Page 1

№108 (28586) 11 МАусым БейСенбі 2015 ЖЫЛ

Кеше Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезі ашылды.

Дін лидерлері тағатты әлем қалыптастыру жолында

Ынтымақтастықты нығайту жолдарын қарастырды

Елбасы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Кеше Бейбітшілік және келісім сарайында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезі өз жұмысын бастады. «Дін лидерлері мен сая­си қайраткерлердің бейбітшілік және даму жолындағы үнқатысуы» тақы­рыбына арналған съезд жұмысына әлемнің 42 елінен 80-нен астам делегация­мен қатар, халықаралық беделді ұйымдардың жетекшілері мен өкілдері, шетелдік және отандық саясаткерлер мен дін қайраткерлері қатысуда. Съезд аясында өткен Дін лидерлері кеңесінің екінші отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйледі. Отырысқа Парламент Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалық етті және алғашқы сөзді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа берді. Қазақстан Президенті өз сөзінде бұған дейінгі IV съезде Дін лидерлері кеңесін құру ісі Астанада өткен форумға қатысушылар арасында қалыптасқан сенімнің заңды нәтижесі екенін атап көрсетті. Дін лидерлері кеңесі жалпы әлемдік руханиадамгершілік құндылықтарды нығайту, діндер мен мәдениеттердің арасындағы өзара түсіністік пен келісімге қол жеткізу ісінде маңызды рөл атқаратынына сенімдімін. Әлем дамуының қазіргі барысы жаһандық конфессияаралық үнқатысудың осындай бірегей тетігіне деген сұраныс өсіп келе жатқанын көрсетіп отыр, деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев осының алдын­ дағы съезден соңғы үш жыл ішінде әлем жұртшылығы адамдар арасына діни әркелкілік арқылы іріткі салудың жаңа әрекеттеріне тап келіп отырғанына назар аударды. Әскери және ішкі қақтығыстар көбейді, оған қатысушылар адамдардың діни ұстанымын белсенді пайдалануда. Бізді осындай қақтығыстардың бірі – мұ­ сыл­м андардың ең басты киесі, Ислам әлемінің бесігі – Мекке мен Мединеге жақын маңда – Иеменде тұтанғаны алаңдатпай тұ­р а алмайды. Бірқатар экстремистік топ­т ардың іс-қимылдары түрлі конфессияны ұстанушылардың

арасында жаулық тудырып, Азия мен Африкадағы көп қоғамды жікке бөлуде. Украинаның шығысында қалалар мен селоларды атқылау кезінде храмдардың бүлінгені туралы хабарлар да алаңдатады, деді Президент осы жөнінде. Мемлекет басшысы жаһандық лаң­кес­ тіктен төнген қатер «ислам мемлекеті» деген акция түріндегі мейлінше қауіпті сатыға көшкенін атап өтті. Содырлар жал­ған діни көзқарас ықпалымен Ирак пен Сирияда мыңдаған жылдар бойғы өркениеттердің мәдени мұраларын әдейі қиратуда. Олар өзге дінді ұстанушыларды, журналистер мен еріктілерді жария түрде өлім жазасына кесудің сұмдық шараларын ұйымдастырып, интернет арқылы таратуда, деді Нұрсұлтан Назарбаев. Президент, сондай-ақ, әлемнің барлық діндері ұстамдылық пен төзімділікке, соғыстар мен қақтығыстарды тоқтатуға, бейбітшілікке және адамдар арасындағы келісімге шақыратынын атады. Исламды экстремизм мен лаңкестіктің кез келген формасын ақтау үшін пайдалануға тырысу – күпірлік. Осынау күрделі кезеңде барлық діни қайраткерлерді өз жамағаттарын татулық пен келісімге, толеранттылық пен кешірімділікке үндеуін еселей түсуге шақырамын, деді Мемлекет басшысы.

Елбасы кез келген халық өз бірлігін бағалап, сақтай білгенде ғана өміршең әрі ұлы болатынын да атап көрсетті. Қазақстан халқы даналығы арқасында біртұтас болып отыр. Біздің халқымыздың даңқы да, қуаты да достықта, өзара түсіністікте, келісім мен бірлікте, толеранттылықта. Бұл – біздің еліміз қатарына кіруге ұмтылып отырған озық 30 елдің ең биік құндылықтары. Осы ізгі мақсат үшін «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асырудамыз. Бес инс­ титуттық реформаны іске асыруға кірістік. Ұлт жоспары – Қазақстанды жаң­ғыр­­тудың 100 нақты қадамы барлық қазақ­стан­дық­ тарға этностық және діни айырма­ш ы­ лық­­тар­ына қарамастан, лайықты тұрмыс жағ­­дайын жасауға бағытталған, деді Пре­ зидент. Мемлекет басшысы еліміз Дін лидер­ лері кеңесінің Әлемдік және дәстүрлі дін­дер лидерлері съезінің идеялары мен шешімдерін ілгерілету жұмысына жанжақты қолдау көрсететініне және діннің рухани бастапқы негіз ретіндегі рөліне баға жетпейтініне назар аударды. Бұл кеңес адамзаттың ХХІ ғасырдағы руха­ ни регенерациясы идеясының авторы әрі таратушысы бола алар еді деп санаймын. Діни экстремизм мен лаңкестікке қарсы іс-қимыл шараларына бастамашылық ету Кеңес жұмысының өзекті бағыты бола алады. Кеңестің V съезд тарапы­ нан мақұлданған және қолдау тапқан ұсыныстары діни сенім мәселесінде адасып жүрген адамдардың теріс әрекеттерінен сақтануға көмектесер еді. Нағыз діндар үшін өшпенділік, төзімсіздік, қатыгездік жә­не жақынына әділетсіз қарым-қатынас мүлде жат қасиет екені туралы сіздердің ор­тақ пікірлеріңіз кез келген ұрыс-керіс пен жанжалды тежеудің шешуші факторына айналуы мүмкін, деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев ұсыныстарды жү­з еге асыру Әлемдік және дәстүрлі

діндер лидерлерінің V съезінің жұмысына қатысатын саяси қайраткерлермен үн­қа­ тысу барысында басталатынына сенім білдірді және қатысушылардың барша­ сының жұмысына табыс тіледі. Қазақстан Президенті, Дін лидерлері кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назар­ баев­тың сөзі ықыласпен тыңдалған соң, Кеңес мүшелеріне Дін лидерлері кеңесі екінші отырысының күн тәртібін талқылау ұсынылды. Күн тәртібіне бес мәселе – Дін лидерлері құрамындағы өзгерістер туралы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері V съезі декларациясының жобасын мақұлдау, Дін лидерлері кеңесі ІІІ отырысының өткізілетін мерзімін белгілеу, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VІ съезінің өткізілетін мерзімін бекіту және Дін лидерлері кеңесі ІІ отырысының хаттама­ сын қабылдау туралы мәселелер қойылған. Бұл мәселелер Әлемдік және дәстүрлі діндер съезі Хатшылығының отырысын­ да, сондай-ақ, жұмыс топтарының бас­қо­ суларында жан-жақты сараптамадан өткі­ зіл­гендіктен, Кеңес мүшелері күн тәрті­ біндегі мәселелерді тұтастай ма­құлдады. Бұдан соң Кеңес отырысына төр­ а­ғ алық етуші Қасым-Жомарт Тоқаев Дін лидерлері кеңесінің құрамындағы өзгерістерге тоқталып, жаңадан мүшелікке енген тұлғалардың аты-жөндерін атады және атқаратын қызмет-лауазымдарымен таныстырып өтті. Кеңес құрамында Дүниежүзілік ислам мазһабтары жақын­ дастыру ассамблеясының бас хатшысы Мохсен Араки, Израильдің Бас сефард раввині Ицхак Йосеф, Англикан шір­ кеуінің басшысы, Кентерберийск архи­ епископы Джастин Уэлби және Қазақ­ стан мұсылмандары діни басқар­м асы­ ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Маямеров кірді.

Кәсіпкерлік кодекс жобасы мақұлданды Кеше палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен Мәжілістің жалпы отырысы өтіп, депутаттар Кәсіпкерлік кодекс жобасын ілеспелі түзетулермен бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Кәсіпкерлік кодекс жобасы 8 бөлімнен, 34 тараудан және 465 баптан тұрады. Онда кәсіпкерлік қызмет үшін өте маңызды мәселелерді реттеу көзделіп отыр, атап айтқанда: кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимыл жасауына негіз болатын бірыңғай қағидаттар бекітіледі, дау­ ларды соттан тыс және сотқа дейін реттеу, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл және инвестициялық омбудсмен бой­ ынша жалпы ережелерді бекіту арқылы кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау нысандары мен тәсілдері жүйеленеді, шағын кәсіпкерлікті, агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық жердегі кәсіпкерлік

қызметтің ауылшаруашылық емес түрлерін, отандық тауар өндірушілерді, арнайы экономикалық аймақтарды, инвестициялық және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттары жүйелі түрде бекітіледі. Кодекс жобасы бойынша жұмыс то­ бына 915 түзету келіп түсіп, олар мүдделі министрліктер, ведомстволар мен қоғамдық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобының 23 отырысында, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің кеңейтілген отырысында қаралған. Ілеспелі заң жобасы Кәсіпкерлік кодексі жобасының нормаларын іске асы­ ру мақсатында әзірленген, ол еліміздің 10 кодексі мен 83 заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді. Осы күні Мәжіліс дербес білім беру ұйымдарының қызметін реттеу мәселелеріне қатысты заң жобасын үшінші оқылымда қарады. Парламент Мәжілісі Регламентінің 38-тармағына сәйкес, үшінші оқылымға

депутаттар жазбаша ұсыныстар енгізіп, ол жұмыс тобы тарапынан қолдау тапқан. Қазіргі уақытта заң жобасы бойынша қалыптастырылған кесте 62 позициядан тұрады. Мәжіліс депутаттары жалпы отырыста «жасыл экономикаға» көшу мәселелері бой­ ынша толықтырулар енгізу туралы заң жоба­ сын жұмысқа қабылдады. Сондай-ақ, Қазақстан мен Жапония арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және қорғау туралы келісімді ратификациялау бойынша бейінді комитеттерге қорытынды әзірлеу мерзімін тағайындады. Палата Қазақстан мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арасындағы Алматы қаласында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі географиялық жағынан қашық орналасқан офисін ашу ту­ ралы келісімді ратификациялауға қатысты заң жобасы бойынша жұмысты одан әрі жалғастырады.

(Жалғасы 2-3-беттерде).

Кездесу барысында Нұр­сұл­ тан Назарбаев пен Пан Ги Мун өтіп жатқан Әлемдік және дәс­ түрлі діндер лидерлері съезінің жұ­мысын талқылады және ынты­ мақ­т астықты одан әрі нығайту жолдарын қарастырды. Қазақстан Президенті Бас хат­ шының съезд жұмысына қатысуы іс-шараның маңызын айтарлықтай арттыра түсетініне назар аударды. – Сіз экономика мен саясатқа, конфессияаралық мәселелерге қатысты алмағайып кезең орын алған қазіргі шақтағы жұмыс­ба­с­ тылығыңызға, БҰҰ-ның 70 жыл­ дығына дайындық жұмыстары жүріп жатқанына қарамастан біздің елімізге келіп отырсыз. Соны­м ен қатар, сіз ядролық полигонд ­ ы жабу жөніндегі бастама­м ызды қолдадыңыз. 29 тамыз Ядролық сынақтарға қарсы ха­лықаралық іс-қимыл күні ретінде атап өтіледі. Қазақстан

бүгінгідей форумдар өткізу арқы­ лы жер бетінде бейбітшілік ор­ нату ісіне өз үлесін қосып келеді деп есептеймін, – деді Мемлекет бас­шысы. Пан Ги Мун Әлемдік және дәс­т үрлі діндер лидерлері жи­ налған осындай маң­ызды іс-шара­ ға қатысуға шақыр­ғаны үшін Нұр­ сұлтан Назарбаевқа алғыс айтты. – Сіздің көрегендігіңізді және қазір аса маңызды болып отырған осы съезді шақыру жөніндегі бас­ тамаңызды лайықты бағалауға тиіспін. Сіз бұл бастаманы 15 жыл бұрын, жағдай қазіргіден мүлде басқаша болған тұста көтердіңіз. Бүгінде бүкіл әлем діни экстре­ мизмнен және лаңкестіктен зар­ дап шегіп жатқанда өшпенділікке қарсы тұруға шақырған діни лидерлердің қатары көбейгені және үні баршаға жетерліктей болғаны қажет, – деді БҰҰ Бас хатшысы.

Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Шекара өкілдерінің қызметі туралы келісімді ратификациялау туралы 2001 жылғы 15 желтоқсанда Астанада жасалған Қазақстан Рес­пуб­ ликасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Шекара өкілдерінің қызметі туралы келісім ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2015 жылғы 9 маусым. №318-V ҚРЗ

Қазақстан Республикасының Заңы

l Оймақтай ой Асыл қасиет – адалдық, асыл мінез – адалдық. Максим Горький.

Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Шекара ауданындағы сенім шаралары жөніндегі келісімді ратификациялау туралы 2001 жылғы 15 желтоқсанда Астанада жасалған Қазақстан Респуб­ ликасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Шекара ауданындағы сенім шаралары жөніндегі келісім ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2015 жылғы 9 маусым. №319-V ҚРЗ

Бүгінгі нөмірде: Қоғам дамуының қозғаушы күші 6-бет

Тағдыр тауқыметінің тағылымы 7-бет

Атадан – аманат, әкеден – белгі 8-бет


2

www.egemen.kz

11 маусым 2015 жыл

ДІН ЛИДЕРЛЕРІ ТАЄАТТЫ (Жалғасы. Басы 1-бетте). Осыдан кейін Дін лидерлері кеңесінің отырысы жекелеген тұлғалардың құттықтау сөздерімен əрі қарай жалғасты. Оны Папа кеңесінің дінаралық үнқатысу жөніндегі президенті кардинал Жан-Луи Торан бастап берді. «Осындай сарайда, осындай отырыста сөз сөйлеу мен үшін үлкен мəртебе, – деді ол. – Біз бүгінде алаңдаулы қиын жағдайда өмір сүріп отыр мыз. Сондықтан барлығымызға парасаттылық аса қажет. Мен дін лидерлерін өзгелерден ерекшелейтін қасиеттерді айтқым келеді». Оның айтуынша, ол ерекшеліктер əділеттілік, кез келген адамға деген құрметтеушілік. Əрбір діни лидер өзінің мінез-құлқында белгілі бір ілімдерге жəне дінге деген білімге қызмет етуі тиіс. Шын мəнінде, ол сонда ғана қауіпсіз болып табылады жəне де өзге қоғамдастыққа құрметпен қарайтын болды. Бұл – өте үлкен жауапкершілік. «Діндердің қарым-қатынасында кемеңгерлікті айрықша назарда ұстауымыз керек, – деп жалғастырды сөзін Жан-Луи Торан. – Ал бүгінгі отырыс бейбітшілік пен бауырластық жолындағы ниеттестігімізді білдіреді. Астанада тұрақты өтіп келе жатқан Əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидерлерінің үнқатысуы əралуанды адамзат қоғамының байлығы бола алатындығын көрсетіп берді». Екінші болып құттықтау сөзін алған Минск жəне Заславск митрополиті, Бүкіл Беларусь патриархтық экзархы Павел Əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидерлерінің съезін өткізуге ұйытқы болған Қазақстан Президентіне алғыс айтқан соң Мəскеу жəне Бүкіл Ресей Патриархы Кириллдің съезге арнаған хатын оқып берді. Хатта Қазақстан Президенті Н.Ə.Назарбаевтың бастамасымен өмірге келген діндер форумы Астанада осымен бесінші рет өтіп отырғаны, ондағы мақсат – діндердің өзара ынтымағы арқылы əлемде тұрақтылық орнату екендігі аталған. Сонымен қатар, Патриарх хатында съезд жұмысына табыс тілеген. Дүниежүзілік ислам мазһабтарын жақындастыру ассамблеясының Бас хатшысы аятолла шейх Мохсен Аракидің атап өтуінше, Жаратқан Иеміз адамды тек жақсылық жасау үшін жаратты. Өмірдің құндылығы мен бейбітшілік үшін жəне жоғары идеалдар үшін адамдар əділ істер жасағысы келеді. Осылардың негізінде Қасиетті кітап бейбітшіліктің елшісі ретінде түсірілді. «Жоғары мəртебелі Нұрсұлтан Назарбаевқа əлемдік діндер лидерлерін бір шаңырақ астына жинап, өзара үнқатысу ұйымдастырғаны үшін алғысымызды білдіреміз. Себебі, бүкіл адамзаттық құндылықтарды дамыту мəселесі алдыңғы шепке шығып отыр», – деп түйіндеді сөзін ол. Дүниежүзілік ислам лигасы Бас хатшысының орынбасары Абдрахман бин Абдалла əл-Заид өз сөзін Бас хатшы Абдалла бин Абдел Мұхсин əтТүркидің Əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидерлерінің V съезіне сəлемін жеткізуден бастады. Оның хабардар етуіне қарағанда, Бас хатшы анасының қайтыс болуына байланысты осы съезге келе алмапты. «Бұл съезд адамзат ба ласы үшін аса маңызды, – деді ол осы дан кейін. – Өйткені, онда əлемдік қоғамдастыққа ортақ өткір мəселелер талқыланады. Дін лидерлерінің жиыны, сондай-ақ, бейбітшілікті қамтамасыз ету, шиеленістер мен қақтығыстардың алдын алу жəне адам құқықтарының сақталуына ықпал етуде өзіндік рөл атқарады». Сонымен қатар, Бас хатшының орынбасары қазіргі кезде көрініс беріп отырған бас ты проблемалардың бірі – кемсітушілік екенін, Африка мен Палестина халқы осындай қиындықты бастарынан кешіріп жатқанын атап өтті. Ал Израильдің Бас сефард рав вині Ицхак Йосеф діндердің өзара ынтымақтастығының маңызы зор екеніне

тоқталды. Оның атап өтуінше, Əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидерлерінің съезі əлем халықтарын бірлікке, ынтымаққа жəне тыныш өмір сүруге шақырып отыр. Себебі, тыныштық адамзат баласы үшін ең басты құндылық болып табылады. «Адам мен айуанның арасындағы айырмашылық – парасаттылық. Біз өзге діннің өкіліне парасаттылықпен қарай алсақ, сонда ғана бейбітқатар өмір сүре алар едік», – деді раввин. Дін лидерлері кеңесінің отырысын Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев қорытты. Сонымен, Əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидерлерінің келесі VI съезін, сондай-ақ, Дін лидерлері кеңесінің ІІІ отырысын 2018 жылы өткізу туралы шешімдер қабылданды. Əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидерлерінің V съезі бұдан кейін «Діни көшбасшылар мен саяси қайраткерлердің бейбітшілік жəне даму жолындағы үнқатысуы» тақырыбындағы пленарлық отырыспен жалғасты. Əлемдік жəне дəстүрлі діндер съезі лидерлерінің жалпы отырысын ашқан Сенат Төрағасы, Съезд Хатшылығының

мей мандарын бесінші рет қабылдап отыр! Біз І съездің шешімі бойынша салынған əлемдегі жалғыз Бейбітшілік жəне келісім сарайы шаңырағының астында толеранттылықтың, мəдениеттер мен дін дердің жаһандық үнқатысуының Ұлы Тарихын қалыптастырудамыз. Біз, тіпті, осы күрделі дəуірдің өзінде де оның парақтарын бірінен кейін бірін жа зып, толтырудамыз. Жəне біздің бəрімізді – саясаткерлер мен конфессиялар қызметшілерін – адамдар мен халықтардың тағдыры, Ұлы Жаратушы жаратқан біздің бүкіл бірегей планетамызда ғы бейбітшілік пен тыныштық үшін ортақ бір жауапкершілік сезімі біріктіреді. Съезд жұмысына алғаш рет БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун мырза қатысып отыр, деді Мемлекет басшысы. Мен Сізге, Бас хатшы мырза, шын жүректен сəлем жолдаймын! Сіздің қатысуыңыз Астанадағы бүкіл əлемдік қоғамдастық мəн беріп отырған рухани лидерлер үнқатысуының маңыздылығын көрсетеді. Мен шақыруымды қабыл алып, бүгінде осы залда отырған баршаға сəлем

өтіп жатқандардың барлығы ерекше маңызды. Дəл сондықтан ол əркез бізбен бірге болады». Бірақ бұл адам дамуында діни қарама-қайшылықтар, жақтырмаушылық, жанжалдар мен конфессияаралық соғыстар оның өзгеріссіз серіктері болады дегенді білдіре ме? Мен мұндай сауалға сенімді жауап беретіндердің жақтастары болып табылмаймын. Біріншіден, Махатма Ганди атап өткендей, «Құдайда дін жоқ». «Біздің шіркеулік қоршау қалқаларымыз көкке дейін жетпейді», – деген еді ХІХ ғасырда православиелік философ митрополит Платон Городецкий. Мыңжылдық тарихта теологиялық дискуссиялар, саясаткерлер олардан соғыстар мен жанжалдар туындатқанша, тек сөз жүзіндегі таластар күйінде қалып келген еді. Екіншіден, əлемдегі барлық діндер сабырлылық пен төзімділікке, күш қолданбау мен келісімге үндеп келеді. Қасиетті Құранда мынадай сөздер бар: «Кім бір адамды өлтірсе, бұл бүкіл Адамзатты өлтіргенмен пара-пар». «Бүкіл адамдар алдындағы ізгілік туралы ойланыңдар... Барлық адамдармен бейбітшілікте болыңдар», – осы үндеу

мəселеге тоқталды. Біздің бəріміз бір мақ сатқа – ХХІ ғасырдың ортасына қарай əлемдегі аса дамыған 30 елдің қатарында тұратын өсіп-өркендеген мемлекет құру мақсатына біріккенбіз. Біз алдымызға барлық қазақстандықтардың Болашақтың біртұтас ұлты болуына қол жеткізу міндетін қойып отырмыз. Оның басты негізі азаматтық теңдік пен толеранттылық, ашықтық пен құқықтық тəртіп, ой-ниет пен əр адамның өмірі үшін лайықты жағдай жасау бойынша практикалық істердің бірлігі болып табылады. Оның ғасырлық мəні мынада: ұрпақтан ұрпаққа, дəуірден дəуірге бейбітшілік пен келісім құндылықтарын беру. Үстіміздегі жылы біз бірегей ұйым – Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойын атап өтудеміз. Ол түрлі этностық жəне діни ұстанымдағы барлық азаматтардың келісімі мен толеранттылығының арқаулық құндылығы мен берік тетігі болды. Біз бүкіл əлемге мəдениеттер мен діндердің қалайда болмай қоймайтын жанжалдары, тіпті, бір қоғамның шегінде де жоқ екенін көрсеттік. Сондықтан, олардан халықаралық саясаттың кез кел-

Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана дінаралық саммиті шын мəнісінде қазіргі заманның келелі жəне өзекті мəселелері кеңінен жəне жан-жақты талқыланатын, адамзат үшін маңызды мəселелер қарастырылатын бірегей жаһандық үнқатысу алаңына айналғанын атап өтті. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың съезд өткізу бастамасын көтеріп, оның табысты қызметін қамтамасыз етуге жəне осы жылдар аралығында форумға үлкен қолдау көрсетуге сіңірген ерекше еңбегін атап өткім келеді. Бүгін осы залда түрлі мемлекеттердің қайраткерлері, саясаткерлері, дінбасылары, ғалымдары бас қосып отыр. Баршамыздың ортақ мақсатымыз – жаһан тұрғындарының өркендеуі жолында қауіпсіз əлем құру. Биылғы форум осы игі мақсаттың орындалуына лайықты үлес қосады деп сенемін, деді өзінің сөзінде Қ.Тоқаев. Осылай деген Қ.Тоқаев сөзді аталған халықаралық алқалы жиынның бастамашысы, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа берді. Ардақты дінбасылар! Құрметті БҰҰның Бас хатшысы мырза! Қадірлі съезге қатысушылар мен меймандар! Ханымдар мен мырзалар! – деп бастады сөзін Қазақстан Президенті. Сіздерге Қазақстанның құт дарыған жерінен шын жүректен сəлем жолдаймын! Егер əлемде бір нəрсе тек бір ғана мəрте жүзеге асса, онда оны əдетте тарихи кездейсоқтық деп санайды. Екі немесе үш рет болса – бұл тарихи заңдылық. Ал егер көптеген мəрте жүрсе – Ұлы Тарих дегеніміз, міне, осы! Астана Əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидерлерінің съезіне қатысушылар мен

