Page 2

2

www.egemen.kz

10 қыркүйек 2013 жыл

 Туыстық туы

Рухы биік ел

 Дəуір дауысы Астанадағы №64 мектеп лицейде оқушыларға дəріс оқыған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің сөзінде патриоттықтың ұлы ұғым екенін атап көрсетті. Президент өз дəрісінің алтын арқауы етіп отаншылдықты алды. Биылдан бастап мектептерде «Қазақ елі» деген пəн енгізіліп отырғаны белгілі. Соның бірінші сабағын Нұрсұлтан Назарбаев жоғарыда аталған оқу ошағында өзі өткізгені де көпшіліктің есінде. Жастарымызды патриоттыққа тəрбиелейтін тақырыптар сан алуан. Отан үшін қасық қаны қалғанша айқасып, түрлі ерлік қимылдарға бару – солардың бір парасы.

Елімізде осыған үлгі болатын ержүрек азаматтар да аз емес. Солардың бірі – Жангелді МАХАШОВ. Ол – өзінің бүкіл болмысымен өзгелерге үлгі бола алатын тұлға. Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысып, майдан жорықтарынан өткен кешегі сарбаз. Жат жерде жүріп, интернационалдық борышын атқарды. Ең бастысы – антына адал болды. Құрдастары сияқты соғысты тек кинолардан тамашалаған жоқ. Соғысты өз көзімен көрді, оқ-дəрінің исін иіскеді, қан кешті. Сондықтан оның патриотизм жөнінде айтқан əңгімелері əсерлі. Жүрегінен өткізіп сөйлейді.

Ќазаќстандыќ патриотизм – ўлттыќ идеологияныѕ уыєы Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

«Қонақ аз отырып, көп сынайды», деп ой түйіпті халқымыз. Жер көресің, ел көресің, көргенбаққаныңды зердеңе тоқып, ой таразысына салып, бағамдап, салыстыра отырып, саралап кеткеніңді байқамай қалады екенсің. «Оу, мына түркімендер өздерін сыйлата білетін халық екен», дейді əріптесім Нұртөре Жүсіп. Рас айтады. Əуежайдан түскенде: «Бұл елде мейрамхана атаулы тек 23.30-ға дейін ғана ашық, барсаңыздар сол уақыттан кешікпеңіздер, көшеде темекі тартуға болмайды, базарды фото-бейне таспаларға тү сіруге, көшедегі адамдарды тоқ татып, сұхбат алуға рұқсат етіл мейді, түркімен кілемдерін əкетемін десеңіздер, оны арнайы ресімдеулеріңіз қажет, əйтпесе, елден шығарылмайды, жұмсаған қаражаттарыңыз далаға кетеді, дегендей бірсыпыра шектеулер бар екенін елшілік қызметкері, жолбастаушымыз Ержан Мұстафин ескертіп айтқан. Санасуға тура келеді... Түркіменстан ашылып-шашылып жатқан жоқ. Біртоға, өзімен өзі тұйықталып, ұлттық құндылықтары – ахалтеке жылқысын, көнеден бүгінгі күнге дейін үзілмей келе жатқан кілем тоқуын, зергерлік бұйымдарын қастерлеп, оны тек музейлерге қойып қоймай, өздері қасиеттеп ұстап, кəделеріне барлығын бірдей жаратып жатқан ел. Сол тұйықтығынан болар, Аш ғабадқа барғанда алдымыздан Интернетке кіру проблемасы шықты. Көптеген əлеуметтік желілер мүлдем ашылмайды, өзге елдерге жол түскенде редакцияға жіберген материалың «зу» етіп, лезде түсе қалса, мұнда қонақүйлердің өзінен ғаламторға шығу оңай емес. Меймандарды тіркейтін лоббиге келіп, сол жерден жібермесең, нөмірлерде байланыс жоқ. Сірə, аз ұлт болған соң (халқы 5,5 млн. шамасы) сырттан келетін əсерді азайту, ұлттық бол мысты сақтау тұрғысынан ақтайтын шығар дегеніңізбен, Интернет мүмкіндігін шектеп пайдалану ақылға сыя бермейді. Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мəмидің Түркіменстанға ресми сапары алғаш рет болғандықтан болар, бағдарламада ресми кездесулермен қатар, елмен жете танысуға мүмкіндік беретін бірнеше тарихи, мəдени орындарды аралау белгіленген көрінеді. Соның бірі – Түркімен кілемінің музейі. Жалпы Ашғабад – əсем қала. Ақ мəрмəр тастан қаланған жаңа Ашғабадтың ажары көз тартады. Жақында Ашғабад мəрмəр тас ең көп жұмсалған қала ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді. Оған қоса, əрбір ғимараттың сəулетіндегі ұлттық реңк, ұлттық келбет ажырайып көрінбегенімен, əсем үйлесіп, өзіңнің қай елдің қаласында жүргеніңді бірден сезіндіреді.

