Page 6

6

www.egemen.kz

12 наурыз 2013 жыл

Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесінің нормативтік қаулысы 2013 жылғы 6 наурыз

№1

Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 62-бабы 8-тармағының және 83-бабы 1-тармағының нормаларын ресми түсіндіру туралы

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі, Төраға И.И.Рогов, Кеңес мүшелері І.Ж.Бақтыбаев, Н.В.Белоруков, А.Н.Жайылғанова, В.А.Малиновский, А.М.Нұрмағамбетов, қатысқан құрамда, мыналардың: өтініш субъектінің өкілі – Қазақстан Республикасы Əділет министрінің орынбасары З.Х.Баймолдинаның, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының өкілі – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі жəне құқық қорғау органдары комитетінің хатшысы Л.Г.Полторабатьконың, Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің өкілі – Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің депутаты Р.Қ.Сəрпековтің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының өкілі – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Ғ.Б.Ақ-қуованың, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өкілі – Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Ж.Қ.Асановтың, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілі – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары Ғ.К.Əмриннің, Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) өкілі – Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) аппаратының басшысы С.Ғ.Темірболатовтың, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уəкілдің өкілі – Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А.Калюжныйдың қатысуымен, өзінің ашық отырысында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.Н.Ахметовтің Қазақстан Республикасы Конституциясының 62-бабы 8-тармағының жəне 83-бабы 1-тармағының нормаларын ресми түсіндіру туралы өтінішін қарады. Баяндамашы – Конституциялық Кеңестің мүшесі В.А.Малиновскийдің хабарлауын, отырысқа қатысушылардың сөйлеген сөздерін тыңдап, сарапшылар: заң ғылымдарының докторы, Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультеті халықаралық құқық кафедрасының профессоры З.К.Аюпованың, заң ғылымдарының докторы, Каспий қоғамдық университетінің профессоры Р.А.Подопригораның, Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Мемлекет жəне құқық институтының директоры, заң ғылымдарының кандидаты, доцент А.А.Сəлімгерей, Мемлекет жəне құқық институтының ғылыми қызметкері, PhD докторы Ж.О.Битабарова), Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (заң ғылымдарының докторы, профессор, мемлекет жəне құқық теориясы мен тарихы, конституциялық құқық кафедрасының меңгерушісі Ж.Д.Бұсырманов), Қазақ гуманитарлық-заң университеті (конституциялық құқық жəне мемлекеттік басқару кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты, доцент А.Б.Жұмаділова, мемлекет жəне құқық теориясы мен тарихы кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты, доцент М.А.Шəкенов, Құқықтық саясат жəне конституциялық заңнама ғылымизерттеу институтының директоры, заң ғылымдарының докторы, профессор С.Ф. Ударцев), Д.А.Қонаев атындағы Көлік жəне құқық гуманитарлық университеті (заң ғылымдарының докторы, профессор Ө.Қ.Қопабаев жəне заң ғылымдарының докторы Қ.К.Айтхожин) мамандарының қорытындыларымен, сондай-ақ конституциялық іс жүргізудің өзге де материалдарымен танысып шығып, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі анықтады: Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесіне 2013 жылғы 6 ақпанда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.Н.Ахметовтің Қазақстан Республикасы Конституциясының 62-бабының 8-тармағын жəне 83-бабының 1-тармағын ресми