жолдаймын. Əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидерлері съезінің ізгілікті идеялары əлемдік қоғамдастықта, діни, сондай-ақ, саяси топтарда кең қолдау тау ып отыр. Олар əлемге дінаралық қарым-қатынастар туралы ғасырлар бойы қалыптасқан таптаурындарды еңсеруге, ХХІ ғасырда жаһандық толеранттылық пен өзара түсіністіктің іс-қимыл таныта алатын формуласын жасауға мүмкіндік береді. Мен Əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидерлерінің V съезі осы мақсатқа маңызды қадам жасауға көмектесетініне сенімдімін. Барлық қатысушылар мен меймандарға жемісті жұмыс, пайдалы үнқатысу жəне оң шешімдер тілегім келеді. Құрметті рухани лидерлер! – деді бұдан кейін Президент. V съездің негізгі мəселесі діни жəне саяси лидерлердің қазіргі əлемнің қауіпсіз жəне үйлесімді дамуы үшін маңызды рөлі мен жауапкершілігін сезінумен байланысты. ХХІ ғасырда əлем басым жағдайда терең діни болып қалуын жалғастыруда. Үміт пен торығудың жаһандық барометрінің соңғы есептерінің бірінде ұсынылған Gallup институтының деректеріне сəйкес, Жер тұрғындарының жартысынан көбі – шамамен 60 пайызы, өздерін діни адамдармыз деп есептейді. Əрбір бесінші адам өзінің діндар емес екенін атап көрсетеді. Технологиялық төңкерістер дəуіріндегі орнықтылық пен діни оқулар ықпалдылығы сақталуының феноменін ХХ ғасырдағы итальян жазушысы Чезаре Павезе өте дəл түсіндірді: «Дін, – деп жазды ол, – бұл сенім, біздің басымыздан

христиандық Жаңа өсиетте бар. Адамдар қылығы үшін жауапкершілікке шақыру сөзі көне үнді Упанишадында айтылады: «Бір шөп жұлынған кезде, бүкіл дүние дірілдейді». Адамның бойында тек махаббат, жанашырлық жəне ізгілік сезімдерін оята алатын сенім ғана нағыз сенім. Бұл ақиқат өткінші емес, мəңгілік. Үшіншіден, қазіргі заманғы тарих діни тұрғыдан толерантты қоғамдар мысалдарын біледі. Мəселен, біз Қазақстанда бейбітшілікте, келісімде жəне бірбірімен өзара түсіністікте бейбітқатар өмір сүріп келе жатқан 18 конфессияның табысты моделін құрдық. Біздің діни бірлестіктер туралы заңнамамыз теңдік пен ождан бостандығы қағидатына негізделген. Біздің ширек ғасырға жуық тəуелсіздігімізде Қазақстан рухани қайта өрлеу дəуірін бастан өткерді. Кеңес дəуірінде, оның ішінде Қазақстанда да, атеизм бекітілген болатын. Бірақ халқымыз Құдайға сенімін жоғалтқан жоқ. Қазір елімізде 3312 мешіт, храмдар, құлшылық үйлері, синагогалар мен басқа да ғибадат ету орындары жұмыс істейді. Бізде діни бағыттағы 47 бұқаралық ақ парат құралы басып шығарылады. Елі мізде 500-ге жуық шетелдік миссионер жұмыс істейді. Ислам мен Христианның басты күнтізбелік даталары – барлық қазақстандықтардың ортақ мерекесі. Елімізде жұмыс істейтін барлық діндердің паствалары – бір үлкен қазақстандық отбасының мүшелері. Біздің бəріміз бірлесіп, дүрдараздық пен ұрыс-керіске орын жоқ жаңа ел құрудамыз. Осыдан кейін Елбасы мына

ген деңгейінде қашып құтылуға болады. Біз қоғам ішіндегі толерантты қарым-қатынастар – мемлекеттің де, діни бірлестіктердің де, қатардағы азамат тардың да ұғынықты жауапкершілігінің мəселесі екенін айғақтадық. Астанада Əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидерлерінің съезін өткізу тəжірибеміздің табыстылығын біз жаһандық мойындаудың тұрғысынан қарастырамыз. Құрметті съезге қатысушылар, деді Қазақстан Президенті, діндер мен мəдениеттердің өзара қарым-қатынастары мəселесін Жер шарындағы бейбітшілік пен тұрақтылық мүдделері тұрғысынан талқылау біздің форумның айрықша ерекшелігі болып табылады. Мұндай пікірсайыстың көкейкестілігін жаһандық ахуал дамуының үрейлі аяқ алысы күшейте түседі. Бүгінде əлем қауіпті белгісіздік жағдайында дағдарып тұр. Біріншіден, жаһандық қауіпсіздік режімінің күрт əлсіреуі орын алды. Жəне бұл үдеріс əлі де өз түбіне жетпегенге ұқсайды. Тежеу мен арасалмақтарды ұстаудың халықаралық жүйесі жұмыс істемейді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі соңғы ондаған жылдар бойына қалыптасқан жетекші мемлекеттер арасындағы сенім ахуалының жойылғанына өкініш білдіруге тура келеді. Өзара санкциялық қысымдар əлемдік экономикадағы ахуалды күрделендіруде. Ол таяуда ғана бастан өткен жаһандық экономикалық дағдарыс зардаптарын тездетіп еңсеру перспективаларын алыстата түсті. Сенімсіздік экономикалық қана емес, сонымен бірге, елдер мен халықтар арасындағы гуманитарлық

қарым-қатынастарға да теріс əсер етуде. Өзара туризм, мəдени алмасулар қысқаруда, бір-біріне қарсы ақпараттық шабуылдар жүруде. Осының бəрі – тұрақсыздықтың, сенімсіздіктің, ошақты соғыстар мен қақтығыстардың салдары. Екіншіден, əлемде əскери жəне ішкі дау-дамайлар қауырт өсе түсті. Украинаның шығысындағы жанжал еуропалық жəне жаһандық қауіпсіздік деңгейін айтарлықтай төмендетеді. Батыс Африкадан Ауғанстанға дейінгі бүкіл аумақ қарулы қарсы тұрушылықтармен қамтылған. Үшіншіден, халықаралық терроризм қатері «ислам мемлекеті» деп аталатын ісқимылдар пішінін қабылдады. Өздеріне қаратып алудың жаһандық желісін пайдалану арқылы əлемнің түрлі елдеріндегі жастар оның қатарына тартылуда. Жалған діни үндеулермен бүркемелене отырып, содырлар өзге діндер өкілдерін, журналистер мен еріктілерді жаппай өлім құштырудың жантүршігерлік актілерін жүзеге асыруда. Біз сіздермен бірігіп, мұндай көзқарасқа жəне діннің осындай қаскүнемдіктеріне қарсы ортақ пікірімізді білдіруіміз керек. Олар Ирак пен Сириядағы санғасырлық мə дени мұраларды қасақана қиратуда. Мұның бəрін ізгі ниеттілікке жəне адам гершілікке қарсы актілер демеске лаж жоқ. Төртіншіден, қазіргі заманғы əлемде аш жəне жоқ-жітік адамдар азаймай отыр. Бүгінде, БҰҰ мəліметтері бойынша, 700 миллион бала мен жасөспірім кедейшілік жағдайында өмір сүруде. Тағы 150 миллионы – тастанды балалар. Мектептердің болмауынан 100 миллион баланың білім алуға мүмкіндіктері жоқ. 10 миллионы дəрі-дəрмек пен медикаменттер жетімсіздігінен зардап шегуде. Əлеуметтік қолайсыздықтың, ал одан кейін қылмыстың, əлеуметтік дүрдараздықтың, терроризм мен экстремизмнің бастапқы ортасы да міне, осы. Бесіншіден, рухани-өнегелілік құндылықтарды көмескілендірудің жаһандық проблемаларын көрмеу де мүмкін емес. БАҚ-тар мен Интернет-желілер арқылы балағат сөздер, адамдардың рухани бастауларын қорлау, қылмыстық көргенсіздік пен бетімен кетушілік, «жаппай мəдениет» деп аталатынның жексұрын үлгілері кеңінен таратылуда. Мұндай «жалған мəдениет» тасқыны, əсіресе, жастардың балғын жан дүниелерін ауыр жаралауда, отбасылық дəстүрлерге нұқсан келтіруде, ұрпақтар арасындағы өзара байланысты күйретуде. Осылардың бəрі – қазіргі заманғы əлемдік тəртіпке, қауіпсіздікке, рухани салт-дəстүрлер мен өркениет құндылықтарына төнген ауыр сын-қатерлер. Мен съездің пікірсайыс алаңдарында осы жəне басқа да көптеген проблемаларды шешу жолдарының егжейтегжейлі талқыланатынына сенімдімін. Бүгінде қауіпсіздік пен дамудың жаңа парадигмасын қалыптастыру бойынша кең көлемді үнқатысуларды жолға қоюдың маңызы зор, деді одан əрі Мемлекет басшысы. Оның негізінде тең құқылық, өзара құрмет, бірбірінің мүдделерін мойындау, ынтымақтастық, толеранттылық жəне өзара түсіністік қағидаттары болуы тиіс. ХХІ ғасырда барлық салалардағы – саяси, экономикалық, мəдени, рухани салалардағы үнқатысуға балама жоқ. Бүгінде адамзат үлкен материалдық, ғылыми-техникалық жəне интеллектуалдық мүмкіндіктерге ие. Егер адамдар бір-бірімен бей бітшілікте жəне рухани келісімде өмір сүріп үйренбесе, ешқандай прогресс болмайды. Адамзаттың болмысы сондай, этностық, тілдік, діни жəне мəдени айырмашылықтар болжаулы болашақта əркезде де бола бермек. Бірақ олар ажыратушы жіктер емес, біріктіруші бастаулар болуы тиіс. Мен «Бізді біріктіретіндердің өзі ажырататындардан едəуір асып түседі», деген Рим Папасы Францисктің сөзін қолдаймын. Этносаралық жəне дінаралық жанжалдарды қате саясаттың


3

www.egemen.kz

11 маусым 2015 жыл

ƏЛЕМ ЌАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛЫНДА

туындататынын ашып айтқым келеді. Ол елдерді, адамдар мен қоғамды бүлдіреді. Біз бүгінде де оны əлемнің түрлі түкпірлерінен көріп отырмыз. Бірақ халықтардың өзара тартылысы, тілдерді, мəдениетті, рухани əлемді өзара тану, сауда мен тату көршілікті дамыту əркезде де мəңгілік болған, болып қала береді. Жəне халықтар достығының осынау үрдісі əсіресе, жаһандану ықпалымен ХХІ ғасырда күшейе түсуде. Рухани жəне саяси лидерлер бірлесе отырып, адамзат əлемін неғұрлым өнегелі жəне толерантты жасай алары анық. Əлемдік жəне дəстүрлі діндердің V съезіне қорытынды декларация қабылдауға тура келеді. Оған бүкіл əлем бойынша миллиардтаған адамдардың мұңмұқтаждары мен үміттерін бейнелейтін бірқатар үндеулер қосуды ұсынамын. Бірінші. Барлық əскери жанжалдарды тоқтату жəне бітім жариялау. Барлық қарсы тұрушы тараптар келіссөздер үстеліне отырып, зорлық-зомбылықты тоқтату, бейбіт азаматтарды қорғау, бүкіл қарамақайшылықтарды бейбіт жолмен шешу жөнінде келісімдер қалыптастыруы тиіс. Екінші. Кез келген елде жəне мемлекетаралық қарым-қатынастарда кез келген саяси қарама-қайшылықтарды шешудің күш қолдану тəсілдері батыл түрде теріске шығарылуы керек. Үшінші. Бүкіл жетекші держа валардың саяси лидерлерін қазіргі заманғы əлемдегі сенімсіздік шыңырауының ұлғая түсуін тоқтатуға шақыру маңызды. Салдарынан «үшінші əлем» мен қарапайым адамдар ауырырақ зардап шегетін өзара санкцияларды тоқтату қажет. Əлемді ХХІ ғасырда «қырғиқабақ соғыс» уақытының стереотиптерін, əсіресе, блоктық ойлауды қайта жаңғырту қаупінен сақтандырудың маңызы зор. Бүгінде қарама-қайшылықтарды реттеу, соғыстар мен дау-жанжалдарды тоқтату үшін БҰҰ мен қауіпсіздіктің өзге де халықаралық құрылымдарының мүмкін деген барлық тетіктерін пайдалану керек. Төртінші. Барлық адамдарды саналылыққа жəне Интернетті қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарын адамдар арасындағы дінаралық араздықтарды тұтандыру үшін пайдалану тəжірибесін тоқтатуға шақыру қажет. Бұл тұрғыда БАҚ-тардың қожайындары мен баспагерлерінің, өздерін «төртінші билік» деп атайтындардың бəрінің моральдық жауапкершілігін арттыру керек. Бесінші. Мемлекеттер мен қоғамдар ға кедейшілік, аштық, эпидемия, жұмыссыздық, табиғи зұлматтар мен техно гендік апаттар проблемаларын шешу үшін күш-жігерді біріктіру өмірлік тұрғыда қажет. Осының бəрі қауіпсіз жəне үйлесімді əлемнің жаңа архитектурасының бөлігіне айналуы тиіс. Жоғары мəртебелі дінбасылар! Ханымдар мен мырзалар! – деді сөзінің соңында Президент. – Қазіргі заманғы дəуірдің оқиғалары біздің Əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидерлерінің съездерін жаһандық «рухани дипломатияның» маңызды элементіне айналдырады. Барлық делегациялар басшыларын конфессияаралық үнқатысуды ұлғайта түсуге деген үндеуді өз діндеріңіздің ұстанушылары мен барлық діни қауым мүшелеріне жеткізуге шақырамын. Мен қатысып отырған бүкіл саясаткерлер мен қоғам қайраткерлеріне өз ықпалдары мен мүмкіндіктерін соғыстар мен дау-жанжалдарды тоқтату, жаһандық саясаттағы сенімді қалпына келтіру үшін пайдалану жөнінде үндеу тастаймын. Съезд

жұмысының мəдениеттер мен діндер үнқатысуының тəжірибесін байыта түсетініне сенімім мол. Баршаңызға жемісті жұмыстар мен табыстар тілеймін! Елбасынан кейін Қ.Тоқаев сөзді Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мунға берді. Жиында сөз алған БҰҰ Бас хатшысы Əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидерлерінің съезіне қатысу мəртебесіне ие болғаны үшін, ең алдымен, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ризашылығын жеткізе келе, Мемлекет басшысының лидерлік көрегендігін жоғары бағалайтынын атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстан бастамашылық жасаған əлемнің саяси жəне дін лидерлерінің мұндай үнқатысуының өзектілігі күн санап артып келеді. Сондай-ақ, саяси қайраткерлер мен дін лидерлерін мұндай үнқатысу алаңына шоғырландыру – дер кезінде қолға алынған оң бастама. Бұл өзара сыйласымдылықты арттыру, мəдениетаралық байланысты нығайту үшін өте өзекті. Адамдар мен əлемдік қоғамдастықтың араласып тұруы – бұл əлемнің осынау бөлігіндегі ізгілікті іс қана емес, бұл сіздердің тарихтарыңыздың бір бөлігі. Осы арқылы Қазақстан өңірде озық шығып, əлемді рухани тұрғыда байытатын жетістікке жетті. Бұл – құрғақ декларациялар шығаруға қарағанда, əлдеқайда жақсы бастама. Осы арқылы сіздер мейлінше өзекті дүниеге терең үңіле бастадыңыздар. Бұл съезд бен басқа да күш-жігерлер арқылы сіздер қоғамдағы үйлесімділіктің ешқашан өзінен өзі пайда бола алмайтынын біліп отырсыздар. Осы түсінікті күн сайын дамытып, қорғау керек. Осы тұрғыдан алғанда, мен, Нұрсұлтан Əбішұлы, Сізге бүгінде əлемдік тұрғыда күн тəртібінде тұрған келелі əлеуметтік мəселелерді шешу мен жаһандық қатерлердің алдын алу бағытындағы белсенді бастамаңыз үшін алғыс айтқым келеді, деді БҰҰ Бас хатшысы. Осылай дей келе, БҰҰ Бас хатшысы бірқатар мəселелерге назар аударды. Мəселен, Пан Ги Мун өз сөзінде қазіргі таңда үнқатысу мəселесі айрықша рөл атқарып отырғанын жеткізді. Бүгінде əлемнің өзгермелі əлі тұрақсыз күйде тұрғанын алға тартты. Яғни, біз тұрақты, мейлінше тең құқылы даму бағытына назар аударуымыз қажет. Алайда, жаһандану үдерісі күн санап өзгеріп тұрады, деді Пан Ги Мун. Сондай-ақ, БҰҰ Бас хатшысы демократия мен бостандық үшін кеңістік көкжиегі ашылып, кеңейген сайын, экстремизм мен зорлық-зомбылықтың мүмкіндіктері тарыла түсетінін алға тартты. Біз өзіміздің атқарып жатқан шараларымыз аясында халықаралық құқыққа құрметпен қарап, демократия мен бостандық құқықтарын сақтауға тиіспіз. Лидерлер мен саяси шешімдер қабылдайтын тұлғалар осынау маңызды шындықты мойындаулары керек. Демократия мен іргелі бостандық үшін кеңістік ашылған сайын, экстремизм мен зорлық-зомбылық мүмкіндіктері тарылады, деді БҰҰ Бас хатшы. Оның айтуынша, бүгінгі күні қоғамдастықтар арасында түсіністік пен ынтымақтастық көпірлерін орнатудан артық маңызды мəселе жоқ. Сондықтан да барлық діни қоғамдастықтардың құқықтары теңдей сақталуы керек. Толеранттылық белсенді əрі ырғақты болуы керек. Бұл дегеніміз не? Бұл дегеніміз, біз үнқатысу орнатып, араласып, бір-бірімізден үйреніп тұруға

тиіспіз дегенді білдіреді, деді Пан Ги Мун. БҰҰ Бас хатшысы діннің атын жамылып жасалған барлық қылмыс, шындығына келгенде, дінге қарсы жасалған қылмыс болып саналатынын да атап өтті. Біз жаһандық деңгейдегі кедейшіліктің ақырғы нүктесін қоятын алғашқы, ал ғаламдық жылыну проблемаларын уақытынан оздырып алмай шешуге тиісті буынның соңғысы болып саналамыз. Дей тұрғанмен, біз азаматтық қақтығыстар, терроризм, ұйымдасқан қылмыс, есірткі трафигі секілді, сондай-ақ миллиондаған азаматтың денсаулығына қатысты үлкен тəуекелдерге де қарсы келіп отырмыз. Бүгінде мұндай қауіп-қатерлер шекарадан шекараға көшіп жүр. Интеграция үлгісі байқалатын көптеген елдерде «бөліну саясаты» дамып отырғанын да көреміз. Осы тұрғыдан алғанда, дəстүрлі де, дəстүрлі емес те діндер лидерлері шешуші рөл атқаратыны сөзсіз, деді Пан Ги Мун. БҰҰ Бас хатшысының сөзіне қарағанда, бүгінгідей құбылмалы əрі күрделі заманда діни көшбасшылар құндылықтарды біріктіруші қызметін атқарып, бейбітшілік орнату, қақтығыстарды тоқтату проблемаларын шешумен байланысты іс-шараларға айрықша назар аудара алады. Бұл ретте Пан Ги Мун ізгілік құндылықтарын қолдау үшін рухани лидерлердің үнқатысу орнатуы маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Əлемдік дін лидерлері өзара құрметтің өзектілігін түсіне əрі түйсіне отырып, өздерінің соңынан ергендерге бірігудің шынайы мəнін ұқтыра алулары керек. Дін лидерлері өздерінің дінін ұстанушылар қандай да бір қылмыстарға барғанда шетте қалмауға міндетті. Дін атын жамылып жасалып жатқан барлық қылмыстар – дінге қарсы қылмыстар. Сондықтан да мен сіздердің əрқайсыңыздың дауыстарыңызды қатты бағалаймын, деді Пан Ги Мун өзінің сөзінде. БҰҰ Бас хатшысы əрі қарай əлемдегі

жетекші ұйымның діндер лидерлері арасындағы үнқатысуларды жандандыру бағытында үлкен бастамаларды қолға алып жатқанына тоқталып өтті. Бүгінде экстремизмнің күш-қуаты артып келеді. Алайда, адамдарды өлтіру – ол дін емес. Олар зорлық-зомбылық əрекетке барған адамдар, яғни индивидтер. Олар сенімді, нанымды өздерінің теріс іс-əрекеттері мен мақсаттарына қолданып отыр. Бүгінде жас балалар мен əйелдер осындай кері құбылыстардың басты құралына жəне құрбанына айналуда. Жастар да зорлық-зомбылықтан зардап шегетін бірден-бір топ. Осындай жағдайда, біз жаһандық қауіпсіздікті, тең құқықтылықты қамтамасыз ету бағытында жұмыстар жүргізуіміз керек. Халықаралық құқықты құрметтеуіміз қажет. Сондай-ақ, іргелі бостандықты сақтауымыз керек. Яғни, демократия мен іргелі бостандыққа неғұрлым көп мəн берілсе, экстремизм мен зорлықзом былыққа да аз орын қалады. Біз, яғни халықаралық қоғамдастық айналада болып жатқан осындай үдерістерге көзімізді ашып қарап, жүрегімізді тыңдауымыз керек, деді БҰҰ Бас хатшысы. Осылай дей келе, ол сөзінің соңында барлық дін лидерлерін үнқатысуға, өзара сый ласымдылыққа, барлық азаматтардың мəнді де мағыналы өмір сүруіне атсалысуға шақырды. «Діни көшбасшылар мен саяси қайраткерлердің бейбітшілік жəне даму жолындағы үнқатысуы» тақырыбында өткен пленарлық отырысқа Финляндия президенті Саули Нийнистё қатысып, сөз сөйледі. Ол өз сөзінде былай деді: «Бүгінгідей шапшаң əрі жылдам өзгерістерге түскен əлемде Қазақстанда өтіп жатқан осындай форумдар аса қажет, ал осындай үнқатысу алаңдарында ұзақ мерзімді перспектива аясында салмақты да ауқымды проблемалар кеңінен талқылануы тиіс. Біз бірлесе отырып, мейлінше бейбіт өмір сүруге, толерантты болуға, басқа көзқарастар ұстанушылар мен діни наным-сенім иелерінің пікірін сыйлауға үйренеміз.

