Page 1

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 69 жылдығына орай «Отан корғаушы» монументіне гүл қою рəсіміне қатысты.

№91 (28315) 10 МАМЫР СЕНБІ 2014 ЖЫЛ

Ардагерлерімізді ардаќтап, ќарттарымызды ќўрметтеген халыќпыз

Елордада ґткен Ўлы Отан соєысындаєы Жеѕістіѕ 69 жылдыєына арналєан мерекелік гїл ќою рəсімінде Елбасы Нўрсўлтан Назарбаев осылай деді

Динара БІТІКОВА, Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Ұлы Жеңіс күні – тек соғыс ардагерлерінің ғана емес, барша қазақстандықтардың айрықша мерекесі. Бұл – сұрапыл соғыста жанқиярлықпен ерлік жасаған, елі үшін жанын құрбан еткен бабалар рухына тағзым етудің, қиянкескі ұрыстан аман келген ата-əжелерді

құрметтеудің нағыз үлгісі көрсетілетін күн. Биыл да Жеңіс күні еліміздің түкпір-түкпірінде ерекше аталып өтуде. Ал ел жүрегі Астанада мереке Мəңгі алау жанынан бастау алды. Алаңға халық таңсəріден көптеп жиналды. Кеуделері жарқыраған орден-медальға толы ардагерлерге биыл да жылдағы дəстүр бойынша сый-құрмет көрсетіліп, гүл шоқтары ұсынылып жатты. Мəңгілік алау жанында сап түзеген Қазақстан

Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінің құрметті қарауылы, «Жас Ұлан» республикалық мектебінің оқушылары да мерекені айшықтай түсті. Көп ұзамай, алаңға Елбасы да келді. Президент Мəңгілік алауға Мемлекеттік күзет қызметінің үрлемелі аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен Атақ гирляндасын қойды. Бұдан кейін алаңға жиналған көпшілік соғыста қаза тапқан азаматтарды еске алды. Бір минут

Ынтымаќтастыќ жайын арќау еткен кездесу Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Уильям Бёрнспен кездесу өткізді, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі. Кездесу барысында Қазақстан мен АҚШ арасындағы саяси жəне сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жай-күйі мен болашағы, сондай-ақ, наурыз айында Гаага қаласында өткен Ядролық қауіпсіздік саммиті шеңберіндегі Қазақстан Президенті Н.Назарбаев пен АҚШ Президенті Б.Обаманың уағдаластықтарын жүзеге асыру мəселелері талқыланды. Тараптар жаһандық қауіпсіздік, əсіресе, жаппай қырып-жою қаруын таратпау саласындағы екі елдің ынтымақтастығын зор қанағаттанғандықпен атап өтті. Америкалық дипломат Қазақстанның аталған салаға қосқан үлесі мен бастамалары үшін ризашылық білдірді. Осыған орай, 6 мамырда Нью-Йоркте «ядролық бестік» елдерінің Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақтың (ОАЯҚАА) қатысушы елдеріне кепілдіктер берілетін хаттамаға қол қоюдың маңызы ерекше атап өтілді. ОАЯҚАА-ның төрағасы

ретінде Қазақстан екі жыл бойы бұл мəселені ілге рілету бойынша жұмыс істеп, Орталық Азия өңірі елдерінің қауіпсіздігін елеулі түрде нығайтып, таратпаудың жаһандық жүйесіне зор үлес қосты. Сұхбаттасушылар, сондайақ, қазақстандық-америкалық екіжақты қатынастардың, соның ішінде Стратегиялық əріп тестік жөніндегі комиссия мен Энергетика саласындағы бірлескен комиссия жəне Ғылыми-техникалық ынтымақтастық комиссиясының жемісті қызметін атап өтті. Сауда-экономикалық жəне іскерлік ынтымақтастық ел деріміз арасындағы стратегиялық əріптестіктің маңызды құрамасы болып қала береді. ҚР СІМ басшысы жоғары технологиялар саласындағы АҚШ компанияларының Қазақстанда бірлескен жобаларды жасауға деген қызығушылығының артуын атап өтті. Сұхбаттасушылар арасында халықаралық саясат жəне

өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мəсе лелері, соның ішінде Украинадағы жағдай бойынша пікір алмасу өтті. Осыған орай, барлық мүдделі тараптардың 17 сəуірде Женевада қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау қажеттілігі баса айтылып, қақтығысқа тартылған тараптардың ұстамдылық танытып, одан арғы қантөгіске жол бермейтініне сенім білдірілді. У. Бёрнс еліміздің Ауғанстанды қалпына келтіру мен ондағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін Қазақстанға ерекше ри зашылық білдірді. Ол халықаралық коалиция əскерлерін АИРден шығару аясында АҚШ, Қазақстанды қоса алғанда, өз əріптестерімен Ауғанстанның, соның ішінде соңғы отырысы 2013 жылдың сəуірінде Алматыда өткен Ыстамбұл үдерісі шеңберіндегі тұрақты дамуын сақтайтынына сендірді. Дипломаттар барлық деңгейлердегі үнқатысуды жалғастырып, қазақстандық-америкалық стратегиялық əріптестікті нығайту мен кеңейтуге қо сым ша күш салуға уағдаласты.

Бїгінгі нґмірде: Ржев иіні 3-бет

«Елім!» – деп келген ер 5-бет

Данагґй 6-бет

үнсіздіктен кейін еліміздің Əнұраны шырқалды. Бұдан соң Мемлекет басшысы ардагерлеріміз бен барша қазақстандықты Жеңіс күнімен құттықтады. «Құрметті, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, сіздерді бүгінгі Жеңіс күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Жеңіс күні Ұлы мереке! Біздің əкелеріміз бен аталарымыз Отан үшін қасық қаны қалғанша шайқасты. Өткен

соғыста 2 миллионға жуық қазақстандық майданға аттанып, жартысы майдан да ласынан оралмады. Бұдан басқа 700 мың, яғни шамамен миллионға жуық адам тылда еңбектенді. Біздің мыс, біздің қорғасын – бəрі де жауды жеңу үшін жұмсалды. Миллиондаған адам бəрін де майдан үшін, жеңіс үшін беріп, бел шешпей еңбек етті. Қазір біз аталарымыз бен əкелеріміздің арқасында бейбіт аспан астында өмір

сүрудеміз, қуатты мемлекет құрып, болашаққа сеніммен қарап отырмыз», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Президент ардагерлердің тек жауынгерлік ерлігімен ғана емес, өмірлік өнегесімен де қымбат екенін атап өтті. Мем лекет басшысы достық, ерлік жəне бауырластық тəрізді ұлағатты ұғымдармен байланысты Жеңіс күнін əрдайым есте сақтауға шақырды.

Ерлік лайыќты баєаланєан кїн Оралхан ДƏУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Жамбыл топырағынан Ұлы Отан соғысына 120 мыңға жуық жауынгер аттанып, тағдыр соның 32 мыңына туған жерге қайта оралуды жазбапты. «Ер есімі – ел есінде» деген, кеуделерін оққа тосып, Отаны үшін жанын пида еткен бұл жауынгерлердің есімі, ерлігі əрдайым елдің есінде қалары сөзсіз. Тараз төрінде өткен Жеңіс мейрамы от пен оқтың ортасында

Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан».

Даңқ мемориалы алаңы кеудесі орден мен медальға толы қариялар мен қып-қызыл гүл шоқтарын ұстаған нөпір халыққа толы болды. Өңір басшысы Б.Сапарбаев пен об лыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Г.Бердюгин бастаған облыс орталығының жұртшылығы, əскери бөлімдер, кəсіпорындар мен мекемелердің өкілдері бар тағзым етушілердің қалың қатары сұрапыл соғыста қан төккен майдангерлер рухын еске алып, Мəңгілік алауға гүл шоқтарын қойды. Бүгінде Өскеменде 240 ҰОС ардагері, 8051 тыл еңбеккері тұрады. Шығыс өңірінен майданға 170 мыңға тарта адам аттанса, олардың арасында соғыс даласында ажал құшып, хабарсыз кеткендердің өзі 96 мыңға жуық. Шығысқазақстандықтар аталған соғыста асқан ерлік көрсеткенін өңірден аттанған 109 жауынгердің Кеңес Одағының Батыры атағына ие болғанынан білуге болады. Сондайақ, 24 жерлесіміз «Даңқ» орденінің толық кавалері болды. Бұл – Батыр атағына теңестірілген жауынгерлік жоғары марапат. 30 мыңға жуық сарбаздар түрлі дəрежедегі ордендермен, медальдармен, 9 мың тыл еңбеккері «Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

арпалысқан батырларымыздың ерлігін ұлықтап, тағзым етуден басталды. Орталық «Достық» алаңында өткен мерекелік жиында облыс əкімі К.Көкірекбаев ардагерлерді Жеңіс мерекесімен құттықтап, жастар жағы келешек ұрпақтың бейбіт өмірі үшін қолына қару ұстаған, бүгінде көзі тірі майдангерлерге құрмет көрсетті. Соғыс жылдарынан түрлі театрландырылған көріністер қойылды. Бүгінгі тəуелсіз еліміздің əскер сапындағы үздік сарбаздар кəсіби шеберліктерін көрсетіп, соңы

концерттік бағдарламаға ұласты. Биыл 90 жасқа толып отырған қарт майдангер Жұманəлі Пазылбаев əскерге 1942 жылы шақырылып, Волхов, Ленинград, Смоленск бағытында қан майданға қатысыпты. Кейіннен Минск, Кишинев қалаларында, Украина, Эстония, Латвия, Литва елдерін азат ету үшін аянбай шайқасқан. 1948 жылы елге оралған ол ішкі істер органдарында басшылық қызметтер атқарды. Тіпті, зейнетке шыққаннан кейін де қол қусырып қарап отырмай,

(Соңы 2-бетте). қаладағы қарттар үйінде қызмет етті. Жеңіс мейрамы қарсаңында облыс əкімі К.Көкірекбаев ел басына күн туғанда қолына қару ұстап қорғап, бейбіт күнде еселі еңбегімен үлес қосқан қарт ардагерді арнайы барып құттықтап, сый-сияпат жасады. Сондай-ақ, бұл күні облыс басшылығы тағы да бірқатар ардагерлердің үйінде болды. Бұл күні облыс орталығында концерттік бағдарлама, солдат ботқасын тарату, ескерткіштерге гүл шоқтарын қою рəсімі өтіп, əскери техника көрмесі ұйымдастырылды. Жамбыл облысы.

Шеру Жеңіс рухын айшықтаған салтанатты мереке Республика алаңында əскери шерумен жалғасты. Шеруді ішкі істер министрлігі ұлттық ұланының «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы, генерал-майор Бауыржан Əбжанов басқарды. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының офицерлері, 5518 əскери бөлімінің қызметкерлері, төтенше жағдайлар департаментінің офицерлері мен Ауған соғысының ардагерлері, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ əскери кафедрасының студенттері жəне Өскемен қаласындағы «Қаһарман», «Тұлпар», «Жұлдыз-Звезда», «Айбын» əскерипатриоттық клубтарының мүшелері бар 15 колонна сап түзеген салтанатты шеру барысында əртүрлі тақырыпта безендірілген жүк көліктері Ұлы Отан соғысындағы шешуші ұрыстарды бейнелеген көріністер ұсынды. Мəселен, «Брест қорғаны», «Мəскеу үшін шайқас», «Курск шайқасы», «Ленинград қоршауы», «Берлинді алу» жəне бүгінгі бейбіт өмірді бейнелеген «Мəңгілік Ел» көріністері алапат соғыс пен ата-бабаларымыздың бекер қан төкпегенін ұтымды көрсете білді. Салтанатты шеруді ұлттық ұланның

5518 əскери бөлімінің оркестрі марштық əуендермен сүйемелдеді. – Бүгінгі заман өкілдері ел егемендігінің, бейбіт өмірдің қалай келгенін ұмытпауы керек. Біз, ата-əжелеріміз, əке-аналарымыз, ағаларымыз алдында борыштармыз. Соғыстың қайғысы, қасіреті көп болады. Сондықтан Отан үшін жанын қиған аға буын ерлігі, еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін еткен өлшеусіз еңбек еш уақытта ұмытылмайды, – деді өңір басшысы Б.Сапарбаев. Сонымен қатар, Жамбыл атындағы саябақта ҰОС ардагерлері мен тыл

еңбеккерлері сарбаз ботқасынан дəм татып, əскери-патриоттық əндерді шырқады. Ал Ертіс жағасындағы амфитеатрда «Жеңіс рекорды» спорттық акциясы өтті. Онда Ұлы Отан соғысынан бері өткен 25203 бейбіт күннің құрметіне аталған сандық көрсеткішпен сай келетін дене күшін сынаудан, белтемірде ойнаудан жəне гір тасын көтеруден спорттық жарыстар өтті. Жеңіс мерекесі Ертіс жағасындағы барқыт аспанды сансыз жұлдыздарға бөлеген отшашумен аяқталды. ӨСКЕМЕН.


2

www.egemen.kz

10 мамыр 2014 жыл

Ардагерлерімізді ардаќтап, ќарттарымызды ќўрметтеген халыќпыз

(Соңы. Басы 1-бетте).

«Мінекей, əлі күнге дейін қарттар өздерінің тəжірибесін жастарға үйретіп, оларды патриоттық рухта тəрбиелеп келеді. Ұлтшылдық пен фашизмнің не екенін біздің аталарымыз, ағаларымыз жақсы біледі, соған қарап жастарымыз бірлікке, Отанды қорғауға үйренсе екен дейміз. Қазір Қазақстанды дамытып, қуанышты өмір сүрудеміз, болашаққа нық сеніммен қараймыз. Осының бəрі аталарымыздың еңбегі, солардың батылдығының арқасы. Сондықтан сіздер, яғни кейінгі ұрпақ бірліктің, батырлықтың, бауырластықтың қадірін

білулерің керек. Кешегі өткен əскери шеруде Қарулы Күштеріміздің мүмкіндігін көрсеттік. Оны көрген ардагерлер Отан қорғайтын азаматтардың бар екеніне қуанып жатты», деді Елбасы. Мемлекет басшысы, сондай-ақ, қазақтың ардагерлерді ардақтайтын, қарттарымызды қадірлейтін халық екенін атап өтіп, майдангерлер мен тыл еңбеккерлеріне мемлекеттің қажетті жағдайды жасап, əлеуметтік қолдау көрсетіп отырғанына да назар аударды. «Мемлекет ардагерлерге қолдан келгенше барлық жағдайды жасауда. Мəселен, зейнетақы көлемі артып

келеді, ал жергілікті бюджет есебінен арнайы сыйақылар қарастырылуда. Майдангерлер қатары жыл өткен сайын сиреп барады. Сондықтан бəріміз ардагерлерімізді ардақтап, қадірлеп, құрметтеп, олардан батырлықты, ерлікті үйренейік. Келер жылы олармен Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтуге жазсын. Барша ардагердің отбасында амандық, жақсылық болсын. Аспанымыз ашық, барлық тілегіміз орындалып, Қазақстанымыз гүлдене берсін», – деп түйіндеді өз сөзін Президент. Мəңгілік алауға гүл шоқтарын қою рəсімінен кейін Президент Жеңіс

күніне орай арнайы тігілген шатырлар қалашығына барып, əскери ботқадан дəм татты, мерекелік асқа шақырылған ардагерлермен əңгімелесті. Бұл кезде шатыр маңына жиналған əншілер көпке таныс əскери əндерді шырқап, көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады. Еске салайық, қазіргі уақытта Астанада 258 Ұлы Отан соғысының ардагері тұрып жатса, олардың 64-і Ұлы Отан соғысының мүгедегі болып табылады. Ардагерлердің 218-і ер, 40-ы əйел адам. Олардың бəріне жергілікті бюджет есебінен 150 мың теңге көлемінде бір реттік əлеуметтік қолдау көрсетілді.

Ұлы Отан соғысының ардагерлері толықтай тұрғын үймен қамтамасыз етілген. Оларға 2009-2013 жылдары 218 пəтер берілді. Тарқатып айтар болсақ, 2009 жылы – 115, 2010 жылы – 56, 2011 жылы – 22, 2012 жылы – 6, 2013 жылы 19 ардагер баспаналы болды. Астана қаласында Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне бірқатар əлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған. Ай сайын тұрғын үйдің ауданына байланысты коммуналдық жəне басқа да қызметтерге төлеу үшін əлеумет тік көмек ұсынылады. Бұдан басқа, Астанада Ұлы Отан соғысына қатысушылар

мен мүгедектерге бірқатар тегін қызметтер көрсетіледі, айталық, қалалық жолаушылар көлігінде тегін жүру, тіс протездеу, санаторийлерде емделу, дəрідəрмектермен қамту қарастырылған. Əрине, мұның бəрі сұрапыл соғыста дұшпанының сағын сындырған майдангерлер алдындағы перзенттік парызымызды өтеудің аз ғана бөлігі. Себебі, от пен оқтың ортасында жүріп, ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қазыналы қарттарымыз қандай құрмет-қошеметке де лайық. ----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Лебіздер легі Нұрғазы АҚТАЕВ, соғыс ардагері:

– Бүгінгі мерекелік шараға қатысып, көңілімді шаттық кернеп отыр. Елдің амандығынан, бейбіт өмірден артық қандай бақыт бар. Жыл сайын Жеңіс күнін ерекше атап өтеміз. Осыдан 69 жыл бұрын «Жеңіс» деген сөзді естіп бір қуансақ, қазір біз сол Жеңістің қадірін жыл сайын сезіне түсудеміз. Мемлекет біздерге өте жақсы көңіл бөлуде. Зейнетақымызды уақытында аламыз. Барлық əлеуметтік жағдайлар жасалған. Əрдайым еліміздің тыныштығын тілеймін. Енді соғыс болмаса екен! Мен соғысқа 17 жасымда аттандым. Оқ пен оттың арасында жүріп, Отанымызды қорғадық. Алғаш рет Сталинград майданына қатыстым. Сталинградтағы трактор зауытын немістер басып алған екен, соны жаудан азат еттік. Аласапыран соғыстан аман оралып, қазіргі Тəуелсіз елімнің бейбіт күнін көріп отырғаныма Аллаға мың да бір шүкіршілік етемін. Аман болайық, Отанымыз тыныш болсын!

Кəсіпкерлер ќоєамын кґрмеге шаќырды Қазақстан мен Италия өңірлерінің арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында Қазақстанның Италиядағы елшісі Андриан Елемесов Кампания өңірінде болып қайтты, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі. Кездесулерде Астанада ЭКСПО-2017 көрмесін өткізудің дайындық кезеңіне ерекше назар аударылды. Қазақстан елшісі Кампания кəсіпкерлер қоғамын жоспарланған маңызды халықаралық шараға белсенді қатысуға шақырды. Келіссөздер барысында Астанадағы ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесін көпшілікке тарату мақсатымен Жер шарын аралап жүрген қазақстандық атақты жиһанкез Сапар Ысқақовтың Наполиге сапарын ұйымдастыру шаралары талқыланды. Елшілік делегациясының сапар бағдарламасының негізі Наполидегі конференция барысында БҰҰ қолдауымен əзірленген Əлемдік дағдарысқа қарсы жоспар жобасын талқылау болып табылды. Шамамен 50-ге жуық шақырылған қонақтардың қатысуымен өткен іс-шара Наполидің Сауда-өнеркəсіп палатасы (СӨП) жəне «Еуроспортелло» инвестициялық агенттігімен бірлесіп ұйымдастырылды. Сапар барысында Салерно СӨП пен халықаралық «Интертрэйд» компаниясының қолдауымен «Қазақстан: экономикалық дамудың жаңа көзі» атты өңірлік бизнес-форум өтті. Іс-шараға қаланың негізгі салаларында жұмыс істейтін өнеркəсіптердің басшылары қатысты. Шара нəтижесінде Салерно кəсіпкерлері қазақстандық əріптестермен ынтымақтастықты дамыту жəне бірлескен өнеркəсіптер ашу мақсатында Қазақстанның өңірлеріне сапар шегуге қызығушылықтарын танытты. Сонымен қатар, А.Елемесов сапары барысында Салерно қаласының портына барды. Порт президенті Андреа Аннунциатомен келіссөздер кезінде екіжақты қатынастардың өзекті мəселелері талқыланды. Елші италиялық серіктестерді Ақтау теңіз портының əкімшілігімен көпжақты қатынастарды дамытуға шақырды. Айта кететін жайт, Салерно Жерорта теңізінің коммерциялық паромды тасымалы белсенді дамып келе жатқан портының бірі болып табылады.

Халия АМАНДОСОВА, тыл ардагері:

– Мен əкелерімді, ағаларымды соғысқа аттандырып, оларға тылда жүріп, ас-су əзірлеп отырған жандардың қатарында болдым. Соғыс басталғанда небəрі 8 жасар ғана бала едім. Өзімнің 1 кластық қана білімім бар. Соғыс жылдары ауық-ауық пойызбен 10-15 адамнан келіп тоқтайтын, соларға тамақ əзірлеп беріп, жағдайларын жасауға тырыстық. Егінде жүріп, 6-7 айлық шамасындағы 10 шақты баланы баққан да кезім болды. Бұл – өте қиын жылдар еді. Бірақ, бала болсақ та сол қиындықтарды, ауыртпалықтарды еңсере білдік. Бастан өткерген қиындықтарымды қайта көз алдыма елестеткенде, жүрегім қан жылайды. Өйткені, бізде балалық шақ болған жоқ. Сондықтан, мен əр баланың өз балалық шағының болғанын, немере-шөберелеріміздің біз секілді ешқандай соғысты көрмегенін қалаймын. Үнемі жастарымыздың тілеуін тілеп отырамын. Елімізде əрқашан тыныштық, бейбітшілік болсын. Ардагерлерге денсаулық, отбасыларына амандық тілеймін.

