Page 1

АҚПАРАТТАР аєыны №65 (28543) 10 СƏУІР ЖҰМА 2015 ЖЫЛ

Басты ќаєидат – мемлекеттіѕ кəсіпкерлік ќызметке ќатысуын шектеу

● Жағымды жаңалық

АЛМАТЫ КҐЛІКТЕРІ

жыл аяєына дейін толыќ электронды билетке кґшеді

Суретті түсіргенСəрсенбек ҚЫЗАЙБЕКҰЛЫ.

Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілігімен өткен палатаның кешегі жалпы отырысында алты мəселе қаралды. Бұл жолы депутаттар назарына еліміз бен Қытай жəне Тəжікстан үкіметтері арасындағы төтенше жағдайлардың алдын алу, ал Өзбекстанмен мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттеріне қатысты заңдық құжаттарды ратификациялау мəселесі ұсынылды.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Қазіргі таңда мегаполис қалада қоғамдық көлік саласын реформалау көкейкесті ғана емес, қомақты қаражатты қажет етіп отыр. Есесіне көзделген мақсаттар түгелдей жүзеге асса, қаражат қымқыру сияқты келеңсіздіктердің жолы қырқылады. Осы мəселеге орай, Алматының Көлік холдингінде электронды билеттендіру жəне орталық диспетчерлік қызмет жобаларының тұсаукесер рəсімі өтті. Əлемнің ірі мегаполистерінде қолданылатын электронды билеттендіру тиімділігі жəне қолайлы екендігін дəлелдеген. Ендігі жерде оңтүстік шаһарға енгізілетін осынау жүйе жолақының мол түсуін қамтамасыз етіп, оның көлеңкелі жағын болдырмайды деп күтілуде. Электронды билеттендіру барлық бағыттағы жолаушылар көлігін: автобустарды, троллейбустарды, трамвайлар мен метроны, муниципалды көлік пен жеке көлікті де қамтитын болады. Сонымен бұл іске қала билігі инвесторларды тартып отыр. Аталмыш жобаға жеке

Оќырман назарына! Заман талабына орай жаңар ған «Егемен Қазақстан» газетінің сайтын енді əлеуметтік желілер арқылы оқу үшін, мына көрсетілген сілтемелерді теру арқылы тікелей біздің сайтымызға өте аласыз.

инвесторлар 12 миллион АҚШ долларын жұмсайтын болады. Өз кезегінде Алматы қаласының əкімі Ахметжан Есімов «Алматы қаласының Көлік холдингі» ЖШС-іне электронды билеттендіруді ағымдағы жылдың аяғына дейін енгізуді міндеттеді. Атап өтер жайт, жоба инвесторлары – отандық кəсіпкерлер. Жобадағы орталық диспетчерлік қызмет пен оның болашақта атқаратын жұмысы да қызығушылық тудыруда. Оны құрудағы мақсат – қаланың қоғамдық көлігі бағыттарының жұмыс кестесіне мониторинг жүргізу. Жоба əрбір муниципалды көліктің қозғалысын саралап, бағыттарды оңтайландыруға ықпал ететін болады. Ол үшін жылжымалы составтарға ОДҚ-ға қозғалыстың нақтылы уақытын көрсететін GPS-трекерлер орнатылады. GPS-трекерлер жүргізушіге алдағы жəне кезектегі көлік туралы ақпарат беретін борттық компьютер қызметін атқарады жəне қажет болған жағдайда диспетчермен байланысқа шығуына мүмкіндік жасайды. Тұсаукесер барысында Алматы қаласының басшысы бұл жобалардың барлығы

жолаушыларға қызмет көрсетуді жақсартуға əрі осы саладағы мəселелерді кезең-кезеңімен шешуге бағытталғанын, соның арқасында тасымалдаудың қазіргі заманғы моделі қалыптасып, бюджет толығады, қала экологиясы жақсаратындығын атап өтті. Алматының муниципалды қоғамдық көлігі 2014 жылы 95 миллионға жуық жолаушыны тасымалдаған, бұл бұрнағы жылмен салыстырғанда 34,4 пайызға көп. Жалпы, өткен жылы жеке автобус тасымалдаушылар мен метрополитенді қоса есептегенде, мегаполисте 262,2 миллион жолаушы тасымалданған, бұл бұрнағы жылмен салыстырғанда 12,5 пайызға артық. Қазіргі таңда Алматыда қоғамдық тасымал жүйесінің 70 пайызын экологиялық таза көлік құрайды. АЛМАТЫ.

Бас хатшыныѕ кґмекшісіне – Ќўрмет грамотасы Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов БҰҰ Бас хатшысының саяси мəселелер бойынша қайта тағайындалған көмекшісі Мирослав Енчамен кездесті. Кездесу барысында сұхбаттастар Орталық Азиядағы қауіпсіздікті қолдаудың түрлі қырларын, өңірлік ынтымақтастық жəне халықаралық күн тəртібінің мəселелерін талқылады. Е.Ыдырысов БҰҰ Бас хат- БҰҰ-мен бірлесіп қажетті күшшысының арнайы өкілі – БҰҰ- жігер жұмсауға дайын, – деді ның Орталық Азия үшін пре- Е.Ыдырысов. Сұхбаттастар экономикалық вентивті дипломатия жөніндегі Өңірлік орталығының басшысы мəселелер шешіміне күш-жігер қызметін атқарған М.Енчаны салуды, Орталық Азия елдеріжаңа қызметке тағайындалуымен нің тұрақты əлеуметтік-эконоқұттықтап, Қазақстан БҰҰ- ми калық дамуы үшін жағ дай ның халықаралық мəселелерді жасау мақсатында мемлекетарареттеудегі жетекші рөлін, оның лық құқықтық қатынастарды қадалалық миссияларын, қорлары лыптастыру қажеттілігін атап өтті. мен бағдарламаларын тұрақты Жекеменшік секторлары қолдайтындығын атап өтті. мен шағын жəне орта бизнес– Қазақстанның ұзақ мерзімді ті нығайту, өңірдің ішкі өңірлік əлеуметтік-экономикалық жəне сауда жəне транзиттік-көліксая си дамуы көп жағдайда тік əлеуетін арттыру, су-энержағымды сыртқы ортаның бо- гетикалық ресурстарды бірлесіп луына, соның ішінде, ең алды- пайдалану мен тиімді басқару, мен, Орталық Азияда жағдайдың сонымен қатар, өңір экологиясын жағымды болуына байланысты. тазарту ішкі өңірлік ынтымақСол себепті, Қазақстан өңіріміздің тастықтың ең маңызды бағыттары саяси тұрақты, экономикалық ретінде көлденең тартылды. орнықты əрі қауіпсіз дамуы(Соңы 2-бетте). на мүдделі жəне осы мақсатта

Бїгінгі нґмірде: Əн шамшыраєы 5-бет

Отандыќ ґнімге сўраныс бар, насихат аз 7-бет

Ер биігі – ерлігі 16-бет

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Күн тəртібінің бірінші мəселесі Қазақстан мен Қытай үкіметтері арасындағы Төтенше жағ дайлардың алдын алу жəне оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау заң жобасы болды. Келісім төтенше жағдайларды жою кезінде өзара көмек көрсету үшін құзыретті органдар ынтымақтастығының құқықтық негіздерін белгілейді. Төтенше жағдай туындаған немесе оның туындау қаупі төнген кезде бір тарап екіншісіне жазбаша сұрау салады. Сол бойынша көмек ұсынушы тарап көмек көрсету жөніндегі

Кеше елордадағы «Көрме» орталығында «Жастар – индустрияландырудың локомотиві» атты жұмысшы жастар форумы өтті. Оған Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев, Білім жəне ғылым министрі Аслан Сəрінжіпов, Ұлттық кəсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Əлтаев жəне «Worddidac» қауымдастығының бас директоры Beat Jost қатысты. «Егемен Қазақстан».

Ойға қонар ой өлмейді. Ғабит МҮСІРЕПОВ.

(Соңы 2-бетте).

Жастар – индустрияландырудыѕ локомотиві

Эльмира МƏТІБАЕВА,

 Оймақтай ой

топтарды, керек-жарақтарды, материалдарды жəне тағы басқаларын жіберу мəселелерін шешіп, шекара арқылы өту шарттары мен тарап мемлекетінің аумағында болу режімін сақтауы тиіс. Заң жобасын қолдап сөз сөйлеген депутат Георгий Ким соңғы жылдары табиғи апат 9 есеге, ал оның жиілігі 5 есеге артқандығын алға тартты. Сенатор бұл ретте стихиялы апаттар саны өнеркəсіп өндірісі өсімінен асып түсіп, миллиардтаған доллар зиян шектіріп отырғандығына назар аудартты. Осы тұрғыдан келгенде, заң жобасының қабылдануы орынды болмақ.

Премьер-Министрдің орынбасары Б.Сапарбаев жұмысшы жастарды осындай жарысқа қатысып жатқандарымен құттықтады. Сонымен қатар, əрбір мемлекеттің болашағы мен дамуы адами капиталды тиімді пайдалануында. Бұл орайда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еңбекке баулу, еңбек ету мəселесіне көп көңіл бөліп келеді.

Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, елімізде бірқатар мемлекеттік бағдарламалар құрылып, олар мақсатты түрде жүзеге асып жат қандығына өздеріңіз де куə болдыңыздар, дей отырып аталған бағдарламаның барлығы дерлік ел экономикасын нығайтып, халықтың əл-ауқатын, тұр мыс-тіршілігін жақсартуға бағытталғандығын атап өтті.

● Елімізде шаруаларды «Егінжай» бағдарламасы бойынша қаржыландыру басталды. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ аталған жоба бойынша жыл басынан бері 75 255 гектар жерге дəнді дақылдар егу үшін 456,6 млн. теңгелік 123 несие берген. Бұл бағдарлама бойынша қаржыландыру əлі де жалғасады. ● Республикамызда 7 мыңға жуық мемлекеттік компания жұмыс істейді. Ұлттық экономика ви цеминистрі Тимур Жақсы лықовтың айтуынша, бұлардың барлығы «Самұрық-Қазына» АҚ жəне басқа да ұлттық компаниялар мен мемлекеттік кəсіпорындардың құрамында. Олардың қатары жыл сайын өсіп келеді. ● Биыл Астана мектептерін 4 440 оқушы бітіреді. Қалалық білім беру басқармасы жалпы орта білім беру бөлімінің басшысы Ботагөз Жүнісова бітіруші түлектердің 186сы «Алтын белгіге» үміткер екенін, 120-сы ерекше үлгідегі аттестат алатыны белгілі болып отырғанын мəлімдеді. Айта кетейік, былтыр елордалық 3 252 түлек ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан. ● Алматы өңіріндегі Көксу қант зауыты алдағы қазан айында іске қосылады. Облыс əкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оның тəулігіне 1 500 тонна қант қызылшасын өңдеуге мүмкіндігі болады. Кəсіпорын тиімді жұмыс істеуі үшін 100 мың тонна көлемінде қант қызылшасы қажет. Сондықтан, аймақтың 5 ауданының шаруа қожалықтары қызылша өсіруді жоспарлап отыр. Бұл шаруашылықтарға облыс əкімдігі «Жетісу» ƏКК» ҰК» АҚ-пен бірлесіп қолдау көрсетеді. ● «Beeline Қазақстан» компаниясы Шымкенттегі зағип тар кітапханасына тегін интернет желісін орнатып берді. Құрылымның қаладағы филиалын басқарып отырған Асқарбек Қазыбек мəлім еткендей, бүгінде осы қайы рымдылық жобасы аясында жылдам интернет желісін пайдаланушылардың саны 5 000-ға жеткен. Ал бұл кітапханаға күн сайын 50-ге жуық оқырман келеді екен. ● Ақмола облысында абаттандыру жұмыстарына 2,6 млрд. теңге қаржы бөлінді. Облыстық энергетика жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Александр Мартыненко көрсетілген қаржы саябақтарды абаттандыруға, көшелерді қалпына келтіруге жəне ағаш отыр ғызуға жұмсалатынын жеткізді. ● Маңғыстау облысында 140 орындық балабақша пайдалануға берілді. Қарақия ауданы Мұнайшы ауылында қатарға қосылған мекеменің ашылу салтанатына облыс əкімі Алик Айдарбаев қатысты. Бұл – «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы арқылы осы аймақта салынған үшінші балабақша.

(Соңы 2-бетте).

Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары, «ҚазАқпарат» агенттігі мен «24kz» телеарнасының деректері бойынша дайындалды.

Жаѕа ґнімдер ґндірілмек Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».

Өнеркəсіпті Степногор қа ласы индустриялық-иннова циялық жобалар ауқымын кеңейтуде. Қазір мұнда өңірде бұрын болмаған кəсіпорындар құрылысы басталып кетті. «Қазақстанның жылыжай технологиясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі көкөніс өндіруде табысқа жетіп отырса, енді жылдық қуаты 60 тонналық бекіре тұқымдас балықтар өсіруді қолға алды. Жоба алдағы екі жылда іске асырылады деп жоспарланған. Аймақ аграршыларын минералды тыңайтқыштармен

қамтамасыз ететін «Астана нан Кемикалз» ЖШС өндірістік желіге «Пестицидтердің судисперсті формасы» инно вациялық жобасы негізіндегі жұ мысты бастады. Ай сайын жоғары сұраныстағы 3 тонна өнім шығаратын өндірістік жүйе үстіміздегі жылы пайдалануға берілмек. Ал, қаладағы «Ақмола Солт Компани» серіктестігі 2015 жылдың соңына қарай «Тұз өндірісі» жобасын іске қоспақ. Бұл жобаның құны 235 миллион теңге болса, жылдық қуаты 30 мың тоннадан асып түседі деп жоспарлануда. Ақмола облысы.

АСТАНА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФОРУМЫ 21-22 МАМЫР 2015


2

www.egemen.kz

10 сəуір 2015 жыл

Жастар – индустрияландырудыѕ Басты ќаєидат – мемлекеттіѕ кəсіпкерлік ќызметке ќатысуын шектеу локомотиві (Соңы. Басы 1-бетте).

(Соңы. Басы 1-бетте). Сол сияқты кеше Қазақстан мен Тəжікстан үкіметтері арасындағы Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу жəне оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау мəселесі де оң шешімін тапты. Келісім аясында көмек көрсету үшін жарақтар мен қамтамасыз ету материалдарын кедендік ресімдеу басымдық тəртіппен жүргізіледі, сонымен қатар, əкелінетін жəне əкетілетін жарақтар мен материалдар кедендік баждардан, алымдардан жəне салықтардан босатылады. Баяндамашы Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың айтуынша, тəжіктердің таулы аудандарда құтқару жұмыстарын жүргізуде, зілзала мен су тасқыны салдарымен күресуде тəжірибесі мол.

Жəне де қазақстандық тарап тəжіктік əріптестерін оқытуға ниетті екендіктері де жеткізілді. Сонымен қатар, 2006 жылғы Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтері арасындағы ҚазақстанӨзбекстан мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттері туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялауға қатысты заңдық құжат та депутаттар қолдауына ие болды. Хаттаманы ратификациялау Мақтаарал теміржол өткізу пунктін қазақ-өзбек өткізу пункттерінің тізбесінде заңнамалық тұрғыдан бекітуге мүмкіндік береді. Бұл пункт Өзбекстан транзиттік теміржол учаскесін пайдалана отырып, Қазақстан жүктерін өткізу мен шығаруды қамтамасыз етеді. Ертеректе Мақтаарал пункті тізбеде болмағандықтан, Өзбекстан бұл бағыттағы қазақстандық пойыздарды өткізбей келген-ді.

Мемлекеттің кəсіпкерлік қыз метке қатысуын шектеу мəселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы екі оқылымда қаралып, мақұлданды. Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаевтың сөзіне қарағанда, аталған жаңа енгізілімдер бəсекелестіктің жетілуіне жəне жеке кəсіпкерліктің жалпы дамуына қолайлы жағдай жасауға ықпал етеді. Бұл ретте негізгі қағидаттардың бірі ретінде бизнес өкілдігі бар экономика салаларына мемлекеттің араласпауы анықталғандығы. Бұдан бөлек, заң жобасында монополияға қарсы органның тауарлы нарықтарын бəсекелестік ортаға беру үшін қызмет түрлерін жəне мемлекеттік компанияларды анықтау тұрғысында жыл сайынғы талдау жүргізуді бекітетін норма енгізіледі.

Балалар ќўќы басым ќорєалады Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан».

Біздің елімізде кəмелетке толмағандардың құқы мен заңды мүдделерін қорғау мемлекеттің əлеуметтік-құқықтық саясатының бас ты бағыттарының бірі болып табылады. Сондықтан сонау 1994 жылы-ақ Қа зақстан БҰҰның Жасөспірімдердің құқы туралы халықаралық конвенцияны қуаттаған еді. Осы Конвенция талаптарын іске асыру үшін 2002 жылы «Баланың құқығын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Одан соң 2003-2006 жылдары «Қазақстандағы ювеналдық əділет» атты халықаралық жоба іске асырылды. Сөйтіп, осының аясында 2007 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен Астана жəне Алматы қалаларында алғашқы тəжірибелік ювеналдық соттар құрылды. Ал 2012 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен осындай соттар республиканың барлық облыс орталықтарында жəне кейбір ірі қалаларда құрылды. Осылайша бүгінде – Орталық Азия мемлекеттерінің ішінен тек Қазақстанда ғана 19 ювеналдық сот жұмыс істеуде. Бұл туралы кешегі өткен брифингте де айтылды. Оған қатысқан Жоғарғы Соттың азаматтық жəне əкімшілік іс бойынша қадағалаушы алқа сотының судьясы Ғ.Аққуова, Жоғарғы Соттың азаматтық жəне əкімшілік іс бойынша қадағалаушы алқа сотының судьясы А. Қасымов жəне Астана қаласының кəмелетке толмағандар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы Н.Раззак төмендегі жайларға кезекпе-кезек тоқталып, барынша əңгімелеп берді. Судья Г.Аққуова Жоғарғы Сотта кəмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қызметіне талдау жасалғанын айта келе, оның басты мақсаты – ювеналдық соттар жұмысының тиімділігін, сот тəжірибесін жəне осы соттар жұмысын ұйымдастырудың халықаралық қалыптарға сəйкестігін зерделеу болғандығын жеткізді. Ол аталған талдау еліміздегі сот төрелігін жүзеге асыру сапасының жақсарғандығын көрсетті дейді. «Мəселен, – дейді ол – 2014 жылы соттарға 25 899 өтініш пен іс түссе, олардың 8 527-сін азаматтық, 14 038-ін əкімшілік жəне 3 334-ін қылмыстық іс құраған. Бұл 2013 жылмен салыстырғанда 0,7 пайызға аз». Осы ретте сотталғандардың саны да 33 пайызға қысқарса, ақтау үкімдерінің саны 39-дан 115-ке, яғни үш есеге артқан. Бұған медиация тəртібімен 7,3 пайызға көбейген істі қосуға болады

екен. Сөйтіп, судья Г.Аққуованың айтуынша, біздің еліміз Бала құқықтары туралы конвенцияда жəне балалар құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы өзге де халықаралық актілерде көзделген барлық міндеттемелердің орындалып отырғандығын жеткізді. Бұл тұжырымдар ЮНИСЕФ ұйымы тарапынан расталған екен. Осы жүргізілген зерттеуге қарағанда, мамандандырылған соттар құру үлгісі кəмелетке толмағандарға қатысты іс материалын неғұрлым мұқият зерттеуге ықпал еткен. Сонымен қатар, дауларды шешу жəне құқық бұзушылықтар мен қылмыстар туралы істерді қараудағы күтілген тəсілдерді қамтамасыз еткен көрінеді. Бұдан кейін сөз алған Жоғарғы Соттың азаматтық жəне əкімшілік іс бойынша қадағалаушы алқа сотының судьясы А.Қасымов та алдындағы баяндамашының пікіріне толық қосылатындығын айта келіп, елімізде сот төрелігін жүзеге асырудағы кəмелетке толмағандардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау бағытында қалыптасқан сот тəжірибесіне тоқталды. Статистикалық деректерді салыстырмалы талдау ювеналдық соттардың көп жағдайда сотталғандарды бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындағанын көрсеткен. Мəселен, өткен жылы сотталғандардың 15,4 пайызы бас бостандығынан айыруға сотталса, 13,5 пайызына шартты соттау жазасы қолданылған. Осылайша баяндамасын жалғастырған А. Қасымов барлық қылмыстық істердің процессуалдық заңда белгіленген мерзімде қаралғандығын да алға тартты. Ал елордамыздағы ювеналдық соттардың жұмысы туралы əңгімелеген Н.Реззак, сот істерінің тəжірибелік мысалдарының негізінде заңнамадағы жаңашылдықтарға қатысты, соның ішінде кейбір əкімшілік істердің қылмыстық теріс қылықтарға өтуіне байланысты өрбіген бірқатар өзгерістерге шолу жасады. Ювеналдық сот – соттың арнайы құрамы ғана емес, ең бастысы кəмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігінің жазалау əдістерінен бас тартуы, яғни жазалау емес, тəрбиелеу маңызы басым сот ісі болып табылады. Осылайша Н. Реззактың айтуынша, Астана қаласында мамандандырылған сот жұмыс істегелі бері кəмелетке толмағандарға қатысты бас бостандығынан айыру жазасы олардың тек 5,5 пайызына ғана жүзеге асқан. Демек, бұл əрбір кəмелетке толмаған адамға барлық ювеналдық технологияларды жаза тағайындаудың ювеналдық соттармен байланысты баламалы шараларын енгізе отырып қолданылатындығына дəлел болып табылады.

Талдаудың нəтижесінде Үкіметке бəсекелестік ортаға берілетін мемлекеттік ком пания лардың жəне қызмет түрлерінің тізбесі жолданады. Министр монополияға қарсы органның сайтында талдау нəтижесі жария етілерін де тілге тиек ете кетті. Сондай-ақ, заң жобасында мемлекеттің 100 пайыз қатысуымен кəсіпорындарды жəне заңды тұлғаларды міндетті жоюды, осындай шешімді қабылдаған кезден бастап 2 жыл ішінде жекешелендірілмеген жағдайда мемлекеттің қатысу үлесін иеліктен шығаруды көздейтін норма енгізіліп отыр. Заң жобасы бойынша бірнеше депутат сөз алып, өз ойларын ортаға салды. Соның бірі сенатор Серік Ақылбай заң жобаларымен жұмыстардың сапалы жоспарлануы қажеттігін, Сенаттың заң шығару жұмысының сапасына теріс əсер ететін қарбалас жағдайды туындатуды болдырмауға Үкіметтің назарын аударды. Бұдан кейін Сенат депутаттары екінші оқылымға ұсынылған екі заң жобасын қарады. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне табиғи монополиялар жəне реттелетін нарықтар мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірқатар түзетулерімен Мəжіліске жіберілді. Сенат, сондай-ақ, ойын бизнесі мəселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге түзетулерді де қабылдауды жөн деп тапты. Құжат Азаматтық іс жүргізу кодексіне, «Салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодекске (Салық кодексіне), Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді, сонымен қатар, «Жарнама туралы» жəне «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.

Оның айтуы бойынша, жастар үшін жұмыс орындарының ашылуы өте маңызды. Жəне де бұл орайда жұмысқа қабілетті, білікті мамандарды дайындау да өзіндік мəні бар дүние екендігін ескерткен Б.Сапарбаев жастарға жасалынып жатқан мол мүмкіндіктерді дұрыс пайдалана біліп, мемлекет болашағын дамытуға үлес қосу жолында еңбек етуге жол сілтеді. «WorldSkills Kazakhstan» республикалық жарысының өтіп жатқандығын қолдаймыз, себебі, əр саланың, əр мамандықтың өз жетістігі, озаттары болуы тиіс, деген ол аталған жарысты

ұйымдастырушыларға алғыс білдірді. Сондай-ақ, анықталған жеңімпаздар алдымызда Бразилияда өтетін дүниежүзілік жарыста Қазақстанның атынан бақ сынайтын болады. Еліміздің жетістіктерін өзге елдерге паш етсек, біздің елдің абыройы арта бермек, деген жылы лебізін жеткізді. Келесі кезекте сөз алған Білім жəне ғылым министрі А.Сəрінжіпов Қазақстан бірінші рет осы жарысқа қатысып отыр. Біздің кəсіби жəне техникалық білімімізді дəлелдейтін уақыт жетті, себебі, біздің елде де мақтан тұтарлық білікті мамандар баршылық, дей отырып жастарға айтарым, сіздердің жетістіктеріңіз мемлекетіміздің

кəсіптік-техникалық білім дəрежесін айқындайды, сол себепті алдағы жарысқа сəттілік тілеймін, деді. Сондай-ақ, А.Сəрінжіпов өз сөзінде Дүниежүзілік экономикалық форумның бəсекеге қабілеттілік рейтінгінде Қазақстан соңғы үш жыл ішінде білім сапасының көрсеткіші бойынша жалпы 36 орынға көтерілгендігін атап өтті. «WorldSkills Kazakhstan» халықаралық жобасы білім беру сапасының жоғарылауына мүмкіндік беретін, техникалық жəне кəсіби білім беру жүйесінің дамыған жəне оның сапасының дəрежесін көрсететін бірденбір объективті барометр болып табылатындығын атап айтты.

Бас хатшыныѕ кґмекшісіне – Ќўрмет грамотасы

(Соңы. Басы 1-бетте). Е. Ыдырысов, сонымен бірге, Қазақстанның өңірдегі барлық мүдделердің үйлесімділігін қалайтынын жəне өңір елдері үшін тиімді қатынастар жүйесін құру мақсатында жаһандық серіктестіктер белсенділігін пайдалануға ұмтылатынын атап көрсетті. «Өңіріміздің əрбір елі саяси, экономикалық жəне гуманитарлық сипаттағы түрлі мəселелер шешімінде басты рөл

атқарады. Қазақстан əрқайсысының ұстанымын құрметтейді, болашақта олармен тығыз байланыста жұмыс істеуге ниетті», – деді ол. Кездесуде, сонымен қатар, Ауғанстандағы жағдайды одан əрі тұрақтандырудың басты шарты ретінде елдің ішкі өңірлік ынтымақтастыққа тартылуының маңыздылығы атап өтілді. Сұхбаттастар, сонымен бірге, алдағы 10-11 маусымда Астанада өтетін Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшыларының V

съезіне дайындық барысын қарастырып, Съезге БҰҰ жоғарғы деңгейде қатысатындығына сенімдерін білдірді. Кездесуді қорытындылай келе, Е.Ыдырысов М.Енчаға Қазақстан мен БҰҰ арасындағы жəне Орталық Азиядағы өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға қосқан зор үлесі үшін ҚР Сыртқы істер министрлігінің Құрмет грамотасын табыстады. «Егемен-ақпарат».

Астанадаєы шеруді 270 майдангер тамашалайды Кеше Орталық коммуникация қызметінде Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму вицеминистрі Светлана Жақыпова, Мəдениет жəне спорт вице-министрі Ғалым Ахмедияров, Қарулы Күштер Бас штабы бастығының орынбасары генерал Мүсілім Алтынбаев, Құрғақтағы əскерлер бас қолбасшысының орынбасары полковник Жұмабек Хасенов, Сыртқы істер министрлігі ТМД департаментінің директоры Əділ Тұрсынов жəне Астана қалалық ішкі саясат басқармасының бастығы Бақыт Есімова брифинг өткізіп, Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойын атап өтуге қандай дайындықтар жүргізіліп жатқанын баяндады. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

Алғашқы болып сөз алған Светлана Жақыпова бүгінгі таңда елімізде 4715 соғысқа қатысушы бар екенін жəне олардың жеңілдіктеріне теңестірілгендер саны 193 мыңнан артық екенін айтты. Мерекені атап өту барысында осы адамдардың бəрі де «Ұлы Жеңіске – 70 жыл» мерекелік медалімен марапатталады. Қазірдің өзінде оларға берілетін 207 923 медаль əзірленіп, ардагерлерге табыс етілуі үшін əкімдіктерге жіберілген. Қазір əкімдіктерде медальдарды тапсыру жүргізіліп жатыр. Бір жолдық материалдық жəрдем көрсету үшін республикалық бюджеттен 5 млрд. 800 млн.-нан астам теңге қарастырылған. Бұл жəрдемақылардың бəрі сəуір-маусым айларында толық төленетін болады. Жəрдемақы көлемі əртүрлі. Ұлы Отан соғысына қатысушыларға ол – 100 мың

теңге көлемінде, теңестірілгендерге, оның ішінде Кеңес армиясына өз еркімен жалданушыларға – 70 мың теңге, қаза тапқан жауынгерлердің күйеуге шықпаған жесірлеріне – 30 мың, соғыстан мүгедек болып қайтып келіп, жараның зардабынан өлгендердің əйелдеріне жəне Тыл еңбеккерлеріне 25 мың теңгеден төленеді, деді вицеминистр. Сонымен қатар, ол Жеңіс мерекесін Астанада атап өту үшін 6 мамырдан бастап 270 майдангер келетінін айтты. Оларды алып келетін 80 адамның жолақысы, тамағы жəне жамбаспұлы төленетін көрінеді. Сондай-ақ, 6 майдангер Мəскеудегі шеруге баратын болыпты. Оларды алып баратын алты адамның əрқайсысына да жолақысы, тамағы мен жамбаспұлы төленеді екен. Екінші болып сөз алған Ғалым Ахмедияровтың айтуына қарағанда, мерекелік іс-шаралар жоспарын Үкімет бекітіпті. Осы жоспарға сəйкес, 22 сəуірде «Қайран ерлер, қаһарман

ардагерлер!» атты ардагерлер ұйымдары көркемөнерпаздары фестивалінің галаконцерті болады. 16 сəуірде Қазақстан мемлекеттік «Астана Опера» театрында Дариға Назарбаеваның ардагерлерге арналған қайырымдылық концерті өтеді. «Дегдар» қайырымдылық қорының қолдауымен болатын бұл жоба республикамыздың барлық аймақтарында іске асырылады екен. Ал 7 мамырда Мемлекет басшысының қатысуымен мерекелік концерт болады, дей келіп, ол басқа да мерекелік шараларды атап өтті. Мүсілім Алтынбаев Қорғаныс министрлігі тарапынан өткізілетін толып жатқан ұсақ шараларды айтып келіп, Астанада болатын ең үлкен шара – əскери шеру туралы баяндап берді. «Қазақ елі» монументінің алдындағы алаңда биылғы 7 мамырда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тарихында бұрын-соңды болмаған көлемдегі шеру өтеді. Ол Қазақстан Қарулы Күштерінің əскери қуатын халыққа танытатын болады. Онда тарихи жəне осы заманғы əскери бөлімдер көрсетіледі. Шеруге барлығы 5 мыңдай əскери қатысады. Техника мен өздігінен жүретін қарулардың жалпы саны – 231, ұшатын аппараттардың саны – 70. Шеруге қатысатын жеке құрам мен əскери техникалар «40-шы» стансадағы əскери бөлімге 1 сəуірден бастап шоғырландырылған. Қазір олар дайындықтар жүргізуде. Əзірге оған

жаяу əскерлер ғана қатысуда, ал 20 сəуірден бастап механикаландырылған колонналар да кіріседі. Қорғаныс министрі мен Бас штаб бастығы қатысатын бас репетициялар 2, 4 жəне 5 мамырға белгіленді, деді генерал. Əділ Тұрсынов қазақстандық дипломатияның Жеңістің 70 жылдығына арнап өткізіп жатқан шараларын атап өтті. Соның ішінде Украинадағы елшіліктің «Отан үшін отқа түс» деген фильм түсіргенін жеткізді. Қазір бұл фильмді украиналық телеарналарда көрсету мəселесі шешіліп жатқан көрінеді. Сондай-ақ, барлық Еуропа елдеріндегі елшіліктер ІІ Дүниежүзілік соғыста шейіт болғандардың басына орнатылған ескерткіштерге гүл шоғын қою шараларына қатысатын болады. Қазақстаннан Мəскеудегі шеруге баратын 6 майдангер мен оларды алып жүрушілерге Қазақстанның Ресейдегі елшілігі тарапынан да барлық жағдай жасалады. Айта кететін жайт, Ресей Федерациясының басшылығы Жеңістің 70 жылдығы шеруіне барлық шетелдерден, соның ішінде ТМД елдерінен 3 адамнан қатыстыру туралы шешім қабылдаған, алайда, біздің дипломатиялық миссияның ықпал етуімен Қазақстан үшін олардың саны 6-ға дейін арттырылды, деді Ə.Тұрсынов. Брифингке қатысқандар осыдан əрі журналистердің көптеген сұрақтарына жауап берді.

Тўлєа мектепте ќалыптасады Білім беру саласындағы мемлекеттің басты міндеттерінің бірі елдің интеллектуалдық əлеуетін қалыптастыру жəне арттыру болып табылады. Астана қаласында дарынды балаларды анықтау жəне оларға қолдау көрсетумен қатар, оқушылардың білім деңгейін көтеру барысында мақсатты түрде жұмыстар жүргізілуде. Эльмира МƏТІБАЕВА, «Егемен Қазақстан».

Бұл жөнінде елорда əкім дігінде қалалық білім бас қармасының басшысы Эльмира Сұханбердиева дарынды балалармен кездесу сəтінде ха барлады. Сөз барысында Астана қаласы сегізінші рет республикалық олимпиадалар бойынша «Үздік коман да-2015» атағын жеңіп ал ған дығын мақтанышпен жеткізген Э.Сұханбердиева бұл біздер

үшін үлкен мəртебе деп атап өтті. Ол биылғы жылы 240 медальді иеленген озаттар қатарында бірқатар мектептің оқушылары бар жəне аталған көрсеткіш жылдағыдан біршама артық екендігін айтты. Сонымен қатар, білім бе ру саласындағы Астана қаласының жетістіктері жүйелі жұмыстардың нəтижесі болып табылатынын атап көрсетті. Кездесуге жиналған жас дарындыларды құттықтап, олардың өз өмір жолында үлкен белеске қадам басып

келе жатқандығын айтқан басқарма басшысы, мектеп мұғалімдері мен ата-аналарға да алғысын жеткізді. Тұлға болып қалыптасу үшін мектеп қабырғасынан алған білім нəрінің аса құнды болатындығын тілге тиек еткен ол, осы тұрғыда мектептегі барлық жағдайдың жасалуы қажеттігін көлденең тартты. Балалардың осындай мақтан тұтар көрсеткішке мектеп мұға лім дері мен еліміздегі білім беру жүйесінің дұрыс жолға қойылуының жетіп отырғандығын үлкен ықыласпен жеткізген ата-аналар балалар болашағы білімде екендігіне де назар аударды. Ал əртүрлі пəннен озат оқушылар өздерінің алдағы мамандықтары жөнінде əңгімелеп, өз бетінше дайындап жатқан жобаларымен таныстырды.

Республикалық, ха лықаралық олимпиадалардың жəне ғылыми жарыстардың жеңімпаздары мен жүл дегерлері де өз жетістіктері туралы айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Сондай-ақ, олар отандық білім беру саласын дамыту тұр ғы сында ойларын ортаға салды. 10-11 сыныптардың 42 оқу шысы

қатысқан кездесу сұрақ-жауап түрінде өрбіді. Кездесуге қатысушылар интеллектуалды сайыстарға дайындалу, оқушылардың шығармашылық əлеуетін арттыру жөнінде пікір алмасты. Э.Сұханбердиева балаларға алдағы ҰБТ-дан жоғары балл алып, діттеген мақсаттарына жетуге тілек білдірді.


3

www.egemen.kz

10 сəуір 2015 жыл

САЙЛАУ-2015

Ќазаќстанныѕ футбол ќауымдастыєы Нўрсўлтан Назарбаевты ќолдайды Бүгін өтіп жатқан Қазақстан футбол федерациясының кезекті ХІІ конференциясында футбол қауымдастығының қазақстандықтарға арналған үндеуі қабылданды.

«Бүгінде елімізде 700 мыңнан астам адам, оның ішінде 386 мың бала тұрақты түрде футболмен айналысады – деп айтылған үндеуде. – Төрт миллионнан астам адам бос уақытын спортқа арнайды, бұл көрсеткіш жылдан жылға артып келеді. Қазақстанда футбол инфрақұрылымы салынып, футбол алаң дары ашылды. Стадиондар мен спорт тықсауықтыру кешендері салынуда».

Конференцияға қатысушылар еліміз дегі спорттың дамуын Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың есімімен жəне қызметінен байланыстырады. – Ол əрқашан саламатты өмір салтын қалыптастырып, спортпен шұғылдануға шақырады жəне үлгі етеді, – дейді конференцияға қатысушылар. Қазақстанның футбол қауымдастығы футбол мен спортқа

Маѕызды шараєа арналєан брифинг

Ашғабатта Қазақстанның Түрікменстандағы елшілігі алдағы 26 сəуірге тағайындалған кезектен тыс президенттік сайлау қарсаңында брифинг өткізіп, Астана туралы фотокөрме ұйымдастырды. Түрікменстан Сыртқы істер министрлігінің, Ашғабатта тіркелген дипломатиялық корпус жəне бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне Қазақстаның қазіргі ахуалы мен болашақ даму мүмкіндіктері туралы мəлімет берілді. Сондай-ақ, биыл Қазақстанда атап өтілетін мерейтойлық күндер – Қазақстан халқы Ассамблеясы мен

Конститу цияның 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы жəне Ұлы Жеңістің 70 жылдығы туралы, Қазақстанның сыртқы саяси бастамалары – 21-22 мамырға жоспарланған VIII Астана экономикалық форумы, АТОМ жобасы, 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне Қазақстан кандидатурасын ілгерілету жəне т.б.

бейжай қарамайтын барлық азаматтарды 2015 жылғы 26 сəуірде өтетін Президенттік сайлауға келуге шақырады.

–––––––––––––––––––– Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Н.Ə.Назарбаевтың жазбаша келісімін алмаған тұлғаларға бұл материалды сайлауалды үгіт-насихат жүргізуге байланысты пайдалануға тыйым салынған. –––––––––––––––––––– Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат Н.Ə.Назарбаевтың сайлау қорының есебінен төленді.

туралы хабардар етілді. Сонымен қатар, Қазақстан Үкіметінің алдағы жылдарға арналған негізгі шаралары, соның ішінде биыл ақпанда қабылданған инвесторлар үшін «бір терезе» ережесі түсіндірілді. Түрікменстанда тұрақты не уақытша тұратын Қазақстан азаматтары 2015 жылғы 26 сəуірге жоспарланған президенттік сайлауға қатысуға құқықтарын пайдалана отырып, Ашғабат уақыты бойынша сағат 07:00 мен 20:00 аралығында Қазақстанның Түрікменстандағы елшілігінде орналасқан 216 сайлау комиссиясының учаскесінде өз дауыстарын бере алады. «Егемен-ақпарат».

Кїн тəртібінде – сайлау їдерістері

Алматы қаласында орналасқан «Нұр Отан» партиясының Бас кеңсесінде алдағы сайлау жөніндегі партияның бекітілген белсенділері мен кеңесшілері бас қосты. Онда елімізде кезектен тыс өтетін президенттік сайлауға дайындық пен осы уақыт аралығында атқарылған жұмыстар сөз болды. Қанат ЕСКЕНДІР,

«Егемен Қазақстан».

«Нұр Отан» партиясының сайлауалды Республикалық қоғамдық штабының мүшесі жəне қалалық штаб жетекшісі Рахман Алшанов, танымал саясаттанушы «Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның» жетекшісі Нұрлан Ерімбетов қатысқан жиында елімізде өткелі отырған кезектен тыс президенттік сайлауға əзірлік жұмыстарының аяқ алысы мен кейбір жол берілмеуі тиіс мəселелер, міндетті жоспарлар тізбегі күн тəртібіне қойылды. «Əдетте, біздің еліміз қаншалықты біртұтас алып мемлекет болса да сайлауалды жұмыстарын толық қамти алатын қоғам ретінде баршамызға мəлім. Бізде ішкі миграция өте күшті, халық əрдайым қозғалыста. Сайлау уақыты жексенбілік демалысқа сай келуі себепті, біз бұл саяси шараға еліміздің əрбір азаматын тарту жұмыстарын барынша жандандырып отырмыз», деді Нұрлан Ерімбетов. Сайлау барысында жіберілетін кейбір қателіктер мен қоғамдық талқылауға тиек болатын мəселелер жете қозғалған жиналыста аудандық сайлау штабтарының басшылары мен өкілдері бұған дейін орын

алған кейбір жайттарды, тұрғылықты халықпен жұмыс істеу барысында кездесетін жағдаяттарды ортаға салды. Жиында сайлау кезінде байқаушы болатын адамдармен кеңесу, алдағы сайлауда қандай мəселелерге жіті көңіл аудару, шетелдік байқаушылармен жұмыс барысында нені ескеру тұрғысында сөз қозғалды. Сайлау барысын қадағалау тобы атынан саясаттанушы Нұрлан Ерімбетов елдегі саяси шара ауқымында отандық ғаламторда bаkylau.kz интернетпорталының жұмыс істеп тұрғанын, бұл жерге əрбір қазақстандық өз ұсынысы мен сайлауға қатысты ойларын жаза алатындығын алға тартты. «Президенттік сайлау – қоғамдық іс-шара, халықтың болашағы. Сондықтан да Қазақстан жұртшылығы бұл сайлауға белсенді атсалысуы – біз үшін маңызды тапсырма», деді кеңеске жиылған үгіт-насихат бойынша іріктелген топтың мүшелері. Бұл жерде алдағы сайлаудың өткізілуі мен алдын алатын іс-шаралардан бөлек, Алматы қаласына жаңадан қосылған аудандардың мəселесі, онда тұрып жатқан халықтың сайлауға қатысу мүмкіндіктері де күн тəртібіне қойылды. АЛМАТЫ.

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаевтың ЕҚЫҰ Демократиялық институттар жəне адам құқықтары жөніндегі бюросының (ДИАҚБ) Қазақстан Республикасындағы Кезектен тыс президенттік сайлауды байқау жөніндегі миссиясының басшысы Корнелия Йонкермен кездесуі өтті.

Миссия басшысымен кездесті

Əңгіме барысында тараптар сайлау үдерісі кезеңіндегі заң дылықты қамтамасыз ету мəселелерін талқылады. А.Дауылбаев Йонкер ханымды Қазақстанның прокуратура органдарының қызметі мен негізгі функциялары туралы, сайлау науқанымен байланысты түскен арыздар жəне оларды шешу нəтижелері туралы құлағдар етті. Азаматтардың сайлау құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету бойынша прокуратура қабылдап отырған шаралар əңгіменің маңызды тақырыбы болды. ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының назарына қадағалау органының негізгі күш-жігері бұзушылықтардың алдын алуға жəне болдырмауға бағытталғаны, ол үшін прокурорлардың құқықтық түсіндіру жұмыстары белсенділігінің арттырылғаны жеткізілді. Пікір алмасу соңында еліміздің Бас Прокуроры сайлау заңнамасының жекелеген нормаларын қолдануға жəне оларды бұзғаны үшін жауапкершілікке қатысты Корнелия Йонкердің сұрақтарына жауап берді. Кездесу қорытындысы бойынша ЕҚЫҰ/ ДИАҚБ-ның Кезектен тыс президенттік сайлауды байқау жөніндегі миссиясының басшысы Бас прокуратураның басшылығын сындарлы сұхбат жəне туындаған мəселелер бойынша берілген түбегейлі түсіндірулер үшін алғысын білдірді, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Ќамќорлыќты сезінгендер ќалыс ќалмайды

Ќанаєатсыз кґзќарастан аулаќ болайыќ

Экология – əлемдегі еѕ ґзекті мəселе

Оңтүстік Қазақстан облысында болған сапардың екінші күнінде Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері ғылыми жəне шығармашыл зиялы қауым өкілдерімен, сондай-ақ, Шымкент кəсіпорны қызметкерлерімен кездесті.

Қазақстан Коммунистік халықтық партиясынан ұсынылған Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат, ҚКХП Орталық комитетінің хатшысы Тұрғын Сыздықов Екібастұз қаласында «Екібастұз-Энергоцентр» ЖШС ұжымының өкілдерімен кездесті. Кездесу басында Тұрғын Ысқақұлы сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары – Батыс мəдениетінің жəне батыстық жүйе құндылықтарының теріс ықпалына тоқталды.

Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Əбілғазы Құсайынов Оңтүстік Қазақстан облысының жұртшылығымен кездесті. Кездесу барысында ол жиынға қатысушыларды экология саласына негізделген өз сайлауалды бағдарламасының басты бағыттарымен таныстырды.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

Делегация құрамында Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабының жетекшісі Мұхтар Құл-Мұхаммед, Қазақстанның «Ауыл» социал-демократиялық партиясының төрағасы Ғани Қалиев, Парламент Мəжілісінің депутаттары, ҮЕҰ өкілдері, ғылыми жəне шығармашыл зиялылар, белгілі қоғам қайраткерлері, əйгілі спортшылар болды. Шымкенттегі кардиологиялық орталықтың дəрігері Спандияр Бекжігітов кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен жүргізіліп жатқан сапалы өзгерістердің өмірдің барлық саласы, соның ішінде, əсіресе, медицинаға да шарапатын тигізгенін атап өтті. «Біздің елімізде алдыңғы қатарлы ауруханалар мен емханалар салынуда. Мысалы, біздің тұрғындарымыз операция жасату үшін енді Астанаға бармайды. Біздің саламызға Нұрсұлтан Назарбаевтың тарапынан бөлінген көңілдің арқасында кардиохирургиялық орталығымыз ең озық еуропалық жабдықтармен қамтамасыз етілді, дəрігерлеріміз шетелдерде дайындықтан өтті жəне бүгінгі уақытта күрделі операцияларды біз өзіміз жасай береміз», – деп атап өтті С.Бекжігітов. Оңтүстік Қазақстан орыс драма театрының жетекшісі Игорь Вербицкий Мемлекет басшысының мəдениет пен халық рухының дамуына зор көңіл бөлетініне, тəуелсіздік жылдары елімізде жүздеген мəдени нысандардың салынғанына ерекше тоқталды. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысында «Түркістан» салтанат сарайы, «Көрме орталығы», «Отырар» облыстық кітапханасы, Дəстүрлер мен салттар орталығы, тарихи-өлкетану му зейі,

этномəдени саяжай мен Жұмат Шанин атындағы драмалық театр ашылды. «Елбасы – рухы биік адам. Біздің көшбасшымыз тұтас бір елдің ғана емес, жекелей алғанда əр қазақстандықтың да қамқоршысы», – деп мəлімдеді И.Вербицкий. Түстен кейін Республикалық қоғамдық штаб мүшелері Шымкент қаласының индустриялық аймағында орналасқан кəсіпорын қызметкерлерімен жүздесті. Мемлекет басшысының арқасында оның аумағында 74 миллиард теңгенің 60 жобасы іске асырылуда. Кездесу барысында жергілікті кəсіпкерлер біздің елімізде Президенттің бизнесті дамыту үшін барлық қажетті жағдайды жасағанын атап өтті. Тек Оңтүстік Қазақстан облысында ғана кəсіпкерлік саласы 1 миллион 300 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. «Фирма» «Дана» ЖШС директоры Мамадияр Қадырбеков қысқа мерзімнің ішінде индустриялы аймақтың аумағында шыны зауытын салып шыққанын əңгімелеп берді. «Мен Президенттің қолдауын сезінгенімді сеніммен айта аламын. Өйткені, маған коммуникациясы бар жерді ұсынды, жұмыс істеуім үшін жақсы жағдай жасады. Егер де Нұрсұлтан Назарбаев бізге – өнеркəсіпшілерге қамқорлықпен қарамаса, ештеңе де өнбес еді», – деп атап өтті М.Қадырбеков. Өз кезегінде «Туран Сикн» компаниясының қызметкері Татьяна Летуновская еңбек адамына көрсеткен қамқорлығы үшін Президентке шын жүректен шыққан алғысын білдірді. «Мен теледидардан шетелдерде зауыттардың жабылып, адамдардың қалай жұмыссыз қалып жатқанына үрейленіп қараймын. Ондай келеңсіздікке жол бермей, біз үшін жұмыс орындарын құрып жатқаны үшін Елбасымызға мың да бір рахмет», – деді Т.Летуновская. Оңтүстік Қазақстан облысы.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

«Менің сайлауға қатысуыма басты себеп, мені үнемі мазалайтын батыстық құндылықтар мен батыстық көзқарастардың кең таралуы», – деді кандидат. Өз сөзінде Т.Сыздықов, Коммунистік халықтық партиясы қызметінің негізінде – тұтас, бірізді ғылыми дүниетанымға сүйенген марксизм-ленинизм идеялары туралы айтты. Коммунистердің кандидатының сайлауалды бағдарламасында «марксизмнің ғылымды дамытудағы жаңашылдықтар мен жаңа мəліметтерді тарату негізінде үздіксіз дамып, жетіліп отыратын шығармашылық білім болып табылатыны атап көрсетілген. Диалектикалық материализм негізіне құрылған марксизмнің күші мен өміршеңдігін тарихи дамудың əрбір қадамы дəлелдеп отыр». «Марксизмнің күші мен өміршеңдігі əркімге аян, оның маңызды қағидаттарын жоғалту тарихи даму барысында кері əсерін береді. Марксизм-ленинизм теориясының əлі күнге дейін өзінің маңыздылығын жоймағандығына жəне бүгінгі күн тəртібінде қолдануға болатындығына Т.Сыздықов сенімді. ХІХ ғасырдағы ұлы оқымыстылар мен ойшылдар негізін қалаған бұл ілім, қазіргі күнге дейін барлық сұрақтарға жауап беріп, оның басты бағыттары социалистер тарапынан өмірдің керегінше дамытылуда. Шетелдік құндылықтар жүйесі қоғамның технологиялық жəне индус триялық дамуында бастапқы белгілер жүйесін жоғалтып, қарамақайшылықтар жағдайына енуде.

