Page 1

● Президент поштасынан

Сізге шын кґѕілден ризамыз

– дейді жаѕа пəтерлерге кірген Ќараєанды облысыныѕ тўрєындары

№216 (28694) 11 ҚАРАША СƏРСЕНБІ 2015 ЖЫЛ

Президенттің баспасөз қызметі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына көктемгі су тасқынынан зардап шеккен Қарағанды облысының тұрғындарынан хат келгенін хабарлады.

Қазақстан Президентінің атына жаңа үйге қоныстанған азаматтардан алғысқа толы хаттар келіп түсті. Авторлар өздеріне ең бір қиын сəттерде көрсетілген көмектің маңыздылығын атап өткен. «Сол кезде, осыдан алты ай бұрын, біздің көпшілігіміз шын мəнінде баспанасыз қалдық. Жылдар бойы жиғанымызды, тірнектеп жүріп салған үй-жайымызды əпсəтте лай басып, мүлде жарамсыз болып қалды. Көпшілігіміздің қолымызда шиеттей бала-шаға, қарттар бар еді», – делінген хатта. Тұрғындар осындай жағдайда Мемлекет басшысы өздерін назарынан тыс қалдырмай, қолұшын созғанын атап өткен. «Біз ақшалай өтемақы алдық. Баспанасыз қалғандарды жатақханаларға, жалдамалы пəтерлерге орналастырды. Еліміздің барлық тарапынан жедел көмек ретінде дəрі-дəрмек, жылы киім, азық-түлік келе бастады. Содан соң əкімдік қызметкерлері келіп, Сіздің тапсырмаңызбен біз үшін жаңа үйлер салынатынын айтқанда, жүрегімізді зор қуаныш кернеді», – деп жазады авторлар. Сонымен қатар, олар орындауға бөлінген мерзімнің қысқа болуы себепті тапсырманы жүзеге асыру мəселесіне қатысты алаңдағандарын да айтқан. «Бірақ бүгін, бұрынғымыздан əлде қайда жақсы, жаңа, жылы əрі жайлы үйде отырып, алдағы суықта қайтеміз деген қорқыныштан арылған кезде алаңдаушы лығымыз бекер бол ғанын түсіндік. Тағдырымызға Өзіңіз тікелей араласқан кезде күмəндануымыз негізсіз еді. Сіз өзіңіз үшін азаматтардың аман-саулығынан асқан маңызды міндет жоқ екенін тағы да дəлелдедіңіз», – делінген хатта. Қарағанды облысы биыл көктемгі тасқын судан ең көп зардап шеккен өңірдің бірі болды. Табиғи апат салдарынан 449 үй тұруға жарамсыз деп танылып, 2017 отбасы зардап шекті. Облыста Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында оларға көмек көрсету жөніндегі жұмыстар ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасының Заңы Шанхай ынтымаќтастыќ ўйымына мїше мемлекеттердіѕ їкіметтері арасындаєы халыќаралыќ автомобиль тасымалдары їшін ќолайлы жаєдайлар жасау туралы келісімді ратификациялау туралы 2014 жылғы 12 қыркүйекте Ду шанбеде жасалған Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдары үшін қолайлы жағдайлар жасау туралы келісім ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2015 жылғы 2 қараша. № 385-V ҚРЗ

Қазақстан Республикасының Заңы Есірткі, психотроптыќ заттар мен олардыѕ прекурсорларыныѕ їлгілерін беру тəртібі туралы келісімді ратификациялау туралы 2011 жылғы 18 қазанда СанктПетербургте жасалған Есірткі, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының үлгілерін беру тəртібі туралы келісім ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2015 жылғы 2 қараша. № 386-V ҚРЗ

● Талдамалық толғаныс

ЕУРОПАНЫЅ ИНДУСТРИЯЛЫЌ АЛЫПТАРЫНЫЅ ТАЅДАУЫ – ЌАЗАЌСТАН Ќазаќстан Президенті Нўрсўлтан Назарбаевтыѕ Ўлыбритания мен Францияєа сапарыныѕ нəтижесі – он бір миллиард доллар Болат МАЙЛИН, саясаттанушы.

Нұрсұлтан Назарбаевтың өткен аптадағы Ұлыбритания мен Францияға ресми сапарлары, жетекші экономистсарапшылардың пікірлерінше, Қазақстанның аталған алдыңғы қатарлы əлемдік индустриялық державалармен инвестициялық жəне сауда ынтымақтастығында шешуші рөл атқарды. Қазақстан делегациясы бұрын-соңды болмаған табысты келіссөздер жүргізсе, нəтижесінде орасан зор сомаға – 11 млрд.-тан астам доллардың келісімшарттарына қол қойылды. Алайда, Қазақстан Прези ден тінің табысты турнесінен дивидендтер тек ақшалай көрсеткішпен ғана шектелмейді. Бұл арада Қа зақстанның Ұлыбританиямен жəне Франциямен ынтымақтастығында сапалық тұрғыдан жаңа дəуір басталғаны анағұрлым маңызды. Осылайша, бұдан былай қарай жетекші рөл шикізаттық емес секторларға, өңдеуші өнеркəсіпке, жоғары технологиялы өндіріске берілетін болады. Лондон жəне Париж уағ даластықтарының нəтижесінде өмірге жолдама алатын жобалар Бес институттық реформаның, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының жəне индустрияландыру бағдарламаларының негізіне айналады. Қазақстан алдыңғы қатарлы технологияларға қол жеткізіп, елімізде жоғары қосымша құн салығы бар жаңа өндіріс орындары пайда болады, жоғары білікті мамандар оқытылады. Қол жеткізілген келісімдерден келетін əлеуметтік тиімділіктің құны да аса жоғары. Жаңа бірлескен Қазақстан-Британия жəне Қазақстан-Франция жобаларының арқасында мыңдаған жаңа жұмыс орындары құрылып, тұтастай өңірлер тұрғындарының əл-ауқаты артатын болады. Нұрсұлтан Назарбаевтың сапарынан соң Еуропада Қазақстан туралы «Жаңа Жібек жолы» жобасының шешу ші қатысушысы ретінде əңгіме айтыла бастады. Еуропа бизнесінің еліміздің транзит тік əлеуетін пайдалануы да қазақстандықтарға кең ауқымды экономикалық тиімділік əкеледі.

Ќазаќстан Кґшбасшысына деген тереѕ ќўрметтіѕ белгісі Нұрсұлтан Назарбаевтың сапары Ұлыбритания мен Францияның саяси жəне іскер топтары үшін айтулы оқиға болды. Лондонда жəне Парижде Мемлекет басшысы үлкен сый-құрмет көрсетіліп, қарсы алынды. Осылайша, Қазақстан Президентінің аса жоғары саяси жəне моральдық беделі мойындалды. Ұлыбритания астанасын да Қазақстан басшысы Ұлыбритания жəне Сол түстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Патшайымы Ели завета ІІ-мен кездесті. Бри тания тəжінің басшысы Ұлыбританияға келген мем лекет басшыларымен аса сирек кездеседі, тек əлем дік ауқымдағы аса көр некті саясаткерлер ғана осын дай құрметке ие бола

алады. Букингем сарайында Нұрсұлтан Назарбаевқа жасалған ерекше қабылдау Қазақстан Көшбасшысы мен біздің елімізге деген терең құрметтің белгісі екені сөзсіз. Британия монархтарының резиденциясында алғаш рет Қазақстанның Əнұраны шырқалып, қарауыл басшысы алғаш рет қазақ тілінде сəлем берді. Қазақстан Президентінің Ұлыбритания Премьер-министрімен кездесуі жылы шырайлы достық рəуіште өтті. Қазақстан Президенті Дэвид Кэмеронды парламенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен құт тықтап, оған Британия пре мьерінің елдеріміз арасындағы бейбітшілікті, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан орасан зор үлесін танудың белгісі ретінде І дəрежелі «Достық» орденін тапсырды. Нұрсұлтан Назарбаев Париждегі Елисей сарайында да ерекше сəн-салтанатымен қарсы алынды. Мұнда Қазақстан Президенті құрмет қарауылы сапын айналып өткен соң, оның басшысының есебін тыңдады. Бұл рəсім келген мейманға деген ерекше құрметтің белгісін білдіріп қана қоймай, Франция мен Қазақстан əріптестігінің страте гия лық сипатын да атап көрсетті.

«Біз ештеѕе сўрамаймыз – біз бірлесе табыс табуєа шаќырамыз» Қазақстан Президентінің сапары Лондон мен Париждің іскер дегдарлары тарапынан да үлкен құрмет пен шексіз қызығушылық туғызды. Қазақстан Көшбасшысының

британдық жəне француздық бизнес «капитандарымен» жəне əлемдік индустриялық алыптар басшыларымен кез десулері де ине шаншар бос орын жоқ залдарда өтті. Лондонда Royal Dutch Shell, BG Group, Barclays Bank, Vitol Group, De La Rue, Glencore компанияларының, П ари жде A ir b u s, Alsto m Transport, Vicat, Soufflet, Rothschild Group, Veolia Asia, Areva компанияларының басшылары Қазақстан, жиырма жыл ішіндегі адам айтқысыз экономикалық өсім, еліміздің əлеуеті мен шетел бизнесі мен инвесторлары үшін мүмкіндіктер туралы айтқандарын үлкен қызығушылықпен тыңдады. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев Еуропадағы əріптес теріне əлемдік эко но микадағы дағдарысты құбылыстарға жедел жауап ретінде ойластырылған Қазақстан экономикасын жаңғыртудың Бес институттық реформа мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспары жобаларын ұсынды. Шынтуайтында, Қа зақстан ның табыстары түсіндіруді қажетсінбейтін еді: «Қа зақ станның эконо микалық ғажайыбы» термині халықаралық сарапшылардың сөз қолданысына дамудың тиімді көрсеткіші ретінде айналымға əлдеқашан еніп үлгерген еді. Оның үстіне, Ұлы британия мен Франция – көп жылдан бері Қазақстанның инвестиция мен сауда саласындағы сенімді əріптесі. Британиялық инвесторлар Қазақстанға 11,2 млрд., француздық инвесторлар 11 млрд. доллар салды. Алайда, біздің елдеріміз арасындағы ынтымақтастықта энергетикалық жəне тау-кен өндірісі салаларына қарай ауытқушылық байқалды. Сондықтан, Нұрсұлтан

Назарбаев қуат көздеріне бағаның төмендеуіне байланысты Қазақстанның шикізаттық емес секторларға, өңдеу ші өнеркəсіпке, ауыл шаруашылығына, көлік инфра құ рылымы жобалары мен «жасыл» технологияларға басымдық бере бастағанына назар аудартты. Дəл осы себепті Елбасы ақшаны Қазақстан экономикасының аталған салаларына салуды ұсынды. Мəселен, Елбасы француздық бизнесмендерді ауыл шаруашылығында, əсіресе, ет, сүт, жүн, тері, жеміс-жидек өңдеу секілді салаларда жұмыс істеуге шақырды. – Француздық шарап жасаушылармен бірге біз Қазақстанның оңтүстігінде жоғары сапалы 2,5 млн. бөтелке шарап шығаратын алғашқы зауытты іске қостық, бұл жұмысты жалғастыру керек. Ауыл шаруашылығы да ұлан-ғайыр аумақ, онда да біз бірге жұмыс істейтін боламыз, – деп атап көрсетті Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы Лондонда да, Парижде де британиялық жəне франциялық бизнесмендерді Қазақстан аумағында жұмыс істеп тұрған, Еуропа мен Қытайды, сон дай-ақ, Тынық мұхиты өңіріндегі басқа да елдер арасын жалғайтын транс құрлықтық транзиттік дəліз ді пайдалануға шақыра келіп, еліміздің транзиттік мүмкіндігі зор екеніне екпін түсірді. Нұрсұлтан Назарбаев еліміз Қытай бастамашылық танытқан кең ауқымды «Жаңа Жібек жолының экономикалық белдеуі» жобасын жүзеге асыруға қатысатынын атап өтті. – Екі теміржол же лісі бізді Қытай Халық Рес пуб ликасымен байланыс тыра келіп, Тынық мұхи тын да ғы порттарға шығады. Контейнерлер сол жақтан біздің аумағымыз арқылы Еуропаға жол тартады, – деп суреттеп берді транс құр лықтық дəліз маршрутын Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы қазірдің өзінде осы бағытпен 250 мың контейнер тасымалданғанын, ал жақын бола шақта тасымал көлемі екі еселенетінін хабарлады. Оның үстіне, құрғақтағы транзиттік дəлізді пайдалану жүктерді жеткізу уақытын: теңіздегі 40 тəулікті теміржолмен 1214 тəулікке дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Оның үстіне Қазақстанның транзиттік мүмкіндіктерін пайдаланудан тек еуропалық бизнес қана пайда тауып қоймайды: елдің көлік артерияларымен ағылатын жаңа жүк ағындары бүтіндей бір өңірлердің өміріне жан бітіреді.

Ол ондаған мың қазақ стандықтардың қызмет көрсету саласында жұмыс табуына немесе өз бизнестерін құруына жағдай жасайды. Оның сыртында Пре зидент британдық жəне француз бизнесмендеріне ірі қазақстандық кəсіпорындарды жекешелендіруге қатысуды ұсынды. Нұрсұлтан Əбішұлының тағы бір айтқаны Қазақстанда инвесторлар үшін айрықша жағдайлар жасау жөніндегі уəде болды. – Біз Лондоннан ештеңе сұрамаймыз. Біз бар болғаны сіздерді Қазақстанға келіп, бізбен бірге ақша табуға шақырамыз, – Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Қазақстан-Британ бизнес форуымында сөйлеген сөзін осылай деп аяқтады. Бұл сөздер Қазақстан Президентінің бизнестің жəне индустрияландырудың британдық жəне француз «капитандарымен» түрлі пішіндерде – тет-а-тет, «дөңгелек үстел» басында, тұсаукесер түрінде өткен кездесулерінде талай рет қайталанды. Іс жүзінде олар Нұрсұлтан Назарбаевтың еуропалық сапарының лейтмотивіне айналды. Жəне барлық кезде де Қазақстан Көшбасшысының жоғары беделінің, оның тамаша шешендік шеберлігі мен сендіре білу қабілетінің арқасында қазақстандық тарап келіссөздердің мақсатына жетіп отырды. «Астана» Халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) жобасын Ұлыбританияның қаржы элитасының мойындауы Қазақстан үшін нағыз жеңіс болды. Нұрсұлтан Назарбаев J Rothschild Capital Management-тің басқарма төрағасы лорд Джейкоб Ротшильдпен ЭКСПО-2017 инфрақұрылымы базасында АХҚО құру туралы жоспарымен бөлісті. Д.Ротшильд идеяға қолдау көрсетті жəне Орталық Азия өңірі қаржылық хабының мəртебеге ие болуының Қазақстан үшін тамаша перспективалар ашатынын атап өтті. Əлемнің ең ықпалды банк құрылымдарының бірінің басшысы қолдау білдірген қарардың болуы Қазақстанның Ұлттық банкіне Ұлыбританияның TheCityUK ассоциациясымен жəне Еуропа қайта құру жəне даму бан кімен (ЕҚДБ) меморандум бекітуге жағдай жасады. Бұл АХҚО ендігі жерде қаржылық хаб, бүкіл Орталық Азия өңіріне шетел капиталын тартатын орталық ретінде Ұлыбританияның қаржылық жəне іскерлік топтарында ілгері басады дегенді білдіреді. Нұрсұлтан Назарбаевтың

ресми сапарының тағы бір маңызды нəтижесі Ұлыбри тания мен Францияның Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуға дайын екендігін білдіруі болды. Ал «ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ келіссөздер нəтижесінде Лондонда «Шелл» корпорациясы атынан көрменің жаһандық əріптесіне ие болды.

Лондон мен Париж инвестициялауєа дайын Қазақстан Президентінің ресми сапары алаңындағы келіссөздер қорытындылары нəтижелі болды. Қазақстандық делегация өзімен бірге Лондон мен Парижде қол қойылған алдын ала уағдаластықтардың бүтіндей бір пакетін алып келді. Индустрияландыру бағдарламасы, инфрақұрылымды жəне өңдеу секторын дамыту бағдарламасы тұрғысынан неғұрлым маңызды болып табылатын кейбіреулерін ғана келтіре кетейік. Осылайша, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ (ТДҰА) Innovator Capital Ltd.мен өзара түсіністік жөнінде меморандум бекітті. Осылайша, ағылшындық компания ТДҰА-ға болашақта қазақстандық кəсіпорындарда енгізілетін технологиялар туралы ақпаратты беруге дайын екендіктерін білдірді. Оның сыртында Лондонда қол жеткізілген уағда ластықтардың арқасында британдық инвесторлар Астананы газдандыруға атсалысатын болады. Əңгіме Қазақстанның астанасын, сондайақ, республиканың солтүстік жəне орталық өңірлерін газбен қамтамасыз ететін «Сарыарқа» магистральды газ құбыры бойында газ-тур биналы электр стансасын салу жөнінде болып отыр. «ҚазТрансГаз»АҚ-тың бас директоры мен Independent Power Corporation PLC қол қойған меморандум британдық əріптестердің Астанада, Қарағандыда, Теміртау мен Жезқазғанда əрқайсысының номиналдық қуаты 400 МВт болатын төрт газ-турбиналы электр стансаларын тұрғызуға 3,1 млрд. доллар салуын қарастырады. Бұл жобаның эко но микалық, əлеуметтік жəне экологиялық мəні орасан зор. Біріншіден, астана мен өңірлер дің тұрғындары үнемді жəне қолайлы жылыту жүйесіне қолжетімділікке ие болады. Екіншіден, электр қуатын өндіру көлемі артады. Үшіншіден, табиғи газ отынның

өзге түрлеріне қарағанда экологиялық жағынан таза, демек, бұл қалалардағы ауа да əлдеқайда таза болады. Президенттің елорда мен республиканың орталық бөлігін газдандыру туралы 2012 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында тапсырма бергенін еске сала кеткен жөн. Бұл жоба «ҚазТрансГаз» үшін басымдықты жобалардың бірі болып табылады. Түрлі нұсқалар мен жобаларды зерттегеннен кейін компания қазіргі уақытта консервацияда тұрған жұмыс істейтін газ құбырларын пайдалану арқылы неғұрлым үнемді жолды таңдады. Соның арқасында газ құбыры құрылысының құны айтарлықтай төмен болады, демек, тұтынушылар үйлеріне де газ қолайлы жағдайларда қымбат емес тарифтер бойынша келіп тұрмақ. Қазақстандық «Бəйтерек» холдингі мен Allur Group жəне француздық PSA Peugeot Citroën арасында қол қойылған келесі бір келісім болашақта отандық автоөнеркəсіптің нағыз технологиялық серпіліс жасауы үшін жағдайлар туғызады. Уағдаластықтың мəні Peugeot Citroën-ді қостанайлық «Сарыарқа Автопром» зауытының қуаттарында толық циклді режімде шығару мүмкіндігін қарастыру болып табылады. – Экономикалық ортаның өзгергеніне қарамастан, PSA Peugeot Citroën тобы ТМД өңірінде қабылданған бизнес бағытқа адал күйінде қалып отыр. Концерн Қазақ стан да коммерциялық жəне өнеркəсіптік қатысуын кеңейте түсуді жоспарлауда, 2016 жылдың соңына белгіленген Қостанайда толық цикл ді өндірісті іске қосу оның шешуші сатысы болмақ. Қазақстанда толық циклді өндірісті іске қосу топтың өңірдегі позициясын нығайтып қана қоймай, сонымен бірге, автожиынтықтарды жеткізушілерді дамытуға жəне бүтіндей алғанда сала ның шоғырлану деңгейін арттыруға жағдай жасайды, – деп атап көрсетті PSA Peugeot Citroën тобының вице-президенті Кристоф Бержеран. Бұлар да Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлыбритания мен Францияға ресми сапары алаңында қол жеткізілген бірлескен жобалар мен өндірістердің, уағдаластықтардың толық тізімі емес. Біздің еліміздің алдында энергетика, мұнай-газ, кен өндіру өнеркəсібі, сумен жабдықтау жəне қалдықтарды жою саласында жаңа мүмкіндіктер ашылып отыр. Париж бен Лондонда қол қойылған жобалар, келісімдер елді индустрияландырудың, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру дың берік іргетасына айнал мақ. Қазақстанға заманауи технологиялар мен өндірістер келетін болады. Мыңдаған жəне мыңдаған қа зақстандықтар жаңа қазақстандық-британдық жəне қазақстандық-француздық бірлескен кəсіпорындарда жұмыс істеп, оқи алатын болады. Ал «Жаңа Жібек жолы» жобасы шеңберінде Қазақстанның транзиттік мүмкіндіктерін пайдалану бүтіндей бір өңірлердің эко но микасын түрлендіріп, оларда қызмет көрсету саласы мен бизнесті жандандыра түспек.

Бїгінгі нґмірде: ЕЛ ГАЗЕТІ «ЕГЕМЕН», ЖАЗЫЛМАЙЫН НЕГЕ МЕН?!

4-бет

МАЯЄА ТЇСКЕН ИНЕ

9-10-беттер

ЖƏРМЕЅКЕ НЕГЕ ЖАБЫЛДЫ?..

13-бет

ЌЎЛАННАН ЌАНАТ ЌАЌЌАН ЌЫРАН

16-бет


2

11 қараша

www.egemen.kz

2015 жыл

Ўйымныѕ Бас хатшысымен кездесті Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуро падағы қауіпсіздік жəне ынты мақ тастық ұйымы Пар ламенттік Ассамб лея сының Бас хатшысы Оливер Спен сермен кездесті. Қ.Тоқаев Бас хатшы өкілеттігі мер зі мінің таяуда аяқталатынына байланысты Ассам блеяның игілігіне көп жылғы нəтижелі жұмысы үшін О.Спенсерге алғыс айтты.

Жүздесушілер 40 жыл бұрын жасалған Хельсинки қорытынды актісінің, ең алдымен, ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттер бас шылыққа алуға тиісті негізгі қағидаттар жөніндегі бөлігінің халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін маңыздылығын атап өтті. Қ.Тоқаев

Еуро падағы қауіпсіздікті нығайту жəне Ұйым қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстар əзір лейтін ЕҚЫҰ «Даналар тобындағы» өзінің қызметі туралы əңгімеледі. О.Спенсер Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалық еткен жылы Президент Н.Назарбаевтың бас та масымен

Астанадағы тари хи Саммитін əзірлеуде, сондай-ақ, 2010 жылы тұңғыш Трансазиялық парламенттік форумды өткізудегі Ассамблея мен Қазақстан арасында табысты іс-қимылды жылы шыраймен еске алды. Кездесу соңында Қ.Тоқаев 2016 жылдың ортасында «Дін терроризмге қарсы» тақырыбымен өтетін халықаралық конференцияға ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясын қатысуға шақырды. *** Сол күні Сенат Төрағасы Сингапур СІМ-нің Ерекше

тапсырмалар жөніндегі елшісі Билахари Каусиканды қабылдады. Кездесу барысында Қазақстан мен Сингапур ынтымақтастығының өзекті мəселелері туралы пікір алмасылды. Қ.Тоқаев Сенаттың Сингапурмен парламенттік ынтымақтастықты əрі қарай үдету ниетін жеткізді, сондай-ақ, «Ас тана» халықаралық қаржы ор талығын құру туралы Парламенттің жоғарғы палатасы қабыл даған заң туралы хабардар етті, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.

Болгария Республикасы – сенімді əріптес Кеше Бейбітшілік жəне келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжановтың Болгария Халықтық жиналысының (Парламент) төрайымы Цецка Цачевамен кездесуі өтті. Кездесуге Мəдениет жəне спорт вице-министрі Ғалым Ахмедьяров, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Олег Дымов, Парламент Мəжілісі Əлеуметтік-даму комитетінің төрайымы Гүлнар Ықсанова жəне Парламент Мəжілісінің депутаты Наталья Калашникова, Қазақстан мен Болгарияның мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты. Болгариялық делегациямен кездесу барысында этносаралық татулық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі таныстырылды. Е.Тоғжанов шетелдік қонақтарды ҚХА-ның құрылу тарихымен, конституциялық мəртебесімен таныстырып, этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайту бойынша алда тұрған міндеттер мен жүргізіліп жатқан жұмыстар, ҚХА-дан сайланған де пу таттардың жұмысы, халықаралық ынтымақтастық туралы біраз мəліметтерден хабардар етті. Кездесу барысында тараптар

екіжақты ынтымақтастық мəселелерін талқылап, Қазақстан Респуб ликасының Мəдениет жəне спорт министрлігі мен Болгария Республикасы Мəдениет

министрлігінің арасында мəдениет саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. «Болгария Республикасы – біздің дəстүрлі əріптесіміз. Мұның айғағы ретінде болгар тарапының қазақстандық бастамаларға, соның ішінде Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымына төрағалығына, Дүниежүзілік сауда ұйымына өтуіне, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдарғы

Астанадағы Қазақстан Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылымисарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Отырысты ашқан ҚХА Төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов биылғы жыл Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы болып жарияланғанын, сол себепті 2015 жылдың маңызы зор екенін жеткізді. «Бұл жыл саяси тұрғыдан да, тарихи-ғылыми тұрғыдан да мəн-мағынасы ерекше жыл десем, артық айтқандық емес. Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы аясында үлкен шаралар өтті. Биылғы жыл, сондай-ақ, Конституцияның 20 жылдығына, Қазақ хандығының 550 жылдығына, Жеңістің 70 жылдығына сай келді. Ал жалпы, бұл шаралардың барлығына ғылыми-сарапшылық кеңестің мүшелері атсалысты», – деді ол. Осылай дей келе, Е.Тоғжанов биылғы жыл Елбасының бес институттық реформасы аясындағы «100 нақты қадамның» жүзеге

тұрақты емес мүшелігіне жə не Ас танада ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу тапсырысына қолдау көрсетуін атап өтуге болады», – деді Ғалым Ахмедьяров. Мəдениет саласындағы ынтымақтастық туралы келісім тарих жəне мəдениет ескерткіштерін сақтау, жаңғырту жəне консервациялау саласындағы екіжақ ты байланыстарды дамытуды қарастырады. Сондай-ақ, Қазақстан мен Болгария кітапханалары, мұражайлары, кино өнері мен концерттік қызмет ұйымдары арасындағы əріптестік қатынастарды өрістете түсуді көздейді. Сонымен қатар, келісімге сəйкес, мемлекеттер бір-бірімен екі жақтың мүдделеріне тиесілі ақпарат тарымен алмасып отыратын болады. Тараптар келісімге қол қою екі мемлекет халықтарының арасындағы достық қарым-қатынастарды күшейту мен дамытуға жаңа серпін беретіндігіне сенім білдірді. Сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясының Бейбітшілік жəне келісім сарайындағы көрме павильонына болгар ұлттық костюмі сыйға тартылды. Раушан ТƏУІРХАНҚЫЗЫ, журналист.

Таєаттылыќ таєылымы асырыла бастауымен де маңызды екеніне тоқталды. «Осы 5 реформаның ішіндегі 4-ші реформа – бірегейлік пен бірлік. Яғни, 5 реформаның бесеуі де осы 4-ші реформасыз жүзеге асуы мүмкін еместігін халық жақсы біледі деп ойлаймын», – деді Е. Тоғжанов бұл турасында. Өз сөзінде ол, сондай-ақ, биылғы жылы көптеген саяси шара жүзеге асырылғанын, оларға «Менің Қазақстаным» арнайы пойызының экспедициясы мен «Ұлы Дала елі» экспедициясын, «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» халықаралық жобасын қосуға болатынын атап өтті. «Ал бұлардың қатарында «Мəңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының алар орны айрықша. Бұл идеяның көтерілгеніне біраз уақыт болды. Ол қазір ел арасында, облыстарда талқылануда. «Мəңгілік Ел» идеясының негізгі жобаларының бірі Астанада өткен Патриоттар форумында қаралды. Ал ондағы жергілікті жерлерден

келіп түскен, сондай-ақ, осындағы ғалымдарымыз берген ұсыныстар таразыға салынып, ертеңгі күн олар сіздердің қарауларыңызға ұсынылатын болады. Яғни, бұл идеяның өзегі Қазақстанда тұратын азаматтардың бір-біріне деген көңілниеті бір үйдің баласындай болуы керек дегенге саяды. Себебі, сондай ел ғана үлкен жетістікке жетуі мүмкін», – деді Е.Тоғжанов. Бұған қоса, ҚХА Төрағасының орынбасары Қытайдың Қазақстанның этносаралық келісім бағытындағы тəжірибесіне қызығушылық танытып отырғанын, бұған жақында сол елге жасаған сапары дəлел болғанын, бұл Қазақстанның «қоғамдық келісім» идеясының маңызын сөзсіз арттыра түсетінін айтты. Жиын барысында Қазақстан Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академия сының ректоры Болатбек Əбдірəсілов те сөз алып, аталған академия ҚХА-ның ғы лыми-сарапшылық кеңесінің негізгі базасы саналатынын, академияда 2011 жылы Елбасының тапсырмасымен этносаралық

жəне конфессияаралық қарымқатынасты зерттейтін орталық ашылғанын жеткізді. «Биылғы жылы Мемлекеттік басқару академиясы Швецияның Упсала қаласындағы жоғары оқу орнымен бірлесе, үлкен халықаралық конференция өткізді. 20-дан астам мемлекеттің өкілдері қатысқан конференция барысында мемлекетіміздің этносаралық келісім үлгісіне деген айрықша қызығушылық байқалды. Жалпы, өзге елдердің біздің еліміздің қоғамдық келісім бағытында қолға алған жұмыстарын таныпбілуге, зерттеп-зерделеуге деген ынта-ықыласы ерекше», – деді Б. Əбдірəсілов. Жиын аясында, сонымен қатар, ҚХА Медиация институтын қалыптастыру мен дамыту бойынша өзекті мəселелер қарастырылып, қазақстандық бірегейлік пен қоғамдық келісімді нығайту жолындағы ҚХА кафедралары жұмыстарының негізгі бағыттары талқыланды. Шара соңында ҚХА мерейтойына арналған үздік ғылыми жұмыстардың тұсаукесері өтіп, бірқатар азамат «Қазақстан халқы Ассамблеясына – 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.

Отандыќ автоґнеркəсіп мамандары Шыєыс Ќазаќстан мемлекеттік техникалыќ университетінде даярланады Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан».

Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті – авто өнеркəсіп кəсіпорындары үшін арнайы мамандар əзірлеуді бастаған еліміздегі алғашқы білім орындарының бірі. 2003 жылы «АЗИЯ АВТО» АҚ кəсіпорнының конвейері іске қосылғаннан бастап ШҚМТУ қазақстандық тұңғыш автомобиль өндірісіне қажетті мамандарды даярлап келеді. 2011 жылы аталған университет пен зауыт арасындағы ынтымақтастық жаңа белеске көтеріліп, кəсіпорында университеттің «Көлік жəне логистика» кафедрасының филиалы ашылған болатын. Бүгінде аймақтың жетекші техникалық жоғары оқу орны өзінің көп жылдан бергі ғылымиөндірістік тəжірибе барысындағы серіктесімен бірлесе жұмыс жүргізудің нəтижесінде екіжақты тиімді байланыстың жаңа сатысына аяқ басты. Енді жоғары оқу орны Өскемен қаласындағы «АЗИЯ АВТО Қазақстан» АҚ базасында салынып жатқан ірі машина жасау өндірісі үшін білікті инженер мамандарын

даярлайтын болады. Осы арқылы ШҚМТУ-дің профессорлары мен оқытушылары жəне магистрлік бағдарламалардың студенттері толық циклді автомобиль зауытының жəне автобөлшектер шығару жөніндегі технопарк бөлімдерінде ғылыми жəне кəсіби тəжірибеден өту мүмкіндігіне ие болды. Бұл жөнінде Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ ректоры Жасұлан Шаймарданов пен «АЗИЯ АВТО Қазақстан» АҚ президенті Ержан Мандиев өзара ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қою барысында белгілі болды. Келісім аясында бірлескен ғылыми-тəжірибелік жəне зерттеу жұмыстары ұйымдастырылады деп күтілуде. Университет ректорының айтуынша, бұл жоба жас мамандар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Яғни, студенттер мен оқытушылар Қазақстандағы жаңа саланың қалыптасуы мен дамуына өз үлестерін қоспақ. Сонымен бірге, мамандықтардың отандық реестрі университеттің білім беру бағдарламаларының тізімі сияқты анағұрлым кеңейеді. Ал «АЗИЯ АВТО Қазақстан» АҚ президенті Е.Мандиев кəсіпорын базасында салынып жатқан өндіріс орнында 12 мыңға

жуық жұмысшы-қызметкерлер жұмыс істейтінін, олардың ішінде 1500 дипломды инженерлер, құрастырушылар, автомеханиктер, химик-технологтар, логистика жəне ақпараттық технологиялар мамандары еңбек ететінін жеткізді. Кəсіпорын басшысы осы орайда оқу орнымен бірлесе отырып, жаңа өндіріске қажетті білікті мамандар тобы дайындалатынын атап өтті. Қазір құрылысы қызу жүргізіліп жатқан өндіріс кешенінің жобалық қуаты дəнекерлеу, көлік қорабын

болсақ, ондай жағдайлар техника жетіспеушілігінен орын алып жатады. Биыл қар ерте түсті, көктемде егін егу жұмыстары да кеш басталғанын білесіздер. Соның кесірінен егін жиналмай қалғаны бар. Ол негізінен климаттық себептерге байланысты», деп атап өтті министр. Сондай-ақ, мұндай жағдайлардың кейбіріне «қолдан жасалған», яғни кейбір қожалықтардың мемлекеттің тарапынан жасалып отырған қолдауларды тиімді пайдаланбай, немесе уақытында тиісті жұмыстарды атқармаған салғырттық себептері де болуы мүмкін дейді министр.

бояу жəне автомобиль құрастыру бойынша жылына 120 мың автокөлік шығармақ. Өндірістің бірінші кезегі 2017-2018 жылдары іске қосылады. «АЗИЯ АВТО Қазақстан» АҚтың бұл жобасы еліміздің 20152019 жылдарға арналған Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына, индустрияландыру картасына жəне басқа да бірқатар мемлекеттік бағдарламаларға енгізілгенін де айта кеткен лəзім. ӨСКЕМЕН.

Ауыл шаруашылыєы – ўлттыќ экономиканыѕ тірегі Кеше Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде аграрлық өнеркəсіпті жаңғырту жайында арнайы баспасөз мəслихаты өтті. Оған Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков қатысты. Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».

Министр алдымен ауыл шаруашылығына қатысты биылғы жылдың қорытындысы туралы ақпараттармен бөлісті. Мəселен, министрліктің мəліметіне сүйенсек, 2015 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 1866,4 млрд. теңгені құраған, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,1 пайызға артық. Өсімнің артуына негізінен, өсімдік шаруа шылығындағы өнім өндірісінің көлемі 3,1 пайызға, еттің барлық түрінің – 2,5 пайызға, сиыр сүтінің – 2,4 пайызға, тауық жұмыртқасының 11,8 пайызға өсуі себепші болған. Шаруашылықтарда мал басының саны да арта түскені байқалады. Мəселен, жылқы саны 2132,5 мыңға жетті, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 8,1 пайызға жоғары. Ал ірі қара мал – 6 649,8 мың бас, қой жəне ешкі 20556,3 мың бас, құс 38479,8 мың басты құрап, өткен жылғыға қарағанда көбейген. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау бағдарламасы да сəтті жүзеге асырылуда, дейді министр. Бағдарлама шеңберінде фермерлік шаруашылықтарды субсидиялау арқылы 2015 жылы 52,7 млрд. теңге бөлінген, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 30 пайызға артық. Сондай-ақ, «ҚазАгро ҰБХ» АҚ-тың «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» сияқты бағ дарламаларға белсене қатысқан фермерлік шаруа шылықтар да саланың дамуына өз үлестерін қосуда. Айталық, жыл бойы асыл тұқымды мал басы есебінен 75 мың ірі қара, 25,2 мың бас жылқы, 72 мың бас қой сатып алыныпты. Асыл тұқымды ірі қара мал басының саны 722 мыңға жетті, ал бұл көрсеткіш жалпы ірі қара мал басының 22 пайызын құрайды. Ал ет экспорты 2015 жылдың 9 айы бойынша 9,6 мың тоннаға жетті. Министрлік басшысы биылғы жылдың егісі жайында да деректермен бөлісті. Мəселен, 2015 жылы республика бойынша көктемгі егіс алқабы 18,5 млн. гектарды құраған. 2015 жылдың 5 қарашасындағы жағдай бойынша 15,3 млн. гектар алқаптан дəнді дақылдар жиналып, 19959,4 мың тонна бастырылған. Дəнді дақылдар алқаптарының қысқаруы жəне тыңайған жерлерді игеру есебінен азықтық дақылдар, сондай-ақ, күріш, жүгері, сұлы, қант қызылшасы, бұршақты дəнді дақылдар алқаптары арта түскен. Ал енді аграрлық өнеркəсіп кешені секторларының барлық көрсеткіштерін талдай келе, құзырлы орган жалпы өнім шығарылымының төмен өсімін көрсеткенін байқапты. Бұл жөнінде Ауыл шаруашылығы министрлігі өсімдік шаруашылығын субсидиялау көлемі соңғы 5 жыл ішінде – 2,6 есеге, мал шаруашылығы 2,1 есеге ұлғайған болса, ауыл шаруа шылығының жалпы өнім көлемінің өсімі тек 1,75 есеге артқанын мысалға келтірілді. Ауыл шаруашылығымен субсидияланатын 16 бағыттың ішінде өндіріс тиімділігіне қара мастан өндірілген өнім мен егіс алқаптарына берілетін өсім дік шаруашылығындағы гектарға бөлінетін жəне мал шаруашылығындағы өнімділікті

жоғарылатуға бағытталған субсидиялар тиімсіз екендігі анықталды, деді министр. Мəселен, шаруашылықтардың ұсақтығы өз кезегінде жалпы саланың тиімді өндірісіне кедергі тигізіп отырғандығы айтылды. Сондай-ақ, тіркелген 3856 фермерлік кооперация еліміздің жалпы ауылшаруашылық құрылым дарының тек 2 пайызын ғана құрайтындығы, шаруашылықтардың көбіне ұсақ тауарлылығынан технология жəне инвестиция сияқты маңызды факторлар қолжетімсіз күйі қалып отырғандығы тілге тиек етілді. Осыған орай, кооперация арқылы шаруашылықтарды ірілендіруді ынталандыру үшін «Ауыл шаруашылығы кооперациясы туралы» заң жобасы əзірленіп, сондай-ақ, осы жылдың 29 қазанында Мемлекет басшысы қол қойған қолданыстағы фермер лер дің кооперациясы туралы заң намалық актілеріне өзгер ту лер мен қосымшалар енгізілген. Осы ретте аталған тосқауыл дарды жою жəне саланың тиімділігін арттыру үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі субсидиялау жүйесін өзгерту туралы шешім қабылдағанын тағы бір еске салды. Яғни, өсімдік шаруашылығында ЖЖМ жəне тауарлық-материалдық құндылықтардың бағасын төмендетуге бағытталған субсидия лар толықтай жойылып, мал шаруашылығында өнім сапасын арттыру жəне өнімділікті жоғарылату субсидияларының саны жəне ғылымды қаржыландыру көлемі азаяды. Оның орнына инвестициялық субсидия, сыйақы пайы зын субсидиялау, өсімдік шаруашылығындағы сақтандыру, қосымша құн салығын субсидиялау, ғылыми ұйымдардың қызметіне кеткен бизнес қауымдастықтарының шығындарын субсидиялау, фитосанитарлық қызметтерді нығайту тəрізді субсидиялар енгізіледі. Баспасөз мəслихаты барысында министрге журналистер тарапынан бірқатар сұрақтар қойылды. Соның бірі қазіргі күні əлеуметтік желілерде жылдам тарап үлгерген «жиналмаған астық қар астында қалып жатыр» деген ақпараттарға байланысты министрдің пікірін білмекші болған еді. Бұған орай, А.Мамытбеков фейсбуктен аталмыш бейнероликті көргенін жəне соған байланысты Солтүстік Қазақстан облысы жəне Тайынша ауданы əкімімен тілдескенін айтты. Алайда олар бұл шаруа қожалығында егіннің толықтай жиналғанын хабарлаған. Министр тілшілердің осы оқиғаға шынайы бағасын беру үшін аталмыш шаруа қо жалығына арнайы пресстур ұйымдастыруға да дайын екендігін мəлім етті. А.Мамытбеков атап көрсеткендей, жиын-терім əр шаруаның өз жұмысы, мемлекет тек оған қолдау жасай алады. Сондайақ, мəселені жеке шаруалардың жұмысын жекелей қараумен көтермей, жалпы жүйедегі кедергілерді жоюмен айналысу керектігін алға тартты. Бұл жерде субсидиялардың тиімділігін арттыру қажеттігін айтқан жөн. Бұл бағытта министрлік жұмыс істеп жатқанын жеткізді. «Біреулер астықтың 20 пайызы қар астында қалды деп айтып жатыр, ол – мүмкін емес нəрсе. Иə, кейбір жекелеген шаруа қожалықтарында қар астында қалған бидай бар болуы əбден мүмкін. Ондай-ондай əр кезде де болған. Егер оған қарайтын

А.Мамытбековтің айтуынша, аграрлық өнеркəсіп кешенін субсидиялауға енгізіліп жатқан өзгерістер саладағы біраз келеңсіздіктердің алдын алмақ. Яғни, жүйенің тиімділігін арттырмақ. Ол үшін бірқатар кешенді шаралар қолға алынады. «Бұрын-соңды субсидиялау саласына өзгерістер енгізілмегендігін айтып, көптеген талқылаулар жүргізуге болады. 5 жыл бұрын мемлекеттік субсидия құны 40 млрд. теңгені құраса, бүгінде оның саны 177 млрд. теңгені құрады. Біріншіден, бір саланы ұлғайтпас бұрын, бөлінетін субсидияны да көбейту шарт. Екіншіден, кейбір мамандар мұны мойындамауда. Бұл өте ауырға түсуде, біз аталмыш шаралар дұрыс екендігін түсіндіруіміз қажет. Қазір қоғам мен бизнес жетілді, аталмыш субсидиялау жүйесі тиімді емес, оны өзгерту қажет. Бұл жаңа серпін береді», деді министр. 2014 жылдың 1 қазанынан бастап 2015 жылдың 1 қазанына дейін мемлекеттік бюджет субсидияға 11,5 млрд. теңге жұмсаған. Еске салсақ, Қазақ станда 2016 жыл дың 1 қаңтарынан бастап əлеуметтік нанды субсидиялау тоқтатылады. Осының салдарынан елімізде қалыпты нанның бағасы бір кило ұнның бағасына дейін, яғни бір бөлке 80-90 теңгеге дейін өсуі мүмкін. Ауыл шаруашылығы министрі əлеуметтік нанның бағасына бақылауды алып тастау осы саладағы тауар өндірушілер арасындағы бəсекелестіктің артуына əсерін тигізетініне маңыз беріп отыр. Яғни, уақыт өте келе, бағалар мемлекет тарапынан реттелмеген кезде бəсекелестік өркендеп, көптеген елдердегідей нан жəне нантоқаш өнімдерінің өндірісі бəсекеге қабілетті бизнеске айналатынын атап өтті. «Оған қоса, бағалар босатылған жағдайда жағдайы төмен санаттағылар үшін атаулы əлеу меттік көмек арттырылатынын айта кеткен жөн. Елімізде ондай санат тағылардың саны 36,5 мың адам, олардың саны миллион адам болады десек те, жылына шамамен 2 млрд. теңге жұмсалады. Бұл айтарлықтай аз жəне əлеуметтік тұрғыда əділетті», деді А.Мамытбеков. «Меніңше, бұл саясатты одан əрі қолданған жөн. Субсидия нормативінің көлемі тонна астық үшін 5 мың теңгені құрап отыр. Биылғы жылдың 1 қазанынан бастап ол 2,5 мың теңгеге төмендеді, ал 2016 жылдың 1 қаңтарынан бас тап нөлге теңеседі. Бұл шара жергілікті бюджеттен өндірілетін болады жəне толық нарықтық бағаға келесі жылы енгізіледі», – деп нақтылады АШМ басшысы. Сонымен қатар, спикер қазіргідей əкімшілік шаралармен азық-түліктің бағасын ұзақ уақыт ұстап тұруға болмайтынын, экономикалық жағдайдың ахуалына орай бағалар жіберілгенде, ол кенет қатты көтерілуі мүмкіндігін алға тартты. Осы ретте, бұл жағдай 2007 жылы орын алғанын, ол кезде əлеуметтік нанның бағасы 25 теңгеден 35-40 теңгеге дейін күрт өскенін мысалға келтірді. Сондай-ақ, мемлекет əлеуметтік нанның бағасын реттеуді тоқтатқан жағдайда, бағалар қатты өспеуі тиістігіне де баса назар аударды. «Нан нарығы монополияланған өңірлер бар, бірақ бағалардың негізсіз өсуі орын алмайды. Монополияға қарасты органдар бұл бағыттағы жұмысты күшейтіп, қатаң бақылау жүргізетін болады», деді А.Мамытбеков.


11 қараша

3

www.egemen.kz

2015 жыл  Елімен етене Елбасы

Биік белестерге бастаушы

БЕС РЕФОРМА – ЎЛТ ЖОСПАРЫ Ар тазалығы – жан тазалығы. Бұл, əсіресе, Отанға қалтқысыз қызмет етіп жүрген мемлекеттік қызметшілер мен халық қалаулыларының қызметін айқындайтын басты қағидалардың бірі десек, қателеспейміз. Сайлаушылардың арман-мұраттары мен мақсат-тілектерін аманат ретінде арқалап, олармен жиі жүздесетін барлық деңгейдегі депутаттар билік органдарындағы сенімді өкіл саналады. Ал артылған сенімді ақтау, оның нəтижелі болуы көбіне-көп жеке белсенділікке байланысты екені айтпаса да түсінікті. Кəсіби мемлекеттік аппарат құрудағы, заңның үстемдігін қамтамасыз етудегі жанды іс-қимыл əрекет төменнен бастау алатынын ескерсек, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында атап өтілгендей 97-қадам, өзін өзі реттеу мен жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту, азаматтардың шешімдер қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндігін кеңейту арқылы олардың құқықтары мен еркіндігін қамтамасыз ете алатын боламыз.

сын-пікірлері жан-жақты ескерілді. Бюджет, экономикалық реформа, өндірістік сала, экология, өзін өзі басқару, депутаттық өкілеттік жəне этика, азаматтардың құқығы мен заңдылықты сақтау жəне əлеуметтік саланы дамыту жөніндегі тұрақты комиссиялар күнделікті жұмыстарында сайлаушылардың ұсыныстарын жете ескеріп отырады. Оларға Т.Оспанов жəне К.Жантілеуов секілді тəжірибелі депутаттар жетекшілік етеді. Биыл төрт бірлескен отырыс өткізіліп, қаралған мəселелер нақтылығымен ерекшеленді. Кəсіп-

маңызды мəселелерді билік орындарына жеткізудің жолдары көп. Солардың бірі – арнайы жасалған кестеге сəйкес сайлау округтерінде азаматтарды қабылдау. Бұрындары жұртшылық көбіне жеке басқа қатысты мəселелер толғандырып кел се, енді тақырыптың басқа ауан ға ойысқанын байқаймыз. Мұның өзі адамдардың қоғамдық белсенділігінің, саяси ой-жүйесінің артқанын, қоғамдық мəселелер бей жай қалдырмайтынын байқатса керек. Оған күн тəртібіне ауыларалық жолдарды тегістеу, мектеп ғимарат тарын жөндеу, азық-түлік

Жїктелер жўмыс жеткілікті 1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш рет Қазақ КСР Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өт ті. Осы сайлауда Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев бірауыздан ел Пре зиденті болып сайланды. Одан кейін небəрі 15 күн өткенде Қазақстанның тəуелсіздігі жарияланды, Қазақ халқының сан ғасырлар бойғы арман-тілегі орындалды, ел тарихының жаңа дəуірі басталды. Яғни, 1991 жылдың 1 жел тоқсаны мемлекетіміздің өз тағдырын өзі айқындаған алғашқы қадамы болды, осыған орай бұл күннің мемлекеттік мереке күні болып белгіленгені өте қуанышты. Биыл еліміз өз тəуелсіздігінің 24 жылдығын атап өтеді. Осы аралықта Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен еліміз биік белестерге көтерілді. Нұрсұлтан Əбішұлы елімізді басқарған уақыт тарихи оқиғаларға толы кезең. Бұл кезең еліміздің тəуелсіздігі мен еге мендігін жариялаған Дек ла рациясын, Қазақстанның жеке мем лекет екендігін көрсеткен Ата Заңын, мемлекеттік рəміздерін қабылдап, елімізді егемен мемлекет ретінде көптеген шет мемлекеттердің таныған кезеңі болып отыр. Егемендік алғалы бас-аяғы 24 жылдың ішінде Қазақстанды əлемнің барлық елі таныды. Мем лекетіміз Біріккен Ұлттар Ұйымынан бастап, көптеген беделді халықаралық ұйымдарға мүше болды. Қазақстан барлық елдермен достық қатынасын нығайтты, еліміздің экономикасы, мəдениеті, саяси жүйесі нығайды, демократия мен заңдылық, құқық тəртібі жетілдірілді. Осы тəуелсіздік алған аз уақыттың ішінде елімізде 1993 жəне 1995 жылдары екі бірдей Конституция қабылданды. Еліміз президенттік басқару жүйесіне өтті. Биліктің барлық салалары Конституцияға сай қызмет атқаруда. Мемлекетіміздің құқықтық қатынастарын реттейтін көптеген заңдар, кодекс тер қабылданып, мемлекеттік құрылыстың өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосып жатыр. Елімізде ұлттар достығы нығайды, дүниежүзіне үлгі болатын Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылып, адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарының өркениетті қағидалары толық жүзеге асырылды. Бұған қоса, қазақ тілі мемлекеттік тілге айналды. Ғасырлар бойы шет жерде жүрген сан мыңдаған отандастарымыз, қандастарымыз өз атамекеніне оралды. Қазақстанда тұратын барлық ұлттардың тілінің, дінінің дамуына толық мүмкіндік жасалды. Қазақстан бірінші болып ядролық қарудан бас тартты, ядролық шикізат бейбіт өнім өндіру затына айналды. 1991 жылғы 29 тамызда Президент Нұрсұлтан Назар баевтың Семей ядролық сынақ алаңын жабу туралы тарихи ше шімі қабылданды. Бұл күнді БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 2009 жылы желтоқсанда Қазақстанның ұсынысы бойынша Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық ісқимыл күні деп жариялауға шешім етті. Қазір бүкіл əлем Қазақстанды ядролық қарудан бас тартқан тұңғыш мемлекет ретінде таниды. Қазақстанда ұлттық валюта – теңге қолданысқа енді, еліміздің экономикасының өркендеуіне сүбелі үлес қосты. Сондай-ақ, еліміздің мемлекеттік шекарасы

белгіленіп, көршілес мемлекеттермен бұл тұрғыдағы құжаттар бекітілді, сөйтіп, мем лекетіміздің қауіпсіздігі нығайтылды. Қазақстан аумағының орталығында елдің, жердің тұтастығын сақтау мақсатында жаңа астана салынды. Осындай жетістіктер мен табыстар Қазақстанды əлемге танытты. Республикамыздың жедел өркендеу қарқынына дамыған елдердің қайраткерлері де оң бағасын беруде. Еліміздің аз уақытта өркендеп, өркениетті елдермен терезесі тең болуына сүбелі үлес қосқан – елі міздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев. Н.Назарбаев еліміздің егемендігін тұңғыш жариялап қана қоймай, ерлікті еңбекпен, даналықты əлемдік саясатпен ұштастырды, елдің ел болып өркен жаюына, өркениетті мемлекет дəрежесінде танылуына білімі мен билігін, ойы мен парасатын, күш-қуаты мен жігерін жұмсап отырған озық ойлы қайраткер. Н.Назарбаев Мемлекет басшысы ретінде елдің ішкі жəне сыртқы саясатының бағыттарын кемеңгерлікпен айқындап, ел ішінде жəне халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік жүргізу құқығын Қазақстан Республикасы Конституциясына сай жүзеге асырып келеді. Президенттің алдына қойған ең басты мақсаты да адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарын Конституцияға сəйкес іске асыру, халықтың əлеуметтік жағдайын жақсарту, ел бірлігін сақтау, мемлекеттің экономикасын жəне саяси жүйесін дамыту, ұлттар достығын нығайту, елімізді өркениетті елдер қатарына қосу екені баршаға аян. Осыған орай, Президенттің тікелей Жарлығымен «Қазақстан-2030» стратегиялық даму жоспары бекітілді. Осы жоспарда мынандай жеті ұзақ мерзімді басымдық айқындалған: ұлттық қауіпсіздік; ішкі саяси тұрақтылық жəне қоғамның топтасуы; шетел инвестициялары мен ішкі жинақтардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикалық өсу; Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен əл-ауқаты; энергетика ресурстары, инфрақұ рылым, əсіресе, көлік жəне байланыс; кəсіби мемлекет. Осы басымдықтар елдің өркендеуінің, дамуының, ұлттар беделі артуының негізіне айналды. Қазақстан Республикасы Прези дентінің 2010 жылғы 1 ақпан дағы №922 Жарлығы мен «Қазақстан Республикасы ның 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары» бекітілді. Бұл жоспар Қазақстанның өркендеуінің, гүлденуі мен қауіпсіздігі артуының, экономикалық биікке көтерілуінің, құқықтық мемлекет орнатуының алғышарты болып отыр. Мемлекетіміздің атынан өкілдік етіп келе жатқан ең жоғары ла уазымды тұлға Президент Н.На зарбаев еліміздің абыройын, атағын асқақтатып, туған Отанымыз – Қазақстанның беделін көкке көтерді. Мұның жарқын көрінісінің бірі – Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі жəне соңғы 11 жыл бойы өтпей келген ЕҚЫҰ саммитін ұйымдастыруға қол жеткізуі болып табылады. Ал еліміз 2011 жылы халқының саны 1,5 млрд. адамды құрайтын, 57

мем лекетті біріктірген Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына төрағалық етті. 2012 жылы 14 желтоқсандағы Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауында еліміздің ХХІ ғасырдың ортасына қарай əлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына қосылу қажеттілігі паш етілді. 2012 жылы 22 қарашада Халықаралық көрмелер бюросының Бас Ассамблеясында өткізілген құпия дауыс беру нəтижесінде 163 мемлекет арасынан 103 дауысты иеленген Қазақстан 2017 жылы ха лықаралық ЭКСПО көрмесін Астанада өткізу құқығына ие болды. Алдағы осы көрмеге əлемнің көптеген мемлекеттерінен бірнеше миллион турист келеді деп болжануда. ЭКСПО-2017 көрмесі Қа зақстанның жетістікте рін əлемге тағы да танытары сөзсіз. Ал бұл халықаралық көрменің дайын дық барысын Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың өзі тікелей қадағалап отыр. Мемлекет басшысы биыл жариялаған 5 институттық реформа, яғни одан туындайтын «100 нақ ты қадам» Ұлт жоспары да туған Отанымыз – Қазақстан Республикасын əлемдегі аса дамыған өркениетті елдер қатарына қарай жақындата түсетіні еш күмəн туғызбайды. Елімізде оған алғышарттар да жеткілікті. Елбасының беделі – елдің берекесі. Барды бағалай білу – елін, мемлекетін сүйген əрбір азаматтың қасиетті борышы. Осыған орай, өткен сайлауларда еліміздің президенттігіне Н.Назарбаевтың үлкен басымдықтармен бірнеше рет сайлануы өте қуанышты жайт. Өйткені, Нұрсұлтан Əбішұлы – бұл жоғары лауазымға өте лайық тұлға. Ол – өз биігіне қажыр лы еңбекпен, ақыл-пара саты мен, адамгершілігімен, ұлтжан дылығымен, өз жерін, елін жан-тəнімен сүйетіндігімен сатылап жеткен қайраткер. 2012 жылы Қазақстанның БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің мүшесі болып сайлануы да Елбасының халықаралық биік беделінің тағы бір көрінісі болды. Тəуелсіздік алғаннан бері Қазақ стан эволюциялық жолмен, бейбіт дамудың нəтижесінде саясатта, экономикада, халықаралық қатынастарда Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың басшылығымен белестерге көтерілді. Қазақстанның біртұтастығын, демократиялы, зайырлы, əлеуметтік, құқықтық мемлекет екендігін, адам құқықтары мен бостандықтарының үстемдігін паш ететіндігін бүгінде бүкіл əлем мойындап отыр. Осы тұрғыдан келгенде, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы күнін атап өту өте орынды. Өйткені, тəуелсіз Қазақстанда Президент біреу, ал ел халқы оған əруақытта тіреу. Олай болса, алда келе жатқан 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні құтты болсын, еліміз өркендеп, дами берсін. Арықбай АҒЫБАЕВ, заң ғылымдарының докторы, əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

АЛМАТЫ.

