Page 1

24 саєат  АҚШ президенті Барак Обама Иранға қарсы санкция əрекетін тағы бір жылға ұзартты. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз қызметі хабарлады. 1995 жылы жарияланған санкция үстіміздегі жылдың 15 наурызында тоқтатылуы тиіс болатын.

№48 (28526) 13 НАУРЫЗ ЖҰМА 2015 ЖЫЛ

Басты баєыт – балаларды ќорєау

● Жасампаздық жемістері

ХОЛДИНГ ЌОЛТЫЄЫНАН ДЕМЕГЕН

Эльмира МƏТІБАЕВА, «Егемен Қазақстан».

Мемлекеттік хатшы Ю.Оксамитныйды лауазымға тағайындалуымен құттықтап, Қазақстан мен ЮНИСЕФ арасындағы табысты ынтымақтастықтың жалғасатынына сенім білдірді. Сондайақ, Г. Əбдіқалықова əлемдегі жəне еліміздегі балалардың жағдайын жақсар тудағы ЮНИСЕФ-тің маңызды рөлін, БҰҰ-ның даму мақсатындағы көмек көрсету жөніндегі Негіздемелік бағдарламасын орындау бойынша еліміздегі мемлекеттік органдардың белсенді жұмысын атап өтті. БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында Білім жəне ғылым вицеминистрі Есенғазы Иманғалиев аталған министрлік БҰҰ-ның Балалар қорымен 1992 жылы шартқа қол қойғандығын айта келе, осы шарттың аясында көптеген ауқымды жұмыстар атқарылып жатқандығын хабарлады. 20122014 жылдарға арналған екі жылдық бағдарлама бар болатын, соның барысында тек қана Білім жəне ғылым министрлігі емес, сонымен қатар, Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрлігі, Əділет министрлігі жəне Ішкі істер министрлігі белсенділік танытты. Сонымен қатар, БҰҰ Балалар қорының Қазақстандағы өкілі Ю.Оксамитный соңғы жиырма жыл ішінде Қазақстан өзге де ел дермен серіктес болып келе жатқандығын айта келіп, бірігіп жасаған жұмыстар нəтижесінде

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

Бізде осындай жəне басқа да тоқыма өндірісі кəсіпорындарының қызмет етуі үшін «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында толығымен инженерлік инфрақұрылым жасалған. Бүгінгі таңда «Оңтүстік» ЕЭАда 21,665 млрд. теңгені құрайтын 8 жоба іске асып, 1445 жұмыс орны ашылған. Одан бөлек, құны 114,7 млрд. теңгені құрайтын 11 жобаны іске асыру жұмыстары жүргізілуде. Мұнда жалпы 7141 жұмыс орны ашылмақ. Соның ішінде 2015 жылы құны 4,664 млрд. теңгені жəне 1200 жұмыс орны ашылатын 4 жоба іске қосылады. «Oxy Textile» ЖШС

Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Н.Ə. Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Конституциясында жəне «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сəйкестігін белгілеу туралы қаулы қабылдады комиссиясы кандидатқа оның кандидатурасын қолдап азаматтардың қолдарын жинау үшін қол қою парақтарын берді. Ортсайлауком қабылдаған қаулыға сəйкес Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидатты қолдайтын сайлаушылардың рас қолдарының саны кемінде 93 мың 012 қолды құрайды. Президенттікке кандидатты қолдап

фабрикасын сауықтырудың əр кезеңінде Оңтүстік Қазақстан облысының əкімдігі тарапынан жан-жақты қолдау жасалды. Тоқыма кластері біздің аймақтың бірден-бір басым бағыттары болып табылады. Сонымен қатар, жұмыс жасайтын кəсіпорын – бұл бюджетке түсетін қосымша салық төлемдері, жаңа жұмыс орындары жəне облысымыздың əлеуметтік тұрақтылығы, деп атап өтті Оңтүстік Қазақстан облысы əкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев.

қолдар жинауды сенім білдірілген адамдар жүзеге асырады. Қолдарды жинайтын топтардың саны мен құрамына шек қойылмайды. Президенттікке кандидатты қолдап толтырылған қол қою парақтары аумақтық сайлау комиссияларына тапсырылады, олар бес күн мерзім ішінде паспорт қызметінің қызметкерлерін қатыстыра отырып қойылған қолдардың шын екендігін тексеруді жүзеге асырады, тиісті хаттаманы ресімдейді жəне оны Орталық сайлау комиссиясына жолдайды. Қолдардың шын екенін тексеру президенттікке кандидатқа қажетті санда рас қолдар анықталғанға дейін жүргізіледі. Осылайша, азаматтардың 93 мың 012 қолының шын екені расталған кезде қалған қолдарды тексеру жүргізілмейді, деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі.

Сынаќтан таєы бір кандидат ґтті Кеше Орталық сайлау комиссиясында президенттікке кандидаттыққа өзін өзі ұсынушы уақытша жұмыс істемейтін Қанат Турагелдиев пен жеке кəсіпкер Бахтияр Естемесов Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидаттардың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі Лингвистикалық комиссияға сынақ тапсырды. Əлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Лингвистикалық комиссияның төрағасы Мырзатай Жолдасбеков алдымен президенттікке үміткер Қанат Турагелдиевке сынақ талаптарын түсіндіріп өтті. Кандидат

 Сауд Арабиясы адам құқы мəселесіне байланысты туындаған пікір қайшылығына орай өзінің Швециядағы елшісін кері шақырып алды. Мұндай қадамға Сауд Арабиясында адам құқы аяққа басылады деген пікір білдірген Швецияның сыны себеп болып отыр.

жаңа туған нəрестелер мен балалар өлімінің азаюына қол жеткізілгеніне жəне денсаулық сақтау мен білім беру саласында жетістіктер бар екеніне тоқталды. Басты бағыттардың бірі де балалар құқығын қорғау турасындағы бірлескен шаралардың арқасында жүзеге асырылып жатқандығын басты назарда ұстаған ол, қазіргі таңда серіктестік барысында кезекті бес жылдық бағдарлама жасалып жатқандығын атады. Қазіргі таңда ЮНИСЕФ-пен өзара байланыс арқылы жəне 20102015 жылдарға арналған Елдік бағдарламаның барысында отбасы мен қоғамның əлеуетін нығайту, əлеуметтік жəне басқару саясатын əзірлеу, əлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру бойынша іс-шаралар табысты жүзеге асырылуда. Бағдарлама басымдықтарының бірі Оңтүстік Қазақстан жəне Шығыс Қазақстан облыстарының, бұған қоса, Семей сынақ алаңы мен Арал аймағындағы балалардың жағдайын жақсарту болып табылады. Кездесуге қатысушылар балаларды қорғаудың өзекті мəселелерін, білім беру, денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму салалар ындағы ынтымақтастықтың келешегін талқылады. Бұл орайда əнші, қазіргі уақытта Ұлттық комиссияның жаңадан қосылған мүшесі болып отырған Қарақат Əбілдина қоғамдағы əйелдердің орны мен рөлі турасындағы ойымен бөлісті. Елбасының «Отбасы – басты құндылығымыз» деген сөзін мысалға келтірді.

 АҚШ-тың Нью-Йорк соты Суринам президенті Дезри Баутерстің ұлы Дино Баутерсті Ливанның əскериленген «Хезболла» тобына ықпал етуге əрекеттенді деп танып, оны 16 жылға бас бостандығынан айырды. Ол «Хезболлаға» 2 миллион долларға өз елінде база ұсынбақ ниетінде болыпты.  Афина екінші дүниежүзілік соғыс кезінде нацистердің қылмыстары үшін өтемақы ретінде Грекия аумағындағы Германия компанияларының дүние-мүлкін кəмпескелейміз деп доқ көрсетті. Мұндай сөз Грекияның əділет министрі Никос Параскевопулостың аузымен айтылды.  Осы айдың басында «Ислам мемлекеті» делінетіннің содырлары Ирактың солтүстігіндегі көне Хатра қаласының үйінділерін жойып жіберді. Бұл ескерткіш ЮНЕСКОның Бүкілəлемдік мұрасы тізіміне енгізілген жəдігер болатын. БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун мұны шектен асқан тағылық деп бағалады.

Оќырман назарына!

Ќаулы ќабылданды

Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың Қа зақ стан Республикасының Конститу циясында жəне «Қазақ стан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сəйкестігін белгілеу туралы қаулы қабылдады. Дəл осы күні Орталық сайлау

 Татарстан астанасы – Қазан қаласында орналасқан аса ірі «Адмирал» сауда орта лығындағы өрттен көз жұмғандар саны бес адамға жетті. Бұл туралы Татарстан ТЖМ-інің баспасөз хатшысы Андрей Радыгин жария етті.

Кеше Ақордада еліміздің Мемлекеттік хатшысы, Президент жанындағы Əйелдер істері жəне отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Гүлшара Əбдіқалықова БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілі Юрий Оксамитныймен кездесті.

«Oxy Textile» жіп иіру фабрикасы жўмысын бастады

Шымкенттегі «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағындағы «Oxy Textile» жіп иіру фабрикасы қайтадан іске қосылды. Қайтадан деуімізге себеп бар. Бұл зауыт осыдан аттай бес жыл бұрын дүрілдеп ашылған. Мақта шикізаты қайда дейтіндей емес, ақ мақтаның отаны Мақтаарал аман болсын. Фабрика құрылтайшысы да қаржыдан қиналмайтындығын кесіп айтқан. Тоқымашылар да көңілді-ақ еді. Əйтсе де «үйдегі көңілді базардағы нарық бұзадының» кері келді. 2008-2009 жылдардағы əлемдік қаржы дағдарысы мен мақта бағамына деген тұрақсыздық күні ертең Қазақстандағы ең мықты фабриканың бірі болады деп отырған кəсіпорынның жабылып қалуына əкеліп соқты. Облыстық мəслихаттың депутаты, белгілі кəсіпкер Əбілқасым Досболов Оңтүстік Кореядағы мал азығын дайындайтын ірі кəсіпорындардың шөпті Америкадан бастап біраз елдерден сатып алатындығын айтып еді. Құрама жемге айналдырып ең ірі мал бордақылау орындарын азықтан тарықтырмай табысқа шығып отыр екен. Ал, Оңтүстікте Америкадан арбалайтындай емес, құдайға шүкір, ақ мақта жетеді. Ливерпуль мақта биржасындағы баға тұрақсыздығы болмаса бір емес ондаған зауыт, фабриканың қалай, қайда пайдаланамын десе де кетпендері күн нұрына жарқыраған диқандар ақ алтыннан тарықтырмайды. Бұл жолы «Oxy Textile»-ге «Baiterek Venture Fund» көмекке келді. 907,5 млн.теңге көлемінде бөлінген қаражат зауыттың еш кедергісіз жұмыс жасауын қамтамасыз етуі тиіс. Мұндай кəсіпорынды сауықтыру жаңа жұмыс орындарын ашады. Оның сыртында білікті мамандардың елден кетпеуіне, өңдірісті өркендетуге мүмкіндік береді, деді «Baiterek Venture Fund» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Əбішев.

 Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон Мəскеуде өтетін Жеңістің 70 жылдығын мерекелеу салтанатына қатысуды жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы саясаткердің баспасөз хатшысына сілтеме жасай отырып, «Рейтер» агенттігі хабарлады.

ұсынылған тақырыптардың ішінен «Отты жылдар тағылымы» деген тақырыпты таңдады. Айта кетейік, Алматы облысының Райымбек ауданында дүниеге келген ол 2011 жылы өткен президенттік сайлауға да қатысқан екен. Сол жолы Лингвистикалық комиссияның

сынағынан ойдағыдай өткенімен, жақтаушылар қолын жинауға үлгере алмапты. Қанат Турагелдиевтің сынақ тапсыруы небəрі бір сағатқа ғана созылды. «Кандидат бірінші сынақта «Отты жылдар тағылымы» тақырыбын əжептеуір ашқан, – деді Комиссия төрағасы М.Жолдасбеков. – Қателері де бар, жеті қате жіберіпті, емледен екі, тыныс белгісінен төрт, стильдік бір қате кеткен. Жұмысы жаман емес». (Соңы 6-бетте).

Заман талабына орай жаңарған «Егемен Қазақстан» газетінің сайтын енді əлеуметтік желілер арқылы оқу мүмкін болып отыр. Ол үшін, құрметті оқырман, мына көрсетілген сілтемелерді теру арқылы тікелей біздің сайтымызға өте аласыз.

(Соңы 6-бетте).

 Австралия Индонезияға өмір-бақи түрмеде отыруға кесілген екі адамды керекжарақпен қамтамасыз етіп отыру үшін ақша ұсынды. Бұл жерде əңгіме Джакарта есірткі контрабандасына кінəлі деп тапқан екі Австралия азаматы – Эндрю Чан мен Мюран Сукумаран туралы болып отыр. Ақпарат агенттіктерінің материалдары негізінде əзірленді.

● Оймақтай ой

Бостандыққа апаратын жалғыз жол – ұлттық ынтымақ қана.

Бүгінгі нөмірде: ҚҰНДЫЛЫҚТАР ҚҰЛДЫРАУЫ

Əлихан БӨКЕЙХАНОВ.

WEST POINT əскери академиясы Оның тұңғыш қазақстандық кадеті

7-бет

ӘКЕГЕ ХАТ

у) рлас

(Сы

14-бет

ШЫҢҒЫС ХАННЫҢ ШАПАҒАТЫ

8-бет

«ШЕРІДЕН – ШЕТІН, ШЫБЫННАН – ШЫҒЫН» 9-бет

15-бет


2

13 наурыз

www.egemen.kz

2015 жыл

ЕЛБАСЫМЕН БІРГЕ –

Тыѕнан тїрен салєан Президент

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясының съезінде күллі қазақстандықтардың ұсыныстілегін ескере отырып, сайлауға түсетінін мəлімдеуі баршамызды қуантты. Сондай-ақ, Президент партиялас серіктеріне бес бірдей халықтық реформаны жүзеге асыру міндетін қойды. Бұл – мемлекеттік құрылымды кемелдендіруге жол ашатын реформалар. Əсіресе, мемлекеттік қызмет, құқықтық сала мен азаматтық секторды жаңғыртуға көп көңіл бөлінетінін аңдауға болады. Елбасы тəуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап парасатты да салиқалы саясатымен елімізді бүкіл əлем қауымдастығына кеңінен танытты. Тыңнан түрен салған Тұңғыш Президент тəуелсіз мемлекеттің басым бағыттарын нығайтып, ел экономикасын еселеуге бар күш-жігерін жұмсап келеді. Əлемнің барлық елдерімен көп векторлық дипломатиялық байланыс жасап, тəуелсіз

Қазақстан мемлекеті Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды. Сонымен қатар, дүниежүзінің алдында көрегендік танытып, əлемде бірінші болып ядролық қарудан бас тартты. Саяси өмірдегі мол тəжірибесі мен биік абыройы жаһандық деңгейдегі мəселелерді шешуде айқын көрінуде. Елімізде саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімді сақтау саясаты ерекше рөл атқаруда. Көптеген ұлт өкілдерін бір шаңырақтың астына жинап, бүкіл əлемге ынтымақ пен берекенің үлгісін көрсеттік. Бүгінде Қазақстан бейбітшіліктің ордасы ретінде əлемге кеңінен танылып отыр. Білім іздеп, ғылыммен айналысуды мақсат еткен жастарға жан-жақты қолдау көрсетілуде. Соның бір жарқын айғағы – «Болашақ» халықаралық стипендиясының тағайындалуы. Ел тарихының жаңа беттері ашылып, тəуелсіз Қазақстанның Көк байрағы көкте желбіреп тұр. Осының бəрі – Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың парасатты саясатының жемісі мен тынымсыз еңбегінің арқасы. Бүгінде əлемдік дағдарыстың кезекті толқыны күш алуда. Осындай сын сағатында елімізді асқаралы биіктерге бастайтын тарихи тұлғаның төңірегіне топтасуымыз ұлтымызды ұйыстыра, бірлігімізді бекемдей түседі деп ойлаймын. Шəріпбек ƏМІРБЕКОВ, Шəкəрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің ректоры, саяси ғылымдар докторы.

Шығыс Қазақстан облысы.

Жарќын болашаќќа баєыттады Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясы ХVІ съезінде сөйлеген сөзін мұқият тыңдадым. Осыдан ширек ғасырдай бұрынғы уақытпен салыстырғанда Қазақстанның қарыштап дамығанына барлығы да куə. Ол адамдардың күнделікті тірлігінен, тұрмысынан байқалып тұрады. Елде жүргеннен кейін барлығы біздің көз алдымызда. Міне, қазір көктемнің көкөзек шағында да қиналып отырған ешкімді көрмейсің. Ауылда мал төлдеп жатыр, жұрттың еті, айран-сүті бар. Еңбек еткенге ешқандай таршылық жоқ. Елбасының бастауымен еліміздегі соңғы бес жылдағы индустриялық бағдарлама экономикалық қарышты дамуды қамтамасыз еткені белгілі. Кеңбайтақ Қазақстанның басқа шалғайын айтпағанда, Қостанай өңіріндегі өндірісте де, ауыл шаруашылығында да, шағын жəне орта бизнес саласында да даму бар. Көз де, көңіл де қуанады. Нұрсұлтан Əбішұлы халықтың алдына шыққан сайын бірлік, достық, тыныштық туралы айтады. Халқымыз талай қиындықты бастан кешірген. Сонау 90-шы жылдардың өзінде жұрт экономикалық дағдарысты сезінді, бірақ Елбасымыздың арқасында саяси, рухани дағдарыстан аулақ болды.

Соның арқасында бірлігімізге сына түспей, барлық қиындықты артқа тастаған елміз. Саяси дағдарған, берекесіздік жайлаған елдердегі қантөгісті естігенде жаның түршігеді. Елбасы «Нұр Отан» партиясының съезінде сөйлеген сөзінде азаматтық қоғамды дамыта түсуді айтты. Мен оны Елбасының өмірдің, уақыттың тамыршысындай дана саясаты деп білемін. Өйткені, азаматтық күштер қоғамдық қарым-қатынастарды дамытады. Соның арқасында қазақ жерін жайлап, отын оттап, суын сулап отырған ұлт-ұлыстар арасындағы

Ґте керек їдеріс Əр уақыттың өз талабы болады десек, бүгінде əлем экономикасы құбылмалы жағдайды бастан кешудегі шақта оның жағымсыз ықпалына жол бермеу, тағы бір сынға төтеп беру аса маңызды мəселе болып тұрғандығы мəлім. Бұл жөнінде Елбасы Н.Ə. Назарбаев «Нұр Отан» партиясының съезіндегі сөзінде «Болашақтағы басты міндет экономикалық даму серпінін қамтамасыз ету болып отыр. Жұмыстың қорытындылары экономиканы əртараптандыруға жаңа 3-4 экспорттық өнімдердің туындауы болуға тиіс», деп атап көрсетті. Бізге осынау міндет, əсіресе, Қарағанды облысына өте қатысты болып көрінеді. Өйткені, еліміз индустриясының тірегі жəне көшбасы ретінде өндірісті аймақтың басты саланы дамытуды күшейтуге мүмкіндігі бар, қосар үлесі де жеткілікті деп санаймыз. Бұған байланысты үлкен жұмыстар жүгін арқалай алары талассыз. Мемлекет басшысының бұл тұрғыда ойлағаны тереңде деуге болады. Мəселен, экспорттық өнім өндіру көлемін ұлғайту экономиканы

кемелдендіру келешегіне кепілдік беретіндігін, қазақстандық тауарлар мен заттардың сыртқы нарықта өтімді болуы заманауи өндіріс орындарының ұлғаюына, бəсекелестікке күрестің күшеюіне жетелейтіндігін, пайда көзі кеңейіп, жұрттың əл-ауқаты жақсаратындығын өңірдегі осыған байланысты істер көрсетіп келеді. Бүгінде жергілікті кəсіпорындар таңбасы басылған жылу жəне мұнай

достық, бірлік нығая түседі. Елбасы айтқан «Мəңгілік Ел» идеясының мəнмаңызы осы болмақ деп білемін. Оған менің өзімнің жеке мысалым да бар. Осы жылдың басында «Шаңырақ-Қостанай» атты қоғамдық бірлестік құрдым. Қостанай аудандық мəслихатының депутатымын, «Алтын алқалы» көпбалалы анамын. Айтпақшы, еліміз бойынша мойнында «Алтын алқасы» бар депутат əйел мен ғана екендігімді мақтаныш тұтамын. «Шаңырақ-Қостанай» қоғамдық бірлестігі арқылы Қазақстан жастарына халқымыздың дəстүр-салтын насихаттауды, ең бастысы, ұмыттырмауды, патриоттық тəрбиені шегелеуді мақсат тұттым. Жақында «Достық үйінде» көпбалалы аналар форумын өткіздік. Оған тек қазақ əйелдері ғана емес, Қостанайдағы барлық ұлттардың көпбалалы өкілін шақырдық. Жиналғандар осы шараны толқыныстан көзіне жас алып отырып, қызықтады. Өмірге ұрпақ əкелу, бала тəрбиелеу, отбасын сақтау, дəстүрлерді, адамгершілікті ұлықтау ешқандай ұлтқа-ұлысқа бөлінбейтін қасиетті іс. Қоғамды зиялы, зият ететін өзіміз емес пе? Елбасы нұротандықтар съезінде халқын осындай жарқын бағытқа бағыттады. Қарлығаш БАЛАПАНОВА. «Шаңырақ-Қостанай» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, көпбалалы ана.

ҚОСТАНАЙ. құбырлары, телекоммуникациялық сымдар, құрылыс материалдары, дəрілік препараттар, кəмпиттер, ет пен сүт өнімдері бірқатар елдер тұтынушылар сұранысына ие болып отыруы соның нақты нышандарының бірі. Ал, сонымен бірге, əлі де барынша пайдалануға қол ұзармай жатқан ішкі резервтер аз еместігін айтпасқа болмайды. Мысал үшін кезінде негізі қаланған шахта техникаларын, машина жасауды қалпына келтіру арқылы экспорттық əлеуетті бұдан да жоғары деңгейге көтеруге мүмкіндік баршылығы ойлантарлық жай. Шикізатқа ғана арқа сүйеудің уа қыты өтуін өмірдің өзі көрсетіп отыр. Елді өркендету жолындағы реформалардың Президентіміз алға қойған аталған өте тиімді моделі жаңаруға, жаңғыруға бастай түсер жол деп білеміз. Облыстық мəслихат депутаттары осы мақсатқа бағытталған жобаларды бірінші кезекте қолдауға дайын. Экономиканың жаңаша дамуына аса керек үдеріс. Ғазым ЖАРЫЛҒАПОВ, облыстық мəслихаттың депутаты.

Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы.

Жасампаздыќтыѕ жарќын жолы «Нұр Отан» партиясының кезекті ХVI съезін асыға күткеніміз шындық. Өйткені, онда партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алдағы пре зиденттік сайлауға үміткер ретінде «Нұр Отанның» атынан түсетіні таразыға салынатынын сездік те. Мемлекет басшысының бұл ұсынысқа келісім беріп, қабыл алғаны өте дұрыс болды. Бұл барша қазақстандықтарды қуанышқа бөледі деп шын жүректен айта аламын. Бүгінгідей дағдарысты кезеңде елдің тізгінін Н.Назар баевтай сенімді тұлғаның ұстағаны ұтымды. Елбасы осындай тарихи да тағдырлы қадамы арқылы халқының қамын ойлайтын, елінің ертеңіне қызмет етуге дайын ұлтының ұлағатты ұлы екенін тағы бір дəлелдеді. «Нұр Отан» партиясының кезекті ХVI съезінде сөйлеген сөзін теледидар алдында тапжылмай

отырып көріп, тыңдадым. Оны да місе тұтпай, басылымдардан оқып, айрықша тұшындым. Мұны нағыз елінің мүддесін өзінен жоғары қоятын ұлағатты да тұлғалы азаматтың адами ақиқаты ретінде бағалап қана қоймай, Нұрсұлтан Əбішұлының Қазақстанды əлемдік дағдарыс

жағдайында да дамудың даңғыл жолымен алып шығатынына бек сендім. Елбасы өзінің «Баршаға бірдей осы заманғы мемлекет: бес халықтық реформа» атты сөзінде тарихи қысқа кезеңде еліміздің ұлы жолды жүріп өткенін, тəуелсіздік жылдары ішкі жалпы өнім 20 есе өскенін, 2010 жылдан бері халықтың табыстары – 43, ал еңбекақылары 64 пайызға өскенін атап өтті. Экономикалық ілгерілеудің мұндай қарқынын күнделікті өмірімізде көріп те жүрміз. Өз сөзінде Елбасы «...Өз табыстарымызды арқау етіп, өзіміздің мемлекеттігімізді дамыту үшін біздің алға қарай қозғалуымыз керек. Сондықтан да мен бес институттық реформаны алға тартамын», дей келіп, олардың əрқайсысын жүзеге асырудың жолдарына тоқталды. Соның ішінде кəсіби

Мемлекетке ќызмет – ќоєам бірлігін ныєайту кілті Біз бұдан жиырма төрт жылға жуық уақыт бұрын дербес мемлекет атандық. Бұл тек оның бастауы ғана. Өйткені, мемлекеттілікке қол жеткізу бар да, оның сақталуын қамтамасыз ету жəне одан əрі нығайту мін деті бар. Əрі мұның өзі мемлекеттілікке ие болудан артық болмаса, бір мысқал кем түспейтін күрделі де жауапты, сонымен бірге, сындарлы уақыт аралығын қажетсінетін ұлы іс. Қазіргі кездегі жаһандық сын-қатерлер əлемдегі 200-ден астам елдің қай-қайсына да өзінің салқыны мен зардабын тигізе алатыны белгілі болып отыр. Мемлекеттілікті нығайту мен одан əрі дамытудың қажеттілігі дəл осындай күрделі кезеңде одан əрі тереңдей түседі. Сондықтан да съезде Президент, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттілікті дамытудың бес бірдей халықтық реформасын тайға таңба басқандай белгілеп берді. Бір сөзбен айтқанда, бұл – алға қарай үздіксіз қозғалу де ген сөз. Мемлекет

басшысы осы реформаның ішінде экономикалық бағдарламаларды сапалы түрде жүзеге асыру қажеттілігіне айрықша мəн берді. Бұл үшін қазіргі заман ғы кəсіби жəне автономиялы мемлекеттік аппарат қалыптастыру керектігін алға тартты. Осы тұрғыда əкімшілік мемлекеттік қызмет алдағы кезде саяси деңгейге тəуелді болмауы керек. Президент тұжырымы осындай. Мұндағы мақсат – біреу ғана. Егер таза кəсіби түрдегі

басқару ісіне саясаттық белгі мен саясаттандыру салқыны араласып кетіп жатса, жапжақсы басталған іс жарты жолда қалып қойды дей беріңіз. Мемлекеттік аппараттағы белгілі бір қамқоршының айналасында команда қалыптасатын болса, бұл əдет мемлекеттілікке көлеңкесін түсірмей қоймайды. Əрі жемқорлық үшін қолайлы жағдай туғызады. Тамыр-таныстықты туындатады. Ең қауіптісі – мұндай тəжіри беде маңызды мемлекеттік бағ дарламалар мен жобалар түрлі деңгейдегі жекелеген шенеуніктердің біліксіздігінен тақыршаққа отыруы əбден мүмкін. Бұл теріс жəйттер мен құбылыстар мемлекет басшысына да құпия емес екен. Елбасының кешегі осы түйінді сөзінен кейін мемлекеттік қызм етке тамыр-таныстықпен келу біртіндеп жойылады деп ойлаймыз. Республикамызда мемлекеттік қызмет туралы жаңа заңды əзірлеу жəне сыбайлас жемқорлық туралы заңға өзгерістер енгізу қажеттілігі де осындай

жəне автономиялы мемлекеттік аппаратты қалыптастыру, экономикалық өсім үшін негіз болатын заңның үстемдігін қамтамасыз ету, индустрияландыру жəне əртараптандыру, болашағы біртұтас ұлт пен транспарентті жəне есеп беруші мемлекет қалыптастырудың қағидаттарына тоқталды. Осы ретте жұмылған жұдырықтай бір жерден табылу, сөзіміз бен ісіміздің үйлесімін келтіру, ілгері дамуға əрқайсы мыз барымызша үлес қосу – баршамыздың парызымыз. Еліміздің ертеңін айқындайтын жасампаздық жолы да осыны міндеттейді. Қасымжан БАЙСАДАҚОВ, Журналистер одағы Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы.

АҚТӨБЕ.

биік талаптардан туындап отырғанын түйсіндік. Бізде мемлекеттік қызметшілерге ақы төлеу тəртібі бұған дейін теңгермешілдікке негізделіп келгені жасырын емес. Өйткені, олардың бəріне бірдей көлемде жалақы беріліп келді. Əрі оның мөлшері де жоғары емес екендігі кім-кімге де белгілі. Ендігі жерде Елбасы еңбекке ақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу қажеттілігін алға тартты. Ол əр жылдардағы істің нəтижесіне байланысты болмақ. Яғни, əкімшілік қызметкер жақсы жұмыс істесе, жалақысы көтеріліп, іске салдыр-салақ қараса, еңбекақысы төмендемек. Президент «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде ұсынған мұндай тəсіл өте əділетті деп білеміз. Қысқасы, мемлекетке адал қызмет ету қазақстандық қоғамның бірлігін нығайтуға қажетті факторлардың бірі болмақ. Президент мəлімдеген халықтық реформаны жүзеге асырудың басты бір кілті де осы тұстан табылатыны талассыз. Нұрбек САЙЫНОВ, Қаратөбе ауданындағы Мұхит орта мектебі, денешынықтыру пəнінің мұғалімі.

Батыс Қазақстан облысы.


13 наурыз

3

www.egemen.kz

2015 жыл

ЖАЅА ЖЕЅІСТЕРГЕ! Реформалар ќажеттіліктен туындайды

Тўраќты дамудыѕ кепілі

Күні кеше өткен «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елдікті, мемлекеттілікті нығайтуға арналған мемлекеттік басқару жəне экономикалық даму, орта тап құру саласында институттық реформаларды атады. Бұл реформалар қазіргі кезде аса қажет мəселелер деп ойлаймын. Өйткені, айнала тынымсыз, əлем болса минут сайын өзгеріп жатыр. Сондықтан, елімізде жүзеге асырылу үстіндегі экономикалық бағдарламаларды өз деңгейінде, өркениет талаптарына сай жүзеге асыратын кəсіби, заманауи автономды мемлекеттік аппаратты құру керектігін айтты. Мемлекеттік қызметшілер корпусын кəсіби жəне автономды ету аса маңызды. Ал саяси қызметшілер үшін бонус жəне əкімшілік қызметшілерге экономикадағы қол жеткізген табыстары, олардың қызметінің нəтижелілігі үшін сыйақы төлеу керек деген

Ең алдымен, «Нұр Отан» партиясының XVI съезі өте жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткенін атап айтқым келеді. Екіншіден, «Нұр Отан» партиясы еліміздің ең үлкен саяси ұйымы болғандықтан оның ұйымдастырған съезі де Қазақстанның қоғамдық өмірінде өте елеулі оқиға ретінде бағаланады. Ал, үшіншіден, саяси тұрғыдан алғанда, съезде партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөйлеген сөзін мемлекеттік бағдар лама мазмұнындағы құжат ретінде қабылдадық. Əрине, съезге жиналған қауымды ең бірінші «Партия Төрағасы президенттік сайлауға үміткер ретінде түсуге келісім бере ме, əлде басқа ой айта ма?» деген сауал толғандырғаны жасырын емес. Елбасы өз сөзінде бұл мəселеге өте терең толғаныспен қарағанын жəне халықтың пікірінен аса алмайтынын жеткізді. «Біз алға жылжуымыз қажет. Сондықтан мен алдымызда тұрған күрделі, жаңа міндеттерді іске асыру үшін өз кандидатурамды ұсыну жөнінде сіздермен келісетін болармын»,– деді Нұрсұлтан Əбішұлы. Тұтастай алғанда, Елбасы өз сөзінде осыған дейінгі

ынталандыру болса, онда, əрине, ел экономикасының өркендеуіне үлес қосатын патриот адамдардың алға шығары сөзсіз. Енді бір тамаша айтылған сөз мемлекеттік қызметке қабылдау үшін біліктілік талаптарын күшейту керек дегені. Барлық деңгейлерде аттестаттау өткiзу керек деген тамаша сөздерді өз басым

қос қолдап тұрып қолдаймын. Біздің елге ең керегі осы – білікті мамандар жəне олардың қалқада қалып қоймауы. Расында да, мемлекеттiк қызмет туралы өз елімізге лайықты жаңа заң қабылдау қажеттілігі туындап отыр. Полицияға да кəсiбипсихологиялық iрiктеудiң жаңа жүйесiн енгізу, полицейлердің біліктілігін үнемі арттыруды жəне олардың өз кəсібилігін дəлелдеулері жайлы айтқаны да маңызды. Біздер, оқытушылар үнемі студент жастар арасындамыз. Білгенімізді үйретіп, олардың өркениет талаптарына сай білімді ғылым арқылы алуларына қарай сабақ беріп, дəрістер оқимыз. Өйткені, қазіргі заман талабы жоғары. Біздің елге – білікті, білімді мамандар қажет. Замана үдерісінен қалмауымыз керек. Студент жастардың ойсанасында елім, жерім деген патриоттық сезім, болашаққа деген

сенім, елдік мүдде қалыптасты, біз соған қуанамыз. Елбасы жас қазақстандықтарға білім беру жəне тəрбиелеудің маңыздылығына мəн беріп келеді. Индустрияландыру бағдарламасы шеңберінде ғылымның экономика салаларымен жəне мамандар дайындаумен байланысты қамтамасыз етілетін 10 ЖОО анықталды. Солардың бірі – Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы мемлекеттік университет. Сөйтіп, жауапкершілік бізге, яғни университет ғалымдары мен ұстаздарына да жүктеледі. Елбасы ұсынған реформалар қажеттіліктен туып отыр, бізге енді осы қажеттіліктер орнын толтыруымыз керек. Қайыролла АҚАЖАНОВ, Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы мемлекеттік университеттің профессоры.

ПАВЛОДАР.

Соны міндет, жаѕа маќсат

Ертеѕіміз нўрлы болмаќ

Осыдан 15 жыл бұрын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Солтүстік Қазақстан облысына келген жұмыс сапарында «Мəмбетов жəне К» командиттік шаруашылығына арнайы соққан. Уақытының тығыздығына қарамастан, комбайншы-механизаторлармен əңгімелесіп, күзгі орақ науқанының барысымен танысқан. Сол жолы елді мекендерді дамытуға байланысты келелі ойларымен, алдағы жоспарларымен бөлісіп, ауылдықтардың өмір сапасын жақсартуға ерекше назар аударған. Кейін Елбасымен кездескен Меңгесер жазығын тұрғындар «Президент алқабы» атап кеткен. Жыл сайын гектар өнімділігі 20-25 центнерден айналып жүр. Бұл оқиғаны ерекше тебіреніспен еске алып отырған себебім, Президенттің кез келген Жолдауын, бағдарламаларын, сөйлеген сөздерін алып қарайық, мыңғыртып мал, жайқалтып астық өсіріп, ел ырысын телегей-теңіздей тасытып жүрген ауылдықтар мəселесі еш шет қалған емес. Кеше өткен «Нұр Отан» партиясының съезіне ұсынылған бес халықтық реформа «Қазақстан-2050» Стратегиясының қисынды жалғасы ретінде атап көрсетіліп, алға қарай қарышты қадам жасау межелері белгіленді. Оның ішінде шағын жəне орта бизнес, аграрлық сектор салаларына ерекше көңіл бөлінді. Неғұрлым дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуға күш-жігеріміздің де, қарымқабілетіміздің де, экономикалық мүмкіндіктеріміздің де, басқа əлеуеттеріміздің де жететінін қазірдің өзінде аңғарып отырмыз. Тəуелсіздік жылдары ішінде ІЖӨ көлемі 20 есе өсіп, былтыр жан басына шаққанда 13 мың долларды құраған. 2010 жылдан бері халықтың табысы – 43, айлық еңбекақы 64 пайызға, мемлекеттік əлеуметтік жəрдемақылар 1,4, ең төменгі зейнетақы 1,8 есе өскен. Əлеуметтік жаңғырту өзгерістерін, оның жарқын мысалдарын жергілікті жерлерден де көптеп келтіруге болады. Мəселен, соңғы уақыт бедерінде біздің шаруашылыққа қарасты екі елді мекенде заманауи спорт залдары, шағын орталықтар пайдалануға берілді. Жазғы ойынсауық алаңы, жастар орталығы қалпына келтірілді. Мектептер мен мəдениет үйі күрделі жөндеуден өтті. Еңбек адамдары жоғары жалақыға ие. Оларға арналып 20-ға жуық баспана бой көтерді. Серіктестікте егіншілікпен қатар, мал шаруашылығы да өркендеп келеді. АҚШ-тың Солтүстік Дакота штатынан сатып алынған абердин-ангус тұқымды 200 бас тайынша 500-ге жуықтады. Репродуктор шаруашылық мəртебесі беріліп, облыста аталық малдарды сатуға арналған тұңғыш аукцион өткізілді. Көп жылғы еселі еңбегі үшін командиттік серіктестіктің бас директоры Еркебұлан Мəмбетов Тəуелсіздік сарайында бизнестің əлеуметтік жауапкершілігі аталымы бойынша «Парыз» сыйлығының

«Нар жолында жүк қалмайды» дейді халық даналығы. «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде көрнекті ақынымыз Ақұштап Бақтыгерееваның Елбасына арнап сөйлеген сөзіне тəнті болдық. Елдің зиялысы, халықтың қамын жейді деген əпкеміз бүгінімізден ертеңіміздің нұрлы болатындығын, ол үшін Елбасымыздың төңірегіне топтасуымыз керектігін əдемі жеткізді. Бүгінде «Қазақстан – Нұрсұлтан» деген егіз ұғым бар қазақтың мақтанып айтар сөзі. Мұндайда кеудеңді Отаныңа деген сүйіспеншілік кернейді. Елдің қалауымен Нұрсұлтан Əбішұлының кезектен тыс президенттік сайлауға түсуге келісім бергені мемлекетіміздің ертеңге күнге деген үлкен сені мі, болашағымыздың кемелденуінің кепілі. Басқа мемлекеттердің де көгеріп, көктегенін тілейік, дəл қазір Қазақстанның дағдарыс дауылдарына соқтырмас темірқазығы бар. Ол – «Қазақстан-2050» Стратегиясы, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратын, елдің басын бірлікке ұйыстыратын ұлы мақсат – «Мəңгілік Ел» идеясы. Бүгінде дос та, дұшпан да мойындайтын ақиқат – Қазақстан нұрлы болашаққа

қола жүлдесін алды. Есімі «Меценаттың алтын кітабына» жазылып, күміс медальға ие болды. Мен өзім Елбасының қолынан еліміздің ең жоғары наградасы – «Отан» орденін алғанымды ешуақытта ұмытпаймын. Еңбектің еленгені, маңдай тердің өтелгені осы емес пе! Нұрсұлтан Əбішұлы партияның жоғары форумында жариялаған сайлауалды бағдарламасында барлық дерлік мемлекеттер бастан өткеріп жатқан саяси-экономикалық сынқатерлерге жол бермеудің, алдын алудың жаңа міндеттерін жүктеді. Сапалы өсім мен экономиканы əртараптандыруға қол жеткізу үшін индустрияландыру бағдарламасына ерекше екпін түсірілді. Оның уақтылы жəне қажетті шара екені еш талас тудырмайды. Бүгінде ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу секторын жаңа кешенді жобалар мен бағдарламалар негізінде дамытудың маңызы зор. Сол себепті жаңа жұмыс орындарын құруға, елдің экспорттық əлеуетін кеңейтуге айрықша басымдық берілгені қолдауға тұрарлық. «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында атап көрсетілген басым қағидаттардың ішінде ауылдықтар үшін сапалы ауыз су мен жол жайы қашанда өзекті саналады. Меңгесерге торапты су құбыры жеткізіліп, су мұнарасы орнатылды. Құбыр тартуға шаруашылық есебінен қаражат бөлініп, 240 үйге тіршілік нəрі енгізілді. Енді озық жоба аясында Бексейіт ауылының тұрмысы түзелетін болады. Становое – Меңгесер бағытындағы жолды қалпына келтіру жұмысы жоспарлы жүргізілуде. Елбасының «Бес халықтық реформаның əрқайсысы – ел үшін орасан зор сын-қатер жəне үлкен жұмыс. Мұндай реформалар тек билік пен халықтың мықты ерік-жігерімен ғана қамтамасыз етіле алады», деген сөздері əрқайсысымызға үлкен ой салуы тиіс. Арыстан ЖҮНІСОВ, «Мəмбетов жəне К» командиттік серіктестігінің директоры, «Отан» орденінің иегері.

Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы. –––––––––––––––––

Суретті түсірген Талғат ТƏНІБАЕВ.

бағыт-бағдарымыздан айнымай, өзіміздің даму жолымызбен жүре беретінімізді айтты. Себебі, халыққа ең керегі – тұрақтылық пен бейбіт өмір. Ал Елбасының еліміз тəуелсіздік алғалы жүргізіп отырған саясатының басты діңгегі – тұрақтылық. Тарихи кеңістік тұрғысынан қарағанда, біздің Тəуелсіздік алған уақытымыз қас-қағым ғана сəтті құрайды. Елбасы осы бір азғантай мезетті жоғалтпай, Мəнгілік Ел идеясымен ұштастырып, оны жүзеге асыруда əрбір қазақстандық азамат ұлтына, нəсіліне, дініне қарамай еңбек етіп жəне оны көзінің қарашығындай сақтауға міндетті екенін жеткізді.

Елбасының атап өткен бес халықтық реформасы Қазақстанның заманауи мемлекет ретінде дамуының бірден-бір кепілі болады деп сенемін. Əсіресе, көкейге қонғаны – сот жүйесіне қатысты айтылған сөздері. Бұрын-соңды қоғамдық өмірдегі сын пікірлерден тыс қалып қоятын жүйе ашық болуы керек екенін Президент ерекше атап өтті. Бұл қағида Қазақстанда мемлекетке деген халық сенімінің артуын, нарықтық қатынас субъектілері болып табылатын кəсіпкерлердің теңдігін, олардың меншік құқығын қамтамасыз ететін жалпықоғамдық қатынастардың əділдік негізінде дамуына жол ашатын бірден-бір шарт деп түсінуге болады. Жалпы, Елбасы еліміздің болашағына қатысты көптеген мəселелерді қозғады. Ал бұл мəселелердің барлығы келешекте жүзеге асырылады деген ойдамын. Нұрхан ЖƏЛИЕВ, «Қазақстан саясаттанушылар Конгресі» Қызылорда облыстық филиалының директоры.

ҚЫЗЫЛОРДА.

Елді еѕбек етуге шаќырды «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде Елбасы көптеген мəселелермен қатар қазақстандық біртектілікті одан əрі нығайту қажет екеніне айрықша тоқталды. Ол азаматтық қағидатына негізделуі тиіс. Барлық азаматтар құқықтың бір көлемін пайдалануы, жауапкершіліктің бір жүгін арқалауы жəне тең мүмкіндікке қолжетімділікті иеленуі керек. Мəңгілік Ел идеясы арқауындағы жұмылдырушы құндылықтар – азаматтық теңдік; еңбексүйгіштік; адалдық; оқымыстылық пен білімді қастер тұту; зайырлы ел – тағаттылық елі. Осындай жағдайда азаматтық орнықты жəне табысты мемлекеттің ең сенімді іргетасы болады. Шынында, ел болашағы жастарды білім алуға, еңбек етуге, адал болуға тəрбиелеуіміз керек. Елбасы айтқан Мəңгілік Ел идеясын жас ұрпақтың санасына терең ұялатуымыз қажет. ТарМПИ оқытушылары талапкерлерге жан-жақты білім берумен қатар,

Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге бағыт ұстанғанды қалайды. Съезден кейін басқармада жиын өткізіп, Президенттің Қазақстанды өркендету жолындағы бес халықтық реформасы талқыланды. Оңтүстікте 3 миллионға жете халық бар. Спортшылар – сол халықтың ең үлкен бөлшегі. Баршасы Нұрсұлтан Назарбаев жаңа биіктерге, жаңа жеңістерге бастайды, сайлауға қол жиямыз деп құлшынып отыр. Əлібек НҰРТАЕВ, Оңтүстік Қазақстан облыстық спорт басқармасының басшысы.

ШЫМКЕНТ.

тəрбие жұмыстарын да терең де мағыналы жүргізуде. ТарМПИ басшылығы білімгерлердің терең білім алып, жан-жақты тəрбиеленуіне, ғылыммен айналысуына барлық жағдай жасаған. Жақында еліміздің тарихын терең зерттеу мақсатында білім ордасында Баласағұн атындағы көне тарихты зерттеу орталығы ашылды. Бұл орталықта оқытушылар

мен білімгерлер оңтүстік өңірдің тарихын зерттеп, ғылыммен айналысуға мүмкіндіктері мол. Қазақ елінің, халық тарихының тереңде, көнеден келе жатқанын ғылыми деректер дəлелдейді. Оған мысал еліміздің əр өңірінде табылып жатқан тарихи құнды жəдігерлер – «Алтын адамдар». Бұл қазақ халқының көне ұлт екенін, өз мемлекеті жəне қалалары болғандығын дəлелдейді. Елбасы айтқандай, сайлау құр əншейін сайлау өткізу үшін емес, елді бірлікке шақырып, жұртты еңбекке ұйыту үшін болады. Ендеше ынтымағы мен бірлігі жарасқан ел халқы сайлауда Елбасын қолдайтынына толық сенімдімін. Бану МЕЙІРБЕКОВА, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының практикалық шетел тілдері кафедрасының оқытушысы.

