Issuu on Google+

Бїгінгі нґмірде: Кґкейге ќонады Галицкое-Бґрілі арасы... №30 (28254) 13 АҚПАН БЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ

Дїрлігуге негіз жоќ

4-бет

5-бет Жастар бетке алып ќаланы, ауыл «ќартайып» барады 6-бет Бəйге тґрінде бəсеке кїшейді 10-бет

 Өмірдің өзегі – өндіріс

Битум зауыты... Бұл біздің елімізді өзгеден бұйым сұрау тəуелділігінен құтқарып, өз қажетімізді өзіміз өтей бастауымыздың белгісі. Жуырда, яғни өткен жылдың желтоқсан айында Мемлекет басшысы алдында телекөпір арқылы іске қосылған зауыт қазір алғашқы өнімдерін бере бастады.

ЌАРЌЫН Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ПремьерМинистр Серік Ахметовті жəне Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетовті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. – Қазақстан валютасының бағамын өзгерту туралы шешім қарапайым азаматтарға жағымсыз əсерін тигізбеуге тиіс. Енді бағаның жасанды түрде көтерілмеуін қадағалап, валюта айырбастау пункттеріндегі алыпсатарлықтың жолын кесу ерекше маңызды. Барлық деңгейдегі əкімдер осыны бақылап, ал тиісті мемлекеттік органдар ұдайы мониторинг жүргізуге жəне қалыптасқан экономикалық жағдайда алыпсатарлықпен айналысқандарға қатысты лицензиясынан айыруға дейінгі ең қатаң шараларды қабылдауға тиіс. Қазіргі уақытта ұлттық валюта бағамының шегі белгіленген деңгейде болып, экономикамыздың игілігіне қызмет етуі үшін барлық қажетті шараларды қабылдаған жөн, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Ұлттық банк төрағасы алты ай бойы əлемдік экономика ахуалына жəне теңгенің өзге елдердің валюталарына қатынасын талдау жөнінде жұмыс жүргізілгенін атап өтті. – 2009 жылы ақпанда қол

жеткізілген əлеуетіміздің арқасында экономикамыздың бəсекеге қабілеттілігі артты. Біз жақсы нəтижелерге жеттік, бірақ 20122013 жылдары əлеуетіміз біртіндеп азайды, өйткені, өзге дамушы елдердің валюталары Америка долларына қатынасы жөнінен əлсіреді. Бүгінде көптеген инвесторлар дамушы нарықтардан кетіп жатыр. Шетелдік капитал дамыған нарықтарға ауысуда. Біз Түркия, Бразилия, Ресей елдеріндегі ахуалдың үлкен өзгеріске түскенін кө ріп отырмыз. Жалпы, бұл – биыл ғы үрдіс. Сонымен қатар, Ресей рубліне қатысты да айқын емес тұстар бар. Орталық банк рубльдің еркін қозғалысын білдір етін инфляциялық шектеуге көшкенін жариялағандықтан, біз ресейлік валютаның бағамы 1 долларға шаққанда 35 рубльге жеткенін көріп отырмыз. Бұл тұстағы жағдай əлі де толық айқын емес, – деді Қ.Келімбетов. Сондай-ақ, Ұлттық банк төр ағасы төлем балансындағы өзгерістерді атап көрсетті. 2013 жылы ағымдағы есеп-шот

Ќайрат КЕЛІМБЕТОВ:

Теѕге тґмендегенімен, экономика кґтеріледі

Кеше Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде Ұлттық банктің төрағасы Қайрат Келімбетов журналистермен кездесіп, теңге бағамына түзету енгізу шарасына қатысты түсініктеме берді. Сұңғат ƏЛІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Біз мұндай шараға не үшін бардық? Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы осы мəселені тағы бір түсіндіріп өткім келеді. Өйткені, бұл оқиғаның əлеуметтік-экономикалық жағдай

үшін маңызы зор. Осыған байланысты осы мəселе туралы жекелеген топтардың əңгіме қыздыратындығы белгілі, деген Ұлттық банк басшысы өз сөзін əуелі Ұлттық банктің шұғылданатын негізгі қызметі жөнінде қысқаша түсініктеме беруден бастады. Оның ұлттық валютаның бағамына

сальдосы оң деңгейде болғанымен, ол алдыңғы жылмен салыстырғанда төрт есеге төмендеген. – Бізде импорт экспорттан жылдам өсуде. Импорттың мұндай тез өсу қарқынын болдырмау үшін 1 долларға шаққанда 145-155 көлемінде болған теңгенің бұрынғы шегі өзін-өзі сарқығандықтан, біздің тарапымыздан валюта бағамына түзетулер енгізілді. Бүгінде біз бағамның 20%-ға өзгеруі жəне долларға шаққандағы теңгенің көрсеткіші 3 теңге төңірегіндегі ауытқумен 185 болуына қол жеткізу – таяу ортамерзімді перспективада Қазақстан экономикасына қажетті, теңбе-тең жəне бəсекеге қабілетті валюта бағамы деп санаймыз. Сондықтан Ұлттық банк басқармасы тиісті шешім қабылдады, біз оны дер кезінде жасалды деп есептейміз. Бұрынғы бағамды ұстап тұру үшін біз маусым-тамызда ұлттық резервтен 2,7 млрд. доллар, ал қаңтарда – 2,2 млрд. доллар саттық. Мұндай бағытта жағдайдың бақылаудан шығып кетуі мүмкін еді. (Соңы 2-бетте). ----------------------------------------Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

жауап беретіндігін, сондықтан оны үнемі қадағалап отыратындығын жеткізді. Теңге бағамына қатысты айтатын болсақ, жалпы қалыптасқан тəртіп бойынша ұлттық валюталардың қозғалысының бірнеше түрі болатын көрінеді. Олар – еркін қозғалыс, басқарылатын қозғалыс жəне белгіленген баға бағамы. Біздің түсінігімізше, Қазақстанда теңгенің бағамы басқару жағдайында, яғни белгілі бір бағамдық аралықта қозғалып келген. Осы жағдайға орай Қайрат Келімбетов 2009 жылдан бергі 5 жылдың ішінде біздегі теңге бағамы 1 долларға 145-155 теңге аралығында қозғалып келгендігін жеткізді. (Соңы 2-бетте).

 Еңбегімен еленген

От кґсеген азамат

ENRС тобының құрамына кіретін кəсіпорында əулетімен болат балқытушы болып келе жатқан Баймолдиндердің бүгінгі ұрпағымен танысудың сəті түсті. Соның бірі – осы зауытта 29 жыл жұмыс жасап, №1 пештің айтулы балқытушысына айналған, жұмысшыдан бригадирдің дəрежесіне көтерілген Марат Баймолдин. Өзі елуге келіп қалдым дегенмен, еңбек шынықтырған азамат қажырлы, сөзі байсалды.

– Өзім қалада өстім, – деп бастады əңгімесін Марат, – Ақтөбенің мəдени ағарту училищесін бітірдім. Режиссерлік мамандық алдым. Сөйте тұра, мен де əке жолымен балқытушы болып кеттім. Бізді «Баймолдиндер» десе, бұл зауытта, тіпті қара металлургия саласында бəрі біледі. Өйткені, осында əкем Беркін жұмыс істеді балқытушы болып. Əкемнің туған інісі Төлеу Баймолдин осы зауыттың бірінші цехында балқытушы болып, Қазақ КСРының еңбек сіңірген металлургі

атанған, жаңалық ашып, Мемлекеттік сыйлыққа ие болған адам. Шешем Əзима, жеңгелерім Мəлика, Бейбіт зауыттың қойма шаруашылығында жұмыс істеді. Қазір апам Сара сол салада жұмыс атқарады. Төлеу ағамның баласы Мұрат балқытушы болып жүр. Менің ұлым Еркін де еңбек жолын балқытушылықтан бастап, бес жылдан соң басқа жұмысқа ауыс ты. Өндірістен қол үзбей оқып, кеденнің оқуын бітіріп еді, қазір Жайсаңда қызметте. Мараттың əңгімесінен

түйгеніміз, Баймолдиндер əулетінің ер-азаматтары түгел балқытушылық кəсіпті қалаған да, əйелдер жағы қойма шаруашылықтарында қызмет атқарып отырған. Уақыт өте келе, солардың əрқайсысы өз балаларын зауытқа жұмысқа тартқан. Беркін ақсақалдың отбасымен қатар, оның інісі Төлеудің де барлық қарындастары, апалары осы жерден кəсіп тапқан. (Соңы 5-бетте).

Ақтау пластикалық масса зауытына жол битумдары өнді рі сі – 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының жемісі. Зауыт жұмысы жоғары сапалы жол битумдарын өндіру үшін тиімді болып табылатын «Қаражанбас» кен орнынан жылына 1 млн.тонна мұнай өңдеуге негізделген. Мұнайдан өндірілген тотыққан битум Қазақстанның барлық жолклиматтық аймақтарына төзімді келеді. Екі түрлі маркалы тотыққан битум өндірісінің көлемі жылына 406 мың тоннаны құрамақ. Ақтау битум зауытында дайындалатын полимерлімодификацияланған жол битумы Қазақстанда бұрын өндірілмеген, сол себепті жол құрылысында қолданылмаған инновациялық жол материалы болып табылады. Ыстық пен суыққа төзімді, жолдың жарамдылық мерзімін ұзартып, олардың жөндеу шығындарын айтарлықтай азайтатын аталмыш бұйымның жылына 120 мың тоннасын шығару жоспарланған. Битум сапасының жоғалмауы үшін өнім өндірушілер жол битумдарын бір жолғы полимерлі көліктік ыдыстың екі түріне – биг-бэги (1000 кг) жəне қаптарға (40 кг) бөлшектеп орауды қолға алып отыр. Өлшеніп оралған салқын битумды қолдану тек материалдың бастапқы физика-химиялық

көрсеткіштерін сақтауға ғана емес, сонымен бірге, үлкен көлемді битум қоймаларында битумдарды балқымалы түрде ұстаудағы шығындардың азаюы есебінен асфальт-бетон зауыттарында үнемділікке қол жеткізеді. Бүгінге дейін 5 мың тоннадан астам битум мен 7 мың тоннадан астам вакуумдық газойль дайындап үлгерген зауыттың болашақта

 Жолдау жауапкершілігі

Жаѕа табыстардыѕ жарќын бастауы

Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында айтылған мемлекетімізді дамытудың басым бағыттары Мəжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің Оңтүстік Қазақстан облысында өткен кездесулерінде əңгіме өзегіне айналды. Оралхан ДƏУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Кентау трансформатор зауытының өнімі бүгінде экономиканың түрлі салаларында: электр энергетикасы, металлургия, маши на жасау, көлік, мұнай-газ кешені, тұрғын үй-коммуналдық секторларында кеңінен пайдаланылады. Заманға сай жоғары технологиялы құралдарды пайдалану арқасында шығарылған өнім сапалы əрі сенімді болып отыр. Н.Нығматулин зауыт жұмысшыларына Президент Жолдауы ның негізгі бағыттары

туралы кеңінен əңгіме етіп, барлық қазақстандықтардың басты мақсаты – Елбасы жүктеген тарихи міндеттерді жүзеге асыруға белсене араласу екенін қадап айтты. Мəжіліс Төрағасы аймақтың жалпы индустриялық əлеуетіне тоқтала келіп, аталған зауыттың жоғары технологияларды пайдалануға, өндірісті жаңғыртуға бағытталғанын тілге тиек ет��і. Айталық, 2013 жылы өндірістік өнім 552 миллиард теңгені құрады, бұл – 2012 жылмен салыстырғанда 2,3 пайызға жоғары. (Соңы 4-бетте).

өз өнімділік аясын кеңейте түсу межесі бар. Сəуір айында толық қуатына еніп жұмыс жүргізуді жоспарлап отырған өндіріс орны 286 адамды жұмыспен қамтыған. Қытайлық əріптестерінен үйрену арқылы өндірісті тиімді жүргізу бағытында тəжірибе жетілдірген мамандар жұмысқа тың күшпен кіріскен. Алдымен өңірдің, еліміздің ішкі қажеттілігін

қамтамасыз етіп, кейін сырт елдерге экспортқа шығарылатын жол битумы шағын болса да ел экономикасына оң əсер ететін өндіріс көздерінің бірі болады деп күтілуде. Маңғыстау облысы. ---------------------------------------Суреттерді түсірген С.МАЙЕМЕРОВ.

Қазақстан Республикасының Заңы

2007 жылғы 6 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтерін жарақтандыру үшін арнайы техника мен арнайы құралдарды жеткізудің жеңілдікті шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

2007 жылғы 6 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтерін жарақтандыру үшін арнайы техника мен арнайы құралдарды жеткізудің жеңілдікті шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы 2010 жылғы 10 желтоқсанда Мəскеуде жасалған хаттама ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 11 ақпан. №171-V ҚРЗ

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасы мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы ынтымақтастық пен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің Қазақстан Республикасындағы қызметіне қатысты келісімді ратификациялау туралы

2013 жылғы 11 мамырда Ыстамбұлда жасалған Қазақстан Республикасы мен Еуропа Қайта Құру жəне Даму Банкі арасындағы ынтымақтастық пен Еуропа Қайта Құру жəне Даму Банкінің Қазақстан Республикасындағы қызметіне қатысты келісім ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 11 ақпан. №172-V ҚРЗ

Қазақстан Республикасының Заңы

1999 жылғы 21 қазанда Бернде қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцария Федералдық Кеңесі арасындағы табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау туралы конвенцияға және Хаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцария Федералдық Кеңесі арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы

1999 жылғы 21 қазанда Бернде қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцария Федералдық Кеңесі арасындағы табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау туралы конвенцияға жəне Хаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцария Федералдық Кеңесі арасындағы 2010 жылғы 3 қыркүйекте Астанада жасалған хаттама ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 11 ақпан. №173-V ҚРЗ


2

www.egemen.kz

13 ақпан 2014 жыл

Дїрлігуге негіз жоќ (Соңы. Басы 1-бетте).

Қазіргі уақытта бағамның өзгеруіне қатысты түрліше баға берілуде. Көпшілігі бағам 20%-ға өзгерді, демек, барлық тауардың бағасы да екі-үш есе өсуі тиіс деп ойлайды. Сол себепті кеше Үкіметпен жəне облыстар əкімдерімен бірлескен отырыс өткіздік, онда біздің алдымызға ең басты міндет – инфляция деңгейін 6-8% шегінде қамтамасыз ету талабы қойылды. Бұл орындалатын міндет деп ойлаймын. Мысалы, 2009 жылы инфляция деңгейі 6-7%-дан асқан жоқ. Бұл үшін бізде оны ұстап тұрудың барлық амалы бар, – деді Ұлттық банк төрағасы. Премьер-Министр Серік Ахметов Үкімет пен сарапшылық қауымдастықтың

2014 жылы Қазақстанда ғана емес, Ресей, Қытай жəне өзге де дамушы мемлекеттердің экономикалық ахуалында бірқатар айқын емес тұстар болғанын сезінетінін айтып өтті. – Қазір əлемдік экономикада қалыптасқан ахуалды ескере отырып, Ұлттық банк жүргізген бағам түзету қажетті шара болды деп есептейміз. Бұл еліміздің экономикасының макроэкономикалық көрсеткіштерін кейбір бағыттар бойынша жақсартуға мүмкіндік береді. Сөз жоқ, экономика өсімі биыл да жалғасады. Инфляция жоспарланған шекте болып, ортамерзімді кезеңде 6-8 пайызды құрайды. Бұл үшжылдық бюджетте де солай көрсетілген, – деді С. Ахметов. Премьер-Министр сауда нүктелерін тауарлық өнімдермен үздіксіз қамтамасыз

ету, айырбас пункттері, жанар-жағармай құю стансалары жəне базарлармен қоса, барлық бағыттар бойынша күнделікті мониторинг жүргізу мəселелері жөнінде үлкен кеңес өткізілгенін хабарлады. Онымен бірге, тұрақтандыру қорларын тиімді пайдалану ұсынылды. Үкімет басшысы бүгінде мұнай өнімдерінің əлеуметтік маңызды түрлері – АИ-92, АИ-80 бензині мен дизель отыны бағасын 30-45 күн бойы көтермей сатуға қажетті жанар-жағармай елдің қоймаларында жеткілікті екенін де айтты. Соған байланысты С. Ахметов аталған жанар-жағармай түрлерінің бағасын көтеруге еш себеп жоқ деген пікірін білдірді. С. Ахметов тұрғындардың айрықша мұқтаж санаттарын «əлеуметтік нанмен»

қамтамасыз етуге қажетті барлық ресурстар бар екенін айтты. – Əлеуметтік маңызы бар тауарлардың 35 түріне қатысты келесі аптада шешім қабылданып, баға мəнінің минималдық шегі белгіленеді. Қазір түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жергілікті жерлерде əкімдер осы саладағы тұрақтылықты қамтамасыз етеді, – деді Премьер-Министр. Соңында Мемлекет басшысы алаңдауға негіз жоқ екенін қазақстандықтарға түсіндіру қажеттігін айтты. – Бұл – əрқайсысында 10-40 мың адам жұмыс істейтін біздің кəсіпорындардың экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған таза қаржылық шара. Экономикамыз қосымша табыс көреді, бұл оның əрі қарайғы өсіміне жалпы оң əсерін тигізеді. Бұл шешім осы мақсатпен қабылданды. Сондықтан, ешқандай дүрлігуге жол бермей, алыпсатарлықтың жолын дер кезінде кесу керек, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Теѕге тґмендегенімен, экономика кґтеріледі (Соңы. Басы 1-бетте). – Осы бағам бойынша, өздеріңіз білесіздер, Қазақстан экономикасы жақсы дамып келді. Өткен жылдың өзінде ол 6 пайызға өссе, инфляция деңгейі 4,8 пайыз мөлшерінде шектелді. Дегенмен, соңғы кездері бұл бағамды ұстап тұру бізге тым қиынға айналды. Өйткені, бұған əлемде болып жатқан үдерістердің əсері күшті болды. АҚШ-тың федералдық жүйесі доллар шығаруды қысқартты. Осыдан барып 22 елдің ұлттық валюталары əлсіреді. Мұның жақсы мысалын көршіміз Ресейден де байқауға болады. Бұл елде рубль өткен жылы 7 пайызға əлсіреді. Биылғы қаңтар айында осы үдеріс одан əрі жалғасты. Əрине, осы жағдайдың бізге де əсер ететіндігі анық еді. Оның үстіне көптеген экономикалық факторлар бізді теңге бағамын өзгертуге мəжбүрлей түсті. Экономикада экспорт көлемі төмендеп, импорт көлемі артты. Міне, осындай жағдайда біз теңгенің бұрынғы бағамын одан əрі қорғай беретін болсақ, онда жинақтаған қорымызды шашып алатындығымыз анық еді, – деді Қайрат Келімбетов. Экономикада айқындалған осындай өзгерістерге байланысты

Ұлттық банк 6 ай бойы зерттеу жұмыстарын жүргізіп келген екен. Соның нəтижесінде барып теңгенің қалыптасқан бағамын өзгертуге байланысты шешім қабылдаған. Əрине, осындай жағдайда теңге бағамы өзгеруін халықты бірден естен тандырарлықтай етіп емес, неғұрлым жұмсақ жағдайда жүргізуге болмас па еді деген сұрақ туатыны түсінікті. Қайрат Келімбетов бұл мəселе жөнінде де бəрі ескеріліп отырғандығын айта кетті. Оның сөзіне қарағанда ұлттық валютаға жұмсақ жағдайда түзетулер енгізу неғұрлым ұзаққа созылатын құбылыс. Оның ақырында ұтқанымызға қарағанда ұтылғанымыз молырақ болып шығуы да əбден мүмкін. Мəселен, мұндай жағдайда біздегі теңге бағамы қазіргідегідей 20 пайыз емес, 40 пайызға дейін төмендеп кетуі де ғажап емес еді. Ұлттық банк басшысы осыған орай теңгеміздің бағамына түзету енгізу бір сəттік шара болып табылғандығын, енді ол Ұлттық банк белгілеп берген жаңа бағам дəлізі бойынша жүріп отыратындығын, яғни көп ауытқымайтындығын, бұл үдерістің басқа елдердегідей ұзаққа созылып кетпейтіндігін жеткізді.

Сонымен елімізде, Ұлттық банк басшысы айтып кеткендегідей, көптеген себептерге байланысты теңге бағамына түзету енгізу шарасы жүзеге асты. Енді не болмақ? Осы мəселе туралы сөз қозғай кеткен Қайрат Келімбетов ең алдымен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықты сабырға шақыратындығын жеткізді. Өйткені, мұндай сəтте көптеген адамдар халық абыржушылығынан пайда тауып қалмақ мақсатында ел арасында əртүрлі əңгіме қоздыруы мүмкін. Саяси пиғылдар да болуы ғажап емес. Осы жағдайлардың алдын алу үшін қазір Үкімет белсенді əрекетке кірісті. Халық үшін қажетті бірінші кезектегі тауарларға, əсіресе, азық-түлік пен жанар-жағармай бағаларына тұрақтылықты сақтау жөнінде шаралар белгіленуде. Тез уақыт аралығында теңгенің жаңа бағамы да Ұлттық банк белгіленген шекте қалпына келетін болады. Сондықтан бірінші кезекте сабыр керек. Ал, теңге бағамын шырқатуға əрекет етушілер болса, олар жазаланады. Мəселен, теңгені Ұлттық банктің белгілеген бағам шегінен шырқатуға тырысатын ақша айырбастау

пункттері өздерінің лицензияларынан айырылатындығы қатаң ескертілуде. Баспасөз мəслихатын��а Ұлттық банк басшысына журналистер тарапынан көптеген сұрақтар қойылды. Жасыратыны жоқ, ол сұрақтардың барлығы бұрынғыдай жайма-шуақ емес, ащылау болып жатты. Журналистің қызметі қоғам қолтығына қойылған градусник секілді ғой. Осыған қарап-ақ қоғам қызуының күшейгендігін аңғаруға болады. Сұрақ: Сіз жаңа теңге бағамын өзгертуге 6 ай бойы зерттеу жүргіздік дедіңіз. Демек, сізге теңге бағамының осылайша күрт өзгеретіндігі көп бұрын белгілі болған. Ендеше, оны халықтан неге жасырдыңыз? Жауап: Мен 6 ай зерттеу жүргіздік дегенде мəселенің идеологиялық қырын айтып отырмын. Нақты қалайша өзгеретіні жəне қай сəтте өзгеретіні соңғы уақытта ғана айқындалды. Оның үстіне бұл құпияны мен ешкімге аша алмас едім. Өйткені, оны ешкімнің білмеуі қажет болды. Əйтпесе, біздің теңге бағамын өзгерту шарамызда қандай ақиқат болар еді. Сондықтан мен қажетті шараны барынша адалдықпен жүргіздік деп есептеймін.

Сұрақ: Сіз жоғарыда осы уақытқа дейінгі теңге бағамын өзгерту екі рет жүргізілгендігін, бұл жолы үшінші рет жүргізіліп отырғандығын айтып кеттіңіз. Байқап қарасақ, соның барлығында теңгеміздің құны төмендетіліп келген екен. Осыдан кейін оған деген сенім əлсіреп кетпей ме? Жауап: Сұрақ орынды. Бірақ, мен осы мəселеге байланысты көңілсіздікке салыну қажет емес деп есептеймін. Өйткені, теңгенің құны төмендегенімен экономикамыз көтерілетін болады. Осыдан түбінде барлығымыз ұтып шығамыз. Мəселен, осының алдында теңге бағасы екі рет төмендегенімен, одан біздің экономикамыз ұтылған жоқ қой. Қайта көп ұтысқа шықты. Халық жағдайы жақсарған үстіне жақсарып келеді. Жақсарып келе жатқан экономика жағдайында оның ұлттық валютасы қалайша қадірсіз болады. Керісінше, енді осы шарадан кейін теңге сатып алушылар көбеюге тиісті. Өзім де осылай деп кеңес берген болар едім. Бұл жерде мəселе – экономикалық жағынан тиімділікке жету. Теңгенің бағамына енгізілген түзетуді де осының бір шарасы ретінде қарастыру қажет. Қайрат Келімбетов басқа да көптеген сұрақтарға жауап берді. Ешбір сұрақ жауапсыз қалған жоқ.

Ґѕірлердегі ахуал назарда ўсталады

Кеше Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев селекторлық режімде кеңес өткізіп, онда ұлттық валютаның айырбас бағамына түзету енгізілуіне байланысты өңірлердегі ағымдағы ахуал талқыланды, деп хабарлады ПремьерМинистрдің баспасөз қызметі. Кеңес жұмысына орталық Қалыптасқан жағдайда өңірлік мемлекеттік органдардың басшылары, тұрақтандыру қорлары азық-түлік облыстардың, Астана жəне Алматы өнімдері бағасын тұрақтандыруда қалаларының əкімдері қатысты. ықпалды құрал болып табылады, Бүгінде жергілікті атқару деп атап өтті Б.Сағынтаев. органдарының басты міндеті бірінші Тұрақтандыру қорлары қызметі қажетті тауарларға бағаның негізсіз мəселелерін жалпы үйлестіру ӨДМөсуіне жəне өңірлердегі валюта айыр- ге жүктеліп, оған ахуалды жəне бастау пункттеріндегі алыпсатарлық əлеуметтік маңызды азық-түлік дүрбелеңнің орын алуына жол бер- тауарларының бағасын реттеу меу, деді Б.Сағынтаев. мониторингі бойынша ЭБЖМ Соған орай бірінші вице-премьер жəне БҚА-мен тығыз байланысты əкімдіктерге сауда нүктелерінің қамтамасыз ету тапсырылды. үзіліссіз жұмысын қамтамасыз Ішкі рынокты азық-түлікпен етуді, əлеуметтік маңызды тау- қамтамасыз ету жəне өңірлердегі ар түрлері мен ЖЖМ бағаларына азық-түлік тауарлары өндірісінің күнделікті мониторинг жүргізуді, б а л а н с ы н а қ а д а ғ а л а у ж а с а у пайда болған проблемаларға тиісті Ауыл шаруашылығы министріне заңды санкциялар қолдануға дейін жүктелді. барып, шұғыл үнқатуды тапсырды. Халық арасында əлеуметтік Сондай-ақ, əкімдіктерге Ұлттық маңызды тамақ өнімдері бағаларын банк филиалдарымен бірлесіп тұрақтандыру жөнінде Үкімет пен қаржы рыноктарындағы жағдайды Ұлттық банк қабылдаған шарамұқият қадағалау жəне валютаның ларды түсіндіру біздің ең басты айырбас бағамының Ұлттық банк міндетіміз болып табылады, деп белгілеген өлшемдерден ауытқуына атап өтті Б.Сағынтаев. жол бермеу жөнінде шаралар Осы орайда Премьер-Министр қабылдау тапсырылды. Серік Ахметовтің тапсырмасы О н ы ң с ы р т ы н д а к е ң е с т е бойынша өңірлердегі оперативті ө ң і р л і к а з ы қ - т ү л і к т а у а р л а - ахуалға бақылау жасау Премьеррын тұрақтандыру қорларының Министрдің бірінші орынбасары қызметіне қатысты мəселелер де Бақытжан Сағынтаевқа жүктелгенін талқыланды. еске сала кету қажет.

Жаѕа айырбас баєамы жаѕа мїмкіндіктер ашты Владимир АЩЕУЛОВ,

«ССКӨБ» акционерлік қоғамы Жентек өндіру фабрикасының директоры.

«Соколов-Сарыбай кен өндіру бірлестігі» акционерлік қоғамының жентек өндіру фабрикасы сапалы темір жентегін өндіреді. Біздің кəсіпорынның өндірген өнімі тұтынушылар тарапынан үлкен сұранысқа ие. «ССКӨБ» республикадағы экспорттаушы кəсіпорынның бірі де, бірегейі де болып табылады. Біздің фабрика өндірген темір жентегін Ресей мен Қытайдағы металл комбинаттары алады. Біздің өндіріс үшін теңгенің

жаңа айырбас бағамының игілікті əсері болып отыр. Доллар курсының өсуі бізге табыс əкеледі. Тауарды сырттағы тұтынушыларға теңгенің жаңа айырбас бағамымен ұсынамыз. Табыс молайған сайын біздің де қосымша инвестиция тартуға, жаңа технологияларды игеруге, əлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға асығарымыз анық. Ұлттық валютамыздың жаңа айырбас бағамы – бірлестіктің, өндірістің дамуы үшін бізге берілген жаңа мүмкіндік. Демек, алда ел игілігі үшін алынатын жаңа асулар күтіп тұр. РУДНЫЙ.

ӘЛЕМДЕГІ ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАЛАР ЖАҒДАЙЫ 2013 жылы АҚШ долларының дамушы елдердің ұлттық валюталарына қатысты нығаюы орын алды. 2014 жылдың басынан бастап АҚШ-та сапалық жұмсарту бағдарламасын қысқарту аясында және соған орай пайда болған дамушы елдерден дамыған елдерге капиталдың ағылуына байланысты АҚШ долларының нығаю тенденциясы күшейе түсті.

