Page 3

3

www.egemen.kz

12 наурыз 2013 жыл

Шара жалєасын тапты Партияның Астана қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне көпбалалы аналар, мүгедек əйелдер жəне жалғызбасты зейнеткер əйелдер оларға материалдық жəрдем көрсету өтінішімен жүгінді.

Осло қаласында Қазақстан Президенті жанындағы Жаппай қырып-жою қаруын таратпау мəселелері жөніндегі комиссияның төрағасы, «Назарбаев орталығының» директоры Қанат Саудабаев бастаған қазақстандық делегация Норвегия үкіметі ұйымдастырған «Ядролық сынақты қолданудың гуманитарлық салдары» атты халықаралық конференцияға қатысты.

Ядросыз əлем ќўру

8 наурыз – Халықаралық əйелдер күні мерекесінің қарсаңында «Бірлік» «Нұр Отан» ХДП-ның филиалы жəне Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің қоры əйелдерді құттықтап, оларға тұрмыстық техниканы сыйға тартты. Сыйлықтар əрбір əйелдің үйіне жеткізілді. – Арамызда қолдауға жəне қамқорлыққа мұқтаж жандар бар. Оларға қамқорлық көрсету жəне олардың өмірі мен денсаулығына жағдай жасау өркениетті қоғамның басты міндеттері болуға тиіс. «Нұр Отан» ХДП-ның филиалы жəне Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің қоры бірігіп, мереке қарсаңында бұл үдеріске өз үлесін қосып жатыр, көпбалалы аналарға жəне жалғызбасты зейнеткер əйелдерге тұрмыстық техниканы – тоңазытқыштар, кір жуғыш машиналар жəне телевизорлар сыйлады, – деді «Бірлік» «Нұр Отан» ХДП филиалы Саяси кеңес бюросының мүшесі Ғалым Жұмжаев. «Бірлік» «Нұр Отан» ХДП-ның филиалы жəне Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің қоры бірігіп жасап жатқан аталмыш қайырымдылық шаралары жақсы дəстүрге айналғандығын атап өту керек.

жалпыадамзаттыќ ўстанымєа айналуы тиіс Конференцияға таратпау, қарусыздану, ядролық қаруды қолданудан жапа шеккендерге гуманитарлық қолдау көрсету саласындағы əлемнің 400-ден аса үкіметі мен халықаралық ұйымдарының өкілдері, ғылыми қызметкерлері мен сарапшылары келді. Шара аясында «АТОМ» жобасының тұсаукесері өткізілді, сонымен бірге, «Менің сіздерді құшақтайтын жүрегім ғана бар: Кəріпбек Күйіков шығармашылығы» атты сурет көрмесі ашылды. Конференцияда сөз сөйлеген Қанат Саудабаев Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Семей ядролық полигонын жабу жəне əлемде қуаты жөнінен төртінші орын алатын ядролық арсеналдан бас тарту туралы шешімінің тарихи мəні мен маңызын атап көрсетті. «Əскери-өнеркəсіптік кешен мен кеңес басшылығының қатаң қарсылығына қарамастан, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тəуелсіздігімізге қол жеткізгенге дейін-ақ, яғни 1991 жылғы 29 тамыздағы Жарлығымен Семейдегі əлемнің аса үлкен ядролық полигонын жапты, – деді ол. – Қазақ елінің еркімен іске асқан осы тарихи фактінің əлемдік өркениет үшін маңызы өте зор. Қазақстанның көрсеткен үлгісі мен халықаралық қоғамдастықтың белсенді əрекеттерінің арқасында Жер шарындағы қалған полигондардың – Невада, Жаңа Жер, Лобнордың үні өшті. «Ядролық клуб» державалары ядролық сынақтар жүргізуге тыйым салатын жəне олардың жүргізілуіне мораторий қолданатын құжатқа қосылды». Өз сөзінде «Назарбаев орталығының» директоры қатысушыларға Қазақстандағы ядролық сынақтардың гуманитарлық жағдайға, тұрғындардың əлеуметтік жəне экономикалық жай-күйлеріне, қоршаған ортаға тигізетін тажалды əсері туралы айтып берді. «Ядролық