түсіндіру туралы өтініші келіп түсті. Өтініште мынадай сұрақтар қойылған: «1) Қазақстан Республикасы Конституциясының 62-бабының 8-тармағында жəне 83-бабының 1-тармағында көзделген «өзге де нормативтік құқықтық актілер», «басқа да құқықтық актілер» деген ұғымдардың конституциялық мазмұны қандай. «Құқықтық актілер» ұғымы нормативтік құқықтық актілерді қамтиды ма? 2) Қазақстан Республикасы Конституциясының 62-бабы 8-тармағының нормасы, Конституцияның осы нормасында жазылған мəселелер арнаулы заңның нормативтік құқықтық актілерге ғана қатысты нысанасы бола алатынын, не нормативтік болып табылмайтын құқықтық актілерді əзірлеу жəне қабылдау тəртібін реттейтін нормаларды енгізу арқылы арнаулы заң нысанасының шеңберін кеңейтуге болатынын білдіре ме? 3) Қазақстан Республикасы Конституциясының 62-бабының 8-тармағында көрсетілген Республиканың заң жəне өзге де нормативтік құқықтық актілерін əзірлеу, ұсыну, талқылау, күшіне енгізу жəне жариялау тəртібі арнаулы заңның құқықтық реттеуінің толық нысанасы болып табылады ма?». Негізгі Заңның қаралып отырған нормаларын түсіндіру кезінде, Конституциялық Кеңес өтініште қойылған сұрақтарға қатысты мынаны негізге алды. 1. Қазақстан Республикасының Конституциясында «өзге де нормативтік құқықтық актілер» жəне «басқа да құқықтық актілер» ұғымдарының мазмұны ашылмайды. Конституцияның бұл ұғымдар пайдаланылатын 62-бабы 8-тармағының жəне 83-бабы 1-тармағының мағынасы мен мазмұнын, қаралып отырған өтініш нысанасымен байланысты басқа да бірқатар конституциялық қағидалардан бөлек түсіндіруге болмайды. Конституцияға сəйкес Қазақстан Республикасының Президенті, Үкімет жəне өзге де мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар нормативтік те, нормативтік емес те құқықтық актілер қабылдайды (шығарады). Республика Президентінің жарлықтары мен өкімдері (Конституцияның 45-бабының 1-тармағы), Үкіметтің – қаулылары, Премьер-Министрдің – өкімдері (Конституцияның 69-бабының 1-тармағы), мəслихаттардың – шешімдері, əкімдердің – шешімдері мен өкімдері (Конституцияның 88-бабының 1-тармағы) актілер болып табылады. «Актілер» деп, сондайақ Парламент қабылдаған заңдар, Парламенттің жəне оның Палаталарының қаулылары түсіндіріледі (Конституцияның 62-бабының 1-тармағы, 72-бабының 1-тармағы). Бұл ретте құқықтық актілердің толық тізбесі конституциялық деңгейде белгіленбеген. Конституция актілерді қолданылатын құқыққа жатқызуға (4-баптың 1-тармағы), заңдарды қабылдау тəртібіне (61-бап жəне өзге де баптар), кейбір мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың актілерінің түрлеріне байланысты жекелеген мəселелерді ғана регламенттейді. Конституция өзінің бірқатар нормаларында құқықтық актілердің бəрі бірдей қолданылатын құқыққа кірмейді деп белгілейді. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 1996 жылғы 28 қазандағы № 6/2 қаулысына сай қолданылатын құқық құқылы субъектілер белгіленген тəртіппен қабылдаған нормативтік құқықтық актілердегі нормалар жүйесі ретінде қарастырылады. Конституциялық Кеңестің 1997 жылғы 6 наурыздағы № 3 қаулысында Негізгі Заңның 4-бабының 1-тармағында көрсетілген «өзге де нормативтік құқықтық актілерге» қандай актілер жататыны айқындалған. «Құқықтық актілер» ұғымы өзінің мазмұнымен сондай-ақ заң жəне өзге де нормативтік құқықтық актілерді қамтиды деген ұйғарым Конституциялық Кеңестің басқа да бірқатар қаулыларынан келіп шығады (2000 жылғы 31 мамырдағы № 3/2, 2008 жылғы 27 ақпандағы № 2, 2008 жылғы 24 қыркүйектегі № 7, 2009 жылғы 20 тамыздағы № 5, 2009 жылғы 5 қарашадағы № 6). Конституциялық Кеңестің қаулыларында сондай-ақ нормативтік құқықтық актілерге жатпайтындары да көрсетілген. Мəселен, 1999 жылғы 29 қазандағы № 20/2 қаулыда, Жоғарғы Сот Төрағасының жəне Бас Прокурордың міндетін атқарушының хаты нормативтік құқықтық актілерге жатпайды деп көрсетілген. Бұл ретте Конституциялық Кеңес, Конституцияның 83-бабы

