Ұлттық кəсіпкерлер пала тасының негізгі мақсаты болып табылады. Жалпы, барлық кəсіпкерлерді бір жерге біріктіру тəжірибесі шетелдің дамыған елдерінде бар. Германия, Франция, Түркия, Венгрия, Италия, Испания жəне басқа да мемлекеттерде қолға алынып, оң нəтижесін беруде. Бізде де алдағы уақытта бұл бастама жүзеге асады деп сенеміз. Əрі Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу уақытында маңызы зор. Бұған дейін кəсіпкерлік құрылымдарының құқықтары мен мүдделерін тиісті деңгейде қорғай алмай келгенін мойындауымыз қажет. Палатаға мүшелік жоғарыда аталған заңға сəйкес бизнес құрылымдары үшін міндетті. Соның арқасында кəсіпкерлер өз мəселелерін ашық айтып жəне оның тиісті органдардың «құлағына» жететініне сенімді болмақ. Құқығы қорғалады.

Енді бизнес өкілдері билік деңгейінде мүдделерін толық қорғай алады. Біздің облыстық кəсіпкерлер палатасы өткен жылдың 18 қазанынан жұмысын бастады. Əрине, жұмыс бастамас бұрын өңірдің бизнес əлеуетінің қаншалықты деңгейде екенін білу қажет. Кəсіпкерлерге қаншалықты жағдай жасалған? Оларды не толғандырады? Сондықтан облыс қалалар мен аудандарын аралап, кəсіпкерлермен жолықтық. Көкейлерінде жүрген мəселелерін біліп қайттық. Жергілікті жерлерде де несие ресімдеу, жер учаскелерін алу, жаңа кəсіп ашу, мамандардың техникалық жəне кəсіби біліктіліктерін арттыру сияқты мəселелер бар. Кəсіпкерлердің өз заңды құқықтарын білетіндері де, білмейтіндері де кездесті. Өңірдегі бизнес-ахуалды оңалту бойынша қазір негізгі жұмыс бағыттарын белгіледік. Өңір кəсіпкерлерінің кейбір мəселелерін Үкімет деңгейінде айтуға да қол жетті. ПремьерМинистрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев облысымызға сапары барысында Кəсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесі өкілдерімен жүздесті. Жүздесуде кəсіпкерлердің «бас ауруына» айналған POS-терминалдарды міндетті орнату мерзімдеріне қатысты мəселе де сөз болды. Содан кейін Астанада да жиын өтіп, POS-терминалдарды орнату мерзімі ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін шегерілді. Сондай-ақ, жиын барысында салықтық, кедендік реттеу, еңбек заңнамасы, жерді пайдалану құқығын ресімдеу, мемлекеттік сатып алуларға

қатысу, энергоаудит мəселелері қозғалды. Ал, Кəсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесі – бірегей ұйым. Оның құрамына тек кəсіпкерлер ғана кіреді. Өңірлік кеңес мүшелері бізге шешімін күткен мəселелерді, бизнесті қолдаудың ұтымды жолдарын анықтауға көмектеседі. Аталған ұйымның құзыреті де жоғары. Өз отырыстарына түрлі мемлекеттік орган басшыларын шақырып, белгілі бір мəселелер бойынша түсініктерін талап ете алады. Бұл заңда айқын көрсетілген. Соның арқасында еліміздің шағын жəне орта бизнес саласында игі өзгерістер орын алады деген сенім басым. Бізге шағын жəне орта бизнес өндірісін дамыту үшін тапсырма берілді. Бүгінде ең бастысы əкімшілік кедергілерді жойып, кəсіпкерлер құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету. Осы мақсатта облысымыздың əрбір қала, ауданында Кəсіпкерлер палатасының өкілдіктері құрылуда. Аудан орталықтары ғана емес, шалғай ауылдардағы іс кер азаматтар да назардан тыс қалмайды. Жақын уақытта облыс кəсіпкерлерінің форумын, «Қазақстан-Сібір-2014» халықаралық көрмесін өткізуді жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, «бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс істейтін «Кəсіпкерлер үйі» ашылмақ. Бұл түрлі рұқсат қағаздарын алу мерзімін қысқартып, кедергілерді жоюға мүмкіндік береді. Онымен қоса, ісін жаңа бастап келе жатқан кəсіпкерлер үшін «Бизнес – періш телер клубы» жобасы қолға алынды. Жақында ғана кəсіпкерлердің құқығын қорғау бойынша облыс тық прокуратурамен өзара əріп тестік меморандумына қол қойдық. Ұйым жанынан «Кəсіпкерлер құқығын қорғау бойынша кеңес» құрылуда. Алда ма ңызды жұмыстар, бастамалар тұр. Мақсат – шағын жəне орта бизнестің дамуына мықты экономикалық негіз қалыптастыру. Павлодар облысы.

1


8 Қызылорда қаласы – аймақ экономикасының барлық салаларындағы көшбасшысы десек, ақи қаттан алыс кетпейтін шығармыз. Бүгінде əлеуметтік жəне ин фрақұрылымдық жобаларды іске қосу, қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру арқылы қала қарқынды дамып келеді. Былтырдың өзінде қаладағы өнеркəсіп орындары 1 триллион 271 миллиард теңгенің өнімін өндірген. Мұның үлкен көрсеткіш екені, айтпаса да түсінікті. Сонымен қатар, облыста өндірілетін өнімнің 94,2 пайызы, салынған

www.egemen.kz

Шаһар басшысы Қызылордада кəсіпкерлер үшін қолайлы жағдай жасалып жатқанын айтады. Өткен жылы қалада кəсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылып, кəсіпкерлер палатасының өкілдігі құрылыпты. Қаладағы жалпы кəсіпкерлердің саны 26104 адамға жеткен. Шағын жəне орта кəсіпкерлікті дамытуда «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы зор ықпал жасап отыр. Бағдарлама аясында жалпы сомасы 4 миллиард теңгені құрайтын 65 инвестициялық жоба қаржыландырылған. Ал аталған

Ќала ќадамы ќарышты Ержан БАЙТІЛЕС,

«Егемен Қазақстан».

құрылыс нысандарының үштен бірі Қызылорда қаласының үлесінде екен. Ал негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 180 миллиард теңгеге жеткен. Салыстырмалы түрде алар болсақ, өңірге салынған инвестицияның 48,3 пайызы қалаға тиесілі екен. Республикада Қызылордадан басқа бірде-бір облыс орталығына ауылдық округтер қарамайды. Сондықтан Сыр елінің бас қаласы ауылшаруашылық саласында да əжептəуір пайда келтіріп отыр. Сондай-ақ қала халқының азықтүлік қажеттіліктерін де осы ауылдар өтейді. Өткен жылы Қызылорда қаласындағы ауылшаруашылық өнімдерінің жалпы көлемі 3 миллиард 188 миллион теңгені құраған. Атап айтар болсақ, 6717 гектар жерге егіс егіліп, тауар өндірушілерге арзандатылған жанар-жағармай, тыңайтқыш жəне су жеткізу қызметтеріне 92 миллион теңге субсидия бөлінген. Мал шаруашылығына қатысты, төрт түліктің тұрақты өсімі байқалады. «Сыбаға» бағдарламасы аясында 197 миллион теңгеге 1152 бас ірі қара жəне асыл тұқымды мал алынған. Ал 13 шаруа қожалығына 43 миллион теңге субсидия берілген. – Қала шеңберінде жұмыссыздықты жою күн тəртібінде тұрған мəселелердің бірі. Бұл ретте «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының атқарар рөлі ерекше. Берекелі істің бастауына айналған байыпты бағдарлама аясында былтыр 1336 тұрғын тұрақты жұмысқа орналасты. Ақжарма, Қызылжарма, Қосшыңырау ауылдық округтері мен қала орталығында ұзындығы 4,1 шақырым болатын 4 көше жөндеуден өтті. 99 қызылордалық шағын несие алып, өз кəсібін ашты. 340 тұрғын қайта даярлау, 488 қызылордалық кəсіптік даярлау курстарынан өтті. 591 азамат əлеуметтік жұмыс орындарымен, 506 жас маман «Жастар тəжірибесімен» қамтылды, – дейді Қызылорда қаласының əкімі Нұрлыбек Нəлібаев.

Жўмыссыздар саны 27 пайызєа азайды Семейде «Əлеуметтік жұмыс орны» кіші бағдарламасы жақсы жұмыс істеп тұр. Қаланы дамыту бағдарламасы аясында өткен жылы 2739 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар жұмыспен қамту бөлімі жұмыссыздарды кəсіптік оқытуды ұйымдастыруда. Осы кəсіптік оқытуға еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша 353 адам арнайы жіберіліпті. Сол сияқты «Жастар тəжірибесі» бағдарламасы бойынша диплом алып шыққан жас мамандар тəжірибе жинақтауға мүмкіндік алды. Осы бағдарлама шеңберінде 235 түлекке қаланың жəне ауылдық округтердің 95 кəсіпорындарына жолдама берілді», дейді қалалық жұмыспен қамту жəне əлеуметтік бағдарламалар бөлімі еңбек нарығы секторының меңгерушісі Рима Құсаева. Ал ақылы қоғамдық жұмыстар қала жəне ауылдық жерлерде жүзеге асырылған. Дəл осындай жүйелі жұмыстар123 кəсіпорын мен ұйымдарда ұйымдастырылды. Раушан НҰҒМАНБЕКОВА. СЕМЕЙ.

жоба аясында 1213 қызылордалық тұрақты жұмысқа орналасқан. – Қалада салынған тұрғын үйлер көлемінің өсуі халықтың əл-ауқатының артқандығын анық байқатса керек. 2013 жылы жалпы ауданы 140 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілді. Соның ішінде мемлекеттік бағдарламалар аясында 25 тұрғын үй бой көтеріп, 13-і халық игілігіне ұсынылды. Жыл ішінде 436 қызылордалық қоныс тойын тойлады. Апаттық жағдайдағы үйлердің мəселесі де кезең-кезеңімен шешілуде. Көптен көтеріліп жүрген мəселенің бірі – Титов қыстағындағы апатты жағдайдағы үйлер болатын. Аймақ басшысы Қырымбек Елеуұлының тікелей қолдауымен өткен жылы облыстың төтенше жағдайлар резервінен 208 миллион теңге бөлініп, 24 пəтерлі тұрғын үй салынды. Сонымен қатар, өткен жылы қаланың инженерлік-инфрақұрылымын дамытуда нəтижелі жұмыстар атқарылды. Қаладағы өзекті мəселелердің бірі – халық жаңадан қоныстанған шет аймақтардың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға республикалық бюджеттен 1 миллиард 315 миллион теңге бөлініп 79,1 шақырым ауыз су құбыры тартылып, 18,7 шақырым электр желілерінің құрылысы салынып, көпқабатты тұрғын үйлердің сыртқы инженерлік жүйелеріне абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Қала тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету басты назарымызда. Мысалы, былтыр «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында 3 миллиард теңгеден астам қаржы бөлініп, 13 шақырым ауыз су жəне 4,6 шақырым кəріз су жүйелері қайта жаңғыртылды. Сонымен қатар 25 су бұрғылау ұңғымалары бұрғыланды, 506 су есептегіш құралдары орнатылды. Тасбөгет, Белкөл кенттері мен Қызылөзек ауылдық округінде 40 шақырымға жуық ауыз су жүйесінің құрылысы жүргізіліп, 901 отбасы су есептегіш құралдарымен қамтылды. Коммуналдық сала бойынша қыруар жұмыс атқарылды. Облыс

14 ақпан 2014 жыл

ҮКІМЕТ əкімінің қолдауымен тұрғын үйкоммуналдық шаруашылық саласына бөлінген қаржы 2012 жылмен салыстырғанда 2,5 есеге артты. Соның ішінде республикалық жəне жергілікті бюджеттерден бөлінген 5 милиард 412 миллион теңгеге жалпы ұзындығы 94,4 шақырымды құрайтын 78 көшеге қайта жаңғырту, күрделі жəне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал 82 көшеде ағымдағы жөндеу жасалды. Əуежайдан қалаға дейінгі жолдар күрделі жөндеуден өткізіліп, жарықтандырылды. Орталық Жібек жолы көшесі 6 жолақты болып кеңейтіліп, жаңғыртылды, дейді Нұрлыбек Машбекұлы. Қызылордалықтар үшін өзекті мəселелердің бірі – қоғамдық көліктің шаруасы еді. Қала көшелерінде жүрген шағын автобустар халыққа аса ыңғайлы болмай тұр. Бұл тарапта да жақсы бастама көтерілді. «Байқоңыр» əлеуметтік кəсіпкерлік корпорациясы жанынан «Қызылорда ав тобус паркі» құрылып, оның материалдық-техникалық базасы нығайтылды. Облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға жаңа жəне кең 20 автобустар алынды. Осы айдан бастап халыққа қызмет көрсететін бұл автобустардың ерекшелігі – экологиялық таза, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін де қолжетімді екенін айтқан абзал. Сондай-ақ биыл автопарк тағы 100 автобуспен толығады. Қызылорда қаласындағы қысқы жылу маусымы да қалыпты өтуде. «Қысқа дайындық жұмыстары барысында республикалық жəне облыстық бюджеттен бөлінген 291 миллион 300 мың теңгеге ұзындығы 3,6 шақырым магистральды жылу трассалары мен желілері жөнделді. Бірінші кезекте шешуді қажет ететін өзекті мəселелердің бірі болып келген жылу орталықтарындағы тозығы жеткен 2 бу қазандығы жаңартылып, желілік су жылытқыштары қайта жаңғыртылды. Қызылорда қаласы республика бойынша ыстық сумен қамтылмаған жалғыз облыс орталығы. Осы проблеманы шешу мақсатында өткен жылы облыстық бюджеттен 45 миллион 600 мың теңге бөлініп, техникалықэкономикалық негіздеме жасалды», дейді шаһар басшысы. Қысқасы, Қызылордада барлық сала бойынша алға ілгерілеушілік байқалады. Бұл ең алдымен ел экономикасының тұрақты өсуінің арқасы екендігі анық. Содан соң облыс жəне қала басшылығының тынымсыз жұмысының нəтижесі. ҚЫЗЫЛОРДА.

20 мыѕ шаршы метр баспана Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».

