Page 1

Бїгінгі нґмірде:

№7 (28231) 14 ҚАҢТАР СЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ

Ќалыптасќан мемлекеттіѕ сыртќы саяси баєыты 2-бет Ажал артќан адамдар 5-бет Мəдиден тəбəрік, Əлмаєанбеттен əн алєан 6-бет Аймауытовтыѕ жазыєы не?.. 7-бет

Президенттіѕ жўмыс кестесі:

2013 ЖЫЛДЫЅ НЕГІЗГІ ЌОРЫТЫНДЫЛАРЫ Їкімет басшысын ќабылдады Кездесу барысында Премьер-Министр С.Ахметов Мемлекет басшысына еліміздің 2013 жылғы əлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер туралы баяндады, сондай-ақ индустриялықинновациялық бағдарламаның екінші кезеңін əзірлеу барысы жөнінде мəлімдеді. Мемлекет басшысы «Қазақстан-2050» Стратегиясын орындаудың нақты жолдарын əзірлеудің, сондай-ақ Қашаған мен Қарашығанақ тəрізді ірі жобалар айналасында өндірістік инфрақұрылымдар аясын ұлғайта отырып оларды одан əрі іске асырудың маңыздылығын атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев энергетиканы дамытуға, маңызды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға назар аударды. Бұл орайда, Мемлекет басшысы Үкіметтің аса

маңызды міндеттері азаматтардың əл-ауқатын арттыру, жұмыспен қамту жəне қазақстандықтардың əлеуметтік көңіл күйі жоғары болуын қамтамасыз ету болып қала беретініне тоқталды. Премьер-Министр 2013 жылдың қорытындысы бойынша экономиканың өсімі 6% болғанын, инвестиция көлемі 6,5%-ға, өнеркəсіп өндірісі 2,3%ға, құрылыс көлемі 3%-ға, жалпы ауылшаруашылық өнімдерін өндіру 11,6%-ға ұлғайғанын

айтты. Бұған қоса, жұмыссыздық деңгейі – 5,2%, инфляция деңгейі 4,8% болды. Сондай-ақ, С.Ахметов индустрияландыру бағдарламасын іске асырудың келесі кезеңі əзірленіп жатқандығын, онда экономиканың негізгі салаларын əртараптандыруға, кластерлерді дамытуға, сондай-ақ, технологиялар мен инновациялар трансфертіне ерекше назар аударылатынын айтты. Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы қаралған мəселелер бойынша бірқатар тапсырмалар берді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

----------------------------------------Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты бюросының отырысы болды. Сенат Төрағасы Президент Н.Ə.Назарбаевтың ұзақ мерзімді Стратегиясын дəйекті іске асыру мақсатында Парламент жоғарғы палатасы депутаттарының келісілген жəне жігерлі жұмыстарының маңызын атап өтті. қатысты келісімді ратификациялау туралы заң жобасын да алды. Конституциялық заңнама, сот жүйесі жəне құқық қорғау органдары комитеті заңнамаға тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы мəселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы бойынша бас комитет болып белгіленді. Бюро мүшелері Сенаттың 16 қаңтарда болатын жаңа жылдағы алғашқы отырысының күн тəртібін де қарады. Атап айтқанда, сенаторлар ТМД-ға қатысушы мемлекеттер күштерінің əуе шабуылына қарсы қорғаныс жөніндегі кезекшілерінің əуе кемесін басып алу (ұшырып əкету)

туралы ақпаратты алған кездегі ісқимылдарын ұйымдастыру туралы келісімді ратификациялау жəне Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің аумақтарына əскери инфрақұрылым объектілерін орналастыру туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобаларын қарауды жоспарлады. Одан басқа, Сенат заңнамаға Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мəселелері бойынша түзетулерді қарайтын болады.

Сотталушылар азаймай отыр. Неге? Мəжіліс Төрағасының орынбасары Сергей Дьяченконың жетекшілігімен кеше биылғы жылдың алғашқы Үкімет сағаты «Еліміздегі құқықтық тəртіптің жай-күйі жəне ішкі істер органдары қызметінің басым бағыттары туралы» деген тақырыппен өтті. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Күн тəртібінде қаралатын мəселе өте маңызды екендігін тілге тиек еткен вице-спикер өткен жылы ішкі істер саласына қатысты 8 заң қабылданғанын жеткізді. Сондай-ақ, соңғы кезде ішкі істер жүйесінде реформа өтіп, бірқатар құрылымдық жəне функциялық өзгерістер болғандығы да айтылды. «Автокөлікті техникалық байқаудан өткізу жəне күзет қызметі саласы бəсекелестік ортаға берілді; халықты құжаттандыру, тіркеу жұмыстары жəне қылмыстықатқару жүйесі қайтарылды; көші-қон саласындағы көптеген функциялар жүктелді; жол жəне патрульдік полиция қызметтері реформаланды; қылмыстарды есепке алу жəне тіркеу тəртібі өзгерді, тағы басқалар», деді С.Дьяченко.

Бұдан кейін сөз баяндама жасау үшін Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовқа берілді. Министр өз баяндамасында Ішкі істер министрлігі жүйесін реформалау, еліміздегі криминалдық ахуалдың жай-күйі, аса ауыр қылмыстар мен ұрлықтың алдын алуға бағытталған бағдарламаның нəтижесі туралы айтып берді. Келтірілген мəліметтерге қарағанда, 2011 жылы полицияға 800 мыңға жуық қылмыс туралы арыз бен хабарлама келіп түскен болса, 2012 жылы оның көлемі 1,6 миллионға, ал былтыр 2 миллионға жетіпті. Азаматтар арызының 94 пайызы 3 күндік мерзімде қаралуы жүзеге асырылған. Керісінше, аса ауыр қылмыстар саны 15 пайызға (2394-ке дейін), кісі өлтіру 12 пайызға (1118-ге дейін), тонау 7 пайызға (18,8 мыңға дейін), ал қарақшылық 18 пайызға (1358-ге

Махмұт ҚАСЫМБЕКОВ,

Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы.

Кїн тəртібі бекітілді Бюрода Сенат комитеттеріне Мəжілісте мақұлданған заң жобалары бөлінді. Қаржы жəне бюджет комитетіне Бернде 1999 жылғы 21 қазанда қол қойылған Қазақстан Үкіметі мен Швейцария Федералдық кеңесі арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау туралы конвенцияға жəне хаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Үкіметі мен Швейцария Федералдық кеңесі арасындағы хаттаманы ратификациялау заң жобасы берілді. Осы комитет Қазақстан мен Еуропа Қайта құру жəне даму банкі арасындағы ынтымақтастық пен қызметіне

2013 жыл – мақсаты Қазақстанның əлемнің анағұрлым дамыған 30 елінің қатарына қосылуын қамтамасыз ету болып табылатын «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асырудың алғашқы жылы болды. Бұл мемлекеттік органдар мен ел Президенті Н.Ə.Назарбаевтың қызметінен нақты көрінді.

дейін) қысқарғаны ерекше аталды. Ұйымдасқан қылмыстық топ құру жəне оған басшылық ету (52), бандитизм (1) фактілері бойынша 53 қылмыстық іс қозғалған. Бұл ретте ұйымдасқан криминалдық құрылымдардың 50-ден аса жетекшісі мен 230 қатысушысы жауапкершілікке тартылып, олардан көптеген қару мен есірткі тəркіленіп алынған. Тағы бір белгілі болғаны, экстремистік сипаттағы қылмыстар бойынша 28 қылмыстық іс қозғалып, Астана мен Атырау қалаларында 3 террористік топ əрекетінің жолы кесіліпті. Экстремистік сипаттағы ақпараттан тұратын 11,4 мың бірлік баспа өнімі, 1,2 мың бірлік электрондық тасымалдағыш жəне 13 бірлік компьютерлік техника тəркіленген. (Соңы 2-бетте).

Шетелдік сапарларды, өңірлерге жұмыс сапарларын, түрлі отырыстар мен мəжілістерді, халықаралық жəне республикалық фо румдардың жұмысына, конференциялар мен съездерге қатысу, шетел мемлекет жəне қоғам қайраткерлерін қабылдау, жұртшылық өкілдерімен жəне еңбек ұжымдарымен кездесу, өнеркəсіп кəсіпорындары мен əлеуметтік нысандарға баруды қоса алғанда, жыл бойы Президент Н.Ə.Назарбаевтың қатысуымен 700-ден астам хаттамалық іс-шара болып өтті. Мемлекет басшысы 16 мəжіліс өткізді, олардың ішінде Үкімет мүшелерінің, Президент Əкімшілігі басшылығының, орталық мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен өткен 13, басқарушылық «А» корпусы мемлекеттік қызметкерлерінің қатысуымен өткен 1 жəне көшпелі 2 мəжіліс бар. Президенттің жанындағы консультативтіккеңесші органдардың желісі бойынша Н.Ə.Назарбаевтың төрағалығымен Шетел инвесторлары кеңесінің 1, Кəсіпкерлер кеңесінің 1, Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңестің 1, Мұнайгаз кеңесінің 1, сондай-ақ, Қауіпсіздік кеңесінің 2 отырысы болып өтті. Жыл бойы Президент Парламент палаталарының төрағаларымен жəне парламенттік фракциялардың жетекшілерімен ұдайы кездесе отырып, депутаттық корпуспен тұрақты негізде өзара бірлескен іс-əрекет жасады. Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен еліміздің 14 өңірінде болды. Екіжақты қарым-қатынастардың аясындағы 7 шетелдік сапарды, сондай-ақ 9 мемлекетаралық саммит пен 4 халықаралық форумды қоса алғанда, Елбасының қатысуымен 170-ке жуық кездесу мен халықаралық сипаттағы іс-шаралар болып өтті. Н.Ə.Назарбаев 14 баспасөз конференциясы мен брифингтер өткізіп, шетелдік жəне отандық жетекші БАҚ-қа 8 сұхбат берді. Жыл бойына Президент 6,8 мыңға жуық құжаттарды қарап, қол қойды, олардың қатарында 94 заң, 259 жарлық, 107 өкім, 19 мəжіліс хаттамалары, 2 439 қызметтік құжаттар, 3 640 талдамалық жəне ақпараттықанықтамалық материалдар, азаматтардың 232 арыз-шағымдары мен хаттары бар. Осы кезеңде Мемлекет басшысы барлығы 70 күн іссапарда болды, оның 23 күні шетелдерге, 47 күні Қазақстанның өңірлеріне арналды. * * * Ішкі саяси салада 2013 жыл «Қазақстан-2050» Стратегиясының басымдықтарына сəйкес, мемлекеттік басқару жүйесін сапалық қайта құрудың басы ретінде есте қалды. Мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру мен əкімшілік реформа осы бағыттағы алғашқы ірі нақтылы қадамдар болды. 2013 жылы мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру аясында орталық пен өңірлердің арасындағы жауапкершілік пен өкілеттіктердің аражігін ажырату жүзеге асырылып, жергілікті жерлерде əкімдердің

сайланбалылығы енгізілді жəне жергілікті өзін өзі басқарудың өкілеттіктері ұлғайтылды. Атап айтқанда, 67 мемлекеттік функция ауылдық деңгейге берілді. Ең алдымен, ауыл əкімдері салық жинау, жергілікті бюджетті қалыптастыру жəне оны тұрғындардың өздерінің қатысуымен проблемаларды шешуге бөлу құқығын алды. Тамыздың басында жергілікті билік органдарының басшыларын сайлау өткізілді, соның қорытындылары бойынша баламалы негізде ауылдық округтердің, кенттер мен аудандық маңызы бар қалалардың əкімдері сайланды, бұл барлық деңгейдегі əкімдер корпусының 91%-ын құрайды. Осымен бір мезгілде мемлекеттік қызмет жүйе сін одан əрі жетілдіруге жəне кəсіби мемлекеттік басқарушылар корпусын қалыптастыруға бағытталған əкімшілік реформа басталды. Осы мақсатта «А» жəне «Б» корпустары түрінде əкімшілік мемлекеттік қызмет лауазымдарының қос деңгейлі құрылымы енгізілді. 2013 жылдың жазында өткізілген көпсатылы конкурстың қорытындылары бойынша «А» корпусына 940 адам іріктеліп алынды. Əкімшілік реформаның алғашқы нəтижелерін Мемлекет басшысы 17 қазанда «А» корпусы мемлекеттік қызметкерлерінің қатысуымен өткен жұмыс кеңесінде қорытындылады. Тұтастай алғанда, жүргізілген реформа саяси мемлекеттік қызметкерлер санын 7,5 есе қысқартып, аудандар мен өңірлердегі қалалар əкімдерінің 30%-ын, сондай-ақ, орталық деңгейдегі атқарушы органдар басшылық құрамының 15%-ын жаңартуға алып келді. «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру орайындағы маңызды бағыт құқықтық жүйені одан əрі жаңғырту болды. 30 қаңтарда құқық қорғау органдарының басшылығымен болған кеңесте Президент Стратегияны жүзеге асыру аясындағы құқық қорғау реформасының басымдықтарын айқындап берді. Бұл мəселе Негізгі заң мен Құқықтық реформа тұжырымдамасының ережелерін дамыту үшін жаңа редакцияда əзірленген Қылмыстық, Қылмыстық-іс жүргізу жəне Қылмыстықатқарушылық кодекстердің жобаларын қарауға арналып, Президенттің төрағалығымен өткен тамыздағы кеңесте өз жалғасын тапты. Құқық қорғау жүйесін жетілдірудің басым бағыттары туралы айта келе, Мемлекет басшысы аса маңыздылардың қатарында сыбайлас жемқорлықпен күресті атады. Жыл бойында аталған мəселелер бойынша Н.Ə.Назарбаев Экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (Қаржы полициясы) төрағасы Р.Т.Түсіпбековті, Бас прокурор А.Қ.Дауылбаевты жəне Ішкі істер министрі Қ.Н.Қасымовты қабылдады. Сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту міндетін Президент 20 қарашада болып өткен судьялардың VI съезінде судьялар корпусының алдына да қойды. Қабылданған іс-шаралар іс жүзінде сыбайлас жемқорлықпен күрестің жүйелік деңгейде күшейтілуінен көрінді. 2013 жылы орталық жəне жергілікті мемлекеттік органдардың

тұтас бір жоғары лауазым иелеріне қатысты қылмыстық істер қозғалды. Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Нұр Отан» партиясы арқылы жетекші азаматтық қоғам институттарының құжаттары да «Қазақстан-2050» Стратегиясының тұжырымы тұрғысынан түбегейлі қайта ойластырылды. Мəселен, сəуірде «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» ұранымен өткен Ассамблеяның ХХ мерейтойлық сессиясы жұмысының қорытындылары бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы қабылданды. Қазандағы кезектен тыс ХV съезінде «Нұр Отан» партиясы өзінің жаңартылған Саяси доктринасын бекітті. «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру жылдың барлық елеулі қоғамдықсаяси іс-шараларының өзегі болғанын атап айтқан жөн. 25 сəуірде Н.Ə.Назарбаев ХІ Еуразиялық медиа-форумның жұмысына қатысты. Қатысушыларға арналған құттықтау сөзінде Елбасы «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру барысындағы отандық медиа саласының дамуы жөніндегі өз көзқарастарымен бөлісті. Президент белгілеген тұжырымдардың «Ақпараттық Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасынан көрініс тапқаны белгілі. Жаңа кезеңдегі ұлттық қауіпсіздік мəселелерінің өзектілігі сəуірде жəне қыркүйекте Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырыстары күн тəртібінің басты арқауы болды. Отан қорғаушы күні қарсаңында 7 мың əскери қызметшінің, 400 жерүсті ұрыс техникасының, 80 ұшақ пен тікұшақтың қатысуымен Жамбыл облысындағы «Отар» полигонында осындай пішімде алғаш рет ұйымдастырылған Жауынгерлік əскери парад та осы арнада өткізілді. Парламенттің бесінші шақырылымының кезекті ІІІ сессиясының ашылуы барысындағы Президенттің қыркүйектегі депутаттық корпуспен кездесуі «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру қыры арқылы саяси, əлеуметтік-эконо микалық, құқықтық реформаларды заңнамалық қамтамасыз ету мəселелеріне арналды. Оның негізі қалануының 20 жылдығына арналып 29 қарашада өткен Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендиаттары мен бітірушілерінің форумында да Н.Ə.Назарбаев мемлекеттің ұзақ мерзімдік дамуы мен жас ұрпақтың жауапкершілігі мəселелерін көтерді. 1,5 мыңнан астам адамның қатысуымен өткен кездесу кезінде Президент телекөпір арқылы қазіргі кезде Лондонда, Вашингтонда жəне Шанхайда оқып жүрген стипендиаттармен сөйлесті. Өз сөзінде Елбасы «Болашақ» халықаралық бағдарламасын жүзеге асырудың 20 жыл ішіндегі мерзімаралық қорытындыларын шығарды жəне «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру тұрғысынан оның жаңа міндеттерін айқындады. Жыл қорытындысын шығара отырып, Мемлекет басшысы Тəуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асырудың алғашқы нəтижелерін талдап-таразылап, елдің бұдан былайғы ұзақ мерзімдік болашағын белгілеп берді.

(Соңы 3-бетте).


2

www.egemen.kz

14 қаңтар 2014 жыл

Сотталушылар азаймай отыр. Неге? (Соңы. Басы 1-бетте).

Ќалыптасќан мемлекеттіѕ сыртќы саяси баєыты Оны іске асыратын ўлттыќ дипломатиялыќ кадрларды даярлаудыѕ маѕызы зор Сəулегүл САЙЛАУҚЫЗЫ,

Қазақстан Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Дипломатия институтының директоры.

1990 жылы 25 қазанда Жоғарғы Кеңестің сессиясында қазақ мемлекеттілігінің егемендігі мəселесі қаралып, еліміз үшін тарихи маңызы бар құжат – «Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация қабылданды. Осылайша халықаралық қоғамдастық Қазақ елінің тəуелсіздігін мойындап, дипломатиялық қатынастар басталды. Егемендігін енді жария еткен Қазақстанда егеменді сыртқы саясатты жүргізу үшін кəсіби дипломаттардың саны саусақпен санарлықтай аз еді. Сондықтан, 1991-1993 жылдары сыртқы саясат ведомствосына қызметке алынған бірінші дипломаттар негізінен шет тілдерін білетін Əл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеті мен Алматы педагогикалық шет тілдер институтының бітірушілері болды. Олар Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің (бұдан əрі – ҚР СІМ) орталық аппараты мен бірінші ашылып жатқан шетелдік өкілдіктерінде жұмыс істеп, кəсіби дипломаттар болмаса да, халықаралық қатынастар саласы мен мемлекеттік протокол істерінде құнды білім, тəжірибе мен дағдыларды жинап алды. 1996 жылы елдегі қиын ішкі экономикалық ахуалға қарамастан дипломатиялық кадрларды қайта даярлау жəне біліктілікті арттыру үшін отандық дипломатиялық мектептің керектігіне көзі жетіп, Қазақстан Республикасы Үкі меті «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Жоғарғы дипломатиялық мектебін құру туралы» №1102 қаулысымен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық акаде миясын ашты. Дипакадемияның ашылуы еліміз үшін, егемендігіміз үшін, тəуел сіз дігімізді сақтап қалу үшін маңызы зор оқиғалардың бірі болды. Себебі, Қазақ тарихында бірінші рет ұлт тық дипломатиялық кадр ларды əзірлеуге негізделген арнайы мектеп ашуға қолымыз жетті. Бұл да шынайы егемендіктің бір көрінісі. 2000 жылы ҚР СІМ-інің Дипломатия ака демиясы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлт тық университетіне қосылды. 2005 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы №1583 Жарлығымен Дипломатия академиясы Қазақстан Республикасы Прези дентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының (бұдан əрі – Академия) құра мына Дипломатия институты болып негізгі құрылымдық бөлімі ретінде кірді. Бүгінгі күні Дипломатия институты халықаралық қатынастар мен сыртқы саясат саласында жұмыс істейтін сапалы жəне білімді дипломаттарды дайындайтын бірден-бір жоғары оқу орны болып саналады. Дипинститут негізінен төмендегі үш бағытта жұмыс істейді: – MIR – Master of International Relations «Халықаралық қатынастар – 6М020200» мамандығы бойынша магистрлерді дайындау; – Phd in International Relations «Халықаралық қатынастар – 6D020200» докторанттарды дайындау; – ҚР СIМ-інiң жоғары, орта жəне кіші буын дипломаттарының біліктілігін арттыру ға ар нал ған қыс қа мерзiмдi семинарларды өткізу. Халықаралық қатынастар са ласы бойынша мамандар əзірлей тін басқа жоғары оқу орындарына қарағанда, Дипломатия инс ти тутының бір ерекшелігі – профессорлық-оқыту шылар құрамының жартысын қазіргі аға дипломаттар, атап айтқанда, Сыртқы істер министрінің орынбасары,

ерекше тапсырмалар бойынша елшілер, департамент директорлары құрайды. Сонымен қатар, дипломатия кəсібінің ерекшелігін ескере отырып, оқу бағдарламалары, магистрлік жəне докторлық диссертациялардың тақырыптары ҚР СІМ-імен міндетті түрде келісіледі. Сыртқы саясат ведомствосы мен орталық мемлекеттік органдардың халықаралық байланыс бөлімшелерінде жұмыс істейтін мамандарды заманауи талаптарға сəйкес даярлау үшін оқу бағдарламалары жылда 20-25 пайызға жаңартылып отырады. Дипинститутта Қазақстанның сыртқы саяси бағытын, мақсатын жəне міндетін білуді; халықаралық сахнадағы ахуалға талдау жасауды; ауызша жəне жазбаша сауатты дипломатиялық құжаттарды əзірлеуді; заманауи ақпараттық технологияларды пайдалануды; тиімді келіссөздер жүргізуді; мемлекеттік жəне шет тілдерінде өз ойларын кəміл жеткізе алуды жəне протоколдық жəне консулдық ерекшеліктерді оқытады. Оқу процесі инновациялық жəне өзiндік іздену əдiстерiне негізделеді жəне тренингтер, іскерлік ойындар, дипломатиялық тəжiрибеден алынған нақты жағдайларды талдау (кейсстади), модельдеу, отандық жəне шетелдік елшілермен кездесу формаларында өтеді. Академия тыңдаушыларды дипломатиялық тағылымдамаға жіберуге ерекше көңіл бөледі. Екіжылдық оқу барысында магистранттар Вена дипломатиялық академиясына, Францияның Əкiмшiлiк ұлттық мектебiне (ENA) немесе Қазақстанның шетелдегі елшiлiктеріне жолданады. Бұл дипломаттардың кəсiби құзыреттілігін қалыптастыруға жəне оны дамытуға мүмкiндiк береді. Академияда 2013 жылдан бастап Еуразиялық экономикалық одақ құру үдерісі аясында келіссөздерге қатысатын қазақстандық эксперттер үшін «Еуразиялық интеграциялық экономикалық жобалар шеңберінде келіссөздер жүргізу өнері» тақырыбына арналған біліктілікті арттыру семинарлары өткізіледі. Семинардың мақсаты – ұлттық экономикалық жəне сауда мүдделерін ілгерілету жəне саяси егемендікке қысым көрсетілмей, барлық мəселелерді консенсус арқылы шешу үшін келіссөздер жүргізу техникасын үйрету. Дипломатиялық мектептің басты мақсаты – дипломатиялық қадрларды кəсіби қайта даярлау орындалып келеді. Дипломатия институтын бітірген түлектер Қазақстанның Төтенше жəне өкілетті елшілері, Уақытша сенімді өкілдері, ҚР СІМ-інің басшылары жəне Қазақстанның басқа мемлекеттік органдарында вице-министрлер лауазымдарында жемісті қызмет атқаруда. Алайда, заманауи өмір талабы жаңа мəселелер көтеріп, халықаралық сахнада жаһандану үдерісінің ықпалы нəтижесінде жаңа формациядағы ұлттық дипломатиялық кадрлар əзірлеу талабы алға шықты. Қазақстан Президенті, Ел басы Н.Ə.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Біздің мақсатымыз мемлекеттік басқарудың жаңа түрін қалыптастыру» делінген. Сондықтан, мемлекеттік қызметшінің жаңа моделін құру аясында дипломатия саласындағы қызметкерлердің кəсіби деңгейін жəне құзыреттілігін (компетентность) арттыру ісіне академия өзінің даму тұжырымдамасына сəйкес ерекше көңіл бөледі. Қазақстан дипломаттары аймақтық жəне ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға, экономикалық жəне сауда дипломатиясын белсенді дамы туға, мəденигуманитарлық жəне ғы лым-білім