сынақтардың салдары əлі күнге дейін полигонға жақын тұратын халықтың денсаулығына кері əсерін тигізіп келеді. Олардың 70 пайызға жуығы – сəулеленуге ұшыраған ата-анадан туған екінші жəне үшінші жапа шегуші ұрпақтар Тəуелсіздіктің алғашқы күнінен-ақ Қазақстан Үкіметі ядролық сынақ құрбандарын сауықтыру үшін барлық мүмкіндіктерді жасап, жалпы, аймақ тұрғындарын экономикалық жəне əлеуметтік қолдауда барлық күшін жұмсап келеді. Осылайша, Үкімет Семей аймағындағы мəселелерді шешуге бағытталған бірқатар мақсатты бағдарламалар қабылдады, ал Қазақстан Парламенті ядролық сынақтардан зардап шегушілерді əлеуметтік қорғау туралы арнайы заң қабылдады», – деп атап көрсетті Қ.Саудабаев. Ядролық сынақтардың салдарын жоюда, сондай-ақ, аймақтың экологиясы мен тұрғындарды сауықтыру мəселелерінде көрсеткен көмектері үшін халықаралық қоғамдастыққа алғыс білдірген Қанат Саудабаев Қазақстан Үкіметімен бірлесіп, ядролық жарылыстардың салдарын жеңуге, Семей аймағының тұрақты дамуы мен экономикалық өсуін қамтамасыз етудегі көмектің техникалық компонентімен қатар, гуманитарлық компоненттің де қажеттілігіне назар аударды. «БҰҰ Бас Ассамблеясының Семей аймағын қалпына келтіру қызметінде Қазақстанға қолдау білдіру туралы үндеуі халықаралық қоғамдастықтың барлық мүшелерінің құлағына жетті, – деді Қанат Бекмырзаұлы. – Біздің конференциямыз əлемдегі ядролық сынақтардың құрбандары туралы кезекті рет еске салып, барлық елдердің үкіметтерін ядролық сынақтардан зардап шеккен аймақтың экологиясын қалпына келтіру, оларды сауықтыру проблемаларына аса гуманистік белсенділікпен айтарлықтай атсалысуға тағы да қозғау

салады деген сенімімді білдіргім келеді». «Біздер, ядролық соғыстың адамзат баласы ешқашан басынан кешірмеген осындай тозағынан өткен ядролық сынақтардан зардап шегушілер мүмкіндік бар кезде ядролық ессіздіктің нағыз алапатын саналы түрде жете түсінуге шақырамыз. Егер де əлемдегі миллиардтаған адам ядролық сынақтардың шын мəнінде бар екенін саналы түрде сезінетін болса, онда қоғамдық пікір ядролық қаруды жер бетінен жойып жоқ қып жіберерліктей жеткілікті моральдық күшке ие болар еді, – деді конференцияның қатысушыларына сөзін арнаған «АТОМ» жобасының Құрметті елшісі Кəріпбек Күйіков. – Менің картиналарымда ядролық қарудан азат əлемге шақыруым бейнеленген, оларға мен жанымды салып, жүрегімнің бір бөлшегін бердім... Біздің сабырға келіп, тоқтауымыз керек». Норвегияға сапары аясында Қ.Саудабаев ядролық қаруды таратпау мен қарусыздану саласындағы норвегиялық жəне халықаралық саясаткерлер, сарапшылармен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Қанат Бекмырзаұлы Норвегия Стортингінің (Парламентінің) вицепрезиденті Марит Нюбак, «Парламентарийлер ядролық қаруды таратпау жəне қарусыздану үшін» халықаралық ұйымының жаһандық үйлестірушісі Алэн Варэ, сондай-ақ, танымал америкалық əртіс, ядролық қарусыздану үшін қозғалысының белсендісі Мартин Шинмен пікір алмасты. Қазақстандық делегация мүшелерінің, сондай-ақ, Норвегия халықаралық қатынастар институтының (NUPI) директоры Ульф Свердруппен, Шотландия парламентінің мүшесі Билл Кид жəне басқалармен кездесуі өтті. «Егемен-ақпарат».

