Page 1

Бїгінгі нґмірде: Ерке Есілдіѕ бойына ел ќондырєан

№133 (28357) 10 ШІЛДЕ БЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ

«Астана ЭКСПО-2017» Ўлттыќ мəдениеттіѕ мəртебесі Нўрбай батыр

● Өңір өмірі

140 отбасы баспаналы болды

Оралхан ДƏУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Астана күні мерекесі қарсаңында Тараз қаласында 140 отбасы баспаналы болу бақытына ие болды. Кешегі қасиетті жұма күні тұрғын үй кезегінде тұрған осыншама отбасының көп жылдардан бергі арманы орындалды. Яғни, екі көп қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Қоныс тойын өткізгендердің ішінде Ұлы Отан жəне Ауғанстан соғыстарының ардагерлері, көп балалы отбасылар бар. Қаланың іргесінен жаңадан бой көтеріп келе жатқан «Бəйтерек» шағын ауданындағы сəулеті

мен сəні келіскен осынау жап-жаңа баспаналарда тұрғындар үшін барлық жағдай жасалған. Жалпы алғанда, соңғы жылдары мемлекетіміздің серпінді дамып, тұрғын үймен қамту бағдарламаларының жүзеге асырылуымен халқымыздың пəтерлі болуға деген сенімі күшейді. «Бəйтерек» шағын ауданында осымен 17 тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл ауданның болашағы жарқын деп айтуға əбден болады. Мұнда абаттандыру, жол салу, көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді. Қазір мектеп, балабақша ғимараттары салынып жатыр. Балаларға арналған екі аурухана бар.

Елшіге елеулі їлесі їшін алєыс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Əділбек Жақсыбеков Италия Республикасының Қазақстан Республи касын дағы Төтенше жəне өкі летті елшісі Альберто Пиеримен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Мемлекеттік хатшы А.Пиериді Қазақстандағы дипломатиялық миссиясы табысты аяқталуымен құттықтап, саяси, экономикалық жəне мəдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты қарым-қатынасты

нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін алғысын білдірді. Кездесу барысында одан арғы ынтымақтастықтың жай-күйі мен келешегі, соның ішінде Миланда өтетін ЭКСПО-2015 жəне Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмелерін өткізу жұмыстарын үйлестіру мəселелері талқыланды. Италия Қазақстанның шетелдік сауда əріптестері арасында үшінші орын, ал Еуропа мемлекеттері ішінде бірінші орын алады. 2013 жылы елдеріміз арасындағы тауар айналымы 16,2 млрд. доллардан асты.

Ыќпалдастыќќа ыќыластылыќ

Кеше Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Əлихан Байменов елордаға арнайы сапармен келген Таиланд Корольдігінің Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі комиссия офисі бас хатшысының орынбасары Висоот Праситсиривонгсемен кездесті. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Таиланд арасындағы екіжақты жəне көпжақты ынтымақ тастықтың қырларын талқыға салып, мемлекеттік қызмет саласындағы мəселелер жайын сөз етті. Əсіресе, өзара іс-қимылды одан əрі нығайтуға қызығушылық танытылды. Бұл бағыттағы

əрекетті бел сен ділендіре түсу үшін Мемлекеттік қызмет саласындағы ықпалдастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум қабылданды. Қазақстан тарапынан оған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Əли Көмекбаев, ал Таиланд Корольдігі тарапынан Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі комиссия офисі бас

хатшысының орынбасары Висоот Праситсиривонгсе қол қойды. Аталған шараға қатысқан Ə.Байменов былай деді: «Мемлекеттік қызмет саласындағы Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар əлемде көптеген елдердің қызығушылығын туғызуда. Сол себептен де, Таиланд делегациясы арнайы келіп, бізбен меморандумға қол қойды. Бұл меморандум мемлекеттік қызмет саласында бірлескен зерттеулер жүргізуге, мемлекеттік қызметшілерді оқыту саласындағы ықпалдастық пен өзара ақпарат алмасу арқылы бір елдің тəжірибесін екінші елде зерттеп пайдалануға мүмкіндік береді». (Соңы 4-бетте).

● Бəрекелді!

Жоспар орындалды!

Атырау кеденшілері алты айда ел ќоржынын 203 миллиард 886 миллион 788 мыѕ теѕге кіріспен толыќтырды Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан».

Бюджет қоржынын то лық тыратын саланың бірі – кеден. Осы орайда Атырау облысы бойынша кедендік бақылау департаменті кедендік төлемдер мен салықтар түсімі бойынша берілген жоспарды үнемі артығымен орындап келеді. Мəселен, биылғы бірінші жартыжылдықта аталған департамент ұжымының жоспарлы тапсырмасы артығымен орындалды. Жыл басында берілген жоспарлы тапсырма – 202 миллиард 868 миллион 974 мың теңге болса,

нақтысында бюджетке аударылғаны – 203 миллиард 886 миллион 788 мың теңгені құрап отыр. Кеденнен де кенен кіріс түсіруде өз міндеттерін адал əрі жауапкершілікпен атқаратын Атырау кеден ші лерінің бұл табысын 2013 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда, кедендік тө лемдер мен салықтардың түсуі 75 миллиард 372 миллион 274 мың теңгеге артқаны байқалады. Демек, ортақ істе əр кеденшінің үлесі бар екенін атап өткен орынды болмақ. Атырау облысы.

Жайлы баспанаға ие болғандардың бірі – ауған соғысының ардагері Елібай Баймаханов осы күнді 20 жыл бойы күткенін айтады. Төрт баланың əкесі отбасын қуанышқа бөлеген бұл күнді еш ұмытпайтыны анық. «Астана күні мерекесіне орай баспаналы болып жатқанымызды жақсылыққа балап отырмын. Енді осы шаңырағым Астана секілді қонақжай, несібелі, сəулетті болады деп ойлаймын», дейді ол ағынан жарылып. Жамбыл облысы əкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков баспаналы болғандарды қуанышымен құттықтап, жылдың соңына дейін тағы да үш көп

қабатты үй пайдалануға берілетінін жеткізді. Ел экономикасының қарыштап өсуінің нəтижесінде облыста құрылыс қарқыны ерекше. Бекболат Серікбекұлының қолынан алғаш болып пəтер кілтін алған Ұлы Отан соғысының ардагері Бертай Жаскиленов «Ел аман болсын, осы бақытты елдің бағына біткен Елбасына Алла қуат берсін», деп батасын берді. Қоныс тойы құтты болсын, ағайын! Жамбыл облысы. –––––––––––––––––––

Кеше Үкімет үйінде Премьер-Ми нистрдің орынбасары – Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов пен Швейцарияның Федералдық кеңесшісі, Федералдық Қаржы министрлігінің басшысы Эвелин ВидмерШлюмпфтің қол қоюымен Өзара түсіністік меморандумы бекітілді.

Екі ќўжатќа ќол ќойылды

Суреттерді түсірген Ақəділ РЫСМАХАН.

 Оймақтай ой Хан əділ болса, халық ынтымақты болады. Майқы.

Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».

Швейцария министрлігінің басшысы елімізге екі күндік сапармен келіп отыр. Ол Үкімет басшысының орынбасарымен кездесу барысында əлемдік экономикалық дағдарыс кезеңіндегі Қазақстанның дағдарысты еңсеру шараларымен танысты. Еліміздің қаржы саласының жетекшісі өз кезегінде швейцариялық делегацияға еліміздің дағдарысқа қарсы жасап жатқан амалдары жөнінде əңгімеледі. «Əлемдік экономикалық дағдарыс етек ала бастаған заматта Қазақстан 2009 жылы елімізді индустрияландыру шарасын қолға алды. Атап айтқанда, Үдемелі индустриялық-инновациялық мемлекеттік даму бағдарламасын түзіп, оны белсенді түрде жүзеге асыруға кірісіп кетті. Нəтижесінде, дағдарысқа дейінгі инвестиция көлемі сақталып, ел тұрғындарының жұмыссыздық деңгейі айтарлықтай шегеріліп, өз жемісін берді», деді Б.Сұлтанов. Мұнымен қатар, ел дамуының негізгі факторлары жөнінде баяндаған вице-премьер, таяуда қабылданған заңдар жөнінде де түсініктеме беріп өтті. Өз кезегінде Эвелин ВидмерШлюмпфт Қазақстанды Орталық Азиядағы маңызды мемлекеттің бірі ретінде атап, еліміздің инвестициялық климаты швейцариялық ірі компаниялар мен жекелеген бизнесмендер үшін өте қолайлы екенін айтты. «Соның арқасында швейцарлық кəсіпкерлер Қазақстанға инвестиция салуға ынталы болып жүр», деді ол сөз арасында. Кездесу аяқталып, Өзара түсіністік меморандумына қол қойылған соң, Б.Сұлтанов баспасөз өкілдеріне шараның мəн-маңызы жөнінде айтып берді. «Бүгін «Табыс пен капиталға қосарланған салық салуды болдырмау туралы конвенцияға хаттаманың ережесін кеңейтілген талқылау жөніндегі» хатқа қол қойдық. Бұл – біздің елдегі кейбір мемлекеттік ведомстволардың халықаралық деңгейде қалыпты жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін алғышарттардың бірі. Атап айтқанда, Кеден комитеті мен Қазынашылық комитеттерінің Швейцарияның осы салада қызмет көрсететін əріптестерімен өзара тəжірибе алмасуын қамтамасыз етеді. Тіпті, екі ел арасындағы бизнес-əріптестіктің де жақсаруына оң ықпалын тигізетіндігіне сенімдімін», деді Үкімет басшысының орынбасары. Ескертеріміз, бұл шарадан тыс швейцариялық делегация өкілдері елімізге жасаған екі күндік сапары аясында Премьер-Министр Кəрім Мəсімовпен, Сыртқы істер министрлігінің жəне «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-тың басшылығымен кездесулер өткізді.

2-бет 3-бет

5-бет 8-бет

Президент поштасынан Əлемнің 147 елінен 10 мыңнан астам делегат қатысқан VII Астана экономикалық форумы мен Дағдарысқа қарсы II дүниежүзілік конференцияның табысты өтуіне орай Қазақстан Президентінің атына құттықтаулар келіп түсті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Астана форумдарыныѕ əлемдік маѕызы жоєары Халықаралық консультативтік кеңестің мүшелері – Австрия Республикасының экс-федералды канцлері Альфред Гузенбауэр мен Еуропалық комиссияның экс-төрағасы жəне Италияның бұрынғы премьер-министрі Романо Проди өз хаттарында осыншама ауқымды іс-шараның өтуімен құттықтаған, сондай-ақ, форум барлық жерде құрметке ие болғанын, əлемдік көшбасшылар мен жетекші сарапшылар арасында барған сайын зор қызығушылық туғызып отырғанын атап өткен. «Қазақстан өз мойнына игі міндетті – əлемді экономикалық жəне əлеуметтік проблемалар тақырыбындағы, біздің ойымызша, қажетті əлеуетке ие жəне қазіргі кезде тиімді халықаралық жəне экономикалық тетікке айналған қызу пікірталастар өткізуге арналған алаңмен қамтамасыз ету міндетін алып отыр», – делінген хатта. Хорватия экс-президенті С.Месич Астана форумының мейлінше өзекті əлеуметтік-экономикалық мəселелерді талқылаудағы маңызды рөлін атап көрсеткен. «Астана экономикалық фору мының маңыздылығы алда да арта түсетін болады, өйткені, ол тек экономикалық қана емес, əлеуметтік-саяси мəселелерді де қозғайды. Форум жəне Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференция БҰҰ көмектескен жағдайда əлемдік дағдарыс мəселелерін шешуге арналған алаңға айналуы мүмкін», – деп жазады С.Месич. Болгария Республикасының экс-президенті, Венадағы Жаһандық үнқатысу жəне ынтымақтастық орталығының президенті П.Стоянов Астана экономикалық форумын əлемдегі негізгі экономикалық оқиға санатына жатқызады, сондай-ақ, Қазақстан Президентінің G-Global жобасын ілгерілету жөніндегі бастамаларын қолдайды. «Мен жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыс түйткілін

шешу бағытында дағдарысқа қарсы жаңа шараларды əзірлеуге арналған демократиялық үнқатысудың жаңа түрін қалыптастыруға деген Сіздің орасан ұмтылысыңызды жоғары бағалаймын», – деп жазады автор. Армения Республикасының экс-премьер-министрі Т.Саргсян да өз құттықтауын жолдаған, ол бұл форумның барлық өңірлік интеграциялық үдерістерді жаһандық ауқымда қарастыруға мүмкіндік беретіні жөніндегі пікірін білдірген. «G-Global идеясына қатысты алсақ, менің ойымша, біз дəл осындай реформашыл жаңа идеялар қажет уақытта өмір сүріп отырмыз, өйткені, ескі құрылымдар, форматтар күтілген шешімдер мен ұсынымдарды алға шығарса, ал жаңа платформа қалыптастыру – өтіп жатқан үдерістерге деген тың көзқарас. Сірə, өңірде де, əлемде де алдымызда тұрған проблемаларды шешудің қалыптан тыс жолдарын табуға осы көмектесетін болар», – делінген хатта. Польша Республикасының экс-премьер-министрі, ҚазақстанПольша сауда палатасының президенті К.Марцинкевич форумның мейлінше маңызды сипаты ретінде түрлі елдерден келген адамдар арасындағы үнқатысуды атайды. «Бұл жай дағдарысқа қарсы форум ғана емес, тарихи оқиға екенін атап айтқым келеді. Астана экономикалық форумы тек Қазақстан үшін емес, біздің баршамыз үшін де өте маңызды», – деп жазады автор. БҰҰ Бас хатшысының орынбасары жəне Бас хатшының Шығыс Тимор бойынша арнаулы кеңесшісі Н.Хейзер бұл форум қазіргі əлем бетпе-бет келіп отырған міндеттерді шешу үшін бүгінгі заман ойшылдарының басын қосқанын айтып өткен. (Соңы 4-бетте).

Жеке ќўрам ќызметіне – оѕ баєа Кеше Президенттің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Қайрат Қожамжаров «Орталық» өңірлік қолбасшылығының əскери бөлімдері базасында өткен Ұлттық ұланның командалық құрамының оқу-методикалық жиынына қатысты. Аталған шара аясында Ұлттық ұлан Əскери кеңесінің мəжілісі өтіп, оның барысында қызметтікəскери жұмыстардың негізгі қорытындылары шығарылды жəне алдағы кезеңге арналған нақты міндеттер айқындалды.

Мəжілісте Қ.Қожамжаров Ұлттық ұланның қоғамдық қауіпсіздік пен құқық тəртібін қамтамасыз етудегі рөлін атап көрсетті. Оларға өз қызметтерін ары қарай жетілдіру бойынша тапсырмалар берілді.

● «ҚазАгро» биыл Солтүстік Қазақстан шаруаларын қолдауға 8,2 млрд. теңге жұмсады. Ведомствоның мəлі метінше, қазіргі таңда холдингтің инвестициялық қоржынында 263,8 млрд. теңгені құрайтын 417 жоба бар. Олардың 308-і пайдалануға берілген. Соның ішінде 15,1 млрд. теңгенің 47 жобасы осы облыстың еншісінде. Қазір бұлардың 37-сі іске қосылды. ● Павлодар облысында автомобиль жолдары сапасының атласы жасалады. Бұл туралы айтқан облыс əкімі Қанат Бозымбаев осы құжаттың негізінде жол жөндеу жоспарланып, конкурстар өткізілетінін жеткізді. Аймақта жаңарту жұмыстарына 5,4 млрд. теңге бөлінген. ● Өскеменде белгілі ақын Ұлықбек Есдəулеттің 60 жылдығына арналған кеш болды. Оған қатысқан Шығыс Қазақстан облысының əкімі Бердібек Сапарбаев танымал қаламгерді

осы мерейтойымен құттықтап, көлік мінгізіп, иығына шапан жапты. ● Ақмола облысының Щучье қаласында кəсіпкерлікті қолдау орталығы ашылды. Оның негізгі мақсаты кəсіпкер болуға ынта білдірген ауыл тұрғындарына ойға алған ісін жүзеге асыруға, кəсіпкерлердің бизнесін дамытуға қолдау көрсету болып табылады. ● Оңтүстік Қазақстандағы көне Күлтөбе мұражай қалашыққа айналады. Түркістан қаласындағы мавзолей маңынан табылған бұл шаһарды мұқият сақтау үшін қазір оның төбесі жабылып жатыр. Бұл үшін «Мəдени мұра» бағдарламасы шеңберінде 9 млн. теңге қарастырылған. ● Қызылордада Астана күніне орай 232 пəтер пайдалануға берілді. Облыс əкімі Қырымбек Көшербаев жаңа қоныс иелерін құттықтап, оларға салтанатты түрде кілт табыс етті. Мұнда барлығы 8 көпқабатты үй қатарға қосылды. Енді биыл

АҚПАРАТТАР аєыны

Сондай-ақ, Ұлттық ұлан бөлімшелерінің күштер мен құралдарды жедел-қызметтік қолдану ауданына жеткізудегі, сонымен қатар, парашютті-десанттық жəне əскери барлау топтарының практикалық ісқимылдары көрсетілді. Жиын қорытындылары бойынша Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы тарапынан «Орталық» өңірлік қолбасшылығының жеке құра мының іс-қимылына оң баға берілді.

республикалық жəне жергілікті бюджеттердің есебінен 5 млрд. 257 млн. теңгеге 24 тұрғын үй салынып, олардың 22-сі жыл соңына дейін бітеді. ● Қостанай қалалық балалар ауруханасы жанынан оңал ту орталығы ашылды. Онда неврологиялық кеселге шалдыққан балалар ем қабылдайды. Орталықты қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 8 млн. теңге қаржы шығарылған. ● Ақтөбеліктер полицияға 310 қару тапсырды. Облыс тұрғындары қазір заңсыз сақталған қаруды тапсыру жөніндегі акцияға белсене қатысуда. Сонымен бірге, азаматтар полицияға 8 мың дана қару-жарақ, 0,5 кило оқ-дəрі мен 4 қылышты ерікті түрде əкеліп тапсырған. Хабарлар «ҚазАқпарат», Аltaynews.kz, Alau.kz, Egemen. kz агенттіктері мен облыстық əкімдіктер сайттарының деректері бойынша дайындалды.


2

www.egemen.kz

10 шілде 2014 жыл

● Астананың асқақтығы – мемлекеттің мерейі

ЕРКЕ ЕСІЛДІЅ БОЙЫНА ЕЛ ЌОНДЫРЄАН Жүректі шым-шым сəулелі сезімдерге толтыра, жылда шіліңгір шілдеде келер бір бүкілхалықтық мереке бар. Ол – Астана күні. Арқа төсіне орнаған елорда мен Елбасы есімі егіз ішектен шыққан күй күмбіріндей үйлесіп тұр бүгінде. Астана мен Нұрсұлтан Назарбаев дүйім дүниеге қазақтың елдігін, Қазақстанның мəртебесін танытар дара нышандарға айналған. Осы орайда біз «Егемен Қазақстанның» Алматы бөлімшесіндегі дөңгелек үстелі басындағы салиқалы əңгімеге Ұлттық ғылым академиясының академигі, атақты географ-ғалым Əлия БЕЙСЕНОВАНЫ, Қазақ мемлекеттік қыздар университетінің ректоры Динар НӨКЕТАЕВАНЫ жəне Алматыдағы Ұлттық кітапхананың директоры, белгілі жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Əлібек АСҚАРОВТЫ тартқан едік. Тақырыпты тарқатып айтар ендігі сөз кезегі – осы кісілерде.

Єасырєа бергісіз єажайып жылдар

АСТАНА – ќалыптасќан мемлекеттіѕ бас ќаласы Əлия БЕЙСЕНОВА: – Қа зіргі таңда əлемдік деңгейдегі экономикалық, саяси, əлеуметтік мəселелерді шешуде үлкен саяси орталық болып табылатын Астана – əлем мойындаған қала. Тарихи тұрғыдан қарағанда Вашингтон, Париж, Лондон, Рим сияқты əлемдік астаналармен қатар əлемдік мəселелерді шешуге де атсалысуда. Қазақстанның Астанасы қазір ол Орталық Азия мен Еуразия кеңістігінде бейбітшілік пен татулықты шендестірген ғалам дық мəні зор шаһарға айналып отыр. Орталық Азияда саяси-экономикалық тұрақтылықтың сақталуына Қазақстанның бас қаласы айтарлықтай үлес қосып келеді. «Барлық жол Мəскеуге апарады» деуші еді бұрынғылар. Қазір бізде барлық жол Астанаға апарады, Астанадан тарайды. Дүниежүзілік мəні зор жиындардың көбі Астанада өтетін болды. Өмірі басы қосылмайтын дін өкілдерінің өзі Астанаға жиналып, жыл сайын Бейбітшілік жəне келісім сарайынан тіл табысып тарқайды. Жұбайым академик Серік Қирабаев екеуміз елордада жиі болып тұрамыз. Бізді Астана – еліміздегі классикалық өнер орталығы ретінде де тартады. Мұнда əлемдік деңгейдегі «Астана Опера» Мемлекеттік опера жəне балет театры салынды. Мұқан Төлебаевтың «Біржан-Сара» спектаклімен ашылған бұл театр тек Арқа жұртын ғана емес, еліміздің халқын, кең-байтақ даласын əуезді əнге, классикалық музыкаға бөлеуде. Əр маусым сайын театр репертуары жаңарып, классикалық шығармалармен толықтырылады. Осындай халықтың рухани азығына айналған іс-шараның Астанада жүзеге асырылуы да Елбасы ұлағатының бір көрінісі. Еліміздің рухани дамуына, рухын көтеруге мəдениет қайраткерлерінен Айман Мұсақожаева мен Жəния Əубəкірова секілді қазақтың аяулы қыздары да айтарлықтай үлес қосуда. Еліміздің білімі мен ғылымының дамуына да ендігі жерде Астана қаласы ұйытқы болып, көш бастауда. Экономиканың барлық салаларына қажетті жоғары білікті мамандар даярлауда «Назарбаев Университеттің» орны бөлек. Бұл университет болашақта еліміздің инновациялық орталығына айналары сөзсіз. Қаланың жаңа жоғары оқу орындарында еліміздің инновациялық индустриясына қажетті мамандар даярлануда. Дүниетанымы жоғары, білімді, бəсекеге қабілетті жеке тұлға тəрбиелеп өсіруде арнайы маманданған мектеп-гимназиялар мен дарынды балаларды оқытатын, даярлайтын «Оқушылар сарайының» маңызы зор. Яғни, мұның бəрі – еліміздің білімі мен ғылымын дамытуға жасалып отырған үлкен қамқорлық. Астана – Қазақстан Республикасының саяси, іскерлік жəне мəдени орталығы, адамзат дамуы мəселелерінің кең спектрі бойынша ха лық аралық симпозиумдар, конференциялар, саммиттер, семи нарлар, тренингтер, көрмелер өткізу орталығы. Сонымен бірге, бүгін де Астанада бұқаралық

спортты дамыту, саламатты өмір салтын насихаттау жағы толықтай жолға қойылған. «Сарыарқа» республикалық велотрегі, Орталық футбол стадионы, «Қазақстан» спорт сарайы, «Алау» спорт сарайы қала халқының спортпен айналысып, денсаулығын нығайтуға зор септігін тигізуде. Халықаралық талаптарға толықтай сай келетін бұл спорт кешендері тек Астана халқының игілігі болып қана қоймай, бүкіл ел спортының өркендеуіне жақсы негіз екендігі күмəнсіз. Еліміздің қорғаныс саласын нығайту орайында Астана қаласында орын тепкен генерал Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің рөлі зор. Ержүрек батырларымыз бен хандарымыздың келешек ұр пақ қа аманат еткен жерін сақтап қалу болашақ ұрпақтың бабалар алдындағы парызы. Олай болса, Отанымыздың қауіпсіздігі мен егемендігінің бір айғағындай «Астана» өңірлік қолбасшылығын да мақтан етіп, медет тұтуға тиіспіз. Астана республикалық автокөлік, теміржол жəне əуе жолдарын тоғыстырып тұрған ірі көліктіклогистикалық орталық десек, бұл да бүгінгі өркендеген өміріміздің ақиқаты. Қала экономикасының негізін сауда, өнеркəсіп өндірісі, көлік, байланыс жəне құрылыс салалары құрайды. Шаһардың өнеркəсіп өндірісі негізінен құрылыс заттарын, азық-түлік өнімдерін шығару мен машина жасау саласы төңірегіне шоғырландырылған, яғни, Қазақстанның инновациялық келбетін танытады. Бұл жерде бұрын-соңды тарихымызда болмаған жаңа өнеркəсіп салалары – жолаушы вагондарын шығаратын «Тұлпар-Тальго» зауыты, «Eurocopter» тікұшақ құрастыру зауыты , «Astana Solar» күн нұрынан қуат алатын батареялар өндірісі құрылып, жемісті жұмыс жасап жатқанына өз басым қатты сүйінемін. Алдағы уақытта ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізуге ниеттеніп, жасыл энергетиканы паш еткен Астана келешекте əлемдегі «жасыл экономиканың» ошағына айналуды мақсат тұтып отыр. Халықаралық мəні зор көрмені өткізу арқылы біздер еліміздегі экологиялық мəдениетті қалыптастыратын боламыз. Ал, осы істің басында астаналықтар тұратыны жəне мерей дер едім. Динар НӨКЕТАЕВА: – Батыр бабаларымыз бізге тұлпары шапса – тұяғы, қыраны ұшса – қанаты тала т ын кең-байтақ даланы мирас етті. Сол қайсар, рухты батырларымыздан мұра боп қалған киелі жердің шынайы егемендігіне, нағыз дербестігіне ХХ ғасырдың аяғында қол жеткізіп, əлем аренасында жаңа мемлекет пайда болды. Ел тарихына қарағанда сондай ұзақ жасаған, ал Тəуелсіздікке қол жеткізгенде жас мемлекет ретінде танылған Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың таңдаған дара жолымен, сара бағдарламасымен дамуға бағыт алды. Сарабдал саясаттың дүйім жұртты таңғалдырған тұсы – жаңа астана салу

болғаны жасырын емес. Елбасының ерекше идеясының шынайы түрде жүзеге асқанына, Есілдің жағалауын бойлай салынған жаңа қаланың қарқынды жүрген құрылысына мен сол кезде Мəжіліс депутаты ретінде таңдана куə болған едім. Айта кететін жайт, осы Астанада тұңғыш рет Қазақстанның территориялық аймағы нақтыланып, шекарасы бекітілгені белгілі. Əлемдік білім кеңістігіндегі озық үлгілердің бірі – «Назар баев Университеті», зияткерлік мектептер жəне қоры туралы заңдар қабылданды. Осы секілді еліміздің дамуына зор үлес қосқан көптеген тарихи құжаттардың Астана төрінде қабылдануына өзім де Мəжіліс депутаты болып тұрғанымда дауыс берген болатынмын. Міне, бүгінде жазиралы Сарыарқаның сайын даласына, тоғыз жолдың торабына ғаламат жылдамдықпен кескін-келбеті бөлек мəртебелі шаһар тұрғызылды. Бұл күнде «Астана» деп айшықтап атау берген елордамызға 16 жыл толып, ажарлы қала Тəуелсіз Қазақ елінің бет-бейнесіне айналды. Мемлекет басшысы бір сөзінде: «Ежелден рух еркіндігін ерекше қастер тұтқан халқымыздың асыл дəстүрлерін жаңа заманға жарасымды жалғастыруымыз қажет», деп айтқан болатын. Кең ауқымды, терең толғамды ойды Астанамен байланыстырар едім. Себебі, заманауи дамыған елдердің ірі мегаполистерінің үлгісінде əрі ұлттық, қазақы нақыштар тоғыстырылып салынған ғима рат тардың, архитектуралық, дизайн дық озық құрылыстардың арқасында Астана көз тоймас көрікке ие болды. Астана – қалыптасқан, дамыған Қазақстанның ажары. Жасыратыны жоқ, Астанаға қарап дүние жүзі Қазақстанның болмыс-бітімін таниды. Мемлекет басшысының бастамасымен дүниежүзілік маңызы зор басқосулардың, атап айтқанда əлемдік діндердің саммиті, Астана экономикалық форумы, Еуразиялық медиа форум жəне де көптеген іріірі шаралардың дəл осы Астанада ұйымдастырылуы – Қазақстанның əлемнің саяси сахнасындағы рөлін айқындайды. Ендігі кезекте ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің біздің елордамызда ұйым дас тырылуының өзі мақтан тұтатын үлкен қуанышты оқиға. Париждегі «EXPO» көрменің нəтижесінде атақты Эйфель мұнарасы Францияның келбетіне айналса, ертеңгі күні, Астанада өтетін жасыл экономикаға арналған көрме де еліміздің атын жер жүзіне паш ететініне сенімдімін. Қазіргі күннің өзінде Қазақстанды – Астанасыз, Астананы «Бəйтерексіз» елестете алмайтын деңгейге жеттік. Елбасының идеясымен халықтық аңыз бойынша тұрғызылған «Бəйтерек» – Астананың символы. Астанада бой көтерген əрбір ғимараттың, мейлі ол əкімшілік басқармалардың кеңселік орындары болсын, мейлі ол қоғамдық-мəдени демалыс орындары болсын, қай-қайсын алсаңыз да түс-тұрпаты ерекше.

Тəуелсіз Қазақстанның тірегі мен жүрегі болған Астана – əлемдік деңгейдегі озық қала. Білім мен ғылымның, өнер мен мəдениеттің ошағы Астана – Мəңгілік Қазақстанның мəңгілік елордасы болып қала береді. Əлібек АСҚАРОВ: – Мемлекет өмірінің кемел келешегін айқындайтын тарихи кезеңдер болады. Біздің еліміз үшін сондай жарқын кезең – астанамыздың Арқа төсіне қоныстануы болғаны даусыз. Көгімізде Тəуелсіздіктің Көк Туы желбіреген күннен кейін, тағдыры талайлы қазақ елінің жаңа тарихының беті осыдан басталды. Күйреген империяның қалдығынан Тəуелсіз мемлекет құра отырып, оған жаңа астана таңдау – тікелей Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қажырлы еңбегі. Астана қаласы туралы толғауында Нұрсұлтан Əбішұлы: «Жаңа астанаға көшу жəне оны салу туралы ой менде ертеректе, 1992 жылы туған еді. 1992 жылы Қазақстанның Президенттігіне бүкіл халық болып сайлағаннан кейін, мен Ақмолаға келдім. Есілден көлденең тартылған ескі көпірдің ортасында тұрып, өзенге қарадым. Маған қаланың ортасында өзен ағып жатқан болса, қашанда сол ұнайтын. Өзен қалаға ерекше бір көрік береді, мəртебесін көтереді. Мысалы, Жайықтың бойында Атырау, Сырдарияның бойында Қызылорда, Тобылдың бойында Қостанай, Ертістің бойында Семей мен Кереку орналасқан. Ал əлемде қаншама астаналар ылғи өзен жағасына салынған! Санкт-Петербург – Невада, Мəскеу – өзі аттас өзенде, Париж – Сенада, Лондон – Темзада тұр. Оның үстіне Ақмола Қазақстан мен бүкіл Еуразияның орталығына орналасқан», – деп жазады. Астана қаласының тарихы одан бес шақырым жерде орналасқан Бозоқ қаласымен тығыз байланысты екенін кейін білдік. Бозоқ – Қыпшақ хандығының астанасы болған екен. Осы аймақ арқылы ХVІ ғасырда Сібір – Орта Азия керуен жолы өтіп ті. Елбасы «Ортағасырлық Бозоқ қаласын Ақмоланың түпкі атасы деп санауға болады, ал оның соңғы мұрагері қазіргі Қазақстанның астанасы – Астана қаласы» деп тұжырым жасайды. Алматыдан жаңа астанаға көшкен ең алғашқы мемлекеттік орган – Баспасөз жəне бұқаралық ақпарат министрлігі екенін біраз адам біледі. Мен де осы министрліктің құрамында 1997 жылғы 2 маусымда Ақмолаға бет түзегендер сапында болдым. Алматы-2 теміржол вокзалында үлкен митингі болып, аузы дуалы ақсақалдар бізге ақ жол тілесті. Ақмоланы вагонның терезесінен көрген бетте-ақ көңіліміз жабырқап салғаны есімізде. Қала бұрқыраған шаң-тозаң, қаптаған құрылыс, свай қаққан тарсылдар. «Ару Алматыны тастап осы біз қайда келдік» дегендей өкініш жүрегімізді тырмалағаны рас. Əлі есімде, вокзал алдында митинг жасап, қарсы алушылармен амандасып, шүйіркелесіп жатқан кезде сіркіреп жаңбыр жауып берсін... Жаңбыр ұзаққа созылған жоқ, жарым сағатқа жетпей қоя салды. Бұл

жаңбырды сол жерде тұрған жұрттың бəрі Алланың ақ нұрына, жақсылыққа балап жатты. Сол жаңбыр біз үшін шын мəнінде Алланың ақ нұры болыпты. Жылдар өте жаңа қала бəріміздің ғажап мекенімізге айналды. Осы қалада тұрып құдандалыжекжатты болдық, достар таптық, туыс таптық. Бүгінде Арқа өңіріне судай сіңіп, тастай батқан жағдайдамыз. Қала тарихының тірі куəгеріміз, бұрынғы облыс орталығы қалай мемлекет астанасына айналды, қалай өсті, қалай өнді, гүл-гүл жайнап қалай көркейді. Сол өзгерістердің бəрі əлі күнге көз алдымызда өтіп жатыр. Қазір Астанаға аяқ басқан адам бұл қалаға қызықпауы, оны жақсы көрмеуі мүмкін емес. Күн көзінде сан құбылып жарқыраған сəулетті ғимараттар, тынысыңды ашқан кең даңғылдар өзіне еріксіз баурап алады. Айнадай таза көшелер, жасыл желек бульварлар. Астананы жақсы көретініміз сондай, көшеде кетіп бара жатқан біреу темекі лақтырса да, қоқыс тастаса да, тіпті, түкірсе де жанымыз ашитын халге жеттік. Балаларымыз да Астанамен бірге ержетіп, қанаттанды, азамат болысты. Біз көшіп келген жылдары Ақмола халқы 300 мыңның төңі регінде еді. Бүгінде астаналықтар қатары 826 мыңға жетті. Қазақстан қалаларының ішіндегі ең жасы да – біздің елорда тұрғындары екен. Астаналықтардың қазіргі орташа жасы 32-ні құрайды. Дүниежүзі қазақтарының Астанада өткен 4-ші құрылтайында бір топ қандастарымызды түнгі Астананы қыдыртқанымыз есіме түсіп отыр... Сонда, Парижден келген Мехмет Зенгин деген фабрикант досымыз: «Қазағымның астанасы Азияның Парижі болып кеткен екен», деп таңдай қағып, бас шайқағаны бар. Шындығы да солай болар... Елбасы азиялық та емес, еуропалық та емес, еуразиялық қала жасаймыз деп еді. Сөзінде тұрды, ақыры жасады! Елбасының асқақ арманы артығымен орындалды. Қазір Астанадан əлемдік сəулет өнерінің нелер бір тамаша үлгісін көруге болады. Егер сөзімізді тұздықтап, цифрға жүгінер болсақ, 1998 жылы Астанада мектепке дейінгі 48 мекеме жұмыс істеген екен. Бүгін оның саны 125ке жетті. Тағы сондай 19 мекеменің құрылысы жүргізілуде. Соңғы үш жылда ғана 8 аурухана жəне емхана ашылған. Бала тууына келсек, 1000 адамға шаққанда: 1999 жылы – 11,2 бала болса, өткен жылғы дерек 25,7 балаға жеткенін көрсетті. Бұдан 15 жыл бұрын астаналықтың орташа өмір сүруі 67 жас еді, қазір 73,5 жасқа жетті дейді мамандар. Он жыл бұрын қалада бар-жоғы 37 мектеп еді, қазір оның саны 82-ге жетіпті. Үстіміздегі жылы тағы 9 мектеп оқушылар игілігіне берілмекші екен. Бұл көрсеткіштер қалай көкірек қақсаң да, қалай мақтан етсең де лайық жетістіктер. Ерке Есілдің жағасында, Сарыарқаның кең төсінде қоныс тепкен Астана қаласы сəулетімен де, келбетімен де төрткүл дүниені мойындатты деп айтуымызға əбден болады. – Мазмұнды əңгімелеріңізге рахмет. Астана күні баршамызға құтты болсын. Мəңгілік мұратын көздеген елордамыз елімізбен, халқымызбен бірге мың жасасын! Дөңгелек үстел басындағы əңгімені жүргізген Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан». АЛМАТЫ.

Халқымыздың əлмисақтан өз азаттығы үшін арпалыса білгенін, ар-ождан жолында басын бəйгеге тіккенін əманда мақтан тұтуға болады. Ықылым заманның ырқына көніп, тарих тереңіне енген Асан Қайғы, Қорқыт бабалардан қалған ғибратты сөз, ұлағатты ұстындар мəні мен мағынасын жоймай, өзінің асқан өміршеңдігімен əлі де мəңгілік мекенге қарай бастау ала беретініне көз жете түседі. Қазақ елі алғаш тəуелсіздік алып, «ақ түйенің қарны жарылған» қуанышты сəттерде, осы бір құбылысқа күдікпен теріс қарап, күңкілдегендерді көз көрді. «Ресейден кеткеннен соң күнімізді көру ауырлап кететінін» айтқан «сəуегейлердің» де дəурені жүріп тұрған шақ болатын. Тəуелсіздік деген ұғымның тəубесін айтып тіршілік кешіп жатқан жұртшылық үшін маңызы тым жоғары болуы керек. Ақ білектің күші мен ақ найзаның ұшын қару қылып, ата-бабаларымыз осынау азаттық үшін күресті. Бұл жолда мыңдаған, миллиондаған құрбандар жер жастанып, мəңгілік сапарға аттанды. Ол осынау Күлтегін, Тоныкөк замандарынан (бəлкім, одан да ілгерірек) бастау алады. Қашанда жауға қарсы тұрар азаматын ардақтаған қазақ халқы мұндай жорықтар мен күрестерден мыңдаған жылдардан бері əбден қажыған-ды. Бұл Тəуелсіздік – төгілген ата-бабалар қаны мен терінің өтемі. Бүгінде Қазақ елінің дəурені жүріп, мейманасы тасыған шақ. Осы жылдар ішінде жеткен жетістіктеріміз бен шыққан биіктерімізге дос сүйсініп, дұшпан күйінеді. Өз алдымызға тəуелсіз ел атанып, мұны дүниежүзінің мемлекеттері мойындады. Елбасының қаулысымен Семей ядролық полигоны жабылып, енді жерасты сынақтары жасалмайтын болып, əлемге өзіміздің бейбітшілік сүйетін ел екенімізді дəлелдедік. Кезінде Наполеон: «Елдің саясаты географиясында», деген екен. Сондықтан, көршілес мемлекеттермен шекарамызды анықтап алып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген де салиқалы саясатының арқасында Қазақстан атты алып кеме əлем айдынына шықты. Қос палаталы кəсіби Парламент құрылып, ұлттық валютамыз айналымға шықты. Біріккен Ұлттар Ұйымынан бастап, əлемнің көптеген белді де беделді ұйымдарына мүше болдық. Менің есімнен ауыл ақсақалының: «Қарағым, Нұрсұлтанды дүниеге əкелген Анаға мың рахмет деуіміз керек», деген сөзі кетпейді. Жарықтық, Тоқтарбай атам да: «Нұрсұлтандай тұлға қазақ жерінде ғана емес, əлемде бір-екі ғасырда бір-ақ рет келеді», деуші еді. «Өтпелі кезеңде өмір сүрме», дейді көршілес қытай даналығы. Қиындығын айтқан ғой. Сол қиыншылық жылдарда астанамызды Алматыдан Ақмола қаласына ауыстырғанда, көптеген саясаткерлердің өзі түсініңкіремей, əрісəрі күйде қалғаны жасырын емес. Заман талабына сай дұрыс қабылданған шешім екенін бүгінде уақыттың өзі дəлелдеп отыр. Қазір Астананың əлемдегі ең əдемі 30 жас қаланың санатына кіруін зор мақтанышпен айта аламыз Италияның бұрынғы премьер-министрі Сильвио Берлусконидің сəулеті мен салтанаты артқан Астанамызға «Азияның таңғажайыбы» деп баға беруі тегін емес. Сонымен қатар, еліміз өзінің бейбітшілік сүйетін мемлекет екендігін де ісімен дəлелдеп келе жатқаны шындық. Елордасы Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшыларының съезін төрт рет өткізіп іштей де, сырттай да қырғи-қабақ ел өкілдерінің басын қоса білді. Оларда бейбіт өмір мəселесі жайлы əңгіме қозғалуының өзі жақсы нышан. Мұның бəрін 2001 жылы Астанаға Елбасының шақыруымен арнайы келген Рим Папасы сапарының жалғасы деуге болады. Қазақ ежелден-ақ бейбітшілікті сүйетін, досын жауға сатпайтын мəрт халық. Сондықтан да барлық атқарылып жатқан іс-шаралардың түпкі берекесі баянды болмақ. Береке дегеннен шығады, «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді, алтау ала болса, ауыздағы кетеді» деген мақалдың мəні жойылған емес. Біз Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымына мүше болып қана қоймай, төрағалық ету мəртебесіне ие болдық. Мұндай мəртебе ТМД елдері ғана емес, бүкіл Азия мемлекеттеріне бұйырмаған. Ең алғаш түрен салған Қазақстан. Осынау ұлы істің қорытындысы ретінде 56 мемлекеттің президенттері мен премьер-министрлері, саясаткерлерінің басын қосып, 11 жыл өтпеген Астана Саммитін өткіздік. Елбасының биылғы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауы барша халықтың жүрегіне жылулық, болашаққа сенім сыйлаған құжат болды. Дамудың даңғыл жолын нұсқаған «Мəңгілік ел» ұлттық идеясы қазір Қазақстан халқы үшін басты мұрат, басым бағыт. Жуырда ғана Ресей, Беларусь, Қазақстан секілді мемлекеттер басшылары Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойды. Біртұтас экономикалық кеңістік интеграциялық одақтың шартын бекітіп, экономикалық одаққа біріккен үш елді ынтымақтастыққа жетелеп келеді. Елдің əлеуметтік-экономикалық ахуалы жақсарып, Қазақстанның өсіп-өркендеу даңғылына түскені Елбасының сарабдал саясаты екені екібастан. Солардың бірі – бір кездегі солақай саясаттың кесірінен елімізден ауа көшкен қандастарымызды атамекенге тарту. Оларды осынау кең-байтақ жерімізге қоныстандыру, яғни этностық қазақтарды өз жерімізде орналастыру. Бұл да өз жүйесін біртіндеп тауып келе жатқан шара. «Елге ел қосылса құт, елден ел көшсе жұт», дейді бабаларымыз. Осының бəрін бір ғана тұлға Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясаты мен көкжиекті бағамдаған көреген көшбасшылығының арқасы деп білу керек. Ғалым ТАБАНОВ, Үржар аудандық əділет басқармасының басшысы.

Шығыс Қазақстан облысы.


www.egemen.kz

10 шілде 2014 жыл

3

«АСТАНА ЭКСПО-2017»  Астананың өркендеуі – Қазақстанның өркендеуі

ЭКСПО – Бүкілəлемдік əмбебап жетістіктер көрмесі. Бүкілəлемдік əмбебап көрмелер тарихы 1851 жылы Лондон қаласында өткізілген «Барлық халықтардың өнеркəсіптік еңбектерінің ұлы көрмесінен» бастау алады. Бір сəт зейін салып, ойланып көрейікші, барлық халықтардың еңбектері жетістіктерінің ұлы көрмесі! Яғни, енді үш жылдан кейін егемен еліміздің елордасы – Астана қаласында адамзат ақыл-ойының қазіргі күнге дейінгі қол жеткізген жетістіктерінің озық үлгілері паш етілетін болады. Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

ХХІ ғасырдың өркениет биігіне батыл қанат қаққан тəуелсіз Қазақстанның 2012 жылғы басқа жетістіктерін былай қойғанда, əлемнің алдыңғы қатарлы 161 мемлекеті мүше болып табыла тын Халықаралық көрмелер бюросының аламан бəйгесінде қара үздіріп, Бүкілəлемдік мамандандырылған көрме өткізу құрметін жеңіп алуы төрт құбыласы түгел дамыған елдердің де маңдайына бұйыра бермейтін бақыт еді. Бұл жеңіс – егемен еліміздің еркіндік алғаннан бергі жылдар ішіндегі салиқалы саясатын, «Қазақстан феномені» атанған экономикалық жетістіктерін мойындау, төрткүл дүниенің толғақты түйіндерін талқылайтын жаһандық орталыққа айналған Астананың ашықтығының жеңісі. Иə, Батыс пен Шығыс өркениетін жалғастыратын алтын көпір атанған Астананың айтулы эстафетасы енді Дүниежүзілік көрмелер алаңы – ЭКСПО-2017-ге ұласпақ. Дүниежүзілік шаралар тұрғысындағы өзіндік маңызы жағынан бұл көрме осы уақытқа дейін Астана қаласында өткізілген жаһандық оқиғалардың ешқайсысынан артық болмаса, кем емес. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев: «Өзінің ауқымы жөнінен ол Дүниежүзілік экономикалық форум, ал туристерді тарту жағынан Олимпия ойындары немесе футболдан өтетін əлем чемпионатымен бара-бар шара болып табылады. Оның үстіне бұл – Қазақстан экономикасының болашақ дамуына үлкен септігін тигізетін, дүниежүзілік тəжірибелерді Қазақстанға алып келетін, елімізге инвестицияны еселеп тартуға ықпал ететін шара», деп атап көрсеткен болатын. Соңғы 16 жылдан бері Қазақстан Халықаралық көрмелер бюросының тұрақты мүшесі болумен қатар, осы дүниежүзілік беделді ұйым өткізетін іс-шараларға да белсенді қатысып келеді. 2008 жылы Испания Корольдігінің Сарагоса қаласында «Су жəне тұрақты даму» айдарымен ЭКСПО-2008 көрмесі өткен болатын. Оған қатысушы əлемнің 104 мемлекеті павильондарының арасында Қазақстан Республикасының павильоны «С» дəрежесі бойынша қола жүлдені жеңіп алған еді. Осы «ЭКСПО-2008, Сарагоса» Халықаралық көрмесінің ашылу салтанатына қатысқан Елбасы сол жылы алғаш рет Қазақстанда Бүкілəлемдік көрме өткізу идеясын жария еткен-ді. Елбасының бұл бастамасы төрт жылда ақиқатқа айналып, 2012 жылы Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) штаб пəтері орналасқан Париж қаласында осы бір беделді халықаралық ұйымға мүше 161 мемлекеттің 100-ден астамы дауыс беріп, Қазақстан елордасы – Астана қаласы 2017 жылғы Бүкілəлемдік көрмесін өткізетін орталық құрметін жеңіп алды. Содан бері елімізде Мемлекет басшысы «Ұлттық жоба» деп атаған осы бір жаһандық шараны өткізуге əзірлік жұмыстары басталған еді. Биылғы жылғы 11 маусымда Парижде ХКБ Бас ассамблеясының 155-ші сессиясы өтіп, қалыптасқан дəстүр бойынша осы сессияда «Астана ЭКСПО-2017» Бүкілəлемдік көрмесін ресми түрде тану жəне ХКБ ұйымының туын 2017 жылы осы əлемдік шараны өткізетін ел – Қазақстанға салтанатты түрде тапсыру шарасы болып өтті. Сөйтіп, Астанадағы болашақ көрме қалашығы құрылыс алаңында Халықаралық көрмелер туы желбіреді. Елордамызда Бүкілəлемдік жетістіктер көрмесі қалашығының құрылысы заңды түрде бастау алды.

Қала күні мерекесі қарсаңында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елордадағы «Астана ЭКСПО-2017» көрме кешенінің құрылысымен танысып, осы ғасыр құрылысын салу міндеті сеніп тапсырылған мердігерлік құрылыс ұйымдарының басшыларына ерекше жауапкершілік жəне келелі міндеттер жүктеді. «Бұл – əлемдік ауқымдағы ірі шара. Бүкіл əлемге өз мүмкіндіктерімізді көрсету үшін сіздерге, мердігерлерге оның дайын ды ғына қатысуға сенім білдірілді. Сіздер өз қабілеттеріңізді өзге нысандарда дəлелдедіңіздер. Отандық компаниялар, сондай-ақ, біздің елімізде жұмыс істейтін шетелдік мердігерлер бұған дейін ешқашан ұятқа қалдырған емес, қазір де бəрін уақытында жəне сапалы атқаруға тиіс», деп атап көрсетті осы кездесуде Президент. Сонымен, егемен еліміз үмітін үкілеген ғасыр құрылысын салу міндеті «Sembol Uluslararasi» (басқарма төрағасының орынбасары Феттах Тамеджи), Mabetex (президенті Африм Пакколи) компанияларына, BI-Group (холдингтің басшысы Айдын Рахымбаев) холдингіне, «СК Базис» ЖШС-на (бас директоры Александр Белович), AstanaGroup (компания президенті Нұрлан Смағұлов) компаниясына жүктеліп отыр. Осы кездесуде Мемлекет басшысының алдында есеп берген «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басшысы Талғат Ермегияевтің айтуынша, көрме павильондарының негізгі құрылымдарын салу 2015 жылдың қазан айында аяқталып, одан əрі павильондар ішіндегі əрлеу жұмыстары басталмақ. Орталық көрме павильонын əрлеу жұмыстарын 2016 жылдың желтоқсан айында аяқтау көзделіп отыр. Келер жылдың қазан айында халықаралық павильондардың негізгі құрылымдарының құрылысы аяқталмақ. ЭКСПО қалашығының «нөлдік кезеңін» мердігерлік құрылыс ұйымдары белгіленген кестеден ерте бітіруді жоспарлап отыр. Ұлттық компания басшысының мəліметінше, Халықаралық көрмелер бюросының талабына сəйкес, Қазақстан көрмені ұйымдастырушы ел ретінде халықаралық қатысушылардың

тұрғылықты жерлерін қамтамасыз ететін болады. Қонақтарға 1300 пəтер қарастырылған. Жалпы, құрылыс жұмыстарына 300 техника мен 700 құрылысшы жұмылдырылған. Кешеннің жалпы ауданы –173,4 гектар. Ал көрме аймағы – 148,5 гектар. Көрме аймағы құрылысының негізгі нысандары – Қазақстанның Ұлттық павильоны, халықаралық, тақырыптық жəне корпоративтік павильондар, сондай-ақ, сауда жəне ойын-сауық ғимараттары болмақ. Астана ЭКСПО-2017 көрмесінің басты ұраны – «Болашақтың энергиясы» бүгінде бұл бүкіл адамзатты толғандырып отырған көкейкесті мəселе екендігі даусыз. Дүниежүзілік көрмелер шежіресін саралайтын болсақ, сол заманның озық жетістіктерін паш еткен бұл көрмелердің басты ұраны – адамзатты толғандырып отырған көкейкесті мəселелерді шешу болып табылады. Мəселен, 1851-1900 жылдар аралығындағы көрмелер ХІХ ғасырда экономика мен сауданың бұрын-соңды болмаған өсу толқынында туындаған өндірістік жаңалықтарды жария етті. Ал 19001939 жылдар аралығындағы Дүниежүзілік көрмелер сипаты «Дағдарыстан – болашақты көруге дейін» ұранымен өтті. 1914 жылғы бірінші дүниежүзілік соғыс, орыс төңкерісі, 1929 жылы басталған ұлы күйзеліс, тоталитарлық жүйелердің орнығуы, демократияға деген сенімнің жоғалуы, жаппай қарулануға ұмтылу – осының бəрі үлкен соғыс қарсаңындағы дауылдың салдары еді. Міне, осындай жағдайда дүниежүзілік көрме əлемді құрсаулаған күйзелістен қорғанып, жаңа технологияларды өмірге əкелетін жасыл аралға айналды. 1958-1970 жылдар аралығындағы Дүниежүзілік көрмелер «Бейбіт уақыт жəне жаңғыру» ұранымен өтті. Адамзат екінші дүниежүзілік соғыстан қатты күйзеліспен шығып, экономикалық жəне рухани жаңғыру қажеттігін барынша сезінді. Адамзат шынайы экономикалық жетістіктерге ұмтылды. Ғарыш дəуірі басталды. Сөйтіп, дүниежүзілік көрмелер бұрынғыдан да əртараптанған сипат алды. 19741998 жылдардағы Дүниежүзілік көрмелер ұраны

«Жаңа технологиялар дəуірі» сипатымен өтті. 2000-2010 жылдар аралығындағы көрмелер «Ертеңгі күн бүгіннен де жақсы болуы керек» ұранын күн тəртібіне шығарды. Енді 2017 жылы елордамызда өтетін Халықаралық мамандандырылған көрмесінің басты ұраны – «Болашақтың энергиясы» болып отыр. Жұмыр жерді мекендейтін 7 миллиардтан астам адамзат планетамызда энергетикалық тапшылықтың күннен-күнге белең алып бара жатқанын, барған сайын сұранысы артқан экономика үшін энергия өндірудің экологияны тығырыққа тірегенін ашық мойындап, ұрпақ болашағы балама қуат көздеріне тікелей байланысты болатынын күн тəртібіне барынша батыл қойып отыр. Ендеше, «Астана ЭКСПО-2017» аясында адамзат ертеңінің негізін айқындайтын энергетикалық қуат көздерінің болашағы шешілмек. Қазақстанның балама энергия көздері бойынша əлеуеті зор. Экспорттық зерттеулер негізінен алғанда, еліміздің құрамына гидроэнергия, жер жəне күн энергиясы кіретін ресурстық əлеуеті 1 триллион кВт/сағат мөлшеріне тең деп жобалануда. Қазір елімізде өндірілетін электр қуатының көлемінде «жасыл энергияның» үлесі аз. Сондықтан Мемлекет басшысы Қазақстанды индустрияландыру стратегиясында «жасыл энергияға» сара жол ашып отыр. Елімізде соңғы деректер бойынша «жасыл энергия» қуатын 2000 МВт-ға жеткізу жөніндегі бірнеше инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жұмысы қолға алынды. Күні кеше, Астана күні мерекесі қарсаңында Мемлекет басшысының қатысуымен өткен телекөпірде Ерейментау қаласының маңында өнеркəсіптік жел паркінің құрылысы пайдалануға берілді. Елбасы бұл жобаға оң бағасын беріп, инновациялық сəтті қадамның маңызы орасан екендігін атап өтті. «45 мегаватт деген Көкшетау мен Петропавл қалаларында тұрған электр стансаларымен бірдей. Сондықтан Астананың іргесіндегі Ерейментауда салынып жатқан тұңғыш жел энергия стансасы құтты болсын!»,

деді Нұрсұлтан Назарбаев. Елімізде тұңғыш рет қолға алынған жел энергиясы стансасының құрылысын «Самұрық-Энерго» АҚ жүргізуде. Алдағы уақытта оның қуатын 300 мегаваттқа жеткізу көзделінген. Мұның өзі 80 мың пəтер жел қуатымен өндірілген электрмен қамтамасыз етіледі деген сөз. Бүгінгі күні жел электр стансасының 85 метрлік 3 мұнарасы мен аумағы 93,2 метрлік роторлары бой көтерген. «Алып қанаттар» желдің жылдамдығы секундына 3 метр болса болды, жұмыс істей береді. Өркениет өріне ұмтылған адамзаттың ақыл-ойы əлемге барлық ұлттар жетістігін паш ететін ұлы көрмені берді. Бүкілəлемдік жетістіктер көрмесі өзінің 160 жылдан астам тарихында өркениет шежіресіне алтын əріптермен жазылған сəулет өнерінің жауһарларын қалдырды. ЭКСПО мұралары – Лондондағы Хрусталь сарайы; Париждегі Эйфель мұнарасы; Париждегі Александр ІІІ көпірі; Лион вокзалы; Венадағы Ротонда – əлемдегі ең үлкен күмбез астындағы павильон; Мельбурндегі патшалық көрме павильоны нақ осындай мəңгілік өнер ескерткіштері болып табылады. Астанада өтетін ЭКСПО-2017 Бүкілəлемдік мамандандырылған көрме қалашығында да əлем ғажайыптарының санатына қосылатын ЭКСПО мұрасы – көрме символы нысанының бой көтеретініне сенеміз. Астанада 2017 жылы ЭКСПО көрмесін өткізу елорданың, жалпы бүкіл еліміздің экономикалық жəне инфрақұрылымдық дамуына жаңа серпін береді. 2017 жыл Қазақстанның бас қаласы – Астана үшін айрықша айтулы жыл болмақ. Бұл жылы Астана қаласының 20 жылдық мүшел тойы аталып өтіледі. Арқа төсіндегі ару қала төрткүл дүние көз тігетін жаһандық оқиға алаңына айналады. Яғни, 2017 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйегі аралығында көрмеге əлемнің 100 елі мен 10 халықаралық ұйымнан 5 миллионға тарта турист келмек. Бұл Қазақстанның халықаралық сахнадағы беделін бұрынғыдан да арттырып, Астананың атағын тағы да жаһанға жария етеді. Ұзағынан болғай!


4

www.egemen.kz

Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы

Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мəселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы 1-бап. Қазақстан Республикасының мына конституциялық заңдарына өзгерістер енгізілсін: 1. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 17-18, 114-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 192-құжат; 1998 ж., № 7-8, 71-құжат; № 22, 290-құжат; 1999 ж., № 10, 340-құжат; № 15, 593-құжат; 2004 ж., № 7, 45-құжат; 2005 ж., № 7-8, 17-құжат; 2006 ж., № 23, 138-құжат; 2007 ж., № 12, 85-құжат; 2009 ж., № 2-3, 5-құжат; 2010 ж., № 11, 55-құжат; 2011 ж., № 3, 30-құжат; 2013 ж., № 17, 84-құжат): 47-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Қылмыс үстінде ұстап алынған не ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған жағдайлардан басқа кезде, Президенттiкке, Парламент депутаттығына кандидаттарды олар тiркелген күннен бастап жəне сайлау қорытындылары жарияланғанға дейiн, сондай-ақ олар Президент, Парламент депутаты ретiнде тiркелгенге дейiн Орталық сайлау комиссиясының келiсiмiнсiз ұстап алуға, күзетпен ұстауға, үйқамаққа алуға, күштеп əкелуге, сот тəртiбiмен қолданылатын əкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.». 2. «Қазақстан Республикасының Парламенті жəне оның депутаттарының мəртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 21, 124-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 78-құжат; 1999 ж., № 4, 100-құжат; № 10, 342-құжат; 2006 ж., № 23, 137-құжат; 2007 ж., № 12, 83-құжат; 2013 ж., № 17, 84-құжат): 1) 27-баптың тақырыбындағы жəне мəтініндегі «сұрау салу», «сауалдар», «Сұрау салу», «сұрау салынған», «Сұрау салуға», «салынған сұрауына», «сауалдар», «Сауалға» деген сөздер тиісінше «сауалдар», «сұрақтар», «Сауал», «сауал жолданған», «Сауалға», «сауалға», «сұрақтар», «Сұраққа» деген сөздермен ауыстырылып, 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Парламент депутатының Премьер-Министр мен Үкiмет мүшелерiне, Ұлттық Банк Төрағасына, Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы мен мүшелерiне, Бас Прокурорға, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасына, Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң төрағасы мен мүшелерiне сауал жолдауға құқығы бар. Бұл ретте, Бас Прокурорға не құқық қорғау органдарының жəне арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына жолданған сауал қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге асырумен байланысты мəселелерге қатысты бола алмайды. Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасына жолданған сауалдарды қарау Парламенттің немесе оның палаталарының жабық отырыстарында жүргізіледі.»; 2) 32-бап мынадай редакцияда жазылсын: «32-бап. Депутатқа ешкiмнiң тиiспеуі 1. Қылмыс үстінде ұстап алынған не ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған жағдайлардан басқа кезде, Парламент депутатын өз өкiлеттiктері мерзiмi iшiнде тиiстi Палатаның келiсiмiнсiз ұстап алуға, күзетпен ұстауға, үйқамаққа алуға, күштеп əкелуге, сот тəртiбiмен қолданылатын əкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды. 2. Депутатты қылмыстық жауаптылыққа тартуға, ұстап алуға, күзетпен ұстауға, үйқамаққа алуға, күштеп əкелуге немесе сот тəртiбiмен қолданылатын əкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға келiсiм алу үшiн Бас Прокурор Сенатқа не Мəжiлiске ұсыну енгiзедi, мұны палаталар тиiстi Палатаның отырысында қарауға əзірлеу үшiн Орталық сайлау комиссиясына жiбередi. Ұсыну күдіктінің іс-əрекеттерін саралау туралы қаулымен депутатты таныстырудың алдында, ұстап алудың, оны күзетпен ұстауға, үйқамаққа алуға санкция беру туралы өтінішхатпен сотқа жүгінудің, күштеп əкелудің, сондай-ақ əкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi сотқа жiберудiң алдында енгiзiледi. Бас Прокурордың ұсынуы жəне Орталық сайлау комиссиясының қорытындысы олар келiп түскен күннен бастап екi апта мерзiмнен кешiктiрiлмей қаралады жəне Палата тиiстi лауазымды адамдардан қосымша ақпарат беруді талап етуге құқылы. Палата уəждi шешiм қабылдайды жəне оны Республиканың Бас Прокурорына жəне анықтау мен алдын ала тергеп-тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттiк органының басшысына үш жұмыс күні iшiнде жiбередi. Депутат өзiне ешкiмнiң тиiспеуі туралы мəселенi Палата қараған кезде қатысуға құқылы. 3. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуына себеп сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелгеннен кейін сотқа дейінгі тергеп-тексеру Бас Прокурордың келісімімен ғана жалғастырылуы мүмкін. Парламент депутаты қылмыс үстінде ұстап алынған не ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасауға дайындалу немесе оқталу фактісі анықталған не ол ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған жағдайларда, оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру Бас Прокурордың келісімін алғанға дейін, бірақ бір тəулік ішінде оны міндетті түрде хабардар ете отырып, жалғастырылуы мүмкін. Істі тергеп-тексеру барысында заңдылықтың сақталуын қадағалауды Бас Прокурор жүзеге асырады. 4. Орталық сайлау комиссиясы iс бойынша шешiм қабылдаған тиiстi соттан Парламент депутатын айыптау бойынша iстi қарау нəтижелерi туралы ақпаратты сұратып алады жəне оған қатысты айыптау үкімі заңды күшіне енген жағдайда, тиiстi Палатаға депутаттық мандаттан айыру туралы ұсыну енгiзедi.». 3. «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» 1995 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 173-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 22, 129-құжат; 2008 ж., № 10-11, 34-құжат; 2013 ж., № 17, 84-құжат): 1) 12-баптың 1 жəне 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қылмыс үстінде ұстап алынған не ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасаған жағдайлардан

басқа кезде, Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен мүшелерiн өз өкiлеттiктері мерзiмi iшiнде Парламенттің келiсiмiнсiз ұстап алуға, күзетпен ұстауға, үйқамаққа алуға, күштеп əкелуге, сот тəртiбiмен қолданылатын əкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды. 2. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуына себеп сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелгеннен кейін Конституциялық Кеңестiң Төрағасына немесе мүшесiне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру Бас Прокурордың келісімімен ғана жалғастырылуы мүмкін, ол Конституциялық Кеңестiң Төрағасын немесе мүшесiн қылмыстық жауаптылыққа тартуға келісім беру туралы ұсынуды Парламентке енгізеді. Конституциялық Кеңестiң Төрағасы немесе мүшелерi қылмыс үстінде ұстап алынған не ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасауға дайындалу немесе оқталу фактісі анықталған не олар ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған жағдайларда, оларға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру Бас Прокурордың келісімін алғанға дейін, бірақ бір тəулік ішінде оны міндетті түрде хабардар ете отырып, жалғастырылуы мүмкін. Істі тергеп-тексеру барысында заңдылықтың сақталуын қадағалауды Бас Прокурор жүзеге асырады.»; 2) 14-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Конституциялық Кеңес Төрағасының немесе мүшесiнің өкілеттіктері, егер заңда белгіленген тəртіппен оны ұстап алуға, күзетпен ұстауға, үйқамаққа алуға, күштеп əкелуге, əкiмшiлiк немесе қылмыстық жауаптылыққа тартуға, сотта медициналық сипаттағы мəжбүрлеу шараларын қолдану, əрекетке қабілетсіз немесе əрекет қабілеті шектеулі деп тану туралы тиісті өтінішхатты қозғауға келiсiм берілген жағдайда да тоқтатыла тұруы мүмкін.». 4. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» 2000 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 10, 232-құжат; 2010 ж., № 11, 55-құжат; 2012 ж., № 1, 2-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат): 1) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын: «3-бап. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне – Елбасына ешкімнің тиіспеуі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне – Елбасына ешкімнің тиісуіне болмайды. Ол өзі Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттіктерін орындау кезеңінде жасаған, ал бұлар тоқтатылғаннан кейін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы деген өз мəртебесін жүзеге асыруға байланысты əрекеттері үшін жауаптылыққа тартылмайды. Оны ұстап алуға, қамаққа алуға жəне күзетпен ұстауға, тінтуге, одан жауап алуға не жеке басын жете тексеруге болмайды. Тиіспеушілік Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне – Елбасына жəне онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне жеке меншік құқығымен тиесілі барлық мүлікке, сондайақ олар пайдаланатын тұрғын жəне қызметтік үй-жайларға, қызметтік көлікке, байланыс құралдарына, жазысқан хаттарына, оларға тиесілі құжаттарға қолданылады. Тиіспеушілік Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының қорына тиесілі мүлікке де қолданылады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне – Елбасына жəне онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне жеке меншік құқығымен тиесілі мүлікке, сондай-ақ оның қорының мүлкіне қандай да бір шектеулер қойылмайды. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының жəне онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің банктік шоттарының банктік құпиялығына жəне оларға тиіспеушілікке кепілдік беріледі.»; 2) 6-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентін – Елбасын күзету Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіне жүктеледі.». 5. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мəртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 23, 410-құжат; 2006 ж., № 23, 136-құжат; 2008 ж., № 20, 77-құжат; 2010 ж., № 24, 147-құжат; 2012 ж., № 5, 38-құжат): 27-баптың 1 жəне 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қылмыс үстінде ұстап алынған не ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған жағдайлардан басқа кезде, судьяны Жоғары Сот Кеңесінің қорытындысына негізделген Қазақстан Республикасы Президентінің келісімінсіз, ал Конституцияның 55-бабының 3) тармақшасында көзделген жағдайда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының келісімінсіз ұстап алуға, күзетпен ұстауға, үйқамаққа алуға, күштеп əкелуге, сот тəртібімен қолданылатын əкімшілік жазалау шараларын қолдануға, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды. 2. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуына себеп сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелгеннен кейін сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының келісімімен ғана жалғастырылуы мүмкін. Судья қылмыс үстінде ұстап алынған не ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасауға дайындалу немесе оқталу фактісі анықталған не ол ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған жағдайларда, оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының келісімін алғанға дейін, бірақ бір тəулік ішінде оны міндетті түрде хабардар ете отырып, жалғастырылуы мүмкін. Судьяға қатысты арнаулы жедел-іздестіру іс-шаралары мен жасырын тергеу əрекеттері Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген тəртіппен прокурордың санкциясымен жүргізілуі мүмкін.». 2-бап. Осы Конституциялық заң 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 4 шілде № 232-V ҚРЗ

10 шілде 2014 жыл

Астана форумдарыныѕ əлемдік маѕызы жоєары (Соңы. Басы 1-бетте). «Сіздің басшылығыңызбен Еура зия құрлығында жаһандық қатерлерді талқылайтын аса қажетті платформа қалыптасты», – делінген хатта. БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, Дамуы мейлінше төмен елдер, теңізге шығу мүмкіндігі жоқ дамушы елдер жəне шағын аралдар мемлекеттері жөніндегі жоғарғы өкіл Г.Ачария Қазақстан Президентінің Астана эконо микалық форумын өткізу туралы идеясы дер кезінде жүзеге асқанына назар аударады. «Бұл форум ынтымақтастыққа септігін тигізетін сұхбат құру, жаһан дық экономикалық проблемаларды жақсы түсіну жəне талдау тұрғысынан маңызды мəнге ие», – делінген хатта. Жаһандық үнқатысу жəне ынтымақтастық орталығының бас хатшысы С.Станчев бірлескен жұмысқа

қатысты міндеттемелерді мақұлдай отырып, Қазақстан Прези дентіне Орталықты «Əлеуметтік бизнес-сұхбатты жақсарту» аталымы бойынша марапаттау рəсіміне қатысқаны үшін алғысын айтады. Нобель сыйлығының лауреаты С.Тимашев АЭФ осы бағыттағы ісшаралар үшін пішіні мен мазмұны тұрғысынан биік меже болғанын атап көрсетеді. «Астана форумы өзінің салыстырмалы түрде кейінгі жылдарда бастау алғанына қарамастан, қазірдің өзінде Қазақстан мен Достастық елдері ғана емес, Еуразиялық экономикалық одақ үшін де айшықты құбылыс болып, əлемдік үрдістердің мəнжайын тез ұғынуға болатын, болашақ серіктестермен танысатын, адамзат дамуының ықтимал жолдары туралы өз пікірін айтатын, əлемдік бизнес, инновация, ғылым жəне білім үшін тартушы магнитке айналды», – деп жазады автор.

Жезќазєан – Елбасы назарындаєы аймаќ Жезқазған, Сəтбаев жəне Ұлытау аудандарын əлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған кешенді жоспары өңірге жаңа серпін береді. Бұл туралы Қарағанды облысының əкімі Нұрмұхамбет Əбдібеков Жезқазғанға жұмыс сапары барысында мəлімдеді.

Облыс басшысы жұмыс сапарының басты мақсаты – Жезқазған, Сəтбаев қалалары мен Ұлытау ауданын əлеуметтікэкономикалық дамытудың 20122020 жылдарға арналған кешенді жоспарының жүзеге асырылу жайымен танысу болды. Аталған жоспарда «Қазақмыс» корпорациясының минералдышикізат базасын кеңейту, шағын жəне орта бизнесті дамыту, тұрғын үйлер мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы нысандары құрылысын салу, əлеуметтік жəне көліктік инфрақұрылымдарды дамыту, табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау, ауыл шаруашылығы аумақтарын дамыту мəселелері қамтылған болатын. Жұмыс сапары барысында облыс əкімі өңірдегі ең ірі өндірістің бірі – Оңтүстік Жезқазған кенішінде болды. Мұнда төрт ірі шахта бар. Тəулігіне жоспар бойынша 22800 тонна кен, сондай-ақ, 148 тонна мыс өндіреді. Кеніште 2200 адам жұмыс істейді. Шахтаға түсіп, кеншілердің жұмыс жағдайын өз көзімен көрген Нұрмұхамбет Қанапияұлы жер астындағы еңбекті ұйымдастыру

барысына өз ризашылығын білдірді. Корпорация басшыларымен болашақта кен өндірудің көкжиегін кеңейтуге бағытталған іс-шараларды ортаға салды. Кенді өңірді дамытудың кешенді жоспарында белгіленген Жезқазған кентін, Весовая, Крестовский жəне ГРП елді мекендерін көшіруге қатысты мəселелерді талқылап, ол жерлерді аралап көрді. Облыс əкімі Жезқазған қаласында жұртшылықпен кездесуде көтерілген барлық мəселелерді назарға алып, оларды шешуге байланысты шараларды қарастыру үшін орынбасарларына тапсырмалар жүктеді. Нақты жағдайларға байланысты тұшымды түсініктер берді. Сонымен қоса, сапар барысында Н.Əбдібеков Жезқазған мыс қорыту зауытына барып, қазіргі жағдайымен жəне жөндеу жұмыстарының кестесімен танысты. Аймақтағы индустрияландыру картасына енгізілген «Казтехфильтр» ЖШС кəсіпорнының жұмысын көрді. Облыс басшысы қалалық əкімдіктің мəжіліс залында Жезқазған, Сəтбаев қалаларының

К.Вютрих, Ф.Кидланд, Р.Ауман, М.Юнус, Джордж Ф.Смут, Э.Маскин, К.Писсаридес жəне А.Варшель сияқты Нобель сыйлығының өзге де лауреаттары өз хаттарында форумға қатысу мүмкіндігіне ие болғаны үшін алғыстарын білдіріп, іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, күн тəртібінің жан-жақты əрі мазмұнды болғанын атап өткен. «Кеннеди Мерчант Партнерс» компаниясының негізін қалаушы М. Кеннеди АЭФ Давос жəне Брюссель форумы секілді əлемдік бизнес-шаралармен бəсекелесе алады деген пікір айтқан. Celluci Associates компаниясының төрағасы Т.Селлучи G-Global ақпараттық-коммуни кативтік алаңын құру идеясы жаңа технологияларды қолдану арқылы өмірдің барлық саласындағы жаһандық мəселелерді еңсеруге септігін тигізе алатын батыл əрі дұрыс шешім екенін атап өткен.

жəне Ұлытау ауданының əлеуметтік-экономикалық даму барысын талқылаған актив жиналысын өткізді. Оның жұмысына Парламент Мəжілісінің депутаттары Нұрлан Жазылбеков пен Ар ман Қожахметов, сондай-ақ, «Қазақмыс» корпорациясының басшылары қатысты. Жиналыста үстіміздегі жылдың бес айының қорытындысына жəне Үкімет қабылдаған өңірді дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарында белгіленген міндеттерге баса назар аударылды. Əкімдердің есебін тыңдап, актив жиналысын қорытындылаған облыс басшысы өңірді дамытудың өзекті міндеттерін атап көрсетті. – Жезқазған – келешегі кемел аймақ. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өңірдің əлеуметтікэкономикалық дамуын əркез өзінің жіті назарында ұстап келеді. Өңірді дамытудың мүмкіндігі де мол. Тек оның көзін тауып, ерекше іскерлікпен жұмыс істей білу керек. Ауқымды шараларды қамтитын кешенді жоспар экономикалық жəне əлеуметтік бағытта одан əрі дамудың даңғыл жолына түсуде ерекше серпін берері анық. Сондықтан, ол мінсіз, мүлтіксіз орындалуы тиіс. Жұмылған жұдырықтай болып əрекет етсек, Жезқазғанның келешегі кемелдене түседі, – деп түйді сөзін Н.Əбдібеков. Амандық РАХҰЛЫ, журналист, Айқын НЕСІПБАЙ, «Егемен Қазақстан». ЖЕЗҚАЗҒАН.

Құттықтаулары мен жылы лебіздерін жолдағандардың қатарында, сондай-ақ, БҰҰ Бас Ассамблеясының 67-төрағасы В.Еремич, Халықаралық валюта қорының атқарушы директоры Д.Хеллер, Еуропа Қайта құру жəне даму банкінің Түркия, Шығыс Еуропа, Кавказ жəне Орталық Азия елдері жөніндегі басқарушы директоры О.Декамп, Майкрософтың Ор талық жəне Шығыс Еуропа елде рін дегі директоры, бас менеджер Т.Хирано, Дүниежүзілік сауда ұйымы Бас директорының орынбасары Д.Шарк, Салық жəне инвестициялар халықаралық орталығының (АҚШ) президенті Д.Уитт, Халықаралық сауда орталығының атқарушы директоры А.Гонсалес, Өнертапқыш əйелдер мен кəсіпкерлердің дүниежүзілік қауымдастығының президенті М.Хан, Xerox компаниясының вицепрезиденті Ч.Брукс жəне CBS News вице-президенті Ш.Херберт бар.

Ыќпалдастыќќа ыќыластылыќ (Соңы. Басы 1-бетте). Ə.Байменов Таиландты өзіндік ерекшеліктері бар ел екенін айта келіп, олардың мемлекеттік қызметшілерге жалақы төлеу, əлеуметтік қолдау жəне жеке сектордан мамандарды тарту сияқты тəжірибелері қызығушылық тудырып отырғандығын атап көрсетті. Жалпы, Таиланд тарапы Астанадағы Мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хабтың жұмысына ерекше қызығушылық танытуда екен. Тіпті, аталған хабтың жұмысына қатысу үшін өз өтініштерін де беріп үлгеріпті. Сонымен, Таиландты қоса алғанда, қазір Өңірлік хабтың жұмысына 29 мемлекет қатысатын болады. Өз кезегінде В.Прасит си ри вонгсе 28 мүше-елдің реформасы əр деңгейде, олардың тəжірибелерін зерттеу аса қажетті екендігін алға тартты. Əсіресе, ол өз елін Қазақстанда енгізілген «А» корпусы туралы бастама қатты қызықтырып отырғанын алға тартты. Бұл жүйе қалай құрылғандығы жəне оның қандай бағытта дамып жатқандығы ерекше назарға ие. Олай болса, екі ведомство арасында қол қойылған меморандум бірлесе ғылыми ізденістер мен мемлекеттік қызметшілерді оқыту жұмыстарын жүргізу, ақпарат, білім мен тəжірибе жəне де реформаны нəтижелі жүргізу үшін сарапшылар алмасу сияқты ынтымақтастықты қамтиды. Таиланд өкілі «А» корпусын құру жақсы үлгі бола аларын алға тартып, өз елінде мемлекеттік қызметшілерге деген талап жоғары екендігін де тілге тиек ете кетті. Оның айтуынша, мемлекеттік билікте тұрақтылық болмағанымен, мемлекеттік қызметшілер тұрақты жұмыс істеп келеді.

