Page 1

Бүгінгі нөмірде:

№271 (28210) 10 ЖЕЛТОҚСАН СЕЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

Тараздаєы тамаша турнир ќазаќ кїресініѕ абыройын асќаќтатты Өткен сенбі күні «Қазақстан барысы» қазақ күресін дамыту қоры, Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясы жəне Жамбыл облысының əкімдігі қазақ күресінен алғаш рет «Еуразия барысы» халықаралық турнирін өткізді. Сəулеті мен дəу леті жарасқан еліміздегі ең көне шаһар – Тараз қаласында жалау көтерген жарысқа Моңғолия, Түркия, Иран, Тəжікстан, Польша, Ресей жəне Қытай балуандары қатысты.

шеңбері, міне, енді «Еуразия барысы» сияқты ірі жобамен жарасымды жалғасын тауып отыр. Біз бұл жобаны сапалық тұрғыдан одан əрі дамыта бермекпіз. Мысалы, 2017 жылы елордамыз Астанада өтетін ЭКСПО халықаралық көрмесінің

аясында қазақ күресінен тағы бір үлкен жоба ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Ол жоба – «Əлем барысы» деп аталады. Бұл турнирге дүниежүзінің көптеген елдерінің балуандары шақырылатын болады. Ал биылғы «Еуразия барысы» сол

«Əлем барысының» алдындағы дайындық сияқты. Осы турнирді Тараз қаласында өткізейік деп, облыс əкімі Қанат Бозымбаевтың өзі ұсыныс айтты. Жаңадан ашылған «Тараз-Арена» спорт сарайындағы халықаралық жарыстарды ұялмай

өткізуге болатын мүмкіндіктер де көңілімізден шықты. Сондықтан біз келісімімізді бердік, – деген ол бізге бəсеке басталар алдында берген жедел-сұхбатында. (Соңы 7-бетте).

Қазақстан Парламенті Мəжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин Ауғанстан Ислам Республикасы Парламенті Волеси Джир гасының вице-спикері Мохаммед Сальджук бастаған ауғанстандық парламент делегациясын қабылдады, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Тараптар парламентаралық өзара іс-қимыл басымдықтарын талқылай келіп, салалық комитеттер мен ынтымақтастық жөніндегі топтар арасындағы байланыс қарқынын арттыру екіжақты қарым-қатынастың одан əрі нығаюына жол ашатынын тілге тиек етті. (Соңы 2-бетте).

Заѕнамалыќ тўрєыдан дайындыќ

Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде болған дəстүрлі брифингте 2017 жылы өткізілетін ЭКСПО көрмесіне қатысты қабылданған заң жəне заңнамалық актілерге енгізілген түзетулер туралы əңгіме болды.

ОКҚ ресми өкілі Алтай Əбибуллаев «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ заңгерлік департаментінің директоры Майя Егімбаеваға микрофон ұсынып, еліміз елеңдеп күтіп отырған айтулы халықаралық шараларға заңнамалық тұрғыдан қандай дайындықтар жүргізілгенін айтып беруді сұрады. Қысқа мерзім ішінде мойынға алған міндетті абыроймен атқарудың негізі – оны алдымен заңнамалық тұрғыдан бекемдеп алу десек, осы ретте журналистерге сөзін арнаған М.Егімбаева ЭКСПО өткізуге байланысты бірқатар заң актілеріне өзгерістер енгізу қажет болғанын, алдымен ЭКСПО туралы заңмен сегіз заңнамалық актіге, оның ішінде бюджеттік жəне

Өнегелі құндылықтарды жəне отбасы мен некенің жағымды бейнесін санаға сіңіру, отбасы мəртебесін арттыру мақсатында: 1. «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы (бұдан əрі – конкурс) жыл сайын өткізілетін болып белгіленсін. 2. Конкурстың лауреаты атағын беру жөніндегі комиссия (бұдан əрі – Комиссия) құрылсын. 3. Қоса беріліп отырған: 1) Комиссия туралы ереже; 2) Комиссияның лауазымдық құрамы бекітілсін. 4. Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) Конкурсты өткізу қағидаларын бекітсін; 2) осы өкімді іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдасын.

Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының бюро отырысы болды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Ауєандыќ парламентшілермен əѕгіме

«Егемен Қазақстан».

«Мерейлі отбасы» ўлттыќ конкурсы туралы

Аймаќтарєа сапар ќорытындыланды

«Егемен Қазақстан».

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ,

Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 6 желтоқсан. №250 ------------------------------------------(«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағын беру жөніндегі комиссия туралы ережені 2-беттен оқисыздар).

Көсемəлі СƏТТІБАЙҰЛЫ, Дастан КЕНЖАЛИН,

Турнир өте жоғары деңгейде өтті. Ең бастысы, ол ата-бабаларымыздан аманат болып қалған қазақ күресі десе делебесі қозатын жанкүйерлердің көңілінен шықты. Турнир идеясының авторы, «Қазақстан барысы» қазақ күресін дамыту қорының төрағасы, республикалық Қазақ күресі федерациясының президенті Арман Шораевтың айтуынша, «Самұрық-Қазына» ұлттық əлауқат қоры «Еуразия барысын» өткізуге бас демеуші болып, жарысты өткіземіз деген күннен бастап барлық жағдайды жасаған. – Жалауын Тараз қаласында көтерген бұл халықаралық турнир халқымыздың ежелден келе жатқан ұлттық спорт түрлерінің бірі – қазақ күресін дамытуға қозғаушы күш болатын үлкен жарыс. Бұған дейін «Қазақстан барысы» бəсекесін өткізіп келсек, оның

Ұлттық білім беру саласы 2-бет Сын түзелмей, мін түзелмейді 3-бет Дүмше молда дін бұзар 6-бет Халел тұғыры 8-бет

салық кодекстеріне түзетулер қарастырылғанын тілге тиек етті. Оның айтуынша, ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге үміткер елдердің арасындағы конкурстың аясында қабылданған міндеттемелерді орындау мақсатында ЭКСПО көрмесін ұйымдастыруды жəне өткізуді жүзеге асыратын ұйымдар үшін салықтық жеңілдіктер, көрме нысандарына қатысты сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс қызметін жүзеге асырудың оңайлатылған тəртібі, сондай-ақ, шетелдік стандарттарды қолдану мүмкіндігі секілді жеңілдіктер көзделіп, оған қоса, Бюджеттік кодексте «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясын мемлекеттік бюджеттен жедел мақсатты салым түрінде қаржыландыру мүмкіндігі де ескеріліпті. (Соңы 2-бетте).

АҚПАРАТТАР аєыны  Қостанай облысы 35 елге астық экспортын жасайды. Бұл туралы мəлімдеген облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Федор Филиппов аймақтың 5 жылдағы астық экспорты 7,4 млн. тоннадан асқанын айтты. Ол республика жөнелтілімдері жалпы көлемінің 31 пайызын құрайды.  Оңтүстік Қазақстан облысы тауарларын Мəскеуде өткізу келісіміне қол жеткізді. Бұл Ресей делегациясының Шымкентке қазақстандық тауарларды Мəскеу нарығында өткізудің мүмкіндіктерін талқылауға келген сапары барысында шешілді.  Шығыс Қазақстан облысы биылғы жылыту маусымына 21 млрд. теңге бөлді. Облыс əкімі Бердібек Сапарбаевтың кеше Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божкомен кездесуі барысында анықталған бұл деректе сондай-ақ 10 млрд. теңгенің жылу беру нысандарына берілетіні де келтірілді.  Алматы облысында 10 отбасы «Қолжетімді тұрғын үй» бағдарламасы бойынша қоныс тойын тойлады. Қарасай ауданында пайдалануға берілген бұл үйлерге мемлекеттік қызметкерлер,

жас мамандар, тұрмыстары төмен жəне көп балалы отбасылары, мүмкіндігі шектеулі жандар орналасты.  Павлодар облысының мал өсірушілері жаңартылатын энергия көздерін белсенді пайдалануға көшті. Оған Индустрияландыру картасы аясында ірі мал шаруашылығы кешенін салып жатқан Баянауыл ауданындағы «Жайма» МТС» серіктестігі бірінші болып қол жеткізіп отыр.  Атырау облысы Құлсары ауданында жыл соңына дейін 3 нысан қатарға қосылады. Жылыой ауданының əкімі Максим Ізбасовтың айтуынша, жыл соңына дейін күніне 250 адамды қабылдай алатын емхана, 280 орынға шақталған балабақша мен 624 оқушыға арналған мектеп пайдалануға беріледі.  Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы бір ферма сиырлары қазақтың күйлерімен сауылатын болды. Бұрын осы үдерістің кезінде Моцарт пен Бетховеннің музыкаларын тыңдап келген ірі қара тұқымы енді Құрманғазы мен Динаның дауылпаз күйлеріне де құлақ түре бастады. Мал дəрігері Дəурен Сүйіновтің айтуына қарағанда, осыдан кейін сүттің мөлшері көбейе түскен. «ҚазАқпарат», BNews.kz, Egemen.kz хабарлары бойынша дайындалды.

Онда комитет төрағалары 28 қараша мен 7 желтоқсан аралығындағы депутаттардың еліміздің аймақтарына кезекті сапарының қорытындыларын хабардар етті. Сенаторлар еліміздің барлық аймақтарындағы өнеркəсіп, ауыл шаруашылығы жəне əлеуметтік нысандарды аралап, еңбек ұжым дарымен кездесті, жергілікті жерлердегі азаматтарды қабылдады. Парламентшілер «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыру жөніндегі заң шығару қызметі туралы əңгімелеп, жергілікті тұрғындармен əлеуметтік жəне экономикалық мемлекеттік бағдарламалар аясындағы еліміздің дамуындағы жəне жергілікті маңызы бар көкейкесті мəселелерді талқылады. Сенат Төрағасы депутаттардың аймақтарға баруы жəне жергілікті халықпен жүздесу Парламент қызметінің маңызды бөлігі екенін атап өтті. Бұл жұмыстардың нəтижелеріне заң шығару үдерістерін жетілдіру барысында зор мəн берілетін болады, деді Қ.Тоқаев. Төраға, сондай-ақ, Сенаттың алдағы жылғы шараларын сапалы

жоспарлау қажеттігіне назар аударды. «Жоспарға ұсынылатын іс-шаралар қоғамдағы аса маңыз ды мəселелерді талқылауға бағытталуы тиіс. Бас комитеттердің көшпелі отырыстары да өңірлердегі өзекті мəселелермен тығыз байланысты болғаны жөн деп санаймын», деп атап өтті ол. Қ.Тоқаевтың пікірінше, парламенттік тыңдауларда қаралатын мəселелер заңдардың іске асырылуымен жəне жалпыұлттық, өңірлік бағдарламалардың, сондайақ, мемлекеттің ішкі жəне сыртқы саясатының түйінді бағыттарымен тығыз байланыста болғаны абзал. «Халықаралық конференциялар елімізде атқарылуы тиіс маңызды мəселелермен жəне Елбасы Н.Ə. Назарбаевтың стратегиялық жолдауларымен бағыттас болуы керек», деді Қ.Тоқаев. Бюрода Сенат комитеттеріне Мəжіліс мақұлдаған заң жобалары бөлініп берілді. Бюро мүшелері, сондай-ақ, биылғы 12 желтоқсандағы Сенат отырысының күн тəртібін де талқылады. Палата отырысында алты заң жобасын қарау көзделіп отыр.

Мемлекеттік ќызмет – мерейлі міндет

«Қазақстан-2050» Стратегиясында қазақстандық мемлекеттік қызметті дамытудың мынадай маңызды басымдықтары айқындалған: мемлекеттік қызметтің кадр құрамын сапа жағынан жақсарту, іріктеу мен кəсіби дайындық əдістемелерін жетілдіру; «А» корпусының білікті басқарушыларының қағидатты жаңа буынын қалыптастыру; меритократия принципін енгізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды күшейту. Еліміздің Президенті белгілеген əкімшілік реформаның екінші кезеңіндегі соңғы мақсат халыққа жəне мемлекетке қызмет етуді барлығынан жоғары қоятын кəсіби мемлекеттік аппарат құру. Марат ДƏУЕШОВ,

Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігінің Мемлекеттік қызмет жəне кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі.

Аталған мақсатты іске асыруға бағытталған міндеттер қатарында мемлекеттік қызметшілердің мансаптық өсуінің қағидатты жаңа тетігін енгізуге маңызды орын белгіленіп отыр. Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауында: «Бұдан былай мемлекеттік қызметші лауазымдық сатымен кезең-кезеңмен, билік иерархиясының бір сатысынан келесісіне өзінің машығын жетілдіре жəне кəсіби деңгейін арттыра отырып көтерілетін болады», деп атап көрсетті. Əрбір мемлекеттік қызметші өзінің қысқа мерзімді жəне ұзақ мерзімді перспективаларын ғана біліп қоймай, қызметте тиісті түрде ілгерілеу үшін өзінің қандай көрсеткіштерге қол жеткізуі керек екендігін ұғынуы тиіс. Өйтпеген

жағдайда маман толық ынтамен жұмыс істеуге, өзінің біліктілігін арттыруға ұмтылмайтын болады. Бұл ретте, қызметші өзі еңбек ететін ұйымға ең алдымен едəуір перспективасы бар басқа жұмысқа ауысуға арналған трамплин ретінде қарайтын болады, мұндай жағдай, өкінішке қарай, тəжірибеде жиі байқалады. Мемлекеттік қызмет жүйесіндегі мансапты жоспарлау маңыздылығын тиісті бағаламау басқарушылық аппараттың сапасына кері əсерін тигізеді. Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық өсуі үдерісінің бей-берекетсіздігі «өз командасы» деген құбылысқа əкеліп соғады, атап айтқанда, бұл –мемлекеттік органға жаңа басшыны тағайындаған кезде оның бұрынғы жұмыс орнынан өзімен бірге еріп келген əріптестері есебінен өзінің жеке қалауын басшылыққа ала отырып, аппаратты түбегейлі түрде жаңартуы. (Соңы 2-бетте).


2

www.egemen.kz

10 желтоқсан 2013 жыл

Мемлекеттік ќызмет – мерейлі міндет (Соңы. Басы 1-бетте).

Бей-берекет лауазымдық ауысулар мемлекеттік қызмет шілердің еңбегі мен оның кəсіби қайтарымын ынталандыруға, мемлекеттік органдарда лайықты моральдық-психологиялық ахуалды сақтауға мүмкіндік туғызбайды. Осыған орай, мемлекеттік қызметшілердің мансабын дамытуды басқарудың қазіргі заманғы технологиялары олардың кəсіби дамуын ынталандыру, əрбір маманның қабілетін толыққанды ашып көрсету жүйесін құруға негізделуі тиіс. Атап өту керек, тəжірибеде мансаптық жоспарлау қағидалары əзірге лайықты түрде тарамаған. Заңды түрде бекітілген көптеген кадр технологияларын қолдану нəтижелері (кадр резерві, конкурстық іріктеу, ротация, аттестация жəне қызметкерлерді бағалау) мансапты басқару үдерістерінде толық көлемде пайдаланылмайды. Мемлекеттік органдардың кадр қызметтері штат санының аздығы, персоналды басқару жөніндегі қызметкерлері біліктілігінің жетімсіздігі, тиісті нормативтік базаның жетілмегендігі секілді бірқатар себептерге байланысты мемлекеттік қызметшілердің мансабын басқару мəселелерімен мақсатты түрде айналыса алмайды, персоналды іріктеу мен бағалауға, оның біліктілігін арттыруға тиісті назар аудармайды. «Мемлекеттік қызметшілердің мансаптық жоспарлауы» ұғымы 2011 жылғы 21 шілдеде

еліміздің Президенті бекіткен Мемлекеттік қызметтің жаңа моделі тұжырымдамасында алғаш ресми түрде айқындалып, кейін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңда нормативті түрде бекітіл ді. Мансаптық жос парлау лауазымдық ауысулардың кезең дерін айқындауға жəне «А» корпусындағы мемлекеттік əкімшілік қызметшіні кəсіби дамытуға бағытталған. Қызметтік ілгерілетуге ықпал ететін негізгі құралдар белгіленді. Ротация осындай құралдардың бірі болып табылады. Заңнамалық деңгейде «А» корпусы мемлекеттік əкімшілік қызметші лерін ротация лауды жүзеге асыру мансаптық жоспарлау шеңберінде бекітілген. Бұл норманы іске асыру үшін Мемлекеттік қызмет істері агенттігі ротация өткізу тəртібі мен жағдайларын регламенттейтін қағидалар жобасын əзірледі. Ротацияны Президенттің жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның шешімі негізінде мемлекеттік қызметшінің келісімімен мынадай схемалардың бірі бойынша жүзеге асыру жоспарланып отыр: деңгейаралық («орталық-өңір», «өңір-орталық») өңіраралық («өңір-өңір»), сектораралық («орталық-орталық»). Мемлекеттік əкімшілік қызметшілерді ротациялау туралы

Ауєандыќ парламентшілермен əѕгіме (Соңы. Басы 1-бетте).

Əсіресе, Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыруға баса назар аударылды. Мəжіліс Төрағасының атап өткеніндей, Ауғанстандағы қауіпсіздік пен дамуға ықпал ету – Қазақстан Президентінің сыртқы саясатындағы басым бағыттардың бірі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасының арқасында біздің мемлекетіміз аталған елге жыл сайын экономикалық жəне гуманитарлық, олардың қатарында, азық-түлік жəне жанаржағар май жеткізу түріндегі көмек көрсетіп келеді. 2010 жылдан бері ауғандық жастар үшін білім бағдарламасы табысты жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта Қазақстан жоғары оқу орындарында 600ден астам ауғандық студент білім алуда. Одан əрі сөзін сабақтаған Н.Нығматулин: – 2014 жыл тек Ауғанстан ғана емес, барлық аймақ үшін өте маңызды. Өйткені, келер жылдың сəуір айында өтетін президенттік сайлау мемлекеттің болашақ жағдайына айтарлықтай ықпал ететін болады, – деді. Өз кезегінде М.Сальджук Қазақстан Президентіне біздің еліміздің Ауғанстанға көрсетіп отырған қолдауы үшін, маңызды əлеуметтік, гуманитарлық көмектері үшін алғысын білдірді. Мəжіліс спикері, сондай-ақ, Қазақстанның алдағы уақытта да заманауи қауіп-қатерлерге қарсы Ауғанстанмен ынтымақтастық тиімділігін арттыру үшін ШЫҰ, ҰҚШҰ, АӨСШК сияқты аймақтық ұйымдардың бірлескен күшін қолдайтындығын атап өтті.

Їкімет басшысыныѕ Оѕтїстік Кореяєа ресми сапары басталды

Кеше Премьер-Министр Серік Ахметов бастаған қазақстандық де легацияның Оңтүстік Корея Рес публикасына ресми сапары басталды.

Бұл сапардың мақсаты туралы осының алдында ғана өткен баспасөз мəслихатында ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Əбибуллаев мəлім етті. «Бұл сапардың басты мақсаты – сауда-экономикалық, инвестициялық жəне индустриялық-инновациялық салаларда Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы ынтымақтастық пен өзара серіктестікті одан əрі нығайту болып отыр», деген еді ресми өкіл. «Егемен-ақпарат».

ұсыныстарды Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне еңбек шарты мерзімі аяқталғанға дейін кемінде төрт айлық мерзімде лауазымға тағайындау жəне лауазымнан босату құқығы бар адамдар енгізетін болады. Бұл орайда, қызметшімен келісілген ұсынымда оның соңғы үш жылдағы жыл сайынғы бағалау нəтижелері көрсетілуі тиіс. Осы ұсынымдардың негізінде Агенттік ротация өткізетін кандидаттардың тізімін түзіп, тиісті мемлекеттік органдардың қарауына жібереді. Мемлекеттік органның уəкілетті адамы ұсынылған тізімнен ротация шеңберінде лауазымға тағайындау болжанып отырған бір үміткерді іріктеп алады. Уəкілетті адам кандидаттарды таңдамаған жағдайда ол Агенттікке дəлелденген негіздеме ұсынуға міндетті. Мемлекеттік органдардың ұсыныстарын ескере отырып, түзілген ротациялау жоспарының жобасын Агенттік Ұлттық комиссияның қарауына жібереді. Бұл ретте, жоспардың жобасын Ұлттық комиссияның жұмыс ор ганы қызметшілердің жыл сайынғы бағалау, мемлекеттік ор ганның қызметі тиімділігін бағалау нəтижелерін, өңірдің рейтингін жəне өзге де ақпаратты ескере отырып, түзетіп отырады. Лауазымдарға тағайындауларды Ұлттық комиссия мақұлдаған ротация жоспарына сəйкес жүзеге асыру болжанып отыр. Персоналмен жұмыста мемлекеттік əкімшілік қызметшілерді

аттестаттау жəне олардың қызметін жыл сайынғы бағалау мəселелерінің орны ерекше, олардың нəтижелері мансаптық өсу жөніндегі шешімдер негізіне жатқызылған. Мемлекеттік əкімшілік қызметшілердің қызметте жоғарылауы оның біліктілігімен, жеке басының қасиеттерімен, өз міндеттерін адал орындағанымен, сондай-ақ, қызмет нəтижелерімен тікелей байланыстырылады. Мемлекеттік əкімшілік қызмет персоналын дамыту жөніндегі жұмыс шеңберінде тағылымдама өткізу нысанына ерекше маңыз беріледі. Қазіргі уақытта Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік əкімшілік қызметтің кадр резервіне алынған адамдарға мемлекеттік органдарда, ұлттық холдингтерде, компанияларда, даму институттарында тағылымдамадан өтуге мүмкіндік беретін тиісті қағидалар əзірлеуде. Мемлекеттік қызметшілердің тағылымдамадан табысты өтуі олардың одан əрі мансаптық өсу перспективаларына жол ашады. Ал мемлекеттік қызметшілерді мансаптық жоғарылату жүйесіндегі пəрменді элементтерінің бірі – тəлімгерлік институты болып табылады. Мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға мемлекеттік қызметке келген азаматтардың бейімделу үдерістерін реттейтін нормалар тұңғыш рет енгізілді. Осы мақсатта Мемлекеттік əкімшілік лауазымға алғаш рет қабылданған

Ўлттыќ білім беру саласы мемлекеттік ќолдауды ќажет етеді

Кеше Мəжіліс Төрағасының орынбасары Сергей Дьяченконың жетекшілігімен «Қазақстан Республикасындағы білім жəне ғылым саласының жағдайы мен басым бағыттары туралы» деген тақырыпта Үкімет сағаты болып өтті. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Вице-спикер Елбасы «Қазақстан-2050» Стратегиясында басым бағыттарды айқындап бергендігін тілге тиек ете келіп, соның бірі білім беру саласы болса, ол туралы «сауатты ел – бəсекеге қабілетті ел» деп орынды айтылғандығына назар аудартты. Сондықтан да саланың негізгі басым бағыттары: мектепке дейінгі білім беру методикасына көшу; инженерлік білім беру жəне техникалық мамандықтар дайындау; бизнесті, қоғамдық ұйымдар мен жеке адамдарды білім беру саласына тарту жəне оқу методикасын жаңғырту мен білім беруде онлайн-жүйені дамыту. С.Дьяченко осы ретте саладағы бірқатар проблемаларды да атап кетті. Олар – қаржы аз бөлінеді, балабақша жетіспейді, мектептер тозған, кадр дайындау сапасы төмен, оқулық заманға сай емес жəне басқалары. Ұлттық білім саласы мемлекеттік қолдауды қажет етеді, дей келіп, Мəжіліс Төрағасының орынбасары Парламент кезінде тиісті заңды да қабылдағандығын қаперге салды. Бұдан кейін сөз Білім жəне ғылым министрі Аслан Сəрінжіповке берілді. Министрдің айтуынша, білім жəне ғылым саласы еліміздің бəсекеге қабілеттілігін көтерудің маңызды факторы бола алмай отыр. Алайда, мектепке дейінгі білім саласындағы «Балапан» бағдарламасы аясында 3-6 жас аралығындағы балаларды қамту бойынша жоспар алдын ала орындалып, 71,5 пайызға жеткен. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының саны соңғы 3 жыл ішінде 2 есеге артып, жекеменшік балабақшалардың саны 1,7 есеге өсіпті. Десе де, 2013 жылдың алғашқы жарты жылдығында 51,9 мың бала балабақша кезегінде тұрса, бұл көрсеткіш 12,7 пайызға көбейгендігін көрсетеді. Əсіресе, бұл ірі қалалар мен еліміздің оңтүстік өңірлерінде орын алуда. А. Сəрінжіпов қазіргі кезде кешенді

жұмыстар басталғандығын, Елбасының тапсырмасы бойынша «Балапан» бағдарламасын іске асыру жалғасын табуда екенін жəне мектепке дейінгі білім берудің мазмұны жаңғыртылатынын ерекше атады. Жəне де 2014 жылы балаларды ерте дамыту бойынша ереже əзірленіп, біліктілікті арттырудың жаңа жүйесі арқылы кіші топтағы балалармен жұмыс үшін 9 мың педагог біліктілігін арттыратыны атап көрсетілді. Оның мəліметіне қарағанда, білім беру жүйесіндегі 7 698 мемлекеттік мектепте 2,5 млн. оқушы білім алуда. Қала мен ауыл мектептерінің білім беру сапасында бірқатар теңсіздіктер байқалады, 93% (191) апатты мектеп, спорт залдары жоқ 80% (1580) мектеп ауылда орналасқан. Жоғары санатты мұғалімдердің үлесі 11,5% құрайды, бұл қаладағы мектеппен салыстырғанда екі есе аз (24,4%). Түйткілді мəселелерді шешу үшін министрлік бірқатар шараларды қарастырып отырғандығы да атап өтілді. Атап айтқанда, мектеп инфрақұрылымын жаңғырту; ауыл мектептерінің кадрлық əлеуетін нығайту; педагогтардың біліктілігін арттыру жүйесімен 108 мың адамды қамту; қамқоршылық кеңестерін құру жəне жан басына қаржыландыру тетігін енгізу; министрлік пен əкімшіліктер арасында 40-тан аса көрсеткіштерді көрсете отырып, меморандумдарға қол қою жəне тағы басқалары. Министр сөз реті келгенде Елбасының тапсырмасы бойынша білім беру саласында үштұғырлы тіл жобасы қолға алынатындығын да атап кетті. Мемлекеттік тілде оқымайтын мектептерде қазақ тілін оқытуды көбейту жөнінде бұйрыққа да қол қойылған. Осы жылдың қыркүйек айынан мектептерде бірінші сыныптан бастап ағылшын тілі енгізілді. 15 Назарбаев Зияткерлік мектептері қызмет етуде. Олардың саны 20-ға дейін көбейтілмек. Маңызды жұмыстардың бірі – ұстаздардың

Декларацияныѕ 65 жылдыєына арналды

Кеше Сыртқы істер министрлігінде Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясын қабылдауына 65 толуына жəне халықаралық Адам құқығы күнiне арналған дөңгелек үстел болып өттi.

Дөңгелек үстелге қаты су шы ларға Қазақстан Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Қуаныш Сұлтанов, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Алек сей Волков, Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Стивен Тулл, Еуропалық Одақ Өкілдігінің Қазақстандағы басшысы Аурелия Бушез, Ұлыбританияның Қазақстандағы елшілігі істерінің сенім білдірілген өкілі Грег Куинн жəне Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар істері

жөніндегі Жоғарғы Комиссарының Орталық Азиядағы Өңірлік өкілі Сабер Азам құттықтау сөз сөйледі. Дөңгелек үстел барысында Қазақстан Республикасының Конституциясымен жəне қолданыстағы заңнамасымен қамтамасыз етілген адам құқықтары мен бостандықтарының іске асуы туралы, халықаралық стандарттарға сəйкес адам құқықтарын қорғау мен қамтамасыз етудің ұлттық тетіктерін одан əрі жетілдіру жайында кеңінен пікір алмасу болды. Дөңгелек үстелге қатысушы лар дың

адамдарға тəлімгерлерді бекіту қағидалары əзірленді. Қызметшілердің мемлекеттік қызметке жауапты жəне саналы қатынасын қалыптастыру; олардың мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру жағдайларына бейімделуіне көмек көрсету; кəсіби дайындау үдерістерін жеделдету; қызметшілердің өзіне жүктелген міндеттерін өз бетінше, сапалы жəне жауапты орындау қабілеттерін дамыту тəлімгерліктің негізгі міндеттері болып табылады. Соңғы кезде мемлекеттік органдардың кадр қызметтерінің персоналды дамыту жөніндегі жұмысты жетілдіру бойынша рөлін күшейтуге бағытталған белсенді шаралар қабылдануда, соның ішінде ең алдымен қызметкердің мансапты жоспарлау үдерістерін ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлініп отыр. Персоналды басқару қызметтеріне кадрларды іріктеуден, мемлекеттік қызметті өткеруге байланысты құжаттарды ресімдеуден тыс персоналды барлық дең гейлерде тиімді дамытуды қамтамасыз ететін кадрлық менеджментті ұйымдастыру жөніндегі өкілеттілік те жүктеледі. Бірінші кезекте қызметкерлердің қызметін бағалау, олардың еңбегін ынталандыру жүйесін жəне оны қолдану тəртібін əзірлеу, ротация үдерістерін іске асыру, тағылымдамадан өткізу, тəлімгерлік жөніндегі міндеттер ұсынылады. Осылайша, бүгінгі таңда мемлекеттік қызметшілердің қызмет сатысы бойынша əділ түрде өсуін қамтамасыз ететін толыққанды тетіктің жұмыс істеуі үшін нормативтік құқықтық база құруға барлық қажетті шаралар қабылданған.

жалақы мəселесі қарастырылатын болады. А.Сəрінжіпов техникалық жəне кəсіптік білім беру жүйесі (ТжКБ) туралы айтқанда, қазіргі таңда Қазақстанда 562 мың адамды қамтитын 849 ТжКБ оқу мекемелері жұмыс істейтіндігін алға тартты. Оқыту 181 мамандық жəне 476 біліктілік бойынша жүргізіледі екен. Министрдің мəліметінше, жыл сайын 16 мың жас мамандықсыз, жұмыссыз қалады (олардың 8 мыңы мектеп түлектері болса, 8 мыңнан астамы колледждер мен ЖОО-лардан шығып қалғандар). 2013 жылы 474,5 мың жұмыссыз жəне 20,3 мың бос орындар болса, 25,4 мың шетел жұмысшылары тартылған. Жоғары білім беру саласында білікті инженерлік кадрлардың жеткіліксіздігі аясында гуманитарлық жоғары оқу орындары түлектері қажеттіліктерінің төмендігі, осының салдарынан жоғары оқу орындарының түлектері жұмыссыз қалады немесе мамандығы бойынша істемейтіндігі де ортаға салынды. Министр бұл ретте гуманитарлық жəне техникалық мамандықтар бойынша оқу құны бірдей екендігін алға тартып, жемқорлық фактілерін жою басты міндет екендігін де меңзеді. Ал ғылым саласында елімізде 20,4 мың қызметкер жұмыс істейтін 345 ұйым бар. Осы ретте Назарбаев Университетінің тəжірибесін тарату қарастырылуда екенін сөз еткен министр бұл жерде білім, ғылым жəне инновацияның үйлесімі байқалатынын да атап кетті. Назарбаев Университетінің ғылыми орталықтарында 144 ғылыми жоба іске асуда, олардың кейбіреулері Қазақстандағы əлемдік компаниялармен ынтымақтастықта жүргізілсе, оларға 45 заманауи зертхана қажетті негіз жасап отыр. Бұдан кейін палатаның Əлеуметтікмəдени даму комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева қосымша баяндама жасады. «Депутаттар тарапынан мəселені талқылау барысында өте орынды жəне өткір сұрақтар қойылды. Нақты ұсыныстар жасалып, сындарлы ұсыныстар айтылды. Олардың барлығын министрлік өз жұмысында ескеруі тиіс», деді комитет төрайымы. Отырыс барысында депутаттар көптеген сұрақтар қойып, өз ойларын ортаға салды. Үкімет сағатын қорытындылаған палата Төрағасының орынбасары айтылған ұсыныстар мен пікірлер негізінде Үкіметке бірқатар ұсынымдар жобасы дайындалатынынан да хабардар ете кетті. жасаған баяндамалары мен сөйлеген сөздерінде халықаралық құқықтың нормаларын ұлттық заңнамаға енгізу мəселелері, адам құқықтарын қорғаудың халықаралық жəне ұлттық тетiктерiн жетілдіру, сондайақ, адам құқықтарын сотта жəне соттан тыс институттарда қорғаудың өзекті мəселелері айтылды. Талқылауға қатысқан халық ара лық жəне ұлттық сарапшылар Қазақстандағы құқық қорғау тетіктеріне оң бағаларын берді. Дөңгелек үстелге қатысушылар Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының мəні туралы жəне адам құқықтары саласында Қазақстан ратификациялаған халықаралық келісімшарттардың құқық қорғау тетіктерін жетілдірудегі жəне адам құқығын қорғаудың ұлттық жүйесін нығайтудағы маңызды рөлін атап өтті. Дөңгелек үстел аяқталған соң Комиссия төрағасы Қ.Сұлтанов пен БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі С.Тулл БАҚ өкілдеріне қысқаша сұхбат берді. «Егемен-ақпарат».