2013 ЖЫЛДЫҢ 1 МАМЫРЫ МЕН 2014 ЖЫЛДЫҢ 30 ҚАҢТАРЫ АРАСЫНДА ВАЛЮТА БАҒАМЫНЫҢ ТӨМЕНДЕУІ

ЛИР

(БЛУМБЕРГ АГЕНТТІГІНІҢ МӘЛІМЕТІ БОЙЫНША)

ТҮРКИЯ

РЕСЕЙ

ҮНДІСТАН

ОАР

Еуразиялық интеграция институты әзірлеген


3

www.egemen.kz

13 ақпан 2014 жыл

Теѕге баєамыныѕ ґзгеруіне ќатысты шўєыл сауалнама 1. Сіз теңге бағамының өзгеруін қалай бағалайсыз? 2. Оның ауыл шаруашылығына қаншалықты оң сипаты болмақ? Ромин МАДИНОВ, Мəжілістің аграрлық мəселелер жөніндегі комитетінің төрағасы: – Теңге бағамы өзгеруінің оң рөл ойнайтынына менің сенімім мол, өйткені, біз ұн экспорттауда əлемде бірінші орын аламыз жəне жан басына шаққанда бидай экспорттауда да дəл осындай бірінші орында тұрмыз. Ал бидай валюталық тауар болып табылатындықтан, біздің одан ұтысқа шығатынымыз түсінікті. Яғни валюта көбірек келеді, былайша айтқанда, валюта теңге тұрғысынан алғанда көбірек болады. Ғалия ƏКІМБЕКОВА, «АӨК Экономикасы жəне ауылдық аумақтарды дамыту АЗҒЗИ» ЖШС, АӨК кооперация жəне интеграция бөлімінің меңгерушісі: – Бұл мəселенің оң да, сол да жақтары бар. Ол əсіресе, Кеден одағы мен БЭК жағдайында елдің экспорттық шикізат экономикасына оң əсер етеді. Біздің жағдайда ол ұн мен астық өндірушілер. Олар үшін тиімді болмақ. Сонымен бірге, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін бағаның өсу есебінен импорттық өнімді алмастыруға қосымша мүмкіндік туады. Ол үшін мемлекеттің қолдауы қажет. Өңдеу кəсіпорындары үшін күрделірек болмақ. Олар бүгінде бəрін сырттан тасымалдауда. Сондықтан олардың технологиялық жабдықтар сатып алу шығындарын өтеу қажет болады. Ал ұн мен астық экспорттаушылар үшін бұл жағдай өте тиімді болмақ. Рəзия ЖАТАҚПАЕВА, «Алель Агро» АҚ-тың басқарма төрайымы: – Құс шаруашылығы КО шеңберінде жақсы дамыған. Менің ойымша, Ресей мен Белоруссияда құс еті жетіп артылады. Рубль бағамының төмендеуі бізге теріс əсер етті. Өйткені, енгізілетін ет бағасы арзандады. Ал біздерге, отандық тауар өндірушілерге тауар өндіру мүмкін болмай қалды. Бағаны Ресей құс етінің бағасына қарап қалыптастырғандықтан біз барлық уақыттар бойы қайта есептеулер

жүргізумен болдық, сондықтан орын алған жағдай біз үшін оң əсерін тигізді. Енді импорт азая түседі. Өйткені, бəсекелестікте отандық өндірісші басымдыққа ие болмақ. Дариғаш ШАЙМЕРДЕНОВА, «Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу ҚазҒЗИ» директоры: – Теңге бағамының өзгеруі барлық өнімдердегі қазақстандық мазмұнның артуына жағдай жасауы тиіс. Долларға танылған импорттық өнімнің бағасы өсетін болады. Ал бізге өзіміздің отандық сатып алу тиімді болмақ. Егер қазақстандық пен импорттық шикізат арасында таңдау туындар болса, қазақстандық шикізатты сатып алу тиімдірек. Мен теңге бағамы өзгеруінің пайдалы жағы да осында деп білемін. Нұрлан САҒЫНАЛИН, «Актеп» ЖШС бордақылау алаңының қожайыны: – Бордақылау алаңының қожайыны ретінде теңге бағамының өзгеруін оң бағалаймын. Рубль бағамының құлдырауы салдарынан біздің тауар баға тұрғысында бəсекеге қабілетсіз болып қалды. Рубльдің арзандауына байланысты ресейлік жеке кəсіпкерлер еттерін бізге əкеле бастады. Енді біздегі жағдай неғұрлым тиімдірек. Орын алған өзгеріске байланысты біз кедейшілікке ұрынудан құтылатын боламыз. Ішкі рынокта да, экспортқа шығаруда да баға тиімді болмақ. «ҚазАгро» АҚ несиелерді теңгемен береді, салықтарды, еңбекақыны теңгемен төлейміз. Сондықтан біз үшін несиелер қымбаттаған жоқ. Алтынбек МОЛДАШЕВ, Агроөнеркəсіп кешені экономикасы жəне ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институтының директоры: – Біз шетелге шығаратын тауардың бағасына қарасақ біздің тауар өндірушілерге бұл пайдалы. Егер біздің тауарларымыз бұрын 15500 теңгеден шығарылып тұрса, қазір 18500 теңгеге шығаруға болады. Сонда біздің тауар өндіруші 3000 мың теңге пайда табады. Десек те, мұндай тауар өндірушілер бізде аз. Əсіресе, мемлекеттен тыс

жерлерге шығаратын астық компанияларына бұл пайдалы. Сонда бұлардың тауары да 3 мың теңгеге өсейін деп тұр. Сондықтан бағамның өзгеруі экспортты жəне импортты операцияға өте пайдалы болады. Енді біздің тауар бəсекеге қабілетті болады. Бірақ, əр заттың өзіндік құны болады ғой, мысалы, минералды тыңайтқыштар, бензин қымбаттаса, онда біздің отандық тауарлар өсіп кетеді. Бұл бұрынғы деңгейге қайтып келеміз деген сөз. Сол себептен қазірден бастап əкімшілік ресурсты пайдаланып, бағаны өсірмеу керек. Сол кезде біздің тауарларымыздың бəсекеге қабілеттілігі жоғары болады. Мұрат ТАҒАЕВ, «Ордабасы Құс» ЖШС құс фабрикасының директоры: – Жақында қаңтар айында Ауыл шаруашылығы министрлігінің, «ҚазАгро» АҚ қолдауымен Мəскеуде ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауға қатысты үлкен бизнесфорумы өткен. Сол жерде ресейлік əріптестеріміз біздің өнімнің бағасы олардың нарығынан қымбат, бəсекелестікке қиындау деген əңгіме көтерілген. Менің ойымша, осы мəселенің мына жағдайда шешімі табылуда. Бүгінгі күні біздің өнім бəсекеде Ресейдің ішкі өнімінен асып кеткен сияқты болып тұр. Құс саласына келер болсам, былтырлары шетелдік құс еті қаптап кетіп, отандық тауар өндірушілерге қиын жағдай болған. Қоймаларда мың тонналап ет жабылған болатын. Сол мəселеге де бұл оң ықпалын тигізетін болар. Біздің тауарымыз бəсекеге қабілетті, экспорттауға толық мүмкіндік бар. Менің ойымша, теңге курсы өзгеруінің пайдасы болмаса зияны жоқ тəрізді. Жексенбай ҚАСҚЫРБАЕВ, «А.И.Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми өндірістік орталығы» ЖШС-нің бас директоры: – Мен мұны плюс деп есептеймін. Өйткені, біз астық, ұн экспортымен айналысамыз. Оның үстіне майлы дақылдар экспорты артты, демек, мүмкіндік одан бетер жақсара түспек. Соңғы уақыттары көкөніс бағдарламасы жақсы қолдау табуда. Бізде көкөніс дақылдары экспортқа шығарыла бастады. Қазақстандық ет экспорты үшін де тиімді болмақ. Бүтіндей алғанда, бұл Қазақстанға өндіріс құрылымын өзгертіп, экспорттық дақылдар үлесін арттыруға мүмкіндік береді. Былайша айтқанда, өзіндік серпіліс туғызады.

Бўл шараныѕ экономикаєа оѕ ыќпалы бар Маия АРЗАЕВА,

Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қаржы кафедрасының меңгерушісі, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент.

Дамушы елдердің ұлттық валюталарына тəн жағдай біздің ұлттық валютамызды да айналып өтпеді. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ұлттық валютамыздың айырбас бағамын бірқалыпты деңгейде ұстаудан бас тарту, валюталық интервенция көлемін төмендету жəне теңгенің айырбас бағамының қалыптасу үрдісіне араласуын шектеу туралы қабылдаған шешімі кешелі бері халық арасында қызу пікірталас туғызуда. Экономиканың, оның ішінде қаржы нарығының күрт өзгеруіне жол бермеу мақсатында

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі 3 теңге көлемінде ауытқуын ескере отырып, теңгенің АҚШ долларына шаққандағы арақатынасын 185 теңге мөлшерінде белгіледі. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ресми келтірген мəліметі бойынша 2012 жылға қарағанда 2013 жылы төлем балансының профициті 5,4 есеге қысқарған. Теңге бағамын түзету туралы шешім қабылдауға бұл да өзіндік негіз болды деп айта аламыз. Ұлттық валюта бағамының тосыннан өзгеруі, əрі «көш жүре түзеледі» дегендей, уақыт өте келе нығаюы ұзақ мерзімді перспективада экономикаға оң ықпал жасайды. Ел Үкіметі тиісті шаралар кешенін жүзеге асырса, бұл мультипликативтік əсерге ие болады. Бұл тұрғыдан ел Үкіметінің қарап

қалмай жатқанына бəріміз куə болып отырмыз. Ұлттық валютамыздың нығаюы өнеркəсіп өндірісінің, инвестицияның, жұмыспен қамту деңгейінің, нəтижесінде ішкі жалпы өнім мөлшерінің өсуіне əсер етеді. Себебі, бұл ең алдымен капиталдың кетуіне шектеу қояды. Ағымдағы сыртқы экономикалық конъюнктура мен макроэкономикалық жағдай үшін қалыпты құбылыс болып танылатын бұл үдеріс отандық тауарлардың бəсекеге қабілеттілігін қолдау аясында əрі алтын-валюта қорының төмендеуінің алдын алу, экспорт пен импорт алмастыратын сала кəсіпкерлері үшін өте тиімді. Кеден одағы шеңберінде отандық өндірушілерді экономикалық тұрғыдан қолдау барысында өте қажет тетік.

Ќазаќстандыќ экспорттыѕ бəсекеге ќабілеттілігі артады Мейіржан МАЙКЕНОВ,

Kaznex Invest Экспорт жəне инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі басқарма төрағасының орынбасары.

Теңге бағамының өзгеруі қазақстандық тауарлар экспортының өсуіне жəне елдің сыртқы сауда балансының жақсаруына оң əсер етеді. Бірінші кезекте, ол айтарлықтай дəрежеде экспортқа бағытталған, өндірісі импортқа онша тəуелді емес кəсіпорындар үшін оң серпін береді. Теңге бағамының өзгеруі нəтижесінде тауарлардың теңгеге шаққандағы құны айтарлықтай төмендейді (яғни тауар өндірудің өзіндік құны төмендейді). Бұл қазақстандық өнім жеткізушілердің өнім бағаларының артықшылығы есебінен сыртқы рыноктарда бəсекелестік қабілетінің артуына жол ашады. Kaznex Invest агенттігі бес жылдан астам уақыттан бері отандық өндіруші компанияларға өз тауарларын шетелге шығаруға көмектесуде. Бұл орайда, өңделген өнім шығаратын компаниялардың «Экспорт-2020» мемлекеттік бағдарламасы басты

назарда. Олар машина жасау, металлургия, химия, азық-түлік, фармацевтика, құрылыс компаниялары жəне басқа да салалар. Өңдеу секторының шамамен 1500 кəсіпорны ҮИИДБ жылдары ішінде өзінің шетелдегі бизнесін дамытуда мемлекеттік көмек алды. Менің ойымша, теңге бағамының өзгеруі экспорттаушылар үшін қорғау шарасы қызметін атқарып, қазақстандық экспорт көлемін ұлғайтуға мүмкіндік туғызады. Бүгінде, Қазақстан əлемдік экспорттаушылар тізімінде 42-ші орын алады, ал экспорт географиясы 1119 елден тұрады. Сондай-ақ, тауар өндіруші экспорттаушыларға қосымша табыс алу мүмкіндігінің пайда болатынын да атап өту қажет. Оны олар өз өндірістерін дамытуға бағыттай алады. Ол сондайақ, отандық компаниялардың шетелдік рыноктардағы бəсекеге қабілеттілігін арттырып, экспансия үшін жағдай туғызады. Биылғы жылы біз экспортты Қырғызстанға, Тəжікстанға, Түркіменстанға, Өзбекстанға, Арменияға, Ресейге (Челябі, Омбы, Новосібір, Самара, Орынбор, Екатеринбург, Қазан),

Қытай, Иран жəне Ауғанстан елдеріне шығаруды жоспарлап отырмыз. Сондайақ, біздің агенттік кəсіпорындардың Ресейдегі жəне Орталық Азия елдеріндегі салалық халықаралық көрмелерге қатысуына да ықпал ететін болады. Іс жүзінде теңге бағамының өзгеруі нарық экономикасындағы қажетті шарт болып табылады. Көптеген дамушы экономикалар валюта бағамын төмендетті, ал ол сол елдердің тауарларын анағұрлым тартымды ете түсті. Кезінде АҚШ, Қытай жəне Ресей дəл осындай ұлттық өндірісті қорғау шараларына барды. Екінші жағынан алғанда, шетелдік валютаға қатысты ұлттық валюта бағамының өзгеруі отандық тауарлардың ішкі рыноктағы бəсекеге қабілеттілігін арттырады. Бұл шара импорттық тауарлар бағасын өсіріп, олардың жергілікті өніммен салыстырғанда бəсекеге қабілеттілігін азайтады, сөйтіп импортқа шектеу қояды, яғни импортты алмастыру жүзеге асады. Былайша айтқанда, валюта бағамының өзгеруі ұлттық өнеркəсіп үшін, əсіресе, интеграциялық үдерістер шеңберінде қорғау шарасы болып табылады.

КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ ТАРИФТЕРІНІҢ ҚОСЫМША ӨСУІ БОЛМАЙДЫ

Теңге бағамын одан әрі ұстап тұру алтын-валюта резервінің айтарлықтай төмендеуіне соқтырар еді ИМПОРТТЫ ЖАБУ РЕЗЕРВТЕРІНІҢ ДИНАМИКАСЫ 7 АЙ 2010-2011

5,5 АЙ 2012

4,8 АЙ 2013

2014 жылы зейнетақыларды инфляцияның орта деңгейінен 2%, әлеуметтік жәрдемақыларды 7% оза отырып,

Инфляцияға ақылы қызметтер үлесі бұрын бекітілген 1,2% деңгейінде қалады

көтеру қарастырылған

Теңгені түзетуді ескергенде номиналдық ІЖӨ көлемі

-ға ұлғаяды

Номиналдық ІЖӨ өсімі 2014 жылы

-ды құрайды

немесе ЭБЖМ бағалауынша, инфляция дәлізінде қалады

Республикалық бюджет кірістері 2014 жылы

млрд.теңгеге артады

ЭКОНОМИКА МҮДДЕСІНЕ ОРАЙ ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАНЫҢ АЙЫРБАС БАҒАМЫН ТҮЗЕТУ

ЕЛДІҢ СЫРТҚЫ САУДА ПОЗИЦИЯСЫНЫҢ ЖАҚСАРУЫ

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің (ЭБЖМ) болжамы бойынша

орнына

Отандық тауар өндірушілер өнімдерін шығарудың өсуі

ҚАЗАҚСТАННЫҢ САУДА БАЛАНСЫНЫҢ НЫҒАЮЫ

НЕҒҰРЛЫМ ҚЫМБАТ ИМПОРТТЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ ҚЫСҚАРУЫ

Еуразиялық интеграция институты әзірлеген


4

www.egemen.kz

13 ақпан 2014 жыл

Айырбастау пункттерінде алыпсатарлыќ операцияларєа жол бермеу туралы Уəкілетті банктердің жəне уəкілетті ұйымдардың айырбастау пункттері жүргізетін қолма-қол шетел валютасымен операциялар бойынша алыпсатарлыққа жол бермеу мақсатында Ұлттық банк басқармасы «Айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша АҚШ долларын жəне еуроны теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу туралы» 2014 жылғы 11 ақпанда №18 қаулы қабылдады. Осы қаулыға сəйкес уəкілетті банктің немесе уəкілетті ұйымның лауазымды тұлғасының жазбаша өкімінің негізінде айырбастау пункті үшін белгіленген ұлттық валютадағы шетел валютасының бірлігін сатып алу бағамы мен ұлттық валютадағы шетел валютасының бірлігін сату бағамы арасындағы айырма АҚШ доллары үшін – 2 теңгеден; еуро үшін – 3 теңгеден аспауы тиіс. Айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша теңгеге шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқуының белгіленген шектері 2014 жылғы 11 ақпаннан бастап қоса алғанда 2014 жылғы 31 желтоқсан аралығында қолданылады. Ұлттық банк басқармасының 2006 жылғы

27 қазандағы № 106 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру ережесінің 48-тармағына сəйкес айырбастау пунктінде айырбастау операциясын жүргізу үшін қажетті сомада қолма-қол ұлттық валюта жəне қолма-қол шетел валютасы болған кезде азаматтарға айырбастау операциясын жүргізуден бас тартуға жол берілмейді. Ұлттық банк айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша теңгеге шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқуының белгіленген шектерінің бұзылуын анықтаған жағдайда уəкілетті банктерге жəне уəкілетті ұйымдарға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген санкцияларды қолданады. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің филиалдарына өңірлердегі ахуалдың мониторингі бойынша тиісті нұсқаулар берілді. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ұйымдастыру жұмысы, сыртқы жəне қоғамдық байланыстар департаменті.

Бизнесті дамытудыѕ мол мїмкіндігі Эдуард ОГАЙ,

«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы.

Ұлттық валюта бағамының өзгеруiнен түсетін қаржыны үнемдеп, оны бизнестi дамыту ісіне бағыттауға болады. Əйткенмен, теңге бағамы өзгеруiнiң əсерiн жарты жыл өткеннен кейiн ғана байқай аламыз. Себебi, бiз Ресей жəне шетелдiк өндiрушiлермен ашық нарықта жұмыс iстеп жатырмыз. Бүгiнгi

күннiң өзiнде серiктестерiмiздiң 50 пайызы келiсiм бойынша өз мiндеттерiн орындауды уақытша тоқтатып отыр. Енді мына өзгеріске орай олармен жаңа байланыс орнатармыз. Негізі, қазіргі таңда кəсіпорында келешекте қандай баға төңірегінде жұмыс жүргiзiлетiнiн анықтау мақсатында арнайы топ құрылды. Осы жұмыс тобы жағдайды зерттеп, зерделеп болған соң нақты шешімдер қабылдайтын боламыз. Сондықтан дəл қазір осы мəселеде

нақты пікір айтуға əлі ертерек. Ал енді, теңге бағамын түзетуден түсетін қаржыны үнемдеп, соның нəтижесінде кəсіпорындарымызды модернизациялап, өндiрiстiк қорларымызды жаңартуға мүмкiндiк алғалы отырмыз. Қазiргi уақытта Үкiмет Жезқазған өңiрiн дамыту бойынша шешiм қабылдағаны белгiлi. Бұл бағдарлама үш жылға арналған. Валюта бағамының өзгеруiнен үнемделген қаржыны бiз осы бағдарламаны iске асыру қарқынын жылдамдатуға бағыттайтын боламыз. Сондай-ақ, жұмысшыларымыздың əлеуметтік жағдайын жақсарту шарасы да басты назарда. Демек, келер пайданың бір бөлігі осы əлеуметтік сауықтыру шараларына бағытталады.

Тўраќты дамуєа бастайды Елена ПОПАНДОПУЛО, ENRC Қазақстанның басқарушы директоры.

Біздің экономикамыздың арқауы болып келген жəне солай болып қала беретін кен-металлургия кешені қазір ауыр жағдайды бастан кешуде. Соңғы бірнеше жылдар бойына сала қолайсыз нарық жағдайында жұмыс істеуде. Бағалар айтарлықтай төмендеді. Мəселен, алюминий саласында ол 15 пайызға төмендесе, ол үрдіс əлі де жалғасуда. Дағдарыс жағдайын бастан кешуші тек біз ғана емес. Бірақ өткізу рыногы үшін күресте біздің жақын көршілеріміз теңгенің қымбаттығынан артықшылықтарға ие болуда. Біз барынша қатаң үнемдеу шараларын қабылдауға мəжбүр болдық. Өзіміздің инвестициялық бағдарламамызды қайта қарадық.Тіпті, ең бір ауыр мəселе болып табылатын персоналды қысқарту жайы да күн тəртібінде тұрды. Осындай жағдайда біз долларға қатысты теңгенің шынайы бағамын белгілеу ісін отандық

экспорттаушыларға қолдау көрсетудегі ықпалды шара ретінде қабылдаймыз. Жаңа айырбас бағамы өнімнің бəсекеге қабілеттілігін арттыруға, жұмыс орындарын сақтауға, ал біздің инвестициялық бағдарламаларымызды қайта қарауымызға, демек, жаңа жұмыс орындарын ашуға, əлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыруға, сонымен қатар, бюджетке төленетін төлемдер көлемін арттыруға жағдай жасайтын болады. Бұл мəселенің тағы бір аспектісі бар. Бұдан тек ірі бизнес қана ұтысқа шықпайды, осы уақыттарға дейін ішкі рыноктарға тауар жеткізуде Кеден одағы бойынша көршілерден ұтылып келген отандық бизнес өкілдері – шағын жəне орта кəсіпкерлік саласы үшін де артықшылықтар пайда болады. Егер біздің қызметкерлерге келер болсақ, олар кəсіпорын экономикасының тұрақтылығына, демек, сол арқылы тұрақты жұмыс пен еңбекақыға қол жеткізетін болады. Сондықтан да біз Үкіметтің тұтыну тауарлары бағасының негізсіз өсіп кетуіне жол бермеу жөнінен қабылдаған шараларын қолдаймыз жəне бұл тұрғыда барынша қатаң қадағалау болуы керек деп есептейміз.

Бəрі – ел игілігі їшін А.МҰСТАФИНА,

экономика ғылымдарының кандидаты.

Өткен сейсенбіде Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі теңгенің бағамын өзгерту туралы шешімді бес түрлі факторға байланысты қабылдағанын мəлімдеді. Ең алдымен, көптеген дамушы елдерде, əсіресе, БРИКС елдерінде (Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай, Оңтүстік Африка Республикасы) орын алған жағдай 1 АҚШ долларына шаққандағы ұлттық валю таның əлсі ре генін байқатуда. Екіншіден, Ресей рубліне қатысты айырбас бағамы салыстырмалы түрде анық емес. Үшіншіден, төлем балансының жай-күйі ескерілді. Ағымдағы

операция шоты оң мəнге ие əрі импорттың өсу тенденциясы сақтал ғанымен де, ол өзіндік кері ықпалын тигізуде. Қазіргі кезде өткен қаржы жылымен салыстырғанда төлем балансының шоты 4 есе қысқарған, яғни ұлттық валютамыздың сыртқы бəсекеге қабілеттілігі əлсіреген. Төртіншіден, экономика да əртүрлі жағдайдың орын алуы байқалды. Нəтижесінде валюталық алып-сату артып, Ұлттық банк валюта нарығындағы операцияларға араласуға мəжбүр болды. Бесіншіден, орта мерзімді перспективада инфляция деңгейін 3-4% аралығына əкелу көзделіп отыр. Осыған байланыс ты жүргізілген жан-жақты талдаулар дың нəтижесінде ұлттық

валютамыздың АҚШ долларына шаққандағы айырбас бағамын 185 теңге мөлшерінде белгілеу қажеттігі нақтыланды. Бұл өзгерістің барлығы жаһандық макроэкономикалық факторларды ескере отырып, отандық өндірушілердің сыртқы нарықтағы бəсекеге қабілеттілігін арттыру, ұлттық валютамыздың бəсекеге қабілеттілігін жақсарту шеңберінде жүргізіліп отыр. Бағам өзгерісінің тұтыну бағасы индексінің өсуіне əсер етпей қоймайтыны айқын, бірақ бұл толыққанды инфляция емес əрі қысқа мерзімді келеңсіз пікірлердің туындауына əсер етіп отыр. Сабыр түбі – сары алтын дегендей, жалпы алғанда, валюта саясатына қатысты жүргізіліп отырған бұл шаралар ел экономикасының игілігі үшін жасалуда. АЛМАТЫ.

Бюджетке салыќ болып оралады Андрей ЛАЗАРЕВ,

«ҚазЦинк» ЖШС вице-президенті.

Көптеген елдер ұлттық валюта бағамын өзгертуге кəсіпкерліктің оң дамуы жəне ғаламдық көбіктен кəсіпкерлікті қорғау үшін баратынын байқаймыз. Ал Қазақстан экономикасының негізгі бөлігін шикізат құрайды. Біз ұлттық валютамызды ұзақ уақыт бойы тұрақты ұстап келдік. Аталған жағдайдың шикізаттық кəсіпорындар үшін тиімділігі аз. Біз өзіміз өндіретін металл бағамының күнненкүнге құлап бара жатқанын айқын түсінуіміз тиіс. «Қазцинк» табысының 60 пайызын алтын құрайды. Бір жыл бұрын алтын 1600 доллар тұрса, бүгінде 1075 долларға бағаланып отыр. Осыған орай шығындар еселеп өсті. Шығынның көбі Қазақстанның ішкі жағдайында орын алды.

Алайда, теңге бағамына өзгеріс енгізген соң ішкі шығындар қолжетімді болды. Өйткені, біздің түсім доллармен есептеледі. Айырбастау курсы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым жоғары табыс табамыз. Бұл ретте мемлекет бюджетіне кəсіпорын есебінен жоғары салық түсімі түседі. Əрине, теңге бағамының өзгерісінен қорқудың қажеті жоқ. Менің ойымша, бесжылдық көрсеткіштер көрсеткендей, ақша бағамының өзгеруінен əлемде үрей туғызарлықтай ештеңе болған жоқ. Мұны экономиканы сауықтыруға арналған екпе деуге болады. Экономикамыз тұрақты даму үстінде, ал соңғы жағдай экономикаға жаңа тыныс, соны леп берді. Үкімет пен Ұлттық банк негізгі азық-түлік түрлеріне бағаның өсімі болмайтынына уəде беріп отыр. Мұндай сəтте толқудың себебі жоқ деп ойлаймын.

● Сарапшы сөзі

Теѕге баєамыныѕ ґзгеруі ўлттыќ экономикаєа ќолайлы əсер етпек Еліміздегі теңге бағасының Ұлттық банктің шешімімен күрт өзгеруіне қатысты көрші елдердегі сарапшылар да өз пікірлерін білдіру үстінде Сұңғат ƏЛІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

«Қазақстанда елдің Ұлттық банкінің жариялауымен теңге бағамын түзету жүзеге асты, – деп мəлімдеді «Қырғызстан Қазкоммерцбанк» ААҚ қазынашылығының басшысы Айбек Қарамұратов. – Егер біз соңғы кездері Ресей рублі мен қырғыз сомының долларға қатысты күрт құлдырай бастауын байқасақ, осы уақыттар аралығында теңгенің долларға қатысты бағамы 155-160 теңге көлемінде неғұрлым тұрақтылықты сақтап келген болатын. Менің ойымша, енді Қазақстан Ұлттық бан кі де өзінің көршілеріндегі орын алған жағдайға қатысты Қазақстан теңгесінің шынайы курсын нақтылау ісіне кірісіп отыр». Сарапшы осыған байланысты Қазақстанда бірінші күні едəуір дəрежеде абыржушылықтың етек алғандығын айтады. Осы жағдайға байланысты 1 доллардың құны 200 теңгеден астам мөлшерге дейін шарықтап кетіп отыр. Ал кейбір банктер қосымша шаралар қабылданғанға дейін конвертациялауды тоқтатқан. «Менің ойымша, рыноктағы бұл абыржушылық аптаның аяғына дейін басылып, теңге бағамы тұрақтанатын болады. Ол 1 долларға 190 теңгеден аспауы мүмкін», – дейді сарапшы. Осыған байланысты Айбек Қарамұратов қырғыз кəсіпкерлерін мəселенің артын күте тұруға шақырған. Ол бір-екі күннің өзінде жағдай неғұрлым анықтала түсетін болады деп есептейді. Freedom Finance инвестициялық компаниясының корпоративтік клиенттермен жұмыс жөніндегі басқарма төрағасы Сəкен Үсердің болжамынша, Қазақстан Ұлттық банкінің бұл шарасы қазақстандық шикізат компаниялары үшін қолайлы əсер етпек. «Егер мұндай компанияларда шикізат сату доллармен жүзе ге асырылатындығын есепке ала тын болсақ, олардың келесі тоқсандық есептері бойынша табатын табыс көлемі қазіргіден едəуір арта түсетіндігін болжауға болады. Бұл əсіресе, «Қазақмыс», «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ секілді ірі компанияларға қатысты күтілетін жайт. Бүгінгі күні Лондон биржасында тіркелген барлық қазақстандық компаниялар 8-15 пайыз көлемінде өсім алатын болады», – деп мəлімдеді ол. Осыған байланысты сарапшы тұтынушыларға Лондон биржасында тіркелген қазақстандық компаниялардың долларлық акцияларын сатып алу жөнінде кеңес берген. Оның айтуынша, кешегі күннің өзінде қазақстандық қор биржасындағы осындай компаниялардың акцияларының бағасы 8-22 пайыз аралығында өсе түскен. «Теңге бағамына өзгерістер оның осы уақытқа дейін қалыптасқан бағамын тұ рақты ұстап тұру қиындық тудырғандықтан жүзеге асты деп есептеймін. Теңге бойынша банкаралық ставка өте жоғары деңгейде болды. Бұл банк секторының кірістілігіне кері əсерін тигізді. Сондықтан ерте ме, кеш пе бұл ставканы өзгертуге бəрібір тура келетін еді», – дейді сарапшы. Оның айтуынша, Ұлттық банктің бұл қадамы жалпылай алғанда, Қазақстан экономикасына, оның ішінде шикізат экономикасына оң əсер етпек. Осы ретте сарапшы теңге бағамының жоспарлы түрде өзгеруіне рубльдің қазіргі жағдайда елеулі əсер еткен деп есептейді. «Дегенмен, бұл жерде рубльге қарағанда теңгенің реттеуге неғұрлым бейім екендігін айтуымыз керек. Егер бұл мəселені Кеден одағы аясындағы интеграциялық үдерістерге қатысты қарастыратын болсақ, онда Ұлттық банктің бұл қадамын осы мəселеде неғұрлым орынды, аталған одақ аясында ұлттық экономиканы қорғауға бағытталған шара ретінде атап көрсетуіміз керек», – дейді Сəкен Үсер.