Осы тұрғыдан əңгіме өрбітетін болсақ, Уəлиханов аудандық мəслихатының бесінші шақырылымында сайланған депутаттар демократия талаптарын қа таң сақтай отырып, өз қызметтерін заң аясында жүзеге асырып келеді. Олар «Нұр Отан» партиясының мүшелері ретінде түрлі қоғамдық-саяси шараларға бастамашы болуды ізгі дəстүр санайды. Сөз арасында бүгінгі депутаттық құрам тынымсыз ізденісімен, іскерлігімен, нақты ұстанымымен ерекшеленетінін баса айтқым келеді. Араларында қайта сайланған, жоғары білімді, білікті мамандар аз емес. Мəслихат аса маңызды мəселелерді күнібұрын белгілегенде алдымен депутаттар корпусына арқа сүйейді. «Кеңесіп пішкен тон келте болмас» демекші, қабылданған шешімдер, біріншіден, мерзімінде орындалуға ықпал етері даусыз. Екіншіден, жауапкершілік салмағы жеке тұлға емес, көпшілік арқылы айқындалады. Үшіншіден, түпкі жұмыстың нəтижелілігіне бақылауға алынады. Мəселен, сапалы тіршілік нəрі біз сияқты шалғай аудан тұрғындары үшін өте маңызды мəселелердің бірі. Соған орай, «Ақбұлақ» бағдарламасы қабылданғанда да, орындалу жайы талқыланғанда да түрлі санаттағы жұртшылық өкіл дері кеңінен қатыстырылып, түйінді проблемалар күн тəртібіне шығарылды. Жауапты мекеме басшыларының есебі тыңдалып, өткір сауалдар қойылды. Сол сияқты білім беру, денсаулық сақтау, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламалары бойынша халықты жұмыспен қамту, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оған қатысушыларға, тыл еңбеккерлеріне əлеуметтік кө мек көрсету, бұқаралық спортты дамыту, жеткіншіктерді

отан шылдық рухта тəрбиелеу, тұрғын үй құрылысының жайкүйі, жер ресурстарын тиімді пайдалану сияқты маңызды мə се лелер кеңінен қамтылды. Экономика жəне қаржы бөлімі басшысының бюджеттің орындалуы туралы есебі тыңдалғанда, үнемделген қаржыны бірінші кезекте əлеуметтік салаларға бөлуге басымдық берілді. Аудан əкі мінің өңірдің əлеуметтікэкономикалық дамуы туралы бірінші жартыжылдық есебін тыңдау барысында елді мекендер мен көшелерді көркейтуге, абаттандыруға қатысты салмақты пікірлер айтылып, ауылдық округ əкімдеріне, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне, «Мөлдір су» мекемесіне нақты тапсырмалар берілді. Депутаттар тарапынан туындаған сұрақтар санитарлық тазалықты сақтауға, оның ішінде, аудан орталығы – Кішкенекөл ауылының жолдарын күтіп ұстауға, грейдерлеу жұмыстарын жүргізуге, көшелерге жарық тартуға, істен шыққан шамдарды ауыстыруға қатысты айтылды. Аудан тұрғындарын ауыз сумен қамту 94,2 пайызды құрағанымен, 4 елді мекенге оның тасып жеткізілетіні, мəселе шешілмеген күйінде қалып отырғаны сынға алынды. Сондай-ақ, игерусіз жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге байланысты мəселе тағы көтерілді. Себебі, өткен сессиялардың бірінде бос жатқан тəлімі жерлерге базалық мөлшерлемелер 10 есеге дейін ұлғайтылған болатын. Алда атқарушы билік органдары мен салық басқармасының бірлесе жұмыс істеу міндеті тұр. Бұл аудан бюджетін толықтырудың бірден-бір резерві екені рас. Қорыта айтқанда, 9 ай ішінде 41 мəселе қаралып, жұртшылықтың орынды

керлікті дамыту, қоғамдық тəртіпті нығайту, қылмыстың алдын алу, тұтынушылардың құқығын қорғау, мүгедектерді əлеуметтік қолдау саласындағы мемлекеттік саясат шараларын мүлтіксіз орындау арқылы ғана белгілі нəтижеге жететінімізді халық қалаулылары талмай ұғындырып келеді. Мəслихаттың көшпелі отырыстар өткізу тəжірибесі тұрғындар тарапынан кең қолдау тапты. Үстіміздегі жылғы көктемгі су тасқыны кезінде депутаттар Мырзағұл, Тілеусай ауылдарында болып, жергілікті жағдаймен жіті танысты. Бөгеттерге уақытында жөндеу жұмыстары жүргізілмеуіне байланысты қарғын су шайып кеткені анықталды. Тұрақты комиссияның көшпелі отырысында плотиналарды, жолдарды қалпына келтіру туралы ауылдықтардың өтініштері қанағаттандырылды. Пошта қызметкерлерінің сапасыз жұмысы, электр қуатының жетімсіздігі, Мырзағұл ауылының клуб ғимаратын жөндеу жөніндегі өтініштері ескерілді. Тексеру барысында кінəлі лауазымды адамдар тəртіптік жазаға тартылып, кемшіліктер жойылды. Сайлаушылармен тығыз қарым-қатынас орнатудың,

пен көмірдің бағасын тұрақтандыру, балаларға арналған ойын алаң дарын салу мəселелерінің шығарылуы дəлел. «Нұр Отан» партиясы филиалының Қоғамдық қабылдауында да ұсыныс-пікірлер ескерусіз қалмайды. Осылайша, депутаттар тиісті органдарға 48 сауал жолдап, 35-і оң шешім тапты. Депутаттар ауданның əлеуметтік-экономикалық, қоғамдықсаяси өміріне белсене атсалысып, демеушілік көмектерін көрсетіп отырады. Халықаралық балаларды қорғау күні жəне «Мектепке – жол» акциясы аясында 200 мың теңгенің қайырымдылық шаралары көрсетілді. Қарттар мен мүгедектерді қорғау айлығында заттай, ақшалай, азықтай жəрдемдер жасалады. Əр депутат өз округі бойынша аз қамтылған жан дарға, жалғызілікті қарияларға, көпбалалалы отбасыларға жемшөп, қысқы отын түсіріп беру көмектерін ұйымдастырады. Өз ойымды «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы 99-қадаммен түйіндегенді жөн көрдім. Онда жазылған бюджеттерді, есептерді, мақсатты индикаторларға қол жеткізуді, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер жобаларын; бағдарламалық құжаттар жобаларын талқылау бөлігіндегі рөлдерін күшейту талабы жергілікті мəслихаттар мен депутаттарға тікелей қатысы бар. Биік мақсаттарды бағындыру талмай еңбектеніп, үйлесімді əре кет ете білуімізге тікелей байланысты екенін халық қалаулылары жақсы түсінеді. Бауыржан КƏДІРОВ, Уəлиханов аудандық мəслихатының хатшысы.

Солтүстік Қазақстан облысы.

Баєытымызды айќындаєан баєдарлама Президент Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «5 институттық реформаны жүзеге асырудағы 100 нақты қадам» жоспарын талқылау мақсатында Семейде арнайы жиын өтті. Жиынға қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдар Садырбаев, қала əкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Сержан Əзбергенов, Семей қаласы № 2 сотының судьясы Жанат Əбенова жəне мемлекеттік қызметкерлер мен сот саласының қызметкерлері қатысты. Жиынның басты тақырыбы стратегиялық құжаттың 1-2 тарауында белгіленген кəсі би мемлекеттік аппаратты құру мен заңның үстемдігін қамтамасыз ету жөнінде болды. С.Əз бергенов айтып өткендей, Ұлт жос парының алғашқы 15 қадамында мемлекеттік қызметкерлер корпусын кəсіби əрі автономиялы етуге басымдылық берілген. Яғни, алдағы уақытта мемлекеттік қызметке қабылдау үдерісі жаңғырып, үміткерлер өз жұмыстарын төменгі сатыдан бастайтын болады. Елбасы алдағы

Қазақстанның даму жолын сайлау алдындағы бес реформамен, сол реформалар аясында жүзеге асатын 100 нақты қадаммен бай ланыстырды. Алдымен бес реформаға келсек, бұл мəселе «Нұр Отан» партиясының сессиясында Елбасының сайлауалды бағдарламасы ретінде жарияланған болатын. «Реформалар жоспары, бiрiншiден, əлемдегi бүгiнгi тұрақсыздық жағдайында халықтың қауiпсiздiгiн, екiншiден, кең ауқымды жаңғыртуларды қамтамасыз етедi. Тəуелсiздiк

алған алғашқы жылдары егемен мемлекеттiң негiздері қаланды. Бұл мемлекеттi қалыптастырудың алғашқы кезеңi болды. Осыдан кейiн бiз қалыптасқан мемлекеттiң жолынан өттiк, бұл екiншi кезең едi. Қазiр үлкен реформалар басталып жатыр, бiз мəңгiлiк елге жол саламыз. Бұл бiздiң мемлекеттiк құрылыстың үшiншi кезеңi болады», деген еді Елбасы реформалар жоспарына түсініктеме бере отырып. Осы сайлауалды тұғырнаманың маңыздылығына Мемлекет басшысы ұлықтау рəсімінде де назар бұрып, қайта сайланған Президент ретінде ең бірінші кезекте Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия құратынын жеткізген-тін», деді С.Əзбергенов. Бүгінде елімізде сот саласын жетілдіруге байланыс ты көптеген іс-шаралардың атқары лып жатқаны белгілі. Осы орайда судьялардың есеп беру

тəртібін күшейту; судьялардың жа ңа этикалық кодексін жасау жəне басқа да мəселелер Ұлт жоспарының 19-қадамында көрсетіліп отырғанын айта кеткеніміз жөн. Құжаттың 20, 21, 22-қадамдары сот саласына арналған. Осы ретте Семей қаласы №2 сотының судьясы Жанат Əбенова азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін арттыру үшін сот жүйесі инстанциялары оңтайланатындығын баяндады. Нақтырақ айтқанда, бес сатылы сот жүйесінен үш деңгейлі төрелік тетігіне көшу жолдары қарастырылмақ. Бұдан өзге, судья лауазымына үміткерлер сарапталып, біліктілік талаптары күшейтілетін болады. Енді судья қызметіне тағайындалу үшін сынға түсетін азаматтардың 5 жылдық жұмыс тəжірибесі болуы міндет, деді Ж.Əбенова. Раушан НҰҒМАНБЕКОВА.

СЕМЕЙ.


4

11 қараша

www.egemen.kz

2015 жыл  Баспасөз-2016

ЕЛ ГАЗЕТІ «ЕГЕМЕН», ЖАЗЫЛМАЙЫН НЕГЕ МЕН?! Тəуелсіздіктің желбіреген туындай болып, алдымызда алғы күндерге жетелейтін темірқазықтай жол сілтейтін əр шаңыраққа орны бөлек басылым. Өз оқырманымен кездескен сайын оның жүрек дүрсілін сезініп, қуанышымен ортақтасатын жансерігіндей сыр бөлісетін, ел ішіндегі оқиғаларға, əлемдегі күн сайын болып жатқан сан тарау жаңалықтарға назар аудартып, көңіл бөлетін үнпарағы. Əр саны атойлап жеткенде ұлан-байтақ Ұлы Даланың үніндей жететін жаңалықтың тынысын сезіндіреді. «Егеменнің» оқырманы

Əулетіміздіѕ еѕ жаќын сырласындай

Менің əкем Рамазан 1950 жыл дардан бері осы газеттің тұ рақ ты оқырманы болатын. Өзі де қолына қаламын алып, қарапайым еңбек адамдары туралы жазып тұра тын. Тіпті, 1974-1978 жылдары «Социалистік Қазақстанның» штаттан тыс тіл шісі болды. Газеттің 15 000-шы нө мірі жарыққа шығуына орай ұйым дастырылған респуб ликалық семинарға да қатысты. Сол семинарға Қарағанды, Семей, Талдықорған жəне Көкшетау облыстарынан қатысушылармен бірге түскен суреті басылымның 1975 жылғы 13 ақпандағы санының бірінші бетінде жарияланыпты. Сол кезде əкем «Қызыл балық» деп аталатын колхоздың аға экономисі еді. Əкем бізді бала күнімізден газет оқуға баулыды. Соның ішінде бүгінгі «Егемен Қазақстанға» деген ықыласы ерекше еді. Жыл сайын алдымен «Егеменді» бір жылға тұтас жаздырып алатын. Өзім əке-шешеммен бірге тұрғаннан кейін басқа басылымға жазылуыма тура келетін. Əкем 2004 жылы өмірден өтті. Сол жылдан бастап əке дəстүрімен «Егемен Қазақстанға» жазылуды мен жалғастырып келемін. Биыл осы газетті тұрақты жаздырып алғаныма он жыл болыпты. Алдағы жылға тағы да жазылып қойдым. Мен əулетіміздің жарты ғасырдан астам уақыттан бергі ең жақын сырласындай болған «Егеменге» не үшін жазыламын? Алдымен, бұл –қазақ баспасөзінің қарашаңырағы, Ел басы сөзімен айтсақ, «Егемен Қазақстан» – Отанымыздың бас газеті». Тəуелсіздіктің алғаш қы жылдарында сан түрлі қиындықтар алдымызды орады. Сол сəтте елді бірлік пен ынтымаққа үндеген, қиындықты бірге еңсеріп, жасампаз істерді атқаруға жұмылдырған қазақ басылымдарының бірегейі болды. Былайша айтқанда, елмен бірге есейді, елдің мұңын билікке жеткізіп отырды. Елмен бірге қуанды, елмен бірге мерейленді. Бəлкім, біреулер «Егеменді» ресми газет дейтін болар. Айта берсін. Қай елдің де саясатын, реформалар жемісін халыққа жеткізетін ресми басылымы болуы қажет. Десек те, «Егемен Қазақстан» тек ресми мақалаларды жариялаумен шектелмейді. «Егемен Қа зақ стан» – қазақ

руханиятының басты қолдаушысы. Мұнда бүгінгі əдебиеттің əңгімесі де, тəуелсіз ел тарихының шежіресі де жарияланады. Бүгінгі қоғамдық құбылыс тардың əсе рімен құлдырап бара жатқан құндылықтар туралы алдымен «Еге мен» шырылдап жазады. Оған дəлел – академик Төрегелді Шармановтың «Құндылық тар құлдырауы» атты мақаласына қоғам қайраткерлері Қуаныш Сұлтанов, Мырзатай Жолдасбеков, Абай Тасболатов, ғалымдар Мырзагелді Кемел, Айхан Ақанов, Камал Ормантаев, Досмұхамед Кішібеков, Аман гел ді Керімтаев секілді танымал тұлғалардың үн қосуы. Ел ішінде үлкен пікірталас тудырған мақалалар көптеп жарияланады. Мəселен, Айнаш Есалидың «– Нестеватсын? – Ойнавотрм» (10.01.2014) жəне «Сақ таныңыз: селфи!» (3.07.2015) тақырыбымен жа зыл ған мақалалары да көптің ойындағысын дөп басты. Өйткені, бүгінгі жас ұрпақтың санасы əлеуметтік желілермен уланып болды. Жастар əлеуметтік желідегі жазбаларында тіл дік нормаларды сақтамай, сақауланып барады. Сонымен бірге, селфи деген бəле шықты. Психологтардың пікірінше, бұл жастардың жүйкесіне кері əсер ететіні дəлелденіп отыр. Біздің университеттің студенттері дəл осы мақаланы өзара талдап, тəрбиелік шара өткізді. Ал айына екі рет жарық көретін «етжеңдінің» жөні тіптен бөлек. Түсіне білген адамға бұл газет ішіндегі кітап іспетті ғой. Бұрын ешбір басылымда жариялауға жатпаған құпия деректер де əдеби тілмен өрнектеліп, оқырман жүрегіне жол тауып жатыр. «Егемен» алдағы уақытта да жоғарыда айтылғандай баршаны толғантқан мəселелерді көтерген мақалаларды жиі жариялауды үзбейді. Сол себептен, əлемдегі дағдарыс бас басылым оқырмандарына əсер етпейді, ел «Егемен Қазақстанына» жазыларына сенемін.

Кешіккеніне алаѕдаулымыз Саналы ғұмырымды журналистикаға арнап келемін. Алғашқы еңбек жолымды аудандық газеттен бастағаннан бері республикалық газетжурналдарды жаздыртып алу– əдетім. Əрине, мен үшін аудандық, облыс тық газеттердің орны бөлек. Қай-қайсысын алсақ та, үйре ну, шыңдалу мектебі болды. Де сек те, жарты ғасырдан бері сырласым, досым саналатын «Егемен Қазақстан» жаныма жақын, көңіліме ыстық. Салмақты ой-пікірлерімен, елдік мəселелерді қозғауымен, шынайы патриотизмді орнықтыруымен халық мінберіне айналып, Тəуелсіздігіміздің орнығуына зор үлес қосып келеді. Мен қа тардағы көп оқырманның бірімін. Теріскейліктер бұл жаққа сирек жететін, дүңгіршектерден табыла бермейтін қазақша жарияланымдарға шөліркеп отырады. «Егеменге» белгілі оқымысты Төрегелді Шармановтың «Құндылықтар құлдырауы» деген тамаша мақаласы жарияланғанда талай таныстарым телефон соқты. Бəрінің сұрайтыны– газеттің сол күнгі саны. Оларға қазақша басылымдарға, оның ішінде «Егеменге» жазылыңыздар, үзіп-жұлқып оқығаннан ой-өрісіңіз кеңеймейді деген кеңес бердім. Басқа не дейін! Мұн дай қоңыраулар аз шалын байды. Жасыратыны жоқ, газет-журналдарға жазылғанда

алдымен бағасына қарап, жілігі татымас ар занына ұмтылып жататындар арамызда əлі де кездеседі. Бүгінгі күннің көзіқарақ ты оқырманы жасық пен жасынның аражігін айыра біледі. Сол себепті «Егеменнің» əр санын асыға, тағатсыздана тосатындар Қызылжар өңірінде де жыл өткен сайын көбейіп келеді. 2000 жылдан бері жазылушылар қатары 4 есеге көбейіп, 8 мыңға жетуі соның бір дəлелі. Ахмет Байтұрсынов мерзімді баспасөзді қоғамның құлағына, көзіне теңеп, артына ой саларлық, ғибрат аларлық сөз қалдырған. Бүгінгі күннің биігінен бағамдайтын болсақ, мағынасының тереңдігі, мəні өзгермеген. Жуырда екі жылда бір рет берілетін «Тіл жанашыры-2015» құрмет белгісіне ие болдым. Осынау абыройға жетуіме «Отанымыздың бас газетінің» зор ықпалы болғанын жасырмаймын. Өйткені, «Егемен» беттерінде түрлі тақырыптарға жүйелі жарияланған зерттеу мақалаларым арқылы көпшілікке танылдым. Дөңгеленген дүние төрінде орын алған бүгінгідей қаржы лық қиын дық кезеңінде «бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығарып, бірлікке, ауызбірлікке, ынтымаққа талмай үндеп келе жатқан басылым жайлы толғана отырып, қазақ баспасөзіне қолдау көрсетіп

жүрген азаматтар туралы айтпай кетуге болмас. Солардың бірі – Ұлттық банк жергілікті филиалының директоры Қажырахымов Жомарт бауырымыз еңбек ардагерлеріне, көп балалы отбасыларға, аз қамтылған жандарға тегін жаздырту акциясын он жылдан бері үзбей ұйымдастырып келеді. Өңіріміздегі өзге қалталы адамдар осы бір игі істі қолдар деген ниеттеміз. Шешімін тез арада табатын өзекті мəселенің бірі мынау. «Еге мен» Петропавл қаласында басылғаннан бері сол күні қолымызға тиіп, ел жаңалықтарымен лезде танысушы едік. Өкінішке қарай, осы бір қуанышымыз ұзаққа бармады. Жуырда облыстық типографияның меншік иесі өзгеріп, 1 қарашадан бастап басуды тоқтатты. Енді бірнеше күнге кешіктіріп алып, аса алаңдаулымыз. Ал, аудандар мен елді мекендерге тасымал жайы не болмақ? Тіпті, Ас та на дан облыс орталығына жеткізілетін хатхабарлардың жолдағы Тайынша, Аққайың аудандарына қалдырылмай, кері тасылатыны тіпті түсініксіз! Сондай-ақ, оқырмандарға газет жетпей қалатын фактілер де кездесіп жүр. Республикалық, облыстық тиісті орындар оқырмандардың мүддесін бірінші кезекте ойластырып, осы жағын жете ескергендері жөн. Зарқын ТАЙШЫБАЙ, «Тіл жанашыры-2015» төсбелгісінің иегері.

Солтүстік Қазақстан облысы.

Айдар САБЫРОВ, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің доценті.

Өйткені, бұл басылым соң ғы бесалты жылда түбегейлі өзгерді. Əр облыста не істе ліп, не тындырылып жатқанын «Егеменнен» оқып, бəсекелестіктің аражігін айыратын болды көңілі зерек оқырман. Экономикалық, əлеуметтік тақырыптар өз алдына, тарихи, мəдени, рухани салт-дəстүрге толы ғажайып жанрларды табатын болды барша қауым. Қазіргі уақыттың тынысын дəл ашып, өзекті мəселелерді ашық та, нақты толғайтын беделге ие болды, заманмен үндес заңғар басылым.

алты жарым мыѕнан асыру

болу – Қазақстанның күрескері болу, – дейді белгілі жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Смағұл Елубаев, – Қиындыққа мойымайтын күрескер болу. Ұлы Даланың дарқан мінезі бар «Егеменде», дейді бас газетте жарияланған жазушының көсемсөзінде. Осы сөзге бас шұлғиық, бəріміз мақұлдайық. Өйткені, Ұлы Даланың дарқан мінезі бар екенін айтады сөз зергері. Онда ардақты ағайын, Сіз де дос, бауырыңызбен бірге жаңалық жаршысының қалың оқырманының қатарында болыңыз.

Жаќсылыќ пен жасампаздыќ сəулесін тїсіреді Жайық жұртының күнделікті тіршілігі «Егемен Қазақстанды» оқудан басталады. Иə, ақпараттың ағыны мол толқыны асау өзендей асып-тасыған осынау шақта газет те көп, жорнал да көп. Бірақ, еліміздің бас басылымының оқыр ман үшін орны қашанда бөлек. Техникамыз дамып, кəрісі түгіл, бүгінгінің баласына дейін ертедегі «ат құлағында ойнағандай», компьютерден көз жазбай «қалғып» отырған прогрессивтік заманда да «Егемен» ұлтты ұйыстыра білетін тектілік қасиетінен танар емес.

Маѕєыстаулыќтар межесі бас басылым таралымын

Бұрын əдеби-көркем шығармалар осы бағыттағы белгілі бір газет-жорналдарда жарық көретін. Ал қазір «Əңгіме əлемі» атты айдармен «Егеменде» қаламгерлердің көркем дүниелері жиі жарияланып тұрады. Жастарға жол ашып, батасын беруден алдына жан салмайтын кең жүректі басылым менің де екі əңгімемнің тұсауын кесті. Сол кезде қарапайым оқырмандар, студент-жастар əр өңірден, тіпті шалғай ауылдардан телефон шалып, өз ой-пікірлерін білдірді. Сол бір сəттерде өзім үшін емес, тəуелсіз елімнің əр түкпіріне тарайтын «Егемен Қазақстан» газетінің күллі ағайынның көңілін рухани дүниелер арқылы байытып, ел-жұртты ертеңгі күнге

сеніммен жетелеп отырғаны үшін мақтандым, марқайдым! Көш бастаған мəрт басылымның дүйім елге ұсынар рухани азығы мол екеніне иландым. Жасыратын несі бар, авторлардың жазғанын іштарлықпен жарыққа шығармай, тартпасында тұншықтырып тас тайтын басылымдар да жоқ емес. Ал, «Егемен Қазақстан» газетінің шығармашылық ұжымы алыстағы ағайынды бауырына жақын тартып, ұлтының бүгіні мен ертеңіне қажет дүниелерді бүкпесіз беріп тұрады. Тоқмейілсіп, асыптасқандарға, жемқорларға ойлы мақалаларымен тұсау салып, əркімнің жүрегіне жақсылық пен жасампаздық сəулесін түсіреді. Сондықтан, бұл басылымнан жоғалып қайта жаңғырған ұлт

тарихын, мəдени мұрасын, алтын қазынасын адаспай табасың! Шынайылық пен кісіліктің, озбырлық пен жалқаулықтың бет-пердесін өткір əшкерелеп, «Тура биде туған жоқтығын» кім-кімге де ұқтырып, ұлтым деп соққан жүректерге ізгіліктің нұрын құйған «Егеменнің» ғасырдан-ғасырға жасайтынына бек сенемін. Тəуелсіздігін аңсаған ата-бабалардың аманатындай əр қазақтың төрінде, алтын бесігінде бедел мен абыройға бөленген еліне сыйлы, жұртына жақын «Егемен Қазақстанды» əрдайым асыға күтемін. Мира ШҮЙІНШƏЛИЕВА, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.

ОРАЛ.

Дағдарыс жағдайында етек-жеңді жиып жұмыс істеу, əрбір жағдайды сараптай отырып, қиындықтардың алдын алу бағытындағы іс-əрекеттер мейлінше қажетті жəне өзіндік тиімділіктің тетігі болып табылады. Еліміз бойынша осы тұрғыда жасалып жатқан жұмыстарға Маңғыстау өңірі де өз үлесін қосып, тұрғындарының тұрмыс ахуалын жақсарту, ел экономикасын арттыру бағытындағы іс-қимылдарды үйлестіріп келеді. Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Қиындықпен күресу жəне оны еңсеру бағытындағы жұмыстар нəтижесінде өңірде өркенді өзгерістер орын алып отыр. Бұл туралы Маңғыстау облысының əкімі А.Айдарбаев аймаққа арнайы іссапармен келген «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ басшысы Сауытбек Абдрахмановпен кездесуінде айтып, өңірдегі əлеуметтікэкономикалық ахуалға жан-жақты тоқталып, барлық негізгі салалар бойынша толық түсініктеме беріп өтті. Халық санының өсуі жағынан республикада Алматы қаласынан кейінгі орынды алатын облыс 600 мыңнан аса түскен тұрғындардың берекелі тірлік етуі үшін алдына айтулы жоспар-жобаларды межелеп отыр. Қазіргі таңда аймақта жан басына шаққандағы өнім өндіру көлемі 1 560,8 мың теңгені құрап, республика көлемінде төртінші орынға қол жеткізді. 2015 жылдың 9 айында облыс кəсіпорындары 1,1 трлн.-нан астам теңгенің өнімін өндірді. Сондайақ, жыл басынан бергі осы мерзім ішінде 13,8 млн. тонна мұнай өндірілген, бұл – өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 0,1 пайызға артық. Табиғи газ өндіру деңгейі 1,8 млрд. м³-ті құраса, өңдеу кəсіпорнында химия өнеркəсібі 12,2 пайызды, азықтүлік өнімі 15,9 пайызды құраған. Ал негізгі капиталға инвестиция көлемі 324,7 млрд. теңгені құрап, жан басына шаққандағы инвестиция 522,1 мың теңгеге жеткен. Бұл Маңғыстау облысына осы бағыт бойынша республикада үздік үштікті тиянақтап тұруға мүмкіндік беріп отыр. Каспий теңізінің жағасында орналасқан портты өңір, əрі республикадағы тарихи-мəдени ескерткіштердің 70 пайызы орналасқан жəдігерлі мекеннің заманауи мүмкіндігі өңірде дамытуға қолайлы бірнеше бағытты айқындап берді. Мұнайлы мекенде алдымен мұнай жəне газ секторын дамыту, көлік жəне логистика, яғни транзиттік əлеуетті арттыру, құрылыс индустриясын дамыту, сондай-ақ, туризм көкжиегін кеңейту салалары басымдыққа ие. Бүгінгі Маңғыстау өз болашағын осы сүбелі бағыттармен байланыстыра қарайды. Кездесуде кейінгі кезде қалыптасып отырған əлемдік баға бағамына байланысты мұнай жəне газ нарығының төмендеуінен орын алып отырған қиындықтарды еңсеру жолдары əңгімеленді. Облыс əкімі экспорттық төлем саясатына байланысты өзіндік көзқарасын білдірді, сондай-ақ, мұнай жəне газ саласындағы қайта құрылымдауды мəселенің барлық қырларын ескере отырып жүргізу орынды болатындығы айтылды. Өзге елдерден атажұртқа асыққан ағайындардың жəне табиғи өсімнің əсерінен тұрғындар саны жыл санап арта түскен Маңғыстауда жұмыспен қамту мəселесі өте өзекті жəйттердің бірі. Сондықтан жұмысшыларды жаңа мамандықтарға оқыту, жаңа кəсіптерге бейімдеу арқылы бірқатар мəселелерді шешуде ілкімді ізденістер бар жəне бұл жұмыстар өз жалғасын таба беретін болады. Маңғыстау аймағы туралы «əу» деп сөз бастағанда су жəне ауыз су, жайылымды суландыру мəселесі алдымен ауызға оралатыны бар. Су тапшылығы өңірде

ауыл шаруашылығының дамуына əлі де болса өз кедергісін келтіруде. Құбырмен келетін Еділ суын жəне Қаратау бойындағы бұлақтарды пайдалану, МАЭК су тұщыту қондырғылары жəне кейінгі кезде салынған жаңа зауыт бұл мəселеде де біраз ілгерілеуге мүмкіндік берді. Ал мал шаруашылығын өркендетуде жеке шаруашылықтағы малдарды Үстірттегі жайылымдарға шығару ісін субсидиялау жөнінде тиісті орындармен мəселелер пысықталып жатқаны құптарлық. Өңірдегі жүзеге асырылып жатқан істердің барысына қаныққан С.Абдрахманов өңір өмірін газет бетінде көрсетуге байланысты ақпараттық қамту жөнінде біраз мəселелерді пысықтап, жасалып жатқан істерге тілектестігін білдірді. Бас басылымның басшысымен кездесу одан əрі облыстағы ең іргелі оқу орны – Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар жəне инжиниринг университетінде жалғасты. Оқу орнының профессорлықоқытушылар құрамы, кафедра меңгерушілері қатысқан бас қосуда С.Абдрахманов «Егемен Қазақстан» газетінің бағыт-бағдары, ұстанымы туралы əңгімеледі. – 96 жылдық тарихы бар газетіміздің басты мұраты – мемлекетшілдік. Елбасы саясатын жүргізу, əлеуметтік-экономикалық жағдайдың сыр-сипатын ашу, дағдарыс дендеген қиын жағдайды түсіндіру, еліміз қол жеткізген жетістіктерді жеткізу, – деген бас басылым басшысы қазіргі таңдағы əлемде орын алып отырған əртүрлі жағдайлар мен Қазақстанның сыртқы саясаты туралы түсінікті тілмен баяндап берді. «Жақсылық бөліссе көбейеді» дегендей, мемлекеттік мүддені ең басты ұстаным ете отырып, халықтың жүйкесіне жүк түсірмей, керісінше, дем беру арқылы жұмыс жүргізудің артықшылықтары туралы айтты. Сондай-ақ, өтпелі экономикалық қиыншылықтар емес, халықтың, ұлттың өзіндік мінез-құлқын сақтап қалудың маңыздылығына, құндылықтарды құлдыратпай қастерлей білудің қажеттілігіне тоқталды. Университет ұжымы арасынан мұнай жəне газ факультетінің деканы А.Сейдалиев, PhD докторанты Б.Жайлау сөз алып, өз сұрақтарын ортаға салды. Университеттің бірінші проректоры М.Имандосова ұлтжанды ұрпақ тəрбиелеудің жауапкершілігі жоғары екенін, сондықтан кездесуде айтылған тағылымды əңгімелерді аудиторияларға жет кізіп, студенттер санасына сіңіру оқытушылардың міндеті екенін айтып, бас басылым жұмысына сəттілік тіледі. Маңғыстауда халықаралық қатынастарда, əлемдік нарықта орын алып отырған күрделі жағдайларды түсініп, еліміздің тыныштығына, тəуелсіздігіміздің беріктігіне тілек қосқан қалың жұрт бар. Түбек жұртшылығының тыныштыққа, бірлікке деген ынта-ықыласы аймақта «Егемен Қазақстан» газетінің биылғы жазылым межесі деп белгіленген 6500 данаға анық қол жеткізетіндігіне сендіреді. Маңғыстау облысы. ––––––––––––––

Суретті түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ.


11 қараша 2015 жыл

Орталыќ Азияныѕ їздік єалымдары марапатталды Алматыда «Əлемдік кеңістікте Орталық Азия елдері ғылымының ынтымақтасуы» атты халықаралық форумы болып өтті. Оған ғылыми еңбектері жоғары көрсеткішке ие болған Қазақстан, Ресей, Əзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тəжікстан, Түрікменстан, Түркия жəне Моңғолияның ғалымдары қатысып, Орталық Азия аймағының əлемдік ғылыми ортамен байланысы туралы пікір алмасып, ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорытындысы жəне іс-тəжірибелерімен бөлісу жоспарларын жасады. 2011 жылы алғаш рет ұйымдастырылған ғалымдар форумында Елбасы қазақстандық ғалымдардың беделді халықаралық ғылыми мəліметтер қорына шығуы отандық ғылымды дамытудағы маңызды бағыттардың бірі болып саналатынын алға тартқан еді. Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Қазіргі таңда еліміздегі 250ге жуық жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу ұйымдары Thomson Reuters жəне Springer компаниясының беделді ғылыми мəліметтер қорын еркін пайдалануда. Соңғы төрт жылда Thomson Reuters компаниясының Web of Science Core Collection мəліметтер қорын пайдалануда қазақстандық ізденушілердің саны 4 есеге өскенін байқаймыз. Форум аясында «Ұлттық ғы лыми-техникалық ақпарат орта лығы» АҚ жəне Thomson Reu ters компаниясы ғылыми

еңбек тері жоғары бағаланған үздік ғалымдарға «Ғылым көшбас шысы» тəуелсіз марапатын тапсырды. Физика саласы бойынша жоғары авторлық дəйексөз келтіру көрсеткішіне ие болған алты жария лынымның үшеуі Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Рəтбай Мырзақұловтың ен шісіне тиіп отыр. Сонымен қатар, Физика-техника институтының ғалымдары Эрнст Боос, Болат Жəутіков, Николай Покровский, Əсет Барақбаев сынды ғалымдарымыз ғылыми авторлық мақалалар дайындап, жоғары дəйек сөз келтіру көрсеткішіне қол жеткізді.

«Назарбаев Университеттің» белгілі химиктері Жұмабай Бəкенов пен Əсия Ермұхамбетова канадалық əріптестерімен бірлесіп аккумуляторлы батареяға қажетті жаңа композитті катодтың түрін ойлап тапты. Ал Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің химик ғалымдары Ирина Іргебаева мен Динара Бірімжанова, АҚШ пен Қытайдағы əріп тестерімен бірлесіп ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, CO2 құрамындағы газды қосындыларынан флуоресцентті хемосенсорды кең көлемде зерттеген. Өмір туралы ғылым саласы бойынша еңбектенген медицина мамандары Дəурен Əділбай мен Диляра Қайдарова қатерлі ісік ауруына емдеуге қатысты тың ғы лыми-зерттеу жұмыстарын ұсын ды. Қазақ егіншілік жəне өсімдіктану ғылыми-зерттеу институтының биологтары – Минура Есімбекова мен Айгүл Əбуғалиева жəне Өсімдіктер биологиясы жəне биотехнологиясы институтының ғылыми қызметкерлері Сəу ле Əбуғалиева мен Ерлан Тұрысбеков бидайдың генетикасын зерттеу тұрғысындағы халықаралық жобаға қатысып, мүмкіндіктерін паш етті. Ұзақ жылдар бойы ғылымизерттеу жұмыстарын жүргізген

Мўраєат – жаѕа ќоныста Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

Мұрағат мəселесіне салғырттау қарап келген халықпыз. Атабабаларымыз аттың үсті, түйенің қомында өсті, жазу-сызуымыз болмады дедік. Тарихты, халықтың басынан өткен кепті атадан балаға ауызша айтып келген уақыт болды. Біреуі рас, біреуі күмəнді. Тарихымыздың сарғайған парақтарының сілемін Қытай кітапханаларынан таптық. Жазу-сызуымыз болғанда да қатырмаған екенбіз. Күш атасы

Қажымұқан екінші дүниежүзілік соғыстан соң өмірден өтті. Мұқым мұсылман жұртында теңдессіз балуан, грек-рим жəне еркін күрестен əлем чемпионы болған Қажымұқан біздің бабамыз дейміз. Мұрағат – бос. Көзі тірісінде деректі фильм жасау ойға келмеді. Патшалық Ресей уақытында күрес аренасынан бір жылт етіп көрінетін бір үзік кадр, қартайып, шау тартқанда өзіміздің оператор бір тартқан көрініс. Бар-жоғы осы. Өмірбақи қасымызда жүретіндей көргенбіз бе, қалай?! Мұрағатқа енді мығым болатын

уақыт келді. Шымкенттегі қалалық мұрағат ел тəуелсіздігімен дыңдай құрдас, 1992 жылы алғашқы парағын ашты. Сол кездегі экономикалық қиындықтар зардабын тигізбей қалған жоқ, жақсысын салу мəселесі күн тəртібінде тұрған. Жақында «Нұрсəт» шағын ауданында жаңа мұрағат үйі пайдалануға берілді. Облыстық бюджеттен 525 млн. теңге бөлініп, бүгінгі күн талабына сай салынған ғимараттың ашылу салтанатына облыс əкімінің орынбасары Сəкен Қаныбеков пен облыс тық мəслихаттың хатшысы

тарихшы-археолог Виктор Зайберт адамзат баласы ең алғаш, яғни 6 мың жыл бұрын қазақ топырағында жылқы қолға үйретілгенін дəлелдеп берді. Оның ғылыми жұмысы 2009 жылы «Science» журналында жарияланып, жоғары авторлық дəйексөз келтіру көрсеткішіне ие болған. Орталық Азия аймағынан «Əлем дегі үздік зерттеулер» қатарына енген Моңғолия ұлттық университетінің ғалымы Энхбаяр Пуревжав (Enkhbayar Purevjav) биология жəне молекулярлық физика бойынша жарияланған еңбектері үшін «Ғылым көшбасшысы» атағына ие болды. Ал «Ғылым көшбасшысы» марапаты – танымал физик, Өзбекстан Ғылым академиясына қарасты Ядролық физика институтының зертхана жетекшісі Бекзот Юлдашевқа да беріліп отыр. Сонымен қатар, қырғыз медицина ғылымдарының докторы Талантбек Сооронбаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының демікпе ауруына қарсы күрес іс-шарасына белсене қатысып, тың ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, көзге түскен. Климаттық өзгерістерді жүйелі зерттеген тəжік ғалымы Əнуар Хамидов пен түрікмен физигі Аллаберген Əшірəлиевтің де ғылыми жариялымдары да жоғары авторлық дəйексөз келтіру көрсеткішіне ие болып, «Ғылым көшбасшысы» марапатының иегері атануларына жол ашты. АЛМАТЫ.

Ержан Құдайбергенов қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Жаңа мұрағатта 500 мың сақтау бірлігі бар. Əзірге 100 мыңға жуық құжат сақтауда тұр. Мұрағат мəселесі Оңтүстіктің аудан, қалаларында да оңтайлы шешілуде. Жақында іссапармен Бəйдібек ауданына барғанымызда аудан əкімі Батырбек Көшербай жаңа мұрағат ғимаратымен таныстырды. Жарық, кең жəне сақтау жүйелері талапқа сай. Жалпы, келер жылы Оңтүстік мұрағат қызметіне 90 жыл толады. Ал, облыс бойынша 19 мемлекеттік мұрағат мекемесі жұмыс істеп тұр. ШЫМКЕНТ.

● Еңбегімен еленген

Ќўлпынай ґсірген кəсіпкер Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Ойыл ауданы – бірыңғай мал шаруашылықты өңір. Егіншілікті былай қойғанда, аулаларында көкөніс өсіргені болмаса, мұнда бағбандықпен айналысатындар да сирек. Ойылдың орыстары баубақша дақылдарын азды-көпті өсіретінін білетінбіз. Бірақ, тап осындай көлемде өнім алғаны жадымызда жоқ. Екпетал ауылының тұрғыны Расул Ерсейітовтің өзіне қажетті көкөніс, қауын-қарбыз дайындап, құлпынай өсіріп, сатып, несібесін айырып отырғанын естігенде бойымызды бағбандықты ауыл баласының қалай игергенін көруге деген қызығушылық билегені рас. Екпетал шағын ғана ауыл, əрі кеткенде қырық шақты үй бар. Аудандағы басқа ауылдарға қарағанда суға жақындау бол ғандықтан ба, көшелері де жасыл же лектілеу. Аудан əкімі Мавр Абдуллин де бағбан жігітпен байланысқа шығып, біздің баратынымызды хабарлап қойған екен. Əдейі іздеп келе жатқан Ра сул ініміз қақпаның алдынан қар сы алды. Шағын ғана шиферлі үйдің ауласы да онша кең емес, он шақты сотық шамасында болар деп шамаладық. Сол аулада бақша өнімдерінің түр-түрін отырғызғаны көрініп тұр. Біз келгенде бау-бақша өнімдерінің жиын-терімі аяқтала келген екен. Əр жерде сорайып сабақтары ғана қалыпты. Тек қазан айына дейін өнім беретін құлпынай көшеттерінің өнімдері жапырақ астынан əр жерден қызарып көрінеді. – Бұрын Ақтөбе қаласында тұрдым. Еурожөндеумен айналыстым. Денсаулығыма байланысты құрылыстан қол үзуге тура келді. Жолдасым Жазира оқу бітірген соң жас маман ретінде ауылға көшіп келдік, қазір мектепте мұғалім болып еңбек етеді. Бастапқыда пəтер жалдап тұрдық. Кейін осы шағындау үйді сатып алдық. 2009 жылдан бері ауламызда бау-бақша өнімдерінің 16 түрін егеміз. «Оқу ойдан артық емес» дейді бабаларымыз. Мен бағбандық туралы көп кітаптарды оқыдым, интернеттегі ақпараттарды қарастырдым. Бала кезімізде көргендерім де кəдеге асты. Соңғы кездері елімізде тамшылатып суару əдісі енгізілуде.

5

www.egemen.kz

Мен де үйімнің ауласындағы аядай жерге еккен бау-бақшамды осы əдіспен суаруды ойластырдым. Ол үшін суару құралдарын қолдан жасауға тура келді. Соңғы үш жылдан бері тəжірибе түрінде жеке үйімнің ауласындағы 3 сотық жерге құлпынай өсіріп жүрмін. Нəтижесі жаман емес 2014 жылы аулама ек-

жоба əзірлеп, байқауға ұсынған екен, облыстық кəсіпкерлер палатасының қолдауымен «Ақ тө бе стартап» байқауында үздік танылып, нəтижесінде 2,5 миллион теңгенің сертификатына ие болған. «Ақтөбе стартап» байқауының жеңімпазы Расул Ерсейітовке қаржылай қолдаумен қатар,

кен құлпынайдан 550 килоға жуық өнім алдым. Биыл ауа райы бір ысып, бір суып, құбылмалы болды, соның өзінде 250 килодай өнім алдық, – дейді ол. Бағбан жігіт құлпынай өсірумен үш жылдан бері айналысады екен. Расулдың айтуынша, құлпынайға аса бір ерекше күтімнің қажеті жоқ. Тек тұқымды жақсы таңдай білу, түбін жиі-жиі қопсыту қажет. Бұл – ыл ғалды сүйетін өсімдік болғандықтан уақытында суарып, арам шөп терден қорғау қажет. Тамшылатып сурау əдісімен құлпынай өсіру тиімді, аққан су далаға кетпей, əрбір қоршалған құлпынай көшетінің бойына ғана тамады. Ол өз кəсібін кеңейту үшін «Ақтөбе стартап» бизнес-жобалар байқауына екі рет қатысыпты. Алғашында оның ауылға жылыжай салып, жергілікті өнім өндіру жайындағы жобасына қызығушылық болғанымен, бірақ, грантқа қол жеткізе алмапты. 2014 жылы сол құлпынай өсіретін аумақты кеңейтіп, одан алынатын өнім мөлшері туралы толыққанды

жергілікті жерде құлпынай плантациясын кеңейту үшін ауыл маңынан жер телімі бөлінген. «Ақтөбе стартап» байқауы арқылы жеңіп алған 2,5 миллион теңгенің белгілі бір бөлігі қолға тиісімен өзіне берілген алқапты қоршап тастапты. Жер қатқанша құлпынай өскіндерін жаңа алқапқа отырғызуды қолға алмақ. – Аулама егілген құлпынайдың жас көшеттерінің өзі жылына бірнеше рет өнім беріп жүр. Жақсы күтіммен қаралған құлпынай сортына байланысты қазан айында да өнім беруі тиіс, «Ойыл құлпынайы» деген атаумен бір кило құлпынайды 1000 теңгеге бағалап, аудан, ауыл базарларына шығардық, –дейді бағбан жігіт. Расул тек құлпынай өсіруді ғана місе тұтпайды. Қазір оның жеке үйінің ауласында шамамен 30 түп алма ағашы өсіп тұр. Ол осыдан бес жыл бұрын облысқа Польшадан əкелінетін алма ағаштарының жас көшеттерін сатып алып, оларды жергілікті алма ағашымен будандастырғанын айтады. – Кезінде Ойылда алма өсірудің

тəуір тəжірибесі де болған. Кейін күтімсіздіктен алма бағының бағы тайды. Осы істі жандандырсам деген ниет бар. Интернет материалдарынан аңғарғанымдай, өсімдік өсіруде, оның ішінде алма ағашын күтіп-баптауда Польшаның ауа райы біздің өңірмен сəйкес келеді. Алма ағашын будандастыру жұмысымен 2010 жылдан бері айналысамын. Қазір будандастырған ағаштар 3 метрге жетті. Тамыр тартып, толысып өскенде алма ағаштардың биіктігі 5-6 метрге бой түзейді. Ойылда алманың жерсіндірілген «белый налив», «ранетка», қысқа сақтауға арналған «антоновка» түрлері өсірілгенін білеміз. Сондықтан бұл іспен ден қойып айналысу керек, – дейді Расул. Соңғы жылдары Расул отбасымен бірге ауыл маңындағы ор ман дағы қайың, үйеңкі ағаштарынан табиғи шырын дайындап жүр екен. 2014 жылы ол 2 тонна 600 литр табиғи шырын жинапты. Қолға алған шаруаны ширатып жіберетін кəсіпкерге табиғи шырын дайындауға анайы рұқсат алу керектігі қолбайлау болып түрған көрінеді. Расул болашақта табиғи шырын жинау, оны сауда орындарына өткізу жайында бизнес-жоба əзірлеуді ойластыруда. «Табиғи шырынды зертханадан өткізіп, арнайы сертификат алу керек. Патент алу мəселесі де бірден шешіле қоятын іс емес. Ең бастысы, табиғи шырынды көпшілікке ұсыну үшін тағамтану институтының арнайы рұқсаты керек. Бұл шырындарды өздері пайдаланған. Сұраныс та бар. Қайың мен үйеңкі ағаштарының шырыны денсаулыққа пайдалы екені де белгілі, – дейді ол. Былтырғы шырынның қоры əлі де таусылмапты. Бағбандықтан бағын сынап жүрген жігіттің өзі дайындаған қайың, үйеңкі шырындарынан дəм таттық. Өнеркəсіптік негізде дайындалған шырындардан айырмашылығы жоқ. Расул Ерсейітов жылыжай салып, халықты көкөніспен қамтамасыз етуді де қарастыруда, алайда, оған қол қысқа, қаржы керек. Шаруа оңға басса бұл шаруаны да қолға алуға бейіл. Еңбекқор жігіттің таудай талабы кəсібінің игілігін көруге сендіре түседі.

Ақтөбе облысы.