1-тармағының мазмұнына негізделе отырып, қандай актілердің құқықтық болып табылатынын да түсіндірді. 1997 жылғы 6 наурыздағы № 3, 1998 жылғы 5 маусымдағы № 3/2, 2002 жылғы 5 тамыздағы № 5 қаулыларда «прокуратура Республика Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдар мен басқа да құқықтық актілерге наразылық білдіреді» деген конституциялық ереже соттардың қаулыларына прокуратураның наразылық білдіру құқығын да қамтиды деп атап көрсетілген, ал Конституциялық Кеңестің 1997 жылғы 31 шілдедегі № 3/4 қаулысына сай прокурор заңға тəуелді құқықтық актілерге де наразылық білдіруге хақылы. Осылайша, Конституциялық Кеңес 83-баптың 1-тармағында пайдаланылған «басқа да құқықтық актілер» ұғымымен Конституцияның басқа да бірқатар нормаларындағы, солардың ішінде 62-баптың 8-тармағындағы «өзге де нормативтік құқықтық актілер» ұғымы да қамтылады деп пайымдайды. 2. Нормативтік құқықтық актілердің жəне мұндай болып табылмайтын құқықтық актілердің конституциялық мазмұны «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213-І жəне «Əкімшілік рəсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107-ІІ Қазақстан Республикасының заңдарында ашылады. Оларға жасалған талдау көрсеткендей, нормативтік жəне нормативтік емес құқықтық актілердің ортақ белгілері де, айтарлықтай ерекшеліктері де бар. «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңның 1-бабының 11) тармақшасына сəйкес референдумда қабылданған не уəкілетті орган немесе мемлекеттің лауазымды адамы қабылдаған, құқықтық нормаларды белгілейтін, олардың қолданылуын өзгертетін, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат нормативтік құқықтық акт болып табылады. Өз кезегінде, құқық нормалары деп реттелетін қоғамдық қатынастар шеңберiнде көп мəрте қолдануға есептелген, жеке дара айқындалмаған тұлғалардың тобына қолданылатын, тұрақты немесе уақытша сипаттағы жалпыға мiндеттi жүріс-тұрыс қағидасы түсіндіріледі (Заңның 1-бабының 10 ) тармақшасы). «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңда заңдарға сəйкес қабылданған, бірақ нормативтік құқықтық актілер болып табылмайтын жəне құқықты іске асыру жəне құқық қолданушылық мəні бар нормативтік актілерді əзірлеу, табыс ету, қабылдау, күшіне енгізу, қолдану, жариялау, өзгерту, толықтыру жəне олардың қолданылуын тоқтату тəртібі белгіленбейді. Бұл нормативтік актілер құқық нормаларын қамтымауға тиіс (Заңның 2-бабының 4-тармағы). «Əкімшілік рəсімдер туралы» Заңға сəйкес мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құқықтық актiсi жеке қолданылатын актiлерге жатады, белгiленген нысандағы жазбаша ресми құжат болып табылады жəне бiр мəрте не уақыт бойынша өзге де шектеулi қолдануға есептелген, жеке-дара белгiлi бiр тұлғаларға қолданылады, жеке-дара белгiлi бiр тұлғалардың заңнамада белгіленген құқықтары мен міндеттерін қолданады жəне (немесе) іске асырады. Жеке қолданылатын құқықтық актiлер Қазақстан Республикасының заңдарына кiрмейдi жəне нормативтiк құқықтық актiлерге жатпайды (Заңның 4-бабының 2, 3, 4-тармақтары). Құқықтық актілердің екі тобының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын заң шығарушының оларды конституциялыққұқықтық реттеуге деген тұжырымдамалық көзқарасы айқындайды. Нормативтік құқықтық актілердің ерекше маңызына орай Конституция заңдарға жəне өзге де нормативтік құқықтық актілерге бірқатар міндетті талаптар белгілейді (2-баптың 3-тармағы, 4-баптың 4-тармағы, 9-бап, 12-баптың 2-тармағы, 15-баптың 2-тармағы, 16-баптың 2-тармағы, 18-баптың 2-тармағы жəне басқалары). Мəселен, Конституцияның 62-бабының 8-тармағына сəйкес заң жəне өзге де нормативтік құқықтық актілерін əзірлеу, ұсыну, талқылау, күшіне енгізу жəне жариялау тəртібі арнаулы заңмен жəне Парламент пен оның Палаталарының регламенттерімен айқындалуға тиіс. Нормативтік құқықтық болып табылмайтын актілерді əзірлеумен байланысты мəселелерді заңмен реттеу көзделген арнаулы нормалардың Конституцияда жоқтығына қарамай, заң шығарушы, Конституциялық Кеңестің пікірінше, Негізгі Заңның 61-бабының 2 жəне 3-тармақтарымен, 45-бабының 2-тармағымен, 53-бабының 3) жəне 4) тармақшаларымен көзделген өкілеттіктерін пайдалана отырып, мұны жасауға хақылы.

