Page 1

АҚПАРАТТАР аєыны

№106 (28584) 9 МАУСЫМ СЕЙСЕНБІ 2015 ЖЫЛ

Жасыл желек – жанєа дауа Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы дəстүр бойынша елорда айналасындағы жасыл аймақ ты əуеден тікұшақпен шолып шығып, Астана қаласының «жасыл белдеуін» дамыту жəне орманды алқап қалыптастыру жұмыстарының барысымен танысты. Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Бұдан кейін Қазақстан Президенті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері үшін баспасөз брифингін өткізді. Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде 1997 жылдан бері жүргізілген жұмыстардың нəтижесінде елорда айналасына егілген жасыл желектің ауданы бүгінде 70 мың гектарға жеткенін атап өтті. «Бір кездері біздің бұл жоспарымызға күмəнмен қарағандар болған еді. Бірақ, біз осы орманды болашақ ұрпақ үшін өсіріп, оны Қазақстанның кереметіне айналдырдық. Соның арқасында қалада шаң-тозаң, жел азайды. Орманда арнайы жидек ағаштары отырғызылып, аң-құс пайда болды. Егілген ағаштар елорда тұрғындары мен қонақтарының демалысына қажетті жағдай туғызады. Мұнда веложолдары, кемпингтері бар демалыс аймақтарын орнықтыру жоспарлануда», – деді Қазақстан Президенті. Осыған байланысты Мемлекет басшысы орман шаруашылығы еңбеккерлеріне, ғалымдарға қажырлы еңбектері үшін ризашылығын білдірді. Елбасы, сонымен қатар, «жасыл белдеу» алқабын ұлғайту жұмыстары əлі де жалғасатынын айтты. «Барған сайын кеңейіп келе жатқан Астана орманын біз мақтаныш етуімізге болады. 2020 жылға қарай оның көлемін 100 мың гектарға жеткізу міндеті қойылды. Ал қарағай отырғызылғаннан кейін ол сапалық тұрғыда мүлде өзгеше болады. Осының бəрі Қазақстанның болашағы үшін жасалып жатыр», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Осыдан кейін орман алқабына жылдағы дəстүр бойынша қырғауылдар ұшырылды.

Бұл күні Елбасы Астананың «жасыл белдеуін» дамыту мəселелеріне арналған кеңес өткізді. Кеңеске Президент Əкімшілігінің Басшысы Н.Нығматулин, Астана қаласының əкімі Ə.Жақсыбеков жəне Ауыл шаруашылығы вице-министрі Е.Нысанбаев қатысты. Кеңеске қатысушылар былтырдан бергі екі аралықта істелген жұмыс қорытындылары мен елорданың жасыл белдеуін əрі қарай дамыту қадамдарын талқылады. Ол үшін 2020 жылға дейін негізгі үш бағытта жұмыс жүргізу жоспарланған. Олар – қалыптасқан аймақтардағы жасыл желектің тығыздығын арттыру, қала аумағындағы бос жерлерге ағаш отырғызу, демалыс орындарын қалыптастыру.

Елбасыныѕ апталыќ кестесі 9 маусымда Қазақстан Президенті Астанада өтетін Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшыларының V съезі аясында Финляндия Президенті Саули Ниинистёмен кездеседі деп жоспарланып отыр. 10-11 маусымда Мемлекет басшысы «Діни көшбасшылар мен саяси қайраткерлердің бейбітшілік жəне даму жолындағы диалогы» деген тақырыппен өтетін съездің жұмысына қатысады. Сондай-ақ, съезд аясында Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунмен жəне Иордания Королі ІІ Абдалламен кездесуі жоспарланған, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісі Төрағасының Өкімі 2015 жылғы 8 маусым

№41

Астана, Парламент Мəжілісі

Ќазаќстан Республикасы Парламенті Палаталарыныѕ бірлескен отырысын шаќыру туралы Қазақстан Республикасы Конститутциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сəйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2015 жылғы 17 маусымда сағат 10да Астана қаласында шақырылсын. Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің Төрағасы Қ.ЖАҚЫПОВ.

Табысты болєан миссия

Кеше Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Əбдіқалықова өзінің Қазақстандағы дипломатиялық миссиясын аяқтаған Испанияның Қазақстандағы бұрынғы Төтенше жəне өкілетті елшісі Мануэль Ларотча Параданы қабылдады. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

Гүлшара Əбдіқалықова бұрынғы елшіні Испанияның 2015-2016 жыл дарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сай лануымен құттықтады жəне испандық тараптың Қазақстанның 2017-2018 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне кандидатурасын ілгерілету

жөніндегі науқанына жəрдемдескені үшін ризашылығын білдірді. Кездесуде 2009 жылы қол қойылған Стратегиялық серіктестік ту ралы келісімге негізделген Қазақстан мен Испания арасындағы екіжақты саяси, сауда-экономикалық жəне мəдени қарымқатынастардың серпінді дамуы атап көрсетілді. (Соңы 5-бетте).

Жиын барысында Нұрсұлтан Назарбаев «жасыл белдеу» қалыптастыру барысындағы үйлесімді жұмысты қамтамасыз ету, ғылыми тəжірибені қолдану, жаңа технологиялар енгізу, қала аумағы мен оның сыртындағы орман алқаптарын қосу маңыздылығына назар аударды. Кеңес қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді. Бүгінде елорданың жасыл белдеуінің жалпы аумағы 14827 га, оның 11500-і – орман алқабы, ол жерде 9,6 миллион ағаш пен 2 миллионға жуық тал-теректер өсіпөнуде. Бұл аумаққа 2014-2015 жылдары 776340 көшет отырғызылса, 2016 жылы тағы 353560 көшет егілмек. Мамандардың айтуынша, 2017 жылдан

2030 жылға дейін 9820 га жер аумағына орман ағаштарын отырғызу көзделіп отыр. Бұл жұмыс ықтырмалы аумақ толықтай орманды жерге айналғанша жүргізіледі екен. Бұдан кейінгі кезекте қала аумағындағы бос жерлерге орман алқабын қалыптастыру жұмыстары жүзеге асырылмақ. ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық аясында елорданың «жасыл белдеуін» дамыту үшін рекреациялық аумақтарды жасау да назардан тыс қалмайтын болады. Қазіргі уақытта 25 га аумақты құрайтын бір жоба бойынша спорт кешені, балалардың ойын алаңдары, дема лыс орталықтары, ресторан, 320 көлік ке арналған автотұрақ жасау қарастырылған.

Ал 100 га құрайтын тағы бір аумақта ат спорты кешенін орналастыру көзделіп отырған көрінеді. Онда отбасылық демалыс орталығы, аквапарк, 288 орындық балалар лагері, жастар демалыс орталығы болады. Мамандардың сөзіне қарағанда, бүгінде орманды алқаптардың санитарлық жағдайы көңілге қонымды. Онда бірнеше бағытта ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Көшеттерді зерттеу арқылы егілген ағаштардың, тал-шіліктердің зиянкес жəндіктер салдарынан қаншалықты деңгейде зақымданғаны немесе жерсініп қалыптасқаны анықталады.

––––––––––––––––––

Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Ґткенніѕ ґнегесі – болашаќтыѕ болмысы Мəдениет жəне спорт министрлігі Дін мəселелері жґніндегі єылыми-зерттеу жəне талдау орталыєыныѕ директоры Айнўр ƏБДІРƏСІЛЌЫЗЫМЕН əѕгіме

− Айнұр Əбдірəсілқызы, əңгімемізді бүгінгі күннің өзекті тақы рыбы болып отырған дінаралық үнқатысу мəселесіне арнасақ деймін. «Пікірталасты бастамас бұрын ұғымдарды анықтап алайық», деген ұтымды сөз бар. Мен де бірінші кезекте «толеранттылық» терминінің басын ашып алсақ дер едім. Əдетте, толеранттылықты «тағаттылық» деп аударады. Бəзбіреулер «төзімділік» деп те беріп жүр. Ал сіз үнемі

«мəмілегерлік» ұғымын қолданасыз. Неге? − «Мəміле» сөзі арабтың «қарым-қатынас» ұғымын беретін «муъамала» сөзінен туындайды. Қазақы ұғымдағы «мəміле жасау» сөзі «келісімді қарым-қатынас жасау» ұғымына саяды. Өзгелермен қарым-қатынасы түзу адамды қазақ «мəмілесі түзу» деп атайды. Ал «мəмілеге келу» сөзі «бітімге, келісімге, ортақ шешімге келу» ұғымдарын береді. Демек, «мəмілегерлік» сөзінің «төзімділік» пен «тағаттылықтан» мағыналық аясы əлдеқайда кең. Мəмілегерлік – орнықты қарым-қатынас жасай білу, келісімге келе білу, мəселенің оң шешімін таба білу мəдениеті. Оның мəні орнықты тұрғысы

мен көзқарасы жоқтықтан туындайтын жалаң келісімпаздықпен бір емес. Қазақтың мəмілегерлігі – шарасыз көнбістік емес, парасатты мəмілегерлік; ғасырлар тəжірибесі негізінде қалыптасқан өмір сүру өнері, əдебі, мəдениеті. Мəмілегерлік келісімге қарай бір қадам артық жасаудан танылады. Бірақ мəмілегерлік – момындық та, төзімділік те емес. Ол – кеңдік (дүниетанымның, ойөрістің, пайымдау қабілетінің кең дігі), бейбітсүйгіштік, дархандық, жан жомарттығы секілді абзал қасиеттердің жиынтығы. Оның шегі «Ашылып келгенге алақан, жұмылып келгенге жұдырық» қағидатымен белгіленген. (Соңы 3-бетте).

 «Даму» қорының 2015 жылдың бірінші тоқсанындағы таза табысы 1,5 млрд. теңгені құрады. Компанияның баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 78 пайызға артық. Қордың активтері жыл басынан бері 14,6 млн. теңгеге (7 пайызға) артып, 237,6 млрд. теңгеге жетті.  Еуропалық одақ Қазақстанда «жасыл» экономиканы дамыту үшін 7 млн. еуро бөледі. Бұл туралы кеше Одақтың еліміздегі өкілдігі, Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы, БҰҰ-ның Еуропалық экономикалық комиссиясы жəне су ресурстары комитетінің «Қазақстанның «жасыл» экономика моделіне өтуін қолдау» бірлескен жобасын таныстыру кезінде белгілі болды.  Астанада жыл басынан бері құрылыс нысандарында 9 315 тексеру жүргізілді. Қалалық сəулет жəне қала құрылысы басқармасының басшысы Виталий Силецкийдің мəлімдеуінше, 2015 жылдың 1 маусымына дейін қолданыстағы заңнаманы бұзған 93 факт анықталған.  Алматыда студенттер 2017 жылы өтетін қысқы Универсиада нысандарын салуға атсалысады. Қалалық əкімдік баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл жұмыс «Жасыл ел» бағдарламасы аясында жүзеге асады. Тағы бірқатар əлеуметтік нысандарда жұмысқа тартылатын əр студентке 40-50 мың теңге көлемінде жалақы төленеді.  Кеше Оңтүстік Қазақстан облысының əкімі өңірдегі кəсіподақ ұйымдарының басшыларымен кездесті. Басқосуда Елбасының бес институттық р е ф о р ма с ы ая сы н д а ең б ек қатынастары саласында болатын өзгерістер талқыланды. Бүгінде облыста 13 кəсіподақ ұйымы жұмыс істеуде.  Қызылордада жыл басынан бері 73 ауылшаруашылық жəрмеңкесі өтті. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Пірмұхамед Сыздықовтың айтуынша, соның нəтижесінде 26,7 млн. теңгенің өнімдері сатылған.  Шығыс Қазақстанда облыс əкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасымен тілдерді оқыту бағдарламасын сараптаушы жұмыс тобы құрылды. Оған өңірдің орта мектептерінде білім беру жүйесінің заңнамалық талаптарына сəйкес, қазақ жəне ағылшын тілдерінің сағаттарын көбейту бойынша нақты ұсыныс əзірлеу тапсырылды. Бүгін Қарағанды облысындағы «Спасск» оқу-жаттығу орталығының базасында «Айбын» I республикалық əскери-патриоттық жастар жиыны басталады. Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жиын 13 маусымға дейін созылады. Онда спорт тың əскери-қолданбалы түрлерінен сайыстар өтеді жəне жас тар белгілі тұлғалармен кездеседі.  Алматы облысының полицейлері халықпен байланыс үшін белгілі WhatsApp мобильдік қосымшасын пайдалана бастады. Облыстық ішкі істер департаменті жедел басқару орталығында осы мақсатта +7 707 922 32 33 телефон нөмірі іске қосылды. Соңғы мəлімет бойынша, оған 22 хабарлама келіп түскен. Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары, «ҚазАқпарат» агенттігі жəне «24kz» телеарнасының деректері бойынша дайындалды.

● Өмірдің өзегі – өндіріс

Жаѕа зауыт ашылды Қызылорда қаласында тəулігіне 80 тонна құрамажем өндіретін жəне 150 тонна күріш салысын өңдейтін күріш ақтау зауыты ашылды. Өндіріс орнында облыс əкімі Қырымбек Көшербаев пен Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Арман Евниев болып, зауытты салтанатты түрде іске қосты. Ержан БАЙТІЛЕС,

«Егемен Қазақстан».

Мемлекет-жекеменшік серіктестігі негізінде ашылған зауытта 250-ге жуық адам жұмыс істейтін болады. Кəсіпорында шикізат жəне дайын өнімдер сақтайтын қоймалар, автотаразы мен зертхана, қалталау цехы, ұн тарту диірмені мен макарон өнімдері өндірістері бар. Аталған өндірістерден алынатын дəнді дақыл қалдықтарын құрамажем шығаруға пайдаланады. Зауыт Германиядан əкелінген заманауи қондырғылармен жабдықталған. Аймақ басшысы жаңа зауыттың ашылуымен құттықтап, ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктерге тоқталды. – Соңғы екі жылда Сыр елінің ауыл шаруашылығына тартылған қаражат мөлшері 7,7 есеге өсті. Біздің диқандар екі жыл қатарынан бұрын-соңды болмаған рекордтық

көрсеткіштерге қол жеткізіп, күріштен мол өнім жинады. Бүгінде Сыр маржанының экспорттық əлеуетін арттыруға барлық жағдай жасалуда. Егін шаруашылығын əртараптандыру үшін өзге де өнімдерді

субсидиялауды қолға алдық. 15 мың гектар жерге тамшылатып суару тəсілімен жүгері мен қызанақ егіп, оларды өңдеп, экспортқа шығару үшін крахмал, томат сығындысы мен шырын өндіру зауыттарын салуға кірістік.

Мал шаруашылығына келетін болсақ, биыл біз буферлік аймақтан шығып, өзімізді де етпен қамтамасыз етіп, оны сыртқа шығара бастауға жол аштық. Осыған орай, Жаңақорғанда 7 мың тонна ет өнімдерін өңдейтін кəсіпорын құрылысын бастап жатырмыз. Осының бəрі өңдеу өнеркəсібінің өсуіне зор мүмкіндік береді,– деді Қырымбек Елеуұлы. Ал Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Қызылорда облысында мемлекеттік бағдарламалар аясында ауқымды жобалар жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. – Бүгін Қызылордада «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында екі бірдей зауыттың іске қосылуына куə болдық. Бұл өнеркəсіп орындары аймақтың экономикалық дамуына өз үлесін қосады деп сенемін. Келешекте ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорттық əлеуетін арттыру керек,– деді ол. Айта кетейік, қазіргі таңда облыстың ауыл шаруашылығы саласында құрамажем өндіретін бірде-бір кəсіпорын жоқ. Жыл сайын облыс көлемінде мал басының көбеюі өз кезегінде құрамажем зауытының қажеттілігін арттыруда. Кəсіпорын басшысы Бақдəулет Мақашев бұл жұмыстардың əрі қарай жалғасатынын айта келе, келешекте ұн шығару зауытын жəне макарон фабрикасын іске қосуды жоспарлап отырғанын жеткізді. Қазіргі таңда оған қажетті ғимараттар дайын тұр.

ҚЫЗЫЛОРДА.


