Page 4

4

www.egemen.kz

12 наурыз 2013 жыл

 Толғандырар тақырып

 Көкейкесті

Жер тїгендеу ќалай жїзеге асуда?

Ќызыќтырєан ќымбат ет Соңғы уақытта ет жеуден алдына жан салмайтын қазақтар соғым союды азайтып, етті түсінде көруге үйреніп те қалды. Бұрын күздікке бір сиыр, не тайынша, қысқы соғымға жылқы жығып алатын ауыл тұрғындарының өзі енді ірі қараны екі-үш шаңырақ бөліп союға дағдыланған. Өйткені, ет қымбат. Тілекгүл ЕСДƏУЛЕТ.

Сұрақ. Қарапайым ауыл тұрғыны да азын-аулақ малын сойып соғым қылғаннан гөрі, сатып пұл қылғанды жөн санайды. Өзі өсірген малын өзі жемей өзгенің қалтасына салып береді. Өзегі талған қала халқы да базардағы бағаға беттей алмай, соғым сойғанды былай қойып, келілеп сатып алуға да мұрша болмай теріс айналады. «Ет дегенде, бет бар ма» деген заман келмеске кете ме, осылай. Қыс та аяқталып келеді. Қызыл көрмей қыстан шығуға да болады екен. Қалаға келгелі соғым сатып алмайтын болдық, деген Сайлау Байтоғанов ақсақал да «соғым қымбат, етті келілеп сатып алуға үйрене алмай жүрміз», дейді. Статистика агенттігінің деректеріне қарағанда, еліміз бойынша биылғы қысқы соғым, яғни жылқы 250-350 мың теңге, сиыр 150-200 мың теңге аралығында бағаланған. Алайда бейнетін арқалап, қысы-жазы малдың күйін күйттеп, бағып-күткен мал шы қолдағы аз ғана тұяғын базар бағасына сай сата ала ма? Делдалдың сұраған бағасына беріп, еткен еңбек, төккен тер еш кетіп ұтылып қалмай ма деген сұрақтың да туындайтыны заңды. Ұтатын делдал ма? Ақмола облысы халал стандарты бойынша ет өндіруші «Бақара» шаруашылығының қожасы Бауыржан Омаров ауыл тұрғыны қолдағы малын арзанға өткізіп ұтылып жатыр дегенге келіспеймін. Өйткені, бағаны реттеп отырған рынок. Қазір əрбір шопан немесе жылқышы мен сиыр қайырып жүрген адам алдындағы малының пайдасы мен зиянының аражігін ажырата біледі. Көзі ашық, бүгінгі базар бағасынан да хабардар. Сондықтан малын қаншаға бағалауды біледі. Мысалы, өзіміз сапасына қарай жылқы етінің келісін 1000-1150 теңгеден, сиыр мен қой еті келісін 800-850 теңгеден баға лап, сатып аламыз, дейді. Оның айтуынша, ауылдағы адам үшін бір малын сойып алып, қалаға өзі əкеліп сатқаннан гөрі өздері секілді делдалдарға тапсырған тиімді. Себебі, қаншама шақырымды артқа тастап, қалаға келген соң етті сату оңайға соқпайды. Санитарлық талаптарға сай қағаздар толтыру, сатып алушылармен келісу, алып келген малының барлық мүшесін ойлаған бағаға тапсыру үшін де