Конституциялық Кеңес, нормативтік құқықтық болып табылмайтын басқа да құқықтық актілерді əзірлеу, ұсыну, талқылау, күшіне енгізу жəне жариялау тəртібінің мəселелері арнаулы заңның заңдық реттеу нысанасы бола алмайды деген түсінік Республика Конституциясының 62-бабының 8-тармағынан келіп шықпайды. Аталған конституциялық норма арнаулы заңның қолданылу саласын тарылтпайды жəне қоғамдық қатынастарды осы заңмен реттеу нысанасын кеңейтуге мүмкіндік береді деп пайымдайды. Осы нормамен белгіленіп, арнаулы заңмен реттелетін мəселелер тізбесі толық болып табылмайды жəне заң шығарушының заң жəне өзге де нормативтік құқықтық актілер болып табылмайтын актілерді əзірлеу, ұсыну, талқылау, күшіне енгізу жəне жариялау тəртібін осындай заңда бекітуге деген құқығын жоққа шығармайды. Қазіргі уақытта, жоғарыда, сондай-ақ Конституциялық Кеңестің 1999 жылғы 29 қазандағы № 20/2 жəне 2007 жылғы 18 сəуірдегі № 4 қаулыларында көрсетілгендей, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213-І Қазақстан Республикасының Заңы осы саладағы арнаулы заң болып табылады. Конституциялық Кеңестің бұл аталған шешімдері басқа өтініштердің нақты нысанасына қатысты қабылданып, нормативтік құқықтық актілерді жəне мұндай болып табылмайтын актілерді əзірлеу, ұсыну, талқылау, күшіне енгізу жəне жариялау тəртібін заңмен реттеудің атауы мен нысанасын таңдауда Парламентті шектемейді. Осыған орай, кейбір конституциялық іс жүргізуге қатысушылардың жоғарыда аталған 2007 жылғы 18 сəуірдегі № 4 қаулы арнаулы заңның реттеу нысанасын кеңейту жəне атауын өзгерту мүмкіндігіне кедергі жасайды деген пікірін Конституциялық Кеңес дəрменсіз деп санайды. Баяндалғанның негізінде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын, «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 2737 Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-бабы 3-тармағының 1) тармақшасын, 31-33, 37-баптарын жəне 41-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 62-бабының 8-тармағындағы жəне 83-бабының 1-тармағындағы «өзге де нормативтік құқықтық актілер» деп заң актілері болып табылмайтын кез келген нормативтік құқықтық актілерді түсінген жөн. Бұл ретте «құқықтық акт» термині өзінің мазмұны бойынша «нормативтік құқықтық акт» терминінен кең, ал Конституцияның 83-бабының 1-тармағында пайдаланылатын «басқа да құқықтық актілер» ұғымы өзге актілердің бəрін, нормативтік сипаты барларын да, мұндай белгісі жоқтарын да қамтиды. 2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 62-бабының 8-тармағына сəйкес заң жəне өзге де нормативтік құқықтық актілерін əзірлеу, ұсыну, талқылау, күшіне енгізу жəне жариялау тəртібі арнаулы заңмен жəне Қазақстан Республикасының Парламенті мен оның Палаталарының регламенттерімен айқындалуға тиіс. Бұл ретте Конституция арнаулы заңның реттеу нысанасын Конституцияның 62-бабының 8-тармағында көрсетілген заң жəне өзге де нормативтік құқықтық актілерін əзірлеу, ұсыну, талқылау, күшіне енгізу жəне жариялау тəртібімен ғана шектемейді. Оған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құқық шығару жəне құқық қолдану қызметінің басқа да мəселелері, солардың ішінде нормативтік болып табылмайтын құқықтық актілерді əзірлеу жəне қабылдау тəртібін реттеу мəселелері енгізілуі мүмкін. Қажет кезде заң шығарушы, Конституциямен көзделген өкілеттіктерін пайдалана отырып, мұны жасауға хақылы. 3. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сəйкес қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшіне енеді, шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті жəне Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабының 4-тармағында көзделген ретті ескере отырып, түпкілікті болып табылады. 4. Осы нормативтік қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ жəне орыс тілдерінде жариялансын. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы И.РОГОВ.