Диқан ЖҮНІСБЕКҰЛЫ, тыл ардагері:

– Соғыс жылдары Целиноград ауданындағы ұжымшарда жұмыс істедім. Осылайша, тылда еңбек етіп, қиянкескі ұрыстың ортасында жүрген ержүрек жандарға қолдау көрсеттім. Менің сұрапыл соғыс жылдары көппен бірге сіңірген еңбегім далаға кеткен жоқ, бағаланды. Жеңістің 55 жылдығында соғыс ардагеріне теңестірілдім. Бүгінде жасым 86-да. Құдайға шүкір, 6 балам, 10 немерем, 12 шөберем бар. Осы ұрпағымның ортасында, міне, бейбіт күнді көріп, тəуелсіз Қазақстанның қол жеткізген жетістігіне куə болып отырмын. Бүгінде мемлекетіміз қазыналы қарттарға барынша қолдау танытып, құрмет көрсетіп келеді. Бұл ретте, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтамын. Кейінгі ұрпақ бақытты ғұмыр кешсін, соғысты көрмесін. Əрдайым, егемен еліміздің тұғыры берік, еңсесі биік болсын. Ешқашан жамандық болмасын. Қазақстанымыз əрі қарай да көркейіп, өркендей берсін.

Тезис САҒИМОЛДИНА, тыл ардагері:

– Осындай мерекеге жыл сайын қатысамын. Бұл – біз үшін үлкен қуаныш. Мен өзім соғысқа қатыспасам да, бар болғаны алты жасымда əкемді соғысқа аттандырып, тылда еңбекте болған шешеме қолғабыс жасадым. Сол қиын кезеңдер бізді ерте есейтті. Ол кез бала-шаға деп қарап жатпайтын. Əрбір адам қолдан келгенше соғыстағы солдаттарға көмек қолын

созуға тырысты. Ал 1945 жылы 9 мамырда «Жеңіс» деген сөзді естіп, біз бақытқа бөлендік. Содан бері бұл күн біз үшін ерекше қастерлі. Менің əкем соғыстан жаралы болып оралған еді, денсаулығы сыр беріп, ертерек қайтыс болып кетті. Қаншама туыстарымыз сол соғыстан оралмай қалды. Анам да соғыстың ауыр кезеңдерінде жағдайы болмай, сырқатқа шалдығып, өмірден ерте озды. Міне, соғыстың кермек дəмін біздер осылай таттық. Қазір бейбіт өмірдің қадірін білеміз. Лайым, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!

 Біз – қазақстандықтармыз!

Зердеге достыќ дəнін себетін кафедра Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан».

М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясының кафедрасы ашылды. Оның тұсаукесеріне Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Парламент Сенатының депутаты Анатолий Башмаков, оның сенатор əріптестері Хусаин Валиев пен Жеңіс Нұрғалиев қатысты. Кафедраның ашылу салтанатында мазмұнды сөз сөйлеген А.Башмаков ұлттар мен ұлыстардың татулығын, бірлігін сақтау бүгінде əлемдік сипат алып отырған өзекті мəселе екендігіне тоқталды.

Оның мысалына Украинадағы жағдайды келтірді. – Біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет Тəуелсіздігінің алғашқы күнінен бастап, еліміздегі түрлі ұлттар өкілдерінің бірлігін ең бірінші мəселе етіп қойды. Бірлігі бар ел озады. Қазір əлемдегі экономикалық, қаржылық, экологиялық дағдарыстардың барлығы да халықтар татулығы орын алғанда ғана дұрыс шешімін табады. Сол үшін біздің өз дəстүріміз, тіліміз түп-тамырынан ажырамағанда ғана ұлттар татулығы мүмкін болады. Ол үшін Елбасымыз барлық жағдайды жасап отыр,– деді Анатолий Афанасьевич. Университет ректоры Сəбит Есмұратов жұртшылыққа кафедраның ашылу мақсаты

Татулыќ аясындаєы кездесу Биылғы жылдың ақпан айынан бері Батыс Қазақстан облысының аудандары мен округтері арасында «Бейбітшілік пен келісім» республикалық мегажоба аясында шаралар жалғасын табуда. Соның айғағындай, Жəнібек ауданының түрлі салалар өкілдерінен құралған делегация көршілес жатқан Қазталов ауданында болды. Бұл екі аудан да Ресейдің Волгоград, Саратов губернияларымен шекаралас орналасқан. Ресеймен «ауылы аралас, малы қоралас» болғандықтан, түрлі ұлт өкілдері тұрады. Мегажоба аясында дөңгелек үстел басында кездескен Қазталов жəне Жəнібек аудандарының əкімдері Нұрлан Бекқайыр мен Мұрат Мұқаев аудандардағы

атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде əңгімелеп, тəжірибелер алмасты. Сондайақ, делегация мүшелері типтік жобада салынған «Нұрбалапан» балабақшасында, тарихи-өлкетану мұражайында болды. Бір қуанарлығы, көршілердің əңгімесінде Жəнібек ауданының орталығында да «Нұрбалапандай» балабақша құрылысы басталыпты. Сонымен қатар, Жəнібек ауданының Ақоба округі жерінен жерасты қазба байлықтың табылғанын да жеткізді. Бұған қазталовтықтар көршілердің қуанышына ортақтастық тілегін білдірді. Мегажоба аясындағы кездесуде сөз алған ұлты əзербайжан Тамара Кафарова жұбайының қазақ екенін айта келіп, құда-жекжаттарының да жергілікті

мемлекеттік этносаясат міндеттерін іске асыру, жастарды толеранттылық жəне этносаралық келісім рухында тəрбиелеу екенін айтып өтті. Қазақстандағы жоғары оқу орындарында ашылған бұл үшінші кафедра болып саналады. Оның меңгерушілігіне облыста мемлекеттік жəне шаруашылық қызметтер атқарған, өмірлік тəжірибесі мол азамат Мирас Нұрғалиев бекітілді. М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде ашылған кафедра облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының негізгі əдістемелік орталығы болады. ҚОСТАНАЙ.

халықтан екенін жеткізді. Ал концерттік бағдарламада Тамара халық əні «Угай айды» орындағанда көрермен қошеметпен қол соқты. Сондай-ақ, Жəнібек аудандық «Шұғыла» газетінің редакторы Ахмедияр Ба тырханов ауданымыздан Ұлы Отан соғысында хабарсыз кеткен боздақтардың тың мəліметтерін алып келуі – Ұлы Жеңістің 70 жылдығына берілген тарту деуге болады. Осындай ел мен елді жақындастырған, татулық пен бірлікті насихаттаған мегажоба аясында өткізілген шараға аудан жұртшылығы риза болды.

Гүлфия КӨШБАЕВА. Батыс Қазақстан облысы, Қазталов ауданы.

Мемлекеттік тілді меѕгеру – ортаќ міндет Виталий СВИНЦИЦКИЙ,

«Полония» поляк этномəдени бірлестігінің төрағасы.

Мен поляк этносының өкілімін. Түпкі тамырым бұрынғы Көкшетау облысынан бастау алады. Сол жерге кезінде біздің əулетті, атамды жер аударған екен. Мен де Көкшеде туып, əскер қатарынан кейін Павлодар облысына қоныс аудардым. Осы жердегі Ассамблея қатарына 39 жасымда келіппін. Қазір, міне, 21 жыл бойы осы Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық бөлімшесінде қызмет жасап келемін. Осы жолғы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Ассамблея сессиясы өмірімдегі ұмытылмас кезеңдердің біріне айналды. Себебі, Елбасының қолынан марапатқа ие болып, қуанышқа бөлендім. Президент еліміздегі əртүрлі ұлт өкілдерінің мəдениетін, салт-дəстүрін, тілін, дінін дамытып, жаңғыртуды жəне ел ішіндегі бірлікті сақтауды ойлайды. Əлбетте, өткен кезеңнің жақсы-жаман дегендей тұстары болды. Өйткені, мен де сол кезде көпшілікпен бірге білім алып, облыс орталығындағы Индустриялық институтын бітірдім. Кейін əрбір этностың ұлттық мəдениетін, тілін, салт-дəстүрін қайта жаңғырту рухы, Ассамблеяның ерекше лебі ескен біздің еліміздің тəуелсіздік алған жылдары басталды. Қазіргі таңда елімізде 820 этномəдени бірлестік бар екен. Олардың қатарында 70 мыңнан астам белсенді этнос өкілдері қызмет атқаруда. Барлығы да тек қана ел бірлігін сақтау мақсатын көздейді. Ал, біздер, қоғамдық бірлестік мүшелері, мемлекетіміздегі ұлттар достығын, бейбітшілікті сақтауда өз жолымызды таңдадық деп ойлаймын. Игі істерімізді Қазақстан халқы Ассамблеясы атты бірегей институт арқылы жүзеге асырудамыз. Ең бастысы – қазақ жерінде тұрып жатқан соң түрлі мəдениетті байланыстыратын мемлекеттік тіл – қазақ тілі болуы тиіс. Жаппай жұмыла мемлекеттік тілді меңгеру бізді біріктіре түсуі тиіс.

ПАВЛОДАР.


3

www.egemen.kz

10 мамыр 2014 жыл

 Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран Мəскеу-Волоколамск тасжолынан солға бұрылған соң, қазақ өлеңінде «орманы жас, жері кəрі, ата қоныс санайды жұрттың бəрі» деп жырланатын көне Тверьге қарай маңдай түзейсіз. Бұл ХХ ғасырдағы ғаламат қанды қасап құрбандарының қаны мен тері сіңген қасиетті жер. Еділдің бастау жағасына орналасқан, 1929 жылға дейін Тверь губерниясының орталығы болған, 1931-1990 жылдары Калинин атанған қала. ХІІ ғасырда пайда болған Тверь осы байырғы тарихи атауына 1990 жылы ғана қайта оралды. Сол себепті соғыс жылдарындағы құжаттарда Тверь Калинин қаласы, осы өңірдегі ұрыс алаңы Калинин майданы болып көрсетіледі. Бұрын да, қазір де Тверь – тоғыз жолдың торабы əрі Санкт-Петербург пен Мəскеуге қарай шығатын жолдардың тоғысқан жері. Сондықтан немістің «Орталық» əскер тобы 1941 жылғы 17 қазанда қаланы жаулап алып, қала халқы екі айға жуық жау қолы астында болды. Өршелене ұмтылған неміс əскерінің алдын тосқан кеңес əскері оларды бұдан əрі алға жібермеді. Сол жылғы 6 желтоқсанда Калинин майданының жауынгерлері қарсы шабуылға шығып, 16 желтоқсанда Тверьді азат етті. Сөйтіп, Мəскеуден 170 шақырым жердегі Тверьдің 1941 жылы жаудан босатылуы қызыл əскердің елеулі стратегиялық жеңісі болып соғыс тарихына енді жəне кезінде ел астанасына төнген қауіпті біршама сейілте алды. Мəскеуге тиіп тұрған Тверьдің жаудан босатылуы жəне осы бағытта тегеурінді қорғаныс шебі орнығып, қарсы шабуылдау əдісі қолданыла бастаған соң, Мəскеуге Смоленск жағынан төнген жау əскерінің жаңа күшін тойтару міндеті туды. Енді Смоленск облысындағы Вязьма қаласы мен Тверь облысындағы Ржев қаласы арасындағы тура сызықтай созылған жаңа шептің стратегиялық ерекшелігі күшейді. Ржев-Вязьма иінінде 1941 жылдың аяқ кезінен бастап 1943 жылғы наурызға дейін үздіксіз, үзіліссіз қантөгісті шайқастар өтіп жатты. Кейбір жарияланымдарда нақ осы майдан алаңында бір миллионнан астам кеңес əскері құрбан болды деп тұжырымдалады. Ал екі жақтың адам шығынын қоса есептегенде, қаза тапқандар саны 2,5 миллионнан астам деседі. Сол миллиондардың тағдыры мен тарихы енді-енді ашылып, заманның жаңа сəулесіне шалынып жатыр... 2007 жылы ғана Ржевке «Əскери даңқ қаласы» құрметті атағы берілді. Өйткені, ел аузында əдетте «қолбасшылықтың қателігі», «еттартқыш», «өлім аңғары», т.б. деп айтылатын Ржев қырғынының нағыз шындығы соңғы жеті-сегіз жылдың жүзінде белгілі болды. Ржев-Вязьма шебіндегі шайқастар – екінші дүниежүзілік соғыс шежіресінде ештеңемен салыстыруға келмейтін қантөгіс. Атақты қаламгер Илья Эренбург Отан соғысының қай шайқасы өмірде ұмытылмастай болып есіңізде қалды деген сауалға «Ржев» деп жауап берген екен. Даңқты жазушы Константин Симонов осы қанды қырғынды «өлім аңғары» деп атапты. Қиян-кескі ұрыстар туралы аса көрнекті орыс ақыны (суретте – ред.) Александр Твардовский «Я убит подо Ржевом» деп өзектен өтетін өткір өлеңін жазып қалдырды. «Я убит подо Ржевом, В безыменном болоте, В пятой роте, на левом, При жестоком налете…. Фронт горел, не стихая, Как на теле рубец. Я убит и не знаю, Наш ли Ржев наконец?..» – деген жолдар бүгінде Ржевтегі соғыс тарихы мұражайына кірген адамның көзіне бірден түседі. 1942 жылдың сұрапылын суреттеген бұл өлең 1946 жылы жазылған. Оның тарихы да қызық. Ржевтің қанды шайқасына қатысқан Владимир Петрович Бросалов деген жауынгердің анасы «ұлыңыз 1942 жылғы 25 қыркүйекте ерлікпен қаза тапты, Калинин облысының Зубцовск ауданындағы Бершево деревнясының шығыс жағына жерленді» деген «қара қағаз» алады. Бірақ артынша жауынгер Бросаловтың тірі екендігі, госпитальда емделіп жатқаны белгілі болады. Жауынгердің анасымен сөйлесіп, «қара қағазды» оқыған ақынды осы жайт қатты толғандырыпты… Нəтижесінде атақты «Я убит подо Ржевом» деп аталатын ұзақ өлеңі өмірге келеді... 17 айға созылған Ржев-Вязьма бағытындағы шайқастарға жиһангерлік соғыстың ешбір ұрысы теңдесе алмайтынын зерттеушілер жиі айтады. Шайқастардың ауқымы да зор болды: ол бес майданды, отыздан астам армия мен корпусты қамтып, тұтастай соғыс тағдырын айқындайтын шешуші ұрыстарға айналды. Ржев азат етілгенде қаланың түгелдей қирағаны белгілі болды, жау қолы астында болған 20 мың халықтан тірі қалғаны 200-дей ғана адам екен! Кеңестік əскери тарих 1942 жылдың басынан 1943 жылдың наурыз айының соңына дейін Ржев-Вязьма бағытында төрт шабуылдаушы операция өткізілгенін айғақтайды. Əр операция нақты стратегиялық мақсатты көздеген, сəтсіз шайқастар да болған. Мысалы, Ржев плацдармын жоюға бағытталған 1942 жылдың басындағы жəне аяғындағы екі операция сəтсіздікке ұшыраған. Қызыл əскердің жалпы шабуылы аясында жүзеге асырылған бұл операциялар бірақ қалайда Ржев өңірін жаудан азат ету мақсатында əрі қарай жалғастырыла берген. Ржев шайқастарының маңыздылығына қатысты тарихтан мынадай дерек келтіруге болады: Ұлыбританияның премьер-министрі Черчилль Ржевтің азат етілуіне орай Сталинге құттықтау

жолдапты. Бұл əдетте тарихта көп кездеспейтін жайт. Сондай-ақ, соғыс жылдарында И.Сталин жалғыз рет қана соғыс даласына барған. Ол Ржев өңірі екен. Жоғарғы Бас қолбасшы Ржев жерінде 1943 жылғы 3-5 тамызда болыпты. Соғыс тарихында айрықша маңызы болғанына қарамастан, кеңестік заманда Ржев иініндегі қанды шайқастардың шындығы құпияланып, ұзақ уақыт бойы зерттелмей де, айтылмай да келді. Əскери тарихта да, қолбасшы командирлердің

Былайша айтқанда, Ржев түбіндегі қанды шайқастар Сталинград пен Кавказдағы соғыс қимылдарымен тығыз байланысты болды жəне осы соғыстардың барысына елеулі ықпал етті. Сондықтан Ржев шайқастарын «басшылықтың қателігі», «кеңес əскерінің кемшілігі», т.б. деп бағалағаннан гөрі, оның аса қантөгісті болса да, ел тағдырын айқындаған ұлы ұрыстармен стратегиялық бірлікте жүргізілгенін, кеңес əскері жүргізген солтүстіктегі соғыстар мен оңтүстіктегі соғыстардың өзара тамырлас екендігін атап көрсеткен жөн. Бір мезгілде төрт бағытта шабуылдаған неміс əскері күш-құралының тапшылығынан, кеңес əскерлерінің қатты қарсылық көрсетуі мен қарсы шабуылдарынан кейін, ілгері жылжи алмай, 1941 жылғы қазанда барлық майданда қорғанысқа көшкені белгілі. Бұл Ржев төсіндегі Калинин жəне Батыс майдандары жауынгерлерінің алғашқы стратегиялық міндетті орындағанын, яғни жаудың бетін қайтарғанын, əскері мен техникасының Сталинградқа қарай жүруін тоқтатқанын көрсетеді. Бірақ осы əскери қимылдардың барысында

Нəтижесінде біздің кейбір дивизиялар қоршауға түседі... Оқ-дəрі, азық-түлік жетіспеушілігіне қарамастан, қоршаудағы кеңес əскерінің арпалысқан шайқастары басталады... Майданның өзге өңірінде неміс əскерінің бір тобы қоршауға түсіп, олар да жанталасып жатады... Кейбір жарияланымдардағы Ржев шайқастарына қатысты айтылатын əртүрлі бейнелеу-анықтауыштар осы кезеңдегі ұрыстарға тəн. Алайда, аталмыш операция түпкі мақсатына жетпегенмен, осы қантөгісті ұрыстар арқылы кеңес жауынгерлері жаудың мүмкін болатын қарсы соққыларын болдырмай тастады; мұны зерттеушілер соғыстағы тактикалық жетістік деп санайды. Бір сөзбен айтқанда, алғашқы ұрыстарда Калинин жəне Батыс майдандарының əскерлері жау қоршауын бұзып өтсе де, қантөгіспен қол жеткен шептерді əрі қарай ұзарта алмайды. Егер осы кезеңде неміс басшылығы РжевВязьма иініне амалсыз басқа майдандардан қосымша 10 дивизия əкелуге мəжбүр болғанын, осы өңірдегі 9-армиясының санын еселеп арттырғанын ескерер болсақ, Калинин жəне Батыс майдандары əскерлерінің зор шығындарға қарамастан,

РЖЕВ ИІНІ Серікқали БАЙМЕНШЕ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

соғыстан кейінгі естеліктерінде де Ржев шайқастары «жергілікті ұрыстар» деңгейінде ғана аталып өтті. Екі жақ үшін, əсіресе, Мəскеу түбінде меселі қайтқан неміс əскері үшін Ржевке берік орнығу КСРО астанасына қауіп төндіре түсудің төте жолы еді. Немістің «Орталық» тобы 1941 жылғы қазанда басып алған Ржев қаласы мен оның төңірегі сол кезден бастап ұлы шайқастардың төріне айналды. Гитлер өз əскерлерінен қандай жағдайда да Ржевтен айырылмауды талап етті. Олар үшін «Ржев – Шығыс майданның ең маңызды негізгі шебі» болды. Бұған неміс генералы Хорст Гроссманның осы аттас кітабы («Ржев – краеугольный камень Восточного фронта». Ржев, 1996) дəлел бола алады. Бұл кітапты кезінде осы өңірде соғыс қан немістер Ржевке 90-жылдардың орта шенінде ала келіпті. Кітап Ржевте орысшаға аударылып, үш мың дана таралыммен басылып шығады. Неміс жаяу əскері генералының кітабы «қырғиқабақ соғыс» жылдарында жазылғанын еске салған шығарушылар, соған сəйкес бұл жазбалардағы кейбір цифрлар мен бағалаулардың таңданушылық тудыраты нын жəне оның Ресейде басылып шығуы əскери тарихшылардың Ржев шайқастарын тереңірек таразылауына ықпал ете ме деген үмітте екендігін атап көрсетеді. Əрине, «жеңілген елде желке жоқ» демекші, неміс генералы əрбір ұрысты өз əскерінің қабілетін көрсете отырып баяндаса да, сəтсіздіктердің себебін қатты қыспен, боранды аязбен, əскердің жылы киім-кешекке зəру болғанымен байланыстырады. «Сібірдің 45 градус аязы» деген сөзді жиірек қолданады. Сонымен бірге, кеңес жауынгерлерінің қайсарлықпен батыл қорғанын, көзсіз шабуылдарын да айтпай қала алмапты. Кеңес əскері Ржев түбінде жаудың бетін қайтарып, алысқа шегіндіріп, елеулі күш-құралын талқандап, Ржевті жəне басқа көптеген елді мекендерді азат етіп, майдан шебін Мəскеуден жүздеген шақырымға алыстатса да, неміс генералы енді қайтып оралмастай болып кері шегінгендерін əскери операцияның мүддесіне орай деп түсіндіріп, кітабының соңғы сөзін «Неміс солдаты Ржев даласынан жеңілмей кетті» деп түйіндепті. Өзі білсін, «жеңілмесе, неге кетті екен?» деп қазір кімнен сұрарсың... Неміс ставкасының соғыс ахуалына орай жəне ауыр ұрыс қимылдарын бағалай келіп, Қызыл əскердің енді жеткілікті күші жоқ деп санағанына қарамастан, Жоғарғы Бас қолбасшының Ставкасы осы кезде бір мақсатқа бағынған əрі алға қойған міндеті өзара ортақ үш стратегиялық операция əзірледі. Əскери операцияның біреуі солтүстікте, екеуі оңтүстікте жоспарланды. Олар шартты түрде «Марс», «Уран» жəне «Сатурн» деп аталды. Мəселен, «Уран» фашистердің Сталинград түбіндегі əскерлерін қоршап, талқандау мақсатын көздесе, «Сатурн» операциясына Кавказдағы шайқастарда толық жеңіске жету жүктелді. Ал «Марс» Калинин жəне Батыс майдандар əскерлерінің екпінді соққыларымен жаудың 9-армиясын талқандап, шабуылды Смоленскіге қарай өрістетіп, РжевВязьма иінін босатуды мақсат тұтты. Бұл ретте қалайда жаудың қорғанысын бұзу, оны əрбір учаскеде бөлшектеп жою, Ржев, Сычевка, Вязьма қалаларын азат ету, сөйтіп, Мəскеуге төнген қауіпқатерді түпкілікті жою міндеті қойылды.