Музей де осындай еңселі, сыртқы сəулетімен де ерекше құн дылықты қастерлеген орын екен дігін білдіретін ақ мəрмəр сарай екен. Ашғабадта ұлттық киім киген қыздарды көру таңсық емес, көшеде кəрі-жасы бірдей ұлт тық киімдерін тастамайды. Тіп ті мектеп оқушылары, жоо сту денттеріне дейін. Музейге кіре берісте жүздеріне ұяң күлкі ұя ла ған, сəмбіталдай иілген керім қыздар біздің бауырсаққа ұқсас нанымен қарсы алды. Ал кілемдері керемет, таныстырып жүрген гид қыз да кілемдердің əрбір айшығына, гүліне, бояуына мəн бере, жеріне жеткізе айтып жүр. Жүзінен өзінің осы ұлттың өкілі екендігіне, ғасырлардан жеткен асыл өнердің құрып кетпей, қайта бүгінде өрлеп-өсуіне деген ризашылығы білінген гөзəл қыз түркімен өмірінің кілеммен тығыз байланыстылығын айтады. Бала дүниеге келген сəтте оған арнап кілем тоқылады, оның алғашқы қадамы да кілем үстінде, тіпті бақиға аттанғанда да кілемге оралады деген ол түркімен кілемінің 300 жылға дейін пайдаланылатынын мақтанышпен назарға салады. Түркімен кілемі тек таза, жіңішке етіп иірілген жүннен тоқылады, бір шаршы метріне 1 млн. жіп түйінделіп, кілемшілер бір күнде 3 см ғана тоқылады. Түркімен кілемі Қайта өрлеу заманындағы италиялық суретшілердің картинасында да безендірілген. «Мадонна əулие Иоанн шоқындырушымен жəне Донатуспен бірге» атты картинада Леонарда да Винчидің ұстазы Андреа дель Верроккьоның шығармаларынан кездестіресіз, деген қыз əлемдегі ең алып кілемнің де түркімен жерінде тоқылғанын көлденең тартады. Ол кілемдерді көз көрді. Алып сарайдың үлкен үш қабырғасына тұтастай ілінген үш кілемнің əрқайсысын 50 шақты қыз-келіншек көз майын тауысып 8 ай бойына тоқыпты. – Түркімен кілемі тұтас елдің тарихынан ғана емес, жеке бір отбасының да тарихынан сыр шертеді. Мына кілемді 19-ғасырда қажылыққа барған əкесі айтқан əңгімені естіген сол кісінің қыздары тоқыған. Кілемге қарап отырып, қажының қандай көлікке мінгені, жүрген жерлерінің бедері қандай болғаны, өзен-көл, шөлмен өткені, аяғында Меккеге қалай жеткені суреттелген,– деген қыздың айтқаны əсем ертегідей естіледі. Жалпы, Түркіменстанның əр өлкесіне тəн кілем өрнектері мен тоқу мəдениеті болған, олар күні бүгінге дейін сақталып келеді. Түркімен кілемі ахалтеке жылқысы тəрізді біздің ұлттық брендіміз, деген оның кілем жайында білетіні ұшан-теңіз көрінді. Соның барлығын мақтаныш сезіммен, ұлттық құндылықты қадірлей білген көңілмен айтқанда: «Шіркін, біздің ұлттық аспаптарымызға арнап осындай музей салса, оларды археологиялық қазба жұмыстары