 Еңбегімен еленген Омаровтардың ұйымшыл əулетін бұл өңірдің жұртшылығы жақсы біледі. Олар «Қазақмыс» компаниясына қарасты Батыс Жезқазған кенішінің № 73 шахтасында еңбек етіп ел игілігін еселеуге үлестерін қосып жүр. Қашанда жұмылып жұмыс істеуді дəстүрге айналдырған ағайынды Омаровтардың алған асулары мен жеткен жетістіктері көпке өнеге. Бақытын еңбектен тапқан олардың жан дүниелері де таза. Шырайлы жүздерінен мейірім шуағы төгіліп, ізгіліктің лебі есіп тұрады. Келбеттеріне қарасаң, көз тояды. Сөйлесе қалсаң, жылы сөздерімен баурап алады. Алдымен əңгімелесу реті № 35 өндіру учаскесінің бастығы Ермек Омаровқа түсті. Ермек Марсұлы өз тағдырын кен өндіру өнеркəсібімен тығыз байла ныстырғанына өте риза. Өйткені, бір кезде атасы да, одан кейін əкесі де осындағы шахтада кен қопарып қажыр-қайрат танытыпты. С.Сейфуллин атын дағы гимназияны бітірген Ермек енді жоғары білім алуды ұйғарып, Жезқазған мемлекеттік университетінің табалдырығын аттады. Оқуды ойдағыдай аяқтап, кен инженері мамандығын алып шықты. Сөйтіп, еңбек жолын

болады. Ол өндірісте кездесетін кез келген күрделі мəселе түйінін шеберлікпен шешеді. Ермек Омаровтың өзі де сыйсияпаттан құралақан емес. Əлденеше рет түрлі деңгейдегі құрмет грамоталарымен марапатталды. Ермек Марсұлының мұндай биіктерге қол жеткізуіне зайыбы Құралайдың да көмегі көп тиді. Омаровтардың бақытты отбасында желкілдеп үш бала өсіп келеді. Қызы Камила, ұлдары Əлихан мен Мирас тату-тəтті шаңырақтың көзайымы. Жайдары мінезді Құралайдың қамқорлығының

Жўптары жарасќан

А

Батыс кенішіндегі қопарушылар тобында үйренуші болып бастады. Зымыраған уақыт. Арада он бір жыл өтті. Міне, содан бері осында табан аудармай жұмыс істеп келеді. Əрине, бастапқыда бəрі оңай болған жоқ. Қиындық та кездесті. Осындай сəттерде тəлімгері Александр Ким қамқорлығын аямады. Көп жыл бойы жинақтаған бай тəжірибесін шəкіртіне үйретуден жалықпады. Жастайынан зерек жігіт жұмыстың қыр-сырына əбден қанығып, білікті маманға айналды. Жарқын болашаққа жол ашылды. Учаске бастығының орынбасары қызметіне тағайындалды. Жауапкершілік жүгі ауырлады. Мұны жете түсінген ол жүктелген міндетті мінсіз атқаруды басты мақсат етіп қойды. Ізденіс пен іскерлік қатар жүргенде ғана жетістікке жол ашылатыны анық екен. Қызмет баспалдағы тағы да биіктеді. – Тапсырылған жұмысты таптұйнақтай орындауды алғашқы күннен-ақ дағдыға айналдырдым. Іске жүрдім-бардым қарау қиянат. Өндірісте тəртіптіліктің орнығуына біраз күш жұмсадым. Соның нəтижесінде еңбек өнімділігі өсіп, белгілеген межеден үнемі шығып жүрміз, – дейді Ермек Омаров. – Біздің ұжымдағы бұрғылау қондырғыларының бесаспап жетекшілері Қайрат Байысов пен Бақтияр Жаналинов тəрізді тар ландардың еңбектерін ерекше бағалаған жөн. Өндірісті өрге сүйреп жүргендер де міне осы азаматтар. Ал шахта бастығы Руслан Елкеевтің жалпы жүргізіп отырған жұмысын бөле-жара айтуға