«Егемен-ақпарат».

Астанада кезекті Қазақстан-Беларусь СІМ-аралық консультациялары өтті, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.

Іс-шаралар жоспары бекітілді Аталмыш іс-шараның барысында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары С.Ордабаевтың жəне Беларусь Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары А.Михневичтің б а с ш ы л ы ғ ы м е н е к і д е л е г ациялардың келіссөздері болды. Тараптар екіжақты өзекті мəселелерді, сондай-ақ, екі мемлекеттің Біртұтас экономикалық кеңістік, Кеден одағы жəне ТМД шеңберіндегі əрекеттесулері барысын талқылады. Консультациялардың қо рытындысы бойынша Қазақстан Рес публикасы Сыртқы істер министрлігі мен Беларусь Республикасы Сыртқы істер министрлігі арасындағы 2013-2014 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына қол қойылды.

Ќондырєы желсіз кїндері де ќуат ґндіреді (Соңы. Басы 1-бетте). Негізі өнімді нөлден бастап шығару қиын, оған қомақты қаржы керек. Жел электр стансасының жүйесі əмбеге баяғыдан таныс, ал біздің қондырғымыз өзгешелеу болады. «Зенит» зауытының бұрынғы бас конструкторы марқұм Альберт Гасанов кезінде тапсырысымыз бойынша жел двигателінің құрылымын жасақтады. Оның бастаған ісін жалғастырып, жел қондырғысының формасын жетілдірудеміз. Қондырғыны сынақтан өткізуді бастадық. Маусым айында дайын болады. Күн жарығынан қуат өндіретін жобамыз да бар. Мемлекеттің қуат үнемдейтін қондырғыны енгізуге кеткен шығынның бір бөлігін субсидиялау мəселесін көтеріп отырғаны қуантады. Бүкіл ауылды жарықпен қамтитын үлкен станса емес, жекелеген үйді жарықтандыруға əлі келетін шағын күн тақтайшаларын шығарамыз. Бүгінде оның қажетті кейбір бөлшектері сырттан əкелініп, наурыз айында үлгілік түрі сыналады. Қалада пəтерінде электр шамы барларға емес, айдалада жарықсыз отырған малшы ағайындарға пайдасы тиетін жоба – бұл. Əр үйді бөлек қамтитын қуаты сағатына 14 кВт-ға дейінгі газ генераторы жобасын іске асырмақпыз. Ауылдағы бір көшені жарықтандыратын генератор түрі де құрастырылады. Мысалға, шалғайдағы Жəнібек ауданын алайық. Ауданның тұрғындары электр қуатын Ресейден қымбатқа алады. Ал мына генератордың көмегімен жарықтандыруға кететін шығынды азайтуға болады. Мұндай қондырғылар шағын өндіріс орындарында пайдалануға тиімді. Өйткені, есік, терезе жасайтын, нан пісіретін шағын кəсіпорындарға күндізгі электр қуатының төлемі қымбатқа шығады, – дейді Біржан Маратұлы. Таяуда «Алгоритм» технопаркінде өткен қуаттың