салаларындағы халықаралық ынтымақтастықты арттыруға, азаматтарымызды құқықтық қорғауға қабілетті болуы тиіс. Интеграциялық үдерістер аясында дипломаттарды көршілес Ресей, Қытай, Орталық Азия елдеріне мамандандырылған етіп даярлау керек. Дипломатқа қандай құзыреттілік қажет, ол не білу, не істеу тиіс деген тақырыпқа академия магистранттарымен бірнеше дөңгелек үстелдер өткізілді. Онда магистранттар білімділік, жігерлілік, жауапкершілік, патриоттық сияқты құзыреттіліктер мен бірге мемлекеттік тілді білу құзыреттілігін бірінші орынға қойды. Дипломаттар үшін мемлекеттік тіл, ұлттық мəдениет жəне елдің тарихын білудің маңызы ерекше зор. Мəдени дипломатия мемлекеттік саясаттың маңызды құрылымдық бөлігі болып келеді. Кез келген мемлекеттің мəртебесі саяси жəне экономикалық қуатымен бірге, руханимəдени потенциалымен анықталады. Мəдени игіліктерді шетелдерде насихаттау жұмысы ірі жəне кіші елдердің сыртқы саясат басымдықтарына кіреді. Осыдан-ақ Франция, Германия, Ұлыбритания, Ресей, Жапония, Израиль сияқты экономикалық қуатты елдер мемлекеттік тіл мен мəдениетке күш жұмылдырып айналысатындары бекер еместігі түсінікті. Осы ретте академия оқуға түсерде немесе оқуды бітірерде мемлекеттік тіл емтиханын енгізу арқылы мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту бойынша республикалық деңгейдегі жұмысқа қомақты үлес қосары сөзсіз жəне тиісті деп білеміз. «Дипломат» əр заманда əр елде абыройлы мамандық болып саналады, сондықтан «Халықаралық қатынастар» саласы бойынша оқуға сұраныс үлкен. Дипломатия институтын санамағанда Қазақстанда 30 шақты ұлттық, мемлекеттік жəне жекеменшік жоғары оқу орындары халықаралық қатынастар, экономика жəне құқық бойынша мамандарды даярлайды. Олардың жанында академияның дипломатиялық саладағы мемлекеттік қызметшілерді даярлаудағы ерекше статусы бар жəне ҚР СІМ-імен қоян-қолтық жұ мыс істейді. Сондықтан, «Халықаралық қатынастар», «Халықаралық экономика» жəне «Халықаралық құқық» мамандарын даярлаумен негізінен Дипломатия институты айналысуы қажет. Дипломатия институты тек арнайы жоғары оқу орны ғана емес, сол сияқты халықаралық қатынастардағы басты тенденцияларды сараптай алатын ғылыми-зерттеу орталығы ретінде дамуы керек. Ол үшін академия мен Қазақстан СІМ-індегі Дипломатия институтының негізгі даму бағыттарын анықтайтын тұжырымдамалық құжат əзірлеуі дұрыс болар еді. Бұл іске Білім жəне ғылым министрлігінің қосылуы абзал, себебі жоғарыда айтылғандай, көптеген жоғары оқу орындары арасында Дипломатия институтының нақты рөлі мен орны анықталуы тиіс. Əйтпесе, дипломатияға қызығып осы мамандықты таңдаған жастардың көбісі болашақта жұмыссыз қалу қаупі бар. Халықаралық өмір талабы мен Елбасы қойған мақсаттарды толығымен қанағаттандыру үшін жоғары сапалы ұлттық дипломатиялық кадрлар даярлау ісін жетілдіру ол үздіксіз процесс. Академияның Дипломатия институты Қазақстанның дүниежүзіндегі 30 дамыған мемлекеттер қатарына кіру, ЭКСПО-2017-ні өткізу, Біріккен Ұлттар Ұйы мы ның Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақсыз мүше болу сияқты Қазақстан өзінің алдына қойған жаңа амбициялық міндеттерді жүзеге асыра алатын жоғары білімді, ісіне сенімді жəне еліне патриотты ұлттық дипломатиялық кадрлар даярлайтын ұстаханасы толық бола алады.

Министрдің айтуынша, 2013 жылы шетелдік еңбек күшін заңсыз пайдаланудың 2,3 мың фактісі анықталыпты. Бұл ретте бір жыл ішінде 3,2 мың есірткі қылмысы, соның ішінде есірткі өткізудің 2 мыңға жуық фактісі, есірткі контрабандасының жүзден астам дерегі анықталса, заңсыз айналымнан 23,3 тонна есірткі заттары (136,3 кг героин) тəркіленіп алыныпты. Сөз реті келгенде министр ресейлік əріптестерінің героинның негізгі бөлігі Қазақстан аумағы арқылы жеткізілетіні туралы байламдарының негізсіз еместігін де мойындады. Халықаралық сарапшылар пікірінше, қарулы контингенттің шоғырлануына байланысты Ауғанстаннан аймаққа жəне Еуропа елдеріне есірткі тасымалы мəселелері шиеленісуі де мүмкіндігі айтылмай қалмады. Мемлекет басшысының тапсырмасына орай ұсақ құқық бұзушылықтардың 2,6 миллион фактісі анықталса, құқық бұзушыларға салынған айыппұл көлемі 17 миллиард теңгені құрапты. Əсіресе, «Қауіпсіз аула» жобасы бойынша қала көшелері мен адамдар көп жүретін орындарда 2,7 мың бейнебақылау қондырғылары орнатылған. Олардың көмегімен 290 мың құқық бұзушылық анықталып, 1,7 мыңнан астам қылмыс ашылыпты. Осы ретте Астана қаласында ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық жəне оны өткізу шеңберінде 2,5 мың бейнебақылау камерасын қосымша орнату жоспарлануда екен. Қ.Қасымов əрбір облыс орталықтарында жедел басқару орталықтары (ЖБО) жұмыс істеп тұрғандығын да алға тартты. Оның айтуынша, қазіргі таңда Рудный, Щучье, Семей жəне Хромтау қалаларында

ЖБО құрылысы аяқталған. Сондайақ, министр жол-көлік оқиғасы туралы деректі де алға тарта кетті. Одан мəлім болғандай, 2013 жылы 20,3 мың жолкөлік оқиғасы тіркелсе, онда 2793 адам қаза болған жəне 26,1 мыңы жарақат алған. Негізінен ЖКО-ның 90 пайызынан астамы жүргізушілер кінəсінен жасалады (18501, +69 пайызы) – жылдамдық режімін, айналып өту ережесін бұзуда, көбінесе автокөлікті мас күйінде басқару фактілері. Тек өткен жылдың өзінде 42,8 мың мас жүргізуші ұсталса, олардың 5,3 мыңнан астамы əкімшілік қамауға алынған. Министр елімізде сотталғандар санының əлі де жоғары екендігінен де хабардар ете кетті. «Мемлекет басшысының тапсырмасына сəйкес барлық құқық қорғау жүйесінің қызметі, сот практикасы сотталушылар санын азайтуға бағытталуы тиіс. Қамауға алынғандардың саны жағынан еліміз əлем елдерінің алдыңғы қатарында келеді. Қазақстан қазір 35-орында, біз бұл көшбасындағы көрсеткіштер қатарынан шығуымыз керек», деді Қ.Қасымов. Оның пайымынша, Қылмыстық, Қылмыстықпроцессуалдық кодекс жобаларындағы ұсыныстар (бас бостандығынан айыруға қатысы жоқ жазаларды арттыру, медиацияны кең көлемде қолдану жəне т.б.) колонияларда отырған адамдардың санын азайтуға мүмкіндік беруі тиіс. Өкінішке қарай, бас бостандығынан айырылғандар саны қазірдің өзінде 49 мың адамға жеткен. Қылмыстық-атқару жүйесі қазіргі уақытта кəсіби, білікті кадрларға мұқтаж болып тұр. Осы жүйедегі қызмет те, сондай-ақ, оның қызметкерлерінің жалақысы да жоғары деп есептелмейді. ҚАЖ жеке құрамының біліктілігін, кəсіби даярлығын арттыру жəне ғылыми-зерттеуді қамтамасыз

ету елеулі жетілдіруді қажет етеді (ҚАЖ-дің жалпы штаттық саны – 15936 бірлік, оның ішінде 9600 – бірлік аттестацияланған құрам жəне 6200-ден астам бірлік еркін жалданған құрам). Көрсетілген барлық бағыттар бойынша іс-шаралар 2012-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқару жүйесін дамыту үкіметтік бағдарламасында көзделген, оның шеңберінде бірқатар жобалар мен іс-шаралар жүзеге асырылды. Қосымша баяндама жасаған Заңнама жəне сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Рахмет Мұқашев саладағы бірқатар кемшіліктерге назар аударта кетті. Ал палата депутаттары құқық бұзушылықтың алдын алу, полиция қызметін бағалаудың крите рийлері, қайта құрылған жол-патрульдік қызметтерінің, учаскелік инспек торлардың, криминалистік құрылымдардың дамуы мен тергеу процедураларының жеңілдеуі, сонымен қатар, ішкі істер органдарына инновациялықтехникалық құралдарды енгізуге қатысты сауалдарын қойып, өз ойларын ортаға салды. Үкімет сағатын Мəжіліс Төрағасының орынбасары қорыта келіп, өткен жылы осы салаға байланысты 8 заң қабылданғанын, Мəжіліс қарауындағы «Жол қозғалысы туралы» жəне «Ішкі істер органдары туралы (жаңа редакциясы)» заң жобалары бірінші оқылымда мақұлданғанын қаперге салды. Қазіргі таңда «Қылмыстықатқару», «Қылмыстық», «Қылмыстық іс жүргізу» кодекстерінің жаңа редакциялары Парламент қарауында жатыр. Үкімет сағатының қорытындысы бойынша, депутаттар пікірі ескеріліп, Үкіметке бірқатар ұсыныстар жобасы дайындалды.

Сенім грамотасын тапсырды Нью-Йоркте Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі Қай рат Əбдірахманов Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мунға Сенім грамотасын тапсырды.

Кездесу барысында əңгімелесуші тараптар жаһандық күн тəртібінің өзекті мəселелерін, БҰҰ-ның халықаралық мəселелерді шешудегі рөлі жəне Қазақстанның осы үдеріске қосып жатқан үлесін талқылады. Қ.Əбдірахманов Қазақстанның БҰҰмен кедейлікті жою, əйелдердің рөлін нығайту жəне олардың құқықтарын

қорғау, мемлекеттік-жеке əріптестікті дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру, климаттың өзгеруі, жаппай қырып-жою қаруын таратпау сияқты Бас хатшы тарапынан белгіленген мəселелер бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға əзірлігін білдірді. Біздің еліміз Тұрақты даму мақсаттарын жəне Мыңжылдықтың даму мақсаттарын əзірлеуге белсене қатысуда. Қазақстан Мыңжылдықтың даму мақсаттарының орындалуы туралы халықаралық қоғамдастық алдында алғашқы болып есеп берді. Атап айтқанда, кедейлікті азайту, бастауыш білім алу мен орта білім саласындағы гендерлік теңдікке қол жеткізу.

Ядролық қаруды таратпау жəне энергетикалық, су, азық-түлік қауіпсіздігі мəселелері Қазақстанның жүзеге асырып жатқан 2017-2018 жылдардағы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақсыз мүше орнына сайлану науқанының күн тəртібінде тұр. Қазақстан БҰҰ-ның əртүрлі органдарының жұмыстарына белсене қатысып, 2014 жылдан бастап БҰҰ экономика мен əлеуметтік кеңесінің, есірткі заттары жөніндегі комиссияның, БҰҰ Үйлестіру кеңесінің ВИЧ/СПИД бағдарламасының жəне ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұрасы комитетінің мүшесі болып табылады. «Егемен-ақпарат».

Экономикалыќ интеграцияныѕ пайдасы зор Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Экономика жəне бюджеттік жоспарлау вице-министрі Тимур Жақсылықов еліміздің интеграциялық саясаты туралы баяндады. Оның айтуына қарағанда, Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістікке қатысу арқылы елімізде өндірілген тауарды өткізу нарығы еселеп кеңейген. Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».

– Биылғы жылы Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістіктің құқықтық базасын кодификациялау негізінде қалыптастыратын Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты қабылдау жоспарланып отыр. Бұйыртса, аталған құжат мемлекетіміздің алдағы көптеген жылдарға жасаған экономикалық саясатының негіздерін анықтайтын болады. Сондықтан бұл шарт Қазақстан үшін өте маңызды құжат болып табылады, – деп мəлімдеді вице-министр. Еліміздің еуразиялық интеграцияға қатысуының басты мақсаттарының бірі өткізу нарығын кеңейте келіп, инвестициялар, оның ішінде экономиканың қайта өңдеуші секторларына инвестиция тарту екендігін айтқан Т.Жақсылықов, осы саладағы даму үрдістеріне тоқталды. Қазақстанның өңдеу өнеркəсібіне тікелей шетелдік инвестициялардың көптеп келе бастауы жəне көлемінің өрістеп өсуі осы сөзімнің дəлелі болады, деді ол. Нақты сандарға жүгінсек, Кеден одағы құрылған сəттен бастап Қазақстанның өңдеуші өнеркəсібіне келген тікелей шетелдік инвестиция көлемі 88 пайызға өсіпті. Сөйтіп, 2009 жылғы 1,8 млрд. АҚШ долларынан 2012 жылы 3,4 млрд. АҚШ долларына дейін ұлғайыпты. Сондай-ақ, вице-министр Біртұтас экономикалық кеңістіктің құрылуы транзакциялық шығындарды төмендетуге жəне бизнесті дамытуға бағытталған қаражат отандық бизнестің дамуына қосымша мүмкіндіктер беретінін айтты. Мысалы, теміржол тасымалдары саласында өткен жылдың 1 қаңтарынан бері Біртұтас экономикалық кеңістік мемлекеттерінің əрқайсысы түрлі бағыттар бойынша жүктерді тасымалдау

жөніндегі қызметтерге біріздендірілген тариф қолдана бастаған. Осыған орай, Т.Жақсылықов тарифтерді біріздендіру, оларды қолдану ашықтығын белгілеп, тауарлар мен тауар өндірушілер үшін тең бəсекелі жағдайлар құруға ықпал ететінін тілге тиек етті. Қазақстандық жүк жөнелтушілердің Ресей мен Беларусь аумағы бойынша жүзеге асыратын тасымалдарының көлемі жылына 17,2 млн. тоннаны құрайды екен. Ал, Қазақстан аумағы бойынша Ресей мен Беларусь елдерінің жүк тасымалдау көлемі бұрнағы жылы 8,6 млн. тоннаға ғана жеткен. Осы көрсеткіштерді салыстырар болсақ, аталған елдер арқылы өткен біздің елдің жүгі екі еседен де асып түскенін байқау қиын емес. Осыған байланысты, тарифтерді біріздендіру ісі қазақстандық жүк жөнелтушілер үшін ерекше маңызды, деді вице-министр. Биылғы жыл басынан бастап қазақстандық кəсіпкерлер Ресей мен Беларусь елдерінің мемлекеттік сатып алуларына қатыса алады. Осыған орай, Біртұтас экономикалық кеңістік елдері мемлекеттік сатып алуларға ұлттық режім ұсынды. Мысалы, 2012 жылы əріптес елдердің мемлекеттік сатып алулар нарығының көлемі 198 млрд. АҚШ долларын құрады. Ал сол жылы Қазақстанның мемлекеттік сатып алулар нарығы 7,6 млрд. АҚШ доллары көлемінде болыпты. Осыны ескерсек, əріптес елдердің нарығы отандық тауар өндірушілердің өрісін кеңейтіп, бизнестің дамуы үшін үлкен серпін береді. Өйткені, ол нарық, отандық нарықтан 26 есеге дейін өседі, деді Т.Жақсылықов. БЭК құрудағы маңызды шараның бірі – өнеркəсіптік ынтымақтастық пен ауыл шаруашылығын дамыту екені белгілі. Бұл тұрғыда да кеңістік шеңберінде бірқатар

уағдаластықтарға қол жеткізілген. Мысалы, үш елдің аграрлық саласын субсидиялау көлемін теңдестіру арқылы Қазақстан, Беларусь жəне Ресейдің ауылшаруашылық өнімдерінің өзара саудасында адал бəсекелестікті дамытуға қолайлы жағдай туғызу қамтамасыз етіледі. Оған қоса, азаматтық жолаушы ұшақтарының, сондай-ақ астық жинау комбайндарының жекелеген түрлеріне қатысты қазақстандық тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілердің мүдделерін толығымен ескеретін шешім де қабылданған. Ұшақтарды Қазақстанға жеңілдікпен əкелу мүмкіндігі 2019 жылдың 30 маусымына дейін ұзартылды. Бұл ұлттық əуе компанияларына ұшақтар паркін жаңғырту жоспарын іске асыруды қамтамасыз етеді. Сөйтіп, əлемдік əуе тасымалдары нарығындағы бəсекеге қабілеттілік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Ауылшаруашылық тауарларын өндірушілердің мүдделерін қорғау мақсатында Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына əкелінетін комбайндарға қатысты арнайы қорғау шаралары бар. Онда Қазақстанның 300 бірлікке тең үлесін ескере отырып, жылына 774 бірлік мөлшерінде импорттық квота көзделетін болады, деп сөзін қорытындылады вице-министр. Баспасөз мəслихатының екінші бөлімінде вице-министрге журналистер тарапынан бірқатар сұрақтар қойылды. Онда Дүниежүзілік сауда ұйымына Қазақстанның кіру мерзімі туралы сұралды. Вице-министрдің сөзіне қарағанда, еліміз биылғы жылдың соңына дейін Дүниежүзілік сауда ұйымына кіріп болады. Ол үшін барлық келісім шаралары аяқталу қарсаңында екен. Ал Кеден одағы мен Еуразиялық экономикалық одақ еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне ешқандай кедергі келтірмейді. Себебі, екі жақтың келісімдерінің бəрі үйлестіріле жасалып жатқан көрінеді. Қазақстан əлемдік сауда ұйымына кіргеннен кейін, 3 жыл көлемінде шетелдерден импортталатын автокөліктердің бағасы біртіндеп төмендейді екен.


www.egemen.kz

14 қаңтар 2014 жыл

3

Президенттіѕ жўмыс кестесі:

2013 ЖЫЛДЫЅ НЕГІЗГІ ЌОРЫТЫНДЫЛАРЫ (Соңы. Басы 1-бетте).

* * * Əлеуметтік-экономикалық салада Қазақстан 2013 жылы оң серпінді сақтап қалды. Мəселен, жыл қорытындысы бойынша, ІЖӨ 6% дерлікті құрады, ал жан басына шаққандағы ІЖӨ-нің көрсеткіші 12 мың доллардан асып түсті. Ұлттық қордың валюталық активтерін қоса алғанда, Қазақстанның халықаралық жиынтық резервтері 90 млрд. долларға жетті. «Қазақстан-2050» Стратегиясының шеңберіндегі экономикалық дамудың параметрлерін нақтылау мақсатында, Мемлекет басшысы жыл бойы тұтас бірқатар ірі мəжілістер өткізді. 23 қаңтарда Президенттің төрағалығымен өткізілген мəжілісте 2012 жылдың негізгі қорытындылары шығарылып, Стратегияны жүзеге асыру жөніндегі бірінші кезектегі міндеттер қойылды. Мəжіліске қатысушыларға арнап сөз сөйлей отырып, Президент ең таяудағы келешекте əлемдік экономиканың құлдырауының жаңа оралымы болуы мүмкіндігінің жоққа шығарылмайтынын атап айтты. «Қазақстан-2050» Стратегиясының басты қағидаты – кең ауқымды прагматизм. Алда тұрған барлық шешімдер Қазақстанның табыстылығы мен инвестициялардың қайтарымдылығы, бəсекеге қабілеттілігі мен ұзақ мерзімді мүдделерін сақтау есепке алына отырып, қабылдануы тиіс. Бұл – экономикалық статистиканың абстрактілі цифрларының өсімі емес, əрбір қалада, ауданда, ауылда немесе селода өмірдің нақты жақсаруы», – деді Мемлекет басшысы. Елдің ағымдағы даму мəселелері жөніндегі ақпан кеңесінде банк секторының, зейнетақы реформасы мен мұнай-газ саласы дамуының ахуалы талқыланды. 10 сəуірде Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кəсіпкерлер кеңесінің отырысын өткізді. Қатысушыларға қайырыла отырып, Президент «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру барысында «отандық бизнеске қолдау көрсетуді жаңа саяси бағыттың екінші маңызды міндеті» етіп қойғанын атап өтті. Сəуірде Н.Ə.Назарбаев, сондай-ақ, Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңестің отырысына төрағалық етіп, онда қордың қаражатын пайдалану жəне оның активтерін орналастыру жөнінде тұжырымдамалық тəсілдер қаралды. Еліміздің экономикалық саясатындағы ұзақ мерзімдегі перспективаға арналған Ұлттық қордың одан арғы рөлі мен орнын нақты айқындаудың маңыздылығын атап өте отырып, Президент «Ұлттық қор – ең алдымен болашақ ұрпақтың ақшасы, сондықтан ол тек айрықша жағдайларда ғана пайдаланылуы мүмкін. Ұлттық қордың қаржыларын ағымдағы мəселелерді шешудің көзі ретінде қарастырмаған жөн, оның орнына тиімсіз бюджет шығысын қысқарту, қаржы тəртібін күшейту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу жəне салық салынатын базаны арттыру қажет. Ұлттық қор стратегиялық маңызды инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландырудың өзге көздері жоқ кезде ғана іске қосылуы тиіс» екендігін айтты. Президент 26 тамыздағы 2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру мəселелері жөніндегі мəжілісті де осындай талаптың аясында өткізді. 18 қазанда Н.Ə.Назарбаев Ұлттық мұнай-газ кеңесінің отырысына қатысып, онда «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ-тың ұйымдастырылу құрылымы мен корпоративтік басқарылуын жетілдірудің қажеттілігін атап өтті, сондай-ақ мұнай өнімдерінің ішкі нарығын реттеудің жəне мұнай өңдеу саласының келешегін айқындаудың мақсатқа сайлығына назар аударды. Мемлекет басшысы сондай-ақ, жыл бойы елдің Премьер-Министрімен, Ұлттық Банктің Төрағасымен, агенттіктердің, ұлттық компаниялар мен еліміздің даму институттарының басшыларымен тұрақты негізде кездесіп отырды. Президент 13 министр мен 13 облыстың, Астана жəне Алматы қалалары əкімдерінің есептерін тыңдады. Қазақстан өңірлері əлеуметтік-экономикалық дамуының мəселелері де əдеттегідей Президенттің жіті назарында болды. Осыған байланысты Н.Ə.Назарбаев 27 наурызда Алматы қаласында Президент Əкімшілігі, Үкімет басшылығының, Алматы қаласының, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл жəне Алматы облыстары əкімдерінің қатысуымен еліміздің оңтүстік өңірлерін дамыту мəселелері бойынша көшпелі кеңес өткізді. Ол облыстарда индустрияландыруды кері кетіру үдерісіне, ауылшаруашылық жерлерін мақсатсыз пайдалануға жол бермеуге, халықты жұмыспен қамту бағдарламасын одан əрі жүзеге асыру, өңірлерде шағын жəне орта бизнесті дамыту жөніндегі белсенді жұмысты жалғастыру қажеттігіне айрықша назар аударды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы елдің көп өңірлеріне жұмыс сапарымен болып, соның барысында облыстардың активтерімен, еңбек ұжымдарымен, жұртшылық өкілдерімен кездесті, ондаған өнеркəсіптік жəне əлеуметтік нысандарда болып, жаңа өндірістердің іске қосылуына қатысты. Мұндайда Елбасы басты назарды өңірлерде Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыруға аударды. 4 мамырда Президенттің төрағалығымен болып өткен кеңесте тап осы мəселенің мəнісі талқылаудың тақырыбына айналып, онда өнеркəсіп саласының қазіргі жағдайы, индустриялықинновациялық бағдарламаны жүзеге асырудың, сондай-ақ осы бағдарламаның екінші бесжылдығын əзірлеудің мəселелері талқыланды. Бұдан басқа, индустрияландырудың перспективаларын Н.Ə.Назарбаев Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарының əкімдерін, ПремьерМинистрдің орынбасары – Индустрия жəне жаңа технологиялар министрін қабылдау кезінде, сондай-ақ Халықаралық консультативтік кеңестің мүшелерімен ақпандағы кездесуінде талқылады. Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуының мəселелері мамырдағы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің кезекті ХХVІ отырысында талқылаудың басты тақырыбына айналып, онда Н.Ə.Назарбаев əлемдік белгілі сарапшылардың қатысуымен əзірленген 2020 жылға дейінгі