● Басты байлық

Дəрігерлердіѕ журналистерге сыйы Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы жақында қаладағы барлық бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерін медициналық тексеруден өткізуге жағдай жасап, ашық есік күнін өткізді. Гүлзейнеп СƏДІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Күнделікті қарбалас жұмыспен қауырт жүретін журналистер қауы мы ның өз денсаулығына қарап, көң іл бөлуіне уақыттары бола бермей тіні рас. Барлық білік ті кəсіби маманды бір емханаға жинап, осындай жанашырлық, қамқорлық көрсетіп жатқан кезде мүмкіндікті пайдаланғысы келген журналистердің бұл ұсы ныс ты құп алып, келушілердің қарасы көбеюі бұл да бір біткен іс болғанын көрсеткендей. БАҚ өкілдерін Алмалы ауданына қарасты №5 қалалық емхана алдында Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасы əкімшілік бөлімінің басшысы, баспасөз хатшысы, журналистердің досы Лəйла Кеңесбаева мен емхананың бас дəрігері Гүлшаһира Қамбарова күтіп алып, қолдарына тексеруден өтетін ма мандардың тізімі мен бір-бір медбикені қосып беріп, қошеметтің ас тында қалдырды. Айта кетейін, осы жолдардың авторы да тексеруден өтті. – Қаладағы журналистер қауы мы на осындай қыз мет көрсету идеясын медик тердің кəсіби мерекесіне орай Алматы қаласы əкімі нің орынбасары Зəуреш Аманжолова айтқан еді. Басқарма бұған дейін де ашық есік күндерін өткізуді дəстүрге айналдырған. Бірақ бұл жолы Зəуреш Жұманəліқызының бастамасын қолдап, тек журналистерге арнап, бүкіл қала бойынша жетекші кафедралды мамандарды шақырып, акция

өткізуді жөн деп ұйғардық. Екі күнде Алматыдағы жүзге жуық БАҚ өкілдері салалық мамандардан, диаг ностикалық тексеруден өтті. Рас, журналистердің өз ден саулығына көңіл бөлуге уақыты да, мүмкіндіктері де бола бермейтінін жақсы білеміз. Сондықтан денсаулыққа жауапкершілікпен қарау мақсатында осындай медициналық кеңес, көмек көрсететін амал таптық, – деді бізге қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы, медицина ғы лы мдарының кандидаты Жанат Қасымжанова. Шынында да, №7 клиникалық аурухананың эндокринология бөлімінің меңгерушісі Айнұр Асанова, қалалық Кардиология орталығының кардиолог-дəрігері Меруерт Опабекова, №5 емхананың білікті мамандары – УДЗ-дің дə рі гері Б.Мəм бе това, психолог С.Шə кір жа нова, ревматолог А.Атханова, гастроэнтеролог Б.Жұбанышбекова, т.б. мамандардың алдынан өтіп, бірқатар лабораториялық зерттеу жасалды. Аталмыш емхананың əйел дер кеңесінің меңге рушісі Гүлмира Əнуарбекқызы Ав ку баеваға жолығып, екі күн бойы өткізілген акцияның қорытындысын сұрағаны мызда, алғашқы күні – 10, екінші күні 30 адам қабылдағанын, олардың арасынан бір пациентті ауруының асқынуына байланысты Жедел жəрдеммен ауруханаға жібергенін, 2 əйелден жатыр миомасы анықталғанын, суық тиген бірнеше пациентке емдомын жазып бергенін, ең бастысы, барлық қабылдауға келушілерден онкомазок

алынып, оның қорытындысы он күннен кейін белгілі болатынын жеткізді. Ал жүректі ЭКГ-ге түсіріп, бірден кардиограммасын оқып, кеңес берген Алматы қалалық кардиология орталығының дəрігері Меруерт Опабекова бірінші күні 21, келесі күні сағат үшке дейін 49 адам қабылдаған. 2 адамда қан қысымы жоғары, 2 адамда ишемиялық жүрек

№7 қалалық клиникалық ауруханадан келген нефрология бөлімінің меңгерушісі, білікті маман, жоғары санаттағы дəрігер Шынар Сəрсенова. – Мынау биылғы жылға екінші іс-шара. Меніңше, бүгінгі акция ерекше өтуде. Таңдалған ғимарат та керемет, дəрігерлерге, журналистерге де барлық жағдай қарастырылған. Республика алаңы алдында дəрігерлер де, келушілер де тоңып, мазамыз кетіп, əбігерге түскен едік. Ал бүгінгі акцияның қорытындысына келсек, қабылдауда болған нəзік жандылардың 70 пайызында мастопатия, яғни омырауында кінəрат бар. О л ар дың ден і ө з де р ін де мұндай патологияның барын білмеген. 2 адамда қан қысымының жоғары екені анықталды. Олар оны білмеген. Қазіргідей аптап ыстықта бір жерде құлап қалса

ауруы, бір жас жігіттің кардиограммасында үлкен өзгеріс барын, оған жүрегіне УДЗ-ден өтуді ұсынғанын айтты. «Биыл Республика алаңында Қарттар жылына орай дəл осындай акция ұйымдастырылған еді, – деді бізге

қайтеді. Мұндай акцияның жақсылығы – адамға ауру белгісін тапқанның өзі көмек емес пе. Маған ұнағаны, топырлаған кезек жоқ, бəрі мəдениетті түрде өтуде. Оның үстіне, бір-бірлеріңізді білесіздер, қандай тамаша».

Иə, шынында керемет сый болды. Бас ауырып, балтыр сыздаса да уақытында қаралмай, кейінге қалдырып жүретін əдетіміздің барын жоққа шығармаймыз. Оның үстіне өзімізге өзіміз диагноз қойып алып, күдіктеніп жүретініміз тағы бар. Қалай дегенде, айналдырған 4-5 сағаттың ішінде 16 маманның алдынан медициналық алдын ала тексеруден өтіп, бар мəселеміз шешілгендей жеңілдеп қалғанымыз рас. – Омырауым анда-санда шаншып қоятын. Өзіміздің учаскелік терапевт маммологдəрігерге баруға кеңес берген-ді. Содан əні-міне деп жүргенмін. Оның үстіне емханада УДЗ-ге тегін түсуге алдын ала кезекке жазылып, оны күтуің керек. Бұл жолы УДЗ-ге де, маммолог дəрігерге де қаралып, көңілім орнына түсті. Əрі қан қысымын, қандағы қанттың, холестериннің мөлшерін біл дім. Басқа да бірқатар маман дардан өтіп, қажетті кеңес алдым. Осындай шараны ұйымдастырған қалалық денсаулық сақтау бас қармасына рахметтен басқа айтарымыз жоқ, – дейді «Егеменнің» Шынары. Мұндай жағымды пікірлерді ме дициналық тексеруден өтуге басқа басылым, телеарналардан келген əріптестерімізден де естідік. Тағы бір кереметі, емханада көптен көрмеген қаламдастарымызды көріп, мəре-сəре болып қалдық. Акция соңында журналистерге осындай жағдай жасаған №5 қала лық емхананың бас дəрігері, Денсаулық сақтау ісінің үздігі, жоғары санаттағы дəрігер Гүлшаһира Қамбароваға рахметімізді айтып, зор ризашылығымызды білдірдік. АЛМАТЫ.


www.egemen.kz

10 шілде 2014 жыл

5

 Əлем жəне Қазақстан Бұл ғұмырда қайталана бермес мұндай сирек сапар үстінде қалайша еске түспессің. Тəубе дерсің, баспаған жерді, атталмаған елдерді барып көруге кəсіптік нəсіп жазыпты. Егемендіктің арғы жағындағы жылдарда «Лениншіл жастың» арқасында кешегі Югославияның бүгінгі Сербиясын, Словениясын, Хорватиясын, Босниясын аралап шығу ұмытылмаса, одан соңғы біраз уақытта «Егемен Қазақстанның» мүмкіндік туғызуымен Үндістанға жол түскені бар-тын. Басылымның тағы бір тапсырмасына орай енді талайдан атақ-даңқы дүрілдеген Америка Құрама Штаттарының өзіне сапарлау көңіл өсіргені рас. Осы жолғы жұмыс бабы Нью-Йорк пен Вашингтондағы Қазақстан мəдениетінің күндерін баяндау болатын. «Өнер көпке де жеткізеді, көкке де жеткізеді» дейді халқымыз. Шынын айтқанда, таңырқауы қиын америкалықтардың ұлтымыздың сан ғасырлық жəне жаңарған мұрасын тамсана тамашалап, сүйсініске бөленуін ə дегеннен айтпай өте алмаймыз. Өнер атты əсем əлемнің ғажайып сиқырына баураған, қай-қайсысы дара дарын бауырластардың шалқыған шабыты соған үйіргендей еді.

Ўлттыќ мəдениеттіѕ мəртебесі асќаныныѕ əдемі їлгісін АЌШ-та ґткен Ќазаќстан мəдениеті кїндері кґрсетті

Алдымен Нью-Йоркке табан тіредік. Тарихы да, тағдыры да қызық əйгілі қала туралы əңгіме бір қозғалса таусылмауы мүмкіндіктен əрі аз уақытта сырына қанықтыра қоятын еместей болғандықтан қысқаша таныстырғанда мынадай жайттарға тоқталып өтуді

көпірінің өзі кереметтігін танытатын күндіз-түнгі қыз-қыз қайнаған қала тынысын қай тұсынан да ерекше сезінесіз. Ал осылардың ішінде Қазақстан мəдениет күндері ашылған «Карнеги холл» концерт орталығының орны да өзінше бөлек. Тіпті, оны білмейтін жан жоқтай көрінді. Мейманханамыздан ұзап кетіп, адасуға айналғандай сəттерімізде атын атай қалғанымызда дұрыс жөн сілтенуіне сүйеніп те алдық. Бұдан бір жағынан нью-йорктіктердің өнер өмірінен елеусіз еместігін аңғартса, ғасырлық тарихы бар əсем ғимараттың

жөн көрдік. Колумбтың жаңа құрлықты ашуынан кейін ішіне ендей еніп, иелік ету үшін асыққан еуропалықтардың алды болып италиялық теңіз саяхатшысы Джованни де Верразано 1524 жылы шалқар Атлант мұхитымен астасатын бұғазды табады. Біраз жылдардан соң оның ізімен Тынық мұхитына шығатын су жолын іздеуші Голландияның ОстҮнді компаниясы қызметіндегі ағылшын теңізшісі Генри Гудзон өз атын қойған өзен мен бұғаз бойындағы аралдың тамаша қоныс орны болуға лайық екенін жеткізеді. Еуропа елдерімен солтүстік Америкадағы жерлерді игеруде бəсекелестікте жолы болушы шағын мемлекеттің Жаңа Нидерланд деп аталған отарының губернаторы Петер Минейт бұған дейін оны мекендеуші үндістер тайпасы манахаттадан болмашы ақшаға сатып алады. Бүгінде шаһардың Манхэттен атауымен белгілі əйгілі бөлігі осыдан шыққан деседі. Арадағы біраз жылдарда Англия өктемдігі күшейіп, голландтар іргетасын қалаған қала Нью-Йоркке өзгертіледі. Солтүстік жəне Оңтүстік Америка арасындағы азамат соғысынан соң біртұтас мемлекетке біріккен елдің бірінші астанасы болады. Кейінде жолын қапталдас Вашингтонға бергенмен, БҰҰ бас кеңсесі орналасқан, ірі қаржылық құрылымдар орын тепкен, биіктігі бір-бірінен асып, көкке шаншылған ғимараттар иін тірескен, ұзындығы 80 шақырымға жуық бір ғана Бродвэй мен дүниежүзілік банктердің ұясы Уолл-стрит көшесі, аспалы Бруклин

əркімге таныстығы да байқалды. Классикалық музыканы орындаушыларға əлемдегі ең мəртебелі, талай атақты саңлақтардың дарынын танытушы бұл мəдениет қара шаңырағы сəулетші Уильям Татхиллдің жобасы мен кəсіпкер Эндрю Карнегидің қаржылық қолдауымен салынған екен. Шымылдығы алғаш рет 1891 жылдың 5 мамырында Петр Чайковскийдің дирижерлік етуімен Нью-Йорк симфониялық оркестрінің концертімен түрілген. Содан бері ең айтулы сазгерлер мен өнерпаздардың талантын жаюға талпынтатын киелі орын, ішкі-сыртқы əсемдігінен бөлек тамаша акустикасы орындаушыларын да, тыңдаушыларын да таң-тамаша қалдырады. Міне, осындай рухани ошақта қазақстандық өнерпаздарға сахна ұсынылуы үлкен құрмет екені даусыз. Сəйкесінше, ел өнерпаздары қарымқабілеттерін барынша көрсетті. АҚШ-тағы аталған іс-шараның ашылуына осы елдегі ҚР Төтенше жəне өкілетті елшісі Қ.Омаров қатысты. Шараны ҚР Мəдениет министрінің орынбасары А.Бөрібаев ашты. Ол осынау шараға қолдау танытып, екі мемлекеттің мəдени байланыстарын дамытуға ықылас көрсетуші Америка тарабына алғысын білдірді. Бруклин округі мен Нью-Йорк қаласы мэриясының өкілдері мұндай ынтымақтастық нəтижесі жаңа қарым-қатынастарды қалыптастыруын тіледі. Концерттік бағдарламаны тамашалауға БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги

Айқын НЕСІПБАЙ, «Егемен Қазақстан».

МАНХЭТТЕНДЕ ҚАЛЫҚТАҒАН ƏУЕН

Мунмен бірге осынау халықаралық ұйымның жауапты қызметкерлерінің келуі мəдениет күндерінің мəні мен салтанатын асыра түсті. Мұның алдында өткен баспасөз мəслихатында əріптестеріміздің бірінің сұрағына ТМД елдері арасынан үлкен құрамда бір елдің өнері жан-жақты та ныс тырылуы сирек оқиға ретінде айтылған еді. Əсілі, өнер құдыреті күшті. Ол уақытпен, заман талабымен, адамзат мақсатымен бірге үндес тапса тіпті зор. Осыны талап етуші Елбасының бастамасымен ел-елде өткізілудегі Қазақстан мəдениеті күндерінің үлгілі маңызын жоғарыдағы жайт байқатпай қалмады. Жалпы алғанда, Америкада қазақ өнері белгісіз емес. Осы жолғы сапардың негізгі көркі болған Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі бұл жақта 2004 жылы болыпты. Оған қосылған Б.Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласы, оның сүйемелдеуіндегі жезтаңдай əншілер Нұржамал Үсенбаева, Майра Мұхамедқызы, Талғат Мұсабаев өрнек-бедерін өсіре түсірген секілді. Залдағы тыңдаушылардың бейтаныс əуен-саздарды қалай қабылдауына зер салғанымызда, көздеріне етене таныс аспаптардың орнына бұрынсонды естіп көрмеген домбыра, қобыз,

сыбызғы, саз сырнайдың үйлескен үні не шығарманы барлық бояуымен төгілтуі таңқалдырғаны білінді. Майра əсем сопрано дауысымен де, сұлу сəнімен де Кальманның «Ханшайым Чардаша» опереттасынан Сильваның ариясын орындағандағы қошемет Нью-Йоркте де, Вашингтон залын да дуылдатып тұрып алды. Америкалық «Вейвл-вабл» джаз музыкасын ұлттық аспаптардың түрлендіре желпінтуі арқылы хор капелласының ойнақы ырғақпен əуендетуі тіпті ризалық туғызды. Екі ішекті домбыраның сан қырлы құбылысы талайдың аузын аштырып, көңіл тербетуі мына бізді ұлттық мақтаныш сезіміне бөлегенін қалайша айтпаспыз.

«Карнеги холлдағы» концерт аяқталысымен де тарқаса қоймаған жергілікті өнерсүйер қауым өкілдерінің бірі Януш Курекпен тілдескенімізде: «Ғажап əсердемін. Өнері осындай болса, Қазақстан мəдениеті биік екен. Осы салаға біршама қатысым бар жан болғандықтан, мəдени лəззат алғаныма қуаныштымын. Ұлттық үрдістің əлемдік ұлы өнердің тереңінен нəрленіп, теңдессіз шеберлікпен ұштасуын көзбе-көз бірінші көруім. Отандастарыңыз жетістігі биікке самғай беруіне сенемін», деген лебізін аудармашысыз түсіндік. Арғы тегі полякамерикалық ақсақал орысша сөйлеуді ұмытпапты. Қазақтың дəстүрлі мəдениетін жаңаша жаңғыртушы оркестрдің бас дирижері Арман Жүдебаевтың айтуынша, арнайы концерттік бағдарламаға дайындық ерте бастан жүргізілген. Репертуарында 4 мыңға тарта əн мен күй бар бай мұраның, үлкен қордың таңдаулыларын таныстыруға іріктеп алу оңай болмаған. Мұның сыртында Нұржамал Үсенбаева, Майра Мұхамедқызы, Талғат Мұсабаев, Айдос Жабағин, Тайыр Тəжіғұлов, Жəмила Жарқынбаева, Айзада Қапағанова, Жанат Бақтай сынды күміскөмей орындаушылардың ба-

сын біріктіріп, оркестр сүйемелдеуіне бейімдеу жеңіл тимесе де, жемісі татылғанын көрдік. Латиф Хамидидің «Қазақ вальсі» мен «Бұлбұлын» қосыла шырқаған Жəмила, Айзада, Жанаттың дала құсының сыңғырын саф таза күйінде құйқылжытуы тыңдаушыларды қандайлық тəнті етті десеңізші. Биыл 80 жылдық мерейтойын атап өткелі отырған Ахмет Жұбанов құрған ұя бұған дейін музыканың Меккесі – Венадағы, Бейжіңдегі, Киевтегі өнер байқауларында, «Астана кештері» атты жеке концертте жаңаша бір қырынан танылса, Нью-Йорк пен Вашингтон тұрғындарын одан сайын тамсандырды. Алда алыс-жақын жұртшылықпен талай кездесулер күтіп тұрды.

ПОТОМАКА ЖАҒАЛАУЫ ЖАҢҒЫРЫҚТЫ

Өмірі өнермен тұтасқан адамдар қашанда толқулы екенін білсек те, жүзбе-жүз сезіну əсері тіпті бөлек екен. Алғашқы концерт сəтті өтуіне көңілдері көтеріңкі əншілер, домбырашылар, скрипкашылар ендігі кезекте Вашингтонға аттанған бетте жолай жүректері қайта лүпіл қағып отырды. Бұлай болмай қайтсін. Ел астанасының талғамы жоғары өнерсүйерлері алдында, оның үстіне бас шаһардың Дж.Ф.Кеннеди атындағы орындаушылық өнер орталығында өнер көрсету қалайша толқытпасын. Мейманханаға жайғаса салысымен іле дайындыққа кірісіп кету де сондықтан еді. Нью-Йоркке қарағанда у-шуы аз, тыныштау, ағаш та, көк те мол, көшелері таптаза, қайда қарасаң бір-біріне ұқсамайтын сəулетті ғимараттар сұлулығы көз қарықтырған таң-тамашасын, əрине, Ақ үй, Капитолий асырып тұратындығы белгілі. Елдің бірінші президенті Вашингтонға арналған, бəрінен биік шаншыла біткен ақ обелиск асқақ көзге түседі. АҚШ тəуелсіздігі декларациясының авторы Джордж Джефферсонның Потомака өзені жағалауындағы мемориалы алыстан ағараңдайды. Бір қызығы, қолындағы қала картасымен қалаған жеріңді тез тауып ала қоясың. Америкалық үндістер мұражайын көруге шыққан біз де карта мен түсіндіруші, жөн сілтеушілердің көмегімен бірер сағаттай жаяулап дəл түбінен түстік. Сөйтсек, Капитолийден таяқ тастам тұста болып шықты. Кім-кімге де есігі ашық, төрт қабаттағы жəдігерлері қызғылықты, асықпай аралаймын десең барлық жағдай жасалған, мұражайды бір көру аздық етеді екен. Жə, мұны жеке тақырыпта сөз етпек болғандықтан, негізгі əңгімемізге оралайық. Дж.Ф.Кеннеди атындағы өнер орталығы жобалы уақытта жиналушыларға лық тола бастады. 2400 орындық залдағы үлкендер де, жастар да аралас көрермендер алдына Мəдениет вице-министрі А.Бөрібаев пен АҚШ Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік

жəне Орталық Азия мəселелері бойынша көмекшісі Ниша Бисвал көтеріліп, қатысушыларды Қазақстанның Вашингтондағы мəдениет күндерінің ашылуымен құттықтады. Жүргізушілер Əділ Ахметов пен Кэрен О’Кеннэллдің хабарлауымен сахнадан Құрманғазының «Сарыарқа» күйі төгіле жөнелді. «Парыз», «Армандастар», «Кек» фильмдерінде басты рөлдерді бейнелеген, «Қара шаңырақ» 100 сериялы туындыда спортшыны ойнаушы Əділ Астанадағы «Жастар» театрының актері ретінде де танымал. Орайы келгенде алыс жерде еліміздің мерейін өсірген дəстүрлі əншілер Бейбіт Мұсаев, Айгүл Қосанованың əуелеткен əуендері тыңдаушыларды сүйсіндіргенін жүздерінен аңғару қиын емес-ті. Ұлттық дəстүрдің бұлайша сабақтасуына ризалық сезім көрермендердің бірі Элиот Элиоттың лебізінен білінді. Оның айтуынша, жаһандану дəуірінде жұтылып кетпеуі үшін ұлттық құндылықтарды құнттап, рухани байлықты сақтаудың қазақстандық үлгісі үйренерлік екен. Вивальдидің «Жыл мезгілдерін» оркестрмен бірге скрипкада сызылтқан өрім қыздар Алуа Мақанова мен Нұрия Кəрімбаеваның өнері дəстүр жарасымдылығын танытқандығын да айтып өтті. Айта кету керек, еліміздің мəдениет күндері, əсіресе, осы қалалардағы қазақ қауымына аса қуаныш сыйлаған естен кетпес оқиға болды. Нью-Йорктегі концертке қандастарымызды қатыстыруға жұмылдырушы Америка қазақтары қауымдастығының жетекшісі, НАСА ғалымы Дархан Нұрмағамбеттің залдағы көзге жылы бейнелерді көптеп көрген сайын көңілі өскенін түсіндік. Солардың бірі, тегі қостанайлық Бексұлтан Қалмағамбет бəйбішесімен бірге немерелерін ерте келіпті. Əр əн, əр күй сайын жанарларына жас іркіліп, туған топырақтың сазын сағынып қалғандықтарын жасырмайды. Шіркін, қазақ қай жерде де қазақ қой. «Үйге жүріңіздер, дəм татыңыздар», дейді. Вашингтондағы концерт соңында да бəрімізге жалтақтап қарай берген қазақ əйелімен кездестік. Ол Мəскеуде оқып жүргенінде тағдыр жазуымен амери калық азамат Дэвид Стайнмен табысыпты. Қазақстан мəдениеті күндері өтетінін естіп, Вискансон штатының Брукфил қаласындағы отбасы мүшелерін тегіс жинап, жерлестеріне бас қостырыпты. Жанындағы өзіндей қараторы қызы «Сəлеметсіздер ме» деп ізетпен амандасқанда ішіміз жылып сала бергені рас. «Кэлли деген қызым. Қоярда-қоймай қазақша сөйлеуді үйреніп жүр. Мына Кори есімді ұлым да нағашы жұртының тілін білуге құштар», деген зайыбының таныстыруын аудармашысыз түсінген Дэвидтің де бірқағарына таңданып қалдық. «Бұлардың үйде қазақша сөйлеуі жиілей түскен соң маған қалайша үйренбеске», деп ағылшынша ағынан жарылған азаматтың кісілігі мен кішіпейілдігі бөлек көрінді. «Талдықорған маңындағы Сарқанд ауданындағы Сəрсенбаевтар атты төркіндеріме сəлем айтыңыздар. Тұрмысымыз, көңіл-күйіміз жақсы. Тамызда бəріміз ауылға барып қайтамыз», деген Лəззат Сəрсенбаева-Стайн сəлемі туысқандарының құлақтарына алтын сырға. Вашингтондағы концерт аяқталған соң үлкен құрамдағы делегация Қазақстан Республикасының Елшілік үйіндегі қабылдауда болды. Өз шаңырақтарына келгендей мəре-сəре өнерпаздарға АҚШ-тағы елшіміз Қайрат Омаров мəдениет күндерінің бірыңғай мəдени кеңістікті нығайтуға мүмкіндік беретінін, екіжақты қарым-қатынастың дамуына зор əсерін тигізетінін, қазақ өнеріне деген үлкен қызығушылық туғызатынын айтып, екі елдің мəдени байланыстарын нығайтуға қосқан үлестері үшін алғыс білдірді. Мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық алтын көпіріндей мұндай ізгілікті іс-шаралар алдағы уақытта жалғаса бермек. Қазақстанымыздың рухани байлығы француздар алдына жайылмақ күн де жақын. АСТАНА – НЬЮ-ЙОРК – ВАШИНГТОН – ҚАРАҒАНДЫ. Суреттерді түсіргендер Артур ƏЛІП, Анатолий УСТИНЕНКО.


6

www.egemen.kz

10 шілде 2014 жыл

Бос мемлекеттік əкімшілік лауазымдарєа орналасуєа конкурс туралы хабарландыру Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары: В-1 санаты үшін: жоғары білім; мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда бір жылдан кем емес немесе жоғары білім бағдарламалары бойынша шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағыттарына сəйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде ұйымдардың басшылары жəне олардың орынбасарлары лауазымдарында бір жылдан кем емес немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс негізінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда бір жылдан кем емес немесе ғылыми дəрежесі болған жағдайда осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағыттарына сəйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес. C-3 санаты үшін: жоғары білім; мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес немесе мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағыттарына сəйкес облыстарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы немесе ғылыми дəрежесінің болуы. C-4 санаты үшін: жоғары білім; мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес; немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағытына сəйкес облыстарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес; немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; немесе ғылыми дəрежесінің болуы. С-5 санаты үшін: жоғары білім. С-О-2 санаты үшін: жоғары білім; мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес; немесе жоғары білім бағдарламалары бойынша шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; немесе мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес; немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағыттарына сəйкес облыстарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес; немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; немесе ғылыми дəрежесінің болуы. C-O-3 санаты үшін: жоғары білім; мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес немесе мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағытына сəйкес облыстарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы немесе ғылыми дəрежесінің болуы. C-O-4 санаты үшін: жоғары білім; мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағытына сəйкес облыстарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы немесе ғылыми дəрежесінің болуы. C-O-5 санаты үшін: жоғары білім немесе ортадан кейінгі. C-O-6 санаты үшін: жоғары білім немесе ортадан кейінгі. C-R-3 санаты үшін: жоғары білім; мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сəйкес облыстарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес немесе жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы немесе ғылыми дəрежесінің болуы. C-R-4 санаты үшін: жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағытына сəйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. C-R-5 санаты үшін: жоғары білім немесе ортадан кейінгі. «Мемлекеттік əкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы бірінші орынбасарының 2008 жылғы 9 қаңтардағы № 02-0102/5 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінде 2008 жылы 10 қаңтарда № 5084 тіркелген). Мемлекеттік əкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы Санат В-1 C-3 C-4 С-5 C-O-2 C-O-3

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты min max 226142 305581 118516 160157 106344 143501 80078 108266 125563 169767 94813 128126

Санат C-O-4 C-O-5 C-O-6 C-R-3 C-R-4 C-R-5

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты min 84563 114032 64063 86485 57656 78157 74313 99938 56375 76235 49969 67906

I. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі, 010000, Астана қаласы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 39үй, анықтама үшін телефоны: 74-79-60, 74-76-46, т/факс: 74-76-51, е-mail: okr@ksrk.gov.kz, уақытша бос əкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды: Талдау бөлімі басшысының орынбасары (В-1, 1 бірлік, негізгі қызметкердің бала күтуіне байланысты демалыста болу кезеңіне). Функционалды міндеттері: Республикадағы конституционализмнің жай-күйі жəне даму болашағы жөнінде талдамалық материалдар дайындалуын қамтамасыз ету. Конституциялық Кеңестің қызмет мəселелері бойынша Қазақстан Республи касының орталық мемлекеттік органдарымен байланысты іске асыру. Бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс жасау, Конституциялық Кеңестің баспасөзрелиздерін шығару, Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелерінің баспасөз конференцияларын, сұхбаттарын ұйымдастыру, Конституциялық Кеңестің қызметі туралы БАҚ материалдарының топтамасын дайындау. Бөлімнің жұмысы мəселелері бойынша Кеңес Төрағасы мен мүшелерінің басқа тапсырмаларын, аппарат басшысы жəне бөлім басшысы айқындайтын басқа да міндеттерді жүзеге асыру. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: заңгерлік немесе халықаралық құқық мамандығы бойынша; Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сай нормативтік-құқықтық актілерді білу; Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті жəне оның депутаттарының мəртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы», «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдарын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан

мемлекеттік жаңа саяси бағыты» Жолдауын білуі, Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулыларын, Конституциялық Кеңестің Регламентін жəне Конституциялық Кеңестің қызметіне қатысты басқа да нормативтік-құқықтық актілерді білу; мүмкіндігінше ғылыми дəрежесі болуы, мемлекеттік жəне ағылшын тілдерін мүмкіндігінше өзінің функционалды міндеттерін атқаруға қажетті деңгейде меңгеру; В-1 санатына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сай; Қазақстан Республикасының Президенті Əкімшілігінің, Парламент палаталары аппараттарының, Премьер-Министр Кеңсесінің, министрліктердің, соттардың, прокуратура органдарының жəне басқа да орталық мемлекеттік органдардың заң немесе талдау қызметтерінде немесе заң саласындағы жоғары оқу орындарында мүмкіндігінше жұмыс істеу тəжірибесі; кеңселік жəне құжат айналымы бағдарламаларымен жұмыс істей білу. Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/32 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттiк əкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзу жəне конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидалары негізінде жүргізіледі. II. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, 010000, Астана қаласы, Министрліктер үйі, 4-кіреберіс, анықтама үшін телефоны: (8-7172) 74-95-30, 74-97-87, 7494-46; факс: 74-90-07, электронды мекенжай: D.Yelubaeva@ stat.kz, «Б» корпусы əкімшілік мемлекеттік бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды: 1. Жарияланымдар жəне статистикалық ақпаратты тарату департаменті статистикалық ақпаратты электрондық түрде тарату басқармасының басшысы (С-3). Функционалды міндеттері: басқарма қызметіне басшылық жасау; басқарманың ішкі үдерісін сараптау мен қызметін жоспарлау; басқарманың агенттіктің басқа да басқармаларымен жұмыстарын үйлестіру; статистикалық жарияланымдарды электрондық тарату бойынша жұмыстарды ұйымдастыру мен үйлестіру; ХВҚ-ның деректерді таратудың арнайы стандарттары аясындағы статистикалық акпараттарды тарату қызметін үйлестіру; басқарма құзіреті шегінде бюджеттік бағдарлама бойынша мемлекеттік сатып алулар құжаттарының жобаларын дайындау; статистикалық ақпаратты тарату ұйымдастыру мəселелері бойынша нормативтік құжаттардың жобаларын дайындау; статистикалық ақпаратты тарату мəселелері бойынша халықаралық жобалар мен семинарларға қатысу; халықаралық статистикалық офистердің өз жарияланымдарында жəне сайтта жариялаған деректері негізінде Қазақстанды шетелдермен салыстырудың кестелік материалдарын құрастыру; халықаралық салғастырулар бөлігінде пайдаланушылардың сұрауларына жауаптарды қалыптастыру; салалық департаменттермен бірлесіп, халықаралық сұрақнамаларды уақтылы жəне сапалы толтыру кіреді. Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: жоғары білім: əлеуметтік ғылымдар, экономика жəне бизнес, техникалық ғылымдар жəне технологиялар, жаратылыстану ғылымдары (математика, информатика) саласында. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi жəне оның депутаттарының мəртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Əкімшілік рəсімдер туралы», «Нормативтікқұқықтық актілер туралы», «Жеке жəне заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тəртiбi туралы» заңдарын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттік жаңа саяси бағыты» Жолдауын білуі. Статистика саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу. Мүмкіндігінше мемлекеттік жəне ағылшын тілдерін білу. Web-ресурстарды əзірлеу жəне сүйемелдеу саласында жұмыс тəжірибесінің болуы. 2. Əкімшілік жұмыс департаменті құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының сарапшысы (С-5). Функционалды міндеттері: ЭҚБЖ бақылауындағы құжаттарды тіркейтін бағдарламамен жұмыс істеу–кіріс жəне шығыс хат-хабарларды тіркеу; кіріс құжаттарды қабылдау жəне ол бойынша қабылданған қарарларды ЭҚБЖ енгізу; агенттіктің мұрағатына тапсыру үшін құжаттарды өңдеу; сапа менеджменті жүйесінің талаптарын орындау. Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: жоғары білім: (қазақ тілі мен əдебиеті, орыс тілі мен əдебиеті, шетел тілі: екі шетел тілі); гуманитарлық ғылымдар (филология, аударма ісі); əлеуметтік ғылымдар, экономика жəне бизнес; жаратылыстану ғылымдары (информатика, математика, экология); техникалық ғылымдар жəне технологиялар саласында. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi жəне оның депутаттарының мəртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Əкімшілік рəсімдер туралы», «Нормативтікқұқықтық актілер туралы», «Жеке жəне заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тəртiбi туралы» заңдарын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттік жаңа саяси бағыты» Жолдауын білуі. Статистиканың жалпы теориясын, экономиканың негізін, халық статистикасы мен халық санағы бойынша ұйымдастыру жəне əдіснамалық басқаруларды білу; халық статистикасы жəне халық санағы саласында қолданатын халықаралық ұсыныстар мен стандарттарды білу. Мүмкіндігінше мемлекеттiк тiлдi білу. 3. Заң департаменті құқықтық қамтамасыз ету жəне наразылық-талап арыз жұмысы басқармасының сарапшысы (С-5). Функционалды міндеттері: сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда мемлекеттiк орган қызметiнiң құқықтық мəселелерiн қарау кезiнде мемлекеттiк органның мүдделерiн бiлдiредi; шарттарды уақтылы жасасуды, олардың заңнама талаптарына сəйкестігін, шарттар бойынша міндеттемелерді орындамаған жəне тиісінше орындамаған кезде экономикалық ықпал ету шараларының қолданылуын үйлестіруді қамтамасыз етеді; Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органының қатысуымен болатын даулар бойынша талап арыз жұмыстарын, сот тəжірибесінің жағдайын тиісті сот ісін қарауға итермелеген негізгі себептер мен жағдайларды табу мақсатында талдайды жəне оларды жою əрі жауапты тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгiзедi; заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда мемлекеттік органның пайдасына қабылданбаған сот актісіне шағымдану жөніндегі шараларды уақтылы қабылдайды, бақылау тəртібінде прокуратура органдарына қадағалау тəртібінде наразылық білдіру туралы өтініштермен жүгінеді; заңды күшіне енген сот актілерін орындау жөніндегі шараларды қабылдауды қамтамасыз етеді; Дүниежүзілік Банк қарызы шеңберінде Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика жүйесін нығайту жобасы бойынша жұмыста қатысады; аумақтық ұйымдармен өзара іс-қимыл кезінде агенттік қызметіне құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асырады; басшыға қол қоюға ұсынылатын құқықтық актілер жобаларының (бұйрықтар, бірлескен бұйрықтар, нұсқаулықтар, қаулылар, өкімдер мен басқа да құжаттар) заңнама талаптарына сəйкестігіне заңдық сараптама жүргізеді. Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: жоғары білім: құқық немесе гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар) саласында. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi жəне оның депутаттарының мəртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Əкімшілік рəсімдер туралы», «Нормативтік-құқықтық актілер туралы», «Жеке жəне заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тəртiбi туралы» заңдарын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттік жаңа саяси бағыты» Жолдауын білуі. Статистика саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу. Мүмкіндігінше мемлекеттік тілді білу. Жамбыл облысының статистика департаменті, 080012, Тараз қаласы, Сүлейменов даңғылы, 18-үй, анықтама алу үшін телефоны: (8-726) 245-73-89, электронды мекенжайы: zhambylstat@mail.ru, «Б» корпусының бос мемлекеттік əкімшілік лауазымына орналасуға конкурс жариялайды: 1. Жуалы ауданы статистика басқармасының жетекші маманы (С-О-6 санаты, 1 бірлік). Функционалды міндеттері: статистикалық жұмыстар жоспарының орындалуын қамтамасыз ету. Жуалы ауданында орналасқан ауылдық округтерден ауыл шаруашылығы жəне сауда статистикасы бойынша алғашқы статистикалық деректерді жинау. Шаруа (фермер) қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтарын есепке алу бойынша əрбір шаруашылыққа арналған кітаптардағы жазбалардың дəйектілігін бақылау. Тұрғын үй қоры тіркелімін жəне ауыл шаруашылығы тіркелімін өзектендіру. Жергілікті

атқарушы органдармен бірлесіп жұмыс жүргізу. Департамент басшылығы белгілеген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: ғылыми-əлеуметтік, экономика жəне бизнес саласындағы, ауылшаруашылығы ғылымдары саласында немесе əлеуметтік ғылымдар, экономика жəне бизнес саласындағы немесе ауылшаруашылығы ғылымдары саласындағы арнайы орта білім. Қостанай облысының статистика департаменті, 110003, Қостанай қаласы, Майлин көшесі, 2/4-үй, анықтама телефоны: 8 (7142) 53-54-17, электронды мекенжайы: statist@ krcc.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік əкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды: 1. Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметі) жетекші маманына (1 бірлік, негізігі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне 2015 жылғы 23 сəуірге дейін (С-О-6). Функционалды міндеттері: іс қағаздарды мемлекеттік тілде ұйымдастыру жəне жүргізу; Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне жəне «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына жəне өзге де нормативтік-құқықтық актілерге сəйкес бұйрықтар мен құжаттарды мемлекеттік тілде дайындау. Департамент басшылығымен анықталған өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асыру. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: заңгерлік, педагогикалық (қазақ тілі), филологиялық (қазақ), экономикалық немесе ортадан кейiнгi заңгерлік, педагогикалық (қазақ тілі), филологиялық (қазақ), экономикалық. 2. Ауыл шаруашылығы статистикасы басқармасының жетекші маманына (С-О-6), 1 бірлік. Функционалды міндеттері: алғашқы статистикалық деректердің жиналуын, өңделуін, материалдық-техникалық жəне бағдарламалық құралдардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету. Экономикалық жұмыс, бекітілген салалар бойынша талдау жəне статистикалық мəліметтерді дайындау. Базаны қалыптастыру, статистикалық бақылау əдістемесіне сəйкес алғашқы статистикалық деректерді бақылау жəне түзету. Департамент басшылығымен анықталған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім немесе ортадан кейiнгi білім: экономикалық, жаратылыстану ғылымдары (математика) жəне педагогикалық (математика). 3. Көлік, байланыс, қызмет көрсету, инновациялар жəне туризм статистикасы басқармасының жетекші маманына (1 бірлік, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне 2015 жылғы 7 қарашаға дейін, С-О-6). Функционалды міндеттері: алғашқы статистикалық деректердің жиналуын, өңделуін, материалдық-техникалық жəне бағдарламалық құралдардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету. Экономикалық жұмыс, бекітілген салалар бойынша талдау жəне статистикалық мəліметтерді дайындау. Базаны қалыптастыру, статистикалық бақылау əдістемесіне сəйкес алғашқы статистикалық деректерді бақылау жəне түзету. Департамент басшылығымен анықталған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім немесе ортадан кейiнгi білім: экономикалық, жаратылыстану ғылымдары (математика) жəне педагогикалық (математика) білім. 4. Өзара жəне ішкі сауда статистикасы басқармасының жетекші маманына (1 бірлік, негізігі қызметкердін бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне 2015 жылғы 22 наурызға дейін, С-О-6). Функционалды міндеттері: алғашқы статистикалық деректердің жиналуын, өңделуін, материалдық-техникалық жəне бағдарламалық құралдардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету. Экономикалық жұмыс, бекітілген салалар бойынша талдау жəне статистикалық мəліметтерді дайындау. Базаны қалыптастыру, статистикалық бақылау əдістемесіне сəйкес алғашқы статистикалық деректерді бақылау жəне түзету. Департамент басшылығымен анықталған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім немесе ортадан кейiнгi білім: экономикалық, жаратылыстану ғылымдары (математика) жəне педагогикалық (математика). 5. Статистикалық ақпаратты пайдаланушылармен жұмыс басқармасының жетекші маманына (С-О-6), 1 бірлік. Функционалды міндеттері: ақпараттық жүйенің бағдарламалық қамтамасыз етілуін сүйемелдеу. Microsoft Office: Access, Excel қолданбалы бағдарламаларымен жұмыс істей білу. Департамент басшылығымен анықталған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім немесе ортадан кейiнгi білім: экономикалық, техникалық (ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы жəне бағдармалық қамтамасыз ету, кешендер, жүйелер жəне желілер), жаратылыстану ғылымдары (математика) жəне педагогикалық (математика). 6. Амангелді ауданы статистика басқармасының жетекші маманына (С-О-6), 1 бірлік. Функционалды міндеттері: алғашқы статистикалық деректерді жинау, толықтығын, мерзімділігін жəне дəйектілігін бақылау. Ауылдық (селолық) округтердің əр шаруашылық бойынша кітаптарында жазбаларды жүргізуге мемлекеттік бақылау жасау. Департамент басшылығымен анықталған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: экономикалық, ауылшаруашылық, жаратылыстану ғылымдары (математика) жəне педагогикалық (математика) немесе ортадан кейiнгi экономикалық, ауылшаруашылық, жаратылыстану ғылымдары (математика) жəне педагогикалық (математика). 7. Жангелдин ауданының статистика басқармасының жетекші маманына (С-О-6), 1 бірлік. Функционалды міндеттері: алғашқы статистикалық деректерді жинау, толықтығын, мерзімділігін жəне дəйектілігін бақылау. Ауылдық (селолық) округтердің əр шаруашылық бойынша кітаптарында жазбаларды жүргізуге мемлекеттік бақылау жасау. Департамент басшылығымен анықталған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: экономикалық, ауылшаруашылық, жаратылыстану ғылымдары (математика) жəне педагогикалық (математика) немесе ортадан кейiнгi білім экономикалық, ауылшаруашылық, жаратылыстану ғылымдары (математика) жəне педагогикалық (математика). 8. Ұзынкөл ауданының статистика басқармасының жетекші маманына (С-О-6), 1 бірлік. Функционалды міндеттері: алғашқы статистикалық деректерді жинау, толықтығын, мерзімділігін жəне дəйектілігін бақылау. Ауылдық (селолық) округтердің əр шаруашылық бойынша кітаптарында жазбаларды жүргізуге мемлекеттік бақылау жасау. Департамент басшылығымен анықталған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: экономикалық, ауылшаруашылық, жаратылыстану ғылымдары (математика) жəне педагогикалық (математика) немесе ортадан кейiнгi білім экономикалық, ауылшаруашылық, жаратылыстану ғылымдары (математика) жəне педагогикалық (математика). 9. Сарыкөл ауданының статистика басқармасының басшысына (С-О-3), 1 бірлік. Функционалды міндеттері: басқарма жұмысын басқару (бақылау жəне үйлестіру), статистикалық жəне ұйымдастырушылық жұмыс жоспарларының белгіленген мерзімдерде орындалуын қамтамасыз ету бойынша қызметті жоспарлау, талдамалы жəне статистикалық мəліметтерді дайындау, семинар-кеңестер ұйымдастыру жəне өткізу, деректердің əкімшілік көздерімен жəне аудандар мен қалалар бойынша респонденттермен өзара қатынаста болу. Кенттік, ауылдық (селолық) округтердің əр шаруашылық кітаптарындағы жазбаларды жүргізуге мемлекеттік бақылау. Департамент басшылығымен анықталған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: экономикалық, ауылшаруашылық, жаратылыстану ғылымдары (математика) жəне педагогикалық (математика). III. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Мұрағаты, 050010, Алматы қ., Достық даңғылы, 87-б үй, анықтама үшiн телефоны: 8 (3272) 64-69-07, факс: 8 (3272) 64-68-21, электронды мекенжай: arcobotd@mail.ru, бос əкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымға орналасуға конкурс жариялайды: Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағатының Астана қаласы басқармасының (Филиал) сарапшысы, С-5 санаты, уақытша, негізгі қызметкердің сəбиге күтім жасау демалыс кезеңіне. Функционалды мiндеттерi: құжаттардың құндылығын сараптау жəне оларды мемлекеттік сақтауға іріктеу, мұрағатқа өткізілетін істерді даярлауды бақылау, істердің тізімдемесін, жойылатын құжаттардың актілерін, тізімдемелерге

ғылыми-анықтамалық аппараттарды дайындау, құжаттарды ведомстволық сақтау мен құжаттаудың жай-күйін тексеруді жүргізуге қатысу, іс жүргізу жəне мұрағаттық қызмет мамандарымен өткізілетін семинар-кеңестерге қатысу. Компьютерде жұмыс істеу дағдысы, мемлекеттік тілді білуі дұрыс Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: (тарих, қазақ тілі мен əдебиеті, орыс тілі мен əдебиеті); гуманитарлық ғылымдар (тарих, филология); əлеуметтік ғылымдар (мұрағаттану, құжаттар жүргізу жəне құжаттамалық қамтамасыз ету); құқық (құқықтану). IV. Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің Ғылым комитеті, 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, Министрліктер үйі, 11-кіреберіс, байланыс телефоны: 8 (7172) 74-20-25, 74-19-05, электронды мекенжайы: Meiramgul.Zhanysova@edu.gov.kz, «Б» корпусындағы бос əкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды. 1. Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының сарапшысы (С-5), 1 бірлік (негізгі қызметкердің бала күту демалысында болған мерзіміне). Функционалды міндеттері: комитеттің құзыретті сот органдарында жəне де комиттет қызметінің құқықтық мəселелерін қарау кезінде басқа ұйымдарда өкіл ету. Басқа құрылымдық бөлімшілермен əзірленген құқықтық жəне нормативтік-құқықтық актілеріне, келісімшарттарына құықтық сараптаманы жүзеге асырады жəне де комитетпен даярланатын басқа да заңды тұрғыдағы құжаттарды қарау. Əзірленуші комитет болып табылатын, заң жобаларын Қазақстан Республикасы Парламентте қарау барысында қатысу. Комитеттің құзыретіне жататын құқықтық мəселелер бойынша комитет атынан заңнама актілерімен көзделген жағдайларда түсіндірме əзірлеу. Ғылыми жəне ғылымитехникалық саласында нормативтік-құқықтық актілерінің жобасын əзірлеу бойынша жұмыс тобына қатысу. Құқықтық жəне нормативтік-құықтық актілердің, келісімшарттардың жобаларын даярлау бойынша құқықтық көмек көрсету. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: заңгерлік. Əкімшілік мемлекеттік қызметкерлерге арналған Үлгілік біліктілік талаптарға сəйкес, нормативтік-құқықтық актілерді білу, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» Заңын жəне де ғылыми, ғылыми-техникалық саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді білу. 2. Персоналды басқару қызметінің сарапшысы (С-5), 2 бірлік (бірлік негізгі қызметкердің бала күту демалысында болған мерзіміне). Функционалды міндеттері: комитет қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін бекіту жұмысын əзірлейді, кадрлық жұмысты ұйымдастыру, кадрлық жұмысы бойынша бұйрықтарды əзірлеу. Комитет қызметкерлерінің жұмыс уақытының есебін жүргізу; қызметтік куəліктер мен электронды рұқсаттамаларды берудің есебін жүргізу. Комитеттің қызметкерлерінің жеке ісін жүргізу. Комитет қызметкерлерінің мобильді дайындықты, əскери есеп жүргізу жəне брондау бойынша шараларды ұйымдастыру, қызметтің көрсетілген бағыттары бойынша есеп, талдау жəне ақпараттық материалдарды жəне құжаттарды əзірлеу. Комитет қызметкерлерінің салық декларацияларын уақтылы тапсыруы бойынша бақылауды қамтамасыз ету жəне есебін жүргізу. Қызметкерлерді марапаттау жөніндегі материалдарды дайындау. ҚР ҰҚК-ге арнайы тексеруге қызметкерлердің құжаттарды жинақтау жəне жіберу. Министрліктің орталық аппаратының кадрлық қызметімен жұмыс жасау. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: заңгерлік немесе гуманитарлық. Əкімшілік мемлекеттік қызметкерлерге арналған Үлгілік біліктілік талаптарға сəйкес нормативтік-құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін білу. 3. Халықаралық ынтымақтастық басқармасының сарапшысы (С-5), 2 бірлік (негізгі қызметкерлердің бала күту демалысында болған мерзіміне). Функционалды міндеттері: ғылым жəне ғылымитехникалық қызмет бойынша халықаралық-құқықтық актілерді əзірлеу жəне оларды қол қойғанға дейін алып жүру; Қазақстан Республикасымен халықаралық ғылымитехникалық ынтымақтастық шеңберінде міндеттерді орындауына мониторинг жүргізу; ғылыми-техникалық қызмет саласындағы халықаралық шарттарды, келісімдерді, бағдарламаларды іске асыру бойынша ұсыныстарды əзірлеуге қатысу; басқарманың қызметі бойынша есептерді жəне анықтамаларды əзірлеу; шетел тілдерден мемлекеттік жəне орыс тілдерге, мемлекеттік жəне орыс тілдерден шетел тілдеріне құжаттарды жəне материалдарды аудару. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: халықаралық қатынастар немесе гуманитарлық немесе заңгерлік немесе экономикалық. Мүмкіндігінше шетелдік білімінің болуы. Əкімшілік мемлекеттік қызметкерлерге арналған Үлгілік біліктілік талаптарға сəйкес нормативтік-құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» Заңын білу. Мүмкіндігінше функционалды міндеттерді атқару үшін қажетті көлемде мемлекеттік жəне ағылшын, немесе басқа шетел тілін білуі қажет. 4. Ғылыми-техникалық саясат басқармасының сарапшысы (С-5), 1 бірлік. Функционалды міндеттері: Қазақстан Республикасында ғылыми жəне ғылыми-техникалық қызметті дамыту мəселелері, ғылым саласындағы жетістіктер бойынша статистикалық мəліметтерді жинау бойынша жұмыстарды жүргізу. Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның қызметін ұйымдастыру бойынша, дипломдарды рəсімдеуді, төсбелгілерін жасауды, Мемлекеттік сыйлықты лауреаттарға ақшалай беруді қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізу. Жоғары органдардан, мемлекеттік органдардан, ведомствоға бағынысты ұйымдардан, заңды жəне жеке тұлғалардан келіп түскен өтінім, хаттар жəне басқа да құжаттарға жауап үшін басқарма құзыретіне жататын материалдарды əзірлеу. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: техникалық немесе жаратылыстану ғылымдары немесе гуманитарлық немесе экономикалық немесе заңгерлік. Мүмкіндігінше ғылыми дəрежесінің болуы. Əкімшілік мемлекеттік қызметкерлерге арналған Үлгілік біліктілік талаптарға сəйкес нормативтік-құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы», «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» заңдарын жəне ғылым мен ғылыми-техникалық қызмет саласындағы қатынастарды реттейтін өзге де нормативтікқұқықтық актілерді білу. Мүмкіндігінше республикада орындалып жатқан іргелі жəне қолданбалы ғылыми-зерттеулердің ғылыми-техникалық бағдарламаларын білу. V. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі, 010000, Астана қ. Орынбор көшесі, 8-үй, Министрліктер үйі, 2-кіреберіс, анықтама телефоны: 60-21-27, электронды мекенжай: zharke_bt@emer.kz, бос əкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды. 1. Хатшылықтың сарапшысы (С-5 санаты, 1 бірлік). Функционалды міндеттері: министрліктер мен ведомстволардан келіп түсетін кіріс хат-хабарларға бақылау жасау; іс жүргізу бойынша нұсқаулықты білу, келіп түсетін кіріс хат-хабарларды тираждау, тарату, сақтау жəне сақтаулы күйде болуын қамтамасыз ету, басшылық жүктеген өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асыру. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: гуманитарлық ғылымдар немесе техникалық ғылымдар мен технология немесе əлеуметтік ғылымдар, экономика жəне бизнес немеес құқық саласында. 2. Төтенше жағдайлардың алдын алу департаменті техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының сарапшысы (негізгі қызметкердің оқу демалысында болу кезеңіне) (С-5 санаты, 1 бірлік). Функционалды міндеттері: қауіпті өндірістік объектілердің жəне техногендік сипаттағы ТЖ туындауы бойынша қауіпті объектілерді есепке алуды жүргізу, республикалық жəне жергілікті деңгейде қатерлердің каталогтарын, республиканың əкімшілік-аумақтық бірліктері қауіпсіздігінің паспорттарын қалыптастыру мен түзетуді жүзеге асыру; техногендік сипаттағы ТЖ болжау мен мониторингілеуді жүзеге асыру; техногендік сипаттағы ТЖ ықтимал сипаты, ауқымы, қауіпқатер деңгейі мен салдары туралы деректерді зерделеу; техногендік сипаттағы ТЖ-дан халықтың, қоршаған ортаның жəне шаруашылық жүргізу объектілерінің қорғалу жай-күйі туралы ақпарат дайындау. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: əскери іс жəне қауіпсіздік немесе техникалық ғылымдар мен технология саласында. 3. Ішкі бақылау жəне аудит департаменті қаржылық операциялардың ішкі аудиті басқармасының басшысы (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыста болу кезеңіне) (С-3 санаты, 1 бірлік). Функционалды міндеттері: бюджеттік қаржыландыру саласындағы қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамалар талаптарын министрлік ұйымдарының,

мекемелері мен кəсіпорындарының сақтаулы мəселелері бойынша ішкі бақылауды ұйымдастыру жəне жүзеге асыру; ведомствоаралық комиссиялар шешімдерін, министрдің тапсырмаларын, бағдарламалық құжаттар мен жоспарлардың іске асырылуы бойынша ішкі бақылау объектілерінің қызметін ұйымдастыру жəне қаржылық бақылауды жүзеге асыру жəне тексеру; қаржылық есепке алу мен есептілікті жүргізудің анықтылығы мен дұрыстығына ішкі бақылаудың жетекшілік ететін объектілеріне бақылауды жүзеге асырады, ішкі бақылаудың жетекшілік ететін объектілері қызметінде қаржылық бұзушылықтардың алдын алу жəне оны болдырмау шараларын қабылдайды; бақылау нəтижелерінің қорытындылары бойынша қабылданған ұсыныстар мен шешімдердің ішкі бақылаудың жетекшілік ететін объектілерінің орындауына бақылауды жүзеге асыру; жеке заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ ішкі бақылау объектілерінің қызметіндегі бұзушылық фактілері туралы көздерден алынған мəліметтерді жариялау; аумақтық бөлімшелердің қаржылық-шаруашылық жай-күйі туралы ақпаратты өңдейді, талдайды жəне қорытындылайды. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: əлеуметтік ғылым, экономика жəне бизнес саласында. 4. Ішкі бақылау жəне аудит департаменті қаржылық операциялардың ішкі аудиті басқармасының бас сарапшысы (С-4 санаты, 1 бірлік). Функционалды міндеттері: қаржы қызметін бақылау бойынша құжаттарды əзірлеу; материалдық құндылықтарды тексеруді жүзеге асыру; бюджеттік бағдарламалардың орындалуын бақылау, бухгалтерлік есепке алуды жүргізу, олардың орындалуын бағалау, ұсынылып отырған мемлекеттік қызметтердің сапасына бақылауды жүзеге асыру; Қазақстан Республикасы заңнамаларын сақтауға бақылау жасау. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: əлеуметтік ғылым, экономика жəне бизнес саласында. 5. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаменті материалдық-техникалық қамтамасыз ету жəне активтер басқармасының сарапшысы (С-5 санаты, 1 бірлік). Функционалды міндеттері: ҚР ТЖМ орталық аппараты басқармалар мен департаменттерін кеңселік құралдармен, мүкəммалмен жəне басқа мүлікпен қамтамасыз ету, материалдық құралдардың сақталуын есепке алу жəне қамтамасыз ету; заттай мүлікті, ЖЖМ пайдалануға жəне ұстауға бақылау жасау; жарамсыз материалдық-техникалық құралдарды есептен шығару бойынша құжаттамалар жасау. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: құқық немесе əлеуметтік ғылым, экономика жəне бизнес саласында. 6. Əкімшілік жұмыс департаменті мемлекеттік тілді дамыту басқармасының сарапшысы (С-5 санаты, 1 бірлік). Функционалды міндеттері: министрлік қызметіне қатысты заңдар, қаулылар жəне басқа нормативтік актілер жобаларын сапалы аудару; құжаттарды аудару жəне оларды мемлекеттік тілде дайындау мəселелері бойынша министрліктің аумақтық органдарымен басқарманың өзара іс-əрекетін қолдау; аумақтық бөлімдерде мемлекеттік тілді енгізуді жүргізуге қатысу жəне оларға əдістемелік жəне практикалық көмек көрсету. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: əлеуметтік ғылым, экономика жəне бизнес немесе білім саласында. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Атырау облысының төтенше жағдайлар департаменті, 060003, Атырау қаласы, Əуезов көшесі, 53 «А»үй, анықтама үшін телефоны: (87122)55-83-04, E-mail: dchs_atyr@emer.kz, dchs_atyrau@asdc.kz, бос əкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымға орналасуға конкурс жариялайды: 1. Теңізде мұнай операцияларының жүргізілуін бақылау басқармасы теңізде мұнай операцияларының жүргізілуін бақылау бөлімінің басшысы, С-О-5, 1 бірлік. Функционалды міндеттері: бақылаудағы кəсіпорындар мен нысандарда жұмыстың қауіпсіз жүргізілуін жүйелі түрде бақылау; кəсіпорындарға бекітілген, салынып жатқан, пайдалануға берілген жəне қайта құрылып жатқан нысандарда жобалау кезеңінен бастап олар толық жойылғанша, теңізде мұнай операцияларын жүргізуде өнеркəсіп қауіпсіздігін сақтау саласындағы ережелердің, нормалар мен нұсқаулықтардың орындалуын бақылауға алу;теңізде мұнай операцияларын жүргізу кезінде бақылаудағы бекітілген кəсіпорындарда ұйғарымдамалардың, технологиялық регламенттердің, қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ететін іс-шаралардың, қайғылы жағдайлар мен аварияларды тергеу нəтижелері бойынша комиссия шығарған шешімдердің, өнеркəсіп қауіпсіздігі бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жоспарларының орындалуын бақылауға алу; авариялардың, өндірістік жарақаттанудың себептері мен жағдайына талдау жасау жəне соның негізінде бақылаудағы кəсіпорындарда теңізде мұнай операцияларын жүргізу кезінде өнеркəсіптік қауіпсіздікті жақсарту бойынша ұсыныс беру. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: техникалық ғылымдар жəне технологиялар (геология жəне пайдалы қазбалар кен орнын барлау; тау-кен ісі; мұнай-газ ісі; металлургия; материалтану жəне материалдар технологиясы; машина жасау; көлік, көлік техника жəне технологиялары; жылу энергетикасы; электр энергетикасы; бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы; органикалық заттардың химиялық технологиясы; техникалық машиналар жəне жабдықтар (сала бойынша); қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша); құрылыс; құрылыс материалдарын, бұйымдарын жəне құрылымдарын өндіру; қоршаған ортаны қорғау жəне өмір тіршілігінің қауіпсіздігі; стандарттау, сертификаттау жəне метрология, теңіз техникасы мен технологиялар). Жұмыс тəжірибесі келесі талаптардың біріне сəйкес болуы тиіс: мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағытына сəйкес облыстарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы немесе ғылыми дəрежесінің болуы. Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына тəуелді 84563 теңгеден 114032 теңгеге дейін. 2. Қаржы басқармасы мемлекеттік сатып алу, активтер жəне материалды-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, С-О-4, 1 бірлік. Функционалды міндеттері: мемлекеттік сатып алу бойынша тиісті құжаттарды рəсімдеп, тауарды сатып алу бойынша конкурстық процедураны ұйымдастыру жəне өткізу; материалдық қор дайындығының жай-күйін құру, сақтау жəне қолдау жөніндегі іс-шараларды орындау; материалдық-техникалық ресурстарын ұтымды қамтамасыз ету бойынша қажетті есептеулерді жүргізу; материалдықтехникалық құндылықтардың олардың сақталу жəне пайдалану орындарында бүтіндігін, материалдық қорлардың барына жəне қозғалысына есеп жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру; материалдық құндылықтарға түгендеу жəне оның нəтижесі бойынша құжаттық рəсімдеу жүргізу; негізгі құраларды есептен шығару бойынша құжаттарды дайындау. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: əлеуметтік ғылымдар (экономика, менеджмент, есеп жəне аудит, қаржы); құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кедендік іс). Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағыттарына сəйкес келетін салада екі жылдан кем емес. 3. Баспасөз қызметінің бас маманы, С-О-5, 1 бірлік. Функционалды міндеттері: БАҚ материалдарын экспрессталдау жəне шұғыл жинақтау; баспасөз-конференциялары, семинарлар, брифингтер, дөңгелек үстелдер мен сұхбаттар ұйымдастыру; төтенше жағдайлар аймағында БАҚ өкілдерінің жұмысын ұйымдастыру; баяндама жобаларын дайындауға қатысу; толық жəне объективті құлақтандыру мақсатында газет, журналдардың, ақпараттық агенттіктердің, телерадиокомпаниялардың бас редакторларымен, сонымен қатар, БАҚ корпункттерімен өзара қарым-қатынас орнату. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: əлеуметтік ғылымдар (журналистика; жұртшылықпен байланыс); білімі (қазақ тілі жəне əдебиеті; орыс тілі жəне əдебиеті; педагогика жəне психология). Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем болмайтындай немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағыттарына сəйкес келетін салада екі жылдан кем болмайтындай жұмыс өтілі болған жағдайда, ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. 4. Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, С-О-5, 2 бірлік. (Жалғасы 7-бетте).


(Жалғасы. Басы 6-бетте). Функционалды міндеттері: заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету, құқықтық мүддені қорғау, бұйрықтар, нұсқаулықтар, қағидалар жəне өзге де құқықтық сипаттағы актілердің жобаларын құқықтық сараптау; сотта, сондай-ақ, мемлекеттік жəне қоғамдық ұйымдарда құқықтық мəселелерді қарау кезінде мүддені қорғау; талап арыздарды, шағым хаттарға жауаптар дайындау. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кедендік іс). Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем болмайтындай немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сəйкес келетін салада екі жылдан кем болмайтындай жұмыс өтілі болған жағдайда, ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. 5. Теңізде мұнай операцияларының жүргізілуін бақылау басқармасы теңізде мұнай операцияларының жүргізілуін бақылау бөлімінің бас маманы, С-О-5, 3 бірлік. Функционалды міндеттері: бақылаудағы объектілер мен ұйымдарда өнеркəсіптік қауіпсіздік бойынша қағидалардың, нормалар мен нұсқаулықтардың бұзылғандығы туралы барлық деректерді анықтау; бақылаудағы кəсіпорындар мен объектілерде жұмыстың қауіпсіз жүргізілуін жүйелі түрде бақылауға алу; қауіпті өндірістік объектілерде авариялар мен өндірістік жарақаттануды болдырмау бойынша іс-шаралардың əзірленуіне жəне жүргізілуіне, ықтимал авариялар мен олардың салдарын жоюды ұйымдастыруға даярлығын бақылауды жүзеге асыру; нұсқаманың белгіленген тəртіпте сақталуын, персоналдың оқуын, жұмысқа рұқсатын, мамандарға жұмысты басқару құқығын беретін, ал қызметкерлерде жоғары қауіпті жұмыстарды жүргізу құқығын беретін құжаттардың болуын тексеру; авариялардың, өндірістік жарақаттанудың себептері мен жағдайына талдау жасау жəне соның негізінде бақылаудағы кəсіпорындарда теңізде мұнай операцияларын жүргізу кезінде өнеркəсіптік қауіпсіздікті жақсарту бойынша ұсыныс беру. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: техникалық ғылымдар жəне технологиялар (геология жəне пайдалы қазбалар кен орнын барлау; тау-кен ісі; мұнай-газ ісі; металлургия; материалтану жəне материалдар технологиясы; машина жасау; көлік, көлік техникасы жəне технологиялары; жылу энергетикасы; электр энергетикасы; бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы; органикалық заттардың химиялық технологиясы; техникалық машиналар жəне жабдықтар (сала бойынша); қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша); құрылыс; құрылыс материалдарын, бұйымдарын жəне құрылымдарын өндіру; коршаған ортаны қорғау жəне тіршілік əрекеті қауіпсіздігі; стандарттау, сертификаттау жəне метрология (сала бойынша); теңіз техникасы мен технологиялар). Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем болмайтындай немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағыттарына сəйкес келетін салада екі жылдан кем болмайтындай жұмыс өтілі болған жағдайда, ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. 6. Теңізде мұнай операцияларының жүргізілуін бақылау басқармасы қысыммен жасайтын көтергіш механизмдерді, қазандықтар мен құтыларды бақылау бөлімінің бас маманы, С-О-5, 2 бірлік. Функционалды міндеттері: бақылаудағы объектілер мен ұйымдарда өнеркəсіптік қауіпсіздік бойынша қағидалардың, нормалар мен нұсқаулықтардың бұзылғандығы туралы барлық деректерді анықтау; бақылаудағы кəсіпорындар мен объектілерде жұмыстың қауіпсіз жүргізілуін жүйелі түрде бақылауға алу; қауіпті өндірістік объектілерде авариялар мен өндірістік жарақаттануды болдырмау бойынша іс-шаралардың əзірленуіне жəне жүргізілуіне, ықтимал авариялар мен олардың салдарын жоюды ұйымдастыруға даярлығын бақылауды жүзеге асыру; қауіпті өндірістік нысандарда нұсқаманың белгіленген тəртіпте сақталуын, персоналдың оқуын, жұмысқа рұқсатын, мамандарға жұмысты басқару құқығын беретін, ал қызметкерлерде жоғары қауіпті жұмыстарды жүргізу құқығын беретін құжаттардың болуын тексеру; авариялардың, өндірістік жарақаттанудың себептері мен жағдайына талдау жасау жəне соның негізінде бақылаудағы кəсіпорындарда теңізде мұнай операцияларын жүргізу кезінде өнеркəсіптік қауіпсіздікті жақсарту бойынша ұсыныс беру. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: техникалық ғылымдар жəне технологиялар (геология жəне пайдалы қазбалар кен орнын барлау; тау-кен ісі; мұнай-газ ісі; металлургия; материалтану жəне материалдар технологиясы; машина жасау; көлік, көлік техникасы жəне технологиялары; жылу энергетикасы; электр энергетикасы; бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы; органикалық заттардың химиялық технологиясы; техникалық машиналар жəне жабдықтар (сала бойынша); қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша); құрылыс; құрылыс материалдарын, бұйымдарын жəне құрылымдарын өндіру; коршаған ортаны қорғау жəне тіршілік əрекеті қауіпсіздігі; стандарттау, сертификаттау жəне метрология (сала бойынша); теңіз техникасы мен технологиялар). Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем болмайтындай немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сəйкес келетін салада екі жылдан кем болмайтындай жұмыс өтілі болған жағдайда, ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. 7.Төтенше жағдайларды жəне өнеркəсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау басқармасы қазандық, көтергіш құрылғылары жəне газ шаруашылығы нысандарын бақылау бақылау бөлімінің бас маманы, С-О-5, 1 бірлік. Функционалды міндеттері: бақылаудағы объектілер мен ұйымдарда өнеркəсіптік қауіпсіздік бойынша қағидалардың, нормалар мен нұсқаулықтардың бұзылғандығы туралы барлық деректерді анықтау; бақылаудағы кəсіпорындар мен объектілерде жұмыстың қауіпсіз жүргізілуін жүйелі түрде бақылауға алу; қауіпті өндірістік объектілерде авариялар мен өндірістік жарақаттануды болдырмау бойынша іс-шаралардың əзірленуіне жəне жүргізілуіне, ықтимал авариялар мен олардың салдарын жоюды ұйымдастыруға даярлығын бақылауды жүзеге асыру; қауіпті өндірістік нысандарда нұсқаманың белгіленген тəртіпте сақталуын, персоналдың оқуын, жұмысқа рұқсатын, мамандарға жұмысты басқару құқығын беретін, ал қызметкерлерде жоғары қауіпті жұмыстарды жүргізу құқығын беретін құжаттардың болуын тексеру. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: техникалық ғылымдар жəне технологиялар (геология жəне пайдалы қазбалар кен орнын барлау; тау-кен ісі; мұнай-газ ісі; металлургия; материалтану жəне материалдар технологиясы; машина жасау; көлік, көлік техникасы жəне технологиялары; жылу энергетикасы; электр энергетикасы; бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы; органикалық заттардың химиялық технологиясы; техникалық машиналар жəне жабдықтар (сала бойынша); қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша); құрылыс; құрылыс материалдарын, бұйымдарын жəне құрылымдарын өндіру; коршаған ортаны қорғау жəне тіршілік əрекеті қауіпсіздігі; стандарттау, сертификаттау жəне метрология (сала бойынша); теңіз техникасы мен технологиялар). Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем болмайтындай немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағыттарына сəйкес келетін салада екі жылдан кем болмайтындай жұмыс өтілі болған жағдайда, ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. 8. Бухгалтерлік есеп, есеп беру жəне экономилық жоспарлау бөлімінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезінде), С-О-5, 1 бірлік. Функционалды міндеттері: негізгі құралдардың, тауарлы-материалдық құндылықтардың есебін, материалдық жауапты тұлғалармен материалдық жауапкершілік туралы шарттардың есебін жүргізу; заттай мүлік бойынша жылдық тапсырыстар əзірлеу; баланста тұрған қаржы жəне тауарлыматериалдық құндылықтарды түгендеуге қатысу; бастапқы жəне бухгалтерлік құжаттардың дұрыс ресімделуін, есеп айырысу мен төлем міндеттемелерінің, еңбекақы қорының жұмсалу тəртібінің сақталуын, лауазымдық жалақының белгіленуін бақылауға алу. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: əлеуметтік ғылымдар (экономика, менеджмент, есеп жəне аудит, қаржы). Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем болмайтындай немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағыттарына сəйкес келетін салада екі жылдан кем болмайтындай жұмыс өтілі болған жағдайда, ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. VI. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық жəне фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті, 010000, Астана қаласы, Есілдің сол жақ жағалауы, Орынбор көшесі, 8-үй, анықтама үшін телефоны: 8(7172) 74-34-50, 74-36-86, электронды мекенжайы: zh.mukataeva@mz.gov.kz, «Б» корпусының бос əкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды: 1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық жəне фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары-облыстың бас мемлекеттік фармацевтикалық инспекторы (С-О-2, 1 бірлік). Функционалды міндеттері: жалпы басшылық, департаменттің барлық құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын жəне жəне тиімді өзара іс-қимылын үйлестіру, жоспарлау. Департаменттің қызметі мəселелері бойынша қызметкерлерге əдістемелік көмек көрсету. Комитеттiң қызметкерлерiн

7

www.egemen.kz

10 шілде 2014 жыл

көтермелеу жəне оларға тəртiптiк жаза қолдану, сондай-ақ оларды жылжыту туралы ұсыныс енгізедi. Департаментті білікті кадрлармен қамтамасыз ету. Олардың кəсіптік білімдері мен тəжірибелерін ұтымды пайдалану жəне дамыту. Еңбек жəне атқарушылық тəртіптің сақталуын, құжаттаманы басқару жөніндегі жұмыстарды сапалы ұйымдастыруды қамтамасыз ету; комитет басшыларының тапсырмаларын сапалы жəне уақытылы орындалуын ұйымдастыру. Департамент қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындауын қамтамасыз ету. Тəртіптік, аттестаттау, конкурстық жəне кадр мəселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыру. Медициналық қызмет көрсетуді бақылау саласында жəне сəйкес облыстағы дəрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың жəне медициналық техниканың айналысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру. Медициналық жəне фармацевтикалық қызмет саласында мемлекеттік қызмет көрсету, соның ішінде тиісті облыста электрондық қызмет көрсету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру. Медициналық жəне (немесе) фармацевтикалық қызмет мəселелері бойынша құзыреті шегінде жеке жəне заңды тұлғалардың өтініштерін қарау жəне олар бойынша тиісті шаралар қабылдау. Əкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамаларға сəйкес қаулылар шығару. Жетекшілік ететін мəселелер бойынша семинарларға, конференцияларға, алқа мəжілістерін өткізуге қатысу. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сəйкес басқа да міндеттемелерді орындау. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: денсаулық сақтау жəне əлеуметтік қамтамасыз ету (фармация). VII. Астана қаласының ішкі істер департаменті, 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 19-үй, 2-қабат, 215-бөлме, анықтама үшін телефоны: 8 (7172) 71-62-81, факс: 8 (7172) 71-63-33), электронды мекенжай: janara9999@ mail.ru, «Б» корпусы бойынша бос мемлекеттік əкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды: 1. Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы (C-О-4 санаты, 1 бірлік). Функционалды міндеттері: ІІД жүйесінде іс жүргізу бойынша қолданыстағы талаптардың сақталуын бақылайды. Ішкі істер органдары жүйесінде құрылымдық бөліністегі қызметкерлер орындауға міндетті іс жүргізуді ұйымдастырады. Қызметкерлер арасында функционалды міндеттерін бөледі. Іс жүргізу мəселесі бойынша анықтамалар мен шолулар, əдістемелік ұсыныстар жəне нұсқаулықтар əзірлейді, бөлім жұмысының əдіс-тəсілдерін жетілдіру, құжат айналымын оңтайландыру бойынша шаралар қабылдайды. Бөлімде құпиялық режімді, сондай-ақ бөлім қызметкерлерінің қызметтік тəртіп пен заңдылықты сақтауына, бөлім мамандарының қызметтік біліктілігін арттыруға бақылау жасайды. Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесін енгізу жəне дамыту бойынша ұйымдастырушылық жұмыстарды жүргізеді. Өз құзыреті шегінде министрліктің жəне департаменттің нормативтік-құқықтық актілеріне сəйкес басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: құқық, əлеуметтік ғылымдар, экономика жəне бизнес, білім. Жұмыс тəжірибесі келесі талаптардың біріне сəйкес болуы тиіс: мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағытына сəйкес облыстарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы немесе ғылыми дəрежесінің болуы. 2. Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің жетекші маманы (C-О-6 санаты, 4 бірлік). Функционалды міндеттері: ҚР ІІМ, ІІД жəне басқа да құқық қорғау органдарының жедел кеңес, алқа шешімдерін, құпия емес бұйрықтарын, сондай-ақ Астана қаласының ІІДге жеке жəне заңды тұлғалардан келіп түсетін арыздарды, құпия емес құжаттарды қабылдауды, есепке алуды, тіркеуді жəне сақтауды жүзеге асырады. ҚР ІІМ-ге, Астана қаласының əкімдігіне жəне де басқа да мемлекеттік мекемелерге хатхабарларды жіберуді жəне қабылдауды жүзеге асырады. Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесіне кіріс жəне шығыс хат-хабарларды енгізеді жəне өңдейді (ЭҚАБЖ). ҚР ІІМ-нің нормативтік-құқықтық актілеріне сəйкес тəжірибелік маңызын жоғалтқан құпия емес нормативтік құжаттарды, номенклатуралық істерді, журналдарды жоюға іріктеу жүргізеді, құпия емес құжаттарды жоюға кесім жасайды. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім немесе ортадан кейінгі білім: құқық, əлеуметтік ғылымдар, экономика жəне бизнес. 3. Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің жетекші маманы (C-О-6 санаты, 1 бірлік) 2017 жылғы 2 ақпанға дейінгі уақытша бос орын. Функционалды міндеттері: ҚР ІІМ, ІІД жəне басқа да құқық қорғау органдарының жедел кеңес, алқа шешімдерін, құпия емес бұйрықтарын, сондай-ақ Астана қаласының ІІДге жеке жəне заңды тұлғалардан келіп түсетін арыздарды, құпия емес құжаттарды қабылдауды, есепке алуды, тіркеуді жəне сақтауды жүзеге асырады. ҚР ІІМ-ге, Астана қаласының Əкімдігіне жəне де басқа да мемлекеттік мекемелерге хатхабарларды жіберуді жəне қабылдауды жүзеге асырады. Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесіне кіріс жəне шығыс хат-хабарларды енгізеді жəне өңдейді (ЭҚАБЖ). ҚР ІІМ құқықтық-нормативтік актілеріне сəйкес тəжірибелік маңызын жоғалтқан құпия емес нормативтік құжаттарды, номенклатуралық істерді, журналдарды жоюға іріктеу жүргізеді, құпия емес құжаттарды жоюға кесім жасайды. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім немесе орта кейінгі білім: құқық, əлеуметтік ғылымдар, экономика жəне бизнес. 4. Анықтау басқармасы кеңсесінің жетекші маманы (CО-6 санаты, 1 бірлік). Функционалды міндеттері: ІІД жəне басқа да құқық қорғау органдарының жедел кеңес, алқа шешімдерін, құпия емес бұйрықтарын, нұсқаулықтарын сондай-ақ Астана қаласының ІІД-ге жеке жəне заңды тұлғалардан келіп түсетін арыздарды, құпия емес құжаттарды қабылдауды, есепке алуды, тіркеуді жəне сақтауды жүзеге асырады. ІІД басқармаларына, Астана қаласының əкімдігіне жəне де басқа да мемлекеттік мекемелерге хат-хабарларды жіберуді жəне қабылдауды жүзеге асырады. Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесіне кіріс жəне шығыс хат-хабарларды енгізеді жəне өңдейді (ЭҚАБЖ). ҚР ІІМ құқықтық-нормативтік актілеріне сəйкес тəжірибелік маңызын жоғалтқан құпия емес нормативтік құжаттарды, номенклатуралық істерді, журналдарды жоюға іріктеу жүргізеді, құпия емес құжаттарды жоюға кесім жасайды. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім немесе ортадан кейінгі білім: құқық, əлеуметтік ғылымдар, экономика жəне бизнес. 5. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы кеңсесінің жетекші маманы (C-О-6 санаты, 1 бірлік). Функционалды міндеттері: ҚР ІІМ жəне ІІД жəне басқа да құқық қорғау органдарының жедел кеңес, алқа шешімдерін, құпия емес бұйрықтарын, нұсқаулықтарын сондай-ақ Астана қаласының ІІД-ге жеке жəне заңды тұлғалардан келіп түсетін арыздарды, құпия емес құжаттарды қабылдауды, есепке алуды, тіркеуді жəне сақтауды жүзеге асырады. ҚР ІІМ-ге, Астана қаласының əкімдігіне жəне де басқа да мемлекеттік мекемелерге хат-хабарларды жіберуді жəне қабылдауды жүзеге асырады. Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесіне кіріс жəне шығыс хат-хабарларды енгізеді жəне өңдейді (ЭҚАБЖ). ҚР ІІМ нормативтік-құқықтық актілеріне сəйкес тəжірибелік маңызын жоғалтқан құпия емес нормативтік құжаттарды, номенклатуралық істерді, журналдарды жоюға іріктеу жүргізеді, құпия емес құжаттарды жоюға кесім жасайды. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім немесе ортадан кейінгі білім: құқық, əлеуметтік ғылымдар, экономика жəне бизнес. 6. Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы кеңсесінің жетекші маманы (C-О-6 санаты, 1 бірлік) 2014 жылғы 19 желтоқсанға дейін уақытша бос орын. Функционалды міндеттері: ҚР ІІМ жəне ІІД жəне басқа да құқық қорғау органдарының жедел кеңес, алқа шешімдерін, құпия емес бұйрықтарын, нұсқаулықтарын сондай-ақ Астана қаласының ІІД-ге жеке жəне заңды тұлғалардан келіп түсетін арыздарды, құпия емес құжаттарды қабылдауды, есепке алуды, тіркеуді жəне сақтауды жүзеге асырады. ҚР ІІМ-ге, Астана қаласының əкімдігіне жəне де басқа да мемлекеттік мекемелерге хат-хабарларды жіберуді жəне қабылдауды жүзеге асырады. Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесіне кіріс жəне шығыс хат-хабарларды енгізеді жəне өңдейді (ЭҚАБЖ). ҚР ІІМ нормативтік-құқықтық актілеріне сəйкес тəжірибелік маңызын жоғалтқан құпия емес нормативтік құжаттарды, номенклатуралық істерді, журналдарды жоюға іріктеу жүргізеді, құпия емес құжаттарды жоюға кесім жасайды. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім немесе ортадан кейінгі білім: құқық, əлеуметтік ғылымдар, экономика жəне бизнес.