Жамбыл облысы.

БАРШАҒА БІРДЕЙ ОСЫ ЗАМАНҒЫ МЕМЛЕКЕТ:

БЕС ХАЛЫҚТЫҚ РЕФОРМА

«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ə.НАЗАРБАЕВТЫҢ «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ XVI СЪЕЗІНДЕ СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

2015 ЖЫЛҒЫ 11 НАУРЫЗ

ҮКІМЕТКЕ МІНДЕТТЕР:

Қайта өңдеу саласында трансұлттық компаниялардың қатысуымен шамамен 10 ірі жобаны жүзеге асыруға кірісу қажет

Дамудың жаңа кешенді бағдарламалары негізінде ауыл шаруашылығы шикізаттарын қайта өңдеу секторын дамыту маңызды

Кедендік ресімдеулер көп уақыт алады, тариф саясаты күрделі жəне қарамақайшылықты болып табылады, тарифтік емес кедергілер əлемдік тəжірибемен қабаттаса жүреді. Еуразиялық одақ шеңберінде тариф саясатын оңтайландыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізу қажет.

Индустрияландыру, сондайақ, шағын жəне орта бизнесте жұмыс орындарын құру мен елдің экспорттық əлеуетін арттыруға бағытталып отыр.

Жұмыстың қорытындылары экономиканы əртараптандыру есебінен жаңа 3-4 экспорттық өнімдердің туындауы болуы тиіс

Шағын жəне орта сервистік кəсіпорындар саласындағы даму шешуші бағыт болып табылады Орта мерзімдік перспективада басты міндет экономикалық өсімнің серпінін қамтамасыз етуде болып отыр.

Қазақстанның интеграциялық саясаты барысында ел экономикасының əлемдік шаруашылық байланыстарға тартылуын кеңейту үшін құралдар қалыптастырылды. Алматыда қаржы орталығын құру үдерісі жоғары серпінділік алуы тиіс. Бұл жерде Алматының арнайы мəртебесін заңнамалық бекіту маңызды.

Туризмді дамытудың жаңа бағдарламасын қабылдаған жөн. Бұл артық еңбек ресурстарын ауылды жерлерге тартудың маңызды мəселесі. Бізде урбанизация деңгейі төмен. Халықтың 43 пайызы ауылды жерлерде тұрады Еуразиялық интеграция институты дайындаған


4

13 наурыз

www.egemen.kz

2015 жыл

ЕЛ ТІЛЕГІ ЕСКЕРІЛДІ. Нўрсўлтан Назарбаевтыѕ Президент сайлауына кандидат

«Аќ жол» ґткізген алќалы жиын Кезектен тыс президенттік сайлау мерзімі жақындаған сайын еліміздегі саяси күштер белсенділік таныта бастады. Бұған дейін екі саяси партия өз құрылтайларын өткізсе, кеше солардың қатарына Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы қосылды. Яғни, аталған партияның ХІІ съезі өтіп, онда кезектен тыс президенттік сайлау бойынша партияның ұстанымы қаралды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Есілдің сол жағалауында орналасқан «Ақ жол» партия сының Орталық офисінде өткен құрылтайға еліміздің 16 өңірінен партиялық конференцияда сайланған 121 делегат келіпті. Соның 118-і партиялық жиында төбе көрсетсе, қалған 3-уі белгілі себептермен қатыса алмады. Сайланған делегаттардың өкілеттіктері расталған соң, олардың құрамы қоғамның əртүрлі табы мен тобынан екені белгілі болды. Алдымен сөз алған «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев келесі жылы президенттік жəне парламенттік сайлаудың қатар келуіне сарапшылар былтырдан бастап

назар қоя бастағанын ерекше атады. Ел Конституциясының 41-бабының 3-тармағы бұл сайлауларды бірге өткізуге мүмкіндік бермейтіні айтылды. Осыған орай сөзінде партия басшысы өз ойын былайша өрбітті: «Біздің саяси жүйеде президент институты өлшеусіз жоғары тұрғанын мойындауымыз керек, өйткені, дəл осы институт мемлекеттік дамудың бағытын жəне қарқындарын айқындайды. Сол себепті, Қазақстан халқы Ассамблеясы президенттік сайлауды кейінге қалдырмай өткізуді ұсынды». А.Перуашев, сонымен қатар, кезектен тыс сайлау өткізудің астарында отандық экономикаға сыртқы қауіптердің болуы, бизнестің рынокты жоғалтуы, банктерде қолма-қол теңгенің кемуі сияқты келеңсіздіктердің орын алуы мүмкіндігімен түсіндіруге тырысты.

Таудай толќыннан толќытпай шыєарєан ер Кеше Астанада «Бiрлiк» саяси партиясының атқарушы комитетінің кеңейтілген отырысы өтіп, онда бірліктіктер Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 26 сəуірде өтетін кезектен тыс сайлауға қатысуға келісімін бергенін қолдайтынын жеткізді. Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Партия төрағасы Серік Сұлтанғали: «Кеше «Нұр Отан» партиясының съезінде мемлекеттік ең жоғары лауазымға Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың кандидатурасы ұсынылды. Біздің қоғамымыздың ең басым бөлігі сайлауға Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуын қалайды. Біздің «Бірлік» партиясы да осы ұстанымда. Өйткені, біз одан əрі де осы танымал тұлғаның ел тізгінін өз қолында ұстауын қалаймыз», деді. Сондай-ақ, ол Назарбаевтың заманауи Қазақстанды қалыптастырған адам екеніне тоқталып, Мемлекет басшысының бастамасымен іске асырылып жатқан «Қазақстан-2050», «Нұрлы Жол» жəне басқа да бағдарламалардың ел болашағы үшін қаншалықты маңызды екеніне екпін түсірді. Сондай-ақ, ол сөзінде Президентіміздің басшылығымен ірі реформалар жүзеге асқанын, қандай ауыр кезеңдерде Елбасының мемлекетті алып толқындардан аудармай алып шыққанын, соның нəтижесінде тиімді нарықтық экономика қалыптасып, халықтың əл-ауқаты артқанын атап көрсетті. «Мемлекетімізде тиімді саяси жүйе қалыптасып, қоғамдық келісім салтанат құрды. Қазақстанның əлем алдындағы беделі артып, мемлекетіміз алдына əлемнің бəсекеге қабілетті 30 елінің қатарына кіру жөнінде биік мақсаттар қойып отыр. Алысты болжайтын Президент Ұлттық қор құрып, енді əлемді дағдарыс шарпуы есеңгіреткен тұста, сол қаражатты ел игілігіне бағыттап отыр», деген С.Сұлтанғали нақты қадамдардың партиясы ретінде, осындай ел үшін маңызды кезеңде біз Елбасына үлкен сенім артып, оны толық қолдаймыз деп ой қорытты. Партияның облыстық, қалалық филиалдарының жетекшілері мен өкілдері, 120-дан астам белсенді мүшелері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысқан отырыста сөз алған партия мүшесі Павел Климов: «Əрбір қарапайым қазақстандық үшін Елбасының мемлекет басшылығын əрі қарай жалғастыруы өте маңызды, барлығымыздың ертеңгі күнге деген сеніміміз де осы есіммен байланысты. Біздің мемлекетіміздің жеңістері мен жемістерінің бас сəулетшісі – Нұрсұлтан Назарбаев», десе, Төлеген Қуанышбаев ел тағдыры шешілетін жауапты кезеңде нық шешімдер қабылдай алатын тұлғаның мемлекетті басқаруының маңызына тоқталып, «Сондай қадамдарға баратын қайраткер деп Нұрсұлтан Назарбаевты есептеймін. Олай дейтін себебім, Елбасы мемлекетіміздің ордасын Алматыдан Астанаға көшіру туралы қаулы қабылдап, еліміз іргесінің бекуіне, экономикасының қарқынды дамуына жəне болашағының жарқын болуына орасан зор əсерін тигізгеніне барлығымыз куəміз. Ал сондай кезде батыл қадамға барып, болашақты алдын ала болжап, оның оң нəтиже беретініне сенімді болды, тəуелсіз еліміздің тарихына өз есімін алтын əріппен жазды», дей келіп, халықаралық аренадағы оның беделді саясаткер екендігін, бейбіт бастамалары мен бітімгерлігін айрықша атап өтті. Жиында Елбасының кандидатурасын қолдап Бағдат Алдабергенов, Кристина Бекмұрзаева сөз сөйледі. Отырыс соңында алдағы кезектен тыс президенттік сайлауға қатысу үшін қазіргі Мемлекет басшысының кандидатурасын қолдау туралы мəлімдеме бірауыздан қабылданды. Қазақстан өзінің алдына экономиканың жаңа сапалық өсуіне қол жеткізу жəне əлемнің ең бəсекеге қабілетті 30 елінің қатарына кіру жөніндегі кеуделі мақсаттар қойып отыр. Мемлекет басшысы бастама жасаған ұзақ мерзімді «Қазақстан-2050» Стратегиясы, «Нұрлы Жол» бағдарламасы, сондай-ақ, басқа да стратегиялық бағдарламалар осы мақсатты іске асыруға арналған. «Сондықтан «Бiрлiк» партиясы – халық бірлігі партиясы, өзінің саяси қағидаттары мен құндылықтарына сəйкес, 2015 жылы 26 сəуірдегі Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына қатысу үшін Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын берік қолдайтынын білдіреді», делінген мəлімдемеде.

Бұл ретте, төраға геосаяси қауіптердің орын алуы факторларының да жоқ еместігіне назар аудартты. Осындай сыртқы тұрақсыздықтар: Таяу Шығыс, Еуропа жəне Украинада орын алуда. Əсіресе, Қазақстан үшін Ауғанстаннан екі ай бұрын халықаралық коалициялық күштердің əкетілуімен аймақта кикілжіңдер орын алып, еліміз шекарасы маңында тыныштық бұзылуы мүмкіндігі де аталмай қалған жоқ. «Осылайша, кезектен тыс сайлау өткізу туралы шешім – тактикалық тəсіл емес. Бұл келе жатқан қауіпқатерлердің алдын алумен байланысты. Сондықтан да біздің партия Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасын қолдады. Осыдан «Ақ жол» партиясының бұл президенттік сайлауға қатысуы туралы сұрақ туындайды», деді Азат Тұрлыбекұлы. Бұл ретте, партия серкесі Қазақстанда жəне оның сыртында мемлекеттік органдар жұмысына ырғақ беретін, экономикаға прогрессивті міндеттер қоя білетін жəне ұлтты ұйыстыра алатын Нұрсұлтан Назарбаевқа теңесер саяси жəне мемлекеттік тұлға жоқ дегенді де баса айтты.

Ол, сондай-ақ, ұлттық мүдделерді алға жылжыту мен мемлекеттілікті нығайту; өндірістік экономиканы құру мен кəсіпкерлерді қолдау бағыттарында Нұрсұлтан Назар баевтың көп нəрсе істегенін жəне істей алатынын ерекше атады. «Біз миллиардтаған инвестициялар тарту, кəсіп орындарымызды заманауи құралдармен жабдықтау, қызметкерлерімізді шетелде оқыту, халықаралық нарыққа еркін шығу жəне басқа да көптеген мүмкіндіктерге ие болып отырмыз. 20 жыл бұрын бізде мұның бірде-бірі болған емес. Бізге үлкен бизнеске жол ашқан – Нұрсұлтан Назарбаев. Ол бізді үйретті, көмектесті, бағыт берді жəне жаңа жеңістерге шабыттандырды», деді «Ақ жол» партиясының басшысы сөзін қорытындылай келіп. Сөйтті де, 26 сəуірдегі президенттік сайлауда «Ақ жол» демократиялық партиясы Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасына қолдау көрсетсін деген ұсыныс енгізді. Бұл ұсыныс съезд делегаттары тарапынан қолдау тапты.

Жастар – Елбасыныѕ сенімді тірегі «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе қалалық филиалының жəне «Жас Отан» жастар қанаты белсенділерінің ұйымдастыруымен Тұңғыш Президент атындағы орталық мəдениет жəне демалыс саябағында «Нұр Отан» партиясының кезекті ХVI съезінде кезектен тыс президенттік сайлауға үміткер ретінде ұсынылған Елбасы Н. Назарбаевтың келісім беруіне арналған флеш-моб өткізілді. Оған «Нұр Отан» партиясының облыстық жəне қалалық саяси кеңесінің мүшелері, қалалық мəслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері қатысты.

АСТАНА.

Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері брифинг өткізіп, «Нұр Отан» партиясы ХVІ съезінің шешімдері бойынша өздерінің ойларын ортаға салды.

Біртекті халыќпыз,біртўтас ўлтпыз Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

Брифингке ҚХА Төрағасының орынбасары Анатолий Башмаков, композитор, ҚХА Кеңесінің мүшесі Төлеген Мұхамеджанов, Қарашайбалқар этномəдени бірлестігінің төрайымы, ҚХА Кеңесінің мүшесі Людмила Хочиева жəне Павлодар облысындағы ҚХА жастар бірлестіктерінің үйлестірушісі Элина Паули қатысты. Алғашқы болып сөз алған А.Башмаков съездің ерекше белес болғанын атап өтті. Ондағы ең басты мəселе партия атынан Президент сайлауына үміткер болуға Н.Назарбаевтың келісімін бергені болды. Сонымен бірге съезде Президенттің сөйлеп, бес халықтық реформалар туралы айтқаны Қазақстан қоғамының бүгінгі жəне алдағы уақыттағы өмірінің басты бағасы болды деп санаймын, деді. Одан əрі А.Башмаков Президент жариялаған реформаларға өз тарапынан түсініктер беріп, олардың маңыздылығын тыңдаушыларға жеткізуге тырысты. Соның ішінде қазақстандықтардың болашақта біртұтас ұлт болатындығын жəне Мəңгілік Ел идеясын іске асыруда оның маңызы зор екендігін айтты. Осы арада 17 миллион қазақстандықтардың мызғымайтын бір ұлт екендігі туралы өзінің бір ауыз өлеңін де айтып беріп, бұл идеяның өзінің ойынан шыққанын жеткізді. Сөзінің соңында Ассамблея Төрағасының орынбасары съезде айтылған Н.Назарбаевтың бағдарламалық

Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Барлығы 500-ден астам адам қатысқан флеш-моб ырғақты қимылмен бірге жастардың Елбасының сайлауға түсуге келісім бергеніне деген ыстық ықыластарымен, сондай-ақ, президенттіктен үміткер Нұрсұлтан Назар баевты қолдайтындықтарын білдірген тілектерімен астасып жатты. – Бұл күн қазақстандықтардың есінде айрықша сақталады. Нұрсұлтан Əбішұлы қазақстандықтардың өзін осы жолы да үміткер ретінде президенттік сайлауға ұсынуды қалаған тілектерін жерге тастамады, өзіндік тарихи шешім жасады. Съезд делегаттары Нұрсұлтан Назарбаевтың келісімін бірауыздан қолдады, бекітті. Бұл елі сенген ердің ісі болды. Мұның өзі Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына енгізуге бағыт ұстаған батыл қадамын алға апаруға тағы бір мүмкіндік туғызады деген сенімге жетелейді. Президенттің «Нұрлы Жол» бағдарламасын жүзеге асыруына алғышарт жасайды. Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясының кезекті XVI съезінде сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қазақстан қоғамын дамытудың бес бағытын ұсынды. Мұның бəрі əлемдік дағдарыс жағдайында алға басудың нақты істерімен айқындалатынын да талдап жеткізді. Міне, осыны түсінген

сөздері біздің еліміздің экономикалық, ұйымдық, философиялық қалыптасуын анықтап қана қоймай, алдағы уақытта дамуының негізгі бағдары болатынын жеткізді. Сонымен бірге, ол барлық қазақстандықтарды 26 сəуірде бір кісідей сайлауға қатысуға шақырды. Өзінің сөзінде композитор Төлеген Мұхамеджанов та Елбасының «болашағы біртұтас ұлт» деген сөзінің мазмұнына терең бойлап, оның маңыздылығын ашуға тырысты. Бұл бірдей құқы мен мүмкіншіліктері бар бір елдің шекарасында өмір сүретін, бір тағдырлы Қазақстан халқы деген сөз. Сонымен қатар, ол Елбасының қазақ халқының мойнына бəрінің ұйыстырушысы болу туралы маңызды міндет жүктеліп отыр деген сөзін де еске салып өтті. Одан əрі шешен Қазақстан халқы Ассамблеясының атқарып отырған қызметтеріне, Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымағын сақтаудағы еңбегіне жоғары баға берді. Сөз кезегі өзіне тигенде Л.Хочиева Қазақстанда тұратын барлық этностар да Президенттің съездегі барлық сөздеріне, əсіресе, барлық этностың да тең құқылы біртұтас қазақстандық ұлт қатарына енетініне тəнті болғанына, оның Қазақстанды алға дамыту бағдарын белгілегеніне риза болғандарын жеткізді. Жастар атынан сөйлеген Э.Паули Президент алға қойып отырған міндеттерді іске асыру жауапкершілігі жастардың мойнына түсіп отырғанын, бұл істі жас азаматтар Отан міндеті деп ұғынатынына сенім білдірді.

Бўл – салиќалы саясат жемісі Кеше «Қазақстан жастары Конгресі» заңды тұлғалар бірлестігінің өкілдері 26 сəуірде өтетін Қазақстан Президентін кезектен тыс сайлауға байланысты өз ой-пайымдарымен бөлісіп, мəлімдеме жасады. Мəлімдемені бірлестіктің атқарушы директоры Айдын Сəбитов оқып берді. Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Онда былай делініпті: «Біз, «Қазақстан жастары Конгресінің»

мүшелері, елдегі жастардың ең ірі бірлестігінің өкілдері Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың кандидатурасының

ұсынылуын бірауыздан қолдаймыз. Тəуелсіздікке қол жеткеннен бергі жылдары еліміздің экономикасы өркендеп, халықтың əл-ауқаты жақсарып, мəдениетіміз жанданып, Қазақстан əлем алдында беделді елге айналды. Еліміздің осы күнге дейінгі қол жеткізген жетістіктері мен халықаралық аренадағы беделі Елбасымыздың

жастардың осындай бастама жасап, игі шара өткізіп қолдауының өзі Нұрсұлтан Əбішұлына деген ел сенімінің айқын көрінісі деу орынды болмақ, – деді партияның облыстық филиалы саяси кеңесінің мүшесі Жұмабек Куканов. – Мен болашақ металлургпін, «Жас Отан» жастар қанатының белсенді мүшесімін. Партияның кезекті XVI съезінде «Нұр Отан» партиясының атынан қазіргі Елбасы Н.Назарбаевтың алда болатын кезектен тыс президенттік сайлауға өз кандидатурасын ұсынған партияластарының сеніміне келісім берген тарихи шешіміне орай осы шараны ұйымдастырып отырмыз. Жастардың азаматтық көзқарасы – Қазақстанның болашағын айқындайтын ұстаным. Біз Елбасының ел тізгінін ұстап, халқының ертеңі үшін ерен еңбек етуіне сенім артамыз, – деді Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік өңірлік университетінің II курс студенті Ислам Есенғазиев. Тұңғыш Президент атындағы орталық мəдениет жəне демалыс саябағында ұйымдастырылған флешмоб өтіп жатқанда күн райы да жарқырап тұрды. Салтанатты шара көктемнің нұрлы шуағына малынып, жастардың жарқын жүздерімен, əсем де ырғақты билерімен ажарланып жүре берді. АҚТӨБЕ.

салиқалы саясатының жемісі деп білеміз». Сондай-ақ, А.Сəбитов «Мемлекет біздің санамызда ертеңгі күнге деген сенімділікті оятады. Мəселен, Елбасы баста масымен қолға алынған «2050-Стратегиясы» мен «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты Қазақ станның жақын 5 жылдың ішінде ғаламдық геосаяси жəне экономикалық қиындықтарды еңсеруіне жол ашатын болады.

Ќарышты Ќазаќстан їшін Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан».

Орал қаласында əрі облыстың барлық аудан орталықтарында бір мезгілде өткізілген жастар ұйымдарының флеш-мобында президенттік сайлауға қатысты қолдау шаралары көрініс тапты. Қазақстанның Батыстағы қақпасының Мəншүк Мəметова атындағы алаңына жиналған жүздеген жас «Сенің дауысың – сенің болашағың!», «Жастар сайлауды қолдайды», «Біз – қарышты Қазақстан үшін» деп жазылған ұрандар мен плакаттарды жоғары көтеріп ұстап шығып, биылғы 26 сəуірде өткізілетін президенттік сайлауға тұрғындарды түгел қатысуға шақырды. – Еліміздің тұрақты əрі орнықты дамуын қамтамасыз ету ісі тек жоғары жақта жасалмайды. Оған ел жастары мен студенттері де қатысып, өз үлестерін қосатын болса жəне қоғамда болып жатқан үдерістерге белсенді түрде араласса, мемлекетіміздің болашағы да соғұрлым жарқын бола түседі, – деді флеш-моб барысында газет тілшісіне

Ол үшін біздің елімізде барлық жағдай қарастырылған. Яғни, Қазақстан жастарының жоғары білім алып, жақсы жұмысқа орналасуларына, əлемнің жетекші оқу орындарында дəріс алып, өздерінің кəсіби біліктіліктерін арттыруларына да мүмкіндіктер беріл ген», – деді. Осылай дей ке ле, ол бұл ойды барша қазақ жас та рының қолдайтынына сенім білдірді. АСТАНА.

Батыс Қазақстан облыстық жастар саясаты мəселелері басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрлыбек Даумов. Бүгінгі флеш-мобтың басты мақсаты да осы, деді ол одан əрі. Осы акцияның шеңберінде біз жастарды оң қоғамдық құбылыстардың бір жақ шетінде қалып қоймауға шақырамыз. Əрбір қазақстандық өрен өз дауысы мемлекетіміздің қалыпты даму үдерісіне бір тамшы болып қосылатынын сезіне алса, алға қойған мақсатымыздың орындалғаны. Иə, Жайықтағы жастар жетекшісі айтқандай, мұнда ел ертеңі болып табылатын бүгінгі ұрпақ өкілдерінің азаматтық белсенділіктері жоғары екендіктері басқосу мен жиын барысында да айқын аңғарылып тұрды. Флеш-мобқа қатысты іс-шаралар шеңберінде оған қатысушылар «Қазақстан-2050» эмблемасы белгіленген плакатқа сайлауға тегістей қатысу жөніндегі үнқосуды білдіретін қолдарын қойып, оны гельді шарлардың көмегімен аспанға ұшырды. Жайық жастарының ақ ниеттері мен тілектерін қолдағандай кешегі күні биылғы көктемнің алғашқы шуағы сезіліп тұрды. ОРАЛ.


13 наурыз

5

www.egemen.kz

2015 жыл

БЎЛ – БАРШАНЫЅ ЌАЛАУЫ болып ўсынылуына орай отандастарымыздыѕ ортаќ ойы осындай

Мўнайшылар ќолдауы

Єалымдар алдаєы сайлауєа їн ќосты

Мемлекет басшысының кезектен тыс президенттік сайлауға қатысуға келісім беруін алдымен құптап, өз үндеулерін асыға жеткізген Маңғыстау мұнайшыларының қара шаңырағы – «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ болды. Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

Алматыдағы Ғылым ордасында отандық ғылымға еңбегі сіңген ғалымдар бас қосып, 26 сəуірде өтетін президенттік сайлауға түсетін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасына қолдау көрсетті. Қанат ЕСКЕНДІР,

«Егемен Қазақстан».

Ұлттық Ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов ғылым өкілдерінің келелі басқосуында егемендік алғаннан бергі мемлекет тарихын қысқаша баяндап, өз алдына тізгін ұстап кеткен тағдырлас елдердің жағдайы мен Тəуелсіз Қазақстанның өмір жолына, ұстанған бағыты мен жеткен жетістіктеріне арнайы тоқталды. Дербес қадамын тəй-тəй басып, өзіндік жаңа тарих белесіне ұмтылған жас мемлекеттің тізгіні мен жауапкершілігін батыл түрде қолға алған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ширек ғасырға жуық уақыт ішінде атқарған істері мен сіңірген еңбегі сөз болды. – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың осы уақытқа дейінгі жүргізген сындарлы да салиқалы ішкі-сыртқы саясатының арқасында Қазақстан бүгінгі таңда халықаралық қоғамдастық көшінде үлкен беделге ие мемлекет ретінде барша əлемге мəлім болып отыр. Еліміздің əлемдік ортадағы абыройы қазіргі Президентіміздің есімімен тікелей байланысты. Оның халықаралық қоғамдастық алдында көтеріп отырған ұсыныстары жоғары деңгейде бағаланып, адамзатқа ортақ тұрақтылық пен тыныштық жолында қызмет етуде. Біздің ғылыми орта, елімізге жəне əлемдік ғылыми кеңістікке кеңінен танымал ғалымдарымыз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын қолдаймыз жəне қуаттаймыз, – деді Мұрат Жұрынов. Жиын барысында мінберге шығып сөз сөйлеген ғалымдар алдағы сайлауға Нұрсұлтан Назарбаевтың түсуі ел экономикасындағы тұрақтылық пен азаматтық қоғамның ілгері басуына, жалпы Қазақ елінің келешекте əлемдік саяси ортада мығым болуына үлкен ықпал ететіндігін айтты. АЛМАТЫ.

«Егемен Қазақстан».

Мұнайшылардың кең залына жиылған еңбек ұжымы алдында «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Жүнбасов сөз сөйледі. Кеше ғана Астана қаласында өткен аталмыш партияның кезекті XVI съезінен оралған ол жиылғандарды съезд барысынан хабардар етті. Елбасының өткенді сарап тап, ертеңге бағамдаған міндеттапсырмаларын, əсіресе, баршаға бірдей осы заманғы мемлекеттің қажетті бес халықтық реформасы туралы таныстырды. Елбасы баяндамасына тоқтала келе, М.Жүнбасов съезде Н.Назарбаевқа

биыл сəуір айында өтетін президенттік сайлауға түсуге ұсыныс жасалғандығын, халықтың таңдауы мен ықыласына орай Елбасының ұсынысты қабыл алғандығын мəлімдегенін айта келе, əлемді елеңдеткен алмағайып кезеңде ел тізгінін сенімді қолға беріп, бұған дейін бастау алған жоспар-жобаларды өз деңгейіне жеткізе орындау үшін халықтың таңдауының маңызы зор екендігін алға тартты. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ əлеуметтік бөлімінің маманы Қ.Иманқұлова қара алтынды өндіруші еңбек майданының құрыш білек өкілдері – мұнайшылардың сайлауға Елбасы Н.Назарбаевтың кандидатурасының ұсынылуын қуана қолдайтынын жеткізді. – Біздің ұжым Қазақстан

Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына Нұрсұлтан Əбішұлының қатысатындығы туралы хабарды қуанышпен қарсы алды. Маңғыстау мұнайшылары қашанда Елбасының сенімді серіктері мен тірегі болған, бола да бермек. Мұнайшылар Елбасының халықтың əл-ауқатын көтеруге жəне Қазақстанның əлем алдындағы беделін нығайтуға бағытталған шешімдері мен жоспарларын бірауыздан қолдап, елдің қоғамдық жəне саяси өміріне белсенді араласып келеді. Жаңа жұмыс орындарын ашып, экономикамыздың одан əрі дамуы мен гүлденуінің негізі бола алатын «Нұрлы Жол» бағдарламасының да сəтті жүзеге асуына Елбасының басшылығымен қол жеткізе аламыз, деген Қ.Иманқұлова мұнайшылардың Н.Назарбаевтың кандидатурасын қолдайтындықтары жазылған үндеу мəтінімен таныстырды. Дауысқа салынған үндеу бірауыздан қабылданды.

Бірден-бір лайыќ тўлєа

«Петропавл ауыр машина жасау» АҚ-тың жұмысшы-қызметкерлері «Нұр Отан» партиясы ХYІ съезінің шешімдерін талқылауға арналған жиын өткізіп, облыс жұртшылығына үндеу қабылдады. Шараға «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Артур Молдағұлов қатысты. Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

«ПАМЖ» АҚ өңірдегі ірі кəсіпорындардың бірі саналады. Биыл 9

миллиард теңгенің өнімдерін шығаруға келісімшарт жасасып, теміржол, газ-мұнай салалары үшін де озық технологияларға негізделген жабдықтар шығарумен айналысады. Қазір мұнда 1200-ге жуық адам

еңбек етеді. Орташа жалақы мөлшері 100 мың теңге төңірегінде. Үшжақты жасалған меморандум шеңберінде əлеуметтік мұқтаждықтарға жұмсалатын қаражат көлемін 300 миллиард теңгеге

«Тəуелсіздігіміздің алғашқы күнінен-ақ Елбасымыз еліміздің мұнай өнеркəсібіне əлемнің алдыңғы қатарлы инвесторлары мен үздік технологияларын отандық өндіріске əкелуге күш салды. Ұлттық қордағы миллиардтаған қаражат – Нұрсұлтан Əбішұлының көрегендігі мен ұтымды саясатының жемісі. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ ұжымы «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде президенттікке кандидат болып ұсынылған

Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың кандидатурасын бір ауыздан қолдайды. Облыстың сайлаушыларын 2015 жылдың 26 сəуірі күні Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына бір кісідей қатысуға шақырады» делінген үндеуде.

дейін ұлғайту көзделген. Зауыттың бас директоры Қуаныш Бишімов ұжым атынан Елбасына хат жолданғанын, онда бүгінгідей күрделі кезеңде «Қазақстан-2050» Стратегиясының ұзақ мерзімге болжанған тапсырмалары мен қолға алынған реформаларды орындау оңайға соқпайтынын, ал кезектен тыс президенттік сайлау жаңа мүмкіндіктерге серпін беретіні, халықты ортақ мақсатқа жұмылдырудың саяси актісі болып табылатыны баяндалғанын жеткізе келіп, партия съезін аса маңызды саяси оқиға ретінде сипаттады. 26 сəуірде өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына еңбек ұжымын түгел қатысуға шақырып, саяси белсенділік көрсететіндеріне сенім білдірді. Съезд делегаты, облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Артур Молдағұлов делегаттар алдағы сайлауға Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын бірауыздан ұсынып, парасаттылық пен жауапкершіліктің жоғары үлгісін танытқанын атап өтті. Мұның өзі елдің ішкі-сыртқы тұтастығын сақтаумен қатар əлеуметтік тұрақтылықты, экономиканың ілгері дамуын, адамдардың өмір сапасын жақсартуды қамтамасыз етудің бірегей жолы болып табылады. – Президентіміздің бастауымен Қазақстан барша əлем мойындаған елге айналды. Талай сынақтардан халқын сүріндірмей аман алып шықты.

«Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты жаңа тыныс, соны леп əкеліп, экономикамыздың барлық саласын қамтып отыр. Біз жеткен жетістіктерімізді мақтан етеміз. Бірақ оған тоқмейілсімейміз. Алда жарқын белестер, биік асулар күтіп тұр,–деді А. Молдағұлов. Басқа да шешендер съезд шешімі зор қоғамдық өрлеу туғызғанын, президент болуға тек «Нұр Отан» партиясының Төрағасы ғана лайық екендіктерін мəлімдеді. «Нұр Отан» партиясы бастауыш ұйымының жетекшісі Владимир Зарубин еңбек ұжымының үндеуін оқып берді. Онда: «Қазір біз индустриялық-инновациялық жоспарларды нəтижелі жүзеге асыратын, дүниежүзінің жетекші экономикасымен арадағы технологиялық алшақтықты еңсеретін Үшінші өнеркəсіптік төңкерістің қарсаңында тұрмыз. Индустрияландыру бағдарламасының бірінші бесжылдығында ғана Қазақстан картасында 700 кəсіпорын пайда болды. Дайын отандық өнімнің экспорты 4 млрд. АҚШ долларына жетті. Сондықтан алдағы алар асуымыз белгілі... Біз Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Президентіне кандидат етіп ұсыну туралы съезд шешімін толығымен қолдаймыз», – делінген.

Маңғыстау облысы. –––––––––––––––––

Суретті түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ.

Солтүстік Қазақстан облысы.

«Ќазаќстанныѕ ќуатты елге айналєанын ќалаймыз» қабілетті өнім өндіріледі, жұмыс Кеше Атырау мұнай өңдеу зауытының ұжымы кезектен тыс президенттік сайлауға Нұрсұлтан Назарбаевтың орындарымен қамтамасыз етіледі. Зауыт қызметкерлері закандидатурасының ұсынылуына қолдау білдірді.

Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,

«Егемен Қазақстан».

Бұл ұжым өздерінің келешегін Елбасымен тығыз байланыстырады деуге болады. Өйткені, 70 жылдан бері жанар-жағармай түрлерін шығаратын зауыттың технологиясы ескіріп, əлсін-əлсін тоқтауға мəжбүр болған кезінде Елбасының қолдауын сезінді. Олай дейтініміз, жаңа мыңжылдықтың тоғысында Жапонияға ресми сапармен барған Нұрсұлтан Назарбаев дəл осы зауытты жаңғырту үшін сол елдің инвестициясын тартуға уағда жасады. Содан бері бұл зауыттың екінші тынысы ашылып,

жаңаруға ұласқан жаңғыртулар əлі де жалғасын табуда. Байырғы кəсіпорынның келешегіне тың серпін берген сол бір қолдауды зауыттың əр мү шесі əлі күнге айтып жүреді. Өйткені, зауыттың технологиясы жаңарып, өнімнің сапасы артты. Мұнда шығарылатын жанаржағармайлар экологияға қауіп төндірмейді. Зауыттың бас директоры Қайрат Оразбаевтың айтуынша, кəсіпорында 2012 жылы мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында қайта жаңғыртудың үшінші кезеңі басталған. Қазір мұнда бəсекеге

манауи қондырғыларда жұмыс істейді. Елімізде қабылданған бағдарламалардың арқасында зауыттың мұнай өңдеушілері де ел экономикасының дамуына, мұнай өңдеу саласының өркендеуіне өз үлесін қосып келеді. Оның пікірінше, зауыттың жетістікке жетуіне Елбасының отандық өндірістерді өркендетуге баса мəн беруі оң ықпалын тигізіп отыр. «Нұр Отан» партиясының VI съезінде Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасы ұсынылуының басты себебіне тоқталар болсам, алдымен мұны еліміздегі саяси тұрақтылық пен экономикалық өсімнің сақталуымен байланыстырамын. Біз «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында көрініс тапқан Жаңа Экономикалық Саясаттың өз жемісін беріп, еліміздегі экономикалық өркендеудің сақталуы үшін, əлемдік сын-қатерлерге төтеп беру үшін Нұрсұлтан Назарбаевтың Президент болып сайланғанын қалаймыз. Сондықтан біздің ұжым Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасына қолдау білдіреді», деді Қ.Оразбаев. Зауыттың əр мүшесі Елбасының кандидатурасын қолдаған лебізін білдірді. Мəселен, зауыт механигі Юрий Кустадинчевтің айтуынша, əсіресе, жастар мемлекеттің қолдауын айқын сезініп отыр. «Біздің елімізде жастар үшін барлық жағдай жасалған. Елбасының қолдауымен

«Бола шақ» халықаралық бағдарламасы шеңберінде менің замандастарым шетелдердің танымал оқу орындарында білімдерін жетілдіріп, экономиканың əр саласында табысты еңбек етуде. Мемлекеттік қызметте бас қар маларды басқарып, ірі кəсіпорындарда менеджерлікті игеруде. Демек, біздің елімізде жастардың біліміне, келешегіне сенім білдіріліп отыр», деді ол. Ал орталық зертхана басшысының орынбасары Ақмарал Ғұсманова: «Біз елдің болашағын Нұрсұлтан Назарбаевпен байланыстырамыз. Өйткені, бізде өндіріс өркендеп, халықтың əлауқаты жақсарып келеді. Бір сөзбен түйіндегенде, көйлегіміз – көк, тамағымыз – тоқ, заманымыз – тыныш. Бізге бұдан артық ештеңе керек емес», деген ойымен бөліссе, оператор Өмірхан Жақсығалиев: «Біздің зауыттың алдында үлкен келешек тұр. Мұндай келешек экономиканың əр саласында бар. Мұның бəріне Нұрсұлтан Назарбаев негіз қалап берді. Менің замандастарым да Елбасының Қазақстанды қуатты елге айналдыру мақсатын іске асыруды жалғастырғанын қалайды», деді. Атыраудағы мұнай өңдеушілер осылайша Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасына бірауыздан қолдау білдірді. Атырау облысы.

––––––––––––––––––– Суретті түсірген Рахым ҚОЙЛЫБАЕВ.

Металлургтер ризашылыєы Павлодардағы «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ-та 2,5 мың адам жұмыс істейді. Еңбек ұжымы кеше Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан президенттігіне кандидат етіп ұсыну жөніндегі шешімді қолдайтындықтары жөнінде үндеу жолдады. Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Электролиз зауытының құры лысы осыдан тура он жыл бұрын басталып, 2007 жылы іске қосылды. Ал, 2010 жылдан бастап кəсіпорын толық қуатында жұмыс істеп келеді. Жылына 250 мың тонна дайын алюминий шығарады. Əлемде теңдесі жоқ алып өндіріс ошағын салуға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тікелей ұйытқы болды. Жаңа технология, инновациялық бағытта салынған зауыт қарапайым

адамдардың əлеуметтік мүдделерін жақсартуда маңызды орын иеленіп отыр. Зауыт жұмысшылары Ел басының əрдайым еңбек адамын қолдайтындығына, елімізде жұмысшы мамандықтарына ерекше көңіл бөлінетіндігіне дəн риза. Олар «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде Нұрсұлтан Əбішұлы Назар баевты президенттік сайлауға үміткер ретінде ұсынғанын зор қуанышпен қабылдағандарын айтты. «Елбасымыз өз кандидатурасын ұсынуға келісім бергеніне өте

қуаныштымын. Еліміздің барлық металлургтері қуанышты деп ойлаймын. Өйткені, ол кісі металлургия саласының дамуына өте үлкен үлес қосты. Мен өзім анод зауытында жұмыс істеймін. Еңбегім тұрақты. Ертеңгі күнге сенімдімін. Еліміздегі жасампаздық істердің əрі қарай дамуына үміттенемін жəне өз еңбегімді қосуға тырысамын», деді анод өндіру цехының шебері Ержан Төлегенов. Шараға жиналғандар бұл сайлауда Нұрсұлтан Назарбаевтың жеңіске жететіндігіне сенім білдірді. Елбасының Қазақ елін əлемдік дағдарыстан аман-есен өткізіп, əлі де талай жеңісті күндерге жеткізетіндігін айтты. ПАВЛОДАР.


6

13 наурыз

www.egemen.kz

2015 жыл

Сынаќтан таєы бір кандидат ґтті (Соңы. Басы 1-бетте). Оның атап өтуінше, екінші тапсырма бойынша кандидат Ф.Оңғарсынованың поэзиясын барынша мəнерлеп оқып, Комиссия мүшелерінің көңілінен шығыпты. Үшінші сынақта ол «Халық тарихы жəне рухани жəдігерлер» тақырыбында сөз сөйлеген. «Қанат рухани жəдігерлер дегенді онша ұға алмады. Рухпен шатастырдыңыз. Сізге бірқатар сұрақтар қойылды. Болашақта

есіңізде болатын нəрсе, əрбір сауалға жауабыңыз үстірттеу. Содан кейін ойыңызда жүйелілік, нақтылық жағы жоқ. Шынтуайтына келгенде, Қанат Сыбашұлы Турагелдиев қазақ тілінде сайрап тұр. Қолма-қол өлең жазады екен, шығарманың өзін өлеңмен бастапты. Комиссия мүшелері кең талқылай келіп, Қанат Турагелдиев қазақ тілін еркін меңгерген деген қорытынды шығарды», – деді Комиссия төрағасы. Ал президенттікке кандидат Бахтияр

Естемесов Лингвистикалық комиссия сынағынан өте алмады. «Бахтияр Естемесов жазба жұмысына «Нұрлы ақыл, ыстық қайрат» тақырыбында шығарма жазды. Өкініштісі, тақырып ашылмаған. «Нұрлы ақыл, ыстық қайрат» деген ұғымдардың мəнмағынасын ол толық түсінбеген. Жұмыс өте сауатсыз жазылған. Барлық қателердің саны – 50. Емле қателері – 27, тыныс белгілерінен жіберілген қате – 19, стильдік қате 4, – деді Комиссия төрағасы Мырзатай Жолдасбеков осы жөнінде. Төрағаның атап өткеніндей, мəтін оқу сынағында кандидат Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін оқыған. «Əттең, өлеңді оқи алмады. Мен «Мұқағали Мақатаев қай кезде өмір сүрген?» деген сұрақ қойдым, кандидат «XIX ғасырда өмір сүрген», деді. Бұл кісі кітап оқымағанын мойындады. Тарих пен əдебиетті де оқымаған екен. Екінші тапсырмаға да қанағаттанбадық», – деді ол. Кандидат үшінші тапсырма бойынша «Тіл тағдыры – ел тағдыры» тақырыбында сөйлепті. «Бұл тақырыптың да мəнмағынасын аша алмады. «Ол – қазақ елінің тағдыры мен тіл тағдыры бұрыннан қалыптасып келеді, жан-жақтан келіп, тіл білсек деген азаматтар көп», деген екі ауыз сөз айтты. Оның үстіне Б.Естемесовтің өз қолымен жазған өмірбаянында 10 қате жүр. Бахтияр Өксікбайұлы Естемесов қазақ тілін еркін меңгермеген деген қорытындыға келіп отырмыз», – деді М.Жолдасбеков.

Їміткерлер саны 21 адамєа жетті Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фосс кезектен тыс президенттік сайлауға кандидат ретінде тағы төрт адамның тіркелгенін, кандидаттар саны 21 адамға жеткенін хабарлады. Əлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Оның айтуынша, кандидаттардың 18-і сайлауға өзін өзі ұсынғандар. Екі кандидатты, атап айтқанда, Н.Назарбаевты «Нұр Отан» партиясы, ал Т.Сыздықовты Қазақстанның Коммунистік халық партиясы ұсынған. Қазіргі уақытта үміткерлердің сайлау талаптарына сəйкестігі тексеріліп жатса, кейбірі Лингвистикалық комиссияға сынақ тапсыру үстінде. «Сегіз кандидатты тіркеуден бас тартылды. Олардың 2-еуінің жасы Конституцияға сəйкес сайлауға түсу жасына толмаған, 6-уы Лингвистикалық комиссия сынағын тапсыра алмады. Төрт үміткер Лингвистикалық комиссия сынағынан сəтті өтті. Олардың сайлау талаптарына сəйкестігі тексерілді. Қазіргі кезде сенімді өкілдерін тіркеп, қол жинау

жұмысымен айналысуда», – деді В.Фосс. Сонымен қатар, ол кеше М.Телебеков, Ə.Құсайынов, С.Мұқаш жəне А.Амантай Орталық сайлау комиссиясына келіп, президенттікке кандидат ретінде тіркелгенін атады. Бұдан бөлек, В.Фоос президенттікке кандидат ретінде тағы бір əйел тіркелгенін атап өтті. Ол – уақытша жұмыс істемейтін шымкенттік Айгүл Өтепова. Енді бұл кандидат белгіленген тəртіп бойынша Лингвистикалық комиссияға мемлекеттік тілді еркін меңгергендігі жөнінде сынақ тапсырады. *** Кеше, сондай-ақ, БАҚ өкілдеріне президенттікке кандидаттардың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі Лингвистикалық комиссияның төрағасы Мырзатай Жолдасбеков кандидаттың жазба жұмысы Орталық сайлау комиссиясына

тапсырылғаннан кейін оны көрсетуге құқықтары жоқ екендігін мəлім етті. «Кейбір журналистер кандидаттың жазба жұмыстарын суретке түсіріп алу үшін көрсетуімізді өтінуде, – деді ол осыған қатысты. – Біз мынаны түсіндіргіміз келеді, Лингвистикалық комиссия сынақ аяқталғаннан кейін, оның қорытындысын жария етеді. Кандидаттың жұмысы менің қолымда тұрғанда, белгілі бір деңгейде оны көрсетуге құқылымын. Бірақ, жұмысты Орталық сайлау комиссиясына тапсырғаннан кейін жазба жұмысы ресми құжатқа айналады. Содан кейін оны көрсетуге құқымыз жоқ». М.Жолдасбеков бұл мəселені кеше кейбір əлеуметтік желілерде президенттікке кандидаттардың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі Лингвистикалық комиссия төрағасынан үміткерлердің жазба жұмыстарын көрсетіп, суретке түсіріп алуға мүмкіндік беруді өтінген хаттар жария етілгеніне байланысты мəлімдегенін айта кеткенді жөн санадық.

Елу тоєыз мəслихат депутаты сайланады Əлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан».

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 101-бабы 4-тармағына сəйкес осы жылғы 29 наурызда еліміздің 14 өңіріндегі 59 сайлау округінде мəслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өтеді. Сайлауда барлығы 59 депутат – Астана қаласы мəслихатының бір депутаты, облыстық мəслихаттың 8 депутаты, қалалық мəслихаттың 10 депутаты жəне аудандық мəслихаттың 40 депутаты сайланады. Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, сайлау науқаны барысында 196 кандидат ұсынылды, олардың 60-ын

саяси партиялар ұсынды, 136-сы өзін өзі ұсынғандар. Қазіргі кезде мəслихаттар депутаттығына кандидаттарды тіркеу аяқталды. Барлығы 179 кандидат тіркелді. Олардың ішінде 128 ер адам жəне 51 əйел бар, 60 кандидат саяси партиялардың мүшелері болып табылады, 72-сі партия қатарында жоқ, тағы 47-сі өздерінің партияға тиесілілігін көрсетпеген. Тіркелген кандидаттардың арасында 9 ұлттың өкілі бар. Олардың орташа жасы – 42 жас, 152 кандидат жоғары білімді, 22 кандидаттың арнайы орта жəне 5 кандидат орта білімді. Кандидаттардың 55,3 пайызы мемлекеттік мекемелерде, ұйымдар мен кəсіпорындарда, 33,5 пайызы коммерциялық құрылымдарда жұмыс істейді. Ал 6,1 пайызы саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың қызметкерлері,

Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мəслихатында Ұлттық кəсіпкерлер палатасының өкілдері Юрий Тілеумұратов пен Жібек Əжібаева шағын жəне орта бизнестің ойдағыдай дамып жатқанын айтты.