жоспарланған стратегиялық операцияның мазмұнын біршама өзгертуге тура келіпті. «Орталық тобына қарсы кеңес əскері ірі қысқы операция жасағалы жатыр» деп есептеген жау осы кезде Калинин майданына Германиядан, Франциядан, Ленинград түбінен, Воронеж маңынан қосымша əскери күштерін төге бастайды. Жəне əскерлерді негізінен соғыс тəжірибесі бар əрі 25-35 жас арасындағы солдаттармен толықтырады. Сөйтіп, Калинин майданындағы кеңес əскері алдында немістің екі күшті əскер тобы қарсы тұрады. Бұл жаудың осы бағытта барынша белсенді іс-қимыл жасауға əзірленіп жатқанын аңғартатын еді. Егер күші басым жау күрт шабуылға шығатын болса, онда жобаланған «Марс» операциясына сөзсіз қатер төнетін; оның үстіне, осының салдарынан кейбір армиялардың қоршауға түсіп қалу қаупі де жоқ емес-ті. Кеңес əскері басшылығы, қалыптасқан жағдайға орай, жаудың қарсы соққысын күтпей-ақ, оны алдын ала бұзу үшін Калинин майданы қолбасшысына өз күштерімен шабуылдау операциясын бастауды тапсырады. Үш кезеңге бөлінген осы əскери іс-қимылдар 10-12 күнге жобаланса да, іс жүзінде 57 тəулікке созылады. Зерттеушілер «Марс» операциясына «Уран» операциясы басталатын күні, яғни кеңес əскерінің Сталинград түбіндегі қарсы шабуылына байланысты тағы да өзгеріс енгізілді дейді. Өйткені Сталинград түбінде қоршауға түскен Паулюс əскері қоршауды бұзуға, сырттан келетін күшті күтіп, айнала қорғаныс салуға мəжбүр еді. Бұл орайда Калинин майданына жүктелген басты міндет жаудың күшін өзіне тартып, оның осы учаскедегі күштерін Сталинградқа қарай жібертпеу болады. Сөйтіп, жаудың Мəскеу бағытындағы əскерін Сталинградқа қарай жібермеу мақсатында, «Марс» операциясына сəйкес Батыс жəне Калинин майдандарының əскерлері Ржев-Вязьма жəне Осташковск-Великие Луки бағытында шабуылға шығады. Алғашқы күні-ақ кейбір жерлерде жау қорғанысының бірінші шебі бұзылып, кеңес əскері біршама ілгерілейді. Бірақ қосымша резервтің болмауы, күшқарудың тапшылығы біздің жақты сол жеткен шептерінде қорғанысқа көшуге мəжбүр етеді. Қатты қарсылық көрсете отырып, қарсы шабуылға шыққан күші басым жау мұны ұтымды пайдаланады.

əскери басшылық алға қойған алғашқы тапсырманы орындағанын аңғара аламыз. Сталинград түбіндегі масқара жеңілістен соң, жалпы соғыс барысындағы стратегиялық жағдайын түзету мақсатында жау əскері қуатты қарсы шабуылдарын күшейте түседі. Əсіресе Великие Луки бағытында қатер төндірерліктей ахуал қалыптасады. Басшылық Ржев-Вязьма иініндегі неғұрлым ұрысқа қабілетті екі дивизияны осы от ортасына жібереді, оларға жауды бүйірлей соғу арқылы талқандап, қалаға кіргізбеу міндеті қойылады. Кеңес əскерлерінің екпінді тобының қайсар əрі табанды шайқастары нəтижесінде жау қаладан он шақырымдай жерге шегіндіріледі. «Марс» операциясы барысындағы қантөгісті шабуылдар мен қорғаныс ұрыстары жаудың Сталинград түбінде қоршауда қалған Паулюс əскерін босатып алу жөніндегі жоспарын іске асыртпады. Деректерге қарағанда, Ржев өңіріндегі қантөгісті шайқастардан соң жəне Сталинград түбіндегі жеңілістен кейін осы иінде ойнақ салған озбыр жаудың 9-армиясының қолбасшысы Модель Гитлерге өз əскерінің Ржев түбінде қоршауға түсу қаупі бар екенін айтып, кеңес əскерлерінің қысымымен 1943 жылдың басында кейін қарай шегіне бастайды... Сөйтіп, екі жақтың Ржев түбіндегі текетіресі кеңес əскерінің пайдасына шешіледі, Мəскеуге төнген қауіп түпкілікті жойылады. «Марс» операциясы осылай аяқталады. Сол тозақ отына айналған Ржев даласындағы қайнаған ұрыстың ортасында Қазақстанда құрылған 100-ші жəне 101-ші дербес атқыштар бригадалары да жүрді жəне қос бригада құрамының 80 пайыздан астамы шайқас даласында көз жұмды. Қазақстандықтар негізінен РжевВязьма түбінде, Оленино селосы (қазір осы аттас аудан орталығы) аумағында, Молодой Туд (бұрынғы аудан орталығы) жəне Белый деревнялары маңында жанқиярлықпен шайқасты (жоғарыда сөз болған неміс генералының кітабында да осы жерлерде қатты шайқастар өткені назардан тыс қалмапты). Тверь облысының Оленино ауданындағы «Орел» əскери-тарихи іздестіру тобының басшысы Дмитрий Жук (Қазақстанның екінші дəрежелі «Достық» орденінің иегері) бізбен əңгімесінде: «Ресейдің Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағатында Калинин майданындағы 22 жəне 39-армиялардың жауынгерлік жолын, қасіретті атағы шыққан «Марс» операциясын зерттеп жүргенімде, құжаттардан бірінші рет 100ші дербес атқыштар бригадасы туралы деректерді кездестірдім», деген еді. Шындығында, алғаш рет қазақстандық атқыштар бригадалары туралы əңгімені ортаға салып, Қазақстанның Ресейдегі елшілігіне жауынгерлердің қайтпас қара тізімін (список безвозвратных потерь) ұсынған Дмитрий Жук еді. Қос бригада боздақтарының есімін мəңгі есте қалдыру шараларын қолға алу жайын қозғаған да осы азамат болатын. 100-ші дербес атқыштар бригадасының штаб бастығы майор Заборин мен 4-ші бөлімшесінің бастығы аға лейтенант Гуминский қол қойған, сиялы қаламұшпен жазылған ұзын-сонар осы қайтпас қара тізімнен бірөңкей қандас жауынгерлердің атыжөнін, туған жылын, туған жерін жəне қашан қаза тауып, қайда жерленгенін оқығандағы көңіл толғанысымыз мүлде басқашалау болғаны əлі есімізде... Ресейлік іздестіру топтарының қажырлы еңбегі арқасында соңғы 20 жылдың

ішінде ғана Ржев өңірінде 40 мыңнан астам кеңес жауынгерлерінің сүйегі табылып, қайта жерленді; соның нəтижесінде бұған дейін белгісіз болып келген бес мыңға жуық офицерлер мен қызыл əскерлердің аты-жөні анықталды. Бір мысал: Д.Жуктың жазуынша, 1942 жылғы 3 желтоқсандағы шешуші шайқастар басталған кезде 100-ші бригада құрамындағы 4751 адамнан 1994 адам ғана қалған екен. Сондай-ақ, кейбір жарияланымдарда Ржев түбіндегі қанды шайқастарға осы екі бригададан басқа, республикамыздың батыс облыстарынан жасақталған тағы да алты əскери құраманың қатысқаны туралы дерек кездеседі. Бірақ бұлар жайында əзірге кең таралған мəліметтер аз... Топырағына əкелеріміз бен аталарымыздың қаны сіңген, арманда кеткен мыңдаған ұлт боздақтарының сүйегі жатқан Ржев жері қазаққа жат болуы мүмкін бе? Бабасының асыл сүйегі жатқан жер баласына бөтен бе? Сондықтан да Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың Ржев төсінде ерлікпен шайқасқан қазақстандықтардың есімін мəңгі есте қалдыру жөнінде тапсырма беруі – ел мен елді жалғаған ежелгі достықты шыңдай түсудің, ұрпақтар сабақтастығын сақтаудың, өткенге құрметпен қараудың өнегелі үлгісі еді. Президентіміздің тапсырмасына орай Ржев қаласында 100-ші жəне 101-ші дербес атқыштар бригадалары жауынгерлеріне арналған көрнекті Мемориал орнату жобасын еліміздің Ресейдегі елшілігі бұдан бірер жыл бұрын, сол кездегі елші Зауытбек Тұрысбековтің басқаруымен, Ақтөбе облысы əкімдігінің қатысуымен ойдағыдай жүзеге асырды. Қазір Ржевтегі көптеген тектес ескерткіштерден көркемдігімен оқшау көрінетін осы Мемориал ұзындығы 30 метрге жуық гранит қабырға үлгісінде жасалған. Қазақ елінің картасы бейнеленіп, онда осы бригадалар құрылған Ақтөбе жəне Алматы қалалары мен елордамыз – Астана қаласы көрсетілген. Мемориал қабырғасына «Мəңгілік тағзым. 100-ші жəне 101-ші дербес атқыштар бригадалары жауынгерлеріне қазақстандықтардан» деген жазу жазылған. Ескерткіш тұғыры астына туған жердің топырағын түйген капсул салынған. Ең маңыздысы гранит тақтада екі бригада құрамында соғысқан 10 мыңға жуық қазақстандықтардың аты-жөні жазылғаны еді. Бұл есімдерді анықтау оңай болған жоқ, əрине. Республика мұрағаттарында да қос бригаданың дербес құрамын, штаттық-лауазымдық бірліктерін растайтын құжаттар аздау болып шықты. Сол себепті қазақстандық дипломаттар Ресей Қорғаныс министрлігінің Подольск қаласындағы Орталық мұрағатының материалдары арасынан атқыштар бригадалары жауынгерлерінің аты-жөнін жалықпай іздестірді. Соның нəтижесінде тас тақтаға ойып жазуға лайық қаһармандар тізімі қалыптасты. Осы ретте бригадалар тізімін жинақтауға қатысты өзіміз куə болған бір деректі айта өтейік. 1941 жылдың соңына қарай, ел астанасы түбіндегі соғыс жағдайы қиындай түскен шақта, Алматыда ұйымдастырылып жатқан 100-ші бригада сапынан 50 адам жедел түрде Мəскеу түбінде шайқастарға жіберіліпті. Сол елудің арасынан кейін Кеңес Одағының Батыры атанған Төлеген Тоқтаровтың есімі кездеседі. Жəне бір жайт, кезінде көршілес елдегі кейбір жергілікті билік органдары Ржевтегі жаңа ескерткішке жауынгерлердің аты-жөнін жазуға ықылас таныта қоймады. «Олардың көпшілігінің қашан қаза тапқаны, қайда жерленгені туралы мəлімет жоқ; біздегі басқа ескерткіштерде адамдардың атыжөні жазылмаған» деген сияқты уəжді алға тартты. Алайда, сол кездегі елші Зауытбек Тұрысбековтің табандылығының арқасында қос бригада мүшелерінің толық тізіміне қоса, қазіргі саусақпен санарлық көзі тірі ардагерлердің де есімі тас тақтаға өшпестей болып жазылғанын айтылуға да, елдің біліп жүруіне де лайық ақиқат деп есептейміз. Сондай-ақ, Қазақстан елшілігінің ұсынысымен, соңғы жылдары Ржев қаласындағы бір білім ұясы «Тверь облысының Ржев қаласындағы 100 жəне 101 дербес атқыштар бригадалары жауынгерлері атындағы жалпы білім беретін № 5 орта мектеп» деп аталды. Бұдан басқа, кезінде Тверь облысы аумағында соғысқан тағы да алты қазақстандық əскери құрама жауынгерлері туралы деректер іздестіру жұмысы, РжевВязьма шайқасының мұражайын құру қолға алына бастаған еді. Ржев тақырыбы қазақстандықтарға қос бригада ардагерлері Қ.Көпішевтің «Қара бұлтты қақ жарған», Х.Бекішевтің «Батальон, алға!», С.Жиенбаевтың «Сотая казахская», К.Əбеновтің «Операция «Марс» секілді кітаптары арқылы белгі лі. Шығыс майданның өзегі болған өңірдегі шешуші шайқастарда төтенше қиын шылықтарға (қатты аязға, қаружарақтың, оқ-дəрінің, соғысқа қажетті басқа да нəрселердің жетіспеушілігіне), Ржев жеріне тамыр жіберген күші басым жаудың қасарысқан қарсылықтарына қарамастан, жерлес-елдес жауынгерлердің азаттық жолындағы қантөгісті ұрыстары ұрпақтар есінде жүретіні сөзсіз. Ржев иініндегі жеңістің іргетасын қалауға қазақстандықтардың да текке қан төкпегенін тарихтан тарихқа жеткізу – кешегі һəм бүгінгі ұрпақтың ортақ борышы. Ресей Федерациясы, Тверь облысы, Ржев қаласы.

Ресейлік «Югра» іздестіру шілер отрядының мүшелері 2006 жылғы тамыз айында Ржев ауданының Дорогино деревнясының маңынан соғыс кезінде қаза болған жауынгердің сүйегін тауып алады. Оның медальонында «Тулешов Ибрай (медальон) 1911 г.р., красноармеец, призван Молотовским РВК Казахской ССР. Адрес семьи: Казахская ССР, Акмолинская область Молотовский район п. Куру...» деген жазулар бол ған. Мəйіт көп кешікпей Ржев қаласында салтанатты жағдайда жерленген. Міне, содан бергі уақыт ішінде Тулешов Ибрайдың кім екендігі анықталмай келеді.

Ибрай Тулешов. Ол кім?

Іздестірушілер тапқан деректерге қарағанда Ибрай Тулешов Ақмола облысы, Дзержинск ауданында туған, соғысқа Молотов əскери комиссариаты арқылы шақырылған. Егер құжаттарға сүйенсек, И.Тулешов 1942 жылдың қараша айында қаза тапқан. Оның Семега Тулешова есімді əйелі болған. Бұл жерде Семега деген оның нақты есімі болмауы əбден-ақ мүмкін. Құжат толтыру барысында қате кету мүмкіндігін де ескеру керек. Əйелінің тұрғылықты жері «Дзержинск ауданы, Торғай селолық советі, Қазақ КСР-інің 20 жылдығы атындағы колхоз екендігі де жазылған. Демек, И.Тулешовтің өзі де осы колхоздың мүшесі болған деуге толық негіз бар. Əрине, бұл жерде елді мекендер мен колхоз, аудан атаулары соғысқа дейінгі немесе соғыс тұсындағы атаулар екендігі белгілі. Содан бері жерсу атаулары қаншама өзгерістерге түсті десеңізші! Бұл, əрине, өз кезегінде іздестіру жұмыстарын қиындата түсетіні анық. Тіпті, ресейлік іздестірушілер аудан аты Дзержинск емес, Зерендинск екендігіне де күмəнсіз. Өйткені, олар Абилов Салим есімді жауынгердің құжаттарындағы Ақмола облысы Зеренді ауданы, Торғай сельсоветі, Қазақ КСР-інің 20 жылдығы атындағы колхоз» деген жазбаларға қарап, «Зерендинск» дегеннің Дзержинск» болып жазылып кетуін де жоққа шығармайды. Іздестірушілер ізіне қаншама түссе де таба алмай, анықтай алмай жүрген елді мекен атауы «КУРУ» деп басталатын поселке . Іздестірушілерді тығырыққа тіреген тағы бір жауап, бұл олардың Зеренді аудандық архивінің олардың сауалына орай қайтарған жауабы болып тұр. Бұл жауапта «Тулешев Ибрай, 1911 года рождения призванный Зерендинским РВК остался жив и умер в 1980 году» деп жазылған. Бұл екеуі бір адам ба, жоқ əлде екеуі екі адам ба? Туған жылдары мен əскерге шақырылған комиссариаттарының бір екендігі ойландырмай қоймайды. Қазақтарда кісі аттарының қайталанып, сəйкес келе беруі өте сирек кездесетіні белгілі. Сондықтан, егер Зеренді мұрағаты өз жауабында «соғыстан оралып, бертінде қайтыс болған Тулешев Ибрайдың соғысқа дейін қайда тұрғанын, əйелінің есімі кім болғанын анығырақ жазғанда біршама түсініктірек бола түсер еді. Бір қызығы, Сандықтау аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі мен мұрағатынан іздестірушілер алған жауапқа қарағанда, И.Тулешовтің есімі осы ауданның «Боздақтар» (Книга Памяти) кітабында жазылған. Ал онда қалай жазылғаны жөнінде кеңірек мəлімет берілмеген. Тек «туған-туыстарынан хабарымыз жоқ» деген қысқаша ғана жауап бар. «Мы проверили по хозяйственные книги с названием, которые начинаются на Куру..., но таких сел у нас не было. А книги по хозяйственного учета в архиве имеются. Если вы уточните полное наименование села, то мы сможем проверить по его названию» деген жауап тан Сандықтау аудандық архиві басшысының И.Тулешов тура лы деректерді іздестіруге соншалықты ынталылық танытпай отырғаны аңғарылады. Егер, ресейлік іздестірушілер елді мекеннің толық атауын білетін болса, сұрау салатын ба еді? Олар «бір көмегі тие ме екен?» деп жергілікті жерге қолқа салып отыр емес пе? Абдолла ДАСТАНОВ, Жезқазған аймақтық «Мысты өңір» газетінің директоры.

Қарағанды облысы.


4

www.egemen.kz

10 мамыр 2014 жыл

ПАРЛАМЕНТ ПАРЛАМЕНТ

 Сауал салмағы

 Сауалы мен жауабы

Атбасарєа ќаржы керек Сенат отырысында депутат Светлана Жалмағамбетова Премьер-Министр Кəрім Мəсімовтің атына депутаттық сауал жолдады. Онда былай делінген:

«Сізге су тасқынынан зардап шеккен Атбасар ауданы тұрғындарының проблемалары бойынша өтініш жасап отырмыз. Су басу жағдайлары бұл өңірде бұрын да болған, алайда, биылғы ахуал аудан тарихында бұрын болмаған нағыз табиғи апатқа айналғаны белгілі. Қыста түскен қалың қардың жəне климаттың күрт жылып кетуінен Жабай өзені тасып қана қоймай, даладан елді мекендерге топан су келді. Елді мекендерге барлығы 460 миллион текше метр су ағылды. Соның салдарынан Атбасар қаласы, Заречный кенті, Борисовка, Покровка, Смирновка, Садовое ауылдары

тұр ғын дарының 500-ден астам үйі су астында қалды. 1,5 мыңнан астам адам жылдар бойы жинап-терген мүлкінен айырылды, 18 көше бұзылды. Бүгінгі күні зиянды бағалау жөніндегі тəуелсіз сараптама комиссиясы су басқан аймақтағы үйлерді қарап тексерді. Біраз үй толық қираған, көптеген үй апатты жағдайда, яғни тұру үшін жарамсыз, аса көп үй жөндеуді, олардың ішінде бір бөлігі күрделі жөндеуді қажет етеді. Мемлекет басшысына, Үкіметке су тасқынынан зардап шеккен аудан халқын қолдағандары үшін ризашылығымызды білдіреміз. Атбасарда министр В.К.Божко

бастаған Төтенше жағдайлар министрлігі көп жұмыс істеді. Атбасарға бірінші вице-премьер Б.Сағынтаев келіп кетті, республикалық бюджеттен бастапқы уақытқа 500 млн. теңге бөлуге уəде берілді. Тұрғындарды көшіру, оларға материалдық көмек көрсету бойынша облыс, аудан басшылары ауқымды жұмыстар атқаруда, қайырымдылық қоры ашылды, Ақмола жəне басқа облыстар тұрғын дарынан қаражат пен азық-түлік келіп түсуде. Зардап шеккен халыққа 25 АЕК мөлшерінде бір жолғы əлеуметтік көмек төленуде. Эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шаралар қолданылды. Сонымен қатар, су басудың салдарларын жою – кең ауқымды жұмыс. Бұл бұзылған жəне авариялық үйлердің

орнына жаңа тұрғын үйлер салу, зардап шеккен, алайда, жөндеуге келетін тұрғын үйлерді жөндеу, бұл Атбасар қаласындағы бұзылған көшелерді реконструкциялау, мектептерді жөндеу, бұл зардап шеккендерге жəрдемақылар төлеу. Жүздеген пəтер салу қажет болып отыр. Алдағы уақытта осындай апатқа жол бермеу үшін су тасқынынан қорғау жөнінде бөгет салу, су өткізуге арналған көпірлерді жөндеу мəселелерін жəне басқа да іс-шараларды қатар шешу керек. Қажетті жұмыстардың алдын ала құны 2,4 млрд. теңгеге бағалануда. Мамандар Атбасар қаласының үнемі су басатын аумақтарының тұрғындарын келешекте қауіпсіз жерлерге көшіру орынды болады деген ұсыныстар айтуда. Үкіметке табиғи апатқа байланысты проблемаларды аяғына дейін шешуге жəне оның салдарларын жою үшін қажетті қаражат бөлуге көмек көрсету жөнінде өтініш жасап отырмыз».