7. Жедел - криминалистикалық басқармасы кеңсесінің жетекші маманы (C-О-6 санаты, 1 бірлік). Функционалды міндеттері: ҚР ІІМ жəне ІІД жəне басқа да құқық қорғау органдарының жедел кеңес, алқа шешімдерін, құпия емес бұйрықтарын, нұсқаулықтарын сондай-ақ Астана қаласының ІІД-ге жеке жəне заңды тұлғалардан келіп түсетін арыздарды, құпия емес құжаттарды қабылдауды, есепке алуды, тіркеуді жəне сақтауды жүзеге асырады. ҚР ІІМ-ге, Астана қаласының əкімдігіне жəне де басқа да мемлекеттік мекемелерге хат-хабарларды жіберуді жəне қабылдауды жүзеге асырады. Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесіне кіріс жəне шығыс хат-хабарларды енгізеді жəне өңдейді (ЭҚАБЖ). ҚР ІІМ нормативтік-құқықтық актілеріне сəйкес тəжірибелік маңызын жоғалтқан құпия емес нормативтік құжаттарды, номенклатуралық істерді, журналдарды жоюға іріктеу жүргізеді, құпия емес құжаттарды жоюға кесім жасайды. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім немесе ортадан кейінгі білім: құқық, əлеуметтік ғылымдар, экономика жəне бизнес. 8. Əкімшілік полиция басқармасы кеңсесінің жетекші маманы (C-О-6 санаты, 2 бірлік). Функционалды міндеттері: ҚР ІІМ жəне ІІД жəне басқа да құқық қорғау органдарының жедел кеңес, алқа шешімдерін, құпия емес бұйрықтарын, нұсқаулықтарын сондай-ақ Астана қаласының ІІД-ге жеке жəне заңды тұлғалардан келіп түсетін арыздарды, құпия емес құжаттарды қабылдауды, есепке алуды, тіркеуді жəне сақтауды жүзеге асырады. ҚР ІІМ-ге, Астана қаласының əкімдігіне жəне де басқа да мемлекеттік мекемелерге хат-хабарларды жіберуді жəне қабылдауды жүзеге асырады. Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесіне кіріс жəне шығыс хат-хабарларды енгізеді жəне өңдейді (ЭҚАБЖ). ҚР ІІМ нормативтік-құқықтық актілеріне сəйкес тəжірибелік маңызын жоғалтқан құпия емес нормативтік құжаттарды, номенклатуралық істерді, журналдарды жоюға іріктеу жүргізеді, құпия емес құжаттарды жоюға кесім жасайды. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім немесе ортадан кейінгі білім: құқық, əлеуметтік ғылымдар, экономика жəне бизнес. 9. Көші-қон полициясы басқармасы кеңсесінің жетекші маманы (C-О-6 санаты, 1 бірлік). Функционалды міндеттері: ҚР ІІМ, ІІД жəне басқа да құқық қорғау органдарының жедел кеңес, алқа шешімдерін, құпия емес бұйрықтарын, нұсқаулықтарын, сондай-ақ Астана қаласының ІІД-ге жеке жəне заңды тұлғалардан келіп түсетін арыздарды, құпия емес құжаттарды қабылдауды, есепке алуды, тіркеуді жəне сақтауды жүзеге асырады. ҚР ІІМ-ге, Астана қаласының əкімдігіне жəне де басқа да мемлекеттік мекемелерге хат-хабарларды жіберуді жəне қабылдауды жүзеге асырады. Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесіне кіріс жəне шығыс хат-хабарларды енгізеді жəне өңдейді (ЭҚАБЖ). ҚР ІІМ нормативтік-құқықтық актілеріне сəйкес тəжірибелік маңызын жоғалтқан құпия емес нормативтік құжаттарды, номенклатуралық істерді, журналдарды жоюға іріктеу жүргізеді, құпия емес құжаттарды жоюға кесім жасайды. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім немесе ортадан кейінгі білім: құқық, əлеуметтік ғылымдар, экономика жəне бизнес. 10. Мемлекеттік тіл жəне ақпарат бөлімінің тілдер бойынша тобының бас маманы (C-О-5 санаты, 1 бірлік). Функционалды міндеттері: ІІМ-нің жəне ІІД-нің мемлекеттік тіл мəселесіне қатысты бұйрықтары мен талаптарын жəне нұсқауларын уақтылы орындауды қамтамасыз етеді, ІІД мен аумақтық бөліністеріндемемлекеттік тілде іс-шараларды ұйымдастырады жəне өткізілуін бақылайды. Аппараттық, жедел жəне селекторлық кеңес отырысының қарауына мемлекеттік тіл мəселесі бойынша материалдар мен ұсыныстар əзірлейді. Мемлекеттік тіл мəселесіне қатысты құжаттарды (бұйрықтар, хаттар, нұсқаулар, өкімдер) əзірлейді жəне тиісті құрылымдық бөліністерге жіберуді қамтамасыз етеді. Дөңгелек үстел, семинар-кеңес, конференция, дискуссия өткізуді ұйымдастырады. Мемлекеттік тілдегі құжат айналымы жөнінде тоқсан қорытындысы бойынша шолу əзірлейді, жұмыс нəтижесі туралы ақпарат жинауды жəне жинақтап қорытуды жүзеге асырады, оны ІІД басшылығының қарауына ұсынады. Ішкі істер органдарында «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының орындалу барысы туралы ақпаратты белгіленген тəртіпте Қазақстан Республикасының уəкілетті органдарына жіберуді қамтамасыз етеді. Мемлекеттік тілді оқыту бойынша курс ұйымдастырады. Мемлекеттік тілді оқыту бойынша оқу бағдарламасын əзірлеуге қатысады, мұғалімдердің сабаққа дайындығын, сондай-ақ əдістемелік əзірлемелердің бар болуын жəне сапасын тексереді. ІІД-ге қызметке жаңадан қабылданған, мемлекеттік тілге жауапты қызметкерлердің тағылымдамадан өтуін ұйымдастыруға қатысады. Ішкі істер органдарында қазақ тілін оқытудың озық əдістерін ведомстволық жəне басқа да газеттер мен журналдарда таратуды жəне жариялауды ұйымдастырады. Оқытушылармен бірге оқу-əдістемелік құралдарды шығару үшін материалдар жинауды жүзеге асырады. Мемлекеттік тілге қатысты мəселе бойынша мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда жəне мекемелерде өткізілетін əр түрлі ісшараларға қатысады. Мемлекеттік тілде іс жүргізудің жайкүйін, мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған іс-шаралардың жүргізілуін тексеру мақсатында ІІД мен құрылымдық бөліністерінде іс жүргізудің жай - күйіне тексеріс жүргізеді, сондай-ақ тəжірибелік көмек көрсетеді. Материалдықтехникалық құндылықтардың сақталуына жəне топтыңағымды құжаттарының уақтылы орындалуына жауап береді. Құжаттарға уақтылы редакциялық сараптама жасалуына, олардың есепке алынуына бақылауды жүзеге асырады, мөр басады, қол қояды, мемлекеттік тілдегі құжаттардың сапалы болуына жауапкершілік атқарады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, орталық жəне жергілікті атқарушы органдарына жолданатын құжаттарға, сондай-ақ «Өте құпия» деген құпиялық белгісі бар мемлекеттік тілдегі құжаттарға жеке өзі сараптама жасайды, мөр басып, қолын қояды. Топта құпиялық режім талаптарының сақталуына жауап береді. Басшылықтың ағымды тапсырмаларын орындайды. Бөлімнің өзге топтарымен өзара іс-қимыл жасасады. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: құқық, білім, гуманитарлық ғылымдар. Жұмыс тəжірибесі келесі талаптардың біріне сəйкес болуы тиіс: Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағытына сəйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда құқық, білім, гуманитарлық ғылымдар саласындағы ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі 11. Мемлекеттік тіл жəне ақпарат бөлімі тілдер бойынша тобының жетекші маманы (C-О-6 санаты, 2 бірлік). Функционалды міндеттері: Мемлекеттік тіл мəселелеріне қатысты ІІМ-нің, ІІД-нің бұйрықтары мен нұсқауларын, талаптарын уақтылы орындайды. ІІД аппараты қызметтерінен, аумақтық бөліністерден келіп түсетін тоқсандық есептерді жинауды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, орталық жəне жергілікті атқарушы органдарға, мемлекеттік емес органдарға жəне аумақтық ішкі істер органдарына жолданатын құжаттарға (хаттар, ережелер, нұсқаулықтар, нұсқаулар, талаптар) редакция жасайды. Мемлекеттік тілде құжаттарды дайындау кезінде ІІДнің қызметтеріне əдістемелік көмек көрсетеді, құжаттарды редакциялық сараптауды жетілдіру жəне үйлестіру бойынша ұсыныстар енгізеді. ІІО қызметкерлеріне əдістемелік көмек көрсету мақсатында оқытушылармен бірге оқу-əдістемелік жəне қосалқы материалдарды, оқу құралдарын, тілдескіштер, сөздіктер т.б. əзірлейді. Семинар-кеңестерді, тағылымдамадан өтуді, мəжілістер мен конкурстарды ұйымдастыруға жəне өткізуге қатысады, олар бойынша тиісті құжаттар дайындайды. Мемлекеттік тіл мəселесіне қатысты құжаттарды (бұйрықтар, хаттар, нұсқаулар, өкімдер) əзірлейді жəне тиісті құрылымдық бөліністерге жіберуді қамтамасыз етеді. Ішкі істер органдарында мемлекеттік тілді дамыту мəселесі бойынша департамент басшылығына шолу жəне анықтама əзірлейді. Мемлекеттік тілде іс жүргізудің жай-күйін, мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған іс-шаралардың жүргізілуін тексеру мақсатында ІІД мен құрылымдық бөліністерінде іс жүргізудің жай - күйіне тексеріс жүргізеді, сондай-ақ тəжірибелік көмек көрсетеді. Бөлім басшылығының ағымды тапсырмаларын орындайды. Бас маман болмаған жағдайда оның міндеттерін орындайды. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім немесе орта кейінгі білім: құқық, білім, гуманитарлық ғылымдар. 12. Заң бөлімінің басшысы (C-О-4 санаты, 1 бірлік). Функционалды міндеттері: бөлім жұмысын ұйымдастырады жəне басшылық етеді, бөлімге жүктелген міндеттерді орындауға жəне өздерінің функцияларын жүзеге асыруға, қызметтік тəртіптің жай-күйіне, жеке құрамның кəсіби дайындығына, сондай-ақ заңдылық пен құпия тəртібін сақтауға дербес жауапкершілік атқарады. Заң бөлімі қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін бекітеді. Заң бөлімін кадрлармен жəне материалдық-техникалық қамтамасыз ету, құрылымын жетілдіру бойынша ІІД-нің басшылығына ұсыныс жасайды. Заң бөлімінің мамандарын іріктеуді, орналастыруды, тəрбиелеу мен үйретуді қамтамасыз етеді, ІІД-нің басшылығына заң бөлімінің қызметкерлерін көтермелеу, жазалау, еңбек демалысын беру, іссапарға жіберу туралы ұсыныстар жасайды. ІІД басшылығының алдына заң бөлімінің мамандарын материалдық көтермелеу туралы ұсыныспен

шығады. Өзінің кəсіби деңгейінде заң бөлімі мамандарының біліктілігін жоғарылатуды ұйымдастырады. ІІД құрылымдық бөліністерінің ұсыныстарын жинауды ұйымдастырады, ІІД қызметін құқықтық қамтамасыз етуді жетілдірудің негізгі бағыттарын анықтайды жəне жинақтап қорытады. ІІД əзірленетін, сондай-ақ басқа мемлекеттік органдардан түсетін заңдар мен нормативтік-құқықтық актілердің жобаларына сараптама жүргізуді ұйымдастырады. Ішкі істер органдарының нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру жəне ведомстволық нормативтік-құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының заңнамаларына сəйкес жүргізу мəселесі бойынша ІІД құрылымдық бөліністерінің қызметін үйлестіреді. ІІД-нің кінə қою талап-арыз жұмысының жай-күйіне бақылауды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Министрлік пен ІІД басшылығының тапсырмаларын, іс-шаралар жоспарын жəне бағдарламаларын орындауды бақылайды, құжат айналымын ұйымдастырады жəне іс жүргізудің заң бөлімінің істер номенклатурасына сəйкес жүргізілуін қадағалайды. ІІД-нің құрылымдық бөліністерінің қызметінде заң бұзушылықтарды анықтаған жағдайда бұл жөнінде басшылыққа баяндайды. Еңбекке уақытша жарамсыз болу фактісі туралы емдеу режімін жəне емдеу мекемесін көрсете отырып бір тəуліктен кешіктірмей, ІІД-нің бастығына хабарлайды. Еңбек тəртібін жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларды, ҚР Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін жəне Қазақстан Республикасы ІІМ-нің, ІІД актілерімен, сондай-ақ нормативтік-құқықтық актілерімен бекітілген мемлекеттік қызметшілерге қойылатын басқа да талаптарды сақтайды. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: құқық. Жұмыс тəжірибесі келесі талаптардың біріне сəйкес келуі тиіс: мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағытына сəйкес облыстарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы немесе ғылыми дəрежесінің болуы. 13. Заң бөлімінің жетекші маманы (C-О-6 санаты, 4 бірлік). Функционалды міндеттері: қойылған талаптар бойынша бекітілген тəртіпте барлық сот инстанцияларында ІІД-нің мүддесін қорғайды, тиісті пікірлерді дайындайды. Жоғары сот инстанцияларына аппеляциялық, кассациялық жəне бақылау арыздарын дайындауды жүзеге асырады. Шаруашылық келісімдерді даярлауға қатысады, олардың заңдық сараптамасын жүргізеді. Кесімдердің орындаулы бойынша ҚЖБ жəне ТЖБ арасында өзара салыстыру актілерін сұратады. Оларға шағымдар даярлайды. Мүдделі қызметтермен бірігіп айыппұл санкцияларын қойғанға шаралар қабылдайды. ІІД қызметкерлерін тəртіптік жауапкершілікке тарту туралы бұйрықтардың жобасына құқықтық сараптама жасайды. Штабпен жəне ІІД-нің басқа бөліністерімен бірге хат алмасуды жүзеге асырады. Заңнамадағы өзгерістерді қадағалайды, кодификациямен айналысады. Заң бөлімінің жасаған іс-əрекетін жинақтап қорытады. ІІД қызметін құқықтық қамтамасыз етуге жататын мəселелер бойынша ІІД басшылығына анықтамалар мен басқа да қажетті құжаттарды дайындайды. Жеке құрам арасында құқықтық оқу өткізуді ұйымдастырады. Шағымталап қызметтерін ұйымдастыру мəселелері бойынша сараптама анықтамалар, шолулар, ақпараттық есептік құжаттарды дайындауды қамтамасыз етеді. Жедел жағдайлар туындайтын ерекше жағдайларда ІІД Заң бөлімі бастығының нұсқауы бойынша ІІД заң бөлімінің басқа қызметкерінің міндеті мен қызметін орындайды. Бір тəулік ішінде заң бөлімінің бастығына емделу жəне емделу мекемесінің режимін көрсетіп, уақытша еңбекке жарамсыздық фактісі туралы хабарлайды. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім немесе ортадан кейінгі білім: құқық саласында. 14. Тыл жабдықтау басқармасы мемлекеттік сатып алу тобының бас маманы (C-О-5 санаты, 1 бірлік). Функционалды міндеттері: топқа басшылықты жүзеге асырады жəне топ алдында тұрған тапсырмаларды орындауды ұйымдастырады. Топқа келіп түсетін жəне топтан шығатын құжаттарды қарастырады. Оған берілген құқық шегінде мəселелерді шешеді жəне оның құзыретіне кіретін жекелеген сұрақтарды шешуді топ қызметкерлеріне тапсырады. Бір көзден сатып алу арқылы ашық жəне жабық конкурстарды өткізу туралы бұйрықтарды дайындау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. Мемлекеттік сатып алу үрдісіне бақылауды жүзеге асырады жəне мемлекеттік сатып алудың веб-порталында жұмыстарды ұйымдастырады. Конкурстық құжаттарды дайындау жəне конкурстарды өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады жəне жүргізеді. Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарды өткізу жөніндегі конкурстық комиссия құрамына қатысады. Тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу бойынша шарт жасасу, шарттың тізілімін қолданыстағы заңнамаларға сəйкес жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. Мемлекеттік сатып алу мəселелері бойынша топтың жеке құрамына тəжірибелік жəне əдістемелік көмек көрсетеді, əлеуетті өнім берушілердің өтініштерін қарастырады. Топ қызметкерлерімен тəрбие жұмысын жүргізеді, олардың қызметтік міндеттерін орындауына, еңбек жəне қызметтік тəртіпті сақтауына бақылау жасайды. Топ қызметкерлерінің басшылыққа алатын құжаттар бойынша білімін тексереді. Бөлімшеде құпия режімін сақтауды қамтамасыз етеді. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: құқық, əлеуметтік ғылымдар, экономика жəне бизнес. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағытына сəйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда құқық, əлеуметтік ғылымдар, экономика жəне бизнес саласындағы ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. 15. Тыл жабдықтау басқармасы мемлекеттік сатып алу тобының жетекші маманы (C-О-6 санаты, 2 бірлік). Функционалды міндеттері: Мемлекеттік сатып алу туралы ҚР заңнамасына сəйкес тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуға бөлінген республикалық жəне жергілікті бюджеттерді тиімді жұмсауды қамтамасыз етуге тікелей қатысады. Орталық аппараттың жылдық жоспарын өңдеуге қатысады. ҚР заңнамасына сəйкес тауарларды алуға, республикалық жəне жергілікті бюджет есебінен қажетті жұмыстар мен қызметтерді алуға бағытталған шаралар кешеніне кіретін мемлекеттік сатып алу үрдісін жүзеге асырады. Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу бойынша ашық конкурстар өткізу жəне ұйымдастыру үшін құжаттар, ашық конкурстар өткізу туралы бұйрықтар, конкурстық құжаттар, конкурстық сұрау хаттары бар конверттерді ашу хаттамалары, ашық конкурстар қорытындысы бойынша хаттамалар дайындайды, тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша келісімшарт толтырады. Жабдықтаушылар келісімшарттың орындалуын қамтамасыз етуді бақылайды (банктік кепілдеме). Берілген баға ұсыныстарын пайдалана отырып, жабдықтаушыны таңдау тəсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуды ұйымдастыружəне өткізу үшін құжаттар толтырады, сонымен қатар ҚР заңнамасына сəйкес тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша келісімшарт жасайды. Мемлекеттік сатып алу вебпорталы арқылы мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асырады. Мемлекеттік сатып алу веб-порталында жұмыстарды жүзеге асырады. Сот алдында шағым жұмысын реттеу үшін келісімшарт міндеттемелерін уақытында орындамау бойынша басшылық үшін ақпарат дайындайды. Орындауға түскен құжаттарды қарастырады жəне оған жауаптардың жобасын дайындайды. Əлеуетті жабдықтаушылармен жұмыс жүргізеді толтырылған келісімшарт бойынша хат алмасады. Басшы құрамның қызметтік отырыстарына материалдар дайындайды. Топта жасалған жұмыс туралы анықтама жобасын дайындайды. Белгіленген уақытта бақылауда тұрған құжаттар мен іс-шаралардың орындалу барысы туралы материалдар (анықтамалар) əзірлейді. Өзінің функционалды міндеттеріне сəйкес құжаттарды жеке орындайды. Еңбек жəне қызметтік тəртіпті қатаң сақтайды. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім немесе ортадан кейінгі білім: құқық, əлеуметтік ғылымдар, экономика жəне бизнес. 16. Тыл жабдықтау басқармасы ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану бөлімшесінің жетекші маманы (C-О-6 санаты, 1 бірлік). Функционалды міндеттері: материалдық жауапты тұлға болып табылады. Материалдық құндылықтарға есеп жүргізеді жəне таратады. ІІД аумағының санитарлық жағдайына күнделікті бақылау жасайды. ІІД ҒҚПТ жұмысшыларын: слесарь-сантехник, ұста, электр желісін жөндеуші, аула сыпырушы, қызметтік үй-жайларды тазалаушыларды басқарады. Олардың жұмысын есепке алады жəне жұмысқа шығуының табелін жасайды. ІІД жəне оның бөліністерінің қызметтік ғимараттарының, аумағының уақытында тазалануын қамтамасыз етеді. Қызмет көрсететін қызметшілердің жұмысын ұйымдастырады, ғимаратты дұрыс жағдайда ұстайды, тазалықты жəне өрт қауіпсіздігі шарасын сақтауды қадағалайды. ІІД барлық қызметтік ғимараттарын алғашқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етеді. ІІД бекітілген

аумақтарды көгалдандыру жəне тазалау бойынша апталық сенбілік өткізу бойынша қызметкерлерге хабарлайды жəне Астана қаласы əкімдігіне мəлімет береді. Мерекелік шараға ғимаратты дайындауды жəне рəсімдеуді ұйымдастырады. ІІДнің аумағын тазалауды ұйымдастырады. ІІД қызметкерлерінен (есік құлыптарын жөндеу, электротехникалық жұмыстар, сантехникалық құралдар) сұраухаттар қабылдап, жұмысшыларға олардың орындалуы бойынша нұсқаулар береді. ҚҚЕБ-мен бірлесіп жыл сайын есепте тұрған материалдық құныдылықтарға түгендеуді жүргізеді жəне олардың сақталуына жауапты. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім немесе ортадан кейінгі білім: құқық, техникалық ғылымдар жəне технологиялар. 17. Тыл жабдықтау басқармасы күрделі құрылыс тобының жетекші маманы (C-О-6 санаты, 2 бірлік). Функционалды міндеттері: ІІД ТЖБ ведомстволық ғимараттарын, құрылымдарын пайдалануды бақылайды, қадағалау органдарымен бірлесіп кем дегенде жылына 2 рет оларды тексеруді жүзеге асырады, сонымен қатар актілерде жəне өкімдерде көрсетілген кемшіліктерді жою бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. ҚКБ басқа жұмыскерлерімен бірлесіп басшылыққа, мердігерлерге жəне басқа мекемелер мен ұйымдарға ұсыну үшін қажетті құжаттарды дайындау бойынша жұмыстар жүргізеді. Көлемі мен құрамы бойынша объектіде атқарылатын жұмыстарға сəйкес бөлімінде жөндеуқұрылыс жұмысы өндірісіндегі ақаулы актілер жасау бойынша жұмыстарды жүргізеді. Объектілердегі (орындалған жұмыс көлемін жасау жоспарында) атқарылған жұмыстарды қорытынды өлшеу бойынша комиссия жұмысына қатысады. Мердігерлердің қол қоюға ұсынған формаларын тексереді, ұсынылған орындалған жұмыс актілерімен мердігерлер ұйымының орындалған жұмыс көлемінің сəйкестігін тексереді. Актілер, шығындар есебі жəне басқа құжаттар негізінде объектілер бойынша жергілікті объектілік шығын есебін жасайды. Астана қаласы бойынша бір ай, тоқсан жəне т.б. ішінде атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша «Орындалған жөндеу жəне құрылыс жұмысының бағасы туралы анықтама» дайындайды. Жұмысты орындау үшін мате риалдарға, құралдарға, өнімдерге қажетті сұрау хаттар жасайды. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім немесе ортадан кейінгі білім: құқық, техникалық ғылымдар жəне технологиялар. 18. Қаржымен қамтамасыз ету басқармасы есеп айырысу бөлімшесінің жетекші маманы (C-О-6 санаты, 1 бірлік). Функционалды міндеттері: қызметкерлердің жалақысы жəне басқа да аударымдар бойынша бухгалтерлік есеп жүргізу, құжаттарды дұрыс жəне уақтылы толтыруын, құжаттандыратын операциялардың заңдылығын алдын ала бақылайды. Бюджетке міндетті жалақы, əлеуметтік жəне т.б. аударымдарына есеп айыруын жүргізеді. Салық органдарына салық есептерін уақытында тапсыруды қамтамасыз етеді. ІІД бөліністерінде мүліктік-материалдық құндылықтарға жылдық есеп жүргізуге қатысады. Қаржы-шаруашылық істері бойынша басқа органдармен хат алмасуды жүзеге асырады. Хат алмасу құжаттарының жəне еңбекақыны төлеу бойынша есепке жататын бухгалтерлік құжаттардың сақталуын қамтамасыз етіп, мұрағатқа уақытында тапсырады. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім немесе ортадан кейінгі білім: əлеуметтік ғылымдар, экономика жəне бизнес. 19. Қаржымен қамтамасыз ету басқармасы материалдық есеп тобының жетекші маманы (C-О-6 санаты, 1 бірлік). Функционалды міндеттері: ІІД бөліністерінде материалдық құндылықтарды бухгалтерлік есепке алуды, құжаттардың уақытында дұрыс ресімделуін жəне құжаттамалық əрекеттердің заңдылығын бақылауды жүзеге асырады. Жеткізушілерден тауарлық-материалдық құндылықтардың кіріс есебін жүзеге асырады. Сақталып, пайдаланылатын орындарда активтер мен басқа материалдық құндылықтардың сақталуын бақылайды. ІІД бөліністерінде мүліктік-материалдық құндылықтарды жылдық түгендеудің өткізілуіне қатысады, түгендеу қорытындысын уақтылы жəне дұрыс анықтауы мен есепте көрсетуін бақылауды жүзеге асырады. Материалдық құндылықтар мен есеп-қисаптарға бухгалтерлік есеп жүргізу мəселелері бойынша нормативтік жəне басқа да құжаттарды əзірлеу бойынша іс-шараларға қатысады. Қаржылықшаруашылық қызметтер мəселелері бойынша ұйымдармен жəне ведомстволармен хат алмасуды жүзеге асырады. Жергілікті бюджет қаражатынан материалдық-техникалық жабдықтау бойынша тоқсан сайын есеп дайындауды жүзеге асырады. Мүліктік-материалдық құндылықтарды есепке алуға қатысты бухгалтерлік құжаттардың, хат алмасу бойынша құжаттардың сақталуын жəне олардың мұрағатқа уақтылы өткізілуін қамтамасыз етеді. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім немесе ортадан кейінгі білім: əлеуметтік ғылымдар, экономика жəне бизнес. 20. Қаржымен қамтамасыз ету басқармасы жеткізушілермен жəне есеп беретін адамдармен есеп айырысу жəне жиынтық есеп беру тобының жетекші маманы (C-О-6 санаты, 1 бірлік). Функционалды міндеттері: ұйымдармен бухгалтерлік есеп жүргізеді, құжаттардың уақтылы жəне дұрыс ресімделуіне, құжаттық əрекеттердің заңдылықтарына алдын ала бақылау жасайды. ІІД бюджет құралдарының пайдаланылуы туралы жедел есеп береді, дебиторлық жəне несиелік қарыздар туралы есептерді дайындайды. ІІД-де жеткізушілермен жəне мердігерлермен есеп айырысу бойынша дебиторлық жəне кредиторлық қарыздардың уақтылы төленуін бақылайды. ІІД-де ұйымдармен жəне есеп беретін тұлғалармен есеп айырысуды, мүліктік-материалдық құндылықтарды жылдық түгендеудің өткізілуін ұйымдастыруға қатысады. Қаржылықшаруашылық қызметтер мəселелері бойынша ұйымдармен жəне ведомстволармен хат алмасуды жүзеге асырады. Мүліктік-материалдық құндылықтарды есепке алуға қатысты бухгалтерлік құжаттардың, хат алмасу бойынша құжаттардың сақталуын жəне олардың мұрағатқа уақтылы өткізілуін қамтамасыз етеді. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім немесе ортадан кейінгі білім: əлеуметтік ғылымдар, экономика жəне бизнес. 21. Қаржымен қамтамасыз ету басқармасы зейнетақыны тағайындау жəне төлеу бөлімшесінің жетекші маманы (CО-6 санаты, 2 бірлік). Функционалды міндеттері: ұйымдармен бухгалтерлік есеп жүргізеді, құжаттардың уақтылы жəне дұрыс ресімделуіне, құжаттық əрекеттердің заңдылықтарына алдын ала бақылау жасайды. ІІД бюджет құралдарының пайдаланылуы туралы жедел есеп береді, дебиторлық жəне несиелік қарыздар туралы есептерді дайындайды. ІІД-де жеткізушілермен жəне мердігерлермен есеп айырысу бойынша дебиторлық жəне кредиторлық қарыздардың уақтылы төленуін бақылайды. ІІДде ұйымдармен жəне есеп беретін тұлғалармен есеп айырысуды, мүліктік-материалдық құндылықтарды жылдық түгендеудің өткізілуін ұйымдастыруға қатысады. Қаржылық-шаруашылық қызметтер мəселелері бойынша ұйымдармен жəне ведомстволармен хат алмасуды жүзеге асырады. Мүліктік-материалдық құндылықтарды есепке алуға қатысты бухгалтерлік құжаттардың, хат алмасу бойынша құжаттардың сақталуын жəне олардың мұрағатқа уақтылы өткізілуін қамтамасыз етеді. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім немесе ортадан кейінгі білім: əлеуметтік ғылымдар, экономика жəне бизнес. 22. Ішкі бақылау тобының бас маманы (C-О-5 санаты, 1 бірлік). Функционалды міндеттері: Астана қаласы ішкі істер департаментінің бастығына тікелей бағынады. Астана қаласы ІІД бастығы бекіткен жоспарға сəйкес ІІД-нің басқармалары мен дербес бөліністеріне ішкі қаржылық бақылауды жүргізеді. Республикалық, жергілікті бюджеттерден жəне өзге де ақшалай қаражаттардан ІІД-ге бөлінген бюджеттік қаражаттардың жəне активтердің тиімді жəне негізді пайдаланылуына бақылау іс-шараларын жүргізеді. ІІД-нің, оның басқармалары жəне дербес бөліністерінің есепке алуды жəне есеп беруді жүргізуінің шынайылығы мен дұрыстығын бақылайды. ІІД-нің, оның басқармалары жəне дербес бөліністері жұмысының сапасын жəне өнімділігін арттыру мақсатында оның қызметінің бағыттары бойынша ішкі бақылауды жүргізеді. ІІД басшылығының өкімдері жəне сот, тергеу органдарының қаулылары бойынша ІІД-де, оның басқармалары жəне дербес бөліністерінде ішкі бақылау жүргізеді. Бақылау іс-шараларының материалдарын қорыту жəне талдау, ІІД бастығына бақылау-ревизиялау жұмысының нəтижелері туралы баяндама дайындайды. Ішкі бақылау жүргізуге байланысты хаттарды, шағымдар мен өтініштерді жəне топтың құзыретіне кіретін басқа да мəселелерді қарайды. Топтың бақылау-ревизиялау жұмысы жөнінде қажетті есептерді ұсынады. Қазақстан Республикасының заңна масында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: əлеуметтік ғылымдар, экономика жəне бизнес. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағытына сəйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда əлеуметтік ғылымдар, экономика жəне бизнес саласындағы ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. (Жалғасы бар).


8

www.egemen.kz

10 шілде 2014 жыл

 Зерде

Қазақстан Республикасы Индустрия жəне жаңа технологиялар министрлігінің бұйрығы

Бабаларымыздың өмірі мен өскен ортасы жəне тұтастай алғанда қазақ елінің шежіресі, сондай-ақ, ауыз əдебиеті мен аңыз-əңгімесі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқаны ақиқат. Əрине, оны одан əрі зерттеп, зерделеу тарихшы, ғалым-этнографтардың төл ісі. Ал, бүгінгі күні бізге жеткен деректерге қарағанда, олар сонау көшпелі заманда халықтың басын біріктіріп, ел мен жерді жау шапқыншылығынан қорғауда жанқиярлық танытқан аса ірі тұлғалар екені даусыз. Елдің бірлігі мен тұтастығын сақтау үшін бүкіл өмірін күреспен өткізіп, халық жадында дана қайраткер, қаһарман қолбасшы ретінде жатталған.

Нўрбай батыр Рашит ƏЛ-КАРЕНИ (КАРЕНОВ),

Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері, профессор.

Міне, осындай баһадүрдің бірі – Нұрбай Алтайұлы дер едік. Оның есімі қалың Арғын-Алтай руына ұран болған. Аса қырағы батыр XVII ғасырдың басында Жаңаарқа өңірінде дүниеге келіпті, сонда өсіп, ер жетіпті. Ат жалын тартып мінгеннен бастап, сан рет қалмақтармен болған қиян-кескі шайқастарға қатысып, туған жерін қорғағаны айрықша аталып, ерекше ауызға алынып, ел ішінде міне төрт ғасыр бойы есімі аңызға айналып отыр. Нұрбайдың анасы Əниша Еділ бойы қалмақтарының қызы екен. Ол кісінің тегінде еуропалықтардың да қаны болған деседі. Себебі, Əниша кескіні түзу, жіңішке, ақсұр өңді, көзі көк, аспан түстес шаралы екен. Бізге жеткен аңызға қарағанда, Нұрбайдың көзі де көгілдір аспан түстес, қарашығында тұман сыңайлы қара түс болған сияқты. Шегіркөз аталуы содан. Еуропалықтардай кескіні түзу, аса ажарлы адам болған деседі. Нұрбай жасынан өжет, қайсар мінезді болып өсіпті. Ес білгеннен қолына қару алып елін қорғаған. Қатардағы жауынгерден, қол бастаған хас батыр деңгейіне көтерілген. Сарбаздарына батылдық пен ержүректіктің тікелей үлгісін көрсетіп, тəртіптің бұлжытпай орындалуын қатаң талап еткен. Дұшпанмен ешқашан ымыраға келмеген. Сол себептен де халық арасында «Нұрбай батыр маңына қатал, жауына апан» деген қанатты сөз қалыптасып қалған. Нұрбай батыр 1609-1675 жылдары шамасында өмір сүріпті. Бұл Есім, Жəңгір, Тəуке хандардың билік құрған тұстарына сəйкес келеді. 1627 жылы Есім хан бастаған жорыққа он сегіз жасар Нұрбай да қатысыпты. Қорғасқа таяу жердегі шайқаста Ойрат тайпасы көсемдерінің бірі Қоту-Қойсынның інісі Барғаймен жекпе-жекке шығуға ақбоз атпен тұра шапқан. Сонда топтан шыға келген жас жігітті менсінбеген қалмақ батыры: «Алдымда тұрған жас бала, Бола берме мас бала. Үмітің болса жаныңнан, Қарсыласпай, қош бала», деген екен.

Нұрбай батыр жұлып алғандай: «Төгейін деп келемін, Кəпір қалмақ қаныңды. Жіберуге келемін, Жеті тамұқ түбіне, Бір шыбындай жаныңды», дейді. Сөйтіп, арпалыс басталып кетеді. Екеуі найзаласады. Барғай Нұрбайды маңдайынан жаралайды. Бірақ қазақ батыры бұл жолы асқан ерлік жасап, қалмақтың өте мықтысы, құралайды көзге атқан мергені Барғайды найзасымен шаншып өлтіріп, одан əрі қарай шайқаса береді. Есім хан анығын білмек болып: «Нұрбай қай жерінен жараланды?» деп сұрайды. Ханның қасында тұрған бір нөкері: «Ол тұп-тура маңдайынан жаралы болды», дейді. Сонда Есім хан: «Онда Құдай берген екен, даңқты батыр болайын деп тұр екен», деп шаттанады. Ел аузындағы əңгімеге қарағанда Есім хан Нұрбайға осы ерлігі үшін ақсауыт, дулыға, алмас қылыш пен алты қанат ақ боз үйді сыйға тартыпты. Бұл қымбат жəдігерлер Нұрбай батырдың үлкен ұлы Сəти ұрпағында сақталып келіп, өкінішке қарай, дүрбелең замандарда біртебірте жоғалып кеткен. Бұл Нұрбайдың алғашқы ерлігі еді. «Қара қалмақ Барғайдың басын кесіп, Бақ алған Нұрбай батыр он жетіде жекпе-жектен. Ерлігі үшін алашқа мағлұм болып, Ұранға аты шыққан сол себептен» – деген жыр жолдары ел жадында сақталған. Атақты Мəшһүр Жүсіп Көпейұлының шежіресінде («Қазақ шежіресі», Алматы. «Жалын» баспасы, 1993 ж., 25-26 беттер) мынадай қызық деректер келтірілген: «Алтайдың ақ сауыты Нұрбайда қал ған. Қалмаққа олжаға түсіп кеткен жерінен Нұрбай өзі барып алып келген, сауыттың аты Шежекөз. Сондықтан Нұрбай ұраны «шежекөз» болған. Нұрбайдан басқасында белгілі ұран жоқ. Əупəй, Қуандық аталған... Алтайдың балаларының ішінде өскен-өнгені, толығы... Мойын болса керек. Бұл тоқал – Мойынды туған соң қалмаққа олжа болып, жау қолына түсіп кеткен. «Нұрбайдан басқасы қалмаққа барады дейсің бе? Нұрбай барып алып келген». Жау қолынан мерт болар алдында Алысай Бəйеш батыр айтқан: «Бар арманым, əттең ат үстінде алты Нұрбайдың ортасында

жаумен шайқасып өлмедім-ау», деген сөз халық жадында əлі күнге сақталып келеді. Бір ұрыста аты əлсіреп, сүріншектей берген ағасы Алысайдың қолынан туды жұлып алып, жаудың жебесі қара санынан бір түйір бұлшық етін жұлып кеткеніне қарамастан, əскерді бастап, қалмақ қонтайшысы шатырын тіккен төбеге тұра шапқан. Төбе басындағы жауды тас-талқан етіп, Алтайдың қылқұйрық қадаған туын тіккен деген əңгіме де бар. Нұрбайдың бұдан басқа да ерліктері үлкен бір кітапқа мазмұн болуға жетерліктей. Нұрбай батыр аға-інілеріне, балалары мен туыстарына қалыңдықты өзі таңдап, құда түсіп, алып беруді дəстүрге айналдырып ты. Қалыңдық таңдағанда бола шақ құдалардың дəулеті мен сəулетіне емес, алдымен келіннің денсаулығына баса мəн берген. Нұрбай руының жігіттері ерлігімен елге аян, жолдасын жауға бермес, сертке беріктігімен ерекше ленеді. Ел аузында «Батыр Нұрбай», «Нұрбайда үрку де жоқ, қорқу да жоқ», «Шежекөз Нұрбай» сияқты тіркестер жалпы осы əулеттің даңқын айғақтайтын белгідей қалыптасып қалған. Батыр əулеті онша көп емес еді. Баба ерлігін мақтан тұтқан ұр пағы сол жолды мирас етіп, жаугершілікпен күн кешті. Көбі жаумен арпалысып жүріп қаза тапты. Сондықтан, Нұрбай жұрты аз ата болып өсіпті. Жылдар бойы олар туған бауыры Алысай руымен болыстас болып, тек Қазан төңкерісінің алдында ғана бір болыс ел болып жеке шыққан. Нұрбай елінің қыстауы Ақтаудан əрідегі Шажағай өзенінің аяқ тұсы. Бұл өзен ол кезде күзге дейін арнасынан асып, бұрқырап ағып Нұрбай елі қыстауларының тұсында кеңінен жайылып жатады екен. Қалың өскен қамысты, көк құрақты ат бауырынан келердей ұйысқан шалғынды берекелі аймақ Аққұдық, Тастықұдыққа талайлар көз тастапты. Алайда, олар тегеурінді тойтарыс алып отырған. Шажағайдың осы тұсы қыстай мың жылқы тебіндеп шықса да жетерліктей сүбелі болыпты. «Аққұдық, Тастықұдық – əккілі жер, Өзі өлмей қондырмайды Шөмішбай ер...», – деген Күлдібай ақынның тарихта қалған сөздері атақоныс үшін болған сүрең айқастан кейін айтылған.

Сұсы қатты жауынгер Нұрбайдың қол астындағылары сыртқы жаудан қорған болып еркін көшіпқонып жүрген секілді. Атығай Қатпартаста, Мұңлы-Қулының солтүстік-шығыс жағынан бері Сарысу, Ақбастауда, бір шеті Қызылтауға, Шуға дейінгі аралықта жұртының ізі қалыпты. Соңғы жылдары жарық көрген кейбір зерттеулерде Нұрбай батырға қатысты шындыққа жанаспайтын деректер келтіріліп жүр. Мысалы, «Алысай-Нұрбайдың Нұрбайы да Абылай ханның жасағының қатарында біраз ерлік көрсеткен» деген қате дерек ұсынылады. Енді бір деректе «Нұрбай барымташы батыр ретінде бейнеленген: ХVІІІ ғасырда өмір сүрген, Қаракесек руынан шыққан Ес батырдан жекпе-жекте жеңіліс тауып, қайтыс болған, қазіргі Шет ауданына қарасты Қайрақты бойында мазары көтерілген» делінген. Бұл қате пікір. Мəшһүр Жүсіп Көпейұлының жазбаларына жүгінсек, Нұрбай батыр XVII ғасырда өмір сүрген, ХVІІІ ғасырдағы тарихи оқиғаларға еш қатысы жоқ. Сондықтан Нұрбай батыр Абылай ханмен де, Қаракесектің Ес деген батырымен де замандас болмаған, бір ғасыр бұрын өмір сүріп, Есім ханның жорықтарына қатысқан. Көнекөз қариялардың айтуынша, Нұрбай батырдың сүйегі қазіргі Жаңаарқа ауданындағы Ақтау ауылының маңында, Шажағай өзенінің бойында, өзінің атақонысында жатыр. Нұрбай ешқашан барымташы батыр болмаған. Ол ел басына қиын-қыстау күн туған заманда жоңғар шапқыншыларына қарсы қол бастаған Алаш батырларының бірі екендігінде шүбə жоқ. Адам ойы да тымық күнгі теңіз айдыны іспеттес. Жел соқса болды, оның бетін де күміс жалдары ойнақшып, толқындар қаптап кетеді емес пе? Адам да сол секілді. Ойдан ой өрбиді, сөзден сөз туындайды. Менің қолыма қалам алып, Нұрбай батыр жөнінде өз білгенімді, көнекөз қарттардан естігендерімді, тарихи жəне əдеби шығармалардан оқығанымды жазғым келді. «Шыңғыс хан», «Батый хан» кітаптарының авторы Ян: «Өзі көрген ғаламат оқиғалар жөнінде жазып, артында сөз қалдырмаған адам елін жау шапқанда бар асыл дүниесін өзіме бұйырмасын, өзгеге де бұйырмасын деп ұлан құмға апарып көміп тастайтын сараңмен бара-бар», деген екен. Мен сол сараң жандай көрген-білгенімді, естігенімді жасырып қалмай, керісінше атабабаларымыздың туған жерін, өскен елін қалай сүйгенін, зұлым жаудан қорғауда қасықтай қанын да, шыбындай жанын да аямағанын жазуды жөн көрдім. Елбасы Н.Ə.Назарбаев: «Ұлы тұлғаларды білмейінше, бірде-бір дəуірді дұрыстап тану мүмкін емес», – деген болатын. Алайда, елдің тарихына тікелей қатысы бар Нұрбай батырдың есімі қалың жұртшылық арасында əлі кеңінен танылмай отыр. Алдағы уақытта оның биік тұлғасы талай шығармаға арқау болады деп ойлаймыз. Ол жайында деректер əлі жүйеленіп, зерттелмеген. Алайда, болашақта қаhарман қолбасының даңқын асқақтатып, тың деректерді ақтаруға мүмкіндік бар. Бүгінгі ұрпаққа өнеге болуға лайықты батырдың жүріп өткен өмір жолын тарихи көзқараспен таңбалап шығып, есімін елдімекен мен көшелерге беріп, Қарағанды қаласында ескерткішін орнатқан жөн болар еді.

 Жастықтың жұлынқұрты

Жаќсылыќќа їндер шара Жыл сайын маусым айының аяғына таман əлемдік қоғамдастық Нашақорлыққа жəне есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күнін атап өтуді дəстүрге айналдырған. Ондағы мақсат – жұртшылықты саламатты өмір салтын ұстануға шақыру, жаһандық дертпен жұмыла күресуге үндеу. Осыған байланысты биыл Оңтүстік Қазақстан облысы əкімдігінің, облыстық денсаулық сақтау басқармасына қарасты «Саламатты өмір салтын қалыптастыру» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен өңірдің барлық аудандары мен қалаларында «Сенің есірткің – саламатты өмір салты болсын!» ұранымен іс-шаралар өткізілді. БҰҰ-ның соңғы мəліметтері бойынша қазіргі таңда əлемде нашақорлардың саны 185 миллионнан кем емес көрінеді. Оның ішінде нарколог-дəрігерлерді алаңдататын мəселенің бірі – жасөспірімдердің есірткіге тəуелділігінің жыл сайын артып бара жатуы. Осыдан үш-төрт жыл бұрын есірткі пайдаланатындардың ең жасы 16-17-лер

шамасында болса, бұл қазір 1314 жасқа төмендегеніне нақты дəлел келтіріп отыр сарапшылар. Сондықтан да ең алдымен еліктегіш кезеңіндегі жасөспірімдерге бейжай қарауға болмайтынын ұмытпағанымыз абзал. Бұл орайда Оңтүстікте өткен іс-шаралар легінің жасөспірімдерге арналған қойылымнан басталғанын айтқымыз келеді. Оңтүстік Қазақстан облыстық сатира, əзіл-сықақ театрының нашақорлыққа қарсы дайындаған «Барон» атты драмасы алдымен үш күн қатарынан Шымкент қаласында қойылып, сосын аудандарға жол тартты. Самат Алтаев сахналаған бұл психологиялық драма жазғы лагерьлерде дем алып жатқан балалар үйінің тəрбиеленушілеріне, «қиын балалар» деп есептелетін жасөспірімдерге көрсетілді. Нашақорлықтың азабын психологиялық тұрғыдан жан-жақты бейнелеген драма балаларға үлкен əсер қалдырды деп есептейміз. Саламатты өмір дағдысын балалардың бойына ерте жастан сіңіру, оларды зиянды əдеттерден

аулақ болуға үгіттеу мақсатында орталық қызметкерлері Машат шатқалында орналасқан лагерлерьде сан тақырыпты қамтитын іс-шаралар мен байқаулар ұйымдастырып өткізді. Оның ішінде сурет байқауларын, спорттық жарыстарды, «Сенің таңдауың бар ма?» атты шарасын атап айтуға болады. Психологтар балалармен тренингтер жүргізді. Сондай-ақ, орталық «Самал» балалар үйінің тəрбиеленушілеріне велосипедтер мен спорттық сөмкелер, скейтбордтар табыстап, көңілдерін көтеріп тастады. Содан кейін өңір орталығында облыс əкімдігінің қолдауымен, облыстық ішкі істер департаментінің, прокуратураның, денсаулық сақтау, білім, жастар саясаты мəселелері жөніндегі басқармаларының, қала əкімдігі мен басқа да ұйымдардың, тұрғындар мен қонақтардың, жастардың қатысуымен велошеру болды. Бұл шеруге балалармен қатар қарттар, ұзын саны 300 адам қатысты. Оларды «Наурыз» алаңында көпшілік қарсы алды.

Бұл жиында облыс əкімінің бірінші орынбасары Берік Оспанов, облыс прокурорының бірінші орынбасары Батырхан Жəнібеков сөз сөйлеп, көпшілікті саламатты өмір салтын ұстануға шақырды. Шеруге белсенді атсалысқан ең жас велошеруші мен ең егде велошерушіге велосипед сыйға тартылды. Мекемеміздегі денсау лық сақтау орталығының еріктілері жəне мамандары қала көшелері мен саябақтарын жаяу жүріп өтті. Жастар əсерлі викторина ойындарын жүргізіп, нашақорлықпен батыл күресуге шақырды. Жаяу жүргіншілерге арналған жолдарға «Есірткіге жол жоқ!» деген жазу жазып, осы кеселден мүлдем бас тартуға үндеу тастады. Осылайша нашақорлықтың алдын алуға бағытталған түсіндіру жұмыстары аймақтың барлық аудандарында жүргізілді. Жанат ТОҒАЙБЕКОВА, «Облыстық саламатты өмір салтын қалыптастыру» мемлекеттік мекемесінің директоры.

ШЫМКЕНТ.

2014 жылғы 25 маусым

№243

Астана қаласы

«Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары – резиденттерімен моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасудың, оның талаптары мен үлгі нысанының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар Министрінің 2010 жылғы 11 маусымдағы № 113 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Кеден одағы жəне Бірыңғай экономикалық кеңістіктегі мүше мемлекеттердiң аумақтарында «Моторлы көліктік құралдарын өнеркəсіптік құрастыру» ұғымын қолдану шарттары туралы» Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 29 мамырдағы №72 шешімін (бұдан əрі – Шешім) іске асыру мақсатында бұйырамын: 1. «Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары – резиденттерімен моторлы көлік құралдарын өнеркəсіптік құрастыру туралы келісімді жасасудың, оның талаптары мен үлгі нысанының кейбір мəселелері туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Индустрия жəне жаңа технологиялар Министрінің 2010 жылғы 11 маусымдағы № 113 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 6299 болып енгізілген, «Казахстанская правда» газетіне 2010 жылғы 23 маусымдағы №156-157 (26217-26218) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: кіріспе жаңа редакцияда жазылсын: «Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы жəне Ресей Федерациясының кеден одағының бірыңғай кедендіктарифтік реттеу туралы» Кеден одағы комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы шыққан № 130 шешімін іске асыру мақсатында жəне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия жəне жаңа технологиялар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 147) тармақшасына сəйкес бұйырамын:»; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия жəне жаңа технологиялар бірінші вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін.»; Моторлы көлік құралдарын өнеркəсіптік құрастыру туралы келісім жасасудың ережесінде: кіріспе жаңа редакцияда жазылсын: «Осы Ереже «Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы жəне Ресей Федерациясының кеден одағын бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы» Кеден одағы комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешімін іске асыру мақсатында жəне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия жəне жаңа технологиялар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 147) тармақшасына сəйкес əзірленді жəне Қазақстан Республикасының заңды тұлғалармен 8701, 8702, 8703, 8704, 8705 КО СЭҚ ТН тауар позициялары моторлы көлік құралдарын өнеркəсіптік құрастыру туралы келісім жасасудың тəртібі мен талаптарын айқындайды.»; 2-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «моторлы көліктік құралдарын өнеркəсіптік құрастыру – Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шешімімен белгіленген кəсіпорынның жобалы өндірістік қуаттылығын қамтамасыз ететін технологиялық процестер негізіндегі сериялық өндіріс жүйесі, ол мына технологиялық операциялардың орындалуын қамтиды:»; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Шешім күшіне енгенге дейін келісім жасасқан заңды тұлғалар үшін 8703 КО СЭҚ ТН тауар позициясының моторлы көлік құралдарын шығару кезінде Келісімнің міндетті талаптары келісімге қол қойылған күні кемінде 2 миллиард теңге сомасына өндірістік активтердің, тиісті көпжақты келісім жасасқан 2-ден аспайтын заңды тұлғалар үшін жиынтықтай алғанда жылына кемінде 25 мың моторлы көлік құралы немесе кемінде 50 мың моторлы көлік құралы болатын өндірістік қуаттылықтарының болуы, сондай-ақ заңды тұлғаның келісімге қол қойған сəттен бастап 84 айдан аспайтын мерзімдегі міндеттемесінің болуы болып табылады, олар мыналарды қамтамасыз етеді: 8703 КО СЭҚ ТН тауар позициясының моторлы көлік құралдарының кемінде бір моделін өнеркəсіптік құрастыруды бастау; 8707 КО СЭҚ ТН тауарлық позициясы бойынша жіктелетін шанақтың құнын ескере отырып өндіріс үшін пайдаланылатын автокомпоненттердің жалпы құнынан 70% көп емес көлемде «8701-8705 КО СЭҚ ТН тауарлық позициясының моторлы көлік құралдарын, олардың тораптары мен агрегаттарын өнеркəсіптік құрастыруға арналған» Бірыңғай кедендік тарифтің позициялары бойынша Кеден одағының қатысушысы болып табылмайтын мемлекеттерде жасалған өнеркəсіптік құрастыру үшін автокомпоненттерді əкелу. Шешім күшіне енгеннен кейін жан-жақты келісім жасасқан заңды тұлғалар үшін 8703 КО СЭҚ ТН тауар позициясының моторлы көлік құралдарын шығару кезінде келісімнің міндетті талаптары мыналарды қамтамасыз ету болып табылады: 8703 КО СЭҚ ТН тауар позициясының моторлы көлік құралдарының кемінде бір моделін өнеркəсіптік құрастыруды бастау; бір модель бойынша оқшаулау деңгейін келісімнің қолданысы аяқталғанға дейін кемінде 50 % жеткізу.»; мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын: «5-1. 8701, 8702, 8704, 8705 КО СЭҚ ТН тауар позициясының моторлы көлік құралдарын шығару кезінде Келісімнің міндеті талаптары заңды тұлғаның келісімге қол қойылған күнінен бастап 6 ай ішінде кемінде 0,5 млрд. теңге сомаға өндірістік активтерді қалыптастыру, сондай-ақ мыналарды қамтамасыз ету болып табылады: 8701, 8704, 8705 КО СЭҚ ТН тауар позициялары бойынша жобалы қуаты екі ауысымды жұмыс режимінде жылына кемінде 10 000 моторлы көлік құралдары; 8702КО СЭҚ ТН тауар позициясы бойынша жобалы қуаты жылына кемінде 1200 моторлы көлік құралы; 8701, 8704, 8705 КО СЭҚ ТН тауар позицияларының бірі бойынша моторлы көлік құралдарының кемінде бір моделін өнеркəсіптік құрастыруды бастау; бір модель бойынша оқшаулау деңгейін келісімнің қолданысы аяқталғанға дейін кемінде 50 % жеткізу.»; 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «8. Шешім күшіне енгенге дейін келісім жасасқан заңды тұлғалармен жан-жақты келісімдерді қоспағанда, Келісім күшіне енгеннен кейін 8703 КО СЭҚ ТН тауар позициясының моторлы көлік құралдарына қатысты жаңа келісімдер жасасуға жол берілмейді. Өнеркəсіптік құрастыруға өту мерзімі жан-жақты келісім тараптарының бірі қабылдаған ең жоғары мерзімнен аспауы тиіс.»; мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын: «8-1. 8701, 8702, 8704, 8705 КО СЭҚ ТН тауарлар позициясының моторлы көлік құралдарына қатысты келісімдер

жасасуға Шешім күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 60 күн ішінде 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде беріледі.»; 11-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «осы Ереженің 5-тармағына сəйкес келісімге қол қойылған күнге жəне 5-1 тармағына сəйкес Келісімге қол қойылғаннан кейін 6 ай өткен соң заңды тұлғада өндірістік активтердің болуын растайтын аудиттелген қаржы есеп-қисабы.»; Моторлы көлік құралдарын өнеркəсіптік құрастыру туралы келісімді жасасу ережесіне қосымшада: 1.1.-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1.1. Осы келісімнің мəні Қазақстан Республикасының мемлекеттік қолдауын ескере отырып, отандық автомобильдер өндірісін дамытуға бағытталған ЕурАзЭҚ (бұдан əрі – Кеден одағы) шеңберінде Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы жəне Ресей Федерациясы Кеден одағының жағдайында «өнеркəсіптік құрастыру» ұғымын қолдана отырып 8701, 8702, 8703, 8704, 8705 КО СЭҚ ТН тауар позицияларының моторлы көлік құралдарын шығару кезінде өзара міндеттемелер мен кепілдіктерді белгілеу жəне іске асыру жөніндегі талаптардың өзара іс-қимылы болып табылады. Моторлы көлік құралдарын «өнеркəсіптік құрастыру» дегенде өзіне мынадай технологиялық операцияларды орындауды: шанақты дəнекерлеу, бояу жəне монтаждау; салонның жабдықтарын монтаждау; күш агрегатын, руль механизмін, шығару жүйесін монтаждау; электр жабдықтарын, аспа элементтерін монтаждау; экстерьер элементтерін монтаждау; дайын моторлы көлік құралдарына бақылау сынақтарын жүргізуді қамтитын технологиялық процестердің негізінде, екі ауысымды жұмыс режимі кезінде кəсіпорынның жобалық өндірістік қуатын 8703 КО СЭҚ ТН тауар позициясы үшін жылына тиісті көпжақты келісім жасасқан 2-ден аспайтын заңды тұлғалар үшін жиынтықтай алғанда жылына кемінде 25 мың моторлы көлік құралы немесе кемінде 50 мың моторлы көлік құралы болатын өндірістік қуаттылықтарының болуы, 8701, 8704 жəне 8705 КО СЭҚ ТН тауар позициялары үшін жылына кемінде 10 мың бірлік, 8702 КО СЭҚ ТН тауар позициясы үшін жылына кемінде 1,2 мың бірлік қамтамасыз ететін сериялы өндіріс жүйесі түсініледі.». 1.3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1.3. Тараптар серіктестігі (өзара іс-қимылы) Тараптардың: 1) 8703 КО СЭҚ ТН тауар позицияларының моторлы көлік құралдарын шығару кезінде Өндірушінің келісімге қол қойылған күні кемінде 2 миллиард теңге сомаға өндірістік активтердің болуы туралы талаптарды орындауды қамтамасыз ету немесе 8701, 8702, 8703, 8704, 8705 КО СЭҚ ТН тауар позицияларының моторлы көлік құралдарын шығару кезінде келісімге қол қойылған күннен бастап 6 ай ішінде кемінде 0,5 млрд. теңге сомаға өндірістік активтерді қалыптастыру, сондай-ақ: 8701, 8702, 8703, 8704, 8705 КО СЭҚ ТН тауар позицияларының моторлы көлік құралдарының кемінде бір моделін өнеркəсіптік құрастыруды бастау; бір модель бойынша оқшаулау деңгейін келісімнің қолданысы аяқталғанға дейін кемінде 50 % жеткізу.»; 2) Уəкілетті органның «өнеркəсіптік құрастыру» ұғымын қолдана отырып 8701, 8702, 8703, 8704, 8705 КО СЭҚ ТН тауар позицияларының моторлы көлік құралдарын шығару кезінде Өндірушінің келісімнің талаптарын сақтауына кепілдік беру бойынша міндеттемелерді қабылдағанда жасалады.». 2.1.1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2.1.1. 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде: 8701, 8702, 8703, 8704, 8705 КО СЭҚ ТН тауар позициясының моторлы көлік құралдарын кемінде бір моделін өнеркəсіптік құрастыруды іске қосуды; бір модель бойынша оқшаулау деңгейін келісімнің қолданысы аяқталғанға дейін кемінде 50 % жеткізуді қамтамасыз етуге.»; 2.2.1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2.2.1. осы келісім талаптарының нашарлау жағына өзгеруіне алып келетін (артықшылықтардың қолданылу шарттары жəне/ немесе мерзімінің «өнеркəсіптік құрастыру» ұғымын қолдану шартының жəне т.б. өзгеруі) 8701, 8702, 8703, 8704, 8705 КО СЭҚ ТН тауар позицияларының моторлы көлік құралдарын өнеркəсіптік құрастыру туралы келісім жасасу ережесі өзгерген жағдайда келісім талаптарын өзгертпеуге міндеттенеді.»; 8.1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «8.1. Осы келісім 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін əрекет етеді.»; 8.4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «8.4. Астана қ. 2014 ж. «__» ________ əрқайсысы қазақ жəне орыс тілінде, бірдей заңды күші бар екі данада, əр тарапқа 1 (бір) данадан жасалады. Егер келіспеушіліктер болған жағдайда, осы келісімнің ережелерін талқылауда, тараптар орыс тіліндегі мəтінге жүгінеді.». 2. Қазақстан Республикасы Индустрия жəне жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркəсіп комитеті (Б.Ə. Қасымбеков) заңнамада белгіленген тəртіпте: 1) Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін; 2) Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның бұқаралық ақпарат құралдарында жəне «Əділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Индустрия жəне жаңа технологиялар министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын; 4) Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Индустрия жəне жаңа технологиялар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) жəне 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мəліметті ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Индустрия жəне жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушы А.РАУ. –––––––––––––– Бұйрық Қазақстан Республикасының Əділет министрлігінде 2014 жылғы 3 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №9555 болып енгізілді.

Ќазаќ тілді журналистер арасында «Алтын ќалам» V шыєармашылыќ байќауы ґтеді Еуразиялық Топ ENRC-дің үздік дəстүрлерін жалғастырып, «Егемен Қазақстан» республикалық газетімен бірге V шығармашылық «Алтын қалам» байқауының басталғандығы туралы хабарлайды. Байқауға республикалық жəне өңірлік басылымдардың, теледидар, радио жəне Интернет басылымдарының журналистері қатыса алады. Байқаудың мақсаты – кен байыту жəне металлургия саласындағы мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуы мен ҮИИД бағдарламасының жобаларының іске қосылуы, еңбек адамдары туралы жазған журналистерді анықтап, марапаттау. Байқау қорытындысы мен журналистерді марапаттау Қазақстан Республикасы Тəуелсіздігі күні мерекесіне қарай шығарылады. Материалдарға қойылатын талаптар Байқауға жолданған материалдар кен байыту жəне металлургия саласындағы мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуы, салалық мəселелер мен салада қызмет ететін еңбек адамдары туралы болуы қажет. Материалдар республикалық жəне өңірлік қазақ тілді басылымдарда, Интернет басылымдарында немесе телеарналар мен радиода 2014 жылы жарық көрген болуы қажет. Жолданған материалдарда басылымның, телеарнаның немесе

радионың атауы, материалдың мерзімі мен авторы көрсетілуі керек. Кемінде үш материалдың (мақала, теле-, радиосюжет) түпнұсқасы жіберілгені жөн. Материалдар 2014 жылдың 15 қарашасына дейін қабылданады. Материалдар рецензияланбайды жəне кері қайтарылмайды. Материалдарды бағалау өлшемдері Ақпараттық құндылығы. Сараптамалық тереңдігі. Тақырып өзектілігі. Журналистік шеберлігі. Байқау жеңімпаздарына белгіленген сыйлықтар Конкурс қорытындысы бойынша мынадай жүлделі орындар белгіленген: 1 орын – бір аталым – 500 мың теңге. 2 орын – екі аталым – 400 мың теңгеден. 3 орын – үш аталым – 300 мың теңгеден. Материалдарды «Байқауға» белгісімен мына мекенжайға жіберу керек: Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 30 а, 401-бөлме. Қосымша ақпарат алу үшін хабарласыңыз: тел: +7 (7172) 592-218, ұялы тел: 8-701-960-69-72, yerzat.tursunkulov@kz.enrc.com


www.egemen.kz

10 шілде 2014 жыл

 Дүниенің доп додасы Шілденің 9-ына қараған күнгі таң алдында Бразилия мен Германия құрамалары арасындағы бірінші жартылай финалдық ойын аяқталды. Белу-Оризонти қаласында өткен бұл кездесуде чемпионаттың ең басты сенсациясы тіркелді – бундестим селесаоны 7:1 есебімен күйрете жеңіп, финалға шықты.

«Неміс мəшинесі» Бразилияны тас-талќан етті

Серік ПІРНАЗАР,

«Егемен Қазақстан».

Талай жылдардан бері дүние доп додасының флагмандары саналып келе жатқан Бразилия жəне Германия құрамалары осы кезге дейін екеулеп жүріп, сегіз мəрте жаһан жеңімпазы атанып үлгерген еді. Бұл атақтың бесеуі бразилиялықтардың еншісінде болса, үшеуін германиялықтар қоржынға салып қойған болатын. Сөйте тұра, екі команданың бір-бірлерімен жеке-дара кездесулерінің шежіресі мүлде жұтаң. Бір ғажабы, бұл екі құрама осы кезге дейін бір-бірімен бір рет те жолдастық кездесу өткізіп көрмепті. Ал əлем чемпионаттары шеңберінде жалғыз-ақ мəрте, 2002 жылы Жапония мен Корея бірлесе өткізген біріншілік барысында ұшырасты. Онда пентакампеонның мерейі үстем шығып, 2:0 есебімен басым түскен. Сондықтан мына жеңіс сол жалғыз жеңілістің қарымтасын қайтару сияқты да болып көрініп отыр. Германия құрамасы алаңға өздеріне етене емес қызыл-қара жейдемен шықты. Старттық құрамда Мирослав Клозенің шыққаны да Йоахим Лёвтің тактикалық жаңалықтарының бірі болды. Ал оның жеке өзі үшін бұл матч финалға шыққаннан да маңыздырақ көрінді. Себебі, осы шайқас шырғасында неміс форвардының аты аңызға айналған бразилиялық Роналдоның рекордын жаңартып, əлем чемпионаттарында соғылған ең көп гол санын 16-ға жеткізу мүмкіндігі туған еді. Бұл үшін оған бір гол соқса жетіп жатты. Алдын ала айта кетейік, ойынның алғашқы жартысында-ақ неміс футболшысы өзінің сол мақсатын толық орындай білді. Бразилиялықтар немістермен матчқа өздерінің ең күшті ойыншылары – команда капитаны Тьяго Силва мен үздік шабуылшы Неймарды қоя алмады. Бұған бұлардың біріншісінің бұған дейін көбірек ескерту алғаны, ал екіншісінің колумбиялықтармен өткен алдыңғы ойында қатты жарақаттанып қалғаны себеп болды. Осының салдарынан Силваны «Баварияның» қорғаушысы Данте алмастырса, Неймардың орнына алаңға Донецкінің «Шахтерінің» ойыншысы Бернард шықты. Кейін көп ұзамай белгілі болғандай, бұлардың екеуі де құраманың жоғарыдағы үздік мүшелерін өз деңгейінде алмастыра алған жоқ. Айналып келгенде, Силва мен Неймарсыз ойын селесао үшін нағыз апатты нəтиже əкелді. Ойынның бірінші таймы немістерге тарихтағы ең даңқты кезең ретінде көрініс берсе, бразилиялықтарға еске түскенде ұйқыдан шошып оянатын хəлді туғызды. Бірақ матчтың басы ешқандай дабыл шақыратындай ахуалды байқатқан жоқ еді. Əлемнің бес дүркін чемпионының шабуылымен басталған бұл кездесу тартыстың ұзаққа созылатынын танытқандай-тын. Сол жорықтар кезінде бразилиялықтардың есеп ашып кететіндей де

жағдайлары болды. Алайда, матчтың 7-минутына қарай алаңда тепе-теңдік орнай бастады. Енді «неміс мəшинесі» алға қарай құландай жортып, қарсы жақтың жықпыл-жықпылын тіміскілеуге кірісті. Солардың бірінде Тони Кроос жеткізген айып добын дəл қақпашының алдында тұрған Томас Мюллер қабылдап алып, оны екі қорғаушының жанынан қос бағанның ортасына тастай салды. Гол! Сол-ақ екен, бұған дейін қабырғасы қатты болып көрініп тұрған Бразилия қорғанысы бірден қожырап сала берді. Осыдан бастап ол аузы ашық тұрған кең дарбазаға ұқсап кетті. «Қазаннан қақпақ кеткенін» тез аңғара қойған немістер содан кейін аса бір қатты күш жұмсамай-ақ бір доптан кейін бір допты сол ашық алаңқайға топырлатып тоғытумен болды. Атап айтқанда, 11-минуттан 29-минутқа дейін ғана созылған 18 минуттың ішінде олар осылай алаң иелерінің қақпасына жауапсыз бес гол салып үлгерді. Алдымен Мирослав Клозе 60 мың жанкүйердің көз алдында Роналдоның рекордын тəрк етіп, бундестимнің басымдығын еселей түсті. Содан кейін айналасы бір минуттың аумағында Тони Кросс дубль жасап кетті – 4:0! Ал 29-минутта Сами Хедира таймдағы Жулио Сезардың қақпасына соғылған соңғы, бесінші голдың авторы атанды. Айтатыны жоқ, Бразилия əлем чемпионаты аясында сонау 1920 жылдан бері əлі ешкімге дəл мұндай ірі есеппен ұтылып көрмеген еді. Сол жолы Уругвайға 0:6 болып есе жіберген ол тек 1998 жылы ғана француздар командасынан 0:3 болып тізе бүккен екен. Енді немістердің алдыңғы нəтиже деңгейінен де асып түсетін мүмкіндігі туды. Алайда, екінші тайм алдыңғыға қарағанда, айтарлықтай байыпты қалыпта өтті. Селесао бас бапкері Луис Филипе Сколари масқаралықтың бұдан асып кетпеу жағын қамдап, екі бірдей тың ойыншыны шығарды. Бірақ ол үміт артқан Паулиньо Мануэль Ноймермен екі рет бетпе-бет келіп, нысананы дəл көздей алмады. Ал Йоахим Лёв Клозенің орнына Андре Шюррлені сəтті шығарған болып шықты. Ол ойынға қосылғанына тура он минут өткенде өзінің бірінші голын соғып, немістердің басымдылығын арттыра түсті. Сөйтіп, Уругвай құрамасының көрсеткішін қайталады. Тағы он минуттан кейін Андре екінші голын салып, матчта дубль жасаушы екінші ойыншы атанды. Ойынның соңына қарай немістер тізгінді ептеп босатқандай болды. Сол шамада қауқары қайтып, қажыры қашқан Бразилия құрамасы алға қарай шапқыншы жөнелтуге көшті. Солардың бірінде, негізгі уақытқа қосылған 1 минутта Оскар бір доптың қарымтасын қайтаруға əупіріммен қол жеткізді. Бүгін таң алдында Аргентина мен Голландия арасындағы екінші жартылай финалдық ойын да аяқталды. Финал 13 шілде күні түнде ойналады.

 Спорт

Мыќтыны шаршы алаѕ аныќтайды

Алматыда бокстан ересектер арасында өтіп жатқан «Қазақстан Республикасы Президентінің кубогы» IV халықаралық турнирінде 10 қазақстандық боксшының алтауы келесі айналымға шықты. Дастан КЕНЖАЛИН, «Егемен Қазақстан».

Турнирдің бірінші күні төрт боксшымыз қарсыластарына есе жіберіп алды. Ең жеңіл, яғни 49 кг салмақта Азия чемпионы Теміртас Жүсіпов, Əділет Құрметов (52 кг), Ерлан Тəмемов (52 кг) пен Алмасбек Орынғалиев бірінші айналымда жеңіліп қалды. Ал басқа боксшыларымыз Жомарт Ержан (49 кг) моңғол Гангарада Ганерденнен, Ілияс Сүлейменов (52 кг) тəжік Зайнуддин Ходжамкуловтан басым түсті. Сол сияқты Берік Əбдірахманов (60 кг) Қырғызстан чемпионы Акжол Суйламбек уулуны, Зəкір Сафиуллин (60 кг) əзербайжан Ариз Ибрагимовты ұтты. Команда капитаны Данияр Елеусінов (69 кг) пен ресейлік Дмитрий Муратовтың жекпе-жегі өте тартысты өтті. Бірінші раундта біздің боксшымыз нокдаунда да болды. Алайда, соңғы екі раундта Данияр өзін тез жинап, ресейлік боксшыны сабап тастады. Бұл кездесу 3:0 есебімен Елеусіновтің

басымдығымен аяқталды. 81 кг салмақ дəрежесінде қолғап түйістірген Əділбек Ниязымбетов те ресейлік қарсыласын қуып жүріп сабады десе болады. Ол да Евгений Вороновты 3:0 есебімен ұтты. Кеше Қазақстан құрамасынан шаршы алаңға Ержан Ордабаев (56 кг), Берік Əбдірахманов, Зəкір Сафиуллин мен Дархан Жұмсақбаев (60 кг), Алмасбек Əлібеков, 2011 жылғы Азия чемпионы Айдар Əмірзақов пен Асланбек Шымбергенов (64 кг), Азия чемпионы Антон Пинчук, Аскар Абдуллаев пен Алексей Севостьянов (91 кгдан жоғары) шықты. Олар ресейлік Зинат Жандыбаев, Дмитрий Черняк (Украина), Отгондалай (Моңғолия), Чарли Саурез (Филиппин), Иван Данча (Украина), Сахм Каррар (Ирак), Эдуард Хусаинов (Ресей), Яргал Отоняргал (Моңғолия), Сергей Радченко (Украина) мен Кордова Херихпен (Куба) қолғап түйістірді. Бұл турнир Халықаралық бокс қауымдыстығының қамқорлығы аясында өтіп жатыр. Қазақстан Бокс

федерациясының вице-президенті Серік Қонақбаевтың айтуынша, болашақта «Қазақстан Республикасы Президентінің кубогы» турнирін АИБА-ның «А» сыныпты турнирлер күнтізбесіне енгізу көзделіп отыр. Егер турнир «А» сыныпқа енгізілсе, онда оған болашақта 20-дан астам елдердің боксшылары қатыса алады. Ал əзірге оған əлемнің 12 елінен 106 боксшы қатысуда. Биылғы турнирдің жүлде қорына келсек, оның жеңімпаздарына 4 000 доллардан табыс етіледі. Екінші орын алған жүлдегерлер 2000 доллардан алса, қола жүлдегерлерге 1000 доллардан беріледі. С.Қонақбаевтың айтуынша, біздің боксшылардың осы турнирде кем дегенде 5 алтын медальді жеңіп алуға мүмкіндіктері бар. Өйткені, отандастарымыз турнирге үш құраммен қатысуда. Олардың дайындығы да жақсы. – Биылғы жарысқа Қазақстан құрама командасының үш құрамы да қатысуда. Ондағы мақсат – команданың алдағы қыркүйек айында Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтетін Азия ойындарына дайындығын байқау. Содан кейін боксшыларымыз Түркияның Анталья қаласына барып, екі апта демалып қайтады. Ал 2015 жылдың тамыз айында нағыз дайындық басталады. Осы кезден бастап боксшыларымыз Олимпиадаға жолдама беретін əлем чемпионатына қатысуға дайындалады, – дейді С.Қонақбаев.