арқасында Ермек Омаров осындай дəрежеге көтеріліп отыр. Ермектің туған ағасы Еркен Омаровтың Батыс Жезқазған кенішінде жұмыс істегеніне бірнеше айдың жүзі толыпты. Ол бұған дейін Шығыс Жезқазған кенішінде кен қопарған екен. 1998 жылы мектепті бітірісімен бірден жұмысқа орналасыпты. Еркен Марсұлы кеніштің №57 шахтасында қайнаған жұмыстың ортасында жүріп мол тəжірибе жинақтаған. Алдымен қопарғыш материалдарды жеткізуші болып істеген. Со дан кейін қопарушы ретінде талай қауіпті жұмыстың ортасында жүріпті. Кейінірек кəсібін өзгертіп, электровоз машинисі болады. Майталман маманның еңбегі еленіп, 2011 жылы Жезқазған қаласының Кен шілер алаңында орын тепкен мəдениет үйіне тақау жердегі Құрмет тақтасына суреті ілініпті. – Маған Батыс Жезқазған кенішінің №73 шахтасына жұмысқа ауысуыма қайын атам Хамит Бекежанов кеңес берді, – деп əңгімесін одан əрі жалғастырды Еркен Омаров. – Мен бұған қуана келістім. Қазір электровоз машинистерінің бригадирімін. Еркен Марсұлы жүріп өткен еңбек жолын Олег Чернышовпен, Александр Петренкомен, Александр Таратынкинмен тікелей байланыстырады. Себебі, аталған азаматтар жастарға қамқорлық көрсетіп, көп нəрсеге баулыды. Еркен осы кісілерге əлі күнге алғысын жаудырады. – Егер де қарамағыңда қызмет істейтін адамдармен ортақ тіл

таппасаң, алғашқы кезекте өзіңе де қиын болары сөзсіз, – дейді Еркен Омаров. – Сондықтан да бүкіл ұжымның қолдауына сүйеніп, істі байыппен шешкен абзал. Менің қарамағымда бес адам еңбек етеді. Олардың ішінде, əсіресе, ауысым шебері Андрей Шороховтың орны бөлек. Андреймен кеңесудің өзі бір ғанибет. Əзірге бригадамыз ескі техникамен жұмыс істеп жүр. Таяудағы уақытта біздің №40 рельс учаскесі техникалық қайта жарақтандырудан өтеді деп сенемін. Еркен Марсұлының еңбектегі жетістігін əйелі Ақторғын, ұлы Қуаныш, қызы Шахида мақтаныш тұтады. Ал осыдан үш ай бұрын кенже қызы Айжер дүниеге келіп, қуаныштарын одан əрі асқақтатты. Серік Омаров – ағайынды үшеудің ең кенжесі. Ол да жастайынан өз өмірін шахтадағы жерасты жұмыстарымен байланыстыруды ұйғарыпты. №27 мектептің он бірінші сыныбын тəмамдап кəсіби-техникалық училищеге жол тартты. Ондағы мақсаты бұрғылау қондырғысының машинисі əрі бұрғылаушының көмекшісі мамандығын алу еді. Ол Батыс Жезқазған кенішіне жұмысқа тұрмастан бұрын электр слесарьларын дайындайтын қысқа мерзімді курстан да өтіп алды. – Мен №73 шахтаға 2002 жылы жұмысқа орналастым, – дейді Серік Марсұлы. – Алғашқыда TORO-сервисте слесарь болып еңбек еттім, содан кейін монтаждау учаскесіне электрслесарь-монтаждаушы болып ауыстым. Бұрын

ожауы бар техникаға қызмет көрсетсем, қазір сорғылардың қа лып ты жұмыс істеуін қадағалаймын. Мамандығым өзіме ұнайды. Ара-тұра кездесіп қала тын қиын дықтарды сырттан көмек сұрамай-ақ еңсеріп тастаймын. TORO-сервисте қызмет істеп жүрген кезінде-ақ талай мəрте мадақталды. Еңбексүйгіштігімен көптің көзіне түсіп, алғысқа кенеліп жүрді. – Мен əлі де ізденіс үстіндемін. Өз саламның мəнісі мен мағынасына терең бойлауды əдетке айналдырдым. Соның нəтижесінде тəжірибе жинақтап, кəсібімді ширата түстім. Тапсырылған міндетті абыроймен атқарсаң, марапаттың өзі іздеп келері шүбəсіз. Ең бастысы – жұмысқа адалдық таныту керек, – дейді Серік. Қарбаласқа толы кезекті жұмыстан кейін Серік Омаров үйіне асығады. Өйткені, отағасын зайыбы Оксана дастарқанын жайып, ал қызы Дарина мен ұлдары Данил жəне Данияр қуанып тосады. – Өз үйім – өлең төсегім, – деп жымияды Серік Марсұлы. Ағайынды Еркен, Ермек жəне Серік Омаровтар қарындастары Меруертті қадірлеп құрмет тұтады. Ағалары тəрізді Меруерт те Батыс Жезқазған кенішіндегі №73 шах таның қызметкері. Қазір ол декретті демалыста. – Сəтбаев қаласындағы орта мектептің 11-ші сыныбын бітіргеннен кейін Қазақстан-Ресей қазіргі заманғы гуманитарлық университетіне информатика мамандығы бойынша оқуға түсуге құжат