 Адамдық айнасы

Шоќан ауылыныѕ азаматтары Еліміздегі ірі көлдердің бірі саналатын Құсмұрын көлі Əулиекөл өңірінің (Қостанай облысы) біраз жерін алып жатыр. Бұл өңірдің табиғаты ерекше. Құсмұрын дөңінің теріскей бетіндегі еңісінен үш бұлақ ағып шығып, көлге құяды. Манағы дөңестің аңғары иірілген сай-сала, жыралары терең, соны қуалай қайың, терек, қарағаш, тал өседі. Сиректеу болса да қарағайлар да кездеседі. Осы маңайдың кең жазиралы алқабы Құсмұрын көліне таман бұйратталып, аңғарға жақындаған сайын қырқалана түседі.

Қырқаның күнгейіндегі биік дөң, батыс жақ беті Ханжатқан деген ойпатқа жақындай жіңішкере беріп, темір ұстасының төсіндей сүйірленіп бітеді. Бұл төңіректің табиғат көрінісін Сəбең – Сəбит Мұқанов «Ақ қан жұлдыз» романында осылай сипаттайды. Сағымды күндері алыстан қараған адамға осы сүйір қон ғалы келе жатқан алып құстың тұмсығындай көрінеді. Бұл пойызбен Құсмұрын стансасынан Астанаға қарай шыға берген сəтте сол жағыңа көз тастасаң айқын байқалады. Халық сол тұмсықты «құсмұрын» атаған, көл де солай аталып кеткен көрінеді. Қырқалы аймақты жұрт тауға балап, сол төңіректі тау Құсмұрын деп атап кеткен ғой. Бұл өңірді арғынның тағышы руы жайлаған, керейлер де баршылық. Тағышылар негізінен Науырзымның Қайғы елінде қоныс танғаны белгілі. Қайғының тағышылары бұларды «тау тағышысы» деп атайды. Əңгімемізді Шоқан ауылының азаматтары деп атауымызда негіз бар. Қазақ халқының ұлы перзенті ғалым, тарихшы, этнограф, фольклоршы, ағартушы-демократ Шоқан Уəлиханов осы өңірде дүниеге келген. Ол туралы кезінде баспасөз беттерінде талай жазылған. Осылай десек те екіұдай пікір – біреулер ол Сарыкөл ауданының Күнтимес деген жерінде туған деп жүр. Осыған орай мына бір жайтты айта кеткен жөн. Атақты жазушы, академик Сəбит Мұқанов Шоқан жайлы роман жазуды ойластырған кезде оның балалық шағы өткен өңірді аралап, көнекөз қарттармен кездесіп, біраз жайтқа қанық болады. Үшінші рет Сəбең тау Құсмұрынға 1963 жылдың жазында келіп, керей Нəшкеннің Сүлейменінің үйіне түседі. Осында атақты жазушымен дастарқандас болудың сəті түсті (ол кезде Ыбекең ауылында мектеп директоры едім). Ұлағатты сөздерін, тартымды əңгімелерін естідік. Жасынан пысық Ыбырай ескіше оқып сауатын ашты, еңбекке ерте араласты. Заман ағымын дұрыс түсіне білген ол жаңалық атаулыны ықыласпен қабылдады. Содан да болар колхозға алғашқылардың бірі болып кірді. Ауылдастарына бірлескен еңбектің мəнін түсіндіріп, артельге жаппай кіруге үгіт теді. Ынтымақты еңбек өз же місін бере бастады. Колхоз шаруа шылығы ал ға басып, экономикасы нығая түсті, халықтың тұрмысы оңалды. «Есе лі еңбек, бəрін жеңбек» деген нақыл дың өміршеңдігіне көзі жетті жұрттың. Кенет ел басына қара түнек орнады. Фашистік Германия елімізге тұтқиылдан шабуыл жасады. Еразаматтар майданға аттанып жатты. Елде бала-шаға, əйелдер мен кəрі-құртаң қалды, бар ауыртпалық солардың мойнына түсті. Алпыстан шыққан Ыбекең соларға бас-көз болды. Тылдағылар «Бəрі майдан үшін, бəрі жеңіс үшін!» ұранымен еңбек етіп, жеңісті жақындатуға өз үлестерін қосты. Ал Ыбекеңнің өзі қайнаған еңбектің ортасында жүрді: қырман меңгерушісі, тауарлы-сүт фермасының меңгерушісі, мал дəрігері болып істеді. Он жылдай колхоз басқармасының мүшесі жəне тексеру комиссиясының төрағасы қызметін қоса атқарды. Кейін 1963 жылы колхоз совхозға айналған тұста өзі қатарлы шалдардың басын біріктіріп, құрылыс бригадасын ұйымдастырып, мал қораларын жөндеумен айналысты. Бұл кезде Ыбекең 80-нен асқан, алайда əлі тың, қуаты қайтпаған кезі еді. Осы жерде мына бір жайтты айтқан жөн болар. 1963 жылы ауа райы

қолайсыз болды, егін нашар шықты, жем-шөп те тапшы. Қарашаның аяғына қарай жекенің малы қолға қарап қалды. «Малды қопаға əлі бағуға болар еді-ау», дейтін үлкендер жағы. Бірақ суырылып ешкім шыға қоймайды. Міне, осындай қысылтаяң кезде ел қамын ойлаған Ыбырай ақсақал қайрат-жігер танытады. Биесін ерттеп мініп, ауыл малын Құсмұрын көлінің қалың қопасына апарып салады. 83 жастағы ақсақал елдің малын сақылдаған сары аязда бір ай бойы бағып берген еді. Ел болып алғыс айтып «Бойыңа дерт бермесін, бала-шағаңның қызығын көр, 100-ге жет», деп ақ баталарын берді жұрт. Алланың берген қуаты арқасында Ыбекең балаларының ортасында шат-шадыман өмір сүрді. Бəйбішесі қасында, ағайын-тумалардың той-думаны бұл кісісіз өтпейді. Құдалықтың бел ортасында жүретін де осы кісі. Тау Құсмұрын үлкен ауыл, той-томалақ болып тұрады. Ыбекең отырған жерде дастарқан басында арақшарап деген болмайды, бұған ауылдың үлкен-кішісі үйренген. Осылай жүріп жатқан Ыбырай ақсақал кенеттен сырқаттанып қалсын. Бастапқыда балалары салқын тиген болар деп ойлаған. Жоқ, олай болмады. Күн өткен сайын қарияның жағдайы қиындай берді. Ауылдың үлкендері көңілін біліп тұрады. Əңгіме-дүкен құрып, естіп-білген жаңалықтарын Ыбекеңмен бөліседі. Күндердің күнінде «Ыбырай шал күзетке ілігіпті» деген əңгіме шықты. Көрші тұратын шалдар түнде біраз отырып қайтады. Ертеңгісін осы кісілерден Ыбекең қалай екен, деп сұраймын ғой, несін сұрайсың Қанапия, уақытша жатқан кісі ғой, деп күдер үзгендей жауап қайтаратын. Көзіқарақты кісі ғой. «Бас» бұлақтың бір тұсынан балшық алдыртып, соны беліне, кеуде тұсына бас тыртады. Əлгі саз балшық демде кеуіп, күйдірген балшық сияқты болады. Осылай күніне бірнеше дүркін бастырады. Алла сəтін салып, дертіне шипа болып Ыбекең айыға бастайды. Ақсақалдың жағдайын білейік деп Сейдахмет деген мұғалім екеуміз қарттың үйіне бардық. Төсектің үстінде басын көтеріп отыр екен. Сəлемімізді көңіл қошымен алды. Жағдайын сұрап жатырмыз. Мен бұрын-соңды ауырған жан емеспін, осы жолы қатты құладым. Бұлақтың саз-балшығы іштегі дертіме шипа болды-ау деймін. Қазір құдайға шүкір, жақсымын. Дəмге қарайтын болдым, деп жауап берді. Əңгіменің басында тау Құс мұрынға жазушы Сəбит Мұ қановтың келгенін айтып едім ғой. Осы ауылда көнекөз қарттар біразтын. Солардың ішінде тағышы Сыздық молда ай рықша еді. Кезінде ол кісі Тройцкіде діни медреседе оқыған. Ыбекеңнен 5-6 жас үлкен бұл кісі осы өңірдің өткендегі тарихын жете білетіндердің бірі. Жасы ұлғайғандықтан ба екен, көп сөйлей қоймайды. Ал егер қыбын тауып сөзге тарта білсең, ақтарылып сала береді. Сəбең осы кісімен бір күн, бір түн бірге болып, біраз əңгіменің басын қайтарыпты. Аға сұлтан Шыңғыс пен Шоқан туралы біраз мағлұматқа қанығады. Ыбырай ақсақал да сөзге ұстамды, үлкендерден естіген əңгімелерді кейінгі жастарға жеткізе білетін кісі еді. Бұл кісі де Сəбеңе Шоқанның арғы аталары туралы естігенін тəптіштеп айтып береді. Жазушы кетерінде ағаларына ризашылығын білдіріп, сапарының сəтті болғанын, аса қымбат мағлұмат алғанын айтып қоштасыпты. Осы тау Құсмұрын ауылына

қазақтың тағы бір жайсаң азаматы, медицина ғылымдарының докторы, профессор, кезінде Қазақ КСР денсаулық сақтау министрі болған Мұхамеджан Фаризов ат ізін салғанын айта кеткен артық болмас. Бұл кісі Тобыл бойын жайлаған қыпшақ тайпасының бір ұрпағы. Сонау 30-шы жылдары аштық кезінде көз жазып қалған немере қарындасы Ғайнешті көру болыпты арманы. Ұзақ уақыт іздестіріп, сұрау салу нəтижесінде Ғайнеш деген кісі Семиозер жақта тау Құс мұрын деген жерде тұрады деген хабар алады. Қызмет бабы мен Семиозерға келген ол бірден осында тартады. Бұл кісінің қарындасымен қауышқан сəтін көрсеңіз ғой. Сөзбен жеткізу мүмкін емес. Үлкен кісінің жан-дүниесі босап, еңкілдеп жылап, өксігін баса алмай, күйзелген кейпін көргенде осы қайғыны өзің кешкендей күйге түсесің. Қарындасы тағышыларға келін екен. Күйеу баласы Хамиғали малын сойып əбігерге түсті. Кешке қонақасы берілді, жақсы бір мəжіліс болды. Мұхаң керемет əңгімешіл кісі екен. Жұрттың бəрі соның аузына қарап қалды... Ертеңіне шəй үстінде қарындасы мен күйеуіне балаларыңды оқытып, адам етіп шығарамын. Мына, Қырымың биыл 7 жылдықты бітіріпті, əрі қарай Алматыда оқы сын, ала кетемін деді. Сол Қырым астананың белгілі № 12 орта мектебін жақсы бітіріп, Алматының мемлекеттік медицина институтына түседі. Бүгінде Қырым Ахметов ғылым докторы, Астанада медициналық ғылымизерттеу институты директорының орынбасары. Міне, «жақсыдан – шарапат» деген осы. Немере түгілі бірге туғанына қараспай жатқандар қаншама бұл өмірде. Ыбекеңнің тағы бір ерекшелігі көріпкелдігінде. Жоғарыда айтқан керей Нəшкеннің Сүлеймені елге сыйлы, көпті көрген, кезінде колхоз басқармасы, ауылдық кеңес төрағасы болған. Міне, осы кісі бірде елге келіп, өлген-жіткендерге дұға оқып, өкшелес Ыбырай жездесіне барып сəлем береді. Біраз өткен-кеткеннен əңгіме қозғап, бір жасап қалады. Қоштасар сəтте «Сүлеймен, Ыбырай қайтыс болыпты десе сенбе. Иншалла деп айтайын, жүздің бес-алтауына дейін ғұмыр кешемін», депті. Жарықтықтың айтқаны тура келді. 106-ға қараған шағында дүниеден өтті, деп отырушы еді Сүлекең. Ыбекең табиғатында қақсоқпен жұмысы жоқ, жарқын жүзді, ақкөңіл, кісіге болсын дейтін адам еді. Осы заманғы жастардың арманы жоқ, дейді ақсақал. Олар бақытты, тұрмыс сəнді, өмір мəнді, не қажеттің бəрі бар, тек жақсы еңбек ет. Сонда абырой да, бедел де, құрмет те келеді. Өткен, бастан кешкен өмірімізге ойша көз жүгіртіп көрейікші. Халық ауыр тұрмыс тауқыметін бастап кешті. Күштілер мен озбырлардың зорлықзомбылығына ұшырады. «Шықпа жаным, шықпа» деп күн кешті ғой халық деп күрсінетін ақсақал. «Сулы жер – нулы жер» дегендей, бұлақ басында отырған бұл ауылдың халқы көкөніс өсіруге машықтанған, содан нəпақа тауып отыр. Жері құнарлы əрі су тегін. Əсіресе, тез өсіп, өнетін қияр өсіру тиімді əрі ол өтімді келеді. Ақсақалдары қандай еді. Исабай, Бекбай, Əлібек, Төлебай, Кəкең, Қоңқабай, Қабдұлла сияқты кісілер сөз қадірін білетін, қол қайырымы мол, кісіге болсын дейтін, пейілдері кең қарттар еді. Ерсабыр, Қауез, Төкең, Мұхамедияр, Қасымхан, Есендер де жаны жайсаң азаматтар еді-ау. Міне, осы аталған кісілердің бəрі Шоқан ауылының азаматтары болатын... Қанапия МЫРЗАҒОЖИН, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

АСТАНА.


6

www.egemen.kz

Егер сендерге ќарсы ґзгерістер желі соќса, ќорєаныс ќамалын тўрєызбаѕдар, жел диірменін ќўрыѕдар! Мао Цзедун Барлығы Қытайда жасалған Соңғы кездерде əлеуметтік желілерде мынадай əзіл жүр: «Құдай тек жер мен адамды жаратты, қалғанының барлығы Қытайда жасалған». Бұл, əрине, бір қарағанда асылық сөйлеу секілді, бірақ осы сөздің жаны бар. Үйінен «Қытайда жасалған (Made in China)» деген жазуы бар бір зат

ахуал қалыптасты. Шетелдік капитал миллиардтап ағыла бастады. Тек əдепкі жылдардың өзінде кемінде 20 миллиард доллар шетелден тартылған болатын. Кейіннен, 2000 жылдары шет мемлекеттерден келген қаржы мөлшері 200 миллиардтан асып түсті. 2005 жыл шамасында 600 миллиардқа жетті. Ал бүгінде Қытайдың өзі ең ірі инвесторлар қатарында.

А МАН

ЗА

Қытайдың жұмысына тек жоғары баға береміз, ол əлем экономикасының жаңа сатыға шығуына зор септігін тигізді» депті ДСҰ-ның бұрынғы бас директоры Паскаль Лями. Қытайдан шығарылған сапасы жоғары, бағасы төмен заттар көптеген мемлекеттердегі шығын көлемін азайтуға септігін тигізді. Мамандардың мəлімдеуінше, бұл елдің ДСҰ-ға мүше болған алғашқы он жылы ішінде қытайлық тауарлардың ең алып тұтынушысы АҚШ шамамен 600 миллиард доллар қаражатын үнемдеген екен. Сол он жыл ішінде Қытай импорт көлемін 750 миллиард долларға жеткізген. Ал ДСҰ Қытайға не берді? Біріншіден, жаңа технологиялар өндірісінің көлемі артты. Қытай жаңа технологиялар экспортын өсірді. Техника

11 қараша 2015 жыл айналды. Қарқынды дамыған экономика салдарынан қазынасы молайған Аспанасты жұрты əлемдік дағдарыс салдарынан құлдыраған Еуропа елдеріне қаржы бөлуден аянып жатқан жоқ. Көптеген шетелдік мамандар ұсынған көрсеткіштерге жүгінсек, Еуропа елдеріне құйылған Қытай инвестицияларының көлемі жылына 20 пайызға өсіп келеді. Экономикалық дағдарыстан есеңгіреп қалған Еуропа елдеріне Қытай бір жылда кемінде 10-15 миллиард доллар қаражат береді екен. Кəрі құрлыққа ағылған қаражаттың 85 пайызы тоқтап тұрған өндіріс нысандарын қайта жаңғыртуға жұмсалады. Қытай экспанциясынан қауіптенген мамандардың айтуынша, бұл ел о бастан Еуропа құрлығына ықпалы

«MADE IN CHINA»

Өз өнімдерін өндіруге негізделген Қытай экономикасының ерекшелігі неде? Дəурен БАУЫРЖАНҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

табылмайтын адам жоқ шығар əлемде. Сондықтан бұл елдің атауын əркім күнделікті тұрмыстан-ақ жақсы біледі. Қытай мемлекеттілігінің бес мың жылдық тарихы бар. Алпауыт мемлекет атам заманнан ең дамыған əлемдік өркениеттердің қатарына кірген. Сонымен қатар, Қытай – өз тарихында компасты, оқ дəріні, қағазды алғаш ойлап тапқан халық. Тарихтың қай кезеңінде де төрткүл дүниенің назары алып көршімізге тігулі болды. Бүгін де əлем жұртшылығы Қытайдың əрбір қадамын мұқият бақылап отыр. Себебі, Қытай Халық Республикасы дүниежүзілік экономикалық, қаржылық ахуалға ықпал ете алатын мықты державаға айналды. ҚХР əлемнің АҚШ-тан кейінгі екінші экономикасы саналады. Кезінде түрлі алпауыттардың қыспағына ұшырап, ішкі тартыстардан зардап шегіп, ауызбіршілігі болмай, дамуы тежеліп, тізе бүгіңкіреп қалған Қытай аз ғана уақыт ішінде қалай еңсе көтерді? Қалайша есін жиып, экономикасы дамыған елдермен иық тіресетіндей дəрежеге жетті? Бұл – шынымен де «қытай ғажайыбы» деуге лайық, күрделі əрі қарқынды үдерістің арқасында игерілген жетістік. Еуропалық ғалымдардың ресми деректеріне сүйенсек, осыдан 30 жыл бұрын кəрі құрлыққа сырттан жеткізілетін импорттың тек 30 пайызы ғана Қытайдан келіп тұрған екен. Бүгінде Еуропадағы шетел тауарларының 90 пайызы сол қытайлық өнімдердің үлесіне тиеді. Тек осы көрсеткішке қарап, бұл елдің экономикалық даму қарқынын байқауға болады.

Қарымы мықты қайраткер 1976 жылдың қазан айында Қытайда он жылға созылған «мəдени төңкеріс» аяқталды. Бұл қытайлардың ұлы көсемі Мао Цзедуннің жасаған «ұлы» қателігі еді. Қытайлардың біразының білімнен алшақтауына, ел экономикасының тығырыққа тірелуіне бірден бір себеп осы бұрыс жүргізілген саясат болды. «Мəдени төңкеріс» «сəтті» аяқталғанда ғана қытайлықтар кедейшіліктің шегіне шыққанын түсінді. Сол жылдардағы жалпы ішкі өнімнің жан басына шаққандағы көлемі 120-125 доллардан келетін еді. Ал АҚШ-тағы жалпы ішкі өнім мөлшері жан басына шаққанда шамамен 10 мың доллар болатын. Америкалықтар қытайларға қарағанда 80 есе, ал жапондар 70 есе ауқатты тұратын делінеді ресми деректерде. Қытайдың аяғынан тік тұрып, еңсе көтеруіне зор үлес қосқан тұғырлы тұлға – белгілі саясаткер Дэн Сяопин. Əйгілі Мао Цзедун өзінің он жылдық «мəдени төңкеріс» бағдарламасын ұсынғанда, оның бұрыс екенін айтып, өз пікірін білдіруге батылы жеткен жалғыз саясаткер осы Дэн еді. Ол – Қытайдың шет мемлекеттермен байланыстарын дамыту арқылы елге сырттан инвестиция тартуға, экспорт нарығын кеңейтуге зор мүмкіндік ашылатынын ең алдымен түсінген сұңғыла саясаткер. Сол себепті билік басына келгеннен бастап шетелге жиі сапарлайтын болды. Біраз шет мемлекеттерді аралаған соң, өз елінің дамуы оншақты жылдарға артта қалып қойғанына əбден көзі жетеді. Бұл жайт халқының қамын ойлаған саясаткердің жанына қатты батады. Сол тұста Қытайдың бет-бейнесін өзгертіп, жаңа даму жолына түсірген «Реформалар жəне ашықтық» саясаты жарияланады. Соған орай экономика саласын ілгерілету шаралары басталады. Мемлекетті, елді, əлеуметті жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізіледі. Сол кезде экономикалық тұрғыдан ерекше дамыған Англия мен Американың қадамдары ескерілді. Екеуі де индустрияландыру үрдісін мейлінше ұстанып келе жатқан мемлекет еді. Қытай сол алпауыттардың жолымен алға басып, кейін олардан асып түсуді мақсат етті. Олармен иық теңестіру үшін Қытайда мүмкіндіктің бəрі болды: еңбек ресурстары да, табиғи ресурстар да жеткілікті. Сөйтіп, миллиард тұрғыны бар елде индустрияландыруға барынша ден қойылды. Бұл бастама оншақты жылдан кейін керемет нəтижелерін берді. Миллиондаған халық жұмысқа тартылды. Ал арзан еңбек күшін қолдану арқылы өндірілген арзан тауар халықаралық нарықтағы бəсекелестерді ығыстырып тастады. Шетелдік өндірушілер түгел дерлік өз зауыттарын Қытайға көшірді. Олармен бірге тек шетелдік капитал емес, жаңа технологиялар да елге келіп жатты. Осыған орай Қытайда сонау 1979 жылдың өзінде бірнеше арнайы экономикалық аймақ құрылды. Солардың бірі – əлі күнге дейін жұмыс істеп келе жатқан Шэнжен арнайы экономикалық аймағы. Кезінде балықшылар мекені саналған Шэнжен бүгінде индустрияландырудың арқасында жан басына шаққандағы жылдық кіріс көлемі орта есеппен 9000 АҚШ долларын құрайтын алып мегаполиске айналды. Соған сəйкес шетелдік инвесторлар үшін де қолайлы инвестициялық

Нарық жəне социализм Бұл керемет ұмтылыс Қытай жұртының қайта оянуына түрткі болды. Бірақ социалистік елде нарықтық экономиканың ілгерілеуі екіталай деп Дэн Сяопиннің бастамасына күдікпен қарағандар да ұшырасты. Алайда, көшбасшы өз ісінің дұрыстығына шүбə келтірмеді. Ол былай деді: «Нарықтық экономика тек капиталистік елдерге ғана жарайды» деген түсінік түбірімен қате. Оны социалистік елде де орнықтыруға əбден болады. Жоспарлы экономика да, нарықтық экономика да – тек экономика тетіктерінің түрі ғана». Осы сөз айтылған күннен бастап Қытай үкіметі социалистік сипаттағы нарықтық экономиканың үлгісін енгізуді қолға алды. Ауыл-аймақтар, мемлекеттік кəсіпорындар реформаланды жəне жеке кəсіпкерлік айтарлықтай дамыды. Нарықтық экономиканы енгізу жəне кəсіпкерлік секторын реформалау арқылы жоғарыда аталған жетістіктерге қол жеткізілді. Қытай ағылшындар мен америкалықтардың тəжірибесін қолдана отырып, өндірістік қуаты жағынан өрлеп тұрған екі алыпты ұзамай-ақ қуып жетті. Бұл Қытайдың экономикалық серпілісінің алғашқы қадамдары еді. 1990-2000 жылдар аралығы – Қытай экономикасы дамуының тағы бір ерекше атап өтерлік кезеңі. Кеңес Одағы ыдыраған соң Қытайға тауарлар бұрынғы кеңес елдерінен жеткізіліп жатты. Мыңдаған шаршы шақырымға созылған жаңа шекаралар ашылды. Нарық тағы да ұлғая түсті. Қытай сол кезеңнің өзінде əлемді аузына қаратқан алып индустриялық мемлекет атанды. Ішкі жалпы өнім осы онжылдықта 5 есе өсті. Бұл мезгілде Қытай əлемнің 150-ге жуық елімен сауда-экономикалық қатынастар орнатты. «Made in China» деген төлтаңбасы бар тауарлар осы тұста кеңінен таралды. Тауар айналымы ара қатынасын теңестіру үшін тек экспорт емес, импорт көлемін де ұлғайту керек болды. Кедендік салықтарға жеңілдік жасалды. 1991-2001 жылдар аралығында 5000-ға жуық түрлі өнімге салық 35 пайыздан 15 пайызға дейін төмендеді. Жеңілдіктер жасалды десек те, шетелден келген өнімдер жақсылап тұрып сұрыпталды. Тек мемлекеттің дамуына пайдасын тигізетін өнімдер ғана елге кірді. Импорттық заттардың басым бөлігін жаңа технологиялар, компьютерлер, ұялы қондырғылар құрады. Қанына əбден сіңген ерекше қасиетінің арқасында қай нəрсені де тез үйренетін қытайлар елге енген жаңа дүниелерді жедел игеріп, лезде олардың қытайлық нұсқаларын шығаруға дағдыланды. Сырттан келген импорттық тауарларға да ел ішінде бəсекелестік туғызды. Ішкі жəне сыртқы нарықта да қытайлардың теңдесі болмай шықты.

Ұтыс əкелген ұйым Ел экономикасының дамуына ерекше үлес қосқан тағы бір жайт – Қытай Халық Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі. 2001 жылы ҚХР ресми түрде ДСҰ-ға мүше болып қабылданды. Аталмыш ұйымға мүшелікке енген он жыл ішінде бұл құрылым Қытайды, ал Қытай əлемді өзгертті десек болады. «ДСҰ-ға мүше болған он жыл ішіндегі

мен технологияға арналған шағын жəне орта кəсіпорындар саны ДСҰ-ға мүше болған жылдары кемінде 20 есеге артты. Екіншіден, дəстүрлі экспорт тауарларының өндірісі де ондаған есеге ұлғайды. Дəстүрлі экспорт тауарларына күнделікті тұрмыстағы тауарларды жатқызуға болады: киім-кешек, ойыншық, ыдыс-аяқ, жиһаз т.б. Атап өткен тұрмыс бұйымдары бұдан бұрын елден емін-еркін шығып жататын. Ал ДСҰ кедендік жеңілдіктерге жол ашты, логистикалық ахуалды жақсартты. Соның есесінен бұл бұйымдар көлемінің едəуір еселенуіне, əлем нарығын жайлауына кең мүмкіндік туды. Үшіншіден, коммерциялық қызмет секторы жақсы дамыды. Осыған орай, туризм, байланыс, ақпарат алмасу, компьютерлік қызмет түрлері дамып, жаңа сатыға шықты. ДСҰ-ға мүше болған алғашқы он жылда Қытай коммерциялық қызмет бойынша Азияда үшінші, ал əлем бойынша сегізінші орынға көтерілді. Тағы бір жағымды жағы, ДСҰ Қытайдың инвестициялық ахуалын жақсарта түсті. Бұрын сырттан миллиардтап келетін қаражат триллиондап саналатын болды. Əлеуметтік саланың дамуы жеделдеді. Тек қала емес, ауыл тұрғындарының да əл-ауқаты артты. Ауыл-аймақтағы кедей адамдар саны алғашқы бес жыл ішінде бес миллион адамға кеміді. Сол жылдары ауыл тұрғындарының жылдық табыс көлемі орта есеппен алғанда 3,5-4 мың юаньға жетіп, жыл сайын 5,5 пайызға артып отырды. ДСҰ-ның тағы бір тиімді тұсы, Қытай басқа елдермен тең құқықты сауда серіктесі болуға мүмкіндік алды. Оның əлемдік нарықта ешбір кедергісіз, емін-еркін ойнауға құқығы жеткілікті еді. ДСҰ қағидалары бойынша ешкімнің қытайлық тауарларды əлем нарығынан заңсыз ығыстыруға құқығы болмады. ДСҰ-ның Қытайға берері де, алары да мол екендігі анық-ты. Сөйтіп, ДСҰ бұл елдің жаңа дəуренін жүргізді.

Батыс – басты бақталас Қытайдың қазіргі ахуалына тоқталайық. Бұл ел бүгінде əскери, ғарыштық жəне экономикалық державаға айналды. Осыдан 30 жыл бұрынғы Қытай мен қазіргі Қытайдың айырмашылығы жер мен көктей. Бұрын əлемнен қалыс келе жатқан, жабық, жағдайы жұпынылау мемлекет еді. Жасыратыны жоқ, даму үрдісінен артта қалыңқыраған аспанастылықтар күллі əлемге өкпелі болған. Өкпелеп жүріп, өштеніп жүріп, олар өз алдына мынадай мақсат қойған: сол кездегі дамыған елдерді қуып жету жəне басып озу, əлемдік нарыққа мұқтаж болудан арылып, əлемді Қытай нарығына мұқтаж ету, халықаралық аренада ең беделді мемлекетке айналу, ұлы қытай ұлтының қайта өркендеуіне бар күшті жұмсау. Болашақта ғасыр бойы Қытайды басынған Батысты басып озу, қай кезеңде де басты бақталасы болған АҚШ-тан асып түсу міндеті тұрды. Бүгіндері сол мақсаттары мен армандары жүзеге асты. Қытай əлемдегі беделі мен ықпалы зор мемлекет болып қалыптасты. Батыстың бағдарын байқап, дамыған елдерден дəмеленіп, инвестиция күтіп отыратын Қытай бүгінде сол батыс елдерінің басты инвесторларының біріне

мен үстемдігін арттырғысы келеді. Ал құрлықтың қазіргі ахуалы – Аспанасты жұртының ойын іске асыруға таптырмайтын сəт. Оларға жаңа технология, инновация, ноухау керек. Оның бəрі Еуропада бар, бірақ соны дамытатын қаражат жоқ. Ал бұл салаларға ерекше көңіл бөлу Қытайдың алдағы бесжылдық даму жоспарында қамтылған. Сондықтан Еуропадағы өндірісті ілгерілетуге қытайлар күш салады, қаржы жұмсайды, есесіне өзінің өндірістегі үлесін арттырады. АҚШ-пен бақталастыққа келетін болсақ, Қытай Америкадан асып түсуге сəл-ақ қалды. Аспанасты елі барлық көрсеткіш бойынша ең алып экономиканың отанын қуып жетті. Өндіріс бойынша озды, инвестициялар көлемі жөнінен де шаң қаптырды. Бұлардың халықаралық аренада үстемдік етуіне АҚШ талай рет тосқауыл қойғысы келді. Алайда, əрбір қадамы сəтсіз аяқталды. Алысқа ұзамай-ақ, жуырда ғана орын алған жайтты мысалға келтірейік. Биыл Қытай Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкін құру мəселесін көтерді. Аты айтып тұрғандай, бұл – Азия елдеріндегі инфрақұрылымдық нысандарды дамытуға бағытталған игі бастама. Сонымен қатар, бұл қадам – Дүниежүзілік банктің баламасы болуды көздеген ұтымды тəсіл. Бастапқы капиталы 100 миллиард доллар болатын банктің құрылтайшылары арасында біздің еліміз де бар. Қазақстан – осы бастаманы бірден қолдаған 22 мемлекеттің бірі. Қайырлы қадамды көпшілік құптады. Əрине, Америкадан басқалары. АИИБ құрылтайшысы болуға АҚШ-тың ең жақын серіктестерінің бірі – Ұлыбритания да ниет білдірді. Американың қаржы жүйесінің бетбеделіне нұқсан келтіретін инфрақұрылымдық инвестициялар банкіне өз серіктестерінің мүше болуына АҚШ наразылық танытты. Алайда, АҚШ өз серіктестерін тек Азия емес, Африка, Солтүстік Америка құрлықтарындағы елдер ахуалының жақсаруына зор əсерін тигізетін игі шарадан бас тартуға үгіттей алмады. Сол кезде Америка банк құруға бастамашы болған Қытайды АИИБ шеңберіндегі əріптестік пен ынтымақтастыққа шақырды. Ол Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі, Халықаралық валюта қоры жəне Дүниежүзілік банк арасында өзара тиімді келісімдер орнықтырғысы келді. Алайда, АҚШтың қаржы институтына қарсы тұруға бекем бел буған Қытай ынтымақтастыққа илікпеді. Нəтижесінде АҚШ бұл тартысты бастамай жатып ұтылып қалды. Осылайша, алып көршіміз құрлықтас мемлекеттердің мүддесін де қорғай білді, бас бақталасын да тартыс алаңынан ығыстырып тастады. Бүгінде АИИБ-қа мүше болуға 100-ге жуық мемлекет келісімін берді. Банк өз жұмысын биылғы желтоқсан айында бастайды. Штаб-пəтері Аспанасты елінің астанасы – Бейжің қаласында орналасады.

Үміт артқан үш фактор Көптеген қытайлық жəне шетелдік сарапшылардың айтуынша, Қытайдың бүгінгі дəрежесіне жетуіне, экономикалық державаға айналуына зор əсерін тигізген үш фактор бар. Оның біріншісі – хуацяолар. Хуацяо – шет мемлекеттерде тұратын қытайлар, біздіңше айтқанда, өзге елдегі қандастар. Ресми деректер бойынша, жер

бетінде 40 миллионнан астам хуацяолар тұрады. Олар – түрлі себеппен өзіндік капитал жиып, шет мемлекеттерде тұрақтап қалғандар. Бұлардың басым бөлігі ауқатты. Сонымен қатар, өздері мекен ететін елдердегі бизнес қоғамдастығында біразының беделі мол. Қытайға шетелден келген инвестициялардың басым бөлігі сол хуацяолар арқылы тартылған. Дэн Сяопин билікке келгеннен бастап 2000 жылға дейін 600 миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестициялар тартылса, оның 80 миллиардтан астамы таза осы хуацяолардың қалтасынан шыққан делінеді мəліметтерде. Олар негізінен кезінде өздерінің шыққан елдімекендерін көркейтіп, дамытуға қол ұшын беруден аянып қалмаған. Хуацяолар Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің экономикасына тікелей септігін тигізе алады. Себебі, ол елдердегі көптеген ұлттық кəсіпорындардың басқарушы акциялары солардың қолында деседі. Сондықтан Қытай үкіметі хуацяолар мəселесі жөнінде арнайы комитет құрған. Шетелдік қандастарымен үнемі тығыз байланыс ұстап отырады. Қытай экономикасының шарықтауына зор əсерін тигізген тағы бір фактор – адам ресурстарын ұтымды пайдалана білу. Жасыратыны жоқ, қытайлар жұмыстан қашпайды, кəсіп талғамайды. Жоғары бəсекелестікті ескере отырып, əркім өз орнынан айрылып қалмау үшін барын салады. Біз, қазақтар: «Деніміз сау, төрт құбыламыз түгел болсын!» деп тілесек, олар: «Бай, қуатты болайық!» дейді. Қарапайым шаруаның бұл қасиетін жақсы білетін қожайын қызметкеріне белгіленген айлықтың əр тиынын өтегенше жұмыс істеткізеді. Бұл елде бір қазақтың алатын жалақысына он қытай қуана-қуана жұмыс істейді. Есесіне, он қазақтың шаруасын бір қытай бітіріп бере алады. Шаршайды, шалдығады, бірақ жеген бір үзім нанының əр қиқымын ақтап шығады. Бүгінге дейін əлеуметтік топтар арасында айтарлықтай алшақтық болмады. Не кедейсің, не байсың. Кедей сорлы қара жұмыста жүреді, ал байшікеш соны басқарумен айналысады. Арзан жұмыс күшінің көмегімен байыған бизнесмендерді де Қытай үкіметі пайдалана білді. Ешбір кедергісіз партияға қабылдап, көптеген жеңілдіктер ұсынды. Соған орай олар өз байлығы мен беделін бөлісуге мəжбүр болды. Үшінші фактор – Қытайдың осы күнге дейін индустрияландырудың кейбір зардаптарына көз жұмып келуі. Ең ірі өндірістік елге айналып, экономиканы өрістетуді мақсат еткен əйгілі көршіміз экологиялық қауіпті елемеді. Өндірістің түр-түрін енгізді. Шағын тоқыма фабрикаларынан бастап, алып химиялық зауыттарға дейін салды. Ауа ластанды, жер құнарсызданды, залал зор болды. Оның есесіне, Қытай бастапқы көздеген мақсатына сəйкес ең ірі индустриялды мемлекетке айналды. Индустрияландыру үдерісінің арқасында елде шамамен 300 мыңға жуық кəсіпорын салынды. Олар күніне Қытай қазынасына кемінде 2,5 миллиард юань қаражат түсіріп отырады екен. Қытай шындап қолға алса, экология мəселесін де жолға қоя алады.

Индустриядан – инновацияға Осылайша, күрделі үдерістер мен тынымсыз еңбектің арқасында Қытай əлемнің екінші экономикасы атанды. Бастапқыда басты мақсат АҚШ-ты қуып жету еді, ол межені уақытынан бұрын еншіледі. Енді аз уақытта АҚШ-тан озу мақсаты да орындалғалы тұр. Бүгінде Қытай америкалықтардан тек экономикасы бойынша ғана артта қалуда. Қалған салалар бойынша бас бəсекелесін əлдеқашан басып озды. Бұрын əлем алпауыттарына жалтақтай қараған шығыс айдаһары халықаралық аренада емін-еркін бойлап – кез келген бақталасты жұтып жіберердей болып тұр. Экономикалық қауіпсіздігін толық қамтамасыз еткен алып көршіміз енді инновациялар еліне айналуды көздеп отырған көрінеді. ҚХР-дың экс-төрағасы Ху Цзинтао кезінде: «Алдағы уақытта өзіндік инновациялық даму жүйесін құру – біздің ұлттық даму стратегиямыздың басты мақсаты», депті. Содан бастап бұл елде индустрияландырудан инновацияландыруға ауысу үдерісі қарқынды жүріп жатыр. Қазір жаңа технологияларды шығару, робот техникасы, нанотехнологияларды игеру жағынан да Қытай алдына ел салмай келеді. Батыс ғалымдарының айтуынша, алда тұрған қындықтарды жеңе білгеннің өзінде ҚХРға инновациялы ел атану үшін əлі кем дегенде 30 жыл уақыт қажет. Қытайлықтар 2050 жылға дейін толық дамыған, инновациялы елге айналарына кəміл сенімді. «Айтылған сөзді атылған оқтай» бағалап, уəдесіне беріктік танытатын қазіргі Қытай үкіметінің бұл міндетін ойдағыдай орындайтынына сенім мол. Қарап отырсақ, біздің даму бағытымызда, жоспарымызда алып көршімізбен ұқсастық көп екен. Олар да даму сатысын индустрияландырудан бастаған. Бізде де Елбасымыз белгілеген индустрияландыру бағдарламасы бойынша ілгерілеп келеміз. Екі ел де экономикалық ахуалды жақсарту мақсатында Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болды. Олар да, біз де бесжылдық жоспарлар бойынша жұмыс жүргіземіз. Екі мемлекеттің де ортақ мақсаты – болашақта инновациялы елге айналу. Қытайда: «Көлді кешіп өткің келсе, су астындағы тастарға мұқият бол», деген сөз бар. Ал біздің қазақ: «Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі», дейді. Аспанасты елінің үкіметі де, тұрғындары да əр қадамын аңдап басып, абайлап сөйлеп, ешкімге ұрынбай-соқтықпай, жылы қабақпен, бейбіт кейіппен алға қойылған мақсаттарына ұмтылды. Қиын-қыстау кезеңдерде сабырлылық танытты, ұрымтал тұстарда есесін жібермеді. Нəтижесінде, экономикасы дамыған алып державаға айналды. Біздің де көршімізден кемдігіміз жоқ. Ешкімге ұпай бермей, қалыпты əрі бейбіт жолмен дамып, 20 жыл ішінде əлемді мойындаттық. Енді атам қазақ айтқан «үйрен де жирен» деген асыл сөзді естен шығармай, көршіміздің тəжірибесін ескеріп, үйренетін тұстарын көкейге түйгеніміз абзал. Қытайлар айтқандай, су астындағы тастарды аңдап басып, жолдағы қиындықтарды халық боп еңсерсек, елімізді ең дамыған 30 мемлекет қатарына қосу мақсатына сүрінбей жететініміз анық. БЕЙЖІҢ.


11 қараша 2015 жыл

ДЕ ЗЕР

www.egemen.kz

Міржақып ДУЛАТҰЛЫ: «ОЯН, ҚАЗАҚ!» Гүлнәр МІРЖАҚЫПҚЫЗЫ: «ОЙЛАН, ҚАЗАҚ!» Əкелі-балалы екеуі де қараша айында дүниеге келіпті. Əке 50 жыл ғұмыр кешсе, қызы 98 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Енді, міне, əкесінің туғанына 130 жыл, қызының туғанына 100 жыл болыпты. Қиын тағдырлы тұлғалардың əрқайсы сына қос ғасырдың дүлейі мен дүрмегін көруге жазыпты. Сонда Міржақып пен Гүлнəрдің қосақталған өмір шеруі үш ғасырдың соқпағына ұласқан екен. Дəлірек айтсақ: ХIХХХ-ХХI ғасырлар бедерінде. Уақыт ұмытпайтын, ешқашан жадынан шығармайтын ұлтжанды зиялылар осындай-ақ болар! Сөздері мен істері мінсіз қабысып келіскен, халқының арман-мүддесіне адалдықпен ант беріскен, жұртының уайымы мен мұңын қалтқысыз бөліскен, болашақтың шаттығы мен шадыман тірлігіне ұрпақтарын рухани жетелеп, ойша көріскен – неткен өрелі де өркенді жандар еді. Айрықша жаратылыс иелері ғой демеске лажың жоқтай! Ғасырлар жылжи берер... Ыстық жүректерден төгілген мына төмендегідей лағыл сөздер əркімді ойлантып, толғантар! Сөздері өлмесе, Міржақып пен Гүлнəрдай дара өскен дарақтардың тамыры терең тартып, мəуесі əр қазаққа пана бола берер!.. Оқылық бірге ендеше...Мерейтойларына деген көңіл сыйы, жан шашуы болсыншы!

МІРЖАҚЫП:

...біздің халық дүние сарайының бір қараңғы түкпірінде ұйықтап, ұмыт қалған секілді болып тұр... *** ...Екінші, дүниемізде қажетті хақыларымызды алып, жерімізді, малымызды сақтау үшін, басқалардан хорлық көрмес үшін, орысша оқып һүнерлі (өнер) болалық. *** Екі сұңқар таласса, құзғынға жем, Берекесін бұл қазақ сүйтіп құрытқан. *** Үйренген халықпыз ғой кемшілікке, Талпынып ұмтылмайтын кеңшілікке. *** Қазағым, көрмегенің əлі алдыңда, Боларсың көне берсең мұнан жаман. Босыңда аяқ-қолың қимылдап қал, Бір күнде тыпырлауға келмес шамаң.

*** Кір жуып, кіндік кескен қайран жерлер, Мұжыққа, қош аман бол, барасың ба? *** Қазақтың көп жерінде мешіті жоқ, Жоғына себеп болған миссионер поп. *** Ғылымды ғалымменен құрметтемей, Əлбетте, мұның бəрі надандықта. *** Күн көреміз қайда барып, Алашым? Білгіштерің хəл мүшкілін қарасын. *** Бірлік жоқ, алты ауызды халықпыз ғой, Қатардан сол себепті қалыппыз ғой. *** Мен не болсам, болайын саған садақа, Сүйікті жұртым, қақпанға түсіп алданба! *** «Алаш!» деп ұран естілсе, Кім бұрылмас қанына.

*** Надандықтың қираталық қамалын, Мақсатыңа ұмтыл таяу, Алашым! *** Аштықтан қырғын тапқанда, Сыпыра жомарт, қайда едің? *** Теңгерілер заман келді, Қазақ қызы теңел енді. *** Басқа жұрт біз секілді жалқау емес, Ғылыммен қараңғыны етер жарық. *** Халықты тура жолға басталық та. *** Енді бұл шенеуніктер қазақ даласына мыңдаған мұжықтарды жер аударып, қазақтардың суы мен шұрайлы жерлерін тартып əперуде. *** Күннің көзі жалқауға да, іскерге де, байға да, пақырға да бірдей түскені секілді, көпке бірдей болған жақсылықтан мақұрым қалу, оның үстіне қазақ халқы өзінің сыбағасын іздемей, сұрамай, қатты наразылық көрсетпей жатуы да кемшілік. *** ...əлгі жас балалар орыс кітаптарыменен орысша оқып кетсе, тез уақытта тілін ұмытып, дінінен де айырылып қалу қаупі бар. *** ...келер Думаға қазақ халқынан да депутаттар сайлануын сұрау керек. Əлбетте, бұл турада бірлі-жарым адамның тілегі тілек болмайды, күллі жұрт болып сұрауға керек. *** Жүз айтсақ та бір тілек: надандық түнегінде адасқан бейшара қазақ халқын жетектеп жарық дүниеге шығарушы қаһармандарға мұқтажбыз. *** Халықтың ғұмыры 20-30 жылдығына емес, дүние тұрғанша тұрады. Соның үшін түбін ойлағанда, қазіргі тұрмыстың неше ғасырлардан бері бекіп қалған негізін бұзбасқа керек. *** Құдай не жазса, соны көреміз деу – соқырлықтың белгісі. Тағдырдың жазғаны болар деу – ақымақтықтың белгісі. Адам не тілесе, құдай соны тағдыр қылмақшы. Тікен еккен жерге бидай шықпақшы емес. Ағаштың тамырына балтаның жүзі тисе қуармақшы. *** Егер тарих оқысақ, пайдасы бар істің қандай екенін біліп, соны істемекшіміз. Зарарлы істен қашпақшымыз. Бұрынғының оңды ісінен үлгі алмақшымыз.

*** Осы күнде істеп жүрген ісіміз, қылған жұмысымыз, мінез-құлқымыз, сөздің бəрі кейінгілерге тарих болып қалады. *** Кейінгілер ғибрат аларлық үлгі тастап кетіп, алғыс, рақмет алармыз ба? Жоқ, далаға лағып, жөнсіз кетіп, қарғыс лағнет аламыз ба? Кеудесінде көзі бар адам көп ойланарлық жұмыс. *** Тарих – түзу жөн үйретуші. Тарих – түзушіліктің кітабы. Тарих – тіршілікте жолбасшы дейтініміз осы. *** Тарих кітаптарындағы көп қатенің бірі – тарих жазушылардың ешбірі қазақ пен қырғызды айырмайды. Қазақ – қазақ! Қырғыз өз алдына қырғыз. Түркімен мен башқұрт қандай басқа-басқа ел болса, қазақ пен қырғыз да сондай басқа ел. *** Орыстардың, əсіресе һүкіметтің қазақты, қазақ демей қырғыз деп жүргені рас. Бірақ олар өзінің атты «Казачы» ғаскерінен айыру үшін жаңылыс болса-дағы қазақты қырғыз атап жүр. *** «Алаш» деген сөздің алғаш мағынасы – Отан кісісі (соотечественник) деген сөз болады. Мұны бір ақынның Абылайға айтқан өлеңінен білеміз: «Тақсыр-ау, ұнатсаңыз, қарашыңмын, Ұнатпасаң, жай жүрген алашыңмын», – дейді. Сол өлеңде «Алаш» отан кісісі мағынасында. Жəне қазақта «Алаң келе ме, Алаш келе ме» деген бір мəтел сөз бар. Сондағы Алаң – шет елдің кісісі, Алаш – отан кісісі мағынасында болады. *** «Басыңның сауында бер садақасын, ұша алмас салсаң бүркіт томағасын» дегендей, пəледен басқа келмей тұрғанда сақтанбасақ, томаға киілген соң жөн тауып ұшу қиын болар. *** Өзінде ғылым жоқ, өнер жоқ, кəсіп жоқ жұрттың да өзге ғылымды, өнерлі, кəсіпшіл жұртқа малайлыққа жалданғаннан басқа қолынан келері жоқ. *** Бізде негізгі бір зор адасқандық – өз ісімізді өзіміз істемей, өзгеге сенгендік. Өзіміз жай жатып сұрай берелік дейміз де, сұрай береміз. Сұрағанын алмақ түгіл, қазақ əлі алдырумен келеді. *** Өзгеге сенбей, өлмес жағымызды өзіміз көздеп ойланып, қамдану керек емес пе? *** Тіршіліктің қызығы адамзатқа жақсылық қылуменен болып көрінеді.

... Мұндай тозақтан қажырлы қалпын жоғалтпай, шаштары ағармай Соловкиге жетуі адам таңқаларлық ерлік, бұл қалпын шешем 1934 жылы көріп келген-ді. *** Əкем соңғы рет ұсталып кеткенде, Ғайнижамал шешемнің жасы небары отыз үште еді. Ерлі-зайыпты Дулатовтар неке қиып 1914 жылы қосылғаннан бері, бірге тұрып қызықты өмір сүрген мерзімі ұзаққа созылған емес. *** Біздің үй Алматыға көшпей, сол Қызылордада 1932 жылға дейін тұрып қалдық. Көктемде шешемнің өкпе ауруы қозып төсек тартып қалатын еді... *** Біздің Сатыбалдиевтер отбасында өз басым төрт баланың анасы болғаннан бері өткен аумалы-төкпелі заманның ыңғайына қарап келдім. Қырағы саясатқа тура келмейтін, атынан бүкіл қазақ баласы шошитын «Алаш» партиясы туралы, оның басты лидерлері кімдер болғаны, өз əкем М. Дулатов жайлы балаларыма соңғы жылдарға дейін үй-ішінде əңгіме қозғамай келдім. Ең басты себебі – олардың ер жетіп, санасезімінің толысып өсуін күттім. *** Жасыратыны жоқ, 13-ке толғанымда «халық жауының» қызы атандым, жазықсыз басыма кінə тағып қудалау басталды...Жұрт қатарлы сүйікті əкемнің атын атап, еске алып, ашық айту деген менің пешенеме жазылмады. *** ...Дулатовтан бұрын қазақ тілінде «Есеп құралын» жазғандар болмаған. Сондықтан əкемді қазақтың тұңғыш математигі деуім жөн болар.