2

www.egemen.kz

9 маусым 2015 жыл

Нўрсўлтан НАЗАРБАЕВ:

ДІНАРАЛЫЌ ЇНЌАТЫСУ ЖАЋАНДЫЌ ҐЗАРА ТЇСІНІСТІККЕ БАСТАЙДЫ Сан ғасырлар бойында Ұлы Даланың аумағы əр алуан діндерді – тəңіршілдік, зороастризм, буддизм, христиандық, иудаизм, ислам жəне тағы басқаларды ұстанған көптеген халықтардың ықпалдаса бейбіт қатар өмір сүруімен ерекшеленді. Ықылым замандардан бастап бүгінгі күнге дейін осынау жер сауда жəне мəдени алмасу арқылы Азия мен Еуропа арасындағы өзіндік бір байланыстырушы буын қызметін атқарып келеді. Ол қазір де көптеген халықтар мен діни нанымдардың өкілдері үшін туған жұрты болып табылады. *** Халықтардың, діндердің, мемлекеттер мен үкіметтердің бейбіт қатар өмір сүруі мен сындарлы өзара іс-қимылы туралы мəселе қазіргі кезде ерекше өзекті маңызға ие болуда. Таза теориялық аядан ол аса маңызды практикалық міндеттер қатарына шықты. Нақ сондықтан да көптеген аса көрнекті саяси жəне діни қайраткерлердің күш-жігерімен шынтуайтында байырғы заманнан қазіргі күндерге дейін тоқталмаған діндердің, мəдениеттердің, өркениеттердің үнқатысуын жалғастыру аса қажет болып табылады. *** Рухани əмбебаптығымен қатар дін халықаралық ынтымақтастықтың ықпалды институты да. Бұл, əсіресе, қазір, кей жағдайларда этностық-діни реңкте болатын жергілікті жəне өңірлік жанжалдар саны өсіп отырған біздің уақытта маңызды. Саяси реттеу əдістері іске аспаған жерде Құдай сөзінің рөлі татуластыру мен үміттің бірден-бір құралы болып қалуда. Негізіне адамгершіліктің ең жоғары үлгілері алынған діни дəстүрлердің рөліне біздің қауырт, кейде бейретсіз өзгеріп жатқан дүниеде баға жетпейді. *** Мен қазіргі мəдени-өркениеттік жəне діни айырмашылықтарға идеологиялық, саяси реңк беруге жол беруге болмайтындығы туралы батыл мəлімдер шақ келгеніне кəміл сенімдімін. Біз өздерін жалған діни сипаттағы доктриналармен бүркемелейтін агрессия жəне зорлық-зомбылық актілерінің шынайы болмысын тани білуге жəне оны əшкерелеуді үйренуге тиіспіз. *** Материалдық игіліктермен ешқандай байланыспайтын даусыз ұлы құндылықтар бар, олар адам үшін əрдайым басым жəне негіз қалаушы болып қалады. Олардың бастылары – руханият, адамгершілік. Бұларды өз бойына негізгі жинақтаушы дін болып табылады, ол ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық жəне діни дəстүрлерді, əр халықтың төлтума тарихи жəне мəдени тəжірибесін сақтап келеді. *** Тұрақты үнқатысудың құндылығы мынада, орын алып отырған келіспеушіліктерге қарамастан, бəзбір «алтын ортаны» іздеудің мəні мен процесінің өзі сақталады. Жəне ең бастысы – үнқатысу бейбітшілік пен келісім аумағын, үйлесім мен айқындық уақытын қалыптастырады. Мен діни үнқатысудың сөзсіз құндылығын осыдан көремін. Осыған байланысты мен барлық діндер мен конфессиялардың өкілдеріне Діндер форумын тұрақты негізде өткізу ұсынысымен қайырылып отырмын. Мұндай институттың құрылуы дінаралық үнқатысудың негіздерін нығайтады, дін қайраткерлері мен діндарлардың өздерінің арасындағы сындарлы байланыстарға жүйелілік сипат береді. *** Саналуандық – кемшілік емес, керісінше, бұл Құдайдың баға жетпес сыйлығы, сол сан алуандықтың арқасында шынайы өзара молығушылық, нағыз даму жүреді. Əр халықтың қайталанбас, тек өзіне ғана тəн дəстүрлері, тарихы, ойлау қабілеті бар. Əркім адамзаттың сан əуезді рухани мəдениетіне өзінің айрықша əуенін қосады. *** Біз қарапайым, алайда сөзсіз бір ақиқатты түсінуге тиіспіз – бүгінгі дүниеде біздің бəріміз өзара тəуелдіміз. Жəне бұл өзара тəуелділік кез келген жайт пен тербелісті сезінетін шетін де сезімтал тетік болып табылады. Біздің ортақ үйіміз бұл тек қана біздің еліміз емес, сонымен бірге, біздің бүкіл Жеріміз екені маңызды. *** Дін қайраткерлері бір діннің екіншісінен артықшылығы туралы шындап байсалды пікір

білдіре бастаса, онда жанжал əу бастан қалыпталғаны айқын болады. Бұқаралық ақпарат құралдары басқа діндегілердің қасиетті сезімдерін қорлауды ұшындыра түссе, онда бұл журналистердің ерте ме, кеш пе өз нанымдарының қорлануымен бетпе-бет келетіні айқын болады. Саясатшылар этнодіни жанжалдарды шешуде күштеу əдісін қолдануға еш шімірікпестен бұйрық берсе, соғыс олардың өз үйлерінің табалдырығына келетіні айқын болады. Бұл үштағанда агрессияшыл жақ болмауы тиіс. *** Діни төзімсіздіктің өсуі бір жағынан жаһанданудың нəтижесі. Түрлі мəдениеттер мен діндердің орасан мол болмыстары тікелей қатынасқа түсті. Бəрі көші-қон, телевизия, мəдени модельдер арқылы араласып кетті. Жаһандану жаһандық экономикалық əділетсіздікке көзімізді ашты. Миллиардтаған азып-тозған адамдар осы заманғы əлемде қалай өмір сүруге болатынын көрді жəне олар ешқашан солай өмір сүрмейтінін түсінді. *** Халықты саяси жұмылдыру үшін дінді пайдалану – бұл тарихта сан рет қайталанған қадам. Əрдайым қасіретпен аяқталған қадам. Əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидерлерінің айрықша жауапкершілігі мынада, діни уағыздар саяси жанжалдарға бастамасын, оларды мемлекеттік құрылымдар мен астыртын ұйымдар өздерінің құдірет ісінен алыс міндеттерін шешу үшін пайдаланбасын. Кез келген шынайы мəдениеттің негізінде Құдайға табыну жатыр. Нанымға негізделген мəдениеттер мыңдаған жылдар бойы тарихтағы өзінің жанды сөзін сақтаған. Кейбір тұрғыда өзіңнің діни рухыңды сақтау тарихта тұтас халықтарды сақтаудың кепілі болады. Əлбетте, дүние ешқашан бір өркениетті жобаның негізінде құрылмайды. Біздер, саясатшылар үшін тарихтың, соның ішінде осы заман тарихының бұл түйінді элементін түсіну өте маңызды. Бір мəдени дəстүрдің өз құндылықтарын басқа мəдениеттерге таңу ниеті, басқаның сызғыштары бойынша қоғамдық қатынастарды құру əрекеті ешқашан өзара түсіністікке жеткізбейді. Керісінше, мұндай қатал мəдени жаулаушылық одан кем емес қатал қарсылықты туғызады. Басқа халықтардың тарихи дəстүрлеріне деген құрмет қана, өркениеттердің, діндер мен халықтардың қатынасындағы əділдік пен шынайылық қана келісім мен имандылық əлемін құруға қабілетті. *** Адам деген өзінің шешілмеген мəселелерін көк жүзіне апарып тіреп қоюға бейім тұрады. Сонымен бірге, қоғамның да тұтастай алғанда кəдуілгі жайлардың өзіне діни сипат беретін кездері көп. Діндер арасындағы жанжалдар мен қарама-қайшылықтар делініп жүргендердің көбі мемлекет арасындағы, экономикалық топтар арасындағы, нақты саясаткерлер арасындағы жанжалдар болып келеді. Дін – адамның ішкі жан-дүниесіндегі тылсым сөз, ал оны адамдар арасындағы қоғамдық келісім деп атап жатады. Дінаралық үнқатысуға қол жеткізу үшін бүгінгі күннің мəселелерінен бойды аулақ салуға болмайды. Егер бұрын əңгіме діндердің тарихтың ұзына бойында кейде келісіп, кейде кетісіп жүруі жөнінде қозғалса, қазіргі əңгіме діни жəне зайырлы əлемдердің жаһандық үнқатысуы жөнінде қозғалып жүр. *** Мемлекет, ұлт немесе дін өзінің саясатын бөгде мəдени кеңістікті басып алу, жаулап алу

тұрғысынан қарастырар болса, онда əманда өзінің өмір сүру ортасын аздырып-тоздырмай қоймайды. Қазақтарда бағзы замандардан бері əр өңірдің өзінің əулиесі, өзінің рух берер күштері, өзінің сыйынар аруақтары болған. Адамның, діннің, жердің мұндайлық терең өзара кірігуі – жүздеген жылдар бойы менің халқымның жанын сақтап қалған құтқарушы сүзгі сынды. Қазақтар кең болғанның кем болмайтынын кітаптан оқып емес, өмірден тоқып білген.

*** «Құдайды іздеймін деп қаңғырып қалғандардың» торына түспес үшін ерекше сақтық жəне біршама саламатты консерватизм керек. Саясаткер ретінде маған дəстүр мен жаңаны іздеушіліктің арасындағы үйлесімділіктің қажеттігі басы ашық нəрсе. Алайда, əлемдік жəне дəстүрлі діндердің рөлі рухани мұраны сақтау тұрғысында ғана аса ауқымды емес. Бұл арада ғасырлар бойы жинақталған рухани тəжірибе де бар, адамның ақыл-ойына сыймайтындай кейбір эксперименттерден сақтап қалар жалғыз күш те сол. Біз қазірдің өзінде Құдай іздеушіліктің оғаш, шектен шыққан түрлерінің, сондай-ақ, гендік технология саласында дəстүрлі этика аумағынан асып кететін тəжірибелердің жаппай шабуылға шыққан шағын бастан кешіріп жатырмыз. Сондықтан да жаһандық өлшеммен қарағанда əлемдік жəне дəстүрлі діндердің рөлі көкейкесті бола түсіп қана қоймай, олар адамның шынайы рухани қазынаны сақтап қалуының түйінді факторына да айналып келеді. *** Біз баршамызға аян мына бір шындықты ешқашан естен шығармауымыз керек: Жаратушы – жалғыз, дүние – ортақ, аспан асты – кең, ендеше, біз бір атаның баласы, бір ананың перзенті ретінде бір-бірімізбен берекебірлік пен ынтымақта өмір сүруіміз керек. Соңғы уақытта дүниенің түкпір-түкпірінде жаһандық жаңа қатерлер бой көтерді. Сондықтан да түрлі діндердің ғасырлар бойы жинаған мол жасампаздық тəжірибесін пайдаланып, Құдай сөзін бітімгершілік пен келісімнің пəрменді құралы ретінде пайдалануымыз керек. *** Мыңдаған жылдар дін жан-жүректе тыныштандырудың бастауы, халықтар мен мемлекеттер арасындағы өзара ықыластылықтың факторы қызметін атқарды. Бүгінгі дүниеде діннің осындай əлеуетімен салыстыруға келетін қандай да бір нəрсе бола қоймас. Əңгіме діни сананың ізгілігі, діннің мəдени мұрасы, діни дəстүрлердің саналуандығы, қағидаттық тепетеңдігі мен құрметі, рухани тəрбие жəне тəлімгерлік секілді құндылықтар туралы болып отыр. *** Сан ғасырлар бойы түрлі этностар мен діни нанымдардың рухани мұрасымен кемелденген Қазақстанның біртұтас халқы өз бойына толеранттылық, діни төзімділік жəне жаңа атаулыны қабылдауға деген ашықтық секілді қасиеттерді қалыптастырған. Сондықтан да біз ғасырлар бойы қалыптасқан осынау адамгершіл императивті бүкіл адамзатқа жеткізуді өз міндетіміз сезінеміз. *** Бүкіл адамзатқа сөз арнаған Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) бұл өмірдегі өз миссиясының басты мақсатын айқын тұжырымдаған: «Мен ізгіліктің тектілігін жетілдіру үшін ғана жіберілгенмін». Иисус Христос былай деген: «Егер адам бүкіл дүниеге

ие болса, ал өз жанына жарақат түсірсе, одан оған не пайда бар?». Бүгінде алдыңғы тұрғыға ізгілік бастаулары шығуы тиіс. Осынау маңызды құралсыз қоғамның дағдарыстан дамудың əлдеқайда жоғары траекториясына шығуы мүмкін емес. Мен бұған əбден сенімдімін. *** Құдай шамаң жетпейтін жүк бермейтіні белгілі, сондықтан да бүгінде адамзаттың өзінің бұрынғы қателіктерін түзеу мүмкіндігі əлі де бар. Қазіргі дағдарыс əлемге қайта өзгерудің, адамзаттың əділ дүние тəртібі туралы мəңгі арманын іске асырудың бірегей мүмкіндігін береді. Ал бұл мүмкіндікті жіберіп алу кешірілмес күнə болар еді. *** Планетада ахуалды тұрақтандырып, оны қауіпсіз жасай алатын халықаралық кооперацияның жаңа формаларын əзірлеу жөнінде табанды іс-қимыл қажет. Терроризм мен есірткі бизнесіне қарсы тұрудың əлдеқайда тиімді тетіктері талап етіледі. Бүкіл адамзаттың ядролық қарусыз дүниеге қарай жаһандық қозғалысында күш-қуатты біріктіру айрықша маңызды. *** Дағдарысқа тек материалдық тұрғыдан қарсы тұруды қарастыру тым тар өрісті болар еді. Санадағы өзгерістерсіз, моральдық нормалар мен биік адамгершілік қағидаттарды қатаң сақтаусыз дағдарысты еңсере алмайтынымызға мен сенімдімін! Тек əділ дүние тəртібі ғана адамзат қоғамы өркендеуінің негізі бола алады! *** «Халықтарды бір-бірінен бөлетін теңіздер емес, надандық пен тілдердің бөлектігі де емес, араздық қана» деген даналық сөз бар. Достық жоқ жерде араздыққа мүмкіндік мол болмақ. Сондықтан ізгілік, рақым, имандылық секілді мəңгілік ұғымдарды санаға дарыту арқылы адамдарды тазарту қажет. Адам түзелмей заман түзелмек емес. Бүлінген заманды түзеу – адамның өз міндеті. *** Дін – руханисыздық пен ашкөздіктің алдындағы аса берік қорғаушы бөгеттердің бірі. Көптеген кезеңдерде дəл осы дін халықтық даналықтың, мəдениеттер мен дəстүрлердің кей жағдайда, тіпті, бірден-бір сақтаушысы болып келді. *** Адамзаттың жаһандық тарихында Бейбітшілік пен Келісімнен өткен құндылықтар болған емес. Қазіргі дүниеде əлемдік құрылыстың оң тұжырымдамасының тапшы екенін мойындауға тура келеді. Адамзат, бұрындары талай мəрте болғанындай, оған Жоғары Сана берген жаңалықтардың барлығын əркез əлем игілігі жолына жұмсамауда. Мəселен, халықтарды біріктіруге тиісті аса жоғары ақпараттық технологиялар мен аса жаңа коммуникациялар көп жағдайда адамдарды бөлу үшін, қоғам іші мен елдер арасына жаңа тосқауылдар қою үшін қолданылуда. Желілік ресурстар білім таратудың орнына көп жағдайда кесірлі істерді насихаттауға қызмет етіп, жалғандықтың, адамдардың арсыз түйсіктерінің, ағайынаралық өшпенділікке үндеулер мен жеккөрушіліктің ұрығын шашады. Кез келген қоғамның моральдық жəне өнегелілік беріктігі – отбасы, балаларды тəрбиелеу дəстүрі, ұрпақтар сабақтастығы жəне басқалар бұзылады. Осының бəрі қазіргі заманның ащы шындықтары. *** Мен полимəдениеттілік, этностық жəне діни сан алуандық – ол қоғам үшін қатер емес, орасан артықшылық деп есептеймін. ХХІ ғасырда толеранттылық инновациялық экономиканы дамыту мен өркендетудің шешуші факторына айналып отыр. Соңғы 30 жылда этномəдени сан алуандылығымен ерекшеленген елдердің неғұрлым зор табыстарға жету фактісін көрмеуге болмайды. Бүгінгі əлем осындай тəжірибені кеңінен таратуға жəне дамытуға мұқтаж. *** Ислам – адамзаттың мəдени жəне материалдық мұраларының орасан зор жəне өсіп келе жатқан қатпары. Қазіргі заманғы жəне болашақтағы жаһандық қоғамдастықты Ислам əлемінсіз көзге елестету мүмкін емес. Оған тосқауыл қоюдың кез келген түрі көрегенділік емес, тіпті, қатерлі де. («Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамы 2013 жылы шығарған «ДІНТҰТҚА» жинағынан).


www.egemen.kz

9 маусым 2015 жыл

3

 Əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидерлерінің V съезі қарсаңында Əңгіме желісін негізгі тақырыбымызға ойыстырар болсақ, ұлты мыздың болмысындағы мəмілегер мінез исламдағы дінара лық үнқатысудың қастерлі қағидаттарымен ұштаса дамыды. «Дінде зорлық жоқ» деген Құран қа ғи даттарынан бастау алып, Мұхаммед пайғамбардың хадистерінде толық айшықталған өзге дін өкілдеріне деген құрметті қарым-қатынас исламның адамгершілік-өнегелік ұста нымдарына негіз болып қаланған. Дінаралық қатынас қағидаттарын, діни сенім мен ар-ождан бостандығын бекіткен алғашқы құжаттар да ислам өркениетіне тəн. Өзге дін өкілдеріне қамқорлық таныту, оларды аманат ретінде қабылдап, хақысына қиянат жасамау, олардың ғибадат ғимараттарын бұзбау, мал-мүлкіне қол сұқпау, дін и ел ерін е з алал кел т ір меу , мұсылман мемлекетіндегі қоғам мүшелері болып табылатын өзге дін өкілдерімен бейбіт көршілік қатынаста болу өз кезегінде ислам өркениетін рухани кемелдікке жетелеп қана қоймай, оның əлем тарихында

Қазақстанның діни конфессиялардың бір-біріне деген өзара сыйластығы олардың маңызды ерекшелігі болып табылады. Қазақ жерінен барлық əлемдік діндер жүріп өтті, дегенмен бұл жерде ешқашан фанатизм мен төзімсіздік болған емес. Көпұлтты жəне көпконфессиялы Қазақстан халқына қашанда айрықша толеранттылық, өзара сыйластық пен өзара жəрдемдесудің айрықша рухы тəн еді. Бұл рухани дəстүр бүгінгі күні де сақталған. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың бірінші Дүниежүзілік рухани келісім конгресінде сөйлеген сөзінен, 1992 жылғы қазан.