Шаєын жəне орта бизнес заѕмен ќорєалады Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».

Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында шағын жəне орта бизнесті дамытуға қатысты тапсырмалардың қалай орындалып жатқанына тоқталған спикерлер, қазіргі көрсеткіштердің көңіл қуантатынын жеткізді. «Елімізде шағын жəне орта бизнесті дамыту ісі дұрыс жолға қойылған. Нақты санға жүгінсек, өткен бір жылдың өзінде жаңадан ісін бастаған кəсіпкерлік 30 мыңға көбейіпті. Рас арасында толыққанды жұмыс істей алмай жатқандары да бар. Десек те, саладағы өнім көлемінің ұлғаюы мен еңбек өнімділігінің артуы ойдағыдан жақсы. Егер осы қарқынмен алға жылжысақ, 2030 жылға қарай ішкі жалпы өнімнің 40 пайыздан астамын шағын жəне орта бизнес қанағаттандырады деген үміт бар», деді Ю.Тілеумұратов. Отандық өндірушілердің тауарын саудада өткізу шарасы да əңгіме өзегіне айналды. «Елдегі тауар өндiрушiлердi қолдауға орай «Қазақстанда жасалған» акциясы аясында біздің палата мен Ұлттық экономика министрлiгi бiрлесіп, өңiрлiк палаталар мен жергiлiктi атқарушы органдарды қатыстыра отырып тиімді iс-шаралар жоспарын дайындадық. Онда кəсiпкерлер палатасы мен жергiлiктi атқарушы органдардың ұйымдастырушылық қызметi анық

көрсетілген», деген Ж.Əжiбекова отандық тауарларды тұтынушылармен де кешендi жұмыс жүргiзу керектігін айтты. Оның сөзіне қарағанда, бүгiнгi күнi тұтынушыларды бəрі ұмытқан сияқты. Олармен ешкім арнайы жұмыс істемейді. Тек соңғы кездері осы бағытта түрлi акциялар мен байқаулар жоспарлана бастаған. «Мысалы, бұдан былай тұтынушылардың берген бағасы негiзiнде жылдың үздiк тауарын анықтаймыз. Онда тек жергiлiктi атқарушы органдарды, мемлекеттiк ресурстарды ғана емес, сондай-ақ, жастарды да мейлiнше көп тартамыз. Қазiр «Қазақстанда жасалған» акциясын қолдау мақсатында үлкен форум өткiзуге дайындалып жатырмыз», деп қорытты ол сөзін. Брифингте Ресей тауарларының тым арзандауынан болған отандық нарықтағы келеңсіздік те назардан тыс қалмады. Атап айтқанда, соңғы кездері Ресей нарығының тұрақсыздығы нəтижесінде сұранысы жоғары халық шаруашылығы тауарлары мен азық-түлік өнімдеріне баға күрт құлдырады. «Бұл жағдай біздің ел экономикасына да өз ықпалын тигізбей қоймайтыны белгілі. Осы ретте біз отандық кəсіпкерлерімізге тиісті деңгейде қолдау көрсетуіміз керек. Ондай көмек болады. Тек, заң аясында ғана. Яғни, арнайы заң қабылдау арқылы шағын жəне орта бизнестегі кəсіпкерлерді қолдап, қорғау жұмыстарын біз осы күндері қолға алдық», деді Ж.Əжібаева.

5,1 пайызы басқа кəсіп түрлерімен айналысады. Қазіргі кезде күнтізбелік жоспарға сəйкес сайлау алдындағы үгіт кезеңі басталды, ол 27 наурызда сағат 24.00де аяқталады. Сайлау болатын күннің алдындағы күні жəне дауыс беру күні сайлау алдындағы үгітке тыйым салынады. 14 наурыздан бастап учаскелік сайлау комиссияларының үй-жайларында азаматтар сайлаушылар тізімдерімен таныса алады, ондағы өздері туралы мəліметтерді тексеруі мүмкін жəне қателер жіберілген жағдайда түзетулер енгізуді талап етеді. Сайлау науқаны қажетті қаржылық жəне материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз етілген жəне сайлау заңнамасының нормаларына қатаң түрде сəйкес жүргізіледі.

ХОЛДИНГ ЌОЛТЫЄЫНАН ДЕМЕГЕН (Соңы. Басы 1-бетте).

«Бəйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ 2013 жылы Елбасының Жарлығымен дүниеге келген. Негізгі мақсаты экономиканы дамыту мен əртараптандыруға, инвестиция тартуға, кластерлерді дамытуға, еншілес ұйымдарда корпоративтік басқару жүйесін жетілдіруге қолдау көрсететін холдинг Оңтүстіктегі фабрикаға бірінші рет қолдау көрсетіп отырған жоқ. «Oxy Textile»-дің басына төнген күн «Меланждың» құрамына кіретін екі фабриканы да сансыратып кеткен. Сол мақта-мата өндірісінде дайын өнімдерді шығаратын екі фабриканы да «Бəйтерек» Елбасының тапсырмасымен іске қосып кеткен еді. «Oxy Textile» аяғына нық тұрғаннан кейін жылына 6183 тонна дайын өнім алмақ ниетте. Бүгінде фабрикада тоқсаннан астам адам жұмыс жасап жатыр. Қуатына толық енгеннен кейін 270 адамға жұмыс орнын ашпақ. Сонымен, «Бəйтеректің» сая болуының арқасында тағы бір кəсіпорын қайта сапқа қосылды. Мұндағы қондырғылар халықаралық стандарттарға негізделген, өнімі де нарықтағы тайталасқа лайық. Қазірдің өзінде экспорт мəселесінде көрші Қытаймен келіссөз жүргізілуде. Қытай – алып мемлекет. Мақта өніміне сұраныс үлкен. Қажеттерін ашар болса «Oxy Textile»-дің айы оңынан туады дей беріңіз. Ал, кəсіпорын тоқтағанда үйінде амалсыз отырып қалған тоқымашылар тоқыма станоктарына қайта оралтқан Елбасына рақмет айтады. Өндіріс өркендесе Қазақстанның еңсесі биік, жүзі жарқын, азаматтарының келешекке деген сенімі зор. Оңтүстік Қазақстан облысы.

Бейсембай ЖЎМАБЕКОВ, «Ќазаќстан Республикасыныѕ Тўѕєыш Президенті – Елбасыныѕ кітапханасы» мемлекеттік мекемесініѕ атќарушы директоры:

Біз ќазаќстандыќ жолдыѕ жылнамасын жазамыз

2014 жылдың 13 наурызында Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесінің кейбір мəселелері туралы» Жарлыққа қол қойды. Арада өткен бір жылда атқарылған шаруалар мен алдағы мақсат-міндеттер жөнінде аталған мекеменің атқарушы директоры Бейсембай ЖҰМАБЕКОВПЕН əңгімелескен едік. – Бейсембай Қуанышұлы, Қазақстанда президенттік кітапхана жасақтауға не себеп болды? Мұндай мекемелер басқа қай елдерде бар екен? – Мұндай мекемелер АҚШ, Ресей, Əзербайжан секілді президенттік бас қару билігі қалыптасқан мемлекеттерде ой дағыдай қызмет етуде. Атақты көшбас шылардың саяси мұрасын сақтау жəне дамытуды көздейтін өзара ұқсас ұйымдар Франция, Түркия сынды ел дерде де бар. Президенттік кітапханаларда жинақталған зияткерлік капитал мемлекетті басқару ісі жөнінен елдің келешек басшылары үшін, саяси қайраткерлері үшін бағдарламалық өсиетке айналады. Нақ осы оң тəжірибе Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасын жасақтауға себеп болды. Басқа мемлекеттердегі бұл тектес орталықтардың қоғамдық қызмет аясы бір ғана саяси қайраткердің мұрасын сақтаудан əлдеқайда ауқымды. Сондай-ақ, ол ұйымдар қоғамның маңызды құбылысы, мемлекеттік болмыстың теориялық тұғыры іспетті. Олар жас ұрпақты ұлттық құндылықтар рухында оқытыптəрбиелеу үшін беделді платформалар міндетін атқарып отыр, ғылым мен мəдениеттің, қоғамдық ой-пікірдің дамуына ықпал ете алады. – Елбасы кітапханасының өзге елдердің осы тектес институттарынан қандай айырмашылығы бар? – Айырмашылығы мейлінше айтарлықтай. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының» басты ерекшелігі – қазіргі биліктегі Мемлекет басшысының орталығы екендігінде. Президенттік кітапханалардың тарихында мұндай жайт тек АҚШ-та ғана, оның өзі бір-ақ рет орын алды. Онда билік басында отырған кезінде президент Франклин Рузвельт өзінің президенттік орталығын жасақтады. Соның негізінде кейін оның есімімен аталған кітапхана-мұражай бой көтерді. ХХ ғасырдың бірінші жартысында бұл орталық президенттік кітапханалар мен музейлер торабын түзудің америкалық дəстүріне жол салды. Елбасы кітапханасының міндеті кі тап ханалық-мұрағаттық немесе экс позициялық-көрме қызметімен шектелмейді. Оның өзекті бағыты – Президенттің жұмыс кестесін ғылымиталдамалық жағынан сүйемелдеп отыру, сондай-ақ Мемлекет басшысының стратегиялық бастамаларын қолдау мақсатында идеологиялық жəне қоғамдық іс-шаралар атқару. Жалпы алғанда, Кітапхана – президенттік орталық секілді, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күнделікті қызметінің сенімді тірегі. – Яғни, Елбасы кітапханасы – кітапханалық-мұрағаттық іс пен ғы лыми ақыл-ойдың тоғысқан жері ғой? – Дəл солай. Ол əдеттегі кітап қой ма сынан əлдеқайда ауқымды ұғым ды білдіреді. Тұңғыш Президент кітапханасының негізгі жұмысы өзекті-өзекті бес бағыттан тұрады. Олардың ішінде Мемлекет басшысының мұрағаттық құжаттарына қолжетімділік туғызу үшін электрондық инфрақұрылым жасақтау жайы қарастырылған. Президенттің жеке кітап қорын дамытудың жөні бөлек. Нұрсұлтан Назарбаев қызметіне кең ауқымдағы мемлекеттік мəселелер жөнінен талдау жасап отыру, қоғамдық іс-шаралар ұйымдастыру, ағартушылық жұмыстары назардан

тыс қалмайды. Өзімізбен бауырлас ұйымдармен, əлемдік жетекші ғылыми орталықтармен тəжірибе алмасу мақсатында халықаралық қарымқатынастар орнатуға мəн береміз. – Кітапхананың ресурсы жөнінде айтып өтсеңіз, мəселен, кітап қоры қанша дегендей... – Қазіргі кезде Елбасы кітапханасында 40 мыңнан астам еңбек сақтаулы. Олардың ішінде əлемдік əдебиет пен ғылыми ізденістердің таптырмайтын жауһарлары жеткілікті. Бұл жинақтардың барлығы келешекте Тұңғыш Президент Кітап ханасы орналасқан «Назарбаев орталығында» зерттеу мен шұғылданбақ ғалымдарға қолже тімді болады. Қазір біз болашақ оқыр мандарға жағдай жасаумен айналысудамыз. Айтпақшы, біздегі оқырмандар залынан АҚШ конгресі, Оксфорд жəне Кембридж университеттері электрондық кітапханаларына, Ресей мемлекеттік кітапханасына қол жеткізуге мүмкіндік бар. Оқырмандарға жалпы саны 13,5 миллион басылым қолжетімді. Мемлекет басшысының Кітапханадағы жеке мұрағаты туралы да кеңінен əңгімелей аламыз. Мұнда 500-ден астам фото, видео, дəстүрлі құжаттар жəне Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен саяси қызметіне қатысты жəдігерлер саны жүз мыңнан кем емес. Бұлардың арасынан мемлекет басшылары мен олардың ресми өкілдерінің сыйлықтары, Президенттің өз қаражатына алынған өнер туындылары жəне тарихи мəні зор құндылықтар табылады. Тақырыптық тұрғыдан мұқият зерделенген əрі талғаммен таңдалған осынау топтамалар – келушілер үшін тəуелсіз Қазақстанның негізін қалаушысының өмір жолымен, қызмет барысымен жете танысуға зор мүмкіндік. – Кітапхананың алғашқы жұмыс жылында не істелді, қандай ісшаралар өткізілді? – Кітапхананың ресми ашылуы Мем лекет басшысының қатысуымен 2014 жылдың шілде айында өтті. Бұл оқи ғаның алдында ұйымдастырушылық-материалдық жəне техникалық мəсе лелерді шешуге бағытталған үлкен жұмыстар атқарылды. Жаңа құрылымды түзу үдерісінде мұндай шаралардан айналып өту мүмкін еместігі түсінікті. Əлемге əйгілі ағылшын сəулетшісі Норман Фостер жобалаған Кітапхананың ресми таныстырылымынан көп ұзамай біз есігімізді, ең алдымен, жасөспірімдерге аш тық. Нақтырақ айтсақ, Кітапхана жанындағы «Кемел ел» жастар тəрбиесі орталығы Астананың жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Оқу озаттарына, зияткерлік жəне спорттық сайыстар жеңімпаздарына арналған шарада «Біздің Президент» деректі хикаясы таныстырылды. Бұл – тəуелсіз Қазақстанның жаңғыруы жəне оның Тұңғыш Президентінің тұлғалық рөлі туралы кітап. Еліміздің бүкіл аймағынан бес мыңнан астам ұстазды қамтыған «Əлемді өз гер тетін идеялар» тақырыбында республикалық «дөңгелек үстелдер» ұйымдастырылды. Осы атау аясында сонымен қатар республикалық конкурс өткізілді. Оның мақсаты – Тұңғыш Президенттің ойлары мен бастамаларын оқыту мен қолданудың инновациялық түрлерін анықтау. Тұңғыш Президент күні қарсаңында

өткізілген «Тұңғыш-Первый» кино апталығы бес мыңнан астам көрерменді қамтыды. Нұрсұлтан Назарбаевтың сөйлеген сөздерінің қазақ тіліндегі таңдамалы 7 томдығының тұсаукесер рəсімі – айтулы оқиға. Жинақта Мемлекет басшысының 1989-2013 жылдар аралығында сөйлеген аса маңызды тұжырымдамалық жəне бағдарламалық сипаттағы сөздері топтастырылған. Кітапхана қызметімен қазірдің өзінде еліміз аймақтарынан келген қонақтар мен шетелдік делегациялар танысып көрді. Олардың арасында Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев, Өзбекстан президенті Ислам Каримов, Фран ция президенті Франсуа Олланд, Монако князі Альбер ІІ бар. – Ілгерідегі бір сөзіңізде халықаралық əріптестеріңізбен қатынас орнатқандарыңызды айтып едіңіз. Бұл бағытта қандай нақты жобалар атқарылып жатыр? – Иə, халықаралық ынтымақтастыққа мүдделіміз. Былтыр, мысалы, Елбасы кітапханасы мен Эберт атындағы қоры арасында ынтымақ тастық туралы уағдаластыққа қол қойылды. Фр.Эберт – немістің демо кратиялық жолмен сайланған тұңғыш рейхс-президенті. Аталған қор қызметінің ғылыми-зерттеушілік жұмыстарға, білім беру жобаларына қатысты негізгі басымдықтары Тұңғыш Президент кітапханасымен үндес. Алдағы уақытта бұл ұйымдардың өзара қарым-қатынасы екі ел сарапшылар қоғамдастығы сұхбатына, Қазақстан мен Германия арасындағы байланыстарға жаңа мүмкіндіктер ашады деп ойлаймыз. Сондай-ақ, былтырғы желтоқсан айында Бейжің қаласында Қытай заманауи халықаралық қатынастар академиясымен ынтымақтастық жөнінде уағдаластыққа қол қойылды. Бұл академия – ҚХР-дың жетекші ақыл-ой ордасы. Қытайдың жоғарғы басшылық құрамын талдамалы ақпаратпен қамтамасыз ететін орталық – осы жер. Академия жаһандық жəне аймақтық мəселелерді, саясат, экономика жəне қауіпсіздік салаларындағы стратегияны зерделеумен, елдер мен аймақтарды зерттеумен айналысады. Мұның бəрі біздің Кітапхананың талдамалы жұмыстарымен үйлеседі. Өткен жылы кітапхана АҚШ, ҚХР, Жапония, Үндістан, Еуроодақ елдері, Орта Азия жəне Кавказдың 32 белгілі ғылыми орталықтарымен сындарлы қарым-қатынас орнатты. Ендеше жұмысымыздың алғашқы жылы кең ауқымды əрі жемісті болды деп айта аламыз. – Бүгінде Мемлекет басшысының қызметін түрлі қырлары бойынша зерттеумен отандық бірқатар ұйымдар айналысуда. Сондықтан жұмыстарыңызда өзара қайталау көрініс тауып қалмай ма? – Қызметтерімізде ешқандай да қайталау болмайды, сондай-ақ біздің арамызда ешқандай бəсекелестік те жоқ. Біз – бір-бірімізді өзара толықтырушы ғана құрылымдармыз. Мемлекет басшысының қызметін зерттеумен айналысатын отандық ұйымдардың əрқайсысы ұлттық дамуымыздың осынау маңызды бағытына ерекше əрі елеулі үлес қосып жүр. Қазіргі таңда жұмысымыздың барысында алдыңғы кезекке жаңа бағыттар шығып отыр. Оларды былайша санамалап көрсетуге болады: дамудың президенттік моделін жəне мемлекеттік басқаруды ізерлей зерделеу, Президенттің көп қырлы бастамаларын, жобаларын, ойларын еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуы тұрғысынан ұғыну. Бүкіл əлемде Қазақстанның барлық жетістіктері мен табыстары Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке тұлғалығымен байланысты қабылданады. Тұңғыш Президент кітапханасының міндеті де – қазақстандық жолдың жылнамашысына əрі Қазақстандағы президенттік институтты зерттеудің зияткерлік орталығына айналу. – Əңгімеңізге рахмет. Əңгімелескен, Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан».


13 наурыз

РДЕСІНДЕ Е З Р А Л Ы НА ЗИЯЛ

2015 жыл

«Заманына қарай адамы», «Заманың түлкі болса, тазы болып шал» деген нақыл сөздер ертеректе ащы мысқылмен айтылғанымен, бүгінгі нарық заманы адамының ой-өресіне дөп келетіндей. Халқымыздың талай арыстары аңсап, жете алмай кеткен тәуелсіздік заманы экономикадағы «нарық» атты қыспақпен тұспа-тұс келді. Өткен жиырма үш жылда осы аяусыз нарықтың қатал заңына жауап қатуға жаттығып, қоғамдық құрылысымызды қайта орнатып, қыруар нәрсені жаңадан үйренуге тура келді. Еліміз өзінің даму сатысында орасан қиындықтарды артқа қалдырып, елдің тұрмыс-тіршілік жағдайы жөнге келіп, егемендігіміздің іргесі бекіді. Қазіргі келіп жеткен жаңа халықаралық саяси-экономикалық дағдарыстың алдында да өзімізді біршама еркін сезініп отырғандаймыз. Бірақ, осы жетістіктердің ұзағынан сүйіндіруі және болашақтың іргетасын берік қалау үшін қоғамдық санада орын алған кереғар құбылыстарға зер салып, саралап отыру қажет деп ойлаймын.

Алдымен, өзіме етене жақын, осы күнге дейін ыстығымен біте қайнасып, суығына төзіп келе жатқан отандық ғылым саласындағы келеңсіздіктерге тоқталайын. Мысалы, еліміздің ғылым саласында жалған атаққұмарлыққа жол берілгені айқын. Бүгінде қоғамымызда ғылыми атақтардың «эмиссиясы» (құнсыздануы) орнады деуге болады. Ғылыми атақ-дəреже атаулы қадірінен айырылып, жарнама бизнесінің жалауына айналғандай. «Инемен құдық қазғандай» еңбек етіп, ғұмырын ғылымның сүрлеу жолына арнап, бар уақытын кітапхана мен зертханада немесе сынақ алаңында өткізетін, ұзақ жылдар бойғы толассыз ғылыми ізденісінің жемісі ретінде қол жеткізетін «ғылым докторы» деген атақтың құнын жоғалтып алғанымыз анық. Бұрын академик атағын иеленген тұлғалар ғылымда өз саласының дамуына қомақты үлес қосып, асқар таудай еңбек етіп немесе ғылыми ерен жаңалық ашып, ілуде біреу ғана қол жеткізетіндей жағдайда болса, қазір азынаулақ ғылыми еңбекпен-ақ «академик» атанып жүргендердің саны молайып отырғандығы таңғалдырады. Жалпы, еліміздің Ұлттық ғылым академиясы кеңес дəуірінен кейін қилы заманды басынан кешірді деуге болады. Қайта құрудың сойылы алдымен ғылым секілді нəзік салаға тигені де баршаға белгілі. Еліміздегі өндіріс алпауыттарының өзі айлап-жылдап жұмыскерлерін жалақысыз қалдырған, елді жаппай жұмыссыздық жайлап, көпшілік жұрт ала сөмкесін қолға алып, шағын саудаға бой ұрған, əркім өздігінше күнкөрістің қамына кіріскен, торығу заманындағы ғылымның халжағдайының аса мүшкіл болғандығы түсінікті. Қатардағы ғылыми қызметкерлердің орасан бөлігі ғылымнан жырақ кетіп, бірі шағын бизнестен орын тапса, кейбірі шетел асып, күн көрді. Осындай ауыртпалықты шақта еліміздің Ұлттық ғылым академиясы күрделі өзгеріске ұшырап, Ауылшаруашылық академиясымен біріктіріліп, Ғылым жəне жаңа технологиялар министрлігінің аясына берілді. Ұлттық ғылым академиясының мемлекеттің ғылым саласының аясында болуы көңілге үміт ұялатқанымен, бұл да ұзаққа созылмай, өз алдына бөлек ғылыми қоғамдастық болып бөлініп, өзінің қиын тағдырын жалғастырды. Еліміздің ғұлама ғалымы Қаныш Сəтбаев негізін салған ғылым ошағы – Ұлттық ғылым академиясы өзінің құлдырау кезеңін басынан өткізді, еліміздің іргелі ғылымында дағдарыс орнағандығын мойындауға мəжбүр болған едік. Ғылым саласы ел өмірінің айнасы секілді, кейін ел экономикасы өрлеу кезеңіне бас қойып, ғылымның қаржыландыруы ұлғайған шақта ғылымға жастар ағылып келе бастап, ғылым саласының арнасы да кеңейіп, жемісін иеленген заманға да қол жеткіздік. Бірақ кезінде еліміздің ғылым саласының басына түскен тауқыметтің салдары ғылыми атақтың құнсыздануына жол берудің басты себебі болғандай. Басында Ұлттық ғылым академиясының 80-дей ғана академигі бар еді, кейіннен, академиктер мен корреспондент-мүшелердің деңгейі теңестіріліп, академиктердің саны 400-ден асты. Ал бертін келе, «академик» атағын қолдан жасап алатын жағдайға жетуімізге байланысты, құнсызданып кеткені соншалық, «саны көп, сапасы жоқ» құр көрсеткішке айналғандықтан, қазіргі шамасы да белгісіз. Еліміздің егемендік алған бастапқы жылдары өзім сыйлайтын бірнеше көрнекті тұлғалардың «Нью-Йорк академиясының академигі» деген атақты иеленіп жүргендігінен хабардар болып, жалпы мұндай академияның бар екендігін естіп көрмеген басым, мəн-жайын сұрастырып көрсем, бұл атақты иелену үшін сексен доллардай жарғылық төлем жасау қажет екендігін біліп, қайран қалып едім. Ал қазір бұл жайт ешкімді таңғалдырмайтын күйге жеттік. Самсаған «күмəнді» академиялардың саны көбейгелі қашан. Əлемге аты əйгілі ғылым мен білім ордаларының атына жұрнақ жалғап алып, жалған атақ-дəреже тарату кəсібі көркею үстінде, олардың көпшілігінің ғылымға ешқандай қатысы жоқ, түрлі əуестік бағытында аулада құрылған үйірмелер тəрізді. Менің атыма поштамен «Америка биографиялық институты» атты ұйымнан 2011 жылы «ХХІ ғасырдың ғұламасы», «Ғылым үздігі-2011» деген атақтардың тағайындалғаны туралы хабарлама келіп түсті, бұл не деген «батпан құйрық» деп оқып қарасам, соңғы жағында медалі, сертификаты, тағы сол секілді қосымшаларымен, бұл атақтардың бірінің құны мың доллардай сомаға шағылып, бағаланған прейскуранты қоса салынған екен. Атыма арнайы келген, аты даңғазадай, осындай «тағайындалғанның» жалпы саны оннан асқан, ішінде Еуропалық Бизнес ассамблеясының (Оксфорд, Ұлыбритания) «Ғылымдағы есім» атағы бар (халықаралық Сократ Комитетінің тапсырысымен деген желеумен). Тек жолсапар, қонақжай шығынын, медалі мен орденін, дипломын əзірлеу құнын өзің көтерсең болғаны, батыстың жалған «атақсымағының» салтанатты қошеметпен тапсырылуына қатысып, қалауыңша күмпиген атақтың «қадірменді» иегері болып шыға келесің. Көбінесе, батыстық «əріптестеріне» ресейлік компаниялардың делдал болып жүргендігін, ғы лымды бизнестің көзіне шебер айналдыра алатындығын, соңғы уақытта жалған атақ-дəреженің құны бас-аяғы 7000 еуроға шағылғандығын да естимін.

қорғап үлгеретіні белгісіз, бірақ, қазір ішінде «ғылым докторы» деген атақты қанжығасына байламағаны кемде-кем. Шығарып жатқан кітаптары жоқтары да табылады. Осы жағдайға байланысты соңғы кезден келтіретін оң мысалдардың саны саусақпен санарлық қана. Еліміздің мемлекеттік басқару саласында лауазымды қызмет бабында жүрген тұлғалардың бірі – Мұхтар Құл-Мұхаммед ғылымда тікелей еңбек етіп, ғылым докторы атанып, осыдан кейін ғана басқару саласына бет бұрғаны белгілі. Осы секілді азаматтың бірі Əлихан Бəйменовтің өмірбаянын оқысам,

ҚҰНДЫЛЫҚТАР ҚҰЛДЫРАУЫ єылымдаєы арзан атаќќўмарлыќ ауруына апарып соќтыруда

Коллажды жасаған Амангелді ҚИЯС.

Төрегелді ШАРМАНОВ.

www.egemen.kz

ЗАМА

Осындай бизнеске бейімделген «академиялардың» пошта жəшіктеріне салып тарататын жарнама қағаздарына сəйкес, жарғы-төлемі үшін ұсынатын жалған «атақсымақтарын» маңғазданып, иеленіп жүргендер де ортамыздан мол табылады. Құдайға шүкір, мұндай ұсыныстарды ешуақытта қабылдаған емеспін. Шынтуайтына келгенде, аталған келеңсіз көріністер адамның өз басын сыйлауды ұмытқандығын былай қойғанда, айлакерлік бизнеске қолдау көрсетумен тең. Оңай пайда табуды көздеген «іскерлер» атаққұмарлық секілді адамның пендешілікке бас ұратын, осал тұстарын тауып, табысқа кенелгендей, ал бұл жайт жаппай індетке айналып, қоғамдық сананың арнасын теріс бағытқа əкетуде. 1982 жылғы Америкаға барған алғашқы сапарымның бірі осы атаққа байланысты бір оқиғасымен есімде қалып еді. Техастағы ғалым досымның арнайы шақыруымен жолға шыққан болатынмын, ұшу кестесі өзгергендіктен бе, ұшақтан түскен бетімде қарсы алушылармен бірден кездесе алмай қалдым. Шақыру құжаттары багаждағы портфелімде қалған, енді аэропорттағы залға өтуім қажет, білетін азын-аулық ағыл шыншамды салып, алдымды бөгеген полицияға: «Шақырумен келген академикпін» дедім. Сөйтсем, полициялық түнерген қалпынан еш өзгермейді, сөзімнің, тіпті, ешқандай əсері болмады. Мен осы сəтте қалған ағылшыншамды жинап: «Мен дəрігермін» дедім. Полициялықтың бірден түрі өзгеріп, жүзі жылып сала берді. Постыға барып, «бұл дəрігер, жіберіңдер», деп бөгелген жолымды ашып, құрмет көрсеткен еді. Бұл жайт олардың қоғамында «аты бар, заты жоқтың» бұрыннан-ақ қалыптасқандығын көрсетеді. Біз де көп ұзамастан, солардың кебін кидік, нəтижесінде, қазір көбінесе, «академик» деген атақты есіміме қосып айтуға ұялатын дəрежеге жеттім. Ғылымда жарты ғасырдан асатын уақыт бойы үздіксіз еңбек етіп, иеленіп келе жатқан абыройыма нұқсан келетіндей болып көрінеді. Жалған жарнамашылықтан орасан пайда түсіруді кəсіп еткен осындай транс-атлантикалық компаниялардың «үлгі-өнегесін» отандастарымыз да үйрене бастаған. Оның мысалы, 2013 жылы біздің академиямызға Ұлттық бизнес-рейтинг бойынша «Саланың үздігі-2013» атағына ұсынылғанымыз туралы хат келді, аты естілмеген ұйымдардан тұратын сала құлаш тізімді алға тартқан. Ең қызығы, бұл сайысқа қатысудың жəне түрлі атақ-медалін иеленудің құны жағынан олар америкалық «əріптестерінен» асып түседі екен. Отандық «іскерлеріміз» жеке тұлғадан емес, корпоративтік тұрғыдан жалған-рейтинг арқылы

табысын молайтуды ұйғарып, «тапқырлық» танытқандай. Осыған ұқсас істің бірі «Кімнің кім екендігі» («Кто ест кто») атты еліміздің көрнекті тұлғаларына арналған кітаптың шығарылуы. Атышулы кітапты қолыма алып, қарап шыққан кезде оған енгізілген адамдардың тізімінің алақұлалығы бірден көзге шалынды, кітапқа əр саланың майталмандарымен қатар елге қандай еңбек сіңіргені белгісіз жандар қатар енгізіліпті. Еліміздің ғылымында өз саласының ауыр жүгін сүйретіп, алға алып шыққан, ұшан-теңіз еңбек сіңірген жандарды еңбегін салыстыруға да келмейтін адамдармен бір қатарға қою – ар алдында ұят іс емес пе? Əрине, «өнерге əркімнің де бар таласы» деген, көсілтіп кітап шығару қазір өнерге айналғанымен, ғылым-білім саласына қатысты мұндай ала-құлалықты – əділетсіздіктің шыңы деп білемін. «Бизнестегі табыс» атты заманауи сайыстың жүлдегерлері қатарында да көбінесе, көпшілікке белгісіз, жаңа есімдерді байқаймыз. Кеше құрылған бизнестің бүгінгі «майталманы» болып шыға келу де – күмəні мол көрініс. Шынайы атақтың орнын ақша-атақ басқан, қадірі қашқан заманның бірінде өмір сүріп отырғандаймыз. Жалған атаққа ие болып жүрген жарандардың өзгемен қатар өздерін алдап жүргендерімен ісі де жоқ болғаны ғой. Бұл жайттар бүгінгі өмірімізде «тəтті өтіріктен ащы шындық артық» деген ұғымның қоғамдық санадан алыстап бара жатқандығын көрсетеді. Өмірдің мəнін құрайтын, мамандықтың шынайы шебері болуға ұмтылыс секілді дəстүрлі жəне қоғам үшін пайдалы үрдістің кешегі күннің еншісінде қалуы – қынжылтатын көрініс. «Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам» деген, бұл аласапыранның соңы еліміздің ғылымын қандай қайраңға апарып соғары белгісіз. Ересектердің осындай үлгі-өнегесін көріп өскен, «ақ пен қараны» айырып үлгермеген, жаһандану заманының «пепси-ұрпағы» атанған жастарымыздың санасы қауіпті үрдіске батып, улануға ұшырап жатқандығы айқын. Шынайы ғылым туралы жаңсақ пікір қалыптастырған жастарымыз болашақты қандай жетістіктерімен қарсы алмақ? Ғылымға «үш қайнаса сорпасы қосылмайтын» адамдардың есімдеріне ілеспе етіп, ғылыми атақ-дəреже қосып алатынды əдетке айналдыруы бүгінгі күннің көріксіз келбеті. Мысалы, билік органдарында жауапты қызмет атқарған қызметкерлердің жұмысбастылығы баршаға аян, сонда олардың қай уақытта мəні зор ғылыми диссертация жазып, оны қай уақытта

қатардағы ғылым кандидаты екен, оның өзін бастапқыда ғылыми институтта еңбек еткен кезінде иеленген. Бұл азаматтың атқарған биік қызметінде жүріп, мысалы, облыс əкімінің орынбасары болған кезінде, ғылым докторы дəрежесін алуға мүмкіндігі жеткенімен, арұятының жібермегені түсінікті. Көп жалғанның арасынан «ат төбеліндей» шындық тапқандай сезімде болдым. Осы орайда, оқырманға өз өмірімде орын алған тағы бір жайтты айтқаным дұрыс болар. Мен Кеңес заманынан бері Ресей медицина ғылым академиясының толық мүшесі болғандығыма сəйкес академияға шетелдік мүшелерді енгізуге құқығым бар, осыған байланысты еліміздің бір азаматы жалынып, өтінуіне орай Ресей медицина ғылымы академиясына шетелдік мүшесі ретінде қабылдануына ықпал еттім. Ал қазір қарасам, өзін осы академияның толық мүшесі ретінде санайды, айтылған екі атақтың арасындағы жер мен көктей айырмашылықтың қалтарыста қалатындығын қоспағанда, Ресей медицина ғылымы академиясының есігін де ашпаған жанның көрер көзге күмпиіп, осы академияның академиктерімен «терезесін теңестіріп», «жейдесіне сыймайтындай» күйге жетіп-артылғандығын көргенде, осы жайт үшін əрдайым көңіліме ыңғайсыздық сезімі ұялайды. Соңғы кездегі ғылым менеджментінде орын алған жақсы жаңалық – жоғары «Phd» дəрежесін иелену үшін міндетті түрде докторантураны тəмамдау қажет. Осындай тосқауылды жағдай ғана ғылымдағы жаппай дəреже құмарлыққа деген тəбетті азайтып, жалғандықты жоюға апарады деген үміттемін. Жалған атаққұмарлықтың ұлтымыздың болашақтағы қарымына қайшы нəрсе екендігі түсінікті. Жалғандық жайлаған қоғамдық санаға

7

шынайылық сипат беру уақыт өткен сайын күрделеніп, шиеленісе түспек. Қазір қоғамда тағы бір көңілге көлеңке ұялатар жайттың бірі – «жазылмаған заңға» айналып бара жатқан, індет секілді таралған көрініс – жаппай тойқұмарлығымыз. Дарқандықтың да шегі бар, «ас та төк» етіп жайған үстелдерінің арасында көлік қатынайтындай, даңғаза той жасаудың тіпті, жалпы ел көлемінде экономикамыздың дамуына тигізетін зияны зор. Бұрын мерейтойлар 60 жастан бастап өткізілетін еді, қазір жалпы «мерей» ұғымы жасарған сыңайлы, себебі, 40-50 жастық мерейтойлардың ауқымды түрде тойлануының жиі куəсі болып жүрміз. Жыл сайын елімізде мыңдап өткізілетін тойлардың атрибуттарының алуан түрі мен бағалы сыйлықтарының мол көлемі халықтың басым көпшілігінің жалақы мен зейнетақыға қараған, сын көтермейтіндей хал-жағдайына сай келмейтіндігі айқын. Ата-аналардың балаларының үйлену тойын жасау үшін пəтерін жалға қойып, банктен қарыз алуға дейін баратындығы, ал кейін пəтерінен айырылып қалатын жағдайлардың да кездесуі – бүгінгі өмірдің ащы шындығы. Бұл біздің өмірімізде қоғамдық сананың жеке адамның санасын билейтіндігінің айқын мысалы, сондықтан, алдымен, қоғамдық сананы дұрыс бағытқа бұруымыз қажет. Жуық арада қалыптасып үлгерген жаппай тойқұмарлық, астамшылық, ысырапшылдық əдетіміз қоғамдағы қайшылықтың айнасы тəрізді, бұл жағдайдың кім үшін пайдалы екендігі мүлде түсініксіз. Қаншама еңбектің жемісі зая кететіндігін ойлауға мұршамыз қалмаған, эстафета жарысында жүгірген спортшыларға ұқсаған сыңайлымыз. Озық білім, жоғары мəдениет, үлгілі еңбек тұрғысынан өзара бəсекелестікке түсу ойымызға келе бермейді, ал тойға келсек, бəсекеге бел шешіп түсетініміз неліктен? Осы тойқұмарлыққа ұқсас көріністің бірі – қазір елімізде шетелдік өкілдерді арнайы шақырумен, мемлекеттің жəне жеке компаниялардың қаржылары молдап шығындалатын, түрлі тақырыптағы халықаралық конференцияларды, жиындарды өткізуді əдетке айналдырдық. Тіпті, Елбасының өзі осы жөнінде ескертіп, араласуына тура келді. Ал осы шетелдік өкілдердің осы конференция-жиынға сіңірген еңбегі туралы, елімізге қандай нəтижелі еңбегі арқылы келуіне қатысты, ең бастысы, келуінің барысында қандай тəлім-тəрбиелік нақты іс атқарғандығы жөніндегі ақпаратты, көбінесе, біле бермейміз, құр «шетелдік қонақ» деп дəріптеп, шапан жауып, сый-құрмет көрсетіп, шабылуды салтқа теңейміз. Осы орайда жұмыс бабындағы «қатаң этикет» деген ұғымды жаңадан оқып-үйреніп, ресми тəртіп тұрғысынан шектеу қойып, тіпті, тыйым салу да қажет болар, бұл шаралардың қазына қаржысын үнемдеуге септестігін тигізері сөзсіз. Дегенмен, бұл жағдайға қатысты еліміздің медицина саласында оң сипатты мəселелердің де орын алып отырғандығын айтып өту қажет. Қазіргі кезеңде еліміздің медицина саласының мамандары шетелдік əріптестермен бірлесе отырып, көптеген күрделі трансплантологиялық операцияларды жүзеге асыруда. Мысалы, Алматыдағы қатардағы №7 қалалық аурухананың трансплантология бөлімшесінің құрылған алғашқы жылдың (2012 ж.) өзінде бүйрек алмастыру бойынша 28 операция, сол уақыттан бері бауыр алмастыру бойынша 9 операция жасалған. Кəсіпқойлықты шыңдау тұрғысында алыс-жақын шетелдік серіктестермен «Шеберлік сыныбы» аясында ынтымақтастық еңбек ету ешқандай даңғазасыз, қарапайым жұмыс кестесінің шеңберінде өтеді. Бұл шаралардың адам өмірін сақтауға қатысты пайдасының ұшан-теңіздігі айтпаса да түсінікті. Тарихтан мерейтойларды тəрбиелік мəнді түрде атап өтудің мысалын келтіруге болады. 1937 жылы орыстың ұлы ақыны Пушкиннің 100 жылдық мерейтойы қарсаңында ақынның шығармаларының жинағы орасан таралыммен шығарылып, қияметі мол сол жылдары халыққа тірек болғандығы баршаға аян. Біздің де халқымыздың бас иетін дана тұлғалары, ойшыл-ақындары Абайдың, Жамбылдың мерейінің құрметіне арнап мыңдап киіз үй тігіп, ат шаптырып, бəйгеге бағалы сыйлық тігіп, той-думан өткізудің орнына шығармаларының жинағын мол таралыммен халық арасында таратып, əр отбасында дəріптеу шараларын ұйымдастырсақ, халқымыздың мəдениеті мен ой-өресін көтеруді арман еткен осы əзіз тұлғалардың үндеуі өскелең ұрпақтың көңіліне жетіп, көпшілікке бір мезгіл терең ой түсіп, ұлттық санаға үлес қосатын келешекті іс болар еді. Кейінгі тəуелсіздік алған жылдарымызда дəстүрге айналған «Əуезов оқуларын» ұлы Абай жолының басты дəріптеушісі, классик жазушымыз Мұхтар Əуезовтің зердесі мол əдеби мұрасының халық арасында кеңінен тарай бастауына септігін тигізген, осы арқылы ағартушылық мақсатты көздеген, зиялылық ұшқынындай, сирек заманауи шара ретінде ауыз толтырып атауға болады.

Бүгінгі заманымыздың белгісіне айналған қынжылысты көріністердің шығу себебі – құндылықтардың құлдырауы болса керек. «Еңбек түбі – зейнет», «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген халқымыздың дана сөздерін өскелең ұрпақтың құлағы қазір шала бермейді, жас ұрпаққа осындай тағылым беретін үлкендер саны да азайып бара жатқандай. Бір сөзбен айтқанда, «жеңілдің астымен, ауырдың үстімен» ғана жүретін, мамандығының қыр-сырына үңіліп, үйренуге тырыспайтын, саяз ойлы, тоғышар ұрпақ тәрбиелеп жатқандаймыз. Құндылықтардың бүгінгі құлдырауы ертеңгі күнге қазылған ормен тең. Болашақта опық жегізбес үшін қоғамда қазіргі қалыптасқан жөнсіз-жосықсыз мінез-құлықты, зия нды әрекеттерді жою жолында қоғамдық күштерді жұмылдырғанымыз жөн. Халқымыздың болашақта өркениет көшіне ілесіп, ілгері дамуы үшін өзгені де, өзімізді де сыйлай білетін, ішкі-сыртқы мәдениетімізді танитын уақыт жеткендей.


8

13 наурыз

АН МАҒР Л Ы АШ РАЛДА А

www.egemen.kz

2015 жыл  Тылсым

З

Åñê³ êîðûì YÑÒ²ÍÄÅò ÌÎÍØÀ -

ЕРДЕЛІ оқушы жерде қалмайды. Мұны білгендіктен аталарымыз бұрын да көп айтқан. Мəселен: «Оқысаңыз, балалар, шамнан шырақ жағылар», деп кезінде Ыбырай атамыз айтып кеткендей, өнер де, ерлік те, байлық та, елдік те осы бір шынайы білімде ғана екенін қазіргі жастарымыз бес саусақтай түсініп болды. Бұған көз жеткізерліктей елімізде асқан амалдар да жасалды. Əсіресе, тəуелсіздік алғалы бері еліміздің небір қиын да, алынбас белестерді еңсергені белгілі. Ал мұның бəрі Елбасымыздың сара саясатының жетістігі екені даусыз. Оның ішінде Президенттің тікелей араласуымен құрылған Назарбаев интеллектуалды мектептерінің көмегі, жастарға берер азығы теңдесіз екенін Қазақстан түгіл, əлем мойындап үлгерді. Оған дəлел көп. Соның бірі ретінде қазіргі күні АҚШ-тың Вест-Пойнт əскери академиясында оқып жатқан Батыс Қазақстан облысының тумасы Мақсат Нұғымановтың бірқатар жетістіктерін атар едік. Иə, Мақсат Нұғыманов Астана қаласындағы Назарбаев интеллектуалды мектебінің түлегі. Ол оны 2011 жылы ойдағыдай бітіріп шыққан. Содан үздік те, талантты жастың қадамы одан əрі ашылып сала берді. Дарынды бала АҚШ Конгресінің ұсынысы бойынша осы елдің үкіметі жыл сайын тағайындайтын 14 шетелдік гранттың біріне ие болды. Онда да анау-мынау емес, АҚШ-тың Нью-Йорк штатында орналасқан аты жер жаһанға кеңінен жайылған – Вест-Пойнт əскери академиясының курсанты атанды. Ал мұнда оқу үшін жоғарыда айтқанымыздай, өзіне берілген құқық шеңберінде

WEST POINT əскери академиясы Оның тұңғыш қазақстандық кадеті Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан».