Бұл туралы Көкшетау қаласының əкімі Жарқын Жұмағұлов журналистермен өткен брифингте мəлімдеді. Соңғы жылдары шын мəніндегі құрылыс алаңына айналған Көк шетаудың келбеті, осымен біргелікте тұрғындардың көңіл күйі де шырайланып қалғандай. Мəселен, 2013 жылы 15 көпқабатты үй салынса, жас отбасыларға 5 мың шаршыметрлік жайлы пəтерлер бөлінді. Оның үстіне, жалдап тұру əдісімен 3 мың шаршы метрге жуық жаңа пəтер пайдалануға берілді. «Қолжетімді тұрғын үй2020» бағдарламасы аясында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі

серпінді қимыл танытқанын айта кету керек. Жаңа бастама иелері 12 мың шаршыметрлік заманалық тұрғын үйлерді қатарға қосып, көкшеліктер ризашылығына бөленді. Сондай-ақ, Көкшетауда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын қайта жаңғырту ісі жандана түсуде. Олай деуімізге жыл ішінде 19 көпқабатты үйдің сəн-салтанаты ашыла түскені негіз болады. Бұл мақсатқа облыс қазынасынан 400 миллион теңге қаржы жұмсалып, толық игерілген. Қала тұрғындары арасында мемлекеттік бағдарлама ұстанымдарын кеңінен түсіндіру, ақпараттық жұмыстардың ауқымын кеңейту жұртшылық арасында қозғалыс тудырып отыр. КӨКШЕТАУ.

ҮКІМЕТ

Киіктер кґбейіп келеді Балғабай БЕКМАҒАМБЕТОВ,

«Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерваты табиғи кешендер мен нысандарды қорғау бөлімінің бастығы.

Қазақ даласы кеңдігімен қатар, оны жайлайтын аң-құсымен, жайқалған орманымен, тау-тасымен сұлу əрі бай. Дүниежүзінде киіктердің 5 популяциясы бар, соның үстірттік, оралдық жəне бетпақдалалық үш түрі Қазақстанның далаларын мекендейді. Бұл дүниежүзіндегі киіктердің 90 пайыздан астамы болып саналады. Бетпақдала популяциясы Арал теңізінен Балқаш көліне дейін, Бетпақдаланың ұланғайыр шетіндегі Теңіз өзенінен оңтүстік батысқа созылған шөл далада, Торғай мен Ұлы Жыланшық өзендерінің жəне Өлкиік пен Қабырға өзендерінің айналасын мекендейді. Торғай даласына киіктер күн жылына сəуір айында келіп, мамыр айының бірінші жəне екінші онкүндігі арасында лақтайды. Кейбір зерттеушілер кеңес дəуірінде киіктердің көбеюіне оны қорғаудың оң əсері тиді дейді. Бұл сөздің жаны бар. Бірақ оны аяусыз қырған сəттер де аз болған жоқ. Киіктердің біздің ғасырдағы азаюының ең құлдырау тұсы 2003 жылға сəйкес келеді. Себебі, өткен ғасырдың 70-80-жылдары даламыздағы ақбөкендердің саны 2 миллионға дейін жетсе, 2003 жылғы көктемдегі санақта 21200 бас ғана киіктің қалғаны белгілі болды. Осыдан кейін Орман жəне аңшылық шаруашылығы комитетінің көтерген дабылымен Қазақстан Үкіметі киіктерді қорғау үшін қомақты қаржы бөліп, «ОхотзоопромӨБ» кəсіпорыны құрылып, ол заманауи техникалармен, тікұшақпен, жарақтандырылды. Дер кезінде қолға алынған қорғау шарасының арқасында 2004 жылы киіктердің саны 30700-ге жетсе, 2005 жылы 39600 болды. Ал былтырғы көктем айларындағы санақта Қазақстан бойынша 187000 киік саналды, ал Бетпақдала аумағындағы киіктердің саны 155 мыңнан асып отыр. 1997 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2030» Стратегиясы жарияланды. Онда 2030 жылға дейін Қазақстан Республикасы ауасы таза, суы мөлдір жасыл мемлекет болуы тиіс екендігі айтылған. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру жұмыстары осы мақсатта қолға алынды. 2007 жылы Қостанай облысында биология ғылымдарының докторы, профессор Т.М.Брагина мен биология ғылымдарының кандидаты Е.А.Брагиннің бастамасымен құрылып, ғалымдар мен мамандардан жасақталған экспедиция жұмысының нəтижесінде болашақ «Алтын Дала» табиғи резерваты аумағының шекарасы анықталды. Сол аумақтағы тіршілік көзі, жан-жануарлар мен өсімдіктер дүниесі зерттеліп, болашақ жұмыс жобасы əзірленді. Осы экспедицияға Қостанай облыстық орман жəне аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының бас маманы ретінде мен де қатыстым. Зерттеу барысында Ұлы Жыланшық өзенінің екі жақ беті, бір шеті Рахмет ауылынан басталып Талғый, Əліби, Аққұм, Айырқұм сияқты бұрынғы елді мекендерінің аумақтары, Тосын құмы мен бұрынғы Сарықопа қаумалының аумағы зерттелінді. 2008 жылы Ақтөбе облысының Ырғыз ауданы аумағында «Ырғыз-Торғай», ал 2012 жылғы қараша айының 26 жұлдызында шыққан Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қостанай облысы Аманкелді мен Жанкелдин аудандары аумақтарының шекарасында орналасқан «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерваты республикалық мемлекеттік мекемелері құрылды. «Алтын Дала» резерватының аумағы үш жер телімінен құралған. Сарықопа жер телімінің аумағы 52115, Тосынқұмының аумағы 95981,

Ұлы Жыланшық жер телімінің аумағы 341670 гектарды құрайды. Осы бекітілген аумақтағы жердің 133987 гектары Амангелді ауданында, ал 355779 гектары Жанкелдин ауданында орналасқан. Резерват аумағындағы жұмыстар Қазақстан Республикасының 2006 жылғы шілде айының 7 жұлдызындағы «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» заңының талаптарына сəйкес жүргізіледі. Мемлекеттік табиғи резерватта

Иманбаев, Халибаев есімді азаматтар ұсталды. Олар мінген ақ түсті «Тойота Ленд Крузер» маркалы автокөлігін тексеру барысында онатар аңшы мылтығы, 480 картечь оғы, атып алған киіктің 4 текесі, 3 лағы, 1 ешкісі тəркіленді. Мемлекетке келтірілген шығын 2423400 теңгені құрады. Даладағы ұшқан құс, жүгірген аң, өсіп тұрған өсімдіктер мемлекеттің байлығы болып саналады. Əрбір заңсыз атып алған

табиғи кешендердің биологиялық сан алуандылығы сақталады жəне олармен байланысты табиғи жəне тарихи-мəдени нысандар да күзетіледі. Жердегі жəне судағы экологиялық жүйелерді қамтитын, табиғат қорғау жəне ғылыми мекеме мəртебесі бар, ерекше қорғалатын табиғи аумаққа жататын резерваттың міндеттеріне биологиялық жəне ландшафтық алуандылықты, табиғи экологиялық жүйелерді сақтау жəне қалпына келтіру, мемлекеттік табиғи резерваттың күзет режімін қамтамасыз ету, табиғи ресурстарды пайдаланудың экологиялықэкономикалық ұстанымы негізінде аумақтың тұрақты əлеуметтік-экономикалық дамуын қолдау, аумақты қорғау жəне тұрақты дамыту, сондай-ақ экологиялық ағартушылық мақсатында зерттеулер мен мониторинг жүргізу, ғылыми, рекреациялық, туристік жəне шектеулі шаруашылық мақсаттарда пайдалануды реттеу жатады. Міне, резерват аумағындағы жұмыстар осы жоғарыда көрсетілген талаптарға сəйкес жүргізіледі. Бекітілген үш учаскеде 87 мемлекеттік инспекторлар күзет қызметін атқаруда. Көктемде келіп төлдеп, құралайын өргізген киіктерді жаздай қоримыз, олар салқын түсе оңтүстікке қарай жылжиды. Табиғатта барлығы да ретімен жүреді. Мысалы, киіктер де мыңдаған жылдардан бері суықтың түсетінін, жылы жаққа жайылу керектігін түйсігімен сезінеді. Арқа суый бастағанда жылы жаққа барып жайылады. Өкінішке қарай, даланы еркін жайлаған киіктерді жылы жаққа барғанда алдынан мылтық кезеп күтіп алатын табиғат жаулары бар. Біздің резерваттан 4 экипажға жасақталған 12 мемлекеттік инспектор киіктердің соңынан жылы жаққа еріп барып, бүгінде дала еркесін күзетіп жүр. Осы вахталық күзет жұмысының арқасында өткен жылғы қараша айының 3 жұлдызында 8 киікті атып алған Қызылорда қаласының тұрғындары

киіктің текесінен мемлекетке келетін шығын 200 айлық есептік көрсеткіш болса, ал ешкі мен лақты заңсыз атып алғандар олардың əрқайсысы үшін мемлекетке 150 айлық есептік көрсеткіш көлемінде зиян шектіреді. Əлгі браконьерлерді ұстауда мемлекеттік инспекторлар Ғалымбек Төлебаев, Шəріп Əлімжанұлы жəне Мұқаш Құндызбаевтардың қосқан үлесі зор. Біздер тек киіктерді ғана емес, бекітіліп берілген аумақтағы жан-жануарлар мен өсімдіктерді де қорғаймыз. Былтыр мемлекеттік инспекторлардың күшімен 5 қадағалап өткізу бекеттерінде киіктерді күзету үшін уақытша тұратын баспана салынды. Құрылғанына бір жыл толған «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерваты – еліміздің игілігі. Киігі өріп жүрген мұндай шетсіз-шексіз дала қазақтың маңдайына жазылғанына қуанасың. Сонымен қатар резерваттың ашылуы облыс орталығынан шалғайда жатқан Амангелді, Жанкелдин аудандарына да оң ықпалын тигізді. Ауылдағы жұмыссыз бос жүрген жастарымызға жұмыс орны табылды. Мемлекет сеніп тапсырған мүліктер мен ел байлығы саналатын киіктің күзетіне жауапкершілікпен, жанашырлықпен қарап, сенімді ақтап шығуымыз керек. Мамонттармен дəуірлес өмір сүріп, бүгінге жоғалмай қаз-қалпында жеткен дала еркесінің тағдыры адамдарға да байланысты, өз қолымызда екенін түсінсек екен. Түз тағысы қасқыр ақбөкеннің санына соншалықты нұқсан келтіре алмайды. Табиғат өзін ретке келтіріп отырады. Киік санының азаюына оның мүйізін сыртқа сатпақ болып, жазықсыз жануарға тағылықпен қарайтын құныққан браконьерлер қауіпті. Басты байлығымыз – жерімізбен бірге, оның табиғаты да келер ұрпаққа қалдырар асыл мұрамыз екенін түсінейік, ағайын! Қостанай облысы.

Энергия кґздерін жаѕєыртуєа білім ордасы да кірісті Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан».

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің ғалымдары мен магис транттары жақында жұртшылыққа жел генераторынан, фотоэлектрлі күн батереясынан жəне күн коллекторынан тұратын баламалы қуат көздері кешенін көрсетті. Қостанай өңіріндегі жоғары оқу орындарының арасында бұл кешен бірегейлігімен ерекшеленіп отыр. Өйткені, желден, күн

сəулесінен электр энергиясын өндіретін бұл кешен студенттер мен магистранттарға сабақ үшін құрылған макет емес, ол қазірдің өзінде электр энергиясын өндіріп тұр. Қазір қалдықтардан шаршаған, Жер-Ананың қойнындағы бар құтты тауысуға айналған əлем «жасыл экономикаға» бет бұра бастады. Оның негізі энергияны баламалы қуат көздерінен өндіру болып табылады. Қостанай мемлекеттік университетінің ғалымдарымен, оқытушылары осы бағытта жұмыс істеуге белсеніп

отыр. Ғылыми зертханада баламалы қуат көздері үшін қажетті жабдықтар алынған. Жел, күн қондырғыларынан өндірілген электр энергиясымен университеттің № 3 корпусын қамтамасыз етеді. Оқу корпусының шатырына орналастырылған күн коллекторына жалғанған екі құбыр ғимараттың ішіне жіберіліп, ол корпустағы буфетке жеткізілген. Осы құбырдың арқасында ондағы су жылып тұр. Асханадағы ыдыс жууға пайдаланатын су тегін жылытылуда. Ал оқу корпусының

артына орнатылған жел генераторы өндірген 5 кВт электр энергиясы білім ордасы ғимаратының алдындағы гүлзарды түнде жарықпен қамтамасыз етеді. TEMPUS халықаралық жобасы шеңберінде жасалған бұл кешен Электр энергетикасы жəне физика кафедрасының оқытушылары мен магистранттарының зерттеу еңбегі. Кафедра меңгерушісі Игорь Кошкиннің айтуынша, 13 магистрант жаңғыртылған қуат көздерін пайдалану арқылы даму жəне экологиялық инжиниринг тақырыбын одан əрі зерттеуде. Олардың үздіктері өз жобаларын Астанада өтетін болашақтың энергиясына арналған ЭКСПО-2017 əлемдік көрмесіне қоюды да армандайды. ҚОСТАНАЙ.

Орталыќ мемлекеттік органдардыѕ интернет-сайттары:

2

Қазақстан Республикасының Үкіметі Ішкі істер министрлігі Қорғаныс министрлігі Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Білім және ғылым министрлігі Сыртқы істер министрлігі Денсаулық сақтау министрлігі Көлік және коммуникация министрлігі

www.government.kz www.mvd.kz www.mod.kz www.eco.gov.kz www.edu.gov.kz www.mfa.kz www.mz.gov.kz www.mtk.gov.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қаржы министрлігі Әділет министрлігі Төтенше жағдайлар министрлігі Мәдениет және ақпарат министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігі Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі

www.enbek.gov.kz www.minfin.kz www.minjust.kz www.emer.kz www.mk.gov.kz www.minagri.kz www.minplan.kz

Мұнай және газ министрлігі Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Статистика агенттігі Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі

www.memr.gov.kz

wwww.mit.kz www.stat.kz www.sport.gov.kz


 Тарих толқынында Биылғы ақпан айында Ауғанстаннан Кеңес əскерлерінің шығарылғанына 25 жыл толады. 1979 жылдың 25 желтоқсанында Кеңес өкіметі басқарушыларының қарымсыз, дарынсыз саясаткерлігінің кесірінен Ауғанстанға əскер енгізіліп, ол 10 жыл бойы ешкімге пайдасыз соғыс жүргізді. Осы уақыт аралығында Ауғанстан территориясында 600 мыңнан артық кеңестік əскерилер болды. Оның 15 мыңнан артығы қаза болды, 54 мыңға жуығы жараланды, 417-сі хабарсыз кетті. Соның ішінде соғысқа қатысқан 22 мыңнан астам қазақстандықтың 1 мыңға жуығы қаза болып, 2 мыңнан астамы мүгедек болып қалды. Ал 21 қазақстандық із-түзсіз кетті. Бұл айтуға ғана оңай сандар. 18-ге жаңа толып, өмірді енді ғана бастаған боздақтың мəйітін жерлеудің қаншалықты қиын екендігін бастан кешіргендер біледі. Ұзақ, 10 жыл бойы жасы балиғатқа толып, əскерге алынуға тиісті балалардың бəрінің де ата-аналары «Ауғанстанға жібермесе екен» деп қыл үстінде жүргендей күй кешетін... Мұның да жүйкеге қаншалық салмақ түсіргенін бастан кешкендер біледі. Сайып келгенде бұл соғыс Ауғанстанға барғандар мен онда қаза болғандар үшін ғана емес, сол жылдарда 300 млн-ға жуық халқы болған барлық КСРО халқы үшін үлкен трагедия болғанын ұмытпайық.