тапсырдым, – дейді Меруерт. – Алайда оқуды аяқтаған соң №55 шахтада жұмыс істеуге бел будым. Сөйтіп, жарық түсіруші болып орналастым. Меруерт Омарова өз кəсібінің қыр-сырын жетік меңгеруге мамандандырылған курста оқып қол жеткізді. Меруерттің толысуына Наталья Беккер бай тəжірибесімен бөлісіп, білігін ұштады. Дегенмен, өмір бір орнында тұрмайды. Өзгерістер болып жататыны белгілі. – Мен қашанда адамдармен арқа-жарқа араласуды ұнатамын. Əрі жұмыс орнымды өзгертуді ұйғардым, – дейді Меруерт. – Соны мен, №73 шахтаға ауысып, жанар-жағармай таратушы оператор тізгінін ұстадым. Маған бұл жұмыста Жұмакүл Айтбаеваның шарапаты көп тиді. Меруерт қазір жұбайы Алматпен бірге Аружан жəне Айжан есімді қос қызын тəрбиелеп, қызық тарына қанып жүр. Таяуда сүйікті жұмысына оралмақ. Сəтбаев – кеншілер қаласы, ал Жезқазған – металлургтер қаласы. Жалпы алғанда, өңірде Омаровтар секілді ондаған тату-тəтті еңбек əулеттері бар. Олардың аталары мен əкелері кезінде Жезқазған өңірінің өсіп-өркендеуіне сүбелі үлестерін қосқаны шүбəсіз. Қос қаланың қалыптасуына сіңірген еңбектері ерекше. Міне, қазіргі таңда сол саңлақтардың ұрпақтары кеншілердің даңқты дəстүрін лайықты жалғастыруда. Жұптары жарасып, атакəсіп сабақтастығын үзбеген ағайынды Омаровтардың бүгінгі қажырлы еңбектері соның нақты куəсі. Светлана ГУМБОЛЬДТ.

Қарағанды облысы, Сəтбаев қаласы. ––––––––––––––––––

Суретті түсірген Əлина ЖҰМАШЕВА.

 Өзгеріс өлшемі – өндіріс

«Ќазаќстан инжиниринг»: табысты он жыл

Биыл «Қазақстан инжиниринг» ҰК» акционерлік қоғамының құрылғанына 10 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде компания бірқатар белесті бағындырды. Алға қойған маңызды міндеттерді орындап, оң көрсеткіштерге қол жеткізді. Соған орай кеше Астанада басқарма төрағасы Болат Смағұловтың қатысуымен журналистерге арналған арнайы баспасөз мəжілісі болып өтті. Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».

«Наурыздың 13-і күні компанияның құрылғанына 10 жыл толады. Осы атаулы күнге орай біз ағымдағы жұмыстар жайында баяндағымыз келді. Өткен 10 жылдың ішінде өндіріс көлемі 3,4 млрд. теңгеден 64 млрд. теңгеге жетті, яғни 19 есеге артты», деді Б.Смағұлов. Басқарма төрағасының айтуынша, биылғы жылы өндіріс көлемін 90,4 млрд. теңгеге жеткізу көзделіп отыр. Негізінде «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ 27 өндірістік кəсіпорындардан тұратын холдинг тік құрылым болып табылады. Сондай-ақ, ол Қорғаныс министрлігінің ірі əскери зауыттарындағы біртұтас қаржылық, өндірістік жəне технологиялық саясатты қамтамасыз етеді. Компания кəсіпорындары мұнай-газ, темір жол, агроөнеркəсіп, жылу-энергетика кешендеріне қатысты тапсырыс берушілер үшін өнім шығару жəне қызмет көрсетуге, сондай-ақ, қару-жарақ пен əскери техниканы өндіру жəне оны жөндеуге мамандандырылған. «Қазақстан инжинирнг» ҰК» АҚ өзінің он жылдық даму динамикасында негізгі өндірістік жəне қаржы көрсеткіштерінің оң нəтижесін көрсетіп келеді. Оған өткен жылды 4 млрд. теңге шамасындағы жинақталған пайдамен аяқтауы да дəлел. Ал алынған табысын компания өндірісті дамыту үшін инвестицияға қайта салуда. Мəселен, он жылдың ішіндегі салынған инвестиция көлемі 2012 жылы 236 млн. теңгеден 7,7 млрд. теңгеге артты немесе 32 есе ұлғайды. Ал компанияның активі соңғы он жылда 7,3 есеге артып, 43,5 млрд. теңгеге жетіпті. «Ағымдағы жылы активімізді 66 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланған. Компанияның өз капиталы 12,3 есеге, 1,6 млрд. теңгеден 21 млрд. теңгеге көбейді. Жарғылық капиталы 429 млн. теңгеден 12,1 млрд. теңгеге немесе 28 есеге жоғарылады», дейді Б.Смағұлов. Басқарма басшысының сөзіне қарағанда, қызметкерлер жалақысы 6 есеге өсіпті. Қазір компания қызметкерлерінің орташа