Батыстың жаһандық дəуіріндегі постиндустриялық даму кезеңіндегі экономика мен қаржы салаларын дендеген трансұлттық корпорациялардың үстемдігі қоғамның ыдырауына, байлар мен кедейлер болып бөлінуіне алып келді. Шектен шыққан демографиялық үдерістер, босқындардың қалың толқыны гуманитарлық апатқа ұшыратуы мүмкін», – делінген президенттікке кандидат Т.Сыздықовтың сайлауалды бағдарламасында. Өзінің сайлауалды бағдарламасында Тұрғын Ысқақұлы əлемде кең таралған батыстық стандарттардың теріс ықпалына алаңдаушылық білдірді. Жаһандану заманында батыстық құндылықтар жүйесі вирус секілді кең таралуда. Адамгершілік құндылықтар жүйесін өмірге деген қанағатсыз көзқарас алмастырды. Бұл өскелең ұрпақты тəрбиелеуде бірқатар күрделі мəселелер туындатуда. Шетелдік жаттанды тақырыптар БАҚ, киноөнімдер, түрлі танымал ток-шоулар мен журналдар арқылы таралуда. Алғашқы болып өзінің құндылығын отбасы жəне неке институттары жоғалтуда. Отбасылық өмірдің мұндай көлеңкелі жақтары өлшем жəне теңқұқылық ретінде беріліп, жат үлгілер мен өмірлік шарттарды көзсіз көшіру адамилықтан ауытқуға, жекелей енжарлыққа, азаматтық немқұрайдылыққа əкеледі. Мұндай қоғамда өмір сүрген адам дардың өмірлік қағидаттары – жалқаулық жəне материалдық ашкөздік, толық моральдық жауапсыздық. Павлодар облысы.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

Ə.Құсайынов жиналғандарға жаһандық экологиялық қызметтің негізгі векторлары туралы баяндап, табиғатты қорғау мəселесінде ғылымның маңызына ерекше тоқталды. Оның айтуынша, бұл – экологиялық қауіпсіздік, климат пен су ресурстарын, «жасыл» технологияны зерттеу жұмыстарын қоса алғанда, бірталай міндеттер кешенін қамтитын маңызды мақсат. Кандидаттың айтуынша, əлемде күні бүгінге дейін экологиялық проблемаларға тиісті назар аударылмай келеді. Халықаралық қоғамдастық пен мамандандырылған ұйымдардың атқарып жатқан экологиялық жұмыстары конференция, талқылаулар, шешімі жоқ даулармен ғана шектеледі. Ал əлемде табиғат қойнауын тиімсіз пайдалану, табиғат аясының ластануы, гендік қор мен биологиялық əртүрліліктің азаюы топырақтың құнарсызданып, судың ластануына, жалпы, қоршаған ортаның азып-тозуына алып келуде. Сондай-ақ, кандидат əлемдік өнеркəсіптің қарқынымен артып отырған техногендік апаттардың алдын алу мəселесіне жеке тоқталып өтті. Əбілғазы Қалиақпарұлының сөзіне қарағанда, адам іс-əрекетінің табиғатқа келтірген ең үлкен залалы – жаһандық жылыну. Бұл парниктік əсер тудырып отыр. Əлемнің ғалымдары дабыл қағуда. ХХІ ғасырда, ең аз дегенде, температураның орташа жылыну деңгейі 3 градусқа жетуі мүмкін. Мұның өзі – табиғатқа аса үлкен қауіп төндіретін өзгеріс. Бірақ, егер қауіпті газдардың атмосфераға таралуы тоқтатылмаса, бүгінгі өзгеріс бұдан да қорқынышты салдарға апаруы мүмкін. Аталған болжамға сенсек, жаһандық жылыну деңгейі 6,5 градусқа жетеді! Бұл – алыс болашақта емес, ертеңгі күндері-ақ

орын алуы ықтимал үлкен қауіп. «Дəл осы мəселеге қоғам назарын аудартқым келеді», –деді Ə.Құсайынов. Бағдарламасымен таныстырған кандидат қазіргі заманда адамдар жаңартылмайтын табиғи ресурстарды шексіз тұтына отырып, қалпына келтіруге болатын қорлардың қайта толысуына кедергі жасауда деген пікірін жеткізді. «Адамзат табиғат дамуын жағымсыз бағытқа бұрып барады. Бұл биологиялық жəне əлеуметтік феномен ретінде оның физикалық жəне рухани дамуына нұсқан келтіруі ықтимал. Бүгіннің өзінде Жер шарын мекендеген 7 млрд. адамға қажетті құнарлы жердің тапшылығы 6 гектардан асады. Бұл көрсеткіш жаһандық жылынуға байланысты бұдан бетер нашарлай бермек», – деді Ə.Құсайынов. Кездесуге қатысқан кандидаттың аймақтық штабының жетекшісі Болат Рысқұлбеков экологиялық мəселенің өзектілігіне тоқталды. «Канди датымыздың сайлауалды бағдарламасы экология мəселесіне негізделген. Бұл – əлемдегі ең өзекті тақырыптардың бірі. Əлемдегі биобалансты, табиғат тазалығы мен өнеркəсіп қауіпсіздігін сақтау мəселесі бұған дейін де өзекті болған. Бірақ, соңғы уақытта оның ауқымы жаһандық деңгейге жетті», – деді Б.Рысқұлбеков. Кездесуді қорытындылай келе, Ə.Құсайынов экологиялық күн тəртібінің маңызына тоқталып, жиынға қатысушыларды жаһандық экологиялық мəселелерге шынайы көңіл бөлуге шақырды. «Əр өткізген кездесуімде қайталайтыным, табиғат – адамның ең басты байлығы. Оны аялап, өз қолымызбен оған зиянын тигізуі мүмкін өзгерістерден, ластанудан, жағымсыз технологиялық ықпалдардан қорғауымыз керек», – деді Ə.Құсайынов. Оңтүстік Қазақстан облысы.


4

www.egemen.kz

10 сəуір 2015 жыл

САЙЛАУ-2015

Тўраќтылыќ жəне жасампаздыќ баєытымен Қанат САУДАБАЕВ,

Н.Ə.Назарбаевтың мəдениет, білім беру жəне əлеуметтік бағдарламалар қорының директоры.

Тəуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуының бүкіл жолы таяу жəне алыс шетелдердегі экономикалық дағдарыстар шиеленістірген тұрақсыздықтың əлсінəлсін бой көрсетулерінің өте бір қолайсыз аясында өтуде. Өкінішке қарай, бүгін де бұл сынқатерлер төмендеген жоқ, керісінше, күшейе түсуде. Президент өзінің 2014 жылғы қарашадағы «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында барынша тура жəне айқын атап өткендей, «Таяудағы жылдардың жаһандық сынақтар уақыты болатынын мен өз тəжірибемнен сеземін. Əлемнің бүкіл архитектурасы өзгеретін болады. Осынау күрделі кезеңнен елдердің бəрі бірдей лайықты өте алмасы анық. Бұл белесті тек қуатты мемлекеттер, топтасқан халықтар ғана өте алады». Қазақстан басшысының əлемдік экономикалық дағдарыстың теріс көріністерінің, Украинадағы қанды қақтығыстардың аясында жасаған бұл мəлімдемесі қоғамда табиғи түрде алаңдаушылық туғызды. Тұрақты татулықты, тұрақтылық пен өз елінің қарқынды дамуын құрметтейтін қазақстандықтар төніп келе жатқан сынақтар жағдайында тағы да көп ұлтты халықтың бірлігін қамтамасыз ету, елдің одан əрі қарышты дамуы үшін тұрақтылықты сақтау жəне күш-жігерді

жұмылдыру қажеттілігін жақтап шықты. Бұл көңіл-күй 2015 жылы кезектен тыс президенттік сайлау өткізу туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасында көрініс тапты. Ұсынысқа парламентшілер, көптеген партиялар мен қоғамдық ұйымдар, сан мыңдаған еңбек ұжымдары, ғылыми жəне шығармашылық интеллигенция қолдау білдірді. Орын алған сын-қатерлерге қарамастан, Қазақстан қазіргі электораттық науқанға жаһандық жəне өңірлік

қауіпсіздікті қамтамасыз етуге маңызды үлес қосатын қуатты өңірлік держава атағын берік сақтай отырып, əлеуметтікэкономикалық жəне қоғамдық-саяси дамудағы қомақты табыстармен келді. Ол, əсіресе, украиндық дағдарыста айқын көрінді. Астанаға əлемдік державалар өкілдері жиі келетін болды. Н.Назарбаев АҚШ, Ресей, Франция, Украина президенттерімен, Германия канцлерімен жəне Ұлыбритания премьер-министрімен бірқатар кездесулер өткізіп, телефон арқылы сөйлесті.

Украин қақтығысын бейбіт реттеу жөнінде келіссөздерге жол ашқан Путин мен Порошенконың Минскідегі алғашқы кездесуі оның шырқау шыңы болды. Үдеріске тартылған тараптарға дағдарыстан шығу жол картасын ұсына отырып, Н.Назарбаев саясаткер жəне адам ретінде мүмкін дегеннің бəрін жасады. Ендігі сөз оларда. Соңғы төрт жылда, геосаяси жəне геоэкономикалық сипаттағы барлық күрделіліктерге қарамастан, Қазақстан көп нəрсеге қол жеткізді. Бүгінде Дүниежүзілік банктің жіктеуі бойынша Қазақстан табыс деңгейі орташа елдер қатарына кіреді жəне өркендеу деңгейі жөніндегі əлемдік рейтингте сенімді түрде 47-ші орын алады. Экономикалық даму мен халықтың тұрмыс деңгейін арттырудың мұндай қарқыны əлемде көп бола қойған жоқ. «2030» Стратегиясының негізгі міндеттерінің мерзімінен едəуір бұрын табысты жүзеге асқанын басшылыққа ала отырып, өз халқының жасампаз əлеуетіне барынша сене отырып, Елбасы мақсаты біздің еліміздің əлемнің неғұрлым дамыған 30 елінің қатарына қосылуы болып табылатын бұрынғыдан да бетер асқақ «Қазақстан-2050» бағдарламасын ұсынды. Сенімді экономикалық өсумен қатар, Қазақстанда демократиялық реформалардың ауқымды бағдарламасы бірқалыпты жүзеге асырылуда. Парламенттің өкілеттігі айтарлықтай ұлғайтылды, атқарушы органдардың жұртшылық алдындағы есептілігі күшейтілді, мемлекеттік қызмет пен

құқық қорғау органдарына табысты реформа жүргізілді. Елде жемқорлыққа қарсы жүйелі жəне бітіспес күрес жүруде, азаматтық қоғам рөлі айтарлықтай артты. Президенттікке балама канди даттардың болуы осының нақты айғағы болып табылады, ол Қазақстан қоғамындағы шынайы пікірлер алуандығы мен идеялардың көптүрлілігін бейнелейді. Сонымен, бір мезгілде кандидаттар бағдарламаларын əлеуметтік бағдарлылық, тұрақтылық пен елдің орнықты дамуына деген ұстаным біріктіреді. Алауыздық туғызатын экстремистік жəне реакциялық ұрандардың болмауы біздің қоғамымыздың саламаттылығын, оның демократиялық таңдауы мен Қазақстанның одан əрі табысты дамуына деген ұстанымын білдіреді. Бүгінгі əлемде болып жатқан күрделі үдерістер, көрші Қырғызстанда соңғы жылдары орын алған екі саяси дағдарыс, қазіргі Украинадағы қанды қақтығыс қауіпсіздікті, этносаралық жəне конфессияаралық келісімді қамтамасыз етпей, халықтың əл-ауқатын жақсартпай, ондай катаклизмдерден қашып құтылуға болмайтындығы туралы тарихи ақиқатты растады. Осынау оқиғалардың оларға өз тағдырларын сеніп тапсырған өз халықтарының көкейкесті мүдделерін басшылыққа алу қажеттілігі туралы бүкіл мемлекеттердегі басқарушы элитаға айқын белгі болғаны анық. Сонда да болса, Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде əділ түрде атап көрсеткендей, «...жаһандық сын-қатерлер мен тəуекелдердің

10 мыѕ байќаушыєа арнап ґткізілетін семинар-тренинг

Мемлекет пен ќоєам їлкен сынаќ алдында

«Қазмедиа орталығында» «Сайлау барысында рəсімдік заң бұзушылықтарды анықтау жəне олардың жолын кесу» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия (СБРҚК) ұйымдастырған іс-шараның басты мақсаты – аталған комиссияның миссиясы мен міндеттерін түсіндіру жəне байқау үдерісін жетілдіру. Жиынға Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ саясаттану кафедрасы профессорының міндетін атқарушы Марина Онучко, Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия штабының қызметкері Мақсат Еділбайұлы қатысты.

Біріншіден, Қазақстандағы президенттік сайлау бұл жолы кезектен тыс өткелі отыр. Сайлаушылардың да, Орталық сайлау комиссиясының да ортақ бір мақсатқа жұмылуы да сондықтан деп ойлаймын. Сайлауға қатысты заң ережелері қатаң сақталуда. Екіншіден, елімізге аяқ басқан шетелдік байқаушылардың толассыз легі, сырттай қарағанда, əлем жұртшылығы назарының Қазақстанға ауып отырғанын байқатады. Қазір президенттікке кандидат үш азамат та елдің түкпіртүкпірін аралап, сайлаушылармен кездесуде. Кандидаттардың электорат алдында қойған айқын ұстанымы мен көзқарасы, бағдарламасы айқындалып та қалды. Демек, белгілі күні дауыс беруге баратын еліміздің əрбір азаматының кімге дауыс беретіні – өз еркіндегі іс. Халық – үш үміткердің де сайлауалды бағдарламасымен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жақсы танысты деп ойлаймын. Сайлауға жасы жеткен барлық азаматтарға электронды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ойларын ашық айтуға мүмкіндік берілген. Кез келген сайлау кез келген мемлекет үшін ғана емес, қоғам үшін де үлкен сынақ болып қала бермек. Сайлаушы кімге дауыс берсе де елінің болашағы үшін дауыс береді. Мені сайлаушыларымыздың бүгінгі белсенділігі қуантады.

Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

«Бұл семинар 26 сəуір күнгі президенттік сайлаудың заң талаптарына сай ашық өтуіне, ешқандай құқық бұзушылықтың болмауына алдын ала дайындық жүргізу мақсатында өткізіліп отыр. Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның штабы Астанада орналасқаннан кейін мұндай семинар-тренинг көптеп өткізілуде. Бұған қоса, еліміздің əрбір өңірінде комиссияның қалалық штабтары осындай сипаттағы ісшараларды қолға алуда. Жалпы, бүгінде Қазақстан аумағында 10 мыңға жуық байқаушыны

дайындап, осындай іс-шаралар ұйымдастырып жатырмыз», деді өз сөзінде М. Еділбайұлы. Сондай-ақ, ол сайлау заң нормаларына сəйкес өтуі үшін байқаушыларға айрықша міндеттер жүктелетініне, бұл ретте, «Сайлау туралы» Конституциялық заңда арнайы баптар көрсетілгеніне тоқталып өтті. «Ол баптарда қазақстандық жəне шетелдік бай қаушылардың құқықтары көрсетілген. Сайлау туралы заңнамада əрбір байқаушы сайлау учаскесі ашылған кезден жа былған кезге дейін сайлау үдерісін байқауға, қадағалауға мүмкіндік алатыны, комиссияның жұмысына өзінің жеке, субъективті бағасын беруге құқылы екені де

Сайлау заѕдылыєы саќталады

Алда болатын президенттік сайлау – ел өміріндегі елеулі оқиға. Барлық жерде сайлауға тиянақты дайындық жасалуда. Ең бастысы – Қазақстан Республикасы президенттігіне кезектен тыс сайлаудың заңдылықтарға сəйкес өтуі. Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Облыстық сайлау комиссиясының төрайымы Гүлнар Күнбаева президенттік сайлауға байқау жүргізетін республикалық қоғамдық комиссияның облыстық филиалының төрағасы Халел Құсайыновпен жəне аталған комиссия мүшелерімен кездесіп, осы бағытта ой бөлісті. Кездесуде Г.Күнбаева алдағы президенттік сайлауға дайындық барысы туралы хабарлама жасады. Оның айтуынша, өңірде облыстық, қалалық жəне 12 аудандық сайлау комиссиясы құрылып, жұмыс істеуде. Жалпы облыста 448 мыңнан астам сайлаушы тіркел ген. Олар 14 521 сайлау учаскесінде дауыс беретін болады. Облыстық сайлау комиссиясының өкілдері 8 ауданда болып,

алдағы президенттік сайлауға дайындық барысын пысықтап қайтқан. Сайлаушылар тізімі 5 сəуірде сайлау учаскелеріне толық тапсырылған, қазір əркім өзінің сайлаушылар тізімінде баржоғын анықтауына мол мүмкіндік туғызылған. Биылғы сайлаудың ерекшелігі – егер қандай да жағдаймен сайлау күні сайлаушылар тізімінде болмай қалған жағдайда учаскелік комиссия сол сəтте тұрғындарға қызмет көрсету орталығына хабарласып, қажетті анықтаманы факспен алғаннан кейін дауыс беруіне болады. Сайлау учаскелерінің төрағалары, хатшылары мен мүшелерінің қатысуымен семинар-тренингтер өткізіліп, оларға өздерінің міндеттерін «Сайлау туралы» Заңға сəйкес атқарулары қажеттігі жан-жақты түсіндірілген. – Сайлау барысын ЕҚЫҰ, ТМД

көрсетілген. Демек, бүгінгідей семинарлар өте қажет. Олардың аясында байқаушының міндеттері мен құқықтары туралы нақты айтылып, түсіндіріледі», деді ол. Сондай-ақ, М. Еділбайұлы, семинар-тренинг барысында шетелдік байқаушылар да қазақстандық байқаушылар секілді құқықтарға ие болатынын, оларға еліміздегі саяси үдерісті қадағалауға, қандай да бір кемшіліктерді тіркеулеріне бірдей мүмкіндік берілетінін айтты. «Шетелдік байқаушылар Сыртқы істер министрлігінің арнайы шақыруымен келгендіктен, оларды оқыту, құқықтары мен міндеттерін түсіндіру жұмыстары Орталық сайлау комиссиясына жүктеледі. Алайда, шетелдік байқаушылармен біз де кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізе аламыз», деді штаб қызметкері. Семинар барысында байқаушылардың сайлау үдерісіндегі рөлі, байқау үдерісінде ақпараттық технологияларды қолдану мəселелері төңірегінде айтылды. Сайлаудың халықаралық стандарттары, 2011 жəне 2012 жылдардағы сайлау науқанында СБРҚК-нің қызмет тəжірибесін талдауға ерекше назар аударылды. миссияларының байқаушылары, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер өкілдері, президенттікке кандидаттардың сенім білдірген адамдары бақылай алады. Қазірдің өзінде ЕҚЫҰ Миссиясының ұзақ мерзімді екі байқаушысы екі ауданда болды. Сайлау жақындағанда қысқа мерзімді байқаушылар келеді. Қа зірдің өзінде көршілес Орынбор облысынан 19 байқаушы келеді деп күтілуде. Əзірге прокуратураға, облыстық сайлау комиссиясына сайлау заңдылықтарының бұзылғаны туралы шағым түскен жоқ, барлығы заңдылықтарға сай жүргізілуде, –деді Г. Күнбаева. Өз кезегінде Сайлауды бай қау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның облыстық филиалының төрағасы Халел Құсайынов байқаушылармен жүйелі жұмыс жүргізіліп, оларға сайлау барысын байқаудың негіздері туралы семинар-тренингтер, брифингтер өткізілгенін, аудандарда филиалдар құрылып, жұмыс істеп жатқанын жеткізді. Осы уақытқа дейін сайлауға дайындық, сайлауалды насихат жұмыстарын жүргізуде заң бұзушылықтар кездеспегенін атап өтті. Ақтөбе облысы.

Юрий БУЛУКТАЕВ,

Қазақстан Стратегиялық зерттеулер институтының аға ғылыми қызметкері.

Неомарксизмніѕ бой кґрсетуі – ќалыпты ќўбылыс Марат ШИБҰТОВ,

Қазақстан Шекара аумағындағы ынтымақтастық қауымдастығының өкілі.

Бұл сайлаудың өзгелерінен ең басты айырмашылығы неде? Мұның алдындағы сайлауда үміткерлер саяси көзқарастарға басымдық берді, бағдарламаларына консерватизмдік шырай бергені де ақиқат. Бүгінгі сайлаудағы үміткерлердің бағдарламаларында тың саяси танымдар мен көзқарастардың жиынтығы қамтылғаны байқалады. Н.Назарбаев еркін болмыстағы бағдарлама ұсынып отыр. Бизнес дамуына ерекше көңіл аударды, ол дегеніміз, ең алдымен жаңадан ашылатын жұмыс орны. Бұл арада ешқандай да əлеуметтік беделшілдік-популизм белгілері байқалмады. Ол бірқатар алып бизнес жобаларының нұсқасын

жасап та берді. Бұл арада ерекше назар аударатын мəселе, бұл жолы инфрақұрылымдық жобадан гөрі, институттық бағдарламаға айрықша мəн берді. Қайталап айтайын, бұл арада ешқандай да əлеуметтік популизм дақпырты жоқ. Бұған қосымша, елдегі тұрақтылық ұстанымы да сайлаушылардың көңілінен шығары хақ. Жаңадан қосылған екі үміткеріміздің бірі – Тұрған Сыздықовтың есімі неомарксизм ілімін қолдаушы əрі антиголобализм қағидаттарын жақтаушы ретінде белгілі бола бастады. Оның бағдарламасы батыстық тəртіп пен ондағы мемлекеттік жүйені жоққа шығаруға негізделгені жасырын емес. Бұл да біздің сайлаушыларымыз үшін таңсық құбылыс. Үшінші үміткеріміз – Əбілғазы Құсайынов төл бағдарламасының негізгі екі бағытымен сайлаушы назарын өзіне аударды. «Жасылдар» қозғалысының жебеушісі бола жүріп, екінші жағынан технофобияны, техникалық қауіпсіздік мəселесін алдыңғы шепке шығарды.

Электорат тарапынан ерекше белсенділік байќалады Андрей ЧЕБОТАРЕВ,

Тұңғыш Президент кітапханасының сарапшысы.

Менің пайымдауым мен дəл бүгінге дейін көзімнің тікелей жеткені – Қазақстанда сайлау науқаны мейлінше белсенді түрде жүріп жатыр. Ресми санаттағы бұқаралық ақпарат құралдары Іс басындағы Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасын таныстыра отырып, баламалы кандидаттарға да айрықша мəн беріп отыр. Баламалы ол кандидаттардың өздерінің электронды бұқаралық ақпарат құралдары да белсенді түрде қызмет атқару үстінде. Мəселен, ел президенттігіне кандидат Тұрғын Сыздықовтың «Коммунист Казахстана» атты өзінің дауысын, ойын, пікірін жеткізетін насихат мінбері бар. Қазақстан коммунистерінің вебсайттары да тұрақты да қарқынды, тоқтаусыз насихаттау ісін атқарып келеді. Өткен үгіт-насихат маусымы кезеңінде барлығы 11 мыңнан астам насихат материалдары халықтың көзі мен құлағына жеткен. Бұл өте жақсы көрсеткіш əрі байқаушылар талабы тұрғысынан алғанда да «жеткілікті» деген баға беруге болады. Алайда, сайлау науқаны əлі де аяқталмағанына орай кандидаттарды насихаттау шаралары жалғаса береді. Сол сияқты, жергілікті жердегі сайлау штабтарының мəліметіне сүйенер болсақ, үгіт-насихат жұмыстарының сандық көрсеткіші ұлғайып, əлі де өсе түсетіні анық. Жазып алған Талғат СҮЙІНБАЙ, «Егемен Қазақстан».

АЛМАТЫ.

Ќоєамдыќ ўйым ќўрылды

Талдықорғанда да Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидаттардың сайлауы əділ де ашық өтуін байқайтын қоғамдық ұйым құрылып, жұмысын бастады. «Басты мақсатымыз – əлем назарын тігіп отырған саяси науқан президенттік сайлаудың

заң талабына сəйкес, жариялы түрде əрі əділ өтуін байқау, сондай-ақ, сайлау үдерісіне

тереңдігі сондай, əр мемлекеттің тұрақтылығы мен табыстылығы туралы мəселені күн тəртібіне қояды. Сондықтан біздің алдымызда жаңа міндеттер тұр. Біріншіден, сыртқы факторлар ықпалының мемлекет құрылысына теріс сценарийіне жол бермеу. Екіншіден, дамудың қол жеткізілген қарқынын сақтау. Үшіншіден, одан əрі даму үшін жағдайлар дайындау. Төртіншіден, əлемнің дамыған 30 мемлекетіне қарай қозғалуды жалғастыру. Жаһандық сынқатерлерге қалыптан тыс жəне қуатты жауап беру қажет...». Халықтың бірлігі мен топтас қандығының берік іргетасына, мемлекеттің экономикалық қуатына сүйеніле отырып, бүгінде елімізді одан əрі сатылап нығайту мен дамытуға старт берілді, күшті мемлекет оның тəжіне айналуы тиіс. Осының бəрі, сөз жоқ, біздің халқымыздың терең мүдделері мен мақсаттарына жауап береді, оның ертеңгі күнге деген сенімінің кепілі болып табылады. Өкінішке қарай, көптеген елдерде электораттық үдерістер адамдарды жікке бөледі, бірақ, Президенттің əділ мəлімдегеніндей, «Қазақстан үшін сайлау əрқашанда қоғамдағы бірлік пен келісімнің жоғары механизмі болды. Бүгін де, жəне əр кезде де солай боларына сенімдімін!». Бұл ретте Елбасы сөзінен асыра айту қиын. Алдағы кезектен тыс президенттік сайлаудың Халық пен қазақстандықтар өзінің бүгінгі жəне болашақтағы əлауқатын байланыстыратын Елбасының мызғымас Бірлігін тағы да көрсетіп беретініне еш күмəн жоқ.

мониторинг жүргізу, барлық үміткерлерге тең жағдай жасау. Алматы облысындағы 883 сайлау учаскесінің барлы ғында біздің өкілдеріміз болады. Орталық штабымыз Талдықорған қаласында орналасқан. 4 адам жұмысты жүйелі түрде жүргізіп отырамыз», деді Сайлауды байқау жө ніндегі республикалық қоғамдық комиссияның Алматы облысындағы филиалының төрағасы Əділғазы Есмұрзанов. Өз кезегінде аталған филиал төрағасының орынбасары Жансерік Байденов: «Біз еліміз үшін маңызды да шешу ші сəт тен тыс қалмауымыз керек. Сондықтан кезектен тыс пре зи денттік сайлаудың өту барысын

байқайтын республикалық қоғамдық комиссияның жұмысына қатысуға бел байлап отырмыз. Осы сайлаудың бастанаяқ талапқа сай таза өтуін байқап қана қоймай, оған баға беруге міндеттіміз. Кандидаттардың сайлау комиссияларының жəне БАҚтардың тарапынан жүргізілетін үгіт-насихат жұмыстарының заң талаптарына сай өтуіне де айрықша байқау жасалатын болады. Сайлаудың əділ өтуіне əрбір Қазақстан азаматы мүдделі болуы тиіс», деді. Қорыта айтқанда, сайлаудың əділдігін байқайтын қоғамдық ұйым құрылып, демократияны тереңдете түсуге тағы бір қадам жасалды. Нұрбол ƏЛДІБАЕВ, «Егемен Қазақстан».

ТАЛДЫҚОРҒАН.


5

www.egemen.kz

10 сəуір 2015 жыл

● Өнеге өрнектері Халқымыздың рухани өмірі мен музыкалық мəдениетіндегі Шəмші Қалдаяқовтың алатын орны орасан екені – ешқандай дəлелдеуді қажет етпейтін шындық. Биылғы жылы тамызда ұлы композитордың туғанына 85 жыл толмақ. Бүгін асыл азаматтың шығармашылық ғұмыры жайлы естелік-эсселер, тарихи-танымдық мақалалар жазып жүрген, Шəмшінің көзін көріп, жақын араласқан белсенді авторымыз, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Бақтияр СМАНОВТЫҢ жаңа жазбаларын газет оқырмандарының назарына ұсынып отырмыз.

дерек-мəлімет келтірілмеген. Тек жыр мəтініндегі Дəмира апамыздың атының аталуынан ғана белгілі жыршы-термеші, қаламгер-сазгер Мұхаметжан Рүстемовке арнап жазылғанын аңғарамыз. Төменде Шəкеңнің сол арнау өлеңінің көшірмесін келтіріп отырмыз.

Елбасыныѕ їш Жарлыєы Шəмші Қалдаяқов – аты алты алашқа əйгілі, қазақ халқының ұлттық мақтанышына айналған ұлы композитор. Ол – бүкіл ел мойындаған, жалпы халықтың шексіз сүйіспеншілігіне бөленген, қалың жұрттың қайнаған ортасынан шыққан дара дарын, тума талант, аты көзі тірі кездің өзінде аңыз болып кеткен бірегей өнер иесі. Еліміз Тəуелсіздік алғаннан кейін Шəмші шығармашылығының бағы жаңаша жанды. Елбасымыз Н.Ə.Назарбаев Ш.Қалдаяқовтың ересен еңбегіне үлкен жанашырлық танытып, кеңестік қызыл империя кезіндегі əділетсіздіктерді қалпына келтірді. Президент Шəкең шығармашылығына байланысты үш бірдей Жарлыққа қол қойды. Елбасының бірінші Жарлығымен оған «Қазақстанның халық əртісі» құрметті атағы (1991 ж.) берілсе, екінші Жарлығымен композитордың «Ме нің Қазақстаным» шығармасы Əнұранға (2006 ж.) айналды, ал үшінші Жарлығымен Шəмші Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты (2010 ж.) атанды. Дара дарынның əндерінің республикалық, халықаралық байқаулары мен əн фестивальдарын өткізу дəстүрге айналды. Бұл орайда, Шəмші шығармашылығын насихаттаудағы белгілі шəмшітанушы, композитор Қалдыбек Құрманəлінің тынымсыз еңбегін атаған жөн. Шəмшінің туған жері Шəуілдірге, облыс орталығы Шымкентке ескерткіштері қойылып, мұражайларын ашу мемлекеттік дəрежеде қолға алынды. Шырайлы Шымқалада Ш.Қалдаяқов атындағы саябақ ашылып, кезінде оның өзі жұмыс істеген Оңтүстік Қазақстан облыстық филармониясына, Алматы, Астана, Шымкент секілді үлкен шаһарлардағы көшелерге есімі берілді. Туған ауылы – бұрынғы «Темір» кеңшары – «Шəмші ауылы» деп аталды. Ал Ақтөбе облысының Қарғалы ауданында «Шəмші Қалдаяқов ауылы» өмірге келді. Əн шамшырағының өмірі мен шығар машылығына арналған үлкенді-кішілі еңбектер жазылуда. Əндерінің толық жинақтары, ол туралы естеліктер кітап болып басылуда. Міне, осы секілді игілікті істердің барлығы ұлы композитордың туған халқымен мəңгі бірге жасай беретінін танытады.

Шуаќты шаќтар Біз ұлы тұлғаның көзін көріп, сəлем бердік, азкем араласып əңгімелестік, шуағына шомылдық, өзімен дəмдес-сыйлас болдық. Сондықтан, өзімізді бақытты сезінеміз. Ол кісімен замандас болудың өзі – үлкен бақыт. Ал ендігі жерде аяулы азамат жайлы танымдық-тəрбиелік мəні бар өнегелі əңгімелер айту, ғибраты мол естеліктер жазу – біздің абыройлы міндетіміз, көзкөргендердің азаматтық борышы. Бұл – ол кісінің аруағының алдындағы асыл парызымыз һəм міндет-қарызымыз болып есептелмек. Əрбір ұлы адамның, əсіресе, тума таланттың ғұмыры жұмбақ сырларға, бұрылыс-қалтарыстарға толы болған. Жасырып-жабатыны жоқ, Шəкең де солай өмір кешті. Айталық, өзі керемет композитор бола тұра, Қазақстан комсомолы сыйлығының лауреаты атанса да, Қазақстан композиторлар одағына мүше бола алмады. Тұрақты қызметі де болмады. Шəмші соған қарамай сонау елуінші жылдардың екінші жартысындағы қысылтаяң замандар мен одан бергі коммунистік тоталитарлық кезеңнің өзінде ХІХ ғасырдағы Біржан, Ақан сияқты салсерілердей ғұмыр кешті. «Сырдың суы сирағынан келмеген» ол ешқандай қиыншылықтарға мойымай, елдің сүйіспеншілігіне бөленіп, халықтың аялы алақанында тербелді. Шəкең кішіпейіл, қарапайым əрі көпшіл адам болатын. «Ұлық болсаң, кішік бол» демекші, ешқандай кісімсуді, менменсуді білмейтін. Оның ұлылығы да осы қасиетінде еді. Ол кісі мені «Ақ Келес» деп атайтын. Бұл оның тұңғыш əнінің аты екен. Біздің елдегі Келес өзенінің бойындағы Қапланбек зоотехникалықмалдəрігерлік техникумында (оңтүстік өлкенің Сарыағаш ауданы) оқып жүргенде шығарыпты. Оқу орны ертеден кешке дейін аппақ болып жарқырап ағып жататын Келес өзенінің жағасына жақын орналасқан. Шəкеңнің айтуы бойынша, сонда оқып жүрген кезінде бір қызға ғашық болып, соған арнаған тұңғыш махаббат əні екен.

Шəмшініѕ келіншектермен айтысы

ы є а р ы ш м а ш Əн Бақтияр СМАНОВ,

Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі.

Оны маған өзі сыр етіп айтқан болатын. Содан мені көрген сайын сол мөлдір сезім есіне түсе ме, «Ой, Ақ Келес, халың қалай?» – деп амандасатын. Ұлы тұлға, айтулы азамат жайлы тарихты халық жасайды. Өйткені, оның өмірінің барлық кезеңдері халықпен етене байланысты болады, қалың елмен қоян-қолтық араласып өтеді. Мəселен, «Менің Қазақстаным» əнін алып көріңіз... Халықтың тарихымен, елімен, жерімен, тыныс-тіршілігімен тікелей байланысты. Осыларды таратып, мəн бере байқасаңыз, сонда барып автордың адами бейнесі, кісілік келбеті, бітім-болмысы жан-жақты көрінеді. Мұнда Шəкеңнің өзі айтатын «əннің жазылуына себеп болған жайлар», идея авторы – Шəмшінің Жұмекен ақынға ұсыныс айтуы секілді ойлар ойға оралады, сөйтіп, оның көркем бейнесі таныла түседі. Əрі хатқа түседі, қағазға жазылады. Шығармашылық жұмыс, халық алдындағы борыш дегеннен шығады, бұл жөнінде композитор: «...Шығармашылық адамы тəрізді менде де жалғызақ арман бар: Арыс өзенін жағалап жүру үшін туған жеріме тартып кетсем де, Ақмаңдайлымды қайығыма отырғызып, ақ ерке Жайықта сайрандасам да, Жезқазған мен Арқалықты аралап, Бурабайға барып қона жатсам да, қайдасың деп Сыр сұлуына сапар шексем де, «қасиетті халқымыздың алдындағы борышымды ел күткен дəрежесінде өтей алсам жақсы болар еді», деп жатсам-тұрсам толғанамын», – дейді өзінің əн жинағына жазған «Сіздерге айтар сырым» атты кіріспе мақаласында (Ш.Қалдаяқов. «Менің Қазақстаным». – Алматы: «Өнер» баспасы, 1981 ж.). Шəмшінің мұндай ой-арманы – бүгінгі өнер адамдарына ғана емес, əрбір саналы адамзатқа үлгі боларлық өнеге. Сырттай қарағанда, Шəкеңнің шығармашылық өмірінен мынадай қос желіні байқауға болады: Біріншіден, ол өзінің жеке басындағы тіршілік тауқыметтерімен алысты. Екіншіден, оның шығармашылығы да кеңестік кезеңде қым-қиғаш қарама-қайшылықтарға толы болды. Айталық, «Қайықта» əні республикалық конкурста ешқандай орынға ие бола алмай қалса, «Менің Қазақстаным» əні қудаланды (өзіміз оның куəсі болдық, ол жайында бұрынғы жазған естеліктерімде айтылған), алғашқы əндері «Вальсомания» («Вальс ауруына шалдыққан») деп орынсыз сыналды. Сөйтіп, Шəкеңнің сыршыл сезімге құрылған лирикалық əсем əндері қаңғыр-даңғыр əумесер əуендермен айқасты. Сондықтан, соған жауап ретінде оның соңғы шығарған əндерінің екпіні жылдам, өрге өрлеп тұрғандай сезіледі. Мəселен, «Отырардағы той», «Бақыт құшағында» «Дүнген қызы», «Мойынқұмда ауылым», «Бəрінен де сен сұлу», «Тамды аруы» секілді біраз əндерінің соны сазы, екпін ырғағы – бұған дəлел. Əн немесе белгілі бір шығарма жазу дегеніңіз – мехнаты ауыр, аса қиын шаруа. Жақсы əн үлкен тебіреністен, терең толғаныстан туады. Шығармашылық дарын иесі жаңа туындысын жазғанда, сөз жоқ, жанын жеп жазады. Өйтпесе көңілдегідей шығарма шықпайды. Сондықтан да, Шəмшінің: «...Мен өз өмірімде қанша əн жазсам, сонша жылаған да болуым керек», – деуі жайданжай емес. 2013 жылы көктемде Шəкеңнің нағашысы, шертпе күйдің айтулы шебері, əйгілі домбырашы, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мұғалімі 93 жастағы Файзулла (атын Шəді ақын қойған) Үрмізов ағамызбен кездескенімде: «...Оны (Шəмшіні) тума талант дейтініміз, екі жағы да – əкесі де, шешесі де тегін адамдар емес. Текті атаның ұрпақтары. Атасы Домбы ел басқарған би, сөз бастаған шешен болған. Созақ ауданының жаз жайлауында «Домбы жайлауы», «Домбы құдығы» деген жерлер осы күнге дейін бар. Ал өз əкесі Əнапия зергер ұста, өнерлі адам болған. Аяғында қалы болғаннан кейін ел «Қалдаяқ» деп атап кеткен ол – оңтүстікке аты мəшһүр Шəді ақыннан оқып, білім

алған кісі. Кейіннен 1920 жылдардың соңындағы аласапыран кезеңде ақынның жақын қарындасы, біздің апайымыз – Сақыпжамалды алып қашып кетіп, Теріскейден сонау Сыр бойына, Арыстың сағасындағы Сарыкөл деген жерге барған. Сонда болашақ сазгер жиеніміз дүниеге келген...», – деп еді. «Алып анадан туады» демекші, анасы Сақыпжамал апамыз той-жиындарда тамылжытып əн шырқайды екен. Оны Шəкеңнің өзі де естелігінде айтып кеткен-ді. Қысқасы, Шəкең – текті анадан, ұлағатты əкеден туған азамат.

Ќонаевтыѕ ќабылдауында Халқымыздың біртуар азаматы, аса көрнекті мемлекет жəне қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев өзінің естелігінде: «...Дели! ...он жеті жыл бойы тəуелсіз үнді елінің көшін бастаған Нерудің сүйікті астанасы. Халқының бақыты үшін тер төккен сондай күрескер жанның сүйікті қызы Индира Ганди үнді халқына тəн ашық-жарқын көңілмен, сəн-салтанатымен, əн-жырымен қарсы алды. Əн-би галереясынан Шəмші Қалдаяқовтың «Бақыт құшағында» деп аталатын əнін естігенімде көзіме еріксіз жас үйірілді. Аэропортқа жиналған елде есеп жоқ. Құшақтары гүлге толған сан мыңдаған үндер толқындай тербетіліп, қазақ əнін қалықтата салғанда, олар түгел қазақ болып кеткендей көрінді. Мен үшін бұдан асқан сый, бұдан асқан қуаныш жоқ еді. Дəл осындай рухани лəззатты бұрын-соңды сезінген емеcпін. Бұл жолы қазақ əні Үндістан аспанында шырқалған тұста үш рет: «Тəубе! Тəубе! Тəубе» дедім. ...Осы сапардан оралысымен Шəмшіні іздестіре бастадым. Ол өз алдына бір əңгіме», – деп айтқаны бар-тын. Мұны айтып отырғанымыз, 2009 жылдың көктемінде Алматыдағы Атакенттің «Бақшасарай» мейрамханасында немере ағамыздың ұлының үйлену тойында болдым. Жаңа түскен келін жақтан келген құдалардың ішінде елге кеңінен танымал «Қазақтың келіндері» атты əдемі əннің авторы, əйгілі өнерпаз-сазгер, қаламгер Мұхаметжан Рүстемов ағамыз құдай қосқан қосағы Дəмира апаймен бірге Шымкенттен келіпті. Талай жыл «Мектеп» баспасында бас редактордың орынбасары қызметін атқарған Ибадат Абдуллаева апамыз да сол құдалар тобында болды. Мұхаңның бұрында талай жылдар облыстық партия комитетінде жауапты қызметтер атқарғанынан, түстік өңірдің өнер, мəдениет, əдебиет саласын басқарғанынан хабарым бар. Ол кісінің жасы жетпістің ортасынан асып, ақсақалдық жасқа келген, егде тартып қалған кезі еді (Өкінішке қарай, ағамыз содан араға бірер жыл салып, қайтпас сапарға аттаныпты. Иманы саламат болғай). Сəлем беріп, хал сұрастым. Өткен-кеткенді айтып, біраз əңгіменің басын қайырдық. Мұхаң сөз арасында Шəмші туралы, республиканың бұрынғы басшысы Д.А.Қонаев біз жоғарыда айтқан Үндістан сапарынан келгеннен соң оны қабылдағаны жайлы жалпы жұрт білетін əйгілі де əсерлі кездесуді Шəмшінің өз аузынан естігенін еске түсірді. Шəмші ағаның Димекеңнің қабылдауында болғаны жайлы əңгіме ел арасында кең тараған. Бірақ əртүрлі айтылады. «Жақсының артынан сөз ереді» демекші, кейде бұл туралы артық-кемі бар қоспа əңгімелер де айтылып қалады. Ондай орынсыз «шығармашылықтың» қазақ өнеріне де, дарынды ағамызға да абырой əкелмесі анық. Сондықтан аузы дуалы ақсақалдан естіген əңгімеге тоқтала кетпекпін. – Алдын ала белгіленген күні Нұрағаң (Нұрғиса Тілендиев – Б.С.) екеуміз патшамыздың қабылдауына бардық, – деп еске алған екен Шəмші. – Сендер Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы деп жүрсіңдер ғой. Өзім өмірі партия қатарында болмаған соң ба, əйтеуір, мен Қонаев ағамызды патшамыз деп есептеймін. Қабылдау бөлмесінде көп аялдамадық, тез қабылдады. Отырған жері, құдай сақтасын, кең сарайдай үлкен екен. Аға төрдегі орнынан тұрып, алдымыздан шығып қарсы алды. Аяқ-қолым дірілдемегенмен, қатты толқыдым.