Конфессияаралыќ келісімді ныєайту – маѕызды міндет Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев халықаралық конференциялар мен құрылтайларда, саммиттерде, əр жылдардағы дəстүрлі халыққа Жолдаулары мен еліміздің келелі жиындарында, тұғыры биік мінберлерде, сонымен қатар, дін төңірегіндегі сұх баттарының баршасында халықтардың бірлігі мен конфес сияаралық келісімді нығай туды баса назарға алады. Бұл дегеніміз, біздің еліміз үшін конфессияаралық келісім мен діндер арасындағы диалогтардың маңызы зор деген сөз. Халқымызда «дін бірлігі – ел бірлігі» – деген сөз бар, яғни байтақ жерімізді мекен еткен түрлі ұлттардың ауызбіршілігі, бейбіт өмір сүруі жеріміздің бірлігі мен еліміздің тірлігінің айнымас темірқазығы деген сөз. Еліміз əлемдегі көпұлтты жəне көпконфессиялы мемлекеттердің бірі болып табылады. Бүгінгі таңда Қазақстанда 130-дан астам ұлт пен ұлыс, этнос өкілдері ынтымақбір лікте тату-тəтті өмір сүруде. Əрбір ұлыс пен этностың өзіндік сенім негіздерінің бар екендігін ескерер болсақ, ендеше елімізде түрлі наным-сенім мен конфессия өкілдері өмір сүріп жатқаны белгілі. Президентіміз Н.Ə.Назарбаев бір сөзінде: «Қазақстан – ислам, православие, католицизм, протестантизм, буддизм жəне иудаизм өкілдері келісім мен бейбітшілікте өмір сүріп жатқан əлемдегі жалғыз жер» деген еді. Бұдан шығатын қорытынды, санғасырлық тарихи кезеңдерде қалыптасқан діни жəне мəдени көптүрлілігімен ерекшеленетін Қазақстан тəуелсіздік жылдарында барша əлемге түрлі конфессиялар мен этностардың тату-тəтті ғұмыр кеше білетіндігін үлгі етіп көрсетіп бере алды. Қазақстандағы бейбітшілік пен конфессияаралық келісімнің əлемдік деңгейде мойындалғандығын біз мақтанышпен айта аламыз. Қазақстанда конфессияаралық келісімнің сақталуының негіздерінің бірі – ел халқының басым көпшілігінің ислам дінін, оның ішінде ханафи мəзһабын ұстануында жа тыр десек, артық айтқандық емес. Біздің бұл сөздерімізді өзге наным-сенімдерді төмендету емес, керісінше Ислам дінінің діни төзімділік пен сыйластыққа аса мəн беруі деп түсінгеніміз жөн. Қазақстан Еуразия жүрегінде діни жəне мəдени əртүрлілік үлкен тарихи кезеңде қалыптасты. Дегенмен де, қазақтар мың жылдан астам уақыт бұрын Ислам дінін қабылдады, сондықтан Қазақстан Ислам əлемінің бір бөлшегіне, мұсылмандық оның халқының рухани өмірінің ажырамас бөлі гі не айналды. Яғни, мемлекетті құраушы этносқа тəн дəстүрлі толеранттылық, оның басқа мəдениеттер мен конфессиялардың өкілдеріне деген

ізгі құрметі мен қарым-қатынасы өз кезегінде жаңа мыңжылдықта жас зайырлы мемлекеттің сындарлы дамуы мен алдағы кезеңдегі өркендеуі үшін мықты əрі сенімді негіз бола алды деп түйіндеуге əбден негіз бар. Тəуелсіздікке қол жеткізген ширек ғасырға жуық уақыт ішінде елімізде діни институттардың сандық жəне сапалық тұрғыдан жан-жақты өскендігі аңғарылады. Діни бірлестіктер саны бірнеше есе көбейіп, рухани дəстүрлер жаңғыруда. Жаңа мешіттер, шіркеулер, синагогалар салынуда. Халық арасында дінге сенетін адамдардың қатары көбейді. Діндер арасында халықтың 90%дан астамын құрайтын мұсылмандар мен православ христиандарының саны басым. Бұл үдерістер елімізде рухани жаңғыруға, ар-ождан бостандығы, азаматтық бейбітшілік пен конфессияаралық келісімді сақтап, нығайтуға бағытталған саясаттың оң нəтижесі екені даусыз. Кейбір шетелдік жəне отандық құқық қорғау ұйымдарының «дін бостандығы бұзылады» деген мəлімдемелеріне қарамастан, нақты фактілер жағдайдың керісінше екенін шынайы дəлелдеп отыр. Өйткені, Қазақстанда барлық кон фессиялардың өкілдеріне өзінің ру хани қажеттіліктерін қанағаттандыруға мол мүмкіндіктер қарастырылған. Қазақстандағы дін саласындағы мемлекеттік саясат келесі қағидаттарға сүйенеді: - мемлекет пен оның инс титуттарының зайырлы, конфессиялық бейтарап сипаты; - адам мен азаматтың дінге көзқарасына, діни немесе зайырлы бірлестіктерге қатыстылығына қарамастан олардың құқықтары мен бостандықтары тең; - діни бірлестіктердің заң алдындағы теңдігі; - халықтың түрлі топтарының этномəдени дəстүрлеріне, менталитет ерекшеліктеріне деген құрметі; - ар-ождан мен дін бостандығы саласында тек конституциялық құрылым негіздерін, адам мен азаматтардың денсаулығын, құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қажет ететін жағдайлардан өзге шектеулер қойылмайды.

Ар-ождан мен дін бостандығы, конфессияаралық келісім саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың тиімді қызмет ететін тетік терін құру алға қойылған мақсаттар мен міндеттерді табысты орындауға, негізгі құқық тар мен бостандықтардың сақталуын, түрлі дін өкілдері арасында жəне дінге сенбейтіндер арасында өзара түсіністік жəне ынтымақтастықты нығайтуға, қоғамдағы тұрақ тылықты сақтауға мүмкіндік береді. Қазақстанда уақыт соңынан өткен этносаралық жəне дінаралық келісім үлгісі қалыптасты деп айтуға толық негіз бар. Біздің еліміздегі түрлі конфессиялар арасында орнаған өзара əрекеттесу тəжірибесін халықаралық ұйымдар мен шетелдік əріптестер зерттеп, зерделеуде. Халықаралық аренада Қазақстан бейбітшілік аумағы, мəдениеттер мен діндердің диалогы мен жақындасуының алаңы ретінде қабылданады. Еліміздің ЕҚЫҰ-дағы төрағалығындағы ұраны төрт Т:Trust (сенім), Tradition (дəстүр), Transparency (транспаренттілік) жəне Tolerance (толеранттылық) болғаны белгілі. Бұл схемадағы төртінші компонент-толеранттылық – мəдениеттер, діндер жəне өркениеттер арасындағы диалогты нығайтудың қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Еуропа мен Азияның түйіскен жерінде орналасқан Қазақстанның дінаралық диалогтың бастамашысы мен белсенді қатысушысы атануы кездейсоқ емес. Біздің елі мізде көптеген этностар мен діндердің өкілдері тұрып жатыр, олардың өзара əрекеттесуінің үлкен тəжірибесі бар, сондықтан Қазақстанның конфессиялар мен өркениеттердің жемісті диалогы орнаған мекен атануға құқығы бар. Съезд өткізу Қазақстанды өркениетті елдер арасындағы диалог алаңына айналуға мүмкіндік берді. Дін лидерлері мен саясаткерлер Астанаға əлем дамуындағы ең өзекті деген мəселелердің шешімін табу үшін жиналады. Қазақстан мəдениетаралық жəне өркениеттер арасындағы диалогты құптайтын көпұлтты, поликонфессиялық мемлекет ретінде өзінің қуатты əлеуетін ұлтшылдық, діни төзімсіздік, нəсілшілдік, ксенофобия жəне антисемитизмді жеңу үшін пайдаланып келеді. Еліміздегі əрбір азаматтың ортақ парызы – дінаралық келісімді, этносаралық татулықты сақ тау. Сондықтан осынау істің басы-қасында елдегі тыныштықты, бейбітшілікті қалайтын əрбір азаматтың жүруі жəне оған жанжақты атсалысуы тиіс деп білеміз. Берік ҚҰРМАНҒАЛИ, Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі саясат жəне дін істері басқармасының басшысы.

Ґткенніѕ ґнегесі – болашаќтыѕ болмысы (Соңы. Басы 1-бетте). Мəмілегер мінез қазақ халқы қас дұшпаны болмаса, қасқая қарсы тұрып, алысуға емес, қалауын тауып, келісуге көбірек бейім халық. Қазақ – кекшіл емес, текшіл ел. Сол тектіліктің бір өлшемі – осы мəмілегерлік. Айта кету керек, «мəмілегерлік» деген ұғымды «толеранттылық» сөзінің баламасы ретінде белгілі философ ғалым Төлеуғали Бурбаев өзінің «Ұлт менталитеті» атты еңбегінде 2000-жылдары ұсынған болатын. Өкінішке қарай, осындай озық ой қоғам назарынан əлі күнге дейін тыс қалып келеді. «Ештен – кеш жақсы» дегендей, осы бір текті де толымды ұғымымызды қиюын тауып, қолданысымызға қайта енгізсек, рухани қазынамыз молая түсері анық. Өйткені, кетігін тауып, қаланған ұғымнан сөз өнерінің ғана ажары арта түспейді, сонымен қатар, ұғымдармен қоса, құндылықтар тіріледі. Ал құндылықтар өзімен бірге ұлт мінезінің қайта оянуына алып келеді. Қазақ өз мінезіне оралса, ешқашан шетін діни көзқарастарға бой алдырмайды. Себебі, мəмілегер мінез ұлттың болмысында шетін көзқарасқа бейімділік жоқ. Сондықтан, біздің толеранттылық туралы идеямыз – тың идея емес, ұлт болмысына сіңіп, тамырланған өміршең идея. − Өте тұщымды ойлар айтылды. Демек, тиісті ұғымдардың кең қолданыста бол ғанына қарағанда, дінаралық қатынасқа қатысты қазақ халқының да өзіндік қағидаттары ертеден қалыптасқан деуге негіз бар ғой? – Əрине, солай. Қағи даттар дың қалыптасуына, ең алдымен табиғи болмыс, содан кейін саналы таңдау əсер етеді. Əуелгі сөз болмыс туралы. Жоғарыда біз «Қазақ алысуға емес, келісуге бейім халық» деген тұжырымды тектен-текке келтірген жоқпыз. Көне дəуірлерден сақталып жеткен жазба деректерге қарағанда, көшпенділер даласында 535 үлкенді-кішілі шайқас орын алса, соның барлығы тек сыртқы жаулардан қорғаныс мақсатында болған қақтығыстар екен. Бүгінгі қазақ, кешегі түркінің арғы атасы сақтар мен ғұндар кезеңінен келе жатқан ақиқаттан ғұмыры ұзақ аңыздар бізге дала дауылпаздарының бейбітсүйгіш болмысын баян етеді. Сондай аңыздардың бірі былай өрбиді. Ұлан-байтақ далаға иелік етуді көздеген парсы патшасы бар білігін салса да, сақ жауынгерлерімен майдан даласында бетпе-бет келудің сəті бір түспепті. Сақ ауылдарын жеке-жеке жаулап алудың мəні болмапты: ел іргесіне жау жақындағанын білсе, бір түнде түріле көшіп кететін əр ауылдың ізіне түсіп, сан тарапқа бөлініп, парсының əскер күші əбден шашырапты. Қала берді, шабылған

жұртының кегін қайтаруға сақ жауынгерлерінің қалың қолы ойда-жоқта бас құрап келіп, парсы əскерін тас-талқан етіп кете беріпті. Күндердің күнінде парсы патшасы əупірімдеп жүріп сақтармен майдан даласында бетпе-бет жолығып, шайқасу жөніндегі келісімге əзер қол жеткізеді. Уəделі күні екі жақтың əскері сап құрап келіп, садақ тартым жерге келіп тоқтапты. Ұрыс дабылы қағылуын күтіп тұрғанда, кенеттен бір қиқу естіліп, алыстан шаң көрінеді. Артынша екі топтың ортасын қақ жарып, жұлдыздай аққан киік пен оның соңынан ағызып келе жатқан аңшы өте шығады. Солақ екен, қаны қызып, əрең шыдап тұрған тəмам сақ жауынгері майдан даласын тастай беріп, қашқан киік пен қуған аңшының соңынан лап қойыпты... Мына жағдайдан соң соғыстан əбден күдерін үзген парсы патшасы ақылмандарын жиып, кеңес сұрапты. Сонда көпті көрген бір дана: «Сақтар − бейбітсүйгіш халық, сен оларды мəжбүрлеп майдан даласына тарта алмайсың. Бірақ сақтар − өте намысшыл ел, намысы үшін жанын беруге дайын. Олардың намысына тием десең, ата-бабасының мазарын қират, сонда ертең-ақ сақтың қарулы қолы самсап алдыңа жиылады» деген екен. Осы ақылды алған соң барып, парсы патшасы сақ жауынгерлерімен соғысуға жол ашыпты... Осы бір ақырына дейін ұрыспауға бар, керісуге емес, келісуге құштар мамыражай, бейбітсүйгіш мінезді арада екі мың жыл өткенде қаз дауысты Қазыбек би де шешендік уəжіне арқау етті. Қалмақтарға елші болып барғанда айтылған: «Біз «қазақ» деген мал баққан елміз, Ешкімге тиіспей, жай жатқан елміз. Еліміздің шетін жау баспасын деп, Найзасына үкі таққан елміз» деген Қазыбек бидің сөзін бүгінде екінің бірі біледі. Екі мың жыл бойы мінезі бір өзгермеген, найзаны жауға емес, сес үшін сəнге ұстаған ұлттың ұландары бүгінгі дінаралық қатынастар алаңында қанына біткен мəмілегер мінезімен ерекшеленсе, оның да осындай тектілікпен тамырлас өрілген тағылымды тарихы бар. Осы үкілі найзаны қазақы бейбітсүйгіштіктің рəмізі етіп ұстансақ, тағы бір құндылығымыз қайта тіріліп, қастерлі қағидатымыз көпке танылар еді. − Енді «саналы таңдау» деген мəселенің мəнісін ашатын кез келген сияқты. − Иə, ақын Сейсен Мұқтарұлы айтқандай, «соқпақтардың сорабын, сауалдардың жауабын» іздеп, алыс тан арбалап келе жатқан жайымыз бар. «Саналы таңдау» дегенде, ең алдымен ата дін туралы сөз қозғамақпыз. Өзіндік бүтін болмысқа ие болып, тұлғаланған ұлт немесе ұлыс үшін дін таңдау