Сондықтан да, əлем үшін осындай пікірталастар алаңдарын ұйымдастырып отырған Қазақстан секілді елдердің маңызы зор. Себебі, шекаралар мен мəдениеттер арқылы үнқатысуларды жандандыру бағытындағы Қазақстанның күш-жігері мойындауға да, құрметтеуге де тұрарлық». Сонымен қатар, Финляндия президенті адамзаттың өмірінде діннің маңызды рөл атқарып қала беретініне тоқтала келе, мұның себебін жер бетіндегі адамзаттың басым бөлігінің қандай да бір дінді ұстанатындығымен түсіндірді. Біз дін арқылы іргелі қағидаттарды, адам өмірінің мəнін қамтуға тырысамыз. Ендеше, бұл бүкіл адамзатты біріктіретін өзек тəрізді, деді президент өз сөзінде. Бұдан кейінгі кезекте сөз Дүниежүзілік ислам лигасы Бас хатшысының орынбасары Абдрахман Бен Абдолла ƏлЗаидке берілді. Ол жиында сөйлеген сөзінде бүкіл əлемде бейбітшілік пен келісімнің салтанат құруына ықпал ету қажеттігіне айрықша тоқталды. Бұл съездің мақсаты – адамзат үшін маңызды мəселелерді талқылау. Бейбітшілік тақырыбында үнқатысу – əлем халықтарының ортақ мүддесі. Қазіргі таңда діни көшбасшылар мəдениеттердің арасындағы үнқатысуды қалыптастыруда өздерінің маңызды рөлін атқаруда. Демек, діндер съезі бейбітшілікті қамтамасыз ету, шиеленістер мен қақтығыстардың алдын алу, аспанымызды тыныштықта сақтап, адам құқықтарының бұзылуын болдырмау мүддесін көздейді. Адам құқықтары саласындағы екіұдай стандарттар ешқандай да жақсылыққа əкелмейді. Керісінше, бұл көптеген қақтығысқа жəне халықтар арасындағы алауыздыққа алып келуі мүмкін, деді ол. Дүниежүзілік ислам лигасы Бас хатшысының орынбасарының пікірінше, əлемдегі барлық қақтығыстың түбінде бір ғана себеп жатыр. Ол – адамның адамды кемсітуі. Ол бұл орайдағы ойпайымын былайша жеткізді: «Біздің алдымызда тұрған ең басты мəселелердің бірі – кемсітушілік. Орталық Африка

жəне Палестина халқы қазір қиын заманды бастан кешуде. Бүгінгі күнгі қылмыстар экстремистік топтармен жасалатын шовинистік əрекеттермен жасалуда. Бұл конфессияның беделін түсіріп, оған нұқсан келтіруде. Біз осындай сипаттағы қылмысты тоқтатуымыз керек. Себебі, біз мұндай топтарға түбегейлі қарсымыз. Мəселен, біз «ƏлКаида», «Боко Харам» сияқты ұйымдарға қарсы іс-қимылдар жасауымыз керек, деді Əл-Заид бұл орайда. Ал Дінаралық үнқатысу жөніндегі Папа Кеңесінің президенті Кардинал Жан-Луи Торан Астанадағы Əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидерлерінің съезі мен оның аясындағы үнқатысу бейбітшілікке қомақты үлес қосып келе жатқанын жеткізді. Қазақстанда тұрақты түрде ұйымдастырылып жүрген əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидерлерінің үнқатысуы бүгінде адамзат ынтымақтастығына қомақты үлес қосып келеді. Біз қазір сын-қатерлі, аумалы-төкпелі кезеңде өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан, діндердің қарымқатынасында кемеңгерлік қасиетті айрықша назарда ұстауымыз керек. Қоғамдағы əрбір адамның діни жəне мəдени ұстанымына, ол қандай болса да, сыйластықпен, құрметпен қарауымыз керек. Ал бүгінгі отырыс біздің бейбітшілік пен бауырластық жолындағы ниеттестігімізді білдіреді. Осы жылдар аралығында дамып келген біздің достығымыз бен ынтымақтастығымыз, сондай-ақ, Астанада тұрақты түрде өтіп келе жатқан əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшыларының үнқатысуы əралуандықтың адамзат қоғамының байлығы бола алатындығын көрсетіп отыр, деді Жан-Луи Торан бұл ретте. Осы орайда, ол съезд аясында өтетін ауқымды талқылаулар мен пікірталастар барысында өзара келісімді нығайту жолында салмақты шешімдер қабылданатынына сенім білдірді. Демек, бұдан, яғни біздің ойпайымдарымыздан шығатын қорытынды қандай болмақ? Біз мынаны ұғынуымыз керек. Адамдарды діні мен мəдениетіне қарап бөлуге болмайды. Əрбір дін өкілі өз дінінің іліміне еру керек. Əрбір дінбасы басқа діндегі ілімге құрметпен қарауы қажет. Себебі, діннің негізгі міндеті – адамдарды бауырмалдылыққа шақыру, өзара сенімге жетелеу. Ал Астанада өтіп жатқан Əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидерлерінің V съезі – сол бауырмалдық пен бейбітшіліктің белгісі. Осы жылдар аралығындағы достық пен ынтымақтастығымыз, дін лидерлерінің осындай тұрақты үнқатысуы – əралуандылық адамзаттың байлығы екенін көрсетеді, деген Жан-Луи Торан өз еліндегі дінбасының білдірген ойын да жеткізді. «Өткен сенбі күні мен Папа Францискпен кездескен едім, сонда Папа: «Дінаралық үнқатысу – бірлік пен адамгершіліктің үлкен мектебі», – деген еді. Сондықтан, сол мектеп толеранттылық пен өзара жауапкершілікке негізделген қоғам құруға көмектеседі, деді ол. Дүниежүзілік ислам мазһабтарын жақындастыру ассамблеясының Бас хатшысы Мохсен Мұхаммади Араки Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Сириядағы, Йемендегі, Ливиядағы жəне өзге де елдердегі қақтығыстарды шешудің нақты жолдарын ұсынып отырғанына тоқталды. Бұл қақтығыстар көптеген елдің əлеуетіне кері əсерін тигізуде. (Соңы 4-бетте).


4

www.egemen.kz

11 маусым 2015 жыл

ДІН ЛИДЕРЛЕРІ ТАЄАТТЫ  Съезге қатысушылар лебізі Ержан МАЛҒАЖЫҰЛЫ, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти: – Бұл форумның маңызы жылдан-жылға артып келеді. Бүгінгі күні əлемдегі діни, саяси келеңсіздіктер еселеп артуда. Сондықтан жақын болашақта кикілжіңге түскен тараптар өзара үнқатысу жасайтын алаңға зəру болады. Ол тек саяси үнқатысу емес, діни үнқатысу алаңы да болуы керек. Меніңше, біздің съезд əлемнің осы зəрулігін өтейтін өте үлкен үнқатысу алаңына айналатын сияқты. Сонымен бірге, дін ешқашан саясаттың сойылын соқпағаны жөн. Бүгінгі отырыста əлемнің барлық түкпірінен келген дінбасылары өздерінің тұщымды ойларын ортаға салды. Олардың бəрі де форумға барынша дайындалып, өздерінің өзекті ойларын тұжырымдап келгені көрініп тұрды. Бұл да съездің беделі артып, ауқымы кеңейіп келе жатқанын көрсетеді. Əлемнің діни қайраткерлері біздегі съездің маңызы туралы өздерінің ойларын ортаға салды. Бəрінің сөзінде бір нəрсенің басы ашық болды. Ол – бүгінгі таңда осындай үнқатысу алаңының аса қажетті екендігі. Сондықтан да съезд өзінің мақсатын орындап отыр деп айтуға негіз жеткілікті.

(Соңы. Басы 1-3-беттерде). Бірақ қандай жағдай болмасын, адамдар оған қарсы тұра алуы тиіс. Сириядағы, Йемендегі, Ирактағы қақтығыстарды тоқтатуға қауқарымыз жоқ па, күшжігеріміз жетпей ме?! Оған əліміз де, əлеуетіміз де жетеді. Оған ықпал ете алатындардың, осы мəселелердің шешілуін құптап келе жатқандардың барлығы бұл жолда күш біріктірулері тиіс. Біз Қазақстан Президентінің осы бағытта нақты істер ұсынғандығын көріп отырмыз,– деді ол. Оның сөзіне қарағанда, съезд барысында əлем елдерінің өкілдері осы мəселелерді тыюға бағытталған бірқатар шешімдерді жасауы керек. Сонымен қатар, Мохсен Мұхаммади Араки Елбасынан Сириядағы қақтығыстың аяқталуына қосып жатқан үлесін бұдан əрі де жалғастыруын сұрады. Саясаткерлер Сириядағы жағдайды тұрақтандыруға, қалпына келтіруге үлкен мəн беруі қажет. Себебі, онда қаза тапқан азаматтардың саны өте көп. Ливияда, Иракта, Йеменде де сондай жағдайлар орын алуда. Біз қантөгісті тоқтатуымыз керек. Осы аймақтарда бейбітшілік пен келісімді орнатуымыз шарт. Мен тағы бір рет шын жүректен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысымды жеткізгім келеді. Осы бағытта тиісті қадамдар жасауын жалғастыруды сұраймын. Бұл съезд біздің бейбітшілікті орнатуға арналған нақты шараларымызды жариялауға үлкен мүмкіндіктер беріп отыр, деді М. Араки. Сондай-ақ, Дүниежүзілік ислам мазһабтарын жақындастыру ассамб леясының Бас хатшысы бүгінде «Əл-Каида», «Ислам мемлекеті» сынды экстремистік топтардың тасасында супердержавалар тұрғанына тоқталды. Біз оны Ауғанстандағы соғыс аяқталғаннан кейін көрдік. Ол, тіпті, Иракта да байқалды. 1991 жылы соғыс басталған кезде супердержавалар Иракқа қарсы ұрысқа араласты. Олар сүнниттер мен шииттер арасында алауыздық бар деп жаһанға жар салды. Ал шын мəнісінде Ирактағы соғыс сүнниттер мен шииттер арасында болған жоқ. Бұл Ирактағы саяси қақтығыс, діни қақтығыс емес, деді ол. Оның айтуынша, супердержавалар сүннит пен шиит топтарын бір-біріне қарама-қарсы қойып отырған. Мəселен, Мысырда супердержавалар ұлттар, саяси,

діни топтар, сүнниттер мен шииттер арасындағы алауыздықты өршітуге тырысып бақты. Бұл – супердержавалардың қолдан жасаған проблемасы. Сондықтан оны шешуге олардың өздері атсалысуы қажет, деді Мохсен Мұхаммади Араки. Израильдің Бас сефард раввині Ицхак Йосеф Астанадағы діндер съезі бейбітшілікті қолдайтындардың келелі жиыны екенін айта келе, қазіргідей алмағайып заманда келісім мен тұрақтылық өзекті мəселе болып отырғанына тоқталды. Қазір бейбітшіліктен басқа құнды нəрсе жоқ. Бейбітшілік – адамзат үшін маңызды құндылық. Бүгінде əлем түрлі келеңсіздіктер мен келіспеушілікке толы. Ал бұларды одан əрі өршіте түсетін кері құбылыс бар. Ол – төзімсіздік. Мұндай жағдайда əрбір тарап өзінің көзқарасының дұрыс екендігіне сенім білдіріп қана қоймай, өзінің сенім-нанымын өзгеге таңуға əрекет етеді. Егер сіз бейбітшілікті қаласаңыз, кері қадамдарға да баруыңыз керек. Өйткені, ешқандай шегіністерсіз бейбітшілікке жетеміз деу – қате түсінік. Біз əрбір күнімізді оң сөздер мен оң көзқарастан бастауымыз керек, деді И. Йосеф. Осылай дей келе, ол Қазақстан Президентінің осыдан 12 жыл бұрын маңызды миссияға бастамашы болғанын атап өтті. Бұл миссияның өзегінде бейбітшілікте өмір сүру, өзгенің наным-сеніміне құрметпен қарау, сыйластықпен тіршілік ету идеясы жатыр. Əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидерлерінің съезін өткізу де осындай идеядан туған жауапкершілігі мол іс. Демек, біз осы идеядан үлгі алғанымыз жөн. Бұл ретте тек айтып қана қоймай, оны іс жүзіне асыру қажет. Себебі, əлемдегі əрбір адам бейбітшілік орнатуға сеп бола алады. Ал дін лидерлеріне өте үлкен миссия жүктеліп отыр. Өзге діндегілерге көз аларту – дін үшін жат ұғым. Бұл біздің жолымыз емес, деді Израильдің Бас сефард раввині. Франция митрополиті Эммануил Адамакис: «Терроризм мен соғыс – бұлар өте қиын оқылатын жəне айтылатын сөздер. Алайда, біз бүгінгі таңда олардың орын алып отырғанын көріп отырмыз. Сол себепті, біз құндылықтар туралы айта келіп, əрбір адами құндылықты бағалауымыз керек. Дін зорлық-зомбылықтан, күш қолданудан, арам пиғылды іс-əрекеттерден ада болуы тиіс. Яғни дінді кері құбылыстарға араластыру – жат нəрсе. Діннің атын жамылып,

экстремистік, террористік əрекеттерге бару – келісім мен бейбітшілік, адами құндылықтар қағидатына жат дүние. Бұл тек адамдарға қарсы қылмыс қана емес, діндерге кері əсер ететін іс-əрекет болып саналады, дей келе, бүгінде өзара келісімге келудің, бейбітшілікке ұмтылудың ең оңтайлы, дұрыс жолдарын іздеп, табудың рөлі зор екенін тілге тиек етті. Əрине, діндер өкілдерінің өзара үнқатысуы біреуді біреуге бағындыру деген түсініктен алшақ болуы тиіс. Шынайы үнқатысу дегеніміз – біреудің көзқарасына қосылу немесе біреудің ыңғайына жығылу деген де сөз емес. Біз үнқатысу орнату арқылы əлемге келісімге келудің көп жолы бар екенін ұғындыруымыз керек. Сонда ғана көпмəдениетті қоғамға нұқсан келтірмейтін жолдарды таба аламыз, деді Э. Адамакис. Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының Бас хатшысы Ияд Амин Мадани қазіргі таңда аталған ұйым үлкен қауіпқатерлерге, күрделі қарым-қатынастарға қатысты іс-шаралар төңірегінде жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Сынқатерлер белгілі бір халықтарға ғана емес, бұл барлық мемлекеттерге де тəн. Сондықтан, біз онымен күресуді, оның алдын алуды назарымызда ұстап отыруымыз қажет. Əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидерлерінің съезі – біздің осындай көзқарастарымызды, ой-пайымдарымызды бір-бірімізбен бөлісуге мүмкіндік беретін бірден-бір орын болып саналады. Ол – сонысымен де құнды. Мəселен, соңғы 10 жылдың бедерінде айрықша алаңдаушылық туғызып отырған мəселелердің бірі – этносаралық келіспеушіліктердің, араздықтардың өрши түсуі. Діни озбырлықтың орын алуы да алаңдатарлық деңгейге жетті. Демек, біз шын дұшпанды тауып, олардың əрекеттеріне тосқауыл қоюымыз керек. Мəселен, терроризм – саясаттың құралы ғана. Бұл ретте, дін осы кері құбылыстың қатысушысына айналмауы керек, деді ИЫҰ Бас хатшысы. Индуизмді жəне дінаралық үнқатысуды зерттеу институтының төрағасы Самир Шантилал Сомайя: «Біз бүгінгі күні ежелгі манускриптердегі жазулардан ұлағат алуымыз керек. Білім беру бүгінгі күні өмір сүруді емес, тек белгілі бір мамандықты үйрету ғана болып қалды. Негізі, ол аталған екі мақсатты да

қамтуы керек. Біз тек қаражат табудың көзін ғана емес, өмір сүру, бөлісуді де үйренуге тиіспіз. Байлық пен дəулет тек тиісті түрде еңбекпен жиналған кезде ғана нағыз байлық болып саналады. Біз, ең алдымен, қоғам игілігін, одан соң ғана қара басымыздың қамын ойлауымыз керек», деген ойын жеткізді. Самир Сомайяның пікірінше, адам өз өмірін қоғамға, еліне арнап, мақсатпен өмір сүрсе ғана бейбітшілікке қол жеткізбек. Үндістан – дамып келе жатқан мемлекет. Даму үдерісі қоғамның барлық секторын қамтуы керек. Ел премьерминистрі «Мəдениет адамдарды бөліп қана қоймай, оларды біріктіруі де керек, ол адамдардың арасындағы алтын көпір іспеттес болуы тиіс», деген еді. Демек, даму үдерісіне тек статистикамен ғана емес, ол елдің адамдарының үміті, сенім-нанымы, жүзіндегі күлкісі арқылы да баға беру керек. Экономикалық əлауқатқа ғана емес, адамдардың рухани əл-ауқатына да көңіл бөлуіміз қажет. Ганди айтқандай, бейбітшілікке барар жол жоқ, себебі, бейбітшіліктің өзі – осы жол, деп қорытты сөзін С. Сомайя. Дүниежүзілік буддистер қоғамдас тығының Бас хатшысы Фаллоп Тайиари Қазақстан тұрақтылықтың өзіндік үлгісін қалыптастырғанын жəне бұл үлгі көп ел үшін үлгі бола алатындығын атап өтті. Əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидерлерінің V съезінің 130-дан астам этнос пен 40-қа тарта конфессия тату тіршілік етіп жатқан Қазақстанда өтуі тегіннен тегін емес. Қазақстанда адамдар келісімде, бірлікте жəне əлеуметтік тұрақтылықта өмір сүріп жатыр. Бұл Қазақстанның өзіндік бір үлгіні қалыптастырғандығын дəлелдейді. Бұл – барлық қоғамға, барлық мемлекетке келе беретін əмбебап үлгі. Демек, көп ел Қазақстанның жолымен жүруі тиіс деп санаймын, деді ол өз сөзінде. Оның айтуынша, барша ел əлемдегі зұлымдықты тоқтатуға бірлесе күш салуы тиіс. Дүниежүзілік буддистер қоғамдастығы əлемдегі кейбір елдерде орын алып жатқан зорлық-зомбылықтарға, сенім мен мүдделердің қарама-қайшылығынан туындаған қақтығыстарға үлкен алаңдаушылық танытуда. Ендеше, бұл – нағыз бірлесе, топтаса əрекет ететін кезең. Себебі, бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін жұмыла кіріспесек, əлемнен өзгерістерді күтуге болмайды, деді Ф.Тайиари. Пленарлық отырыста сөз алған Марокконың Ислам істері жөніндегі министрі Тауфик Ахмед Марокко Королінің Қазақстан Президентіне Əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидерлерінің съезін өткізгені үшін айтқан ризашылығын жеткізді. Сондай-ақ, уақыт өткен сайын бұл съездің мəнмаңызының артып келе жатқанына, демек, əлемдік саясаткерлер дүниежүзіндегі дін лидерлерінің көзқарастары мен ойпайымдарына құлақ асуы қажеттігіне тоқталды. Бұл мемлекет алдындағы, қоғам алдындағы, қарапайым азаматтар алдындағы жауапкершілік, деді Т. Ахмед. Сонымен, пленарлық отырыста ұлтаралық жəне конфессияаралық татулық пен келісімді қамтамасыз ету тетіктері талқыланды, сонымен қатар, қазіргі таңдағы əлемдегі күрделі жағдайларды есепке ала отырып, діни жəне саяси көшбасшылардың ынтымақтастығын күшейту, халықаралық деңгейдегі дағдарыс жағдайларын талқылау мен еңсеру мəселесі жан-жақты қарастырылды. Əлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан». –––––––––––––––––– Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Маркос ОГАНЕСЯН, епископ (Армения): – Бұл съездің басты қағидаты да, негізгі өзегі де – үнқатысу. Яғни, оның астарында өзара пікірлесу қалыбы жəне кейбір түйткілді мəселелерді шешу жолдары жатыр. Сол себепті мұндай үнқатысу алаңы белгілі бір күрделі мəселелердің шешу жолдарын қарастырып қана қоймайды, сондай-ақ, түрлі дін өкілдерінің өзара түсінісуіне жол ашады, мүмкіндік береді. Саяси қайраткерлер үшін де, дін лидерлері үшін де пікір алмасудың жолы өте көп. Егер, осындай пікірталастар мен үнқатысулар болмай қалса, мемлекеттер, оның ішінде дін өкілдері мұндай мүмкіндіктерден ажырап қалса, онда əркім əртүрлі ойлай бастайды. Ал өзара қарым-қатынас орнаса, ол өз кезегінде адамдарды біріктіруге ықпал етеді, бір-бірін жақындата түседі. Қазіргідей күрделі кезеңде өзара қарым-қатынас орнатып қана қоймай, игілікті жолда күш біріктіре білу керек. Бір-біріне оң ықпал ететіндей жолдарды табу керек. Бұл орайда осындай үнқатысулар көп мүмкіндік береді. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидерлерінің съезін өткізу арқылы оның өзегіне осы үнқатысу қалыбын енгізді. Бұл съезд сонысымен де құнды. Хиен Хи КИМ, корей ұлтының өкілі: – Жаһандық үнқатысу – келісімді, бейбітшілікті сақтау жолындағы ізгілікті іс. Осы арқылы біз ғалам алдында діндер арасындағы үнқатысудың аса қажет екенін дəлелдеуге мүмкіндік аламыз. Саяси жəне діни салаларда қандай да бір айырмашылықтар болғанымен, діндер мен саясат арасындағы байланыс сенімге негізделуі тиіс. Мұндай жағдайда, осы екі саланың өкілдері бейбітшілік үшін тығыз ынтымақтастықта болуы керек. 2003 жылдан бері өтіп келе жатқан Əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидерлерінің съезіне қатысушылар үнқатысу, өзара түсіністік пен құрмет, əралуан мəдениеттер мен діндегі адамдардың жайлы жəне бейбіт өмір сүруін қамтамасыз ете алатын қуатты жасампаз күш екенін паш етіп келеді. Себебі, дүниежүзіндегі тепетеңдік көп жағдайда адамдар арасындағы үнқатысу мен келісімге байланысты болады. Сондықтан, діни негіздегі дүрдараздық пен оқшаулануға біз діни үнқатысуды, мəдениеттің рухани келісімін қарсы қоямыз. Сондықтан, біз осындай ізгілікті істердің əлі де жалғасқанын қалаймыз. Балғабек МЫРЗАЕВ, Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігі Дін істер комитеті Дінтану сараптамасы басқармасының басшысы: – Астана төрінде өткен Əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидерлері V съезінің тақырыбы өте маңызды əрі өзекті. Бұл съезд, əсіресе, қазіргідей жаһандану заманы алға тартып отырған түрлі қауіп-қатерлердің алдын алу жолында өте қажет. Діни жəне саяси тұрғыда дін аспектілеріне үлкен көңіл бөлінді. Бүгінде діни əралуандылыққа, этносаралық алауыздыққа байланысты əртүрлі шиеленістер туындап, дүниенің түкпір-түкпірінде соғыс өрті өршіп келеді. Соның əсерінен босқындар қатары көбейіп, кедейшілік дерті дендей түсуде. Жетім қалған балалар жағдайы да əлемдік қоғамдастықты толғандыра бастады. Сол себепті, съезде отбасылық құндылықтарды сақтауда дін лидерлерінің ортақ ұстанымын қалыптастыруға да көңіл бөлінді. Сонымен қатар, съезд барысында діннің атын жамылып, өздерінің теріс пиғылдарын жүзеге асырып отырған түрлі ағымдар мен ұйымдардың əрекеттеріне тойтарыс беріп, тосқауыл қою мəселесі, сонымен қатар, қандай да бір дін болсын, олардың түбірінде радикализмнің, экстремизмнің жоқ екендігі, барлық діннің ортақ мақсаты – адамзатқа ізгілік дəнін себу, бейбітшілікке үндеу екендігі айтылды. Съезд барысында жастарға арнайы сессия арналды. Оның өзіндік себебі бар. Себебі, бүгінгі күні жастар рухани құндылықтарды жете меңгермегеннің кесірінен кез келген уақытта теріс ағымдардың ықпалына кетіп қалуда. Да лама Хунхур БЯМБАЖАВ, Моңғолия Буддистер орталығы Гандан Тэгченлин монастырі басшысының орынбасары: – Қазақстан экономикасы қарқынды дамып келе жатқан мемлекет деп білемін. Сіздердің елдеріңіз тек экономикаға ғана көңіл бөліп қоймай, бар мүмкіндігінше рухани-мəдени салаға да баса назар аударып отыр. Əсіресе, бұл елде ешкімді бөліп-жармай, барлық діндерге оң көзқарас танытылуда. Осы жайт Қазақстанның орнықты дамуына мүмкіндік беруде. Меніңше, келешегі кемел мемлекетте осындай жақсылықтар көп болады. Енді съезд туралы айтар болсам, бұл форумның абыройы өте биік. Əлемнің түкпір-түкпірінен аса беделді, мəртебелі тұлғалардың форум жұмысына қатысуы сөзіме дəлел. Осы арада БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мунның саммитке арнайы қатысуы көп жағдайды аңғартады. Біздің үнімізді осы жиын арқылы əлем жұртшылығы естуде. Мұндай мүмкіндік көп бола бермейді. Осындай ауқымды шара ұйымдастырып отырған Қазақстанның қонақжай халқына, Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысым мол. Өйткені, əлемді ынтымаққа, бірлікке, жақсылыққа шақырып отырған елге, оның Президентіне разы болмау орынсыз. Мен өз тарапымнан барша қазақстандықтарға жарқын болашақ тілеймін.


www.egemen.kz

11 маусым 2015 жыл

5

ƏЛЕМ ЌАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛЫНДА Əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидерлерінің V съезі түстен кейін секциялық отырыстармен жалғасты. Оның алғашқысы «Дін жəне саяси көшбасшылар: адамзат алдындағы жауапкершілік» деген тақырыппен өтті. Секцияға модераторлық еткен Ресей Федерациясы мұсылмандары рухани басқармасының мүфтиі, шейх Равиль Гайнутдин секцияға ұсынылған тақырыпқа орай сөзінде оның өте маңызды мəселе екенін ауызға алды. Меніңше, көшбасшылардың екі түрі болады. Олардың біріншісі өзінің қоғам алдындағы жауапкершілігін белгілі бір топтың алдындағы жауапкершілікпен ғана шектеп, ақырында сол топтың қолындағы ойыншыққа айналады. Сайып келгенде, оның əрекетіне «жауапсыздық» деген баға беруге бо-

қадам деп санаймын. Біздің еліміз 30 жылдан артық уақыт бойы түрлі қақтығыстардың құрбаны болып келеді. Сондықтан да, бейбітшіліктің қадірін өте жақсы біледі. Қазақстан басшылығының осы бағытта атқарып жатқан жұмыстарын құптаймыз, дей келіп, шешен Қазақстанның ауған халқына жасаған экономикалық жəне гуманитарлық көмектерін де тілге тиек етті. Заратуштра мəдени мұрасының Бүкілəлемдік кеңесінің президенті Хоми Буржор Дхалла сөзін өз көсемдерінің саясаттың лас екенін, одан

алмайды. Ондайлар өтірік сөйлейтін адамдар, дей келіп, шешен одан əрі бүгінгі таңдағы экстремизмнің қаупіне тоқталды. Барлық дін иелері, көшбасшылар экстремизмге қарсы өздерінің үндерін қосуы керек. Өйткені, экстремизм дегеніміздің ешқандай діни негізі жоқ. Бір дінді басқалардан артық, менікі ғана дұрыс деген сөз дінге монополия жасауға ұмтылушылық. Сондықтан экстремизм діннің өзіне қауіп төндіреді. Осыдан əрі шешен өздерінің лютеран шіркеуінде осы істердің қалай атқарылатынына тоқталды. Біз рухани билік пен храмдық биліктің арасына шек қойғанбыз. Олар өздерінің шекараларынан асып кетпеуі керек. Бейбітшілік пен келісім сонда ғана берік орнайды. Сөзінің соңында ол дін