Тґраєа сайланды

Кеше Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлерінің ұлттық палатасының бірінші ұйымдық отырысында палата төралқасының төрағасы, басқарма төрағасы жəне басқарма мүшелері сайланды.

Палата төралқасының төрағалығына «KAZENERGY» қауымдастығының төрағасы, «Атамекен» Одағы» Қазақстанның

ұлттық экономикалық палатасы төралқасының төрағасы Тимур Құлыбаев сайланды. Ұлттық палатаның басқарма

кезінде табылған үлгілерімен қоса, бүгінгісін қосып, қазақ музыка өнерінің тамаша бір көрнекі орнын жасасақ, сырттан келген меймандарға ұлтымызды танытудың тамаша үлгісі болар еді ғой», деп армандап кеткенімізді несін жасырайық. Ойланып барып қолға алсақ, бізде де ұлттық ерекшелікті көрсететін өнер табылар еді-ау. Тіпті ою-өрнек, зергерлік бұйымдарымыздың өзі неге тұрады. Сақ заманынан бүгінге үзілмей жеткен аң-өсімдік стилінің бүгінгі тынысының өзі көп сырды аңғартпас па еді?! Туыс жұрттың енді бір қастерлісі – зергерлік бұйымдар екен. Өрнектері сан түрлі келетін тағымдар тағылымы да молақ. «Біздің түркімен зергерлері шəкірттерін 5 жыл оқытқан. Сол кезеңде оған қажет заттың бəрін өзі тауып беріп отырған. Жəне əрбір ұстаз үшін шəкіртінің өзінен озуы айрықша мақсат етіп қойылған. Себебі, өнер өрістеп, ұлғайып отырмаса, ұлттық зергерлік өшіп қалады деген оймен, өз білгенімен толық бөлісіп, шəкіртінің қиялына тыйым салмай, қайта оның ізденісін құптап отырған. Бір қыздың тағымы 20 келіге дейін барған, ал əшекей бұйымдар жас ұлғайған сайын азайып отырған», дейді ұлттық қазынаны сатып тұрған сатушының өзі. Журналистік қызығушы лығымыз оянып, түркімен зергерлері деген кітапшаны сатып алдым. Көне Мерв қаласында 1400 зергер өмір сүрген. Сол зергерлер өздеріне арналған орынға жиналып, жасаған бұйымдарын ортаға салып, зергерлердің қазылығына салатын болыпты. Тек осы таразыдан өтіп, «көркемдік кеңестен» жақсы бағасын алған бұйым ғана сатуға рұқсат алады екен. Міне, ұлттық өнерге деген жанашырлықтың үлгісі түркімендерге сонау замандарда-ақ ана сүтімен берілсе керек. Түркімендер Каспий жағасын жайқалтып қойыпты. Біздің еліміздің шекарасына тиіп жатқан Түркіменбашы қаласының сыртына «Аваза» атты ұлттық туристік орталық салыпты. Анталья жағалауындағы түрік отельдерінен еш айырмасы жоқ, субтропикалық өсімдіктердің түр-түрін əкеліп қойған Аваза маңы ертегідегідей. Көкке шаншылған сəулетті мейманханалардың іші-сырты бірбірімен керемет үйлесім тапқаны көз тойдырады. Автотұрақтардың өзін əдемі етіп ойластырған бұл орталыққа Қазақстанның батыс аймағындағы Атырау, Ақтау қалаларының тұрғындары да келіп демала алады екен. Ал қалған қазақстандықтар үшін тəртіп басқа, виза алмасаңыз, «Аваза» есігі жабық. Туыстас түркімен жұртымен қоштасып, елге қарай бет түзегенімізде, ұлттық рухын биікке көтере ұстаған бауырларға құрметіміздің арта түскенін аңғардық. төрағалығына Абылай Мырзахметов, басқарма мүшелігіне Рақым Ошақбаев, Екатерина Никитинская, Жаннат Ертілесова, Тимур Назханов, Мейрамкүл Дүзбаева, Гүлнар Құрбанбаева, Заңғар Ноғайбай сайланды, деп хабарлады «Атамекен» Одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасының баспасөз қызметі.