Сонымен, ХХ ғасырдың 19-жылынан бергі 60 жылда ғана алты өкімет күшпен ауысқан, барынша болжалсыз, үнемі төңкеріс пен азаматтық соғыстан көз ашпаған, экономикалық дамуы мейлінше артта қалған бұл елден КСРО не аламын деді екен? Оның үстіне халқының 100 пайызы исламды берік ұстанған болса, дінді мүлде теріске шығаратын атеистер бұл елде не істемек? Демек, басып кірудің басқа себептері болған... Олар қандай себептер еді?

Кеѕестік кезекті кеѕкелестік Ауєан соєысыныѕ айтылмаєан аќиќаты Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

Сол жылдары КСРО Ауғанстан өкіметін қолдау үшін бюджеттен жыл сайын 800 млн. (10 жылда 8 млрд.) доллар бөлінген. Ал 40-армияны ұстау үшін жыл сайын 3 млрд. доллар бөлініп тұрған. 1989 жылы сол кездегі КСРО Министрлер кеңесінің төрағасы Н.Рыжков бір топ экономистерге ауған соғысының барлық шығындарын есептеуді тапсырады. Алайда, шығынның жан түршіктірерлік орасан зор көлемде екенін көрген өкімет басшылары халықтың толқуынан қорқып, оны жарияламау керек деп шешкен. Кеңес экономикасын тығырыққа тіреп, дағдарысқа ұшыратқан факторлардың бірі осы – Ауған соғысы екені əбден дəлелденген. Ең қиыны бұл соғыс ешқандай нəтижесіз аяқталды. Кеңес жағы қолдаған Кабул өкіметіне қарсылар азаюдың орнына күн санап өсе түсті. Мəселен, кеңес əскерінің барынша күш алған 1986 жылдың өзінде моджахедтер Ауғанстан аумағының 70 пайызына бақылау жасап тұрған... Кеңес Одағының ықпалындағы Наджибулланың өкіметі де 3 жылға ғана шыдай алды.

Аумалы-төкпелі Ауғанстан

Ауғанстан аумағын ежелден мұсылман халықтары қоныстанып келген. Мұндағы тілдері, түрлері, ішінара ділдері де бөлек халықтардың бəрін діндері біріктіріп тұратын еді. 1979 жылы ондағы 20 млн-ға жуық халықтың 40 пайызға жуығы пуштун, қалғанын тəжік, өзбек, хазар, түркімен, аймақ жəне т.б. 20 шақты халық құрады. Ішінде қазақ, қарақалпақ, қырғыз да бар. Əрқайсысы өзінің қалың шоғырланған аймақтарында қоныстанған. Ауғанстан аумағынан ежелден неше түрлі соғыстар өтті. Соның соңғы уақытта болғандарын ғана ауызға алар болсақ, ХVІІІ ғасырдың басында Ауғанстанды Иранның түркі нəсілдес шахы Нəдір басып алды. 1747 жылы Ахмадшах Дуррани көтеріліс ашып, Нəдірді құлатып, алғаш рет, Кандагарда қазіргі Ауғанстан аумағын түгел қамтыған империя құрды. Тарихта «Дуррани державасы» деп аталған бұл мемлекетті оның ұрпақтары тұтас ұстай алмай, 1818 жылы Пешавар, Кабул, Кандагар жəне Герат князьдіктеріне бөліп жіберді. Бұл кезде Үндістанды түгел басып алған ағылшындар Ауғанстан аумағына да жиі көз алартып тұрған. ХХ ғасырдың басына дейін ол Ауғанстан аумағын басып алмақ болып екі рет соғысты. Алайда, халықтың қайсар қарсылығының арқасында кəрі арыстанның азуы жас мемлекетке толық бата алмай, тек протектораттығын ғана мойындата алды. Оның үстіне қазіргі Орталық Азия елдерін түгел басып алған Ресей империясы да Еуразияның орталығында орналасқан стратегиялық тұрғыдан маңызды бұл елдің ағылшындардың ықпалында кеткенін қаламай, ауғандықтардың соғысын қолдап отырған. Сөйтіп, І-Дүниежүзілік соғыс жылдарында Ауғанстан Англияның протектораты болса да бейтараптық ұстанып, еш жаққа тартылмады. 1919 жылы Аманулла хан Ауғанстанның ағылшындарға ішінара бағыныстылығынан арылып, тəуелсіз корольдік жариялады. Оны Ресей, одан кейін, 1926 жылы Англия да танып, сол жылы дипломаттық қатынастар орнатады. Айта кетерлігі сол, Ауғанстан корольдігі Ресейдегі большевиктер өкіметін ең бірінші болып таныған мемлекет. Осы Ауғанстан корольдігі біршама дамып, алыс-жақын шетелдермен саясиэкономикалық қарым-қатынастар орнатады. Соның ішінде ағылшындардың жауы Германиямен де қарым-қатынасты ұлғайтқан. Əсіресе, кеңестік Ресеймен арадағы əріптестік ынтымақтастықтар барынша кеңейген. Кеңес өкіметі ауғандық əскерилерді дайындап, техникалық көмектер де көрсеткен. Есесіне, Кеңес өкіметінің талабымен Аманулла хан осында келіп тығылған

9

www.egemen.kz

14 ақпан 2014 жыл

Орталық Азия елдерінде Кеңеске қарсы бас көтерген азаттық күрескерлері – басмашыларды ұстап беруге жəне оларды қыруға жол берген. Сондықтан да, Амануллаға деген қарсылық халық арасында үдей түседі. Осындай себептермен 1928 жылы Ауғанстанда мемлекеттік төңкеріс болып, өкімет басына Бачаи Сакао келеді. Ал Аманулланың өкілі Сталиннен əскери көмек сұрайды. Кеңес өкіметі 1921 жылы жасалған достық туралы келісімді сылтауратып көмек беруге келіседі. Сөйтіп... Кеңес əскерлері тəуелсіз Ауғанстан мемлекетінің шекарасынан алғаш рет 1929 жылдың наурыз айында өтеді. Мұнда да тəжіктің Термез қаласының түбіндегі шекараны бұзып, қызыл əскерлер басқа елдің аумағына шығады. Бұл отрядтың құрамында 2 мыңнан артық сарбаз, 4 зеңбірек, 12 станокты жəне 12 қол пулеметі болған. Ауған əскерінің формасын киген осы əскер де біршама лаң тудырған. Олар Келиф, Ханабад жəне ауғандық түркілердің орталығы МазариШариф қалаларын басып алған. Мамыр айының аяғына дейін Ауғанстанда соғыс жүргізіп, тағы да бірнеше қалалар мен қыстақтарды жаныштаған отряд Аманулла хан қарсылықты тоқтатып, шетелге қашып кеткенше осында болған. Кеңестік генералдардың мақсаты – Ауғанстанда коммунистік режімді қолдайтын қуыршақ республика орнату еді. Бірақ дінді жоққа шығаратын коммунистерді қалың ел қолдамай, большевиктердің мақсаты орындалмайды. 1929 жылдың қазан айында Ауғанстанның бұрынғы өкіметінің Париждегі елшісі, Аманулла ханның жақын туысқаны генерал Мұхаммед Нəдір хан Үндістандағы ағылшын өкіметінің тікелей қолдауымен төңкеріс жасап, Бачаиді тұтқындап, басын алады. Сөйтіп, ағылшын империализмінің сеніміне кіріп, солардың айтқанымен жүрсе де дербестігін жоғалтпаған өкімет жасақтайды. Ал КСРО əскерлері сол жолы да Ауғанстан аумағында тиімсіз қан төгіп, еш мақсатын орындай алмай шыққан болатын. Нəдірден кейін баласы Мұхаммед Захир шах король болды. Осы, 1929 жылдан 1973 жылға дейін болған корольдіктің кезінде ғана 44 жыл бұл елде тыныштық болып, мемлекеттің іргесі біршама нығайған. АҚШ, КСРО, Англия секілді ұлы державалармен дипломатиялық қарым-қатынас орнатылған. Екінші дүниежүзілік соғыста да Ауғанстан бейтараптық ұстанды. Ал 1973 жылы Захир шахты немере інісі Мұхаммед Дəуіт құлатып, Ауғанстан Республикасын жариялайды. Ауғанстанда өкіметтің жиі-жиі төңкеріліп, азаматтық соғыстың тынбай жүргізіліп тұрғанына сыртқы күштердің ықпалы көп болды. Олар өздері қолдайтын басшыны үнемі қаруландырып, қаржыландырып

отырған. Мұнда өздерінің ықпалындағы режімді орнату үшін ағылшындар да, орыстар да, тіпті немістер де қызу əрекеттер жүргізді. Мəселен, соңғылар 1930-40-жылдары Ауғанстанды Үндістандағы ағылшын əскеріне басып кіретін плацдармға айналдыру үшін үлкен шаралар жасады. Соның ішінде əуежайлар, Кабулден Газниге жəне Үндістанмен шекаралас аудандарға көпірлер салып, жолдар тартқан. Мұның бəрі Үндістанға басып кіруге қажетті болған соң өздері үшін салынып жатқанын білсе де Ауғанстан өкіметі оған еш қарсылық білдірмеген. 1973 жылы республика жариялаған Дəуіттің өмірі ұзаққа бармады. 1978 жылы кезекті мемлекеттік төңкеріс болып, өкімет басына коммунистердің ықпалындағы Ауғанстанның халықтық-демократиялық партиясы келді. Олар Дəуітті 30 шақты отбасы мүшелерімен бірге өлтіреді. «Сəуір төңкерісі» деп аталған бұл бүліктің басында коммунист Н.М.Тараки болып, артынан президенттікке сайланады. Ал Бабрак Кармаль вице-президент болады. Өзара тартыстан кейін таза кеңестік жолды қалаған Б.Кармаль орнынан алынып, Чехославакияға елшілікке жіберіледі. Алайда, коммунистік режім елдегі діндарлар тарапынан қолдау таппайды. Олардың ықпалындағы халық та коммунистерге қырын қарап, «сəуір төңкерісінен» тура бір жыл өткенде үлкен көтеріліс болады. Оны премьер-министр Хафизулла Амин бастаған өкімет əскерлері қан-жоса қылып басады. Алайда, АҚШ-та оқығандығы себепті ОББ-мен (ЦРУ) байланысы барынан күдіктенген Кеңес басшылары Таракиден оны орнынан алуды талап етеді. Бірақ, Амин бұрын қимылдап президент сарайын басып алып, Таракиді өлтіреді. Бұған халық тіпті наразы болып, Аминге қарсы ереуілдер жиі болып тұрады. Аминді КГБ-нің «Альфа» тобы 1979 жылдың 27 желтоқсанында қаскөйлікпен, бір түнде өлтіргенін тарихтан жақсы білеміз. Ол тірі тұрғанда кеңестік кеңесші болып жүрген генерал В.Папутин оны КСРО-дан ресми түрде əскери көмек сұрауға көндіруге тырысады. Алайда, Амин ресми көмек сұрамаған жəне Б.Кармальды өзінің орнына отырғызуға көнбеген. «Альфаның» тұтқиылдан тиісуінің бір сыры да сол. Ал Ауғанстанға əскер кіргізу туралы Саяси Бюроның шешімі Амин өлтірілмей тұрып қабылданған. 1979 жылдың 24-26 желтоқсанында 105-əуе-десанттық дивизиясы Кабулден 50 шақырым жердегі Баграм əуежайына көліктік ұшақтармен күндіз-түні тасылған. Амин өлтірілгеннен кейін мұнда басқа да əскери бөлімдер жеткізілген. 1980 жылдың ақпан айында Ауғанстандағы əскердің саны 58 мың болады. Ал ең көп болған жылдары жалпы əскерилердің саны 200 мыңнан асқан.

Арнаулы қызметтер адастырған

Ауғанстанға басып кіру туралы шешімді Саяси Бюроның өте шағын құрамдағы мүшелері 1979 жылдың 12 желтоқсанында қабылдайды. Премьерминистр А.Косыгин ғана қарсы болған бұл шешімді артынан басқа мүшелер де қолдап, қол қойған. 2013 жылдың 12-санындағы «Совершенно секретно» (СС) газетінде «Спецслужбы: игра в войну» атты мақала шықты. Бұл басылым орыстың бүгінгі таңдағы ең мықты деген кəсібилері жазып тұратын, əзірге өз атына өтірікпен, өсекпен кір келтірмеген шыншыл газеттерінің бірі. Міне, осы басылым Ауғанстанға Кеңес əскерлерін кіргізудің көп адам біле бермейтін бір шындығын жазыпты. Алдымен онда 1979 жылғы наурыз айының басындағы Саяси Бюро отырысының Ауғанстан мəселесіне байланысты стенограммасы келтірілген. Онда Брежнев, Андропов, Кириленко, т.б. Ауғанстанға қандай да бір көмек беруден тоқтала тұру қажеттігін айтқан. Өйткені, осыған дейін берілген көмекті ауған өкіметі «тиімді пайдалана алмаған». Ал енді мына қызыққа қараңыз. Бюро мүшелерінің осындай пікірлеріне қарамай Қорғаныс министрі Устинов Ауғанстанға əскер енгізудің екі нұсқасын жасап, оны 17 наурызда отырысқа қарауға ұсынған. Осының өзінен қолжетімді стенограмманың қолдан жасалғанын, ал шын мəнінде Бюрода не айтылғаны жасырын қалғанын көрсетеді. Осы ұсыныстардың бірі қабылданып, алдымен, 1979 жылдың 7-9 шілдесінде Баграм қаласына аса құпия жағдайда, ауған əскерінің киімі киіндірілген «мұсылман батальоны» енгізіледі. Осы уақытта КГБ-ның арнаулы топтары да Ауғанстанға аяқ басады. Бұл күш Тараки бастаған ауған режіміне көмек беру үшін ғана кіргізілген болса, енді, қыркүйек айында Амин оны биліктен тайдырып, өлтіргеннен кейін тəуелсіз елді басып алып, «өзінің» адамын таққа отырғызу туралы радикалды ұсыныс қолға алынады. Осы уақыт аралығында КСРО баспасөзінде Амин туралы алдымен жақсы пікірлер таратылған еді, ал айналасы бір жарым-екі айдан кейін оны сынау басталды. Осының өзінен-ақ көзі қарақты кеңес оқырмандары Ауғанстан тұрғысындағы өкімет саясатының тұрақсыздығын аңғарған. Сонымен, 12 желтоқсанда жоғарыда аталған шешім қабылданды ғой. Ал бұл уақытта Ауғанстанға енгізілетін əскер мен оны енгізу жолдарының жоспары əлдеқашан жасалып қойған еді. КСРО басшылығының Ауғанстанға əскер енгізуге сонша құмар болып, дедектеп кеткені несі деген сұрақ туады. Сөйтсе... Ең негізгі себеп АҚШтың Орталық барлау басқармасында (ОББ) болып шығады. Осы қызметтің