9

«Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жанындағы конкурстық комиссия облыс халқына стационарлық пен стационар алмастыратын медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау саласының төмендегі мемлекеттік ұйымдарында енгізілетін басқару органы – байқау кеңестері мүшелерінің лауазымдарына конкурс жариялайды: 1) Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының «Маңғыстау облыстық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кəсіпорны, Ақтау қаласы, 130000, 24-шағын аудан, №2 аурухана қалашығы; 2) Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық балалар ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кəсіпорны, Ақтау қаласы, 130000, 24-шағын аудан, №2 аурухана қалашығы; 3) Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық стоматология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кəсіпорны, Ақтау қаласы, 130000, 1-шағын аудан, медициналық қалашық; 4) Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының «Түпқараған орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кəсіпорны; 5) Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының «Жаңаөзен орталық қалалық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кəсіпорны; 6) Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының «Жаңаөзен қалалық перзентханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кəсіпорны; 7) Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық перинаталдық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кəсіпорны, Ақтау қаласы, 130000, 24-шағын аудан, №2 аурухана қалашығы. Байқау кеңесі мүшелеріне үміткерлер келесі талаптарға сай болуы тиіс: 1) денсаулық сақтау саласындағы кемінде он жыл жұмыс тəжірибесінің; 2) денсаулық сақтау саласындағы басшылық қызметте (заңды тұлға басшысы немесе оның орынбасарлары) кемінде бес жыл тəжірибесінің; 3) денсаулық сақтау саласындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшесі болуын қамтиды. Мынадай: 1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен соттылығы өтелмеген немесе алынбаған; 2) заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам осы заңды тұлғаның басшысы болған; 3) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған; 4) байқау кеңесінің басқа мүшесімен немесе мемлекеттік кəсіпорын басшысымен жақын туыстық жəне туыстық қатынастағы адамды байқау кеңесінің мүшесі ретінде сайлауға болмайды. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға комиссияға 2014 жылдың 11 тамызына дейін Облыстық денсаулық сақтау басқармасына, Ақтау қаласы, 3-шағын аудан, 100-ғимарат, 116-кеңсеге мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс: 1) конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2) мемлекеттік жəне орыс тілдерінде түйіндеме; 3) еркін нысанда жазылған өмірбаян; 4) үміткердің жеке басын куəландыратын құжаттың көшірмесі; 5) білімі туралы құжаттың көшірмесі; 6) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнына қабылданғаны жəне еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмесі; 7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы жəне сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы жоқ екендігін растайтын құжаттар. Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тəжірибесіне, кəсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дəрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, осының алдындағы жұмыс орнының басшылығынан ұсыным) беруіне болады. Үміткер конкурстық өтінімнің түпнұсқасын «Түпнұсқа» деп белгіленген конвертке салып мөрлейді. Бұл конвертте үміткердің аты-жөні жəне мекенжайы көрсетілуі тиіс. Содан кейін конверт сыртқы конвертке салынып мөрленеді. Ішкі жəне сыртқы конверттер: 1) шақыруда немесе мерзімдік басылымдағы ақпаратта көрсетілген мекенжай бойынша уəкілетті органға бағытталуы; 2) «Байқау кеңесі мүшелерінің - мемлекеттік кəсіпорынның байқау кеңесі мүшелерінің конкурсы» жəне 2014 жылдың 12 тамызында сағат 10-ға дейін ашуға болмайды» (шақыруда немесе мерзімдік басылымда көрсетілген конвертті ашу күні мен уақыты) деген сөздерді қамтуы тиіс. Конкурстық өтінім мемлекеттік жəне орыс тілдерінде бір-бір данадан жіберіледі. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар үшін құжаттарды қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн аяқталған соң тоқтатылады. Конкурс мынадай кезеңдерден тұрады: 1) конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу; 2) конкурсқа өзінің қатысуын растаған үміткерлердің біліктілігін бағалау; 3) үміткерлермен əңгімелесу жүргізу жəне байқау кеңесі мүшелерін іріктеу; 4) конкурстың қорытындысын шығару. Конкурс 2014 жылдың 12 тамызында сағат 10.00-де Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының ғимаратында өткізіледі.

Конкурсная комиссия при государственном учреждении «Управление здравоохранения Мангистауской области» объявляет о конкурсе на занятие должности члена органа управления - наблюдательного совета вводимого в нижеследующих государственных организациях здравоохранения Мангистауской области, осуществляющих стационарное и стационарозамещающее медицинское обслуживание населения области: 1) государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения «Мангистауская областная больница» Управления здравоохранения Мангистауской области, 130000, г. Актау, 24-микрорайон, больничный городок №2; 2) государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения «Областная детская больница» Управления здравоохранения Мангистауской области, 130000, г. Актау, 24-микрорайон, больничный городок №2; 3) государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения «Областной стоматологический центр» Управления здравоохранения Мангистауской области, 130000, 1-микрорайон, медицинский городок, здание стоматологической поликлиники; 4) государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения «Тупкараганская центральная районная больница» Управления здравоохранения Мангистауской области, 130500, Тупкараганский район, город Форт-Шевченко, улица Жалау Мынбаева, 112; 5) государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения «Жанаозенская центральная городская больница» Управления здравоохранения Мангистауской области, 130200, город Жанаозен, микрорайон «Шанырак», больничный городок; 6) государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения «Жанаозенский городской родильный дом» Управления здравоохранения Мангистауской области, 130200, город Жанаозен, микрорайон «Шанырак», больничный городок; 7) государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения «Областной перинатальный центр» Управления здравоохранения Мангистауской области, 130000, г. Актау, 24-микрорайон, больничный городок №2; Кандидаты в члены наблюдательного совета должны соответствовать следующим требованиям: 1) опыта работы не менее десяти лет в сфере здравоохранения; 2) опыта руководящей работы (руководитель юридического лица или его заместители) не менее пяти лет в сфере здравоохранения; 3) являющегося членом общественного объединения в сфере здравоохранения. В качестве члена наблюдательного совета не может быть избрано лицо: 1) имеющее непогашенную или неснятую судимость в установленном законодательством Республики Казахстан порядке; 2) являвшееся руководителем юридического лица более одного года до принятия решения о признании данного юридического лица банкротом; 3) ранее совершившее коррупционное правонарушение; 4) находящееся в отношениях близкого родства и свойства с другим членом наблюдательного совета или руководителем государственного предприятия. Лицо, изъявившее желание принять участие в конкурсе (далее - кандидат), в срок до 11 августа 2014 года, представляет комиссии следующие документы по адресу: Управление здравоохранения Мангистауской области, г.Актау, 3-микрорайон, дом 100, канцелярия, кабинет 116: 1) заявление об участии в конкурсе; 2) резюме на государственном и русском языках; 3) автобиографию, изложенную в произвольной форме; 4) копию документа, удостоверяющего личность кандидата; 5) копию документа о высшем образовании; 6) копию трудовой книжки (при ее наличии) или трудового договора либо выписки из приказов о приеме и прекращении трудового договора с последнего места работы; 7) документы, подтверждающие отсутствие судимости и коррупционных правонарушений, выданные территориальными подразделениями Комитета по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан. Участник конкурса может представить дополнительную информацию, касающуюся его образования, опыта работы, профессионального уровня (копии документов о повышении квалификации, присвоении ученых степеней и званий, научных публикациях, рекомендации от руководства предыдущего места работы). Кандидат запечатывает оригинал конкурсной заявки в конверт, пометив его: «Оригинал». На этом конверте должны быть указаны фамилия, имя, отчество и адрес кандидата. После этого конверт запечатывается во внешний конверт. Внутренний и внешний конверты должны: 1) быть адресованы уполномоченному органу соответствующей отрасли (местному исполнительному органу) по адресу, указанному в приглашении или информации в периодической печати; 2) содержать слова «Конкурс членов наблюдательного совета - членов наблюдательного совета государственного предприятия» и «Не вскрывать до 10 часов 12 августа 2014 года (дата и время вскрытия конвертов, указанных в приглашении или информации в периодической печати). Конкурсная заявка направляется на государственном и русском языках по одному экземпляру. Прием документов для лиц, изъявивших желание принять участие в конкурсе заканчивается по истечении тридцати календарных дней со дня объявления проведения конкурса в средствах массовой информации. Конкурс состоит из следующих этапов: 1) вскрытие конвертов с конкурсными заявками; 2) квалификационная оценка кандидатов, подтвердивших свое участие в конкурсе; 3) проведение собеседования с кандидатами и отбор членов наблюдательного совета; 4) подведение итогов конкурса. Конкурс будет проведен в 10.00 часов 12 августа 2014 года в здании управления здравоохранения Мангистауской области по адресу: г.Актау, 3-микрорайон, дом 100.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитеті «Алматы мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті» мемлекеттік мекемесінің Жетісу филиалы мемлекеттік республикалық меншіктегі нысанды мүліктік жалға (жалдауға) беру бойынша тендер өткізетінін хабарлайды, тендер 2014 жылғы 29 шілдеде сағат 11.00-де мына мекенжайда болады: Алматы қ., Желтоқсан к-сі, 114.

«Теңізмұнайқұрылыс» акционерлік қоғамының директорлар кеңесі 2014 жылғы 30 шілдеде сағат 11.00-де акционерлердің жылдық жалпы жиналысы өткізілетіні туралы хабарлайды. Жиналыс Атырау облысындағы Жылыой ауданының Теңіз вахталық кентіндегі «Теңізмұнайқұрылыс» акционерлік қоғамы кеңсесінің 2-қабаттағы мəжіліс залында өткізіледі. Жиналысқа қатысушыларды тіркеу 01.07.2014 ж. жасалған қоғам акционерлерінің тізімі бойынша сағат 10.00-де жүргізіледі. Күн тəртібі: 1. Қоғамның 2013 жылғы жұмыстарының қорытындылары туралы. 2. 2013 жылғы жылдық қаржылық есебін бекіту. 3. 2013 қаржылық жылдағы қоғамның таза табысын бөлу тəртібін бекіту. 4. Қоғамның бір жай акциясына есептегендегі жыл бойынша дивидендтер мөлшерін бекіту. Акционерлердің жалпы жиналысының күн тəртібі бойынша құжаттармен «Теңізмұнайқұрылыс» акционерлік қоғамының кеңсесінде танысуға болады. Акционерлердің көпшілік үлесі болмаған жағдайда қайтадан акционерлердің жиналысы 2014 жылғы 31 шілдеде осы мекенжайда, сол көрсетілген уақытта өткізіледі.

Тендерге мына нысан ұсынылады: 1. Тұрақжай, жалпы алаңы 237,9 ш.м., барлық инженерлік-техникалық коммуникацияларымен бірге, орналасқан мекенжайы: Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы кенті. Баланс ұстаушы – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Арыстан» қызметі. Жалдаудың бастапқы мөлшерлемесі айына – 11014,77 теңге. Тендерге қатысу үшін кепілді жарна – 22030 теңге. Мүліктік жалға алу (жалдау) мерзімі – 1 жылдан кейін шарттың əрекет ету мерзімі ұзартылады. Жалдау ақысының мөлшерлемесі өзіне коммуналдық қызметтер мен тұрақжайға қызмет көрсету шығындарын кіргізбейді, олар бөлек төленеді. Тендер өткізу шарты мен жеңімпазды таңдау өлшемі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Арыстан» қызметі қызметкерлерінің, əскери қызметкерлерінің тамақтануын ұйымдастыру үшін нысанды пайдалану (асхана – жалпы алаңы 237,9 ш.м.). Асхананың жұмыс кестесі: - аптасына бес жұмыс күні 30-50 адамға (таңғы ас, түскі ас); - аптасына жеті күн 16 адамға (таңғы ас, түскі ас, кешкі ас). Тендер комиссиясының шешімі бойынша нысан үшін жалдау ақысының ең жоғары сомасын ұсынған жəне тендерлік құжаттамада қамтылған барлық талаптарға сəйкес келетін тендер қатысушысы тендер жеңімпазы болып танылады. Тендер қатысушы ретінде тіркеу үшін мыналарды тапсыру қажет: Тендерге қатысуға өтініш, онда тендерге қатысуға үміткердің келісімі жəне тендер шартын орындау бойынша оның міндеттемесі жəне қосарланған конверттерде сəйкесетін шарттың қорытындысы қамтылуы тиіс. Сыртқы конвертте мына құжаттар қамтылуы қажет: 1) заңды тұлғалар үшін – мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куəліктің, құрылтай құжаттарының (құрылтай шарты мен жарғы) көшірмелері жəне салыстыру үшін түпнұсқаны міндетті ұсынумен салық төлеушінің куəлігі немесе аталған құжаттардың нотариалды куəландырылған көшірмелері; жеке тұлғалар үшін – жеке кəсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куəліктің, жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаттың, салық төлеуші куəлігінің

көшірмелері жəне салыстыру үшін түпнұсқаны міндетті түрде ұсынумен үй кітапшасы немесе аталған құжаттардың нотариалды куəландырылған көшірмелері; 2) акционерлік қоғамдар үшін – бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімінен көшірме-үзіндіні; жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін – серіктестік қатысушыларының тізілімінен көшірме-үзіндіні (серіктестік қатысушыларының тізілімін жүргізу жағдайында); 3) шетелдік заңды тұлғалар үшін – қазақ жəне орыс тілдеріне аударылып нотариалды расталған құрылтай құжаттары; 4) кепілді жарнаның аударылғандығын растайтын төлем тапсырмасының көшірмесі; 5) өтініш беру сəтінде салықтық берешегінің болмауы туралы салық органынан анықтаманы. Ішкі конвертте үміткердің жапсырылған конверттегі тендер шарты бойынша ұсынысы қамтылуы тиіс. Ішкі конверт өтінімдер беру сəтінде жабық болуы жəне үміткер оны мөрлеуі қажет. Өтініштер қабылдау тігілген түрінде жалға берушінің мекенжайына құжаттардың ұсынылуымен, беттері нөмірленіп жəне соңғы беттеріне қол қойылып жəне мөр басылып расталуы тиіс (жеке тұлғалар үшін – егер мұндай болса). Кепілді жарна Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитетінің «Алматы мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті» ММ-нің мына депозиттік шотына енгізіледі: ИИК KZ790705012170167006, БИК ККМFKZ2A, БСН 120340000064, КБе 11, мекеме коды 2170167, КНП 171. Тендер жеңімпазымен шарт тендер хаттамасына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 10 күннен кешіктірілмей жасалады. Тендер өткізу туралы хабарлама ресми жарияланған күнінен бастап тендер нысанымен танысу үшін барлық сұрақтар жəне тендерлік құжаттаманы алу бойынша Алматы мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаментінің Жетісу филиалына мына мекенжайға хабарласу керек: Алматы қ., Желтоқсан к-сі, 114, 25 жəне 26-бөлмелер. Анықтама алу телефондары: 267-70-26, 267-70-50. Тендер қатысушыларын тіркеу тендер өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі жəне тендер өткізуге дейін бір жұмыс күні ішінде, яғни 2014 жылғы 28 шілдеде сағат 11.00-де аяқталады.

Онлайн-тексеру жүйесі мемлекеттік қызметке үміткерлердің тестілеу сертификаттарының түпнұсқалылығын анықтауға мүмкіндік береді Азаматтардың мемлекеттік органдардағы мемлекеттік əкімшілік лауазымдарға орналасу үшін конкурстарға қатысу кезіндегі алаяқтық жағдайларын болдырмау мақсатында сертификаттарды онлайн-тексеру жүйесі іске қосылды. Бұл жүйе ағымдағы жылдың наурызынан бастап жұмыс істеп келеді. Агенттіктің www.kyzmet.gov.kz сайтында, «Тестілеу» айдарының «Тестілеу нəтижелері» бөліміне азаматтың ЖСН-ін енгізгенде арнайы бағдарлама оның ТАƏ, тестілеуден өткен күнін, «Өтті/Өтпеді» деген мəртебесін, лауазымның санатын жəне тест тапсырған өңірін көрсетеді. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік органдарды осы бағдарламаның жұмысы жөнінде хабардар етті. Мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметтері (кадр қызметтері) өздерінің міндеттерін атқару барысында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сайты арқылы сертификаттың түпнұсқалылығын тексеруге міндетті. Смакова Шолпан Турсынқызына Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті берген ЖБ 0090944 дипломы жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын.

Егер сіз «Егемен Қазақстан» газетіне жарнама бергіңіз келсе, мына телефондарға хабарласыңыз: Астана тел/факс 37-64-48, 37-60-49. Электронды пошта: egemen_adv@mail.ru. Алматы 273-74-39, ф. 273-73-97. Электронды пошта: gulnurekkz@mail.ru.

Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі, 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, №8, Министрліктер үйі, 11-кіреберіс, 643-бөлме, телефон: 8 (7172) 74-25-24, «Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кəсіпорны байқау кеңесі мүшесінің бос қызмет орнына конкурс жариялайды, 100027, Қарағанды қ., Бейбітшілік бульвары, 56. «Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кəсіпорны қызметінің негізгі бағыты жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жəне ғылыми-зерттеулер саласындағы қызметтерді жүзеге асыру болып табылады. Кəсіпорын қызметінің мақсаты – ұлттық жəне жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым жетістіктері мен тəжірибе негізінде тұлғаның қалыптасуына, дамуына жəне кəсіби тұрақтануына бағытталған сапалы білім алуына қажетті жағдайлар жасау. Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: жоғары білімінің, сонымен қатар келесі талаптардың бірінің болуы: – білім беру саласындағы кемінде он жыл еңбек өтілі; – білім саласындағы басшылық қызметте (жетекші немесе оның орынбасары) кемінде бес жыл. Конкурсқа: – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен соттылығы өтелмеген немесе алынбаған; – бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасаған; – байқау кеңесінің басқа мүшесімен немесе мемлекеттік кəсіпорын жетекшісімен жақын туыстық жəне туыстық қатынастағы тұлға қатыса алмайды. Конкурқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттар тізбесі: 1) конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2) мемлекеттік жəне орыс тілдерінде түйіндеме; 3) еркін нысанда жазылған өмірбаян; 4) жеке куəлік көшірмесі; 5) жоғары білім туралы құжат көшірмесі; 6) еңбек кітапшасының (болған жағдайда) не еңбек шартының көшірмесі немесе соңғы жұмыс орнына қабылданғаны жəне еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмесі; 7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы жəне сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары жоқтығын растайтын құжаттар. Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс өтіліне, кəсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілікті арттыру, ғылыми атағы мен дəрежесін алу, ғылыми жарияланымдары туралы құжаттардың көшірмелерін, сонымен қатар, бұрынғы жұмыс орны басшылығының ұсынымдарын жəне т.с.с.) бере алады. Үміткер конкурстық өтінім түпнұсқасын «Түпнұсқа» деп белгіленген конвертке салады. Бұл конвертте үміткердің аты-жөні жəне мекенжайы көрсетілуі тиіс. Содан кейін конверт сыртқы конвертке салынады. Ішкі жəне сыртқы конверттер: – 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, №8, Министрліктер үйі, 11-кіреберіс, 643-бөлме мекенжайына жіберілуі тиісті; – «Байқау кеңесі мүшелерінің – «Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті» ШЖҚ РМК байқау кеңесі мүшелерінің конкурсы» жəне «05.08.2014 ж. дейін ашуға болмайды» деген сөздерді қамтуы керек. Конкурстық өтінім мемлекеттік жəне орыс тілдерінде бір данада жіберіледі. Конкурсқа қатысу үшін құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде қабылданады. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар туралы қосымша мəліметті Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім жəне халықаралық ынтымақтастық департаменті Жоспарлау, даму жəне инновация басқармасынан 8 (7172) 74-25-24 телефоны арқылы алуға болады (643-бөлме).

«Запорожье» ЖШС 2014 жылғы 26 шілдеде сағат 10.00-де Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Запорожье ауылы мекенжайында мынадай күн тəртібімен жиналыс болатындығы туралы өз қатысушыларына хабарлайды: 1. «Қазақстан Эксимбанкі» АҚ-тан айналымдағы қаржыны толықтыру үшін займдар немесе кредиттік желілер алу, сондай-ақ қолданыстағы займдарды ұзарту. 2. «Запорожье» ЖШС міндеттемелерін қамтамасыз ету үшін жеткілікті көлемде «Қазақстан Эксимбанкі» АҚ-қа жылжитын жəне/немесе жылжымайтын мүлікті кепілге беру. 3. «Запорожье» ЖШС атқарушы органына жоғарыда көрсетілген шартпен кепілге берудің банктік займын немесе кредиттік желі алу бойынша мəмілелер жасауға барлық өкілеттіктерді беру. 2014 жылғы 29 маусымда Оспанов Батырбек Жəлелұлы қайтыс болғаннан кейін оның мұрагерлік ісінің ашылуына байланысты, барлық мұрагерлерге 2014 жылғы 28 желтоқсанға дейінгі мерзімде мына нотариусқа хабарласуды сұраймын: Бейсенбаева Арайлым Саматқызы, Астана қ., Тұран д-лы, 18-үй, 211А-кеңсе, тел: +7 7172 799-088.


10

www.egemen.kz

10 шілде 2014 жыл

Үйдің берекесі қабырғасының қиюымен емес, теңінің жиюымен, отбасындағы сыйластықпен, татулықпен кіреді.

Алтын діѕгек

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

Еліміздіѕ 14 облысы мен Астана, Алматы ќалаларын ќамтыєан «Мерейлі отбасы» байќауыныѕ Ќызылорда облысы бойынша жеѕімпаздары

Егізі де, їшемі де бар отбасы

Əлібековтер «Мерейлі отбасы» байќауында бірінші орынды жеѕіп алды

«Қайран біздің аналар арды ойлаған, Жілік шауып, ши буып, арба айдаған». Қазақтың намысы мен ұятындай болған аналар туралы ойлағанда Мұқағали Мақатаевтың осы өлеңі тілдің ұшына орала береді. Өйткені, өткен ғасырдағы аналар образы ақынның осы бір ауыз сөзіне сыйып кетіп тұр ғой. Оқ пен оттың ортасынан аман келген аталарымыз елді қайта аяғына тұрғызу үшін еңбек етті. Соғыс кезінде тылда еңбекке əбден піскен аналарымыз қатарласа жүріп көмек көрсетті. Қызу тіршіліктің əрбір буынындағы жұмысқа араласа жүріп, ұрпақ көбейтіп, өсіріп, тəрбиелегені бүгінгі күннің көзқарасымен өте қиямет тірлік сияқты. Біздің əкелерімізді жілік шауып, ши буып, күріш тасып, егін егіп, мал бағып жүріп өмірге əкелді емес пе? Жұмысқа жан-тəнімен берілгендері сондай, баланы егістік басында босанған ана аз ба? Іздесеңіз, ондай мысалды мыңдап табуға болады. Бүгін заман тыныш. Тəуелсіз, азат елің бар. Мемлекетте қалыпты даму жəне бар. Экономикалық, əлеуметтік

Ґмірі ґнермен ґрілген

Тоќаяќовтар отбасы байќауда екінші орынды еншіледі Атақты Александр Затаевич біздің мына көсіліп жатқан ұлан-ғайыр жерімізге қарап тұрып: «Бүкіл қазақ даласы əн салып тұрғандай», деп тамсаныпты ғой заманында. Қазақ жерінің селеуі мен жусанынан жыр ескендей, сылдыраған суынан күй төгілгендей əсер етсе керек өнер зерттеушісіне. Ұлттың ұлы ұстазы Абайдың өзі «Туғанда дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен жер қойнына кірер денең», демеп пе еді?! Бесік жырымен тербеліп басталатын өмір дариясы жоқтаумен аяқталатыны ақиқат қой. Сондықтан қазақтың өмірі өлеңмен өте тығыз байланысты десек, артық айтқандық болмас. Тіпті, тұтас бір отбасы өнерпаз болып жатады. Мысалы, өткен ғасырда отбасылық ансамбльдер көп шықты. Солардың бірі – Тоқаяқовтар шаңырағы. Отағасы Əбдірайым Тоқаяқов 1959 жылы сол кездегі Шымкент облысы,

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

Жетісай ауданында дүниеге келген. Киров ауданындағы Саттар Ерубаев атындағы мектептің түлегі. Орта мектепті бітіргеннен кейін ХХ партсъезд ауылында механизатор болып еңбек еткен. Ол кезде бірден оқуға түсіп, білім алу бақыты екінің біріне бұйыра бермейтін еді ғой. Оның үстіне мектеп бітіргеннен кейін еңбекте шыңдау үшін ауылда алып қалатын сая сат болды. Əбдірайым Тоқаяқов та өзінің қатарластары сияқты еңбекке ерте араласқан. Бірнеше жыл ауылда еңбек етіп, қара жұмысқа шыңдалғаннан соң 1979 жылы Жетісай мəдени-ағарту училищесіне оқуға қабылданады. Ол жерден клуб қызметкері жəне оркестр дирижері мамандығы бойынша білім алып шығады. Ол заманның тағы бір қағидасы бойынша жігіттер міндетті түрде əскерде болуы керек-тін. Əбдірайым Тоқаяқов та оқу бітіргесін отан алдындағы борышын өтеп қайтады.

Сол əскерден оралған 1982 жылдың күзінен бастап үздіксіз мəдениет саласында қызмет етіп келе жатыр. Өнерімен жұртты тамсантып жүрген азамат түрлі өнер байқауларының жүлдегері. Атап айтқанда, 1986 жылы Ташкент телефестивалінде лауреат атанған. Бүкілодақтық халық творчествосы фестивалінде бір емес, қатарынан екі жыл жүлдегер болған. Сондай-ақ, 1986 жылы Болгарияда өткен Г.Димитров атындағы жастар фестивалінің дипломанты. Əбдірайым Тоқаяқовтың өнер жолында келе жатқанына отыз жылдан асты дедік қой. Ол саналы ғұмырының басым бөлігін Өзбекстанның Жизақ облысы, Мырзашөл ауылында өткізді. Сол жақта отбасын құрды. Жұбайы Ғалия Сансызбаева да мəдениет қызметкері. 1998 жылы Тоқаяқовтар шаңырағы Қызылорда облысының Сырдария ауданына қоныс аударды. Бүгінде бұл отбасында 1 ұл, 4 қыз өсіп келеді. «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» дегендей балаларының барлығы өнерлі. Əн де айтады, жыр да төгеді, күй де шертеді. Отбасылық түрлі конкурстарда жүлде салған, көптеген өнер жəне шығармашылық байқауларының жеңімпазы атанған. Атамекенге оралғаннан бастап Əбдірайым Тоқаяқов Сырдария аудандық мəдениет үйінде жұмыс жасайды. Ал жұбайы Ғалия Сансызбаева Тереңөзек кентінің сүйемелдеушісі. Бір айта кетерлігі, Тоқаяқовтар отбасы – Мемлекеттік «Нұрлы көш» бағдарламасымен туған еліне оралған отан дастарымыздың бірі. Ұлттық өнер мен құндылықтарды көзінің қарашығындай сақтап, ұрпақтарына мирас етіп жалғастырып отырған өнегелі отбасы. Ауданның ғана емес, аймақ мəдениетінің өркендеуіне елеулі үлес қосып, зор еңбек сіңіріп келе жатқан шаңырақ. Бүгінде Тоқаяқовтар отбасын барша аудан жұртшылығы ерекше құрметтейді. Өйткені, олар – рухани толысқан, өмірлері өнермен өрілген өнегелі отбасы. Ал бұл – екінің біріне, егіздің сыңарына бұйыра бермейтін бақ. Сырдария ауданы.

тұрғыдан өсім айрықша байқалады. Бірақ, жас отбасыларда баяғыдай бала көп емес. Бірнеше баламен ғана шектеліп жатады. Дегенмен, ара-тұра көпбалалы отбасылар жайында да біліп қаламыз. Міне, сондай шаңырақтың бірі – Əлібековтер. «Əке – асқар тау, ана – бұлақ, бала – жағасындағы құрақ». Ежелден айтылатын тəмсіл ғой. Бірақ ақиқат сөз осы. Асқар тау əкеге арқа сүйеген, ана секілді мөлдір бұлақтан бастау алған, балалардың шаттығы мен қуанышына бөленген Əлібековтер əулеті – бақытты отбасы. Дана Абай өсиет еткен бес асыл істі бетке ұстап, бес дұшпанға жирене қарайтын жанұяда өнегелі өрендер өсіп келеді. Шаңырақтың шаттығы, отбасының киесі Лаура Шохашова жеті баланы дүниеге əкелген алтын құрсақты ана, «Алтын алқа» иегері. Үйдің үлкені Данияр оныншы сыныпта оқиды. Таэквандодан республикалық жарыстарға қатысып, чемпион атанып жүр. Түрлі жарыстарда жүлде салып, өңірдің ғана емес, республиканың атын шығарып жүрген өрен. Ал, екінші ұлдары Рамазанның

ойы жүйрік, өнертапқыш. Физика пəнін сүйіп оқиды. Ол гипс пен құм ды пайдаланып жанартаудың макетін жасап шығарды. Алдағы уақытта осы жобаны ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне ұсынсам дейді. Түрлі тəжірибе жасаудан танған емес. Үнемі ізденіс үстінде жүреді. Онысы нəтижесіз де емес. Ұстаздары болашақта Рамазаннан үлкен ғалым шығатынына сенеді. Əр баланың өз несібесі бар. «Бір қозы артық туса, бір түп жусан артық шығады» дейді қазақ. Отанасы Лаура Шохашова пейілі кең пішілген, қонақжай, өте тəрбиелі адам. Сол ниеттеріне берген шығар, Жаратқанның несібесімен 2007 жылы егіз баланы дүниеге əкелді. Төрт құбылалары теңесіп, айнала түгенделгендей мəре-сəре күй кешіп жүр еді. Құдай берем десе қиын ба? Өткен жылы Əлібековтер отбасында үшем өмірге келіп, шаңырақ шаттыққа толып, бақытқа кенелді. Бүгінде Інжу, Маржан, Бекжан атты үш бүлдіршін ата-анасының көз қуанышы болып өсіп келеді. Түн ұйқысын төрт бөлген

Мəуелі шаѕыраќ Отағасы Əбдімəлік Сейітжанов 1945 жылдың 10 мамыры күні өмірге келген екен. Шиелі ауданы Ақтоған ауылындағы Сейітжановтар отбасы бақытын адал еңбектен тапқан отбасы. – Кеңес заманында Əбдімəлік Сейітжан ұлы шаруашылықта қарапайым механизаторлық қызмет жасады. Біреуден ілгері, біреу ден кейін тұрмысы болды. Азаттықтың ақ таңы атқанда өзгелер секілді қарап жатпады. Базар жағалап та кеткен жоқ. «Елде болса, ерніңе тиеді» деген қағидатты да ұстан ба ды. «Өкімет өлтірмейді» деген сананың екі бастан болмағаны ақиқат. Содан бар күші мен қайратын, балаларының еңбегін жер ге идірді. Зауыт-фабрика тоқтап, дүкен сөрелері қаңырап бос қалып жатқан заманда жеке шаруа қожалығын құрды. Сөйтті де, өзіне тиесілі 569 гектар жерді инженерлік жүйеге келтірді. Соқа салды, егін екті. Бастапқы жыл дарда қиын соқты. Бірақ тынымсыз тірлік пен жанкешті еңбек түбі жемісін бере бастады. Оның үстіне кезінде механизатор бол ған, жердің жайынан хабары бар. Қай аумақты қалай пайдалануды біледі. Бұл да үлкен көмек болды. Құр егін егіп қана қоймай, қабатында мал шаруашылығымен де айналысты. Қазіргі уақытта 200 гектар жерге күріш, 35 гектарға мақсары, 5 гектар жерге бақша дақылдарын егіп отыр. Жалпы, отбасылық шаруа қожалығында 1263 гектар жер бар. Оның 400 гектары егістік болса, қалған 863 гектары жайылымдық жер. Ұлдары жылқы баптап, мал азығын дайындаса, келіндері бие сауып, қымыз сапырып отыр. Осы күні 95 жылқысы, 105 сиыры өрісте жүр. Мал басын асылдандыру мақсатында Орал қаласынан асылтұқымды 2 бұқа сатып əкелген. Балалары əр саланың маманы болғанымен, əулетке ортақ шаруашылықтың жұмысын дөңгелетіп əкетуге септігін тигізіп отыр. Бүгінде қожалықта заңгер, механик, құрылысшы, тіпті, эколог та бар. «Еңбек етсең емерсің» деген аталы сөзді өз ұрандарына айналдырған отбасы заман көшінен қалмай, алға ұмтылып келеді. Ен далада бір қауым ел болып отырған қожалық күн көзінен қуат алатын қондырғыны

орнатып, оның күшімен күріш ақтайтын шағын цех ашып алған. Бүгінде ол толық қуатында жұмыс жасап тұр. Айтып отырғанымыздың барлығы дүние байлығы ғой. Əрине, мына өмірде ешкімге алақан жаймай, біреудің алдында мойның салбырап жалынышты

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru, egemenkz@maіl.kz Алматыда: факс (727) – 341-08-12, электронды пошта – egemalm@mail.ru

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – (712-2) 31-74-13; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

Көкшетау – (716-2) 25-76-91; Павлодар – (718-2) 68-59-85; Қарағанды – (721-2) 43-94-72; Семей – (722-2) 52-26-86; Қостанай – (714-2) 39-12-15; Тараз – (726-2) 43-37-33; Қызылорда – (724-2) 27-00-85 Шымкент – 8 (701) 747-63-01; Орал – (711-2) 28-80-35; Петропавл – (715-2) 50-72-50. Өскемен – 8 (778) 454-86-11; Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 341-08-11, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

ҚЫЗЫЛОРДА.

барлық шаруаны назарда ұстайды. Есейіп, ер жеткен балаларына күнделікті ақыл айтып, шаруаны тиянақты тындыруға кеңес беріп отырады. «Келін ененің топырағынан жаралады», деген сөз бар ғой. Бұл əулеттің келіндеріне дейін көпбалалы ана. Мысалы, үлкен баланың отбасында 7 бала бар. Ол үйдегі келін де енесі сияқты «Алтын алқаның» иесі. Одан кейінгі шаңырақта 6 бала құлдыраңдап өсіп келеді. Екінші келіні «Күміс алқа» алған.

Сейітжановтар байќаудыѕ жїлделі їшінші орнын иеленді болмай ғұмыр кешкенге не жетсін?! Бірақ Əбдімəлік ақсақалдың негізгі байлығы бұл емес. Ол – оның ұрпағы. Отанасы Бақтыгүл апа екеуі өмірге 10 ұл мен 1 қыз əкелген. Балаларының бəрі жоғары білім алған. Бүгінде бес келіні бар. Балаларынан 21 немере сүйіп отыр. Бақтыгүл Жұманқызы «Алтын алқалы» ана. Бүгінде барлығы бір шаңырақ астында берекесі тасып, мейманасы асып өмір сүріп жатыр. Балаларының барлығын жастайынан еңбекке баулыған. Соның арқасында шаруашылығы да тоқтамай жүріп тұр. 10 ұл мен 1 қыздың əкесі Əбдімəлік Сейітжанұлы жасы жетпіске келсе де,

Ал үшінші баласында 5 бала болса, одан кейінгі үйде 3 немересі өсіп келеді. Байлық деген осы емес пе?! Елбасы «кəсіпкерлік атадан балаға мирас болып қалуы керек», деген еді. Сол айтқандай, «Сейітжанов» шаруа қожалығының жұмыс істеп жатқанына биыл 20 жыл толды. Əбдімəлік Сейітжанұлы өз қолымен құрған қожалықты бүгінде балалары жүргізіп жатыр. Болашақта бұл шаруашылық немерелерінің қолына өтеді. Міне, Елбасы айтқан сөздің Шиелі ауданында іс жүзінде орын алып жатқанын көріп отырмыз. Шиелі ауданы.

Мақалалар топтамасын əзірлеген «Егемен Қазақстан» газетінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі Ержан БАЙТІЛЕС.

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 341-08-12.

Лаура болса, үш бөпесін бесікке бөлеп, ана əлдиімен өсіруде. «Титімдейінен ұлтымыздың ұлы қасиеттерін бойына сіңіріп өскен баладан ертең ұлт мақтаныштары шығады», дейді батыр ана. Солайша, бүгінде бұл шаңырақта жеті бала өсіп келеді. Əсілінде, алдымен егіз тауып, одан соң өмірге үшем əкелген отбасы Қазақстанда некенсаяқ шығар-ау. Дей тұрғанмен, мұны Жаратқанның Əлібековтер отбасына сыйы деп қабылдау керек. Ал отағасы Мейрамбек Əлібеков «ПетроҚазақстанҚұмкөлРесорсиз» ком паниясында қаржы бөлімінің басшысы болып қызмет атқарады. Отбасында ұлағатты əке, жұмыста абыройлы маман. Өз ісінің білгірі, өте еңбекқор адам. 2009 жылы «Ең үздік басшы» номинациясына ие болған. Жуырда «ПетроҚазақстанҚұмкөлРесорсиз» компаниясы президентінің күміс жүлдесімен марапатталды. Бұл да болса шаңырағында желкілдеп өсіп келе жатқан жеті баланың несібесі шығар.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Ермеков к-сі, 33, «Қарағанды полиграфия» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Смағұлов к-сі, 9 К, «Хабар-Сервис» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Мұхит к-сі, 57/1, «Жайық Пресс» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 201 715 дана. Нөмірдің кезекші редакторы

Венера ТҮГЕЛБАЙ.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 26 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №349 ek


11

www.egemen.kz

10 шілде 2014 жыл

Қазақстан Республикасының Заңы

Дене шынықтыру жəне спорт туралы Осы Заң Қазақстан Республикасында дене шынықтыру жəне спорт саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, бұқаралық дене шынықтыру, əуесқой жəне кəсiпқой спорт қызметiн қамтамасыз етудiң жəне оларды дамытудың құқықтық, ұйымдық, экономикалық жəне əлеуметтiк негiздерiн айқындайды. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) ардагер спортшы – спорттық мансабын аяқтаған жоғары дəрежедегі спортшы; 2) əуесқой спорт – жеке адамдарға спорттық шеберлiгiн жетiлдiруге жəне əртүрлі спорт түрiнде жоғары нəтижелерге қол жеткізуге мүмкiндiк беретiн бұқаралық спорт қозғалысы; 3) бейімдік дене шынықтыру жəне спорт – мүгедектерді оңалтуға жəне қалыпты əлеуметтік ортаға бейімдеуге, олардың толыққанды өмірді сезінуіне кедергі келтіретін психологиялық тосқауылдарды еңсеруіне, сондай-ақ қоғамның əлеуметтік дамуына өзінің жеке үлес қосуының қажеттігін сезінуіне бағытталған спорттық-сауықтыру сипатындағы шаралар кешені; 4) бұқаралық спорт – халық арасында дене шынықтыруды дамытуға ықпал ететін спорт қозғалысы; 5) бірыңғай спорттық сыныптама – спортшылардың шеберлiк деңгейiн немесе жаттықтырушылар мен спорт төрешiлерінiң бiлiктiлiк деңгейiн айқындайтын спортшылардың, жаттықтырушылардың спорттық атақтары, разрядтары жəне спорт төрешілерінің санаттары жүйесi; 6) дене тəрбиесi – денi сау, дене бiтiмi жəне рухани жағынан жетiлген өскелең ұрпақты қалыптастыруға бағытталған педагогикалық процесс; 7) дене шынықтыру – мəдениеттiң құрамдас бөлiгi, адамның дене бітімін жəне интеллектуалдық қабілеттерін дамыту, дене тəрбиесі мен дене бітімін дамыту арқылы оның қозғалыс белсенділігін жетілдіру жəне саламатты өмір салтын қалыптастыру, əлеуметтік бейімдеу мақсатында қоғам жасайтын жəне пайдаланатын рухани жəне материалдық құндылықтар жиынтығын білдіретін əлеуметтiк қызмет саласы; 8) дене шынықтыру даярлығы – адамның дене шынығуы қасиеттерін тəрбиелеуге жəне функционалдық мүмкіндіктерін дамытуға бағытталған педагогикалық процесс; 9) дене шынықтыру жəне спорт жөнiндегi əдiскер (бұдан əрi – əдiскер) – кəсіптік білімі бар, оқу-жаттығу процесін əдiстемелiк қамтамасыз етудi жəне оған басшылық жасауды, дене шынықтыру-сауықтыру жəне спорттық іс-шараларды өткізуді жүзеге асыратын жеке адам; 10) дене шынықтыру жəне спорт жүйесi – халыққа дене тəрбиесiн беру жəне дене шынықтыру мен спортты дамыту мақсатындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке жəне заңды тұлғалардың жиынтығы; 11) дене шынықтыру жəне спорт саласындағы маман – дене шынықтыру жəне спорт саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке адам; 12) дене шынықтыру мен спорт саласындағы уəкiлеттi орган – дене шынықтыру мен спорт саласындағы басшылықты жəне салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 13) дене шынықтыру-сауықтыру жəне спорт ғимараттары – жеке адамдардың дене жаттығуларымен, спортпен айналысуына жəне спорттық іс-шараларды өткізуге арналған, арнайы жабдықталған (соның ішінде спорттық мүкаммалмен) объектiлер (алаңдар, үйлер, ғимараттар); 14) дене шынықтыру-спорт ұйымы – негізгі қызмет түрі ретінде дене шынықтыру мен спорт саласындағы қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға; 15) Дүниежүзілік универсиада – əртүрлі спорт түрлерi бойынша студенттер арасында өткiзiлетiн кешенді халықаралық қысқы жəне жазғы жарыстар; 16) жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушы – спорттық кəсіптік білімі бар, спорттық нəтижелерге қол жеткізуі үшін спортшыны даярлаудың оқу-жаттығу процесін жəне оның жарыстастық қызметіне басшылықты жүзеге асыратын жеке адам; 17) жаттықтырушыны, спорт дəрігерін қызметін атқарудан шеттету – жаттықтырушыны, спорт дəрігерін допингті пайдаланғаны, халықаралық жəне республикалық спорт ұйымдары (федерациялары) бекіткен нормаларды бұзғаны, сондай-ақ мінез-құлықтың моральдық-этикалық нормаларын жəне Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спорт саласындағы заңнамасында белгіленген міндеттерді бұзғаны үшін еңбек (кəсіби) қызметінен шеттету; 18) жоғары дəрежедегі спортшы – спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасы құрама командасының (спорт түрі бойынша ұлттық құрама команданың) мүшесi болып табылатын жəне (немесе) «Қазақстан Республикасының спорт шеберінен» төмен емес спорттық атағы бар спортшы; 19) жоғары жетiстiктер спорты – спортшылардың спорттық жарыстарда барынша жоғары спорттық нəтижелерге немесе жеңістерге қол жеткiзуiн көздейтін спорт саласы; 20) кəсiпқой спорт – спорттық ойын-сауық ісшараларын (жарыстарды) ұйымдастыруға жəне өткізуге бағытталған, оларға дайындалғаны жəне қатысқаны үшін спортты кəсіби қызметі ретінде таңдаған спортшылар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сəйкес сыйақы алатын спорттың құрамдас бөлігі; 21) кешендi ғылыми топ – спортшының функционалдық жай-күйін, резервтік мүмкіндіктерін, даярлығының психологиялық жəне техникалық деңгейін бағалауға бағытталған ғылыми-əдiстемелiк, медициналықбиологиялық, психологиялық зерттеулер жүргiзу үшiн құрылатын бiлiктi мамандар тобы; 22) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілері – балалардың, жастардың жəне ересек тұрғындардың дене шынықтыру даярлығына қойылатын нормативтік талаптардың жиынтығы; 23) мектеп спорты – бастауыш, негізгі орта жəне жалпы орта білім беретін білім беру ұйымдарында оқитындардың дене тəрбиесіне, оларды спорттық іс-шараларға қатысуға даярлауға бағытталған спорттың бір бөлігі; 24) мектептегі спорттық лига – мақсаты мектеп спортын кеңінен таратуға жəне бір немесе бірнеше спорт түрін дамытуға жəрдемдесу, мектеп оқушыларымен спорттық іс-шараларды ұйымдастыру жəне өткізу болып табылатын мектеп оқушылары арасындағы спорттық қозғалыс; 25) мемлекеттiк жаттықтырушы – Қазақстан Республикасының аумағында спорт түрін (түрлерін) дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша функциялар мен іс-шараларды жүзеге асыратын жаттықтырушы; 26) мүгедек спортшы – тыныс - тiршiлiгінің шектелуiне əкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарларынан, кемiстiктерден организм функциялары үнемі бұзылып, денсаулығы нашарлаған жəне спорттың қолжетімді түрімен (қолжетімді түрлерімен) айналысатын жеке адам; 27) мүгедек спортшыларды сыныптау – мүгедек спортшыларға функционалдық мүмкіндіктер деңгейі өздеріне ұқсас басқа мүгедек спортшылармен жарысқа түсу мүмкіндігін жасау мақсатында сыныптаушының немесе сыныптаушылар тобының олардың дəрежесін (сыныптамалық санатын) айқындау процесі; 28) нұсқаушы-спортшы – спорттық қызметін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сəйкес еңбекақы

төлемі шартымен жүзеге асыратын спортшы; 29) оқу-жаттығу жиыны – спортшылардың спорттық шеберлігін жəне оқу-жаттығу процесінің сапасын арттыру мақсатында ұйымдастырылған орталықтандырылған іс-шара; 30) Паралимпиадалық ойындар – тiрек-қозғалу аппараты мен көру органдары зақымданған мүгедек спортшылар арасында өткiзiлетiн халықаралық қысқы жəне жазғы жарыстар; 31) спорт – спорттық жарыстар жəне адамды оған даярлаудың арнайы нысанында қалыптасқан, спорт түрлерінің жиынтығы ретіндегі əлеуметтік-мəдени қызмет саласы; 32) спорт саласы – айырым белгілері бар жəне өзінде бір немесе бірнеше спорттық жарыстар түрі (бағдарламалары) қамтылатын спорт түрінің бір бөлігі; 33) спорт резерві – жоғары спорттық нəтижелерге қол жеткізуге əлеуеті бар жас жəне жасөспірім жастағы спортшылар; 34) спорт төрешiсі – арнайы даярлықтан өткен жəне тиiстi бiлiктiлiк санатын алған, спорттық iс-шараны ұйымдастырушы спорт түрiнiң қағидаларына жəне спорттық iс-шараның ережелерiне (регламенттеріне) сəйкес төрелікті қамтамасыз етуге уəкiлеттiк берген жеке адам; 35) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командалары (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалар) – халықаралық спорттық жарыстарға даярлықты жүзеге асыратын жəне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы астында қатысатын спортшылар, жаттықтырушылар, отандық жəне шетелдік мамандар ұжымдары; 36) Қазақстан Республикасының штаттық құрама командалары (спорт түрлері бойынша ұлттық штаттық құрама командалар) – Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген қаржылық шарттармен спорттық қызметті жүзеге асыратын жəне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы астында халықаралық спорттық жарыстарға қатысатын спортшылар, жаттықтырушылар, отандық жəне шетелдік мамандар ұжымдары; 37) спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасы құрама командасының (спорт түрі бойынша ұлттық құрама команданың) бас жаттықтырушысы – спорт түрi бойынша Қазақстан Республикасының құрама командасына (спорт түрі бойынша ұлттық құрама командаға) басшылық жасауға, оның даярлығына, қалыптастырылуына жəне əлем чемпионаттарына, Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарына жəне басқа да халықаралық жарыстарға қатысуына жауап беретiн жаттықтырушы; 38) спорт түрлерінің тізілімі – Қазақстан Республикасының аумағында дамып отырған спорт түрлері мен спорт салалары туралы қағаз жəне электрондық жеткізгіштерде тіркелген мəліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе; 39) спорт түрi – жаттығу ортасы, жарыстастық қызметіндегі дене шынықтыру жаттығуларының немесе интеллектуалдық қабілеттердің жиынтығы жəне жарыстар қағидалары айырым белгiлерi болып табылатын спорттың құрамдас бөлiгi; 40) спорттағы тыйым салынған субстанциялар жəне (немесе) əдістер (бұдан əрі – допинг) – Допингке қарсы дүниежүзілік ұйымның жəне Допингке қарсы дүниежүзілік ұйымның халықаралық стандартының тыйым салынған тізіміне енгізілген химиялық қоспалар (заттар, дəрілер) мен əдістер, оның ішінде спортта пайдалануға тыйым салынған субстанциялар жəне (немесе) əдістер тізбелеріне енгізілген субстанцияларды жəне (немесе) əдісті пайдалану немесе пайдалануға əрекеттену; 41) спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бірыңғай күнтiзбесi – халықаралық, республикалық жəне жергілікті деңгейлердегі жыл сайынғы жарыстардың, сондай-ақ жарыстарға дайындық жөніндегі іс-шаралардың тізбесі; 42) спорттық жарыс – ұйымдастырушысы бекіткен ереже (регламент) бойынша өткізілетін сайыстың үздік қатысушысын анықтау мақсатында спорт түрі (түрлері) бойынша спортшылар немесе командалар арасындағы сайыс; 43) спорттық қызмет туралы шарт – спортшы, жаттықтырушы немесе дене шынықтыру жəне спорт саласындағы өзге де маман мен дене шынықтыру-спорт ұйымы арасында жасалатын азаматтық-құқықтық шарт; 44) спорттық іс-шара – спортшылардың, жаттықтырушылардың жəне дене шынықтыру мен спорт саласындағы мамандардың қатысуымен өткізілетін спорттық жарыс, оқу-жаттығу жиыны; 45) спорт федерациясы – спорттың бір немесе бірнеше түрін дамыту мақсатында қоғамдық бірлестік нысанында немесе қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі нысанында құрылған коммерциялық емес ұйым; 46) спорт федерацияларын аккредиттеу – Қазақстан Республикасының аумағында спорт түрін (түрлерін) дамыту жөніндегі спорт федерацияларының құқықтылықтарын тану рəсімі; 47) спортшы – спорт түрімен (түрлерімен) жүйелі түрде айналысатын жəне спорт жарыстарына қатысатын жеке адам; 48) спортшыны жарыстан шығарып тастау – спортшыны спорттық жарыстарға қатысудан шеттету, оны спорт түрінің қағидаларын, спорттық жарыстардың ережелерін (регламенттерін) бұзғаны, допингті пайдаланғаны үшін, халықаралық спорт ұйымдары жəне (немесе) республикалық спорт федерациялары бекіткен нормаларды бұзғаны үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спорт саласындағы заңнамасында белгіленген мінез-құлықтың моральдық-этикалық нормалары мен міндеттерді бұзғаны үшін республикалық спорт федерациясы жүзеге асырады; 49) спортшыны тіркеу – спортшыны тіркеу туралы куəлікті бере отырып, федерация өткізетін немесе оның қатысуымен өткізілетін спорттық жарыстарға жəне өзге де спорттық іс-шараларға қатысу құқығын беру мақсатында спорт түрі бойынша спорт федерациясы спортшының спорттың осы түрімен айналысатынын танитын рəсім; 50) студенттік спорт – жоғары кəсіптік білім беру ұйымдарында білім алушылардың дене тəрбиесіне, оларды спорттық іс-шараларға қатысуға даярлауға бағытталған спорттың бір бөлігі; 51) студенттік спорт лигасы – мақсаты студенттік спортты кеңінен таратуға жəрдемдесу жəне спорттың түрін (түрлерін) дамыту, студенттермен спорттық іс-шараларды ұйымдастыру жəне өткізу болып табылатын студенттер арасындағы спорттық қозғалыс; 52) Сурдлимпиадалық ойындар – есту органдары зақымданған мүгедек спортшылар арасында өткiзiлетiн халықаралық қысқы жəне жазғы жарыстар; 53) сыныптаушы – мүгедек спортшыларды олардың функционалдық мүмкіндіктерінің деңгейіне қарай сыныптауды жүзеге асыратын, жарыстарды ұйымдастырушылар осыған уəкілеттік берген жəне тиісті құжатпен расталған арнайы даярлықтан өткен жеке тұлға; 54) техникалық жəне қолданбалы спорт түрлерi – спортшының техникалық құралдарды қолдана отырып өткізілетін жарыстарға арнайы даярлығын талап ететiн спорт түрлерінің бір бөлiгi; 55) ұлттық спорт түрлерi – жарыспалы əрекет нысанында тарихи түрде қалыптасқан жəне өзiне тəн дене шынықтыру жаттығуларын жəне дене шынықтыру белсендiлiгi ұйымдастырылуының өзiндiк қағидалары мен тəсiлдерi бар халық ойындарын білдіретін спорт түрлері; 56) Халықаралық арнаулы олимпиадалық ойындар – интеллектуалдық мүмкiндiктері шектеулi мүгедек спортшылар арасында өткiзiлетiн халықаралық қысқы жəне жазғы жарыстар;

57) халықаралық спорттық жарыстар – шетелдік спортшылар (командалар) қатысатын спортшылар (командалар) арасындағы спорт түрi бойынша өтетін сайыстар. 2-бап. Дене шынықтыру жəне спорт саласындағы мемлекеттiк саясаттың қағидаттары мен міндеттері 1. Қазақстан Республикасындағы дене шынықтыру жəне спорт саласындағы мемлекеттiк саясат: 1) барлық жеке адамдар үшiн дене шынықтырумен жəне спортпен айналысу теңдiгi жəне олардың жалпыға бірдей қолжетімділігі; 2) халықтың əртүрлi жас топтарына дене тəрбиесiн берудің үздіксіздігі мен сабақтастығы; 3) дене шынықтырумен жəне спортпен айналысудың ерiктiлiгi; 4) дене шынықтыру-спорттық іс-шаралардың сауықтыру бағыты; 5) дене шынықтырумен, əуесқой жəне кəсіпқой спортпен айналысуға тең құрмет көрсету; 6) кемсітушілікке тыйым салу жəне қатігездікті, зорлықзомбылықты жəне адамның қадір-қасиетін қорлауды насихаттауға жол бермеу; 7) халықаралық спорттық жарыстарда Қазақстан Республикасының намысын қорғайтын жоғары жетiстiктер спортының басымдығы; 8) бейімдік дене шынықтыру мен спортты дамытуға жəрдемдесу қағидаттары негізінде жүргiзiледi. 2. Дене шынықтыру жəне спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың міндеттері: 1) дене шынықтырумен жəне спортпен айналысатын адамдардың, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру жəне спорттық іс-шаралардың қатысушылары мен көрермендерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жəне спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу орындарында қоғамдық тəртіпті сақтау; 2) ұлттық, техникалық жəне қолданбалы спорт түрлерін дамыту; 3) дене шынықтыру мен спортты қолдау жəне ынталандыру; 4) дене шынықтыру жəне спорт саласын зерттеу үшін ғылыми базаны дамыту; 5) əлеуметтік жəне білім беру функцияларын, сондай-ақ ерікті қызмет қағидатына негізделген олардың құрылымының ерекшелігін ескере отырып, спорттың барлық түрлерін дамытуға жəрдемдесу болып табылады. 3-бап. Қазақстан Республикасының дене шынықтыру жəне спорт саласындағы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының дене шынықтыру жəне спорт саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан жəне Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзге қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады. 4-бап. Дене шынықтыру жəне спорт саласындағы мемлекеттiк қолдау Дене шынықтыру жəне спорт саласындағы мемлекеттiк қолдау: 1) мемлекеттiк саясатты қалыптастыру, оның жүйесін құру, сондай-ақ тиісті нормативтiк-құқықтық, қаржылық, материалдық-техникалық, кадрлық, ғылыми-əдiстемелiк, медициналық, ақпараттық қамтамасыз ету арқылы дене шынықтыру жəне спорт саласындағы қатынастарды реттеу; 2) дене шынықтыру-спорт ұйымдарының сыртқы байланыстарын дамытуға, олардың Қазақстан Республикасында дене шынықтыру-спорттық қозғалыстың дамуына ықпал ететін халықаралық спорт ұйымдарына кірігуіне қолдау көрсету; 3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес спорт ғимараттарын жобалауға, салуға жəне пайдалануға өз қаражатын салатын отандық жəне шетелдiк инвесторларға қолайлы инвестициялық ахуал жасау арқылы жүзеге асырылады. 5-бап. Жеке адамдардың дене шынықтыру жəне спорт саласындағы құқықтары Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Республикасындағы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың: 1) дене шынықтырумен жəне спортпен айналысуға; 2) дене шынықтыру-сауықтыру жəне спорттық бағыттағы қоғамдық бiрлестiктерге кiруге; 3) мемлекеттiк жəне жекеше спорт ғимараттарын жəне көрсетілетін қызметтердi пайдалануға құқығы бар. 2-тарау. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖƏНЕ СПОРТ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ 6-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң дене шынықтыру жəне спорт саласындағы құзыретi Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) дене шынықтыру жəне спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын əзірлейді жəне олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады; 2) спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларын бекiтедi; 3) Қазақстан Республикасының аумағында жəне одан тыс жерлерде өткізілетін спорттық іс-шараларға даярлық жəне оларға қатысу кезеңінде спортшыларды, жаттықтырушыларды жəне дене шынықтыру мен спорт саласындағы мамандарды, барлық санаттағы əскери қызметшілер мен құқық қорғау жəне арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін материалдық қамтамасыз ету нормативтерін бекітеді; 4) халықаралық спорттық жарыстардың тізбесін, халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлерiне, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) жаттықтырушылары мен мүшелерiне ақшалай көтермелеу төлемдерінің қағидаларын бекiтедi жəне олардың мөлшерін белгілейді; 5) спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу қағидаларын бекітеді жəне олардың мөлшерін белгілейді; 6) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерін өткiзу қағидаларын бекiтедi; 7) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларын (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командаларды) Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарына жəне басқа да халықаралық жарыстарға даярлау жөніндегі ұйымдастыру комитеттерінің құрамдарын бекітеді; 8) спорт түрлерінде пайдаланылатын жануарлар мен құстардың жем-азығы нормативтерін бекітеді; 9) өзіне Конституциямен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен жəне Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды атқарады. 7-бап. Дене шынықтыру жəне спорт саласындағы уəкiлеттi органның құзыретi Дене шынықтыру жəне спорт саласындағы уəкiлеттi орган: 1) дене шынықтыру жəне спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етеді; 2) өз құзыреті шегінде дене шынықтыру жəне спорт

саласындағы басшылықты, салааралық үйлестiруді жəне мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады; 3) мемлекеттік статистика саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша дене шынықтыру жəне спорт саласында əкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды əзірлейді жəне бекітеді; 4) ведомстволық статистикалық бақылаулар жүргiзедi; 5) салалық көтермелеу жүйесiн əзiрлейдi жəне бекiтедi; 6) дене шынықтыру жəне спорт саласындағы кадрларды даярлауды, қайта даярлауды, олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады; 7) аккредиттелген республикалық федерациялармен бірлесе отырып, спорт түрлері, оның iшiнде ұлттық, техникалық жəне қолданбалы түрлері бойынша, бұқаралық спорт бойынша, сондай-ақ ардагер спортшылар арасында республикалық жəне халықаралық жарыстар өткiзедi; 8) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелерiн халықаралық спорттық жарыстарға даярлауды жəне олардың қатысуын ұйымдастырады жəне жүзеге асырады; 9) дене шынықтыру жəне спорт саласындағы ғылыми зерттеулердi, олардың нəтижелерiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес дене шынықтыру жəне спорт практикасына енгiзудi ұйымдастырады жəне үйлестiредi; 10) Қазақстан Республикасының допингке қарсы қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді; 11) спортта допингке қарсы іс-шаралардың жүргiзiлуiне бақылауды жүзеге асырады; 12) спортшылар мен жаттықтырушыларға: «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының халықаралық дəрежедегi спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген жаттықтырушысы» спорттық атақтарын береді; 13) мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты əдіскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты əдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты нұсқаушы-спортшы, жоғары санатты ұлттық спорт төрешiсi, ұлттық спорт төрешiсi біліктілік санаттарын береді; 14) республикалық жəне өңірлік спорт федерацияларын аккредиттеудi жүзеге асырады; 15) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерін өткізу қағидаларын əзірлейді; 16) Қазақстан Республикасының аумағында жəне одан тыс жерлерде өткізілетін спорттық іс-шараларға даярлық жəне оған қатысу кезеңінде спортшыларды, жаттықтырушыларды жəне дене шынықтыру мен спорт саласындағы мамандарды, барлық санаттағы əскери қызметшілер мен құқық қорғау жəне арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін материалдық қамтамасыз ету нормативтерін əзірлейді; 17) оқу-жаттығу процесі мен спорттық іс-шаралар кезеңінде спортшыларды, оның ішінде барлық санаттағы əскери қызметшілерді жəне құқық қорғау жəне арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тамақтандыру жəне фармакологиялық қамтамасыз ету нормативтерінің əдістемесін бекітеді; 18) халықаралық жарыстардың тізбесін, халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлерін, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) жаттықтырушылары мен мүшелерiн ақшалай көтермелеу төлемдерінің қағидаларын əзірлейді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметіне олардың мөлшері туралы ұсыныстар енгізеді; 19) спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу қағидаларын əзірлейді, Қазақстан Республикасының Үкіметіне олардың мөлшері туралы ұсыныстар енгізеді жəне төлемдерін қамтамасыз етеді; 20) дене шынықтыру жəне спорт сабақтарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын бекітеді; 21) спорттық атақтарды, разрядтарды жəне біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарын бекітеді; 22) спорт түрлері бойынша кешенді нысаналы бағдарламаларды жəне спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) спортшыларын даярлаудың жеке жоспарларын бекітеді; 23) аккредиттелген республикалық федерациялардың ұсыныстары бойынша жаттықтырушыларға жəне спорт төрешілеріне аттестаттау жүргізу қағидаларын бекітеді; 24) спорт резервін жəне жоғары дəрежелі спортшыларды даярлау жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары үшін спорт түрлері бойынша бағдарламаларды бекітеді; 25) спорттық атақтар, разрядтар жəне біліктілік санаттарын беру қағидаларын бекітеді; 26) жарыстар түрлерінің, оқу-жаттығу жиындарының тізбесін бекітеді жəне олардың сыныптамасын айқындайды; 27) спорттық іс-шараларды өткізу қағидаларын бекітеді; 28) спортшының бiр дене шынықтыру-спорт ұйымынан басқа дене шынықтыру-спорт ұйымына ауысу қағидаларын бекiтедi; 29) спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларын əзірлейді; 30) аккредиттелген республикалық спорт федерацияларының ұсынуымен спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама жəне штаттық құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамдарын жыл сайын бекітеді; 31) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама жəне штаттық құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамдарын қалыптастыру қағидаларын бекітеді; 32) спорт резерві жəне жоғары дəрежедегі спортшыларды даярлау бойынша оқу-жаттығу процесін жүзеге асыратын дене шынықтыру-спорт ұйымдарында спорттың түрлері бойынша спортшылардың жас шамасын бекітеді; 33) аккредиттелген республикалық спорт федерацияларының ұсынуымен спорт түрлерi бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлерi бойынша ұлттық құрама командалардың) бас жаттықтырушыларын жəне мемлекеттік жаттықтырушыларды лауазымға тағайындайды жəне лауазымнан босатады; 34) денсаулық сақтау саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы жəне мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді; 35) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда спорттық жарақаттар алуы жəне мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеуді жүзеге асырады; 36) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелерін халықаралық спорттық жарыстарға даярлау жəне оған қатысу кезінде сақтандыруды қамтамасыз етеді; 37) спорт түрлерін, спорт салаларын тану жəне спорт түрлерінің тізілімін қалыптастыру қағидаларын бекітеді; 38) спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай

күнтізбесін қалыптастыру қағидаларын бекітеді; 39) республикалық аккредиттелген спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай республикалық күнтізбесін бекітеді жəне оның іске асырылуын қамтамасыз етеді; 40) оқу-жаттығу процесі, спорт резервін жəне жоғары дəрежедегі спортшыларды даярлау жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары үшін үлгілік штаттарды бекітеді; 41) дене шынықтыру-сауықтыру жəне спорт ғимараттарының пайдаланылуын үйлестіреді; 42) спорт мектептеріне, спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мəртебе береді; 43) спорт мектептеріне жəне спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мəртебе беру қағидаларын бекітеді; 44) дене шынықтыру-сауықтыру жəне спорт ғимараттарының тізілімін жүргізеді; 45) спортшыларға, жаттықтырушыларға, дене шынықтыру жəне спорт саласындағы мамандар мен дене шынықтыру-спорт ұйымдарына «Үздік» номинациясында атақтар беру қағидаларын бекітеді; 46) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша «Үздік спорт журналисі» атағын беру қағидаларын əзірлейді; 47) спорт резерві мен жоғары дəрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары түрлерінің тізбесін жəне олардың қызметі қағидаларын бекітеді; 48) білім беру саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернаттар-колледждері жəне спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттар қызметінің қағидаларын бекітеді; 49) олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері, спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектепинтернаттар үшін спорт түрлері бойынша білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларын бекітеді жəне олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектепинтернат-колледждерінің оқу бағдарламаларын келіседі; 50) олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері жəне спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттар үшін спорт түрлері бойынша үлгілік оқу жоспарларын бекітеді жəне олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернатколледждерінің оқу жоспарларын келіседі; 51) спорт түрлерінде пайдаланылатын жануарлар мен құстардың жем-азығы нормативтерін əзірлейді; 52) жоғары дəрежелі спортшылармен, жоғары дəрежелі спортшыларды даярлауды жүзеге асыратын жаттықтырушылармен жəне дене шынықтыру жəне спорт саласындағы мамандармен спорттық қызмет туралы шарттар бойынша ақша төлемінің мөлшерін бекітеді; 53) халықаралық жəне республикалық спорттық жарыстардың ережелерін (регламенттерін) бекітеді; 54) спорттық іс-шаралардың шығыстар құрылымын бекітеді; 55) денсаулық сақтау саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша мүгедек спортшыларға сыныптау жүргізудің тəртібі мен шарттарын бекітеді; 56) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларын (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командаларды) Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарына жəне басқа да халықаралық жарыстарға даярлау жөніндегі ұйымдастыру комитеттерінің құрамдары бойынша ұсыныстар енгізеді; 57) халықаралық жəне республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізуге арналған спорт ғимараттарын жобалауға техникалық ерекшеліктер мен техникалық тапсырманы аккредиттелген республикалық спорт федерацияларымен келіседі; 58) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының дене шынықтыру жəне спорт саласындағы халықаралық шарттарын əзірлейді, жасасады, олардың орындалуын қамтамасыз етеді, халықаралық спорт ұйымдарында жəне халықаралық спорттық іс-шараларда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етеді; 59) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жəне Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 8-бап. Жергілікті атқарушы органдардың, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ, кент жəне ауыл əкімдерінің құзыреті 1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы: 1) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша жəне олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды; 2) аккредиттелген республикалық жəне (немесе) жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп, спорт түрлерi, оның ішінде ұлттық, техникалық жəне қолданбалы түрлері, бұқаралық спорт бойынша, сондай-ақ ардагер спортшылар арасында облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық спорт жарыстарын өткiзедi; 3) спорт түрлерi бойынша облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық құрама командаларды даярлауды жəне олардың республикалық жəне халықаралық спорттық жарыстарда өнер көрсетуiн қамтамасыз етедi; 4) тиiстi əкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында бұқаралық спортты жəне ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз етеді; 5) облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аумағында дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi; 6) облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аумағында спорт ғимараттарын салу мəселелерiн үйлестiредi жəне олардың халыққа қолжетімділігін қамтамасыз етеді; 7) білім беру ұйымдарының спорт ғимараттарын сабақтан тыс жəне кешкі уақытта халық үшін спорт секцияларының жұмысын қамтамасыз ету жəне спорттық іс-шаралар өткізу мақсатында пайдалану жөнінде шаралар қолданады; 8) спортшыларға: Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы спорттық разрядтарын береді; 9) мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты əдіскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты əдіскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бiрiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын береді; 10) аккредиттелген өңірлік жəне жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорттықбұқаралық iс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтiзбесін бекiтедi жəне оның iске асырылуын қамтамасыз етеді; 11) тиiстi əкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды жəне өткiзудi үйлестiредi; 12) тиiстi əкiмшiлiк-аумақтық бірліктің аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады жəне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысанда жəне мерзімдерде дене шынықтыру жəне спорт саласындағы уəкiлеттi органға ұсынады; (Жалғасы 12-бетте).


12

www.egemen.kz

(Жалғасы. Басы 11-бетте).

13) жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеуді жүзеге асырады; 14) спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттар үшін спорт түрлері бойынша білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларын іске асырады; 15) спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттардың үлгілік оқу жоспарларын келіседі; 16) аккредиттелген өңірлік жəне жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлері бойынша облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың құрама командаларының тізімдерін қалыптастырады жəне бекітеді; 17) осы Заңға сəйкес Олимпиада, Паралимпиада жəне Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етеді; 18) дене шынықтыру жəне спорт саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың дене шынықтыру жəне спорт жөніндегі басқару органының бірінші басшысын лауазымға тағайындайды; 19) ресми дене шынықтыру жəне спорт іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырады; 20) дене шынықтыру жəне спорт іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тəртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді; 21) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 2. Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органы: 1) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша жəне олардың көпшілік демалу орындарында спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды; 2) аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп, спорт түрлерi бойынша аудандық, облыстық маңызы бар қалалық спорттық жарыстарды өткiзедi; 3) спорт түрлерi бойынша аудандық, облыстық маңызы бар қалалық құрама командаларды даярлауды жəне олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етедi; 4) тиiстi əкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында бұқаралық спортты жəне ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз етеді; 5) тиiстi əкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында аудандық, облыстық маңызы бар қалалық дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi; 6) спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдікразрядты спортшы спорттық разрядтарын береді; 7) мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты əдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты əдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын береді; 8) спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтiзбесін iске асырады; 9) тиiстi əкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында спорттық iс-шараларды ұйымдастыруды жəне өткiзудi үйлестiредi; 10) тиiстi əкiмшiлiк-аумақтық бірліктің аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады жəне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысанда жəне мерзімдерде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына ұсынады; 11) аккредиттелген өңірлік жəне жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлері бойынша аудандық, облыстық маңызы бар қалалардың құрама командаларының тізімдерін қалыптастырады жəне бекітеді; 12) осы Заңға сəйкес Олимпиада, Паралимпиада жəне Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етеді; 13) ресми дене шынықтыру жəне спорт іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырады; 14) дене шынықтыру жəне спорт іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тəртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді; 15) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 3. Республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы ауданның əкімі: 1) спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, жасөспірімдер бойынша 1-разрядты спортшы, жасөспірімдер бойынша 2-разрядты спортшы, жасөспірімдер бойынша 3-разрядты спортшы спорттық разрядтарын береді; 2) мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты əдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты əдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын береді; 3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен өз қарауына жатқызылған өзге де мəселелерді шешеді. 4. Қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, ауылдық округтің, кенттің жəне ауылдың əкiмi: 1) спорт мекемелерiне қолдау жасайды жəне олардың материалдық-техникалық қамтамасыз етiлуіне жəрдем көрсетедi; 2) тиiстi əкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында жеке адамдардың тұрғылықты жерiнде жəне олардың көпшілік демалатын орындарында дене шынықтыру мен спортты дамыту үшiн жағдайлар жасайды; 3) дене шынықтыру жəне спорт саласындағы уəкілетті органмен жəне мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, мүгедектер арасында сауықтыру жəне спорттық іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады; 4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен өз қарауына жатқызылған өзге де мəселелерді шешеді. 9-бап. Дене шынықтыру мен спортты насихаттау 1. Дене шынықтыру мен спорт, денсаулық сақтау жəне білім беру саласындағы уəкілетті органдар, дене шынықтыру-спорт ұйымдары, бұқаралық ақпарат құралдары халықтың əртүрлі топтарының жас шамасын, кəсіби жəне əлеуметтік ерекшеліктерін ескере отырып, дене шынықтыру мен спортты насихаттауды жүзеге асырады, дене шынықтыру мен спорттың əлеуметтік маңызын ашуды, ұлтты сауықтырудағы, жеке адамдардың саламатты өмір салтын қалыптастырудағы олардың рөлін қамтамасыз етеді. 2. Бұқаралық ақпарат құралдары, жергілікті атқарушы органдар, дене шынықтыру жəне спорт бағытындағы қоғамдық бірлестіктер дене шынықтыру мен спортты насихаттауды жүргізеді, денсаулықтарын сақтау жəне нығайту, аурулардың алдын алу, жұмысқа қабілеттілік пен белсенді ұзақ өмір сүрудің жоғары деңгейіне, сондай-ақ ізгілік мұраттары мен спорт құндылықтарына қол жеткізу үшін дене шынықтыру компоненттерін практикалық пайдалануда халықтың білім деңгейін арттырады. 3-тарау. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МЕН СПОРТ ЖҮЙЕСІ 10-бап. Дене шынықтыру мен спорт субъектілері 1. Қазақстан Республикасындағы дене шынықтыру мен спорт субъектiлерiне: 1) дене шынықтыру-спорт ұйымдары: олимпиадалық даярлау орталықтары, олимпиада резервін даярлау орталықтары, спорт федерациялары, спорт мектептері мен спорт клубтарының барлық түрлері, спорт секциялары, əскери-қолданбалы жəне қызметтік-қолданбалы спорт түрлері бойынша жарыстарды ұйымдастыратын ұйымдар, ведомстволық спорт қоғамдары жəне спортты дамытуды жүзеге асыратын қоғамдық бірлестіктер;

2) дене шынықтыру жəне спорт саласындағы қызметті жүзеге асыратын білім беру ұйымдары; 3) дене шынықтыру жəне спорт саласындағы зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдар; 4) дене шынықтыру жəне спорт саласындағы уəкілетті орган, жергілікті атқарушы органдар; 5) спорттық медицина ұйымдары; 6) дене шынықтырумен айналысатын жеке адамдар, спортшылар, ұжымдар (спорт командалары), спорт төрешілері, жаттықтырушылар жəне дене шынықтыру жəне спорт саласындағы өзге де мамандар жатады. 2. Дене шынықтыру-спорт ұйымдары халықтың əртүрлі топтары арасында дене шынықтыру мен спортты дамыту бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға қатысады, спортшылардың жəне спорттық жарыстарға жəне оқужаттығу іс-шараларына қатысатын басқа да адамдардың денсаулығын қорғау жəне нығайту үшін жағдайлар жасайды, спортшыларға, жаттықтырушыларға жəне дене шынықтыру жəне спорт саласындағы мамандарға жаттығу жасау үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді. 3. Қазақстан Республикасының дене шынықтыруспорт ұйымдары халықаралық спорт ұйымдарына мүше бола алады, егер мұндай құқықтар мен міндеттер Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмесе, халықаралық спорт ұйымдарының мүшелері мəртебесіне сəйкес құқықтарға ие бола алады жəне міндеттер атқара алады. 11-бап. Спорт федерацияларын аккредиттеу 1. Республикалық, өңірлік жəне жергілікті спорт федерациялары аккредиттелуге жатады. 2. Спорттың олимпиадалық жəне олимпиадалық емес түрі (түрлері) бойынша республикалық жəне (немесе) өңірлік спорт федерациялары Қазақстан Республикасы атынан Халықаралық олимпиада комитеті, Азияның Олимпиадалық кеңесі немесе «Спорт-Аккорд» халықаралық конвенті таныған халықаралық спорт ұйымының мүшесі болып табылуға жəне оны Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитеті тануға тиіс. 3. Ұлттық спорт түрі (түрлері) бойынша республикалық жəне (немесе) өңірлік спорт федерациялары Қазақстан Республикасы атынан халықаралық спорт ұйымының мүшесі болып табылуға жəне оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитеті тануға тиіс. 4. Қазақстан Республикасы облыстарының кемінде жартысының аумақтарында дамыту жүзеге асырылатын, спорт түрлерінің аккредиттеу тəртібімен белгіленген ерекшеліктеріне байланысты өңірлік спорт федерациясы республикалық спорт федерациясының мəртебесін иеленеді. 12-бап. Аккредиттелген спорт федерацияларының құқықтары мен міндеттері 1. Аккредиттелген республикалық жəне өңірлік спорт федерациялары: 1) тиісті спорт түрі (түрлері) бойынша спорттық ісшараларды ұйымдастыруға жəне өткізуге; 2) спорт түрі (түрлері) бойынша спортшыларды даярлау жүйесін жетілдіруге; 3) құзыреті шегінде спортшылардың бір дене шынықтыру-спорт ұйымынан басқасына ауысуын ұйымдастыруға қатысуға; 4) тиісті халықаралық жарыстарды өткізетін халықаралық спорт ұйымдарының нормаларына сəйкес спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командалары (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалар) үшін қатысуға құқығы жоқ спортшылардың тиісті спорт түрлері бойынша халықаралық спорттық жарыстарға қатысуына шектеулер белгілеуге; 5) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) нышандарын пайдаланудың барлық құқықтарын иеленуге; 6) спорт салаларын спорт түрлерінің тізіліміне қосу туралы ұсыныстар енгізуге; 7) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған əртүрлі көздерден тиісті спорт түрлерін дамыту үшін ұсынылған қаржылық жəне өзге де қолдауды қабылдауға; 8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы. 2. Аккредиттелген республикалық жəне өңірлік спорт федерациялары: 1) спорт түрлерін дамытуға жəне кеңінен таратуға; 2) халықаралық спорт ұйымдарының (болған кезде) талаптарына сəйкес дене шынықтыру жəне спорт саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша спорт түрлері бойынша қағидаларды əзірлеуге жəне бекітуге; 3) спорт түрлері бойынша кешенді нысаналы бағдарламаларды жəне спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) спортшыларын даярлаудың жеке жоспарларын əзірлеуге; 4) республикалық спорт федерациясы өткізетін жарыстар туралы ережелерді (регламенттерді) əзірлеуге жəне оларды дене шынықтыру жəне спорт саласындағы уəкілетті органмен келісуге; 5) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) халықаралық спорттық жарыстарға даярлығын жəне оларға қатысуын қамтамасыз етуге; 6) халықаралық жəне республикалық спорттық жарыстарға тиісті спорт түрлері бойынша ардагер спортшылардың даярлығын жəне оларға қатысуын қамтамасыз етуге; 7) дене шынықтыру жəне спорт саласындағы уəкілетті органға тиісті спорт түрлерін дамыту жөнінде ақпарат беруге; 8) спорттағы кемсітушілік пен зорлық-зомбылықтың кез келген нысандарының көріністеріне қарсы іс-қимыл жасауға; 9) спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай республикалық күнтізбесін əзірлеуге жəне іске асыруға; 10) дене шынықтыру жəне спорт саласындағы уəкілетті органға бірыңғай спорттық сыныптамаға енгізу мақсатында спорттың тиісті түрлерiне қойылатын талаптар мен нормаларды жəне жаттықтырушыларды аттестаттау бойынша біліктілік талаптарын белгіленген тəртіппен ұсынуға; 11) спорт түрлері бойынша спорт төрешілерін даярлауды жүзеге асыруға; 12) жаттықтырушыларды қайта даярлауды, жаттықтырушыларды, спорт төрешілерін жəне дене шынықтыру мен спорт саласындағы мамандарды аттестаттауды жүзеге асыруға; 13) дене шынықтыру жəне спорт саласындағы уəкілетті органға спортшылар мен жаттықтырушыларға спорттық атақтар мен разрядтар, нұсқаушы-спортшыларға, жаттықтырушыларға, дене шынықтыру жəне спорт саласындағы мамандарға, спорт төрешілеріне санаттар беру үшін құжаттар ұсынуға; 14) спортшыларды тіркеуді жүргізуге; 15) спортшылардың, аттестатталған спорт төрешілерінің, жаттықтырушылардың тізілімін жүргізуге; 16) Қазақстан Республикасының допингке қарсы қағидаларында белгіленген талаптарға сəйкес допингті пайдалануға қарсы іс-қимыл жасауға; 17) Қазақстан Республикасының жəне тиісті спорт түрлері бойынша халықаралық спорт федерацияларының допингке қарсы қағидаларын қазақ жəне орыс тілдерінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға немесе өздерінің интернет-ресурстарында орналастыруға; 18) жарыс кезеңінде де, жарыстан тыс кезеңде де тестілеу өткізу мақсатында спортшылардың тізімін қалыптастыру үшін ұлттық допингке қарсы ұйымға қажетті ақпаратты Қазақстан Республикасының допингке қарсы қағидаларына сəйкес беруге; 19) спортшыларды Қазақстан Республикасының допингке қарсы қағидаларына сəйкес оларды жарыс кезеңінде де, сондай-ақ жарыстан тыс кезеңде де тестілеуге жататын спортшылардың тізіміне енгізілгені

10 шілде 2014 жыл

туралы хабардар етуге; 20) допингке қарсы қағидаларға сəйкес спортшыларды тестілеуден өткізуге жəрдемдесуге; 21) спортшылардың, сондай-ақ жаттықтырушылардың, дене шынықтыру жəне спорт саласындағы өзге де мамандардың спортшыларға жəне спорттық жарыстарға қатысатын жануарларға қатысты допингке қарсы қағидаларды бұзғаны туралы тиісті допингке қарсы ұйымның шешімі негізінде жəне оны орындау үшін санкциялар қолдануға (оның ішінде спорттық жарыстан шеттету); 22) қолданылған санкциялар туралы дене шынықтыру жəне спорт саласындағы уəкілетті органға, ұлттық допингке қарсы ұйымға, тиісті спорт түрі бойынша халықаралық спорт федерациясына ақпарат беруге; 23) əдістемелік жұмыс нəтижелерінің негізінде дене шынықтыру жəне спорт саласындағы уəкілетті органға спорт түрін дамыту жөнінде ұсынымдар беруге; 24) егер осы шарттар халықаралық спорт федерацияларының талаптарында көзделсе, кəсіпқой спортты дамыту жөніндегі міндеттерді орындауға; 25) Қазақстан Республикасының заңнамасына жəне өз жарғыларына сəйкес өзге де міндеттерді орындауға міндетті. 3. Аккредиттелген жергілікті спорт федерациялары: 1) тиісті спорт түрі (түрлері) бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала, астана деңгейінде спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға жəне өткізуге; 2) құзыреті шегінде спортшылардың бір дене шынықтыру-спорт ұйымынан басқасына ауысуын ұйымдастыруға қатысуға; 3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органына спорт түрінің (түрлерінің) дамуы туралы ақпарат жіберуге; 4) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған əртүрлі көздерден тиісті спорт түрлерін дамыту үшін ұсынылған қаржылық жəне өзге де қолдауды қабылдауға; 5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы. 4. Аккредиттелген жергілікті спорт федерациялары: 1) спорт түрін дамытуға жəне кеңінен таратуға; 2) спортшыларды тиісті спорт түрі (түрлері) бойынша даярлау жоспарларын əзірлеуге; 3) аккредиттелген жергілікті спорт федерациясы өткізетін спорттық жарыстар туралы ережелерді (регламенттерді) əзірлеуге жəне оларды жергілікті уəкілетті органмен келісуге; 4) спортшылардың спорттық жарыстарға даярлығын жəне оларға қатысуын қамтамасыз етуге; 5) дене шынықтыру жəне спорт саласындағы уəкілетті органға тиісті спорт түрлерін дамыту жөнінде ақпарат ұсынуға; 6) спорттағы кемсітушілік пен зорлық-зомбылықтың кез келген нысандарының көріністеріне қарсы іс-қимыл жасауға; 7) спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай республикалық күнтізбесін əзірлеуге жəне іске асыруға қатысуға; 8) Қазақстан Республикасының допингке қарсы қағидаларында белгіленген талаптарға сəйкес допингті пайдалануға қарсы іс-қимыл жасауға; 9) Қазақстан Республикасының жəне тиісті спорт түрлері бойынша халықаралық спорт федерацияларының допингке қарсы қағидаларын қазақ жəне орыс тілдерінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға немесе өздерінің интернет-ресурстарында орналастыруға; 10) жарыс кезеңінде де, жарыстан тыс кезеңде де тестілеу өткізу мақсатында спортшылардың тізімін қалыптастыру үшін ұлттық допингке қарсы ұйымға қажетті ақпаратты Қазақстан Республикасының допингке қарсы қағидаларына сəйкес беруге; 11) спортшыларды Қазақстан Республикасының допингке қарсы қағидаларына сəйкес оларды жарыс кезеңінде де, жарыстан тыс кезеңде де тестілеуге жататын спортшылардың тізіміне енгізілгені туралы хабардар етуге; 12) допинг-бақылау жүргізу тəртібіне сəйкес тестілеу өткізуге жəрдемдесуге; 13) спортшылардың, сондай-ақ, жаттықтырушылардың, дене шынықтыру жəне спорт саласындағы өзге де мамандардың спортшыларға жəне спорттық жарыстарға қатысатын жануарларға қатысты допингке қарсы қағидаларды бұзғаны туралы тиісті допингке қарсы ұйымның шешімі негізінде жəне оны орындау үшін санкциялар қолдануға (оның ішінде спорттық жарыстан шеттету); 14) қолданылған санкциялар туралы дене шынықтыру жəне спорт саласындағы уəкілетті органға, ұлттық допингке қарсы ұйымға, тиісті спорт түрі бойынша халықаралық спорт федерациясына ақпарат беруге; 15) əдістемелік жұмыс нəтижелерінің негізінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына спорт түрлерін дамыту жөнінде ұсынымдар беруге; 16) Қазақстан Республикасының заңнамасына жəне өз жарғыларына сəйкес өзге де міндеттерді орындауға міндетті. 13-бап. Ұлттық олимпиадалық қозғалыс. Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетi 1. Ұлттық олимпиадалық қозғалыс мақсаты олимпиадалық қозғалыс қағидаттарын насихаттау жəне енгізу, дене шынықтыру мен спортты дамытуға жəрдемдесу, халықаралық спорттық ынтымақтастықты нығайту, Олимпиада ойындарына жəне Халықаралық олимпиада комитетінің аясында өткізілетін басқа да халықаралық спорттық іс-шараларға қатысу болып табылатын халықаралық олимпиадалық қозғалыстың құрамдас бөлігі болып табылады. 2. Ұлттық олимпиадалық қозғалысты қызметін Қазақстан Республикасының қоғамдық бiрлестiктер туралы заңнамасына, Халықаралық олимпиада комитетінің Олимпиадалық хартиясына сəйкес жəне Халықаралық олимпиада комитетінің тануы негізінде, сондай-ақ өзінің жарғысына сəйкес жүзеге асыратын қоғамдық бірлестік – Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетi басқарады. Мемлекет ұлттық олимпиадалық қозғалысты таниды жəне Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетіне өзінің жарғылық мақсаттарын іске асыруына жан-жақты жəрдем көрсете отырып, қолдайды. 3. Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетi: 1) мемлекетте олимпиадалық қозғалыс қағидаттарын насихаттайды, жоғары жетістіктер спорты мен бұқаралық спортты дамытуға ықпал етеді; 2) Олимпиада ойындарында жəне Халықаралық олимпиада комитетінің аясында өткізілетін басқа да халықаралық спорттық іс-шараларда Халықаралық олимпиада комитетінің Олимпиадалық хартиясына сəйкес Қазақстан Республикасын білдіреді; 3) Халықаралық олимпиада комитетінде Қазақстан Республикасын білдіреді; 4) дене шынықтыру жəне спорт саласындағы уəкiлеттi органмен өзара iс-қимыл жасау кезiнде жоғары жетістіктер спорты мен бұқаралық спортты дамытудың бiрыңғай саясатын жүргiзедi; 5) Олимпиада ойындарына жəне Халықаралық олимпиада комитеті аясында өткiзілетiн басқа да халықаралық спорттық іс-шараларға қатысу үшiн Қазақстан Республикасының спортшыларын қажетті даярлық деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған шараларды əзірлеу мен жүзеге асыруға қатысады; 6) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органымен келісу бойынша Халықаралық олимпиада комитетіне Қазақстан Республикасының Олимпиада ойындарын өткізуге кандидат қаласы туралы өтінім беруге құқылы. 4. Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетi Халықаралық олимпиада комитетінің Олимпиадалық хартиясына сəйкес Халықаралық олимпиада комитетіне тиесілі олимпиадалық рəмізді, девизді, туды жəне гимнді, «Олимпиадалық ойындар», «Олимпиада ойындары» деген атауларды Қазақстан Республикасының аумағында пайдалану құқықтарын қорғау жөнiндегi

шараларды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетi Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитетiнің олимпиадалық эмблемасына, девизіне, туына жəне өзге де ұлттық олимпиадалық нышанға айрықша құқықтарды иеленеді. 5. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) Олимпиада ойындарында жəне Халықаралық олимпиада комитетінiң қамқорлығы аясында өткiзiлетiн басқа да халықаралық спорттық іс-шараларға қатысуы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы астында жүзеге асырылады. 6. Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитетiнің жоғары жетістіктер спорты мен бұқаралық спортты дамыту, сондай-ақ Қазақстан Республикасы спортшыларының Олимпиада ойындарына жəне Халықаралық олимпиада комитетінің аясында өткiзілетiн басқа да халықаралық спорттық іс-шараларға қатысуы үшін қажетті даярлық деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі өз өкілеттіктерін іске асыруы дене шынықтыру жəне спорт саласындағы уəкілетті органмен жəне республикалық спорт федерацияларымен өзара іс-қимыл жасау арқылы жүзеге асырылады. 7. Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетi өзінің алдында тұрған жарғылық міндеттерін орындауды өзінің қаржыландыру көздері, демеушілік көмек, жеке жəне заңды тұлғалардың ерікті қайырмалдықтары, сондай-ақ белгіленген тəртіппен бөлінетін бюджет қаражаты есебінен іске асырады. 14-бап. Паралимпиадалық қозғалыс, Сурдлимпиадалық қозғалыс, Арнайы олимпиадалық қозғалыс, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық жəне арнайы олимпиадалық спорт түрлері бойынша қоғамдық бірлестіктер 1. Паралимпиадалық қозғалыс, Сурдлимпиадалық қозғалыс, Арнайы олимпиадалық қозғалыс мақсаты мүгедектердің дене шынықтыру мен спортын дамытуға жəрдемдесу, көрсетілген салада халықаралық ынтымақтастықты нығайту, Паралимпиадалық ойындарға, Сурдлимпиадалық ойындарға, Халықаралық арнайы олимпиадалық ойындарға қатысу болып табылатын тиісінше халықаралық паралимпиадалық қозғалыстың, халықаралық сурдлимпиадалық қозғалыстың, халықаралық арнайы олимпиадалық қозғалыстың бір бөлігі болып табылады. 2. Паралимпиадалық қозғалысты, Сурдлимпиадалық қозғалысты, Арнайы олимпиадалық қозғалысты қызметін Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестіктер туралы заңнамасына, тиісті халықаралық спорт ұйымдарының жарғыларына сəйкес жəне халықаралық спорт ұйымдарының тануы негізінде, сондай-ақ өздерінің жарғыларына сəйкес жүзеге асыратын паралимпиадалық, сурдлимпиадалық жəне арнайы олимпиадалық спорт түрлері бойынша қоғамдық бірлестіктер басқарады. 3. Паралимпиадалық, сурдлимпиадалық, арнайы олимпиадалық спорт түрлері бойынша қоғамдық бірлестіктер тиісінше Паралимпиадалық ойындарда, Сурдлимпиадалық ойындарда, Халықаралық арнайы олимпиадалық ойындарда, Халықаралық паралимпиадалық комитет, Халықаралық сурдлимпиадалық комитет жəне Халықаралық арнайы олимпиадалық комитет аясында өткізілетін басқа да халықаралық спорттық іс-шараларда спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларын (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командаларды) білдіреді. 4. Паралимпиадалық, сурдлимпиадалық, арнайы олимпиадалық спорт түрлері бойынша қоғамдық бірлестіктер өздерінің алдында тұрған жарғылық міндеттерін орындауды өзінің қаржыландыру көздері, демеушілік көмек, жеке жəне заңды тұлғалардың ерікті қайырмалдықтары есебінен, сондай-ақ белгіленген тəртіппен бөлінетін бюджет қаражаты есебінен іске асырады. 15-бап. Білім беру ұйымдарындағы дене тəрбиесi жəне спорт 1. Білім беру ұйымдарындағы дене тəрбиесі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына жəне үлгілік оқу жоспарларына сəйкес оқу уақытында жəне оқудан тыс уақытта жүзеге асырылады. 2. Дене тəрбиесi: мектепке дейiнгi ұйымдарда – аптасына кемiнде үш сағат, жалпы бiлiм беретiн мектептерде – аптасына кемiнде үш сағат, колледждерде – аптасына кемiнде төрт сағат, жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын жоғары оқу орындарында бірінші жəне екінші оқу жылдарында білім алушылар үшін аптасына кемінде төрт сағат көлемінде жүргiзiледi. Денсаулығы нашар білім алушылар мен тəрбиеленушілер арнайы медициналық топтар мен емдiк дене шынықтыру топтарында айналысады. Дене мүмкіндіктері шектеулі білім алушылар мен тəрбиеленушілер бейімдік дене шынықтыру мен спорт құралдарын пайдалана отырып айналысады. 3. Мектепке дейiнгi білім беру ұйымдары, жалпы бiлiм беретiн мектептер мен басқа да білім беру ұйымдары білім алушылар мен тəрбиеленушілердің дене тəрбиесiмен айналысу мақсатында дене шынықтыру машықтарын қалыптастырады, оларды спортпен айналысуға тартады, дене шынықтыру-сауықтыру жəне спорттық iс-шаралар өткiзедi жəне қоғамдық бiрлестiктер мен басқа да заңды тұлғаларға мектеп жасына дейiнгi балалардың, білім алушылар мен тəрбиеленушілердің қатысуымен спорттық iсшараларды ұйымдастыруға жəне өткiзуге жəрдемдеседi. 4. Сабақтан тыс уақытта спортпен айналысу үшiн спорт клубтары, секциялар мен мектептен тыс дене шынықтырусауықтыру ұйымдары құрылады, олардың қатарына əртүрлі спорт мектептерi, балалар-жасөспiрiмдердің дене шынықтыру даярлығы клубтары, тұрғылықты жерi бойынша балалар мен жеткіншектер клубтары жəне қызметi мектеп жасына дейiнгi балалардың, білім алушылар мен тəрбиеленушілердің дене тəрбиесi мен спорттық даярлығына бағытталған басқа да заңды тұлғалар кiредi. 5. Дене шынықтыру-спорт ұйымдарында спорт резервін даярлау мақсатында жергілікті атқарушы органдармен келісу бойынша жалпы білім беретін мектептер базасында тереңдетілген оқу-жаттығу процесі негізінде əртүрлі спорт түрлері бойынша білім алушылар мен тəрбиеленушілердің спорттық даярлығын жүзеге асыратын мамандандырылған спорт сыныптары мен топтары құрылады. 6. Спорттағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттарда, олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерінде спортшыларды даярлау білім беру саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша дене шынықтыру жəне спорт саласындағы уəкілетті орган белгілеген тəртіппен жүзеге асырылады. 7. Білім беретін оқу орындарында спортшыларды даярлау дене шынықтыру жəне спорт саласындағы уəкілетті орган бекіткен қағидаларға, бағдарламалар мен нормативтерге сəйкес жүзеге асырылады. 8. Мектеп жасына дейінгі білім беру ұйымдарында, мектептен тыс дене шынықтыру-сауықтыру ұйымдарында жəне басқа да білім беру ұйымдарында дене тəрбиесі үшін қажетті жағдайлар жасау жергілікті атқарушы органдарға жүктеледі. 9. Білім беру ұйымдарында студенттік жəне мектеп спортын дамыту мақсатында спорт клубтары, студенттер жəне оқушылар лигалары, білім алушылар мен тəрбиеленушілер арасында спорт түрлері бойынша федерациялар құрылуы мүмкін. 10. Студенттік жəне мектеп спорты саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке жəне заңды тұлғалар студенттік жəне (немесе) мектеп спорты лигасының мүшелері болуы мүмкін. 11. Студенттер жəне оқушылар лигаларын қалыптастыру, студенттер жəне оқушылар лигалары арасында спорттық іс-шараларды ұйымдастыру жəне өткізу тəртібін дене шынықтыру жəне спорт саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындайды. 16-бап. Қазақстан Республикасының Қарулы

Күштерінде, басқа да əскерлері мен əскери құралымдарында, құқық қорғау жəне арнаулы мемлекеттік органдарында əскери-қолданбалы, қызметтік-қолданбалы жəне басқа да спорт түрлерін дамыту 1. Əскери қызметшілер мен Қазақстан Республикасының құқық қорғау жəне арнаулы мемлекеттік органдары қызметкерлерінің бір немесе бірнеше мемлекеттік органдар қызметінің шеңберінде дамитын қызметтік міндеттерін орындауына байланысты арнайы іс-қимылдары (оның ішінде тəсілдері) əскери-қолданбалы жəне қызметтік-қолданбалы спорт түрлерінің негізі болып табылады. 2. Əскери қызметшілер мен Қазақстан Республикасының құқық қорғау жəне арнаулы мемлекеттік органдары қызметкерлерінің дене шынықтыру даярлығы қоршаған ортаның физикалық факторларының өзгерістері ескеріле отырып, əскери қызметтің, Қазақстан Республикасының құқық қорғау жəне арнаулы мемлекеттік органдары қызметінің ерекшеліктері мен жауынгерлік жəне жедел-қызметтік міндеттерді орындауға байланысты əртүрлі жағдайларға əскери қызметшілер мен Қазақстан Республикасының құқық қорғау жəне арнаулы мемлекеттік органдары қызметкерлері организмінің төзімділігін арттыру мақсатында өткізілетін даярлықтың негізгі нысанасы болып табылады. 3. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да əскерлері мен əскери құралымдарында, құқық қорғау жəне арнаулы мемлекеттік органдарында дене шынықтыру даярлығы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының құқық қорғау жəне арнаулы мемлекеттік органдары бекітетін дене шынықтыру даярлығы бойынша бағдарламалар негізінде қызметкерлердің қызметтік міндеттерді табысты орындауы мақсатында жүзеге асырылады. 4. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да əскерлері мен əскери құралымдарында, құқық қорғау жəне арнаулы мемлекеттік органдарында əскери қызметшiлер мен құқық қорғау жəне арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін спортпен тұрақты түрде айналысуға тарту мақсатында тиісті əскери-қолданбалы, қызметтік-қолданбалы, техникалық жəне басқа да спорт түрлерін дамытуды, спортшылар даярлауды жүзеге асыратын, сондай-ақ құрама командаларды жасақтайтын спорт клубтары, дене шынықтыру-спорт ұйымдары құрылуы жəне жұмыс істеуі мүмкін. 5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген ұйымдар оқужаттығу процесін жүзеге асырады, барлық санаттағы əскери қызметшiлердің жəне Қазақстан Республикасының құқық қорғау жəне арнаулы мемлекеттік органдары қызметкерлерінің спортпен айналысуы үшін жағдайлар жасайды, спортшылардың спорттық жарыстарға, оның ішінде оқу-жаттығу жəне спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды, медициналық қызмет көрсетуді, спортшылардың қарқынды дене шынықтыру жүктемелерінен, аурулары мен жарақаттануынан кейін қалпына келтіру іс-шараларын, олардың тамақтануын, тұруын жəне жол жүруін қамтамасыз етуді, сондайақ спорттық жарақпен, спорттық мүкəммалмен жəне жабдықпен қамтамасыз етуді, жаттықтырушылар мен дене шынықтыру жəне спорт саласындағы басқа да мамандардың біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шаралар өткізуді көздейтін, Дүниежүзілік армия ойындарына, Достас армиялардың спартакиадасына, əлем чемпионаттарына жəне Полицейлер мен өрт сөндірушілердің дүниежүзілік ойындарына қатысуына даярлығын жүзеге асырады. 6. Əскери-қолданбалы жəне қызметтік-қолданбалы, техникалық жəне басқа да спорт түрлерін дамытуға басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының құқық қорғау жəне арнаулы мемлекеттік органдары спорттық іс-шараларға қатысу үшін тиісті спорт түрлері бойынша құрама командаларды жасақтайды, əскери қызметшiлер мен Қазақстан Республикасының құқық қорғау жəне арнаулы мемлекеттік органдары қызметкерлерінің дене шынықтыру даярлығына үнемі тестілеу жүргізіп отырады, республикалық жəне халықаралық спорттық іс-шараларды ұйымдастырады, өткізеді жəне қамтамасыз етеді, əскери-қолданбалы, қызметтік-қолданбалы, техникалық жəне басқа да спорт түрлері бойынша спорттық сыныптаманы əзірлейді жəне оған уақтылы өзгерістер енгізеді, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен жаттықтырушыларға, əдіскерлерге, спорт төрешілеріне, нұсқаушы-спортшыларға спорттық разрядтар мен дəрежелер, біліктілік талаптарын береді. 7. Əскери қызметшiлер мен Қазақстан Республикасының құқық қорғау жəне арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлері арасында өткізілетін əскери-қолданбалы жəне қызметтік-қолданбалы, техникалық жəне басқа да спорт түрлері бойынша спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының құқық қорғау жəне арнаулы мемлекеттік органдары бекітеді. 17-бап. Еңбек ұжымдарындағы дене шынықтыру жəне спорт 1. Заңды тұлғалар жұмыскерлердi сауықтыру бойынша дене шынықтыруды дамыту үшін қаражат көздей алады жəне жеке адамдардың дене шынықтырумен жəне спортпен айналысу құқықтарын iске асыруына жағдайлар жасайды. 2. Жұмыскерлердiң, олардың отбасы мүшелерiнiң жеке жəне ұжымдық дене шынықтыру-спорт сабақтарын ұйымдастыру үшiн материалдық база құру, оны пайдалану, қаржыландыру, мамандармен қамтамасыз ету ұжымдық шарттарда жəне (немесе) заңды тұлғаның басқару органының шешімімен айқындалады жəне (немесе) оны дара кəсіпкер айқындайды. 3. Еңбек ұжымдарында ерікті негізде жəне салалық қағидат бойынша спортпен айналысу үшін жеке адамдарды біріктіретін ведомстволық дене шынықтыру-спорт қоғамдары құрылуы мүмкін. 4. Қоғамдардың ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны жəне олардың қызмет тəртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес айқындалады. 18-бап. Халықтың тұрғылықты жерi бойынша жəне көпшілік демалатын орындардағы дене шынықтыру жəне спорт 1. Халықтың тұрғылықты жері бойынша жəне көпшілік демалатын орындарда дене шынықтыру мен спортты дамыту: 1) жеке адамдардың дене шынықтырумен жəне спортпен айналысулары үшін инфрақұрылым жасауды; 2) спорт клубтары мен секцияларының жұмысын ұйымдастыруды; 3) дене шынықтыру-сауықтыру жəне спорттық iсшараларды ұйымдастыруды жəне өткiзуді; 4) дене шынықтыру-спорт ұйымдарына көпшілік демалыс орындарында халықтың дене шынықтырумен жəне спортпен айналысуына арналған қажеттi үй-жайлар бөлуге жəне спорт ғимараттарын беруге жəрдемдесуді; 5) дене шынықтыру-сауықтыру жəне спорт ғимараттарының тиісті техникалық жай-күйін қамтамасыз етуді қамтиды. 2. Санаториялық-курорттық ұйымдар, пансионаттар, демалыс үйлерi, туристiк базалар жəне балаларды сауықтыру лагерьлерi жеке, топтық жəне отбасылық дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын өткiзу үшін жағдайлар жасайды. 19-бап. Бейімдік дене шынықтыру жəне спорт, мүгедектердің дене бітімін оңалту жəне оларды əлеуметтік бейімдеу 1. Бейімдік дене шынықтыру мен спорт əдістерін пайдалана отырып, мүгедектердің дене бітімін оңалту жəне əлеуметтік бейімдеу спорт клубтарында, мүгедектер мектептері мен секцияларында, дене шынықтыру-спорт ұйымдарында жүзеге асырылады. (Жалғасы 13-бетте).


(Жалғасы. Басы 11-12-беттерде).

2. Мүгедектерге арналған дене шынықтыру-спорт ұйымдарындағы оқу-жаттығу процесі, даярлық кезеңдерінің мазмұны тиісті паралимпиадалық, сурдлимпиадалық, арнайы олимпиадалық спорт түрлері бойынша қоғамдық бірлестіктер əзірлейтін жəне дене шынықтыру мен спорт саласындағы уəкілетті орган бекітетін спорт түрлері бойынша бағдарламалар негізінде жүзеге асырылады. 3. Мүгедектердің дене шынықтырумен жəне спортпен шұғылдануын ұйымдастыру, кадрлар даярлау, мүгедектердің дене шынықтырумен жəне спортпен шұғылдануын əдістемелік, медициналық қамтамасыз ету жəне дəрігерлік бақылау білім беру, денсаулық сақтау, халықты əлеуметтік қорғау, дене шынықтыру жəне спорт органдарына жүктеледі. 4. Жергілікті атқарушы органдар мүгедектерге дене шынықтырумен жəне спортпен шұғылдану үшін спорт ғимараттарына баруға жағдай жасауды, арнайы спорттық мүкаммалды беруді қамтамасыз етеді. Мүгедектігінің санатына қарай, санамаланған көрсетілетін қызметтер бюджет қаражаты есебінен жəне «Қазақстан Республикасында мүгедектерді əлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес жеңілдікті шарттармен жүзеге асырылады. 5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары мүгедектердің дене шынықтыру-спорт ұйымдарымен бірлесе отырып, спорт клубтарының, мектептерінің, секцияларының ашылуын қамтамасыз етеді, облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан, облыстық маңызы бар қала деңгейінде спорттық іс-шаралар өткізуді, сондай-ақ оларды республикалық спорттық жарыстарға даярлауды жəне оларға қатысуын ұйымдастырады. 6. Дене шынықтыру жəне спорт саласындағы уəкілетті орган мүгедектердің дене шынықтыру-спорт ұйымдарымен бірлесе отырып, республикалық жарыстар өткізуді, мүгедектер арасындағы спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларын (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командаларды) халықаралық спорттық жарыстарға, оның ішінде Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарына жəне Дүниежүзілік арнайы олимпиада ойындарына даярлауды жəне оларға қатысуын ұйымдастырады. 20-бап. Түзеу мекемелеріндегі дене шынықтыру жəне спорт 1. Түзеу мекемелерінде сотталған адамдардың дене тəрбиесі жүзеге асырылады. 2. Түзеу мекемелерінің əкімшілігі дене шынықтырумен жəне спортпен айналысу үшін жағдайлар қамтамасыз етеді жəне спорт түрлері жөніндегі қағидаларға сəйкес спорттық іс-шараларды ұйымдастырады. 3. Сотталғандар дене шынықтырумен жəне спортпен айналысу үшін өз қаражаты есебінен спорттық киім, аяқкиім сатып алуға құқылы. 4-тарау. ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІН ДАМЫТУ 21-бап. Ұлттық спорт түрлері 1. Ұлттық спорт түрлері спорттың ажырамас бір бөлігі болып табылады, оның танылуы осы Заңда белгіленген тəртіппен жүзеге асырылады. 2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары спорт клубтарын, мектептерін, секцияларын ашу, облыс, республикалық маңызы бар қала, астана деңгейінде спорттық іс-шараларды өткізу, ұлттық спорт түрлері бойынша республикалық, халықаралық спорттық жарыстарға спортшыларды даярлау жəне олардың қатысуы, тиісті инфрақұрылым жасау арқылы ұлттық спорт түрлерінің дамуын қамтамасыз етеді. 3. Ұлттық спорт түрлері бойынша сабақтарды ұйымдастыру, кадрларды даярлау, əдістемелік, медициналық жəне допингке қарсы қамтамасыз ету, спорттық атақтар мен разрядтарды, жаттықтырушы біліктіліктерін жəне спорт төрешілерінің санаттарын беру осы Заңда жəне Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында белгіленген тəртіппен жүзеге асырылады. 4. Дене шынықтыру жəне спорт саласындағы уəкілетті орган ұлттық спорт түрлері бойынша республикалық спорт федерацияларымен бірлесіп, халықаралық жəне республикалық жарыстарды өткізуді, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларын (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командаларды) халықаралық жəне республикалық спорттық жарыстарға даярлауды жəне олардың қатысуын ұйымдастырады. 22-бап. Ұлттық спорт түрлері бойынша бірлестіктерді, спорт клубтарын құру құқығы Қазақстан Республикасы азаматтарының ерікті бастамалармен Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес жұмыс істейтін ұлттық спорт түрлері бойынша бірлестіктер, əуесқой жəне кəсіпқой спорт клубтары мен оларға теңестірілген ұйымдар құруға құқығы бар. 5-тарау. СПОРТ РЕЗЕРВІ ЖƏНЕ ЖОҒАРЫ ЖЕТІСТІКТЕР СПОРТЫ 23-бап. Спортшылардың құқықтары мен міндеттері 1. Спортшылардың: 1) спорт түрін (түрлерін) таңдауға; 2) таңдаған спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен спорттық жарыстарға қатысуға; 3) бірыңғай спорттық сыныптама нормалары мен талаптарын орындаған кезде спорттық разрядтар мен спорттық атақтар алуға; 4) дене шынықтыру-спорт ұйымдарының өзара келісімі бойынша бір дене шынықтыру-спорт ұйымынан басқасына немесе шетелдік дене шынықтыру-спорт ұйымына өтуге; 5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен спорттық қызмет туралы шарттар жасасуға; 6) спортшылардың құқықтары мен заңды мүдделерін халықаралық спорттық ұйымдарда қорғауда таңдаған спорт түрлері бойынша спорт федерацияларынан жəрдем алуға; 7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар. 2. Спортшылар: 1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнiнiң музыкалық редакциясы мен мəтiнiн білуге; 2) спорттық іс-шараларға қатысу уақытында жəне спорт ғимараттарында болған кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтауға; 3) допингті пайдаланбауға, міндетті допинг-бақылаудан өтудің белгіленген тəртібін сақтауға; 4) спорт саласындағы этика нормаларын сақтауға; 5) жарыстарды ұйымдастырушылардың талаптарын осындай жарыстардың ережелеріне сəйкес сақтауға; 6) санитариялық-гигиеналық талаптарды, медициналық талаптарды сақтауға, тұрақты түрде медициналық тексерулерден өтуге; 7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес өзге де міндеттерді орындауға міндетті. 24-бап. Спорт резервін жəне жоғары дəрежелі спортшыларды даярлау 1. Спорт резервін жəне жоғары дəрежелі спортшыларды даярлауды аккредиттелген республикалық федерациялар əзірлейтін жəне дене шынықтыру жəне спорт саласындағы уəкілетті орган бекітетін дене шынықтыру-спорт ұйымдарына арналған спорт түрлері бойынша бағдарламаларға сəйкес дене шынықтыру-спорт ұйымдары жүзеге асырады. Спорт резервін жəне жоғары дəрежелі спортшыларды даярлау оқу-жаттығу процесін жəне спорттық іс-шаралар өткізуді қамтиды. 2. Оқу-жаттығу процесі мазмұнын дене шынықтыру жəне спорт саласындағы уəкілетті орган бекітетін, спортшыларды даярлаудың мынадай кезеңдеріне бөлінеді:

13

www.egemen.kz

10 шілде 2014 жыл

1) спорттық-сауықтыру; 2) бастапқы даярлық; 3) оқу-жаттығу; 4) спорттық шеберлікті жетілдіру; 5) жоғары спорт шеберлігі. 3. Оқу-жаттығу процесін ұйымдастыру бойынша шығыстар дене шынықтыру-спорт ұйымдарының көзделген қаражаты шегінде жүзеге асырылады. 4. Спорт түрлері бойынша спортшыларды ұстауға, қамтамасыз етуге, даярлауға жəне олардың спорттық іс-шараларға қатысуына, оның ішінде спорттық ісшараларды ұйымдастыруға жəне өткізуге байланысты көрсетілетін қызметтерді сатып алу оларға қатысты дене шынықтыру мен спорт саласындағы уəкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сəйкес басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік кəсіпорындарда жүзеге асырылады. 25-бап. Жоғары дəрежелі спортшылар даярлаудың ерекшеліктері 1. Жоғары дəрежелі спортшылар даярлауды дене шынықтыру жəне спорт саласындағы уəкілетті орган бекіткен спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) спортшыларын даярлаудың жеке жоспарларына сəйкес дене шынықтыру жəне спорт саласындағы қазақстандық жəне шетелдік мамандар, сондай-ақ дене шынықтыру-спорт ұйымдары жүзеге асырады. 2. Жоғары дəрежелі спортшылар даярлау Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сəйкес шарттық негізде жүзеге асырылады. 3. Спорттық қызмет туралы шартта спортшының, жаттықтырушының жəне заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттері, əлеуметтік жəне медициналық сақтандыру туралы ережелер, шартты жасасу жəне бұзу талаптары қамтылуы тиіс. Спорттық қызмет туралы шартта Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да талаптар мен міндеттемелер қамтылуы мүмкін. 4. Спортшыны тіркеу туралы куəліктің болуы спорттық қызмет туралы шарттың міндетті талабы болып табылады. 26-бап. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама жəне штаттық құрама командалары жəне оларды жасақтау тəртібі 1. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама жəне штаттық құрама командалары (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалар), спорт түрлері бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жəне астананың құрама командалары халықаралық спорттық іс-шараларға даярлану жəне қатысу мақсатында жасақталады жəне негізгі əрі резервтік құрамдардан тұруы мүмкін. 2. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамы спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларына (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командаларға) кандидаттардың тиісті тізіміне енгізілген спортшылар арасынан жасақталады. 3. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының штаттық құрама командаларының құрамы спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелері арасынан жасақталады. 4. Спорт түрлері бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жəне астананың құрама қомандаларының құрамы спорт түрлері бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жəне астананың құрама қомандаларына кандидаттардың тиісті тізіміне енгізілген спортшылар арасынан жасақталады. 5. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың), спорт түрлері бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жəне астананың құрама қомандалары мүшелерін материалдық-техникалық қамтамасыз ету ғылымиəдістемелік, медициналық-биологиялық, медициналық жəне допингке қарсы қамтамасыз етуді, спорттық жарақпен қамтамасыз етуді көздейді. 6-тарау. КƏСІПҚОЙ СПОРТ 27-бап. Кəсіпқой спортпен айналысу құқығы 1. Қазақстан Республикасы азаматтарының шарттық негізде Қазақстан Республикасында да, басқа елдерде де ақы төленетін кəсіпқой спорт қызметімен айналысуға құқығы бар. 2. Кəсіпқой спортшылардың, жаттықтырушылардың жəне дене шынықтыру жəне спорт саласындағы басқа да мамандардың арасындағы қатынастарды реттеу ерекшеліктері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында жəне өзге де нормативтік құқықтық актілерде белгіленеді. 3. Өз құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жəне қорғау үшін кəсіпқой спортшылар Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сəйкес кəсіптік одақтарға біріге алады. 4. Кəсіптік одақтарды құру тəртібі мен олардың жұмыс істеу шарттары жəне кəсіпқой спорт сабақтарын өткізу, спорттық қызмет туралы шарттар жасасу тəртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады. 5. Спортшылардың, спорт төрешілерінің, жаттықтырушылардың жəне дене шынықтыру мен спорт саласындағы басқа да мамандардың спорттық жарыстарға дайындалуы мен қатысуына байланысты жəне олардың табыс көзі болып табылатын кəсіптік қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі. 28-бап. Кəсіпқой спортшылар мен жаттықтырушылар, дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де мамандар құқықтарының кепілдіктері 1. Кəсіпқой спорт клубымен спорттық қызмет туралы шарт жасасқан спортшылардың, жаттықтырушылардың жəне дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де мамандардың өз қызметіне байланысты, оның ішінде өзге кəсіпқой спорт клубына өтуіне байланысты өтемақыларға құқығы бар. 2. Кəсіпқой спорт клубы кəсіпқой спортшыны тəртіптік жауаптылыққа тартылған кезінде спорт жарысынан шеттету кезеңінде оқу-жаттығу процесіне қатысуын қамтамасыз етуге міндетті. 3. Кəсіпқой спортшыға жəне жаттықтырушыға, дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де маманға тамақтануға, жол жүруге, тұруға жəне спорттық жарыстарға дайындалуға, қалыпқа келу процесін ұйымдастыруға, спорттық жарақат алған немесе ауырған жағдайда медициналық ем алуға жұмсалған шығыстары, сондай-ақ басқа да шығыстары спорттық қызмет туралы шартта айқындалған мөлшерде өтеледі. 4. Егер кəсіпқой спортшы кəсіпқой спорт клубының кінəсінен қажетті сақтандыру шарттарын жасаспауына, кəсіпқой спортшының міндетті алдын ала немесе мерзімдік медициналық қарап тексеруден, оқудан, еңбекті қорғау саласындағы білімі мен дағдыларын тексеруден өтпеуіне байланысты спорттық жарыстарға қатысуға жіберілмеген болса, кəсіпқой спорт клубы кəсіпқой спортшыға оның шеккен залалын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен өтейді. 29-бап. Кəсіпқой спорт федерациясының құқықтары мен міндеттері 1. Кəсіпқой спорт федерацияларының: 1) өз құзыреті шегінде осы спорт федерациясының мүшелері болып табылатын немесе осы федерацияны мойындайтын кəсіпқой спорт субъектілерінің орындауы үшін міндетті құжаттарды қабылдауға; 2) кəсіпқой спортшыларды, кəсіпқой жаттықтырушыларды жəне дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де мамандарды спорттық жарыстарға қатысуға жіберуге;

3) спорттық жарыстарды ұйымдастыруға жəне өткізуге, спорттық жарыстарды өткізу құрылымын, күнтізбесін, өзге де шарттарын айқындауға, федерация жарғысымен айқындалған спорттың түрінен спорттық жарыстар өткізуге құқық беруге; 4) спорттық қызмет туралы шарттарды жəне кəсіпқой спорт саласындағы өзге де шарттарды тіркеуді жəне есепке алуды жүзеге асыруға; 5) федерация өткізетін жарыстарға қатысуға жіберуге құқық беретін кəсіпқой спорт клубтарын сертификаттауды, акрредиттеуді енгізуге жəне жүзеге асыруға; 6) спорттық жарыстарда төрешілік етуді ұйымдастыруды жүзеге асыруға; 7) кəсіпқой спорт клубтары өткізетін спорттық жарыстарға бақылауды жүзеге асыруға; 8) кəсіпқой спортшыларға спорттық куəліктер мен өзге де құжаттар беруді жүзеге асыруға; 9) халықаралық спорт федерацияларымен байланысты дамытуға жəне нығайтуға құқығы бар. 2. Кəсіпқой спорт федерациясы: 1) кəсіпқой спорт субъектілерінің құқықтары мен мүдделерін халықаралық жəне ұлттық деңгейлерде қорғауды қамтамасыз етуге; 2) допингті пайдалануға қарсы шаралар қолдануға; 3) спорт резервін даярлауды жүзеге асыруға; 4) спорттың инфрақұрылымын жəне материалдықтехникалық базасын дамытуға; 5) спортты халық арасында насихаттауды жəне кеңінен танытуды ұйымдастыруға; 6) кəсіпқой спорт ардагерлері мен мүгедектеріне көмек көрсетуге; 7) кəсіпқой спортшыларды тіркеуді жүргізуге; 8) кəсіпқой спортшылардың тізілімін жүргізуге; 9) кəсіпқой спортшылардың тіркелгендігі туралы ақпаратты қазақ жəне орыс тілдерінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға немесе өздерінің интернет-ресурстарында орналастыруға; 10) Қазақстан Республикасының заңнамасына жəне федерация жарғысына сəйкес өзге де міндеттерді орындауға міндетті. 3. Кəсіпқой спорт федерациясы осы Заңда көзделген жекелеген құқықтар мен міндеттерді, егер олар кəсіпқой спорт федерациясының құрылтай құжаттарына қайшы келмесе, өз араларында жасалатын келісімдер негізінде кəсіпқой спорт ұйымдарына беруге құқылы. 30-бап. Кəсіпқой спорт клубтарының құқықтары мен міндеттері 1. Кəсіпқой спорт клубы: 1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен спортшылармен, жаттықтырушылармен жəне дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де мамандармен спорттық қызмет туралы шарттарды жасасуға, өзгертуге жəне бұзуға; 2) кəсіпқой спортшыларды, кəсіпқой жаттықтырушыларды жəне дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де мамандарды жоғары спорттық нəтижелерге қол жеткізгені үшін көтермелеуге; 3) кəсіпқой спортшылардан жəне жаттықтырушылардан, дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де мамандардан олардың спорттық қызмет туралы жасалған шарттарда қамтылған міндеттерін орындауын талап етуге; 4) Қазақстан Республикасының дене шынықтыру жəне спорт саласындағы заңнамасына сəйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы. 2. Кəсіпқой спорт клубы: 1) кəсіпқой спортшыға, кəсіпқой жаттықтырушыға жəне дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де маманға спорттық қызмет туралы жасалған шартқа сəйкес төлемдерді уақтылы жүзеге асыруға; 2) міндетті алдын ала, мерзімдік жəне кезектен тыс медициналық тексерулерден өту кезеңінде жұмыс орындары (лауазымдары) мен орташа жалақыларын сақтай отырып, өз қаражаты есебінен кəсіпқой спортшылардың, кəсіпқой жаттықтырушылардың жəне дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де мамандардың көрсетілген медициналық тексерулерден өтуін ұйымдастыруға; 3) спорт федерациясы белгілеген мерзімде спорт федерациясында спорттық қызмет туралы шарттарды тіркеуді жүргізуге; 4) жұмыскерлердің жеке қорғану құралдарын қоса алғанда, кəсіпқой спортшының, кəсіпқой жаттықтырушының жəне дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де маманның спорттық қызмет туралы шартта көзделген міндеттерін орындауы үшін оларды қажетті спорттық киіммен, жарақпен, медициналық қызмет көрсетумен жəне өзге де құралдармен қамтамасыз етуге; 5) спорттық жарыстар мен оқу-жаттығу жиындары өтетін орындарда күзет пен еңбек гигиенасының талаптарына сай келетін тиісті техникалық жабдықтар құруға жəне кəсіпқой спортшы мен дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де маманның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге; 6) спорттық жарыстарға дайындалу кезінде немесе оларға тікелей қатысу кезінде кəсіпқой спортшы жарақат алған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мəн-жайлар болған кезде кəсіпқой спортшыға білікті медициналық көмекті ұйымдастыруға, сондай-ақ осындай жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруді жəне есепке алуды қамтамасыз етуге; 7) кəсіпқой спортшы, кəсіпқой жаттықтырушы жəне дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де маман спорттық жарақаттың салдарынан спорттық қызметін уақытша тоқтата тұрған кезеңде оған өз есебінен мөлшері спорттық қызмет туралы шартта көзделген төлемді толық көлемде төлеуге; 8) спорттық жарыстарға дайындалу жəне оларға тікелей қатысу кезінде спортта допингті жəне денсаулыққа зиянды басқа да құралдарды жəне (немесе) əдістерді пайдалануға қарсы күресуге; 9) спортты халық арасында насихаттауды жəне кеңінен таратуды ұйымдастыруға; 10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен кəсіпқой спортшының, кəсіпқой жаттықтырушының жəне дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де маманның міндетті əлеуметтік жəне медициналық сақтандырылуын жүзеге асыруға; 11) кəсіпқой спортшыны, кəсіпқой жаттықтырушыны жəне дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де маманды еңбекті қорғау жəне жазатайым оқиғалар болған жағдайда алғашқы көмек көрсету жөніндегі жұмыстарды орындаудың қауіпсіз əдістері мен тəсілдеріне үйретуге, еңбекті қорғау жөнінде нұсқаулық беруге, жұмыс орнында тағылымдамадан өткізуге жəне еңбек қорғау талаптарын, жұмысты орындаудың қауіпсіз əдістері мен тəсілдерін білетіндіктеріне тексеру жүргізуге; 12) жастар арасында спорт резервін даярлауды жүзеге асыруға, балалар спорт мектептерін ашуға, бейіндеуші спорт түріне жаттықтырушылар мен төрешілер даярлауға; 13) Қазақстан Республикасының заңнамасына жəне құрылтай құжаттарына сəйкес өзге де міндеттерді орындауға міндетті. 7-тарау. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МЕН СПОРТ САЛАСЫНДАҒЫ НОРМАТИВТІК ТАЛАПТАР 31-бап. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілері 1. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілері күшті, төзімділікті, жылдамдық пен ептілікті көрсететін дене шынықтыру жаттығуларының түрлерін қамтиды жəне жеке адамдардың жасына байланысты деңгейлерден тұрады. 2. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілеріне дене шынықтырумен жəне спортпен айналысуға денсаулығы жарамды жеке адамдар қатысады. 3. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерін орындау жөніндегі жұмысқа басшылық жасауды жəне оны бақылауды дене шынықтыру жəне спорт саласындағы уəкілетті орган мен жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады. 4. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің

– Елбасының тестілерін өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру жалпы білім беретін мектептерде, колледждерде, жоғары оқу орындарында жəне еңбек ұжымдарында осы ұйымдардың басшыларына жүктеледі. 32-бап. Спортшыны тіркеу туралы куəлік 1. Спортшыны тіркеу туралы куəлік оның спорт федерациясында тіркеуден өткенін растайтын құжат болып табылады. 2. Спортшыны тіркеу туралы куəлікте: 1) спортшының тегі, аты, əкесінің аты (бар болғанда); 2) жынысы; 3) туған күні; 4) тіркеу нөмірі; 5) тіркеу нөмірі берілген күн; 6) тіркеуді жүзеге асырған спорт федерациясының атауы; 7) спорт түрі; 8) спорттық разрядтар, санаттар мен спорттық атақтар беру туралы мəліметтер; 9) медициналық қарап-тексеруден өткені туралы мəліметтер; 10) спорттық жарыстарда қол жеткізген нəтижелері; 11) жарыстан шеттету туралы мəліметтер; 12) допинг қолданған жағдайлары туралы мəліметтер; 13) мемлекеттік наградалар мен көтермелеудің өзге де нысандары туралы мəліметтер; 14) жаттықтырушының тегі, аты, əкесінің аты (бар болғанда); 15) таңдалған спорт түрінің ерекшелігіне байланысты өзге де мəліметтер; 16) фотосуреті көрсетіледі. 3. Спортшыны тіркеу туралы куəлікті беру жəне ауыстыру, спорт федерацияларының спортшыны тіркеу туралы мəліметтерді ұсыну тəртібін, сондай-ақ спортшыны тіркеу туралы куəліктің нысанын дене шынықтыру жəне спорт саласындағы уəкілетті орган бекітеді. 33-бап. Мүгедек спортшылардың сыныптамасы 1. Паралимпиадалық, сурдлимпиадалық жəне арнайы олимпиадалық спорт түрлері бойынша спорттық жарыстарда тең сайыс жағдайларын жасау мақсатында ұйымдастырушылар тиісті жарыстарға қатысуға өтінім берген мүгедек спортшыларға олардың функционалдық мүмкіндік деңгейлері бойынша сыныптау жүргізуді қамтамасыз етеді. 2. Мүгедек спортшыларды сыныптауды жүргізу тəртібі мен шарттарын Халықаралық паралимпиадалық комитеттің, Халықаралық сурдлимпиадалық комитеттің, Халықаралық арнайы олимпиадалық комитеттің жəне (немесе) мүгедектердің тиісті халықаралық спорт ұйымдарының талаптарын ескере отырып, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық жəне арнайы олимпиадалық спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бірлестіктер əзірлейді. 3. Сыныптау жүргізуді паралимпиадалық, сурдлимпиадалық жəне арнайы олимпиадалық спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бірлестіктер берген тиісті құжаты бар сыныптаушы жүзеге асырады. 4. Паралимпиадалық, сурдлимпиадалық жəне арнайы олимпиадалық спорт түрлері бойынша сыныптаушылар мен спорт төрешілерін даярлауды Халықаралық паралимпиадалық комитеттің, Халықаралық сурдлимпиадалық комитеттің жəне Халықаралық арнайы олимпиадалық комитеттің ұсынуы бойынша халықаралық сарапшылардың қатысуымен сыныптаушылар мен спорт төрешілерін даярлау жөніндегі оқыту семинарларының жоспарларына сəйкес паралимпиадалық, сурдлимпиадалық жəне арнайы олимпиадалық спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бірлестіктер жүзеге асырады. 34-бап. Спорт түрлерін жəне спорт салаларын тану. Спорт түрлерінің тізілімі 1. Қазақстан Республикасының аумағында спорт түрлері мен спорт салаларын тануды спорт түрлерінің тізіліміне енгізу арқылы дене шынықтыру жəне спорт саласындағы уəкілетті орган жүзеге асырады. 2. Қазақстан Республикасының аумағында спорттық ісшараларды өткізу спорт түрлерінің тізіліміне енгізілген спорт түрлері мен спорт салалары бойынша жүзеге асырылады. 35-бап. Бірыңғай спорттық сыныптама. Жаттықтырушылардың, əдіскерлердің, нұсқаушы-спортшылардың жəне спорт төрешілерінің біліктілік санаттары 1. Бірыңғай спорттық сыныптама спортшылар мен жаттықтырушыларға мынадай спорттық атақтар, разрядтар көздейді: 1) спорттық атақтар: «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері»; «Қазақстан Республикасының халықаралық дəрежедегі спорт шебері»; «Қазақстан Республикасының спорт шебері»; «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы»; 2) спорттық разрядтар: «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат»; 1-разрядты спортшы; 2-разрядты спортшы; 3-разрядты спортшы; 1-жасөспірімдік разрядты спортшы; 2-жасөспірімдік разрядты спортшы; 3-жасөспірімдік разрядты спортшы. 2. Əскери даярлық саласындағы спортшыларға мынадай спорттық разрядтар беріледі: 1) əскери-спорттық кешеннің үздігі; 2) бірінші дəрежелі жауынгер-спортшы; 3) екінші дəрежелі жауынгер-спортшы. 3. Əскери-қолданбалы жəне қызметтік-қолданбалы спорт түрлері бойынша спорттық разрядтарды беру нормалары мен талаптарын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының құқық қорғау жəне арнаулы мемлекеттік органдары белгілейді. 4. Жаттықтырушыларға, əдіскерлерге, нұсқаушыспортшыларға жəне спорт төрешілеріне мынадай біліктілік санаттары беріледі: 1) жаттықтырушыларға: біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы; біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы; біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы; біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы; біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы; біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы; 2) əдіскерлерге: біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты əдіскер; біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты əдіскер; біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты əдіскер; біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты əдіскер; біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты əдіскер; біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты əдіскер; 3) нұсқаушы-спортшыларға: біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты нұсқаушы-спортшы; біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы; біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушыспортшы; 4) спорт төрешілеріне: жоғары санатты ұлттық спорт төрешісі; ұлттық спорт төрешісі; бірінші санатты спорт төрешісі; спорт төрешісі. 36-бап. Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың

бірыңғай күнтізбесі Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесі республикалық жəне өңірлік деп бөлінеді жəне ол деңгейіне байланысты жыл сайынғы халықаралық, республикалық жəне жергілікті деңгейлердегі спорттық жарыстардың, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық жөніндегі іс-шаралардың тізбесін айқындайды. 37-бап. Спорт түрі бойынша қағидалар 1. Аккредиттелген республикалық спорт федерациялары белгілі бір əрбір спорт түрі бойынша халықаралық спорт ұйымдарының талаптарын (бар болғанда) ескере отырып, Спорт түрі бойынша қағидаларды əзірлейді жəне бекітеді. 2. Спорттың əскери-қолданбалы жəне қызметтікқолданбалы түрлері бойынша қағидаларды Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының құқық қорғау жəне арнаулы мемлекеттік органдары əзірлейді жəне бекітеді. 38-бап. Спорттық іс-шараларды өткізу қағидалары 1. Республикалық спорттық жарыстар дене шынықтыру мен спорт саласындағы уəкілетті органның шешімі жəне спорт түрлері бойынша аккредиттелген республикалық федерациялармен келісу бойынша спорттық-бұқаралық іс-шаралардың республикалық бірыңғай күнтізбесіне сəйкес өткізіледі. 2. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық спорттық жарыстар халықаралық спорт ұйымдарының жəне дене шынықтыру мен спорт саласындағы уəкілетті органның шешімі бойынша өткізіледі. Бұл жарыстар спорттық-бұқаралық іс-шаралардың республикалық бірыңғай күнтізбесіне енгізіледі. 3. Облыстық, қалалық жəне аудандық спорттық жарыстар жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша жəне аккредиттелген тиісті жергілікті спорт федерацияларымен келісу бойынша спорттық-бұқаралық іс-шаралардың өңірлік бірыңғай күнтізбесіне сəйкес өткізіледі. 4. Спортық жарыстар спорт түрлерінің тізіліміне енгізілген спорт түрлері бойынша жарыстар туралы ереженің (регламенттің) негізінде өткізіледі. 5. Халықаралық спорттық жарыстар дене шынықтыру мен спорт саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша аккредиттелген республикалық спорт федерациялары əзірлейтін жəне бекітетін жарыстар туралы ережелерге (регламенттерге) сəйкес өткізіледі. 6. Республикалық спорттық жарыстар дене шынықтыру жəне спорт саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша аккредиттелген республикалық федерациялар əзірлейтін жəне бекітетін жарыстар туралы ережелерге (регламенттерге) сəйкес өткізіледі. 7. Облыстық, қалалық жəне аудандық спорттық жарыстардың ережелерін (регламенттерін) аккредиттелген жергілікті спорт федерациялары əзірлейді жəне оны жергілікті атқарушы орган бекітеді. 8. Спорттық іс-шараларды, оның ішінде оқу-жаттығу жиындарын өткізу тəртібін, спорттық іс-шаралар түрлерінің тізбесі мен олардың сыныптамасын дене шынықтыру жəне спорт саласындағы уəкілетті орган айқындайды. 9. Міндетті медициналық тексеруден өткен спортшылардың оқу-жаттығу процесі мен спорттық ісшараларға қатысуға құқығы бар. 10. Спорт федерациялары, бас жаттықтырушылар спорттық іс-шараларды ұйымдастырушылардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік рəміздерін пайдалану тəртібін сақтауын, сондай-ақ, спортшылардың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің музыкалық редакциясы мен мəтінін білуін қамтамасыз етуге міндетті. 39-бап. Дене шынықтыру мен спорт сабақтарын, спорттық жарыстарды жəне спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде қауіпсіздік қағидаларын сақтау, жеке адамдардың денсаулығын қорғау 1. Дене шынықтыру мен спорт сабақтарын өткізу кезінде дене шынықтыру мен спорт саласындағы мамандар дене шынықтыру жəне спорт саласындағы уəкілетті орган əзірлейтін жəне бекітетін қауіпсіздік қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді. 2. Дене шынықтыру-сауықтыру жəне спорт ғимараттары ұйымдарының əкiмшiлiгi сабақтар мен спорттық жарыстар өткiзiлетiн орындарды қауiпсiздiк техникасы қағидаларына, санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерге сəйкес спорттық мүкəммалмен жəне жабдықпен қамтамасыз етедi жəне жеке адамдардың денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес жауаптылықта болады. 3. Сабақтар мен спорттық жарыстарды өткiзуге арналған спорт ғимараттары техникалық, санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерге, спорт ғимараттарын пайдалану мен өрт қауiпсiздiгi қағидаларына сай келуге жəне мүгедектер үшін қолжетімді болуға тиіс. 4. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы мамандар дене шынықтырумен жəне спортпен айналысатын жеке адамдардың денсаулығына келтiрілген зиян үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес жауаптылықта болады. 5. Спортпен ұйымдасқан түрде шұғылдану кезінде спортшының, жаттықтырушының немесе төрешінің денсаулығына зиян келтірілгені үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының заңнамасы жəне спортшының, жаттықтырушының немесе төрешінің спорт ұйымымен жасасқан шарт талаптары негізінде белгіленеді. 6. Жеке адамдар мен қатысушылардың қауiпсiздiк жағдайын қамтамасыз етудi күрделендiретiн спорт ғимараттарын пайдалану жəне өрт қауiпсiздiгi қағидалары талаптарының бұзушылықтар, оның iшiнде мiнбелердің тiреуiш конструкцияларының ескiруi, мiнбе астындағы үй-жайларда жанатын қауіпті заттар мен материалдардың болуы, авариялық жарық беру мен эвакуациялау жолдарының болмауы, өртке қарсы қорғану құралдарының болмауы немесе олардың ақаулы болуы бөлігінде, сондайақ өрттiң туындауына əкеп соғуы мүмкiн электр жабдығын монтаждау жəне пайдалану қағидаларын бұзушылықтар анықталған жағдайда, табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы органдар енгiзетiн ұсыну бойынша жергiлiктi атқарушы органдар өз бетiнше не iшкi iстер органдарының бастамасы бойынша қауiпсiздiк жағдайларының анықталған бұзушылықтары жойылғанға дейiн спорттық жарыстарды өткiзуге тыйым салады. 7. Спорттық жарыстарды ұйымдастырушылар iсшараны өткiзгенге дейiн он күннен кешiктiрмей көрермендердiң болжамды саны туралы, күнтізбелік бiр күн бұрын – сатылған билеттердiң, берiлген рұқсаттамалардың, оның iшiнде көлік құралдарына берiлген рұқсаттамалардың саны, сондай-ақ iшкi iстер, табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жəне денсаулық сақтау органдарының арнаулы техникасына арналған, мүгедектердің көлік құралдарына арналған тұрақ орындары туралы жергiлiктi атқарушы органдарды хабардар етуге мiндеттi. 8-тарау. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МЕН СПОРТ САЛАСЫН КАДРЛЫҚ, ҒЫЛЫМИ, МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖƏНЕ ДОПИНГ-БАҚЫЛАУ 40-бап. Дене шынықтыру мен спорт саласында мамандар даярлау 1. Дене шынықтыру мен спорт саласында мамандарды даярлау Қазақстан Республикасының білім беру туралы заңнамасына сəйкес жүзеге асырылады. 2. Мемлекет білім беру ұйымдарында оқу мақсатына арналған дене шынықтыру-сауықтыру жəне спорт ғимараттары кешенін, жабдықтардың үлгілік жиынтығын, дене шынықтыру мен спорт саласындағы түрлі бейіндегі мамандарды даярлауға арналған мамандандырылған спорт ғимараттарын жəне мүкəммалын қамтитын материалдықтехникалық базаны нығайтуға жəрдемдеседі. (Соңы 14-бетте).


14

www.egemen.kz

(Соңы. Басы 11-13-беттерде).

3. Спорт бойынша мамандандырылған оқу орындарында жəне дене тəрбиесі факультеттерінде адамдарды оқыту бюджет қаражаты, ұйымдардың қаражаты, ерікті жарналар, қайырымдылық қорлары жəне жекелеген адамдардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады. 4. Дене шынықтыру мен спорт бойынша педагогикалық, жаттықтырушылық-оқытушылық қызметке жоғары немесе орта арнайы дене шынықтыру білімі туралы дипломы бар адамдар жіберіледі. 5. Спорттық жарыстар мен спорттық-бұқаралық ісшараларға төрешілік етуге дене шынықтыру-спорт ұйымдарында арнайы даярлықтан өткен жəне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен спорт төрешілері ретінде аттестатталған адамдар жіберіледі. 41-бап. Жаттықтырушыларды, спорт төрешілерін аттестаттау 1. Спорт түрлері бойынша жаттықтырушыларды аттестаттау жаттықтырушылардың спортшыларды даярлау бойынша жұмысты жүргізу құқығын растау мақсатында, қауіпсіздік техникасы қағидалары бойынша білімін қоса алғанда, жаттықтырушылардың тиісті спорт түрі саласындағы тиісті біліктілігі мен білімін тану жəне растау рəсімі болып табылады. 2. Спорт төрешілерін аттестаттау спорттық ісшараларда төрешілік жұмысты жүргізу құқығын растау мақсатында спорт төрешілерінің тиісті спорт түрі саласындағы тиісті біліктілігі мен білімін тану жəне растау рəсімі болып табылады. 3. Аттестаттауды аккредиттелген республикалық спорт федерациялары жүргізеді. 4. Осы Заңның 35-бабының 1 жəне 4-тармақтарында көзделген спорттық атақ немесе біліктілік санатын алған жаттықтырушылар мен спорт төрешілері аттестатталуға жатпайды. 5. Жаттықтырушылар мен спорт төрешілерін аттестаттау нəтижелері бойынша оларға төрт жыл мерзімге аттестаттау туралы куəлік беріледі. 42-бап. Дене шынықтыру мен спортты дамытуды ғылыми-əдістемелік жəне ғылыми-техникалық қамтамасыз ету 1. Дене шынықтыру мен спорт саласында іргелі, іздестіру, тəжірибелік-конструкторлық, технологиялық, қолданбалы жəне басқа да ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді белгіленген тəртіппен құрылған жəне өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес жүзеге асыратын ғылыми орталықтар, ғылымизерттеу институттары, зертханалар, дене шынықтыру мен спорт саласындағы білім беру мекемелері жүзеге асырады. 2. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы уəкілетті орган спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командалары (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалар) немесе ведомстволық бағынысты ұйымдар жанындағы кешенді ғылыми топтардың, уақытша ғылыми ұжымдардың қызметін үйлестіреді. 3. Жергілікті атқарушы органдар өңірлік ғылымиəдістемелік бірлестіктердің, кешенді ғылыми топтардың қызметін үйлестіреді. 43-бап. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы медициналық қамтамасыз ету 1. Дене шынықтырумен жəне спортпен айналысатын адамдарды медициналық қамтамасыз ету: 1) олардың денсаулық жағдайын жүйелі түрде бақылауды; 2) физикалық жүктемелерінің өздерінің денсаулық жағдайына барабарлығын бағалауды; 3) аурулардың, жарақаттардың профилактикасын жəне оларды емдеуді, медициналық оңалтуды, нормативтерге сəйкес дəрумен беруді жəне дəрілік заттармен қамтамасыз етуді; 4) дене шынықтырумен жəне спортпен айналысу кезінде пайдаланылатын құралдармен жəне əдістермен денсаулығын қалпына келтіруді қамтиды. 2. Спортшыларды медициналық қамтамасыз ету, спорттық іс-шаралар өткізу кезінде медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, спорттық медицина ұйымдарын құру тəртібі Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сəйкес жүзеге асырылады. 44-бап. Спортта допингті, спортта допингтік субстанцияларды жəне (немесе) əдістерді пайдалануға қарсы іс-қимыл 1. Спортта допингті болдырмау жəне онымен күрес Қазақстан Республикасының жəне халықаралық допингке қарсы ұйымдардың допингке қарсы қағидаларына сəйкес жүзеге асырылады. 2. Бір немесе бірнеше мынадай бұзушылықтар: 1) спортшының немесе спорттық жарысқа қатысатын жануардың допингті пайдалануы; 2) допингке қарсы қағидаларға сəйкес хабарлама алғаннан кейін спортшының сынама тапсыруға келуден бас тартуы, спортшының дəлелді себепсіз сынама тапсыруға келмеуі немесе спортшының сынама тапсырудан өзгеше түрде жалтаруы; 3) допингке қарсы қағидалардың жарыстан тыс кезеңде сынама алу үшін спортшының қолжетімді болуына қатысты талаптарының бұзылуы, соның ішінде оның тұратын жері туралы ақпаратты бермеуі жəне оның тестілеуге қатысуға келмеуі;

10 шілде 2014 жыл

4) допинг-бақылаудың кез келген кезеңінде бұрмалау немесе бұрмалауға əрекеттену; 5) Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің тыйым салынған субстанцияларын терапевтік пайдалану үшін Халықаралық стандартқа сəйкес берілген тыйым салынған субстанцияларға жəне (немесе) тыйым салынған əдістерге оларды терапевтік пайдалануға рұқсатсыз иелік ету; 6) допинг туралы үгіт ақпаратты тарату допингке қарсы қағидаларды бұзу болып табылады. 3. Спортшылардың, сондай-ақ жаттықтырушылардың, спорттық медицина бойынша мамандардың, дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де мамандардың спортшыларға қатысты допингке қарсы қағидаларды бұзуына, спорттық жарысқа қатысатын жануарларға қатысты допинг пайдалануға жол берілмейді. Спортшының, сондай-ақ спорттық жарысқа қатысатын жануарға қатысты допингті пайдалану фактісі Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік аккредиттеген зертханаларда жүргізілген зерттеулердің нəтижелерімен расталады. 4. Допинг-бақылау тестілер өткізуді жоспарлауды, сынамалар алуды, оларды сақтауды, тасымалдауды, сынамаларды зертханалық талдауды, тестілеуден кейінгі рəсімдерді, сондай-ақ тиісті тыңдаулар өткізу мен апелляцияларды қарауды қамтитын процесті білдіреді. 5. Допинг-бақылау (тестілеу) рəсімі жарыс кезеңінде жəне жарыстан тыс кезеңде жүзеге асырылады. Жарыс кезеңі деп, егер тиісті спорт түрі бойынша халықаралық спорт федерациясы қағидаларында немесе өзге де халықаралық допингке қарсы ұйымда не Ұлттық допингке қарсы орталықта өзгеше көзделмесе, спортшының жəне (немесе) жануардың нақты спорттық жарысқа қатысуына байланысты кезең түсініледі. Жарыс кезеңіне қосылмаған уақыт жарыстан тыс кезең болып табылады. 6. Допингті пайдалануға қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар: 1) допинг-бақылау жүргізуді; 2) спортшылардың, жаттықтырушылардың, дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де мамандардың допингке қарсы қағидаларды бұзғаны үшін жауаптылығын белгілеуді; 3) допингті қолданудың алдын алуды; 4) допинг-бақылауды жүргізетін мамандардың біліктілігін арттыруды; 5) бұқаралық ақпарат құралдарында допингке қарсы насихат жүргізуді; 6) спортта допингті болдырмауға жəне оған қарсы күреске бағытталған ғылыми зерттеулер жүргізуді; 7) спортшылардың жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру құралдары мен əдістерін əзірлеу жөнінде ғылыми зерттеулер жүргізуді; 8) құрамына тыйым салынған субстанцияларды қосу арқылы дəрілік заттар мен тағамдық қоспалардың сапасын бұрмалағаны, осындай дəрілік заттар мен тағамдық қоспаларды өткізгені үшін, сондай-ақ, тыйым салынған субстанцияларды əзірлеу, дайындау, пайдалану тəсілдері, əдістері жəне оларды сатып алу орындары туралы мəліметтерді таратуға бағытталған қызмет үшін жауаптылықты белгілеуді; 9) допингке қарсы қағидаларда көзделген допингбақылау жүргізу шарттарын бұзғаны үшін дене шынықтыру-спорт ұйымдарының жауаптылығын белгілеуді; 10) спортта допингті болдырмау жəне онымен күрес саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруды қамтиды. 7. Спорттық жарыстарды ұйымдастырушылар халықаралық спорт ұйымдарының талаптары мен шешімдерін жəне Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтай отырып, міндетті допинг-бақылауды жүргізу шарттарын қамтамасыз етуге міндетті. 9-тарау. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МЕН СПОРТ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ƏЛЕУМЕТТІК КЕПІЛДІКТЕР ЖҮЙЕСІ 45-бап. Спортшылардың əлеуметтік қорғалуы 1. Жергілікті атқарушы органдар, спорт федерациялары, дене шынықтыру-спорт ұйымдары аса көрнекті спортшыларға – «КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері», «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері», «КСРО-ның халықаралық дəрежедегі спорт шебері», «Қазақстан Республикасының халықаралық дəрежедегі спорт шебері» атақтары бар, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кірген немесе кіретін олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлеріне, əлем чемпиондарына, олардың «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы» немесе «КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атақтары бар жаттықтырушыларына ай сайын ақшалай үлес төлейді. 2. Жергілікті атқарушы органдар, спорт федерациялары, дене шынықтыру-спорт ұйымдары спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамында ойнайтын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына жəне клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайын ақшалай үлес төлейді. 3. Дене шынықтыру жəне спорт саласындағы уəкілетті орган спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы

құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелері халықаралық жарыстарда спорттық жарақаттар алған жəне мертіккен кезде, оларға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен өтемақы төлеуді жүзеге асырады. 46-бап. Спортшылар мен жаттықтырушыларды мемлекеттік əлеуметтік қолдау 1. Мемлекет ай сайынғы төлемдерді білдіретін өмір бойы ай сайынғы материалдық қамтамасыз ету түрінде (бұдан əрі – материалдық қамтамасыз ету) спортшылар мен жаттықтырушыларды əлеуметтік қолдауды жүзеге асырады. 2. Материалдық қамтамасыз етуді алу құқығына кемінде жиырма жыл еңбек өтілі бар мына спортшылар мен жаттықтырушылар ие: 1) Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері жəне (немесе) олипиадалық спорт түрлері бойынша əлем чемпиондары атағын жеңіп алған спортшылар; 2) Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері жəне (немесе) олипиадалық спорт түрлері бойынша əлем чемпиондары атағын жеңіп алған спортшыларды даярлаған жаттықтырушылар. 3. Осы баптың 2-тармағында белгіленген бірнеше негіздер бойынша бір мезгілде материалдық қамтамасыз етуді алуға құқығы бар адамдарға материалдық қамтамасыз ету ең жоғары мөлшерде негіздердің тек біреуі бойынша ғана төленеді. 47-бап. Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру жəне оны сатып алу тəртібі 1. Олимпиада, Паралимпиада жəне Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары немесе жүлдегерлері болып табылатын Қазақстан Республикасының спортшыларына тұрғын үй аталған адамдарға меншік құқығымен беріледі. 2. Бір Олимпиада, Паралимпиада жəне Сурдлимпиада ойындарында біреуден көп медаль жеңіп алған адамдарға жергілікті атқарушы органнан бір рет тұрғын үй алу құқығы беріледі. 3. Олимпиада, Паралимпиада жəне Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері үшін тұрғын үйді жергілікті атқарушы органдар спортшының тұрғылықты жеріне жəне алған орнына қарай республика қалаларынан алып береді. 4. Олимпиада, Паралимпиада жəне Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері үшін мынадай шарттар белгіленеді: 1) Олимпиада, Паралимпиада жəне Сурдлимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алған чемпионға – үш бөлмелі пəтер; 2) Олимпиада, Паралимпиада жəне Сурдлимпиада ойындарында күміс медаль жеңіп алған чемпионға – екі бөлмелі пəтер; 3) Олимпиада, Паралимпиада жəне Сурдлимпиада ойындарында қола медаль жеңіп алған чемпионға – бір бөлмелі пəтер. 5. Тұрғын үй алуға құқығы бар адамдар (бұдан əрі – өтініш беруші) Олимпиада, Паралимпиада жəне Сурдлимпиада ойындары аяқталған күннен бастап бір ай ішінде тиісті жергілікті атқарушы органға тұрғын үйдің орналасу орнын (қала, облыс) көрсете отырып өтініш береді жəне мынадай құжаттарды: өтініш берушінің жеке куəлігінің нотариат куəландырылған көшірмесін; тиісті Олимпиада, Паралимпиада жəне Сурдлимпиада комитеттерінен Олимпиада, Паралимпиада жəне Сурдлимпиада ойындарының чемпионы немесе жүлдегері атағын растайтын жарыстар хаттамасының көшірмесін ұсынады. 6. Жергілікті атқарушы орган қажетті құжаттарды алған соң мынадай іс-шараларды жүзеге асырады: 1) бес жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруді жүзеге асырады жəне тұрғын үй беру немесе бермеу туралы шешім шығарады; 2) шешім қабылданғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіге жазбаша жауап жібереді; 3) он жұмыс күні ішінде дене шынықтыру жəне спорт саласындағы уəкілетті органға ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша өтінім жібереді; 4) дене шынықтыру жəне спорт саласындағы уəкілетті органмен Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген нысан бойынша жəне мерзімдерде ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нəтижелер туралы келісім жасайды; 5) ағымдағы нысаналы трансферттер түскен күннен бастап алты айдан кешіктірілмейтін мерзімдерде Олимпиада, Паралимпиада жəне Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері үшін тұрғын үй сатып алады; 6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес спортшылардың – Олимпиада, Паралимпиада жəне Сурдлимпиада ойындары чемпиондарының немесе жүлдегерлерінің меншігіне тұрғын үйді береді. 7. Жергілікті атқарушы орган: 1) осы баптың 5-тармағында көрсетілген барлық құжаттар ұсынылмаған; 2) өтініш беруші осы баптың 1-тармағының шарттарына сəйкес келмеген жағдайларда өтініш берушіге мемлекеттік көтермелеуді тағайындаудан бас тартады. 8. Олимпиада, Паралимпиада жəне Сурдлимпиада ойындарының чемпиондарына немесе жүлдегерлеріне тұрғын үй алуды (сатып алуды) қаржыландыру Олимпиада, Паралимпиада жəне Сурдлимпиада ойындары аяқталған

күннен бастап алты айдан кешіктірілмей, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сəйкес ағымдағы нысаналы трансферттерді аудару арқылы жүзеге асырылады. 9. Бұл нормалар осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін Олимпиада, Паралимпиада жəне Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері атағын жеңіп алған адамдарға қолданылмайды. 48-бап. Дене шынықтыру саласындағы жеңілдікпен көрсетілетін қызметтер Мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының жəне дене шынықтыру-спорт ұйымдары əкімшілігінің шешімдерімен дене шынықтыру мен спорт саласындағы уəкілетті орган белгілейді. 10-тарау. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МЕН СПОРТТЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖƏНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ 49-бап. Дене шынықтыру мен спортты қаржыландыру көздері Дене шынықтыру мен спортты қаржыландыру бюджет қаражаты жəне Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады. 50-бап. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы демеушілік пен кəсіпкерлік қызмет 1. Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ұйымдардан басқа, жеке жəне заңды тұлғалар дене шынықтыру-спорт ұйымдарының, командалардың немесе спорттық іс-шаралардың демеушілері бола алады. Демеушілер мен дене шынықтыру-спорт ұйымдары, командалар, іс-шараларды ұйымдастырушылар арасындағы қатынастар шарттық негізде белгіленеді. Демеушілер спорттық іс-шараларды қаржыландыра отырып, оларды демеушілердің немесе олардың өнімдерінің белгісімен (эмблемасымен) өткізу құқығына ие болады. 2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес жеке жəне заңды тұлғалар дене шынықтыру-спорт ұйымдарына жəне жекелеген адамдарға қызмет көрсету бойынша кəсіпкерлік қызметпен айналыса алады, дене шынықтыру-спорт жəне оған ілеспе тауарларды өндіре алады, дене шынықтыру мен спортты жарнама қызметінде пайдалана алады. 51-бап. Дене шынықтыру-сауықтыру жəне спорт ғимараттары 1. Дене шынықтыру мен спорттың материалдық базасын əлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне жататын дене шынықтыру-сауықтыру жəне спорт ғимараттарының барлық түрлері құрайды. 2. Спорт ғимараттары мемлекеттік жəне (немесе) жеке меншікте болуы мүмкін. 3. Аумақтарды дене шынықтыру-сауықтыру жəне спорт ғимараттарымен қамтамасыз ету қажеттілігін айқындау, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру жəне спорт ғимараттарын орналастыру сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сəйкес жүзеге асырылады. 4. Мемлекет меншігіндегі дене шынықтырусауықтыру, спорт ғимараттарын оларға тең дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық жəне спорттықтехникалық ғимараттарды құрмай тұрып жоюға, олардың нысаналы жəне функционалдық мақсатын өзгертуге жол берілмейді. 5. Меншігінде немесе иелігінде спорт ғимараттары бар адамдар техникалық регламенттер, стандарттар талаптарына, мемлекеттік бақылау жəне қадағалау органдары белгілеген нормаларға, қағидалар мен талаптарға, санитариялық қағидаларға сəйкес спорттық іс-шаралар өткізілетін орындарды тиісінше техникалық жабдықтармен қамтамасыз етеді. 52-бап. Дене шынықтыру-сауықтыру жəне спорт ғимараттарының тізілімі 1. Дене шынықтыру-сауықтыру жəне спорт ғимараттарының тізілімі дене шынықтыру-сауықтыру жəне спорт ғимараттары туралы мəліметтерді есепке алуға жəне сақтауға арналған ақпараттық жүйені білдіреді. 2. Дене шынықтыру-сауықтыру жəне спорт ғимараттары тізілімге енгізілуге жатады. 3. Дене шынықтыру-сауықтыру жəне спорт ғимараттарының тізілімі мынадай міндетті мəліметтерді: 1) дене шынықтыру-сауықтыру немесе спорт ғимаратының толық атауын; 2) дене шынықтыру-сауықтыру немесе спорт ғимаратының мекенжайын (тұрған жерін); 3) меншігінде дене шынықтыру-сауықтыру немесе спорт ғимараты бар меншік иесі туралы мəліметтерді; 4) пайдалануға беру, реконструкциялаудың, күрделі жөндеудің аяқталған күнін; 5) дене шынықтыру-сауықтыру немесе спорт ғимаратының функционалдық мақсатын; 6) біржолғы қабылдау қабілетін; 7) дене шынықтыру-сауықтыру немесе спорт ғимараты орналасқан жер учаскесінің алаңын; 8) ғимараттарда қызмет көрсетуші персоналға арналған орындардың бар немесе жоқ екендігін; 9) медициналық қызмет көрсетуге жəне допинг-бақылау

жүргізуге арналған арнайы жабдықталған үй-жайдың бар немесе жоқ екендігін; 10) көрермендерге арналған орындардың санын қамтиды. 11-тарау. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МЕН СПОРТ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ 53-бап. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы халықаралық ынтымақтастық 1. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы халықаралық ынтымақтастық Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына жəне заңнамасына сəйкес жүзеге асырылады. 2. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық дене шынықтыру-спорт ұйымдары, сондай-ақ халықаралық дене шынықтыру-спорт ұйымдарының филиалдары мен өкілдіктері құрылуы мүмкін. Ұлттық дене шынықтыруспорт ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен өз қызметін жүзеге асыруға шетелдіктерді жəне азаматтығы жоқ адамдарды тартуға, сондай-ақ шет мемлекеттерден, халықаралық ұйымдардан, шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден жəне азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақша қаражатына жəне өзге де мүлікке өз бетінше иелік етуге құқылы. 54-бап. Дене шынықтыру мен спорт саласында ерікті негізде жұмыс жүргізетін ұйымдастырушылар (спорт еріктілері) 1. Спорт түрлері жəне өндірістік гимнастика бойынша жаттықтырушылар, нұсқаушылар, спорт төрешілері, халықпен дене шынықтыру-сауықтыру жəне спорт жұмысын ұйымдастырушылар (спорт еріктілері) ерікті негізде дене шынықтыру мен спорт саласындағы қоғамдық қызметті жүзеге асыра алады, дене шынықтыруспорт ұйымдарында арнайы даярлықтан жəне аттестаттаудан өте алады. 2. Тиісті даярлықтан жəне аттестаттаудан өтпеген, осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдарға спорт сабақтарын ұйымдастыру мен өткізуге, спорттық жарыстарға төрешілік етуге жəне өз бетінше өзге де спорттық қызметпен айналысуға жол берілмейді. 55-бап. Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдіктердің жəне азаматтығы жоқ адамдардың дене шынықтыру мен спорт саласындағы құқықтары Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдіктер жəне азаматтығы жоқ адамдар, халықаралық спорттық жарыстарда спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командалары (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалар) құрамында өнер көрсету құқығын қоспағанда, осы Заңда көзделген көлемде дене шынықтырумен жəне спортпен айналысу құқықтарын пайдаланады. 12-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР 56-бап. Дене шынықтыру жəне спорт саласындағы мемлекеттік бақылау 1. Дене шынықтыру жəне спорт саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында жəне өзге де нысандарда жүзеге асырылады. 2. Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес жүзеге асырылады. 57-бап. Қазақстан Республикасының дене шынықтыру жəне спорт саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының дене шынықтыру жəне спорт саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа əкеп соғады. 58-бап. Өтпелі ережелер 1. Спорт федерациялары осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде өздерінің қызметін осы Заңның талаптарына сəйкес келтіруі тиіс. 2. Осы Заңның 41-бабында көрсетілген жаттықтырушылар мен спорт төрешілері осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап екі жыл ішінде аттестатталуға жатады. 59-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тəртібі 1. Осы Заң оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 2. «Дене шынықтыру жəне спорт туралы» 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 24, 1065-құжат; 2003 ж., № 15, 129-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 77-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 111-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 84-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат) күші жойылды деп танылсын.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 3 шілде № 228-V ҚРЗ

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру жəне спорт мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Əкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар;

№ 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар, № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84, 85-құжаттар; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 93, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 10, 11, 13-құжаттар; № 4, 21-құжат; № 7, 36-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 54, 56-құжаттар; № 13, 62, 63, 64-құжаттар; № 14, 72, 74, 75-құжаттар; № 15, 77, 78, 79, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 6, 9-құжаттар; № 2, 10, 11-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 46, 49-құжаттар; 2014 жылғы 14 маусымда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) жəне терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 21 маусымда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін жəне айналымын мемлекеттік реттеу мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) мазмұнында: 20-1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «20-1-тарау. Білім беру, дене шынықтыру жəне спорт

саласындағы əкімшілік құқық бұзушылықтар»; мынадай мазмұндағы 311-2 жəне 311-3-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын: «311-2-бап. Қазақстан Республикасының дене шынықтыру жəне спорт саласындағы заңнамасын бұзу 311-3-бап. Қазақстан Республикасының спорттық медицина саласындағы заңнамасын бұзу»; 2) 20-1-тарауда: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «20-1-тарау. Білім беру, дене шынықтыру жəне спорт саласындағы əкімшілік құқық бұзушылықтар»; мынадай мазмұндағы 311-2 жəне 311-3-баптармен толықтырылсын: «311-2-бап. Қазақстан Республикасының дене шынықтыру жəне спорт саласындағы заңнамасын бұзу 1. Сабақтар мен жарыстар өткізетін орындарды спорттық мүкəммалмен жəне жабдықпен қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтамау – заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады. 2. Мемлекет меншігіндегі дене шынықтыру-сауықтыру, спорт ғимараттарын оларға тең дене шынықтырусауықтыру, спорт ғимараттарын құрмай тұрып жою, олардың нысаналы жəне функционалдық мақсатын өзгерту – лауазымды адамдарға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады. 311-3-бап. Қазақстан Республикасының спорттық медицина саласындағы заңнамасын бұзу 1. Спорттық іс-шаралардың қатысушыларын медициналық көмекпен қамтамасыз ету жəне нормативтік талаптарға сəйкес медициналық тексеруден өтпеген спортшыларға рұқсат беру жөніндегі талаптарды сақтамау – заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш

мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады. 2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, əкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған əрекет – бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады.»; 3) 576-4-бап мынадай редакцияда жазылсын: «576-4-бап. Жергілікті атқарушы органдар 1. Облыстың жергілікті атқарушы органы осы Кодекстің 309-1 (бесінші, алтыншы, тоғызыншы, оныншы бөліктерінде), 309-2 (бірінші – үшінші бөліктерінде), 309-4 (бірінші – жетінші бөліктерінде), 311-2, 311-3, 357-2 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген əкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды. 2. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы осы Кодекстің 309-1 (бесінші, алтыншы, тоғызыншы бөліктерінде), 309-2 (бірінші – үшінші бөліктерінде), 309-4 (бірінші – жетінші бөліктерінде), 311-2, 311-3, 357-2 (бірінші бөлігінде)баптарында көзделген əкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды. 3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың əкімі жəне оның орынбасарлары əкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға жəне əкімшілік жазалар қолдануға құқылы. 4. Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің əкімдері осы Кодекстің 165, 300, 311, 311-2, 311-3 жəне 387-баптарында көзделген, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің аумағында жасалған əкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға жəне бұзушылықтар үшін əкімшілік жазалар қолдануға құқылы.». 2. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21,

93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 1011, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; 2014 жылғы 13 маусымда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы): 53-баптың 1-тармағы 7) тармақшасының сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командалары (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалары) мүшелерінің халықаралық спорттық жарыстарға дайындалуы жəне қатысуы;». 3. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы жəне денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; (Соңы 15-бетте).


www.egemen.kz

10 шілде 2014 жыл

(Соңы. Басы 14-бетте).