*** Əкем барынша ақкөңіл, ашық-жарқын жайдары мінезді, өте балажан, көңілшек те болатын. Сонымен қатар, бірбеткей, басынан сөз асырмайтын қатаң мінезі де бар-тын... *** Папам Алакөзге мініп редакцияға баратын, аңға да шығатын, аңшылық дегенім құс атуды əуес көретін. *** Аталарың ел-жұрттың қамын жеймін, ақылойын оятамын деп тыным таппаған кісі. Бүкіл қазақтың кең байтақ даласының тең жартысын салт атпен жүріп, жол азабын көрген жолаушы əрі саяхатшы, болмаған жері жоқ, жұртпен біте қайнасып араласқан кісі. *** Əзілхан (Нұршайықов) осы тойдан кейін: «Гүлеке, анадағы Баукеңнің (Б. Момышұлы) тойындағы сөйлегеніңізді маған жазып беруіңізді өтінемін» деген соң көңілін қалдырмай жазып бердім. *** Көпшілік, оның ішінде біздің қазақ суретке түсудің қажетін, оның өмірде ұзақ жылдар белгі боларлықтай сақталып қалуы жас шақтың жалынсаң да қайта оралмайтын кезеңін еске түсіретінін ойламағандықтан болуы, деп білемін. *** Операциядан соң он бірінші күні жасы алпысқа толмай, 1974 жылдың он алтыншы шілдесінде Əбен (Сатыбалдиев) дүниеден өтті. Көңіл қалыспаған, қырық жылға жуық отасқан жарымнан, балаларымның ардақты əкесі Əбеннен көз жазып қалуым қайғы-қасіретке, үлкен күйзеліске əкеп соқты. *** «Балалар, мамаларыңды ашуландырмаңдар, оның алдында мен сияқты аяқтарыңды абайлап басыңдар. Білесіңдер ме? Мамаларың у нас большой ребенок» деп ылғи еркелетіп отыратын Əбенім еді ғой менің! *** Бір кезде əлгі апай қасымдағы Ерланыма (ұлы) қарап: «О, тоба, міне қызық, мына баланың түр-келбеті Міржақыпқа айнымай ұқсап тартқанын қараңызшы» демесі бар ма! *** Əкем көпшілік ортасында топ жарып жігерлі қарқынмен қызып сөйлейтін, шешендігімен жұртты өзіне магниттей тартатын. *** «Шешем қайтыс болғанда мен екі жаста екенмін,– дейтін əкем – Қыстың мезгілі... Сол түні кебінге оралған шешемнің қасында жатып ұйықтап қалыппын...» *** Əкем өз денесін таза ұстайтын, сəнді европаша киінетін, хош иісті сабын, əтірлерді жақсы көретін. Көзілдіріксіз жүретін. Ақындар аумалытөкпелі қызу жанды келеді емес пе, ондайдан

бұл кісі де құр қалмаған. Серілік жігітшілігі, сұлулармен романдары жұртқа белгілі болатын... *** Көп ұзамай, мереке күндері өтісімен Шолпан Ахметқызы екеуміз Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына барып, əкелеріміздің ақталған құжатын алдық. Бір айта кететін нəрсе, ақталу қаулысы 1988 жылғы 4 қараша күні шығуы маған арналған сыйлықтай дəл туған күніме сəйкес, тура келуін қараңызшы. *** «Ертең күйеулеріңді жүргізеді (Қызылордадан)»,– дегенді мамам ести сала даярлана бастады... шеттегі тұйықта (тупик) тұрған жалғыз қызыл вагон. Жанында мылтықты екі күзетші солдат тұр... Сол мезгілде вагонның темір торлы кішірек келген терезесінен папам көрінді. Бізге қолын бұлғақтатып сөйлеп тұрды... не айтып тұрғанын ести алмадық... Бұл мəңгі есімнен шықпайтын күнім 1929 жыл маусымының жиырма төрті. *** Сосновецтен салынған папамның (қайтыс болғаннан кейін) заттары келер қарсаңында мамамды үйде жалғыз қалдырмайтын болдық. Көп кешікпей багажы да қолымызға тиді. Папамның тұтынған исі сіңген киім-кешегін алғанымызда көңіл шіркін босап, жылағанымызды ұмытқаным жоқ, оны айтпасам да түсінікті болар. *** Əкемнің сүйіп алған жары, сенімді серігі, айнымас жұбайы Ғайнижамал Баймұратқызы Досымбекова-Дулатова оның өзінен он жас кіші болатын...Ардақты анам қырық бес жасында 1940 жылы 15 сентябрь күні дүниеден өтті. *** Анам жиын-тойларда, кəделі кештерде би билеуді тəуір көретін. Қаныш Сəтбаев аға екеуінің мазурканы билегенін көргем-ді, бұл 1924 жылы еді. Мамам гитар тартып орыстың романстарын «Ах, Настья, ты Настья», «Вечерний звон» өлеңдерін келістіріп айтатын. *** Кітапсыз бір күн тұра алмай келемін, бұл жақсы қасиетті бойыма сіңірген менің ардақты анам – Ғайнижамал болса, менен ауысқан бұл əдет – кітапқұмарлық өз балаларыма да дарығанына қуанамын. *** Бадрисафаны мен əжеке деп, Ахметті атеке дейтін ем. Орынборда бірге тұрып, тілім шыққанда əкем солай үйреткен. *** Сонымен, қорытып айтарымыз, қаламгер жолдастар жауапты мəселеге келгенде жан-жақты мұқият зерттеп, анығына көз жеткенде ғана жазса деген тілек білдіреміз. Əйтпесе, біз секілді ұрпақтар мен көзі көрген куəгерлерді баспасөздегі мұндай бұрмалаулар қатты қынжылтады. *** Бір жазушының сөзіне қарағанда, Міржақып əкемнің мүрдесін іздеп барып табушы да мен,

ГҮЛНƏР:

Бұл – 1917 жылы, Орынборда Байтұрсынов Ахмет атам мен əкемнің «Қазақ» газетін шығарып тұрған уақыты. Сол жылы июль айында өткен «Алаш» партиясының ІІ съезіне қатысқан Абайдың баласы Тұрағұл біздің үйге келіп түсті. *** Мен өзімді тым ерте үш-төрт жасымнан біле бастадым. Əкемнің өнебойы түрмеде отыруы, үйде болмауы, шешем екеуміздің қасірет шегіп, Семей, Атбасар, Көкшетауда апаларының үйінде тұруымыз бала болсам да жаныма бататын-ды, көкірегімді шерге толтырып, əртүрлі ойлар мазалап, қамығып уайымдайтынмын. *** Менің балалық дəуірімнің қасіретсіз күндері көп болған жоқ, жеті жылдай ғана көңілді жүрдік. Бұл 1922 жылдан 1928 жылға дейінгі аралық. Осы тұста көп жыл армандаған күндер туды. Семьямыз бірігіп, біз үшін бақытты да, қызықты да болып саналатын шақ Орынбордан басталып, Қызылордада жалғасты. *** Əкем «құралайды көзінен атып түсіретін» нағыз мерген еді. Аңға барған сайын əкелетін құстары отыз-қырықтан кем болмайтын. *** Əкем болса бас бостандығы бар кезін пайдаланып халқының қамын ойлап, жанталасып, тыным таппай Тəшкент, Түркістан, Семей, Омбы, Қызылжар, Минск, Петербург, т.б. қалаларды кезіп жүретін. *** Кейін алғашқы мұғаліміміз Аманғали Сегізбаев əкем екеуі «Еңбекші қазақ» газетінің редакциясында бірге жұмыс істеген-ді, жақсы журналист болды. *** Зылиқа (М.Жұмабаевтың зайыбы) апайды бұрыннан яғни 1970 жылдардан бері танитын ем, арада талай жыл өтіп, 1989 жылдың февраль айында қайтадан табыстым. Папамды жақсы білесіз бе деп сұрадым. Зылиқа апа: «Білгенде қандай, папаң Мағжан екеуміздің тойымызда болған». *** Əкем басына келген қауіпті елең қылмай аса сабырлы, байсалды қалпымен мұңайып жылап тұрған бізді жұбатып: «жыламаңдар балаларым, тағдырдың тəлкегі адамды əлі талай қиын белестерден өткізеді, шыдап берік болыңдар. Сендер əлі-ақ ержетесіңдер, сол кезде бəрін түсінерсіңдер, бақытты болыңдар, оқуларыңды үзбеңдер, мамаларыңды ренжітпесеңдер болғаны» – деп қоштасып, бəрімізді сүйіп, өзін айнала қоршаған алты адамның ортасында кете барды. *** Міржақып əкем алған бағытынан ешқашан қайтпаған, «Оян, қазағы!» үшін патша зынданында отырған... ***

7

*** Қандай адам жақсы кісі болмақ керек? Сондай адам жақсы, кімде-кім жетім-жесір, кəріп-қасар, қысылған-қымтырылғандарға жақсылық қылып, оларды қуантып қойса. *** Жағаласпай, жармаспай ешкім қатардан орын бермейді. Басқалармен тізелесуге, тартысуға, жарысуға оқу-білім керек. Надан жұрт оқымысты-білімді жұртпен қатар тіршілік ете алмайды. Есігінде жүріп азып-тозып кетеді. *** Қазақ 15-тен жер кестіріп алып, мұжық сияқты қала болып орнықса, оқу-білімді тез үйренеді. Көшіп жүргенде құлан-киіктей еш уақытта басы қосылмайды. *** Халықтың мəдениет жолында ілгері басып, ел қатарынан қалмасына себепші болатын нəрселердің бірі баспасөз, яғни газет-журнал, кітаптар екендігі шексіз. *** ...Абайдың өлген күнінен қанша алыстасақ, рухани сонша жақындармыз. *** Кешегісін ұмытқан, бүгінгісін сезбеген, ертеңгісін қайғырмаған адам кімге басшылық қылады. *** Өзге жұрт өнер-білім, кəсіптің жаңа түрін тапқанда, біз даудың, пəле-жаланың жаңа түрін таптық. *** Ас беруден мүйіз шығатын болса, баяғыдан бері ас беріп келе жатырмыз ғой. Одан қанша абырой алып, жұрт алдына шықтық, бір тойған тамақ жинаған жұртқа қаншаға үнем болады. Шариғатқа салғанда да ас берудің жөні жоқ, ысырап қылып күнə таппасақ, алар сауабымыз шамалы. *** Өз ісімізді өзіміз басқара алмасақ, бізді біреу келіп түзетер деу адасқандық. *** Жақсы болу үшін депутат болу шарт емес. Депутат болу үшін жақсы болу шарт. *** Бостандық болып еді, өз тізгініміз өз қолымызға тиіп еді, не істедік? Бұрынғыдан артық қанша алысқа ұзадық? *** Жер-су еңбекшіл халықтікі. Шалқасынан жатып, малай жалдап, егін ектіріп, мал бақтырып, кедейдің табан ақы, маңдай терімен пайдаланушынікі емес. *** Енді əр халық өз тілінде оқуға, өз тілінде жазуға, өз тілінде тергеуге тиіс. *** Осы бастан адамгершілікке, тазалыққа, дұрыстыққа құмар болмаған жас ұлғайғанда, қартайғанда ешкімді жарылқай алмайды. *** Наурыз – қазақтың шын мағынасындағы ұлт мейрамы. *** Оқудағы мақсат – жалғыз құрғақ білім үйрету емес, біліммен бірге жақсы тəрбиені қоса беру. дəрігерлік тəсілмен сүйегін зерттеуші де мен болыппын. Жұрттың бəрі құлақтанған, білетін газеттерде басылып жүрген деректерді бұрмалаудың қажеті не?.. Əкемнің мүрдесін көп машақатпен іздестіріп сонау Сосновецке, Соловкиге бірнеше рет барып, тұрғылықты адамдармен жолығып тапқан жас ғалым Марат Əбсеметов емес пе? «Абақты» шығармасына дəлелсіз нəрселерді, білмегенді кіргізудің керегі қанша? *** Сөйтіп, бір күні белгілі ақын Сəбит Дөнентаевтың 1989 жылы «Жазушы» баспасынан шыққан «Ұрпағыма айтарым» атты кітабын оқуға кірістім. Бас көтермей сүйсіне оқып отырып, отыз екінші бетіне жеткенде өзіме таныс əкем Міржақыптың «Сағыну», «Елім-ай», «Əбупирастан», «Шəкірт» атты өлеңдері көзіме оттай басылды. Бұл қалай? ... Əкемнің асыл мұрасын көздің қарашығындай қорғау менің перзенттік борышым. Соны өтеу үшін де қолыма қалам алып отырмын. *** Бұл тарихи хабарды – Міржақыпты өз топырағына жерлеуді басынан аяғына шейін «Азаттық» радиосынан Хасен Оралтай жанжаққа бүкіл əлемге жеткізіп жатты, ел ішіндегі жұрт «Егемен Қазақстан» газетінен Қайсар Əлімнің мəлімдемелерінен бəрін біліп отырды. *** Міржақыптан қалған жалғыз болғандықтан, өзімді əке өмірінің жалғасындай көріп, фамилиясын өшірмей, Гүлнəр Дулатова болып өмір сүріп келемін. *** Кешегі сөз – «Оян, қазақ!» болса, енді оянған халыққа айтар бүгінгі сөз – «Ойлан, қазақ!» Осы – менің түйіп, тұжырымдап айтарым!.. «Еңбекші қазақ» (бүгінгі «Егемен Қазақстан») газетінде төрт жыл істедім, өзімді əлі күнге сол редакцияның мүшесі санаймын», – деп Міржақып Дулатовтың өзі жазып кеткендей, төл ұжымы да жалынды күрескер, қарымды қаламгерін шежірелі тарихымен бірге ілестіріп алып келе жатыр... «Еңбекші қазақтың» табалдырығында тұтқындалған ол қаншама азапты жылдарды басынан өткеріп, шет жерде көз жұмғанымен, мүрдесін туған топырағына жеткізуге «Егемен Қазақстан» барын салып, атсалысты. «Əкем рухына қалтқысыз қызмет еткен «Егеменіме» мың да бір рақмет!»,– деп Гүлнəр апай да разылығын үнемі айтып отырушы еді. Сол «Егемен» алаш қызы Гүлнəрін де жоқтай білді... ... Əкесі мен қызының мерейтойларына байланысты бүгінгі жарияланым да қос арыс сүйе білген «Егеменнің» өшпес ілтипаты да! Қайсар ƏЛІМ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.


8

www.egemen.kz

Біз бір топ қыз жігіт алып ұшқан жүрекпен,тілге сыймайтын арман-тілекпен журфакқа келіп түстік. Содан студенттік өмірдің бес жылы бес күндей болмай бұлаң етіп, ақындарымыз азайып, прозаик пақырларымыз көбейіп, ентігіміз басылып ес жиыңқырап барып оқуды да бітірдік. Таңдау жол тағдырға айналды. Біреу өзіне сенді, біреу жол көрсеткеннің сөзіне сенді дегендей...

Қ Ы Р Ы Ғ

ы ШАБЫТ є а р ы ш ЖАҢ

11 қараша 2015 жыл

ДӘРІГЕРЛЕР НЕГЕ АЛАҢДАУЛЫ

?

Қаладағы 60 жылдық тарихы бар жалғыз жедел жəрдем ауруханасына жабылу қаупі туды

Жақау ДƏУРЕНБЕКОВ,

жазушы, халықаралық «Алаш» əдеби сыйлығының лауреаты, «Ана тілі» баспасының директоры.

Бірақ əрқайсымыз ұмытылмастай болып есте қалыппыз. Көз алдымыздан келіп кешегідей қарап тұр, көңіл шіркін де сайрап тұр. Солардың ішінде Баққожа екеуміздің жолымыз да, жұмысымыз да бір шаңырақтың астында өтті. Ол шаңырағымыз – көк базардың жанындағы соңғы үлгімен əйнектен салынған əйгілі Баспасөз үйі. Ол – тоғызыншы қабатта («Білім жəне еңбек»), мен – жетінші қабатта («Лениншіл жас»). Үйіміз де қоңсылас болды. Ол – тоғыз қабаттыда, мен – бес қабаттыда. Таяқ тастам жақындық кешкі қыдырысқа қолайлы еді. Алматының қоңыр кеші тамылжып тұрады. Шамдары самаладай болып, ағаштары мүлгіп, тереенкурдың бойымен тау өзенінің тастан тасқа шапшып аққан құлаққа үйреншікті ақшулан шуылына жанаса жүріп əңгіме шерту дағдымызға айналған. Аралас-құраласы көптің айтары да көп болады. Өзінің құлағы түрік, жаңалықтың елең-алаңын елден бұрын естиді. Кейде менің естіген-білгендеріме көңілі толмай мырс етіп күледі де: «Жоқ, олай емес», деп өзінікін айтады. Бір күні ол: «Мен роман бастадым», – деді. «Аты қандай?» – дедім. «Айтпаймын əзір», – деп күлді. Бұл кезде ол драмаға ден қойған шағы еді. Пьесалары театрда қойыла бастаған. Əңгіме, повестер жазуды қойып драманың қызығына берілген кезі. Роман жазуға отырғанын бетбұрыс көріп: «Дұрыс, бопты», – деп қойдым. Бірақ ол менің ішкі ойымның төркінін түсіне қойып: «Жоқ, драманы да тастамаймын», – деді. «Екі жақты қиын болады ғой», дегеніме де мырс етіп: «Түк те қиын болмайды», – деді уəде беріп тұрғандай сеніммен. Сендім. Бұл 1988 жылдың қарашасы еді. Қатарластарымның ішінде сөзінде тастабандап тұратыны Баққожа Мұқаев еді. Бұған дейін талай-талай əңгіме, повестер берген, драмалар жазған, сөйтіп, қалам қарымын байқап көрген, онысына əдеби сын мен кірпияз қаламгерлер ортасының мойындаған пікір-пайымдарын естіген, қос жанрдың хикметін бірқадар біліп қалған Баққожаның үлкен жанрға баруы заңды да еді. Сеніммен айтқан əлгі сөзінде соның шарпуы жатты. Тіпті қаламгерлік қуатының мінезіне тəн қайсар қайраты мен қарпуы да жатты десек əсірелеу бола қоймас. Баққожа осы романына болмысымыздағы айтылуға тиіс, проблемасы əбден пісіпжетілген, ел ішінде айтылса да ауыздан əріге бармай қала беретін қоғамның іштей қайнау температурасының деңгейі мен дерегінің санаға түсірген салмағын, ыстығы мен суығының сөлін сорғалата көрсетуге, қоғамның ащы шындығын астарлай жеткізуге сыбанғанын, оның өзі ақ қағазға ащы термен түсірудің оңай емес болғанын аңдайсыз. Олай деуім – жылдар өтіп жатты. Кешкі серуеннің кеуілді əңгімелерінің арасында: «Роман қалай?» деп қалатыным жиіледі. Ондайда Баққожаның айтатыны қысқа: «Жазып жүрмін, былайғы жұмыс та көп», деуден əріге бармайды. Кейде қайсыбір жазушыны көлдей мақалалар көкке көтере мақтап, оны «жазушының лабораториясы» ашып көрсетілген деп баттита бағалап жатады. Осының өзі ойқұмбыл қабылдауымызға, іштей құптауымызға əбден жеткілікті деп ойлайсыз ба? Əй, қайдам. Бұл өзі даулы пайым. Жазушының лабораториясы жұмбақ əлем. Күні-түні мың ойланып, мың толғаныстан арылмайтын, əр құбылыстан штрих іздеп, əр сөйлемнен ой жүзігін таңдап, тірліктің болмысын талғап-талдап жүретін жазушы жан əлемінің кілті оның жүрегінде ғана деп білсек болар. Жазғанына көңіл толмау жазушы атаулының бəріне тəн жағдай. Жағдай емес-ау, қыр соңынан қалмайтын кəсіби қасиет. Оған бас ию де таланттың талғамы мен түйсігінің деңгейдəргейіне байланысты болатыны тағы бар. Бұл орайда Баққожаның көркем ой мен көркем санаға қаталдығы, қасиетті қарасөзге құлай берілуі ерекше екенін екінің бірі білетінін тағы да ескерейік. Сондықтан да, жазғанына жанын салып уақытқа қарамауы ізденіске беріле түскенін байқататындай. Бір отырғанда жазып тастадым дейтіннен аулақ қасиеті, көңілі толмай қайта-қайта жаза түсуі бір-ақ мақсатты діттегендей. Алдындағы өзі бастаған шығармаға басқаша қырынан келу керектігін, басқаша тереңдікке бойлау керектігін, қызыл сөзге бой алдырмауға, өзекті ойдың қайнарын табуға, тек өзіне тəн стильмен, мəнер-реңкпен жазу керектігін кеулеген кең тыныспен жанықпай жазуға ынта қойған сыңайлы. Енді қалай деп ең, мұнаралы мазмұнды ойға байыта отырып, кең тынысты желі тартып, заманауи сюжеттер арқылы ішкі сауалымен шерленген, тілін тістеп, айдарынан жел ессе де, ашық айтарынан өзі қорыққан, көрсе де көзі жұмулы, алқымындағы сөзі бүгулі, бəріміз көріп жүрген, бəріміз білетін зиялы қауымның кейпін қалыптау оңай

Еркін Ислямұлы Шериязданов Марқакөл ауданының тумасы. 1974 жылы Боран ауылындағы атақты ұстаз Құмаш Нұрғалиев атындағы орта мектепті бітірген соң Семей медицина институтының емдеу ісі факультетіне оқуға түсіп, оны 1980 жылы бітірген соң жолдамамен Риддер қаласына қызметке келеді. Ал 1981 жылдан 1997 жылға дейін Самар ауылындағы ауруханада хирург, бөлімше меңгерушісі қызметін атқарады.

немесе Президент оќыєан кітап болсын ба. Күрделі тақырыптың кондициясына жетуі күйзелумен, күй іздеумен өтетіні, ұзақ қайнаумен пісетіні сондықтан. Осы шығармаға қабаттаса жазылған «Құлдық ғұмыр» хикаясы, «Дүние кезек», «Заманақыр», «Тойы көп үй», «Тəлкек тағдыр», «Ерулік», «Тоят түні» пьесаларын қоссаңыз қабілет пен еңбекқорлықтың Баққожаға тəн қарымды қасиетін көресіз. Қапысыз қалам тербеген қаламгердің ең еңселі, ең ірі шығармасы, шабытының шырағындай «Өмірзая» романының араға аттай жеті жыл салып аяқталуы осы қасиеттің нақты нəтижесі десек те болады.Ол романын баспаға бергеннен кейін жарық көргенше қуанып жүрді. Тіпті, кездескен сайын: «Романымның аты қалай?» деп қоятын. Роман 1995 жылы аяқталып, 1998 жылы жарыққа шықты. «Бұл еңбегімді Қазақ елінің тəуелсіздігі жолында құрбан болған ерлердің аруағына арнадым», – деген эпиграфпен басталатын кең құлашты шығарма кешегі дəуірдің көркем шындығы ретінде қабылданады, кеңестік жүйенің куəгері ретінде иландырады. Адамдардың психологиялық, қоғамның панорамалық портретін жайып салған творчестволық ащы тердің, азапты ардың ақиқаты деуге лайық. Бағаны сұрап алу əдетінде жоқ, бірақ бетке айтарын бүкпейтін Баққожа достың осы романына оқырманнан бөлек өз ортасының пікір-пайымын білгісі келгені де орайлы іс, орынды дəме еді. Баспаханадан жаңа шығып, бояуы əлі кеппеген кітабына: «Жақау! Бала-шағаңның қызығын көріп, ұзақ өмір сүр. Шаңырағың шаттыққа толы болсын. Құрметпен Баққожа 8.05.98 ж.» деп жазып берген қолтаңбаның салмақ сыры да ішкі тілегін білдіргенге ұқсайды. Онысын өзі растай түскендей болып күрең кештің қоңыр əңгімелерінің барысында: «Қалай?» деп қояды. «Оқып жатырмын», деп қоям. Мұндай романды асықпай оқып барып ой түйген дұрыс қой. Романның өрімі шымыр, өрісі байтақ, тынысы кең, оқиғасы қою. Ұлтының ұяты, намысы, тағдырталайы үшін тəлкекке ұшырап, басты жауым əділетсіздік деп арын айбар, жанын жайнар тұтқан оқымысты, білімді зиялы жанның ақылына сенем деп арандаған күресі қатпар-қатпар сюжеттер арқылы өріліп Өмір жəне Қоғам жайлы философиялық түйіннің тереңіне бойлауға да, толғауға да жетелейді. Сананың самсоздыққа, білімнің бойкүйездікке бел алдырып, адамдары бірдей қол көтеріп, бірдей сөйлейтін ұқсас роботтарға айналған қоғамның пиғылын, парадоксын, алдамшылығы мен аярлығын бар қырынан көркем тіл, кеуделі оймен кестелеу қаламгердің ең басты кредосы болғанын аңдайсың. Соған жеткенше ойдың қанша рет тосылып, қанша рет қосылып ащы терге айналғанын іштей ғана сезуге болар. Ал мен оқу барысында өзім түйген ойларымды қағазға түсіре бастаған күндердің бірінде Баққожа: «Хат алдым!» – деді желпініп. «Иə, кімнен?» – демеймін бе. Баққожа күліп тұр: «Президенттен!» дейді. Түк əсер етпеді онысы. Өйткені, Баққожаның əртүрлі бастық боп телефон шалып қалжыңдай беретін əдеті бар еді. Мұнысын кезекті фокусы деп қабылдадым да, қыңқ дегенім жоқ, алданып қалмайын деп. Баққожа да менің сенбей тұрғаныма көзі жетті-ау деймін: «Шынымды айтып тұрмын, мінекей!», – деп желең көйлегінің төс қалтасынан ақ парақты алып ұсынды. Қарасам – айтқаны ып-рас! Президенттің жазуы көзге оттай басылды. Мəссаған, өз қолымен жазылыпты. Оқи жөнелейін:

Осы бір сəт Елбасының өзі берген баға оның ең жұлдызды шағы, өзі күтпесе де өңінде болып өмірін жарқыратқан, шабытын шарықтатқан, ой қиялын қалықтатқан əсері айтып жеткісіз ардақты сəт еді. Бұл кез келген қаламгердің басына бұйыра бермейтін бақ, қона бермейтін құт десек те құп болады. Өз қолымен жазылған хаттың əсері өзгеше болады екен. Зейін қойған тəлімі қалай тəнті етпейді. Қандай құрмет, қандай лебіз! Қарапайым да қанықты етіп өз қолымен жазылған хаттың əр сөзінен орасан зор сенім мен ізгі тілектің шуағы төгіліп тұр, ақжарма көңілдің нұры мен ризашылық риясы қолды қысып арқадан қаққандай əсер етеді. Бұл Баққожа үшін мерейін асырған марқайыс еді. Марқайыс қуанышқа ұласты. Сол жылдың желтоқсанында Баққожаның «Өмірзая» романына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілді. «Өмірзая» Баққожа шығармаларының көшбастаушысы болды. Əттең-айы, өмірден ерте озғаны. Оның өмірді кереметтей сүйіп жазғанындай, оның мынау жарық дүниені де кереметтей қимай кеткені, ақтық сəттегі лүп-лүп соққан жүрегінің ақырғы сөзінде қалыпты. Айтқаны да, аманаты да: «Жəке! Өмір өтті, өмір қалды. Қалған өмір сендер үшін бақытты, күлкіге, шаттыққа толы болсын. Игі тілекпен, Баққожа» 2.01.08 ж. – деген лебізі болыпты. Ақтық сөздің астарында не жатыр десеңізші. Қайсарлық пен күйініштің жалыны шарпып, жанды қуырып жіберердей емес пе? Жылдар өтіп жатыр. Ол аз жазды деуге де аузымыз бармайды. Көп жазды деп қайырып қоюға да қақымыз жоқ. Тоқсаннан асқан толағайымыз, туа біткен текті болмысымен табындырып та, таңғалдырып та отырған, əлемге əйгілі алыбымыз-абызымыз Əбеңнің өзі: «Жазушы ретінде əттеңім де жоқ емес. Сонау заманнан бері кəрі көкіректе қордаланып жиналып қалған сырым мен мұңымды ел-жұртқа қанша айттым десем де аяғына шыға алмаппын», – деп отырғанда белбелестерінен асып үлгермеген Баққожаның жазам дегенін жеткізе алмай, айтам дегенін тауыса алмай, ойдағының бəрін ақтара алмай кеткеніне күмəніміз жоқ. Соны санада бір сəт елестетудің өзі ойды он сақ етері даусыз. «Жазу мен жазғанды оқудың арасы жер мен көктей. Бірі – жүрек, бірі – көз», – деген кемеңгер сөзі бекер айтылмаған. Жазушы үшін өмір жазудан тұрады. Баққожаның əңгіме, хикая, повестерінің өнебойы тұнған туған жердің табиғаты, бораны мен жауыны, жазы мен күзі болса, адамдары алыстағы ауылынан шыққан, өз ортасынан өрген, мұңдас сырластары екенін танып, біліп тұрарың хақ. Өйткені, ол өзінің өткеніне айналып соғып отыратын,

содан лəззат-қуат алып отыратын қоғамының азаматы, бөлшегі, болмысы. «Мен бұл жолдарды бір жылдан соң, отыз жылдан соң қайта оқу үшін, сөйтіп, жастық шағыммен қайта қауышу үшін жазып отырмын. Сондағы табиғаттың тұмса қалпын тамашалау да ғанибет, мені баурайды, қызықтырады», – деп жазған Г.Флобер сөзінің жаны барына, мұндай мехнаттың жазушы атаулының бəрінің басынан өтер бейнеті мен зейнеті екеніне көңіл де бейіл, өмір де куə. Сол күндердің ұзақ-сонар əңгімелерінің үзік-үзік елестері көңілде қалыпты. Жай қалмай еске оралғанда ойды да қоздатып кетеді. Сол баяғы кешкі серуен кезіндегі бояуы бұзылмаған табиғат, арқыраған Алматы өзені, діңі қыртысқыртыс кəрі ағаштар, жапырақ жамылған жатаған үйлер, жолға қарай жантайған қойтастар, толқын шуылы, жапырақтар сыбдыры біткеннің бəрі қанша жылдар өтсе де осы қалпынан аумайтыны ойға оралғанда қиядан ойлайтын қаламгердің өз шығармасының ғұмыры да бейжай қалдырмайтыны, толғандыратыны шүбəсіз болар. Онысын: «Уақыт өзгерген кезде кітап та өзгеретін шығар», – деп қоятын. Уақыт өзгеріп, өзгертіп өмірді жаңғырта береді екен. Тіршіліктің толқыны бəрін жуыпшайып, өткен-кеткенді ұмыттыра береді екен. Бірақ, уақыт пен ұрпақтың сыны бөлек, шыны тіпті қатал. Қарап тұрсаң қаламгердің азабы мен ғажабы дейтін тағдыры да тайғақ талайлы болады екен. Баққожа да бұл тараптан тысқары болмағы пəнəуи құбылыс десек те болады. Ол біздің өмірімізді жазды, оның кейіпкерлерінің бəрінің ұрпағы өсіп-өніп, тірлікті жалғастырып жатыр. Бір сəт олар өткенге ой қармағын салып, қалай өмір сүріпті, қалай болыпты олар дейтін болса ақиқатын айтып тауыса алмайтын өткеннің сынығын, бір шөкім шындығын кітабынан оқып біле алады. Оған жазушының көрінбесе де көңілде қалатын жазғандары куəгер боп тіл қатары жұбаныш. Тіпті, əредікте қайсыбір кітабы оқырман қолына тиіп жатса мұны ұмытылмаудың ізгі нышаны, уақытпен рухани бірге жасаудың синониміне балауға болады екен. Бүгінгі күннің беталысы кейде бұған күмəнмен қарауға мəжбүр етеді. Бəріне уақыт кінəлі дей салуға да болады. Бəрібір көкейдегі көп сұрақ тыншымайды. Мұндайды орайы келген соң айту да керек шығар. Жауап бермесе де қайсыбір қадірлі азаматтарымыздың ойланғаны орынды болар. Біреулердің (ақын-жазушыларды айтам) есімі күні-түні ауыздан түспей, ал енді біреулердің адал еңбегі ауызға да алынбай алыста қала беретіні заманымыздың жазылмаған үйреншікті заңына айнала бастауы, шыны керек, ренжімесіңе лаж қалдырмайды. Сондай бір көңіл-күйдің қамауында жүргенде жоғарыда аталған жай еске түсіп еді. «Япыр-ау, Баққожаның сол хаты қайда екен?» болды оқыс ойдың сауалы. «Өзі де көп айта бермеуші еді, енді тіпті ұмытылды-ау», – деп зайыбы Нұржамалға телефон шалайын. Құдай оңдап бар екен, сақтаулы екен. Інісі Нұрлан ұзатпай қолыма тигізді. Мұрағатындағы осы хатты баяндап отыруымның өзім білетін бір сырын енді түсінген боларсыздар. Біз білген Баққожаның «Өмірзая» романы биігіне жеткен, бағасын алған, қазақ прозасының кеуделі кемел дүниесі болып қала беретініне сеніміміз кəміл. Өткенді парақтап отырғаным, сыр етіп сабақтап отырғаным... бəрі-бəрі ізгі ой-игі ниетпен қаламдас досты бір сəт еске түсірген, сөйтіп, ұмыттырмауға тырысқан түрім ғой. Лайық болғасын да, əрине. Ізгіліктің үлкені ұмытпау, айта жүру көрінеді. АЛМАТЫ.

Самар аудандық ауруханасында қызмет еткен жылдар ізденіс, өсу мен тəжірибенің қалыптасуын қамтамасыз етті деуге негіз бар. Сол кезде тəжірибелі хирургтер Аманжол Жүнісов, Сайлаухан Күдербаев, Амангелді Қайсанов сияқты ағалары жас маманға білгендерін үйретуден жалықпады. Хирург – күрделі мамандық, түрлі ішкі жарақаттар мен ауыр жараланғандарға ота жасау үшін қайтпас қайсарлық пен батылдық, ержүрек болу қажет деп ақылын айтатын ағалары. Білікті де білімді ағаларының ақылы, небір ауыр ота жасаған кезде тапқырлық пен қиыннан қиыстыратын əдіс-тəсілдері Еркін Ислямұлының өмірлік кредосына айналды десек, артық айтқандық емес. Аудандық ауруханада қызмет еткен жылдары Еркін Ислямұлы шалғайдағы ауылдарға, шопандар мекендеп жатқан жайлауға жиі шығып, оларға жедел көмек көрсететін. Бірде Көкжота ауылында мектепте оқитын бала қатты науқастанып қалды деген хабарды естісімен жолға шығады. Шынында да, баланың науқасы ауыр екен, жедел ота жасалмаса соқырішегі жарылып кетуі мүмкін. Оны Самардағы ауруханаға тез жеткізіп, ота жасаған соң науқас тəуір болды. Ал ауданда қызмет еткен 16 жылда Еркін Шериязданов мыңнан астам адамды шипалы қолымен емдеді. 1997 жылы білікті хирургті Өскемендегі жедел жəрдем ауруханасының екінші хирургия бөлімшесіне қызметке шақырады. Міне, соңғы 18 жылдан бері Е.Шериязданов бір орында жемісті қызмет етіп келеді. Ол соңғы төрт жыл бойы бірінші бөлімшенің меңгерушісі. Бөлімшеде 14 төсек бар, сырқаттарға төрт хирург қызмет көрсетеді. Жас болса да тəжірибе жинақтаған Қуаныш Сыдықов, Біржан Теміршинов, Дамир Шалбаев күрделі оталарды батыл жасап жүр. Екінші қалалық аурухананың қолы шипалы жандары, 33 жылдық еңбек өтілі бар, қабылдау бөлімшесінің меңгерушісі Бақыт Огузбаева, 45 жылдан астам хирург болып абыроймен қызмет еткен, қазір де ота жасайтын, өзінің мол тəжірибесін жастарға талмай үйретіп келе жатқан Тоқтарбек Əбілмəжінов ұжымның мақтанышы. Мұрат Бейсенов қолы шипалы, 35 жылда мыңдаған адамды ажалдан арашалаған азамат.

– Өндірісі өркендеген Өскеменде заманауи талапқа сай аурухана қажет екені белгілі. Қаладағы жалғыз жедел жəрдем көрсететін аурухананың 60 жылдық тарихы бар. Өкінішке қарай, ол 2012 жылы бұл мəртебеден айырылып, қазір екінші қалалық аурухана деп аталып кетті. Енді экологиясы күрделі қалада сырқаттарға жедел жəрдем көрсететін мекеме жабылып, бірінші қалалық ауруханамен біріктірілгелі жатыр. Сонда осында қызмет ететін 400-ге жуық адам қайда кетеді? Барлығына қызмет табылады дегенге сену қиын, көп маман жұмыссыз қала ма деген қауіп бар. Біздіңше, қоршаған ортасы бүлінген, аса күрделі аймақта жедел жəрдем көрсететін аурухана ауадай қажет. Облыс, қала басшылары бізге түсіністікпен қарайды деген үміттеміз, – дейді Еркін Ислямұлы. Күн сайын дерлік жедел жəрдем көрсететін ауруханаға ондаған адам түсіп жатады. Себебі, дұрыс тамақтанбау, ауызсуды дұрыс пайдаланбау салдарынан өт жолының қабынуы, ішек сырқаттары көбейіп кетті. Оның үстіне соңғы кезде көлік оқиғалары, жүргізушілердің адамдарды қағып, қашып кетуі көбейіп кетті. Бір ғана мысал. 9 қазанда Д.Оразбаева деген жап-жас қызды Сəтбаев көшесіндегі арнайы жолақ белгісі бар жерден өтер тұста белгісіз көлік иесі қағып, көмек көрсетудің орнына қашып кеткен. Қазір қылмыскер іздестірілуде. Түннің бір мезгілінде Еркін Шериязданов іш құрылысына ауыр зақым келген оған ота жасап, аман алып қалды. Іле-шала тоқішегі бітеліп, ауыр халде жеткізілген Ю.Сорокин, шабы жарылған С.Шелягинге сəтті ота жасалды. «Кейде бір күнде бес-алты адамға ота жасауға тура келеді, үйге баруды ұмытып кетеміз», – деген хирургтің сөзінен түйгеніміз, таңды таңға ұрып, уақытпен санас пай сырқаттарды аман алып қалуға жан-тəнімен қызмет ететін хирург мамандығының аса күрделі, жауапты екенін еріксіз түсінеміз. Бұл күндері екінші қалалық ауруханада өз ісінің білгірі 18 хирург қызмет етеді. Олар да ертеңіміз не болады деп алаңдаулы. Қабылдау бөлімшесінің меңгерушісі Бақыт Өгізбаевамен тілдескенімізде: – 9 айда қабылдау бөліміне жаны қысылған 13 мың адам келді. Оның ішінде 9 мыңнан астамына хирургиялық жəне ауыр жарақаттың алдын алу көмегі көрсетілді. 5 мың адам ауруханаға жатқызылды. Көп ретте жедел жəрдеммен басқа ауруханаларға жеткізілген сырқаттарды бізге жіберіп жатады. Себебі, бізге түскендерге жедел ота жасалып немесе тереңдетіп ем-дом жасайды. Егер аурухана жабылса сырқаттарға жедел жəрдем көмегінің өзегіне от түседі, демек, біздің айқайымыз бос болмаса керек, – деді 40 жыл бойы денсаулық саласында жемісті қызмет етіп келе жатқан хирург. Адам жанының арашашысы, бейбіт заманда шипалы қолдарымен мыңдаған адамды емдеп, олардың ыстық ықыласына бөленген Еркін Ислямұлы, басқа да ақ желеңді абзал жандарға алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Оңдасын ЕЛУБАЙ.

ӨСКЕМЕН.


11 қараша 2015 жыл

Ы

ИҚАТ Қ А Р А Т Қ ҚТАҢДА

А

9

www.egemen.kz

● Жаңа кітап

Ќаратай батыр хаќында

Қазақ хандығының 550 жылдығы қарсаңында Астанадағы «Нұра Астана» баспасынан «Қаратай батыр» атты кітап жарық көрді. Бұл жинақта төр Алтайдағы Қаратай елінің белгілі батыры, биі болған Қаратайдың зиратының қалай табылғандығы, ол жөнінде белгілі болған тарихи деректер, батырға өз

атажұрты Катонқарағайда ескерткіш қалай орнатылғандығы туралы баяндалып, осыған елеулі үлес қосқан батырдың бүгінгі ұрпақтарының өнегелі істері туралы айтылады. Екі бөлімнен тұратын кітаптың бірінші бөлімінде Қаратайдың кім болғандығы, оның Арқадағы «Тайатқан Шұнақта» жатқан зираты қалай табылғандығы туралы жан-жақты баяндалады. Ол туралы филология ғылымдарының докторы, белгілі ғалым, жазушы Ақселеу Сейдімбековтың, кеше ғана өмірден өткен атақты шежіреші Бошай Кітапбаевтың, қарағандылық өлкетанушы, жазушы Кəмел Жүністегінің айтқандары мен деректі дəлелдері орынды келтірілген. Кітапшаның екінші бөлімінде Қаратай батыр туралы жазылған ақын Бақытжан Райысованың «Қаратай батыр» дастаны мен Жəнібек Қызыр мен Елжан Сейтенұлының жəне басқалардың өлеңдері берілген. Кітапша «Қазақ хандығының 550 жылдығына» орай ел тарихына, ата-бабамыздың өткен өмір жолына қызығушылық танытушы өскелең ұрпаққа арналған. Кітаптың авторы Шығыс Қазақстандағы Катонқарағай ауданының тумасы, белгілі баспагер-жазушы Қайырды Назырбаев. Əкім ҚОЖАҰЛЫ. АСТАНА.

● Алыстағы ағайын

Беларусь жерінде Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ.

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы делегациясы осыдан біраз бұрын тұңғыш рет Беларусь еліндегі қазақ диаспорасының өкілдерімен арнайы кездесіп қайтты. Бүгінгі таңда бұл мемлекетте Қазақстаннан көшіп барған 10 мыңға жуық отандасымыз бар екен. Оның 1,5 мыңы қазақ диаспорасының өкілдері. Бұдан бөлек 300 студент түрлі жоғары оқу орындарында білім алып жатқан көрінеді. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев бастаған делегация онда «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» деп аталатын Президент Жолдауы туралы дөңгелек үстел жиынын жасады. Содан кейін қазақтың əн мен сазын сағынған 700 отандастармыздың басын қосып, қазақстандық өнер шеберлерінің концертін өткізді. Диаспора өкілдеріне арнайы бір күн бөліп, емін-еркін сұхбат құрды. Минск қаласында өткен барлық шаралардан беларусь жұртшылығының белсенді өкілдері сырт қалмады. Қазақстан қоғамының даму барысынан хабардар екендіктерін көрсетіп, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі стратегиялық бағдарламасы аясындағы атқарылып жатқан іс-шаралар туралы өз ой-пікірлерін білдірді. Бір таңғаларлығы – беларусь ағайындардың қазақ халқына деген пейілі мен құрметі өте жоғары екен. «Біз – Қазақстаннанбыз!» деген сөзді естіген кезде қай жерде болмасын бірден елең етіп, емін-еркін сұхбаттасты. Ашық-жарқын мінезімен бауырмашыл, достық пейіл көрсеткен олардың сөздеріне қарағанда, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде белорус жерін неміс басқыншыларын азат етуде қазақ халқының майдангер азаматтары ерлігімен ғана емес, жоғары адамгершілік қасиеттерімен ыстық ықыласына бөленіпті. Бүгінде ақ самайлы қарттарға айналған ата-əжелер ғана емес, олардың əңгімесін естіп өскен кейінгі буын өкілдері де бұл туралы жарыса əңгімеледі. Бір-бірінен шалғайда жатқанымен, қазақ пен белорус халықтарының достық қарым-қатынасы Еуразиялық экономикалық одақ аясында болашақта да нығая беретініне сенімдері зор екенін паш етті. АЛМАТЫ.

● ТҮРКІСТАН. 2012 жылғы қарашаның 4-і. Салынғанына 1500 жыл болған той кезінде Есім хан аты беріліп, қайта жөнделген орталық алаң. Қаңғырлаған музыка, қалықтаған əн естілмейді. Жиналған тұрғындар жүзінде қайғы мен қобалжу басым. Себебі, алаңда көп мерекенің бірі емес, қаралы жиын өтіп жатты. Азалы жиынға қаланың орталық алаңын беру үшін жай пенденің қайтыс болуы аздық ететін. Бұл жолы қаралы қауымның ақтық құрметі қарапайым солдатқа арналған. Отыз жыл бұрынғы соғыстың солдаты. Жерлеу, анығында қайта жерлеу рəсіміне себепкер сүйек сонау Ауғанстаннан əкелінді. Бірден емес, Мəскеу айналып жетті. Түркістанға соншалық алыстан əкелінгенін айтпағанда, мына сүйек пен оның иесі болған тірі адам арасын бөлген уақыт отыз жылға жуықтайды. Бұл күні туған жерінде соңғы қошемет көрсетіліп, жер қойнына тапсыру рəсімі атқарылған жанның аты Абдулхаким Ергешов еді. Анасы жылап тұрып еске алғандай, отбасындағы сегіз баланың ең ақылдысы əрі ең көріктісі болған. «Тірідей көрмесем де, сүйегінің туған жеріне жеткені жанымды тыныштандырды», деген əзиз ана митингі кезінде. Ұлы 1982 жылы Ауғанстандағы Кеңес

аттанған жауынгерлердің мүрделері енді оннан астам елге тиесілі. Тағдыр, саясат, шекара, тағысын тағылары осыған тап қылыпты. Комиссия жиырма жылдан астам уақыт ішінде 5 мүрдемен қатар 30 бұрынғы солдатты тірідей тапты. Оның 22-сі өздерінің туған жерлеріне оралды. 8-і қайтып келуден бас тартты, себебі, басқа дінді ұстанып, өзге тілде сөйлейтін болған. Шаңырақ көтеріп, түтін түтеткен. Енді Алланың осы берген несібесіне разы. Бір өмірі екі түрлі тағдырдан тұратын олардың біразын сəлден соң сипаттап кетерміз. Ал комиссия мəліметінше, 18 интернационалист-жауынгердің не өлі, не тірі екені əлі белгісіз. Сондай кебін кигені де, кебенек кигені де анықталмағанның бірі – Борис Бочкин. 1991 жылы қазан айында Алтай Сармолдаев Борис «тірі» деген тұжырымға тоқтаған. Ол кезде Аушевтің комитеті құрылмаған. Алтайдың алғашқы жұмысы Бочкиннің деректерін анықтаудан басталып, міне, Ергешовтің сүйегін тауып, елге жеткізуге дейін жалғасыпты. ● АЛМАТЫ. 1983 жылғы мамырдың 26-сы. Зират басы. Не поп, не крест жоқ жерлеу рəсімі. Азғана адам. Аңыраған ана. Қамыққан қарындас. «Əттең», деп өкінген əке. Сосын жүздері де, жүректері де қатып қалған бір

қаласынан шақырылған Борис Алексеевич Бочкин ұрыста қаза тапты. Оның денесі жерлеу үшін Алматы қаласындағы Ленин аудандық əскери комиссариатына жөнелтілсін. Ол бөлімнің жеке құрамы жəне азық-түлік, киім-кешек, қару-жарақ, оқ-дəрі есебінен шығарылсын. 93992ші далалық поштадағы əскери бөлімнің командирі подполковник Матюнин; бөлім штабының бастығы подполковник Князев». Бұл екі құжат жауынгердің қаза тапқанын еш бұлжытпай растап тұрса да, ана көңілі баласының өлгеніне сенбейді. Алдымен табыттың тұрқы қысқалау көрініпті. Баласының бойы сұңғақ, мына келгенмен сəйкеспейді. Бірақ, мырыштың сыртынан жəне темірмен шегенделген табытты ашып көруге рұқсат берілмейді. Оны түні бойы мемлекеттік қауіпсіздік қызметкері күзетіп шыққан. Ертесінде 26 мамырда суыт қазылған көрге Борис Бочкиннің денесі жерленеді. Иə, ол кезде Борис Бочкиннің деп саналған. «Менің Борям өлген жоқ, тірі», деп жылаған шешені төңірегіндегілер жұбатқан болады. «Балам өлген жоқ», дегенін сірə, жоқтау барысындағы жай сөзге баласа керек. Ойда-жоқта келген қаралы хабар, ауыр мырыш табыт, баланы жерлеу машақаты естерін шығарған Бочкиндер

алып ол кездегі ортақ астанаға аттанған. Мəскеуде «менің ұлым тірі екен, елге оралуына көмектесіңіздер» деген сөзін естір құлақ болмады. Қайта алдына тағы бір құжатты көлденең тартады. Əскери бөлімдердің əрбірінде, тіпті қорғаныс-құқық салаларындағы мекемелерде «құпия бөлім» деген болады. Ауған тауларында басқалар «иə өмір, иə өлім» деп шыбын жанды шүберекке түйіп соғысып жатқанда бұлар соны қадағалайды. Мəскеу сапарында Евгения Петровнаның қолына ұстатылған құжатты былай қазақшалаған екенбіз: «Борис Бочкин қырқыншы жалпы əскери армияның 66-шы жеке мотоатқыштар бригадасының мерген-атқышы болған. 1983 жылдың 18 мамыр күні 7-ші мотоатқыштар ротасы барлау деректерін жүзеге асыру үшін Дунай атты елді мекенге жақын жерде ұрыс қимылдарына қатысты. Құрамында қатардағы жауынгер Борис Бочкин бар взвод дұшпандардың қоршауында қалды. Взвод шайқаса жəне қарақшыларды құрта отырып қоршаудан шықты. Алпыстан астам бандит жойылды. Қатардағы жауынгер Б.Бочкин табандылық пен қайсарлық танытып, өзінің жауынгерлік борышын ақырына дейін атқарды. Ол ұрыста қаза тапты. Түркістан əскери округі Борис Бочкинді қаза тапқаннан кейін «Қызыл Жұлдыз»

үлгісі. Жеті темір тісі бар. Үш оқ тиген». Одан əрі мүрде мен Бочкин арасындағы сəйкессіздік сипат алады. Анасының айтқаны расқа айналды, қаңқа бой жағынан Бориске қарағанда аласа. Əрі алматылық жігіт Медеу мұз айдынында сырғанақ тебемін деп аяғын сындырып алғаны бар. Бірақ, мəйіттің аяқ сүйектерінде бұрын сынып, кейін бітіп кеткенін білдіретін еш бедер жоқ. Оның үстінде Борис əскерге алынғанша «Казреставрация» кəсіпорнында ағаш цехында жұмыс істегенде оң қолының бас бармағын жарақаттап, сүйегіне зақым келсе, қаңқадағы сол қолдың бас бармағының сүйегі бүтін болып шықты. Ең басты алшақтық айғағы – темір тістер. Бочкин əскерге алынғанда тістері түгел. Əскери комиссариаттағы дəрігерлік комиссия солай көрсеткен. Ауғанстанда соғысып жүргенде темір тіс салдыратын жағдай болсын ба? Бір ротада əскери қызмет етіп, жолдас болып жүрген В. Фахруддиновтың мəлімдеуінше, Борис ондай жасанды тіс салдырмаған. Осы комиссия жұмысынан кейін алты ай өткенде Бористі соңғы рет көрген жалғыз куəгер Владимир Прохоренкомен жүздескенбіз. Ол Ақтөбе облысы Кеңқияқ кентінің мұнай-газ басқармасындағы тампонаж цехында қызмет атқаратын. Беріде Чехияға тұрақты тұруға кетіпті. Нағыз

МАЯА ТСКЕН ИНЕ

іспетті Ауєан майданында жоєалєан тўтќын солдат ќайда жїр екен? Қайнар ОЛЖАЙ.