– Жангелді, Мемлекет бас шысының биылғы Жолдауынан патриотизм жөнінде қандай тұжырым таратуға болады? – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында патриотизм, отансүйгіштік хақында жақсы айтты. Мемлекетіміз көп этносты жəне көп конфессиялы. Сондықтан қазақстандықтардың мақсаты қарапайым əрі ұғынықты. Біз қоғамдық келісімді сақ тауға жəне оны нығайтуға тиіспіз. Бұл түсіне білген жанға мемлекетіміздің қоғам ретінде, ұлт ретінде өмір сүруінің айнымас шарты іспетті. Демек, ортақ үйіміз болып табылатын кең байтақ Отанымызда тұратын өзге ұлт пен ұлыс өкілдерімен тіл табысып, тату-тəтті, бейбітшілік пен келісімде өмір сүру барша қазақтың қағидасы болуы шарт. Береке бар жерге бақ тұрақтайды. Өз халқын сүйетін адам, өз жұртына жақсылық тілеген жан өзге халықтарды ашындырмайды, өз ұлтын ешкімге қарсы қоймайды. Қазақстан – біздің қасиетті мекеніміз. Демек, басты жауапкершілік біздерге, қазақтарға артылатынын Елбасымыз орынды меңзеп отыр. Өйткені, елдің де, жердің де иесі – өзіміз. Біздің балаларымыз бен немерелеріміз сырт елден гөрі өз Отанында өмір сүргенді артық көретіндей болуы тиіс. Біз өскелең ұрпақты осындай өміршең қағидаттар негізінде тəрбиелеуіміз керек. Болашаққа сенім болмаса, толыққанды мемлекет құруға болмайды. Жолдауда айтылғанындай, мұны қазақстандық патриотизмнің негізін қалаушы алғышарттар деп түсінгеніміз лəзім. Барлық этностар азаматтары құқықтарының теңдігі, қазақ тілі жəне тілдердің үштұғырлылығы, мəдениет, дəстүр жəне даралық, ұлттық интелигенцияның рөлі, ХХІ ғасырдағы Қазақстандағы дін мəселелері жан-жақты пысықталып, негізді дəйектелген патриотизм ұлттық идеологиямыздың уығына айналуы қажет. Сайып келгенде, Қазақстан патриотизмінің іргетасы барлық азаматтардың тең құқылы жəне олардың Отан намысы алдындағы жалпы жауапкершілігі деген ұғым. Жас ұрпақты патриоттық рухта тəрбилеу мақсатында Қазақстан Президенті ауқымды шараларды жүзеге асыру үстінде. Демек, осы игі мақсат жолында өз үлесімізді қосуды азаматтық парызымыз деп санаймыз. – Оңтүстік Қазақстан облысында ауған соғысы ардагерлерінің төрағасы болып 7 жылдай істедіңіз. Шымкент қалалық əкімдігінің жиналыстарында, мəслихаттың сессияларында қарулас достарыңыздың атынан сөз сөйлеп, мұң-мұқтажын жеткізетін едіңіз. Кейін Шымкент қалалық мəслихатына депутат болып сайланып, мəслихат хатшысы, одан соң қала əкімінің кеңесшісі, кəсіпкерлік жəне ауыл шаруашылығы бөлімінің