● Елдік мінбері

Кґкейге ќонады Жабал ЕРҒАЛИЕВ,

жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.

Қазақ елі! Ежелден бергі ел арманы емес пе еді бұл! Тіпті осы бір қазақ елі мен қазақ жері деген қасиетті қос ұғым үшін ата-бабаларымыз аттан түспей жаумен арпалысып,талай бір тар жол тайғақ кешуді бастарынан да өткізгендіктерін көне тарих та жоққа шығара алмасы анық. Еліміз, мына сіз біз «Қазақстан» деген атпен де талай бір асулардан да астық. Алайда, сезіне білген жанға «қазағын» былай қоя тұрып айтар болсақ, осы бір «стан» деген сөзден əлдебір салқындық есіп тұратыны бар. «Стан» дегеніңіз тіпті кім көрінгеннің бір түнеп кетер жатағы сияқты ұғымға жақындау ма деп қаламын. Жəне де кім көрінгеннің билігі мен əмірі жүрер, нақтылы иесі жоқ ел дегенге де саятыны бар. Енді біз дүниеге танылған егемен елміз! Жəне де əлемдік саясатта да, əлемдік қауымдастықта да өзімізге лайықты орнымыз бар абыройлы да айбынды елміз! Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы

Нұрсұлтан Назарбаевтың ел тағдырын, тəуелсіздігіміздің тағдырын кеңінен пішіп келе жатқан кемел де көреген саясатының арқасында əлемнің дамыған 50 елдерінің қатарынан орын алып отырған елміз! Біз енді 2050 жылға дейінгі даму бағытымызды айқындап, əлемнің ең дамыған қуатты 30 елінің қатарына тұруды мақсат еткен елміз! «Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол Мəңгілік Ел идеясы» – Елбасының халыққа арнаған Жолдауында айтылған осы бір ауыз сөз біздің баршамыздың көкейімізде жатқан, тіпті бізді қойып сан ғасырлар бойы бабаларымыздың көкейінде кеткен арманды тілекті ниеті еді. Енді міне, Жаратқан Иеміз оңғарып, Елбасы өзі бастап, халқымыз қолдап біз Мəңгілік Ел болуды мұрат тұтып, бұл ұлы мақсатты ұлттың ұлы стратегиялық мақсаты ретінде алға тарттық. Біз өзіміздің келешегімізге, өзіміздің алға қойып отырған іс жоспарларымыздың жасам паз дығына сеніп барып Мəңгілік Ел боламыз деп төрткүл дүниеге мəлімдеме жасап отырмыз. Енді мақсат айқын, ой да анық, идея да бар! Бізге енді осы бір ұлы мұратқа

Жаѕа табыстардыѕ жарќын бастауы

(Соңы. Басы 1-бетте). Кəсіпорын қызметкерлерінің еліміздегі индустриялық бағдарламаның орындалуы жайында сұрақтарына жауап берген Мəжіліс Спикері тек биылдың өзінде елімізде 130 өндіріс орнын ашу жоспарланғанын мəлімдеді. – Қазақстанда 2010-2014 жылдар аралығында 950 өндіріс орны құрылып, 250 мың жұмыс орны ашылады. Нəтижесінде елімізде 250-ден астам жаңа өнім пайда болады, – деді Н.Нығматулин. Кентау трансформатор зауытының жұмысшылары Президент көрсеткен басымдықтардың бірі – инновациялық технология бағытын жедел дамыту өз өндірістерінде оң нəтиже беретініне сенімді. Мəжіліс Төрағасының тағы бір жарқын жүздесуі М.Əуезов атын дағы Оңтүстік Қазақстан мем ле кеттік университетінің студент терімен өтті. Осы оқу орнының студенттерін Елбасы Жолдауының ерекшеліктері мен оларды жүзеге асырудың нақты жолдары қызықтырды. Президенттің саясатын қолдау мақсатында университет студенттері алғаш болып «Мəң гілік Ел»

қоғамдық жастар бірлестігін құру бастамасын қолға алған. Мəжіліс Спикерімен əңгіме барысында оңтүстікқазақстандық жастар, сондай-ақ, ғылымға негізделген экономика, түлектерді жұмысқа орналастыру, жастар саясаты сияқты мəселелерге жəне соған лайық заңның қабылданар уақытын білуге құштарлық танытты. Н.Нығматулин бүгінде мəжілісмендер жастар саясатына арналған заң жобасын қабылдау жолында белсене жұмыс атқарып жатқанын, оның қабылдануы жастардың мүддесіне сай келетінін атап өтті. Мəжіліс Төрағасы, «Нұр Отан» Саяси кеңесі бюросының мүшесі, партияның парламенттік фракциясының жетекшісі Н.Нығматулин бұл күні «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында қоғамдық қабылдау өткізді. Алыс ауданнан келген Əлайдар Əмірханов деген азамат Сарыағаштан Жетісайға шығатын бағыттағы көпірдің бү гінгі қиын жағдайын, бұл маңда үнемі көлік кептелегі болып, еркін қозғалуға қатты кедергі келтіріп жатқанын айтса, Ордабасы ауданының тұрғыны Замира Маханова «Бейнеу

жетіп, Мəңгілік Ел болу үшін Елбасының төңірегіне тығыз топтасып, бірлігімізді сақтап, тіліміз бен дінімізге берік болып, еліміздегі индустрияландыру бағдарламасын ойдағыдай етіп, сапалы орындау, білім мен ғылымды дамыту жəне жан аямай еңбек ету қалды! Ең бастысы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Мəңгілік Елдің іргетасын қалап, Мəңгілік Елдің Астанасын жаңадан салып, Қазақ елінің əлемдік экономикадағы да, саясаттағы да өзіне лайықты орнын ойып тұрып алып берді! Бұл сөз таластыруды қажет етпейтін тарихи ақиқат! Біз осы бір ой тұжыры мымызбен бөлісудегі мақсатымыз Елбасының жуырда Атырау қаласында болған сапары кезінде жұртшылықпен кездесу барысында Қазақстанды ендігі арада «Қазақ елі» деп атау жөнінде ой тастаған сөзінің көкейімізден шыққандығын айту болатын. Елбасы бұл ойды 2013 жылғы өз Жолдауында ортаға тастаған еді. Енді сол ортаға салынған ойдың жүзеге асырылатын кезі де келген сыңайлы. Əрине, Елбасы бұл мəселенің əуелі ел талқысына салынатындығын да айтып өтті. Бұл мəселе ел талқысына салынар болса барша қазақстандықтардың бұл мəселені, яғни, Қазақстанның «Қазақ елі» атануын жақтап, қолдайтындықтары да сөзсіз деген көңілде бір сенім бар. – Бозой» газ құбырының Темірлан елді мекеніне қашан келетініне қызығушылық білдірді. Ал бəйдібектік Ғабит Қапалбайдың мəселесі тіптен күрделі екен. Ақмешіт ауылындағы шаруа қожалығын басқаратын ол Боралдай өзені бойынан «Қостұра» су қоймасы құрылысының қашан басталатынын білгісі келді. Бұл су қоймасы пайдалануға берілсе, Бəйдібек ауданында суармалы жерлерді көбейтуге мүмкіндік артады. Н.Нығматулин көпірді кеңейту мəселесінің шешілуі үшін бюджеттен 369 млн. теңге қаралғанын, жұ мыс биыл басталатынын жеткізді. Ал 2015 жылдың соңына қарай «Бейнеу – Бозой – Ақбұлақ» газ құбыры облыстың 8 ауданы мен 254 ауылын көгілдір отынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, «Қостұра» су қоймасын салуға 280 млн. теңге қарас тырылған. Азаматтарды қабылдау барысында Мəжіліс Төрағасы екінші топтағы мүгедек Гүлжамал Бекболатовамен етене əңгімелесті. Оның ұлы да бала жастан мүгедек екен. – Біз үшін Жолдаудың орны ерекше. Себебі, Елбасы мүмкіндігі шектеулі жандарға айрықша көңіл бөлді. Осындай қолдаудың арқасында біздің əрқайсымыз өз елімізге қажет екенімізді түсінеміз. Президенттің бұл қамқорлығы бізге ауадай қажет, – деді Г.Бекболатова. – Елбасының биылғы Жолдауы бүкіл елімізге, халқымызға, соның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысына да ерекше серпін беруде. Онда айтылған əрбір міндет жаңа өндіріске, əлеуметтік жағдайды жақсартуға, инновациялық бағдарламаларға, жаңа табыстарға жол ашады. Сондықтан, бұл Жолдауды орындауға əрбір азаматтың өз үлесін қосуы үшін мүмкіндіктер өте зор. Осының барлығы – біздің асыл мұратымыз, ұлы мақсатымыз «Мəңгілік Ел» болу жолындағы нақ ты қадамдардың бірі, – деп сөзін қорытқан Н.Нығматулин мүмкіндігі шектеулі Ерлан Бекболатқа қоларба сыйлады. Оңтүстік Қазақстан облысы.

Жыл ќорытындысына арналєан алќа мəжілісі Алқа жұмысына Президент Əкімшілігінің өкілдері, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің, «Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы» АҚ-тың, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының басшылығы, сонымен қатар, аумақтық бөлімдердің басшылығы жəне Агенттіктің орталық аппаратының қызметшілері қатысты.

Қазақстан Президентінің ел халқына арнаған «Қазақстан жо лы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы тұрғысынан Агенттіктің мін дет тері туралы баяндама жасаған Агенттік төрағасы Əлихан Байменов мемлекеттік қызмет тің жаңа моделінің өзекті мəселелеріне ерекше назар аударды. Алдағы даму меритократия қағидаттарын қолдану, конкурс комиссиясы отырыстарындағы сарапшылар мен бақылаушылардың қатысуы, этикалық жəне тəртіптік

бақылауды күшейту, персоналды басқару қызметтерін кəсібилендіру, сонымен бірге, ұсынылатын мемлекеттік қызметтің сапасы сияқты өзекті бағыттарға ие болады. Агенттік төрағасы мемлекеттік органда құжат айналымының айтарлықтай төмендеуі, жоғары тұрған органдарға ұсынылатын есептемелер тізімін қайта қарау болатынын баса айтты. Шешім шығару үшін ақпаратты жəне есептемелерді қалыптастырудың қағидаттары маңыздылық, іскерлік, мақсаттылық жəне

іске аса тындық болуы қажет. Ə.Байменов аумақтық департаменттердің басшыларына Президент Жолдауының түсіндіру жұмыстарын күшейту жəне мемлекеттік қызметтің жа ңа моделі бойынша, өңірлік тəртіптік кеңестер жұмысының жариялылығын қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардағы бос орындар жəне өткізілетін конкурстар туралы уақтылы хабарлау бойынша бірқатар тапсырмалар берді. Алқаның аяқталуымен персоналды басқару тұжы рым дамасының жобасы таныстырылған семинар өткізілді, сонымен қатар, мемлекеттік қызметте жеке тұлғааралық қарым-қатынас өнері жəне мемлекеттік органның оң беделін қалыптастыру технологиялары бойынша тренингтер өтті. «Егемен-ақпарат».


Облыстағы Успен ауданы Ресейдің Алтай өлкесі жəне Новосібір облысымен шекаралас жатыр. Сондықтан да аудан əкімі Айбек Солтанғазиновтың айтуынша, аймақаралық өңірлік байланыстардың шекаралық аудандарды өркендетуге қосар үлесі де

Галицкое-Бґрілі арасы... Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

мол. Яғни бірлесіп жұмыс жасауға мүмкіндік жеткілікті. Мысалы, Успен ауданының əр шаруашылығы күнбағыс өсіріп, майын өндіреді. Ет пен сүт те мол, тіпті, күнбағысқа, ірімшікке, сарымайға, шұжыққа, үйрек пен қазға бай аудан саналады. Өнімдердің барлығы да сапалы, ешқандай қоспасыз жасалғандықтан, таза, дəмді. Бұл күндері ауылдық ау мақтарды дамыту бағдарламасы бойынша ауданға қарасты 22 ауылдың 13-і жоғары əлеуетті, 9-ы орта əлеуеттілер қатарына алыныпты. Енді əлеуетті ауылдар қатарын 18ге жеткізу үшін аудандық əкімдік тарапынан жұмыстар жасалуда. Сонымен қатар, алдағы жылдарға арналған ауданның аумақтарын дамыту бағдарламасын іске асыруға бағытталған іс-шаралар жоспары əзірленуде. Жас та болса өткен жылдан бастап əкімдік қызметін бастаған Айбек Солтанғазиновке сенім мол. Сеніп тапсырылған қызметіне деген пысықтық, ширақтық байқалады. Негізгі жұмыс көзі ретінде ауылдарда күнбағыс майын өңдейтін, нан-тоқаш өнімдерін пісіретін цехтар, диірмен кешендерін ашу жобалануда. Бүгінгі күндері ауданда 22 945 ірі қара мал, 4 410 жылқы, 21 001 қой, 7 394 шошқа жəне 53 319 құс өсірілуде. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін 19 дайындау орны, сүт жинайтын – 15, ет дайындаумен айналысатын 8 орын жұмыс жасайды. Мал өсірушілерді қолдау үшін «Сыбаға» бағдарламасына ауданның 14 шаруашылығы қатысуға əзір. Бұған «Ауыл шаруашылығын

қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 13 миллион теңге көлемінде несие қаражаты бөлінді. Сондай-ақ, ауданда ірі қара мал етінің экспорттық əлеуетін дамыту үшін «Галицкое» ЖШС-інде бордақылау алаңының құрылысы жүргізілуде. Облыс əкімі Қанат Бозымбаев ауданның тыныстіршілігімен танысып қайтты. Негізінен, аудан орталығы – Успен ауылында орталықтандырылған су құбыры толық тартылып аяқталмаса да, Ольгинка, Галицкое, Тимирязев ауылдары орталықтандырылған су құбырының игілігін көруде. Аудан əкімінің айтуынша, Семей мемлекеттік медицина институтымен келісімшарт арқы лы алдағы жылы жас мамандар келмекші. Сонымен қатар, ауыл дарда арнайы дəрігерлік бөлімшелер салу қолға алынбақшы. Ауданда 400ден астам шағын жəне орта бизнес кəсіпорындары тіркелген. Барлығы болмаса да, белсенді жұмыс жасап келе жатқан кəсіпорындар бірлесіп аудан əлеуетін жақсартуға үлес қосуда. Бизнестерін дөңгелетіп жолға түскен ауыл кəсіпкерлері бүгінде ресейлік кəсіпкерлермен бірлескен бизнес жүргізуге де дайын көрінеді. Мысалы, Константинов ауылында орналасқан Эвальдт Руфф басқаратын «РЭГТайм» шаруа қожалығы сүт жəне ет өнімдерін дайындайды. Бір ауысымда 10 тонна сүт өңделіп, одан 1 тонна ірімшік жəне сары май өндіріледі. Былтыр шаруашылыққа сүт өндірісін қолдау мақсатында мемлекеттен 2,4 миллион теңге көлемінде қаржы бөлініпті. Шаруашылық күнделікті ауылдарды аралап сүт жинайды. Сонымен бірге,

аты облысқа танымал, құрамында мал азығын өндіретін шағын зауыт, тауарлы-сүт фермасы бар Александр Касицын басқаратын атақты «Галицкое» серіктестігі жұмыс жасайды. – Ал біздің осы Галицкое ауылында I аймақаралық кəсіпкерлікті дамыту жиынын өткізгеніміздің мəнісі, біріншіден, шекаралас аудандар бір-бірінің кəсіпкерлік қызметтеріне мүдделес болғаны екі жаққа да тиімді. Екіншіден, бұл көршілес аудандар кəсіпкерлері еңбектерінің жемісі. Үшіншіден, Кеден одағының мүмкіншіліктерін іс жүзінде көреміз. Төртіншіден, екі аудан кəсіпкерлерінің бизнестерін дамыту үшін жағдай жасау,– дейді А.Солтанғазинов бізбен əңгімесінде. Успен ауданында өткен бұл жиынға Алтай өлкесі Бөрілі ауданының басшысы Сергей Давыденко басқарған делегация мен Алтай өлкесінің Славгород қаласының өкілдері келді. Біздің облыстан «ҚазАгроҚаржы» жəне «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамдарының облыстық бөлімшелерінің өкілдері, ауыл кəсіпкерлері шақырылды. Аудандық Мəдениет үйінде ауданның ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде Алтайдағы бөрілілік қонақтарға «Двин» шаруа қожалығының жұмсақ нан-тоқаштары, «Галицкое» ЖШС-нің ет пен сүт, «Тобылжан тұз өндірісінің» тұз өнімдері көрсетілді. Сөйтіп, бұл жиында ауыл шаруашылық тауарларының экспорты мен импортына жол ашатын өзара əріптестік туралы келісімшарттарға қол қойылды. Успендік кəсіпкерлер

Бөрілінің өнім өндірушілеріне өз жұмыстарын таныстырды. Мəселен, «Двин» шаруа қожалығы 10 мың бөлке нан шығарады. Ал «Галицкое» ЖШС-нің ди рек торы Александр Касицын серіктестік өсіретін дəнді дақыл дар ды көршілер шекарадан еш қиын дықсыз өткізетінін, кəсіпкерлердің Алтай өлкесінен де келіп, сатып алатындарын жеткізді. Жергілікті кəсіпкерлік бөлімі шаруа қожа лықтары, жеке кəсіпкерлер бойынша деректер негізін əзірлеп, оны ай сайын толықтырып отырады. Бұл негізге көршілес екі ауданның сатылатын немесе сатылып алынатын өнімдерінің атаулары енгізіледі. Мысалы, жеке кəсіпкер Гүлнəр Тұралинова егер бөріліліктер де біздер сияқты ет сатпақшы болса, онда малды өздері барып-көріп, сойып, бір барғанда 1,5-2 тоннаға дейін ет сатып алу мүмкіндігі бар екенін, Алтайдағы Құлынды даласында жайылған мал етінің дəмділігін успендіктер жақсы білетінін айтты. Ал Бөрілі ауданы əкімшілігінің басшысы С.Давыденконың айтуынша, жалпы, мəдени-əлеуметтік салалардағы ынтымақтастықтан экономикалық ынтымақтастыққа көшу екі аудан ның қарым-қатынасын нығайтады. С.Давыденконың мəдени-əлеуметтік байланыстан деп отыр ғанының бір себебі, успендіктер өткен жы лы қыркүйек айында Алтай өлке сінің Бөрілі ауданынан ша қыр ту алып, сол жаққа барып қайт ты. Бөрілінің Новосельское ата ла тын ауылындағы Мəдениет үйінде «Қазақ халқының дəстүрлі мəдениеті орталығының» ашылуына қатысты. – Орталықта халқымыздың өткен өмірінен сыр шертетін көптеген сирек жəдігерлерді көріп таңғал дық. Оны жинаған сол жерде тұрып жатқан байырғы қандастары мызбен əңгімелестік, –дейді топ құрамында болған Қозыкеткен ауылының тұрғыны Төлеген Баянов. Успендіктер жаңадан ашылған орталыққа домбыра, қазақ тілін үйрену бойынша сөздіктер мен құралдар, Кереку-Ертіс өңірі жайлы энциклопедиялар сыйға тартыпты. Яғни, бұл екі елдің шекара бойында орналасқан аудандарының рухани-мəдени байланыстарын, инвестициялық, экономикалық əлеуеттерін арттыруға ауыл шаруашылығы жəне кəсіпкерлік, сауда саласындағы қарым-қатынастарын əрі қарай дамытуға мүмкіндіктері мол екендігін көрсетеді. Павлодар облысы, Успен ауданы.

Ќос баєыттаєы ќўс фабрикасы 2 531 410 бас бройлер тауыєын ґсіруде Нұрбол ƏЛДІБАЕВ,

«Егемен Қазақстан».

Өзіндік мүмкіндігі бар болғанымен, шаруасы шалқи қоймаған шалғайдағы Ұйғыр ауданында да табыс көзінің кілті табылды. Нақтылай түссек, «ҚазРос-Бройлер» АҚ құс фабрикасы мемлекетке ірі көлемде салық төлеп, осы акционерлік қоғамда тұрақты еңбек ететін 1 100 адамға 45 500 теңге көлемінде орташа айлық жалақы береді. Құрылғанына биыл тура 10 жыл толатын құс фабрикасына 9 млрд. 128 млн. теңге инвестиция тартылып, 1094 га. жер бөлініп берілген еді. Нəтижесінде бүгінгі таңда құстың жалпы саны 2 531 410 басқа жетті. Аталған өндіріс орны 2011 жылдың мамыр айынан бастап ИСО, ХАССП сапа менеджмент жүйесімен жұмыс істеп келеді. Шонжыдағы құс фабрикасының тағы бір артықшылығы – бағымындағы құсқа азықты сырттан тасымалдамай, өз қажеттілігін толық өтейтін құрамажем зауыты тəулігіне 400 тонна жем өндіреді. Осындай жұмыстарға керекті 8 дана «Вальтер» тракторы, 3 «SAMPO» комбайны, 10 жүк көлігі, 5 «МАН» жем тасығышы, 10 «ХОВА» автокөліктері тағы бар. Уақыт талабына сай ең бастысы ет бағытындағы тауықтардың тез өсіп, балапандардың жылдам жетілуіне жəне жұмыртқа бағытындағы тауықтардың қоңын сақтауына барлық жағдай жасалған. Бордақылау жəне жұмыртқа басып шығаратын 24 корпус, сондай-ақ, сағатына 5-6 мың бас тауық сойып, сапалы дайындап, пайдалануға шығаратын цех өз алдына жұмыс істеп тұр. Міне, осындай ет жəне жұмыртқа бағытындағы алып құс фабрикасын салып, жүйелі жұмыс жүргізу үлкен жетістік əрі жергілікті биліктің дəл осы салада үйлестіре біліп ұтқанын да көрсетеді. Шонжыдан небəрі 15 шақырым жерде орын теп кен «ҚазРос-Бройлер» АҚ Қазақ станның ішкі рыногында құс етін өндіретін өте ірі өндіріс ор ны болып саналады. Жобалық қуаты жылына 29 000 тонна құс етін өндіріп, еліміздегі құс етіне

5

www.egemen.kz

13 ақпан 2014 жыл

сұраныстың 14 пайызын өтеп отыр. Тұтастай алғанда, ел экономи касын көтеру арқылы тұрғындардың тұрмысын түзеудің бір жолы инвестиция тарту мəселесі аудан басшысының төл міндетіне кіретіндіктен, осы сауалға жауап іздеген едік. «2008 жылы ауданымызға 62 млрд. 293 млн. теңге инвестиция тартылып, соның басым бөлігі «ҚазРос-Бройлер» құс фаб рикасының құрылыс жұмыстарын жүргізуге жəне талапқа сай жұмыс істеуіне қажеттіліктерді сатып алуға жұмсалды. Ауданға инвестиция тарту мəселесін жан-жақты айтсам, ағымдағы жылы аудан аумағында халықаралық маңызы бар инвестициялық жобалар «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автокөлік жолы мен Іле өзеніне салынатын көпірдің құрылысы бас талады. Өндіріс саласы бойынша былтыр 6 млрд. 868 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, арғы жылмен салыстырғанда, өндірілген өнімнің нақты индексі 107,7 пайызды құрады. Жалпы, өнеркəсіпте жұмыс орындары қысқарған жоқ. Бұл салада 3 жаңа нысан іске қосылып, 13 жаңа жұмыс орны ашылды. Биыл өнеркəсіп өндірісінде құс

фабрикасы 6 млрд. 983 млн. теңге, үй шаруашылығы өндірісінде 850 млн. теңге, жерасты табиғи суын өндіру жəне тағы басқа өнімдерден 7 млрд. 998 млн. теңге көлемінде сапалы өнім өндіруді жоспарлап отырмыз. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Үдемелі индустриялықинновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасына сəйкес, 2013 жылы ауданға тартылған инвестиция көлемі 17 млрд. 211 млн. теңгеге жетіп, арғы жылмен салыстырғанда, 13 млрд. 838 млн. теңгеге артығымен орындалды. Мұның сыртында «Premium Spa Resort» серіктестігінің туризм жəне демалыс орны, «Өркен жаю» серіктестігінің жүгері сақтайтын кешені жəне «Өнік» серіктестігінің жылыжай кешенінің құрылысы мен «Тельманжан» шаруа қожалығының жаңадан салып жатқан жүн жуу, өңдеу зауытының құрылыс жобалары өңірлік индус-

трияландыру картасына енгізілді. Рас, атқарылып жатқан жұмыстармен қатар, жіберілген кемшіліктер де жоқ емес. Соны дер кезінде түзеу, яғни былтыр басталған бірқатар жұмыстарды сапалы аяқтау жердегі тоң кетісімен қайта жалғасын табады. Оған керекті қаражат мəселесі оң шешімін тапты. Елбасы «Біздің басты мақсатымыз – əлеу мет тік қауіпсіздік жəне азаматтарымыздың бақуаттылығы. Бұл – қоғамдағы тұрақтылықтың ең жақсы кепілі», деп атап көрсетті ғой. Кедейшіліктің өсуіне жол бермеу үшін мемлекет ең төменгі əлеуметтік стандарттар мен кепілдіктерді белгіледі. Мемлекеттік саясатқа сай əрекет ету басты міндетіміз», деді Ұйғыр ауданының əкімі Коюмчан Омаров. Қорыта айтқанда, «салым салу» деген мағынаны білдіретін латынның «инвестиция» термині біздің қоғамға іс жүзінде енгені құптарлық жайт. Сол инвестицияны ірі көлемде тартып, ел экономикасын дамытып, ауылда табыс көзін ашу екінің бірінің маңдайына жазылмаған. Бір ғана өндіріс орнын ашу арқылы ауылдағы көп түйткілді шешу іскерлікті танытпай ма?! Алматы облысы.

Комиссия жиналысына ќатысты Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Сəрсенбай Еңсегенов пен Мəжіліс депутаты Серікжан Қанаев Баку қаласында өткен ТүркПА Экономика, сауда жəне қаржы мəселелері бойынша комиссиясының үшінші отырысына қатысты.