Конгресс ғана АҚШ-тың мемлекеттік қазынасынан бір грантқа 450 мың доллар қаржы бөлуге келісімін береді екен. Бұл кез келген адамға оңайшылықпен қол жеткізе қоймайтын белес екені белгілі. Өйткені, АҚШ бұл грантты «мə ала қой» деп көктен тастай салмайды. Оны жеңіп алу қажет. Сөйтіп, ол жолдама көптің ортасында таласқа түсті. АҚШ-тың əлемге мəшһүр Вест-Пойнт əскери академиясының курсанты атануға кімнің ықыласы аумады дейсіз. Бəрі қызықты, армандады. Алайда, мықтылардың мықтысы ғана жарты миллионға жуық доллар тұратын грантқа қол жеткізе алады. Демек, солардың ішінен бірі де, бірегейі атануы үшін «сен тұр, мен атайын» дейтін ылғи сайыпқыран озықтармен сынға түсуі тиіс. Олай дейтініміз, мұнда тек Қазақстаннан ғана емес, əлемнің 50 елінен білек түріп келген небір білімділер мен сайдың тасындай іріктелген жас қырандар болды. Сондықтан жоғары əскери оқу орнына таңдау мен қабылдау өте қатаң халықаралық бəсекелестікте өтті. Іріктеу барысы үміткердің тек білім деңгейімен ғана анықталмағаны белгілі, мұнда ең бастысы адамның мықты денсаулығы мен күш-қуатының орасан жəне спорттың қандай да бір түрінен дəрежесі де болуы керек еді. Осы талаптардың барлық үрдісінен Мақсат бауырымыз табыла білген екен. Сөйтіп, өзгелерге алынбас қамалдай болып көрінген асуға еркін шығыпты. Əрине, мұндай биік белеске қазақстандық жастың батыл да, сəтті қадам жасай алуына, ең алдымен жоғарыда айтқанымыздай, оған Назарбаев интеллектуалды мектебінің көмегі зор болса, екіншіден, өзінің қайтпас-қайсар, таудай күш-жігерінің арқасында сыннан сүрінбей өтті. Ол өзі жастайынан спортпен барын сала айналысқан. Соның арқасында кекушенкайкаратэ бойынша қарсыласқанның қарымын қақырататын «қара белбеу» дəрежесіне қол жеткізді. Оның үстіне ол аталған мектепте үздік оқып қана қоймай, белгілі бір пəндер бойынша оза шауып, озық атанды. Оқушылар арасында физика, математика бойынша Кипрде өткен халықаралық олимпиаданың жүлдесіне ие болды. Зор дайындық арқасында өз күшімен осындай үлкен жетістіктерге жеткен ол əлем бойынша көптеген қатарластарының арасынан суырылып шығып, Назарбаев интеллектуалды мектебінің түлегі деген атты аспандата түсті. Иə, зерделі жас жерде қалмайды деп жоғарыда айтып өткеніміздей, ең алдымен Назарбаев интеллектуалды мектебіне зерек жастардың

қабылданатынына айрықша назар аудару қажет. О бастағы алғырлығымен дараланып оқыған дарынды жас зымыран қуатындай жарылыс жасар білім жиып, айға аяқ басар деңгейге жетеді. Сондықтан бұл мектепті бітірген жастың қай-қайсысының болмасын əлеуеті зор болып шығады. Ендеше, туған Отаны ертеңгі күні қиянға қанат сермер қыранының топшысын қатайтып, бар жақсысын аузына тосқан азаматы ел үмітін сөзсіз ақтайтыны да анық. Жақында ол аз күндік демалысында елге келіп, Батыс Қазақстан облысының əкімі Нұрлан

Ноғаевпен кездесті. Облыс əкімі Назарбаев интеллектуалды мектебінің зерделі түлегіне тілек білдірді. Міне, бүгінде Мақсат Нұғыманов аталған академияда ойдағыдай білім алып жатыр. Оны енді аяқтайтын уақыты да жақындап қалды. Құдай қаласа, үстіміздегі жылдың мамыр айында академияны бітірісімен оған əскери мамандықпен қатар, инженер-зерттеуші деген азаматтық мамандық та қоса беріледі. Сөйтіп, ол өзі қалаған бағытта алған білімін əрі қарай жүзеге асыра алады. Ал қазіргі уақытта мұндай мамандардың қазақстанда қат екендігі айтпаса да белгілі. Сондықтан озық елдердің үлгілі ілімі мен айтулы тəжірибесін алып, жақсысы мен пайдалысын ел ісіне жарата білсе, артық етпейді. Бұл айтқандарымыздың орындаларына сенім зор. Өйткені, мұхиттың арғы жағынан қандасымыз туралы келіп жатқан жетістіктер көңіл қуанта түседі. Таяуда ғана Мақсат Нұғыманов математика саласында көрсеткен керемет жетістіктері үшін оны Pi Vu Erpsilon яғни АҚШ құрметті математиктер қоғамы өз қатарына таңдап алған көрінеді. Бұл тағы бір мəрте біздің Елбасымыздың арқасында елімізде ашылған интеллектуалды мектептегі білім беру сапасының өте жоғары екендігін сөзсіз дəлелдей түседі. Ендеше, ел жастарының болашағы үшін жасалған игі істердің мұндай нақты нəтижесіне қалайша қуанбасқа дейміз. Ал енді Мақсат оқуды, яғни айтулы əскери академияны тəмамдаған соң еліміздің нағыз патриоты секілді туған Отаны – Қазақстанға оралмақшы. Сөйтіп, ана жақта алған орасан зор білім-ілімдері мен жинаған тəжірибесін ортаға салып, еліміздің болашақ жас қорғаушыларымен бөліспек. Бұған біз кəміл сенеміз. Өйткені, Америка Құрама Штаттарының НьюЙорк штатында орналасқан Вест-Пойнт əскери академиясының тұңғыш қазақстандық кадеті Мақсат Нұғымановтың ел үшін аянбай еңбек ететіндігі қазіргі жетістіктерінен-ақ айқын сезіліп, сенімділік ұялатады. Сөйтіп, əлемнің ең мықты деген елу елінің өкілдері бақ сынасып, бас қосып оқып жатқан АҚШтағы айтулы əскери академияның тұңғыш қазақ курсанты – қандасымыз Мақсатқа біз де ақ тілекті арнаймыз.

Достық дəнекері

«ҰЛЫМА ХАТ» БЕЛОРУС ТІЛІНДЕ ШЫҚТЫ

Жақында Минск қаласында XXII халықаралық көрме-жəрмеңке өтті. Көрме барысында «Звязда» баспа үйінде белорус тілінде жарық көрген Н.Келімбетовтің «Ұлыма хат» кітабының тұсаукесері өтті. Көрме қонақтары мен оқырмандармен кездесуді «Звязда» баспа үйінің бас редакторы Алесь Кар люкевич ашып, осы медиахолдингтің қазақстандық жобалары туралы əңгімеледі. 2011 жылы Минскіде Миколы Метлицкий белорус тіліне аударған Абайдың «Жазық дала» атты өлеңдер жинағы жарыққа шықты. Сонымен бірге,

орыс тілінде қазіргі қазақ жəне белорус əдебиеттерінің «Созвучие сердец: Беларусь – Казахстан» сериясымен «Не ведая границ» антологиясы басылып шықты. Соңғы басылымның құрастырушысы – атақты белорус ақыны Алесь Бадак. «Звязда» баспа үйі – жазушылардың жыл сайын Минск қаласында өтетін «Көркем əдебиет – өзара табысу жолы» халықаралық дөңгелек үстелінің құрылтайшысы. Əр жылдары Қазақстанның жазушылары Валерий Михайлов, Қайрат Бақбергенов, Любовь Шашкова, Райхан Мəженқызы, Светлана Ананьева

осы дөңгелек үстелге қатысып жүр. Өткен жылы «Звязда» баспа үйі Немат Келімбетовтің «Үміт үзгім келмейді» атты кітабын басып шығарды. Белорус тіліне Алесь Карлюкевич пен Алесь Бадак аударды. Биылғы жылы Н.Келімбетовтің «Ұлыма хат» деген атпен бір томдығы жарыққа шықты. Аударғандар – Алесь Карлюкевич пен Геннадий Авласенко. Аудармашы Алесь Бадак тұсаукесер барысында көрнекті қазақ жазушысы, əдебиеттанушысының шығармашылығы туралы өзінің ой пікірімен бөлісті. Тұсаукесерде «Художественная литература»

баспасының директоры Григорий Пряхин, филология ғылымдарының кандидаты Светлана Ананьева сөз сөйледі. Өзінің Немат Келімбетовке арнаған өлеңін əзербайжан ақыны Чингиз Али оглу оқыды. Немат Келімбетов қорының өкілі Райхан Мəженқызы Белорус Ұлттық кітапханасына қазақ ғалымы жəне жазушысының əлемнің əртүрлі мемлекеттерінде басылған «Үміт үзгім келмейді», «Ұлыма хат», «Күншілдік» кітаптарын тапсырды. Вероника ЛОЗОВСКАЯ.

Минск қаласы.

Бұл оқиға Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданында болған. Осыдан бірнеше жыл бұрын Асқар институтты инженер-механик мамандығымен бітіріп Шығыс Қазақстан өңіріне жолдама алды. Онда көбінесе өзге ұлт өкілдері тұрады екен. Осы елде жолдамамен келген Нұрбек есімді агроном жігітпен танысады. Күндер жылжып өтіп жатады. Ауыл тұрғындарымен жақсы араласып, туысындай болып кеткендіктен болар, сол ауылдың тұрғыны, механик Константин Петрович (бəрі оны Петрович дейтін) Нұрбек екеуін моншасына шақырды. Олар қуана келіседі. Монша əбден қызған кезде Нұрбек екеуі кіріп, жуына бастайды, бір кезде Нұрбек ыстыққа шыдамай алдыңғы, кіреберіс бөлмеге шығып кетеді. Ал Асқар ыстық моншаны ұнататын. Ыңылдап əн де айтып қояды. Бір сəтте сыңғырлаған əйелдің күлкісі естіледі, жалт бұрылып қараса, шашы ұзын, үстіне аппақ көйлек киіп алған бір орыс қызы тұр. Қыз күлімсіреп, сабынды алып, Асқардың арқасын жуа бастады... Асқар болса аң-таң, əуелде шошып кетсе де, қыздан сонша қорыққанына намыстанып, өзін сабырға шақырды. Іштей «Петрович бізге бір «сюрприз» жасағысы келген ғой», деп те ойлады. Қыз ғажап сұлу. Бірақ көздері суық, мұңлы. Енді, есін жиып «Нұрбек, тез кел, қызықтан құр қалдың, мына əдемі қызды қара!» деді. Нұрбек орнынан атып тұрып, жуынатын бөлмеге кірсе, монша ішінде Асқардан басқа ешкім жоқ. «Сен жынданған шығарсың, қайдағы қыз?» дейді Нұрбек, бұл əдейі қылжақтап тұр деген оймен. Асқар артына бұрылып: «Өй, міне, тұр ғой, қарасаңшы!» дегенше əлгі ару ұшты-күйлі ғайып болыпты. Апырм-ай, бұл не болды? Енді екеуі біртүрлі қорқайын деді. Жылдам жуынып, моншадан шығып, Петровичке келді. Оған болған жағдайдың бəрін тəптіштеп айтып берді. Петрович бəрін де білетін болып шықты. Ол ақырын жымиып қойып: «Мен сендерге айтуды

ұмытып кетіппін, өй, алжыған басым», дейді өз-өзіне ренжігенсіп. Содан соң барып, сабырлы кейіпке түсіп: «Сендер қорықпаңдар, ол қыздың адамға зияны жоқ, оның үстіне ол əр адамның көзіне көріне бермейді. Бұл моншаның орнында бұрынғы заманда орыстардың бейіті болған екен. Кейіннен Кеңес өкіметі кезінде оны күреп тастап, орнына тұрғын үйлер салған. Ал жаңағы сен көрген қыз бұрын осы жерде бір бай көпестің қызы болған деседі. Қарақшылар, қызды тонап, зорлап өлтіріп кеткен. Содан бері қыздың жаны əлі жай таппай, тірі адамдарға елес болып көрініп мазалайды екен деген аңыз əңгіме бар» дейді. Жалпы, бізден басқа ауыл тұрғындарының барлығы дерлік осы монша жайлы біледі екен. Тіпті, кейбіреулері қызды көру үшін моншаға əдейі келетін көрінеді. Міне, содан кейін Асқар мен Нұрбек Петрович моншаға шақырса, ат-тонын ала қашатын болыпты. Ол кезде мұндай əңгімелерге көп ешкім сене қоймайтын. Кейіннен Петрович аудан орталығындағы шіркеуден дін адамдарын шақыртып, дұға оқытып, жаңағы қыз үшін шіркеуге барып, шырақ жаққаннан соң ғана барып, қыздың жаны мəңгілікке жай тапты деп естідік. Тағы бір оқиға, мұны таңғажайып құбылыс десе де болатын шығар, Алматы қаласындағы бір жоғары оқу орнының жатақханасында болған екен. Бөлме тұрғындары күнде түнгі сағат 12.00-де есіктің сықырлап ашылатынын талай көрген. Қанша кілттеп жапса да, есік бір уақытта өзінен-өзі ашылады, бірақ көзге ешкім көрінбейді. Тіпті, жоғары оқу орнының оқытушылары да талай келіп, өз көздерімен көрген. Бұл сонда не, белгісіз параллельді тіршілік иесі ме, жоқ əлде, жаны жай таппай жүрген марқұм ба? Болашақта осындай ғажайып құбылыстарды зерттеп, білетін шығармыз. Əзірге құпия.

ÀÆÀËÑÛÇ Мына бір қызықты оқиға Алтай өңірінде болған екен. Орманды өлкеде тұратын Нюра əжейге қаладан немерелері келеді. «Бұлар қалада қайбір оңған жеміс жеп жүр дейсің», – деп ойлап, орманға жеміс-жидек теруге кетеді. Бір себеті жеміс-жидекке əбден толған соң, шелегін ыңғайлы болсын деп мойнына іліп алады. Орман толған жеміс. Кемпір қызығына елтіп, алыстай береді. Əлден уақытта байқаусызда терең шұңқырға түсіп кетеді. Шұңқырдың ішінде бір аю қонжықтарын сыртқа шығара алмай əлек болып жатқан екен. Тура сол мезетте кемпір аюдың үстіне құлайды. Шошынған аю шынтағымен кемпірді қағып жібереді, сол кезде ішінде жемісжидегі бар шелек кемпірдің басына киіліп қалады. Ызаланған аю кемпірдің шелек киілген басынан бір қояды. Кемпір есінен танып, жерге құлайды. Шелекті ұрған кездегі тарс етіп шыққан дыбыс аюдың одан əрмен үрейін ұшырады. Сасқалақтаған аю шұңқырдан атып шығып, қаша жөнеледі. Себебі, аю бұрын аңшының мылтығынан жарақат алған екен. Тарс еткен дыбыс мылтықтың дауысы сияқты болып естілген болу керек. Үйдегілер кемпір кешіккесін қорқып, көршілерімен бірге іздей бастайды. Таба алмайды. Аң-құсқа жем болған шығар деп уайымдайды. Іздеушілердің біреуі кемпірдің себетін тауып алады. Жан-жағына қараса, аю жақындап, ырылдап келе жатыр. Аюды қорқыту үшін мылтық атады. Не болса да бар пəле осы аюда шығар деп ойлайды іздеушілер. Енді біреуі шұңқырда естүссіз жатқан кемпірді, аюдың кішкентай қонжықтарын көреді. Ал аю болса, тіпті, адамдарды шұңқырға жақындатқысы келмейді. Əрең дегенде кемпірді жəне аюдың қон жықтарын шұң қырдан шығарады. Кім біледі, егер кемпір шұңқырға құламағанда, аюдың қонжықтары сол шұңқырдан шыға алмай аштан өлер ме еді? Ал кемпірдің мойнындағы шелегі болмағанда аюдың батпан аяғы кемпірдің бас сүйегін мылжа-мылжа қылар еді. Ажалы жоқ, бағы бар екен деген сияқты сөздер осындайда айтылады. Малдарын əкетіп, кейде ойламаған жерден шабуылдап маза бермейтін маймақ осы оқиғадан кейін ауылдың маңайына жоламайтын болыпты. Бəлкім адамдардың қонжықтарын ажалдан құтқарған қайырымдылығына рахметі шығар. Ал мына оқиға Австралияның Сидней қаласында осыдан жүз жыл бұрын адам сенбес ғажайып оқиға болған екен. Ет сататын дүкеннiң қожайынының ақша тола əмиянын бетперде киген бiр ер адам қолынан жұлып алып кетедi. Əмиянның iшiнде 200 доллар бар екен.

Ұрлықшы көмекке келген полиция қызметкерiне екi-үш жерден пышақ салып үлгередi. Бiр тəулiктен соң жарақат алған полиция офицерi қайтыс болады. Сидней полициясы жедел iздестiру жұмыстарын жүргiзедi. Қылмысқа күдiктi деген Джозеф Самуэльс деген қаңғыбасты тұтқындайды. Оның қалтасында тура екi жүз доллар болған екен. Ол ақшаны еңбектенiп таптым десе де полиция қызметкерлерi сенбейдi. Тiптi, қылмыс жасалған кезде удай мас Джозеф сыраханада отырды деген куəгерлердiң сөзiне де полиция құлақ аспайды. Джозеф Самуэльстi полиция офицерiн өлтiрдi деп айыптап, өлiм жазасына кеседi. «Мен кiнəлi емеспiн, ешкiмдi өлтiрген жоқпын», – деп ақталса да оны ешкiм тыңдамайды. Жендет оны дар ағашының астына əкелiп мойнына арқан салады да астындағы орындықты теуiп қалады. Бiр секундтан соң жуан арқан үзiлiп кетiп Джозеф жерге гүрс етiп құлайды. Жиналған халық: «Рақымшылық етiңдер, рақымшылық етiңдер!» деп талап етедi. Ал жендет басқа арқан алып келiп, қайтадан дарға асады. Сол-ақ екен, арқан Джозефтiң аяғы жерге жеткенше тарқатыла бередi. «Оны жiберiңдер, босатыңдар!» деген дауыстар əлi толастар емес. Əбден сасқан полицейлер тағы да арқан алдырады. Үшiншi рет дарға асқан кезде арқан екiге бөлiнiп, үзіліп кетедi. Полиция бастығы атына отыра салып губернаторға келiп, барлық мəн-жайды баяндап бередi. Губернатор ешбiр ойланбастан рақымшылық ету туралы бұйрық бередi. Полицейлер арқандарды мұқият тексерiп шығады. Мүмкiн арқандарды əдейi бүлдiрiп қойған шығар деген күмəндерi де расталмайды. Бiрнеше ай өткен соң нағыз қылмыскердi табады. Ол театр актерi Айзек Симондс болып шығады. Өлiмдi жеңiп шыққан жалғыз Джозеф Самуэльс емес. Осыған ұқсас оқиға 1895 жылы болған екен. Джон Ли деген азаматты өз əйелiн өлтiрдi деген айып тағып, өлiм жазасына кеседi. Оның басын үш рет шаппақ болып, гильотинаға əкелiп басын салады, ал гильотинаның механизмi сол кезде iстемей қалады. Джон Лидiң басын ала тұрып, гильотинаны iске қосса, iстеп кетедi. Осыған байланысты Джон Ли былай деген екен: «Менiң басым гильотинада тұрған кезде, мен бiр тылсым күштiң бар екенiн сездiм», – дейдi. Бəлкiм, бұл адамдар кiнəсiз болған соң, бiр құдiреттi күш араласқан шығар.

АЛМАТЫ.

Мақсат РСАЛИН, журналист.


13 наурыз

Р

ЖЕ Р Ы М

ЖҰ

2015 жыл

www.egemen.kz

9

«ШЕРІДЕН – ШЕТІН, ШЫБЫННАН – ШЫҒЫН» шығарған Қытайдың жемқорлыққа қарсы жойқын соғысының жаңғырықтары

САУДАГЕРДІҢ САРЫУАЙЫМЫ.

Кəдімгі дүкен. Ортаңқол қонақүйдің төменгі қабатында кəдесый сатады. Байтақ Бейжің мен алып шаһар Шанхайда мұның əулиесіндей қонақүйлер мен дүкендер бар. Бірақ елдің ең ортасында тұрған Сиань қаласындағы дүкен иесінің уайымы басқалардан кем емес. Саудасының кері кетуіне елдегі коррупциямен күрес науқаны себепкер екенін айтып, мұңын шаққан. Шағын дүкеннің басына қалай бұлт оранды? Сөйтсек, бұрын қаладағы шенеуніктің көпшілігі өз сыбайластарына сыйлықты осы жерден алған екен. Қытайда коррупциямен күрес басталғалы бұл жерге түрлі мекемелер тапсырыс беруді қойған. Дүкен иесі тауарларын екі-үш есеге арзандатқан. Оның өзін біз сияқты əрі өткен-бері өткен шетелдік жолаушыларға жалынып-жалпайып өткізуге мəжбүр. «Осы қалғанының көзін құртсам, дүкенді жауып құтыламын», дейді. Бұл көріністі басқа қалалардан да байқау қиын емес. Құбылыс Қытай басшылығы кезекті ауысқан 2012 жылы басталды. ҚХР-дың жаңа Төрағасы Си Цзиньпин тізгінді қолға алысымен бұрын болмаған жаңа науқанды жариялап жіберген. Қытай – науқансыз тұра алмайтын мемлекет. Баяғы алдымен «ашылып сайрау», соңынан «ашылғанның бəрі – гүл емес, сайрағанның бəрі – бұлбұл емес» деген ұрандары қазаққа да таныс. Қабдеш Жұмаділовтің «Соңғы көш» романының арқасында. Жемқорлыққа қарсы күрестің басталуына мөр ұстаған мықтылар мыңқ етпеген. «Диірменде туған тышқан күннің күркірінен қорықпайды». Барлық жоғарыдан төменге дейінгі мекемелердің төрін толтырып тұрғандар «Си жолдас өз билігін мығым ету мен бақталас болғандарды ықтыру үшін айта салды», деп тон пішкен. Жоқ, бəрі қателесіпті. Бұл айдалаға жай лақтыра салған жалғыз тас емес, таудың қорымы қозғалғандай жойқын құбылыс болып шықты. Қожанасырдың «шапаным үшін келген шу екен» дегеніндей бірер шенеунікті түрмеге тығумен аяқталар деп болжанған науқанның екпіні үш жылдан бері басылмай тұр. Сыбайластыққа қарсы сілтенетін сегіз қамшы туралы алғашқы пəрменге атқамінер атаулы елеусіз қараған. Жарайды: қарсы алғанда аяққа қызыл кілем төсемесін, қошеметке гүл ұсынбасын, ду қол шапалақтамасын (біріншісі), əкімшіліктегілер коммерциялық ғимараттардың лентасын кеспесін, іргетасының алғашқы қадауын қадамасын (екіншісі), құжаттарды қитұрқы тілмен, еріксіз пара бергізетін емеуірінмен жазбасын (үшіншісі), шетелге қажет кезде, рұқсатпен шыққанда соңынан нөкерін шұбыртпасын (төртіншісі), ел ішін аралағанда жолдарды жапқыз басын (бесіншісі), теледидар экранынан жөнді-жөнсіз көріне бермесін (алтыншысы), жоғарының рұқсатынсыз кітап пен мақала жазбасын, құттықтау жолдамасын (жетіншісі), ақыр аяғында мемлекет есебінен үй, автокөлік, емдеу мен сауықтыру орындарына жолдама алмасын дегеннің бəрі күлкілі көрінген. Өйткені, шенеунік атаулы Сидің бағыты сиырқұйымшақтанып барып, су аяғы құрдымға айналарына сенімді еді. Бірақ жоғары билікке жеткен жаңа басшы айтқанын ұмытып кететіндердің қатарында болмай шықты. Ол «бұлай тайраңдай берсек, партия мен халықтың арасында бітеу қабырға пайда болады, біз онда өзімізге күш беретін тамырдан айрыламыз», деп тұжырымдады. Алдымен Қытайдың өз затын менсінбей, шетел өніміне созылатын өндіршектер шеңгелге ілікті. Мемлекеттік құрылымдар көршілес Оңтүстік Корея мен Жапония, АҚШ компьютерлерін сатып алуды тоқтатты. Тек қытайлық компаниялар шығарған өнімдерге көшті. Ол ғана емес, кеңсеге қойылатын теледидар, тоңазытқыш, салқындатқыш, гаражға алынатын автокөлік отандық болды. Шенеуніктер негізінен «Хонгжи», яғни «Қызыл жалау» атты компанияның автокөлігіне қонжиды. Сыбайластықты тоқтатуға бағытталған бұл қадам бастапқыда экономикаға тұсау салды. Жаңа Төраға осындай Жарлық шашқан жылдың қорытындысында банкеттер саны үштен бірге, авиабилеттер салу оннан бірге, қымбат заттарды сату төрттен бірге, қытайлық атқамінерлерінің сүйікті сусыны, шишасының бағасы 600 АҚШ доллары тұратын «Маотай» арағының өтуі үштен бірге кеміді. Тиісінше қазынаға түсетін салық азайды. Бірақ таразының екінші басына зер салған адам Си Цзиньпин ұстанымының жетістіктерін аңғарады. Сол алғашқы жылы бюджеттің шығыс бөлігі күрт азайтылыпты. Үкіметтік құрылымдар 40 миллиард АҚШ доллары көлеміндегі шығынды үнемдеп қалған. Ал бюджеттік мекемелердің əлгіндей даңғазаларды азайтудан үнемдеген

сомасы 156 миллиард АҚШ доллары мөлшерінде. Бұл оңайға түспеді. Сақшылар кейде мейрамханалар мен қонақүйлерді аралап, төлем туралы түбіртектердің қай мекеме, кім деген адамның атына жазылғанын тексеріп отырған. Тіпті, мектептер тексерілген. Бұрын балаларын оқу орнына «Х5» БМВ-сымен тасығандар енді өзекті жарып шыққан жалғыз ұлдарын «Фавусик» атты көпшілікке арналған көліктен түсіріп жүр.

«ӨГІЗДІҢ» ӨЛІМІ.

Қытайда жазу мен суреттің шығуы мың жылдармен саналады. Сондай ескі суреттің бірінде адамның маңдайына ыстық темірмен таңба салу сəті бейнеленген. Терісі шыжғырылып жатқан жай байғұс емес, білдей шенеунік. Парақорлармен күрескен кезекті науқанның құрбаны. Жайшылықта өгізді де өлтірмейтін, арбаны да сындырмайтын Қытай саясаты жемқорлармен күрес өршіген кезде арбаны аман алып қалып, «өгізді» өлтіріп отырғаны осыдан аңғарылады. Парақорлықпен бұл бірінші күрес емес. Ақшаға арын сатқан шенеуніктер туралы алғашқы жазбалар Шан əулеті билік құрған дəуірде шежіреге түскен. Бұл əулет жаңаша жыл санауға дейінгі ХVIII ғасырда таққа отырып, 700 жыл оны басқаларға бермеген. Демек, бұдан 3500 жыл бұрын-ақ Қытайда үкімет ісі жүргізіліп, онымен айналысқандар бармақ басты, көз қыстыға барыпты. Анығында алдына келгендердің шаруасын оңды шешу үшін əйелдерін түнемелге беруді талап еткен. Одан беріде «Алты əулет» аталатын билік тұсында шенеуніктерді сатып алу үшін қойындарына əйел салу дəстүрімен қатар ат пен ақша беру əдеттері болғаны жылнамаға жазылған. Біздің заманымызға дейінгі І ғасырда Чжоу əулеті дəуірлегенде жазылған құжаттарға қарағанда шаруаларға жоғары үстемемен несие беріп, оларды қарызға белшесінен батырған атқамінерлер болыпты. Соның кесірінен қара шаруалар құлға айналып, биліктегілердің жерін тегін жыртып берген. Қай императордың тұсында болмасын шенеуніктер өзінен төменгі сатыда тұрғандардан ақша талап ететін. Мұны болдырмау үшін осыдан екі мың жыл бұрын шенеуніктер қатарына таза адамдарды тарту үшін емтихан тапсыру басталған. Онда да жең ұшынан жалғасу əдеті тыйылмаған. Өйткені, Қытайдың мемлекеттік машинасы өте үлкен, мың-мыңдаған ұсақ тетіктер көп. Бəрін түгел бақылау мүмкін емес. Екіншіден, Қытайда үкімет жұмысын істейтіндердің жалақысы төмен болған. АҚШ-тағы Миссури институты ғалымдарының тұжырымдауынша, ең төменгі жалақы біздің дəуіріміздегі 1368-1644 жылдарғы Мин жəне 1644-1911 жылдарғы Цин əулеттері билігі кезінде ерекше байқалған. Мин əулетінің бір өкілі Чжу атты император қазынаға шектен тыс алым алынатынына назар аударып, оны азайттырыпты. Салық азайған соң əлбетте жергілікті өкілдердің жалақысы кеміген. Бұған шамданған əкімдер бəрібір сол шаруалардан пара талап еткен. Миндерден шыққан жəне бір билеуші параны азайту үшін атқамінерлерді қысқартқан екен. Енді, өзі əкім, өзі салық жинаушы, өзі сот болып отырған жергілікті билеуші параның құнын он есеге арттырып жіберген. Былайша атқанда, «қайда барса – Қорқыттың көрінің» кері. Парақорлық көрініс берген сайын оған қарсы тосқауыл əрекеттері жетіліп отырған. Қытайдағы сыбайластықтың алдын алу бюросының деректері бойынша, Цинь əулеті тұсында заңсыз ақша алған шенеуніктің маңдайына қызған темірмен таңба басылған. Мин императорлары параға қарсы майданда одан да аяусыз əрекетке барыпты: парақорлардың тірсегі қиылған, тірідей терісі сыпырылған. Берідегі Цинь дəуірінде бұл жаза жеңілдепті, жон терісін сыпыруды қойып, сол жонына 100 дүре соғылатын. Ол да оңай емес, арқасын тосып жатқан талайлар осы дүре кезінде өліп кетеді екен. Қытай – ежелден есеп-қисап жүргізіп отырған, оған өте мұқият мемлекет. Алайда, белгіленген дүре ғана емес, соны алған парақорлар да жіпке тізілгендей жазулы. Минь əулетінің 276 жыл бойғы басшылығында ұзын-саны 150 мың қызметші пара алғаны үшін жазаланған. Цинь дəуіріндегі билеушілердің бірі Цяньлун өзінің 60 жылғы императорлық қызметінде 400 шенеунікті парақорлығы үшін қызметтен шеттеткен. Сөз арасында айта кетсек, біздің Абылай ханымыз өзінің хаттарын осы Цяньлунға жазған, елшілерін де осы императорға аттандырған. Терісін сыпырсын, дүреге жатқызсын, сөйтесөйте əйтеуір Қытай коммунистік заманға жетті. Атақты Мао Цзедунның күні туды. Бұл енді

– император емес, Қытай Компартиясының жетекшісі. Мао жолдас үш рет парақорлыққа қарсы науқан бастапты. Бірақ елдегі кəртішке жүйесі, мектептердің аздығы, жұмыс орындарының жетіспеуі жергілікті əкімдердің диірменін айналдырып-ақ тұрды. Оларға ақша емес, тапшы тауарларды тығып беру үрдіске айналды. Маодан кейін бір дүрлігіп қалған Қытай саясаты коммунистік, экономикасы капиталистік бірегей сатыға көтерілді. Мектеп пен балабақша жеткілікті салынды, өндіріс дүрілдеп өсті. Нарықтық экономикада жұрттың бəрі кəсіпкерге айналды. Тауар тапшылығы жойылды. Құстың сүті мен жылқының өтін де жасап беретін тапқыр елде парақорларға енді орын қалмаған сияқты еді. Жоқ. Жан басына шаққандағы жалпы өнімнің өсуімен бірге бюрократияның өктемдігі ұлғая түсіпті. Олар тиімді əрі тез шешім шығарып бергені үшін үлес алуға көшті. Бұл орайда Қытайды жаңа даму кезеңіне жеткізген Дэн Сяопинді айыптаушылар баршылық. Олар «Қытай реформасының көсемі дамуды тездету үшін коррупцияға əдейі жол берді» деген уəж айтады. Қарт данышпан өз дəуірінде коррупцияға орай жалғыз рет ренжіпті: Хэнлань қаласында көзбояушылық салдарынан өндіріс көлемі өмірдегіден төрт есе артық көрсетіліпті. Сонда ғана Дэн қария бас шайқапты деседі. Міне, осыдан кейін жаңа буын басшылыққа келді. Тиесілі екі мезгілінен кейін бір-бірін ауыстырып, ақыры ел тізгіні Си Цзиньпинге тиді.

МƏЗІРДІҢ МƏНІ.

Бірнеше рет барғанда байқағанбыз, қытайлық жолдастар қабылдаулардағы дастарқанға ерекше көңіл бөлетін. Бірінен кейін бірін əкеліп, 30-40 түрлі тағамнан ауыз тигізетін. Енді, бұл елдің мейрамханаларындағы аспаздарға салмақ бұрынғыдан азайыпты. Оған да жоғарыдан жеткен пəрмен себепкер болған. «Бір қонақасыға төрт түрлі дəм мен бір көже жетеді», деп тұжырыпты Си Төраға. Қымбат мейманханалардағы мəртебелі мейрамханаларда қонақ күту – қытайлық шенеуніктердің сүйікті ісі еді. Салтанатты қабылдауларда мəзірге кіретін астың түрі 40-қа дейін жететін. Оның бəрі, əрине, желінбей, ысырапқа кетеді. Бірақ, теңіздің жеңсік астары, Батыстың ұзақ сақталған шараптары мен «Маотай» арағы, қымбат сигареттер қонақасының деңгейін дəлелдейтін. Міне, соның бəріне тыйым салынды. Бастапқыда Си жолдас бұл науқанды өзінің бұрынғы бəсекелестерін тұқырту үшін бастады деген тон пішілді. Жоқ, ол нақты біреулерден есе қайтаруды, ежелгі қарсыластарын саясаттан аластатуды ойламапты. Бүкіл мемлекетті, партияны парақорлық атты пəледен тазалап шығуды мақсат етіпті. Демек, бұқаны тура мүйізден ұстапты. Енді, бұрап жығуға шамасы жетсе деңіз. Қытайдың қоғамы мен биліктегі Компартиясын парақорлықтан тазалау айтқанға ғана оңай. Біріншіден, ауқымы тым зор: бұл Жер шарындағы ең үлкен құрылым, партия мүшелерінің қатары 80 миллион коммунистерден тұрады. Екіншіден, Си жолдастың жақын айналасы-ақ бұған іштей қарсы болады, олардың қай-қайсысы да əйтеуір бір жерде бір рет болсын пара алған шығар. Үшіншіден, пара беру – жоғарыда біз сөз етіп кеткендей, елдің ежелгі дəстүрі. Үш мың жылдық жолы. Оны тастап шығу қайдан мүмкін болмақ? Қайсар Си қайтпады, қаймықпады. Уездер мен провинциялардағы алғашқы парақорларды анықтау 2013 жылдан-ақ басталды. Мыңдаған жергілікті шенеуніктер сотталып жатты. Жаңа Төраға бұл қарқынға риза болмады. «Шыбындармен қатар жолбарыстардың жоны тілінсін» деген бұйрық түсті Сидің тарапынан. Сол-ақ екен құқық қорғау органдары биліктің жоғары сатысында жүргендер арасынан коррупционер іздеуге шындап кірісті. Лай су түбіндегі жайындарды таза жерге шығару басталды. Көмір өндіретін Шаньси провинциясының 13 басшысы тегіс парақор деп танылды. Сычуаньда губернатор мен компартия басшыларының орынбасарлары сотталды. Қытай мемлекеттік мұнай-газ корпорациясының басшысы істі болып, қызметтен алынды. Бұл компания ұзақ жылдан бері Қазақстанда жұмыс істеп келе жатқаны белгілі. Мұнай-газ сияқты келесі жетекші сала теміржолдың шуы одан асып түсті. Теміржол министрі Лю Чжицзюнь парақорлығы үшін өлім жазасына кесілді. Рас, жаза екі жылға кейінге қалдырылды, министр өзінің соңғы сəтін түрмеде күтіп жатыр. Энергетика министрі Лю Теньань өлім жазасына ұшырамай, өмір бойы түрмеде отыруға кесілді. Оның параға алған ақшасы ана екеуінен азырақ көрінеді.

Тізе берсек, «жолбарыстарға» құрылған қақпанға түсушілер жеткілікті. Мемлекеттік даму мен құлпыру комиссиясы директорының орынбасары мен Бүкілқытайлық халықтар өкілі жиналысы төрағасының орынбасары парақор деп табылды. Си Цзиньпиннің Орталық əскери кеңестегі орынбасары генерал Сюй Сайхоу да істі болды. Одан кезек Бүкілқытайлық Халықтық саяси кеңес төрағасының орынбасары Су Жунға келді. Тіпті, ішкі қауіпсіздік қызметінің бұрынғы бастығы Чжоу Юнкан партиялық этиканы бұзушы деп танылды. Бір кезде бүкіл ел атынан үріккен басты сақшы істі болды. «Чжоу əркімнің басына тамұқ орната алатын, заңды табанға таптайтын еді, өзі сол заңмен сотталатын болды», депті Қытайдағы ірі адвокаттар фирмасының алқа мүшесі Тьян Венчжан. Төраға да тынбады. Халық кімнің қаншалықты ұрлап-жырлағанын білетін болсын деп жариялады. Бұл – сөз жоқ, қарапайым халықты өз саясатын қолдауға шақырған төте қадам еді. Қытайдың «China Daily» газетінің жазуынша, сұрау салынған 2105 адамның 75 пайызы коррупционерлер мен қазынадан қымқырушылардың өлім жазасына кесілуін жақтайтын көрінеді. Енді парақорлардың аты ғана емес, қаншалықты мұртын майлағаны ашық айтылып жатыр. 2014 жылы қараша айында генерал Сюй Сайхоу тұтқындалғанда оның үйінде тыққан ақшасы мен бағалы заттары 12 жүк машинасымен тасылғаны теледидардан көрсетілді. Əскери шен мен қызмет беретін генералдың қаншалық парақор болғанын бүкіл халық көрді. «Синьхуа» агенттігі Мемлекеттік энергетика комиссиясы көмір басқармасының бастығының орынбасары Вэйдің үйінен 200 миллион юань табылғанын хабарлады. Қытайға барғанның бəрі біледі, бұл елдегі ең ірі қағаз ақша – 100 юань. 200 миллиондық қорды санау үшін 16 ақша санағыш машина əкелінген, оның төртеуі қатты қызғандықтан жанып кетіпті. Қырманы қызған «Синьхуа» Хэбэй провинциясын сумен жабдықтайтын мемлекеттік комиссия бастығы тұтқындалғанда пəтерінен 100 миллион юань мен 37 кило алтын шыққаны туралы ақпарат таратты. Əлгі мырзаның 68 нысанды сатып алғаны да құқық қорғаушылар мен олардың əрекеттерін жария етушілердің қырағы жанарынан қағыс қалмапты.

«ЖАЛАҢАШТАР» ЖАРЫСЫ.

Күн сайын жүз миллион мемлекеттік қызметші мұздай киініп, құпия жымиып мекемелерге кіреді. Кешкілік үкіметтің талай ісін тындырып, шаршаса да сол жымиыстан жаңылмай кері шығады. Сол мұздай киінген қалыптары. Бірақ осы жүз миллионның шамамен бір миллионы «жалаңаш» болып шығуы ғажап емес. Қалай? Төрағаның коррупцияға деген ашуын тудырған бір көрініс – «жалаңаш» деп аталатын шенеуніктер. Қытай – теңеумен сөйлеп, формуламен ойлайтын ел. «Жалаңаш» ұғымы – соның бір көрінісі. Оның сыры мынадай: шенеунік өзінің əйелі мен жалғыз баласын алдын ала шетелге аттандырып жібереді. Сосын пара арқылы алған, мемлекеттен басқа жолмен қымқырған ақшасын сол жаққа астыртын жөнелтіп жатады. Күндердің күнінде табанын жалтыратар сəтті сезгенде өзі де тайып тұрады. Мұндағылар не қаржы жоқ, не шенеунік жоқ, ең болмаса оның қайтып оралуын қамтамасыз етер тетік жоқ, жер сипап қалады. Шетелге алдымен отбасын орнықтырып, соларға ұдайы ақша жіберіп отырған шенеуніктің көбі партиялық элитаға жатады немесе қаржы жəне өндіріс салаларында істейді. «Жалаңаштардың» басқа елдерге шығартып алған қаржысы АҚШ долларының өзімен триллиондап саналады. Қытайдың шетелдерге беріп отырған инвестициясынан еш кем емес. Қайтпек керек? Аз ойланды ма, көп ойланды ма, Си Төраға оның да жолын тапты. Əйелі мен баласы шетелдерге кеткен атқамінерлер партиялық соқпақпен жоғары өспейтін болды. Сол сияқты отбасылары шетелдік азаматтықтан немесе онда тұруға рұқсат беретін құжаттан бас тартпаған адамдар қорғаныс, қауіпсіздік, дипломатия, мемлекеттік кəсіпорындар қызметтерін реттеу салаларына жіберілмейді. Күрес барысында кімдердің «жалаңаш» екенін анықтау басталды. «Қара тізімге» іліккен 2000 шенеуніктің алдына мынадай үзілді-кесілді шарт қойылды: не отбасылары кері қайтады, не атқамінер қызметтен кетеді. Кешікпей алғашқы соққы жасалды, зайыбы немесе баласы кері қайтудан бас тартқан жоғары қызметтегі мыңнан астам шенеуніктің лауазымы төмендетілді. Бұл «жалаңаштармен» бетпе-бет тартыс болса, екінші жағынан Қытай үкіметі дипломатиялық

жолмен əрекетке кірісті. Сыртқа заңсыз қаржы əкеткен жемқорларды қайтару үшін келіссөздер жүргізді. Олардың бұл қаражатты арам тəсілмен тапқанын дəлелдеген соң демократиялық мемлекеттердің өзін иліктіру мүмкін болды. Бұл орайда аспан асты елінің күші мен беделі де байқалса керек. Сонымен, бар нəрсеге теңеу тапқыш, ат қойғыш қытайлықтар «Түлкі аулау» деп атаған іс-қимыл барысында 335 жемқор шенеунік кері қайтарылды. Соның нəтижесінде миллиондаған юань қайтадан бюджетке қосылды. Еріксіз түрде кері оралған шенеунікті енді не күтіп тұр? Дар арқаны ма, атқыш маманның оғы ма? Мұның бəрін сот шешеді. Ал Қытайдың соты ешқашан ешкімге мейірім танытып, маңдайдан сипай қоймаған. Жемқорлыққа қарсы жорықтың ширыққан шағында кеңшілікке үміттену мүлде мүмкін емес. Бірақ кейінгі жылдары Қытай дамушы ел ретінде халықаралық қауымдастықтарға кіріге бастады. Əлемдік талаптар бойынша экономикаға, экологияға күштеу жолымен жасалмаған қылмыстарға өлім жазасы қолданылмайды. Иə, мемлекеттің Қылмыстық кодексіне кейінгі жылдары елеулі өзгерістер еңгізілді. Бұрын өлім жазасы қарастырылған 9 қылмыс түрінің жазасы жеңілдетілді. Шетелдік адам құқығын қорғау ұйымдарының дерегі бойынша, 2013 жылы Қытайда 250 қылмыскерге қатысты өлім жазасы орындалыпты. Оның біразы жемқорлар деседі. Мемлекеттің өзінде бұл цифр құпия сақталады. Ал өлім жазасы бұрынғыдай дарға асу емес. Тіпті, мылтықпен атуды да қойған. Тағы да халықаралық ұйымдардың талабын орындап, өлім жазасына кесілгенге жан тапсыртатын дəрі егу тəсілін қолданады. Сөз Қытай соты төңірегіне ойысқан соң мынаны айта кеткен жөн. Жемқорлар – биліктің түрлі тұтқасын ұстаған соң шетінен партия мүшелері. Демек, олар алдымен партиялық тергеуге түседі. Бұл тергеудің тəлкегі тым қиын. Əрі онда ешкім адвокат қызметіне жүгіне алмайды. Туған-туыстарымен жолықтырмайды. Партиялық тергеу өзіне қажеттінің бəрін мойындаттырады. Міне, осыдан кейін дайын істі соттың қолына береді. Сот енді ұзаққа созбайды. Коррупциялық қылмыстарға орай қозғалған іс бойынша жауапқа тартылған 8110 адамның ішінде тек 14-і ғана ақталып шығыпты. Батыс баспасөзі Фуцзянь провинциясының орта сатыдағы шенеунігі Ван Гуанлоның қалай азапталғаны туралы деректі қайта-қайта келтіріп жатыр. Ол жемқор ретінде күдікке ілігіп, мұздатқыштан аумайтын камераға қамалған. Тіпті, жату, отыру тұрмақ, қабырғаға сүйенуге рұқсат етілмеген. Бірнеше күн аштан қатырған. Тергеу кезінде сабап отырған. Содан құлағы естімей қалған. Ақыры тергеушілердің дегеніне көніп, келісімге келген. Ван 27 мың доллар көлемінде пара алғанын «мойындайды», сосын оны кепілдік төлеген соң түрмеден босатадымыс. Келісімнің бірінші бөлігі орындалып, Ван байғұс істемеген қылмысын мойынға алады, бірақ сол шарттың екінші бөлігі жүзеге аспай қалады. Енді оның тағдыры Батыстағы адам құқығын қорғаушыларды алаңдатыпты. Жемқорлыққа қарсы күрес алдымен Қытайдағы соттардың қызметін жетілдіруді талап етеді, дейді халықаралық сарапшылар. Қытай Компартиясы Саяси бюросының бұрынғы мүшесі Бо Силай жемқорлығы үшін өмір бойы түрмеде отыру жазасына кесілгенде соған адвокат болған Ли Сиолин «мемлекетте жемқорлыққа қарсы жаңа талап қойылғанда, сот жүйесінің ескілігі анық аңғарылды», дейді. Тағы бір адвокат Шен Чженнің айтуынша: «əділетсіз үкім көп шығарылатындықтан бұқара халық жемқорларды емес, заңды белден басушы соттарды жек көретін болды». Бұл орайдағы олқылықтарды билік те білетін сияқты. Парақорлармен күрес барысында партиялық жүйе бойынша құрылған Орталық тəртіптік тексеру комиссиясының төрағасы Ван Цишань өздерінің тергеушілерінен күдіктілерді тездетіп сот орындарына тапсыруды талап еткен. Осы баспасөз конференциясында Цишань жолдас жыл өткен сайын жемқорлардың ауға көптеп түсіп жатқанын айтыпты. 2014 жылдың бірінші жартысында партияның 84 мың мүшесінің жемқор екені анықталған. Бұл алдыңғы жылғы көрсеткіштен анағұрлым артық. Науқаннан науқанға дейін өмір сүретін Қытай осылайша үш мың жылдық дерттен айығуға ден қойды. Сауығып шықсын дейік. Онда əлем бұрынғыдан да қуатты Қытайды көретін болады. Қайнар ОЛЖАЙ, журналист.

АСТАНА-СИАНЬ-АСТАНА.