инновациялық дамудың тұжырымдамасын жария етті.Сонымен бірге, отырыстың шеңберінде ол «General Electric Transportation», «ConocoPhillips», «Airbus», «EADS» жəне басқа да компаниялардың басшыларымен кездесулер өткізді. «2020 жылға дейін жыл сайын электр қуатын 2,5%-ға дейін, ал 2020 жылдан кейін – 3,5%-ға дейін үнемдеуді кезең-кезеңімен қамтамасыз етуді көздейтін «Қазақстан Республикасын «жасыл экономикаға» көшіру жөніндегі тұжырымдаманы бекіту туралы» Президент қол қойған Жарлықты да осы санатта атап өтуге болады. Индустриялық-инновациялық даму саласындағы жүйелі мемлекеттік саясаттың көзге көрінетін нəтижелері 2013 жылы пайдалануға берілген жоғары технологиялы объектілер болды. Олардың қатарында Павлодар қаласындағы полимерлік өнімдер шығаратын «Мұнайхимия LTD» ЖШС-

отырысының барысында жəне Президент Əкімшілігінің қызметін жетілдіру мəселелері жөніндегі 4 қарашадағы мəжілісте нақты көрсетіп берді. Тұтасымен алғанда, Мемлекет басшысы əлденеше рет атап көрсеткеніндей, мемлекеттік органдардың əлеуметтік-экономикалық саладағы барлық жұмысы Қазақстанның Кеден одағы мен елдің алдағы ДСҰ-ға кіру жағдайындағы бəсекелестік қабілетін арттыру мақсатында жүргізілуі тиіс. * * * 2013 жыл сыртқы саясат саласында біздің еліміз үшін өте мазмұнды əрі нəтижелі болды. Өткен жылы Қазақстан үшін халықаралық саладағы күн тəртібінің басты мəселесі Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістіктің шеңберінде еуразиялық интеграцияның тереңдей түсуі

Жалпытүркілік ынтымақтастықтың шеңберінде Н.Ə.Назарбаев 16 тамызда Əзербайжанда болған Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің ІІІ отырысына қатысты. Қазақстан Президентінің 13 қыркүйекте Бішкек қаласындағы Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесі отырысының жұмысына қатысуының үлкен маңызы болды. Қазақстанның ШЫҰ-ның 2025 жылға дейінгі даму стратегиясын əзірлеу туралы бастамасы оң қолдау тауып, ол Бішкек декларациясынан орын алды. Алматы қаласында Иран жəне Иран ядролық бағдарламасы бойынша келіссөздер жүргізуші елдер «алтылығы» өкілдерінің келіссөздерінің екі раундының, сондай-ақ Ауғанстан бойынша Ыстамбұл процесіне қатысушы елдердің Министрлік конференциясының өткізілуі ірі

нің, Шығыс Қазақстан облысындағы бронды танк қару-жарағы мен техникасын өндіру мен жаңғырту жөніндегі «Семей инжиниринг» АҚ-тың, Орал қаласындағы термоберік шыны шығаратын «СтеклоСервис» ЖШС-нің зауыттары, Тараз қаласындағы «ҚазФосфат» ЖШС-нің күкірт қышқылы зауыты жəне басқалар бар. Шетелдік серіктестермен бірлескен бірқатар жобалар іске асырылды, олардың қатарында Қазақстан мен Түркіменстанның арасындағы «БолашақСерхетяка» теміржол өтпесі, сондай-ақ «Қашаған» кен орнының шикізатын қайта өңдеуге бағытталған Атырау облысындағы «Болашақ» мұнай мен газды кешенді əзірлеу жөніндегі зауыт бар. ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге əзірлік мəселелері жыл бойы Мемлекет басшысының айрықша бақылауында болды. Осыған орай Президенттің төрағалығымен астаналық əкімдік басшылығын қатыстыра отырып 5 мəжіліс өтті, оларды ұйымдастыру мəселелерімен бірге ЭКСПОны өткізуді қаржыландырудың корпоративтік көздерін тарту, қала төңірегіндегі «жасыл желекті» дамытудың, қала аумағын көгалдандырудың, азаматтардың демалысы мен бос уақыттарын өткізу үшін арнаулы орындарды қалыптастырудың, астананы «Сmart City – Ақылды қала» пішімі бойынша болашақтың қаласы ретінде дамытудың проблемалары, т.б. қаралды. 13 тамызда Президент Астанадағы «Көрме» орталығында болып, онда ЭКСПО-2017 көрме кешенінің сəулеткерлік нобай-идеяларымен танысты, ал қазандағы жұмыс мəжілісінде көрме кешенінің сəулет нобайын мақұлдады. Президент жылдың соңында дəстүр бойынша жыл сайынғы республикалық «Алтын сапа» жəне «Парыз» конкурсының лауреаттарын марапаттау рəсіміне, сондай-ақ Индустрияландыру картасы жобаларының тұсаукесеріне қатысты. Бұл үш оқиға еліміздің іскерлік өміріндегі – астанадағы Тəуелсіздік сарайында өткен Индустрияландыру күніндегі жылдың маңызды оқиғаларының бір бөлігі болып қалды. Үкімет өңірлермен телекөпір пішімінде Мемлекеттік үдемелі индустриялықинновациялық бағдарламаны жүзеге асыру туралы Н.Ə.Назарбаевтың алдында есеп берді, Президент онлайн-режімінде қазірдің өзінде жұмыс істеп жатқан нысандардың қызметімен танысып, тағы да 10 жаңа жобаның іске қосылуына рұқсатын берді. Сонымен бірге, 2013 жылы Үкіметтің əлеуметтік-экономикалық бағыттағы бірқатар жұмыстары қоғамда теріс бағасын алып, Мемлекет басшысы тарапынан қатаң сынға ұшырады. Атап айтқанда, жыл ортасында Қазақстан қоғамында əйелдердің зейнет жасын өсіру туралы Үкіметтің бастамасына қатысты өткір пікірталас өріс алды. Тек Президенттің жағдайға тікелей араласуынан кейін ғана бұл мəселе күн тəртібінен алынды. Н.Ə.Назарбаев елдің мемлекеттік телеарналары арқылы сөз сөйлей отырып: «Конституция берген өкілеттіктеріме сəйкес, əйелдердің зейнет жасын өсіру туралы норманы енгізу мерзімі бөлігін қайта талқылап, дауыс беру үшін заңды Парламентке қайтарамын... Мен əйелдердің зейнет жасын кезеңкезеңмен ұзартуды 2014 жылғы 1 қаңтардан емес, 1918 жылғы 1 қаңтардан бастап, одан əрі əр жарты жыл сайын, 2027 жылға дейін ұзартуды ұсынамын», – деп мəлімдеді. Президенттің адал да айқын ұстанымы қоғамда кеңінен оң қолдауға ие болды, мұның өзі оның шешімін құптаған көптеген хаттар мен жеделхаттардан да көрінді. Мемлекеттік органдардың осы жəне өзге де кемшіліктерін Н.Ə.Назарбаев Үкіметтің 11 қазандағы

болғаны күмəнсіз. Жыл бойы Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің 3 отырысы: мамырда Астана қаласында, қазанда Минск қаласында жəне желтоқсанда Мəскеу қаласында болып өтті. Еуразиялық интеграцияны мемлекеттің тұрақты дамуының тиімді тетіктерінің бірі ретінде қарастыра отырып, Қазақстан солардың негізінде Еуразия экономикалық одағын құру мақсатында Кеден одағы мен БЭК-ке мүше мемлекеттермен өзара ісқимылды нығайтуын жалғастыруда. Сонымен бірге, желтоқсан саммитінің барысында Н.Ə.Назарбаев құрылып жатқан Одақты саясаттандыруға жол бермеу туралы Қазақстанның қатаң ұстанымын жария етті. «Біз сіздермен бірге айтқан болатынбыз, қайталағым келмеп-ақ еді, бірақ құрылып жатқан одақты саясаттандыруға жол беруге болмайды. Біз экономикалық одақ құрудамыз. Сондықтан комиссияның міндеті шартқа экономикалық интеграция шегінен шығатын ережелерді қоспау. Шекараны қорғау, көші-қон саясаты, қорғаныс жəне қауіпсіздік жүйесі тəрізді бағыттар, сондай-ақ, денсаулық сақтау, білім беру, ғылым, мəдениет, азаматтық, қылмыстық жəне əкімшілік істер бойынша құқықтық көмек мəселелері экономикалық интеграцияға жатпайды жəне Экономикалық одақ пішініне көшірілуі мүмкін емес. Бұл мəселенің барлығы ҰҚШҰ, ТМД аясындағы көптарапты келісімдер пішінінде де жақсы реттелген», – деп атап айтты Елбасы. Осыған байланысты Қазақстан Президенті: «Біздің бірлестігімізде мемлекеттердің саяси егемендігі берік əрі мызғымас. Бұл – аксиома. Ол ол ма, экономикалық интеграция тап осы ұлттық мемлекеттікті нығайтып, мығым экономика арқылы оны одан да бекемірек ету үшін дамуда. БЭК туралы шарт мүше мемлекеттердің өзге елдермен жəне ұйымдармен халықаралық шарттарына əсер етпеуі тиіс. Егеменді мемлекеттер ретінде біз өзара мүдделерімізге залал келтірмей түрлі елдермен, халықаралық ұйымдармен белсенді ынтымақтастық жасаймыз. Одақ бұл бағытта бізге бөгет болмауы тиіс», – деп мəлімдеп, Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңеске ұлттықтан тыс өкілеттіктер беру туралы ұсынысқа қарсы шықты. Одан басқа, Мемлекет басшысы кеңестік кезеңнен кейінгі елдермен ынтымақтастықтың шеңберінде, 28 мамырда Бішкек қаласындағы ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне жəне Минск қаласындағы 25 қазандағы ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің отырысына қатысты. Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан мүшесі болып табылатын өзге мемлекетаралық бірлестіктердің шеңберіндегі байланыстарының да үлкен маңызы болды. Бұл орайда Қазақстан Президентінің 5 қыркүйекте Санкт-Петербург қаласында болған G-20 «Үлкен жиырмалық» саммитінің жұмысына қатысуын айрықша бөліп айтқан жөн. Саммитке қатысушылардың алдында сөз сөйлей отырып, Мемлекет басшысы олардың назарына VІ Астана форумының ұсыныстары мен ұйғарымдарын жеткізді, сондай-ақ жаһандық экономикалық дағдарыспен күрес жəне оның қайталануының алдын алу мақсатында əлемдік экономика мен қаржы жүйесін реформалау жөнінде бірқатар ұсыныстарды жария етті. Олардың арасындағы ең елеулілері G-Global ақпараттық-коммуникациялық алаңының құрылуы мен ғаламдық экономиканы реформалау саласында көпжақты диалог, талқылау жəне шешімдер ұсыну үшін жыл сайын Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференция шақыру болды.

дипломатиялық жетістік болды. Қазақстанның ұлттық мүдделерін ілгері жылжыту орайында Президенттің Боао жəне Астана экономикалық форумдарына, сондай-ақ Дамушы нарықтардың Еуразиялық форумына қатысулары елеулі дивидендтер əкелді. Екіжақты қарым-қатынастар желісі бойынша Мемлекет басшысы 2013 жылы 7 шетелдік сапарда болды, олардың ішінде 3 ресми жəне 4 жұмыс сапары бар. Атап айтқанда, Елбасы ресми сапармен Қытайға (5-7 сəуір), Өзбекстанға (13-14 сəуір), Монакоға (27-28 қыркүйек), сондай-ақ, жұмыс сапарымен Испанияға (5-6 ақпан), Ресейге (7-8 ақпан, 24 желтоқсан) жəне Иранға (4 тамыз) барды. Ресей Федерациясымен дəстүрлі тығыз диалог жүргізілді. Жыл бойы Н.Ə.Назарбаев Президент В.В.Путинмен түрлі пішімдегі 7 кездесу өткізді, солардың барысында негізгі назар ҚазақстанРесей стратегиялық серіктестігін одан əрі дамыту мəселелеріне, еуразиялық интеграцияның келешегі мен халықаралық жəне өңірлік күн тəртібінің проблемалары бойынша біздің елдеріміздің өзара ісəрекеттеріне аударылды. 11 қарашада Екатеринбург қаласында болған кезекті Қазақстан жəне Ресей өңіраралық ынтымақтастығының Х форумы Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарындағы елеулі оқиғаға айналды. Оның қорытындылары бойынша ХХІ ғасырдағы тату көршілік жəне одақтастық туралы жаңа шартқа қол қойылды. Азиялық бағытта Мемлекет басшысының сəуірдегі Қытай Халық Республикасына жəне ҚХР Төрағасы, Қытай Компартиясы ОК Бас хатшысы Си Цзиньпиннің Қазақстанға алғашқы мемлекеттік сапарының үлкен маңызы болды. Бұл сапарлар елдер арасында жан-жақты стратегиялық серіктестікті дамытудың жаңа кезеңінің басталуының негізін қалады. Екі ел бағдарларының сабақтастығын дəйектеп, ҚХРдың бұрынғы басшылығымен қол жеткізілген келісімдердің сақталуына кепілдік берді, ҚХРдың бұрынғы Төрағасы Ху Цзиньтао кезінде қалыптасқан жоғары деңгейдегі тұрақты байланыстар дəстүрі бекітілді. Сондай-ақ, мұнай-газ, көлік пен транзит салаларындағы мəселелер келісіліп, трансшекаралық өзендер жөніндегі ұстанымдар белгіленді, 2015 жылға қарай тауар айналымын 40 млрд. долларға жеткізу туралы келісімге қол жеткізілді, 2020 жылға дейінгі сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың орта жəне ұзақ мерзімдік бағдарламасы қабылданды. Біздің елімізге Индонезия Президенті С.Юдойононың мемлекеттік сапары мұсылман əлемінің аса ірі мемлекетінің басшылығымен сенімді саяси диалог орнатуға, сауда жəне экономикалық байланыстардың басымдықтарын айқындауға мүмкіндік берді. Сапардың қорытындылары бойынша 5 екіжақты құжатқа қол қойылды. Тамызда Иран тарапының шақыруы бойынша Мемлекет басшысы жаңадан сайланған Президент Х.Руханиды ұлықтау рəсіміне қатысу үшін Иран Ислам Республикасына жұмыс сапарымен барды. Ұлықтау рəсіміне Қазақстан Президентінің тікелей қатысуы Теһранда оң қабылданып, Иранның жаңа басшылығымен сенімді қарым-қатынастар орнатуға мүмкіндік берді. Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық жақсы серпін алды. Н.Ə.Назарбаевтың 13-14 маусымда Өзбекстанға ресми сапары шешуші оқиға болды, оның қорытындылары бойынша Стратегиялық əріптестік туралы шартқа қол қойылды, сондай-ақ сауда, энергетика, суды пайдалану саласында екіжақты өзара іс-қимылдың көкейкесті мəселелері бойынша өте

жемісті келіссөздер болды. Ташкент қаласында Абай ескерткішінің жəне Қазақстан елшілігінің жаңа ғимаратының ашылуы екі ел жұртшылығының арасында оң пікір туғызды. Түркіменстан Президенті Г.М.Бердімұхамедов тің Қазақстанға 10-11 мамырда жасаған мемлекеттік сапарының шеңберінде Қазақстан мен Түркіменстанның арасындағы ынтымақтастық одан əрі дами түсті. Сапардың аса маңызды құрамдас бөлігі «Қазақстан – Түркіменстан – Иран» теміржол магистралі «Болашақ-Серхетяка» қазақстандықтүркімендік учаскесінің ашылуы болды. Оның маңызы туралы айта келіп, Президент «бұл жол екі ел арасында тікелей теміржол қатынасын орнатады. Жаңа теміржол жүктің жеткізілу, соның ішінде транзиттеу мерзімін, келешекте жолаушылар үшін жол қатынасы уақытын қысқартады. Сондай-ақ, «Қазақстан-Түркіменстан» теміржолы – Парсы шығанағына шығуды қамтамасыз ететін теміржол дəлізінің шешуші бөлігі», – деп мəлімдеді. Мемлекет басшысының Монако Княздігіне, Испанияға, Ұлыбританияға сапарлары, сондайақ Финляндияның Президенті С.Ниинистё мен Латвияның Президенті А.Берзиньштің, Ұлыбританияның Премьер-министрі Д. Кэмерон мен Испанияның Премьер-министрі М.Рахойдың, Еуропа комиссиясының төрағасы Ж.М.Баррозудың Қазақстанға сапарлары Еуропалық бағыттағы сыртқы саяси ынтымақтастықтың жоғары серпінділігін қамтамасыз етті. Н.Ə.Назарбаевтың Монако Княздігіне ресми сапары барысында екіжақты экономикалық жəне туристік ынтымақтастықты одан əрі нығайтудың келешегі талқыланды. Мемлекет басшысының Испанияға сапарының мазмұндық жағын бірлескен өндірістік, мəдени жəне туристік саладағы өзара іс-əрекет мəселелері құрады. Оның «Patentes TALGO S.A.», «Airbus Military», «Maксам», «OHL» жəне «Next Limit Texnologies» компанияларының басшыларымен кездесулері кезінде ынтымақтастықтың болашағы жан-жақты сөз болды. 2013 жылы қазақстандық-британдық қарымқатынастар жаңа деңгейге көтерілді. Бұған Н.Ə.Назарбаевтың екіжақты қарым-қатынастардың бүкіл тарихында біздің елімізге маусымда бірінші рет мемлекеттік сапармен келген Ұлыбританияның Премьер-министрі Д.Кэмеронмен кездесуі ықпал етті. Астанадағы келіссөздердің қорытындылары бойынша Қазақстанның Ұлыбританиямен стратегиялық əріптестігі туралы тарихи келісімге қол қойылды. Қарым-қатынастардың жаңа серпінінің беки түсуіне Қазақстан Президентінің Лондонға шілдедегі бейресми сапары ықпал етті. Осылайша, жыл бойы Мемлекет басшысы Қазақстанға екіжақты сапарлардың шеңберінде келген Ресей Президенті В.В.Путинді, Қырғызстан Президенті А.Ш.Атамбаевты, Финляндия Президенті С.Ниинистёні, Түркіменстан Президенті Г.М.Бердімұхамедовті, Латвияның Президенті А.Берзиньшті, Индонезияның Президенті С.Юдойононы, Беларусь Президенті А.Г.Лукашенконы, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинді; Ұлыбританияның Премьер-министрі Д.Кэмерон мен Испанияның Премьер-министрі М.Рахойды қабылдады. Бұдан басқа Н.Ə.Назарбаев түрлі халықаралық алаңдарда АҚШ, Ресей, Франция, Оңтүстік Корея, Бразилия, Мексика, Аргентина, Түркия, Оңтүстік Африка Республикасы, Сенегал, Перу президенттерімен; ГФР Канцлерімен, Ұлыбритания, Австралия, Жапония, Үндістан, Италия, Испания жəне Канада премьер-министрлерімен; ЕО төрағасы Х.ван Ромпеймен, БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мунмен, ДСҰ бас директоры Р.Азеведумен жəне басқалармен кездесті. Осымен бірге, Қазақстан Президенті Қазақстанға жолы түскен халықаралық ұйымдардың, шетелдік саяси, қоғамдық жəне іскерлік топтардың өкілдерімен көптеген кездесулер өткізді. Олардың қатарында Еуропалық комиссияның төрағасы Ж.М.Баррозу, БҰҰ Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары А.Гутерриш, БҰҰ ЭКОСОС-ының төрағасы Н.Осорио, БҰҰ бас хатшысының арнаулы өкілі, БҰҰ-ның Ауғанстанға көмек көрсету жөніндегі миссиясының басшысы Я.Кубиш, Иран Ислам Республикасы Ұлттық қауіпсіздік Жоғарғы кеңесінің хатшысы С.Джалили, Еуразия экономикалық комиссиясы алқасының төрағасы В.Б.Христенко, Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы В.Лоссерталес, Ресей Премьер-министрі Д.А.Медведев, Испания Премьер-министрі М.Рахой, Украина Премьерминистрі Н.Я.Азаров, Қырғызстан Премьер-министрі Ж.Ж.Сатыбалдиев, Беларусь Премьер-министрі М.В.Мясникович, Румыния Премьер-министрі В.Понта, Ұлыбританияның бұрынғы Премьерминистрі Т.Блэр жəне басқалар бар. Мемлекет басшысы жыл бойында Ресейдің, Беларусьтің президенттерімен жəне Ұлыбританияның Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті. Президентке 17 шет мемлекеттің – Ұлыбританияның, Швецияның, Швейцарияның, Таиландтың, Біріккен Араб Əмірліктерінің, Финляндияның, Словакияның, Қытайдың, Моңғолияның, Грузияның, Бельгияның, Арменияның, Беларусьтің, Бразилияның, Францияның, Кубаның жəне Катардың елшілері сенім грамоталарын тапсырды. Жалпы алғанда, Президенттің 2013 жылғы сыртқы саяси қызметі өңірлік жəне жаһандық деңгейлерде тұрақтылық пен берік дамуды қамтамасыз етуге салмақты үлес қосқан жауапты мемлекет ретінде Қазақстанның ұстанымын нығайтуға, сондай-ақ Шығыс пен Батыстың арасындағы өзара түсіністік пен даму диалогын қамтамасыз етуге ықпал етті. * * * Мемлекет басшысының 2013 жылғы жұмыс кестесінің негізгі қорытындылары осындай. Оны жүзеге асыру тұтасымен алғанда біздің еліміздің одан əрі əлеуметтік-экономикалық өсуіне, ішкі саяси тұрақтылықтың қамтамасыз етілуіне, ұлтаралық жəне конфессияаралық қарым-қатынастардың тұрақты дамуына, ұлттық қауіпсіздіктің нығаюына жəне Қазақстанның халықаралық аренадағы беделінің артуына ықпал етті.