Жиында «Көлік байланысының түркітілдес елдер ара сын дағы экономикалық ынтымақтастықтағы рөлі» туралы баяндама тыңдалып, ТүркПА-ға мүше елдердің парламенттері мен үкіметтеріне арналған ұсыныстар қабылданды. Жиналыс барысында сөз алған сенатор С.Еңсегенов Президент Н.Назарбаевтың биылғы

Жолдауының негізгі ережелерімен таныстырды. Сондай-ақ, сенатор Қазақстанның көлік жəне транзит əлеуетін ұлғайту шаралары туралы айта келіп, Қорғас, Жетіген, Өзен – Түркіменстан шекарасы теміржол тармақтарының іске қосылғанын жəне ұзындығы 1200 шақырым болатын Жезқазған – Бейнеу теміржол тармағы мен Батыс Қытай – Батыс Еуропа мемлекетаралық тас жолдың қазақстандық бөлігін салу жұмыстарының алдағы уақытта аяқталатыны туралы хабардар етті. Бұл тұрғыда С.Еңсегенов көлік қатынастары саласында ТүркПА-ның сараптамалық əлеуетін күшейте отырып, таяу болашақта үлгі заңдар қабылдауға назар аудару қажеттігі туралы пікірін білдірді, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

● Тағзым

Ерліктіѕ ескерткіші

Кеңес Одағы кезіндегі кеудемсоқ саясаттың халқымызға көрсеткен құқайы аз болған жоқ. Ауған жерінде болған соғыс өрімдей талай жастың өмірін жалмады. 1979 жылдан 1989 жылға дейінгі уақытта Қостанай облысынан ауған жерінде 44 жігіттің сүйегі қалды, екі жауынгер іс-түзсіз жоғалып кетті. Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан».

Отаннан жат жердегі соғыс Кеңес Одағы кезіндегі саясаттың салқыны болса да, жас жігіттер жауынгерлік парызға адалдық танытып, оққа ұшты. Соғыстан қайтып оралмаған балалардың бейбіт күнде ата-анасы аңырап қалды, олардың көпшілігінің əлі де көзі тірі. Баласының балғын бейнесі осы күнге дейін ана жүрегін тілгілейді. Осы шараға келген он баланың анасы Бақытжамал Жұмағұлова апай көз жасын тыя алмады. Оның 1981 жылы əскери борышын өтеуге шақырылған тұңғышы – Балағазы Ауғанстандағы соғысқа жіберілген еді. Содан хабарсыз кетті. – Қаза тапқан балалардың мəйітін ата-аналарына жеткізіп берді, бейіттің басына барып, құран бағыштап, мауқын басты. Менде ол да болған жоқ. Баламның не өлі, не тірі екенін білмей, не күдер үзе алмай осы күнге дейін алаңмын. Мына ескерткіштің ашылғанына сондай толқып тұрмын. Жиырма бес жылдан бері тірі болса бір хабары шығар еді, соңғы жылдары ұлымның бұл дүниелік екендігінен күдер үзе

бас тадым. Осы ескерткішке келіп, баламның рухымен тілдескендей болып жүрермін, құран бағыштармын, – деп толғанды Бақытжамал апа. Оларды тек анасы ғана емес, туған жер, Отан-ана ұмытпайды. Ауғандық жауын геринтернационалистерге Қостанайда ашылған мемориалдық ескерткіш соның айғағы дер едік. Ескерткіштің ашылуына жауынгер-интернационалистер, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, əскери-патриоттық клубтар курсанттары, əскери қызметкерлер жəне жалпы жұртшылық өкілдері жиналды. – Сол əділетсіз соғыста қаза болған əр боздағымыз есімізде. Біздің күшіміз – ерлік істерді дəріптейтін ұрпақ сабақтастығы жəне бейбіт өмірдің бағасын білуімізде, – деді мемориалдық ескерт кіш тің ашылу салтанатын да об лыс əкімі Нұралы Сəдуа қа сов. Ескерткіштің жамылғысын сыпыру құрметі Нұралы Мұстафаұлымен бірге Ауғанстандағы жəне жергілікті соғыстар ардагерлерінің облыстық одағының төрағасы Манарбек Сұлтанғазинге берілді. Өткен ғасырдың 70-80-жылдар арасындағы он жылда Қостанай облысынан

ау ған соғысына 1864 адам шақырылған. – Мен ауған соғысына қатысқанымда жасым 27-де болатын. Соғыста 18-19 жастағы балалардың оққа ұшқанын көру қандай ауыр еді... Əр шабуылға шыққанда «қайтып ораламыз ба, жоқ па?» деген ауыр ой еңсені басатын еді. Алайда, ұрысқа кіргенде санада əскери тапсырманы орындаудан басқа ой қалмайды. Соғыс ешқашан шығынсыз болмаған. Ал ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерді ұмытпау – кейінгі ұрпақтың парызы,– деді Ауғанстан соғысының ардагері, отставкадағы подполковник Анатолий Харченко. Мемориалдық ескерткіш ауған соғысының мазмұнын айтып тұрғандай. Қызыл гранит Ауғанстан жеріндегі тауларды көзге елестетеді. Жауынгер қалпағы, Калашников автоматы жəне қауызын енді жарған екі қызғалдақ қыршынынан қиылған жастың өмірін білдіргендей. Мəрмəр тасқа соғыстың созылған жылдары – «19791989» деп ойып жазылған. Ескерткіштің ашылу салтанатына қатысқан Ауғанстан жəне жергілікті соғыстар ардагерлері респуб��икалық одағының төрағасы Шəріп Өтегенов əділетсіз соғыстың құрбандары мен олардың ерлігіне құрмет ретінде осы ескерткішті орнату бастамасын қолдаған облыс жəне қала басшылығына рахметін айтты. ҚОСТАНАЙ.

От кґсеген азамат (Соңы. Басы 1-бетте). Жұмысшы əулетінің арасында еңбек өтілдерін қосып есептейтін дəстүр бар. Баймолдиндер əулеті зауыттағы өз жұмыс өтілдерін 570 жыл деп есептейді. Зауыт іске қосылғаннан кейін тоғызыншы жылы Баймолдиндердің үлкені зауыт табалдырығын аттаса, содан бергі кəсіпорынның алпыс жылдан астам тарихы Баймолдиндер əулетімен тікелей байланысты. Бір сүйсінерлігі, олардың қай-қайсы да өздері еңбек еткен кезде абырой биігінде болған. Марат өзінің қол жеткен биігін «Былтыр «Еңбек даңқы» медалін жəне 200 мың теңге сыйлық ақша алдым. Кеңес кезінде-ақ, жеті жыл балқытушы болып жұмыс жасағаннан кейін пəтерге қолым жетті», деп сипаттайды. Бір кезде өнер мектебінен сабақ алған, негізгі мамандығы режиссер болғандықтан зауыт көркемөнерпаздарының ұйтқысы екен. Осындағы тұрақты ансамбльдің мүшесі. Көңілді тапқыштар клубына қатысады. Мəдени-спорттық шаралардың бірінен қалмайды. «Бұл кісісіз бірінші цехтың өнер байқауы өтпейді. Жасы елуден асса да, бəрінің бел ортасында жүреді», деді бір құрбысы ол туралы. Мұнда келетін негізінен Ақтөбенің Қ.Жұбанов атындағы университетінің металлургия факультетін бітірген жастар екен. Алғаш отқа жақындағанда олардың да біразы төзбей, жұмыстан шығып кететін керінеді. Енді бірқатары

бірер жыл балқытушы болып, жоғары біліміне қарай қызмет бабында жоғарылап кетеді екен. Бастапқыда, оларға да тəлімгерлік көрсететін Марат сынды тəжірибелі металлургтер. Солардан келіп үйреніп, зауыттан өз орнын табады. Біз əңгімелескен бүгінгі металлургтер зауыт басшылығы тарапынан көрсетіліп отырған қамқорлыққа риза екендерін білдірді. «Барлық мүмкіндік бар. Бір мезгіл тегін тамақ беріледі. Ем алуға жағдай жасалған. Арнайы «Евразия» профилакторийі жұмыс істейді. Жыл бойына ем-дом алу үшін əр адамға 120 мың теңге қаржы аударылады. Зауыт жұмысшыларының балаларына жазда лагерьде демалуға тегін жолдама бөлінеді. Еңбек демалысымыз – 46 күн» десті. Зауыттың пештері сөнбейді. Сол бірінші пеште ауысымдық тəртіппен 4 бригада жұмыс істейді. Ауысымдық жұмыс кестесі бойынша түн-күн ретімен ауысып келіп отырады. Жұмыс ұзақтығы – 8 сағат. Арасында бір күн демалыс, қалған уақытта жұмыс жалғаса береді. Пеште құрыш қайнап, от өзендер ағады. Соның жанында бүгінде Баймолдиндер əулетінен еңбек өтілі 29 жылды құрайтын Марат жүр. Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан», Аманқос ОРЫНҒАЛИЕВ, журналист.

Ақтөбе облысы.


6

www.egemen.kz

13 ақпан 2014 жыл

 Ойласу

 Көзқарас

Пешене деген немене? Пешене, тағдыр, жазмыш... Бала кезден үлкендердің «Пешенеңе не жазылды, соны көресің», деген əңгімесін басқа сіңіріп өстік. «Құдайсыз қурай да сынбайды», «Жазмыштан – озмыш жоқ» деген мақалдар осы түсінігімізді толықтыра түскендей. Тіпті, адам баласы араққа салынып кетсе де, жазатайым апатқа ұшырап жатса да, көп қиыншылық көрсе де «Қайтесің, пешенеңде бар екен, амал жоқ көнесің», деп жұбатып жатамыз. Оралхан ДƏУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Жастар бетке алып ќаланы, ауыл «ќартайып» барады Қазақтың жеріне 5 Франция, 9 Италия, 11 Ұлыбритания сыйып кетеді делінеді. Бұл мерейіңді өсіреді. Бірақ қазақ саны есіңе түссе, ойланып қаласың. Ана ғасырда Алаш арыстары «Жер, жер, жер» деп кетіпті. Олар аңсап өткен тəуелсіздік біздің еншімізге тиіп, жердің иесі болдық. Сүлеймен МƏМЕТ,

«Егемен Қазақстан».

Сол жер жекеге кеткен кезде қолынан келгендер қонышынан басып, қаймағын қалқып алды. Былайғы жұрт көп жағдайда қонжиып қалды. Сол əділетсіздік тұсында ең құнарлы, жолға жақын суармалы жерден жүздеген, ал ас атасының атамекені, қазынасы саналатын солтүстік өңірлердегі мыңдаған гектар алқапты билігі барлар иеленіп кетті. Алғашқы кезде ол аңғарыла қоймаған. Алданып қалғандар қазір табанынан таусылып, əр есікті бір қағып жүр. Сұрағы көп, жауабы кемшін сол дүрбелең, алда меңзегеніміздей, кейін жер дауына ұласып, осы күндері алданған ағайындар өрге қарай хат жолдап, сілесі қатқандар əр жаққа көш басын түзеуге мəжбүр. Осыған аракідік болса да балаларын тастап кетіп жатқан жесірлер зары қосыла бастады. Мұның арғы астарында нарыққа көшу кезіндегі алақұлалық, жүйелі ұйымдастыруды ұран басып кетсе, оның астарында миллиондаған халық тұратын, ауызды аққа тигізіп отырған 2095 кеңшар, 265 ұжымшардың тарам-тарам болып тарауы, ауыл əлеуетінің əлсіреуі жатыр. Осыдан келіп «болашағы жоқ ауыл» деген пəленің төбесі қылтиды. Ал барды шашпай-төкпей ұқсатқандардың ұсқыны қашқан жоқ. Соның бір дəлелі деп Астанаға таяу жердегі, Ақмола облысына қарасты, төрт құбыласы түгел делінетін «Родина» агрофирмасын атар едік. Қазір ел бойынша 6936 ауылдың 1310-ы əлеуеті жоғары делінсе, 5192-сі орташа болса, 409-ы құрдымға кетіп, Қазақ елінің картасынан жойылып тынбақ. Кешегі аласапыран кез артта қалды, Отанымыздың өркендеуі əлемдік деңгейге жетті, ауыл құлдыраудан құтылды дейміз! Ал ертеңі күмəнді делінетін ауылдардың 16,5 пайызы Арқа төсіндегі елордамен іргелес жатқан Қарағанды облысында екен. Иə, азаттықтың арқасында шека рамызды шегендеп алдық. Бірақ сол шекараға тиіп тұрған біраз аудан жойылып, ауылдардың жағдайы қалт-құлт. Мұның өзі есті адамның кеудесіне шер болып байланғандай. Неге десеңіз, арғы беттен бергі бетке қарайтындар – бұл неғылған бос жатқан далиған дала деп көз сүзбес пе екен деген күмəн ет жүрекке инедей қадалады. Анау замандары Мұрат ақын «Мен қауіп еткеннен айтамын» депті. Қауіп етпесек те, баяғы ата-бабаларымыздың үлгісімен сол шекаралы аудандарға шетте жатқан 5 миллион қазақтың жартысын əкеліп орналастырып қойсақ, ұтылмас едік, ұтар едік. Жер көлеміне қарай адам саны да артып, босаған босағамыздың қадасы нығайып, күдік сейіліп, күмəнға нүкте қойылып, «болашағы жоқ ауыл» деген сұрқай сөз тыйылып, байтағымыздың бағы ашылар еді. Сол тоқырау жылдары ауыл халқы, шынында, қала жағалады. Қазір олардың ес тапқаны қатарға

қосылды. Қосыла алмағаны əр босағаны бір пана етіп, балашағасымен базар жағалап, шұбырып жүр. Бір кездері жұртты жұмылдырған сол базарлардың бүгінгі жайы жұрттың көз алдында – өртке оранып жатыр. Бұл жүздеген емес, мыңдаған адамдардың зар-мұңына айналуда. Дала мен қаланы жақындастыру керек деген ұран болған. Осы күні де айтылады. Қалай жақындастыру керек? Бұл түйіні шешілмеген мəселе секілді. Қазақ қалаға келсін, қалалық өркениетке үлесін қоссын, дейді біреулер өзеуреп. Құптайтын сөз, жақсы бастама. Дегенмен, қандастарымыз қалаға келгенде істейтін жұмыс бар ма? Баспана қайсы? Заңда көрсетілген 10 сотық жерге қолы жете ме, қол жетімді баспана олар үшін арман екенін ойластырдық па? Бұл кейде тоқ бала аш баламен ойнамайдының кері ме дейсің. Ондай ақыл айтатындардың жағдайы, əрине, жаман емес. Қай қалаға барса да жұмыс алдынан шығады. Үй беріліп жатады. Мұндай шарапат ауылдықтарға таяу жылдары бола қалуы екіталай-ау! Ішкі көші-қон тоқтаған жоқ. Оның басты себебі, ауылдың жағдайы əлі көңіл көншітпейді. Содан да шығар, үлкендер жылы орнын суытпаса, жастар қалаға бет бұрды. Сөйтіп, ауыл «қартая бастады». Ұрпақ өсіретін жастар кетіп жатса, ауыл «қартаймай» қайтеді. Ұлт жайын, жұрт жайын жиі қозғайтын Мəжіліс депутаты Нұртай Сабильянов бір сұхбатында мынандай деректер келтіреді: «Мысалы, Шығыс Қазақстан облысында 2009-2010 оқу жылында балалар санының азаюына байланысты 19 мектеп, 2010-2011 білім беру аралығында 17 мектеп, 2011-2012 оқу жылында 13 мектеп жабылған. Жалпы, 2009 жылдан бастап облыста 69 мектеп жабылып, 48 мектеп қайта ұйымдастырылған. Қайта ұйымдастыру дегеніміз – 11 жылдық мектептерді 9 жылдыққа немесе 9 жылдық мектептерді бастауыш мектептер мəртебесіне ауыстыру. Бұл жағдай да халықтың ауылдан көшуіне əсер етуде», дейді. Расында, дəрігерлік бөлімше мен білім ұялары – ауылдың тірегі. Ол екеуі жойылса, ауылдың біткені. Тағы бір-екі деректі алға тарталық. Қостанай облысындағы тілшіміз Нəзира Жəрімбетова: «Соңғы бес жыл ішінде өңірдегі ауылдық елді мекендердің халқы 4,5 пайызға кеміген, бұл – 20 мыңдай адам деген сөз. 2009 жылдан бері облыс өңірлерінде 54 ауылдың жұрты ғана қалды», десе, Павлодар облысында 173 ауыл 148 ауылға топтастырылған көрінеді. Сөйтіп, 25 ауыл жойылып, жер бос қалмақ. Осы арада мынандай бір дерек ойға оралып отыр. БҰҰ мемлекет халқының қартаю үлгісін анықтауға мүмкіндік беретін халық жасының көрсеткішін бекітіпті. Соған үңіліп көрсеңіз, Қазақ елі 2017 жылы халқы кəрі мемлекеттер тізіміне кіретін көрінеді. Оған мынандай өлшемдер келтіріпті. 65

жастан асқан халық саны 4 пайыздан кем болса, оны жас мемлекет деп атайды. Егер 7,4 пайыз аралығында тіркелсе, мемлекет қартаюдың алдында тұр деген сөз. Яғни, қарт кісілер 7 пайыздан жоғары болған ел кəрі мемлекет қатарынан орын алмақ. Мысалы, Германияда 65 жастан жоғары халық үлесі – 24, Ұлыбританияда – 20, Украинада – 18, АҚШ-та – 16, Ресейде – 15 болса, Қазақ елін де – 6,6 пайыз. Бұл енді 3 жылдан кейін біздің елде 7 пайыздан асып, 7,4 пайызға жететін секілді. Бұл дерек Мəңгілік Ел арманына бет алған қазақты қуанта қоймайды, ойлантпаса. Ең қиыны дарқан даламыздың келешегі не болмақ? Біз осыны қазірден бастап санамызда саралап, түйсігімізде түгендеп алуымыз керек болар. Осыған қарап отырып, қанша елді мекен Қазақ елі картасынан мүлде жоғалатынын есептеп шығу онша қиындық келтірмесе керек. Мəселе бұнда да емес. Мəселе, «Біреулер ұлтарақтай жерге зар болып отырғанда, тұрғындар көшіп кеткен бос жердің ертеңгі тағдыры қалай болады, ата-баба мазарын қайтеміз?» демей, байтағымызды иесіз қалдыру жайы ойландырады. Кейбіреулер жер «азып-тозды», ғылыми тілмен айтсақ, деградацияға ұшырады дейді. Ондай жерді енді пайдалануға болмайды екен ғой деп, əлемдік картаға үңілсең, одан да сорақы жерді мекен етіп отырған Израиль мен Біріккен Араб Əмірліктері – қу медиеннен өнім өндіріп, экспортқа шығарып жатқанын аңғарасың. Сол елдерге барғандардың гүлзарларын айтып, ауыздарының суы құритынын естігенде, біздің құм-тас деген жеріміз жұмақтай елестейтіні бар. Иə, ауылдағы халық азайып, ондағы шенеуніктердің құлағы тынышталғанмен, бұл «көш» қала шенеунігінің тынышын кеті руде. Көтеріліп сөйлейтіндер «Көпбалалы аналар қалада да көбейіп келеді» деген уəж айтады. Ал сол көпбалалы аналардың дені ауылдан келгенін, одан кейін көп балаға қалада жағдай жасалады деген есеппен күнкөріс үшін өмірге сəби əкеліп жатқандарды олар білмейтін шығар. Осы көші-қон үдерісі қала шенеуніктерінің де мазасын ала бастады дедік. Бұл енді ақиқат жайт. Ең қиыны, мұндай стихиялы көш қалалардың əлеуметтік жағдайын бірте-бірте қиындатып жіберуі кəдік. «Осының алдын қалай аламыз» деген кейбір басшылар азаматтарды тіркеуге қоюды шектеу жайын көтеріп қана қоймай, жүзеге асыра бастады. Тіпті, олар «Мұндай қадамға бармасақ, қалада қылмыстың өсуі, санитарлық ахуалдың нашарлауы, əлеуметтік жағдайдың шиеленісуі мүмкін», дейді. Мəжілісшілер де бұған назар аудара бастады. Олар қаланың ішін қойып, саяжайға тіркеуді де шектеу керек деген байламдарын Үкімет назарына жолдауда. Қазаққа ауыл тағдырынан бұрын жер тағдыры қымбат. Болашағы жоқ деген желеумен кей ауылдарды шөміштен қағып, шөккен түйенің күйін кештірудің арғы жағында қасиетті атақоныс жатқанын неге ескермейміз? Оның үстіне ішер ас, киер киім сол ауылдан жететінін ешкім де жоққа шығара алмайды. Құлқынымызды

толтырар, тəнімізді жабар елді мекендерге қазір 10 мыңдай механизатор, агроном, мал дəрігерлері қажет екен. Қазір сондай жұмыстарды атқарып жүрген адамдардың көбі зейнет жасына жетіп қалған. Иə, қазір ауылдың қадірі болмай тұр. Неге десеңіз, əлгі ішер ас, киер киім шеттен келеді. Тапқан табыс солардың қалтасына бұлақтай құйылып жатыр. Бір сөзбен айтқанда, Қазақ елі бар байлықтың табысын өзімізге емес, өзгелерге еншілетуде. Осының ауылды кенже қалдырып, тіпті, тоқыратып отырғаны да рас. Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында ХХІ ғасырдың 10 жаһандық сын-қатерінің бірі азық-түлік проблемасы екенін атап өткені мəлім. Сол азық-түлікті Жер-Ана береді. Түптің түбінде қазақ осы Елбасы айтқан проблеманы азық-түлік өндіру ісімен шешіп, Мəңгілік Елдің Мəңгілік жерінің үсті үстемдік құратын болады. Сондықтан ауылдың жайын, халықтың тыныс-тіршілігін толық зерттеп, зерделеп алмай, ұшқары мəліметпен кеңседегі кеңесте болашағы жоқ деп бал ашумен бүгінгі жыртықты жабармыз, бірақ ертеңгі ақиқаттан аттап өте алмасымыз белгілі. Қазіргідей алып техника болмаса да, береке-бірлігімен араласа жүріп күн кешкен ата-бабалардың бізге қалдырған ұлы мұрасы – Жер-Ананың қасиетін қазір қадірлей алмасақ, ертең кеш болады. Өкінеріміз сөзсіз. Мемлекет басшысының «Дипломмен – ауылға!» деген аталы сөзін аяқсыз қалдырмай іс пен жалғастырсақ, ауыл қайта гүлденеді. Ауыл гүлденсе – қазақ гүлденеді. Осыдан келіп қала мен ауылдың арасы жақындасады. Ал нəтижесі шамалы болып отырған ірілендіру желеуімен сол ауылды түртпектей берсек түлемейді, көз қырымызды салмасақ, жоғалтып тынамыз. Сөйтіп, байтағымызды бос қалдырамыз. Елдің бос қалуы ұлт үшін жақсылық емес. Əңгімемізді түйіндей келе айтқанда, қаладағы жағдайсыз жастардың бір шоғырын ынталандырса, ауылға бет бұрады. Бұл бірдің емес, көптің ісі екенін əр қазақ есте ұстаса, қане. Əсіресе, ішкеніміз артта, ішпегеніміз алда дейтін бай-бағландар да тек-тамырым осы қазақ жерінен еді, мен де қол созайын. Бабадан қалған байлықтан үлес алып, үкілеген тұрмысымды түзеп отырмын ғой десе, нұр үстіне нұр болмақ. Егер осылай ұйымдаса алсақ, елімізде болашағы жоқ деген ауылдың ажары кіріп, қаратас деген өңірінен бал жалап, сусыған құмынан өнім өндіріп, мəңгілік арманымызға жетер едік. Қалай десек те, жерасты байлығына сүйеніп, байтағымыздың қадір-қасиетін, біз білмегенмен, кейінгі ұрпақ біледі. Өйткені, əлгі жер астындағы дəулет сарқылып, бүкіл жан бағыс, қам-қарекет жер бетіне ауысады. Сол тұста «қартайған ауылға» қайта жан бітеді. Елбасы айтқан мəңгілік мақсат салтанат құрады. Ендеше, біз де осыған өз үлесімізді қосуды, ертең нен ұял маудың тірлігін ойласақ, қазірден ауыл жайына мəн беріп, тек-тамырымыз сол дарқан далада екенін естен шығармасақ екен.

Əйтсе де, осы пешене туралы пікірлер көп. Əрине, өмір болған соң түрлі жағдайды бастан кешіретініміз анық. Тағдыр жолы сан тарау. Бірақ, кей кезде пешене деген адамды меңіреуге, зомбиға айналдыратын сияқты ма, қалай өзі. Онда адамның пультпен басқарылатын роботтан қай жері артық? Сонда адам баласы қандай қадам жасаса да, өз еркімен істемейтін болғаны ма? Артық айтсам, Алла өзі кешірсін, алайда, адамның өмірінің бəрі алдын ала жазулы, кітапқа қаттаулы болса, онда бізде ерік, ықтиярдың жоқ болғаны ма? Бүгін намаз оқып жүрген адамның пешенесіне ертең арақ ішесің деп жазып қойса, Аллаға шын ниетімен мінəжат етіп жүрген ол пенденің не кінəсі бар? Жаңадан туған сəбидің ата-анасы нашақор немесе ішкіш болса, солардың ықпалында кеткен бала да əкеше шесінің соқпағына түсетіні анық. Бірақ, бұл бала осындай тағдырды таңдап алған жоқ қой. Бұл жерде сəбидің кінəсі не? Неге сəби тумай жатып, бақытсыз болуы керек? «Менің маңдайыма жазылған пешене осы екен» деп қаншама адам жаманшылыққа барып, өз тағдырына балта шауып жатыр. Меніңше, біз пешене, тағдыр мəселесін дұрыс түсінбейміз. Жақында бір мешіт үйінің маңдайынан «Қайыр-садақа адамның өмір жасын ұзартады» деген жазу ды оқып қалдым. Міне, осы сөздің өзі пешене ұғымына кереғар. Пешенесіне жетпіс жыл ғұмыр жазылған пенде шын ниетімен қайыр-садақа беріп, Алланың ықыласына бөленсе, бəлкім, жетпіс жастан бірнеше жыл асып барып «жығылуы» мүмкін ғой. Бəрі де бір Алланың қолында. Əйтсе де, біз осы турасында бірқатар адамдардың пікірін білген едік. Талғат ДƏРІБАЕВ, Оңтүстік Қазақстан облыстық орталық мешітінің наиб имамы: – Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Тағ дырға иман ету адамның уайым-қайғысын кетіреді» деп айтқан. Яғни, тағдырына сенген, тағдырына иман еткен адам уайым-қайғыдан аулақ болады. Сондай-ақ, пайғамбарымыз (с.ғ.с.) иман келтіру 6 нəрседен тұратынын айтады. Оның ең алғашқысы – Аллаға иман келтіру. Содан соң – періштелерге, əрі қа рай пайғамбарға (с.ғ.с.), кітап тарына, қиямет күніне, ең соңғысы – тағдырға. Алла тағала ең бірінші қаламды жаратты. Қаламға жан бітірді. Сонда қалам «Мен не жазайын?», деді. «Осы дүниеде болатын нəрсенің бəрін жаз», деді. Сонда Алла тағаланың қалауымен қалам қиямет күніне дейінгі болатын нəрсенің бəрін жазды. Бұл Алла тағаланың кез келген нəрсені алдын ала білетіндігін білдіреді. Құрсақтағы шаранаға 4 ай толған кезде Алла тағала бір пе ріштені жібереді. Періште баланың тағдырын жазады. Яғни, Алла тағала адам баласының қанша өмір сүретіні, қанша ризықнесібесі болатыны, қандай амал

жасайды, бақытты əлде бақытсыз бола ма, бəрін əуелден жазып қойған. Сондықтан тағдыр дегенге сенбесек, онда біздің иманымызда кəміл болмайды. О баста адамның тағдырын жазып жатқан кезде жындар кейбір сөздерін ұрлайды. Сол кезде аспанда жұлдыздар ағады. Өйткені, Алла жындарды жұлдызбен ата ды. Жындар естігенін тəуіп-бақсылардың құлағына сыбырлайды, кей кездері ондай жандар дың айтқаны өмірде тура келіп қалатыны сондықтан. Рас, біреулер «Менің пешенеме тозақ жазылып тұрса, маған Аллаға жағатын амал жасаудың қажеті қанша?» деуі мүмкін. Бірақ сіз пешенеңізге не жазылғанын білмейсіз ғой. Бəлкім, сізге жəннат бұйырып тұрған шығар. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сахабаларына «Амал істесеңдер, бəрі сол амалдарыңа қарай беріледі», деген. Сондықтан бізге амал ету талап етіледі. Мысалы, тіршілікте тозаққа апаратын амалдар жасап жүрген адам өмірінің соңында жəннатқа апаратын амалдар жасады делік, яғни тəубесіне келді, Алладан кешірім сұрады. Сөйтіп, жəннатқа кірді. Ал, біреулер өмір бойы жəннаттық адамның амалын жасап келіп, өмірінің соңында үлкен күнəлар істеп қоюы мүмкін. Сондықтан адам баласы өз өмірінің қалай аяқталарын білмейді. Əр күн сайын ізгілікті амалдар жасап жүру керек. Тағдыр өзгертілмейді, Алла оны əуелден білді. Серік ҚАЛИЕВ, ақын, намазхан: Шынын айту керек, тағдыр, пешене мəселесінің аражігін ажыратып түсіну, түсіндіру өте қиын. Дінтанушы бір ғұлама ғалым «Пешене, тағдыр деген мəселенің түбін тым қазбалап, тым үңіле бермеңдер, адасып кетесіңдер», деп айтқан екен. Рас, адамның маңдайына пешенесі жазылып қойылады. Бірақ Алла тағала адамның тек дүниеге келу жəне дүниеден өтетін күнін ғана жазып қояды. Ал, адамның бақытты, бақытсыз болуы көбінесе өзіне байланысты. Жəннатқа барған марқұмға періштелер тозақты көрсетіп: «Анау сенің орның болар еді, бірақ, сен мынандай амалдар жасадың», деп айтады екен. Керісінше, тозаққа барған марқұмға да жəннатты көрсетіп, жаңағыдай əңгіме айтатын көрінеді. Расында, адамның бүкіл тағдыры алдын ала жазылып, бақытты-бақытсыз болуыңның бəрі шешіліп қойылған болса, онда адамдарға амал жасаудың қажеті қанша? Меніңше, Алла жаратты, бірақ адам өмір жолында оң жаққа жүре ме, жоқ, сол жаққа бұрыла ма, бұл адамның өз ықтиярында. Əбсаттар СМАНОВ, дінтанушы, діни басқарма ғұламалар кеңесінің мүшесі: – Шынында, адамның тағдыры,

оның өміріндегі жақсылық та, жамандық та бір Алладан. Тағдыр, пешене жазу адамның өзінің қолында болса, барлық пенде байып, ойына келгенін істер еді, барлығы бірдей бақытты болып кетер еді. Ана құрсағында жатқан кезде періштелер адам баласының тағдырын пешенесіне жазып қояды. Бірақ «Алла тағала адамның бүкіл өмірін алдын ала жазып қойса, бұл өмірдің сынағынан не пайда?» деген сұрақтың келетіні рас. Алла тағала барлық нəрсені білуші. Алла жерді жаратпай тұрып, жерде қанша адам өмір сүретінін, олардың қалай өмір сүретінін, қаншасы еркек, қаншасы əйел болатынын, қаншасы мұсылман, қаншасы кəпір болатынын, бəрін-бəрін білген. Сөйтіп, адамдарға ықтияр беріп қойған. Яғни, адам ның жақсы-жаман болуы өзіне байланысты. Бəрі Алланың қалауымен болады. Мысалы, өте ертеде медицина ғылымының бір ғұламасы небəрі 54 жасында іші өтіп қайтыс болған екен. Көз жұмар алдында шəкірттері: «Сіз қанша адамды емдедіңіз, бірақ неге өзіңізді емдеп жазбайсыз?» деп сұрапты. Сонда ғұлама бір кесе су алдырып, ішіне бір түйір дəрі салыпты. Су лезде қатып қалыпты. Шəкірттері: «Енді осы дəріні ішпейсіз бе, жазыласыз ғой» дегенде, «Күніне 7-8 түйірін ішіп жатырмын, бірақ ешқандай шипа жоқ. Яғни, маған Алла тағаладан шипа болмай тұр. Алла дертіне шипа жазбаса, ауру адам ешқашан да жазылмайды», деген екен. Сол айтпақшы, жақсылық келсе шүкіршілік, жамандық келсе сабырлылық қылу керек. Бұл науқас адам «Бəрі Алланың қолында», деп тек аспанға қарап жата беру керек деген сөз емес. Алла «Əр дерттің өз шипасы бар» деп айтқан. Адам ешқашан да жамандыққа емес, жақсылыққа үйір болуы тиіс. «Менің пешенемде осы жазылған екен» деп, қиыншылықтан бордай езіліп, араққа салынып кетуге де болмайды. Неге адамдар тағдырына сəл риза болмаса, бірден жаман жаққа қарай жығылуға құмар? Ондай адамдар алдымен «Мені Алла мұсылман етіп жаратты, мен неге намаз оқымауым керек?» деген сұрақты қойып көрсінші өзіне. Дұға – тағдырды өзгертуге жағдай жасайды. Мысалы, сіз бір адамға жақсылық жасасаңыз, ол адам: «Осының жолын оңғара көр, өмір жасын ұзақ ете гөр», деп дұға жасайды. Міне, бұл дұға сіздің тағдырыңызға оң əсер етуі мүмкін. Сол сияқты қайыр-садақа бəлежаланы қайтарады. Бір сөзбен айтқанда, Алла тағала адам ға ақыл, білім, ғылым берді. Иман келтіруге шақырды. Яғни, өмірдің сан тарау жолында қалай жүресің, қай бағытта жүресің, мұның бəрі адамның өз ықтиярында. Оңтүстік Қазақстан облысы.