құпия қоржындарында КСРО-ны ауған «батпағына» батырып, «өздерінің Вьетнамдарын» жасау туралы идея қолға алынып, оны іске асыру басталған екен. Ол үшін АҚШ, Англия жəне Германия Ауғанстанның солтүстігіне көз тігіп, онда шағын жəне орта қашықтағы «Першинг» зымырандарын орналастыруды көздеп отыр, сөйтіп, Ауғанстанды өз ықпалдарында ұстап, Пəкістаннан Иранға көпір тартпақшы, ал Амин болса, кезінде АҚШ-та оқыған, сонда жүргенде ОББ-ның құрығына түскен жансыз деген дақпыртты аса «құпия» жағдайда кеңес барлаушыларының құлағына тигізеді. Мұндай арандатуды сараптап, кəсіби тұрғыдан саралауға, өтірік екендігін əшкерелеуге КГБ-ның қауқары болмай шығады. Сол жылдары КГБ-ның сыртқы барлау басқармасын басқарған В.Крючков өзінің естелік кітабында: «бізге бірқатар батыс елдерінің Ауғанстанда белсенділер қимылдай бастағаны жөнінде ақпарат ұдайы түсіп тұрды. Оларда кеңеске қарсы əрекет белең ала бастағаны анық болатын. Мұны байқамау тіпті мүмкін емес еді» деп жазған. Ал ақпараттарды саралап едік, ол теріс болып шықты дегенді ауызға да алмайды. КГБ-ның осындай үркітулерінен кейін Саяси Бюродағы саққұлақ шалдар АҚШ-тың алдын орап, Ауғанстанды уыстан шығармау жөніндегі ұсынысты сөзсіз қолдайды. Бірақ, «СС»-дағы аталмыш мақалада əскерилер бұл шараға қарсы болғаны жазылады. Мəселен, Бас штабтың бастығы Н.Огарков, оның бірінші орынбасары С.Ахромеев т.б. бұл əрекетке қарсы болып: «біз мұндай компаниядан ешқандай əскери-стратегиялық пайда таппаймыз, сондықтан не теміржолы, не су жолы жоқ алапат темір қапшыққа басымызды сұғудың қажеті қанша, ол жақта қару-жарақ, материалдық-техникалық жабдықтар жеткізудің қымбатқа түсетіні соншалық, зардабын əлі немерелеріміз де тартатын болады», деген сөздер айтқанын келтіреді. Бірақ Саяси Бюроның мүшесі болып табылатын Қорғаныс министрі Устинов олардың аузын жауып тастайды. АҚШ-тың сол жылдардағы (197781 ж.ж.) президенті Д.Картер, ал оның кеңесшісі қулығына құрық бойламайтын З.Бжезинский болған. Ұзақ жылдардан кейін, 1998 жылы журналистерге берген сұхбатында ол АҚШ-тың кеңес жағын əскери интервенция жасауға арандату үшін коммунистер орнатқан режімнің қарсыластарын жасырын түрде қолдағанын мойындайды. Сол үшін моджахедтерді қарумен де, қаржымен де тоқтаусыз қамтамасыз етіп тұрғанын айтады. Осындай арандату соғысын жүргізгендеріңізге өкінбейсіз бе деген сұраққа З.Бжезинский аузы-мұрны қисаймай: «Өкінгені қалай? Нені айтып тұрсыз? Бұл құпия операцияның идеясы тамаша болып шықты. Осы арқылы біз орыстарды ауған қақпанына апарып тықтық, сіз маған сол үшін өкініңіз демексіз бе?», деп жауап беріпті. «СС»ның аталмыш мақаласында Кеңес өкіметін Вьетнам батпағы сияқты қылып Ауғанстанның қапшығына тығу идеясын жалғыз Бжезинский емес, сол кездегі ОББ түгел аңсағаны жəне сол мақсатта жұмыс істегені туралы басқа да деректер айтылады. Тіпті Аминді де арандатып, АҚШ-тың сол кезде Ауғанстанда болған өкілі Б.Амшутц онымен қайта-қайта кездеседі. Құлағы делдиіп жүрген КГБ мұндай жиі кездесулерден күдіктенбей қалар ма? Ұзын сөздің қысқасы, АҚШ КСРОны Ауғанстан аумағына əскермен кіруге арандату арқылы экономикалық, əскери тұрғыдан əлсіретуді көздеген екен. З.Бжезинскийдің артынан мақтанышпен айтқан сөзі мынау болған: «он жыл бойы Мəскеу үкіметтің ыңыршағын айналдырған соғысты жүргізуге мəжбүр болды, бұл қақтығыс Кеңес империясын əбден діңкелетіп, ақыры таратып тынды»… Міне солай, КГБ-ның тек алысжақынның бəрінен қауіп төндіріп, жау көріп отырған «əсіреқырағылығының» қырсығы артынан өзі қызғыштай қорыған Кеңес өкіметін төңкеріп тастауға да қызмет еткен. Сталиннің кезінен қолға түскен деректі объективті түрде саралауға емес, тек түрлі қауіп іздеуге ғана машықтанған қызмет, сөйтіп, КСРО-ның тарих сахнасынан кетуіне де өзінің үлесін қосыпты. Тіпті мемлекеттің ішіндегі істерде де КГБ-ның қателіктері зор шығындарға, қанды қырғындарға ұшыратты. Мəселен, 1986 жылы Қазақстанда Д.Қонаевты ауыстырарда КГБ дұрыс анықтама берсе Горбачев, бəлки, қателікті қадамға ұрынбас еді. Ал олар: Қазақстан халқының 40 пайыздан азы ғана қазақ, оның да 40 пайыздайы қазақша білмейді, яғни бұл халықтың ұлттық сезімдері сөнген, оларға республика басшылығына кімді қойса да бəрібір деген мазмұнда анықтама берген болуы керек. Осы қателік қаншама көз жасының төгілуіне ұрындырды. Сөзіміздің соңында Ауған соғысына қатысқандар туралы пікірімізді де айта кетуді жөн санадық. Бұл жігіттер Отан бұйрығында тұрды, олар əскери адамдар болғандықтан бұйрықтың қатедұрысын сараптаған жоқ. Ешқайсысы да дезертир болмай, сатқындық жасамай, мойнындағы міндетін орындады. Сондықтан олардың ерлігіне ешкімнің шүбəсі болмауы керек деп ойлаймыз. Кеңестік кезеңнің кезекті кеңкелестігіне солдаттар мен офицерлердің кінəлі еместігі күмəнсіз.

Шалєай ќыстаќта да шам самаладай жарќырайды (Соңы. Басы 1-бетте). Байғанин ауданындағы «Мерей и К» ЖШС кəсіпкерліктің көптеген саласымен айналысады, көлік қызметін ұсынады, құрылыс салады, мейрамхана бизнесін көрсетеді. Елуден астам түрлі техникасы бар. Соңғы жылдары мал өсіруді қолға алған серіктестікте қазір 400 қой, 80-нен астам жылқы, 200-дей ірі қара бағылуда. Мұнша малды ауылдың іргесінде ұстау мүмкін емес. Сондықтан оларды аудан орталығынан 40 шақырым жердегі Қарағанды қыстағында бағып отыр. Мақсот Қуатов, Жандарбек Маханов бастаған он малшы осынша малдың бағым-күтімін келістіреді. Серіктестік басшысы Төлеген Шəудір осы алыс қыстақта электр қуатының болмағанына қынжылып жүретін. Жақында шалғай қыстаққа электр қуатын жеткізудің сəті түсті. Бұл жолы тағы да «ҚазАгроҚаржы» АҚ көмекке келді. Тағы да дөп баса көрсетуіміздің де өзіндік себебі бар. Серіктестік басшысы Төлеген Шəудір бұған дейін де акционерлік қоғамның қаржылай қолдауын көріп жүрген. Одан лизингке екі «МТЗ - 82» тракторын, шөп тайлағыш, «КамАЗ» автокөлігін алған. Бұл жолы да ойланбастан оның қаржылай қолдауына иек артты. Сөйтіп, «Bazis Group KZ» ЖШС ұсынған Германия технологиясымен шығарылған күн сəулесінен жəне желден энергия өндіретін қондырғы орнатуға келісім берді. «ҚазАгроҚаржы» АҚ-тың қуат үнемдегіш технологияларды қаржыландыруға арналған жаңа бағытын сəтті кəдеге асырған кəсіпкер сөйтіп қаржыны он есе үнемдеді. Қазір неміс технологиясымен жасалған қондырғыны 5,5 миллион теңгеге несиеге алды. Мамандардың айтуынша, əдеттегі жолмен электр желісін жүргізсе, шығын 50 миллион теңгеден асатын еді. – Жаңа инвестициялық бағыт мемлекеттік бағдарлама аясында жүзеге асырылды. «Жасыл экономикаға» алғашқы қадам жасап, жел мен күн энергиясын пайдаланушы шаруашылықтарға қолдау көрсетіледі. Мəселен, «Мерей и К» шаруашылығына неміс қондырғысы орнатылды. Құны – 5,5 миллион теңге. Оның алғашқы 15 пайызын шаруашылық, қалған 85 пайызын акционерлік қоғам төледі. Несие он жылға берілді, – дейді «ҚазАгроҚаржы» АҚ-тың өкілі Ринат Кемешов. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Жасыл экономика», яғни балама энергия көзін пайдалану туралы баса айтылған болатын. Бүгінде жел мен күн энергиясын пайдаланып, сағатына 5 кВт қуат алып отырған «Мерей и К» серіктестігі су сорабының жұмысын қамтамасыз етуге, базды толығымен жарықтандыруға, теледидардың, тоңазытқыштың жəне ұсақ тұрмыстық электр құралдарын токқа қосуға мүмкіндік алды. Елімізде алғаш болып құжат тапсырып, үнемдеуге кіріскен шаруашылық қыстың қамын да жасап қойған. 1800 тай шөп, жем дайындап алған. Серіктестік директоры Төлеген Шəудір шаруашылығындағы үш мың гектар аумаққа тағы да қосымша үш мың гектар жер алмақшы. Сөйтіп, кəсібін кеңейтіп, мал басын арттыруды мақсат етуде. Қолындағы мал тұқымын асылдандыруға бағыт ұстаған серіктестік «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 11 миллион теңге жеңілдікпен несие алып, оған Батыс Қазақстан облысынан 20 қазақтың ақ бас сиырының асыл тұқымды бұқасын, сондайақ, еділбай тұқымды 30 қошқар сатып алған. Жұмысшыларына 2009 жылы 2 тұрғын үй, 2010 жылы 4 тұрғын үй салып, түрлі əлеуметтік шараларға демеушілік көрсетіп жүрген кəсіпкер мүгедек жандарға да қамқорлығын аямайды. Сол үшін де «Үздік əлеуметтік жоба» номинациясы бойынша Президенттің «Парыз» сыйлығын иеленді. Ал биыл «Көркейе бер, туған жер» акциясы аясында 12 миллион теңгеге екі бөгетті жөндеп берген. – Инновациялық қондырғыға, əсіресе, жылыжай бизнесін қолға алған кəсіпкерлер көп қызығады. Оларға неміс технологиясы бойынша шығарылған қондырғылар ұсынылады. Себебі, Германия зауыттарында дайындалған заманауи аппарат бұлтты күні де бойына қуат жинай алады. Мұндай қондырғыларды Израиль мен Қытай да шығарады. Бірақ олар əзірлеген құрал үшін күннің тура түсуі қажет. Ал неміс қондырғысына күн сəулесінің тура түсуі шарт емес, сəл жарық болса жетіп жатыр,– дейді Ринат Кемешов. Дəл осы қондырғыға еліміздің 28 шаруашылығы тапсырыс жасаған. Жалғыз шаруашылықтың «қалтасы көтермесе», бірнеше кəсіпкер бірігіп, ұжымдық тапсырыс бере алатын көрінеді. – Жел қондырғысында өзін-өзі қорғау құрылғылары бар. Толық қуат алғанда жəне қатты жел соққанда құрылғы автоматты түрде тоқтайды, кейін қайта жұмыс жасай береді. Сонымен қатар, электр энергиясын қажет етпесеңіз оны сөндіруге болады. Ұтқыр тұсы – күн көзін тікелей қажет етпейді. Бұлтты күндері де қондырғы өзіне қажетті энергияны жарықтан ала алады. Мəселен, «Мерек и К» ЖШС 5 кВт болатын қондырғыны сатып алды. Мұнда күн сəулесінен 3 кВт, желден 2 кВт қуат өндіріледі. Жиналған қуат аккумуляторға барады, – дейді қондырғы орнатушы «Bazis group kz» ЖШС директоры Естай Сисенбаев. Оның айтуынша, жаңа қондырғыларға тапсырыс беруден Ақтөбе кəсіпкерлері алда келеді. Əсіресе, облыс орталығынан шалғай орналасқан Ырғыз, Ойыл, Қобда, Байғанин аудандарындағы шаруалардан сұраныс жоғары. Батыс Қазақстан мен Атырау облыстарынан да тапсырыс бар екен. Ол жақында Астанада өтетін бірінші халықаралық баламалы энергия көрмесіне қатысуға баратынын да қуана жеткізді. Яғни бұл серіктестік орнатып жүрген күн жəне жел қондырғыларын қызығушыларға ұялмай ұсынуға болады деген сөз. Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы.