4

www.egemen.kz

14 қаңтар 2014 жыл

Қазақстан Республикасының Заңы

Ќазаќстан Республикасыныѕ кейбiр заѕнамалыќ актiлерiне əлеуметтiк ќамсыздандыру мəселелерi бойынша ґзгерiстер мен толыќтырулар енгiзу туралы 1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. «Міндетті əлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 9, 41-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 9-10, 50-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 15-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат): 1) 1-бапта: 14) тармақшадағы «қатысу өтiлiне (күнтiзбемен есептегендегi уақыттың жалпы мөлшерiне)» деген сөздер «қатысудың жалпы өтіліне» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын: «18-1) мiндеттi əлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысудың жалпы өтілі – əлеуметтiк аударымдар түскен айлардың жалпы саны;»; 2) 8-1-баптың 3) тармақшасы «(айқындау),» деген сөзден кейін «тағайындау,» деген сөзбен толықтырылсын; 3) 10-1-баптың 1-тармағында: 1) тармақшадағы «мiндеттi əлеуметтік аударымдары» деген сөздер «əлеуметтік аударымдары» деген сөздермен ауыстырылсын; 5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «5) төлеушiлерден түскен əлеуметтік аударымдарды жəне (немесе) əлеуметтiк аударымдарды уақтылы жəне (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдарды Қорға аударуды, əлеуметтiк аударымдардың артық (қате) төленген сомаларын жəне (немесе) олар бойынша өсiмпұлдарды төлеушiлерге қайтаруды жүзеге асыруды;»; 6) тармақшадағы «ұсынуды жүзеге асырады.» деген сөздер «ұсынуды;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын: «7) жеке сəйкестендіру нөмірі жоқ жəне (немесе) деректемелерінде қателер жіберілген міндетті əлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы үшін аударылған əлеуметтік аударымдардың сомаларын төлеушіге қайтаруды жүзеге асырады.»; 4) 11-баптың 11) тармақшасы «(айқындау),» деген сөзден кейін «тағайындау,» деген сөзбен толықтырылсын; 5) 13-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: «1-1) жеке сəйкестендіру нөмірі жоқ жəне (немесе) деректемелерінде қателер жіберілген міндетті əлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы үшін аударылған əлеуметтік аударымдардың сомаларын қайтаруға;»; 6) 15-бапта: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Жұмыс берушiнiң қызметкерге табыс түрiнде төлейтiн шығыстарын есептеу жұмыс берушiнiң қызметкерлерге табыс түрiнде төлейтiн шығыстарына əскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттiк органдар мен құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң ақшалай қамтылымын қоса отырып, Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде көзделген тəртiппен жүргiзiледi.»; 2-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Егер күнтізбелік ай үшін əлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі республикалық бюджет туралы заңда белгiленген жəне тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төменгі жалақы мөлшерiнен кем болса, онда əлеуметтік аударымдар ең төменгі жалақы мөлшері негізге алына отырып есептеледі, аударылады.»; 7) 17-бапта: тақырыптағы «Мiндеттi əлеуметтiк» деген сөздер «Əлеуметтiк» деген сөзбен ауыстырылсын; 2-тармақтың алтыншы бөлігіндегі «мiндеттi» деген сөз алып тасталсын; 2-1-тармақтың бірінші бөлігіндегі «мiндеттi əлеуметтік аударымдарды» деген сөздер «əлеуметтік аударымдарды» деген сөздермен ауыстырылсын; 8) 20-бапта: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Əлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөнiндегi уəкiлеттi орган құжаттар келiп түскен күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде оларды қарайды жəне əлеуметтiк төлемдерді тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешiм қабылдайды. Əлеуметтiк төлемдердi тағайындаудан бас тартылған жағдайда, ол өтiнiш берушiні бас тарту себептерi туралы жазбаша түрде хабардар етуге жəне ұсынылған құжаттардың тұпнұсқаларын өтiнiш берушiге Орталықтың құрылымдық бөлiмшелерi арқылы қайтаруға мiндеттi.»; 4-тармақтың екінші сөйлеміндегі «табыс етiлген құжаттарды сараптамаға» деген сөздер «мемлекеттік органдар мен тиісті ұйымдарға ұсынылған құжаттардың анық екендігі туралы сұрау салуды» деген сөздермен ауыстырылсын; 9) 22-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «7. Қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушысының асырауында болған отбасы мүшелерiнің саны өзгерген жағдайда, əлеуметтiк төлемдерді тағайындау жөнiндегi уəкiлеттi орган алушының жазбаша өтiнiшi негiзiнде əлеуметтiк төлемдердi қайта есептеу туралы шешiм қабылдайды. Бұл peттe əлеуметтік төлем мөлшері əлеуметтік төлемдер алуға құқығы бар отбасы мүшелерiнiң санына қарай тиiсiнше ұлғайтылады немесе азайтылады.»; 10) 23-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «5. Жұмысынан айрылған жағдайда төленетін əлеуметтiк төлем кейіннен өтініш жасалған кезде, жұмысынан айырылған жағдайда төленетін, бұрын алып келген əлеуметтік төлемнің əрбір айы үшін міндетті əлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысудың жалпы өтілінен он екі айдың шегерілетіні негізге алына отырып, тағайындалады.»; 11) 23-1-бапта: 2-тармақтың 6) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «6) өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар үшін қосымша:»; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Жүктілікке жəне босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайларда төленетін əлеуметтік төлем Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тəртіппен берілген еңбекке уақытша жарамсыздық парағында көрсетілген бүкіл кезеңге тағайындалады. Міндетті əлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып табылатын Байқоңыр қаласының тұрғындарына жүктілікке жəне босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайларда төленетін əлеуметтік төлем Ресей Федерациясының федералдық денсаулық сақтау ұйымдары мен олардың Байқоңыр қаласының аумағында орналасқан бөлімшелері берген еңбекке уақытша жарамсыздық парағы негізінде, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сəйкес жүктiлiкке жəне босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыс кезеңіне тағайындалады.»; 12) 23-2-баптың 3-тармағының 5) тармақшасы алып тасталсын; 13) 29-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы «міндетті» деген сөз алып тасталсын. 2. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 10-11, 55-құжат): 1) 1-бапта: 20) тармақшадағы «Ұлттық Банкiнiң талаптарына» деген сөздер «Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға» деген сөздермен ауыстырылсын;

23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «23) кастодиандық шарт – кастодиан-банк пен оның клиентi жасасатын, кастодиандық қызмет көрсету бойынша клиентке көрсетілетін қызметтерді ұсыну тəртібін айқындайтын сақтау жəне тапсырма беру шарты;»; мынадай мазмұндағы 23-1) тармақшамен толықтырылсын: «23-1) Мемлекеттік əлеуметтік сақтандыру қоры – əлеуметтік аударымдарды шоғырландыруды жəне міндетті əлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы асыраушысынан айырылған жағдайда, оның асырауындағы отбасы мүшелерін қоса алғанда, өздеріне қатысты əлеуметтік қатер жағдайы басталған міндетті əлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға төлемдер жүргізетін заңды тұлға;»; 27) тармақшадағы «(бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидалары)» деген сөздер алып тасталсын; 31) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «31) міндетті кəсіптік зейнетақы жарналары – міндетті кəсіптік зейнетақы жарналарының салымшылары еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстармен айналысатын қызметкерлердің пайдасы үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына салатын ақша;»; 33) тармақшадағы «заңды тұлға» деген сөздер «жұмыс беруші» деген сөздермен ауыстырылсын; 35) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының заңнамасында» деген сөздер «уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 5-баптың 1-тармағындағы «заңнамалық актiлерiнде» деген сөздер «нормативтік құқықтық актілерінде» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 6-бапта: 3) тармақша «міндетті зейнетақы» деген сөздердің алдынан «бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына» деген сөздермен толықтырылсын; 6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «6) өндірістердің, жұмыстардың, пайдасына мiндеттi кəсiптiк зейнетақы жарналарының салымшылары меншікті қаражаты есебiнен мiндеттi кəсiптiк зейнетақы жарналарын төлеуді жүзеге асыратын, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстармен айналысатын қызметкерлер кəсіптерінің тізбесін бекітеді;»; мынадай мазмұндағы 6-1), 6-2) жəне 6-3) тармақшалармен толықтырылсын: «6-1) міндетті кəсiптiк зейнетақы жарналарын жүзеге асыру қағидаларын бекітеді; 6-2) баланың бір жасқа толғанға дейін күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік əлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін əлеуметтік төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидаларын бекітеді; 6-3) зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кəсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кəсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып, мемлекет кепілдіктерін орындау қағидаларын бекітеді;»; 4) 7-бапта: 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «1) өндірістердің, жұмыстардың, пайдасына мiндеттi кəсiптiк зейнетақы жарналарының салымшылары меншікті қаражаты есебiнен мiндеттi кəсiптiк зейнетақы жарналарын төлеуді жүзеге асыратын, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстармен айналысатын қызметкерлер кəсіптерінің тізбесін əзірлейді;»; 5) жəне 8) тармақшалар «əзiрлейдi» деген сөзден кейін «жəне бекітеді» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 9-1), 9-2), 9-3), 9-4) жəне 9-5) тармақшалармен толықтырылсын: «9-1) міндетті кəсiптiк зейнетақы жарналарын жүзеге асыру қағидаларын əзірлейді; 9-2) баланың бір жасқа толғанға дейін күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік əлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін əлеуметтік төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидаларын əзірлейді; 9-3) салымшылардың (алушылардың) нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кəсіптік зейнетақы жарналарының сомаларына тиісті қаржы жылындағы инфляцияның деңгейін ескере отырып мониторингті жүзеге асырады; 9-4) зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кəсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кəсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып, мемлекет кепілдіктерін орындау қағидаларын əзірлейді; 9-5) зейнетақымен қамсыздандыру мəселелері бойынша кадрлар даярлауды жəне олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;»; 5) 10-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) осы Заңның 11-бабының 1 – 3-тармақтарына сəйкес зейнеткерлік жасқа толғандарға;»; 6) 11-бапта: 2 жəне 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «2. Төтенше жəне радиация қаупі ең жоғары аймақтарда 1949 жылғы 29 тамыз – 1963 жылғы 5 шілде аралығындағы кезеңде кемінде 5 жыл тұрған азаматтардың «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды əлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес: 1) ерлердің – 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыстағы еңбек өтілі кемінде жиырма бес жыл болған жағдайда, 50 жасқа толғанда; 2) əйелдердің – 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыстағы еңбек өтілі кемінде жиырма жыл болған жағдайда, 45 жасқа толғанда зейнетақы төлемдерін тағайындатуға құқығы бар. 3. 5 жəне одан да көп бала туған (асырап алған) жəне оларды сегіз жасқа дейін тəрбиелеген əйелдердің 53 жасқа толғанда жасына байланысты зейнетақы алуға құқығы бар.»; 4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Орталықтан жасына байланысты зейнетақы төлемдері толық көлемде осы баптың 1 – 3-тармақтарында белгіленген жасқа толғанда азаматтардың мынадай санаттарына:»; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Жасына байланысты толық емес көлемдегі зейнетақы төлемдері осы баптың 1 – 3-тармақтарында аталған азаматтар санаттарына олардың Орталықтан зейнетақы төлемін толық көлемде алу құқығы болмаған кезде, 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемінде алты ай еңбек өтілінің болуына қарай жəне осы Заңның 64-бабының 2-тармағында аталған адамдарға қызметтен босатылған кезден бастап тағайындалады.»; 7) 13-баптың 1-тармағының 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «15) Қазақстан Республикасының аумағындағы жəне одан тыс жерлердегі жоғары оқу орындарында, оның ішінде даярлық курстарында, арнаулы орта оқу орындарында, училищелерде, мектептерде жəне кадрлар даярлау, біліктілікті арттыру жəне қайта мамандандыру курстарында, аспирантурада, докторантурада жəне клиникалық ординатурада, сондай-ақ рухани (діни) білім беру ұйымдарында оқу;»; 8) 18-баптың 3-тармағы «жағдайда,» деген сөзден кейін «Орталықтан төленетін» деген сөздермен толықтырылсын; 9) 20-баптың 1-тармағында: 7) тармақша «агентке» деген сөзден кейін «жəне (немесе) Орталыққа» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 14-1) жəне 14-2) тармақшалармен толықтырылсын: «14-1) Мемлекеттік əлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен төленетін əлеуметтік төлемдерден

ұсталған міндетті зейнетақы жарналарын ұйымдастыру жəне бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару; 14-2) баланың бір жасқа толғанға дейін күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін əлеуметтік төлемдерді алушыларға бюджет қаражаты есебінен субсидияланатын міндетті зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару;»; 10) 24-бапта: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Мыналар: 1) осы Заңның 11-бабының 1 – 3-тармақтарына сəйкес зейнеткерлік жасқа толған адамдар; 2) егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші жəне екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеу осы тармақшада аталған адамдардың өтініші бойынша жүзеге асырылады.»; 3-тармақ алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын: «3-1. Агент осы Заңның 11-бабының 1 – 3-тармақтарына сəйкес зейнеткерлік жасқа толған қызметкерлердің пайдасына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті кəсіптік зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады.»; 11) 25-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: «2-1. Баланың бір жасқа толғанға дейін күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік əлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін əлеуметтік төлемдерді алушылар үшін бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналары қосымша белгіленеді. Аталған алушылар үшін міндетті зейнетақы жарналарының жиынтық мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының міндетті əлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сəйкес əлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың 10 пайызын құрайды. Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналарының жалпы сомасы бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарының сомаларынан жəне баланың бір жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін əлеуметтік төлемдерден ұсталатын міндетті зейнетақы жарналарының сомаларынан тұрады. Агент міндетті зейнетақы жарналарын аударған кезде бюджет қаражаты есебінен қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау тоқтатылады.»; 12) 26-бап мынадай редакцияда жазылсын: «26-бап. Міндетті кəсіптік зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі жəне оларды жүзеге асыру тəртібі 1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын міндетті кəсіптік зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тəртіппен зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын қызметкердің ай сайынғы табысының 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді. 2. Міндетті кəсіптік зейнетақы жарналарының салымшылары міндетті кəсіптік зейнетақы жарналарын меншікті қаражаты есебінен еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстармен айналысатын, кəсіптері өндірістердің, жұмыстардың, қызметкерлер кəсіптерінің тізбесінде көзделген қызметкерлердің пайдасына жүзеге асырады. Міндетті кəсіптік зейнетақы жарналарының салымшылары өндірістік объектілерді аттестаттау нəтижелерімен расталған зиянды (ерекше зиянды) еңбек жағдайлары жойылған кезде міндетті кəсіптік зейнетақы жарналарын төлеуді жүзеге асырмайды.»; 13) 28-бапта: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Нақты төлем жасалған жəне қызметкер табыс алған жағдайда агент уақтылы ұстап қалмаған (есебіне жазбаған) жəне (немесе) аудармаған міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кəсіптік зейнетақы жарналарының сомаларын салық органдары өндіріп алады немесе оларды əрбір мерзімін өткізіп алған күнге (Орталыққа төлейтін күнді қоса алғанда) уəкілетті орган белгілеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 2,5 еселенген мөлшерінде есебіне жазылған өсімпұлмен бірге міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының, өздерінің пайдасына мін детті кəсіптік зейнетақы жарналары төленетін қызметкерлердің пайдасына агенттер аударуға тиіс.»; 3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «3. Агент хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде салық органына өздерінің пайдасына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының тізімдерін, сондай-ақ өздерінің пайдасына міндетті кəсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын қызметкерлердің тізімдерін ұсынуға міндетті.»; 4-тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) агент бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының тізімдерін ұсынбаған жəне міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек болған, сондай-ақ өздерінің пайдасына міндетті кəсіптік зейнетақы жарналары төленетін қызметкерлердің тізімдерін ұсынбаған жəне олар бойынша берешек болған жағдайда осы баптың 2-тармағында көзделген хабарлама табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң жүргізіледі. Бұл ретте агенттің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру салық органының агенттің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінде көрсетілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кəсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек сома шегінде жүргізіледі;»; 14) 29-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Агент есептелген, ұсталған (есебiне жазылған) жəне аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кəсiптiк зейнетақы жарналары туралы мəлiметтердi ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей мiндеттi зейнетақы жарналарының салымшыларына жəне өздерінің пайдасына мiндеттi кəсiптiк зейнетақы жарналары төленетін қызметкерлерге ұсынуға мiндеттi.»; 15) 32-баптың 1-тармағында: 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «1) еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстардағы жұмыс өтілі кемiнде бес жыл болған жəне осы Заңның 59-бабының 4-тармағына сəйкес ең төменгі зейнетақы мөлшерiнен төмен емес төлемді қамтамасыз ету үшiн зейнетақы жинақтары жеткiлiктi болған кезде елу жасқа толған;»; 2) тармақшадағы «кеткен жəне» деген сөздер «кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың,» деген сөздермен ауыстырылсын; 16) 33-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы «кеткен жəне» деген сөздер «кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың,» деген сөздермен ауыстырылсын; 17) 34-баптың 9-тармағында: 9) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде» деген сөздер «уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде» деген сөздермен ауыстырылсын; 11) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде» деген сөздер «уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде» деген сөздермен ауыстырылсын; 18) 36-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін орналастыру үшін рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесі жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау жəне осы тізбені мақұлдау;»; 19) 37-баптың тақырыбы жəне 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «37-бап. Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті

кəсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы салым шы ның (алу шының) бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен шарттары 1. Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен салымшылардың (алушылардың) құқықтарын, міндеттерін, жауапкершілігін жəне өзге де құқықтық қатынастарын белгілейтін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кəсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттарды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларының негізінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры əзірлейді.»; 20) 41-бапта: 4-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) зейнетақымен қамсыздандыруға байланысты мəселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тəртіппен салымшының (алушының) жазбаша өтініші бойынша сотта оның мүддесін білдіруге;»; 5-тармақтың 7) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде» деген сөздер «уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде» деген сөздермен ауыстырылсын; 21) 45-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Қосылатын ерiктi жинақтаушы зейнетақы қорының ерiктi зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтерi мен міндеттемелері қайта ұйымдастырылған ерiктi жинақтаушы зейнетақы қорына уəкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген тəртiппен берiлуге тиiс.»; 22) 48-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Ерiктi жинақтаушы зейнетақы қорының ерiктi түрде таратылуға рұқсат алу туралы өтiнiшхатын уəкiлеттi орган тиiсiнше ресiмделген құжаттарды алған күннен бастап үш ай iшiнде қарауға тиiс. Өтiнiшхатқа мынадай құжаттар: 1) акционерлердiң жалпы жиналысының ерiктi түрде тарату туралы шешiмi; 2) ерiктi жинақтаушы зейнетақы қорында ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта көзделген мiндеттемелердiң жоқ екендiгiн растайтын құжат; 3) ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта көзделген мiндеттемелердiң жоқ екендiгiн куəландыратын бухгалтерлiк баланс пен оған түсiндiрме жазба; 4) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтерін жəне міндеттемелерін қабылдау-тапсыру актісі; 5) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында ерікті зейнетақы қорларын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензияның жəне бағалы қағаздар нарығында басқа да қызмет түрлерін жүзеге асыруға арналған лицензияның негізінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша міндеттемелердің жəне қолданыстағы шарттардың жоқ екендігін растайтын құжаттар қоса берiлуге тиiс. Осы тармақшада көрсетілген құжаттардың тізбесі уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді. Ерiктi жинақтаушы зейнетақы қорының ерiктi түрде таратылуға рұқсат алу туралы өтiнiшхатына жəне ерiктi жинақтаушы зейнетақы қорында ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта көзделген мiндеттемелердiң, сондай-ақ ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында бар бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға арналған барлық лицензиялар бойынша міндеттемелердің жоқ екендiгiн растайтын құжатқа ерiктi жинақтаушы зейнетақы қорының бiрiншi басшысы қол қоюға жəне олар ерiктi жинақтаушы зейнетақы қорының мөрiмен расталуға тиiс.»; 23) 50-баптың 4-тармағының 3) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының заңнамасында» деген сөздер «осы Заңда жəне уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде» деген сөздермен ауыстырылсын; 24) 51-баптың 6-тармағындағы «негiзгi» деген сөз алып тасталсын; 25) 73-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтерi мен мiндеттемелерiн беру бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, жинақтаушы зейнетақы қорының, бұрынғы кастодиан-банктің, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның, Орталықтың жəне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң уəкiлеттi өкiлдерi қол қойған зейнетақы активтерi мен мiндеттемелердi қабылдау-тапсыру актiлерiмен ресiмделедi.». 3. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 10-11, 56-құжат): 2-бапта: 1-тармақта: 1) тармақшадағы «31-тармағының 1) жəне 2) тармақшаларын» деген сөздер «31-тармағы 1) тармақшасының жетінші абзацын» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: «1-1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры бірінші жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақы активтері мен міндеттемелерді қабылдау-тапсыру актісіне қол қойған күннен кейінгі күннен бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 31-тармағының 1) тармақшасының бірінші – алтыншы абзацтарын жəне 2) тармақшасын;»; 5-тармақтың екінші бөлігіндегі «осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап екi айдың iшiнде» деген сөздер «2014 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 5-1 жəне 8-тармақтармен толықтырылсын: «5-1. Инвестициялық портфельді басқарушының акционері болып табылатын жəне осы Заң қолданысқа енгізілген күннен кейінгі күні «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 72-1-бабына сəйкес инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілеріне сай келетін тұлға, сондайақ «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 73-бабының 8-тармағына сəйкес жинақтаушы зейнетақы қорларының ірі қатысушылары жəне инвестициялық портфельді басқаруға лицензия алу үшін өтініш білдірген зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін ірі қатысушы мəртебесін иемденуге уəкілетті органнан келісім алу талап етілмейді.»; «8. Заңды тұлғалардың өз атауларында «жинақтаушы зейнетақы қоры», «зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым» деген сөздерді қандай тілде болсын толық түрде пайдалануына тыйым салынады. Бұл талап зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерді бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қабылдаутапсыру актісіне қол қоймаған жинақтаушы зейнетақы қорларына жəне зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға қолданылмайды.». 2-бап. Осы Заң 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 10 қаңтар. №156-V ҚРЗ

ШАРАЙНА

Əлем жаѕалыќтары

Оппозиция «Бангкокты жабамыз» шарасын бастады Таи оппозиционерлері дүйсенбі күні таңертең ел астанасындағы жеті шешуші көліктік тармақтар мен бірқатар автожолдарды жауып, «Бангкокты жабамыз» атты акцияны ресми түрде бастады.