лады. Сонымен қатар, екінші түрлі жауапкершілік те бар, оны адамзат алдындағы жауапкершілік деп атаған жөн. Мұндай жауапкершілікті сезінген көшбасшылар өзінің Құдай алдында жауапты екенін ұғынғандар. Адамдар алдындағы жауапкершілікті сезінуді – Құдай алдындағы жауапкершілікті ұққандар деп айтатын себебіміз: адам – Құдайдың жаратқан пендесі. Ал кез келген басқа жауапкершілікті Жаратушының алдындағы жауаптылықты ұқпағандық деп бағалау керек. Ондайлар өз жауапкершілігін мемлекет, ұлт, жеке адамдар, тап, идея жəне басқалар алдында болды деп ақталады, алайда, Ақырзаманда Құдай алдында күнəдан құтқарылмайды. Себебі, адам Құдайдың жаратқан өнімі – сондықтан лидер адам алдында ғана алаңсыз жауапкершілік тартуы керек. ХХ ғасырдың соңы адамзат алдында шексіз еркіндікке жол ашты. Алайда, шексіз еркіндік өзімшілдіктің де шексіздігіне ұрындырды, дей келіп, шешен одан əрі аса көрнекті орыс ойшылы А.Бовиннің ХХ ғасырдың басында: «Еуропалық өркениет Айсаны жоққа шығарып, еркіндіктің хаосын тудырды. Адам əлсіз əрі жеміссіз еркіндікпен ғана қалды. Құдайды жоққа шығарған еркіндік қылмыстың шексіздігіне де жол ашты» деп жазғанын еске алды. Одан əрі Р.Гайнутдин шексіз еркіндік тудырған эротика мен гендерлік бірлік, бір жынысты некенің етек жая бастағанын, тағы басқа жағымсыз жайттарды сынап өтті. Осындай жағдайда дін көшбасшылары қандай ұстанымда болуы керек деп өзіне сұрақ қойған ол «жыныстық азшылық» дегендердің шектен шыққан еркіндігіне қарсы шықпасақ, онда діннің де құрығаны деп білуіміз керек, деді. Ондайлар заңға сүйенетін болса, заңның өзін адам шығарғанын, оны кез келген бағытқа бұруға болатынын естен шығармауымыз абзал. Тек Құдай заңы ғана бұлжымайды. Сондықтан нағыз діни көшбасшы бүгінгі күні ешкімнен қорықпай, рухани байлық пен адамгершілік моралін ашық түрде қорғауы керек. Өйткені, біз адам үшін Құдайдың алдында жауап береміз, деді Р.Гайнутдин. Осыдан кейін модератор ЮНЕСКОның Бас хатшысы Ирина Бокованың құттықтауын оқу үшін сөз кезегін ұйымның Қазақстандағы өкілі Сергей Лазаревке берді. Онда адамның құқын сақтау бағытында діннің ықпалы зор екендігі көрсетіліп, сонымен бірге, адамзаттың мəдени құндылықтарын жоюға қарсы күресін өрістету керектігі айтылған. Мəдени құндылықтарды жою сол аймақта тұратын халықтың ғана емес, жалпы адамзат мəдениетінің біртектілігіне жасалған шабуыл екендігі көрсетілген. Осы орайда, Бағдад студенттерінің өз рухани құндылықтарын қорғау жолында бірігіп жатқаны қанағатпен аталып өткен. Мəдениеттер мен өркениеттер арасындағы үнқатысу – біздің ортақ тарихымыздың қозғаушы күші, өзара əріптестігіміздің негізі. Сондықтан, дін көш бас шыларының арасындағы үнқатысудың маңызы зор екендігі айтылған екен құттықтауда. Келесі сөз Ауғанстанның дін істері жəне қажылық жөніндегі министрі Фаиз Мохаммед Османиға берілді. Ол өзінің сөзін Ауғанстан өкіметінің атынан Əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидерлерінің съезіне қатысушыларға жалынды сəлем жолдаудан бастады. Өзінің сөзінде шешен діни қақтығыстар бүгінгі əлемдегі өзекті мəселе екендігін атап өтті. Ертеңгі ұрпаққа діни қақтығыстардан туындайтын келеңсіз мұра қалмауы үшін барлық мəселелер бүгінгі күні шешілгені абзал. Осы орайда, Қазақстан басшылығының түрлі діндер көшбасшыларын өзара үнқатысу алаңына шақыруын ұтымды

діннің аулақ болуын айтқан өсиетінен бастады. Бірақ, бақытқа қарай, соңғы 30 жылда ғаламдық мəселелер бойынша діни көшбасшылар мен саяси қайраткерлердің арасында əріптестік байланыс орнады. Осыған мысал ретінде шешен Рим Папасы Иоанн Павел ІІ-нің əлемдегі коммунистік ре жімнің құлауына ықпалды əсері болғанын айтып өтті. Сонымен бірге, оның ізбасары Бенедикттің христиандар мен иудейлер арасындағы байланысты нығайту мақсатында синагогаға барғанын да еске алды. Жəне оның Палестина мен Израиль лидерлерінің басын келіссөздер үстелінде қоспаққа тырысқанын да айтты. Сондықтан да, əлемдік қауіпсіздік пен бейбітшілікті сақтау ісінде діни көшбасшылар барған сайын маңызды рөл атқаруда. Осының өзі біздің адамзат алдындағы жауапкершілігіміз, деді ол. Одан əрі шешен дін қайраткерлері

лидерлері экстремизммен тізе қосып күресу керектігі жөнінде декларация қабылдауы керек, деді. Одан əрі сөз Морокко Корольдігінің Ислам істері жөніндегі министрі Тауфик Ахмедке берілді. Дін қайраткер лерінің əлеуетін адамгершілік құндылықтарды көтеруге қолданатын болсақ, бүкіл əлемде тыныштық пен бейбіт өмір сүруге қол жеткізер едік. Біздің елімізде 50 мыңнан артық мешіт бар. Біз өз діндарларымыздың əлеуетін осы іске жұмылдыруға тырысамыз. Алайда, дін қайраткерлерінің биліктің ісіне, саясатына терең араласпауына көңіл бөлінеді. Имамдар мен молдалар азамат тарымыздың адамгершілікке тəрбие ленуімен айналысады. Біздің дініміз дің адамның бойында асыл қасиеттерді қалыптастырудағы рөлі зор екені белгілі. Осы бағыттағы насихат жұмыстарын жүргізу дін иелерінің еншісінде. Соның арқасында

мен саясаткерлердің алдында тұрған ортақ қатерлер туралы айтты. Соның ең біріншісі лаңкестік екенін жеткізіп, өткен жылы ғана оның бүкіл əлемде 11 мың рет жасалғанына жəне саны жыл сайын артып келе жатқанына алаңдаушылық білдірді. Екінші мəселе халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету, жыл сайын əлемде 78 млн. бала туып, халық санын арттырады. Ал азық-түліктің артуы халық санының өсуіне сəйкес емес, сондықтан, əлемнің көптеген елдерін аштық жайлап барады, деді шешен. Сонымен бірге, ол кедейшілік, зорлық-зомбылық, адамдарды қинау жəне тағы басқа мəселелерді айтып, осының бəріне саяси көшбасшылармен қатар, дін қайраткерлері де қарсы тұруы керектігін атап көрсетті. Келесі сөз Бүкілəлемдік лютеран федерациясының президенті Муниб Юнанға берілді. Ол өзінің сөзін жеке басының қызықты тағдырлы жан екенін жеткізуден бастады. Мен – христиан дінін, оның ішінде лютеран шіркеуін қабылдаған арабпын. Менің туған қалам – Иерусалим. Сондықтан тұрғындары бейбітшілік пен əділетсіздік тілеп Құдайға құлшылық ететін өзім туыпөскен қасиетті шаһардан сіздерге ыстық сəлем жолдаймын, деді ол. Одан əрі шешен діни кітапта діннің негізі – Құдайды жəне жақындарыңды сүю деп жазылғанын еске салды. Бұл жалғыз біздің лютеран дінінде емес, барлық əлемдік жəне дəстүрлі діндерде айтылады. Алайда, бүгінгі күні Құдайды сүйемін дейтіндер жəне оның есімін жамылатындар өздерінің жақындарын жек көреді. Өзінің жақындарын, ініқарындастарын, бауырларын сүймеген, оларды өлтірген адам Құдайды да сүйе

қоғамы мыздағы ұрлық, өтірік, сыбайлас жемқор лық сияқты келеңсіз жайттарға құрық салынуда. Сонымен қатар, Ислам ғылымның дамуына да ықпал етеді. Адамды тəрбиелеу ісінде оның санасына қоғам алдындағы жауапкершілігін егу ісі де сырт қалмайды. Жақындары мен көр шілерінің құқын бұзбау, олардың ісəрекеттеріне төзімділік таныту істері де адамгершіліктің бір саласы екендігі ескеріледі. Осының бəрі қасиет ті Құранның талаптарының аясында іске асырылады, деді шешен. Осыдан əрі секция жұмысында үзіліс жарияланып, қатысушылар қысқа демалысқа шықты. Одан кейінгі отырыста бірнеше дін қайраткерлері сөйлеп, көтерілген тақырып бойынша ойларын ортаға салды. Соның ішінде Қытай даосшылар ассоциациясы төрағасының орынбасары, Бүкілқытайлық халықтық саяси консультативтік кеңестің мүшесі Тан Чэнцин болды. Біздің əлеміміз «инь» жəне «янь» деген екі қуаттан тұрады. Міне, осы қуаттардың жаңа ғана күшіне еніп, өмір ағынының тасқыны бұрқырай бастаған кезде біз Қазақстанның тамаша астанасында кездесіп отырмыз. Мен өзімді осы форумға қатысқаным үшін бақытты санаймын жəне сіздердің ақыл-кеңестеріңізден өзіме таусылмас қуат, тамаша нəр алатыныма сенімдімін, деді ол. Одан əрі Т.Чэнцин өзінің діні жəне атқарып жатқан істері жөнінде біршама мағлұматтар берді. Ал тақырып бойынша дін лидерлерінің адамзат алдындағы міндеті зор екенін тілге тиек етті.

Адамзат алдындаєы жауапкершілік

Жақсыбай САМРАТ. «Егемен Қазақстан».

Кеше V съездің түстен кейінгі жұмысы екі секциялық отырыспен жалғасты. Соның бірі «Діннің жастарға ықпалы: білім, ғылым, мəдениет жəне бұқаралық ақпарат құралдары» тақырыбына арналды. Жиынның модераторы болып Ислам ұйымының (ISESCO) Бас директоры Абдулазиз Осман ат-Туэйджри бекітілді.

келтірді. Былтыр Айт мейрамының құрметіне өткен жиындардың бірінде шамамен 14 жастағы, яғни 8-сыныптың оқушысы «Мен мұсылман емеспін, мен – атеиспін», деді. Төбемізден

Секциялық отырысты ашқан Абдулазиз Осман ат-Туэйджри бірінші кезекте осы басқосудың негізгі бағытын түсіндіре келіп: «Біздер жаһанда қақтығыстар, шиеленістер қатты белең алып тұрған уақытта бас қосып отырмыз. Бұл түйткілдердің нақты шешу жолдары табылар емес. Осы жағдайларды тек саясаткерлер оңтайландыра алмайды. Кейбір тараптар сол мəселелердің туындауына өздері себеп болуда. Сондықтан, ғаламды осындай қауіп-қатерлерден қорғау, үрейден сақтау үшін күш-жігерді біріктіру қажет», – деді. Сондай-ақ, ол өз сөзін жастар тəрбиесіне қатысты мəселелермен жалғастырды. Діннің жастар тəрбиесіне ықпалы зор. Жалпы, білім, мəдениет жəне бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жастарды дұрыс жолға түсіруге, оларды толеранттылыққа, төзімділікке үйретуге баса назар аудару қажет. Сондықтан, білім, мəдениет, бұқаралық ақпарат құралдарының күші арқылы мешіттерде, басқа да құлшылық орындарда үгіт-насихат жұмыстарын іске асырған жөн. Бұл жұмыстар тоқтаусыз əрі ашық түрде жүргізілуі керек. Мұның барлығы ақиқатқа, татулыққа негізделуі тиіс. Əрбір ісімізде Құдайды еске алуды ұмытпау маңызды. Құдайдан қорқу – тура жолға бастайды, деді Абдулазиз Осман ат-Туэйджри. Модератор сөз кезегін Франция өкілі, жазушы, «Сорбонна-Қазақстан» университетінің негізін қалаушы Марек Хальтерге ұсынды. Спикер өз сөзін

бүгінгі əлемде адамдардың өмірінде, саясат, білім, ғылым, мəдениет саласында үлкен өзгерістер болып жатқанын, олардың қозғаушы күші ретінде жастардың да орны ерекше екенін атап өтті. Оның айтуынша, бүгінде жаһан халқының шамамен 2 млрд.-ын жастар құрайды. Олар қай салада болмасын белсенді. Білімге, ғылымға деген ұмтылысы, қоғам өміріне араласуы өте жоғары. Жастардың даму деңгейі қоғамның ілге рі леуінің көрсеткіші десек те болады. Бұ дан бөлек, Цзун Син ғылымның, жаңа технологиялардың дамуы адамзатқа, оның ішінде жастар тəрбиесіне кері əсерін тигізіп жатқанын айта келіп, буддизмнің адам баласын дұрыс жолға бағыттау ісіндегі ерекше рөліне назар аударды. Сөз кезегі Бахай бүкілəлемдік орталығының Бас хатшысы Джошуа Линкольнге (Израиль) ұсынылды. Ол V съезге қатысушыларға сəттілік тілей отырып, секция тақырыбының өзектілігіне мəн берді. Спикердің сөзіне қарағанда, жастарды қолдамау, олардың тəрбиесіне көңіл аудармау жағымсыз үрдістердің етек алуына кеңінен жол ашады. Білімге, ғылымға, жаңашылдыққа құштар, бойларында күш-жігері тасыған жас буын өкілдерінің өмірден өз орнын табуына ықпал етпесек, онда олар үмітсіздікке салынады. Біз бұған жол бермеуіміз керек. Сонымен қатар, спикер жастардың дінге деген оң көзқарасын қалыптастыруды, рухани тұрғыда тəрбие беру ісін күн тəртібінен түсірмеу қажеттігін

дінаралық қатынастардың арғы-бергі тарихына бағыттай отырып, бү гінгі əлемнің жағдайына ой жүгіртті. Құдай жоқтан бар жасады. Қазіргі таңда миллиондаған адам дінге бет бұруда. Кейбіреулердің «демократия дінді жоққа шығармайды, керісінше, дін демократияны жоққа шығарады» деген ұйғарымы теріске шығарыла бастады. Осындай идеологиялар əлсірегендіктен, діннің қоғамдағы рөлі күшейіп келеді. Бір өкінерлік жайт, лаңкестер дін атын жамылып, қылмыстарын ақтауға тырысып бағуда. Жалған жиһадшылардың мақсатмүддесінің бұрыстығы айқын көрінуде. Бүгінгі таңда жалған жиһадшылар – фанаттардың бір тобы ғана секілді болып қалды. Бірақ, олар құлшылық орындарын өртеп, қопарып, шабуыл жасау арқылы жағдайды ушықтырғысы келеді, деді Марек Хальтер. Бұған қоса, ол мұсылман қаламгерлері содырлардың іс-əрекеттерін теріске шығаратын еңбектер жазу қажеттігін алға тартты. Мұсылман жазушылары мен дін қызметкерлері араб тілінде жалған жиһадшылардың өрескел іс-əрекеттерін əшкерелейтін туындылар жазуы керек. Сондай-ақ, мұсылман əншілері мен əртістері əлеуметтік желілерді пайдалана отырып, Ислам дінінің шынайы сипатын жастарға түсіндіре білсе деймін. Аққа Құдай жақ екенін айту қиын емес. Мен жалпы Еуропа елдерінің білім министрлеріне дінді оқытатын пəн енгізу туралы ұсыныс айтқанмын, себебі, кішкентай еврей мұсылман досының сенімі туралы, ал мұсылман бала христиан діні жөнінде білуі керек, деді жазушы. Келесі сөз кезегін Қытай буддистері қауымдастығы төрағасының орынбасары, Қытай буддистері институтының вице-президенті Цзун Син алды. Ол

жеткізді. Оның айтуынша, жастарды дін арқылы тəрбиелеу өз жемісін бермей қоймайды. Джошуа Линкольн өз сөзін қорытындылай келіп, Бахай бүкілəлемдік орталығының жас ұрпақты адалдық пен жақсылыққа шақыру жолында көптеген шаруалар атқарып жатқанын атап өтті. Бұдан кейін сөз кезегі тиген Румыния православие шіркеуі Қасиетті синодының мүшесі, Румыния православие шіркеуі Еуропалық өкілдігінің басшысы, Епископ, Аса Жоғары Қасиетті Иосиф адами қатынастарды ізгілікке негіздеуде діндердің, мəдениеттердің, ғасырлар бойы сүзгіден өтіп, бүгінге жеткен дəстүрлердің маңызды екенін айтты. Оның айтуынша, отбасылар өздерінің рухани-мəдени құндылықтарын алдыңғы орынға шығарып, оны ұрпақ тəрбиесінің негізі етіп алуы керек. Егер, құндылықтар қаперден шықса, ол жақсылыққа апармайды. Сондықтан, діни, рухани байлықты өз өмірлерінің арқауы еткен отбасыларды қолдауға тиіспіз, деді шешен. Ал Орталық Азиядағы «Чогечон» буддистік ұйымының өкілі Янг Ки Хун өзінен бұрын сөйлеген спикерлердің ойларымен толық келісетінін жеткізе отырып, болашақ жастардың қолында екенін, оларға үлкен жүрекпен сенім білдіру қажеттігін айтып, сөзін қысқа қайырды. Кезегі келгенде Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қордың жетекшісі, Түркия өкілі Намық Кемал Зейбек өз сөзін күні-түні компьютерден көз алмайтын балалар тек ойнап отырады деуіміз үлкен қателік, деп бастады. «Олар, тіпті, бірбірімен хат алмасып отырғанда да, дін тақырыбында сөйлесуі мүмкін емес деп ой түюге болмайды, деді Түркия өкілі. Ол өз пікіріне қатысты нақты мысал

жай түскендей болдық, оның сөзінен шошыдық əрі аң-таң қалдық. Үлкендер жағы оған «Доғар бұл сандырағыңды, тəубеңе кел, өйтпесең, тозақ отына түсесің», деп ақылдарын айтты. Мен ақсақалдарды тыныштандырып, əлгі баладан сол сөзінің жөнін сұрадым. Ол ақсақалдардан қаймықпай, өзіне сенімді түрде, тіпті, үлкендерге құрмет таныта отырып, байыппен: «Мен ислам дінімен де, христиан дінімен де таныстым. Мен барлық діндер туралы оқып алдым. Мен қасиетті кітаптағы сөздердің барлығы Алланың сөзі дегенге сенбеймін. Алла ұлық, бірақ, ол ұсақ-түйек нəрселерге көңіл аудармайды», деді. Жеткіншек сөзінің арасында «мен Аллаға ғана сенемін» деп қалды. «Олай болса, мынаны айтшы, сен дін туралы ілімді қайдан оқыдың?» – деп тағы да сұрақ қойдым. «Интернеттен...» – деді ол. Міне, күнітүні компьютерден бір елі ажырамайтын, телефонын қолынан тастамайтын балалар тек ойын ойнап отырады деп жүргеніміз қателік екеніне осыдан-ақ көз жеткізуге болады, деді Намық Кемал Зейбек. Бұдан бөлек, спикер Ислам өркениетінің əлеуетіне, оның əлем өміріндегі айрықша орнына тоқталды. Намық Кемал Зейбек сөзінің соңында жастар тəрбиесінде ислам дінін кеңінен қолдану керектігіне көңіл бөле келіп, егер барлық дін өкілдері Құранды кемелдікке бастайтын ғылым ретінде оқыта бастаса, қоғам, əлем алға қарай дамитынын, атап көрсетті. Ал ақын, ғалым, «Мəдениет» жекемен шік қорының президенті Олжас Сүлейменов өз кезегі келгенде əлемді толған дырып отырған түйткілдерді қозғап, бұған дейін сөйлеген спикерлердің ой-тұжырымдарына қатысты пікірін білдірді. Сонымен қатар, ол мəдениеттердің қарым-қатынасы тек өнер ұжымдарының байланысы деңгейінде қарастырылып жүргеніне қынжылатынын білдірді. Оның айтуынша, мəдени қатынастардың ауқымы өте кең. Бұл негізінен жүйелі түрде, ғылыми тұрғыда жүзеге асырылуы тиіс. Секция отырысында жоғарыда аты аталған спикерлерден басқа Англия шіркеуіне қатысу жəне оған тарту жөніндегі бағдарламаның ұлттық үйлестірушісі Кэтрин Брилей, «Сомаия Бхаратия Санскрити Питам» Үнді мəдениеті оқытушыларын даярлау ұйымының директоры Кала Ачария, жазушы, Қасиетті Тақ делегациясының мүшесі Кристина Гальярди сөз сөйледі. Бұлар да жастар тəрбиесіне, діннің əлемдік маңызына, лаңкестік топтардың келеңсіз əрекеттеріне байланысты тұщымды пікірлерін, орынды ойларын ортаға салды. Əсіресе, олардың Əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидерлері съезінің халықаралық қоғамдастық алдындағы беделіне, оны ұйымдастырып отырған Қазақстанға, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясаты мен сауатты бастамаларына қатысты жүрекжарды лебіздері қатысушылардың көңілінен шықты. Осы арада секция жұмыстарына қатыса алмаған Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы Аллахшукюр Пашезаденің жолдаған хаты оқылғанын да айта кетейік. Отырысты қорытындылаған Абдулазиз Осман ат-Туэйджри Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен өтіп жатқан осы халықаралық форумға əлем жұртшылығы назар аударып отырғанын сөз ете келіп, беделі күн санап биіктеп келе жатқан, талай ізгілікті істердің ұйытқысы болып жүрген Қазақстанның ынтымақты, татулықты ту еткен халқына алғысын білдірді. Бұған қоса, ол осымен бесінші рет өтіп жатқан Əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидерлері съезінің Жаратқанның қалауымен өтіп жатқанын айтты. Оның пікірінше, бұл үнқатысу – əлемде бейбітшілік орнату бағытындағы жұмыстарға қосылған зор үлес. Жалпы, «Діннің жастарға ықпалы: білім, ғылым, мəдениет жəне бұқаралық ақпарат құралдары» тақырыбында өткен секцияда барлық айтылған пікірлер, ойтолғамдар аса мəнділігімен ерекшеленді. Əрине, бұл съездің маңызын арттыра түсетіні сөзсіз.

Жастарды тəрбиелеуде дінніѕ рґлі зор

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан». ––––––––––––––––––––––– Суреттерді түсірген Ерлан ОМАРОВ.


6

www.egemen.kz

11 маусым 2015 жыл

БЎЎ хабын ќўрудаєы елеулі ќадам

 Мемлекеттік мəселе

Кеше елордада Біріккен Ўлттар Ўйымыныѕ Бас хатшысы Пан Ги Мунныѕ ќатысуымен БЎЎ ґкілдігініѕ жаѕа єимараты ашылды Ғимараттың ашылу рəсіміне қатысқан жоғары мəртебелі мейман БҰҰ-ға үлкен қолдау көрсетiп отырған біздің республикамызға алғысын білдірді. – Қазақстан – БҰҰ-ға мықты қолдау жасап отырған елдердiң бiрi. Орталық Азияда көшбасшы болып саналатын сіздердің ел ядролық қаруға қарсы бағдарламаны барша əлемдiк қауымдастық алдында жариялаған болатын. Сонымен қатар, Қазақстан Украина, Сирия жəне Ауғанстандағы шиеленiстердi бейбiт жолмен шешуге өзiнiң үлкен үлесiн қосып жатыр. Бұл қадам БҰҰ-ның негiзгi принциптерiмен үндес. Сiздердiң мемлекеттерiңiз ядролық қарусыз əлемдi қалыптастыруға бағытталған БҰҰ мүддесiне қуатты қолдау жасауда. Қазақстан өз жерiнде Дiн лидерлерінің съезiн өткiзу арқылы бiрлiктiң, бейбiтшiлiктiң үлгiсiн көрсетуде. Осы форумға бастамашы болған Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысымды айтамын. Қазақстан барша əлемде толеранттылықты, дiн бостандығын дамыту үшiн осынау үлкен сұхбат алаңын құрды, – дедi Пан Ги Мун. Өз кезегiнде Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрi Ерлан Ыдырысов БҰҰ-ның жаңа ғимаратын ашу Қазақстан Үкiметi мен БҰҰ-ның Қазақстандағы өкiлдiгiнiң ұзақ мерзiмдi, тиянақты əрi жемiстi əрiптестiгiнiң нəтижесi деді. «Қазақстан Үкiметi Бiрiккен Ұлттар Ұйымына жанжақты қолдау көрсетудi жалғастыра бермек. Біздің еліміз

ха лық аралық агенттiктер үшiн Алматыда ғимарат ұсыну жөнiнде шешiм қабылдады. Сөз жалпы аумағы 20 мың шаршы метр болатын қаланың ең əдемi жерiнде орналасқан нысан туралы болып отыр. Мұндай ғимарат Алматыда БҰҰ хабын құруға бағытталған елеулi қадамдардың бiрi. Бiз осы бағытта БҰҰ-мен əрiптестiктi жалғастыра беремiз», – дедi министр. «Егемен-ақпарат».