10

Әңгімені Әбең, Әбдіжәміл ағамыздың мына сөзінен бастайын: «Сейілбек! Иә, бұл жігітпен біз бір ел, бір жердің топырағынан жаралған кісілерміз. Бірақ... сонан келе, шын мәнінде, бір-бірімізбен таныстық-білістігіміз кешегі Совет заманында, сексенінші жылдардың бас кезінде, онда да, мүлде ойламаған жағдайда, аяқ астынан әлдеқалай кездестік те, сол күннен бастап, әуелі көңілдес дос, келе-келе тонның ішкі бауындай аға-іні, әрі-берідесін, тіпті,сырлас-мұңдас боп, іші-сыртымыз араласып кетті...» Бұл менің «Ер қанаты» атты кітабыма Әбдіжәміл Нұрпейісовтің өзі жазған «Тәңір сыйлаған талант» деген алғысөзінің кіріспесінен алынған сөйлемдер. Ал енді мен осымен інілік ізеттілік сақтап, алдағы айтар ойымның, пікірімнің, сөзімнің беташарын, тұсаукесерін Әбекеңнің өз сөзімен бастап, ол кісінің ақ батасын, рұқсатын алдым деп есептейін.

А

СЫЛЫНДА Əбекеңмен дос, іні болу, сыйлас-сырлас болу екінің бірі, егіздің сыңары түгілі, мыңның біріне де бұйыра бермейтін сəттілік, бақыт, абырой, жауапкершілік. Досты тани білу, таба білу бір ерлік болса, сақтай білу жүз ерлік қой. Əбекең – қай жағынан алып қарасаң да, қандай өлшеммен келсең де, қандай таразыға салсаң да өте күрделі, терең, тұңғиық, сан сатылы қарама-қайшылықтардан тұратын құпия, жұмбақ, көпшілікке беймəлім тұлға. Əбекең сырт көзбен қарағанда жабықтау, суықтау, кірпияздау, тəкаппарлау көрінгенмен: қаншалықты өзін-өзі бəйге атындай баптап, сақтап, жаратып, шектеп, шеттеп, тежеп, шідерлеп, шегелеп ұстағанымен; бар өмірін, өзін тек қана əдебиетке арнап, бұл дүниеге тек əдебиет үшін келгендей көрінгенмен – қуанған, шаттанған, көңілденген сəттерде Əбекеңнің де көсілетін, шешілетін, төгілетін, ашылатын кездері де аз емес. Бұндай сəтте Əбекең өзін еркін, тəуелсіз, басқа бір əлемде жүргендей сезінеді, уақытты да, ортаны да, ешкімді де елемейді, ескермейді, тек өзі ғана сөйлейді. Ал кейде қанша жалынсаң да, жалбарынсаң да, қолқа салсаң да Əбекеңнен бір сөз де шығара алмайсың. Əбекеңді сөйлету үшін иə ақылына, иə ашуына тию керек. Міне, адам болмысындағы қат-қабат қарамақайшылық деген осы. Ұлы жазушы Л.Н. Толстой дүниеден өтерінде кешірім сұраған көп жыл отасқан əйеліне: «Мені бүкіл əлем түсінгенде, мына сен ғана түсінбедің, кешірмеймін», деп көз жұмған екен. Ал Əбекеңді терең түсіну, жан-жақты білу, ол кісінің шын, шынайы бейнесін жасау, əділ де адал бағасын беру үшін кімге де болса дəреже, деңгей, ақыл, пайым-парасат, білім мен өмірлік тəжірибе, тағылым, талғам Һəм ұзақ уақыт керек. Ол кісінің құпия, жұмбақ қасиеттерін ақылдың, көңілдің, көкіректің, жүректің, сананың, сезімнің көзімен ғана көруге болады. Қай кезде кім туралы жазсаң да шығарманың сəтті шығуының үш шарты бар. Бірінші, ол кейіпкердің өзінің жақсылығы, күннің жарығын бүркемелеу қандай қиын болса, жақсы адамның жақсылығын жоққа шығару да сондай қиын. Екінші, ол адамды жанжақты жақсы білуің керек.Үшінші əрі шешуші шарты: кейіпкеріңді өзіңдей жақсы көруің керек. Адамның бірін-бірі сыйлауы, құрметтеуі, дос, туыс, ұстаз, шəкірт, аға, іні болуы, жақсы көруі екі кісіге де тікелей байланысты. ...Мен бірде ауруханада ауыр халде жатқанымда Əбекең телефон шалып, көңілімді сұрап: «Сейілбек, мен сені өзімнің жерлестерімнен, қандастарымнан, бауырластарымнан, тамырластарымнан да жақсы көрем ғой, сен өлме, мен өлгенде, сені басымда қалқиып тұрады деп жүрмін ғой», деді. Мен: «Əбеке, сіз де өлмеңіз, сіз əлі де халыққа, елге керексіз, тағдырлық жұ мыс қой, мəңгілік кім бар, мен қол қусырып, қалқиып тұрмаймын, белімді бекем байлап, білегімді сыбанып кірісемін. Өйткені, сіз, кеңбайтақ Қазақстаннан тек мені ғана ертіп барып, Аралдан 400 шақырым жердегі сүйікті Белараныңыздың төбесінен өзіңіздің мəңгілік жататын орныңызды белгілеп, көк тас қойдыңыз. Қызылордаға қайтып келіп, біздің үйге қонып, таңертең менің де келешек бақилық мəңгілік өмірде жататын жерім жөнінде өзіңіздің ағалық ақыл-кеңесіңізді, пікіріңізді айттыңыз, мен мұны аманат деп қабылдадым», дедім. Иə, Əбекең мені жақсы көреді. Сондықтан мен де өзімді Əбекеңді жақсы білетін, терең түсінетін азаматтардың бірімін деп есептеймін. Əбекеңнің біреуді жақсы көруі де, жек көруі де ерекше, ешкімге де ұқсай бермейді. Жақсы көруі өзінің ішкі рухани қазынасы, баға жетпес құндылығы, сыры, құпиясы, оны сыртқа шығару Əбекең үшін қиынның қиыны. Мысалы, Əбекең ұлы Мұхтар Əуезовтің ұлағатты шəкірті. Мұхаң Əбекеңді өте жақсы көрген, жақын тұт қан, қамқорлығын, қолдауын, көмегін аямаған. Ал Əбекең де өз сөзімен айтқанда: «Дүниеде Мұхаңды ең жақсы көретін

ЛҒА

www.egemen.kz

ТҰ

13 наурыз 2015 жыл

хатшы М.С. Горбачев Алматыға келгенде елдің, халықтың, зиялылардың атынан Кремльдің өктемдігімен, əміршілдігімен бүкіл ұлтқа ұлтшыл, жастарына бұзақы, басбұзар айдары тағылғанда дə лелді, дəйекті, деректі қарғыспен жазаға пара-пар аталы, бəтуəлі, түйінді сөз айтып, тойтарыс берген, бас хатшыға көзімен жер шұқылатып, бетін «Правда» газетімен бүркемелетіп пəленің, жаланың бетін қайырған да осы Ə.Нұрпейісов. «Сіз қазақтардың ұлттық мəдени дəстүрлерін жандандыру жөнінде жарлық қабылдадыңыз. Біздің білуімізше қазақтарда ондай дəстүр жоқ, болған да емес. Егер дəстүр болса, ол қылыштың жүзімен, найзаның ұшымен, білектің күшімен шекаралас жатқан кіші халықтардың құнарлы, сулы, нулы жерлерін Ресейге бағындырып беру дəстүрі болғаны

деп, жоғарыда айтылғандай Белеранның төбесінен мəңгілік жататын орнын дайындап қойды. Бұл кіндік кесіп, қан тамған киелі жерді, қасиетті топырақты, өскен, өнген елді, аралды сыйлаудың, құрметтеудің, аралға деген адалдығының бүкіл əлемде, адамзат тарихында теңдесі жоқ жаңа бір үлгісі, үрдісі, мұны Əбекеңнің тағы да бір азаматтық ерлігі деуге əбден болады. Əбекең тек аралдың ғана емес əрдайым бүкіл қазақ жерінің, елінің, халқының, тарихының, тағдырының қорғаушысы да, қолдаушысы да, күзетшісі де, шырақшысы да, абыройы да, айбаты да, қайраты да болып келеді. Тіптен «Ұлт көшбасшысы» деген сөз алғаш рет осы Əбекеңнің дуалы аузынан шықпап па еді?

тауып, арманда кеткен бір əулеттің бес боздағының бірі – өз əкесі Кəрімнің атын өшірмеу үшін ырымдап қойған. Ендеше бала Кəрім – сол боздақтардың тірі жер басып жүрген өзі де, көзі де. Əбекеңнің бұл армантойы биік дəрежеде өтті. Оған Салық Зиманов, Сағадат Нұрмағамбетов, Төрегелді Шарманов бастаған зиялылар, үкімет мүшелері, парламент депутаттары, бірнеше облыстың басшылары, еліміздің арқа тұтар, бетке ұстар қаймақтары, жақсылары мен жайсаңдары түгел қатысты. Республика Президенті Н.Назарбаев арнайы құттықтау хат жолдады. Əбекең осы армантойды менің батаммен аштырды. Сол сырлы сезімге тұнған жүрекжарды лебіз мынау болатын:

рас», деген де осы Əбе емес пе? Сондайақ, Республикада қазақ мектептері жабылып, қазақ тілі өліп бара жатыр. Тіптен Абайдың анасы Ұлжан дүниеге келген, сөз зергерлері шыққан Қарқаралыда қазақ мектебі жоқ. Тілсіз, ділсіз, əдетғұрып, салт-дəстүрсіз халық, ұлт болмайды деп алғашқылардың бірі болып дабыл қаққанда осы Əбекең. Кешегі күні орыстың ұрыншақ жазушысы Солженицын əдепсіздікпен, əпербақандықпен Қазақстанның бүкіл солтүстігіне ауыз салып, бұрын қазақтың жері, елі, шекарасы, мемлекеті болмаған деген сандырағына қарсы тағы да қалам-семсерін қолға алып, «Известия», «Литературная газета», т.б одақ тық баспасөз беттерінде көлемді сын мақалаларын жариялап, қазақтың тарихы мен тағдырына жасаған қиянатының күлін көкке ұшырып, «сыбағасын» берген де Ə.Нұрпейісов. Республиканы Г. В. Колбин басқарған аласапыран кезеңде Ə.Нұрпейісов КСРО жазушылар одағы секретариатының кеңейтілген мəжілісінде 20 минут (регламент 10 минут) сөз сөйлеп, Қазақстан Орталық партия комитетінің бірінші хатшысы Г. В. Колбинді ұлт тағдырына байланысты төрт маңызды, өткір, өміршең мəселелер бойынша қатаң, ымырасыз сынға алады. Ең өзекті, ең шешуші кадр саясатындағы Республикада орын алып отырған ретсіздікті, жөнсіздікті нақты деректермен дəлелдейді. «Иə, Колбинге дейін де Оңтүстік облыстарын қазақ кадрлары басқаратын, Колбинде сол дəстүрді сақтап қазақ кадрларын қойды, Республикалық, кəсіподақ, комсомол ұйымдарының жетекшілігіне де қазақ кадрлары ұсынылды. Бірақ олардың фамилиясы қазақ болғанмен, түркескіні қазаққа ұқсағанымен қазақтың тілінен, дінінен, əдет-ғұрып, салтдəстүрінен бейхабар, жалпы болмысы, дүниетанымы қазаққа ұйқаспайтын, көп жағдайда əйелдері орыс ұлтынан болып келетін қазақтар «шеберлікпен» табылып қойылуда», дейді.

Сондай-ақ, Əбекеңнің аралдық жерлестері Тарас Шевченко атындағы орта мектептің атын Ə.Нұрпейісовке беруге ұйғарып, келісім сұрайды ғой. Əбекең: «Тарас Шевченко Украйн халқының Абайы, Абаймен тағдырлас, қазаққа тілектес ақын, олай жасауға болмайды», деп үзілді-кесілді қарсылық білдіреді. Шалқар ауданына барғанда да орта мектептің атын Ə.Нұрпейісовке беру жөнінде мəртебелі жиналыс болады, халық бұл ұсынысты бір кісідей қолдайды, мақұлдайды, бірақ Əбекең сол жиналыста үш рет сөйлеп, бұл шешімді де қабылдатпайды. Əбекең тек жақында Арал қаласында өзіне арналып салынған музей үйіне ғана ризашылығын білдірді. Жұрт жаппай жөнді, жөнсіз, ретті, ретсіз атақ үшін атан жарыс жасап жүргенде, лайым, Əбекеңнің бұл өнегесі де елімізге, халқымызға үлгі болғай. Ал енді тойқұмарлыққа келетін болсақ: мынау той томалақ, даңғазаға, дарақылыққа, бəсекеге, жарысқа, жалған намысқа, ас та төк ысырапқа, ас ішіп, аяқ босатар мəнсіз, мағынасыз, бейпайда шараға айналған заманда, бүкіл қазақ аптасына алты күн той тойлап, жұмыс істеуге уақыт таба алмай жүрген қоғамда Əбекеңнің азаматтық ерлігі өз өмірінің осынау 90 жылында бірдебір мерейтой өткізбеді. Қай кезде болмасын тарихта той мемлекеттің іштей іруіне, шіруіне, тоғышарлыққа негіз болатын, əділетсіздікке, даңғазалыққа, жарысқа, бəйгеге жол ашатын қауіпті, зиянды құбылыс есебінде қарастырылған. Кезінде орыстың халық болуына, ел болуына өлшеусіз үлес қосқан Петр 1 де «ойын-той – бəле-жаланың басы» деп, мерейтойын өткізбеу үшін Парижге сапарға кеткен екен. Əбекең де 50, 60, 70, 80, 90 жылдық мерейтойларын өткізбеу үшін шетелге, Аралға, Шалқарға кетіп қалады. Ал Алматыда болса, үйінде тұрмайды, сыртта жүреді. Аралға барғанда ең шалғайда жатқан екі ауылға өз қаржысы есебінен екі автобус алып беріп: «Менің қолымнан келген мерейтойым осы», дегені бар. Кешегі кеңес дəуірінде қара қалпақтың бір зиялы азаматы қалпағын ешуақытта шешпеген, қалпағымен жатып, қалпағымен тұрады екен, тіптен моншаға да қалпағымен түседі екен, өмірінде бірінші рет қалпағын Лениннің Мавзолейіне барғанда шешіпті деп, күнкөсем Ленинді дəріптейтін бір əңгіме бар еді. Сондай-ақ, Əбекең де жасы 85-ке келгенде бір тамаша армантой өткізуге өз еркімен, өз ынтасымен, өз ықыласымен мəжбүр болды. Ол Əбекеңнің өзі, көзі, ізі, өмірі, ғұмырының жалғасы, ардағы, арманы, мақсаты, мұраты Кəрімнің үйлену тойы еді. Кəрім Əбекеңнің бары да, нары да, бақыты да, байлығы да, жалғандағы жалғыз жұбанышы. Оған үлкен үмітпен, ізетпен, сеніммен, сағынышпен, құрметпен соғыста қаза

– Айналайын Кəрім, Айгерім! Өмір деген қызығы мен қиындығы мол ұзақ сапар. Сапарларың сəтті, қадамдарың құтты болсын, алдарың ашық болсын, жан-жақтарың жазық болсын, көлеңкелерің кең, шуақтарың мол болсын, аттарың арымасын, тондарың тозбасын. Өмір деген күрес, күресте жеңімпаз болыңдар; өмір деген жарыс, намыс, бəйге, əрдайым алда болыңдар; өмір деген сын-сынақ, сыннан, сынақтан сүрінбей өтіңдер; тізелерің бүгілмесін, бастарың иілмесін, кеуделеріңді ешкім баспасын, төбелеріңе ешкім шықпасын. Айналайын Кəрім, сен тұлпардың тұяғысың, асылдың сынығысың, аталарың Нұрпейістің, Кəрімнің, Əбдіжəмілдің ізісің, көзісің, өзісің, өмірісің, өмірінің жалғасысың, бəйтеректей үлкен ұлағатты, абыройлы əулеттің тамырысың, бұтағысың, жапырағысың. Бүгін осы киелі əулеттің қара шаңырағының алтын босағасын, 60 жыл күттірген, арман – келін Айгерім аттап отыр. Айналайын Кəрім, бүкіл əлемге белгілі, пенделігінен періштелігі əлдеқайда басым, даналығы мен даралығы пəк, кіршіксіз балалыққа, балалығы даналыққа астасып жатқан, атаң Əбдіжəмілдің денесінің сенен бөлектігі болмаса, жаны сенімен бір. Сенің тойың Əбекеңнің бар қуанышы, қызығы, бақыты, арманы. Бүгін бүкіл əлемде Əбекеңнен бақытты адам жоқ деп ойлаймын. Əбеке, бақытыңыз баянды болсын, балдарыңыз бақытты болсын, өссін, өнсін, көктесін, көгерсін, жақсылығыңыз жалғасын тауып, тойыңыз тойға ұлассын. Осының барлығы Тəуелсіздігіміздің, егемендігіміздің, елдігіміздің арқасында. Тəуелсіздігіміздің тұғыры биік болсын, егемендігіміздің, елдігіміздің шаңырағы шайқалмасын, уығы қисаймасын, керегесі сөгілмесін, босағасы босамасын, табалдырығы төмен демесін, төңірегі түгел болсын, іргесі бүтін болсын, сыртында жау болмасын, ішінде дау болмасын. Халқымыз, жеріміз, еліміз, Елбасымыз аман болсын, тыныштық, молшылық, бейбітшілік, мамыражай, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман болсын!.. Ақ бата, зиялы қауымның ақ тілегі қабыл болып, жақында Əбекең немерелі болды, атын Иман қойды. Құтты болсын айтып үйіне бардық, Əбекеңнің қуанышында шек жоқ. «Айгерім келінімнің жүзі жылы, маңдайы ашық, əрдайым күліп жүреді, үйге қуаныш, бақыт, береке кірді», дейді абыз аға. «Сырт көзбен қарағанда аңқаулау, аңғалдау, кеңқолтықтау көрінгенмен жарықтық Сəбит Мұқанов бір сəтті іс істесе, сəтті сөз айтса: «Мен өзім қумынай!» деп отыратын еді», Сейілбек, саған бата бергізген мен өзім де қумын, батаң қабыл болды, арманым орындалды. Күнде періштемді көруге үйдің екінші

С Ы М А Н н е м Р А Сейілбек ШАУХАМАНОВ.

адам». Өмір бойы, қаншама заман, қоғам, адам өзгеріп жатса да, ол Мұхаңның əруағын ардақтаумен, рухын ұлықтаумен, өзін, өмірін, сөзін насихаттаумен келеді. Əбекең өзінің інілік, шəкірттік пары зының, борышының бір парасын орындау мақсатында, тарихтың терең қойнауына кеткен Мұхтар мен Мағжанның көзін дей, өзіндей, ізіндей «Таң Шолпан» журналын қайта тірілтіп,халқымен қауыштырды. Оның мұндай ерекше, қайталанбайтын қасиетіне менің де көзім жетіп, көкірегіме түйген, сары майдай сақтап жүрген сырым бар. Сонау жылдары Əбекең «Соңғы парызын» Қызылордаға келіп жазды. Əбекең: «Маған ешқандай ерекше күтімнің, немесе қазы, қарта, жал, жаяның қажеті жоқ, тек таза, тыныш орын, күріш ботқа, көже, қою сүт қатқан шай болса болғаны,мені ешкім мазаламасын», деді. Менің сонда кітап жазудың қаншалықты қиын, қиямет, азапты жұмыс екендігіне көзім əбден жетті. Біраз уақыт өткеннен кейін енді бір демалдыратын мезгіл жетті-ау деп, Əбекеңді Тереңөзек ауданына, көл басына, таза ауаға алып бардым. Бізбен бірге облыстық орталық аурухананы салып жатқан «Болгарстройдың» президенті С.Пешов, аудан əкімі А. Божанова болды. Өте бір мəнді, мəмілелі, көңілді отырыс өтті, жақсы демалыс болды. Əбекеңнің өзі де, өмірі де, сөзі де, жүрісі де, тұрысы да, отырысы да, адамдармен қарым-қатынасы да, өмірге деген көзқарасы да, жалпы болмысы өзгелерден өзгешелеу, ешкімге де ұқсамайды, тек өзіне өзі ғана ұқсайды. Өмірде өте қарапайым, ешуақытта жарқыратып киім киген емес, жалпы киімге мəн бермейді, кейде шалбарының жыртығын да байқай бермейді. Ұлы адамдарда ұқсастық бола береді ғой. Альберт Энштейн де, маған не керек деп киімге тіптен мəн бермеген, көңіл бөлмеген екен. Əбекең қадірлеп, қастерлеп, кəделеп шақыруыңды да күтпейді, көңлі кеткен адамға сенің үйіңе барам дейді де 40 жылғы құдасындай төріңе жайғасып жатып алады. Ерекше күтімді қажет етпейді, тамақ таңдамайды, көңіліңе, ықыласыңа, барына риза. Өмірден өтер алдында Мұхтар Əуезов Ə.Нұрпейісовті Қазақстан Жазушылар одағының төрағалығына ұсынған. Орталық партия комитетінің басшыларымен, сол кездегі төраға Ғ.Мүсіреповтің өзімен де келісіп қаншама талпынғанмен Əбекең ұмтыла қоймаған, баяғысынша тəуелсіз, дербес, ноқтасыз, жүгенсіз еркін өмір сүруді қалаған. Ə.Нұрпейісов – бүкіл өмірінде басынан бір сөз асырмаған, ешкімнің қабағын, қасын қарауылдамаған, табалдырығына табынбаған, ешкімнің алдында тізесін бүкпеген, басын имеген, ешкімге жаутаңдамаған, ешкімге жалпаңдамаған, ешкімге тəуелді болмаған, ешкімге кеудесін бастырмаған, ешкімді төбесіне шығармаған, ханның алдында да, қараның алдында да қасқайып тұрып ақты ақ, қараны қара, барды бар, жоқты жоқ деп, халықтың, елдің сөзін айта алған, ар мен намыстан жаралған, «Малым жанымның садақасы, жаным арымның садақасы» деп жүрген азамат. Ол – заманда да, бұл заманда да билікке тым жақындап кетіп күймеген, тым қашықтап кетіп тоңбаған, өзінің орнын, əр нəрсенің ретін, жөнін, жосығын, салмағын, бағасын білетін кісі. Кешегі күні қазақтың басына бұлт айналып, демократияның жалған шапанын жамылып, қайта құруды қайта қыруға айналдыра жаздаған бас

Ə

БЕКЕҢ – бүкіл саналы өмірін, өзін, шығармашылығын Аралға, Аралдың бұрынғы, қазіргі, болашақ тарихына, тағдырына қалтқысыз арнаған адам. Арал үшін отқа да, суға да түсіп келеді. Альберт Энштейн атом бомбасы ойлап табылды деген жаңалықты естігенде: «человечество приближается к своей катастрофе» деген екен. Ə.Нұрпейісов те «Арал тағдыры-адам тағдыры», «Аралдың қасіреті – бүкіл əлемнің, бүкіл адамзаттың қасіреті», деп жарты ғасыр жалықпай жар салумен келеді. Бүкіл саналы өмірін аралға арнаған Əбекең бақилық өмірін де аралға арнау үшін, аралдың мəңгілік жанашыры, тілеуқоры, шырақшысы болу үшін, рухым еліммен, халқыммен бірге болсын

қабатына 17 рет көтерілемін», деп қутың-қутың етеді Əбекең. Осы таяуда ғана Əбекеңе телефон шалып, жағдай сұрасам: «Жаңа ғана баламды құйрығынан қағып ұйықтаттым», деп мəз-мейрам. Армантойда Əбекең əлемдегі ең бақытты адам деп, елдің алдында өзіне мақұлдатып алып, тойшыл қауымға жар салып едім, Əбекеңнің бақытының базарының тарқамағандығына, бақытының баянды болғандығына тағы да, екінші рет көзім жетіп, шын аталық жүрегіммен мен де қуандым. Қазақта: «Досыңның кім еке нін көрсет, мен сенің кім екендігіңді айтайын», «Мың дос көптік қылмайды, бір дұшпан аздық қылмайды», «Бір адал досы бар адам бақытты», деген даналық сөздер бар. Құдайға шүкір, Əбекеңнің шын достары баршылық. Мұстай Кəрім, Д.Кугильдинов, Б.Панкин, А.Ким, Ю.Казаков, Г.Бельгер, Н.Анастасьев, Т.Шарманов, С.Қирабаев, К.Ормантаев, Ғ.Қалиев, А.Əшімов, інілері: И.Тасмағамбетов, Қ.Көшербаев, Т.Мансуров, Қ.Сұлтанов, М.Жолдасбеков, Ұ.Айтжанов, Ə.Кекілбаев, Д.Исабеков, С.Елубаев, Т.Əбдіков, Н.Оразалин, Е.Раушанов. Өмірден өткен Ш.Есенов, Ə.Тəжібаев, С.Зиманов, С.Нұрмағамбетов, З.Қабдолов, Х.Ерғалиев, Т.Ахтанов, Қ.Мырзалиев, Ө.Сұлтанғазин, М.Қозыбаев, Қ.Мұхамеджанов, Т.Молдағалиев, тағы да басқа көптеген ардақты азаматтар. Бірде облыс əкімі кезімде, əдеттегіндей, Əбекеңнің үйіне сəлем беруге бардым. Сəлем-сауқаттан кейін Əбекең: «Ажар ас-су дайындағанша бір жерге барып қайтайық», деді. Келістік, кеттік. Əбекең өзі рөлде, бір үйге келдік, ол Əбекеңнің ескі досы Зейнолла Қабдоловтың шаңырағы екен. Құрылысшылардан басқа ешкім жоқ. Əбекең: «Зейнолла мен Сəулені Сарыағашқа демалуға жіберіп, үйлерін олар келгенше жөндетіп қояйын деп жүрмін, соны күнде келіп бақылаймын», деді. Басқа əңгіме болған жоқ, үйге қайтып келдік. Бұрынды-соңды мұндай жағдайды естімегесін, көрмегесін мен дос жөнінде, жолдас жөнінде қалың ойдың орманын аралап келемін. Е, нағыз достық, шын достық, адал достық деген осы екен ғой, қалай дана қазекең «Жол жөнекей қосылған екі достан, бір дос артық ежелден көңіл қосқан» деп тап басып, тауып айтқан десеңізші! Əбекең, жалпы, үйсіздерге, күйсіздерге, кедей-кепшіктерге, мұңлы-мұқтаждарға жақсылық жасаудан жалықпайтын иманды, қайырымды жан.

Т

АҒЫ ДА бірде бəріміздің ортақ досымыз Камал Ормантаев кенеттен қатты науқастанып, Алма тының ауруханасының жансақтау бөлімшесінде ұзақ жатты. Мен елден Камекеңнің көңілін сұрауға барып, Əбекеңмен хабарластым. Ол мəшинесін өзі айдап, тездеп келіп, екеуміз жансақтау бөлімшесіне бардық. Сонда өзінің қан қысымы 180 екен, оған қарап жүрген Əбекең жоқ. «Бөлімше басшысына кіреміз де шығамыз, көріңіз де тұрыңыз, бізді көргесін науқасыңыздың жағдайы жақ сарады», деп Камекеңе кірдік. Басында жан жолдасы Төрегелді Шарманов пен жан серігі Роза отыр екен. Бізді көріп Камекеңнің жүзі жайнап, жанарынан өмірге деген үміт ұшқыны қызылқанат балапандай ұша бастады. Біз ананы айтып, мынаны айтып, қауқылдасып, бір жылап, бір күліп біраз отырып қалыппыз. Бас дəрігерге берген уəдеміз есімізге түсіп, рұқсат сұрап, кетуге ыңғайландық. Біз Кəмекеңмен жақсы болыңыз деген ниетпен күліп қоштастық. Қоштасарда мен Камекеңнің қолын сүйдім, Əбдіжəміл ағасы дос-інісінің аяғын сүйді. Бұл да бір кімді де болса таңғалдыратын, таңдандыратын ешкімде, ешқашанда көрген де, естімеген де ерлікке пара-пар уақиға болды. Кейінірек мен Əбекеңнің достары, əріптестері, туыстары, шəкірттері – барлық зиялы қауым бас қосқан бір мəртебелі жиында баршасына арнап: «Жолдасын шипажайға демалысқа жіберіп, үйін ремонттатқан, жансақтау бөлімшесінде жатқан жолдасының аяғын сүйген қайсыңыз барсыз?» – деп сұрақ қойдым. Ешкім мен бармын деп айта алмады, басқалар да айта алмас деп ойлаймын. Осыдан кейін «Періштең болмаса, пендең осындай-ақ болсын», деген ой түйдім. Қазақ əдебиетінің көзі тірі классигі, шығармалары əлемнің 34 тіліне аударылып, бірнеше миллиондаған таралыммен жарық көрген, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы, «Отан» орденінің иегері Ə.Нұрпейісов заманымыздың заңғарлары Мұхтар Əуезовтің, Сəбит Мұқановтың, Ғабит Мүсі реповтің, Ғабиден Мұстафиннің өзі, көзі, ізі, жалғасы. «Мені тұлғалар өсірді. Бəрінен де əкемнен көрмеген жақсылық көрдім», дейді ол осы «Егемен Қазақстанда» ана бір жылы жарияланғанын ауызекі əңгімесінде ағынан жарылып. Мен мақаламда тек Əбекеңнің өзім білетін адами қасиеттерін баяндауды мақсат еттім.


13 наурыз 2015 жыл

ІСІ

ƏН М Ң І Н Е СЕЛ

МƏ

Жуырда біз сондай бақытқа кенелген жандарға куә болдық. Ондай қуанышты сыйлаған небәрі 23 жастағы боздағынан айырылып, жүрегі қан жылап отырған ананың мұқтаж адамдарға баласының бірнеше ағзасын беруге тәуекел етіп, оның өмірін осылай жалғастыруды көңілге медет етуі еді. Алматы қаласындағы қатардағы №7 клиникалық аурухананың бас дәрігері, медицина ғылымдарының докторы, профессор Болат БАЙМАХАНОВ бастаған отандық мамандарымыз екенін мақтанышпен айта аламыз. Мұндай күрделі операцияның жасалуы – шетелдіктерден бір кем емес мамандарымыздың жоғары кәсіби біліктілігін көрсетсе керек. Егер Қазақстанда донор мәселесі өз деңгейінде шешілер болса, қаншама адамның өмірін сақтап, ғұмырын ұзартуға болар еді...

ӨЛІМНЕН КЕЙІНГІ ӨМІР Гүлзейнеп СƏДІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Ќазаќстанда донор тым тапшы

Иə, бүгінде ағзалардың трансплантациясы – қазіргі замандағы емдеудің жаңа əдісі. Сол арқылы адамның өмірін ұзартып, өмір сүру сапасын жоғарылатуға болады. Əрине, ол үшін донорлық дене мүшелері қажет. Оған тірі донордан гөрі қайтыс болған адамның мүшелерін алу əлдеқайда тиімді. Десек те, бұл мəселеде əзірге тапшылық өте жоғары деңгейде. Көбінесе өмірден қайтқан адамның мүшесін алуға туыстары келіспей жатады. Сондықтан Қазақстанда трансплантологияның дамуы өлгеннен кейін ағзаларын басқа науқастарға беретін донорларға тікелей байланысты. Əлемдік өлшеммен қарасақ, бүгінде транспланттанттау – əр сəтті жасалған операциямен бағаланып, сол мемлекеттегі медицина деңгейінің басты көрсеткіші болып саналады. Ең маңыздысы, қазір елімізде мықты кадрлық, интеллектуалдық, ғылыми жəне ресурстық əлеует, сондай-ақ заманауи технологиялармен жабдықталған база бар. Шүкір, көрсеткіштеріміз де жаман емес. Оған мемлекетіміз үлкен қолдау, көмек көрсетіп, қомақты қаражатын бөліп отыр. Мəселен, трансплантология Орта Азияда əзірге Қазақстаннан басқа елде қолға алынбаған. Ал елімізде бүгінге дейін соңғы 3 жылда 450 мүше ауыстырылған. Оның 10-ы жүрек, 45-і бауыр, 1 ұйқы безіне, қалғаны бүйрекке жасалған. Қазір Қазақстан бойынша 7 орталық мүше ауыстырумен айналысады. Бір айта кетерлігі, Қызылорда, Ақтөбе облыстарында да трансплантацияны қолға алу қуантарлық жайт. Оның ішінде 108-сі Алматыдай ару шаһардағы №7 қалалық клиникалық ауруханада сəтті өтіп, осыншама адамның ғұмырын ұзартып отыр. Бұл əрине, Болат Бимендіұлы бастаған мықты команданың өлшеусіз ізденістері, ауруханадағы тəжірибе мен ғылымды ұштастырудағы ерен еңбектің нəтижесі. Олар алғашқы мүше алмастыруды 2012 жылы 30 мамырда туыстық донорлық трансплантация арқылы бүйрекке жасаса, сол жылы 12 қыркүйекте əлем бойынша АҚШ, Оңтүстік Корея, Италиядан кейін төртінші болып бірінші рет лапароскопия тəсілімен бүйрек пен ұйқы безін ауыстырып, ота сəтті өтті.

Александрдыѕ тґрт мїшесі тґрт адамєа ґмір сыйлады

Биылғы жылдың 5 қаңтары күні аталмыш аурухана бүйрек алмастырудың 107ші, бауыр трансплантациясының 7-сі сəтті жасалғаны жөнінде журналистерді жинап, баспасөз мəслихатын өткізді. Онда ми қызметі тоқтаған марқұм, Алматы қаласының тұрғыны Александрдың бірнеше мүшесі алынып, қажетті науқастарға алмастырылды. Бір бүйрегі мен бауыры №7 ауруханада екі науқастың қажетін өтесе, жүрегі арнайы бекітілген санитарлық ұшақпен Астанадағы Кардиологиялық орталыққа, бір бүйрегі Сызғанов атындағы Хирургия ғылыми орталығына жеткізілді. №7 ауруханада жасалған екі бірдей отаны мұндағы дəрігерлер өз күштерімен жүзеге асырған. Хирургтер жалпы бір донордан бірден 4 ағзаның алынуы өте сирек кездесетінін алға тартуда. Сонымен, бауыр алмастыру отасы 8 сағатқа созылған. Журналистердің өтініші бойынша профессор Баймахановпен бірге мұқият таспаға түсірілген, бұрын айтпақ түгілі түсімізге кірмейтін аса күрделі операцияны көру сəтіне ие болдық. Операция таза жасалған, ешқандай қан кету жоқ. Өйткені, олар бұғанға дейін 400-ге дейін бауырға қатысты əртүрлі операциялар жасап, тəжірибе жинақтаған. Ал бауырға трансплатация жасау үшін ондай тəжірибе жинақтау шарт дейді. Олай болмаса, бауыр ауыстыруға əркімнің тəуекелі жете бермейтін көрінеді. Ең қиыны бауырға баратын күре, көк тамырды тіккенде қолдың ебі керек екен. Өйткені, кішкене ғана ауытқу болса, бүкіл операция зая кетпек. Бір кезде барлық жалғанған тамырлар мұқият тексеріліп, қан жіберіліп, ең соңында өт жолы тігілді. Осылайша 23 жасар донор жігіттің бауырын алмастырып салғанын көргеннен кейін, журналистерге 40 жастағы Гүлназ Жармұхамедованың өзімен сұхбаттасуға жағдай жасалды. Əңгімеміз аурухана палатасында емес, дəлізде өтті. Діңкелеткен дерттен айыққан екі баланың анасы, ұстаз Гүлназдың өзі келіп, бар ықылас ниетімен өзін ажалдан алып қалған дəрігерлер мен донордың туыстарына риясыз алғысын білдіріп, жақында үйіне оралатынын қуана жеткізді.

– Бауырымның ауырғанын бірден білмей, əбден асқынғанда байқадым, – деді Гүлназ. – Содан жарты жылдай ем жолын таба алмай жүрдім. Енді міне, сəті осы ауруханада түсті. Бесінші күн дегенде аяғымнан тұрып, өздігімнен тамақ іше бастадым. Бұл – Алланың құдіреті, одан кейін осы жердегі мықты мамандардың арқасы. Мен осында келгелі Қазақстан медицинасының қаншалықты алға дамығанын көріп, таңғалып, Президентіміз Н.Назарбаевтың, оның жүргізіп отырған саясатына деген көзқарасым, сенімім мүлдем өзгерді. Шынында, бізге шетелге шығудың қажеті жоқ екен. Сондықтан менің өмірімді сақтап қалған аурухана ұжымына, оны басқарып отырған «алтын қолды» хирург Болат Баймахановқа, отаға қатысқан командасына, медбике, санитаркаларға мың да бір рахмет. Əсіресе, донорымның анасы мен жақын туыстарына алғысым шексіз. Александрдың маған сыйлаған өмірі, оның да өмірінің жалғасы. Гүлназдан кейін журналистермен кездесуге марқұмның бүйрегін алған жамбылдық 6 баланың əкесі 46 жастағы Қалмұхамбет Түбірқұлов та келді. Жүрісі ширақ, етжеңді жігітті көріп, күрделі операция жасалған науқас дегенге сеніңкіремейсің. Қалмұхамбеттің де екі бүйрегі жұмыс істемей, бір жарым жыл бойы аптасына үш рет гемодиализге қатынап қиналғанын айта келе: «Қаңтардың 6-сында дəрігерім шақырып: «Сіздің бүйрегіңізге сəйкес келетін донор келді, келісім берсеңіз, операция жасаймыз», деді. Əрине, қуана келісім бердім. Ешқандай қорқыныш болған жоқ. Операция сəтті шықты. Жағдайым да, тамаққа тəбетім де жақсы. Қазір диализге тəуелді емеспін. Сол үшін де аурухана дəрігерлері мен донордың туыстарына шын жүрегіммен алғыс білдіремін», – деді. Рас, адамның екі бүйрегі ауырып, жұмыс істеуін мүлдем тоқтатқанда, ол науқасқа балама ем – тек гемодиализ – демеуші ем əдісі тағайындалады. Гемодиализ дегеніміз – қанды бүйректен тыс «жасанды бүйрек» аппараты көмегімен тазарту. Яғни, науқас аптасына 2-3 рет 3-4 сағаттан қозғалмай аппаратта жатып, қанын түгелдей дерлік тазартып қайта құйдырады. Науқас осы емді өмірінің соңына дейін алады. Оның үстіне, өте қымбат ем. Үкімет жылына бір адамға гемодиализге 30 мың доллар жұмсайды. Ал бүйрек ауыстыруға бір рет 30 мың доллардай қажет. Ең бастысы, гемодиализ сияқты азапты емнен құтылып, қалыпты өмір сүреді. Бұл ретте экономикалық тиімділік жағын да атап өту керек. Ал бауырға ондай балама ем жоқ. Бауыр жедел ауыстырылмаса, науқастың өмірі алты, бір жыл ішінде-ақ қиылады. Сондықтан бауыр ауруында өлім-жітім көрсеткіші жоғары. Ауыстырылған жағдайда тəжірибе көрсеткендай науқас жүз пайызға айығып кетеді. Мəселен, жасанды жүрек адам өмірін 5-6 жылға, ал жүректі трансплантациялау 15-20 жылға дейін ұзартады екен. Мамандар науқастардың 30-40 пайызы жаңа ағзаға қол жеткізбеген күйі өмірмен қоштасатынын айтады.

Шариєат мїше ауыстыруєа ќарсы емес

Бір айта кетерлігі, көп жағдайда донорлыққа адамдардың діни наным-сенімі кедергі болатын сияқты. Əсіресе, мұсылмандар арасында. Бірақ дін өкілдері исламда тыйым жоқ деп отыр. Діндарлар мүше ауыстыруға қайшы емес, егер ол адам өмірін сақтап қалуға тегін берілсе дейді. Керісінше сауапты іс екен. Бірақ өлген адамның ағзалары ақша табу мақсатында жасалса, оған түбегейлі қарсы. Міне, бүгінгі баспасөз мəслихатының ерекшелігі, жиынға дін өкілдерін

де осы даулы мəселеге қатысты өз пікірлерін білдіруге шақырыпты. – Шариғатымызда, ислам дінінде трансплантацияға, яғни мүше ауыстыруға рұқсат етілген, – деді Тастақ мешітінің қызметкері Мұхамеджан Абдулмəжитов. – Алла тағала қасиетті Құран Кəрімде: «Денсаулық Алла тағаланың адамға берген аманаты, нығметі. Алланың сендерге берген нығметтерінен сендер де адамдарға беріңдер. Егер кімде кім бір адамның өмірін сақтап қалса, ол бүкіл адамзаттың өмірін сақтағанмен тең. Егер адам көзі тірісінде мүше ауыстыруға разы болса, оның туысқандары артынан оның мүшесін біреуге рұқсат ете алады. Өйткені, ол қаншама мұқтаж адамдардың өмірін сақтайды», делінген. Бірақ, шариғат бойынша адам мүшесін сатуға рұқсат жоқ, ол ақысыз болуы керек. Шіркеуден келген дін қызметкері Владимир Завадич те: «Біз адам өмірін сақтау үшін ағзаларды ауыстыруды қолдаймыз. Бірақ, түсік жасатуға, дене мүшелерін косметика саласына қолдануға түбегейлі қарсымыз. Қара базарда сатылады екен деп естиміз, ал дінде мүшені сатуға тыйым салынған», деді. Адам ағзасын қара базарда саудалаудың мүмкін еместігіне профессор Баймаханов та жауап бере кетті. Оның айтуынша, адам денесінің мүшелерін саудалау заңмен қудаланады. Қазақстан Республикасының «Азаматтар денсаулығын қорғау туралы» Заңында адам ағзасын саудалауға рұқсат етілмеген. – Ағза мүшесін ауруханадан бөлек жерде ауыстыру мүмкін емес. Өйткені, мұндай күрделі ота жасауға барлығы 150-ге жуық адам жұмылдырылады. Оның 25-і ота залында жұмыс жасайды. Ол үшін арнайы зертхана, бөлме, қажетті аппаратура, қаншама маман қажет. «Қара базар» туралы қауесет шындыққа жанаспайды. Қазақстанда бұл мəселеге барынша гуманистік көзқараспен қарап, шешуші сөзді, əлбетте, донордың туысқандары айтады. Ал тірі донордан алынған трансплантация амалсыздан жасалып жатыр. Өйткені, оның екінші жағында донор берген адамның денсаулығын да ойлауымыз керек, – деді бас дəрігер.

Донор ќалай табылады?

Расында, «Донорды кім іздеп табады?» деген сауалдың туындауы заңды. Елімізде донор іздеп табуда осыдан екі жыл бұрын құрылып, жұмыс жасап жатқан үйлестіру орталығы бар. Оны білікті де тəжірибелі хирург, профессор Ж.Досқалиев басқарады. Ауруханаларға қандай да бір потенциалды науқас түссе, дереу үйлестіру орталығына ақпарат жіберіледі. Орталықтан үйлестіруші келіп, өлім туралы қорытынды биологиялық өлімнің немесе ми қызметі тоқтағанын дəлелдеп, расталуы негізінде уəкілетті орган белгілеген тəртіппен беріледі. Негізінен елімізде мүше алмастыруда кезек қарастырылған. Егер науқастың үш-ақ ай өмір сүру мүмкіндігі қалса, онда кезек алға жылжытылады. Демек, кезек жөнінде дау болмас үшін науқастың жағдайы балдық жүйемен өлшенеді. Ол тізім жыл сайын қайтыс болып кеткендері, трансплантация жасағандары бар, реттестіріліп отырылады. Болат Бимендіұлының сөзіне қарағанда потенциалды донор жеткілікті көрінеді. Мəселен, жылына көлік апатынан шамамен 3 мыңға жуық адам қайтыс болады десек, олардың жартысы жастар. Халықаралық тəжірибеде донор мəселесі қалай шешілген дегенге келсек, мамандардың айтуынша, əртүрлі тəжірибелер бар. Мысалы, көп елдерде азаматтар жүргізу куəлігін алғанда, қандай да бір жағдай болып жатса мүшесін беруге келісетіндігі

11

www.egemen.kz

компьютерде базада тұрады. Сондықтан адам қайтыс болған жағдайда туыстарын іздеп жатпайақ мəселе бірден шешіледі. Өйткені, адам көз жұмғаннан кейін жүректі – 4, бауырды – 6-8, бүйректі 24 сағат ішінде басқа адамға салып үлгеру керек екен. Ал кейбір елдерде егер сен тірі кезінде өзіңнің келіспегеніңді жазбаша қалдырмасаң, автоматты түрде туыстарының келісімінсіз-ақ мүшесін ала береді. Өйткені, ол қарсы болмаған. Қазір бұл мəселе бізде де талқылануда. Заңымызда рұқсат болғанмен, ертең сөз етіп жүрмесін деп туыстарының келісімін аламыз. Бұл – адами əрекет. Сондықтан ең соңғы сөз туыстарына қалдырылған. «Кім донор бола алады?» дегенге келсек, ин фекцияға ұшырамаған, бауыры, бүйрегі, жүрегінің кінəраты жоқ кəмелеттік жастан 60 жасқа дейінгілер.