№ 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат, № 12, 83-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 21 маусымда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін жəне айналымын мемлекеттік реттеу мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) мазмұнында: мынадай мазмұндағы 10-1 жəне 138-1-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын: «10-1-бап. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы уəкілетті органның спорттық медицина мəселелері бойынша құзыреті»; «138-1-бап. Спортшылар мен жаттықтырушыларға медициналық көмек көрсету»; 2) 2-тарау мынадай мазмұндағы 10-1-баппен толықтырылсын: «10-1-бап. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы уəкілетті органның спорттық медицина мəселелері бойынша құзыреті 1. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы уəкілетті орган: 1) спорттық медицина ұйымдарының қызметіне басшылықты жүзеге асырады; 2) республикалық спорттық медицина ұйымдарының басшыларын лауазымдарға тағайындайды жəне лауазымдарынан босатады; 3) уəкілетті органға спорттық медицина ұйымдарының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу (тоқтату) туралы ұсыныстар енгізеді; 4) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының спорттық іс-шараларға дайындалуын медициналық қамтамасыз етуге қатысады; 5) спорттық медицина ұйымдарының қызметін қамтамасыз етеді; 6) халықтың дене бітімі дамуының деңгейін айқындайды;

7) спорттық жарыстарға қатысу үшін спортшыларды медициналық тексеру тəртібін əзірлейді жəне бекітеді; 8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жəне Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 2. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы уəкілетті орган уəкілетті органмен келісу бойынша: 1) спорттық іс-шараларды өткізу кезінде, спортшылардың қарқынды дене жүктемелерінен, ауыруларынан жəне жарақаттануларынан кейін қалпына келтіру ісшаралары кезеңінде спортшылар мен жаттықтырушыларды медициналық қамтамасыз ету жəне оларға медициналық көмек көрсету тəртібін əзірлейді жəне бекітеді; 2) спорттық медицина ұйымдарының құрылымын жəне олардың қызметі туралы ережелерді əзірлейді жəне бекітеді.»; 3) 32-баптың 2-тармағының 14-1) тармақшасы алып тасталсын; 4) 22-тарау мынадай мазмұндағы 138-1-баппен толықтырылсын: «138-1-бап. Спортшылар мен жаттықтырушыларға медициналық көмек көрсету 1. Спортшылар мен жаттықтырушыларды медициналық қамтамасыз ету жəне оларға медициналық көмек көрсету уəкілетті органмен келісу бойынша дене шынықтыру мен спорт саласындағы уəкілетті орган бекітетін тəртіпке сəйкес жүзеге асырылады. 2. Уəкілетті органмен келісу бойынша дене шынықтыру мен спорт саласындағы уəкілетті орган белгілеген тəртіпке сəйкес медициналық тексеруден өтпеген спортшылар спорттық жарыстарға жіберілмейді.»; 5) 159-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) денсаулық сақтау, білім беру, дене шынықтыру мен спорт ұйымдарының ғимараттарында жəне аумақтарында;». 4. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 8, 84-құжат; 1999 ж., № 13, 431-құжат; № 23, 921-құжат; 2001 ж., № 15-16, 228-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 17, 101-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 15, 106, 108-құжаттар; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж.

№ 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат): 3-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын: «4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының Олимпиада, Паралимпиада жəне Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері болып табылатын спортшыларға көтермелеу түрінде тұрғын үйлерді меншігіне беру ерекшеліктері «Дене шынықтыру жəне спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.». 5. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жəне өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 3, 21-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 14 маусымда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) жəне терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 30) жəне

31) тармақшалармен толықтырылсын: «30) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша жəне олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды; 31) «Дене шынықтыру жəне спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес Олимпиада, Паралимпиада жəне Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етеді.»; 2) 31-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 27) жəне 28) тармақшалармен толықтырылсын: «27) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша жəне олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды; 28) «Дене шынықтыру жəне спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес Олимпиада, Паралимпиада жəне Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етеді.»; 3) 35-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 23) тармақшамен толықтырылсын: «23) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша жəне олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды.». 6. «Қазақстан Республикасындағы сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 144-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 1516, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 21, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 2, 10, 12-құжаттар; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 24-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын: «17-1) халықаралық жəне республикалық деңгейлердегі жарыстарды өткізуге арналған спорттық ғимараттарды жобалауға техникалық ерекшеліктер мен техникалық тапсырманы аккредиттелген республикалық спорт

15

федерацияларымен келісу;»; 2) 25-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын: «18-1) халықаралық жəне республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізуге арналған спорттық ғимараттарды жобалауға техникалық ерекшеліктер мен техникалық тапсырманы аккредиттелген республикалық спорт федерацияларымен келісу;». 7. «Мемлекеттiк сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 9-10, 47, 49-құжаттар; № 15-16, 74-құжат; № 17, 78, 82-құжаттар; № 24, 129, 133-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 17-18, 108-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 4, 37-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161, 171-құжаттар; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 22-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6, 9-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы): 4-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 68) тармақшамен толықтырылсын: «68) спорт түрлері бойынша спортшыларды ұстауға, қамтамасыз етуге, даярлауға жəне олардың спорттық іс-шараларға қатысуына, оның ішінде спорттық ісшараларды ұйымдастыруға жəне өткізуге байланысты көрсетілетін қызметтерді сатып алу оларға қатысты дене шынықтыру жəне спорт саласындағы уəкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сəйкес басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік кəсіпорындарда жүзеге асырылады.». 2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 3 шілде № 229-V ҚРЗ

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының пошта туралы заңнамасының нормаларын Дүниежүзілік пошта одағы актілерінің нормаларымен біріздендіру мəселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы 1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. «Табиғи монополиялар жəне реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 20, 23-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 112-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 9, 15-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 11, 80-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) бүкіл мəтін бойынша «почта», «Почта» деген сөздер тиісінше «пошта», «Пошта» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 4-баптың 1-тармағының 13) тармақшасындағы «жалпыға бірдей қолжетімді қызмет көрсету» деген сөздер «əмбебап көрсетілетін қызметтері» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. «Почта туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 3, 17-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 16, 99-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 5, 35-құжат; № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 14, 75-құжат): 1) тақырыптағы жəне бүкіл мəтін бойынша «Почта», «почта», «почталық», «почтаның» деген сөздер тиісінше «Пошта», «пошта», «пошталық», «поштаның» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) бүкіл мəтін бойынша «баршаға қолжетiмдi почта байланысы қызметiн», «почта байланысының баршаға қолжетiмдi қызмет көрсетуi», «Почта байланысының баршаға қолжетiмдi қызметiн», «Почта байланысының баршаға қол жетiмдi қызмет көрсетуiнiң» жəне «Почта байланысының баршаға қолжетiмдi қызмет көрсетуi» деген сөздер тиісінше «пошта байланысының əмбебап көрсетілетін қызметтерін», «пошта байланысының əмбебап көрсетілетін қызметтері», «Пошта байланысының əмбебап көрсетілетін қызметтерін», «Пошта байланысының əмбебап көрсетілетін қызметтерінің» жəне «Пошта байланысының əмбебап көрсетілетін қызметтері» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын: «1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгі ұғымдар пайдаланылады: 1) абонементтік жəшiк – пошта жөнелтілімдерiнiң жекелеген түрлерiн алуға арналған, пошта операторының өндiрiстiк объектiлерiнде орнатылатын, адресаттар уəкiлеттi орган белгiлеген тəртiппен пайдаланатын құлыпталатын арнайы жəшiк; 2) абоненттiк пошта жəшiгi – адресаттар пошта жөнелтілімдерiн алуы үшiн тұрғын үйлерде, сондай-ақ ауылдық жерлердегi жеткiзу учаскесінде орнатылатын, жəшiктерi бар құлыпталатын арнайы шкаф; 3) адресат – өзіне пошта жөнелтілімi немесе пошталық ақша аударымы бағытталған, пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушы; 4) атаулы зат – құжаттар мен пошта жөнелтілімдерiне пошта операторының, оның өндiрiстiк объектiсiнiң атауы, сондай-ақ пошта операторы айқындаған өзге де ақпарат көрсетілген бедерлерді салуға арналған құрылғы; 5) Дүниежүзілік пошта одағы – халықаралық пошта жөнелтілімдерімен өзара алмасу үшін аумақтары біртұтас пошта аумағын құрайтын мүше мемлекеттерден тұратын, мақсаты пошта байланыстарын ұйымдастыру мен жетілдіруді қамтамасыз ету жəне осы салада халықаралық ынтымақтастықты дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау

болып табылатын халықаралық ұйым; 6) Дүниежүзілік пошта одағының актілері – Дүниежүзілік пошта одағының Конгресінде Дүниежүзілік пошта одағының Жарғысына сəйкес қабылданатын құжаттар; 7) жазбаша хат-хабар – хаттар, пошта карточкалары, бандерольдер жəне ұсақ пакеттер; 8) жауап қайтарылатын халықаралық коммерциялық хат-хабар – Дүниежүзілік пошта одағының актілеріне сəйкес ресімделген, жөнелтуші алдын ала ақы төлеген қайтарылатын пошта жөнелтілімін қамтитын пошта жөнелтілімі; 9) жедел поштаның көрсетілетiн қызметтері – пошта байланысының пошта жөнелтілімдерiн жедел өңдеу, тасымалдау, жеткiзу жəне (немесе) табыс ету режимiндегi көрсетілетін қызметтері; 10) жөнелтушi – пошта жөнелтілімiн немесе пошталық ақша аударымын жiберу үшiн оларды пошта операторына тапсыратын, пошта операторының көрсетілетiн қызметтерін пайдаланушы; 11) курьерлiк поштаның көрсетілетін қызметтері – пошта байланысының курьердi пайдалана отырып, пошта жөнелтілімдерiн тасымалдау жəне табыс ету бойынша көрсетілетiн қызметтері; 12) қаржы қызметi жəне қаржылық көрсетілетiн қызметтер – Ұлттық пошта операторы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тəртiппен қаржы нарығында жүзеге асыратын жəне ұсынатын қызмет пен көрсетілетiн қызметтер; 13) мерзiмдi баспасөз басылымдарын жазылу бойынша тарату – мерзiмдi баспасөз басылымдарын пайдаланушыға жеткiзуге жəне (немесе) табыс етуге бағытталған, оларға жазылуды қабылдау, тапсырыстарды жинау, жасақтау, өңдеу жөнiнде пошта операторы, бұқаралық ақпарат құралдарының меншiк иесi немесе оның уəкілеттi тұлғасы мен пайдаланушы арасындағы өзара iс-қимыл; 14) операциялық күн – пошта операторының пошталық көрсетілетiн қызметтерді ұсынатын жұмыс уақыты; 15) операциялық терезе – пошта операторының өндiрiстiк объектiсiндегi пайдаланушыға пошталық көрсетілетiн қызметтердің бiр жəне одан көп түрi ұсынылатын жұмыс орны; 16) өндiрiстiк объект – пошта операторының көрсетілетін қызметтерін ұсынуға арналған жəне сол үшiн жабдықталған, пошта желiсінің өндiрiстiк бiрлiгi; 17) пошта – Қазақстан Республикасының аумағында пошталық, қаржылық жəне өзге де көрсетілетін қызметтер кешенiн ұсынуды жəне қаржы қызметiн жүзеге асыруды қамтамасыз ететiн инфрақұрылым бөлiгi; 18) пошта байланысы саласындағы уəкiлеттi орган (бұдан əрi – уəкiлеттi орган) – өз құзыретi шегiнде пошта байланысы саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды, пошта операторларының қызметiн мемлекеттiк бақылауды, үйлестiру мен реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 19) пошта байланысының əмбебап көрсетілетін қызметтері – көрсетілуі Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында пошта байланысының əмбебап көрсетілетін қызметтерінің уəкілетті орган белгілеген сапа көрсеткіштеріне сəйкес жүзеге асырылатын, ортақ пайдаланылатын пошта байланысының көрсетілетін қызметтері; 20) пошта байланысының көрсетілетiн қызметтері – пошта жөнелтілімдерiн жəне пошталық ақша аударымдарын жiберу жөнiндегi қызмет; 21) пошта байланысының құралдары – пошта байланысының көрсетілетiн қызметтерін ұсыну үшiн пайдаланылатын техникалық құралдар мен технологиялар; 22) пошта жəшiгi – жай хаттар мен жай пошта карточкаларын жинауға арналған, белгiленген түстегi, нысандағы жəне көлемдегi жəшiк; 23) пошта желiсi – пошта операторының көрсетілетiн қызметтерін ұсыну кезiнде пайдаланылатын өндiрiстiк объектiлер мен пошта маршруттарының жиынтығы; 24) пошта-жинақ жүйесi – базасында Ұлттық пошта операторы Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес қаржы қызметiн жүзеге асыратын жəне пошталық, қаржылық жəне өзге де көрсетілетін қызметтерді ұсынатын пошта жүйесi; 25) пошта жөнелтілімдерi – жазбаша хат-хабар, сауқаттар, пошта контейнерлерi, сондай-ақ тиiсті орамадағы баспасөз басылымдары; 26) пошта жөнелтілімiн жеткiзу – пошта жөнелтілімiн

межелі жердегi өндiрiстік объектiлерден абонементтiк жəшiкке немесе абоненттiк пошта жəшiгіне немесе жөнелтушi көрсеткен өзге де мекенжай бойынша апару; 27) пошта жөнелтілімiн жiберу – пошта жөнелтілімiн қабылдау, өңдеу, тасымалдау жəне (немесе) беру, жеткiзу жəне (немесе) табыс ету операцияларының жиынтығы; 28) пошта жөнелтілімiн қабылдау – жөнелтушiден қабылдаған, оның iшiнде пошта жəшiктерiнен алу арқылы қабылданған пошта жөнелтілімiн одан əрi жiберу үшiн пошта операторының ресiмдеуi; 29) пошта жөнелтілімiн өңдеу – пошта жөнелтілімдерiн жiберуге дайындауды қамтамасыз етiп, олармен жасалатын өндiрiстiк операциялар; 30) пошта жөнелтілімiн табыс ету – пошта жөнелтілімiн адресаттың жеке өзiне немесе оның заңды өкiлiне немесе сенiмхат негiзiнде əрекет ететін сенiм білдірiлген адамына беру; 31) пошта жөнелтілімiн тасымалдау – пошта жөнелтілімiн адресатқа жеткiзу жəне (немесе) табыс ету үшiн жөнелту пунктiнен межелі жердегi пошта операторының өндiрiстiк объектiлерiне дейiн апару; 32) пошта жүйесi – пошта байланысын қамтамасыз ететiн пошта желiлерi мен пошта операторларының жиынтығы; 33) пошта индексi – пошта жөнелтілімiн немесе пошталық ақша аударымын жiберудi жылдамдату мақсатында пошта операторларының өндiрiстiк объектiлерiне берiлетiн, оларды əкiмшілік-аумақтық сəйкестендiруге жəне жүйелендіруге мүмкiндiк беретiн, мекенжайдың шартты цифрлық белгiлемесі; 34) пошта карточкасы – арнаулы стандартты бланкiге жазбаша хабарлама жазылған жай немесе тiркелетiн пошта жөнелтілімi; 35) пошта жұмысы – пошта желiлерi арқылы пошталық көрсетілетін қызметтерді ұсыну; 36) пошта жұмысы субъектiлерi – пошта операторлары жəне пайдаланушылар; 37) пошталық ақша аударымы – уəкiлеттi орган бекiткен, белгiленген үлгiдегi бланк нысанын толтырып, пошта желiсiн жəне өзге де байланысты пайдалану арқылы ақша жiберу жөнiндегi көрсетілетін қызмет; 38) пошталық қызмет – пошта операторлары ұсынатын, пошта байланысының көрсетілетін қызметтері; 39) пошталық мекенжай (бұдан əрi – мекенжай) – пошта жөнелтілімдерiн жəне пошталық ақша аударымдарын жеткiзу жəне (немесе) табыс ету үшiн пошта операторының көрсетілетін қызметтерiн пайдаланушы айқындайтын жер; 40) пошта операторы – пошта жұмысы саласында көрсетілетін қызметтерді ұсынуға құқығы бар жеке немесе заңды тұлға; 41) пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушы (бұдан əрi – пайдаланушы) – пошта операторы ұсынатын, оның iшiнде өзi пошта операторымен жасасатын шарттардың негiзiнде ұсынатын көрсетілетін қызметтердi тұтынушы болып табылатын жеке немесе заңды тұлға; 42) пошта төлемiнiң мемлекеттiк белгілерi – айналымға уəкілеттi орган енгiзетiн, пошта операторының көрсетілетін қызметтеріне ақы төленгенiн растайтын пошта маркалары, блоктар, маркалы конверттер, пошта карточкалары, франкирлеу машиналарының бедерлері жəне өзге де белгiлер; 43) пошта штемпелi – құжаттар мен пошта жөнелтілімдерiне: жөнелтілу орнында пошта жөнелтілімiн қабылдауды жүзеге асырған өндiрiстiк объектiнiң атауын, пошта жөнелтілімiнiң қабылданған күнi мен уақытын; межелі жерде пошта жөнелтілімiн алуды жүзеге асырған өндiрiстiк объектiнiң атауын, алынған күнi мен уақытын, сондай-ақ пошта жөнелтілімiн адресатқа жеткiзген жəне (немесе) табыс еткен өндiрiстiк объектiнiң атауын, жеткiзiлген жəне (немесе) табыс етілген күнi мен уақыты көрсетілген бедерлерді салуға арналған құрылғы; 44) тағайындалған оператор – пошталық қызметтерді пайдалануды қамтамасыз ету жəне Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында Дүниежүзілік пошта одағының актілерінен туындайтын, өздеріне қатысты міндеттемелерді орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тəртіппен уəкілетті орган тағайындайтын пошта операторы; 45) тариф – пошта операторының көрсетілетiн қызметтеріне ақы төлеудiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес белгiленген мөлшерi;

46) тiркелетiн пошта жөнелтілімi – жөнелтушiге түбiртек беріліп қабылданатын жəне адресатқа қолхат арқылы табыс етiлетiн пошта жөнелтілімi; 47) ұлттық пошта желiсi – Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында жұмыс iстейтiн, сол арқылы жария шарт негiзiнде көрсетілетін қызметтер ұсынылатын ортақ пайдаланылатын пошта желiсi; 48) Ұлттық пошта операторы – Үкiмет шешiмiмен құрылған, ұлттық басқарушы холдинг жалғыз акционерi болып табылатын, пошта байланысының əмбебап көрсетілетін қызметтерiн, арнайы байланыстың көрсетілетін қызметтерi мен қаржылық көрсетілетін қызметтерді ұсыну жəне қаржылық қызметтi жүзеге асыру жөнiнде мiндеттемелер жүктелген акционерлiк қоғам; 49) факсимильді байланыстың көрсетілетін қызметтерi – қағаз жеткізгіште орындалған мəтiндер мен иллюстрацияларды арнаулы аппараттың көмегiмен телефон арналары арқылы берудi бiлдiретiн байланыстың көрсетiлетін қызметтері; 50) франкирлеу машинасы – жазбаша хат-хабарға пошта байланысының көрсетілетін қызметтерiне ақы төленгенiн, жазбаша хат-хабардың жəне басқа да ақпараттың қабылданған күнін растайтын бедерлер салуға арналған машина; 51) халықаралық қайтарым купоны – Дүниежүзілiк пошта одағы айналымға енгiзетiн, Дүниежүзілік пошта одағына мүше кез келген елде пошта маркаларына айырбастауға жататын, əуе көлiгiмен жіберiлетiн, салмағы 20 грамға дейiнгi жай халықаралық хаттың ең төмен ақысын білдiретiн құжат; 52) халықаралық пошта алмасу орны – кіріс жəне шығыс халықаралық пошта жөнелтілімдерін өңдеу жүзеге асырылатын, сондай-ақ кеден органдары көрсетілген жөнелтілімдерге кедендік бақылау жүргізетін, пошта операторының өндірістік объектісі; 53) халықаралық пошта жөнелтілімi – Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерге жiберу үшiн қабылданатын, Қазақстан Республикасының аумағына келiп түсетiн не Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтетiн жəне Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде көзделген құжаттармен бірге жүретін пошта жөнелтiлімi; 54) халық салымдарының сақталуын қамтамасыз ету – пайдаланушы мен Ұлттық пошта операторы арасында жасалатын шарттың талаптарымен белгiленген сыйақы ескеріле отырып, салымды номиналды түрдегі қайтару кепiлдiгi; 55) хат – жазбаша салынымы бар конверт түрiнде жiберiлетiн пошта жөнелтiлімі; 56) электрондық поштаның көрсетілетін қызметтерi – қағаз жеткізгіштерді қолданбай, пайдаланушыларға хабарлар немесе құжаттар алмасуға мүмкiндiк беретiн, байланыстың көрсетілетін қызметтері.»; 4) мынадай мазмұндағы 6-1-баппен толықтырылсын: «6-1-бап. Тағайындалған оператор 1. Тағайындалған оператор: 1) Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық елді мекендерде барлық пайдаланушылар үшін пошта байланысының сапалы көрсетілетін қызметтерін тұрақты негізде көрсетуді; 2) жазбаша хат-хабарды қабылдауды, өңдеуді, тасымалдауды жəне жеткізуді; 3) салмағы 20 килограмға дейінгі сауқаттарды қабылдауды, өңдеуді, тасымалдауды жəне жеткізуді; 4) жауап қайтарылатын халықаралық коммерциялық хат-хабарды қайтаруды; 5) Дүниежүзілік пошта одағына мүше басқа да елдердің тағайындалған операторларының халықаралық пошта жөнелтілімдерінің Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитін қамтамасыз етуге міндетті. 2. Тағайындалған оператор Дүниежүзілік пошта одағының актілеріне сəйкес пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін жүзеге асырады. 3. Тағайындалған оператор Дүниежүзілік пошта одағының актілерінен жəне осы баптың 1-тармағынан туындайтын міндеттемелерді орындамаған кезде уəкілетті орган пошта операторынан тағайындалған оператордың өкілеттігін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тəртіппен кері қайтарып алады.»; 5) 8-бапта: 1-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын: «2-1) операторды тағайындау жəне тағайындалған

оператордың өкілеттіктерін кері қайтарып алу тəртібін бекiтеді;»; 2-тармақ мынадай мазмұндағы 20-1) жəне 20-2) тармақшалармен толықтырылсын: «20-1) операторды тағайындау жəне тағайындалған оператордың өкілеттіктерін кері қайтарып алу тəртібін əзірлейді; 20-2) операторды тағайындайды жəне тағайындалған оператордың өкілеттігін кері қайтарып алады;»; 6) 15-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: «1-1. Пошта операторының пошта байланысының əмбебап көрсетілетін қызметтерін ұсынуы уəкілетті орган бекіткен, пошта байланысының əмбебап көрсетілетін қызметтерінің қолжетімділігіне, сапасы мен бағасына пайдаланушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын талаптар белгіленетін, пошта байланысының əмбебап көрсетілетін қызметтерінің сапа көрсеткіштеріне сəйкес жүзеге асырылады.». 3. «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 134-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 8, 44-құжат; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) бүкіл мəтін бойынша «почта», «почтаны», «Почтаны» жəне «Почта» деген сөздер тиісінше «пошта», «поштаны», «Поштаны» жəне «Пошта» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 39-баптың 3-тармағындағы «Почта байланысының жалпыға бiрдей қол жетiмдi қызметтерiн көрсететiн», «темiр жол», «аумағында», «жөнелтiмдерiн» деген сөздер тиісінше «Пошта байланысының əмбебап көрсетілетін қызметтерiн ұсынатын», «темiржол», «аумақтарында», «жөнелтiлімдерiн» деген сөздермен ауыстырылсын. 4. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 14, 81-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146, 150-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 8, 63, 64-құжаттар; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) бүкіл мəтін бойынша «почтаның», «почталық», «почта», «Почта», «почтамен» жəне «почтамттар» деген сөздер тиісінше «поштаның», «пошталық», «пошта», «Пошта», «поштамен» жəне «поштамттар» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) бүкіл мəтін бойынша «почта байланысының жалпыға қолжетімді қызметі» деген сөздер «пошта байланысының əмбебап көрсетілетін қызметтері» деген сөздермен ауыстырылсын. 2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 3 шілде № 230-V ҚРЗ


16

www.egemen.kz

10 шілде 2014 жыл

Қазақстан Республикасының Кодексі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ПРОЦЕСТІК КОДЕКСІ МАЗМҰНЫ ЖАЛПЫ БӨЛІК 1-БӨЛIМ. НЕГIЗГI ЕРЕЖЕЛЕР 1-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ПРОЦЕСТІК ЗАҢНАМАСЫ 1-бап. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу тəртiбiн айқындайтын заңнама 2-бап. Қылмыстық сот iсiн жүргiзуде артықшылық күшi бар құқықтық нормаларды қолдану 3-бап. Қылмыстық-процестік заңның кеңiстiкте қолданылуы 4-бап. Қазақстан Республикасының аумағында шет мемлекеттiң қылмыстық-процестік құқығын қолдану 5-бап. Қылмыстық-процестік заңның уақыт тұрғысында қолданылуы 6-бап. Қылмыстық-процестік заңның шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қатысты қолданылуы 7-бап. Осы Кодекстегi кейбiр ұғымдарды түсiндіру 2-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТІҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН ҚАҒИДАТТАРЫ 8-бап. Қылмыстық процестің мiндеттерi 9-бап. Қылмыстық процестің қағидаттары жəне олардың мəнi 10-бап. Заңдылық 11-бап. Сот төрелігiн соттың ғана жүзеге асыруы 12-бап. Адамның жəне азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау 13-бап. Жеке бастың абыройы мен қадiрқасиетiн құрметтеу 14-бап. Жеке басқа қолсұғылмаушылық 15-бап. Қылмыстық iстер бойынша iс жүргiзу кезiнде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау 16-бап. Жеке өмiрге қолсұғылмаушылық. Жазысқан хаттардың, телефон арқылы сөйлескен сөздердің, пошта, телеграфарқылы жəне өзге де хабарлардың құпиясы 17-бап. Тұрғынжайға қолсұғылмаушылық 18-бап. Меншiкке қолсұғылмаушылық 19-бап. Кiнəсiздiк презумпциясы 20-бап. Қайтадан соттауға жəне қылмыстық қудалауға жол бермеушілік 21-бап. Сот төрелігiн заң мен сот алдындағы теңдiк бастауларында жүзеге асыру 22-бап. Судьялардың тəуелсiздiгi 23-бап. Сот iсiн жүргiзудi тараптардың жарыспалылығы мен тең құқылығы негiзiнде жүзеге асыру 24-бап. Iстiң мəн-жайларын жан-жақты, толық жəне объективтi зерттеу 25-бап. Дəлелдемелердi iшкi сенiм бойынша бағалау 26-бап. Күдіктiнiң, айыпталушының қорғалу құқығын қамтамасыз ету 27-бап. Білікті заң көмегіне құқықты қамтамасыз ету 28-бап. Куəлiк айғақтар беру мiндетiнен босату 29-бап. Жариялылық 30-бап. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу тiлi 31-бап. Процестік əрекеттер мен шешiмдерге шағым жасау бостандығы 3-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚУДАЛАУ 32-бап. Жекеше, жекеше-жариялы жəне жариялы қудалау жəне айыптау iстерi 33-бап. Коммерциялық немесе өзге де ұйымның арызы бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту 34-бап. Қылмыстық қудалауды жүзеге асырудың жалпы шарттары 35-бап. Іс бойынша іс жүргізуді болғызбайтын мəн-жайлар 36-бап. Қылмыстық қудалауды жүзеге асырмауға мүмкiндiк беретiн мəн-жайлар 4-тарау. АҚТАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТІ ЖҮРГІЗЕТІН ОРГАННЫҢ ЗАҢСЫЗ ƏРЕКЕТТЕРІМЕН КЕЛТІРІЛГЕН ЗИЯНДЫ ӨТЕУ 37-бап. Күдікті, айыпталушы, сотталушы ретiнде тартылған адамды ақтау 38-бап. Қылмыстық процестi жүргiзетiн органның заңсыз əрекеттерi салдарынан келтiрiлген зиянды өтеткізуге құқығы бар адамдар 39-бап. Зиянды өтеткiзу құқығы жəне талап қою мерзімдері 40-бап. Мүлiктiк зиянды өтеу 41-бап. Моральдық зиянның салдарын жою 42-бап. Құқықтарды талап қою тəртiбiмен қалпына келтiру 5-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ 43-бап. Қылмыстық iстердi бiрiктiру 44-бап. Қылмыстық iстi бөлектеп алу 45-бап. Іс бойынша сот ісін жүргiзудi тоқтата тұру жəне сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдерін үзу 46-бап. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудi аяқтау 47-бап. Құпиялықты сақтау 6-тарау. ПРОЦЕСТІК МЕРЗІМДЕР 48-бап. Мерзiмдердi есептеу 49-бап. Мерзiмдi сақтау жəне ұзарту 50-бап. Мерзiмдi өткiзiп алудың салдары жəне оны қалпына келтiру тəртiбi 2-БӨЛІМ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСАТЫН МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР МЕН АДАМДАР 7-тарау. СОТ 51-бап. Сот 52-бап. Соттың құрамы 53-бап. Соттың өкілеттіктері 54-бап. Судья 55-бап. Тергеу судьясының өкілеттіктері 56-бап. Тергеу судьясының өкілеттіктерін жүзеге асырудың жалпы шарттары 57-бап. Iс бойынша төрағалық етушi 8-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚУДАЛАУ ФУНКЦИЯЛАРЫН ЖҮЗЕГЕ

АСЫРАТЫН МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР МЕН ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАР 58-бап. Прокурор 59-бап. Тергеу бөлiмiнiң бастығы 60-бап. Тергеушi 61-бап. Анықтау органы 62-бап. Анықтау органының бастығы 63-бап. Анықтаушы 9-тарау. ӨЗ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МҮДДЕЛЕРІН НЕМЕСЕ ӨЗДЕРІ ӨКІЛДІК ЕТЕТІН ҚҰҚЫҚТАР МЕН МҮДДЕЛЕРДІ ҚОРҒАП ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСУШЫЛАР 64-бап. Күдікті 65-бап. Айыпталушы 66-бап. Қорғаушы 67-бап. Қорғаушының мiндеттi қатысуы 68-бап. Қорғаушыны шақыру, тағайындау, алмастыру, оның еңбегiне ақы төлеу 69-бап. Қорғаушыдан бас тарту 70-бап. Қорғаушының өкiлеттiктерi 71-бап. Жəбiрленушi 72-бап. Жекеше айыптаушы 73-бап. Азаматтық талапкер 74-бап. Азаматтық жауапкер 75-бап. Кəмелетке толмаған күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның заңды өкiлдерi 76-бап. Жəбiрленушiнiң, азаматтық талапкердің жəне жекеше айыптаушының өкiлдерi 77-бап. Азаматтық жауапкердiң өкiлдерi 10-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСАТЫН ӨЗГЕ ДЕ АДАМДАР 78-бап. Куə 79-бап. Сарапшы 80-бап. Маман 81-бап. Аудармашы 82-бап. Куəгер 83-бап. Сот отырысының хатшысы 84-бап. Сот приставы 85-бап. Медиатор 11-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСУ МҮМКІНДІГІН БОЛҒЫЗБАЙТЫН МƏН-ЖАЙЛАР. ҚАРСЫЛЫҚ БІЛДІРУ 86-бап. Қарсылық бiлдiру жəне қылмыстық процеске қатысуданшеттету туралы өтiнiшхаттар мен оған қатысудан босату 87-бап. Судьяға қарсылық бiлдiру 88-бап. Прокурорға қарсылық бiлдiру 89-бап. Тергеушiге жəне анықтаушыға қарсылық бiлдiру 90-бап. Куəгерге қарсылық бiлдiру 91-бап. Сот отырысының хатшысына жəне сот приставына қарсылық бiлдiру 92-бап. Аудармашыға жəне маманға қарсылық бiлдiру 93-бап. Сарапшыға қарсылық бiлдiру 94-бап. Қорғаушыны, жəбiрленушiнiң (жекеше айыптаушының), азаматтық талапкердің немесе азаматтық жауапкердiң өкiлiн қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге қатысудан шеттету 12-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСАТЫН АДАМДАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ 95-бап. Судьялардың, алқабилердiң, прокурорлардың, тергеушiлердiң, анықтаушылардың, қорғаушылардың, сарапшылардың, мамандардың, сот отырысы хатшыларының, сот приставтарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету 96-бап. Жəбірленушілердің, куəлардың, күдіктілердің, айыпталушылардың жəне қылмыстық процеске қатысатын басқа да адамдардың қауiпсiздiгі шараларын қолдану мiндетi 97-бап. Жəбiрленушiлердiң, куəлардың, күдіктілердің жəне қылмыстық процеске қатысатын басқа да адамдардың қауiпсiздiгі шаралары 98-бап. Сот талқылауына қатысатын адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету 13-тарау. ӨТІНІШХАТТАР. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР МЕН ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАРДЫҢ ƏРЕКЕТТЕРІ (ƏРЕКЕТСІЗДІГІ) МЕН ШЕШІМДЕРІНЕ ШАҒЫМ ЖАСАУ 99-бап. Қылмыстық процеске қатысушылардың өтiнiшхаттарын қараудың мiндеттiлiгi 100-бап. Органдар мен лауазымды адамдардың шешiмдерi мен əрекеттерiне (əрекетсіздігіне) шағым жасау 101-бап. Ұстап алынған немесе күзетпен ұсталатын адамдардың шағым жолдау тəртiбi 102-бап. Шағымдарды берудiң мерзiмдерi 103-бап. Шағым берiлуiне байланысты шешiмнiң орындалуын тоқтата тұру 104-бап. Шағымдарды қараудың жалпы тəртiбi 105-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамдардың, прокурордың əрекеттеріне (əрекетсіздігіне) жəне шешімдеріне шағымдарды қарау тəртiбi 106-бап. Прокурордың, қылмыстық қудалау органдарының əрекеттеріне (əрекетсіздігіне) жəне шешімдеріне жасалған шағымдарды сотта қарау тəртібі 107-бап. Тергеу судьясының қаулыларына шағым жасау, наразылық білдіру 108-бап. Соттың үкіміне, қаулыларына шағымдар, наразылықтар 14-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСАТЫН АДАМДАР ТУРАЛЫ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР 109-бап. Процеске қатысушы деп тануды талап ету құқығы 110-бап. Қылмыстық процеске қатысатын адамдарға құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiру жəне оларды жүзеге асыру мүмкiндiгiн қамтамасыз ету мiндетi 3-БӨЛІМ. ДƏЛЕЛДЕМЕЛЕР ЖƏНЕ ДƏЛЕЛДЕУ 15-тарау. ДƏЛЕЛДЕМЕЛЕР

111-бап. Дəлелдемелер ұғымы 112-бап. Дəлелдемелер ретiнде жол берілмейтін нақты деректер 113-бап. Қылмыстық iс бойынша дəлелденуге жататын мəн-жайлар 114-бап. Дəлелдемелерсiз анықталатын мəн-жайлар 115-бап. Күдіктiнiң, жəбiрленушiнiң, куəнің айғақтары 116-бап. Сарапшының қорытындысы жəне айғақтары 117-бап. Маманның қорытындысы жəне айғақтары 118-бап. Заттай дəлелдемелер 119-бап. Процестік əрекеттердiң хаттамалары 120-бап. Құжаттар 16-тарау. ДƏЛЕЛДЕУ 121-бап. Дəлелдеу 122-бап. Дəлелдемелерді жинау 123-бап. Дəлелдемелерді бекiту 124-бап. Дəлелдемелердi зерттеу 125-бап. Дəлелдемелердi бағалау 126-бап. Дəлелдеу процесiндегi ғылымитехникалық құралдар 127-бап. Преюдиция 4-БӨЛІМ. ПРОЦЕСТІК МƏЖБҮРЛЕУ ШАРАЛАРЫ 17-тарау. КҮДІКТІНІ ҰСТАП АЛУ 128-бап. Ұстап алу негіздері 129-бап. Жеткізу 130-бап. Азаматтардың қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарды процестік емес ұстап алуға құқығы 131-бап. Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтірілген адамды процестік ұстап алу тəртiбi 132-бап. Ұстап алынған адамның жеке басын тiнту 133-бап. Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұстап алынған адамды босату негiздерi 134-бап. Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұстап алынғандарды күзетпен ұстау тəртiбi 135-бап. Күдіктінің туыстарына оның ұстап алынғаны туралы хабарлау 18-тарау. БҰЛТАРТПАУ ШАРАЛАРЫ 136-бап. Бұлтартпау шараларын қолдану үшiн негiздер 137-бап. Бұлтартпау шаралары жəне қосымша шектеулер 138-бап. Бұлтартпау шарасын таңдау жəне қосымша шектеулер белгілеу кезiнде ескерiлетiн мəн-жайлар 139-бап. Күдіктінің іс-əрекетін саралау туралы қаулы шығарылғанға дейін бұлтартпау шарасын қолдану 140-бап. Бұлтартпау шараларын қолдану тəртiбi 141-бап. Ешқайда кетпеу жəне тиісті мінезқұлық туралы қолхат 142-бап. Жеке кепiлгерлік 143-бап. Əскери қызметшiнi əскери бөлiм қолбасшылығының байқауда ұстауы 144-бап. Кəмелетке толмаған адамды қарауда ұстауға беру 145-бап. Кепiл 146-бап. Үйқамақ 147-бап. Күзетпен ұстау 148-бап. Тергеу судьясының күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхаттарды қарауы 149-бап. Бұлтартпау шарасы ретiнде күзетпен ұстау қолданылған күдіктілерді ұстау 150-бап. Бұлтартпау шарасы ретiнде күзетпен ұстау қолданылған күдіктілерді, айыпталушыларды жəне сотталушыларды ұстап алынғандар ұсталатын орындарда ұстау 151-бап. Күзетпен ұстау мерзiмдерi жəне оларды ұзарту тəртiбi 152-бап. Тергеу судьясының күзетпен ұстау мерзімін ұзарту туралы өтінішхатты қарауы жəне мерзімдерді есептеуі 153-бап. Бұлтартпау шарасының күшін жою немесе оны өзгерту 154-бап. Қамқоршылыққа жəне мүлкінің қаралуына құқық 19-тарау. ӨЗГЕ ДЕ ПРОЦЕСТІК МƏЖБҮРЛЕУ ШАРАЛАРЫ 155-бап. Өзге де процестік мəжбүрлеу шараларын қолдану үшін негіздер 156-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға жəне сотқа келу туралы мiндеттеме 157-бап. Күштеп əкелу 158-бап. Лауазымынан уақытша шеттету 159-бап. Ақшалай өндіріп алу 160-бап. Ақшалай өндіріп алуды қолдану тəртібі 161-бап. Мүлiкке тыйым салу 162-бап. Мүлікке тыйым салу тəртібі 163-бап. Мүлікке тыйым салуды санкциялау тəртібі 164-бап. Тергеу судьясының мүлiкке тыйым салуды санкциялау не санкциялаудан бас тарту туралы қаулысына наразылық білдіру жəне шағым жасау 165-бап. Жақындауға тыйым салу 5-БӨЛІМ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ МҮЛІКТІК МƏСЕЛЕЛЕР 20-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ АЗАМАТТЫҚ ТАЛАП ҚОЮ 166-бап. Қылмыстық процесте қаралатын азаматтық талап қоюлар 167-бап. Азаматтық талап қою 168-бап. Залалды өтеудiң негiздерi, шарттары, көлемi жəне тəсілі туралы қағидаларды қолдану 169-бап. Талап арызды қайтару, талап қоюдан бас тарту 170-бап. Азаматтық талап қою бойынша шешiмдер 171-бап. Азаматтық талап қоюды қамтамасыз ету 172-бап. Соттың үкiмiн жəне қаулысын азаматтық талап қою бөлiгiнде орындау 173-бап. Жəбірленушілерге зиянды өтеу қоры

21-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ БАРЫСЫНДА ЕҢБЕККЕ АҚЫ ТӨЛЕУ ЖƏНЕ ШЕККЕН ШЫҒЫСТАРДЫ ӨТЕУ 174-бап. Заң көмегіне ақы төлеу 175-бап. Аудармашының, маманның, сарапшының орындаған жұмысы үшiн сыйақы алуы 176-бап. Қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысатын тұлғалардың шеккен шығыстарын өтеу 22-тарау. ПРОЦЕСТІК ШЫҒЫНДАР 177-бап. Процестік шығындар 178-бап. Процестік шығындарды өндіріп алу ЕРЕКШЕ БӨЛІК 6-БӨЛІМ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС БОЙЫНША СОТҚА ДЕЙІНГІ ІС ЖҮРГІЗУ 23-тарау. СОТҚА ДЕЙІНГІ ТЕРГЕПТЕКСЕРУДІҢ БАСТАЛУЫ 179-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуы 180-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау себептері 181-бап. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыз, хабар 182-бап. Кiнəсiн мойындап келу 183-бап. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабар 184-бап. Қылмыстық құқық бұзушылықтың анықталғаны туралы баянат 185-бап. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздар мен хабарларды қабылдау мiндеттiлiгi 186-бап. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы тіркелген арызды немесе хабарды тергеулігі бойынша беру 24-тарау. СОТҚА ДЕЙІНГІ ТЕРГЕПТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗУДІҢ ЖАЛПЫ ШАРТТАРЫ 187-бап. Тергеулік 188-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргiзiлетiн жер 189-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нысандары 190-бап. Сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру 191-бап. Анықтау нысанында жəне хаттамалық нысанда жүргізілетін сотқа дейінгі тергеп-тексеру 192-бап. Сотқа дейiнгі тергеп-тексерудің мерзімі 193-бап. Прокурордың сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысындағы өкiлет тiктерi 194-бап. Тергеу, жедел-тергеу тобының сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуі 195-бап. Топ жетекшiсiнiң өкiлеттiктерi 196-бап. Анықтау органдарының алдын ала тергеу жүзеге асырылатын iстер бойынша қызметi 197-бап. Тергеу əрекеттерін жүргiзудiң жалпы қағидалары 198-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында шығарылатын қаулылар 199-бап. Тергеу əрекетінің хаттамасы 200-бап. Қылмыстық құқық бұзушылықтар жəне басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мəн-жайларды жою жөнiндегi ұсыну 201-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол бермеу 25-тарау. АДАМДЫ КҮДІКТІ ДЕП ТАНУ ЖƏНЕ КҮДІКТІНІҢ ІС-ƏРЕКЕТІНІҢ САРАЛАНУЫН АЙҚЫНДАУ 202-бап. Адамды күдікті деп тану туралы жариялау 203-бап. Күдіктінің іс-əрекетінің саралануын айқындау 204-бап. Күдіктінің іс-əрекетін саралау туралы қаулы 205-бап. Күдіктінің келу мiндеттiлiгi 206-бап. Күдіктіге оның іс-əрекетін саралау туралы қаулыны жария ету тəртібі 207-бап. Күдіктінің іс-əрекетін саралауды өзгерту жəне толықтыру 26-тарау. ЖАУАП АЛУ ЖƏНЕ БЕТТЕСТІРУ 208-бап. Жауап алуға шақыру тəртiбi 209-бап. Жауап алу орны, уақыты мен ұзақтығы 210-бап. Жауап алуды жүргiзудiң жалпы қағидалары 211-бап. Қосымша жəне қайталап жауап алу 212-бап. Жауап алу хаттамасы 213-бап. Ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып, бейнебайланыс режимінде жауап алудың (қашықтықтан жауап алу) ерекшеліктері 214-бап. Куəдан жəне жəбiрленушiден жауап алудың ерекшелiктерi 215-бап. Кəмелетке толмаған куəдан немесе жəбiрленушiден жауап алу ерекшелiктерi 216-бап. Күдіктiден жауап алу ерекшеліктері 217-бап. Тергеу судьясының жəбірленушіден, куəдан жауап алу ерекшеліктері (айғақтарды сақтауға қою) 218-бап. Беттестіру 27-тарау. ҚАРАП-ТЕКСЕРУ, КУƏЛАНДЫРУ 219-бап. Қарап-тексеру 220-бап. Қарап-тексеруді жүргiзудiң жалпы қағидалары 221-бап. Заттай дəлелдемелердi қараптексеру жəне сақтау 222-бап. Адамның мəйiтiн қарап-тексеру 223-бап. Куəландыру 224-бап. Қарап-тексеру, куəландыру хаттамасы 28-тарау. ЭКСГУМАЦИЯ 225-бап. Эксгумациялау үшін негіздер 226-бап. Эксгумациялау туралы қаулыны санкциялау тəртібі 227-бап. Эксгумациялауды жүргізу тəртібі

228-бап. Эксгумациялаудан кейін адамның мəйiтін жерлеу 29-тарау. ТАНУ 229-бап. Тану үшiн көрсету 230-бап. Тану үшiн көрсету тəртiбi 30-тарау. ЖАСЫРЫН ТЕРГЕУ ƏРЕКЕТТЕРІ 231-бап. Жасырын тергеу əрекеттерінің түрлері 232-бап. Жасырын тергеу əрекеттерін жүргізу шарттары мен негіздері 233-бап. Жасырын тергеу əрекетін жүргізу туралы қаулы 234-бап. Жасырын тергеу əрекеттерін санкциялау 235-бап. Кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайларда жасырын тергеу əрекеттерін жүргізу 236-бап. Жасырын тергеу əрекеттерін жүргізу мерзімдері 237-бап. Жасырын тергеу əрекеттерінің нəтижелерін ұсыну 238-бап. Жасырын тергеу əрекетін жүргізу нəтижесінде алынған ақпаратты зерттеу жəне оны дəлелдемелер ретінде пайдалану 239-бап. Жасырын тергеу əрекеттерінің нəтижелерін бағалау жəне дəлелдеуде пайдалану 240-бап. Жасырын тергеу əрекеттерінің хаттамаларына қоса тіркелмеген материалдармен танысу 241-бап. Қылмыстық процесте ақпаратты қорғау жөніндегі іс-шаралар 242-бап. Адамды немесе орынды жасырын аудио- жəне (немесе) бейнебақылау 243-бап. Электр (телекоммуникациялық) байланыс желілері арқылы берілетін ақпаратты жасырын бақылау, ұстап қалу жəне түсіріп алу 244-бап. Абоненттер жəне (немесе) абоненттік құрылғылар арасындағы қосылулар туралы ақпаратты жасырын алу 245-бап. Компьютерлерден, серверлерден жəне ақпаратты жинауға, өңдеуге, жинақтауға жəне сақтауға арналған басқа да құрылғылардан ақпаратты жасырын түсіріп алу 246-бап. Пошта жөнелтілімдері мен өзге де жөнелтілімдерді жасырын бақылау 247-бап. Орынға жасырын кіру жəне (немесе) оны қарап-зерттеу 248-бап. Адамды немесе орынды жасырын байқауға алу 249-бап. Жасырын бақыланатын жеткізілім 250-бап. Жасырын бақыланатын сатып алу 251-бап. Жасырын ендіру жəне (немесе) қылмыстық əрекетті имитациялау 31-тарау. ТІНТУ ЖƏНЕ АЛУ 252-бап. Тiнту 253-бап. Алу 254-бап. Тiнту мен алуды жүргiзу тəртiбi 255-бап. Жеке басын тiнту 256-бап. Тiнту немесе алу хаттамасы 32-тарау. АЙҒАҚТАРДЫ СОЛ ЖЕРДЕ ТЕКСЕРУ ЖƏНЕ НАҚТЫЛАУ. ТЕРГЕУ ЭКСПЕРИМЕНТІ 257-бап. Айғақтарды сол жерде тексеру жəне нақтылау 258-бап. Тергеу экспериментi 33-тарау. НƏРСЕЛЕР МЕН ҚҰЖАТТАРДЫ БЕРУ 259-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға нəрселер мен құжаттарды оларға иелік ететін адамдардың бастамасы бойынша беру 260-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның талап етуі бойынша нəрселер мен құжаттарды беру 261-бап. Нəрселер мен құжаттарды беру хаттамасы 34-тарау. ҮЛГІЛЕРДІ АЛУ 262-бап. Үлгiлерді алудың негiздерi 263-бап. Үлгiлер алуға құқығы бар адамдар мен органдар 264-бап. Өздерінен үлгілер алуға жол берілетін адамдар 265-бап. Үлгiлерді алу тəртiбi 266-бап. Дəрiгердiң немесе басқа маманның үлгiлерді алуы 267-бап. Үлгiлерді алу кезiнде жеке бастың құқықтарын қорғау 268-бап. Үлгiлерді алу туралы қаулының орындалу мiндеттiлiгi 269-бап. Үлгiлер алу хаттамасы 35-тарау. СОТ САРАПТАМАСЫ 270-бап. Сараптаманы тағайындау 271-бап. Сараптаманы мiндеттi түрде тағайындау 272-бап. Сараптама тағайындау тəртібі 273-бап. Сот сараптамасын жүргiзу тапсырылуы мүмкiн адамдар 274-бап. Күдіктінің, айыпталушының, жəбірленушінің, куəнің, қорғаушының жəне жəбірленуші өкілінің сараптама тағайындау жəне жүргізу кезіндегі құқықтары 275-бап. Өздеріне қатысты сот сараптамасы жүргізілетін адамдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне кепілдік беру 276-бап. Сот сараптамасы органының сараптама жүргізуі. Сот сараптамасы органы басшысының құқықтары мен міндеттері 277-бап. Сот сараптамасы органынан тыс жерде сараптама жүргiзу 278-бап. Процеске қатысушылардың сот сараптамасын жүргізу кезінде қатысуы 279-бап. Сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымға орналастыру 280-бап. Сараптама объектiлерi 281-бап. Жеке-дара жəне комиссиялық сараптама 282-бап. Кешендi сараптама 283-бап. Сарапшы қорытындысының мазмұны 284-бап. Қорытынды берудiң мүмкiн еместiгi туралы хабар 285-бап. Сарапшыдан жəне маманнан жауап алу 286-бап. Күдіктіге, айыпталушыға, жəбірленушіге сарапшының қорытындысын көрсету

287-бап. Қосымша жəне қайталама сараптамалар 36-тарау. СОТҚА ДЕЙІНГІ ТЕРГЕПТЕКСЕРУДІ ТОҚТАТУ ЖƏНЕ ҚАЙТА БАСТАУ, КҮДІКТІГЕ, АЙЫПТАЛУШЫҒА ІЗДЕСТІРУ ЖАРИЯЛАУ, ЖОҒАЛҒАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕРДІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ 288-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы қаулы 289-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексеру тоқтатылғаннан кейінгі əрекеттері 290-бап. Тоқтатылған қылмыстық істі зерделеу нəтижелері бойынша прокурордың шешімі 291-бап. Тоқтатылған сотқа дейінгі тергептексеруді немесе қылмыстық қудалауды қайта бастау 292-бап. Күдіктіге, айыпталушыға іздестіру жариялау 293-бап. Жоғалған қылмыстық iстi не оның материалдарын қалпына келтiру 37-тарау. ТЕРГЕУ ƏРЕКЕТТЕРІН ЖҮРГІЗУДІҢ АЯҚТАЛҒАНЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАУ ЖƏНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІҢ МАТЕРИАЛДАРЫМЕН ТАНЫСТЫРУ 294-бап. Тергеу əрекеттерін жүргізудің аяқталғаны жəне қылмыстық істің материалдарымен танысу құқығын түсіндіру туралы хабарлау 295-бап. Жəбірленушіні, азаматтық талапкерді, азаматтық жауапкерді жəне олардың өкілдерін іс материалдарымен таныстыру 296-бап. Күдікті мен оның қорғаушысын істің барлық материалдарымен таныстыру 297-бап. Қылмыстық істің материалдарымен танысу аяқталған соң мəлімделген өтінішхаттарды қарау жəне шешу тəртібі 38-тарау. АЙЫПТАУ АКТІСІН ЖАСАУ ЖƏНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІ ПРОКУРОРҒА ЖІБЕРУ 298-бап. Айыптау актісін жасау 299-бап. Айыптау актісінің мазмұны 300-бап. Айыптау актісін жəне қылмыстық істі прокурорға жіберу 39-тарау. АЙЫПТАУ АКТІСІМЕН БІРГЕ КЕЛІП ТҮСКЕН ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС БОЙЫНША ПРОКУРОРДЫҢ ШЕШІМІ 301-бап. Айыптау актісімен бірге келіп түскен қылмыстық істі зерделеу кезінде прокурор шешетін мəселелер 302-бап. Айыптау актісімен бірге келіп түскен қылмыстық іс бойынша прокурордың шешімі 303-бап. Прокурордың бұлтартпау шарасы туралы шешімі 304-бап. Айыптау актісін табыс ету 305-бап. Айыпталушыны сотқа беру жəне қылмыстық істі сотқа жіберу 7-БӨЛІМ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕРДІҢ СОТТЫЛЫҒЫ. БІРІНШІ САТЫДАҒЫ СОТТА ІС ЖҮРГІЗУ 40-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕРДІҢ СОТТЫЛЫҒЫ 306-бап. Аудандық жəне оған теңестірілген соттың соттылығына жататын қылмыстық істер 307-бап. Кəмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың соттылығына жататын қылмыстық істер 308-бап. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың соттылығына жататын қылмыстық істер 309-бап. Қылмыстық істердің қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық əскери соттардың жəне гарнизондардың əскери соттарының соттылығына жатуы 310-бап. Облыстық жəне оған теңестірілген соттың соттылығына жататын қылмыстық істер 311-бап. Əскери соттың соттылығына жататын істер 312-бап. Медициналық сипаттағы мəжбүрлеу шараларын қолдану туралы істерді қарау 313-бап. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының соттылығына жататын қылмыстық істер 314-бап. Қылмыстық iстердiң аумақтық тұрғыдағы соттылығы 315-бап. Қылмыстық істерді біріктіру кезінде соттылықты айқындау 316-бап. Iстi iс жүргiзуге қабылдаған соттың қылмыстық істi соттылығы бойынша беруі 317-бап. Қылмыстық iсті соттылығына жататын соттан басқа сотқа беру 318-бап. Соттылық туралы дауларды шешу 41-тарау. БАСТЫ СОТ ТАЛҚЫЛАУЫН ТАҒАЙЫНДАУ ТУРАЛЫ МƏСЕЛЕНІ ШЕШУ ЖƏНЕ СОТ ОТЫРЫСЫНА ДАЙЫНДЫҚ ƏРЕКЕТТЕРІ 319-бап. Соттың келiп түскен қылмыстық iс бойынша əрекеттерi 320-бап. Сотқа келiп түскен iс бойынша анықталуға жататын мəселелер 321-бап. Алдын ала тыңдауды өткiзу 322-бап. Басты сот талқылауын тағайындау 323-бап. Соттың істі прокурорға жіберуі 324-бап. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұру 325-бап. Азаматтық талап қоюды жəне мүлiктi тəркiлеудi қамтамасыз ету шаралары 326-бап. Қылмыстық iстi соттылығы бойынша жiберу 327-бап. Қылмыстық iстi тоқтату 328-бап. Тараптардың iс материалдарымен танысу мүмкiндiгiн қамтамасыз ету 329-бап. Құжаттардың көшiрмелерiн табыс ету 330-бап. Сот отырысына шақырту (Жалғасы 17-бетте).


www.egemen.kz

10 шілде 2014 жыл

(Жалғасы. Басы 16-бетте).

42-тарау. БАСТЫ СОТ ТАЛҚЫЛАУЫНЫҢ ЖАЛПЫ ШАРТТАРЫ 331-бап. Сот талқылауының тiкелей жəне ауызша болуы 332-бап. Iстi талқылау кезiнде сот құрамының өзгертiлмеуi 333-бап. Запастағы судья 334-бап. Басты сот талқылауында төрағалық етушiнiң өкiлеттiктері 335-бап. Сотталушының басты сот талқылауына қатысуы 336-бап. Қорғаушының басты сот талқылауына қатысуы 337-бап. Мемлекеттiк айыптаушының басты сот талқылауына қатысуы 338-бап. Жəбiрленушiнiң басты сот талқылауына қатысуы 339-бап. Азаматтық талапкердің немесе азаматтық жауапкердiң басты сот талқылауына қатысуы 340-бап. Басты сот талқылауының шегi 341-бап. Басты сот талқылауын кейiнге қалдыру жəне қылмыстық iстi тоқтата тұру 342-бап. Бұлтартпау шарасы туралы мəселенi шешу 343-бап. Істі басты сот талқылауында тоқтату 344-бап. Басты сот талқылауында қаулылар шығару тəртiбi 345-бап. Басты сот талқылауының тəртiптемесі 346-бап. Басты сот талқылауында тəртiптi қамтамасыз ету мақсатында қолданылатын шаралар 347-бап. Басты сот талқылауының хаттамасы 348-бап. Басты сот талқылауының хаттамасына ескертулер 349-бап. Басты сот талқылауының хаттамасына ескертулердi қарау 43-тарау. БАСТЫ СОТ ТАЛҚЫЛАУЫНЫҢ ДАЙЫНДЫҚ БӨЛІГІ 350-бап. Басты сот талқылауының ашылуы 351-бап. Басты сот талқылауына шақырылған тұлғалардың келуiн тексеру 352-бап. Аудармашыға оның құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiру 353-бап. Аудармашыға қарсылық білдіру туралы мəселенi шешу 354-бап. Куəларды сот отырысы залынан шығарып жіберу 355-бап. Сотталушының жеке басын жəне оған айыптау актісі көшiрмесiнiң уақтылы табыс етілгенін анықтау 356-бап. Сот құрамын, процеске басқа да қатысушыларды жариялау 357-бап. Қарсылық білдірулерді шешу тəртiбi 358-бап. Сотталушыға оның құқықтарын түсiндiру 359-бап. Жəбiрленушiге, жекеше айыптаушыға, азаматтық талапкерге жəне азаматтық жауапкерге олардың құқықтарын түсiндiру 360-бап. Сарапшыға оның құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiру 361-бап. Маманға оның құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiру 362-бап. Өтiнiшхаттарды мəлiмдеу жəне шешу 363-бап. Iске қатысатын тұлғалардың қайсыбiрi болмаған кезде істi тыңдау мүмкiндiгi туралы мəселенi шешу 44-тарау. СОТ ТЕРГЕУІ 364-бап. Сот тергеуiнiң басталуы 365-бап. Сотталушының ұстанымын анықтау 366-бап. Дəлелдемелердi ұсыну жəне зерттеу тəртiбi 367-бап. Сотталушыдан жауап алу 368-бап. Сотталушының айғақтарын жария ету 369-бап. Жəбiрленушiден жауап алу 370-бап. Куəлардан жауап алу 371-бап. Кəмелетке толмаған жəбiрленушiден, куəдан жауап алу ерекшелiктерi 372-бап. Жəбiрленушiнің жəне куəнiң айғақтарын жария ету 373-бап. Сот талқылауындағы сараптама 374-бап. Сарапшыдан жауап алу 375-бап. Заттай дəлелдемелердi қараптексеру 376-бап. Тергеу əрекеттерiнiң хаттамалары мен құжаттарын жария ету 377-бап. Сотталушының, жəбiрленушiнiң, куəнiң айғақтарын, сондай-ақ хаттамалар мен құжаттарды жария ету тəртiбi 378-бап. Жергілікті жерді жəне үй-жайды қарап-тексеру 379-бап. Тану үшін көрсету, куəландыру, айғақтарды сол жерде тексеру жəне нақтылау, эксперимент жүргiзу, үлгiлер алу 380-бап. Дəлелдемелердi зерттеудi шектеу 381-бап. Сот тергеуiнiң аяқталуы 382-бап. Iстiң қысқартылған тəртiппен сотта талқылануы 45-тарау. СОТ ЖАРЫССӨЗІ ЖƏНЕ СОТТАЛУШЫНЫҢ СОҢҒЫ СӨЗІ 383-бап. Сот жарыссөзiнiң мазмұны мен тəртiбi 384-бап. Сотталушының соңғы сөзi 385-бап. Сот тергеуiн қайта бастау 386-бап. Соттың кеңесу бөлмесiне кетуi 46-тарау. ҮКІМ ШЫҒАРУ 387-бап. Қазақстан Республикасының атынан үкiм шығару 388-бап. Үкiмнiң заңдылығы мен негiздiлiгi 389-бап. Үкім шығару құпиясы 390-бап. Соттың үкiм шығару кезiнде шешетiн мəселелерi 391-бап. Сотталушының есi дұрыстығы туралы мəселенi шешу 392-бап. Үкiмдердiң түрлерi 393-бап. Айыптау үкiмi 394-бап. Ақтау үкiмi 395-бап. Үкiмдi жасау 396-бап. Үкiмнiң кiрiспе бөлiгi 397-бап. Айыптау үкiмiнiң сипаттау-уəждеу бөлiгi 398-бап. Айыптау үкiмiнiң қарар бөлiгi 399-бап. Ақтау үкiмiнiң сипаттау-уəждеу бөлiгi 400-бап. Ақтау үкiмiнiң қарар бөлiгi 401-бап. Үкiмнiң қарар бөлiгiнде шешілуге жататын өзге де мəселелер 402-бап. Үкiмдi жариялау 403-бап. Сотталушыны күзетілуден босату 404-бап. Үкiмнің көшiрмесiн табыс ету 405-бап. Жекеше қаулы 406-бап. Сот үкiм шығарумен бiр мезгiлде шешетiн мəселелер 47-тарау. ЖЕКЕШЕ АЙЫПТАУ ІСТЕРІ БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 407-бап. Жекеше айыптау iстерi бойынша iс жүргiзу тəртiбi

408-бап. Жекеше айыптауды қозғау 409-бап. Судьяның жекеше айыптау iсi бойынша сот талқылауы басталғанға дейiнгi əрекеттерi 410-бап. Тараптардың бастамасы бойынша дəлелдемелердi ұсыну жəне жинау 411-бап. Жекеше айыптау iсiн сот отырысында қарау 412-бап. Жекеше айыптау iсi бойынша соттың шешiмi 413-бап. Жекеше айыптау ісі бойынша iстi тоқтату 8-БӨЛІМ. СОТТЫҢ ҮКІМДЕРІ МЕН ҚАУЛЫЛАРЫН АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ ЖƏНЕ КАССАЦИЯЛЫҚ ТƏРТІППЕН ҚАЙТА ҚАРАУ 48-тарау. СОТТЫҢ ЗАҢДЫ КҮШІНЕ ЕНБЕГЕН ШЕШІМДЕРІНЕ АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ ШАҒЫМ ЖАСАУ, НАРАЗЫЛЫҚ БІЛДІРУ 414-бап. Үкімге, қаулыға апелляциялық шағым жасау, наразылық білдіру құқығы 415-бап. Апелляциялық тəртіппен қаралуға жататын сот актілері 416-бап. Заңды күшіне енбеген үкімдерге, қаулыларға берілген апелляциялық (жекеше) шағымдарды, наразылықтарды қарайтын соттар 417-бап. Апелляциялық (жекеше) шағымдар, наразылықтар келтіру тəртібі 418-бап. Үкімдерге, қаулыларға апелляциялық шағым жасау, наразылық бiлдiру мерзiмдерi 419-бап. Апелляциялық (жекеше) шағым, наразылық беру мерзiмін қалпына келтiру тəртiбi 420-бап. Апелляциялық (жекеше) шағым жəне наразылық беру туралы хабарлама 421-бап. Апелляциялық (жекеше) шағым берудің жəне наразылық келтірудің салдары 422-бап. Бiрiншi сатыдағы соттың қаулысына шағым жасау, наразылық бiлдiру 423-бап. Апелляциялық (жекеше) шағым, наразылық 49-тарау. АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ ШАҒЫМДАР, НАРАЗЫЛЫҚТАР БОЙЫНША ІСТЕРДІ ҚАРАУ 424-бап. Апелляциялық қараудың нысанасы 425-бап. Iстi апелляциялық сатыда қарау мерзiмдерi 426-бап. Істі апелляциялық сатыда қараудың шектері 427-бап. Апелляциялық сатыдағы сот отырысын дайындау 428-бап. Апелляциялық сатыдағы сот отырысын тағайындау 429-бап. Істі апелляциялық сатыда қарау тəртібі 430-бап. Апелляциялық сатының өкілеттіктері 431-бап. Апелляциялық саты қабылдайтын шешімдер 432-бап. Апелляциялық сатының қылмыстық процесте азаматтық талап қоюды қарауы 433-бап. Yкiмнiң күшiн жою немесе оны өзгерту негiздері 434-бап. Сот тергеуiнiң бiржақтылығы немесе толық еместiгi 435-бап. Соттың үкiмде, қаулыда айтылған түйіндерінің iстiң нақты мəн-жайларына сəйкес келмеуi 436-бап. Қылмыстық-процестік заңды елеулi түрде бұзу 437-бап. Қылмыстық заңды дұрыс қолданбау 438-бап. Сот тағайындаған жазаның қылмыс тық құқық бұзушылық ауырлығына жəне сотталған адамның жеке басына сəйкес келмеуі 439-бап. Істі тоқтата отырып айыптау үкімінің күшін жою 440-бап. Ақтау үкiмiнiң күшiн жою 441-бап. Жаңа үкім шығара отырып, үкімнің күшін жою 442-бап. Yкiмдi өзгерту 443-бап. Апелляциялық үкімнің, қаулының мазмұны 444-бап. Апелляциялық үкім, қаулы шығару жəне олардың заңды күшіне енуі 445-бап. Апелляциялық сатыдағы соттың үкімін, қаулысын орындауға енгізу 446-бап. Істі апелляциялық сатыда қайтадан қарау 447-бап. Алқабилердің қатысуымен шығарылған бастапқы үкiмнiң күшi жойылғаннан кейiн iстi бiрiншi саты бойынша қарау 50-тарау. ІСТЕРДІ КАССАЦИЯЛЫҚ ШАҒЫМДАР, НАРАЗЫЛЫҚТАР БОЙЫНША ҚАРАУ 448-бап. Соттың үкімдеріне, қаулыларына кассациялық тəртіппен шағым жасаудың, наразылық білдірудің жалпы шарттары 449-бап. Кассациялық қараудың нысанасы 450-бап. Кассациялық шағым немесе наразылық 451-бап. Істі кассациялық сатыда қарау мерзімдері 452-бап. Кассациялық сатыдағы сот отырысын тағайындау 453-бап. Кассациялық сатыдағы соттың өкілеттіктері 454-бап. Істерді кассациялық сатының қарау тəртібі 455-бап. Кассациялық саты қабылдайтын шешімдер 456-бап. Апелляциялық саты үкімінің, қаулысының күшін жою немесе оларды өзгерту негіздері 457-бап. Қылмыстық заңның дұрыс қолданылмауы 458-бап. Қылмыстық-процестік заңды елеулі түрде бұзу 459-бап. Үкімнің əділетсіздігі 460-бап. Істі тоқтата отырып, айыптау үкімінің күшін жою 461-бап. Соттың ақтау үкімінің, істі тоқтату туралы қаулының күшін жоюы 462-бап. Істі жаңадан апелляциялық қарауға жібере отырып, үкімнің, апелляциялық қаулының күшін жою 463-бап. Yкімді өзгерту 464-бап. Кассациялық қаулының мазмұны 465-бап. Кассациялық қаулы шығару 466-бап. Кассациялық сатыдағы соттың қаулысын орындауға енгізу 467-бап. Істі кассациялық сатыда қайтадан қарау 468-бап. Апелляциялық қаулының, үкімнің күші жойылғаннан кейін істі апелляциялық сатыда қарау 469-бап. Істі жаңадан қарау кезіндегі жаза тағайындаудың шектері 9-БӨЛІМ. СОТТЫҢ ШЕШІМДЕРІН ОРЫНДАУ 51-тарау. СОТТЫҢ ҮКІМДЕРІ МЕН ҚАУЛЫЛАРЫН ОРЫНДАУ