10

www.egemen.kz

14 ақпан 2014 жыл

 Басты байлық

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ «АЛТЫН САПА» СЫЙЛЫҒЫ Қазақстан Республикасының Индустрия - шағын жəне орта кəсiпкерлiк субъектiсi; жəне жаңа технологиялар министрлігі 2014 - iрi кəсiпкерлiк субъектiсi. жылғы Қазақстан Республикасы Президентінің «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ТАУАРЫ» «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конРЕСПУБЛИКАЛЫҚ КӨРМЕ-КОНКУРСЫ курсын өткізу туралы хабарлайды. Конкурсқа «Қазақстанның үздік тауа«Алтын сапа» сыйлығы жыл сайын ры – 2014» конкурс-көрмесінің аймақтық конкурстық негізде өнім мен көрсетілетін жеңімпаздары қатыса алады қызметтер сапасы саласындағы үздік жетісКОНКУРС МЫНАДАЙ ҮШ НОМИ тіктері үшін, сапаны басқарудың тиімділігі НАЦИЯ БОЙЫНША ЖАРИЯЛАНАДЫ: жоғары əдістерін табысты енгізгені үшін • «Өндiрiстiк мақсаттағы үздiк тауарлар»; беріледі. • «Халық тұтынатын үздiк тауарлар»; 2014 ЖЫЛЫ СЫЙЛЫҚТАР ҮШ • «Үздік азық-түлік тауарлары». НОМИНАЦИЯДА БЕРІЛЕДІ: Көрме-конкурстың жеңімпаздарына • «Өндірістік мақсаттағы үздік кəсіпорын»; «Қазақстанның үздік тауары» марапаты жəне • «Халық тұтынатын тауарларды əрбір номинацияда шығаратын үздiк кəсiпорын»; I, II жəне III дəрежелі дипломдар беріледі. • «Қызметтер көрсететiн үздiк кəсiпорын». Консультациялар үшін байланыстар: Əр номинация бойынша мынадай екi Тел.: +7 (7172) 44-64-48, 79 33 14, 79 33 10; жеңімпаз анықталады: Website: www.altynsapa.kz

...Бірде жақын сіңлім науқастанып, жаңадан ашылған Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсететін ауруханаға түскен екен, көңілін сұрауға барайын. Оның бұрынғы 115 жылдық тарихы бар Алматы қалалық жедел жəрдем ауруханасының орнына салынғанын білетінмін. Ауруханаға жақындағаннан-ақ ғимараттың сыртқы келбеті, тіпті кірер баспалдағынан өзіміз күнде барып, көріп жүрген өзге емдеу орындарынан мүлдем ерекшелігі бірден көзге ұрып тұрды. Ішке кірдім. Ортасы алаңқай жоғары қабаттарға дейін əйнектелген самаладай кең де жарық холл. Қабырғаға бойлай заманауи дизайнмен жасалған анықтамалық бюро, жағалай науқастармен кездесуге арналған орындағы жайлы жиһаздар кіріп келген адамның еңсесін көтеріп, жылылық əсер берді. Шынымен де біздерде осындай кереметтей аурухананың қаламызда болғанына таңырқап, таңдай қақтым. Олай дейтінім, 2007 жылы АҚШ елшілігінің ұйымдастырумен Орталық Азия мемлекеттерінің бір топ журналистерін мұхит асырып, сол елдің бес штатындағы медициналық клиникаларын аралатқан-ды. Сонда ғой небір ауруханаларды көріп, қызығып та қызғана қайтқаным бар еді. Енді міне, ауруханаға кіріп келгенімде сол елдегі зəулім, заманауи клиникалар бірден көз алдыма келді. Сондағы көргендерімнен бір кем емес. Ал осы мақаланы жазу үстінде арнайы барып, аурухананың ішкі жағдайын, оның мүмкіндігіне көз жеткізгенімде, тек таңданыспен жүрдім. Əрі кеудемде бір мақтаныш сезімі бойлады. Содан да шығар, тəуелсіз елімізде еуропалық жəне əлемдік стандарттарға сай келетін, ұлтымыздың мақтанышына айналатын, кімге болса да ұялмай көрсететін келісті емдеу мекемесін ашуға Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев алматылықтардың қуанышымен бөлісуге арнайы атбасын бұрып өзі келгенді. Осылайша, салтанатпен тұсауы кесіліп, Елбасының баталы лебізімен қызметін бастаған Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының халықтың ең басты байлығы, игілігі – денсаулығын сақтау жолындағы қызметіне де үш жыл толыпты.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫНЫҢ ҚОРЫ жариялайды:

Қазақстан Республикасында жəне шетелде өткізілетін фестивальдерге, конкурстарға, симпозиумдарға, шеберлік-сыныптарына, биеналеге жəне конференцияларға қазақстандық жас қайраткерлерге жəне шығармашыл ұжымдарға қатысу үшін «Жолсапарға гранттар» гранттарды алуға конкурс. Конкурсқа жасы 40-қа дейінгі қазақстандық жас мəдениет жəне өнер қайраткерлері, сондай-ақ шығармашыл ұжымдар қатыса алады. Өтінімдер беру мерзімі: 2014 жылғы 10 ақпаннан бастап 2014 жылғы 30 қараша аралығы бойынша. - мəдениет жəне өнер саласындағы шығармашыл жобаларды қолдауға арналған гранттарды алуға конкурс. Конкурсқа жасы 40-қа дейінгі қазақстандық жас мəдениет жəне өнер қайраткерлері, сондайақ белсенді қызмет жүргізетін шығармашыл ұжымдар қатыса алады. Өтінімдер беру мерзімі: 2014 жылғы 10 ақпаннан бастап 2014 жылғы 30 қараша аралығы бойынша. Конкурс туралы өтінімдер мен ереже мына веб-сайтта орналасқан: www.fpp. kz Байланыстар: Мекенжай: 050059, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Махатма Ганди к-сі, 10. Телефон: 8 (727) 2700-579, факс 8 (727) 2700-521.

Хабарландыру

интернет арқылы тауып, мамандармен ақыл даса ды. Өйткені, ертеңгі күні жұмыс істейтін өздері. Мəселен, күмістен иондалған технологияны Польшадан, консилиумды Чехиядан алдыр ды. Науқасқа арналған төсектің төрт түрін, ең аяғы қоқыс салатын жəшіктің өзін шетелдік сапасы жоғарысынан таңдады. Ең қызығы, бюджеттен бөлінген 3 млрд. теңгеден астам қаржыдан 210 млн. үнемдеген. Оған қоса аурухана ішін түгел қасықтай

Ќатардаєы, біраќ элиталыќ аурухана Жақсыны көрмекке...

Күнгейдегі бас қаламыз əсем Алматының қақ ортасынан орын тепкен 350 төсектік 15 бөлімшенің басын құраған аурухананың өткеніне көз жүгіртер болсақ, əри не, алғашқы кезеңдерінде өзіне тəн қиындықтары болмай қалмады. Осыған қарамастан өз ісіне адал да ұқыпты, тек кəсіби тұрғыда ғана емес, сонымен қатар ұйымдастырушылық-іскерлік тұрғысында да өзіндік ұстанымын же місті қызметінде пайдалана білген бас дəрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Манат Тұрарұлы Сейдумановтың біліктілігі арқасында ұжым қиындықтардан шығып қана қоймай, айтулы жетістіктерге де қол жеткізіп отыр. Оған дəлел көп. Соның ең бас тысы, 2012 жылы əлемдік стандартқа сəйкестілік жөніндегі ISO 9001:2008 сертификатына ие болуы. Осындай жаңашыл бағыттағы ерен еңбектің бірденбір жемісі – 2011-2012 жылдардағы статистикалық əлеуметтікэкономикалық көрсеткіштер қорытындысымен Алматы қаласы бойынша – 1-ші, ал Қазақстан бойынша – 4-ші орын иеленіп, Ресей, Қазақстан, Украина, Беларусь мемлекеттері Ұлттық бизнес-рейтингілер одағының «Сала көшбасшысы» құрметті естелік белгілерімен марапатталды. Негізі, əлемдік тəжірибе бойынша əр мемлекетте кез келген адам өз денсаулығын сеніп тапсыра алатындай барлық халықаралық стандарттарға сай ауруханалар тіркеледі. Міне, атал мыш аурухананың сондай талаптарға сəйкестігін байқаған оңтүстіккореялық алты ірі, сондай-ақ Қытай, Үндістан, Ресейдің алдыңғы қатарлы клиникалары əріптестік меморандумға қол қойып, қоян-қолтық жұмыс жасауда. Бұл жерде тек əдемі ғимарат, əдемі қабырға, интерьер ғана емес, медициналық нысан болғандықтан технологиясы, құрылғы, аппараттары, мамандарының деңгейі де соған сай болуы міндетті. Оған да бірер мысал. Травматология бөлімшесінде Отан соғысының ардагері 96 жастағы ақсақалға жамбас буыны ауыстырылып, еліміз бойынша рекорд жасап, қазақстандық Гиннестің рекордтар кітабына енді. Клиникада алғаш рет микрохирургиялық оталар санатындағы қолы-басын қайтадан құрап салу операциясы да сəтті өтті. А.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығымен бірлесіп қайтыс болған адамның үш бірдей ағзасын алып, жүрегін Ас тана қаласындағы НКҰО-ға жеткізуі, сондай-ақ №7 қалалық кли никалық аурухана мен А.Сызғанов атындағы ҰҒХО-мен

бірлесіп бүйрек трансплантациясына қатысып, өз үлестерін қосуы да кəсіби біліктілікті қажет етеді. Ендеше, аурухананың республикалық ғылыми орталық емес, қатардағы қалалық емдеу клиникасы, əрі небəрі үш жыл ғана жұмыс жасап отырған аурухана екендігін ескерсек, бұл жалпы денсаулық сақтау жүйесіндегі үлкен жетістік болып саналады.

Бас дəрігер қалай құрылысшы атанды

Иə, бас дəрігер Манат Тұрарұлы дап-дайын ауруханаға келіп, дайын асқа тік қасық бола қойған жоқ. Оның істің көзін біліп, табандылық танытуы на ұзақ жылдар бойы аттан түспей облыстық денсаулық сақтау департаментінің директоры, орынбасары, медициналық жəне фармацевтикалық қызметті бақылау департаментінің директоры болғанда жинақтаған тəжірибесі көмекке келді. Білікті басшыға 2008 жылы Алматы қаласының əкімі А.Есімов тек сыртқы корпусы салынып, бетон бағаналары қойылған нысанға бас дəрігер етіп тағайындап тұрып: «Міне, саған аурухана, енді осыдан қазіргі заманғы барлық стандарт, талаптарға сай аурухана жасап бер», деп үлкен сенім білдіреді, бір жағынан өзі де тəуекелге барады. Бас-аяғы бітпеген медициналық ғимаратқа

бас шы та ғайындау тəжірибеде болмағанын ескеріп, əрі жергілікті бюд жеттен көпсалалы аурухананы тұрғызудың жоғары жауапкершілігін сезінген Манат Тұрарұлы намысқа тырысып, əрі сеніп тапсырылған істің үдесінен шығу үшін бар мүмкіндігін, күшқайратын жұмсайды. Байқайды, бəрін нөлден бастау керек. Шешінген судан тайынбас, бас дəрігер қыс қырауда да фуфайка киіп, құрылыстың басы-қасында жүрді. Алғашында жалғыз болды, кейіннен ол да бітпеген ауруханаға білікті маман жастарды тартады. Ал құрылысшыларға не керек, тезірек бітіріп, нысанды өткізу. Оның үстіне қит етсе екі сөздерінің бірі «Мемлекеттік сараптамадан өтіп, жобасы бекітіліп қойған, өзгертуге болмайды, Денсаулық сақтау министрлігінен құралжабдықтар тізімі өткен» деп жолатпайды. Айғай-шу. Бас дəрігер күйіп-пісіп, сараптаманың 2004 жылы жасалғанын, 2010 жылға дейін барлық нормативтердің өзгергенін, 2005 жылғы Шымкенттегі шулы оқиға осындай ағаттықтан кетіп отырғанын, қойшы əйтеуір айтысып-тартысып, өзінің идеясын дəлелдеп жүріп, аурухана ішін қайтадан жоспарлатты. Осылайша, бірінші күннен өздеріне қажетті ең соңғы заманауи үлгідегі инновациялық технология, құрылғыларды түгендеп, ең жақсы тиімді, қо л айлысын

жасақтап, кейбір құралдардан қор жасап алған.

Аурухананың басты ерекшелігі мен жаңашылдығы

Қалай дегенде де, аурухана пайдалануға берілген алғашқы кездері бас дəрігерге осыншама ауқымды игеріп, шаруаны дөңгелетіп əкету оңайға түспеді. Ол кездері сенбі, жексенбі, күндізтүні демей телефонға тыным болмады, өзі де ауруханадан шықпады. Күнде лездеме, күнде бір шаруаны бітірсе, екіншісі қылтиып шығып тұрды. Ал енді араға үш жыл салғанда, сол төгілген маңдай тер ақталғандай. Қазір бəрі орнықты, əркім өз жұмысын біледі. Өйткені, басшы қалыптастырған жүйе қалтқысыз жұмыс істеуде. Ауруханаға кім келсе де, ұялмай атқарылып жатқан жұмыстарын ықыласпен көрсете алады. Мəселен, бір мезгілде 21 науқасты қабылдай алатын жансақтау бөлімшесін алыңыз. Бүгінгі күні жансақтау бөлімшесіне қандай соңғы үлгідегі технология керек, əрі оны орналастыру, науқастарға бірыңғай сервистік жағдай бəрі-бəрі – ең жоғары деңгейде жасалған. Əсіресе, көп функциялы ыңғайлы төсектердің кейбірінде бес пульттің орналасуы – өте ауыр науқастарға таптырмайтын көмек, жағдай.