 Мерей

Їш ќўрбы, їш ќаламгер

Ќазаќстанда мїше алмастыру тегін

«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2012 жылы аталмыш аурухана алдында мүше трансплантациясын енгізу міндеті қойылған-ды. Оны орындау мақсатында қала бойынша трансплантологияны дамыту бағдарламасы қабылданған. Оған Алматы қаласы əкімдігі мен қалалық денсаулық сақтау басқармасы өте ыждағатты көңіл бөліп, қажетті технология сатып алуға, əрі сол күрделі отаны жасайтын мамандарды əлемнің ең мықты клиникаларында тəжірибеден өткізіп, даярлауда қомақты қаржы жұмсап, отандық медицинаның дамуына айтарлықтай үлес қосып отыр. – Жалпы, трансплантология – ең жоғары мамандандырылған медициналық қызметке жататын, күрделі ұйымдастыруды қажет ететін ашық медицина, – дейді Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы, медицина ғылымдарының кандидаты Жанат Қасымжанова. – Бұл жерде өте жоғары кəсіби біліктілік, шеберлікпен бірге операцияға қажетті қолданылатын өте қымбат құрылғылар, тіпті əр кезеңде пайдаланатын ұсақ құралдардың өзі үлкен рөл атқарады. Бүгінде елімізде мүше алмастыру қызметі бəрі тегін. Ендеше, бұл операциялардың тиімділігі де сонда жатса керек. Қазір бүйрек, бауыр алмастыруды қатардағы қалалық аурухананың хирургтері шетелдік мамандардың көмегінсіз өздері атқарады. Мұндай операция жасаудағы технология өз алдына, ал оның үлкен моральдық жағы да бар. Бұл жерде дəрігерлер тірі донор кезінде екі адамның өмірімен де күреседі. Өзім дəрігер болғандықтан, бұл операциялардың қаншалықты күрделі əрі асқан жауапкершілікті талап ететінін жақсы білемін. Басты айтарым, бұл емдеу орнының ұлттық ғылыми-зерттеу орталығы емес, қатардағы қалалық аурухана жағдайында осындай бірегей операцияларға қол жеткізуі – тамаша жетістік, айтулы оқиға. Осындай күрделі оталарды қолға алып, іске асырған профессор Болат Баймаханов бастаған хирургтерге рахмет. Олар біздің мақтанышымыз. Рас, отандық трансплантологияның жылданжылға қарқын алып дамуы көрші елдердің де қызығушылығын тудырып отыр. Атап айтар болсақ, №7 қалалық аурухана республикада шетелдік азаматтарға ота жасаған жалғыз медициналық мекеме. Бүгінге дейін Қырғыз елінен келген екі азаматтың бүйрегі ауыстырылған. Əрине, олар өз донорларын əкелген. Ота нəтижесі өте жақсы. Қазір Өзбекстаннан да хабарласып, өтініш жасауда. Əрине, шетелдіктерге бұл қызмет ақылы. Бірақ, ақысы дүниежүзінде ең арзан деген Үндістаннан да төмен. Еуропа мен АҚШ-та орташа есеппен трансплантация 100-200 мың доллар көлемінде. Ал Қазақстанда ағза алмастыру құны орта есеппен 30-35 мың доллар шамасында болғанымен, қазақстандықтар үшін мемлекет кепілдендірілген тегін медициналық көмек көрсетеді. Мəселен, №7 ауруханада өткізілген 108 трансплантацияның бəрі тегін жасалды. Үкімет тек қана ота жасауға ғана емес, операциядан кейінгі уақытқа да тегін дəрі береді. Себебі, олар тұрақты түрде дəрі ішіп тұруы керек. Оның үстіне əр ота жасалған адамның денсаулығын дəрігерлер мұқият бақылауда ұстайды. Себебі, нəтиже жіті бақылауға да байланысты. Дəріні азайту, көбейту, ультрадыбыстық тексеру жасауды ота жасаған мамандар өздері жүзеге асырады. – Мемлекетіміз қолдан келген көмегінің бəрін жасап отыр, – деді донорға қатысты өз ойымен бөліскен Болат Бимендіұлы. – Біз де үкіметтің үдесінен шығуға тырысып, күндіз-түні қажетті оталарды жасап, тамаша көрсеткіштерге қол жеткізіп жатырмыз. Тек халық енді осыны түсінуі қажет. Қалайда науқас адам өз проблемасымен қалмауы керек. Иə, өлім – хақ. Дөрекі айтқанымды кешірерсіздер, бірақ мəйітті жерге бергенше, басқа адамдардың да өмірін ойлап, осындай əрекетке барсақ – ол Аллаға да, адамға да жағатын сауапты іс емес пе? Мысалы, Испаниядағы кез келген шіркеуде: «Өз мүшелеріңді жерде қалдырып кет. Ол Жаратушыға емес, адамдарға қажет», деп жазылып қойылған. Сондықтан да ондағы денсаулық сақтау саласы, БАҚ пен ұлттық трансплантация бірлестігі Ұлттық донорлық бағдарлама бойынша мақсатты жұмыс істеп, нəтижесінде бүгінде Испания əлем бойынша мультиорган беруде алда келеді. «Доно» латын тілінен аударғанда «сыйлаймын» деген мағынаны білдіреді. Демек, елімізде трансплантологияның қарыштап дамуы – донорлық ағзаларға деген тапшылықта. Міне, осы мəселеге халық болып түсіністікпен қарасақ... *** ...Иə, адам өмірін ешнəрсемен өлшеуге болмайды. Ол бəрінен қымбат, сондықтан да құнсыз. Ал донор ретінде екінші адамға өмір сыйлау – теңдесі жоқ жоғары адами қасиет. Журналистік мамандықтың мүмкіндігі ғой, өз басым осы ауруханада ағза алмастырудың нəтижесінде бірнеше науқастың қуанышына ортақтасқаным бар. Бірде өзінің екі кішкентай бөпесі бола тұра шынашақтай қыздың анасына бауырын бөліп бергеніне куə болдық. Гүлшаттың анасы Светлананың тірі қалып, жер басып жүруі үшін перзенттік міндетін, қарызын өзінің өмірімен өлшеуіне таңғалып, риза болмасқа шарамыз қалмады. Ал баласының осындай қадамға барғанына жүрегі елжіреген ана: «Қызыма барлық аналардың атынан шексіз алғысымды білдіремін. Мен қызыммен мақтанамын», дегенде көңіліміздің толқығаны рас… АЛМАТЫ.

Қазақстан Жазушылар одағында Шәрбану Бейсенова, Мағира Қожахметова және Сара Латиеваның шығармашылығына арналған «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» атты әдеби кеш өтті. Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан».

Бұдан жарты ғасыр уақыт бұрын бірі – Қазақстанның шығысынан, бірі – батыс өңірінен, ал үшіншісі Сарыарқа жерінен асқақ арман жетелеп келген өрімдей жас үш қыздың тағдыр жолдары Алатау баурайындағы əсем Алматыда тоғысқан еді. Шəрбану Бейсенова, Сара Латиева жəне Мағира Қожахметовалар елдің елеулі басылымдарында жастық жалындарымен, салиқалы дарындарымен қызмет істеді. Олар халқымыздың талай-талай тамаша ұл-қыздарының есімдерін ел есінде қалдыру жолында тер төкті, талай ұйқысыз түндерін жазу үстелінің басында өткізді. Еңбектері жанып, том-том кітаптары жарық көрді. Сөйтіп, əдебиеттегі ізашар апалары Мəриям Хакімжанова, Сара Мыңжасарова, Күлимəн Жүнісова, Лəтифа Құрманаева, Шəрбану Құмаровалардың ізін жалғастырып, кейінгі буын жазушы сіңлілеріне үлгіөнеге көрсетуде. Шын мəнісінде де аталмыш үш жазушының қай-қайсысы болмасын қазақ прозасында, баспасөзінде елеулі еңбек етіп келеді. Шəрбану Бейсенованың əңгімелері, хикаяттары оқырман қауымға кеңінен танымал. Əсіресе, «Сүзгенің соңғы күндері» хикаятында Сібір жұрты күйреген кездегі оқиғаны арқау етіп ала отырып, Сарыарқа сұлтанының қызы, Көшім ханның кіші əйелі, азаттықтың алғашқы құрбаны болған Сүзге ханымның көркем əдебиеттегі бейнесін əдемі шығарған. Жазушының ендігі бір ізденісі – Қазан хандығы патшайымы Сүйінбике тағдыры. Оны зерттеу үшін арнайы ізденіспен Қазан қаласына да барып келген. Ғұмыры қайғыға толы тарихи тұлғаны ұлықтау мақсатында Астана қаласынан Сүйінбике атына көше сұрап ұсыныс та жасап жүр. Ал енді Сара Латиева туралы айтқанда бірден қазақтың бұлбұл əншісі Күлəш Байсейітова еске түсері анық. Сахна жұлдызының өмірі мен шығармашылығы тұтас қарастырылып, жан-жақты қамтылған «Бұлбұл» атты кітап өз оқырманын да тапты, авторын да елге танымал етті. Жалпы С.Латиева шығармашылығы, əдебиеттегі бар бітім-болмысы өнерді, ондағы біртуарлар бейнесін мүсіндеуге арналған. Бұл – оның басты ерекшелігі. Осы орайда «Ғибраты мол ғұмыр» сериясымен шыққан «Хадиша Бөкеева» деректі хикаяты, одан кейінгі «Хадиша мен Байғали» атты өмірбаяндық эссе назар аударарлық. Кітапты оқи отырып елу жылдан аса драма сахнасының гүлі болған Хадиша Бөкеева мен опера сұлтаны болған Байғали Досымжановтың өмір мен өнердегі айшықты бірлігін көреміз. Мағира Қожахметова болса «Лениншіл жас» газетінде өнер жайындағы эссе, мақалаларымен дараланды. Келе-келе жазушылыққа бет бұрды. «Күннің алтын сынығы», «Əлем-əуен», «Жылы шырай», «Адам – құпия», «Жантəсілім», «Жападан жалғыз» кітаптары психологизммен өріліп, оны танымал жазушылардың қатарына қосты. Мағира шығармашылығына жанкештілік тəн. Қиындықтарға қарамастан нешеме жылдан бері балаларға арналған «Балбұлақ» журналын, медициналық-танымдық «Дертке дауа» газетін шығарып келеді. АЛМАТЫ.


12

13 наурыз

www.egemen.kz

2015 жыл

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Ақтөбе мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті 2015 жылғы 31 наурызда (Астана уақытымен) сағат 11.00-де www.gosreestr.kz. Мемлекеттік мүлік Тізілімінің веб-порталында республикалық меншіктегі объектілерді сату жөнінде аукцион өткізу туралы хабарлайды Республикалық меншіктегі объектілерді сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидасына (бұдан əрі – Қағида) сəйкес жүзеге асырылады. Сауда-саттықтың ағылшын əдісімен электрондық аукционға республикалық меншіктегі мына объектілер қойылады: 1. Газ-310200 автомобилі, тіркеу нөмірі D060AU, 1996 жылы шығарылған. Орналасқан жері – Ақтөбе қаласы, Авиақалашық, 1Г, КДП. Баланс ұстаушы – «Қазэронавигация» ШЖҚ РМК «Батыс Қазақстан əуе қозғалысын ұйымдастыру өңірлік орталығы» филиалы. Бастапқы (алғашқы) бағасы – 95 000 теңге. Кепілді жарна – 14 250 теңге. 2. Уаз-390902 автомобилі, тіркеу нөмірі 782АЕ04, 2002 жылы шығарылған. Орналасқан жері – Ақтөбе қаласы, Авиақалашық, 1Г, КДП. Баланс ұстаушы – «Қазэронавигация» ШЖҚ РМК «Батыс Қазақстан əуе қозғалысын ұйымдастыру өңірлік орталығы» филиалы. Бастапқы (алғашқы) бағасы – 92 000 теңге. Кепілді жарна – 13 800 теңге. 3. Уаз-390902 автомобилі, тіркеу нөмірі 794АЕ04, 2002 жылы шығарылған. Орналасқан жері – Ақтөбе қаласы, Авиақалашық, 1Г, КДП. Баланс ұстаушы – «Қазэронавигация» ШЖҚ РМК «Батыс Қазақстан əуе қозғалысын ұйымдастыру өңірлік орталығы» филиалы. Бастапқы (алғашқы) бағасы – 110 000 теңге. Кепілді жарна – 16 500 теңге. 4. Зил-131 автомобилі, тіркеу нөмірі D997AV, 1980 жылы шығарылған. Орна ласқан жері – Ақтөбе қаласы, Авиақалашық, 1Г, КДП. Баланс ұстаушы – «Қазэронавигация» ШЖҚ РМК «Батыс Қазақстан əуе қозғалысын ұйымдастыру өңірлік орталығы» филиалы. Бастапқы (алғашқы) бағасы – 206 000 теңге. Кепілді жарна – 30 900 теңге. 5. Ваз-21093 автомобилі, тіркеу нөмірі D939КР, 2004 жылы шығарылған. Орналасқан жері – Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы, Жамбыл көшесі, 66. Баланс ұстаушы – «ҚР IIМ Көліктегі ішкі істер департаменті» ММ. Бастапқы (алғашқы) бағасы – 89 000 теңге. Кепілді жарна – 13 350 теңге. 6. Ваз-21099 автомобилі, тіркеу нөмірі D955KP, 2004 жылы шығарылған. Орналасқан жері – Ақтөбе қаласы, 8 Наурыз көшесі, 3А. Баланс ұстаушы – «ҚР IIМ Көліктегі ішкі істер департаменті» ММ. Бастапқы (алғашқы) бағасы – 152 000 теңге. Кепілді жарна – 22 800 теңге. 7. Ваз-21093 автомобилі, тіркеу нөмірі D905KP, 2003 жылы шығарылған. Орналасқан жері – Ақтөбе қаласы, 8 Наурыз көшесі, 3А. Баланс ұстаушы – «ҚР IIМ Көліктегі ішкі істер департаменті» ММ. Бастапқы (алғашқы) бағасы – 88 000 теңге. Кепілді жарна – 13 200 теңге. 8. Газ-3307 автомобилі, тіркеу нөмірі

D226BM, 2005 жылы шығарылған. Орналасқан жері – Ақтөбе қаласы, Павлов көшесі, 3. Баланс ұстаушы – «КА-168/1 мекемесі» ММ. Бастапқы (алғашқы) бағасы – 473 000 теңге. Кепілді жарна – 70 950 теңге. 9. Уаз-39629-016 автомобилі, тіркеу нөмірі D835BN, 2006 жылы шығарылған. Орналасқан жері – Ақтөбе қаласы, Павлов көшесі, 3. Баланс ұстаушы – «КА-168/1 мекемесі» ММ. Бастапқы (алғашқы) бағасы – 214 000 теңге. Кепілді жарна – 32 100 теңге. 10. Ko-503в автомобилі, тіркеу нөмірі D183BK, 2004 жылы шығарылған. Орналасқан жері – Мұғалжар ауданы, Жем қаласы, В.Унучко көшесі, 5. Баланс ұстаушы – «КА-168/5 мекемесі» ММ. Бастапқы (алғашқы) бағасы – 370 000 теңге. Кепілді жарна – 55 500 теңге. 11. Газ-3309 автомобилі, тіркеу нөмірі D185BK, 2003 жылы шығарылған. Орналасқан жері – Мұғалжар ауданы, Жем қаласы, В.Унучко көшесі, 5. Баланс ұстаушы – «КА-168/5 мекемесі» ММ. Бастапқы (алғашқы) бағасы – 338 000 теңге. Кепілді жарна – 50 700 теңге. 12. Ваз-21103 автомобилі, тіркеу нөмірі Z507RB, 2003 жылы шығарылған. Орналасқан жері – Ақтөбе қаласы, Алтынсарин көшесі, 25а. Баланс ұстаушы – «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті» ММ. Бастапқы (алғашқы) бағасы – 200 000 теңге. Кепілді жарна – 30 000 теңге. 13. Ваз-21213 автомобилі, тіркеу нөмірі D034NS, 2002 жылы шығарылған. Орналасқан жері – Ақтөбе қаласы, Алтынсарин көшесі, 25а. Баланс ұстаушы – «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті» ММ. Бастапқы (алғашқы) бағасы – 104 000 теңге. Кепілді жарна – 15 600 теңге. 14. Уаз-31512 автомобилі, тіркеу нөмірі D101NS, 1994 жылы шығарылған. Орналасқан жері – Ақтөбе қаласы, Алтынсарин көшесі, 25а. Баланс ұстаушы – «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті» ММ. Бастапқы (алғашқы) бағасы – 98 000 теңге. Кепілді жарна – 14 700 теңге. 15. Газ-6605 автомобилі, тіркеу нөмірі D103NS, 1979 жылы шығарылған. Орналасқан жері – Ақтөбе қаласы, Алтынсарин көшесі, 25а. Баланс ұстаушы – «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті» ММ. Бастапқы (алғашқы) бағасы – 399 000 теңге. Кепілді жарна – 59 850 теңге. 16. Ваз-21214 автомобилі, тіркеу нөмірі D441BW, 2008 жылы шығарылған. Орналасқан жері – Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы, Есет батыр көшесі, 12-3. Баланс ұстаушы – «Ақтөбе облысының статистика департаменті» РММ. Бастапқы (алғашқы) бағасы – 341 000 теңге. Кепілді жарна – 51 150 теңге. 17. Ваз-21214 автомобилі, тіркеу нөмірі D425BW, 2008 жылы

шығарылған. Орналасқан жері – Шалқар ауданы, Шалқар қаласы, Есет Көтібарұлы көшесі, 33. Баланс ұстаушы – «Ақтөбе облысының статистика департаменті» РММ. Бастапқы (алғашқы) бағасы – 232 000 теңге. Кепілді жарна – 34 800 теңге. 18. Ваз-21214 автомобилі, тіркеу нөмірі D448BW, 2008 жылы шығарылған. Орналасқан жері – Қобда ауданы, Қобда селосы, Көпжасаров көшесі, 26. Баланс ұстаушы – «Ақтөбе облысының статистика департаменті» РММ. Бастапқы (алғашқы) бағасы – 341 000 теңге. Кепілді жарна – 51 150 теңге. 19. Chevrolet Lacetti автомобилі, тіркеу нөмірі 919AE04, 2007 жылы шығарылған. Орналасқан жері – Ақтөбе қаласы, 12-шағын аудан, 30 «А»-үй. Баланс ұстаушы – «ҚР ƏМ Сот сараптамасы орталығы» MM. Бастапқы (алғашқы) бағасы – 713 000 теңге. Кепілді жарна – 106 950 теңге. Сауда-саттықтың ағылшын əдісін қолдана отырып аукцион өткізу кезінде жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы алғашқы бағаға тең. Аукционға қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі жəне аукцион басталуға дейін екі сағат бұрын аяқталады. Кепілді жарналар мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бір ың ғай оператордың шотына төленеді: Кепілді жарнаны алушы – «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ; банк – «Қазкоммерцбанк»; ЖСК KZ529261501102032004; БСК KZKOKZKX; БСН 050540004455; КБе 16, КНП 171; төлемнің белгіленуі – аукционға қатысу үшін кепілді жарна (банк қызметтері үшін төлемдер кепілді жарнаның мөлшеріне кірмейді). Қатысушыларға кепілді жарнаның кез келген санын енгізуге жол беріледі, бұл ретте бір кепілді жарна қатысушыға ол бойынша аукционға қатысу үшін осы кепілді жарнаны енгізген жекешелендіру объектісін сатып алу құқығын береді. Аукционға қатысу үшін мына құжаттарды: 1) жеке тұлғалар үшін: жеке сəйкестендіру нөмірін (бұдан əрі – ЖСН), тегін, атын, əкесінің атын (бар болған жағдайда); 2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сəйкестендіру нөмірін (бұдан əрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, əкесінің атын (бар болған жағдайда); 3) кепілді жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелерін; 4) байланыс деректерін (пошталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail); 5) ұлттық куəландырушы орталық берген ЭЦҚ-ның жарамдылығы мерзімін көрсете отырып, Тізілімнің вебпорталында алдын ала тіркелу қажет. Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде Тізілімнің веб-порталында

енгізілген деректерді өзгертеді. Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ қойылған аукционға қатысуға өтінімді Қағиданың қосымшасына сəйкес объект бойынша Тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет. Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ қойылған аукционға қатысуға өтінімді Қағидаға қосымшаға сəйкес объекті бойынша Тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет. Аукционға қатысуға өтінім тіркелгеннен кейін Тізілімнің вебпорталында үш минут ішінде өтінім берілген сату объектісі бойынша кепілді жарнаның түсуі туралы мəліметтердің Тізілім дерекқорында болуы тұрғысынан автоматты түрде тексеру жүргізіледі. Назар аударыңыз! Қатысушының өтінімді қатысу жəне тіркеу бойынша талаптарды сақтамауы, сондай-ақ бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына саудасаттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілді жарнаның саудасаттық басталуға дейін екі сағат бұрын түспеуі Тізілім веб-порталында өтінімді қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады. Аукционға жіберілген қатысушыға Тізілім веб-порталында берілетін аукцион нөмірі бойынша аукцион залына кіруге рұқсат етіледі. Аукционға қатысушылар аукцион басталуға дейін бір сағат ішінде аукцион залына ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып кіреді. Аукцион жекешелендіру объектісінің бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен саудасаттық өткізу туралы ақпараттық хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады. Сауда-саттықтың ағылшын əдісі бойынша электрондық аукцион ережесі: 1) егер аукцион залында электрондық аукцион басталған сəттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі Қағидаданың 36-6 тармағына сəйкес белгіленген қадамға жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса осы жекешелендіру объектісі бойынша электрондық аукцион өткізілмеді деп танылады; 2) егер аукцион залында электрондық аукцион басталған сəттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың біреуі Қағидаданың 36-6 тармағына сəйкес белгіленген қадамға жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растайтын болса, бастапқы баға белгіленген қадамға артады; 3) егер ағымдағы баға артқаннан кейін жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру объектісінің ағымдағы құнын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін

сатып алу ниетін растамайтын болса, онда жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілді деп танылады. Жекешелендіру объектісі бойынша сауда-саттықтың ағылшын əдісімен аукцион қатысушылардың біреуі ұсынған ең жоғары бағаға дейін жүргізіледі. Жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы бағаны арттырудың кемінде екі қадамына өскен жағдайда ғана жекешелендіру объектісі бойынша сауда-саттықтың ағылшын əдісімен аукцион өткізілді деп танылады, бұл ретте бастапқы бағаның екі қадамға өсуін кемінде екі қатысушы жүзеге асырады. Əрбір сатылған жекешелендіру объектісі бойынша аукцион нəтижелері аукцион нəтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы жəне жеңімпаз ЭЦҚны пайдалана отырып, сауда-саттық өткізілген күні Тізілімнің вебпорталында қол қояды. Аукцион нəтижелері туралы хаттама аукцион нəтижелерін жəне жеңімпаз сатушының жекешелендіру объектісін сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттерін белгілейтін құжат болып танылады. Жеңімпазбен сатып алусату шартына электрондық аукцион өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде Ақтөбе қаласы, Ш.Қалдаяқов көшесі, 33, 403-кабинет мекенжайында қол қойылады. Бұл ретте, аукционның жеңімпазы сатып алу-сату шартына қол қойған кезде сатушыға салыстыру үшін мынадай құжаттардың: 1) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаттың; 2) заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куəліктің не анықтаманың; заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куəландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куəландыратын құжаттың түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып, олардың көшірмелерін не нотариат куəландырылған көшірмелерін ұсынады. Құжаттардың түпнұсқалары салыстырғаннан кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады. Қағидаға сəйкес, сауда-саттықта ұтқан тұлға сауда-саттық нəтижелері туралы хаттамаға немесе сатып алусату шартына қол қоюдан жалтарған жағдайда, ол енгізген кепілді жарнасын жоғалтады жəне сатушыға кепілді жарнамен жабылмаған бөлігінде оның іс жүзінде шеккен залалының орнын толтыратындығын қоса хабарлаймыз. Аукцион өткізу туралы қосымша ақпаратты www.gosreestr.kz сайтынан жəне 8 (7132) 54-44-54 телефоны арқылы алуға болады.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Маңғыстау мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті 2015 жылғы 31 наурызда (Астана уақытымен) сағат 11.00-ден бастап www.gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік Тізілімінің веб-порталында республикалық меншіктегі объектілерді сату жөнінде электрондық аукцион өткізу туралы хабарлайды Республикалық меншіктегі объектілерді сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жеке шелендіру объектілерін сату қағидасымен жүзеге асырылады. Сауда-саттықтың ағылшын əдісімен электрондық аукционға республикалық меншіктегі мына объектілер қойылады: Теңгерім ұстаушысы – «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» ШЖҚ РМК. Лот № 1. Уаз-22089 а/к, м/н R943BA, 2004 ж.ш. Объектінің орналасқан жері: Ақтау қ., 23-шағын аудан, 103-ғимарат. Бастапқы бағасы – 331240 теңге. Кепілді жарна – 49686 теңге. Лот № 2. Mazda-626 а/к, м/н 695АA12, 1992 ж.ш. Объектінің орналасқан жері: Ақтау қ., 23-шағын аудан, 103-ғимарат. Бастапқы бағасы – 137862 теңге. Кепілді жарна – 20680 теңге. Лот № 3. Daewoo Nexia а/к, м/н R892BF, 2007 ж.ш. Объектінің орналасқан жері: Ақтау қ., 23-шағын аудан, 103-ғимарат. Бастапқы бағасы – 386199 теңге. Кепілді жарна – 57930 теңге. Лот № 4. Ваз 21074 а/к, м/н R281BF, 2006 ж.ш. Объектінің орналасқан жері: Ақтау қ., 23-шағын аудан, 103-ғимарат. Бастапқы бағасы – 123243 теңге. Кепілді жарна – 18487 теңге. Теңгерім ұстаушысы – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Маңғыстау облысы бойынша департаменті» ММ. Лот № 5. Ваз-21103 а/к, м/н R797NS, 2003 ж.ш. Объектінің орналасқан жері: Ақтау қ., 24-шағын аудан, 3-ғимарат. Бастапқы бағасы – 209292 теңге. Кепілді жарна – 31394 теңге. Лот № 6. Уаз-31514 а/к, м/н R020NS, 2000 ж.ш. Объектінің орналасқан жері: Ақтау қ., 24-шағын аудан, 3-ғимарат. Бастапқы бағасы – 259255 теңге. Кепілді жарна – 38889 теңге. Лот № 7. Toyota Land Cruiser 80VX а/к, м/н R777NS, 1998 ж.ш. Объектінің орналасқан жері: Ақтау қ., 24-шағын аудан, 3-ғимарат. Бастапқы бағасы – 1469297 теңге. Кепілді жарна – 220395 теңге. Лот № 8. Nissan Maxima а/к, м/н R003NS, 2002 ж.ш. Объектінің орналасқан жері: Ақтау қ., 24-шағын аудан, 3-ғимарат. Бастапқы бағасы – 736684 теңге. Кепілді жарна – 110503 теңге. Лот № 9. Газ-3110 а/к, м/н R018NS, 2003 ж.ш.

Объектінің орналасқан жері: Ақтау қ., 24-шағын аудан, 3-ғимарат. Бастапқы бағасы – 246117 теңге. Кепілді жарна – 36918 теңге. Лот № 10. Газ-3110 101 а/к, м/н R017NS, 2003 ж.ш. Объектінің орналасқан жері: Ақтау қ., 24-шағын аудан, 3-ғимарат. Бастапқы бағасы – 319766 теңге. Кепілді жарна – 47965 теңге. Лот № 11. Газ-3102 а/к, м/н R707NS, 2000 ж.ш. Объектінің орналасқан жері: Ақтау қ., 24-шағын аудан, 3-ғимарат. Бастапқы бағасы – 246117 теңге. Кепілді жарна – 36918 теңге. Лот № 12. Ваз-21213 а/к, м/н R105NS, 2003 ж.ш. Объектінің орналасқан жері: Актау қ., 24-шағын аудан, 3-ғимарат. Бастапқы бағасы – 174317 теңге. Кепілді жарна – 26148 теңге. Лот № 13. Ваз-21103 а/к, м/н R019NS, 2002 ж.ш. Объектінің орналасқан жері: Ақтау қ., 24-шағын аудан, 3-ғимарат. Бастапқы бағасы – 278151 теңге. Кепілді жарна – 41723 теңге. Лот № 14. Ваз-21213 а/к, м/н R102NS, 2003 ж.ш. Объектінің орналасқан жері: Ақтау қ., 24-шағын аудан, 3-ғимарат. Бастапқы бағасы – 174317 теңге. Кепілді жарна – 26148 теңге. Лот № 15. Газ-3110 101 а/к, м/н R021NS, 2003 ж.ш. Объектінің орналасқан жері: Ақтау қ., 24-шағын аудан, 3-ғимарат. Бас тапқы бағасы – 246117 теңге. Кепілді жарна – 36918 теңге. Теңгерім ұстаушысы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК. Лот № 16. Daewoo Nexia Dons а/к, м/н 177AH12, 2007 ж.ш. Объектінің орналасқан жері: Ақтау қ., 15-шағын аудан, 67 «б»ғимарат. Бастапқы бағасы – 289788 теңге. Кепілді жарна – 43469 теңге. Теңгерім ұстаушысы – «Сот сараптамасы орталығы» ММ. Лот № 17. Газ-2705 34 а/к, м/н R320BF, 2005 ж.ш. Объектінің орналасқан жері: Ақтау қ., Толқын-2 тұрғын массиві, 126 учаске. Бастапқы бағасы – 659888 теңге. Кепілді жарна – 98984 теңге. Электрондық аукционға қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі жəне электрондық аукцион өткізуге дейін екі сағат бұрын аяқталады. Кепілді жарнаны өткізу деректемелері: Маңғыстау мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаментінің депозиттік шоты, ЖСК № KZ980705012170175006, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

Қазынашылық комитетінде, БСН 120240022666, төлем тағайындау коды 171, Кбе 11, мекеме коды 2170175, БСК KKMFKZ2A, төлем тағайындалуы: аукционға қатысу кепілді жарнасы (кепілді жарна мөлшеріне банк қызметінің төлемі кірмейді). Қатысушыларға кепiлдi жарнаның кез келген санын енгiзуге жол беріледі, бұл ретте бір кепілді жарна қатысушыға ол бойынша сауда-саттыққа қатысу үшін осы кепілді жарнаны енгізген жекешелендіру объектісін сатып алу құқығын береді. Аукционға қатысу үшін мыналарды көрсете отырып, Тізілім веб-порталында алдын ала тіркелу қажет: 1) жеке тұлғалар үшін: жеке сəйкестендіру нөмірін (бұдан əрі – ЖСН), тегін, атын, əкесінің атын (бар болған жағдайда); 2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сəйкестендіру нөмірін (бұдан əрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, əкесінің атын (бар болған жағдайда); 3) кепілді жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелерін; 4) байланыс деректерін (пошталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail); 5) ұлттық куəландырушы орталық берген ЭЦҚ-ның жарамдылығы мерзімін көрсете отырып, Тізілімнің вебпорталында алдын ала тіркелу қажет. Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде Тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді. Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ қойылған аукционға қатысуға өтінімді осы Қағидаға қосымшаға сəйкес объект бойынша Тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет. Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді. Аукцион жекешелендіру объектісінің бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен саудасаттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады. Аукционға қатысуға өтінім тіркелгеннен кейін Тізілім веб-порталында үш минут ішінде өтінім берілген сату объектісі бойынша кепілді жарнаның түсуі туралы мəліметтердің Тізілім дерекқорында болуы тұрғысынан автоматты түрде тексеру жүргізіледі. Назар аударыңыз! Қатысушының осы Қағиданың 23-1 жəне 23-2-тармақтарында көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ сатушының шотына сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген

кепілді жарнаның аукцион басталғанға дейін жетпіс екі сағат бұрын түспеуі Тізілім веб-порталында өтінімді қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады. Тізілім дерекқорында сатушының шотына кепілді жарнаның түскені туралы мəлімет болған жағдайда, Тізілім веб-порталында өтінімді қабылдау жəне қатысушыны аукционға жіберу жүзеге асырылады. Тізілім дерекқорында сатушының шотына кепілді жарнаның түскені туралы мəлімет болмаған жағдайда, Тізілім веб-порталында қатысушының өтінімі кері қайтарылады. Автоматты түрдегі тексеру нəти желері бойынша Тізілім вебпорталында қатысушының өтінімінде көрсетілген электронды мекенжайына өтінімді қабылдау туралы электрондық хабарлама не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жіберіледі. Аукционға жіберілген қатысушыға Тізілім веб-порталында берілетін аукцион нөмірі бойынша аукцион залына кіруге рұқсат беріледі. Сатушы аукционға қатысудан жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында бас тартқан қатысушының аукцион нөмірін оны өткізгенге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей жояды. Электрондық аукционға қатысушылар электрондық аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде аукцион залына ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып кіреді. Электрондық аукцион жекешелендіру объектісінің бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады. Сауда-саттықтың ағылшын əдісі бойынша электрондық аукцион ережесі: 1) егер аукцион залында аукцион басталған сəттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі осы Қағиданың 36-6-тармағына сəйкес белгіленген қадамға жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, онда осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілмеді деп танылады; 2) егер аукцион залында аукцион басталған сəттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың біреуі осы Қағиданың 36-6-тармағына сəйкес белгіленген қадамға жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растайтын болса, онда бастапқы баға белгіленген қадамға артады;

3) егер ағымдағы баға артқаннан кейін жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру объектісінің ағымдағы құнын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, онда жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілді деп танылады. Жекешелендіру объектісі бойынша сауда-саттықтың ағылшын əдісімен аукцион қатысушылардың біреуі ұсынған ең жоғары бағаға дейін жүргізіледі. Жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы бағаны арттырудың кемінде екі қадамына өскен жағдайда ғана жекешелендіру объектісі бойынша сауда-саттықтың ағылшын əдісімен аукцион өткізілді деп танылады, бұл ретте бастапқы бағаның екі қадамға өсуін кемінде екі қатысушы жүзеге асырады. Жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы бағаны ұлғайтудың кемінде екі қадамына өскен жағдайда ғана жекешелендіру объектісі бойынша сауда-саттықтың ағылшын əдісімен электрондық аукцион өткізілді деп танылады, бұл ретте бастапқы бағаның екі қадамға өсуін кемінде екі қатысушы жүзеге асырады. Əрбір сатылған жекешелендіру объектісі бойынша электрондық аукцион нəтижелері электрондық аукцион нəтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы жəне жеңімпаз ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, электрондық аукцион аяқталғаннан кейін жиырма төрт сағат ішінде Тізілімнің веб-порталында қол қояды. Электрондық аукцион нəтижелері туралы хаттама электрондық аукцион нəтижелерін жəне жеңімпаз сатушының жекешелендіру объектісін сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттерін белгілейтін құжат болып табылады. Ақтау қаласы, 9-шағын аудан, 23-ғимарат мекенжайында жеңімпазбен сатып алу-сату шартына электрондық аукцион өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қол қойылады. Бұл ретте, электрондық аукционның жеңімпазы салыстыру үшін түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып көрсетілген құжат тардың көшірмелерін не болмаса нотариалды куəландырылған көшір мелерін сатушыға ұсынады. Құжат тардың түпнұсқалары салыстырғаннан кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады. Аукцион өткізу туралы қосымша ақпаратты www.gosreestr.kz сайтынан жəне 8 (7292) 421657 телефоны арқылы алуға болады.

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Тараз қаласында орнатылатын монументтің таңдаулы жобасына жарияланған республикалық ашық конкурстың ықтимал қатысушыларының назарына Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрлігі Жамбыл обысының əкімдігімен бірлесіп, «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» республикалық газеттерінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Тараз қаласында орнатылатын монументтің таңдаулы жобасына республикалық ашық конкурс жариялайтыны туралы хабарландыруға қосымша төмендегіні хабарлайды. Жамбыл облысының əкімдігімен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған ескерткіштің орнатылатын жерінің қайта нақтылануына сəйкес, сондай-ақ, жобаны ұсынылып отырған ситуациялық схемаға сəйкес қосымша пысықтау, жобаға қатысушаларды толық ақпараттандыру жəне барынша толық қамту мақсатында конкурстық материалдарды қабылдау мерзімінің 2015 жылғы 15 наурызға дейін ұзартылатынын хабарлаймыз. «АППАҚ» ЖШС мекенжайы: Алматы қаласы, Тимирязев көшесі, 42-үй, «Экспо-Сити» кеңсе орталығы, 15/109 павильон, umts@appak.kz эл.пошта, «№№1-26 лоттар, Технологиялық блоктарды орап байлау үшін біртекті емес материалдарды жеткізу» ашық тендер тəсілімен ұзақ мерзімді сатып алуды өткізу туралы хабарлайды. Тендер сатып алынатын тауардың тек отандық тауар өндірушілердің арасында жүргізіледі. Тауарды жеткізу орны: 161003, ҚР, ОҚО, Созақ ауданы, Қыземшек кенті, «АППАҚ» ЖШС кеніші. Тауардың атауы, сондай-ақ жеткізудің талап етілетін көлемі, орны мен мерзімі тендерлік құжаттамада қамтылған. Тендерге қатысуға өтінімдер 13.04.2015 ж. сағат 9.30-ға дейін мына мекенжайда қабылданады: Алматы қ., Тимирязев к-сі, 42, «Экспо-Сити» кеңсе орталығы, 15/109-павильон, 1-қабат, телефондар: 727 2 59 90 74; 2 58 50 81. Конверттерді ашу бойынша тендер комиссиясының отырысы 13.04.2015 ж. сағат 10.00-де болады. Тендерлік құжаттаманы Аппак веб-сайтынан немесе umts@appak.kz эл.поштасы бойынша жазбаша сұраныс арқылы алуға болады. ТОО «АППАК», расположенное по адресу: 050057, г. Алматы, ул. Тимирязева, 42, офисный центр «Экспо-Сити», павильон 15/109, эл.почта – umts@appak.kz, объявляет о проведении долгосрочных закупок способом открытого тендера «Поставка неоднородных материалов для обвязки технологических блоков, лоты №№1-26». Тендер проводится только среди отечественных товаропроизводителей закупаемого товара. Место поставки товара: 161003, РК, ЮКО, Сузакский район, пос. Кыземшек, рудник ТОО «АППАК». Наименование, а также требуемые объем, место и сроки поставки товаров – содержится в тендерной документации. Заявки на участие в тендере принимаются до 9.30 часов 13.04.2015 года по адресу: г. Алматы, ул. Тимирязева, 42, офисный центр «Экспо-Сити», павильон 15/109, 1-этаж телефон: 727 2 59 90 74; 2 58 50 81. Заседание тендерной комиссии по вскрытию конвертов состоится в 10.00 часов13.04.2015 года. Тендерную документацию можно скачать на веб-сайте Аппак или получить по электронной почте, обратившись письменно на адрес umts@appak.kz.

«НГСК КазСтройСервис» АҚ осы арқылы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-пен жəне «Каспий Құбыры Консорциум-К» АҚ-пен ірі мəмілелерге қосымша келісімдер жасау туралы шешімдерді қоғамның Директорлар кеңесі қабылдағаны жөнінде барлық мүдделі тұлғалардың назарына жеткізеді. ОҚО, Сарыағаш ауданы, Алыбай батыр атындағы мектепті 2012 жылы бітірген Садуахас Абылай Абдрахманұлына берілген ҰБТ сертификаты жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын.

САУДА-САТТЫҚ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитетінің Павлодар мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті 2015 жылғы 1 наурызда сағат 10.00-ден сағат 17.00-ге дейін www.gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік Тізілімінің веб-порталында республикалық меншіктегі объектіні сату жөнінде электрондық аукцион өткізу туралы хабарлайды Республикалық меншіктегі объектілерді сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидасына сəйкес жүзеге асырылады. Сауда-саттықтың голланд əдісімен электрондық аукционға республикалық меншіктегі мына объект қойылады: 1.Əкімшілік ғимарат, алаңы 275,2 ш.м., гараж, алаңы 153,3 ш.м., гараж, алаңы 397,6 ш.м., (екі тамбурмен, салыну алаңы 9 ш.м-ден.), жертөле, алаңы 54,7 ш.м., от жағатын орын, алаңы 148,4 ш.м., жөндеу жұмыстарын жүргізетін шеберхана, алаңы 802,9 ш.м., баланс ұстаушы «Қазақавтожол» РМК, Ақтоғай а., Мүткенов к-сі, 6. Бастапқы баға – 28 788 143 теңге, алғашқы баға – 143 940 715 теңге, ең төменгі баға – 1 046 284 теңге, кепілді жарна – 4 318 222 теңге. Электрондық аукционға қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі жəне аукцион өткізуге екі сағат қалғанда аяқталады. Сауда-саттыққа қатысу үшін кепілді жарна бірыңғай оператордың шотына төленеді: «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ: БИН 050540004455, ИИК KZ529261501102032004, БИК KZKOKZKX, «Қазкоммерцбанк» АҚ, КНП 171, Кбе 16. Аукционға немесе коммерциялық тендерге қатысу үшін мыналарды көрсете отырып, Тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет: 1) жеке тұлғалар үшін: жеке сəйкестендіру нөмірі (бұдан əрі – ЖСН), тегі, аты, əкесінің атын (бар болса); 2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сəйкестендіру нөмірі (бұдан əрі – БСН), толық атауы, бірінші басшының тегі, аты, əкесінің аты (бар болса); 3) кепілді жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелері; 4) байланыс деректері (почталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail). Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде Тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді. Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін, қосымшалармен қатысушының қол қойылған ЭЦҚ, пішін бойынша электрондық аукционға қатысу үшін электронды өтінімді Тізілімнің вебпорталында тіркеу қажет. Аукционға қатысушылар электрондық аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде аукцион залына ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып кіреді. Аукцион жекешелендіру объектісінің бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады. Сауда-саттықтың голланд əдісі бойынша электрондық аукцион ережесі: 1) егер электрондық аукцион басталған сəттен бастап екі минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі электрондық аукционда жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы белгіленген тəртіпке сəйкес бір қадамға азаяды; 2) егер баға азайғаннан кейін екі

минут ішінде қатысушылардың бірдебіреуі жекешелендіру объектісін сатып алуға ниетін растамайтын болса, жекешелендіру объектісінің соңғы жарияланған бағасы белгіленген қадаммен азаяды. Жарияланған баға бойынша жекешелендіру объектісін сатып алуға ниетін бірінші болып растаған қатысушы сауда-саттықтың голланд əдісі бойынша электрондық аукцион жеңімпазы болып танылады жəне осы жекешелендіру объектісі бойынша электрондық аукцион өткізілді деп танылады; 3) егер жекешелендіру объектісінің бағасы белгіленген ең төменгі мөлшерге жетсе жəне қатысушылардың бірдебіреуі жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамаса, онда электрондық аукцион өткізілмеді деп танылады. Əрбір сатылған жекешелендіру объектісі бойынша аукцион нəтижелері аукцион нəтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы жəне жеңімпаз ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, сауда-саттық өткiзiлген күнi Тізілімнің веб-порталында қол қояды. Аукцион нəтижелері туралы хаттама электрондық аукцион нəтижелерін жəне жеңімпаз сатушының жекешелендіру объектісінің сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттерін белгілейтін құжат болып табылады. Павлодар қаласы, Сəтбаев көшесі, 136 мекенжайында жеңімпазбен сатып алу-сату шартына электрондық аукцион өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қол қойылады. Аукционның жеңімпазы сатып алусату шартына қол қойған кезде келесі көрсетілген құжаттардың көшірмелерін, көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын не нотариалды куəландырылған көшірмелерін салыстыру үшін міндетті түрде көрсете отырып, сатушыға ұсынады: 1) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжатттар; 2) заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куəлігі немесе заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасы; заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куəландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куəландыратын құжаттар. Құжаттардың түпнұсқалары салыстырғаннан кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарып беріледі. Назар аударыңыз! Бірыңғай оператордың есеп шотына кепілді жарнаның аукцион басталу уақытына дейін екі сағатқа дейін түспеген, сонымен қатар, тіркеу бойынша талаптарды қатысушылар орындамаған жағдайда, өтініштерді қабылдау Тізілімнің веб-порталының бас тарту үшін негіз болып табылады. Сатып алушыға жер теліміне құқық Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сəйкес ауысады. Жер телімінің кадастрлық (бағалау) құнын Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сəйкес сатып алушы бөлек төлейді. Аукцион өткізу туралы қосымша ақпаратты www.gosreestr.kz сайтынан жəне 8 (7182) 32-50-94 телефоны арқылы алуға болады.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің басшылығы мен ұжымы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігінің кеңесшісі Анатолий Васильевич КОНСТАНТИНОВТІҢ қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.


13 наурыз 2015 жыл

Н

ЗЕ Ө Р І ӨМ

аулақ. Ештеңені сынап-мінемейді. Тек жанды сурет, өмір бар. Үлкенді-кішілі замандастарын кейіптесе де, орманы оталған атамекен мен бойкүйез, марғау ағайынның қоңторғай тірлігін тілге тиек етсе де бояуын үстемей қаз-қалпында суреттеп, төрелігін оқушыға қалдырады. Яки, одан арғысы сіз бен біздің ой-түйсік, ақыл-парасатымызға сын. Жазушының өзіне тəн машығы бұл шығармада айрықша ұштала түскен тəрізді. Қоңыр мұң, қоңыр əуен, бояуы төгілген ғажайып суреттер, қара балдай созылған тіл, қатпар-қатпар қордалы ойлар... Төрт құбыласы толысқан хас шебердің даналық қалпын көрсетсе керек. «Келмес күндер елесі» – қазақ көркем ойының бүгінгі биіктерінің бірі. «Жұлдыз» журналына жарияланған күннен бастап жұрт жапырлап, іздеп жүріп оқитын шын мəніндегі бестселлерге айналып кетті. Қалағаңның қай шығармасы болмасын қазақ сөзінің құнары, сарқылмас қордасы ғой. Асылы, туған тіліміздің жұпарын сағынғанда сол тұнық бастауға қайта-қайта айналып соғарымыз анық. Қалихан Ысқақов – əдебиетімізге олжа салып, «Қоңыр күз еді» сияқты бірден классикалық дəрежедегі шығарма жазған санаулы саңлақтардың бірі. Əдеби əлемді елең еткізіп, бірден солай мой-

Қаламгердің қашанда жалпақ жұртқа өзінен бұрын сөзі жетеді ғой. Тамсанасың, тәнті боласың. Көріп-білмесең де іштей бір жақыныңа айналады. Іздейсің, елегізисің. Кітап-журналдардан атын оқи қалсаң: «Мынау әлгі пәленше деген шығарманы жазған кісі ғой!» деп көзіңе жылыұшырай кетеді. Мен де Қалағаңмен, Қалихан Ысқақовпен әуелі сөзі арқылы қауышқан едім. Тұрысбек СƏУКЕТАЕВ,

жазушы, халықаралық «Алаш» əдеби сыйлығының лауреаты.