 Дəнекер

Толеранттылыќќа тəрбиелейді

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Парламент Сенатының депутаты Анатолий Башмаков пен аймақ басшысы Самат Ескендіров М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде өткен əскери шеруді тамашалап, жоғары оқу орнында жаңадан тұсауы кесілген Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының жұмысымен танысты. Оның меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Людмила Гривенная толеранттылыққа, ұлттық бірлікке тəрбиелейтін мұндай кафедра Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия лық ұлттық универси тетінен кейін екінші болып ашылға нын, ғылыми жобалар мен бағдарламаларға қатысу жоспарланып отырғанын тілге тиек етті. Осындағы əскери кафедрада болашақ офицерлер даярланады. Қазір оның қатарында

 Əлеуметтік қолдау əлеуеті

Мїгедек жандарєа мїмкіндік берді «Егемен Қазақстан».

Мамандардың зерттеуіне қарағанда, мүмкіндігі шектеулі жандардың толық жұмыспен қамтылмауының негізгі себептері мынада көрінеді. Ең алдымен, басшы адамдардың көбісінің мүгедек жандарды жұмысқа қабылдауға ынтасы аз. Ал, ауылда тұратын мүгедек жандар үшін жұмыс орындары өте тапшы, тіпті, мүлдем жоқ десе де болады. Сондай-ақ, бұл ғаріп жандар əлде ыңғайсызданады, əлде төрт мүшесі сау адамдармен жарысып жұмыс істей алмайтынын іштей мойындап, жасып кете ме, əйтеуір, олардың кəсіп іздеуге деген ынтасының төмендігін де мойындауымыз қажет. Міне, Елбасы Н.Назарбаевтың биылғы Жолдауы осынау мүгедек жандардың жұмыспен қамтылу мүмкіндігін молайтып, өмірлеріне тың серпін бергені анық. Қазіргі таңда Жамбыл облысында 40 мыңдай мүгедек жан тұрады. Өткен жылы уəкілетті органдарға өтініш берген 352 мүгедектің 86,4 пайызы жұмыс орындарымен қамтылыпты. Əрине, бұл жаман көрсеткіш емес. Биыл да бұл іс жалғасын табуда. Соның ішінде облыс орталығындағы электр шамдарын шығаратын «Энерджи Тараз» ЖШС бұл іске жақсы қолдау көрсетіп жүр. Жақында бұл кəсіпорын 10-ға жуық мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа қабылдады. Негізі бұл мекемеге арнайы курстардан өткен мамандар ғана келетін. Бірақ, кəсіпорын басшылығы несібесін еңбектен іздеген осынау ғаріп жандарға үлкен мүмкіндік берді. Тағдырдың жазуы шығар, Ольга

Солтүстік Қазақстан облысы.

 Парламентші пайымы

Сірə, жұмыр басты пенденің басты арманының бірі – жұмысқа тұру, қызметіне сай табыс таба білу болса керек. Ешкімге масыл болмай-ақ, өз басыңды, отбасыңды асырай білгенге не жетсін, шіркін! Əрине, шын ықылас, ниет, таудай талап болса екі қолға бір күрек табу қиын емес қой. Алайда, бұл мəселеде мүгедек жандардың əжептəуір дағдарып қалатыны бар.

Оралхан ДƏУІТ,

200-ге жуық студент бар. Университеттің бас ғи маратының алдындағы алаңда Ұлы Отан соғысының ардагерлері, əскери кафедра сарбаздары, оқытушылар мен студенттердің қатысуымен Отан қорғаушы жəне Жеңіс күніне арналған мерекелік шарада сөйлеген Самат Сапарбекұлы Президенттің еліміздің қорғаныс қабілеттілігін нығайту мəселесіне ұдайы назар аударып келе жатқанын, бүгінде Отан қорғаушылар қатарында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің немерелері мен шөберелері қызмет ететінін жеткізді. Елімізге бейбітшілік сыйлаған соғыс ардагерлеріне деген ризашылығын білдірді. Жиналған қауымды мерейлі мерекелерімен Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Анатолий Башмаков, университеттің ректоры Оңдасын Əшімов, кешегі майдангер Қасым Жүнісов құттықтады.

Колпакова тумысынан мылқау екен. Бірақ тірлікке пысық, икемді Ольга бұған дейін тігін ательесінде жұмыс істепті. Алайда, көп ұзамай ателье жа былып, жас қыз жұмыссыз қалған. Енді міне, электр шамдарын шығаратын кəсіпорынға жұмысқа тұрған бойжеткен бір айдың ішінде мұндағылармен тез тіл табысып, тірлігін дөңгелетіп алып кетті. Қазір ол құрбыларымен қатар отырып, диод сымдарын жал ғайды. Кəсіпорын басшылығы осынау жандардың тез үйреніп кетуі үшін арнайы сурдоаудармашыны да жұмысқа қабылдапты. Соның көмегі арқасында Ольгамен ептеп тілдестік. «Мүгедектігіме байланысты жəрдемақы аламын. Бірақ еңбекпен табылған нан тəтті ғой. Ел сияқты сенің де қолыңнан іс келетінін, елге пайдаңның тиіп жатқанын сезіну де бір бақыт», дейді жүзі бал-бұл жанған Ольга. Ал, осында жұмысқа тұрған жанның бірі Игорь Лутяев бұл кəсібін тез меңгеріп алғанын айтып ағынан жарылуда. Кəсіпорында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға барынша қолайлы жағдай жасалған. Тегін тамақ беріледі. Қызметтік көлік жұмысқа апарып, алып қайтады. Кəсіпорынның қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Рамазан Баязитов жұмысқа жаңадан тұрған бұл жандардың тірлікке өте ұқыпты, жауапты, еңбек етуге деген ықыластары зор екенін айтады. Міне, қайраты мен жігері мұқалмаған осынау ғаріп жандар тағдырдың қиындығына мойынұсынбастан елдің дамуы мен өркендеуіне өз үлестерін осылайша қосып отыр. Жамбыл облысы.

Ынталандыру – ыќылас арттыру амалы Біз күні кеше ғана Отан қорғаушы күнін атап өттік. Əскери қызмет адамзат ғұмырының ерекше жəне аса маңызды түрі болып табылады. Тарихтың барша кезеңдерінде біздің отандастарымыз өмірін əскери қызметке арнап, қолдарына қару алып, елімізді қорғауға дайын тұрған. Елін сүю, Отанын қорғау қашанда ер жігіттің парызы болған. Алмас ТҰРТАЕВ,

Мəжіліс депутаты.

Сарбаздардың жауынгерлік еңбегі бүгінгі күні де өз маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Елімізде кейінгі жылдары əскери қызметтегі нақты жағдай түбегейлі өзгерді. Осыған байланысты, əскери кадрлар қызметіне уəждемелік сипатта көңіл бөлуді күшейту қажеттілігі туындап отыр. Қорғаныс министрлігі, Ұлттық ұлан, Ұлттық қауіп сіздік комитетінің Шекара қызметі қатарында қызмет атқару жастар үшін абыройлы міндет болуы тиіс десек, əскери қызметтің беделін арттырудың ықпалды түрлерінің бірі сарбаздарды медальдармен жəне ерекшелік белгілерімен марапаттау болып табылады. Бүгінгі күні Қазақстан Қарулы Күштерінің 40 пайызы ғана мерзімді əскери қызметшілері есебінен құралады. Ал мерзімді қызмет уа қыттың бос өткізілуімен байланыстырылмас үшін, оны əскери борышты табысты өткізу символдарымен, яғни ведомстволық медальдар жəне үздіктілік белгілерімен марапаттау арқылы ынталандырылуы тиіс. Əскердің жəне əскери қызметтің жағымды мəртебесін насихаттау мақсатында, мерзімді қызметті өтейтіндердің əскерден кеудесіне медаль мен белгілер тағып қайтуы өскелең ұрпақтың алдында əскери қызметтің беделін арттырумен қатар, өз Отанына қызметтік борышын атқарған азаматтың өзін-өзі бағалауын күшейтуіне зор ықпалын тигізеді. Сондықтан, ел алдындағы жауынгерлік парызын адал өткерген азаматтарымыз алғысқа лайық. Оларға құрмет арқылы жастардың рухын көтереміз. Елімізде ведомстволық наградалар тізіміне сəйкес, мерзімді əскери қызметтегі сарбазға тек төсбелгілер ғана беріледі («Шекара қызметінің үздігі», «Қазақстан Қарулы Күштерінің үздігі», «Ішкі əскерлер

қызметінің үздігі», «Үздік құтқарушыжауынгер», «Спортшы-жауынгер»). Бұл белгілерге тек санаулылары ғана қол жеткізе алады. Қазіргі нарықтық экономика кезеңінде мерзімді əскери қызметте болудың өзі де ерлік. Сондықтан біз сарбаздарымызды төсбелгілерімен ғана емес, медальдармен марапаттағанымыз жөн. Ал, медальдарға келсек, 10 жылдан 20 жылға дейін мінсіз қызмет атқарғаны үшін беріле тін «Мінсіз қызметі үшін» ме даліне мерзімді қызмет сарбазының қолы мүлде жетпейді. Егер, халықаралық тəжірибеге жүгінсек, Ресей Федерациясында мерзімді қызмет солдаттарын марапаттау жүйесінде 40-тан астам ведомстволық медальдар мен белгілер қарастырылған, АҚШ қарулы күштерінде мемлекеттік наградалармен қатар, мерзімді қызмет солдаттары əскери жəне əскери емес жетістіктері үшін АҚШ қорғаныс министрлігінің бірқатар ведомстволық медальдарымен марапатталады. Сонымен қатар, бұл елдерде мерзімді қызметін өтеген солдаттарға жоғары білім алуға мемлекеттік гранттар қарастырылады. Осыған байланысты, жастардың Отан алдындағы азаматтық борышы мен негізгі конституциялық міндетін орындауға деген патриоттық сезімін оятып, құлшынысын арттыру, мерзімді əскери қызметтің беделін көтеру мақсатында Отан қорғаушы күніне немесе əскери қызметтің аяқталуына байланысты мер зімді қызмет сарбаздарын марапаттауға арнап Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық ұлан, Шекара қызметі əскері нің «Адал қызметі үшін» ведомстволық медалін табыстау жəне Отан алдындағы міндетін үздік атқарған сар баздарға мемлекеттік гранттар арқылы жоғары білім алу мүмкіндігі, тағы да басқа əлеуметтік қолдаулар көрсету мүмкіндігі қарастырылса, нұр үстіне нұр болмақ.

Сен салар да мен салар...

Өткен жылдың қараша айында Премьер-Министрдің орынбасары – Индустрия жəне жаңа технологиялар министрі Əсет Исекешев Мəжілісте Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2015-2019 жылдарға арналған тұжырымдамасының тұсаукесер рəсімін жасады. Осы тұсаукесерде Мəжіліс депутаты Андрей Бегенеев одан бүгінгі күні елімізде жиналып қалған 20 млрд. тонна техногендік қалдықтарды өңдеу бойынша қандай шаралар қарастырылатын болады деп сұраған еді. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

Бұл сұрақтың тууы өте орынды. Өйткені, Президент Н.Назар баев Минералды ресурстар жəне металлургия жөніндегі халықаралық конгресте техногендік қалдықтарды өзіндік шикізат базасы ретінде қарастыру керек екенін атап айтқан болатын. Шынында да, əлемнің дамыған елдерінің бəрінде техногендік қалдықтар құрылыс материалдарын жəне басқа да өнімдерді жасауға кеңінен қолданылады. Түрлі есептеулерге қарағанда, қалдықтардың 1 пайызын өңдеп, пайдалану – минералды-шикізатты кешенге салынатын инвестиция көлемін 2 пайызға төмендете алады екен. Мəселен, бетон жасау үшін қолданылатын портландцементтің тапшылығын ескере отырып, есесіне қалдықтардан алынған металлургиялық шлактарды пайдалансақ, цемент шығынын 3040 пайызға дейін азайтуға болатын көрінеді. Демек, қалдықтар дегеніміз, қолдың астын да ғы қазына. Алайда, Əсет Исе ке шев бұл сұраққа депутатты қанағаттандырарлық жауап айта алмай, бұл мəселемен Қоршаған орта жəне су ресурстары министрлігі айналысатынын көлденең тартқан. «Жазған құлда шаршау жоқ» дегендей, үстіміздегі жылдың басында депутат Андрей Бегенеев енді өзінің сұрағын аталған ведомствоның басшысы Нұрлан Қаппаровқа жолдаған болатын. Өз сауалында депутат жоғарыда айтылған дəйектерді қайталай отырып, қолданылмаған техногендік қалдықтардың көлемі жылданжылға ұлғайып, əлемет жерді алып бара жатқанын да айтқан. Сіздің министрлігіңізде аталған қалдықтарды қолдану бойынша бағдарлама жасалды ма, егер жасалған болса, оның орындалуы қалай болып жатыр, деп сұраған еді депутат. Сол сауалға жауап келіпті. Онда министр Қазақстанның «Жасыл экономикаға» өту

жө ніндегі шаралар жоспарына сəйкес, өнеркəсіптік қалдықтарды басқарудың бағдарламасын əзірлеу жөнінде ұсыныс енгізу қарастырылғанын айта келіп, онда келесі мəселелер қамтылатынын көлденең тартыпты: «-қалдықтардың нақты санын жəне полигондарды орналастыру орындарының жай-күйін көрсету үшін қалдықтарды жіктеу қағидаларын пысықтау жəне оларды еуропалық стандарттарға сəйкес келтіру; - өнеркəсіптік қалдықтарды төгетін орындарға аудит жасау; - өнеркəсіптік қалдықтарды қайта өңдеу инфрақұрылымдары мен кəсіпорындарын құру жөніндегі жоспарлар (соның ішінде олардың тұрақты жұмыс істеуі үшін ынталандыру шараларын енгізу); - экологиялық технологиялар мен үдерістерді енгізу жөніндегі жоспарлар». Көріп отырғанымыздай, қалдықтарды өңдеу емес, санау, жіктеу, «еуропалық стандарттарға келтіру», «қалдықтар төгетін жерге аудит жүргізу», т.с.с. жұмыстар басым тұр. Қалдықтарды қайта өңдейтін инфрақұрылымдар мен кəсіпорындар құру да ұсыныс түрінде айтылған. Ең бастысы, қажетті бағдарлама əлі жасалмаған. Ал енді министр Н.Қаппаров жауабының соңғы абзацына назар аударайық: «Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Индустрия жəне жаңа технологиялар министрлігінің кейбір мəселелері» атты 26.11.2004 ж., №1237 қаулысының 16-тармағына сəйкес, тау-кен металлургиялық кешеніндегі техногендік қалдықтарды игеру мəселесі Индустрия жəне жаңа технологиялар министрлігінің құзыретіне берілген». Мəссаған, керек болса! Министрлер қалдықты өңдеу жұмыстарын бір-біріне сілтеп отыр. Қысқасы, «сен салар да мен салар, атқа жемді кім салардың» кері. Ал 20 млрд. тонна қалдық одан əрі көбейіп, аспандап барады...

 Жаңа кітап

Бїгіннен – болашаќќа! Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан».

Парламент Сенатының депутаты, техника ғылымдарының докторы Хусаин Валиевтің «Төрле, Мəңгілік Ел» атты кітабы жарық көрді. Автордың бұл кітабына күнделікті баспасөз беттерінде, электронды бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мақалалары мен сұхбаттары, əлемдік деңгейде өткен түрлі форумдар мен конференциялардың алқалы жиындарында сөйлеген сөздері топтастырылған. Кітаптан сенатордың өз қолынан өткен заң жобалары мен Үкіметке жолданған сауалдарын да оқуға болады. Хусаин Хасенұлының мұнан бұрын Тəуелсіздіктің 20 жылдығына арнап, «Президент жəне əлем» атты кітабы оқырман қолына тиген еді. Сенатор жаңа кітабында да Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еліне сіңірген өлшеусіз еңбегіне шолу жасай отырып, оның əлемдік қоғамдастықта кеңінен мойындалғанын атап өтеді. Əлемдік деңгейдегі саясаткердің жаһандық бастамалары туралы əңгімелейді. Елбасының жаһандық экологиялық энергияның қоғамды тұрақты

дамытудағы жəне «Жасыл экономика» бағдарламасы, «G-global» бастамасы», «Дағдарыстың кілті» бағдарламалық мақаласы, болашақта өткізілетін «Келешектің энергиясы» аясындағы ЭКСПО-2017, «Қазақстан-2050» Стратегиясы сынды құнды еңбектері тек Қазақстанды дамытуда ғана емес, адамзат алдындағы əлемдік проблемаларды шешуде маңызды орын алады. Ал мұның барлығынан мемлекеттік, білім саласы қызметкерлерінің, бизнес өкілдерінің, жалпы жастардың жəне жұртшылықтың алары мол. Автор кітабының алғысөзінде осы шығармасының атына тоқталып өтеді. «Төрле» сөзінің мағынасын таратып айтар болсақ, «құрметті орынға шығыңыз» деген ілтипатты білдіреді. Мұндай мəртебелі орынға еліміздің ежелден келе жатқан ұлттық атауын иемденген «Қазақстан мемлекеті» əрдайым лайықты екені сөзсіз», дей келіп, «Кітаптың «Төрле, Мəңгілік Ел» деп аталуы барлық Қазақстан халқының жəне оның көп ғасырлық тарихының жиынтық бейнесін беріп тұр», деп ой түйіндейді. ҚОСТАНАЙ.


 Замандас Тарих дегеніміз бүгінгімен өткеннің диалогы арқылы шындықтың бетін ашып, келешекке жол сілтей, халықты қабыстырып, табыстыратын ұлтты ұйытушы рухани күш болып табылады. Ал нағыз тарихшы деген жатпай-тұрмай шындық жолын ізденуші, деректемелерді іске қосып, ойдан-ой түйіп, санадан-сана тудырушы арлы азамат адам. Тарихшының басты қасиеті өткенге адалдығы. Шыншыл тарихшысыз шынайы тарих жазылмайды. «Тарихшы» деген сөздің өзі «мазасыз ізденуші, зерттеуші» деген мағына беретін грек сөзінен алынған. Кезінде «Геродотты да тарихшы емес, тек новеллист» дегендер болған. Геродот оларға: «Мен өз еңбегіме өзім баға бере алмаймын, мен тек естіген, білген шындықты жазуға тырыстым, оның бағасын тарих өзі береді», – деген екен. Шынымен де Абай айтқандай, ғалым болу, тарихшы болу деген азабы көп, ауыртпалығы мен күйігі мол жұмыс.

«Үйсін мемлекеті» атымен ғылыми айналымға енді. Автордың «Үйсін мемлекеті (б.з.б.ІІ ғ. – б.з. ҮІ ғ.)» атты ғылыми мақаласы 2007 жылы қазақ, орыс тілінде жарық көрген «Қазақ мемлекеттілігінің тарихы» атты монографиялық жинаққа енді. Бұл сананы Сұлтан Жанболаттың «Ежелгі ұлыс тарихы» (2012 ж.) атты еңбегі толықтыра түсті. Нəтижесінде «Үйсін мемлекеті» қазақ даласында құрылған алғашқы мемлекеттіліктің қайнары» деген ғылыми ой санаға сіңді. Н.Мұхаметханұлы көшпен ділердің тарихымен қоса олардың мінез-құлық ерекшеліктерін зерттеді. Көшпенділер атамекенін сақтау арқылы өзін сақтап қалды, дейді автор. Бір сұхбатында ол: «Біздің қазаққа ең алғашқы түсінік өте маңызды. Өйткені, біздің халық өзінің ең алғашқы көргенін,

«Елім!»