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 250 өкімімен бекітілген «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағын беру жөніндегі комиссия туралы ереже 1. Жалпы ережелер 1. «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағын беру жөніндегі комиссия (бұдан əрі – Комиссия) орталық мемлекеттік органдар басшыларының қатарынан жəне Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Əйелдер істері жəне отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасы айқындайтын оның бес мүшесінен қалыптастырылады. Комиссияның лауазымдық құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. 2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін жəне Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады. 3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Əйелдер iстерi жəне отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссияның (бұдан əрі – Ұлттық комиссия), сондай-ақ Астана жəне Алматы қалалары, облыстар əкімдерінің жанындағы əйелдер iстерi жəне отбасылықдемографиялық саясат жөнiндегi комиссиялардың (бұдан əрі – өңірлік комиссиялар) қолдауымен Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі, Қазақстан Республикасының Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігі конкурстың ұйымдастырушылары болып табылады. 2. Комиссияның міндеттері мен құқықтары 4. Комиссияның міндеттері: 1) «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының (бұдан əрі – конкурс) лауреаты атағына үміткерлердің (бұдан əрі – үміткерлер) материалдарын қарау; 2) конкурстың жеңімпазын айқындау болып табылады. 5. Комиссияның: 1) конкурсты өткізуге қатысты мəселелер бойынша мемлекеттік органдармен жəне өзге де ұйымдармен, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасасуға; 2) конкурсты ұйымдастырушылардан Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін қажетті қосымша материалдарды сұратуға жəне алуға құқығы бар; 3) Комиссияға жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құқықтары бар. 3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру 6. Комиссия құрамына: 1) Комиссия төрағасы; 2) Комиссия төрағасының орынбасары; 3) Комиссия хатшысы; 4) Комиссия мүшелері кіреді. 7. Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, отырыстарда төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады. Комиссия төрағасы болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары атқарады. Диплом мен айырым белгісінің (мүсіншені) сипаттамасын Комиссия төрағасы бекітеді. 8. Комиссия хатшысы Комиссия мүшелерінің қарауына жұмыс органы дайындаған құжаттар мен материалдарды ұсынады. 9. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі болып табылады. 10. Комиссияның жұмыс органына мынадай функциялар жүктеледі: 1) бұқаралық ақпарат құралдары мен конкурсты ұйымдастырушылардың ресми интернет-ресурстары арқылы конкурсты өткізудің мерзімдері мен шарттары туралы хабарлау; 2) Комиссия отырыстарын дайындау жəне ұйымдастыру; 3) конкурс лауреаттарын марапаттау салтанатын ұйымдастыру; 4) конкурс лауреаттарының тəжірибесін таратуға жəрдемдесу. 11. Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі, бірақ жартыжылдықта бір реттен жиі өткізілмейді. Комиссия отырысына оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда ол заңды деп саналады. 12. Комиссияның конкурс лауреаты атағын беру туралы шешімі отырыс хаттамасымен ресімделеді жəне оған Комиссияның қатысып отырған барлық мүшелері қол қояды. 13. Комиссияның қызметін тоқтату туралы шешімді Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 250 өкімімен бекітілген «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағын беру жөніндегі комиссияның лауазымдық құрамы Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Əйелдер iстерi жəне отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссияның төрағасы, төраға Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрі, төрағаның орынбасары Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Əйелдер iстерi жəне отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссияның хатшысы, Комиссия хатшысы Қазақстан Республикасының Еңбек жəне халықты əлеуметтiк қорғау министрі Қазақстан Республикасының Көлік жəне коммуникация министрі Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Əйелдер iстерi жəне отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссияның 5 мүшесі.

Заѕнамалыќ тўрєыдан дайындыќ (Соңы. Басы 1-бетте). Сөз жоқ, ЭКСПО нысандарын салу құрылысшылардан қажырлы еңбекті қажет етеді. Ал ол сол жолда мердігер құрылысшылар үшін «Арнайы экономикалық аймақтар туралы» Заңға өзгерістердің енгізілуі, «Астана – жаңа қала» АЭА қатысушысы мəртебесін алудың жеңілдетілген тəртібін енгізудің тигізер пайдасы мол болмақ, деген заңгер тағы бір заңның толықтырылғанын қаперге салып өтті. Ол «Халықтың көшіқоны туралы» Заң екен. Көрмеге қатысу үшін елімізге келген жеке санаттағы адамдарды тіркеу жəне олардың келуінің ерекше тəртібін анықтауға мүмкіндік беретін қағидаларымен толықтырылған заңның көрменің тынысын аша түсетініне сенімін жеткізген М.Егімбаева əлемдік ауқымдағы жаңа энергия сақтау технологияларын пайдалану элементтерін қолданып, ЭКСПО-2017 көрмесі аясында нысандарды салуда жəне жобалауда тəжірибесі бар шетел мамандарын жұмысқа тарту тəртібін жеңілдетудің де жоспарланғанын жеткізді. «Аталған құжатты қабылдау ЭКСПО-2017 нысандары мен инфрақұрылымдарын уақтылы салудың қажетті заңдық негізін

қалыптастыруға, сонымен қатар, оны өткізуге байланысты процедуралық жəне ұйымдастырушылық мəселелерді шешуге мүмкіндік береді жəне «ЭКСПО сияқты ауқымды шараны өткізу елордамызбен бірге, тұтас Қазақстан Республикасының да экономикалық жəне инфрақұрылымдық дамуын қосымша ынталандыратын болады», деді М.Егімбаева. Сондай ақ, ол ЭКСПО-2017 көрмесінің нысандарын жобалау жəне құрылысын жүзеге асыратын компаниялардың тізімі Үкіметтің бөлек шешімімен анықталатынын жеткізді. Брифингке енді бір қатысушы «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ құрылысы бойынша басқарма төрағасының кеңесшісі Қанағат Тілемісов: «Көрмені өткізу үшін бізге 10 мың қызмет көрсету маманын даярлау қажет, олардың ішінде 3,5 мыңға жуығы энергияның жаңғыртылмалы түрлеріне жəне басқа да озық технологияларға қатысы бар бір жақты профильдегі жоғары білімді зияткерлер болуы тиіс», дей келе, бүгінгі таңда ЭКСПО-2017ні дайындауға 10 штабтың жауап беретінін айтып өтті. Сондай-ақ, ол журналистерге ЭКСПО сынды ауқымды көрмелерді өткізуде тəжірибесі бар шетелдік кадрларды бұл жұмысқа кеңінен тарту көзделіп отырғанына да екпін түсірді.


www.egemen.kz

10 желтоқсан 2013 жыл

 Президент тапсырмасы қалай орындалуда?

 Əлем жəне Қазақстан

Тиімді тетіктер ќажет Өткен сенбіде Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен өткен кеңесте Мемлекет басшысының 2013 жылдың 11 қазаны күні өткен кеңейтілген Үкімет отырысында берген тапсырмаларын жүзеге асыру мəселелері талқыланды. Сұңғат ƏЛІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Кеңес барысында Көлеңкелі экономикамен күрестің кешен ді жоспарын орындауға, алкогольдік өнімдер айналымына бақылауды күшейту жөніндегі шараларға заң негізінде қолдау көрсетуге ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, Тұрғын үйкоммуналдық шар уа шы лықты жаңғыртудың 2010-2029

жылдарға арналған бағдарламасының тиімділігін арттыру мəселесі де қаралды. Аталған мəселеге байланысты Үкімет басшысы сөз болып отырған бағдарламаға халықтың қатысуын жеңілдететін шараларды енгізудің, мұны тіпті заң деңгейінде шешудің қажеттігін атап көрсетті. «Бұл – шешімін күтіп отырған басты мəселелердің бірі. ТКШ-ні жаңғырту бағытында шынайы реформалар жүргізу

мемлекеттің жəне халықтың қатысуынсыз мүмкін емес. Бұл істе бізге оны жүзеге асырудың тиімді тетіктері қажет», деді С.Ахметов. Кеңесте мемлекеттік органдар басшыларының арнайы экономикалық аймақтар қызме тінің тиімділігін арттыру, даму институттарының, зейнетақы қорларының, қаржы ұйымдарының қаржыларын мем лекеттік жекеменшік əріптестігі жобаларына тарту мəселе леріне қатысты есептері тыңдалды. Кеңес барысында Үкімет басшысы ұлтүстілік жəне халықаралық ұйымдарға жұмыс істеу үшін кадрлар

іріктеу ісін неғұрлым сапалы жүргізу қажеттігіне назар аудартты. Бұл істе ресейлік жəне беларусьтік əріптестердің неғұрлым жемісті тəжірибеге қол жеткізгендігін атап көрсете отырып, Кеден одағы, Біртұтас экономикалық кеңістік, Бүкілəлемдік сауда ұйымы аясындағы жұмыстарға қатысты интеграциялық мəселелермен айналысатын мемлекеттік органдарды институционалдық күшейтудің нақты тетіктерін əзірлеу жөнінде тапсырма берді. Кеңесте «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы жобаларын жүзеге асыру жөніндегі тапсырманың орындалу барысы туралы да есептер тыңдалды.

Кеңесті қорытындылай келе, Үкімет басшысы жекелеген мемлекеттік органдар басшыларының тапсырмалардың жекелеген бағыттарын жүйелі орындау жөнінде елеулі жұмыстар жүргізгенін де атап көрсете кетті. Сонымен қатар, бірқатар бағыттар бойынша ісəрекеттерді одан əрі күшейте түсу қажет болып отыр. Түптеп келгенде, мемлекеттік органдар басшылары Елбасының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау ісіне барынша жұмылып, осы тапсырмаларға сəйкес барлық мəселелерді жіті бақылауда ұстап отыруға міндетті. «Елбасының тапсырмалары толықтай жəне нақты орындалуы тиіс», деген сөзді Үкімет басшысы ерекше екпін түсіріп айтты.

Сын тїзелмей, мін тїзелмейді «Егемен Қазақстан».

Республика Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы күзде Үкіметтің кеңейтілген отырысында Үкімет басшылары мен облыс əкімдері атына айтқан көптеген сын-ескертпелерінен бүгінде тиісті нəтижелер мен қорытындылар шығып келеді. Осыған орай ПремьерМинистр облыс əкімдеріне əр аудан əкімдерінен мемлекеттік бағдарламалардың қалай жүзеге асырылып жатқаны жөнінде есеп алуын тапсырғаны да аян. Əрине, мұндағы басты мақсат, оларды негізсіз іреп, мінеп, сынау емес, керісінше, атқарылған жұмыстарды жан-жақты саралап, таразыға тарту жəне ортақ істің кемшін, олқы кеткен тұстарын түзетуге бағыт ұстау болатын. Түптей келгенде, мемлекеттік бағдарламалар мен Президент тапсырмаларының өзегі мен өрісі бір. Екеуі бірін-бірі байытып, толықтырып отырады. Осындай тəртіппен өткен аптада Батыс Қазақстан облыс əкімдігінде Орал өңіріндегі он екі ауданның əкімі аяқтарынан тік тұрып, бірінен соң бірі есеп берді. Жергілікті жерде мемлекеттік бағдарламаларды сапалы əрі нəтижелі түрде іске асыруда аудан əкімдеріне үлкен жауапкершілік жүктеледі. Əсіресе, «Жұмыспен қамту-2020» жəне «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламаларын ойдағыдай орындауға жұмылдыру олардың төл міндеттері болып қала бермек. Бұл тұрғыда облыс аудандарында қолға алынған істерді жоққа шығаруға болмайды. Дегенмен, оны бір-бірімен ұштастыра, үйлестіре, яғни кешенді əрі тиімді түрде жүргізуде бірқатар кемшіліктер орын алып келгені де есеп кезінде ашық айтылды. Айталық, бүгінде тұрғындарды қоғам мен заман талап етіп отырған жаңа мамандықтарға қайта даярлау ісінің маңызы жоғары. Алайда, осы бағыт бойынша оқуды аяқтағандардың бəрі бірдей қызметке орналаса бермейді. Жастар практикасы бойынша да осылай деуге болады. Ал облыстың кейбір өңірлерінде кəсіптік оқуға жолданған тұрғындар саны күрт азайып кеткен. Мұндай кемшіліктер бірінші кезекте Ақжайық, Бөкей ордасы жəне Сырым аудандарына тəн. Оның орын алу себебіне талдау жасаған Батыс Қазақстан облысының əкімі Нұрлан Ноғаев бұған нақты қандай мөлшерде қаражат жұмсалғанын тайға таңба басқандай анықтау қажеттігін атап көрсетті. Өйткені, мемлекеттік қаражаттың бір де бір теңгесі орынсыз жұмсалуына жол берілмеуге тиіс. Иə, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы, бірінші кезекте, оны қаржыландыруға тікелей байланысты. Бұл қаражат аудан əкімдерінің сұраныстары мен өтініштеріне қарай бөлінетінін де екінің бірі біле бермейді. Егер олар оған жүрдім-бардым қарап тиісті деңгейде мəн бермесе, тұтастай облысқа келетін қаржыландыру мөлшері де қысқаратыны есеп кезінде облыс басшысы тарапынан орынды айтылды демекпіз. Жоғарыда аталған «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының үшінші

Кеше Астанада «Геология – 360 градус» атты ашық əңгіме алаңы өткізілді. Мұнда Қазақстан Республикасы Индустрия жəне жаңа технологиялар вицеминистрі Нұрлан Сауранбаев пен еліміздің техникалық жоғары оқу орындары басшылары арасында геология жəне жер қойнауын пайдалану саласындағы кадр əлеуетін қалыптастыру бойынша түсіністік жəне серіктестік туралы меморандумға қол қойылды. Аталған меморандумның мақсаты – Қазақстан Республикасындағы минералды-шикізат кешені қорларын дамыту бойынша салалық бағдарламаны орындау жəне геология саласына кəсіби кадрларды даярлау. Осы мəселелерді талқылаған ашық əңгіме алаңына мемлекеттік органдардың, ЖОО-лардың, жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың жəне БАҚ өкілдері қатысты. Қазақстан өз тəуелсіздігіне ие

бағыты ішкі көші-қонды жүйелі түрде жүргізу қажеттілігінен туындайды. Гəп мынада. Облыстағы инфрақұрылымы біршама жақсы дамыған өңірлерге шалғай аудан тұрғындарының белгілі бір бөлігін көшіріп əкелу үрдісі сөз жоқ, өте жақсы бастама. Жабайы урбанизация үрдісіне тосқауыл қоюдың

ушықтырудың қандай қажеттілігі бар?! Бұл сотқа жеткізбей-ақ шешуге болатын мəселе. Өйткені, бағдарлама табысы аз отбасыларға көмектесу үшін жүргізіліп отырған жоқ па? Егер шынымен төлем төлеуге жағдайы көтермесе, мүмкін оларға тұрғын үй-коммуналдық көмегін беру жолдарын ойластыру қажет шығар.

Коллажды жасаған Амангелді ҚИЯС.

Темір ҚҰСАЙЫН,

басты бір жолы да осы. Осы мақсатта Бөрлі ауданының Бөрлі ауылында алпыс үй салынған. Облыс орталығына таяу Зеленов жəне Тасқала аудандары орталықтарында да алыс аудандардағы жұмыссыз тұрғындар үшін жаңа үйлер бой көтеруде. Алайда, жергілікті атқарушы органдар оларды жұмыспен қамтуды ұмыт қалдырған. Сондай-ақ, облыстың Зеленов ауданында тұрғын үй шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы бойынша қордаланып қалған мəселелер бар. Мұнда тиісті тəртіпке сəйкес белгілі бір кезеңге дейін атқарылған жаңарту жұмыстарына жұмсалған қаражат мемлекетке қайтарылуы керек. Өкінішке қарай, бұлай болмай отыр. Рас, мүлдем жоқ емес, бар. Алайда, қайтарылған сомалардың көлемі мүлдем мардымсыз. Айтуға да тұрмайды. Əрине, қарызды қайтармай отырғандарды сотқа беруге де болар еді. Бірақ мəселені бұлайша

Облыс əкімдігінде өткізілген аудан əкімдерінің мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы туралы есептері кезінде көбірек сынға ұшыраған əкімдердің бірі Бөрлі ауданының əкімі Марат Түсіпқалиев болды. Аталған өңірде 54 мың халық тұрады. Яғни, тұрғындар саны жөнінен бұл – облыс аудандары арасындағы ең жоғарғы көрсеткіш. Аудан аумағында Ақсай атты кеншілер қаласы орналасқан. Қысқасы, мұнда ұйымдастырып, істің көзін таба білсе орасан зор əлеует бар. Алайда, осы мүмкіндіктер тиісті деңгейінде пайдаланылмай келеді. Қолға алынған жобалардың қаржылық мөлшері 3-4 миллион теңгеден аса бермейді. Ақсай қаласында екінші деңгейдегі банкілердің бəрінің филиалдары жұмыс істейді. Зор əлеует, үлкен мүмкіндіктің бірі де осы емес пе? Сондай-ақ, Бөкей ордасы Жəнібек секілді шалғай аудандармен салыстырғанда Бөрліде банктерге

Жаѕа меморандум

геология саласына кадр дайындау мəселесін ќарастырады Сұңғат ƏЛІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

болғаннан кейінгі экономикада қалыптасқан құрылымдық өзгерістерге сəйкес көп жылдардан бері елімізде геология саласының мамандарына сұраныстың болмай келгендігі белгілі. Сондықтан салаға мамандарды даярлау мен өндірістегі кадр арасындағы сабақтастықтың бұрынғы тіні үзіліп кеткен болатын. Алайда, қазір жағдай өзгерді. Геология саласының, оның мамандарының қажеттілігі жыл өткен сайын арта түсуде. Осыған байланысты геология мамандарын

3

əзірлеу мен олардың біліктілігін арттыру мəселесі ҚИИДБ аясында қабылданған салалық даму бағдарламасының негізгі бөлімдерінің біріне айналды. Қазіргі таңда Үкіметте геология мамандықтарын Қазақстанның мемлекеттік сыныптауышына енгізу мəселесі қарастырылуда. Себебі, қазіргі кезде геологтар, гирогеологтар мен геофизиктер «Геология жəне пайдалы қазбалы кен орындарын барлау» мамандығы бойынша оқытылады. 2013 жылы «Геология жəне пайдалы қазбалы кен орындарын барлау» саласы бойынша 3324 түлек оқу орындарын бітіріп шықты. Оның 1456-сы мемлекеттік тапсырыс бойынша оқытылды.

берілетін кепілдік мүмкіндігі де жоғары. Мемлекет басшысы мұнай-газ өндіретін ірі компаниялардың жанынан оған қосымша көптеген жаңа кəсіпорындарды шоғырландыру қажеттігін ұсынды. Бұл мүмкіндік емес пе? Мүмкіндік болғанда қандай?! Жұмыспен қамтудың таптырмайтын көзі деп осыны айтыңыз. Орасан зор мұнай-газ бен конденсат шикізатының түбінде отырған Бөрлі ауданы үшін осындай əлеуетті құр босқа жіберу кешірімді бола қояр ма екен? Елімізде моноқалаларды дамытудың айқын да тұжырымды бағдарламасы жасалғаны белгілі. Осы тізімге кірген қалалардың бірі – Ақсай. Алайда, бұл мəселеде де қолда бар ресурстарды ұтымды пайдалану жағы ешқандай сын көтермейді. Тіпті, өзгесін айтпағанда, соңғы кезде Ақсай қаласының азып-тозып бара жатқаны, оған кіре берістегі жəне Шыңғырлау бағытына қарай шыға берістегі жолдардың шұрқ тесік болып қалғаны ешкімге де құпия емес. Аудан əкімі Марат Түсіпқалиев есеп беру кезінде атқарылған жұмыстарды талдап-сараптаудың жəне кейбір деректерге салыстырмалы баға берудің орнына, сылдырлаған құрғақ, қаптаған цифрларды тізіп шықты. Жоғарыда айтылғандай, оның тарапынан аудандағы мол əлеуетті тиімді пайдалану үшін не істеу керектігі жөнінде бір ауыз сөз айтылмады. Мүмкін, бұған мемлекеттік органдардың, облыстағы департаменттер мен басқармалардың көмегі мен қолдауы қажет шығар. Бұл жөнінде де бір ауыз сөз жоқ. Осы олқылықты дөп басқан облыс басшысы Н.Ноғаев аудан əкімдері мен жергілікті мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимыл мен келісімді тереңдету қажеттілігіне тоқталды. Əрі «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша ақпараттандыру мен түсінік жұмыстары деңгейін көтеру қажеттігін атап көрсетті. Бұған дейін аудан жəне қала əкімдерінің бастамасымен мəреге жеткен табыс тар қандай? Неге қол жеткізе алмадық? Ендеше, мұндай кешеуілдеудің мəнісі неде? Істі ойдағыдай жүргізуге не кедергі? Осындай басы ашық сауалдарға жауап беруді көздеген облыстағы аудан əкімдерінің мемлекеттік бағдарламаларды уақытында жəне толық орындауы жөніндегі есептері өз мақсаттарына жетті деп түйін жасай аламыз. Иə, бұған дейін мемлекет тарапынан мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудың тетіктері белгіленіп, оны қаржыландыру мəселесі қоса шешімін тапты. Сондықтан да, алдағы уақытта оны аяғына дейін жеткізудің жауапкершілігі мен салмағы жергілікті атқарушы органдарға, соның ішінде аудан, қала жəне облыс əкімдеріне ауып келеді. Осы орайда, Батыс Қазақстан облыстық əкімдігінде екі күнге созылған бас қосу осы мəселенің күрмеуін тарқатуға əжептəуір пайдасын тигізері анық. Ал осы тұрғыдан алғанда, жиында айтылған өткір сын-ескертпелер мен ұсыныстар істі одан əрі жақсартуға септігін тигізеді деген сенімдеміз. Батыс Қазақстан облысы.

Осы ретте Индустрия жəне жаңа технологиялар министрлігінің еліміздің кадр əлеуетін арттыру үшін қосымша шараларды қабылдауды ұсынғандығын айта кету керек. Бұл шараларда бірқатар мəселелер қарастырылған. Оның ішінде жылма-жыл өтіп жататын олимпиадаларға қатысу үшін «Жас геолог» үйірмелерін дамыту, «Болашақ» бағдарламасы бойынша ЖОО-дағы грант санын көбейту, геология мамандығы бойынша білім алатын үздік студенттерге атаулы шəкіртақыларды тағайындау, студенттерді жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттық міндеттемелерінде қарастырылған 1 пайыздық көлеміндегі аударымдарын пайдалана отырып, еліміздегі жəне шетелдік кəсіпорындардың қолданыстағы базаларына өндірістік тəжірибеден өтуге жіберуді ұйымдастыру жəне тағы басқа мəселелер қарастырылған.

Ўйым Кеѕесі жўмысына ќатысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Киевте өткен Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымына мүше елдер Сыртқы істер министрлері кеңесінің (ЕҚЫҰ СІМК) 20-шы мəжілісіне қатысты. СІМК алаңдарында Қазақстан сыртқы саясат ведомствосының басшысы ЕҚЫҰ Бас хатшысы Ламберто Занньермен, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Джеффри Фельдманмен, ЕҚЫҰ-ның Ұлттық азшылықтар істері жөніндегі Жоғарғы комиссарлығына қайтадан тағайындалған Астрид Торспен, Кеден одағына мүше елдер Сыртқы істер министрлерімен, сондайақ, ЕҚЫҰ-ға мүше елдер Сыртқы істер министрлерінің бірқатарымен кездесулер өткізді. ЕҚЫҰ СІМК-нің мəжілісінде сөз сөйлеген Е.Ыдырысов Қазақстанның Ұйымға қатысты алда ғы жылдарға бағытталған шешу ші қызметінің бағдарларын айқындап берді. Сонымен қатар, қатысушы мемлекеттерді ЕҚЫҰның Астанада өткен Саммитінде қабыл данған декларацияның ереже лерін жүзеге асыру бойынша жұмысты жалғастыруға шақырды. Е.Ыдырысов атап көрсеткендей, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Саммиті Ұйымға мүше барлық елдер бірауыздан қабылдаған сирек құжаттардың бірі болып табылады. «Астана декларациясында əлемдік қоғамдастықтың қазіргі сын-қатерлерге лайықты қарсы тұруына қабілетті мəселелер көрініс тапқан. Бұл Еуроатлантикалық жəне Еуразиялық кеңістіктегі барлық қоғамдастық өкілдерін ешқандай айырмашылығына, ерекшелігіне қарамастан, басын біріктіруі тиіс. Осындай жағдайда ғана қауіпсіздіктің кез келген деңгейіне жауап беруге мүмкіндік бар», деп атап көрсетті Ерлан Əбілфайызұлы. Қазақстандық дипломат Хельсинки қорытынды актісіне қол қойылғаннан бергі 40 жылда аталған құжат өзінің көкейкестілігін жоғалтпағанын жəне аймақтық, сондай-ақ, əлемдік саясатқа өзінің оң ықпалын тигізуін жалғастырып отыр ғанын атап өтті. «Біз «Хельсинки+40» үдерісі біртұтас жəне бөлінбейтін қауіпсіздік қоғамын құру жөніндегі Астана декларациясының ережелерін іс жүзіне асыруға негізделуі тиіс деп есептейміз. Өйткені, оның аясында түрлі өңірлік ұйымдар аталған саладағы проблемаларды үйлесімділікпен бірлесе шеше алады», деп мəлімдеді ол. Қазақстан сыртқы саясат ведом ствосының басшысы əскерисаяси, экономикалық-экологиялық жəне гуманитарлық өлшемдердегі ынтымақтастық мəселелеріне егжейтегжейлі тоқтала келіп, əлемдік қоғамдастықтың Ауғанстанға экономикалық жəне əлеуметтік оңалту тұрғысынан ықпал ету бойынша ұжымдық күшжігер жұмсау қажеттігіне ерекше назар аударды. Е.Ыдырысов ЕҚЫҰ-ның адам өлшемі саласындағы жұмысының тиімділігін арттыру қажеттігі туралы да айтып өтті. Ол үшін Ұйымға мүше барлық елдер өздеріне жүктелген міндеттемелерді тең дəрежеде тиісті деңгейінде орындауы тиіс. Ол, сондай-ақ, қатысушыларды ЕҚЫҰ кеңіс тігіндегі созылмалы жанжалдарды ұзақ мерзімді перспективада бітістіру үшін күш-жігер жұмсауға шақырды. Қазақстандық дипломат атап өткендей, Ұйымға киберқауіпсіздікке, трансұлттық қатерлерге, лаңкестік пен есірткі саудасына қарсы күреске баса назар аударуды жалғастыру қажет. Қазақстан СІМ-інің басшысы 2014 жылдың қаңтарында төрағалық мерзімі аяқталатын Украина жағына атқарған

жұмыстары үшін ризашылығын білдірді. Ал алдағы екі жылда Ұйымға Швейцария мен Черногория төрағалық етеді, сондықтан Е.Ыдырысов аталған елдерге де ЕҚЫҰ-дағы жемісті де тиімді жұмысты жалғастырады деген сенімін жария етті. Ерлан Əбілфайызұлы Қазақстанның Украинадағы ішкі саяси жағдайға қатысты көзқарасын ұсынды. Оның сөзіне қарағанда, Қазақстан қашанда интеграциялық үдерістердің жақтаушысы болып келеді. Сонымен бір мезгілде, біздің еліміз қандай даму жолын таңдау əр елдің өз еркінде деп санайды. Ең бастысы, елдегі үдерістер ұлттық мүддеге жауап беруі тиіс. Ол, сондай-ақ, Қазақстан тарапы Украинаның Кеден одағы мен Еуразиялық экономикалық кеңістік аясындағы интеграцияға ұмтылысын қуаттайтынын атап өтті. Е.Ыдырысовтың Л.Занньер мен кездесуі барысында Қазақ стан мен ЕҚЫҰ арасындағы ынтымақтастықтың Еуроатлантикалық жəне Еуразиялық қауіпсіздік тұжырымдамасын қоса алғанда, негізгі бағыттары талқыланды. Бұл қатарда трансұлттық қатерлерге қарсы бірлесіп іс-қимыл таныту, Ауғанстандағы жағдайды реттеу мəселелері де қамтылды. Л.Занньердің 2012 жылы жариялаған ЕҚЫҰ қауіпсіздігі күндерін өткізу туралы бастамасының көкейкестілігі атап көрсетілді. Қазақстан сыртқы саясат ведомствосы басшысының пікірінше, кездесу Ұйымның əскери-саяси күн тəртібінің кө кейкесті мəселелері бойын ша пікір алмасудың жақсы тұғырнамасы болып табылды. Е.Ыдырысовтың Дж.Фельдманмен кездесуі кезінде Алматыда БҰҰның өңірлік «хабын» құру, БҰҰ даму бағдарламаларының қызметі, сондай-ақ, өңір елдеріне гуманитарлық ықпал етудің тетіктері мəселелері талқыланды. Ал А.Торспен кездесу барысында Қазақстанның аталған институтпен ынтымақтастық мəселелері сөз болды. Қазақстан СІМ-інің басшысы Қазақстандағы толеранттылық моделін қолдаудың жəне дамытудың маңызы зор екенін атап өтіп, біздің еліміздің тарихи тəжірибесі əлемнің басқа елдері үшін пайдалы болар еді деген ұстанымын жеткізді. Е.Ыдырысов А.Торсты Қазақстан Президентінің ЕҚЫҰ-ның: «Жаңа он жылдықтағы толеранттылыққа» құжатын жасау бойынша бастамасын одан əрі дамытуға қолдау көрсетуге шақырды жəне Жоғарғы комиссарға 2014 жылы сапармен Қазақстанға келіп кетуге ұсыныс жасады. Е.Ыдырысовтың Еуропалық Одақ, АҚШ, Швейцария, Финляндия, Хорватия, Испания, Норвегия, Латвия жəне басқа да мемлекеттердің өкілдерін қоса алғанда, шетел делегацияларының басшыларымен кездесуі аясында еліміздің «Қазақстан-2050» Страте гиясы шеңберіндегі негізгі даму басым дықтарын, шетелдер бизнесі мен мемлекеттік құрылымдарының Астанада өтетін ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесіне қатысуы, Қазақстанның 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне кандидатурасын қолдау, инвестициялар мен жаңа технологиялар тарту мүмкіндіктері, сонымен қатар, Қазақстан азаматтары үшін визалық режімді оңтайландыру мəселелері талқыланды. Сəулебек БІРЖАН.


4

www.egemen.kz

10 желтоқсан 2013 жыл

ДОСТЫҚ –

Дамудыѕ басты кілті Данилбек САРАТОВ,

«Вайнах» чешен-ингуш мəдени-ағарту қоғамының төрағасы.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жаңа саяси бағытты белгілеп берген стратегиясында көпұлтты еліміздегі татулық пен келісім, мəдениеттер мен діндердің үндесуі бүгінде əлемдік эталон ретінде танылғанын атап көрсетті. Бұл жай ғана айтыла салған сөз емес. Өміріміздің нақты шындығы, адастырмайтын ақиқаты. Иə, бүгінде өзінің ашық-жарқын көңіліндей, қазақ халқының дарқан даласы мен қаласы, кең жазира белдері мұндағы этностар мен конфессиялар өкілдері үшін туған шаңырағына айналды. Сірə, бұл дүниеде туған жер мен туған шаңырақтан ыстық, одан қадірлі, одан құнды ештеңе жоқ шығар. Ортақ Отанымыз – Қазақстанды біз туған шаңырағымыз деп санаймыз. Сондықтан да республикамыздың

өсіп-өркендеуіне, дамудың басты кілті – татулық пен келісім салтанат құра беруіне өз үлесімізді қосамыз. Бұл – басты парызымыз. Бізге алаңсыз еңбек етіп, тұрмыс кешу үшін мемлекет тарапынан барлық жағдай туғызылуда. Қазақстанда тұратын этностар мен ұлт өкілдері республика Конституциясы мен «Қазақстан-2050» Стратегиясына сəйкес, өзде рінің мəдениеті

мен тілін сақтауға да мүмкіндік алып отыр. Мұндай қамқорлық əлемдегі 200-ден астам мемлекеттің бірде-бірінен қолға шырақ алып жүріп таба алар ма екенбіз. Нұрсұлтан Əбішұлы өзге елдерде баламасы жоқ бұл айрықша қоғамдық құбылысқа стратегияда мəдениеттер үндесуі деп баға бергені де əркез жанымызды жылытып, нұрға бөлейді. Тұңғыш Президентіміздің бастамасымен қоғамдық өмірге жол тартқан Қа зақстан халқы Ас сам блеясы инс титутының арғы астары мен іс-тəжірибесінен үйренуге əлемнің көптеген өркениетті елдері ұмтылуда. Бұл расында да, үлгі алуға тұрарлық тағылым. Ал «Қа зақстан-2050» Стратегиясында барша қазақстандықтарды Прометейдің отындай алға бастай алатын өршіл рух пен жігер, асқақ та асыл мұраттар бар. Бұл бізге сонысымен де қымбат, сонысымен де ыстық. Батыс Қазақстан облысы.