− кездейсоқ құбылыс емес. Сол таңдау ұлт тың болашақ құн дылықтық бағдарларын, өмірлік қағидаттарын, ұлттық ұстанымдарын белгілейді, болмысы мен мінезіне бірдей əсер етеді. Тарихи дəуірлерде, əсіресе əлемдік жəне дəстүрлі діндердің кең тарала бастаған кезеңінде көптеген ұлттар алдында кезеңкезеңімен дін таңдау мəселесі талқыға түсіп отырды. Бұған мысал ретінде тағы да көнеден жеткен бір дерекке жүгінелік. Тəңірлік дінді сенімдік тұғыр еткен Көк Түріктер кезеңінде түркілер іргелес жұрттың ықпалды діні − буддизммен тереңірек таныса бастайды. Будда іліміне көңілі құлаған кей қағандар осы дінге тəн ғибадатханалар салдырып, дін таратпаққа əрекет етеді. Осы тұста Түркі қағанатының ұлы қағаны Күлтегін мен кеңесшісі Тоныкөктің арасында «будда дінін қабылдау керек пе, жоқ па?» деген сауал төңірегінде əңгіме өрбіп, буддалық ұстанымдар сарапқа салынады. Сонда будда дінінің негізгі он қағидатының бірі «Тірі жан иесінің тіршілігін сақтаңдар» деген ұстаным екенін естіген Білге қаған: «Біз желдің өтінде, күннің бетінде, жаудың шетінде жатқан елміз. Ертең ел шетіне жау келсе, қасқая қарсы тұрып ел қорғамай, «тірі жан иесінің тіршілігін сақтаңдар» деп бас бұғып отыра алмаймыз. Бұл дін біздің жауынгерлік рухымызға сай келмейді» деп будда дінін қабылдаудан бас тартқан екен. Кезінде Киев Русінің князы Святослав та исламды қабылдау туралы көп толғана келіп, орыс халқының рухына, болмысына, дəстүрлеріне христиан дінінің қағидаттары көбірек сəйкес келгендіктен, саналы түрде сол дінде қала берген. Ал түркі жұртының тəңірлік сенім құшағынан шығып, исламды қабылдауында да саналы таңдау еркі жатты. Қазақ жері Ресей мен Қытай секілді қос алып мемлекетпен бағзы замандардан іргелес болып келді. Діндердің аралас-құраластығы, сенімдердің шарпысуы, белгілі бір кезеңдерде белгілі бір діндердің сайын далада азды-көпті таралуы тарихымызда талай болған. Бірақ, олардың ешбірін түгел түркі төл діні ретінде қабылдаған жоқ. Дүниенің екінші бір түкпірінен тау асып, тас басып жеткен ислам дінін таңдап, ұлт діні етіп қабыл дауы − бүгінгі қазақ, кешегі түркінің өркениетті ел ретінде жасағ ан таңдауы болатын. Өйткені, ұлтымыздың жан дүниесімен, рухани құн дылықтарымен, табиғи сенімдерімен барынша үйлескен бірден-бір дін – ислам діні болды. Ғасырлар бойы халқымыздың болмысына сіңе отырып, ислам біздің бүгінгі бірегей мəдениетімізді құраған, мемлекеттілігімізді қалыптастырған ата дінімізге айналды.

алтын əріп тер мен жазылуына өзіндік үлес қосты. Исламның шынайы болмысы мен Мұхаммед пайғамбар сүннетінің рухын сезінген кешегі Ясауидей бабаларымыз: «Сүннет екен, кəпір де болса берме азар» деп мəмілегерлік қағидаттарын жырына арқау етті. Ясауи іліміндегі «Адам адамға құл емес, Аллаға ғана құл» деген ұстаным да адам баласының бəріне бірдей қарауға, ешкімді кемсітпеуге, өзін де өзгелер алдында төмен санамауға міндеттейді. Бұл қағида бүкіл қоғамдағы рухани тепе-теңдік пен келісімді сақтауға бағытталған. «Адамзаттың бəрін сүй, бауырым деп» деген Абай ақынның алдында осындай ұлылардан қалған ұлық жол, ескіден қалған есті сөз жатты. Осының бəрін таразылай келгенде, бүгінгі күннің өзекті тақырыбына айналған дінаралық үнқатысу мəселесі заманалар бойы қай қоғам ның болса да күн тəртібінен түспеген, əрбір кезеңнің рухына сай өзін дік таным мен тəжірибе қалыптастырған, адамзат қоғамының өмір сүру қажеттілігіне, тіпті өмір сүру өнеріне айналған қағидаттар жасақтаған мəселе деуге болады. Яғни, дінаралық сұхбат – адамзат қоғамының тарихи тəжірибесінің жемісі. – Сол тəжірибенің бүгіні жайлы бірер сөз қоссаңыз? – Адамзат қоғамы алға жылжыған сайын ақыл-ойы кемелденіп, ащы лы-тұщылы тəжірибесінен сабақ алып, қай мəселеге болса да кең өріспен, ғаламдық пайыммен қарай бастауы заңды əрі міндетті. Сонау 1893 жылы Чикаго қаласында Діндердің бүкілəлемдік конгресін өткізген, ХХ ғасырдың екінші жартысында Ватиканда «ИсламХристиан үнқатысуының хатшылығы» ұйымын құрған, 1986, 2002 жылдары Италияның Ассизи қаласында əлем діндері өкілдерінің басқосуын ұйымдастырған əлемдік қауымдастықтың дінаралық үнқатысу жолында төккен тері зая кеткен жоқ. Толымды тарихи тəжірибесі мен табиғи танымын тірек еткен Қазақ елі 1992 жылдың 18 қазанында Алматы қаласында «Рухани келісімнің І бүкілəлемдік конгресін» ұйымдастырса, 2003 жылдан бастап үш жыл сайын Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшыларының съезін өткізіп отыру арқылы бұл бағыттағы талпыныстарды жаңа белеске жеткізді. Ендігі мақсат өткеннің өнегесін болашақтың болмысына сіңіре отырып, тамырымызды тереңге жіберуде болып отыр. Баба тарихтан бастау алған бастамалар ғана жаңа тарихқа жол тартпақ. – Əңгімеңізге рахмет. Əңгімелескен Əлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан».


4

www.egemen.kz

9 маусым 2015 жыл

Елімен етене Елбасы Тарихты тұлғалар жасайды деген қадым замандардан келе жатқан қағиданың ерекше айқын дəлелдерінің бірі бүгінде елдің санасында Қазақстан, Назарбаев, Астана ұғымдарының өзара үйлесіп, табиғи тұтастанып, ажырағысыз бірегей мағынаға айналып кеткені дер едік. Дала данышпандарының бірі, XІ ғасырда Қарахандар қағанатында өмір сүрген философ Жүсіп Баласағұнның «Күшті кісі – құт қонар тұғыр» деген сөзін ой сөресінде дестелесек, бүгінде қарыштап дамыған Қазақстанға, ажары айшықталған Астанаға құтты қондырған, шұғылалы игілікті əкелген тарихи тұлға – Елбасы екеніне ешкім шүбə келтірмесі анық. Жаратқан Ие əрбір халықтың ырысының өлшеміне сай əр дəуірде өз тұлғаларын беріп отырады десек, бұл тұрғыда Қазақстан халқы маңдайы жарқыраған, ырыздығы тасыған өте бақытты халық екені ақиқат. Өйткені, елдің тізгіні есімі бір ұлтқа, бір жұртқа ғана емес, бүкіл дүниежүзіне белгілі дара тұлғаға айналған саңлақ саясаткер, əлемдік ауқымдағы мемлекеттік қайраткер, біртуар стратег Нұрсұлтан Назарбаевтың қолында болуы халықтың ертеңгі болашағының баяндылығының берік кепіліне айналды. Əлемдік саясаттанушылар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін бүгінгі таңда Джордж Вашингтон, Мұстафа Кемал Ататүрік, Шарль де Голль, Ли Куан Ю сияқты жаһандық деңгейдегі тұлғалармен қатар қоюы да көп жайтты аңғартса керек. Бүкіл түркі əлеміне ортақ тарихи тұлға, философ Қорқыттың «Ауыр жүктің мехнатын тұғыр емес, тұлпар білер» деген максимасы егемендіктің елең-алаңынан бүгінгі қалыптасқан мемлекеттің жүріп өткен жолында кездескен барша қиындықтар мен күрделі кезеңдер Елбасының ерекше қажырқайратымен еңсерілгенін айқындай түсетіндей. Сондықтан, Мемлекет басшысының өткен

ЕЛДІК ЖОЛЫНДАЄЫ ЕРЛІК Гүлшара ƏБДІҚАЛЫҚОВА,

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы.

ғасырдың тоқсаныншы жылдары күйзелген елдің еңсесін тіктеп, өзгеше келбетті елордасын салдыруы, қазақтың сайын даласын бірлік пен ынтымақтың бесігі ретінде орнықтыруы, əсіресе, Қазақстанды адамзат тарихындағы тұңғыш рет ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан бейбітшіл елге айналдыруы тəрізді батыл қадамдары əлі де түбегейлі зерттеуді қажет етеді. Бұл тарихи шешім Қытайдың ұлы қолбасшыларының бірі Сунь Цзыдің қантөгіссіз жеңіске жету туралы стратегиялық ережелерінің жаңа заманда жаһандық ауқымда іске асырылған керемет үлгісі еді. Бұл пікірімізді БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның «Қазақстан Президентінің көреген саясаты болмағанда, бұл өңірдегі халық əлі күнге дейін сынақтардан зардап шегіп отыруы мүмкін еді. Сіздің Орталық Азияда ядролық қарудан ада аймақ құру бастамаңызбен солтүстік жарты шарда ондай аумақ тұңғыш рет құрылғанын да зор ризашылықпен айта аламын» деген сөздері де растайды. Нұрсұлтан Назарбаевтың «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің 2011 жылғы 27 тамыздағы санындағы жарияланған сұхбатында айтылғандай, кеңестік жүйенің əлі көбесі сөгілмей, дербес шешім қабылдай алмайтын алмағайып кезеңнің өзінде Елбасы Одақ басшылығына Семей полигонын жабу жөніндегі мəселені төтесінен қойып, өзінің берік ұстанымын негіздей алуы жəне азаттықтың алғашқы жылдары əлемдік державалар басшыларымен тең дəрежеде келіссөздер жүргізіп, Қазақстанның қауіпсіздігіне қатысты келісімдер жасап, ел мүддесін қорғап шығуы қайталанбас тарихи ерлік. Қазақ елінің жаңа мыңжылдықтағы ұлы көшін бастап келе жатқан Мемлекет басшысының көреген саясатының арқасында тəуелсіздік жылдары еліміз əлемнің бəсекеге қабілетті 50 елінің қатарына еніп, ішкі жалпы өнім көлемі 20 есеге өсіп, өткен жылы жан басына шаққанда 13 мың долларды құрады. Ел дамуының ұзақ мерзімді бағ дарламасы «Қазақстан-2050» жəне Ұлт жоспарында көрсетілгендей, қазіргі таңда тұғыры ешқашан шайқалмайтын қуатты мемлекет – «Мəңгілік Елді» құру жолында еліміз əлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру жөнінде алдына өршіл мақсат қойып отыр. Саяси қайраткерлер өмірін зерттеушілер Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың тарихи тұлғасын зерделеуде, оның ең əуелі ішкі тұрақтылықты жəне халықтың бірлігі мен келісімін қамтамасыз ете алуы мемлекетті жаңаша қалыптастыру ісінде зор рөл атқарғанын алға тартады. Егемендіктің бастапқы жылдарында мемлекет құрушы қазақ халқының саны барша ел халқының жартысына да жетпеуі тəуелсіздікті қолда нық ұстап қалуға едəуір қауіп туғызғаны да ақиқат. Сондай күрделі кезеңде Президент елімізді мекен еткен барша ұлыстарға ортақ болашақты бірлесе қалыптастырмайынша тағдырласа өмір сүру мүмкін емес екенін, заманауи қуатты мемлекет құру жолында жұмылған жұдырықтай бірге еңбек ету қажеттігін сөз жүзінде айтып қана қоймай, іс жүзінде дəлелдеп берді. Расында да, Елбасы ешбір мемлекетте болмаған бірегей қоғамдық институт – Қазақстан халқы Ассамблеясын құрып, этносаралық қатынастарды жетілдіруде жемісті істерге жол ашты. Сонымен бірге, Мемлекет басшысы 1991 жылы 10 желтоқсанда Президенттік қызметіне кірісуге арналған салтанатты рəсімде: «Мен біздің Қазақстан территориясында жоғары дамыған көпэтносты өркениет құра алатынымызға сенемін, онда қазақ ұлты қайта түлейтін болады, оған енетін барлық ұлттар мен ұлыстар өкілдері өздерін еркін сезінетін болады» деп атап көрсетіп, қазақ халқын ұлттарды ұйыстырудың, ұлыстарды топтастырудың алтын діңгегі ретінде айқындады,

сан ғасырлық мемлекеттіліктің құқықтық, тарихи дара мұрагері ретінде белгілеп берді. Бұл орайда британдық тарихшы Джозеф Арнольд Тойнбидің адамзаттық өркениеттерді жіктейтін əйгілі еңбегінде түркілік, номадтық өркениеттің дағдарыстық сипатта дамымай қалған деген ой айтқаны белгілі. Алайда, көшпенді лер мəдениетінің ұлы мұрагері, түркілік өркениеттің жалғастырушысы саналатын қазақ халқы қайталанбас тұлға Елбасының ерен еңбегінің арқасында пассионарлық биікке өрлеп, Тойнби постулатының өміршең еместігін дəлелдеді. Мемлекет басшысы Ұлытау төріндегі ұлағатты сұхбатында: «Тарихын білмеген ұлттың болашағы да бұлыңғыр» деген келелі пікірін білдіріп, тарихи тамырымыздың тереңдігі мен мəңгілік мұратымыздың биіктігін айқындады. «Біз кеше ғана пайда бола қалған халық емеспіз. Бұл – ғұндардың да, көк түріктердің де, Алтын Орданың да орталығы болған жер», деген тағылымды сөзі қазақ мемлекеттілігінің мың жылдықтарға созылатын ұлы тарихын айғақтап берді. VIII ғасырда өмір сүрген саяси қайраткер жəне əскери қолбасшы, екінші Шығыс Түрік қағанатының негізін қалаушы Тоныкөк: «Түнде ұйықтамадым, күндіз отырмадым, төрт бұрыштағы халықтың бəрін бейбіт еттім: бастыны еңкейттім, тізеліні бүктірдім!» деп, «Мəңгілік Ел» құрсақ деген асыл мұраты бүгінгі тəуелсіз мемлекетімізде Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың көреген саясатымен кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Елбасының тəуелсіздікті нығайтудағы жəне мемлекеттілік тамырын тереңдетудегі батыл қадамдарының қатарына елдегі бірлік пен татулықты орнықтыруымен қатар еліміздің белортасындағы берекелі мекенге Астананы салу жөніндегі тарихи шешімін қабылдап, іс жүзіне асыра алуы екені айдай ақиқат. Тарихшылар арасында айтылатын Александр Македонскийге əкесінің: «Ең алдымен Афина туралы ойла. Афина ел емес, қала емес, ол Идея» деген сөзі біздің бүгінгі күн сəулетті Астанаға да қаратып айтылғандай. Астана – жаңарған тəуелсіз Қазақстанды құрудағы Елбасының бірегей идеясының жүзеге асқан асқақ шыңдарының бірегейі. Халқымыздың «Орда тігер жер ме екен, бауырласар ел ме екен?» деген қанатты сөзінің астарында терең мəн жатыр. Ұлтымыздың ұлы қасиеттерін бойына барынша сіңірген ел Президенті елорданы көшіруде «Қонысың жайлы болмай, тірлігің сайлы болмас» деген халық дана лығына сүйенді. Бұрынғы Ақмоланың тоғыз жолдың торабында орналасуы жəне сан салалы инфрақұрылымының қалыптасуы, ең бастысы, байтақ республикамыздың барлық өңірін байланыстыруға ыңғайлы кіндік тұста орын тебуі ерекше ескерілгені мəлім. Сондықтан,