əскерінің сапына алынып, келесі жылы не өлі, не тірі емес хабарсыз кетіпті. Отыз жыл өткенде ТМД үкімет басшылары жанындағы Интернационалистжауынгерлер істері жөніндегі комитет оның Ауған таулары арасында қалған моласын тапқан. ТМД-ның бар-жоғы белгісіз ұйымдары мен құрылымдарының арасында осы комитет көп іс тындырды. Төрағасы хас батыр Руслан Аушев пен тынымсыз əрі нəтижелі сапарларымен бірнеше елде, оның ішінде Ауғанстанда құрметке ие болған орынбасары Александр Лаврентьевтің арқасында. Қазақстанда бұл комитетпен тізе қосып қимылдаған азаматтар бар. Соның бірі – Алтай Сармолдаев. Ол Ауған соғысы мүгедектерін қолдау жəне Ауғанстанда тұтқын болып қалғандарды іздестіру жөніндегі түрлі үкіметтік емес ұйымдар құрды. Аушев бастап, Александр мен Алтай қостап осы комитет мүшелері Ауғанстан провинцияларындағы қышлақ атаулыны аралап, хабарсыз кеткен солдаттардың дерегін сұрастырады. Бұл шөмеле арасынан ине іздегендей қиын тірлік. Арада қаншама жылдар өткенін айтпағанда, аумалы-төкпелі соғыс тынбай тұрған жерде біреуді табу тұрмақ өз басыңды аман сақтау оңай емес. Осындай жанкешті іздестіру барысында жергілікті тұрғындар Малхан атты қышлақтың іргесіне бір «шурави», яғни кеңестік солдаты жерленгенін айтыпты. Ресми кездесу мен келіссөздерден соң мүрдені қазып алу мен əкетуге рұқсат алынды. Мəскеудің мамандары, атап айтқанда, Ресей Қорғаныс министрлігінің сот-медицина орталығы егжей-тегжейлі молекулалық-генетикалық зерттеген соң сүйектің Абдулхаким Ергешовтікі екенін анықтады. «Анықтау» деген – бір сөзге сыйып тұрғанмен ауыр жұмыс. Сарғайып кеткен сүйектен ДНК алынады. Сүйекте ешқандай органикалық зат, яғни ДНК қалмаса, ғалымдар басқа тəсілге жүгінеді. Мына жақта туыстарынан генетикалық материалдар жиналады. Салыстыру, тексеру, дəлелдеу айлар тұрмақ жылдарға созылуы мүмкін. ТМД аумағында бұған маманданған екі ғалым бар. Бірі – Мəскеуде, екіншісі – Дондағы Ростовта. Комитет солардың зерттеуі негізделіп шығуы үшін өз қаржыларына қымбат тұратын аппараттар мен препараттар əперіпті. Хош. Осындай ұзақ сараптау нəтижесінде сүйегі анықталған Абдулхаким Ергешов 1963 жылы Түркістан қаласында туған. Əскерге алынған соң Ауғанстанға аттанып, 108-ші атқыштар дивизиясының 177-ші полкынан хабарсыз кеткен. Зиратты тапқан соң Александр Лаврентьев айналадағы тұрғындардан қайта-қайта сұрастырып, оның тұтқынға алынып, одан атылып кеткенін білді. Осылайша Ауғанстан мемлекетінде Кеңес өкіметі жүргізген онжылдық соғыс барысында хабарсыз кеткен солдаттар арасында үшеуінің сүйегі елдеріне қайтарылды. Біреуі Ресейде, екеуі Қазақстанда қайта жерленді. Айта кетелік, комитет Ергешовтан басқа Зуев деген солдаттың сүйегін Бурабайға əкелген. Тағы екеуінің моласы анықталғанмен, туған-туыстары қайта жерлеуді хош көрмеген. Оның бірі – украиндық солдаттікі. Иə, ортақ Отаннан

офицер, екі солдат. Айтпақшы, осы рəсімге көлденең ешкім араласпауын қатты қадалаған Мемлекет қауіпсіздігі комитетінің қызметкері бар. Алдымен қаралы хабар келіпті. Сол кездегі ресми тілден аударып бергенде мəтіні мынадай: «Сіздердің ұлдарыңыз Борис Бочкиннің 1983 жылғы 18 мамырдағы ұрыста қаза тапқанын қайғырып хабарлаймыз. Бізге бұл жолдарды жазу өте ауыр болғанына сеніңіз, бірақ Борис ержүрек, орындаушы жауынгер болды. Борис 1983 жылы 18 мамырда өз ротасымен бүлікшілердің банда құрамасын жою жөніндегі əскери тапсырманы орындау үстінде қаза тапты. Ерлігі мен батырлығы үшін үкімет наградасына ұсынылды. 93992-ші далалық поштадағы əскери бөлімнің командирі подполковник Матюнин; əскери бөлімнің саяси бөлімінің бастығы подполковник Шкварко». Төбелерінен жай түскендей болған Бочкиндер отбасына іле-шала 25 мамырда табыт жеткізіледі. Ол кездегі ресми атауы – «200-ші жүкті» бір офицер мен екі солдат алып келген. Алматыдан Мемлекет қауіпсіздігі комитетінің офицері қосылған. Бористің анасы Евгения Петровнаға табытпен бірге екі құжат табысталған. Бірі: консул бөлімінің куəлігі, екіншісі: бөлім командирінің бұйрығы. Кезінде көшірмелерін алып, қазақшалап шыққанбыз. «Өлгені туралы куəлік. Бочкин Борис Алексеевич 1983 жылы 18 мамырда қаза тапты. Куəлікті беруші мекеме – Ауғанстан Демократиялық Республикасындағы КСРО Елшілігінің консул бөлімі. Куəліктің нөмірі ДИЗ 1-ЖА. № 008108». Екінші құжат былай аударылған: «93992 далалық поштадағы əскери бөлім бойынша №149 Бұйрық. 7-ші мотоатқыштар ротасының мергенатқышы 1963 жылы 30 қаңтарда туған, əскерге 1981 жылы 4 сəуірде Алматы

отбасы арада біраз күн өткенде Бористің Ауғанстаннан жазған хаттарының қолды болып кеткенін аңғарады. Əскерде жүргенде айтқан əндерінің магнитті таспасы да үшті-күйлі жоқ. Қашан? Шамасы, табыт келіп абыр-сабыр болып жатқанда. Кімге керек болған? Бұған еш жауап табылмайды. «Қаза тапты» делінген, табыты көз алдында қара жер қойнына тапсырылған баласын Евгения Петровна түсінде үнемі тірі көреді. Əттең, түс ешқашан куəлікке жүрмейді. Ешкімге дəлелдеу мүмкін болмайды. Қайғылы ананың жүрегі мен жанына ауру жамап алты жыл өткенде кенет көршісі есік қағады. «Евгения Петровна, сіздің балаңыз тірі екен». Қолында газет. Газетте фотосурет. Анығында көшірме. Сонау АҚШ-та шыққан басылымнан көшірілген. Жəне тілдей түсініктеме берілген. «Аргументы и факты» апталығынан қазақшалағанда былай: «Пəкістандағы ауғандық моджахедтер қосындарында кеңестік əскери тұтқындар əлі баршылық көрінеді. Солардың ішінде бес тұтқынды АҚШ-тың тілшілері суретке түсіріп алыпты. Сол бесеуінің суреттерін туыстары танып қалар деген үмітпен көшіріп жариялап отырмыз». Таныды. Жай туыстары емес, туған анасы. Бірақ, одан не шықты? ● АЛМАТЫ. 1991 жылдың қазан айы. Сол баяғы зират. Бұл жолы қаралы емес, қызметтік міндетті атқару. Жиналған жұртшылық көп емес. Ауған соғысына қатысып, одан бейресми ұйым құрған бірер жауынгер. Сосын зират жұмысшылары мұқият аршып берген мəйітті тексеруге келген сарапшылар. Нақты кімнің жерленгенін білу үшін Борис Бочкиннің қабірін қайта қазу оңайға түспейді. Жоқ, күрек ұстап қазу емес, оған рұқсат алудың машақатын айтамыз. Анасы қолына «Аргументы и факты» апталығын

орденіне ұсынды». Осы құжатты негізге алған Мəскеудегі КСРО Қорғаныс министрлігі Е.П.Бочкинаның арызына құлақ аспады. АҚШ фототілшісі түсірген, «АиФ» көшіріп басқан сурет заңды саналмады. «Менің балам оң қолымен мықынын таянып, шынтағын шошайтып тұра қалатын, мына суретке сол əдетімен түсіпті», деген уəжі емен есіктің бер жағында қалды. Амалы таусылған ана Алматыға қайтты. Ол кезде Қазақстан астанасы біршама егемендікке ие болып қалған. Бұрын аймақтарға шеңгелін батырған Одақтың шəт-шəлекейі шыға бастаған. Қоғамдық күштер белсенділік танытқан. Соның бірі Интернационалистжауынгерлер ұйымы еді. Ұйымның заң бөлімін өзі Ауғанстанда соғысқан заңгер Алтай Сармолдаев басқаратын. Осы маман Бочкин туралы шытырманды шешуге барын салды. Алдымен əскери прокуратурадан қабірді қайта ашып, сараптама жасауға рұқсат алды. Бұған дейін мызғымай тұрған тоңның шеті сөг ілді. И н терн ац и он али стжауынгерлер ұйымының талабы бойынша сарап комиссиясы құрылды. Бұдан алты жыл бұрын ашуға ешкімнің хақы болмаған табыт көрден шығарылды. Сүйек түгел тексеріліп, қорытынды жасалды. Ол құжаттың мақалаға шақтап алынған үзіндісі мынадай: «Алматы облыстық сот-медициналық сарап комиссиясы. № 103 ф/т-831 Акт. Құрамында жоғары деңгейдегі сарапшы, сарапшылық бюро бастығының орынбасары О. Нұрпейісов, жоғары деңгейдегі сарапшы Н. Нүсіпбаев, жоғары деңгейдегі сарапшы А. Васильев жəне бірінші деңгейдегі сарапшы К. Шəкенова енген сот-медициналық сарап комиссиясы табытты ашқанда онда аты-жөні белгісіз, жасы 18-20 аралығындағы еуропалық ұлт жігітінің мүрдесі болды. Киімі аяқ жағына қойылған. Қатардағы жауынгердің киім

қанды қасаптың арасынан аман қалған Прохоренко: «Борис екеуміз бір взводтан едік. Оның аузында ешқандай протез жоқ. Ол соңғы күнге дейін өз тістері болғандықтан протез қызметіне зəру емес еді», деп тұжырған. Бочкиннің ғана емес, тұтас взводтың тағдыры шешілетін ол ұрысқа Прохоренконың естелігі арқылы сəлден кейін ораламыз. Əзірге арнайы құрылған комиссияның келесі құжатымен шектелейік: «№ 831 өлгені туралы дəрігерлік куəлік. Аты-жөні – белгісіз. Туған жері – белгісіз. Туған уақыты – белгісіз. Қаза тапқан жері – Ауғанстан. Куəлікті Алматы облыстық сот-медициналық сарап бюросы берді». Мəйіт қайта жерленді. Енді Белгісіз солдат ретінде. Алматының өзінде Белгісіз солдат пайда болғаны онда көпшілікті қызықтырмады. Одақ ыдырай бастап, тірінің тағдыры сынаққа түскенде Ауған соғысының өлі солдатына кім назар аударсын. Ел есін жиғанша тағы бірнеше жыл қажет. ● ҚЫЗЫЛЮРТ. 2013 жылғы қазанның 26-сы. Қаланың 50 жылдық тойына жиналған Дағыстанның игі жақсысы. Ауған соғысы батырларына арналған ескерткіштің ашылу рəсімі. Республика Президентінен бастап, Кавказдың ұлттық киімдегі ақсақалдар, əскери формадағылар, қарапайым тұрғындар қара мəрмəр тақталарға аттары жазылып, суреттері қашалған он батырға құрмет көрсеткен. Мемориалға мəңгілікке жазылғанның бірі Борис Бочкинмен бірге соғысқан Нұхидин Ғаджиев еді. Атының бұл мемориалға ілінуі тұрмақ, Ресей Батырларының қатарына қосылуы үшін бақандай 14 жыл керек болды. Қатардағы мектептің тарих пəнінің қарапайым мұғалімі Расул Ғазиев қашан өз шəкіртіне жоғары атақ берілгенше тынбаған. Нақтыласақ: Нұхидиннің əскери бөліміне, бірге қызмет еткендерге, КСРО мен РФ Қорғаныс министрліктеріне, Бас прокуратураларына, ақыр аяғында президенттеріне 400-ден астам хат жазған. Ақыры 40-шы армияның 66-шы бригадасы 2-ші батальоны 7-ші ротасы 2-ші взводының соңғы шайқасы туралы шындықты шығарды. Шындық мақаланың бастапқы бөлігінде келтірген Құпия бөлім құжатындағыдан мүлде басқаша болып шықты. Бір взводтың қырылып қалғанын кезінде Кеңес Одағының Бас əскери прокуратурасы тексерген екен. Сосын «құпия» деген таңбасы бар акт жасаған. Расул Ғазиевтың тынбай жолдаған хаттары мен Горбачевтың жариялылық саясаты құпия актінің жарыққа шығуына себепкер еді. Сол актіден үзінді: «КСРО Бас əскери прокуратурасының қорытындысы. ...Екінші взводтың шебін үш жағынан бүлікшілер жасырын келіп қоршаған. 70-ке таяу дұшман биіктің əр беткейінен өрмелейді. Ал 100-ден астамы қарсыдағы биікке шығып алып, содан қарудың барлық түрінен оқ жаудырады. Ұрыстың алғашқы минутында радист оққа ұшып, дұшмандар рацияны олжалаған. Соның салдарынан взвод байланыссыз қалған. Офицерлер Демченко, Амосов жəне жеке құрам ұрысқа кіріскен. 2-ші взводтың жауынгерлері өмірлерінің ең соңғы минутына дейін жанкештілікпен шайқаса отырып күші басым жаумен ұрыста қаза тапты».

(Соңы 10-бетте).


10 (Соңы. Басы 9-бетте). Бочкиннің анасына берілген Құпия бөлім құжатына мүлде басқаша емес пе еді: «Взвод шайқаса жəне қарақшыларды құрта отырып қоршаудан шықты». Жоқ, қоршаудан шықпаған, қаза тапқан. Əлгі өтірікті Құпия бөлім ойдан шығарса керек. Ұлдарын жоғалтып қамыққан атааналарды жұбату үшін бе, əлде жасырын соғыстағы жеңілістер мен шығындарды жасыру үшін бе? Қалай топшыласақ та, сонау Азамат, Ұлы Отан соғыстарында сыннан өткен əккі əдістен кеңестік идеология Ауған аласапыраны барысында айнымағаны хақ. «Дунай атты елді мекенге жақын жердегі ұрыс қимылдары» деп көрсетілген Құпия бөлім құжатында. Бас əскери прокуратура актісінде ақтық айқас өткен жер «Ганджгал шатқалы» деп жазылған. Бұл маңайдағы атаулардың көбі түркі тілінен қалғанын ескергенде, «Қанжығалы» болуы ықтимал. Қалай болғанда да Дунайға үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Кейін жинастырылған естеліктердің ешбірінде ондай елді мекен айтылмайды. Маңайда, бүкіл Құнар провинциясында Дунай атты жер мен қышлақ жоқ. Мұны екі деңіз. Тағы бір жалған ақпар болған жоғарыдағы Құпия бөлім құжатында. Ол – «алпыстан астам бандит жойылды» деген сөйлем. Бұл цифр осы взводтың

www.egemen.kz

ИҚАТЫ Қ А Р А Т Қ АҚТАҢДА

11 қараша 2015 жыл

Қ мына құжат жарияланды: «Ресей Федерациясы Президентінің №974 Жарлығы. Əскери парызын орындау барысындағы батылдығы мен ерлігі үшін қатардағы жауынгер Ғаджиев Нұхидин Омарұлына (марқұм) Ресей Федерациясының Батыры атағы берілсін. 1997 жылғы 2 қыркүйек». «Алтын Жұлдызды» отбасына арнайы тапсырыпты. Əкесіне «Волга» автокөлігін сыйлапты. Енді туған жерінде ашылған мемориалға аты қашалып, суреті бедерленді. Журналист бауырлардың «Ерлік ұмытылмайды» деп жататыны бұл жолы расқа айналды. Бірақ, қанды қасапта Нұхидин Ғаджиевпен қатар ерлікпен қаза тапқан қазақ жігітіне келгенде тілімізді тістейміз. ● АҚТӨБЕ. 2013 жылғы қазанның 10-ы. Облыс орталығындағы мəнді жиындар өтетін еңселі ғимарат іші. Кеудеде орден мен медалі бар кешегі майдангерлер. Тоқсаннан асып қалтылдап қалған Екінші дүниежүзілік соғыстың емес, елудің о жақ-бұ жағындағы Ауған соғысының ардагерлері. Іргелес облыстармен қатар сонау Семей, Өскеменнен келген кешегі қаруластар. Арасында Парламент депутаты бар. «Біз Отанымыздың болашағына жауаптымыз» республикалық форумына қатысушылар Серікбай Тұрлыбаевқа қаза

қандай ұрыс өтті жұмбақ қалпында қала берген. Одақ ыдырады. Күндердің күнінде Серікбайдың əкесіне сонау Дағыстандағы қарапайым мұғалімнен хат келеді. Расул Ғазиев өзінің шəкірті Нұхидин Ғаджиевтың Серікбаймен бірге соғысып, қатар қаза тапқанын айта келе, ақыры тарихтың қатесі жөнделгенін жазады. Расул Ғазиевтің Қойлыбай Тұрлыбаевқа жолдаған хатынан: «Президент Ельциннің Жарлығымен біздің жерлесіміз Нұхидин Ғаджиевке батырлығы мен ерлігі үшін Ресей Федерациясының Батыры жоғары атағы берілді. Ол сіздердің сүйікті ұлдарыңызбен бірге 1983 жылы 18 мамырда қаза тапқан. Батырдың туған жерінде үлкен той өтті. Сонау 80-ші жылдардың ортасында-ақ бұл жігіттердің ересен ерлігі лайықты бағаланбай сұмдық қате кеткенін байқадым. Оларды қайта наградтау жөніндегі ұсыныстарымды жоғарғы жақ төрт рет кері қайтарды. Бірақ, нəтиже шыққанша жаза бердім. Сіздердің ұлдарыңыз да лейтенант Демченко мен Амосовтар сияқты ерлік көрсеткен». Жалпы, сол Ганджгал шатқалында шайқасқандар арасынан тек лейтенант Г. Демченкоға 1983 жылы қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілген. Басқаларының аңыраған атааналарына мырышталған табытпен қатар

сақал-мұрты жергілікті халықтан аумағанмен шегір көзі тегі басқа екенін байқататын егде тартқан адам. Сосын еуропалықтарша киінген біреу. Сырт жақтың өкілі екені даусыз. Осылар арнайы келген бейіт басы ескерткішсіз, тіпті ескерусіз қалған екен. Моланы алыстан арнайы іздеп келген ТМД үкімет басшылары жанындағы Интернационалист-жауынгерлер істері жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Александр Лаврентьев, оған жол көрсеткен бір кездегі кеңес солдаты, енді Ауғанстан азаматы, Құндыз қаласының тұрғыны Ахмет болатын. Ресми есептер бойынша Кеңес Одағының Ауғанстандағы соғысы кезінде 417 адам хабарсыз кетті деп саналған. Оның 130-ын Одақ тарқамай тұрып босатып алған. Одақ ыдыраған соң хабарсыз кеткендердің есебін жүргізу, оларды іздеу мен табу ісін осы комитет жүзеге асырып келді. Бірақ, бір мемлекет қаржы қосып, бұрынғы жауынгерлерін іздестіруге ынталы да, енді бір мемлекеттің бұл комитетке еш ықыласы жоқ. Сөйте тұра Алтай Сар мол даев тың айтуынша, бірқатар азаматтардың өлі мен тірісін анықтау жалғасуда. Ауғанстанның Құндыз провинциясындағы зиратқа комитет өкілін кезінде Кеңес солдаттары сапынан Ауған моджахедтері қатарына өз еркімен өткен

жаназасы шығарылған, асы берілген. Исмат атты баласы бар. Қышлақта еш құжатсыз, білімсіз қалып қойған жерінен оны Лаврентьев тауып, Кабулге əкеліп оқуға орналыстырыпты. Осы Құндыз қаласында ғұмыры екі бөліктен құралатын бұрынғы кеңестік жауынгердің жəне бірі – Геннадий Цевма. Мешіттен бірнеше рет айтылатын азанға таңырқап жүріпті. Соны тыңдауға жəне кім айтатынын көруге келем деп тұтқынға айналған. «Не өлімді, не исламды қабылдау» деген талап қойылғанда жан керек, соңғысын қабылдаған. Нахмұхамед атанған. Тəжік қызға үйленген. Екі ұл, бір қызы бар. Ұлты өзбек Бахредин Хакимовке Ауған тауларының арасына сіңіп кетуден бұрын өз əскерін тастап кету қиындау соғыпты. Амалын тауып қашып шыққан. Оның кейінгі аты – шейх Абдолла. Герат қаласында тұрады. Төңірегіне танымал адам деседі. Комитет өкілдерінің бірнеше сапары барысында осылайша бұрын хабарсыз кеткендер тізімінде тұрған талайлар анықталды. Бірақ, Бочкиннің ізін ғана су шайып кеткендей, ешбір дерегі шықпапты. Кеңес заманында командирлер, қолбасшылар оның тұтқынға түскенін білгені даусыз. Өйткені, Прохоренконы Кабулде тікұшақтан түсіріп, госпитальға əкеткелі жатқанда

МАЯА ТСКЕН ИНЕ

іспетті Ауєан майданында жоєалєан тўтќын солдат ќайда жїр екен? қаза табу сырын тексерген əскери прокуратура комиссиясының актісінде кездеспейді. Оның есесінде сол тұстағы бірқатар оқиғалар бойынша Құпия бөлім құжаттарында «алпыс дұшманның көзі жойылды» деп жазылыпты. Демек, бұл шынайы емес, жаттанды тіркес болса керек. Не керек, Дағыстаннан шыққан тарих мұғалімі кезінде Евгения Бочкина бұза алмаған бюрократиялық шеменді талқандап, шындықты шығарды. Ақиқатында взводтағы 17 жауынгердің 15-і сол ұрыста қаза тапқан. Біреуін жараланып жатқан жерінен Кеңес жағы тауып алады. Ол – бізге белгілі Владимир Прохоренко. Екіншісі – жараланып жау қолына түскен Борис Бочкин. Соңғы ұрысқа взвод бұдан көп құрамда қатысқан. 1992 жылы сəуір айында жазылған Владимир Прохоренконың естелігінен: «Асадабад түбіне бекі ніс жасағанымызда взводымызда 24 адам болдық. Алматылық Бочкин, менің ақтөбелік жерлесім Тұрлыбаев, дағыс тандық Ғаджиев жəне басқалар болды. Арамызда аға лейтенант Амосов пен лейтенент Демченко болды». Тура осылай деген. Кейінгі ресейлік мəліметтерде «Амосов тобы 17 адамнан тұрды» деп айтылса басқа 7 жауынгер қайда? Ке шікпей ол жұмбақты шештік. Сол жорық алдында Кеңес батальонына ауғандық өкімет əскері қосылған. «Царандой» аталған бұларды əр топқа бөліп берген. Демченконың взводына 7 царандой келіпті. Ротаның саяси бөлім бастығы Амосов осы ауғандық жауынгерлермен жұмыс жүргізуге жіберілген. Про хоренконың «24 едік» деуі, əрі бір взводта екі лейтенант болуы содан. Ақыры ақиқатқа жеткен Расул Ғазиев «Ғаджиевтің соңғы гранатасы» атты деректі хикая жазды. Солдат соңғы айқаста жаралыларды тас арасына тасыпты. Шегініп бара жатқан офицерлерді сыртынан қорғап, дұшпанға оқ жаудырыпты. Өзі жараланған соң жаудың жақындағанын күтеді. Ақыры оң қолындағы гранатаны жарып жіберді. Қазақша сипаттағанда «жастығын ала жығылады». Ғаджиев туралы бізге жалғыз куəгер де айтқан. Владимир Прохоренконың естелігінен: «Лейтенанттардың шегінуін қорғау үшін бастырмалата атысып жатқанымда қолыма оқ тиді. Сосын жəне бір оқ тастан ыршып келіп аяғымды жаралады. Төменге Ғаджиевқа қарай домаладым. Ғаджиев дереу мені арқалап, Бочкинге «бізді қорға» деп айқайлады. Боря атысып жатқан. Ғаджиев бірде мені сүйей сала атысып, сосын қайта арқалап төмен түсіп келе жатты. Соңғы рет қарағанымда Боряның сылқ етіп құлап бара жатқанын көзім шалды. «Бітті» деп ойладым. Ғаджиевке «мені тастап кет те, өзің тірі шық» деп жалындым. Ол маған гранатасын беріп, бір тастың қалқасына тастап кетті». Бас əскери прокуратура актісінде қаза тапқан бірнеше жауынгердің, тіпті офицердің қолдарына сығымдалған граната болғаны жазылған. Сол сияқты Ғаджиевтің денесі бірнеше бөлшекке бөлініп шашылып қалғаны сипатталған. Демек, соңғы сəтінде ол қолындағы гранатаны жарғаны даусыз. Міне, ерлік дəлелденген соң жоғары жақтың шегінер жолы қалмай,

тапқаннан кейін Қазақстанның Халық қаһарманы атағын беру туралы жоғары жаққа өтінішпен шығуды бір ауыздан қолдады. Бұл ұсыныс бірнеше жыл бұрын айтылған. Мынау жəне бір жаңғырығы. Серікбай – əлгі «Амосов тобы» аталған взводтың жауынгері. Ганджгал шатқалын да ерлі кп ен ш ай қасқан взводтағы бөлімше командирі Серікбай ұрысқа алдымен кіріскен. Таудың ең басында болған. Маңайдағы басқа биіктерге бекініп алған дұшмандар бірден оның екінші бөлімшесін атқылаған. Бұл туралы Владимир Прохоренко кезінде бізге əңгімелеген жəне Сергей Амосовтың отбасына жазған хатында баяндаған. Владимир Прохоренконың хатынан: «Тау басында взводты қалқалау үшін Тұрлыбаевтың екінші тобы тұрды. Олар бастарын өлімге байлағаны түсінікті еді... Біраз уақыттан кейін жоғарыдан, Тұрлыбаевтың тобы тұрған тұстан атыс басталды. Одан атыс күрт күшейді. Əлдекімнің жоғарыдан: «Лейтенант жолдас», деген айқайы естілді. Айқай шыққан жаққа оқтар ысқырып жауып кетті. Тастың тасасынан қыбырлап келе жатқан дұшмандар көрінді, олар өте көп еді». Оның бөлімшесі взводты қалқалады. Взвод болса маңызды операцияны орындауы тиіс бүкіл батальонды Пəкістан жақ беттен төнген жаудан сақтады. Қандай құрбандық арқылы қалқан болғаны енді белгілі. Ауыл баласы осылай Ауғанстан тауларында ерлікпен қаза тапты. Спортты жақсы көрген, сабақты ойдағыдай оқыған. Еңбек жолын жұмысшы болып бастаған. Дөң кен-байыту комбинатында токарьдің көмекшісі болып істеген. Армияға алынғанда алдымен Тəжікстанға түскен. Бұл жерге жерлесі Ғани Жолмағамбетов екеуі бірге келген. Бірақ, жиі жүздесе алмапты. Себебі, Серікбай бар кіші командирлер, яғни сержанттар даярлайтын бөлімше ертелі-кеш тауда жаттығады. Оның сыры кешікпей ашылды. Бес ай даярлықтан соң бұл бөлімшедегілер Ауғанстанға аттандырылған. Ол туралы хаттарында жазбапты. Туыстарын, ана-атасын қорқытпайын деген шығар. Нақ оттың ортасында түскендегі хаттарының өзі бейбіт өмірдегідей. Серікбай Тұрлыбаевтың 1982 жылғы 20 қарашада жазған хатынан: «Бəрі ойдағыдай, тамағымыз жақсы. Магазинде бəрі бар. Ауа райы да жақсы. Апельсин мен мандарин өседі. Менімен бірге Одақтың барлық аймақтарындағы жігіттер қызмет етіп жатыр. Өзара татумыз». Соңғы хаты Ақтөбедегі қамсыз атаанасының қолына тигенде Серікбай арпалысқан Ауғанстанда қаза тауыпты. Сосын тура Бочкиннің үйіне келген сияқты мырыш табыт. Қызыл Жұлдыз ордені. Əкесі түнделетіп қырағы көздер қалғып кеткен кезде баласы жатқан табытты ашыпты. Қойлыбай Тұрлыбаевтың Ауған соғысы ардагерлері ұйымына жазған хатынан: «Бір оқ оң иығынан, бір оқ кеудесіне тиіпті. Əскери киіммен жіберіпті. Өз балам». Борис Бочкиннің оқиғасынан кейін соңғы сөзге шүкірлік етуге болады. Мүрдені ауған тауларынан алып келгендер мен оларға ерген жергілікті мемлекет қауіпсіздігі органының қызметкерлері артық сөз айттырмаған. Қалай қаза тапты,

Қызыл Жұлдыз ордені тапсырылған. Шындық шыққан соң ғана осы ұрыста қаза тапқан 8 ресейлікке ең жоғары атақ берілді. Екінші лейтенант Сергей Амосовтың ерлігі əріптесі Демченкомен теңдестірілді. Мектеп пен көшеге аты беріліп, Новосібір əскери институтының батырлар аллеясына бюсті орнатылды. Иə, Серікбай Тұрлыбаевтың құрметіне өзі жұмыс істеген Дөң кен-байыту комбинатында мемориалдық тақта тұр. Өзі оқыған мектеп ауласында обелиск орнатылды. Бірақ, Батыр атағы əзірге берілген жоқ. Ресми мекеменің бұл орайда келтіретін уəжі көңілге қонбайды. Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің депутаты болған Амангелді Айталы арнайы сұрау салған екен, соған Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жауабынан: «Қорғаныс министрлігінің есебінде көптеген Ауған соғысының ардагерлері бар, олардың арасында ерлікпен қаза тапқандар аз емес. Егер Тұрлыбаев наградталатын болса, онда басқа қаза тапқандардың туыстары мен достарынан осы тектес өтініштер көбейіп кетеді... Қазіргі кезде Тұрлыбаевқа Халық қаһарманы атағын беру мүмкін болмай тұр». Жауап – осы. Министрліктің ерлікті лайықты бағалаудан гөрі, алдыда болатын мұндай өтініштерден басын алып қашып тұрғаны анық байқалады. Біз сонау сексенінші жылдардың соңында атын ешкім естімеген Бақтыораз Бейсекбаев туралы бірінші мақала жазғанда оған Қазақстанның Халық Қаһарманы берілмек тұрмақ, ондай атақ болмаған. Тəубе, тоқсаныншы жылдар ортасында Ресейде Сергей Масловқа, Қазақстанда оның эипажында болған Бақтыоразға Батыр атақтары берілді. Демек, Серікбай Тұрлыбаевтың ерлігінің ол тобында болған Амосовтікі сияқты ескерілуі – тарихи əділдік, Ресеймен таразыны тең ұстау көрінісі. Құжат керек болса: Дағыстандағы Расул Ғазиевтың қолында шып-шырғасы шықпай сақтаулы, куəгер керек болса: бірге соғысқан Владимир Прохоренко тірі. Сөз реті келген екен Володяның қалай тірі қалғанын өзіміз 1992 жылы жазып алған естелігі бойынша келтіре кетейік. Себебі, оқиғаның осы тұсы Ресей құжаттарында, «Ғаджиевтің соңғы гранатасы» атты деректі хикаяда кездеспейді. Владимир Прохоренконың естелігінен: «Бір рет көзімді ашқанымда буалдыр тұман ішінен кезеліп тұрған винтовканың ұңғысын көрдім. Тіреп атқалы жатыр екен. Сол сəт əлдекім ауғанша əлдене деді де, маған тіреліп тұрған қару басқа жаққа кезеліп атылды. Дұшман төмен қарай жүгіріп кетті. Екінші рет əлдекім аяғымнан тартқылап жатқандай болып, есімді жидым. Қарасам он жас шамасындағы ауған баласы бəтеңкемді шешпек болып жатыр екен. Менің көзімді ашқанымды көріп, ол қорыққанынан безіп кетті. Үшінші рет есімді жисам, төңірек тып-тыныш. Алыстан танк көрдім. Соған қарай домалап, аунай бердім. Болмаған соң киімімді бұлғадым. Олар байқаған соң өзімнің құтылғанымды білдім». Бұл төңіректі түгендеп болсақ, сөз арнасын қайтадан Борис Бочкин тағдырына, жалпы Ауған жерінде тұтқын болғандарға ауыстырайық. ● ҚҰНДЫЗ. Зират басы. Киімі мен

Александр Левенец бастап келді. «Бұл молада Валерий Кусков деген жауынгер жатыр. Өз қолыммен қойғанмын», деді. Осылайша, хабарсыз кеткендер тізіміндегі Кусковтың дерегі анықталды. Ол əскерге Украинадан шақырылыпты. Кешікпей Мəскеуге оралған Лаврентьев жоқ болып кеткен жауынгердің шешесін табады. Хабарды естігенде «сол жақта жата берсін» деп қайта жерлеуді жөн көрмепті байғұс кемпір. Зиратқа Лаврентьевті бастап келген Александр ислам дінін қабылдаған. Атын Ахмет деп өзгерткен. Тəжік қызына үйленген, бес қызы бар. Ол Құндыз қаласында басқа жер тұрмақ зиратқа бару қауіпті екенін ескерткен. Өйткені, осындағы Ханабад уезінде бір марқұмның басына құран оқуға келген топқа қастандық жасалған. Жарылыс салдарына о дүниелік болғандардың бірі парламент депутаттығына үміткер, екіншісі Бейбітшілік жөніндегі кеңес мүшесі еді. Құндыз қаласының мэрі Мұхамед Фархад бастаған бес адам ауыр жаралы болды. Міне, бейіт басына бару да қатерлі Ауған жерінде Лаврентьев пен Сармолдаев шыбын жанын шүберекке түйіп қаншама пайдалы іс атқарып жатыр десеңізші. Əу баста Борис Бочкиннің қайда жүргенін табудан басталған жұмыс ондаған жылдарға созылды. Комиссия көптеген жоғалып кеткен жауынгерлерді анықтап берді. Айталық, тұтқынға түскен Николай Быстров кейін атақты қолбасшы, Панджшер жолбарысы аталатын Ахмет Шах Масудтың оққағары болыпты. Ауған арасында Исламуддин деген ат алған. Бір рет жақын інісі өміріне қастандық жасағанда, қаншама рет тосқауылға түскен, оқ астында қалған, ауыр жаралы болған Ахмет Шах ақыры өзін күзетуді басқа елден тұтқын болып келген жігітке тапсырады. Бірнеше сынақтан бірге өткен 11 жылдан соң разылығын білдіріп, оған толық бостандық беріп, «қайда тұруды қаласаң өзің біл» деген. Əттең, бұл өзінің тарихи отанына тұруға кеткенде қолбасшыға қастандық жасалды. «Сұхбат аламыз» деп келгендер журналист емес – қарақшылар, телекамера дегені – жарылғыш толы құрылғы болды. Осылайша «Əл-Каида» атымен танымал халықаралық қарақшылыққа Ауғанстан жерінде қарсы тұра білген бірден-бір тұлға 2001 жылы 9 қыркүйекте қастандықтың құрбаны болды. Бұл жайтты естігенде Николай бармағын шайнап, «мен болғанда, қара ниеттілер өтіп кетпес еді» деп өкініпті. Сосын Ауғанстанға оралыпты. Сол сияқты Ауған-кеңес соғысында аты кең танымал болған екінші ұрыс командирі өзбек текті Əбдірашид Достумның оққағары бұрынғы орыс солдаты еді. Осы жерге соцализм орнатуға келген Сергей Красноперов арада жыл өткенде сол социализмге қарсы майдан ашқан командирді қорғайды. Ол енді Нұрмұхамед деген ат алады. Бірнеше жыл Достумның қасында болған соң бейбіт өмірге көшіпті. Ауғандық қызға үйленіп алты бала сүйген. Электр жөндеушісі болып жергілікті қуат стансасында қызмет етеді. Көршілерінің автокөліктерін жөндеп береді. Тағы бір əскери тұтқын Виктор Балабанов та мұсылманға айналыпты. Беріде өз ажалынан қайтыс болғанда

бір лейтенант əуежай басында жиналған көп табытты көрсетеді. «Сенімен бірге соғысқандардың мүрдесін елге жөнелткелі жатырмыз. Тек біреуінің өлігі табылмады», дейді. Бірнеше күннен соң Прохоренко жатқан Кабулдегі госпитальға қолы кесілген танкист түсіп, сол ұрысты еске алыпты: «Сенің жігіттеріңнің денесін жинағанда, біреуін таба алмай қаншама əурелендік», дейді. Бочкиннің моджахедтер қолына тұтқын болғаны Ауған соғысына жауап беретіндерді қатты абыржытқан. «Өлді ме» деп денені жанталаса іздеу – соны аңғартады. Ал оны «өлді» деп ата-анасына басқа мүрдені жіберу – солдаттың қолға түскенін жасырудың айласы. Үйіндегі хаттарын, магнитофон таспасын білдірмей алып кету – Бочкин сатылып кете ме деп алаңдаудан туған. Сайып келгенде оның тірі қалғанын анасы ғана емес, солдат тағдырына жауаптылар тегіс білген. Тек анасы баласымен қауышуды қаласа, билік оның аты өлділер қатарында қалуын қарастырған. Сонымен, сұрапылдан тірі қалған Борис Бочкин Ауған тауларын шарлап шыққан комиссияға неге кездеспеді? Осы тұста тағы бір болжам айтылды. Батыс елдерінде жүруі мүмкін. Ауғандағы соғыс тұтқындарының көбі Пəкістандағы арнайы қосындарда ұсталған. Кейін АҚШ-тың араласуымен оларға еркіндік беріліп, Батысқа кету ұсынылыпты. Сондайдың бірі ұлты башқұрт Абдуллин Голландиядан табылды. Бірақ, аты-жөнін тегіс өзгертіп алған. Батыста адамның жеке өмірі мұқият қорғалатындықтан ондайларды табу Ауғандағыдан да қиын. Сосын Алтай Сармолдаевтың айтуынша, əскерге Қазақстаннан шақырылып, Ауғанстанға аттанған тағы екі мұсылман солдаттың мəйіті анықталып жатыр. Анықтау – біз жоғарыда жазып кеткендей, өте ұзаққа созылатын жəне дəлдікті талап ететін жұмыс. «Өкіл асыққанмен, өгіз асықпайды», дегендей, зертхана нəтижесін жылдап күту керек. Сол болуы мүмкін деген солдаттардың көзі тірі туыстарынан қан үлгісі алыныпты. Енді сүйекте қалса ДНК, қалмаса басқа молекуламен салыстыру керек. «Мəйіттің кімдікі екені толық анықталмағандықтан аты-жөндерін жариялауға ерте», деген Алтайдан əрі суыртпақтап, бері суыртпақтап бірі татар, бірі қазақ болуы ықтималдығын білдік. Қазақ – қарағандылық, аты – Серік. Басқа дерегін жария етуге əзірге ертерек. Анықталып жатса хабары келеді. Бурабайдағы Зуев пен Түркістандағы Ергешов сияқты туған жеріне салтанатпен қайта жерленер де. Қазақта «кебін киген келмейді, кебенек киген келеді» деген мақал бар. Тоқсаныншы жылдар басында біз Нью-Йорк қаласында сонау Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде тұтқын болған Күнтуған қарияны жолықтырғанбыз. «Кебенек киген Күнтуған» атты мақала жазғанбыз. Оңтүстік Қазақстан аймағынан туыстары оқып, хабарын алған. Кешікпей барып-келіп екі жақ қауышқан. Енді сондай бір ақжолтай ақпарат Бочкиннен алынса дейміз. Журналистік жолымыз болғыш еді, кім білсін. ҚАЗАҚСТАН– АУҒАНСТАН – РЕСЕЙ – НИДЕРЛАНДЫ.

АЗАНҒАП САТЫБАЛДЫҰЛЫ туралы «Қазақстан тарихы» атты көптомдық кітаптың («Атамұра» баспасы, 2010 ж.) 3-томында, Павлодардан шыққан «Қазанғап би Сатыбалдыұлы» («Кереку», 2008 ж.) жəне Алматыда жарық көрген «История Казахстана в русских источниках XVI-XX веков» (Дайк-пресс баспасы, 2006 ж.) атты жинақтарда толыққанды мағлұматтар берілген болатын. Біз төменде сол кітаптардағы деректерді пайдалана отырып би туралы білетін əңгімемізді бастамақпыз.

БИ БОЛМЫСЫ

Қазанғап Сатыбалдыұлы (1771-1856 жж.) қазақтың атақты батыры Малайсарының үзеңгілес досы Байдаулеттің немересі, осы елдің төбе биі болған тұлға. Ол орыс тілін жақсы білген. Сондықтан Батыс-Сібір губернаторы мен Омбы облысының басшылары өздерінің қазақ даласындағы істері бойынша алдымен Қазекең арқылы байланысып отырған. Мысалы, кейіпкеріміз Қалқаман көлінен шығарылған тұзды түйелерге артып, Керекуге тасымалдау жұмысын ұйымдастыруда Сібір үкіметіне үлкен қолғабыс тигізген. 1843-1848 жылдар аралығында Қазанғап би Баянауыл округінің аға сұлтаны қызметін атқарады. Сонау 1820 жылдардың өзінде ол Баянауыл округін құру үшін көп еңбек сіңіреді. 1833 жылы аталмыш округ ашылғаннан кейін халыққа да, жоғарғы ұлықтарға да ықпалы күшті Қазекең ұлы Бердəліні осы елге қазы қып сайлатады. Бабамыздың аға сұлтан қызметін атқарып жүрген кезінде жергілікті Омбы əкімшілігінің алдында қазақтардың қамын жеп, мүддесін қорғағанын дəлелдейтін тағы бір мысал мынадай. Бірде Коряковский, Выдрин сияқты казак атамандары əскер үлесіндегі жерге мал жіберіп, 29 мың сотық жердің шөбіне зиян келтірді деп қазақтардан айып талап етеді. Осындай жағдайда аға сұлтан Қазанғап Омбыға барып, бұл негізінен жергілікті тұрғындардың өз жері екенін, қажет болса шөпке айып төлеу емес, аталарынан қалған алқаптарды алып қоюға құқы бар екенін айтады. Сотқа шағымданатынын ескертеді. Содан кейін барып переселендер тəубесіне келіп, мəселені үнсіз қоя қояды. Қазанғап Сатыбалдыұлының саяси қайраткер ғана емес, мал жəне егін шаруашылығымен де айналысқан ірі кəсіпкер һəм халыққа жанашыр, демеуші болғанын көптеген тарихи деректер айғақтайды. Мəселен, ол кісі 1843 жылы дуанбасы болған соң қызметін осы өңірге мешіт салдырудан бастаған екен. Оған молда етіп Қазан татары Ғабулғафар есімді азаматты тағайындаған. Осы дін өкілімен бірге еріп келген Рамазан деген татар жігітін қолына ұстап, сауда-саттығын жүргізетін көмекші еткен. Кейін сол Рамазанның немересі Абдулфаттах Павлодар қаласындағы қазіргі Əлкей Марғұлан көшесінде Қазанғап биге арнап ақ күмбезді мешіт салғызған. Бұл діни мекеме əлі де жұмыс істейді. Қазанғап бидің шешендігі де Арқа жұртының арасында кең тараған. МəшһүрЖүсіп Көпейұлының деректеріне жүгінсек, Малайсары батыр Байдаулет серігіне айтқан екен: «Байеке, бата-құтыңды кімге тастадың», – деп. Сонда Байдаулет: «Менің құтым балам Сатыбалдының тұңғышында қалады, онда қалмаса мылтығымның ұнғысында қалады», – депті. Байдаулет батырдың сол айтқаны келген. Себебі, Сатыбалдының үлкені осы Қазанғап баба еді. Сол заманның адамдары айтты деген мынадай сөз бар: «Шоң сөйлегенде қара арғымақты су түбіне батырады, Қазанғап сөйлегенде ол арғымақты су бетіне шығарады». Оған атақты Шөже ақынның мына өлеңін қосайық: «...Тұсында Керекудің апай бөрі, Жақсының күнде жиын жүрген жері. Жол бермей азулыға қарсы тұрған, Қазекең өткен екен кемеңгері». Ал атақты ақын Біржан сал Сара ақынмен айтысында: «Ұл тумас Қазанғаптай ата ұлынан, Тұқымы дегдар шыққан жатынынан. Полковник шен алады туған бала, Шырылдап түскеннен соң қатынынан», – деп оны бүкіл Орта жүздің арысы етіп көрсетеді. Атақты ақын Абайдың əкесі Құнанбай да Қазанғап Сатыбалдыұлының үйіне жиі тоқтап, сыйлы қонағы, сырлас жолдасы болған, оны ерекше құрметтеген. Мəселен, Құнанбай Бөжеймен араздасып, Омбыға шақырылып, жолда Қазанғапқа сəлем бере кетейін деп келеді. Үй иесі жақсы қарсы алады. Дастарқан үстінде отырып Құнанбай Қазанғапқа мұңын шағады. Сонда үй иесі: «Тұман түбі – жұт, Тұмау түбі – құрт. Закон түбі – сот, Соттың түбі – шорт», – деп: «Бөжеймен алыспа, араздаспа. Жеңсең өзіңді жеңесің, жеңілсең бойыңа мін-қарғыс таңба болады, – деп ағалық ақылын айтқан екен. Аға сұлтандықтан босатылып, Омбыдан қайтар жолда Құнанбай тағы Қазанғаптың үйіне тоқтап, бастан кешіргендерін баяндайды. Сонда ол кісі: «Бөжей менен Құнанбай, Жүйріктігің құландай. Шұбарлығың жыландай, Ағайынмен ұстасып, Омбыда жаттың бірталай. Жеңемін деп жеңе алмай, Не бетіңмен келесің, Ел-жұртыңнан ұялмай?» – деп əзіл-шыны аралас қағытады. Сонда Құнанбай: «Дүние – кезек бір күнді, Ақсұңқар құстың қанаты. Қия тасқа соғылса, Қарға мен құзғын сыйынды. Қайсысы соның боласың, Қарғасы ма əлде құзғыны?» – депті. Риза болған Қазанғап: «Жарайсың, Құнекем!» – деген екен. Енді Қазанғап Сатыбалдыұлының атақшені мен марапатталған белгі-сыйлықтары жөнінде бірер ауыз сөз. Ол Сібір қазақтарының ішінде алғашқылардың бірі болып СанктПетербургте ақ патшаның қабылдауында болған жəне сол жолы старшын шенін алған. 1810 жылы капитан, 1817 жылдан бастап штабс-офицер атанған. 1833 жылы майор болып, 1842 жылы Владимир лентасына тағылған алтын медальмен марапатталады. Сөз соңында айтарымыз, бүгінде Қазанғап Сатыбалдыұлының өмірі мен қызметіне қатысты мұрағаттық, өзге де деректер толық жинақталмаған. Сондықтан, Кереку аймағы мен Баянауыл өңірінің дамуына үлес қосқан тарихи тұлға тақырыбында ғылыми-зерттеу жұмыстар жүргізу ел тарихы үшін маңызды жəне өзекті мəселелердің бірі. Бұл тақырыпты зерттеу жақын болашақтың еншісінде деп сенеміз. Қайырболат НҰРБАЕВ, тарих ғылымдарының докторы, профессор.

ПАВЛОДАР.


11 қараша

АН МАҒР Л Ы АШ РАЛДА А

2015 жыл Журналист жолда жүргенде

Кездесу Келгеніме екінші күн. Елден танысым хабарласып: «Нью-Йоркте əкем бар еді, 70 жылдан бері Қазақстанға жете алмай жүр, маған виза бермейді, соған соғып кетесің бе?» деп үлкен өтініш

баласы «Пима» атанып, бір жылдан соң қолына домбыра ұстап, қазақ əндерін əуелеткен. «Мен əлемнің 64 мемлекетін араладым. Бар болдым, асыдым, тасыдым. Саяхат құрдым, серуен салдым. Ал, Қазақстанға келгенде мен ашжалаңаш едім, үсті-басым кір басып биттеп, жоқшылық көрдік. Дегенмен, мен қазақ жерінде бақытты болдым». Пима атамның иегі тағы кемсеңдеді, тамаққа тығылған өксік. 1942 жылы жер ауып барған «Коммунаға» қазір Қызылордадан көзімді байлап қойса жаяу жол тауып барамын. Біздің колхозда 115 гектар егіндік жер бар. Күзде масақ жинаймыз, əлгіні теріп жүріп арасында тапқан арпа

осы əнді білгенім Пимаға шабыт қосты. Иегі кемсеңдегенімен көзі қуанышқа бөленді. Ойы «Коммуна» колхозында екенін біліп отырмын. Өгізбен жер жыртып, сексеуіл шауып, тасыған сəттерін рахаттана еске алды.

Бопыш 1944 жыл. «Бəрі де майдан үшін, бəрі де жеңіс үшін!» деп қолда барын ұрыс даласына аттандырған қазақ ауылдарын ауру жайлады. Еркектер соғыстан оралмай, бала-шағаны шешек қырып барады.

немесе Нью-Йорк пен Тереңөзек арасындағы тағдыр

. . . а м и Ф . . . а м и П Гүлмира ƏБІҚАЙ. журналист.

айтып жүрген. «Қай жерде тұрады?» деймін мен, алып мегаполистің бар түкпірін білетіндей. «290-10 avenue, 28 street» дейді əлгі əпендім. Алдымен өзім университетке баратын жолды тауып алайын. Екі күн өткен соң бұл неткен шал қазаққа 70 жылдық аманатын жеткізгісі келетін деген оймен қоңырау соқтым. Əлгі қыз мен хабарласады деп ескертсе керек: – Қазақстаннансың ғой? – деді бірден. – Қай жердесің? Үйге кел, қалайда кездесуіміз керек. Сен мені көруің керек! ...О, тоба! Телефон тұтқасынан «Қараторғай, ұштың зорға-ай, Бейшара, шырылдайсың жерге қонбай-ай», деген əнді естіп тұрмын. Əн ғана емес, қазаққа деген сағыныш, жоқтау, мұң... əуеледі. Бір күннен соң 10 avenue қайдасың деп т а р т ы п кет т ім. А й т п ақ ш ы , көшелердің қиылысында кездесетін болдық. – Сіз мені қалай танисыз деймін? (Нью-Йорк құмырсқаның илеуіндей – 20 миллион тұрғыны бар мегаполис емес пе?!) – Көзіңнен! Қызық, аяғым аяғыма тимейді. Дəл бір қанат бітіп жігітіме алғашқы кездесуге келе жатқандай құйындай ұшып келемін. Қиылыстан өтіп жатқан көп адам арасынан оны бірден таныдым. Сұңғақ бойлы, арықша келген, арқасына рюкзак асынған америкалық ақсақал қолшатырмен əрлі-берлі мені іздеп тұр. Ту сыртынан келіп: «Ассалаумағалейкүм!» деп қол создым, «Уағалейкүс...» үнсіз құшағына басты. Туғалы ата-əже көрмеген мен таныс та бейтаныс атамның қойнына сүңгіп кеттім. – Қазақтар дархан халық, жақсы халық!, – деп мені қайта құшағына басты. Тамағына өксік тығылды. «Əлі өкінемін, күні бүгінге дейін өкінемін Қазақстаннан кеткеніме. Əлемнің 60тан аса мемлекетін араладым. Қазақтай нұрлы халықты кездестірген жоқпын.» Айтқандары майдай жағып барады. Екеуміз əңгімелескен күйі жақын маңдағы баққа барып, орындыққа жайғастық. 1941 жылы қоршауда қалған Одессадан Фиманың отбасы бірақ күнде эшалонмен қазақ жеріне келіп түседі. Тұрақтаған жері: Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданы, «Коммуна» колхозы. «Мама, мама! Мына адамдарды қара, бастарына малақай киіп алыпты. Олар біз түсінбейтін тілде сөйлейді!» деп таңданысын жасыра алмады 11 жасар бала. Тағы да тамаққа тығылған өксік, көзге келген жас... Мен əңгімесін үзбедім. «Сенің кемпірің өлді ме?» Жалт қарадым, көзінде қуаныш бар. Бұл Фиманың алғашқы жаттаған қазақша сөзі екен. – Айтшы маған Бопыш деген қазақ əйелінің есімі бар ғой? Көрдің бе? Олардың атын əлі ұмытқан жоқпын: Орысбаев, Алашбаев, Əлайдаров, Самрат жəне Бопыш. Əрқайсысын жүрегі тебірене еске алуда. Осылайша, бір күннен соң еврей

дəнін ауызға саламын... Тағы кемсеңдеу.. үнсіздік. «Дəмін айтсаңшы, шіркін!» Бір кезде орындықтан балаша атып тұрды. «Талқан... талқан бар еді. Диірмен тартып, оның масағын былай желдеттім». Өзі ерекше қуанып тұр. «Нью-Йоркте мұны мен сияқты ешкім істей алмайды, кейде отбасыммен серуенге шыққанда түрлі дəндерді тазалау үшін желге тосамын. Əйелімнің қолынан келмеді. Əй, кетпенді айтсаңшы, кетпенді!.. (Сен кетпенді білесің бе деп менен сұрап қояды. Əлі қолданамыз дедім) Жер қазып, терлеп... оның өзі бір бақыт! Бірнеше жыл бұрын əйелімнің туысы қайтыс болды. Дəстүр бойынша əр адам бір күрек топырақ тастауымыз керек. Жастар қолына күрек ала алмады, ал мен қазақтардан үйренгенімдей топырақты тастай бердім, тастай бердім». Кетпенмен қазатынындай бар. 1943 жылы Шиелі өзенінің аңғарын жергілікті тұрғындар қолмен қазған. Əр адам кемінде екі метр жер қазуы керек, əлбетте, арасында Пима да бар. Өзі масаттанып, шабыттанып отыр. Қарасам кездесуге белгілеген уақытым да болып қапты. Нью-Йоркты бірінші рет көріп отырған өзімнің де қайтуым бар, жетуім бар. – Мен қайтайын, – дедім əңгімені сап үзіп. Ақсақалдың жүрегі ұстап қала жаздады. Қолымнан қысып жібермейді, алақанымнан айырылмайды. Жо-жожоқ дейді иегі кемсеңдеп, қазір əйелім келеді, үйге қонақ бол, екі күн қон, дейді жыламсырап. Өмірімде ата көрмеген мен бейбақ осындай сөзден кейін қалай кетемін?! Оның үстіне дəл қазір қоштассам Пима ақсақалдың жүрегін үзіп алатындай болып «жақсы, үйіңізге қонақ болайын» дедім. Жадыраған күйі ары қарай əңгіме үйде жалғасты. ...Ол кезде ауылда ойнайтын бала жоқ. Жалпы, еркек кіндіктінің өзі қарақұрым шал не соғыстан қайтқан кем-кетік. Анам үйде отырды. 8 сыныптық білімі бар əпкем мектепке мұғалім болып орналасты (өзі неміспен соғысып жатқан елге неміс тілінің мұғалімі неге керек деймін мен). Əрине, соғыс уақытына қарамастан, арасында ауқатты қазақтар да болды. Науқаннан бос уақытымда Алашбаев деген азаматтың қойын бақтым. Қой төлдейтін кезде ауыл сыр тындағы қалың қамыс тоғайға апа рамын. Ол жерде жан баласы жоқ, даусым қарлыққанша «Князь Игорь» операсынан əн шырқаймын. Жалпы, байқап отырсам əншілік Пиманың қанында бар. Бір бауыры Əлішер Науаи атындағы өзбек опера театрының солисі болған. Екіншісі соғыста қаза табады. Қазаққа əбден сіңіскен Пима бір жылдан соң жиынтойларда домбырамен қазақ əндерін əуелеткен. «Қара торғайды» қайталады, «Қыздар-айды» орындап берді. Ал үшінші əн сондай жақын, сөзі есімде қалмады, əуені құлағымда. Сен қазақ композиторларынан сұрастырып біліп жатсаң маған бұл əннің дискісін жібер дейді. Ауылда өстік емес пе, алғашқы нотасынан-ақ «Ахау, Гүлдерайым – күн мен айым, Ұшарға қанатым жоқ не қылайын» деп қосыла шырқадым. Дəл

Кезек Пиманың əпкесіне де жетеді. Қаракөлеңке кешкілікте лашық есігі ашылып, көрші Бопыш келіп тұр. Түрі өрт сөндіргендей, сұсты. «Мə, мынаның етімен емдеңдер!» жерге өлген ешкіні лақтырды. Қазақтар арам өлген малдың етін жемейді деп қояды өзі. Күйеуім майданнан оралғанда соямын, балашағамның нəсібі деп сақтаған ешкіні Бопыш та сырттан келген еврейге беремін деп ойлаған жоқ. Көзінде ыза, ашу, кек, сағыныш, нала. Содан Пиманың əпкесі құлан-таза айығып кетеді. – Шай ішесің бе? – Бізде сұрамайды, шай іш деп шақырады. Ас бөлмеге тұра жүгірді. Көмектесейін десем қонақсың деп бəйек қағады. «Қазақстаннан Гүлмира келеді» деп əйелім екеуміз тоңазытқышты толтырып қойдық дейді өзі мақтанышпен. «Түймедақ шайы бар» дейді. «Маған сүт қатқан қою шай керек» деймін мен. «Келер жолы Америкаға жиналғанда жан дүниеңе керек заттарыңды бірге ала кел», деп ескертеді еврей атам. Көп ұзамай Рошель жеңгем келді. Бекер обалы не керек, ол да астыүстіме түсіп бəйек қақты. «Тамақ ішесің бе?», «Балық жейсің бе?», «Теңіз қырыққабатына қалай қарайсың?», «Екіқабат емессің бе?» (бір нəрсе ұсынардан бұрын кемінде 10 сауал қоятын америкалық əдет). «Мынау суып кеткен, анау ысып кеткен» деп екеуі құрақ ұшып жүр. Қараңғы түсе менің түнгі НьюЙоркты көруім керек. Сонымен, Рошель жеңгемнің барғаны қызықсыз болар деп шешіп, түнгі серуенге жаныма атам ілесті. Пима атам екеуміз əйгілі «Times Square-ні» қыдырып жүрміз. Басқа-басқа дəл осы Нью-Йорктың «Таймс скверінде» тауып алған еврей атаммен қыдырамын деп кім ойлаған?! – Сен фотоға түсіре бермей адамдардың жүзіне қара! – дейді ол. – Нағыз Америка солардың бет жүзінде жазылған... Басындағыдай емес қарсыласпайтын болдым. Байқасам əр сөзінің жаны бар. «Əр мемлекет басшысы жасына қарамастан, жалынды болуы керек. Кемінде екі тілде еркін сөйлеуі шарт. Оның бірі ана тілі, екіншісі ағылшын тілі». «Сен қызыңды Америкада оқыт, ұл тусаң үйіме келіп босан», дейді атам. «Халықаралық деңгейде Қазақстанның мəртебесі өссін десеңдер, 8 миллион қазақ өз ана тілінде сөйлеуі керек. Дін жоғалса ұлт жоғалады» Бұл бос серуен бос болмады. – Майшам... майшам... Ол тұра жүгірді. Нью-Йорктың 38-қабаттағы пəтерінен майшам тауып əкелді. Кəдімгі бала кезде көріп өскен, ауылда əлі күнге дейін сақталған білте шам. «Бұл менің Қазақстанымның ыстық белгісі, менің майшамым, менің кетпенім...» – Сен əңгелек қай кезде пісетінін білесің бе? – Жоқ. – Əңгелек маусым айының 15-де піседі, сенбесең диқандардан сұра! ...Шеркі өзеніне бардық. Мен түйенің үстіндемін. Қайдан білейін жануар шөккенде омақаса құладым... Рахаттана еске алып күліп жатыр. Эшалонмен жеткенше биттеп өсіп

11

www.egemen.kz

Сəті түскен сұхбат

кеткен шашымды қазақтар немен алды? Əй, сен білмейсің?! Кəдімгі қой қырқып жүрген үлкен қайшымен əдемілеп басып берді... Тағы да рахаттанған риясыз күлкі. Іле-шала көзіне жас үйрілді. Қазір есімде жоқ қалай аталатыны...Бір əн болған. Сұмдық əн. Ауыл əйелдері жиылып айтатын, өзі ұзақ əуені де. Жүрегім су ете түсті. Жоқтау ғой. 1944-1946 жылдары ауылда пошташы болдым. Хат дейтін не бар, тəйірі, бір жапырақ қағаз келеді. Балаң хабарошарсыз кетті деген. Ауыл əйелдері жиылып айтатын əн, сай-сүйегіңді сырқыратады. Тағы кемсеңдеу... Мен əлгі бір жапырақ қағазды ешкімге бергім

келмейді, қолы на ұстатамын да үй шетінде қарап тұрамын Ары қарай өзім де үнсізбін. Пима атам білте шамды сипалап отыр. – Оу, түннің бір уағы болды, қонақ дем алсын, –деп бөлмеге Рошель енді. Жеңгем америкалық этикетке сай, менің жатар орнымды, киер киім, орамал, тіс щеткасын дайындап қойыпты.