470-бап. Үкімнің заңды күшіне енуі жəне оны орындауға енгізу 471-бап. Сот қаулысының заңды күшiне енуi жəне оны орындауға енгізу 472-бап. Соттың үкiмiн, қаулысын орындауға енгізу тəртiбi 473-бап. Сотталған адамның туыстары мен азаматтық талапкерге үкiмнің орындауға енгізілгені туралы хабарлау 474-бап. Туыстарына сотталған адаммен кездесуге рұқсат беру 475-бап. Үкiмнiң орындалуын кейiнге қалдыру 476-бап. Үкiмдi орындау кезiнде соттың қарауына жататын мəселелер 477-бап. Үкiмдi орындауға байланысты мəселелердi шешетiн соттар 478-бап. Үкiмдi орындауға байланысты мəселелердi шешу тəртiбi 479-бап. Сотталғандықты алып тастау туралы өтiнiшхаттарды қарау 480-бап. Жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босату немесе жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жазамен ауыстыру туралы мəселелерді қарау 481-бап. Жазадан ауруына байланысты босату туралы өтінішхаттарды қарау 482-бап. Сотталғандардың шағымдарын қарау 483-бап. Судьяның қаулысына шағым жасау жəне наразылық білдіру 10-БӨЛІМ. СОТТЫҢ ЗАҢДЫ КҮШІНЕ ЕНГЕН ШЕШІМДЕРІН ҚАЙТА ҚАРАУ ЖӨНІНДЕ ІС ЖҮРГІЗУ 52-тарау. СОТ АКТІЛЕРІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРҒЫ СОТЫНЫҢ СОТ ҚАДАҒАЛАУЫ ТƏРТІБІМЕН ҚАЙТА ҚАРАУЫ 484-бап. Заңды күшіне енгеннен кейін сот қадағалауы тəртібімен қайта қаралуы мүмкін сот актілері 485-бап. Соттың заңды күшіне енген үкімдері мен қаулыларын сот қадағалауы тəртібімен қайта қарау негіздері 486-бап. Соттардың заңды күшіне енген үкімдері мен қаулыларын сот қадағалауы тəртібімен қайта қарау туралы өтінішхат беруге, соттардың заңды күшіне енген үкімдері мен қаулыларына наразылық білдіруге құқығы бар адамдар 487-бап. Соттың заңды күшіне енген шешімдеріне сот қадағалауы тəртібімен шағым жасау мерзімдері 488-бап. Соттың заңды күшіне енген үкімін, қаулысын қайта қарау туралы өтінішхат, наразылық, ұсыну беру тəртібі 489-бап. Өтінішхаттарды, наразылықты, ұсынуды қарамай қайтару 490-бап. Соттың заңды күшіне енген актілерін қайта қарау туралы өтінішхатты алдын ала қарау 491-бап. Өтінішхатты алдын ала қарау нəтижелерi бойынша қабылданатын қаулылар 492-бап. Қадағалау сатысының сот отырысын тағайындау 493-бап. Соттың үкiмiн, қаулысын орындауды тоқтата тұру 494-бап. Істі қадағалау сатысында қараудың тəртібі, қадағалау сатысындағы соттың шешімдері 495-бап. Қорғаушының қадағалау сатысындағы сотқа міндетті түрде қатысуының негіздері 496-бап. Қадағалау сатысындағы сот қаулысының мазмұны 497-бап. Iстi соттың үкiмi мен қаулысының күшi жойылғаннан кейін қарау 498-бап. Соттың істі жаңадан қарау кезінде шығарған үкімін жəне қаулысын қайта қарау туралы өтінішхат, наразылық келтіру 53-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУДІ ЖАҢАДАН АШЫЛҒАН МƏН-ЖАЙЛАР БОЙЫНША ҚАЙТА БАСТАУ 499-бап. Қылмыстық іс бойынша iс жүргiзудi қайта бастаудың негiздерi 500-бап. Жаңадан ашылған мəн-жайлар бойынша қайта қаралуға жататын қылмыстық iстер бойынша сот шешiмдерi 501-бап. Iс жүргiзудi қайта бастау мерзiмдерi 502-бап. Жаңадан ашылған мəн-жайлар бойынша iс жүргiзуді қозғау тəртібі 503-бап. Прокурордың тексеру немесе тергеп-тексеру аяқталғаннан кейiнгi əрекеттерi 504-бап. Соттың іс бойынша іс жүргізуді жаңадан ашылған мəн- жайлар бойынша қайта бастау туралы өтінішхаттарды қарау тəртібі 505-бап. Сот актілерін жаңадан ашылған мəн-жайлар бойынша қайта қарау туралы өтінішхатты қарау қорытындысы бойынша шығарылған соттың қаулысы 506-бап. Прокурордың сот актілерін жаңадан ашылған мəн-жайлар бойынша қайта қарау туралы өтінішхатын қарау қорытындысы бойынша шығарылған сот қаулысы 507-бап. Сот шешiмдерiнiң күшi жойылғаннан кейiн iс жүргiзу 508-бап. Істi жаңадан ашылған мəн-жайлар бойынша қайта бастау кезiндегi азаматтық талап қою 11-БӨЛІМ. ЕРЕКШЕ ІС ЖҮРГІЗУ 54-тарау. ЕСІ ДҰРЫС ЕМЕС АДАМДАРҒА МЕДИЦИНАЛЫҚ СИПАТТАҒЫ МƏЖБҮРЛЕУ ШАРАЛАРЫН ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ ІСТЕР БОЙЫНША СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУ 509-бап. Медициналық сипаттағы мəжбүрлеу шараларын қолдану бойынша iс жүргiзу үшін негiздер 510-бап. Дəлелденуге жататын мəн-жайлар 511-бап. Қауiпсiздiк шаралары 512-бап. Туыстарының, қорғаншыларының, қамқоршыларының қарауда ұстауына беру 513-бап. Мамандандырылған медициналық ұйымға орналастыру 514-бап. Қылмыстық заңда тыйым салынған іс-əрекеттi есi дұрыс емес күйде жасаған немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаннан кейiн психикасының бұзылуымен ауырған адамға қатысты iстi бөлiп шығару 515-бап. Өзiне қатысты медициналық сипаттағы мəжбүрлеу шараларын қолдану туралы iс жүргiзiлетiн адамның құқықтары 516-бап. Заңды өкiлдiң қатысуы 517-бап. Қорғаушының қатысуы 518-бап. Алдын ала тергеудiң аяқталуы 519-бап. Сотта іс жүргізу 520-бап. Iс бойынша шешiм қабылдау кезiнде сот шешетiн мəселелер 521-бап. Соттың қаулысы 522-бап. Соттың қаулысына шағым жасау жəне наразылық білдіру 523-бап. Медициналық сипаттағы мəжбүрлеу шараларын қолдануды тоқтату, өзгерту жəне ұзарту 524-бап. Медициналық сипаттағы мəжбүрлеу шарасы қолданылған адамға қатысты қылмыстық iстi қайта бастау

55-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ТЕРІС ҚЫЛЫҚТАР ТУРАЛЫ ІСТЕР БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 525-бап. Қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу тəртібі 526-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің хаттамалық нысаны 527-бап. Хаттама жасау тəртібі 528-бап. Хаттаманы сотқа жіберу тəртібі 529-бап. Қылмыстық теріс қылықтар туралы істі сотта қараудың тəртібі мен мерзімдері 56-тарау. КƏМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ ІСТЕР БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ 530-бап. Кəмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылықтары туралы iстер бойынша iс жүргiзу тəртiбi 531-бап. Кəмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылықтары туралы iстер бойынша анықталуға жататын мəн-жайлар 532-бап. Кəмелетке толмағандардың iстерi бойынша жариялылықты шектеу 533-бап. Кəмелетке толмаған адам туралы iстi жеке iс жүргiзуге бөліп шығару 534-бап. Кəмелетке толмаған күдiктiнi, айыпталушыны, сотталушыны шақыру тəртiбi 535-бап. Кəмелетке толмаған күдiктiден, айыпталушыдан, сотталушыдан жауап алу 536-бап. Қорғаушының қатысуы 537-бап. Кəмелетке толмаған күдiктiнiң, айыпталушының заңды өкiлiнiң сотқа дейінгі іс жүргізуге қатысуы 538-бап. Педагог пен психологтің қатысуы 539-бап. Кəмелетке толмаған адамға кешендi психологиялық-психиатриялық жəне психологиялық сараптама жасау 540-бап. Кəмелетке толмаған адамды бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды заңға сəйкес жүзеге асыратын ұйымға орналастыру немесе патронатқа беру 541-бап. Кəмелетке толмағандарды ұстап алу жəне оларға бұлтартпау шараларын қолдану 542-бап. Сотта кəмелетке толмаған адамға қатысты істі қарау ерекшеліктері 543-бап. Кəмелетке толмаған сотталушыны сот отырысының залынан шығарып жіберу 544-бап. Кəмелетке толмаған адамның iсi бойынша үкiм шығару кезiнде сот шешетiн мəселелер 545-бап. Мəжбүрлеп тəрбиелiк ықпал ету шараларын қолдана отырып, кəмелетке толмаған адамды жазадан босату 57-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚУДАЛАУДАН АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ МЕН ИММУНИТЕТІ БАР АДАМДАРДЫҢ ІСТЕРІ БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 546-бап. Қылмыстық қудалаудан артықшылықтары мен иммунитеті бар адамдардың істері бойынша іс жүргізу ерекшеліктерін қолдану шегі 547-бап. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутатына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргiзу 548-бап. Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидатқа, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттығына кандидатқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргiзу 549-бап. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасына немесе мүшесiне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргiзу 550-бап. Судьяға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу 551-бап. Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына қатысты сотқа дейінгі тергептексеру жүргізу 552-бап. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутатына, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттығына кандидатқа, Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатқа, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасына немесе мүшесіне, судьяға, Қазақстан Республикасының Бас Проку рорына қатысты қылмыстық істі соттың талқылауы 553-бап. Қылмыстық қудалаудан дипломатиялық иммунитетi бар адамдар 554-бап. Дипломатиялық иммунитеттi пайдаланатын адамдарды ұстап алу жəне күзетпен ұстау 555-бап. Айғақтар беруден дипломатиялық иммунитет 556-бап. Үй-жайлар мен құжаттардың дипломатиялық иммунитетi 12-БӨЛІМ. ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ 58-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 557-бап. Құқықтық көмек көрсету тəртібімен жүргізілетін процестік жəне өзге де əрекеттер 558-бап. Өзара түсіністік қағидатымен құқықтық немесе өзге де көмек көрсету 559-бап. Орталық органдар 560-бап. Құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салу 561-бап. Заттай дəлелдемелерді сақтау жəне беру 562-бап. Ресми құжаттардың жарамдылығы 563-бап. Шет мемлекеттің аумағында алынған дəлелдемелердің жол берілетіндігі 564-бап. Құқықтық көмек көрсетуге байланысты шығыстар 59-тарау. ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК 565-бап. Құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салудың (тапсырманың, өтінішхаттың) мазмұны мен нысаны 566-бап. Құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) қарау 567-бап. Құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) қарау нəтижелері туралы хабар 568-бап. Құпиялық 569-бап. Құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) орындаудан бас тарту 570-бап. Құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) орындау тəртібі 571-бап. Арнайы рұқсатты қажет ететін процестік əрекеттер 572-бап. Сұрау салушы мемлекеттің құзыретті органдары өкілдерінің қатысуы 573-бап. Құжаттарды табыс ету 574-бап. Уақытша беру 575-бап. Қазақстан Республикасынан тыс жердегі адамды шақыру 576-бап. Бейнебайланыс орнату арқылы процестік əрекеттерді жүргізу 577-бап. Мүлікті іздестіру, оған тыйым салу жəне оны тəркілеу 578-бап. Бірлескен тергеу, жедел-тергеу топтарын құру жəне олардың қызметі

60-тарау. АДАМДАРДЫ ҰСТАП БЕРУ (ЭКСТРАДИЦИЯЛАУ) 579-бап. Адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салуды жіберу 580-бап. Адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы құжаттарды дайындау жəне сұрау салуларды жіберу тəртібі 581-бап. Адамды уақытша ұстап беру (экстрадициялау) 582-бап. Ұстап берілген (экстрадицияланған) адамның қылмыстық жауаптылығының шегі 583-бап. Ұстап берілген (экстрадицияланған) адамға қатысты қылмыстық іс жүргізу нəтижелері туралы ақпарат беру 584-бап. Күзетпен ұстау мерзімдерін есептеу 585-бап. Адамды транзиттеу жəне уақытша ұстап беру (экстрадициялау) кезінде күзетпен ұстау 586-бап. Ұстап берілуі (экстрадициялануы) сұратылатын адамның құқықтары 587-бап. Қазақстан Республикасынан тыс жерде қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамды ұстап алу ерекшеліктері 588-бап. Адамды уақытша күзетпен ұстау 589-бап. Экстрадициялық қамаққа алу 590-бап. Адамды ұстап беруден (экстрадициялаудан) бас тарту 591-бап. Адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салу бойынша шешім 592-бап. Адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы шешімге шағым жасау тəртібі 593-бап. Шет мемлекетке беруді кейінге қалдыру жəне адамды уақытша ұстап беру (экстрадициялау) 594-бап. Адамды беру (экстрадициялау) 595-бап. Транзиттік тасымалдау 61-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚУДАЛАУДЫ ЖАЛҒАСТЫРУ 596-бап. Қылмыстық іс жүргізуді шет мемлекеттің құзыретті органына беру тəртібі мен шарттары 597-бап. Қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы сұрау салудың (тапсырманың, өтінішхаттың) мазмұны 598-бап. Шет мемлекеттерден қылмыстық іс жүргізуді қабылдау тəртібі мен шарттары 599-бап. Қылмыстық қудалауды жалғастырудан бас тарту 600-бап. Қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы сұрау салу (тапсырма, өтінішхат) алынғанға дейін адамды күзетпен ұстау 62-тарау. ШЕТ МЕМЛЕКЕТТЕР СОТТАРЫНЫҢ ҮКІМДЕРІ МЕН ҚАУЛЫЛАРЫН ТАНУ ЖƏНЕ ОРЫНДАУ 601-бап. Шет мемлекеттер соттарының Қазақстан Республикасында танылатын үкімдері мен қаулылары 602-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды – жазасын өтеу үшін не психикасының бұзылуынан зардап шегетін адамдарды мəжбүрлеп емдеу жүргізу үшін өздері азаматы болып табылатын мемлекетке беру негіздері 603-бап. Сотталған адамды немесе өзіне медициналық сипаттағы мəжбүрлеу шаралары қолданылған адамды беру шарттары 604-бап. Сотталған адамды немесе өзіне медициналық сипаттағы мəжбүрлеу шаралары қолданылған адамды беру туралы мəселені шешу тəртібі 605-бап. Шет мемлекеттің берілген азаматына қатысты соттың үкімін өзгерту немесе оның күшін жою, медициналық сипаттағы мəжбүрлеу шарасын қолдануды тоқтату немесе өзгерту туралы хабарлау 606-бап. Шет мемлекетке сотталған адамды немесе медициналық сипаттағы мəжбүрлеу шаралары қолданылған адамды беруден бас тарту 607-бап. Қазақстан Республикасының азаматын жазасын өтеу немесе мəжбүрлеп емдеуді жүргізу үшiн қабылдау, сондай-ақ шет мемлекет сотының үкімін немесе қаулысын тану жəне орындау туралы өтiнiшхатты қарау 608-бап. Шет мемлекет сотының үкiмiн немесе қаулысын орындауға байланысты мəселелердi соттың шешу тəртiбi 609-бап. Қабылданған адамдарға қатысты жазаны орындауды немесе мəжбүрлеп емдеуді ұйымдастыру 610-бап. Шет мемлекет сотының үкімін немесе қаулысын өзгерту немесе оның күшін жою туралы хабар 611-бап. Халықаралық сот мекемелерінің үкімдерін тану жəне орындау 13-БӨЛІМ. ПРОЦЕСТІК КЕЛІСІМ ЖАСАЛҒАН ІСТЕР БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ 63-тарау. ПРОЦЕСТІК КЕЛІСІМ, ОНЫ ЖАСАСУДЫҢ ЕРЕКШЕ ТƏРТІБІ 612-бап. Процестік келісім жасалған кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеру 613-бап. Кінəні мойындау туралы мəміле нысанындағы процестік келісімді жасасуға арналған шарттар 614-бап. Кінəні мойындау туралы мəміле нысанында процестік келісімді жасасудың салдарлары 615-бап. Кінəні мойындау туралы мəміле нысанында процестік келісім жасасу туралы өтінішхатты қарау тəртібі 616-бап. Кінəні мойындау туралы мəміле нысанында процестік келісім жасасу тəртібі 617-бап. Кінəні мойындау туралы мəміле нысанында процестік келісім жасасқаннан кейін қылмыстық іс бойынша прокурордың, тергеушінің, анықтаушының əрекеттері 618-бап. Ынтымақтастық туралы процестік келісім 619-бап. Ынтымақтастық туралы процестік келісімді жасасу тəртібі 620-бап. Ынтымақтастық туралы процестік келісімді бекіту тəртібі 621-бап. Ынтымақтастық туралы процестік келісімнің шарттарын орындау бойынша прокурордың əрекеттері 64-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕРДІ СОТТА КЕЛІСІМДІК ІС ЖҮРГІЗУДЕ ҚАРАУ 622-бап. Келісімдік іс жүргізуді қолдану үшін негіздер 623-бап. Сотқа дейінгі іс жүргізу сатысында жасалған, кінəні мойындау туралы процестік келісіммен бірге келіп түскен іс бойынша судьяның əрекеттері 624-бап. Істі келісімдік іс жүргізуде қарау кезінде сот отырысына қатысатын адамдар 625-бап. Келісімдік іс жүргізудегі сот талқылауының тəртібі мен мерзімдері 626-бап. Соттың келісімдік іс жүргізудегі шешімдері 627-бап. Келісімдік іс жүргізуде қаралған іс бойынша айыптау үкімінің құрылымы жəне мазмұны

17 628-бап. Басты сот талқылауы барысында келісімдік іс жүргізуді қозғау 629-бап. Сотта жасалатын процестік келісімнің құрылымы мен мазмұны 14-БӨЛIМ. ІСТЕР БОЙЫНША АЛҚАБИЛЕРДIҢ ҚАТЫСУЫМЕН IС ЖҮРГIЗУ 65-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 630-бап. Істер бойынша алқабилердiң қатысуымен iс жүргiзу тəртiбi 631-бап. Істердің алқабилер қатысатын сотқа соттылығы 632-бап. Алқабилер қатысатын сот құрамы 633-бап. Алқабиге ықпал етуге жол бермеу 634-бап. Соттың істі алқабилердің қатысуымен қарауы туралы өтiнiшхат 66-тарау. СОТ ОТЫРЫСЫН ТАҒАЙЫНДАУ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI 635-бап. Алдын ала тыңдауды өткізу 636-бап. Алдын ала тыңдау өткiзудің ерекшелiктерi 637-бап. Алқабилер қатысатын сот отырысын тағайындау кезiнде алдын ала тыңдау тəртiбiмен шығарылатын шешiмдердiң ерекшелiктерi 638-бап. Сот талқылауына қатысу үшiн алқабиге кандидаттарды алдын ала кездейсоқ таңдау тəртiбi 67-тарау. СОТ ТАЛҚЫЛАУЫНА ҚАТЫСУ ҮШIН АЛҚАБИГЕ КАНДИДАТТАРДЫ IРIКТЕУ 639-бап. Жалпы ережелер 640-бап. Төрағалық етушiнiң алқабиге кандидаттарды iстi қарауға қатысудан босатуы 641-бап. Алқабиге кандидаттардың өздiгiнен бас тартуы туралы мəселелердi шешу 642-бап. Алқабиге кандидаттарға қарсылық бiлдiру туралы мəселелердi шешу 643-бап. Алқабиге кандидаттарға уəжсiз қарсылық бiлдiру 644-бап. Жеребе тастау арқылы алқабилер алқасын құру 645-бап. Алқабилердiң сот талқылауына қатысуының жалпы шарттары 646-бап. Алқабилердiң ант қабылдауы 68-тарау. АЛҚАБИЛЕР ҚАТЫСАТЫН СОТТЫҢ IСТI ТАЛҚЫЛАУ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI 647-бап. Алқабидiң құқықтары, мiндеттерi жəне оның əрекеттеріне iстi қарауға байланысты қойылатын шектеулер 648-бап. Алқабилер қатысатын соттың құзыретi 649-бап. Алқабилер қатысатын сотта iстiң тоқтатылуы 650-бап. Алқабилер қатысатын соттағы сот тергеуiнiң ерекшелiктерi 651-бап. Алқабилер қатысатын соттағы тараптардың жарыссөзi 652-бап. Алқабилер қатысатын соттағы репликалар жəне сотталушының соңғы сөзi 653-бап. Алқабилер қатысатын соттың шешуiне жататын сұрақтардың қойылуы 654-бап. Алқабилер қатысатын соттың шешуiне жататын сұрақтардың мазмұны 655-бап. Алқабилер кеңесiнiң құпиясы 656-бап. Кеңесу бөлмесiнде кеңесу мен дауыс берудi жүргiзу тəртiбi 657-бап. Алқабилер қатысатын сот қабылдайтын шешiмдердің түрлерi 658-бап. Үкiм шығару 659-бап. Қылмыстық iстi қарауды сотталушының есi дұрыс емес екендiгiнiң анықталуына байланысты тоқтату 660-бап. Сот отырысының хаттамасын жүргiзу ерекшелiктерi 69-тарау. АЛҚАБИЛЕРДIҢ ҚАТЫСУЫМЕН ҚАРАЛҒАН IСТЕР БОЙЫНША ЗАҢДЫ КҮШIНЕ ЕНБЕГЕН ҮКIМДЕРДI, ҚАУЛЫЛАРДЫ ҚАЙТА ҚАРАУ ЖӨНIНДЕГI IС ЖҮРГIЗУ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI 661-бап. Алқабилер қатысатын сот шығарған, заңды күшiне енбеген үкiмдер мен қаулыларға шағым жасау жəне наразылық білдiру 662-бап. Алқабилер қатысатын сот қараған iстерді апелляциялық сатыда жүргiзу ерекшелiктерi 663-бап. Істі жаңа сот талқылауына жібере отырып алқабилердің қатысуымен шығарылған үкімнің күшін жою 70-тарау. АЛҚАБИЛЕРДІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ҚАРАЛҒАН ІСТЕР БОЙЫНША ЗАҢДЫ КҮШІНЕ ЕНГЕН ҮКІМДЕРДІ, ҚАУЛЫЛАРДЫ ҚАЙТА ҚАРАУ ЖӨНІНДЕГІ ІС ЖҮРГІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 664-бап. Алқабилер қатысатын соттың заңды күшіне енген үкімдері мен қаулыларын кассациялық сатыдағы сотта қайта қарау 665-бап. Алқабилер қатысатын соттың заңды күшіне енген үкімдері мен қаулыларын қадағалау тəртібімен қайта қарау 666-бап. Алқабилер қатысатын соттың заңды күшіне енген үкімдері мен қаулыларын қадағалау тəртібімен қайта қарау 15-БӨЛІМ. ҮКІМ ШЫҒАРЫЛҒАНҒА ДЕЙІН ТƏРКІЛЕУ ТУРАЛЫ ІС ЖҮРГІЗУ 71-тарау. ЗАҢСЫЗ ЖОЛМЕН АЛЫНҒАН МҮЛІКТІ ҮКІМ ШЫҒАРЫЛҒАНҒА ДЕЙІН ТƏРКІЛЕУ ТУРАЛЫ ІС ЖҮРГІЗУДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТƏРТІБІ ТУРАЛЫ 667-бап. Заңсыз жолмен алынған мүлікті үкім шығарылғанға дейін тəркілеу туралы іс жүргізуді қозғау 668-бап. Тəркілеу туралы сотқа дейінгі іс жүргізу 669-бап. Соттың тəркілеу туралы өтінішхатты қарауы 670-бап. Тəркілеу туралы іс жүргізуде соттың кеңесу бөлмесінде шешетін мəселелері 671-бап. Тəркілеу туралы іс жүргізудегі сот шешімі 672-бап. Тəркілеу туралы қаулыға шағым жасау, наразылық білдіру 16-БӨЛІМ. ӨТПЕЛІ ЖƏНЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР 72-тарау. ОСЫ КОДЕКСТІҢ КЕЙБІР ЕРЕЖЕЛЕРІН ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗУ 673-бап. Осы Кодекстің жекелеген нормаларын қолдану тəртібі 73-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР 674-бап. Осы Кодексті қолданысқа енгізу жəне кейбір заңнамалық актілердің күші жойылды деп тану туралы (Жалғасы 18-бетте).


18

www.egemen.kz

(Жалғасы. Басы 16-17-беттерде).

ЖАЛПЫ БӨЛІК 1-БӨЛIМ. НЕГIЗГI ЕРЕЖЕЛЕР 1-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ПРОЦЕСТІК ЗАҢНАМАСЫ 1-бап. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу тəртiбiн айқындайтын заңнама 1. Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық сот iсiн жүргiзу тəртiбi Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының Конституциясына жəне халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларына негiзделген Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарында, Қылмыстық-процестік кодексiнде айқындалады. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу тəртiбiн реттейтiн өзге де заңдардың ережелерi осы Кодекске енгiзiлуге жатады. 2. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық жəне өзге де мiндеттемелерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнің жəне Жоғарғы Сотының қылмыстық сот iсiн жүргiзу тəртiбiн реттейтiн нормативтiк қаулылары қылмыстық-процестік құқықтың құрамдас бөлiгi болып табылады. 3. Егер қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу барысында азаматтық немесе əкiмшiлiк құқыққа сəйкес шешiлуге тиiсті мəселенi қарау қажеттiгi туындаса, ол азаматтық немесе əкiмшiлiк iс жүргiзу тəртiбiмен шешiледi. 2-бап. Қылмыстық сот iсiн жүргiзуде артықшылық күшi бар құқықтық нормаларды қолдану 1. Қазақстан Республикасының Конституциясы Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында жоғары заңдық күшке ие жəне тiкелей қолданылады. Осы Кодекстің қағидалары мен Қазақстан Республикасының Конституциясы арасында қайшылықтар болған жағдайда Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелерi қолданылады. 2. Осы Кодекстің қағидалары мен Қазақстан Республикасының конституциялық заңы арасында қайшылықтар болған жағдайда конституциялық заңның ережелерi қолданылады. Осы Кодекстің қағидалары мен өзге де заңдар арасында қайшылықтар болған жағдайда осы Кодекстiң ережелері қолданылады. 3. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Кодекс алдында басымдыққа ие жəне, халықаралық шартта оны қолдану үшiн заң шығару талап етілетіндігі туындайтын жағдайларды қоспағанда, тiкелей қолданылады. 3-бап. Қылмыстық-процестік заңның кеңiстiкте қолданылуы 1. Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық сот ісін жүргізу, қылмыстық құқық бұзушылық жасалған жерге қарамастан, осы Кодекске сəйкес жүргізіледі. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодекстiң кеңiстiкте қолданылуының өзгеше қағидалары белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады. 4-бап. Қазақстан Республикасының аумағында шет мемлекеттiң қылмыстық-процестік құқығын қолдану Қазақстан Республикасының аумағында шет мемлекеттiң тергеп-тексеру органдары мен сотының немесе олардың тапсырмасы бойынша қылмыстық процесті жүргiзетiн органның шет мемлекеттiң қылмыстықпроцестік құқығын қолдануға, егер бұл Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта көзделген болса, жол беріледі. 5-бап. Қылмыстық-процестік заңның уақыт тұрғысында қолданылуы 1. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу процестік əрекетті орындау, процестік шешiмді қабылдау кезіне қолданысқа енгізілген қылмыстық-процестік заңға сəйкес жүзеге асырылады. 2. Дəлелдемелердiң жол берілетіндігі олар алынған кезде қолданылып жүрген заңға сəйкес айқындалады. 6-бап. Қылмыстық-процестік заңның шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қатысты қолданылуы 1. Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қатысты қылмыстық сот iсiн жүргiзу осы Кодекске сəйкес жүзеге асырылады. 2. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгiленген дипломатиялық немесе өзге де артықшылықтар мен иммунитеттерге ие адамдарға қатысты немесе олардың қатысуымен жүзеге асырылатын қылмыстық сот iсiн жүргiзудiң ерекшелiктерi осы Кодекстiң 57-тарауына сəйкес айқындалады. 7-бап. Осы Кодекстегi кейбiр ұғымдарды түсiндіру Осы Кодекстегі ұғымдардың, егер заңда ерекше нұсқаулар болмаса, мынадай мағынасы бар: 1) адамды ұстап беру (экстрадициялау) – қылмыс тық жауаптылыққа тарту немесе үкімді орындау үшін іздестіріліп жатқан адамды мемлекетке ұс тап беру; 2) айыптаушы тарап – қылмыстық қудалау органдары, сондай-ақ жəбiрленушi (жекеше айыптаушы), азаматтық талапкер, олардың заңды өкiлдерi жəне өкiлдерi; 3) алқаби – соттың қылмыстық iсті осы Кодексте белгіленген тəртiппен қарауына қатысуға шақырылған жəне ант қабылдаған Қазақстан Республикасының азаматы; 4) апелляциялық саты – бiрiншi сатыдағы соттың заңды күшiне енбеген үкiмдерiне, қаулыларына апелляциялық шағымдар (наразылықтар) жөніндегі істі мəні бойынша қарайтын сот; 5) арнаулы бiлiм – адам кəсiптік оқудың не практикалық қызметтің барысында алған, қылмыстық сот iсiн жүргiзу мiндеттерiн шешу үшiн пайдаланылатын, қылмыстық процесте жалпыға бірдей белгiлi емес бiлiм; 6) арнаулы ғылыми білім – мазмұнын сот-сараптамалық зерттеулердің əдістемелерінде іске асырылған ғылыми білім құрайтын арнаулы білім саласы; 7) арыз иесі – сотқа немесе қылмыстық қудалау органдарына қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарлаған не өзiнiң нақты немесе болжалды құқығын немесе өзі өкілдік ететін тұлғаның құқығын қылмыстық сот ісін жүргізу тəртібімен қорғау үшiн жүгінген тұлға; 8) басты сот талқылауы – бiрiншi сатыдағы соттың қылмыстық iстi мəнi бойынша қарауы; 9) бiрiншi сатыдағы сот – сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін не сот актісінің күшін жоғары тұрған сот жойғаннан кейін не оның күші жекеше айыптаушының шағымы бойынша жойылғаннан кейін келіп түскен қылмыстық істі соттылығына сəйкес қарайтын аудандық жəне оған теңестірілген соттар (қалалық, мамандандырылған ауданаралық соттар, гарнизондардың əскери соттары); 10) ғылыми-техникалық құралдар – дəлелдемелердi табу, тіркеу, алып қою жəне зерттеу үшiн құқыққа сыйымды түрде қолданылатын аспаптар, арнаулы құрылғылар, материалдар; 11) жақын туыстар – ата-аналар, балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір жəне ата-анасы бөлек ағалы-iнiлер мен апалы-сiңлiлер, ата, əже, немерелер; 12) жасырын тергеу əрекеті – осы Кодексте көзделген тəртіппен жəне жағдайларда сотқа дейінгі іс жүргізу барысында өздерінің мүдделеріне қатысы бар қылмыстық процеске тартылған тұлғаларға хабарламай жүргізілетін əрекет; 13) заңды өкiлдер – күдіктiнiң, айыпталушының, жəбiрленушiнiң, азаматтық талапкердің ата-аналары (ата-анасы), асырап алушылары, қорғаншылары, қамқоршылары, сондай-ақ күдіктiнi, айыпталушыны

немесе жəбiрленушiнi қорғап немесе асырап отырған ұйымдар мен адамдардың өкiлдерi; 14) кассациялық саты – аудандық жəне оларға теңестірілген соттардың (оның ішінде мамандандырылған, ауданаралық соттардың) үкімдеріне, қаулыларына, сондай-ақ апелляциялық сатының үкімдері мен қаулыларына кассациялық шағымдар, наразылықтар бойынша істі қарайтын сот; 15) қадағалау сатысы – заңды күшiне енген сот актілерiне өтінішхат, наразылық, ұсыну бойынша iстi қадағалау тəртiбiмен қарайтын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының алқасы; 16) қаулы – соттың үкiмнен басқа кез келген шешiмі, анықтаушының, анықтау органының, тергеушiнiң, прокурордың қылмыстық iс бойынша іс жүргізу барысында қабылдаған шешiмі; 17) қорғау – қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтiрiлген, айыпталған адамдардың құқықтары мен мүдделерiн қамтамасыз ету, күдікті, айыптауды теріске шығару немесе жұмсарту, сондай-ақ қылмыстық қудалауға құқыққа сыйымсыз түрде ұшыраған адамдарды ақтау мақсатында қорғаушы тарап жүзеге асыратын процестік қызмет; 18) қорғаушы тарап – күдіктi, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам, олардың заңды өкiлдерi, қорғаушы, азаматтық жауапкер жəне оның өкiлi; 19) қорытынды шешiм – қылмыстық процесті жүргiзетін органның iс бойынша iс жүргiзудiң басталуын немесе жалғастырылуын болғызбайтын, сондай-ақ істі мəні бойынша түпкілікті түрде болмаса да шешетін кез келген шешiмі; 20) құзыретті орган – осы Кодекстің 12-бөліміне сəйкес құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салумен (тапсырмамен, өтінішхатпен) өтініш жасайтын немесе сұрау салудың (тапсырманың, өтінішхаттың) орындалуын қамтамасыз ететін, қылмыстық процесті жүргізетін орган; 21) құқықтық көмек – бір мемлекеттің құзыретті органдарының екінші мемлекеттің құзыретті органдарының немесе халықаралық сот мекемелерінің сұрау салуы (тапсырмасы, өтінішхаты) бойынша істі сотқа дейінгі тергеп-тексеру, сотта талқылау немесе сот актісін орындау үшін қажетті процестік əрекеттерді жүргізуі; 22) қылмыстық қудалау (айыптау) – қылмыстық заңда тыйым салынған іс-əрекетті жəне оны жасаған адамды, соңғысының қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінəлілігін анықтау мақсатында, сондай-ақ осындай адамға жаза немесе өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын қолдануды қамтамасыз ету үшін айыптаушы тарап жүзеге асыратын процестік қызмет; 23) қылмыстық қудалау органдары (лауазымды адамдары) – прокурор (мемлекеттiк айыптаушы), тергеушi, анықтау органы, анықтаушы; 24) қылмыстық процеске қатысатын өзге де адамдар – сот отырысының хатшысы, аудармашы, куə, қорғалуға құқығы бар куə, куəгер, сарапшы, маман, сот приставы, медиатор; 25) қылмыстық процеске қатысушылар – қылмыстық қудалауды жəне сотта айыптауды қолдауды жүзеге асыратын органдар мен адамдар, сондай-ақ қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде өз құқықтары мен мүдделерін немесе өздері өкілдік ететін құқықтар мен мүдделердi қорғайтын тұлғалар: прокурор (мемлекеттiк айыптаушы), тергеушi, анықтау органы, анықтаушы, күдіктi, айыпталушы, олардың заңды өкiлдерi, қорғаушы, азаматтық жауапкер, жəбiрленушi, жекеше айыптаушы, азаматтық талапкер, олардың заңды өкiлдерi жəне өкiлдерi; 26) қылмыстық процесті жүргiзетін орган – сот, сондай-ақ сотқа дейiнгі тергеп-тексеру кезiнде прокурор, тергеушi, анықтау органы, анықтаушы; 27) қылмыстық iс – бiр немесе бiрнеше қылмыстық құқық бұзушылық бойынша қылмыстық қудалау органы жəне (немесе) сот жүргiзетiн оқшауландырылған iс жүргiзу; 28) мемлекеттік айыптау – прокурордың бірінші жəне апелляциялық сатыдағы соттағы, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында айыптауды дəлелдеуден тұратын процестік қызметі; 29) нақты ұстап алу – жүріп-тұру бостандығын қоса алғанда, ұстап алынған адамның бостандығын шектеу, оны белгілі бір орында мəжбүрлеп ұстау, анықтау жəне тергеу органдарына мəжбүрлеп жеткізу (қолға түсіру, үй-жайға қамау, қандай да бір жерге баруға немесе орнында қалуға мəжбүрлеу жəне сол сияқтылар), сондай-ақ ұстап алынған адамға қандай да бір процестік мəртебе берілуіне немесе өзге де формальды рəсімдердің орындалуына қарамастан, көрсетілген шектеулер нақты болған кезден бастап адамның бас бостандығын минутқа дейінгі дəлдікпен елеулі түрде шектейтін қандай да бір өзге де əрекеттер; 30) наразылық – прокурордың қылмыстық іс бойынша сот шешіміне өз құзыретi шегiнде жəне осы Кодексте көзделген тəртiппен енгiзген ден қою актiсi; 31) орталық орган – осы Кодексте көзделген тəртіппен мемлекет атынан шет мемлекеттің құзыретті органының немесе халықаралық сот мекемесінің сұрау салуын (тапсырмасын, өтінішхатын) қарауға жəне оның орындалуын ұйымдастыру мақсатында шаралар қолдануға немесе құзыретті органның құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуын (тапсырмасын, өтінішхаттын) шет мемлекетке жіберуге уəкілеттік берілген орган; 32) өкiлдер – жəбiрленушiнiң, азаматтық талапкердің, жекеше айыптаушының, азаматтық жауапкердiң заңды мүдделерiн заңның немесе келiсiмнiң күшiне орай бiлдiруге уəкілеттік берiлген адамдар; 33) өтінішхат – тараптың немесе арыз иесінің қылмыстық процесті жүргізетін органға жолдаған, процестік əрекеттер жүргізу немесе процестік шешім қабылдау туралы өтінуі, ал қадағалау сатысында – қадағалау іс жүргізуін қозғау жəне заңды күшіне енген сот актісін қайта қарау туралы жолданым; 34) прокуратура органының басшысы – өз құзыреті шегінде əрекет ететін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, облыстардың прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар жəне олардың орынбасарлары, сондай-ақ аудандардың, қалалардың прокурорлары жəне оларға теңестірілген прокурорлар мен олардың орынбасарлары; 35) процесс прокуроры – прокуратураның басшысы осы Кодекске сəйкес қылмыстық іс бойынша заңдардың қолданылуын қадағалауды жүктеген прокурор; 36) процестік əрекеттер – осы Кодекске сəйкес қылмыстық сот iсiн жүргiзу барысында жүргiзiлетiн əрекеттер; 37) процестік келісім – қылмыстық процестің кез келген сатысында прокурор мен күдікті, айыпталушы немесе сотталушы немесе сотталған адам арасында осы Кодексте көзделген тəртіппен жəне негіздер бойынша жасалатын келісім; 38) процестік шешiмдер – қылмыстық процесті жүргiзетін органдардың қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыруға байланысты шығарылған актiлері; 39) санкция – соттың сотқа дейінгі іс жүргізу барысында қылмыстық қудалау органының процестік əрекетті жасауына берген рұқсаты не қылмыстық қудалау органы жасаған немесе қабылдаған процестік əрекетті немесе процестік шешімді прокурордың бекіту актісі; 40) сот – сот билiгi органы, Қазақстан Республикасының сот жүйесiне кiретiн, iстi алқалы түрде немесе жеке-дара қарайтын, кез келген заңды түрде құрылған сот; 41) сотқа дейінгі іс жүргізу – қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғаннан бастап оны прокурор мəні бойынша қарау не іс бойынша іс жүргізуді тоқтату үшін сотқа жібергенге дейін іс бойынша іс жүргізу, сондай-ақ жекеше айыптаушының жəне қорғаушы тараптың қылмыстық іс бойынша материалдар дайындауы; 42) судья – сот билiгiн жүргізуші; осы лауазымға заңда белгiленген тəртiппен тағайындалған немесе сайланған

10 шілде 2014 жыл

кəсiби судья (соттың төрағасы, сот алқасының төрағасы, тиiстi соттың судьясы); 43) сұрау салушы тарап – құзыретті органы сұрау салумен (тапсырмамен, өтінішхатпен) өтініш жасайтын мемлекет немесе халықаралық сот мекемесі; 44) сұрау салынатын тарап – құзыретті органына сұрау салу (тапсырма, өтінішхат) жолданатын мемлекет; 45) тараптар – сот талқылауында жарыспалылық жəне тең құқылық негiзiнде айыптауды (қылмыстық қудалауды) жəне айыптаудан қорғауды жүзеге асыратын органдар мен тұлғалар; 46) тергеулік – осы қылмыстық құқық бұзушылықты тергеп-тексеруді қандай да бір қылмыстық қудалау органының құзыретiне жатқызатын, осы Кодексте белгiленген белгілердің жиынтығы; 47) тергеу судьясы – сотқа дейінгі іс жүргізу барысында осы Кодексте көзделген өкілеттіктерді жүзеге асыратын бірінші сатыдағы сот судьясы; 48) төрағалық етушi – қылмыстық iстi алқалы түрде қарау кезiнде төрағалық ететiн не істі жеке-дара қарайтын судья; 49) тұрғынжай – бiр немесе бiрнеше адамның уақытша немесе тұрақты тұруына арналған үй-жай немесе құрылыс, оның iшiнде: меншiктi немесе жалға алынған пəтер, үй, саяжай үйi, мейманхана нөмiрi, каюта, купе; көппəтерлi тұрғын үйдi қоспағанда, оларға тiкелей жалғасатын верандалар, террасалар, галереялар, балкондар, мансардалық құрылыстар, тұрғын құрылысының жертөлесi жəне шатыры, сондай-ақ өзен немесе теңiз кемесi жəне басқалар; 50) туыстар – арғы атасы бір, үлкен атасы мен үлкен əжесiне дейiн туыстық байланыстағы адамдар; 51) түнгi уақыт – жергiлiктi уақыт бойынша сағат жиырма екiден алтыға дейiнгi уақыт аралығы; 52) үкiм – айыпталушының кiнəлiлiгi немесе кiнəсiздiгi жəне оған жаза қолдану немесе қолданбау туралы мəселе бойынша бiрiншi, апелляциялық сатыдағы сот шығарған сот шешiмi; 53) хабарсыз кеткен адам – екі ай бойы жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары оның тұрған жерін анықтай алмаған адам; 54) хаттама – қылмыстық процесті жүргiзетін орган жасайтын процестік əрекет тіркелетiн процестік құжат; 55) шағым – процеске қатысушылардың анықтау, алдын ала тергеу органдарының, прокурордың немесе соттың əрекеттеріне (əрекетсіздігіне) жəне шешімдеріне ден қою актiсi, сондай-ақ тұлғаның қылмыстық қудалауды жекеше немесе жекеше-жариялы тəртіппен жүзеге асыру туралы талабы; 56) іздестіру шаралары (іс-шаралары) – анықтау органының қылмыстық процесті жүргізетін органнан жасырынып жүрген жəне (немесе) қылмыстық жауаптылықтан жалтарып жүрген адамдардың, хабарсыз кеткен адамдардың, іс үшін маңызы бар нəрселер мен құжаттардың тұрған жерін анықтауға, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарды анықтауға бағытталған, қылмыстық процесті жүргізетін органның тапсырмасы бойынша орындалатын əрекеттері; 57) iс бойынша iс жүргiзу – нақты қылмыстық iс бойынша оның сотқа дейінгі жəне соттағы іс жүргізуі барысында жүзеге асырылатын процестік əрекеттер мен шешiмдердiң жиынтығы; 58) экстрадициялық қамақ – шет мемлекеттің құзыретті органының адамды күзетпен қамау туралы шешімін орындау бойынша соттың іздестірілудегі адамға қатысты оны шет мемлекетке ұстап беру (экстради циялау) мақсатында қолданатын қамтамасыз ету шарасы. 2-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТІҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН ҚАҒИДАТТАРЫ 8-бап. Қылмыстық процестің мiндеттерi 1. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жолын кесу, оларды бейтараптықпен, тез жəне толық ашу, тергеп-тексеру, оларды жасаған адамдарды əшкерелеу жəне қылмыстық жауаптылыққа тарту, əдiл сот талқылауы жəне қылмыстық заңды дұрыс қолдану, адамдарды, қоғамды жəне мемлекетті қылмыстық құқық бұзушылықтардан қорғау қылмыстық процестің мiндеттерi болып табылады. 2. Қылмыстық iстер бойынша iс жүргiзудiң заңда белгiленген тəртiбi адамды жəне азаматты негiзсiз айыптау мен соттаудан, оның құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғауды, ал кiнəсiз адам заңсыз айыпталған немесе сотталған жағдайда, оны дереу жəне толық ақтауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ заңдылық пен құқықтық тəртiпті нығайтуға, қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуға, құқықты құрметтеу көзқарасын қалыптастыруға ықпал етуге тиiс. 9-бап. Қылмыстық процестің қағидаттары жəне олардың мəнi 1. Қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін іске асырудың жалпы шарттарын жəне қылмыстық процестің өзінің алдында тұрған міндеттердің шешілуін қамтамасыз ететін қылмыстық процесс сатыларының, институттары мен нормаларының жүйесі мен мазмұнын айқындайтын оның іргелі бастаулары қағидаттар болып табылады. 2. Қылмыстық процестің қағидаттарын бұзу оның сипаты мен елеулі болуына қарай процестік əрекетті немесе шешімді заңсыз деп тануға, осындай iс жүргiзу барысында шығарылған шешiмдердiң күшін жоюға не осы тұрғыда жиналған материалдарды дəлелдемелік күшi жоқ деп немесе іс бойынша болып өткен іс жүргізуді жарамсыз деп тануға əкеп соғады. 10-бап. Заңдылық 1. Сот, прокурор, тергеуші, анықтау органы жəне анықтаушы қылмыстық істер бойынша іс жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Кодекс, осы Кодекстің 1-бабында көрсетілген өзге де нормативтік құқықтық актілер талаптарын дəлме-дəл сақтауға міндетті. 2. Соттар адамның жəне азаматтың Қазақстан Республикасы Конституциясында бекітілген құқықтары мен бостандықтарына қысым көрсететін заңдарды жəне өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi қолдануға құқылы емес. Егер сот қолданылуға жататын заң немесе өзге де нормативтiк құқықтық акт адамның жəне азаматтың Қазақстан Республикасы Конституциясында бекітілген құқықтары мен бостандықтарына қысым көрсетедi деп тапса, ол iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұруға жəне осы актiнi конституциялық емес деп тану туралы ұсынумен Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне өтініш жасауға мiндеттi. 3. Қылмыстық iстер бойынша iс жүргiзу кезiнде соттың, қылмыстық қудалау органдарының заңды бұзуына жол берiлмейдi жəне ол заңда белгiленген жауаптылыққа, заңсыз актiлердi жарамсыз деп тануға жəне олардың күшiн жоюға əкеп соғады. 4. Осы Кодекс нормаларының коллизиясы болған жағдайларда, олардың қылмыстық процестің қағидаттарына сай келетіндері қолданылуға жатады, ал нормаларда тиісті регламенттеу болмаған кезде сот ісін жүргізу мəселелері тікелей қылмыстық процесс қағидаттары негізінде шешіледі. 11-бап. Сот төрелігiн соттың ғана жүзеге асыруы 1. Қазақстан Республикасында қылмыстық iстер бойынша сот төрелігiн сот қана жүзеге асырады. Сот өкiлеттiгiн кiмнiң де болса иемденіп алуы заңда көзделген қылмыстық жауаптылыққа əкеп соғады. 2. Соттың үкiмінсіз жəне заңға сəйкес емес түрде ешкiмді де қылмыстық құқық бұзушылық жасауға кiнəлi деп тануға, сондай-ақ қылмыстық жазаға тартуға болмайды. 3. Соттың құзыретi, оның юрисдикциясының шектерi, қылмыстық сот iсiн жүргiзудi жүзеге асыру тəртiбi заңда айқындалады жəне оны өз бетiнше өзгертуге болмайды. Қылмыстық iстердi қарау үшiн қандай атаумен болсын төтенше немесе арнаулы соттар құруға жол берiлмейдi.

Төтенше соттардың, сондай-ақ өзге де заңсыз құрылған соттардың үкiмдерi мен басқа да шешiмдерiнiң заңдық күшi болмайды жəне олар орындалуға жатпайды. 4. Өзінің соттылығына жатпайтын iс бойынша қылмыстық сот iсiн жүргiзудi жүзеге асыратын, өз өкiлеттiктерiн асыра қолданған немесе осы Кодексте көзделген қылмыстық процесс қағидаттарын өзгедей түрде бұзған соттың үкiмi мен басқа да шешiмдерi заңсыз болады жəне олардың күшi жойылуға жатады. 5. Соттың қылмыстық iс бойынша үкiмi мен басқа да шешiмдерiн тиiстi соттар ғана осы Кодексте көзделген тəртiппен тексере алады жəне қайта қарай алады. 12-бап. Адамның жəне азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау 1. Əркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға құқығы бар. 2. Ешкiмнің өзі үшін заңмен көзделген соттылығы оның келісімінсіз өзгертiле алмайды. 3. Мемлекет заңда белгiленген жағдайларда жəне тəртiппен əркімнің сот төрелігiне қол жеткізуін жəне оған келтiрiлген залалдың өтелуiн қамтамасыз етедi. 13-бап. Жеке бастың абыройы мен қадiр-қасиетiн құрметтеу 1. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде қылмыстық процеске қатысатын адамның абыройын түсіретін немесе қадiр-қасиетiн кемiтетiн шешiмдер мен əрекеттерге тыйым салынады, жеке өмiр туралы мəлiметтердi, сол сияқты адам құпия сақтау қажет деп санайтын жеке сипаттағы мəлiметтердi осы Кодексте көзделмеген мақсаттар үшiн жинауға, пайдалануға жəне таратуға жол берiлмейдi. 2. Адамға қылмыстық процесті жүргiзетін органдардың заңсыз əрекеттерiнен келтiрiлген моральдық зиян заңда белгiленген тəртiппен өтелуге жатады. 14-бап. Жеке басқа қолсұғылмаушылық 1. Осы Кодексте белгiленген негiздер мен тəртiп бойынша болмаса, ешкiмдi де қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен ұстап алуға, күзетпен қамауға алуға немесе өзгеше түрде бас бостандығынан айыруға болмайды. 2. Осы Кодексте көзделген жағдайларда ғана жəне күзетпен қамауға алынған не үйқамаққа алынған адамға сотқа шағым жасау құқығын бере отырып, соттың санкциясымен ғана күзетпен ұстауға жəне үйқамаққа алуға жол берiледi. Адам соттың санкциясынсыз жетпiс екi сағаттан аспайтын мерзiмге ғана ұстап алынуы мүмкiн. Күзетпен ұсталмаған адамды сот-психиатриялық жəне (немесе) сот-медициналық сараптама жүргiзу үшiн медициналық ұйымға мəжбүрлеп орналастыруға соттың шешiмiмен ғана жол берiледi. 3. Əрбiр ұстап алынған адамға ұстап алудың негiздерi, сондай-ақ оған қылмыстық заңда көзделген қандай ісəрекетті жасады деп күдік келтiрiлгені туралы дереу хабарланады. 4. Сот, қылмыстық қудалау органдары, күзетпен ұстау орны əкімшілігінің, медициналық ұйымның басшысы заңсыз ұстап алынған немесе күзетпен ұсталып отырған немесе медициналық ұйымға заңсыз орналастырылған не заңда немесе үкiмде көзделгендегiден артық мерзiмге күзетпен ұсталып отырған адамды дереу босатуға мiндеттi. 5. Қылмыстық процеске қатысатын адамдардың ешқайсысын азаптауға жəне басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе қадір-қасиетін қорлайтын қарым-қатынас немесе жазалау түрлерiне ұшыратуға болмайды. 6. Ешкiмдi де адамның өмiрiне немесе денсаулығына қауiп төндіретін процестік əрекеттерге қатысуға тартуға болмайды. Жеке басқа қолсұғылмаушылықты бұзатын процестік əрекеттер осы Кодексте тiкелей көзделген жағдайларда жəне тəртiппен ғана адамның не оның заңды өкiлiнiң еркiне қарсы жүргiзiлуi мүмкiн. 7. Адамды, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұстап алынған адамды күзетпен ұстау оның өмiрi мен денсаулығына қатер төндірмейтін жағдайларда жүзеге асырылуға тиiс. 8. Азаматқа бас бостандығынан заңсыз айыру, оны өмiрi мен денсаулығына қауiптi жағдайларда ұстау, оған қатыгез қарым-қатынас жасау салдарынан келтiрiлген зиян осы Кодексте көзделген тəртiппен өтелуге жатады. 15-бап. Қылмыстық iстер бойынша iс жүргiзу кезiнде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау 1. Қылмыстық процесті жүргiзетін орган қылмыстық процеске қатысатын азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, оларды жүзеге асыру үшiн жағдай жасауға, қылмыстық процеске қатысушылардың заңды талаптарын қанағаттандыруға уақтылы шаралар қолдануға мiндеттi. 2. Азаматқа қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде оның құқықтары мен бостандықтарын бұзу салдарынан келтiрiлген зиян осы Кодексте көзделген негiздер бойынша жəне тəртіппен өтелуге жатады. 3. Жəбiрленушiнi, куəны немесе қылмыстық процеске қатысатын өзге де адамдарды, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерiн немесе өзге де жақын туыстарын өлтiрумен, күш қолданумен, мүлкiн жоюмен немесе бүлдiрумен не өзге де құқыққа қарсы қауiптi əрекеттермен қорқытты деп пайымдауға жеткiлiктi негiздер болған кезде қылмыстық процесті жүргiзетін орган өз құзыретi шегiнде бұл адамдардың өмiрiн, денсаулығын, абыройын, қадiрқасиетiн жəне мүлкiн қорғауға заңда көзделген шараларды қолдануға мiндеттi. 16-бап. Жеке өмiрге қолсұғылмаушылық. Жазысқан хаттардың, телефон арқылы сөйлескен сөздердің, пошта, телеграф арқылы жəне өзге де хабарлардың құпиясы 1. Азаматтардың жеке өмiрi, жеке жəне отбасылық құпия заңның қорғауында болады. Əркiмнiң жеке салымдар мен жинақтардың, жазысқан хаттардың, телефон арқылы сөйлескен сөздердің, пошта, телеграф арқылы жəне өзге де хабарлардың құпиясына құқығы бар. 2. Қылмыстық іс бойынша іс жүрізуді жүзеге асыру кезінде əркімге жеке (жеке жəне отбасылық) өміріне қолсұғылмаушылық құқығы қамтамасыз етіледі. Бұл құқықты шектеуге заңда тікелей белгіленген жағдайларда жəне тəртіппен ғана жол беріледі. 3. Заңда көзделген жағдайлардан басқа, ешкім адамның келісімінсіз оның жеке өмірі туралы ақпарат жинауға, сақтауға, пайдалануға жəне таратуға құқылы емес. 4. Адамның жеке өмірі туралы осы Кодексте көзделген тəртіппен алынған ақпаратты қылмыстық процесс міндеттерін орындаудан басқаға пайдалануға болмайды. 17-бап. Тұрғынжайға қолсұғылмаушылық Тұрғынжайға қол сұғылмайды. Тұрғынжайға онда тұратын адамдардың еркiне қарсы кiруге, оған қарап-тексеру мен тiнту жүргiзуге заңда белгiленген жағдайларда жəне тəртiппен ғана жол берiледi. 18-бап. Меншiкке қолсұғылмаушылық 1. Меншiкке заңмен кепiлдiк берiледi. Ешкiмдi де соттың шешiмi болмайынша өз мүлкiнен айыруға болмайды. 2. Процестік əрекеттер барысында адамдардың банктегi салымдарына жəне басқа да мүлкiне тыйым салу, сондай-ақ оларды алып қою осы Кодексте көзделген жағдайларда жəне тəртiппен жүргiзiлуi мүмкiн. 19-бап. Кiнəсiздiк презумпциясы 1. Əркім өзінің қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кiнəлiлiгi осы Кодексте көзделген тəртiппен дəлелденгенге жəне соттың заңды күшiне енген үкiмiмен белгiленгенге дейiн кiнəсiз болып саналады. 2. Ешкiм де өзiнiң кiнəсiздiгiн дəлелдеуге мiндеттi емес. 3. Күдіктінің, айыпталушының, сотталушының кiнəлiлiгiне сейiлмеген күмəн олардың пайдасына

түсiндiрiледi. Қылмыстық жəне қылмыстық-процестік заңдарды қолдану кезiнде туындаған күмəндар да күдіктінің, айыпталушының, сотталушының пайдасына шешiлуге тиiс. 4. Айыптау үкiмi болжамдарға негiзделе алмайды жəне ол жол берілетін жəне анық дəлелдемелердiң жеткiлiктi жиынтығымен расталуға тиiс. 20-бап. Қайтадан соттауға жəне қылмыстық қудалауға жол бермеушілік Ешкiмдi де бір сол қылмыстық құқық бұзушылық үшін қайтадан қылмыстық жауаптылыққа ұшыратуға болмайды. 21-бап. Сот төрелігiн заң мен сот алдындағы теңдiк бастауларында жүзеге асыру 1. Сот төрелігі баршаның заң мен сот алдында теңдiгi бастауларында жүзеге асырылады. 2. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу барысында ешкiмдi де шыққан тегiне, əлеуметтiк, лауазымдық жəне мүлiктiк жағдайына, жынысына, нəсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге де мəн-жайлар бойынша қандай да бір кемсiтушiлiкке ұшыратуға болмайды. 3. Қылмыстық қудалаудан артықшылықтары немесе иммунитетi бар адамдарға қатысты қылмыстық сот iсiн жүргiзудiң шарттары Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Кодексте, заңдарда жəне Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда айқындалады. 22-бап. Судьялардың тəуелсiздiгi 1. Судья сот төрелігін іске асыру кезiнде тəуелсiз болады жəне Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңға ғана бағынады. 2. Соттың сот төрелігін іске асыру жөнiндегi қызметiне қандай да бір араласуға жол берiлмейдi жəне ол заң бойынша жауаптылыққа əкеп соғады. Нақты iстер бойынша судьялар есеп бермейдi. 3. Судьялар тəуелсiздiгiнiң кепiлдiгi Қазақстан Республикасының Конституциясында жəне заңда белгiленген. 23-бап. Сот iсiн жүргiзудi тараптардың жарыспалылығы мен тең құқылығы негiзiнде жүзеге асыру 1. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу айыптаушы жəне қорғаушы тараптардың жарыспалылығы мен тең құқылығы қағидаты негiзiнде жүзеге асырылады. 2. Қылмыстық қудалау, қорғау жəне соттың iстi шешуi бiр-бiрiнен бөлiнген жəне оларды əртүрлi органдар мен лауазымды адамдар жүзеге асырады. 3. Адамның қылмыстық құқық бұзушылықты жасаудағы кiнəлiлiгiн дəлелдеу жəне оның өзін қорғайтын дəлелдерін теріске шығару мiндетi – қылмыстық қудалау органдарына, ал сотта іс жүргізу кезінде мемлекеттік жəне жекеше айыптаушыларға жүктеледi. 4. Қорғаушы күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны, сотталған адамды, ақталған адамды қорғаудың заңда көзделген барлық құралдары мен тəсілдерін пайдалануға мiндеттi. 5. Сот қылмыстық қудалау органы болып табылмайды, айыптаушы немесе қорғаушы тарап жағында əрекет етпейді жəне құқық мүдделерiнен басқа қандай да болсын мүдделердi бiлдiрмейдi. 6. Сот объективтiлiктi жəне бейтараптылықты сақтай отырып, тараптардың өз процестік мiндеттерін орындауы жəне өздерiне берiлген құқықтарды жүзеге асыруы үшiн қажеттi жағдайларды жасауға міндетті. 7. Қылмыстық процеске қатысатын тараптар тең құқылы, яғни оларға Қазақстан Республикасының Конституциясына жəне осы Кодекске сəйкес өз ұстанымын қорғауға бiрдей мүмкiндiктер берілген. Сот процестік шешiмді тек тараптардың əрқайсысына бiрдей негiзде зерттелуіне қатысу қамтамасыз етiлген дəлелдемелерге ғана негiздейдi. 8. Тараптар қылмыстық сот iсiн жүргiзу барысында өзiнiң ұстанымын, оны қорғаудың тəсілдері мен құралдарын дербес жəне сотқа, басқа да органдар мен адамдарға тəуелсiз таңдайды. Сот тараптың өтiнiшхаты бойынша оған осы Кодексте көзделген тəртiппен қажеттi материалдарды алуға жəрдем көрсетедi. 9. Мемлекеттiк айыптаушы жəне жекеше айыптаушы белгiлi бiр адамды қылмыстық қудалауды жүзеге асыра алады немесе заңда көзделген жағдайларда қылмыстық қудалаудан бас тарта алады. Күдіктi, айыпталушы, сотталушы өзiнiң кiнəсiн еркін түрде теріске шығаруы немесе өзiн кiнəлiмiн деп мойындауы, жəбірленушімен татуласуы, процестік келісімді, медиация тəртібімен татуласуға қол жеткізу туралы келісімді жасасуы мүмкін. Азаматтық талапкер талап қоюдан бас тартуға немесе азаматтық жауапкермен татуласу келісімін жасасуға құқылы. Азаматтық жауапкер талап қоюды мойындауға немесе азаматтық талапкермен татуласу келісімін жасасуға құқылы. 10. Сот тараптардың істі бiрiншi жəне апелляциялық сатыда қарау құқығын қамтамасыз етедi; сотталушы мен оның қорғаушысы жəне процеске басқа да қатысушылар істі кассациялық тəртіппен жəне қадағау тəртібімен қарау кезiнде, жаңадан ашылған мəн-жайлар бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру жəне үкімді орындауға байланысты мəселелерді қарау кезінде қатысуға жіберіледі. Сот əрбiр қылмыстық iстi қараған кезде айыптаушы тарап атынан мемлекеттiк не жекеше айыптаушы өкілдік етуге тиiс. Сот iстi қарағанда тараптардың қатысуы мiндеттi болатын басқа да жағдайлар осы Кодексте айқындалады. 24-бап. Iстiң мəн-жайларын жан-жақты, толық жəне объективтi зерттеу 1. Сот, прокурор, тергеушi, анықтаушы iстi дұрыс шешуге қажеттi жəне жеткiлiктi мəн-жайларды жан-жақты, толық жəне объективтi зерттеу үшiн заңда көзделген барлық шараларды қолдануға мiндеттi. Бұл ретте сот істе бар жəне ұсынылған дəлелдемелерді осы Кодексте көзделген тəсілдермен зерттейді. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің толымсыздығын жою мақсатында сот өз бастамасы бойынша қосымша дəлелдемелер жинауға құқылы емес. 2. Қылмыстық қудалау органдары нақты деректердi айқындайды, солардың негiзiнде iс үшiн маңызы бар мəн-жайлар анықталады. 3. Қылмыстық iстi қарайтын сот объективтiлiк пен бейтараптылықты сақтай отырып, айыптаушы жəне қорғаушы тараптарға олардың iстің мəн-жайларын жанжақты жəне толық зерттеуге деген құқықтарын жүзеге асыруы үшiн қажеттi жағдай жасайды. 4. Осы Кодекстің 380-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, сот істе бар жəне сот отырысында тараптар ұсынған дəлелдемелерді зерттеудің қажеттілігі мен жеткіліктілігі мəселелері бойынша тараптардың пікірімен байланысты емес. 5. Іс бойынша күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны əшкерелейтiн де, ақтайтын да, сондай-ақ олардың жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін жəне ауырлататын мəн-жайлар анықталуға жатады. Қылмыстық процесті жүргізетін орган күдіктінің, айыпталушының, сотталушының кінəсіздігі немесе кінəлілік дəрежесінің аздығы туралы, сондай-ақ оларды ақтайтын не олардың жауаптылығын жеңілдететін дəлелдемелердің баржоғы туралы барлық мəлімдемелерді, сондай-ақ дəлелдемелердің жиналуы мен бекітілуі кезінде тергеудің рұқсат етілмеген əдістерінің қолданылғаны туралы мəлімдемелерді тексеруге тиіс. 25-бап. Дəлелдемелердi iшкi сенiм бойынша бағалау 1. Судья, прокурор, тергеушi, анықтаушы дəлелдемелердi қаралған дəлелдемелердiң жиынтығына негiзделген өзiнiң iшкi сенiмi бойынша бағалайды, бұл ретте ол заң мен ар-ожданды басшылыққа алады. Алқаби дəлелдемелердi қаралған дəлелдемелердiң жиынтығына негiзделген өзiнің iшкi сенімі бойынша бағалайды, бұл ретте ол ар-ожданды басшылыққа алады. (Жалғасы 19-бетте).


(Жалғасы. Басы 16-18-беттерде).

2. Ешқандай дəлелдемелердiң күнi бұрын белгiленген күшi болмайды. 26-бап. Күдіктiнiң, айыпталушының қорғалу құқығын қамтамасыз ету 1. Күдіктiнiң, айыпталушының қорғалуға құқығы бар. Олар бұл құқықты осы Кодексте белгiленген тəртiппен жеке өздерi де, сол сияқты қорғаушының, заңды өкiлiнiң көмегiмен де жүзеге асыра алады. 2. Қылмыстық процесті жүргiзетiн орган күдіктiге, айыпталушыға олардың құқықтарын түсiндiруге жəне олардың күдіктен, айыптаудан заңда тыйым салынбаған барлық құралдармен қорғану мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге, сондай-ақ олардың жеке бас құқықтары мен мүлiктiк құқықтарын қорғауға шаралар қолдануға мiндеттi. 3. Осы Кодексте көзделген жағдайларда қылмыстық процесті жүргiзетін орган iске күдіктiнің, айыпталушының қорғаушысының қатысуын қамтамасыз етуге мiндеттi. 4. Күдіктiнің, айыпталушының қорғаушысының жəне заңды өкiлiнiң қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысуы күдіктiге, айыпталушыға тиесiлi құқықтарды кемiтпейдi. 5. Күдіктi, айыпталушы айғақтар беруге, қылмыстық қудалау органдарына қандай да болсын материалдар беруге, оларға қандай да бiр жəрдем көрсетуге мəжбүр етiлмеуге тиiс. 6. Күдіктiнiң, айыпталушының олармен бiрлесiп қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп айыпталған адамға қатысты қылмыстық iстi қарау кезiнде де өздерiне тиесiлi қорғалу құқығының барлық кепiлдiктерi сақталады. 27-бап. Білікті заң көмегіне құқықты қамтамасыз ету 1. Əркімнің қылмыстық процесс барысында осы Кодексте көзделген тəртіппен білікті заң көмегін алуға құқығы бар. 2. Заңда көзделген жағдайларда заң көмегі тегін көрсетіледі. 28-бап. Куəлiк айғақтар беру мiндетiнен босату 1. Ешкiм өзiне, жұбайына (зайыбына) жəне аясы осы Кодексте айқындалған өзінің жақын туыстарына қарсы айғақтар беруге мiндеттi емес. 2. Дiни қызметшiлер тəубаға келу үстінде өздерiне iшкi сырын ашқан адамдарға қарсы куəлiк беруге мiндеттi емес. 3. Осы баптың бiрiншi жəне екiншi бөлiктерiнде көзделген жағдайларда көрсетілген адамдар айғақтар беруден бас тартуға құқылы жəне бұл үшiн оларды қандай да бір жауаптылыққа тартуға болмайды. 29-бап. Жариялылық 1. Қылмыстық iстердi талқылау барлық соттарда жəне сот сатыларында ашық жүргiзiледi. Сот талқылауының жариялылығын шектеуге ол мемлекеттік құпияларды жəне заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғау мүдделеріне қайшы келгенде ғана жол беріледі. Іске қатысатын адамдардың өмірінің интимдік жақтары туралы мəліметтердің жария етілуін болғызбау мақсатында, кəмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылықтары туралы істер бойынша, жыныстық қылмыстар туралы істер бойынша жəне басқа да істер бойынша, сондай-ақ оны жəбірленушінің, куəның немесе іске қатысатын басқа да адамдардың, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің немесе жақын туыстарының қауіпсіздігі мүдделері талап ететін жағдайларда, соттың уəжді қаулысы бойынша жабық сот талқылауына жол беріледі. Қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын органның əрекеттеріне (əрекетсіздігіне) жəне шешімдеріне берілген, тергеу судьясы шешетін шағымдар да жабық сот отырысында қаралады. 2. Жабық отырыста істерді талқылау осы Кодексте белгіленген барлық қағидалар сақтала отырып жүзеге асырылады. 3. Соттың үкімі жəне іс бойынша қабылданған қаулылар барлық жағдайларда көпшілік алдында жарияланады. Жабық сот отырысында қаралған істер бойынша үкімнің кіріспе жəне қарар бөліктері ғана көпшілік алдында жария етіледі. 30-бап. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу тiлi 1. Қазақстан Республикасында қылмыстық сот iсiн жүргiзу қазақ тілінде жүргiзiледi, сот ісін жүргізуде қазақ тілімен қатар ресми түрде орыс тілі, ал қажет болған кезде басқа тiлдер де қолданылады. 2. Қылмыстық процесті жүргізетін орган істі орыс тілінде немесе басқа тілдерде жүргізу қажет болған кезде сот ісін жүргізу тілін өзгерту туралы уəжді қаулы шығарады. 3. Iс бойынша iс жүргiзiлетін тiлдi бiлмейтiн немесе жеткiлiктi түрде бiлмейтiн iске қатысатын адамдарға ана тiлiнде немесе өздері бiлетiн басқа тiлде мəлімдеме жасау, түсiнiктемелер жəне айғақтар беру, өтiнiшхаттар мəлімдеу, шағымдар келтіру, iс материалдарымен танысу, сотта сөз сөйлеу, осы Кодексте белгiленген тəртiппен аудармашының қызметтерiн тегiн пайдалану құқығы түсiндiрiледi жəне қамтамасыз етiледi. 4. Қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысатын адамдарға істің олар үшiн қажеттi, басқа тiлде жазылған материалдарын қылмыстық сот iсiн жүргiзу тiлiне аудару тегiн қамтамасыз етiледi. Сот процесiне қатысатын адамдарға сотта айтылғандардың басқа тiлде болған бөлiгiнiң сот iсiн жүргiзу тiлiне аудармасы өтеусіз қамтамасыз етiледi. 5. Қылмыстық процесті жүргiзетін органдар процеске қатысушыларға осы Кодекске сəйкес оларға сот iсiн жүргiзу тiлiнде табыс етілуге тиiс құжаттарды табыс етеді. Бұл ретте қылмыстық сот iсiн жүргiзу тiлiн бiлмейтiн адамдар үшiн құжаттардың сот iсiн жүргiзудiң осы адамдар таңдаған тiлiнде жазылған, куəландырылған көшiрмесi қоса беріледi. 31-бап. Процестік əрекеттер мен шешiмдерге шағым жасау бостандығы 1. Сот пен қылмыстық қудалау органының əрекеттерi мен шешiмдерiне осы Кодексте белгiленген тəртiппен шағым жасалуы мүмкiн. 2. Əрбiр сотталған адамның, ақталған адамның үкiмдi жоғары тұрған сотқа осы Кодексте белгiленген тəртiппен қайта қаратуға құқығы бар. 3. Шағымды оны берген немесе өзінің мүддесінде шағым берілген тұлғаға зиян келтіретіндей етіп қолдануға жол берілмейді. 3-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚУДАЛАУ 32-бап. Жекеше, жекеше-жариялы жəне жариялы қудалау жəне айыптау iстерi 1. Жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың сипатына жəне ауырлығына қарай қылмыстық қудалау мен сотта айыптау жекеше, жекеше-жариялы жəне жариялы тəртіппен жүзеге асырылады. 2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 108, 109, 110 (бірінші бөлігінде), 114 (бірінші жəне екінші бөліктерінде), 123, 130, 131, 147 (бірінші жəне екінші бөліктерінде), 149 (бірінші бөлігінде), 150 (бірінші бөлігінде), 198 (бірінші бөлігінде), 199 (бірінші бөлігінде), 321 (бірінші бөлігінде)-баптарында, сондай-ақ осы баптың үшінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 152-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер жекеше айыптау iстерi болып есептеледі. Осы істер бойынша іс жүргізу жəбiрленушiнiң шағымы бойынша ғана басталады жəне оның айыпталушымен, сотталушымен татуласуына орай тоқтатылуға жатады. 3. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 115, 120 (бірінші бөлігінде), 121 (бірінші бөлігінде), 126 (бірінші бөлігінде), 138, 139, 145, 148 (бірінші бөлігінде), 153 (бірінші бөлігінде), 154, 155 (бірінші бөлігінде), 157 (бірінші бөлігінде), 158 (бірінші бөлігінде), 159,

19

www.egemen.kz

10 шілде 2014 жыл

187, 189 (бірінші жəне екінші бөліктерінде), 190 (бірінші бөлігінде), 195 (бірінші бөлігінде), 198 (екінші бөлігінде), 199 (екінші бөлігінде), 201 (бірінші бөлігінде), 202 (бірінші бөлігінде), 204, 205 (бірінші бөлігінде), 206 (бірінші бөлігінде), 207 (бірінші бөлігінде), 208 (бірінші бөлігінде), 209 (бірінші бөлігінде), 211 (бірінші бөлігінде), 219 (бірінші бөлігінде), 223, (бірінші жəне екінші бөліктерінде), 248 (бірінші бөлігінде), 250, 251 (бірінші бөлігінде), 319 (бірінші жəне екінші бөліктерінде), 321 (екінші бөлігінде), 345 (бірінші бөлігінде), 389 (бірінші бөлігінде)-баптарында, сондайақ, егер бұл соттың жұмысқа қайта орналастыру туралы шешімін орындамаумен байланысты болса, 152 (бірінші бөлігінде)-бапта көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер жекеше-жариялы айыптау iстері болып есептеледі. Осы істер бойынша іс жүргізу жəбiрленушiнiң шағымы бойынша ғана басталады жəне Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 68-бабында көзделген жағдайларда ғана жəбiрленушiнiң күдіктімен, айыпталушымен, сотталушымен татуласуына орай тоқтатылуға жатады. 4. Прокурор жекеше жəне жекеше-жариялы айыптау ісі бойынша жəне іс-əрекет дəрменсіз немесе тəуелді күйдегі не басқа да себептермен өзіне тиесілі құқықтарды өз бетінше пайдалануға қабілетсіз адамның мүдделерін қозғаса, жəбірленушінің шағымы болмаған кезде не қоғамның немесе мемлекеттің мүдделері қозғалатын жекеше-жариялы айыптау ісі бойынша іс жүргізуді бастайды не жалғастырады. 5. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабар Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелгеннен жəне кезек күттірмейтін тергеу əрекеттері жүргізілгеннен кейін жəбірленушінің шағымы болмаған кезде жекеше жəне жекеше-жариялы айыптау жəне қудалау істері бойынша іс жүргізу хабар тіркелген кезден бастап үш тəуліктен кешіктірмей осы Кодекстің 35-бабы бірінші бөлігінің 5) тармағында көзделген негіздер бойынша тоқтатылуға жатады. 6. Осы баптың екінші жəне үшінші бөліктерінде көрсетілгендерді қоспағанда, қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер жариялы айыптау iстерi болып есептеледі. Бұл iстер бойынша қылмыстық қудалау жəбiрленушiнiң шағым бергеніне-бермегеніне қарамастан жүзеге асырылады. 33-бап. Коммерциялық немесе өзге де ұйымның арызы бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту 1. Егер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 9-тарауында көзделген іс-əрекет коммерциялық ұйымның немесе мемлекеттiк кəсiпорын болып табылмайтын өзге де ұйымның мүдделерiне ғана зиян келтiрсе жəне басқа ұйымдардың мүдделерiне, сондайақ азаматтардың, қоғамның немесе мемлекеттiң мүдделерiне зиян келтiрмесе, қылмыстық жауаптылыққа тарту осы ұйым немесе уəкiлеттi орган басшысының, құрылтайшысының (қатысушысының) арызы немесе олардың келiсуi бойынша жүзеге асырылады. 2. Ұйымның немесе уəкілетті органның басшысы, құрылтайшысы (қатысушысы) адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы арызды қылмыстық процестің кез келген сатысында кері қайтарып алуға құқылы. Арызды кері қайтарып алу іс бойынша іс жүргізуді осы Кодекстің 35-бабы бірінші бөлігінің 5) тармағында көзделген негіз бойынша тоқтатуға əкеп соғады. 34-бап. Қылмыстық қудалауды жүзеге асырудың жалпы шарттары 1. Қылмыстық қудалау органы қылмыстық сот iсiн жүргiзу мiндеттерiн орындау мақсатында қылмыстық құқық бұзушылық белгiлерiн тапқан əрбiр жағдайда өз құзыретi шегiнде қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасын белгiлеу, қылмыстық құқық бұзушылық жасауға кiнəлi адамдарды əшкерелеу, оларды жазалау үшін заңда көзделген барлық шараларды қолдануға, сол сияқты кiнəсiз адамды ақтау үшін шаралар қолдануға мiндеттi. 2. Қылмыстық қудалау органы жəбiрленушiнің сот төрелігіне қол жеткiзуiн қамтамасыз ету жəне қылмыстық құқық бұзушылықпен келтiрілген зиянды өтеткізу үшін шаралар қолдануға мiндеттi. 3. Қылмыстық қудалау органы қылмыстық процестегі өзiнiң өкiлеттiктерiн қандай да болсын органдар мен лауазымды адамдарға тəуелсiз жəне осы Кодекстiң талаптарына қатаң сəйкес түрде жүзеге асырады. 4. Қылмыстық iс бойынша объективтi тергеп-тексеру жүргiзуге кедергi келтiру мақсатында қылмыстық қудалау органына қандай да бір нысанда ықпал ету заңда белгiленген жауаптылыққа əкеп соғады. 5. Қылмыстық қудалау органының заңға сəйкес қойған талаптары барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың орындауы үшін міндетті жəне олар белгілеген мерзімде, бірақ үш тəуліктен кешіктірілмей орындалуға тиіс. Күдіктіні ұстап алу, күзетпен ұстау туралы шешім қабылдау қажет болған жағдайда, қылмыстық қудалау органының талабы жиырма төрт сағат ішінде орындалуға тиіс. Көрсетілген талаптарды дəлелді себептерсіз орындамау заңда белгіленген жауаптылыққа əкеп соғады. 35-бап. Іс бойынша іс жүргізуді болғызбайтын мəнжайлар 1. Қылмыстық iс: 1) қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасының болмауынан; 2) іс-əрекетте қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауынан; 3) егер рақымшылық жасау актiсi жасалған іс-əрекет үшiн жаза қолдануды жойса, соның салдарынан; 4) қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімінің өтуіне орай; 5) осы Кодекстің 32-бабының төртінші бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстiң 32-бабының екiншi жəне үшінші бөлiктерiнде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша жəбірленушінің шағымының болмауынан, сондайақ осы Кодекстің 32-бабының төртінші бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстiң 32-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша жекеше айыптаушы айыптаудан бас тартқан не коммерциялық немесе өзге де ұйымның немесе уəкілетті органның басшысы адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы арызды кері қайтарып алған кезде; 6) егер жасаған іс-əрекеті үшін қылмыстық жауаптылықтың күшін жоятын заң қолданысқа енгізілген болса не Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі осы қылмыстық іс бойынша қолданылуға жататын, іс-əрекеттің қылмыстық құқық бұзушылық ретінде саралануы оған байланысты болатын заңды немесе өзге де нормативтік құқықтық актіні конституциялық емес деп таныған жағдайда; 7) егер адамға қатысты соттың нақ осы айыптау бойынша заңды күшiне енген үкiмi не соттың қылмыстық қудалаудың мүмкiн еместiгiн белгiлейтiн, күшi жойылмаған қаулысы бар болса; 8) егер адамға қатысты қылмыстық қудалау органының нақ осы күдік бойынша қылмыстық қудалауды тоқтату туралы күшi жойылмаған қаулысы бар болса; 9) iс бойынша іс жүргізу өзіне медициналық сипаттағы мəжбүрлеу шарасын қолдану үшiн қажет болған жағдайларды қоспағанда, егер қылмыстық заң тыйым салатын іс-əрекеттi есi дұрыс емес күйде жасаған адамға қатысты болса; 10) қылмыстық қудалаудан артықшылықтары немесе иммунитетi бар адамды қылмыстық жауаптылыққа тартуға уəкiлеттi органның немесе лауазымды адамның келiсiм беруден бас тартуына байланысты; 11) iс бойынша iс жүргiзу қайтыс болған адамды ақтау немесе iстi басқа адамдарға қатысты тергеп-тексеру, сондай-ақ заңсыз жолмен табылған мүлікті, тəркіленуге жататын, келтірілген зиянның өтелуін қамтамасыз ететін

ақша қаражатын жəне өзге де құндылықтарды анықтау үшiн қажет болған жағдайларды қоспағанда, қайтыс болған адамға қатысты; 12) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң ережелерiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жататын адамға қатысты тоқтатылуға жатады. 2. Іс бойынша іс жүргізу қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасының немесе қылмыстық құқық бұзушылық құрамының жоқтығы дəлелденген кезде де, егер қосымша дəлелдемелер жинау үшiн барлық мүмкiндiктер қолданылса, олардың болуы дəлелденбеген кезде де осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1) жəне 2) тармақтарында көзделген негiздер бойынша тоқтатылады. 3. Іс бойынша іс жүргізу осы баптың бірінші бөлігінің 2) тармағында көзделген негіз бойынша жəне күдіктінің, айыпталушының немесе сотталушының зиян келтiруi құқыққа сыйымды болып табылған не күдікті, айыпталушы немесе сотталушы іс-əрекетті Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне сəйкес оны қылмыстық құқық бұзушылық деп тануды жəне қылмыстық жауаптылықты жоққа шығаратын мəнжайлар кезінде жасаған жағдайларда тоқтатылады. 4. Егер арыз иесі қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам ретінде тікелей көрсететін адам (қорғалуға құқығы бар куə), күдікті, айыпталушы, сондай-ақ сотталушы немесе оның заңды өкілдері бұған қарсылық бiлдiрсе, қылмыстық істі осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 3), 4) жəне 11) тармақтарында көрсетiлген негiздер бойынша тоқтатуға жол берiлмейдi. Бұл жағдайда іс бойынша iс жүргiзу жалғастырылады жəне оған негiздер болған кезде адамды жазадан не қылмыстық жауаптылықтан босата отырып, айыптау үкiмiн шығару арқылы аяқталады. Қылмыстық істі осы баптың бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) жəне 11) тармақтарында көрсетілген негіздер бойынша тоқтату туралы шешім қабылдау үшін жəбірленушінің келісімі талап етілмейді. Қылмыстық істі тоқтату сонымен бір мезгілде қылмыстық қудалауды тоқтатуға əкеп соғады. 5. Іс-əрекет жасалған кезде заңға сəйкес қылмыстық жауаптылық жүктеу мүмкін болатын жасқа толмаған адамға қатысты қылмыстық iстi тоқтату туралы шешiм осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 2) тармағында көрсетілген негiз бойынша қабылдануға жатады. Іс-əрекет жасалған кезде заңға сəйкес қылмыстық жауаптылық басталатын жасқа толса да, психикалық дамуы жағынан психикасының бұзылуына байланысты емес артта қалуы салдарынан өз əрекеттерiнiң (əрекетсiздiгiнiң) iс жүзiндегi сипаты мен қоғамдық қауiптiлiгiн толық түйсіне алмаған жəне оларды игере алмаған, кəмелетке толмаған адамға қатысты қылмыстық iстi тоқтату туралы шешiм де осы негiз бойынша қабылдануға жатады. 6. Қылмыстық қудалау органы қылмыстық қудалауды болғызбайтын мəн-жайларды анықтағанда сотқа дейiнгi iс жүргiзудiң кез келген сатысында қылмыстық iстi тоқтату туралы қаулы шығарады. Прокурор істі басты сот талқылауында қарау басталғанға дейін оны соттан кері қайтарып алуға жəне осы бапта көзделген негіздер бойынша тоқтатуға да құқылы. Прокурор істі соттан кері қайтарып алғаннан кейін оны тоқтату үшін ол бойынша жаңадан сотқа дейінгі іс жүргізу өткізуге жəне оны сотқа қайтадан жіберуге жол берілмейді. 7. Мемлекеттiк айыптаушы сотта қылмыстық қудалауды болғызбайтын мəн-жайларды анықтағанда айыптаудан бас тарту туралы мəлiмдеуге мiндеттi. Мемлекеттiк айыптаушының айыптаудан бас тарту туралы мəлiмдемесi, егер жекеше айыптаушы айыптауды қолдауын жалғастырса, қылмыстық iстi қарауды жалғастыруға кедергi келтiрмейдi. 8. Сот қылмыстық қудалауды болғызбайтын мəнжайларды анықтағанда қылмыстық iстi тоқтату туралы мəселенi шешуге мiндеттi. 9. Қылмыстық қудалау органдары жəне соттар қылмыстық іс тоқтатылған кезде, адамның əрекеттерінде əкімшілік немесе тəртіптік (сыбайлас жемқорлық) құқық бұзушылық белгілері болған кезде материалдарды əкімшілік немесе тəртіптік жауаптылыққа тарту туралы мəселені шешу үшін он тəулік ішінде уəкілетті органдарға (лауазымды адамдарға) жіберуге міндетті. 36-бап. Қылмыстық қудалауды жүзеге асырмауға мүмкiндiк беретiн мəн-жайлар 1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 65-бабының бірінші бөлігінде, 66, 67-баптарында, 68-бабының екінші, үшінші бөліктерінде, 69-бабының бірінші бөлігінде, 83-бабының бірінші, үшінші бөліктерінде, сондай-ақ 441, 442, 444 – 448, 453-баптарының ескертпелерінде көзделген жағдайларда, қылмыстық қудалау органы, сот тиісті мəн-жайлар болған кезде өз құзыреті шегінде адамды қылмыстық жауаптылықтан босата отырып, қылмыстық қудалауды тоқтатуға құқылы. Мұндай жағдайларда сот қылмыстық жауаптылықтан босата отырып, айыптау үкiмiн шығаруға да құқылы. 2. Мемлекеттiк айыптаушы сотта қылмыстық қудалауды жүзеге асырмауға мүмкiндiк беретiн мəнжайларды анықтағанда айыпталушыны қылмыстық қудалаудан бас тартатынын мəлiмдеуге құқылы. Мемлекеттiк айыптаушы мəлiмдеген қылмыстық қудалаудан бас тарту жекеше айыптаушының қылмыстық iс материалдарын пайдалана отырып, айыпталушыны қылмыстық қудалауды жалғастыруына кедергi келтiрмейдi. 3. Қылмыстық iс тоқтатылғанға дейiн күдіктіге, айыпталушыға iстi тоқтатуға негiз, оның құқықтық салдары жəне істі осы негiз бойынша тоқтатуға қарсылық бiлдiру құқығы түсiндiрiлуге тиiс. 4. Қылмыстық iстi тоқтату туралы жəбірленуші жəне (немесе) оның өкілі хабардар етіледі, олар қаулыға осы Кодексте көзделген тəртіппен прокурорға не сотқа шағым жасауға құқылы. 5. Қылмыстық iстi осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген негiздер бойынша тоқтатуға, егер күдікті, айыпталушы немесе жəбірленуші бұған қарсылық бiлдiрсе, жол берiлмейдi. Мұндай жағдайда iс бойынша iс жүргiзу əдеттегi тəртiппен жалғастырылады. 4-тарау. АҚТАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТІ ЖҮРГІЗЕТІН ОРГАННЫҢ ЗАҢСЫЗ ƏРЕКЕТТЕРІМЕН КЕЛТІРІЛГЕН ЗИЯНДЫ ӨТЕУ 37-бап. Күдікті, айыпталушы, сотталушы ретiнде тартылған адамды ақтау 1. Сот бойынша ақталған адам, сол сияқты өздеріне қатысты қылмыстық iстi осы Кодекстiң 35-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 1), 2), 5), 6), 7) жəне 8) тармақтарында көзделген негiздер бойынша тоқтату туралы соттың, қылмыстық қудалау органының қаулысы шығарылған күдікті, айыпталушы, сотталушы ақталуға, яғни олардың құқықтары қалпына келтірілуге тиіс жəне оның Қазақстан Республикасының Конституциясында кепiлдiк берілген құқықтары мен бостандықтарын қандай да бiр шектеуге болмайды. 2. Сот, қылмыстық қудалау органы осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген адамды ақтау жəне оған қылмыстық процестi жүргiзетін органның заңсыз əрекеттерiнiң салдарынан келтiрiлген зиянды өтеу бойынша заңда көзделген барлық шараларды қолдануға тиiс. 38-бап. Қылмыстық процестi жүргiзетiн органның заңсыз əрекеттерi салдарынан келтiрiлген зиянды өтеткізуге құқығы бар адамдар 1. Адамға заңсыз ұстап алудың, күзетпен ұстаудың, үйқамақтың, лауазымынан уақытша шеттетудiң, арнаулы медициналық ұйымға орналастырудың, соттаудың, медициналық сипаттағы мəжбүрлеу шараларын қолданудың салдарынан келтірілген зиян қылмыстық процестi жүргiзетін органның кiнəсi баржоғына қарамастан, толық көлемде республикалық бюджеттен өтеледi.