жаңғыртылатын балама көздері нысандарын енгізу тақырыбындағы кеңесте Алматы қаласындағы энергетика жəне байланыс университетінің ғалымы Вячеслав Стояк оралдық компанияның жел двигателінің желсіз, күн тақтайшаларының бұлыңғыр күндері қалай жұмыс істейтініне қызығушылық білдіргені бар. Сөйтсек, нарыққа Қытай ұсынып отырған жел қондырғысына қарағанда, Біржанның жел қондырғысы тымық күндері де секундына 2-2,5 метрлік желмен жұмыс істесе, күн нұрынан қуат өндіретін тақтайшасы күннің бұлыңғыр кезінде, күндізгі жарықтан қуат өндіре береді екен. Соған орай күн тақтайшасының бағасы бір миллион теңге, ал, сағатына 1-2 киловатт электр қуатын өндіретін жел двигателінің бағасы 800 мың теңге шамасында.

Алдағы уақытта үлкен жел қондырғыларын құрастыру жоспарланған. Алғыр жігіт сол жобамен «ЭКСПО – 2017» көрмесіне қатысуды армандайды. Арманына қол жеткізу үшін жобаға қаржы құятын инвестор тауып, бөлшектерді шығаратын серіктес зауыттармен келісуі керек. Мамандығы қаржыгер Біржан Жанғалиев венчурлық қызметпен індете шұғылданып жүр. Қызықты жобаларды тауып, соған қаржы салады. Жоба бойынша үлгілік түрін шығарып, жетілдіреді, жаппай өндіріске қояды. Жоба өзін ақтауы үшін ұзақ күтуге тура келеді. Бұған екінің бірі бара бермейді, өйткені, кейде жобаның тиімсіздігі, табыс əкелмейтіні де болады. Жалпы, бұл кəсіпкерлік түрі тəуекелді қажет етеді. Орда бұзар шағында қалталы деген іскерлердің өзі батылы жетіп бара бермейтін, тəуекелді,

жауапкершілікті қажет ететін іспен айналысып жүрген қазақтың қара баласы тапқан-таянған табысын жобаларға, компанияның дамуына салуда. Қазір 10 шақты жоба қарастырылуда. Тек өңірдегі өнертапқыштардың өнертабыстарымен шектелмей, өзге елдердегі озық жоба, инженерлік идеяларға құлағы түрік. Украиндық автордың Н-1 ұңғыманы тазалау қондырғысы идеясына «құда түсіп», оны іске асырды. Жаңа қондырғымен ұңғыманы тазалау қауіпсіз əрі шығынды көп қажет етпейді. Бұрынғы əдіспен ұңғыманы тазарту жұмыстары шамамен 60 млн. теңгеге шығады десек, оралдық жабдық оны төрт есе арзанға, 16 млн. теңгеге тазалайды. Қондырғы Украинада сынақтан өтіп, жақсы нəтиже көрсеткен. Жазға салым Ақтау жағындағы бір компания

жабдықты пайдалану қызметіне тапсырыс берген. Компания немістермен бірге химиялық реагенттерден металлургия саласына қажетті қоспа шығару жобасын қолға алды. Қоспаның күшімен металды, тау жынысын кеседі. Қазақстанда мұндай өндіріс жоқ, Ресейде бір зауыт салынуда. Еліміздегі Арселор Миттал, Донской, Жəйрем кен байыту комбинаттары үшін қажетті өндіріс. «Биыл Орал қаласының Самара бағытындағы күре жол ауданынан жер телімін алып, цехтар саламыз. Сонда шағын өндіріс орнын іске қосамыз. Жақын маңдағы ауыл тұрғындары жұмысқа тартылады. Одан басқа арнайы техника құрастыру цехы іске қосылып, онда 80 жаңа жұмыс орны ашылады. Немістер, финдер келіп жергілікті кадрларымызды өздері үйретіп, оқытады. Орталық Қазақстан жағынан ашу жөнінде ұсыныстар болған, бірақ өз үйіңді көркейтіп, өз үйіңе салық төлегенге не жетсін», – дейді кəсіпкер. Қытайда рикшалар ұзақ дегенде небары 40 жасқа дейін өмір сүреді. Себебі, жүгі ауыр велосипед тепкенде, жүрекке күш түсетіні аян. Адамзат баласы үшін қайта велосипед ойлап табудың қажеті жоқ, дегенмен, оны жетілдіруге болатынын ақсайлық өнертапқыш дəлелдеген. Оның идеясын іске асыруға Біржанның командасы жұмылған. Аз ғана күш жұмсап, педальды еркін айналдыратындай етіп жетілдірілген велосипед түріне қазақстандық патент алынған. – Біздің велигімізді «ерттеп» мінген зейнеткер Лондон олимпиадасының чемпионы Винокуровты қуып жеткенін көрсек деген арман бар. Жоба толықтай дайын болғанда, тұсаукесерге чемпионды шақыру ойымызда бар, – деп күледі Біржан Жанғалиев. Несі бар, мақсат қойған адамға арманның орындалар күні алыс болмас...