Министр Бас хатшымен кездесті

Е.Ыдырысов Ұйым қауіпсіздігінің үш өлшемі (саясиəскери, экономикалық-экологиялық жəне гуманитарлық) шеңберіндегі ЕҚЫҰ жəне Л.Заньер қызметіне, ЕҚЫҰ мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруда жүргізіп жатқан жұмыстарына қолдауын білдірді. ҚР СІМ басшысы гуманитарлық өлшем шеңберіндегі толеранттылық жəне кемсітпеушілік мəселелерінің Қазақстан үшін ерекше маңызы зор екенін атап өтті. «Сол себепті, Астанада біз ЕҚЫҰ-дағы төрағалығымыз кезінде осы мəселелерге зор көңіл бөліп, əлемнің жетекші діндері, əсіресе, ислам мен христиан діндері арасындағы ынтымақтастық қағидала ры көрсетілген ЕҚЫҰ

шең берінде «Жаңа оңжыл дықта толеранттылыққа жол» құжа тын дайындауға шақырған болатынбыз», – деп осындай құжаттың қабылдану қа жеттілігі уақыт өте келе артқанын атап өтті. Е.Ыдырысов Қазақстанның дəстүрлі діндердің бұрма лануы жиі кездесіп, зорлық, лаңкестік жəне ЕҚЫҰ аумағында трансұлттық қауіптердің таратылуында жиі қол даныла бастаған үрдіске алаң дайтынын атап өтті. Ол 2003 жылғы XXI ғасырдағы қауіпсіздік пен тұрақты лық қауіптеріне қарсы əрекет ету жөніндегі ЕҚЫҰ Стратегиясының жəне 2010 жылғы Астана мерейтойлық декларациясының өзектілігін растап, аталған қауіптерге

қарсы тұратын ЕҚЫҰ атқарушы құрылымдарының əлеуетін арттыруда қосымша шаралар қолдануға шақырды. Сыртқы саясат ведомствосының басшысы үстіміздегі жылғы 10 шілдеде Финляндия астанасында Хельсинки қорытынды актісінің 40 жылдығына орай мерейтойлық іс-шараның өткізілуін қуана қарсы алып, Қазақстан бұл шараға жоғары деңгейде қатысатынын айтты. Ол ЕҚЫҰ Бас хатшысын үстіміздегі жылғы қазанда Астанада өтетін «Хель синки+40, Астана+5» халықаралық конференциясына шақырды. ЕҚЫҰ Бас хатшысы əлемнің қазіргі мəселелерін шешу жөніндегі, атап айтқанда, қар жы-экономикалық жəне

Кеше Астанада Forbes Kazakhstan ұйымы «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының бизнесті жетілдіру жолындағы жұмыстары шеңберінде «Қор қазақстандық «Темасек» бола ала ма?» деген тақырыпта пікірталас өткізді. Басқосуға қатысушылар бизнесті дамытудың тетіктері, мұндағы іс-əрекеттің түйінді көрсеткіштері, компанияның кадр саясаты, мемлекеттік секторлардың табыстылығы, жаңа салалардағы экономиканы оңтайландыру бағытында базалар жасау жəне тұрақты өсім беретін жобаларды жүзеге асыру төңірегінде өз ойларын ортаға салды. Серік ПІРНАЗАР,

«Егемен Қазақстан».

Ќазаќстан ЕЌЫЎ шеѕберінде толеранттылыќ пен кемсітпеушілік мəселелеріне əрі ќарай да екпінді кїшейтуді маѕызды санайды

Кеше Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидерлерінің V съезіне қатысу үшін Астанаға келген ЕҚЫҰ Бас хатшысы Ламберто Заньермен кездесті. Кездесу барысында министр жəне ЕҚЫҰ басшысы Ұйым шеңберіндегі бірлескен жұмыстың басты бағыттарын талқылады.

Ќоєам дамуыныѕ ќозєаушы кїші

энергетикалық қауіпсіздікті нығайту жөніндегі бірқатар халықаралық бастамаларымен шыққан Қазақстанның белсенділігін жоғары бағалады. Сұхбаттастар бірқатар басты бағыттар бойынша пікір алмасып, өңірдегі қауіпсіздікті, тұрақтылықты жəне тұрақты дамуды қамтамасыз ету бойынша күштерді біріктіру маңыздылығымен келісті. Сонымен қатар, тараптар Украинадағы дағдарысты реттеу бойынша шараларды талқылады. Е.Ыдырысов аталған елдегі сақталып отырған шиеленіске алаңдаушылық білдірді. «Қазақстан Ресей, Украина жəне Батыс елдері арасындағы қатынастардың реттелуіне бағытталған жұмысты жалғастыруда», – деп атап өтті министр. Қазіргі таңда Қазақстан өкілдері Украинаның оңтүстік-шығысындағы ЕҚЫҰ арнайы мониторинг миссиясының жұмысына қатысуда. Жалпы, тараптар ЕҚЫҰ жауапкершілігіне қарасты кеңістікте соңғы жылдары орын алған оқиғалар, соның ішінде мемлекеттер арасындағы қарулы қақтығыстар мен дағдарыстар Қазақстанның Ұйымдағы 2010 жылғы төрағалығы кезінде қолданған төрт «Т» – Trust. Tradition. Transparency. Tolerance (Сенім. Дəстүр. Транс паренттік. Толе ранттылық) ұранының өзектілігін айқын көрсетеді деген пікірге келді. Сəулебек БІРЖАН.

Қазіргі таңда «Самұрық-Қазына» ұлттық əл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы құрылымдарына енгізіліп жатқан меритократия қағидаттарының шетелдік тəжірибесі келешекте еліміздің бүкіл мемлекеттік қызмет жүйесіне кеңінен таратылатын болады. Жиында бұл туралы «Самұрық-Қазына» ұлттық əл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Өмірзақ Шөкеев мəлімдеді. Ол өз сөзінде қор жұмысына кадрлар іріктеудің жаңа жүйесі, қызметкерлердің жалақы төлемдерін белгілеу тəртібі туралы əңгімелеп берді. «Бізде қор жұмысына жаңа үміткерлерді іріктеудің барынша қатаң жүйесі енгізілген. Өткен жылы мен біздегі 16 бос орынға 1,5 мың үміткердің таласқа түскенін айтып едім. Осы жерде 2014 жылы бізге 25 жаңа қызметкердің алынғанын да айта кетуім керек. Олардың барлығы да онлайнрежімінде жүргізілген ашық конкурстан өз күштерімен өткен, дайындықтары жоғары мамандар болатын. Ал қордың бас офисінде 120 адам жұмыс жасайды», – деді ол пікірталасты ашу рəсімінде. Басқарма төрағасының айтуынша, бүгіндері «Самұрық-Қазына» компаниясында Сингапурдың, АҚШ-тың жəне Еуропаның бірқатар елдерінің аса ірі трансұлттық компанияларында қолданылып жүрген озық тəжірибелер енгізіліп жатыр. «Бұл жердегі əңгіме лауазымды қызметтерді бейімдеуден өткізіп, бағалау турасында болып отыр. Осыған орай, біздегі əрбір лауазымды қызметті шетелдік арнайы компания бағалап беретін болады. Аталмыш жұмысты қазір «Hay Group» компаниясы қолға алды. Ол «Fortune 50» тізіміндегі 200 компанияның лауазымдарын бағалап шыққан. Аталмыш рейтингіде əлемнің 500 ірі компаниясы бар. Қызметтерге

осылай баға беріліп, белгілі бір мөлшерге бейімделіп болғаннан кейін олар өзінің жауапкершілігі мен қойылатын кəсіби талаптары бойынша «Temasek», «Khazanah», «Mumbadala» секілді компаниялар деңгейіне толық сəйкес келетін болады», – деді қордың төрағасы. Оның пікірінше, біздің қызметкерлеріміз бұл стандарттарға сəйкес келуге тиіс. Бұл үшін лауазымдарды бейімдеу жұмыстары жүргізіліп шығуы керек. «Осының ыңғайында біздің қызметкерлеріміз жұмысқа қабылданған кезде алдымен ең төменгі немесе төменгіге жақын буындардағы лауазымдарға тағайындалады. Осыдан кейін олар шетелдерде білім алып, тəжірибеден өтіп барып, қызмет баспалдағымен біртіндеп көтеріледі. Бірақ мұнда да өсу сатысы халықаралық деңгейге сəйкес жасалып отырады», – деді Ө.Шөкеев бұдан əрі. Ол сондай-ақ, меритократия принципі шетелдік тəжірибесінің «СамұрықҚазына» жүйесі құрылым дарына енгізілу барысы туралы айта келіп, оның болашақта бүкіл мемлекеттік жүйеге ұсынылатынын баяндады. Қазіргі таңда ол Президенттің 5 реформасымен түбегейлі айналысып жатқан топтардың бірінде жан-жақты тəжірибеден өткізіліп жатыр. Дəлірек айтқанда, меритократияның мұндай принциптерін Ербол Орынбаев басқаратын топ сынақтан өткізуде. Өмірзақ Шөкеев сөзінің соңында «Самұрық-Қазына» компаниясындағы бұл тəжірибелердің басым бөлігінің бүкіл мемлекеттік қызмет жүйесіне көшірілетінін қадап айтты. «Бұл – біздің түпкі мақсатымыз. Қазіргі таңда «Самұрық-Қазынада» жасалып жатқан трансформациялардың мағынасы да осында. Осы арқылы біз Малайзияның «Khazanah» компаниясының трансформация тəжірибесін қайталамақшымыз. Мұның өзі аталмыш тəжірибенің бүкіл мемлекеттік секторға, министрліктерге, тіпті, барлық жеке секторға дейін

Жекешелендіру барысы баєамдалды

 «Егемен Қазақстан» газеті көшесі, 5/13

«Əл-Иттихадтыѕ» бас редакторы əріптестерімен əѕгімелесті Кеше Отанымыздың бас басылымы «Егемен Қазақстан» газеті редакциясында Əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидерлерінің V съезіне қатысуға келген Біріккен Араб Əмір ліктеріндегі «əл-Иттихад» саяси-қоғамдық газетінің бас редакторы Мухаммед əл-Хаммади қонақта болды.

Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ағымдағы жылдың 5 маусымдағы жағдайы бойынша 2014-2016 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспарын жүзеге асыру барысы жайында баспасөз мəслихаты өтті.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан».

«Егемен Қазақстан» газеті акционерлік қоғамының басшысы Сауытбек Абдрахманов келген қонаққа ел жайында, газет тарихы, оның бүгінгі таңда қоғамда алып отырған рөлі туралы əңгімелеп берді. Астанада өтіп жатқан Əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидерлерінің съезі əлемдегі бейбітшілікті нығайтуда, дүрдараздықтарды болдыр мауда, елдер арасындағы достық пен бірлікті сақтаудағы мəселелерді шешудегі таптырмайтын алаң екені айрықша айтылды. Бұл туралы Мухаммед əл-Хаммади де съезден алған əсерін жасыра алмай, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың съезде айтқан сөзін бүкіл əлем естуге тиіс сөз, деді. Санасы бар адам ойланатын, естір құлақ болса ұға алатын, иманды болса жанға түйер сындарлы сөздер айтылды. Ислам діні аясында өте терең мағыналы түсінік берілді. Өйткені,

Эльмира МƏТІБАЕВА, «Егемен Қазақстан».

қазіргі кезде ислам туралы түсінік тек терроризмге ғана байланып қалған. Сондықтан алғаш рет түсініксіз жайлардың басын ашып, бəрін тура орын-орнына қойып айтылған кемел сөзді бірінші рет естідім, деген ол өзіне көрсетілген жылы қабылдауға рахметін білдіре келіп, еліміз туралы да алған əсерімен бөлісті. Мухаммед əл-Хаммади 1991 жылы аталған газетте қызметін тілші болудан бастаған екен. Ал 2013 жылдан бері газеттің бас редакторы қызметін атқарып келеді. Араб тілінде жарық көретін «əлИттихад» газеті БАƏ-дегі ең бір беделді басылым болып табылады.

Осылайша, екі елдің ірі – «əлИттихад» газетінің бас редакторы жəне «Егемен Қазақстан» газе тінің журналистері бас қосқан жылы кездесу барысында жан-жақты да, өзекті мəселелер айтылды. Егеменқазақстандық журналистер «əл-Иттихад» саяси-қоғамдық газетінің бас редакторына бірқатар сұрақтар қойып, араб елдері туралы, халықаралық жағдай жөнінде, газет, оның ішінде журналистік шеберлік жəне т.б. мəселелер жайында жауап алды. Ал бұл туралы сəл кеңірек қамтылып жазылатын мақала газетте жақында жарық көреді.

БАҚ өкілдеріне берген мəліметі бойынша Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары Қалымжан Ыбырайымов 2014-2015 жылдарға арналған сату кестесіне сəйкес сатуға 496 нысан мен өткен жылдың маусымынан 2015 жылдың маусымына дейінгі кезеңде 339 нысан жекешелендіруге жоспарланғандығын айтты. Аталған мерзім жағдайы бойынша іс жүзінде саудаға 313-і шығарылды, оның 173і сатылды, 140 нысан сауда-саттыққа бірінші рет немесе қайта қойылды. Сонымен қатар, 183 нысан бағаланып, үстіміздегі жылдың соңына дейін саудаға шығарылатын болады. «KEGOK» АҚ-та өткізілген ІРО-ны қоса есепке алғанда,

барлық түскен қаржы сомасы 55 млрд. 300 млн. теңгені құрады. Оның ішінде 860 млн. теңге республикалық бюджетке, жергілікті бюджеттерге 811 млн. теңге, əлеуметтік кəсіпкерлік корпорацияларға 2,9 млрд. теңге, холдингтерге 50 млрд. 700 млн. теңге түсті. Сонымен – жекешелендіруден түскен қаржының 91%-ы холдингтердің үлесінде. Олар негізінен «Самұрық-Қазына» ұлттық əлауқат қорының нысандары болып отыр. Сатып алушылар болып 89 жеке тұлға, 82 заңды тұлға жəне екі жеке кəсіпкер белгіленді. Жалпы, олардың географиясы өте кең. Сатып алушылар республиканың барлық аймақтарын қамтиды, əсіресе, Алматы қаласы мен Ақтөбе облысында қызығушылық танытушылар көп. Ал сату бойынша ең жоғары көрсеткіш Жамбыл жəне Ақтөбе облыстарында байқалады, деді Қ.Ыбырайымов.

тарайтынын білдіреді. Бұл бағытта біз қоғам дамуын қамтамасыз ететін осы процестердің қозғаушы күші болуға тиіспіз», – деді ол. Басқосуда қор басқармасының төрағасы журналистердің компания қызметкерлерінің айлық жалақысы туралы сұрағына жауап берді. Өмірзақ Естайұлының айтуына қарағанда, егер келешекте мемлекеттік қызметкерлердің жалақылары, жеке сектор деңгейімен салыстырғанда, 70 пайызға көтерілетін болса, қор қызметкерлерінің жалақылары осы деңгейден төмен болмақ. «Жұрт көп жағдайда басшының жалақысы қатардағы қызметкерден əлдеқайда көп деп ойлайды. Ал біз айлық жалақы белгілеудің жаңа жүйесін енгізгелі отырмыз. Бұл жүйе бойынша кəдімгі қызметкер департамент бастықтарынан да көбірек табыс табатын болады. Тап осындай жүйе АҚШ пен Сингапурда жұмыс істейді», – деп сөзін түйіндеді ол. Бүгінде Мемлекет басшысының қор төңірегіндегі шағын жəне орта бизнесті дамыту жөніндегі тапсырмасы табысты орындалып жатыр. «Самұрық-Қазына» ұлттық əл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы 2014 жылдың қазан айында қолға алған трансформация бағдарламасы өзінің тиісті жемісін беруде. Жиында бұл жөнінде қордың бизнесті дамыту жөніндегі бас директоры Берік Бисенғалиев сөз қозғады. «Қордың инвестиция лық қоржынында жалпы құны 105 миллиард доллар тұратын 147 жоба бар. Оларды жүзеге асыру барысындағы құрылыс жұмыстарына 90 мыңнан астам, ал пайдалануға беру кезеңінде 50 мыңнан астам жұмыс орындарын ашу қарастырылған. Айталық, үдемелі индустриялық-инновациялық мемлекеттік бағдарламасының бірінші 5 жылдығы шеңберінде қордың еншісіне жалпы құны 33,5 миллиард доллар тұратын 21 жоба тиді. Бұл аталмыш бағдарлама барлық ақшасының 62 пайызын құрайды. Алғашқы 5 жылдың қорытындысы бойынша жалпы құны 2,4 миллиард доллар тұратын 8 жоба пайдалануға берілді. Оларда 5,5 мың уақытша жəне 2,4 мыңнан астам тұрақты жұмыс орындары пайда болды», – деді өз сөзінде Б.Бисенғалиев. Оның айтуынша, инвестиция жеке бизнесі жоқ секторларда жүзеге асуы тиіс. Мұның өзі Йеллоу Пейджес талаптарын сақтау болып табылады. «Мəселен, біз британиялық компаниямен бірлесіп, Жамбыл облысында 150 гектар жерге қуаты 50 мегаваттық үлкен күн электрстансасын салдық. Əзірге бұл – Қазақстандағы ең ірі жоба. Мұндай басқа жоба жоқ. Мұнда да Йеллоу Пейджес қағидаттарын бұзған емеспіз. Қазір аталмыш жобаны іске қостық. Күн тəртібінде бұдан да басқа ерекше жобалар тұр», – деді ол.

Сондай-ақ, осы жоспар аясында проблемалы нысандар 138-ді құрап отырғандығын айта келе, олар сатылмаған жəне уақтылы саудасаттыққа қойылмаған нысандар екендігін көлденең тартқан Қ.Ыбырайымов нысандардың 26-сы мерзімінде саудасаттыққа шығарылмай, 112-сі сатуға қойылғанымен сатылмағандығын жеткізді. Бұл ретте көбінесе нысандар бірінші рет немесе екінші рет саудасаттыққа шығарылған кезде сатылмай қалуда. Мəселен, 32 нысан үшінші рет шығарылса, 27-сі төртінші мəрте, ал 10 нысан бесінші рет саудаға шығарылып отыр, деді Қалымжан Уалханұлы. Жекешелендіруге жататын нысандардың өтімділігін арттыру мақсатында Қаржы министрлігі сауда өткізу тəртібін жеңілдету тұрғысында нысандарды сату ережесіне бірқатар өзгертулер қабылдады. Атап айтқанда, «аукцион қадамын» көбейту арқылы голланд əдісімен ол қолжетімді бола түсті. Сонымен қатар, кепілді жарна мөлшері азайтылды. Жəне де сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу уақыты ұзартылды. Ендігі кезде өтінімді қабылдау мерзімі сауда-саттыққа дейін екі сағат бұрын аяқталады. Осыған дейін ол 72 сағат болатын. Бұдан басқа қазіргі уақытта сатып алынған мүліктің ақысын бөліп төлеуді көздейтін өзгерістер нысандарды сату қағидасына енгізу туралы ҚР Үкіметінің қаулысы əзірленді, деді Қалымжан Ыбырайымов. Келесі кезекте сөз алған «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ басқарма төрағасы Жанасыл Оспанов «Мүлікті сату бойынша электрондық сауда-саттықтың» қазақстандық жобасы əлемдегі ең үздік болып танылғандығын ерекше атап өтті. Ол «2015 Ақпараттық қоғам сұрақтары бойынша жоғары деңгейдегі кездесулерінің таңдаулы жобалары» халықаралық байқауына еліміздегі Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитеті мен «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ тарапынан өтінім жолданған болатын. Байқауға əлемнің 70 елінен 18 санат бойынша барлығы 300-ден астам жоба ұсынылған еді, ал біздің елден 6 жоба қаралуға ұсынылды, деді ол.


 Сүйінбай - 200

Алатаудыѕ аќиыєына арналды

Астанадағы «Шабыт» өнер сарайында «Нұр Отан» партиясының қолдауымен жəне Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен алты алаштың ардағы, арқалы ақын – Сүйінбай Аронұлының туғанына 200 жыл толуына арналған «Алатаудың ақиығы» атты мəдени-танымдық кеш өтті. Берік САДЫР,

«Егемен Қазақстан».

Сүйінбай – ХІХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап, 80-жылдардың соңына дейін алпыс жылға жақын үзіліссіз жырлаған, айтыста жеңіліп көрмеген аса көрнекті ақын-жырау. Aрғы атасы Күсеп Жиенқұлұлы ақын, жыршы, күйші, қобызшы болған. Күсептің үлкен ұлдары Жаңбыршы мен Жаманақ қазақ арасына жыршы, қобызшы, күйшілігімен белгілі болса, кенже баласы Арон жастайынан өткірлігімен, мəмілегер шешендігімен ел аузына іліккен. Атадан балаға жалғасқан ақындық, шешендік өнер Сүйінбайға дарыған. Оның өлеңдері мен айтыстарында ХІХ ғасырдағы қазақ елінің өмір-тіршілігі, арман-мұраты көрініс тапқан. Жасынан қолында билігі мен байлығы барлардың кедей-кепшікке көрсеткен зорлықзомбылығын көріп-біліп өскен ол қара халықтың жоқтаушысы болған. Атқамінерлердің халыққа жасаған қиянаттарын алмастай өткір жырларымен естен кетпестей қып беттеріне басты. Ел бірлігін, оның тəуелсіздігін, сол жолдағы ерлердің жанқиярлығын талмай жырлады. Сүйінбай – ірі ақын. Сондықтан, оның қозғаған тақырып, көтерген мəселелері де ірі болып келеді, соған орай ойы да өрелі, тілі де өрнекті шығады. Ақын үнемі халыққа арқа сүйеп, ру емес, тайпа емес, тұтас елдің мүддесін алға тартып жырлайды. Ерлік, елдік идеясы – Сүйінбайдың өлеңдері мен жырдастандарының, айтыстарының өн бойына тартылған өзекті идея. Тарихи деректерде Қоқан хандығы шапқыншылығының əсерінен жан-жаққа бытырай көшіп, қиынқыстау кезеңде (1840 – 1860) іргесі ыдыраған қазақ руларының басын біріктіруде Сүйінбай мен Сарыбай бидің ықпалы зор болғандығы айтылады. Осы тұста ақын халықты қоқандықтарға қарсы тұрып, тəуелсіздік үшін күресуге шақырды. «Өтеген батыр», «Саурық батыр», «Сұраншы батыр», «Жабай батыр», «Қарасай батыр» сияқты толғаулар шығарды. Аумалытөкпелі қоғамда өмір сүргендіктен, Сүйінбай сал-серіліктен гөрі, қоғамдық-əлеуметтік істерге белсене араласқан. Өлеңдерінде Қоқан билеушілері мен жергілікті əділетсіз сұлтан, төрелерден, байболыстардан жасқанбай, турасын айтып отырған. Қазақ халқының тарихи-қоғамдық даму сатылары мен өткен ғасырлардағы өмір шындығы ақын шығармаларында жан-жақты көркем суреттелген. Сүйінбай поэзиясы терең философиясымен, ой сұлулығымен, ақын тіліндегі соны поэтикалық өрнек-айшықтарымен ерекшеленді. М.Əуезов Сүйінбайды «айтыс өнерінің алтын діңгегі» атаған. Қазақ халқы əділет үшін күресте қорғаушысы, жақтасы болған ақиық ақынның өлең, толғау, айтыстарын күні бүгінге дейін сақтап, «Сүйінбай осылай деген» деп əрдайым зерделерінде тұтқан. «Ақын жырлары», «17 – 19 ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары», «Үш ғасыр жырлайды» атты жинақтарда Сүйінбай шығармаларына кеңінен орын берілген, «Айтыс» жинағының 1-томында «Сүйінбай мен Тезек төренің айтысы» жарияланған. Сүйінбай ақынның «Ақиық» атты жинағына (1976) таңдаулы шығармаларымен қатар, тыңнан қосылған көптеген өлең-толғаулары, айтыстары енген. Мəскеуде «Əлем əдебиетінің кітапханасы» сериясымен жарыққа шыққан 200 томдық жинақтың 102-томында Сүйінбайдың «Кəрілік» атты өлеңі жарияланған. Бұл ақын шығармаларының дүниежүзілік сөз өнеріне қосылған асыл мұра, аса құнды əдеби ескерткіш екендігін танытады. Сүйекеңді өз жұрты ғана емес, қырғыз елінің де атақты ақындары дара талант ретінде бағалаған. XIX ғасырдың екінші жартысында Жетісу жерінің өлең туын аспандатқан Жамбыл бастаған саң лақ талан ттары Сүйекең нің шəкіртіміз деп ұлы ақынды пір тұтқаны да белгілі. Түбі бір түркі халықтарына ортақ тұлғаға арналған кешке Қазақстанның, Қырғызстанның, Өзбекстанның танымал ғалымдары мен өнерпаздары қатысып, жер ортасы Түркиядан да арнайы ат арытып меймандар келіпті. Жиынды Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырəлі сөз сөйлеп ашты. Қазақ хандығының 550 жылдығымен орайлас келіп жатқан ұлт ұраншысы