уақыт, төзім керек. Бір малдың еті үшін ауыл мен қала екі арада сандалмай делдалға сатқаннан шаруа ұтылады деген бос сөз. Нарық шаруаны шыңдайды. Мамандардың айтуынша, еттің қымбаттығы шаруаны бəсекелі нарықта шыңдай түседі. Бəсекелі нарық өндірушіні де, өткізушіні де, тұтынушыны да сапаға баса мəн беруге үйретеді. Іріктеле келе нарықта шыңдалған, бəсекеге төтеп бере алатын қабілет қалыптасады. Сөйтіп, халықтың өмір салты сапалы сатыға көтерілмек. «Сондай-ақ қазіргі талаптарға сəйкес малды арнайы сою алаңдарында, яғни арнайы қасапханада қасапшы союы керек. Осы тұрғыдан алғанда да ауыл тұрғыны үшін малын делдалға тапсырған тиімді», дейді мамандар. – Малды қасапханаларда союдың артықшылықтары өте көп. Малдың таза сойылуы мен еттің эпидемиологиялық-санитарлық талаптарға сəйкестігі арнайы қадағаланады. Бірақ арнайы қасапханаларда сою мəселесі айтылып жүргенімен, əлі де түбегейлі шешімін таппай отыр, – дейді Бауыржан Омаров. Экономика ғылымдарының докторы, профессор Мырзагелді Кемел де «етті кімге апарамын, қалай сатамын дегеннен» делдалға сатқан оңай екенін айтып отыр. «Біз еттің қымбаттағанынан ұтпасақ, ұтылмаймыз. Неге десеңіздер, бүгінде халықтың 50 пайызы ауылдық жерде тұрады, оның 80 пайызы өзі міз дің қазақтар, демек, етті базарға шығаратын да, одан пайда түсіретін де қарапайым тұрғындар. Мен бұл пікірімнен бас тартпаймын», дейді ғалым. Ешкі бағып та... Демек, болашақта «бəрінен де қой бағып, құйрық жеген озар» дегендей, малы бардың мұрты майланар күн алыс емес. Өйткені, біз еттің тоннасы бидайдың тоннасына қарағанда 5 есе қымбат екенін түсіне бастадық. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен агроөнеркəсіп ке шенінің бəсекелестік қабілетін жан-жақты арттыруға ба ғытталған 2013-2020 жылдарға арналған бағдарлама қабылданды. Келешекте ауыл адамы мал бағып та, егін салып та сапалы өнім өндіру арқылы ішкі сыртқы рынокқа табиғи таза азық шығаратын күнге де жетпек. Қорада 50 шақты ешкім бар. Азын-аулақ төлдетіп, күзде аздап пұлға айналдырамын. Ешкілерімді

семіздігіне, жас шамасына қарай өз тұтынушыларыма 10-20 мыңға дейін сатамын, дейді Ақмола облысы Аршалы ауданы Волгадон ауылының тұрғыны Гүлсара Тұрдыханқызы. Делдалдарға алданып қалмайсыз ба дегенімізде, Гүлсара апа, делдалдар алдайды деп ойламаймын. Мен үшін малымды қалаға тасымалдағаннан гөрі, дайын күйінде тапсырған пайдалы, дейді. Сондай-ақ, журналист екенімді естіген Гүлсара апай мемлекет тарапынан ешқандай көмек алмайтынын, «бес» ешкі баққаны үшін балаларға тиесілі жəрдемақыдан қағылғанын да тілге тиек ете кетті. Ешкі бағып күн көріп отырған Гүлсара Тұрдыханқызы «ешкінің сүті мың сан ауруға дауа, еті де сіңімді» екенін айтады. Болашақта мемлекеттік қолдауға ие болып жатса шаруашылығын кеңейтіп, ешкінің жұмсақ, əрі жып-жылы түбітін де пайдаға асырғысы келетінін жасырмады. Иə, Гүлсара апайдың арманы арман-ақ. Тек, əттеген-айы, Мал шаруашылығы департаментінің директоры Қанат Ыдырысов мал шаруашылығын дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламалардың ешқайсысында ешкіге жеңілдік ескерілмеген, ал мемлекеттік субсидия қарастырылған қой шаруашылығының өзінде асыл тұқымды түлік болмаса, 50 қойға да көмек берілмейді, дейді. Елде болса, ерінге тиеді. Статистикалық дерек көздеріне сүйенсек, соңғы жылдары елімізде мал басының өсіп келе жатқанына куə боламыз. Атап айтар болсақ, елдегі қой саны соңғы жылдары 18 млн.-ға жетсе, жылқы 1 млн.

400 мың, ал сиыр 6 миллионға көбейген. Қазір ет өнімін жылына 134 мың тоннаға, ал алдағы 10 жылда, яғни 2022 жылы 194 мың тоннаға дейін көбейтіп, 60 мың тонна артық өнімге қол жеткізуге болатынына сенім бар. Экономика ғылымдарының докторы, профессор Мырзагелді Кемел Парламентте қабылданбай қалған бір заң бар. Келешекте бұл заң қабылданады. Сол кезде делдалдар қандай тауар болса да тек 30 пайыздық үстемемен сатуға міндеттеледі. Ал нарыққа біртіндеп бейімделген, талаптанған шаруа малын бəсекелестік деңгейге көтереді. Малының етін арзанға бермеуге үйренеді. Сөйтіп, малды баққанның, сатып алып, қайта сатқанның жəне етін қажетіне жаратып отырған тұты ну шының арасында тепетеңдік қалыптасады, дейді. Яғни, қазақтың қазы мен қартаны, жал мен жаяны қызара бөртіп кертіп жер күні келмеске кетер ме екен деп байбалам салу артықтау ма? Ол уақыт еншісінде. Əзірше, тоқсан ауыз сөзді тобықтай түйіндесек, мал өсіріп, пұлға айналдыратын қарапайым ауыл қазағы. Қала мен ауылдың арасын жол қылып, ет сатып делдалдыққа жарап жүргендер де қазақтың қара баласы. Ал жайма базарда «көздің құртын жеп» төңкеріліп жатқан мал етіне қызығатын да, қымбат екеніне қарамастан, қалтасын қағып сатып алатын да көбіне-көп өзіміздің қаракөздер. Не дегенмен, заман қалай құбылса да, несібесін теріп еңбек еткен, ешкімге жалтақтамай ептеп күн көрген елдің ет түсіне емес, тісіне кірсін.