«Даму»: кəсіпкерлікке ќолдау Кеше «Қазмедиа орталығы» ғимаратында Қазақстан Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Əбибуллаевтың қатысуымен дəстүрлі брифинг өтті. Ресми өкіл жақын күндері өтетін маңызды оқиғалар шоғырын тізбектеп берді. Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Одан белгілі болғанындай, 12 наурызда Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен Үкіметтің отырысы өткізіліп, онда кəсіпкерлік пен бизнес-ахуалды жақсарту мəселелерін талқылау жоспарланыпты. Ал 13 наурызда Астанада ұлттық статистика жүйесін нығайту жобасы аясында Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің төрағасы Əлихан Смайылов Германия Федеративтік Республикасының Статистикалық офис президенті Родерих Эгелермен кездеседі екен. «Ал 15 наурызда Астанада Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасымен бірлесе отырып, мемлекеттік қызмет саласында аймақтық хабтың құрылтай конференция сын өткізеді. Конференцияға 30-дан аса елдің, сонымен қатар, Еуропалық Одақ, Экономикалық ынтымақтастық жəне даму ұйымы, USAID жəне Дүниежүзілік Банк өкілдері қатысады. Аймақтық хабтың басты мақсаты – Орталық Азия жəне ТМД елдері үшін мемлекеттік қызмет саласында үздіксіз білім мен тəжірибе алмасу үшін институттық негіз құру», деді А. Əбибуллаев. Ресми өкіл, сондай-ақ, еліміз аумағында өтетін іс-шаралармен қоса, халықаралық іс-шаралар туралы да баяндады. Брифингте «Даму» кəсіпкерлікті дамыту қоры басқармасының төрайымы Лəззат Ибрагимова сөз алып, Қазақстандағы əйелдер кəсіпкерлігі турасында əңгіме қозғады. «Бүгінгі таңда əлемдік еңбек нарығында əйелдер мен ер адамдардың үлесі теңгеріліп келеді. Халықаралық еңбек ұйымының зерттеулеріне сəйкес, қазіргі уақытта əлем экономикасында 1,2 млрд. əйел жəне 1,8 млрд. ер адам жұмыспен қамтылған. Жəне де бұл үрдіс Қазақстанда да əлемнің өзге елдеріндегідей көрініс тауып отыр, яғни біздің əйелдер қауымы ер адамдармен бірдей белсенді түрде жұмыс істеп жүр», деді Л.Ибрагимова. Осылай дей келе, ол бүгінде мемлекеттің кəсіпкерлікті