Біз жеңгенімізге не жеңілгенімізге қарамастан, күресе беретін боламыз. Біз бітімге бармаймыз жəне келіссөздерге отыруға келіспейміз, деп атап көрсеткен оппозиция көсемі Сутеп Таугсубан митингіде сөйлеген сөзінде. Осының алдындағы күні қалаға танктер енгізілген болатын, бірақ наразылыққа қатысушылар мен құқық қорғаушылар арасында қақтығыс туындай қойған жоқ. Əзірге шерулер бейбіт сипатта өтуде.

Донор елдерден 6,5 млрд. доллар кґмек сўралмаќ БҰҰ Сириядағы қақтығыстардан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін алдағы Сирия бойынша донор елдер конференциясынан 6,5 млрд. доллар жинамақ ниетте. Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысының гуманитарлық мəселелер жөніндегі орынбасары Валери Амос өз мəлімдемесінде хабарлаған.

Біз 6,5 млрд. сұрап отырмыз. Біз ереуілшілер мен үкіметтік əскерлер арасындағы қанды қақтығыстан зардап шеккен балаларға, əйелдер мен еркектерге көмек көрсету үшін қолдан келгеннің бəрін жасайтын боламыз, деп атап көрсетілген мəлімдемеде. Оның айтуынша, бүгінде 13 миллионнан астам сириялық көмекке зəру. Айта кету керек, конференция 14 қаңтарда Кувейтте БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның төрағалығымен өтеді.

Жаѕа конституцияны ќолдауєа шаќырды Египеттің уақытша президенті Адли Мансур ел тұрғындарын жаңа конституцияның жобасы бойынша өтетін референдумда оған қолдау көрсетуге шақырды.

Мен сіздерді қазіргі заманғы зайырлы мемлекеттің негізін қалайтын жаңа конституция үшін дауыс беруге шақырамын, деп мəлімдеген Мансур Египет теледидары арқылы сөйлеген сөзінде. Біз үшін өзіміздің исламдық құндылықтарымыз бен қағидаттарымызды қорғау өте қажет, бірақ сонымен бірге, біз діни шектелушіліктен де арылуға тиіспіз, деп атап көрсеткен ол. Еске сала кетейік, жаңа конституция бойынша референдум Египетте 14-15 қаңтарда өтеді.

Израиль Шаронмен ќоштасуда Израильдің бұрынғы премьер-министрі Ариэль Шаронмен қоштасудың ресми рəсімі дүйсенбі күні таңертең басталды, деп хабарлады жергілікті БАҚ-тар.

Кнессетте өтіп жатқан бұл іс-шараға Израиль президенті Шимон Перес пен премьер-министрі Биньямин Нетаньяху қатысты. Израиль үкіметінің бұрынғы басшысы 2006 жылдан бері инсульт салдарынан ес-түссіз жатқан Ариэль Шарон өткен сенбі күні 85 жасында елдің Шеба ауруханасында көз жұмған болатын.

Ќателесіп басќа əуежайєа ќонды Америкалық Southwest Airlines əуе компаниясының Боинг-737 жолаушылар лайнері Миссури штатындағы Брансона əуежайына барудың орнына қателесіп, Тэйни графтығындағы əуежайға барып қонған.

Қону штаттық режімде өтті, барлық жолаушылар мен экипаж қауіпсіз жағдайда, деп мəлімдеген əуе компания өкілі орын алған оқиғаға түсінік бере отырып. Əуе лайнерінің бортында 124 жолаушы мен экипаждың бес мүшесі болған көрінеді. Қазіргі уақытта АҚШ-тың Федералдық авиация басқармасы орын алған оқиғаның себептерін тергеуде.

Тећран 4,2 млрд. долларєа ќол жеткізбек «Алтылық» пен Теһран 20 қаңтарда бірлескен іс-қимыл жоспарын жүзеге асыруды бастайды. Санкциялардың жұмсартылуы нəтижесінде, Иран тыйым салынған 4,2 млрд. долларға қол жеткізу мүмкіндігіне ие болмақ.

Еуропа одағының сыртқы істер жөніндегі жоғарғы өкілі Кэтрин Эштон Женевада 9-10 қаңтарда өткен келіссөздер қорытындысына өзінің қанағаттанғандығын білдірді. Енді құрамында Ұлыбритания, Германия, Франция, Ресей, Қытай жəне АҚШ бар делдалдар «алтылығы» 2014 жылдың 20 қаңтарынан бастап, уағдаластықтың алғашқы қадамдарын жүзеге асыруға кіріспек. Біз МАГАТЭден қажет ядролық мониторинг пен қызметке тексеру жүргізуді сұрайтын боламыз, делінген жексенбі күні кешкілік Брюссельде Эштон таратқан мəлімдемеде.

Атом энергиясы саласындаєы ынтымаќтастыќ Ресейдің Венгриядағы бірден-бір атом электр стансасының құрылысын одан əрі жалғастыруға келісім алуы мүмкін. «Росатом» мемлекеттік корпорациясының басшысы Сергей Кириенконың айтуынша, Ресей мен Венгрия атом саласындағы ынтымақтастықты жалғастыру жөнінде белсенді келіссөздер жүргізуде.

14 қаңтарда Ресей президенті Владимир Путиннің шақыруымен Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан Мəскеуге жұмыс сапарымен келмек. Алдағы келіссөздердің бағдарламасының егжей-тегжейі əзірге белгісіз. Дегенмен, венгерлік Nepszabadzag газеті белгілі бір ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып, сапар барысында «Пакшаның» құрылысын одан əрі жалғастыру жөніндегі келісімге қол қойылуы мүмкін екенін хабарлаған. Басылымның мəліметтеріне қарағанда, барлық үміткерлердің ішінде тек «Росатом» ғана жалпы құны шамамен 18 млрд. доллар болатын жобаны алдын ала қаржыландыруды қамтамасыз етуге дайын. Интернет материалдары негізінде əзірленді.


www.egemen.kz

14 қаңтар 2014 жыл

5

 Көкейкесті Ажалдың не екенін жұрттың бəрі жақсы біледі. Ажал айдаса, оның соңы немен бітетінін де сезеді. Бірақ, сол ажалды кез келген адамның да арқалап жүруі мүмкін екенін екінің бірі ойлана бермейді. Себебі, оны алыстан іздеудің, қымбатқа сатып алудың, оған таласудың немесе бəсекелесудің қажеті жоқ. Кез келген адам кез келген уақытта оны тудыра алады. Бөгет жоқ. Оған қарсы тұратын санадағы жалғыз имандылық бөгеттерін сұм жүйе құртып жібергелі қашан. Сондықтан, қазір ажал қайдан келеді деп, анау айтқандай, алаңдау да артық шығар. Өйткені, жаны барлар үшін айнала толған ажал секілді. Осындайда, «Ажалсыз жан өлмейді» деген сенім ғана адамды алға жетелейді-ау деп ойлайсыз. Оның үстіне, «көппен көрген ұлы той, өлсем өзгелерден артық нем бар» дейтіндердің дені де басым көпшілік екені жəне рас. Сондықтан, олар ана елден ұрлап-жырлап жинаған алтын, күмістерінің ғана қызығын көргісі келетін шіренген шенеуніктер секілді сақтық үшін тек қызметтік көлігін мініп, жанына оққағарларын ертіп ерекшеленбейді. Олар: «Өлсем, орным қара жер», дейді. Бірақ, расында өкінішке орай, өлмейтін пенде жоқ, тек ажалды неліктен адамдар тудырады екен деп амалсыз ойланасыз? Алайда, адам аласы ішінде деп бекер айтылмаған ғой. Соны бүркемелеу үшін бе, бұрын кеңес заманында «Адам адамға дос, бауыр, жолдас» деп те айтылатын. Сол кеңестік кезеңнің өзін де, аяғын да көріп қалғандар бұған кəдімгідей сенетін. Сенбеске де амал жоқ еді. Өйткені, теңдік, тəртіп болатын. Əрине, кеңестік заманның да өз кемшілігі болғаны анық. Мəселе о да емес, мəселе қазіргі адамзаттың беталысы қайда барады деген сұраққа кімнің де нақты жауап бере алмауында. Əлемдегі болып жатқан сұмдық оқиғаларды естігенде, тіпті, айтуға ыңғайсыз, адамға адам ғана бақытсыздық, қасірет, ажал əкелетінін нақты түсінесіз. Айналада болып жатқан оқиғалардың бəрі соны дəлелдейді. Өкінішке қарай, бұл шындық əлемінен ешкім қашып құтыла алмайды. Оның бəрін жəне мысалға келтіріп, айтып шығу мүмкін емес. Өте көп. Адамдардың бір-бірін қойдай қыруы атам заманнан жалғасып келе жатқан қанды іс. Ол əлемнің əр түкпірінде сан мəрте қайталануына байланысты халықаралық деңгейдегі үйреншікті іске айналып кеткендей. Бір ел мен бір елдің қақтығысы, соғыс ашып, басып-жаншып кіруі, жаппай қырып-жою əлімсақтан басталып, түрін өзгерткенімен, мəнін өзгерпестен əлі қайталанып келеді. Өмір сүру деңгейі өсті, жоғары өркениет қалыптасты, санасезім артты, адам құқы құрметтеледі деген тек қағаз жүзінде ғана жүзеге асқан секілді. Өйткені, жарастығы ұйыған ұлттар мен ұлыстардың, діндердің арасына іріткі салу, атомдық, химиялық, бактериялық жəне небір жойқын зымырандарды, алапат атыс қаруларын еселеп пайдалану – адамның адамды өлтіруге деген құлшынысы ғана. Демек, жер бетінде адам баласы жаратылғаннан кейін олардың санасына сіңдірілген бағдарламаның бірі – өздерін өздері қырып-жою екені анық. Бұл бағдарлама кейбір адамдарға дарыған кезде олар нағыз баскесерге, яки жаналғышқа айналады екен. Олар түзде де, көшеде де, қызметте де, үйде де бір мақсат үшін ойлағандарын жүзеге асырады. Ал мақсат, көбіне, жоғарыда айтқанымыздай, белгілі бір адамдардың құрған саяси жүйе мүддесінен туындайды. Мəселен, Ұлы Отан соғысы кезінде Аушвиц əйелдер концлагерінде бақылаушы болған Ирма Грезе өзі де дарға асылғанша адамдарды өлтіруді кəсіп еткен. Сондықтан оның адамдарды қорлап, азаптап өлтірудегі ісі ерекше болғандықтан ол үш бірдей концлагерьде қызмет етті. Жəне ол осы жұмысқа өзі сұранып, арнайы дайындықтан өтіп келген. Сондықтан осы кəсібін ұнатқаны сонша, өзі жəбірлегісі келетін адамдардың денесін тірідей тіліп, ішіне небір жұқпалы ауру қоздырғыштарын салып, оған қоса шөп-шаламдарды, топырақты қоса тығып, қайта тігіп тастайды екен. Содан тірідей кесіліп, ішіне түскен небір зиянды заттардың салдарынан ойбайлап сұмдық азапты бастан кешіп жатқан адамды сырттай бақылап, қызықтап, рахат көріп отыратын болған. Адамдарды өлтіруге деген мұндай шектен шыққан құмарлық пен құштарлықтың, айуандықтың бір əйелдің басына қалай берілгендігіне оны кейін өлім жазасына кесушілердің өздері де таңғалған көрінеді. Ал қазіргі күні мұндай адамдар жоқ дей аласыз ба? Кезінде елімізде қарулы төңкеріс жасай жаздап шетелге қашқан лауазымды тұлғаның өзі қаншама банкирлерді, əйелдерді азаптап, өз қолымен о дүниеге аттандырғанын білмейтін адам жоқ. Жалпы, жұрт қолында түгі жоқтардың да, не ішемін, не киемін демейтін тойынғандардың да неліктен мұндай іске баратындығын бір-ақ себеппен түсіндіреді. Ал ол себеп баршаға белгілі. Мəселен, Аягөз қаласы ІІБ бастығы орынбасарының қылмыс тық əрекеті адамды адамның қасақана өлтіруі жалғаса береті нін көрсетіп берді. Өйткені, бұл орынбасар адамның өмірі мен қауіпсіздігін, тыныштығын қорғауға, сақтауға, адамды өлтіретін қылмыскерлерді ұстауға тиісті лауазымы бар жан болатын. Ал соның өзі не істеді? Өзіне сенім білдіріп келген кəсіпкерді ақшасына қызығып, оңаша алып шығып атып өлтіріп, одан соң өртеп жіберді. Бұған дейін де бұл маңайда талай адам ұшты-күйлі жоғалып кеткен көрінеді. Соның бəрін осы полиция подполковнигі секілді жандардың істемегеніне кім кепілдік бере алады? Қудалау органдары қызметкерлерінің жазықсыз талай адамды ұрып та, қамап та, азаптап та өлтіргендері туралы баспасөзде сан мəрте жазылып келеді. Олардың дені құрықталып та жатыр, бірақ, айналып кеткен қанды диірмен доңғалағы тоқтар емес. Өйткені, əлгі ішкі істер подполковнигі сотталғанымен, ұсталғанға дейін оның қанша полиция қызметкеріне үлгі көрсетіп, осындай қара іске дайындап үлгергенін ешкім білмейді. Ал елімізде əлі мұндай подполковник секілділердің қаншамасы мұрты майланып, миығынан күліп, жазықсыз жандардың көз жасына шылауланған арам ақшамен отбасын асырап жүр десеңізші! Адамның айуаннан айырмашылығы саналығында ғана ғой. Бірақ сол санаға тəртіпті қатаң сіңдірмесе бəрі бекер. Атам заманда адамдар діннің күштілігі арқасында ғана Құдайдан қорықты. Ал қазір неден қорқады? Діннің өзін бөлшектеп əкетті, бір дінді сан жікке бөлді. Сөйтіп, жамағат оның қай бағытына сенерін білмейді, мұны да істеп отырған белгілі бір саясат мүддесін көздейтін адамдар, олардың мақсаты: көпшілікті бір-біріне қарама-қарсы қойып, қырып-жою. Ал ортақ заң

бар дейін десек, ол заңдарыңызды тағдырыңызды қолына тапсырған небір лауазымды адамдардың өзі ашық түрде белден басады. Өйткені, бар билік солардың қолдарында. Бар байлықты сыпыра жеп, шетел асып жатқан да сол лауазымды тұлғалар. Араларында əкім де, министр де, банкир де т.б. толып жатыр. Жеп алып қаша алмай, қақпанға түсіп қалып жатқандары қаншама. Олардың сотталғаны сотталады, сотталмағаны құтылады. Ал осындай саяси сайқымазақ ойындарды көрген жастардың санасында қылмыстық əрекеттің сабақтастық салдарынан «берсең – қолыңнан, бермесең – жолыңнан» деген қара ниетті шешім қалыптасады. Оларға да ана билік басында отырған алаяқ шенеуніктер секілді қызық керек, ол үшін мол ақша керек. Кім билікке қол жеткізеді, соған мол ақшаға жол да ашылады дейді. Көпшілікке үлгі алатын жер бар. Мұны қарапайым адамдардың бəрі көріп отыр. Сыбайлас жемқорлық, ұрлық, қарақшылық, алдау, əділетсіздік, жершілдік пен ағайыншылық етек алған жүйе кемшілігінен өрбіген іс-əрекет тəрбиесі де теріске айналады.

толық түсінбей жатып, өз-өзіне қол жұмсауына не себеп болғанын тексере келгенде Интернетсайттарда өзін өзі өлтіру мен оның амалдары туралы жарияланымдардың əсер еткені белгілі болған. Мұны дарға асылған баланың компьютерін зерттеген тексерушілер анықтаған көрінеді. Ал өзін өзі өлтіру мен оның жолдары туралы амалдарды сайтқа салған белгілі бір адамдар екені белгілі. Олар осылайша адамдарды өлтіріп отыр. Бір-бірін, оның ішінде ең ет жақын ата-анасын өлтіру деген əлемнің кез келген түкпірінде орын алған. Бұған ешуақытта тосқауыл қойылмайтын секілді. Американың Вашингтон штатына қарасты Спокан қаласында жантүршігерлік оқиға болды. Бар болғаны 13 жасқа келген бозбала анасына өшіккені соншама, өзінің 14 жастағы досын оған айдап салады. Ақыры əлгі досын өзінің анасын қылышпен кескілеп, шапқылап тастауға көндіреді. Бұдан сорақысы сол өз анасының бауыры өте дəмді, соның дəмін тат деп үгіттеген. Сенесіз бе, сонда əлгі досы бұған кəдімгідей иланған дейді. Содан олар үйге келіп, алдарынан аялы алақанын жайып шыққан ананы екі рет кездікпен ұрып, қызыл қанға бөктірген. Сосын екі езуі екі құлағына жетіп масайраған, яғни марқұм анасының тірі кезіндегі «бауыр еті» атанған ұл

жандар кəрі ме, жас па, сəби ме, анасы ма, баласы ма, бауыры ма, қызы ма деп талдап жатпайды. Шығыс Қазақстан облысында жантүршіктірерлік оқиға орын алды. Кезінде ұрлық үшін сотталған Омар түрмеден шыққан соң ешбір жұмысқа орналаса алмайды. Сөйтіп жүріп ол екі жасар ұлы бар бір келіншекпен танысады. Екеуі бірге тұрады. Темір тордың арғы жағынан шыққан оған бірдебір қызмет орны құшағын жая қоймайды. Сонан өмірге деген бар ызасын əлгі сотталып келген жан екі жасар сəбиден алса керек. Оның адам сияқты өмір сүргісі келген тірлігіне əлгі титімдей сəби кедергі болыпты. Сосын ол баланы өзінше тəрбиелеуді қолына алып, азаптаудың небір түрін ойлап тапқан. Адамды азаптау жағына келгенде əлгі еркек гестапошылардан да асып кетсе керек, мұны тексеріп, қылмысты ашқан тергеушілердің де жүрегі «ауырған» көрінеді. Сотталып келген «жаңа əке» сəбидің денесіне қайнаған ыстық су құйып, сосын жаны шыға шырылдап жылаған баланың ернін қыршып, күйген денеге одан əрі айызы қана темекісінің қызыл шоғын басқан. Мұны да қанағат етпеген ол добалдай жұдырығымен екі бүйірден ұрғылаған. Кіп-кішкентай сəби еңірегенде етегі жасқа толып, жалғыз құтқаушысы – анасын іздеп еңбектей жөнелгенде əлгі айуан еркек бір теуіп

шешесінің бауырын қызыл қанын ағызып, суырып алған. Енді бұларды қылмыскер дейсіз бе, əлде тойынғандықтың, заманның бұзылғанының немесе жастардың тəрбиесіздігінен дейсіз бе? АҚШ-тың қару асынған бозбалалары мектепке кіріп, бірінбірі қойдай қырып атып өлтіріп жатқаны күнде жазылады. Өркениеттің, мəдениеттің шыңына жетті деген елдердің көбінде солай. Билік тізгінін ұстаған полицейлер де əй-шайға қарамай жайратып салады. Өйткені, қоғам кімдерді тəрбиелеп жатқанын жақсы біледі. Соған сай əзір болуды да қалайды. Əрине, күнде небір жантүршігерлік іс-əрекеттер болып жатқан қоғамда жүйе кемшілігінен əлі талай жаға ұстайтын жайлар қайталана беретіні сөзсіз. Бірақ осыны біле тұра біз неге өз қоғамымыздың саламатты саламаттылығын олардың теріс үрдістерінен сақтай алмайтынымыз белгісіз. Мəселен, Үндістанның Харья на штатында өздерінің рұқсаттарынсыз сүйген жігітімен қашып кеткен жастарды үйіне алдап шақырып алған атаанасы туған қызын да, күйеу баласын да қорлап өлтіреді. Əуелі қызын біраз уақыт үйде азаптап, онан соң көл жағасына апарып бауыздайды. Сосын жігітті ұрып-соғып, қол-аяғын сындырып, шалажансар оны əке-шешесіне апарып, көз алдарында басын шабады. Мұны жұрттың бəрі көреді, ешкім де араға түспейді. Тіпті, полиция мұндай үрдіске ештеңе істей алмайды екен. Міне, адамды қасақана, əдейі өлтіргісі келсе, кімге болса да, яғни ұлына ма, қызына ма, ата-анасына ма, көршісіне ме, əріптесіне ме, танысына ма, туысқанына ма, тіпті, көшеде жүрген кез келген адамға біреуді өлтіре салу деген сөз емес. Оған ешқандай кедергі де жоқ. Өлтіре салады, артынан сотталса сотталады, сотталмаса, əрине, нағыз қанішерге айналады. Мұндай сұмдық үрдіс жылдан-жылға етек алып барады. Ал осындай үрдістердің біздің елімізде де бүршік жаруына кім кінəлі? Ата-бабамыздың ұстанған салтында кісі өлтіру деген күнəнің ең ауыры болып есептелген. Сондықтан біреуді қасақана өлтіруге ешкім жол бермеген. Бұл орайда қасиетті Құран Кəрімде: «Бір-біріңді өлтірмеңдер. Расында, Алла тағала сендерге ерекше мейірімді. Ал кім осы айтылғанды дұшпандық, зұлымдықпен істесе, оны жақында отқа саламыз. Бұл Аллаға оңай» («Ниса» сүресі, 29-аят) делінген. Демек, Алла тағалаға сенген адам ең алдымен тозақ отынан қорқады. Алла тағаладан қорыққан адам өзінің басқан əрбір қадамын бақылап тұрғанын сезінеді. Алайда, мұны білсе де, білмесе де оған құлақ аспай жүргендер баршылық. Соның бірі кісі өлтіру, яғни жазықсыз адамның қанын төгу. Кісі өлтіремін деп бекінген адам ешнəрседен тайынбайды екен. Өскемен қаласында 30 жастағы кəсіпкер жоғалып кетеді. Оны тума-туысқандары, құқық қорғау органдары бес күн бойына іздейді. Ақыры табады, бірақ кəсіпкерді біреулер аяусыз қинап өлтірген. Оның денесіне 38 жерден жарақат салыпты. Сараптама қорытындысы белгілі болған соң анықталғандай, қылмыскерлер 30 жастағы кəсіпкерді бірнеше күн бойына азаптаған. Марқұм əлі тірі кезінде оның жүрегіне қанішер қылмыскерлер темір шегелер қағыпты. Иə, кəдімгі ағашқа қағатын жуан əрі ұзын шегелерді кəсіпкерді тірідей кезінде əбден қинап, оның жаны шыға қиналғанынан лəззат алып, шегелерді кеудесіне бірінен соң бірін қаққан. Сөйтіп, ақыры ақ адал күшімен еңбек етемін деген кəсіпкердің түбіне жеткен. Адам өлтіруді санасына жүйеден сіңірген

баланың екі қолын бірдей сындырған. Содан үсті-басын күйік шалып, қабырғалары, екі қолы күйреген қайран бала əлі құрып, бүк түскен. «Мені де ешкім аяп жатқан жоқ, сені де неге аяймын» деді ме екен, сонан əлгі сотталып келген еркек соңғы демін зорға алып, анасын көз алдына елестетіп дір-дір ете шала-жансар жатқан сəбиді аяғынан сүйрелеп, салқын еденге тастай салған. Ақыры денеге түскен сансыз жарақаттан сəби анасы табалдырықтан аттай бергенде бір солқ етіпті де, жүріп кетіпті. Иə, адамдардың (оларды да адам дейміз ғой) адамды өлтірудегі жаңадан ойлап тауып жатқан амалдарында сан жоқ. Жəне қатыгездіктерінде де шек жоқ. Соның бірі өзінің туылғанына он күн толған сəбиін кір жуғыш машинаның ішіне тірідей салып жіберіп, ыңылдап əн айтып, түк білмегендей жайбарақат жүре берген АҚШ тұрғыны болып тұр. Сонан кір жуғыш машина тоқтап, дабыл берсе де, оны əлгі əйел қарамапты. Бірақ бір келеңсіздікті сезген жаналғыштың сіңлісі келіп, кір жуғыш машинаны ашқанда қанға малшынып, мылжасы шыққан сəбидің денесін көрген. Сіңлісінде адамдық сезім бар екен, дереу полицияға хабар беріпті. Сонда артынша жетіп келген, яғни талай өлімді көрген тепсе темір үзетін тергеушілердің өздері мына оқиға қасіретінен туындаған көрініске шыдай алмай көздеріне жас алыпты, дейді. Əрине, адам жанын түршік тіретін мұндай сұмдық оқиғалардың біздің елімізде қайталанып жататындығы да жасырын емес. Мұның бəрі қоғамның азғандығы ма, əлде күнəға батар жолға түскен адамдардың болашаққа деген сенімнен жұрдай айырылғандығынан ба, белгісіз. Бірақ мемлекет те, қоғам да сан ойланып, сындарлы шешім қабылдайтын сын сағат туған секілді. Соған дəлел оқиға Оңтүстік Қазақстан облысында орын алды. Отбасындағы кикілжіңге байланысты əйелімен ажырасқан Созақ ауданының 37 жастағы тұрғыны өмірден баз кешіпті. Мүшелерінің арасында не болып, не қойып жатқанында шаруасы жоқ қоғамнан бөлініп қалған əлгі еркек өз тауқыметімен өзі бетпе-бет қалды. Əйелінің өзін тастап кеткенін заманақырға саяған ол бар дүниеден түңіледі. Сосын əйелінде мұның ұрпағы да қалмасын деді ме, бір сұмдық ойға бекінеді. Шымкент қаласындағы бұрынғы əйелінің үйінен өзінің екі баласын ешкімге сездіртпей алып кетеді. Оң-солын əлі танып үлгермеген балалар туған əкелерінің қайда алып бара жатқанын да, не үшін екенін де білместен Созақтағы үйге жетіп, қалжырап ұйықтап қалады. Сонан балаларының тəтті ұйқыға берілуін күткен еркек орнынан тұрып, қолына асхана пышағын алады. Түк сезбей тəтті ұйқы құшағында жатқан балаларының қасына келіп, соңғы рет демін бір терең алады да, екеуін де бауыздап жібереді. Қатар жатқан қос бүлдіршіннің кеңірдектері орылып түскенде пысылдаған үн қорылға ұласып, қызылала қан атқып сала берген. Балаларының түбіне жеткен əке пышақты қыса ұстаған күйі одан əрі қораға барады. Енді өзін де о дүниеге аттандырғысы келеді. Бірақ өзгені өлтіргеннен гөрі адамның өзін өлтіруі қиын екен, қолы жүрмейді. Қарнына бірнеше мəрте пышақты сұққылаған болады. Қан аққаны болмаса, əлі тірі. Сонан амал жоқ, қолының тамырын кескілейді. Жан тəтті екен, тамырын қиып жіберуге дəті жетпейді. Сөйтіп, балаларының жəне өзінің қанына малшынып өлмекке бел буған оны көршілері байқап қалады.