Біздіѕ міндетіміз – халыќќа ќызмет ету Елбасымыздың жүргізіп келе жатқан саясатының негізгі басымдықтарының бірі əкімшілік реформа болып табылады. Бұл саладағы Қазақстанның жетістіктерін ТМД елдерінің барлығы мойындап, біздің тəжірибемізді зерттеу үстінде. Жүргізіліп жатқан реформаға шетелдік сарапшылар да жоғары баға беріп отыр. Ғалым ТҰРСЫНБАЕВ,

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қызылорда облысы бойынша басқарма басшысы – Тəртіптік кеңес төрағасы.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптас қан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан хал қына Жолдауында еліміздің 2050 жылға дейін барынша дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуға бағытталған шараларды айқындады. Соның ішіндегі ауқымды бағыттардың бірі – мемлекеттік басқару дың, мемлекеттік қызметтің ре фор масы. Осыған байланысты «Қазақстан-2050» Стратегиясы мемлекеттік аппараттың қызметін барынша тиімді ету мен мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісін жасау міндетін жүктеді. Үстіміздегі жыл осы міндеттерді орындаудың бетбұрыс жылы болғалы тұр. Əкімшілік реформаның ең басты мақсаты – мемлекеттік басқару аппаратының жұмысын əлеуметтік-экономикалық міндеттерді орындау үшін барынша жақсартып, оның халық сенімін ақтау жолындағы тиімділігін одан əрі нығайта беру. Əкімшілік реформаның мемлекеттің дамуына тигізетін ықпалы өте зор, өйткені, мемлекеттік басқаруды дұрыс ұйымдастыруға еліміздегі жүргізіліп жатқан əлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартуға ба ғытталған реформалардың оң нəтижесі тəуелді. ТМД елдерінің ішінде егеменді еліміз алдыңғы болып мемлекеттік қызмет туралы заңдылықты қабылдады, мемлекеттік қызметшілерді екі топқа бөлді – «саяси» жəне «əкімшілік», конкурстық жүйені жəне мемлекеттік қызметтің мансаптық (карьералық) жүйесін енгізді, əкімшілік жəне саяси мемлекеттік қызметшілердің кадрлық резервін құрды. Республикамыз осы салада біршама жетістіктерге жеткені мен тоқтап қалуға болмайды. Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін кө теру, еңбегін ынталандыруды же тіл діру, кəсібилігін арттыру жолдары іздестірілуде. Осы мақсатта 2011 жылдың шілде айында мемлекеттік қызметтің жаңа моделінің Тұжырымдамасы қабылданды, мемлекеттік қызмет туралы заңдылық актілерге тиісті өзгерістер енгізілді. Өткен жылдың аяғында «Қазақстан Республикасының кейбір

заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданды, қазіргі таңда мемлекеттік қызмет саласындағы заңға тəуелді актілерге тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу жұмыстары жүргізілуде. Заңның негізгі басымдықтарына тоқталатын болсақ, олар төмендегідей: «А» басқарушылық корпусын құру; жоғарылату кезінде меритократия қағидатын күшейту; кадрларды іріктеу кезінде жариялылық пен əділдікті қамтамасыз ету; қатардағы мемлекеттік қызметкерлердің құқығын қорғау; кадр қызметінің мəртебесін көтеру; тəртіптік жəне этикалық бақылауды күшейту. Осыларды басшылыққа алып, оларды жүзеге асырудың нақты тетіктері айқындалатын болады. Мысалы, кадрларды іріктеу кезінде жариялылық пен əділдікті қамтамасыз ету үшін тестілеуді конкурстан бөліп, мемлекеттік қызметке барғысы келетін азаматтар мемлекеттік органдағы конкурстың өтуін күтпей, агенттік белгілеген уақытта тест тапсырып, сертификат алатын болады. Содан кейін бос лауазымы бар мемлекеттік орган конкурс жариялағанда, оған сол сертификаты бар азаматтар қатысатын болады, мемлекеттік органдардың конкурсқа жұмсайтын уақыты үш есеге дейін (45-50 күннен 15-20 күнге дейін) азаяды. Сонымен бірге, тест бағдарламасы жаңартылып, заңнама туралы тест сауалдары күрделілендіріледі. Конкурстық комиссия мүшелерінің жауапкершілігін жоғарылату мəселесі қаралып жатыр, конкурстық іріктеулерге қоғамдық бақылаушылар, БАҚ өкілдері қатысуға мүмкіндігі болады деп күтілуде. Осы бағыттағы өзгерістерді Мемлекеттік қызмет істері агент тігінің Қызылорда облысы бойынша басқармасы өзінен бастады. Қазан айында басқарманың бос əкімшілік лауазымдарына өткізілген конкурстық іріктеудің барлық сатыларына БАҚ өкілдері, қоғамдық бақылаушылар қатысып, өздерінің жоғары бағасын берді. Заң жобасында ауысу арқылы тағайындаулар тек бір мемлекеттік органның ішінде жүзеге асатындығы көрсетілген. Бұл шара «командалық көшулерді» неғұрлым азайту мақсатында қабылданып отыр. Мемлекеттік қызметкерлердің жұмысын бағалау мен мансаптық жоспарлау бойынша жаңадан ұғымдар енгізіледі. Ал қызметке

енді алынған қызметшілерді жұмысқа баулу мақсатында тəлімгерлік институты енгізіліп жатыр. Айта кету керек, осы бағытта да біздің басқарма жұмысты бастап кеткен. Облысымызда «Жастар кадрлық резерві» бағдарламасы 2011 жылдан бері жұмыс жасап жатыр. Аталған бағдарламаны облыс əкімдігінің қолдауымен бөлінген қаржы есебінен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық басқармасы ұйымдастырды. Бүгінде ол мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау жəне олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығының, «Сам ұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының «Сыр болашағы» жас мемлекеттік қызметшілер клубы» жастар қоғамдық бірлестігінің қолдауымен іске асырылып жатыр. Осы бағдарламаны іске асырудағы мақсатымыз мемлекеттік қызметке білімді, білікті, жауапкершілігі мол, ұйымдастырушылық жəне көшбасшылық қасиеті бар жастарды тарту, ЖОО-дан алынған теориялық білімді бекіту, жастарға мемлекеттік қызмет саласындағы тəжірибелік дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндіктер беру, жоба барысында байқалған қатысушылардың мемлекеттік органдарда жұмыспен қамты луына көмек көрсету, жас маман – жоба қатысушыларымен əрі қарай жұмыс жасау болып табылады. Бекітілген іс-шаралар жоспарына сəйкес, қатысушылар өңірлік орталығында 80 сағаттық оқу курсынан жəне облыстың мемлекеттік органдарында екі айлық тағылымдамадан өтті. Тағы лымдамадан өту кезінде əрбір жобаға қатысушыға білікті, кəсіби деңгейі жоғары мемлекеттік қызметшілер ішінен тəлімгерлер бекітіліп, мемле кет тік қызметтің қыр-сырын үйретті. Жалпы, менің ойымша Мемлекеттік қызмет істері агенттігі бірінші кезекте мемлекеттік қызметшілердің қорғаушысы, мемлекеттік қызмет саласындағы меритократияның кепілі болуы керек. Тағы да үлкен мəселенің бірі – сыбайлас жемқорлық көріністеріне төтеп беру. Өйткені, жемқорлық – жай құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінетеді жəне ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер болып саналады. Сондықтан да, біздің түпкі мақсатымыз жемқорлықты құбылыс ретінде жою үшін жемқорлықпен күресті қатты күшейтуіміз керек. Осы мақсатта облыстық тəртіптік кеңес өз жұмысын тиімді атқаруға күш салуда. Есепті кезеңде тəртіптік кеңестің 11-ші отырысында 28 мемлекеттік қызметшінің тəртіптік істері қаралып, оның 26-сына тəртіптік шаралар қолданылды. Оның

ішінде 4-еуіне «ескерту», 4-еуіне «сөгіс», 2-еуіне қатаң сөгіс, 5-еуіне «қызметіне толық сəйкес еместігі туралы ескерту», 11-і атқаратын қызметтерінен босатылды. Айта кету керек, жауапкершілікке тартылған 26 қызметкердің 24-і түрлі деңгейдегі басшы лауазым иелері. Сонымен бірге, тəртіптік кеңестің негізгі функциясы – жазалау емес, заң бұзушылықтың алдын алу. Осы мақсатта кеңес өз отырыстарында 35 мəселемен аудан əкімдері, мемлекеттік орган басшыларының Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдарының жəне Мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексі талаптарының сақталуы бойынша есептері тыңдалып, тиісті бағалар берілді. Онда заң бұзушылықтарды болдырмауға, алдын алуға бағытталған ұсыныстар енгізілді. Облысымызда осы бағытта атқарылып жатқан кешенді шаралар нəтижесінде сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық жасап, тəртіптік жауапкершілікке тартылғандар саны 2011 жылмен салыстырғанда 53,9 пайызға азайды. Əкімшілік реформаның үлкен басымдығының бірі – мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын арттыру. Яғни, азаматтарға тиімді, сапалы қызмет көрсету барлық мемлекеттік органдардың, қызметкерлердің негізгі басымдығына айналуы тиіс. Қызметтер сапасын қадағалау – басқарманың негізгі міндеттерінің бірі. Осы жұмысты біз тек тексерулер, сараптаулар өткізу арқылы ғана емес, сонымен қатар əлеуметтік сауалнама жүргізу арқылы да іске асыратын боламыз. Биылғы жылдың өзінде біздің басқарма осы бағытта бірнеше əлеуметтік зерттеу жүргізуді жоспарлап қойды. Негізінен, іске асырылып жатқан əкімшілік реформаның басты мақсаты – мемлекеттік қызмет ұғымын жаңғырту. Мемлекеттік қызметшілер қоғамның, ұлттың мүддесінің ең бірінші қорғаушысы, қамқоршысы болуы тиіс. Кез келген мемлекеттік қызметші, бірінші кезекте басшы лауазым иесі – халыққа, қоғамға қызмет ететіндігін ұмытпауы қажет. Ал мемлекеттік қызметшілердің жеке қасиеттеріне келетін болсақ, ол патриоттық сезімі бар, əділ, ісіне адал, қарапайым, адамгершілігі мол болуы керек. Сонда ғана мемлекетке, халыққа қызмет жасап, тəуелсіз Отанымыздың нығаюы мен орнығуына өзіндік үлесін қоса алатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшісі атағына лайық тұлға болып табылады. ҚЫЗЫЛОРДА.


10 желтоқсан 2013 жыл

www.egemen.kz

ДІҢГЕГІМІЗ Ќазаќтай кеѕпейіл халыќ жоќ Шахбаз ЖАМАЛОВ,

«Əзербайжандар ассоциациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі Ақтөбе қалалық филиалы кеңесінің төрағасы.

Еліміздегі барлық ұлттардың достық пен татулықта тұрып жатқаны əлемге аян. Бейбітшілік пен тұрақтылықтың осыншалықты тамыр тартуы мемлекет құраушы ұлт – қазақтардың мейірбандығы мен қонақжайлығына үйренген басқа ұлттардың өзара татулығының нəтижесі. Қазақстан – достық пен ынтымақтың жерұйығы деуге əбден лайық мемлекет. Бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың осы бағыттағы сара саясаты мен ұстанымының арқасы, елімізді мекендеген жүзден астам ұлттардың түсінігінің мықтылығының, достығының беріктігінің нəтижесі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев

«Қазақстан-2050» Стратегиясында «Біз еліміздің бірде-бір азаматын сыртта қалдыра алмаймыз. Əрбір қазақстандық биліктің қолдайтынын

жəне тірек екенін сезінуге тиіс», деген болатын. Міне, осындай қолдауды облыста тұратын 1 мыңнан астам əзербайжан көріп отыр десем, артық айтқандық болмас. Қазір облыста тұрып жатқан əзербайжандардың жас ұрпағы тəуелсіз Қазақстанның экономикалық дамуы, саяси тұрақтылығы жолында еңбек етіп, оқып өз үлестерін қосуда. Бірлестіктің көркемөнерпаздары қалада өтіп жатқан барлық саяси жəне мəдени шараларға белсене қатысады, ұлттардың өзара ұйысуына, ынтымақтасуына атсалысады. Филиал жанында би тобы жұмыс істейді. Көркемөнерпаздар облыста өткізілетін барлық мəдени шараларға атсалысады. Əзербайжан, қазақ, орыс жəне басқа тілдерде тамылжыта əн салып, би билейтін жастар қатары жыл сайын молайып келеді. Қырықтан астам балалар мен жастар көркемөнерпаздар

үйірмелерінің белсенді мүшелері болып табылады. Мұнда 2008 жылдан бастап жексенбілік мектеп жұмыс істейді. Жексенбілік мектептегі үш топқа қырықтан астам адам барады. Біз осындай бейбіт жəне тату елде тұрып жатқанымызды мақтаныш тұтамыз. Өңірді мекендейтін ұлттар мен ұлыстардың барлығына да тілін, салт-дəстүрін дамытуға, мəдениеті мен дінін ұстануға жағдай жасалып отыр. Жыл сайын облыс əкімінің ақшалай гранты бөлінеді. Мұның бəрі Елбасының көрегенді саясатының арқасы екенін түсінеміз. Біз тəуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардағы еліміздің табысына мақтана отырып, ортақ мақсатқа бір кісідей жұмыла беретін боламыз. Ортақ Отанымыз біздің əрқайсымыздан осыны талап етеді. Ақтөбе облысы.

«Ќазаќстандыќ Эльбрустыѕ» балалары Мəриям БАЙРАМҚҰЛОВА,

«Эльбрус» этномəдени бірлестігінің төрайымы.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы еліміздің болашақ дамуы үшін аса маңызды құжат деп білемін. Алдағы болашаққа сенім бар. Екінші – осы құжатта Елбасы əйел затына, анаға, жарға, қызға деген құрметті қайта оралту туралы айтты. Мен ана, əйел ретінде бақыттымын. Бізді қолдайтын, қорғайтын Елбасымыз бар. Қазіргі замандағы қазақстандық əйел қызмет жасауға ұмтылуы керек, деді Президент. Мен де қазақстандық əйеланалардың бірі ретінде еліміздегі қоғамдық келісімді сақтауға жəне достықты нығайтуға үлес қосып еңбек етудемін.

Өзім жетекшілік жа сай тын бірлестік облыста тұратын қарашайлар, балқарлар, черкестер мен қабар да этностарының өкілдерін бір ша ңы раққа біріктіріп отыр. Қазір еліміз тəуелсіздігін алған 16 желтоқсан күніне мерекелік шаралар дайындап жатырмыз. Облыста қарашай-черкес жəне қабардабалқарлардың 1200-ден астам өкілі тұрса, оның 900-і балқарлар. Кезінде əке-шешелерімізді бауырына басқан қазақ халқы бүгін ұрпақтарын да құшағына алды. Енді біздер балаларымызды жаңа қазақстандық патриотизм бағытында тəрбиелеудеміз. «Бала тəрбиелеу – болашаққа үлкен инвестиция», деп атап өтті Елбасы «Қазақстан-2050» Стратегиясында. Бірлестіктегі «Жаңғырту мектебінде» 40-қа жуық ұл-қыздарымыз балқар, қазақ тілдерін үйренуде. Оларды біз еркелетіп «Қазақстандық Эльбрустың

балалары» деп атаймыз. Ал балқарлардың осы елде, осы жерде тұрып жатқанына 70 жылдай уақыт болды. Біздің арамызда

еліміздің экономикасының дамуы мен өркендеуі жолында еңбек етіп жүрген ұл-қыздарымыз аз емес. Мысалы, Мұрат Қайтаев бірлестіктегі ақсақалдар кеңесіне төрағалық етеді. Қазақ тіліне ағып тұр. Ұл-қыздары түгелімен еңбек етуде. Біздің этнос өкілдерінің көбі облыстағы ауылдық жерлерде тұрады. Ешқайда көшіп кеткен жоқ. Біздің қызымыз Людмила Хочиева Мəжіліс депутаты атанғанда ұлтымыздың еленгені, елге танылдық деп қуандық. Елбасына əрдайым алғыс айтып отырамыз. Ол кісіге ұзақ ғұмыр берсін. Өркениетті əлемде «ұлттық бірлік» ұғымы ортақ мемлекетті бірлесіп жасау, толеранттылық, азаматтық жəне өз елінің мемлекеттік тілін білу қағидаттарымен өлшенеді. Олай болса, біз бұл мақсатқа қол жеткіздік деп ойлаймын. ПАВЛОДАР.

Бізге басќа баќыт керек емес Галия ГИЗАТУЛЛИНА,

Қызылорда облыстық татар этномəдени бірлестігінің төрайымы.

Тұрақтылық пен татулықтан асқан бақыт та, байлық та жоқ. Одан артық ештеңе болуы мүмкін де емес. Оның үстіне Қазақстан секілді түрлі ұлттар мен конфессия өкілдерінен құралған мемлекетте татулықтың басты қағида екені анық. Тəуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет тұрақтылығы үшін бар қажыр-қайратын жұмсап, ұлттар арасындағы ауызбіршілікті сақтау жолында сындарлы саясат ұстанып келеді. Соның арқасында біздің байтақ Отанымызда өзгені кемсіту, бірі екіншісіне əлімжеттік жасап, қорлау секілді кері сипат болған емес. Елбасы «Қазақстан-2050» Стратегиясында былай дейді: «Егер біреуге этностық белгісі бойынша қысым жасалса, онда бүкіл қазақстандықтарға қысым жасалды деп есептеу керек». Ер кін елдің азаматтарын теңдей ұстау дың, ешқандай алаламай бірдей қараудың бұдан артық қандай көрінісі болуы мүмкін?! Осы сөзінің

жалғасы ретінде: «Ешқандай этносқа ешқандай артықшылық болмайды жəне болмауға тиіс, барлығының құқықтары мен міндеттері бірдей. Біз тең мүмкіндіктер қоғамын, бəрі заң алдында бірдей болатын қоғамды құрудамыз», – деп шегеледі Елбасы. Енді қараңыз, осы сөзді естіген өзге ұлттың өкілдері қалайша Отанын басқа жақтан іздейді? Олай болуы мүмкін емес. Азаттықтың алғашқы жылдарында түрлі ұлт өкілдері өздерінің атамекендеріне көшіп жатты. Дегенмен, арада өткен аз уақытта олар Қазақстанға қайта келді. Неге? Өйткені, олар сыртта жүрсе де Қазақстандағы тұрақтылықты, татулықты, қонақжай лылықты ұмыта алмады. Бұл елде олардың құқына ешкімнің қол сұқпайтынын, шеттетпейтінін білді. Əрі-беріден соң өркениетті деген елдердің өзі өткен ғасырда нəсілдік кемсітушіліктерге барды. Ал сол заманның өзінде тағдырдың айдауымен қазақ жеріне келген сан ұлттың баласын жергілікті халық ешқандай кемсітпей, маң дайынан шертпей бауырына басты. Осының өзі қазақ халқының дарқан көңілінен хабар берсе керек.

Болашағымыздың бағ дар шамындай болған «Қазақстан-2050» Стратегиясындағы мына сөздерге де назар аудармай кете алмаймыз. «Біз ешқашан оқуға түсу, жұмысқа тұру жəне қызмет бабында өсу этностық белгі арқылы шешіледі дегенді ойға да алмауға тиіспіз. Мен Үкімет пен əкімдердің еңбек сая сатына тəртіп енгізуін талап етемін. Жұмысқа, əсіресе, жергілікті билік органдарына этностық ерекше ліктеріне қарамастан, үздіктер алынуы керек. Өлшем біреу ғана – өте жоғары этика жəне кəсібилік. Министрліктер мен əкімдіктердің барлық буындарында кадр таңдауда байқалатын біржақтылықты түзеу керек. Біздің қоғамымызда «артық» немесе «бөтен», «біздікі» немесе «біздікі емес» деген болмауға тиіс. Біз еліміздің бірде-бір аза матын сыртта қалдыра алмаймыз. Əрбір қазақстандық биліктің қолдайтынын жəне тірек екенін сезінуге тиіс. Ұлттардың этносаралық келісіміне сына қағуға тырысатындардың барлығы да заңмен қудаланады». Осы сөздерден өз басым үлкен жанашырлық пен қамқорлық сеземін. Бұл – Қазақстанның кез келген

азаматы еркін білім алып, білігіне сай қызмет етеді, ешкім шетқақпай көрмейді деген сөз. Ананың ұлты басқа, тілі бөлек деп бөлмейді деген ұғым. Ал осындай үлкен қамқорлық Қазақстандағы барша халықтың бір үйдің баласындай, бес саусақтың саласындай тату-тəтті ғұмыр кешуіне кепілдік береді. Ал бізге одан артық ештеңенің керегі де жоқ! Қызылорда облысы.

5


6

www.egemen.kz

10 желтоқсан 2013 жыл

 Көкейкесті Дін мəселесі жасырын ұстап, сыбырлап айтуға көнбейтіндігін көрсетті. Жүректегі иманға үңілмей-ақ, намаз оқымағанды «кəпір» санап, ата-баба рухын қастерлегенді «ширк» деп кінəлап-күстəналағандардың, сондай-ақ, бес уақыт намазын қаза қылмай, «Алла» деп сөз бастағандардың қылығына адам түсініп болар емес. Мейірімділік пен адамгершілікті ең басты құндылық санап, тек жақсылыққа ғана уағыздайтын ізгі діннің өкілдері зорлық-зомбылық, атыс-шабыс, жарылыс-жамандықтың қандықол кейіпкерлеріне айналды. Бұл не? «Дүмше молда дін бұзар» дегендей, діни білімнің таяздығы ма, əлде іштен ірітуді көксегендердің алыстан басқарып, іргеден ендіріп отырған жымысқы қитұрқылығы ма, əлде ислам əлемінің тоқырауы ма? Аймақтардағы болып жатқан оқиғаларға қарап отырып, салыстырмалы түрде Маңғыстауда діни ахуал қалыпты деуге болады. Солай дей отырып, «бұл сыртқы көрінісі емес пе екен?» деп қорқатынымыз да рас. Балақты шорт кесіп, қаба сақалын қаптатып жіберген ерлер мен қара хиджабтың арғы жағынан қос жанары жалт-жұлт ете жанжағына ішіп-жеп қараған қыз-келіншектер жоқ емес, бар. Тіпті, орамал тартыстарына қарап бір-бірін айырып немесе келеке етіп отыратындар да бар. Бірақ, біз жағдайды жарылыспен өлшейтін болдық, олар не айтып, не кисе де, нендей қылықтар көрсетсе де, тыныш жүрсе болғаны – біз үшін «жағдай қалыпты». Жұртшылықты тыңдасаң, қала іргесіндегі бұрынғы саяжайлар арасы қазір ағымдардың шылауында көрінеді. Өзгенің сөзіне сенбес-ақ едім, арғы жағы ауылдас бір қыздың осы саяжайдағы өзге ағымдағы бір жігіттің етегінен ұстаған соң, мүлдем өзгеріп, қара хиджабқа оранып шыға келгенін көрмегенде. Бұрынғы некесінен туған 3-4 жасар бүлдіршін қызды «жынын қағып отыру керек» деп шырылдата қамшының астына алып дүрелейтінін, жеті шелпектен шошынып, алақанын жайып дұға етуден безінгенін білмегенде! – Маңғыстау облысының əділет департаментіне қазіргі таңда 28 діни бірлес тік тіркелген, оның 18-і Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты мешіттер болса, қалғаны христиандық бағыттағы бірлестіктер. Аймақтағы 24 ғибадат орнының 21-і мұсылмандардың еншісінде, үшеуі христиандық шіркеулер. Бұлардың барлығы да өз қызметтерін Қазақстан Республикасы Конституциясы мен «Діни қызмет жəне діни бірлестіктер» туралы Заң шеңберінде жүргізіп келеді, – деді Ақтауда өткен «Қазіргі Қазақстан қоғамындағы дінтанулық білім жəне ағартушылық: даму барысы мен болашағы» атты халықаралық конференцияда Маңғыстау облысы əкімінің орынбасары Ш.Ілмұханбетова. Қоғамда экстремизм мен терроризмге қатысты үрейлі мəселелердің назарға ілініп отырғандығын айтқан əкім орынбасары Маңғыстау облысындағы бұл бағыттағы ең басты мəселенің бірі деп аймақта діни білімге жетік маманның жоқтығын атады. Ол, сондай-ақ, өңірдегі мемлекеттік университет базасынан «Дінтану» кафедрасын ашуға ұсыныс білдірді. «Дұрыс діни білімнің мемлекеттің дамуы мен тұрақтылығына қосатын үлесі» баяндамасын Исламияттың пайда болуы, мазхабтар туралы айтудан бастаған Ыстамбұлдағы Мармара университетінің профессоры Челеби Ілияс қазіргі Ислам əлеміндегі білім беру мекемелерінің əралуандығына тоқталды. «Мысырда, Сауд Арабиясында, Малайзияда, Пəкстанда, Иранда жұмыс жасап отырған білім беру мекемелерінің кейбіреулерінің дəстүршіл жағы басым екені, кейбіреулерінің аймақтық жəне қалыптасқан жағдайдың ықпалында екені анық байқалады. Дəстүр мен жаңашылдықты, ақыл мен нақылды, дін мен білімді үйлестіріп алып жүрген бағдарламалар жоқ деген жөн. Осы жеткіліксіз білім беру дəуірді танымайтын, оның рухын пайымдай алмайтын, Исламды заманға сай түсіндіре алмайтын дін қызметкері мен діндарлардың көбеюіне себеп болуда. Қазіргі кезде біз замана ағысын түсіне алмайтын екі діни топпен бетпе-бет тұрмыз. Бірінші топ – классикалық медресе білімімен шектелген, оның əрісіне бойлай алмайтын дəстүршілдер. Ауғанстан мен Пəкстандағы медреселердің білім беру тəсілі осындай. Осы білім беру формасы талибан қозғалысын тудырған. Мұның Ауғанстан мен Пəкстан проблемаларын қаншалықты «шешкені» баршамызға белгілі. Заманның рухын түсіне алмаған екінші əрекет – ол мазхабтарды жəне дəстүрді түгелдей жоққа шығаратын реформаторлық бағыт. Жаңа сəлəфилік деп аталатын бұл əрекет кез келген жаңашылдықты айыптап, дінге жат, бидағат санап, мұсылмандардың дамуына жəне жаңалықтарды қабылдауына тосқауыл болуда. Сəлəфиттік əрекет Алланың сипаттарын, жақсылықты бұйырып, жамандықтан қайтару, жихад, жаңашылдық, бидағат секілді діни ұғымдарды түсіну жəне түсіндіруде теологиялық проблемаларға тап болумен қатар, дін – мемлекет арақатынасы, басшыға бағыну, адам құқықтары, күнделікті өмір секілді əлеуметтік мəселелерде де проблемалары бар. Көшеде, базарда бомбаларды жарып, кінəсіз адамдардың өліміне себеп болу Исламмен де, адамшылықпен де сыйыспайды. Байқап отырғанымыздай, Исламды дұрыс түсінбеген жəне заманның рухын пайымдай алмаған діни түсініктер Ислам қоғамының дамуына да, тұрақтылығы мен бейбіт өміріне де үлес қоспайды. Сондықтан шығыс елдерінің жалпы білім беруде түйінді мəселелері болумен қатар, жекелей алғанда, діни білім беруде мəселелері көп, деді ол. Діни білім беруде османдықтардан жалғасқан мол тəжірибесі бар, дін қызметін мемлекеттік жүйенің маңызды құрылымы деп танитын, бастауыш, орта мектеп жəне лицейлерде дін мəдениеті жəне əдептану негіздері сабағы жүргізіліп, Құран мен Ислам тарихы факультативтік деңгейде оқытылатын, дін істері басқармасында теология факультетінің түлектері жұмыс

деп санайды. Алайда, əһлу сүннет жолын ұстанушылар ханафи, шафиғи, мəлики, ханбали мазхабтары екендігі тарихи шындық. Ислам тарихындағы шынайы сəлəф жолын ұстанушылар қоғам бірлігі мен ынтымағына, мұсылманның ауызбіршілігіне сызат түсіретін ешқандай оғаш қылық көрсетпеген. Тілін кəлимаға келтірген əрбір жанды мұсылман санап, тіпті күнəһар бауырын кəпір, мүшрик демеген. Əһлу сүннет ғалымдары рұқсат беріп, қаншама ғасыр бойы жалғасын тауып келген кейбір діни мəселені бидағат санап, мұсылман жамағаты

Дїмше молда дін бўзар Осыны біле тўрып, діни білім беруді аќсатып отырєан жоќпыз ба?