...Міне, құрметті оқырман, пешене туралы пікірлер осындай. Ел арасында, оқыған-тоқыған, өмір көрген адамдар арасында пешене турасында пікірлер қайшылығы өте көп. Əркім əрқалай түсінеді. Шынында, бұл мəселенің түбіне терең үңілсең, адасып, шатасып кетуге болатын сияқты. Бəрі де бір Жаратушы Алланың қолында. Ал, бұл турасында сіздің ойыңыз қандай, ағайын? Келіңіз, пікірлесейік!

Коллажды жасаған Амангелді ҚИЯС.


 Көкейкесті

 Өнеге өрнектері

Мўнай компаниялары:

залалы мен зарары ќандай? Жақында ғана Атырау облысындағы үш кен орнында «Ембімұнайгаз» компаниясының жұмысы тоқтатылды. Себеп – қоршаған ортаға зиян тигізген. Қызылорда облысында да мұнай шығады. Құмкөлге түнде бара қалсаңыз, лаулап жанған алауларға тап болар едіңіз. Өйткені, мұнаймен ілесе шыққан газ жанып жатыр. Аймақтағы мұнай компанияларының қоршаған ортаға қаншалықты залал келтіріп жатқаны туралы сирек айтылады. Дегенмен, біз «Экосос» ұйымының жетекшісі Бақытжан БАЗАРБЕК мырзамен осы тұрғыда əңгімелесуді жөн көрдік.

– Ең алдымен, Қызылорда облысының қазіргі экологиялық жағдайына қандай баға берер едіңіз? – Қызылорда облысының экологиялық ахуалы еліміздің басқа өңірлерімен салыстырғанда, нашар десем, қателеспейтін шығармын. Оған əртүрлі себептің барын өзіңіз де білесіз. Арал теңізінің сарқылуы мен апаты нəтижесінде өңір экологиялық күйзеліс аймағы деп танылған. Мысалы, Жаңақорған, Қазалы, Арал секілді аудандарда ауадағы азот диоксиді 1,2 есе, ал Шиеліде 1,5 есе нормадан тыс өскені жасырын емес. Байқоңырдың зардабынан Қызылорда облысының мыңдаған гектар жері мен табиғаты уланған, адамдардың арасында түрлі дертке шалдығу сипаты жыл сайын өсіп барады. Бұған қоса, Сырдария өзені көрші мемлекеттердің экологиялық саясатының олқылығынан біршама ластанып барады. Кіші Аралға құятын өзен суының құрамында сульфаттар белгіленген нормадан 4 есе, мыс пен магний 2 есе жоғары болып отыр. Бұған тұрмыстық қалдықтардың өңделмейтінін қоссаңыз, уайым көбейе түседі. Қысқасы, Қызылорда облысының экологиялық жағдайы жақсы деп айтуға ешқандай негіз жоқ. – Қызылорда мұнайлы өлке болғандықтан, оның пайдасымен қатар зиянды тұстарының аз емес екені де белгілі. Осы тұрғыда не айта аласыз? – Бір ғана мысал ретінде айтсақ, Кұмкөл кен орнынан атмосфералық ауаға азот диоксиді мен оксиді, метан, күкірт қышқылы, формальдегид сияқты ластаушы заттардың 26 түрі бөлініп шығады. Соның ішінде, мұнай компаниялары ілеспе газды жылдар бойы ауаға жағып жіберіп отыр. Ал оның күйесінен шыққан күкіртті диоксид, көміртегінің тотығы, азот диоксиді секілді химиялық қоспалар қоршаған ортаға елеулі залал келтіріп жатқаны жасырын емес. Облыстық экология департаментінің 2012 жылғы мəліметі бойынша, 667 мұнай-газ жəне өзге саладағы кəсіпорындардан ауаға 27,257 мың тонна ластаушы зат шыққан. Соның 85%-ы яғни 24,427 мың тоннасы ешқандай тазартылмаған күйі ауаға тараған. Жалпы, Қызылорда облысында ауаға шығарылатын ластау шы заттардың 63%-ын мұнай жəне газ өндіру саласындағы кəсіпорындар шығарады. Ал «ПетроҚазақстанҚұмкөл Ресорсез» АҚ, «Саутс ойл» ЖШС сияқты компаниялар облыстық экология департаментінің жылдық есептерінде экологиялық құқық бұзушылыққа барған компаниялар ретінде көрсетіледі. Қалдықтарды есепке алу, сақтау, кəдеге жарату талаптарының бұзылуы, өндірістік бақылаудың жоқтығы, экологиялық рұқсатсыз эмиссия шығару, қалдықтарды суға төгу, экологиялық нормативтерді сақтамау сияқты заң бұзушылықтар орын алып отыр. Ең өкініштісі, заңды бұзғандардың қатарында мүйізі қарағайдай «ПетроҚазақстанҚұмкөл Ресорсез» АҚ, «Волковгеология» АҚ, «Қазгермұнай» БК ЖШС, «Торғай Петролеум» АҚ, «СНПСАй Дан Мұнай» ЖШС сияқ ты кəсіпорындардың бары қынжылтады. – Жалпы, мұнай жəне газ компаниялары бекітілген заңдылықтарды қаншалықты сақтап отыр деп ойлайсыз? – Мұнай-газ компаниялары заң бойынша экологиялық қауіпті қызмет түрі болып табылады. Сондықтан олардан қоршаған ортаға зиян келтірілетіні ақиқат. Дегенмен, келтірілген зиянды реттеу мақсатында арнайы қаржы бөліп отыруға тиіс. Өкінішке қарай, мұнай жəне газ компаниялары өндірістегі экологиялық бақылау шараларына

7

www.egemen.kz

13 ақпан 2014 жыл

селсоқ қарайды. Ал олардың жұмысын бақылайтын жергілікті уəкілетті органдар мен экологиялық инспекторларының жеткіліксіздігі, кей жағдайларда олардың білімі мен кəсіби даярлығының төмендігі компаниялардың бей-берекет жұмыс істеуіне басты себеп болып отырғанын айтқан лəзім. Компаниялар өздерінің экологиялық саясатын жетілдіруге баса назар аудармайды. Мысалы, экологиялық менеджменті қалыптасқан бірде-бір қызылор далық мұнай-газ компаниясы жоқ. Себебі, экологиялық менеджмент дегенді зауыт немесе кəсіпорын қасына көз үшін жүз ағаш егіп, қоқыстарын «мысық көмбе» жасап жерге көме салу, я болмаса қалдық суларының коймаларын қоршап қою деп қана түсінеді. Бір ғана мысал. Қаншама компаниялар жаңа халықаралық экологиялық стандарттарды енгізеді. Бұл заңмен міндеттелмеген. Бірақ осы стандарттарды ен гізген компаниялардың іс жүзін де экологиялық саясаты мен оның нəтижелері бір-біріне сəйкес келмейді. Əрине, кейбір мəселелерді толықтай орындау үшін қаржы қолбайлау болуы мүмкін. Десек те, қолдан келетін, қаржы жететін тұстарын орындауға құлықсыз.

– Сонда сіз мұнай компаниялары заңды қасақана бұзады демекшісіз бе? – Біріншіден, экологиялық зиян келтірген компаниялар ды жауапкершілікке тарту өте қиын. Көбіне əкімшілік жауапкершілікпен шектеліп, қажетті айыппұлын төлей салады. Ал келтірілген зиянынан туындайтын мəселелер оларды ойландырмайды. Мəселен, шикізаттың төгілу салдарынан жерасты суларына, адамдардың денсаулығына тигізетін экологиялық зиянның кейбір зардаптары бүгін белгілі болмайды. Ол кейін байқалады. Сондықтан зиян келтірген мұнай компаниясын азаматтық жауапкершілікке тартып, одан өтемақы өндіру мүмкін емес. Онымен қоса, мұнай жəне газды өндіру кезінде ауаға шығарылған зиянды заттар жерге, суға, жануарларға, не жер қойнауына келтірілген залал сияқты емес. Оның шынайы жəне объективті бағасын шығару мүмкін емес. Ауа мен озо�� қабатында шоғырланған ластаушы заттар көп уақыт сақ тал майды. Сол себепті, бағалау кезінде оның аэрозольдерінің диффузиялық жолмен ауаға шашырағанын анықтау өте күрделі шаруа. Сондықтан ол көп жағдайда сотта дəлелденбей жатады. Міне, осы жағдайлардан

Ең өкініштісі, компаниялардың қоршаған ортаны қорғауға жете көңіл бөлмеуі. Олар сол өңірдегі адамдардың өміріне, денсаулығына, табиғаттың ахуалына қауіп төндіретінін түсіне бермейді. – Өкілетті органдардың тарапынан мұнай компанияларына қоршаған ортаны ластағаны үшін қыруар айыппұл салғанын естіп жатамыз. Олар сонда бұдан да қорытынды шығармай ма? – Экологиялық кодексте келтірілген залалды компаниялардың өтеуге тиіс екені айтылған, оның жолдары да тайға таңба басқандай көрсетілген. Бірақ іс жүзінде мұнай компанияларына қоршаған ортаға келтірілген залалды өндіруге байланысты салынатын айыппұл зиянның орнын толық көлемінде ақтамайды. Себебі, компаниялар үшін қазіргі экологиялық заңнамадағы жағдай тиімді. Олар көзге көрінетін залалды ғана өтейді. Ал көзге көрінбейтін жəне кешенді экологиялық, санитарлықэпидемиологиялық, агромиялық зерттеулерді қажет ететін залал сол күйінде қалады. Керек десеңіз, мұнай компаниялары салынатын айыппұлдың шамасын жоспарлап қояды. Оларға жаңа технологияларды іске асырып, жасыл экономика талаптарына қадам жасаудан гөрі айыппұлды төлей салған оңай. Мысал келтірер болсақ, Қызылорда облыстық экология департаментінің 2013 жылдың соңғы 10 айдағы тексеру қорытындысы бойынша бір де бір қылмыстық құрамы бар экологиялық заң бұзушылық орын алмаған. Қажет десеңіз, бір де бір компанияның мемлекеттік лицензиясы немесе экологиялық рұқсатын тоқтатуға ұсыныс берілмеген. Мұны Қызылорда облысында жұмыс істеп жатқан мұнай компанияларының заңды қатаң сақтауымен байланыстыра алмайсыз. Аталған мəселенің түп негізі, заңның кейбір тұстарының дұрыс əзірленбеуінде деп есептеймін.

кейін мұнай жəне газ өндіретін компанияларға айыппұл төлеген тиімді ме, əлде қауіпті қалдықтарды залалсыздандыру жəне кəдеге жарату шараларын жүргізген пайдалы ма? Статистикалық деректерге сүйенсек, 2012 жылы Қызылорда облысының мұнай жəне газ кəсіпорындары 70 мыңға жуық түрлі өндірістік қалдықтарды шығарған. Бірақ оның бірде-бірі өңделмеген, пайдаға асырылмаған, тек арнайы ұйымдарға тапсыра салған. Ал ондай ұйымдарда қалдықтарды өңдеу жəне іске жарату технологиялары жоқ. Олар қалдықтарды бар болғаны арнайы полигондарда не көме салады, не өзге кəсіпорын ауласында сақтап қояды. Бүкіл Қызылорда облысындағы барлық өндірістік қалдықтардың 74%-ы мұнай жəне газды өндіру компанияларының қызметіне тиесілі екен. Мəселенің қаншалықты қиын екенін осыданақ аңғаруға болады. – Егер де заң жүзінде компаниялардың жауапкершілігін күшейтсек, бұл оң септігін тигізе ме? – Шетелдерде табиғат пайдаланушылар экологиялық заңнаманы сақтауға, жасыл экономикаға кө шуге заңдық тұрғыдан ынталандыру арқылы жүргізіледі. Айталық, таза жанар-жағармай шығарған, ауаға шығарындыларын азайтқан, төгінділерін тазартқан, қалдықтарын кəдеге жаратқан кəсіпорынды салықтан босату, мүлкінің кепіл сомасын көтеру, несие беру, тексерістерден босату сияқты жеңілдіктер берген. Бəлкім, бізге де осы талаптарға көшу керек шығар. Ал заңды күшейтіп, талапты арттырғаннан қаншалықты пайда болатыны белгісіз. – Əңгімеңізге рахмет. Əңгімелескен Ержан БАЙТІЛЕС, «Егемен Қазақстан».

Қызылорда облысы.

Өмірімізде күнде бір жаңалық. Бір жаңалық болса мейлі-ау, бірнеше жаңалық. Бəрі де бүгінде қадірін біліп те білмей, білсек те қасиет тұта алмай келе жатқан тəуелсіздіктің арқасы. Ол не жаңалық? «Өнегелі өмір» сериясы ашылып, серия бойынша жиырма бес кітап жарық көріпті. Ұйымдастырған, ұйымдастырған да іске қосқан – қарашаңырақ білім ордасы – əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Өзіміз түлеп ұшқан ыстық ұямыз.

Ўлыќтау ўлаєаты Құлбек ЕРГӨБЕК.

«Өнегелі өмір» арнайы серияға айналып, Ұлттық жоғары мектеп шаңырағында жарық кө ріп отыр. Бақандай жиырма бес кітап. Жиырма бесінші кітап қазақ əдебиеті тарихын «Түрік қағанатына» дейін ілгерілеткен табанды ғалым Бейсембай Кенжебайұлы өмірі, коммунистік партиядан көрген құқайы, өз ұлтына қызметі туралы. Ал, қалғаны? Салық Зиманов, Хайыржан Бекхожин, Өмірбек Жолдасбеков, Олжас Сүлейменов, Əбікен Бектұров, Өмірзақ Сұлтанғазин, Батырбек Бірімжанов, Есмағамбет Ысмайылов, Асабай Мамытов, Тауман Амандосов, Кенжеғали Сағадиев, Матипулла Əженов, Сұлтан Сартаев, Марат Барманқұлов, Зейнолла Қабдолов, Лениншіл Рүстемов, Əзілхан Нұршайықов, Серікбай Бейсембаев, Ольга Сонгина, Көпжасар Нəрібаев, Тұрсынбек Кəкішев, Камал Смайылов, Темірбай Дарқанбаев өмірі жайында. Арнайы серия жасақтауда университет ректорынан (Ғ.Мұтанов) бастап, қатысқан мамандардың қайсысы да талғампаздық танытқан. Серия өнімдері болған соң мұқабасы бірдей. Қаз МҰУ-дың зəулім қалашығы. (Ол қалашықты салуда арыстан-тұлға Өмірбек Жолдасбеков айрықша іскерлік танытып еді-ау, шіркін!) Университет атын алып даму жолында келе жатқан орта ғасыр ойшылы əл-Фараби мүсіні. Толқын-толқын ақша бұлт, зең гір көк... бояулар орнымен таңдалған. Еңбектердің композициялық құрылымы да қызық. «Жизнь замечательных людей» сериясы өнімдері белгілі бір автор (кейде мойынсерігімен) жазған деректіғұмырнамалық дүние болып келетін. Қолымыздағы еңбектер сəл бас қашалау. «Бас редактордың кіріспе сөзі», тұлға өміріне шағын барлау, тұлға өмірін дəйектейтін архивтік деректер ксерокөшірмесі, тұлға еңбектерінің қысқаша библиографиялық көрсеткіші, өзі (тұлға) жайында – қиналысты сəттерді жазып қалдырған жан сыры (əр деңгейде іздене жазған арыз, шағым хат, күнделік), алғы буын, замандастары бағалау-мақалалары, кейінгі буын (шəкірттері) сағыныш сазына бөленген естеліктері... Кітапқа енген дүниелердің дені мемуарлық жазбаға саяды. «Сол жылдың (1939ж.) қыркүйек айында Қазақ коммунистік журналистика институтына түстім, институт тарағаннан кейін 19411942 оқу жылы Қазақ мемлекеттік университетіне келіп, филология факультетінің журналистика бөлімін мерзімінен бұрын тəмамдадым. Оқуды аяқтағаннан кейін Қазақстан Компартиясы ОК бюросының 1942 жылы 27 наурыздағы шешімімен Қостанай облыстық «Большевиктік жол» газетінің редакторы болып бекітіліп, 1942 ж. 1 сəуірінен 1945 ж. 1 мамырына дейін жұмыс істедім» (8-бет). «ҚКП ОК бөлімінің жолдамасымен С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде жұмыс істей бастадым. 1945-1947 жылдары журналистика факультетінің деканы жəне аға оқытушы болдым. 19501952 жылдары филология журналистика бөлімінің меңгерушісі, 1948 жылдан бастап, қазақ журналистикасы кафедрасының меңгерушісі болып қызмет еттім» (8-бет). Қазақ журналистикасының бірегей тұлғасы Хайыржан Бекхожиннің сөзі. Қарапайым ақпарат. Алайда, оқып отырғанда көз алдыңа қиын жылдар елестейді, Қаз МҰУ-дың қалай құрылып, қалай қалыптасқаны байқалады. Көзі тірісінде жазылған Ə.Марғұланның «Отзыв» аталатын диссертацияға пікірі, шынайы тарихшы Е.Бекмахановтың «Ценное исследование», Б.Кенжебайұлы, Т.Қожакеевтің «Игі қадам», кейін арнайы жазылған Т.Кəкішевтің «Баға жетпес байғазы», Ə.Ыдырысовтың «Хайрекең», С.Қозыбаевтың

«Корифей отечественной журналистики», Т.Жұртбаевтың «Тағылым мен аманат» атты еске алу мақалалары, бəрі жиылып келіп шежіре ғалым Хайыржан Бекхожинді қайта «тірілтіп», көз алдымызға алып келеді. «...соңғы жылдары «Заң» медиакорпорациясы сараптап, жарыққа шығарған академик Салық Зимановтың 10 томдық шығармалар жинағын рухани өміріміздің аса құнды табысы деуге негізіміз бар. Бұл – біздің ұлттық заңгерлеріміздің қатарында шыққан еңбегі он томға топталған тұңғыш шығармалар жинағы. Мəселе, оның тек көлемі мен шығармаларының санын да ғана емес, мазмұнында. Ғалымның он томдығының əрқайсысы, тіпті, əрбір еңбегінің өзі бірнеше мақала, зерттеулерге арқау боларлық дүниелер» (Қ.Сұлтанов, «Ұлт келбеті», 37-бет). Азамат, ғалым, қайраткер Салық Зиманұлын тұлғалайтын пікір. Ол аз болса, теңдес-терезелес академик Зейнолла Қабдол Сəкең 70 жасқа келгенде жапан жəмағатқа жар сала айқайлап айтқысы келеді. Сəкең бірақ оған ырық бермейді. (З.Қабдол, «Атыраудан түлеп ұшқан ойшыл-оқымысты», 134-137-б.). Қазақтың екі тұлғасы, серияның екі кітабы туралы аз-кем əңгімеледік. Үшінші тұлға туралы айтып көрелік. Ол кітап «Батырбек Беремжанов» аталады. Неге «Беремжанов»? Əкедей əзіз Бейсекең (Кенжебайұлы) арқасында азды-кем кездескен, əңгімесін тыңдап үлгерген тұлға еді Батекең. Тұлғаға қоса тек, текті деген ұғымды да қосарлауымыз керек болар Батырбек Ахметұлы портреті ашылуы үшін. Тұлға тегі «Беремжанов» емес, Бірімжанов! Баспагерлер паспорттық ресми құжаттан аса алмай «тілін шайнап» отыр. Қателік содан кеткен. Республикада химия ғылымының негізін қалаушылардың бірі болып өмір сүріп, жылдар бойы Қаз МҰУ-ден іргесін бір бөлектемей абыройлы еңбек етіп, сөздің ұлы мағынасында ағартушы болып өтіп еді, жарықтық. Батекеңдей ай жүзді азаматтың өмірі мен қызметін қызықты баяндайтын жақсы, жанжақты созымды материалдар шоғыры беріліпті. Əкесі – Ахмет Бірімжанов Қазан университетінің заң факультетін бітірген білімді жан. Қазан уни верситеті. Онда В.И.Ленин, Керенский сияқты тұлғалардың оқығанын қайтерсіз! 1919 жылы бала Батырбектің өз үйінде Аққағаз Досжановадан (Қазақтан шыққан алғашқы дəрігер əйел, атында Ташкентте «Ана мен бала институты» бар), Лиза Бөкейхановадан (Əлиханқызы. Кейін Семашко атындағы медицина институтының профессоры) қара танып, білім ала бастауының өзі не тұрады?! Батекеңнің өз өмірін баяндайтын жазбасы сол кездің өзінде қан тамыры ұлт деп бүлкілдеп соғып тұрған тамаша материал екен. Мемуар толы маңыз, тың деректерге толы. Шегеннің (Бірімжанның əкесі) қызы – Айжан Алтынсарыға ұзатылады. Одан Ыбырай туады (52-53-беттер). Анасы атақты Сейдалин Əлмұхамедтің қызы Гүлжаухар болып шығады. Мұхтар Əуезовтің 80 жылдығына байланысты химик Б.Бірімжановтың студенттермен кездесу кешінде сөйлеген сөзін беріпті құрастырушылар. Қандай тамаша! Кəнігі əдебиетшіше сөз саптайды Батекең жарықтық! 1957 жылы əп-əжептəуір балл жинап, бірақ талапкердің көптігіне байланысты оқуға түсе алмаған бозбалаларды бір аудиторияға жиып Батырбек аға əңгіме өт кізді дейді. Əрқайсысының тағдырына алаңдап, келешегінен үміттендіре сөйлеп, жандарына жақындап өміртаным əңгімесін айтып шуақтандырып шығарып салыпты. Ынтыға тыңдаған, Батекең əңгімесінен кейін химия ғылымына ынтаықыласы барынша ауған балалар келер жылы табан аудармай химия факультетіне қайыра құжат тапсырыпты. Қызық. Көбі дерлік оқуға

түскен. Соның бірі, бірі емес-ау, бірегейі Еділ Ерғожин! (123-бет). 3-курста оқып жүрген жерінде Академияның химия институтының директоры Əбікен Бектұровқа ертіп апарып, Еділді ғылым есігінен енгізіп жіберіпті. Кейін танымал ғалым болғанда «Менің орныма келіп декан бол. Орнымды саған берейін» («Выдающийся ученый и организатор») деп қинап көндіріпті шəкірті Еділді. Шəкіртке деген не деген шынайы махаббат десеңізші! (Академик Серік Қирабаев та журналистиканың көрігін қыздырып жүрген жерімізден қинап отырып ғылымға алып келіп, кандидаттық, докторлық диссертация қорғатып, ақыр соңында өзінің орнына М.О.Əуезов атындағы Əдебиет жəне өнер институтының «Қазіргі қазақ əдебиеті» бөлімін басқартып еді). Бүгінде жастарға ағалар тарапынан осындай шынайы қамқорлық бар деп айта алмаймызау. Өкінішті. Аға буынды осындай қадамға апаратын не нəрсе өзі? Бір сөзбен айтқанда, ұлттық болмыста қалыптасқан аға буынның ҰЛТ қамын, елдің ертеңін ойлауы шығар! Ал біз болсақ өз басымыздан аспаймыз... Ленинградта туған (1901 ж.), 1937 жылы ерін Сібір айдап, өзін Қырғызстанға жер аударған Ольга Альфредовна Сонгина (сирек кездесетін хи мия лық элементтерді зерттеген, кейін Козловскиймен бірге аналитикалық мектеп қалыптастырған) тағдыры. Қазақстан химия жəне металлургия ғылымын қос қатар басқарып, болашаққа жол салған Əбікен Бектұров ше? Бектұров Əбекеңді бірсыпыра білетін едік. Бейсекеңнің бауыздау құдасы, Гүлнəр апамыздың қайын атасы. «Білетін едігіміз» кітаппен танысқан соң жай əншейін болып шықты. Өзіміздің Ауыл шаруашылығы институтын бітірген Əбекең Қазақстанда химия ғылымының негізін қалайды. Қалай таңғалмайсың? Қаныш Сəтбаевтан кейін қазақ ғылымын аса биікке көтере білген ұлы тұлға Ш.Шокин айтады: «Перед открытием Академии наук Каз ССР К.И.Сатпаев отправил 24 наиболее талантливых кандидатов наук в Москву, Ленинград и другие города СССР, с тем, чтобы они защитили докторские диссертации. Первым из них защитил диссертацию Абикен Бектуров. Каныш Имантаевич назвал его тулпаром» (217-бет.) Тұлпарды тайында тану дегеніміз осындай-ақ болар асылы! Тұлпарды алып шығар бақ десек те, бап та керек екенін осы бір лебіз білдіріп отыр емес пе?! Ұстаздарымыздың ұстазы Есмағамбет Самұратұлы Ысмайыловты алайықшы. Тұрсекеңнің (Кəкішұлы) мақаласы «Қазақ əдебиеттану ғылымының негізін қалаушы» (18бет) аталады. Бұл асыра сілтеу. Біз кейде тұлғаны бүгінгі ұрпақтың көзіне биіктетіп көрсету үшін артық айтып жатамыз. Сөйтеміз де тарихқа қиянат жасаймыз. Замананың зəйілін көре жүріп еңбек еткен, көзден кетсе де көңілде өшпестей болып қалған аяулы жандардың өз кісілігін, кісіліктен туған өз еңбегін айтсақ та жетеді емес пе?! Осындай лебізді Мырзатай Жолдасбековтің жазбасынан көре міз. Еңбектегі ең үздік естелік мақала Мырзатай Жолдасбековтікі екенін айту парыз. Басқасын былай қойғанда, жас ғалымның пəтерден пəтерге күнаралата көшіп жүргенін білген сəтте немере інісіне айтқанын келтірейікші. «Мүтəллəп, сенің шауып шыққан жерің мектеп директорлығы. Елге, Көкшетауға қайт. Ренжіме. Өзің отырған үйді мына Мырзатайға бер, қаңғып жүр, бұл жігіттен үлкен үміт күтіп отырмыз, əдебиетші ғалым болады», – деді салмақтап. Байқаймын, күтпеген болуы керек, Мүтəллəп маңдайын тасқа соққан бекіре балығындай үнтүнсіз, тым-тырыс отырып қалды. Əйтсе де, нағашы ағасына қарсы сөз айта алмады. Отырып-отырып, біраз дан соң: «Мақұл», – деді (266-267-беттер).