Қанша дегенмен, патшаның аты – патша ғой. Оның үстіне ағайдың өзі – зор денелі, аса келбетті кісі. Мен оның қасында киіктің лағындаймын. Біздерге ишарат білдіріп, бөлменің бір қапталындағы мəжіліске арналған ұзын столдың айналасына қойылған орындықтарды нұсқады. Біз жайғасып отырып аман-саулық сұрасқан соң, аға орнына отырмай, олай-бұлай асықпай-саспай жүріп, əңгімесін бастады: – Қарағым Шəмші, мен республиканың облыстарын жиі аралаймын. Көршілес республикаларда, шетелдерде де ауық-ауық боламын. Сол концерттерде сенің əндерің көп айтылатынын байқадым. Қазақ композиторларының ішінде əні ең көп тараған сен боларсың. Оны мен де үлкен мақтаныш тұтамын. Сондықтан сенімен жүзбе-жүз көрісіп, танысайыншы деп əдейі шақыртып едім, – деп əңгімесін əрі қарай жалғады. – Онда үлкен кісі халқымыздың ілгеріде өткен сал-серілері, өнерпаздары туралы, олар халықтың сүйікті ұлдары, елдің еркесі болғандығы жөнінде ерекше ықыласпен сөз қозғады. Орағытып келіп бір кезде: «Бірақ олар ешуақытта жаман əдетке үйір болмаған... Шəмші, «ананы» қою керек», – деді аға бір сөз иіні келгенде. «Арақты айтып отыр-ау» деп ішім қылп ете қалды. Бірақ, «ішкілігіңді қоясың ба, жоқ, қоймайсың ба?» деп шұқшиған жоқ. Əңгімесін əрмен қарай жалғастыра берді... Не деген парасатты адам! Қандай ұлылық десеңізші! Барлық салмақты өзіме аударып салды. Аға халқымыздың өнерпаз, сауыққой халық екенін, олардың арасында тұнған дарындар мол, солар арқылы қазақ халқы əлемге танылатынын, сондықтан əрбір талант иесін саф алтындай сақтау керек екенін, осы бағытта партия мен үкімет тарапынан қамқорлық көрсетілетінін біраз əңгімеледі. Əрине, ағамыздың бар əңгімесін қаз-қалпында жеткізу мүмкін емес. Дегенмен, жалпы бағыт-бағдары осылай болды... Сосын: – Қазір қайда тұрасың? Не тілегің бар? – деді патшамыз маған қарап. Алматының шетіндегі шағын ауданда екі бөлмелі үйде төрт жан тұрып жатқанымызды айттым да, атақ түгілі қолымда консерватория бітірді деген дипломның жоқ екендігі туралы лəм демедім. Оны айтуға арым бармады. Өйткені, менің алдымдағы Бекен Жамақаев, Əбілахат (Шəкең қысқартып «Ахат көке», «Ахат аға» дейтін) Еспаев сынды дарынды ағаларым да ешнəрсеге ие бола алмай күн кешіп жүр ғой деп ойладым. – Шəмші, Министрлер Кеңесі Ленин даңғылы бойында үй салдырып жатыр. Содан үш бөлмелі үй бергізем, – деді аға. Рахметімді айттым. Қабылдау бітті. Аға бізді бөлменің есігінің алдына дейін шығарып салып, қоштасты. Алтын уақытын бөліп, бізді қабылдағанына шынайы ризашылығымызды айтып, бойымызды қуаныш кернегендей көңілмен сыртқа шықтық... Сонан он, он бес күн өткенде Министрлер Кеңесінің бір қызметкері үйге келіп, үш бөлмелі пəтердің кілтін табыс етті. Сондай тапсырма болған болуы керек...» деп Шəкең сөзін аяқтады, – дейді Мұхаметжан ағай. Димекең берген «Қазақстан» ұлттық əмбебап дүкенінің үстіндегі биік үйде əйгілі композитор өмірінің соңына дейін отбасымен тұрды. Кейіннен ұлы композитордың Шымкенттегі мұражайда сақталған, сыйлас дос-інісі, оңтүстік өлкеге кеңінен танымал бесаспап өнер иесі Мұхаметжан ағайға өз қолымен жазған екі ауыз өлеңі есіме түсті. Онда: «...Абзал досым Мұхаметжан! Əн салсаң топтан озған асқақ едің, Тұз-дəмін татқан едің басқа да елдің. Ұл-қыз бен Дəмираның арқасында, Қанжардай қайрап алған жасқа келдің. Ал, досым, қырық алты жасқа келдің, Бір өзің жазылмаған дастан едің. Жүз жаса, бұдан былай, жұмаққа бар, Тап-таза мөлдіреген аспан едің! Мен сенің ағаң болам ба? Əлде құрдасың болам ба? Əйтеуір: Ш.Қалдаяқовпын. 8.ІІ. 78», – деп жазып, қолын қойыпты. «Аңыз адам» журналы 2010 жылғы тамыз айындағы бір нөмірін тұтас Шəмшінің өмірі мен шығармашылығына арнаған. Журнал ұжымы дарынды композитор туралы мол мəліметтер жинақтап, үлкен іс тындырғанында сөз жоқ. Алайда, мұнда Шəкеңнің осы қолжазба өлеңінің көшірмесі берілген. Бірақ, журналдың еш жерінде бұл өлеңнің қай Мұхаметжанға арналғаны жөнінде

Шəкең сөзге шебер болған деп жүрміз. Ол рас сөз. Шəмшінің өзіне тəн лексиконы, өзіндік сөз қолдану машығы, тіпті өзі əңгіме арасында жиі айтатын, əнді шығарар алдындағы «заготовкасы», əуеннің «частицасы», əннің «изюминкасы» деген секілді, т.б. орысша кəсіби терминдері болатын. Ол ешкімнің көңілін жықпайтын гуманист еді. Сүгірəлі Сапаралиев, Аманбек Ақаев, Тұрдықылыш Ізтаев сынды əріптес інілерімен бас қосқанда олардың кейбірінің жаңа туған əндеріне пікір айтқанда, өзіне ұнай қоймаса, автордың көңілін жықпай, əдеппен, сыпайы ғана: «...Мынауың гармоньдағыдай ыңғаққа-ыңға, ыңғаққа-ыңға болып кеткен сияқты» деген рəуіште жұқалап жеткізетін. Ол кісі əдемі əзіл, қазақи қалжыңдарды, ұтымды да ұтқыр қағытпаларды аяқ астынан тауып айтатын. «Өлеңге əркімнің-ақ бар таласы», деп ұлы данышпан Абай хакім айтқандай, асыл азаматтың өлең сөзге де қара жаяу емес екендігін жоғарыдағы біз келтірген мысалдан, сол секілді өзінің тұстастарына, жора-жолдастарына жазған бір-екі ауыз өлең шумақтарынан, кейбір əн мəтіндерін өзі жазуынан («Құшақ жайған қандай адам») немесе ақындардың жазған өлеңдерін ширатуға қосқан өзіндік үлесінен байқаймыз. Бұдан композитордың сөздің қыры мен сырына ерекше мəн беретініне, жалпы поэзия атаулыға, оның ішінде, əсіресе, «өлең – сөздің патшасы, сөз сарасына» аса үлкен жауапкершілікпен қарайтынына, «іші алтын, сырты күміс» сөз жақсысын таңдай білетініне куə боламыз. Мұның озық үлгілерін есімі елге белгілі ақын Жарылқасын Боранбаевтан да естіп жүрміз. Қайда жүрсің, Шəмші аға, Сұрауымыз айып па? Əлде батып кеттің бе, «Қайығыңмен» «Жайыққа»? – деп жұрт іздеп жүрген кездерде Жарылқасын көкеміз Шəкеңмен ағалы-інілідей біршама жақын араласқан, жақсы сыйласқан. Шығармашылық байланыста болған. Өзі де – «Қазақы дастарқаным» секілді əндерге сөз жазған шынайы талант иесі. Бірқатар жылдар Созақ аудандық «Молшылық үшін» газетінің бас редакторы болып қызмет еткен. Осы Жақаң көкеміз бірде Шəмшінің қыздармен айтысқаны жайлы көпшілік біле бермейтін əңгіме айтқаны бар еді. Бұл сонау өткен ғасырдың 1960шы жылдары болса керек. Ол кез Шəкеңнің орда бұзар отыздағы шағы. Жас композитор бір-екі өнерпаз досымен сол кездегі Талдықорған облысына қарасты Панфилов ауданының тау бөктеріндегі қойлы ауылға сапарлатып барыпты. Өнер иелері түскен үй қойын сойып, етін асып дегендей, сыйсияпат көрсетіпті. Шай құйып қызмет етіп жүрген əдемі киінген екі көркем келіншек мінездері ашық, ақкөңіл, əзіл-қалжыңға жақын жандар екен. Келіншектер бір сəт «ауылдың алты ауызын» айтып өздері өнер көрсетеді де, жігіттерден «қонақкəдеге» əн айтуын өтінеді. Сөйтіп, əзілқалжыңдары жарасқан жастар кештің соңын əнге ұластырады. Одан əлгі қос келіншек Шəкеңді қағыта табан астынан қиыстырып өлең айта бастайды. Олардың суырып салып айтқан өлеңдеріне қарай Шəкең де өлеңмен жауап қайтарады. Айтыс қыза түсіп, əбден ұзаруға айналады. Сонан сазгер келіншектерге «Таң атып келеді, дем алайық», – деген ұсыныс жасап, демалады. Таң атар-атпастан əлгі келіншектер келіп қонақ жігіттерді оятып жібереді. Шəмші сонда оларға: «Əн айтып оятпасаңдар, тұрмаймыз» деп шарт қойып, жата береді. Оның талабын орындамақ болған келіншектер аяқ жаққа келіп, Шəмшінің көрпесінің шетін баса отырып: Болсаң да кетпен шапқан күніменен, Дауысымның оянарсың үніменен. Жігіттер, бұл жатысың қандай жатыс? Шыққандай қой күзетіп түніменен, – деп шырқап қоя береді. Оған жастықтан басын көтеріп Шəмші: Белінен басып жүрміз жалғаныңды, Көтеріп көрер ме едім салмағыңды. Күнəсіз өткізсем де осы түнді, Киейін, шыға тұршы, шалбарымды, – деп жауап қайырады. Содан кейін келіншектер сыртқа шығып, Шəкеңдер киініп болғанша үй сыртында тұрып əндетеді: Болғанда сіз қалада, біз далада, Дарияның сіз ортасы, біз жағада. Солдатша тез киініп болсаңдаршы, Жараспас сыртта тұру қыз балаға. Ал Шəмші киіз үй ішінен: Кіре бер, енді кидім шалбарымды, Тістерсің мен кеткен соң бармағыңды. Артыңда бала-шағаң, байың да жүр, Қалдырып кетер едім бар малымды, – дейді. Содан өнерпаз жігіттер қойлы ауылдың адамдарымен қоштасып, жолға шығады. Келіншектер əнменен бір қырдан асырып шығарып салады. Əлгі қос келіншек қоштасып тұрып: Сендерден ала алмадық, аласым бар, Кеудеде жазылмайтын жарасыңдар. Бір тəулік көңіл ашып, өлең айттық, Қай жаққа бізді тастап барасыңдар? – дейді. Шəмші оған тағы: Жігіттік өзімізге тəн шығарсың, Ал сендер соған сəйкес сəн шығарсың. Алда жол, артта қиял, омырауға Зар толған, жазылмаған əн шығарсың, – деп жүрек сырын білдіреді. Солайша, əлгі сауықшыл келіншектер қол бұлғап, «жазылмаған əн болып» қала беріпті. АЛМАТЫ.


6

www.egemen.kz

10 сəуір 2015 жыл

● Жасампаздық жемістері

● Мемлекеттік тілдің мерейі

«ЌАЗМЎНАЙГАЗ»:

болашаќќа ќадам Президент Н.Ə.Назарбаевтың ұлттық кəсіпкерлікті дамыту бағытындағы тың бастамасы, əлеуметтік жаңғырулар, бизнес пен барынша табыс табу ғана емес, сонымен қатар, адамның қажеттілігін қанағаттандыру ұлттық идеяның бір бөлшегіне айналғалы қашан!.. Сол іргетастың негізін қалаушылардың бірі – мұнай саласындағы ұлттық оператор «ҚазМұнайГаз» АҚ. Халықаралық стандарт – ұлттық компанияларымыздың басты талабы. Əлемдік нарыққа шығу жəне келешекте Қа зақстанның ДСҰ-ға кіруі – еліміз тек алға ғана жылжуы қажет еке нін аңғартады. Бұған қоса, бизнесті халықаралық стандартқа сай жүргізудің арқасында менеджерлер сөздігінде «corporate social responsibility» сөзі пайда болды. Яғни, корпоративтік əлеуметтік жауапкершілік (КƏЖ). Ғалымдар бұл ұғымды əрқилы тəпсірлейді. Дегенмен, түпкі мəні бір, мəнмазмұны, маңызы мен мағынасы айқын. Бұл дегеніміз – уақтылы салық төлеу, жаңа жұмыс орындарын ашу əрі сақтау, жұмыскерлер құқығын қорғау, жұмыскерлерге əлеуметтік қолдау көрсету, уақытында төлемақысын төлеу, жас жұмыскерлерді жұмысқа тұрғызу, əлеуметтік маңызы бар бастамаларды жүзеге асыру жолында мемлекеттік органдар жəне азаматтық ұйымдармен бірлесе жұмыс жасау деген сөз. Алайда, ірі бизнес өкілдері, аратұра орта топтағы тұтынушылар өзіне ыңғайлы принциптерді ғана жақтап, шынтуайтында əлеуметтік бағыт-бағдар ұстанса да, КƏЖ-дің нормалары көп компанияның айнымас заңына айнала қоймағанын ескерген жөн. Мемлекет ірі компаниялармен шартқа отырарда басты ескеретін нəрсенің бірі ретінде КƏЖ-ге қаржы бөлу қажеттігі көрсетілген. Ең маңыздысы ол емес, негізгісі – КƏЖ-ге деген жалпы компаниялардың көз қарасын өзгертіп, саналы түрде тықпаланатын дүние ретінде емес, керісінше, КƏЖ-дің бағдарламаларын стратегиялық инвестиция ретінде пайдалану əрі жүзеге асыру екенін ұғыну. Осы орайда, аталмыш ұлттық компанияның қалыпты даму саясаты мен əлеуметтік тұрақтылық тəжірибесі біз үшін маңызды екенін жасыра алмаймыз. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ КƏЖ-дің көптеген көзге көрінбейтін ішкі ағысынан қаша отырып, ұлттық компания сол бір алтын арқауын тауып, бетбейнесін қалыптастырып, қаржы ны тиімді жиып жəне түрлі əлеуметтік қиыншылықтарды айналып өтудің жолын тапты десек болады... «ҚазМұнайГаз» АҚ мұнайгаз кешенінің бетке ұстары, қазба байлықтарды басқару жүйесі нің ұлттық бөлшегі, жалпымем лекеттік стратегияның жоспарларын жүзеге асыруға мəн беретін орган екені айтпаса да белгілі. Ұлттық компания дегенде əлеуметтік тұрақтылық, аймақтарға қолдау көрсету, тұрақты даму деген ұғымдар қатар жүретінін біреу білсе, біреу білмес. Жергілікті ұйымдарды қол дау стратегиясын жүзеге асыру, жұмыс керлерінің əлеуметтік һəм жұ мыс жағдайына көңіл бөлу бағдарламасын іске асыру, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету секілді маңызды жұмыстарды «ҚазМұнайГаз», Қазақстан басшылары əлеуметтік-экономикалық саясат аясында бизнестің əлеуметтік жауапкершілігін арттыру бағдарламасын қабылдамай жатып-ақ бастап кеткен. Дəл осы бағыттағы жұмыстарды атқаруға ұлттық оператор ерекше екпінмен кірісті. Жыл сайын жаңа белестерді бағындырып, жаңа нəтижелерге қол жеткізуді басты мақсат етіп қойды. Бүгіндері «ҚазМұнайГаз»-дың ішінде қаржы табуға əрі жалпыадамзаттық рухани құндылықтардың сақталуына негізделген экономикалық бірігу элементі тетігінің іске қосылуының арқасында əлеуметтік бағытты дамытушы мемлекеттің моделі жасалды. Атап өтетін нəрсе, «ҚазМұнайГаз» бастабында КƏЖ-ді мемлекет пен қоғам жүктеген қосымша жүк ретінде емес, керісінше, стратегиялық инвестиция мен мүмкіндік ретінде қарастырған еді. Сөйтсе, ұлттық компания алған бағытынан жаңылмапты. «Ондыққа» дөп тиіпті... Көбіне экологияға көп қаржы бөлетін, жұмыс жасауға жағдай жасайтын, еңбекақы төлеудің жаңа принциптерін енгізетін, əлеуметтік сала жұмысының жаңа формаларын жаңғыртатын, еңбекті қорғау жəне техникалық

қауіпсіздікті сақтайтын компаниялар капиталданатынын уақыттың өзі көрсетіп берді. Кезінде Рокфеллер айтқан: «Сіздің əлауқатыңыз əрі жетістігіңіз өзіңіз қабылдаған шешімге байланысты» деген классикалық стратегияны «ҚазМұнайГаз» жүзеге асырды. Ұлттық оператордың соңғы жылдағы шешімталдығы туралы айтар болсақ, онда корпоративтік əлеуметтік жауапкершілік атты қиын жəне ұзақ жолмен жүрудің машақаты аз емес екенін байқатады. «ҚазМұнайГаз» əлемдік стандартқа сай компания болғысы келетіндіктен, ол техникалық жетіс тіктермен қатар, дамыған елдердегі əлеуметтік қақтығыстар мен қоғамдық ауызбіршілікті жүзеге асыру секілді озық үлгілерімен қарулануға мəжбүр болды. Ұлттық оператор БҰҰ Əлемдік келісімшартына қол қойған еліміздегі тұңғыш компанияның бірі. Онда басымдық КƏЖда беріледі. Компанияда корпоративтік əлеуметтік жауап кершілікті жүзеге асырудағы озық жетістіктермен қоса, сарапшылық бірлестіктердің ойпікірлері ескерілген. Мəселен, осыдан үш жыл бұрын КƏЖдің Қазақстандағы тəжірибесін зерттеген норвегиялық сарапшылар «Мұнай-газ саласындағы ірі компаниялар тауар тасымалдау мен қызмет көрсету бойынша жергілікті органдармен бірге жұмыс жасауына болады...» деген тұжырымға келді. Олардың ойынша, бұл сол өңірдің өндірісіне оң ықпалын тигізіп,

жаңа құрылғыларды игерудің тың түрлерін қолға алды. Бұл тек инвесторлар іздеп, қаржыны ұлттық тауар өндірісін дамытуға бағытталған белгілі бір жобаға салуға ғана емес, сонымен қатар, жас мамандардың тың идеяларын компанияның аумағында іс-тəжірибеден өткізу арқылы жүзеге асыруға мүмкіндік тудырды. Атап өтетін басты нəрсе, «ҚазМұнайГаз» КƏЖ-дің əлемдік озық үлгісін пайдалып жүр. Компания ұстанымы болашақта жүзеге асырылуға тиісті жобаларды саралауға негізделген. Мұндай жұмыстар бизнесстратегиялардың қалыптасуына жəне оның кемшін тұстарын түзеуге бағытталады. Осынау тəжірибенің қаншалықты тиімді екеніне жуырда ғана көзіміз жетті. Өткен жылдың көктемінде КƏЖдің дамуына байланысты Ұлттық экономикалық палата «əлемдік экономикалық дағдарыстың келесі толқынын» компания жұмысына кедергі келтіретін фактор ретінде атап өтіп, бұл КƏЖ-дің қазіргі тəжірибесіне, ұлттық оператордың ішкі өніміне əсер ететінін қадап айтты. Сөйтсе, компания замана көші бұлай ауатынын алдын-ала сезіп, түрлі шаралар қабылдап қойыпты. «Төмен бағалар ұлттық оператордың жұмысына кері əсерін тигізіп жатқаны айтпаса да белгілі. Бірақ соған қарамастан біз қызметкер санын қыспартпаймыз əрі олардың төлемақысын да азайтпаймыз...» – деді «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Сауат Мыңбаев. «Мамандар бəрін шешеді» деген ұғым компанияның айнымас ұстанымына айналды. «ҚазМұнайГаз» – мықты маман компанияның өркендеуіне тікелей септігін тигізетінін ерте ұғынған ұйым. Ұлттық оператордың оң тұстарын атап өту үшін қолдағы саусақ жетпейді. Олардың

экономикалық əл-қуатын арттырып, сонымен қатар, жұмыс барысында компанияның уақыт пен шығынын азайтуға өз септігін тигізіп, тұтынушыларға деген бағаның тиімді болуына жол ашады. «ҚазМұнайГаз» мұндай тиімді бағаны əлдеқашан орнықтырып қойғаны көңілге қуаныш ұялатады. Мысалы, 2012 жылы қазақстандық өнімді сатып алу жəне қызмет көрсету 64 пайызды құраса, 2013 жылы 66 пайыз, ал өткен жылмен салыстырсақ бұл көрсеткіш, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Сауат Мыңбаевтың мəлімдеуінше, 73 пайызды құрапты. «Бұл жоғары көрсеткіш. Бəлки, мұнай-газ компанияларының ішіндегі ең жоғары көрсеткіш те болса керек!..» – деді ол. Мұнымен қатар, компания мұнай-газға қажетті машина құрылысын жүзеге асыру бағдарламасын іске асырып,

ішіндегі негізгілері мыналар – жұмыскерлермен ұзақ уақытқа, яғни тұрақты жұмыс жасау, өсіпөркендеуге барынша мүмкіндік тудыру, кəсіби деңгейі өте жоғары болуын бақылау, қызметкерлердің мұң-мұқтажын қанағаттандыру, білім мен тəжірибені алдыға қою, мамандардың дамуына, білім алуына жағдай жасау. Кадрлық саясат компанияның қарыштап дамуына тікелей байланысты екені бесенеден белгілі. Нақтырақ айтсақ, «ҚазМұнайГаз» компаниясының тобы еңбекақыны төлеудің бірегей жүйесін енгізді. Соның нəтижесінде біріншіден, еңбекақыны есептеудің əдістемесі барынша түзеліп, өз жұмысын адал атқаратындарға категория бойынша тез көтерілуге мүмкіндік туды. Екіншіден, жұмыскерлерді əлеуметтік қолдаудың үлгілік заңдары қабылданып, соның нəтижесінде бірегей əлеуметтік

пакет түзілді. Оның ішіне анаға көмек, əлеуметтік жəрдемақы, өтемақы, əлеуметтік кепілдіктер кіреді. Үшіншіден, осынау бірыңғай ішкі коммуникация жүйесі жемісті жұмыс жасап жатқанын көрсетті. Жүйе өте ыңғайлы құрылғаны соншалық кез келген қызметкер кəсіптік одақ арқылы немесе компания басшыларымен болған жиында көкейкесті мəселе көтеріп, əлеуметтік-еңбек ахуалының дұрысталуына өз ықпалын тигізе алады. Тағы бір ерекше ескере кететін жайт, «ҚазМұнайГаз» негізінде арнайы диалог алаңы құрылған. Ол кеңесте белгілі бір проблема талқыға түсіп, оның тез арада шешімін табуға тырысады. Бұл компания КƏЖ тəжірибесіндегі жаңа дүниені игеруден пайда болған нəрсе. Бұрынғы жұмыс тəсілі де өте тиімді жəне жемісті екенін атап өткен жөн. «ҚазМұнайГаз»-дың басты басымдығы – мамандарды оқыту, білімін жетілдіру. «Қызметкерлеріміздің сапасы – бəсекелестігіміздің бір нышанына айналу керек...», дегенді Сауат Мыңбаев тұрақты түрде айтады. Осы бағытта компания жыл сайын 3 миллиард теңге бөледі. Басқа бизнес құрылымдармен салыстырғанда бұл шығындар компанияда істейтін жеке адамдарды арнайы жоба аясында оқытуға сай жүзеге асырылады. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ КƏЖдің принциптерін енгізудегі басты басымдықтардың бірі – өткен жылы жастар ісі кеңесі құрылып, оның құрамына 25 еншілес жəне бағынышты ұйымдар кірді. Компания директорлар кеңесінің төрағасы Сауат Мыңбаевтың сөзіне сүйенсек, «Жаңа ұйым ұлттық «ҚазМұнайГаз» компаниясындағы еңбек бірлестіктеріндегі əлеуметтік жаңғыртуды жүзеге асыратын субъектіге айналуы тиіс. Өз бірлестіктеріндегі мұнай-газ саласының болашақ жас мамандарына қолдау көрсету қажет» екенін ерекше атап өтті. Оған қоса, «ҚазМұнайГаз» мемлекет-жекеменшік серіктестігінің тұрақты қатысушысы ретінде өзінің жергілікті жерлерді дамытуға септігін тигізуге даяр екенін анық аңғартты. Компания өміріміздің барлық саласындағы əрі бизнестің əлеуметтік жауапкершілігін қолдау аясындағы қаншама жобаларға қаржылай қолдау көрсететінін санамалап шығудың өзі қиын. Маңғыстау облысын ауыз сумен қамтамасыз етуден бастап, арнайы жабдықталған медициналық көмек көрсетуге бағытталған «денсаулық пойыздарына» дейінгі аралықта тарих, мəдениет, əдебиет, спорт секілді ірі-ірі салалар бар. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ КƏЖ-дің принциптерін енгізу мен ішкі еншілес құрылымдарындағы өзгерістер туралы айтар болсақ, демеушілік пен қайырымдылық компания қызметінің негізгі бағытына айналды. Бұл – Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерге, жетімжесір, жоқ-жітік, мүгедектерге қолдау көрсету деген сөз. Он үш жыл бойы «ҚазМұнайГаз» «Интеллектуалдық олимпиадалар» тележобасына жəне он жылдан бері «Светоч» балалар үйіне, біршама уақыттан бері республикалық бокс федерацияларына, велосипед спортына, жыл сайынғы республикалық жəне халықаралық деңгейдегі спорт шараларына, шығармашылық бірлестіктерге демеушілік жасаумен келеді. Қаперге алатын тағы бір дүние – ұлттық компания Пен-клубпен бірлескен жоба аясында қазақ əдебиетінің АҚШ-та танымал болуына үлкен ықпалын тигізіп, қолдауын аяған емес. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ КƏЖ-дің принциптерін енгізудегі көптеген тəсілдер оң нəтижесін беруде. Оны Елбасымыз Н.Ə.Назарбаев та өзге компанияларға мысал ретінде келтіріп, оның əлеуметтік бағыт-бағдарын ерекше атап жүр. Компания жүзеге асырып келе жатқан əлеуметтік жауапкершілік ішкі жəне сыртқы тұрғыдан алғанда үлкен нəтижелер берді. Тұтынушылар мен инвесторлар үшін КƏЖ принциптерін ұстанатын ұлттық оператор мұндай жолды ұстанбайтын өзге компаниялардан оқ бойы оза шығып, инвестиция мен халықаралық аренада өз орнын айқындау үшін ең негізгі аспект – əлеуметтік тұрақтылықты орната алды!.. Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Мəдениет жəне спорт министрлігі Тілдерді дамыту жəне қоғамдықсаяси жұмыс комитетінің қолдауымен Ұлттық музейде «Тіл – татулық тірегі» атты республикалық кеңес өтеді деп күтілуде. Кеңес жұмысына Премьер-Министрдің орынбасары Б.Сапарбаев қатыспақ. Түсіністік пен татулықтың басты құралы – тілге қатысты мəселелер сөз болатын алқалы жиында республикамыздағы мемлекеттік тіл оқыту орталықтарының проблемалары тілге тиек етілмек. Осыған орай, газет тілшісі Мəдениет жəне спорт министрлігі Тілдерді дамыту жəне қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіруəдістемелік орталығының директоры, Қазақстанның халық ақыны Қонысбай ƏБІЛМЕН əңгімелескен еді.

ОЌУ ОРТАЛЫЌТАРЫ: бїгіні мен болашаєы – Əңгіме басын өткелі отырған осы жиында көтерілетін мəселелер төңірегінде өрбітсеңіз. – «Тіл – татулық тірегі» атты республикалық кеңестің жұмысында көтерілетін басты тақырыптың бірі – тілдердің үштұғырлығы болмақ. Баршаға аян, «Үштұғырлы тіл» туралы идеяны Мемлекет басшысы 2006 жылғы қазан айында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XII құрылтайында жария етті. Ал, 2007 жылғы «Жаңа əлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа Жолдауында «Тілдердің үштұғырлылығы» атты мəдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынды. Қазақстан халқының рухани дамуымен қатар, осы идея ішкі саясатымыздың жеке бағыты болып белгіленді. Негізінен бұл бастама қоғамда қызу қолдау тауып, барлық оқу орындарында мемлекеттік тіл – қазақ тілі, ұлтаралық тіл – орыс тілі жəне халықаралық тіл – ағылшын тілі қатар оқытыла бастады. Сол сияқты, осы кеңесте «Қазақстан Республикасында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысы» талқыланады. Ал, «Мемлекеттік тіл оқыту орталықтары: жетістіктер мен проблемалар» туралы жарыссөздерде республика бойынша оқу орталықтарының жайкүйі қарастырылатын болады. Республика бойынша өңірлердегі 16 орталыққа əдістемелік жағынан үлгі көрсететін жалғыз орталық болғандықтан бұл мəселе біздің Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-əдістемелік орталығына тікелей қатысты болып табылады. Мемлекеттік тілді насихаттау мақсатында қолға алынған «Тіл – татулық тірегі» атты республикалық кеңес Премьер-Министрдің орынбасары жəне Мəдениет министрінің қатысуымен өткелі отыр, бұл басқосуға Парламент Мəжілісі жəне Сенат депутаттары, сондай-ақ өңірлерде мемлекеттік тілдің дамуына тікелей жауап беретін басқарма басшылары шақырылды. – Елбасы «Халықаралық тəжірибелерге сүйене отырып, қа зақ тілін оқытудың қазіргі заманғы озық бағдарламалары мен əдістерін əзірлеп, енгізу қажет», – деген талап қойған болатын. Осы мəселені шешу мақсатында қандай шаралар атқарылып жатыр? – Республика бойынша орталықтардың жұмысын үйлестіріп, бір жолға қою мəселесі Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіруəдістемелік орталығының басты жұмысы болып табылады. Бүгінгі таңда министрліктің жəне оның құрамындағы Тілдерді дамыту жəне қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің қолдауымен орталықтың ғылымиəдістемелік əлеуеті көтеріліп келеді. Бізде комитеттің тапсырысымен шығатын оқу-əдістемелік құралдар мен оқулықтарды сараптап отыратын ғылыми кеңес жұмыс істейді. Ол кеңеске біз осы əдістеме саласынан ғылыми еңбек жазып қорғаған жəне өздері оқуəдістемелік құралдар жазған танымал мамандарды тартып отырмыз. – Оқу-əдістемелік құралдар демекші, қазір əр облыс, тіпті əр ауданда өздерінің қажеттіліктеріне қажетті құралдар жасауға талпыныстар байқалады. Бірақ кейбірінің сапасы, деңгейі көңіл көншітпейді. – Дұрыс айтасыз, біз бұл ретте өңірлердегі орталықтар дайындаған оқу құралдарын əуелі біздің республикалық орталықтағы ғылыми-əдістемелік кеңестің сараптамасынан өткіземіз, солардың оң қорытындысын алғаннан кейін ғана комитеттің қарауына ұсынатын боламыз деп шешіп отырмыз. Жалпы, өңірлердегі тіл оқыту орталықтарының басты мақсаты – мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік тілге үйрету, соларға арнап оқу-əдістемелік құралдар шығару болғандықтан, барлығы білгендерін ортаға салып, республикалық орталықтан бекітіліп ұсынылған бағдарлама бойынша жұмыс жасағаны

əлдеқайда тиімді болар еді. Биыл біз осы бағыттағы жұмыстарды жандандыра түспекшіміз. Бұл жұмыстар өз кезегінде мемлекеттік тілді оқытудың сапасын арттыруға көмегін тигізеді деген ойдамыз. – Бұл сонда мемлекеттік тілді оқытуды бір жүйеге келтіреміз деген сөз ғой... – И ə , о с ы у а қ ы т қ а д е йі н мемлекеттік тілді дамыту жолында əр өңір өз бетінше жұмыс жасап келді. Ортақ бағдарлама, ортақ стратегиялық жоспар болған жоқ. Мəселен, белгілі бір облыстың тіл орталығы дайындаған оқу құралдарын келесі аймақ өз тарапынан өзгерістер енгізіп, қайта жасап жүрді. Біздің пікірімізше, өңірлердегі кеденшілерді немесе заңгерлерді оқыту үшін бірдей бағдарлама, бірдей оқу құралдары қажет. Яғни, мемлекеттік қызметшіге екінші деңгейден бастап кəсіби қазақ тілі қажет. Жалғастырушы деңгейде заңгер мен құрылысшыны бір оқу құралымен оқыту мүмкін емес, өйткені, əр саланың өз тілі (лексикологиясы) бар, соған сəйкес əр саланың өзіндік оқу құралдары болғаны жөн. Бұдан былай осы бағыттағы жұмыстарды бір ізге салып, бойларына қан жүгіртіп, жандандыра түспекпіз. – Соңғы жылдары тіл оқыту орталықтарының тығырыққа тіреле бастағанынан хабардармыз. Осы мəселені шешуде қандай ұмтылыстар бар? – Бұл сұрағыңыз өте орынды. Нарықтың қыспағы, дағдарыстың салдары біздің тіл оқыту орталықтарын да айналып өткен жоқ. Жергілікті бюджеттен қаржыландыру тоқтатылған соң орталықтар нарықтық кеңістікте өз бетінше күн көруге қалыптасып кете алмай жатыр. Конкурстар, тендерлер өткізу шараларының да анықтап алар тұстары бар. Мысалы, тендерге қатысқан орталықтардың ішінде өнім шығарудың ең төменгі бағасын белгілегені жеңімпаз атанады. Ал ол «жеңімпаздың» орталығы небəрі екі-ақ адамнан тұрады. Амал жоқ, тапсырысты орындар кезде олар жандəрмен мамандарды келісімшарт арқылы уақытша қабылдай салады. Наурыз айында бір кезде оқыту орталықтарының көш басында тұрған «Руханият» орталығы сатылып кетті. Оны сатып алған жеке кəсіпкерлер орталықтың қарызы туралы естігенде абыржып қалғанға ұқсайды. Егер реті келіп жатса, қайтарып беруге қарсы бола қоймас. Осы уақытқа дейін 4 оқыту орталығы сатылып кеткен болса, енді қалғандарын сақтап қалудың жолын қарастырған абзал. – Ендеше игі ниетті жүзеге асыру үшін қандай ұсыныстар енгізгелі жатырсыздар? – Біз негізгі тетіктерді Ш.Шаяхметов атындағы орталыққа беруді ойластырудамыз. Ол үшін оқытуды біріздендіру мəселесі күн тəртібінде тұр. Өңірлердегі тіл оқыту орталықтарының жұмыс жоспарларын, оларды жүзеге асыруға байланысты іс-шараларды Ш.Шаяхметов атындағы орталықта бекіту мəселелерін де көтермек ойымыз бар. – Сөзіңіз аузыңызда, қазір көптеген орталықтар тіл үйретуге жеңіл-желпі қарайтындай көрінеді. Мəселен, дардай болып, сертификат алып шыққан адам қазақша екі сөздің басын құрай алмай жатады. – Тұп-тура анығын айтып отырсыз. Қазақша екі ауыз сөз құрай алмайтындарға да сертификат табыс ету кішкентай баланың көзін ғана жасырып, «көкек» ойнағанындай көзбояу. Өкінішке қарай, осы үрдістің бары рас. Сондықтан да мемлекеттік сертифиттарды осы Ш.Шаяхметов атындағы орталықта беру мəселесін көтеретін кез келген секілді. Бұның бəрі оқыту орталықтарының беделін өсіру, сабақ беру сапасының деңгейін арттыру бағытындағы жобалар болып табылады. Осыған орай, барлық орталықтардың əдістемелерін саралап, ең таңдаулыларын ғана ортақ қолданысқа енгізу қолға алынады. Сабақ берушілердің еңбекақысын

көтеру мақсатында олардың санаттарын белгілеуді де қарастырған орынды. – Осының бəрін іске асыруға жалғыз орталықтың мүмкіндігі жете ме? – Əрине, бұл бір орталық үшін ауыр жүк. Алайда, министрлік тарапынан қолдау болған соң тəуекелге бел буып отырмыз. Үкімет жанындағы Республикалық терминология комиссиясының атына біраз сындар айтылып жүргені белгілі. Қазіргідей ақпараттар тасқыны заманында мемлекеттік тілді дамытуға қатысты құрылымдар, терминком, ономастика комиссиясы, сараптамалық кеңес өз жұмыстарын жаңа технологияларды пайдалану арқылы тиімді етіп ұйымдастыруы керек. Осыны ескеріп, министрліктің Тілдерді дамыту жəне қоғамдықсаяси жұмыс комитеті бастама көтеріп, жігерлілік танытуының арқасында Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-əдістемелік орталығының ішінен Терминком жұмысын жүйелендіріп отыратын терминдерді саралау жəне сараптау бөлімі тұрақты түрде жұмыс істей бастайтын болады. Олар екі секторға бөлінеді. Бірі – гуманитарлық ғылымдарға қатысты терминдерді жүйелеумен айналысса, екіншісі – нақты ғылымдар терминдерін сараптаумен айналысатын болады. Республикалық терми но логиялық комиссия мүшелерінің қоғамдық негізде жұмыс істеуі осы маңызды жұмыстағы басты олқылықтың бірі ретінде аталып келді. Енді орталық ішіндегі бөлімде терминология саласының мамандары тəжірибелі терминолог ғалымдар ақы төленетін, тұрақты жұмыс істейтін құрамға айналатын болады. – Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-əдістемелік орталығы тек оқыту ісімен ғана айналыса ма? – Оқу-əдістемелік жұмыстан басқа тағы бір маңызды бағытымыз – ұрпақ тəрбиесі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында жастарға білім беру кезінде оның тəрбиелік жағына, атап айтқанда, патриоттық пен адамгершілік, ұлтаралық татулық жəне толеранттылық, физикалық жəне рухани даму жағына баса назар аудару керектігін атап көрсетті. Қазақ халқы бойына ұлттық құндылықтарды молынан жинақтап, ауыз əдебиеті мұраларын бүгінге дейін ауыздан ауызға таратып, жадында сақтап келді. Қазір олардың барлығы баспа бетіне түскен. Жобаның мақсаты бүгінгі заманауи технологияларды пайдалана отырып, сол мұраны жас ұрпақтың санасына көптеп сіңіру болып табылады. Бұл мақсатты орындау үшін инновациялық технологияларды пайдаланумен кең ауқымды, ұзақ мерзімді жұмыстар жүргізіп, түрлі-түсті суреттермен иллюстрацияланған кітаптар, монитордан бейнесін көру мүмкіндігі бар аудиокітаптар, мультфильмдер жасап шығару жəне онлайн арқылы оқыту, шетелдің тəжірибесін зерделей отырып оқу əдістемелерін, компьютерлік құралдарды əзірлеу, сондай-ақ, терминология саласына қатысты басқа да жобаларды іске асыру үлкен бір межелі мақсаттардың бірі. Осындай ауқымды жоспарларымыз бар. 10 сəуірде өтетін республикалық кеңес барысында тіл дамытудың болашағы туралы көптеген бағалы ұсыныстар айтылады деген ойдамыз. Осының бəрі қосыла келгенде оқыту орталықтарын өркендету бағытындағы маңызды қадам болып табылады. Сондықтан да тілі төрдегі елдің туы өрде болатындығын естен шығармаған абзал. Əңгімелескен Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».


ҮКІМЕТ

ҮКІМЕТ

Отандыќ ґнімге сўраныс бар, насихат аз Ўлттыќ кəсіпкерлер палатасы Сауда комитеті хатшылыєыныѕ хатшысы Жібек ƏЖІБАЕВАМЕН əѕгіме – Ине шықса да, түйме шықса да, əйтеуір, өзіміздің отандық өнім болғанға не жетсін?! Əйтсе де, киер киім, ішер ас-суымыз, күнделікті қолданыстағы тұрмыстық заттардың басым көпшілігі шетелден əкелінетінін жасырып қайтеміз. Қазақстандық өнімге деген сұраныс жоқ деуге ауыз бармайды, десек те, олардың дүкен сөрелерінде самсап тұрғанын да көрмейміз. Неге? – Ұлттық кəсіпкерлер палатасының Сауда комитеті хатшылығы осы мəселені жан-жақты зерттеу мақсатында бірнеше ірі сауда желісінің иелерімен кездесу өткізген болатын. Олардың айтуынша, дүкен сөрелеріне отандық тауарлардың аз шығуына бірнеше себеп бар. Біріншіден, жергілікті тауар өндірушілер нарықты тиісті көлемде қамти алмай отыр. Яғни, отандық өнімге деген сұраныстың аз болуы тауардың дүкен сөрелеріне жүйелі түрде жеткізілмеуі мен логистика мəселесіне тікелей қатысты. Ал ресми статистикаға сүйенсек, былтырғы жылдың қаңтаржелтоқсан айлары аралығында отандық нарықтағы қазақстандық өнімнің үлесі – ет, сүт, ұнды жəне кондитерлі өнімдер 80 пайыздан астам, оның ішінде құс еті 45,7 пайыз, шұжық жəне ет өнімдері 55,9 пайыз, сары май 60,3 пайыз, сыр мен ірімшік 49,6 пайыз, қант 70 пайыз, шай мен кофе 34,8 пайыз, көкөніс, жеміс-жидек 18 пайыз, күнделікті тұтыну тауарлары: жуып-тазалаушы заттар 6 пайыз, жеке бас гигиенасы заттары 0,7, тұрмыстық керек-жарақтар 33,9 пайызды құрап отыр. Тағы бір өзекті мəселе – тауардың сыртқы қаптамасы. Тұтынушылардың назарын аудару, жалпы, тауардың өтімділігі сыртқы қаптамаға көп байланысты екені айтпаса да түсінікті. Сауда орындары отандық тауардың сапасы жағынан ғана емес, сыртқы безендірілуі жағынан да шетелдік өнімдерден кем болмағанын, яғни бəсекеге қабілетті болғанын қалайды. Тауар қаптамасына мəселен, Ресейде 200 миллиард теңге жұмсалса, Қазақстанда бұл сома небары 300 миллион теңге шамасында, яғни 86 есе төмен. Ендігі бір мəселе – жарнаманың жоқтығы немесе əлсіздігі. Отандық телеарналардан көбіне шетелдік өнімдердің жарнамасын көреміз. Ал тұтынушы үшін жарнаманың əсері зор екені белгілі. Төртіншіден, арнайы штрих-кодтардың жоқтығы жəне тауарды сертификаттау проблемасы да ішкі нарықты өз өнімімізбен толыққанды қамтамасыз етуге елеулі кедергі болып отыр. Сонымен қатар, тауар өндірушілер ірі сауда желілеріне тікелей тəуелді екенін де ескерген жөн. Ал олардың келісімшарттары көбіне екіжақты тиімді бола бермейді. Тауар өндірушілердің айтуынша, сауда желілері отандық өнімнің бағасын өз қалауынша қымбаттатып сататын көрінеді. Бұдан да басқа күрмеуі қиын күрделі мəселелер баршылық. Оларды заңдық негізде реттеу қажет. – Мемлекет отандық кəсіпкерлерді қамқорлықтан кенде қылып отырған жоқ. Мысал үшін айтайық, Ауыл шаруашылығы министрлігінің қазақстандық кəсіпкерлерді қолдауға арналған бірнеше бағдарламасы бар. Бірақ əлі күнге дейін біз бақша өнімдерінің өзін шетелден тасимыз. Өзіміздікі бар-жоғы 18 пайызды құрайды екен. Бұл қалай сонда? – Дұрыс айтасыз, кез келген қарапайым тұтынушыда осындай сұрақтың туындауы заңды. Расында, бүгінде мемлекет тарапынан отандық тауар өндірушілерді қолдауға айрықша көңіл бөлінуде. Қазақстандық бизнеске қолайлы жағдай туғызу бағытында көптеген мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асып отыр. Əйткенмен, өнімді өндіруден бөлек, оны нарыққа енгізу, саудалауға қатысты түйінді мəселелер жетерлік. Олардың бірнешеуін жоғарыда атап өткен

болатынмын. Өкінішке қарай, осы мəселе əлі жолға қойылмай келеді. Мысалы, өзіңіз айтып өткен Ауыл шаруашылығы министрлігінің қазақстандық тауар өндірушілерді қолдауға арналған бірнеше мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асып отыр, сол сияқты Инвестициялар жəне даму министрлігі өндірістік тауар өндірісін қолдау мəселелерімен айналысуда. Бірақ, сауда саласына қатысты бірде-бір бағдарлама қарастырылмаған. Бір қызығы, қазақстандық өнімге өзімізден гөрі, шетелдерде сұраныс жоғары. Мəселен, отандық нарықта импорт көлемінің 75 пайызы қытайлық тауарларға тиесілі. Біз олардың сапасы мен денсаулыққа əсері жөнінде жақсы білеміз, бірақ сонда да сатып аламыз. Ал қытайлықтардың өздері ауылшаруашылық өнімдерін Қазақстаннан алғанды құп көреді. Біздің тауарлар тек Оңтүстік-Шығыс Азияда ғана емес, Еуропада да бəсекеге қабілетті əрі үлкен сұранысқа ие. Бұл тұрғыда бізбен əріптестік қарым-қатынас орнатуға мүдделі болып отырған елдер жетерлік. Сондықтан, ең əуелі отандастарымызды қазақстандық өнімді алуға үгіт-насихат жұмыстарын жолға қою керек деп ойлаймын. – Насихат кемшіндеу, дұрыс айтасыз. Əйтпесе, халқымыз «арзанның сорпасы татымайтынын» жақсы білсе керек еді. Рубль құнсызданғалы арзан, сапасы күмəнді ресейлік тауар отандық нарықты жаулап алды. Төл өнімді төрге оздырамыз деп жүргенде, бұл жағдай кəсіпкерлерімізге соққы болып тигені сөзсіз. Мəселе қалай реттелмек? – Иə, Ресей рублінің арзандауы біздің нарыққа да өз əсерін тигізіп жатқаны рас. Яғни, көрші ел бізді отандық өнімнен əлдеқайда арзан тауармен қамтамасыз етіп отыр. Соның салдарынан жергілікті кəсіпкерлер шығынға батып жатқаны да шындық. Бірақ арзанның сапасы бола бермейтінін дұрыс айтып өттіңіз. Мəселен, Ресейден əкелінетін құс етіне салмағын ауырлату үшін су немесе басқа қоспалар егу арқылы қолдан ісіндірілетіні анықталып отыр. Соның есебінен тауық етінің салмағы бірнеше есе артады. Сəйкесінше, өзіндік құны екі есе арзан болады. Мұны ораманың ішінде қатырылған өнімнен байқау мүмкін емес. Ал отандық кəсіпкерлер əлгіндей қитұрқылыққа бармайды. Сол себепті құс өсірушілер өз өнімін қайда өткізерін білмей қиналуда. Құс өсірушілер одағының мəліметінше, қазір құс фабрикаларының қоймаларында 12 мың тонна құс еті жиналып қалған. Сол сияқты, сүт өнімдерін өндірушілер де осындай проблемамен бетпе-бет келіп отыр. Қазір дүкендерден табиғи сүтті табу қиын, есесіне ресейлік ұнтақ сүт «табиғи сүт» ретінде сатылуда. Бұрын отандық кəсіпкерлер сүтті литрін 100-120 теңгеден саудаласа, қазір соның жартысына да өткізе алмайды. Сондықтан, кəсіпкерлерімізді мұндай қиын-қыстау тұста қолдағанымыз жөн деп ойлаймын. Осы орайда Ұлттық кəсіпкерлер палатасы кəсіпкерлікті инвестициялық субсидиялау мəселесін ұсынып отыр. Қалыптасқан жағдайды заңдық тұрғыда реттеуіміз қажет.

– Қазір еліміз бойынша «Қазақстанда жасалған» акциясы өтуде. Құр ұрандаумен шектелмей, науқаншылдыққа ұрындырмай жүзеге асыратын болсақ, тамаша бастама екені рас. Отандық бизнестің арқасүйері – Ұлттық кəсіпкерлер палатасы осы бағытта қандай жұмыстар атқаруда? – Биылғы жылдың ақпан айында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы «Барлық қазақстандықтарды Қазақстан өнімдерін алуға шақырамыз. Бұл ел экономикасына үлкен қолдау болады», деп бастама көтерген болатын. Осыған орай жүзеге асырылып жатқан «Қазақстанда жасалған» акциясы науқаншылдық емес, бұл біздің патриоттығымыз сыналатын бастама деп ойлаймын. Əрбір қазақстандық осыған шама-шарқынша үлес қосса дейміз. Қазіргідей қысылтаяң тұста өзіміздің тауар өндірушілердің қордаланған мəселелерін тиімді шешу аса маңызды болып отыр. Осы орайда Кəсіпкерлер палатасында отандық тауарларды ішкі нарыққа шығару тетіктері жан-жақты ойластырылып, оны жүзеге асыру үшін арнайы жоспар құрылған болатын. Жоспар 3 бағытты қамтиды, біріншіден, сауда желісі, базарлармен, сондай-ақ, жекелеген сауда нүктелерімен жергілікті өнімді сөрелерге жеткізу мəселесі жөнінде жүйелі жұмыс жүргізу. Екінші бағыт – қазақстандық тауар өндірушілердің ішкі нарықты сапалы əрі алуан түрлі тауармен қамтамасыз етуі жөнінде əріптестік байланыс орнату. Үшінші бағыт – ішкі нарықты зерттеу, яғни тұтынушылар арасында қандай отандық тауардың сұранысқа көбірек ие екенін анықтау. Оған қоса, жоспарымызда түрлі деңгейдегі дөңгелек үстелдер, билік жəне бизнес өкілдеріне арналған басқосулар, оқушылар мен студенттерге арналған акциялар, байқаулар, тауар өндірушілердің жəрмеңкелері мен фестивальдарын өткізу қарастырылған. Сонымен қатар, отандық тауар өндірушілерді ынталандыру, оларға қолдау білдіру мақсатында «Алтын сапа», «Сауда үздігі», «Жыл таңдауы» секілді рес пуб ликалық байқауларды тұрақты өткізу жолға қойылған. Айта кету керек, өткен ақпан айында Кəсіпкерлер палатасының, Инвестициялар жəне даму министрлігі мен «Nadloc» жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ өкілдері қатысқан басқосу өткен болатын. Аталған жиында палата ішкі нарықта отандық өнімді өткізу шығындарының белгілі бір бөлігін өтеу мəселесін қозғап, оның 2 жолын ұсынған еді. Ол – шығындарды «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы негізінде жабу немесе Үкіметтің «Индустриялықинновациялық субъектілердің отандық тауарларды ішкі нарыққа енгізуге жұмсалған шығынының бір бөлігін өтеу ережесін бекіту жөніндегі» 2012 жылғы 09 шілдедегі №922 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы өтеу. Бұл мəселе артынша Инвестициялар жəне даму министрі Əсет Исекешевтің қатысуымен өткен жиында талқыға салынды. Бұдан бөлек, Кəсіпкерлер палатасында сауда базарлары иелерімен басқосу өтіп, олардан отандық тауарларға арнайы сауда орындарын қайтарымсыз негізде беруге жазбаша келісім алынды. Қазіргі уақытта палата «Қазақстандық тауар өндірушілерді қолдайық! Қазақстанда жасалған өнімді сатып алайық!» жобасына орай кəсіпқой дизайнерлермен бірлесе отырып, жобаның логотипін əзірлеу үстінде. Логотип ірі сауда желілерінде, базарларда, дүкендерде жəне жарнамалық үгіт парақтарында орналасатын болады. – Əңгімеңізге рахмет. Əңгімелескен Динара БІТІКОВА, «Егемен Қазақстан».

Екі айда 1000 жўмыс орны ќўрылды Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».