еңселі елордамыздың бүгінде барша халықты игі мақсаттарға жұмылдыратын тұғырлы орталық ретінде орнығып, ал оның төл мейрамы – Астана күні ел-жұрттың мерейін асырып, мейманасын тасытатын мемлекеттік деңгейдегі ұлық мерекелердің біріне жəне бірегейіне айналды. Еліміз ғана емес, алып құрлық Еуразияның нақ жүрегінде, ерке Есілдің жағасында жайқалған келбетті қаланың демиургі, ғаламат жобаның идеялық авторы, Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев өзінің «Еуразия жүрегінде» атты кітабында «Астананы құру – ұлттық тарихтың жаңа мəтінін жазу. Мұндай мəртебе əр ұрпақтың маңдайына бұйыра бермеген» деп атап көрсетуі Қазақ елінің бүгінгі шырқау биігі мен шынарлы асуын мейлінше айқындап тұр. Мемлекет басшысы айтқандай, бұған дейінгі талай ұрпақтың талайына жазылмаған, тағдырына бұйырмаған осынау тарихи белестің, Тəуелсіздіктің қадірқасиетін, біз, яғни барша Қазақстан халқы көзбен көріп, жүрекпен сезіп отыр. Кешегі кеңестік жүйеден кейінгі күйзелісте күйреп қалуы ықтимал деген немесе дербес мемлекет ретінде тəуелсіздігін сақтап қалатынына күмəн туғызған кейбір сырт көз сыншылардың болымсыз болжамын ғасырдың ширегіне жетпеген аз уақытта таңғаларлық серпіліс жасай білген Қазақстанның қазіргі аршынды қадамдары, Астананың ақдидарлы кескіні толықтай жоққа шығарғаны ақиқат. Елордамыздың аспанмен таласқан ғимараттарының инфрақұрылымы таңдай қақтыратын əлемдегі ең ірі мегаполистердің алдыңғы легінен орын алуын Мемлекет басшысы ұдайы назарында ұстап келеді. Дүниежүзінің дүбірлі жиындары ЕҚЫҰ Саммиті, Азиада жəне басқа да халықаралық саяси, экономикалық, спорттық ісшаралар өткен, сондай-ақ Астана экономикалық форумы, Еуразиялық медиа форумы дəстүрлі түрде ұйымдастырылып тұратын елордамыз бүгінде əлемдік деңгейдегі өзекті мəселелер талқыланатын бірегей орталық ретінде бекіді. Сонымен бірге, Астана қазірдің өзінде əкімшілік, рухани-мəдени орталық қана емес, заманауи жаңа технологияларды бойына сіңірген интеллектуалдық орда мəртебесіне ие болып, еуразиялық «Пальмираға» айналды. Америкалық əлеуметтанушы, футуролог Джереми Рифкин ұсынған үшінші индустриялық революциясында жаңа технологиялар мен экологияның үндестігі, сандық дəуірдегі экономикада табиғатты сақтап қалу дың жолдары көрсетілгені мəлім. Сол себепті, Президент стратегиясының басты бағыты алдыңғы қатарлы «ақылды» қала құру болып табылады. Сол мақсатта осыдан екі жыл бұрын халықаралық ЭКСПО көрмесі өткізілетін 2017 жылға қарай Астананың əлем нің «ақылды» 50 қаласының қатарынан орын алуы көзделетін Smart Astana ауқымды жоба сының басталуы үлкен істің бастамасына айналуда. Жоба аясындағы «Қауіпсіз қала» жəне «Зияткер көлік жүйесі» бағдарламалары ЭКСПО көрмесі кезінде əлденеше есе ұлғаятын жолаушылар ағымын тасымалдауды жəне олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мақсат етпек. Əуежай мен жаңа вокзал арасын қосатын жол, логистикалық орталық жəне басқа да инфрақұрылым объектілерін салу жұмысы қазіргі заманның ең биік сұраныстарын қамтамасыз ету көзделе отырып жүргізіледі. Жаһандық дəрежеде беделі бар компаниялардың кеңесімен жүргізілген жұмыс бүгінде өз нəтижесін беруде. Ұлан-ғайыр далада ерекше сымбатымен бой көтерген Астана – бүкіл қазақстандықтардың үкілеген үмітіндей, аласармас арманындай биік. Ғажайып өнер туындысындай əсем қала жергілікті тұрғындардың ғана емес, бүкіл ел тұрғын дарының өміріне жаңа леп, жақсылыққа ұмтылыс əкелуде. Жаңа қала – қуатты қарқынмен жүргізілген экономикалық реформалардың ғана емес, рухани-мəдени жаңғырулардың орта лығына айналды. Ұлт жоспары – 100 нақты қадамда Астана қаласын əлемнің

Нью-Йорк, Токио, Сингапур сияқты негізгі қаржы орталықтарымен байланыстыру үшін жаңа халықаралық бағыттарға ыңғайластырылатыны, «Астана – Еуразия жүрегі» кластерін құрып, мəдени-туристік бағыттың ілгерілететіні елеулі оқиға болмақ. Тəуелсіздік тарихын жазушылар Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың алысты болжай білер көрегендігі туралы сөз қозғағанда бұған дейін лайықты жүзеге асырылған «Қазақстан-2030» Стратегиясын жəне бүгінгі таңда дамудың басты бағдары саналатын «Қазақстан-2050» ұзақ мерзімді Стратегиясын қабылдауын басты назарға алады. Стратегияда жедел өзгермелі тарихи жағдайлардағы жаңа Қазақстанның жаңа саяси 7 бағыты белгіленіп, ел дамуының ең өзекті мəселелерін шешудің жолдары айқындалды. Солардың қатарында, Елбасы білім беру саласына ерекше тоқталғаны мəлім. Өйткені, ХХІ ғасырда мемлекеттің тұғырының берік болуы, керегесінің кеңейе түсуі бірінші кезекте сауатты халқымен, білімді жастарымен жүзеге аспақ. Соған орай, елімізде қолжетімді жəне сапалы білім беруді дамыту бағыты дəйекті жүргізілуде. Бүгінгі таңда еліміздің барлық өңірінде жəне бас қаламыз Астанада Назарбаев зияткерлік мектептерінің қанат жаюы, сондай-ақ, білім сапасы жəне жаңа технологияларды енгізу жағынан əлемдік деңгейдегі жоғары оқу орындармен иық теңестіре алатын Назарбаев Университеттің құрылуы еліміздің білім саласында қол жеткізген айтулы табысы. Бүгінгі таңда Назарбаев Университет қазақстандық білім саласының ұлттық брендіне айналды. Бұл университет студенттерге жоғары білім беретін оқу орны ғана емес, қазіргі заманғы қуатты ғылыми инфрақұрылымы қалыптасқан, соңғы инновациялық тəсілдерді енгізген, ғылыми əрі инженерлік адам ресурстары қамтылған ірі ғылыми-зерттеу орталығына айналуда. Əсіресе, Елбасының тікелей бастамасымен тағайындалған «Болашақ» стипендиясы арқылы шетелдердің үздік университеттерінде жоғары білім алған 8 мыңнан астам ел жастары бүгінде республикамыздың сан алуан салаларында халықтың игілігі үшін қажырлы еңбек етуде. Мемлекет құру ісінде Елбасы саламатты халық, дені сау ұрпақ қана елді ілгері бастыра алатынын бағамдап, Стратегияда денсаулық сақтаудың ұлттық жүйесін ұзақ мерзімді жаңғыртуды тапсырды. Соған сəйкес, елдің барлық аумағында медициналық қызметтер сапасының бірыңғай стандарттарын енгізу, медицина мекемелерінің материалдық-техникалық жабдықталуын бірыңғайландыру жұмыстары жүргізілуде. Президент тапсырмасымен «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы жүзеге асырылды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы 2017 жылы міндетті медициналық сақтандыру қорының жұмысын қамтамасыз ету бойынша салаға маңызды міндет жүктеді. «Мəдениет – ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мəдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, əлемдік мəдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен танылады. Сөйтіп, тек өзінің ұлттық төл мəдениеті арқылы ғана басқаға танылады». Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2007 жылы 13 ақпанда өткен «Мəдени мұра» бағдарламасының отырысында айтқан бұл сөздерінен Президенттің төл мəдениетімізді соншалықты тереңнен ұғынатынын, оның шын жанашыры, ерекше қолдаушысы екенін аңғарамыз. Расында да, талай жылдар көміліп жатқан алтын көмбеміз, тарихи-мəдени мұраларымызды қайта аршып, шетел архивтерінен ұлт тарихына қатысты деректерді жинастыруға жол ашқан, халықтың бойында рухани сілкініс жасаған «Мəдени мұра» бағдарламасы Елбасы идеясының нақты жемісі. Соның нəтижесінде, қазақ мəдениетінде ренессанстық серпіліс жасалып, қажымайталмай жинастырылған Мəдени мұра Мəңгілік мұраға айналды. Президент мəдениеттің, əдебиет пен өнердің ерекше еңбек сіңірген танымал

тұлғаларына – 100 адамға жыл сайын стипендия тағайындауы, мəдениет ошақтары мен өнер ордаларына мемлекет қаржысын тиісінше бөлдіріп отыруы мəдениет пен өнердің биікке өрлеуіне тың серпін беруде. Мемлекет басшысы əлемдегі ең дамыған алғашқы отыздыққа кіру тек экономикалық, индустриялық жағынан үлкен серпіліс жасаумен ғана емес, халықтың руханимəдени деңгейінің өсуімен де өлшенетінін ескере отырып, өзге жұрттың республикамызды руханияттағы дəреже-деңгейімізбен де құрмет тетуге мүмкіндік туғызуда. 2014 жылы Елбасы Қазақстан Республикасының мəдени саясатының тұжырымдамасын бекітті. Тұжырымдамада креативтік пен бəсекеге қабілеттілікті алдыңғы қатарға шығара отырып, мəдениет саласын экономика ресурстарының біріне айналдырып, бизнес-бастамалар үшін тартымды инвестициялық салаға айналдыру, атап айтқанда: кино индустриясы, анимация, цирк өнері, музей, концерт пен театр қызметтері жəне басқа да өнердің жекелеген түрлері мен мəдениет ұйымдарын экономикалық тұрғыдан табысты (рентабельді) деңгейге шығарудың жолдары айқындалды. Бүгінгі таңда біздің ұлттық, кəсіби, классикалық өнерімізді барша əлем таниды. Елордада əлемдегі үздіктердің қатарына енген «Астана Опера» опера жəне балет театрының іске қосылуы, «Астана балет» театрының құрылуы, «Қазақстан» кино-концерт залының халыққа қызмет көрсетуі барша қазақстандықтар үшін үлкен мақтаныш. Өнеріміз, əсіресе ұлттық өнеріміз қазақты əлемге танытатын брендке айналып, кино, театр өнері жаңа кезеңге көтерілді. Сахналық туындыларымыз Еуропа мен Америка көрермендерінің көзайымына айналды. Бұл тұрғыдан келгенде, Қазақстанның руханияттық авторлығын əлемдік өркениет толық мойындап отыр. Елбасының осындай қамқорлығының арқасында төл мəдениетіміз төрге озды, əлемдік деңгейдегі жоғары классикалық өнерге талғампаздықпен баға бере алатын өрелі көрермен, өркениетті қоғам қалыптасты. «Отан – отбасынан басталады» демекші, отбасылық құндылықтарды, отбасы жəне неке институтын нығайту мəселелерін Елбасы ұдайы назарында ұстап, қоғамда моральдық-этикалық жəне рухани-адамгершілік құндылық тарды нығайтуға, саламатты өмір салтын қалыптастыруға жəне Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құруға барынша маңыз беріп келеді. «Біріншіден, Жердегі өркениеттің бүкіл хронологиясы – кез келген қоғамның негізі ретіндегі Адамзат Отбасының Ұлы тарихы. Екіншіден, отбасы – өте ұлы құндылық. Мыңжылдықтар мен ғасырлардан бері отбасы əрбір қоғамның ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан моральдық салттардың, ұлттық дəстүрлердің сақтаушысы болып табылады. Үшіншіден, отбасы – өз халқыңа, оның мəдениеті мен тұрмысына деген сүйіспеншіліктің сарқылмас қайнар көзі. Ол – ата-аналар, балалар мен немерелер бақытының призмасы арқылы өтетін патриотизм мен Отанның өркендеуіне деген мəңгілік қамқорлықтың қайнар көзі. Ол – ұрпақтардың ғасырлық өзара байланысы. Төртіншіден, ХХІ ғасырда жаһандану дəуірі отбасы мен бақытты неке құндылықтарын прогрестің маңызды шарттары етеді. Оны қазіргі заманғы əлемнің барлық табысты елдерінің тəжірибелері айғақтайды» деп, атап көрсеткен Президент отбасылық құндылықтардың мəнін егжей-тегжейлі білетінін танытты. Мемлекет басшысының осы тұғырнамалық тұжырымдары жəне мемлекет пен қоғамнан жүйелі шаралар қабылдауды талап ететін бес бағыты елімізде осы саладағы негізгі бағдарларды белгілеп алуға жол сілтеп, «Қазақстан Республикасында отбасылық қатынастарды, моральдық-этикалық жəне руханиадамгершілік құндылықтарды нығайтудың 20152020 жылдарға арналған жалпыұлттық іс-шаралар жоспары» қабылданды. Əрбір отбасының тірегі саналатын əйел-анаға деген қамқорлық, оларға жасалатын қолдау деңгейі елдегі демографиялық ахуалдың жақсаруына едəуір серпін беруде. Мемлекет басшысының халықты барынша сақтау жəне оның санын 20 миллионға жеткізу жəне одан да əрі арттыру жөніндегі келелі міндеті елдің даму деңгейіне сəйкес нақты көрсеткішке айналатынына сенімдімін. Осылайша, Еуразия кіндігіндегі өркениетті елі, өрісті жері, өсіп-өнген халқы бар Қазақстан Республикасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың дана стратегиясының, көреген саясатының арқасында ХХІ ғасырда қуатты нарықтық экономи касымен, заманауи саяси-демократиялық жүйесімен, азаматтық қоғамымен алға қарай аршындап дамып келеді. Соның нəтижесінде, біз, АҚШ-тың бұрынғы президенті Авраам Линкольн айтқандай, «адамдар адамдар үшін билік ететін» демократиялық мемлекет құрудамыз. Қазақ елінің түпкілікті мұраты – мызғымас «Мəңгілік Елді» құру, ұзақ мерзімді межесі – «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру болса, бұл игілікті мақсатқа Ұлт жоспары – 5 институттық реформа даңғыл жол салып беруде. Сондықтан, бүгінгі дəуір егемен ел болып, «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» берекелі де бейбіт заманды көрсек деп «мың өліп, мың тірілген» қазақ халқының асыл мұратының орындалған дəуірі. Бұл дəуір байтақ далада мызғымас мемлекеттің қадасын қағып, керегесін кеңейткен, сөйтіп іргелі елге айналдырған Елбасының осынау сан қырлы, сан салалы өлшеусіз тарихи еңбегінің жарқын көрінісі, шежірелі жолы. Бұл Қазақ елінің алтын ғасыры! Мемлекет басшысы Ұлытаудағы ұлағатты сұхбатында айтқандай: «Заман өтеді, уақыт алға жылжиды. Ұрпақтар бірінің жолын бірі жалғайды. Бірақ ата-бабамыздың жері осылай керемет болып қала береді. Осындай əулиелі жерден қуат алған халқымыз ата-бабалар жолымен жүреді деп санаймын. Ол жол – сара жол, Мəңгілік Елдің жолы!». Елбасы туралы ой толғау оңай емес. Қазақстан Президентінің еліміз үшін сіңіріп келе жатқан ерен еңбегінің терең бағасын берер бір сөз іздегенде ойымызға «ерлік» сөзі орала береді. Расында да, Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың бүкіл өмір жолы туған Отаны – тəуелсіз Қазақстанды барша əлемге танымал, еңсесі биік мəртебелі мемлекетке айналдырсам деген биік мұратпен суарылған елдік жолындағы ерлікке толы екені айдай ақиқат.


www.egemen.kz

9 маусым 2015 жыл

Табысты болєан миссия (Соңы. Басы 1-бетте). Бүгінгі таңда Қазақстанда испандық біршама компаниялар бар. Атап айтқанда: «Тальго» (теміржол саласы), «Индра» (ақпараттық технологиялар), «Максам» (тау-кен саласы), «OHL» (инфрақұрылым) табысты еңбек етуде. Кездесу барысында экономикалық басымдық тарды ескере отырып, өзара тиімді ынтымақтастықты одан əрі тереңдетудің барлық мүмкін шіліктері бар екендігі аталып өтті. 2014 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 2,74 млрд.АҚШ долларын құрап, 2013 жылғымен са лыстырғанда 16,7%-ға артты. Соның ішінде, Қазақстаннан Испанияға шығарылған экспорт 2,36 млрд. долларды, Испаниядан

Қазақстанға енген импорт 378 млн. долларды құрады. 2015 жылдың бірінші тоқсанында екіжақты тауар айналымы 309 млн. долларды, оның ішінде экспорт 258 млн., импорт 50 млн. долларды құрады. Гүлшара Əбдіқалықова испандық дипломатиялық миссиясының басшысына екіжақты байланыстарды дамытуға қосқан жеке үлесі үшін алғысын білдірді. Екіжақты атқарылған ынтымақтастық арасында 2014 жылғы қыркүйекте Астанада өткен Экономика жəне өнеркəсіп саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Испания үкіметаралық комиссиясының 6-шы отырысының маңызы зор болды. Ал 2015 жылғы 31 мамырда Ларротча Параданың тікелей қолдауымен Қарлаг тұтқынында болған испандықтарға

арналып Спасскіде ескерткіш ашылды. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қаржылық қолдауы арқылы халықаралық «Nexos» телерадио хабарларын тарату қауымдастығы» түсірген «Қарағандыда ұмытылғандар» атты қазақ-испан деректі фильмі 2014 жылы калифорниялық кинофестивальда үздік деректі туынды ретінде танылып, California Film Awards атты арнайы сыйлық алды. Сондайақ, аталмыш фильм Джакартадағы (Индонезия) кинофестивальда «Үздік еуропалық деректі фильм» номинациясын иеленді. Кездесу қорытындысында Мемлекеттік хатшы Гүлшара Əбдіқалықова Испания дипломатына зор денсаулық жəне жаңа жұмыс орнында сəттілік тіледі.