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

жасайтын Құран курстары жүріп, діни қызметті қолдайтын түрлі қорлар қолдауына ие Ислам дінінің Түркияда ұрпаққа насихатталуы мен санасына сіңірілуі барысынан хабардар етті. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бөлім меңгерушісі С.Сейтбеков «Радикалды ағымдардың пайда болуы мен қоғамға тигізер залалы» баяндамасында сəлəфилік жəне «Əт-Такфир уəл-һижра» сынды қауіпті қос ағымның пайда болуы, ұстанымдары туралы түсінік берді: Қазіргі қазақ қоғамындағы діни тұрақтылық пен бірлікке сызат түсіруші теріс ағымдардың – бірі уаһһабилік немесе сəлəфилік. Уаһһабилік идеология өкілдері елімізде өздерін «сəлəфиміз» деп атағандықтан, осы атпен таныла бастады. Сəлəфилік идеологияны қолдаушылар Ислам əлемінің көптеген елдерінде белсенді жұмыс жасауда. Кеңес өкіметі құлағаннан кейін Орталық Азия елдеріне, соның ішінде қазақ жеріне тəуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда келе бастады. Сəлəфилік идеология өкілдері елімізде алғашқы кезде қайырымдылық қорлар, діни сауат ашу курстарын, араб тілін үйрететін оқу орындарын ашып, көптеген жастардың санасын улады. Қала берді орыс тіліне аударылған тегін діни əдебиеттер таратумен діни сауаты жоқ қандастарымызды өз қатарларына тарта білді. Тоқсаныншы жылдары көптеген жастар діни білім алу мақсатында араб елдеріне бет алды. Соның ішінде осы идеологияның шырмауына іліккен кейбір жастар оқуын тəмамдап, елге оралған соң сол діни ағымның ұстанымдарын жаюға көшті. Олар алғашқы кезде дінге ықылас танытқан адамға түрлі діни əдебиет, интернет мақалалары, түрлі уағыз жазылған аудиобейне жазбалар ұсынады. Ондай уағыздарда ашық жиһадқа шақыру, халифат құру секілді экстремистік идеялар болмайды. Бірақ бұл кітаптар мен парақшалардың негізгі мақсаты – адам санасына уаһһабиліктің базалық идеяларын (ширк, бидағат, т.б.) сіңіру, сол арқылы болашақта экстремистік идеяларды (кəпірлерге, адасқандарға қарсы жиһад, мемлекеттік құрылымды құлату, т.б.) жатсынбайтындай ету болып табылады. Көбіне бұл кітап пен парақшалар уаһһабилік идеологияны ұстанушы араб ғалымдарының еңбегінен аударма болып келеді. Бұл ағым өкілдері əһлу сүннет жолын ұстанушы 4 мазхабтың біреуін де ұстанбай, өздерін «сунна» жолында жүрміз, «сəлəфпыз»

арасында іріткі салуда. Сонымен қатар, намаз оқымаған жағдайда, мейлі ата-ана болсын, ағайын-туыс болсын, мұсылман емес деп, қарым-қатынасты үзуде. Орыс зерттеушісі Александр Игнатенко «Ислам и политика» (Ислам жəне саясат) атты еңбегінде уаһһабиліктің діни-саяси доктрина ретінде таралуы ислам елдерінде үш кезеңнен тұрғанын айтуда: 1. 70-ші жылдары АҚШ барлау қызметі уаһһабилікті коммунизмге қарсы тұратын идеологиялық құрал ретінде қарастырған. Уаһһабилік ресми дін дəрежесіне жеткен Сауд Арабиясының əлеуетін пайдалану арқылы 1970-жылдары барлық араб елдеріне (Египет, Ливия, Палестина, Сирия, т.б.) уаһһабилік енгізілді. 2. 1980-жылдары Ауғанстандағы КСРО əскеріне қарсы соғысқан барлық радикалды топтарды жұмылдыру үшін осы елге «уаһһабилік ілім» енгізілді. Нəтижесінде түрлі мұсылман елдерінен «кəпірлерге қарсы ғазауат соғысын жүргізу» үшін көптеген «Алла жауынгері» Ауғанстанға ағылды, кейіннен «Талибан» қозғалысы дүниеге келді. 3. КСРО құлаған соң посткеңестік елдердің ішкі тыныштығын бұзу үшін «уаһһабилік ілім» Орталық Азия республикалары мен Кавказ аймағына кіргізілді. Соның салдарынан бұл діни-саяси доктрина Чешенстан мен Өзбекстандағы, Қырғызстан мен Тəжікстандағы қарулы қақтығыстар мен жанжалдардың шығуына басты себеп болды. Біздің елімізде уаһһабилік ағымның шырмауына негізінен 17 мен 40 жас аралығындағы жастар, соның ішінде студенттер көбірек түсуде. Тоқсаныншы жылдары араб елдерінен келген азаматтар ашқан курстар мен қорлар уаһһабилік «ілімді» насихаттады. Қазақстан Республикасы аумағында ресми діни бірлестік болып тіркелмесе де, олар көбінесе түрлі қайырымдылық қорлардың атын жамылып, өз идеологиясын таратып келеді. Өздерін шынайы ислам жолында жүрміз деп, «таухид» пен «бидағат» мəселесін басты тақырып ретінде түсіндіреді. Алайда, олар əуел бастан осы сенімді жаюмен қатар, жайлап жихад ұғымын жастардың санасына ұялата береді де, сəті келгенде қарулы жихадқа дайын халге жеткізеді. Сəлəфилік ағымның құрылымы 4 түрлі қолдаушыдан тұрады. Бірінші топқа ел аумағындағы қайырымдылық қорлар мен оқу орталықтарының басшылары кіреді. Бұл топтағы сəлəфилер лауазымды мемлекеттік қызметкерлерден, зиялы қауым өкілдерінен, құқық қорғау органдары қызметкерлерінен қолдау табу үшін өзінің лауазымын

пайдаланып, тіл табысуға кіріседі. Осы əдіс арқылы сəлəфилік идеологияның тамыр жаюын жоспарлайды. Екінші топтағы ағым мүшелері мешіт жамағатымен айналысады. Олар мешітке келуші жастармен жұмыс жасап, дəстүрлі исламды, ханафи мазхабын сынай отырып, имамдар тарапынан жасалып жатқан діни іс-шаралардың дінге қайшы екендігін, бидағат екендігін айтумен жастардың санасына күмəн ұялатады. Осылайша ақиқатын білгісі келген жастарға шынайы исламды үйрену үшін пəтерлерге шақырады. Нəтижесінде жастарды өз қатарларына тартып алады да, келесі құрбандықты іздеуге көшеді. Үшінші топ өкілдері ретінде дін қызметіне, яғни имамдыққа өздеріне жақын жандарды қызметке қоюға тырысады. Жасырын сəлəфилік сенімде болған ондай имам астыртын аталмыш идеологияны жаюға əрекет етеді. Осы тұста, яғни Діни басқарма осындай жасырын сенімдегі имамдарды анықтаған сəтте оны қызметтен аластататынын ескертіп өтейік. Төртінші топқа сəлəфи ағымның танымал шейхтары жатады. Олар заманауи жетістіктерді қолдану арқылы өз уағыздарын жүргізеді. Мəселен, интернет, диск, скайп арқылы уағыз айтып, жастардан құралған сəлəфи жамағаттарының қалыптасуына ықпал етеді. Солардың уағызына уланған жастар əр жерде өз жамағаттарын құрып, сол шейхтерді пір тұтуға көшеді. Əрине, мұндай шейхтердің жихад жайындағы уағыздарынан əсерленген кейбір жастар қарулы жихадқа көшеді. Өз араларынан əмір сайлап, оған «байғат» (серт) беріп, лаңкестік əрекеттердің жоспарын жасауға көшеді. Мұндай жамағаттардың негізгі нысаны құқық қорғау өкілдері болмақ. Жанкештілік жасап, шахид болуды мақсат тұта бастайды. Олар үшін шариғатпен басқарылмаған мемлекет жəне құқық қорғау органы – «тағут», яғни дін дұшпаны. Сондықтан тағутпен күресу керек деп санайды. Бұл топтағы сəлəфилер «тəкфир», «жихад» бағытындағы сəлəфилер қатарына жатады. Ондай топтар дербес əрекет етіп, өзге жамағаттармен айтарлықтай байланыстары болмайды. Өкінішке қарай, сəлəфилік ағым өкілдері мұсылман əдебінің ізгілік пен мейірімділік қырын емес, қатыгездік пен дөрекілікті ту етіп ұстанып, Ислам дініне орны толмас залалын тигізуде, қарапайым жұртшылықты Исламға үрке қарайтын жағдайға жеткізуде. Ғасырымыздағы уаһһабилік немесе сəлəфилік бағытты ұстанушылар өзара бірнеше ағымдарға бөлініп кетті. Олардың бұлай бөлінуіне бірнеше себептер түрткі болған. Еліміз үшін қауіпті діни ағымның екіншісі – «Əт-Такфир уəл-һижра» сəлəфилер идеясынан бастау алатын «ƏтТəкфир уəл-һижра» (кəпір деп санау жəне зайырлы қоғамды тəрк ету) ағымы ислам əлемінде жаңа пайда болған ағым емес. Тек атауы ғана өзгерген ағым. Такфиршілер деп аталуының негізгі себебі – өздерінен басқа мұсылмандардың бəрін кəпір деп айыптаудан шыққан. Бұл ағым 657 жылы «хауариж» атымен пайда болған. Хауариждер – өздері секілді ұстанымда болмаған əрбір мұсылманды кəпір санап, өлтіруге рұқсат беріп, дінде фанатизмге беріліп, халифа билігіне қарсы шығып, қаншама бейкүнə мұсылманды өлтіріп, мұсылман əлеміне үлкен зиянын тигізген ағым. Қазіргі таңдағы олардың ізбасарлары «тəкфир» ұйымы. Тəкфир ұйымының негізгі ұстанымдары кəпірлерге қарсы қарулы жихад жасау. Сондықтан кейбір жастар олардың теріс идеологиясына алданып, террористік ұйымдарға қосылуда. Аталмыш ұйымның əрекеттері қоғамдағы ешбір заңдылықты мойындамайтын зорлық-зомбылық тəсілін қолданатындықтан, ислам дінін лаңкестік дін ретінде танытуда дейді С.Сейтбеков. Көріп отырғанымыздай, ағымдардың уысына түсетіндер 17 жастағы желкілдеген жастар екен. Мектеп қабырғасынан үлкен əлем айдынына шығып, жан-жағына жасқана қараған жасты «қағып» кететіні көрініп тұр. Осы жерде біздің мектептеріміздегі діни ахуал, діни білімнің негізін қалау ісі қаншалықты деген сауал туады. Бұл сұраққа Дін істері агенттігінің сарапшысы Н.Қабыловтың еліміздегі діни білім беру ұйымдарының қызметін, дінтану мамандарын даярлау ісіне тоқталған баяндамасынан жауап іздеп көрелік. «Болашақ» халықаралық бағдарламасы аясында «дінтану», «теология», «шығыстану» мамандықтарына грант бөлінгендігін жаңалық ретінде жеткізген баяндамашы оқу үдерісінде басшылыққа алынатын əдістемелік құралдардың əралуан болуы, оқытушылардың дайындық деңгейінің əркелкілігі бірізділіктің болмауына əкеліп соқтырып, қазіргі грант мөлшерінің елімізді білікті дінтанушылармен қамтуда аздық ететіндігін айтты. Сондай-ақ, мектептерде «дінтану» пəнінің сағат санын көбейту мен қолданыс аясын кеңейту, дінтанушы мамандарға қосымша мамандық беру бағытындағы ойлары мен ұсыныстарын ортаға салды. Аңғарғанымыз, мектептерде діни білім берудің негізі болғанмен, жүйесіз, бытыраңқы, маманға мардымаған, шалажансар күйде. Əйтеуір, бар... Мұндай салғырттық пен бейқамдықтың қорадан қойды алдырары белгілі, сондықтан ұрпақты осы бастан жат жолдан жирендіруге мемлекет тарапынан дұрыс көңіл бөлінуі керек деп ойлаймыз. Конференцияда сөз алған ғалымдардың барлығы да қазіргі қазақ қоғамындағы діни білім берудің қажеттілігі төңірегінде ой өрбітті. Ұрпақтың адаспауы, дəстүрлі діни негізден ажырамауы, ел бірлігі мен халық тыныштығына нұқсан келтірмеуі – басты мəселе. Баяндамалардың айтары бар, ал тындырары ше? Маңғыстау облысы.

ШАРАЙНА

Əлем жаѕалыќтары

Парламенттіѕ таратылатынын жариялады Таиланд премьер-министрі Йинглак Чинават кеше ел парламентінің таратылатынын жариялады. Чинаваттың сөзіне қарағанда, жаңа парламент сайлауы араға көп уақыт салмай, тезірек өткізілуі қажет. «Қалың көпшілік өкілдері үкіметке қарсы болып отырған қазіргі кезде, – делінген премьер-министрдің мəлімдемесінде, – ең жақсысы – сайлау өткізу жəне билікті Таиланд халқына қайтару». Бұдан екі-үш күн бұрын Чинават ел үкіметіне сенім білдіру туралы референдум өткізуді ұсынған болатын. Саясаткер сонда, егер референдумда халық өзіне сенімсіздік білдіретін болса, отставкаға кету жөнінде уəде берген еді. Оппозициялық күштердің басты талабының бірі – Чинаваттың өзін отставкаға кетіру. Соңғы түскен ақпараттар бойынша, дүйсенбі күні шерушілер қатары 100 мың адамға жеткен.

Адам ґлімініѕ соѕы тəртіпсіздікке ўласты Сингапурде 400-ге жуық иммигрант көшеге шығып тəртіпсіздік жасады. Қақтығыстар оңтүстік-азиялықтардың дүкендері мен мейрамханалары орналасқан Шағын Үндістан аталатын кварталда болған. Бұл елде мұндай əрекеттер 44 жылдан бері бой көрсетпеген екен. Полицияның хабарлауынша, тəртіпсіздікке қатысқан 27 адам ұсталған, олардың барлығы Оңтүстік Азия елдерінен қоныс аударғандар көрінеді. Иммигранттар полиция машиналарын аударған жəне өртеген. Қақтығыс салдарынан 18 адам зардап шегіпті, олардың көпшілігі құқық қорғау органдарының қызметкерлері. Оқиғаның орын алуына Үндістаннан келген 33 жастағы азаматты автобус қағып, мерт етуінен болса керек. Бүгінде Сингапурде 1,3 миллиондай шетелдік жұмысшы тұрады.

Олимпия ойындарына барудан бас тартты Германия президенті Йоахим Гаук Сочиде өтетін қысқы Олимпия ойындарына барудан бас тартқан. Бұл жөнінде мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады. Кейбір басылымдардың жазуынша, президент Ресейде адам құқығы бұзылатындығына қарсылық белгісі ретінде бойкот жариялап отыр. Германия президентінің əкімшілігі Ресей билігіне Олимпия ойындарына барудан бас тарту жөнінде ресми хабарлау хат та жолдапты. Ақпараттарға қарағанда, Гаук өзінің бұл қадамын неміс спортшыларынан оларды құрметтемеу деп есептемеулерін өтініпті. Сонымен қатар, ол спортшыларды Олимпиададан оралған соң, Мюнхенде мерекелік кездесу өткізуге уəде берген.

Ќысќа ќайырып айтќанда:  АҚШ-та қарлы боран мен мұзды жауын салдарынан 2,5 мыңнан астам авиарейс кестесі ауыстырылды. Ауа райының қатал мінез танытуынан көз жұмған адамдар да бар.  АҚШ-та алаяқтық жасады деп айыпталған Ресейдің он бір дипломаты жақын күндері отбасыларымен отанына оралады. Енді Ресей билігі де бұған «қарымта» қайтаруы мүмкін.  Техас қаласындағы «Хьюстон» əуежайына келіп қонған Экспрессжет авиакомпаниясының ұшағы бір жолаушыны ұшақ бортында қалдырып кетіпті. Жолаушы жол-жөнекей ұйықтап келсе керек.

Барлыќ лауазымынан айырылєанын растады Солтүстік Корея билігі ел басшысы Ким Чен Ынның немере ағасы Чан Сон Тхэктің барлық қызмет лауазымынан айырылғанын растады. Бұл жөнінде кеше «Рейтер» агенттігі хабарлады. «Чан жəне оның ізбасарлары қылмыстар жасау арқылы біздің партия мен революцияға орасан зор зиян келтірді», делінген солтүстіккореялық ресми ақпарат агенттіктерінің хабарламасында. Бұл ақпарат жексенбі күні КХДР Жұмысшы партиясы саяси бюросының отырысынан кейін таратылған. Чан мен оның ізбасарларының қандай қылмыстар жасағаны жөнінде нақты ақпарат жоқ.

«Новости» аќпарат агенттігі таратылды Ресей президенті Владимир Путин Ресейдің «Новости» ақпарат агенттігін тарату туралы жарлыққа қол қойды. Құжат мəтіні кеше мемлекет басшысының ресми сайтында жарияланды. Енді Ресейдің «Новости» АА-ның базасында «Рос сия сегодня» халықаралық ақпарат агенттігі құрылатын болады. Жаңа агенттіктің бас директорлығына «Ресей 1» телеарнасының жүргізушісі Дмитрий Киселев тағайындалды. Жарлыққа сəйкес аталған агенттіктің бас директорын ел президенті тағайындайды жəне қызметтен босатады екен. Президенттің жарлығы бойынша, сондай-ақ, «Голос России» радио хабарларын тарату компаниясы да таратылып, оның мүлкі «Россия сегодня» агенттігіне берілетін көрінеді.

Ленин ескерткішін ќўлатып тастады Киевте оппозициялық шеруге қатысушылар Бессарабия алаңындағы Владимир Лениннің ескерткішін құлатып тастады. Бұл ақпаратты қалалық милицияның баспасөз қызметі растады. Құқық қорғау органдарының айтуынша, алдымен бетперде киген бірнеше белгісіз адам ескерткішті айнала қоршаған. Одан соң олар файерлерді өртеген, одан кейін ескерткішті құлатқан. Милиция қызметкерлерінің сөзіне қарағанда, ескерткішті «Свобода» ұлтшыл бірлестігінің мүшелері құлатуы мүмкін. Оқиғаға қатысы бар деген күдікпен қазірге ешкім ұсталған жоқ. Ал ескерткіш 1946 жылдың желтоқсанында орнатылған екен. Интернет материалдары негізінде əзірленді.


10 желтоқсан 2013 жыл

7

www.egemen.kz

 Ғылым жəне тағылым

Ґмір оты

Тəуелсіздік таңы атып, күні күлген айтулы кезеңде тарихымызды түгендеп, тамырымызды таба білуде руханият саласының мамандары ұлан-ғайыр еңбек сіңірді. Ұлы халықтың ұрпағы ұлылығын ұлықтай алмай тұғырын тұрақты қыла алмасы тағы да белгілі еді. Солақай саясаттың салдарынан аршылмай жатқан жақсыжайсаңдарымыз бен асыл маржандарымызды тарих сахнасына алып шығуда Көшім Лекерұлы ЕСМАҒАМБЕТОВТІҢ еңбегі ересен болғанын айту парыз.

Тараздаєы тамаша турнир (Соңы. Басы 1-бетте).

Турнирдің ашылу салтанаты да өте жақсы ұйымдастырылды. Алдымен халқымыздың салт-дəстүрі мен көне жауынгерлік өнерінен мағлұмат беретін театрландырылған қойылым көрсетілді. Содан соң 8 команда жеребе бойынша екі топқа бөлініп, қарсыластарын анықтады. Жарыс ережесі бойынша алғашқы екі кездесуді жеңіспен аяқтаған командалар бірден финалға жолдама алатын болса, бір команданы ұтып, екіншісінен жеңілген команда үшінші орын үшін «жұбаныш» кездесуін өткізіп, ұтқандары үшінші орынға, жеңілгендері жарыстағы ұпай санына қарап, бесінші жəне жетінші орынға таласатын болып шешілді. Турнирді Жамбыл облысының əкімі Қанат Бозымбаев ашты. Одан кейін қазақ күресінен əлем жəне Азия чемпионы Бейбіт Ыстыбаев бастаған Қазақстан балуандары Иран командасымен белдесуді бастап кетті. Алғашқы белдесуде Абзал Арыстанбеков, Ерлан Естек, Ерсін Мұхамеджанов, Мұхит Тұрсынов жəне Бейбіт Ыстыбаев есімді жігіттеріміз қарсыластарын түгел жеңіп шықты. Олар екінші кездесуде Тəжікстан командасын да осылай таза ұтты. Сосын жарыс ережесі бойынша қазақ балуандары финалға жолдама алды. Моңғолия балуандары да алғашқы екі кездесуін жеңіспен аяқтады. Сөйтіп, олар да

Сондықтан болар, ағайынды Артем мен Дмитрий Ковалевскийлер көзін ашқаннан қазақ күресімен шұғылданып жүргендей таң-тамаша етті. Түркияның туын ағайынды Ердал мен Бюлент Доғандар көтеріп шықты. Бірақ Анадолы елінің бура сан балуандары ресейліктер сияқты

ақтық сынға шықты. Моңғолдар сапындағы нағыз алып Сұғаржалғал Болдпруев «сен тұр, мен атайынның» өзі көрінді. Басқалары да оңай шағыла салатын жаңғақ емес. Моңғолия балуандарының арасында Серік Бердімұрат атты қандасы мыздың да белдесуге шық қанын айта кеткен жөн. Жəне ол өте тамаша өнер көрсетті. Моңғолдар алдымен Түркия, одан кейін Ресей командасын тізе бүктірді. Жанкүйерлер де олардың алымдылығы мен шалымдылығына разы болды. Түркия мен Ресей балуандары да қазақ күресін жақсы меңгергендерін байқатты. Əсіресе, Ресей командасындағы балуандардың жеңіске деген жігері тəнті етті. Өйткені, Ресей елінде бірнеше жылдан бері қазақ күресі федерациясы жұмыс істеп, аталмыш күрестің дамуына септігін тигізіп келе жатқан көрінеді. Сондықтан болар, теріскейдегі көр шіміз турнирге жеңіс үшін келгенін көрсетіп, əр белдесуін жақсы өткізуге тырысты. Бір айта кетерлігі, Ресей командасында көбінесе белбеу күресімен айналысатындар бақ сынасты. Белбеу күресі – түркі халықтарына ортақ жекпе-жек. Бұл күрес, əсіресе, татар мен башқұрт халықтары арасында кеңінен дамыған. Онымен айналысатын балуандардың білек күші мен белі мықты болып келеді.

жүлделі орынға таласа алмай, алтыншы орынды қанағат тұтты. Ал үшінші орын үшін өткен кездесу Ресей командасының жеңісімен, яғни 4:1 болып аяқталды. Ретретімен айтсақ, Тəжікстан мен Иран балуандары да жүлделі орын үшін барын салды. Алғашқы екі кездесуде Қазақстан мен Моңғолиядан ұтылған олар да бір-бірімен үшінші орын үшін «жұбаныш» белдесуін өткізді. Осы бəсекеде тəжіктер парсы елінің балуандарын 4:1 есебімен ұтып, Ресей балуандарымен қола жүлдеге таласу үшін жолдама алды. Ал Иран спортшылары болса, Түркия балуандарын осындай есеппен жеңіп, бесінші орынды иеленді. Қытай мен Польша командасы əліптің артын бағып, ел көріп, жер танып, қазақ күресінің қыр-сырын біліп қайтуға келгендей кейіп танытты. Өйткені, Қытай командасы алдымен Ресей командасымен өткізген белдесуде есе жіберсе, жетінші орын үшін болған бəсекеде Польша балуандарынан жеңіліс тапты. Қытайлар екеуінде де 2:3 есебімен жеңілді. Қытай командасында Ішкі Моңғолия өлкесінде тұратын бірыңғай моңғол балуандары қатысқанын да айта кеткен лəзім. Қай спорт түріне де қыры бар ресейліктер қола жүлде үшін барын салды. Сондықтан болар, тəжікорыс балуандары арасындағы кездесу өте тартысты өтті. Оның үстіне

ресейліктер жауапты кездесуге моңғол алыбымен күресіп жүріп жарақат алып қалған спортшысын қатыстырмады. Бұл – тəжіктерге бір ұпайды белдеспей жатып беріп қойды деген сөз. Дегенмен, ресейлік Сергей Филиппов бірінші белдесуде таза жеңіске жетіп, есеп басын теңестіріп берді. Осыдан кейін тартыс қыза түсті. Себебі, тағы бір тəжік жеңіске жетті де, командасын 2:1 есебімен алға шығарды. Енді кілемге ресейлік Артем Ковалевский шықты да, қолайына келіп тұрған қарсыласына жақсы əдіс қолданып, таза жеңіске қол жеткізді. Есеп осылай 2:2 болды. Жанкүйерлер үшін қызықтың көкесі де осы еді. Өйткені, кімнің кім екенін анықтайтын шешуші белдесудегі балуанға артылар жүк те ауыр. Бірақ ресейлік Дмитрий Михалев Ресей елінің қай спорт түрінен де оқ бойы алда тұратынын дəлелдеп, тəжік Олимджон Авезовтің ойланбастан жасаған қимылын ұтымды пайдаланды. Сөйтіп, таза əдіс-айласы арқылы жеңіске жетіп, Ресей командасына қола жүлде алып берді. Финал. Кілем төселген дөңгелек тақтаға Моңғолия жəне Қазақстан балуандары көтерілді. Өз балуандарымыздың дене бітіміне көзіміз үйренген ғой, ал моңғол маңғаздарының түрі тым сұсты көрінді. Жеңіс үшін ештеңеден тайынбайтындай. Əсіресе, Сұғаржалғал Болдпруевтің қасқабағының өзі-ақ қарсыласын

қаймықтырғандай. Бірақ қай спортта да жеңіске атақ емес, алаң үстіндегі сайыс қана қол жеткізетіні сияқты, қазақ балуандары кілемге шыға салысымен-ақ көрсетті кімнің кім екенін. Белдесуді əдеттегідей 60 кило салмақ дəрежесіндегі балуандар бастады. Алғашында моңғол балуаны Херлен Ганболд шапшаң жəне шалт қимылды көрініп, қарсыласына ентелей ұмтылып, жұлқылай тартқылап, жеңіске ұмтылып-ақ баққан. Бірақ Абзал Арыстанбеков ебін тауып ұпайын еселей берді. Соның нəтижесінде командасына алғашқы ұпайды əперді. Бұдан кейін 70 кило салмақтағы Ерлан Естек атты балуанымыз моңғол Миарагча Санжаасуреннен басым түскен. Бірақ оның бұл жеңісі қарсыластар тарапынан күмəн туғызғанымен, төрешілер алқасы жеңісті Ерланға берді. Белдесуге 80 кило салмақ бойынша шыққан балуандар арасындағы бəсекеде де дəл осындай көрініс қайталанды. Өте тартысты басталған бұл белдесуде моңғол Ған Төвшинжарғал қазақ Ерсін Мұхамеджановты таза жеңіске қол жеткізетін əдіспен, шалып жыққан болатын. Алайда, төрешілер моңғол балуанының əдісін есепке алмай қойды. Моңғол балуаны əдісінің бейне жазбасы монитордан қайталап көрсетілген соң төрешілер оған «жартылай жеңіс» ұпайын берді. Сөйтіп, белдесу тең есеппен аяқталды. Мұндай жағдайда жеңімпазды анықтау үшін қоян-қолтық белдесу

өткізуге мүмкіндік берілді. Міне, осы мүмкіндікті Ерсін тиімді пайдаланып, қарсыласын таза ұтты. Осыдан кейін Қазақстанның бас жүлдеге қол жеткізгені бел гілі болды. Сондықтан 90 кило салмақтағы Мұхит Тұрсынов пен Серік Бердімұраттың арасындағы белдесу ештеме шешпейтін. Дегенмен, моңғол елінің қазағы Серік нағыз сайыпқыран екен, ешқандай айлатəсілге алдырмай тартысты бəсеке өткізді. Жеңіс те моңғолдық сол қазақ бағланының еншісінде кетті. Ең соңында жанкүйерлердің көптен күткен белдесуі де жетті. Кілем үстіне екі алып шықты. Бірі – қазақ, екіншісі – моңғол. Қазақтың аты-жөні ел жанкүйерлеріне жақсы таныс. Ол – бойының ұзындығы 1 метр 94 сантиметр, ал салмағы 154 кило Бейбіт Ыстыбаев болса, екіншісі – бойының ұзындығы 1 метр 94 сантиметр, ал салмағы 194 кило Сұғаржалғал Болдпруев болатын. 2012 жылғы «Қазақстан барысы» турнирінің жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаевтың атақ-даңқын айттық, ал моңғол балуаны басқа атақ-даңқтарын айтпағанда, Қазан қаласында биыл жазда өткен Бүкілəлемдік Универсиаданың чемпионы атаныпты. Сондықтан «Тараз-Арена» спорт сарайына төселген кілем үстінде ежелгі грек аңыздарындағы от шайнап, мұз бүркетін алыптар шарт та шұрт шайқасып жатқандай көрінді. Бірақ аңдысу ұзаққа созылған жоқ, мызғымас жартастай көрінген маңғаз Сұғаржалғал Болдпруев келесі сəтте қопарыла құлаған теректей болып қазақ балуаны Бейбіт Ыстыбаевтың астында жатты. Қобалжыған көңіл орнына түсті. Көзге қуаныш жасы үйірілді. Бейбіт салмағы өзінен анағұрлым ауыр, оның үстіне құрыштан құйған сом темірдей денелі моңғол балуаны Сұғаржарғал Болдпуревті жеңу үшін өзінің үйреншікті əдісін қолданып, таза жеңіске жетті. Жамбыл облысының əкімі Қанат Бозымбаев турнир жеңімпазы – Қазақстан командасына 50 мың АҚШ доллары мен «Алтын тайқазанды» табыс етсе, «Қазақстан барысы» қазақ күресін дамыту қоғамдық қорының төрағасы Арман Шораев пен Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының президенті Серік Төкиев екінші орынды иеленген моңғол жəне үшінші орынға ие болған Ресей командаларына тиісінше 30 мың АҚШ доллары мен 10 мың АҚШ долларымен құттықтады. Халқымызда «Той тойға ұлассын» деген баталы сөз бар. «Еуразия барысы» турнирін отандық «Қазақстан» ұлттық арнасы мен «KAZsport» телеарнасынан басқа ресейлік «Боец» пен түркиялық «ТРТ» арналары дүние жүзінің түкпір-түкпіріндегі көрермендерге тікелей эфир арқылы таратып, тойымызды тойға, ойымызды ойға ұластырды. ТАРАЗ. –––––––––––––––––––– Суреттерді түсірген Ерлан ОМАРОВ, «Егемен Қазақстан».

Көшім Лекерұлы – Мəскеу қаласындағы П. Лумумба атындағы Халықтар достығы университетін тарих жəне ағылшын тілінен аудармашы мамандығы бойынша үздік бітіріп шыққан қарымды түлек. Ол 1965-2002 жылдар аралығында Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарында оқытушылық, Қазақ Республикасы Сыртқы істер министрлігінде хаттама бөлімінің меңгерушісі, Жоғары жəне арнаулы орта білім министрінің көмекшісі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі сыртқы қатынастар бөлімінің басшысы, «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы əлеуметтік жəне гуманитарлық орталығының жетекшісі, еліміздегі Құжаттану жəне мұрағат ісі бойынша ғылыми-техникалық ақпарат орталығының директоры қызметтерін атқарды. Тарих ғылымдарының докторы, профессор К.Есмағамбетов соңғы он жылдан бері Білім жəне ғылым комитеті Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтында бас ғылыми қызметкері болып жемісті еңбек етіп келеді. Ол энциклопедиялық еңбектерді дайындап, басып шығаруда кезінде тарихи шындықтың ұлттық мүдде тұрғысынан көрініс беруі жолында үлкен күш-жігер жұмсады. 13 томдық «Қазақ ССР энциклопедиясын», 4 томдық «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясын, «Философиялық сөздік», «Чудеса», «Кто есть кто в казахстанской науке», «Сакский воин» секілді басылымдарды дайындауға белсене қатысты. Оның ғылыми-əдіснамалық жетекшілігімен «Қазақстан тарихы мен мəдениетінің ескерткіштері жинағы» жарық көрді. «Ақмола», «Батыс Қазақстан облысы», «Солтүстік Қазақстан облысы» энциклопедиялық басылымдарын дайындап шығаруға қосқан үлесі де қомақты. Ұзақ жылдар бойы еліміздің мұрағат мекемелерімен қоғамдық негізде қарым-қатынаста жүріп, тарихи деректердің сақталуына жəне толығуына көп көмек көрсетті. «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Ана тілі» жəне басқа да мерзімді баспасөз беттерінде «Мəдени мұра» мемлекеттік бағдарламасына өз үлесін қосты. «Қазақстан мұрағаттары» журналының алғашқы редакторы ретінде келелі істерге ұйытқы болды. Көшім Есмағамбетовтің жан-жақты қызметінің басым бағытын Қазақстан тарихының өзекті мəселелерін зерттеу, зерделеу құрайды. Ол – шын мəнінде Қазақстан тарихын əлемдік тарихнаманың бір салалы да салмақты бұтағы дегенді орнықтырып келе жатқан ғалым. Бұл бағытта оның «Действительность и фальсификация»; «Что писали о нас на Западе»; «Көне Қазақстанды көргендер»; «Қазақтар шетел əдебиетінде» атты монографияларының жарық көруі сөзімізге дəлел. Шетелдік тарихнама бойынша қорғаған кандидаттық, докторлық диссертациялары ғылыми қауымдастық тарапынан жоғары бағалануы да соның айғағы болса керек. К.Есмағамбетов 16 кітап, 200-ден аса ғылыми мақала жариялады. Оның ғылыми жетекшілігімен 13 ғылым кандидаты, 9 ғылым докторы даярланды. Докторлық диссертацияларды қорғау кеңесінің мүшесі, төрағасы болды. Профессор бүкіл өмірін Түркістанның азаттығы үшін күреске арнаған ірі саяси қайраткер Мұстафа Шоқайдың (1890-1941) өмірі мен қызметін зерттегенін баса айтуға тиістіміз. Бұл тақырып бойынша екі томдық «Мұстафа Шоқайдың эпистолярлық мұрасы», «Мұстафа Шоқайдың тарихи бейнесі» деген еңбектер жариялады. Ондаған ғылыми мақалалары жарық көрді. М.Шоқайдың өмірі мен қызметіне арналған «Əлем таныған тұлға» атты монографиясы үшін Ш.Уəлиханов атындағы сыйлықпен марапатталды. Бұл монографиялар оқырмандардың Алаш қозғалысы туралы түсінігін тереңдетті. Соның негізінде жоғары оқу орындарының оқу процесіне арнайы курстар енгізілді. Оқу құралы жазылды, ғылыми-теориялық конференциялар өткізілді. Кейбір зерттеулері Түркия мен Грузияда жарық көрді. Көз майын тауысып, бүкіл саналы ғұмырын арнаған белгілі ғалымның еңбегі еленіп, 2008 жылы Көшім Есмағамбетов «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапатталды. Бұған қоса оның жемісті ғылыми еңбегі отандық жəне шетелдік қоғамтанушы ғалымдардың ерекше ілтипатына бөленіп, мерзімді баспасөз беттерінде жақсы пікірлер айтылды. Өзі қызмет істейтін ұжым тарапынан да сан рет аталып өтілді. Ұлтымыздың тəуелсіздігі мен бүкіл түркітектес елдердің азаттығы үшін ғұмырын сарп еткен саяси қайраткер Мұстафа Шоқайды танып, танытуда ұлан-асыр қызмет еткен тағылымды ғалым Көшім Лекерұлы «Мұстафа Шоқай шығармаларының толық жинағының» 12 томдығын құрастырып (жалпы көлемі 400 б.т.), орасан зор ғылыми еңбекті аяқтағанына ерекше назар аударған жөн. Алаш арысының еңбектері орыс, ағылшын, француз, неміс, поляк, шағатай, түрік, грузин, т.б. тілдерде жазылған, не жарық көрген. Оның еңбектері Франция, Германия, Англия, Түркия, Ресей, Грузия, Өзбекстан, Польша, АҚШ, Швейцария жəне басқа да елдердің мұрағаттары мен кітапханаларында шашыранды күйде ұшырасатын. Ұлтқа қажет сол асыл қазынамызды инемен құдық қазғандай аршып алып, Отанымызға «оралуға» жол салды. Табылған асылды халықтың игілігіне жарасын деген парасатты пайымменен ғылымның қазанында қайнатып, жарыққа шығаруы ісінде білгір маманның еңбегі ұшан-теңіз. Қазіргі уақытта Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты əлемде теңдесі жоқ бұл іргелі еңбекті баспадан шығаруға кірісіп, алғашқы 6 томы оқырмандар қолына тиді. 2011 жылдың қараша айында ғалымның ұйымдастыруымен Түркия, Мексика жəне басқа да елдердің зерттеушілері мен ғалымдары қатысқан «Мұстафа Шоқайдың ғылыми мұрасы жəне қазіргі заман» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізілді. Белгілі оқымыстының отандық, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарына басылған: «Тəуелсіздік философиясы» (2000), «Тропой неизведанной: зарубежная литература о Н.А.Назарбаева» (2003), «Глазами зарубежных исследователей» (2003), «Ұлттық тұлғаларды ұлықтау – парыз» (2006), «Тəуелсіз елге – тəуелсіз тарих» (2010), «Тəуелсіз елдің тарихы əлі жазылып біткен жоқ» (2011), «Əлем назарындағы Қазақстан» (2011) мақалалары мен сұхбаттары жұртшылық тарапынан жоғары бағаланды. Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев «Қазақ тарихында қазақ ұялатын ештеңе жоқ» деп атап өткендей, біздің тарихымызда ұялатын емес, ұлықтайтын ұлылардың көп екендігіне сара жол сала білген ғалым таза тарихи дəйек пен дерекке сүйене отырып, тұлғатанудың тұғырын биіктетті. Қазіргі кезеңде кейінгіге келелі кеңес беретін, ғылымға құштар жастардың бойына тағылымды тəрбиесін сіңірген ғалым биыл бір белестің төріне шығып отыр. Көпті көрген көреген, оқығаны мен тоқығаны көп тəлімгер ағамыздан біздің де, кейінгілердің де алар тəлімі орасан көп деп білеміз.