7

www.egemen.kz

11 маусым 2015 жыл

Сүйінбай мерейтойының тарихи маңызына тоқталған ол: «Сүйінбай Аронұлын тілге тиек еткенде, айтыс туралы айтпай кету əсте мүмкін емес. Жалпы, бүгінде айтыстың аламанын қазақ қыздырып отырғаны мен, түркі халықтарының көбінде айтыс өнерінің бар екені белгілі. Əйткенмен, осынау елдерде Сүйінбай мен Қатағандай екі елдің атынан сөз додасына түскен ақын тағы да белгісіз. Сондықтан, «Сүйінбай мен Қатағанның айтысы» – түркі халықтары арасында болған ежелгі замандағы еларалық айтыстың хатқа түсіп жеткен жалғыз үлгісі деуге болар. Семсер тілмен сермескен екі ақынның тілі өткір, танымы тапқыр, жеңіске деген құлшыныстары да жігерлі, айтыстың сөзі де, желісі де шымыр, тастүйін жинақы, тау суындай қарқынды, екпінді. Бірақ, бұл айтыста Қатаған жүйелі сөз қисынынан жаңылғандықтан, аталы сөзге тоқтап, уəжге жығылғаны, жеңіліс тапқаны байқалады. Бұл айтысты алты Алаштың тұтас келбетінен, шежірелік түгел тамырынан хабар беретін поэма деуге болады» деп атап өтті. Сондай-ақ, академия басшысы мəдени-танымдық кешті ұйымдастыруға қолдау көрсеткен «Нұр Отан» партиясына, Қазақ ұлттық өнер университетіне жəне ақынның кіндік қаны тамған өлке – Алматы облысының Жамбыл ауданы əкімдігіне ризашылығын білдірді. Осыдан кейін сөз алған «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірін ші орынбасары Бауыржан Бай бек жалпы Сүйінбай жəне оның заманы туралы айта келіп, өз ойын бүгінгі тəуелсіз Қазақстан саясатымен, ел бірлігі ұстанымдарымен ұштастыра кетті: «Сүйінбай жырлап өткен елдік идеясы ХХI ғасырға тəуелсіз қадам басқан Қазақстанның Мəңгілік Ел болуға ұмтылыс жолындағы ұлы мұратымен үндес, сонау көк түріктер заманынан созылған қай нары іспетті. Оның заманында ең алдымен қазақ руларының бірлігі жөнінде сөз қозғалатын болса, бүгінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған халықтық бес реформада қазақтың ішкі ынтыма ғын сақтауды ғана емес, тұтас қазақстан дық қоғамды жұды рықтай жұмыл дыруды көздеген «болашағы біртұтас ұлт» идеясы көтеріліп отыр. Сондықтан, бабалардан қалған мұра біз үшін Тəуелсіздікті нығайту жолында рухани азық болмақ», – деді. Əсілінде, сол Сүйінбайлардың жырлағаны да, аңсағаны да бүгіндері біз қызығын көріп отырған бейбіт заман, азат ел һəм бірлігі жарасқан ұлт емес пе еді!? Сонымен қатар, Бауыржан Байбек қазақтың жыршылық, термешілік өнерін одан əрі насихаттап, оны бірлік, елдік идеясын асқақтатуға ұтымды пайдаланудың зиялылар үшін де, билік үшін де күн тəртібіндегі аса маңызды мəселе екенін атап, «Осыны ескере оты рып, «Нұр Отан» партиясы қыркүйекте Қазақ хандығының 550, Конституциямыздың 20 жылдығына орай жыршылық, термешілік дəстүрдің бүгіні мен ертеңін саралайтын ғылыми-практикалық конференция өткізуді жоспарлап отыр. Осынау алқалы жиын үлкен жыр фестиваліне ұласпақ», – деп алда болар игі істердің бірінен құлағдар етті. Қырғызстан Ұлттық Ғылым академиясының вице-президенті, академик Абдылдажан Ақматалиев өз сөзінде Сүйінбай ақынның қырғыз жұрты үшін де орны бөлек тұлға екенін атап өтті. Бұдан кей ін кешті Сүйінбай мұраларын орындаушылар жалғастырды. Əсіресе, Сүйінбай туындыларының қобызбен орындалуы əнсүйер қауым үшін тың жаңалық болғаны сөзсіз. Ғ.Жұбанова атындағы мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті, «Сүйінбай сазы» фольлкорлықэтнографиялық ансамблі, «Қорқыт ата» атындағы жетігеншілер ансамблі, Қазақ ұлттық өнер академиясының симфониялық оркестрі қатарлы өнер ұжымдары да Сүйінбай туындыларын заманауи сипатта орындап, көрермен ықыласына бөленді. Концерттік бағдарламаның жаңалығы – Сүйінбай жырларының түркі дүниесіне ортақ саналатын байырғы қобыз сарынынан бастап, бүгінгі классикалық музыкамен ұштастырыла орындалуы болды. Осы кешке орайластырып, Халықаралық Түркі академиясы Сүйінбай мен Тезек төре айтысының аудиодискісі мен «Алатаудың ақиығы – Сүйінбай» атты жинақты кеш қонақтарына тарту етті.

 Кино Көптен бері көңіл толатын кинотуынды күтіп жүрген көрермен үшін жақсы жаңалықтың шеті шықты. Қазақтың көрнекті тарихшысы Ермұхан Бекмахановтың өнегелі өмірін өрнектеген «Аманат» атты толықметражды фильмнің тұсаукесері өтті. Əдеттегідей, оған жаңа туындыға жаршы болатын БАҚ өкілдері, ұлт зиялылары, Ермұхан Бекмахановтың туыстары мен жақындары, сонымен қатар фильмнің шығармашылық тобы қатысты. Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

«Аманат» фильмі Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясына аманатталған маңызды жобаның бірі болатын. Фильмнің режиссері əрі сценарий авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Платиналы Тарлан» тəуелсіз жүлдесінің иегері Сатыбалды Нарымбетов. Бұл режиссерді көрермен «Балалық шағымның Дон Кихоты», «Көзімнің қарасы», «Қызжылаған», «Мұстафа Шоқай» сияқты картиналары арқылы біледі. Алдымен аталмыш картинаның тұсаукесері елордада өткені белгілі. Астаналық зиялы қауым жаңа фильмді жақсы қабылдағанын əріптестеріміздің əңгіме ауанынан білдік. Дəуірдің кезекті драмасын жасауға режиссер аз еңбек сіңірмеген. Сатыбалды Нарымбетов табандаған бес жылын Бекмаханов өмірін зерттеуге арнағанын айтты да: – Ермұхан Бекмаханов тағдыры – қазақ халқының тағдыры. Осы ақиқатты ашып көрсету үшін «Аманат» көркем фильмін түсіруді қолға алғанмын. Оның үстіне мен Ермұхан Бекмахановтың отбасымен сонау 60-шы жылдан бері жақсы таныспын. Осы дүниеге дайындық кезінде ғалымның жұбайы Халима апай күйеуі айыпталар кездегі əріптесғалымдардың айтқан сөздері толық түсірілген стенограммалар жинағын маған сеніп тапсырған еді. Бұл үлкен тарихи құжат болды. Осыларды оқығанда сұмдық күй кештім, күйзелдім. Фильмдегі бір эпизодта халқымыздың қалаулы ұлдарының бірі Халел Досмұхамедов жас Бекмахановқа былай дейді: «Ит өзінің айнадағы бейнесіне үрген кезде, оны бөтен ит деп ойлайды. Біздің тарихқа қатысымыз солай. Біз өзіміздің тарихымызды білмейміз, оны біреудің бөтен тарихы ретінде қабылдап, үре бастаймыз. Ал өткенге тереңірек үңілсек, біздің ғасырлар бойғы ұлы тарихымыз жасырылып келген». Міне, турасын айтқанда, осындай мəліметтер менің фильм түсірмеуіме мүмкіндік қалдырмады, – дейді режиссер. БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз мəслихатында режиссер фильмді жасауға Халима апай (Ермұхан Бекмахановтың жесірі) мен белгілі тарихшы Мəмбет Қойгелдиев көмектескенін атады. 15 жыл бұрын мұндай фильмді түсіре алмас едім, дейтін режиссер ғұмырбаяндық фильмді түсірудегі ең басты əрі қиын мақсат – ақиқаттан ауытқымау, əсірелемеу, ойдан оқиғалар қоспау болғандығын айтады. Қысқасы, бес жылдың ішінде фильмге сценарийдің тоғыз нұсқасы жазылған. Фильмнің желісі бірнеше уақыт аралығын қамтиды: XIX ғасырдың орта тұсы – Кенесары ханның тəуелсіздік жолындағы күресі, XX ғасырдың ортасы жəне 60-шы жылдардың соңы. Фильмде қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымов бастаған ұлт-азаттық көтеріліске арналған зерттеулері үшін 25 жылға бас бостандығынан айырылған тоталитарлық жүйенің құрбаны, алаш арысы Ермұхан Бекмахановтың тағдыры баяндалады. Қазақ халқының болашағына алаңдаған фильмдегі əр кейіпкердің тағдыры өз заманында суреттелсе де, олардың алға қойған мақсатмүдделері бір – ар-ождан бостандығы бар, Тəуелсіз Қазақстанның іргетасын бекіту. Тұсаукесер рəсімінде сөз алған тарих ғылымдарының докторы Мəмбет Қойгелдиев қазақ халқының ең азалы əрі қаралы беттерінің бірі Кенесары хан көтерілісі екенін айта келе: «Қазақ қоғамының күрделі кезеңінде бүтін халықтың қайда беттеп бара жатқанын жəне барар болашағын Кенесары қозғалысын қайта қорытып, зерделеу барысында түсінуге болады. Тақырыпты тоталитарлық кеңес заманында көтеріп, оған тарихи баға берген Бекмаханов қатаң жазалауға ұшырады. Оның трагедиясы – қазақтың тағдыры. Осы тақырыпты пайымдауға тырысқан алғашқы қадам ретінде жаңа туынды өте сəтті шыққан», деді. Фильм Алматыда жəне Қапшағай маңында түсірілген. Қоюшы суретшісі – Мұхтар Мырзакеев. Əуенмен көркемдеген – талантты композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ақтоты Райымқұлова. Лентаның əдеби кеңесшісі – «Жизнь замечательных людей» сериясынан жарық көрген «Бекмаханов» кітабының авторы Медеу Сəрсеке. Туындыдағы каскадерлық қойылымдарды Жайдарбек Күнғожиновтің

Таєдыр тауќыметініѕ таєылымы «Аманат» – режиссер Сатыбалды Нарымбетовтіѕ фильмографиясына єана емес, кїллі ќазаќ киносыныѕ ќоржынына ќосылєан ќомаќты олжа

«Nomad» тобы жүзеге асырған. Фильмді монтаждау үшін Эрве Шнейд Франциядан арнайы шақы рылған. Режиссердің бұл қадамға еуропалық көрерменге де қызықты болу үшін барғанын айтады. «Аманат» фильмінде басты рөлді Берік Айтжанов сомдаса, жары Халиманы – Қарлығаш Мұхамеджанова, Кенесарыны – Сəнжар Мəдиев, КГБ қызметкері Бучинді – Əзиз Бейшеналиев ойнайды. Фильмнен Құралай Анарбекова, Азат Нұртаев, Гауһар Жүсіпова, Шынар Жанысбекова, Ажар Ыбыраева, Ерден Телемісов, Артем Митнев, Дмитрий Скирта сынды өнердің өзге де талантты өкілдерін көрдік. Фильмде кеңес дəуірінде өз халқының тарихын безбендеймін деп өмірі түнекке айналған ғалымның шындықты ашу жолындағы мехнатқа толы күресін жас журналист Рамазан жалғастырады. Алайда, ол да бар мұраты халықты мəңгүрттендіру болып табылатын сталиндік дəуірдің сарқыншақтарымен қайта беттеседі, түрлі кедергілерге тап болады. Дəуір шындығымен бетпе-бет келу, атақдаңқтың құзар шыңына көтерілу, ол биіктен қайта құлау, өшпес ерліктерді тəрк етіп, мүлде естен шығару – фильм қаһармандарының тағдыр талайы осынау шекте талқыға түседі. Дегенмен, фильм соңында ақиқат салтанат құрады. Соның айғағындай, қазақ халқының ұлы перзенттерінің, аяулы ұлдарының өшпес есімдері қайта жаңғырады. Жаңғырған есімдер – бейнебір халық рухының алапат күші іспетті, бізді ұлтқа қызмет жасауға шақырады. Сонымен, жаңа фильмге төрелік айту үлесін бұл жолы өнер тақырыбына қалам тербеп жүрген əріптестер еншісіне қалдырдық. Кино сыншылары күзге салым картина үлкен прокатқа шыққан кезде пікірлерін еркін білдіре жатар. Əсия БАҒДƏУЛЕТҚЫЗЫ, өнертанушы-журналист: – «Аманат» – нағыз біз шөлдеп отырған, сағынып аңсаған, өте интеллектуалды, шыншыл, əдiл, кəсiби, шын мəнінде көркем орындалған фильм. Идеялық құндылығы мен көркемдік құндылығы астасқан, хас шебердің қолынан шыққан зергерлік жұмыс іспетті. Кинотуындының үлкен дайындықпен, сүйіспеншілікпен, тақырып пен кейіпкерлерге деген ықыласпен түсірілгені көрініп тұр. Режиссерлік шешімдер, операторлық өнер, суретшінің жұмысы, монтажы мен музыкасы, актерлердің ойыны, қысқасы, фильмде (гримнен басқасының) бəрі жоғары кəсіби деңгейде. Картинада үш, тіпті төрт кезең қамтылады жəне олардың тігісі білінбей жымдасқан, «көзге жеңіл», «жүрекке жылы тиеді». Негізгі желілер – ХІХ ғасырдағы

Кенесары қозғалысы, 50-жылдары Кенеса рыны зерттеп жүрген Бекмахановтың өмірі мен естеліктері жəне 60-жылдары Бекмахановты зерттеп жүрген жас журналистің өмірі. Кенесары, Наурызбай, Бопай, Ермұхан, Халима, Хадиша, Жаппар, Сəтбаев, Досмұхамедов, Рамазан, ҰҚК өкілі, Ермұханның əріптестері... Осыншама көп оқиғалар мен кейіпкерлердің бірдебірі «адасып» кетпеген, тиісінше дамып, өз жүйесін тапқан, соның арқасында фильм оқиғаға бай жəне аса динамикалы болып шыққан. Картинаның көркемдік тапқырлықтары мен шешімдерін түйсінудің өзі лəззатты. Мысалы, фильм басталар-басталмастан бірін-бірі арқалаған кішкентай балаларды көресіз. Бұл екеуі – басынан бұлт, көңілінен мұң арылмаған, бірін-бірі сүйрелеп дəуірден дəуірге жеткен, қайда барса да қуғын-сүргіннен құтыла алмаған, бойын үрей билеген бейшара халық. Ермұхан талықсып кетіп, Кенесарыны көретін тұсында, өзі топырлаған аттылардың ортасында қалады. Тура сол сияқты, екі жетім де айнала шауып жүрген аттылардың қоршауында. Бұлар қаймана қазаққа тажалын тосқан дəуір деп ұғындық. Сатыбалды Нарымбетовтің халықты жетімдермен шендестіруі де тегін емес. Тарихынан айырылған, тамырынан ажыраған халық жетім болмағанда кім болсын? Немесе əлсін-əлсін көрсетілетін қос қыранды алыңыз. Бұл – ұясына қона алмай жүрген еркіндік, жүлгесін таба алмаған шындық, тұғырын таба алмаған азат қазақтың рухы. Орыс əскерлері алғаш көрсетілетін кезде қыранның ұясына өрмелеп келе жатқан жыланды көресіз. Кенесары соңғы жорығына аттанатын кезінде жыландар ұяны анық жайлап алған. Кене мұны білмей тұрған жоқ, білді. Бірақ, «Мен үшін ақиқат – бабаларымның қанымен суарылған мынау ұлы дала. Осынау ұлы дала үшін, бабалар қанымен, арымен қорғап қалған қасиетті мекен үшін, атам Абылайдың аманаты үшін қасық қаным қалғанша соғысам. Менің бар шындығым һəм мақсат-мұратым – осы. Осы жолда жан құрбан. Шаһид кетсем, арманым жоқ», деді. Аманат үшін құрбандыққа бару оңай болмаған. Оны Кенесарының да, Ермұханның да өмірі көрсетті. Бірақ, ақиқат солардың жағында. Əр дəуірде қағанағы қарқ, сағанағы сарқ бай-манаптар болған, əр дəуірде рухы ізденістегі жандар болған. Алайда, ұлттық мүддені темірқазық етпегендердің бəрі – адасқандар. Олар – өмірі де, өлімі де жан баласына жақсылық əкелмеген сормаңдайлар. Азамат үшін бақыт деген – туған халқының керегіне «кетігін тауып қалану». Бізге Кененің соңғы шайқасын көрсетпейді. Сарбаздар тұманның ішіне сіңеді. Тарих солай сағымға айналды. Сол тұманнан сытылып шыққан құлын шауып барады. Қоңырауы сылдырлап барады. Бұл – сонау ғасырлар қойнауынан бізге үзіліп-талып əзер жеткен біздің тарихымыздың үні. «Ақиқат пен тарих шындығы қақпамызды қағып тұр». Бізге Кенесарының тұтқындалғанын да, басының шабылғанын да көрсеткен жоқ. Есесіне Хан Кененің жартас басындағы «Аттан!

Абылай!» деген айбынды бейнесі көз алдымызда қалды. Сол үшін де режиссерге алғыс айтамыз. Кенесары дəуірін қамтыған көріністерде асқақ поэтика басым болса, 40-50-60 жылдарды қамтитын көріністерде психологизм басым. Тіпті, эпизодтық кейіпкерлердің бір ғана сөз, бір ғана қимылынан бүтін мінездемесі айқындалып жатты. Бірнеше штрихтан кеңестік дəуірдегі типтік бейнелер тұлғаланып шыға келді. Ол – ұстазын сатып, үйіне кіріп алатын Жаппар, ол – социализмді қызғыштай қорып алып, өзі де итжеккенге айдалған профессор, ол – батыр бала Болатбек туралы поэма жазуды дүниедегі ең үлкен ерлік санайтын ақын, ол – тарихшыларды қызылкеңірдек қылып қойып, миығынан күлетін мысықмұрт чекист... Кімнің сойылын соғып жатқанын өздері білмейтін, арыз жазғыш көрсоқырлар... Сол кейіпкерлер арқылы режиссер дəуір шындығын аяусыз да барынша əділ көрсетті ғой деп ойлаймыз. Айтпақшы, Ермұханның үйіне көшіп кіретін Жаппардың айнасына қараған қанденнің үріп тұрғанын көреміз. «Айнадағы өз бейнесін танымаған ит үреді. Біз де өзөзімізді танымайтын сормаңдай халықпыз». Бастан-аяқ фильмнің лейтмотиві болған бұл сөздің қазіргі күнге де қатысы жоқ емес. Бұл кинокартина арқылы Сатыбалды Нарымбетов мемлекет деңгейінде басымдық берілген фильмдер айта алмаған хабарламаны жеткізді: сілкін, қазақ, оян! Кім екеніңді, қандай болғаныңды еске түсір! Дəл осылай бейқам жүре берсең, жұтыласың, жойыласың. Көзіңді ашып қара, кім дұшпан, кім дос? «Құдай көп жерде сенім жоқ» дейді. Бірлігіңе мығым бол! Біздіңше, бұдан асқан ұстанымның да, идеологияның да керегі жоқ. «Аманат» масштабы жағынан, тақырыбы, көтерген идеялық жүгі жағынан Нарымбетовтің фильмографиясына ғана емес, күллі қазақ киносының қорына қосылған үлкен олжа. Фильмнің шығармашылық құрамын, барша қазақ жұртшылығын сəтті кинотуындының өмірге келуімен құттықтаймыз. Гүлзина БЕКТАСОВА, өнертанушы-журналист: – «Аманат» – Бекмаханов үмітінің ақталғаны. Тоталитарлық жүйеге қарамастан, Кенесарыны зерттеу, зерттеп қана қоймай, диссертация жазу, оны қорғау – Бекмахановтың көзсіз ерлігі еді. Медеу аға (Сəрсеке) Кенесарыны Ермұхан Бекмаханов пен Ілияс Есенберлиннің бірге зерттегенін айтып еді. Бекмаханов ертерек жазып, көзге түсіп қалды. «Қаһар» кейінірек, заманның кеңдеу кезінде жазылды. Халима апаның əңгімесі бар, Медеу ағамның ағынан жарылып айтқан сұхбаты бар, «ЖЗЛ» сериясынан «Бекмаханов» туралы көлемді кітапты оқығаным бар, фильм қалай болар екен деген күдік болғаны рас. Сөйтсек, күдігіміз бекер екен. Бекмаханов туралы фильм өте сəтті шығыпты. Сатыбалды ағамыздың кейінгі еңбектеріне көңіліміз толыңқырамай жүруші еді, бұл жолы қолын алып, шын ниетіммен рахметімді айтқым келді. Бекмаханов пен Есенберлиннің тегін тұлға емес екеніне көзім жетті. Екеуі де бір ғасырда өмір сүрді. Екеуі де бір тақырыпқа қалам тартты. Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлайтын жылы екеуінің де мерейтойы қатар келді. Бұл не? Сəйкестік пе? Айтқандай, «Аманатты» балаларға көрсету керек деп ойлаймын. Тəуелсіздіктің оңай келмегенін жас буын ұғынса деймін. Тəуелсіздік жолында бабаларымыз қалай жанкештілік көрсеткенін де бүгінгі ұрпақ сезінсе деймін... Сонымен, жаңа фильмнің тұсаукесерінен соң картина біраз талқыға түсті. Тарихшының киноэкрандағы өмірі арқылы өткен күндерге жасалған саяхат қаншалықты тағылымды, көркемдік шешімдері қаншалықты шыншыл шыққаны жайлы пікірлер ортаға салынды. Фильм тұсаукесерге қатысқандарға түгел ұнады деп те айтуға болмайды. Бірақ, ақиқат үшін айту қажет, көрермендердің басым бөлігі жарыққа жақсы фильмнің шыққанына қуанды. Тарихшының тауқыметі үшін ғана емес, ұлт көрген теперіштер үшін көзіне жас алған көрермендер легі шығармашылық топтың талап пен талғам биігінен табылғанын көрсетті. Тұлғалы қазақтың мехнат пен махаббатқа толы өмірі – кино тілімен елжанды азаматтардың тағдырын ұлықтай алды. Тарихшының жары Халима Бекмаханованың пікірін білуге қызыққандар көп еді. Ол кісі Ермұхан рөлі өте сəтті шыққанын, тірі кезіндегі ерінен аумайтынын, өз рөлін ойнаған актрисаның өзіне онша ұқсамаса да, бірақ екеуі отасқан жылдары бастан кешкен сезімдерімді тамаша жеткізгенін айтты. Сол сияқты ол кісіге оператор жұмысы мен фильмде қазақ əйелдері мен қазақ халқын қалай көрсеткені өте ұнаған. Өз кезегінде режиссер 20 жылдан астам өмірінде фильмде тарихшы жарының неге жас күйінде қалғанын түсінбегендерге «Символ ретінде солай еттік. Джаконда сияқты мəңгі-бақи жас болып қалуы тиіс. Сондықтан, оны «қартайтпадық» деген өз тұжырымын айтты. Қалың көрермен «Аманат» фильмін күзге қарай ғана көре алады. Фильм авторлары мұның себебін кинопрокат үшін жаз уақыты тыныш маусым екендігімен түсіндіреді. АЛМАТЫ.


8

www.egemen.kz

11 маусым 2015 жыл

Атадан – аманат, əкеден – белгі

1941 жылы бір əулеттің жалғасы, бір шаңырақтың уығы, Қозыбағар ақсақалдың үш ұлы қан майданға аттанған екен. Оқ жауып, от кешкен алапат соғыстан сол үш боздақтың біреуі ғана оралып, қалған екі бауыры хабарсыз кетеді. Қаншама əулеттің қабырғасын қайыстырып, бүкіл қазаққа түскен ауыртпалық кісі қолымен жасалған нəубет еді бұл. Сəтбайдан жалғасып, Қозыбағардан тараған Дəуітқұл батырдың баласы Қабылтай ағамен əңгімелесіп отырмын. Атаның көзі, əкенің сөзі қалған ескі қағаздар мен құжаттарды алға тосып, тозығы жеткен əр суретті аялай сипап Қабылтай аға үні жарықшақтана сөйлеп отыр.