Кґкшедегі семинар-тренинг Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Əйелдер істері жəне от басылық-демографиялық саясат жөнін дегі ұлттық комиссия Астанадағы ЕҚЫҰ орталығымен бірлесіп «Саясаттағы жəне жергілікті өзін өзі басқару мəселелеріндегі ке шен ді гендерлік тəсілдің принциптері» т а қы ры бында семинар-тренинг ұйым дастырды. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».

Семинар-тренингтің мақсаты – əлеуметтік саясатты жəне жергілікті өзін өзі басқару органдарының жұмыстарын жетілдіруде гендерлік аспектілерді қолданудың кешенді тəсілдерін үйрету. Семинар тыңдаушылары облыс əкімдері мен орынбасарлары, мəслихат депутаттары, ұйымдар мен мекемелердің басшылары, сондай-ақ, ҮЕҰ басшылары болды. Семинарға Ұлттық комиссия төрайымының орынбасарлары – Парламент Мəжілісінің депутаты Е.Тарасенко, Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Л.Сүлеймен жəне Ұлттық комиссия мүшесі – «Қазақстанның іскер əйелдері қауымдастығы» РҚБ президенті Р.Сəрсембаева қатысты. Елена Тарасенко ел Президентінің мемлекетімізді нығайту үшін белгіленген 5 институттық реформасын жүйелі жүргізу «гендерлік құрамдас бөлік» болып табылатын маңызды фактормен тікелей байланысты екенін атап айтты. Себебі, əйелдер ел халқының жартысын құрайды, ал олардың мемлекеттік қызметтегі үлесі жартысынан асады (55%). Е.Тарасенко Ұлттық комиссияның жұмысы жаңа реформалар аясында

құрылғанын жəне алда əйелдерді еліміздің барлық қоғамдық-саяси жəне экономикалық салаларына барынша тарту бойынша маңызды міндет тұрғанын айтты. Семинарда танымал халықаралық сарапшылар жəне кеңесшілер тренер болды. Семинар аясындағы сапар кезінде Ұлттық комиссия басшыларының облыс əкімі С.Кулагинмен жұмыс барысындағы кездесуі болып, онда өңірдегі əйелдерді саяси ілгерілету мəселелері талқыланды. Содан кейін Ұлттық комиссия басшылары Ақмола облысы əкімінің жанындағы Əйелдер істері жəне отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысына қатысып, онда Көкшетау қаласы əкімінің орынбасары А.Əміренованың жəне облыстың Кəсіпкерлер палатасы директорының орынбасары А.Тəжмиеваның өңірдегі əйелдер кəсіпкерлігін дамыту жəне гендерлік саясатты іске асыру мəселелері туралы есептері тыңдалды. Сонымен қатар, əйелдер бизнесінің əлеуметтік нысандарына жəне адам саудасынан зардап шеккендерге арналған баспанаға барды. «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздарын құттықтау салтанатында сөйлеген сөзінде Ұлттық комиссия төрайымының орынбасары, Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Л.Сүлеймен «Мемлекет басшысының салиқалы саясаты арқасында бүгін еліміздегі түрлі ұлттар мен ұрпақтар арасында отбасылық дəстүрлер қоғамда биік адамгершілік құндылықтарды сақтауға, неке жəне отбасын нығайтуға ықпал етіп отырғанын, отбасының ғана емес, бүкіл мемлекетіміздің тұрақтылығы мен өркендеуі дəл осыған байланысты болып табылатынын» атап айтты. КӨКШЕТАУ.

● Оқиғаға орайлас ой Таяуда Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Шетел инвесторлары кеңесінің 28-ші отырысы болып өтті. Қазақстанда агробизнесті дамыту мəселелеріне арналған бұл отырысқа халықаралық ұйымдар мен ірі компаниялардың басшылары қатысып, өз ой-пікірлерін ортаға салған еді. Куртис МАСТЕРС, «Бейкер жəне Маккензи - Си-Ай-Эс, Лимитед» филиалының директоры: – Отырыстың тақырыбы Қазақстандағы ауыл шаруашылығын дамытуға арналды. Атап айтқанда, бұл салада Қазақстанның шексіз əлеуеті бар. Бүгінде елдің ауыл шаруашылығын дамытудың мүмкіндіктеріне айрықша мəн беріледі, себебі Қазақстанның азық-түлік өнімдері мен астық экспортында перспективалары үлкен. Дəстүрлі түрде Қазақстан ауқымды мұнай-газ, металл жəне басқа да ресурстары бар ел ретінде қарастырылуда. Менің ойымша, елдеріңіздің ауыл шаруашылығы өнімдері де елеулі табиғи ресурстарға айналуға қауқарлы екенін де атап көрсеткен жөн. Осы форумды өткізу өте жақсы идея деп білемін. Ең маңыздысы, осы шара аясында Президент пен Үкімет мүшелеріне тікелей шетел инвесторларының пікірін тыңдауға мүмкіндік беріледі. Жалпы, біз үшін Қазақстандағы агроөнеркəсіптің дамуына ықпал жасау – үлкен мəртебе. Эрик ШИР, «Бейкер жəне Маккензи - Си-Ай-Эс, Лимитед» фирмасы бас директорының орынбасары: – Біз заңгерлік фирма ретінде осында 1998 жылдан бастап жұмыс істеудеміз. Біздің кеңсе Алматыда орналасқан жəне жыл сайын кеңейіп келеді. Атап айтқанда, жұмысымыздың барысында инвестиция тартудамыз, сонымен қатар, бизнесті кеңейтіп жатырмыз. Инвестиция тарту үшін құқықтық жүйені дамыту маңызды. Бұл тұрғыда қаржылық істерге білікті тəуелсіз соттардың болуы айрықша қажет. Қазақстан Президентінің Астананы қаржы орталығына айналдыру бастамасы жайында біз білеміз. Бұл қадамды өте жақсы шешім деп бағаладық. Осы орайда, «Бейкер жəне Маккензи» компаниясы бұл бастаманы қолдайтынын атап өткім келеді. Дмитрий ПАНКИН, Еуразиялық даму банкінің төрағасы: – Менің пікірімше, мұндай форматтағы кеңес маңызды. Инвесторлар мен шенеуніктердің басын бір арнаға тоғыстырып, идея алмасу өте қажет дер едім. Мұның өз кезегінде бірлесе атқаратын жұмыстың жандануына көмегі көп. Бүгінгі жиын қазіргі күні бүкіл əлем бойынша айрықша маңызға ие мəселе – азық-түлік саласына арналып отыр. Ал бұл салада Қазақстанның əлеуеті өте жоғары. Оны тек барынша дамытуға күш салу керек. Бұл ретте оған көптеген қаржылық қолдау қажет. Ал қаржының көзі шетел инвесторларынан құйылса, бұл салада əлі талай жобаны бағындыруға болады деп ойлаймын.

Ќазаќстандыќ студенттермен кездесті

Қазақстанның Қытайдағы елшісі Шахрат Нұрышев ҚХР-да білім алып жатқан қазақстандық студенттермен кездесу өткізді, деп хабарлады ҚР СІМ-нің баспасөз қызметі. Елші Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Қазақстан - 2050» Стратегиясы, «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты жəне «Бес институттық реформа жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарының» маңыздылығы туралы студенттерге мəлімдеді. Кездесу барсында Ш.Нұрышев қазақстандық жастардың сапалы білім алуына, жергілікті заң ережелерін сақтауына, Қытайдың мəдениеті мен дəстүрін сыйлауына ерекше назар аударды. Сонымен қатар, студенттердің өздеріне, сондай-ақ, Қазақстанның имиджіне кері əсерін тигізетін қандай да бір жағдайларды болдырмауға шақырды. Ш.Нұрышев елшіліктің қолдауымен құрылған, 11 мыңдай жастың басын біріктіретін Қытайдағы қазақстандық студенттер қоғамдастығының жұмысына оң баға берді. Сондай-ақ, студенттерге алдағы емтихандарын сəтті тапсыруын тілеп, алған білімдерін Қазақстанның игілігі мен екі ел арасындағы қарым-қатынасты одан əрі нығайту үшін пайдалануға үндеді. Үздік оқуымен көзге түскен жəне қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысқан студенттер елшінің алғыс хатымен марапатталды.

Халыќаралыќ конференцияєа ќатысты

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Рашит Акимов «Орталық Азиядағы көші-қон проблемалары» тақырыбы бойынша Бішкек қаласында (Қырғызстан) өткен халықаралық конференцияға қатысты. Делегаттар Қырғызстандағы жəне Орталық Азиядағы көрші мемлекеттердегі көші-қон саласындағы өзекті мəселелерді жəне оны шешудің ықтимал жолдарын талқылады. Конференция мақсаты аймақтағы көшіп-қонушылармен жұмыс істейтін парламентшілер мен үкіметтік емес ұйымдардың басқосуын өткізу болып табылады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

5

Заѕ їстемдігі ќамтамасыз етіледі Еліміздің құқық қорғау саласы ішінде прокуратура органдары қомақты рөл атқаратыны белгілі. Əсіресе, Конституция талаптарының мүлтіксіз сақталуы, азаматтар құқының іс жүзінде қорғалуы, заңдардың орындалу барысы прокуратураның басты назарында тұрады. Ендеше жоғарыда айтқанымыздай, еліміздің негізгі заңы – Конституцияның 20 жылдық асқаралы асуы да таяп қалды. Осы орайда біз Бас прокурордың орынбасары Жақып АСАНОВҚА жолығып, аталған жылдар аралығында құзырлы орган қызметіндегі Ата Заңымыздың рөлі, оның мақсаты мен мəні туралы айтып беруін сұраған едік. – Ата Заңымыз мемлекетіміздің тұрақты жəне ілгері дамуының негізгі көзіне жəне барлық құқықтық жүйенің өзегіне айналды дейміз. Бұл орайда Конституциямыздың əлеуетін əрі қарай іске асыру мəселесі Елбасымыз ұсынып отырған бес институттық реформалар мəтінінде айрықша сипатқа ие болды. Осыған байланысты, алдымен, еліміздің басты қадағалау ведомствосының институттық реформалар бағытындағы міндеттеріне тоқталып өтсеңіз? – Бас прокуратура құқық қорғау қызметтерін жетілдірудің аса маңызды бағыттары бойынша заң шығару жұмыстарын жүргізеді. Қылмыстық жəне Қылмыстықпроцестік кодекстерінің жаңа редакциясы біздің қатысуымызбен дайындалды. Бүгінгі таңда еліміздің басты қадағалау саласының күш-жігері жаңа қылмыстық заңнамалар жағдайында құқықтық жүйенің тиімді қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталған. Осындай институттық реформаларды іске асыру барысында біз бірқатар, соның ішінде, сот өндірісін жетілдіруде жекелеген іс жүргізу əрекеттерін санкциялау бойынша прокуратура өкілеттілігін тергеуші судьяға беру жөнінде ұсыныстар енгіздік. – Нақты қандай өкілеттіліктер жөнінде сөз болып отырғанын ашып айтсаңыз? – Жекелей алатын болсақ, тұрғын жайларды қарау, тінту, мəжбүрлеп куəландыру секілді əрекеттерді айтып отырмын. Сонымен қатар, Азаматтық іс жүргізу кодексіне (АІЖК) тиісті түзетулер енгізе отырып, нақты жеке құқықтық сипаттағы істер бойынша прокурордың қатысуы міндеттілігін алып тастау да ұсынылды. Мұндай даулар бойынша тараптар өз мүдделерін дербес қорғаулары тиіс. – АІЖК-ге мұндай өзгерістер енгізу қажеттілігінің себебі неде екендігін анықтап берсеңіз? – Мұндай көлемді құжатты дайындау отандық заңнама үшін қаншалықты маңызды екендігін өзіңіз де түсініп отырған боларсыз, ол былтырғы жылдың бас кезінде басталып, жыл аяғында Мəжіліске ұсынылды. Жоғарғы Сот, Бас Прокуратура жəне басқа да органдар аса үлкен еңбек атқарып, белгіленген мерзімді бұзуға болмайтындықтан, сол уақыт ішінде аяқтауға тырысты. Алайда, жобаның сапасына асығыстық қаншалықты əсер еткендігін енді өзіңіз де саралауыңызға болады. – Демек, жалпы заң дайындау барысын белгілі бір ретке келтіру керек дейсіз ғой. Мұны алдағы уақытта қалай жүзеге асыру қажет деп ойлайсыз? – Біздің ойымызша, заң шығару үдерісінің барлық сатысында, яғни тұжырымдама дайындау мен шетелдік іссапарларға шығудан бастап, одан əрі тек заң қабылдауға дейін ғана емес, сонымен бірге оны іске асыру аяқталғанға дейін бірге жұмыс істейтін шенеуніктер, ғалымдар секілді тəжірибелі мамандардан арнайы топтар құру ортақ мақсатты жүзеге асыруға септігін тигізеді. Егер жағдай талап етсе, ол адамдарды тіпті ағымдағы жұмыстарынан босатуға дейін де бару керек. Мұндай əдіс заң жобаларының сапасын қамтамасыз етіп, дайындаушылардың жауапкершілік дəрежелерін арттырады жəне құжаттың Парламентте қаралу барысын да жеңілдетері сөзсіз. – Халық АІЖК маңызды заң екенін жақсы біледі. Бірақ солай бола тұра оны дайындауға осынша шектеулі уақыт берілу себебі неде? – Бұл қоғамымыздың жыл өткен сайын сотқа көп жүгініп жатқандығында. Сондықтан уақыт күтпейді. Мəселен, азаматтық істер бойынша статистикаға көз жүгіртетін болсақ, 5 жыл ішінде азаматтық істер санының 47 пайызға ұлғайғандығын көреміз. 2014 жылы соттарға 750 мың талап-арыз түскен, ал əрбір іс екі тараптан кем болмайтындығын ескерсек, онда оған ең аз дегенде 1,5 млн. жеке жəне заңды тұлғалар тартылған. Ал бұл қарттар, не балалар емес, өз бизнесі, жұмысы, отбасы бар тұрғындардың экономикалық белсенді бөлігі. Сонда олар өздерінің қымбат уақыттарын сот аппараты, прокуратура, қорғаушылар, сот орындаушылар, сарапшылар, қолдаушы топтар қоса тартылатын дау-жанжалдарға ғана арнайды. Дау-жанжалдардың осыншама көптігі қоғамның көңіл-күйіне де əсер етпей қоймайды. Себебі, сот көбінесе екі тарапты бірдей қанағаттандыра алмайды. Осының салдарынан сот органдарына деген сенім болмайды, кемиді сөйтіп сотқа, прокуратураға, депутаттарға, Президент Əкімшілігіне арызшағымдар толассыз ағылып жатады. – Бұл əлеуметтік проблеманы шешудің қандай жолдары бар? – Жаңа АІЖК тек жаһандық құқықтанудағы өзекті əлемдік тренд – келісімге келу тəсілдерін жаппай пайдалану ғана