– деп келген ер Зардыхан ҚИНАЯТҰЛЫ,

астанасына барып, императормен кездескен. Барған барлық делегацияны айдарынан жел ескен Цяньлун патшаның өзі қабылдаған. Осы қабылдаулардың хаттамалары, Абы лай ханның Цяньлунға, Цяньлунның Абылай ханға жазған хаттарының ойрат Тотын жазуында көрсетілгенін алғаш дəлелдеген Н.Мұхаметханұлының мақаласы 1991 жылы «Шыңжаң қоғамдық ғылымы» журналының екінші нөмірінде жариялады. Ақиқатын айтқанда, Абылай хан, Қабанбай батырдың дипломатиялық сырлары мақаласын Н.Мұхаметханұлы, Б.Еженхан, С.Сұңғатай сияқты ғалымдардың ғылыми айналымға қосқан тың деректерімен ашылды. Автор өзінің «Абылай хан арандатудың құралына айналмайды» атты мақаласында қытай, орыс, қазақ жазбаларының бай дерек көздеріне сүйене отырып, Абылайдың тек Орта жүздің ғана емес, бүкіл қазақтың ортақ ұлы ханы болғанын жəне тарихта аса зор рөл атқарғанын дəлелдеп берді. Сондай-ақ, ол Əбілқайыр мен Абылайдың өмірде бір-бірімен етене жақын болғанын атап көрсетіп, енді оларды қарамақарсы қоюдың негізсіз екендігін,

Ш.Уəлиханов атындағы Тарих жəне этнология институтының бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы.

Қайсыбіреулер өткенді айта беру тарих деп ойлайды. Олай емес, тарихтану деген өзіндік қағидат, принциптері, зерттер тəсілəдістемелері бар тұтас бір ғылым болып табылады. Онымен шұғылдану үшін кəсіби біліммен қоса, тынымсыз іздену, терең толғаныс, ғылыми қорытынды тұжырымдар жасайтын қарым қажет. Ғасырлар бойы біздің тарихымызды бөгде жұрттар өз мақсат, мүддесіне бағын дырып жазғандықтан ондай еңбектерден тарих ғылымның өзіндік заңдылықтары сақталмағаны анық. Тек 1991 жылғы еліміз тəуелсіздік алғаннан кейін ғана қазақ тарихын ғылыми тұрғыдан жаңа бағытта зерттеуге, тарихилықтың қалыптасуына үлкен бетбұрыс жасалды. Осы жылдары отандық тарихшылардың қатары шет мемлекеттерден ата жұртқа оралған білікті азаматтармен толықты. Солардың бірі – профессор Нəбижан Мұхаметханұлы. Ол Қытай мемлекетінің Іле қазақ автономиялы облысы Тоғызтарау ауылында дүниеге келген. 1977 жылы сол елдегі Гуанчжоу қаласын дағы Сунь Ятсен атындағы мем лекеттік университеттің тарих факультетін бітіріп, еңбек жолын өзі туып-өскен өңірден бастайды. Ғылым жолына түсуді мақсат еткен ол конкурс арқылы Шыңжаң қоғамдық ғылымдар академиясы Орталық Азия зерттеу институтына қабылданып, кəсіби зерттеушіге айналды. Академияда оның жазған «Патшалық Ресейдің Қазақстанды отарлауы жəне қазақ халқы» атты алғашқы ғылыми мақаласы үлкен мамандардың назарын аударды. Зерделі зерттеуші Қытай мемлекеттік Бейжің университетінің тарих фа культетінде білімін жетілдіреді. Шыңжаң қоғамдық ғылымдар академиясының ұлттар зерттеу институтында жетекші ғылыми қызметкер əрі директордың ғылымға жауапты орынбасары қызметін қоса атқарды. Н.Мұхаметханұлы – шығыстық тарих зерттеу əдістемесінің тұнып тұрған қайнарлары саналатын Сунь Ятсен университеті мен Бейжің университетінің ғұламаларынан дəріс алған, ханьзу тілін жетік меңгерген, жапон, шағатай тіл жазуларын игерген, ғылыми ұстанымы, қолтаңбасы бар тарихшы. Оның «Қазақ тарихынан зерттеулер» атты алғашқы кітабы 1989 жылы Үрімжіде басылды. Аталған еңбегі мен басқадай зерттеу мақалалары үшін ҚХР жастар сыйлығының иегері атанды. Н.Мұхаметханұлы Қытайда жинақтаған ғылыми тəжірибесі, рухани əлеуетімен қоса қытайдың 25 ғасырлық жылнамалық бай деректемелерін арқалап 1993 жылы атажұртына біржола оралды. Атажұрты оны құшақ жая қарсы алды. Елім деп келген зиялы азаматты Ш.Уəлиханов атындағы Тарих жəне этнология институты мен Қазақ мемлекеттік əлем тілдері университетінде ғылыми-зерттеу жəне педагогикалық жұмысын жалғастырып жапон тілінен дəріс берді. Сөйтіп, ол мұнда ұлттық тарихымыздың өзекті мəселелеріне ден қойып, тың ізденістер жасады. 1995 жылы академик М.Қозыбаевтың жетекшілігімен «Қазаққытай қарым-қатынас тарының даму тарихы (ХVІІІ-ХХ ғасырлар) тақырыбында тарих ғылымдарының кандидаты, 2001 жылы «Қытайдағы қазақтардың қоғамдық тарихы (18601920 жылдар)» атты тақырыпта тарих ғылымдарының докторы ғылыми дəрежесін қорғады. Н.Мұхаметханұлы ХVIІІХХ ға сырлардағы қазақ-қытай

5

www.egemen.kz

10 мамыр 2014 жыл

ШАРАЙНА

Əлем жаѕалыќтары

Нормандияда аталып ґтіледі АҚШ президенті Барак Обама Нормандияда Ресей президенті Владимир Путинмен жеке кездесіп, келіссөз жүргізуді жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы Ақ үйдің ресми өкілі Кэйтлин Хейден мəлімдеді. Жалпы, Путин мен Обама Қырым Ресейге қосылғаннан кейін алғаш рет одақтастар əскерінің Нормандияға десант түсіруінің 70 жылдығына арналған салтанатты шаралар барысында 6 маусымда тоқайласады деп күтілуде. Ал Нормандияға президенттер, өзге де мемлекет басшыларымен бірге, екінші дүниежүзілік соғыс құрбандарына тағзым ету шараларына қатысу үшін баратын болады.

Бейбіт халыќ ќан ќаќсап ќалды Нигерияның солтүстік-шығысында орналасқан Гамбору қаласына қарулы жасақтың шабуылы 200ден астам бейбіт тұрғынның өмірін қиды. Жергілікті БАҚ-тардың деректеріне қарағанда, шабуылға радикалды «Боко Харам» ислам тобы мүшелерінің қатысы бар. Қалаға кірмес бұрын қарулы жасақ брондалған автомобильдермен жергілікті базарға баса-көктеп кіріп, атыс ұйымдастырған. Содан кейін олар тікелей қала орталығындағы үйлер мен дүкендерге қарата оқ жаудырған. Нигерия үкіметі өкілдерінің сөздеріне қарағанда, шабуылдаушылар əскери униформа киіп алса керек. Нигериядағы қарулы қақтығыс 2009 жылдан бері жалғасып келеді. «Боко Харам» елдің солтүстік аудандарында шариғат заңына негізделген тəуелсіз мемлекетті құруды көздейді.

«Əл-Каида» серкесініѕ кґзі жойылды Йеменнің үкімет күштері «Əл-Каида» террорлық ұйымы йемендік қанатының басшысы Мұхаммед Саид əл-Шабванидің көзін жойған. Мұны Йемен қауіпсіздік күштері комитетінің өкіліне сілтеме жасай отырып, «Франс-пресс» агенттігі хабарлады.

байланыстары мəселесін өткен ғасырдың 80-жылдарынан бері жүйелі зерттеп келеді, сол негізде жазған кандидаттық диссертациясы мен жариялаған монографиясы өте сəтті шықты. Бұдан кейін зерттеулер аясын кеңейтіп, Абылай хан мен Чин (Цин) патшалығы арасындағы қарым-қатынастарының сипатын ашып көрсетті, атап айтқанда Қазақ хандығының Чин патшалығына тəуелді болмағандығын жаңа деректермен дəлелдеп берді. Бұл зерттеу еңбегі 2010 жылы «Дипломатиялық қатынастар жəне қытайтану мəселелері» деген атпен баспадан шықты. Қазақтар жүз жылға жуық қарсыласып келген жоңғарлар 1755 жылы шүршіт-қытай қолынан жанышталып, тоз-тоз болып кетті де, олардың басып алған қазақтың шығыстағы ескі жұрты «Қытай бақылауында» қалып қойды. Бірақ қазақтар бұл мəселені бейжай қалдыра алмады. Абылай хан ел дербестігін сақтай отырып, Чин патшалығымен ресми қарым-қатынастар орнатып, екіжақты барыскелістер жасау арқылы, қазақтың ежелгі атажұрты Іле, Тарбағатай, Алтайға қарай көшіруді қайта иеленді. Автор бұл туралы «ХҮІІІ ғасырдың 60-жылдары Абылай ханның басшылығымен басталған қазақтардың атамекеніне қайта оралу көші ХІХ ғасырдың 60-жылдарына дейін жалғасып өз нəтижесін берді» - деп жазғаны өте орынды. 1860 жылдары қазақ жері Ресей мен Қытайдың таласына түсті. 1864 жылғы қазақтың ту сыртынан жасалған «Қытай-Ресей батыссолтүстік шекараны белгілеу келісімі» делінетін құжат бойынша қазақ жері екі тарапқа күшпен бөлініп, біртұтас қазақ халқы екі елге бодан болған тарихты автор аса мұқият талдағанын баса айтуды парыз санаймын. Н.Мұхаметханұлы – қазақ шекарасына байланысты Қытай-Ресей арасында 1864-1885 жылдары жасалған келісімдерінің саяси-əлеуметтік, экономикалық, демографиялық салдарын алғаш сипаттап жазған жалғыз автор. Н.Мұхаметханұлының тарихи танымға əкелген бір жаңалығы – дəстүрлі қазақ қоғамын таптық қатынастар тұрғысынан талдап келген бұрынғы концепцияны мансұқтап, қоғамның бастапқы əлеуметтік құрылымын (қатынастарын) рулық ереже, «жіктік» тұрғысынан талдауы. Сол ар қылы автор «кескілескен таптық күрестер» дейтін дағдылы көзқарастан бас тартқан. Автор қытайдағы қазақ қауымындағы ішкі жіктік (сословиелік) қатынастардың орын алғанын айта келіп, «қазақтың дəстүрлі қоғамдық құрылымының ерекшелігіне байланысты сол жіктердің барлығы бір аталы елде, бір ауылда ортақ өмір сүрді. Дəстүрлі қазақ қоғамының ауыл ағалары мен ру басшылары өздерінің құзырында болған əр жіктегілердің баршасының лайықты өмір сүруі мен бас амандығына жауапты болғандықтан, қазақ қауымындағы жіктер арасында шиеленіскен қайшылықтар немесе кескілескен таптық күрестер орын алмаған, керісінше олардың

арақатынастарында белгілі бір гармониялық үйлестік сақталып отырған», – деп тұжырым жасады. Меніңше, бұл ру-руымен көшіп-қонып өмір сүрген дəстүрлі қазақ қоғамының əлеуметтік қатынастарын талдаудағы жаңа бағыт болып табылады. Өйткені, біз маркстік-лениндік таптық концепциядағы мəтіндерден тек «Маркс, Ленин» атын немесе «тап, таптық күрес» деген сөздерді алып тастаумен құтыла алмаймыз. Қалыптасқан тағылымнан тек одан басым қарсы тағылым арқылы ғана арыла аламыз. Н.Мұхаметханұлының жоғарыда айтылған ой-пікірлері осындай жаңа бағыт, жаңа тағылым ұсынып отыр. Мен өз басым тарихшы, қоғамтанушы ретінде мұнда ұсынылған пікірлер дəстүрлі қазақ қоғамын танудың серпіліс кілті осы болар деп ойлаймын. Автордың «Қытайдағы қазақтардың қоғамдық тарихы (1860-1920)» атты еңбегіндегі қоғамдық құрылым жүйесіне жасаған талдаулары тек Қытайдағы қазақтардың тарихына тəн құбылыстар емес. Олай бағалау аздық етеді. Зерттеуші қазақтың Қытайда тұратын бір бөлігінің тарихи тағдыры мен тіршілік формасы, өмір салты, тілі, мəдениеті, саяси-қоғамдық танымын сараптау арқылы, жалпы қазақ қоғамының тарихтағы көптеген ортақ құбылыстарды айқындап, теориялық пайымдау жасаған. Монография қазақ тарих ғылымына қосылған құнды еңбек. Монографияның алғы сөзін де академик М.Қозыбаевтың пайымдағанындай ол еңбекті «Отан тарихына қосылған үлес» деп қараған орынды. Н.Мұхаметханұлы өзінің кəсіби тарихшы ретінде өсіп-жетілуіне ұстаздарының үлкен əсер еткенін ерекше еске алады. Оған қытай ғұламаларымен қатар, қазақ тарихшысы, ұстазы Нығмет Мыңжанның ықпалы көп болған екен. Н.Мыңжани, С.Жанболат жəне Н.Мұхаметханұлы қазақ мемлекеттілігі тарихының қайнарларын анықтауға үлкен үлес қосты. Үйсінтануға жаңа бағыт əкелді. Оның үйсіндер туралы зерттеулері Бейжің университетінің қабырғасында тəлім алып жүрген кезінде басталды. 1989 жылы Үрімжіде жарық көрген «Қазақ тарихынан зерттеулер» атты ғылыми мақалалар жинағында «Хань патшалығы дəуіріндегі ғұндар мен үйсіндердің қарым-қатынастары» атты іргелі зерттеуінде үйсіндер қазақ мемлекеттілігінің бастау көзі əрі құрамдас бөлігі екенін атап көрсетті. Қытай жазбаларында «Wu sun» деген қытайша таңбадағы екі дыбысты, орыс тіліндегі аудармаларда «у сунь» деп, оған жалғасып тұрған «xing guo» деген сөзді «кочевое владение» («көшпелі иелік») деп аударудан танбай келген еді. Н.Мұхаметханұлы мұның «көшпелі мемлекет» деген атау екенін, əрі қазақ аумағында құрылған алғашқы мемлекеттік құрылым, мемлекеттіліктің алғашқы үлгісі екендігін дəлелдеп көрсетті. Сонымен соңғы кездері жазылған тарихтарда қытайдың «Wu sun guo» сөзі

естігенін көбінесе шындық, ақиқат деп қабылдайды. Одан соң оны жоққа шығаратын қаншама бұлжымас фактілерді көрсе де бəрібір өзінің сол алғашқы түсінігін өзгерткісі келмейді», – деп сипаттайды. Бірде ол маған: «Зəке, Мао Цзедун Шыңғысханды «И дай тянь жау» («Бір дəуірдегі тəңірдің еркесі») деген, біз кейде сондай ұлы тұлғаларды түсінбей тұрып мінеуге əуеспіз. Бұл да сол қазақы мінездің көрінісі ғой» – дегені есімде. Н.Мұхаметханұлы зерттеп жүр ген тақырыбының ауқымы кең, көп қырлы. Ол көбінесе тарих философия сы методологиясын қолданып ерте заманнан жаңа заманға дейінгіні қамтитын, Еуразия кеңістігіне қатысты күрделі тақырыптарды бір мақалаға сыйдырып, пайымдап, үлкен ой қорытатыны бар. Бұған мысал ретінде оның «Атаукере айғағы», «Көшпенділердің этнотерритория ұғымы жəне Қазақстан аумағының қалыптасуы» атты мақалаларын айтсақ жеткілікті. Ол өз еңбектерінде қазіргі таңда ең өзекті болып отырған қазақтың этногенезі жəне этнотерриториясының қалыптасуы мəселесін дəйектеген. Бұл оның бойындағы отаншылдық рух пен ғалымдық қабілеттің басым екендігін көрсететін фактілер. Тарихшының көп жылдар бойы зерттеп келе жатқан тақы рыптарының бірі «Қазақ-қытай қарым-қатынастары тарихы». Қытай жəне түркі халықтарының қарым-қатынасы сонау Ғұн-Үйсін дəуірінен (б.з.б. ІІІ-ІІ ғғ.) басталады. Автор Қытай жəне Ғұн, Қытай -Үйсін, Қытай-Қаңлы, Моңғол, Юань империясы мен Алтын Орда, Темір əулеті мен Мин патшалығы қарым-қатынастарын тың деректермен зерделеп, бірнеше құнды мақалалар жазды. Ал ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ-қытай қарымқатынастарын терең зерттеу арқылы Абылай ханның дипломатиялық қырын аша түсті. Əрине, Қазақстанда Ш.Уəлихановтан бастап абылайтанушылар аз емес. Олардың көпшілігі Абылай ханның өмір тарихы мен оның дипломатиялық қырын қазақ-орыс, орыс-қазақ қарым-қатынастары аясында зерттеді. Ал Абылай хан тұсындағы қазақ-жоңғар, қазақ-қытай қарымқатынастарының ашылмаған сыры тым көп еді. Сол сырды суыртпақтап ашу жолында қалам тартып келе жатқан тарихшы Н.Мұхаметханұлы болды. Ресей патшасы қазақтарды ешқашан өзімен тең саяси əріптес ретінде қабылдап көрмеген. Олар қазақтарға біржақты қысым көрсетумен болды. Қазақтың хан, сұлтандарын ақ патшаның өзі қабылдаған дерек некен-саяқ. Қазақ дипломаттары Орынбордың əскери губернаторы И.И.Неплюев пен көмекшісі А.И.Тевкелевтен аса ал маған. Ал Абылай хан, оның тіке лей ұрпақтарының тұсында қазақ-қытай қатынастары жоғары деңгейге көтерілді. Айталық 1758-1823 жылдар аралығында құ ра мында 38 мүшесі бар 31 делегация Чин державасының

тіпті ұлттық ұйысуымызға зиянды екендігін ашып көрсетті. Осының өзінен-ақ Н.Мұхаметханұлының ғылымға, ұлтқа деген сүйіспеншілігі мен жауапкершілігін көруге болады. Осыдан кейін Абылай хан төңірегіндегі айтыс-тартыс тоқтатылды. Мен мұны абылайтану ғылымының дамуына тарихшы ғалымның қосқан өзіндік зор үлесі деп санаймын. Н.Мұхаметханұлы – Қазақстандағы қытайтанушы ірі ғалымдар дың бірі. Ол қытайдың тілі былай тұрсын, олардың ділін, ойлау жүйесін, таным-түсінігі мен іс-қимылын, салт-санасын жетік меңгерген маман. Көп жылдар бойы талпынып жүріп 2012 жылы əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жанынан «Қазіргі заманғы Қытайды зерттеу орталығын» ашты. Профессор Қытайды терең зерттеудің қажеттілігін, өркениетті ұлы халықтан үйренетін тұстардың көп екендігін айтады. «Біріншіден, қытайдан қалай халық болуды, қалай ұлт болуды үйренуіміз керек. Қытайды қытай қылған ішкі бірлік, ұлттық бірліктің сақталуы... Олардың ұлттық іргетасы өте мықты. Міне, біз қытайдан ең алдымен қалай біртұтас ұлт болудың сырын үйренуіміз керек. Екіншіден, – дейді ол, – ұлтжандылықты, патриотизмді, мемлекетшілдікті, еңбекқорлықты үйрену керек. Үшіншіден, мемлекет құрушы ұлт басқа ұлттарды өзіне сіңіре білетін қасиет болуы керек». Міне, бүгін қазаққа жетіспей жатқан бір мəселе осы. Оны қытай тəжірибесіне сүйеніп, ғалым дөп басып айта алған. Нəбижан екеуміз Ш.Уəлиханов атындағы Тарих жəне этнология институтында бірге жұмыс жасадық. Бірігіп еңбек те жаздық. Көптеген сұхбаттарға бірге қатыстық. Білгенім, ол – ойын ашық айтатын, өзіндік азаматтық ұстанымы бар, логикалық ойлау, талдау жасау қабілеті күшті, сезімтал, өткір де ұтқыр азамат. Адамгершілігі күшті оның бойында басқаларды бағалай білетін, əсіресе, замандасының артықшылығын құрметтейтін қасиеті тіпті бөлек. Мен бірде Нəбижаннан: «Қытайдан келгендердің ішінде қытай тілін ең мықты білетіндерің кім?» деп сұрадым. Ол ойланбастан «Кəрім Акрами ағамыз болар», – деді. Ол шынымен де қытай тілі мен жазуын жетік білетін, Абай өлеңдерін қытай тіліне аудар ған адам екен. Бірде онымен дастарқандас болып қалдым. «Сізді қытай тілін жетік біледі деп естідім. Қытайда қандай мектепте оқыдыңыз?» –деп сұрағанымда ақсақал: «Иə, біршама оқуды оқыдық қой, бірақ қытай тілін менен де жақсы білетін Нəбижан Мұхаметханұлы деген жігіт бар осында», – деді. Екі азаматтың бірін-бірі жоғары бағалап тұрғаны мені қуантты. Шын білімділер осылай болса керек. «Өз-өзіңді сыйласаң, жат жанынан түңіледі» деген осы. Жақсының жақсылығын айтқанға не жетсін. АЛМАТЫ.

Шабвани өткен жұмаға қараған түні ел астанасы – Сана қаласында тəртіп сақшыларымен атыс кезінде атып өлтірілген. Ол «Əл-Каиданың» аса қауіпті көсемдерінің бірі болып табылатын. Мұны Йеменнің құқық қорғау күштерінің жоғары шенді өкілдерінің бірі мəлім етті. Шабванидің адам ұрлау, полицейлер мен шетелдік азаматтарды өлтіру сияқты қылмыстарға тікелей қатысы бар көрінеді.

