Page 8

8

www.egemen.kz

10 қыркүйек 2013 жыл

 Спорт

 Жағымды жаңалық

Бїгінгі ќарсылас – Швеция ќўрамасы

Ойылдаєы жаѕа мектеп

Қазақстан ұлттық құрамасы Астанада 2014 жылғы əлем чемпионаты іріктеу турнирінің кезекті кездесуін өткізеді. Дастан КЕНЖАЛИН, «Егемен Қазақстан».

Бұл жолы еліміздің бас командасы Астанадағы «Астана-Арена» стадионында Швеция ұлттық құрамасын қабылдайды. Бұған дейін біздің құраманың Скандинавия түбегінің бір бөлігін алып жатқан елмен əлі кездеспегенін білеміз. Жалпы, Қазақстан құрамасы Скандинавия елдерінің ешқайсысымен əлі ойнап көрген жоқ. Тек жақында ғана аталған түбекке жақын орналасқан Дания корольдігінің автономиясы саналатын Фарер аралдарымен ғана үшінші матчын өткізді. Сондықтан Қазақстан мен Швеция арасындағы бүгінгі кездесу екі елдің алғашқы матчы болады. Жалпы, Швеция командасы туралы көп нəрсе айтуға болады. Бұл елдің құрамасы халықаралық аренада өзіндік қолтаңбасы бар, əлем жəне Еуропа чемпионаттарында бұрыннан бері жақсы өнер көрсетіп келе жатқан команда ретінде белгілі. Шведтер 1950-1990 жылдары əлем жəне Еуропа чемпионаттарында өзіндік ойын өрнегін қалыптастырып үлгерген. Ол тіпті, екі рет əлем чемпионатының қола жүлдегері атанған. Алғаш рет 1950 жылы Бразилияда өткен əлемдік бəсекеде, екіншісін 1994 жылы АҚШ-та өткен сында алды. Содан бері шведтер халықаралық аренада лайықты өнер көрсетіп келеді. Қазіргі кезде де Скандинавия елі ешкімге жығыла салатындай емес. Ол 2014 жылғы əлем чемпионатының іріктеу турнирінде біздің «С» тобында Германиядан кейінгі екінші орында тұр. Топтағы соңғы кездесуін олар 6 қыркүйек күні Ирландияға қарсы өткізіп, 2:1 есебімен ұтты. Қалай десек те, бүгінгі кездесу қызықты жəне тартысты өтетіні анық. Бұған қоса, қазақстандық жанкүйерлерді Швеция құрамасының қазіргі күнгі «жұлдызы», тегі босниялық мұсылман оғланы Златан Ибрагимовичтің өнері қатты қызықтыратыны да сөзсіз. Осы кездесу алдында Қазақстан мен Швеция құрамалары командалар құрамын жариялады. Біздің бас командаға қақпашылар Андрей Сидельников («Ақтөбе»), Александр Мокин («Шахтер»), Антон Цирин («Жетісу»), қорғаушылар Қайрат Нұрдəулетов («Астана»), Андрей Порываев («Шахтер»), Юрий

 Өңір өмірі

Логвиненко, Алексей Мулдаров (екеуі де – «Ақтөбе»), Виктор Дмитренко («Астана»), Марк Гурман, Александр Кислицын (екеуі де – «Қайрат»), Константин Энгель («Энерги» Котбус, Германия), жартылай қорғаушылар Нұрбол Жұмасқалиев («Тобыл»), Мақсат Байжанов («Шахтер»), Марат Хайруллин («Ақтөбе»), Валерий Коробкин («Астана»), Дмитрий Шомко («Ертіс»), Андрей Карпович («Ордабасы»), Анатолий Богданов («Тобыл»), шабуылшылар Таңат Нөсербаев («Астана»), Андрей Финонченко, Сергей Хижниченко (екеуі де – «Шахтер»), Сергей Остапенко («Астана»), Алексей Щеткин («Атырау»), Игорь Юрин («Ертіс») шақырылды. Швеция мына құраммен ойынға шығады: қақпашылар – Андреас Исакссон («Касымпаша», Түркия), Кристоффер Нордфельдт («Херенвен», Голландия), Юхан Виланд («Копенгаген», Дания); Қорғаушылар – Микаэль Антонссон («Болонья», Италия), Пьер Бенгтссон («Копенгаген», Дания), Расмус Бенгтссон («Твенте», Голландия), Ан дреас Гранквист («Дженоа», Италия), Адам Юханссон («Сиэтл Саундерс», США), Микаэль Лустиг («Селтик», Шотландия), Пер Нильссон («Нюрнберг», Германия), Юнас Ульссон («Вест Бромвич», Англия), Мартин Ульссон («Блэкберн Роверс», Англия); жартылай қорғаушылар – Джимми Дурмаз («Генчлербирлиги», Түркия), Альбин Экдаль («Кальяри», Италия), Александр Качаникли («Фулхэм», Англия), Себастиан Ларссон («Сандерленд», Англия), Андерс Свенссон («Эльфсборг», Швеция), Понтус Вернблум (ЦСКА, Ресей), Эркан Зенгин («Генчлербирлиги», Түркия); шабуылшылар – Юхан Эльмандер («Галатасарай», Түркия), Тобиас Хюсен («Гетеборг», Швеция), Златан Ибрагимович («Пари Сен-Жермен», Франция), Ола Тойвонен (ПСВ, Голландия). Бас жаттықтырушы – Эрик Хамрен (Швеция). Матч Астана уақытымен кешкі сағат 22.00-де басталады. Кездесу «Хабар» арнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Біздің газеттің сайты (www. egemen.kz) матчтан репортаж беретін болады. Оны ойын біткен соң бір-бір жарым сағаттан кейін оқи аласыздар.

Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Жақында ойылдықтар қос бірдей қуанышқа кенелді. Бұл ауданда екі жаңа мектептің ашылуына байланысты болды. Ақшатау ауылында пайдалануға берілген жаңа мектептің ашылу салтанатына ауылдықтар тайлытұяғы қалмай жиналды десе де болғандай. Мұның себебі де бар. Аудандық білім бөлімінің басшысы Саян Сүлейменовтің айтуынша, ақшатаулық балалар бұған дейін апатты жағдайдағы 9 жылдық мектепте оқып келіпті. Енді, міне, кең де жарық жаңа мектеп пайдалануға беріліп,10-сынып ашылып, білім ұясы орта мектеп мəртебесіне ие болып отыр. Жаңа мектептің құрылысымен «Бөбек құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі айналысқан. Жаңа мектептің ашылу салтанатына облыстан арнайы келген осы өңірдің тумасы, ардагер дəрігер Тұрар Шериязданов «Көркейе бер, туған жер» акциясы аясында мектепке компьютер сыйлады. Құмжарған ауылындағы Соркөл орта мектебінің ашылу салтанатында сөз алған облыс əкімінің орынбасары Сара Нұрқатова: – Ауылдарыңызда сəулетті де еңселі білім ұясы бой көтерді. Жаңа мектеп құтты болсын! Ақтөбе облысында соңғы он жылда 51 жаңа мектеп салынды. 43 апатты жағдайдағы білім ғимараттары күрделі жөндеуден өткізілді. Ал Ойыл ауданында өткен жылы 4 мектеп ашылса, биыл екі бірдей білім шаңырағы бой көтеріп отыр. Ендігі мақсат – оқушылардың сапалы білім алуына қол жеткізу болмақ – деді. Жаңа мектептің лентасы қиылғаннан кейін, əжелер шашу шашты. Қонақтар жаңа мектепті аралап көрді. Мектеп ғимаратының құрылысына 170 миллион теңге жұмсалған. Ақтөбе облысы.

Бўл маусым бўрынєыдан ґзгерек... Дəулет СЕЙСЕНҰЛЫ.

Жаңа ғана басталған күз айының алғашқы күнінде бір шаңырақтың астындағы Абай жəне Достоевский атындағы драма театрлары жаңа маусымының ашылуы «Театр шатырда жəне сахнада» деген тақырыппен ерекше жағдайда атап өтілді. Ал оның мəнісі мынада еді. Яғни, қос театр ұжымы өз көрермендерімен алдымен ашық аспан астында, содан кейін сахнада жүздесті. Айталық, өнер жұлдыздарының ашық аспан астында Абай мен Шəкəрім арасындағы туыстықтан да бөлек рухани жақындықты бейнелейтін көрінісі көрерменді ерекше əсерге бөледі. Бұдан кейін театр жанашырлары залға шақырылды. Мұнда театрдың ашылу салтанаты қос театрдың алма-кезек өнеріне жалғасты.