АЖАЛ АРТЌАН АДАМДАР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан».

Сөйтіп, адамдардың санасында бір-ақ мақсат: өзгеге болдырмау, болса оңдырмау. Бұл сыбайлас жемқорлардың келеңсіздігі өзгелердің санасына қауіпті бағдарлама болып орнығады. Одан сосын құтылу мүмкін емес. Қазір ұрлық қылсаң, біреуді сабасаң, өлтірсең – жазаға тартылатының белгілі. Елімізде Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу заңдары қаһары күшейтілді. Басқаны білмесе де, дəл осыны жұрт жақсы біледі. Алайда, ақшасына қызығып кəсіпкерлерді тұтас отбасымен қырып тастап жатқандарды айтып тауыса алмайсыз. Мектеп оқушыларын айуандықпен зорлап, онан соң өлтіріп жатқандар қаншама. Көшеде көлікке жол бермедің, жұмыстан нақақ шығардың, ар-намысыма тидің деп, т.б жағдайларда «жастығымды ала кетейін» дейтіндер қаншама. Мəселе қандай себеппен емес, мəселе адамды өлтіре беруде ғой. Адам өлтіруге алдын ала бағдарлама осылайша қалыптасады дегенге сенгіміз келмесек, тіпті өзінің «іштен шыққан шұбар жыланын», яғни туған баласын анасының өлтіруін қалай түсінуге болады? Бұл жерде де бар себеп ақшада. Бірақ анасының өзі туған баласын өлімге қиюы саналы адамның санасы жетпейтін іс. Семей қаласында 50 жастағы əйел өзінің 30 жастағы ұлын киллер жалдап өлтірткен. Сондағы сылтауы ақша сұрай береді дейді екен. Ал ұлының артында жас келіншегі 5 жасар баласымен аңырап қала беріпті. Алматы қаласында жап-жас ана өзінің туған сəбиін қызылшақа күйінде тыстағы əжетхана тесігінен тастап жіберген. Тоғыз ай іште жатып, жарық дүние есігін аштым-ау дегенде, қайран сəби тоғыз ай толғатқан жан дегенде жалғыз анасының мұны аялауға арналған алақанымен нəжістің арасына түсіп, тұншықты. Енді бірде тағы бір қатыгез ана туған баласын салафанға орап, қақаған қыс көзінде қоқыс жəшігінің ішіне тастап кеткен. Қызылшақа болса да, оның да жаны бар ғой, ештеңені сезбейді дейсіз бе? Қайран сəби мына опасыз дүниге келіп, анасы секілді жексұрындардың қатарына қосылып өмір сүргенше жарық дүниені көрмей-ақ өтуді маңдайына жаздырып алды ма екен? Адамдар неліктен мұндай қатыгездікке барады деп жағасын ұстайды көпшілік. Ал сол көпшілік осы адамдарды қоғам неліктен осындай жағдайға жеткізеді демейді? Құқық қорғаушылар террористер жарып жатыр, Челахтар жаппай атып жатыр, ұйымдасқан қылмыскерлер өлтіріп жатыр, қарақшылар қырып жатыр дейді. Ал олардың шыққан көзінің, соларды тəрбиелеп осындай етіп шығарғандардың неге желкесі қиылмайды? Бұл жерде мемлекет те, қоғам да, ұстанған жүйе де тап-таза ма? Немқұрайлылық, селқостық күн сайын қаншама адамның қырылып жатқанынан санаға саңылау түсірер емес. Адамдар бір-бірін көре алмайды, бірінен бірін алалайды, бөлініп бірін-бірі құртуды көздейді. Бұл санаға түскен кесел көпшілік адамға тəн. Сондықтан сіз де ажал қайдан келеді деп алаңдамаңыз. Анталаған ажал адамға жан-жақтан, дүниенің төрт бұрышынан да төніп тұрады екен. Қайда барсаңыз да «Қорқыттың көрі» деген сол. Тіпті күнбе-күн өзіңіз жұмыс істейтін, достарыңызбен хат-хабар алмасатын компьютеріңіздің өзі адамға оп-оңай ажал əкеледі. Павлодар қаласында 12 жасар бала өз үйінде асылып қалған. Жап-жас бала өмірдің əлі не екенін

Мұндай жағдайлар бірен-саран емес. Көп қой, сондықтан оның бəрін жіпке тізе бергеннен не шығады деуге тағы болмас. Тек бұл тауқыметтен өзгелердің жағ дайына жаны ашымайтындар, немқұрайлылық, селқостық танытатындар ат шаптырым айналып өтер, шенеуніктер пəлесінен аулақ деп темір дуалмен қоршауланып, балаларын шетел асырып аман қалармыз дер. Бірақ елім, жерім деп тер төккен ата-бабамыздың шынайы ұрпағы осы жерде қалып түпкілікті мекен ететін болса, мұндай келеңсіздіктерден құтылудың алдын алу амалдарын қарастыруы қажет. Өйткені, мына көрініс қазақ қоғамы үшін енді мүлде ақталуға болмайтын дəлел екені рас. Ақмола облысында бір отбасының шаңырағы бейбіт күнде ортасына түсті. Билік барлық кінəні отбасына жаба салды. Ешкімнің мұрты қисайған жоқ. Соған сəйкес мұндай келеңсіздіктің ертеңгі күні талай шаңыраққа уы жайылмасына бөгет болар алдын алу шаралары да ескерілмеді. Ал бұл үйдегі ерлі-зайыптылар арасындағы жағдайды көршілері, дүйім ел көптен білген. Арты олардың ажырасуымен тынарын да сезген. Бірақ... бір отбасы түгел қырылып қалар деп ешкім күтпеген көрінеді. Астанадан Арықты ауылына көліктерімен оралып келе жатқан жолда қызғаныштан туындаған ұрыс-керіс салдарынан ері əйелінің басын біл темірмен қақ жарып, далаға лақтырып кеткен. Сосын үйіне келген де анасынан бірі – бес жастағы, екіншісі жеті жастағы екі қызын алып, өзен жағасына апарған да суға батырып жіберген. Артынша өзі де үйіне келіп дарға асылған. Міне, кім кінəлі бұған? Екі бүлдіршіннің не жазығы бар еді? Отағасы ма жалғыз кінəлі? Басқа кім дейсіз ғой? Осылайша, аяқ аттап басқан сайын еселеніп қайталанып жатқан адам өлтіру деректері төмендер емес. Бұған жол (əуе, су, темір жол), табиғат (жер сілкінісі, өрт, суға кету, дауыл, аяз, боран т.б) апаттарынан, құрылыстағы, мекемедегі, көшедегі т.б. бақытсыз жағдайлардан ажал құшып жатқандар қосылған жоқ. Ол басқа əңгіме. Мəселе, кез келген адамның қолынан келетін ең оңай амалы кісі өлтіру болып бара жатқан жоқ па демекпіз. Астанада 25 жастағы бір келіншек өзімен бірге тұрып жатқан 30 жастағы еркекті ұнамай қалғаны үшін бір түнде пышақтап өлтіріп, онан кескілеп бөлшектеп тастаған. Онан соң əлгі қызыл ала қанға бөккен дене мүшелерін сыбайласымен бірге пакеттерге бөліп салып, буып-түйіп, бір бөлмеге жинап қойған. Сосын бірнеше күннен кейін өзінің таныс такси жүргізушісіне телефон шалып, көмектесуін сұраған. Ол таксистің көлігіне əлгі пакеттерді артып, Целиноград ауданына қарасты Шұбар елді мекенінің маңайындағы көл жағасына апарып тастауын өтінген. Аталған тұсқа жетісімен əлгі келіншек сыбайласымен бірге көлік жүргізушісіне ту сыртынан пышақ ұрып, оны да сол жерде о дүниеге аттандырған. Сосын сыбайласының да ебін тауып көзін құртуға ниеттенген, артынша ол ойынан, неге екені белгісіз, айнып қалыпты. Мүмкін, ертеңгі күні ұсталынып қалған жағдайда, бар кінəні арту үшін сыбайласының тірі қалғанын да ескерсе керек дейді, білетіндер. Сол сияқты күн сəулесінен қорғаныш ретінде тағатын көзілдірік үшін Шымкент қаласында екі бозбала өздерінің сыныптасын талтүсте пышақтап тастаған. Бұның бəрі көшедегі бейне-бақылау камерасына жазылып қалыпты. Ақтөбе қаласында екі жігіт ағасы кіреберіс баспалдағында кездесіп қалып, сөзбен ілігісіп қалады. Сосын күші басымдауы екіншісін бір ұрып есеңгіретіп, онан соң былықшылық еткен оның басын баспалдақ қорғанышы арматураның арасына сұғып, қылқындырған. Сөйтіп, əп-сəтте өзіндей бір адамды өлтіріп тастаған да, кете барған. Ал итін ересектер қыдырып, балалар ойнайтын көгалда ойнақтатып жүрген 23 жастағы жас жігітке 48 жастағы көршісі ескерту жасайды. Сол-ақ екен əлгі еңгезердей жас жігіт ашуға мініп, кек қайтаруды ойлайды. Ол кешкісін 48 жастағы көршісін қараңғы бұрышта күтіп алып, бетінен бір ұрады. Анау тəлтіректеп шалқалай бергенде ішіне пышақ жұмсайды. Алайда, 48 жастағы көршісі де қайратты екен, бетінен соққы алып, ішек-қарны өткір жүздіктен ақтарыла жаздаса да жан сақтап, тұра қашады. Соны білгендей сақадай сайланып шыққан 23 жастағы жас жігіт оны артынан қуып жетіп, көк желкеден жəне пышақ ұрады. Анау сол кезде омақаса құлайды. Бірақ өлтіруді ғана мақсат тұтқан жас жігіт жансыз денеге жəне бірнеше пышақ сұғады. Қай мемлекетте болса да əскердің орны бөлек. Отан үшін ел қорғап, жанын пида еткен ерлерді елі қашанда құрметтейді. Ал бірақ бейбіт күнде бірін бірі өлтіріп жатқан əскерилер ісі туралы не айтуға болады? Онда да жабылып, ұрып-соғып, қасақана өлтіріп жатса не дейсіз? Мұндай мысалдар тағы көп. Соның дені жəне ішкі əскерде қайталанады. Олар да, жоғарыда айтқанымыздай, əлгі «подполковник» секілділерден үлгі ала ма, белгісіз. Белгілісі, қаншалықты адам өлтіру деректерін анықтаса, ол соншалықты өрши береді. Басқасын айтпағанда соған бір ғана дəлел, ІІМ ішкі əскерінің 5451 əскери бөлімінде бар-жоғы үш-ақ ай ғана қызмет еткен Р. Акмулдиновтың өлімі. Істе көрсетілгендей, бөлімде тəртіпсіздік етек алған. Соның салдарынан сарбаздар бір-біріне əлімжеттік көрсетеді екен. Екі айдың ішінде тексерушілер аға сарбаздардың жас сарбаздарға көрсететін Жарғыға сай емес қысымдарының 47 көрінісін тапқан. Сөйтіп, тергеушілер жас сарбаздың өліміне кімдер кінəлі екенін анықтап берген. Ал енді біреулерді айдап салып немесе қыруар ақшаға жалдап, яғни өз жеке бас мүддесін көздеп тапсырыспен кісі өлтіртіп жатқандар қаншама? Əрине, тапсырыспен кісі өлтіртіп жатқандар туралы, оның ішінде жоғары лауазымдылардың нұсқауымен жасалған қылмыстар туралы атын атап, түсін түстеп келесі мақаламызда толыққанды сөз етпекпіз. Мəселе, осының бəрі неліктен деп ойлайсыз? Əлде, тəртіпті қолға алып, көпшілікке теріс үлгі көрсететін шенеунік сыбайлас жемқорларды, биліктегі қылмыскерлерді, парамен ауыз жаласқан жеке кəсіпкерлерді анықтап, бір арқанның бойына тізіп, барсакелмеске апарып тастау керек пе? Қайткенде де, «Балық басынан шірімейтіндей» бір амал табу керек секілді. Əйтпесе, ана шетелдерде де солай ғой деп қашанғы өзгелердің жаман əдетін жамап, жүре бермекпіз. Əлде, жалпы адам санын азайтуды көздегендер саясатын қолдайтындар кісі өлтіру əдетіне тосқауыл қоюға жол бермей ме екен? Мүмкін, солай шығар, дегенмен, бұл мəселе «жабулы қазан» күйінде қала берсін дейтіндер де бəрібір ажал тырнағынан қашып құтыла алмасын білулері керек.


6

www.egemen.kz

14 қаңтар 2014 жыл

 Өнер

Мəдиден тəбəрік, Əлмаєанбеттен əн алєан

əйгілі əнші, Ќазаќстанныѕ халыќ əртісі Жїсіпбек Елебековтіѕ ґмірі мен ґнер жолын зерделеген таєылымды кітап оќырманєа жол тартты Ұлт өнерінің осынау ұлы перзентінің есімі қай кезде де сəулелі жүректің сыр пернесін селт еткізері анық. Қазақ əнінің Қарқаралыдан шыққан қазыналы құты, аяулы ардақтысы, тұтас бір дəуірі болған ақтаңгер əнші келер ұрпаққа да кемел өнегесімен қадірлі. Өз заманының Біржаны, Ақан серісі деп те бағалаған екен тұстастары. Кеңестің қысқа күнде қырық құбылар қатуқабақ жағдайында жарты ғасыр бойы жазбай шырқап Арқаның əн дəстүрінің өз мектебін қалыптаған ұстынды алтын қазығы болып қалғаны да рас. Жəне жалғаған алтын көпірі. Ал ұлы жазушы Мұхтар Əуезов: «Əншілік пен адамгершіліктің академигі» деп соншалықты ілтипатпен ізеттеген Жүсекеңнің жүзі ел еркін тыныстаған бүгінгі біздің заманымызда да жарқын болуы, оның əншілік һəм адами ғибратына деген қызығушылықтың əсте толастамауы тағы да заңды деп білгеніміз құп. Жақында қолымызға тиген мына көзайым кітап соның айғағы. Кітап қана емес, осының алдында, 2012 жылы Шəкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясынан «Хабибаның Жүсіпбегі» атты деректі фильм де шыққан-ды. Осы ретте Жүсіпбек Елебеков туралы ол фильмді түсірудің негізгі ауыртпашылығын мойнына жүктеген, жазушы Дидар Амантаймен бірге сценарийін жазған да, сонымен қатар осы кезде жинаған мол мағлұмат-материалдардың негізінде дүниеге келген мына ғұмырбаяндық хикаят кітабының авторы да өнертанушы, əнші Ерлан Төлеутай екенін айтқан лəзім.

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан».

«Өнер» баспасынан «Əйгілі адамдар» сериясымен шыққан осынау ғұмырнамалық хикаят несімен құнды десек, қысқа қайырым жауап аздық етері хақ. Ең əуелі, кітап тартымды оқылады, танымдық тұрғыдағы қызықты мазмұнымен баурайды. Автор қазақ тілінің айдынды шұрайында еркін көсілумен қатар, өзі де əн əлемінің айтулы өкілі əрі дəстүрлі музыкамыздың жансебіл зерттеушісі болғандықтан, тақырыпты жете меңгеріп, туындының иін кəсіби орайда мейлінше қандырған. Кітаптың басты артықшылығы оның қазақ əніне, ұлттық өнердің ардагер тұлғаларына деген жүректі кернеген зор махаббатпен, үлкен құрмет-ілтипатпен жазылып шыққандығында дер едік. Осындай ерекше ықыластың бір белгісі сол, автор бұл кітапты Жүсіпбек Елебековтің бүгінде 97 жасқа келген, 42 жыл отасқан асыл жары Хабиба апамыздың аманаты деп білген. Сөйтіп, шынайы шабыт адами мүддеден, адамгершілік қасиеттен туған. Содан да Жүсекең заманын қазіргі күндер биігінен барынша нанымды елестетіп, ұлы əншінің өнегелі ғұмырын, сол күрделі дəуірді тұтастай шынайы қалпымен қамти бейнелеуге, кең пайымдылықпен һəм байыптылықпен зерделей зерттеуге тырысқан. Шығарманы жазу барысында əсіресе, қатты алаңдаған бір жайы Хабиба əжесінің амандығы болыпты. Кітапты сол кісі көріп кетсе екен деп тілепті Тəңірден. Құдайым ол тілекті бергеніне де шүкір дейік. Бар өмірін қадірлі Жүсекесіне арнаған Хабиба апамыз да дін аман. «Күткенін көрді, көзіне жас алып, кітапты кеудесіне басты», дейді. Айтқандай, қаржы қиындығына байланысты кітап 2013 жылы шықпай да қала жаздаған екен. Мəн-жайды білгесін министр Мұхтар Құл-Мұхаммед оң шешім қабылдап, орайын келтіргеніне автор да, Хабиба апасы да дəн риза. Кітаптың тұсаукесер рəсімі де болып өткен. Сонда аузы дуалы айтулы тұлғалардың бірі Асанəлі Əшімов өнер адамы туралы əдемі кітап дүниеге келгеніне, Жүсекең ғұмырнамасы мен əндерінің тарихы жақсы тəптіштеліп баяндалғанына ризалығын білдірген. Өзі Жүсекеңді көргенін, оның өтірікке жаны қас, дұрысын дұрыс, бұрысын бұрыс деп бетке айтатын турашыл адам болғанын еске ала келе, құтты болсынын айтқан. Ал музыкатанушы Жарқын Шəкерім кітаптың бір ерекшелігіне, онда əншінің өмірі мен өнеріне қатысты жаңа деректер мол келтірілгеніне назар аударады. Автор өзі əнші болғандықтан əрбір əнге қызғылықты талдау жасап, салмақтай саралап, кітаптың танымдық құндылығын арттыра түскен. Сазгер Ақтоты Райымбекова болса, ғұмырнамалық хикаятты

музыкатану ғылымындағы елеулі зерттеу еңбектерінің қатарына қосып, оның монографиялық сипатын баса көрсеткен. Иə, осынау тілектестік лебіздердің өзіненақ кітаптың əділ бағасы беріліп те, білініп те тұрғандай. Шын мəнінде Жүсіпбек Елебеков те қазақтың əн-күй алыптарының сəтімен сабақтасқан сарқыты, жаңғырған жалғасы екендігі Е.Төлеутай кітабында айғақты түрде аңғарылады. Жүсекең де саудасаттықтың ғана емес, сонымен бірге қазақ өнерінің жəрмеңкесіне айналған Қояндыдан қанат қағуының өзі пешенелі тағдыр, тəңір бұйрығы болғанына ден қоямыз. Бұл күні кешегі Біржан сал мен Ақан сері, Естай мен Ғазиз, Жаяу Мұса мен Жарылғапберді, Балуан Шолақ пен Иманжүсіп, Əсет пен Мəди, Майра мен Ғаббас рухымен тыныстап тұрған Алаш əнінің, Арқаның сайыпқыран сал-серілерінің ғажайып бір əлемі болатын. Сол киелі əлемнің қалт еткен тұсында жарқ еткен бір сəуледей бала Жүсіпбектің əнін мəрт Мəди тыңдап, батасы мен тəбəрігін қатар еншілетуі маңдайына жазылыпты. Одан кейінгі өспірім Жүсіпбек өмірінің үлкен олжасы Алаш кемеңгерлері сəуле түсірген Семей кезеңі болыпты. Ахмет, Əуезовтей Алашорданың жас зиялылары алақанға салып əлпештепті. «Ес-Аймақ» үйірмесінде өнерпаздық жолының тұсауы кесіліпті. Алаш қаласында жүріп Абайдың əншісі Əлмағанбеттен ұлы ақынның барлық дерлік əндерін үйренуі де тағдырының сыйы еді. Əн асқағы Əміре мен жыр асқары Исаны да алғаш осы Семейде жолықтырып, тылсым таланттарына риясыз таңырқады, соңдарынан еріп бірге əн салды, кейін Алматыда өнер жолын бірге жалғастырды. Осылардың ішінде 60 жылға жуық үздіксіз шырқап, қазақ əнінің кəусар дəстүрін бертінгі жаңа заманға, Мəдениет Ешекеев, Жəнібек Кəрменов, Қайрат Байбосынов сияқты дарынды шоғыр, жас толқынға ұластыру миссиясы да бірденбір Жүсіпбек Елебеков еншісіне бұйырған бақыт екен. Кеудесіндегі халық мұрасының көлдария тұнығын келешекке сөйтіп аманаттап кеткен əн абызының ата парызға адалдығы осыдан-ақ көрінгендей. Дарқан дарынның жасы ұлғайса да өнері шау тартпапты. 1965 жылдан бері өнерпаздар тəрбиелей бастаған эстрада-цирк студиясынан 1967 жылы ашылған Жүсіпбек Елебеков класы бойынша бітіріп шыққан əншілердің ұзын-ырғасы 27 екен. Аяулы Жəнібек Кəрменов бастатқан бұл тізімді біздің авторымыздың мұнтаздай мұқияттылықпен маржандай тізіп беруінде де Жүсекеңе, қара домбыраның қоңыр үнімен күйленген дəстүрлі қазақ əніне деген аса бір адал пейіл, өзгеше ықылас жатқандай. Ал аталмыш оқу ордасының республикалық эстрада-цирк мəртебесін иемденіп, ұлы