Біздің бала кезімізде газет-журнал келмейтін үй некен-саяқ. Əсіресе, аудандық, облыстық газеттерді қойшықолаңға совхоз басшылары сұрамай-ақ сыртынан жаздыра салатын. Аудандық «Коммунистік еңбекте» нөмір аралатып, «Қазақстан пионеріне» аракідік болса да өлеңдерім шығып, «бала ақын» атанып «дүрілдеп» тұрған шағым. Қолға түскен газет-журналдардан өлең-əңгімені құр жібермеймін. Жаз ортасы. Жайлау. Əдеттегідей Барлыбайдың баурайында отырғанбыз. Пошташы Əбуғали шал қойшы ауылдың біріне түстеніп, біріне қонажастанып, ай бойы жиналып қалған газетжурнал, хат-хабарды таратады. Бір күні түске қарай месқарын торы аттың үстінде екі аяғы салаңдап, қара қоржынның екі басы теңкиіп біздің үйге келді. Əкем Серпуховта əскерде жүрген ағамнан хат күтіп алаңдаулы еді. Сəлемнен кейін: «Біздің ұлдан бірдеңе бар ма?» деді. Əбекең: «Не болса да осының ішінде», деп бір бума газетті маған құшақтата салды. Хат жоқ екен. Үйдің көлеңкесіне етпеттей кетіп, газеттерді парақтауға кірістім. Іздейтінім – «Əдебиет беті». Облыстық «Коммунизм туы» газетінде Қалихан Ысқақов деген жазушының «Бұқтырма сарыны» повесі жарияланыпты. Соңғы ішкі бетті түгел алып жатыр. Əдетте өлең, шағын əңгімелерді жақсы көрем. Нəумезденіп келесі нөмірді ақтардым. Онда да сол. Газеттің төрт санына қатарынан шығыпты. Аудандық газеттегі көзтаныс авторлардың бірлі-жарым өлеңдерін, сықақ, фельетондарын қақшып тастадым да, «Бұқтырма сарынына» қайта оралдым. Сорабы бөлек соныға түскендей кібіртіктеп қалдым əуелгіде. Сөз оралымы, бояу, кестесі мүлдем өзгеше. Сөзбен сурет салғандай кейіпкер кескіні, табиғат бедері бар бояуымен төгіліп көз алдыңа тұра қалады. «Құдай-ау, қазақтың қара сөзін де дəл бұлай құбылтып, құлпыртуға болады екен-ау!» деймін таң-тамаша болып ішімнен. «Шамасы, жел тұрса керек, қарағай басы қара арғымақтың жалындай шалқып жатыр...», «Шатқал ішін бу кернеп, Бұқтырма бұрқ-сарқ қайнап жатқан сияқты...», «Орман желегі боз қыраудың ұлпасымен майысып, төгілейін деп тұр екен...», «Шал оған ту сыртын бере теріс айналып еді, қуалап жүріп құлағын тауып алды да, тоңқайып тұрып етектен аспанға қарай айқай салды...». Оқиғасына емес, сөздің дəміне таңдайым уылжып қызығып отырмын. Қайыққа өткел бермес Ертістің қара иіріміндей дөңгелетіп, тұңғиығына тарта берді. Жазушы кейіптеген өңір мына Барлыбай тауының иығынан асып түссең, қол созымдай жерде ғана. Қушоқының биігінен бəрі алақанға салғандай менмұндалайды. Əне, Бұқтырманың ирелеңдеген сауыры қожыр-қожыр жартастары ожырайған құлама беткейдің етегін қиып, балқыған қорғасындай жалтырап жатыр. Одан əрі өркеш-өркеш жоталарға тебендей шаншылып қаптаған қалың қарағай, үйірілген ақша бұлт. Расында да əдемі. Бірақ шығармадағы сурет одан да əсем, əлдеқайда əсерлі. Жазушы айнала-əлемге біз көрмегенді көретін əлдебір сиқырлы көзбен қарайтын сияқты. Қалағаңның қолыма түскен алғашқы шығармасымен қауышқанда, міне осындай күйге бөленіп, таң-тамаша халді бастан кешкен едім. Дəмін алып дəндеп алғаннан кейін қуып жүріп оқитын болдым əр жазғанын. Оның шығармаларында сапырылысқан уақиға, кең ауқымды тарихи драма, қақтығысты майдандар жоқ, сан бояулы диалогтар, мінездер мен кестелі, кемел суреттер аясында шынайы өмірдің қан тамыры бүлк-бүлк соғып жатады. Ту сонау тайга түкпіріндегі бейғам тірлік, күйкі тұрмыстың бадырайған суреттері көрер көз, сезер жүрекке талай уайымды ишаралап тұрар еді. Уақиғаның бел ортасында жүргендей бəріне шүбəсіз иланып, күлеміз, мұңаямыз, түрлі əсерге бөленеміз. Бірақ бір сəт ес жиғандай серпіліп: «Япыр-ау, өміріміз шынымен осылай ма? Мына түрімізбен қайда барамыз!» деген үрейлі сауалдың көкейде көлбең қағары хақ. Осылай іштей табысып, сырттай танысқан жазушымен күндердің күнінде жүздесудің де сəті түсті. Университетті бітірісімен «Қазақфильм» киностудиясына орналастым. Аударма бөлімінде істеймін. Қалекең сценарий коллегиясында редактор. Қараторы өңінде қайрат тепсінген жігіт ағасы екен. Бітімі шарық тастай шымыр, дембелше. Аясы кең қара көздері жарқ етіп кісіге тіке қарайды. Үлкенмен де, кішімен де құрдасындай қалжыңдаса беретін жайдары, ашық мінез. Жанаса кеткен кісіні əзілмен іліп, күлкіге қарық қып тастайды. Құрдастары «Кетік» деп атайды екен. Қасқа тісі жалтыраған жез. Шамасы, соның орыны опырайып жүргенде құлағына азан шақырған болса керек. Ол тұстағы «төрт тапалдың» айналасындағы алыпқашты əңгіме көп. Өз басым ондай «Сандыбадтың сапарына» куə болған емеспін.Тонның ішкі бауындай жақындасып, аралас-құралас болған жоқпыз. Сəлеміміз түзу, сырттай сыйласып қана жүрдік. Сондықтан Қалағаңның «қалтарыс қызықтары» жайлы ештеңе айта алмаймын. Менің бар білетінім – Қалекең ғажайып еңбекқор еді. Студия түсіретін фильм сценарийлерінің бəрі дерлік сол кісінің қолынан өтетін. Бəрінен дерлік сол кісінің қара тері аңқып тұратын.

www.egemen.kz

Жасыратыны жоқ, «Қазақфильм» ғасырға жуық өз тарихында, орысты былай қойғанда, Балтық жағалауы, Кавказ елдеріндегі сияқты жалпақ жұртты тамсандырып, «пай-пай шіркін» дегізердей ештеңе түсіріп көрген жоқ. Тіпті іргелес түрік, өзбек, қырғыздармен де иық теңестіре алмаймыз. Біраз патриот ағайынның көзі шақшиып, баж ете түсерін білемін. Бірақ шындық осы. Өсеміз, өркендейміз десек, құр даңғазаны малданбай, өтіміз жарылса да ақиқатты мойындап, қыр асып кеткен қоңыраулы ұлы көшке жету үшін өзімізді қамшылағанымыз жөн. Əлбетте, «Қыз Жібек» бастатқан бірқатар фильмдерді ауызға алып тоқмейілсуге болар, бірақ, құдайшылығын айтсақ, олар да «орта бойлы, дембелше» ғана. Халқымыздың мінез-бітімін, шынайы болмысын бейнелеп, əлемдік аренаға шығарған шедевр деп айта аламыз ба? Дау айтам деушілер осы төңіректе сəл де болса ой қаузап көрсе, шындықтың ізін табар еді. Киномыздың жер бауырлап еңбектеген мешел халіне күйініп Олжастың кинематографистердің бір пленумында: «Мен ВГИК-тің оқу процесімен таныстым. Шеберлік сабақтарында одақтас

н а ғ л а с н е б Сөз . . . і т т е р у с

республикалардағы түсірілген үздік фильмдерге талдау жасалынады екен. Қазақ фильмдерін де талдайды. Бірақ оны: «Бұлай фильм түсіруге болмайды», деп үлгі ретінде көрсетеді екен!» деп əжуамен түйрегені есімізде. Дарынсыздық вирусы қайдан жұқты, жылдар бойы одан неге арыла алмадық? Осы саланың шүйгінін шиырлап, талай биік креслоны тоздырған Қалтай ағамыздың: «Қазаққа кино қонбаған», деп қынжылғаны көпке мəтел болып кеткені мəлім. Қалағаң айтса, біліп айтады ғой. О кісі бұл жерде күллі қазаққа топырақ шашудан аулақ, киноның айналасындағы дарынсыз қазақтарды меңзеп отыр. Келеңсіз басшылар, творчестволық түйсіктен жұрдай кездейсоқ режиссерлер қайран өнердің өресін тарылтып, бағын байлады. Фольклордан бастап алпысыншы жылдардағы ұлы шоғырдың туындыларына дейінгі əдебиетіміздің жауһарлары қаттау-қаттауымен жатқан алтын сандықтың үстінде отырса да, қазақ топырағынан сценарийге өзек болар ештеңе таба алмай, «басқа бақтың алмасының тəттісі-ай» деп сыртқа қарап мөңірейтін. Жылт еткен ұшқыны бар біреу көрінсе, сауырлап қуып, қотандарына жолатпайтын. Көбінесе өздері жазып, өздері қойды, не пысықай тамыр-таныстарының көк есегіне мінгесетін. Жығылған үстіне жұдырық болған тағы бір үлкен сор – ол кезде екі тізгін, бір шылбыр Мəскеудің қолында болды. Сценарийді бекіту, фильмді қабылдау... Бəрінің батасын солар берді. Кіріптарды кім басынбайды, олар көбінесе мəскеулік авторларды тықпалайтын. Көлденең өткенді жебей сауып үйреніп қалған жырындылар «қай бір сүтті қызын» берсін, «бұларға осы да жарайды» деп, «Мосфильм», «Ленфильмдердің» босағасынан сығалай алмаған халтураларын, «Сергейді – Серік, Бористі – Берік...» деп, «қазақшалаған» боп, қазекеңе «мə, Қоңқай» деп ұстата салады. «Болмайды» деп бас шайқайтын басшы жоқ, «алмаймын» дейтін режиссер жоқ. Бастыққа жос пар керек, творчестволық əтек режиссер «пəлен фильм түсірдім» деген атаққа мəз... Жə, қиялап бара жатқан əңгімемізді шиырып, Рабле айтқандай, «қотанымызға қайта оралсақ», Қалихан ағамыздың дəл осы тұста «қаны» жерге тамбайтын. Халтураны қалай илесе де қиюын келтіре алмай сасқалақтағанда айналып-үйіріліп табатындары – Қалекең. Ол кісінің иі жұмсақ, бас шайқауды білмейді, үш жұлдызды «Қазақстаннан» қасқалдақтың қанындай ғана анда-санда бір ұрттап қойып, езуінен ширатылған көк түтін төбеге тіреліп, қаламы сықырлап сағаттар бойы отырғаны. Қазақы мінезді қалыптайтын диалогтар жазады, ойынан жаңа эпизодтар қосады... «Өлінің» үшкіріп кеудесіне жан салады, көтеремді

құлағынан көтеріп, табанынан тұрғызады. Сөйтіп, сценарийдің шыт жаңа қазақша нұсқасы жасалатын. Кейін бұл жұмыстың қамытын біз де мойнымызға киіп, азабын бір кісідей тартқанбыз. Қалағаңның пұшайман күйін содан білеміз, өнбес іске жанын салып, қаншама есіл уақытын қор қылды десеңізші. Қалағаң студиядан кеткенмен, кинодан қол үзген жоқ. Мен дубляжді жағалап жүрген ұзақ жылдар ішінде аудармаға білек сыбана атсалысты. Əрине, аудармаға деген құштарлықтан емес, қу тірліктің қамы үшін. Бірақ соның бірде-біріне жүрдім-бардым қарамай, битін салып, небір ғажап баламалармен жайнатып жіберетін. Соңғы рет, осыдан төрт-бес жыл бұрын, Қытай түсірген 30 сериялы əйгілі «Шыңғысхан» фильмін құлпыртып аударып, сол кездегі «Хабар» арнасының абыройын бір белге көтеріп тастағанын көрермен əлі ұмыта қоймаған болар. Жазушының қаламынан шыққан соңғы туындысы – «Келмес күндер елесі» деп аталатын ғұмырнамалық романы. Тұтас бір дəуірді қалыптаған кең тынысты туындыны роман-эпопея десек те асыра бағалағандық бола қоймас. Кейінгі кезеңде мемуаристика – қазақ əдебиетінде біршама шүйгіні шиырланған жанр. Ескі көз, аға буынның біразы ғұмырнамалық шежіребаяндарды жарыса жазу үстінде. Əр жүйрік, əрине, əліне қарай шабады, бірі ілгері, бірі кейін дегендей: солардың көбіндегі ортақ тенденция – өзін дəріптеу, өзіне шаң жуытпау. Кінəнің бəрін басқадан іздеп, əлдекімдердің асты-үстін жездей қақтап, кəкəйларын қылға тізеді. Ал өзі сүттен ақ, судан таза, заманнан қуғын көріп, жапа шеккен, жамандармен жалғыз алысқан жекебатыр... Қалағаңа мұндай поза мүлдем жат, роман басқа ауанда, айналасынан жақсылық іздеп жарыққа ұмтылған шуақты сезіммен жазылған. Жазушы өзін аяп, өбектемейді, оқиғаның бел ортасында аққа да, қараға да белшесінен батып жүреді. Өкініш, қуанышы аралас пендеге тəн бұралаң тағдырын бүкпесіз жайып салады алдыңа. Қордалы көкірегінің қаттау-қаттау сырына үңілген жазушымен ілесіп, бала Қалихан мен дана Қалиханның арасын жалғастырған уақыт кеңістігіне саяхат жасаймыз. Жазушының жанары қиядағыны шалатын қырағы, еш нəрсені қалт жібермейді. Өмір жолындағы сапырылысқан сан алуан уақиғаларды шырғасын шығармай зердесіне тоқи білген, кестенің өрнегіндей төгілдіріп көз алдымызға тосады. Көне құлақ қарилардан жеткен Алтай шежіресі, қилы тағдырлар, қызық мінездер, əрнеге алаң көңілдің толғаныстары арқылы ғасырға жуық тұтас бір дəуірдің бейнесі айшықталған. Автор ақ-қараға таразы болудан

ындалды да. Одан кейін де «Бұқтырма сарыны», «Тұйық», «Ақсу – жер жаннаты» тəрізді түйдектүйдек талай талантты туындыларды дүниеге əкелді. Бірінен бірі өткен жауһар. Əдетте, біздің ағайындар ауызға ілігер сəл бірдеңе жазса, болдым-толдым деп төбесі көк тіреп талтайып қалады емес пе. Тек мақтау естігісі кеп тұрады. Біреу сын айтса, сонымен өмір бойы жауласып, жаға жыртысып өтуге бейіл. Қалағаңа ондай мінез мүлдем жат еді. Айналасынан құр мақтау емес, есті сын күтетін. Өзіне өзі сұқтанып, мардымсып, тоқмейілсінуді білмейтін. Шеберлікті шексіздік деп ұғып, үнемі өзін жетілдірумен болды. Ұқсата алмай келем деп өзін іштей қайрап үздіксіз алға ұмтылды. Жазушыны өз биігіне алып шыққан осы мінезі мен адалдығы. Ол үлкеннің де, кішінің де пікіріне құлақ түріп, содан иненің жасуындай болса да жылт еткен бірдеңе табуға тырысатын. 1989 жылы «Ақсу – жер жаннаты» романы шыққанда: «Жаман ініме жаман ағасынан» деп латынша қолтаңба жазып берді де: «Дұшпан көзімен оқы!» деді бұйырғандай бетіме қабақ түйе қарап. Келесі жолыққанда əдеттегідей қалжыңмен қарсы алды: – Иə, қырт, сайра. Қалай екен? – «Байеке, сіздің қызда жаман бар ма» дегендей, Қалаға, сіздің жазғаныңызда.... – дей беріп едім: – Сылдырлама, – деп сұқ саусағын безеді. – Мақтауыңның керегі жоқ. Не кінəрат байқадың, соны айт. Шын рахаттанып, сүйсініп оқып шыққан кітапта: «Бұл қалай?» деген бір-екі күмəнім бар еді, ол кемшілік пе, жоқ па, өзім де анық білмеймін, сасқалақтағанда сол аузыма түсті. – Кей тұста шығынданып, «күлсалғышты» да алтыннан жасап жібереді екенсіз. Сол артық əурешілік емес пе? – Тағы? – Тағы дегенде... Орманшы да, кержак та, сауыншы да... бəрі Қалихан Ысқақовша сөйлейді, шетінен ділмəр, шешен... Осы сəл былай... нетіп... – дедім күмілжіп. Қалекең ұрты қуыстанып темекісін құныға бір сорды да, көк бұйра түтінді ерін ұшынан əуелете үрледі. Сəл үнсіз тұрып: – Осындай пікірді Бекежан да айтып еді, – деді. Басқа ештеңе деген жоқ... Соңғы алты-жеті жылда, ақтық сапарға аттанғанша «Жұлдыз» журналында қызмет атқарды. Азды-көпті аралас-құралас болдық. Сондағы бір байқағаным, ол кісі өмірде өте қарапайым еді. Бап тілеп, тұрмыс мұңын күйттеуді білмейтін. Тіпті, тірлік қамына икемсіз боп көрінетін. Бірде үйіне бардым. Ол кезде Сейфуллин көшесіндегі үш бөлмелі пəтерде тұратын. Ішке енсем, киініп қарсы алдымда Қалағаң тұр екен. Аман-сəлем жоқ, ұзын дəліздің түкпірінен Дəмеш жеңгем айғай салды:

13

– Əй, аяғыңды шешпе, Қалихан екеуің нанға барып келіңдер. Қалағаң бір жымиып бетіме қарады да, алға түсті. Есіктен шыға беріп едік, жеңгем: – Əй! – деп тағы да тоқтатып алды. – Сен Қалиханды күнде нанға жұмсайды екен деп ойлап қалма. Бүгін бірінші рет бара жатыр! Сыртқа шықтық. Ағам бірінші рет келе жатқан адам сияқты емес, көзін байласаң да аяғы адаспай табатындай үйреншікті айдау жолмен тартып келеді. Жеңгеміз аңқылдаған жақсы адам. Ойындағысын ірікпей арсы-күрсі сөйлей салатын аңқау, аздап əпенділеу мінезі де бар. Піскен етті қазаннан түсіріп жатыр екен: – Қалихан май жемейді, – деп сиырдың сүбесіндегі уыс толы сары майды сылып алып шелекке лақтыра салды. – Сен де май жеме. Қазақтың неге көп ауыратынын білесің бе? Май деген холестерин. Бар ауру содан... – деп біраз ақыл айтып тастады. Классик жазушы мұншама жұпыны тұрады деп ойлаған емеспін. Ұры түскендей үңірейіп тұрмаса да үй ішінде қажеттіден басқа басы артық ештеңе жоқ. Тіпті сол қажеттінің өзі де толық емес-ау деп қалғандайсың. Сөз арасында Қалағаң: – Үлкен ұлға қатын ал десек, қайда əкелем деп ажыраяды. Осы үйді айырбастап, соған пəтер жасап берейік деп отырмыз, – деді. – Қарық қылғанын көрейік... Кейін сол үйді айырбастап, өздері бір бөлмелі пəтерге көшкен. Онысы жазда күн түспейтін салқын, сыз, қыста жылымайтын жайсыз үй боп шықты. «Қыста – тас қора, аяғымызға пима киіп, тіземізді көрпемен орап отырамыз», дейтін. Ақыры сол суықтан дерт жабысты. Тізесін сарсу буып, тобанаяқ боп қалды. Одан жамбасы сынып, төсекке таңылды. Көп азап шекті. Ауру мен тұрмыс қос өкпеден қысты. Қайтарынан алты күн бұрын көңілін сұрай барғам. Бұрынғы «Теміржолшылар» ауруханасының ақылы бөлімінде жатыр екен. Өздігінен басын көтеріп отыра алмайды. Тамақтандыру, тағы басқа жағдайын жасау үшін атпалдай азаматтың күші керек. – Біздің хал осы, бауырым, – деді бөдене құйрық сақалын сықырлата уыстап. – Кемпір бейшара төбесімен жер сипап екі бүктеліп қалды, өз басын алып жүре алмайды. Басқалардың өз тірлігі бар. Амалсыз өстіп жатқан. Сендерге рахмет, əсіресе Нұрланға (Оразалин – авт.) ризамын. Өтірік-шынды қызметкер қып ұстап, жаман ағаларыңның өзегін талдырмай келесіңдер. Мынау қаладағы ең арзан бəлнис екен. Одақтың жəрдемі болмаса, осының өзіне тырнақ іліктіре алар ма едім... Төбеге тесіліп жатып, өзімен өзі сөйлескендей тағы да біраз əңгіме айтты. «Қадіріміз қалқайып жүргенде ғана екен, төсек тартып жатқалы төбе көрсетуге жарамады», деп сау кезінде қасынан шықпайтын үйірсек бір-екі бауырының қара көрсетпей кеткеніне, елдегі ат үстіндегі азаматтардың үнсіз жатқанына кейігендей кейіп танытты. Сөз арасында: – Жазатын бір нəрселер де бар еді, енді қайдам!.. – деп іркілді. Бір сағаттан аса отырдым. Дəрігерлер кеп ем-дом уақыты болды деген соң, еріксіз түрегелдім. Қалағаң қолымды қатты қысып босата салды. Үндеген жоқ, иегін ғана изеді. Шүңет тартып кең ашылған жанарының жиегі шымырлап, тұңғиығында əлдебір мұң тұрды. Ол не мұң? Іштегі шертілмеген көп сыр, жазылмай кетіп бара жатқан шығармалардың уайымы ма? Əлде жалған дүниенің осылай аяқталған опасыздығына өкінгені ме? Бұл менің ұлы суреткердің жарық дүниедегі нұрлы жүзін көрген соңғы сəтім еді... Алатау басын иіп, Алматы күңіреніп Қалағаны Алтайына шығарып салды. Шығыстық азаматтардың жомарттығында, намысшыл-мəрттігінде шəк жоқ: ұшақ жалдап елге əкетті, екі жерге аста-төк ас берді. Құдай қаласа, кереметтей ғып ескерткіш те тұрғызар... Бəрін тағдырдың жазуы десек те, кейде маған күпірлік ой келеді. Шіркін, осы ағыл-тегіл құрмет, қамқорлықтың оннан бірін тірісінде істегенде ғой, жазушының көрер жарығы бір күнге болса да ұзарар ма еді деймін. Қайтеміз, біз сондай халықпыз: тірісінде бейжаймыз, өлтіріп ап өкіреміз. Қалағаңның қырқында Дəмеш жеңгеміз: – Сексен жылдығына дайындалып, жоспар құрып едік. Мына Дулат тойды басқарады дегенбіз. Ол күнге жетпей кетті. Қалиханның көзін көрген сендер енді аман болыңдаршы! – деп жылап еді. Бұл оның қарайған жұртпен қоштасқаны екен, көп ұзамай Кеңсайдың бір жотасына барып топырағы томпайды. Қалағаңның өмірімен ғана өмір сүріп, бүкіл тірлігі соның тілеуін тілеумен өткен ғазиз жар тағдырдың соққысына төтеп бере алмады. Сыңарынан айырылған аққудай қайғыдан шөгіп, бір-ақ күнде сөнді. Иə, ұлы жүрек тоқтады. Жұмыр басты пенденің жер бетіндегі соқпағы тұйықталды. Бірақ уақыттың билігі жүрмейтін бір Құдірет бар. Ол – хас суреткердің қаламынан жаралған шығармасы. Пенделік ғұмырында Қалағаң шаршысынан толып, шалқып өтті дей алмаймын. Атақ қуып, байлыққа ұмтылып, ит-ырғылжың əурешілікке бас қатырған емес. Күйбең тірліктің кір-қоқысынан бойын таза ұстады. Творчестволық тағдырдың тақуалығымен ғұмыр кешіп, өмірдің мəнін тек қасиетті қаламнан тапты. Сол азаптың ғажабымен таңын атырып, күнін батырды. Тебіреністен туған əр сюжет, əр сурет-сөйлемге қуанды, жарқырап жаны семірді. Сондықтан ол қуанышты сəтті басынан көп кешкен шынайы бақытты қаламгер деп ойлаймын. АЛМАТЫ.


14 К

өке, сіз білесіз бе, мен қазір өткен күндерге жиі көз жүгіртемін. Балалық шағымның әр бөлігі мен үшін ерекше естелікке толы. Қайта оралмас тәтті сәттерді, сағымға айналған сағынышты кездерді еске алып, оңашада ой құшағына бөленемін. Кейде өз-өзімнен күлімдеп, кейде үнсіздік әлеміне бет бұрып, мұңайып кетем... Тәубе, қазір арамызда асқар тау болып отырған өзіңіз барсыз. Көке, сіз – біздің биік шыңымызсыз. Біз сізге әлі де жас баладай еркелеп, ақыл-кеңес сұраймыз. Көке, мен алаңсыз асыр салып ойнаған балалығымды ғана емес, жаныма жақын жандарым – аяулы атам мен ардақты апамды (əжемді), анам Лəйлəні сағынамын. Олар күні кеше біздің ортамызда болды ғой. Кеше ғана атам мен апам өсиетін айтып, басынан ақ жаулығын тастамайтын анам мейіріміне бөлеп жүрді емес пе бізді?! Мына жарық дүние мəңгілік мекен емес екен ғой. Баяны да, байлауы жоқ өмірдің қас-қағым сəтте өте шығатынын білмей қалыппыз. Енді, міне, олар біз көрмеген алыс сапарға аттанып кетті... Біле білсек, бақыт дегеніміз – байлық пен мансап емес. Бақыт деген – шаңырағыңдағы қазыналы қарттар мен былдырлаған тəтті үнді бүлдіршіндердің күлкісі екен. Көке, арамызда ақылшы болып қарайып отырған өзіңізді қаншалықты бақытты ете алдық?! Сіз бөлеген мейірімшуағының титтей бөлігін біз өзіңізге жасай алдық па? Осы мені ойландырады. Көке, менің сағынышқа толы хатым өткен күннің белгісіне айналары хақ. Біздің əулеттің ұл-қыздары əркез бабалар салған ізді өшірмей, аналар жаққан шырақты сөндірмей, адалдықты ту ететініне сенімім мол. Өйткені біз сіздер берген тəлім-тəрбиені балаларымыз бен немерелерімізге үйретіп келеміз. Ертең олар да ұяда көргенін ұрпағына үйрететіні анық. Тек Жаратқан Ием пəле-жала, қауіп-қатер мен тіл-көзден сақтасын... Шыққан шақта сеңгіріне сексеннің, Өміріңнің өткелдерін өткердің. Мақтан етер, сеніміңді ақтап өтер Ұлағатты ұрпағыңа бек сенгін!

Перзент жїгі

8-сыныпта оқып жүргенімде атам қатты ауырып, төсек тартып жатып қалды. Ауруханаға барардың алдында жастай өмірден өткен інісі Əбдіханның баласы Əбдіəлімді алдыртып: «Балам, енді жас емессің. Өмірдегі өз жолыңды дұрыс таңдай біл!» – деп өз əкесінің жинаған зейнетақысын аманаттап тапсырды. Одан соң жанына мені шақырып: «Əкімтай, келешекте кім боласың?», – деп сұрады. Мен күтпеген сауал. Көпке дейін үнсіз қалдым. Себебі, атам бұрынсоңды бұл сауалды маған қоймаған еді. Атам жауабымды күтіп тұрмын дегендей бетіме қарады. «Өзіңіз сияқты ұстаз болып, білімді шəкірттер тəрбиелеймін», – дедім. Осыны айтуым мұң екен, атам балаша мəз болып: «Əй, бəрекелді, өркенің өссін! Ниетің қабыл болсын, балам!», – деп батасын берді. Білмеймін, сол сəтте жүрегім жамандықты сезді ме екен, біртүрлі сыздай ауырды. Атам күлімдеп, арқамнан қаққанымен, менің жанарыма жас толды. Балаң жүрегім атамның қайтадан үйге оралмайтынын сездірсе керек... Көке, атамның қазасы отбасымыздың қабырғасын қайыстырып жіберді. Əсіресе, атамнан қалған жалғыз тұяқ сіздің еңсеңіз түсіп кетті. Алдыңызда арқасүйер ағаңыз, ізіңізден ерер ініңіз болмағандықтан, көке, көпке дейін күйзелісте жүрдіңіз. Екі қарындасыңыз ғана жаныңызға жанашырлық танытты. Олардың өзі тұрмыста болатын. Күлшəт əпке Келес ауданында тұрады. Ал Əлима əпке Алматыда еді. Көкемнің осы бір қайғысы маған да ауыр тиді. Көке, сізді өзімше жұбатқым-ақ келеді, бірақ, қолымнан келер дəнеңе жоқ. «Көке, ендігі сенің тірегің де, тілеушің де мен боламын. Өзімді дəлелдеймін. Атамның арманда кеткен істерін қалайда жалғастырамын», – деп сан мəрте айтқан шығармын. Бірақ оның бəрін ішімнен қайталадым. Атам дүниеден өтетін күннен бір күн бұрын сіз қырық жасқа толдыңыз. Оны ойлауға шамаңыз келмей, көз ілместен ауруханада атамның жанында болғаныңыз есімде. Берік қорғаныңыз, алып бəйтерегіңіз ертесіне құлап, жанына араша бола алмадыңыз... Содан бері əрбір жыл сайын туған күніңізді еске алғанда осы бір қайғылы күн көз алдыңызда көлбеп өтіп жататын шығар... Атамды ақ жуып, арулап жер қойнына тапсырғаннан кейін де үйге көңіл айтып келген кісілердің қатары көп болды. Қайғымызға ортақтасқандар саябырсығаннан соң апам екеуіңіз мені ортаға алып, атамның аманатын бердіңіздер. Бұл атамның ұрпағына қалдырған қалың екі дəптерден жəне бірнеше қойын кітапшалардан тұратын өнегелі өсиеті еді. «Е, балам, саған артылар жүк ауыр. Неге маған ауыр жүк артып жатыр деп сөкпе. Біле білсең, адам болып өмір сүрудің өзі – қаншама жүкті арқалауға тура келеді. Өмірдің жүгі – қап арқалағаннан ауыр. Тереңіне мəн бер. Өмір көрген түстей өтіп кететінін ұмытпа. Осынау жазған дүниемді «Келешекке хат» деп атауымның себебін сонда ұғарсың». Атамның осы өсиеттерін əлі күнге дейін тебіреніспен еске аламын... Көке, атамның дүниеден өткеніне

АСЫ Н Й А Қ ДЫ

www.egemen.kz

де, міне, 40 жылдың жүзі бопты. Мен аманатқа қиянат жасамай, атама берген уəдемнің жолында əлі күнге аянбай еңбек етіп келемін. Көзі тірісінде арман еткен «Ұрпаққа аманат» атты кітабын 90 жылдық мерейтойына орай жарыққа шығардым. Барынша сол парыз бен қарызға адал болдым деп өз арымның алдында еркін айта аламын. Көке, маған өмір бойы жеңгем болып

АДАМ

Шымкент қаласындағы педагогикалық институтына келіп, физика мамандығы бойынша оқуға тапсырдым. Сондағы сіздің айтқаныңыз: «Ұстаздар əулеті жалғасатын болды!».

«Арыз емес, парыз»

Ауылға мұғалім қызметіне келгенімде, бірлігі жарасқан ұжым қуана қарсы алды. Біздің ұжым қай істі де жұмыла атқаратын. Аудандық білім бөлімінің қызметкерлері: «Абай мектебіне келсек, бəрі тып-тыныш, жұмысы жылжып жүріп жатыр, рахаттанып қайтамыз», – дегенін талай естідік те. Себебі, өзге кейбір білім ұяларындағы берекесіздік, арыз-шағым, дау-дамай барған адамдарды қатты шаршататынын естіп жүрдік. Бұның бəрі расын айтқанда, мектепті басқарып отырған сіздің арқаңыз еді. Қол астыңыздағы ұстаздарға дауыс көтеріп қатты сөйле-

ӘКЕГЕ ХАТ

пайда болғанына біз куəміз. Сол оқиғадан кейін: «Мұның не, алдын ала ақылдасып алмадың ба?», – деген бірауыз сөзді айтқан да емессіз, маған қарап ашулы кейпіңізді көрсеткен де емессіз. Бірақ көпке дейін сол кезеңде ұйықтай алмай жүргеніңізді менің жүрегім сезді. Өзім де ұяттан жарылардай болып қиналғаным есімде. Оның үстіне құрылысшылардың сан құбылған əрекеттері де аз шаршатқан жоқ. Бейне бір мектептің емес, құрылыс мекемесінің бастығына əрі қарауылына айналғандайсыз.Түн ұйқыңызды төрт бөліп, құрылыс алаңына баратынсыз. Көз қырын салмасаңыз құрылыс материалдары жоғалып кететін. Кейде тиісті қаржы бөлінбей қалатын. Ол Кеңес Одағының ыдырауының алдында тұрған сəт еді. Сонда жұмыстың жүруі үшін аудан, облыс басшыларының алдына жүз рет барған шығарсыз. Азаппен өткен сол үш жыл өмір бақи есіңізден шықпайтын

13 наурыз 2015 жыл

тіпті, аяқ киімге жарымай жүр еді. Ағайын ұлттың жалаңаяқ балаларына жаны ашып, ұжымшардан мал терісін алдыртып, аяқ киім тіктіріп берді. Барлығын өзі басқаратын қазақ мектебіне қабылдатып, білім алуларына жағдай жасады. Сол жылдардағы мектеп бітірген түлектердің альбомдағы суреттерін қарасаңыз, қарашайлардың Кипкеев, Қошқаров деген фамилияларын жиі ұшыратасыз. Атам оларды ұжымшар тарапынан азық-түлікпен де қамтамасыз етуді қарастырды. Кейде бір мəселелері шығып, жазықсыз істі болып жатса да алғаш араша түсетін атам еді. Араларындағы Захария Абайханов деген білімді азаматты өз мектебіне алып, орыс тілі пəнінің мұғалімі етті. Өз туған жерлерінен айдалаға ауып келген бейбақтарға осылай қорған болып, ең бастысы – қазақ халқының бауырмал ұлт екенін дəлелдеді.

у) с а л Сыр

(

кеткен, ғұмыр сыйлаған анам Лəйлəның да қазасы ауыр тиді. Анамды еске алсам, əлі күнге жанарым жасқа толады. Ауылға бір барғанымда көзіне жас алып: «Үлкен бала (атаның баласы болғандықтан, ол мені осылай атайтын), саған ризамын. Қайда жүрсең де, абыройлы бол!», – деп жүрек сөзін айтып еді. Сөйтсем, осы жолы анам менімен қоштасыпты. Соңғы сөзді есту адамға қашанда ауыр тиеді екен... Ал апам (əжем) қатты қиналып, науқастанып, есі біресе кіріп, біресе шығып жатқан кезінде қасында болдым. Апам ана дүниеге аттанарының алдында: «Айналайындарым, өздерің аман болыңдаршы. Бұл жалған келте келеді. Өмірде адасып кетпеңдер», – деген жылылыққа толы сөзін айтты. Көке, білесіз бе, перзент үшін ана разылығын алудан, ата мен əке үмітін ақтаудан артық бақыт жоқ шығар, сірə! Өмір бойы жанымды мазалаған, аманатқа адал болуды көздеген ниетімді алғаш рет ақ қағаздың бетіне ашық жазып отырмын. Бұл мойынға артылған перзенттік жүктің жауапты екенін сездірсе керек.

«Ўстаздар əулеті жалєасатын болды...»

10-сыныпты бітіретін жылы біздің мектепке жазушы Жұмабек Еділбаев келіп, оқушылармен кездесу өткізді. Осынау бір əсерлі кездесуден кейін қаламгерді үйге шақырып қонақ еттіңіздер. Сұлу, дөңгелек жүзді жазушы қонағымыз төрге жайғасып, ұзынсонар əңгіме айтып отырды. Азғантай кідірісте көкем: «Əкім, мына ағаңмен əңгімелесіп, шайын құйып бер. Мен біраздан соң келемін!», – деп, өзіңіз шаруамен шығып кеттіңіз. Жазушы ағаға шай құйып беріп отырмын. Менің бас-аяғыма барлай қараған қонақ: «Болашақта кім болмақ ойың бар?» – деп төтесінен сұрақ қойды. Мұндай тосын сұрақты күтпеген басым, бірден: – Журналист болам, – дедім. Тағы да үнсіздік орнады. Ол менің бас-аяғыма тағы да бір барлап қарады да: – Журналист болам дедің бе? – деп жауабымды қайта қайталады. – Иə. Сол сəтті пайдаланып, аудандық, облыстық, республикалық газетжурналдарға шыққан мақала, ақпарат, хабарларымды жинаған ақ папкімді көрсеттім. Ол кісі мұқият қарап шықты да: – Əкім, шырағым, дарын-қабілетің болса, журналист болу онша қиын емес. Талабы бар адам игеріп кетеді. Сен мені тыңда, қарағым, мен де журналиспін, бірақ оқыған мамандығым – заңгер. Егер мен журналист мамандығын оқығанда заң саласын білмей, мақұрым қалар едім. Соның арқасында заң, милиция, құқық қорғау саласын жақсы білемін жəне бірнеше кітап жаздым. Сен де солай жаса! Жазу қабілетін саған құдай онсыз да берген екен, оны оқып қайтесің? Одан басқа бір мамандықты таңда жəне ауылыңнан алыс кетпей Шымкентте оқы! – деді. Жазушы қоштасар сəтте маған құқық қорғау, қылмыс тақырыптарында жазылған кітабын тарту етті. «Онда болашақ қаламгер-журналист Əкімге ізгі тілекпен ағасы» деген қолтаңба бар. Кейін түсіндім. Мектеп бітірген соң журналист болу үшін Алматыға аттанғалы жүргенімді сезген сіз мəртебелі мейман болған ағаны үйге əдейі шақырып, маған жол сілтетіп, өз ойын жазушыға осылай айтқызған екенсіз ғой. Осылай сіздің ниетіңіз бен жазушы ағайдың ақылы түрткі болып,

геніңізді байқамаппын. Үлкенге де, кішіге де ілтипатты ниетіңізді арнай білдіңіз. Көкіректі де керген емессіз, намысты да қолдан берген емессіз. Бойыңызда тəкаппарлық жоқ болғандықтан, əрі өте қарапайым адам болғандығыңыздан, сізді елдің бəрі құрметтейтін. Жас мамандарға да ұстаздықтың нағыз көркем үлгісін көрсете білдіңіз. Содан да болар, осынау тынымсыз жылдар арасында көшбасындағы үлгілі мектепке айналып, білім саласындағы басшылардың алғыс сезіміне бөлендіңіз. Ұжымдағы Ж.Махамбетов, Б.Əбілдаев, Ж.Нұрбаев, А.Ауғанбаев, Ə.Архабаев, Ж.Маханбетов, Т.Базарбаев, О.Есімханов, Ж.Есебаев, Ə.Бегманов, У.Алпыс баев, Ə.Құрманəлиев, Ə.Шорабеков, Т.Боранбаев, М. Зəйтүнқызы, Г.Сүгірбекова, К.Сманова, Н.Сүлейменова, С.Əбілдаева жəне тб. аудандық, облыстық, республикалық педагогикалық оқуда əдістемелері таратылып, есімдері құрметпен аталды. 1974 жылғы түлектер елімізде мал санын арттыру мақсатында бастама көтеріп, мектеп бітірушілер арасында республикада екінші болып «Самал» комсомол-жастар бригадасын құрды. Бұл туралы газеттер мен теледидарда жиі беріліп, еліміздегі танымал ұжымға айналды. Сол кездегі Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Д.Қонаевтың өзі арнайы атбасын бұрып, игілікті іс атқарған мектеп түлектерінің жұмысына оң баға беріп, алғысын жеткізді. Əлі есімде, бірде мынадай оқыс оқиға орын алды. Жоғары оқу орнында оқып жүргенде тəжірибеден өту үшін ауылдағы өз мектебіме келіп, аз уақыт сабақ бергенім бар. Ол кезде ауыл мектебінің жағдайы жұпыны еді. Баяғы ескі сарынмен салынған үйлер ғой. Астық пен мал шаруашылығын дамытқан кеңшар орталығында бірнеше қабатты жаңа үлгідегі мектеп керек екені белгілі. Осыған орай «Мұңайған мектеп» атты фельетон жазып, облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетіне жібердім. Менің ойым – үлкен адамдар оқып, ауыл тұрғындарына жаңа мектеп салып бере ме деген үміт. Фельетон жарияланған жоқ, бірақ та газетке жіберген хатты ауданға жіберіпті. Міне, содан шу шықты. Аудандағылар істің байыбына бармай, сізге: «Балаңа арнайы жаздыртқансың» деген жала жауыпты. Ал менің бұл əрекетімнен шынында бейхабар едіңіз. Себебі, жазған дүниелерімді сізге көрсете бермейтінмін. Үнемі басылым бетінде шыққанда ғана көріп, пікір айтып отыратынсыз. Неге екенін қайдам, менің жазғанымды ондағылар арыз деп қабылдады. Сізді аудандық білім бөліміне шұғыл шақырды. Хат иесі мен де қалмай бардым. Тіпті аудандық атқару комитетінде де қаралыпты.Алғаш рет сіздің ашулы жүзіңізді сонда көрдім. Істің ақыры аудандық партия комитетінің бірінші хатшылығына дейін жетті. Сонда ашына сөйлеген сөзіңізді, дəлелмен келтірген уəжіңізді жұрт ұйып тыңдады. Аудан басшысы, атыңнан айналайын Жандарбек Қожабаев шын мəнінде ақылды адам еді. Жағдайды сараптап отырып, қорытынды сөзінде: «Əкімнің жазған дүниесі арыз емес, парыз ғой. Елді шулатқанша, жаңадан мектеп салуды неге қарастырмайсыңдар?», – деп атқару комитетіне нақты тапсырма беріпті. Шешім қабылданғанымен жоспарда жоқ болғандықтан мектеп құрылысының жұмысына кірісу оңайға соққан жоқ... Оны əлі талай жерде дəлелдеуге тура келді. Қаншама мекеменің табалдырығын тоздырғаныңыз өз алдына бөлек əңгіме. Қашан сол мектеп салынып біткенше самайыңызда талай ақ шаштар

шығар, сірə. Сіздің ұқыптылығыңыздың, жауапкершілігіңіздің жəне табандылығыңыздың арқасында ауылда осылай жаңа мектеп бой көтерді. 1988 жылы салынған 624 орынды үш қабатты мектептің əрбір қабатында, əрбір кабинетінде, əрбір дəлізінде, спорт, акт залдарында сіздің ізіңіз бар. Ондағының əрбір шегесіне дейін сізге қымбат болатыны сондықтан. 1940 жылы атам осы мектепті ауыл тұрғындарын асарлатып тұрғызса, 48 жылдан соң Үкімет қаржысы есебінен сіз салдырттыңыз. Жарты ғасырға жуық ұстаздық өміріңіздің отыз жылын осы алтын ұяны басқаруға жұмсадыңыз. Мектеп облыс, республикаға танылып, қаншама игі шаралардың ұйытқысына айналды. Мұның бəрін ел алдындағы парызым деп білдіңіз.