 Жастар жаңғырту жолында

Білім мен білік бірдей болсын Көсемəлі СƏТТІБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Облыс əкімдігінің жастар саясаты мəселелері басқармасы ел Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі

кеңестің қолдауымен өңір жəне Тараз қаласы жастар орталықтары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жəне қайта даярлау бойынша 3 күндік семинар-тренинг өткізді. Жамбыл өңіріндегі жастар ор талықтары аймақта мемлекеттік жастар саясатын жүзеге

асыру, кəсіби даярлығы мен шығармашы лық мүмкіндіктерін дамытуға қажетті экономикалық, əлеуметтік, құқықтық жағдай жасау саласында туындайтын мəселелерді шешу мақсатында құрылған. Бүгінде облыс көлемінде 11 орталық жұмыс істейді. Облыс əкімдігінің қолдауымен үстіміздегі жылдан бастап аталған орталықтардың штат бірліктері кеңейтілді, əрбір ауылдық округте жастар орталықтарының үйлестірушілері қызметтері ашылды. Өткен жылы жастар орталықтары қызметіне облыстық жəне аудандық бюджеттен 163 миллион 959 мың теңге қаржы бөлінсе, биыл 251 миллион 705 мың теңге бөлу жоспарланып отыр. Семинар-тренингке жастар орталықтарының қызметкерлері, республикалық жəне облыстық үкіметтік емес ұйымдардың, мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкіл дері, барлығы 50-ден астам тыңдаушы қатысты. Курс лекторлары ретінде жастар саясаты мəселелерінің түрлі бағыттары бойынша облыстық басқармалар мен департаменттер, үкіметтік емес жастар ұйымдарының басшылары сөз сөйледі. Сондай-ақ, «Қазақстан ауыл жастарының одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Ж.Досымова да жастар білімі мен біліктілігі жөнінде тағылымды əңгіме өткізді. Жамбыл облысы.

Астана қаласында халықтың тұрмыс жағдайын нығайтып, əлеуметтік-экономикалық мақсаттарды жүзеге асыру үшін бөлінген жер телімдерінің жай-күйі қалай? Бұл жөніндегі бақылау-қадағалау жұмыстары қалай жүзеге асуда? Елбасының жерге қатысты берген тапсырмалары мен Үкімет шешімдері қалай орындалуда? Осы сұрақтарға жауап іздеп, «Астана қаласы бойынша аумақтық жер инспекциясы» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары Серік ЖАУБАСОВТЫ əңгімеге тарттық.