 Көкейкесті Астанада Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жанындағы қоғамдық кеңестің отырысы өтіп, онда Сауран жəне №24 көшелерінің қиылысындағы көп пəтерлі тұрғын үй кешенінің пайдалануға берілу мерзімінен кешігу мəселесі талқыланды.

«Кешікпей берем деп еѕ...»

Қанат ЕСКЕНДІР,

«Егемен Қазақстан».

– Сəтбайдың ұлы Қозыбағар атамыз оқыған адам екен. Түрксібте жұмыс істеп, Шолаққарғалы ауылын құрған. Ол кезде сауатты маман тапшы, сондықтан да өзі ауылдық кеңестің хатшысы, өзі есепшісі болған адам. Қозы бағардан 3 ұл – Сəтбаев Дəуітқұл 1904 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Жаңақұрлыс ауы лында дүниеге келген. Соғыс басталғанда аттанып, «1944 жылы 5 қарашада Венгрия жерінде қаза тапты» деген «қара қағаз» ал дық. Дəуітқұлдың туған інісі Қозыбағаров Момынқұл 1916 жылы туған. Момынқұл оқып жүріп 1939 жылы Қызылордадан əскерге алынады да, Фин соғысына қатысады. Одан кейін Момынқұл 1941 жылы басталған екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, Жеңістен кейін Австрияның Грацк қаласында комендант болып қызмет еткен. Одан елге келгеннен соң Жамбыл ауданындағы Қаракестек селолық кеңесінде хатшы болады. Кейінірек Алматыға көшіп келіп, жол салу саласында еңбек етті. Елге жасаған қызметі ескеріліп Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталып, «Қазақстанның құрметті жол қызметкері» деген атақ алған. Ал соғыс кезінде ол кісі Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз, І, ІІ дəрежелі Даңқ, І дəрежелі Отан соғысы ордендерінің иегері жəне «Ерлігі үшін» медалін алған. – Əкемнің үшінші інісі Қозыбағаров Өмірқұл 1923 жылы туған, – дейді Қабылтай аға баяу да қарлығыңқы үнімен əңгімені одан əрі жалғап. – Ол соғыс басталмай тұрып бейбіт кезде əскерге алыныпты. Одан кейін бірден əскер қатарында

қарапайымдылық деп таңданбасқа əддің қалмайды... Енді Дəуітқұл ата жөнінде айтайық. 1944 жылы «қара қағаз» келгеннен соң ол кісінің артында қалған ұлдары əке зиратын іздей бастайды. Сөйтіп жүргенде бір хабардың ұшы шығып, 1988 жылы «Қызыл крест, Жарты Ай» ұйымының Мəскеудегі өкілеттігінен «Сəтбаев Дəуітқұл 1944 жылы 5 қарашада ауыр жарақаттан қаза тауып, əуелі Колинде жерленді. Кейінірек Кеңес əскерлерінің зиратында, Мишкольцте орналасқан «Батырлар аллеясына» қайта көшірілді», деген анықтама хат алады. Кейінірек Қабылтай аға осы қағаз бойынша Германиядағы Колин қаласына барады. Іздеп көреді, таппайды. Содан 2000 жылы Қабекеңнің жан жары Сəуле апай Венгрияға бір жиналысқа қатысатын болып, Будапештке келеді. Жиналыс біткен соң атасының зиратын іздеуге шығады. Делегациямен еріп барған қазақтың қыз-жігіттері: «Біз сізді

жүріп майдан даласына аттанады да аға лейтенант шенін алып, рота командирі болған. 1943 жылы соғыста қаза тапты деген «қара қағаз» келді. Сол бойынша «хабарсыз кеткен» жауынгерлер тізімінде қалып қойды. Бұл кісінің артында бала қалмады. Үйленбеп еді. Не деген күрделі тағдыр? Өмірдің осынша сынағына төзген бұл кісілер, біздің алдыңғы буын əкелеріміз неткен үлкен жүректі, сом сабыр иелері еді деп қайран қаласың. Мұндай кеп сол қан қасап жылдары əр қазақтың шаңырағында болды емес пе?! Қабылтай ағаның кіші əкесі Қозыбағаров Момынқұл атына заты сай, кісілігінен кішілігі асқан өте сыпайы əрі қарапайым жан болған екен. Соғыстан 5 бірдей орденмен оралып келіп, еліне еңбегі сіңген. Бейбіт кезеңдегі жұмысы үшін Еңбек Қызыл Ту орденін тағы алған. Ол кісінің тым қарапайымдылығы сол, соңғы марапатын алған кезінде оны ешкімге көрсетпей, қалтасына салып қойыпты, əйеліне де айтпапты. Кейін апамыз қалтасынан тауып алып: «Əй, мынау не?» десе, «Ə, өткенде берген орден ғой», деген екен жай ғана. «Еңбегім сіңіп еді ғой», деп үй де сұрамаған, мансап та, басқалай қамқорлық та дəметпеген. Не деген

жалғыз жібермейміз!» деп бірге ереді. Будапешттен 100 шақырым жерде екен хаттағы Мишкольц деген екінші қала. Сонда биік жота бар екен. Соның үстінде əскери зират орналасыпты. Бұлар барған кезде қақпа жабық болып, автобустың шофері: «Мана мен шарбақтың бір тесік жерін байқап қалдым, сонда апарайын», деп бастай жөнеледі. Бұлар сол жерден кірген. Құдайдың құдіреті, Сəуле апай сол жердегі тізімнен өзінің қайын атасының есімін тауып, сол арада ата аруағына Құран бағыштап, жанындағы серіктеріне ас береді. Сосын кейінірек батыр əкенің табылған зиратына Қабекеңнің үлкен ағасы Əбдіхамит та отбасымен барып қайтады. Мишкольцтегі ол саябақтың тап ортасында үлкен, еңселі монумент бар екен. Оның бір іргесінде «Мұнда КСРО тəуелсіздігі жолында қаза тапқан ерлер жатыр», деген жазу бар. Екінші жақ қабырғасында ІІ Украин майданында соғысқан батырлар даңқы жасай берсін!» деген сөйлем тұр. Сол еңселі монументтің қос қабырғасын ала бере төрт-төрттен «Кеңес Одағының Батырлары» деген тізім бар да, солармен жапсарласа тағы да екінші дүниежүзілік соғыста шейіт болғандар тізімі берілген.

Баспана кїткен тўрєындар мəселесі ќоєамдыќ кеѕесте ќаралды

Сонда Дəуітқұл батырдың аты-жөні, туған жылы мен қаза болған уақыты жазылған. Бұл кісі Венгрияның Колин дейтін қаласында қаза болған. Кейіннен қайта жерлеу рəсімімен осында, даңқты батырлардың қасына əкелініпті. Осы Даңқ мемориалынан сəл шеткерірек жерде орналасқан үлкен тас тақтадан Қабылтай аға тағы да 30-40 шақты шейіт болған қазақ жауынгерлерінің аты-жөнін ұшыратып, қойын дəптеріне жазып алған екен. – Əкеміз соғысқа аттанған шағында 36 жаста болып, тура 40 жасында қаза тауып отыр ғой. Негізі соғыс кезінде 15 пен 35 жас аралығындағы азаматтар ғана əскерге алынуы тиіс еді. Бірақ, ол кезде əкейдің жасына мəн берілмеді ме, əлде өзі сұранды ма, əйтеуір майданға аттанып жүре беріпті. Өкініштісі, əкеміздің басқалай ерлігі үшін алған наградаларын таба алмадық. Біраз жерлерге хат жолдап едік, əзірге жауап кешігіп жатыр. Алайда, ол кісінің қай жерлермен жүріп, қандай майдандарда соғысқанының бəрі жазылған. Кейіннен əкемізден тараған ұрпағының баршасын Венгрия жеріне алып барып, «Батырлар аллеясында» ас беріп, Құран бағыштадық. Зират басына туған жердің шөбін егіп, гүлін табыстап, топырағын төседік, – дейді Қабылтай аға. «Орнында бар оңалар», дейтін қазақтың келешекке жетелер əдемі сөзі бар. Сол ізгілікке сүйене отырып, кешегі батыр аталарымыздан қалған ұрпақтың тұяқтарын таратар болсақ, əрісі Сəтбаев Қозыбағардың үлкен ұлы Дəуітқұлдан тараған буын – Қозыбағаров Əбдімəжит 1932 жылғы. Ол соғыс уақтысында 13 жасынан бастап трактор айдап, еңбекке ерте араласқан. Колхозда бөлімше бастығы болып, көп істің басында жүрген. Бейнетінің зейнетін көрер шағында, 59 жасында қайтыс болған. Ол Еңбек Қызыл Ту жəне «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған. Одан тараған 10 бала мен немерелері қазір Жаңақұрылыста, Алматы қаласында елеулі қызметтер атқарып жүр. Дəуітқұлдың екінші ұлы – Əбдіхамит. 1938 жылы туған. Мектепті жақсы тəмамдап, жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін «Қазақ жер зерттеу» ғылыми институтында қызмет еткен. Ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты болған. Күрті ауданында кеңшар директоры қызметін атқарып, зейнетке шыққан. Əбекеңнің 2 перзенті, немерелері бар. Ал өзіміз сұхбаттасып отырған Сəтбаев Қабылтай 1941 жылғы. Мəдениет министрлігінде, Спорт істері агенттігінде бөлім басқарған. Кейінірек Президенттің Іс басқармасында жұмыс істеп, жаңа астана құрылысын салуда «Жаңа Астана» жəне «Жаңа Сарыарқа» қорларының бас директоры болған. Бір ұл, бір қызы, бірнеше немересі бар. Міне, соғыстың салқыны, заманның ызғарына төтеп берген бір əулеттің қысқаша баяны осындай. Жылда 9 мамыр – Жеңіс мейрамын бірі – əкелері, бірі – аталары орден-медальдары жарқырап, жүздері бал-бұл жайнап кіріп келетіндей сағынышпен, бабалар рухына тағзым етумен əулет болып атап өтеді. Жарты дүниені жау қолынан азат етіп, ерлік жолында қаны мен жанын берген аруақтарға арнап Құран бағыштайды. Жақсының ұрпағы жалғасып, тамыры тереңдесе, ол да құт қазағыма!.. АЛМАТЫ.

Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».

Тұрғын үй құрылысы неліктен бітпей жатыр? Оған кімдер кінəлі, не кедергі? Тұрғындарға пəтер кілттері қашан тапсырылмақ? Осындай сауалдарға жауап іздеген қоғамдық кеңес мүшелері Астананың желді-жаңбырлы ауа райына қарамастан дəл сол құрылыс алаңында, ашық аспан астында көшпелі брифинг ұйымдастырды. – Кезекті көшпелі отырысымызды Астана қаласында өткізуді ұйғардық. Соңғы кездері қоғамдық кеңестің атына «Сауран жəне №24 көшелері арасындағы көп пəтерлі тұрғын үй кешені» құры лысының кешеуілдеуіне қатысты көп шағым түсіп отыр. Біз құрылыстың неліктен кешігіп жатқанын айқындауымыз керек. Азаматтарымыздың пəтер кілтін қашан алатынын да анықтауға тиіспіз. Қазір құрылыс салушылардың, əкімдіктің, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жəне банк клиенттерінің тығыз байланыста болып, бірге жұмыс істегені абзал, – дейді қоғамдық кеңес жетекшісі Сейітқазы Матаев. Иə, айтқандай-ақ, жалпы ауданы 10 мың шаршы метрден асып жығылатын 242 пəтерлі бұл тұрғын үй кешені бір жарым жыл бұрын пайдалануға берілуі тиіс болатын. Нақтырақ айтқанда, аталған көшелердің қиылысында орналасқан бұл көп қабатты тұрғын үй 2013 жылдың 30 қарашасында азаматтардың пайдалануына берілуі керек еді. Алайда, бұл мерзім бірнеше рет кейінге қалдырылып келді. Бұл пəтерлер «Қолжетімді тұрғын үй2020» бағдарламасы аясында «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағдарламасы бойынша сатылуы тиіс. Бірақ, тұрғындар пəтерге əлі күнге қол жеткізе алмай отыр. «Баспаналы болсақ» деп бар тапқан-таянғанын тірнектеп жиып, осы пəтерге салған тұрғындар құрылыстың аяқталуын бір жарым жылдан бері күтуде. Баспананың құрылысын жүргізіп жатқан «Алтын ХХІ» құрылыс компаниясы «Жылу транзиті» ЖШС-мен келісілмегендіктен, жылу жүргізе алмай отырған көрінеді. Олар құрылыс жұмыстары осы себептен тоқтап тұрғанын айтып ақталуда. Алайда, тұрғындар мəселенің тез арада шешім тауып, өздеріне тиесілі баспаналарына кіруді армандайды. Тұрғын үйді сарыла күтіп жүрген Тұрғын үй жинақ банкі салымшылары əлі күнге дейін пəтер жалдап немесе туысқандарының үйін жағалап күн кешуге мəжбүр екендіктерін айтуда. Олар бірнеше мəрте Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жанындағы қоғамдық кеңеске шағым түсірген. Осылайша, бұл мəселеге Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жанындағы қоғамдық кеңестің араласуын өтінген тұрғындар аталған тұрғын үй құрылысының жанына жиналды. Қоғамдық кеңестің мүшелері, əкімдік өкілдері, құрылысшылар мен журналистер салынып бітпеген үйді аралап, кешеннің жай-күйімен танысты.

Қоғамдық кеңестің отырысына Астана қаласының əкімі де шақырылған екен. Əкімнің өзі келмесе де, құрылысқа жауапты өкіл Астана қаласы бойынша құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Ержас Айтуғанов келді. «Бүгінгі күні негізгі құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды. Үйлердегі жылу қысымы тексерілген соң біз ішкі əрлеу жұмыстарына кірісеміз жəне биылғы жылдың 31 шілдесіне дейін бұл нысанды мемлекеттік комиссия актісі бойынша пайдалануға береміз. Со дан соң «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасына қатысушылардың арасында бөлу үшін ол тұрғын үй басқармасы теңгеріміне тапсырылады. Нысан бюджет қаражаты есебінен салынып жатқандықтан, барлық жұмыстардың ақысы нақты орындалған жұмысқа қарай төленеді. Мердігерге бірнеше рет ескерту жібердік, сот шешімімен бюджетке табыс ретінде тұрақсыздық айыбын өндіріп алдық», дейді Ержас Айтуғанов. Оның айтуынша, өз міндеттерін дұрыс атқармағаны үшін мердігер компанияны жауапқа тартып, онымен арадағы келісімшартты бұзуға болар еді. Алайда, келісімшартты бұзу, конкурс бойынша жаңа мердігерді анықтау секілді жұмыстар созылып, ақырында қыс та жақындап қалатын түрі бар. «Сол себепті біз «Алтын ХХІ» компаниясымен осы үйлердің құрылысын соңына дейін жеткізуді жөн көрдік. Аталған компаниямен жұмыс істеп келе жатқанымызға алты-жеті жыл болып қалды. Белгіленген мерзімнің созылуының басты себебі – компания қаражатының жоқтығында, ал біз əлі жасалмаған жұмыстар үшін бюджеттен ақша бөле алмаймыз. Айта кету керек, бұл істе Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің ешқандай кінəсі жоқ. Бар жауапкершілік құрылыс компаниясы мен тапсырыс беруші, яғни құрылыс басқармасында. Егер, 31 шілдеге дейін межелі жұмыстар аяқталып, тұрғын үй пайдалануға берілмесе, мен қызметтен кетемін. Себебі, бұл іс үшін біз де жауаптымыз», деді басқарма басшысының орынбасары. Əрине, тұрғындар талабы біреуді жұмыстан кетіру емес. Олар, бастысы өздеріне тиесілі пəтерлерге сапалы əрі уəде берген уақытында қол жеткізсек дейді. Мəселенің нақты қай тараптан болып тұрғанын анықтап, оған жауаптыларды тезірек жұмысты аяқтауға жұмылдыру. Сонымен қатар, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі мамандарының сөзіне қарағанда, іс жүзінде үй дайын тұр. Бірақ, оған жылу көздері орнатылмаған. Қаланың коммуналдық қызметінің талабы бойынша, құрылыс салушы жылу жүйесін осы уақытқа дейін екі мəрте қайта жүргізіпті. «Құрылыстың аяқталу мерзімінің кешеуілдеуіне Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі тарапынан ешқандай кедергі жоқ. Бүгінде банк өзіне қатысты барлық жұмысты атқарды. Салымшылардан жиналған ақшасы дайын тұр. Бізге тұрғын үй құрылысы аяқталса болғаны, сатып

алуға дайынбыз. Бұл жерде шешілмей жатқаны жергілікті əкімдік пен мердігер компанияның арасында мəселе деп ойлаймын. Не себепті кешігіп жатқаны жайында жаңа өздеріңізге əкімдік тарапы түсіндіріп айтып берді. Біз де, біздің қоғамдық кеңес те осы түйткілді мəселенің шешімін табуға тырысып жатырмыз. Меніңше, ендігі жерде уəделі уақытында бізге тұрғын үй тапсырылады деп ойлаймын», деді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің Астана қаласындағы орталық филиалының директоры Айжан Тұрақбайқызы. Еске салсақ, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Бəйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-тың үлескер компаниясы. Банк əлеуметтік міндеттерді атқарады. Оның басты мақсаты – адамдарды тұрғын үймен қамтамасыз ету. Олардың жұмысы «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында атқарылады. Бүгінде «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының екі бағытын жүзеге асырып жатқан қаржы құрылымы елімізде жетекші орын алады. Əрине, банктің де, əкімдіктердің де илегені – бір терінің пұшпағы. Ол – ел халқын қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету. Əкімдіктер құрылысты қаржыландырады, мердігерлерді таңдайды. Ал банк бүгінгі күнгі ең тиімді талаптармен салымшыларға қаржы береді. Қоғамдық кеңестің отырысына «Алтын ХХІ» құрылыс компаниясының да өкілдері келді. Олар да өз тарапынан қолдан келгенше барлық жұмыстарды жасап жатқанын алға тартып, тұрғын үй құрылысын алдағы шілденің аяғында толықтай тапсыратындарын айтып уəде берді. Негізінен компанияда бірқатар қаржылай қиындықтар болғанын да жасырмады. Қазіргі əлемдік экономикалық дағдарыстың салдары, одан қалды өткен жылдардағы теңге бағамының өзгеруі, құрылыс заттарының қымбаттауы сияқты бірқатар мəселелерді тізбектеп, алайда дəл қазір бұл үйдің құрылысының аяқталуына барынша күш салып жатқандарын жеткізді. Ең бастысы, шілденің соңында тұрғындар пəтерлеріне кіре алатын болады деп сендірді. Компания өкілінің айтуынша, бүгінде құрылыс басында 90-ға жуық құрылысшы жұмыс істеуде. Қаржы жеткілікті. Тек тұрғындар сəл шыдамдылық танытса, жұмыс аяқталуға дайын. Алайда, мəселе шыдамсыздықта да емес. Əр нəрсенің шегі бар. Негізгісі «кешікпей береміз» деген уəделерінде тұрса болғаны. Айтпақшы, тұрғындар мердігерлер жылдамдатамыз деп жүріп үйімізді сапасыз салмаса екен деген де тілектерін жасырып қалмады. Əрине, қазіргідей əлемдік экономиканың құбылмалы кезеңінде мəселе қайдан туындады дей алмайсың. Кез келген уақытта, түрлі жағдайларға байланысты сан алуан проблемалар туындауы əбден мүмкін. Бүгінде, əсіресе, құрылыс саласында түйткілді мəселе аз емес. Осыны ескерген Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жанынан арнайы қоғамдық кеңес құрылған болатын. Бұл қоғамдық кеңес барлық түйткілдерді ашық айтып, мəселені бірлесе отырып шешуді мақсат етеді. Əкімдіктер де бұл мақсатты қолдады. Өйткені, бұл ортақ мүддеге сай келді. Қоғамдық кеңес мемлекеттік бағдарламаларға жəне мемлекеттің қолдауына мұқтаж адамдардың құқын қорғау үшін құрылған. Кеңес қызметінің негізгі міндеті салымшылардың мүддесін заңдық деңгейде қорғау. Қоғамдық кеңес отырысында қандай мəселенің талқыланатынын банк шешпейді. Бұл – жұртшылық өкілдерінің құзырындағы іс. Қоғамдық кеңеске қандай мəселе бойынша көп сұрақ түссе, сол мəселені күн тəртібіне шығарады. Бұл – аса маңызды əлеуметтік міндеттерді атқару үшін ашық диалог алаңын жасау. Міне, қоғамдық кеңестің Астанада өткен көшпелі отырысы да тұрғын үй құрылысының кешеуілдеуіне қатысты мəселені жан-жақты талқылап, жауапты орындардан тиісті жауапты талап етті. Құрылыстың тапсырылу мерзіміне қатысты тиісті уəделерін алды. Алдағы уақытта да кеңес бұл мəселені назарда ұстамақ.


Алтын ќазыќ

 Тағзым

Ардагерге кґрсетілген ќўрмет Жақсы адамның өзі де, сөзі де үлгі ғой. Мен сондай асыл ағаның бір ретінде құрметтейтін Оразбай Алпысбайұлын атар едім. Ол кісі Ұлы Отан соғысына бастан-аяқ қатысқан ардагер болатын. Сұрапыл соғыс аяқталғаннан соң да үш жыл əскерде қызмет етіп, кіндік қаны тамған еліне 1948 жылы оралыпты. Одан кейін елдің өркендеуіне өз үлесін қосып, абырой беделге ие болғанын оның көзін көрген, тағылымын алып, тəрбиесін үйренген жұрт аңыз етіп айтып отырады. Мен ол кісімен он жылдай Қызылорда облысы Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы басқармасында бірге қызмет еттім. Жұрты «офицер» атап кеткен ардақты ағамыз талапшыл еді. Өзі əскери тəртіппен жүретін, өзгеден де соны талап ететін. Білім-білігі, ой-өресі ерен болатын. Айтқан жұмысын уақытында орындауды қатаң талап ететін, сенімінен шықсаң, арқаңнан қағып, барлық жағдайды жасайтын. Тіпті, туған ұлындай еркелетіп, еркін ұстайтын. Оразбай аға өте сауатты жазатын. Орыс тілін, қазақ тілін тең меңгергені сонша, тиіс ті орындарға іс қағаздарын жібергенде үтір, нүктесіне дейін қадағалайтын. Оған қоса, əр əріпті сөзге қарай маржандай тізгенде ол көрген көзді сүйсінтетін. Мұндай білімдарлық ол кісінің бойына мектепте, кейін заң техникумында оқығанда дарыған болуы керек.

Рас, ол кездегі білім беру ісі ерекше еді. Ұстаздар əр баланың тəрбиесі мен сауаттылығына же ке мəн беретін. Алдындағы ұл-қыз ата-ананың ғана баласы емес, қоғамның алтын діңгегі деп білетін. Қазақ жақсы адамды «сегіз қырлы, бір сырлы» дейді. Оразбай ағаның болмысында сондай асыл қасиеттер мол еді. Жұмыста істі қатаң талап еткенмен, былайғы кезде жайдары, отырыстың ұйытқысы, əнді айтып, биді де билеп жіберетін. Асыл ағадан тағы бір үйренгенім, «Əр азамат өзінің орнын білу керек, сөздің қасиетін ұғу керек, бей-берекет кету берекесіздікке ұрындырады. Алдыңғы толқын кейінгіге үлгі болмаса, оның айтқан сөзінде бəтуа қалмайды», деп отыратын менің тұстастарым ол кісінің осындай аталы да баталы сөзін əлі күнге дейін естерінен шығармай,

Жаќсы кґрсеткішке жетті Ұлттық бірыңғай тестілеуден биыл қызылордалықтар жақсы көрсеткіш көрсетті. Алдын ала нəтиже бойынша 81,8 балл құрап отыр. Өткен жылы орташа көрсеткіш 74,2 балл болған. Биыл 7,6 пайызға жоғарылады. Аудандар арасында ең жоғары нəтижеге 83,5 балмен жалағаштықтар қол жеткізді. Мектептер арасында үздік орын қазақ-түрік қыздар лицейінің еншісінде. Аталған

мектеп оқушыларының орташа көрсеткіші 109,9 балл. Ең жоғары 123 балды №202 орта мектептің оқушысы жинады. Алтын белгіге 231 оқушы үмітті болса, соның 136-сы өз білімдерін дəлелдеді. Салыстырмалы түрде барлық көрсеткіш өткен жылдармен салыстырғанда едəуір жақсарды. Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша Қызылорда облысы 2014 жылы 13

күн кешіп жатқан ортасындағы жұртқа, отбасында өсіп келе жатқан ұл-қызы мен немерелеріне үлгі етіп айтып отырады. Мұндай дəстүр арғы ата-бабаларымыздан жалғасып келе жатқан игі имандылық қой. Біз төрткіл дүниемен қарым-қатынасымызды жақсартып, жаһандану дəуірінде құда-жегжаттай араласып кеткен тұста ондай ұлттық салтсанамызды ағалар өнегесімен кейінгіге жеткізіп отыру үлкендік парызымыз деп білемін. Көрсетер үлгісі, берер тəлімі мол Оразбай Досанов өмірден өткелі де қырық жылға таяу уақыт болып қалыпты. Жеңістің 70 жылдығына орай ел-жұрты ардагеріне үлкен құрмет көрсетіп, Шиелі кентіндегі бір көшенің атын «Оразбай Досанов» көшесі деп атады. Бұл жақсысын сыйлаған, өмірден өтсе де ақсақалын ұмытпай ардақтаған елінің ілтипаты деп білемін. Данышпан Абай айтатын алдыңғы толқын ағаларға, кейінгі толқын інілердің мұндай ілтипаты келешекте де жалғасын таба берсе деген ниетімді білдіріп, Оразбай Алпысбайұлының рухына басымды игенді жөн көремін. Мұқамедқали ЖҰМАБЕКҰЛЫ.