Өзімізді қаншама тоқтатып, ендігі ойды жинақтай айтамыз дегенімізге қарамай əсер билеп дара-дара тұлғалар жайында сөйлеп кетіп жатырмыз. Жақсылығын айтқың келеді жарықтықтардың! Еңбегі өліп қалған ғалымдық, қызметі өшіп қалған «қайраткерлік» артық дəріпте летіні бар серия өнімдері арасында. Кітаптардағы пікір иелері – əр саланың адамдары, жұлдызы жанған мамандары. Ал, олар өткен жолды саралау, жасаған еңбекті талдай отырып бағалау оңай емес. Өйткені, сырт жұрт сырттап кіре алмайды. Өйткені, ол ғылыми «қорық». Саланың маманы ғана кірсе керек. Ғалым қорығына кіре алған сала маманы (автор) сөз өнері машақатын, мехнатын бастан кешпегендіктен, жазу стихиясын меңгере бермейді. Бас білмеген қалам салиқалы стильге бастай бермейді. Содан да көлемі көшқұлаш мақалалар кейде бір беттік құттықтау орнына жүре алмайды. Айталық, Əбіш Кекілбайұлының қатарлас қанаттасы, көрнекті ғалым, қоғам қайраткері Кенжеғали Сағадиевті құттықтауы. «Артыңыз – даңғыл. Алдыңыз – асқар. Əдемі жастасыз. Сəби кезіңізде жатқан бесігіңіз, есейген соң ашқан есігіңіз құтты болыпты. Жігіттің ең сүлейіне бұйырмас бақыттың бəрі маңдайыңызда. Жүйріктің ең дүлейіне бұйырмас жүлденің бəрі қанжығаңызда», дейді ағыл-тегіл ой алыбы. Əбіш ағаның шағын құттықтауы көлемді мақалалардың қайқайсысынан да бəсі биік тұр ғой. Қорғанбек Аманжолдың «Аққұмнан аққан бұлақ...» аталатын портреттік мақаласында бір сəтті штрих бар. ҚазМУ ректоры, арлы Асқар Закариннің документі Мəскеуге кетіп қалған бала Кенжеғалиды комиссиямен сөйлестіріп, оқуға «документсіз» қабылдауы қандай тəлімді тірлік?! Ректорлықтың эталоны Ө.Жолдасбеков туралы М.Құл-Мұхаммедтің қос тілді «Арыстаны» жасампаз жақсы дүние екен. Тіпті, тұтас кітаптың жүгін көтеріп тұр десе де болады. Суретасты мəтіндерде кейбір кісілер аты адастырылып, шатастырылып беріледі. «Т.Амандосов қасында З.Қабдолов (?)» Суреттегі кісі ол емес. Тағы да – суретте бес кісі. Суретасты мəтін мынадай: «Е.Ысмайылов, М.Жолдасбеков». Сəйфи Құдаш, Сейітжан Омаров, Мəуия Омарова, Қасым Тоғұзақов ұмыт қалған. Бəлкім, құрастырушылар танымаған. «Өнегелі өмір» сериясының баз бір саны қайта басуға жарамайды. Демек, алдағы уақытта сапаға жұмыс істеу керек. Енді міне, жиырма бесінші кітап. «Бейсембай Кенжебайұлы» аталатын 25-ші кітапта кемшілік бар ма? Кемшіліксіз еңбек болмас, сірə! Алайда, ол кемшіліктерді оқыған əр буын өзі көрсете жатар... Сонымен, жаңа серия өмірге келді. Жаңа серия өнімдері жадымызды жаңғырта, көзден кетсе де көңілде қалған небір қасқа мен жайсаңымызды есімізге түсіріп, жанымызды шуаққа бө леп нұрландыра келді. Серияға мұрындық болған азамат – Қаз МҰУдың ректоры, профессор Ғалымқайыр Мұтанов! Ғалымға ризалығымызды айтқымыз келеді. Біз серия өнімдерінің кейбірін ғана əңгіме еттік. Шынтуайтында бұл өзі келешекте келелі əңгімеге арқау боларлық, берешегі – борыш, келешегі кеніш руханият дүниесі! Əзірге серияның бас иесі – əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті! Серияны бір оқу орнымен шектеуге (қайраткер атаулы тек Қаз МҰУ-дан шыға бере ме?) болмас, сірə. «Өнегелі өмір» – жалпы қазақтық деңгейде кең өріске шығаруға лайықты тең өрісті серия. Олай болса, ұлтымыздың ұлы тұлғалары тағдырын бетке ала өмірге келген «Өнегелі өмір» руханият өрісін тең жайламағы мақұл! ТҮРКІСТАН.


8

www.egemen.kz

13 ақпан 2014 жыл

 Жұмыр Жер

Тўманды Альбиондаєы тўсаукесер Бірде Үндістанға барудың сəті түсті. Онда «Қазақфильмнің» шығармашылық тобы кезінде Кашмирдің патшасы болған Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551) жайлы деректі фильм түсірмек болды. Кашмир астанасы Сринагарда, Ганга өзенінің жағасында болып, біраз түсірілімдер жүзеге асырылған соң, қалғанын Делиде де жалғастырмақ болып, Үндістан астанасына қайтып оралдық. Ол кезде Қазақстанның Үнділер еліндегі Төтенше жəне өкілетті елшісі Қайрат Омаров еді (Ол қазір Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі). Оған сол жолы 2010 жылы орыс тілінде шыққан «Ислам – религия мира и созидания» атты кітабымды сыйладым. Келесі күні Қайрат ініміз «Кітабыңызды қарап шықтым. Қазақтың тарихы, халқымыздың руханияты, жұртымыздағы ислам діні мен мəдениеті жайлы жақсы жазыпсыз. Əйтпесе, күні кешеге дейін «қазақ көшпелі өмір сүрді, қала мəдениеті болған жоқ» іспетті пікір үстемдік етіп келді ғой. Еңбегіңізде қазақтың ежелден мəдениетті, өркениетті ел екендігін, өзіндік өнері мен мəдениеті болғандығы жақсы көрсетіліпті. Осы дүниеңіз ағылшын тіліне аударуға сұранып-ақ тұр», деді. Мен ойланып қалдым. Қайраттың ұсынысының жаны бар-ды. Қолға алуға болатын-ақ іс екен деген пікірге бекіндім. Əбсаттар қажы ДЕРБІСƏЛІ, Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор.

«Ислам – религия мира и созиданияны» (Алматы, 2010) «Ислам мəдениеті мен білімін қолдау» қоры шығарып, бүкіл елімізге тегін тарат қан болатын. Баспасөзде де жақсы пікірлер білдірілді. Үндістаннан Ал матыға қайтып келген соң, кітапты ағылшын тіліне аудару жəне оны шетелде шығару мəселесін ақылдаспақ болып, сол кездегі Сыртқы істер министрінің орынбасары К.В.Жигаловқа жолықтым. Константин Васильевичпен КазГУ-де қызмет етіп жүрген кезден таныс едім. Араласып тұратынбыз. Ол кітапты ағылшын тіліне аудару идеясын құптай келе, Лондоннан баспа табуға көмек көрсету жайлы осы елдегі елшімізге тапсырма берді. Кейін елшілік Лондондағы «Стейси» атты халықаралық баспамен келіскендерін, олардың кітапты шығаруға əзір екендіктерін мəлімдегендерін хабарлады. Арада біраз уақыт өткенде кітап ағылшын тіліне аударылып бітті. Осы тілдің білгірлері тəржімаға жақсы баға берді. Сонымен, «Стейси» баспасына қолжазбаны жібердік. Олар қарап шығып, басуға дайындай бастады. Арада біраз уақыт өткенде кітаптың алғашқы таралымы дайын болғаны туралы хабар жетті. Содан ұзамай 2012 жылдың наурызында кітаптың тұсаукесеріне шақыру да келді. Алматы – Лондон ұшағымен жолға шықтық. Англия астанасында бізді елшілік қызметкерлері күтіп алып, қала ортасындағы атақты Гайд парк жанындағы мейманханаға жайғастырды. Бірер сағаттан соң, елшіміз Қайрат Əбусейітов бізді түскі асқа шақырды. Қайратты бұрыннан білетінмін. Ол КазГУ-дің тарих факуль тетін жəне оның аспирантурасын да бітірген-ді. Андасанда кездескенде сəлемдесіп тұрушы едік. Кейін ол Сыртқы істер минис трінің орынбасары секілді лауазымдарды да атқарды. Кеш түсті. Лондондағы директорлар институтында тұсаукесер салтанатына жиналдық. Оған Ұлыбританияның зиялы қауымы, оқу орындарының профессорлары, дипломатиялық корпус өкілдері мен университет оқытушылары жəне студенттер қатысты. Кешті Қайрат Əбусейітов ашып, жүргізіп отырды. Сөйленген сөздерді менің Англияның Шотландия университетінде (Эдинбург) оқитын қызым Мүнира мен «Хабардың» Англиядағы тілшісі жазып отырды. Кейіннен біз Лондоннан оралған соң, «Хабар» тұсаукесерді өз арналары бойынша көрсетті. Əуелі сөз «Стейси» баспасының директоры Том Стейси мырзаға берілді. Ол ұзын бойлы, ақ шашты кісі екен. Жасы жетпісті алқымдап қалған сияқты. Елші мырза, Бас мүфти, ғалымдар жəне достар. Мен Том Стейсимін деп бастады ол сөзін. «Есімім осы тамаша кітап ты жариялаған бас памен байла нысты. Əріптестерім оны шығару үшін біраз еңбектенді жəне барлығы ойдағыдай болып шықты деп есептеймін. Кітаптың ағылшын тілді елдерде жоғары бағаланатынына сенімдімін. Баспагер ретінде осындай маңызды дүниені шығару біз үшін үлкен құрмет екенін де айтқым келеді. Мен Қазақстанмен жақсы таныспын жəне бұл кітаптың алғашқы аспектісінің, бейбітшілік пен сабыр лықтың, түсіністік деңгейінің маңыздылығын өз тəжірибелерімнен біле мін. Қазақстанның қонақжай ел екені дүйім жұртқа мəлім. Ол елде сіз қай дінді ұстансаңыз да сізді құрметтейді. Исламның халықаралық

Оксфорд университетінің профессоры Басил Мұстафа (сол жақта) жəне Кембридж университетінің профессоры Сидхарт Саксена (оң жақта).

деңгейдегі беделі осылайша қалыптасқан. Мен Бас мүфтиді өзгелерге қуаныш сыйлап жүретін адам деп есептеймін. Тіпті, қазірдің өзінде ол менің сол жағымда тұрып «нұр шашып тұр». Қазақстанда болғанымда Алматыдан Астанаға ұшып бара жатқанда бұл кісіні ұшақта көргенмін. Сонда мен ол кісінің жүзінен жылулық шашырап тұратынын байқап едім. Ол өмірден көбінесе құлшылық ету жəне Жаратушымен байланыс орнатудан тұратын өз бақытыңды табуға болатындығын көрсетеді. Бұл таңғажайып нəрсе ғой. Менің Қазақстанның өз беделін қалыптастыруда таңдаған жолының туралығында күмəнім жоқ. Бұрын-соңды ешкім білмейтін елден ол қазір əлем білетін жұртқа айналды жəне елші мырза айтып кеткендей, Бас мүфтидің бұл еңбегінің арқасында қазір ол көпір іспеттес. Біз бұл кітапты болашақта Ұлыбританияның барлық уəлаяттарына таратуға тырысамыз. Бұл дүниеге біз бар жүрек лүпілімізді салдық. Оны менің ірі университеттердегі əріптестерім оқыған кезде сезінеді. Кітап жоғары деңгейде жазылған. Осылайша, Исламның беделі ең алдымен Қазақ станда қалыптасатын болады. Тағы көңіл аударатын бір мəселе Бас мүфтидің бұл еңбегі – ақпаратқа толы дүние. Оны ислам өркениеті туралы жан-жақты сөз етуімен, өзіндік терең талдауымен, қазақ елінің исламға қосқан үлесінің молдығы дəлелденген, парасаттылықпен жазылған, оқырманға өте қызықты, ерекше шығарма дегім келеді. Қазақстан Бас мүфтиінің бұл кітабының қосымша тағы да шығарылатын мыңнан астам саны АҚШ, Еуропа, Австралия, Латын Америкасы, Азия жəне Африка елдерінде таратылатын болады. Айта кететін нəрсе, жуырда Қазақстанда тағы да болдым. Қазақстанның Орталық Азия елдері арасында көш бастап келе жатқаны, түрлі салалар бойынша қарқынды дамып жатқандығы таңғалдырды. Астана мен Алматы шаһарларының көркіне, табиғатына, қазақ халқының қонақжайлылығына ерекше сүйсіндім. Қазақстан болашағы зор мемлекет». Одан соң келесі сөз Оксфорд университеті Ислам зерттеу орталы ғының PhD докторы, орта жастағы Басил Мұстафаға тиді. Ол «жоғары мəртебелі

Қазақстан Республикасының елшісі Қайрат Əбусейітов мырза жəне шейх Əб саттар қажы Дербісəлі хазірет, ханымдар мен мырзалар! Бұл ерекше кітаптың тұсаукесерін атап өту үшін бүгін сіздермен бірге болу мен үшін зор құрмет. Кітапты қарап шығуға бар-жоғы бір-екі күн уақытым болды. Бас мүфтидің еңбегі мені барлық жағынан таңғалдырды. Əсіресе, баяндаулары ұнады», дей келіп, еңбекте көптеген күрделі мəселелерге талдау жасалғанын атап көрсетті. «Кітапты оқи келе Қазақстан аумағында Отырар, Тараз, Меркі, Түркіс тан, Исфиджаб-Сайрам, Женд, Сығанақ секілді тағы да басқа мəдени жəне рухани орталықтар болғанының куəсі болдық», деді ол одан əрі. Одан кейін сөйлеген Кембридж университетінің Орталық азиятанушысы, профессор Сидхард Саксена орта бойлы, үнді текті қара торы кісі екен. Ол «Қазақстанмен шамамен 25 жыл танысқанын, Кембриджде Қа зақ стан Республикасындағы исламның жаңаруын зерттеп жүргендерін айтты. «Қазақстанға VIII ғасырда жеткен ислам діні өзімен бірге мəдениет пен ағартушылық ала келді. Философ Əбу Насыр əл-Фараби, сопылықты ұстанған Қожа Ахмет Ясауи ғылым, білім жолында аянбай еңбек етті. Шейх Əбсаттар қажы Дербісəлі хазіреттің бұл кітабы қазақстандықтардың Исламға деген қосқан сүбелі үлесі жəне батыс оқырмандарына тартуы деп білеміз. Соңғы жылдары Еуропада Ислам фундаментализмі, терроризмі деген шығып, жұртты дүрліктіруде. Қазақстан Бас мүфтиінің мына еңбегі соны жоққа шығарумен де құнды» деп бітірді сөзін ол. Кеш соңында сөз маған беріл ді. Мен аталмыш рəсімді ұйымдастыруға қолғабыс еткені үшін елші жəне елшілікке ризашылық білдірдім. Одан кейін кітаптың жазылу жайына тоқталдым. «Бұл менің 20-шы кітабым. Бірақ ағылшын тіліндегі бірінші еңбегім», – дедім. «Біз Орталық Азия жəне Қазақстан халқы ислам дінінің, оның ішінде Ханафи мазһабын ұстанып келе жатқанымызға 1000 жылдан асты. Орталық Азия мен Қазақстанда шамамен 50 млн. халық, тату-тəтті ғұмыр кешудеміз. Орталық Азия

жəне Қазақстан халқы исламды тек қабылдаушы ғана болып қалған жоқ. Біз ислам өркениетін, мəдениетін байытуға үлес қостық. Имам əл-Бұхари, Имам атТирмизи, Əбу Райхан əл-Бируни, Ұлықбек, Мұхаммед Захир аддин Бабыр, Мұхаммед Хайдар Дулатилер түркі халықтарының ортақ мақтанышы. Қазақ даласында Түркістан, Отырар (Фараб), Сығанақ, Сауран, Исфид жаб, Женд, Тараз, Баласағұн секілді үлкенді-кішілі ислам орталықтары болды. Одан барлығы 250-ден астам ғалымдар шықты. Тəуелсіздікті бізге Алла тағала 1991 жылы берді. Біз қазір жаңа ел, жаңа мемлекет құрып жатырмыз. Ең қиын жылдары, 1991-1995 жж. Президент Н.Ə.Назарбаев Еуропадағы, сондай-ақ, əлемнің басқа да үздік орындарына жастарды оқуға жіберді. Англияда да бірнеше мың қазақ жастары оқиды. Қазір Қазақстан халқы 16 млн. Соның 70 пайызы мұсылмандар. Елде 2500 мешіт бар. 1 Ислам университеті, 1 имамдардың білімін жетілдіру Ислам институты, 10 медресе жұмыс істеуде. Дін жағынан ешқандай қысым жоқ. Президент Елордада Əлемдік діндер лидерлерінің ІІІ съезін өткізді. Осы ның бəрі аталмыш кітапта айтылған». Сондай-ақ, мен қазақ елінің рухани, мəдени, ғылыми тарихына тоқтала келе, Қазақстанның діні, ділі, келешегі мен бүгініне назар аудардым. Еліміздің салт-дəстүрі, өткені мен келешегі де асыл дініміз жəне оның мəдениетімен біте қайнасып жатқандығы, қазақ халқының өзіндік əдебиеті мен мəдениеті бар өркениетті ел екендігін қадап айттым. Қазақ жерінен бүкіл əлемге əйгілі Əбу Насыр əл-Фараби, Қауам ад-дин Итқани (Иқани) əл-Фараби ат-Түркістани, Хұсам ад-дин Сығнақи, Мұхаммед Хайдар Дулати секілді мəшһүр ғалымдар шыққандығын айта отырып, олардың шығармашылығына тоқталдым. Кітапты басып шығарған халықаралық «Стейси» баспасының төрағасы Том Стейси ��ырзаға рахмет айтуды ұмытқан жоқпын. *** Лондонға барған зиялы қауым өкілдерінің шаһардағы Шерлок Холмс мұражайына соқпай кетпейтіні некен-саяқ шығар. Бұл есіммен өз басым өткен ғасырдың 60-жылдары ұшырастым. 1968 жылы Алматының «Жазушы» баспасы «Шерлок Холмс хикаялары» атты кітапты қазақ тіліне Қамқа Орманбаева мен профессор, көрнекті əдебиетші ғалым Тұрсынбек Кəкішевтің тəржімасы жəне алғысөзімен жариялады. Хикаяның авторы, көрнекті ағылшын жазушысы Артур Конан Дойл (1859-1930) еді. Жинаққа аннотациясында көрсетілгендей, «Шерлок Холмс» жайлы əңгімелердің ең таңдаулылары ғана енген. Оқырман шытырман оқиғаның шие түйінін шатастырмай шешетін тапқыр, ғажап қабілет иесі Шерлок Холмспен танысады. Көп елдерде əдетте шығарманың авторы Артур Конан Дойлдан гөрі, оның атақты персонажы Шерлок Холмс көбірек мəлім. Кеңестік кезеңде бірқатар киностудиялар Шерлок Холмс туралы көркемфильмдер түсірді. Сонымен, Лондонның Бейкер Стрит көшесіндегі көрнекті жазушының мұражайына бет алдық. Кинофильмдерде ол көше бұрылыңқылау болатын. Сөйтсек, өмірде керісінше көше тік жəне ұзын екен. Сөйтіп, ұзамай Лондонның Бейкер Стрит көшесіндегі Артур Конан Дойлдың мекенжайына келіп тоқтадық. Ол үлкен жолдың батыс жағында тұр. Төрт қабатты. Бірінші қабатта шағын дүкен бар екен. Онда өткен ғасырда, яғни Шерлок Холмс кезінде жұрт пайдаланған заттар, базарлықтар. Қал ған үш қа бат жазушының кабинеті, жатын бөлмесі, қаламгердің атақты шығармасы кейіпкерлерінің мүсіндері, жазушы пайдаланған заттар жəне т.б. Үйдің кіреберісінде ХІХ ғасырдағы полицейдің киімін киіп алған жігіт əрі-бері жүр. Кейбіреулер оған өтініш жасап, онымен суретке түсуде. Келушілер көп. Арасында жапон, қытай, орыс, француз, үнділер де ұшырасады. Мұражай бөлмелері шағын. ХІХ ғасырда үйлер осылай салынды ма екен деп ойладық. *** Күн жұма. Лондонда тұратын

ШАРАЙНА

Əлем жаѕалыќтары

бір топ қандастарымыз сəлем берейік деп іздеп келіпті. Олардың кейбірі тұсаукесерде болған. Əң гімелестік. Олар негі зінен Түркияның қазақтары екен. Кезінде Ұлы британия астанасына жұмыс іздеп келіп, тұрақтап қалған. Осы жерде бірімен-бірі қыз алысып, қыз берісіп жатқандары да жоқ емес. Ұлыбританиядағы қазақтар бірлестігінің де төрағасы бар екен. Ол Исмаил Кесіжі деген азамат. Ізет көрсетіп, иіліп төсек, жайылып жастық болып жатыр. Қазақстанға барып тұрады екен. Елден хабары мол. Əлем қазақтарының құрылтайына үнемі шақырылып тұратын көрінеді. Сонымен, жұма намазын Ұлыбритания астанасының түріктер көбірек шоғырланған Əзизиа мешітінде оқитын болдық. Ол орталыққа жақын жерде екен. Мешіт бірнеше қабатты. Асты мейрамхана, үсті намазхана. Ертерек келдік. Бізді Фахри Балтан есімді имам қарсы алды. Ал найыбы (орынбасары), əрі азаншысы ұлты қазақ Матин Елші деген ініміз болып шықты. Имамның бөлмесіне біраз қазақтар жиналды. Түрікше, ара-арасында қазақша да сөйлесіп қоямыз. «Хабардың» тілшілері де жетіпті. Олар да сұхбатты түсіріп алды. Лондондық қазақ бауырымыздың бірі сұхбат та беріп үлгерді. Сол бауырымыздың айтуына қарағанда, Лондонда 30-дан астам қазақ отбасылары тұрады. Солардың арасында есімде қалғаны Абдусалам Саваш ініміз. Ол барынша қонақжайлылық көрсетіп, маған шапан жапты. Лондонда тұрсақ та халқымыздың əдет-ғұрпын ұмытпаймыз, дейді ол. Матин Елші ініміздің осында бас имамның орынбасары болғанына біраз болыпты. Бас имам екеуі маған жұма намазының алдында уағызға шығуды өтінді. Жалпы, 10 млн. тұрғыны бар Лондонда 2 млн. мұсылман бар деседі. Шаһарда 300-ге жуық мешіт, ал намазханаларымен есептегенде 1000-нан астам Алла тағала үйлері жұмыс істеуде. Бұл осындағы мұсылман жамағатының бірлігі мен ынтымағы үлкен қауымға айналғандығын аңғартады. Мен əлемдегі тыныштық, діндер мен ұлтаралық түсіністік пен достық, сыйластық жайлы сөз еттім. Қазақстандағы 26 ұлттан тұратын мұсылмандар мен өзге де ұлттар өкілдерінің Н.Ə.Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында татутəтті өмір сүріп жатқандығын, ынтымақ пен бірлік арқасында Қазақстанның мұсылман елдері арасында беделінің жоғары екенін, ЕҚЫҰ мен Ислам ынтымақтастығы ұйымына да төрағалық еткенін, əлем халықтарына тыныштық пен сыйластық, мұсылмандарға бірлік пен татулық тілеп бата жасадым. Сонан соң жұма намазы басталып кетті. Мешіт халыққа лық толды. Барлығы дерлік түріктер. Ара-арасында арабтар да ұшырасып қалады. Ұлыбританияда бірқатар шіркеулер Еуропаның басқа да елдеріндегідей ешкім бармай қаңырап бос қалып жатқандықтан, Түркиялық бауырларымыз оларды сатып алып, мешітке айналдырып жатыр екен. Намаздан соң қандастарымыз бас мүфти құрметіне деп мейрамханада қонақасы берді. Оған қазақтардың əйелдері, балалары да келіпті. Қазақ бауырларымыздың келіншектері түріктерше киінген. Кейбірі Қазақстандағыдай да киінгендері байқалады. Сұхбат құрып отырмыз. Келіншектердің бірі: – Мүфти хазірет, мұсылман қыздардың мұсылман еместерге тұрмысқа шығуына бола ма? – деп сұрап қалды. – Жоқ, болмайды. Дініміз оны құптамайды, – дедім. Келіншектер өзара: – Əне, айтып едім ғой! – десіп қалды. Бұған қарап мен бұлардың арасында осындай проблема бар екен-ау деп ойладым. Енді қайтсін. Өздері аз. Қашанғы өзара құдажегжат болып, қыз беріп, қыз алыса берсін. Ұзамай бауырларымызбен қош айтыстық. Ендігі барар жер – Лондон орталығындағы Ұлыбритания Орталық мұражайы. Онда Англия мен Сауд Арабиясы Корольдігі бірлесіп ұйымдастырған қажылық көрмесін тамашаладық. Мұражайдың басшысы Венеция Портер ханым бізді көрме залындағы жəдігерліктерді көрсетіп, мұражайды аралатты. Кездесу соңында аталмыш көрме жайлы сөз ететін кітапты тарту етсе, мен де «Қа зақстан» атты түрлі-түсті кітапты сыйладым.

Ўшаќ апатынан 77 адам ќаза тапты Алжирде «С-130 Hevcules» əскери-көлік ұшағының апатқа ұшырауы кезінде 77 адамның қаза табуына байланысты үш күндік қаралы күн жарияланды. Опат болғандардың көпшілігі алжирлік əскерилер мен олардың отбасылары сияқты. Жергілікті БАҚ-тардың ақпараттарына қарағанда, ұшақ бортындағы адамдардың біреуі ғана тірі қалған. Əскери қызметші болып табылатын ол басынан алған ауыр жарақатпен Константин госпиталінде жатыр. Таманрассетадан ұшып келе жатқан əскерикөлік ұшағы 11 ақпанда тауға соғылған. Апатқа не себеп болғаны қазірге белгісіз. Əскери тергеушілер ұшақ қолайсыз ауа райы салдарынан апатқа ұшырауы мүмкін дегенді айтады. Өйткені, сол күні қатты жел соғып, қар борап тұрса керек.

Штаттарда тґтенше жаєдай жарияланды АҚШ билігі қатты қар жаууының жақындап қалуына байланысты елдің алты штатында төтенше жағдай режімін жариялады. Бұл жөнінде кеше «Ассошиейтед пресс» ақпарат агенттігі хабарлады. Төтенше жағдай Вирджинии, Мэриленд, Миссисипи, Джорджии, Солтүстік жəне Оңтүстік Каролина штаттарында енгізіліп отыр. Солтүстік Каролина мен Джорджии штаттарында мектептер 13 ақпанға дейін жабылған. Кеше Атланта, Даллас жəне Солтүстік Каролинадағы əуежайларда 900 рейстің ұшу уақыты ауыстырылған. Жалпы, ел аумағы бойынша кейінге қалдырылған авиарейстердің саны екі мыңға жуықтайды. Жергілікті билік тұрғындарды жеке көліктерін қолданбауға, сондай-ақ үйлерінен шықпауға кеңес беруде.