Науқасқа қажетті жылу беретін көрпелер, мобильді рентген, УДЗ, электрокардиограмма, жеке зертхана, орталықтандырылған құбырмен келетін оттегі, 22 стационарлық ИВЛ – бəрі-бəрі науқастың тезірек оңалуына қызмет жасайды. Кез келген емдеу мекемесіндегі залалсыздандыру бөлімінің сапалы жұмысы – сол аурухананың төлқұжаты іспеттес. Мұндағы орталықтандырылған залалсыздандыру бөлімшесі ең соңғы швейцариялық жабдықпен қамтылған. Жұмсақ жəне қатты құралдар кесте бойынша қабылданып, екі үлкен камерада залалсыздандырылып, автоматты түрде оралып, контейнермен таза зонаға өтеді. Əрине, мұндай жүйе əр аурухананың арманы десек те болғандай. Халықаралық стандартқа сай соңғы үлгіде жасақталған тоғыз операция блогы да өз алдына əңгіме. Олардың қабырғалары мен төбелері панельден жасалған. Сондай-ақ операциялық үстел аумағындағы ішкі ауа ағынын төрт сүзгіден өткізетін бірбағытты ламинарлық таратушы ауа желдеткіштері де бір жүйеге енгізілген. Блокта сырқат асқынуларының дамуынан қорғайтын күміс ионды сертификатталған бактерияға қарсы жабындылы панельдер қолданылған. Сондай-ақ, сəулелі диагностика, швецариялық аппараттармен жабдықталған гемодиализ, қабылдау бөлімшелері, жаңадан ашылған инсульт орталығы, нейрохирургия бөлімшесі өз деңгейінде қызметтерін атқаруда. Əсіресе, мұнда науқастар үшін қолайлы жағдай жасалған. Бір жəне екі кісілік палаталар арнайы төсекпен жабдықталып, орталықтандырылған 25 пайыздық оттегімен жалғанған. Əр сек цияда əжетхана, жуынатын душ, дəрігерлердің бөлме сінде де қа жетті құралдар мен тұрмыстық заттарға дейін қарастырылған. Əр қабатта, əр бөлімшеде мүгедектерге кең əжетханалар да ойластырылған. Ауруханада жүз компьютердің сек сені стационарлық, 20-сы ноутбуг. Аурухананың тағы бір артық шылығы – бөлімше асханаларында орналасқан лифт арқылы тамақ əзірлейтін блоктан ас-судың келіп тұратыны. Көпсалалы аурухана қаланың Алмалы жəне Медеу аудандарының тұрғындарына қызмет көрсетеді. Ауруханада 12 кафедра жұмыс істейді. Штаттағы 3 ғылым докторы, 9 ғылым кандидаты, 28 жоғары санаттағы дəрігер, 82 жоғары санатты медбике халық денсаулығы күзетінде қалтқысыз еңбек етуде. Аурухана басшысы мамандарының біліктілігін арттыру мəселесін күн тəртібінен түсірмейді. 3 дəрігер Оңтүстік Кореяда, 12 маман Литвада, өткен екі жылда 191 маман өзімізде кəсіби біліктіліктерін арттырған. Денсаулық сақтау үздіктері Р.Қадырбаев, А.Күлембаева, А.Əлімжанов, К.Тұрысбекова, М.Шермаханова сынды ақ халатты абзал жандар осынау үлкен ұжымның мақтаныштары. Иə, небəрі үш жылда еліміздегі медицина саласындағы бірқатар биік межелерді бағындырып, халықтың алғысына бөлініп отырған Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы ұжымының алдағы уақытта да егеменді еліміздің денсаулық сақтау саласында қалтқысыз қызмет ете беретініне сенеміз. Гүлзейнеп СƏДІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы əкімінің аппараты» ММ, 151000, Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша қ., Пролетар к-сі, 210 мекенжайы бойынша орналасқан Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының «Жастар бастамалары орталығы» КММ директорының лауазымына орналасуға конкурс өткізеді. Осы кəсіпорынның негізгі қызметі жастардың рухани жəне дене дамуына, кəсіби даярлығы мен өзінің зиялылық жəне шығармашылық əлеуетіндегі мүмкіндігін жүзеге асыру үшін қажетті экономикалық, əлеуметтік, құқықтық жағдай жасауға сондай-ақ жастар саясатын іске асыру саласында туындайтын мəселелерді шұғыл шешу болып табылады. Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: 1.Жоғары білім (гуманитарлық, немесе педагогикалық, немесе экономикалық, немесе əлеуметтік, заң), немесе «жергілікті мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша. «Іскерлік əкімшіліктендіру магистрі» дəрежесінің немесе басқару (менеджмент) саласында қосымша білімінің болғаны дұрыс. 2.Қызметінің бейініне сəйкес келетін басқарушы лауазымдарда 5 жылдан кем емес еңбек өтілінің болуы. Қосымша талаптар мен конкурсқа қатысушылар ұсынылатын құжаттардың тізілімі www.tsh.sko.kz сайтының «Бос əкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурстар» бөлімінде бар. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды ұсынудың түпкілікті мерзімі 2014 жылғы 3 наурызда сағат 9.00-ге дейін. Құжаттар Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 197 мекенжайы бойынша қабылданады. Қосымша ақпаратты +7 (715) 36 23857 телефоны бойынша алуға болады.

Мемлекеттік қызметке шақырамыз

Мемлекет басшысы мемлекеттік басқарушылардың «жаңа генерациясын» қалыптастыру, мемлекеттік қызметтегі кəсіби кадрлардың санын ұлғайту жөніндегі мақсатты алға қойған болатын. Жас, жетістікке жетуге талпынысы бар, белсенді адамдарды экономика, заңтану, саласындағы білімі бар мамандарды, дəрігерлерді, есепшілерді, заңгерлерді, ветеринарлық дəрігерлерді, сəулетшілерді, инженерлерді, құрылысшыларды, мəдениет қызметкерлері мен басқа мамандарды Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданына тұрақты тұруға шақырамыз. Ағымдағы жылдың қаңтар айында Тайынша қаласында «Қолжетімді тұрғын үй-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жас отбасылар үшін 24 пəтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, қолданысқа енгізілді. 2014 жылы «Қолжетімді тұрғын үй-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жас отбасылар үшін Тайынша қаласының орталығында тағы да бір 50 пəтерлі тұрғын үй қолданысқа берілетін болады. Сіз мемлекеттік қызмет саласындағы бар бос орындары туралы ақпаратпен біздің www.tsh.sko.kz сайтымызда таныса аласыз, немесе сағат 9.00-ден 18.30ға дейінгі жұмыс күнінің ішінде Сізге ыңғайлы əрбір уақытта Тайынша ауданы əкімі аппаратының персоналды басқару жөніндегі құрылымдық бөлімшесіне 8 (71536) 23-8-57 телефоны бойынша хабарласуыңызға болады. ТОО «АППАК», расположенное по адресу: 050057, г. Алматы, ул. Тимирязева, 42, офисный центр «Экспо-Сити», павильон 15/109, эл.почта - umts@appak.kz, объявляет о проведении долгосрочных закупок способом открытого тендера Лот №1 «Установка для прокачки скважин «Градирка». Лот №2 «Кабель ВВГ 5*10». Лот №3 «Провод ВПП 1*6» тендер проводится только среди Отечественных товаропроизводителей закупаемых товаров. Место поставки товара: 161003, РК, ЮКО, Сузакский район, пос. Кыземшек, рудник ТОО «АППАК». Наименование, а также требуемые объем, место и сроки поставки товаров, выполнения работ, оказания услуг - содержится в тендерной документации. Заявка на участие в тендере принимаются до 10.00 часов 14.03.2014 года по адресу: г. Алматы, ул. Тимирязева, 42, офисный центр «Экспо-Сити», павильон 15/109, 1-этаж, телефон: (727) 259 90 74; 258 50 81. Заседание тендерной комиссии по вскрытию конвертов состоится в 10.30 часов 14.03.2014 года. Тендерную документацию можно скачать на веб-сайте Аппак или получить по электронной почте, обратившись письменно на адрес umts@appak.kz».

«АППАҚ» ЖШС, мекенжайы: Алматы қаласы, Тимирязев көшесі, 42-үй, «Экспо-Сити» кеңсе орталығы, 15/109-павильон, umts@appak.kz электронды поштасы, ұзақ мерзімге сатып алуға ашық тендер өтетіні туралы хабарлайды. Лот №1 «Ұңғымадан сорып алу үшін «Градирка» қондырғысы». Лот №2 «ВВГ 5*10 кабелі», Лот №3 «ВПП 1*6 сымы». Тендер тек отандық тауар өндірушілер арасында өтеді. Тауар жеткізу орны: 161003, Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Қыземшек ауылы, «АППАҚ» ЖШС кен орны. Тауардың атауы, сондай-ақ талап етілетін көлемі, орны жəне жеткізу мерзімі, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету - тендерлік құжаттамада қамтылған. Тендерге қатысуға өтінімдер 14.03.2014 ж. сағат 10.00-ге дейін мына мекенжайда қабылданады: Алматы қаласы, Тимирязев көшесі, 42-үй, «Экспо-Сити» кеңсе орталығы, 15/109-павильон, 1-қабат, байланыс телефондары: (727) 259 90 74; 258 50 81. Тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу мерзімі 14.03.2014 ж. сағат 10.30-да. Тендерлік құжаттаманы Аппак веб-сайтынан немесе umts@appak.kz поштасына жазбаша хат арқылы электрондық поштадан алуға болады.

Хабарландыру 01.03.2014 жылғы сағат 10.30-да «АФ Новомарковка-2010» ЖШС қатысушыларын кезектен тыс жиналысы мына мекенжайда болатындығын хабарлаймыз: Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Новомарковка а. Күн тəртібі: 1.Жаңа жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құру туралы. 2.Жаңа ЖШС-ның жарғылық капиталын қалыптастыру туралы. 3.Жаңа ЖШС-ның жарғысын бекіту туралы. 4.Əділет органдарында жаңа ЖШС-ны тіркеу туралы. 5.Директор атынан жаңа ЖШС-ның атқарушы органын тағайындау жəне жаңа ЖШСның директорына еңбек шартына қол қоюға өкілдік беру туралы. 6.Өзге де мəселелер.

ОБЪЯВЛЕНИЕ ТОО «Камал-2005» объявляет о созыве внеочередного общего собрания участников товарищества. Собрание состоится 5 марта 2014 года в 12.00 часов по адресу: Акмолинская область, Бурабайский район, с.Карашилик, в здании школы. Повестка дня: 1.Изменение состава участников товарищества путем продажи доли Укенова М.К. в размере 61,87% третьему лицу Габдуллиной К.К. 2.Утверждение устава товарищества в новой редакции. 3.Переизбрание директора товарищества. 4.Избрание уполномоченного представителя для подписания устава товарищества в новой редакции у нотариуса от имени участников. 5.О прохождении процедуры государственной перерегистрации товарищества в управлении юстиции Бурабайского района Акмолинской области.

«Медтехника» АҚ «Альянс Банкі» АҚ-пен ірі мəміле жасағандығы туралы өзінің акционерлеріне, кредиторларына жəне өзге де мүдделі тұлғаларға хабардар етеді.

АО «Медтехника» уведомляет своих акционеров, кредиторов и иных заинтересованных лиц о совершении крупной сделки с АО «Альянс Банк».

«Интерфарма-К» АҚ «Альянс Банкі» АҚ-пен ірі мəміле жасағандығы туралы өзінің акционерлеріне, кредиторларына жəне өзге де мүдделі тұлғаларға хабардар етеді.

АО «Интерфарма-К» уведомляет своих акционеров, кредиторов и иных заинтересованных лиц о совершении крупной сделки с АО «Альянс Банк».

Астана қаласы МАЭС-тің 04.02.2014 жылғы ұйғарымымен «Демеу-ҰМХ» ЖШС банкрот болуына байланысты іс қозғалды. Мекенжайы: ҚР, Астана қаласы, Тұран даңғылы, 34/1-үй.

Определением СМЭС города Астаны от 04.02.2014 года возбуждено дело о банкротстве ТОО «Демеу-ҰМХ». Адрес: РК, г.Астана, пр.Туран, дом 34/1.

АЛМАТЫ.

–––––––––––––– Суреттерді түсірген Берсінбек СƏРСЕНОВ.

«Управляющая компания «Инженерия» ЖШС, БИН 130840016863 жабылуы туралы хабарлайды. Барлық шағымдар хабарландыру берген күннен бастап екі ай ішінде қабылданады. Байланыс тел. 87025300418.


Сочиде өтіп жатқан XXII Қысқы Олимпиаданың алтыншы жарыс күні, 12 ақпан алты медаль жиынтығы үшін жан алыпжан беріскен текетіреске толы сайыстармен өрнектелді. Осы таластардың соңы топ басындағылар тарапына тағы да өзгеріс енгізіп, оның тізгінін Германия құрамасына ұстатты. Бұған немістер шаңғы қоссайысы мен екі орындық шана жарысында алған екі алтын медалі арқылы қол жеткізді. Сөйтіп, жоғары награда санын алтауға толтырған немістер бірден төрт саты ілгері шығып, төрт алтынды Канада, Норвегия жəне Голландия командаларын шаң қаптырып кетті. Міне, осының өзі топ басындағы таластың қызу жүріп жатқанын байқатса керек. Ал спортшылар бұл күні тау шаңғысы, коньки спорты, шана спорты, сноуборд жəне мəнерлеп сырғанау түрлері бойынша шайқасқа түсті. Осы күні, сондай-ақ, ерлердің хоккей турнирі де басталды. Біздің жігіттер осылардың ішінде коньки спорты жарысының дүрілдеп өтуіне үлес қосты.

қойып, айдар таққан, сол себепті өздерінен неше түрлі тосын жайттарды күтуге болады деп саналып жүрген голландиялық Марк Тёйтерт пен əлемнің қазіргі чемпионы Денис Кузиннің жарысқа қатысуы да əсер ете алмады. Мұндай жаңалықты жасауға Ванкувер Олимпиадасының чемпионы, əлемнің қазіргі рекордының иесі Шани Дэвистің де шамасы келмеді. Нəтижесінде бірінші орынды 1:08.39 минут көрсеткішімен Стефан Гротхейс жеңіп алды. Екінші орынға канадалық Денни Моррисон жайғасты. Ал үштікті осының алдында 500 метрлік

Топ басындаєылар таєы алмасты Серік ПІРНАЗАР,

қашықтықта Олимпиада чемпионы болып үлгерген тағы бір голландиялық Михел Мюлдер тиянақтады. Ал чемпионнан баржоғы 0,71 секунд қана ұтылған Денис Кузин 7-орыннан бірақ шықты. Жалпы, ол қолынан келгенінің бəрін жасады. Біз ді тек оны сөреден шығар кездегі сəл кідіріп қалғаны ғана алаңдата береді. Егер осы мүдіріс болмағанда, ол жоғарыдағы 0,71 секундқа ұтылмас па еді, кім білсін! Бізден бұл жарысқа қатысқан жалғыз Денис болған жоқ. Роман Креч мəреге 13-ші болып келсе, Фе дор Мезенцев 33-ші орында қалды. Енді тұғырдың екі тепкішегін жайлаған голландтықтар туралы бірер сөз. Таңғаларлық нəрсе, бұл елдің атлеттері осы кезге дейін Олимпиадада 10 медаль жеңіп алса, олар соның бəрін бір ғана спорт түрі – конькиден келтірді. Соның ішінде ерлердің 500 жəне 5000 метрге жүгіру сайыстарында тұғырды түгел жаулап алып, ешкімге медаль ұстатпай қойса, бұл күнгі 1000 метрге жүгіруде күміс медальді ғана «шығындады». Бұдан бөлек, қыздар бір алтын жəне 1 қола медальді қоржынға қосты.

«Егемен Қазақстан» – Сочиден.

«Мистер Сюрприздіѕ» меселі ќайтты

Олимпиада рухы бəрінен жоєары Мəнерлеп сырғанаушы Денис ТЕН.