Рошель Рошель – Пиманың екінші əйелі. Тереңөзекте оның отбасы 4 жыл аялдайды. Есейіп қалған ақкөңіл, қағылез бала жергілікті жұртты баурап алған. Аз уақыт ішінде Пиманың паровоз дауысын шебер келтіріп, домбырамен əн шырқап, сауық-сайран құрған өнеріне тəнті дархан қазақ ауылы жібергісі келмейді. «Сен осында қал, қазақ қызына үйлендіреміз» деді олар. 15 жасар бала анасынан қалай ажырасын?! «Мен Одессаға барамын. Онда зəулім үйіміз, сұлу қалам, еврей халқым бар». 1946 жылы күзде Пима қимай-қимай колхоздан кетеді. Сенсеңіз, қазақ жерінде тойған қарын қалған екі жыл бойы аш жүрді. Қайтадан жалаңаш, биттеген күйге түстік. Келсек, Одесса үй емес қырық тесікке айналыпты. Жау қоршауында қалған қалада не абырой бар дейсің?! Ұры-қары, жоқжітік. Екі жыл бойы бізге бір еврей отбасы бір үзім нан бермеді... Тағы да кемсеңдеу, жанарында жас. Қайран, қазақтарым...Менің қазақтарым! Бұл жолы қос көзден шыққан жас домалап барып қолына түсті. Əлі есімде, біз түнде келіп түскенде қазақ əйелі өзі ұйықтап жатқан жерінен тұрып, қайдан тапқаны белгісіз, бізге ыстық көмбе нан пісіріп берген... Ұзақ үнсіздіктен соң əңгіме жалғасты. Сол Тереңөзекте қалуым керек еді. Аһ ұрған күрсініс еді бұл. Орысбаев көршісінен үйренген етікшілік кəсіп Пиманы асырады. Сол күйі оқымады. Екі жыл бойы қайыршылық құрып, ақыры Одесса бұл отбасын сыйдырмады. Ұзақ жылдар бойы Ригада өмір сүрді. Үйленді, үйлі болды, инженер қызметін атқарды. 1981 жылы АҚШ-қа өтіп, Нью-Йоркке көшіп келеді. – Соғыс бітер кезде қайдан шыққаны белгісіз бір түнде ауылымызға чешендер қаптады. Келген бойда ойқастап қыр көрсетті. Білмеймін, қалай пайда болса солай бір түнде ғайып болды, – деп еске алады үй иесі. Байқасам үстел үстінде «Құран» мен «Библия» қатар жатыр. «Əлемге саяхат шек, үйіңде өмір сүр!» деді атам. Ертеңіне көзімді ашқаным сол еді атам мен əжем америкалық тұрмысқа сай төсегіме кофе, тоқаш тасып əлекке түсті. Бүгін кетемін дедім. Кем дегенде екі күн қонсаңшы, менің саған айтарым тау-телегей дейді. «Кеткенше тағы бір соғамын, осыған рахмет!». Жолда шөлдейсің, қарның ашады деп су, тəтті тоқаш, жеміс-жидек салып жатыр сөмкеме. Домалақ күлшеден біреуін ұсынды, екеуін беріңіз қазақтар «екі аяғың тең болсын» дейді, ұмыттыңыз ба деп еске саламын. Қойшы, не керек, НьюЙоркке келген 5 күннің ішінде ата тауып, еркелеп, мен де жетісіп қалдым. – Бұл – менің қазақтарым! Менің – Қазақстаным! – дейді сақтап жүрген фотосын көрсетіп (мен суреттегі боз үй мен адамдарды моңғол ауылына көбірек ұқсаттым). Сексеуілдің күлін махоркаға араластырып, тілдің астында ұзақ сорып, қазақтармен бірге рахатқа батқан кезін еске алып рахаттан күлді өзі. Кешегідей емес, бүгін көңілі босамады. Үш күннен кейін келемін деп уəде бер дейді. «Жоқ, айта алмаймын, өзім Америкаға бірінші рет келіп тұрмын. Бұйыртса, соғармын», дедім мен. Ол сенді. Кетерімде маңдайымнан иіскеп ұзақ тұрды. Біздің салтқа салып: «Бісмиллə рахман- ир – рахым... Əумин!» деп бетін сипап шығарып салды. Алайда, 20 миллион жұрт жүрген қым-қуыт тіршілік кешкен шаһар ішіне енген соң Пиманы іздеп көңілім құлазып сала берді... НЬЮ-ЙОРК.

Қазір əлемде қазақ медицинасын ғылыми түрде мойындап, оған қажетті орта жəне жоғары білімді мамандарды дайындауға жағдай жасаған бір ғана ел бар. Ол – Қытай Халық Республикасы. Онда бүгінгі таңда Алтайда, Құлжада жəне Үрімжіде қазақ медицинасының 3 бірдей орталығы жұмыс жасап жатыр. Біз осыған орай Үрімжідегі Қазақ дəрісін зерттеу орталығының басшысы, Шыңжаң медицина университетінің профессоры Əсия БЕЙСЕНБАЙҚЫЗЫН əңгімеге тартқан едік.

Қазақ дәрілері

Қытайда алғаш рет мемлекеттік өлшеммен шығарылғалы жатыр Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ.

– 1,5 млрд. халқы бар Қытай елінде қазақ медицинасының жоғары билік органдары тарапынан ресми түрде мойындалуына үлес қосқан адамның бірі екенсіз. Бұл жетістікке қалай қол жеткіздіңіздер? Қытайдағы қазақ медицинасы алғашқы кезде халық емшілігі, дəстүрлі шипагерлік, одан кейін қазақ шипагерлігі деп аталды. Қазір қазақ медицинасы деп ресми түрде танылды. Бұл елде 56 ұлт бар. Біздің қазақ медицинасы олардың ішінен алтыншы болып, ресми түрде толық жүйелі ғылыми медицина деп мойындалды. Мемлекетімізде қазақ медицинасының жер-жерде зерттеу орталықтары мен шипаханалары құрылды. Қазақ медицинасынан Алтайдағы техникумда 2010 жылдан, Үрімжідегі Шыңжаң медицина университетінде 2011 жылдан бастап студенттер тəрбиеленіп жатыр. Ал 2014 жылы олардағы бітірушілерге толымдылық куəліктері беріле бастады. Сондай-ақ, бүтін Шыңжаңда қазақ медицинасының ғылыми қоғамы құрылды. Енді дəрі зауыттары да ұйымдастырылып жатыр. Біздің алдағы мақсатымыз осы қазақ медицинасын ғылыми жолмен дамытып, Қазақстанмен бірлесіп халықаралық деңгейге көтеру. Маған Францияда докторантураны бітірген кезде, сонда қалып қызмет жасауға көп ұсыныс жасалды. Қазақ медицинасын дамытуға атсалысуды алдыма мақсат етіп қойғандықтан, олардың бəрінен бас тартып Қытайға оралдым. Əрине, оны Қазақстанға келіп те жүзеге асыруға болар еді. Бірақ өз ісімінің Қытайдағы қазаққа да, Қазақстандағы қазаққа да, əлемнің түкпір-түкпіріндегі бүкіл қазаққа да пайдалы болғанын қаладым. – Өзіңіз жетекшілік жасайтын Қазақ дəрісін зерттеу орталығы қашан ашылды? – 2005 жылы Франциядан докторантураны бітіріп келгеннен кейін: «Қазақта дəрі бар ма? Неге біз оны шығармаймыз?» деген ой туды. Соның нəтижесінде 2008 жылы жоғарыға Қазақ дəрілерін зерттейтін орталық құрсақ деп ұсыныс берген едім. 2010 жылы автономиялы районымыздағы өкімет жағынан рұқсат алдым. Ал 2011 жылы мамыр айында Қазақ дəрісін зерттеу орталығын құрдым. Біздің мұны құрудағы мақсатымыз – осыны мемлекет өлшеміне жеткізу. Өйткені, дəріхана жəне емхана мен доқтырханаларда əлі күнге дейін мемлекет өлшемін алған қазақтың бірде-бір дəрісі жоқ. Алғашқы 2 жылымыз орталықтың ұйымдастыру жұмыстарымен өтіп, доқтырханалардың ішінде істеліп жатқан дəрілерді мемлекет өлшеміне жеткізуді зерттеу жұмысын тек 2013 жылдан бастадық. Бірінші кезеңде 5 дəріні мемлекет өлшемі бойынша істетіп жатырмыз. Енді жыл соңына қарай оны уəкілетті органға жолдаймыз. Бəрі ойдағыдай жүзеге асатын болса, бізге арнайы нөмірлер беріледі. Сол бойынша келесі жылдан бастап олар зауыттарда жасалып, дəрі сататын барлық орындарда саудалануға жол ашылады. – Бұл дəрілердің қандай ерекшеліктері бар? Оны қайда шығарасыздар? – Олардың Қытай қазақтары ішінде көп кездесетін буын мен бұлшық еттердің шаншып, сырқырап ауруы, қан қысымының көтерілуі, қандағы май құрамының көбеюі сияқты сырқаттарға шипасы мол. Біз оны зерттеу жұмыстары барысында толық дəлелдеп шықтық. Шығару жұмысына келсек, Үрімжіде 2 жылдың алдында «Шипагер» деген қазақ дəрі зауытын құрамыз деп ұйымдастыру жұмыстарын бастағанбыз. Қазіргі кезде оның негізгі жұмыстары бітті. Ол келесі жылы ашылып қалуы мүмкін. Сондай-ақ, естуімше Алтайда бір азаматтар ішкі қытайдағылармен бірлесіп қазақтың бір дəрі зауытын құру жұмыстарын жүргізіп жатыр екен. Бұдан бөлек жақында бізге Қазақстаннан Алматы мен Астанада сауықтыру орталығын ашқан қандастарымыз келіп қайтты. Олармен осы жақта да қазақ дəрілерін жасайтын зауыт ашу туралы сөйлестік. – Қазір Алтайда, Құлжада, Үрімжіде қазақ медицинасының 3 орталығы бар.

Олардың міндеті бір-біріне ұқсамайды. Мəселен, Алтайдағы орталық қазақ медицинасының назариясын (теориясын) зерттеп жатыр. Олар Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баянын» пайдаланып кітап шығарды. Одан бөлек 16 оқулық пен басқа да əртүрлі пайдалану материалдарын əзірледі. Құлжадағы орталық болса негізінен шөптерді зерттеуде. Ал біздің орталығымыз дəріханалардың ішіндегі дəрілерді мемлекет өлшеміне жеткізу жағымен айналысуда. – Қазір Қазақ медицинасына қызығушылар Қытайда күрт өсіп жатқан көрінеді. Оған түрткі болған нендей жайттар деп ойлайсыз? – Иə, Қытайда қазақ медицинасына қызығушылар көп. Соңғы жылдары бұл бағытта көптеген жұмыстар істелді. Үгіттеу өте жақсы жүргізілді. Студенттердің де қызығушылығы өсіп келе жатыр. – Кəдімгі медицина мен қазақ медицинасының айырмашылығы қандай? – Үлкен. Қазақ медицинасының өз теориясы бар. Біз орта жəне жоғары оқу орнында тек қана қазақ медицинасын оқытамыз. Біздің ұлттық медицинаның анатомиясы əдеттегі медицинаға да, қытай жəне шығыс медицинасына да ұқсамайды. Ағзалардың жіктелуі, аталуы да өзгеше. Диагноз қоюы мен дауалауы да мүлде бөлек. Көзқарас та солай. Басқалар бір нəрсені 4-ке бөлсе, біз оны 6-ға бөлеміз. – Қазақтың дəрі жасау өнері қазір ғылыми жолға түсті ме? Біздің ұлттың шөптен дəрі жасау өнері қазір ғылыми жолға түсті деп сеніммен айта аламын. Бұрынғы заманда емшілер шөптің өзін ғана пайдаланатын. Одан кейін оларды бір-біріне қосып істейтін болса, қазір енді оның ішіндегі белгілі бір құрамды бөліп алып жеке қолданатын деңгейге дейін жеттік. Былтыр халықаралық бір жəрмеңкеде арнайы орын алып, келушілерге қазақ медицинасы мен қазақ дəрі-дəрмегін түсіндірдік. Сол кезде бізге шетелден де, ішкі Қытайдан да бірлесіп жұмыс істеуге қызыққан адамдар көп болды. Біздің жанымыздағы кейбір əріптестеріміздің орындары көбіне бос тұрды. Олар жəрмеңкеге келушілердің үстіүстіне үймелеп жатқанын көріп: «Сендер не істеп жатырсыңдар?» деп сұрағандары да кездесті. Бұл қазақ медицинасының мүмкіндігі мен əлеуетінің зор екенін айқын аңғартады. – Сіз сияқты ғалымдар Қытайда көп пе? – Көп. Бірақ қазақ медицинасына қызмет істеп жатқан ғалымдар өте аз. Санаулы ғана деуге болады. Бірақ қазақ медицинасына жан-жақтан көмектесіп, жұмыстарын істеп жатқан адамдар мол. – Енді өзіңіз туралы оқырманға аз-кем мағлұмат бере кетсеңіз? – Мен Үрімжіде туып, бастауыш орта мектепті ұйғыр тілінде, университетті қытай тілінде, аспирантураны ағылшын тілінде, докторантураны француз тілінде оқыдым. Университетте 6 жыл жүріп, фармакология кафедрасына жұмысқа қабылданып, 1 жылдан кейін сəбилі болдым. Қызым 3 айлық кезінде аспиранттыққа сынақ тапсырып, оны 3 жыл оқыған соң 2 жылға Бейжіңдегі аз ұлт кадрларын тəрбиелеу мекемесіне жіберілдім. Одан кейін Францияға докторлық оқуға кеттім. Онда 4 жыл оқып, докторлық қорғаған соң, Үрімжіге оралып қазақ медицинасын дамытуға бел буып кірістім. Қазір Шыңжаң медицина университетінің фармакология кафедрасының профессорымын. Ол жерде біздің толық курс оқушылар, аспиранттар, докторлар бар. Оларға жетек ші болып, сабақ беремін. Сондай-ақ, Қазақ дəрісін зерттеу орталығында басшы болып қызмет жасаймын. Жолдасым Францияда 6 жыл, Германияда 7 жыл тұрып, был тыр Астанадағы Назар баев Университетке ауысып келді. Ал қызым орта мектепті Францияда, университетті Қытайда, аспи ранттықты Францияда оқыды. Биыл аспирантурасын бітіріп, Қазақстанға келіп, білімімді жетілдірсем деп жүр. АЛМАТЫ.


12

11 қараша

www.egemen.kz

2015 жыл

60 полицей 27 литр ќан тапсырды Атырау облысының полицейлері санаулы сағаттарда қан орталығына 27 литр қан тапсырды. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан».

Полицейлер де ет пен сүйектен жаралған жандар. Олар тек қоғам тыныштығын ғана күзетіп қоймай, қиналған жандарға қол ұшын созуға əр кез дайын тұрады. Осының дəлеліндей, Атырау облысының ішкі істер органдарына қарасты 60 полиция

қызметкері қан орталығына жиналды. Олар жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін донор ретінде қан тапсыруды мақсат етіпті. Полиция қызметкерлерінің мұндай қадамына жыл басынан бергі орын алған жол-көлік оқиғаларының өсуі себеп болып отыр. Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, биылғы он айда Атырау облысында 335 жолкөлік оқиғасы тіркеліпті. Соның салдарынан 65 адам қайтыс болса, 392 адам əртүрлі жарақат алған. Сонымен бірге, олар 15 қарашаға дейін көлік жүргізушілеріне

2016 жылға арналған «БЖЗҚ» АҚ комиссиялық сыйақысы

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабына сəйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2015 жылғы 20 қазандағы №189 «2016 жылға арналған «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының комиссиялық сыйақы көлемін белгілеу туралы» қаулысымен мынадай комиссиялық сыйақы көлемдері белгіленді: 1) инвестициялық табыс сомасынан 5,25 пайыз; 2) зейнетақы активтерінен айына 0,0225 пайыз.

жол-көлік оқиғаларын болдырмау үшін қауіпсіздік белдігі мен балалар орындығының маңызы туралы түсіндірме жұмысын жүргізеді. Автомектептер курсанттары мен оқу орындарының студенттері арасында жол қауіпсіздігін сақтауға байланысты конкурстар өткізбек. Апта соңында тұрғындарды сақтандыру мақсатында апатқа ұшыраған көліктерді көрсету көзделіп отыр.

Құрметті клиенттер мен серіктестер!

«Қазкоммерц-Полис» сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамы («Қазкоммерцбанк» АҚ-тың еншілес ұйымы) өзінің тұрақты жұмыс істейтін органының орналасқан жерін ауыстырғандығы туралы хабарлайды. Тұрақты жұмыс істейтін органның жаңа орналасқан жері: Алматы қ., 050005, Төле би к-сі, 286/4 (Тілендиев к-сі қиылысы), «Кəусар» бизнес-орталығы». Тел. +7(727) 295 22 33 (құрылымдық бөлімше), +7(727) 250 22 22 ( call-орталық), 2250 (ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін).

АТЫРАУ. –––––––––––––––––

Суретті түсірген Рахым ҚОЙЛЫБАЕВ.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитеті аумақтық департаменттер жəне филиалдардың республикалық меншік объектілерін сату бойынша аукцион өткізетіндігін хабарлайды, аукцион 2015 жылғы 27 қарашада сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін www. gosreestr. kz Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында өткізіледі Республикалық меншік объектілерін сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидасына сəйкес жүзеге асырылады. Астана қаласының мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті бойынша (Астана қаласы, Əуезов к-сі, 14): Сауда-саттықтың ағылшын əдісімен аукционға қойылады Теңгерім ұстаушы – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі «Автокөліктік қызмет көрсету мекемесі» ММ, мекенжайы: Астана қ., Тəуелсіздік к-сі, 1. 1. «Volkswagen Polo» маркалы автокөлігі, 2006 ж.ш., м/н Z862RE. Алғашқы баға – 875 000 теңге, бастапқы баға – 4 375 000 теңге, ең төменгі баға – 254 406 теңге, кепілдік жарна – 131 250 теңге. Теңгерім ұстаушы – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстықатқару жүйесі комитетінің «Астана қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті» РММ, Астана қ., Шынтас тұйық к-сі, 14 А. 2. «Газ-31105-100» маркалы автокөлігі, 2007 ж.ш., м/н Z716CN. Алғашқы баға – 257 000 теңге, бастапқы баға – 1 285 000 теңге, ең төменгі баға – 74 723 теңге, кепілдік жарна – 38 550 теңге. Теңгерім ұстаушы – «Ы.Алтынсарин атындығы Ұлттық білім академиясы» РМҚК, Астана қ., VIP қалашығы, №3 коттедж. 3. «Skoda Octavia» маркалы автокөлігі, 2003 ж.ш., м/н Z917AV. Алғашқы баға – 558 000 теңге, бастапқы баға – 2 790 000 теңге, ең төменгі баға – 162 238 теңге, кепілдік жарна – 83 700 теңге. Теңгерім ұстаушы – Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы материалдық-техникалық қамсыздандыру басқармасы, мекенжайы: Астана қ., Бигелдинов к-сі, 9. 4. «Газ-3307» маркалы автокөлігі, 1993 ж.ш., м/н 067РК01. Алғашқы баға – 379 000 теңге, бастапқы баға – 1 895 000 теңге, ең төменгі баға – 110 194 теңге, кепілдік жарна – 56 850 теңге. Теңгерім ұстаушы – Агроөнеркəсіптік кешендегі Мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық фитосанитарлық диагностика жəне болжамдар əдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесі, Астана қ., Бейімбет Майлин к-сі, 16/4. 5. «Газ-31105 120» маркалы автокөлігі, 2004 ж.ш., м/н Z895AS. Алғашқы баға – 184 000 теңге, бастапқы баға – 920 000 теңге, ең төменгі баға – 53 498 теңге, кепілдік жарна –27 600 теңге. Теңгерім ұстаушы – «Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы» РММ, Астана қ., Достық к-сі, 11. 6. «Volkswagen Passat» маркалы автокөлігі, 2005 ж.ш., м/н 620RC01. Алғашқы баға – 751 000 теңге, бастапқы баға – 3 755 000 теңге, ең төменгі баға – 218 353 теңге, кепілдік жарна – 112 650 теңге. Теңгерім ұстаушы – Қазақстан Республикасы Инвестициялар жəне даму министрлігінің Техникалық реттеу жəне метрология комитеті, Астана қ., Орынбор к-сі, 11. 7. «Газ-31105 100» маркалы автокөлігі, 2006 ж.ш., м/н Z054NN. Алғашқы баға – 262 000 теңге, бастапқы баға – 1 310 000 теңге, ең төменгі баға – 76 177 теңге, кепілдік жарна – 39 300 теңге. Анықтама үшін телефондар: 8(7172) 3213-33, 32-44-82. Алматы қаласы мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті бойынша (Алматы қаласы, Достық даңғылы, 134, 206-кабинет): Сауда-саттықтың ағылшын əдісімен аукционға қойылады Теңгерім ұстаушы – Алматы қаласындағы «Оңтүстікқазжерқойнауы» ОңтүстікҚазақстан өңіраралық геология жəне жер қойнауын пайдалану департаменті»» РММ, Алматы қ., Достық к-сі, 85. 1. Мitsubishi Pajero автокөлігі, 2002 ж.ш., м.н. А931ЕY. Бастапқы (алғашқы) баға – 691 000 теңге, кепілдік жарна – 103 665 теңге. Теңгерім ұстаушы – «60563-əскери бөлімі» ММ, Алматы қ., Желтоқсан к-сі, 123. 2. Ssanq Yons Musso 602 EL автокөлігі, 1998 ж.ш., м.н. A485FR. Бастапқы (алғашқы) баға – 323 600 теңге, кепілдік жарна – 48 540 теңге. 3. Газ-2217-5104 автокөлігі, 2001 ж.ш., м.н. A418FR. Бастапқы (алғашқы) баға – 546 500 теңге, кепілдік жарна – 81 975 теңге. 4. Паз-32050 автокөлігі, 2001 ж.ш., м.н. A423FR. Бастапқы (алғашқы) баға – 439 600 теңге, кепілдік жарна – 65 940 теңге. Теңгерім ұстаушы – «Қазгеодезия» РМҚК «Қазгеокарт» филиалы, Алматы қ., Əуезов к-сі, 107. 5. Kia Rio автокөлігі, 2002 ж.ш., м.н. 526AR02. Бастапқы (алғашқы) баға – 607 300 теңге, кепілдік жарна – 91 095 теңге. 6. Kia Rio автокөлігі, 2002 ж.ш., м.н. 536AR02. Бастапқы (алғашқы) баға – 728 700 теңге, кепілдік жарна – 109 305 теңге. 7. Ваз-21213 автокөлігі, 2000 ж.ш., м.н. 531AR02. Бастапқы (алғашқы) баға – 137 060 теңге, кепілдік жарна – 20 559 теңге. 8. Газ-66 автокөлігі, 1988 ж.ш., м.н. 533AR02. Бас тапқы (алғашқы) баға – 1 471 000 теңге, кепілдік жарна – 220 650 теңге. 9. Газ-66 автокөлігі, 1989 ж.ш., м.н. 624AR02. Бас тапқы (алғашқы) баға – 1 477 700 теңге, кепілдік жарна – 221 655 теңге. 10. Уаз-3909 автокөлігі, 1998 ж.ш., м.н. 573AR02. Бастапқы (алғашқы) баға – 92 500 теңге, кепілдік жарна – 13 875 теңге. 11. Уаз-3909 автокөлігі, 1997 ж.ш., м.н. 523AR02. Бастапқы (алғашқы) баға – 156 700 теңге, кепілдік жарна – 23 505 теңге. 12. Уаз-3909 автокөлігі, 1998 ж.ш., м.н. 598AR02. Бастапқы (алғашқы) баға – 179 100 теңге, кепілдік жарна – 26 865 теңге. 13. Уаз-31602 автокөлігі, 2002 ж.ш., м.н. 581AR02. Бастапқы (алғашқы) баға – 750 750 теңге, кепілдік жарна – 112 613 теңге. Теңгерім ұстаушы – «Қазгеодезия» РМҚК «Республикалық картографиялық фабрика» филиалы, Алматы қ., Победа к-сі, 11. 14. Уаз-31622 автокөлігі, 2002 ж.ш., м.н. 857АZ02. Бастапқы (алғашқы) баға – 801 450 теңге, кепілдік жарна – 120 218 теңге. Теңгерім ұстаушы – ҚР Президенті Іс басқармасының Алматы қаласындағы

əкімшілік ғимараттары дирекциясы, Алматы қ., Фурманов к-сі, 205. 15. Volkswagen Caddy автокөлігі, 2004 ж.ш., м.н. А268UD. Бастапқы (алғашқы) баға – 911 350 теңге, кепілдік жарна – 136 705 теңге. Тең герім ұстаушы – «ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Үкіметпен байланыс қызметінің Алматы қаласы бойынша басқармасы» ММ, Алматы қ., Желтоқсан к-сі, 123. 16. Зил-131 автокөлігі, 1977 ж.ш., м.н. А335NS. Бастапқы (алғашқы) баға – 191 000 теңге, кепілдік жарна – 28 650 теңге. Теңгерім ұстаушы – «ҚР ҰҚК» ММ, Алматы қ., Шевченко к-сі, 84. 17. Камаз-53212 автокөлігі, 1988 ж.ш., м.н. А584NS. Бастапқы (алғашқы) баға – 78 100 теңге, кепілдік жарна – 11 715 теңге. Сауда-саттықтың голланд əдісімен аукционға қойылады Теңгерім ұстаушы – «Ядролық физика институты» РМК, Алматы қ., Алатау кенті, Ибрагимов к-сі, 1. 18. Газ-27057-34 автокөлігі, 1998 ж.ш., м.н. А843ВА. Алғашқы баға – 66 700 теңге, бастапқы баға – 333 500 теңге, ең төменгі баға – 19 393 теңге, кепілдік жарна – 11 715 теңге. Анықтама үшін телефон: 8 (727) 313-0785, 313-07-41. Ақмола мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті бойынша (Көкшетау қ., М. Əуезов к-сі, 230): Сауда-саттықтың голланд əдісімен аукционға қойылады Теңгерім ұстаушы – ҚР Ұлттық экономика министрлігі, Құрылыс, тұрғын үйкоммуналдық шаруашылық істері жəне жер ресурстарын басқару комитетінің «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК, Көкшетау қ., Полевой к-сі, 5. 1. Audi C4 автокөлігі, м/н 503AD03, 1992 ж.ш. Алғашқы баға – 642 000 теңге, бастапқы баға - 3 210 000 теңге, ең төменгі баға – 186 661 теңге, кепілдік жарна – 96 300 теңге. 2. Уаз-31519 автокөлігі, м/н 036АВ03, 2005 ж.ш. Алғашқы баға – 665 000 теңге, бастапқы баға – 3 325 000 теңге, ең төменгі баға – 193 348 теңге, кепілдік жарна – 99 750 теңге. 3. Уаз-3303-01 автокөлігі, м/н С148ВН, 1989 ж.ш. Алғашқы баға – 235 000 теңге, бастапқы баға – 1 175 000 теңге, ең төменгі баға – 68 326 теңге, кепілдік жарна – 35 250 теңге. 4. Ваз-21213 Нива автокөлігі, м/н С696ZD, 1997 ж.ш. Алғашқы баға – 312 000 теңге, бастапқы баға – 1 560 000 теңге, ең төменгі баға – 90 714 теңге, кепілдік жарна – 46 800 теңге. 5. Газ-5205 автокөлігі, м/н С146ВН, 1988 ж.ш. Алғашқы баға – 225 000 теңге, бастапқы баға – 1 125 000 теғге, ең төменгі баға – 65 419 теңге, кепілдік жарна – 33 750 теңге. 6. Уаз-315195-025 автокөлігі, м/н 031АВ03, 2004 ж.ш. Алғашқы баға – 587 000 теңге, бастапқы баға – 2 935 000 теңге, ең төменгі баға – 170 670 теңге, кепілдік жарна – 88 050 теңге. Анықтама үшін телефон: 8(7162) 256556. Алматы мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті бойынша (Талдықорған қаласы, Тəуелсіздік көшесі, 75, 211-кабинет): Сауда-саттықтың ағылшын əдісімен аукционға қойылады Теңгерім ұстаушы – «Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің жеделқұтқару жасағы» ММ, Талдықорған қаласы, Еркін ауылы, Болашақ, көшесі, 1/3. 1. УАЗ-22069 автокөлігі, 2004 ж.ш., м/н B 076 DA. Бастапқы (алғашқы) баға – 45 518 теңге. Кепілдік жарна - 6 828 теңге. Теңгерім ұстаушы – «Алматы облысның прокуратурасы» ММ, Талдықорған қаласы, Гайдар көшесі, 17. 2. Skoda Octavia A автокөлігі, 2007 ж.ш., м/н 044РК05. Алғашқы баға – 246 701 теңге. Бастапқы баға – 123 351 теңге. Кепілдік жарна – 37 006 теңге. 3. Ваз-21214 автокөлігі, 2009 ж.ш., м/н 030РК05. Алғашқы баға – 594 683 теңге. Бастапқы баға – 297 342 теңге. Кепілдік жарна – 89 203 теңге. 4. Ваз-21214 автокөлігі, 2009 ж.ш., м/н 031 РК05. Алғашқы баға – 594 683 теңге. Бастапқы баға – 297 342 теңге. Кепілдік жарна – 89 203 теңге. 5. Skoda Octavia A автокөлігі, 2007 ж.ш., м/н 018РК05. Алғашқы баға – 776 643 теңге. Бастапқы баға 388 322 теңге. Кепілдік жарна – 116 497 теңге. 6. Daewoo Nexia автокөлігі, 2009 ж.ш., м/н 029РК05. Алғашқы баға – 430 133 теңге. Бастапқы баға – 215 067 теңге. Кепілдік жарна – 64 520 теңге. 7. Ваз-2123L автокөлігі, 2008 ж.ш., м/н 039РК05. Алғашқы баға – 791 602 теңге. Бастапқы баға – 395 801 теңге. Кепілдік жарна – 118 741 теңге. Теңгерім ұстаушы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК, Талдықорған қаласы, Тəуелсіздік көшесі, 67Б. 8. Daewoo Nexia автокөлігі, 2007 ж.ш., м/н 990AN05. Бастапқы (алғашқы) баға – 18 810 теңге. Кепілдік жарна – 2 822 теңге. Теңгерім ұстаушы – «Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру жəне авариялық-құтқару жұмыстары қызметі, Талдықорған қ., Алдабергенов көшесі, 86 А. 9. Зил-131 автокөлігі, 1978 ж.ш., м/н 687AО05. Бастапқы (алғашқы) баға – 100 800 теңге. Кепілдік жарна – 15 120 теңге. 10. Зил-131 автокөлігі, 1979 ж.ш., м/н 671AО05. Бастапқы (алғашқы) баға – 99 000 теңге. Кепілдік жарна – 14 850 теңге. 11. Зил-131 автокөлігі, 1984 ж.ш., м/н 342AО05. Бастапқы (алғашқы) баға – 99 000 теңге. Кепілдік жарна – 14 850 теңге. 12. Зил-131 автокөлігі, 1985 ж.ш., м/н 680AО05. Бастапқы (алғашқы) баға – 99 000 теңге. Кепілдік жарна – 14 850 теңге. 13. Уаз-3741 Аш-5 автокөлігі, 1989 ж.ш., м/н 657AО05. Бастапқы (алғашқы) баға – 33 660 теңге. Кепілдік жарна – 5 049 теңге. 14. Уаз-31512 автокөлігі, 1991 ж.ш., м/н 307AО05. Бастапқы (алғашқы) баға – 18 180 теңге. Кепілдік жарна – 2 727 теңге. 15. Газ-3307 автокөлігі, 1993 ж.ш., м/н 909AО05. Бастапқы (алғашқы) баға – 58 275 теңге. Кепілдік жарна – 8 742 теңге. 16. Уаз-315126 автокөлігі, 1995 ж.ш., м/н 397AО05. Бастапқы (алғашқы) баға – 28 980 теңге. Кепілдік жарна – 4 347 теңге. 17. Ваз-21053 автокөлігі, 2000 ж.ш., м/н

917AО05. Бастапқы (алғашқы) баға – 16 470 теңге. Кепілдік жарна – 2 471 теңге. Сауда-саттықтың голланд əдісімен аукционға қойылады Теңгерім ұстаушы – «Алматы облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» РММ, Талдықорған қаласы, Шевченко, көшесі, 131. 18. Газ-3102 автокөлігі, 1998 ж.ш., м/н 355АЕ05. Алғашқы баға – 28 520 теңге. Бастапқы баға – 142 600 теңге. Кепілдік жарна – 4 278 теңге. Ең төменгі баға – 15 603 теңге. Анықтама үшін телефон: 8 (7282) 2453-29. Алматы мемлекеттік мүлік мүлік жəне жекешелендіру департаментінің Жетісу филиалы бойынша (Алматы қ., Желтоқсан көшесі, 114): Сауда-саттықтың ағылшын əдісімен аукционға қойылады Теңгерім ұстаушы – «Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ, Алматы қ., Таусамал а., Жандосов к-сі,1. 1.Газ-53 КО503В автокөлігі, м/н В758BW, 2004 ж.ш., Бастапқы (алғашқы) баға – 28 744 теңге, Кепілдік жарна – 4 312 теңге. 2. Уаз-3159017 автокөлігі, м/н В636 ВL, 2004 ж.ш., Бастапқы (алғашқы) баға – 13 782 теңге, Кепілдік жарна – 2 068 теңге. 3. Ваз-21213 автокөлігі, м/н В998АЕ, 1998 ж.ш., Бастапқы (алғашқы) баға – 9 529 теңге, Кепілдік жарна – 1 430 теңге. 4. Nissan Primera автокөлігі, м/н В747ВW, 1996 ж.ш., Бастапқы (алғашқы) баға – 9 293 теңге, Кепілдік жарна – 1 394 теңге. 5. «Четра» Т-9,01 Я1Б-1 шынжыр табанды бульдозері, 2011 ж.ш. Бастапқы (алғашқы) баға – 141 120 теңге, Кепілдік жарна – 21 168 теңге. Теңгерім ұстаушы – «Жіті бақыланатын мамандандырылған үлгідегі республикалық психиатриялық аурухана» ММ, Алматы облысы, Талғар ауданы, Ақтас а. 6. Паз-3205110 автокөлігі, м/н В 890 ВS, 2006 ж.ш. Бастапқы (алғашқы) баға – 86 400 теңге, Кепілдік жарна – 12 960 теңге. Сауда-саттықтың голланд əдісімен аукционға қойылады Теңгерім ұстаушы «Іле Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ, Алматы қ., Таусамал а., Жандосов к-сі,1. 7. Nissan Mistral автокөлігі, м/н В849ВS, 1997 ж.ш. Алғашқы баға – 979 395 теңге, Бастапқы баға – 4 896 975 теңге, ең төменгі баға – 284 758 теңге. Кепілдік жарна – 146 910 теңге. Теңгерім ұстаушы – «Алматы облысының статистика департаменті» ММ, Алматы қ., Бостандық ауданы, Марков к-сі, 44. 8. Ваз-21214 автокөлігі, м/н А262FH, 2008 ж.ш., Алғашқы баға – 537 237 теңге, Бастапқы баға – 2 686 185 теңге, ең төменгі баға – 156 201 теңге, Кепілдік жарна – 80 586 теңге. Сауда-саттықтың голланд əдісі бойынша бір қатысушыға сатуға рұқсат етіледі. Анықтама үшін телефон: 8 (7272) 67-7039, 67-70-50. Ақтөбе мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті бойынша (Ақтөбе қ., Ш.Қалдаяқов к-сі, 33-үй): Сауда-саттықтың ағылшын əдісімен аукционға қойылады Теңгерім ұстаушы – «Ақтөбе мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті» ММ. Ақтөбе қаласы, Ш.Қалдаяқов көшесі, 33. 1. Chevrolet Niva 212300 автомобилі, м/н 814АН04, 2008 ж.ш. Бастапқы (алғашқы) баға – 125 000 теңге. Кепілдік жарна – 18 750 теңге. Сауда-саттықтың голланд əдісімен аукционға қойылады Теңгерім ұстаушы – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің «Ақтөбе облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті» РММ, Ақтөбе қаласы, Сəңкібай батыр д-лы, 1. 2. Ваз-21101 автокөлігі, 2004 ж.ш., м/н 632AF04. Алғашқы баға – 89 000 теңге, бастапқы баға – 445 000 теңге, ең төменгі баға – 25 136 теңге, Кепілдік жарна – 13 350 теңге. Анықтама үшін телефон: 8 (7132) 5444-54. Қарағанды мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті бойынша (Қарағанды қ. Костенко көшесі, 6): Сауда-саттықтың ағылшын əдісімен аукционға қойылады Теңгерім ұстаушы – «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті «Қарағанды облыстық сотының кеңсесі» ММ, Қарағанды қ., Қазыбек би атындағы аудан, Кривогуз көшесі, 7. 1. Ваз-21214 107 автокөлігі, 2007 ж.ш., м/н 052CS09. Алғашқы баға – 96000 теңге, бастапқы баға – 76800 теңге, кепілдік жарна – 14400 теңге. 2. Ваз-21214 автокөлігі, 2008 ж.ш., м/н 049CS09. Алғашқы баға – 132000 теңге, бастапқы баға – 105600 теңге, кепілдік жарна – 19800 теңге. Сауда-саттықтың голланд əдісімен аукционға қойылады Теңгерім ұстаушы – «Карагандаликвидшахт» РММК, Қарағанды қ., Қазыбек би атындағы аудан, Алалыкин көшесі, 12. 3.Нива Шевроле 2123 автокөлігі, 2005 ж.ш., м/н 995AD09. Алғашқы баға – 527000 теңге, бастапқы баға – 2635000 теңге, ең төменгі баға – 280069 теңге, кепілдік жарна – 79050 теңге. Анықтама үшін телефон: 8 (7212) 4257-51. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті бойынша (Петропавл қ., Совет к-сі, 34): Сауда-саттықтың ағылшын əдісімен аукционға қойылады Теңгерім ұстаушы – ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті» РММ, Петропавл қ., Мир к-сі, 120. 1. «Ваз-21213 Нива» автокөлігі, 2003 ж.ш., м/н 828АН15. Бастапқы (алғашқы) баға – 90 000 теңге, Кепілдік жарна – 13 500 теңге. Сауда-саттықтың голланд əдісімен аукционға қойылады Теңгерім ұстаушы – ҚР Инвестициялар жəне даму министрлігі Көлік комитетінің «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясы» РММ. Петропавл қ., Мир к-сі,122.

2. «Ваз-21093» автокөлігі, 1996 ж.ш., м/н 709АА15. Алғашқы баға – 73 000 теңге. Бастапқы баға – 365 000 теңге. Ең төменгі баға – 40 000 теңге. Кепілдік жарна – 10 950 теңге. Теңгерім ұстаушы – ҚР Инвестициялар жəне даму министрлігі Техникалық реттеу жəне метрология комитетінің «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ. Петропавл қ., 2 Первомай к-сі, 9. 3. «Газ-31105-100» автокөлігі, 2006 ж.ш., м/н Т099BL. Алғашқы баға – 463 000 теңге. Бастапқы баға – 2 315 000 теңге. Ең төменгі баға – 240 000 теңге. Кепілдік жарна – 69 450 теңге. 4. «Газ-2834» автокөлігі, 2005 ж.ш., м/н Т963BЕ. Алғашқы баға – 935 000 теңге. Бастапқы бағасы – 4 675 000 теңге. Ең төменгі бағасы – 470 000 теңге. Кепілдік жарна – 140 250 теңге. Теңгерім ұстаушы – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркəсіптік кешендегі Мемлекеттік инспекция комитетінің «Солтүстік Қазақстан облысы аумақтық инспекциясы» ММ. 5. 1971 ж.с. жалпы ауданы 52,4 ш.м. əкімшілік ғимараттың бір бөлігі жəне жалпы ауданы 90,7 ш.м. қойма ғимаратының бір бөлігі. СҚО, Тимирязев ауданы, Тимирязев ауылы, Целинная көшесі, 13. Алғашқы баға – 637 000 теңге. Бастапқы баға – 3 185 000 теңге. Ең төменгі баға – 100 000 теңге. Кепілдік жарна – 95 550 теңге. Теңгерім ұстаушы – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі «Қазсушар» ШЖҚ РМК. 6. 1978 ж.с. жалпы алаңы 259,9 ш.м. көлікжай ғимараты. СҚО, Шал ақын ауданы, Сергеевка қ., Зауыт к-сі, 6. Алғашқы баға – 490 100 теңге. Бастапқы баға – 2 450 500 теңге. Ең төменгі баға – 80 000 теңге. Кепілдік жарна – 73 515 теңге. Анықтама үшін телефон: 8 (7152) 4605-84. Шығыс Қазақстан мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті бойынша (Өскемен қ., Крылов к-сі, 114 үй): Сауда-саттықтың ағылшын əдісімен аукционға қойылады Теңгерім ұстаушы – ҚР Инвестициялар жəне даму министрлігі Техникалық реттеу жəне метрология комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті, Өскемен қ., Қазақстан к-сі, 5. 1. Газ-2705 7090 автокөлігі, м/н 235АО16, 2004 ж.ш. Алғашқы жəне бастапқы баға – 432 000 теңге. Кепілдік жарна – 64 800 теңге. Сауда-саттықтың голланд əдісімен аукционға қойылады Теңгерім ұстаушы – ҚР Қаржы министрлігі салық комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша салық департаменті, ШҚО, Глубокое ауданы, Глубокое кенті, Пирогов к-сі, 19. 2. Ваз-21154 автокөлігі, м/н 051FF16, 2007 ж.ш. ШҚО, Алғашқы баға – 174 693 теңге, бастапқы баға –1 746 930 теңге, кепілдік жарна – 26 204 теңге, ең төменгі баға – 91 425 теңге. 3.Ваз-21213 автокөлігі, м/н F210AT, 2004 ж.ш. ШҚО, Үржар ауданы, Үржар ауылы, Фрунзе к-сі, 10 А. Алғашқы баға – 157 888 теңге, бастапқы баға –1 578 880 теңге, кепілдік жарна – 23 684 теңге, ең төменгі баға – 82 630 теңге. Теңгерім ұстаушы – ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «ОВ-156/1» мекемесі, ШҚО, Өскемен қ., Лихарев к-сі, 10А. 4. Зил-130 автокөлігі, м/н F844DY, 1986 ж.ш. Алғашқы баға – 169 548 теңге, бастапқы баға – 1 695 480 теңге, кепілдік жарна – 25 433 теңге, ең төменгі баға – 88 732 теңге. 5. Газ-31029 автокөлігі, м/н F577ОО, 1994 ж.ш. Алғашқы баға – 97 986 теңге, бастапқы баға – 979 860 теңге, Кепілдік жарна – 14 698 теңге, ең төменгі баға – 51 280 теңге. Анықтама үшін телефондар: 8 (7232) 2587-15 25-69-94. Шығыс Қазақстан мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті» ММ Семей филиалы бойынша (Семей қаласы, Интернационал көшесі, 38, 3-қабат, 308-кабинет): Сауда-саттықтың ағылшын əдісімен аукционға қойылады Теңгерім ұстаушы – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстықатқару жүйесі комитетінің «ОВ-156/16 мекемесі» РММ, ШҚО, Семей қ., Зауыт тұйық к-сі, 10. 1. «Ваз-21093» автокөлігі, 1998 ж.ш., м/н Ғ090ОО. Алғашқы (бастапқы) баға – 70 000 теңге. Кепілдік жарна – 10 500 теңге. 2. «Уаз-31512» автокөлігі, 1996 ж.ш., м/н F606KU, ШҚО, Жарма ауданы, Шуақ кенті. Алғашқы (бастапқы) баға – 78 000 теңге. Кепілдік жарна – 11 700 теңге. 3. «Зил-131» автокөлігі, 1988 ж.ш., м/н F065АТ, ШҚО, Жарма ауданы, Шуақ кенті. Алғашқы (бастапқы) баға – 195 646 теңге. Кепілдік жарна – 29 347 теңге. Теңгерім ұстаушы – Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Семей қаласының Шəкəрім атындағы мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК (ШҚО, Семей қ., Глинка көшесі, 20А). 4. «Mercedes-Benz 320 S» автокөлігі, 2000 ж.ш., м/н 374AE16,. Алғашқы (бастапқы) баға – 584 200 теңге. Кепілдік жарна – 87 630,00 теңге. Теңгерім ұстаушы – Қазақстан Республикасы Инвестициялар жəне даму министрлігі Техникалық реттеу жəне метрология комитетінің «Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ (ШҚО, Семей қ., Б.Момышұлы к-сі, 103). 5. «Газ-2834» автокөлігі, 2006 ж.ш., м/н 239АО16. Алғашқы (бастапқы) баға – 340 000 теңге. Кепілдік жарна – 51 000 теңге. Анықтама үшін телефондар: 8 (7222) 525309, 523266, 568265. Сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі жəне аукцион басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады. Сауда-сатыққа қатысу үшін кепілдік жар налар мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың шотына төленеді: Кепілдік жарнаны алушы – «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ; банк - «Қазкоммерцбанк» АҚ; ИИК КZ529261501102032004; БИК: KZKOKZKX; БИН:050540004455; КНП: 171; Кбе:167 (кепілдік жарна мөлшеріне банк қызметінің төлемі кірмейді). Назар аударыңыз! Қатысушының

хабарламада көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның сауда-саттық басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілім вебпорталының өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Аукционға немесе коммерциялық тендерге қатысу үшін мыналарды көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет: 1) жеке тұлғалар үшiн: жеке сəйкестендiру нөмiрiн (бұдан əрi – ЖСН), тегiн, атын, əкесiнiң атын (бар болған жағдайда); 2) заңды тұлғалар үшiн: бизнес сəйкестендiру нөмiрiн (бұдан əрi – БСН), толық атауын, бiрiншi басшының тегiн, атын, əкесiнiң атын (бар болған жағдайда); 3) кепiлдiк жарнаны қайтару үшiн екiншi деңгейдегi банктегi есеп айырысу шотының деректемелерiн; 4) байланыс деректерiн (пошталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail). Жоғарыда көрсетiлген деректер өзгерген кезде қатысушы бiр жұмыс күнi iшiнде тiзiлiмнiң веб-порталына енгiзiлген деректердi өзгертедi. Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ қойылған аукционға қатысуға өтінімді тізілімнің вебпорталында тіркеу қажет. Аукционға қатысушылар аукцион басталуға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып аукцион залына кіреді. Аукцион жекешелендіру объектісінің бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттық өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады. Сауда-саттықтың ағылшын əдісі бойынша аукцион ережесі: 1) егер аукцион залында аукцион басталған сəттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі қағидаға сəйкес белгіленген қадамға жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілмеді деп танылады; 2) егер аукцион залында аукцион басталған сəттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың біреуі осы қағидаға сəйкес белгіленген қадамға жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растайтын болса, бастапқы баға белгіленген қадамға артады. 3) егер ағымдағы баға артқаннан кейін жиырма минут ішінде қатысушылардың бірдебіреу жекешелендіру объектісінің ағымдағы құнын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілді деп танылады. Жекешелендіру объектісі бойынша саудасаттықтың ағылшын əдісімен аукцион қатысушылардың біреуі ұсынған ең жоғары бағаға дейін жүргізіледі. Жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы бағаны ұлғайтудың кемінде екі қадамына өскен жағдайда ғана жекешелендіру объектісі бойынша сауда-саттықтың ағылшын əдісімен аукцион өткізілді деп танылады, бұл ретте бастапқы бағаның екі қадамға өсуін кемінде екі қатысушы жүзеге асырады. Сауда-саттықтың голланд əдісі бойынша аукцион ережесі: 1) егер аукцион басталған сəттен бастап екі минут iшiнде қатысушылардың бiрде-бiреуi аукционда жекешелендiру объектiсiн сатып алу ниетiн растамайтын болса, жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы бағасы осы қағидаға сəйкес белгiленген қадамға азаяды; 2) егер баға азайғаннан кейiн екі минут iшiнде қатысушылардың бiрде-бiреуi жекешелендiру объектiсiн сатып алуға ниетiн растамайтын болса, жекешелендiру объектiсiнiң соңғы жарияланған бағасы белгiленген қадаммен азаяды. Жарияланған баға бойынша жекешелендiру объектiсiн сатып алуға ниетiн бiрiншi болып растаған қатысушы сауда-саттықтың голланд əдiсi бойынша аукцион жеңiмпазы болып танылады жəне осы жекешелендiру объектiсi бойынша аукцион өткiзiлді деп танылады; 3) егер жекешелендiру объектiсiнiң бағасы белгiленген ең төменгi мөлшерге жетсе жəне қатысушылардың бiрде-бiреуi жекешелендiру объектiсiн сатып алу ниетiн растамаса, онда аукцион өткiзiлді деп танылады. Əрбір сатылған жекешелендіру объектісі бойынша аукцион нəтижелері аукцион нəтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы жəне женімпаз ЭЦҚ-ны пайдаланып сауда-саттық өткiзiлген күнi тізілімнің веб-порталында қол қояды. Аукцион нəтижелері туралы хаттама аукцион нəтижелерін жəне жеңімпаз бен сатушының жекешелендіру объектісін сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттерін белгілейтін құжат болып табылады. Жеңімпазбен сатып алусату шартына сатушының орналасқан жері бойынша аукцион өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қол қойылады. Аукционның жеңімпазы сатып алу-сату шартына қол қойған кезде сатушыға салыстырып тексеру үшін мынадай құжаттардың: 1) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаттың; заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куəліктің не анықтаманың; 2) заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куəландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куəландыратын құжаттың түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып, олардың көшірмелерін не нотариат куəландырған көшірмелерін ұсынады. Құжаттардың түпнұсқалары салыстырып тексерілгеннен кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Аршалы ауданының əкімдігі ауыл шаруашылығы өндірісін жəне шаруа қожалығын жүргізу үшін уақытша өтемді жер пайдалануға жер учаскелерін беру бойынша 2015 жылғы 14 желтоқсанда сағат 11.00-де конкурс өткізеді, мекенжайы: Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Аршалы кенті, Тəшенов көшесі, 47, мəжіліс залы. Жер Жер учаскесінің Аумағы, учаскесі қысқаша сипаттамасы га № (құрамы жəне пайдаланатын жер түрлері, бонитет баллы) ЛОТ № 1 Жайылымдық жер, бонитет баллы 13 ЛОТ № 2 Жайылымдық жер, бонитет баллы 12 ЛОТ № 3 Жайылымдық жер ТЖ, бонитет баллы 19 ЛОТ № 4 Егістік жер, бонитет баллы 22 ЛОТ № 5 Барлығы осының ішінде: Егістік жер, бонитет баллы 21 Жайылымдық жер, бонитет баллы 19 Жайылымдық жер ТЖ, бонитет баллы 19 ЛОТ № 6 Жайылымдық жер ТЖ, бонитет баллы 19

Жалға беру мерзімі

100,0

10

349,5

10

372,05

10

Жер учаскесінің орналасқан орны (шаруашылықтан жəне аудан орталығынан орташа арақашықтығы) Бұлақсай ауылдық округі Жібек жолы ауылдық округі Сараба ауылдық округі

978,8

10

Сараба ауылдық округі

514,2 242,83 144,87 126,5

10

Михайловка ауылдық округі

600,0

10

Сараба ауылдық округі

Жер учаскелерін пайдаланудың шарттары мен талаптары: «Сыбаға», «Алтын Асық», «Құнан» мемлекеттік бағдарламаларына жəне басқа да ауыл шаруашылығы жəне бизнесті дамыту бойынша басқа бағдарламаларға қатысу. Конкурсқа қатысушы ретінде тіркелу үшін жеке басын куəландыратын құжатты жəне конкурстық өтінімді тапсыру қажет. Конкурсқа қатысушыларды тіркеу Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Аршалы кенті, Тəшенов көшесі, 47 мекенжайында өткізіледі. Анықтама телефоны: 8 (716-44) 2-13-56. «Аршалы ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ.

ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ Акимат Аршалынского района проводит конкурс по предоставлению земельных участков во временное возмездное землепользование для ведения сельскохозяйственного производства и крестьянского хозяйства, который состоится 14 декабря 2015 года в 11 часов 00 минут по адресу: Акмолинская область Аршалынский район, п. Аршалы, ул. Ташенова, 47, зал заседаний. № ЛОТа

ЛОТ № 1 ЛОТ № 2 ЛОТ № 3 ЛОТ № 4 ЛОТ № 5

ЛОТ № 6

Краткая характеристи- Площадь, Срок Месторасположение ка земельного участка га аренды, земельного участка (состав и виды угодий, лет (среднее расстояние балл бонитета) от хозяйственного и районного центра) Пастбище, балл боните- 100,0 10 Булаксайский сельта 13 ский округ Пастбище, балл боните- 349,5 10 Сельский округ та 12 Жибек жолы Пастбище коренного 372,05 10 Сарабинский сельулучшения, балл бониский округ тета 19 Пашня, балл бонитета 22 978,8 10 Сарабинский сельский округ Всего, из них: 514,2 10 Михайловский сельПашня, балл бонитета 21 242,83 ский округ Пастбище, балл боните- 144,87 та 19 126,5 Пастбище КУ, балл бонитета 19 Пастбище коренного 600,0 10 Сарабинский сельулучшения, балл бониский округ тета 19

Условия и требования по использованию земельных участков: Участие в государственных программах «Сыбага», Алтын Асык, Кунан и другие программы по развитию сельского хозяйства и бизнеса. Для регистрации в качестве участника конкурса необходимо представить документ удостоверяющий личность и конкурсную заявку. Регистрация участников конкурса производится по адресу: Акмолинская область, Аршалынский район, п. Аршалы, ул. Ташенова, 47. Телефон для справок: 8 (716-44) 2-13-56. ГУ «Отдел земельных отношений Аршалынского района».

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті жəне «Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу жөніндегі орталық» РМК Есеп комитетінің бұрынғы мүшесі, «Бəйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының аппарат басшысы, экономика ғылымдарының докторы Əнуарбек Жəлелұлы Сұлтанғазинге анасы Бағытай Ахметқызы СҰЛТАНҒАЗИНАНЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. «Бəйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының ұжымы «Бəйтерек» холдингінің аппарат басшысы Əнуарбек Жəлелұлы Сұлтанғазинге анасы Бағытай Ахметқызы СҰЛТАНҒАЗИНАНЫҢ қайтыс болуына байланысты орны толмас қайғысына ортақтасып көңіл айтады. «Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор, продюсер Тəңірберген ХАЖИЕВТІҢ мезгілсіз қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. «ҚазТрансГаз» АҚ басшылығы мен ұжымы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұртас Нұрибекұлы Шмановқа анасы Теңгеш ЖҰПАРОВАНЫҢ дүние салуына байланысты ауыр қайғысына ортақтасып көңіл айтады. «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі» акционерлік қоғамының ұжымы «Бəйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы аппаратының басшысы, экономика ғылымдарының докторы, профессор Əнуарбек Жəлелұлы Сұлтанғазинге жəне туған-туысқандарына аналары Бағытай АХМЕТҚЫЗЫНЫҢ қайтыс болуына байланысты орны толмас қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жəне ҰҒА Қоғамдықгуманитарлық ғылымдар бөлімшесінің ұжымдары Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Рəбиға Сəтқалиқызы Сыздыққа ұлы Əсет Мақашұлы СЫЗДЫҚТЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Халықаралық Түркі академиясының ұжымы ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Рəбиға Сыздыққа ұлы Əсет Мақашұлы СЫЗДЫҚТЫҢ мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Ш.Уəлиханов атындағы Тарих жəне этнология институтының басшылығы мен ұжымы институттың заңгері Байжан Қосбармақовқа əкесі Райхан РАХИМАҰЛЫНЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұжымы Қазақстан білім жəне ғылым саласы қызметкерлері кəсіподағы төрғасының орынбасар Айгүл Мақсатқызы Мұқашеваға жұбайы Кенжеғұл Мырзағұлұлы МҰҚАШЕВТІҢ кенеттен қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін 1979 жылы бітірген түлектер курстастары, Қазақстан Республикасы Парламентінің жауапты қызметкері Кеңесбек Мыңжасарұлы Демешевке ағасы Ағабек ДЕМЕШЕВТІҢ кенеттен қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.


11 қараша

ЫП Р Ы Қ А Т Р АНДЫРА

ТОЛҒ

2015 жыл

е г е н е к ң е м р Жә . . ? ы д жабыл Биыл жыл басында облыстық әкімдік бірнеше басқармамен бірігіп, «Ел ырысы» базарында отандық өнімдерге арналған азық-түлік жәрмеңкесін ұйымдастырған болатын. Халықты арзан әрі сапалы жергілікті азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етуге бағытталған бұл шара жоспар бойынша жыл бойына жалғасуы тиіс еді. Айша ӨТЕБƏЛІ, журналист.

Арзан азық-түлікке толы жəрмеңке алғашында «Ел ырысы» базарында əр сенбі сайын өткізіліп тұрды. Уақыт өте келе, аталмыш жəрмеңкенің жұмысы сиреп, қазіргі кезде мүлдем жұмыс істемейтін болыпты. Бұған өткен сен біде «Ел ырысы» базарына барғанда көз жеткіздік. Біз барғанда қыста қызу сауда жүрген орынның «базары тарқап», есігіне қара құлып ілініпті. Базар ауласында жəне сыртында көкөніс сатып тұрған азыншоғын саудагерлер болғанымен, сатып алушылардың қарасы онша көп емес. Сол күні азық-түлік жəрмеңкесіне арналған орынжайға іргелес тұрған балық сататын жерде де сауда болмады. Біз барғанда 4-5 адам сазанның бір келісін 400 теңгеден, көксеркенің келісін 1000 теңгеден сатуға шығарып тұрғанымен, сатып алушыларды байқамадық. Аталмыш базардың көркін сол күні қой сатушылар қыздырды. Құрбан айтқа байланысты Сырымнан, Тайпақтан, Қазталов пен Жаңақаладан, Жалпақталдан келген жігіттер қойларын 14-20 мың теңгенің арасында сатса, қой союға арналған арнайы орында қасапшылар əр бас қойды 2000 теңгеге сойып беріп тұрды. Базардың түкпір-түкпірін түгел сүзіп шыққанымызбен, қасапшылардан басқа саудасы жүріп, қарқ болып жатқан ешкімді көре алмадық. Аталмыш базар ауласында бір-екі кісі картоп пен пиязды 55-65 теңгеден, алманы 250 теңгеден сатса, базар алдында тұрғандар қарбызды – 50, ал қауынды 150 теңгеден босатып тұрды. «Жыл бойы ұйымдастырылады» деген қолжетімді азық-түлік жəрмеңкесін көре алмаған соң біз «Ел ырысы» базарының əкімшілігіне бардық. Қабылдау бөлмесінде отырған əйел базар басшылығының сенбі күні жұмыс істемейтінін айтып, өзіне қойылған сұрақтарға жауап беруден бас тартты. Сыртқа шығып, сауда жасап жатқан адамдардан азық-түлік өнім-

дерінің жəрмеңкесі жөнінде сұрағанымызда, олар бір ауыздан қыстағы шараның да кезекті көзбояушылық екенін, облыс əкімдігінің қадағалауы сиреген соң жергілікті кəсіпкерлердің де ізі суығанын айтты. Атыжө нін көрсетпеуді өтінген азаматтардың айтуынша, отандық өнімдерді қолдау мақсатындағы жəрмеңкенің «жоғалғанына» көп болған. Жергілікті билік тарапынан бақылау азайған соң кəсіпкерлер өз өнімдерін арзан бағамен сатуды қолай көрмей, жəрмеңкеге келмей қойыпты. Бұдан соң біз Ықсанов атындағы көше бойында өтіп жатқан азық-түлік жəрмеңкесіне келдік. Сенбі күні болғанымен, бұл жерде де сатып алушылар аз болды. Жəр меңкеге жергілікті шаруа қожалықтары өз өнімдерін алып шыққанымен, олардың бағасы орталық базардағымен қарайлас екен. Мысалы, Зеленов ауданынан келген «Куприн», «Погодаев» шаруа қожалықтары жəне макаровтық кəсіпкерлер өздері өсірген картоп пен пияздың келісін 50-60 теңге аралығында, капуста, қызылша, сəбіз, қызанақтың келісін 60-70 теңгеден, ал қиярды 100 теңгеден сатса, Теректі ауданының Федоров ауылынан келген «Ким А.П» шаруа қожалығы қарбыз-қауындарын 30-100 теңгеден сатуға шығарды. Ал Тайпақтың дəмді қарбыздары базар соңына дейін 35 теңгеден түспей қойды. «Лилия» жеке кəсіп керлігі келушілерді дəмді тоқаштармен қамтамасыз етсе, Зеленов ауданының ара өсірушілері дəмі тіл үйірер табиғи балдың неше түрін шығарды. Саудагерлер арасында орталық базарда күнделікті тұратындар да кездесті, олар өз өнімдерін тұты нушыларға сол «Мирлан» базарындағыдай бағамен ұсынды. Қысқасы, бұл жердегі жəрмеңкеде де

Жеті атасын біліп және де тек біліп қана қоймай, оларды ардақтап, пір тұтатын әлемдегі бірден-бір халық ол – қазақ. Бұл сан ғасырлардан бері атадан – балаға дарып, күні бүгінге дейін жалғасын тауып келе жатқан баға жетпес дәстүр. Қарияларға иіліп сәлем беру, олардың алдынан кесе-көлденең өтпеу, айтқандарына құлақ асу халқымыздың қанына сіңген тамаша әдет-ғұрып. Ол өзімізге ләззат беріп, өзгенің жүрегінде жылылық оятады.

Бұдан бірнеше жыл бұрын ұзақ уақыт Ақтауда тұрып, кейін таяудағы шетелдің біріне қоныс аударған таныстарымыздың осында қыдырыстап келіп қала ішіндегі автобустың біріне отырғанда, ондағы жастардың орнынан ұша тұрып жасы егде тартқан өздеріне орындарын бергендерін үлкен ризашылықпен айтқаны бар еді. Сəл нəрсе болса да оған біздің де көңіліміз марқайып қалды. Мұндай ізеттілік, тəрбиелік қылықтар өмірде жиі кездесіп, халқымыздың абыройын асқақтатып жатады. Алайда қазір жан-жағыңа үңіліп қарасаң өмірден туған: «Қарты бардың – қазынасы бар», деген асыл ойдың мағынасын бірқатар жастарымыз түсінбейтін сияқты. Тағдыр тəлкегіне тап болып жалғыз қалғандарды айтпағанда, бала-шаға, туған-туыстары бола тұра ешкімге керексіз күйге түскен қарттарымыздың бар екені ащы да болса шындық. Өкінішке қарай, өзін тоғыз ай құрсағында көтеріп мына жарық дүниеге əкеліп, түн ұйқысын төрт бөліп ақ сүтімен асырап, əлпештеп өсірген анасын, мойнына мінгізіп еркелетіп, баласының игілігі үшін жарғақ құлағы жастыққа тимей, белі қайысқанша еңбек еткен əкесін ұмытып, қартайған шағында өмір тəлкегіне тастап кеткен тас жүрек балалар да арамызда бар. Соның салдарынан соңғы ширек ғасыр ішінде елімізде бұрын құлақ естіп, көз көрмеген қарттар үйі жауыннан кейінгі арамшөптей қаулап кетті. Қазір тіпті оларда орын тапшылығы байқалып отыр. Мысалы, 1991 жылы ашылған 140 орындық біздің Маңғыстау қарттар үйінде бүгінде бірде-бір бос орын жоқ десе де болады. Жəне де жанды жаралайтыны ондағылардың 60 пайызы біздің қандастарымыз екендігі. Қара шаңырақтарынан қуып шығып, өздері тайраңдап жүрген балалары бар қарттар үйінің кейбір тұрғындарымен кездесіп, əңгімелерін тыңдағанда жүрегің сыздайды. Қарттар үйлерінде, шындығын айту керек, жағдайдың бəрі жасалған. Жылы орын, жайлы жатын бөлме, жуынатын,

кəсіпкерлік корпорациясы» АҚ қызметкерлерімен хабарластық. Түс қайта редакциямызға жоғалған жəрмеңкенің «қайда кеткенін» баяндамақ ниетпен «Орал» əлеу меттік-кəсіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ активтерді басқару департаментінің директоры Андрей Локтев пен «Ел ырысы» базарының директоры Нұрлан Наурызбаев келді. Олардың айтуынша, отандық өнімдер жəрмеңкесі мамыр айының аяғына дейін өткізілген. Одан кейін аталмыш жəрмеңкеге келушілер саны күрт азайып, жергілікті өнім өндірушілердің саудалары жүрмей қа лыпты. Осыған байланысты олар бұл жерге келуді доғарған. – «Ел ырысы» базары негізінен, ет өнімдерін сатуға арналған. Бұл жерде

ы зд

ы м

ы р

а т т р

а Қ

анау айтқандай арзаншылық байқалмады. Сенбі күнгі жəрмеңкеге қалалықтардың онша ықылас танытпауының негізгі себебі де осы болса керек. Ақпан айында ашылған жəрмеңкенің жалғасын таппағанын жоғарыда айтып кеттік. Ықсанов көшесі бойындағы базардың да арзан болып тұр ға ны шамалы. Жəрмеңкелердің жалпы жағдайын барлағанда түйгеніміз, Үкімет тарапынан қаншама жағдай жасалғанымен, кəсіпкерлер тек қана өз мүддесін ойлаудан тыйылар емес. Олар үшін тегін орынға тұрып, өнімдерін төмен бағаға сатқаннан гөрі, жұрт қатарлы орынақысын төлеп, бағасын сырттан əкелінетін өнім қақымен бірдей етіп сатқан əлдеқайда пайдалы болып тұр. Ал тұтынушы байғұстың жолында кездескенін сатып алмасына амалы жоқ. Өйткені, бəрінде бір баға... Жəрмеңке жайын білу мақсатында азық-түлік өнімдерінің жəрмеңкесін ұйымдас тыру шылардың бірі – «Орал» əлеуметтік-

ем алатын бөлмелер, күніне төрт-бес мезгіл дəмді тағам, бəрі-бəрі бар. Бұл мемлекет тарапынан қарттарға көрсетіліп отырған қамқорлық. Десек те олардың көңілі жетім. Балалары, не тума-туыстары үйге аламыз десе кім-кім де, тіпті түн ортасында да жалаңаяқ жүгіріп кетуге дайын. «Қонақта жақсы, бірақ өз үйіңе не жетсін», – деген мақал бекерге айтылмаса керек. Қарттар үйі – қоғамдық дерт. Жесірін қаңғытпаған, жетімін жылатпаған халық едік қой, ойланайық, ағайын! Кейбір қариялар көңіліне қылау, өкінішке қарай, тек қарттар үйлерінде емес, өз шаңырақтарында да түсуде. Бақилық болғаннан кейінгісін былай қойғанда, көздерінің тірісінде олардың өмір бойы тер төгіп, тырнақтап жинаған дүниелеріне көз алартып, дау-дамай туғызып, тіпті соттасып жүрген жастарды ұл-қыздар деуге аузым бармай отыр. Халқымыздың қасиетті əдетғұрпы бойынша ата-ана қызды қияға қондырғанда, ұлды өз алдына отау қылып шығарғанда еншілерін беретін. Оны ешкім де аз-көп демей, барына риза болып, əрмен қарай өз еңбектерімен «мал табатын». Қарашаңырақты ата-ананың қолындағы бала, көбіне кенже ұлы, иеленіп, оған ешкім де көз алартпайтын. Бұл тамаша дəстүр бүгінде ұмытыла бастаған тəрізді. Қарттарға деген немкеттілік көбіне еңбек жолын тəмамдап, зейнетке шыққан адамдарға қатынастан да байқалып тұрады. Олардың, əсіресе, басшы қызметте болғандардың, бағы басында, тағы астында болған кезде айналаларында бəйектеп шауып жүргендер жаңағылар қызметтерінен кеткен күннің ертеңіненақ құрдай ұшып зым-зия болады. Күні кеше мақтапмадақтауға теңеу таба алмай қиналып жүргендер, бүгін олардың атын естімегендей кейіпке көшеді. Адамгершілік тұрғыдан қарағанда еліне еңбегі сіңіп, бүгінде зейнет демалысына шыққан адамдарға құрмет бұрынғыдан артық болмаса кем болмауы керек емес пе?

13

www.egemen.kz

мал соятын арнайы орын мен ет өнімдерін тексеретін зертхана жəне ет сататын орын бар. Күнде таңертең сапасы тексерілген ет өнімдерін саудагерлер көтерме бағамен осы жерден сатып алып, одан əрі оларды үстеме баға қосып, тұтынушыларға ұсынады. Сондықтан, халық бұл жерді «ет базары» деп атап кеткен жəне жұрттың бəрі арзан етті осы «Ел ырысынан» сатып алуға үйренген. Жоғарыдағы азықтүлік жəрмеңкесі тарап кеткеннен кейін біз аталмыш павильонды бакалея өнімдерін сататын орынға айналдыруды көздеп отырмыз. Ондағы мақсатымыз – ет базарының ауқымын кеңейтіп, тұты нушыларды əрі арзан, əрі сапалы тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету. Қазіргі таңда бұл жердің инфрақұрылымын жетілдіру жұмысы жүріп жатыр. Яғни, павильон секцияларға бөлініп, сатушылардың тауарлары тұратын орын да қарастырылуда. Бұйыртса, жөндеу жұмысы қазан айында аяқталып, бұл орын бакалея өнімдерін сататындарға тегін берілмек. Жұртшылық бұл жерден астық өнімдері мен күріш, тары жəне ет консервілерін, күнбағыс пен сары майды, сондай-ақ, консервіленген жемісжидектерді арзан бағамен сатып алатын болады. Осы жерде айта кететін бір нəрсе, сауда орны тегін болғанымен, əр сатушы өзі пайдаланған электр қуаты үшін төлемақы төлейді. Осы мақсатта əр орынға арнайы электр қуатын есептегіш құрал орнатылған. Сондай-ақ, бұрын сатушылар тауарларын жұмыс аяғында өздерімен бірге алып кетуге мəжбүр болса, енді жаңа павильонда жұмыс істеуге келгендер тауарларын арнайы орындарда қалдырып кете алады. Бұл жерде сатушылардың өнімдерін сақтауға барлық жағдай жасалатын болады, – дейді бізбен əңгімесінде А.Локтев. Оның сөзін жал ғас тырған Н.Нау рыз баев павильон құрылысын жетілдіру үшін «Ел ырысы» базарының қаражаты пайдаланылғанын айтты. Оның сөзінше,

бұдан басқа базар ауласында 3 мың шаршы метрлік жəне бір сауда алаңы ұйымдастырылмақ. Бұл жерде өнім өндірушілер көкөніс өнімдерін көліктерімен əкеліп сата беруіне болады. Сатушылар бұл жерде де орынды тегін пайдаланады. – Осының бəрін біз азықтүлік бағасын қолжетімді ету үшін ұйымдастырып отырмыз. Кəсіпкерлер азық-түлік бағасының қымбаттығын ылғи да жалдау ақысының жоғарылығымен байланыстырады. Міне, енді «Ел ырысы» базарында тегін сауда орындары беріледі. Қазан айынан бастап біздің ұсынған орындарымызға келсін де, жергілікті өнім өндірушілер немесе саудагерлер азықтүлікті арзан бағамен сатсын, ешкім олардың қолын қақпайды, – дейді Нұрлан Əнесұлы жаңа сауда орнының тиімділігін көпшілікке жеткізуге асығып. Осы жерде біз жігіттерден «Жаңа сауда орындарында тек жергілікті өнімдер ғана сатыла ма? Сонда алыс-жақын шетелдерден келетін өнімдерді сатуға рұқсат бермейсіздер ме?» деп сұрадық. Олар бұған «Бұл жерде, негізінен жергілікті өнімдер сатылады деп жоспарлап отырмыз, бірақ, азықтүлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында арзан да сапалы болса, өзге елден келген өнімдерді де сатуға рұқсат беретін шығармыз», – деп жауап берді. Мейлі ғой, тек жаңадан ашылатын жəрмеңкені қала дүкендеріндегідей түгелге жуық отандық емес өнімдер жаулап алмаса екен... Қысқасы, жалғасын таппаған азық-түлік жəрмеңкесі қазан айынан бастап жаңа нұсқада жұмыс жасамақ. Олай болса, ел ырысын молайтуға асыққан «Ел ырысы» базарының бұл бастамасы тағы да аяқсыз қалмасын деп тілейік. Батыс Қазақстан облысы.

к і й е

л ір

д а қ

Қарттарымыздың қадірін кетіретін жоғарыда аталған қылықтардың бəрінің бірдей бір күнде аспаннан аяғы салбырап түсе қалған ештеңесі жоқ. Бұл негізінен ұлтымыздың тарихын, тілін, дінін, əдет-ғұрпын, дəстүрін ұмыттыра жаздаған кеңес дəуіріндегі солақай саясаттың салдары. Ендігі жердегі міндет сол кемістіктердің орнын толтыру. Қарттарды сыйлай білу тəрбиесі баланың сəби шағынан басталуы керек. Үлкендердің алдында бас иетін халқымыздың салт-дəстүрін өскелең ұрпақтың санасына сіңіретін кітаптар, теледидардан мультфильмдер мен өзге де арнайы көрсетілімдер көптеу болғаны жөн. Бұл тақырып бастауыш сынып оқулықтарына да кеңірек енгізілуі қажет. Күнделікті өмірде үлгі аларлықтай отбасылары, жекелеген адамдардың игі қылықтары мен істері кеңінен насихатталуы керек. Мəселенің мəн-жайы əдейі басқосуларда талқыланып, бұл жұмысты жетілдіру бағытындағы жан-жақ ты екшеленіп-текшеленген ұсыныстар енгізіліп, көпшілікті қамтитын шаралар өткізіліп тұрғаны дұрыс. Осы орайда елімізде таяуда өткен «Мерейлі отбасы» жалпыұлттық байқауының тəрбиелік мəні өте зор болды. Оған республикамыздың барлық 16 аймағынан 2885 отбасы қатысып, жеңімпаз болып, кезінде менімен жұмыстас болған, бүгінде жасы сексеннен асып, 12 ұл-қыз тəрбиелеп, 46 немере, 50-ден астам шөбере сүйіп отырған елге аса сыйлы, Маңғыстау облысының құрметті азаматы Орын Құлсариев ағамыздың отбасы танылды. Байқауға қатысқан отбасыларының бəрі де біле-білген адамға үлгі аларлық өнеге. Қарттарын қадірлей білетін жастар ел ішінде баршылық, тек соларды дəріптеп, басқаларға үлгі ретінде кеңінен көрсете білуіміз керек. «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен», – деген бар. Əр халықта ұрпақтар арасындағы арақатынас əртүрлі болуы ықтимал. Аралас-құралас болып жатқаннан кейін бір-бірімізге еліктейтініміз де рас. Бірақ біз

басқалардан тек өзіміздің дүниетанымымыз бен əдет-ғұрпымызға сай келетіндерін ғана алғанымыз дұрыс. Мен жақында Оңтүстік Кореяда болдым. Бұл бүгінгі таңда əлемдегі ең алдыңғы қатарлы дамыған елдердің бірінде таңғаларлық нəрсе көп. Соның ішінде ерекше көзге түскені қарияларға деген ерекше құрмет. Ол үйде де, көшеде де, қоғамдық орындарда да айқын байқалады. Атақты «Hundai» корпорациясының «Аsan» медициналық орталығында көзін ашып, ауызын жаба алмайтын мүгедектер арбасындағы талай кəрі адамдарға дəрігерлердің шаршамай-талмай неше түрлі дене қимылдарын жасатып, жаттығулар өткізіп жатқанын көріп, жанындағы қабақтарын бір шытпастан жүрген кейбір туыстарынан білгенім, бұл қариялардың ең бергісінің жасы 80-нен асқаны. Біздің ауруханалар мен емханаларға бара қалсақ, жасыратыны жоқ, 60-тан асқан адамды онша зейін қойып қарап, емдемейді. Сенің боларың болды, бояуың сіңді, əрмен қарай өз күніңді өзің көр дегендей. «Атаңа не істесең, алдыңа сол келеді» деп те айтқан бұрынғылар. Яғни, əке-шешеңе қандай құрмет көрсетсең, ертең балаларың да саған сондай құрмет көрсетпек. Бұл əркімнің де үнемі есінде болуы керек. Құрметті ата-анамен қатар барлық қарияларға көрсету парыз. Бұл біздің ата дəстүрін жалғастырғанымыз жəне өз адамгершілігімізді бағалағанымыз болмақ.

Маңғыстау облысы.

Ғани ҚАРИН, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Тойєа – тўсау Ағымдағы жылдың тоғыз айындағы көрсеткіштерді талқылаған жиында Қарағанды облысының əкімі Нұрмұхамбет Əбдібеков ендігəрі той тойлағанды қою керек, деп кесіп айтты. Қайрат ƏБІЛДИНОВ, «Егемен Қазақстан».

– Биылғы жыл біраз шуылдаттық, жетер енді. Келесі жылы мұны доғаруды өтінемін, – деді əкім. «Өтінемін» дегені көз ғып айтқаны ғой. Əйтпесе, мұның артында зіл жатқанын жиынға қатысқан əкім-қараның əрқайсысы жонарқамен сезген болу керек. Арқаны кеңге салып, айт пен тойдың жуан ортасында жүрген ағайынның əкімнің осы сөзінен кейін іш тартып қалғаны рас еді. Бірақ та, мəселені осылайша қабырғасынан қоймайынша болмайын деп тұр. Жұрт той тойлайтын заман өтіп, ертеңгі күнім не болады дегенді ойлайтын уақыт келгенін сезінуі керек. Құй келісіңіз, құй келіспеңіз: заманның талабы солай болып тұр. «Келесі жылы той дегеннен тыйылу керек», – деген əкім сөзі əркімге ой салды. Дағдарыстың заманында құндылықтар да өзгереді екен. Əйтпесе, етекті кеңге салған кешегі күндері «Там какой-то батыр», деген сөз на мысты туған қазақтың жүрегіне қанжардай қадалар еді-ау. Бірақ, бүгін жұрт бұған түсінікпен қарайды. Ащы да болса, шындық: тарихты қоя тұрып, ертеңгі тамақты ойлайтын күнмен бетпе-бет келдік... Сонымен, келесі жылы Қарағанды облысы той дегенді ұмыта тұрмақ. Жақсы күндерге дейін, əл бетте. Ал биылғы жыл дың соң ғы тойы – саңлақ күйші Тəттімбеттің 200 жылдық мерейтойы. Содан кейін, əкім реті келсін-келмесін, ономастика саласындағы атау біткенді өзгерте беру мəселесіне де шүй лікті. Шынында да, бұл бүгінгі етекжеңді жинақы ұстауды талап еткен заманда қосымша шығынға батыратын шаруа өзі. «Жұртқа түсіндіріңдер. Мұндай саясатты қазір жүргізіп керегі жоқ», – деп шегеледі əкім. Əкімнің сөзіне қарағанда, біздің кейбір басшылардың əлі күнге дейін əйдік табыстардан басы айналып жүргенге ұқсайды. Ит басына іркіт төгілген заманның əсерінен айыға алмай жүрсе керек. «Біздің кейбір əріптестеріміз кешегі тоқ заманда жүргенін ұмыта алар емес. Адамның миына қон бай тын қайдағы жоқ жобаларды шыр айналдырып, өздерінің қиялындағы болмайтын нəрсеге бізді де байлап-матап қояды», – деді ол. Əкімнің бүйтіп таусыла сөйлейтін жөні бар. Келер жыл, шынында да, еркелікті көтермейтін қабағы қату жыл болғалы тұр. Мəселен, облыстық экономика жəне қаржы бас қармасының мəліметіне қара ғанда, 2016 жылы субвенция, яғни жоғары деңгейдегі бюджеттен белгілі бір мерзімге жəне нақты мақсатқа бөлінетін ақшалай сома 17 млрд. теңгеге (52%) кемиді екен. Бұл – шығыс көлемін барлық бағыттар бойынша қысқарту деген сөз. Белді бекем буу дегеніңіз осы... Дегенмен, облыс əкімі жұрттың ұнжырғасын бір жо лата түсірмейін дегендей, өңірдегі эко номикалық өсуді де тілге тиек ете кетті. Егер де, өнеркəсіп өнімдерін алатын болсақ, бұл саланың тоғыз айдың қорытындысындағы өсімі 8,3% құрапты. Бұл – облыстар арасындағы ең үздік көрсеткіш екен. Нұрмұхамбет Əбдібеков Арқаға əкім болып жаңадан келген кезде оның қолына гитара алып, əн салған бейнебаяны əлеуметтік желіні кезіп жүрді. Сонда жұрттың «Жаңа əкімім ойын-сауыққа жақындау ма, қалай өзі?», деген ойда қалғаны рас еді. Енді біліп жатырмыз, жамағаттың қаупі бекер екен. Əкіміміз дарақылықты жақтыра қоймайтын, ысырапқа жаны қас басшының мінезін танытып отыр. Шынында да, шөміштен қысқан мына заманда той тойлап, босқа мал шашып жатқанымыз өзге жұрттардан ұят-ау... ҚАРАҒАНДЫ.


14 Ақмешіт үңгіріне Мырзатай аға арнайы келді. Академик Мырзатай Жолдасбеков. Қазақстан бодандық қамытын мойнынан сыпырып еркін, азат ел болғанда Елбасының қасында болып, мемлекетіміздің түтіні түзу ұшуына, аяғы нан қаз-қаз тұрып же ті луіне ұйытқы болған бірегей азаматтарымыздың cанатынан. Редакциядан шұғыл тапсырма түсіп, Ақмешітке бірге бара алмай қалғанбыз. Ұялы телефон арқылы хабарластық. Аға толқулы. Əлемнің жеті кереметінің бірі деген жоқ, бірақ соған жетеғабыл ой айтты. Жер астындағы Ақмешіт үңгірі туралы талай рет жазып, жанайқайымызды ешкімге жеткізе алмап едік. Қайраткер ағаның арнайы іздеп келгендігі жүрек жылытқан. Қазақта қасиетті, киелі жерлер көп. Соның бірі – Бəйдібек ауданының аума ғында орналасқан Ақмешіт үңгірі. Оның қасиеттілігі неде деген сауалға жауап бермес бұрын мына бір ақиқатты еске салғымыз келеді. Дүниежүзінің жұрты сəті түссе Тибет тауына шығып, көкірек кере дем алып, шамбалалар қасиетін жүрегінен өткізуге құмбыл. Қолы жеткендер бойындағы кеселдерден арылдым, жан-дүнием тазарды деп келеді. Құй сеніңіз, құй сенбеңіз, аспанмен амандасқан сол Тибет тауларының қасиеті осы біздің Ақмешіт үңгірінде бар. Мүмкін артық, мүмкін кемдеу... Геомагниттік толқындарды зерттеп жүрген Мұсатілла Тоқановтай ғалымның басқа шаруасын жиып қойып Ақмешіт деп шырылдауынан осыны ұққайсыз. Тоқанов жоқтыбарды термелейтін, қазір көп сөз

қолдан əулие жасап, жұртты шатастырудан, ақша жасаудан абайлау керек. Қазақ атамыздан «жақсы жерге жатсаң жақсы түс көресің» деген сөз қалған. Оны əркім əрқалай түсінеді. Біреу басыңда қос жастық, астыңда үш көрпе, жамылғаның құс көрпе болса, қонған үйінде ішкенің алдыңда, ішпегенің артыңда, көңілің шат болса жақсы жер, жақсы қоныс дегеніңіз осы шығар деп түсінеді. Расында, солай ма?! Бір жақсы танысымыз Шымкент шаһарының қақ төрінен жер үй алатын болды. Банктен. Қарызын төлемей кеткен азаматтың берешегін жабатын үй. Екі қабатты, ауласы да кең. Бассейні бар. Біраз қаражат шығарсаң Шымкенттегі үйлердің алды болмаса да соңы болмайды. Көңілге күдік тудырғаны үй құнының арзандығы. Шамамен бұл ауданда жердің өзі

11 қараша

ЕСІК

www.egemen.kz

Б ТАЛ ғи ма раттар адам ағзасына жайлы əсер ететіндігін бұрынан біліпсезген. Американың ғарышты зерт теу орталығының («НАСА») мəліметтері бойынша күмбез шаңырақты ғимараттарда шоғырланған космостық энергия ауаның құрамындағы ионды бөлшектерді өзгертіп, ауадағы келеңсіз бактерияларды жойып, тазартатындығы зерттелген. Күмбез шаңырақты ғимаратта болған адамға оң əсер етіп, адамның денесі жеңілдеп, биологиялық ағзасы (аурасы) тазарады. Содан ой-сана сезімі өзгеріп, қатыгездік сияқты жаман ойлардан арылып, мейрімділікке бой ұрады. Денсаулығында кінəраттар болатын болса, кір энергиядан арылып, ағзадағы клеткалардың жұмыстары жақсарып, иммундық күш-қуаты оянып денесі кейбір келеңсіз аурулардан тазарады.

сол, адам ағзасын байлайтын жаман энергия: тіл, көз, дуа жəне жаман жердің геомагнитті əсерлерін сылып тастайтындығында! Біздің Қазақстан өңірінде теңдесі жоқ өлкелері мен зəулім тарихи кесенелер көптеп кездеседі. Ақмешіт табиғаттың өзі тудырған – киелі жер. Мұнда жарты сағат болған адам киелі жердің қасиетін өз ағзасымен толық сезіне білу мүмкін емес. Кем дегенде күніне екі рет Ақмешіттің ішінде намаз оқып, Аллаһ тағалаға құлшылық жасап, медитация жасаса емдік қасиеті зор болады. Киелі Ақмешіт үңгірі жоғары күш-қуатты, таза энергетикалық ауа ағымдары шоғырланған толқынды жер. Тылсым дүниені зерттейтін емші, ғалым күнделікті 5-10 адамның кір энергиясын тазарта алатын болса, киелі Ақмешіт күнделікті мыңдаған адамға жəрдем бере алатын денсаулық орталығы болар еді. Ақмешіт үңгірі туралы айтарымыз осы. Өкінішке қарай, қазақтың əулие, əмбие десе құлап түсетінін білетіндер осындай киелі жерлерді ақша табу көзіне ай налдыруды көздейді. Мынау пайғамбардың табанының ізі, мынау құран оқыған жері, мынау дəрет алған жері деген сияқты өтіріктерді ойлап тауып, жайнамаз жайып қойып, құран оқып, қолыңдағы ақшаға жалмаңдап қарап отыратындар Ақмешітте де бар. Көп берсең көңілі көтеріледі, аз берсең сөгеді. Ахиреттен де қорықпайды. Ақмешіт ешқандай пайғамбардың, əулиенің мекені емес, жаратқанның тылсым бір дүниесі, емдік қасиеті бар үңгір екендігін тіліміз

2015 жыл

Ќыранєа ќўрмет Алматыда екі мəрте Кеңес Одағының Батыры, авиация генерал-майоры Талғат Бигелдиновке мемориал тақта ашылды Талғат СҮЙІНБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Салтанатқа еліміздің əр бұрышынан келген қоғамдық ұйымдар мен ғылым жəне шығармашылық қызметтегі интеллигенция өкілдері, майдангерлер, Талғат ағаның туғантуыстары қатысты. Жиында сөз алған қала əкімі Бауыржан Байбек əскери ұшқыштың өмірінің соңғы он жылында тұрған үйдің қабырғасына орналастырылған мемориалдың шымылдығын өз қолымен түсіріп, сөз сөйледі. – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өткенімізді саралап, тарихымызды талдап тиісті баға беру – бүгінгі ұрпақтың қасиетті борышы деп əрдайым атап көрсетіп келеді. Бүгінгі Талғат Бигелдинов ағамызға арналып ашылған мемориалды тақта халық батырының өшпес ерлігіне жасалынған зор құрмет, қасиетті рухына жасалған тағзым деп ұғуымыз керек, – деді қала əкімі. Одан əрі Бауыржан Байбек қазақ қыраны Талғат Бигелдиновтің сұрапыл соғыс жылдарындағы жауынгерлік ерлік істеріне тоқталды. Даңқты қазақ ұшқышының көзсіз ерлігі екінші дүниежүзілік соғыстың тарихына алтын əріптермен жазылды. Айрықша баға-

Ол кісі сол күні менімен бірге мектеп табалдырығын аттап, оқу орнына майдандас досының атағын алып беріп еді. Тоқтар Əубəкіров, тұңғыш қазақ ғарышкері, авиация генерал-майоры: Біздің буын өкілдері аты аңызға айналған батырдың даңқы мен рухынан күш алып, ұшаққа отырдық. Даңқты қазақ қыранының ізін басатын жастарымыздың қатары елімізде жыл сайын өсіп келетіні көңілді марқайтады. Олардың барлығы да ұшаққа алғаш отырғанда екі мəрте Кеңес Одағының Батыры, жаужүрек майдангер-ұшқыш Талғат Бигелдинов атасын еске алары даусыз. Өйткені – батырдың аты өлмейді.

АЌМЕШІТ БИОЭКОТУРИЗМ ОРТАЛЫЄЫНА АЙНАЛА МА? Киелі үңгір – жоғары күш-қуатты, таза энергетикалық ауа ағымдары шоғырланған толқынды жер

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

болып жатқандай ғылыми еңбегін біреуден көшіріп алатын жолдан қо сылған жолбике ғалым емес, нағыз ғалым, ұлтқа жаны ашитын мемлекетшіл ғалым. Сол айтады. Геомагнитті толқын – солтүстіктен оңтүстікке, шығыстан батысқа бағытталған геомагнитті жолақтар. Жұмыс орныңыз немесе жатын төсек орныңыз осы жолақ бойында орналасатын болса, адам ағзасы қан-тамыр, буын ауруларына жəне қатерлі ісік ауруларына бейім болады. Сол сияқты жаман энергия: тіл, көз, қарғыс сөз адам ағзасына кір энергия түрінде жиналады. Киелі Ақмешіт үңгірі жоғарғы күш-қуатты, таза энергетикалық ауа ағымдары шоғырланған толқынды аймақта орналасқан. Ақмешіт үңгірінің күмбез шаңырақты құрылымы адам ағзасына оң əсер етіп, кір энергиядан тазартып, иммундық күш-қуатын оятып, келеңсіз аурусырқаудан арылтады. Жақында Мұсекең «Манкент» шипажайында демалған. Шипажайға дертті адамдар көп келеді. Қауышқан сəттерінде ем-домның ескі сырқатты қозғағанын, жаны қиналғанын айтады. Астаналық Қасымбаева Талсынның қан қысымы 180 болған. Алматылық Нұрбаева Гүлбахираның ескі астмасы қозып, бір күнде үш рет жедел жəрдем шақыр ған. Қарға адым жер басуы қиын. Мұсатілла Тоқанов Ақмешіт үңгірі туралы айтқанда Алтайдан, Атыраудан келгендер бармаққа қиылып өтініпті. Жолда бəрі бір шипасы тиер деп Домалақ ана кесенесінің жанындағы бұлаққа барып, үстеріне шелектеп су құйған. Алдында Тоқанов арнаулы құрылғысымен бəрін тексергенде үшеуінің ғана биоөрісі таза болған екен. Бұлақтан кейін ештеңе өзгермеген. Керемет Ақмешіт үңгірінен соң басталыпты. Қан қысымы тым жоғары қарға адым жер жүруді ауырсынатын астматик Гүлбахираңыз да, Талсын да құр аттай желіп жүр дейді. Талсынның қан қысымы 120, ал Гүлбахирада ен тікпе ауруынан дым жоқ. Кешке би жарысынан жүлде алыпты. Бұл айтылғандар əлгі ауруларды Ақмешіт үңгірі құлантаза айықтырды дегенді білдірмейді. Бірақ еміне шипа болатындығын көрсетті. Қандай, қалай екендігін жоғарыда айттық. Ақ мешіт – Алланың мейірімімен ерекше жаратылған жер. Одан

50-60 мың доллар шамасында болса, екі қабат үйіңіздің құны осы шамалас. Тағы бір таңғаларлығы талай адам жалға алып, көп тұрақтамаған. Үй ішіне кірсең еңсеңді албасты басқандай бір көңілсіздік иектейді. Неге? Көңілге күдік кірген. Үй алмақ досқа геомагниттік толқындарды зерттеп жүрген ғалым Мұсатілла Тоқанов жайын айттық. Банктің өкілі де келді. Қолында бір бума кілт. Мұсатілла Тоқанов қақпа алдында геомагниттік толқындарды бақылайтын аспабын шығарды. Қақпадан бірер қадам аттағаннан кейін-ақ қолындағы қос сым темір бір-біріне желімдеп тастағандай жазылмайды. Ауланы айналды. Екінші қабатқа көтерілді. Көрші үйдің ауласын шалды. Қос сымның арасы жазылмайды. Жоғары көтерілдік. Үйден ұзадық. Айқасып тұрған қос сымның арасы ажырап, екі жаққа аунап түсті. – Мына үйлер сайда орналасқан. Геомагниттік толқынның ошағында жатыр. Алмағандарыңыз мақұл. Ауру боласыздар, жолдарыңыз байланады. Қазақстан бойынша геомагниттік толқындарды зерттеп жүрген бірденбір ғалым осылай деді. Үй алынбайтын болды. Үнсіз тұнжырап жүрген банк қызметкері езу тартты. – Ризамын сіздерге, – деді. Менің міндетім борышкердің үйін сатып, банк қаржысын қайтару. Талай клиент əкелдік. Қызығып келеді, алам дейді. Үйге кірген соң «еңсені басады екен» деп кете беретін еді. Себебін енді ұқтым, – деді. Ал, елді үрейлендіретін геомагниттік толқын деген не, оны қалай білуге болады. Одан құтқаратын қандай күш бар?! Біз ғалым Мұсатілла Тоқановтың тұжырымдарын тарқатып көрейік. Ертеде адамдар жер қыртысының жарылыстары ойпаң, сай жерлерге жəне өзеннің бұрынғы арналарына өздері тұратын үй лерін салмаған. Үйлерін тек биік, тегіс, таза жерлерге салған. Біздің ата-бабаларымыз көшпенді қалыпта өмір сүргендіктен, жаздық жайылымдарға шыққанда қой малы қай жерге үйіріліп жатса, сол жерге үйлерін тіккен. Себебі, қой малы, тегіс қыратты жерлерді қалайды, сайға үйірілмеген. Халық киелі таза жерлерді біліп ондай жерлерді киелі емдік қасиетті жерлер деп атаған. Ресейде емдік қасиеті бар «Репино» деген жерге халық ағылып келіп жатады. Бұл жерде адам ағзасына емдік қасиетпен əсер ететін күшті қуатты толқынды ауа ағымдары шоғырланған. Украинаның астанасы Киевтің басты көшесі Крещатиктің аяғында Днепр өзенінің жанында 18 метр жер астында христиан шіркеуі бар. Қысы-жазы онда +18°С қоңыр салқын температура сақталып тұрады. Адамзат күмбез шаңырақты

Ғасырлар бойы жинақталған тə жі рибе лер дің арқасында АҚШтың Ақ үйі, Қазақстанның Ақ Ордасы, Жеті кереметтің бірі не жататын Үндістандағы Тадж Махал, Түркістандағы Ахмет Ясауи кесенесі, тағы сол сияқты күмбез шаңырақты пирамида іспеттес əлем дүниесіндегі тарихи ғимараттар көптеп кездеседі. Бабаларымыз жүздеген жылдар бойы күмбез шаңырақты киіз үйлерде тұрып, түрлері бізге ұқсас теріскейде тұратын хақас ұлты екі қабат бұғының терісі жабылған чумаларда 50 градустық қақаған аязда балашағасын өсіріп келген. Ертедегі Египет абыздары, мыңдаған жыл бұрын салынған шаңырақ күмбез іспеттес пирамиданың қасиетін адамдарды рухани қайта түлету үшін пайдалана білген. Осындай киелі жерлердің бірі Оңтүстік Қазақстан облысының Бəйдібек ауданындағы Көктерек ауылының жанындағы Қаратау сілемінің бөктеріндегі киелі Ақ мешіт деген үңгір. Қасиетті, киелі Ақмешіт 250 метр биіктікте таудың сілемінде орналасқан. Үңгірдің кіре берісінде ені шамамен 10-15 метр көлемінде, арнайы орнатылған темір сатымен 35 метр төмен түскенде бірден жаздың аптап ыстығы +35, +40 градустан үңгірдің іші қоңыр салқын, +18-20°С салқын лебі ұрып тұрады. Үңгірдің бір кереметі: ені 60-80 метр, ұзындығы 120 метр, биіктігі шамамен 35 метр күмбез іспеттес. Үңгірдің ішінде көптеген жылдар бойы құстардың тырнақтарымен келген өсімдік тұқымдарының арқасында өсіп-өнген неше түрлі ағаштар мен өсімдіктер бар. Мұнда əртүрлі құстар мекен етеді. Үңгірдің ортасында 10-15 метр үйінді көптеген жыл дан бері жиылған. Қазақта киелі құс деп аталатын үкінің саңырығының үйіндісі жатыр. Шырақшы Асқар деген ақсақалдың жасы 75-те, оның айтуы бойынша бұл құстың саңырығы жүздеген жылда жиылған дейді. Асқардың атасы, əкесі жəне өзі осы жерде шырақшы болып Алланың қалауы бойынша қызмет атқарып келеді екен. Кейінгі жылдары, үкі құсы үңгір ішінде неше түрлі жұмыстар жүргізіле бастағандықтан ұшып кеткен екен. Киелі Ақмешіт күмбезінің əр жерінен су тамшылап тұр. Күмбез шаңырақтың қасиетінің арқасында қысы-жазы тамшылғанымен ауа да ешқандай келеңсіз пато генді ауру бактерияларының болмау себебінен ешқандай көгеру, шіру тіршіліктері байқалмайды. Арнайы «биолакациялық» құралмен асықпай Ақмешіттің əр метрін тексеріп шыққанда, үңгір ішінде адам денсаулығына кері əсер ететін геомагнитті толқынды əсерлерді таппадық. Қазақи көзқарас дəстүрімен айтатын болсақ, Ақмешіттің кереметтілігі

жеткенше айттық. Енді мұны ел игілігіне қалай айналдыруға болады?! Ақмешіт – био жəне экотуризм. Насихаты жақсы болса туристерді магниттей тартатын киелі мекен. Біздің ұсынысымыз, дəл осы жердің аумағына сауықтыру орталығы салынуы керек. Себебі, қант диабеті, сусамырдың бірден-бір емі – түйе сүті. Одан дайындалатын шұбат, оңтүстікше айтқанда қымыран. Түйе жантақ сияқты ащы шөптерді жейді. Оныңыз – ағзаңыздағы дерттерді жұлып алатын таза дəрумен. Тоқановтың түйе сүтінен сусамыр сияқты ауруларды емдеуге болатын қон дырғы ойлап тапқанын ғаламтордан оқып, Токионың атақты телеканалынан журналистер келген. Қондырғысын Қытай, Моңғолия кəсіпкерлері, ғалымдар сұрап жүр. Қоңторғай тұратын ғалым «өз ұлтыма керек» деп сатқысы келмейді. Бірақ, «ауылдағының ауызы сасық» дегендей, ғалымның жаңалығын пайдалана алмай жатырмыз. Егер Мұсатілла Тоқановты жаңа орталық ашып, Ақмешітке əкеле алсақ, түйе, жылқы шаруашылықтарын құрып, емделушілерді Ақмешіт кереметінен бөлек түйе сүті, бие саумалымен емдеуге жол ашылады. Ғалымның зерттеулерін ел игілігіне пайдалана аламыз. Туризм керек пе, ем керек пе, Ақмешіттен табасыз. Мұнда əлем жұртының көзқұрты Тибеттің қасиеті бар. Мұның бəрі Оңтүстік Қазақстан облысының əкімі Бейбіт Атамқұловтың атқаратын шаруасы. Ойдағыдай жүзеге асыра алсақ, тек Оңтүстікке ғана емес, байтақ Қазақстанға пайдасы тиер, абырой берер игілікті іс болар еді. «Ақмешіттің» құдіретін өз басынан өткерген Мырзатай Жолдасбеков аға Астанаға аттанар алдында облыс əкіміне арнайы кірген. Алланың қалауымен табиғаттың өзі жаратқан ғажап туындының адамдар денсаулығына мол пайдасы барын айта келіп, «Шырағым Бейбіт, Ақмешітті емдеу орнына айналдыру сауапты іс, осы істі аяғына жеткіз» деп аманат айтып еді. Ел ағасы Мырзатай Жолдас беков əлем нің бар кереметін көрген азамат. Оңтүстікте біреу біліп, біреу білмейтін Ақмешітке əлемдік құ былыс, жаратқанның сыйы деп баға беруі бəрімізді ойландырса керек-ті. Қалай дегенде де Ақмешіт үңгірі емдеу-сауықтыру шипажайына сұранып тұр. «Ақмешіт» өзін-өзі ақтайтын жоба. Мұнда қазақ қана емес түрлі ұлт өкілдері де көптеп келеді. Био экотуризмге сұранып тұрған қасиетті жерді Алла халқымыздың маңдайына жазыпты. Ұқсата алмасақ, кімге өкпелегендейміз?! Оңтүстік Қазақстан облысы.