бастығы қызметтерін атқардыңыз. Жалпы, өзіңіздің өмір жолыңыз туралы айтып өтсеңіз? – Келесі жылы кеңес əскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 25 жыл толады. Жеңімпазы жоқ соғысқа 22 мыңдай қазақстандық қатысып, мыңға жуық боздақтан айырылдық. Жар құшып, бала сүйіп үлгермеген тағы мыңнан астам жігіт елге мүгедек болып оралды. Республика бойынша ауған соғысының қанды қасабынан аман-есен оралған, жаны жаралы 18 мыңнан астам ардагер ортамызда жүр. Бүгінгі таңда ардагерлеріміздің əлеуметтік жағдайы ойдағыдай емес. Мəр тебелері əлі күнге дейін анықталған жоқ. Сұрапыл соғыс 10 жылға созылса да қантөгістің себебін, қазақ жігіттерінің ерлігін бүгінгі жас ұрпақ біле бермейді. Біз ауған соғысы ардагерлеріне, ұлдары қаза тапқан ата-аналарына, олардың отбасына құрметпен қарап, қамқорлық танытудамыз. Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласында көпбалалы отбасында дүниеге кел ген мін. Əке-шешем үш ұл, бес қыз тəрбиелеген. Ресейдің Екатеринбург қаласындағы Урал заң институтын, Алматы экономика жəне статистика академиясын бітірдім. Мамандығым – заңгер-экономист. Еңбек жолым қарапайым күзетшіден басталды. Ресейде күзет мекемесінің басшысына дейін көтерілдім. 1999 жылдан 2002 жылға дейін Шымкенттегі кеден басқармасында бөлім басшысы болып қызмет атқардым. ОҚО Ауған соғысы ардагерлері ұйымының төрағасы болып істеп жүргенде, қаруластарыма, мүгедек жəне қаза тапқан жауынгерлердің ата-аналарына, зайыптарына материалдық, моральдық көмектер көрсеттік. 2005 жылы 70-тен астам ардагерге біздің жəрдемізбен Шымкент қаласында жер телімі берілді. Сол жылы «Достық» шағын ауданында Ауған соғысында қаза тапқан жауынгердің əкесі мен жесір қалған жұбайына біздің ықпалымызбен баспана салынды. 2009 жылы демеуші арқылы 3 бөлмелі пəтерді бұрынғы интернационалист жауынгерге сатып əпердік. 2010 жылы де путаттарға сұраныс жасап, ауған соғысы ардагерлеріне кеңсе сатып алынды. Халық қалаулысы болған кезімде, ауған соғысы ардагерлеріне ай