əншінің атын алуы елдің ерді ескеруінің, есімін ұмытпай қастерлеуінің белгісі болар. Жүсекең ерекше тағдырлы əнші. Ол атақты Ғазиз əншіні де көрген дейді бір деректер. Сол Ғазиздің əнін жеткізген Ғаббас Айтбаевтың əншілік даңқына куəлік ететін де Жүсекең. Осы реттен келгенде Жүсіпбек ғұмырнамасы қазақтың əн өнерінің жарты ғасырлық тарихы іспеттес. Қазақ драма театрының директоры Орынбек Беков, халық ағарту комиссары Темірбек Жүргенов, Əміре мен Исаның аянышты тағдырлары да сол тарихтың ішінде. Небір жампоздармен мұраттас, тілектес болған. Ахмет Жұбановпен 1931 жылы алғашқы таныстықтан басталған достығы соңғы демдеріне дейін созылған. Жүсекең үшін Қали Байжанов, Əбікен Хасенов, Қалибек Қуанышбаев, Құрманбек Жандарбеков, Манарбек Ержанов, Ғарифолла Құр манғалиев, Шəкен Айманов сияқты біртуар өнер иелерінің де орны бөлек болған тəрізді. Жүсіпбек Елебеков пен Рамазан Елебаевтың өнер өлкесінде он жылдай бірге ғұмыр кешкен ғажап сырлы достығына жеке тарау арналыпты. Əлбетте, автор өзі айтқандай, бас кейіпкерді оқшаулап алмай, ол өмір сүрген дəуірдің тұтас суретін қамтуға һəм Жүсекеңмен өнерпаздық жарастықта болған замандастары жайында да мағлұматтар беріп отыруға тырысуы ғанибет. Рамазан Елебаев жалғыз əнімен қазақ өнерінің көгінде жарқырап қалған жұлдыз. Ендеше, қан майданда туған «Жас қазақ» əнін елге алып қайтып көзайым етуі Елебековтің ең елеулі еңбектерінің бірі десек, артық емес. Ұлт өнерінің тарихы үшін аса қымбат сол жəдігер күндер əрбір сəті сараланып, қолмен қойғандай көрініс тапқан. «Қанға бөгіп, қар жамылған кең дала», туған еліне соңғы сағыныш сəлеміндей аманаттап əнін аттандырып, мұңая қоштасып тұрып қалған боздақ Рамазан көз алдына келеді. Жауынгер аманатын Жүсіпбек ақтады. Ақтағанның белгісі – «Жас қазақ» əні елге жетіп, халқымыздың соғыстан қайтпай қалған барлық боздақтарын жоқтаған гимнге айналды. Халық арасынан шыққан қазыналы əнші Тоқбай, Шəкен Аймановтай арыстардың жүрегін тербеп елжіреткен «Екі жирен», Жүсекең тірілтіп, балапандай баулып ұшырып сүйіп айтқан əннің алды «Қанатталды» хақындағы əңгіме-баяндар əсерлі, нанымды. Автордың осы ретте қазақтың музыка тарихындағы ақтаңдақтарға, жөнсіз барымталанып жүрген шығу тегі даулы əндерге қатысты өз пікір-пайымын батыл əрі дəлелді уəждермен білдіруін де жөн санадық. Кітапты оқи отыра халқымыздың əн өнері жайлы көп сырға қанығамыз, ардагер əнші Жүсіпбек Елебековті бар болмысымен, тұтастай керім келбетімен танимыз. Мұхтар Əуезов Мəскеудегі орыс зиялылары алдында Жүсіпбекке əн салдырып, əсіресе, Абай əндерін тыңдатады. Мұхаң өзі елде жүргенде Иманжүсіп пен Мəди, Балуан Шолақ сияқты «бунтарь» композиторлар əндерін Жүсекең орындауында тыңдағанды ұнатады екен. Сонымен бірге, ұлы жазушы өз заманындағы əннің туы болған «Қанатталдымен» өнердің ең жоғары сатысына көтерілді деп əн ардагерінің əділ бағасын беріпті. «Жүсекең жеті жүзге тарта əн білуші еді» деп жазыпты Жəнібек Кəрменов. Тағы бір шəкірті Қайрат Байбосыновтың бұл күндегі репертуары 500-ден астам əнді құрайтын көрінеді. Ал Жүсекең өзі үш жүзден астам əн білемін дейді екен. Осының қайсысын болсын көпсінуге де, азсынуға да болмас. Шүкір, Жүсіпбек Елебековтей əн ардағы, өнер саңлағы болғанына, ұлт рухына үлгі шашқанына мың рахмет. Қазірде соның қазынасы да, ғибраты да халқына тəн. Олай болса, осы ғибрат пен қазына жайын жете баяндап, қазақтың дəстүрлі əн өнері, оның қадау-қадау дарабоздары, мəдениетіміздің марғасқалары хақында шынайы сыр шерткен салиқалы кітаптың дүниеге келгеніне сүйіншілей сүйінуімізге болатын сияқты. Автор жайлы аз сөз айтсақ, ол азамат бұл тақырыпқа көлденеңнен кіріскен көк атты емес. Əнші, өнертанушы Ерлан Төлеутай есімі ұлт мəдениетінің жаңалықтарын қалт жібермей бағып отырған қырағы көз, құйма құлақ қауымға тəуір-ақ таныс. Қазақ музыка өнерінің тарихын зерттеумен 1990 жылдардан бастап айналысып келеді. Оның əсіресе, халықтық музыка алыптары Жаяу Мұса, Мұстафа Бүркітбайұлы, Жарылғапберді Жұмабайұлы, Естай Беркімбайұлы жəне көрнекті əншілер Қали Байжанов, Жабай Тоғандықов, Сапар мен Балабек Ержановтар, Бісміллə Балабеков, тағы басқа өнер тарландары туралы жазған «Баянауылдың дəстүрлі əн өнері» кітабын атап айтқанымыз лəзім. Абай хакім туралы «Қазақстан» телеарнасы шығарған, кезінде жұртшылықтан жағымды бағасын алған бес бөлімді драманың сценарийін де сəтімен дүниеге келтірген Ерлан болатын. Жаңа кітабымен Жүсекеңнің жарқын жүзін одан əрі жарқыратып, қайран қазақы көңілдерді жадырата түскен автордың алдағы əрбір игілікті қадамына гүл бітсін деген ақ тілек қоспасқа біздің де əддіміз жоқ. АЛМАТЫ.

 «Егемен Қазақстан» газеті көшесі, 5/13 «Түрік ұланы! Түркия республикасын құрған – түрік халқы» деген Ататүрік сөзіне ұйыған түрік бауырлар Қазақ елі тəуелсіздігін жариялағанда тұңғыш танып қана қоймай, шынайы бауырластық танытқан болатын. Соның бір дəйегі – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев пен сол тұстағы Түркия Президенті Тұрғыт Өзал қазақ-түрік лицейлерін ашуға ұйытқы болған еді.

Бауырластар ілтипаты Сүлеймен МƏМЕТ,

«Егемен Қазақстан».

Содан бергі кезең ішінде қазақтүрік лицейлер саны 30-ға жетіп отыр. Жалпы білім орындарының жұмысын «KATEV» халықаралық қоры үйлестіреді. Екі мемлекет арасындағы осындай игілікті шараның өз шешімін тауып, мыңдаған ұл-қыздың білім алып, тəрбие үйренуіне жол ашқан уақыттан бері де 20 жыл өте шығып ты. Атаулы күнге орай «KATEV» халықаралық қорының басшысы Мехмет Месут Ата бастаған азаматтар кеше басылым редакциясында болып, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ президенті Сауытбек Абдрахмановпен пікір бөлісіп, қол жеткен жетістіктер мен алда тұрған міндеттер туралы əңгімелесті. Қазақ-түрік лицейлерінде қазір сегіз мыңнан аса бала оқиды екен. Оларға бір кезде 530 мұғалім сабақ берсе, қазір 950-ге жетіпті. Бір атап өтерлігі, бұл ұстаздардың 820-дан астамы Қазақ елінің азаматтары көрінеді. Бұған қоса алғашқы

түлектер лицей тізгінін қолдарына ала бастапты. 30 мектептің 22-сінің директор қызметі біздің ел азаматтарының еншісіне тиіпті. Қор басшысы Мехмет Месут Ата: «Ана жұртта отырған Қазақстанмен бұрын үзіліп қалған байланысымыз осы білім салалары арқылы да жалғасып отыр. Қазақ-түрік лицейлерінің 20 жыл ішіндегі қол жеткізген табыстары аз емес. Тек қана лицейлермен шектеліп қалмай, қазақ-түрік колледждері мен Сүлеймен Демирел атындағы университетіндегі келелі істеріміз де молынан. Біздің түлектердің бір ғана жетістіктерін алға тартар болсам, 20 жыл ішінде 2 мыңнан аса алтын, 3 мыңға таяу күміс, 3 мыңның үстінде қола, барлығы – 8300 медаль иеленіппіз. Соңғы жылдардағы халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобаларда оқушыларымыз 1200-ден аса медальді қанжығасына байлады. Өткен жылғы түлектеріміздің 99 пайызы жоғары оқу орындарына түсті. Ең бастысы, біз Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үш

тұғырлы тіл туралы айтқанын жүзеге асырып келе жатырмыз», деді. Ал басшымен бірге келген «Қазақстан Заман» халықаралық қоғамдық-саяси газетінің жəне «Мөлдір бұлақ» журналының бас директоры Ахмет Алязбек, түркиялық «Жиһан» ақпараттық агенттігінің Қазақстандағы өкілі Доған Йылдыз да берекелі жұмыстың жай-жапсарына тоқталып, қазақ бауырларымен берік қарым-қатынаста қызмет істейтіндіктерін жеткізді. Басылым басшысы Сауытбек Абдрахманов екі мемлекет арасына алтын арқау болып келе жатқан «KATEV» халықаралық қорының игілікті істеріне оң баға бере келіп, соның бір дəйегі ретінде «Назарбаев Университетіне» түскендердің 60 пайызы қазақтүрік лицейлерінің түлектері екенін атап өтті, осындай білім мен білікті тең ұстап отырған қазақ-түрік лицейлеріне əркез ақпараттық демеу көрсетіп отырғанымызды назарға салып, бұл игі дəстүр, достық ниет жалғаса беретінін алға тартты.

 Білім. Бағдарлама. Білік

Дарынды бала

ќарымды маман болады, біраќ талапкерлерді алаламай, психологиясына баса назар аудару керек Қанипа БІТІБАЕВА,

«Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор.

Бірде, бұдан жиырма жыл бұрын болу керек, Өскемендегі алғаш ашылып жатқан қазақ тілінде оқытатын №3 мектеп директоры Есім Əкілбаев бауырым: «Апай, мектепте «Дарын» орталығын ашсам деген ойым бар, сол орталық арқылы оқушыларды ғылыми ізденіске баулығым келеді», деп ақылдасқан еді. «Есім, айналайын, өте дұрыс екен бұл ойың, ең алдымен ғылыми еңбектерді басшылыққа алыңдар, дарынды баланы, дарындылықты анықтау, оларды қолдау мəселесі оңай емес. Ең алдымен, ізденіс, зерттеу жұмыстарынан бастаңдар, ұжы мың дайын ба? Сонан соң балалардың психологиясына назар аударыңдар. Бала емес пе, «Сен дарындысың», «Сен дарынсызсың» деген жіктеуден аулақ, сақ болыңдар», деген пікір айттым. Есім жұмысын өзі бастап, ұжымы қостап, ғылыми ізденіспен жұмыс істей бастады. Алғашқы жемісінің дəмін де татты. Қазір көп салалы гимназия мəртебесін алған бұл оқу орнының қомақты жетістіктері Отанымызға кеңінен таныс. Көп ұзамай, Республикалық ғылыми практикалық «Дарын» орталығы құрылды. Ол қанатын кең жайып, 1999 жылы Өскеменде де облыс əкімінің қолдауымен өңірлік «Дарын» орталығы жұмысын жүргізе бастады. «Дарынның» өмірге келуі барлық мектептер мен оның ұстаздарына ерекше қозғау салды. Дарынды анықтау, оны дамыту, инновациялық технологиядан іздену сынды аса маңызды мəселелер айналасында өнімді, қызу еңбек басталды. Ғылыми-əдістемелік семинарлар, дөңгелек үстел басындағы отырулар үзіліссіз өтіп жатты. Еліміздің интеллектуалдық элитасын қалыптастыру, тəрбиелеудегі «Дарынның» аса маңызды рөліне ешкім дауласа қоймас. Оның ғылыми түрде ұйымдастырып отырған жүйелі жұмысы барлық оқу орнын қамтып келеді. Балабақшадан мектеп, колледж, жоғары оқу орындарындағы үйлестірілген жұмыстар нəтижеге

жетеледі. Облысымызда дарынды балаларға арналған 12 мектептің ішінде ауыл балаларына арналған екі мектеп-интернат та бар. Сондай-ақ, бірнеше аудандарда «Дарын» орталығы жемісті жұмысын жүргізуде. Бұл мысалдар «Дарынның» қарқынды қадамдарын сөзсіз дəлелдейді. «Дарын» оқушылардың ғана емес, мұғалімдердің де бағын ашты. Ол ғылыми, шығармашылық ізденіске, репродуктивтік деңгейден, зерттеушілік деңгейге жетелеп, эксперименттік жұмыстарға бастау берді, авторлық бағдарламалар, оқу құралдарын жəне ғылыми жобалар жазуға жол ашты. «Дарын» бүкіл білім беру жүйесіне түбірлі ықпал, жаңа тыныс əкелді. «Дарын», əсіресе, ауыл балаларына сəулелі жол ашты. Оған өзім еңбек етіп жүрген Жамбыл атындағы мектеп оқушыларының облыстық, республикалық, халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобаларындағы табысын мысалға келтіруге болады: Еліміздің ең шет аймағы деп саналатын Тарбағатай өңірінің тумасы, интернат түлегі Меделбек Руслан қазір Францияда магистратурада оқып жүр. Ағылшын тілімен қоса, француз тілін де жетік меңгеруде. Ол республикалық олимпиаданың күміс жүлдегері болған еді. «Дарын» орталықтарының ашылуы қажеттіліктерді де туғыз ды, əсіресе, оқушылардың өз бетімен ғылыми ізденіс, зерттеу жұмыстарымен айналысуы үшін əдістемелік құралдар жазу керек болды. Осы кезде мен де қаламымды жаңа бағыт, жаңа арнаға бұрдым. Республикалық «Дарын» орталығының сол кездегі басшысы Ділдаш Битуованың ұсынысымен «Оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмысына баулу» атты көлемді еңбек жаздым. Бірінші бөлім үнемі балалардың алдында жататын бағдаршамдай рөл атқаратын «Оқулық дəптерге» арналды, екінші бөлімде ақынжазушылар еңбегіне негізделген, ғылыми-жоба тақырыптары ұсынылды. Сондай-ақ, дарынды баланы кім жетектейді, əрине дарынды ұстаз. Қазір білім беру жүйесінің алдында жаңа формация – мұғалімін қалыптастыру мақсаты тұр. 2009 жылы Білім жəне ғылым министрлігінің ұсынысымен менің

атаулы зертханам салтанатты түрде ашылған болатын. Қазір ол Астананың №64 мектебінде, облысымыздың 8 білім ұясында жұмыс істеп жатыр. Облысымыздағы өңірлік «Дарынның» қол жеткізген кейбір жетістіктеріне көңіл қойып көрелік: жасөспірімдер арасындағы Теһранда өткен Халықаралық жаратылыстану олимпиадасында 1 қола медальға қол жетсе, Ө.Жолдасбеков атындағы математикадан оқушылардың зерттеу жұмыстарының халықаралық конкурсында 8 жүлдені иеленіп, бірінші, екінші орындарға шықты. Халықаралық О.Жəутіков олимпиадасы 1 қола медальді сыйласа, «Компьютерлік физикадан» халықаралық олимпиадада бірінші, екінші, үшінші орындарға көтерілді. Тағы да дəлелдерге жүгінейік. Енді Республикалық «Дарын» орталығының жетістіктеріне үңілейік. 2012 жылы Қазақстан оқушылары пəндік халықаралық олимпиадалар мен ғылыми сайыстарда 161 алтын, 295 күміс, 397 қола медаль, ал 2013 жылдың тоғыз айында 178 алтын, 286 күміс, 423 қола медаль алды. Қазақстанның құрама командасы 2013 жылдың 6-13 маусымы аралығында Брисбен қаласында информатикадан өткен 25 халықаралық олимпиадаға қатысып қола медалінің иегері атанды. Отандық құрама команда 2013 жылдың 14-20 шілдесі аралығында Брен қаласында өткен биологиядан 24-ші халықаралық олимпиадада 1 күміс, 1 қола медальмен марапатталды. Ал химия пəні бойынша Мəскеу қаласында өткен 45-ші халықаралық олимпиадада Қазақстан құрама командасы 2 алтын, 2 қола медальдің жүлдегерлері атанды. Санамалап айту əрине, оңай. Осы жоғарыдағы жетістіктердің астында қаншама тер, төгілген еңбек, жанталасқан ізденіс жатыр десеңізші?! Еңбек жолыма 45 жыл толып отырған менің де, жоғарыда жазғанымдай, тыныс-тіршілігім «Дарынмен» астасып кеткен. Республикалық, халықаралық олимпиадаларда қаншама шеберлік сыныптар өткіздім, дəрістер оқыдым. Балаларды олимпиадаларға, жоба қорғауға дайындадым. Ол енді бөлек əңгіме.


 Айтайын дегенім...

 Есімі елге елеулі

Тасжарєан Бїгінде сексенніѕ сеѕгіріндегі полковник Ким Серікбаев бала кїнінде Бауыржандай батыр сардар болуды арман еткен-ді Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан».

Əр кездескен сайын жайдары күліп, жарқын сөйлесетін Ким ағаның адамды өзіне баурап тартып ала қоятын бір ғажабы бар. Алғаш Бауыржан Момышұлының 100 жылдығы қарсаңында сұхбат беруін өтініп телефон шалғанмын. Бірақ Ким Серікбайұлы қатты суық тиіп ауырып, ауруханаға түсіпті. Қанша қиылып қиналсам да тап осы арадағы шарасыздығымды мойындап, салым суға кеткендей отырып қалдым. Арада бір сағат өтер-өтпесте Ким аға қоңырау шалды. Əскер адамына тəн, бекінген бекем дауыс. – Шырағым інішек, тұмау раттым деп бəлсініп сұхбат бермесек, Баукеңнің аруағынан ұят та! Сен пəленінші палатаға келе ғой. Шамам келгенше білгенімді айтайын. Болмай қала жаздап болған сол жолғы сұхбат мақала «Қазақтың бас батыры Баукең хақында полковник Ким Серікбаевпен əңгіме» деген тақырыппен жарқырап газет бетіне шықты да. Ким ағаның сондағы қайсарлығына, күйбең тіршіліктен биік тұрған өршілдігіне, Баукеңнің аруағына соншалықты адалдығына іштей бір құрметім оянып еді. Сол құрметім келесі кездесуімізде одан əрі беки түскен. Қазанның аяғына таман кешке бір жиында ұшырастық та, аға мені қайтарда «Саяхат» автобекетінің маңына жеткізіп салды. Рульде өзі. Қызық болғанда дейміз-ау, сонда қолының бір саусағы бүгін таңертең ғана машинаның есігі өздігінен сарт етіп жабылғанда қысылып қалып сүйегінен шарт сынып, шынашағының жарымы терісіне ілініп жалбырап қалған екен. Полковник Момышұлы айт қандай, полковник те «сүйек-еттен» жаралған адам ғой. Жандəрмен үйде Раиса жеңгейге бинтпен оратып, екінші қолымен қысып ұстап əскери госпитальға жетеді. Əйтеуір негізгі сүйегі аман екен, хирург дереу қиюын келтіріп гипске салып, енді қозғалмай бір апта жатасыз осында дейді. Бірақ дəл сол сəтте Ким Серікбайұлының бір апта тұрмақ, бір сағат та төсекке таңылуға мұршасы жоқ еді. Тура бір сағаттан кейін өзінің əскери ғылымдар саласындағы докторлық диссертациясын талқыға салатын Ресей мен Украинадан арнайы келген сарапшылармен кездесуі керек-тін. Осы бір сын сағатта қолы гипстегі жарақатты полковник ауырсынуды, алда болар асқынуды елең қылмай, атам қазақтың салтымен қайсар намысқа тырысып, маңызды талқыдан мүдірмей өтті. Осы бір əрекетте ер мінездің ерендігі, батырдың ақкөйлектігі жалаудай желбіреп тұрған жоқ па. Жай өмірдегі рух мықтылығы да осы шығар. Сөйтіп, ақжолтай ағамен екі көргендегі таныстығымыз осылай жалғасқан. Тағы бір айдан кейін, яғни 2010 жылдың 30 қарашасында Ким Серікбайұлы диссертациясын сəтті қорғап, əскери ғылымдар докторы атанған болатын. Иə, əскер ғылымында мұндай дəрежеге жеткен қазақ санаулы. Ал алғашқы қадамдарға зер салсақ, оның оңай болмағанын байқаймыз. Ким Серікбайұлы соғыс алдында туған ұрпақтың өкілі. Осынау жойқын соғысқа тым құрыса бір кісісі, жақын-жуығы қатыспаған қазақ отбасы болмаған-ақ шығар. Еркек кіндіктіні айтпағанда, Ақтөбе облысы Хромтау ауданындағы Көптоғай ауылының бір өзінен 8 қыз кетіпті соғысқа. Соның үшеуі қаза табады. Сол қыршыннан қиылғандардың бірі Кимнің 1923 жылы дүниеге келген, баяғы Паша Ангелинаның бастамасымен тракторға отырып, одан екі айлық танкішілер курсынан өтіп майданға аттанған туған əпкесі Ақзипа Жанқылышбаева екен. Кішкентай болса да Ақзипа əпкесінің қазасы жанына батты. Өзі құралыптас балалармен бірге соғысқа біз де барып, жаудан кек алсақ деп армандайтын. Күйеуі фин соғысынан оралмаған Ғалия деген жеңгесі сабақ берді. Күнде əуел бастан айтатыны соғыстың жайы. Əсіресе, соғыста ерлік жасаған батыр ағалар жайындағы əңгімелерді құмартып тыңдайды. Сонда ең бірінші естігендері – Баукеңнің есімі. Одан соң Баубек Бұлқышев, Төлеген Тоқтаров, Мəлік Ғабдуллиндерді естиді. Сол ағалардың ерлігімен рухтанып өседі. Қара қағаз алып жылаған шал-кемпір, əйелдердің қайғысын көргенде «Тезірек ер жетіп, елді

енді біз қорғамасақ болмайды» деп ой түйіп, бел буатын. Əлі есінде, 23 ақпандағы қызыл əскер мерекесі алдында əр балаға жаттауға тақпақ үлестіріпті. Ғалия апайы Кимге «Кім болам?» деген жақсы тақпақты беріп, «Əкең келіп тыңдайды, жақсылап жатта» деп демеп қояды. Концертте тақпағын ерекше жігермен оқиды: Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты Қызыл əскер мен болам! Бұдан соң да тоқтай алмай: Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты Қызыл əскер командир Бауыржандай мен боламын! – деп əрі қарай өз жанынан қосып саңқылдайды. Осы өлеңді сол уақыттың өзінде 60-тың үстіне шыққан əкесі естіп, елжіреп көзіне жас алғанын көреді. Сөйткен əке мұның 12 жасында, шешесі екі жылдан кейін ауырып қайтыс болып, жетім қалады. Жетімдер үйін паналап, Ақтөбедегі интернатта мектеп бітірген 1952 жылдарда Бауыржан аты тіпті дəуірлеп тұрды. Ерлігін іздеп жүріп оқыды, сондай болсам деп арман етті. Батырлығын, шыншылдығын, өрлігін, тура сөйлейтінін үлгі тұтты. Осындай ынта-құштарлықтың əсерсебебімен əскер қатарына кірді. 3 жыл Уфадағы əскери училище курсанты болған Ким Серікбаев Қиыр Шығыстағы Чукоткада взвод командирлігінен бастап, Украинада полктің штаб бастығына дейін өсті. Украинаның Славута деген қаласында көбірек қызмет етті. Сонда он жыл бойы, лейтенанттан майорға дейінгі аралықта əскери қызмет озаттары аллеясындағы құрмет тақтасынан портреті түскен жоқ. 3 мыңға жуық офицердің арасында жалғыз қазақ болғандықтан да намысқа тырысып, жылма-жыл үздік атануға ұмтылып бағатын. Жасы 32-ден асқанда əскери академияға оқуға түсті. Күндізгі бөлімге 32-ге дейін ғана қабылдайды екен. Бұдан жасы сəл ғана асқан бірнеше жігіт өтініш жазып еді, орыстарды ғана күндізгі бөлімге ауыстырып, 300 адамның ішіндегі жалғыз қазақты өгейсітіп, сыртқы бөлімде қалдырып қойды. «Əй қазақ, енді мықты бол!» деп ойлады ішінен. Төрт жыл бойы сол мықтылықтан жазбаған. Академияны сырттай бітірген 220 тыңдаушының ішінен үздік оқыған 14-ін аспирантураға алды. Соның ішіндегі жалғыз қазақ тағы да Ким Серікбаев еді.