Оның 621-і тұрақты жұмыс орны болып табылады. Бұл туралы облыстық экономика жəне бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Бауыржан Малғаждаров хабарлады. Оның сөзі бойынша, «Биз нес тің жол картасы-2020» бағдар ламасын жүзеге асыруға 2015 жылы республикалық бюджеттен

7

www.egemen.kz

10 сəуір 2015 жыл

4,5 миллиард теңге қаржы бөлін ген. Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша 582 жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін 650,1 миллион тенгенің 33 жобасын жүзеге асыру жоспарлануда. Екінші бағыт бойынша 287 адам кəсіпкерлік негізі бойынша оқудан өтті. Бағдарламаның 163 қатысушысын 489 миллион теңгенің шағын несиесімен қамту жоспарлануда. Жаңа жұмыс орындарын құ ру арқылы жалпы

жұмыссыздықтың деңгейі 4,9 пайызды құрап отыр. Ал, ресми жұмыссыздық ауқымы 0,3 пайызға тең. Бұл өткен жылмен салыстырғанда біршама төмен. Сондай-ақ, бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде 507,2 миллион теңге қаржы игерілмек. Өңірде Астана қаласының азық-түлік белдеуін қалыптастыру аясында 37,8 миллиард теңгенің 13 жобасы жүзеге асырылуда. Облыстың ауылшаруашылық құрылымдары

ағымдағы жылы елорда базарына 2,2 мың тонна сүт, 1,7 мың тонна ет өнімдерін, 23,9 миллион дана жұмыртқа жеткізді. Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде биыл 121,1 миллиард теңгенің 25 жобасы жүзеге асырылады деп жоспарлануда. Бұл қосымша 1882 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Ақмола облысы.

Баламалы энергия кґзі

есебінен серіктестік айына 6,5 миллион теѕгеніѕ электр ќуатын їнемдей алады Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Елбасы Қызылжар өңіріне келген жұмыс сапарларының бірінде «Зенченко жəне К» командиттік серіктестігінің егін қосыны басында өткізген актив жиынында «Мен бүгін өзімнің досыммен кездесіп тұрмын. Келген сайын бір жаңалықпен таныстырады. Көкөніс өсірудің голландиялық əдісін бірінші болып енгізді. Əр сауын сиырдың жылдық өнімділігін 5 мың литрге жеткізу жөніндегі ұсынысымды қабыл алды. Асыл тұқымды мал өсірудің жобасын алдыңғылардың қатарында іске асырды. Менің бірдебір идеямды қалт жіберген емес», деп, Қазақстанның Еңбек Ері Геннадий Иванович Зенченко жайлы жылы лебіз білдіргенінің куəсі болған едік. Бүгінде шаруашылықта озық технологияларды кеңінен қолданудың арқасында 23 мың гектар астық алқабының өнімділігі 22 центнерден төмендеген емес. Əр сиырдан жылына 6-7 мың литр сүт сауылады. 7 мың басқа жуық ірі қараның жартысына жуығы асыл тұқымды. Сүт зауыттары, мал фермалары шетелдің заманауи өнімді құрал-жабдықтарымен жұмыс істейді. Мемлекет басшысы «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында энергияның баламалы түрлерін өндіруді дамыту, күн мен жел энергиясын пайдаланатын технологияларды белсенді енгізу талабын қойып еді, жаңашылдық десе жанып түсетін білікті басшы бастаманы бірден іліп ала жөнелді. 2012 жылы өңірде баламасы жоқ инновациялық жобаны игеріп, биіктігі 54 метр, салмағы 74 тонна болатын, əрқайсысының қуаты 0,75 мегаватт жел генераторлары Германиядан жеткізіліп, орнатылды. Жылдың аяғында Елбасының қатысуымен инвестициялық жобалардың тұсаукесеріне арналған жалпыұлттық телекөпір де салтанатты түрде іске қосылды. Таныстырылымда аймақтық даму бағдарламасы аясында жүзеге асқан жел-энергетикалық қондырғысының тиімділігі атап көрсетілді. Содан бергі уақыт бедерінде 174 миллион теңге тұратын кешен агрофирманың маңызды нысандары үшін жарық таратып, 4 миллион квт/ сағаттан артық электр қуатын өндірді. Алайда, Геннадий Иванович мұнымен тоқталмады. Сан-салалы бағытта үздіксіз дамып, мал басы, өнім түрлері көбейіп, жаңа нысандар мен мал

фермалары бой көтерген шаруашылық үшін жел генераторының қажеттілігін, болашағы зор инновациялық жаңғырту құралы екенін жақсы түсінді. Үшінші мал қорасы салынып, шетелден 800 бас мал əкелінгелі жатыр. Сонда қайтпек? Оның үстіне Президенттің Астанада халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге байланысты елімізді «жасыл» экономика аймағына айналдыру, баламалы энергия көздері есебінен

көбейетінін, əр ауданда орнатылатынын атап көрсетті. Командиттік серіктестіктің директоры, даңғайыр диқанның ұлы Геннадий Зенченко кешеннің екінші кезегін іске қосу екі жылға жобаланғанын, тапсырманың уақытылы атқарылғанын, Президент тапсырмасын өңірімізде бірінші болып орындаушылар қатарында екендіктерін жеткізді.

өңірлік инновациялық жүйелер құру жөніндегі талаптары тəуекел етсе де, табан тірей алмай жүрген үлкен іске қозғау салды. «Астана ЭКСПО-2017» ҰК мен облыс əкімдігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде бұрынғылардан да қуатты екі жел энергиясы қондырғысының жуырда Новоникольское елді мекенінде пайдалануға беріліп, Елбасының елімізді «жасыл» экономикаға көшіру жөніндегі тапсырмасының таптұйнақтай орындалуы – соның бір дəлелі. Индустрияландыру картасының екінші бесжылдығы кезеңінде бой көтерген жобаның тұсаукесерінде сөйлеген сөзінде облыс əкімі Ерік Сұлтанов Мемлекет басшысы 2050 жылға қарай елде энергияның баламалы жəне жаңғыртылатын түрлерін қоса алғандағы барлық энергия тұтынудың кем дегенде тең жартысын өндіру міндетін қойғанын, экономикалық, экологиялық маңыздылығын, алдағы уақытта мұндай қондырғылар санының

Əрқайсысының құны 500 мың еуро, салмағы 150 тоннадан астам, биіктігі 74 метрлік екі генератор 2 мегаватт электр қуатын өндіре алады. Ал, барлық қондырғылардың қуаттылығы 3,5 мегаваттқа тең. Электр қуатының ай сайынғы шығынын 6,5 миллион теңгеге дейін үнемдеуге мүмкіндік беріп, энергияға қажеттілік толық өтеледі. Аталмыш жобаның жұртшылық игілігіне жаратылуы Астанада өтетін ЭКСПО көрмесі қарсаңында баламалы энергия көзін пайдаланудағы экономикалық, экологиялық қарышты қадам саналары анық. Оның үстіне «Зенченко жəне К» командиттік серіктестігі елорда төріндегі халықаралық көрмеге қатысуға ниет білдіріп отыр.

Кəсіпкерлік кґкжиегі кеѕеюде Сатыбалды СƏУІРБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Дамыған елдердің экономикасының алтын арқауы шағын жəне орта бизнестен тамыр тартады. Сондықтан да Елбасы Н.Назарбаевтың «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауында шағын жəне орта кəсіпкерліктің деңгейін көтеру арқалы экономиканың серпінді дамуына жəне ішкі жалпы өнімнің үлесін 2050 жылы 50 пайызға дейін өсіруге қол жеткізу міндеті қойылып отыр. Бұл негізсіз де емес. Кəсіпкерлікке кедергілерді жоя отырып, оның экономикадағы үлес салмағын арттыруды қолдау шаралары алынуда. Шағын жəне орта бизнестің буыны бекіп кетуі үшін үкіметтік деңгейде қабылданған бағдарламалардың қайтарымы қазірдің өзінде көріне бастады. Облыстық кəсіпкерлік басқармасының басшысы Бағжан Тілегеновтің айтуынша, өткен жылы тіркелген шағын жəне орта бизнес нысандарының саны 63,9 мың бірлікті құраған. Бұл 2013 жылмен салыстырғанда 10,2 пайызға өскендігін айғақтайды. Осы кезеңде шағын жəне орта бизнесте жұмыс жасайтындар 22,7 мың адамға артқан. Өндірілген өнім көлемі, жұмыс жасайтындар жəне оларға көрсетілген қызмет көлемі 356,3 млрд. теңгені құрады. Кəсіпкерлік нысандарынан түскен салық жəне басқа да бюджеттік төлемдер 124,0 млрд. теңгеге жетіп, 2013 жылмен салыстырғанда 7,5 пайызға өскен. «Бизнестің жол картасы-2020»

Солтүстік Қазақстан облысы. –––––––––––––––––––––

Суретті түсірген Талғат ТƏНІБАЕВ.

Бірлесіп кірісті Айқын НЕСІПБАЙ, «Егемен Қазақстан».

бағдарламасын іске асырғаннан бастап облыста субсидиялау бойынша жалпы сомасы 53,8 млрд. теңге болатын 438 жоба мақұлданды. Жалпы сомасы 45,0 млрд. теңге болатын 389 жоба бойынша қосымша келісімге қол қойылды. Сондай-ақ, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының «Жеке кəсіпкерліктің бастамасын қолдау» екінші бағыты іске асырылғаннан бастап республикалық бюджеттен 1429,0 млн.теңге бөлініп, жеңілдетілген шағын несиелерді 800ден астам бағдарламаға қатысушы алған, аталған бағдарлама аясында 1000-нан астам жұмыс орны ашылды Елбасы өзінің «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық бағдарламасында шағын жəне орта кəсіпкерлікті қолдау жəне іскерлік белсенділік бойынша жұмысты жалғастыру қажеттігін атап өтті. Қазіргі таңда шағын жəне орта бизнесті несиелендіру жəне қолдау бағытында Ұлттық қордан бөлінген 100 миллиард теңге толығымен игерілді. Биыл да бұл бағытта ауқымды істер атқарылады деп күтілуде. Ол үшін шағын жəне орта кəсіпкерлікті дамытуға бағытталған қолдау шаралары жетілдіріле түспек. Қазір қай салада да шағын жəне орта бизнестің үлесі салмақты бола түсуде. Кəсіпкерлер өңірде бұрынсоңды көрінбеген жаңа кəсіпті игеріп, өз істерін халыққа тиімді болатындай бағытқа бұруда. Жаңа қызметтер мен жаңа өнімдер тұтыну нарығын толтыруда.

Қарағанды шахталары кен қабаттарындағы метан газын өндіру біраз жылдан бері көкейкесті мəселе болып отырғаны мəлім. Сарапшылардың болжамы бойынша, Шерубай-Нұра көмір аймағындағы жалпы қоры 50 млрд.текше метрге жуықтайтын оның экономикалық тиімділігі ұшантеңіз. Өндірісті өңір ғана емес, сондай-ақ Астана қаласының энергетикалық кəсіпорындары мен газ тұтынушыларының осынау көгілдір отын түріне мұқтажын 20 жылға шейін өтеуге толығымен жетеді екен. Сондықтан бұл байлықты тездете игеру жөнінде жақында жасалған тағы бір қадам соған жол салғалы отыр. Атап айтқанда, «Сарыарқа» ƏКК» ҰК» АҚ жəне «Қазтрансгаз» АҚ алдағы айлардан бастап Қарағанды көмір бассейніндегі метан газын барлау мен өндіруді бірлесіп қолға алуды ұйғарды. Бұл үлкен жоба 2015-2020 жылдар аралығында іске асырылуға тиіс. Мəселен, облыстың газға сұранысы жылына 1-1,5 млрд. текше метр көлемінде қамтамасыз етілсе, сонымен бірге Астанаға 1,1 млрд. текше метрін бөлуге мүмкіндік бары есептелген. Мұның 600 миллион текше метрін энергия өндірісі тұтынса, 500 миллион текше метрі тұрмыстық мұқтаж үшін жұмсалады. Біреуі аталған жобаны атқарумен тікелей шұғылданып, екіншісі оны қаржыландыру арқылы арзан отынды игеру, иігілікке айналдыру мəселесін толық шешпек.

Ақтөбе облысы.

ҚАРАҒАНДЫ.

1


8

www.egemen.kz

10 сəуір 2015 жыл

ҮКІМЕТ

ҮКІМЕТ

Шаруашылыќ саласындаєы маѕызды істер Раушан НҰҒМАНБЕКОВА.

Мал шаруашылығына маманданған Абай ауданы бүгінде мемлекеттік бағдарламаларды игеруде белсенділік танытып, мал басын асылдандыру, малдың салмағын ұлғайту негізінде қарқынды жұмыстар жасауда. Ауданда көптеген шаруа қожалықтары жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп отыр. Солардың бірі, іскер азамат Ерсін Сармурзин иелігіндегі «Серік» шаруа қожалығы. Қожалықта асыл тұқымды жылқы, қылшық жүнді қой өсіріледі. Мал сою алаңы мен мал бордақылау алаң дары талапқа сай. Ал етті бағыттағы қазақтың ақбас сиырларын өсірумен шұғылданатын «Шəлипан» шаруа қожалығының жетекшісі Сағатбек Асқаров та осы өңірдің табиғатына, ауа-райына бейімделген 500 бас түлік бар екен. Айта кету керек, бүгінде қазақ қойының еті Иран, Араб елдерінде үлкен сұранысқа түсіп отыр. Шаруашылық жетекшісінің игі істерін кезекті сапарында облыс əкімі Даниал Ахметов те көріп, бірден құптады. Əрі Абай ауданынан ашылғалы отырған өндірістік «Бөрлі» тау-кен компаниясы» ЖШС-ға 24 шақырым жерден 35 квт. электр желісі облыстық бюджет қаражаты есебінен тартылатындығын да айтқан облыс басшысы күрмеуі шешілмей тұрған мəселенің түйінін тарқатып

Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан».

берді. Аудан əкімі Тұрсынғазы Мүсəпірбековтің айтуынша, Көкбай, Саржал, Қасқабұлақ сияқты тірек ауылдарында елді мекендерді дамыту шаралары қолға алынған екен. Елбасының халыққа арнаған “Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол” Жолдауындағы тапсыр маларға орай біздің аудан шаруашылықтары да ел экономикасының дамуына өзіндік үлес қосуда. Сондай-ақ, биыл Абайдың 170 жылдығына орай ауданымызда идеологиялық шараларға да баса мəн беріп отырмыз, дейді аудан əкімі Тұрсынғазы Мүсəпірбеков. «Абай тойы – халық тойы» деп аталатын бағдарлама

аясында «Абайға 170 жыл – 170 шақырым» атты «СемейЖидебай» жаяу жүргіншілер марафонын ұйымдастырылады. Шынында да Семей мен Жидебай арасы 170 шақырым. «Абайдың жолымен» кітабы жарыққа шығып, «Қазақта Абай дара, Абай дана» облыстық ақындар мүшəйрасы, «Адамзаттың бəрін сүй, бауырым деп...» тақырыбында республикалық ақындар айтысы ұйымдастырылып, «Армысың, Абай ұрпақтары!» тақырыбында ақынның шөбере-шөпшектерімен кездесу өтеді. Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы.

Жаѕа ыќшам аудан бой тїзеді Қасиетті Ұлытау өңірінде кейінгі кезде айтарлықтай құлшыныс пен ұмтылыс пайда болды. Соның қатарында құлаш жайған тұрғын үй құрылысы да бар. Өткен жылы 20 үй қатарға қосылып, аудан орталығында жаңа шағын аудан бой көтере бастаған еді. Енді оның қатарын тағы осыншама коттедж үй толықтырды. Жақында үй кезегінде тұрған 20 отбасы жаңадан салынған үйлердің кілтін алып, қоныс тойын тойлады. «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында қолға алынған коммуналдық тұрғын үйлердің бұл құрылысы 2013 жылдың қыркүйек айында басталған болатын. Ауыл тұрғындарына қолайлы, жеке-жеке тұратын бір пəтерлі жобамен салынған үйлердің құрылысына бюджеттен 244 млн.теңге бөлініп, ойдағыдай игерілді. Мердігерлер «Марал Құрылыс» ЖШС мен жеке кəсіпкер М.Молдашевтың «Құрылыс» кəсіпорны жоспарланған жұмысты жоба бойынша жүргізіп, белгіленген мерзімінде аяқтап берді. Коттедж қалашықтарын құрайтын жаңа үйлердің аулаларын абаттандырып, айналасын қоршауға аудандық бюджеттен тағы 51,8 млн.теңге қаржы бөлінді. Бұл жұмыстар көктем айында тиянақталады.

Жаңа үйлердің кілті салтанатты жағдайда тапсырылды. Қоныстанушыларды баспаналы болуымен құттықтаған аудан əкімі Х.Омаров Ұлытауда алдағы уақытта да тұрғын үй құрылысы қанатын жая түсетіндігін атап өтті. Ауданға келген жас маман М.Берліқұлова баспаналы болғанына өз ризашылығын танытып, аудан əкімдігіне ақжарма алғысын білдірді. Айтса-айтқандай, кейінгі уақытта Ұлытау өңірінде өркенді істер, өрелі құлшыныстар қанат жаюда. Қазір тағы да екі пəтерлі 10 үйдің құрылысын жүргізу үшін сметалық-жобалау құжаттары əзірленді. Жаңа шағын ауданның іргесін кеңейте түсетін бұл жобаның құны – 280 млн. теңге. Село орталығына сəн берерліктей əлеуметтік жобалар да бар. Сонымен қатар, Жезқазған-Ұлытау өңірлерін дамытудың кешенді жоспары аясында денешынықтыру-сауықтыру кешені мен орталық мұражай құрылыстарын жүргізу де межеленіп отыр.

Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы.

«Мен – кəсіпкермін» Мəдина ƏЛІМБЕТОВА,

Алматы сəн жəне дизайн колледжінің оқу-өндіріс шебері, жоба жетекшісі.

Наурыз мерекесі қарсаңында колледж студенттерінің арасында Алматы қалалық кəсіпкерлер палатасының қалалық білім басқармасымен бірлесіп өткізген «Мен – кəсіпкермін» атты ІV іскерлік-экономикалық ойын байқауы Алматы сəн жəне дизайн колледжінің студенттеріне зор шығармашылық шабыт сыйлады. Қазіргі заман техника мен экономиканың дамыған кезеңі. Біздің болашағымыз жастардың қолында, сол себептен жастардың аяғына нық тұруы үшін барлық мүмкіндіктер бар. Сондай мүмкіндіктердің бірі «Мен – кəсіпкермін» ойыны. Бұл сайыстың мақсаты – болашақ маман иегерлеріне өз білімін жетілдіріп, жеке кəсіпкер болуына жол ашу. Осындай ойындар арқылы біз экономикамызды алға жетілдіреміз. Ойын арқылы біз басқа мемлекеттермен бəсекелесе алатын мамандарды дайындаймыз. Бұл ойын 2012 жылдан бастап өткізіліп келеді. Ойынға бас кезінде тек 11 жобаны ұсынған оқу орындары қатысқан екен. Уақыт өте келе ойынның сапасы да, мүмкіндіктері де, оған қатысушы оқу орындары да көбейді. Мысалы, 2014-2015 жылдармен салыстырғанда, 2014 жылы 25 жобаны ұсынған ойыншылар қатысқан, ал 2015 жылы қатысқан жоба саны 65ке жетіпті. «Мен – кəсіпкермін»

Тїйінді мəселелер талаптанса шешіледі

ойы ны на АСжД колледжінің 11 сайыскері бағын сынап көрді. Əрбір сайыскердің ұсынған жобасы қызықты болды. Студенттеріміз ойынға қызығушылық танытты жəне үлкен жауапкершілікпен қарады. Осындай үлкен бəсекелестікте біздің Сымбат Отыншинова, Аяулым Садықанова, Ғалия Түкен сияқты студенттеріміз үлкен жетістікке жетті. Олар өз шығармашылық деңгейлерінің биіктігі арқасында ІІ дəрежелі дипломға ие болды. Əрбір ата-ананың əлеуметтік жағдайына қарамастан ол өз баласын сапалы жəне ыңғайлы киіммен киіндіруге тырысады. Осы себептен біздің тапсырыс берушілеріміз өте көп болады. Тапсырыс берушілеріміздің ішінде балабақша, мектеп, би жəне спорттық ұйымдар мен мекемелер бар. Ателье тапсырыс бойынша костюмдерді тігіп қана қоймай, сонымен бірге костюмдерді жөндеу жəне қалдық маталардан ұлттық бұйымдарды тігумен де айналысады. Ательенің артықшылығы да, айырмашылығы да осында. Біз осы саладағы басқа кəсіпорындардан əлдеқайда ұтымды жағдайдамыз. Өйткені, біздің қызмет көрсетушілеріміз халықтың болашағын құрайтын балалар мен жасөспірімдерде. «Мен – кəсіпкермін» ойынының арқасында студенттеріміз болашақта жеке ісін ашу үшін қандай құжат керек екенін, мемлекет қандай көмек беретінін білді. «Ойынның басты мақсаты осы еді», десті оны ұйымдастырушылар.

Амандық РАХҰЛЫ, журналист.

Алысќа шапќыламайды

Қостанай ауылшаруашылық өнімін өндірушілері көктемгі-дала жұмыстары алдындағы дəстүрлі аграрлық кеңес өткізді. Өткен жылғы орақ науқаны қостанайлық диқандарға қолайсыз тиді. Жаз бастала құрғақшылық болып, күздей жауған толассыз жаңбыр егіннің шығымын да, түсімін де мандытпады, көптеген аудандарда шаруашылықтар егінді жинап үлгермеді. Былтырғы жылдың қиындығы диқандар үшін биыл сабақ болатындай. – Астық өндірісінің қиындықтарын айтқанда, тек ауа райының өзгерісі мен табиғат жағдайын ғана алға тартсақ, жалпы, ауыл шаруашылығын алға бастыра алмаймыз. Ауа райы қолайсыз жылдары кеусені толмағандардың көктемгі дала жұмыстары мен күзгі жиын-терінге дайындығы нашар деген сөз. Оған өткен жылдың мысалы да дəлел бола алады. Былтыр дайындығы мықты біраз шаруашылықтар тығырықтан шыға біліп, астығын дер уақытында, жаңбырға қалдырмай жинап алды. Ауруды емдеу үшін, оның диагнозын дұрыс қою керек. Сол секілді біздің кемшіліктеріміздің де нақты себебі бар, – деді аграрлық кеңесті ашқан облыс əкімі Нұралы Сəдуақасов. Расында, ауыл шаруашылығында шешімін күткен қадау-қадау мəселелер жеткілікті. Оны баяндама жасаған облыс əкімінің орынбасары Базыл Жақыпов егін шаруашылығынан бастады. Көктемгі дала жұмыстары басталар шақ та алыс емес. «Көктемнің бір күні – жылға азық» деген, əр минутын диқан тиімді пайдаланбаса, уақыт күтпейді. Күздің берері де көктемгі қимылыңа қарай болады. Егін алқаптарын əртараптандыру, тұқымның сорттарын жаңалау, егетін дақыл түрлерін, бидайдың ерте, кеш пісетін сорттарын таңдау жұмыстарына мəн берілмейді. Мысалы, ауыл шаруашылығы ғалымдары Қостанай өңірінің ерекшелігіне қарай бидайдың ерте пісетін де, кеш пісетін те емес, орта пісетін сортын барлық алқаптың 50 пайызына егуге кеңес береді. Алайда бұл орындалып жатқан жоқ. Қазір бидайдың орта пісетін сорты алқаптың 30 пайызына ғана егіледі. Қалғанына ерте жəне кеш пісетін сорттар талғамай себіледі. Кеш пісетін сорттар жауынға ұрынатыны содан. Сонымен қатар, 2012 жылы барлық алқаптың 26 пайызына төмен өнім беретін 4-5 репродукциялық тұқым себілсе, өткен жылы ол 30 пайызға дейін жетті. Бидайдың өнімділігі жоғары элиталы сорттары жыл сайын алқаптың 16 пайызынан аспайды. Техникасыз ауыл шаруашылығында жұмыс жүрмейді. Тозған, қуатсыз техниканың ісі де өнімсіз. Ол жыл сайын дəнді жерге уақытында сіңірудің орындалмайтындығынан көрінеді. Мамыр айының 18-інен 28-іне дейін дəн себуге табиғи қолайлы сəт. Осыған

үлгеру үшін күніне 400 мың гектарға дəн себуге тура келеді. Ал соңғы үш жылда облыс бойынша бұл көрсеткіш 250 мың гектардан асқан жоқ. Бүгінде ауыл шаруашылығында техника жаңалау қарқыны бұрнағы жылдарға қарағанда бəсеңсіп кетті. Мысалы, 2011-2012 жылы облыста құны 26 миллиард теңге болатын 2,5 мың техника алынса, бұл көрсеткіш 2013-2014 жылдары біршама төмен тартты. Осы екі жылда 17 миллиард теңгеге 1,5 мың техника алынды. Үстіміздегі жылы алынған 69 бірлік техника 2012 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге аз. Қостанай өңіріндегі астық шаруашылығы үшін дəнкептіргіштердің маңызы өте зор. Техниканың бұл түрінің күзде 238 данасы қажет болса, соның 175-і

қойылды. Базыл Жақыповтың айтуынша, ауылшаруашылық құрылымдары 59 техника алуға 44 келісімшарт жасады. Көрме енді жылына көктемде, күзде екі рет өткізіліп тұрады, келесі көрмені диқандар қараша айында күтеді. Ауылшаруашылық өнімін өндірушілердің екінші дəрежелі банктер мен «КазАгро» қаржы институттары алдындағы кредиттік қарызы 77 миллиард теңгені құрап отыр. Оның ішінде 14 миллиард теңге облыс диқандары мен шаруаларының төлей алмай отырған қарызына жатады. Сəуір келіп, табиғат түлеп, тəуір бола бастады. Диқандар биылғы көктемде тағы да қырға аттануға алақанын ысқылап отыр. Облыс бойынша биыл барлығы 4,7 миллион

ғана қолда бар. Облыс өңірінде көктемгі дала жұмыстары мен астық жинау науқаны кезінде жылдам жұмыс істейтін сервистік қызметтер əлі аз. Уақыт техниканы жаңалауды талап етіп отыр. Бүгінге дейін трактор паркінің – 2,7, комбайн паркінің – 5,8, көктемгі егін себетін агрегаттардың 3,4 пайызы жаңаланды. Дегенмен, облыста бұл іске талаптану жоқ емес. Осы агрокеңес аясында облыс орталығында «Агронауқан-2015» ауылшаруашылық көрмесі өтті. Оған Қостанай, Қазақстанның өзге облыстары мен Ресей қалаларынан 65 кəсіпорын түрлі техникалар қойды. Олардың арасында егін жəне мал шаруашылығына қажетті Ресейде жəне шетелдерде шығарылған жатка, кептіргіш, тракторлар, дəн атқыш, шашыратқыш секілді қолайлы техникалардың түр-түрі бар. Ауылшаруашылық көрмесінде тек техника ғана емес, гербицидтер, минералды тыңайтқыштар, тұқым түрлері де

гектарға дəнді дақылдар егіледі. Қандай қиын жағдай болғанымен де, облыста егіс алқабын əртараптандыру жүргізіліп келеді. Соған орай биыл да бидай алқабы былтырғыдан да азайтылып, 3684 гектарға себіледі. Оның есесіне нарықта сұранымы мол майлы дақылдар алқабы тағы да 5 мың гектарға кеңейтіліп, 367 мың гектарға егіледі. Техникалар дайын. Облысқа 71 мың тонна дизель отыны бөлінді, диқандар оның бір литрін 84-85 теңгеден алатын болды. Əр көктем мен күз техника жаңалау, озық технологияларды енгізу, тұқымды дұрыстау секілді көптеген өткір мəселелерді шешу керектігін диқанға көлденең тартады. Əрине, мұндай түйінді мəселелерді қаржы, мемлекет көмегімен бірге диқанның талап-талпынысы шешеді. Биыл көктемде тағы да талпыныс жасалады. ҚОСТАНАЙ.

2015 жылғы наурызда өнеркəсіп өнімдерін өндіруші кəсіпорындар бағасы 3,6%-ға жоғарылады Ағымдағы жылғы наурызда ақпанмен салыстырғанда баға кен өндіру өнеркəсібінде 7,2%-ға жоғарылады, өңдеу өнеркəсібінде 0,5%-ға төмендеді. Өндірілген өнімге баға 4%-ға қымбаттады, өндірістік сипаттағы қызметтерге баға өзгеріссіз қалды.

Өнеркəсіп өнімдеріне өндіруші кəсіпорындар бағасының өзгеруі

Айқын НЕСІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Əзірге облыс орталығында болмаса басқа қалалар мен аудандарда кəсіпкерлікті қолдау орталықтары құрыла қоймауы жергілікті шағын жəне орта бизнес топтары қызметіне біршама қиындық тудырып келсе, бұдан былай қарай бұл мəселенің шешімі табылатыны оларға жағымды жаңалық болды. Саран мен Шахтинск шаһарларында осындай құрылымдардың ашылуы соған кең мүмкіндік бергелі отыр. Енді тұрғылықты іскер қауым өкілдері бұрынғысынша Қарағандыға шапқылап əуреге түсіп жатпай, тиісті жайларды өз орындарында шешіп, тындыра алады. Мұндағы орталықтар оларға кəсіпкерлікке кедергі келтіретін мəселелерді жоюға, мемлекеттік қолдау жəне бизнесжоспарларды əзірлеуге кеңес береді. Қандай да жай болмасын пікірлесіп, жүгіне алуларына жағдай бар. Бұл Саран мен Шахтинскіде тіркелген 12 мыңға жуық кəсіпкердің біраздан бергі тілегі еді. Жыл аяғына дейін Қаражал, Приозерск, Жəйрем сияқты кенттерде де осындай орталықтар жұмыс істей бастайды. ҚАРАҒАНДЫ.

Өнеркəсіп өнімдері, өндірістік сипаттағы қызметтерді қоса Өндірілген өнім Өндіріс құралдары Аралық тұтыну өнімдері Тұтыну тауарлары Өндірістік сипаттағы қызметтер

2015ж. ақпанға 3,6 4,0 -1,3 5,1 -0,2 0,0

2015ж. наурыз 2014ж. наурызға 2014ж. желтоқсанға 2010ж. желтоқсанға -24,7 -14,8 2,5 -27,1 1,6 -32,2 8,8 6,9

-16,4 0,0 -19,9 2,3 2,6

-0,1 26,5 -5,9 38,1 34,7

пайызбен, өсуі+, төмендеуі-

2015ж. қаңтар-наурыз 2014ж. қаңтар-наурызға -19,9 -22,0 3,9 -26,9 9,6 7,7

Өткен айда бағаның мұнайға – 5,7%-ға жоғарылауы, олардың мазутқа – 4%, дизельдік отынға – 2,6%, металл кендеріне – 2,5%, көмірге – 1,6%, бензинге – 0,5%-ға төмендеуі тіркелді. Баға қорғасынға – 15,2%, мырышқа – 8,5%, қара металдар илегіне – 3%, мысқа – 2,5%, ферроқорытпаларға – 0,3%-ға жоғарылады, асыл металдарға – 2,8%, алюминийге – 1,4%-ға төмендеді. Бағаның қарақұмық жармасына – 5,6%, қара бидай ұнына – 4,9%, мал етіне – 2,5%, құс етіне – 2,4%, өсімдік майына – 2%-ға, сүт өнімдеріне жəне қантқа – 0,7%-дан, балыққа – 0,6%-ға төмендеуі тіркелді. Тамақ өнімдерін өндіру Мұнай өңдеу өнімдерін өндіру

С Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті

Орталыќ мемлекеттік органдардыѕ интернет-сайттары: Қазақстан Республикасының Үкіметі

www.government.kz

Денсаулық және әлеуметтік

Ауыл шаруашылығы министрлігі

minagri.gov.kz

Ішкі істер министрлігі

mvd.gov.kz

даму министрлігі

www.mzsr.gov.kz

Энергетика министрлігі

www.energo.gov.kz

Қорғаныс министрлігі

www.mod.gov.kz

Қаржы министрлігі

www.minfin.kz

Ұлттық экономика министрлігі

www.minplan.gov.kz

Білім және ғылым министрлігі

www.edu.gov.kz

Әділет министрлігі

www.adilet.gov.kz

Инвестициялар және

Сыртқы істер министрлігі

www.mfa.gov.kz

Мәдениет және спорт министрлігі

www.mki.gov.kz

даму министрлігі

www.mid.gov.kz


9

www.egemen.kz

10 сəуір 2015 жыл

ЕРЛІК ЕШҚАШАН ЕСКІРМЕЙДІ!

Брест ќамалыныѕ ќаћарманы Соєыстыѕ алєашќы кїнінен ќан майданныѕ алдыѕєы шебінде жїрген, 1941 жылы Мəскеуде Ќызыл алаѕдаєы шеруге ќатысќан майдангер, ўстаз, єалым Єаббас ЖЎМАТОВ туралы толєаныс Гүлзейнеп СƏДІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Бүкіл халыққа қайғы-қасірет əкелген Ұлы Отан соғысы басталар алдында шекарадағы Брест гарнизонында екі жарым мың қазақстандық əскери борышын өтеп жатқан-ды. Олардың қатарында əскери міндетін ойдағыдай өткізіп, «ертең үйге қайтамын» деп жиналып отырған Ғаббас аға Жұматов та бар еді... Басынан бақайшығына дей ін қаруланған ниеті қара неміс басқыншылары таңғы сағат төрт те бейқам жатқан кең-байтақ Отанымызға соғыс ашып, тұтқиылдан төпелеп кіріп келгенде, қарауылдағы жауынгерлер болмаса, гарнизон сарбаздары қалың ұйқыда жатты. Иə, «соғыс» деген суық сөз ешкімнің қаперінде жоқ еді. Бір кезде аспан күңіреніп, əлдеқандай дүрілден шошып оянады. Дүние астан-кестен. – Біздер таң ата алапат дүлейдің алғашқы дүмпуінен ояндық, – дейді бүгінде тоқсанның жетеуін еңсерген қарт майдангер сол бір сұрапыл күндерді еске алып. – «Біреулер «дауыл тұрды» десе, екіншісі «жер сілкінді» деп жатты. Бірақ алыстан естілген снарядтардың дауысы мен жарылыстардың дүмпуі басқа жайды аңғартқандай еді. Төсегіміз қатар тұрған дивизия механигі «Бұл соғыс қой!» – деп айқай салды. Одан кейін дұшпанның əуе бомбалары мен снарядтары жаңбырша жауды. Секунд сайынғы жарылыс дүмпуінен жер дөңбекшіді. Айнала лапылдап жанып жатыр. Шаң мен түтіннен күн тұтылғандай дүниені қараңғылық басты. От пен темірдің көшкінінен жан түршігеді. Олар осылайша кеңес əскерінен күші əлдеқайда басым неміс -фашистерінің бірінші соққысын қарсы алады. Жалпы, əскери дайындық болғанмен, қолдарындағы бар күшпен жауға қарсыласуға тура келеді. Полк басшылығы дереу полктің материалдық бөлігін артиллерия мен əуе күштерінің жойқын шабуылынан алып шығып, əскери тəртіпке келтіреді. Гитлершілер Буг өзені арқылы қамалдың оңтүстік бөлігіне қалқымалы көпір арқылы жылжи бастайды. Жанталасқан біздің жауынгерлер ендігі соққыны оңтүстікке бағыттайды. Қалқымалы жəне шабуылшы қайықтарға мінген жау солдаттары жағалауға шыға алмайды. Бұл соғыстың алғашқы күні еді. Одан кейін полк бірінші болып неміс генералы Гудерианның екінші танк тобымен айқасқа түседі. Жау танктері Буг өзенінің маңындағы шекаралас жиектегі қорғаныс шебін бұзып өтіп, тасжолмен ілгері жылжи бастайды. Осы ұрыста кеңес жауынгерлері бар қаруымен қарсы тұрып, неміс-фашист əскерінің он сегіз танкісін талқандайды. Бұл соғыстың алғаш қы нəтижесі еді. Ал əрі қарай ұрысты жалғастыруға оқ-дəрі таусылады. Алуға қоймаға жетуге еш мүмкіндік жоқ. Ауыр ұрыстар жүргізе отырып, көп адамнан айырылады. Тоқтаусыз жүрген соғыстан əбден шаршап, қажыған полкте небəрі 50 адам қалады. Шілде айының ортасында полк штабының бастығы (204 ГАП) И.А.Лукьянчиковтің басшылығымен жауынгерлер кері шегініп, қоршаудан шығып, Брянск орманына жылжиды. Содан Гомель қаласы түбіндегі Новобельск ауда нына өтеді. Осында (Белоруссияда) КСРО Қарулы Күштері қатарына жаңадан əскерге шақырылушылар мен бұрынғы запаста жүргендердің есебінен Бас қолбасшының резервтегі (БКР) 537ші артиллерия полкі жасақталады. Ғаббас ағалар сол полкке келіп қосылып, өзі артбатареяны басқару взводының командирі болады. Содан кейін мамандығы бойынша

артдивизионның радиобайланыс бастығы болып тағайындалады. Қысқа жаттығудан кейін осы полк тің құрамында бола жүріп, Мəс кеуді қорғауға аттанады. 1941 жылы қазан айының орта ше нінде полк Горький қаласына таяу Гороховетский лагеріне тылға келеді. Сол 1941 жылдың 7 қарашасында полк Қазан төңкерісінің 24 жылдығына арналған Мəскеудегі Қызыл алаңда өткен шеруге қатысады. Ал жау Мəскеу бекінісінен таяу маңда. Сондықтан полк Қызыл алаңнан бірден Мəскеуді қорғауға жасақталған 5-ші армия құрамында Звенигород пен Можайск маңындағы майданға қайта аттанады. – Ұмытпасам, парадқа қатысқан уақытта қар жауып тұрды ғой деймін. «Мəскеуге парадқа барасыңдар», деген соң өзімізше дайындалып, үстімізді қағып-соғып, етігімізді тазалап, сақадай дайын тұрдық. Алаңға сапқа тұрғызып алып келді. Мінбердің жанынан жаяу əскер болып жүріп өткенде Сталин мен Ворошиловті анық көрдім. Мен соғыс жылдарының ең бір қиын күндеріне қарамастан, Қызыл алаңда өткен алғашқы əскери шеруге қатысқанымды мақтан тұтамын. Мəскеудегі Қызыл алаңда өз əскерлерінің шеруін өткізуге ұмтылған гитлершілердің жоспары Батыс майданның, яғни біздің жауынгерлердің ерліктері арқасында жүзеге аспай талқандалғанын айрықша толқи отырып еске аламын, – деді сол бір сұрапыл күндеріне ой кешкен Ғаббас аға. Қарт майдангер өзінің осындай сұрапыл соғыс кезінде партия қатарына өтуін де өміріндегі өте үлкен оқиға деп санайды. Соғыс басталғанына дəл бір жыл өткенде Гжатск (Қазіргі Гагарин қаласы) маңындағы окопта оқтың ысқырығы мен зеңбіректің дүрсілі астында полк комиссары оған жəне бірнеше жауынгер жолдастарына партия билетін тапсырады. Ал 1942 жылы желтоқсан айында Мəскеу маңындағы шайқаста жүргенінде Днепропетровск Қызыл тулы артиллериялық училищесіне бес айға оқуға жіберіледі. Оқуды бітірген соң Оңтүстік майданның, кейінірек (1, 2, 3 Украина майдандары) 5-ші Дон казактары Қызыл тулы кавалериялық корпустың 150-ші гвардиялық танкіге қарсы жойғыш Қызыл тулы Корсунь полкіне жіберіледі. Сөйтіп, осы полктің құрамында жүріп Украина, Молдавия, КорсуньШевченко жəне Ясско-Кишинев операцияларын орындаудағы аса ірі жау топтарын қоршауға алып, жойып жіберуге қатысады. Карпат тау бөктерінде, Трансильванияның шексіз-шетсіз жазықтарындағы да шайқастарға араласып, Румыния, Югославияны, Венгрияны азат етуге үлес қосады, Будапешт қаласын алғанда да ұрыстың бел ортасында жүреді. Əсіресе, Будапештті алу өте ауыр болып, қан көп төгіледі. Өйткені, Будапештті алу немісфашистеріне Берлинді алғанмен бірдей еді. Осылай бес жыл бойы өлім мен өмірдің бел ортасында жүріп, «соғыс бітті» деген сөзді Австрияда естиді. ...Табиғаты сұлу Баянауылда туып-өскен Ғаббас ағаның əкесі Жұмат Досқараұлы оқыған-тоқығаны көп, білімді ұстаз болады. 47 жасында Самарқанд университетінің филология факультетін үздік бітіріп, ҚазКСР ҒА-ның Тіл жəне əдебиет институтында тілтану бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарады. Қазақ диалектологиясының негізін салушылардың бірі. Сөйтіп, əкел ер ін ің ө з і баст а п ғ ал ымд ар əлеуетінің негізін қалайды. Үлкен баласы Əубəкір Жұматов

Мəскеу дегі Тимирязев атындағы ауыл шаруашылығы академиясын Сталиндік стипендиямен бітіріп, 1943 жылдан 16 жыл бойы өмірінің соңы – 1959 жылға дейін Алматыдағы ауыл шаруашылығы институтында ректор болады. Екінші ұлы Хамза Жұматов ҚазКСР ҒА-ның академигі, аса көрнекті ғалым Қазақстан мен Орталық Азияда вирусология мен эпидемиология қызметінің іргетасын қалайды. Үшінші баласы Ғаббас Жұматов 1937 жылы байланыс техникумына, 1950 жылы С.М.Киров атындағы ҚазМУ-дің тарих факультетіне оқуға түседі. Оқу орнын үздік бітірген ол марксизм-ленинизм кафедрасына аспирантураға қалдырылады. Тарих ғылымдарының кандидаты, профессор атағын алып 1953 жылдан өзі білім алған университетте ұзақ жылдар бойы ұстаздық етіп, шəкірт тəрбиелейді. Зейнетке шыққан соң университет қабырғасындағы Ардагерлер кеңесіне төрағалық етеді. Кенже баласы Сапар Жұматов 1952 жылы Мəскеудің халықаралық қатынастар институтын бітіріп, 1958 жылдан КСРО Сыртқы істер министрлігінің аппаратында жəне оның шетелдегі елшіліктерінде ұзақ жылдар дипломатиялық қызмет істейді. ЮНЕСКО комиссияларының бірінде кеңесші болады. Небəрі 37 жыл өмір сүрген қызы Əмина Жұматова 1942 жылы ҚазМУ-дің химия факультетін бітіріп, қорғаныс өндірісінде қызметке алынып, Челябинскіде əскери зауыттың бас инженері болып жұмыс істеген. Міне, осындай ғалымдар отбасынан шығып, өзі де зиялы отбасын құрап отырған Алматының байырғы тұрғыны (1932 жылдан) Ғаббас ағаның зайыбы медицина ғылымдарының докторы, профессор Рəпия екеуі үш перзент тəрбиелеп өсіреді. Үш баласы да дəрігер: Гүлнары медицина ғылымдарының докторы, профессор, ұлы Жайнар мен кіші қызы Майра екеуі де медицина ғылымдарының кандидаты. Алты немере, бір шөбере сүйіп отырған ақсақалдың қолында қызы Майра отбасымен бірге тұрады. Атасына, əсіресе, оныншы сыныпта оқитын немересі Рəпия баскөз. Атасының айтқанын екі етпей орындайды. Күніне екі мезгіл далаға шығарып, серуендетіп келеді. Атасына кейде қалжыңдап: «Ата, кездесуге баруға шаршасаңыз, орныңызға мен-ақ барайын», деп еркелеп қоятыны бар. Біз Ғаббас ағамен үйінің жанындағы паркте серуендеп жүрген кезінде кездесіп, содан үйге бардық. Үсті-басы мұнтаздай, талғаммен киінген Ғаббас ағаның аяғының сыр бергені болмаса, бет-жүзінен осыншама жасқа келді дегенге сену қиын. Қыр мұрынды, жанарынан мейірім шуағы төгіліп тұр. Өзі əзер жүрсе де үйге келген соң мені отырғызарға жер таппай, Рəпияның

да мазасын алды. «Егеменнен» ғой, мені сондай үлкен газеттен іздеп келіпті», деп жылы-жұмсақты алдырып, шəй іштік. Əңгіме барысында өзімен бірге соғыста болып, шейт болған майдандастарын ойынан бір шығармай, «қарағым, менен гөрі соларды айтсаңыз», деп қайта-қайта қолқа салып отырды. – Брест қамалын қорғауға қатысқан Алматыда менен басқа майдангер қалмады. Біз əр шайқастан соң қаза тапқан майдандастарымызды ақтық сапарға шығарып салып тұрып, олардың есімдерін мəңгі есте сақтауға уəде бергенбіз. Жас ұрпақтың болашағы мен елдің бейбіт өмірі үшін жанын қиған сол жолдастарымның алдында берген антымды ешқашан естен шығарған емеспін, – деп Ғаббас аға өзінің жауынгер жолдастарын түгендей бастады. – Əбдіразақ Мəмиев, Владимир Фурсов, Қажымұрат Сыздықов, Файзолла Тұрымов сол қырғыннан тірі қайттық. Əбдіразақ пен Владимир бір аяқтарын беріп қайтты. Осылай деп Ғаббас аға бір тыныстып алды да əңгімесін одан əрі жалғады. – Сол жігіттер 18-20 жаста, бізді бақылап отырған да ешкім жоқ. Жасырынып қалуымызға да болады, орман-тоғай көп. Бірақ, біздің қазақ жігіттерінің ешқайсысы ондай əрекетке бармай, ғажап ерлік көрсетті. Олардың ешқайсысы жау келіп қалды деп сасқан жоқ. Қазір жасым бірталайға келді ғой, əлі күнге солардың ерлігіне таңғаламын. Қайтсек жауды жеңу, соңғы оғымыз қалғанша Отанымызды қорғайық деген ниет, ой ғана болды. Сол азаматтардың еліне, жеріне, Отанын, ата-анаға шын берілгендігін өз көзіммен көрдім. Не деген жігер, сүйіспеншілік! Ол мен үшін сабақ. Көп жолдастарымның тізімі бар, олар соғыстың алғашқы күні қаза тапты. Одан кейінгі қаза болғандардың əрбір ұрыстағы, окоптағы жатқан жерлерінің бəрі əлі көз алдымда. Кейбірінің бетін өзім жаптым. Сізге осы əңгіменің жолдастарымның əруағы үшін айтып отырмын. Олар өлімнен тайсалған жоқ. 1819 жастағы жігіттерді қалай өлімге қиюға болады, айтыңызшы?!. Мен тірі қалдым, олар өліп кетті. Олар əлі менің жүрегімде. Олар өлген жоқ. Мүмкін мен өлген соң бірге өлетін шығармыз, – деді ардагер аға. Ғаббас ағаның тынысы жиілеп, көзі боталап кетті. Біраз тыныстап алды да: «Қарағым, менің көз алдымнан кетпейтін бір көрініс бар. Бір жігітімізге оқ тиіп, ішекқарны ақтарылып қалды. Əлі жан бере қойған жоқ. Не істеймін, екі қолдап ішек-қарнын қайта орнына салғандай болдым. Сонда да: «Қазір санитаркаларды шақырамыз, тірі қаласың, ішек-қарныңды орнына салдым», деп жұбатып қоямын. Тынышталып менімен тілдеседі. Содан қаза болды. Міне, сол сəт əлі көз алдымда. Айтпаңыз. Соғыс қой. Не деп айтасың. Еске алғанда жылап қоя беремін. Қазіргі адамдарға осы соғыс болмаған, ондай қиындық болмаған сияқты көрінеді. Мына заман пейіш қой...». Иə, жасы келген адамның көзіне жас алғанын көріп, көңілің қалай босамасын. Оның үстіне менің əкем де осы Буг өзені бойында соғысты шекарада əскери міндетін өтеп жүргенде қарсы алып, бірден тұтқынға түседі. Соғыс біткен соң тұтқындардың айырбасына ілігіп, кейін он жылға Сібірге жер аударылып, осы қырғыннан аман қалған əкемді де еске алып, мен де толқып отырғанмын. Ғаббас ағаның əңгімесін тыңдап отырып, əкем жиі есіме түсті. Кей жерлерде əкеме ұқсап та кетеді. Сөйтіп, Ғаббас аға екеуміз əңгіменің қызығына түсіп, уақыттың біраз болғанын байқамай қалыппыз. ...Міне, осылайша менің кейіпкерім Отан үшін қан кешіп, бүгінгі бейбіт өмірді өз қолымен жасауға атсалысты. Енді Ұлы Жеңістің 70 жылдығын тойлауға нəсіп еткеніне шүкіршілік етеді. Ұмытып барады екенмін, Ғаббас аға бес жыл бойғы қан майдандағы ерлігі ерекше бағаланып, Мəскеуді қорғағаны үшін І, ІІ дəрежелі «Отан соғысы», «Қызыл Жұлдыз», ІІ дəрежелі «Достық» жəне «Жуков», Будапешті азат еткені үшін Венгрия Халықтық Республикасының «Алтын гүлшоқ» ордендерімен, отызға жуық медальмен марапатталған. АЛМАТЫ.