сайын қалалық бюджеттен көмек ретінде əрқайсысына 1700 теңгеден (Шымкентте 750 ардагер бар еді) қаржы бөлдірдік. Олардың қоғамдық көлікте тегін жүруіне ықпал еттік. Мереке сайын ардагерлерге сыйлықтар табыс етілетін. – Абай атындағы саябақтың ашық аспан астындағы мұражайы Шымқаланың көрікті жерлерінің біріне айналды. Оны ұйымдастыруға Жангелді Махашовтың да еңбегі сіңді деген əңгімені құлағымыз шалып қалған еді. – Оныңыз рас енді... Бұл мұражай 2006 жылы сол кездегі облыс əкімі Болат Жылқышиевтің қолдауымен салынған. Əскери техникамен кітап, кино арқылы танысқан бір бөлек те, жастардың оларды өз көзімен көріп, ұстағандары басқаша əсер қалдырады. Өскелең ұрпақ арасында əскери өмірге қызығып, осы салада қызмет етуге құмартушылардың қарасы көбейе түспесіне кім кепіл? Отансүйгіш жастарды тəрбиелеудің бір парасы осы шығар, бəлкім. Ел басына күн туғанда, Отанын қорғауға дайын тұратын ұлтжанды азаматтардың қатары бұдан былай көбейеді деген сенімдемін. Мұның өзі сəті түскен оңтайлы іс болды. Үкіметтің қаулысынан кейін техникаларды еліміздің түкпір-түкпірінен жинай бастадық. Мəселен, бір ай жүріп Семей қаласынан танкіні, Теміртаудан БТР-70, Отардан БРДМ-ді, Шамалғаннан үш зеңбіректі алып келдік. Мұражайдың жер телімі, кұрылыс мəселелерін өзім жергілікті əкімдікпен бірге тікелей шешуге атсалысқан едім. – Қазіргі таңда республикалық «Ауғанстан ардагерлері» қоғамдық бірлестігі (төрағасы Халық Қаһарманы, генераллейтенант Бақытжан ЕРТАЕВ) төрағасының бірінші орынбасары екеніңізді, «Ер Батыр» патриоттық қоғамдық қорын басқаратыныңызды біле міз. Аталмыш қор қандай мақсатта құрылды? Бақытжан Ертаевпен қалай таныстыңыз? – 2005 жылы республикалық Ауған соғысы ардагерлері қауымдастығы құрылды да, оның төрағасы болып, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев бірауыздан сайланды. Атағына сырттай қанық ағамен сол кезде Алматыда таныстым. Парламент Мəжілісінің депутаты, Халық Қаһарманы Бақытжан Ертаевтың бастамасымен осы жылдың мамыр айында «Ер Батыр» патриоттық қоры құрылып, «Батыр» журналы шыға бастады. Қордың жəне журналдың мақсаты – жастарды патриоттық тəрбиеге баулу, ауған соғысының ардагерлеріне, мүгедектеріне жəне соғыста қаза тапқан жауынгерлердің отбасыларына, Қарулы Күштер ардагерлеріне моральдық, материалдық, психологиялық көмек көрсету, соғыс ардагерлерінің ерлігін жастар арасында насихаттау. Əскериспорттық ойындар өткізу, оларға қолдау көрсету. – Ауғанстандағы ұрыс

Ќазаќстан-Мажарстан бизнес-форумы Будапешт қаласында Қазақстан Республикасының елшілігі Мажарстан Ұлттық экономика министрлігі мен Сауда-өнеркəсіптік палатасының атсалысуымен осы елдің жетекші іскер топтарының 100-ден аса өкілдері қатысқан Қазақстан-Мажарстан бизнес-форумын өткізді.

Шара барысында мажар тарапы Қазақстан Прези денті Н.Ə.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалып тасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауы, елдегі қоғамдық-саяси жəне экономикалық ахуал, атап айтқанда, Астана қаласында ЭКСПО-2017 көрмесін

өткізу, «жасыл экономикаға» өтудің негізгі аспектілерімен таныстырылды. Форумда екі елдің экономикалық əлеуеті тақырыбында Қазақстанның Мажарстандағы елшісі Нұрбах Рүстемов, ҚазақстанМажарстан Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның тең