Əбдімəлік НЫСАНБАЕВ, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі.


8

www.egemen.kz

 Зерде

ХАЛЕЛ ТЎЄЫРЫ Ғарифолла ƏНЕС,

филология ғылымдарының докторы,

Əбілхан СЕЙТІМҰЛЫ, саясаттанушы.

Тыңға түрен салған тұңғыш ғалымдар деген тұста, екі адамның аты-жөні қашанда көкейде жаңғырып тұрады. Бірі – ұлттың ұлы ұстазы, һəм рухани көсемі, ғұлама тілші-ғалым, күллі қазақ қоғамдық ғылымдарының бастау-көзінде тұрған түркітанушы (қазақтанушы) Ахмет Байтұрсынұлы болса, екіншісі – жаратылыстанудың сан саласынан қазақ тілінде тұңғыш оқулықтар жазған оқымысты дəрігер, энциклопедист ғалым Халел Досмұхамедұлы. 1903-1909 жылдары Академия қабырғасында студенттік жылдарын өткізген Халел тек адамның тəн жарасына шипа іздейтін дəрігер болып қана қоймай, өз замандастары Əлихан Бөкейхан, Ахмет

Байтұрсынұлы, Мұхамеджан Тынышбайұлы сынды халқының жан дертіне үңілген қайраткер, ескінің көзі, жаңаның басы бола білді. Халел Досмұхамедұлы Петерборда, Императорлық Жол қатынастары институтында оқыған В.В.Бартольд, В.В.Радлов, Бодуэн де Куртене сияқты атақ-даңқы айшылық жерге жайылған бірегей ғалымдардың дəрісін тыңдады, олардың қырағы көздеріне шалынды. Осы орайда, энциклопедист Халелдің көп тіл білген полиглот екенін де жастардың біле жүргені жөн. Оның жеті жұрттың тілін меңгеруге күш салғаны, оған мұршамүмкіндігі болғаны да осы Петерборда оқыған студенттік кезі еді. Ол алдымен ана тілін сүйді, қадірледі. «Тіл – жұрттың жаны. Өз тілін өзі білмеген ел ел болмайды. Мəдениетке ұмтылған жұрттың алдымен тілі өзгермекші. ...Тілінен айырылған жұрт – жойылған жұрт», дейді ғалым-дəрігер. Ал оның мына бір тарихи жазбасы тура бүгінгінің жастарына бағышталғандай əсер қалдырады: «Ана тілін жақсы біліп тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең, бұл – сүйініш. Ана тілін білмей тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең, бұл – күйініш. Ана тілін білмей тұрып, жат тілге еліктей беру зор қате. Бұл – оқығандардың һəм оқушылардың есінен шықпау керек». Біз ғұламаның аттан түспей, Алаштың көсемі болған күрес жылдары мен айдаудағы азапты айларын аттап өтіп, оның ғылыми-шығармашылық һəм қоғамдық-педагогикалық қызметпен шындап айналысуға мүмкіндігі туған «Ташкент кезеңіне» жəне осы 1921-1928 жылдары атқарған ұлан-ғайыр тындырымды істеріне ғана тоқталмақпыз. 1920 жылдың соңына таман Х.Досмұхамедұлы көптеген «алашшыл» қазақ оқығандары қатарында Түркістан Автономиялы Республикасының орталығы Ташкент қаласына келеді. Осы жылы тамыздың 21-і күні Түркістан Республикасының Халық ағарту комиссариаты жанынан туыстас түркі халықтарының оқуағарту, мəдени һəм ғылыми мұқтаждарын өтеу үшін арнайы Білім комиссиясы құрылады. Ол алдымен осы комиссияның мүшесі (төрағасы – И.Тоқтыбайұлы), кешікпей төрағасы (1921-1923) болады. Оның органы есепті «Сана» журналын шығарады, «Талап» атты əдеби-мəдени бірлестік ұйымдастырады... Осы жылдардағы архив деректеріндегі Х.Досмұхамедұлының өз қолымен жазылған ғылыми есептер қазақ мектептері үшін алғашқы оқулықтардың жазылу тарихы мен баспа ісінің жолға қойылуы, жалпы Түркістан Республикасы мен Қазақ өлкесіндегі оқу-ағарту мен ғылыми-зерттеу жұмыстарының жай-күйі туралы көп мағлұмат береді. Біздің айтпағымыз: осы жылдардағы Х.Досмұхамедұлының ұйымдастырушылық жұмысының арқасында кейін сан салаға жіктеліп өрістеген қазақ ғылымының іргетасы қаланды, ол ғылым-білімнің, оның ішінде түркітанудың (қазақтанудың) алғашқы дəнін себуші, көшетін көктетуші ретінде бағалануы қажет. Ғалым бірінші кезекте қоғамдық ғылымдарды дамытуға күш салды. Əсіресе, Ə.Диваевтың ел арасынан 35 жыл жинаған ауыз əдебиеті үлгілеріне ерекше назар аударып, экономикалық жағдайдың ауырлығына қарамай, оны сатып алуға қаржы тапты. Сырдария мен Жетісу облыстарына тұрақты түрде кешенді этнографиялық экспедициялар ұйымдастырды. Қазақ тілінің (түсіндірме) сөздігін түзуге мұрындық болды. Х.Досмұхамедұлының биология мен зоология, медицина мен жаратылыстану саласындағы алғашқы оқулықтарының тілі, осы салалар бойынша оның қазақ терминологиясына қосқан үлесі əлі күнге арнайы зерттеу объектісі болған емес. Оған бір жағынан біздің де «кінəміз» бар. Өйткені, кезінде Халекеңнің мұрасын жинастырып, оны араб қарпінен қазіргі жазу үлгісіне көшірген жылдары біз аталған оқулықтардың алғашқы 10-15 бетін ғана қайталап жариялаған болатынбыз. Кезінде уақыт жетімсіздігі мен кітап көлемін белгілеген баспа талабына құлақ асқанымыздың үстіне, ол оқулықтар заманауилық тұрғыдан ескірді, мəнін жоғалтты деген ой-пікірде болғанымыз да жасырын емес. Əйтсе де соңғы жылдары қазақ ғылыми терминологиясына ерекше сұраныс туған кезеңде ғалымның еңбектерін тұтастай оқып-көргісі келушілер, оның

төл терминдік жүйесіне қызығушылар көбейді. Бірақ, өкінішке қарай, оны қазіргі жазу үлгісіне көшірем деп ешкім белсеніп суырылып шыға қоймады. Сондықтан ғалымның биология мен зоология, медицина мен жаратылыстану саласындағы ғылыми терминологиясын зерделеу, талқылап талдау ісі де түпнұсқалар айналысқа түспегендіктен тоқталып тұр. Ал ағартушы-ғалымның қазақ ғылыми терминологиясына қосқан үлесін арнайы сөз етудің əбден қажеттілігінің тағы бір басты себебі бар. Өйткені, Х.Досмұхамедұлы – білгір түркітанушы, тілші-ғалым. Сондықтан да оның термин түзушілік қызметін жай сала маманының ділгірлігінен ғана туған құбылыс деп емес, ерекше жауапкершілік жүктеген, тіл қамы мен қамытын қоса сүйреген лингвист еңбегі деп бағалаған орынды. Х.Досмұхамедұлы түркітанушы дегенде біз алдымен оның «Қазақ-қырғыз тіліндегі сингармонизм заңы» атты кітапшасы мен «Диуани лұғат ат-түрк» мақаласын ауызға аламыз. Оның сыртында əлі қолымызға түспеген мұралары мен «Түркі тілдері туралы» сынды авторлығы толық анықталмаған жəне əліпби ауыстыру мен термин (пəн) атауларын қалыптастыру хақындағы талас-тартыстарда айтылған пікірлерін де назардан тыс қалдыруға болмайды. Мамандығы дəрігер ғалым ең алдымен қазақ (түркі) тілінің құрылымы мен жүйесін, оның фонетикасы мен грамматикасын терең меңгеруімен таңғалдырады. «Түрік тілі – жалғамалы тіл. Жалғамалы тілдегі сөздердің түбірі өзгермейді. Сөз аяғына жалғанған қосымшалар арқылы өзгереді. Қазақ-қырғыз тілі – түрік тілінің бір тарауы. Сондықтан қазақ-қырғыз сөздері де түбірін өзгертпей, аяғына қосылған жалғаумен өзгереді, – дейді де, бұл тілдік заңдылыққа анықтама береді. – Қазақтың негізгі жалқы сөзінің түбірінде жуан дыбыстар мен жіңішке дыбыстар бəрінің бірдей дауыспен (не жуан, не жіңішке) ұйқасып айтылуын білім тілінде «сингармонизм» дейді. Сингармонизм деген сөз, қазақша айтқанда, үндестік, ұйқастық деген мағынада». Оның өзге де түрік тілдерінің жүйе-құрылымымен таныстығына мына жолдар дəлел: «Сингармонизм түрік тілінің айрықша өзіне біткен қасиеті. Түрік тілдерінің көбі (Ыстамбұл түріктері, Қазан ноғайы, сарт-өзбек, тағы талайлар) түрік емес халықтардың сөзін көп алғандықтан, жат жұрттарға көп араласқандықтан осы айрықша қасиетінен айырылып қалып отыр. Осы күндерде қазақ-қырғыз секілді шет жұрттармен жарытып араласпай, нағыз түріктікті сақтаған елдердің тілдерінде ғана сингармонизм заңы өзгерместен қалып отыр» . Одан əрі тілімізге ертеректе араб-парсыдан, орыс тілінен енген кірме сөздердің (Халекең «жат сөздер» дейді) үндестік заңына бағынғандығын дəлелдейді. Одан əрі ғалым түрлі-түрлі тілдердің жіктеліс, классификациясына тоқталады. «... Əр топтың бір-бірінен айырмасы түрік тілінің маңғұл иə фин тілінен айырмасындай», – деген полиглот-ғалымның пікірі оның өз дəуірінің барша ғылыми жаңалығымен таныстығын, əсіресе, түркітанудың заманауи білімбіліктерін, ақпарат-мəліметтерін игергендігін танытады. Кітапшаның соңында ғалым əрбір жастың ана тілінде сауат ашып, ұлттық білім алуының маңыздылығына ерекше назар аударады. «Жасында ұлт мектебінде дұрыстап оқыған адам ана тілінің заңын ұмытпайды... Əксент туады, бөтенше сөйлеуге, бөтен елдің адамынан айырылмастай болып сөйлеу бұларға өте қиын болады»; «Орыс мектептеріне кіргендердің есі-дерті орыс тілін жақсы білу, орысша жақсы сөйлеу болатын еді. Орыс мектептеріндегі оқытулардың да бар тілегі жасөспірімге орыс тілін жақсы білдіріп, орыс тілін ана тіліндей қылып жіберу еді», – деген ескертпесін 70 жыл білмей, бойымызға сіңірмей келгеніміз қандай өкінішті!?. Ғалымның «Диуани лұғат ат-түрк» мақаласы да дəл осындай заманауи өзектілігімен, ғылыми тереңдігімен жəне тарихи-рухани мұраға деген үлкен жанашырлығымен ерекшеленеді. Түркияда А.Рифат əфəнді бастырған үш томдық М.Қашқари сөздігін жаһандық соғысқа байланысты алдырта алмағандығын, енді ғана қолына тигеніне риза бола отырып: «Түрік азаматтарының білімге, түрік ұлтының тілі мен əдебиетіне мынадай назар салғандықтарына қуанышымыз қойнымызға сыймай отыр», – дейді ғалым. Одан əрі: «Бірақ сонда-дағы бұл кітаптың басылуы өзінің жақсылығымен осы күнге дейін Түркияда басылған бұрынғы кітаптардан айырылып тұр. Қатасын түзетуге артықша назар салғандық, жете қарап бастырғандық, қолдан келгенше түп (оригинал) кітаптың суретін сақтауға ыждаһат қылғандық... Түркияда кітап басуға осындай артық назар салуды көріп, біздің қуанышымыз екі есе болып отыр», – деген жолдардан оның мұраға деген махаббат-ыждағаты, баспагерредакторлық тəжірибесінің молдығы сезіліп тұрады. Осы сын-рецензия есепті көрінетін, ал шындығында толымды зерттеу еңбегінде Х.Досмұхамедұлы түркі тілінің тарихын сөз ете отырып, өзін диапазоны кең тарихшы ғалым ретінде көрсетеді. Шағын шолуынан біз оның Йусуф Хас Хажиб жазған «Құдатғу білікпен» де жан-жақты таныстығын аңғарамыз. Сонымен бірге, ол арабша «Түрк-мағол-парсы тəржіманы» (Хоутсма һəм Мелиоранский нəшрі), Абу Хайан əл-Гарнатидің «Китаб əл-идракы», Мысырдан табылған «Гүлстан» тəржімесі, «Құман һежесі – Кодекс Куманикус» сияқты түркологияның əлемдік жауһарларының тек атын емес, сын-сипаттарын да ерекшелеп атап, бүгінгі жоғары білімді филологтардың өзін таңғалдырады. Тіптен ол осы мақаласында əл-Фараби есімін де ауызға алып (мүмкін қазақ баспасөзінде тұңғыш рет!), кемел білімдарлығымен бізді айрықша қайран қалдырды: «Ислам дүниесінде иктисадий ғылымдарды Сырдария жағасынан барған бір түрік ғалымы (Фараби) бастап жазған болса, М.Қашқаридың да таза бір диуани (светский) ғалым, дүнияуи жағрафия һəм тіл ғалымы болып, кітабын мынадай бір жолға қойды». Одан əрі 1923 жылы Тəшкенде жарық көріп, кейін тыйым салынған мақаламен танысқан жан 1970-1980 жылдары ҚазМУ-дің филология факультетінің аудиториясында отырып, профессор Б.Кенжебаев сынды жаңашыл ғалымның енді-енді жария бола бастаған тың да даулы ой-пікірлерімен танысқандай əсерде болады: «Түрік қауымының тіл, əдебиет һəм мəдениет тарихы үшін 1889-жылы Орхон жағаларында Ядринцев тапқан, Томсен, Радлов һəм басқа ғалымдар тарапынан үйреніліп, нəшр етілген, барлық мəдениет, хан дүниесінің назарын өзіне қаратқан, хан ерлерінің фікірін алыстырған ескі түрік, Орхон «бітіктастары» қандай аһамиаты болса, Махмұд Қашқари кітабының да аһамиаты сондай. Махмұд Қашқаридің түрік қауымына, өз ұлтына мунасабаты Күлтегін, Білге хандардың мунасабатындай һəм түрік руларын, түрік тілін білуі, əсіресе, білімі олардан артық болған». Х.Досмұхамедұлы рухани-мəдени өміріміздегі тағы бір шыңы, өшпес тарихи ізі – қазақ поэзиясының классигі, жыраудың соңы, ақынның басы Махамбеттің алдаспан жыр-толғауларын жинап, хаттап, арнайы кітап құрастырып, бүгінгі ұрпаққа мирас қылуы. Өткенін қастерлеген халықтар үрдісіне ден қойсақ, ол осынау жалғыз-дара ерлік-еңбегімен – махамбеттанушы ретінде, оның бастау-көзінде тұруымен ғана өз-өзіне мəңгілік ескерткіш орнатып, ұлттың ұлы көшті шежіресіне атын алтын əріппен жазып қалдырды.

10 желтоқсан 2013 жыл

 Туыстық туы

Озыќ білім ордасы Елімізде «КАТЕV» халықаралық қорының құрылғанына жиырма жылдан асып барады. Көзі қарақты, газет-журналды үзбей оқитындар болмаса оның қандай қор екенін біле бермейтіндер көп. Түрікше «қазақ-түрік ейтим вакфы» деген сөздердің алғашқы əріптерінен құрастырылған қордың қазақша толық атауы «Қазақ-түрік халықаралық білім қоры» деген мағынаны береді. Ол 1997 жылы, Қазақстанда түрік азаматтары мен қорларының қолдауы арқылы ашылған білім беру мекемелерінің қызметін үйлестіру мақсатымен құрылған болатын. Қазақ-түрік лицейлері алғаш рет Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Түрік Республикасының Президенті Тұрғыт Озалдың екіжақты келісімінің негізінде 1992 жылдан бастап ашыла бастаған. Алғаш ол Алматы, Көкшетау жəне Түркістан қалаларында ашылды. Ал «КАТЕV» қорының құрылған уақытын алғашқы лицейлердің ашылған жылынан есептейді. Жақында осы қордың президенті Мехмет Месут ата мемлекеттік тілді көркейтуге қосқан үлесі үшін қоғамдық «Тіл жанашыры» құрмет белгісімен марапатталды. Еліміздің түкпір-түкпірінен ұсынылған 100-ден артық үміткердің арасынан білікті комиссия 27 адамның бірі етіп «КАТЕV» қорының басшысын таңдап алуы тегін емес. Қазақ-түрік оқу орындарының жəне олардың үйлестірушісі «КАТЕV» қорының Қазақстандағы орны қандай деген сұрақтарға төменде қордың президенті Мехмет МЕСУТ ата жауап береді. – Мехмет-бей, алған құрметіңіз құтты болсын.Енді Сіз түркиялық профессор Əбдіуақап Қара, Еуропа қыпшақтары қауымдастығының президенті Вад Ласло, Мюнхен университетінің профессо ры Кайум Кеснжи жəне т.б. қатарын да осы құрметке бөленген шетелдік азамат болдыңыз. Біздің оқырмандарымызға «КАТЕV» қорының жұмысы жəне оның аясында ашылып жатқан Қазақ-түрік оқу орындарының елімізде көбейе беру сыры туралы айтып берсеңіз? – Түрік пен қазақ халықтарының туыстығында, өзара бауырластығында шек жоқ екені белгілі. Қазақ халқының басына түскен сонау қиын-қыстау жылдарда, нақтырақ айтсақ 1952 жылы жеркөк сыйдырмаған қазақ бауырларымызды Түркияның құшақ жая қарсы алғанын білесіздер. Осы күні Бұланай (Гималай) тауынан барынша дайындалған, оттегі жетпейтін кеңістікті бағындыруға арнайы дағдыланған спортшы – альпинистердің өздері де зорға өтетінін білеміз. Ал біздің қазақ бауырлар қысымның күштілігінен малжандарымен, соның ішінде əйел, бала-шағасымен, қарт адамдарымен туған жері Шығыс Түркістаннан қашып, сол Гималай мен Тибеттен еш дайындықсыз асуға мəжбүр болған. Осы сапар барысында қаншама адамдардың, малдардың қырылғанын да бүгін біліп отырмыз. Осынша азаппен келген оларды Үндістан мен Пəкстанның даласындағы Кашмирге де сыйғызбайды. Сол кезде көш бастаған ерлер «қазақ босқындары қоғамын» құрып, соның екі мыңдай мүшесінің атынан өздерін паналатуды сұрап Түрік өкіметіне хат жазған. – Барлық тарихты жақсы біледі екенсіз... – Əрине. Мен бұл тарихты Түркияда жүргенде білген болатынмын, артынан Қазақстанға келгенде анықтай түстім. Қазір қазақ бауырларымыздың тарихын да бұрынғыдан гөрі тереңірек біліп келемін. – Ал, сіз сол кезде Түркия өкіметін басқарып, қазақтарды қабылдау туралы шешім шығарған кімдер екенін білесіз бе? – Əлбетте... Қазақ бауырларды қабылдау туралы 1952 жылдың 13 наурызындағы өкіметтің қаулысына сол кездегі Бас министр Аднан Мендерес қол қойып, оны Президент Жəлел Баяр мақұлдаған. А.Мендерес мырзаның өзі тіпті босқындарға барып, олардың балаларына өз қолымен сый-сияпат үлестірген. Былтыр бұл оқиғаның 60 жылдығы Түрік Республикасында кеңінен аталып өтті. Түркиялық қазақтар жəне Қазақстанның Түркиядағы елшілігінде істейтін қызметкерлер, туристік немесе арнайы сапармен сол кезде Түркияға барған қазақстандықтар, түрік халқының зиялы қауымы мен жергілікті билік өкілдері Ыстамбұл қаласындағы осы екі тұлғаның кесенесіне барып, рухына тағзым етіп, құран бағыштағанын естідім. Біздің «КАТЕV» қорымыз сол дəстүрді жалғастырып, қазақ бауырларымыз үшін игілікті істер атқарып келеді. – Дұрыс-ақ... Ал енді «КАТЕVтің» бүгінгі жұмысына оралайық. – Капиталистік қоғамдық қаты настарда халықтың сұраныстарына ие болатын дүниелер ғана дами алады. Егер қазақ-түрік оқу орындарының саны 20 жылда 10 есе өскен болса, оның халық сұраныстарына сай екендігін көруге болады.

1993 жылы олардың саны 15, 1994 жылы 24 болған. Бұлардың бəрі дерлік қазақ-түрік лицейлері деп аталған орта білім беретін мекемелер. Бүгінгі күні осындай лицейлермен қатар Астана, Өскемен қалаларында халықаралық мектептер, Алматы жəне Тараз қалаларында екі колледж, бұлардың үстіне Алма тыдағы Сүлеймен Демирел атындағы университетті қоссаңыз қазақ-түрік оқу орындарының саны 30-ға жетіп қалады. Бізде қызмет істеп, білім беретін түркиялық жігіттер мен қыздардың бəрі де Түркияның жəне шетелдің үздік оқу орындарын тəмамдағандар. Оқу орнының бағасын түсірмес үшін біз тек үздік мамандарды ғана жұмысқа қабылдаймыз. Қазақстандық мамандарымыз да сондайлар. Біздегі гуманитарлық пəндер, атап айтқанда тарих, география, қазақ əдебиеті, əскери дайындық, өзін-өзі тану жəне т.б. тек қана қазақ тілінде жүргізіледі. Ал биология, химия, математика, физика, информатика сияқты жаратылыстану пəндері ағылшын тілінде оқытылады. Өйткені, əлемдегі ғылым тілі – ағылшын. Сондықтан ғылымға бейім балалар осы бастан ағылшын тілін еркін меңгерсін деген мақсат алға қойылған. Ал түрік, орыс тілдері шетелдік тілдерді үйрету бағдарламасымен оқытылады. Сөйтіп, біздің мектептерімізді бітірген түлектер төрт тілде еркін сөйлеп, жəне соның ішінде, ғылым тілін еркін меңгеріп шығады. Айта кетерлігі, біз Қазақстанның мемлекеттік органдары бекіткен оқу стандарттарынан да ауытқымаймыз. Дегенмен, əлемдік озық тəжірибелерді үнемі ендіріп отырамыз. Мəселен, ағылшын тілін тезірек үйретудің озық əдістерін біз бірден енгіземіз. Ондайларды ақыл-ойы озық, ойшыл, өнертапқыш адамдар жасады ғой, демек, олардың ашқан дүниесін тезірек қабылдаған өзімізге пайдалы. Əсіресе, Кембридж сияқты атақты университеттердің аясында шыққан жаңа дүниелерді тезірек қабылдаған өте тиімді екені көрініп жүр. – Дегенмен, оқудың əлемдік озық əдістерін қолданып, білім беріп жатқан білім ордалары бізде аз емес. Бірақ, солардың атақ-даңқы қазақ-түрік лицейлеріне жете алмау себебі неде деп ойлайсыз? – Жақсы пікіріңізге рахмет. Біздің білім ордаларымыздың атақдаңқын шығарып жатқан шəкірттеріміздің саналы тəрбиесі, сапалы білімі жəне əлемдік сайыстардан алып жатқан жүлделі орындары ғой. Осы 20 жылда пəн олимпиадалары мен түрлі кон курстарға қатысқан қазақ-түрік лицейлерінің оқушылары ұзын саны 10097 медальды жеңіп алды. Соның 1870-і ха лықаралық олимпиадалардан алған олжаларымыз. Мəселен, оның соңғы алтын медалін тараздық Қайрат Əшім деген баламыз Мəскеуде болған 45-дүниежүзілік химия олимпиадасынан əкелді. Соңғы жетістіктерді ғана айтар болсақ, 2013 жылдың маусым айынан бастап, қазан айына дейін болған халықаралық сайыстарда ҚТЛ оқушылары 8 алтын, 16 күміс, 14 қола медаль алып, Қазақстан қоржынын қоңдандыра түсті. Ал ішкі, республикалық пəн олимпиадаларында шəкірттеріміз 2108 алтын, 2956 күміс, 3163 қола медаль жеңіп алғаны аз табыс емес екенін айтып мақтана аламыз. Орта есеппен алғанда əрбір екі шəкіртіміздің бірі медаль алған. Осының өзі бұлақ көзін ашса қазақ балаларының өте дарынды екенін

көрсететін факты. ҰБТ нəтижелері бойынша да ҚТЛ түлектерінің ЖОО-ға түсу көрсеткіші 99 пайызды құрап отыр. Президент Нұрсұл тан Назарбаев «КАТЕVті» 20 жылдығымен құттықтаған сөздерінде: «ҚТЛ оқушыларының көп тілде білім алуының өткен жылдардағы оң тəжірибесі олардың үздік сабақ үлгілері мен бəсекеге қабілеттілігін айқын көрсетіп отыр. Шəкірттердің тек соңғы бес жылдың өзінде халықаралық олимпиадалар мен ғылыми сайыстарда 220 алтын, 304 күміс, 421 қола медаль жеңіп алғаны зор мақтаныш екені сөзсіз. Білім ұясының түлектері кəсіби білігі жоғары маман болып, ел экономикасының дамуына жəне Қазақстан мен Түркия халықтарының арасындағы бауырластық байланыстарды дамытуға лайықты үлестерін қосатынына сенімдімін» деген еді. Біз бұл сөздер біздің еңбегімізге берілген жоғары баға деп білеміз. – Жоғарыдағы бір сөзіңізде саналы тəрбиемен де мақтана аламыз деп айтып қалдыңыз. Демек, тəрбиеге де қатты мəн беретін болдыңыздар ғой? – Əлбетте. Ұлы бабамыз Əбу Насыр Əл-Фарабидің «тəрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деген ұлағатты сөзін иісі түркі халықтары, мұң мұсылман əлемі жүрегіне берік тұтқан. Барлық озық ойлы адамзат та мұны қолдайды. Қытай халқында: «егер сіз бір жылдық болашағыңызды ойласаңыз – егін егіңіз. Егер он жылдық болашағыңызды ойласаңыз, ағаш өсіріңіз. Ал егер жүз жылдық болаша ғыңызды ойласаңыз – балаңызды жақсылап тəрбиелеп, білім беріңіз» деген екен. Көріп отырғанымыздай, ұлы қытай халқы да тəрбиені білімнен бірінші айтады. Біз де тəрбиеге қатты мəн береміз. Ұл балалар мен қыздардың бір-біріне ғизатты құрметпен қарауы біздің оқу орындарында шүу дегеннен бойға сіңіріледі. «Тəрбие басы – тіл» деп Махмұд Қашқари бабамыз айтқандай, баланы тəрбиелеу туған тілге деген құрметтен басталады. Сондықтан да біздің лицейлерімізде қазақ тілін үйренуге үлкен мəн беріліп, баланың ана тілін жетік меңгеруіне қатты көңіл бөледі. Тілдің марқаюына, алға дамуына əсер ететін игі факторлар халықтың əдет-ғұрпы мен салт-дəстүрлері болса, оларды үйретуге де үлкен мəн беріліп отыр. Біздің оқушыларымыздың сыпайы, үлкенге құрметпен кішіге ізетпен қарай білетіндігі осы бағыттардағы жұмыстардың нəтижесі деп білемін. Сонымен қатар, өз Отанына деген сүйіспеншілікке, патриоттық сезімнің өріс алуына да біздің лицейлерімізде үлкен мəн беріледі. Осы қасиеттерді бойына сіңіре алған бала білімде де озық болады. Жалпы, əлемдік тəжірибеде жақсы тəрбие болған жерде ғана биік білім нəтижесіне қол жеткізілетіні анықталған. Біздің білімде биік нысандарды бағындырып жатқанымыздың сыры сол. Сондықтан Қазақстандағы қазақ ата-аналармен қатар көптеген басқа этнос өкілдері балаларын біздің мек тептерімізге беруге тырысады. Біздің лицейлеріміздің оқуға қабылдауының жылдық мүмкіндігі 1400-1500 оқушы болса, балаларын бізге бергісі келетін ата-аналар 17-18 есе артық болады. Лицейге түсе алмаған талапкерлердің мұңайған түрін көргенде мүмкіндігіміздің шектеулі болғанына қатты қынжыламыз. – Қазір қазақ-түрік лицейлерінде қанша шəкірт бар? Оларды оқы татын ұстаздар қанша

жəне сіздің лицейлеріңіздің оқу ақысы қанша? – Жауапты соңғы сұрағыңыздан бастайық. Жалпы «КАТЕV» аясында ашылған оқу орындарының 4-уі ғана жекеменшік, қалған 26-сы мемлекеттік оқу орындары болып табылады. Демек, оқу соңғыларында тегін деген сөз. Тек тамаққа ғана төлейді. Ал жекеменшік оқу орындарының бағалары əртүрлі. Өте қабілетті балаларға грант бөлініп, тегін оқытылады. Мəселен, «КАТЕV» қоры Білім жəне ғылым министрлігімен бірге өткізетін «Жарқын болашақ» олимпиадасының жеңімпаздарына С.Демирел атындағы университетке жыл сайын 20 білім грантын береді. Ал енді оқушылардың санына келетін болсақ, барлық лицейлерімізде биылғы оқу жылында 8391 шəкірт білім алып жатыр. Мұғалімдердің саны – 969. Олардың 115-і Түркия азаматтары, қалған 854-і қазақстандықтар. – Енді «КАТЕV» халықаралық қорының жеке өзі туралы да айта кетсеңіз? – Қордың өзінде барлығы 30 шақты адам қызмет етеді. Бас офисі əзірге Алматы қаласында, бірақ алдағы уақытта Астанаға көшіру көзделіп отыр. Бұл қор қазақ-түрік оқу орындарындағы оқу-тəрбие жұмыстарына түрлі қолдау шараларын жасаумен қатар, республикалық жəне халықаралық деңгейдегі əртүрлі əлеуметтік-мəдени, ғылымиағарту шараларының ұйытқысы болып келеді. Нақтырақ айтсақ қордың қолдауымен қазақ тілі оқулықтары, қазақ тілінде ЖООға түсуге дайындық кітаптары, қазақ тілін үйренушілерге арналған электронды оқулықтар, қазақ тілінің мұғалімдеріне көмекші оқу-əдістемелік құралдар жəне т.б. жарық көрді. Қазір бұл оқулықтарды орта білім беретін мектептер мен басқа да оқу орындары өз кəделеріне жаратуда. Сондайақ, «КАТЕV» қоры жоғарыда айтқанымдай Білім жəне ғылым министрлігімен бірлесіп, жыл сайын мемлекеттік тілдің мəртебесін көтеру мақсатында 7-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасын өткізіп келеді. Оның басты мақсаты: Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мен дамытуға үлес қосу. Жыл сайын болатын осы конкурсқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен 5000-ға жуық оқушы қатысады. Оның 1 мыңға жуығы финалдық жарыстарға өтеді. Жарыстар: қазақ тілі грамматикасы; қазақша мəнерлеп сөйлеу; халық əндерін орындау; ақынжазушылардың шығармаларынан үзінділер орындау; ұлттық құндылықтар бойынша ғылыми жұмыс тар сияқты бес бағытта өтеді. Финалда жеңімпаз болған 20 оқушыға С.Демирел атындағы университетте тегін оқуға грант беріледі. Бұлардан басқа да бəйгелер мен сый-сияпаттар жасалады жəне үздік шығармалар сұрыпталып, кітап болып шығарылады. Былтыр «Жарқын болашақтың» V конкурсы өткізілді. Биылғы аудандық деңгейдегі іріктеулер 2014 жылдың сəуір айынан басталады. «КАТЕV» қоры əлемдік озық оқу орындарымен тығыз ынтымақтастық орнатқан. Мəселен, Оксфорд университетінен ҚТЛ тіл үйрету үшін ағылшын тілінің мұғалімдері шақырылып тұрады. Осы уақытқа дейін осындай, 120 білікті мұғалімдерді алдырдық. Сонымен қатар, қор ҚТЛ оқушыларын жаз айларында Америка мен Англияның озық университеттеріне тіл үйренуге əрі демалуға жіберіп тұра ды. Кореяның аты шығып тұрған «КАІSТ» университетімен ынтымақтастық орнатып, ҚТЛ-ның 30 шақты оқушысын сонда ақысыз оқыту жөнінде келісімге қол жеткіздік. Қордың бұлардан басқа да толып жатқан жұмыстары бар. Бізге құрметті төрағасы Махмұт Қасымбеков болып табы латын комис сияның «Тіл жанашыры» Құрмет белгісін беруі – сол қол жеткізілген табыстарды бағалағаннан болуы керек деп ойлаймын. Əңгімелескен Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».