Өнер ордасының басшылары көрермендерге жаңа маусымның жаңалықтарын жеткізді. Сонымен бірге, көрермендер театрдың ішкі өмірімен де жете танысты. Хакім ақын атындағы театр ұжымы үшін биылғы маусымның жөні тіптен де бөлек екендігі де айтылмай қалмады. Яғни, еліміздегі ең байырғы өнер ұжымы өзінің сексенінші маусымын бастап отыр. Бұдан жүз жылға жуық уақыт бұрын қазақ театрының қарлығашындай жас Мұхтардың «Еңлік-Кебегімен» Ойқұдықта алғашқы іргетасы қаланған Семей театры 1934 жылы ресми түрде ашылған еді. Соның бəрі əсерлі кеште кеңінен қозғалып жатты. Иə, бұл маусым сондықтан бұрынғыдан өзгерек. СЕМЕЙ.

Ондыќќа тиген он жол

• Күрес Олимпиадада қалды. Аргентинаның Буэнос-Айрес қаласында өткен Халықаралық олимпиада коми тетінің кезекті сессиясында күрес түрлерін Олимпиада бағдарламасында қалдыру туралы шешім қабылданды. 8 қыркүйек күні өткен дауыс беру кезінде ХОК 49 мүшесі күресті, 24 мүшесі бейсболды, 22 мүшесі сквошты жақтап дауыс берді. • «Барыстың» бабы жақсы. Құрлықтық хоккей лигасының жаңа маусымы басталды. Астананың «Барыс» командасы алғашқы ойынын өз алаңында Череповецтің «Северсталь» клубымен өткізіп, 10:1 есебімен ұтты.

Қытай, Моңғолия елдерінің спортшылары қатысады. • Жасөспірімдер жақсы бастады. Жексенбі күні Украина астанасы Киев қаласында бокстан жасөспірімдер арасындағы əлем чемпионаты басталады. Онда 46 кг. салмақ дəрежесінде Əлімжан Бескемпір, Сабыржан Əбілов (54 кг), Жұмагелді Раев (75 кг.) алғашқы жекпежектерінде жеңіске жетті.

 Қылмыс пен жаза

• Спортта Вудстан асқан бай жоқ. Жақында «Forbes» журналы əлемнің ең бай спортшыларының тізімін жариялады. Əлемдегі ең бай спортшылардың тізімін АҚШ гольфшісі Тайгер Вудс бастап тұр. Оның жылдық табысы – 78,1 млн. АҚШ доллары. Екінші орында швейцариялық теннисші Роджер Федерер. Оның табысы – 71, 5 млн. доллар. Америкалық баскетболшы Коби Брайант 61,9 млн. доллармен үшінші орында тұр.

Үстіміздегі жылғы ақпанда 2009 жылы Қаржы полициясы қыз меткерлері тарапынан із деу жарияланған Статистика агенттігінің бұрынғы төрайымы А.Мешімбаеваның жүрген жері жедел жолмен анықталды.

 Дабыл!

Мешімбаеваны алып келді Ќаржы полициясы Ќазаќстанєа Статистика агенттігініѕ бўрынєы тґрайымы А.Мешімбаеваны жеткізді

Биылғы 6 ақпанда оны Мəскеу қаласында Ресей ІІМ қызметкерлері ұстаған болатын. Ре сей Феде рациясының құ қық қорғау органдарының оны беруінен кейін кеше таңертең Мəскеу – Астана əуе рейсімен Қаржы полициясы агенттігі

қыз меткерлерінің қарауылымен А.Ме шімбаева Қазақстанға жеткізілді. Естеріңізге салсақ, А.Мешімбаеваға 2009 жылғы қарашада ұлттық санақты жүргізуге бөлінген бюджет қаражатын талан-таражға салды деген айыппен халықаралық іздеу жарияланған болатын. Бүгінгі күні ол Астана қаласы ІІД тергеу абақтысына тоғытылды. «Егемен-ақпарат».