Біз, əлбетте, Қазақстан атлеттерінің қатысуымен Мəскеу уақыты бойынша кешкі сағат 18:00-де коньки спорты сайысы басталатын «Адлер-Арена» кешенін бетке алдық. Себебі, кеше айтқан «көн садақтың көбесін бұзар жебе» қатарында осы жерде бірінші рет сөре алып, бағын сынға салатын Денис Кузин де бар еді. Мұның үстіне, мұнда болғалы тұрған 1000 метрлік қашықтыққа жүгіру оның нағыз оң жамбасына келетін қашықтық-тын. Бұған қоса, ол бұдан бір жылдай уақыт бұрын, дəлірегі 2013 жылғы 27 наурыз күні тап осы «АдлерАрена» мұз айдынында əлем чемпионы атанған еді. Жəне онымен жұптасып шыққан Нидерланд өкілі Стефан Гротхейс болатын. Алдын ала айтып қояйық, тап осы «ұшқыр голландиялық» бұрнағы күнгі таластың қорытындысында Сочи Олимпиадасының чемпионы атанды. Ал аренаға келіп кірген кезде біз мұның осылай бітетінін білмеуші едік. Кезінде бір рет қолтығынан демеп жіберген Адлер мұз айдыны Денисті тағы да жерге қаратпас деген ойда болдық. Оның басты қарсыластары осында өзінен кейінгі орындарға жайғасқан корей Тхэ Бум Мо мен америкалық Шани Дэвис болатын шығар деген болжамның боданына шырмалдық. Бұған биылғы 18 қаңтарда жапонның Нагано қаласында өткен көпкүндік əлем чемпионатының 1000 метрлік қашықтықтағы бөлігінде Шани Дэвиспен бір жұпта жүгірген Денистің қарсыласынан сөре сызығын 0,7 секунд бұрын қиып өтіп, бірінші орынды жеңіп алғаны тағы себеп болды. Бұдан бөлек, біздің бағлан осы Олимпиаданың алдында өзінің жеке жаттықтырушысы Петр Пастушенкодан уақытша кетіп, ресейлік мамандар Вадим Саютин мен Сергей Клевченяның қарауында Ойындар үшін арнайы дайындықтан да өтіп келген. Əдетте көп спортшының тілегіне қырын келіп қалып жататын жеребе де бұл күні оған күлімдеп қолын созғандай болып көрінді. Ол 40 конькиші қырман сапыратын жарыстың ең соңғы жиырмасыншы

11

www.egemen.kz

14 ақпан 2014 жыл

жұбында жүгіруге тиісті екен. Мұның қандай артықшылығы барын жарыс жолына шығып жүргендер ғана емес, солардың құйынперен болып аққан қыздырма сайыстарын ұдайы көріп жүргендер де жақсы біледі. Бірақ мұзды алаң үстіндегі арпалыс бəрін өзінің қалауынша шешті. Ол ешкімнің беделіне де, белгісіне де қараған жоқ. Мамандар спринтерлік жарыстың мекені болмағандықтан, бұралаңы мен бұқпантайлары көп, сондықтан күтпеген жайлары жиі кездеседі, деп есептеп келген арена сол бағаның бағамынан толық шықты. Оның өзгеруіне тіпті соңғы кездері əлемде «Мистер Сюрприз» деп ат

● Олимпиада тынысы

Липницкая – Ойындардаєы еѕ жас чемпион

Ресей құрамасы сапында мəнерлеп сырғанаудан командалық жарыста Олимпиялық ойындардың чемпионы атағына қол жеткізген Юлия Липницкая Ойындардың КСРО-ТМД/Ресей тарихындағы ең жас чемпионы атанып отыр. Еркін бағдарлама бойынша сайыс өткен сағатта Юлияның туғанына 15 жыл жəне 249 күн толыпты. Ал Ақ Олимпиаданың тарихындағы ең жас чемпион деген мəртебе Корея өкілі Ким Юн Миге тиесілі көрінеді. Ол 1994 жылы Лиллехаммерде өз елінің құрамасы сапында шорт-тректің эстафета жарысында алтын медаль жеңіп алғанда, туғанына 13 жыл, 85 күн толған екен.

Олимпия ойындарының күні бүгінге дейін қасиетін жоғалтпай келе жатқан басты қағидаттарының бірі Жер бетін мекен еткен адамзат ұрпағын татулық пен бейбіт қатар өмір сүруге үндеу болып табылады. Бұл бір замандарда Ойындардың негізін қалаушылардың бірі Пьер Кубертен ақсақалдың қаламынан осы қозғалысқа арналып туған ұзақ жырдың: «О, спорт! Сен

– бейбітшіліксің!», деп келетін бас жағындағы жолдары əлемде Олимпия ойындары өтер кезде жиі еске алынады. Көп жағдайда осыған орайлас тірліктер де жасалып жатады. Оның үздік үлгісін Сочи Олимпиадасы күндері де көрсетіп берді. Ажырасқанды қосып, араздасқанды татуластырып жүруге көбірек жүгінетін кезекті Олимпиада қарсаңында Ресей мен Грузия арасындағы қырғиқабақ саясаттың салдарынан бір кездері жабылып қалған əуе жолы қайта қалпына келтірілді. Ол 6 ақпан күні жүзеге асып, Тбилисиден ұшып шыққан ақшаңқан лайнер Сочиге келіп қонды. Осылайша 2008 жылғы белгілі оқиғаларға байланысты жабылып қалған екі қаланың арасындағы əуе қатынасы қайта ашылды. Осы рейспен Адлер аумағына Грузия олимпиялық құрамасының үш мүшесі ұшып келді. Оның құрамында тау шаңғышылары Нино Циклаури, Ясон Абрамишвили жəне Алексей Бенианидзе сынды үш олимпиадашы ғана болды. Бұлардың арасындағы жалғыз қыз ертесіне Ойындардың салтанатты ашылу рəсімінде Грузияның мемлекеттік туын алып шықты. Сəл кейінірек бұлардың қатарына құраманың төртінші мүшесі – мəнерлеп сырғанаушы Елена Гедеванишвили қосылды. Грузин спортшыларының бұл Олимпиадаға қатысуы басында күмəнді еді. Өйткені, олар Сочидегі ойындарға бойкот жарияламақ болды. Бұған 2008 жылы Оңтүстік Осетияда орын алған қарулы қақтығыс себеп-тұғын. Бірақ нəтижесінде төрт жылдықтың басты жарысынан шет қалып қой мау жөнінде ұйғарым жасалды. Осылайша олимпиялық рух бас дүрдараздықты жеңіп, бейбіт қатар өмір сүру қағидаты үстемдік құрды. Сочиде осы күндерде достық рəуіштегі шынайы қарым-қатынасқа шақырған тағы бір нышан – Олимпиялық татулық қабырғасы ашылды. «Қысқы Олимпия ойындары-2014 ұйымдастырушықаласында Олимпиялық бітімгершілік қабырғасы ашылды. Ол символикалық құрылыс планетаның əр түкпіріндегі спортшылар мен функционерлерді бейбітшілікті қалыптастыру қозғалысы мақсатында біріктіруге бағытталған», дейді оны ұйымдастырушылар. Аталмыш қабырғаға Жер бетінде бейбітшілікті сақтау мақсатында олимпиялық татулық идеясын қолдайтындардың бəрі өз қолтаңбаларын қалдыра алады. Жалпы, Олимпиялық ойындардың қарсаңында Олимпиялық қалашықтарда осындай шараны өткізіп, Олимпиялық татулық қабырғасын ашу көп жылдардан бері қалыптасқан дəстүр болып келеді.

Дерек пен дəйек ● Олимпиададағы ең биік жəне ең салмағы ауыр қатысушы – хоккейден «Бостон Брюнс» командасы мен Словакия құрамасының капитаны Здено Хара. Оның бойы 206 см болса, салмағы 117 кг тартады. ● Ең аласа бойлы спортшы жапон мəнерлеп сырғанаушы қызы Наруми Такахаси екен. Оның бойы 146 см ғана. ● Ал салмақтары ең жеңілдер қатарында үш олимпиадашы бар. Олар – украин фристайлшысы Александр Окипнюк, австриялық трамплиннен секіруші Кьяра Хельцль жəне 9-сыныпта оқитын германиялық шорт-трекші Анна Зайдель. Бұлардың əрбірінің жеке салмағы – 43 кг.

● Олимпиадаға қатысушылар арасында ең жасы – трамплиннен секіруші неміс қызы Джанини Эрнст. Ол 1998 жылғы 31 желтоқсанда туған. Бұдан кейінгі орында 1998 жылғы 29 қарашада туған жапон сноубордшы жасөспірімі Аюму Хирано тұр. ● Жастары ең үлкен спортшылар қатарында да екі адам бар. Олардың ең «кəрісі» тегі мексикалық неміс ханзадасы, тау шаңғысымен айналысушы Хубертус фон Хохенлохе 1959 жылы 2 ақпанда дүнииеге келсе, келесісі – Доминика аралының өкілі, шаңғышы Анжелика Моррон ди Сильвестри 1965 жылы 25 қарашада туған.

Елена Ильиных Олимпиаданыѕ алтын медалін алды жаздырған. Конькиге тұрғаннан бастап оған құмарлығым қатты артып кетсе керек, алғашқы бапкерім Екатерина Волкова əжемнен көп ұзамай мені мəнерлеп сырғанаумен дендеп айналысатын басқа топқа беруді өтінді. Осылайша «Сокольникидегі» мектепке тап келдім. Бұл менің келешек тағдырымды шешіп берді. – Ақтауға барып тұрмайсың ба? – Шынымды айтсам, бара алмай жүргеніме біраз уақыт болып қалды. Бірақ барғым келеді. Туған жерімді тағы да көргім келеді. Оның үстіне, ол қалада тұрып жатқан туыстарымыз да көп. Мүмкіндік болып жатса, Олимпиада аяқталғаннан кейін барып қайтсам деймін. – Ақтаулықтар сенің чемпион болғаныңа алабөтен қуанып жатыр. – Оны білемін. Олимпия ойындары басталмай тұрғанда-ақ біраз жерлестерім анаммен хабарласып, маған сəлем жолдапты. Жерлестерімнің сырттай қолдап, жанкүйерлік жасап жатқаны мені ерекше қуантады. Қолдан келгенінше олардың үміттерін ақтап, сенімдерінен шықсам деймін. Ақтаулықтарға менің атымнан да сəлем айтыңыздар!

ТОЛЫ ДЇНИЕ

Демократтары демократияєа ќарсы ел Мамадияр ЖАҚЫП, «Егемен Қазақстан».

Біраздан бері Таиландта тыныштық болмай тұр. Оның астанасы Бангкоктағы қарсылық акциялары халықаралық телеарналардың экранынан түспейді. Сол шайқас шарықтау шегіне жеткендей көрінеді де, енді біржақты болар дейсің, бірақ аяқталар түрі жоқ.

Бүгінге дейін əлем жұртшылығында бұл ел туралы адамдарының жүзінен күлкі кетпейтін жайдары ел деген пікір қалыптасқан. Əлем жұртшылығы дегенде, бұл ел – туризм орталығы, оған баратындар көп, бізден де барып жатады. Оның халқының сыпайылығы, əдептілігі, мінсіз қызмет көрсетуі жайлы айтылатын əңгіме де, аңыз да көп. Сол елде біраздан бері саяси күрес белең алып отыр. Тіпті соңғы он жылдың əлетінде онда ауысқан үкіметтің саны да біразға жетеді. Бүгінгі жағдайды ұғу үшін оған аз-кем тоқталып өту де қажет. Сол күрестің бел ортасында қытайтекті қайраткер Таксин Чинават жүреді. Ол 2001 жылы жалпы парламент сайлауының нəтижесінде елдің премьер-министрі болып сайланды. Біршама реформаларды жүзеге асырды. Елдің солтүстік аймағын мекендейтін кедей шаруалардың жағдайын көтеруді, биліктің монархиялық жүйесін шектеуді ойластырды. Бұл қарсы күштерге ұнамады. Оның ақыры 2006 жылы əскери төңкеріске соқтырды. Чинават елден аласталды. Содан кейін-ақ елде үкімет тұрақтамады. Тіпті əскерилердің отырғызған адамдарының өзі кетуге мəжбүр болды. Кім келсе де, бірде «сары жейделілер», бірде «қызыл жейделілер» қарсылық шерулеріне шығып, үкіметке жұмыс істетпей, ақыры оның кетіп тынуы дəстүрге айналды. Осы жерде сол «жейделілерге» тоқтала кеткен жөн. Əдетте, Чинаватқа қарсы күресті Демократиялық пар тия бастаса, оның жақтастары шеруге сары көйлек киіп шығатын. Ал Чинаватты қолдайтын Диктатураға қарсы демократия үшін біріккен майдан, оның ішінде «Таиланд үшін» партиясының өкілдері қызыл көйлек киіп шыға тындықтан, оларды сол көйлек түстерімен атайтын болған. Мұны да тайлықтарға тəн десек жөн. Теледидар экранынан бірде қызыл нөпір, бірде сары

нөпір халықты көрсең, оқиға Таиландта болып жатқанын айтпай танисың. Сонымен бірге, «сары жейделілердің» елдің оңтүстік өңірі мен ел астанасы Бангкоктың тұрмыс жағдайы жоғарылау тұрғындары өкілдері екенін, ал «қызыл жейделілер» елдің сол түстік аймағындағы негізінен кембағалдау шаруалар мүддесін қорғайтындар екенін де айтқан жөн. Араларында айтарлықтай келіспеушілік бар. Тіпті, кейде оларды əлеуметтік мəселелер емес, сол аймақтық сипат бір-біріне қарсы қоятындай да көрінеді. Осыдан үш жыл бұрын қарсы жақтар ымыраға келгендей болып, парламент сайлауын өткізген. Сірə соның шешіміне тоқтамақтай болған еді. Онда «Пхые Тхаи» («Таиланд үшін») партиясы жеңді де, заң бойынша парламентте оның жетекшісі Йинглак Чинават (Таксин Чинаваттың туған қарын дасы) премьер-министр болып сайланды. Уəжге тоқтаса, енді осы үкіметті мойындауға тиіс еді. Бірақ жеңілген «сары жейделілер» сөздерінде тұрмады. Қарсылық акциясына шықты. Басты тағатын айыбы – сыртта жүрген ағаңның айтқанынан шықпайсың дейді. Ақылға сыя қоймайтындай талап. Бүгінгі қарсыласуда иман жүзді, шығыстың көркем келбетті қайраткер əйелі премьер-министр Йинглак Чинаваттың қадамдарын құптағандайсың. Оппозицияны келіссөзге шақырды. Олар көнбейді. Айтатындары – отставкаға кет, дейді. Кете алмаймын, халықтың қалауымен келгенмін, оның алдында борышымды өтеуім керек, оның үстіне король де (бұл ел – монархия) жібермей отыр, дейді премьер-министр. Уəж. Демократтар көнбейді. Жаңадан сайлау өткізейік, халық қалауын айтсын, дейді Чинават. Оппозиция тағы көнбейді. Бəрібір ол парламентті таратып, жаңа сайлау өткізуге мəжбүр болды. Сол сайлауды өткізбеуге демократтар барын салды. Соның салдарынан 2 ақпанда өткен сайлауда 500 учаскенің 28-інде сайлау өтпей, депутат сайланбады. Ең сорақысы – демократтар демократияның басты негізі – сайлауға жұрттың тең құқықтылығын шектеп, халықтың кей бір тобын, атап айтқанда, табысы жоқтарды дауыс беру құқынан айы руды талап етіп отыр. Өйткені, кембағал қауым қарсыластарын қолдайды. Əрине, мұндай оппозициядан көп нəрсені күтпейсің.