Қысқа қайырып айтқанда:

Италияның бұрынғы премьер-министрі Сильвио Берлускони кеше Миландағы қарттар үйінде қоғамдық жұмыс атқаруға кірісті. Ол соттың шешімі бойынша кемінде аптасына төрт сағат бір жыл бойы осында жұмыс істейтін болады. АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының заңнама комитеті америкалықтардың телефондарын жаппай тыңдау жəне арнайы қызметтің деректер жинауына тыйым салу туралы заң жобасын мақұлдады. Заң жобасын комитет мүшелері бірауыздан қолдап дауыс берген. Ресей президенті В.Путин Қызыл алаңдағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 69 жылдығына арналған парадтан кейін 10 жасар Кристина Кутеповадан ерекше сыйлық алды. Бүлдіршін қыз Ресей басшысына өзінің қолымен салған Путиннің портретін сыйға тартты. АҚШ президенті Б.Обама Конгрестің қарауына Вьетнаммен бейбіт атом бойынша келісім жобасын жолдады. Бұл құжат қабылданар болса, АҚШ-тың Вьетнамға экспортын 20 миллиард долларға дейін ұлғайтуына жол ашылады. Алайда, ядролық қаруды таратпау ұстанымы бұл келісімге кедергі келтіруі де мүмкін делініп отыр.

Хомс ќаласы Башар Асадтыѕ ќолында Сирия əскерлері 8 мамыр күні Хомс қаласына өз бақылауын орнатты. Сирия президенті Башар Асадтың армиясы соңғы 3 жылда алғаш рет бүлікшілерді Ескі қаладан толықтай ығыстырып шығаруға қол жеткізді. Мұны «Рейтер» агенттігі хабарлады. Бұған дейін Башар Асадтың президенттік сайлауға қатысатынын мəлімдегені белгілі. Сайлау 3 маусымға жоспарланған. Сирия оппозициясы бұл сайлауды фарс деп есептейді. Ал Сириядағы азамат соғысы 2011 жылдың көктемінде басталғаны мəлім. Елдегі қарулы қақтығыс салдарынан күні бүгінге дейін 150 мың адам опат болса, 2,5 миллион сириялық елді тастап шығып, босқын атануға мəжбүр болып отыр.

Ресей тарихындаєы еѕ їздік ќолбасшы Александр Суворов ұлттық конкурс шеңберінде Ресей тарихындағы ең үздік қолбасшы атағына қол жеткізді. Азаматтардың пікірлерінше, Ресей əскери тарихында ең үлкен даңққа аса зор үлес қосқан нақ осы қолбасшы болып табылады. Бұл жобаны мəдениет министрлігінің қолдауымен Ресейдің əскери-тарихи қоғамы ұйымдастырған еді. Өткен жылдың 9 мамырынан бері тарих білгірлері мен əуесқойлары Ресейдегі аса көрнекті 100 қолбасшының тізімін түзген болатын. Ал бүкілхалықтық дауыс беру өткен жылдың 4 қарашасында ашылған еді. Оған миллионнан астам адам қатысыпты. Енді ең үздік 10 қолбасшыға келетін болсақ, А.Суворовтан кейінгілер мыналар: А.Невский, Ф.Ушаков, Г.Жуков. М.Кутузов, П.Нахимов, К.Рокоссовский, Д.Донской, А.Ермолов жəне М.Скобелев.

Ќажылар їшін жеке əуежай салады Сауд Арабиясының батысындағы Таиф қаласында Меккеге қажылыққа баратындар үшін жаңа халықаралық əуежай салынады. Əуежай жыл сайын қажылыққа жəне умраға (кіші қажылық) баратындарға кез келген уақытта қызмет көрсететін болады. Əуежай құрылысы тендеріне халықаралық жəне саудиялық компаниялар қатыса алады екен. Ал жыл сайын Меккеге 13 миллион мұсылман баратынын ескерсек, əуежай көп ұзамай-ақ өзін-өзі ақтайтыны ақиқат. Құрылыс келісімшарты бойынша əуежайды салған компания шығынын өтеген соң, оны мемлекетке өткізіп береді. Қазір Меккеден 70 шақырым жердегі Таифте жұмыс істеп тұрған əуежай негізінен ішкі рейстерге қызмет көрсетеді. Ал жаңа əуежай іске қосылғанда, қажылардың Меккеге жетуі айтарлықтай жеңілдейді. Интернет материалдары негізінде əзірленді.


6

www.egemen.kz

10 мамыр 2014 жыл

 Тарих толқынында

 Тың қойылым

XVII-XIX ғасырларда елінің тағдырын, болашағын ойлап, басқа түскен зұлматтан құтылу жолында халқына тірек, ақылшы басшы болған жаужүрек батырлар мен сөз бастайтын озық ойлы билердің институционалдық негізі қалыптасқан еді. Бір айта кетерлігі, батыр – елді басқыншылардан азат ету жолында қол бастаушы болса, би – жұртты ұйымдастырушы болатын. Сол тұста қазақта «би» мен «шешен» деген атаулар қатар қолданылып, кейде бірін-бірі ауыстырып отырғаны кездейсоқ емес. Шешендік – қадірлі өнер. Сондықтан қазақ «Өнер алды – қызыл тіл» деп бекер айтпаған. Шешендік – қай заманда, қандай қоғамда болса да қауымға, көпшілікке үлкен əсер ететін, оның санасын, сезімін баурап, күш-жігерін тасытатын қуатты құрал болып, ешуақытта құдіреті мен қасиеті жойылмаған өнер. Сондықтан белгілі бір мəселені талқылау кезінде ауызекі сөзімен тыңдаушыларды аузына қаратып, өзіне тарта

жасауды қазақтың билеріне тапсырады. Сонда осы мəселені қарауға қаржас жағынан Шорман мен Үкібай билер, айдабол руынан Шоң би, қанжығалы жағынан Абылай ханның немересі Нұрмағанбет жəне араағайынның міндетін атқарушы керей руының биі Көшеннің Тұрлыбегі бастарын қосады. Алдымен сөз алған Тұрлыбек би: «Жер əуелі Құдайдікі, содан кейін пайғамбардікі, содан кейін хандікі, содан кейін төренікі...», – деп сөзінің арғы жағын жалғастыруды Нұрмағанбетке икемдей бастағанда, Үкібай би қамшымен сырмақты осып жіберіп: «Хан мен төрелер кірме. Оларға жер қайда. Жер əуелі Құдайдікі, содан кейін қазақтікі», деп шорт кесіпті. Сонда Тұрлыбек би: «Пайғамбар ше?», – дейді. Бұл сұраққа Үкібай би: «Жаным мен иманым пайғамбардікі. Оған сол да жетеді», – дейді. Сол мезетте Шоң би даулы мəселе жөнінде бітім айтуға сөзді Үкібай биге береді. Сонда ол: «Бұдан былай қаржастар Өлеңті

қонақты ауылдың жанындағы төбенің басына ертіп шығып, оған: – Сен бір көзіңді қолыңмен басып, екінші көзіңмен мына Мұса мырзаның ауылына қарай қара, – дейді. Орыс шенеунігі: – Айтқаныңызды істедім, – дейді. Сонда би одан: – Бір көзбен көріп тұрған жерге қанша жылқы қамауға болады? – дегенде, ол көзін ашып жіберіп: – Бұл жерге сан мыңдаған жылқыны сыйғызуға болады, – дейді. Сонда Үкібай: – Өзіңіз айтқандай, сан мыңдаған жылқы бір көзіңіздің тарыдай ғана қарашығына сыйды емес пе? Міне, Құдай қаһар қылса, жер жаһанды бір тарының қауызына сыйғызады деген осы, – дейді. Сонда амалы құрып, мысы басылған мейман: – Ой, Муса Чорманович! Ей-Богу, осындай да өте ақылды киргиз болатынын білмедім. Егер

білетін терең ойлы, шебер тілді биді шешен дейді. Ал, нақты жағдайды талқылағанда би адамның тапқыр ойымен, шебер тілімен ауызша айтқан мазмұнды, орынды пікірін шешендік сөзге телиді. Сол кездегі осындай аты шыққан дүрлердің біріне Баянауыл өңірінің тумасы Найзабекұлы Үкібай би жатады. Асылы бұл кісі де би болумен қатар сөзге тапқыр, əрі шешен, алдында кім тұрса да бетің бар, жүзің бар демей ойын айтып салудан тартынбайтын от ауызды, орақ тілді ділмар адам болған екен. Үкібай би өмірінде адалдықтың ақ туын берік ұстап, жалғандықты мейлінше жек көріпті. Бұл бабамыз 1794 жылы қазіргі Павлодар облысына қарасты Баянауыл ауданындағы Сабындыкөл маңында дүниеге келіп, 1859 жылы осы өңірде қайтыс болған. Үкібай балдырған шағында атасы Өтеудің əңгімелерін тыңдап өскен. Есейе келе ауыл ақсақалдарының сөзінде айтылған мақал-мəтелдер мен қызықты жəйттерді зейін қойып тыңдауды машық етеді. Кейін ауылдағы молдадан сауатын ашып, Құран Кəрімдегі аяттарды көкейіне түйіп өседі. Үкібай ересек бала шаққа аяқ басқанда Сəти батырдың ұлы Күшіктің (белгілі Шорман бидің əкесі) үйіне жиі барып, сонда жиналған ақсақалдардан ел тіршілігіне байланысты əңгімелерді де тыңдап жүреді. Бірде ол Күшік мырзаның үйінде жүргенде сол үйге бір топ қонақ келе қалады. Сонда Күшік мырза Үкібайға: «Балам, мына қонақтарға қымыз əкеліп бер», дейді. Үкібай үлкен тостағанға құйылған қымызды алып үйдің табалдырығын аттай бергенде, жазатайым сүрініп кетіп, қымызды төгіп алады. Осыны көріп отырған қонақтардың біреуі: «Ой, мына баланың дені сау емес шығар!» деген болса керек. Мұны құлағы шалып қалған Үкібай дереу мүдірместен: «Үйінің жабығы ашық жатпаса, Қазаны тарсылдап тасып жатпаса, Қымызы асып төгіліп жатпаса, Ол Күшік атаның үйі болмаса – Сонда бұл үй кімнің үйі болады?», – деп шумақтатып бір қайырып, жаңағы кісіге тіке

өзенінен əрі кетпесін, ал қанжығалылар – бері өтпесін!», – деп өз үкімін айтыпты. Осы кезде Шорман би ыршып түседі де: «Үке, бұл не дегеніңіз?! Ерейменді қанжығалыларға тегіс бере салғаныңыз. Ол жақта қаржастардың жеті қыстау жері бар емес пе?», – дейді. Сонда Үкібай би: «Онда қанжығалылардың жеті адамы жер астында жатыр ғой. Бір адамның құны 100 жылқы болғанда, олардың құны – 700-ақ жылқы. Ал, бір айғырдың үйірінде 12-15-тен бие болса, Ерейменнің қаржастарға тиесілі жеріне шамамен 700 үйір жылқы бағуға болатынын ескерген жөн», – деп Шорман биге тосқауыл қойыпты. Осыдан кейін Шоң би:«Үкібайдың бітімі – бітім!», – деп кеседі де: «Асылы, адам құнын малмен бағалау əбестік. Адам деген ардақты ат. Оған жетер құн жоқ», – деп түйін сөзін айтыпты. Міне, дау жоқ, айқай жоқ, мəселені бір ауыз сөзбен тындырған даналар дипломатиясы дегеніміз осындай болған. (Бұл дерек Қазақстан Республикасының Орталық мұрағатының 338-қорындағы 692-істің 708бетінде жазылған). * * * 1852 жылы Қарқаралыда Құнанбай қажы (Абайдың əкесі) салғызған мешіттің ашылу рəсімі болады да, оған жер-жерден игі жақсылар шақырылады. Соған Баянауыл дуанынан Мұса Шорманов пен Үкібай би қатысады. Осы жиынға жиналған жұрттың алдында мешіттің есігін алдымен ашу құрметіне кім ие болуы керек деген мəселе тұрады. Сонда тобықты жағы: «Құнанбай

бұл орысша оқып, білім алған болса, кім болар еді? Удивительный человек, – деп Үкібай биге ризашылығын білдіріпті. Үкібай би жөнінде қазақтың аса ардақты ұлы Мəшһүр Жүсіп: «Өтеуден шыққан кеше би Үкібай, Кім бар қалған қазақтан енді сондай?! Қазақ аты өшкенше аты сөнбей, Артылтқан алапаттан патша құдай», – деп тағы бір өлеңінде: «Қазаққа аты шыққан би Үкібай, Дүниеге енді қайтып келмес деймін», – десе керек. Үкібай би көпшілік бас қосқан жиындарда тақпақтай сөйлеп ұлағатты өсиеттер айтады екен. Өткен ғасырдың 60-шы жылдары бір азамат Омбы облысының мемлекеттік мұрағатынан Үкібай бидің 58 жолдан тұратын өсиетнамасын тауып алып, Баянауыл өңіріне белгілі шежіреші Өкпенің Кəрімтайы деген ақсақалға берген екен. Онда мынадай жолдар бар: «Екі достың арасын – Айырады оңбаған. Ақсақал болмас ауылға – Аузына дұға қонбаған. Жауға тастар жолдасын – Өзінің басын қорғаған. Жақсы жолдас сол болар – Шашпайтын сырын жинаған. Жаман жолдас сол болар – Орынсыз жерде қинаған, Баланың асыл туғаны – Ата-анасын сыйлаған». Енді Найзабекұлы Үкібай бабамыз туралы көп жасаған, көпті көрген көнекөз қариялардың айтқандарына сүйене отырып, əңгімемізге қорытынды жасасақ, ол өз заманында қара сөзге дес бермеген шешен, ұрпақтарына өнегелі өсиеттер қалдырған, бойынан ойы биік боп жаратылған, дегендей қазақтың аяулы перзенттерінің қатарына жатады десек, артық айтылған пікір болмас деймін. Алайда, осындай бабамыздың рухы алдында бүгінгі оның баянауылдықтар ұрпақтары қарыздар күйде келе жатқан сыңайлы. Өйткені, біріншіден, облыс орталығы Павлодар қаласы түгіл Баянауыл ауылында жəне осы ауданның елді мекендерінде Үкібай би атында не бір көше, мектеп, кітапхана, мешіт жоқ. Екіншіден, қазіргі Баянауыл перзенттерінің тікелей қатысуымен соңғы жылдары Баянауыл өңірі мен Павлодар облысына арналып жазылып, жарық көрген «Павлодарское Прииртышье. Энциклопедия» (2003 жылы шыққан), Жамбыл Артықбаевтың «Менің Отаным – Қазақстан» сериясымен «Баянауыл» (2009 ж.), Астанада 2011 жылы шыққан «Баянауыл», «Ертістің Павлодар өңірі. Энциклопедия» (2013 жылы Алматыда шыққан) деген көлемді кітаптарда Үкібай би туралы ешкім лəм-мим деп ауыз ашпаған. Биыл Үкібай бидің туғанына 220 жыл болуына орай, оның есімін мəңгілік ел есінде сақтау үшін Қызылағаштағы өз қыстауын «Үкібай би ауылы» деп атап, белгі қойса жəне Құндыкөл ауылындағы мешітке бұрынғы «Үкібай би мешіті» деген атауын қайтарып берсе, екі игілікті іс болар еді. Барып байқағаным, Үкібай бидің бейіті Көкдомбақ ауылының күншығыс жағындағы төбенің үстінде екен. Кезінде Үкібай бидің мəңгілік жатқан жеріне саманнан сегіз қырлы күмбезді там салыныпты. Уақыт өте ол там тегіс құлап қалған. Кейін оның сыртынан əр қыры 4 метр, биіктігі 0,5 метр сегіз қырлы іргетас қалап, оның үстіне биіктігі 1,3 метр сегіз қырлы темірден шарбақ орнатылған. Ендеше, осы жерге алғашқы қалпын сақтап жаңадан ескерткіш-тас салу үшін, əрине көп қаражат керек. Сондықтан Баянауыл ауылында «Үкібай би қоғамдық қоры» құрылып, аудандық банкте оның есеп-шоты ашылуы қажет. Сосын «Үкібай би күмбезі» деп аталатын жаңа ескерткіш-тамды салып шығу үшін көпшілік болып ат салысса құба-құп болар еді. Кейінгі ұрпаққа Үкібай би сияқты айтулы бабамызға арнап əдемі ескерткіш белгі салып қалдыру – қазіргі білікті азаматтарымыздың борышы деп іске кірісейік!

Данагґй

Алдымен сөз алған Тұрлыбек би: «Жер әуелі Құдайдікі, содан кейін пайғамбардікі, содан кейін хандікі, содан кейін төренікі...», – деп сөзінің арғы жағын жалғастыруды Нұрмағанбетке икемдей бастағанда, Үкібай би қамшымен сырмақты осып жіберіп: «Хан мен төрелер кірме. Оларға жер қайда. Жер әуелі Құдайдікі, содан кейін қазақтікі», деп шорт кесіпті. қарап: «Қымызды төгіп алғаным үшін маған бұра айтқан сөлекет сөзіңіздің айыбы жоқ. Айтпақшы, «жаңылмас жақ болмас, сүрінбес тұяқ болмас» деген емес пе», – дейді. Жалпы, Үкібайдың бізге жеткен тапқырлығы, шешендігі жəне билігі жөнінде деректер біршама. Бір жолы бозбала ол ауылдас екі жолдасымен Көкшетау жақтан келе жатып, кешқұрым бейтаныс ауылға жеткенде осында түнеп шықпақшы болып, алғашқы кезіккен жігіттен қай үйде ақсақал тұратынын сұрайды. Сонда жанындағы жігіттің бірі Үкібайға: «Ой, сен өзің қызықсың, əлгі жігіттен қай үйде əдемі қыз бар деп сұрамай, қайдағы бір шалды сұрағаның не?» – деп қалжыңдаған болады. Содан Үкібай екі жолдасымен ақсақалы бар үйге келіп, сəлем береді де, өздерін жолаушылап келе жатқан құдайы қонақпыз деп таныстырады. Жайғасып əңгіме-дүкен құрып отырғанда қария Үкібайға: «Балам, сөз саптауыңа қарағанда өзің бір текті атаның ұрпағы болуың керек. Саған бір сұрақ қояйын, соның жауабын айтсаң», – дейді. Сонда Үкібай: «Қойыңыз, сұраққа жауап бермеу адамның кемшілігі болар», – дейді. Сосын ақсақал қынабынан жүзі өткір кездігін суырып алып, дастарқанға қояды да: «Балам осы кездіктен не өткір?», – деп сұрайды. Сонда Үкібай ойланбастан: «Бұл кездіктен өткір – тек тіл ғана» – дейді. Сəл кідіріп қалған ақсақал Үкібайдың бетіне бажырая қарап отырып: «Балам, ақылыңа жігерің мен сөзің сай, уыздай жас екенсің. «Аттың ішінде де аты бар, бірақ сондағы қазанатын айт, жігіттің ішінде де жігіт бар, бірақ сондағы азаматын айт», деген бабаларымыз. Алла өзіңе əр уақытта жар болып, алдың жарқын болсын», – деп ақ батасын беріпті. * * * 1831 жылы қаржас пен қанжығалы рулары арасында Ерейментау сілеміндегі қыраттар үшін болған таластан жанжал шығып, жеті қанжығалы адамы қаза болады. Осыған байланысты мəселені қараған Омбы қаласындағы Батыс Сібір генерал-губернаторының əкімшілігі екі жақты мəмілеге келтіре алмай, бітімшілік

əрі аға сұлтан, əрі өзі салдырған мешіті. Жол сол кісінікі ғой», – дейді. Ал, қаракесек жағы: «Ата қонысында бой көтерген Құдай үйі болғаннан кейін оның есігін алдымен ашып, жұртты намазға шақыру Алшынбай бидің жолы», – дейді. Осылайша екі ру адамдары тəркейге түскенде, Үкібай би топ алдына шығып: «Алланың қасиетті үйінің есігін алғаш ашатын адамның тұла бойында ешқандай кемістік болмауы керек», – деп сыңар көзді Құнанбай мен шашы жоқ Алшынбайды елең қылмай аят оқып, мешіттің есігін өзі ашыпты. * * * Баянауыл дуанының аға сұлтаны Мұса Шормановтың үйіне Омбыдан келген орыс шенеунігі: – Муса Чорманович, менің қоятын екі сұрағыма жауап бере алатын киргиз (қазақ – С.Ж.) ауылыңда бар ма? Сұрақтарды тек соған ғана қоямын», – дейді. Сонда Мұса мырза: – Бізде ондай адам бар, – деп Үкібай биге кісі жіберіп: «Мынау келіп жатқан мейман осылай дейді, бұған не дер екен, біліп кел», – дейді. Сонда би: «Құдай бергенін алмаса, иншалла қонақтың сұрақтарына жауап беруге дайынмын», – депті. Мұны естіген Мұса мырза қасына əлгі шенеунікті ертіп Үкібай бидің ауылына келеді. Сонда оның Үкібай биге қойған сұрақтары мыналар екен: «Құдай бар ма, əлде жоқ па? Ал, ол бар болса қайда?», Киргиздар құдай қаһар қылса, жер-жаһанды бір тарының қауызына сыйғызады дейді. Осыған илануға бола ма?». Бұған Үкібай би аз ойланып отырып, тоқалы Құлжа Ағымбетқызына бір шара сүт əкел дейді. Сүтті əкелген соң, Үкібай би мейманынан: – Мына сүтте май бар ма? – деп сұрайды. Орыс шенеунігі оған «бар» деп жауап береді. Сонда би: – Май бар болса, сол май сүттің бетінде ме, ортасында ма, болмаса астында ма? – деп орысқа қайырылады. Сонда жауап беруші: – Біле алмаймын, – дейді. Үкібай би: – Ендеше, бірінші сұрағыңыздың жауабы осы. Құдайдың бары анық, ал оның тұрағы осы сүттегі май сияқты. Бізге беймəлім, – депті. Екінші сұраққа келгенде, Үкібай би