Жоєары деѕгейдегі келіссґздерін бастады Кеше Солтүстік Корея мен Оңтүстік Корея соңғы жеті жыл ішінде алғаш рет жоғары деңгейдегі келіссөздерін бастады. Пханмунчжо шекаралық бекетінде өтетін бұл келіссөздерге Оңтүстік Корея делегациясына үкімет жанындағы ұлттық қауіпсіздік кеңесі хатшылығының басшысы, ал Солтүстік Корея делегациясына Оңтүстік Корея қатынастарымен айналысатын Вон Дон Ен жетекшілік етуде. Келіссөздердің күн тəртібі құпия күйінде қалып отыр. Сарапшылардың болжамынша, келіссөздерде 1950-1953 жылдардағы Корей соғысы кезінде бір-бірінен ажырап қалған отбасылардың кездесуін өткізу мəселесі талқыланады. Сондай-ақ, КХДР Оңтүстік Кореяны жыл сайын АҚШ-пен бірге бірлесіп өткізетін əскери жаттығудан бас тартқызуға үгіттеу мəселесі де бар сияқты.

Қысқа қайырып айтқанда:

Сеул қаласының тұрғыны 2007 жылы обыр ауруынан қайтыс болған күйеуінің жансыз денесімен жеті жыл бірге тұрып келіпті. Ол күйеуінің денесін бальзамдап қойған екен. Ресей мемдумасының комитет төрағасы Алексей Пушков Ресей тарихын қорғау туралы заң қабылдауды ұсынды. Оның пікірінше, Ресейде де, шетелдерде де тарихты бұрмалаушылар кездеседі. Польша соты екі миллион бал арасын өлтірді деп танылған Яна есімді əйелді төрт ай ғана шартты мерзімге кесті. Бұған бал арасының иелері қанағаттанбай отыр.

Тўрєындар ќауіпсіз жерге кґшірілуде «Əл-Жазира» телеарнасының хабарлауынша, соңғы төрт тəулік ішінде Сирияның Хомс қаласынан 1130дан астам адам қауіпсіз жерге көшірілген. Олардың 500-ге жуығы балалар. Бүгінде бұл қалаға өз үйлерін тастап кеткісі келмегендерге гуманитарлық көмектер жеткізу жұмысы жалғастырылып жатыр. Олардың саны 2,5 мыңға жуықтайды деген дерек бар. Қарулы оппозицияның бақылауында тұрған қаладан тұрғындарды көшіру Сирия билігі мен көтерілісшілер арасындағы келісім бойынша жүзеге асырылуда. 2012 жылдың ортасынан бері соғыс қимылдары бір толастамағандықтан, бейбіт тұрғындар қаладан шыға алмай келген еді.

Жаѕа орденмен əйелдер єана наградталады Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедов елде «Əйел рухы» деген жаңа орден тағайындау туралы жарлыққа қол қойды. Бұл орден 1996 жылы С.Ниязовтың анасының құрметіне шығарылған орденнің орнын басады. «Новости» агенттігінің хабарлауынша, жаңа награда республиканың тəуелсіздігін нығайтуға ерекше үлес қосқан, сондайақ, экономиканы, ғылым мен мəдениетті дамытуда ерекше көзге түскен əйелдерге беріледі. Аталған орденмен Түркіменстанмен екіжақты қатынастарды дамытуға еңбек сіңірген өзге мемлекеттердің де əйелдері наградталады. Бір атап өтерлігі, осы орденмен наградталғандарға 300 доллар қоса табыс етіледі.

Шынымен солай болєан ба?! Британдық ғалымдар Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Маргарет Тэтчердің саясатынан құрбан болғандардың санын есептеп шығарды. Зерттеуді бірқатар университеттің қызметкерлері жүргізген. Сарапшылар Тэтчердің реформалары кезінде жұмыссыздық артты, мемлекеттік жəрдемақы қысқарды, бұлар көптеген британдық азаматтардың ертерек өмірден озуына соқтырды деген қорытынды жасаған көрінеді. Ғалымдардың айтуынша, Тэтчердің жүргізген саясатынан жыл сайын 2,5 мың адам құрбандыққа ұшыраған. Олар, сондайақ, бұл «айсбергтің ұшы» ғана екендерін айтыпты. Интернет материалдары негізінде əзірленді.


 Есімі елге елеулі

Дарын аєашыныѕ мəуесі Химия – математикамен қатар органикалық жəне бейорганикалық синтез арқылы өз зерттеу нысандарын өзі туғызатын сирек ғылымдардың бірі. Мұндағы жетістіктер жиналған білімнің қорына ғана емес, сонымен қатар, зерттеушінің интуициясына, түйсігіне, болжау қабілетіне, өткір фантазиясына, зор еңбекқорлығына, мақсатқа жетуге деген ұмтылысына, күнделікті ұсақ-түйек істердің ішінен ең маңыздысын анықтай білуіне тəуелді. Химия ғылымында табысты жұмыс істеу үшін Табиғатқа сұрақ қою жəне оған тапқан жауаптардан лəззат алу деген қасиетті қабілетті ғұмыр бойы сақтай білу қажет. Өз бойында осы қасиеттерді ғылыми адалдықпен, күрескерлік жəне азаматтық ұстанымдармен ұштастыру нағыз ғалымның сипаты болып келеді. Болат Ахметұлы Жұбановтың өмірі мен ізденіс жолдарын ғылымдағы лаулап жанудың нағыз үлгісі деуге болады. Павел МЕССЕРЛЕ,

химия ғылымдарының докторы, профессор.

Педагогикада тұлғаның негізі балалық шағында, жанұясында қалыптасады деген қағида белгілі. Болат Ахметұлы 1929 жылы 4 ақпанда Ақтөбе облысы Темір ауданының № 9 ауылында кейінірек композитор, академик болған қазақ кəсіби музыкалық мектебінің негізін қалаушы Ахмет Жұбановтың жанұясында дүниеге келген. Жұбановтың жанұясындағы шығармашылық көзқарас балалардың жанжақты дамуына жағдай жасады, дегенмен олардың мамандық таңдауында музыка мен химия ерекше орын алады. Ахмет Жұбановтың ұлдары Болат пен Қайырдың химияға бүкіл өмірлерін арнағандықтары бұл ғылымның да шабыт пен ойдың асқақтығын талап етуі музыкадан кем болмағанынан шығар! Əрине, Болат Ахметұлының өмірлік кəсіптік кеңістігін анықтауына ғылыми-техникалық прогрестің химия ғылымын алдыңғы қатарына шығарған заманның да əсері болғаны сөзсіз. Ол 1947 жылы Алматыдағы №25 орта мектепті тəмамдап, Д.И.Менделеев атындағы Мəскеу хи миятехнологиялық институтына түседі. 1952 жылы институтты бітіргеннен кейін аспирантураға қабылданады. Б.А.Жұбановтың ғы лыми жəне азаматтық көзқарасының қалыптасуына жоғары молекулалық қосылыстар химиясы саласындағы белгілі ғалымдар – КСРО Ғылым академиясының академигі В.К.Коршак жəне профессор Г.С.Колесников үлкен ықпал жасады. Осы ғалымдардың жетекшілігімен Болат Ахметұлы 1955 жылы кандидаттық диссертациясын қорғайды жəне 1956 жылға дейін КСРО Ғылым академиясының Элементті органикалық қосылыстар институтында жұмыс істейді. Болат Ахметұлының 1956 жылдан бастап осы кезге дейінгі бүкіл ғұмыры Қазақ КСР Ғылым академиясының Химия ғылымдары институтымен байланысты. Осы киелі ғылым орталығында ол поликонденсациялық полимерлер – полиимидтерді синтездеу

жұмысын бастап, тиянақты ізденіс нəтижесінде небəрі 37 жасында докторлық диссертация қорғайды, сөйтіп 40 жасқа жетпей республикалық Академияның алдыңғы қатардағы институттарының бірінің директоры болады. 41 жасында Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондентмүшесі, 43-інде – осы Академияның химия-технологиялық бөлімінің академик-хатшысы, ал 46 жасында – академигі болып сайланады. Полимерлер химиясы саласында ғылыми-педагогикалық кадрлар дайындау мақсатында 1963 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің химия факультетінде жоғары молекулалық қосылыстар химиясы кафедрасын ашу туралы шешім қабылданады. Бұл кафедраны ұйымдастыру үшін химия факультетінің деканы Б.А.Бірімжанов техника ғылымдарының кандидаты, кейінірек осы кафедраның меңге рушісі болған Б.А.Жұбановты шақырды. Болат Ахметұлы осы кафедраның оқу ісін қажетті дəрежеге қоюға, дəрістер курстарының бағдарламаларын, арнайы жəне жалпы практикумдарды дайындауға үлкен үлес қосты. Сонымен қатар, Болат Ахметұлы кафедраның ғылыми-зерттеулерінің дамуына өз үлесін қосты, оның жетекшілігімен полимерлер химиясының əр саласында ғылымизерттеулер басталды. Академик Б.А.Жұбановтың ғылыми-зерттеулері полимерлер химиясының əртүрлі бөлімдерін қамтиды. Ол тепе-теңдікті жəне тепе-теңдіксіз поликонденсациялау реакцияларының теориялық негіздерін ұсынып, жаңа мономерлер мен жоғарымолекулалық қосылыстар алудың тиімді жолдарын тапқан. Синтезделген ерігіш полиимидтердің негізінде «Пластик», «Пластмасса», «Химталшық» ғылыми-өндіріс орындарымен жəне кабель өндіріс өкілдерімен бірігіп, термотұрақты талшықтар, қабыршықтар, лактар, бояулар жəне эмаль-өткізгіштер шығарған. Ма йысқақ айналар, коллекторлар жəне сəуле шағылыстырғыштары, ультражұқа конденсаторлар, микрочиптер жəне микроактиваторларды металмен қаптау үшін қолданылатын

жаңа материалдар жасалған. 80-жылдардың басында Қазақстанда алғаш рет Б.А.Жұбановтың жетекшілігімен биоүйлесімдік жəне терапиялық қасиеттері бар полимерлер алу бағытында зерттеулер қойылды. Синтетикалық жəне табиғи полимерлер қатарының қолданылуымен анестезиялық əсерлі суда ерігіш макромолекулалық жүйелердің инъекциялық жəне үлдірлік формалары алынды. Офтальмохирургияда, асқазан-ішек трактының хирургиясында, проктологияда, сонымен қатар, тері жарақаттары мен күйіктерін емдеуде функционалды жəне терапиялық импланттар ретінде қолданылған биоүйлесімді полимерлік материалдар жасалды. Қабынуға қарсы қолданатын препарат глидериннің, глаукоманы емдеуге арналған препарат пилокарпиннің полимерлік формалары, РП-3 радиопротекторлары, «Клофеоптик» атты көз дəрісінің қабыршықты формасы алынып, көздің онкологиялық ауруларының фотодинамикалық терапиясына арналған фотосенсибилизаторлардың поли мерлік формалары жасалды. Полимерлер қатарының микро-жəне нанотүзілуінің заманауи принциптерін қолдана отырып, гормондық хроножəне пульсотерапияда қолдануға, сонымен бірге, зақымданған органдарға микро-жəне нанобөлшектерді локальді енгізуге арналған белсенділігі бақылаулы жаңа терапиялық жүйелер жасалды. Дəнді дақылдардың, өсімдіктердің жəне мақтаның өсуіне оң əсері ұзартылған жаңа полимерлік жүйелер ұсынылды. Болат Ахметұлы бойында ғалым мен педагогтің таланты бірдей үйлескен. Ол Қазақстанда полимерлермен айналысатын ғалымдар мектебінің негізін қалап, олардың еліміздегі əртүрлі өндіріс салаларында қолданыс тауып жатқан қасиеттері реттеулі жаңа полимерлік материалдар алу жұмысына жетекшілік жасап отыр. Ғалым полимерлердің химия сы мен технологиясы саласында жоға ры санатты кадрлар дайындауға

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитетінің «Қостанай мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті» ММ республикалық мүлікті жалға (жалдауға) беру жөнінде тендер өткізеді. Тендер 2014 жылғы 3 наурызда сағат 11.00-де əкімшілік ғимаратта мына мекенжайда болады: Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Гоголь көшесі 75, 1-қабат, 115-бөлме. Лот № 1. Офистік барлық инженерліктехникалық құрылғыларымен бірге жапсарлас салынған тұрақжай, ғимараттағы алаңы 11,8 ш.м. орналасқан мекенжайы: Қостанай қ., Мəуленов көшесі, 21 (баланс ұстаушы – «Қостанай қаласы бойынша салық басқармасы» ММ), төлемдер қабылдау қосынына пайдалану үшін. Жалдау ақысының бастапқы мөлшерлемесі айына – 12293 теңге. Кепілді жарна – 4917 теңге. Лот № 2. Офистік барлық инженерліктехникалық құрылғыларымен бірге жапсарлас салынған тұрақжай, ғимараттағы алаңы 7,3 ш.м. орналасқан мекенжайы: Рудный қ., Володарский көшесі, 190 (баланс ұстаушы – «Облыстық соттың кеңесі» ММ), төлемдер қабылдау қосынына пайдалану үшін. Жалдау ақысының бастапқы мөлшерлемесі айына – 4563 теңге. Кепілді жарна – 2281 теңге. Лот № 3. Офистік барлық инженерліктехникалық құрылғыларымен бірге жапсарлас салынған тұрақжай, ғимараттағы алаңы 11,5 ш.м. орналасқан мекенжайы: Рудный қ., Корчагин көшесі, 76 (баланс ұстаушы – «ХҚКО» РМҚ), төлемдер қабылдау қосынына пайдалану үшін. Жалдау ақысының бастапқы мөлшерлемесі айына – 7188 теңге. Кепілді жарна – 3594 теңге. Лот № 4. Офистік барлық инженерліктехникалық құрылғыларымен бірге жапсарлас салынған тұрақжай, ғимараттағы алаңы 7,75 ш.м. орналасқан мекенжайы: Əулиекөл кенті, Съянов көшесі, 43 (б��ланс ұстаушы – «Əулиекөл ауданы бойынша салық басқармасы» ММ), төлемдер қабылдау қосынына пайдалану үшін. Жалдау ақысының бастапқы мөлшерлемесі – айына 3229 теңге. Кепілді жарна – 1615 теңге. Лот № 5. Офистік барлық инженерліктехникалық құрылғыларымен бірге жапсарлас салынған тұрақжай, ғимараттағы алаңы 17,15 ш.м. орналасқан мекенжайы: Лисаков қ., 4-ш/а, 25-үй (баланс ұстаушы – «Лисаков қаласы бойынша салық басқармасы» ММ), төлемдер қабылдау қосынына пайдалану үшін. Жалдау ақысының бастапқы мөлшерлемесі айына – 10720 теңге. Кепілді жарна – 5360 теңге. Лот № 6. Офистік барлық инженерліктехникалық құрылғыларымен бірге жапсарлас салынған тұрақжай, ғимараттағы

9

www.egemen.kz

13 ақпан 2014 жыл

алаңы 15,3 ш.м. оның ішінде қосалқы алаңы 2,9 ш.м. орналасқан мекенжайы: Жітіқара қ., Ленин көшесі, 108 (баланс ұстаушы – «ХҚКО» РМҚ), төлемдер қабылдау қосынына пайдалану үшін. Жалдау ақысының бастапқы мөлшерлемесі – айына 6134 теңге. Кепілді жарна - 3067 теңге. Лот № 7. Тұрақжай (гараж), ғимараттағы алаңы 401,2 ш.м. орналасқан мекенжайы: Таран ауданы, Тобыл кенті, (Баланс ұстаушы – ҚР ККМ «Автомобиль жолдары комитеті» ММ. Жалдау ақысының бастапқы мөлшерлемесі айына – 42882 теңге. Кепілді жарна – 22569 теңге. Тендер шарты: 1. Тұрақжайды айлық жалдау мөлшерлемесінің ең үлкен көлемі. 2. Нысанды тікелей мақсаты бойынша пайдалану. 3. Ішкі жалдауға берілмейді. 4. Мүліктік жалдау шартын жасау мерзімі – 04.03.2014 ж. бастап 03.03.2015 ж. дейін. Жалдау ақысының мөлшерлемесіне коммуналдық қызметтер мен орынға қызмет көрсетудің шығыны енгізілмейді. Олар бөлек төленеді. Егер тіркелген өтініштердің саны екеуден кем болса, онда тендер болмады деп жарияланады (бұған екінші жəне одан кейінгі тендерлерді қоспағанда). Тендер өткізу ережесі Комиссия тендер өткізу кезінде нысан үшін бастапқыдан төмен емес жалдау ақысының ең жоғары сомасын ұсынған жəне тендерлік құжаттамада қамтылған барлық талаптарға сай келетін қатысушыны тендер жеңімпазы деп жариялайды. Тендерлік құжаттаманы мына мекенжайдан алуға болады: Қостанай қ., Гоголь к-сі, 75, 115-бөлме. Кепілді жарна Қостанай мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаментінің мына депозиттік шотына енгізіледі: № KZ350705012170174006, БИК ККМFKZ2A, 070 банк коды, БСН 120240011849, КБЕ 11, КНП 171, ҚР Қаржы министрлігі «Қазынашылық комитеті» ММ. Тендерге қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі: тендерге қатысуға өтініш, онда тендерге қатысуға үміткердің келісімі жəне оның тендер шартын орындау бойынша

міндеттемесі жəне тиісті шартты жасауы қамтылады; жапсырылған конвертке салынған ай сайынғы жалдау ақысы бойынша ұсыныс; кепілді жарнаның аударылғандығын растайын төлем тапсырмасының көшірмесі; өтініш беру сəтінде салық берешегінің болмауы туралы салық органынан анықтама; 1) заңды тұлғалар үшiн – салыстыру үшiн мiндеттi түрде түпнұсқасын ұсына отырып мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куəлiктiң, құрылтай құжаттардың (құрылтай шарты мен жарғы) не көрсетiлген құжаттардың жəне нотариалды куəландырылған көшiрмелерiн; акционерлік қоғамдар үшін – бағалы қағаздарды ұстаушылардан тізілімнен көшірме; - жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін – серіктестік қатысушыларының тізілімінен көшірме (серіктестік қатысушыларының тізілімін жүргізу жағдайында); - шетелдік заңды тұлғалар үшін – қазақ жəне орыс тілдеріне аударылып нотариалды расталған құрылтай құжаттар; 2) жеке тұлғалар үшін – жеке кəсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куəліктің көшірмесі, жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжат, салыстыру үшін түпнұсқасын міндетті түрде көрсете отырып үй кітапшасын немесе аталған құжаттардың нотариалды куəландырылған көшірмелері. Мүлікті жалға беруге шарт жасау мерзімі – баланс ұстаушымен келісім бойынша одан əрі ұзарту мүмкіндігімен. Мүліктік жалдау шартын жасау мерзімі – 04.03.2014 ж. бастап 03.03.2015 ж. дейін. Тендер жеңімпазымен шарт тендер хаттамасына қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік 10 күннен кешіктірмей жасалады. Өтініштер қабылдау жалға берушінің мекенжайына құжаттарды тігілген түрінде, беттері нөмірленген жəне мөрленіп (жеке тұлға үшін, егер мұндай болса) тапсыру жағдайында ақпараттық хабарлама жарияланған күнінен бастап жүргізіледі жəне 2014 жылғы 28 ақпанда сағат 11.00де аяқталады. Өтінімдер мына мекенжайда қабылданады: Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, 75, 115-бөлме. Анықтама алу телефондары 501-511, 500510 (факс).

ерекше мəн береді. Болат Ахметұлының жетекшілігімен 19 докторлық жəне 100 кандидаттық диссертация қорғалған. Қазіргі оның шəкірттері əлемнің белгілі ғылыми орталықтары мен жоғары оқу орындарында қызмет етеді. Б.А.Жұбановтың қалыптастырған полимерлік ғылыми мектебі елімізде де, халықаралық деңгейде де мойындалған. Академик Б.А.Жұбанов 1400 ғылыми еңбектің, 20 монографияның, 3 кітапшаның жəне қазақ, орыс, ағылшын, неміс тілдерінде шыққан химиялық сөздіктің, химия терминдерінің қазақорыс сөздігінің, 350-ден астам өнертабыстардың авторы немесе авторласы. Болат Ахметұлының жұмыстары халықаралық ғылыми қоғамдастыққа кеңінен танымал. Б.А.Жұ банов 20 жылдан астам Қазақ КСР Ғылым академиясының Химия ғылымдары институтының директоры бола тұра бар күші мен энергиясын ғылымиұйымдастырушылық жұмысқа салды. Химия ғылымдары институты Болат Ахметұлы Жұбановтың директор болу кезеңінде химияны дамытудағы жəне ғылыми нəтижелерді практикаға енгізудегі жетістіктері үшін Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. Оның жетекшілігімен Алматыда бірталай ірі халықаралық симпозиумдар жүргізіліп, жан-жақты халықаралық байланыстар аясында зерттеулер жүргізіліп отыр. Ол бірталай халықаралық мерзімді ғылыми басылымдарының бас редакторы жəне редакция алқаларының мүшесі болды. Ғылымды дамытудағы жəне жоғары санатты ғылыми мамандарды дайындауда жеткен жетістіктері үшін Болат Ахметұлы Жұбанов Қазан Революциясы, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен жəне медальдармен марапатталып, «Қазақ КСР ғылымының еңбек сіңірген қайраткері», Қазақ КСР-інің Ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1984 жыл), жаңа биоүйлесімді полимерлер саласындағы Қ.И.Сəтбаев атындағы сыйлықтың лауреаты (2000 жыл) атақтарын иеленді. Болат Ахметұлының бойында жоғары мəдениеттілік, принципшілдік, демократиялық, ұйымдастырушылық талант пен химиялық мəселе ғылымдарының өзекті мəселелерін шешуде ұстанатын мемлекеттік сана-сезім үлкен адамгершілікпен, кеңпейілділікпен жақсы үйлесім тапқан. Ол əр адамды үлкен тұлға деп есептейді жəне оның шығармашылық талантының ашылуына барлық жағдайды жасауға тырысады. Сондықтан Болат Ахмет ұлының полимерлік мектебін толықтыратын жастардың ұстанатын бағыты – ұстаз бен шəкірттің ара қатынасының тазалығы, кəсіби адалдық пен жоғары адамгершілік. Б.А.Жұбанов Қазақстанның іргелі ғылымының дамуындағы ірі тұлғалардың бірі болып келеді.

 Өнеге «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға», деп ұлы Абай айтқандай, нағыз ұстаздар шындығында қанша жасқа келсе де, өскелең ұрпақты оқытып-тəрбиелеуден шаршамайтыны анық екен. Оның жарқын дəлелі ретінде мен үшін ғылымда парасатты, өмірде ұлағатты ұстаз болған Педагогикалық ғылымдар академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Болат Əбдікəрімұлын толық айтуға болады.

Ўстаз

Қазақстанның ғылыми-педагогикалық қауымдастығы Б.Əбдікəрімұлын елiмiздiң топтан озған белгiлi де бiлiмдар оқымысты, жаңа толқын жас ғалымдар мектебін қалыптастырған білікті маман ретiнде жақсы бiледi. Оның жетекшілігімен педагогика саласынан 12 ғылым докторы, 60 ғылым кандидаты, экономика бойынша 4 ғылым кандидаты жəне бірнеше магистрлер дəрежелерін абыроймен қорғады. Текті елдің тəлімі мен тəрбиесін бойына сіңіре отырып, қасиетті Сарыарқаның кең байтақ даласында білім мен ғылымды дамыту үшін Болат аға аянбай еңбек етіп келе жатыр. «Қариясы бар үйдің – қазынасы бар», деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өмірден көргені мен түйгені көп, кəсіптік білім беру саласынан тəжірибесі мол, ғылымда өзіндік қолтаңбасы бар көрнекті ғалым бүгінде елордадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде қызмет етіп, оның дамуына мол үлес қосып отыр. «Əліпті таяқ деп білмейтін сəбиден саналы азаматты қалай тəрбиелеп шығаруды» зерттейтін педагогиканы ғылымның төресі деп мойындамайтын адам өзін осы күйінде аспаннан аяғы салбырап түсе салғандай сезінетін шығар мүмкін. Дегенмен, адамды тəрбиелеу ең күрделі іс екендігін кімде-кім болсын мойындайтыны хақ. Міне, осындай үлкен жауапкершілікті істің басында тұрып, күні бүгінге дейін тың идеялар ұсынып ғылыми еңбектер жазудан, бойындағы ұлан-ғайыр білімі мен іс-тəжірибесінен дəріс оқып, шəкірт тəрбиелеуден Болат Əбдікəрімұлы еш жалыққан емес. Мен үшін еңбек жолын қарапайым жұмысшы болып бастап, ұдайы оқып, тынбай ізденіп, өзін өзі жетілдірудің арқасында кемел азамат биігіне жетіп, бүгінде ел таныған қайраткер дəрежесіне көтерілген

ұстазымның орны ерекше. Дүние де өзі, мал да өзі, Ғылымға көңіл бөлсеңіз. Білгендердің сөзіне, Махаббатпен ерсеңіз, деп ұлы Абай атамыз айтқандай, ұлағатты ұстазымнан көп нəрсе үйреніп, білімімді шыңдай түстім. Оның жетекшілігімен кандидаттық жəне докторлық диссертация қо��ғап, бүгінде профессор атанып отырмын. Иə, Болат аға қашанда өзінің ерекше білімділігімен, асқан парасаттылығымен мені үнемі жігерлендіріп алға қарай жетелеп отырады. Биылғы, он жеті ақпан күні Болат Əбдікəрімұлы өмірдің тағы бір асқарлы белесіне шығып, 75 жылдық мерейтойын атағалы отыр. Осы айтулы оқиғаға байланысты барлық шəкірттері атынан Болат ағаға мерейжасыңыз мерекелі, өміріңіз берекелі, денсаулығыңыз зор, отбасыңыз бақытты болсын дейміз. Қарлығаш САРБАСОВА, педагогика ғылымдарының докторы, профессор.

АСТАНА.

 Қылмыс

Барымташылардыѕ жолын кесті Өткен демалыс күндері Тараз шекара отрядының шекарашылары заңсыз жолмен шекарадан барлығы 22 бас жылқыны өткізбек болғандардың жолын кесті, деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ-ның баспасөз қызметі. «Жасөркен» застава шекарашылары заңсыз жолмен жылқы айдап келе жатқан 2 адамды ұстады, оның бірі Қырғызстан азаматы болса, екіншісі өзіміздің отандасымыз болып шықты. Ұсталғандар 14 бас жылқыны көрші мемлекеттен біздің елге өткізбек болған.

«Банк ЦентрКредит» АҚ «Қазақстан қор биржасы» АҚ ресми тізіміне кіретін НИН KZP07Y10C336 ипотекалық облигациялар шығарылымдары жөнінен «Темірбанк» АҚ ипотекалық облигацияларын ұстаушылардың Өкілі болып табылады. Өз міндеттемелерін орындау мақсатында Өкіл «Темірбанк» АҚ облигация ұстаушылар алдындағы міндеттемелерін орындауының қамтамасыздандыруы болып табылатын кепіл мүлкінің 01.01.2014 ж. мəліметтер бойынша жай-күйін іріктеулі түрде тексерді. Жасалған іріктеулі тексеріс негізінде Өкіл кепіл мүлкінің жай-күйі мен ипотекалық облигацияларды қамтамасыз ету коэффициентінің мəні облигациялар шығарылымдары жобаларының жəне кепіл шарттарының талаптарына сай екендігін мəлімдейді. Сондай-ақ іріктеулі тексеріс нəтижесі бойынша Өкіл «Темірбанк» акционерлік қоғамына қарыздар бойынша деректердің есебін жүргізу жүйесіне ақпарат енгізуге, кепіл затына жəне қарыз бойынша негізгі борыштың өтелуіне мониторинг жүргізуге кейінгі бақылау жасауды күшейтуді жəне қолданылған шаралар туралы хабарлауды ұсынды. «Темірбанк» АҚ облигация ұстаушылар алдындағы өз міндеттемелерін орындауының қамтамасыздандыруы болып табылатын кепіл мүлкінің жай-күйін тексеру үшін берілген қажетті ақпараттың шынайылығы үшін «Темірбанк» АҚ басшылығы жауапкершілік көтереді.