 Мəселенің мəнісі

 Жағымды жаңалық

«Ипотекалық Ұйым «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» АҚ-тың «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасын жүзеге асырудағы қызметінің негізгі бағыты қазақстандықтарды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету ел Үкіметінің алдында тұрған келелі міндеттердің бірі. Мемлекет басшысы халық мүддесінен туындаған бұл көкейкесті мəселені тұрақты назарда ұстап, тұрғындарды қолжетімді пəтерлермен қамтамасыз ету мақсатындағы мемлекеттік бағдарламалардың кешенді түрде іс жүзіне асырылуына басымдық беріп келеді.

Сатып алу ќўќымен жалєа беру Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Осы орайда, Қазақстанның тұр ғын үй құрылысы нарығында 13 жылдан бері жемісті еңбек етіп келе жатқан «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» акционерлік қоғамының тиімді тəжірибесі мен нəтижелі жұмысы ерекше көңіл бөлуге тұрарлық. Алғаш құрылғаннан бергі күннен бастап бұл компания ипотекалық несие көлемін арттыра отырып, тұрғындардың пəтер сатып алуы үшін барынша қолайлы жағдай жасауға қызмет етіп келеді. 2001 жылы тəуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет пəтер алу үшін ипотекалық несие берілді. Міне, нақ осы күннен еліміздегі ипотекалық несие беру шежіресі басталды. Ал бұл алғашқы несиенің «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» (ҚИК) АҚ-тың бағдарламасы бойынша берілгенін де атап өткен жөн. 2003 жылы «ҚИК» АҚ-қа қаржылық агент дəрежесі берілді. Елімізде 2004 жылы Қазақстан Республикасының 20052007 жылдардағы мемлекеттік тұрғын үй құрылысының бағдарламасы қабылданды. Компания шежіресіндегі тағы бір елеулі оқиғалардың бірі ретінде осы бағдарлама бойынша «ҚИК» АҚ-тың қаржы операторы болып бекітілгенін айта кетейік. Осы өткен 13 жыл ішінде «ҚИК» АҚ-тың қызметінің нəтижесінде 56 мың қазақстандық отбасы жаңа пəтерлерге қоныстанды. Егер, дəстүрлі түрде əрбір отбасында орта есеппен 4 адамнан болады деп есептесек, осы жылдар ішінде компания көмегімен 220 мың отандасымыз тұрғын үй жағдайларын жақсартқан екен. Бүгінгі күні «ҚИК» ИҰ» АҚ елімізде кең көлемде жүзеге асырыла бастаған «Қолжетімді тұрғын үй-2020» мемлекеттік бағдарламасының тұрғын үйлерді «сатып алу құқығымен жалға беру» бағытын нақты

9

www.egemen.kz

10 желтоқсан 2013 жыл

«ҚИК» ИҰ» АҚ «Қолжетімді тұрғын үй2020» мемлекеттік бағдарламасының «сатып алу құқығымен жалға беру» бағытының негізгі операторы болу үшін осы мəселеде жинақталған шетелдердің тəжірибесін жан-жақты зерттеп, тұрғындар үшін жалға берілетін пəтерлердің бағасын барынша төмендету жолындағы мүмкіндіктерді қарастырды. Осындай тыңғылықты дайындықтан кейін «ҚИК» ИҰ» АҚ тұрғындарды жалға берілетін тұрғын құрылысы қозғалысына көптеп тартудың тиімді тетіктерін кеңінен пайдалануды көздеп отыр. Соңғы жылдардың тəжірибесі көрсетіп отырғанындай, ипотека лық несие, құрылыстағы үлескер лік қозғалыс жəне тұрғын үй құрылысының жинақтау жүйесі сияқты бұдан бұрын елімізде кеңінен қолданылып келген механизмдер тұрғындардың қолжетімді баспана алуға деген сұранысын толық қамтамасыз ете алмайды. Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында бағаның тұрақты өсіп отыруына байланысты ипотекалық несие алу үшін пəтер құнының 30 – 50 пайыз құнын алғашқы жарна ретінде төлеуге екінің бірінің шамасы келмейді. Сонымен бірге, біздің банктердің ипотекалық несие беру үшін алатын сыйақылары да қарапайым халықтың қалтасын тақырлайды. Тұрғын үй құрылысының жинақтау жүйесі пəтер құнының бастапқы сомасын жинақтау үшін 3 жылдан 15 жылға дейінгі уақытты қажет етеді. Ал еліміздегі құрылыстағы үлескерлік қозғалыстың қалай жалғасқанын жұртшылық жақсы біледі. Құрылыс саласын өрмекшінің торындай шырмаған алаяқтарға алданған үлескерлер əлі күнге дейін адал ақшалары төленген пəтерлеріне зар болып жүр. Қалыптасқан осындай жағдайда қарапайым халық үшін бір ғана тиімді жол қалып отыр. Ол – «Қолжетімді тұрғын үй-2020» атты жаңа мемлекеттік

немесе кіші пəтерлерге ауысқысы келсе, ол жалға берушіден пəтерді ауыстыруды сұрауына болады. Пəтерді ипотекалық несие арқылы сатып алу барысында мұндай мүмкіндіктер жоқ. Егер пəтерді жалға алушы əлі құны толық төленіп бітпеген пəтерде тұрып жатып, пəтерді одан əрі жалға алу құқығынан бас тартатын болса, онда ол сол пəтерді жалға алу құқығын үшінші бір басқа адамға беруіне болады. Пəтерді жаңадан жалға алушы бұрынғы адамның сол уақытқа дейін төлеген жалға алу шығынын төлейді. Бұл тəсілдің тағы бір артықшылығы, пəтерді жалға алу мерзімін жалға алушының өзі реттеп отырады. Бағдарлама тəртібі бойынша, пəтерді жалға алушы мүмкіндігіне қарай жалға берудің 15 жыл мерзімін күтпей-ақ 10 жыл өткен соң пəтер құнының қалған ақшасын бірден өтеп, пəтерді толық сатып алуына болады. Пəтерді жалға алушыдан ал ғашқы жарна талап етілмейді, оның орнына алты айлық жалға беру ақысы көлеміндегі қаржы талап етіледі. Бұл пəтерді жалға алушының мүлікті бүлдірмеуі үшін немесе арендалық өтемдерді уақытында төлеуі үшін қажетті кепілдік болып табылады. Осы кепілді жарна қаржысы толық сақталған жағдайда кейіннен ол жалпы пəтер құнын өтеу қаржысына қосылады. «ҚИК» ИҰ» АҚ тұрғын үйді жалға беру бағдарламасы шеңберінде 3-ші жəне 4-ші қолайлылық дəрежесіндегі көлем жағынан онша кең емес пəтерлерді ұсынады. Бұл пəтерлерді жалға алу төлемдерінің көлемі қолайлылық класы, тұрғын үй құрылысы салынған өңір жəне жер сілкінісі қаупінің дəрежесі сияқты параметрлер кіретін құрылыс бағасына байланысты болады. Құрылыстың соңғы бағасын мемлекеттік сараптау жəне мемлекеттік сатып алу қорытындылары анықтайды. Бұл бағдарлама бойынша Астана жəне Алматы қалаларында жалға берілетін толық

Еларалыќ ќўрмет Ќазаќ режиссері Шыѕєыс Айтматов атындаєы халыќаралыќ сыйлыќтыѕ лауреаты атанды Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Бұл оқиғаны бір жағынан қазақ пен қырғыздың бауырмалдық белгісі ретінде де қабылдауға болар еді. Соңғы жылдары Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры Алатаудың арғы бөктеріндегі қырғыз еліне бір емес, бірнеше рет барып, өнерден көпір салды. Айырқалпақты бауырлардың елінде Қазақстанның мəдени күндері өтуіне театр қалқадерінше үлесін қосты. Жуырда Бішкек қаласында жазушы Шыңғыс Айтматовтың 85 жылдығына орай IV халықаралық ARTORDO атты театр фестивалі болып өтті. Фестивальға Т.Абдумомунов атындағы Қырғыз ұлттық академиялық драма театры, Жамбыл облыстық орыс драма театры, Новосібір мемлекеттік театр институты ұжымы, Б.Қыдыкеев атындағы Бішкек театры, ыстамбұлдық

«Адана давлет» жəне еліміздің Ғ.Мүсірепов атындағы Балалар мен жасөспірімдерге арналған мемлекеттік академиялық қазақ театры қатысқан болатын. Фестиваль барысында еліміздің белгілі режиссері, сценарист Талғат Теменов халықаралық Шыңғыс Айтматов атындағы сыйлықпен марапатталды. Жоғары деңгейдегі жүлдені Қырғыз Республикасының Мəдениет, ақпарат жəне туризм министрі Сұлтан Раев табыс етті. Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық Балалар мен жасөспірімдер театрында соңғы 2-3 жыл көлемінде Талғат Теменовтің сахналауымен Шыңғыс Айтматовтың «Қызыл орамалды шынарым» екі бөлімді драмасы, «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет» трагедиясы қойылды. Қазіргі күндері Т.Теменов өз қаламынан туған «Судағы із...» 24 сериялы көркемфильмін «Қазақстан» телеарнасының арнайы тапсырысы бойынша түсіру үстінде. АЛМАТЫ.

 Өңір өнері

Ауылдаєы ќуыршаќ театры тўсаукесер ќойылымда 500-ге тарта кґрерменді жинады Оңдасын ЕЛУБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Айдынды Зайсан көлінің жағасында қоныс тепкен балықшылар ауылы Тұғыл соңғы бір-екі жылда көркейе түсіпті. Ауылдың өсіпөр кендеуіне ерекше үлес қосқан ұлт жанды азамат, бұрынғы əкім Тұрсынбек Зəкарияновтың орнына кəсіпкерлікпен шұғылданған Қайырбек Мамболов деген іскер азамат келіпті. Қазір мұнда үш орта мектеп, балабақша, екі балық зауыты, бірнеше мекемелер жұмыс істеп тұр. – «Бітер істің басына, жақсы келер қасына» демекші, бүгін бізде үлкен жаңалық. Облыста бірінші болып «Алтын балық» қуыршақ театры балаларға арнап «Қоян мен маса» ертегісі бойынша қойылымды жұрт талқысына ұсынбақ. Ертегіні ойлап тапқан жерлесіміз, талантты режиссер əрі костюмер Нұржан, ал қуыршақтарды тігіп, сахнаға қоятын жұбайы Галина Дүнгененова. Бірге тамашалайық, – деп ауыл əкімі Нұржан ініміз елең еткізді. Шынында да, қуыршақ театры шалғайдағы ауылды былай қойып, облыс орталығы Өскеменде жоқ. Тарбағатай ауданының Тұғыл кенті жақсы бастаманы қолға алған екен. Талапты жастармен спектакль басталғанға дейін əңгімелесіп үлгердік. – Зайыбым Галинамен Көкшетауда таныстым. Ол қазақтың əдет-ғұрпын, тілін менен жетік меңгерген. Жүрегіміз жарасып, үйлендік. Галина

қуыршақ театрында алты жыл қызмет еткен. Мен де өнерге жақынмын. Өткен жылы кіндік қаным тамған ауылыма оралдым. Тұғылдағы күрделі жөндеуден өткен Мəдениет үйіне аудан əкімі Ділдəбек Оразбаев 1 миллион теңгеге қажетті құрал-жабдықтарды сатып əперіпті. Аманшылық болса, сол кісінің қолдауымен Тəуелсіздік күні қуыршақ театрының өнерін Ақжар мен аудан орталығы Ақсуат ауылдары тұрғындарының назарына ұсынбақпыз. Ал осы аптаның сенбісінде «Сайқымазақтар» спектаклін қоямыз, – деп Нұржан сахнаға жүгіріп шықты. Міне, қызық. Сахна төрі аңдар мен құстар, шырша мен самырсын, сан алуан гүлдерге толы. Мəдениет үйіне жиналған 500-ге тарта көрерменнің

көзі сахнада. Шынында да, қуыршақ театрының өнерін тек телеэкраннан ғана көріп жүрген балалардың қызығушылығын түсінуге бола ды. Нұржан қасқыр мен аюды, Галина тышқанды, 8-ші сыныптың оқушылары Аружан Оразова мен Гүлім Қабылқақова түлкі, маса, қоянды шебер орындап шықты. Қойылым аяқталғаннан кейін ауыл əкімі Қайырбек Мамболов, ақсақалдар өнерпаздарға ризашылық білдіріп, сəттілік тіледі. Қуыршақ театрының алғашқы қадамы қуантады. Дүнгененовтар отбасына ауыл тұрғындарының ықыласы ерекше болатыны түсінікті шығар. Шығыс Қазақстан облысы.

 Тіршілік түйткілдері

Балаларды бозартып, зейнеткерлерді зарыќтырєан

іс жүзіне асыратын негізгі операторлардың бірі болып табылады. Сонымен бірге, бұл компания екінші деңгейлі банктер үшін коммерциялық ипотекалық несие беру бағдарламасының ірі провайдері болып табылады. Елбасының тікелей бастамасымен өмірге келген «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы еліміздегі тұрғын үй құрылысының проблемасын кешенді түрде шешуді күн тəртібіне қойып отыр. Болашақта бұл бастамалар тек тұрғын үй құрылысы рыногының ғана емес сонымен бірге бүкіл жылжымайтын мүлік рыногының тұғырына айналады деп күтілуде. Ел тұрғындарының əлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген топтарын қолжетімді баспанамен толық қамтамасыз ету мəселесі мемлекеттің ең маңызды стратегиялық міндеттерінің бірінен саналады. Жыл сайын Қазақстанда орта есеппен 6 млн. шаршы метр тұрғын үй құрылысы пайдалануға беріледі. Республикамызда 2012 жылы қолжетімді тұрғын құрылысы нарығында біршама оң жетістіктер орын алғанымен, əлі де тұрғындардың басым көпшілігі несие алу мүмкіндіктерінің шектеулі екендігіне байланысты тұрғын үй жағдайларын жақсарта алмай отыр. Міне, нақ осы ипотекалық несие алуды жағдайы көтермейтін тұрғындар үшін тұрғын үйді жалға алу ең оңтайлы тəсіл болып табылады. Осыған байланысты қазір Қазақстанда жалға берілетін тұрғын үй құры лысы барынша дамытылғалы отыр. Тұрғындардың əлеуметтік жағынан аз қорғалған топтарын қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету жолындағы осы бір мемлекеттік маңызды бағдарламаны іс жүзіне асыру мақсатында «Ипотекалық Ұйым «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» акционерлік қоғамы көшбасшылық танытып отыр.

бағдарлама аясындағы «сатып алу құқығымен пəтерлерді жалға беру» тəсілі болып табылады. Пəтерлерді жалға алудың өзін дік ерекшелігі, тұтынушы жаңа пəтерге кіргеннен кейін ғана оның жалға алған құнын төлей бастайды. Пəтерді жалға алу құны ипотекалық несие жарнасын төлеуден əлдеқайда арзанға түседі. Жоспар бойынша республикамыздағы 35 шаршы метрден 75 шаршы метр көлеміндегі эконом-кластағы пəтерлерді орташа айлық жалға алу құны əрбір шаршы метрге 1000 теңгеден айналады деп жобалануда. Алайда, аймақтар бойынша пəтердің жалпы алаңының бір шаршы метрінің түпкілікті құны тұрғын үйдің жобалаусметалық құжаттамасына Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы негізінде анықталатын болады. Бұл нақ осындай көлемдегі пəтер үшін төленетін ипотекалық несиеден айтарлықтай төмен. Пəтерлердің жалға алу құны неғұрлым төмен болса, соғұрлым тұрғындардың əлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген топтарын бұл бағдарламаға көптеп қатыстыруға мүмкіндік береді. Сатып алу құқығымен пəтерлерді жалға беру тəсілінің тағы бір артықшылығы – оны пайдаланудағы тиімді қолайлылықтар болып табылады. Жалға берудің бұл түрі қалыптасқан жағдайларға байланысты бағ дарламаға қатысушылардың мүмкіндіктерін реттеуге жағдай жасайды. Егер пəтерді негізгі жалға алушының ай сайынғы жалға алу сомасын төлеуге шамасы келмейтін болса, оның қосымша жалға алушы тартуына мүмкіндігі бар. Егер пəтерді жалға алушы адам, жалға алған пəтерінің өтемдерін төлеп жатып, белгілі бір себептермен көлемі жағынан үлкен

дайындықтағы пəтерлердің жалға беру құны 1 шаршы метрге орта есеппен: 4-ші кластағы қолайлылықтағы пəтерлер бойынша 120 мың теңге, 3-ші кластағы қолайлылықтағы пəтерлер бойынша 140 мың теңге көлемінде белгіленіп отыр. Салыстырмалы түрде алатын болсақ, Статистика агенттігінің деректері бойынша қазіргі күні Алматы қаласындағы жаңа пəтерлердің əр шаршы метрінің орташа құны 249,7 мың теңгені құрайды. «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасын іс жүзіне асыру мақсатында «ҚИК» ИҰ» АҚ 2013 жылы Алматы қаласында 6 023 шаршы метр, Шымкент қаласында 56 196 шаршы метр жəне Қарағанды қаласында 20 177 шаршы метр бəрін қосқанда жалпы көлемі 82 мың шаршы метр болатын көп қабатты тұрғын үй құрылысын қаржыландыруды жүзеге асыруда. Бұл тұрғын үй құрылысының нысандары 2014 жылы аяқталады деп күтілуде. 2013 жылдың қазан айында Астана қаласындағы «Юго-Восток» тұрғын үй алабында (сол жағалау) Лепсі көшесіндегі жалпы көлемі 4 349 шаршы метр тұрғын үй құрылысы нысанының құрылысын салуды инвестициялау туралы шартқа қол қойылды. «ҚИК» ИҰ» АҚ болашақта жылдам дамып келе жатқан өңірлерде тұрғын үй құрылысы тапшылығын шешу мəселесіне барынша басымдық бермек. Осы маңызды бағдарлама шеңберінде арендалық тұрғын үй құрылысы еліміздегі жылжымайтын мүлік рыногына оң ықпал жасап, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйелері жəне ипотекалық несие алуға мүмкіндіктері жетпейтін аз қамтамасыз етілген тұрғындар үшін ұзақ жылдар бойы армандап келген қолайлы пəтер мəселесін оң шешуге мүмкіндік береді.

Елімізде қоғамдық көліктердегі келеңсіздіктер салдарынан орын алатын оқиғалар туралы айтылып та, жазылып та жатыр. Бірақ қолма-қол есеп айырысу үшін қалай да əлеуетті жандарды көліктеріне мінгізуге таласатын қоғамдық көлік тізгінін ұстағандар заңнаманы белден басу, тəртіпсіздік секілді əдепсіздіктерін жалғастыруда. Бұл мəселе жөнінде халық шағымданудан шаршағалы қашан. Міне, сондықтан прокуратура, полиция органдары қызметкерлерімен бірлесе Талдықорған қаласындағы қоғамдық көліктердің жұмысын тексеру үшін арнайы рейд ұйымдастыруға ұйытқы болған едік. Нұрбол ƏЛДІБАЕВ,

«Егемен Қазақстан».

Негізі, Талдықорған қалалық əкімдігі мемлекеттік мекемесімен Алматы облысының орталығында жолаушыларды жəне олардың жүктерін көлікпен тасымалдау жұмысын жүргізу үшін «TRANSTAL», «Ак Нар А», «Жигули», «Жан-Ел», «Сайман» жəне «Талдыкорган-Таксопарк» атты жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері келісімшарт жасасып, бүгінгі күні сол жұмысты сапасыз болса да атқаруда. Құзырлы органдар өкілдерімен жүргізген рейд барысында келісімшарттың заңдық талабы жəне ҚР Үкіметінің 2 шілде 2011 жылғы №767 қаулысының талабы көліктерімен жолаушыларды тасымалдау жұмысын міндеттеп алған тарап жағынан өрескел бұзылғандығы анықталды. Айталық, аталған қаулының 2-бөлігі, 18-тармағында автобус кабинасында, яғни жүргізушінің жанында: жолаушыларды тасымалдаушы тұлғаның толық атауы, жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастырушының, тасымалдаушының байланыс телефондары, медициналық қызмет көрсету жəне көліктік бақылау, жол полициясы аумақтық органының телефондары, маршрут сызбасының көшірмесі, жолақысы туралы мəлімет ілініп тұруы керек. Алайда, рейд барысында тізбеленген талаптың орындалмағаны көрінді. Бұл факт. «TRANSTAL» ЖШС меншігіндегі мемлекеттік нөмірі KZ 476 ADA №25 маршрутта, мемлекеттік нөмірі В 908 YAN №23 маршрутта,

мемлекеттік нөмірі KZ 819 DЕА №5 маршрутта, мемлекеттік нөмірі В 426 ВYО, мемлекеттік нөмірі В 663 ЕНО «ГАЗель» маркалы автокөліктерінде мемлекеттік нөмірі В 372 DB «Yaxing JS» автобусында ақпараттық кесте мүлде жоқ. Мұның үстіне мемлекеттік нөмірлері В 472 SDM, В 933 ORM, KZ 880 ADA/05 «ГАЗель» көліктері жə не тағы басқа автокөліктердің жүргізушілері ешқандай куəліксіз немесе куəліктерінің мерзімі өтіп кетсе де жолаушыларды тасымалдауда. «Автомобиль көлiгi туралы» Заңының 2-тармағында «Халықаралық тасымалдауларды қоспағанда, жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды жолаушылар мен багаждың аталған тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығын конкурста жеңiп алған жəне тасымалдаушылар мен тиiстi жергiлiктi атқарушы органдар арасында жасалатын шарттар негiзiнде оларға қызмет көрсету құқығына куəлiк алған тасымалдаушылар жүзеге асырады. Шарт Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастырудың үлгi шартына сəйкес жасалуға тиiс. Тасымалдаудың аталған түрлерiн куəлiксiз жүзеге асыруға жол берiлмейдi» деп нақтыланған. Енді Талдықорған қалалық əкімдігі мен жолаушыларды тасымалдаушы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер арасында жасалып, заңдық күшіне енген келісімшарттың 2.1.8 тармақтарына келсек, онда

жолаушыларды тасымалдау үшін мерзімі 10 жылдан аспаған автобустар мен шағын автобустар пайдаланылады деп көрсетілген. Бірақ бұл келісімшарт тек қағаз жүзінде ғана қалып отыр. Мысалы, мемлекеттік нөмірлері В 933 ORM, В 472 SDM, В 426 ВYО «ГАЗель» автокөліктерінің зауыттан шыққанына 11-14 жыл болғаны рейдтік тексеруде анықталды. Қорыта айтқанда, аялдамаларда балаларды бозартып, зейнеткерлерді зарықтыратын осынау қоғамдық көліктер жүргізушілерінің жол жүру ережесін өрескел бұзып, жолақысын төлеуге əлеуетті-ау деп санайтын жандар қай жерде қолын соза қалса дереу тежеуішін басатынын көпшілік жақсы біледі. Тағы бір баса айтар жайт – рейдтік шара барысында өздерін тексеруші-кассир деп таныстырған азаматшалар «онсыз да қарызымыз көп еді, енді қайттік?» деп өзара ащы шындықты айтқанын да естідік. Одан түйген ой – ерлі-зайыптылар қандай да бір жолмен жалға «Газель» көлігін алған соң, барлық қарызға алған қаражат пен үстеме ақылы несиені жабуға жол таптық деп жанталасары хақ. Əйткенімен, белгіленген уақытта тірнектеп жиған теңгені «көкелері» тиынына дейін санап отырып уыстап сыпырып алатыны да сол жалгерлердің тағы бір мұңы. Бірақ оны ешқайсысы ашық айта алмайды. Өйткені, қанша қиналса да күнделікті нəпəқасын тауып, бала-шағасын асырап отырған жұмысынан кім айырылғысы келеді? Сондықтан бұл мəселенің де бір түйіні сол байшыкештердің «кəсіби қитұрқылығында» жатқанын аңғарған лазым. Ел Конституциясының 83-бабын, «Прокуратура туралы» Заңның 25-бабын негізге ала отырып Талдықорған қалалық прокуроры Тал дықорған қаласының əкіміне жоғарыда жазылған кемшіліктерді жойып, тиісті орынға хабарлама беру туралы ұсыным түсірді. Бұл заң талабы. Алматы облысы.


10

www.egemen.kz

10 желтоқсан 2013 жыл

 Тағзым

Ґнерге шабытпен ќызмет еткен Шолпан Жандарбековаєа ескерткіш таќта ќойылды

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Жұма күні Алматы қаласы əкімдігінің ұйымдастыруымен КСРО халық əртісі Шолпан Жандарбекованың құрметіне орнатылған ескерткіш тақтаның салтанатты ашылу рəсімі болып өтті. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Шолпан Жандарбекованың есімін мəңгі есте қалдыру мақсатында қайраткердің соңғы жылдары тұрған үйіне орнатылған ескерткіш тақтаның ашылу рəсіміне

мəдениет қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, Ш. Жандарбекованың шəкірттері жəне туыстары қатысып, естеліктер айтты. Өнерге өшпес талантымен қызмет еткен Жандарбекова Шолпан Исабекқызы 1922 жылғы 1 қаңтарда Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Алматы театр-көркемсурет училищесін бітірген. М. Əуезовтің «Еңлік-Кебегіндегі» Еңлік, «Қара қыпшақ Қобыландыдағы» Құртқа, «Айман-Шолпандағы» Шолпан, «Түнгі сарындағы» Жүзтайлақ, «Абай əні» кинофильміндегі Мағыш жəне т.б.

образдарды сомдаған. С.Жүнісовтің «Ажар мен ажалында» Ажар рөлін шебер орындағаны үшін Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығын алған. Ж.Мольердің «Сараңында» Марианна, У.Шекспирдің «Отеллосында» Дездемона, Я.Галанның «Таң алдындағы махаббатындағы» Параська, М.Каорудың «Шығыс тағы бір бейбағында» Кей сынды рөлдерімен өз заманындағы көрермендердің өлшеусіз ілтипатына иеленген Шолпан апамыз өнерге қалтқысыз беріліп, оны жан-тəнімен сүйген ерекше жан. Талантты актрисаның ұлттық өнерге сіңірген еңбегі еленіп, Қазақстанның жəне КСРО-ның халық əртісі атақтары берілген. Үлкен дарын иесі, екі мəрте «Еңбек Қызыл Ту» орденімен жəне көпте ген медальдармен марапатталған Ш.Жандарбекова бар түйген-тоқығанын келер ұрпаққа қалдыру мақсатында оқытушылық қызметпен де айналысты. Алматы мемлекеттік өнер инcтитутында, Қазақ ұлттық өнер академиясында дəріс оқып, шəкірт тəрбиеледі. АЛМАТЫ. –––––––––––––––––––––––

Суретті түсірген Берсінбек СƏРСЕНОВ.

Хабарлама «Қостанай облысы əкімдігінің кəсіпкерлік жəне индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ, 110000, Қостанай қ., Əл-Фараби д-лы, 65, upp@kostanay.kz. жер қойнауын пайдалану мəселелері жөніндегі құзыретті орган келесілерге жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшін ашық конкурс өткізетіні туралы хабарлайды: – Қостанай облысының Қарабалық ауданындағы Станционное кен орнында саздақтарды өндіру үшін. Кен орны Фадеевка кентінен батыс-оңтүстік - батыстағы 05, шақырым жерде орналасқан. Орналасқан орталықтың географиялық координаттары: 530 561 С.Е., 610 541 3011 Ш.Б. Геологиялық құрылымда төрттік жəне палеогендік шөгінділермен ұсынылған кайназойдың қопсытылған пайда болулар қатысады, əлсіз карбондатылған, қалыпты илемді, кен орнының шығыс беткейін құмды саздақтар ауыстырады. Палеогендік жүйе – орташа эоцен – тасаран қаты. Бұл қатының шөгінділері кен орнының барлық көлемінде дамыған. Бұл шөгінділердің ең көп ашылған қуаттылығы 8,0 м. Саздақтардан 10-15% құм-байланыстырғышты қоса отырып, пластикалық қалыптаудағы тиісті «125» маркалы табиғи кебумен аязға төзімді стандартты кірпіш шығаруға болады. 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдайы бойынша саздақтардың баланстық қорлары санаттары бойынша: В – 87,0 мың м3, С1 – 480,0 мың м3 құрайды. – Қостанай облысының Қарабалық ауданындағы Новобурлинское кен орнында кірпіш шикізатын өндіру үшін. Орналасқан орталықтың географиялық координаттары: 530 361 С.Е., 610 501 Ш.Б. Кен орны екі бөлікшеден тұрады: саздақтан бөлікшесінен жəне алевритті саздар бөлікшесі (байланыстырғыш). Саздақ бөлікшесі Бөрлі кентінен батыстағы 5 шақырым жерде, байланстырғыштың бөлікшесі Бөрлі кентінен солтүстік-батыстағы 5,4 шақырым жерде, Малое Бөрлі көлінің солтүстік жағасын орналасқан. Бөлікшелер бір-бірінен 5,3 шақырым арақашықта орналасқан. Негізгі бөлікше 3,1 м орташа қуаттылығымен төменгі-орташаолигоценді алевролитті саздардан қалыптастырылған. Орташа аршылым 1,6 м. Пластикалық қалыптау жəне шикіны табиғи кептіру тəртібінде кен орнының саздары «150», «МРЗ-15» толық денелі құрылыс кіріпішінің өндірісі үшін жарамды. 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдайы бойынша кірпіш шикізатының баланстық қорлары санаттары бойынша: В - 93,0 мың м3, С1 – 464,0 мың м3. Саздақтардың орташа қуаттылығы – 3,2 м. аршылым – 0,4 м. Пайдалы қалыңдығы суландырмаған. Конкурсқа барлау жəне өндіру жұмыстарын өткізу үшін қажетті техникалық, ұйымдастыру жəне қаржы мүмкіндіктері бар əлеуетті қатысушылар жіберіледі. Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер Қостанай қаласы, Əл-Фараби даңғылы, 65, № 909-бөлме мекенжайы бойынша 2014 жылғы 10 қаңтарға дейін тіркеледі. Конкурстық ұсыныстарды ұсыну соңғы мерзімі - 2014 жылғы 10 наурызға дейін. Конкурсқа қатысу үшін төлем 50 адамға дейінгі жұмысшылар санымен кəсіпорындар үшін 2 АЕК жəне 50 адамнан астам жұмысшылар санымен кəсіпорындар үшін 10 АЕК құрайды. Конкурсқа қатысу үшін төлем ету деректемелері: Астана, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті, БСК ККМFКZ2A, СТН-390100000014, Е/Ш-КZ24070105KSN0000000, кірістердің бюджеттік сыныптамасы коды (КБСК) – 203102. Өндіру үшін жазылым бонусының бастапқы мөлшері – 120 АЕК. Қызметкерлердің жалпы санына казақстандық кадрлардың саны 100%-дан төмен емес болу тиіс. Қазақстандық кадрларды оқыту үшін жұмсаланатын шығындардың ең аз мөлшері жер қойнауын пайдалануға жалпы инвестициялардан 1%-дан кем болмау тиіс. Конкурс жөніндегі қосымша ақпаратты 2014 жылғы 10 наурызда 18.00 сағатқа дейін мына мекенжай бойынша алуға болады: Қостанай қ., Əл-Фараби даңғылы, 65, 909-бөлме, тел: 8(714-2) 534-594; факс:8 (714-2) 575-235. Конкурстық ұсыныстары бар конверттер 2014 жылғы 11 наурызда конкурсқа қатысушылардың қатысуымен келесі мекенжай бойынша ашылады: Қостанай қ., ƏлФараби д-лы, 65, 909-бөлмеде. Конкурстың нəтижелері конкурстық ұсыныстарды тапсыру мерзімі аяқталған күнінен 15 күн ішінде шығарылады.