Ұлы Отан соғысында ерлік көрсетіп, Кеңес Одағының Батыры атағына ие болғандардың арасында 31-і қостанайлық жауынгер болатын. Сүйегі майдан даласында қалған боздақ Қасым Ахметовті де енді батырлар қатарына қоюға болар. Оны Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынған марапаттау қағазы 72 жылдан кейін табылып отыр. Қостанай облысының Меңдіғара ауданының Төлеңгіт ауылында 1917 жылы туған Қасым Ахметов 1939 жылы қыркүйек айында Қызыл əскер қатарына шақырылады. Ол Злотоустағы əскери бөлімшеде əскери дайындықтан өткеннен кейін Фин соғысына қатысады. Одан кейін Ұлы Отан соғысы басталысымен майданға аттанады.

Батыр Ќасым

Осыдан 72 жыл бўрын Кеѕес Одаєыныѕ Батыры атаєына ўсынылєан жауынгердіѕ ќўжаты табылды Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан».

Ресейдің Подольск қаласындағы 1941 жылмен 1980 жылдардың аяғына дейінгі əскери құжаттар сақталған Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің Орталық архивінен табылған 1943 жылы 30 желтоқсанда толтырылған марапаттау қағазында Беларусь майданы 63-армиясына қарасты 41-атқыштар дивизиясының 244-атқыштар полкі 2-атқыштар ротасының бөлімше командирі, кіші сержант Ахметов Қасым Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылғаны айтылады. Онда «жолдас Ахметов 244-атқыштар полкі құрылғаннан бастап, барлық ұрыстарға белсенді қатысты. 1943 жылы 26 шілдеде Хатетово теміржол стансасының маңайындағы немістің артиллерия жəне пулемет күшіне қарсы ұрыста «Отан үшін», «Сталин үшін» деген ұранмен ротаны жауға қарсы көтеріп, теміржол стансасын алғанда бірінші болып жеткен. Өз ерлігімен Ахметов осы шайқаста немісті жеңгені үшін «Қызыл Ту» орденімен марапатталды. 1943 жылдың 23 желтоқсанында Малый Козловичи селосының аумағында неміс əскерлері танк пен зеңбірек күштерімен ыңғайлы межені алуға тырысты. Ахметов басқарған 17 адамнан құралған топ 3 сағат бойы толық қамалда 6 рет жаяу əскермен, танк жəне зеңбіректермен неміс шабуылына тойтарыс берді. Бұл шайқаста 100-ден астам неміс жауынгерін жойып, 3 күн бойы сұрапыл қанды шайқаста алынған маңызды межені жауға бермеді. Отан үшін жасаған ерлігіне Ахметов жолдас Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынуға лайықты», деп жазылған. Өтініштің соңына 244-атқыштар полкінің командирі М.В.Колесов қол қойған, оны 41-атқыштар дивизиясының генерал-майоры А.И.Сурченко қолдаған. Бір өкініштісі, осы марапаттау қағазы жоғары əскери басшылықта қаралмаған, Қасым Ахметовке Кеңес Одағының Батыры атағы берілмей қалған. Ұсыныстың не себепті жоғары сатыға жетпей қалғаны белгісіз. 1945 жылдың 16 сəуіріндегі шайқаста, Жеңіс күніне аз ғана уақыт қалғанда автоматшылар взводының командирі Қасым Ахметов қаза табады. Соғысқа ефрейтор болып кіріп, взвод командиріне дейін өсіп, көзсіз ерліктер көрсеткен лейтенанттың сүйегі Германияның Бранденбург жеріндегі Одердегі Франкфурт округінің Зеелов ауданы Лебус елді мекенінде жерленген. Қазір замандастарынан Қасымның көзін көрген жан да саусақпен санаулы. – Қасым аға – менің əкемнің кенже інісі. Қызыл Армия қатарына 22 жасында алынды. Ол кісі армияға кеткенде мен

8-9 жастағы бала едім. Қасым аға бойшаң, сұңғақ денелі, ірі жігіт еді, бойы 190 сантиметрдей болатын. 30-жылдары колхоздастыру басталды. Меңдіғара ауданындағы ағаштың арасында əр ата, əр ру, əулетімен бөлек-бөлек отырған ауылдарды колхозға біріктірді. Сонда ел бірінші рет қыртыстан үй сала бастады. Біздің Төлеңгіт ауылының адамдары үшін бір ағаш үй, екі жер үй салды. Қасым ағаның қолы епсекті, шебер жігіт еді, сол үйді салғаны, қора-қопсыны тұрғызғаны менің көз алдымда. Ол кезде құрылыс материалдары деген болмайды, мал қораны, жылқы

тұрағын талдан тоқыды. Кірпіш те жоқ ол уақытта. Пешті саз балшықтан жасағанын көзім көрді. Қасым ағаның қасында жүреміз, бізді саз, су тасуға жұмсайтын. Қазір ойласам сол кезде 20 жаста ғана екен, қалай ерте есейген десеңші, – дейді бүгінде 84 жастағы Қажымұқан Көшмұрзин ақсақал. Ұлы Отан соғысының ардагері, Қасымның ағайындас туысы, ауылдасы Қажи Маманов ақсақал да көзкөргеннің бірі. Оның əскер қатарына шақырылып, ауыл болып шығарып салғанын, өздері еліктеп өскен үлгілі жігіт болғанын жырдай етіп айтады. – Қасым аға қай жерде екенін ұмыттым, əйтеуір медициналық оқу орнында оқыды. Ол кісіні əскерге шығарып салғанда мен он үштегі бала едім. 30-жылдары əскер қатарына шақырылатын жастарды əскери дайындықтан өткізетін ұйым болатын. Ол кейін ГТО деп аталды. Қасым ағамда осы ГТО-ның төсбелгісі жəне «Ворошиловтық мерген» деген төсбелгі болатын. Бұл ол кезде жігіттердің беделін көтеруші еді. Соғыстан бұрынғы жылдары жəне соғыс кезінде Қостанай облысының əскери жасақтау ісі Ресейдегі Орал əскери округіне қарайтын. Қасым аға да шекарадағы Ресейдің Злотоуст қаласындағы əскери бөлімшеде болды. Менің есімде, Қасым ағаның ата-анасы Ахмет əкей мен Шөкілай шешемізге ұлының үлгілі тəртібі мен үздік əскери дайындығы үшін əскери бөлімшеден алғысхат келген

болатын. Қариялар содан кейін ат-арбамен Злотоустағы кенже баласының артынан барып келгені есімде, – деп шертеді Қажи ақсақал алыста қалған жылдар естелігін. Қасым Ахметов туыс тарының қолында Польшаның Любин қаласында 1944 жылы 5 желтоқсанда түскен оның бір ғана суреті сақталып қалыпты. Суреттің артына «əкесі Ахметке ұлы Қасымнан ұмытылмас үшін естелік» деп жазған. Қасым ағаның суреттерін, жазған хаттарын Шөкілай əжем сандығында сақтап жүреді екен. Соңғы хатында «қоянқолтық ұрыстан шықтым, аман қалдым. Одер өзенінің жағасында отырып, сендерге хат жазып отырмын. Мені ойлай бермеңдер, елге жеңіспен ораламын», деп жазған екен. Хаттарды оқыған үлкен ағала рымнан осыларды естіген едім. Жеңістен бұрын ауылға «қара қағаз» келеді. Ауыл басшылары Қасымның қазасын қариялар көтере алмайды деп, көпке дейін естіртпей, жасырын ұстаған. Кейін естігенде əжеміз күйікке шыдамай, «баламды жұтқан соғыстан келген қағазы да құрысын», деп хаттарын да, суреттерін де өртеп жіберіпті, дейді Қажымұқан ата. Жалғыз сурет үлкен ұлы Жұмаштың қолында қалып, аман сақталып қалған. – Ахмет атамнан тарайтын бір əулеттен соғысқа кеткен Қасым атамыз екен. Кеңес Одағы жылдары осы Қажымұқан аға жəне бір апам Қасымның қайда жерленгенін іздестіріп, оның сүйегі Германияда кеңес əскерлерінің үлкен зиратында жатқанын анықтаған еді. Ол кезде қарапайым ауыл адамдарының Германияға баруға қолы жетпейтін. Осымен іздестіруді тоқтатқан болатын. Ал мына хабарды ізшілер маған хабарлағанда, өшкеніміз жанғандай, өлгеніміз тірілгендей болдық. Қазір қысқа уақыттың ішінде-ақ интернет көмегімен Қасым атамызға қатысты барлық құжатты таптық, болашақта атамыз жүрген соғыс жолын біле түсуге деген ынтызарлық та оянып отыр, – дейді Қасымның немере інісі Жұмаштың ұлы Қайрат Ахметов. Қасым «Қызыл Ту» орденінен басқа І дəрежелі «Ұлы Отан соғысы» жəне ІІІ дəрежелі «Даңқ» орденімен марапатталған. Оның əр ордені боздақтың көзсіз ерлігінің куəсі екені анық. Ал полк командирі М.В.Колесовтың жоғарыдағы қысқаша толтырған марапаттау қағазында Қасымның нағыз батыр бейнесі беріледі. Ұзақ жылдан кейін табылған құжат қостанайлықтарды толқытты. Көңіл толқыны – ерлік жаңғырығы, туған елі, Отаны, ұрпағының болашағы үшін жауға арыстандай атылған жауынгер Қасымның бойын кернеген алапат патриоттық сезімінің туған жер үстінен шашылған ұшқынындай көрінеді. ҚОСТАНАЙ.


10

www.egemen.kz

10 сəуір 2015 жыл

 Біз – қазақстандықтармыз!

Таєылымды таєдырлар тарихы Райхан МƏЖЕНҚЫЗЫ,

Қазақстанның мəдениет қайраткері, халықаралық Валентин Пикуль сыйлығының лауреаты.

БҰРАЛАҢ ЖОЛ ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ресейдің Қиыр Шығыс аймағына қоныс аударған, еңбекқор егінші Цой Мунгенің отбасы Владивосток қаласынан 10-12 шақырым қашықтықтағы Корей слободкасына қоныстанады. Жалпы, ресми деректерге сүйенсек, Қиыр Шығыс корейлері Ресей жеріне өздерінің тарихи отанындағы ауыр тұрмыс тауқыметіне байланысты 1864 жылдың ақпан айында қоныс аудара бастаған. Мұрағатта сақталған құжаттар бойынша 1911-1912 жылдары Владивостоктағы корей орамының старостасы болған Цой Мунгенің төрт ұл, екі қызы болған екен. Əулет тің кенжесі – 1898 жы лы дүниеге келген Цой Шену. Гимназияда оқып жүрген он үш жасар ұлы Цой Шенуді əкесі Цой Мунген қалыңдық тауып, үйлендіру үшін Кореяға алып барады. ХХ ғасырдың 30-жылдарына дейін Ресей-Корей шекарасы ашық болған. Корейлер өздеріне қажеттілік туған жағдайда шекарадан əрі-бері еш бөгетсіз өтіп жүрген. Жас ерекшелігіне қарамастан, бірінбірі терең танып, өмірге терең бойлап үлгермеген екі жас – он үш жасар Цой Шену мен он алты жасар қалыңдық Вера осылайша отбасын құрған. «Өмір жəне тағдыр» деп аталатын кітаптағы В.Сонның мұрағат құжаттарына сүйене отырып, Цой Шенудің Владивосток қаласында 1898 жылы туғандығын, 1921 жылы Иркутск қаласында өткен корей коммунистік ұйымының 1-съезіне қатысқанын, 1921-1922 жылдары Қызыл Армия қатарында болғанын, сондай-ақ Шығыс еңбекшілерінің коммунистік университетінде оқып, білім алғанын, 1923-1925 жылдары Приморье губерниялық комсомол комитетінде қызмет еткенін, Қызыл профессура институтын 1 9 3 1 ж ы л ы бі т і р і п , ж о л да ма мен Халықаралық аграрлық институтына жіберілгендігін, тіпті «Тихоокеанский рабочий» журналында жұмыс істегенін, 1933-1935 жылдары И. В. Сталин атындағы Шығыс еңбекшілерінің коммунистік университетінде жəне Коммунистік интернационал атқару комитетінде қызмет істегенін жазады. Сонымен қатар, Цой Шенудің 1931 жылы профессор атағын алғандығына тоқталады. Демек, Цой Шену – Цой əулетінен шыққан алғашқы профессор ғана емес, 1937-1938 жылдардағы «Үлкен террор» зұлматында жапа шеккендердің бірі. Негізінен, Цой Шену тұқымынан бес профессор шыққанын айта кетсек, артық болмас. 1920 жылы 27 маусымда Владивосток қаласындағы Цой Шену шаңырағында Цой Гилен Васильевич дүниеге келеді. Бұл кезде əкесі Сібір, Чита, Иркутск аймақтарында Қызыл Армия қатарында болғандықтан да Корей слободкасында үлкен ағасының отбасымен бірге тұрады. Өзге балалар сияқты Гилен де балабақшаға барады. Əн салуды да сол кезде үйренгені естеліктерінде жазылған. Гиленнің анасы, қай жерде өмір сүрсе де, тарихи отаны – Кореядан жырақта жүрсе де, театр өнері арқылы ұрпағының тілін, тарихын, мəдениетін, əдет-ғұрпын сақтауға тырысады. Гилен сегіз жасында үй маңындағы «Парижская коммуна» мектебінің 1-ші сыныбына қабылданады. Бұл жерде корейлер тұратын болғандықтан да сабақ корей тілінде оқытылатын. Бір жылдан соң бала саны жетпегендіктен, Корей слободкасынан 8-9 шақырым қашықтықтағы орыс мектебінің 2-сыныбына барады. Орыс тілін нашар білетін балалар үшін оқу алғашқыда оңайға түспейді. Сол кезде бала жанының сезімтал пернелерін дəл басқан тəжірибелі ұстаздың озық əдістемесі орыс тілін өзгелерден қалмай үйренуіне себепші болады. 1929 жылы үлкен ағасы отбасымен Кореяға кетеді де, үйді Гиленнің анасы Вера Цойға қалдырады. Күнкөріс оңайға түспейді. Тағдыр тауқыметін арқалаған ол кісі бірде қатты ауырады. Міне, осы кезде Гиленнің ауырған адамды, баланы, аяулы анасын емдеп жазатын нағыз дəрігер болғысы келеді. 1937 жылдың күзінде Гилен досы екеуі Благовещенскідегі теңізшілер училищесіне оқуға түседі. Алайда, он бес күн өтпей жатып, үйінен «Корейлерді Қиыр Шығыстан басқа жаққа көшіргелі жатыр. Тез жет!»

– деген жеделхат алады. Оқуға түскен қуаныштары су сепкендей басылып, Гилен анасы мен əпкесіне асығады. Бірде жүк таситын пойыздың тамбурына жармасып, бірде жолаушылар пойызы вагондарының үстіне шығып, үшінші күні үйіне əрең жетеді. Гилен Васильевич Цой: «1937 жылдың күзінде Қиыр Шығысты мекендеген бізді көшіріп-қоныстандыру үшін 28-30 вагоны бар жүк тиелген эшелонның əр вагонына 25-30 адамнан орналастырды. Əр адамға 20 килограмм жүк алып жүруге рұқсат етілгендіктен де жолға тек азық алдық. Азапқа толы 30 күнді артқа тастап, Қазақстандағы Қызылордаға да келіп жеттік», деп шарасыз қалған ауыр шақты еске алады. Өзге жерден қоныс аударған корейлерді жанашырлықпен қарсы алып, қиын жағдайда қол ұшын берген қазақ халқын Гилен Цой: «Қала шетіндегі «Казрис» ұжымшарына қоныстанған біздер қайырымды да ақкөңіл, кімге болса да қамқор қазақтарға тез үйір болып кеттік. Негізгі тамағымыз: қауын-қарбыз, жемістер мен нан болатын. Кейіннен үй сатып алдық. Ресейдің атақты əншісі Виктор Цойдың туысы Цой Сун-Дюн жəне атақты режиссер, драматург əрі композитор Ен Сен Ненмен көрші тұрдық. Шынын айтқанда, сол кезде Қызылорда корей диаспорасының нағыз орталығы болған еді», – дейді. Он сегіз жасар Гилен Цой 1938 жылы Қызылорда қаласындағы медициналық рабфактың үшінші курсына қабылданып, оны ойдағыдай аяқтайды. Келесі жылы Алматы қаласындағы медициналық институттың емдеу факультетіне оқуға түседі. Жатақханада төрт студент бір бөлмеде тұрады. Тұрмыстың тауқыметін тартқан жастар жұпыны киініп, асханадан тамақтанады. Нанды талонмен күніне 400 грамнан ғана сатып алады. Қол ұшын беретін ешкім болмағандықтан, кейде кешкісін вагондарға жүк тиесе, кейде клиникаларда кезекшілік атқарады. Осылайша, қаражаттың жетіспеушілігінен жазғы демалыс кезінде Қызылордадағы анасына да бара алмайды. Соғыс жылдары Симферопольдағы Қырым медициналық институтын алдымен Армавирге, кейіннен Қызылордаға көшіреді. Бесінші курс студенті Гилен Цой Алматы медициналық институтынан осы Қызылорда қаласындағы Қырым медициналық институтына ауысып, оны 1943 жылы бітіреді. Ол болашақ жары – Цой Наталья Ивановнамен де дəл осы Қырым медициналық институтында білім алып жүргенде танысады. Институт түлектерін жолдамамен Қалмақ АКСР-і мен Ростов облысына жібереді. 1944 жылы Қалмақ АКСР-і таратылады да бұл аудан Ростов облысына беріледі. Осы жылы хирургия саласы бойынша білімін жетілдіру мақсатында Гилен Цой РостовДонға жолдамамен жіберіледі. Онда профессор А.Кечекиян басшылық ететін №3 қалалық аурухананың хирургия бөлімінде 6 айға жуық кəсіби біліктілігін арттырады. Соғыс аяқталған соң Денсаулық

сақтау министрлігінің бұйрығымен Қызылорда қаласына қайта оралған Гилен Цой қалалық ауруханада ординатор-хирург болып қызмет істейді. Гилен Цой Наталья Ивановнамен отау тігіп, от жағады. Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен Ақмолаға бет алады. Бұдан кейінгі бүкіл өмірлері Ақмолада өтетінін, ұрпақтары сонда өсіп-өніп, əулет тамырының қала тағдырымен тамырлас, тағдырлас болатынын, Қазақ елінің тəуелсіз ел атанып, Ақмоланың Астана болатынын сол кезде Гилен Цой əулеті қайдан білсін... 1949 жылы наурыз айында Гилен Васильевичтің отбасы ерекше қуанышқа бөленеді. Егіз ұл: Олег пен Игорь дүниеге келеді. Шала туған, жеті айлық нəрестелердің кіндігін дəрігер Михаил Николаевич Пак кеседі. Гилен Цой мен Наталья Ивановна халыққа акушерлік жəне хирургиялық жедел жəрдем көрсету, ауру азабынан жұртты құтқару, адамға өмір сыйлау үшін алтын уақыттарын бір сəт те аяп қалған емес.

ІЗГІ ӨМІРДЕН ІЗ ҚАЛАДЫ

Дəрігерлер отбасында 1949 жылдың 4 наурызында дүниеге келген егіз ұлдың кішісі – медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Цой Игорь Гиленович – бүгінде абырой биігіндегі азамат. Əкесі – Цой Гилен Васильевич, медицина ғылымдарының докторы, профессор, академик, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дəрігері. Ақмола облысы ауруханасында бас хирург, Целиноград мемлекеттік медицина институтының (қазіргі Астана медицина университеті) хирургия кафедрасын 30 жылдан аса басқарған майталман маман. Қазақстанда хирургияны дамытуға қосқан еңбегі үшін «Октябрь революциясы», «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен, тағы басқа атақтармен марапатталған. Гилен Васильевич Цой – «Травматология жəне ортопедия» ғылыми-тəжірибелік журналының редакциясы ұжымының, ғылыми жəне диссертациялық кеңестердің мүшесі. Астана қаласының құрметті азаматы. 5000-ға жуық операция жасаған, 133 ғылыми еңбектің авторы, 3 авторлық куəлігі мен патенті бар қазыналы қария қазір 93 жаста. Анасы – Цой Наталья Ивановна, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген дəрігер, акушер-гинеколог, көп жылдар Астана қаласындағы перзентхананың бас дəрігері қызметін атқарды. Адам бойындағы асыл қасиеттердің қалыптасуында, мамандық таңдауында, кəсібіне адал болып, өмірінің өзегіне айналдыруында отбасылық ықпалдың алар орны ерекше. Ағайынды Олег пен Игорь де мектептен кейін Целиноград мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетіне оқуға түседі. Ағайынды Олег пен Игорь жоғары оқу орнын қызыл дипломмен

бітіріп, адам жанының арашашысы – дəрігер мамандығын алып шығады. Алайда, өмір жолдары медицина саласының əртүрлі арналарына бағытталады. Олег Гиленович Цой бар ғұмырын ғылымға арнаған, əке жолын қуған, хирург, медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Астана медицина университеті» хирургия кафедрасының меңгерушісі. Игорь Гиленович Цой өз өмір жолын Қазақ КСР-і Денсаулық сақтау министрлігінің Эпидемиология, микробиология жəне жұқпалы аурулар институтында кіші ғылыми қызметкер болудан бастап, белгілі ғалым Николай Беклемишевтің жетекшілігімен аллергология жəне иммунология бойынша кандидаттық диссертация қорғап, ғалымдар назарына ілігеді. Ол өнеге тұтқан жандардың бірі жəне өмірінің соңғы күніне дейін жұптары жазылмаған Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Тағамтану институты» жабық акционерлік қоғамының директоры Төрегелді Шарманов болатын. Игорь Гиленовичтің тынымсыз ізденімпаздығы, еңбекқорлығы мен іскерлігі туралы Төрегелді Шарманұлы: «Денсаулық сақтау министрі қызметін атқарып жүрген кезімде, ұмытпасам, 1976 жылы, алғаш рет Игорь Гиленовичпен кездескен едім. Белгілі ғалым Николай Дмитриевич Беклемишевтің ұсынысымен Денсаулық сақтау министр лігінің ғылым бөліміне Игорьды бастық етіп тағайындадым. Екі жыл өткен соң, 1978 жылдың қыркүйек айында Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен, ЮНИСЕФ-пен бірлесе Алматыда өткізілген халықаралық конференцияда Игорь өзінің ұйымдастырушылық қабілетімен көзге түсті. Содан кейін «Тағамтану институтына» вице-президент қызметіне шақырдым. Ұзақ жылдар бойы келелі мəселелерді келісе отырып, шешкен едік», – дейді. Қазақ КСР Денсаулық сақтау минстрлігінде ғылым бөлімінің бастығы болып төрт жыл қызмет істеген Игорь Гиленович зерттеу жұмыстарымен тапжылмай айналысуға бет бұрғысы келеді. Шынайы шипагер болуды мақсат еткен ол, ғылыми ізденісін де жалғастырады. 1980 жылы докторлық диссертация қорғау үшін Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрлігінің Эпидемиология, микробиология жəне жұқпалы аурулар институтына аға ғылыми қызметкер болып ауысады. Сонда тоғыз жыл қызмет істейді. 39 жасында аллергология жəне иммунология бойынша докторлық диссертацияны ойдағыдай қорғап, медицина ғылымдарының докторы атанады. Ғылымды үйренуге деген ұмтылыс өресі мен игеру шамасына сай профессор атанды. 2001 жылдан «Қазақ тағамтану академиясы» ЖШС вице-президенті болды. Осы жылы, яғни 2001 жылы «Қазақстан Республикасында тағам туралы ғылымның іргелі жəне қолданбалы аспектілерін дайындау» еңбектер топтамасы үшін Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанды. 517ден астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 7 монографияның, 2 кітаптың авторы. Асыл перзент, адал жар жəне ата парызы – үшеуін де Игорь Гиленовичтің абыроймен орындағанының куəсі болдық. Ең əуелі туған жерінің де, өскен елінің де, ата-анасының да асыл перзенті бола білді. Тағдыр Игорь Гиленовичті талдырмаш денелі, орта бойлы корей қызы Tен Зинаида Яковлевнамен 1975 жылы Алматы қаласында кездестіреді. Ол тұста Зинаиданың 1974 жылы ҚазМУ-дың журналистика факультетін бітіріп, жолдамамен «Қазақстан» баспасына редакторлық қызметке жіберілген кезі еді. Шаңырақтарын шаттыққа бөлеп, 1978 жылы қыздары Наташа дүниеге келді. Игорь Гиленович пен Зинаида Яковлевна екеуі құдалары Қарабековтер əулетін, Алмастың əкесі Бауыр жан мен анасы Ботакөзді ерек ше құрметтейтін. Ата аманатын адал орындады. Тоғжанын жетектеп, кішкентай Мерейліні иіскеп жүруді екеуіне Тəңірім тең жазбады. Бірақ Тоғжан мен Мерейлі бойынан олардың ішкі таза əлемі, тағылымды шуағы көрініп тұрады. Иə, ғибраты мол ғұмыр кешкен академик, білікті дəрігер Игорь Гиленович Цойдың өмір жолы адалдықтың, адамгершіліктің, қамқорлық жасаудың өнегесі іспеттес. АСТАНА. ––––––––––––– Суретте: Гилен Цой (ортада) балаларымен.

 Өнеге Биыл тамаша адам, белгілі экономистғалым, тарихшы, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Мағида Бақиқызы Шорманова үлкен бір өмірлік белеске шыққалы отыр. Ол шынайы академиялық ғалымға тəн қасиет иесі, ғылымға, сүйікті ісіне жанымен берілген тұлғалар шоғыры қатарынан. Біз мерейтой иесіне ізгі ниет білдіре отырып, оның ғылыми-зерттеу жəне қоғамдық қызметінің маңызды кезеңдерін баяндап өтуді жөн көрдік.

Єылым шыраќшысы Меруерт ƏБУСЕЙІТОВА,

ҰҒА корреспондент мүшесі, профессор, тарих ғылымдарының докторы.

Мағида Бақиқызы жəннат Жетісу жерінде педагог ұстаздар отбасында дүниеге келген. С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің тарих факультетіне түсіп, тамаша іргелі білім алды. Оны тəмамдаған соң, Қазақ КСР ҒА корреспондент-мүшесі Ғ.Ш.Шоланов жетекшілік ететін Қазақ КСР Ғылым академиясы Экономика институтының Халық шаруашылығы тарихы бөліміне жұмысқа қабылданады. Осыдан кейінгі Мағида Шорманованың еңбек жолы Қазақстанның экономика ғылымы мен Экономика институтының дамуымен тығыз байланысты. Институтта 52 жылдан астам қызмет жасаған кезінде ол экономистен бастап аға ғылыми қызметкерге, ақпарат тобының меңгерушісіне дейінгі жолдан өтті. Көптеген жылдар бойы іргелі жəне қолданбалы зерттеулер бойынша бірқатар жобаларды орындап, келісімшарт бойынша шаруашылық тақырыптамаларын орындауға қатысты. Оның тікелей қатысуымен 1971-1975 жəне 1976-1980 жылдар аралығында «М.И.Калинин атындағы Семей ет комбинатының əлеуметтік даму жоспарлары» əзірленіп, өндіріске енгізілді. Қазақстан ғылы мының саңлақтары С.Е.Толы беков, Ғ.Ш.Шоланов, С.Б.Бəйі шев сынды тұлғалар баста ған экономикалық тарих саласындағы экономика ғылымының маңызды пəнаралық ғылыми бағытының дамуына Мағида Шорманова да өзінің қомақты үлесін қосты. Мағида Бақиқызы 1972-1975 жылдар аралығында Экономика институтының аспирантурасында оқыды, оны тəмамдаған соң, 1975 жылы академик С.Б.Бəйішевтің жетекшілігімен «Халық шаруашылығының тарихы» мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын сəтті қорғап шықты. 1995 жылы оған доцент ғылыми атағы берілді. Мəкеңнің, бүгін біз сөз етіп отырған Мағида Бақиқызының нағыз ғалымға тəн қасиеттерін айрықша атап өту қажет деп ойлаймын. Ғылыми біліктілігі, жауапкершілігі, өмірдегі адалдығы, елгезектігі, табандылығы өз алдына бір төбе, сонымен қоса ол əртүрлі түйінді мəселелерді шешудегі іскерлік тəсілді ерекше меңгерген тұлға. Бұл қасиеттер оның тегінен дарыған. Ол асылдың сынығы. Академик Манаш Қозыбаев айтқандай, қазақтың таңдаулы тегінің біріне жататын Шормановтар əулетінің өкілі. Көрнекті ойшыл, ақын Мəшһүр Жүсіп Көпеев Мағида Бақиқызының арғы аталары Шормановтарға дастан арнаған. Мəкеңнің ата-анасы Бақи Шорманов пен Гүлшара Дəрішева мұғалім ретінде бүкіл өмірін қазақтың сол кездегі жас буынын тəрбиелеуге арнады. Мағиданың анасы қуғын-сүргін жылдары көрген қиындықтарға қарамастан, бес бала тəрбиелеп, бəріне жоғары білім берді, қыздарының екеуі ғылым кандидаты атанды. Мағида Шорманова еліміздің экономика тарихы, экономикалық ой саласындағы ғылым саңлақтарының экономикалық мұрасын зерттейтін ат төбеліндей маманғалымдар санатына кіреді. Академик Сақтаған Бəйішевтің 80, 90 жəне 100 жылдығын тойлауға арналған дайындық іс-шараларын жеке өзі жүргізіп, «Очерки экономической истории», «Академик С.Б.Байшев личность: гражданин, ученый и государственный деятель» атты таңдамалы естеліктер томтамасын, сондай-ақ «Күрескер-ғалым. Академик С.Б.Бəйішевтің 100 жылдығына орай» атты естеліктер кітабын шығарды. Мəкең осы жылдар бойы ғылыми адалдық пен өмірдегі инабаттылық үлгісі болған өзінің ғылы ми жетекшісі Сақтаған Бəйішұлының жарқын бейнесін əрдайым жадында сақтап келеді. Мағида Бақиқызы өмірбаяндық очерктердің авторы ғана емес, сонымен қатар академик С.Бəйішев, академик А.Қошанов, экономика ғылымдарының докторы, профессор М.Кенжеғозин жəне экономика ғылымдарының докторы, профессор О.Сəбденнің биобиблиографиясын құрас ты рып, өзі жаза отырып, тарихи тұлғаны ерекшелеуге бағыт тал ған зерттеулердің жаңа қырларын айқындап берді. 2012-2014 жылдар аралы ғында Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Ғылыми қазына» атты мақсатты бағдарламасының «Экономикалық ғылыми ой: ерекше лік тері, əлеуеті, үрдісі жəне келешегі» атты тақырыбы шеңберінде Экономика институты Тарих мұражайының ғылыми негізін қалыптастыру, жобалау жəне оны құруда көп жұмыс атқарды. Атап айтқанда, қазақстандық экономика ғылымының тарихы мұражайының мақсаттары, міндеттері мен қызметі, мазмұны мен жұмыс түрлері, құқықтары жəне міндеттері, ұйымдықəкімшілік жəне шаруашылық қызметі кіретін «Мұражай туралы» ереже əзірленді. Сондайақ, Экономика институты құрылғаннан бастап бүгінгі күнге дейінгі институтта қызмет еткен экономист-ғалымдар, олардың ғылыми,

мемлекеттік жəне қоғамдық қызметі туралы есте қалатын, тарихын көрсететін жеке жазба, заттай, бейнелі, фото жəне фонографиялық дереккөздер, басқа да мəліметтерді дайындады, жүйеледі жəне зерделеді. Осыған орай, отандық ғылым туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзі ойымызға түседі. Мемлекет басшысы «Негізін қалаушыларды еске түсіру, олардың игі істері мен бастамаларын жалғастыру – тек адамгершілік парызымыз ғана емес, əлеуметтік прогрестің, əрі қарай ілгерілемелі даму алғышарттарының бірі» деген еді. Осы ретте Мəкеңді академиялық экономика ғылымының тарихын сақтаушысы, ондағы бай мұралардың шырақшысы деуге əбден болады. Мағида Бақиқызы көлемі 176 баспа табақ болатын 100-ден астам ғылыми еңбектің жариялануына атсалысты. Олардың ішінде өзі автор, қосалқы автор, жауапты атқарушы болған қомақты ұжымдық монографиялар, топтамалар, мақалалар бар. Оның бірнеше жұмысы шетелдерде басып шығарылды. Бірқатар еңбектері елдің экономикалық тарихын зерттеуге салмақты үлес қосқан еңбеккерлердің қоғамдық-саяси жəне еңбек белсенділігін арттыру, Қазақстандағы стахановшыл қозғалыстың қалыптасуы мен оның дамуы, сайыс жəне еңбек өнімділігін арттыру, жергілікті өзін-өзі басқару жəне коммуналдық меншікті дамыту тəрізді мəселелерге арналған. Тарихи тақырыпқа арналған Мəкеңнің жарияланымдары ғылым үшін маңызды. Оларда айтулы қазақтың ата-тегіне деректеметанушылық талдау жасалып, тарихнамалық баға беріледі. Атап айтқанда, Шормановтар əулетінің деректі тарихы, олардың шежіресі, Санкт-Петербург пен Алматыда басылып шыққан, Ресейдің Этнография жəне антропология институтының дерегіне сүйене отырып жазылған «Қазақ этнографиясының коллекциясынан», «Бір ғасырдан кейінгі құрылтайдағы кездесу», «Алтын тектік қор», «1897 жылғы халық санағы тұрғысынан алғандағы Шормановтар жəне ХХІ ғасыр: олардың ұрпақтары» жəне тағы басқа еңбектер бар. Мағида Бақиқызының өз түптамырын зерделеуі оны энциклопедиялық білімі бар, ертеңгі күннің ізденісін байқаған ұлттық даналық пен мол ақпаратқа толы, ой-өрісі кең, дарынды ғалым ретінде сипаттайды. Мағида Шорманова 15 жыл бойы тарих, философия, эконо мика жəне құқық бойынша ең бектер жарияланған «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының хабарлары. Қоғамдық ғылымдар сериясы» атты журналдың жауапты хатшысы жəне редакция алқасының мүшесі болды. Осы кезең ішінде басым көпшілігі белгілі ғалым, мемлекеттік қайраткер, дипломат, жоғары оқу орындарының, ғылыми ұйымдардың басшысы болған жас қоғамтанушы ғалымдардың ғылыми дамуына асқан белсенділікпен зор септігін тигізді. 2013 жылы Мағида Бақиқызы академиялық басылымның сапалы қалыптасу ісіне өз үлесін қосып, бай тəжірибесін қолдана отырып «Экономика: стратегия жəне тактика» атты ғылыми журналдың жауапты редакторы қызметін де абыроймен атқарды. Мағида Бақиқызы ұзақ уақыт бойы басқарып келген ақпарат тобы өзі қызмет атқарған кезеңде үлкен ғылыми мəртебеге ие бол ды. Оның үздіксіз еңбегінің арқасында, Институттың көптеген ғылыми басылымдары Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар, таяу жəне алыс шетелдерде де таралды. Осы бөлімшенің жұмысына Институттың ғылыми қызметкерлері де, сондай-ақ республикамыз бен Тəуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің көптеген экономикалық бейімді ғылыми ұйымдарының, жоғары оқу орындарының зерттеушілері де зəрулік һəм қызығушылық танытты. Мағида Шорманованың ғылыми жұмыстары əртүрлі мара паттарға да ие болған. Айтар болсақ, Жоғары мектеп жəне ғылыми мекемелер қызметкерлері кəсіподағының Құрмет грамотасы, Қазақстан Ғылым академиясы Президиумының Құрмет грамотасы, Экономика институтының 50 жылдығына арналған Білім жəне ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы, «Еңбек ардагері» медалі. Бірнеше мəрте Экономика институтының құрмет грамоталарымен марапатталды. Грамота деп қомсынуға болмас. Бұлар оның адамдық та ғалымдық келбетін танытады. Мəкеңнің өте жақсы отбасы бар, ол қамқор жар, ана жəне əже, жолдасы Мұстахим Дүйсенұлы елге еңбегі сіңген, ішкі істер органдарының ардагері, қыздары – Гүлнар инженер-технолог, жеке кəсіпкер, Ғалиясы терапевт-дəрігер, ұлы Ғалымжан экономика ғылымдарының докторы, ал немерелері есейіп, ардақты ана, ғалым апаны одан əрі қуанта түсуде. Бұл күнде Мағида Бақи қы зының қазақ халқының тарихи мұрасын сақтау мен молайтуға өз үлесін қосып, өзінің атақты бабалары туралы альбом-кітапты жариялауға дайындап жатқанын қуана сүйіншілегім келеді. АЛМАТЫ.


11

www.egemen.kz

10 сəуір 2015 жыл

Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласын құқықтық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 1994 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13, 15-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61, 63-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат): 125-баптың 2-тармағы «үшінші жақтар» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын. 2. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104- құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25- құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 14, 15-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 85-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 11, 61, 69-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат): 1) мазмұнында: мынадай мазмұндағы 897-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын: «897-1-бап. Кешенді кəсіпкерлік лицензия шартын тіркеу»; 993, 997, 998, 999 жəне 1003-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын: «993-бап. Патентке берілетін құқыққа билік ету»; «997-бап. Автордың қызметтiк өнертабыс, пайдалы модель, өнеркəсiптiк үлгi үшiн сыйақы алуға құқығы; 998-бап. Патенттің Қазақстан Республикасының аумағында қолданылуы 999-бап. Патенттің қолданылу мерзімі»; «1003-бап. Патентті бұзғаны үшін жауаптылық»; 2) мынадай мазмұндағы 897-1-баппен толықтырылсын: «897-1-бап. Кешенді кəсіпкерлік лицензия шартын тіркеу 1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес тіркелген өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркəсіптік үлгілерге, селекциялық жетістіктерге, тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, интегралдық микросхемалар топологияларына айрықша құқықтар кешенін беру туралы талаптарды қамтитын кешенді кəсіпкерлік лицензия шарты патенттік органда (ұйымда) тіркелуге жатады. 2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шартты тіркеу тəртібіне лицензиялық шартты тіркеу туралы ережелер қолданылады.»; 3) 964-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Айрықша құқықтар объектiсiн басқа тұлғалардың пайдалануына құқық иеленушінің келісімімен не Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда жол берiледi.»; 4) 972-баптың 1-тармағының 9) тармақшасы «қала құрылысы» деген сөздерден кейін «, дизайн» деген сөзбен толықтырылсын; 5) 978-бапта: 2-тармақта: бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «2. Автордың туындыны пайдалануға айрықша құқықтары мынадай əрекеттердi жүзеге асыру, жүзеге асыруға рұқсат беру немесе тыйым салу құқығын білдіреді:»; 10) тармақшадағы «заң актілеріне», «іс-əрекеттерді жүзеге асыруына рұқсат етуіне немесе тыйым салуға құқылы» деген сөздер тиісінше «заңнамалық актiлерге», «əрекеттерді жүзеге асыруына» деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақ алып тасталсын; 6) 986-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Орындалатын туынды авторларының құқықтары сақталған кезде, орындаушы осы тарауда көзделген жəне Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес құқықтарды жүзеге асырады.»; 7) 991-бапта: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Өнертабысқа, пайдалы модельге жəне өнеркəсiптiк үлгiге құқықтар патентпен қорғалады.»; 3-тармақтағы «өндiрiс құралдары мен тұтыну заттарын конструкторлық орындау» деген сөздер «техникалық шешім» деген сөздермен ауыстырылсын; 5-тармақта: «Инновациялық патент жəне патент» деген сөздер «Патент» деген сөзбен ауыстырылсын; «оларды беру тəртiбi заң актiсiмен» деген сөздер «оны беру тəртiбi заңнамалық актiде» деген сөздермен ауыстырылсын;

6-тармақтағы «өндiрiс құралдары мен тұтыну заттарын конструкторлық орындаулардың,» деген сөздер алып тасталсын; 8) 992-баптың мəтініндегі «иесiнiң» деген сөз «иеленушінің» деген сөзбен ауыстырылып, «инновациялық патентпен немесе» деген сөздер алып тасталсын; 9) 993-баптың тақырыбындағы жəне мəтініндегі «жəне инновациялық патентке», «жəне инновациялық патентті» деген сөздер алып тасталып, «, жəне патент пен инновациялық» деген сөздер «жəне» деген сөзбен ауыстырылсын; 10) 994-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Өнертабыстың, пайдалы модельдiң, өнеркəсiптiк үлгiнiң авторына авторлық құқық тиесілі болады.»; 11) 996 жəне 997-баптар мынадай редакцияда жазылсын: «996-бап. Қызметтік өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркəсіптік үлгілер Қызметкер өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн немесе жұмыс берушiнiң нақты тапсырмасын орындаған кезде жасаған өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркəсiптiк үлгiге (қызметтік өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркəсіптік үлгілерге) патентке берiлетiн құқық, егер олардың арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, жұмыс берушiге тиесілі болады. 997-бап. Автордың қызметтiк өнертабыс, пайдалы модель, өнеркəсiптiк үлгi үшiн сыйақы алуға құқығы Авторға қызметтiк өнертабыс, пайдалы модель, өнеркəсiптiк үлгi үшiн сыйақы мөлшерi, оны төлеу талаптары жəне тəртiбi өзі мен жұмыс берушi арасындағы келiсiмде айқындалады. Келiсiмге қол жеткізілмеген жағдайда шешiмдi сот қабылдайды. Егер қызметтiк өнертабысты, пайдалы модельдi немесе өнеркəсiптiк үлгiнi жасаудағы автор мен жұмыс берушiнiң үлесiн мөлшерлеу мүмкiн болмаса, жұмыс берушi алған немесе алуға тиіс болған пайданың жартысына автордың құқығы танылады.»; 12) 998-бапта: тақырыптағы «Инновациялық патент пен патенттiң» деген сөздер «Патенттің» деген сөзбен ауыстырылсын; 1-тармақтағы «өнертабысқа инновациялық патент, патент, пайдалы модельге жəне өнеркəсiптiк үлгiге патент» деген сөздер «өнертабысқа, пайдалы модельге жəне өнеркəсiптiк үлгiге патенттер» деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақта: «заң актiлерi қоятын», «шетелдiк азаматтар» деген сөздер тиісінше «заңнамалық актiлерiнде қойылатын», «шетелдіктер» деген сөздермен ауыстырылсын; «инновациялық патент пен өнертабысқа патент, пайдалы модельге жəне өнеркəсiптiк үлгіге» деген сөздер «өнертабысқа, пайдалы модельге жəне өнеркəсiптiк үлгіге» деген сөздермен ауыстырылсын; 13) 999 жəне 1000-баптар мынадай редакцияда жазылсын: «999-бап. Патенттiң қолданылу мерзiмi 1. Патент патенттiк органға (ұйымға) өтiнiм берілген күннен бастап қолданылады жəне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптар сақталған кезде: 1) өнертабысқа патент – жиырма жыл бойы күшiн сақтайды. Қолданылуы үшін Қазақстан Республикасының рұқсаттар жəне хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тəртіппен рұқсаттар алу талап етілетін дəрілік затқа, пестицидке (улы химикатқа) жататын өнертабысқа қатысты айрықша құқықтың жəне осы құқықты куəландыратын патенттің қолданылу мерзімі патент иеленушінің өтінішхаты бойынша, бірақ бес жылдан аспайтындай етіп ұзартылуы мүмкін. Көрсетілген мерзім бес жыл шегеріле отырып, өнертабысқа патент беруге өтінім берілген күннен бастап өнертабысты қолдануға алғашқы рұқсат алынған күнге дейін өткен уақытқа ұзартылады; 2) пайдалы модельге патент – бес жыл бойы күшiн сақтайды. Патенттің қолданылу мерзімін патенттік орган (ұйым) патент иеленушiнiң өтiнiшхаты бойынша, бірақ үш жылдан аспайтындай етіп ұзартуы мүмкiн; 3) өнеркəсiптiк үлгiге патент – он бес жыл бойы күшiн сақтайды. Патенттің қолданылу мерзімін патенттік орган (ұйым) патент иеленушiнiң өтiнiшхаты бойынша, бірақ бес жылдан аспайтындай етіп ұзартуы мүмкiн. 2. Өнертабысты, пайдалы модельдi, өнеркəсiптiк үлгiнi қорғау патенттік органға (ұйымға) өтiнiм берілген күннен бастап қолданылады. Құқықтарды қорғау патент берiлгеннен кейiн жүзеге асырылуы мүмкiн. Патент беруден бас тартылған жағдайда, қорғауға алынбаған деп есептеледі. 3. Өнертабыстың, пайдалы модельдiң, өнеркəсiптiк үлгiнiң басымдығы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тəртiппен айқындалады. 4. Айрықша құқықтың қолданылу мерзімі өткеннен кейін, сондай-ақ қолданылуы мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, өнертабыс, пайдалы модель немесе өнеркəсіптік үлгі қоғамдық игілікке өтеді. 5. Қоғамдық игілікке өткен өнертабысты, пайдалы модельді немесе өнеркəсіптік үлгіні кез келген адам ешкімнің келісімінсіз немесе рұқсатынсыз жəне пайдаланғаны үшін сыйақы төлемінсіз еркін пайдалана алады. 1000-бап. Патенттік құқықтарды беру туралы шарт Патенттi басқаға беру туралы шарт жазбаша нысанда жасалуға тиіс жəне патенттiк органда (ұйымда) тiркелуге жатады. Жазбаша нысанның немесе тiркеу туралы талаптың сақталмауы шарттың жарамсыздығына əкеп соғады.»; 14) 1003-баптың тақырыбындағы жəне мəтініндегі «Инновациялық патент пен патентті», «жауапкершiлiк», «иесінің», «инновациялық патент пен патенттi», «иесіне», «иесі» деген сөздер тиісінше «Патентті», «жауаптылық», «иеленушінің», «патентті», «иеленушіге», «иеленуші» деген сөздермен ауыстырылсын; 15) 1004-баптың 2-тармағының бірінші сөйлеміндегі «инновациялық патент немесе» деген сөздер алып тасталып, «иесінің» деген сөз «иеленушінің» деген сөзбен ауыстырылсын. 3. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 1516, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114,