ланды. Қан майданның ең қызған шағы – 1943 жылға дейін «Ил-2» штурмовигімен жау шебіне 20 рет кіріп, жерге аман оралған əрбір ұшқышқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілген. Өйткені, əуеден ажал оғын себетін кеңестік «Ил» ұшағы ауырлығымен əрі маневрге қолайсыздығымен «көзге түскен». Бұл штурмовиктерді «ұшатын танк» деп бекер атамаған. Талғат Бигелдинов сол «əуе кемесімен» жау шебіне 305 (!) рет көктей кіріп, атой салған. Тарихтан білетініміз, соғыс кезінде əуеге 20 рет көтеріліп, аман оралған штурмовик-ұшқыштар батырлықты былай қойып, тіпті, басының аман қалғандығын өзіне бақыт санаған. Бəлкім, содан да болар, онсыз да үрей құшағында жүргендер бүйірінде «13» цифры жазылған мұндай ұшаққа эскадрилья бойынша онша үйірсек бола қоймаған екен. Ал біздің жаужүрек ағамыз сол «ұшақпен-ақ» өз есімін мəңгілікке тарих бетіне өшпестей етіп жазып кетті. Салтанатты шара барысында батырдың рухына тағзым етушілер ескерткіш тақтаға гүл шоқтарын қойды. Жиналғандармен ой бөлісті. Ким Серікбаев, əскери ғалым, полковник: Талғат ағамыз өмірде қарапайымдылықты қатты қадірлеген азамат. Алайда, əділетсіздікке төзбес еді. Мектепке Баукеңнің атын берудегі қолдан жасалған қиындықтарға тап келген сəтте мен Бигелдинов ағама жүгінген едім.

Аягүл Миразова, Қазақстанның Еңбек Ері, Ыбырай Алтынсарин атындағы №159 мектеп-гимназияның директоры: екі мəрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов ағамыздың соғыстағы ерлігі бүгінгі ұрпақ үшін тарих сабағы іспетті деп ойлаймын. Əрбір жас буын өкілінің батыр тұрған осынау үйдің жанынан өтіп бара жатып, бүгінгі қойылған мына ескерткіш тақтаға көз тоқтатары сөзсіз. Ұрпақ жалғастығы деген осы. Мен мұны барымызды бағалау, батырларымызды құрметтеу деп ұғынамын. Небəрі 21 жасында бірінші, 22 жасында екінші мəрте Кеңес Одағының Батыры атанған ағамыздың ерлігіне қалайша бас имейсің! Екі ғасырдың қаһарманы атанған батыр ағамызға бүгін лайықты құрмет көрсетілді. Екінші дүниежүзілік соғыста қазақ халқының атағын шығарып, даңқын аспандатқан Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов ағамыздың ерлік істері бүгінгі ұрпақтың жадында мəңгіге сақталады. Батырдың рухына тағзым етіп келген көпшіліктің жүзінен риясыз сол ілтипат менмұндалап тұрды. Халық батырдың – қаһарман ұшқыштың рухына құрмет көрсетті. АЛМАТЫ. –––––––––––––––––––––– Суреттерді түсірген Юрий БЕККЕР.

Мəѕгіліктіѕ мўрасы Қазіргі таңда мəртебелі мəдениеті бар Қазақ елі төрткүл дүниеге тек бейбітшілік салтанат құрған ел ретінде ғана емес, сонымен қатар мəдени əлемімен де жақсы таныс. Бүгінгі мəдени өмірдің негізгі қуат күші – музыкаға тікелей байланысты екені даусыз. Ел Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың қолдауымен ашылған, Қазақ ұлттық өнер университеті еліміздің талай жас өрендерін өнер көгінде қанат қақтырған ірі оқу орындарының бірі саналады. Еске сала кетейік, ол Астана қаласында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 наурыздағы қаулысымен ашылған Қазақ ұлттық музыка академиясы негізінде құрылған еді. Содан бері елорданың мəдени ошағына айналған оқу орны бүгінде халықтың жиі баратын маңызды ордасына айналды. 2005 жылы Қазақстандағы тұңғыш жəне жалғыз Германияда дайындалған арнайы Орган залы ашылған болатын. Биыл 10 жылдық мерекесіне орай 30 қазан мен 3 қараша аралығында халықаралық фести валь ұйымдастырылды. Оған əлемнің түкпір-түкпірінен белгілі өнер жұлдыздары шақырылған болатын. Соның бірі – Италиялық хас шебер Джампьеро Собрино. Дүние жүзіндегі ең үздік деп мойындалған, саусағынан бал тамған, заманауи кларнетист Италия, Франция, Испания сахналарын бағындырған. Ал бұл сапарда өнер иесі қазақстандықтардың өнерге деген

ерекше көңіліне ризашылық сезімін білдірді. Атағынан ат үркетін тағы бір өнер жұлдызы ол – исландиялық Гудни Эмильсон. Ол баржоғы 4 жасынан бастап музыкаға ден бұрып, ерекше қабілеті арқасында дирижерліктің биік шыңын бағындырған. Австрияда – Герберт фон Караян сыйлығын, Германияда – Рихард Вагнер, Байройт сыйлығын иеленіп дүйім дүниені таң қалдырды. Ірі іс-шараға байланысты БАҚ өкілдерімен баспасөз мəслихаты өтті. Оны жүргізген Қазақстанның халық əртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, университет ректоры Айман Мұсақожаева. Қазақ ұлттық өнер университеті Орган залының 10 жылдық мерекесін тек өз еліміз деңгейінде ғана емес, əлемдік деңгейде атап өтуді жөн көрген жобада жастар шығармашылығына айрықша көңіл бөлінді. Университет қабырғасындағы айтулы ісшаралар келешекте концерттік бағдарламалар шеңберінде қалып қоймай, жан-жақты тұрғыда ойластырылатыны алға тартылды. Самал САТҚАЛИЕВА, журналист.


11 қараша

ƏҢ

2015 жыл

Ə

ДІЛДІГІНЕ жүгінейікші бір уақ; шақырылған жерге шапқылай беру жасы тоқсанға келген қарт кісіге қайдан жарассын. Əрине, бетіне баттитып айтпаса да, əлдекімдердің өстіп іштерінен күңкілдемесіне кім кепіл. Əлдекімдер деп құлашты арыға сілтеудің қажеті не, қарияның кенже ұлы Қыдырбай да əкесінің «түк көрмегендей» телефоннан қоңырау түскен сəтте сақал-мұртын басып, сыланып-сипанып, күтуші келіншек үтіктеп берген костюмді бір киіп, бір шешіп, шала бүлініп жататын тіршілігін аса құптай қоймайды. Қабағы кіртиеді. Тақтай еденді өкшесімен тесіп жіберетіндей дүңкілдетіп, таңғы ас дайын болғанша кішкене бой жазайын деп сыртқа шығып кетеді. Ат шаптырым ауланың ана басы мен мына басын жалғап, адымдап жүреді, аздап жүгіреді, аспалы темірге тартылып, əкесіне деген «ренішін» өстіп ащы термен сыртқа шығарып тастауға

тапқан-таянғандарын ақсақалдың аузына тосып, үстіне шаң жұқтырмай, жейдесінің жағасын кірлетпей, алақандарына салып, аялап отырса қария əдемі өмір сүрмегенде қайтеді?! Сондай да Қыдырбайдың көкірегі де көтеріліп-басылады: əкесінің тым мазасыздығын, бірер сағат тағат тауып тыныш отыра алмайтындығын, атшаптырым ауланың ішін жеміс ағаштарына сықита толтырып қойғандығын жəне жемістерінің бал татитындығын, бос алаңқайға белуардан келетін жоңышқа егіп, оны жазда екі мəрте орып алатындығын, онысын ерінбейжалықпай буып-түйіп əлдебір мүсəпірлердікіне есек арбасымен өзінің жеткізіп беретіндігін үзіп-жұлмай, тыңдайтын құлақ табылса бірін қалдырмастан баяндап бергісі-ақ келеді. Сөйтіп, бар шындықты жайып салып, ішін бір босатып алғысы-ақ келеді. Бірақ, біреулер сенің астыңа көпшікті қалыңдатып қойып, сөзіңді сөйлеп жатса

І

ЕМ Л Ə Е ГІМ

толушы еді. Сонда қалай, шындыққа жанасама осы гөй-гөйлері?! Қариясының жасы тоқсанға келіп, зыр қағып жүргені мынау! Бұл экология жағдайындағы ұзақ жасаудың құпиясы неде? Бəлкім, əлі адам білмейтін жағалау жұмбағы ашылмаған шығар? Оу, оған бола шабылып, арамтер болудың қажеті қанша. Ақсақалдың көзі тірі, ауызба-ауыз сөйлесейік, ұзақ жасаудың жай-жапсарын сұрайық, дəрігерлік көмекке зəру ме, дəрі қабылдауды ұната ма, ұнатпай ма, əлі қанша жыл өмір сүруге қабілетті... осы жайттарды өзінен естігілеріңіз келсе, лəппай, шаһар шетіндегі алты бөлмелі ақ үйді жұрттың бəрі біледі. Шағын шаһардың кез келген тұрғыны тоқсанға келген кісімен таныс-білістігіне мақтаныш білдіріп, бірден жөн сілтеп жібереді. Бұл өлкеде тоқсанға келген адам сирек, тіпті жалғыз... Оу, осындайда Қыдырбайдың əкесі иығына жаман-жəутік бірдемелерді іле салып, ауланың

еңсені тік ұстап, қара жерге өкшені тік қадап, өмір сүрудің өзі кішігірім бақыт. Осы жай еске түскенде əкесіне деген алабөтен іңкəрлік, перзенттік парыз бен махаббат дейсіз бе, тұстұстан сарқырап құйыла кетеді-ай жарықтық! Кім білсін, өзінің де өзгелерден оқ бойы алда жүргісі келетіні осының арқасы шығар. Бірақ, мұны – реті келсін-келмесін білгішсініп, омыраулап жұрт алдында шешенсіп сөйлеу, елдің төбесінен қарағысы келетін менмендікпен шатастыра көрмеңіз! Тоқсанбайдың ұлы да өлетін жерін біледі. Дұрысында шақырылған жерге далақтап шапқылай берудің жөні қайсы? Тоқсанға келген кісіге ерекше күтім қажет, ерекше қамқорлық қажет бүгінде. Ол аз десеңіз, артық тамақтың өзі зиян. Өз үйі-өлең төсегінде де жағдайы бар ғой шүкіршілік, не киемін, не ішемін демейді. Құстың сүтінен басқасының бəрі бар. Лыпып тұған күтушісі анау. Зеріксе, күші та-

Тосандаы Тосанбай

тырысады. «Жақын-жуық ағайынның тойтомалағы болса бір сірə, кім көрінгеннің шашбауын көтеріп... Барса да талғап, таңдап бармай ма» деп ішіндегісін көпке сақтап жүре алмай, ана жолы əкесінің жақтырмайтындығын білсе де, тастай бекініп айтып салған. Қарияның қырым етсіз қу жағы бүйе шаққандай жыбыр ете қалды; дастарқанның жиегінен басын қақшаң еткізіп оқыс көтеріп алды; сосын қызылы қалың шегір көзін айырмастан, тап бір ұлын жаңа көргендей Қыдырбайдың жүзіне кірпік қақпастан тесіліп ұзақ қарады. Оу, мұнан кейін ертеңгі шай үстіндегі отбасылық сəн-салтанат қайдан оңала қойсын. Бұрындары дəл осы үстөл басында қайдағы-жайдағылар еске түсіп, ұзынды-қысқалы əңгімелер айтылатын; аудан көлеміндегі жаңалықтар, дария арнасындағы судың көлемі, Кіші теңіздің екінші жобалық қуатының қашан қарқын алатындығы, тіпті болмаса Қыдырбайдың шешесі – өткен жазда о дүниеге аттанған ақсақалдың кемпірі Ақиіс апамыздың іс-əрекеті, жүрген-тұрғаны да сағынышпен ойға оралатын. Ақсақалдың кенже ұлы əкімшіліктің бір департаментін басқарады, былайша айтқанда түкірігі жерге түспей тұрған аудандағы санаулы шенеуніктің бірі. Ілгеріде іші-бауыры қабысқан сылыңғырдай жіпжеңішке жігіт-ті. Бүгіндері бүйрек секілді бұғақ пайда бола бастапты. Соған орай дауыс ырғағы да сырнайдай сыңғырлап естіледі. Ыңғайы келгенде əкесімен жеңіл-желпі əзілдесіп қоятыны да бар. «Кемпір əперсек қарсы болмайсыз ба?» Əкесінің қызылы қалың көздерінен боларболмас от ұшқындайды. Жəне қайтарған жауаптары да атан түйеге жүк боларлықтай, не əзілін, не шындығын түсіне аймайсың. «Балам мен келінім ауданды тіреп тұр. Сондықтан, кəкір-шүкірге шығындалып қайтемін. Кемпір əпергілерің келген екен, Əбсəметтің шешесін əперіңдер. Ауыз толтырып айтуға жақсы ғой ең болмағанда, екіншіден сендерге де жаман болмас». Əбсəметіңіз ауданның қазіргі əкімі. Тартылған теңіз жағалауында бір кездері əкесімен ауылдас болған. Тонның ішкі бауындай тым жақын араласпаса да, бір-бірлерін жақсы біледі. Қыдырбай иығын қиқаң еткізіп, «біздің шалдың аспандауын-ай» дегендей келіншегіне қарап, жымың-жымың күледі. Келіншегі ұялғансып төмен қарайды. Сонымен, бұл мəселе күн тəртібінен көзбе-көз түседі де, өткір тақырыптың аяғы сиырқұйымшақтанып тұйыққа тіреледі. «Оу, менің сұрағыма жауап бермедіңдер ғой», деп ақсақал да əдейі қитығып ас қайырады да, орнынан созалаңдап тұрып кетеді. Қыдырбайдың келіншегі де ызалы жерді баспайтын өте сақ адам. Шағын шаһардағы бір орта мектептің дыңдай директоры. Күйеуі екеуінің табысы бір шаңырақты өрге сүйреуге молынан жетеді. Оның үстіне қызметші ұстайды. Қызметші ұстайтын себебі, өздері ұзақтыкүн жұмыста, бір бала мектепте, бір бала бақшада. Ал жасы тоқсанға таянған қария өз аяғымен жүріп-тұр, шақырылған жерден қалмай, ылғи той-томалақтың төрінен табылады дегенмен, абыройсыздық күні бұрын қоңыраулатып, атойлап, айтып келе ме. Айтып келер болса бүйтіп алдын ала сақтанып, қызметшіге жалақы төлеп, не бастарының іскені. Үлкен кісілердің қақсоқпен шаруасы болмай, бұйырған несібені теріп жеп, үрім-бұтағының тілеуін тілеп, үйден кіріп-шыққанына шүкірлік айтып, тыныш отырғанына жететін не бар?! Жəне ондай кісілер жоқ емес, бар ғой, бар. Не пəлесінің барын қайдам, ал Қыдырбайдың əкесі ол санатқа жатпайды. Тоқсан. Таңдайың тақ ете түседі. Қуанғаныңды, не ренжігеніңді сыртқа шығара алмай, кеңірдегіңе əлдене кептеліп қалғандай, үсті-үстіне ашқарақтана жұтынасың. Тоқсанға келген қария енді секіргенде қайда барамын, жұлқынғанда нені қиратамын, жарық дүниенің көрер жарығы түгесілген тұста ағайын-туғанмен бақұлдасып, біреудің мойнына масыл болмай, ана дүниеге абыроймен аттанып кетсем, арманым болмас демес пе?! Кей-кейде Қыдырбай да əкем осы не ойлайды екен деп, əкесінің сырт пішініне ұрлана қарап қояды. Бірақ, сырт пішінде тұрған не бар. Адам – жұмбақ, жүрек түкпірінде не жатқанын кім біледі. Біреулер Қыдырбай мен келіншегі Сəнімкүлдің аяқ-қолдарын жерге тигізбей өлгенше мақтайды. Мақтағанда да ақша бұлттардың арасынан бір-ақ шығарады. Əкелерінің ауырмай-сырқамай тоқсанға келуі – отбасы берекесінің арқасы ғой. Ұлы мен келіні

Қуаныш ЖИЕНБАЙ.

тіліңнің қышығаны не. Қыдырбай да, келіншегі де іштерінен тынады. Жұрттың ықыласпейілдеріне ризашылықтарын білдіріп, жұрттың бəрімен жылыұшырай амандасады. Барынша көңілді, күліп жүруге тырысады. Жақсы əкенің атағы қырық жыл азық деген əне, сол! Бұл шағын шаһар экологиялық апаттың нақ ауырлық нүктесіне қоныстанған елді мекен ғой. Теңіздің ұлтанынан ұшқан улы шаңдақ, ыстық аптап, бір жағынан көз аштырмай ұйытқып соғатын Байқоңыр космодромының жынды желі... алты ай қыстағы Қызылқұмның ақ бораны. Табиғат жарықтықтың тілім-тілім еріні жарылып, бір жұтым суға зар болып, айдалада діңкесі құрып, аяғын ілби басып ілгері жылжыған жанкештідей бүгінгі ауыр халі дəл осындай. Бұл суретті түрлендіріп, бірде оң жағынан, бірде сол жағынан қайта-қайта ақжемін шығарып, мыжғылай бергеннен бір нəрсе өне ме?! Талайлар сілтеді ғой сонау ООНға дейін бір нəрсе шығарар болса... Жалпақ елге əйгілі жарапазан. Даңғыраны үстемелеп қайтеді. Міне, осындай аласапыранда атшаптырым ауласына белуардан асатын жоңышқа егіп, онысын жаз бойы екі мəрте орып алып, өзіменөзі алданып жүрген ақсақалдың абырой-беделі аспандасын-ай келіп аспандасын! Оның ауылаймақтағы той-томалақтан қалмауы бергі жағы екен. Ал мынау тартылған теңіз əлеуетін халықаралық мəртебеге иек артқызған ауқымы кең, айта қаларлықтай оқыс олжа болды. Экологиялық апаттың себеп-салдары əлемдік тұрғыдан жан-жақты зерттелген ғой. Бəрі белгілі, бəрі түсінікті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да бұл өңірге талай мəрте экпедиция жөнелткен. Қорытынды бір араға тоқайласып жатты. Тіпті, ызбай жарадай бетін тырнаған сайын арғы жағынан қаны шапшитын осы шаруаны енді қазбалай бермейік дегендер де табылған. Кенет... кімнің басының қаттырақ жұмыс істеп кеткендігін қайдам, əлде сенсациялық жаңалықтың сүйіншісін алдымен өзім алайын деді ме, Қыдырбайдың əкесі – Қалдыбектің экологияның ауырлық нүктесінде өмір сүріп жатқандығына қарамай, жасының тоқсанға келгендігі ал кеп, тосын оқиға ретінде тіркеліп, айналысқа түссін де кетсін! Барлық газеттер, барлық сайт, барлық электронды ақ парат құралдары жерден жеті қоян тапқандай тартылған теңіз жағалауындағы шағын шаһарда тұратын қария жайлы жарық-жұрқ еткізіп, арасына аңыз секілді оқиғаларды да қиюын келістіріп, жаңалықты төпелесін-ай келіп төпелесін! Сенсация! Ал сенсацияны əлдекімдердің ала өкпе боп аспаннан іздегендері аз ба? Сүйтсе, сол сенсациясы бұлардың іргелерінде жатыпты ғой жымын білдірмей. Теңіз жағалауындағы тұрғындардың денсаушылығы əмбеге аян. Ауру-сырқаудың дені осы төңіректе. Жағалаулықтардың орташа өмір сүру мөлшері алпыс, не алпыс бес жастың о жақ-бұ жағында. Одан əрі жылжытуға жүрек дауаламайды, одан əрі созғыласаң қиянатқа батасың белшеден. Сүйткен, жан-жағы гранитпен бетондалған түсініктің аяғы аспаннан келіп, быт-шытының шыққаны. Туындының басты геройы–Қыдырбайдың əкесі! Сенесіз бе, сенбейсіз бе, өмір бойы теңіз жағалауынан жарты миль алыстамаған ақсақал дабыра-дамайсыз, үнтүнсіз жыл сайын салқын сабат, таза ауалы шипажайға шапқыламай-ақ тоқсан жастың төбесіне шығып отыр, мінекей! Бұл өңір үшін тоқсан жас – бас айналдыратын көрсеткіш. Жəне бір таңғалатының ол кісі бүгінге дейін ыңқ етіп ауырмаған. Тың, əлі күнге дейін өз аяғымен жүріп-тұрады. Жүріп-тұрғаны былай тұрсын, бір шақырыспадан шет қалған емес. Ал билік басындағылардың; «бізге қол ұшын берсеңіздерші, біз экология қыспағында қалған елміз ғой» дегенде етектері жасқа

арғы бұрышындағы жүзімдікке су айдайтын шығыр жанында күйбеңдеп жүрсе, елден ұят емес пе?! Қыдырбайдың əкімдікте қызмет істейтіні, əйелінің бір мектептегі директорлығы əдіре қалмай ма мұнан соң. Ауыл-аймақтың адамдары болса бір сəрі, əлгідей жұмбақтың шешімін табуға қызығушылық танытып, сонау жер түбінен келетіндерге не дейді. Айтылар сөздің түйіні – қария қашан болмасын қаққан қазықтай боп, үсті-басына шаң жұқтырмастан сіресіп жүруге міндетті. Сол үшін қызметші ұстамауға амалдары қалды ма. Əгəрəкім, өздері жоқта бір жерге сүрініп кетіп, жамбасын сындырып алса... Қыдырбайдың келіншегі атасы жоқта күйеуінің құлағына мына жағдайды да мықтап шегелеген: – Əзілдің аяғы насырға шауып жүрмесін, əйтеуір. – Оу, не болып қалды? – Үй артында кісі бар деген, атамыз байқапбайқап сөйлесін да. – Не, нені байқап сөйлеуі керек? Ол кісіні тəртіпке салуға біздің шамамыз келсе... – Келмегенде, өз қолымыз өз аузымызға енді жетті ме дегенде... –? – Əкімнің шешесін əпер дегені Əбсəмет Қошановичтің құлағына тисе, бізге рахмет айта қоя ма ол кісі?! – Ал бəрі керісінше болса ше, – Қыдырбай өзімен-өзі рақаттанып күлді, – əкіммен ағайынтуған, құдандалы боп шықсақ... – Мен ескертуін ескерттім, ендігісін өздерің біліңдер! – Келіншегі ертеңгі шайды шала-пұла ішіп, орнынан тұрып кетті.

А

ҚСАҚАЛДЫҢ əу бастағы азан шақырып қойған аты – Қалдыбек еді. Қалдыбек боп кешеге дейін өмір сүрген. Неге екендігін қайдам, бұл есім бүгінде ешбір жерде айтылмайды. Əлде өз тұстастары келмес сапарға атанған соң, кейінгілерге бəрібір ме. Бəлкім, бұларға Тоқсанбай дегені оңайырақ шығар. Тоқсанбай деп ауыз толтырып айтқанда, шағын шаһар тұрғындарының қолдарынан ешнəрсе келмесе де, экологияға қарсылық көрсеткендей, бойларының бір желпініп қалатыны рас-ты. Елдің айрықша құндылығына айналған Қалдыбек есімін тағы кімдердің арқалап жүргендігін кім білсін, бірақ тоқсанға келген бұл қарияны ешкіммен шатастыруға болмайды. Сосын бірінің аузына бірі түкіріп қойғандай немесе кəделі жиналыстың əлдеқашан мөрін басып, шешімін шығарғандай жасы да, жасамысы да Тоқсанбай дегенге əбден үйренісіп кеткен. Тоқсанбай. Бітті. Тоқсанбайға алдымен қарияның да құлағы үйренген. Қалдыбекті ұмытқалы қаш-шан. Ұмытсын, ұмытпасын, əкелерінің тоқсанға келгені ұлы мен келіні үшін де кəдімгідей мəртебе. Ара-тұра бойларын мақтаныш сезімі билейді. Сонау алыстан келген қонақтар аудан əкімі – Əбсəмет Қошанұлы арқылы қарияның ұлын үнемі іздестіріп жатады. Атағынан ат үркетін биліктегілер ауданға əдейілеп атбасын бұрады екен, бұған алақайлап қуанбасқа шара қайсы?! Соның арқасында бұлардың шамалары келмей жүрген кейбір проблемалар да айтылып қалады, оның табанда шешімі табылмағанымен жоғары жақтағылардың құлақтарына сіңе бергені жақсы ғой. Міне, осыдан келеді де əкімнің Қыдырбайға деген ниеті, көзқарасы өзгереді. Жұмысынан анаумынау ақау шықса да сын садағына ілінбейді, жұрт құсап іссапарларға да шапқылай бермейді. Тосын тапсырмалар да жүктелмейді. О жағын ұлы да жақсы түсінеді. Əкесінің енді қанша жыл өмір сүретіндігі бір Алланың қолында ғой, десе де соған дейін емін-еркін жүріптұрғанға не жетсін! Əлдекімге жалынышты болмай, əлдекімнің алдында құрдай жорғаламай

15

www.egemen.kz

шақыруынсыз таңы атып, күні батпайтындай есік қағылса бітті, лып ете түседі. Оу, экология қыспағындағы өңірде өмір сүріп, тоқсанға келу ойыншық па екен соншалық?! Ақсақалдың сол сəтте көзі қарауытып, басының сақинасы ұстауы мүмкін ғой. Бүйрегі бүріп ауырса да біреу бірдеме дей ме. Əрине, ауру-сырқаудың беті əрмен, ауру-сырқауы өзімен кетсін, дегенмен, бергі жағымен ғана кішкене сылтау айтуына болады ғой: «Бүгін мəнісім болмай тұрғаны» десе түйін бірден шешілмей ме... Мінезі жеңіл, қолдыаяққа тұрмай ұшып-қонады. Шақырушының алдында елпек қағады. «Сол күні, сол сағатында көлік жіберейік» дейді əлгі мың болғыр. Ондайда Тоқсанбайдың кіреукі жанары жарқ ете түседі: «А...а, не, не дейсің? Арнайы көлікпен алдыратындай мен не, əкім бе екенмін, көлікпен алдырту-ақшасын төлеп, жұмысшы жалдағандай ғой кəдімгі. Бұл – түсінсеңіз кісінің құнын түсіру, көлікке қарап қалған күн жоқ əзірге. Денім сау, жұртпен бірге жетермін аман болсам. Маған алаңдамаңдар, немене бір-екі шақырым жаяу жүргеннен беделі түсіп қалмас!». Ал бұған бір нəрсе үстемелесең, қасқыр қақпандай шап ете қалады:– Сен не, аспанан түстің бе, əлде қызметтің буы əкетіп бара ма? – Қайдағы бу, мен əкімшіліктегі көп қызметкердің бірімін. – Десе де, есті адам бүйтіп сөйлемес болар. – Мен не деппін соншама?! – Не деппін? Не дегеніңді ұмытып қалсаң, қайтадан есіңе түсірейін. «Кез келгеннің шашбауын көтере бермесеңізші, шақырса да талғаптаңдап барсаңызшы!» Бұл не масқара! Сонда немене, тоқсанға келген қарияның онсызда улы шаңдақ астында қалт-құлттап тірлік кешкен ағайынды алалауы керек пе?! Солай ма?– Қызылы қалың шегір көз кісіні жеп қоятындай ақшараңдайды. – Олай деген кім бар, – ұлының үні құмығып естіледі, – сізге болысу ғой біздікі. – Болысқанда өстіп болыса ма екен, а?! Шақырылған жерге таңдап баратындар өзімен кетсін! Білем ғой сендерді, Құдай болуға шамаларың жетпей жүр, əйтпесе... – Ту...у, сонша таусылмаңызшы енді. – Таусылмағанда! Сүйектен өтетін сөз айтып тұрып. Ел-жұртты мен алаласам, өзгелер не істемек? Атқамінерлер шақырса алдымен жет, жарлы-жақыбайларға сылтау айт! Ой, данышпаным-ай, мұндай ақылыңды бұрын естісемші! Мен біреудің айтқанымен жүретін жастан кетіп қалдым, қарағым! Кейде тоқсанға келгеніме де қатты қысыламын. Жұрттан жасырынып, ұрланып, бірдеме жеп, не басқа ауамен тыныстағандай, өзгелерден ерекшеленіп ұзақ жасағанымды да құп көрмеймін. Көзге шыққан сүйел секілдісің бір түрлі. Тартылған теңіз тақсіреті бəрімізге ортақ еді ғой. – Құдайдың назары түскен шығар. – Құдайдың назары неге маған ғана түседі, а?! Мен жұрттан артықпын ба? Түсін, қарғам жəне келіншегіңе де түсіндір, менің тоқсанға келуім – ағайын-туғанның маған деген ықыласпейілдерінің арқасы! Енді маған көз де, сөз де тимейді. Менің аяғымды жерге тигізбей мыңмиллион таза пейілдер көкке көтеріп жүр! Сондықтан шамам келсе, жұрттың көз алдында жүруге тырысамын. Тірі жанды жатсынбаймын, үлкенмен де, кішімен де тең дəрежеде сөйлесіп, тең дəрежеде əзілдесемін... Басыңа кірді ме бір нəрсе? – Түсінікті. – Түсінсең сол!

Ұ

сып бара жатса аула ішіндегі жұмыс та бір басына молынан жетеді. Əкесінің экологиялық апат аймағындағы дүлей табиғатқа бас имеген қазіргі беделін айтпаңыз! Тірі экспонат, көз сүйсінетін жалғыз жəдігер! Ал сол «жалғыз жəдігер» шақырылған жердің дастарқанынан ауыз ұшымен дəм татып, ақ жейдесінің жағасына кір жұқтырмастан, тура барып, сол ізімен тура қайтар болса сөз бар ма! Жоқ, олай емес, өткенкеткеннен əңгіме соғады бұл кісі, теңіздің шалқып жатқан заманында – жас күндерінде не істеп, не тындырғандарынан шежіре шертеді. Кімдермен емен-жарқын араласап, тіршіліктің алақұйын алас-қапасында кімдермен текетіресіп, жүз шайысып қалып, араға біраз уақыт салғаннан соң барып, қайта табысқандарына дейін, жанында кімдер отыр, олармен де есептеспестен, санаспастан ойындағысын бүкпесіз айтып салады. Тоқсанға келген қадірменді ақсақалдың құтты табалдырығынан аттап, жастарға бата бергендігінің өзі неге тұрады?! Кішкентайлардың маңдайларынан сыйпаса да – мəз, жаңа түскен келінге сəттілік тілесе де – мəз. Тоқсанбай мəз қылатын көріністер жетерлік. Абыз-əулиенің рөліне еніп, табаны жерге тимей, ұшып жүретін аңыз-адам секілді бейне бір! Тоқсанбайсыз той өтпейді. Бұл түсінік əбден мық шегедей орныққан. Балталасаң бұзылмас. Тойдың төрінде Тоқсанбай отырмаса ол тойдың қандай мəн-мағынасы бар. Тойдың жасау-жабдығынан бұрын тойға ақсақал келе ме, келмей ме дейтін мəселе қай кезде де өткір. Əсіресе, осы күндері бұл төңіректе той көп. Сол тойлардың бірліжарымы қабат келіп қалса, Тоқсанбай алдымен кімнің үйіне түсуге тиіс. Оны той иелері ақсақалсыз-ақ сырттай ақылдасып шешеді. Ұлы ұртын толтырып неге кейістік білдірмесін. Ел ішінде рулық, ағайынгершілік, тамыр-таныстық деген болады, көңілдерін қимайтын көзкөргендер деген болады. Міне, сондайларға барып төбе көрсет те, көп айналмай кейін қайт. Жоқ, бұл кісінікі неғылған үзіліп тұрған жүрек! Бəріне лəппай. Дəп бір солардың

ЛЫ күтуші келіншекке шұғыл хабар бергенде, Тоқсанбай есек арбасына соңғы орылған жоңышқаның оншақты бауын басып алып, базарға қарай аяңдап бара жатқан-ды. Тегін дүниенің қадірі бола ма, бүгінге дейін талайдың қорасына жоңышқаны өз қолымен жеткізіп берген. Ауыз ұшымен айтылған «рахметке» қанағаттанбады, екінші жағынан бүйте берсем елді жалқаулыққа үйретермін деп аяғын тартты. Олар да маңдай тердің қадір-қасиетін түсінсін. Ал алажаздайғы еңбегінің өтеуі ретінде осыдан қалтасына бірліжарым тиын-тебен түссе, оны барған жерінде қолына қараған бүлдіршіндерге үлестірер. – Ойбай-ау, дені дұрыс па ол кісінің, айдыңкүннің аманында базарға барып жоңышқа сатқаны несі?! – Қыдырбай түкірігіне шашалып, тұтқаның аржағынан тұттығып əзер сөйледі.– Естіп тұрсыз ба?! – Естіп тұрмын, – деді күтуші келіншек. – Ендеше былай істе, есек арба алысқа ұзамаған шығар. Ізінен қуып жет! Қуып жет те, мынаны табыста! Орталық теледидардан арнайы түсірушілер тобы келіпті. Əкеміз жайлы деректі фильм түсірмек екен. Тездетіп үйге оралсын, үйге оралсын да дұрыстап киініп отырсын. Мұны аудан əкімінің тапсырмасы еді дегейсіз. Мені араға қыстырма, мен айтты десең қылтиып қалар. Күтуші келіншек қос өкпесін қолына алып, базарға жақындаған есек арбаны əзер қуып жетті. Есек арба үстінде əндетіп отырған Тоқсанбай «қуғыншының» алау-далау түрін көргенде ішінен тыжырынды. – Аманшылық па?! – Аманшылық болғанда... – Арбаның белағашынан мықтап ұстаған келіншек ентігін баса алмай, қарияның жүзіне жалтақ-жалтақ қарап, мəселені неден бастарын білмей біраз іркілді. – Солай да солай... Сіздің осы тұрғанда кері қайтуыңыз керек. – Кері қайта алмаймын. Ал түсірушілер менің осы түрімді бассын киносына. Ешбір жасандылығы жоқ, шынайы өмір... Оларға керегінің өзі осы емес пе?! – Арба ілгері жылжыды. Сəл жүрген соң не істерін білмей, орта жолда қалт тұрып қалған келіншекке былай деп айқайлады: – Менің сұр жейдемді үтіктеп қойғайсың, қарғам... əне, бұл үлкейгендікті қойсаңшы, есімнен тарс шыға жаз дағанын қараңыз! Бүгін Сағымбек немересінің сүндет тойына шақырған... Бару керек, мен барғанша асқа жуымай, мені күтіп отыратындығын қайтерсің бұл ағайынның!.. Жүзі нұрланып, əнтек жымиды.


ХА

2015 жыл

Їлкен ел – їлкен отбасы

 Сирек суреттер сөйлейді

Құланнан қанат қаққан қыран

Қарт Қаратаудың етегін жайлай қоныс тепкен Құлан атты ауыл бар. Түлкібаста. Ауылдың жанынан Құлан өзені ағып жатыр. Кеңес кезінде мұнда қазақ, орыс, неміс, əзербайжан, тағы басқа ұлт өкілдері сол тұстағы Куйбышев кеңшарының бір тармағы ретінде еселі еңбек етіпті. Куйбышевіңіз кеуде қатарындағы ұжым еді. Бүгіндері Ақбиік деген атауға ие болған бұл ауылдан небір əдебиет, өнер саласының майталмандары шыққан. Көзіқарақты көпшілік оны біле жатар. Əсіресе, ауыл сахнасынан бастау алған, сөйтіп, дүйім одақ, республика көлеміне даңқы шыққан халық театрының өнерін көзкөргендер сағыныса еске алып, тамсанады. Шыны солай... Бүгінгінің жұрты атақты, ел аузына іліккен азаматтардың өмірбаянтарихынан жан-жақты мағлұмдар

болғысы келіп тұрады. Мысалы, Айдын Айымбетов көкке самғағанда республика жұртшылығын былай қойғанда, біз жоғарыда сөз еткен Түлкібастың қауым жұрты елден ерек қуанды. Сөйтсек, мұның себебі бар екен. Аспанға ұшып барып, оралған Айдын батырымыздың Құлан ауылында ізі қалыпты. Аядай, ажарлы ауылдағы Гайдар атындағы орта мектептің директоры Мұратжан Сəрсембаев Айдынның осы мектепте əліппе үйренгенін, білім теңізіне алғаш осы жерде ескек салғанын мақтаныш етсе, аталған білім ордасы орыс тілі мен əдебиеті пəнінің мұғалімі, ғарышкермен сыныптас болған Ұлжан Баятанова сонау 1978 жылы онымен бірге оқығанын, Айдынның сол кезде-ақ физика, математика пəндеріне деген қызығушылығын əңгімеледі. – Айдынның ағасы Айдар, əпкем

 Ізгілік иірімдері

Жїдеген жїректерге кїш береді Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

«Үйдегі көңілді базардағы нарық бұзады» деген сөз бар. Доллар бағасының еркіндікке жіберілуі азықтүліктің қымбаттауына əсерін тигізіп жатқандығы байқала бастады. Осындай жағдайда қорғансыз адамдардың тағдырын Үкіметтің мойнына іліп тастамай, қолдарынан келгенше септесіп жатқан азаматтар баршылық. Ордабасы ауданындағы «Аялы алақан» мүгедектердің қоғамдық бірлестігі осындағы мүмкіндігі шектеулі адамдарды тізіміне алып, үнемі көмектесіп келеді. Жақында олар екі жүз мыңнан астам теңгеге азық-түлік алып, есептегі 75 отбасының үйіне таратты. Қоғамдық бірлестік төрағасы Ертай Досқараның бастамасымен осы ауданнан шыққан, бүгінде Қарттар үйінде тұрып жатқан бес азаматқа 35 мың теңгеге спорттық киім апарып берді. Бірлестіктің шағын тігу цехы бар. Артылған қаржы, цех өнімдері көмекті өте қажет ететін отбасыларға беріліп келеді. «Аялы алақан» осылайша жүздеген жандардың жанына арқау болуда. Оңтүстік Қазақстан облысы.

Жанат бəріміз балабақшада ересектер тобында тəрбиелендік. Болашақ ғарышкер салмақты, көп сөйлемейтін, тəртіпті бала болатын. Ал, өзім еркелеу болғандықтан оларға «əмірімді» жүргізуші едім, – деп күледі сыныптасы Ұлжан Баятанова. Қазір Құланда ғарышкермен бірге оқыған сыныптастары Николай Чирков, Ширван Мамедов, Виктор Воронко деген азаматтар бар. Олар жеке ша руашылықтарымен шұ ғыл данады екен. Ғарышкердің ба лабақшадағы тəрбиешісі Наталья Алексеевна Навицкая бізбен тілдескенде оны қашанда мақтан тұтатынын жеткізді. Бүгінде Германияда тұратын ғарышкердің алғашқы ұстазы – неміс қызы Эльвира Книтель бала жанын терең түсінетін мұғалім болса, Айдынның ата-анасымен бірге көрші тұрған Күлтай

Байбатшаева мен Жанғаным Қаржауова сынды апалар бұл отбасы жөнінде жылы-жылы əңгіме айтты. – Ол тұста ауылда қазақтар аз. Орысымыз ормандай еді. Айдынның ата-анасымен етене араластық. Əкесі Ақан колхозда кəсіподақты басқарса, анасы Жұмагүл қойма меңгерушісі. Бала ларымыз бірге ойнап, ержетті. Ай дынның Айдар есімді ағасы, Дина деген қарындасы бар болатын. Жұмагүлдің дастарқаны кісіден үзілмейтін, ал Ақан байсалды, сырбаз азамат еді. Осындай ата-ананың тəрбиесін көрген ғарышкер ұлымызды біз де əрдайым мақтаныш етеміз, – дейді Жанғаным апа. Айдын 2-ші сыныпта оқып жүргенде оның ата-анасы Талдықорғанға көшіпті. Кейінірек, бұл отбасында үшінші ұл – Əлішер дүниеге келгенде бұрынғы ауылдастары, көршілері мен бірге араласқан достары Тал дықорғанға барып, құтты болсын айтыпты. Мұның қызығын аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, жаны жайсаң ағамыз Қалаубек Анашев пен кезінде Куйбышев кеңшарының бас экономисі, кейінірек аудан əкімінің орынбасары болған ағамыз Жаңабай Байбатшаев əдемілеп жеткізді. Айдын алғашқы білім əлемін ашқан ауылдың табиғаты келіскен. Арынды Құлан өзені күліп ағып жатыр. Бəлкім, ол-дағы батыр ұлдың жеңісіне, жетістігіне қуанып жатқан болар. Құланнан қанат қаққан қыранына деген мақтанышы болар, мүмкін. Кім біліпті оны? Солай көрінгені, сезілгені рас енді... Ахметжан ƏДІЛҰЛЫ.

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы. –––––––––––

Суреттерде: Алма тының Медеу мұз айдынын көруге барған сапарында; бола шақ ғарышкер Түлкібас ауда нының Куй бы шев кеңша рын дағы «Малышок» балабақшасында дайындық тобының тəр биешісі Н.На виц каямен.

 Сіз білесіз бе?

Пирамидалардаєы ерекше ќўбылыс єалымдардыѕ назарына ілікті Ғалымдар атақты Мысыр пирамидаларының бүгінге дейін белгісіз болып келген тағы бір қырын ашты. Мамандардың айтуынша, Жер бетіндегі ең көне тарихи мұралардың бірі болып саналатын бұл нысандардың ішкі ауа температурасы өте жоғары деңгейде ауытқып отырады екен. Еламан ҚОҢЫР,

«Егемен Қазақстан».

Египеттің Көне жəдігерлер ісі жөніндегі министрлігінің мəлімдемесіне қарағанда, мұндай құбылыс атақты Хеопс пирамидасынан да байқалған. Əсіресе, ғимараттың шығыс беті ерекше ыситын көрінеді. Температураның ауытқуы пирамидаларды сканерлеу жобасы кезінде анықталған. Мамандар аталған тəжірибені күн шыққан кезде жəне батқанда жасап көрген. Нəтижесінде, ішкі ауа температурасының өзгеру жылдамдығы белгілі болды. Бүгінде осыған қатысты көптеген болжамдар айтылуда. Тіпті, кейбір ғалымдар пирамиданың ішін сыртқы ортамен байланыстырып тұратын қуыстың болуы мүмкін екендігін айтса, енді біреулері ішкі ауа ағынының немесе əркелкі құрылыс материалдарының əсері деп отыр. Кейбір тəуелсіз сарапшылар Мысыр пирамидаларының əлі толық зерттелмегенін айтып, алдағы уақытта да осындай тың дүниелердің ашылуы

мүмкін екенін жоққа шығармайды. Қазіргі таңда температураның ауытқуына байланысты зерттеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Оған өзге елдің ғалымдары да қызығушылық білдіре бастады. Айта кетейік, Хеопс – Мысыр перғауындарының төртінші əулеті салдырған əлемдегі ең үлкен жəне ең көне үш пирамиданың бірі. Сондай-ақ, ол жаһанның жеті кереметінің ішінен бүгінге дейін сақталған жалғыз жəдігер ретінде де аса құнды. Египеттің Гиза қаласында орналасқан бұл нысандар шамамен біздің дəуірімізге дейінгі 2589-2530 жылдары салынған. Биіктігі 147 метр болатын Хеопс пирамидасының құрылыс жұмыстарына əрқайсысы 2,5 тонналық 2,3 миллион дана блок кірпіштер пайдаланылған.

Қайрат ƏБІЛДИНОВ, «Егемен Қазақстан».

Қарағанды облысында 2010 жылдан бастап мектепке дейінгі білім жəне тəрбие берудің 99 мекемесі бой көтеріпті. Биылғы жылдың өзінде Приозерск қаласында 200 орындық балабақша бюджет қаражатына салынған болатын. Таяуда өңірдегі балабақшалар саны тағы бір нысанға артты. Қарағандының түбіндегі Пришахтинск елді мекенінде 300 орындық «Ақ жарқын» атты балабақша сəбилерге есігін айқара ашты. Балалар мекемесінің ашылу салтанатына облыс басшысы Нұрмұхамбет Əбдібеков те қатысты. Ол өз сөзінде балабақша салу балалардың мектепке дейінгі білім беру ісін дамыту бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасын нақты жүзеге асыру болып табылатындығын атап айтты. Жаңадан пайдалануға берілген

Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

 Талап жəне тəртіп

Əліпті таяќ деп білмейтін əкімдер бар «Егемен Қазақстан».

«Аќ жарќынныѕ» алєашќы ќадамы

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы

• Менің елім, менің жерім!

Оралхан ДƏУІТ,

 Жағымды жаңалық

Меншік иесі:

«Егемен Ќазаќстан» газеті Ќазаќстан халќы Ассамблеясы жобасы аясындаєы республикалыќ фотоконкурсты жалєастырады

Суретті түсірген Арай СЕКСЕНБАЕВА.

16

11 қараша

ШАР О Р БА

www.egemen.kz www.egemen.kz

балабақша кəсіпкердің жеке иелегінде болғанымен, мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейді. Облыс бойынша айтар болсақ, бүгінгі таңда 508 мектепке дейінгі ұйым қалыпты жұмыс істейді екен. Оның 196-сы балабақша, қалғаны шағын орталықтар. Бұл жерлерде 52 395 бала тəрбиеленіп жатыр. Жалпылай алғанда, мектепке дейінгі білім беру ісімен 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 87%, ал 6 жастағылардың 98%-ы қамтылған. Бұдан бөлек, қазіргі уақытта Қарағанды, Жезқазған жəне Балқаш қалаларында жалпы сыйымдылығы 960 орындық болатын 3 балабақша салынып жатыр. Мұның өзін мектеп жасына дейінгі балаларды тəрбиелеу мен оқыту ісіндегі ілгері қадам деп сеніммен айтуға болады. ҚАРАҒАНДЫ.

«Əліп» деген араб тілінде «А» деген əріп қой. Ұзын таяқ сияқты. Соны жаттай алмаған балаларға молда: «Əліпті таяқ деп білмейсің», деп ашуланатын болса керек. Əрине, əкімдерге əліпті білу міндет емес. Бірақ, əкім де күнделікті атқарып жүрген тірліктерін əліпті жаттағаннан кем көрмеуі керек. Яғни, жұмыс істеп, тірліктің бел ортасында жүрген əкімдер əр саланың көрсеткішін көбейту кестесіндей жатқа біледі. Ал, тиіп-қашып жұмыс істеген əкімдер əр цифрдан бір жаңылысып, өзін де, өзгені де шатастырып бітеді. Соңғы кездері Жамбыл облысының əкімі Кəрім Көкірекбаев аудандарды аралап, шаруамен танысу кезінде бірқатар басшыларға сұрақ қойса, жауап таппай, күмілжіп қалатындар қатары жиі кездесіп жүр. Əлде үлкен əкімнің мысы баса ма, сұсынан сескене ме, əйтеуір, лезде цифрлардан шатасып, айдалаға лағып кетеді. Қайта облыс əкімі ол ауданның көрсеткіштерін жатқа біледі. Облыс əкімі аудан əкімдерінің ауыздарына сөз салып, қолмен қойғандай етіп көрсетіп береді. Жақында облыстық əкімдікте 9 айдың қорытындысы бойынша өткен жиында Талас ауданының əкімі Болат Рысмендидің тірлігі тіптен, қарын ашырды. Аудан əкімі бұл жиында есеп беретінін алдын-ала білді. Ендеше, тас-түйін дайындықпен келуі керек қой. Жоқ, Болат Қанатбайұлы аудан орталығы Қаратаудан Таразға жеткенше қызметтік көлігінің ішінде қағаздарына асығыс қарай салған сияқты. «Амангелді Газ» ЖШС өңірдегі ең ірі өндіріс орындарының бірі. Талас ауданының аумағында орналасқан.

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 273-07-87.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru, egemenkz@maіl.kz. Интернет-редакция: ekazakhstan@mail.ru Алматыда: факс (727) – 273-07-87, электронды пошта – egemalm@mail.ru

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – 8 (717-2) 37-54-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – 8 (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – 8 (712-2) 31-74-13; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

Көкшетау – 8 (716-2) 25-76-91; Қарағанды – 8 (721-2) 43-69-31; Қостанай – 8 (714-2) 39-12-15; Қызылорда – 8 (701) 772-70-74; Орал – 8 (775) 336-47-57;

Өскемен – 8 (778) 454-86-11; Павлодар – 8 (718-2) 54-31-56; Тараз – 8 (726-2) 43-37-33; Шымкент – 8 (701) 362-63-76; Петропавл – 8 (715-2) 50-72-50.

Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-07-26, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Арко» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-Полиграфия» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Достық-Дружба даң., 215 А, «WESTA» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

Енді, міне, Талас ауданының əкімі Болат Рысменди осы өндіріс орнының қалай жұмыс істеп жатқанын, биыл қанша өнім өндіргенін білмейді. Облыс əкімі сұрады, айта алмады. Аудандағы жұмыссыздық мəселесін сұрады. Қолындағы қағазын əрібері ақтарған аудан əкімі қажетті цифрларды таба алмай, ақырында мардымды жауап бере алмады. Басқа да салалар бойынша сұрақтар қойды. Қағаздарын парақтаған əкім бірде-бір дұрыс жауап қатпады. Қайта облыс əкімі Таластың тірліктерін тізіп айтып шықты. «Амангелді Газ» ЖШС жылына жалпы көлемі 354 миллион текше метр газ өндіреді. Негізгі жоспар бойынша 400 миллион текше метр газ өндіру керек еді. Талас ауданында 2048 адам жұмыссыз ретінде тіркеліп, соның 1852-сі жұмыспен қамтылған. Яғни, бұл бағдарлама 91,7 пайызға орындалды. Осыдан кейін əліпті таяқ деп білмейтін əкімдер де бар екен ғой деген ойға қалатының анық. Қаржылық дағдарыс кезінде қамшы салдырмай, білек түріп жұмыс істеуі тиіс əкімдер өзі басшылық етіп отырған аудандағы ірі өндіріс орнының тыныс-тіршілігінен бейхабар қалғаны, жұмыссыздардың санын білмеуі, əрине, ұят тірлік. Болат Рысменди бұған дейін бір емес, бірнеше ауданды басқарған тəжірибелі-ақ басшы еді. Амангелдіде қанша газ өндірілетінін білмейтін əкім айтпақшы, осы қызметіне «ҚазТрансГаз»-дан келген болатын. Ендеше, осындай қиын кезеңде көрсеткішін жаттай алмай, кімге еркелеп жүр? Түн жарымда шырт ұйқысынан оятып жіберсең, көзін уқалап жіберіп, сайрап тұруы тиіс емес пе? Жамбыл облысы.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 203 394 дана. Нөмірдің кезекші редакторлары

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, Талғат РАЙЫМБЕК.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 8 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №689 ek

Profile for Egemen

11112015  

11112015

11112015  

11112015

Profile for daulet
Advertisement