– Серік Жанатұлы, ең алдымен өз жұмыстарыңызға қатысты өткен жылдың негізгі қо рытындыларына тоқтала кетсеңіз. – Астана қаласы бойынша аумақтық жер инспекциясы өз құзыретінің шегінде жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Осы бойынша 2012 жылы атқарылған істерді ортаға салатын болсақ, инспекция жер телімдерінің пайдаланылуына бақылау-тексеру жұмыстарын жүргізу нəтижесінде жиыны 1500 гектар жер аумағында 700 заң бұзушылық фактілерінің орын алғандығын анықтады. Осы орын алған заң бұзушылықтарға байланысты істі қайтадан қалпына келтіру мақсатында жазбаша түрде 25 ескерту берілді. Мұның сыртында 430 заң бұзушылық фактісіне жол берген жауапты адамдарға жиыны 30 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды. Салынған айыппұлдың 25 млн. теңгесі заң бұзушының есебінен ерікті түрде өндіріліп алынса, кейбір жағдайда заң талабын орындаудан бас тартушылар да табылды. Осыған орай 5 млн. теңгенің айыппұлын мəжбүрлеп өндіру үшін іс сот орындаушыларына жолданды. Инспекция ұжымы қазіргі күні басшымыз Ербатыр Ахметовтің же текшілігімен аталған бағыттағы жұмыстарды одан əрі жалғастыруда. – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2011 жылдың 17 сəуірінде өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында ауыл шаруашылығы жерлерін түгендеу жөнінде тапсырма берген болатын. Ол тапсырма қалай орындалды? – Ауыл шаруашылығы жерлерін түгендеу бойынша жұмыстарға келетін болсақ, бұл іс сəтімен жүзеге асты деп айтуға болады. Негізінен алғанда бұл жұмыстармен жергілікті билік басшылары тікелей шұғылданды, ал агенттік болса осы жұмыстарды жүзеге асырудың ортақ тəртібін белгіледі жəне олардың орындалу барысын қадағалап отырды. Осы ретте біздің инспекция жергілікті атқарушы органмен Елбасы тапсырмасын орындауды жеделдету үшін ынтымақтаса отырып жұмыс істеп, қала аумағындағы пайдаланылмай келе жатқан жер телімдерін біржақты тəртіппен жалға беру шартын бұзу арқылы соттан тыс жолмен қайтару шараларына көбірек қолдау білдіріп, осы бағыттағы бақылау жұмыстарын үнемі назарда ұстады. Сондай-ақ бос жатқан жерлерді иесіз мүлік ретінде есепке алу жұмыстарын жеделдету жөнінде тиісті ұйымдарға хаттар жөнелтіп отырды. Нəтижесінде, тиісті шаралар қолданылып, пайдаланылмайтын жер телімдерін қайтару мен оларды иесіз мүлік ретінде есепке алу жұмысы жеделдетілді. 2011 жылғы 27 маусымда Астана қаласы əкімінің өкімі негізінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге тексеріс жүргізу жəне түгендеу үшін арнайы жұмыс тобы құрылған болатын. Осы топтың бастамашылдығымен Астана қаласының аумағындағы ауыл шаруашылығына арналған 20,1 мың гектар жерді тексеру барысында жиыны 231 жер телімін құрайтын 18,4 мың гектар жердің пайдаланылмай отырғандығы анықталды. Соның нəтижесінде бұлардың 5,8

мың гектарды құрайтын 105 телімі мемлекет меншігіне қайтарып алынды. Соның ішінде 4,6 мың гектар жер бұрын жасалынған жалгерлік келісім-шарттарды бұзу арқылы алынса, 1,2 мың гектар жер иесіз мүлік ретінде есепке алынды. Аталған іс бойынша кейбір мəселелер сот араласуымен шешіліп жатса, ал енді бір материалдар анықталған жерлерді қайтадан есепке алу үшін Астана қаласының Əділет департаментіне жолданды. Сондай-ақ Астана қаласы бойынша аумақтық жер инспекциясы жеке меншік құқығындағы жалпы ауданы 6,7 мың гектарды қамтитын 126 ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімі бойынша заң тəртібінің бұзылғандығын анықтап, тиісті шаралар қолданды. Соның ішінде 60 жер телімі бойынша бақылаутексеру жұмыстары жүргізіліп, соның нəтижесінде пайдаланбай жатқан жер телімдері сот арқылы мемлекет меншігіне қайтарылды. – Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы жерлерімен қатар, 2012 жылдың 27 қаңтарында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында тұрғын үй салуға арналған жерлерге де түгендеу жұмыстарын жүргізу жөнінде тапсырмалар берген болатын. Ол тапсырмалар қалай орындалуда? – Бұл жұмысқа қатысты айтарымыз, жеке тұрғын үй құрылысын жүргізуге арналған жер телімдерін түгендеу жұмыстарын талапқа сəйкес жəне белгіленген уақытта жүзеге асыру үшін ең алдымен тиісті іс-шаралар жоспары жасалып, оны орындайтын жауапты адамдар белгіленді. Сол жоспарға сəйкес Астана қаласы бойынша жалпы ауданы 42 гектарды құрайтын 29,4 мың гектар жер телімі түгендеуге жатқызылды. Астана қаласы əкімінің шешімімен жұмыс тобы құрылды. Аталған мақсаттағы жүргізілген тексерулердің барысында көптеген кемшіліктер анықталып, оларды жою жөнінде шаралар белгіленді. Мəселен, жұмыс тобы 405 жер телімі бойынша тиісті шара қолдану үшін олардың материалдарын біздің инспекцияға жолдаған еді. Осыларға байланысты мынадай шаралар қабылданды: Азаматтар өз бетімен басып алған жалпы көлемі 1,3 гектарды құрайтын 25 жер телімі бойынша 2,6 млн. теңгенің айыппұлы салынып, жер телімдері қайтарылды; Сонымен қатар, көлемі 2 гектардан астам 80 жер телімінің нысаналы мақсатына сай пайдаланбай немесе басқа мақсаттарға пайдаланылып отырғандығы анықталды. Осыған байланысты жаза қолдану мақсатында олардың иелеріне 984 мың теңгенің айыппұлы салынып, егер жағдайды дереу түзетпесе, бұл жер телімдерінің алынып қойылатындығы ескертілді. 177 жер телімі бойынша анықталған кемшіліктерге байланысты ҚР Жер кодексінің 94-бабының талабы бойынша ол жерлердің иелеріне жазбаша түрде ескертулер берілді. Кемшіліктер түзетіл ген ше бұлардың барлығы бақылауда болады. Сөйтіп, 2013 жылы оларға қайтадан бақылаутексеру жұмыстары жүргізіледі. – Сіз жоғарыда жер телімдерін заңсыз басып алу фактілерінің орын алғандығы туралы айтып кеттіңіз. Осы бойынша жұмыстарға бақылау қалай жүзеге асырылады?