115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат): 1) 539-баптың 1) жəне 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «1) патент бергенi үшiн, тауар белгісін, тауар шығарылатын жердің атауын тіркегені үшiн – 100 пайыз; 2) жалпы жұртқа белгiлi тауар белгісін тiркегенi үшiн – 100 пайыз; 2) 547-баптың 2-тармағының 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «14) зияткерлiк меншiк саласындағы уəкiлеттi мемлекеттік органның патенттер беруге, тауар белгілерін жəне тауарлар шығарылатын жердің атауларын тіркеуге, жалпы жұртқа белгiлi тауар белгісін тіркеуге, шарттарды тiркеуге, патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердi аттестаттауға жəне патенттік сенiм бiлдiрiлген өкiлдi тiркеу туралы куəлiк беруге байланысты заңды мəнi бар əрекеттер жасағаны үшiн – тиiстi құжаттарды бергенге дейiн төленедi.». 4. «Авторлық құқық жəне сабақтас құқықтар туралы» 1996 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 8-9, 237-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 75-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 25-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат): 1) 2-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «7) айрықша құқық – автордың жəне (немесе) өзге де құқық иеленушінің туындыны жəне (немесе) сабақтас құқықтар объектісін белгіленген мерзім ішінде кез келген тəсілмен пайдалануды жүзеге асыруға, оған рұқсат беруге жəне тыйым салуға мүліктік құқығы;»; 2) 7-баптың 1-тармағының 9) тармақшасы «қала құрылысы» деген сөздерден кейін «, дизайн» деген сөзбен толықтырылсын; 3) 9-бапта: тақырыптағы жəне 1-тармақтың үшінші бөлігінің бірінші сөйлеміндегі «ақиқаттылығы», «ресми тiзiлiмдерде» деген сөздер тиісінше «презумпциясы», «авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тiзiлiмінде» деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Өзге де дəлелдеме болмаған кезде туындының түпнұсқасында немесе данасында автор ретiнде көрсетiлген адам туындының авторы – авторлықтың презумпциясы деп есептеледі. Авторлықтың презумпциясы тек автордың өзіне қатысты ғана қолданылады.»; 4) 9-1-бапта: 6-тармақтың бірінші абзацындағы «бақша-парк» деген сөздер «дизайн, бау-саябақ» деген сөздермен ауыстырылсын; 16-тармақта: бірінші сөйлем «беру» деген сөзден кейін «жəне авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мəліметтерді енгізу» деген сөздермен толықтырылсын; екінші сөйлем «нысанын» деген сөзден кейін «жəне авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне енгізілетін мəліметтердің тізбесін» деген сөздермен толықтырылсын; 5) 15-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы «қол сұғуға жол бермеу», «ар-ожданына яки» деген сөздер тиісінше «қол сұғылмаушылық құқығы», «абыройына немесе» деген сөздермен ауыстырылсын; 6) 19-бап мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын: «7) кітапханалардың жəне мұрағаттардың туындының жоғалған немесе бүлінген даналарын ауыстыру мақсатында құқыққа сыйымды жарияланған туындыларды пайда алмастан цифрлық форматқа ауыстыру арқылы туындының жалғыз данасын қайта шығаруы, сондай-ақ өздерінің қорларынан туындыны қандай да бір себептермен жоғалтқан басқа да кітапханаларға туындының даналарын беру.»; 7) 32-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «32-бап. Авторлық шарттың талаптары мен нысаны»; 8) 33-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Тапсырыстың авторлық шартында туынды тапсырыс берушіге берілуге тиіс мерзім, сондай-ақ туындыны пайдалануға мүліктік құқықтарды беру көзделуге тиіс.»; 9) 44-бапта: мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: «2-1. Пайдаланушылар мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымға авторлық жəне сабақтас құқықтар объектілерін пайдалану туралы есепті, сондай-ақ сыйақыны жинау жəне бөлу үшін қажетті өзге де мəліметтер мен құжаттарды ұсынуға міндетті, олардың тізбесі мен ұсынылу мерзімдері лицензиялық шартта айқындалады.»; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйым жиналған сыйақыны бөлу жəне төлеу үшін шаралар қолдануға міндетті. Жиналған сыйақыны пайдаланушылардың авторлық жəне сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануы туралы есептерінің ұсынылмауына байланысты бөлу жəне сəйкестендіру мүмкін болмаған жағдайда, мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым мұндай бөлінбеген сыйақыны сақтауға, ал ұйым шотына келіп түскен күнінен бастап үш жыл өткеннен кейін оны авторлық жəне сабақтас құқықтарды иеленушілердің жалпы жиналысында айқындалатын тəртіппен бөлінетін сомаларға қосуға міндетті. Авторлық жəне сабақтас құқықтардың нақты иеленушілеріне бөлінген жəне олардың есебіне жазылған жиналған сыйақы сомалары мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымның шотында сақталуға жəне ұйымның шотында мұндай сомалардың сақталу мерзіміне қарамастан, тиісті авторға жəне (немесе) құқық иеленушіге мұндай тұлғалардың табылуына немесе өтініш білдіруіне қарай төленуге тиіс.»; 10) 46-бапта: 1-тармақта: 2) тармақша мынадай мазмұндағы үшінші сөйлеммен толықтырылсын: «Сыйақыны жинау, бөлу жəне төлеу бойынша өзінің нақты шығыстарын жабуға арналған сомалар жиналған сыйақының жалпы сомасының отыз пайызынан аспауға тиіс;»; 3) тармақшаның екінші сөйлемінде: «ақылға қонымды жəне жеткілікті» деген сөздер алып тасталсын; «қабылдауға» деген сөз «қолдануға, оның ішінде мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын басқа да ұйымдардан, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарынан алынған ақпаратты осы мақсат үшін пайдалануға» деген сөздермен ауыстырылсын; 7) тармақшадағы «орналастыруға міндетті.» деген сөздер «орналастыруға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) жəне 9) тармақшалармен толықтырылсын:

«8) уəкілетті органға жіберілетін есептерді Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында, өзінің интернетресурсында жария етуге; 9) пайдаланушылармен жасалған лицензиялық шарттар туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастыруға міндетті.»; 2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Авторлық жəне (немесе) сабақтас құқықтарды иеленушіден тиісті хабарламаны алған күннен бастап үш ай өткеннен кейін мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым олар көрсеткен құқықтарды жəне (немесе) объектілерді барлық пайдаланушылармен жасалған лицензиялық шарттардан алып тастауға жəне бұл жөніндегі ақпаратты Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында, өзінің интернет-ресурсында орналастыруға міндетті. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым авторлық жəне (немесе) сабақтас құқықтарды иеленушіге бұрын жасалған лицензиялық шарттарға сəйкес пайдаланушылардан алынған, оған тиесілі сыйақыны төлеуге жəне оған есеп беруге міндетті.»; 11) 46-2-бапта: 3-тармақтың екінші бөлігіндегі «барлық», «күнтізбелік алпыс күннен» деген сөздер тиісінше «бүкіл», «отыз жұмыс күнінен» деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақтың екінші сөйлеміндегі «күнтізбелік отыз күннен» деген сөздер «он жұмыс күнінен» деген сөздермен ауыстырылсын; 6-тармақтағы «шешім», «шешімі» деген сөздер тиісінше «қорытынды», «қорытындысы» деген сөздермен ауыстырылсын; 7-тармақта: екінші бөлікте: 1) тармақшадағы «бір» деген сөз «екі» деген сөзбен ауыстырылсын; 2) тармақшадағы «үш» деген сөз «сегіз» деген сөзбен ауыстырылсын; 4) тармақшадағы «болуын назарға алуға тиіс.» деген сөздер «болуын;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5), 6) жəне 7) тармақшалармен толықтырылсын: «5) ұйымның осы Заңның 46-бабында көзделген міндеттерді тиісінше орындауын; 6) басқа мемлекеттердің мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарына мүдделерді өзара білдіру туралы қолданыстағы шарттардың негізінде сыйақының тиісті сомаларының аударылғаны туралы растайтын құжаттардың болуын; 7) мемлекеттік бақылау жəне қадағалау органдарының лауазымды адамдарына қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіргені, сондай-ақ қаулыларды, нұсқамаларды жəне өзге де талаптарды орындамағаны үшін əкімшілік жауаптылыққа тарту фактілерін назарға алуға тиіс.»; үшінші бөліктің 2) тармақшасындағы «болмаған жағдайларда аккредиттеуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.» деген сөздер «болмаған;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) жəне 4) тармақшалармен толықтырылсын: «3) мемлекеттік бақылау жəне қадағалау органдарының лауазымды адамдарына қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіргені, сондай-ақ қаулыларды, нұсқамаларды жəне өзге де талаптарды орындамағаны үшін əкімшілік жауаптылыққа тартылған; 4) ұйым осы Заңның 46-бабында көзделген міндеттерді орындамаған жəне (немесе) тиісінше орындамаған жағдайларда аккредиттеуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.»; 12) 47-бапта: 1-тармақта: бірінші абзацтағы «31 наурызынан» деген сөздер «15 сəуірінен» деген сөздермен ауыстырылсын; 1), 2), 3), 4) жəне 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «1) мұндай ұйымның жарғысына жəне өзге де құрылтай құжаттарына енгiзiлген өзгерiстер; 2) мұндай ұйымның осыған ұқсас құқықтарды басқаратын шетелдiк ұйымдармен жасасқан екiжақты жəне көпжақты келiсiмдерi; 3) жалпы жиналыстың шешiмдерi; 4) талап етiлмеген сыйақылар туралы мəлiметтердi қоса алғанда, осындай ұйымның жылдық балансы, жылдық есебi, сондай-ақ аудиторлық есебі; 5) мұндай ұйымды білдіруге уəкілеттік берілген адамдардың тектерi.»; 2-тармақтағы «ұжымдық негiзде мүлiктiк құқықтарды», «ақпаратты» деген сөздер тиісінше «мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде», «ақпаратты жəне құжаттарды» деген сөздермен ауыстырылсын; 13) 47-1-баптың 7) тармақшасындағы «қолданбаған жағдайда қайтарып алуы мүмкін.» деген сөздер «қолданбаған;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын: «8) мемлекеттік бақылау жəне қадағалау органдарының лауазымды адамдарына қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіргені, сондай-ақ қаулыларды, нұсқамаларды жəне өзге де талаптарды орындамағаны үшін əкімшілік жауаптылыққа тартылған жағдайларда кері қайтарып алуы мүмкін.»; 14) 49-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «6) соттың қарап шешуі бойынша айқындалатын бір жүз айлық есептік көрсеткіштен он бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі сомада немесе туынды даналары құнының екі еселенген мөлшерінде немесе салыстырмалы мəн-жайлар кезінде əдетте туындыны құқыққа сыйымды түрде пайдаланғаны үшін алынатын бағаға негізделе отырып айқындалатын, туындыны пайдалану құқығы құнының екі еселенген мөлшерінде өтемақы төлеу арқылы жүзеге асырылады. Залалды өтеудің немесе кірісті өндiрiп алудың орнына өтемақы мөлшерiн сот айқындайды;». 5. «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республика сының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 19, 655-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2007 ж., № 5-6, 37-құжат; 2009 ж., № 24, 129-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 16-құжаттар; № 14, 95-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат): 1) 5-бапта: 4-тармақтағы «мемлекеттік тілде» деген сөздер «қазақ» деген сөзбен ауыстырылсын; 5-тармақтың екінші бөлігі «уəкілетті орган» деген сөздердің алдынан «агроөнеркəсіптік кешенді дамыту саласындағы» деген сөздермен толықтырылсын; 2) 8-бапта: 1-тармақта: екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Өтінім берушінің селекциялық жетістіктің мəнін өзгертпей, өтінім құжаттарына түзетулер мен нақтылауларды осы өтінім бойынша тиісті шешім қабылданғанға дейін енгізуге құқығы бар.»; мынадай мазмұндағы үшінші, төртінші жəне бесінші бөліктермен толықтырылсын: «Көрсетілген өзгерістер өтінім келіп түскен күннен бастап екі ай ішінде енгізілген кезде төлем алынбайды.

Қорғау құжатын алу құқығын басқаға беру кезінде өтінім берушіні көрсетуге қатысты өзгерістер немесе өтінім берушінің атауын өзгерту, сондай-ақ өтінім құжаттарындағы техникалық сипаттағы қателерді түзету тиісті төлем төленген кезде Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне тіркелген селекциялық жетістік туралы мəліметтер енгізілген күнге дейін жүргізілуі мүмкін. Сараптама ұйымы жоқ құжаттарды немесе түзетілген материалдарды сұрата алады, өтінім беруші оларды сұрау салу жөнелтілген күннен бастап екі ай мерзімде ұсынуға міндетті.»; 3-тармақтың бірінші сөйлеміндегі «Уəкiлеттi органның алдын ала жүргiзген сараптамасынан оң нəтиже алынған жағдайда», «шешім қабылданады» деген сөздер тиісінше «Алдын ала сараптаманың оң нəтижесін алған кезде уəкілетті орган», «шешім қабылдайды, бұл жөнінде өтінім беруші он жұмыс күні ішінде хабардар етіледі» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 10-бапта: 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Сұрып, тұқым патентке қабiлеттілік шарттарына сəйкес келген кезде, мемлекеттiк комиссия сұрыпты, тұқымды сипаттай отырып, қорытынды жасайды. Мемлекеттік комиссия қорытындысының негізінде уəкiлеттi орган он жұмыс күні ішінде селекциялық жетістікке патент беру туралы шешім шығарады, бұл жөнінде өтінім берушіге он жұмыс күні ішінде жазбаша хабарлама жіберіледі. Уəкiлеттi органның патент беру туралы шешiм қабылдағаны туралы хабарлама өтiнiм берушіге жiберiлген күннен бастап үш ай iшiнде өтiнiм беруші сараптама ұйымына патент беруге дайындағаны жəне жариялағаны үшiн тиiстi төлемді, сондай-ақ мемлекеттік баж төлемін растайтын құжатты ұсынады. Көрсетiлген құжаттар ұсынылмаған кезде, өткізіп алған мерзімді қалпына келтіру төлемі туралы құжат ұсынылған жағдайда, төлем мерзімі үш ай ішінде қалпына келтірілуі мүмкін. Керісінше жағдайда өтiнiм кері қайтарып алынды деп есептеледi, өтiнiм бойынша iс жүргiзу тоқтатылады, бұл жөнінде өтiнiм беруші қалпына келтіру мерзімі өткен күннен бастап он жұмыс күні ішінде хабардар етіледі.»; 5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «5. Егер сараптама жүргiзу барысында сұрыптың, тұқымның патентке қабiлеттілік талаптарына сай келмейтiндiгi анықталған жағдайда, уəкiлеттi орган мемлекеттiк комиссия қорытындысының негiзiнде он жұмыс күні ішінде патент беруден бас тарту туралы шешiм қабылдайды, бұл жөнінде өтiнiм берушiге он жұмыс күні ішінде жазбаша хабарлама жiберіледi.»; 4) 11-баптың 3-тармағындағы «ұйымдық» деген сөз «ұйымдастырушылық, материалдық (қаржылық)» деген сөздермен ауыстырылсын; 5) 12-бапта: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Автордың жеке мүліктік емес құқықтары иеліктен шығарылмайтын болып табылады жəне мерзімсіз қорғалады.»; 4-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Егер селекциялық жетістікті бiрнеше автор жасаса, ашса немесе шығарса, егер олардың арасындағы келiсiмде өзгеше белгіленбесе, сыйақы авторларға тең үлеспен төленеді.»; 6) 13-баптың бірінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) егер селекциялық жетiстiктi қызметкер қызметтік тапсырманы немесе қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде жасаса, ашса немесе шығарса, жұмыс берушiге берiледi.»; 7) 16-баптағы «сыйақы төлеу мен оларды», «айрық ша құқықтар», «мұрагерлiк» деген сөздер тиісінше «сыйақыға жəне оны», «айрықша құқық», «мирасқорлық» деген сөздермен ауыстырылсын; 8) 18-баптың 10-тармағында: бірінші бөлікте: 4) тармақша алып тасталсын; 5) тармақшадағы «шарттың бақылау данасын», «сараптама жасау» деген сөздер тиісінше «тіркелген шарттың үш данасын», «сараптама» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші бөліктегі «үшiншi жəне төртiншi даналары», «сараптама жасау» деген сөздер тиісінше «екі данасы», «сараптама» деген сөздермен ауыстырылсын; үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Сараптама ұйымы тіркелген шарттар бойынша соған қатысты шарт жасалатын өнеркəсіптік меншік объектісінің қорғау құжатына қосымшаны ресімдейді, тіркелген шарттың екі данасын жəне қорғау құжатына қосымшаны өтiнiште хат-хабар алысу үшін көрсетiлген мекенжай бойынша жібереді, тіркелген шарттар туралы мəліметтерді, атап айтқанда, шарттың тіркеу нөмірі мен күнін, шарт тараптарының атауын немесе толық деректерін, шарт нысанасын, шарттың қолданылу мерзімін, шарттың қолданылу аумағын бюллетеньде жариялайды.»; 9) мынадай мазмұндағы 21-1-баппен толықтырылсын: «21-1-бап. Селекциялық жетістікке патенттің қолданылуын қалпына келтіру. Соңынан пайдалану құқығы 1. Патентті күшінде ұстап тұрудың белгіленген мерзімінде төленбеуіне байланысты төлемнің белгіленген мерзімі өткен күннен бастап тоқтатылған селекциялық жетістікке патенттің қолданылуы патент иеленушінің өтінішхаты бойынша қалпына келтірілуі мүмкін. Мұндай өтінішхат патентті күшінде ұстап тұру үшін төлемнің белгіленген мерзімі өткен күннен бастап үш жыл ішінде патенттің қолданылуын қалпына келтіру төлемі туралы құжат ұсынылған кезде, бірақ осы Заңға сəйкес белгіленген патенттің қолданылу мерзімі өткенге дейін берілуге тиіс. Сараптама ұйымы патенттің қолданылуы қалпына келтірілгені туралы мəліметтерді бюллетеньде жариялайды, сондай-ақ оларды өзінің интернет-ресурсында орналастырады. Жариялау күні патенттің қолданылуын қалпына келтіру күні болып табылады. 2. Патенттелген селекциялық жетістікті патенттің қолданылуы тоқтатылған күн мен патенттің қолданылуы қалпына келтірілгені туралы мəліметтер бюллетеньде жарияланған күн арасындағы кезеңде Қазақстан Республикасы аумағында пайдалана бастаған не көрсетілген кезеңде осыған қажетті дайындықтарды жасаған кез келген тұлға патенттелген селекциялық жетістікті одан əрі өтеусіз пайдалану құқығын осындай пайдаланудың (соңынан пайдалану құқығы) көлемін кеңейтпестен сақтайды. Соңынан пайдалану құқығы басқа жеке немесе заңды тұлғаға осы селекциялық жетістікті пайдалану орын алған немесе осыған қажетті дайындықтар жасалған өндіріспен бірге берілуі мүмкін.»; 10) 22-1-баптың 2-тармағы жетінші бөлігінің бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын: «Осы тармақтың 1) жəне 2) тармақшаларында көрсетiлген қарсылықтарды берудiң өтiнiм берушi өткiзiп алған мерзiмi оның өтінішхаты бойынша қалпына келтіріледі.». (Жалғасы 12-бетте).


12

www.egemen.kz

(Жалғасы. Басы 11-бетте).

6. «Қазақстан Республикасының Патент Заңы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 20, 718-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2007 ж., № 5-6, 37-құжат; 2009 ж., № 15-16, 75-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 14, 95-құжат; 2014 ж., № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат): 1) 1-бапта: мынадай мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын: «2-2) еуразиялық патент – 1994 жылғы 9 қыркүйектегі Еуразиялық патент конвенциясына сəйкес берілген патент;»; 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «4) қорғау құжаттары – өнертабыстарға, өнеркəсiптiк үлгiлерге жəне пайдалы модельдерге осы Заңға сəйкес берiлген патенттер;»; 5) тармақша алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын: «7-1) өнеркəсіптік меншіктің қызметтік объектілері – қызметкер өзінің қызметтiк мiндеттерiн немесе жұмыс берушiнiң нақты тапсырмасын орындау кезiнде жасаған өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркəсіптік үлгілер;»; 2) 4-1-баптың 1-тармағында: «формуланың əрбір тəуелсіз тармағына мəні бойынша» деген сөздер «мəні бойынша, сондай-ақ формуланың əрбір тəуелсіз тармағына» деген сөздермен ауыстырылсын; «патенттік құжаттаманы (нөмірленген немесе атауы жазылған) іздестіруді;», «техника объектілері мен технологияларды патенттік тазалығы тұрғысынан зерттеуді; техника деңгейінің даму үрдістерін зерттеуді жəне талдауды; ғылыми зерттеулерді патенттікқұқықтық талдауды,» деген сөздер алып тасталсын; 3) 5-бапта: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Өнертабысқа, пайдалы модельге жəне өнеркəсiптiк үлгiге құқықтар патентпен қорғалады.»; 2-тармақта: бірінші бөліктің бірінші сөйлемі алып тасталсын; үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Патент өнеркəсіптік меншік объектісіне басымдықты, авторлықты жəне айрықша құқықты куəландырады.»; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Өнертабысқа патент өтiнiм берiлген күннен бастап жиырма жыл бойы қолданылады. Қолданылуы үшін Қазақстан Республикасының рұқсаттар жəне хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тəртіппен рұқсаттар алу талап етілетін дəрілік затқа, пестицидке (улы химикатқа) жататын өнертабысқа қатысты айрықша құқықтың жəне осы құқықты куəландыратын патенттің қолданылу мерзімі патент иеленушiнiң өтiнiшхаты бойынша, бiрақ бес жылдан аспайтындай етіп ұзартылуы мүмкiн. Көрсетілген мерзім бес жыл шегеріле отырып, өнертабысқа патент беруге өтінім берілген күннен бастап өнертабысты қолдануға алғаш рұқсат алынған күнге дейінгі өткен уақытқа ұзартылады. Пайдалы модельге патент өтінiм берiлген күннен бастап бес жыл бойы қолданылады. Оның қолданылу мерзiмi патент иеленушiнiң өтiнiшхаты бойынша, бірақ үш жылдан аспайтындай етіп ұзартылуы мүмкiн. Өнеркəсiптiк үлгiге патент өтiнiм берiлген күннен бастап он бес жыл бойы қолданылады. Оның қолданылу мерзiмi патент иеленушiнiң өтiнiшхаты бойынша, бірақ бес жылдан аспайтындай етіп ұзартылуы мүмкiн. Өнертабысқа, пайдалы модельге жəне өнеркəсiптiк үлгiге патенттiң қолданылу мерзiмiн ұзарту тəртiбiн уəкiлеттi орган белгiлейдi.»; 4) 7-баптың 1-тармағында: бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «1. Адамдарды немесе жануарларды емдеудің диагностикалық, терапиялық жəне хирургиялық тəсілдерін қоспағанда, өнімге (құрылғыға, затқа, микроорганизмнің штаммына, өсімдіктер немесе жануар лар жасушаларының көбеюіне), тəсілге (материалдық объектіге қатысты əрекеттерді материалдық құралдардың көмегімен жүзеге асыру процесіне), сондай-ақ белгілі өнімді немесе тəсілді жаңа мақсат бойынша не жаңа өнімді белгілі бір мақсат бойынша қолдануға жататын, кез келген саладағы техникалық шешімдер пайдалы модельге жатады.»; төртінші бөліктегі «Қазақстан Республикасына басқа адамдардың пайдалы модельдерге жəне өнертабыстарға (қайтарып алынғаннан басқа) берген өтiнiмдерi» деген сөздер «Қазақстан Республикасында пайдалы модельдерге жəне өнертабыстарға (қайтарып алынғаннан басқа) берілген өтiнiмдер» деген сөздермен ауыстырылсын; 5) 8-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Бұйымның сыртқы түрiн айқындайтын өнеркəсіптік немесе қолөнер кəсібі өндірісі бұйымының көркем-конструкторлық шешiмі өнеркəсiптiк үлгiге жатады. Өнеркəсiптiк үлгiге, егер ол жаңа, бiрегей болып табылса, құқықтық қорғау берiледi. Өнеркəсiптiк үлгi, егер бұйымның бейнелерінде көрініс тапқан жəне өнеркəсіптік үлгінің маңызды белгілерінің тізбесінде келтірілген оның маңызды белгілерінің жиынтығы өнеркəсіптік үлгіге басымдық берілген күнге дейін əлемде жалпы жұртқа қолжетімді болған мəліметтерден белгілі болмаса, жаңа болып табылады. Өнеркəсіптік үлгінің жаңалығын белгілеу кезінде Қазақстан Республикасында басқа тұлғалар бірдей өнеркəсіптік үлгілерге бұрын берген, кері қайтарып алынбаған өтінімдер, сондай-ақ Қазақстан Республикасында патенттелген өнеркəсіптік үлгілер (оларға басымдық берілген күннен бастап) ескеріледі. Өнеркəсіптік үлгі, егер оның маңызды белгілері бұйым ерекшеліктерінің шығармашылық сипатын айқындаса, бірегей деп танылады.»; 6) 9-баптың 4-тармағы алып тасталсын; 7) 10-бапта: 1-тармақтың 3) тармақшасындағы «олардың құқықтық мирасқорына (құқықтық мирасқорларына)», «беру» деген сөздер тиісінше «құқықтық мирасқорға (құқықтық мирасқорларға)», «басқаға беру» деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақтағы «қызметтік өнертабысқа» деген сөздер «өнеркəсіптік меншіктің қызметтік объектілеріне» деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақта: бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «3. Егер автор мен жұмыс беруші арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, автор өзінің қызметтік міндеттерін немесе жұмыс берушінің нақты тапсырмасын орындаумен байланысты емес, бірақ жұмыс берушінің ақпаратын, сондай-ақ техникалық немесе өзге де материалдық құралдарын пайдалана отырып жасаған өнертабысқа, пайдалы модельге немесе өнеркəсіптік үлгіге қорғау құжатын алу құқығы авторға тиесілі болады.»; екінші бөлікте: «Егер қызметтік өнертабыс», деген сөздер «Егер өнеркəсіптік меншіктің қызметтік объектісі» деген сөздермен ауыстырылсын; «осы адамның көрсетілген қызметтік өнертабысқа» деген сөздер «мұндай адамның осы өнеркəсіптік меншіктің қызметтік объектісіне» деген сөздермен ауыстырылсын; үшінші бөліктегі «қызметтік өнертабыстарды», «жұмыс берушілердің көрсетілген өнертабысқа» деген сөздер тиісінше «өнеркəсіптік меншіктің қызметтік объектілерін», «осы жұмыс берушілердің өнеркəсіптік меншіктің қызметтік объектілеріне» деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақта:

бірінші бөліктегі «Қызметтік өнертабыс», «қызметтік өнертабысты» деген сөздер тиісінше «Өнеркəсіптік меншіктің қызметтік объектісі», «өнеркəсіптік меншіктің қызметтік объектісін» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші бөлікте: бірінші абзацтағы «қол қоюға» деген сөздер «қол қояды» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) жəне 4) тармақшалардағы «қызметтік өнертабыстың», «өнертабыстың», «бағалауға жеткілікті толық жасалған сипаттамасы» деген сөздер тиісінше «өнер кəсіптік меншіктің қызметтік объектісінің», «өнеркəсіптік меншік объектісінің», «бағалау үшін жеткілікті түрде толық жасалған сипаттама» деген сөздермен ауыстырылсын; үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Жұмыс беруші автор (авторлар) берген өнеркəсіптік меншіктің қызметтік объектісінің жасалғаны туралы хабарламаны оны берген күні қабылдауға жəне тіркеуге міндетті, бұл жөнінде авторға (авторларға) жазбаша нысанда хабарланады.»; төртінші бөліктің бірінші сөйлеміндегі «қызметтік өнертабыс» деген сөздер «өнеркəсіптік меншіктің қызметтік объектісі» деген сөздермен ауыстырылсын; 5-тармақта: бірінші бөліктегі «қызметтік өнертабыстың» деген сөздер «өнеркəсіптік меншіктің қызметтік объектісінің» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Егер өнеркəсіптік меншіктің қызметтік объектісінің жасалу фактісін жұмыс беруші анықтаса, онда ол бұл жөнінде авторды жазбаша нысанда хабардар етуге міндетті. Бұл ретте, егер өнеркəсіптік меншіктің қызметтік объектісіне қорғау құжатын алу құқығы жұмыс берушіге тиесілі болса, жұмыс беруші авторды өзінің тиісті өтінімді ресімдеуді бастағаны туралы хабардар етуге тиіс, ал автор жұмыс берушінің талап етуі бойынша өнеркəсіптік меншіктің қызметтік объектісіне өтінімді ресімдеу үшін қажетті қосымша ақпаратты жəне барлық авторлардың тізімін жазбаша нысанда ұсынуға тиіс.»; 6-тармақта: «Жұмыс беруші қорғау құжатын алуға» деген сөздер «Жұмыс беруші өнеркəсіптік меншіктің қызметтік объектісіне қорғау құжатын алудан оларды беруге» деген сөздермен ауыстырылсын; «оны алуға не қорғау құжатын күшінде ұстап тұруға мүдделі болмаған» деген сөздер «не қорғау құжатын күшінде ұстап тұрудан бас тартқан» деген сөздермен ауыстырылсын; «қорғау құжатын алуға құқықты не алынған қорғау құжатын авторға уақытылы жəне» деген сөздер «бұл жөнінде авторды уақтылы жазбаша нысанда хабардар етуге жəне авторға қорғау құжатын алу құқығын не алынған қорғау құжатын» деген сөздермен ауыстырылсын; 7-тармақта: бірінші сөйлемде: «жасалған өнеркəсіп меншігі объектісі туралы» деген сөздер алып тасталсын; «өтінім» деген сөздің алдынан «өнеркəсіптік меншіктің қызметтік объектісіне қорғау құжатын беруге» деген сөздермен толықтырылып, «адамға» деген сөз «тұлғаға» деген сөзбен ауыстырылсын; екінші сөйлемде орыс тіліндегі мəтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мəтін өзгермейді; 8-тармақтағы «екінші тарапқа бұл туралы», «қызметтік өнертабысқа» деген сөздер тиісінше «бұл жөнінде екінші тарапты», «өнеркəсіптік меншіктің қызметтік объектісіне» деген сөздермен ауыстырылсын; 9-тармақта: бірінші сөйлемдегі «Қызметтік өнертабыс», «келісіммен белгіленеді» деген сөздер тиісінше «Өнеркəсіптік меншіктің қызметтік объектісі», «келісімде айқындалады» деген сөздермен ауыстырылсын; үшінші сөйлемдегі «қызметтік өнертабысты» деген сөздер «өнеркəсіптік меншіктің қызметтік объектісін» деген сөздермен ауыстырылсын; 8) 11-бапта: 6-тармақта: бірінші бөліктің бірінші сөйлеміндегі «кез келген» деген сөз алып тасталсын; екінші бөліктегі «өзгеге беру шарты мен оны алуға құқықты өзгеге беру», «жасау ұйымы», «сараптау» деген сөздер тиісінше «басқаға беру», «ұйымы», «сараптама» деген сөздермен ауыстырылсын; үшінші бөлік алып тасталсын; 12-тармақтың бірінші, екінші жəне үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын: «12. Шартты тіркеу туралы шешім шығарылғаннан кейін уəкілетті орган: 1) шарттың титулдық парағына тiркеу күнiн жəне оның тiркеу нөмiрiн көрсете отырып, оның тiркелгенi туралы мөртабан басады; 2) шарт туралы мəлiметтердi тiркелген шарттардың тiзiлiмiне енгізедi; 3) шартты тіркеу туралы мəліметтерді жариялау үшін тіркелген шарттың үш данасын қорытындымен бірге сараптама ұйымына жібереді. Сараптама ұйымы тіркелген шарттар бойынша соған қатысты шарт жасалатын өнеркəсіптік меншік объектісінің қорғау құжатына қосымшаны ресімдейді, өтініште хат-хабар алмасу үшін көрсетілген мекенжай бойынша тіркелген шарттың екі данасын жəне қорғау құжатына қосымшаны жібереді, тіркелген шарттар туралы мəліметтерді, атап айтқанда, шарттың тіркеу нөмірі мен күнін, шарт тараптарының атауын немесе толық деректерін, шарт нысанасын, шарттың қолданылу мерзімін, шарттың қолданылу аумағын бюллетеньде жариялайды. Шарттың екі данасы тиісінше уəкілетті орган мен сараптама ұйымында сақталады жəне бақылау даналары болып табылады.»; 13 жəне 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «13. Қорғау құжатын басқаға беру шарты уəкілетті органда тiркелген күнінен бастап күшiне енедi.»; «15. Патент иеленушi қорғау құжатын күшiнде ұстап тұру үшiн жыл сайын өтінім берген күнге сəйкес келетін күні төлем жүргізуге мiндеттi. Қорғау құжатын күшiнде ұстап тұру үшiн алғашқы төлем қорғау құжатын беру туралы мəліметтер жарияланған күннен бастап екі ай мерзімде жүргізіледі жəне өтінім берілген күннен бастап алдындағы жылдар үшін төлемді қамтиды.»; мынадай мазмұндағы 16-тармақпен толықтырылсын: «16. Еуразиялық патентті Қазақстан Республикасының аумағында күшінде ұстап тұру үшін баж мөлшерін уəкілетті орган белгілейді.»; 9) 13-бапта: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Өнеркəсiптiк меншiк объектiсiн басымдық берiлген күннен кейін, бiрақ өнертабысқа, өнеркəсiптiк үлгiге немесе пайдалы модельге патент беру туралы мəлiметтер жарияланған күнге дейiн пайдалана бастаған тұлға патент иеленушiнiң талабы бойынша одан əрi пайдалануды тоқтатуға міндетті. Алайда, мұндай тұлға патент иеленушiге мұндай пайдалану нəтижесiнде өзі келтірген залалды өтеуге мiндетті емес.»; 4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Тараптар істі татуласу келісімімен немесе дауды (жанжалды) медиация тəртібімен реттеу туралы келісіммен аяқтауы мүмкін, оларға тараптар қол қояды жəне оларды сот бекітеді.»; 10) 14-бапта: 3-тармақтың бірінші бөлігіндегі «ерекше емес лицензияны (қосалқы лицензиялық шарт) басқа адамға (қосалқы лицензиатқа) беру туралы шарт лицензиялық шартта қарастырылған» деген сөздер «құқығына лицензияны басқа тұлғаға (қосалқы лицензиатқа) беруі туралы шарт (қосалқы лицензиялық шарт) лицензиялық шартта көзделген» деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақта:

10 сəуір 2015 жыл

бірінші бөліктің бірінші сөйлемі «қосалқы лицензиялық шарт» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ оған қосымша келісім» деген сөздермен толықтырылып, «ол» деген сөз алып тасталсын; үшінші бөлік «қосалқы лицензиялық шартты» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ оған қосымша келісімді» деген сөздермен толықтырылсын; 5-тармақтың үшінші бөлігінің бірінші сөйлеміндегі «өтiнiшi» деген сөзден кейін «кері қайтарып алуға жатпайды жəне» деген сөздермен толықтырылсын; 11) 16-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «мемлекеттік тiлде немесе орыс тiлiнде», «мемлекеттiк, орыс немесе басқа тiлде», «мемлекеттiк тiлдегi» деген сөздер тиісінше «қазақ немесе орыс тiлiнде», «қазақ, орыс тілдерінде немесе басқа тiлде», «қазақ» деген сөздермен ауыстырылсын; 12) 18-баптың 3-тармағында: «сараптама жасау ұйымына пайдалы модельге патент беру туралы өтiнiм түскен күнi бойынша белгiленедi, онда тегi, есiмi, əкесiнiң аты (егер ол болса) көрсетiлуi немесе арыз берушiнiң толық атауы, сипаттамасы, формуласы жəне сызбасы болуы керек» деген сөздер «өтінім берушінің тегi, аты, əкесiнiң аты (ол болған кезде) немесе толық атауы көрсетіле отырып, пайдалы модельге патент беру туралы өтінішті, сипаттама мен сызбаларды қамтитын өтiнiм сараптама ұйымына келіп түскен күні бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын; «түскен күнi көрсетiлiп» деген сөздер «келіп түскен күн бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын; 13) 19-баптың тақырыбындағы жəне мəтініндегі «Өнеркəсiп үлгiсiне», «өнеркəсiп үлгiсiне», «өнеркəсiп үлгiсi», «өнеркəсiп үлгiсiнiң», «өзара байланыстылығы өнеркəсiп үлгiсiнiң бiрлiгi талабын қанағаттандыратын өнеркəсiп үлгiлерi» деген сөздер тиісінше «Өнеркəсiптік үлгiге», «өнеркəсiптік үлгiге», «өнеркəсiптік үлгi», «өнеркəсiптік үлгiнiң», «өзара байланыстылығы соншалық, олар біртұтас шығармашылық ойды (өнеркəсiптік үлгiнiң бiрлігі талабын) құрайтын өнеркəсiптік үлгiлер» деген сөздермен ауыстырылсын; 14) 21-бапта: 1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «1. Тиiстi шешiм қабылданғанға дейiн өтiнiм берушiнiң сараптама ұйымына тиісті өтінішхат беру арқылы өтiнiм құжаттарына мəлімделген объектiнiң мəнiн өзгертпей түзетулер мен нақтылаулар, сондай-ақ қорғау құжатын алуға құқықты беру кезінде өтінім берушіні көрсетуге қатысты өзгерістер енгiзуге құқығы бар.»; 2-тармақтағы «Өтінім берушінің қорғау құжатын алу құқығын беру кезiндегi нұсқауына қатысты немесе өтінім беруші атауының өзгеруі нəтижесіндегі» деген сөздер «Өтінім берушінің атауының өзгеруі нəтижесінде өтінім берушіні көрсетуге қатысты» деген сөздермен ауыстырылсын; 15) 22-бапта: 9-тармақта: екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Сараптама ұйымының қорытындысы негiзiнде уəкiлеттi орган он жұмыс күні ішінде өнертабысқа патент беру туралы шешiм шығарады.»; мынадай мазмұндағы үшінші жəне төртінші бөліктермен толықтырылсын: «Уəкілетті органның өнертабысқа патент беру туралы шешімінің негізінде сараптама ұйымы он жұмыс күні ішінде өтінім берушіге сараптама ұйымының қорытындысын жəне қорғау құжатын беру үшін баж төлеу қажеттілігі туралы хабарлама жібереді. Өтінім берушіге уəкілетті органның патент беру туралы шешім қабылдағаны туралы хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай ішінде өтінім беруші сараптама ұйымына патентті беруге дайындағаны жəне жариялағаны үшін тиісті төлемді, сондай-ақ мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжатты ұсынады. Көрсетілген құжаттар ұсынылмаған кезде өткізіп алған мерзімді қалпына келтіру төлемінің төленгені туралы құжат ұсынылған жағдайда төлем мерзімі үш ай ішінде қалпына келтірілуі мүмкін. Керісінше жағдайда өтінім кері қайтарып алынды деп есептеледі, өтінім бойынша іс жүргізу тоқтатылады, бұл жөнінде өтінім беруші қалпына келтіру мерзімі өткен күннен бастап бір ай мерзімде хабардар етіледі.»; 11-тармақта: бірінші сөйлемдегі «сараптама жасау», «инновациялық патент» деген сөздер тиісінше «сараптама», «пайдалы модельге патент» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші сөйлемдегі «22-1» деген цифрлар «23» деген цифрлармен ауыстырылсын; 13-тармақта: бірінші бөліктегі «дəлелдi себептерiнiң болғаны жəне» деген сөздер алып тасталып, «ақысының», «сараптама жасау» деген сөздер тиісінше «төлемінің», «сараптама» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші бөліктің екінші сөйлеміндегі «өтiнiш сараптама жасау ұйымына сараптаманың сұратылған құжаттарымен немесе шағым кеңесiне жасалған қарсылықпен бiрге тапсырылады» деген сөздер «өтiнiшхат сараптама ұйымына сараптамаға сұратылған материалдармен, төлем туралы құжаттармен немесе апелляциялық кеңеске қарсылықпен бiр мезгілде ұсынылады» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: «Сұрау салуға жауап қайтару немесе осы баптың 3 жəне 8-тармақтарында көзделген қосымша материалдарды ұсыну мерзімдері – төлем төленген жағдайда, өтінім берушінің белгіленген мерзім өткенге дейін берген өтінішхаты бойынша белгіленген мерзім өткен күннен бастап алты айға дейінгі мерзімге, ал осы баптың 10-тармағында көзделген қарсылықтар беру мерзімдері белгіленген мерзім өткен күннен бастап үш айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.»; мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын: «13-1. Өтінім берушінің өтінішхаты бойынша өнертабысқа патент беруге арналған өтінімге сараптама, егер мəлімделетін өнертабыс патенттеудің қолайлы шарттары көзделген объектілерге жататын болса, жеделдетілген түрде жүргізіледі. Сараптаманы жеделдетіп жүргізу өтінім беруші осы баптың 1, 1-1, 2, 3, 4, 5, 7 жəне 8-тармақтарында көрсетілген талаптарды сақтаған кезде алты ай ішінде: 1) əдеттегі сараптаманың; 2) ақпараттық іздестірудің; 3) мəні бойынша сараптаманың жүргізілуін қамтиды. Патенттеудің қолайлы шарттары көзделген объектілер тізбесін уəкілетті орган айқындайды.»; 16) 22-1-бап алып тасталсын; 17) 23-бапта: 1-тармақта: бірінші бөлікте: бірінші сөйлемдегі «жасау ұйымына», «1) – 4) тармақшаларында», «құжаттардың» деген сөздер тиісінше «ұйымына», «1), 2 жəне 4) тармақшаларында», «өтінім құжаттарының» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші сөйлемдегі «1) – 4) тармақшаларының», «сараптама жасау» деген сөздер тиісінше «1), 2), 3) жəне 4) тармақшаларының», «сараптама» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші бөліктегі «өтiнiмнiң» деген сөз «пайдалы модельдің» деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақта: бірінші бөліктегі «2-4 жəне» деген сөздер «2, 3, 4 жəне» деген сөздермен ауыстырылсын; үшінші бөліктегі «жасау ұйымының», «он күн мерзімде» деген сөздер тиісінше «ұйымының», «он жұмыс күн ішінде» деген сөздермен ауыстырылсын; төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Сараптама ұйымының қорытындысы негізінде уəкілетті орган он жұмыс күн ішінде пайдалы модельге патент беру туралы шешім шығарады.»;

мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын: «Уəкілетті органның пайдалы модельге патент беру туралы шешімінің негізінде сараптама ұйымы он жұмыс күні ішінде өтінім берушіге сараптама ұйымының қорытындысын жəне қорғау құжатын беру үшін баж төлеу қажеттілігі туралы хабарлама жібереді.»; бесінші бөлікте: екінші сөйлемдегі «ұсынылмаған жағдайда төлем мерзімі» деген сөздер «ұсынылмаған кезде өткізіп алған мерзімді қалпына келтіру төлемі туралы құжат ұсынылған жағдайда, төлем мерзімі» деген сөздермен ауыстырылсын; үшінші сөйлемдегі «Олай болмаған жағдайда өтiнiм қайтарып алынған болып есептеледi, өтiнiм бойынша iс жүргiзу тоқтатылады, бұл туралы өтiнiш беруші» деген сөздер «Керісінше жағдайда өтiнiм кері қайтарып алынды деп есептеледi, өтiнiм бойынша iс жүргiзу тоқтатылады, бұл жөнінде өтiнiм беруші қалпына келтіру мерзімі өткен күннен бастап бір ай мерзімде» деген сөздермен ауыстырылсын; 18) 24-бапта: 2-тармақтың үшінші бөлігінде: «берiлмеген» деген сөз «кері қайтарып алынған» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын; «Бұл мерзім тиісті төлем төленген жағдайда, бірақ үш айдан аспайтындай етіп ұзартылуы мүмкін.»; мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: «2-1. Өнеркəсіптік үлгінің бірлігі талаптары бұзыла отырып берілген өтінім бойынша өтінім берушіге тиісті хабарлама жіберілген күннен бастап оған үш ай мерзімде өнеркəсіптік үлгінің қайсысы қаралуға жататынын хабарлау жəне қажет болған кезде өтінім құжаттарына нақтылауды енгізу ұсынылады. Бастапқы өтінім материалдарына енгізілген басқа да өнеркəсіптік үлгілер бөлектелген өтінімдермен ресімделуі мүмкін. Бөлектелген өтінімдердің басымдығы осы Заңның 20-бабының 5-тармағына сəйкес белгіленеді. Егер өтінім беруші өзіне бірлік талаптарының бұзылғаны туралы хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай мерзімде өнеркəсіптік үлгілердің қайсысы қаралуға жататынын хабарламаған жəне нақтыланған құжаттарды ұсынбаған жағдайда, сипаттамада бірінші көрсетілген объектіні, сондай-ақ біріншісімен байланыстылығы өнеркəсіптік үлгінің бірлік талабын қанағаттандыратындай басқа да өнеркəсіптік үлгілерді қарау жүргізіледі.»; 4-тармақтың үшінші бөлігі мынадай мазмұндағы үшінші сөйлеммен толықтырылсын: «Бұл мерзім тиісті төлем төленген жағдайда, бірақ үш айдан аспайтындай етіп ұзартылуы мүмкін.»; 5-тармақта: екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Сараптама ұйымының қорытындысы негiзiнде уəкiлеттi орган он жұмыс күні ішінде өнеркəсiптiк үлгiге патент беру туралы шешiм шығарады.»; мынадай мазмұндағы үшінші жəне төртінші бөліктермен толықтырылсын: «Уəкілетті органның өнеркəсіптік үлгіге патент беру туралы шешімінің негізінде сараптама ұйымы он жұмыс күні ішінде өтінім берушіге сараптама ұйымының қорытындысын жəне қорғау құжатын беру үшін баж төлеу қажеттілігі туралы хабарлама жібереді. Уəкiлеттi органның патент беру туралы шешiм қабылдағаны туралы хабарлама өтiнiм берушіге жiберiлген күннен бастап үш ай iшiнде өтiнiм беруші сараптама ұйымына патент беруге дайындағаны жəне жариялағаны үшін тиiстi төлемді, сондай-ақ мемлекеттік баж төлемін растайтын құжатты ұсынады. Көрсетiлген құжаттар ұсынылмаған кезде өткізіп алған мерзімді қалпына келтіру төлемі туралы құжат ұсынылған жағдайда, төлем мерзімі үш ай ішінде қалпына келтірілуі мүмкін. Керісінше жағдайда, өтiнiм кері қайтарып алынды деп есептеледi, өтiнiм бойынша iс жүргiзу тоқтатылады, бұл жөнінде өтiнiм беруші қалпына келтіру мерзімі өткен күннен бастап бір ай мерзімде хабардар етіледі.»; 8-тармақтың бірінші бөлігінде: «Сараптама жасау ұйымы осы баптың 3 жəне 4-тармақтарында» деген сөздер «Осы баптың 2, 3 жəне 4-тармақтарында» деген сөздермен ауыстырылсын; «дəлелдi себептер болған жəне өткiзiп алынған мерзiмдi қалпына келтiруге ақы төленгенi туралы құжат табыс етiлген жағдайда» деген сөздер «өткiзiп алған мерзiмдi қалпына келтiру төлемi туралы құжат ұсынылған кезде сараптама ұйымы» деген сөздермен ауыстырылсын; 19) 26-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Сараптама ұйымы өнертабысқа патент беру туралы мəлiметтердi өтiнiм берiлген күннен бастап – он сегiз ай өткеннен кейін, ал пайдалы модельге жəне өнеркəсiптiк үлгiге патент беру туралы мəлiметтердi он екi ай өткеннен кейін бюллетеньде жариялайды. Өтiнiм берушiнiң өтiнiшхаты бойынша сараптама ұйымы мəлiметтердi көрсетiлген мерзiмнен ерте жариялайды.»; 20) 30-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Апелляциялық кеңес шешiмiнiң немесе сот шешiмiнiң негiзiнде қорғау құжаты толық немесе iшiнара жарамсыз деп танылады. Қорғау құжаты ішінара жарамсыз деп танылған жағдайда өнертабыстың қалған қорғауға қабілетті объектісіне, өнертабыстың, пайдалы модельдің немесе өнеркəсіптік үлгінің нұсқасына жаңа патент беріледі. Толық немесе ішінара жарамсыз деп танылған, өнертабысқа, пайдалы модельге немесе өнеркəсіптік үлгіге патент патентке өтінім берілген күннен бастап күшін жояды. Кейіннен жарамсыз деп танылған патент негізінде жасалған лицензиялық шарттар патенттің жарамсыздығы туралы шешім шығарылған кезге орындалған деңгейде күшін сақтайды. Патентті жарамсыз деп тану уəкілетті органның өнертабысқа, пайдалы модельге немесе өнеркəсіптік үлгіге патент беру туралы шешімінің күшін жоюды жəне тиісті мемлекеттік тізілімдегі жазбаның күшін жоюды білдіреді.»; 21) 31-баптың 1-тармағында: бірінші бөлікте: «өтiнiшi бойынша патенттi күшiнде сақтау үшiн төленетiн төлемнiң мерзiмi бiткен күннен бастап үш жыл iшiнде, патенттiң қолданылуын қалпына келтiруге төлем туралы құжат берiлген жағдайда» деген сөздер «өтiнiшхаты бойынша патенттi күшiнде ұстап тұру үшiн төленетiн төлемнiң мерзiмi өткен күннен бастап үш жыл iшiнде» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын: «Қалпына келтіру туралы өтінішхатқа патенттің қолданылуын қалпына келтiруге құжаттарды дайындағаны үшін жəне төлем мерзімі өтіп кеткен қолданылу кезеңінде оны күшінде ұстап тұру үшін төлемді растайтын құжат қоса беріледі.»; екінші бөліктің бірінші сөйлеміндегі «Сараптама жасау ұйымы бюллетеньде патенттiң қолданылуын қалпына келтiру туралы мəлiметтер» деген сөздер «Сараптама ұйымы қалпына келтіру туралы өтінішхат берілген күннен бастап екі айдан кешіктірмей патенттiң қолданылуын қалпына келтiру туралы мəлiметтерді бюллетеньде» деген сөздермен ауыстырылсын; 22) 32-бапта: 1-тармақтың бірінші сөйлемінде: «22-1-бабының 6-тармағына,» деген сөздер алып тасталсын; «23-бабының 3-тармағына» деген сөздерден кейін «, 24-бабының 6-тармағына» деген сөздермен толықтырылсын; 2-тармақта: бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Апелляциялық кеңеске мынадай: 1) уəкілетті органның өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркəсіптік үлгіге патент беруден бас тарту туралы шешімдеріне (сараптама ұйымының қорытындысына); 2) өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркəсіптік үлгіге патент беруге қарсы, еуразиялық патенттің қолданылуына қарсы қарсылықтар берілуі мүмкін.»; жетінші бөлікте: бірінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын: «Осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген қарсылықтарды берудiң өтiнiм берушi өткiзiп алған мерзiмі өтiнiм берушiнің өтiнiшхаты бойынша осы Заңда белгіленген мерзімдер ішінде қалпына келтіріледi.»; екінші сөйлем алып тасталсын; 23) 36-1-бапта: 1-тармақта: 3) тармақшадағы «сараптама жасау», «шешімдеріне» деген сөздер тиісінше «сараптама», «қорытындыларына» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «4) басқаға беру шарттарын, лицензиялық (қосалқы лицензиялық) шарттарды жəне оларға қосымша келісімдерді жасауға, қарауға жəне кейіннен сараптамаға беруге жəрдемдесу қызметін жүзеге асыруға құқылы.»; 3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «3. Өнертабыстарға, пайдалы модельдерге жəне өнеркəсіптік үлгілерге өтінімдер берумен жəне (немесе) қорғау құжаттарын алумен, сондай-ақ апелляциялық кеңеске қарсылықтар берумен байланысты істерді жүргізуге патенттік сенiм білдірілген өкіл сенімхаттың көшірмесін сараптама ұйымына жəне уəкілетті органға ұсынады.». 7. «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары жəне тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» 1999 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 21, 776-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2007 ж., № 5-6, 37-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 14, 95-құжат): 1) 1-бапта: мынадай мазмұндағы 1-1), 1-2) жəне 1-3) тармақшалармен толықтырылсын: «1-1) айырғысыз дəрежеге дейін ұқсас белгілер – жекелеген элементтерінің айырмашылығы бар жəне тұтынушы ұқсастық тұрғысында бірдей деп қабылдайтын ұқсас белгілер немесе белгілемелер; 1-2) бірдей тауар белгілері – барлық элементтері сəйкес келетін белгілер немесе белгілемелер; 1-3) бiртектес тауарлар немесе көрсетілетін қызметтер – бір функцияны орындайтын, бір тектеске (түрге) жататын, тауарларда бiрдей немесе ұқсас белгілерді қолданған кезде тұтынушыда олардың бір өндірушіге тиесілі екені туралы пікір тудыруы мүмкін тауарлар немесе көрсетілетін қызметтер;»; 3) тармақшадағы «географиялық объектінің атауы – бұл» деген сөздер «географиялық көрсеткіш –» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын: «6-1) Сингапур шарты – 2006 жылғы 27 наурыздағы Тауар таңбалары жөніндегі заңдар туралы Сингапур шарты;»; 9) тармақшадағы «таңбасын», «таңбасының», «белгiсі», «тауар таңбасына құқықты беру, сондай-ақ» деген сөздер тиісінше «белгісін», «белгісінің», «белгiлемесi», «сондай-ақ» деген сөздермен ауыстырылсын; 10) тармақшадағы «таңбасының», «кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, осы Заңға сəйкес тауар таңбасына», «заңды тұлға немесе жеке тұлға» деген сөздер тиісінше «белгісінің», «осы Заңға сəйкес тауар белгісіне», «жеке немесе заңды тұлға» деген сөздермен ауыстырылсын; 11) тармақшада: «объектінің», «белгі» деген сөздер тиісінше «көрсеткіштің», «белгілеме» деген сөздермен ауыстырылсын; «шығу тегімен» деген сөздер «шыққан жерімен» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 2-баптың тақырыбындағы жəне 1-тармағындағы «таңбалары», «заңдары осы» деген сөздер тиісінше «белгілері», «заңнамасы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 3-баптың 2-тармағында: 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «2) тауар белгілерін жəне тауар шығарылған жерлердiң атауларын тіркеу;»; 2-4) тармақшадағы «таңбасын», «немесе қосалқы лицензиялық шартты» деген сөздер тиісінше «белгісін», «, қосалқы лицензиялық шартты, кешенді кəсіпкерлік лицензия шартын жəне кепіл шартын» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) 3-1-бапта: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Ұжымдық тауар белгісін тіркеуге өтінім қабылдауды; əдеттегі сараптама жүргізуді; өтінім материалдарына өзгерістер мен түзетулер енгізуді; өтінім берушінің бастамасы бойынша тауар белгісіне өтінімдерді сыныптар бойынша бөлуді; тауар белгісіне өтінімді ұжымдық тауар белгісіне қайта өзгертуді жəне керісінше өзгертуді; Мадрид келісіміне сəйкес халықаралық өтінімді қабылдауды; тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің халықаралық жіктемесіне сəйкес тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесін дайындауды; халықаралық өтінімге өзгерістер енгізу туралы өтінішті салып жіберуді, ресімдеуді; үшеуден асатын əрбір сынып үшін қосымша өтінімге сараптама жүргізуді; өтінім берілген күннен бастап алты айдан кейін толық сараптаманы жедел əрі жылдамдатып жүргізуді; тіркеуден алдын ала бас тарту туралы шешімге қарсылықтарды қарауды; сараптама шешіміне қарсылық беру мерзімін əрбір айға ұзартып отыруды; сұрау салуға жауап қайтару мерзімін əрбір айға ұзартып отыруды; сұрау салуға жауап қайтарудың, төлемнің, қарсылық берудің өтінім беруші өткізіп алған мерзімін қалпына келтіруді; тіркеу туралы мəліметтерді жариялауды; қорғалатын тауар белгілерінің, қызмет көрсету белгілерінің жəне тауар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімдеріне өзгерістер енгізуді; тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығына арналған тіркеудің, тауар белгісіне арналған жəне үшеуден асатын əрбір сынып үшін қосымша тіркеудің қолданылу мерзімін ұзартуды; ұзарту туралы мəліметтерді жариялауды; кепіл шартына, бір немесе бір топ өнеркəсіптік меншік объектілеріне қатысты кешенді кəсіпкерлік лицензия беру туралы шартқа сараптама жүргізуді; қосымша келісімдерге сараптаманы жəне шарттарды тіркеу туралы мəліметтерді жариялауды; мемлекеттік тізілімнен үзінді көшірмелер, анықтамалар беруді; тауар белгілерінің дерекқорындағы белгілемелерді жəне іздестіру туралы есепті ұсына отырып, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің көрсетілген сыныптарына қатысты тіркеуге мəлімделген белгілемелерді алдын ала іздестіруді жүргізуді; баспа жəне электрондық басылымдарды өткізуді жəне жариялауды қоса алғанда, тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілері мен тауар шығарылған жерлердің атауларын тіркеуге өтінімдер қабылдау жəне өтінімдерге сараптама, тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне құқықтарды беру туралы шарттарға, лицензиялық (қосалқы лицензиялық) шарттарға сараптама жүргізу, қорғалатын тауар белгілерінің, қызмет көрсету белгілерінің жəне тауар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімдерін жүргізу жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады жəне оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шаруашылық жүргізу (Соңы 13-бетте).