Бұл кезде əскери қызметі Мəс кеуге ауысқан. Отбасымен уақытша екі бөлмелі пəтерде тұрып жатқан, енді төрт бөлмелісін аламын деп жүрген. Моңғолия мен Куба офицерлеріне тактикадан сабақ берді. Кандидаттық диссертациясын елдің алдымен жазып, тапсырып қойған. Академияда қалатынына сенімді-тін. Бірақ тағдыр жəне Қорғаныс министрі Гречконың бітірушілердің 60 пайызын əскери училищелерге жіберу туралы бұйрығы басқаша шешті. Сонымен бірге жан түкпіріндегі қазақи намысқа, қалыпқа сыймас бауыржандық мінезге салып дəу генералдармен пікір таластырып, айтысып қалуы да Фрунзе атындағы академияда сабақ беріп жүрген Ким Серікбаевтың Мəскеуден шеттетіліп, Алматыға, 70-ші бекеттегі Конев атындағы əскери училищеге тактика кафедрасының меңгерушісі болып келуін тездетіңкіреп жіберген сыңайлы. Өзін қазақтың: «Басқа жерде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол!» деген бір жақсы, қанатты сөзімен жұбатты. «Еліңе бар» деп отыр ғой. Онда да жетпей жатыр кадрлар. Барайын» деп шешті. Сонымен, елге келді. Тактика кафедрасын басқарып үш жыл істеді. Бұл – соғыс əдісіне дайындайтын негізгі кафедра. Басқа барлық 10 кафедра осы тактика кафедрасы үшін жұмыс істейді. Жұмысты Мəскеуден келіп тексерді. Училище подполковник Ким Серікбаевтың басшылығымен əскери инспекциядан абыроймен өтті. Қолында баулыған курсанттарының бірсы пырасы генерал, полковник болды. Солардың ішінде үлкен лауазымға жеткен Əлібек Қасымов, Болат Жаңасаев, жақында ғана жыл əскериі атанған Мұрат Майкеев жəне басқаларын Ким аға орынды мақтан тұтады. Қазақстан бойынша өзі тəрбиелеген

генералдар 20-ға жуық, ал ТМД елдері бойынша 40 шақты. Солардың бəрі қазір кездескенде тік тұрып ізет қылады. Бір ұмытпас күні – 1974 жылдың 14 наурызында кандидаттық диссертациясын қорғаған. Сонда Фрунзе атындағы Əскери академия бастығы, армия генералы А.Радзиевский жанына келіп, «Бүгін алғаш рет қаһарман қазақ халқының өкілі əскери ғылым кандидаты атағын ойдағыдай қорғап шықты!» деп қуана құттықтап, əкелік мейірмен құшақтап еді. Димаш Ахметұлы Совмин төрағасы Бəйкен Əшімов пен Орталық Азия əскери округінің қолбасшысы Лященкоға арнайы тапсырып, Алматының жақсы ауданынан төрт бөлмелі үй бергізіп еді. Конев атындағы училище бастығы, аса шаруагер, нəті жақсы адам Вачикан Власов: «Мен жақында зейнетке кетем, орныма икемделе бер» деп үміттендіріп те қойған. Бір қазақ Одақтық əскери училище бастығы болып ақырып отырса, ұлтқа айбын, мерей еді ғой. Бірақ бұл жолы да «үйдегі көңілді базардағы нарық бұзды», жоғарыдан түскен қаулының негізінде елдегі жоғары партия мектептеріндегі əскери кафедралар қалпына келтірілді. Орталық Комитетте: «Сіз ұлт кадрісіз. Онан кейін сіз Армияның ғана солдаты емессіз, ең алдымен Партияның солдатысыз» деп сыпайы дүммен айтылған соң Ким Серікбайұлының Алматы жоғары партия мектебіне əскери кафедра бастығы болып бармауына болмай қалған. Уақыт солай еді. Партияның айтқаны заң болатын. Қазір ойлап қараса, бұған да өкініші жоқ. 13 жыл жұмыс істеді. Басқаруындағы əскери кафедра 15 жыл бойы Одақта біріншілікті бермеді. Сол кезде ұстаздығына ұйыған не сан атпал азаматтар қазірде тəуелсіз еліміздің сала-сала қызметінде жүр. Жұмысында мін жоқ еді. Бар міні бетке айтатын турашылдығы болатын. Əскери адам сөйтпегенде қайтеді. Бірақ ол турашылдық өзіне зиян болып тиетінін кейін ұқты. Əлі бес жыл əскер қатарында жүруге хақылы болса да 1988 жылы 54 жасында запасқа шықты. Бірақ жақсы кадр қайткенде де жерде қалмады. Екі күннен кейін оқу министрі Шайсұлтан Шаяхметов шақырып: «Камеке, еңбегіңізді білеміз. Сіз бұрын өнебойы высший школда істеп едіңіз, ал енді келісіп жатсаңыз «низший» школға жібергіміз келіп отыр», деп қуақы жымиған. Тəртіп нашарлап, оқу деңгейі мүлдем төмендеп кеткен осы əскери мектепті Ким Серікбайұлы үш жылда шын мəніндегі жоғары дəрежеге жеткізді. Оқу-тəрбие ісін жандандырып, жаңартып, уақыт талабына сай қайта құрды. Мектепке халқымыздың қаһарманы Бауыржан Момышұлының атын бергізіп, алдына ел бойынша тұңғыш мүсін-ескерткішін қойғызды. Тəуелсіздік жылдарында Ким Серікбайұлы толысқан теоретик əрі парасатты практик ретінде тұлғалана түсті. Ол тұңғыш Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағанбетовпен бірге Қазақстан Қарулы Күштерін құрудың бастауында тұрды, əскер саласының ертеңге нық қадам басуына көп еңбек сіңірді. Мемлекеттік қорғаныс комитеті төрағасының кеңесшісі жəне Президент пен Министрлер Кабинеті Аппараты Қорғаныс бөлімінің меңгерушісі бола жүріп еліміздің алғашқы Əскери доктринасын, жас мемлекеттің басқа да əскери заңдарын дайындау, оларды Жоғарғы Кеңеске ұсынып, қабылдаттыру міндеттерін өз мойнына алды. Сағадат ағасы да осындайда: «Практикалық жағын мен атқарайын, теориясымен сен айналыс» деп дем беріп қоятын. Бірге жүріп, бірге тұрып, Мəскеуге де барды. Көп материал жиылып, жарты жылда Доктрина да жазылып болып еді. «Қорғаныс жəне Қарулы Күштер» туралы деген алғашқы заң жобасын Ким Серікбайұлы Жоғарғы Кеңесте екі күн қорғаған-ды. Ал Əскери доктринаны Сағадат аға өзі қорғаған болатын. Бұл да бір өмірдің жарқын кезеңі. Ким Серікбайұлы сегіз қырлы, бір сырлы тұлға. Əр қыры жеке əңгіме арнасы. Қазақ тың жаңа замандағы əскери ілімінің көшбасшысы. Əскери реформалардың қамшыгері. Бауыржантануды бастаған баһадүр, Баукеңнің шырақшысы. Күні бүгінге дейін Қорғаныс ұлт тық университетінде болашақ сардарларға сабақ беріп жүрген əскери ұстаз. Дəріс оқиды, семинарлар жүргізеді. Докторанттары мен магистранттары бар. Сонымен бірге, соңғы 7-8 жылда Алматының Медеу аудандық ардагерлер кеңесіне жетекшілік етіп, қарияларға қамқор болуға да уақыт табуда. Тасжарған тамырдан алып бəйтерекке айналған Ким аға айтқандай, осынау жақсы істердің өмірі ұзақ болатынына біз де кəміл сенеміз. АЛМАТЫ.

 Жемқорлық – індет, жою – міндет

Салыќтан жалтарєан «СнабОйлСтрой» мемлекетке 159,9 миллион теѕге кґлемінде залал келтірді Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан».

Атырау облысы бойынша экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментіне Атырау қалалық салық басқармасынан «СнабОйлСтрой» ЖШС-нің қызметіне жүргізілген кешенді салықтық тексеру актісі келіп түсті. Салықтық тексеру актісі бойынша 2005-2009 жылдар аралығында мекеменің салықтық декларацияларына шығыстары туралы көрінеу бұрмаланған деректерді енгізу арқылы бюджетке төленетін салық төлемдерін төлеуден жалтарып, мемлекетке 159,9 млн. теңгеге ірі мөлшерде залал келтірген. Осыған байланысты 2013 жылдың соңында қаржы полициясы департаменті тарапынан аталған серіктестіктің лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық іс тергелуде, деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. Атырау облысы.

7

www.egemen.kz

14 қаңтар 2014 жыл

Бүгін «Егемен Қазақстанның» интернет-басылымынан (www.egemen.kz) мына хабарлармен таныса аласыздар: Батыс Қазақстанда шаруа қожалығының басшысы неге өлтірілді? Шу даласындағы кенеп алқаптары жойылуы мүмкін. Британия королевасын ұрлағысы келетіндер бар. Чили ғалымдары жаңа бактерия тапты. Қытай өз «Титанигін» жасап жатыр. Пеле «алтын доп» алады. Мамандар құрманың артық салмақтан арылуға көмектесетінін анықтады.

«Теңізмұнайқұрылыс» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі 2014 жылдың 28 қаңтарында сағат 11.00-де акционерлердің кезектен тыс жиналысы өткізілетінін хабарлайды. Жиналыс Атырау облысы Жылыой ауданы Теңіз вахталық кентіндегі «Теңізмұнайқұрылыс» акционерлік қоғамының кеңсесінің 2-қабатындағы мəжіліс залында өткізіледі. Жиналысқа қатысушыларды тіркеу сағат 10.00-де 15.01.2014 ж. жасақталған қоғам акционерлерінің тізімі бойынша жүргізіледі. Күн тəртібі: 1. Қоғам Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау. Акционерлердің кезектен тыс жиналысының күн тəртібі бойынша құжаттармен «Теңізмұнайқұрылыс» акционерлік қоғамының кеңсесінде танысуға болады. Акционерлердің көпшілік үлесі болмаған жағдайда қайтадан акционерлердің жиналысы 2014 жылдың 29 қаңтарында осы мекенжайда, сол көрсетілген уақытта өткізіледі. Прошу считать недействительным утеренный использованный бланк КНР (В) образца 2013 года, № 0001006 выданный в ТОО «Барика» в связи с утерей.

Аймауытовтыѕ жазыєы не?.. Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Облыстың бұрынғы əкімі алаштың ардақтысы Жүсіпбек Аймауытовқа ескерткіш орнатпақ болып, қаржы қарастырған екен. Құп делік. Қуанышты жағдай. Жұртшылық, қазақ қауымы күтіп жүр. Лайықты тұлға. Қазақ əдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, жазушы, дра матург ағамыз кезінде «Халық жауы» атанып, атылды. Еліміздің бас газеті «Егемен Қазақстан» шежі ресінде 19191938 жылдары газет «Ұшқын», «Еңбек туы», «Еңбекшіл қазақ», «Еңбекші қазақ», «Социалды Қазақстан», «Со циалистік Қазақстан» аталған шақтарда Смағұл Сəдуақасов, Мұхтар Əуезов, Бейімбет Майлин, Сəкен Сейфуллин сияқты Жү сіпбек Аймауытов та басшылық жасағаны айтылады. 1918-19 жылдары Семейде Мұхтар Əуезовпен бірлесіп «Абай» журналын шығарды. Ескерткіш Жүсіпбек Аймауытов атындағы облыстағы

музыкалық-драма театрының алдынан орын алуы тиіс-ті. Алайда, жуырда өткен облыстық мəслихаттың сессиясы жекелеген əлеуметтік мəселелердің басымдылығы мен бірінші кезектілік сипатын ескере отырып, басым дылығы жоқ шығындарды, олардың қатарында құны 60 миллион теңгеге бағаланған Аймауытовтың ескерткіші де бар, қысқартуға шешім қабылдады. «Қара халықтың мəдениетті болуынан мəдениетті кісінің қазақ болуы қиын, қазаққа зор кеуде ақсүйектің, ақша жегіш жалтырауық шенеуніктің, сұлу сөзді, құрғақ бектің керегі жоқ...» деп жазған еді Аймауытовтың өзі. Ақша уыс-уыс шашылып жатпаса, осы жолы үндемей-ақ қалар едік. Олай болса, Аймауытовқа келгенде билік басындағылардың үнемшіл бола қалғаны қалай?! Аймауытовтың жазығы не? Аймауытов қазақ үшін қымбат. Облыстық мəслихаттағылар осыны ойлады ма екен?! ПАВЛОДАР.

 Тағзым

Аќ жолдан таймаєан

Əр отбасында ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын дəстүр болатыны белгілі. «Ат тұяғын тай басар» дегендей, балалары да ата-аналарының жолын қуып, кəсіптерін жалғастырады. Сол себепті мен де болашақ мамандық таңдауда көп ойланған жоқпын. Мектеп бітірген соң заң факультетіне түсіп, болашақта прокурор болуды шештім. Қазір Шығыс Қазақстан облыстық прокуратурасында қызмет етемін. Менің атам – Барьян Тұрсынов 3-сыныпты мемлекеттік əділет кеңесшісі, бүкіл саналы ғұмырын əділеттің ақ жолына арнаған, содан таймаған прокурор еді. Ол өткен жылы 90 жасқа толды. Барьян Тұрсынов 1923 жылы Семей облысындағы Жарма ауданының Малай ауылында дүниеге келді. Балалық шағы Шар қаласында өтті. Осындағы мектепте оқыды. Соғыс басталғанда өз еркімен майданға аттанды. Жас жігіт Солтүстік-Батыс майданда жаумен шайқасып Берлинге дейін жетіп, Жеңісті сонда қарсы алды. Ерлігі үшін барлаушы Барьян Тұрсынов көптеген орден, медальдармен марапатталды. Ол тек 1947 жылы туған елге аманесен оралып, Алматы заң институтына оқуға түсті, оны 1951 жылы үздік бітірді. Арнайы жолдамамен Семей облысының прокуратурасына тергеуші болып қыз метке орналасты. Мұнда Аудиторлыққа кандидаттардың назарына! Аудиторлар палатасының Біліктілік комиссиясы 2014 жылдың 04-07 шілдесі аралығында біліктілік емтихандарын өткізеді. Анықтама тел.: 8 (727) 397 12 36, kval_kom@audit.kz

тиянақтылығымен əрі іскерлігімен көзге түсіп алғысқа бөленді. 1953 жылдан 1962 жылға дейін Семей облыстық партия комитетінде нұсқаушы, бөлім меңгерушісі болды. Содан кейін 15 жыл бойы Жамбыл облысының прокуратурасына басшылық етті. Ал 1977 жылы Талдықорған облысының прокуроры болып тағайындалып, мұнда 11 жылға жуық қызмет атқарды. Сөйтіп, осы жерден зейнет демалысына шықты. Еселі еңбегі үшін Қазақ КСРінің еңбек сіңірген заңгері атағын алып, «Құрмет Белгісі», «Халықтар достығы» ордендерімен, бірнеше медальмен жəне Жоғарғы Кеңестің Құрмет грамоталарымен марапатталды. Қоғамдық өмірден қол үзбей Жамбыл облысының соғыс жəне еңбек ардагерлері кеңесін басқарды. Қазақ КСР-нің бұрынғы прокуроры Ө.Сейітов «Өмір өткелдерінде» атты кітабында оны жоғары білікті заңгер, жақсы дос деп атап өткен. Сондай-ақ, Маңғыстау облысының бұрынғы прокуроры Р.Ғұбайдуллин де өзінің «Əділет жолы» кітабында Б.Тұрсыновты ұйымдастырушылық қабілеті мол, өз кəсібінің нағыз маманы деп көрсеткен. Барьян Тұрысынұлы көптеген шəкірт тəрбиеледі. Олар тəлімгерлерінің есімін əлі күнге үлкен мақтанышпен еске алады. Жамбыл облысы прокуратурасында Барьян Тұрсыновтың мұражайы құрылған. Тараз қаласында оның атында бір көше бар. Ол заңдылық пен құқықтық тəртіптің нығаюына ерен еңбек сіңіріп, өзі қызмет еткен аймақтардың əлеуметтік-экономикалық, мəдени өркендеуіне белсене араласты. Бар ғұмырын əділеттің ақ жолына арнаған атам, міне осындай ерекше адам. Иə, абзал тұлғаның жарқын бейнесі оны білетіндердің жадында əрдайым сақтала бермек. Айдос ТҰРСЫНОВ, Шығыс Қазақстан облыстық прокуратурасының аға прокуроры. «Целиноград ауданының №20 негізгі мектебі» ММ «Қоянды ор та мектебі» ММ болып ұйым дастырылады. Ұялы тел: 87016189990.

«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ ұжымы акционерлік қоғамның қызметкері, белгілі тележурналист, Қазақстан Журналистер одағы Сəкен Сейфуллин атындағы сыйлығының лауреаты Өмірсерік Кəрібайұлы ЖҰМАННЫҢ қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Халықаралық Аралды құтқару қорының Қазақстан Республикасындағы Атқарушы дирекциясының ұжымы кезінде Тараз гидромелиорация институтында қызмет атқарған білікті маман, қоғам қайраткері, профессор Əмен Ақжанұлы АҚЖАНОВТЫҢ қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ұжымы газет шолушысы Жақсыбай Самратқа ағасы Балғабай АМАНДЫҚҰЛЫНЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.


8

www.egemen.kz

14 қаңтар 2014 жыл

● Ауыл ахуалы

ШАЛЌЫЄАН ЫРЫС, ШАТ ТЎРМЫС

«Родина» агрофирмасының кешегісі мен бүгінгі тіршілігіне көз салған кісі елеске де бағынбайтын өзгерістер құшағында толғанатыны бар. Ел өміріндегі елеулі оқиғалардың бəрі осында. Шаруашылыққа жұртты жұмылдыра білетін, қиындыққа қайыспауға баулитын басшы бұйырған екен. Мұндағылар «Родинаның» артта қалуға хақысы жоқтығын түсінеді. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».

Бүгінгі күні заманалық агроқалашыққа айналған шаруашылық көп салалы қызмет атқарады. Соңғы үш жыл қатарынан мұнда жыл сайын 2,5 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, əр жұмысшыға шаққандағы еңбек өнімділігі 35 мың долларға жетіп отыр. Жалпы, өнімнің 35 пайызы мал шаруашылығының үлесінде. Елбасы жүктеген мəртебелі міндет – Астананың азықтүлік белдеуін қамтамасыз етудегі егіншілер үлесі де салмақты. Диқандар «онүшінші» еңбекақыны қоспағанда, айына150 мың, малшылар 100 мың теңгеден кем жалақы алмайды. Өткен жылы Родинада той көбейіп, 20 бөбек дүниеге келді. Бұл үлкен мереке. Мұнда жас жұбайларға 100 мың теңге, сəби туғанда 100 мың теңге қаржылай сауға жасау дəстүрі бар. «Алтын белгі» гранты, студенттік шəкіртақы да осында. Орталықтан жылытылатын жайлы үйде тұратын родиналықтар су мен жылу құнының 40 пайызын, азық-түлік өнімдерінің 20 пайызын ғана төлеп, нанды 25 теңгеден сатып алады. Мұндай жеңілдік ауылдағы 230 зейнеткер мен 117 бюджеттік мекеме қызметкерлеріне бірдей дəрежеде қарастырылған. Жас мамандар Жаңа жылды «Жастар» шағын ауданындағы жарқыраған жаңа тұрғын үйлерде қарсы алды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Тəуелсіздігінің 22 жылдығына арналған салтанатта шаруашылық директоры Иван Сауэрдің омырауына Қазақстанның Еңбек Ері Алтын жұлдызын тақты. «Родинаның» алтын дəуірі жалғаса бермек. Ақмола облысы, Целиноград ауданы.

Суреттерді түсіргендер Ермұрат ДОСЫМОВ, Игорь БУРГАНДИНОВ.

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 273-73-80.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru , egemenkz@maіl.kz Алматыда: факс (727) – 273-73-80, электронды пошта – egemalm@mail.ru

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – (712-2) 32-94-07; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

Көкшетау – (716-2) 25-76-91; Павлодар – (718-2) 68-59-85; Қарағанды – (721-2) 43-94-72; Семей – (722-2) 52-26-86; Қостанай – (714-2) 39-12-15; Тараз – (726-2) 43-37-33; Қызылорда – (724-2) 27-00-85 Шымкент – 8 (701) 404-36-29; Орал – (711-2) 28-80-35; Петропавл – (715-2) 50-72-50. Өскемен – (723-2) 25-28-41; Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-73-97, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Арко» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-полиграфия» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Мұхит к-сі, 57/1, «Жайық Пресс» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Космическая к-сі, 6/3, «Шығыс ақпарат» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 201 715 дана. Нөмірдің кезекші редакторы

Дастан КЕНЖАЛИН.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 4 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жария ланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №223 ek

Profile for Egemen

14012014  

1401201414012014

14012014  

1401201414012014

Profile for daulet
Advertisement