Серік ЖАҚСЫБАЕВ, Екібастұз қаласының құрметті азаматы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

Ерлік таєылымы «Жалын жўтќан Жанна д’Арк» драмасын тамашалаєаннан кейін туєан ой ...Ол да он бес жасар кез келген қыз секілді еркелеп еркін өсті. Иə, оның он бес жастағы қиялшыл қыздардан ешбір айырмашылығы болмайтын... Бəрі де табиғаттың тамылжи атқан таңында мейірімді күнмен жарыса шыққан беймəлім дауыстан басталды: «Жанна, Францияның короліне көмекке бар! Сөйтіп, сен оның мемлекетін қайтарасың!». Міне, осы бір тосыннан шыққан тылсым үн əскерді шайқасқа бастап, тұтас бір империяның басына төнген қара бұлтты сейілтпек түгіл, өмірінде атқа мініп көрмеген қаршадай бойжеткен өміріне ұлы өзгеріс əкелді. Соңына ерлік жайлы ұлы аңыз қалдырды: «Жалын жұтқан Жанна д'Арк!». Отқа оранған Орлеанды жат қолынан азат еткен жаужүрек Жаннаның ерлігі енді елорда көрермен дерінің назарында. Жақында Астана қаласындағы Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрында француз драматургі Жан Ануйдің «Бозторғай» пьесасының негізінде сахналанған «Жалын жұтқан Жанна д'Арк» драмасының тұсауы кесілді. Қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Əлімбек Оразбек. Шымылдық ашылғаннан-ақ назарыңызды орта ғасырдағы Францияның тұрақтылығы тұралаған, тұтастығынан қысастығы көп жырым-жырым қоғамының əсіре діни көрінісі аулайды. Ерлерше киініп, қолына қару алып елін азат ету үшін майданға аттанған 19 жасар бойжеткеннің «сиқыршылыққа қатысы бар, дəстүрлі діннен безген» деген айыппен ісі қатаң қаралып жатқан жазалау сотының үстінен түскен Сіз үрей мен үміт арпалысқан күйден алдағы екі сағат көлемінде арыла алмайтыныңыз анық. Режиссер мен қоюшы-суретшінің біте қайнасқан берік тандемі заман келбетін, дінге берілген епископтар мен қарапайым халық арасындағы рухани алшақтықты шебер жеткізіпті. Əсіресе, тағдыры көп талқысына түсіп, əне-міне инквизиция отына өртелгелі тұрған қаршадай ғана Жанна қыздың ерлігі мен қатып қалған қасаң ереженің шеңберінен шыға алмайтын дін қызметкерлерінің таяз түсінігі арасындағы парадокс орта ғасырдағы Еуропа қоғамының хал-күйін, түсінік-танымын боямасыз алдыңызға жайып салады. Жанна д'Арк бейнесі театр актрисалары Айнұр Бермұхамбетова мен Сая Тоқманғалиеваның нұсқалауында сахнаға шықты. Қос əртіс ойынын тамашалау барысындағы біздің көргеніміз бен көңілге түйгенімізді талғам таразысына тартып көрсек, сараптамамыздың салмағы төмендегіше тарқатылды. Сонымен, біріншіден, Жан Ануй пьесасының əдеби нұсқасымен танысқанда біздің назарымызды аударғаны – батыр бойжеткеннің жас ерекшелігі болды. Жаннаға тылсым дауыстар белгі бере бастағанда бойжеткен он бес жастың есігін енді қаққан бойжеткен еді деп көрсетіледі. Яғни, оқиға ержүрек қыз өмірінің 15-19 жас аралығындағы бөлігін қамтиды. Байқағандарыңыздай, əуелгі үндестікті біз осы тұрғыдан іздестірмекпіз. Мəселен, 13 жасар Джульеттаны, болмаса 15-ке толмаған Қамар сұлуды отызды орталаған актрисаға беруден өнер көп нəрсені ұта қояр ма екен? Ол көрермен қиялындағы əдемі естелікпен қаншалықты астасады? Міне, шымылдық ашылғанға дейінгі уақытта бізді осы сауалдың мазалағаны рас. Əрине, «қалай тартсаңыз да театрдың ең жас актрисасы 15 жаста бола алмайды, кемі 20 жасты қанағат тұтуға тура келеді» деп қарсы уəж айтушылар да табылатыны анық. Пікір орынды. Дегенмен, труппа таңдау мен рөл тағайындағанда осы ықтималдық мен мүмкіндіктердің барынша шегін пайдалану қажеттігін ескеру – режиссер жұмысының жаңа тынысын ашар ма еді, бəлкім. Қанша елемеуге тырысқанымызбен, біз ойынына куə болған екі актрисаның да бітім-тұлғасында Жанна жасымен салыстырмалы түрде алғанда біршама алшақтықтың бары бірден көзге ұрады. Алайда, көңілге қуаныш

ұялат қаны – жас ерекшеліктеріне қатысты күдігімізді өнер иелерінің жанжақты ізденісі ақтай алғандығы. Əсіресе, сахнада жалын атқан Жанна – Айнұр Бермұхамбетованың ішкі рухы, қуатты дауыс мүмкіндігі майдан даласындағы үрей мен үміт арпалысқа түскен аласапыран сезім күйін дөп баса алды. Атты əскер алып, өзінің майданға аттануға қажырқайратының жететіндігін Бодрикур мен Карл патшаға жəне айналасындағы басқаларға дəлелдеу жолындағы батыл да сенімді əрекеті, өжет те өр сөз саптасы көңілге құрмет орнықтырды. Жан дүниесін əлемтапырық күйге түсірген көңіл түк піріндегі қорқынышы мен қайсарлығын тепе-теңдікте ұстап, дəл берген актрисаға жалғыз ғана жетпегені – семсер мен жұмыс істеудегі сенімділік. Семсерді серіктесіне лақтыратын тұста да, қылыштасатын көріністе де Жанна – Айнұрдың бойында əрекет еркіндігі əлсіздеу болды. Қорқынышқа басымдық беріп алғандығын жазбай танисыз. Керісінше, бұл жағынан Сая Тоқманғалиева басымырақ түсті. Бірақ Саяның бір кемшілігі – ішкі трагедия-

бой алдырып алғандығы дер едік. Əр əрекетте көңіл-күй қалыбын оқиға орайы мен қимыл құбылуына сай сантараптандырса, қаһарман қыз болмысын бейнелеу бедері байып, кейіпкер көңілкүй қатпарларының күрделене түсеріне сенім кəміл. Спектакль барысында назарымызды айрықша аудартқан сахнагерлер шоғырынан Карл патша рөліндегі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нүркен Өтеуіловтің ойынына ойып тұрып ойын берер едік. Екінші құрамда ойнаған Ержан Нұрымбеттің Карлы сылбыр, босаңдау болса, Нүркен Өтеуіловтің кейіпкері мінез мығымдығымен баурап алды. Актер сараптауында əумесер де сужүрек, ұшқалақ та əпенді патша бейнесі кемеліне келтіріле кейіптеліпті. Мінезі тұрақсыздау, сөзінің де тұрлауы жоқ тақ иесінің табиғатын жеткізудегі сахнагер шеберлігі тəнті етумен қатар, езуіңізге күлкі де үйіреді. Жымия отырып ойланасыз... Бұл қойылым осыған дейін Абылай хан, Кенесары, Гамлет сынды салмағы сынадай, қиюы күрделі рөлдерде

лық күйді беруде кейіпкердің жандүние тұңғиығының тек беткі қабатын ғана малтып өтуі дер едік. Тұтас Франция елінің тағдыры бір өзінің иығына түскенін сезіну – қаршадай бойжеткен тұрмақ, жаужүрек батырдың өзін бейжай қалдырмасы ақиқат. Осы тұрғыдан кел генде Жанна – Саяға тек дауыс құбылтумен ғана шектелмей, жауынгер Жаннаның жалын шарпыған, қауіп пен қорқыныш қатар кеулеген жандүние арпалысының аласапыран күйін ішкі түйсіктің қызметін белсендірек іске қосу арқылы жеткізу жағы жетіспеді. Актриса езуіне жиі-жиі үйірілген күлкі де көп жағдайда өзін-өзі ақтамады. Дауыс мүмкіндігімен де жұмыс істеу рухы биік, тіні мықты қайсар Жаннаның табиғатын шынайы беруде артықтық етпейтінін алдағы уақытта қаперде ұстаса, жалпы кейіпкер характері жан-жақты ашыла түсер ме еді деген үміттің көкейге орныққанын атап өтуді де мақсатымыз санадық. Ал енді қос актриса ізденісіне көлеңке түсірген ортақ кемшілікке тоқталар болсақ, ол – əке-шеше, бауыр ортасындағы мейірбан Жанна; ел сеніміне ие болу жолында барын сала жанұшырған өткір Жанна; қан майдан ортасындағы намысы жанылған, рухы асқақтаған, тұлғасы тұғырланған жауынгер Жанна; шіркеу қызметкерлерінің қыспағына түскен, инквизиция жалынына шарпылар алдындағы айыпкер Жанна; өмір мен өлім, мойынсұну мен тəрк ету арасындағы таңдау талқысында ойы он, санасы сан саққа шашыраған дəрменсіз Жанна... – міне, осындай алуан түрлі сезім сергелдеңінде сансыраған Жаннаны əрқайсысын өз характеріне сай, драма динамикасына лайық өрбітуге келгендегі бірсарындылыққа

ойнап келген Сырым Қаш қа баевты Лаир бейнесінде мүлдем жаңа қырынан көрсетіп берді. Ебе дейсіз сарбаздың аңғал да адал əрекеті, қобырайған қобалақ қимылы Сырымның нұсқалауында жаңа тынысын ашыпты. Кошон кейпіне енген Қазақстанның халық əртісі Тілектес Мейрамов, Жаннаның əкесі бейнесінде жүрген Боранбай Молдабаев, Иоланта рөлінде көрінген Қазақстанның еңбек сіңірген əртісі Жұмагүл Мейрамованың ойыны өзіндік бедерімен есте қалды. Мейрам Қайса нов Бор дикурының да бояуы қанық. Көрерменді граф Варикпен қауыштырған Жəнібек Мұсаев ойыны да көңіл қойып тамашалауға лайық. Театрдың жас сахнагерлері Олжас Жақыпбек пен Дастан Əлімнің нұсқалаған тəні кемтар болғанмен, жаны мөлдір мүгедегіңнен дəрменсіз жанның күрескер болмысындағы жылылықты сезіндік. Сахнада санаулы мəрте көрінгенімен, көңілді бейжай қалдырмайды. Ал инкивизитор Қуандық Қыстықбаевқа «ұрысқақтықтан» арылып, қаталдық қалпына ену жолында əлі де біршама ізденістің қажет екендігі сұранып-ақ тұр. «...Сократқа у ішкізген, Иоанна Аркті отқа өртеген, Ғайсаны дарға асқан, пайғамбарымызды түйенің жемтігіне көмген кім? Ол – көп, ендеше, көпте ақыл жоқ!» Тарих парақтарында қатпарланған дəуір келбетін ұлы Абай осылай береді. Иə, көп – тобыр. Бірақ қай дəуірде де сол ақылсыз көпті ұлы мұраттың биігіне шығаратын тұлғалар болады. Жалын жұтқан Жанна д'Арк ерлігі соның дəлелі. Демек, бəрі де адамның ішкі қуатына, яғни өзімізге байланысты. Назерке ЖҰМАБАЙ, Қазақ ұлттық өнер университетінің өнертану магистранты.

Жаќсыдан ќалєан сґз Сүлеймен МƏМЕТ,

«Егемен Қазақстан».

Қазақ ғылымының айтулы өкілі, Əл-Фараби бабамызды атажұртына оралтқан Ақжан əл-Машанидің ғылыми мұрасын қамтыған жинақ таяуда жарық көрді. Оған ұйытқы болған – көрнекті оқымыстының келіні Зада Дүйсенбаева. Кітапқа ғұламаның қазақ ғылымына қосқан үлесі, Əл-Фараби мен Абайды ұштастыра зерт те ген зерделі еңбектері, қазақ интеллигенциясын қалыптастыру бағытындағы ізденістері, ұлттық геология, соның ішінде бұрын аталмай келген маркшейдерлік іс, өзге де та қырыптар бойынша

зерттеушілердің дүниелері топтастырылып отыр екен. Шынында, əл-Машани қазақ жұртынан шыққан айтулы тұлға еді. Ол Қаныш

Сəтбаев іргетасын құйып, керегесін қалап, шаңырағын көтерген Ұлттық ғылым академиясын құрғандардың қатарында болды. Тұңғыш рет Əл-Фараби туралы ой айтып, Отанына оралтты. Қазақ тілінің жанашыры болып, қазақ сыныптарын ашуға жасы келіп қалған кездің өзінде белсене атсалысып, «Тілің болмаса ƏлФараби, Абай кімге керек. Қазақ жұрты сөз қадірін білген, сөзге тоқтаған, екі сөйлемеген, айтқанында тұрған, меңзегенін орындатқан», деп бабалар салтын санаңа судай сепкен. Енді, міне, сол алып қазақтың өмір жолын, өнегелі жолын қамтыған еңбектің тұсаукесер рəсімінде белгілі

ғалым дар: міржақыптанушы, тарих ғылымдарының докторы, елордадағы Ұлттық мұрағатының бас директоры Марат Əбсеметов, профессор Диқан Қамзабекұлы, қоғам қайраткері Жекен Қалиев, өзге де зиялы қауым өкілдері сөз алып, əлМашани туралы естеліктер айтты. Ой өрбіткендер ендігі жерде əл-Машани атын Отанымыздың өңірлерінде жаңғыртып көшеге, мектепке берсе деген тілектерін де алға тартты. Шынында, геология-минерология ғылымы мен ұлт руханиятын таразының басындай тең ұстап, халықтық үлгіні, тірек болар тілді кейінгі жасқа сырын оңдырмай, сынын кетірмей жеткізсем деп өмір бойы еңбек еткен ғалымға қандай құрмет кө р сет сек т е жар асар ы сөзсіз.


7

www.egemen.kz

10 мамыр 2014 жыл

 Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран

«Демьян ќапшыєына» ќатысќан ќазаќ

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

ІІ дүниежүзілік соғыста ерлік көрсетіп, кеудесін оққа төсеген батыр ағаларымыздың бірі – Дүйсен Сүйесінов. Ол кісі туралы бізге ақпарат берген баласы Əділғали Дүйсеновтің жазғанына қарағанда, Дүйсен атамыз 1923 жылы қазіргі Атырау облысының Мақат кентінде туып, атақты 316-шы атқыштар дивизиясының қатарына оның «генерал Панфилов атындағы 8-ші гвардиялық атқыштар дивизиясына» айналған кезінде, 1942 жылдың наурыз айында 19 жасында келіп, 1947 жылдың маусым айына дейін қызмет еткен. Гвардия лейтенанты Д.Сүйесінов соғыстағы ерліктері үшін Қызыл Ту, І жəне ІІ дəрежелі «Отан соғысы», сондай-ақ «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен наградталған. Осынау 4 орденге қоса, оған «Ерлігі үшін», «Əскери қызметтері үшін», «Ленинградты қорғағаны үшін» жəне т.б. медальдар берілген. Əрине, Ұлы Отан соғысында төрт орден алған қазақ сирек. Соған қара ғанда, лейтенант Сүйесіновтің ерліктері атамауға болмайтын көлемде болғаны ғой. Полк командирі, гвардия подполковнигі Г.Ломов пен штаб бастығы, гвардия майоры А.Суханов қол қойған марапаттау қағазындағы бір ерлік туралы айта кетейік. Ленинград қоршауын бұзу кезінде бөлімше командирі болған Д.Сүйесінов өзінің жауынгерлерін бірнеше рет қоян-қолтық айқасқа алып шығады. Осындай бір айқаста оның жеке өзі бір унтер-офицерді жəне жаудың бірнеше солдатын вин товканың найзасымен шаншып өлтірген. Осы шабуылда ол ауыр жараланса да майдан даласын тастап кетпей, жауынгерлеріне рух беріп, олардың алға басуын талап еткен. Ал 1944 жылдың 19 қаңтарында Казачиха деревнясының түбінде болған айқастағы көрсеткен ерлігі Кеңес Одағы батыры атағына лайықты екені көрініп тұр. Осы ерлік туралы марапаттау қағазында: «...совершил героически подвиг на котором воспитывается весь личный состав батальона. Немецкий ручной пулемет сильно обстреливал передний край нашей обороны. Тов. Суйесинов взял разрешение у командира уничтожить пулемет противника и с гранатой в руках пополз к нему. Когда тов. Суйесинов подполз вплотную, пулеметчик пытался расстрелять его в упор, но Суесинов бросил гранату, где один немец был убит, а второй растерявшись бежал оставив ручной

пулемет и парабеллум с патронами», деп жазылған. Бұл пулеметі зіркілдеп тұрған амбразураны өшірген ерліктен еш кем болмаса керек. 8-ші гвардиялық дивизия құрамында ол Калинин, Солтүстік-Батыс жəне 2-ші Балтық майдандарына қатысады. Соның ішінде, 1942 жылдың қаңтар-сəуір айларында болған, Демьян операциясына («Демьян қапшығы») да қатысқан. Новгород қаласының түбіндегі Демьянск қаласының жанында немістің үлкен қолын қоршауға алып, жойып жіберуді көздеген бұл шайқас төрт айға дейін созылып, ақырында немістер қоршауды бұзып шыққан. Алайда, бұл «қазандық» немістің 15 дивизиясын Ленинград шабуылына тартуға кедергі келтіріп, стратегиялық жағынан кеңес əскеріне зор пайда берген. Міне, осы соғыста 8-ші гвардиялық дивизияның құрамындағы бір взводтың командирі болып Дүйсен Сүйесінов те соғысқан екен. Айта кететін бір жайт, В.Полевойдың «Нағыз адам туралы аңыз» атты повесіндегі бас қаһарманның прототипі, ұшқыш Алексей Маресьев 1942 жылдың 4 сəуірінде нақ осы Демьянск қаласының түбінде атып түсірілген. Д.Сүйесінов майдан даласында жоғарыда айтқанымыздан да басқа бірнеше рет жараланып, өміріне қауіпті жағдайларды бастан кешкен. 1945 жылдың 27-29 қаңтарында Гриэтень деревнясы маңындағы соғыста қаза тапқан рота командирінің міндетін өзіне қабылдап, осы шайқастың сəтті аяқталуына үлкен үлес қосқан. Сонымен бірге, ол дивизия құрамындағы есімдері артынан бүкіл елімізге мəшһүр болған қазақ офицерлерімен тығыз қарым-қатынаста болған. Соның ішінде бірнеше жыл «Социалистік Қазақстан» (қазіргі

«Егемен Қазақстан») газетінің бас редакторы болған майор Қасым Шəріповпен жəне т.б. бірге соғысқан. Соғыстың сəл тыныстаған бір кезеңінде оның майорлар Қ.Шəріпов, Қ.Тышқанбаев, капитан А.Жылқыбаев, лейтенанттар С.Шауманов, Ə.Байбатыровтармен бірге түскен суреті де сақталған. Сондай-ақ, оның генерал И.Панфиловтың қызы Валентина Панфиловамен де бірге түскен суреті қазір отбасының қымбат ескерткіштерінің бірі. Кеудесі орден-медальға толы Д.Сүйесінов əскер қатарынан тек 1947 жылы ғана босатылады. Жергілікті өкімет жас офицерді бұрынғы Гурьев облысындағы Мақат аупарткомының нұсқаушысы қызметіне тағайындайды. Ал 1948-1950 жылдары ол осындағы жастар ұйымын басқарады. Одан, 1950-1957 жылдары аупарткомның бірнеше бөлімінде меңгеруші қызметін атқарып, басқару аппаратының қырсырын меңгереді. Ал 1957 жылы ол осы ауданның партия хатшылығына сайланады. Алайда, бұл қызметте ұзақ болмай, келесі, 1958 жылы өкімет оны Ембі ауданындағы Доссор мұнай өндірісі кəсіпорнына партия ұйымының хатшысы қызметін атқаруға жібереді. Одан кəсіпорын бастығының орынбасары қызметіне ауыстырылады. Барлық тапсырылған міндеттерді адал атқарып, жан аямай еңбек еткен Д.Сүйесіновтің еңбегін өкімет жоғары бағалап, ол Бүкілодақтық жастар одағының жəне Қазақ КСР Жоғарғы Кеңе сінің Құрмет грамоталарымен марапатталады. 1964 жылы 41 ғана жасында өмірден өтеді. Артында баласы Əділғали қалған. Қазір одан Дəурен есімді немересі бар. Міне, «Демьян қапшығына» қатысқан бір батыр қазақтың тағдыры осындай.