Кекшіл болмаєан жаќсы дегенмен Олимпия ойындарына қатысты қазір əңгіме көп. Ол, тіпті, кейде саясатты да шарпып кетеді. Соның бірі – бұл ойындар Ресей мен Грузия арасындағы қарымқатынастағы тоңды жібітті деген əңгіме. Оның жұрт назарын аударғаны анық.

Аќтаудан шыќќан Олимпиадада Ресей құрамасына алғашқы жəне əзірге жалғыз алтын медальді осы жолы Ойындардың бағдарламасына бірінші рет еніп отырған мəнерлеп сырғанаудың командалық жарысы алып берді. Осы сапта өнер көрсеткен Елена Ильиных пен Никита Кацалаповтың бишілер жұбы өзінің қола медалі арқылы командаға маңызды ұпай қорын қосты. Сөйтіп, құрама мүшелерімен бірге олар да Олимпиада чемпионы атанды. Ал Ойындардың жаңа чемпионы Е.Ильиных – біздің жерлесіміз. Ол 1994 жылғы 25 сəуірде Ақтау қаласында туған. Елена Руслановнаға кездейсоқ кездесіп қалғанда, соны білгендіктен, оны бірер минутқа кідіртіп, екі-үш сауалға жауап алып үлгерген едік. – Елена, жеңіс құтты болсын! Ақтауда туып, қалай мəнерлеп сырғанаушы болып жүрсің? – Рахмет. Менің бұрынғы Шевченко, қазіргі Ақтау қаласында туғаным рас. Туған-туыстарымыздың біразы əлі сол қалада тұрады. Ал мені 1998 жылы 4 жасымда Мəскеуде тұратын əжем əкетіп, үйдің жанындағы денсаулық тобына

ДҮБІРГЕ

Қысқа əңгімеміз осымен тұйықталды. Асығыс Ленаны бұдан артық ұстап тұра алмадық. Ал өз тарапымыздан қосатынымыз: Елена Ильиных бұл кезге дейін Еуропаның 2012 жылғы қола, 2013 жəне 2014 жылдарғы күміс жүлдегері, Ресейдің 2012, 2013 жəне 2014 жылдарғы күміс жүлдегері, əлемнің 2010 жылғы жасөспірімдер арасындағы чемпионы болып үлгерген.

Сол ойындарға байланысты Ресей басшылығы журналистермен көп кездеседі. Сондай кездесу кезінде грузин журналисі РФ президенті Владимир Путинге «өзінің грузиндік əріптесімен кездесу жоспарында бар ма?» деген сұрақ қойғанда, ол ағытыла жөнелген. Сірə, мұндай сұрақтың қойылуын екі жақ та күні бұрын ойластырған болса керек. «Егер ол қаласа, неге болмасын», деді бірден Ресей президенті. Путин біраз көсілді: «Олимпия ойындары Грузиямен қарым-қатынасты түзетуге көмектеседі. Мен оған барынша қуанамын жəне грузин спортшыларына табыс тілеймін», деп бір қайырды. Оның сөзіне қарағанда, бұл ойындар Ресейдің жақын көршісімен ара қатынасын реттеуге алғышарт бола алады. Екі ел ғасырлар бойы жақын қарымқатынаста болған. Əрине, Грузия біраз нəрседе Ресейге кіріптар. Əсіресе, экономикасы. Бұл елмен байланыс керек. Оған амалсыз барады. Соңғы кезде сол байланысты ор нықтыру жолдары іздестіріліп жатуы да заңдылық,

уақыт талабы. Екі ел арасындағы байланыс жайында Владимир Путинге сұрақ қойылуы, оған жауаптың жұрт назарын аударуы да соның бір көрінісі. Грузия басшылығының оған қалай қарайтынын да күні бұрын болжауға болар еді. Премьерминистр Ираклий Гарибашвили Путинмен кездесуге дайын екендігін айтуға асықса, президент Георгий Маргвелашвили ұсынысты талдап көреміз, жанжақты ойластырамыз, деумен шектелді. Бұлар байланысты орнықтыруға мəжбүр. Бірақ бұдан шынайы достық орнай қалады деу де қиын. Тіпті, айқара құшақ ашылғанмен, кесілген еттің орны, бітпейтін жара əрқашан ашитын болады.


12

www.egemen.kz www.egemen.kz

14 ақпан 2014 жыл

Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің ассоциациясы Association of South East Asian Nations

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯҒА БАҒЫТТАЛҒАН БАСТАМАЛАРДЫҢ ОҢ ƏСЕРІ:

1967 жылдың 8 тамызында негізі қаланған

Қатысушы елдер Ішкіөңірлік сауда-саттықты ұлғайтуға Тікелей инвестициялар ағынына

Арнаулы бақылаушы Сауда-экономикалық ынтымақтастықтың шығысазиялық векторын қалыптастыруға

Папуа-Жаңа Гвинея

Жаңа жұмыс орындарының көбеюіне

Қазіргі кезде саяси ынтымақтастықтан экономикалық ынтымақтастыққа біртіндеп көшу жүріп жатыр

1989-2007 жылдар аралығы

2015 жылға қарай АСЕАН-ның Экономикалық қоғамдастығын құру жоспарлануда

АСЕАН елдері экономикасындағы ТШИ-дің жыл сайынғы көлемі (орташа, млрд. долл.)

.

АСЕАН-10-ның ішкіөңірлік тауар айналымы .

есе өсті

Ассоциация елдері экономика саласында ОША өңірінде үш бағыт бойынша интеграция мен либерализация бағытын жүргізуде

.

ішкіөңірлік тауар айналымы есе өсті

ЕСА құру (АСЕАН-ның Еркін сауда аймағын құру туралы келісім негізінде (АФТА) -ші жылдар

.

-ші жылдар

Жиынтық ішкі жалпы өнімді қосымша ұлғайту есебінен тауарлар экспортын либерализациялаудан сауда мен өсімнің жалпы пайдасы 1988 жылға дейін жылына кем дегенде 3,4 млрд. долл. құрады

Тікелей шетел инвестициясын ұлғайту (ТШИ) (АСЕАН-дағы Инвестициялар аймағы туралы рамалық келісім негізінде (АИА )

Өндірістік ынтымақтастықты дамыту (өндірістік ынтымақтастық сызбасы туралы базалық келісім (АИКО)

-шы жылдар

-ж.ж. Еуразиялық интеграция институты дайындаған

● Кітап көкжиегі

● Əріптестік əлеуеті

Əріптестіѕ їш туындысы Қайсар ƏЛІМ,

«Егемен Қазақстан».

Журналистік жолымды бастап, табаны күректей жиырма екі жыл бойы тер төккен, ыстығына күйіп, суығына тоңған Қостанай облыстық «Қостанай таңы» газеті мен үшін ерекше ыстық. Сол қарашаңырақта болып жатқан шығармашылық ізденіс пен өзгерістерге үнемі құлақ түре жүремін. Кезінде негізін Мұхамеджан Сералин, Бейімбет Майлин сияқты ұлтымыздың біртуар ұлдары салған үнпарақта сол асыл ағалардың жалғасындай болған талай қарым ды қаламгерлер қазір де еңбек етеді. Солардың бірі – «Қос танай таңы» газеті бас редакторының бірінші орынбасары, Қазақстан Жазушылар жəне Журналистер одақтарының мүшесі, Мəдениет қайраткері, Қазақстанның құрметті журналисі Сəлім Меңдібаев. – Бүгінде мен өзімді кезінде Би-ағаң атқарған жұмысты жалғастырып жүргендей сезінемін. Ал бұл ерекше жауапкершілік, – дейді əріптесім. Сондықтан да болар, осы ұжым да қырық үш жыл бойы абыройлы еңбек етіп келе жатқан Сəлім Тоқмырзаұлы үнемі жаңа бір бастамаларға мұрындық болып жүреді. Ана бір жылдары редакция тіршілігіне ерекше бір серпін берген газеттің жастарға арналған «Намыс», əйелдерге арналған «Ақсұлу», тарихи-танымдық

«Зерде» қосымшаларын осы Сəкең өзі бас болып, оқырмандар назарына ұсынды. Өткен 2013 жылы жазушыжурналист қаламынан үш бірдей тамаша кітап «Қостанай таңының» кітапханасы» сериясымен дүниеге келді. Бірінші кітап «Тұмарымыз – Түркістан» деп аталады. Оған автордың жетекшілігімен осындай айдармен газет бетінде жарық көрген очерк, деректі əңгі мелер мен жолжазба лар топтастырылған. Бұл күндері қасиетті Түркістанда Қостанай-Тор ғай өңірінен шыққан тоғыз

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

бірдей баһадүр бабамыздың жерленгені белгілі болып отыр. Олар: Шақшақ Жəнібек, Қара балуан Алдиярұлы, Мешітбай Сүгірұлы, Мерген Бабас ұлы, Бекбаулы Өтейұлы, Əлібек Құдайбердіұлы, Айт пай Аткелтірұлы, Шобан Жаманқұлұлы, Мадияр Жауғаштыұлы. Бұ лардың бəрі кешегі Жоңғар шапқыншылығы кезінде Қазақ елінің тəуелсіздігі үшін қан мен тер төккен тарихи

Франциядан 350 автобус əкелінеді

тұлғалар. Сол бабалар ерлігін насихаттауда бұл тарихитанымдық туындының алатын орны ерекше. Автордың екінші кітабы «Біздің елдің жігіттері» деп аталады. Бұл еңбекте есімдері бүкіл елге əйгілі мемлекет жəне қоғам қайраткері Ілияс Омаров, ғұлама ғалымдар Өмірзақ Сұлтанғазин, Жұмағали Ысмағұлов, Сағындық Сатыбалдин, Жанкелді Отарбаев, ауылшаруашылық өндірісінің көшбасшылары Жəзит Құдайқұл, Сайран Бұқанов, Өмірзақ Ихтиляпов сияқты талай танымал азаматтардың бейнесі сомдалады. Ал «Армысың, алтын таң!» атты кітап шыға бастағанына тоқсан жылдан астам уақыт болған «Қостанай таңында» соңғы он-он бес жыл көлемінде жарияланған Сəкеңнің таңдамалы шығармаларынан тұрады десек, қате айтқандық болмас. Бес тараудан тұратын туындыда журналистің əртүрлі тақырыпты қамтыған ойтолғамдары өз оқырманын табады деп кəміл сеніммен айта аламыз. Журналистік алғырлығы мен жазушылық шеберлігін танытқан əріптесіміз бұдан бұрын да «Жүрек лүпілі», «Еменнің айыр бұтағы», «Мөп-мөлдір дүние», «Еркімбайдың Сұлтаны», «Терең тамыр» атты кітаптар жазып, жариялаған болатын. Ал «Қостанай таңының» кітапханасы» сериясымен шыққан соңғы үш туындысы əріптесімізді биік тұғырға көтерген келісті еңбек болып есептеледі.

Жақында Астана қаласының əкімдігінде француздық «IVEKO BUS» компаниясының табиғи газбен жүретін 350 автобусын алу жөнінде келісімшартқа қол қойылды. Бұл шараға қала əкімі Иманғали Тасмағамбетов пен Француз Республикасының Қазақстандағы елшісі Франсис Етъен қатысты. Келісімге сəйкес Франция компаниясы 2014 жылғы 1 тамызға дейін Астана қаласына 200 жаңа автобус жеткізеді. Қалған 150 автобус ағымдағы жылдың бірінші қазанына дейін əкелінетін болады. Бұл инвестициялық жобаны іс жүзіне асыру үшін «Астана ЛРТ» ЖШС CAFAS компаниясының сақтандыру кепілдігімен Германияның «CommerzBank» атты банкінен тиісті несие алды. Бұл инвестициялық жобаның жалпы көлемі 91 миллион еуроны құрайды. Сатып алынған жаңа автобустар Астана қаласында 2014 жылдың шілдесінде пайдалануға берілетін коммуналдық автобус

паркінің қарамағына берілетін болады. Қазіргі уақытта 8,48 гектар жер телімінде осы болашақ автобус паркінің құрылысы қызу жүргізілуде. Фран циядан əкелінетін IVECO автобустарының едендері төмен, пандустер орнатылған. Бұл мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қатынауы на өте қолайлы. Сонымен бірге, жаңа автобустардың ішінде мү гедек арбалары орналастырылатын орындар бар. Мұндай қолайлы автобустар Францияның қалаларында көптеп қолданылады. Астанаға əкелінетін француздық IVECO автобустарының 270інің ұзындығы 12 метр болса, 80-інің ұзындығы 18 метрге тең.

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 273-73-80.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru , egemenkz@maіl.kz Алматыда: факс (727) – 273-73-80, электронды пошта – egemalm@mail.ru

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – (712-2) 32-94-07; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

Көкшетау – (716-2) 25-76-91; Павлодар – (718-2) 68-59-85; Қарағанды – (721-2) 43-94-72; Семей – (722-2) 52-26-86; Қостанай – (714-2) 39-12-15; Тараз – (726-2) 43-37-33; Қызылорда – (724-2) 27-00-85 Шымкент – 8 (701) 404-36-29; Орал – (711-2) 28-80-35; Петропавл – (715-2) 50-72-50. Өскемен – (723-2) 25-28-41; Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-73-97, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Ермеков к-сі, 33, «Қарағанды полиграфия» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-полиграфия» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Мұхит к-сі, 57/1, «Жайық Пресс» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

Елорданың көлік қатынасы үшін өте тиімді бұл инвестициялық жобаға Қазақстан тарапынан «Астана ЛРТ» АҚ-тың басқарма төрағасы Талғат Ардан жəне «IVEKO BUS» компаниясының президенті Пьер Лаут қол қойды. Қазіргі күні Астана қаласында құрамында 890 көлік бірлігін құрайтын 8 көлік компаниясы жұмыс істейді. Жалпы, қаламызда 2444 шақырымға созылған 49 автобус бағыты бар. Бір тəулік ішінде осы көліктермен 669 мың жолаушы тасымалданады. Солай бола тұрса да, елордада қоғамдық көлік жетімсіздігі 357 бір лікті құрайды. Аталмыш инвес тициялық жобаның жүзеге асырылуы нəтижесінде Астана қаласындағы қоғамдық көлік қозғалысы жақсарып, тұрғындарға қызмет көрсету сапасы артатын болады. Нияз ЖЫЛҚЫБАЕВ. АСТАНА.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 201 715 дана. Нөмірдің кезекші редакторы

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 6 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №247 ek

Profile for Egemen

14022014  

1402201414022014

14022014  

1402201414022014

Profile for daulet
Advertisement