АО «Банк ЦентрКредит» является Представителем держателей ипотечных облигаций выпуска НИНKZP07Y10C336 АО «Темірбанк», входящих в официальный список АО «Казахстанская фондовая биржа». В целях исполнения своих обязательств Представителем была проведена выборочная проверка состояния залогового имущества по данным реестра залога по состоянию на 01.01.2014 г. являющегося обеспечением исполнения обязательств АО «Темірбанк» перед держателями облигаций. На основании проведенной выборочной проверки предмета залога Представитель сообщает, что обеспечение и значение коэффициента обеспечения ипотечных облигаций соответствует требованию проспекта выпуска облигаций и договора залога. По результатам выборочной проверки, Представитель рекомендовал АО «Темірбанк» усилить последующий контроль над вводом информации в систему учета данных по займам, за мониторингом предмета залога и погашением основного долга по займу, и уведомить о принятых мерах. Ответственность за достоверность предоставленной информации, необходимой для проведения анализа состояния имущества, являющегося обеспечением исполнения обязательств АО «Темірбанк» перед держателями облигаций, несет руководство АО «Темірбанк». «АППАҚ» ЖШС мекенжайы: Алматы қаласы, Тимирязев көшесі, 42-үй, «Экспо-Сити» кеңсе орталығы, 15/109-павильон, umts@appak.kz электронды поштасы, ұзақ мерзімге сатып алуға ашық тендер өтетіні туралы хабарлайды, атауы «Тасымалдауға арналған тауар тоғанағы». Тендер тек отандық тауар өндірушілер арасында өтеді. Тауар жеткізу орны: 161003, Оңтүстік Казақстан облысы, Созақ ауданы, Қыземшек ауылы, «АППАҚ» ЖШС кен орны. Тауардың атауы, талап етілетін көлемі, жеткізу орны мен мерзімі, жұмыстардың орындалуы, қызметтер көрсету - тендерлік құжаттамада қамтылған. Тендерге қатысуға өтілімдер 13.03.2014 ж. сағат 10.00-ге дейін мына мекенжайда қабылданады: Алматы қаласы, Тимирязев көшесі, 42-үй, «Экспо-Сити» кеңсе орталығы, 15/109-павильон, 1-қабат, байланыс телефондары: /727/ 259 90 74; 258 50 81. Тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу мерзімі 13.03.2014 ж. сағат 10.30-да. Тендерлік құжаттаманы Аппақ веб-сайтынан немесе umts@appak.kz мекенжайына жазбаша хабарласып электронды пошта арқылы алуға болады. ТОО «АППАК», расположенное по адресу: 050057, г. Алматы, ул. Тимирязева, 42, офисный центр «Экспо-Сити», павильон 15/109, эл.почта - umts@appak.kz, объявляет о проведении долгосрочных закупок способом открытого тендера «Транспортные упаковочные комплекты». Тендер проводится среди отечественных товаропроизводителей закупаемого товара. Место поставки товара: 161003, РК, ЮКО, Сузакский район, пос. Кыземшек, рудник ТОО «АППАК». Наименование, а также требуемые объем, место и сроки поставки товаров, выполнения работ, оказания услуг - содержится в тендерной документации. Заявка на участие в тендере принимаются, до 10.00 ч. 13.03.2014 года по адресу: г. Алматы, ул. Тимирязева, 42, офисный центр «Экспо-Сити», павильон 15/109, 1-этаж, телефон /727/ 259 90 74; 258 50 81. Заседание тендерной комиссии по вскрытию конвертов состоится в 10.30 часов 13.03.2014 года. Тендерную документацию можно скачать на веб-сайте Аппак или получить по электронной почте, обратившись письменно на адрес umts@appak.kz».

Бұдан бір күн кейін «Шөлдала» шекара заставасының шекарашылары шекараның бұзыл ғандығын жəне ондағы белгісіз іздерді анықтаған болатын. Іздестіру шараларын ұйымдастыру нəтижесінде əлгі іздер «Бектөбе» елді мекеніндегі бір үйге алып келді. Үй иесі заңсыз өткен жылқыларды «КамАЗ» жүк көлігіне тиеп жатқан кезде қолға түсті. Ал 8 бас жылқы заставаға қамалды, олардың кейінгі тағдырын шешу үшін істі ҚР ҚК 209-бабының 1-тармағына сəйкес Жамбыл аудандық прокуратурасына беру көзделіп отыр. Аталған деректер бойынша Жамбыл облыстық құқық қорғау органдары мен Оңтүстік аумақтық əскери прокуратурасы хабарландырылды.

«Тройка Диалог Қазақстан» акционерлік қоғамы, бұдан əрі - қоғам, (заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы куəлік №84149-1910-АҚ, 04.08.2008 жылы Алматы қаласы Əділет департаментімен берілген) қоғамның ерікті тарауына байланысты 17.02.2014 ж. бастап қоғамның акциялар шығарылымының жойылуы туралы хабарлайды (10.02.2014 ж. № А5521 акциялар шығарылымын жою туралы куəлік, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қаржы нарығын жəне қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті берген).

Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2014 жылғы 24 қаңтарда қабылдаған ұйғарымына сəйкес «Чералтехносервис» ЖШС-ны (тіркеу нөмірі: 79094-1910-ЖШС, БСН 060740008724, СТН 600900574378, заңды мекенжайы: 050032, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Алатау кенті, Молодежная көшесі, 11-үй, 16-пəтер) банкроттау жөнінде іс қозғалды.

Сейтхожин Ахметше Амирбековичтің атына берілген 17.10.2011 жылғы № 4052 беру туралы шарт құжаттары жоғалуына байланысты жарамсыз деп табылсын. Кадастр № 01:011:018:1533:9:70.

Қазақстан Республикасы Жоғары Соты Шамшиев Арман Джумабаевичтің атына 16.04.2013 ж. берген №242 Б қызмет куəлігі жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын.

Егер сіз «Егемен Қазақстан» газетіне жарнама бергіңіз келсе, мына телефондарға хабарласыңыз: Астана тел/факс 37-64-48, 37-60-49. Электронды пошта: egemen_adv@mail.ru. Алматы 273-74-39, ф. 273-73-97. Электронды пошта: gulnurekkz@mail.ru.

Ш.Уəлиханов атындағы Тарих жəне этнология институтының ұжымы академик, тарих ғылымдарының докторы Кеңес Нұрпейісұлы Нұрпейісовтің зайыбы Мəриям ЖҮНІСҚЫЗЫНЫҢ қайтыс болуына байланысты туған-туысқандарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркəсіп палатасының жəне аумақтық сауда-өнеркəсіп палаталарының ұжымдары Сауда-өнеркəсіп палатасының президенті Сабыр Сайлаубекұлы Есімбековке əкесі, еңбек сіңірген спорт шебері, «Қайрат» футбол командасының бұрынғы ойыншысы, «Медеу» спорт кешенінің директоры Сайлаубек ЕСІМБЕКОВТІҢ қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Алатаудың ақиық ақыны Кенен Əзірбаевтың қызы АҚТАМАҚТЫҢ қайтыс болуына байланысты бауырлары Төрткенге, Бақытжанға, Ақбілекке қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз. Марқұмның жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын. Достары. Қазақ мал шаруашылығы жəне мал азығы өндірісі ғылыми-зерттеу институтының ұжымы институттың жетекші ғылыми қызметкері, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Қадырбай Пірəліұлы Тəжиевке ағасы Кəдір Пірəліұлы ТƏЖИЕВТІҢ мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.


10

www.egemen.kz

13 ақпан 2014 жыл

Бəйге тґрінде бəсеке кїшейді Күннен күн асқан сайын Сочиде өтіп жатқан XXII Қысқы Олимпия ойындары бəйгесі төріндегі бəсеке күшейіп келеді. Сол шайқастардың шарпулары шығар, ондағы нəтижелер мен көрсеткіштер əр сайыстан соң өзгеріп, топ басындағылардың таласына түзетулер еніп жатыр. Мұны біз есебін беріп отырған сейсенбі, 11 ақпан күнгі кестесі де көрсетіп берді. Таңның тарапы Канада құрамасының жалпы есепте бірінші болып тұрғанына куəлік еткенімен, екінді еңіске құлаған шамада көш тізгінін Норвегия құрама��ы ұстады. Ал түнге қарай медаль санын арттырған арыстан жалды түбек жігіттері сол тұғырларын тиянақтай түсті. Бірақ негізгі қарсыластарымен алтын медаль саны бірдей болғандықтан, олардың арқаны кеңге салуға əдділері жоқ-тын. Бұған қоса, соңдарынан «қос ат мініп, қуғынға шыққан» тегеурінді толқын қарасының дүбірі де тым жақыннан естіле бастап еді. Бұл күні 8 медальдің жиынтығы сайысқа түскендердің де, оларды қызықтаушылардың да делебелерін қоздырып, дегбірлерін қашырды. Қазақстан спортшылары осылардың үшеуінің үйіріне үлес қосты.

Расында да, солай. Жаһан жүзінде тап осы лицензияға жете алмай, жолда қалған спортшылар қаншама! Ендеше, кіл құйғытып шабатын жүйріктердің ішінен суырылып шыққандардың да əрбірі құрмет пен қошеметке əбден лайық. Бірақ дəл сол кездесуде Мемлекет басшысы əлгіндегі бағадан кейін ілешала: «Біз Лондон Олимпиадасынан кейін спорттық жетістіктеріміздің деңгейін жоғары көтерген едік, мен енді сіздерге де сондай жаңа жеңістер тілеймін», дегенді қоса айтқан болатын. Демек, бəрібір көбе бұзар жебе керек, жігіттер! Онсыз болмайды. Əлбетте, Пьер Кубертен мырзаның ескертпесі де есте, дегенмен, біздің де өз биігіміз бар екенін көрсететін кезеңіміз келіп-ақ тұр.

Серік ПІРНАЗАР,

«Егемен Қазақстан» – Сочиден.

Кґн садаќтыѕ кґбесі кім? Олимпиялық қозғалыстың сонау Пьер Кубертен заманында өмірге келіп, өнегеге айналған «Басты мақсат – жеңу емес, қатысу» деген қанатты қағидасы бүгінде, сөз жоқ, өзінің əуел бастағы сол құндылығын уақытпен бірге біртіндеп жоғалтып келеді. Қазір Олимпиадаға келгеніне ғана мəз болып, айналасына қызықтап қарап, аузы ашылып жүретін аңқаулар мен аңғалдар жоқ. Ендігі олимпиадашылардың көпшілігі көкірегінде бір-бір көлдің толқыны тулап, бір-бір таулардың төбелері тербетіліп тұрады. Соның ішінде мұнда тұяқ іліктіріп келгендердің кемінде 7080 пайызы Ойындардың тұғырына көтеріліп, мойынға жүлде тағып қайтуды армандайды. Осындайда баяғы батыр бабаларымыздың «Көн садақтың ішінде көбе бұзар жебе бар» деген жыр жолдары еріксіз ойға оралар еді. Сол кезде біздің бүгінгі саңлақтарымыздың арасындағы күндердің күні болғанда, толарсақ терге толғанда, көбе бұзып, жарқ етіп, жеке шыға келер кім екен, деп тоқсан ойдың толғауына түсеміз. Шынында, көн садақтың жебесі кім? Ол кешеден бастап сырғанақ жолды сыпыра тартуға кіріскен конькиші Денис Кузин (суретте) бе, əлде бүгін бірінші рет мұзды алаңға мəн қосатын мəнерлеп сырғанаушы Денис Тен бе, болмаса ақпанның 14-інде өзінің басты жарысы – 15 шақырымға классикалық əдіспен жүгіруге шығатын шаңғышы Алексей Полторанин бе, қайсысы? Француз жазушысы Оноре де Бальзактың «Шегірен былғарысындай» күн санап қысқарып келе жатқан осы өлшеулі уақыт қысқан шекті, мұның түйіні тезірек шешілгенін қалайды көңілі құрғыр. Алайда, тап осы толғамның толымды бір тарқауын қайсыбір күні

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі беріп үлгерген еді-ау. Біздің сол тұжырымнан асып айтарымыз жоқ. Ал Президент ақпанның 7-сі күні Адлердің аумағында, дəл жарыс жолдарының жонында біздің олимпиадашылармен кездесуінде артық-кемі жоқ: «Сіздердің əрқайсыңыздың олимпиадалық лицензияны жеңіп алуыңыздың өзі – спорттық жолдағы үлкен жетістік», деген еді.

Тау басындаєы тартысты талас Бұл күні де біздің спортшылар қатысқан жарыстар түс ауа басталды. Оның дертесін шаңғышы ерлердің еркін əдістегі жеке спринті ағытты. Тау басындағы «Лаура» кешенінде осылайша шаңғы жарысының ең қысқа қашықтықтағы жарысына да кезек келді.

Дерек пен дəйек ● Қазірге дейін Олимпия ойындарының əртүрлі ареналарында өтетін жарыстар үшін 924 802 билет сатылды. ● Сочидегі Олимпиадаға байланысты Ресей армиясының күн тəртібіне өзгеріс енгізілді. Оңтүстік əскери округінің əскери қызметкерлерінің телевизор, соның ішінде Олимпия ойындарын көрулері үшін қосымша 4 сағат бөлінді. Бұл тəртіп 23 ақпанға дейін сақталады. ● Олимпиада астанасында Молдованың елшілігі ашылды. Дипломатиялық миссия курорттағы отельдердің біріне қоныс тепті.

● Кубань өлкесінің кітапханаларында олимпиялық марафон күндері спортқа, саламатты тұрмыс салтына қатысты 4 миллионнан астам кітап пен журнал оқылыпты. ● Олимпия ойындары трансляциясының рейтингін АҚШ телеарналары бастап тұр. Бұл елде 6-9 ақпан ара лығында ғана 103,15 млн. адам Сочиге қарай көз тіккен екен. ● Филиппин мəнерлеп сырғанаушысы Майкл Кристан Мартинес Олимпиадаға келуге ақша алу үшін анасының үйін кепілге қойыпты.

Мұндағы жарыстың көрігін қыздыруға 86 шаңғышы қатысты. Бізден осының алдындағы жалпы ұзындығы 30 шақырымдық классикалық жəне еркін стильдер бойынша жүгіруге қатысқан Алексей Полтораниннің орнына осы кезге дейін трассаға шыға қоймаған Николай Чеботько жіберілді. Жігіттеріміз арасында ең тəуір нəтижеге де сол жетті. Квалификацияда 30-сөреден көрінген Николай ширек финалда 5-орынды місе тұтып, финалға өте алмады. Бұл оның қорытындыда 25-орынға тұрақтағанын айғақтап берді. Ал қалған екі жігітіміз – Роман Рагозин мен Денис Волотка іріктеу сайысының қалың бұрқағында қалып қойды. Олардың еншілеген орындары тиісінше 33 жəне 58 болды. Жарыстың тұғыры түгел Скандинавия жігіттеріне бұйырды. Үш орынды да тілдері мен ділдері ұқсас ұлыстардың ұрпақтары иеленді. Атап айтқанда, бас бəйгені норвег Ола-Виген Хаттестад жеңіп алса, келесі орындарға шведтер Теодор Петерсон мен Эмиль Йенссон жайғасты. Негізгі күрес бұлардың алдыңғы екеуінің арасында өтіп, ол мəреге жеткенше тынған жоқ. Бір тəуірі, біз араға сағаттан астам уақыт салып, төмендегі «Адлер-Арена» кешеніне келгенде, мұнда конькиші əйелдердің 500 метрлік жарысы əлі аяқтала қоймаған екен. Екі жүгірістен тұратын мəреге бізден Екатерина Айдова қатысты. Əлбетте, ол «көбе бұзар жебеміз» емес еді. Былтырғы күзде ғана Астанада өткен Əлем кубогы кезеңі жарысына қатысып, алдына жан салмаған тұйғындай корей қызы Санг-Хва Ванкувердегі жеңісін жалғастырып, Олимпиаданың екінші дүркін чемпионы атанды. Бұған қоса, ол бір жүгірісінде – 37,28, ал қоссайыс қорытындысында 74,70 секунд көрсеткішімен Олимпиаданың екі бірдей рекордын жаңартты. Нəтижесінде, күміс медаль Ольга Фаткулинаға, қола жүлде Маргот Боерге бұйырды. Біздің спортшылар бəрінің соңынан əйелдердің 10 шақырымдық биатлон жарысына қатысты. Жасыратыны жоқ, біз оны көруге бармадық. Тіпті, барғымыз келсе де, қайтадан тау басындағы «Лаура» кешеніне жетіп үлгере алмас едік. Оның үстіне, қыздарымыздың сол сайыстан маңдайлары жарқырап шыға келетіндеріне көңіл иланбады. Расында, солай болды. Беларусь қызы Дарья Домрачева топ жарған сол бəйгеде біздің саңлақтардың алды – Елена Хрусталева көмбеге 37-болып келді. Сонан соңғы Дарья Усанова 41-нəтиже көрсетті. Осымен, жарыстың тағы бір күні өтті. Ал кеше кешке жарыс жолына шанашы қыздар мен конькиші жігіттер шықты. Бұлардың үшінші-төртінші жүгіріс түрінде болған финалдық айқасына Елизавета Аксенова, келесісіне Денис Кузин қатысты.

Ќазаќстанды ґз Отаны санайды Сочиде Қазақстаннан қоныс аударғандар да кездеседі. Қарағандыдан келген ер адаммен көшеде кездесіп қалдық. Аялдамада автобус күтіп отырғанымызда жанымызға келіп, қазақша амандасты. Дастан КЕНЖАЛИН,

«Егемен Қазақстан» – Сочиден.

жеткізді. Дегенмен, Қазақстанда туып-өскен соң, біздің елді сағынатынын да жасырмады. Өзі көп сөзге жоқ адам екен. Осылай онымен жөн сұрасып, қоштастық. Екінші адаммен де көшеде кездестік. Көшені жаяу аралауға шығып, дем алып отырғанымызда жанымызға жасы 40тан асқан келіншек келіп, амандасты. Бірден: «Сəлем бердік!»,

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

Қазақ сахнасының айтулы тұлғасы, аналар бейнесін жасаудың өлшеміне айналған, КСРО жəне Қазақ КСР халық əртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сəбира Майқанованың 100 жылдығы елордадағы Ұлттық кітапханада аталып өтті.

Сахна саѕлаєы Сүлеймен МƏМЕТ,

«Егемен Қазақстан».

Сыр өңірінен түлеп ұшқан сахна саңлағы өткен ғасырдың 30-жылдарынан қазақ театрының қалыптасуына өзіндік үлесін қосумен қатар, таныпбіле алсақ Сəбира Майқанова үлгісін қалыптастырды. Оның тұңғыш рөлі Бейімбет Майлиннің «Майдан» драмасындағы Алтынай болса, одан кейінгі жерде М.Əуезов, Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов, өзге де қаламгерлердің пьесаларындағы алуан түрлі бейнелерді сахна төріне шығарды. Ұлы əртістің Шыңғыс Айтматовтың «Ана – Жер-Анасындағы» Толғанай бейнесі көргендердің көзайымына айналып, кейінгілердің «көрмедік-ау!» деген арманы болып қалды. Осындай дара таланттың бүкіл бітімболмысын жиылған жұртқа Қазақстанның еңбек сіңірген əртісі Рымкеш Омарханова нақты дəйектермен жеткізді. Əсіресе, оның үзбей айтып жүретін «Өмірде ардың, адамшылықтың ізі ғана қалады», деген сөзін мысалға келтіріп: «Оны бүгін Сəбира Майқанова апамыздың өзіне қаратып айтсам артық болмайды», дей келіп, «Ана – Жер-Анадан» үзінді көрсетіп, «Баласының орнына теміржолды құшақтап қалған ананың соңы мен болайын» деген сөзбен ойын түйіндеп, көзіне жас ірікті. Ал театр сыншысы, профессор Əшірбек Сығай «Сəбира кім?» деген сұрақты алға тартып, қазақ өнерінің үш арысы: Қапан Бадыровтай ақтаңгердің ��� 110, қазақ өнері мен киносының ақ кемесі Шəкен Аймановтың – 100, қазақ өнерінің ақжелкені – Сəбира Майқанованың 100 жылдығын биыл атап өту жайына тоқталды. «Биылғы жылды «Сəбиратану жылы» деп атасақ артық болмайды», деген уəжін алға тартып, Сəбирадай асылымызды орыстың белгілі əртістерімен салыстырып, «бүгінгі ұрпақтың бақыты – өз тарихын өзімізден бастау қажеттігін білетіндігі кеңес заманында біз алдымен өзгені айтып, одан кейін барып өзіміз туралы сөз қозғайтынбыз. Сəбира қазақ өнерінің символы, метафорасы», деді. Сыншы ол заманның əртістері өмірде де, өнерге де бірдей екенін айтып, бүгінгі

деді. Қасымызда блоггер, munara. kz сайтының бас редакторы Аршат Оразов бар еді. Сол жігіт одан: «Ақтөбеденсіз бе?», деп сұрады. Ол болса Ақтөбеде тұрғанын айтты. Аршат: «Бəсе, біздің жақта адамдармен осылай амандасады», деп қояды. Ол өзін Юлия деп таныстырды. Бізді алыстан көргенде соңымыздан жүріп, амандасқысы келгенін жеткізді. Бұған дейін де

қазақстандықтарды көріпті. Бірақ олардың жанына келе бергенде автобусқа отырып кеткендерін айтты. Осы кезде Юлияның күйеуі де қасымызға келіп, амандасты. Ол да бұрын Қазақстанда тұрған екен. Нақтырақ айтсақ, Түркістанда туыпты. Осылай, бір күнде бұрынғы екі отандасымызбен кездестік. Келесі күні автобуста тағы бір Қазақстанда тұрған адаммен кездесіп қалдық. Автобуста зейнетке шыққан əйел адам бізді көріп, риза болып отырғанын жасырмады. Осы кезде қасымызға тағы бір əйел адам келе бергенде, бізбен жүрген əріптесіміздің біреуі өз орнын бергенде екеуі тіптен риза болды. Жалпы, бұл елде автобуста үлкен кісіге орын беру дегенді көп біле бермейді екен. Орын бермеу қалыпты жағдай сияқты. Мəселен, автобуста, электричкада болсын жастар əйел адам, жасы үлкен адам түрегеп тұрса да отыра береді. Оған тұрған адамдар ештеңе дей алмайды. Осыдан

кейін биатлон жарысына бара жатқанымызда қасымызға тəртіп сақшысы келіп, бұрын Қазақстанда тұрғанын айтты. Ол Степногорскіде тұрыпты. Қазір онда атам қалды, өзім Удмуртияда тұрамын, деді. Содан кейін биатлон жарысына барып, вокзалдан шыға бергенде тағы бір көшеде көліктердің жүрісін реттеп тұрған жол сақшысымен кездестік. Ол Қарағандыда тұрған екен. Сочиге көшіп келгеніне 15 жылдай уақыт болыпты. Ал кеше Олимпиялық паркке бара жатып, электричкада кездескен адамымыз Астанада тұрыпты. Ресейге екі жыл бұрын көшіп келіпті. Ол да бізге электричкада қазақтарды көріп, көңілі көтеріліп қалғанын айтты. Жалпы, Сочиге қоныс аударған адамдардың бəрінің Қазақстанға деген сезімі жақсы екені көрініп тұрды. Бізді көшеде көргенде: «Біздің қазақтар. Біздің Отанымыз», дейді. Онысын жанында жергілікті тұрғындар тұрса да жасырмайды. Бізге де олардың осы сөздері ұнады.

Дəстїр жалєастыєы Елімізде аңшылық шаруашылық жаңа деңгейге көтерілмек. Соның жарқын бір дəлелі – кеше Ұлттық академиялық кітапханада республикалық ақпараттық-танымдық «Қансонар» журналының тұсаукесер рəсімінің өткізілуі. Бұл басылымның жарық көруі аңшылық дəстүр жалғастығының өріс алуына өзіндік септігін тигізеді деп күтілуде. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,

Тұсаукесер рəсімінде сөйлеген сөзінде «Қансонар» аңшылардың қоғамдық бірлестіктері мен аңшылық шаруашылы ғы субъек тіле рі нің республикалық қауымдастығының төр ағасы Оралбай Əбді кə рімов аңшылық шаруашылығы туралы ақпарат бере кетті. Төрағаның айтуынша, 2012 жылғы 29 қаңтарда күшіне енген «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту жəне пайдалану туралы» Заңның жаңа редакциясына сəйкес, еліміз дің аңшылық жұртшы лығы мен аңшы лық шаруа шылығы субъек тілерінің алдына республикалық қауымдастық құру міндеті қойы лып жəне мем лекет тарапынан қауым дастыққа жануарлар дүниесін қорғау, оның өсімін молайту жəне пайдалану жөніндегі өз өкілеттіктерінің бір бөлігі берілген-ді. «Осылайша, аңшылық шаруашылығын басқару жəне жүргізу мəселелері бойынша мемлекет пен қоғам арасындағы əріптестік қатынастарды қалыптастырудың құқықтық негіздері жасалды», деді О.Əбдікəрімов. «Қансонар» журналының бас редакторы Сағидолла Көшімбаевтың сөзіне қарағанда, журнал тоқсанына 1 рет, ал жылына 4 рет мемлекеттік тілде жəне орыс тілінде жарық көреді. Болашақта

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 273-73-80.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru , egemenkz@maіl.kz Алматыда: факс (727) – 273-73-80, электронды пошта – egemalm@mail.ru

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – (712-2) 32-94-07; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

Көкшетау – (716-2) 25-76-91; Павлодар – (718-2) 68-59-85; Қарағанды – (721-2) 43-94-72; Семей – (722-2) 52-26-86; Қостанай – (714-2) 39-12-15; Тараз – (726-2) 43-37-33; Қызылорда – (724-2) 27-00-85 Шымкент – 8 (701) 404-36-29; Орал – (711-2) 28-80-35; Петропавл – (715-2) 50-72-50. Өскемен – (723-2) 25-28-41; Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-73-97, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

əртістердің кейбірі дайын мəтіннің «құлы» екеніне, жетінші қатарда отырған көрерменге дауысын жеткізе алмай жататынына өкініш білдіріп, Сəбираны тану үшін оның бүкіл өнер жолын, сахнаға шығарған рөлдерін саралай білудің, əсіресе, кейінгі жастарға аса қажеттігін алға тартты. Профессор Сəулебек Асылхан Сəбира Майқанованың өзі Арқа төсіндегі Астанаға жетпегенмен рухы, өнері жеткенін тілге тиек етіп, данагөй, қамқоршы, «бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деп ақиқатты айтатын адам қандай болады десе, Сəбира Майқанова еске түсетінін жеткізді. Ол кешегі кеңес дəуірінде əртістер көп нəрседен кем де қалмағанын, бір жылда 17 өнер иесінің пəтер алып, 12-сінің жоғары атаққа қолы жеткенін назарға салып, бүгінгі əртістердің, оның ішінде жастардың 30-40 мың теңгемен жанкешті жұмыс істеп жүргеніне мысалдар келтірді. Сатирик Көпен Əмірбек те Сəбира апамыздың жасандылықтан аулақ нағыз халықтық қасиеттерін таратып айтты. Кеште Қ.Қуанышбаев атындағы Академиялық қазақ музыка театрының əртістері жəне Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттері Сəбира Майқанова ойнаған спектакльдерден үзінді көрсетіп, монологтар оқыды. Айтулы өнер иесінің сүйіп тыңдаған əндерін жастар бірінен кейін бірі əуелетті.

● Тұсаукесер

«Егемен Қазақстан».

● Олимпиада тынысы

Қасымызға келген бетте: «Халдерің қалай, қазақтар? Амансыңдар ма?», деп ана тілімізде жөн сұрасты. Өзі Ресейге 15 жыл бұрын көшіп келген екен. Қарағандыда тұрыпты. Қазір Сочиде тұрады. Аз-кем əңгімелескенімізде бізді алыстан көріп, сырт киіміміздегі «Kazakhstan» деген жазуды көрген соң, арнайы қасымызға келгенін айтты. Сочи туралы сұрағанымызда, бұл жерде басқа қалалардан гөрі халықтың тұрмыс жағдайы жақсы екенін

● Руханият

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Ермеков к-сі, 33, «Қарағанды полиграфия» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-полиграфия» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Мұхит к-сі, 57/1, «Жайық Пресс» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

ағылшын тілінде шығару жоспарланып отыр. Журнал қызметкерлері аңшылық шаруашылықтарында зерттеулер жүргізіп, дəстүрлі аң аулауды қолдауға, еліміз бен шетелдердегі аңшылық тəжі рибелер мен турларды, браконьерлермен күресті насихаттауға үлес қосады. Жəне де Қазақстанның СИ-АИ-СИ-ге кіріп, əлемдік қоғамдастықтың толыққанды мүшесі атануына, жануарлар мен кемір гіштер арасында залалды аурулардың тарамауына қолғабыс ету жоспарланып отырғаны алға тартылды. Сондай-ақ, аңшылық құрал-сайманы, аңшы иттер, жабайы жануарлар туралы танымдық мағлұматтар беріліп, көркем безендірілген басылым студенттер мен мектеп оқушылары үшін де қы зықты етіп жасалмақ. Бұдан басқа, еліміздің көрікті жерлері көрсетіліп, ұлттық парктер мен жан-жануарлар əлемімен таныстыру жүзеге асырылады. Əсіресе, атақты жазушылардың ғажап сəттер жайлы жазбалары, аңшының əзіл-қалжыңдары мен осы тақырыпта жазатын азаматтардың шығармаларын басу көзделген. Сонымен, «Қансонар» республикалық ақпараттық-танымдық журналы əзірге 1 мың данамен жарық көруде. Алда жазылу арқылы таралады деп күтілуде. Журналға 2014 жылдың екінші жартысынан «Қазпошта» АҚ арқылы 74728 индексі бойынша жазылуға болады.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 201 715 дана. Нөмірдің кезекші редакторы

Жақсыбай САМРАТ.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 5 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №246 ek


13022014