Біз сөз еткелі отырған əріптесіміз Өзбекстан Республикасында туыпөсіп, еліміз тəуелсіздік алғанда атамекенге бір кірпіш боп қалансам деп келген қандасымыз еді. Содан бергі өмірінің жиырма жылдан астамы мемлекеттік қызметте өтті. Жазу-сызудың сан саласына қалам тартып жүретін ол еңбектерін қазақ, орыс, өзбек тілдерінде жазып, бүгінде 20-ға жуық кітаптың авторы атанып отыр. Өзінің тынымсыз зерттеушілік, журналистік қызметінің арқасында əлемнің əр қиырынан көптеген жаңа достар тапты. Мəдениет, ғылым, өнер жəне əдебиет саласындағы қайраткерлермен кездесіп əңгімелесуі, оның шығармашылығын одан əрі байыта түскендей. Халықаралық публицистикаға арналған бірқатар еңбектері елімізде аккредитацияланған шетелдік дипломатиялық корпус арасында да оның қарым-қабілетінің қандай екенін танытты. Бұл ретте, елшілік тер тарапынан қаламгердің шығармашылығына байланысты түрлі мəдени шаралар өткізу жөнінде де ұсыныстар түсті. Оның түрлі шетелдік БАҚ-тарда мақалалары жарияланса, қаламгердің мұндағы негізгі мақсат-ойы өзге жұрттың Отанымыз Қазақстан мен еңбексүйгіш халқымыз жайлы барынша молырақ біле түссе деген ұстанымға саяды. «Достық үйі» атанған Бақыт Төлегенұлының шаңырағы береке мен шаттыққа, қаймағы бұзылмаған қазақы тəрбиеге тұнған. Оның дəлелі өсіріп отырған алтын асықтай

«Егемен Қазақстан».

Иə, балалық шақтары сұрапыл соғыс жылдарына тұспа-тұс келген шоғыр-шоғыр балғын буындардың бəріне ортақ шерлі қайғы ғой бұл. Олар да қазір ағалық жастан аталық жасқа жетіп, ақсақалдық биікке көтерілді. Уақыт өткен сайын сиреп те барады. Жетімдіктің қиындығына мойымай, ілгеріге ұмтылған Əли Құйған ауылындағы Бозжанов атындағы орта мектепті бітіргеннен кейін, сол тұстағы «Жиделі» совхозында жұмысшы болып еңбек жолын бастайды. Мектепте жүрген кезінен мақала жазып машықтанған ол Балқаш аудандық «Балқаш еңбеккері» газетінің редакциясына қызметке шақырылып, əуелде əдеби қызметкер, одан кейін бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы міндеттерін атқара жүріп, əл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін 1966 жылы ойдағыдай бітіреді. Осы жылы Қаратал аудандық «Коммунизм жолы» газеті редакторының орынбасары болып тағайындалады. Алматы Жоғары партия мектебіне оқуға жіберіліп, оның журналистика бөлімін жақсы аяқтап шығады. Бұдан кейін Қаратал, Көксу, Шелек аудандарында газет редакторы, республикалық «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің Маңғыстау облысындағы меншікті тілшісі қызметін атқарады. Талдықорған облыстық «Октябрь туы» кейін «Жерұйық» деп аталған газетте редакторының орынбасары міндетін табан аудармай жиырма жылға жуық істейді. Одан кейін Талдықорған облыстық Полиграфия өндірістік бірлестігінің бас директоры, Алматы облыстық «Жетісу» газеті редакторының бірінші орынбасары жəне «Алатау» газетінің бас редакторы міндетінде болады. Жетісу өңіріндегі газет оқырмандарына эсселерімен, көркем сөздерімен, республика

жұртшылығына əдеби шығармаларымен жақсы таныс Əли Ысқабай «Жетекші шопан», «Əубəкіровтер əулеті», «Қызылжардың қызғалдақтары» атты деректі кітаптарымен қатар, екі мəрте Еңбек Ері Нұрмолда Алдабергенов туралы «Шынайы шындық» деректі дүниесін оқырмандарға ұсынды. Əли – балалар əдебиетіне елеулі үлес қосқан жазушы. Жеткіншектерге арнаған «Менің інім», «Солдат ағаға хат», «Еңбекқор құмырсқа», «Бесік жыры», «Айдостың арғымағы», «Ана алақаны», «777 жұмбақ», «Əліппе-жаңылтпаштар» жəне басқа кітаптарына енген туындылары сан алуан тақырыптарды қамтитын танымдықт ə л і м ді к м ə н і ү л к е н т а қ п а қ т а р да н , жұмбақтардан, жаңылтпаштардан тұрады. Əлидің кісілік əрі адами келбетін белгілі жазушы Бексұлтан Нұржекеұлы былайша мүсіндейді: «Өткен ғасырдың сексенінші жылының басында өз туған өлкем, сол кездегі Талдықорған облысы жайында тарихи-танымдық бір кітап жазғым келді. Өйткені, шығыстағы үлкен көршіміз үнемі «Балқашқа дейінгі жер ежелгі біздің жер» дегенді айта да беретін, жаза да беретін. Олай емес, ол араның ежелден қазақ жері екенін дəлелмен жазғанды жөн көрдім. Сол кезде Қуаныш Сұлтанов Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінде ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі еді, ойымды оған айтып ем, қуана құп көрді де, дереу сол облысты бақылап отыратын азаматқа тапсырды. Соның арқасында Талдықорған облысына қарасты аудан басшылары бірінен кейін бірі мені қолға тигізбей қағып алып отырды. Ал облыстық партия комитеті қасыма облыстық газет бас сарапшының орынбасары болып істейтін Əли ағаны қосты. Біз екеуміз бірбірімізді оған дейін де білетінбіз, оған дейін де сыйласып жүретінбіз. Бірақ ұзақ уақыт бірге болып, бірге жүріп рахаттанғанымыз осы ғана еді. Өзі бастық, өзі ақын бола тұрып, дəл Əлекеңдей сыпайы жүретін, дəл ондай өз орнын кез келген жерде білетін, артық

Отандық телесериалдардың тарихында біріншілердің бірі болып жоғары рейтинг жинаған «Сырғалым» телесериалы сəуір айында кілт аяқталып қалды. Оқиғалары шырқау шегіне көтерілгенде бітіп қалғандай болған сериалдан сыр бағып жүрген көрермендер қоңылтақсып қалғаны шын. Алайда, ұлттық арнада жүрген сериал шымшытырық оқиғаларымен, шұрайлы қазақ тілімен, актерлердің шеберлігімен, ең бастысы – өзімізде де тамаша телетуындылар жасауға болатындығымен айрықшаланғанын кім жоққа шығара алады?!

Задында өзі бір қарапайым, үлкенге де, кішіге де құрметпен қарайтын жандар болады. Мұндай азаматтардың жанына əлбетте адамдар үйірсек келеді. Мейлі, ол қандайда бір биік белестерде жүрсе де, туабітті қарапайымдылығы олардың болмысын бекзаттыққа жеткізеді. Осындай жанына шуақ шашып жүретін абзал жандардың қатарында əдебиетші ғалым, саясаттанушы, журналист Бақыт РҮСТЕМОВ те бар. ұл- қыздары. «Бұл отбасында əкеге деген құрметтің зор екендігін байқадым. Осының бəрі Бақыттың берген тəжірибесінің белгісі болса керек», дейді Куба елшісі Карлос Вальдес де ла Консепсион. Өзінің Отанға деген сүйіспеншілігінің бір көрінісін автор былай деп еске алады. «Ташкент университетіне оқуға келісіліп, шешіліп қойған жерімнен «елімнің училищесі мен техникумына түсемін» деп тарихи Отаныма оралуға асыққам. Ташкентте Суворов мектебінде (5-6-7 сыныптарда) оқып жүрген кезімде бірнеше əскери парадтарға қатысқаным бар-ды. Жас əскери барабаншылар мерекелік шеруді ашатын. Сондай парадтың бірінде біздің құрам сап түзеп өтіп болған соң сол кездегі Өзбекстан Республикасының басшысы Шараф Рашидов мінберге шақыртып алып арқамыздан қағып, бетімізден сүйді. Сондайақ, барлығымызға келешекте жақсы азамат болуымызға тілек білдірген ол сендерді болашақта көп жақсылықтар күтіп тұр деді. Осыдан кейін Өзбекстан басшысы бəрімізден: «Сабақта үлгерімдерің жақсы ма? Тəртіптерің де жақсы екенін көріп тұрмын», – деді күліп. Менен сұраған кезде өз ана тілімде «жақсы» деп жауап бердім. Ол кісі менің қазақ екенімді біліп: «Дұрыс, өз тіліңді білгенің жақсы, қай тілде оқисың?» деді. Мен: «орыс тілінде оқимын, бірақ өзбек тілінде бізге дəріс береді, сондықтан өзбекше оқуды да, жазуды да жақсы білемін», дедім. Менің əскери екпінмен жігерлі түрде нақпа-нақ берген жауаптарыма Шараф ака тіптен риза болды. Өйткені, сол

Сүлеймен МƏМЕТ,

сөз айтпайтын, өрескел қылық жасамайтын жайсаң адамды сирек кездестірдім. Кейде тіпті, қасыңда бар екенін де білдірмейді. Алайда, сөз кезегі, өз кезегі келгенде, сөзден де, істен де тосылмайды. Асып сөйлеп, астамшылық та жасамайды, тасып сөйлеп, тасырлық та көрсетпейді. Бейне бір мен аға да, ол інім секілді. Қонақ боп көсіліп, есіліп отырғанда да сол қылығынан бір жазбайды. Табиғатына біткен тамаша мінезі екен. О кісі өз жағдайынан бұрын жанындағы адамның жағдайын ойлайтын адам екен. Əркімнің ондай ағасы бар шығар. Бəлкім, көп те шығар. Мен бірақ ағаларымның ішінде Əлекеңді айрықша бөліп, ерекшелеп айтам». Жақсының жақсылығын жақсы жазушыдан асырып айтам деу бос əурешілік болар. Ал Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы Мұзафар Əлімбаев ағасы ақын інісі туралы: «Балалар əдебиетінде ең қиын жанр, əрине, бұл жұмбақ... Балалар ақыны атана тұра, бірдебір жұмбақ шығара алмай өткен ағалар да болған. Осының өзі-ақ жұмбақтың көрінген талапкерге немесе дəмегерге жалынан сипатпайтынын сипаттаса керек. Шынайы балалар ақыны шынайы жұмбақ шығарғанда ғана шеберлік шыңына қалам ұрдым деп түсінуі лəзім. Заттың, құбылыстың өзіндік дербес қасиетін дөп басып, екінші бір затқа немесе құбылысқа ұқсастығын таппайынша жəне сол ұқсастықты айшықты түрде сөзбен суреттеп бермейінше, жұмбақ дүниеге келмейді. Ендеше, жұмбақ – ақындықтағы тапқырлық мектебі. Тыңдармандар мен оқырмандардың ой ұшқырлығын шыңдайтын да осы өрнекті жұмбақтар. Ыспарланған қалам иесі Əли Ысқабай енді жұмбақ жанрында күшін сынауға кірісіпті. «Ізденгенге інжу ілігер» деген. Бұл бағыттағы ақын қадамдары, иншалла, сəтті екен. Аспан əлеміндегі ай жөнінде ғана біздің төл əдебиетімізде күні бүгінге дейін туған жұмбақтардың саны да жүздеп саналатын шығар... Ал бұрынғы барға ұқсатпай, өз жұмбағыңды өзіңше өрнектей алсаң, бұл өнеріңді танытқаның! Əли сол биік талапты сəтті орындап шығып: «Орақ болып туады, Табақ болып тынады» деп, алты сөзбен-ақ айдың суретін айнытпай салған да шыққан... «Қолы менен қаламы жоқ, Бірақ сурет салады көп». Шешуін таптыңыз ба? Бұл кəдімгі аяз туралы жұмбақ. Сүңгі жайындағы жұмбаққа мен қызыға қарадым: «Жиегіне шатырдың, Судан шеге қатырдым». Автордың тапқырлығына куəлік беретін үстел жөніндегі («Үсті жазық, төрт қазық»), сіріңке жайындағы («Қабырғаға қасынар, былғауыш басы бар») жəне тағы басқалары ырзалық тудырары хақ. «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мəдениет қызметкері», Алматы облысының құрметті азаматы, жазушы інісі аға тұтқан, ақын ағасы туындыларын биік дəрежеде бағалаған Əли Ысқабай туралы сөзді өз өлеңімен түйгенді жөн көрдік. Ақынның: «Тұғырынан таймаса алтын қалам, Қуатын да көрсетер сарқылмаған. Мəңгі тұрсын күн сынды нұрын төгіп, Көкбайрақты тəуелсіз жарқын заман» – деп ой тұжырымдауы заңды құбылыс.Оның өмірлік қаруы – қаламы. Сол қаламын қару еткен қаламгер халқының қадірлісі, ұрпағының ұйытқысы бола бермек.

 Кино

Ізгілік ізі «Егемен Қазақстан».

Ұзақ жылдар бойы рухани байлықты насихаттау жолында табандылықпен бел шешіп, білек сыбана еңбек етіп, маңдайының терін төге жүріп, бүгінгі ұрпаққа рухани азық боларлық туындылар жазып, еңбекқорлығымен, ұлағатты ісімен танылған қаламгердің бірі – Əли Əпекұлы Ысқабай. Ол – жетпіс бестің белесіне шығып отырған қаламгер Алматы облысының Іле өзені Балқаш көліне тақау сағасындағы Құйған ауылында дүниеге келген екен. Жастайынан жетім қалып, əжесінің қолында тəрбиеленген бала Əли өмірдің тауқыметін көп көреді. Белі қатпай еңбекке араласады. Тапшылықтың тақсіретін де тартады. Оны өлең өрнегінде былайша баяндайды: «Қамыс күрке қалқайтып ықтасынға, Көзді уқалап, сүйеніп жүк қасына, Шəугім асып мосыға телміргенмін, Қиындықты ұғынар ұқпасыңда».

Рухани азыќ иесі

 Өнеге

Əбдірахман ҚЫДЫРБЕК,

 Өмір өрімдері

ротадағы ең бойы кішкентайы да жəне жалғыз қазақ та мен едім...». Қаламын ұштауға біржола кіріскен Б.Рүстемовтің жетпісінші жылдардың ортасын ала бере студенттік шақтарында жаңа сазгерлік қыры ашылды. Ақын Мəриям Хакімжанованың «Балалық шақ, бақытты шақ» деген өлеңіне əн шығарып, ол сол кездері ақын Мұзафар Əлімбаев редакторлық еткен «Балдырған» журналында жарияланады. Сонда Мəриям апаның əн жазылған нотаның бетіне: «Осы өлеңнің кейіпкері де өзің сияқтысың. Қанатың талмасын, самғай бер!» деп қолтаңба берген екен. «Кейінгі жас буынға руханимəдени тəрбие беруге баса көңіл бөлетін Бақыт ізгілік пен кішіпейілділіктің асыл жібінен аттап өткен жан емес. Нағыз азаматтықпатриоттық рухта өмір сүрудің үлгісін осы азаматтан көруге болады. Мемлекеттік қызметте жүрген кездерінде іскерлігімен көзге түсіп, абыройлы еңбек етті. Президент Əкімшілігі бөлімдерінде сектор меңгерушісі болып қызмет атқарған кездерінде де осы қалпынан тайған жоқ. Бүгінде де сол ақжарқын, қарапайым, мəдениетті қалпында. Қаламын жанына серік етіп, отаншылдық рухтағы өзін толғандырған тақырыптарды көруге асығатын əріптесіміз Бақыт Төлегенұлынан оқырмандары əлі де сүбелі дүниелер күтеді. АСТАНА.

«Сырєалымныѕ» бїккен сыры бар Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Дегенмен, көптің сұранысына орай, аталмыш телесериал жалғасын табатын болды. «Сырғалым» аяқталғанына қарамастан, көрермендер тарапынан сұраныстар мен сауалдар көп болыпты. Сонымен, отандық сериалдар өндірісі тарихында ең жоғары рейтинг жинаған «Сырғалымның» алғашқы маусымының аяқталуына қатысты Алматыдағы «Меломан GRAND» дүкенінде баспасөз мəслихаты өтіп, журналистерге түсіру тобымен, телесериалдың актерлерімен сұхбаттасудың сəті түсті. Төрт ай бойы «Қазақстан» телеарнасынан түспеген, екі тілде жүрген, 48 сериалы «Сырғалым» миллиондаған көрерменнің көңілінен шықты. Заман қалай өзгерсе де, қазақтың жанын, үлкенге деген құрметін, ұлттық қасиетіміз бен

отбасылық құндылықтардың құлдырамауын дəріптеген фильм бірінші кезекке адамгершілікті, ұят пен обал-сауапты шығарды. Ең бастысы – құнарлы тіліміздің орынды қолданылуымен, тіпті, ұмыт бола бастаған ғажайып сөз тіркестері, баламалы байлығы сериалда салтанат құрғанын көкірегі ояу көрермен аңғарды деп ойлаймыз. Ендеше, өз ұлтымызға тəн болған сериалға сұраныс бар деген сөз. Аталмыш сериал, бір жағынан, «Қазақстан ұлттық телеарнасының тапсырысын орындаған «Көркем фильм» кинокомпаниясына да əрі абырой əрі сын болды. Айтқандай, бұл телехикая – қазіргі заманғы отбасының күнделікті өмірі жайлы болатын. Отағасы өзінің жақын досының қызын басына қиын күн туғанда қолына алып, оң-солын танығанша қамқор болуға шешім қабылдайды. Қызықтың бəрі осы тұстан басталады. Ауылдан келген Сырғалым үлкен отбасының күнделікті өмірін өзгертіп жібереді. Бірінің өз

бизнесі бар, отбасылы үйдің үш ұлының оған деген көзқарасы да əртүрлі. Тұңғышы бауырына тартады, ортаншысы жақсы көріп қалады, кенжесі жақтырмайды. Сырғалым келген күннен-ақ шаңырақтың құпиясы ашыла бастайды. Əркім өміріне өзгеше көзқараспен қарап, əрқайсысының өзіндік мінезі де, сыры да ашыла түседі. Сонымен, Алматыда түсіру тобымен болған кездесуге «Қазақстан» РТРК» АҚ басқармасының төрағасы Нұржан Мұхамеджанова, «Көркем фильм» кинокомпаниясының бас директоры, сценарий авторы əрі режиссері Рашид Сүлейменов, продюсер Ильхам Джалилов, басты рөлдердегі – Жұлдыз Маханова мен Қайсар рөліндегі Жандарбек Садырбаев қатысты. «Қазақстан» ұлттық телеарнасының басшысы Нұржан Жалауқызы: – Сериал кəсіптері əртүрлі, жастары бөлек, сан алуан салада жүрген жандардың көпшілігіне ұнады. Соңғы сериясы сəуір айында көрсетілсе де, жалғасы бола ма деп сұрап жатқан көрермендер легі жеткілікті болып тұр. Сериалды тамашалағандардың орташа көрсеткіші 10,2 пайызды құрады. Бұл – біздің телеарнаның орташа көрімділігінен жоғары. Осыған орай, біз сериалды əрі қарай жалғастыруға шешім қабылдап отырмыз. Сондықтан сериалды тамашалаған көрермендерімізді қуантып қойғым келеді. Үстіміздегі жылы «Сырғалым-2» сериалы жалғасады жəне ол 32 эпизодтан құралатын болады, – деді. Ал сериал режиссері Рашид Сүлейменов сериал идеологиялық жəне мəдени мəнмен суарылып, қай тұрғыдан болса сапалық деңгейге көтерілгеніне қуанатынын жеткізді. – Шын мəнінде, «Сырғалым» халықтық картина болды. «Қазақтың Санта Барбарасы» десе де болады. Мұны сандармен дəйектегенде, күн сайын сериал басталғанда жарты миллион көрермен «Қазақстан» телеарнасына бірден ауысып отырды, – дейді «Көркем фильм» кинокомпаниясының бас продюсері Ильхам Джалилов. Осы арада құрылғанына бес жыл болған «Көркем фильм» кинокомпаниясы бірнеше жобаларды сəтімен жүзеге асырғанын айта кетуге болады. Олардың арасында «Үй болу қиын» комедиясы мен «Достар» жастар сериалы бар. Бар болғаны музыкалық бейнебаяндар түсіру мен шығармашылық соқпаққа түскен кинокомпанияның қазіргі табысты дүниесі – «Панчбот» деп аталатын кішкентай баланың өмірі туралы қысқа метражды картина. Бұл фильмнің де режиссері мен сценарий авторы – Рашид Сүлейменов. Бұл фильм екі жыл ішінде түрлі номинациядағы 13 халықаралық жүлдеге ие болса, «Ең үздік сценарий» атағын өткен аптада ғана жеңіп алды. АЛМАТЫ.


8

www.egemen.kz

10 мамыр 2014 жыл

 Зерде

Суреттерді түсірген Ерлан ОМАРОВ.

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 341-08-12.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru, egemenkz@maіl.kz Алматыда: факс (727) – 341-08-12, электронды пошта – egemalm@mail.ru

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – (712-2) 32-94-07; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

Көкшетау – (716-2) 25-76-91; Павлодар – (718-2) 68-59-85; Қарағанды – (721-2) 43-94-72; Семей – (722-2) 52-26-86; Қостанай – (714-2) 39-12-15; Тараз – (726-2) 43-37-33; Қызылорда – (724-2) 27-00-85 Шымкент – 8 (701) 747-63-01; Орал – (711-2) 28-80-35; Петропавл – (715-2) 50-72-50. Өскемен – (723-2) 25-28-41; Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 341-08-11, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Ермеков к-сі, 33, «Қарағанды полиграфия» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Смағұлов к-сі, 9 К, «Хабар-Сервис» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Мұхит к-сі, 57/1, «Жайық Пресс» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 201 715 дана. Нөмірдің кезекші редакторы

Венера ТҮГЕЛБАЙ.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 4 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №307 ek

10052014  

1005201410052014

Advertisement