қимылдарына қатысқан бұрынғы кеңес жауынгерісіз. Кеудеңізде екі орден мен бірнеше жауынгерлік медальдар жарқырайды. Соғыс жылдарынан есіңізде қалған естеліктердің бірін айтып өтсеңіз? – 1987 жылы сəуір айында əскери қызметке шақырылып, 3 ай Ташкентте, сосын 3 ай Шыршық қаласында арнайы дайындықтан кейін Ауғанстанның Пули-Хумри елді мекенінде орналасқан 395ші мотоатқыш полкінің барлау взводында взвод командирінің орынбасары болып қызмет еттім. Желтоқсан айында 40-армияның «Магистраль» атты операциясына қатысқанмын. Дұшмандар Гардез-Хост атты жолына тосқауыл қойған, сол себептен колонна өте алмады. Бұл ұрысқимыл Пəкстан шекарасынан 10 шақырымдай жерде болды. Біздің батальонның тауға шығатын орны 3 000 метрден де жоғары биіктікте еді. Əрқайсымыздың арқамызда салмағы 60 килодан асатын қапшық. Онда қару-жарақ, оқ-дəрі, граната, құрғақ тамақ, киім, т.б, керекті заттар бар. Тауда жүрген екінші күні біздің взвод 500-600 метр қашықтан 30 шақты дұшманды байқап қалды. Дереу радиостансамен штабқа хабарлап, олардың қай шаршыда екенін айтып, мəлімет бердім. Көп ұзамай артиллерия сол шаршыны атқылап, олардың көзін жойды. Ал олар біздің колоннаға шабуыл ұйымдастыруды жоспарлаған екен. Дұшмандардың арам ниеті жүзеге аспады. Бұл операция 1988 жылдың қаңтарында бірақ аяқталды. Екі жақтан да адам шығыны көп болды. Таудан түскеннен кейін біздің БТР минаға түсті. Контузия алған мені Гардез елді мекеніндегі 56-ші десанттар бригадасының медициналық ротасына жеткізді. Бір күннен кейін тікұшақпен Кабул қаласындағы əскери госпитальға алып келді. 10 күннен кейін емделіп, өз полкіме қайта келдім. Бұдан кейін де Файзабадта, Саланг өткелінде, Кұндызда, Бағланда, Бануда, тағы басқа жерлерде болған ұрыс қимылдарына қатысып, командирлер берген тапсырмаларды мұқият орындадық. 1989 жылдың ақпан айында, əскеріміздің елге шығуына 10 күндей қалған кезде біздің полктан екі прапорщик, екі сар баз тұтқынға түсіп қалды. Отанымызға қайтар кезде «тұтқындағылардың барлығын шығару керек» деген бұйрық болды жоғарыдан. Біздің взвод осы операцияға катысты. Полк командирі Варенников бастаған топ дұшмандармен келіссөз жүргізді. Дұшмандар жағының 17 адамын Кабулдағы түрмеден шығарып, оларды біздің 4 адамға айырбастадық. Операция біткен соң дұшмандар бізді асқа шақырып, олармен бірге тамақ ішкеніміз есімде. 1989 жылы 15 ақпанда Термез қаласына келдік. Аман-есен шыққанымызда қуанышымызда шек болмады. Кеңес өкіметінің жарлығымен маған алдымен «Соғыстағы ерлігі үшін» медалі тапсырылды. Горбачевтің атынан Кұрмет грамотасын алдым. Ауғанстан президенті Наджибулла атынан «Ауған халқының алғысы» атты медалі берілді. 2006 жылы Қазақстан Президентінің Жарлығымен қоғамдық жұмысқа белсенді қатысқаным үшін «Құрмет» орденімен, 2011 жылы ел Тəуелсіздігінің 20 жылдығына орай Ауғанстандағы соғыста ерлік көр сеткенім үшін II дəрежелі «Айбын» орденімен наградталдым. Біз – бақытты ұрпақтың өкіліміз. Туған жеріміз де, Отанымыз да біреу. Ол – қасиетті Қазақ даласы, Тəуелсіз Қазақстан! «Отан үшін отқа түс, күймейсің», деп батыр Бауыржан өсиет еткен. Ендеше, ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен жерімізді, елімізді қорғап қалған ата-баба дəстүріне адал болып, аға буынның аманатын ақтай білейік дегім келеді. Əңгімелескен Серікқали ЖЕКСЕНБАЕВ. ШЫМКЕНТ.

төрағасы – Мажарстан Ұлттық экономика министрі Михай Варга, Ұлттық экономика вице-министрі Антал Николетти, «Мажар сауда үйлері» компаниясының төрағасы Вильмош Шкультети жəне ҚазақстанМажарстан Іскерлік кеңесінің тең төрағасы Шандор Фашимон баяндама жасады. Бизнес-форум аясында тараптар сауда-экономикалық жəне инвестиция салаларындағы екіжақты байланыстарды тереңдету мен оның аясын кеңейту мəселесін де талқыға салды. «Егемен-ақпарат».

Profile for Egemen

10092013  

1009201310092013

10092013  

1009201310092013

Profile for daulet
Advertisement