(Соңы. Басы 11-12-беттерде).

құқығындағы республикалық мемлекеттік кəсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған сараптама ұйымы жүзеге асырады.»; 3-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздер «монополияға қарсы органмен келісу бойынша уəкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын; 5) 4-баптың тақырыбындағы жəне мəтініндегі «таңбаларын», «таңбасына», «таңбасының», «таңбасын» деген сөздер тиісінше «белгілерін», «белгісіне», «белгісінің», «белгісін» деген сөздермен ауыстырылып, 2 жəне 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «2. Тауар белгілерін құқықтық қорғау жеке немесе заңды тұлғаларға берiледі. 3. Тауар белгісіне құқық Қазақстан Республикасының Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінде тіркеу туралы жазбамен куəландырылады жəне Қазақстан Республикасының Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірмемен расталады.»; 6) 6-баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде: 1) тармақша «тауарлардың» деген сөзден кейін «(көрсетілетін қызметтердің)» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын: «3-1) дəрілік заттардың патенттелмейтін халықаралық атауларын білдіретін;»; 6) тармақшадағы «жəне (немесе) ұқсастық» деген сөздер алып тасталсын; 7) 7-баптың 1-тармағында: 1) жəне 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «1) бiртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге қатысты басқа тұлғаның атына неғұрлым ертерек басымдықпен Қазақстан Республикасында тiркелген жəне халықаралық шарттарға орай қорғалатын тауар белгілерімен немесе сол тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге қатысты сол тұлғаның бірдей тауар белгілерімен;»; «3) бiртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге (қайтарып алынғандарынан басқа) қатысты басқа тұлғаның атына неғұрлым ертерек басымдықпен тiркеуге мəлімделген белгiлемелермен немесе сол тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге қатысты сол тұлғаның ұқсас белгілерімен;»; мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) жəне 3) тармақшаларында көрсетілген тауар белгілерінің қандай да біреуімен айырғысыз дəрежеге дейін ұқсас белгілемені бiртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге қатысты тауар белгісі ретінде тіркеуге тауар белгісі иесінің келісімі берілген кезде жол беріледі.»; 8) 8-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Тауар белгісіне өтiнiмдi сараптама ұйымына бiр өтiнiм берушi бередi.»; 9) 9-бапта: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «9-бап. Тауар белгісін тіркеуге арналған өтінімге қойылатын талаптар»; 2-тармақтың 1) тармақшасындағы «(өтiнiм берушiлердi)», «(олардың)» деген сөздер алып тасталып, «белгiге» деген сөз «белгілемеге» деген сөзбен ауыстырылсын; 4-тармақта: «мемлекеттiк тiлде», «мемлекеттiк тiлдегі» деген сөздер тиісінше «қазақ» деген сөзбен ауыстырылсын; «екi ай» деген сөздер «бір ай» деген сөздермен ауыстырылсын; 10) 10-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «6. Тауар белгісінің алуан түрлi тауарларға қатысты көптеген басымдығы алуан түрлi тауарларға қатысты өтiнiм берушiнiң бiр белгiлемеге берiлген бiрнеше өтiнiмi болған кезде оның өтiнiшхаты бойынша белгiленеді.»; 11) 11-баптың 1-тармағында: 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «1) алдын ала сараптама – өтiнiм келіп түскен күннен бастап бір ай iшiнде жүргiзiледi, оның барысында өтiнiмнiң мазмұны, осы Заңның 5 жəне 9-баптарында белгiленген талаптарға сəйкес қажеттi құжаттардың бар-жоғы тексерiледi. Сараптама нəтижелері бойынша өтінім берушіге он жұмыс күні ішінде өтінімнің қарауға қабылданғаны немесе іс жүргізудің тоқтатылғаны туралы хабарлама жіберіледі;»; мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын: «3) тауар белгісіне арналған өтінімге сараптама қосымша төлем төленген кезде өтінім берушінің жазбаша өтінішхаты бойынша осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген мерзімдерден бұрын, бірақ өтінім берілген күннен бастап алты айдан кейін жүргізіледі.»; 12) 12-бапта: 1-тармақта: «өтiнiш берушiге» деген сөздер «өтiнiм берушiге он жұмыс күні ішінде» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Сараптама ұйымы он жұмыс күні ішінде уəкілетті органға толық сараптама нəтижелері бойынша шығарылған, тіркеу туралы, ішінара тіркеу не тіркеуден бас тарту туралы сараптама қорытындысын жібереді. Тіркеуден алдын ала бас тарту туралы сараптама қорытындысы өтінім берушіге он жұмыс күні ішінде жіберіледі.»; 5-тармақта: бірінші бөлікте: «таңбасын», «өтiнiш», «сараптама жасау», «таңбасына куəлiк бергенi үшiн мемлекеттiк баж төлеудi» деген сөздер тиісінше «белгісін», «өтiнiм», «сараптама», «белгісін тіркеу үшiн мемлекеттiк баж төлемін» деген сөздермен ауыстырылсын; «тауар таңбасына куəлiк беруге құжаттарды дайындағаны үшiн сараптама ұйымының iс-əрекеттерiне ақы төлеудi» деген сөздер «тіркеу туралы мəліметтерді жариялағаны үшiн сараптама ұйымының əрекеттерiне төлем» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші бөлікте: «тауар таңбасына куəлiктi беруге мемлекеттiк баж жəне тауар таңбасына куəлiктi беруге құжаттарды дайындағаны үшiн сараптама ұйымының iс-əрекеттерiне ақы төлегенi» деген сөздер «тауар белгісін тіркеу үшін мемлекеттiк баж төлемі жəне мəліметтерді жариялағаны үшін сараптама ұйымының əрекеттерiне төлем» деген сөздермен ауыстырылсын; «таңбасын тiркеу жүргiзiлмейдi, ал тауар таңбасына тиiстi өтiнiм қайтарып алынған болып саналады» деген сөздер «белгісін тiркеу жүзеге асырылмайды, ал тауар белгісіне тиiстi өтiнiм кері қайтарып алынды деп танылады» деген сөздермен ауыстырылсын; 13) 13-баптың 6) тармақшасындағы «танысуға құқығы бар.» деген сөздер «танысуға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) жəне 8) тармақшалармен толықтырылсын: «7) апелляциялық кеңеске қарсылық беруге байланысты іс жүргізуді тоқтата тұру туралы өтініш білдіруге; 8) тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін алу құқығын шарт жасамастан басқа тұлғаға беру туралы өтініш білдіруге құқығы бар.»; 14) 14-бап мынадай редакцияда жазылсын: «14-бап. Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімі 1. Тауар белгісін тіркеу туралы мəліметтер сараптама ұйымы көрсететін қызметтерге төлем жəне тауар белгісін тіркеу үшін мемлекеттік баж төленген кезде Мемлекеттік тізілімге енгізіледі. Тауар белгілерінің мемлекеттік тізіліміне: 1) тауар белгісінің бейнесi; 2) оның иелерi туралы мəлiметтер; 3) тауар белгісін тiркеу нөмiрi мен күнi; 4) ұжымдық тауар белгісіне нұсқау; 5) соларға қатысты тауар белгісі тiркелген тауарлардың (көрсетілетін қызметтердiң) тiзбесi; 6) сараптама ұйымына өтiнiмнiң нөмiрi мен берiлген күнi; 7) егер конвенциялық басымдық белгiленген болса, ел, алғашқы өтiнiмнің нөмiрi жəне берiлген күнi; 8) қорғалатын тауар белгісіне құқық беру туралы мəлiметтердi қоса алғанда, тауар белгісін тiркеуге қатысты басқа да мəлiметтер енгiзiледi. 2. Тауар белгілерінің мемлекеттiк тiзiлімi жалпы жұртқа қолжетімді болып табылады. Мүдделi тұлғалардың өтiнішхаты бойынша сараптама ұйымы Тауар белгілерінің мемлекеттiк тiзiлiмiнен үзінді көшiрме бередi. 3. Тауар белгісінің иесi өзiнiң тегiнiң, атының жəне əкесiнiң атының (ол болған кезде), тұрғылықты жерiнiң не атауы мен орналасқан жерiнiң өзгеруі туралы мəлiметтердi қоса алғанда, тiркеуге қатысты өзгерiстер туралы, сондай-ақ тіркеуді мəні бойынша өзгертпейтін, оларға қатысты тауар белгісі тіркелген тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) тізбесін қысқарту туралы сараптама ұйымын хабардар етуге мiндеттi. 4. Сараптама ұйымы өзгерістер енгізу туралы өтінішхат берілген жəне тиісті төлем төленген күннен бастап бір ай

13

www.egemen.kz

10 сəуір 2015 жыл

ішінде Тауар белгілерінің мемлекеттiк тiзiлiміне осы баптың 3-тармағында көрсетiлген өзгерiстердi, сондай-ақ техникалық сипаттағы қателердi түзету үшiн өзгерiстердi енгiзедi. Тауар белгілерінің мемлекеттік тізіліміне өзгерістер енгізілген күннен бастап екі ай ішінде өтінім берушіге тиісті өзгерістердің енгізілгені туралы хабарлама жіберіледі.»; 15) 15-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Тауар белгісін тiркеудiң қолданылу мерзiмi оның қолданылуының соңғы жылы iшiнде иесi берген өтiнiшхат бойынша əр жолы он жылға ұзартылады. Тiркеудiң қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы мəлiметтер өтінішхат берілген күннен бастап бір ай ішінде Тауар белгілерінің мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiледi.»; 16) 16-бапта: бірінші бөлікте: «Тауар таңбаларының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзілген тауар таңбасын тiркеуге қатысты» деген сөздер «Тауар белгісін тiркеуге қатысты, Тауар белгілерінің мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзілген» деген сөздермен ауыстырылсын; «бұдан былайғы өзгерiстердi Тауар таңбаларының мемлекеттiк тiзiлiмiне тiкелей жазылған соң сараптама жасау ұйымы бюллетеньде» деген сөздер «кейінгі өзгерiстердi сараптама ұйымы Тауар белгілерінің мемлекеттiк тiзiлiмiне тiкелей жазылғаннан кейін екі ай ішінде бюллетеньде жəне өзінің интернет-ресурсында» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші бөліктегі «Мемлекеттiк тiзiлiмге жəне ұжымдық тауар таңбасына берiлген куəлiкке ұжымдық тауар таңбасының» деген сөздер «Тауар белгілерінің мемлекеттiк тiзiлiміне ұжымдық тауар белгісінің» деген сөздермен ауыстырылсын; 17) 17-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Тіркеудің қолданылу мерзімі өтіп кеткен, тауар белгісімен айырғысыз дəрежеге дейін бірдей немесе ұқсас тауар белгісі тауар белгісін тiркеудiң қолданылуы тоқтатылған күннен бастап бір жыл бойы басқа тұлғаның атына тiркелмейді.»; 18) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын: «18-бап. Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірме 1. Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірме тауар белгісінің тіркелу фактiсiн, оның басымдығын, Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінде көрсетілген тауарларға (көрсетілетін қызметтерге) қатысты тауар белгісіне иесiнiң айрықша құқығын растайды. 2. Үзінді көшірменің нысанын уəкiлеттi орган белгiлейдi.»; 19) 18-1-баптың тақырыбындағы «таңбасын» деген сөз «белгісін» деген сөзбен ауыстырылып, 1 жəне 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қазақстан Республикасының аумағында тiркелген немесе халықаралық шарттарға орай қорғалатын тауар белгісі, сондайақ Қазақстан Республикасында құқықтық қорғалмайтын тауар белгісі ретінде пайдаланылатын, бірақ белсендi пайдалану нəтижесiнде Қазақстан Республикасында кеңiнен мəлiм болған белгiлеме Қазақстан Республикасында жалпы жұртқа белгiлi тауар белгісі деп танылуы мүмкiн. Тауар белгісін Қазақстан Республикасында жалпы жұртқа белгiлi деп тану жөнiндегi жеке немесе заңды тұлғалардың өтiнiшiн уəкiлеттi органның тауар белгісін жалпы жұртқа белгiлi деп тану жөнiндегi комиссиясы қарайды. Өтінім берілген күннен бастап екі ай ішінде уəкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген қажетті құжаттардың бар-жоғын тексереді, өтінім берушіні өтінімнің қарауға қабылдағаны туралы хабардар етеді жəне бұл туралы мəліметтерді танысу жəне үшінші тұлғалар тарапынан келіспеушіліктерді уəкілетті органға жіберу мүмкіндігі үшін интернет-ресурста жариялайды. Жарияланған күнінен бастап үш ай өткен соң өтінім мен оған қоса берілетін, белгінің жалпы жұртқа белгілі екенін растайтын материалдарды уəкілетті орган қарайды. Көрсетілген мерзім өткен соң уəкілетті орган үш ай ішінде өтінімді қарауды жүргізеді. Өтінім беруші өтінім материалдарына оны қарау аяқталғанға дейін түзетулер, толықтырулар жəне нақтылаулар енгізуге құқылы. Үшінші тұлғалар тарапынан келіспеушіліктер болған кезде өтінім берушіге тиісті хабарлама жіберіледі, өтінім беруші оған пікірін өтінімді қарау нəтижелері бойынша қорытынды шығарылғанға дейін ұсынады. Тауар белгісін (қызмет көрсету белгісін) Қазақстан Республикасында жалпы жұртқа белгiлi деп тану жөнiндегi комиссия туралы ереженi уəкiлеттi орган бекiтедi. Өтiнiмдi қарау нəтижелерi бойынша уəкiлеттi органның комиссиясы тауар белгісін жалпы жұртқа белгiлi деп тану туралы шешім не ондай деп танудан бас тарту туралы шешiм қабылдайды, бұл мұндай шешiм қабылданған кезден бастап он жұмыс күнi iшiнде тауар белгісінің иесiне жiберiледi. Егер өтiнiм берушi ұсынған нақты мəлiметтер белгінің жалпы жұртқа белгiлi болуы өтiнiште көрсетiлгеннен өзге күн екенін растаса, тауар белгісі нақты күннен бастап жалпы жұртқа белгілі деп танылуы мүмкiн. Тауар белгісін жалпы жұртқа белгілі деп іс жүзінде тану туралы мəліметтер тұтынушыларға жүргізілген сауалнама нəтижелерімен расталады, оны Қазақстан Республикасының аумағында мамандандырылған тəуелсіз ұйым жүргізеді. Сауалнама республикалық маңызы бар қаланы, астананы жəне облыстық маңызы бар кемінде бес қаланы қамтуға тиіс. Бір елді мекендегі респонденттердің жалпы саны кемінде бір жүз адам болуға тиіс. Егер: 1) тауар белгісін жалпы жұртқа белгiлi деп тану үшiн мəліметтер жеткiлiксiз болса; 2) өтінім беруші өзiнiң тауар белгісін жалпы жұртқа белгiлi деп тануға өтiнiш білдірген күннен неғұрлым ертерек басымдығы бар, қорғалатын немесе бiртектес тауарларға қатысты өзге тұлғаның атына мəлiмделген, өтiнiм берушiнiң тауар белгісімен айырғысыз дəрежеге дейін бiрдей немесе ұқсас тауар белгісі бар екенi анықталса, тауар белгісін жалпы жұртқа белгiлi деп танудан бас тарту туралы шешiм шығарылады. Уəкiлеттi орган комиссиясының осы тармақтың төртiншi бөлiгiнде көрсетiлген шешiмiне сотқа шағым жасалуы мүмкiн.»; «4. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген, белгiлеменi немесе тауар белгісін жалпы жұртқа белгiлi деп тану негiзiнде Қазақстан Республикасының Тауар белгілерінің мемлекеттік тізіліміне тиісті мəліметтер енгізіледі. Тауар белгісін жалпы жұртқа белгiлi деп танудың қолданылу мерзімі оның иесiнiң өтінішхаты бойынша жəне тауар белгісінің жалпы жұртқа белгiлi екенiн растайтын мəлiметтер ұсынылған кезде келесi он жыл мерзiмге ұзартылады. Жалпы жұртқа белгiлi тауар белгісін тiркеу, оның иесi туралы мəлiметтер жəне осындай тiркеуге қатысты кейiнгi өзгерiстер Жалпы жұртқа белгiлi тауар белгілерінің мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiледi жəне бюллетеньде жарияланады.»; 20) 19-баптың тақырыбындағы жəне мəтініндегі «таңбасын», «таңбасының», «таңбасымен», «таңбаларын», «таңбасы», «таңбасына», «таңбасынан», «таңбаларының» деген сөздер тиісінше «белгісін», «белгісінің», «белгісімен», «белгілерін», «белгісі», «белгісіне», «белгісінен», «белгілерінің» деген сөздермен ауыстырылып, 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «7. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына азаматтық айналымға тiкелей тауар белгісінің құқық иеленушісі заңды енгiзген немесе оның келiсiмiмен енгiзiлген тауарларға қатысты тауар белгісін басқа тұлғалардың пайдалануы осы тауар белгісіне айрықша құқықты бұзу болып табылмайды.»; 21) 21-бапта: 3-тармақта: бірінші бөліктің бірінші сөйлеміндегі «таңбасына», «немесе лицензиялық шарт» деген сөздер тиісінше «белгісіне», «, лицензиялық шарт, кешенді кəсіпкерлік лицензия шарты, тауар белгісінің кепіл шарты» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші бөліктегі «таңбасына», «немесе лицензиялық шартты тіркеу сараптама жасау» деген сөздер тиісінше «белгісіне», «, лицензиялық шартты, кешенді кəсіпкерлік лицензия шартын, кепіл шартын тіркеу сараптама» деген сөздермен ауыстырылсын; үшінші бөлік «қосалқы лицензиялық шарттарды» деген сөздерден кейін «, тіркелген шарттарға қосымша келісімдерді» деген сөздермен толықтырылсын; төртінші бөліктегі «таңбасына», «жəне лицензиялық шартты тіркеу үшін сараптама жасау» деген сөздер тиісінше «белгісіне», «, лицензиялық шартты, кешенді кəсіпкерлік лицензия шартын, кепіл шартын тіркеу үшін сараптама» деген сөздермен ауыстырылсын; бесінші бөлікте: 1) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «1) нысанасы біртектес өнеркəсіптік меншік объектілері болып табылатын шарттың титулдық парақпен жабдықталған төрт данада төлнұсқасы қоса беріледі. Шарттың əрбір данасы

тігіледі, қағаз пломбамен бекемделіп тігілген жəне нөмірленген парақтардың саны туралы жазба жасалады, мөр бедері жəне екі тараптың не соған уəкілеттік берілген екі тарап адамдарының қолтаңбалары қойылады.»; 3) тармақшадағы «құжат қоса беріледі.» деген сөздер «құжат;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын: «4) сараптама ұйымы көрсететін қызметтерге төлем төленгенін растайтын құжат қоса беріледі.»; мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын: «Төлем өтініш берілген кезде немесе өтініш келіп түскен күннен бастап бір ай ішінде жүргізіледі. Бір ай мерзімде төлем туралы құжат ұсынылмаған кезде өтініш берілмеді деп танылады.»; тоғызыншы бөліктегі «жəне лицензиялық шартқа» деген сөздер «лицензиялық шартқа, кешенді кəсіпкерлік лицензия шартына, кепіл шартына, қосымша келісімге» деген сөздермен ауыстырылсын; оныншы бөліктегі «тіркелген» деген сөз алып тасталсын; мынадай мазмұндағы он екінші бөлікпен толықтырылсын: «Тараптарының бірі Сингапур шартына қатысушы шет мемлекеттің жеке немесе заңды тұлғасы болып табылатын құқықтар беру туралы шарттарға сараптама жəне оларды тіркеу Сингапур шартының ережелеріне сəйкес жүзеге асырылады.»; 5-тармақтың 1) тармақшасында: «бірақ» деген сөзден кейін «оны» деген сөзбен толықтырылсын; «куəлік» деген сөз «тауар белгісін тіркеу» деген сөздермен ауыстырылсын; 7-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) соған қатысты шарт жасалатын жəне оны қалпына келтіруге мүмкіндік жоқ тауар белгісінің тіркеу қолданысы тоқтатылған;»; 9-тармақтың бірінші, екінші жəне үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын: «9. Шартты тіркеу туралы шешім шығарылғаннан кейін уəкілетті орган: 1) шарттың титулдық парағында тіркеу күні мен тіркеу нөмірін көрсете отырып, оның тіркелгені туралы мөртабан басады; 2) тіркелген шарттардың тізіліміне шарт туралы мəліметтерді енгізеді; 3) шартты тіркеу туралы мəліметтерді жариялау үшін тіркелген шарттың үш данасын қорытындымен бірге сараптама ұйымына жібереді. Сараптама ұйымы тіркелген лицензиялық шарттар, тауар белгілеріне айрықша құқықтар беру туралы шарттар, кешенді кəсіпкерлік лицензия шарттары, кепіл шарттары бойынша тіркелген шарттың екі данасын өтініште хат-хабар алысу үшін көрсетілген мекенжай бойынша жібереді жəне тіркелген шарттар туралы мəліметтерді, атап айтқанда, шарттың тіркеу нөмірі мен күнін, шарт тараптарының атауын немесе толық деректерін, шарт нысанасын, шарттың қолданылу мерзімін, шарттың қолданылу аумағын бюллетеньде жариялайды. Шарттың екі данасы тиісінше уəкілетті орган мен сараптама ұйымында сақталады жəне бақылау даналары болып табылады.»; 10-тармақтағы «таңбасына», «жəне лицензиялық шарт» деген сөздер тиісінше «белгісіне», «лицензиялық шарт, кешенді кəсіпкерлік лицензия шарты. кепіл шарты» деген сөздермен ауыстырылсын; 22) 24-баптың тақырыбындағы жəне мəтініндегі «таңбасының», «таңбасы», «таңбаларының», «таңбасын» деген сөздер тиісінше «белгісінің», «белгісі», «белгілерінің», «белгісін» деген сөздермен ауыстырылып, 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) тауар белгісі иесінің - жеке тұлғаның кəсiпкерлiк қызметiнiң тоқтатылуына немесе оның қайтыс болуына, заңды тұлғаның таратылуына байланысты;»; 23) 25-бапта: 2-тармақтағы «ерекше құқығы айрықша қасиеттерi тек қана немесе негiзiнен табиғи жағдайларды жəне (немесе) адам факторларын қоса алғанда, географиялық ортаға байланысты осы географиялық объектiде кəсiпкерлiк қызметпен айналысатын, тауарлар өндiретiн бiр немесе бiрнеше заңды немесе жеке тұлғаларға» деген сөздер «айрықша құқығы ерекше қасиеттерi табиғи жағдайларды жəне (немесе) адами факторларды қоса алғанда, тек қана немесе негiзiнен географиялық ортаға байланысты тауарларды осы географиялық объектiде өндiретiн бiр немесе бiрнеше кəсіпкерлік субъектісіне» деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақтың бірінші сөйлемінде: «объектiнiң атауын» деген сөздер «көрсеткішті» деген сөздермен ауыстырылсын; «осы объектінің» деген сөздер «осы көрсеткіштің» деген сөздермен ауыстырылсын; 24) 29-баптың 4-тармағында: «мемлекеттік тiлде», «мемлекеттік тiлдегi» деген сөздер тиісінше «қазақ» деген сөзбен ауыстырылсын; «екi ай iшiнде» деген сөздер «өтінім берілген күннен бастап бір ай мерзімде» деген сөздермен ауыстырылсын; 25) 31-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі «5-тармағында» деген сөздер «6-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын; 26) 33-бапта: 1-тармақтағы «Сараптама жасау ұйымы тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығына куəлiк берумен бiрге», «айрықша» деген сөздер тиісінше «Сараптама ұйымы», «ерекше» деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақтың екінші сөйлеміндегі «сараптама жасау», «тiзiлiмiне жəне куəлiкке түсiредi» деген сөздер «сараптама», «тiзiлiмiне енгізедi» деген сөздермен ауыстырылсын; 27) 36-бап мынадай редакцияда жазылсын: «36-бап. Тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығы 1. Тауар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірме тауар шығарылған жердің атауын тiркеу фактiсiн жəне Тауар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімінде көрсетiлген тауарға қатысты оны пайдалануға иесiнiң айрықша құқығын растайды. 2. Үзінді көшірменің нысанын уəкiлеттi орган белгiлейдi.»; 28) 41-бапта: 1-тармақтың бірінші сөйлеміндегі «осы Заңның 12-бабының 5-тармағына», «жөнiндегi уəкiлеттi органның» деген сөздер тиісінше «уəкiлеттi органның осы Заңның 12-бабының 6-тармағына», «жөнiндегi» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: «1-1. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген қарсылықтар бойынша дауларды сотқа дейінгі қарау міндетті болып табылады.»; 2-тармақтың жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) жəне 2) тармақшаларында көрсетілген қарсылықтарды берудің өтінім беруші өткізіп алған мерзімі өтінім берушінің өтінішхаты бойынша осы Заңда белгіленген мерзімдер ішінде қалпына келтіріледі. Мұндай өтінішхат апелляциялық кеңеске қарсылықпен бір мезгілде ұсынылады.»; 29) 42-баптың 1-тармағында: 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «1) тауар белгісін немесе тауар шығарылған жердің атауын тіркеудің заңдылығы туралы;»; 4) тармақшадағы «куəлiктен» деген сөз «тіркеуден» деген сөзбен ауыстырылсын; 30) 45-бап мынадай редакцияда жазылсын: «45-бап. Мемлекеттік баж Уəкiлеттi орган тауар белгілерін жəне тауар шығарылған жерлердің атауларын тіркеу, жалпы жұртқа белгілі тауар белгісін тіркеу, шарттарды тiркеу, патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердi aттecтaттay жəне патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдi тiркеу туралы куəлiк беру жөнiндегі əрекеттер жасағаны үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сəйкес мемлекеттiк баж алынады.». 2-бап. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін сараптама ұйымына келіп түскен инновациялық патент беруге өтінімдер осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін қолданылған қағидалар бойынша қаралуға жатады. Өнертабыстарға осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін берілген инновациялық патенттер олардың қолданылу мерзімі өткенге дейін Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес басымдықты, авторлықты жəне айрықша құқықты куəландырады. 3-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2015 жылғы 7 сəуір № 300-V ҚРЗ

 Жемқорлық – індет, жою – міндет

Ќос міндет ќоса атќарылады Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департамент басшысы Сергей ПОТАНИНМЕН əңгіме

– Сергей Александрович, облысымыздағы жаңа орган, нақтылай түссек, мемлекеттік қызмет пен құқықтық міндетті қоса қайта құрылған органның негізгі міндеті не? – Елбасының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл агенттігі құрылып, оның Алматы облысы бойынша департамент қызметіне кіріскені де мəлім. Елімізде тұрақтылық сақталып, халықтың бірлігі мен ынтымағы жарасып отырғандықтан экономикамыз өркендеп, жалпы тұрмыс ахуалы жақсаруда. Бұл ретте жетісулықтардың да қосып отырған үлесі зор. Сондықтан біздің басты мақсатымыз – еліміздің əлемдегі өркениетті дамыған 30 мемлекеттің қатарынан орын алуына өзіндік үлесімізді қосу. Сол жетістікке жетудің бірден-бір жолы – сыбайласқан жемқорлыққа қарсы аяусыз күрес жүргізу. Бұл орайда негізгі міндет ел заңнамасына сай облысымызда халыққа мемлекеттік қызмет көр сету сапасын арттыру, сыбайласқан жемқорлықтың алдын алу, ескерту болып табылады. Ең бастысы, конституциялық құқығына сай мемлекеттік мекемелерге жүгінген кез келген азаматтың алдынан сыбайласқан жемқорлық əрекетінің шықпауын қамтамасыз ету деп санаймын. Осынау адалдықтың, тазалықтың сақталуына ықпал етіп, оған халықтың қолын еш кедергісіз жеткізсек, бұл – төл міндетімізді орындап, азаматтық парызымызды өтегеніміз болады. – Сыбайлас жемқорлықпен күресу барысында қандай жайлардың беті ашылды? – ІІМ-нің Талдықорған қаласындағы көше тəртібін қада ғалайтын №5514 əскери бөлімше қызметкерлері Жасұлан Кемербаев пен Дархан Дəрібаев көшеде спирттік ішімдік ішіп мас болып келе жатқан бір азаматты тоқтатады. Жеке басын куəландыратын құжатын тексергенде оның жеке куəлігі жан қалтасында болмайды. Содан аталған əскери

қызметкерлер түрлі қитұрқылыққа басып, «құрыққа түскен» азаматты заңнама талабына сай жазаламау, яғни қылмыстық жауапкершілікке тартпау үшін осы əскери бөлімше командирінің орынбасары Р.Кенжебаев арқылы 3500 АҚШ доллары көлемінде пара талап етіп, нəтижесінде 630 000 теңгені санап алады. Бүгінгі таңда бұл қылмыстық іс Талдықорған əскери сотының қарауына жіберілді. – Ал заңды тұлғалар тарапынан қандай заң бұзушылық деректері ашылды? – Біздің қызметкерлеріміз бүгінгі күнге дейін мемлекеттік сатып алуға 600 мониторинг жүргізді. Нəтижесінде жалпы сомасы 20,6 млн. теңгеге сатып алу бағасын асырған жайдың беті ашылды. Мəселен, «Велосипед спорты бойынша олимпиадалық дайындық орталығы» республикалық мемлекеттік ком муналдық кəсіпорны 28 спорттық велосипедті сатып алу кезінде 8,1 млн. теңгені артық жұмсағаны анықталды. – Кінəлі тұлғаларды жауапкер шілікке тартуды тиісті орындар құзырына ұсынатын Тəртіптік кеңес те сіз басқарып отырған департамент құрамына кіреді ғой? – Тəртіптік кеңесте ағымдағы жылы 41 мəселе қаралып, 2 лауазымды тұлғаға атқарып отырған қызметіне лайық емес деген, 3 мемлекеттік қызметкерге сөгіс жариялау жəне бір қызметкерді қызметінен босату, түрлі сатылар бойынша 6 қызметкерді жауапкершілікке тарту тиісті орындар назарына ұсынылды. – Құзырлы орган болғандықтан, елді мекендерге де шығып, тұрғындармен кезде сіп, мұңмұқтажын тыңдап тұратын шығарсыздар? – Талдықорғанның түбіндегі Көксу ауданы, Балпық би ауылы тұрғындарымен аталған аудан ның əкімі Ғалым Тоқпейі совпен бірлесе кездесіп, түрлі мəселелер бойынша жеке қа былдау өткіздік. Негізгі мақсат – сыбайласқан жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасын жан-жақты түсіндіріп, осы салаға қатысты елдің шағымдарын тыңдап, заң шеңберінде əрекет ету болды. Ең əуелгі кезекте тұрмыстық проблемаларын, тұрғын үй кезегінің тым ұзақтығын тілге тиек етті. Бірақ, осы салада заң бұзушылық туралы ешқандай сөз айтылған жоқ. Сөйтіп, елмен етене араласу қадамы да басталды. Бұл қадам біздің жұмысымызды жеңілдететіні əрі ашықтығын паш ететіні анық. Əңгімелескен Нұрбол ƏЛДІБАЕВ, «Егемен Қазақстан».

Алматы облысы.

Икемді баєа

жїйесі енгізілетін болады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі 2015 жылдың 8 сəуірінен бастап №1/2 АстанаАлматы жəне №701/702 Алматы-Петропавл бағыттары бойынша 2015 жылдың 22 мамырынан бастап сапарға шығатын «Тұлпар-Тальго» пойыздарына тарифті басқарудың икемді бағдарламасын енгізетінін хабарлайды. Бұл бағдарлама билетті сатып алудың неғұрлым ұзақ мерзімі (сатылымның тереңдігі) мен оған деген сұранысқа (пойыздың қаншалықты толуына) қарай өзгеріп отырады. Мəселен, билетті алдын ала сатып алған жолаушы билеттің базалық бағасынан 35 пайызға дейін жеңілдікке ие бола алады. Пойыздың жүру уақыты жақындаған сайын билет бағасының өсе түсетінін де айта кету керек. Сондай-ақ, тарифті басқарудың икемді бағдарламасы төмендегі «Тұлпар-Тальго» пойыздарына да енгізілген: 19/20 Астана-Атырау, 35/36 АлматыШымкент, №49/50 АлматыАқтөбе, №67/68 Астана-Защита (Өскемен), №69/70 АлматыЗащита (Өскемен), №77/78 Алматы-Аты рау, №79/80 Астана-Шымкент, №87/88 Актөбе-Астана, №89/90 АстанаКызылорда. Мүмкіндіктері шектеулі адамдар мен оларды ертіп жүрген

тұлғаларға аталмыш бағдарлама жүрмейді, мұндай арнайы орындарға базалық тарифтің 50 пайызы көлемінде жеңілдіктер қарастырылған. Бұдан бөлек əрбір санаттағы жолаушыларға 10 пайыздан 20 пай ызға дейін жеңілдіктері бар келесі дисконттық карталар қарастырылған: «Құрмет» – 60 жас пен одан ересек адамдар үшін, жеңілдік көлемі – 10%; «Жастар» – 16-25 жас аралығындағы жастар үшін, жеңілдік көлемі – 10%; «Саяхатшы» – жүрдек пойыздарда соңғы 12 айда төмендегідей бағаға сапарлаған тұрақты жолаушылар үшін: • 100 000 теңгеден 150 000 теңгеге дейін, жеңілдік көлемі – 10 пайыз; • 150 001 теңгеден 200 000 теңгеге дейін, жеңілдік көлемі – 15 пайыз; • 200 001 теңгеден жоғары, жеңілдік көлемі – 20 пайыз.


14

www.egemen.kz

Смартфонныѕ смартфоннан несі артыќ? Samsung Galaxy S6 пен Galaxy S6 Edge Ќазаќстанєа келді

Өткен жұмада Samsung Electronics Central Eurasia компаниясы Қазақстанда соңғы үлгідегі озық өнімдері – Galaxy S6 и S6 Edge жаңа ұялы құрылғыларымен таныстырды. Жаңа смартфондардың тұсаукесері оңтүстік астанадағы Rixos Almaty қонақүйінде өтті. Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Смартфондардың салтанатты тұсаукесерінде компания өкілдері Mobile World Congress 2015 көрмесінде халықаралық GSMA ұялы операторлары қауымдастығының нұсқауы бойынша ең үздік ұялы құрылғылар қатарынан табылған өнімдердің негізгі артықшылықтарымен таныстырды. Ұялы құрылғылардың қазақстандық премьерасына отандық шоу-бизнес өкілдері де шақырылып, Мұрат Мұтырғанов, Айдай Исаева, Салтанат Бегжігітова, Айсұлу Əзімбаева, Жантик, Фима Иванов пен «Домино» сынды жастар арасында танымал жандар осынау шараның сəнін арттырды. Осынау шара оңды оқиғалармен де, қайырымдылық шаралармен де байытылғанын айта кету қажет. Мəселен, танымал актриса əрі əнші Линда Нығматулина аукцион өткізіп, салтанатты оқиғаның негізгі себепкері болған – Galaxy S6 смартфонына лот жүргізді. Ал лоттан түскен қаражат «Аяла» қайырымдылық қорына аударылды.

Ал уақыттың үдерісінен қалмаған заманауи ұялы құрылғыларды қалайтын жандарға айтарымыз, Samsung Galaxy S6 пен Galaxy S6 Edge смартфондары Қазақстанда 17 сəуірден бастап саудаға шығарылмақ. Бағалары да сəйкесінше: 159 990 жəне 179 990 теңгеден болады. Сол сияқты саудада сəнді смартфондардың алуан түстері: ақ маржан, қара сафпир, көз жауын алған платина (тек Samsung Galaxy S6 үшін) жəне бекзаттық меруерт (тек Samsung Galaxy S6 Edge үшін) шығарылмақ. Айтқандай, Galaxy S6 Edge үлгісінің «бекзаттық меруерт» түстісі саудаға мамыр айында ғана түседі екен. Сонымен Samsung компаниясының жаңадан шыққан жақсы өнімдерін алғашқылардың қатарында иемдену үшін алдын ала www.samsung.com/kz_ru/promotions/galaxy сайтында тапсырыс бере беруге болатыны белгілі болды. Тапсырыстарды ресімдеу үстіміздегі жылдың 15 сəуіріне дейін жүреді. Мұны айтып отырғанымыз, алдын ала тапсырыс берген смартфондардың алғашқы иелеріне тамаша сыйлықтар – Samsung Level ON фирмалық құлаққаптары (барлық жекелеген сауда нүктелерінде) немесе Samsung Level BOX Slim колонкалары («Технодом» дүкендерінде) қоса тарту етілмек. Бұл жол-жөнекей музыка тыңдап, бейнематериалдар тамашалайтын контент үшін таптырмас дүние. Қысқасы, ақпараттық технологиялардың бірінен-бірі озып, ұялы құрылғылардың неше түрлісі ойлап табылып жатқан заманда Samsung Galaxy S6 пен Samsung Galaxy S6 Edge смартфондарының несі артық дейсіз ғой? Кəдімгі əйнек пен темірден жасалған соңғы үлгідегі ұялы телефондар толып жатқан тамаша қосымша күшті қызметтерімен, əбден ойластырылған дизайны жəне стилі жағынан озып тұр. Оның үстіне бұл өнімдері дүниежүзіндегі бірінші, иілген, екі жақты экраны бар смартфон болып табылады. Яғни, Samsung Galaxy S6 Edge смартфонының түрі де келісті, қолдануға аса ыңғайлы, бейнекөріністер бұрынғыдан сапалы екенін айтуға болады. Оған қоса қазіргі заманда ұялы құрылғылармен төлемдер жүр гізу, алмасатын ақпараттардың құпия лылығын сақтау аса өзекті болғандықтан, смартфондарда күшейтілген қауіпсіздік технологиялары қойылған. Бұл да аз маңызға ие емес. АЛМАТЫ.

10 сəуір 2015 жыл

Ўзаќ єўмыр

сїргіміз келсе, спортпен жїйелі шўєылданып, саламатты ґмір салтын ўстану керек Елбасы өз Жолдауларында ұлт денсаулығы табысты болашағымыздың негізі екенін үнемі айтып келеді. Мемлекет басшысының нақты тапсырмаларына орай денсаулық сақтаудың ұзақ мерзімді бағдарламасы жасалып, бірыңғай стандарттар енгізілген. Алайда, бұл – мəселенің бір жағы ғана. Ауылдарда медициналық қызметтің сапасын жақсартумен, материалдық-техникалық базасын нығайтумен қатар, денешынықтыру мен спортқа да айрықша назар аударылмайынша ойдағыдай нəтижеге жетуіміз қиын. Жастайынан денесін жат тықтырып, шынығып өскен адамның бойы да, ойы да таза болады. Жақсы істерге ұршықша үйіріліп, жаман əдеттерден аулақ жүреді. Ел мүддесін бəрінен биік қойып, мемлекетшіл қасиеттер қалыптасады. Ал ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүруге дағдыланған жастар жалқаулыққа бой ұрады, ішкілікке салынып, бұзақылық пен қылмысқа барады. Демек, спорттың бойдағы күшқуатты толыстырудағы, адамгершілік ұстанымдарын орнықтырудағы маңызы өлшеусіз. Саламатты өмір салты ел тұрғындары денсаулығының кілті десек, бұқаралық спортты кешенді дамыта отырып қана белгілі нəтижелерге жетуге болатынын тəжірибе айқын көрсетіп отыр. Біздің денешынықтыру жəне спорт бөлімі тұрғындардың бұқаралық спортқа жаппай тартылып, спорттық шеберліктерін жетілдіруге бағытталған ұйымдастырушылық шараларды үзбей атқарып келеді.