табысы 111,5 мың теңге. Биыл еңбекақы 118 мың теңгеге жетеді деп көзделуде. «Еңбек өнімділігі жан басына шаққанда 648 мың теңгеден 12 308 мың теңгеге артты. Осы жылы бұл көрсеткіш 16 648 мың теңгеге жетеді. Соңғы үш жылда 650 жаңа жұмыс орны ашылды, 2012 жылы біздің компания бюджетке 5 млрд. теңге шамасында салық төледі. Сонымен қатар, өндіріске 7 млрд. теңге шамасында инвестиция салынды», деп атап өтті Б.Смағұлов. Осылайша, кəсіпорындардың экономикалық көрсеткіштері, өндірістік жəне техникалық əлеуеті тұрақты түрде артып, 6 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтуда. Б.Смағұлов жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік берген бірқатар шараларға тоқталып, алдағы жоспарларымен де бөлісті. «Біздің мақсатымыз – жуырда экспорт нарығына шығып, тран сұлттық компания атану. Бүгінде компанияның оған деген барлық мүмкіндіктері бар. Біз «В2» деңгейінде «Moody’s» агенттігінен несие рейтингісін алдық. Сондықтан біз қазірдің өзінде өзіміз ұйымдастырған жобаларды несиелік қаражат арқылы қаржыландыра аламыз», деді Б.Смағұлов. Ол, сондай-ақ, компания бүгінде Еурокоптер 145 санатындағы əскери тікұшақ өндірісін игергенін айтып өтті. Мəселен, биылғы жылы наурыздың басында Еуро коптермен жаңа келісім жасалыпты. Енді ЕС645 жəне ЕС635 əскери ұшақтарын шығармақ. Баспасөз мəжілісі барысында «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ өзінің 10 жылдық мерейтойына орай «Он қайырымдылық іс» акциясын өткізетіні де мəлім болды. Баспасөз қызметі таратқан мəліметке сүйенсек, компания акция аясында түрлі əлеуметтік жобаларды іске асырады, бірнеше мəдени-бұқаралық жəне спорттық шараларды ұйымдастыратын болады. Бұл орайда, ұлттық компания жетім балаларға жəне атаанасының қарауынсыз қалған балаларға арналған балалар үйлері мен интернаттарды қамқорлыққа алуды жоспарлауда.

Жаѕа хоккей модулі Оңдасын ЕЛУБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Халықаралық əйелдер мерекесі күні Өскеменде 34-ші мектеп жанынан жабық хоккей модулі ашылды.

Оның тұсаукесеріне қатысқан өңір басшысы Бердібек Сапарбаев шəкірттерді жаңа кешеннің ашылуымен құттықтап, өскемендік өрендердің бұқаралық спорттың дамуына үлес қосуын, шынықсаң шымыр боласың дегендей, Кенді Алтайда шайбалы хоккейді одан əрі өрістете түсуге тілек білдірді. Реті келгенде айта кету керек, тек былтыр мен биылдың өзінде шырайлы Шығыста отыздан астам жабық хоккей модулдері мен қорапшалар пайдалануға берілді. Зайсан, Тарбағатай, Катонқарағай, Зырян аудандары мен қалаларындағы хоккей модулдері балалардың көп жиналатын сүйікті орнына айналған. «Хоккей ұстаханасы» атанған Өскемен ұландары арасынан əлі талай Əлем чемпиондары шығатындары сөзсіз. ӨСКЕМЕН.

Profile for Egemen

12/03/2013  

1203201312032013

12/03/2013  

1203201312032013

Profile for daulet
Advertisement