– Астана қаласы бойынша жер заңнамасын бұзудың ең өрескел түрі ол жер телімдерін өз бетімен заңсыз басып алу болып табылады. Ағымдағы жылы жер телімдерін өз еркімен заңсыз басып алудың 264 фактісі анықталды. Мемлекет құзырындағы жер телімдерін өз еркімен заңсыз басып алу фактілері бойынша барлығы 28 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды. Ол барлық са лынған айыппұлдардың 92 пайызын құрайды. Яғни, бұдан жерді өз бетімен заңсыз басып алудың айыппұлы да ауыр екендігін байқауға болады. Оның үстіне аталған фактілер бойынша басып алынған жерлерді босату жөнінде тиісті нұсқау лар да берілді. Тіпті оған болмаған жағдайда сот шешімі ар қылы күштеу шаралары да қолданылатын болады. Бақылау тексерістерінің қоры тындысы бойынша 127-ден астам заң бұзушылық факті лері анықталып, Қазақстан Республикасының тиісті заңнамасына сəйкес Астана қаласы Жер қатынас тары басқармасына сотқа жүгіну арқылы аталған жер телім дерін мемлекет меншігіне қайтарып алу жөнінде ұсыныстар жолданды. Жер заңдылықтарын сақтауға қатысты мəселелер бойынша біздің инспекция Астана қаласы Жер қатынастары басқармасымен, мемлекеттік құқық қорғау органдарымен, Астана қаласының үш аудандық əкімдіктерімен бірлесе отырып жұмыс істеуде. Осы органдардың қатысуымен жерді өз еркімен басып алудың алдын алу жөнінде жұмыс топтары да құрылды. Ол топтар тиісті іс-шаралар бойынша жұмыстар жүргізуде. – 2012 жылғы 11 сəуірде Астана қаласын одан əрі орнықты дамыту жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысының қаладағы коммерциялық мақсаттағы құрылыстарды жүргізу үшін жеке меншікке тапсырылған жер телімдеріне тексеру жүргізіп, олардың жағдайына талдау жасай отырып, игерілмей жатқандарын анықтап, мемлекет меншігіне қайтару жөнінде тиісті мекемелерге тапсырма бергені белгілі. Осы тапсырма қалай орындалуда? – Елбасы тапсырмасына байланысты біздің инспекция өз тарапынан коммерциялық құрылыс нысандарын салуға арналған жалпы ауданы 1567 гектар болатын 321 пайдаланбай жатқан жер телімі бар екендігін анықтады. Соның ішінде коммерциялық құрылыс нысандарын салуға арналған 199 жер телімінің 85-інде сату-сатып алу операциялары арқылы иелерінің өзгергені анықталды. Ал 28 жер телімінің игеру уақыты əлі өтпеген болып шықты. Жағдайды ретке келтіру үшін Астана қаласының прокуратурасымен, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жұмыстар жүргізілуде. Аталған істегі заңдылықты нығайту мақсатында Астана қаласының прокуратурасында тиісті жұмыс тобы құрылды. Жоғарыда аталған нысандар бойынша олардың иелерінің барлығына жазбаша түрде тиісті ескерту жасалып, құрылысы аяқталмағандарының барлығы бақылауға алынды. Осы мақсаттағы тексеру жұмыстары биыл тағы жалғасады. Ескертуден қорытынды шығармаған коммерциялық құрылымдардан жер телімдері қайтадан мемлекет меншігіне алынатын болады. Əрине, бұл мəселе жөніндегі шешімдер тиісті орындармен бірлесіп қабылданатындығын айтуымыз керек. – Əңгімеңізге рахмет. Əңгімелескен Сұңғат ƏЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Profile for Egemen

12/03/2013  

1203201312032013

12/03/2013  

1203201312032013

Profile for daulet
Advertisement