«Жаќсылыќ жоєалмасыншы»

Көке, осындайда өзіңіз айтқан өнегелі əңгімелер еске түседі. 1945 жылы Жеңіс туын Берлинде желбіретіп, соғыс аяқталғанда кеудесінде орден-медальдары жарқырап, атам өзі салдыртқан мектепке қайта директор болып оралыпты. Əрі сол кезде оны ауылдағы ұжымшарлардың (колхоздардың) партия ұйымының хатшысы етіп сайлайды. Сіз сонда небəрі 10 жаста екенсіз. Атам ə дегеннен-ақ тозған ауыл мен қамкөңіл жерлестерінің жыртығын жамауға кірісіп, соғыста ер-азаматы опат болған отбасыларға қол ұшын беруді алғашқы міндеті санады. Əсіресе, Мүштек апаның төрт бірдей ұлы майданда опат болып, оралмады. Сол жəне өзге де соғыстан қаза болғандардың отбасы туралы «Лениншіл жас» газетіне хабарласып, сондағы жас тілші Ахат Жақсыбаев ауылға арнайы келіп, оған бар жағдайды түсіндіріп, «Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы...» атты мақала да жаздыртқан еді. Өзі тыным таппай аудан, облысқа ат ізін салып жүріп, ақыры сол отбасыларға дұрыс мөлшерде зейнетақы бөлгізді. Үйлерін жөндеуден өткізіп, тұрақты түрде мектеп оқушыларына отын-суын тасытып бергізіп тұрды. Соғыс кезінде ауыр жұмысқа жегілген ауыл балаларын мектеп партасына тартып, сауатын ашты. «Ұялыжар», «Ықыластемір»», «Қайнар» колхоздарындағы соғыс салдарынан өз елдерінен күштеп көшірілген кавказдық қарашай ағайындарға көп қамқорлық көрсетті. Жазықсыз жапа шеккендердің жоқтаушысы болып, əділдіктің орнауына күш салды. Ішерге асын əзер тауып отырған қарашайлардың көбінің балалары,

Атама бауыр, əрі жақсы шəкірт бола білген Хусейін Кипкеев деген қарашай азаматы менің де есімде. Ленинградтағы медициналық институтта үздік оқып жүргенде соғыс басталып, Сталиннің жарлығымен бір күнде Қазақстанға көшірілген. Білімді болғандықтан атам оның ауылдағы дəрігерлік бөлімшенің меңгерушісі болуына ықпал етті. Үштөрт жасымда тамағым ауырған кезде атам мені көздері мейірімге толы Хусейінге апарып көрсететін. Ол барын салып түрлі əдістермен емдеп жазатын. Кейін жағдай орнына келіп, ел тыныштала бастағанда қарашайлар өз елдеріне көшті. Кисловодск қаласындағы шипажайларға ел жақтан қазақтар бара қалса қарашайлар салған жерден атамды сұрап, «Сұлтан ағайдың жағдайы қалай? Ол кісі – біздің ұстазымыз, ең үлкен ағамыз, қамқоршымыз. Сол бір кісі арқылы бүкіл қазақ халқын жақсы көріп кеттік», – деп жасаған жақсылықтарын айтып, сəлем жолдап, кейде сəлемдеме де беріп жібереді екен. Көпке дейін үзіліссіз хаттар жазып тұрды. Атам қайтыс болғанда сонау Кавказдан Хусейін бастаған бір топ қарашайлар арнайы келіп көңіл айтты. Иə, көке, бұл – өзіңіз де өмірлік ұстанымға айналдырған адамдарға жақсылық жасаудың өтеуі болса керек. Осы орайда атамның «Ұрпаққа аманатындағы» мына сөздері еріксіз ойға оралады: «Ең бастысы жүрек жылуың, адамдығың жоғалмасын. Адамдық əрдайым жақсылық жасау, ізгілік, мейірімділік деген ұғыммен қатар тұруы тиіс». Көке, мұның барлығын айтып отырған себебім, сіз атамның осы бір асыл қасиетін бойыңызға сіңіріп, адамдарға көп жақсылық жасадыңыз. Тұрмысы төмен отбасылардың балаларын мектепке тартып, білім алуына мүмкіндік бердіңіз. Тіпті, кейбірінің оқуға шамасы жетпесе де, кешкі мектепке қосып, аттестат алуына, қанаттанып кетуіне жəрдемдестіңіз. Ауылдағы мектеп жанындағы шопандардың балаларына ғана арналған интернатқа жағдайы жоқ жанұялардың ұл-қыздарының да орналасуына себепші болдыңыз. Талайға білімнің шамын жағып, азамат атандырдыңыз. Бала кезімде есімде, үйге қаншама адамдар түрлі өтініштермен ағылып келіп жататын. Солардың бəрінің негізгі өзегі – балаларға қатысты мəселе жəне сан алуан қиын тағдырлар. Таңғаларлығы, ешқайсысының көңілін қалдырып, ешқашан «жоқ» деп айтқан емессіз. «Болмайды» деген сөзді естімеппін. Қай кезде де бала болашағына немқұрайды қарамай, алаңдап, дұрыс жолға түсуіне өз қолғабысыңызды жасауға дайын тұратынсыз. Сол бір кезде ешқандай мектепке сыймаған, тəртібі қиын немересін

де интернатқа орналастырып, қатарға қосқаныңызға ризашылық білдіріп, жылап тұрып бата берген ақжаулықты ана есімнен кетпейді. Мектеп партасына жетектеп əкеліп отырғызып, тəрбиелеген шəкірттеріңіздің барлығы қазір сізді құрмет тұтады, ұстазымен мақтанады. «Менің мамандық таңдауыма себепкер болған өзіңізсіз», «Менің қателіктерімді кешіріп, адам болуыма мүмкіндік жасаған сізсіз» деп алдыңызға алғысымен келетіндер əлі де аз емес. Атамның да, сіздің де осындай адамдық биік қасиеттеріңізді бойыма сіңіріп, қиналғанға қол ұшын беріп, бабадан қалған өнегелі əдетті келесі ұрпаққа жеткізу жолында мен де аянбай келемін. Бар тілегім – адамдар арасындағы ізгілік пен мейірім өлмесінші, жақсылық жоғалмасыншы...

Атам салєан ізгі жол...

Көке, жас күнімде мына бір аңызды оқып, көкейіме түйгенім бар еді. Балаларым əркез біліп жүрсін деп айтып отырамын. Сізге арнаған хатқа да жазайын, келер ұрпақтың кəдесіне жарар... Ертеде бір адам əке атаныпты. Ол бар ниетімен баласына дұрыс тəрбие беруді ойлапты. «Ол үшін не істеу керек?» деген сұраққа жауап алу мақсатында бір ғұламаның алдына барыпты. – Баламды қалай тəрбиелесем болады? Қатал болайын ба, жоқ, əлде мəдениетті болғаным дұрыс па? Сонда ғұлама: – Балаңды тəрбиелеу үшін өзің тəрбиелі болуың керек. Балаң сенің: «Өйтпе, бүйтпе», – деген сөзіңе емес, өзіңнің жүріс-тұрысыңа, сөйлеген сөзіңе, атқарған ісіңе қарап өседі, – деген екен. Көке, өз басым аптасына екі рет сізбен сөйлесіп, жағдайыңызды білмесем, ішкен асым бойыма сіңбейді. Мен ғана емес, балаларым да сіздің жағдайыңызды біліп, көңіл-күйіңізді көтеруге тырысады. Өткенде ұлым Мұхтар өзі жұмыс жасап жүрген Вьетнам елінен сізге хабарласып, Құрбан айтта құрбандық шалып, Құран оқытып, осынау қасиетті мерекемен құттықтаған екен. Сіз ерекше қуандыңыз. Байқаймын, көке, осы Мұхтардың бойынан өз əулетіңізге тəн бауырмалдық пен қарапайымдылықты көруге құмартатын сияқтысыз. Мұхтар немереңіз екені рас болса, сізге тартпай қоймайды. Алаңдамаңыз! Көке, жүрегімді мазалаған осы хатты жазудағы мақсатым – еңбек жолыңызды айтып мақтану емес, балаңыздың жүрек түкпірінде сіңіп жатқан шынайы сезімді ақ параққа түсіру еді. Кейде тіпті сізді еш дүниеге теңестіре алмай əлек боламын. Өйткені, сіз өзгеше жаратылған, өзгенің қамы үшін өмір кешкен, бойына сабырлық пен адамгершіліктің таусылмас қазынасын сақтаған, алып рухани қамба сияқты елестейсіз. ...Ауылдағы үйдің бақшасынан шығатын жалғыз аяқ соқпақ жол бар. Əр барған сайын сол жол көзіме ыстық көрінеді. Себебі, сол соқпақпен атам екеуіңіз қызметке баратын едіңіздер. Кейін сол сүрлеуде, көке, екеуміз бірге жүретін болдық. Астанада да балаларыммен бірге мемлекеттік қызметте жұмыс жасайтын болғандықтан, ұлым Мұхтар, қыздарым Бақыт, Айжан да жұмысымызға бір жолмен бірге барыпкеліп жүрдік. Балаларыммен жұмысқа бірге шыққан сайын ауылдағы үйден бастау алған сол соқпақ есіме түседі. Бұл – ата салған, əке жалғаған, ұрпағына жұғысты болған қасиетті жол, киелі сүрлеу деп білемін.

Меніѕ кґкем – кґркем адам

Көке, ұрпақтарыңыз сізден үлгі алса, сіздей болуға тырысса, сіздің адамдық биік қасиеттеріңізді бойына сіңіріп өссе, менің де тілегімнің қабыл болғаны. Мына мен сіздің тұла бойы тұңғыш ұлыңыз, суыңыздың тұнығы, отыңыздың шүйгіні тек сізге ұқсауға тырыстым, сіздей болуға талпындым. Бойымда жылт еткен жақсылықтың ұшқыны болса, ол сізден дарыды. Оның арғы жағында, əрине, атамның абзал сүрлеуі жатыр. «Адам Отанды таңдамайды. Қай жерде тудың сол жер – Отаның. Адам ата-ананы таңдамайды. Кімнен тудың сол сенің ата-анаң», – деген ойлы сөз бар. Құдай маған сіздей əке бергені үшін тағдырыма мың мəрте алғыс айтамын. Ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру – əрбір перзент үшін қасиетті борыш. Атамның көрсеткен өнегесі мен сіздің үлгілі істеріңіз арқылы бойыма сіңірген тағылымды тəрбиені өз балаларым мен немерелеріме жеткізсем, мен – бақыттымын. Сіздер салған сүрлеу жолымызды жаңғыртып, биіктетіп, əрдайым жауапкершілікке бастайтынына көзім жетті. Баласы бəйгеге шапса, ауылда тұрып тақымын қысатын əкеліктің, ата болудың жауапкершілігін бар жүрегіммен сезінетін мен, балаларымды, немерелерімді көркем мінезді етуге бар күшімді салып келем, олар сондай адам болуға міндетті. Өйткені, менің көкем, яғни, сіз – көркем адамсыз! * * * «...Əке!» Неге екенін қайдам, осы құдіретті сөзді айтқан кезде жүрегім шымыр ете түседі. Сəлеммен, тұңғышыңыз Əкім ЫСҚАҚ. 2015 жыл, Астана қаласы.


13 наурыз

НДА

НЫ Ы Қ Л О Т ТАРИХ

2015 жыл

Жұмбағы мол кәрі тарихтың қатпар-қатпар қыртыстарына сарабдалдықпен тереңдеу, мың құбылған замана суреттері мен шытырман қайшылықтарына салиқалылықпен ден қою, бағзыдағы бабалар дүниетанымына, әдет-ғұрпына, шаруа-кәсібіне, озық тәжірибесіне, көзқарасына, сана-зердесіне ой көзімен үңілу көкейкесті мәселе. Бұл орайда айдай әлем тарихында билік Олимпіндегі, ғарыш кеңістігіндегі Құс жолындай даңғайыр да даңқты, жаһандық билікке барысша ұмтылған Шыңғыс хан (11621227 жж.) тұлғасына және ол іргетасын қалаған империяның геосаясаты мен геостратегиясына, Алтын Орда тарихына, мемлекеттік басқару жүйесі мен тәртібіне, әскери-құқықтық, елшілдік, мемлекетшілдік істеріне, шығыстық өркениеттің даму жолдарына, дипломатиялық, діни, саяси-әлеуметтік, мәдени-рухани, сауда-саттық қатынастарына жан-жақты барлау жасау абзалдық болар еді. Серік НЕГИМОВ,

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы.

Шыңғыс хан «түркі қауымын біріктіріп, даңқын шығаруға теңдесі жоқ көп күш жұмсаған ең ұлы адам. Ол – бүкіл Азия құрлығы мен Шығыс Еуропаны бағындырып, əлемдегі мықты түркі империясын құруға талпынған бірден-бір патша... Шыңғыс хан алғыр, ақылды, шешімді, саясатшыл ұйымдастырушы еді.» («Шора» журналы, 1909 жыл. №4-5.) Расында, Шыңғыс хан адамзат тарихындағы Перикл (б.д.д. 490-429 жж.), Александр Македонский (б.д.д. 356-323 жж.), Ашока (б.д.д. 268-231 жж.), Ұлы Карл (768-814жж.), Акбар (14521605 жж.) сияқты империяның билік тізгінін ұстаған құдіретті тұлға. 1187 жылы Темучин ұлы жеңіске жетіп, Шыңғыс хан атағын алды, бірегей билеуші атанды. Біртуар дарабоз ол соншалықты қырағы, милы, жеңімпаз жəне «халыққа қиянаты да, салмағы да жоқ» баһадүр еді. (Марко Поло. Путешествие. Ленинград, «Художественная литература», 1940. С.58) Шыңғыс ханның: Алтын денем қалғыса да, Ардақты елім солмасын. Бүтін денем қажыса да, Бүкіл елім тозбасын. Алтын денем шаршаса, шаршасын – Абзал елім даңқы артсын. Бүтін денем қиналса, қиналсын – Бүкіл елім топтансын – деген Қарақорымның жартасына қашалып жазылған қасиетті өсиетінде оның тарихи қастерлі бейнесі, керемет кесек іс-əрекеттері елес бергендей. 1211-1216 жылдарда Шыңғыс хан Цзинь династиясы мен Солтүстік Қытайды бағындырды. 1217 жылы қаланы ептілікпен қоршайтын қытай ше берлерімен əскери құрамын күшейтіп, Орта Азияға ойысады. 1218 жылы Отырарды, 1220 жылдың наурызында Бұхараны, 1220 жылдың сəуірінде Самарқанды, 1221 жылы Үргенішті, 1221 жылдың көктемінде өркені өскен шаһар Балхты, содан шабуылды өрістете, қанатын кеңге жая отырып, Орта Азия арқылы Солтүстік Персияға, Грузияға, Еуропа қақпасына дүбірлетіп-дабылдатып жеткен-ді. 1224 жылдың көктемінде Шыңғыс хан əскері жойқын екпінмен Солтүстік Персия мен Кавказ арқылы Еуропаға өтті. Калке өзенінде половецтер мен олардың одақтастары орыс князьдеріне соққы беріп, Днепр арқылы Қырымға беттеп, византиялық жəне итальяндық колонияларға, гот қалаларына қырғидай тиіп, қайтадан Азияға қайтар жолда Бұлғарияны тізе бүктіреді. «Қалалар мен мемлекеттерді басып алуда, тез жеңіске жетуде, халықты зар жылатуда Шыңғыс ханға сай келетін тірі жан болған емес. Ескендір Македони (Александр Македонский), Наполеон Бонапарт жəне Нəдір шаһтар əрекеті Шыңғыс ханмен салыстырғанда түк емес. Ескендір Македонидің (Александр Македонскийдің) он жыл шабуылдап құрған мемлекетін Шыңғыс хан екіүш жылда құрып үлгерді» – делінген «Шыңғыс хан» мақаласында. («Шора», 1909, №4-5.) 1237-1240 жылдарда Шыңғыс ханның немересі Бату хан (Батый, титулы Сайынхан) Русьті, одан соң 12401241 жылдар арасында Польша мен Силезия арқылы Моравия жеріне еніп, поляк, силезиялықтар мен чехтар рыцарларының біріккен жасағын талқандап, Венгрияның астанасы Пешті қоршайды. Бату хан қолы Адриат жағалауындағы Катарроға жеткенде Ұлы хан Үгедей өлді деген хабар алады да Қарақорымға апыл-ғұпыл жетеді. Ол Шыңғыс ханның үшінші баласы болатын-ды. Шыңғыс 1227 жылы 18 тамызда дүниеден өткенде (Бұл дерек ағылшын ғалымы Г.Харттың «Венецианец Марко Поло» деген

1260 жылы Константинопольге, одан əрі Қырымға, сонсоң Еділ жағасындағы Сарай шаһарындағы Алтын Орданың ханы Берке сарайына ат басын тірейді. Олар мұнда бір жыл тұрады. 1262 жылы Берке хан мен Персия əрі Иран билеушісі Хулагу арасында соғыс өрті тұтанады. Кейін қайтуға мүмкіндік болмағандықтан, ағайынды Поло Шығысқа бағыт алып, Бұқараға жетеді. Мұнда үш жыл тұрады. Ескі керуен жолы арқылы Самарқанд – Қашғар – Жаркент – Хотан – Хамы, онан соң солтүстікке – Монғолия жеріндегі хан ордасы Қарақорымға, одан асып оңтүстікке – Қытайға, Құбылай ханның сарайына келеді. Ұлы хан Құбылай бұлардан елінің мəн-жайын, жағдайын, христиандар өмірін егжей-тегжейлі тəптіштеп сұрап, Апостолға сəлемдеме жолдап, жүз ойшыл дана жіберуін өтінеді. Өйткені, олардың христиан ілімін түсіндіруін қалап, шынайы ықылас-пейілін мəлімдейді. 1269 жылы венециялықтар Ұлы хан Құбылайдың ақылымен Отанына оралып, 1271 жылдың қарашасында жас Марконы алып Шығысқа қайтады. Апостол жүз кемеңгер жібергенмен олар діттеген жерге түрлі-түрлі қақтығыстарға байланысты жете алмайды. Алайда, Рим Папасының бата-тілегін жеткізеді. Со ны мен қатар, Христос табытының жанындағы шырақтың майын əкеліп береді. Ағайынды Полоны Құбылай хан құрметтеп, шат-шадыман салтанатпен қошеметтеп қарсы алады. Ұлы хан Құбылай императорлар, корольдер, князьдер, барондар жөнінде, ол өздерінің

«Ашыќ есік» кїні

мїмкіндігі шектеулі жандарєа арналды

Жуырда Алматыдағы №17 қалалық емханада «Кедергісіз келешек» бағдарлама аясында Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті (ҚазМҮББУ) «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы және Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасымен бірлесе отырып, мүмкіндігі шектеулі жандарға ашық есік күні өтті. Гүлзейнеп СƏДІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Елбасы өзінің дəстүрлі Жолдауында «Нұр Отан» партиясына

иеліктерін қалай басқаратындықтары жайында, сот ісі, соғысқа бару хақында толық мағлұматтармен қанығады. Сондай-ақ, мəртебелі Рим апостолы, шіркеулерінің қызметі, латындардың жөн-жосықтары Құбылай хан назарынан тыс қалмады. Ағайынды Маффео мен Никколо Поло ақиқат-шындықты рет-ретімен, пайымды парасатпен жатық баяндайды. «Ұлы патшам, мынау менің ұлым, Сізге қызметші болуға əзір» – дейді Маффео Поло. Сонда хан: «Қош, келдің!» – дейді. Академик В.В.Бартольдтің пікірінше, Марко арабша, парсыша, ұйғырша жəне моңғол жазуын (басып) білген. Марко

ықпалын азайту мақсатында 1237-1317 жылдарда шенмен дəреже алу құқығын шектеген. Моңғол қолбасшысы Елучацай: «Біздер қытай империясын аттың жалында жүріп бағындырып едік, енді ер үстінде жүріп басқару мүмкін емес» – деген. 1271-1294 жылдарда Шығыс еліне саяхат жасаған жəне ұлы хан Құбылайдың құзыретінде болған рухани кемелдікке ие Марко Поло арғы затын, əулетін нұр шалған Құбылай ханның реформаторлығына, даналығына, құдіретіне, салтанатына, саятшылығына, ағартушылық еңбегіне тəнті. Қытай же ріндегі тамаша жолдарға тамсана-

Поло Құбылай ханның ордасында он жеті жыл адал қызмет жасаған. Түркімоңғол билеушілері өзге жұрттың өкілін Қытай шенеуніктерінің үстінен бақылайтын қызметке қою дəстүрі болған екен. Құбылай хан Марко Полоны елші еткен, губернатор еткен, салық жинатқызған, Үндістанға сапарлатқан. Құбылай хан өз тағдырын жəне динас тиясының тағдырын Қытаймен байланыстырған. Шыңғыс хан тұқымынан өрбіген Құбылай хан жоғары дəрежелі жəне ұлы хан боп есептелген. Нақтылап айтқанда, Шыңғыс ханнан кейін Үгедей хан (1229-1248), төртінші ұлы хан – Мөңке (1251-1259), бесінші хан – құрметті, қуатты Құбылай. Ол үш ғасыр бойы бірікпеген Қытайды біртұтас елге айналдырды. Құбылай хан Тибет, Солтүстік Корея, Бирма, тіпті Жапония мен Яваны бағынышты ету ойына мықтап орныққан. Қағаз ақша шығарған, қант өндіру техникасын дамытқан. Кейбір Алтын (яки Қыпшақ) Орданың хандарының билікте болған жылдарын көрсетелік: Мөңке Темір (1260-1280), Туда – Менгу (1280-1287). Сонан соң Туда-Менгуді өлтіріп, Тула-Буга хан тағына отырды. Мұны Ноғай жер жастандырған. Құбылай 1269 жыл монғол жазуын (квадратная письменность) қолдануды міндеттеген. Апостолға жазған сенім грамотасын түркі тілінде жаздырған. Жеті өнерді (риторика, логика, геометрия, арифметика, грамматика, астрономия, музыка) меңгерген жүз ақылды адамдарды алып келуін сұраған. Христиан сеніміндегі алғыр-тапқыр жəне ол Конфуций ілімін жақтаушылардың

ды. Қағаз ақша жасау (жалған ақша жасағандарға өлім жазасы кесілген), алхимия, гигиена – Құбылай ханның ерен еңбегінің жемісі. Марко Поло: «Құбылай ханның тұлғасы да келісті, бейне бір құрыштан құйылғандай. Орта бойлы, ірі де емес, бəкене де емес, аққұба, албыраған бидай өңді, мейірлі жарқын қара көзді, мұрыны сүйкімді» – деп көрсетеді. Жиһанкез Марко Полоның «Саяхатында» түркі-монғол жұрттарының дүниетанымы, əдет-ғұрпы, шаруа-кəсібі, дəстүрі біршама əңгімеленген. Мысалы, жылқы етін, бие сүтін пайдалануы, ер азығы мен бөрі азығы жолда екендігі, жайлауға көшу, арба үстіне жабылған киіз, бəйбішені құрметтеу, əмеңгерлік салтты сақтау... Мəселен, Ильхан – билеуші Хулагудің немересі, Абағының ұлы Аргон (Аргун) 1284-1291 жылдарда Персияны басқарған. Аргонның əйелі Болғара (кейде Болғана деп жазылған) 1286 жылдың 7 сəуірінде Грузияда қайтыс болғанда əйелінің руынан сонау Қытайдан венециялықтар Аргунға қалыңдық (Кокачина, Кокату, Когатра, Кукачи-хатун, 1296 жылы қайтыс болған) əкелсе, ол 1291 жылдың 7 наурызында уланып қайтыс болыпты. Содан не керек, Аргунның ұлы Қазанға (Ғазан-Махмуд) бұйырады. Сонымен бірге Шыңғыс хан нəсілінен, əулетінен тарағандарды жерлейтін белгілі бір мекен болыпты. Ол – Алтай тауы. Қай жерде, қай жақта өлсе де, екі арасы жүз күндік жол болса да, осынау Алтай тауына жеткізген. Мəйітті əкеле жатқанда жол-жөнекей жолыққандардың семсермен бастарын алып отырған.

ШЫҢҒЫС ХАННЫҢ ШАПАҒАТЫ

еңбегінен алынды – С.Н.) əкесінің тағына отырып, 1229-1241 жылдары билік құрды. Ол 1241 жылы 11 қаңтарында көз жұмған. Үгедейдің қолбасшылық өнері де өзгеше. Өз тайпасының, əулетінің басын қосып Түркістанды, Персияны, Ауғанстанды, Венгрияны, кейінірек Құбылай иелігіндегі мемлекетті Оңтүстік Қытайға дейін кеңейтті. Бұл ауқымды күрес 1279 жылы аяқталды. (Жан – Пьер Дреж Марко Поло и Шелковый путь, М., 2006, с.63.) 1241 жылы Үгедей өлімінен кейін Еуропаны билеп-төстеу əлсіреп, Дунайға дейінгі билік қолдан сусып түсті. Үгедей əскерінің жартысы Шығысқа кері қайтты. Шыңғыс хан əулеті жəне оның заманы хақында ой өрбітер болсақ, Шыңғыс хан ордасы Қарақорымға Рим Папасының айтуымен Джованни де Плано Карпини 1246 жылы, 1253 жылдың желтоқсанында француз королі Людовик ІХ жұмсауымен Вильгельм Рубруквис (Гийом Рубрик) келген болатын. Айтқандай, Мөңке хан Вильгельм Рубруквиске былай деген: «Құдай адамға əртүрлі саусақ берген сияқты, ол сондай-ақ адамдарға қилықилы діни сенім дарытты». Осы бір керемет пікір Мөңке ханның ұстанымын, көзқарасын танытады. Плано Карпини Қарақорымда Күшік ханның инаугурациясына қатысады. Күшік хан оның дегеніне көнбей шіркеуге бағынудан ат-тонын ала қашады. Плано Карпинидің бір тамаша еңбегі – моңғолдардың антропологиялық ерекшелігін дəл анықтап берді. Сонымен қатар, венециялық көпестер ағайынды Маффео мен Никколо Поло қымбат жəне əртүрлі тауарлар салынған кемесімен

еліміздегі мүгедектер өмірінің сапасын көтеру жұмыстарын жүргізуді тапсырған болатын. Осыған орай, «Нұр Отан» партиясы 2014 жылы «Кедергісіз

келешек» жобасын қолға алып, республиканың барлық өңірлерінде мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сапасын көтеруге арналған жұмыстарды қарқынды

жүргізуде. Бұл күні ҚазМҮББУ кафедраларының 12-ге жуық жетекші мамандары мен профессорлары əртүрлі себептермен дəрігерге көрінуге мүмкіншілігі жоқ 50-ден аса мүмкіндігі шектеулі науқастарға кардиология, ревматология, травматология, урология, эндокринология, педиатрия, т.б. салалар бойынша диагностика жасап, тексеріп, кеңестерін берді. Олардың арасында кардиология кафедрасының профессоры Г.Имантаева, офтальмология кафедрасының профессоры Б.Сүлеева, ревматология,

15

www.egemen.kz

жарақаттану жəне ортопедия кафедраларының меңгерушілері м.ғ.к. Жазира Омарбекова мен Оразбай Əбдіразақов, т.б. ғалымдар бар. Науқастарды қабылдауда профессорлармен бірге Айгүл Тəжиева басқаратын №17 қалалық емхананың дəрігерлері де белсене қызмет көрсетті. Сондай-ақ, «Ашық есік» күні аясында Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанат Қасымжанова, ҚазМҮББУдің ректоры Ғалым Тоғызбаев, қалалық «Нұр Отан» партиясының сайлауалды тұғырнамасын жүзеге

Жақсы аттары да ажал құшқан. Себебі, бұлар о дүниеде ұлы билеушіге қызмет етеді деген нанымнан туған. Алтын Орданың (тарихи əдебиетте Қыпшақ ордасы деп қосарлана жазылады) бірінші астанасы – Сарай Бату. Батый хан негізін қалаған. Астрахань қаласының солтүстік бетінде 140 шақырым жерде. Осы күнгі Селитренное қаласының орны. 1395 жылы Ақсақ Темір қиратқан. Екінші бас қала – Сарай Берке. Бұл Волгоград қаласының күнгейінде 70 шақырым жерде яғни Царев елді мекені. Үшінші астанасы – Сарайшық. Же ті ханға Сарайшықтың топырағы бұйырған. Олар: Мөңке Темір (12661280), Тоқай, Тоқтай,Тоқтағу (12901312), Жəнібек (1343-1353), Əмір Оқас (1440-1447), Қасым хан (1511-1518), Ших Мамай (1542-1549), Жүсіп (1519-1554). Əрқайсысына билік құрған жылдарын көрсеттік. Мəдениет пен өркениеттің бесігі болған көркем де сəулетті шаһар Сарайшықты Иван Грозный 1580 жылы 27 тамызда талқандаған. Сонымен бірге Алтын Орда мем лекетінің Үкек деген қаласын (Саратов шаһарына жақын жерде) тағы да Ақсақ Темір жермен жек сен еткен. Негізінде, Əмір Те мір өзінің еңбектерінде: «Жиырма жеті патшаның тағын тартып ал ған екенмін: Иран, Тұран, Үрім, Мағ рып, Шам, Мысыр, Араб Ирагі, Ажам Ирагі, Мазандаран Гиланат, Ширванат, Əзербайжан, Қорасан, Парсы, Дəшті Жете, Дешті Қыпшақ, Хорезм, Хутан, Кабулстан, Бахтарзамин, Үндістанда патша болып, билік жүргіздім» – деп жазады. ХІІІ ғасырдың 2-ші жартысында Берке хан кезінде Еуразия кеңістігінде Шығыс қаған тұқымдары Алтын Орда мемлекетін құрды. Алтын Орда мемлекетінің дипломатиялық, мемлекеттік тілі – қыпшақ тілі еді. (Федоров-Давыдов Г.А. Культура и общественный быт золотоордынских городов. – М.: Наука, 1964.с.10). Алтын Орда мемлекетінде қала құрылысы, металл өңдеу мен өндіру, қолөнер, сауда, мыс пен керамика жасау, тері бұйымдарын шығару мен тоқыма өндірісі, жерін пайдалану мен мал шаруашылығы дүрілдеп дамыған. Берке хан ресми түрде Исламды қабылдаған. Берке хан уағында Сарайда тұрған ойшыл ғұламалар мен ақындарды айтсақ: Сəйф Сарай (1321-1396), Кутбутдин ар-Рази, Сагутдин Тафтазани, Хафиз ибн Баззази, Камалетдин Худжанди, Махмуд Булгари, Ахмед Хожа Сарай, Шигабуддин Сарай жəне т.с.с. Алтын Орда мемлекеті жеріндегі топонимикалық атаулар «Книга Большому Чертежу, или Карта Российского государство, поновленная в Разряде и списанная в книгу в 1627 г.» дейтін көлемді жинақта (СП.б., 1792) көрсетілген. Немесе орыс ойшылы Н.Г.Чернышевскийдің (18281889) 1845 жылы 17 жасында жазған «Объеснение татарских имен сел и деревень Саратовской Губернии» атты қолжазбасын «В Саратовской Губернии было главное становище Золотой Орды» деп бастаған. Татарша, арабша, парсыша білетін семинарист Н.Г.Чернышевский Губернияда 365 атау барын айтып, ойконимдер этимологиясына назар аударған. Айталық, «Ураз-Маметовка» (Оразмұхаммед), «Елень» (жылан), «Бекбулатовка», «Бектемировка», «Кондала» (Қандала), «Караман» (Қараман), «Калмантай», «Карталы», «Найман», «Байка» (бай), «Казеевка» (Қозы, судья) т.с.с. Мінеки, Алтын Орда мемлекетінің іздері, халықтық ой сілемдері тарихигеографиялық атауларда көрініс тапқан. Шоқан Уəлихановтың көрсетуінше, тарихи тұлғалардың батырлық-қаһармандық ерлігін екпіндете-түйдектете жырлаған қазақтың эпикалық жырлары ХIV-XV ғасырларда яғни Алтын Орда дəуірінде туған деген түйін жасайды. «Қырымның қырық батыры» туралы эпос кейін жазылып алынса да, ондағы қатысушылардың көпшілігі Алтын Орда дəуірінде болған адамдар...» (Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллин. Қазақтың батырлар жыры туралы. 1963 жыл.) Жинақтай айтқанда, венециялық жиһангез Марко Поло (1254-1324 жж.) мұрасында Шыңғыс хан заманы мен Қазақ мемлекеттігінің арғы ға сырлардағы бастаулары нақты тарихи-мəдени деректер негізінде көрсетілген. Осының бəрі – Шыңғыс ханның шапағаты! Басқасын былай қойғанда, қазақтың соңғы ханы Кенесарыға дейін ел билеушілеріміздің бəрі Шыңғыс хан ұр пақтары екенін айтудың өзі бұл есімнің бізге қандай қымбат екенін келісті көрсетеді.

асыру жəне бақылау бөлімінің кеңесшісі, «Кедергісіз келешек» жобасының үйлестірушісі Меруерт Сүлейменовалар мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қабылдап, олардың мұң-мұқтажын тыңдап, нақты көмектерін көрсетті. – Қала тұрғындарының денсаулығын жақсарту мақсатында 2014 жылы Денсаулық сақтау басқармасы мен Жұмыспен қамту жəне əлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен Қазақстан-Ресей медицина университетінің арасында Меморандумға қол қойылған болатын, – деді қаланың

бас дəрігері Жанат Кəкімсейітқызы. – Осы меморан дум бойынша ең басты 8 əлеуметтік мекемеде тұратын жандарға көмек көрсетіледі. 2015 жылы да осы бағыттағы шаралар жалғасын табуда. Өйткені, бұл өте қажетті шара. Себебі, мүгедек жандардың арнайы мамандардың қабылдауына жету мүмкіндігі бола бермейді. Сондықтан, бүгінгі ашық есік күніне жет пістен астам адамды шақырдық, қажетті жағдайда арнайы инватакси жіберілді.


16

13 наурыз

АР Ш О БАР

www.egemen.kz www.egemen.kz

2015 жыл

ХА

 Айбын

Жауынгерлік жараулар Қазақстандағы жалғыз таулы-егерьлік ротада 50 ат бар 91678 əскери бөлімі арнайы мақсаттағы таулы-егерьлік ротасының əскери қызметшілеріне таулы жерлерде қызмет атқаруға, оқу-жаттығу тапсырмаларын орындауға аттар көмектеседі. Олар əскери техника өте алмайтын

 Мирас

Қазақ-орыс халықаралық университеті Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Дəулет Əбенов еліміздегі мұражай ісінің қалыптасуын орыстың этнографғалымы Вла димир Дальдің 1831 жылы Орынборда қазақ өлкесінің тарихы мен этнографиясына арналған музей ашуымен сабақтастырды. Ол Кеңес Одағы кезінде көне тарихымызға қатысты көптеген сəулет өнері нысандарының тыңды игеру жылдары түреннің тісіне ілініп, жойылғанын айта келіп, бұл акцияны əлі көзден жасырын жатқан көне экспонаттарды сақтап қалуға деген сəтті қадам ретінде бағалады. Ал, еңбек ардагері Ағыбай Бекназаров акцияны бағалы бастама дей келіп, тарихымызды түгендеу, халқымызға қатысты жəдігерлерді жинау, қазақ халқының белгілі тұлғаларын жас ұрпақтың жадында жаңғырту келешекке қызмет етудің үлгісі екенін, жас ұрпақты ата-баба өткен жолмен таныстыру, оларды елін сүюге, бойларында елжандылық қасиет қалыптастыруға ықпал ететінін əңгіме өзегіне айналдырды. Қазақтың тарихи тұлғаларын жадыда жаңғырту арқылы ұлтымызды ұлықтауға болатынына тоқталды. Халқымызды өзгелерге танытудың музейлерден бастау алатынын, сондықтан бұл бағытта əркімнің үлес қосуы қажеттігін жеткізді. Акцияға қатысулар арасынан өңірімізге қатысты заттар мен бұйымдар, өңірде туып-өскен қазақтың біртуар тұлғалары

жайлы кітаптар, құнды деректер мен құжаттар тапсыру рəсімі болды. Бұл жолы облыстық тарихи-өлкетану музейі 50-ге жуық жəдігерлермен толықты. Акцияға қатысушылар облыстық тарихи-өлкетану музейінің экспонаттар қорынан жасақталған көшпелі көрмені тамашалады. Музейдің археология жəне этнография бөлімінің меңгерушісі Айнұр Мақсатқызы акцияның тұсаукесеріне қатысушыларға көшпелі көрмеге қойылған құрбандық ыдысы, өте ерте кездегі қыш құмыралар, қаружарақтар мен жебенің ұштары, сармат қыз-келіншектерінің алтын əшекей бұйымдары, сүйек қасықтар, басқа жəдігерлер тарихына байланысты əңгімелеп, тереңірек таныстырды. – Акция барысында Ақтөбеліктер Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Ұлы Жеңістің 70 жылдығы аясында Ұлы Отан соғысының сұрапыл жылдарынан сыр шертетін фото-бейне материалдарын, сарғайған хаттарын, тың игерушілерге қатысты тарихи маңызды құжаттарды немесе көшірмелерін, сонымен қатар өздерінің отбасында сақтал ған естелікке толы музейлік жəдігерлікке сұранып тұрған ата-бабаларының мұрасын, ауызша-жазбаша деректерін, тұтынған тұрмыстық бұйымдарын, күй, сөз өнерін орындаушылар хақындағы мағлұматтарын немесе көшірмелерін тапсыра алады, – дейді облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері Орал Өтепова. Сонымен, облыста тарихымызды түгендеуге байланысты тағы бір тағылымды шара басталып кетті. Ақтөбе облысы.

Алымдылығымен, адуындылығымен екінің біріне дес бермейтін əйел-аналарымыздың қатарынан журналист Күмісжан Байжан да табылады. Қашанда, əліптің артын күтіп, байсалдылығымен бастаған жұмысынан оң нəтиже шығару қалыптасқан əдеті. Бір мысал ретінде айтар болсақ, ол жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туған күнін жыл сайын жоғары деңгейде атап өтуді қалыптастыруға өзіндік еңбек сіңіре білді. Алматы облысы, Жамбыл аудандық «Атамекен» газетін басқарып отырған жылдарында осынау игілікті іске ұйытқы һəм қозғаушы күш иесі болғандығын ешкім теріске шығара алмасы хақ. Республикалық бас басылым «Егемен Қазақстан» газетінің Алматы облысындағы меншікті тілшісі қызметіне келгенде құдды қосымша тынысы ашылғандай күні-түні тынбай еңбек етті. Ең бастысы, жауапкершілік жүгін жете сезініп, барынша шығармашылық

Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

 Қылмыс

Жїйкені жїндейтін дəрі Қазақ-Ресей шекарасында тұрған қазақстандық шекарашыларымыз психотропты затты алып өтпек болған азаматтарды ұстады.

Шаѕєы жолы а ішінде өскемендіктердің қал ік сыйлады шаңғы тебуіне мүмкінд қаласыз, – деді

да ғы – Бұ ры н қа ла сы рт ын нба ра ты ша ңғ ы ке ше нд ер іне ар ал ыол бы з. Би ыл Ко мс ом індегі іш ла Қа на келіп жүрміз. зд ы мы ты қы уа лы ша ңғ ы жо Он ді. ың үнемдеуге мүмкіндік бер ла сқ ан на үс тін е тр ас са ны ң ор ғы ме н аң Ш . же рі де та ма ша іш ін н ма ор н, сы ға өз ен нің жа

Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ

аралап, тынығып рген қала шаңғымен сейілдеп жү ва. цо зне Ку а ин тұрғыны Ир т Комзза Лə ік нд ме ке өс Ал ыл біби ың аст паева немересі Ди анын тағ бас е теб ки нь рінші рет ко ки ді нь ко же тк ізд і. Ба ста пқ ыда да жаңа у тая ол н жалға алып жүрге н. коньки сатып алған еке на көп ны ды ай з мұ қ лы Ха – ері конькеледі. Тіпті, кей күнд атынбыз. қал тіп кү ын кидің босау ғы тау да Əлбетте, қала сыртын

а баруға шаңғысы курорттарын ғдай ы жа қарапа йым халықтың рм ей ді . бе ле ке ты қы уа н ме зд ың мы ры ла ла Со н ды қт ан , ба уг е кіз өт ді ім ти н ты бо с уа қы ан ғ а с а ж тамаша жағдай шы за ри а қа ла ба сш ыл ығ ын . ол ді де – із, ем дір лығымызды біл в ло жо Өткен аптада С.Аман за қс та н ат ын да ғы Ш ығ ыс Қа тін ің те си ер ив ме м ле ке тт ік ун Қазақ« н е м ы у р ұйымдасты акция» стан-2050: тарихи таңдау барыя ци Ак сы да осында өтті. теттерінің сында қала универси денттері сту н ме ы ар оқытушыл лауын сай кезектен тыс Президент

ңғы жарықолдау мақсатында ша сына қатысты. зарбаев – Елбасы Нұрсұлтан На ралық қа бұ ң ды қазақстандықтар уына ан лд ғы шұ н іме лер спорт түр жөру құ қажетті инфрақұрылым латын. бо ген кте нінде тапсырма жү ылған мұз «Алтай» стадионына құй ңға жуық айдынына күніне 2 мы арының нд ғы халық келеді. Қала тұр ап арсан күн сы спортқа құлшыны асықал ен кем Өс і дед – , тып келеді в. но жа м ның əкімі Темірбек Қасы

АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 341-08-12.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru, egemenkz@maіl.kz. Интернет-редакция: ekazakhstan@mail.ru Алматыда: факс (727) – 341-08-12, электронды пошта – egemalm@mail.ru

Көкшетау – 8 (716-2) 25-76-91; Қарағанды – 8 (721-2) 43-94-72; Қостанай – 8 (714-2) 39-12-15; Қызылорда – 8 (701) 772-70-74; Орал – 8 (777) 496-21-38;

Өскемен – 8 (778) 454-86-11; Павлодар – 8 (718-2) 68-59-85; Тараз – 8 (726-2) 43-37-33; Шымкент – 8 (701) 362-63-76; Петропавл – 8 (715-2) 50-72-50.

Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 341-08-11, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен хабарлағандай, Петропавл шекара отрядына қарасты «Жаңажол авто» бақылау-өткізу бекетінің бақылаушылары жүйкені емдеуге арналған, əсер етуі өте күшті «Трамадол» дəрісін елімізден Ресейге заңсыз əкетіп бара жатқан екі ресейлік азаматты ұстады. Тексеріп қарағанда 3 пəшкідегі 5 ампула дəрінің салмағы 30 грамм болып шықты. Аталған дерек бойынша Мамлют аудандық құқыққорғау органдары хабарландырылды. Тергеу амалдары басталды.

ӨСКЕМЕН.

Суретті түсірген . Есімхан ОРЫНБАЕВ

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А.

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – 8 (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – 8 (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – 8 (712-2) 31-74-13; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

Алматы облысы, Жамбыл ауданы.

ла Биыл Өскеменде қа сқы қы қ -а ай қп ішінен шы спорт түрлерімен шұғылдануға жағдай нжасалды. Қыс басы п ры жа қ қа ны да қала тің тіс Ер ақ ан тқ ағып жа ы ағ нд уы ла сол жаға Комсомол аралында ңғы 1,5 шақырымдық ша а уғ ан ал йд жолы па берілді. Аталған 0 алаңда 400 және 80 ы ар лд жо ы ңғ метрлік ша жарықтандырылды.

.

«Егемен-ақпарат».

Нұрбол ƏЛДІБАЕВ, «Егемен Қазақстан».

ы

«Егемен Қазақстан»

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы

ізденісте жүрді. Бойындағы бір қасиеті – өткенді екшеп, таразылай алатыны дер едік. Өмір қажеттілігімен жасалған қадамдарды əсте ұмытпай журналистер қауымына тəн адалдықпен ар тазалығын сақтауға талпынып қана қоймай, оң нəтиже шығара алатындығы десек артық айтқандық емес. Кепілдік берер бір ауыз сөзімен үлкен лауазымды тұлғаны да иландырғанын ет құлағымыз естіген. Тағы бір қыры көмекке өте зəру болған жандармен тез ұғынысып, демей білетіндігімен де көріне алды. Сол қамқорлығының нəтижесін көрген жандар арамызда баршылық. Жүрген жерінде жақсы із қалдыра білетіндігіне бір дəлел, оның кешегі мейірім шуағына толы күндерін көріп, жұмсақ жүректі жанның жылуын сезінген сіңлілері тамсана айтып, үлкен ілтипат танытып жүргеніне куəміз. Жүрегінің түбіндегі сөз маржанын бір шумаққа сыйғыза білген Күмісжан Байжанның:

қатар, 91678 əскери бөлімде теңдеп арту-көліктік ротасы бар. Олар таулы-егерьлік ротаны қамтамасыз етумен, əскери жүктерді жеткізумен айналысады.

«Ұнатамын періште үнін құстардың, Дəл солардай қалықтауға құштармын. Ұя салып балапанын өсірген, Қарлығаштай ой-сөзімді ұштармын» деген өлең жолдары осы ойымызды бекіте түседі. Елбасының Алғыс хатымен бірнеше мəрте марапатталып, «Егемен Қазақстан» газетінің Алматы облысындағы меншікті тілшісі қызметін жеті жыл атқарып, Мəдениет қайраткері, «Еңбек ардагері» жəне мерекелік медальдардың иегері болып, Алматы облысы мен Талдықорған қаласының, Жамбыл ауданының Құрметті азаматы атанған Күмісжан Байжан журналистика саласында қырық жылдан астам жемісті еңбек етті. Бүгінде ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, қосағымен қоса ағарып сол еңбегінің жемісін жеп отыр. Бұл да бір ақталған үміттің, ойға алғанның орындалғаны екені анық.

 Саламаттылық салт

Думан АНАШ,

Меншік иесі:

тойтарыс беру жөнінде маневр жасады. Арнайы мақсаттағы таулы-егерьлік рота 2000 жылы құрылған жəне бүгінгі күні Қазақстанның Қарулы Күштерінде осы бағыттағы жалғыз рота болып табылады. Сонымен

Әріптеске ілтипат

Облыс орталығындағы «Руханият» музейінде облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының және облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын міндеттерді насихаттау мақсатында және Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу шаралары аясында «Нұрлы Жол – ұлттық тарихқа бастар жол» деген тақырыпта акция өткізілді. «Егемен Қазақстан».

Жақын арада осындай сабақ «Оңтүстік» өңірлік қол басшылығының «ТерісА щ ы бұ л а қ » п о л и г о н ы н да өт кізілді. Бұл жерде əр жауы н гер өз атымен жеке жəне топ құрамында шартты қарсыластың шабуылына

 Мерей

Тарихты түгендеудің тағылымы

Сатыбалды СƏУІРБАЙ,

шатқалды таулы жерлерден жеке құрамды тасымалдайды. Таулы-егерьлік ротаның əр əскери қызметшісіне бір аттан бекітілген. Алғашында жануарлармен нұсқаушы жұмыс істейді, одан соң ат даярлығы бойынша жаттығуларға тартылады.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Арко» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-Полиграфия» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Достық-Дружба даң., 215 А, «WESTA» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 203 394 дана. Нөмірдің кезекші редакторлары

Сұңғат ƏЛІПБАЙ, Жақсыбай САМРАТ.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 8 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №520 ek

Profile for Egemen

13032015  

1303201513032015

13032015  

1303201513032015

Profile for daulet
Advertisement