емес, сонымен бірге қазақ билігіндегі үздік дəстүрлер де ескерілген. Оның басты жетістігі – сотта тараптардың келісімге келуіне жағдай туғызу. Сот дауды шешу жолдарын өз бетімен іздеуде қажетті құралдардың толық жиынтығы бар алаңға айналады. Медиаторлар ғана емес, сонымен бірге тараптардың өтініштері бойынша судьялар да жүргізе алатын медиация тəсілін қолдану мүмкіндігі кеңейеді. Сөйтіп, жаңа институт: «партисипативтік процедура» – қорғаушылардың көмегімен құрылатын əлемдік келісім енгізіледі. Дайындаушылардың пікірі бойынша, бұл новелла татуласуға кедергі келтірмеуге жағдай туғызады. Жəне тағы бір маңызды бөлімге тоқталып өтейін. Кейбіреулер өз дəлелдерін кейінге қалдыра тұрып, тек апелляция немесе кассациялық сатыда ғана ашады. Бұл істі қайта қарауға жəне соттағы даужанжалдардың басқаша тармақталуына алып келеді. Осыған қарсы əрекет ретінде АІЖК жобасы жаңа талап – «дəлелдерді толықтай ашуды» ұсынады. Тараптар дайындау сатысында, яғни сот отырысына дейін барлық дəлелдерді ұсынуға міндетті болады. Бұл оларға өз жеңістерін бастапқы кезеңде-ақ бағалауға жəне оларды дауды шешу барысында жеңілетіндігін түсінген кезде «сот марафонынан» бас тартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ынталандыру ретінде татуласу кезінде мемлекеттік баж салығы қайтарылатын болады. – Елбасы биылғы 5 мамырда өзі төрағалық еткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында бес институттық реформаны іске асырудың 100 нақты қадамын белгіледі. Осы 100 нақты қадамда мемлекеттік-жекеменшік серіктестігін дамыту аясында пенитенциярлық инфрақұрылымды жаңғырту туралы да айтылады, осыған байланысты «Түзеу мекемелерінде жұмыспен қамту - 2017» жобасына тоқтала кетсек. 2017 жобасы жəне оның мақсаты қандай? – Осы үш жыл ішінде заңнамаларға түзетулер енгізіп, түзеу мекемелерінің активтерін қайтарып алуға жəне ондағы қызметкерлерді жаңа жағдайларға бейімдеп үлгеруіміз əрі жұмыспен қамту бойынша оң нəтижелерге қол жеткізуіміз қажет. Ал жобаның мақсаты – 2018 жылға дейін қамаудағы адамдардың еңбекпен қамтылғандар санын 75 пайызға дейін жеткізу. Бұл жайдан-жай жасалып отырған жоқ. Түрмедегі қоғамдық жағдайлар да өзгеретін болады. Ештеңе тындырмай қамаудағы адамның еңбекке деген құлшынысын оята алмаймыз. Сонымен қатар, қамаудағы адамдарды ұстау салық төлеушілер үшін бір жылда 750 мың теңгеге шығады. Бұл ретте 5 мың тұтқынның 29 млрд.-тан астам қарызы бар, оның жартысынан астамы – мемлекетке тиесілі. Соның ішінде 1 пайыз бөлігі ғана өтелген. Егер қамауда отырған адамның лайықты ақы төленетін жұмысы болса, онда шығындарын өтеуге жəне шартты түрде мерзімінен бұрын босап шығуға мүмкіндігі болады. – Өзіңіз айтқандай, ойға алып, жоспарлап қойған біраз шаруалар бар екен. Енді бұл істерді жүзеге асыру барысы қалай жүріп жатыр? – Əзірге қиын, себебі бірқатар проблемаларды шешу қажет. Ең алдымен басты міндет – өндірістерді түзеу мекемелерінің басқаруына қайтаруды шешіп алу қажет. Қылмыстық-атқару кодексі арқылы түзеу мекемелеріне тауар шығару жəне қызмет көрсету құқығын беру арқылы бұл мəселені шешуге болар еді, сондықтан да біз түзеу мекемелеріне коммерциялық қызметтерді сеніп тапсыру үшін ҚАК түзетулер енгізуге бастама көтердік. Қамауда отырған адамдарды барынша көп көлемде жұмыспен қамту үшін жыл сайын шамамен 53 млрд. теңгеге тапсырыс берілуі тиіс, ал бүгінгі таңда бұл төрт есеге аз. Бұл ретте мемлекеттік сатып алу мəселесі туындайды.

– Бес жалпыхалықтық реформада «Ашық үкімет» құру, шешім қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету жəне осы үдеріске азаматтарды тарту қажеттілігі секілді маңызды мəселелер бар. Енді осының бəрі заңды тұрғыдан алғанда қалай жүзеге асырылады? – Мемлекет басшысының тапсырмалары орынды жəне өзекті, себебі заманауи əлемде əрбір адамның қорғалуы ақпараттық қамтамасыз етудің толықтығына, объективтілігі мен дер кезінде берілуіне тікелей байланысты. Сондықтан да, Қазақстан Республикасы Конституциясы 20-бабының 2-тармағында мемлекетіміздің жо ғар ғы құндылықтарының бірі ретінде адамдардың ақпараттарды еркін алу құқығы көрсетілген. Алайда, əзірге бұл процесс фрагменталды, көбінесе ресми түрде реттеледі. Сондықтан нығайтылған, жүйелі, яғни біздің ақпараттық-құқықтық кеңістігімізде «ауа-райын» анықтап отыратын заңнамалық акт қажет. Ол «Жариялы ақпараттарға қол жеткізу туралы» Заң болуы мүмкін. Мұндай құжатты қабылдау сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияларды да қарастырады, себебі ашықтық – сыбайлас жемқорлықтың басты жауы екендігі белгілі. Жəне қазіргі уақытта Парламентте осындай заң жобасы дайындалуда. – Егер мүмкін болса, ол заңнамалық актіде нендей мəселелер көрсетілетіндігін айтып берсеңіз? – Ең бастысы, мұнда ақпараттарға қол жеткізуге қандай жағдайларда шектеу қойылатындығы нақты көрсетілуі тиіс. Олар Конституциямыздың 39-бабында: «конституциялық құрылымды қорғау мақсатында» жəне «қоғамдық тəртіпті, халықтың құқықтары мен бостандықтарын, денсаулығын қорғау» деп аталып көрсетілген. Бұл ретте шектеу «тек ол қажет болатын көлемде» қойылатындығы айтылған. Яғни, олар «қажеттілік» шекарасынан шығып кете алмайды. Осыған орай, болашақ заңда ақпараттарға қол жеткізуге шектеу қойылатын барлық жағдайлар көрсетілуі жəне мұндай шектеулердің əрқайсысының маңызды негізі болуы тиіс. Төтенше жағдайлар, табиғи жəне техногенді апаттар туралы мəліметтердің қолжетімділігін көрсету қажет, яғни адамдардың өмірі мен денсаулықтарына қауіп төндіретін деректер мен жағдайлар туралы. Бұл ретте оларды жасырып қалғаны үшін міндетті түрде жазалау шаралары болуы тиіс. Бұдан өзге азаматтардың заң мəтіндері, олардың жобалары, бағдарламалық құжаттамалар жазылған ақпараттарды алуға мүмкіндіктері болуы тиіс. – Ал ақпаратты жеткізуші кім болып есептелетіндігі туралы заңнамаларда көрсетіле ме жəне жобада ақпарат иесінің міндеттері жазылар ма екен? – Əрине. Дайындаушылардың пікірі бойынша, ол тек мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары ғана емес, сонымен қатар бюджет қаражатын пайдаланатын бизнес субъектілері де болуы тиіс. Сонымен қатар, бұған доминанттар мен монополистер; табиғат ресурстарын пайдаланатын жəне экологиялық ақпараттарға иелік ететін субъектілер; мемлекеттік кəсіпорындар, ұлттық компаниялар жəне өзге де мемлекеттің қатысы бар мекемелер жататын мемлекеттік сектор да кіреді. Ақпарат иесіне келетін болсақ, онда ол оны БАҚ арқылы мекен-жайсыз, барлық тұрғындар үшін жариялауға міндетті. Ал, сұраныс бойынша ол мəліметті тек нақты бір тұлғаға ғана ұсына алады. Бұл ретте оларды жариялауға заңмен шектеу қойылады. Жобада веб-сайттарға орналастыруға міндетті мəліметтердің барынша аз жиынтығы жəне бұқаралық іс-шараларды өткізу орны, күні жəне уақыты көрсетілген хабарламалар туралы талаптар болуы тиіс. Қаралып жатқан жобаның тұрғындар үшін маңыздылығын ескере отырып, біз ақпараттардың қолжетімділігінің сапа кепілдігі қоғамдық бақылау болады деп санаймыз. Сондықтан да жасалып жатқан «Қоғамдық бақылау туралы» Заң жобасы жалпы алғанда ақпараттардың қолжетімділігі туралы заңның қосындысы болып табылады. Осының барлығы жаңа «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы əрекеттер туралы» Заңды күшейтеді, себебі ақпараттарға қолжетімділік құқығын іске асыру сыбайлас жемқорлықтың туындауын барынша азайтатын болады. – Сонымен ақпараттарға қол жеткізу туралы жаңа заңнамалық актіні қабылдаудан не күтеміз? – Ол осы салада біртұтас мемлекеттік саясатты іске асыруға, мемлекеттік органдар қызметтерінің ашықтығын арттыруға жəне оларға қоғамдық қадағалауды қамтамасыз етуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді деп есептейміз. Заң сыбайлас жемқорлықпен күрес жəне азаматтардың құқықтарын қорғау əрекеттерінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді, тұрғындардың шешім қабылдау барысына қатысулары үшін күшті құрал болады, мұның мемлекеттік органдардың жұмысына оң əсері болары сөзсіз. Əңгімелескен Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан».


6

www.egemen.kz

9 маусым 2015 жыл

Суретті түсірген Е.ОМАРОВ.

 Астананың өркендеуі – Қазақстанның өркендеуі

«Аќылды ќала» Милан ЭКСПО-2015 пен Астана инновациялыќ жобасы ЭКСПО-2017 ынтымаќтастыєы Елбасы Астананы болашақ қаласы ретінде дамытудың «Smart City» – «Ақылды қала» халықаралық форматының «Smart Astana» жобасын 2017 жылға дейін іс жүзіне асыру міндетін қойған болатын. Міне, осы келелі міндетті орындау мақсатында Астана қаласының əкімдігі «Smart Astana» тұғырнамасы аясында бірнеше ірі жобаны іс жүзіне асыруда. Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

«Smart Astana» жобасының басты мақсаты елорда тұрғындарының тұрмыс дəрежесін, əл-ауқатын арттыру, Астана қаласының инфрақұрылымын жақсарту жəне одан əрі жаңғырту қоғамдық көлік, қоғамдық қауіпсіздік шараларын іс жүзіне асыру болып табылады. Бұл заманауи жобаның негізгі операторы – «Astana Innovations» АҚ. «Astana Innovations» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Əлтайыр Уызбаевтың айтуынша, компания жұмысы негізгі үш бағытта – инновациялық стартаптарды қолдау, «Smart Astana» бағдарламасын жүзеге асыру, сонымен бірге, Астана қаласының тіршілік қызметін кешенді қамтамасыз ету жүйесін (ТҚКҚЖ) дамыту бойынша кешенді жұмыстар атқарады. Компания жұмыстарын енді бастаған стартапкомпанияларға қаржылық жəне кеңестік көмек көрсетеді. Ə.Уызбаевтың айтуынша, «Smart Astana» бағдарламасының шеңберінде «Smart БЕО», «Smart мектеп», «Smart емхана», «Smart көлік», «Smart автотұрақ», «Smart ТКШ» жəне «Smart жарықтандыру» жобалары қолға алынған. Бұл жобаларды жүзеге асыру инвестициялық қаржылардың есебінен жүргізіледі. Сонымен бірге, «Astana Innovations» АҚ елорданың тіршілік қызметін кешенді қамтамасыз ету жүйесін жүзеге асыруда. Бұл жүйенің басты мақсаты елорда тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін арттыру, қаладағы көлік қозғалысының жағдайын жақсарту. ТҚКҚЖ жобасы шеңберінде қауіпсіздікті бақылау жəне қамтамасыз ету саласында жаңа технологиялар қолданылуда. Атап айтқанда, автоматты əсер ету жəне елорда аумағында құқық бұзушылықтарды, лаңкестік қауіптерді тіркеу жүйесі бүгінгі таңда күндізгі жəне түнгі көріністі 223 бейнебақылау камераларымен қадағаланады. Кешенді бағдарлама аясында білім беру саласында «Болашақтың мектебі – бүгін» ақпараттық жүйесі» жобасы Астана қаласының 17 мектебінде қанатқақты жоба ретінде іске асыруда. Жоба бойынша барлық оқушылар электронды куəлікпен қамтамасыз етіледі, олардың көмегімен оқушылар мектепке жəне басқа да орындарға барғанда қолжетімді автоматты бақылау жүргізіледі, мектеп бірде жəне бұқаралық кітапханаларда кітаптарды тіркеу жəне алу шаралары қамтамасыз етіледі. Қазір бұл жобамен 22 906 оқушы қамтылған. Жоба жұмыс істей бастағаннан бері ата-аналар оқушылардың мектепке келуі жəне кетуі жөнінде 7 536 656 смс-хабарлама алған. Е-кітапхана модулінде 59 132 кітап тіркелген, оқушылардың оларды пайдалану мəселелері автоматты түрде есепке алынып отырады. Бағдарлама бойынша бұдан басқа да шаралар атқарылуда. Денсаулық сақтау саласында қызмет көрсету сапасын көтеру мақсатында

«Бірыңғай медициналық ақпараттық колл-орталық 113» жобасы іске асырылуда. Ол қанатқақты режімде Астана қаласының əкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «№10 қалалық емханасы» мемлекеттік коммуналдық кəсіпорнында жүргізілуде. Елорда ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге дайындықты ескеріп, ақпараттық коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту бойынша кешенді жұмыстар атқарылуда. Компьютерлік графика саласында үздік 3D технологияларын тарту жəне технологиялық мəліметтерін қолдану үшін «3D технологиялары құзыретті орталығы» ашылды. Осы орталық шеңберінде ЭКСПО-2017 қалашығы құрылысы аумағының инфрақұрылымын жəне 3D үлгісін, сондай-ақ, «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы индустриялық паркінің виртуалды үлгісі құрылды. Осы бағыт бойынша Астана қаласының коммуналдық қызметі үшін 3D CAVE виртуалды жүйесінің жерасты коммуникациясы үлгісінің тұсаукесері өткізілді. «Ақылды қала» əлемдік үрдісінің Астанадағы ауқымды жобаларының шеңберінде атқарылатын тағы бір ірі жоба – «Интеллектуалды көлік жүйесі» (ИКЖ) қанатқақты жобасы болып табылады. ИКЖ қанатқақты жобасы көшелерімен күн сайын 500 мыңға жуық көлік қатынайтын елорда үшін ауадай қажет. Тар жолдардың ұзына бойы автомашиналар қойылатын көлік тұрағына айналған, көлік кептелісі жиі болатын Астана қаласының көлік инфрақұрылымын заманауи талаптарға сай қайта құру – уақыт талабы. Мамандардың айтуынша, ИКЖ қанатқақты жобасы аясында қала көшелерінде «ақылды бағдаршамдардың» жаңа технологиялық жүйесі енгізілуде. Бір көше қиылысында көліктер көп жиналып, кептеліс орын алатын болса, барлық бағдаршамдар оған жедел үн қатып кептелісті жоюға жұмылады. Яғни, «ақылды бағдаршамдар» көлік тасқынын тиімді реттей отырып, қала көшелерінде жол қозғалыстарын реттейді. Сонымен бірге, жаңа жол салған кезде жол қозғалысы үшін қанша жолақты қатынас қажет екендігін де осы жүйе арқылы белгілеуге болады. ИКЖ қанатқақты жобасы елордадағы көлік қозғалысының жаңа жүйесін жасауда қоғамдық көлік қозғалысына басымдық беретін болады. Қорыта айтқанда, Астана қаласында инновациялық қызметті дамыту жəне қолдау мақсатында 16 əртүрлі ірі жоба іске асырылуда. Осы бағдарлама аясында индустриялық-инновациялық қызметтің 15 субъектісіне технологиялық бизнес инкубациясы бағыты бойынша қолдау көрсетілуде. Инновациялық жобаларды өмірге енгізу нəтижесінде ЭКСПО-2017 бүкілəлемдік көрмесіне төрткүл дүниенің төрт бұрышынан келетін қонақтарға Астана қаласы «ақылды қалалардың» көшбасшысы ретінде қалтқысыз қызмет көрсету орталығы болмақ.