қолдау бағдарламасына қатысатын əйелдердің жалпы үлесі 32 пайызға жеткенін, 3 жылда қыз-келіншектердің 60 пайыздан астамы бизнес-курстардан өткенін атап көрсетті. «2013 жылдың қаңтар айына дейін «Назарбаев Университетінің» бизнес-мектебі базасында 420 кəсіпкер оқытылды, оның 206сы – əйелдер. Несиелендіру бағдарламасы бойынша «Даму» қоры 13 мыңнан астам адамға 680 миллиард теңге көлемінде қолдау көрсетті. Бүгінде мұндай мемлекеттік бағдарламаға қатысып, қолдау көрген əйел кəсіпкерлердің үлесі 32 пайызды құрап отыр. Біз мемлекеттік қолдау алушы кəсіпкер əйелдердің үлесін 40 пайызға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз», деді өз сөзінде Лəззат Ибрагимова. Қор басшысы, сондай-ақ, «Дамудың» алдында тұрған мақсатміндеттерге де тоқталып өтті. «Біз əйелдер кəсіпкерлігін сапалық жəне сандық тұрғыда дамытуды мақсат тұтамыз. Осы арқылы болашақта лайықты шешім қабылдай алатын əйелдердің қатары көбейеді деген үміттеміз. Сондықтан да біз оларға өз бизнесін ашуға жəне кеңейтуге, кірістерін арттыруға көмектесеміз. Бұл үшін бізде кəсіпкерлік бастамасы бар əйелдерді қолдауға бағытталған бірнеше бағдарлама жұмыс істейді. «Даму» қоры оқыту бағдарламасынан бөлек кə сіпкерлерге қаржылай қолдау көрсетуде. Қор белгілі бір шарт негізінде өз қаржысын қазақстандық банктерге орналастырады, ал ол банктер бұл қаржыларды түрлі бағдарламалар аясында несиеге береді. Осындай бағдарламалар шеңберінде 13 мыңнан астам адамға 680 миллиард теңге көлемінде қолдау көрсетілді», деді бұл орайда Л. Ибрагимова. Бір атап өтерлігі, бүгінде мұндай мемлекеттік бағдарламаларға қаты сып, қолдау көрген əйел кəсіпкерлердің үлесі 32 пайызға жетіпті. Сондай-ақ, 2013 жылдың 1 ақпанындағы мəліметке сүйенсек, əйел кəсіпкерлерді несиелендіретін арнайы бағдарлама аясында 826 əйел кəсіпкерге 4,2 миллиард теңге көлемінде қолдау көрсетілген екен.

Боран Аќмола аймаєын əлекке салуда (Соңы. Басы 1-бетте).

Бізге келіп түскен соңғы деректер бойынша 9 наурыздағы 09 сағаттан 10 наурыздағы 09 сағатқа дейін жол бойында 32 авариялық-құтқару жұмыстары атқарылды. Қар құрсауынан 197 техника шығарылып, 576 адам қауіпсіз жерлерге жеткізілген. Сондай-ақ, 267 көлік (371 жолаушысымен) жол полициясы қызметкерлерінің жетегімен сапар шекті. Бұған қосымша 353 адам жол бойында арнайы қамдалған жылыту бекеттеріне жеткізілді. Бурабай ауданындағы «Рубеж» бекетінде жергілікті атқару органдарының күшімен ыстық тамақ ұйымдастырылып, тоқтатылған көліктердегі жолаушылар қонақ үйлер мен жол

бойындағы сервистік қызмет орындарына орналастырылды. Жол полициясының күшімен 500 автокөліктен (300-і жүк машинасы) тұратын колонна ұйымдастырылып, полицияның бақылауымен Астана қаласына сапар шекті. Құтқару жұмыстарына Ақмола облыстық ТЖД 16 техникасы, ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтының, ҚР Қорғаныс министрлігінің, «Қазавтодордың», жергілікті атқару органдарының жəне Астана қаласының техникалары жұмылдырылды. 10 жəне 11 наурыз күндері Көкшетау – Зеренді, Көкшетау – Петропавл, Атбасар – Жақсы – Есіл – Қостанай бағытындағы автожолдар қалыпты жұмыс істей бастады. Ақмола облысы.

Profile for Egemen

12/03/2013  

1203201312032013

12/03/2013  

1203201312032013

Profile for daulet
Advertisement