«Каспий Меруерті Оперейтинг Компани Б.В.» Ақтау қаласындағы филиалы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 14 ақпандағы № 133 қаулысымен бекітілген тауарлар, қызмет көрсету жəне жұмыстарды сатып алу Ережелерінің 272-тармағының 26-тармақшасына сəйкес бір көз негізінен «Қазпочта» АҚ-пен мерзімді баспасөзге жазылу жөніндегі келісімшартына тұрғанын хабарлайды. Жабдықтаушы ұсынған баға – 1 719 785 (бір миллион жеті жүз он тоғыз мың жеті жүз сексен бес) теңге. Міндетті жергілікті қамту (пайыз есебімен) – 90%. Филиал «Каспий Меруерты Оперейтинг Компани Б.В.» в г.Актау, настоящим объявляет о заключении договора способом из одного источника с АО «Казпочта» на услуги по подписке на периодические издания, в соответствии с подпунктом 26, пункта 272, Правил приобретения товаров, работ и услуг при проведении операций по недропользованию, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 февраля 2013 года № 133. Цена, предложенная поставщиком – 1 719 785 (один миллион семьсот девятнадцать тысяч семьсот восемдесять пять) тенге. Обязательства по местному содержанию (в процентах) – 90 %.

Извещение ГУ «Управление предпринимательства и индустриально-инновационного развития акимата Костанайской области», 110000, г. Костанай, пр. Аль-Фараби, 65, upp@kostanay.kz. компетентный орган по вопросам недропользования, объявляет о проведении открытых конкурсов на предоставление права недропользования: – на добычу кирпичных суглинков Станционного месторождения Карабалыкского района Костанайской области. Месторождение расположено в 0,5 км к западу – юго – западу от п. Фадеевка. Географические координаты центра месторождения: 530 561 С.Ш., 610 541 3011 В.Д. В геологическом строении принимают участие рыхлые образования кайназоя, представленные четвертичными и палеогеновыми отложениями, представленные жёлто – бурыми суглинками, слабо карбонатизированы, умеренно пластичны, в восточном борту месторождения фациально замещаются супесями. Палеогеновая система – средний эоцен – тасаранская свита. Отложения этой свиты развиты по всей площади месторождения. Максимально вскрытая мощность этих отложений 8,0 м. Из суглинков можно получить морозостойкий стандартный кирпич пластического формирования с добавкой 10-15% песка – отощителя соответствующей марки «125» с естественной сушкой сырца. Балансовые запасы суглинков по состоянию на 01.01.2013 года составляют: по категориям: В -87,0 тыс.м3, С1 – 480,0 тыс. м3. – на добычу кирпичного сырья Новобурлинского месторождения Карабалыкского района Костанайской области. Географические координаты центра месторождения: 530 361 С.Ш., 610 501 В.Д. Месторождение состоит из двух участков: участка суглинков и участка алевритовых глин (отощитель). Участок суглинка расположен в 5 км западнее п. Бурли, участок отощителя в 5,4 км северо-западнее пос. Бурли, на северном берегу оз. Малое Бурли. Участки находятся на расстоянии 5,3 км друг от друга. Основной участок сложен нижне – среднеолигоценовыми алевролитистыми глинами средней мощностью 3,1 м. При средней вскрыше 1,6 м. Глины месторождения при режиме пластического формирования и естественной сушке сырца пригодны для производства полнотелого строительного кирпича марки «150», «МРЗ -15». Балансовые запасы кирпичного сырья по состоянию на 01.01.2013 года составляют: по категориям: В - 93,0 тыс.м3, С1 – 464,0 тыс. м3. Средняя мощность суглинков – 3,2 м. Вскрыша - 0,4 м. Полезная толща не обводнена. К конкурсу допускаются потенциальные участники, обладающие техническими, организационными и финансовыми возможностями, необходимыми для проведения добычных работ. Заявки на участие в конкурсе регистрируются по адресу: г. Костанай, пр. АльФараби, 65, в каб. № 909 до 10 января 2014 года. Окончательный срок подачи конкурсных предложений до 10 марта 2014 года. Оплата за участие в конкурсе составляет 2 МРП для предприятий с численностью работников до 50 человек и 10 МРП с численностью работников свыше 50 человек. Реквизиты оплаты за участие в конкурсе: Астана Комитет казначейства Минфин Республики Казахстан, БИК ККМFКZ2A, РНН-390100000014, Р/СКZ24070105KSN0000000, код бюджетной классификации доходов (КБКД) – 203102. Стартовый размер подписного бонуса на добычу - 120 МРП. Количество казахстанских кадров к общей численности персонала должно составлять не менее – 100%. Минимальный размер затрат на обучение казахстанских кадров, должен составлять не менее 1% от общих инвестиций на недропользование. Дополнительную информацию по конкурсу можно получить в срок до 18.00 часов 10 марта 2014 года по адресу: г. Костанай, пр. Аль-Фараби, 65, каб. 909, тел: 8 (714-2) 534-594; факс:8 (714-2) 575-235. Конверты с конкурсными предложениями будут вскрываться в присутствии участников конкурсов 11 марта 2014 года по адресу: г. Костанай, пр. Аль-Фараби, 65, в каб. 909. Подведение итогов конкурса в течение 15 дней со дня окончания срока подачи конкурсных предложений.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Жамбыл мемлекеттiк мүлiк жəне жекешелендiру департаменті 2013 жылғы 27 желтоқсанда сағат 10.00-де республикалық меншіктегі нысандарды сату жөнінде электрондық аукцион жəне коммерциялық тендер өткізу туралы хабарлайды Электрондық аукцион www.gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік тізілімінің вебпорталында өткізіледі. Коммерциялық тендер Тараз қаласы, Əл-Фараби к-сі, 11 (5-шағын аудан) мекенжайында өткізіледі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген, Жекешелендіру нысандарын сату қағидасымен, республикалық меншіктегі нысандарды сатудың орындалуын сəйкестендіреді. Сауда-саттықтың голланд əдісімен электрондық аукционға мына нысандар қойылады: 1. Jeep Cherokee автомашинасы, 1998 ж.ш., мем.нөмірі Н127AV, мекенжайы: Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Меркі ауылы, ДЭУ-35. Теңгерім ұстаушы: «Қазақавтожол» РМК. Алғашқы баға – 448 000 теңге. Бастапқы баға – 4 480 000 теңге. Ең төменгі баға – 260 511 теңге. Кепілді жарна – 67 200 теңге. 2. Са 644 Og автомашинасы, 1998 ж.ш., мем.нөмірі Н982CK, мекенжайы: Тараз қ., Cүлейман к-сі, 18. Теңгерім ұстаушы: «Ақпараттық есептеу орталығы» РМК. Алғашқы баға – 296 000 теңге. Бастапқы баға – 2 960 000 теңге. Ең төменгі баға – 172 123 теңге. Кепілді жарна – 44 400 теңге. Электрондық аукционға қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі жəне электрондық аукцион басталғанға дейін қырық сегіз сағат бұрын аяқталады. Қатысушыларға кепілді жарнаның кез келген санын енгізуге жол беріледі, бұл ретте бір кепілді жарна қатысушыға ол бойынша аукционға қатысу үшін осы кепілді жарнаны енгізген жекешелендіру нысанын сатып алу құқығын береді. Департаменттің депозиттік шотына кепілді жарнаның уақытылы түсу мақсатында өтініштерді қабылдау аяқталғанға дейін үш жұмыс күннен кешіктірмей төлеуге кеңес береміз. Назар аударыңыз! Сатушының электрондық өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін қатысушының хабарламада көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ жеке жəне заңды тұлғаның электрондық өтінімі мен құжаттарын қарау мерзімі аяқталғанға дейін сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілді жарнаның сатушының шотына түспеуі негіз болып табылады. Электрондық аукционға қатысу үшін мыналарды: 1) жеке тұлғалар үшін: жеке сəйкестендіру нөмірін (бұдан əрі – ЖСН), тегін, атын, əкесінің атын (бар болған жағдайда); 2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сəйкестендіру нөмірін (бұдан əрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, əкесінің атын (бар болған жағдайда); 3) кепілді жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп-айырысу шотының деректемелерін; 4) байланыс деректерін (пошталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail); 5) ұлттық куəландырушы орталық берген ЭЦҚ-ның жарамдылығы мерзімін көрсете отырып, Тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет. Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде Тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді. Электрондық аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін мынадай құжаттардың: 1) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаттың, сондай-ақ банктен ағымдағы шоттың бар-жоғын растайтын анықтаманың; заңды тұлғалар үшін: жарғының, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куəліктің не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың, сондай-ақ банктен банктік шоттың бар-жоғын растайтын анықтаманың; 2) қатысушының кепілді жарна сомасын аударғанын растайтын банк белгісі бар төлем құжатының; 3) заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куəландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куəландыратын құжаттың көшірмелерін қоса бере отырып, электрондық аукционға қатысуға нысан бойынша қатысушының ЭЦҚ қойылған (сканерленген) электрондық

өтінімді (бұдан əрі – электрондық өтінім) Тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет. Шетелдік заңды тұлғалар қазақ жəне/немесе орыс тілдеріндегі нотариалды куəландырылған аудармасы бар құрылтай құжаттарының электрондық (сканерленген) көшірмелерін ұсынады. Электрондық аукционға қатысушылар электрондық аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде аукцион залына ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып кіреді. Электрондық аукцион жекешелендіру нысанының бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен саудасаттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады. Сауда-саттықтың голланд əдісі бойынша электрондық аукцион ережесі: 1) егер электрондық аукцион басталған сəттен бастап бес минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі электрондық аукционда жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру нысанының бастапқы бағасы қағидамен бекітілген қадамға азаяды; 2) егер баға азайғаннан кейін бес минут ішінде қатысушылардың бірдебіреуі жекешелендіру нысанын сатып алуға ниетін растамайтын болса, жекешелендіру нысанының соңғы жарияланған бағасы белгіленген қадаммен азаяды. Жарияланған баға бойынша жекешелендіру нысанын сатып алуға ниетін бірінші болып растаған қатысушы сауда-саттықтың голланд əдісі бойынша электрондық аукцион жеңімпазы болып танылады жəне осы жекешелендіру нысаны бойынша электрондық аукцион өткізілген болып танылады; 3) егер жекешелендіру нысанының бағасы белгіленген ең төменгі мөлшерге жетсе жəне қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растамаса, онда электрондық аукцион өткізілмеген болып танылады. Жекешелендіру нысанының бастапқы бағасы бағаны ұлғайтудың кемінде екі қадамына өскен жағдайда ғана жекешелендіру нысаны бойынша саудасаттықтың ағылшын əдісімен электрондық аукцион өткізілген болып танылады, бұл ретте бастапқы бағаның екі қадамға өсуін кемінде екі қатысушы жүзеге асырады. Əрбір сатылған жекешелендіру нысаны бойынша электрондық аукцион нəтижелері электрондық аукцион нəтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы жəне жеңімпаз ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, электрондық аукцион аяқталғаннан кейін жиырма төрт сағат ішінде Тізілімнің веб-порталында қол қояды. Электрондық аукцион нəтижелері туралы хаттама электрондық аукцион нəтижелерін жəне жеңімпаз сатушының жекешелендіру нысанын сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттерін белгілейтін құжат болып табылады. Тараз қаласы, Əл-Фараби көшесі, (5-шағын аудан) 11 мекенжайында жеңімпазбен сатып алу-сату шартына электрондық аукцион өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қол қойылады. Бұл ретте, электрондық аукционның жеңімпазы салыстыру үшін түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып көрсетілген құжаттардың көшірмелерін не болмаса нотариалды куəландырылған көшірмелерін сатушыға ұсынады. Құжаттардың түпнұсқалары салыстырылғаннан кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады. Коммерциялық тендерге төмендегі қойылады: Жалпы алаңы 270,6 шаршы метр 1-ші қабаттағы үй-жай, мекенжайы: Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Байзақ батыр көшесі, 168-үй. Алғашқы баға – 20 509 000 теңге. Бастапқы баға – 14 820 000 теңге. Кепiлдi жарна мөлшерi – 3 076 350 теңге. Өтінімдерді қабылдау хабарлама жарияланған сəттен басталады жəне 2013 жылғы 26 желтоқсанда сағат 10.00-де аяқталады. Назар аударыңыз! Сауда-саттыққа қойылатын жылжымайтын мүлік жер телімдерінсіз сатылады, олар кейінгі заңмен бекітілген тəртіппен ресімделеді. Коммерциялық тендердің шарттары: қызмет бейінінің сақталуы кітапхана ретінде кемінде 5 жыл.

Коммерциялық тендер өткізудің тəртібі. Коммерциялық тендердi өткiзу барысында комиссия ұсынысы жекешелендiру нысаны үшiн бiршама жоғары мəнге ие болған жəне тендердiң шарттарын қанағаттандырған қатысушыны тендердiң жеңiмпазы деп жариялайды. Ұсыныстар жабық конвертте жазбаша ұсынылады. Егер коммерциялық тендерде екi жəне одан көп қатысушының ұсынысы бiрдей бағаға ие болса жəне тендер шарттарын қанағаттандырса, онда жеңiмпазды анықтау үшiн олардың арасында жекешелендiру нысанының бағасы бойынша сауда-саттықтың ағылшын əдiсi қолданыла отырып аукцион өткiзiледi. Егер тiркелген қатысушылардың саны екеуден аз болса, онда жекешелендiру нысаны бір ғана қатысушыға сатылуы мүмкiн үшiншi жəне одан кейiнгi саудасаттықты қоспағанда, тендер өтпеген болып саналады. Өтiнiмдердi қабылдайтын жəне сауда-саттық өткізілетін орын: Тараз қ., Əл-Фараби к-сi, 11 (5-ш/а), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитетінің Жамбыл мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті, 7-бөлме. Сауда-саттыққа қатысушы ретінде тіркелу үшін мыналарды: 1) сауда-саттыққа қатысуға өтінімді; 2) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаттың көшірмесін, салыстыру үшін түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып, жеке тұлғаны салықтық есепке қою фактiсiн растайтын салық органы берген құжаттың көшiрмесi не аталған құжаттардың нотариалды куəландырылған көшірмелерін, сондай-ақ ағымдағы шоттың болуын растайтын банктен анықтаманың түпнұсқасын. Құжаттардың түпнұсқалары салыстырғаннан кейін жеке тұлғаға бір жұмыс сағаты ішінде қайтарып беріледі; заңды тұлғалар үшін: жарғының жəне заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куəлігінің нотариалды куəландырылған көшірмесін, салыстыру үшін түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып, заңды тұлғаны салықтық есепке қою фактiсiн растайтын салық органы берген құжаттың көшiрмесi не аталған құжаттардың нотариалды куəландырылған көшірмелерін, сондай-ақ ағымдағы шоттың болуын растайтын банктен анықтаманың түпнұсқасын. Құжаттардың түпнұсқалары салыстырғаннан кейін заңды тұлғаға бір жұмыс сағаты ішінде қайтарып беріледі; 3) кепілді жарнаның енгізілгенін растайтын төлем құжатының түпнұсқасы мен көшірмесін. Қатысушы сауда-саттықтан кейін жүгінген кезде төлем құжатының түпнұсқасы қайтарылады; 4) заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куəландыратын құжаттың түпнұсқасын, сондай-ақ салыстырғаннан кейін қайтарылып берілетін түпнұсқасын қоса бере отырып, заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куəландыратын құжаттың көшірмесін не заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куəландыратын құжаттың нотариалды куəландырылған көшірмесін ұсыну қажет. Акционерлік қоғамдар олардың акцияларына иелік ететін акционерлік қоғамдар туралы ақпаратты қамтитын акционерлер тізілімінен (ақпараттық хабарлама жариялану сəтіндегі) үзінді-көшірменің түпнұсқасын ұсынады. Шетелдік заңды тұлғалар қазақ жəне/немесе орыс тілдеріндегі нотариалды куəландырылған аудармасымен бірге құрылтай құжаттарының нотариалды расталған көшірмелерін ұсынады. Сауда-саттыққа қатысуға ниет білдірген тұлғалардың өтініштерін қабылдау жəне оларды тiркеу талап етілген құжаттардың толық жинағы болған кезде жүргізіледі. Кепілді жарналар «Жамбыл мемлекеттiк мүлiк жəне жекешелендiру департаментi» мемлекеттік мекемесінің шотына төленеді: депозиттік шот KZ740705012170170006 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті, БЖК KKMFKZ2A, БСН 120340007071, ММ коды 2170170, КБе 11, КНП 171. (банктік қызмет есебі кепілді жарна төлемінің ішіне кірмейді). Төлемнің белгіленуі: аукционға қатысу үшін немесе коммерциялық тендерге кепілді жарна.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Атырау мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті 2013 жылғы 26 желтоқсанда (Астана уақытымен) сағат 10.00-ден сағат 17.00-ге дейін www. gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында республикалық меншіктегі нысандарды сату жөнінде №6 электрондық аукцион өткізу туралы хабарлайды Республикалық меншіктегі нысандарды сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру нысандарын сату қағидасына сəйкес жүзеге асырылады. Сауда-саттықтың голланд əдісімен электрондық аукционға республикалық меншіктегі мына нысандар қойылады: 1. 2004 жылы шығарылған, мемлекеттік нөмірі Е 759 ВТ, ВАЗ-21213 автокөлігі. Атырау қаласы, Азаттық даңғылы, 15. Баланс ұстаушы – Қазақстан Республикасының Көлік жəне коммуникация министрлігі Көлік бақылау комитеті «Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» ММ. Бастапқы бағасы – 679955 теңге. Алғашқы бағасы – 135991 теңге. Төменгі бағасы – 39539 теңге. Кепілді жарна – 20398,65 теңге. 2. 2008 жылы шығарылған, мемлекеттік нөмірі Е 010 СС, ВАЗ-210994 автокөлігі. Атырау қаласы, Азаттық даңғылы, 140. Баланс ұстаушы – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) «Атырау облыстық кеңсесі» ММ. Бастапқы бағасы – 888300 теңге. Алғашқы бағасы – 177660 теңге. Төменгі бағасы – 51654 теңге. Кепілді жарна – 26649 теңге. 3. 2007 жылы шығарылған, мемлекеттік нөмірі Е 028 СС, ГАЗ-31105-100 автокөлігі. Атырау қаласы, Азаттық даңғылы, 140. Баланс ұстаушы – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) «Атырау облыстық кеңсесі» ММ. Бастапқы бағасы – 757 500 теңге. Алғашқы бағасы – 151 500 теңге. Төменгі бағасы – 44048 теңге. Кепілді жарна – 22725 теңге. 4. 2004 жылы шығарылған, мемлекеттік нөмірі Е 040 RK, ГАЗ-31105-120 автокөлігі. Атырау қаласы, Азаттық даңғылы, 115. Баланс ұстаушы – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің «Атырау облысы бойынша инспекциясы» ММ. Бастапқы бағасы – 1 338 345 теңге. Алғашқы бағасы – 267 669 теңге. Төменгі бағасы – 77824 теңге. Кепілді жарна – 40150,35 теңге. 5. 2007 жылы шығарылған, мемлекеттік нөмірі Е 486 ВО, ВАЗ-21310 автокөлігі. Атырау қаласы, Баймұханов көшесі, 16а. Баланс ұстаушы – Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінің «Атырау облысы бойынша əділет департаменті» ММ. Бастапқы бағасы – 1 076 385 теңге. Алғашқы бағасы – 215 277 теңге. Төменгі бағасы – 62592 теңге. Кепілді жарна – 32 291,55 теңге. 6. 2003 жылы шығарылған, мемлекеттік нөмірі Е 052 ВС, ГАЗ-322132-224 автокөлігі. Атырау қаласы, Студенттер даңғылы, 212. Баланс ұстаушы – Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК. Бастапқы бағасы – 871655 теңге. Алғашқы бағасы – 174331 теңге. Төменгі бағасы – 50687 теңге. Кепілді жарна – 26149,65 теңге. 7. 1973 жылы шығарылған, «Күзетші-018», У-2-78, КС-100Д катері. Атырау қаласы, Мечников көшесі. Баланс ұстаушы – Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің «Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейіндік инспекциясы» ММ. Алғашқы бағасы – 3 913280 теңге. Бастапқы бағасы – 782656 теңге. Төменгі бағасы – 57842 теңге. Кепілді жарна – 117 398,4 теңге. Электрондық аукционға қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі жəне электрондық аукцион басталғанға дейін қырық сегіз сағат бұрын аяқталады. Кепілді жарна Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитетінің Атырау мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаментінің мына депозиттік есеп-шотына төленеді: ММ коды2170168, ИИК(депозиттік шот) – KZ450705012170168006, БИК – KKMFKZ2A, БИН – 120240020907, КНП171, КБЕ-11, алушы банк – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «Қазынашылық комитеті» ММ. Төлемді тағайындау – аукционға қатысу кепілді жарнасы (кепілді жарна мөлшеріне банк қызметінің төлемі кірмейді). Назар аударыңыз! Сатушының электрондық өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін қатысушының хабарламада көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондайақ жеке жəне заңды тұлғаның электрондық өтінімі мен құжаттарын қарау мерзімі аяқталғанға дейін сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілді жарнаның сатушының шотына түспеуі негіз болып табылады. Электрондық аукционға қатысу үшін мыналарды: 1) жеке тұлғалар үшін: жеке сəйкестендіру нөмірін (бұдан əрі – ЖСН), тегін, атын, əкесінің атын (бар болған жағдайда); 2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сəйкестендіру нөмірін (бұдан əрі – БСН),

«Реммонтажсервис» ЖШС 2013 жылғы 29 қараша күні өткізілген екі кезеңдік ашық тендердің қорытындысын жариялайды: № 1 лот 250 тонналық Қысып тығыздайтын құрал сатып алу бойынша екі кезеңдік ашық тендерге екі əлеуетті жеткізіп беруші өтінімдер өткізді. Тендерлік комиссия шешімі бойынша «UKO-S Star» металл құрастыру зауыты» ЖШС жеңді деп танылды.

толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, əкесінің атын (бар болған жағдайда); 3) кепілді жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп-айырысу шотының деректемелерін; 4) байланыс деректерін (пошталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail); 5) ұлттық куəландырушы орталық берген ЭЦҚ-ның жарамдылығы мерзімін көрсете отырып, Тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет. Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде Тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді. Электрондық аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін мынадай құжаттардың: 1) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаттың, сондай-ақ банктен ағымдағы шоттың бар-жоғын растайтын анықтаманың; заңды тұлғалар үшін: жарғының, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куəліктің не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың, сондай-ақ банктен банктік шоттың бар-жоғын растайтын анықтаманың; 2) қатысушының кепілді жарна сомасын аударғанын растайтын банк белгісі бар төлем құжатының; 3) заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куəландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куəландыратын құжаттың көшірмелерін қоса бере отырып, электрондық аукционға қатысуға нысан бойынша қатысушының ЭЦҚ қойылған (сканерленген) электрондық өтінімді (бұдан əрі – электрондық өтінім) Тізілімнің вебпорталында тіркеу қажет. Шетелдік заңды тұлғалар қазақ жəне/ немесе орыс тілдеріндегі нотариалды куəландырылған аудармасы бар құрылтай құжаттарының электрондық (сканерленген) көшірмелерін ұсынады. Электрондық аукционға қатысушылар электрондық аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде аукцион залына ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып кіреді. Электрондық аукцион жекешелендіру нысанының бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады. Сауда-саттықтың голланд əдісі бойынша электрондық аукцион ережесі: 1) егер электрондық аукцион басталған сəттен бастап бес минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі электрондық аукционда жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру нысанының бастапқы бағасы қағидамен бекітілген қадамға азаяды; 2) егер баға азайғаннан кейін бес минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру нысанын сатып алуға ниетін растамайтын болса, жекешелендіру нысанының соңғы жарияланған бағасы белгіленген қадаммен азаяды. Жарияланған баға бойынша жекешелендіру нысанын сатып алуға ниетін бірінші болып растаған қатысушы сауда-саттықтың голланд əдісі бойынша электрондық аукцион жеңімпазы болып танылады жəне осы жекешелендіру нысаны бойынша электрондық аукцион өткізілген болып танылады; 3) егер жекешелендіру нысанының бағасы белгіленген ең төменгі мөлшерге жетсе жəне қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растамаса, онда электрондық аукцион өткізілмеген болып танылады. Жекешелендіру нысанының бастапқы бағасы бағаны ұлғайтудың кемінде екі қадамына өскен жағдайда ғана жекешелендіру нысаны бойынша сауда-саттықтың ағылшын əдісімен электрондық аукцион өткізілген болып танылады, бұл ретте бастапқы бағаның екі қадамға өсуін кемінде екі қатысушы жүзеге асырады. Əрбір сатылған жекешелендіру нысаны бойынша электрондық аукцион нəтижелері электрондық аукцион нəтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы жəне жеңімпаз ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, электрондық аукцион аяқталғаннан кейін жиырма төрт сағат ішінде Тізілімнің веб-порталында қол қояды. Электрондық аукцион нəтижелері туралы хаттама электрондық аукцион нəтижелерін жəне жеңімпаз сатушының жекешелендіру нысанын сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттерін белгілейтін құжат болып табылады. Атырау қаласы, Абай көшесі, 10а мекенжайында жеңімпазбен сатып алу-сату шартына электрондық аукцион өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қол қойылады. Бұл ретте, электрондық аукционның жеңімпазы салыстыру үшін түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып көрсетілген құжаттардың көшірмелерін не болмаса нотариалды куəландырылған көшірмелерін сатушыға ұсынады. Құжаттардың түпнұсқалары салыстырылғаннан кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады. Аукцион өткізу туралы қосымша ақпаратты www.gosreestr.kz сайтта жəне мына телефон арқылы алуға болады: 8(7122)35-43-22.

ТОО «Реммонтажсервис» объявляет результаты двухэтапного открытого тендера прошедшего 29 ноября 2013 года: На двухэтапного открытый тендер лот №1 закуп товара Пресс кривошипный 250 тон, предоставили заявки два потенциальные Поставщики, по решению тендерной комиссии ТОО «Завод металлических конструкций «UKO-S Star» признан победителем.

Егер сіз «Егемен Қазақстан» газетіне жарнама бергіңіз келсе, мына телефондарға хабарласыңыз: Астана тел/факс 37-64-48, 37-60-49. Электронды пошта: egemen_adv@mail.ru. Алматы 273-74-39, ф. 273-73-97. Электронды пошта: gulnurekkz@mail.ru.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жəне «ҚР ОСК ИТО» РМК ұжымы ҚР ОСК бас сарапшысы Мархамат Сəдуұлы ШƏКІРОВТІҢ қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туысқандарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректораты, топырақтану, агрохимия жəне экология кафедрасының ұжымы кафедра меңгерушісі, профессор Əлімбай Мəдібекұлы Балғабаевқа анасы Тұрар БАЛҒАБАЕВАНЫҢ дүние салуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. «Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы» ММ жəне барлық медициналық ұйымдары «№6 қалалық емхана» ШЖҚ МКК бас дəрігері Лариса Викторовна Бухановскаяға анасы Анастасия Григорьевна БУХАНОВСКАЯНЫҢ мезгілсіз қайтыс болуына байланысты орны толмас ауыр қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Белгілі жазушы, журналист Толымбек Əбдірайымға анасы САРҚЫТТЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтамыз.

Самраттар отбасы.


CӨЗ СОЙЫЛ

● Есімі елдің есінде Талантты журналист, сыршыл ақын, шебер прозашы, саналы ғұмырын Тəуелсіздігіміздің баяндылығына, мемлекеттілігіміздің тұтастығына арнаған Мəлік Мұқановтың аты аталмай қалып келе жатқаны өкінішті.

Ќаламы ќарымды, ойы алымды ўлтжанды азаматтыѕ есімін есте ќалдыру мəселесінде жергілікті билік тарапынан ескеретін жайттар жоќ емес Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Ағамыздың арамызда жүргені кеше ғана сияқты. Терең білімдарлығымен, азаматтық биік болмысымен, қайраткерлік белсенділігімен досын да, дұшпанын да мойындатқан Мəкеңнің жалған фəниден өткеніне де 10 жыл өте шығыпты. Қашан көзі жұмылғанша күрескерлік бітім-болмысына қылау шаң жұқтырмаған тұлғаның орны əлі үңірейіп бос тұр. Қайғыдан жалын ата күрсіндіріп, сағыныштың саз толғауын тарттырып кете барды. Өткен шақпен еске алу құлынтайдай жарасып өскен замандастары, ізбасарлары, шəкірттері, қаламдас достары үшін соншалықты ауыр. Арамызда жүрсе, 70-ке келіп, ұлан-асыр той құшағында отырар еді. Таудың алыстаған сайын биік көрінетіні секілді ешкімнің əмірі жүрмейтін құдіретті уақыт атқан оқтай, шапқан аттай қанша зуылдаса да, есімі ірі əріптермен жазылатын Мəлік Жақыпұлының жарқын бейнесі жадымыздан өшпек емес. Нағыз асылды ешқашан тот баспайды. *** Ағамыз жайлы толғана еске алсақ, ел Тəуелсіздігінің елеңалаң шағы еріксіз ойға оралады. Өйткені, Мəкеңнің ауыздығымен алысқан тұлпардай еркін көсіліп, құлашын кеңге жазып, күрескерлік те, қаламгерлік те қарым-қабілеті, ел деп, қазақ деп атқа қонып, азаматтық ірілігі əбден танылып, қол бастаған жалаңтөс батырларша ерекшеленген тұсы еді бұл! Қызылжардың саяси сахнасындағы талас-тартыс күніне жүз құбылып, ерекше қызып тұрған кез! Кеңес Одағы ыдыраған, тонның ішкі бауындай ымдасып-жымдасып жатқан экономика тұралаған. 15 одақтас республика дербес күн көрудің қамына көшкен. Мəңгі мызғымастай көрінген алып державаның омақаса құлауына наразы, оның үстіне ашқұрсақ, алды тұман, арты жар жұрттың қара қазандай өкпесін, көңілдегі қыжылын сепаратистік топтар мен жікшілдердің озбыр ісəрекеттері одан əрі қыздырып жіберетін. Компартияның шекпенінен шыққан шенділер мен шекпенділер де өткеннің жалына қайта-қайта жармасып, сал дəурендерін оралтуға кет əрі емес-ті. Бір сөзбен айтқанда, дүрбелең мен дүрлігу, түңілу мен торығу, алдағы біліп-болмас белгісіздік, бірде күннің көзіндей шайдай ашылып, бірде қорғасын бұлттай торлаған өліара кезеңнің талмау тұсын аңғартатын. Ол кезеңде тəуелсіздік, егемендік деген ұғымдардан гөрі ана тіл, ұлттық рух, салт-дəстүр, мəдени құндылықтар ерекше мəнге ие-тін. Теріскей жақта сірескен мұздың көпке дейін көбесі сөгілмей, сіресіп тұрған. Бəрінен де Супрунюк сықылды əумесерлердің босағадан сығалап, төрге оза алмаған, халі онсыз да мүшкіл тілімізді көкпарға салғандай ту-талақай етуі есі дұрыс қазақтың төзімін əбден тауысқан. Əсіре даңғазашыл айғайшыл топ «Күлтөбенің басында күнде жиын» жасап, малы төскейде, басы төсекте қосылған ағайынның арасын алатайдай бүлдіріп баққан. Көздеген мақсаты – Ресейдің жетегінен айырылмау, соған үгіттеу. Оның арғы жағында Қазақстанның жеке, дербес ел болуын мойындамау, көре алмау сияқты пасық пиғылдың жатқаны анық еді. «Глас» деген сарыжалақ газетсымақ шығарып, бар жамандықты қазақтың басына үйіп-төккен əумесердің екіжүзді опасыз бет-пердесін

11

www.egemen.kz

10 желтоқсан 2013 жыл

əшкерелеп, ел-жұртқа аймандай еткендердің бірегейі – Мəкең болатын. «Жайшылықта ауыз жаппас, той дегенде өлең таппас» дегендей, əншейінде жалы күдірейген арыстан құсап жүрген жерін өрт шалғандай етіп жүретін Супрунюктің сазайын əбден тарттырған. Сот алдында екіжүзділігін əшкерелеген. Мəкең ондайларды білімділігімен, парасаттылығымен, ойының ұтқырлығымен тұсап тастайтын. Ақыры, Омбы жаққа бас сауғалап, кейін ондағы отандастарынан оңбай таяқ жегенін естідік. «Бүкірді көр ғана түзейді» деген осы. Мəкең саяси күрес алаңына шыққанда кейбіреулер құсап жалған бедел, арзан ұпай алу мақсатын емес, елдік мəселелерді ту етіп көтеріп, биік мінберлерден білікті ұсыныс-ойлар айтуымен ерекшеленді. «Тура айтсаң туғаныңа жақпайсың» деген сөз бар. Солай екен деп ағамыз сəмбі талша иілген жоқ. «Ленин туы», «Халық кеңесі», «Егемен Қазақстан» газеттерінде жемісті қызмет атқара жүріп, қаламының қуатын ұлттық, проблемалық жайттарға арнады. Ең алдымен, қарапайым адамдардың мүддесін қорғай білді. Ондайда алдында тау тұрса да ықпайтын. Шенеуніктердің лауазымына қарамастан бетің бар, жүзің бар демей айтып салатын. Мəкең өзінің «шекпенінен шыққан» ізбасарлары мен шəкірттерін де əркез адалдыққа, шыншылдыққа, бірсөзділікке тəрбиелеп, дұрыс бағыт-бағдар сілтеп отырды. Өңірдегі алғашқы тəуелсіз басылым – «Қызылжар» газетінің орыс тілінде де шығуына ой тастап, Асхат Сағындықов, Зейнолла Əкімжанов, Құрман Рамазанов, Жақсыбай Самрат, тағы басқа жас журналистерді қатарына тарта білді. Бірде қатты сасып, тығырыққа тірелдік. «Қызылжар» газетінің редакторы едім. Алғашқы санынанақ шалғайымыздан жармасып, тырнақ астынан саяси ілік іздеушілер көбейіп кетті. Сөйтсе, «Два лика одного Любушина», «Иван кивает на Петра, Петр на Ивана» атты тіл, ел мұңын қозғайтын сын мақалалар облыстық партия комитетінің идеология жөніндегі хатшысының шамына тисе керек, басылымды жабуға əрекет жасап бақты. Онысынан ешнəрсе өнбегесін Супрунюкті айдап салыпты. Ол болса, «жасыл түспен шығарылғаны – исламшылдықты аңсаушылық, көксеушілік» деп, жер-көкке жазып, жамандай жөнелді. Көп кешікпей газетіміздің бірінші бетінде Мəкеңнің «Из демократов – в сексоты» деген мақаласы жарқ ете түсіп, ауыздарына құм құйды. Мұны айтып отырғанымыз, өре түрегелушілерге қарсы тойтарыс беру мақсатымен беделді деген ағайындарымызға мақала жазуға қолқа салып, өтінішіміз аяқсыз қалған болатын. Ал Мəкең жасқанбады. Иə, ақтық демі біткенше ұлт намысын қорғап өткен асыл ағамыз өз кезінің асып туған жампозындай, мінезі де, сөзі де кесек ерлердің соңғы тұяғындай көрінетіні бар. Алайда, осындай тау тұлғалы азаматтың қадірқасиетін тиісінше бағалай алмай жүргеніміз өзекті өртейді. Біздіңше, теріскей жақта ел тəуелсіздігінің орнығуына қаламымен де, күрескерлік ісімен де өлшеусіз үлес қосқан Мəкеңмен қалай мақтансақ та жарасады. Сол себепті көшеге, өзі оқыған мектепке есімін беру, жас журналистер үшін арнайы жүлде белгілеу, артында қалған мол мұрасын жинап, бастыру, журналистік шеберлігін зерделеу секілді мəселелер өз шешімін тапса, еш көптік етпейді. Солтүстік Қазақстан облысы.