2. Қылмыстық процестi жүргiзетін органның заңсыз əрекеттерi салдарынан келтiрiлген зиянды өтеткізуге: 1) осы Кодекстiң 37-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген адамдардың; 2) егер осы Кодекстiң 32-бабының төртінші бөлiгiнде көзделген мəн-жайлардың жоқтығына қарамастан, қылмыстық қудалауды болғызбайтын мəн-жайлар анықталған кезден бастап сотқа дейінгі тергеп-тексеру тоқтатылмаса, өздеріне қатысты қылмыстық іс осы Кодекстің 35-бабы бірінші бөлігінің 5) тармағында көзделген негіздер бойынша тоқтатылуға жататын адамдардың; 3) өздеріне қатысты қылмыстық iс осы Кодекстiң 35-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 3) жəне 4) тармақтарында көзделген негiздер бойынша тоқтатылуға тиiс, бiрақ қылмыстық қудалауды болғызбайтын мəн-жайлар анықталған кезден бастап тоқтатылмаған жəне мұндай адамдардың қылмыстық iстi тоқтатуға келiскенiне қарамастан, қылмыстық қудалау заңсыз жалғастырылған адамдардың; 4) жасаған іс-əрекетiнiң саралануы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң оны жасағаны үшiн күдік келтiру немесе айыптау кезiнде осы Кодексте ұстап алуға немесе күзетпен ұстауға жол берiлмейтiн неғұрлым жеңіл қылмыстық құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты көздейтiн бабына өзгертілген не осы бап бойынша неғұрлым жеңiл жаңа жаза тағайындалған немесе үкiмнен айыптау бөлiгi алып тасталған жəне осыған байланысты жазасы төмендетiлген жағдайларда, сол сияқты соттың медициналық сипаттағы мəжбүрлеу шараларын немесе мəжбүрлеп тəрбиелiк ықпал ету шараларын қолдану туралы заңсыз шешiмiнің күші жойылған жағдайда қамаққа алуға, бас бостандығынан айыруға сотталған, ұстап алынған немесе күзетпен ұсталған адамның құқығы бар. Қамаққа алудың немесе бас бостандығынан айырудың нақты өтелген мерзiмi Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң кiнəлi адам жасаған іс-əрекет жаңадан сараланған бабында көзделген қамаққа алу немесе бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаның ең жоғары мөлшерiнен асатын бөлiгiнде заңсыз өтелген болып есептеледі; 5) қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу барысында заңды негiзсiз тиiстi мерзiмiнен артық күзетпен ұсталған, сол сияқты кез келген өзге де процестік мəжбүрлеу шараларына заңсыз ұшыраған адамның құқығы бар. 3. Азамат қайтыс болған жағдайда, зиянды өтеткiзу құқығы белгiленген тəртiппен – оның мұрагерлерiне, ал төленуi тоқтатыла тұрған зейнетақылар мен жəрдемақыларды алу бөлiгiнде – отбасының асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жəрдемақымен қамтамасыз етiлетiн адамдар тобына жататын мүшелерiне ауысады. 4. Егер сотқа дейінгі тергеп-тексеру жəне сот талқылауы барысында адамның ерiктi түрде өзiне өзi жала жабу жолымен ақиқатты анықтауға кедергi келтiргендiгi жəне сол арқылы осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген салдарлардың басталуына ықпал еткендігі дəлелденсе, оған зиян өтелмеуге тиіс. 5. Осы баптың екiншi бөлiгiнiң 3) тармағында көрсетілген мəн-жайлар болмаған кезде осы баптың қағидалары адамға қатысты қолданылған процестік мəжбүрлеу шараларының немесе шығарылған айыптау үкiмiнің күші рақымшылық жасау немесе кешiрiм жасау актiлерiнiң шығуына, ескіру мерзiмдерiнiң өтуiне, қылмыстық жауаптылықты жоятын немесе жазаны жеңілдететін заңның қабылдануына байланысты жойылған немесе олар өзгертiлген жағдайларға қолданылмайды. 6. Өзге мəн-жайлар зиянды өтеткізуге негіз болып табылмайды. 39-бап. Зиянды өтеткiзу құқығы жəне талап қою мерзімдері 1. Қылмыстық процестi жүргiзетін орган адамды толық немесе iшiнара ақтау туралы шешiм қабылдай отырып, оның зиянды өтеткізу құқығын тануға тиiс. Ақтау үкiмiнiң немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы, өзге де заңсыз шешiмдердiң күшiн жою немесе оларды өзгерту туралы қаулының көшiрмесi мүдделi тұлғаға табыс етіледі не пошта арқылы жiберiледi. Сонымен бір мезгілде оған зиянның өтелу тəртiбi түсiндiрiлген хабарлама жіберіледі. Залалды өтеткізуге құқығы бар, қайтыс болған адам мұрагерлерiнiң, туыстарының немесе асырауындағылардың тұрғылықты жері туралы мəлiметтер болмаған кезде оларға хабарлама қылмыстық процестi жүргiзетін органға олар өтiнiш жасаған күннен бастап бес тəуліктен кешiктiрiлмей жіберіледі. 2. Осы Кодекстің 38-бабының екінші жəне үшінші бөліктерінде көрсетілген адамдардың мүліктік зиянды толық көлемде өтеткізуге, моральдық зиянның салдарын жойғызуға жəне еңбек, зейнетақы, тұрғынжай жəне өзге де құқықтарын қалпына келтіртуге құқығы бар. Соттың үкімі бойынша құрметті, əскери, арнаулы немесе өзге де атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дəрежеден, біліктілік сыныптан, сондай-ақ мемлекеттік наградалардан айырылған адамдардың атағы, сыныптық шені, дипломатиялық дəрежесі, біліктілік сыныбы қалпына келтіріліп, мемлекеттік наградалары қайтарып беріледі. 3. Қылмыстық процесті жүргізетін органның заңсыз əрекеттерімен келтірілген зиянды өтеткізу туралы талаптар осы тарауда көзделген тəртіппен құқықтарды қалпына келтіру тəртібі түсіндірілетін хабарлама алынған күннен бастап алты ай ішінде қойылуы мүмкін. Осы мерзім дəлелді себеппен өткізіп алынған жағдайда, оны мүдделі тұлғалардың арызы бойынша сот қалпына келтіруі мүмкін. 40-бап. Мүлiктiк зиянды өтеу 1. Осы Кодекстiң 38-бабының екiншi бөлiгiнде көрсетiлген адамдарға келтiрiлген мүлiктiк зиян: 1) олар айырылған жалақыны, зейнетақыны, жəрдемақыларды, өзге де қаражаттар мен табыстарды; 2) соттың үкiмi немесе өзге де шешiмi негiзiнде заңсыз тəркiленген немесе мемлекеттiң кiрiсiне айналдырылған мүлiктi; 3) соттың заңсыз үкiмiн орындау үшiн өндiрiп алынған айыппұлдарды; заңсыз əрекеттерге байланысты адам төлеген сот шығындары мен өзге де сомаларды; 4) заң көмегін көрсету үшiн адам төлеген сомаларды; 5) қылмыстық қудалау салдарынан шегілген өзге де шығыстарды өтеудi қамтиды. 2. Осы Кодекстiң 38-бабының екiншi бөлiгiнде көрсетiлген адамдарды күзетпен ұстауға, қамаққа алуды немесе бас бостандығынан айыруды өтеу орындарында ұстауға жұмсалған сомалар, бұл адамдарды қылмыстық қудалауға байланысты сот шығындары, сол сияқты олардың күзетпен ұсталуы, қамаққа алуды немесе бас бостандығынан айыруды өтеуi уақытында қандай да бiр жұмыстарды орындағаны үшiн алған жалақысы қылмыстық процестi жүргiзетін органның заңсыз əрекеттерiнiң салдарынан келтiрiлген зиянды өтеу төлемiне жататын сомадан шегеріле алмайды. 3. Осы Кодекстiң 38-бабының екiншi жəне үшiншi бөлiктерiнде көрсетiлген адамдар осы Кодекстiң 39-бабының бірінші бөлігінде көрсетiлген құжаттардың көшiрмелерiн зиянды өтеу тəртiбi туралы хабарламамен бiрге алған кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату, өзге де заңсыз шешiмдердiң күшiн жою немесе оларды өзгерту туралы үкiм, қаулы шығарған органға мүлiктiк зиянды өтеу туралы талаппен жүгінуге құқылы. Егер жоғары тұрған сот iстi тоқтатса немесе үкiмдi өзгертсе, зиянды өтеу туралы талап үкiмдi шығарған сотқа жіберіледі. Кəмелетке толмаған адамның атынан зиянды өтеу туралы талапты оның заңды өкiлi мəлімдеуге құқылы. 4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көрсетілген орган арыз түскен күннен бастап бiр айдан кешiктiрмей, қажет болған жағдайларда қаржылық органдардан жəне əлеуметтiк қорғау органдарынан есеп-қисап сұрата отырып, зиянның мөлшерiн айқындайды, содан кейiн инфляцияны ескере отырып, осы зиянды өтеу үшін төлем жүргiзу туралы қаулы шығарады. Егер сот iстi

апелляциялық, кассациялық тəртіппен немесе қадағалау тəртiбiмен қарау кезiнде тоқтатса, істі бiрiншi сатыда қараған соттың судьясы көрсетiлген əрекеттердi сот талқылауын өткізбестен жеке-дара жүргiзедi. Қаулыда: мүліктік зиянды өтеу негіздері; оның ақшалай мəндегі есеп-қисабы мен мөлшері; ақталған адамға қайтарылуға жататын мүлік; төлем жүргізуге немесе мүлікті қайтаруға міндетті орган; төлем жүргізу үшін қаулыны ұсынудың мерзімдері, қаулыға шағым жасаудың тəртібі мен мерзімдері көрсетілуге тиіс. 5. Органның зиянды өтеу туралы мəселе жөніндегі қаулысына осы Кодекстiң тиісінше 105 жəне 106-баптарында көзделген тəртiппен прокурорға немесе сотқа шағым жасалуы мүмкін. Соттың қаулысына осы Кодексте көзделген тəртiппен жоғары тұрған сотқа шағым жасалуы мүмкін. 6. Заңды күшіне енгеннен кейін қаулының елтаңбалы мөрмен расталған көшiрмесi төлем жүргiзуге мiндеттi органдарға ұсыну үшiн адамға табыс етіледі немесе жіберіледі. Төлем тəртiбiн Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. Қылмыстық қудалау органының немесе соттың мүліктік зиянды өтеу үшін төлем жүргізу туралы қаулысы заңды күшіне енген күннен бастап – үш жыл ішінде төлеуге ұсынылуы, ал осы Кодекстің 41-бабының үшінші бөлігінде көрсетілген өзге де құқықтарды қалпына келтіру туралы қаулы – алты ай ішінде ұсынылуы мүмкін. 7. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын органдардың заңсыз əрекеттерімен заңды тұлғаларға келтірілген зиянды өтеу туралы талап осы бапта көзделген тəртіппен қаралады жəне мемлекет зиянды белгіленген көлемде өтейді. 41-бап. Моральдық зиянның салдарын жою 1. Қылмыстық процестi жүргiзетін, адамды ақтау туралы шешiм қабылдаған орган келтiрілген зиян үшiн одан ресми түрде кешiрiм сұрауға мiндеттi. 2. Келтiрiлген моральдық зиян үшiн ақшалай мəнде өтемақы туралы талаптар азаматтық сот iсiн жүргiзу тəртiбiмен қойылады. 3. Егер адам заңсыз қылмыстық қудалауға ұшырап, ал қылмыстық қудалау, ұстап алу, күзетпен ұстау, лауазымынан уақытша шеттету, медициналық ұйымға мəжбүрлеп орналастыру, соттау жəне оған қатысты қолданылып, кейiннен заңсыз деп танылған басқа да əрекеттер туралы мəлiметтер баспасөзде жарияланса, радио, теледидар немесе өзге де бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылса, онда осы адамның талап етуi бойынша, ал ол қайтыс болған жағдайда, оның туыстарының немесе оның құқықтарын қалпына келтіру туралы шешім қабылдаған, қылмыстық процестi жүргiзетін органның талап етуi бойынша тиiстi бұқаралық ақпарат құралдары бiр айдың iшiнде бұл туралы қажеттi хабар жасауға мiндеттi. 4. Қылмыстық процестi жүргiзетін орган осы Кодекстiң 38-бабының екiншi жəне үшiншi бөлiктерiнде көрсетiлген адамдардың талап етуi бойынша он төрт күндік мерзiм iшiнде олардың жұмыс iстейтiн, оқитын, тұрғылықты жерi бойынша заңсыз шешiмдердiң күшi жойылғаны туралы жазбаша хабарлама жіберуге мiндеттi. 42-бап. Құқықтарды талап қою тəртiбiмен қалпына келтiру Егер зиянды өтеу туралы талапты осы тарауда көзделген тəртіппен беруге арналған алты айлық мерзім өткізіп алынса, адам азаматтық сот iсiн жүргiзу тəртiбiмен сотқа жүгінуге құқылы. 5-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ 43-бап. Қылмыстық iстердi бiрiктiру 1. Бiр немесе бiрнеше қылмыстық құқық бұзушылықты сыбайласып жасаған бірнеше адамға қатысты қылмыстық iстер, бiрнеше қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамға қатысты істер, сондай-ақ осы қылмыстарды күнi бұрын уəде бермей жасырғандығы немесе олар туралы айтпағандығы үшін күдік келтірілетін, айыпталатын адамға қатысты істер бiр iс жүргiзуге бiрiктiрілуi мүмкiн. 2. Күдікті анықталмаған, бірақ бірнеше қылмыстық құқық бұзушылықты бір адам немесе адамдар тобы жасады деп пайымдауға жеткілікті негіздер болған жағдайларда да қылмыстық істерді біріктіруге жол беріледі. 3. Қылмыстық істердi бiрiктiру қылмыстық процестi жүргiзетін органның қаулысы негiзiнде жүргізіледі. Қылмыстық қудалау органы шығарған қаулының көшiрмесi жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға жəне қорғаушы тарапқа жіберіледі. 4. Мыналар: 1) əртүрлі адамдарға қатысты бірдей күдіктенулер, айыптаулар; 2) жекеше айыптау ісі қаралып жатқан жағдайлардан басқа, бір-біріне қатысты қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп айып тағылған адамдарға қатысты күдіктенулер, айыптаулар; 3) біреуі бойынша қылмыстық қудалау – жекеше тəртіппен, ал екіншісі бойынша – жариялы тəртіппен жүзеге асырылатын істер; 4) бірге қаралуы істі объективті қарауға кедергі келтіруі мүмкін барлық басқа да күдіктенулер, айыптаулар бір іс жүргізуге біріктірілмеуге тиіс. 5. Бiрнеше iс бiрiктiрiлген iс бойынша iс жүргiзу мерзiмi уақыты бойынша бiрiншi қылмыстық iс жүргізу басталған күннен бастап есептеледi. Егер бiрiктiрiлген iстердiң бiреуi бойынша бұлтартпау шарасы ретiнде күзетпен ұстау не үйқамақ қолданылса, тергеу мерзiмi көрсетілген бұлтартпау шаралары қолданылған істі сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған күннен бастап есептеледi. 6. Қылмыстық процеске қатысушылардың құқығы адамдарға өздеріне қатысты бiрiктiрiлген iстер бойынша ғана тиесiлi болады. 44-бап. Қылмыстық iстi бөлектеп алу 1. Сот, қылмыстық қудалау органы қылмыстық iстен: 1) мемлекеттiк құпияларды қорғауға байланысты жабық сот талқылауы үшiн негiздер өздеріне қатысты болатын, бiрақ басқа күдіктілерге, айыпталушыларға қатысты емес жекелеген күдіктілерге немесе айыпталушыларға; 2) ересектермен бiрге қылмыстық жауаптылыққа тартылған кəмелетке толмаған күдіктіге немесе айыпталушыға; 3) қылмыстық жауаптылыққа тартылуға жататын жекелеген анықталмаған адамдарға қатысты, сондай-ақ осы Кодекстің 45-бабында көзделген басқа да жағдайларда; 4) прокурор процестік келісім жасасқан күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға қатысты басқа қылмыстық iстi жеке іс жүргiзуге бөлектеп алуға құқылы. 2. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру немесе күзетпен ұстау мерзiмдерi аяқталып келе жатқан көп эпизодты қылмыстық iстi тергеп-тексеру жағдайында тергеушi, анықтаушы, анықтау органы күдіктену бөлiгiнде тергептексеру жан-жақты, толық жəне объективті жүргiзiлді деп тани отырып, iстiң бiр бөлiгiн, егер бұл iстiң қалған бөлiгiн тергеп-тексеруге жəне қарауға кедергi келтірмесе, сотқа жіберу үшiн жеке iс жүргiзуге бөлектеп алуға құқылы. 3. Егер қылмыстық iс бойынша тергелетін iске байланысты емес қылмыстық құқық бұзушылық белгiлерi бар əрекеттер туралы мəлiметтер алынса, олар туралы барлық материалдар осы Кодексте көзделген тəртiппен сотқа дейінгі жаңа тергеп-тексеру бастау үшiн дереу бөлектеп алынуға тиiс. 4. Қылмыстық iстердi бөлектеп алуға, егер бұл мəнжайларды зерттеу мен істі шешудiң жан-жақтылығына, толықтығына жəне объективтілігіне əсер етпесе, жол беріледі. 5. Iстi бөлектеп алу қылмыстық процестi жүргiзетін органның қаулысы негiзiнде жүзеге асырылады. Қылмыстық қудалау органы шығарған қаулының (Жалғасы 20-бетте).


20

www.egemen.kz

(Жалғасы. Басы 16-19-беттерде).

көшiрмесi жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға жіберіледі. Қаулыға төлнұсқалар немесе көшiрмелер түрінде бөлектеп алынатын материалдардың тiзбесi қоса берілуге тиiс. 6. Бөлектеп алынған iс бойынша iс жүргiзудiң мерзiмi қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыз, хабар жаңа қылмыстық құқық бұзушылық бойынша, Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелген күннен бастап есептеледi. Қалған жағдайларда мерзiм негiзгi қылмыстық iс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған кезден бастап есептеледi. 45-бап. Іс бойынша сот ісін жүргiзудi тоқтата тұру жəне сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдерін үзу 1. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу: 1) айыпталушы соттан жасырынған не оның жүрген жері басқа себептермен анықталмаған; 2) сотталушының психикасының уақытша бұзылуы немесе өзге де ауыр науқасы заңда көзделген тəртiппен куəландырылған; 3) сотталушы Қазақстан Республикасынан тыс жерде болған; 4) қылмыстық iс бойынша одан əрi iс жүргiзуге уақытша кедергi келтiретiн еңсерілмейтін күштің əрекетi; 5) осы Кодекстiң 59-тарауында көзделген тəртiппен құқықтық көмек алуға байланысты процестік əрекеттер орындалып жатқан; 6) сотта прокурор сотталушының дəлелдемелердің заңсыз əрекеттерді қолдана отырып немесе қатыгез қарым-қатынас жасала отырып алынғаны туралы арызын қараған жəне оның шешіміне шағым жасалған жағдайларда, егер бұл ретте басты сот талқылауын жалғастыру мүмкін болмаса, сот қаулысымен тоқтатыла тұрады. 2. Сот осы қылмыстық iсте қолданылуға жататын, Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген адамның жəне азаматтың құқықтары мен бостандықтарына қысым көрсететін заңды немесе өзге де нормативтiк құқықтық актiнi конституциялық емес деп тану туралы ұсынумен Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне өтініш жасаған жағдайда, сот іс бойынша іс жүргізуді толықтай немесе тиісті бөлігінде тоқтата тұруға міндетті. Егер Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі осы қылмыстық іс бойынша қолданылуға жататын заңды немесе өзге де нормативтiк құқықтық актiнi конституциялық емес деп тану туралы ұсынуды басқа соттың бастамасымен іс жүргізуге қабылдаса, сот іс бойынша іс жүргізуді тараптардың өтінішхаты бойынша толықтай немесе тиісті бөлігінде тоқтата тұруға міндетті. 3. Сотта қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу, егер жекеше айыптау iсi бойынша жекеше айыптаушы өзінің ауыр науқас екендiгiне, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде iссапарда болуына немесе азаматтық борышын орындауына байланысты сотта қылмыстық қудалауды жүзеге асыра алмаған жағдайда да, сот қаулысымен толықтай немесе тиiстi бөлiгiнде тоқтатыла тұрады. 4. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу оны тоқтата тұруға негiз болған мəн-жайлар жойылғанға дейiн тоқтатыла тұрады, бұл ретте істі сотта қарау мерзімі үзіледі. Олар жойылған соң, іс жүргізу соттың қаулысымен қайта басталады. 5. Процеске қатысушыларға іс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұру немесе қайта бастау туралы хабарланады. 6. Тоқтатыла тұрған iс, егер iс бойынша ескiру мерзiмiнің өтуін үзу туралы мəлiметтер болмаса, қылмыстық заңда белгiленген ескiру мерзiмiнiң аяқталуы бойынша тоқтатылуға жатады. 7. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдері: 1) қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам анықталмаған; 2) күдікті, айыпталушы Қазақстан Республикасынан тысқары жерде болған; 3) күдікті, айыпталушы қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған не олардың болатын жері басқа да себептер бойынша анықталмаған; 4) күдіктінің, айыпталушының жүйкесiнің уақытша бұзылуы немесе өзге де ауыр науқасы заңда көзделген тəртiппен куəландырылған; 5) осы Кодекстiң 59-тарауында көзделген тəртiппен құқықтық көмек алуға байланысты процестік əрекеттер орындалған; 6) хабарсыз кеткен адам табылмаған; 7) күдіктінің, айыпталушының қылмыстық қудалаудан иммунитеттен айыру не оларды шет мемлекетке ұстап беру (экстрадициялау) туралы мəселені шешуге байланысты іске нақты қатысу мүмкіндігі болмаған жағдайларда үзіледі. 8. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдері үзілген кезде процеске қатысушыларды бұл туралы жазбаша хабардар етеді. Тергеп-тексеру мерзімдерін үзу туралы қаулының көшірмесі жиырма төрт сағат ішінде прокурорға жіберіледі. 9. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің үзілген мерзімдері оларды үзуге негіз болған мəн-жайлар жойылған кезден бастап қайта басталады, бұл туралы прокурор жазбаша хабардар етіледі. Ескертпе: Қылмыстық iс бойынша одан əрi iс жүргiзуге кедергi келтiретiн еңсерілмейтін күштің əрекеті деп табиғи жəне техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды түсiнген жөн. 46-бап. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудi аяқтау Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу: 1) қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудің толық тоқтатылғаны туралы қаулы күшiне енген; 2) егер iс бойынша үкiмді немесе басқа да қорытынды шешiмді орындау бойынша арнаулы шаралар қабылдау талап етілмесе, ол күшіне енген; 3) егер iс бойынша үкiмді немесе басқа да қорытынды шешiмді орындау бойынша арнаулы шаралар қабылдау талап етілсе, оның орындауға келтірілгені туралы растау алынған кезден бастап аяқталады. 47-бап. Құпиялықты сақтау 1. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу барысында осы Кодексте жəне басқа да заңнамада көзделген, мемлекеттiк құпияларды жəне заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын, алынатын мəлiметтердi қорғау жөнiндегi шаралар қолданылады. 2. Қылмыстық процестi жүргізетін орган мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мəлiметтердi хабарлауды немесе беруді ұсынған тұлғалар көрсетiлген талапты орындаудан мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтау қажеттiгiне сiлтеме жасай отырып бас тарта алмайды. Қылмыстық процестi жүргізетін орган тұлғадан көрсетілген хабарларды немесе мəліметтерді алғанға дейін тиісті процестік əрекеттің хаттамасында жазба жасауға жəне тұлғадан көрсетілген мəліметтерді қылмыстық іс бойынша іс жүргізу үшін ғана алу қажеттілігі туралы жəне алынған мəліметтерге қатысты құпиялықты заңда көзделген тəртіппен сақтау туралы қол қойдыра отырып, онымен таныстыруға міндетті. 3. Қылмыстық процеске қатысушыларды мемлекеттiк құпияларды құрайтын мəлiметтерге жіберу тəртiбi заңнамада айқындалады. 4. Егер алқабилер қатысатын сот қарайтын қылмыстық iстiң материалдарында мемлекеттік құпияларды құрайтын мəлiметтер болған жағдайда, соттың қызметін материалдық-техникалық жəне өзге де жағынан қамтамасыз етудi жүзеге асыратын уəкiлеттi мемлекеттік орган төрағалық етушінің жазбаша өкiмi бойынша алқабилерді мемлекеттік құпияларға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртiппен жіберудi ресiмдейдi. 5. Мемлекеттiк құпияларды құрайтын мəлiметтердi

10 шілде 2014 жыл

қамтитын дəлелдемелер соттың жабық отырысында зерттеледi. 6. Заңмен қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын, сондай-ақ жеке өмiрдiң интимдік жақтарын ашатын мəлiметтерді қамтитын дəлелдемелер көрсетілген мəлiметтердiң жариялану қаупi төнген адамдардың өтінішхаты бойынша соттың жабық отырысында зерттелуi мүмкiн. 7. Жеке өмiрге қолсұғылмаушылықты бұзудың, жеке немесе отбасылық құпияны жариялаудың салдарынан адамға келтiрiлген зиян заңда көзделген тəртiппен өтелуге жатады. 8. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiнiң құпиялығын сақтау тəртiбi осы Кодекстiң 201-бабында айқындалады. 9. Істегі қылмыстық процеске қатысушыларға табыс етілуге жататын, мемлекеттiк құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мəлiметтер бар процестік құжаттардың көшірмелері олармен танысқаннан кейiн iспен бiрге сақталады жəне сот отырысы кезiнде қылмыстық процеске қатысушыларға табыс етіледі. 10. Сот үкімде немесе қаулыда мемлекеттік құпияларды жəне заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын іс материалдарына сілтеме жасай отырып, олардың мазмұнын ашпайды. 6-тарау. ПРОЦЕСТІК МЕРЗІМДЕР 48-бап. Мерзiмдердi есептеу 1. Осы Кодексте белгiленген мерзiмдер сағаттармен, тəулiктермен, айлармен, жылдармен есептеледi. 2. Мерзiмдердi есептеу кезiнде мерзiмнiң өтуi басталатын сағат пен тəулiк есепке алынбайды. Бұл қағиданың ұстап алу, күзетпен ұстау, үйқамақ жəне медициналық мекемеде немесе ерекше режиммен ұстайтын білім беру ұйымында болу кезiндегi мерзiмдердi есептеуге қатысы жоқ. 3. Мерзiмдi есептеу кезiнде оған жұмыстан тыс уақыт та кiредi. 4. Тəуліктермен есептелетін мерзім оның соңғы тəуліктерінің жиырма төрт сағатында бітеді. Айлармен есептелетін мерзім оның соңғы айының тиісті айы мен күнінде бітеді. Егер мерзімнің аяқталуы тиісті күні жоқ айға тура келетін болса, онда мерзім осы айдың соңғы күнінде бітеді. Жылдармен есептелетін мерзім оның соңғы жылының тиісті айы мен күнінде бітеді. Егер мерзімнің аяқталуы тиісті күні жоқ айға тура келетін болса, онда мерзім осы айдың соңғы күнінде бітеді. Ұстап алу, күзетпен, ұстау, үйқамақ жəне медициналық мекемеде немесе ерекше режиммен ұстайтын білім беру ұйымында болу кезіндегі мерзімдерді есептеу жағдайларын қоспағанда, мерзімнің соңғы күні жұмыс істемейтін күнге тура келсе, онда одан кейінгі жұмыс күні мерзімнің аяқталу күні болып есептеледі. 5. Адамды қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдiк бойынша ұстап алған кезде мерзiм осы шара нақты қолданылған кезден (минутына дейін дəлдікпен сағаттан) бастап есептеледi. Күзетпен ұстау, үйқамақ, сондайақ медициналық мекемеде немесе ерекше режиммен ұстайтын білім беру ұйымында болу мерзімдерін есептеу кезінде мерзімнің бірінші тəулігі мерзімге қосылады. 49-бап. Мерзiмдi сақтау жəне ұзарту 1. Егер шағым, өтiнiшхат немесе өзге де құжат мерзiм аяқталғанға дейiн поштаға тапсырылса, оны қабылдауға уəкiлеттi тұлғаға берiлсе немесе мəлiмделсе, ал күзетпен ұсталатын не медициналық ұйымға орналастырылған адамдар үшiн, егер шағым немесе өзге де құжат күзетпен ұстау орнының немесе медициналық ұйымның əкiмшiлiгiне мерзiм аяқталғанға дейiн тапсырылса, мерзiм өткізіп алынған болып есептелмейді. Шағымды немесе өзге де құжатты поштаға тапсыру уақыты – пошта мөртабаны бойынша, ал оларды қабылдауға уəкiлеттi тұлғаға немесе күзетпен ұстау орнының немесе медициналық ұйымның əкiмшiлiгiне тапсыру уақыты осы ұйымдар кеңсесiнiң немесе лауазымды адамдарының қойған белгiсi бойынша айқындалады. 2. Лауазымды адамдардың белгiленген мерзiмдi сақтауы процестік құжаттардағы тиiсті нұсқаумен расталады. Қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысатын адамдарға табыс етілуге жататын құжаттардың алынғандығы олардың iске қоса тiгiлген қолхатымен расталады. 3. Процестік мерзiмдер осы Кодексте белгiленген жағдайларда жəне тəртiппен ғана ұзартылуы мүмкін. 50-бап. Мерзiмдi өткiзiп алудың салдары жəне оны қалпына келтiру тəртiбi 1. Қылмыстық процеске қатысушылардың мерзiм аяқталғаннан кейiн жасаған процестік əрекеттерi жарамсыз болып есептеледі. 2. Дəлелдi себеппен өткiзiлiп алынған мерзiм мүдделi тұлғаның өтiнiшхаты бойынша, іс жүргізуінде іс жатқан анықтаушының, тергеушiнiң, прокурордың немесе судьяның қаулысымен қалпына келтiрiлуi мүмкiн. Бұл ретте мерзiм, егер қылмыстық процестi жүргізетін органның тиiстi шешiмiнде өзгеше көзделмесе, басқа тұлғалар емес, оны өткiзiп алған тұлға үшiн қалпына келтiрiледi. 3. Белгiленген мерзiмді өткiзiп алып шағым жасалған шешiмдi орындау мүдделi тұлғаның өтiнiшхаты бойынша өткізіп алынған мерзiмдi қалпына келтiру туралы мəселе шешiлгенге дейiн тоқтатыла тұруы мүмкiн. 4. Мерзiмдi қалпына келтiруден бас тартуға осы Кодексте белгiленген тəртiппен шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкiн. 2-БӨЛІМ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСАТЫН МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР МЕН АДАМДАР 7-тарау. СОТ 51-бап. Сот 1. Сот билiгi органы бола отырып, сот қылмыстық iстер бойынша сот төрелігін жүзеге асырады. 2. Кез келген қылмыстық iсті соттың заңды, тəуелсiз, құзыреттi жəне бейтарап құрамы ғана қарай алады, бұл осы Кодексте белгiленген: 1) нақты iстердiң соттылығын айқындау; 2) нақты қылмыстық iстердi қарау үшiн соттың құрамын жасақтау; 3) судьяларға қарсылық білдіру; 4) iстi шешу функциясын айыптау жəне қорғау функцияларынан бөлектеу қағидаларын сақтау арқылы қамтамасыз етiледi. 3. Қазақстан Республикасында қылмыстық iстер бойынша сот төрелігін: Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты; облыстық жəне оларға теңестiрiлген соттар, Əскери сот; аудандық жəне оларға теңестірілген соттар; қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық əскери соттар, кəмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар, гарнизондардың əскери соттары жүзеге асырады. 52-бап. Соттың құрамы 1. Бірінші сатыдағы соттарда қылмыстық істерді қарауды судья жеке-дара жүзеге асырады, ал соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған əскери қылмыстар жəне Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99 (екінші бөлігінің 15) тармағында), 170 (төртінші бөлігінде), 175, 177, 178, 184, 255 (төртінші бөлігінде), 263 (бесінші бөлігінде), 286 (төртінші бөлігінде), 297 (төртінші бөлігінде), 298 (төртінші бөлігінде), 299 (төртінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстар туралы істерді қоспағанда, оларды жасағаны үшін қылмыстық заңда өлім жазасы немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру көзделген қылмыстар туралы

істер бойынша қылмыстық істерді қарау айыпталушының өтінішхаты бойынша бір судья жəне он алқаби құрамында жүзеге асырылады. 2. Қылмыстық істерді апелляциялық тəртіппен қарауды судья – жеке-дара, ал соттың аса ауыр қылмыстар туралы, сондай-ақ алқабилердің қатысуымен қаралған істер бойынша үкімдеріне, қаулыларына шағымдарды, наразылықтарды қарау кезінде алқаның төрағасы жəне кемінде екі судьясы бар құрам алқалы түрде жүзеге асырады. Апелляциялық алқаның төрағасы іссапарда, демалыста болуына немесе сырқаттанып қалуына байланысты болмаған кезде көрсетілген істерді алқалы түрде қарау кезінде оған сот төрағасы апелляциялық алқа төрағасы міндеттерін атқаруды жүктеген алқа судьясы төрағалық етеді. 3. Кассациялық сатыда істерді қарауды облыстық немесе оған теңестірілген сот төрағасының төрағалық етуімен кемінде үш судья бар құрам алқалы түрде жүзеге асырады. Облыстық немесе оған теңестірілген соттың төрағасы іссапарда, демалыста болуына немесе сырқаттанып қалуына байланысты болмаған кезде істі кассациялық сатыда қарау кезінде оған сот төрағасы облыстық немесе оған теңестірілген сот төрағасының міндеттерін атқаруды жүктеген кассациялық алқа судьясы төрағалық етеді. 4. Істі Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қарауды кемінде үш судья бар құрам алқалы түрде жүзеге асырады. Істерді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуы жəне (немесе) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы бойынша қарауды қадағалау сот алқасының төрағасы жəне кемінде алты судья бар құрам алқалы түрде жүзеге асырады. Алқа төрағасы болмаған кезде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы алқа төрағасының міндеттерін атқаруды жүктеген судья төрағалық етеді. 5. Істерді жаңадан ашылған мəн-жайлар бойынша қараған кезде соттың құрамы осы Кодекстің 504-бабында көзделген қағидаларға сəйкес айқындалады. 6. Үкімді орындау жəне есі дұрыс емес адамдарға медициналық сипаттағы мəжбүрлеу шараларын қолдану туралы істерді қарау кезінде туындайтын мəселелерді қарауды тиісті соттың судьясы жеке-дара жүзеге асырады. 7. Бір алқада судьялардың саны олардың істі қарауға қатысуға кедергі болатын мəн-жайларға байланысты істі алқалы түрде қарауды қамтамасыз етуге жеткіліксіз болған жағдайларда, тиісінше Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, облыстық жəне оған теңестірілген соттың төрағалары істі қарауға қатысуға басқа алқаның судьяларын тартуға құқылы. 53-бап. Соттың өкілеттіктері 1. Сот билігінің органы ретіндегі соттың өкілеттіктері заңда айқындалады. 2. Тек сот қана: 1) адамды қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінəлі деп тануға жəне оған жаза тағайындауға; 2) адамға медициналық сипаттағы мəжбүрлеу шараларын не мəжбүрлеп тəрбиелік ықпал ету шараларын қолдануға; 3) төмен тұрған сот қабылдаған шешімнің күшін жоюға немесе оны өзгертуге; 4) сот актілерін жаңадан ашылған мəн-жайлар бойынша қайта қарауға; 5) тергеушінің, анықтаушының, анықтау органының, прокурордың күдіктіге, айыпталушыға қатысты күзетпен ұстау, үйқамақ, экстрадициялық қамақ түрінде таңдаған бұлтартпау шарасын санкциялауға жəне олардың мерзімдерін ұзартуға; 6) күдіктіге, айыпталушыға қатысты лауазымынан уақытша шеттету жəне жақындауға тыйым салу түрінде процестік мəжбүрлеу шараларын санкциялауға; 7) күзетпен ұсталмайтын адамды сот-психиатриялық жəне (немесе) сот-медициналық сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымға мəжбүрлеп орналастыруға; 8) мəйітті эксгумациялауды санкциялауға, халықаралық іздестіру жариялауға, мүлікке тыйым салуға құқықты. 3. Сот осы Кодексте көзделген жағдайларда жəне тəртіппен: 1) қылмыстық қудалау органының, прокурордың шешімдері мен əрекеттеріне (əрекетсіздігіне) жасалған шағымдарды қарайды; 2) прокурордың, қорғаушының өтінішхаты бойынша куə мен жəбірленушінің айғақтарын сақтауға қояды; 3) ақшалай жəне əкімшілік өндіріп алуларды қолданады; 4) үкімді орындауға байланысты мəселелерді қарайды; 5) прокурордың заңсыз жолмен алынған мүлікті үкім шығарылғанға дейін тəркілеу туралы өтінішхатын қарайды. 4. Егер істі сотта қарау кезінде қылмыстық құқық бұзушылық жасауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға ықпал еткен мəн-жайлар, сондайақ сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жол берілген басқа да заң бұзушылықтар анықталса, сот жекеше қаулы шығарып, онда қажетті шаралар қолдануды талап ететін осы мəн-жайлар мен заң бұзу фактілеріне тиісті ұйымдардың немесе тұлғалардың назарын аударады. Егер сот мұны қажет деп тапса, басқа жағдайларда да жекеше қаулы шығаруға құқылы. 5. Төмен тұрған соттың (судьяның) атына жекеше қаулы шығарылмайды. Төмен тұрған сот жол берген, үкімнің, қаулының күшін жоюға немесе оны өзгертуге əкеп соққан, заң бұзушылықтар туралы жоғары тұрған сот сатысының сот актілерінде көрсетіледі. Басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар не əкімшілік немесе тəртіптік жауаптылыққа əкеп соғатын іс-əрекеттер құрамын құрайтын іс-əрекеттер жасау фактілері анықталған кезде сот заңда көзделген шараларды қолдану үшін тиісті прокурордың атына жекеше қаулы шығарады. 6. Заңда көзделген жағдайларда, судья қаралып жатқан істер бойынша анықтау органдарының, жеделіздестіру қызметін жəне жасырын тергеу əрекеттерін ұйымдастыру, нақты жедел-іздестіру іс-шаралары жəне жасырын тергеу əрекеттері, ақпаратты алу көздері жəне тəсілдері туралы жария етілуге жатпайтын мəліметтерді қоспағанда, қаралып жатқан іске қатысты жедел есепке алу істерін жəне жасырын тергеу əрекеттерінің материалдарын талап етіп алдыруға жəне олармен танысуға құқылы. 54-бап. Судья 1. Өз құзыретi шегiнде iстi жеке-дара қарайтын, соттың отырысын дайындау немесе оның үкiмiнiң немесе басқа да шешiмiнiң орындалуын қамтамасыз ету жөнiнде өкім жасау əрекеттерін жүзеге асыратын, осы Кодекстiң 53-бабының үшiншi бөлiгiнде көрсетiлген өтiнiшхаттар мен шағымдарды шешетiн судьяға соттың өкiлеттiктерi тиесiлi болады. 2. Iстi судьялар алқасының құрамында қарайтын судья қаралатын іске байланысты туындайтын барлық мəселелердi шешу кезiнде төрағалық етушiмен жəне басқа да судьялармен тең құқықтарды пайдаланады. Судья қаралатын мəселелер бойынша басқа судьялардың пікірімен келіспеген кезде, өзінің ерекше пікірін жазбаша баяндауға құқылы, ол конвертке салынып мөрленіп, қылмыстық іске қосып тігіледі. Тек жоғары тұрған соттың ғана істі қарау кезінде конвертті ашуына жəне судьяның ерекше пікірімен танысуына жол беріледі. 3. Тергеу судьясы – бірінші сатыдағы соттың судьясы, оның өкілеттігіне қылмыстық сот ісін жүргізуде адамдар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына сот бақылауын осы Кодексте көзделген тəртіппен жүзеге асыру жатады. Тергеу судьясын (судьяларын) осы сот төрағасы судьялардың қатарынан тағайындайды. Тергеу судьясын алмастыру қажет болған кезде ол қайта тағайындалуы мүмкін. 55-бап. Тергеу судьясының өкілеттіктері 1. Сотқа дейінгі іс жүргізу барысында тергеу судьясы осы Кодексте көзделген жағдайларда мынадай:

1) күзетпен ұстауды санкциялау; 2) үйқамақты санкциялау; 3) лауазымынан уақытша шеттетуді санкциялау; 4) жақындауға тыйым салуды санкциялау; 5) экстрадициялық қамақты санкциялау; 6) күзетпен ұстау, үйқамақ, экстрадициялық қамақ мерзімдерін ұзарту; 7) кепілді қолдану; 8) мүлікке тыйым салуды санкциялау; 9) күзетпен ұсталмайтын адамды сот-психиатриялық жəне (немесе) сот-медициналық сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымға мəжбүрлеп орналастыру; 10) бұрын өзіне қатысты күзетпен ұстау қолданылған адамның психикалық ауру фактісі анықталған кезде, оны ауруларды қатаң оқшаулау жағдайында ұстауға лайықталған, психиатриялық көмек көрсететін арнаулы медициналық ұйымға ауыстыру; 11) мəйітті эксгумациялау; 12) күдіктіге, айыпталушыға халықаралық іздеу жариялау мəселелерін қарайды. 2. Осы Кодексте көзделген жағдайларда тергеу судьясы: 1) анықтаушының, анықтау органының, тергеушінің жəне прокурордың əрекеттеріне (əрекетсіздігіне) жəне шешімдеріне жасалған шағымдарды қарайды; 2) тез бұзылатын немесе қылмыстық істі мəні бойынша шешкенге дейін ұзақ сақталуы елеулі материалдық шығындарды қажет ететін заттай дəлелдемелерді өткізу туралы мəселені қарайды; 3) сотқа дейінгі іс жүргізу барысында жəбірленуші мен куəның айғақтарын сақтауға қояды; 4) адвокаттар мен прокурорларды қоспағанда, сотқа дейінгі іс жүргізуде процестік міндеттерді орындамайтын немесе тиісінше орындамайтын тұлғаларға ақшалай өндіріп алуды қолданады; 5) прокурордың ұсынуымен қылмыстық іс бойынша процестік шығындарды өндіріп алу туралы мəселені қарайды; 6) сұрау салуды орындаудан бас тартылған не ол бойынша үш тəулік ішінде шешім қабылданбаған жағдайда, қорғаушы ретінде қатысатын адвокаттың уəжді өтінішхаты бойынша, мемлекеттік құпияларды құрайтын мəліметтерді қоспағанда, қылмыстық іс үшін маңызы бар кез келген мəліметтерді, құжаттарды, нəрселерді талап етіп алдыру жəне қылмыстық іске қосып тігу туралы мəселені қарайды; 7) қорғаушы ретінде қатысатын адвокаттың уəжді өтінішхаты бойынша, егер қылмыстық қудалау органы осындай өтінішхатты қанағаттандырудан негізсіз бас тартса не ол бойынша үш тəулік ішінде шешім қабылданбаса, сараптама тағайындау туралы мəселені қарайды; 8) қылмыстық процесті жүргізетін органға айғақ беруі үшін келуін қамтамасыз ету қиындық тудыратын, бұрын өздері жауап алған куəні, қорғаушы ретінде қатысатын адвокаттың өтінішхаты бойынша, мəжбүрлеп əкелу туралы мəселені қарайды; 9) осы Кодексте көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайды. 3. Тергеу судьясының қаулысына осы Кодекстің 107-бабында көзделген тəртіппен шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкін. 56-бап. Тергеу судьясының өкілеттіктерін жүзеге асырудың жалпы шарттары 1. Тергеу судьясы өз өкілеттіктерін осы Кодекстің осы бабының қағидаларына жəне тиісті баптарында көзделген ерекшеліктерге сəйкес жүзеге асырады. 2. Тергеу судьясы өз құзыретіне жатқызылған мəселелерді сот отырысын өткізбей, жеке-дара қарайды. Егер заңды жəне негізделген шешім шығару үшін маңызы бар мəн-жайларды зерттеу қажет болса, тергеу судьясы тиісті тұлғалардың жəне прокурордың қатысуымен сот отырысын өткізу туралы қаулы етеді. Осы Кодекстің 55-бабы бірінші бөлігінің 1), 2), 5), 6), 7) жəне 8) тармақтарында, екінші бөлігінің 1), 2) жəне 6) тармақтарында көрсетілген мəселелерді қарау кезінде сот отырысын өткізу міндетті. Сот отырысын өткізу міндетті болған жағдайда, қорғаушы тарап пен прокурорға сот отырысының уақыты мен орны туралы күні бұрын хабарланады. Сот отырысы тергеу судьясының өкімі бойынша бейнебайланыс режимінде жүргізілуі мүмкін. Сот отырысы барысында хаттама жүргізіледі. 3.Тергеу судьясы: 1) сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыратын органнан қаралып жатқан мəселе бойынша қосымша ақпаратты талап етуге; 2) тиісті сотқа дейінгі іс жүргізудің барлық материалдарымен танысуға жəне оларды зерттеуге; 3) процеске қатысушыларды сот отырысына шақыруға жəне олардан қылмыстық іс бойынша қажетті ақпаратты алуға құқылы. 4. Тергеу судьясы осы Кодекске сəйкес істі мəні бойынша шешу кезінде сотта қараудың нысанасы болуы мүмкін мəселелерді алдын ала шешуге, тергеп-тексеру бағыты жəне тергеу əрекеттерін жүргізу туралы нұсқаулар беруге, сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыратын адамдардың жəне қадағалаушы прокурордың, сондайақ істі мəні бойынша қарайтын соттың орнына əрекет жасауға жəне шешім қабылдауға тиіс емес. 5. Күдікті өзіне азаптау жəне басқа да заңсыз əрекеттер қолданылғаны туралы арызданған немесе онда күш қолданудың іздері болған кезде тергеу судьясы қадағалаушы прокурорға көрсетілген фактілерді дереу тексеруді жүзеге асыруды тапсыруға міндетті. 6. Адамның құқықтары мен бостандықтарын, ұйымдардың заңмен қорғалатын мүдделерін заңсыз шектеу немесе өзге де бұзу фактілері анықталған кезде тергеу судьясы заң бұзушылыққа жол берген тұлғалардың жауаптылығы туралы мəселені шешу үшін жекеше қаулы шығарады. 57-бап. Iс бойынша төрағалық етушi 1. Қылмыстық iстi судьялар алқасының құрамында қараған кезде соттың төрағасы, сот алқасының төрағасы не заңда көзделген тəртiппен осыған уəкiлеттiк берiлген судьялардың бiреуi төрағалық етедi. Iстi жеке-дара қарап жатқан судья төрағалық етушi болып есептеледі. 2. Төрағалық етушi сот отырысының барысына басшылық етедi, қылмыстық iстiң əдiл қаралуын қамтамасыз ету жəне осы Кодекстiң басқа да талаптарының, сондай-ақ сот отырысына қатысушы барлық тұлғалардың тиісті мінез-құлқының сақталуы үшін барлық шараларды қолданады. 3. Сот отырысына төрағалық етушiнiң өкiмдерi процестің барлық қатысушылары жəне сот залында қатысып отырған өзге де тұлғалар үшiн мiндеттi. 8-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚУДАЛАУ ФУНКЦИЯЛАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР МЕН ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАР 58-бап. Прокурор 1. Прокурор – өз құзыретi шегiнде жедел-iздестiру қызметiнің, анықтаудың, тергеудiң жəне сот шешiмдерiнiң, қылмыстық процестiң барлық сатыларында қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының 83-бабына жəне осы Кодекске сəйкес өкілеттіктерді жүзеге асыратын лауазымды адам: осы Кодексте белгіленген өкілеттіктер шегінде іс-əрекет жасайтын Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары, орынбасарлары, олардың аға көмекшілері мен көмекшілері, Қазақстан Республикасының Бас əскери жəне Бас көлік прокурорлары, Астана жəне Алматы қалаларының, облыстардың прокурорлары жəне олардың орынбасарлары, департаменттердің, басқармалардың жəне бөлімдердің бастықтары, олардың орынбасарлары,

аға көмекшілер мен көмекшілер, басқармалар мен бөлімдердің аға прокурорлары жəне прокурорлары, аудандардың, қалалардың прокурорлары жəне оларға теңестірілген прокурорлар, олардың орынбасарлары, аға прокурорлар мен прокурорлар. Соттың қылмыстық iстi қарауына қатысатын прокурор айыптауды қолдау арқылы мемлекеттiң мүддесiн бiлдiредi жəне мемлекеттiк айыптаушы болып табылады. 2. Прокурор күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға немесе олардың əрекеттері үшiн мүлiктiк жауаптылықта болатын тұлғаға: 1) өзiнiң дəрменсiз күйіне, күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға тəуелдi болуына немесе өзге де себептер бойынша талап қою жəне оны қорғау құқығын өз бетiнше пайдалануға қабiлетсіз жəбiрленушiнiң; 2) мемлекеттiң мүдделерiн қорғап талап қоюға құқылы. 3. Прокурор өз қаулысымен істерді өзінің іс жүргізуіне қабылдауға жəне бұл ретте тергеуші өкілеттіктерін пайдалана отырып, тергеп-тексеруді жеке өзі жүргізуге құқылы. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалауды осыған уəкілеттік берілген прокурор жүзеге асырады. 4. Прокурордың сотқа дейінгі тергеп-тексеру жəне соттың істі қарауы кезіндегі өкілеттіктері осы Кодекстің 186 (екінші жəне үшінші бөліктерінде), 187 (сегізінші бөлігінде), 190 (жетінші бөлігінде), 192, 193, 196 (екінші бөлігінде), 234 (бірінші бөлігінде), 290, 301 – 305, 321 (алтыншы бөлігінде), 337, 414 (екінші бөлігінде), 428 (алтыншы бөлігінде), 429 (жетінші бөлігінде), 454 (бесінші бөлігінде), 478 (бесінші бөлігінде), 480 (алтыншы бөлігінде) 484, 486, 494 (бесінші бөлігінде), 502 (бірінші бөлігінде), 513 (үшінші бөлігінде), 518 (бесінші бөлігінде)-баптарында, 57, 58, 59, 60, 61, 62, 63-тарауларында, 628 (бірінші бөлігінде), 643 (сегізінші бөлігінде), 668 (алтыншы бөлігінде)-баптарында айқындалады. 5. Прокурор өзiнiң процестік өкiлеттiктерiн жүзеге асырған кезде тəуелсiз болады жəне заңға ғана бағынады. 6. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры өз құзыретi шегiнде осы Кодекстің нормаларын қолдану мəселелерi жөнінде нормативтiк құқықтық актiлер қабылдайды, олар қылмыстық қудалау органдарының орындауы үшiн мiндеттi. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын органдардың нормативтiк құқықтық актiлерi олардың құзыретi шегiнде, Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келiсу бойынша қабылданады. 59-бап. Тергеу бөлiмiнiң бастығы 1. Тергеу бөлiмiнiң бастығы – сотқа дейінгі тергептексерудi жүзеге асыратын органның тергеу бөлiмшесiнiң бастығы жəне оның өз құзыретi шегiнде əрекет ететін орынбасарлары. 2. Тергеу бөлiмiнiң бастығы: 1) тергеу жүргізуді немесе сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеруді тергеушiге тапсыруға; 2) тергеушiнiң өз іс жүргiзуiндегi iстер бойынша тергеу əрекеттерін орындауының уақтылығына, тергеушiнiң тергеп-тексеру жəне күзетпен ұстау мерзiмдерiн сақтауына, прокурор нұсқауларының, басқа да тергеушiлер тапсырмаларының орындалуына бақылау жасауды жүзеге асыруға; 3) тергеп-тексеру жүргiзудi бiрнеше тергеушiге тапсыруға; 4) тергеушiнi iс бойынша iс жүргiзуден шеттетуге; 5) қылмыстық істерді зерделеуге жəне олар бойынша нұсқаулар беруге; 6) өз құзыретi шегiнде өзiне бағынысты, алдын ала тергеудi жүзеге асыратын органның бiр тергеу бөлiмшесiнен қылмыстық iстi алуға жəне алдын ала тергеудi жүзеге асыратын, өзiне бағынысты осы не өзге органның басқа тергеу бөлiмшесiне беруге; 7) қылмыстық iстердi айыптау актісімен бірге прокурорға жіберуге; 8) тергеушінің негізсіз процестік шешімінің күшін жою туралы өтінішхатпен прокурорға өтініш жасауға; 9) өз құзыреті шегінде анықтау органдарына орындау үшін міндетті тапсырмалар мен нұсқаулар беруге уəкілетті. 3. Тергеу бөлiмiнiң бастығы өз қаулысымен істі өзінің іс жүргізуіне қабылдауға жəне бұл ретте тергеушiнiң өкiлеттiктерiн пайдалана отырып, тергеп-тексеруді жеке өзі жүргiзуге құқылы. 4. Тергеу бөлiмi бастығының iс бойынша нұсқаулары тергеушiнiң осы Кодекстiң 60-бабында белгiленген дербестiгiн, оның құқықтарын шектей алмайды. Нұсқауларды орындау мiндеттi, бiрақ ол жөнiнде жоғары тұрған тергеу бөлімінің бастығына немесе прокурорға шағым жасалуы мүмкін. Күдіктінің іс-əрекетінің саралануы жəне күдік келтіру көлемі, істі айыптау актісімен бірге прокурорға жіберу немесе қылмыстық істі тоқтату туралы нұсқауларды қоспағанда, тергеушiнiң тергеу бөлiмi бастығының əрекеттерi жөнiнде шағым жасауы олардың орындалуын тоқтата тұрмайды. 60-бап. Тергеушi 1. Тергеушi – қылмыстық iс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудi өз құзыретi шегiнде жүзеге асыруға уəкiлетті лауазымды адам: iшкi iстер органдарының тергеушiсi, ұлттық қауiпсiздiк органдарының тергеушiсi жəне қаржы полициясы органдарының тергеушiсi, сондай-ақ осы Кодексте көзделген жағдайларда – прокурор. 2. Тергеушi өз қаулысымен істі өзінің іс жүргізуіне қабылдап, ол бойынша алдын ала тергеуді жүзеге асыруға жəне осы Кодексте көзделген барлық тергеу əрекеттерін орындауға құқылы. 3. Тергеуші істің мəн-жайларын жан-жақты, толық жəне объективтi зерттеу үшін барлық шараларды қолдануға, адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын көрсететін оған қатысты жеткілікті дəлелдер жиналған адамды күдіктінің іс-əрекетін саралау, осы Кодекске сəйкес оған бұлтартпау шараларын таңдау, қылмыстық құқық бұзушылықтың мəн-жайлары баяндалған, жинақталған дəлелдер сипатталған айыптау актісін жасау арқылы қылмыстық қудалауды жүзеге асыруға міндетті. Осы Кодексте көзделген жағдайларда прокурорды процестік келісімді жасасуға мүмкіндік беретін мəнжайлардың анықталғаны туралы хабардар етеді. 4. Үкімнің азаматтық талап қою, басқа да мүліктік өндіріп алулар немесе мүлікті ықтимал тəркілеу бөлігінде орындалуын қамтамасыз ету мақсатында тергеуші күдіктінің немесе оның əрекеттері үшін заң бойынша материалдық жауаптылықта болатын тұлғалардың мүлкін анықтау үшін шаралар қолдануға міндетті. 5. Қылмыстық істер бойынша тергеп-тексеру жүргізген кезде тергеуші қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған, басқа тұлғалардың меншігіне берілген мүлікті анықтау үшін де шаралар қолдануға міндетті. 6. Тергеушi анықтау органдарының кезек күттiрмейтiн тергеу əрекеттерiн орындауын күтпей-ақ, кез келген сəтте өз қаулысымен iсті өзінің іс жүргiзуіне қабылдауға жəне оны тергеп-тексеруге кiрiсуге құқылы. 7. Тергеушi заңда прокурордың, соттың санкциясын немесе соттың шешімін алу көзделген жағдайларды қоспағанда, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу кезінде барлық шешiмдi дербес қабылдайды жəне олардың заңды жəне уақтылы орындалуы үшiн толық жауапты болады. Тергеушiнiң қызметiне заңсыз араласу қылмыстық жауаптылыққа əкеп соқтырады. Қылмыстық іс бойынша тергеуші өз өкілеттіктері шегінде шығарған қаулы, сондай-ақ қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысындағы тапсырмалар мен нұсқаулар барлық ұйымдардың, лауазымды адамдардың жəне азаматтардың орындауы үшін міндетті. 8. Тергеушi тергеудегi iс бойынша прокурордың нұсқауларымен келiспеген жағдайда, олар жөнiнде жоғары тұрған прокурорға шағым жасауға құқылы. 9. Тергеушiнің өзі тергеп-тексеретін iстер бойынша (Жалғасы 21-бетте).


(Жалғасы. Басы 16-20-беттерде).

анықтау органдарының тергеп-тексерілiп жатқан iске қатысты жедел есепке алу істерімен жəне жасырын тергеу əрекеттерінің материалдарымен танысуға, оларды осы Кодексте белгіленген тəртіппен осы іске қосып тігу үшін талап етіп алдыруға, анықтау органдарына орындау үшiн мiндеттi, iздестiру, тергеу жəне жасырын тергеу əрекеттерiн жүргiзу туралы тапсырмалар мен нұсқаулар беруге жəне олардан тергеу əрекеттерiн жүргiзуге жəрдемдесудi талап етуге құқығы бар. 61-бап. Анықтау органы 1. Қылмыстық құқық бұзушылықтың сипатына қарай анықтау органдарына: 1) заңда белгiленген құзыретiне сəйкес қылмыстық құқық бұзушылық белгiлерi мен оларды жасаған адамдарды табу, қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу жəне жолын кесу мақсатында қажеттi қылмыстықпроцестік жəне iздестiру іс-шараларын қолдану; 2) алдын ала тергеу жүргiзілетін iстер бойынша осы Кодекстiң 196-бабында көзделген тəртiппен қылмыстықпроцестік жəне iздестiру іс-шараларын орындау; 3) алдын ала тергеу жүргiзу мiндеттi емес iстер бойынша осы Кодекстiң 191-бабында көзделген тəртiппен анықтау; 4) осы Кодекстiң 190-бабында белгіленген сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеруді жүзеге асыру; 5) қылмыстық теріс қылық бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді хаттамалық нысанда жүзеге асыру; 6) осы Кодекстің 189-бабының үшінші жəне бесінші бөліктерінде көзделген жағдайларда алдын ала тергеу ісін жүргізу жүктеледі. 2. Мыналар анықтау органдары болып табылады: 1) iшкi iстер органдары; 2) ұлттық қауiпсiздiк органдары; 3) қаржы полициясы органдары; 4) контрабанда жəне кеден төлемдерiн төлеуден жалтару туралы iстер бойынша – кеден органдары; 5) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа да əскерлерi мен əскери құралымдарында шақыру немесе келiсiмшарт бойынша əскери қызметiн өткеріп жүрген əскери қызметшiлер, əскери жиындардан өту кезiнде запаста тұрған азаматтар, əскери бөлiмдердiң, құрамалардың, мекемелердiң азаматтық персонал адамдары өз қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты немесе осы бөлiмдер, құрамалар жəне мекемелер орналасқан жерде жасаған барлық қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша – əскери полиция органдары; арнаулы мемлекеттік органдардың əскери қызметшілері мен қызметкерлері жасаған барлық қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің əскери полиция органдары; 6) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы заңнаманы бұзу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының континенттік қайраңында жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша – шекаралық қызмет органдары; 7) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа да əскерлерi мен əскери құралымдарында шақыру немесе келiсiмшарт бойынша əскери қызметiн өткеріп жүрген, өздерiне бағынысты əскери қызметшiлер, сондай-ақ əскери жиындардан өту кезiнде запаста тұрған азаматтар жасаған барлық қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша, əскери бөлiмдердiң, құрамалардың, мекемелердiң азаматтық персонал адамдары өз қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты немесе осы бөлiмдер, құрамалар жəне мекемелер орналасқан жерде жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша – əскери полиция органы болмаған жағдайда, əскери бөлiмдердiң, құрамалардың командирлерi, əскери мекемелер мен гарнизондардың бастықтары; 8) өздерiнiң қызметкерлерi болу елдерінде жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша – Қазақстан Республикасы дипломатиялық өкiлдiктерiнiң, консулдық мекемелерiнiң жəне өкiлеттi өкiлдiктерiнiң басшылары; 9) күзетілетін іс-шаралар өткізілетін аймақта жасалған жəне тізбесі заңда белгіленген күзетілетін адамдарға тікелей қарсы бағытталған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі; 10) өртке байланысты барлық қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша – мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары. 3. Көлiк қатынасы болмаған кезеңде – анықтау органының барлық қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша сотқа дейiнгі iс жүргiзу жəне кезек күттiрмейтiн тергеу əрекеттерін орындау жөнiндегi құқықтары мен мiндеттерi алысқа жүзу сапарындағы теңiз кемелерiнiң капитандарына, геологиялық-барлау партияларының, осы баптың екiншi бөлiгiнде тізбеленген анықтау органдарынан алыстағы басқа мемлекеттiк ұйымдар мен олардың бөлiмшелерiнiң басшыларына да жүктеледi. 62-бап. Анықтау органының бастығы 1. Осы Кодекстiң 191-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша сотқа дейiнгі тергеп-тексеру барысында анықтау органы бастығының өкiлеттiктеріне өз құзыретi шегiнде Бас анықтау органы басқармасының (департаментінiң), анықтау органы басқармасының, бөлімінің бастығы жəне олардың орынбасарлары ие болады. 2. Анықтау органының бастығы қылмыстық құқық бұзушылық белгiлерiн жəне оларды жасаған адамдарды анықтау, қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу жəне жолын кесу мақсатында қажеттi жедел-iздестiру, қылмыстық-процестік, оның ішінде жасырын тергеу əрекеттерін жүргізуді ұйымдастырады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына жедел-іздестіру іс-шараларының, жасырын тергеу əрекеттерінің нəтижелерін осы Кодексте белгіленген тəртіппен ұсынады. 3. Анықтау органының бастығы алдын ала тергеу органдарының тергеулігіне жататын қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша: 1) кезек күттiрмейтiн тергеу əрекеттерiн жүргiзудi қамтамасыз етедi; 2) прокурордың, тергеу бөлімі бастығының, тергеушiнiң тапсырмаларын, оның iшiнде жекелеген тергеу ісін жəне өзге де əрекеттер жүргiзу жəне жəбiрленушiлердi, куəларды, қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысатын басқа да адамдарды қорғау шараларын қолдану туралы тапсырмаларын орындауды ұйымдастырады; 3) соттың тапсырмаларын орындауды ұйымдастырады. 4. Сотқа дейiнгі тергеп-тексерілуін анықтау органдары жүзеге асыратын қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша анықтау органының бастығы анықтаушылардың əрекеттерiнiң уақтылығын жəне заңдылығын бақылайды жəне: 1) олардың iс жүргiзуiндегi iстердi тексеруге; 2) жекелеген тергеу жəне өзге де процестік əрекеттерді жүргiзу, күдіктінің іс-əрекетін саралау, iстердi, материалдарды бiр анықтаушыдан екiншiсiне беру туралы нұсқау беруге; 3) анықтауды бiрнеше анықтаушыға тапсыруға; 4) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастауға жəне бұл ретте iстi өзiнiң іс жүргiзуiне қабылдап не жекелеген процестік əрекеттерді орындай отырып, анықтауды жеке өзі жүргiзуге құқылы. 5. Анықтау органының бастығы мүлiкке тыйым салу туралы өтінішхатты қозғау, халықаралық іздестіру жариялау, күзетпен ұсталмайтын күдіктіні, айыпталушыны стационарлық сот-медициналық немесе сотпсихиатриялық сараптама жүргiзу үшiн медициналық ұйымға жiберу, күдіктіге, айыпталушыға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау, күзетпен ұстау мерзімін ұзарту; күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын өзгерту немесе оның күшін жою; тінту жүргізу; күдіктіні, айыпталушыны лауазымынан

21

www.egemen.kz

10 шілде 2014 жыл

шеттету; жақындауға тыйым салу; күдіктіні, айыпталушыны этаппен апару, күдіктіге, айыпталушыға іздестіру жариялау туралы қаулыларды келіседі; айыптау актісін, қылмыстық теріс қылық туралы хаттаманы келіседі; қылмыстық құқық бұзушылық жасауға күдік келтiрiлген адамдарды ұстап алу туралы хаттаманы бекітеді; қылмыстық істі келісілген айыптау актісімен немесе қылмыстық теріс қылық туралы хаттамамен бірге прокурорға жібереді; қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін мəн-жайларды жою жөнiнде шаралар қолдануды қамтамасыз етедi. Осы Кодексте көзделген жағдайларда прокурорды процестік келісім жасасуға мүмкіндік беретін мəнжайлардың анықталғаны туралы хабардар етеді. 6. Анықтау органы бастығының іс бойынша нұсқаулары анықтаушының осы Кодекстiң 63-бабында белгiленген дербестiгiн, оның құқықтарын шектей алмайды. Нұсқаулар жазбаша нысанда берiледi жəне олардың орындалуы мiндеттi, бiрақ бұл жөнiнде прокурорға шағым жасалуы мүмкiн. Осы Кодекстің 63-бабының алтыншы бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, анықтаушының прокурорға анықтау органы бастығының əрекеттерiне (əрекетсіздігіне) шағым жасауы олардың орындалуын тоқтата тұрмайды. 63-бап. Анықтаушы 1. Анықтаушы – iс бойынша өз құзыретiнiң шегiнде сотқа дейiнгі тергеп-тексеруді жүзеге асыруға уəкiлеттi лауазымды адам. 2. Анықтаушы істі анықтау органының бастығы бекіткен өз қаулысымен өзінің іс жүргізуіне қабылдап алуға жəне осы Кодексте айқындалған нысандарда сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыруға, заңда оларды анықтау органы бастығының бекiтуi не келісуі не прокурордың, соттың, тергеу судьясының санкциялары немесе соттың шешiмi көзделген жағдайларды қоспағанда, тергеу əрекеттері мен басқа да процестік əрекеттерді жүргiзу туралы шешiмді дербес қабылдауға құқылы. 3. Алдын ала тергеу жүргiзу мiндеттi емес iстер бойынша сотқа дейiнгі тергеп-тексеру кезiнде анықтаушы осы Кодекстің 190, 191-баптарында көзделген ерекшеліктерді қоспағанда, алдын ала тергеу жүргiзу үшiн осы Кодексте көзделген қағидаларды басшылыққа алады. 4. Анықтаушы, алдын ала терге