• Кличко бокстан кетемін деп жатыр. Бокстан WBC тұжырымы бойынша аса ауыр салмақтағы əлем чемпионы Виталий Кличко 2014 жылы спорттан кетуі мүмкін екенін мəлімдеді. Ағайынды Кличколардың K2 Promotions промоутерлік компаниясының өкілі Том Леффлердің айтуынша, Виталий Кличко енді бір ғана кездесу өткізуі мүмкін. Ол чемпиондық атаққа үміткер канадалық Бермейн Стивернмен қолғап түйістіреді. Ал Жоғары хоккей лигасында жаңа маусымын бастаған Қарағандының «Сарыарқа» клубы, өкінішке қарай, Нефтекамскіде «Торос» командасынан 3:4 есебімен жеңіліп қалды. • Регбиден Қазақстанның əйелдер құрамасы Алматыда өткен Азия чемпионатында жеңіске жетіп, келер жылы Францияда өтетін əлем чемпионатына жолдама алды. Қазақстан мен Жапония арасында өткен финалда біздің құрама 25:23 есебімен жеңіске жетті. Қола жүлдені Сингапур жеңіп алды. • Астанада – көкпардан Азия чемпионаты. 10-15 қыркүйек күндері қаланың «Қазанат» атшабарында елімізде көкпардан тұңғыш рет І-ашық Азия чемпионаты өтеді. Оған біздің елден басқа Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия, Тəжікстан, Ауғанстан,

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

• Флайборлинг - жаңа спорт түрі. Əлемде осындай атпен спорттың жаңа түрі пайда болды. Əзірге бұл спортпен 30 жастағы Ұлыбритания азаматы ғана айналысады. Ол реактивті əскери қапшық киіп, су айдынынан 9 метрге дейін көтеріледі. Су өткізбейтін арнайы зымыран жəкеттің құны 15 мың фунт стерлинг тұрады. • Бұрын-соңды болмаған рекорд. Голландияның Роттердам қаласында Кайл есімді баскетболдың əуесқой ойыншысының 98 метр биіктіктен лақтырған добы себетке дəл түсті. Əлемдік рекордты жаңарту үшін ол Роттердамның əйгілі «Еуромаст» мұнарасына шыққан. Ал себет мұнараның дəл астына орнатылған. Баскетболшы допты торға дəл түсірді. «Егемен-ақпарат».

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 273-73-80.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru , egemenkz@maіl.kz Алматыда: факс (727) – 273-73-80, электронды пошта – egemalm@host.kz

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – (712-2) 32-94-07; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

Көкшетау – (716-2) 25-76-91; Павлодар – (718-2) 57-18-09; Қарағанды – (721-2) 43-94-72; Семей – (722-2) 52-26-86; Қостанай – (714-2) 39-12-15; Тараз – (726-2) 43-37-33; Қызылорда – (724-2) 27-00-85 Шымкент – 8 (701) 404-36-29; Орал – (711-2) 28-80-35; Петропавл – (715-2) 50-72-50. Өскемен – (723-2) 25-28-41; Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-73-97, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Арко» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-полиграфия» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Мұхит к-сі, 57/1, «Жайық Пресс» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Космическая к-сі, 6/3, «Шығыс ақпарат» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

Киіктер неге ќырылды 2013 жылдың 7 қыркүйегінде Ақмола жəне Қарағанды облыстарының аумағында киіктердің (ақбөкендердің) бетпақдала популяциясының (алдын ала мəліметтер бойынша) 3000-ға жуық басының қырылуы тіркелді. Олардың 1500-ге жуығы Теңіз көлінің оңтүстік, батыс жəне солтүстік жағалауларында табылды. Қырылған киіктер жазық далада да кездескен. Жануарлардың қырылуы жөнінде барлық мүдделі орталық жəне жергілікті атқарушы органдарға жедел хабар берілді. Қазір Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Орман жəне аңшылық шаруашылығы комитетінің бағынысты қызметтерінің мамандары Биоқауіпсіздік ғылыми-зерттеу институты жəне Қарағанды облыстық ветеринария қызметімен бірлесе отырып, киіктердің қырылу аумақтарын тексеру, орын алған оқиғаның ауқымын жəне себептерін анықтау шараларын жүргізіп жатыр. Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде шұғыл кеңес өткізілді. Киіктердің жаппай қырылу себептерін анықтау мақсатында Орман жəне аң шылық шаруашылығы комитетінің төр ағасы Бағдат Азбаевтың басшылығындағы жұмыс тобы құрылды. Бұл топқа мүдделі мемлекеттік органдардың (Қарағанды жəне Ақмола облыстық экология департаменттері, ветеринарлық қызметтер, төтенше жағдайлар, ішкі істер департаменттері жəне санитарлықэпидемиологиялық бақылау қызметі) өкілдері тартылды, деп хабарлады Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 200 601 дана. Нөмірдің кезекші редакторы

Əмірхан АЛМАҒАНБЕТОВ.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 4 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №139 ek

Profile for Egemen

10092013  

1009201310092013

10092013  

1009201310092013

Profile for daulet
Advertisement