АСТАНА.

орында болса, биыл үздік алғашқы бестіктің қатарынан көрінді. Айта кету керек, елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу 2-8 маусым аралығында өткізілді. ҰБТ қорытындысы бойынша орташа балл республика бойынша 79,4 болды, бұл 2014 жылмен (76,9) салыстырғанда 2,5%-ға жоғары. «Егемен-ақпарат».

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті 2015-2016 оқу жылына ғылыми атақтары мен дəрежелері бар оқытушы-профессорлық құрамның орындарына конкурс жариялайды І. Түркістан бойынша: № 1

2

3

4

5

6

7

8

Факультет

Кафедра

Гуманитарлық ғылымдар факультеті

Тарих кафедрасы (20,25) Білім технологиялары кафедрасы (19) Педагогикалық ғылымдар кафедрасы (20) Дінтану кафедрасы (11,5) Факультет бойынша барлығы: Филология Қазақ филологиясы кафедрасы (22) Түрік филологиясы кафедрасы (21) факультеті Ағылшын филологиясы кафедрасы (26) Əлем тілдері кафедрасы (37,5) Факультет бойынша барлығы: Əлеуметтік ғылымдар Экономика кафедрасы (14,75) Қаржы жəне аудит кафедрасы (11,5) факультеті Менеджмент жəне туризм кафедрасы (21,25) Құқықтану кафедрасы (16,25) Қоғамдық ғылымдар кафедрасы (17) Халықаралық қатынастар кафедрасы (10) Факультет бойынша барлығы: Өнер факультеті Бейнелеу өнері кафедрасы (22,75) Орындаушылық өнер кафедрасы (25,5) Дене мəдениеті кафедрасы (22) Дене тəрбиесі кафедрасы (8,25) Факультет бойынша барлығы: Медицина факультеті Арнайы клиникалық пəндер кафедрасы (22,5) Пропедевтика жəне ішкі аурулар кафедрасы (19) Хирургиялық аурулар кафедрасы (18,75) Зертханалық пəндер кафедрасы (14,25) Акушерлік іс жəне гинекология кафедрасы (17,5) Профилактикалық медицина мен медициналық білім жəне ғылым əдістемесі кафедрасы (16,25) Адам патологиясы кафедрасы (14,75) Адам морфологиясы жəне физиологиясы кафедрасы (18) Жедел медициналық жəрдем жəне емханалық терапия кафедрасы (30,75) Хирургия, инструментальды диагностика жəне фармакология кафедрасы (16,5) Стоматология кафедрасы (20,5) Педиатрия кафедрасы (18,5) Факультет бойынша барлығы: Жаратылыстану Математика кафедрасы (17,75) Физика кафедрасы (10,75) факультеті Биология кафедрасы (19,75) Экология жəне химия кафедрасы (19,5) Факультет бойынша барлығы: Инженерлік факультеті Компьютерлік инженериясы кафедрасы (11,5) Компьютерлік ғылымдар кафедрасы (18,25) Электр инженериясы кафедрасы (15) Факультет бойынша барлығы: Дайындық, тіл үйрету Қазақ, орыс, ағылшын тілдері (25) Түрік тілі (13,75) факультеті Факультет бойынша барлығы: Түркістан бойынша барлығы:

Ғылым кандидаты, PhD докторы 8 8 6 4 26 10 10 11 16 47 6 3 8

Ғылым докторы

6 6 4 33 10 12 10 3 35 10 9 9 6 8 6

2 3 2 15 3 3 3 1 10 3 3 3 2 2 3

3 7 15

4 3 5

6

3

9 8 96 8 4 10 10 32 5 9 7 21 12 6 18 308

3 4 37 2 2 3 3 10 2 3 2 7 3 2 5 104

2 2 4 2 10 3 2 3 2 10 4 2 2

ІІ. Шымкент медицина институты бойынша: № 1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8. 9. 10.

9

www.egemen.kz

11 маусым 2015 жыл

Кафедра Акушерлік-гинекология жəне педиатрия кафедрасы (19) Жалпы дəрігерлік практика кафедрасы (18) Профилактикалық медицина жəне стоматологиялық пəндер кафедрасы (16) Хирургия, анестезиология-реанимация жəне жедел жəрдем кафедрасы (22) №1 терапия кафедрасы (19) №2 терапия кафедрасы (15) Клиникалық морфология, фармакология жəне ішкі аурулар кафедрасы (13) Жұқпалы аурулар жəне фтизиатрия кафедрасы (15) Неврология, психиатрия жəне наркология кафедрасы (16) Хирургиялық пəндер жəне жүрек-қан тамырлар хирургиясы (18) Шымкент бойынша барлығы: 108 Университет бойынша барлығы: 520

Ғылым кандидаты, PhD докторы 19 8 8 12 10 8 6 7 7 7 92 400

Ғылым докторы 2 2 2 1 1 1 2 2 1 2 16 120

Конкурсқа қатысушы үміткерлердің құжаттары конкурс туралы ақпарат газетте жарияланған күннен бастап 2015 жылдың 3 тамызына дейін қабылданады. Конкурс 2015 ж. 3-7 тамыз аралығында өтеді. Конкурсқа қажетті құжаттар: - Кадрларды есепке алу бойынша жеке парақ; - Өмірбаян, түйіндеме; - Жоғары білімі мен академиялық жəне ғылыми дəрежесі туралы дипломдарының нотариалды бекітілген көшірмесі; - Жеке куəлік көшірмесі; - 3х4 сурет 2 дана - Пружиналы папка. Мекенжайы: Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы, №29. Ректорат ғимараты, №106 бөлме, байланыс тел: 872533 6-36-36, ішкі тел:15-15. Кадр бөлімі.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

«Мерейлі отбасы» – Елбасымыздың өзі қуаттап, дем берген ұлттық байқау. Өнегелі отбасы – Отанымыздың ырысы, таянышы. Биылғы облыстық байқауға 200-ден астам отбасы қатысқан. Жақында облыстық опера жəне балет театрында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қорытындысы шығарылды. Облыс əкімінің орынбасары Сəкен Қаныбеков бұл ұлттық

байқаудың мəн-маңызын таратып айта келіп, биылғы ерекшеліктеріне тоқталды. Жеңімпаздарды құттықтады. Оңтүстікте Əбдімұса Қуатбеков деген ақсақалды жұрттың дені біледі десек, қателеспеспіз. Шын мəніндегі зиялы адам. Осындағы үлкен оқу орнының қазығын қаққан ағамыз жетімжесірге, аз қамтылған отбасыларға мүмкіндігінше жəрдем беріп жүреді. Өзі де кезінде тағдыр тауқыметін аз тартпаған ол Арыстағы жетім балалар үйінің тұрақты демеушісі.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Маңғыстау мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті 2015 жылғы 30 маусымда (Астана уақытымен) сағат 11.00-ден бастап www.gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік тізілімінің вебпорталында республикалық меншіктегі объектіні сату жөнінде электрондық аукцион өткізу туралы хабарлайды Республикалық меншіктегі объектілерді сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидасына сəйкес жүзеге асырылады. Сауда-саттықтың голланд əдісімен электрондық аукционға республикалық меншіктегі мына объекті қойылады. Теңгерім ұстаушы – «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» ШЖҚ РМК. Лот № 1. Уаз-22089 а/к, м/н R943BA, 2004 ж.ш. Объектінің орналасқан жері – Ақтау қ., 23-шағын аудан, 103-ғимарат. Бастапқы бағасы – 1 656 200 теңге. Ең төменгі баға белгіленбеген. Кепілді жарна – 49 686 теңге. Электрондық аукционға қатысу шыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі жəне электрондық аукцион өткізуге дейін екі сағат бұрын аяқталады. Кепілді жарнаны өткізу деректемелері: кепілді жарнаны алушы: «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ; БСН: 050540004455; ЖСК KZ529261501102032004; БСК: KZKOKZKX; банк атауы – «Қазкоммерцбанк» АҚ; ТТК: 171; БеК: 16. төлем тағайындалуы – аукционға қатысу үшін кепілді жарна (кепілді жарна мөлшеріне банк қызметінің төлемі кірмейді). Қатысушыларға кепiлдi жарнаның кез келген санын енгiзуге жол беріледі, бұл ретте бір кепілді жарна қатысушыға ол бойынша саудасаттыққа қатысу үшін осы кепілді жарнаны енгізген жекешелендіру объектісін сатып алу құқын береді. Аукционға қатысу үшін мыналарды көрсете отырып, тізілім веб-порталында алдын ала тіркелу қажет: 1) жеке тұлғалар үшін: жеке сəйкестендіру нөмірін (бұдан əрі – ЖСН), тегін, атын, əкесінің атын (бар болған жағдайда); 2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сəйкестендіру нөмірін (бұдан əрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, əкесінің атын (бар болған жағдайда); 3) кепілді жарнаны қайтару үшін екінші деңгейлі банктегі есеп айырысу шотының деректемелерін; 4) байланыс деректерін (пошталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail); 5) ұлттық куəландырушы орталық берген ЭЦҚ-ның жарамдылық мерзімін. Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді. Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ қойылған аукционға қатысуға өтінімді осы қағидаға қосымшаға сəйкес объект бойынша тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет. Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдаланып аукцион залына кіреді. Аукцион жекешелендіру объектісінің бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен саудасаттық өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады. Аукционға қатысуға өтінім тіркелгеннен кейін тізілім веб-порталында үш минут ішінде өтінім берілген сату объектісі бойынша кепілді жарнаның түсуі туралы мəліметтердің тізілім дерекқорында болуы тұрғысынан автоматты түрде тексеру жүргізіледі. Назар аударыңыз! Қатысушының осы қағиданың 23-1 жəне 23-2-тармақтарында көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондайақ сатушының шотына саудасаттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілді жарнаның аукцион басталғанға дейін жетпіс екі сағат бұрын түспеуі тізілім вебпорталында өтінімді қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады. Тізілім дерекқорында сатушының шотына кепілді жарнаның түскені туралы мəлімет болған жағдайда, тізілім веб-порталында өтінімді қабылдау жəне қатысушыны аукционға жіберу жүзеге асырылады. Тізілім дерекқорында сатушының шотына кепілді жарнаның түскені туралы мəлімет болмаған жағдайда, тізілім веб-порталында қатысушының өтінімі кері қайтарылады. Автоматты түрдегі тексеру нəтижелері

бойынша тізілім веб-порталында қатысушының өтінімінде көрсетілген электронды мекенжайына өтінімді қабылдау туралы электрондық хабарлама не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жіберіледі. Аукционға жіберілген қатысушыға тізілім веб-порталында берілетін аукцион нөмірі бойынша аукцион залына кіруге рұқсат етіледі. Сатушы аукционға қатысудан жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында бас тартқан қатысушының аукцион нөмірін оны өткізгенге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей жояды. Электрондық аукционға қатысушылар электрондық аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде аукцион залына ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдаланып кіреді. Электрондық аукцион жекешелендіру объектісінің бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады. Сауда-саттықтың голланд əдісі бойынша электрондық аукцион ережесі: 1) егер аукцион басталған кезден бастап екі минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі аукционда жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы осы қағиданың 36-6-тармағына сəйкес белгіленген қадамға азаяды; 2) егер баға азайғаннан кейін екі минут ішінде қатысушылардың бірдебіреуі жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру объектісінің соңғы жарияланған бағасы белгіленген қадаммен азаяды. Жарияланған баға бойынша жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін бірінші болып растаған қатысушы саудасаттықтың голланд əдісі бойынша аукцион жеңімпазы болып танылады жəне осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілді деп танылады; 3) егер жекешелендіру объек тісінің бағасы белгіленген ең төменгі мөлшерге жетсе жəне қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамаса, онда аукцион өткізілмеді деп танылады. Осы қағиданың 36-4-тармағының төртінші бөлігінде, 36-5-тармағында, 36-7-тармағының 1) тармақшасында жəне 36-8-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген жағдайларда сатушы тізілімнің веб-порталынан басып шығарылатын аукционның өткізілмегені туралы актіге қол қояды. Жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы бағаны ұлғайтудың кемінде екі қадамына өскен жағдайда ғана жекешелендіру объектісі бойынша сауда-саттықтың голланд əдісімен электрондық аукцион өткізілді деп танылады, бұл ретте бастапқы бағаның екі қадамға өсуін кемінде екі қатысушы жүзеге асырады. Əрбір сатылған жекешелендіру объектісі бойынша электрондық аукцион нəтижелері электрондық аукцион нəтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы жəне жеңімпаз ЭЦҚ-ны пайдаланып электрондық аукцион аяқталғаннан кейін жиырма төрт сағат ішінде тізілімнің веб-порталында қол қояды. Электрондық аукцион нəтижелері туралы хаттама электрондық аукцион нəтижелерін жəне жеңімпаз сатушының жекешелендіру объектісін сату бағасы бойынша сатып алусату шартына қол қою міндеттерін белгілейтін құжат болып табылады. Ақтау қаласы, 9-шағын аудан, 23-ғимарат мекенжайында жеңімпазбен сатып алу-сату шартына электрондық аукцион өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қол қойылады. Бұл ретте, электрондық аукционның жеңімпазы салыстыру үшін түпнұсқаларын міндетті түрде көрсетіп көрсетілген құжаттардың көшірмелерін не болмаса нотариалды куəландырылған көшірмелерін сатушыға ұсынады. Құжаттардың түпнұсқалары салыстырғаннан кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады. Аукцион өткізу туралы қосымша ақпаратты www.gosreestr.kz сайтынан жəне 8(7292) 421657 телефоны арқылы алуға болады.

Бұл жолы бірінші орын Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бiрлiк» алтын медалiнiң иегерi, химия ғылымдарының докторы, профессор Əбдiмұса Қуатбеков пен Түркiстан қаласындағы балалар мен жасөспiрiмдер орталығының директоры, Қазақстан Республикасы бiлiм беру iсiнiң үздiгi, Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгiнiң иегерi Асылбек Таңғатаровтың отбасына берiлдi. Екінші орын Кентау қаласындағы «Ар-Нұр» балалар үйiнiң басшысы Ысқақ Жұмашев

пен Шымкент қаласының тұрғыны, азаматтық авиация ардагерi Көпжасар Бейсеевтің отбасына бұйырды. Үшінші екі орынды облыстағы абыройлы азаматтар: отырарлық Əбiлқасым Құлымбетов пен Сайрам аудандық «Қазақ тiлi» жəне қажылар қау ымдастығының төрағасы Мұ рат Есалиев отбасылары еншіледі. Алдында асқар асулары бар, көздегені биік Қазақстанға береке шуағына жылынған, ырысы мол, өзгелерге үлгі-өнеге болатын отбасылар көп керек. Енді Оңтүстіктің қос жеңімпазы республикалық сынға қатысады. Оңтүстік Қазақстан облысы.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың сенім білдірілген тұлғасы мына мүлікке сауда-саттық жариялайды: Лот №1 – Жер телімі, жалпы алаңы 8,0 га кадастрлық нөмірі 03-047-062207, орналасқан мекенжайы: Алматы облысы, Қарасай ауданы, Елтай ауылдық округі. Жер телімінің мақсатты тағайындалуы – тауарлы ауыл шаруашылығын жүргізу. Бастапқы баға – 59 000 000 (елу тоғыз миллион) теңге. Сауда-саттық əдісі – голланд. Кепілді жарна бастапқы бағаның 10%-ын құрайды. Бастапқы бағаның 10% мөлшеріндегі кепілді жарна «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың сенім білдірілген тұлғасының шотына енгізілуі тиіс, төменде көрсетілген деректемелер бойынша. Сауда-саттыққа қатысуға өтінімдер үшін қажетті құжаттардың тізімін алуға сенім білдірілген тұлғаға хабарласу керек. Сауда-саттыққа қатысуға өтінімдер Алматы қ., Абай д-лы, 109 «В», 1004-бөлмеде 2015 жылғы 22 маусымда сағат 18.00-ге дейін қабылданады. Сауда-саттық лот бойынша голланд əдісімен 2015 жылғы 23 маусымда сағат 10.00-де мына мекенжайда болады: Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелен қ., Абылай хан к-сі, 48А. Сауда-саттық аяқталғаннан кейін түпкілікті баға ұсынған сауда-саттық қатысушысы банктің чек түріндегі немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа қолма-қол ақшаның толық көлемінде сатып алу сомасын бес жұмыс күні ішінде есеп айырысу тəсілімен енгізуі қажет. Сенім білдірілген тұлғаның деректемелері: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың сенім білдірілген тұлғасы Шаймерденов Бақытжан Сенбекұлы, Алматы қ., Абай д-лы, 109В, шот KZ406010011286000046, БИН HSBKKZKX, СТН 600200048129, Кбе 14. Сауда-саттық өткізу мəселесі бойынша анықтама алу телефондары: 8 (727) 330 17 83, 330 17 57.

Ќўрметті салымшылар! «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша ІІ топтың талаптарына сəйкес келген тұлғалардан қалыптасатын тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысуға өтініштер Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, «Арай-2» шағын ауданындағы №1, №2, №3, №4, №5 үйлерге (барлығы 240 пəтер, оның ішінде «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ желісі бойынша 120 пəтер), бағасы 1 шаршы метрі 100 000 теңге «таза əрлеу» болатын тұрғын үй кешенінің құрылысы бойынша 2015 жылдың 1 шілдесі мен 1 қыркүйек аралығында қабылданатындығы туралы хабарлаймыз. Тұрғын үй құрылысы 2015 жылдың III тоқсанында аяқталады. Банктің Қызылорда облысы, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 120-үй мекенжайында орналасқан филиалында немесе Банктің www.hcsbk.kz Интернетресурсында тапсыруға болады. Өтініш тек Банк салымшыларының өзінен ғана қабылданады. Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулын құру тəртібімен жəне құрылыс нысанының сипаттамасымен (соның ішінде ғимарат қасбетін жəне пəтерлердің жоспарлануымен) егжей-тегжейлі танысуға болады.

Мерзімді баспа басылымдарына жазылушылардың назарына! Құрметті жазылушылар, «Қазпочта» АҚ мерзімді баспа басылымдарын уақтылы жеткізбеген, мүлде жеткізбеген немесе қызмет көрсету сапасы төмен болған жағдайда «Қазпочта» АҚ-тың Байланыс орталығына 1499 нөмірі арқылы хабарласуларыңызды өтінеді (ҚР бойынша ұялы жəне қалалық нөмірлерден қоңырау шалу тегін). Біз Сіздерге əрдайым көмектесуге дайынбыз! Акционерное общество «Дорожно-строительное управление № 13», Алматинская область, Енбекшиказахский район, г.Есик, ул.Космонавтов, 9, РНН 091200002663, БИН 960640000189, производит выплату дивидендов по привилегированным акциям за 2014 год, дата начала выплаты дивидендов 19 июня 2015 года по адресу: АО «ДСУ-13», г.Есик, ул.Космонавтов, 9, тел.+7 (72775) 76589. ТОО «АФ Новомарковка-2010» объявляет о созыве внеочередного общего собрания участников товарищества. Собрание состоится 26 июня 2015 года в 10.00 часов по адресу: Республика Казахстан, Акмолинская область, Ерейментауский район, с. Новомарковка, ул. Киселева, дом 17а. Повестка дня: 1. Заключение дополнительного соглашения к договору залога от 19 марта 2015 года № АКМ/ПЗ-15-85 в связи с получением КХ «Жана-Береке» дополнительного финансирования инвестиционного проекта «Создание откормочной площадки c собственным маточным поголовьем для воспроизводства молодняка, с последующим его выращиванием, доращиванием и откормом на убой» с предоставлением права на внесудебную реализацию имущества в случае неисполнения и (или) ненадлежащего исполнения КХ «Жана-Береке» своих обязательств перед АО «КазАгроФинанс». 2. Предоставление гарантии ТОО «АФ Новомарковка-2010» в обеспечение полного исполнения обязательств (полная солидарная ответственность) КХ «Жана-Береке» перед АО «КазАгроФинанс» по заключаемому Соглашению. 3. Предоставление АО «КазАгроФинанс» (безотзывное и безусловное согласие) права на изъятие денег с любых банковских счетов ТОО «АФ Новомарковка-2010» для погашения наступивших обязательств КХ «Жана-Береке» перед АО «КазАгроФинанс» по заключаемому Соглашению о финансировании инвестиционного проекта, вытекающим из него Договору/ам финансового лизинга – посредством прямого дебетования банковских счетов. 4. Предоставление АО «КазАгроФинанс» (безотзывное и безусловное согласие) права на безакцептное изъятие денег с любых банковских счетов ТОО «АФ Новомарковка-2010» для погашения наступивших обязательств по заключаемому Соглашению о финансировании инвестиционного проекта и вытекающим из него Договору/ам займа, в случае неисполнения и/или ненадлежащего исполнения КХ «Жана-Береке» своих обязательств перед АО «КазАгроФинанс». 5. О наделении директора ТОО «АФ Новомарковка-2010» Буртебаева М.С. полномочиями на заключение дополнительного соглашения к договору залога от 19 марта 2015 года № АКМ/ПЗ-15-85, изменений и дополнений к ним, а также на подписание иных соглашений, договоров, других документов, связанных с реализацией вышеуказанного решения. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының басшылығы, судьялары жəне аппараты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Бейбіт Бекмұхамбетұлы Шермұхаметовке əкесі, Ұлы Отан соғысының, сот жүйесінің жəне прокуратура органдарының ардагері Бекмұхамбет ШЕРМҰХАМЕТҰЛЫНЫҢ қайтыс болуына байланысты ауыр қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша ардагерлер кеңесі отставкадағы полковник Ақшамбек Барысбекұлына зайыбы, КСРО жəне Қазақ КСР-інің білім беру ісінің үздігі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Бүбіайым ЖЕТПІСБАЙҚЫЗЫНЫҢ дүниеден өтуіне байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Шығыс Қазақстан облыстық мəдениет, мұрағаттар жəне құжаттама басқармасы мен облыстық драма театрының ұжымы ҚР мəдениет қайраткері, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, халықаралық, республикалық жəне аймақтық фестивальдардың лауреаты, режиссер-актер Сламбек Жұмағалиға зайыбы, С. Сейфуллин атындағы қазақ драма театрының əртісі Баян Дайырбекқызы АУКЕШОВАНЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.


10

www.egemen.kz

11 маусым 2015 жыл

 Мемлекет мерейі

ДІНТЎТЌА Ўлы даламыз – дїйім дїние діндерініѕ діѕгегі

Суреттерді түсірген Ерлан ОМАРОВ.

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 273-07-87.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru, egemenkz@maіl.kz. Интернет-редакция: ekazakhstan@mail.ru Алматыда: факс (727) – 273-07-87, электронды пошта – egemalm@mail.ru

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – 8 (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – 8 (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – 8 (712-2) 31-74-13; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

Көкшетау – 8 (716-2) 25-76-91; Қарағанды – 8 (721-2) 43-94-72; Қостанай – 8 (714-2) 39-12-15; Қызылорда – 8 (701) 772-70-74; Орал – 8 (777) 496-21-38;

Өскемен – 8 (778) 454-86-11; Павлодар – 8 (718-2) 68-59-85; Тараз – 8 (726-2) 43-37-33; Шымкент – 8 (701) 362-63-76; Петропавл – 8 (715-2) 50-72-50.

Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-07-26, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Арко» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-Полиграфия» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Достық-Дружба даң., 215 А, «WESTA» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 203 394 дана. Нөмірдің кезекші редакторы

Эльмира МƏТІБАЕВА.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 13 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №580 ek

Profile for Egemen

11062015  

11062015  

Profile for daulet
Advertisement