ƏЗІЛ - ОСПАЌ, СЫН - СЫЌАЌ

Ќызєаныш

Мұса Рахманбердиев Жамбылға қызметке ауысып кетті де, мен «Қазақтелефильмнің» бас директоры болып тағайындалдым. Қалила Омаров бізде режиссер болып қызмет атқарады. Бір күні актер Сəбит Оразбаевтың 60 жылдығына орай шақыру билеті келді. Ол Қалила екеуміздің атымызға келіпті. Ойымда ештеңе жоқ, əдемі конвертке салынған жылтырақ шақыру билетті үйге əкеліп, журнал үстеліне тастай салғанмын. Душ қабылдап, залға кірсем, келіншегім сазарып отыр. – Қалила деген кім? – деді ол маған алакөзімен қарап. – Бізде істейді, режиссер. – Ə, түсінікті болды, – деді əйелім көзі жасаурап, – тойға барамын деңдер, ұятсыздар. – Сен не деп тұрсың, – дедім мен күлкім келіп. – Қалила əйел емес, еркек. – Енді аяқ астынан еркек болып қалды де? Қалай-қалай соғасың өтірікті, – деп құдай қосқан қосағым бұлқан-талқан болып бөлмеден шығып кетіп, көз жасын сығып-сығып алды. Осы оқиғадан соң екеуміз екі-үш күн қырғиқабақ болып жүрдік. Үшінші күні үйге кештетіп келсем, келіншегімнің жүзі жайдарлы, ашық-жарқын қарсы алды. – Жаңа Қалила телефон соқты, – деді ол əлденеге мəз болып күліп. – Сəбит Оразбаевтың

мерейтойына алатын сыйлықты алып қойыпты. Ер адамға да осындай ат қояды екен, қазақтар қызық осы... Сол күні қаймақ қатқан қою шай ішіп, адам болып қалдым.

Ќўдайдыѕ мўнысына да шїкір

«Қазақтелефильм» тарап кеткен соң Қалила Омаров «Алатау» ұлттық телеарнасына бас режиссер болып орналасып, қызмет атқарып жатады. Бірде белгілі əнші Гүлмайдан Сүндетова келіп, өзінің концерттік бейнеклиптерін жасамақ болады. Ол бір топ редакция қызметкерлерімен əңгімедүкен құрып отырғанда үлкен бөлменің ішіне Қалила кіріп, əнші қарындасына ізетпен сəлем береді. – Міне, біздің бас режиссеріміз де келіп қалды, – дейді қызметкерлердің бірі. – Гүлмайдан, танысып қой, жаңа құлағын шуылдатқан белгілі кинорежиссер Қалила Омаров осы кісі болады. – Жоқ, жоқ, – депті сонда Гүлмайдан без-без етіп. – Мен Қалила Омаровты білемін, ол кісімен танысқан жағдайым бар, ұзын бойлы, сымбатты жігіт. Ал мына біреу төбе шашы селдіреп қалған таз ғой, – деп лақ еткізеді. – Құдайдың мұнысына да шүкір, – дейді сонда Қалила, – жігіттер сұлу қыздармен менің атымды атап танысып жатса, менің де жаман болмағаным... Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК. АЛМАТЫ.

 Əзілің жарасса...

Суретті салған Бейсен СҰЛТАН.

Бастығымыздың бойында соңғы кездері бір өзгеріс байқалады. Шашын жылмита тарап, бетіне далап жағатынды шығарды. Қасын теріп, иіссудың түр-түрін қолданады деп осындағы қыз-келіншектер сөз етіседі. Есесіне, қызметтік жұмысына самарқау секілді, біздің де бұрынғыдай мазамызды ала бермейді, жиналысты азайтты. Өзіміз осынысына ризамыз, кеңсеге кештеу келіп, ертелеу қайтып жүрсек те, ешкім ешнәрсе дей қоймайды. ...Ескі үстелімді өңгеріп, самарқау есінеп отыр едім, хатшы қыз бәрімізді, «жиналысқа», деп бастықтың бөлмесіне айдап кіргізді. – Жолдастар, – деді ол бәрімізге жағалай көз тастап, радиоқабылдағыштың құлағын «тырс» дегізіп бұрап жіберді. Сәлден соң қарғып тұрып, «Мә-мә» ансамблінің әуеніне салып, «Жорға, жорға» деген күйі терезенің алдына бір-ақ барып тоқтасын. Мына оқыс қылық, тегін концертке қарап аң-таң біз отырмыз. Күлерімізді не күлмесімізді білмейміз. Ыржақтап тұрған басекең орнына қайта жайғасты да: – Мырзалар мен ханымдар, күлкі керуені аяқталды! – деп қуақылана хабарлады. – Айтпақшы, қыз-келіншектерге рұқсат, жұмыстарыңызға бара беріңіздер, – деп сылқымдарға еркіндік берді. Олармен бірге бар шаттығы, күлкісі ере кеткендей соңдарынан сүзіле қарап біраз тұрды да: – Жігіттер, – деді ол бір кезде тұнжырап тұрып. – Менің жағдайым қиын, сендердің көмектерің керек. Шошып қалдық... Жаңағы қылығы анау, ендігі сөзі мынау. Шынында сау адамның

Сонда əлгі жігіт те əзілден құралақан болмаса керек: – Жоқ, бұл кісі маған қосымша əйел берді, – депті.

Ауылдыѕ айтќыштары Бұрынғы Ералы аудандық атқару комитетінің төрағасы Халидолла Нұрғалиев əзілқой адам екен. Бірде бір қызметкер оған үй сұрай барыпты. Оның үйі тар екен де, оның үстіне келіншегі егіз нəресте тауыпты. – Аға, көмектесіңіз, бізбен көрші пəтерде жалғыз жесір əйел тұрады, соны ауыстырып, үйін бізге алып берсеңіз де болады, – дейді қызметкер. Сонда Халекең жалма-жан: – Өй, қарағым-ау, сол жесір əйелді пəтерімен өзің неге қосып ала қоймайсың? – деп күліпті. Қапелімде мəселе шешілмей, арыз иесі төрағаның бөлмесінен шығып келе жатса, бір жолдасы сұрайтын көрінеді: – Е, қалай, пəтер берді ме?

   Ауылдық клубтың сахнасында «Шекарада» деген көрініс қойылып жатады. Онда: «Бізге ешкімнің де бір сүйем жері керек емес, ешкімге де бір жапырақ жер бермейміз!» деген шекара сақшысының сөзі айтылады да, іле-шала залға қарап: – Кім келе жатқан?! Тоқта! – деп қатты айқайлайды. Бұл – шекара бұзушыға айтқаны. Дəл осы сəтте клубтың есігінен біреу кіріп келе жатып, ол маған айқайлап тұр екен деп кілт тоқтайды да, сасып: – Мен ғой... Сақанмын. Аздап кешігіп қалдым, кешіріңіз, – дейді. Залдағылар күліп, сахнадағы ойнаушы да қу екен, əлгіге: – Екіншілей кешікпеңіз, отырыңыз, – депті. Көрген БІЛГЕНОВ. АСТАНА.

Жыртыќ ќалтаныѕ жыры

-------------------------------------- («Арман» əнінің əуенімен) -----------------------------------------Қалай күйдім сенен, Құлай күйдім сенен. Жүрегімді ұстап, Жылай күйдім сенен, сенен...

Естіген ел көптен, Дағдарыс па жеткен? Қайтару пайызбен, Қиын еді неткен, неткен...

Қайырмасы: Заман, адастырмай мені қоя тұр, Банк, құшағыңды маған жая тұр. Теңге, сені сақтай алмадым, Нарық, алдадың сен мені, Тағы да алдадың...

Ақша іздеп тынбай, Мына өмірге сыймай. Күлкіден айырған Құрысын өмір мұндай, мұндай...

Қайырмасы:

Үмiт ӨТЕГЕНҚЫЗЫ. АЛМАТЫ.

жылда бір қайталанатын сирек кесел көрінеді. Мұрныма қызғалдақтың ба, қыздың ба иісі аңқып келеді де тұрады. Айнала көк жасыл, әдемі көрінеді. Көңілім – көкте, өзім – жерде, ұшып-қонып отыра алмаймын содан. Жасың дардай, тірлігің мынау, ұят екен, тіпті! Қысыламын. Жақында келіннің подрушкасын айналдырып, қолға түсіп қала жаздадым. Бүйте келе абыройсыздыққа ұшырарым анық. Ары ойланып, бері ойланып, операциямен алдырып тастайын деп шештім. – Нені алдырасыз? – деп Томпи әуесқойлық танытты. – Мынаны. Мұрын ішінде жұпар иіс шығарып тұратын бір түйін пайда болып-

Салдырып алып, ойнақтасам ба екен, айхай! Орнымнан көтеріліңкіреп отырдым. – Кәне, жасарамын деген қайсың бар, бір тоқтамға келелік, – деп басекең елжірей үн қатты. Бәріміз ойланып отырмыз. Әркім өз қиялымен әуре. – Дедей, сен қалай қарайсың? – Ұсынысыңыз дұрыс. Келініңізбен екі ажырап, екі рет қосылдық, ананы салған соң, алаңсыз көше кезіп кетермін. – Өй, сілең қатқыр! Сенің сондайың бар, – деді басекең зілсіз ғана. – Сен ше? – деп Зияшқа қарады. – Сеніміңізге рахмет, өзіңіз дің көлеңкеңізде ілініп-

ты. «Корсекизариюс» деген осы неме. Мені желіктіріп, киіктің матауындағы текедей бақылдатып бара жатқан осы пәле. – Ойпырмай,ә! – Неткен ғажап! – Бұл кеселіңіз нан тауып жеуге келетін керек кесел секілді, – десіп жамыраса қалдық. – Ғажап болса, сол кереметті біреуіңе сыйламақпын. Өзі шетелге сатса да құнды нәрсе көрінеді, рахатын өздерің көріңдер, – деді. Мынасы ойыны ма, шыны ма?! – Дәрігерлер айналдырған оншақты минутта ауыстырып салып бере алатын көрінеді. Әлгі түйін танауларыңа жайғасса, талай қызыққа жолығасыңдар. «Жігіттік – гүлстан», гүлбазарға, қызбазарға кіресіңдер де кетесіңдер. Баяғы аңыздарда айтылатын қызыл гүлің осы! Пайпай, шіркін! Осы жасқа келіп көрмеген қызығымды, осы түйін пайда болған үш-төрт айда жолықтырдым-ау!.. – деп басекең таутекедей талтайып тұрып, тәтті қиялға берілді. Айтқаны рас секілді, соңғы кездері жас жігітше модный киініп, той-томалақтан қалмайтынын байқадық. Кафе, ресторандарды жағалап жүргенін де талай көрдік. Е, бәсе, алып бара жатқаны әлгі, «Корсекизариюс» дегені екен ғой.

салынып келе жатырмыз. Менің бүйрегім ауырады ғой, – деп Зекең де тайқып шықты. – «Жау жігіті бір басқа, дау жігіті бір басқа» деген осы. Томпи, сен не дейсің? – Жөні келетін іс екен. Бірақ менің айлығым аздау. Анауыңыз желпінтіп, желдіртіп, жетектеп кететін құдірет секілді. Жүріп-тұруға, қыз-қырқынды қыдыртуға қаржы керек, әуелі айлығымды көбейтіңізші... – Сөзің құрысын, бюджет онсыз да аз. Сен қалай қарайсың, Былду? – Біздің әйелдің мінезі жайсыз, сонымен ақылдасып келейін де...

Тїйінді тїйін тірлігі емес. – Мен науқаспын, – деді ол күрсініп. – Не дейді? – деп, бәріміз кәдімгідей үрпиісіп қалдық. – Операцияға түсетін болдым, – дегенінде, Шонай онымен жаны бірге шығардай шыңғырып жіберді. – Ақша сұрайын деп отыр ма? – деп сыбырлап, Зияш сол құлағымды ысытып жіберді. Бөлмені арлы-берлі кезген басекең: «Жас болса елуді ортал ад ы, бал ал ар үйл і баранды болды. Немерелерім де ержетіп келеді. Ал менің... менің жүрісім болса мынау! Маған айнала көк жасыл, көктем болып көрінеді. Жүргім келеді, секіргім келеді, ұшқым келеді, – деп қолын көкке көтеріп, кең тыныстады. – Реңді қыз-келіншек көрсем көзім жайнап, жүрегім дүрсілдеп кетеді, – деді ол тағы да қуанған кейіпте. – Өліп кете жаздаймын, бір жақты еткенше... басқа жұмысқа зауқым кем, – деп сөзінің соңын сыбырлай бітірді. «Не деп тұрей, мына кісі! Түк түсінбедім. Аурумыны несі, жайнаймыны несі?! Шынында бірдеңе ұрған мынаны. Әнеукүнгі тойда өлердей билегені жаман еді». – Есім дұрыс, бірақ кеселмін, – деді басекең одан сайын жұмбақтап. – Үлкен жерге тексерілдім, бәле мына жерде екен – деп бас тық танауын нұсқады. – Дәрігер лер дің айтуынша, жүз

– «Төмен қараған еркектен без» деген, сенен түк шықпайтыны белгілі болды. Кәукәман, өзің болмасаң, мыналардан үміт үзілді, – деп орынбасарына қарады. – Басеке-ау, мен де өзіңіздің аяғыңызды алып келе жатқан жоқпын ба, мені қинамаңызшы, – деп ол да жер шұқыды. – Қызық болды ғой, өзі! Осындағы топырлаған еркектен жарамды біреуі шықпағаны ма? Өзім де қимаймын, қызығына да тойған жоқпын. Қайтейін, «ниеті бұзық өгіз бұзаумен бірге жайылады дей ме», деп амалым құриды. Осы кезде, бас есепші шошаң етіп орнынан тұрды. – Басеке, менде бір идея бар! Домалағыңызды жөнімен домалатайық. Өңкей шірікке қор қылып не етесіз. Ақшасы бар бизнесменнің біріне сатайық, солай мекемеге қаржы түсірейік. Сонда бұлардың зарлап жүрген материалдық көтермелеуі, сыйлығына да жететін болады. – Басың бас екен, мыналардан өзім де күдерімді үзіп отырмын. Біреуі иелене қойса деп едім, болмады. Ендеше, солай етейік, құжаттарды дайындаңыз. Басқаларың боссыңдар, марш! Демімізді ішімізден алып отырған біз қырғидан ыққан торғайдай дүр көтерілдік. – Жігіттер, айта жүріңдер, есепшоттың нөмірі – 0002000,– деп дауыстады есепші соңымыздан. Иә, үміткерлерден хабар күтеміз. Нұрмахан ЕЛТАЙ. Қызылорда облысы.

ОТБАСЫНДАЄЫ «ОШАЄАН» Əйелі кїйеуіне: – Сен маєан «семіріп бара жатырсыѕ» деуші едіѕ єой. Алтын сырєа сатып алып берсеѕ, арыќтаймын. – Бўєан алтынныѕ ќатысы ќанша? – Енді, сырєа сатып алсаќ екі ай аш отырмаймыз ба?!. * * * Əйелі кїйеуіне: – Ќўрысын, мен сенен кетемін, жолыма аќша бер еѕ болмаса. Кїйеуі аз-маз аќша береді. Əйелі: – Ќайтар жолєа ше? * * * – Алтын сататын дїкенніѕ

жанынан ґтіп бара жатып меніѕ неге жылаєанымды білесіѕ бе? – Білемін, біраќ менде ондай аќша жоќ ќой... * * * – Бір жаєымды, бір жаєымсыз жаѕалыєым бар. – Айта бер. – Мен сенімен ажырасамын! – Ал жаєымсыз жаѕалыєыѕ ќандай...

Мїйісті жїргізетін Берік САДЫР


12

www.egemen.kz

10 желтоқсан 2013 жыл

 Өнер

і т т ґ с ы т й а н а м а л а а д а н а т Ас Əбдірахман ҚЫДЫРБЕК, «Егемен Қазақстан».

Елордадағы Конгресс-Холлда тəуелсіздік мерекесіне арналған «Жырың болып төгілемін, елім!» атты республикалық ақындар айтысы өтті. «Нұр Отан» партиясының қолдауымен өткізілген айтулы додаға еліміздің түрлі аймақтарынан келген сайдың тасындай іріктелген он ақын қатысып, бақтарын сынады.

Айтысты құттықтау сөзбен ашқан «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек партия өзінің жаңа Cаяси доктринасында ұлттық дəстүрімізді, төл мəдениетімізді, руханиятымызды өте жоғары орынға қойып отырғанын айта келе, Елбасы саясатының арқасында егеменді ел болып дамыған елу мемлекеттің қатарына ендік, деді. Сондай-ақ, ол тек кемшілікті ғана емес, бірлікті, бейбітшілікті, тұрақтылықты жырлау керектігін де тілге тиек ете келе, «Нұр Отан» партиясы ақындарымызды қашанда қолдайтындығын атап көрсетті. Сонымен, алғашқы болып сахнаға Мұхтар Ниязов пен Жандарбек Бұлға қов көтерілді. Жалындаған

жас ақындар айтысы жиылған жұртшылықты өздерінің ұтқыр сөздерімен тамсантты. Жалпы, өткізіліп отырған бұл айтыстың өз ережесіне сай ақындар шек тастау арқылы экранда белгіленген арнайы тапсырмаға сəйкес айтысты ары қарай жалғастырды. Бұл жолы оларға өтірік өлең айту түсті. Қос ақын да бұл сында барын сала айтысты. Осы тұс Мұхтар Ниязовтың өткен жылғы айтыстың алтын домбырасын жеңіп алғанын айта кетейік. Екінші жұпта кездескен Қанат Мырзахан мен Дидар Қамиевтің сөз тартыстары да тартымды шықты. Бұларға өз айтыстарынан кейінгі тапсырма қайым айтыс болды. Тарының қауызындай төрт жол өлеңге толғамды ойды сыйдыру əсте оңай емес. Алайда, ақынның ақындығы көрінер сəтте Қанат пен Дидар бұл сыннан сүрінген

жоқ. Қайымдаса айтысты еркін жалғастырды. Үшінші жұп сахнаға шыққанда көрермендер ықыласы ерекше болды. Бұл жолы жұртшылық алдында көптен бері көрінбей жүрген белгілі айтыскер Бекарыс Шойбеков шықты. Оның қарсыласы бүгінде өзіндік ой орамымен көзге түсіп жүрген Жақсылық Орынбасар еді. Жақсылық елдегі оралмандар мəселелерінен ой толғаса, Бекарыс өзінің толғамды ойлары мен ұтымды жауаптарынан жаңылған жоқ. Қос ақын өз айтыстарынан соң экранда көрсетілген суретті жырлады. Сара Тоқтамысова мен Нұрмат Мансұров төртінші жұпта додаға түсті. Олар «Біз үшін не қымбат, не арзан?» деген тақырып төңірегінде ой толғады. Соңғы жұп – Балғымбек Имашев пен Айнұр Тұрсынбаеваны оқырманға таныстырып жатудың қажеті бола қоймас. Жуырда ғана «Кіл жүйрікте кім жүйрік?» атты республикалық

ақындар айтысында бас жүлдені иеленген Айнұр да, ұтымды сөз бен əзілге бұра айтысуда қамшы салдыра қоймайтын Балғымбек те жұмбақ айтыстың көрігін қыздыра отырып, көп көңілінен шықты. Қазылар алқасының ұйғарымымен ақтық сайысқа Дидар Қамиев, Нұрмат Мансұров, Жандарбек Бұлғақов, Балғымбек Имашев жолдама алды. Додадағы ерекшелік сол, бұл жолы ақындарымыз Құлмамбет айтысының үлгісімен төртеуі де қатар отырып айтысты. Осы тұс зал толы халық Жандарбекке дем берумен болды. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, қазылар алқасының шешімімен Жандарбек Бұлғақов осы айтыстың бас жүлдесін иеленді. Оған сайысқа тағайындалған үш миллион теңге мен алтын домбыра табыс етілді. Ал бірінші орын Дидар Қамиевке бұйырды. Ол екі миллион теңге олжалады. Екінші жүлде – бір

 Жазылым – 2014

Суреттерді түсірген Сұлтан СЕЙІТОВ.

 Бокс

Рухани байлыќ кґзі

Біз етігінің қонышына газет-журнал қыстырып, кең далада мал қайырған қойшыны көрген ұрпақпыз. Қайнаған тіршіліктің арасында жүрсе де, мерзімді басылымдарды жібермей оқитын ағалардың тəрбиесін алған адамдармыз. Сондықтан бала күнімізден кітаппен қатар əр басылымның бір нөмірін жібермей оқуға дағдыланғанбыз. Оның үстіне біздің əкей Алдаберген Бисенов талай жыл ел басқарған кісі еді. Социалистік Еңбек Ері болатын. Ал үйімізге сол кезде еліміз бойынша шығатын барлық басылым келетін. Əкеміз соның ішінде «Социалистік Қазақстан» газетін өте үлкен ықыласпен оқитын. Бүгінгі «Егемен Қазақстан» газеті біздің бала кезімізден

миллион теңгені Нұрмат Мансұров еншілесе, жүлделі үштікті Балғымбек Имашев жеті жүз елу мың теңге сыйлықпен қорытындылады. Сонымен бірге, айтысқа қатысқан барлық ақындарға бес жүз мың теңгеден сыйсияпат жасалды. Ұйымдастырушылар айтыс өнеріне көп еңбек сіңірген мемлекет жəне қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков пен ақын Жүрсін Ерманға да құрмет көрсетіп, шапан жапты. Сондай-ақ, жақында өмірден озған айтыс дүлдүлі Есенқұл Жақыпбеков атындағы жүлдені «ҚазАйтыс» сайтының жетекшісі Ұларбек Нұрғалым Мұхтар Ниязовқа табыстады. Шара соңында қазылар алқасының төрағасы, Парламент Мəжілісінің депутаты Алдан Смайыл барлық ақындарға сəттілік тіледі. ––––––––––––––––

бергі ажырамас серігіміз десек, ақиқаттан алыс кетпегеніміз. Бүгінде ақпараттық технология дамыды. Барлық керек дүниені алдыңда тұрған компьютерден табуға болады. Оның үстіне интернет игілігімізге айналғаннан бері, түрлі ақпараттық сайттар ашылды. Бұдан бөлек, дəстүрлі басы лымдардың да сайттық нұсқалары өмірге келіп жатыр. Дегенмен, бала кезден қорғасынға құйылып, қағазға таспаланған газетті оқып үйренген біздер үшін басылымды парақтап отырып қарағаннан артық рақат дүние жоқ. Сол себепті интернет нұсқасы көз алдымызда тұрса да, «Егемен Қазақстан» газетін үнемі жазыртып аламыз. Мен «Егеменге» не үшін жазыламын? Біріншіден, ол – еліміздің бас газеті. Мемлекеттің бағыт-бағдарынан айқын ақпарат беріп, Елбасының сындарлы саясатын елге жеткізіп отырған бірегей басылым. Екіншіден, ешқашан жалаң ұранға ұрынбайтын, тек нақты деректерді тарататын шыншыл мақалаларды басады. Бұл – оқырманды адастырмайды, жалған жолға сілтемейді деген сөз. Ал халық үшін ең бастысы да осы.

Үшіншіден, Алаш арыстары хақында, елімізге елеулі еңбек еткен адамдар туралы, тау тұлғалы азаматтар жайында тұшымды естеліктер мен эсселер беріп, əлемдегі айшықты оқиғалар мен тарихи орындар турасында кең көлемде деректі дүниелер жариялап отырады. Төртіншіден, елімізде қабылданып жатқан заңдар мен қаулы-қарардың барлығы осы басылымға шығады. Біле-білген адам үшін бұл да маңызды жайт. Себебі, заңның барлығы қоғамның дамуы үшін қабылданады. Ал қоғам адамнан тұрады. Осы ретте Қазақстанның əрбір тұрғыны өзіне қатысты заңдармен «Егемен» арқылы таныса алады десек, жалған болмас. Жалпы, «Егемен Қазақстан» газетін үнемі оқып жүрген адам заманның үнін сезіп отырады. Ұлт зиялыларының өзі «Заманмен үндес заңғар басылым» деп баға бергенде осыны меңзесе керек. Əсіресе, айдың соңында шығатын «Етжеңді «Егеменді» оқығанда ерекше барақат күй кешеміз. Өйткені, онда зор рухани байлық бар. Қылышбай БИСЕНОВ, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры.

Astana Arlans таєы да жеѕіске жетті

Менің жасым 85-тен асты. Ес жиып, етек жапқан кезден бастап ұжымшарда еңбек еттік, соғыс басталған кезде өзіммен құрдас 13 жастағы ауыл балаларымен бірге таңның атысынан күннің батысына дейін қоғамдық малды бағып,

Бүкілəлемдік бокс сериясының биылғы маусымдағы үшінші турында Astana Arlans ұжымы Мексиканың Mexico Guerreros командасын қабылдап, 4:1 етіп ұтты.

Газетпен бірге жасасып келемін жазда шөп шаптық, егін ектік. Бұдан кейін бірнеше кеңшардың бөлімшелерін басқардым, ұжымшар төрағасының орынбасары болдым. Отанымыздың бас газетін оқығаныма 65 жылдан асыпты. Абай хакім айтқандай, «қартайып, қайғы ойласақ та» «Егемен Қазақстан» газетін оқып тұрамын. «Егемен» – ел газеті. Тұң ғыш Президентіміз Н.На зарбаевтың саясатын қалың жұртшылыққа жеткізіп, оқырмандарын елімізде болып жатқан елеулі жаңалықтармен сусындатып отырған басылымның таралымы жыл сайын артып келеді. 2014 жылға бас

Кездесу 6 желтоқсан күні өтті. Оны 49 килоға дейінгі боксшылар ашты. Шайқасты өте қарқынды өткізген Мардан Берікбаев мексикалық Хосе Альберто Залета Рейесті еркін жеңді. Бұдан кейін 56 килодағы Мейірболат Тойытов визавиі Серхио Чириньо Санчестен басымдығын танытты. Ол бес раундтың қорытындысы бойынша биік тұрды. Матчтағы алаң иелері үшін жалғыз жеңіліс осыдан кейін тіркелді. 64 килоға дейінгі Жəнібек Əжібай қонақ жігіт Кристиан Биельмаға есе жіберіп алды. Ал соңғы екі жекпе-жекте де қазақстандықтар қарсыластарын техника лық нокаутпен тізе бүктірді. Екі айқас та төртінші раундта аяқ тал ды. Ал дымен

басылымға ауданның бір мыңнан астам оқырмандары жазылыпты. «Егемен Қазақстан» шал ғайда жатқан Зайсан ауданындағы өркенді өзгерістер жайлы да қалам сілтеп отырады. Бір ғана мысал. Зайсанның көмірі жайлы бұдан бұрын да бірнеше рет мақала жарық көрді. «Лаула, Зайсан алауы» деген мақаланы да оқып шықтым. Бұл өңірден мұнай қоры да табылды. Оны халық игілігіне жаратуда көп істер атқару керек. Зинабек ЗАЙНУЛДИН, еңбек ардагері.

75 килоға дейінгі сал мақ тағы украин легионері Сергей Деревян ченко мехиколық Диего де Хесус Морено Амадорды тас-талқан етсе, соңынан 91 килодағы Василий Левит сол үрдіспен Кристиан Демажды уақытынан бұрын жолдан шығарып тастады. Сөйтіп, «астаналық арландар» алғашқы үш кездесуін де жеңіспен аяқтады. Олар келесі матчты 13 желтоқсан күні Cuba Domadores командасымен өткізеді. Кубалықтар да осы кезге дейін жеңіліп көрген жоқ. Бостандық аралының жігіттері тіпті бір ұрыста да қарсыласына дес бермей, барлық матчтарында 5:0 есебімен жеңіске жетіп келеді. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ.

 Қылмыс пен жаза

Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы.

Ќўрдасын ґлтірген жеткіншек 11 жылєа сотталды Қызылорда соты жаппай төбелес кезінде құрдасын өлтірген жеткіншекке қатысты үкімін шығарды.

Бұл оқиға биылғы жылғы оқу бітіру кешінен кейін орын алды. Қызылорда қаласы көшелерінің бірінде екі мектеп оқушылары арасында кикілжің туды. Сол кезде оқушылардың бірі екіншісін пышақпен ұрған. Осыдан кейін жараланған жігіттің досы сыныптасы үшін кек алмақ болып, бір танысынан қолдан қару жасап беруді сұрайды. Қару дайын болғанда жеткіншек сыныптастарын жинап, досын жаралаған жігітті іздеп барған. Мұның соңы екі топ арасында төбелес туып кетуіне апарып соқтырады. Қалада мектеп оқушылары арасында топтық төбелес болып жатқанынан хабардар болған полицияның «Боран» жасағы

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 273-73-80.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru , egemenkz@maіl.kz Алматыда: факс (727) – 273-73-80, электронды пошта – egemalm@mail.ru

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – (712-2) 32-94-07; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

Көкшетау – (716-2) 25-76-91; Павлодар – (718-2) 68-59-85; Қарағанды – (721-2) 43-94-72; Семей – (722-2) 52-26-86; Қостанай – (714-2) 39-12-15; Тараз – (726-2) 43-37-33; Қызылорда – (724-2) 27-00-85 Шымкент – 8 (701) 404-36-29; Орал – (711-2) 28-80-35; Петропавл – (715-2) 50-72-50. Өскемен – (723-2) 25-28-41; Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-73-97, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Арко» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-полиграфия» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Мұхит к-сі, 57/1, «Жайық Пресс» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Космическая к-сі, 6/3, «Шығыс ақпарат» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

шұғыл жетіп келеді. Тəртіп сақшыларын көрген топтар сол бойда жан-жаққа бытырай қашады. Сол кезде қолында қаруы бар манағы бала қашып бара жатқан құрдасын артынан келіп, пышақпен ұрады. Қатты тиген сол жарақаттан оқушы оқиға болған жерде көз жұмады. Сот барысында жігіттің кінəсі толығымен дəлелденді. Осыған орай сот оны 11 жылға бас бостандығынан айырды. Бұған қоса, оған қолдан қару жасап берген адам да жазасыз қалмады. Ол шартты түрде 2 жылға бас бостандығынан айыруға кесілді. Үкім əлі заңды күшіне енген жоқ. Құрыш НҰРЫМБЕТ.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 200 601 дана. Нөмірдің кезекші редакторы

Айдар ӨРІСБАЕВ.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 6 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №202 ek

Profile for Egemen

10122013  

1012201310122013

10122013  

1012201310122013

Profile for daulet
Advertisement