Бүгінде 300-ге жуық спорт нысандары жұмыс істейді. 56 спорт залы білім ошақтары мен серіктестіктерде орналасқан. Бұдан тысқары 24 хоккей қорапшасы, 5 ату тирі, 2 денешынықтыру-сауықтыру орталығы, 47 футбол, 34 баскетбол, 71 волейбол алаңы бар. Өткен жылға қарағанда спорт ғимараттары 12 бірлікке көбейді. Былтыр Тəуелсіздік мерекесі қарсаңында құрамында жүзу бассейні, ойын залдары, сауна, джакузи бар спорт кешені бой көтерді. Оны салу жұмыстарымен «Солтүстік Құрылыс» ЖШС айналысып, 56 миллион теңге жұмсалды. Жаңа жыл қарсаңында спортденешынықтыру орталығы іске қосылды. Инвесторлар мемлекетжекеменшік əріптестігі шеңберінде 266 миллион теңге бөлді. Онда баскетбол, волейбол, футбол, бокс, күрес, жеңіл атлетика залдары жұмыс істейді. Күніне 150 адамға дейін қабылдай алады. «Жастар» орталық стадионына қайта жаңғыртулар жүргізілді. Осында мұз айдыны қолданысқа беріліп, үлкендер мен жастар жиі келетін орынға айналды. Жеке кəсіпкер Рафаил Сұлтанов Новоишим кентіндегі «Солнечный» шағын ауданында хоккей қорапшасын салуға қаржылай жəрдемдесті. «№2 нан базасы» кəсіпорнында жасанды шөп төселген шағын футбол алаңы жасалды. Аудан орталығының станса жақ аумағында жаңа құралжабдықтар орнатылған күрес залы пайдалануға берілуі айрықша оқиға ретінде атап өтілді. Оның ашылу рəсіміне Павлодар, Ақмола,

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарынан командалар қатысып, солтүстік аймақ бойынша ел кубогын сарапқа салды. Жарыстың қорытындысы бойынша ауданның балуандары Теміртау қаласында ұйымдастырылған ақтық сайысқа жолдама алды. Аудан базасы негізінде ұлттық спорт түрлерінен облыстық спартакиада өткізуіміз, спорттағы үздік жетістіктеріміз үшін «Оскар» сыйлығын алуымыз естен кетпейді. Аудандық жарыстарға 15 мыңға жуық адам қатыстырылды. Спортшыларымыз түрлі деңгейдегі додаларда намысты қолдан бермей, жүлделі орындардан көрініп жүр. Былтыр облыстық «Ақ бидай» жазғы спартакиадасында бірінші орынды жеңіп алдық. Республикалық, халықаралық сайыстарда топ жарған оғландарымыз жетерлік. Осы жылдар бедерінде 2 спорт шебері, 18 спорт шеберіне үміткер, 11 бірінші разрядты спортшы дайындалды. Бүгінде 12,3 мыңдай адам спортпен айналысады. Бұл аудан халқының 28,2 пайызын құрайды. Спортты жандандыруға 16,7 миллион теңге жұмсалды. Бұл салаға 104 білікті маман, оның ішінде мектептер мен лицейлердің 78 оқытушысы тартылған. Шаруашылықтар да тұрғындарды саламатты өмір салтына бейімдеу, денсаулығын жақсарту шараларынан бас тартқан емес. Бұл іс Новоишим, Буденный, Червонный, Новоселовка, Ломоносовка елді мекендерінде жақсы өріс алған. «Нежинка-Ерке»

серік тестігі 4 миллион теңгеге бокс рингін сатып əперіп, 4 спорт алаңын салып берді. Адам – ең басты капиталымыз, өлшеусіз байлығымыз. Елді жаңғырту стратегиясын іске асырудың табыстылығы, ең алдымен, қазақстандықтардың білімімен, əлеуметтік жағдайымен, дене күшқуатымен өлшенетіні белгілі. Сол себепті, халық денсаулығы мемлекет тарапынан стра тегиялық мақсаттарға жету дегі ілгерілеу қадамы ретінде қарастырылып, өмір сапасын жақсартуға, аз қамтылған жандардың əлеуметтік қорғалуына үлкен мəн беріліп келеді. Саламатты өмір салтын үзбей насихаттау, озық тəжірибелерді кеңінен тарату – алдымыздағы келелі міндеттердің бірі. Президентіміз əкімдерге халықтың денешынықтырумен жəне спортпен жаппай айналысуы үшін спорттық инфрақұрылымдардың қолжетімділігін кеңейту туралы мəселені шешуді тапсырғаны белгілі. «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында əлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына қосылу үшін мемлекетіміздің алдында тұрған нақты міндеттердің бірі ретінде қазақстандықтар бойына саламатты өмір салтын қалыптастыру жайының аталуы тектен-тек емес. Өмір сүру ұзақ тығын 80 жасқа дейін жеткізу озық жəне бəсекеге қабілетті ұлттың сапалық қасиетін айғақтаса керек. Демек, халық денсаулығы көрсеткіштерінің жақсы серпінділігіне қол жеткізу тек медициналық қызметтің сапалық деңгейімен емес, алдымен, жеке адамның өмір сүру белсенділігін қалай ұйымдастырумен өлшенетінін ұғынатын мезгіл жетті. Сергей МИНИН, Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның денешынықтыру жəне спорт бөлімінің басшысы.

Солтүстік Қазақстан облысы.


Сиќырлы саусаќ

Қалалық «Сиқырлы саусақ-2015» балалардың қолөнер шығармашылық көрмесі кезекті рет өткізілді.

Сиқырлы саусақ деп аты айтып тұрғандай, көрмеге қаламыздың барлық мектептері оқу шыларының қолдарынан шыққан өнер туындылары ұсынылады. Əр жылы болатын көрменің тақырыбы əртүрлі. Биылғы жылдың көрмесі «Қазақ хандығына-550 жыл», «Қазақстан Конституциясына-20 жыл», «Қазақстан халқы Ассамблеясына-20 жыл», «Ұлы Отан соғысының жеңісіне-70 жыл», ЭКСПО-2017 тақырыптары бойын ша жасалып көрмеге қойылды. Осы орайда біздің №1 жалпы білім беретін орта

мектептің технология, бейнелеу өнері пəні мұғалімдерінің жəне бастауыш сынып жетекшілерінің еңбектері орасан зор деуге болады. Себебі, өнер десе ішкен асын жерге қойып, оқушылардың бойына өнердің қыр-сырын сездірте, дарыта білетін де осы ұстаздарымыз. Мектебіміздің басшысы А.Досанов ұстаздарымызға бағыт-бағдар беріп отырады. Мектебімізде технология, бейнелеу өнері пəнінен сабақ беретін Е.Қалманбаев, Е.Түскеев, А.Абдрахманова, Б.Тілесова, П.Исмайлова ұстаздарымыз оқушылармен аянбай еңбек етіп

келеді. Осы еңбектің арқасында биылғы жылдың көрмесінде мектебіміздің 12 оқушысы əртүрлі өнер саласы бойынша жүлделі орындарға ие болды. Сонымен қатар, ұстаздарымызда марапаттауларға ие болды. Мектептер арасында жүлделі ІІ орынға ие болып, қала əкімінің мадақтамасымен марапатталдық. Болашақта оқушыларға өнердің қыр-сырын дəріптей отырып, он саусағынан өнер тамған талантты дарындардың өсуіне ықпал жасаймыз деген ойдамыз. Алмагүл АБДРАХМАНОВА, №1 жалпы білім беретін орта мектептің технология, бейнелеу өнері пəнінің мұғалімі.

Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Қарағанды мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаментінің Жезқазған филиалы 2015 жылғы 29 сəуірде сағат 10.00-ден сағат 17.00-ге дейін www.gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында республикалық меншіктегі объектіні сату жөнінде электрондық аукцион өткізу туралы хабарлайды Республикалық меншіктегі объектілерді сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидасына (бұдан əрі – Қағида) сəйкес жүзеге асырылады. Сауда-саттықтың голланд əдісімен аукционға республикалық меншіктегі мына объект қойылады: 1. ВАЗ-21103 автокөлігі, 2004 жылы шығарылған, мемлекеттік нөмірі М 301 КР, Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, Железнодорожная көшесі, 5. Баланс ұстаушы – «ҚарағандыСұрыптау стансасындағы ішкі істер желілік басқармасы» ММ. Алғашқы баға – 130 000 теңге, бастапқы баға – 650 000 теңге, ең төменгі баға – 71 122 теңге, кепілді жарна – 19 500 теңге. Сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі жəне аукцион өткізуге дейін екі сағат бұрын аяқталады. Сауда-саттыққа қатысу үшін кепілді жарналар бірыңғай оператордың шотына төленеді: «Ақпараттық есептеу орталығы» АҚ; БСН 050540004455, ЖСК KZ529261501102032004, БСК KZKOKZKX, банк атауы – «Қазкоммерцбанк» АҚ, ТТК 171, БеК 16, төлемнің белгіленуі – аукционға қатысу үшін кепілді жарна (кепілді жарна мөлшеріне банк қызметінің төлемдері кірмейді). Қатысушыларға кепілді жарнаның кез келген санын енгізуге жол беріледі, бұл ретте бір кепілді жарна қатысушыға ол бойынша аукционға қатысу үшін осы кепілді жарнаны енгізген жекешелендіру объектісін сатып алу құқын береді. Аукционға қатысу үшін мына құжаттарды: 1) жеке тұлғалар үшін: жеке сəйкестендіру нөмірін (бұдан əрі – ЖСН), тегін, атын, əкесінің атын (бар болған жағдайда); 2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сəйкестендіру нөмірін (бұдан əрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, əкесінің атын (бар болған жағдайда); 3) кепілді жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелерін; 4) байланыс деректерін (пошталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail); 5) ұлттық куəландырушы орталық берген ЭЦҚ-ның жарамдылық мерзімін көрсете отырып тізілімнің вебпорталында алдын ала тіркелу қажет.

Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді. Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушы ЭЦҚ қойылған аукционға қатысуға өтінімді Қағиданың қосымшасына сəйкес объект бойынша тізілімнің веб-порталына тіркеуі қажет. Аукционға қатысуға өтінім тіркелгеннен кейін тізілім веб-порталында үш минут ішінде сатылатын объект бой ынша кепілді жарнаның түсуі туралы мəліметтердің тізілім дерекқорында болуы тұрғысынан автоматты түрде тексеру жүргізіледі. Назар аударыңыз! Қатысушының өтінімде қатысу жəне тіркеу бойынша көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілді жарнаның аукцион басталуға дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілім вебпорталында өтінімді қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады. Аукционға жіберілген қатысушыға тізілім веб-порталында берілетін аукцион нөмірі бойынша аукцион залына кіруге рұқсат етіледі. Аукционға қатысушылар аукцион басталуға дейін бір сағат ішінде аукцион залына ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып кіреді. Аукцион жекешелендіру объектісінің бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен саудасаттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады. Сауда-саттықтың голланд əдісі бойынша электрондық аукцион: 1) егер электрондық аукцион басталған сəттен бастап екі минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі электрондық аукционда жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы Қағидамен сəйкес белгіленген қадамға азаяды; 2) егер баға азайғаннан кейін екі минут ішінде қатысушылардың бірдебіреуі жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру объектісінің соңғы жарияланған бағасы белгіленген қадаммен азаяды. Жарияланған баға бойынша жекешелендіру объектісін сатып алуға

ниетін бірінші болып рас таған қатысушы сауда-саттықтың голланд əдісі бойынша аукцион жеңімпазы болып танылады жəне осы жекешелендіру объектісі бойынша электрондық аукцион өткізілді деп танылады; 3) егер жекешелендіру объектісінің бағасы белгіленген ең тө мен гі мөлшерге жетсе жəне қатысу шылардың бірде-біреуі жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамаса, онда аукцион өткізілмеді деп танылады. Əрбір сатылған жекешелендіру объектісі бойынша электрондық аукцион нəтижелері аукцион нəтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы жəне жеңімпаз ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, саудасаттық өткізілген күні тізілімнің вебпорталында қол қояды. Аукцион нəтижелері туралы хаттама электрондық аукцион нəтижелерін жəне жеңімпаз бен сатушының жекешелендіру объектісін сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттерін белгілейтін құжат болып табылады. Жезқазған қаласы, Алаш алаңы, 1, 408-бөлме мекенжайында жеңімпазбен сатып алу-сату шартына электрондық аукцион өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қол қойылады. Аукционның жеңімпазы сатып алу-сату келісімшартына қол қойған кезде сатушыға салыстыру үшін: 1) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаттың, сондай-ақ банктен ағымдағы шоттың бар-жоғын растайтын анықтаманың; 2) заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куəліктің не анықтаманың; заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куəландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі пас портының немесе оның жеке басын куəландыратын құжаттың түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып, олардың көшірмелерін не нотариат куəландырылған көшірмелерін ұсынады. Құжаттардың түпнұсқалары салыстырғаннан кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады. Аукцион өткізу туралы қосымша ақпаратты www.gosreestr.kz сайтынан жəне 8 (7102) 73-40-14 телефоны арқылы алуға болады.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитетінің Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті 2015 жылғы 29 сəуірде республикалық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) бір жыл мерзімге беру жөнінде тендер өткізеді Тендер мына мекенжайда болады: ОҚО, Шымкент қаласы, Иляев көшесі, 24. Тендер өткізу уақыты – сағат 10.00-де. Тендерге қойылады: Алаңы 105,13 шаршы метр асхана тұрақжайы. Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасының балансында тұр, орналасқан мекенжайы: Шымкент қаласы, Тəуке хан даңғылы, 97. Тендер шарты: - нысанды қызметкерлерге тамақтандыруды ұйымдастыру үшін пайдалану; - санитарлық-гигиеналық норманы сақтау; - нысанға рұқсат ресімдеу. Жалдау ақысының бастапқы мөлшерлемесі айына – 18753 теңге. Кепілді жарна – 41674 теңге. Жалдау ақысының мөлшерлемесі өзінің құрамына коммуналдық қызметтерді жəне тұрақжайға қызмет көрсетуге шығындарды енгізбейді. Тендер өткізу кезінде комиссия жалдау ақысының ең жоғары сомасын жəне тендерлік құжаттамада қамтылған барлық талаптарға сай келетін қатысушыны тендер жеңімпазы деп жариялайды. Егер тіркелген өтінімдердің саны екеуден кем болса, онда тендер болмады деп жарияланады. Тендер өткізу ережесі мен тендерге қатысу үшін қажет құжаттар тізбесі Тендерге қатысуға өтінім, онда үміткердің тендерге қатысуға келісімі жəне тендер шартын орындау бойынша міндеттемесі мен тиісті шартты жасауы қамтылады. Тендер шарты бойынша ұсыныс жапсырылған конвертте беріледі. - заңды тұлғалар үшін – мемлекеттік тipкey (қайта тipкey) туралы куəліктің, құрылтайшы құжаттардың (құрылтай шарты мен

15

www.egemen.kz

10 сəуір 2015 жыл

жарғының), олар салыстыру үшін түпнұсқаларын міндетті көрсетумен немесе аталған құжаттардың нотариалды куəландырылған көшірмелері көрсетіледі; - дара кəсіпкер үшін – дара кəсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куəліктің, жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаттың, азаматтарды тіркеу кітабының (мекен жай анықтамасы) салыстыру үшін түпнұсқаларды міндетті түрде көрсетумен немесе аталған құжаттардың нотариалды куəландырылған көшірмелері; - жеке тұлғалар үшін – жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаттың, салыстыру үшін түпнұсқаларды міндетті түрде көрсе тумен үй кітапшасы немесе атал ған құ жаттардың нотариалды куəландырылған көшірмелері; - акционерлік қоғамдар үшін – бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімінен үзінді-көшірме; - жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін – серіктестік қатысушыларының тізілімінен үзінді-көшірме (cepiктecтiк қатысушысы тізілімді жүргізу жағдайында); - шетелдік заңды тұлғалар үшін – қазақ жəне орыс тілдеріне аударылып нотариалды расталған құрылтайшы құжаттар; - кепілді жарнаның аударылғандығын растайтын төлем тапсырмасының көшірмесі; - салық органының қатысушының салықтың берешегі жоқ екендігі туралы өтінім берілген кезге дейінгі бір айдан кешіктірілмей берілген анықтамасын; - екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шоттың бар екендігін растайтын аңықтаманы ұсынуы қажет. Өтінім қосарланған конвертте қабылданады. Сыртқы конвертте жоғарыда аталған құжаттар камтылады.

Ішкі конвертте үміткердің ұсынысы қамтылуы тиіс. Ішкі конверт ұсыныс болуы тиіс өтінім беру сəтінде жабық болуы жəне үміткердің оны мөрлеуі тиіс. Өтінімдер қабылдау жалға берушінің мекенжайына құжаттарды тапсыру кезінде жүргізіледі, ол тігілген түрде, беттері нөмірленіп жəне соңғы бетіне қол койылып, мөр басылып куəландырылады (жеке тұлға үшін, егер мұндай болса). Шарт жасау мepзімі: тендер жеңімпазымен шарт тендер хаттамасына қол қойылған күннен бастап он күнтізбелік күннен кешіктірмей жасалады жəне тізілімге тіркелуге жатады, тендер нысанымен танысу жəне тендерлік құжаттаманы алу тендер өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап мына мекенжайда жүргізіледі: ОҚО, Шымкент қ., Иляев к-ci, 24, 204-бөлме. Анықтама алу телефоны: 21-01-59, факс: 21-29-22. Тендерге қатысу үшін кепілді жарна Қазақстан Республикасы Қаржы ми нистрлігі Мемлекеттік мүлік жə не жекешелендіру комитетінің «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті» ММ-нің мына депозиттік шотына төленеді: ИИК KZ930705012170178006, BIG KKMFKZ2A, ММ коды 2170178, БИН 120240016394, КБЕ-11, КНП171, Оңтүстік Қазақстан облысының қазынашылық департаменті.Өтінім мына мекенжайда қабылданады: Шымкент қаласы, Иляев көшесі, 24. Анықтама үшін телефон: 210159, факс: 21-29-22, 54-00-68. Өтінімдер қабылдау, тіркеу жəне тендер өткізу шартымен жəне тендерлік құжаттармен танысу ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі жəне тендер өткізуге дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады (2015 жылғы 28 сəуірде сағат 10.00-де).

 Басты байлық

Хенни Хойман шеберлік сабаєын ґткізді Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Жуырда қаладағы Ғалым Сұлтанов атындағы облыстық ауруханаға неміс ғалымы, профессор Хенни Хойман арнайы келіп, хирургиялық жолмен ортаңғы есту жүйесіндегі ақауды емдеуге арналған шеберлік сабақтарын өткізді. Ол əлемдік стандарттар деңгейіндегі жоғары мамандандырылған медициналық көмекті қолжетімді ету мақсатымен Германиядағы «Olga Hospital» клиникасынан келді. Құлағында кемістігі бар науқастарға хирургиялық ота жасап көрсетті. Шеберлік сыныбына павлодарлық дəрігерлер де қатысып, өзара тəжірибе алмасты. Хенни Хойман жасаған отадан кейін құлағының есту кемістігінен қиындық көріп келген науқастардың жағдайы жақсарып қалды. Жергілікті дəрігерлер, жас мамандар неміс дəрігері жүргізген шеберлік сыныптарына қатысып, екі аптадай тəжірибеден өтті. Барлығы дəрігерлік есепте тұрған құлақтары нашар еститін 36 адамға ота жасалыпты. Құлақтарына ота жасалған

науқастар денсаулық жағдайына байланысты 6-7 күн ауруханада жатып емделеді. Одан соң, емханадағы лор мамандарының бақылауында болады. Бірнеше күннің ішінде өздерін жақсы сезінеді, есту қабілеті жақсарады. Неміс профессоры Хенни Хойман хирургиялық жолмен ортаңғы құлақтағы ақауды емдеуге қатысты шеберлік сағатын өткізді. Құлақ, мұрын, ауыз қуысын емдейтін отоларинголог дəрігерлердің айтуынша, сондықтан, адам денесінің нəзік мүшелеріне күрделі операциялар жасау асқан ұқыптылық пен біліктілікті талап етеді. Облыстық аурухананың лор бөлімшесінің меңгерушісі Нұржан Мейірханов неміс дəрігері үйреткен жаңа тəсілді алғашқылардың бірі болып меңгерді. Сөйтіп, Хенни Хойман жетекшілік еткен шеберлік сағатында екі дəрігер бірлесіп 30 адамға ота жасапты. Солардың бірі – жастайынан құлақ кемістігіне шалдыққан Гүлнұр Қалықова. Операция сəтті өткендіктен, əйелдің қуанышында шек жоқ. – Сол құлағым жақсы естімейтін. Қазір қалпына келді. Рахмет, дəрігерлерге! – дейді Гүлнəр.

Құлаққа ота жасау саласындағы көп жылғы еңбек есту қабілетін 80 пайызға дейін қалпына келтіруге мүмкіндік береді екен. Бұл жайында Елбасы да: «Шетелге барып емделудің қажеті жоқ, бəрі өз елімізде бар..» деп дəрігерлермен кездескен кезінде үнемі айтады. Расында да біздің елімізде қазір шетелдегідей барлық заманауи медициналық құрал-жабдықтар жетеді. Мəселе, олардың бос тұрып қалмауында. Сол үшін барлық дəрігерлер, жас мамандар күндіз-түні оқып үйренулері қажет екені сөзсіз. Сонда ғана басқа да науқастар сияқты, құлақтарында, яғни, есту жүйесінде ақауы бар кейбір тұрғындар енді алысқа бармай-ақ, облыс орталығында емделе алатын болды. - Енді, бұл отаны өзіміз де жасай аламыз. Шеберлік сыныпқа қатысып үйрендік. Біз қазір 18 жастан асқан ересектерге ота жасадық. Алдағы уақытта мұндай ота балаларға да жасалады, – дейді аурухананың лор бөлімшесінің дəрігері Мұрат Жасқайратұлы. Ал, бұл күндері облыс бойынша есту жүйесіне нұқсан

келген 2 мыңға жуық науқас тіркеуде тұрған көрінеді. Олардың біразы хирургиялық жолмен ота жасауды қажет етеді екен. Сондықтан, шетелдік əріптестерінен үйренген тəжірибе, біліктіліктерін ж е р г і л і к т і о то л о р и н г о ло г тар енді адам денсаулығын сақтауға, құлақ, есту жүйелерін емдеу, ота жасауға арнамақ. Өйткені, ауруханада, емханада болсын-ота жасауға қажетті қазіргі заманғы құ рал-жабдықтардың бəрі тұр. Тек сол медициналық заманауи құрал-жабдықтармен жұмыс жасай алатын-білімді, білікті маман керек. Мысалы, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Нұрлан Қасымовтың айтуынша, өткен жылы 400 миллион теңгеден астам қаржыға 231 медициналық құрал-жабдық сатып алыныпты. Оның ішінде облыстық бюджет есебінен 213,5 миллион теңгеге 212 бірлік жабдықтар əкелінген. Биылғы жыл жағдайы бойынша медициналық құрал-жабдықпен жабдықталу 85,2 пайызды құрайды. ПАВЛОДАР.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ

2015 жылғы 26 сəуірдегі кезектен тыс Президент сайлауына қатысатын Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттарға «Хабар» Агенттігі» акционерлік қоғамының «Хабар» арнасында эфир уақытын берудің жалпы талаптары туралы «Егемен Қазақстан» газетінің 2015 жылғы 6 наурыздағы санында жарияланған Ақпараттық хабарламаға жəне аталған газетте 2015 жылғы 20 наурызда жарияланған толықтырылған Ақпараттық хабарламаға қосымша ретінде «Хабар» Агенттігі» акционерлік қоғамы төмендегіні хабарлайды: Хронометражы 30 (отыз) минуттан аспайтын өзге үгіт материалдары (арнайы репортаждар) «Хабар» арнасының эфирінде Ақпараттық хабарламада көзделген тəртіп пен шарттарға сəйкес орналастырылады. «Хабар» Агенттігі» АҚ

В дополнение к Информационному сообщению об общих условиях предоставления эфирного времени на канале «Хабар» кандидатам в Президенты Республики Казахстан, участвующим во внеочередных выборах Президента Республики Казахстан 26 апреля 2015 года, опубликованному в газете «Егемен Қазақстан» 6 марта 2015 года, и дополнительному Информационному сообщению, опубликованному в указанной газете 20 марта 2015 года, акционерное общество «Агентство «Хабар» сообщает следующее. Агитационные материалы (спецрепортажи) хронометражом, не превышающим 30 (тридцать) минут, размещаются в эфире канала «Хабар» в порядке и на условиях, указанных в Информационном сообщении. АО «Агентство «Хабар»

КАРТОП ТҰҚЫМЫН КӨТЕРМЕ БАҒАМЕН САТАМЫЗ

«Электр энергетикасы туралы» Заңның 12-бабы 3-тармағының 7-тармақшасына сəйкес, «Жанажолская ГТЭС» ЖШС 2014 жылғы инвестициялық келісімді орындау нəтижелері бойынша жария тыңдауға қатысуға барлық мүдделі тұлғаларды шақырады. Өткізу күні 27.04.2015 ж. сағат 15.00-де мына мекенжай бойынша: Ақтөбе қ., Əйтеке би к-сі, 58, №219 кабинет.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитетінің Оңтүстік Қазақстан мемлекетік мүлік жəне жекешелендіру департаменті 2015 жылғы 29 сəуірде сағат 11.00-де республикалық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру жөнінде тендер өткізеді

«Электр энергетикасы туралы» Заңның 12-бабы 3-тармағының 6-тармақшасына сəйкес, «Жанажолская ГТЭС» ЖШС 2014 жылғы келісімде қарастырылған инвестициялық міндеттемелерді орындау туралы мəліметті ұсынады

РОЗАРА ЭЛИТА (ГЕРМАНИЯ), ЗЕКУРА (ақ); РОЗАРА (қызыл), АЛЬВАРА (қызыл) – 3 репродукция. Қарағанды обл., Нұра ауд., Захаров а/о, «Альдеран» ш/қ. Тел. 8-7212-47-90-18, 8-701-613-51-20.

Тендер мына мекенжайда болады: Шымкент қ., Ғани Иляев к-ci, 24. Теңдерге қойылады: - Ғимараттың бірінші қабатындағы тұрақжай, орналасқан мекенжайы: ОҚО, Ленгір қаласы, Төле би көшесі, 211. Барлық жалға алу алаңы – 395,7 ш.м. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаментінің балансында тұр. Жалдау ақысының бастапқы мөлшерлемесі айына – 196069 теңге. Кепілді жарна – 98035 теңге. Тендер өткізу шарты: 1.Объект үшін жалдау ақысы бойынша ұсыныс бастапқыдан төмен емес, төлемақы ай сайын. Жалдау мерзімі – баланс ұстаушымен келісім бойынша одан əрі ұзарту мүмкіндігімен 1 жыл. 2.Банктік операцияларды жүзеге асыру үшін есеп айырысу-кассалық орталықтарды орналастыру. 3.Жалдау объектісін тиісті техникалық пайдалану жағдайында сақтауды камтамасыз ету. 4.Баланс ұстаушымен шарт бойынша коммуналдық қызметтер, пайдалану шығындары үшін төлемдерді, сондай-ақ өзінің қаражат есебінен ағымдағы жөндеуді жүргізуге төлемдерді қамтамасыз ету. 5.Жалдаушы қазынашылық қызметінде ақпараттық қауіпсіздікті бұзуға жол бермеу мақсатында персонал мен келушілердің іс-қимылдарын бақылауға міндетті. Объект үшін жалдау ақысының ең жоғары сомасын ұсынған жəне тендерлік құжаттамада қамтылған барлық талаптарға сай келетін тендер қатысушысы тендер жеңімпазы болып танылады. Егер тіркелген өтінімдердің саны екеуден кем болса, онда тендер болмады деп жарияланады. Тендерге қатысу үшін қажет құжаттар тізбесі Тендерге қатысуға өтінім, онда үміткердің тендерге қатысуға келісімі жəне тендер шартын орындау бойынша міндеттемесі мен тиісті шартты жасауы қамтылады. Тендер шарты бойынша ұсыныс жапсырылған конвертте беріледі. - заңды тұлғалар үшін – мемлекеттік тipкey (қайта тipкey) туралы куəліктің, құрылтайшы құжат тардың (құрылтай шарты мен жарғының), олар салыстыру үшін түпнұсқаларын міндетті көрсетумен немесе аталған құжаттардың нотариалды куəландырылған көшірмелері көрсетіледі; - жеке кəсіпкер үшін – жеке кəсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куəліктің, жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаттың, аза маттарды тіркеу кітабының (ме кенжайы анықтамасы) салыстыру үшін түпнұсқаларды міндетті түрде көрсетумен немесе аталған құжаттардың нотариалды куəландырылған көшірмелері; -жеке тұлғалар үшін – жеке кəсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куəліктің, жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаттың, салыстыру үшін түпнұсқаларды міндетті түрде көрсетумен үй кітапшасы немесе аталған құжаттардың нотариалды

куəландырылған көшірмелері; - акционерлік қоғамдар үшін – бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімінен үзінді-көшірме; - жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін – серіктестік қатысушыларының тізілімінен үзіндікөшірме (cepiктecтiк қатысушысы тізілімді жүргізу жағдайында); - шетелдік заңды тұлғалар үшін – қазақ жəне орыс тілдеріне аударылып нотариалды расталған құрылтайшы құжаттар; - кепілді жарнаның аударылғандығын растайтын төлем тапсырмасының көшірмесі; - салық органының қатысушының салықтық берешегі жоқ екендігі туралы өтінім берілген кезге дейінгі бір айдан кешіктірілмей берілген анықтамасын; - екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шоттың бар екендігін растайтын аңықтаманы ұсынуы қажет. Өтінім қосарланған конвертте қабылданады. Сыртқы конвертте жоғарыда аталған құжаттар камтылады. Ішкі конвертте үміткердің ұсынысы қамтылуы тиіс. Ішкі конверт өтінім беру сəтінде жабық болуы жəне үміткердің оны мөрлеуі тиіс. Өтінімдер қабылдау жалға берушінің мекенжайына құжаттарды тапсыру кезінде жүргізіледі, ол тігілген түрде, беттері нөмірленіп жəне соңғы бетіне қол койылып, мөр басылып куəландырылады (заңды тұлға үшін, егер мұндай болса). Шарт жасау мepзімі: тендер жеңімпазымен шарт тендер хаттамасына қол қойылған күннен бастап он күнтізбелік күннен кешіктірмей жасалады жəне тізілімге тіркелуге жатады, тендер объектісімен танысу жəне тендерлік құжаттаманы алу тендер өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап мына мекенжайда жүргізіледі: ОҚО, Шымкент қ., Иляев к-ci, 24, 204-бөлме. Анықтама алу телефоны: 21-01-59, факс: 21-29-22. Тендер қатысушысы заңды тұлға болмайды, ол ҚР заңына немесе құрылтайшы құжаттарға сəйкес қызметтің белгілі бір түрлерімен айналысуға құқығы жоқ, оны тапсыру тендер шарты болып табылады. Тендерге қатысу үшін кепілді жарна Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитетінің «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті» ММнің мына депозиттік шотына төленеді: ИИК KZ930705012170178006, BIG KKMFKZ2A, ММ коды 2170178, БИН 120240016394, КБЕ-11, КНП171, Оңтүстік Қазақстан облысының қазынашылық департаменті. Өтінім мына мекенжайда қабылданады: Шымкент қаласы, Иляев көшесі, 24. Анықтама үшін телефон: 210159, факс: 21-29-22, 54-00-68. Өтінімдер қабылдау, тіркеу жəне тендер өткізу шартымен жəне тендерлік құжаттармен танысу ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі жəне тендер өткізуге дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады (2015 жылғы 28 сəуірде сағат 11.00-де).

№ р/с 1 2 3 4 5 6

Атауы

Жоспар, мың тг. Факт, мың тг.

«152 МВт-ға дейін қуаттылықты жеткізумен 2 705 898 ЖГТЭС-ті кеңейту» жобасын жүзеге асыру «Жаңажол-КС-13» МГ-дан ЖГТЭС-ке дейінгі газ құбырының құрылысы Өрт сөндіру депосын жобалау АСУТП-ны енгізу Қолданыстағы активтерді жаңарту, қолдау, жаңғырту жəне техникалық жарақтандыру Жиыны:

343 850 700 341 452 287 674 3 679 574

2 904 104 372 424 705 341 452 234 535 3 853 220

Мухтаров Асет Куатовичке берілген №0130485 ҰБТ сертификаты жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын.

Нотариус г.Алматы Базарбаева Асель Алтаевна сообщает об открывшемся наследстве на имущество Малдыбековой Убайды, 01.01.1928 года рождения, умершей 26.12.2014 года. Всем возможным наследникам обратиться к нотариусу по адресу: г.Алматы, ул. Айтеке би, д. 149, офис 78.

Шетелдік веб-сайттарда орналасќан ќўжаттарды заѕсыз тїрде ќабылдаєан тўлєалардыѕ назарына! 2015 жылғы 12 наурызда Қазақстан Республикасы АҚШ, НьюЙорк қ. Оңтүстік аймағының Аймақтық сотына Сізге қарсы талапарыз ұсынды. Іс Қазақстан Республикасы Does 1-100 Inclusive, No. 15 Civ/ 1900 (ER) (S.D.N.Y. 2015)-ға қарсы ретінде ресімделді. Талапарыздың көшірмесін мына сілтеме бойынша өтіп, көруге болады: www.facebook.com/KazakhstanvDoes. Толықтыра келе, Сізге қатысты Уақытша шараларды қамтамасыз ету жəне сотпен тыйым салу туралы өтінішхат (бұдан əрі – «Өтінішхат») ұсынылды. Өтінішхаттың жəне қоса берілген құжаттардың көшірмесін мына сілтеме бойынша өтіп, табуға болады: www.facebook.com/KazakhstanvDoes. Өтінішхат Негіздемелер ұсыну туралы бұйрық бойынша берілген, сондықтан іс жеделдетілген тəртіпте қаралатын болады. Біржақты уақытша сотпен тыйым салу Сізге, сіздің үлестес тұлғаларыңызға, жұмысшыларға, агенттер мен өкілдерге жəне сіз Қазақстан Республикасының компьютерлік желісінен материалдарды жəне Қазақстан Республикасының лауазымды тұлғаларының Gmail есеп жазбаларын сізбен бірлесе пайдалануға, жариялауға, таратуға, басып шығаруға, көрсетуге, айырбастауға, бөлуге, қабылдауға, көшіруге, шолуға, қолжетімділікке, қандай да бір түрмен басқалар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етуге немесе қолжетімділікті ұсынуға қатысқан барлық тұлғаларға шығарылды. Негіздемелер ұсыну туралы бұйрықтың көшірмесін мына сілтеме бойынша өтіп, табуға болады: www.facebook.com/KazakhstanvDoes. Сот тараптарды Уақытша сотпен тыйым салуға сəйкес 2015 жылғы 20 наурызда 14.00 сағатта Нью-Йорк қ. Оңтүстік аймақтық сотының ғимараты, АҚШ, 40 Фолей Сквер, Нью-Йорк қ., НЙ, 10007 мекенжайы бойынша келуге міндеттеді. Егер Сіздің атыңыздан заңгер өкілдік етсе, бізге бұл туралы хабарландыруды сұраймыз жəне біз сіздің адвокатыңызға Сот тағайындаған күнге жəне уақытқа қатысты хабарлаймыз. Curtis, Mallet-Prevost, Colt & Mosle LLP 101 Парк Авеню Нью-Йорк қ., НЙ 101-78 – 0061 Жак Семмелманның назарына jsemmelman@curtis.com Қазақстан Республикасының адвокаттары Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрлігі кинорежиссер, театр жəне кино актері, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Цой Гук Иннің қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына, туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоры «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы кеңесшісі Ерқанат Əбениге қарындасы Гүлжан МАРАТҚЫЗЫНЫҢ мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Марқұмның жаны жəннатта болсын.


www.egemen.kz

10 сəуір 2015 жыл

Ардагерлер айшыќты ардаќталды Ұлы Жеңістің 70 жылдығын мерекелейтін мерейлі күнге дəлме-дəл 30 күн қалғанда, кеше Астанадағы Ұлттық музейде тағы бір тағылымды іс-шара өткізілді. «Хабар» агенттігі ұйымдастырған «Жеңіске құрмет!» акциясы барысында Ұлы Отан соғысының ардагерлері ардақталды.

Ұлттық музей ұжымының көмегімен, Қорғаныс министрлігінің үрмелі аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен өткізілген ісшараны «Хабар» агенттігі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Айдос Үкібаев кіріспе сөзбен ашып: «Осыдан жетпіс жыл бұрын туған жерге жеңіс жалауын желбіретіп қайтқан жауынгерлер

– бүгінде жасы тоқсаннан асқан ардагерлер. Біз сіздерге бүгінгі ашық аспан, бейбіт өмір үшін қарыздармыз. «Хабар» агенттігінің құрамына кіретін телеарналар ұжымдары өздерінің бір күндік еңбекақыларын арнаулы қорға аударып, ардагерлерге сый-сияпат жасауға септесуді ұйғарды», деді. Кешегі іс-шарада ардақталған адамдардың

арасында 1941 жылы əскер қатарына алынып, соғысқа бастан-аяқ қатысқан, соғыстан кейінгі жылдарда да əскери салада қызмет еткен бүгінде отставкадағы полковник Тезекбай Əбдірахманов, 18 жасында əскерге алынған Александр Морунов, 17 жасында өз еркімен соғысқа аттанған Мінайдар Боранбаев, майданда зенитші ретінде көзге түскен Жəния Берниязова, жеңісті жолын Австрия жерінде аяқтаған Екатерина Плужникова, соғысты Берлиннің нақ өзінде бітірген Қадан Бекенов сияқты жауынгерлер болды. Олардың бəріне агенттіктің атынан бағалы сыйлықтар табыс етілді. Ұлттық музейдің директоры Дархан

 Мирас

Атыраудағы тарихи-өлкетану мұражайының əдебиет жəне мəдениет залында құнды дерек өте көп. Бұған дейін аталған залға бел гілі актер Нұрмұхан Жан төрин нің «Моцарт пен Сальери» спектаклінде киген костюмі, Мұхтар Бақтыгереев пен Сəтімжан Санбаев сынды актерлердің, Əбу Сəрсенбаев пен Хамит Ерғалиев, Жұмекен Нəжімеденов пен Фариза Оңғарсынова, Зейнолла Қабдолов пен Тауман Амандосов, Берқайыр Аманшин мен Ғабдол Слановтай қаламгерлердің тұтынған бұйымдары, Құрманғазы мен Динаның, Жүсіпбек Елебеков пен Нұрғиса Тілендиевтің,

 Айбын Кешегі батырлар жасаған ерліктің де ізі сабақтасып келеді. Қара ниеттімен күрес, жа мандықтың жолын кесу, қиналғанға көмек, қысылғанға медет болған азаматтық істің жарқын үлгілері көп. Солардың бірін жақында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6636 əскери бөлімінің ұланы Нұрлан Момынов жасады. Жалаңдаған өрттен адам құтқарды. Иə, азаматтың ерлігін айтайық, көп болып үлгі тұтайық. Оқиға былай болған екен. Астананың іргесіндегі саяжайлардың бірінде тұратын Нұрлан көршінің үйінен шығып жатқан қою түтінді байқаған. Ойланбастан шарбақтан секіріп, көрші үйдің есігін ашса, дəліз толған көк түтін. Түпкі бөлмені қызыл жалын шарпыған. Нұрлан əуелі бөлмелердің біреуінен бойларын үрей билеп, бұрышта тығылып отырған 10 жəне 15 жасар екі жасөспірімді, енді біреуінен екі жасар сəбиін құшақтап, ес-түссіз сұлық жатқан отанасы О.Қалыбаеваны тауып сыртқа шығарады. Кейін жедел жəрдем көлігін шақырып, енді есін жинап, өздеріне келіп жатқан көршілерін ауруханаға жөнелтуге көмектескен. Осы уақытта «Ең бастысы, адамдар тірі. Енді үйдегі өртті сөндіру керек» деп, жаңа жиналып

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

Əзидолла Есқалиев пен Қаршыға Ахмедияровтың, Рысбай Ғабдиев пен Шамғон Қажығалиевтің, Нариман Үлкенбаев пен Ғатау Ібішовтің, Шəміл Əбілтаев пен Алтынбек Қоразбаевтың, Айгүл Үлкенбаева мен Бекболат Тілеуханов секілді елімізге кеңінен танымал өнер шеберлерінің домбыралары қойылған. Осындағы 40-қа тарта домбыра коллекциясының қатары енді төрт домбырамен толықты. Жақында Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов белгілі күйші Камал Мақайұлының домбырасын, жазушы Мақсұт Неталиевтің домбырасын ұлы Шеген тапсырды. Ал танымал өнер зерттеушісі, композитор Илья Жақанов өзінің «Ағады Жайық, ағады», «Оралдың ерке самалы»

Қостанай қаласындағы Л.Толстой атындағы əмбебап кітапханада журналист Абылай Маудановтың «Сары дəптер» деп аталатын тұңғыш өлеңдер кітабының тұсаукесері өтті.

жəне өзге əсем сазды əндерін шығару кезінде қолданған домбырасын ұсынды. Мұражай төрінен орын алған осындай құнды жəдігерлер қатарына Атырау облысының əкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің анасы, халық композиторларының күйлерін кейінгі ұрпаққа жеткізіп, кеңінен насихаттаған ұлттық өнер жанашыры Əсима Қалиқызының көзі тірісінде қолына ұстаған қара домбырасы да қосылды. – Біз отбасында он бала өстік. Анамыз Əсима ата-енесін күтумен, он баласын мəпелеумен бірге, қолынан ұдайы домбырасын тастаған жоқ. Үнемі күй тартып отыратын. Күй анасы Дина шешемізді көріп, үлгі алған. Бүгінгі Əнұранымыздың авторы Жұмекен Нəжімеденовті арқалап

Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан».

өсірді. Анамыздан тəлім алған балаларының бəрі де өнерге жақын болып өсті. Үш қарындасым өнер саласында, інім екеуміз де өнерге жақынбыз. Музыкалық аспаптарда ойнаймыз. Анамыз үш күйді, соның ішінде, Құрманғазының «Көкала ат», Динаның «Қарт жігер» жəне Мақаштың «Байжұма» күйлерін

Ер биігі – ерлігі Иə, шынымен де дəл солай, нақ солай. Ерлік жасап, арда туған азаматтан артық кім бар?! Осы «біздің еліміз əлемдегі жердің кеңдігі бойынша тоғызыншы орын алады» деп арқаны кеңге салып, жер-жаһанға жайып салатынымыздың түбінде де ел үшін, жер үшін түн ұйықтамай, түн қатқан ерлердің ерлігі жатқан жоқ па. Олар қажет болса жанын пида етіп, ұлтарақтай жер үшін отқа түсті, от кешті. Сондағы ойы «я тəйірі, ендігі елім аман болсын, ұрпағым Отаным дейтін кіндік қаны тамған жерінен ауаша өспесін, елдікті жалғастыру сендерге аманат», – деп кейінгілерге осы ұлы өсиетті мұра етіп қалдырып отырғаны аян. Сол батырлардың ізі өшкен жоқ. Ұрпағымен жасасып келеді. Елдік туы мəңгілік жалғаса бермек. үлгеріп, қажетінше отпен арпаласқа түскен көрші-қолаңға көмекке өрт сөндірушілер де келіп жеткен болатын. Міне, осылай бейбіт күнде ерлік жасалды. Нұрлан алаңсыз отырған бір отбасын тілсіз жаудан құтқарып қалды. Шынтуайтында, оларға жаңа өмір сыйлады. Отанасы нағыз азаматқа мың қайтара алғысын жаудырып, енді оны өзінің үлкен ұлы санайтынын айтады. «Нұрлан болмаса, бүгінгі көрер жарығымыз да болмас еді ғой. Улы түтінге ес білмей уланған біздердің тіпті аяқ серпуге де шамамыз келмеді. Нұрлан жаным, бізді ғана құтқарып қоймай, баспанамды да аман алып қалды. Айналайын, өмірің ұзақ, бақытты бол», – дейді көзіне жас алған ана алғысын білдіріп. Бұл бес күндік фəни жалғанда

күйтабаққа жəне күй жинағына жаздырды, – деді Бақтықожа Ізмұхамбетов анасының домбырасын мұражай қорына ұсыну кезінде. АТЫРАУ. –––––––––––

Суретті түсірген Рахым ҚОЙЛЫБАЕВ.

адам өміріне араша түсуден артық нағыз мəрт, нағыз азаматтық іс, ұлық ерлік із жоқ екені баршаға аян. Олай болса, ер биігіне шыққан Нұрланға алғыс айтып, ісіне бас иеміз. Оқиғадан кейін, сəуірдің 6-сы күні Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Руслан Жақсылықовтың бұйрығымен қатардағы жауынгер Н.Момынов ІІ дəрежелі «Ұлттық ұлан қызметінің үздігі» кеуде белгісімен марапатталды. 6636-əскери бө ліміне батыл азаматтың туған-туыстары шақырылып, оның ерлік ісі бүкіл ұжым алдында ұлықталды. Нұрланға марапатымен қоса бағалы сыйлықтар табыс етілді. Ерлікті, елдікті ұлықтауға жиналған қауым атынан əскери бөлім ардагерлері азаматқа алғыстарын айтып, ақ баталарын берді, өзін көпке үлгі етті. Иə, өз ұландарымызды ұлықтау өнегенің үлкені, жастарды отансүйгіштікке тəрбиелеудің озық жолы. Əйтпесе, «өз ұлым деп мейірленбесе, халық қайдан алсын кемеңгерді» деп Мұхтар Əуезов айтқандай, ерліктің еленуі, оның иесі лайықты құрметке бөленуі нұр үстіне нұр. Ерлеріміз азаймасын, елдік туы аласармасын. Арман ƏУБƏКІРОВ, майор.

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 341-08-12.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru, egemenkz@maіl.kz. Интернет-редакция: ekazakhstan@mail.ru Алматыда: факс (727) – 341-08-12, электронды пошта – egemalm@mail.ru

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – 8 (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – 8 (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – 8 (712-2) 31-74-13; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

Көкшетау – 8 (716-2) 25-76-91; Қарағанды – 8 (721-2) 43-94-72; Қостанай – 8 (714-2) 39-12-15; Қызылорда – 8 (701) 772-70-74; Орал – 8 (777) 496-21-38;

«Егемен-ақпарат».

Бояуы бґлек «Сары дəптер»

Атыраудаєы мўражайєа танымал тўлєалардыѕ домбыралары тапсырылды «Егемен Қазақстан».

Мыңбай өз сөзінде: «Музей үшін соғыс жылдарының оқиғаларын жұртшылық жадында сақтау өте маңызды. Бүгінгі жəне келер ұрпақ Жеңістің қандайлық қиындықпен келгенін білу арқылы бүгінгі бақытты бағалай түседі» деді, Отан қорғаушылар күні қарсаңында музейде Жеңіс мерекесіне арналған үлкен көрме ашылатынын хабарлады. Акция барысында əншілер Азамат Жылтыркөзов, Маржан Арапбаева, Марат Айтымбай, Шахризада Тыныштық соғыс жылдарындағы əндерді орындап, ардагерлердің алғысын арқалады.

 Тың туынды

Ќўнды жəдігер Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,

Суреттерді түсірген Ерлан ОМАРОВ.

16

Өскемен – 8 (778) 454-86-11; Павлодар – 8 (718-2) 68-59-85; Тараз – 8 (726-2) 43-37-33; Шымкент – 8 (701) 362-63-76; Петропавл – 8 (715-2) 50-72-50.

Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 341-08-11, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Арко» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-Полиграфия» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Достық-Дружба даң., 215 А, «WESTA» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

Ол туралы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде оқып жүрген кезіндегі ұстазы Нұрқанат Құлабаев «Білім ордасын сырттай оқитын Абылай студенттер арасында өтетін мүшəйраға қатысу үшін өлеңдері жазылған сары дəптерін топ старостасынан беріп жіберіпті «Сары дəптерді парақтай бастадым: «Тыраулады тырналар... Тізді нала, Құбыланы бұлт жапты қызғыл ала. Көрпе астында жылаған жетім қыздай, Сібірлейді білдіртпей күзгі дала. Сұр тұманмен тұншыққан төңірегі, Иен далада ессіз жел еңіреді. Ажал күткен жаралы жауынгердей, деген жолдар бірден селт еткізді» десе, ақын Ақылбек Шаяхмет: «Абылайда Кеңшілік ағасының шұрайлы тілі, Серік ағасының ойлары, Сейіт ағасының қыжылды қалжыңдары бар» деді тұсаукесерде. Тұсаукесерде авторға айтылар тілек те көп болды. – Абылай – ақын. Абылай бақытын лирикадан іздеуі тиіс, – деді Серікбай Оспанов. – Осы кезге дейін Абылай Маудановтың бірнеше жас ақындар жинағына өлеңдері енді. Жергілікті жерде өтіп жататын жыр сайыстарын айтпағанда, республикалық «Бір өлең – бір əлем» республикалық мүшəйрасында үшінші орынды, «Шабыт» жастар фестивалі аясында өткен жыр бəйгесінде бас жүлдені жеңіп алған болатын. Осы жыр бəйгесіндегі қазылар алқасының басында қазақ поэзиясының патшайымы Фариза Оңғарсынова отырып, оған сəттілік тілеуі Абылайдың ақындығына тағдыр таразысындай еді. «Жұтаңдығы елдің етіне сіңген, Ал, көлі сордың бетіне сіңген. Жылап ағатын жылаңқы өзені Жылан секілді жеті кесілген» – деп туған жері – жерұйығы – сары даласының суретін жырымен сызғанда да, адалдықты, тазалықты аңсар өлеңдерінде де сары тап сағыныш жататындай. Кітапты парақтаған оқырман оның атымен де келіскендей болады. Ендеше, «Сары дəптер», сəт сапар дейік. ҚОСТАНАЙ.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 203 394 дана. Нөмірдің кезекші редакторы

Сұңғат ƏЛІПБАЙ.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 8 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №537 ek

Profile for Egemen

10042015  

1004201510042015

10042015  

1004201510042015

Profile for daulet
Advertisement