Елорда əкімі Əділбек Жақсыбеков өзінің Миланға жасаған сапары қорытындысында ЭКСПО-2015 бүкілəлемдік көрмесін ұйымдастыру жəне өткізу бойынша италиялық тəжірибені зерттейтін Астана қаласының жұмыс делегациясын жасақтауды тапсырды. Үстіміздегі жылғы 28 мамырда Астана қаласының əкімі Əділбек Жақсыбеков Милан қаласына жасаған жұмыс сапары аясында Қазақстанның Италиядағы Елшісі Андриан Елемесовпен бірге Милан қаласының мэрі Джулиано Пизапиамен кездескен болатын. Кездесудің басты мақсаты – мəдени-экономикалық өзара ісқимылдарды дамыту жəне қалалар арасында туыстастық байланыстар орнату, сондай-ақ, ЭКСПО көрмесін өткізу тұрғысында тəжірибе алмасу еді. – Қазақстан астанасы үшін сіздердің көрмелеріңіз ерекше қызығушылық туғызуда. Астанада халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесі өтетінін ескере отырып, бізге сіздердің осындай үлкен шараны өткізудегі тəжірибелеріңізді игеру өте маңызды, – деді Ə.Жақсыбеков Миланда өткен кездесуде. Ол ЭКСПО-2015 көрмесін ұйымдастыру жұмыстарының жоғары деңгейде екенін жəне көрме қатысушы лары мен қонақтар тарапынан қазақстандық кешенге үлкен қызығушылық барын атап өтті. Ə. Жақсыбеков пен Дж.Пизапиа, сондай-ақ, Астана мен Милан арасындағы екіжақты

серіктестік мəселелерін де талқылады. Əкім екі қаланың экономикалық дамуының айтарлықтай əсерін, əсіресе, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Астананы Еуразияның іскер, мəдени жəне ғылыми орталығы ретінде қалыптастыру бойынша алға қойған басымдықтарын тілге тиек етті. – Президент бүкілəлемдік ЭКСПО2017 көрмесі базасында «Астана» халықаралық қаржы орталығын құру

туралы Жарлыққа қол қойды. Орталық ағылшын құқығы қағидаттарының негізіне сүйеніп, онда жеңілдетілген салық режімі мен тəуелсіз қаржылық соты болады деп жоспарлануда. Ол Қазақ станның қаржылық инфрақұрылымының өзегі болмақ, ал болашақта барлық Орталық Азия аймағы үшін қаржылық хабқа айналмақ. Бұл да біздің қалаларымыздың серіктестігі үшін маңызды бастама, – деді Ə.Жақсыбеков. Милан мэрі Қазақстанның, əсіре се, Астананың экономикалық қарқынды дамуы жəне елдің Орталық Азиядағы жетекші рөлі Италиямен экономикалық жəне мəдени диалогты

Жарас СƏДУАҚАСОВ.

Велошабандоздар – Ќазаќстан павильонында «Girod’Italia-2015» беделді жарысында жеңіске жеткен қазақстандық «AstanaProTeam» велокомандасы Миланда өтіп жатқан «ЭКСПО-2015» көрмесіндегі Қазақстан павильонында болып жəдігерлерді тамашалады.

Жақында Қазақстан Велосипед спорты федерациясының президенті Д.Қалетаев жəне Қазақстан Велосипед спорты федерациясының бірінші вицепрезиденті Р. Баталов бастаған «AstanaProTeam» командасының велошабандоздары Миланда өтіп жатқан ЭКСПО-2015 көрмесіндегі Қазақстан павильонында болды. Көрмеге келген қазақстандық делегация құрамында жалпы алғанда 80-нен астам адам қатысты. Бұдан бұрын, яғни 31 мамырда спортшылар «Girod’Italia» халықаралық жарысында «Үздік команда» атағына ие болып, жеңіске жеткен еді. Ал бас сайыста велошабандоздар Фабио Ару жəне Микель Ланда екінші жəне үшінші орынды жеңіп алды. Сонымен қатар, жарыстың таяуда өтетін қиын кезеңдеріндегі бес жеңісін жəне Фабио Арудың «Үздік жас шабандоз» аталымындағы жеңісін команданың көп күндік веложарыстағы жетістіктерінің қатарында ерекше атап өтуге болады. Қазақстан павильонындағы жеңімпаздардың велосипедтері қойылған көрме залының сахнасына Олимпиада чемпионы жəне «AstanaProTeam» командасының бас менеджері Александр Винокуров шығып, жиналғандар алдында сөз сөйледі. – Үлкен кəсіби спорт, ЭКСПО секілді ауқымды іс-шаралар елдің танымалдығын арттырып қана қоймай, сонымен бірге, оның халықаралық аренада өзіне тəн бет-бейнесін қалыптастыру үшін жұмыла қызмет жасайды деп ойлаймын. «Астана» велокомандасы əлемдік кəсіби велоспорт сахнасында Қазақстанның намысын 10 жылдан бері қорғап жүр, сондықтан да біз Астана ЭКСПО-2017 секілді ауқымды іс-шараны жұртшылық арасында кеңінен

насихаттауға арналған үлкен науқанға атсалысып отырғандығымызға қуаныштымыз, – деді ол. Құрамында италиялық спортшылар бар велокоманданың павильонға келуі көрмеге қатысушылардың үлкен қызығушылығын туғызды. Велоспорттың жанкүйерлері мен əуесқойлары павильон алдында жиналып, спортшылардан қолтаңбалар алды. Іс-шара ең ірі италиялық жəне халықаралық БАҚ беттерінде кеңінен насихатталуда. – Ұлттық павильонды жабдықтаушылар халқымыздың құндылықтарын, оның бай əрі қызықты тарихын, еліміздің өзіне ғана тəн бірегей ерекшеліктерін өте шебер, əдемі əрі заманға лайықтап көрсете алғаны көңілімізден шықты. 2017 жылы көрменің Астанаға келуін асыға күтеміз. Бұл шынымен де өте

Назар аударыѕыз: экологиялыќ таза кґлік! Озық технологияға негізделген инфрақұрылымы бар мегаполисте өмір деңгейі барынша сапалы əрі қолайлы болуға тиіс. Астананың инфрақұрылымын дамыту мақсаты барысында экологиялық таза көліктерге арналған тұрақтар мен велосипед қатынасына қолайлы жол жасау мəселесі қолға алынды.

Өткен жылы Астана əкімдігі, «СамұрықҚазына» ҰƏҚ» АҚ, Спорт жəне денешынықтыру жөніндегі агенттік арасында велосипед жолы инфрақұрылымын дамыту туралы меморандумға қол қойылған болатын. Келісімге сəйкес, елордада велосипед жолының 3 түрін дамыту көзделінуде. Бұл – бірінші, велосипед қозғалысына арналған жеке жол; екінші, жалпы қолданыстағы жолдан арнайы белгілер арқылы бөлінген велосипед жолы, үшінші, жаяу жүргіншілер жолынан сызықша жолақтар арқылы бөлінген

одан əрі жандандыруда зор маңызы бар екенін атап өтті. Кездесу барысында Ə.Жақсыбеков италиялық тарапты ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге дайындық барысымен таныстырып, Милан қаласының мэрін жəне Италияның Ломбардия аймағының іскер топтарын Астанаға шақырды. Сонымен қатар, италиялық тарапқа Миланның бір көшесін Астананың немесе Қазақстанның құрметіне атау жəне Милан-Астана веложарысын ұйымдастыру ұсынылды. Бұл бастамалар италиялық тараптың қызығушылығын тудырды. Дж.Пизапиа, өз кезегінде, қазақстандық тарапқа Миланда Қазақстанның бас консулдығын ашу туралы ұсыныс жасады. Ол Миланның өз аумағындағы əлемнің түрлі елдері бас консулдықтарының саны бойынша Нью-Йоркті басып озғанын атап өтті. Қазақстандық делегация Миландағы ЭКСПО көрмесі кешенін аралап, бірқатар елдердің ұлттық павильондарының экспозицияларымен жəне қазақстандық павильонның жұмысымен танысты. Ұйымдастырушылар мен көрме қонақтарының көпшілігінің айтуынша, қазақстандық павильон Милан көрмесіндегі ең үздік павильондар бестігіне кіреді.

велосипед жолы. Жоғарыда айтылған келісімге байланысты Астанада велосипедті жалға беретін автоматтандырылған пункттер ашылып жұмыс істей бастады. – Бұдан бұрын, Илинька кентінің аймағында Қорғалжын тас жолының сол жағымен асфальттанған велосипед жолы салынып, пайдалануға берілген болатын. Ол ені 3,5 метрді құрайтын ұзындығы 3 жəне 1 шақырымға созылған екі айналымнан тұрады. Сонымен бірге, велосипедпен əуестенушілерге Орталық парктегі асфальттанған

жəне жарықтандырылған шаңғы-ролик трассасын пайдалануға да жан-жақты жағдай жасалынған, дейді қалалық автомобиль жолдары жəне жолаушылар көлігі басқармасы басшысының орынбасары Сымбат Мырзағұлова. Жоспар бойынша, 2015 жылы қаланың сол жағалауында 40 велопарк ашып, 200 жаңа велосипед сатып алу белгіленген. Қазір келісім тағы да нақтыланып, елорданың оң жағалауында 110 велотұрақ ашып, барлығы 1 000 велосипед сатып алу қажеттігі туындап отыр. Сөйтіп, қаламызда барлығы 160 велосипедті жалға алатын автоматтандырылған парк ашылады. Олардың əрқайсысында сұранысқа қарай 8-10 велокөліктер қойылады. «Astana Bike» берген мəліметке сүйенсек, биыл велосипедпен жүруге көпшіліктің құлшынысы

үлкен оқиға, көрменің дəл Қазақстанда өтетінін мен мақтаныш тұтамын, – дей келе Александр Винокуров Қазақстан павильонына Миландағы көрмеде табысты əрі жемісті жұмыс тіледі. Спортшылар Қазақстан жерінің ежелгі заманнан бастап осы күнге дейінгі тарихын бірнеше минут ішінде баяндап беретін «топырақ үстіндегі шоудан», сондайақ, Қазақстан павильонының мазмұнынан үлкен əсер алды. Спортшылар павильонға келген сəтінде тілектер кітабында өз лебіздерін жазып қалдырды, мерекелік сапардың соңында қатысушылар естелік суреттерге түсті. «Астана» президенттік кəсіби спорт клубының құрамына кіретін «AstanaProTeam» велокомандасы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің қазақстандық жобасының бір бөлігі болып табылатынын жəне іс-шараны жұртшылық арасында кеңінен танытуға белсенді атсалысатынын еске салғымыз келеді.

арта түсіпті. Азаматтар қазірдің өзінде «Мега», «Хан Шатыр», «Азия парк», тағы басқа орындағы операторлар арқылы өздеріне карточка аштырып алуда. Карточкаға ақша аударып отыру арқылы автоматтандырылған велосипед парктерінен осынау көліктің біреуін алып пайдалана алады. Бұл қызметті алғаш тұтынып отырған адамға бірінші жарты сағат сыйлық ретінде тартылады екен. Одан əрі əрбір сағат сайын шотындағы 100 теңге төлем ретінде алынады. «Astana Bike» қызметкерлерінің айтуынша, парктегі велосипедтерді вандализмнен, ұрықарының теріс ниетті əрекеттерінен сақтау үшін қажетті қауіпсіздік шаралары қарастырылған. Осы мақсатта арнайы компьютерлік жүйе жұмыс істейді. Велосипед əуесқойларына арнайы

«Егемен-ақпарат».

карточкаларымен бірге жол қауіпсіздігі ережелері мен нұсқаулары көрсетілген «Велосипедші жадынамасы» кітапшасы беріледі. Сөйтіп, 14 жастан асқан астаналықтар қауіпсіздік ережелермен таныса отырып, елордадағы жалға берілетін велосипедтерді қажетінше пайдалана алады. Жалпы, велосипед жүргізушілерге арналған арнайы жол салудағы басты мақсат – бүкіл əлемде бүгінгі таңда белең алған адамдардың назарын экологиялық таза көлікке аудару болып отыр. Бүгінгі белгіленген жоспарға сəйкес велосипедпен серуен құрушыларға жалпы ұзындығы 74 шақырымға созылатын велобан салынатын болады. Ал Астана қаласының 2030 жылға дейінгі бас жоспарына сəйкес қалада ұзындығы 206,5 шақырымға дейін жететін велосипед жолдары салынбақ. Болат ҚОЖАСОВ.


 Сүйінбай-200 Биыл арқалы ақын Сүйінбай Аронұлының туғанына 200 жыл толып отыр. Осыған орай халықаралық Түркі академиясы бүгін Астанада рухани-танымдық іс-шара өткізеді. Алқалы жиынның қарсаңында көрнекті мемлекет жəне қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Мырзатай ЖОЛДАСБЕКОВТІҢ мақаласын жариялауды жөн көрдік.

Ќара ґлеѕніѕ ќызыл желі Мырзатай ЖОЛДАСБЕКОВ.

Сүйінбайдың ақындық дарынының алтын бесігі – халқының ежелден қалыптасқан жыршылық дəстүрі. Ол осы ұлы дəстүрге, сөз өнерінің байтақ шалқар мұхитына жастайынан құлаш ұрып, дара бітімболмысымен төңірегіне ерте танылады. Ел аузында айтылатын: Екейде елу бақсы, сексен ақын, Жаратып мінеді екен ерттеп атын. Қобызға домбырасы үнін қосып, Гулейді жын қаққандай кешке жақын, – деген өлең сол ортаның əн-күй мен өлеңжырды айрықша қадір тұтқанын аңғартады. Сүйінбай ақын өзіне өлең қонған сəтін халықтық танымдағы Қызыр рухымен байланыстырады. Атыңнан айналайын Қызыр бабам, Түсімде таңға жуық келді маған. Білмеймін «өлең» деді, «көген» деді, Сайрауық құстар келіп төнді маған, – деуі, оның бойына сұрапыл ақындық қабілеттің ерекше құбылыс болып қонғанын жəне өзінің де бұл өнерді Жаратқан Ие тарапынан берілген аманат сый деп қабылдағанын көрсетеді. Сүйінбай əсіресе, айтысқа түскенде қынынан суырылған қылыштай жарқылдап, өзінің туа біткен табиғи қуатымен қайта қауышқандай төңірегін ерекше əсерге бөлеп отырады. Оның Майлықожамен, Тезек төремен, Қатағанмен, Арыстанбекпен айтыстары нағыз шашасына шаң жұқтырмайтын өрен жүйріктің асыл айғақтары. Сүйінбай поэзиясы арқылы қазақтың айтыс өнерінің өрісі анағұрлым құнарланып, тақырып аясы кеңейіп, əлеуметтік мазмұны артып, еларалық деңгейге көтерілді. Мəселен, ғасырлар бойы қазақ, қырғыз арасында жатқа айтылып, бүгінге қалыбы бұзылмай жеткен Сүйінбай мен Қатағанның айтысы – өнер тарихында сирек кездесетін құбылыс. Ел намысы сынға түскен бұл сөз сайысында қазақтың елдік шежіресі зор мақтанышпен жырланып, алаштың бірлігі мен тұтастығы кеңінен кестеленген. Жыр алыбы Жамбыл өмір бойы Сүйінбайды ұстаз, пір тұтқан, ірі айтыстарда Сүйінбайсыз сөз бастамаған. Менің пірім – Сүйінбай, Сөз сөйлемен сыйынбай. Сырлы, сұлу сөздері Маған тартқан сыйындай. Сүйінбай деп сөйлесем, Сөз келеді бұрқырап, Қара дауыл құйындай, – деп Жамбыл Сүйінбайды аузына алмай шаршы топқа түспеген. Сүйінбай бір ғана Жамбыл емес, ақ басты Алатау аймағындағы өзінен кейінгі қалың шоғыр ақындардың бəріне де ұстаз болған. Сондықтан да ұлы білімпаз Мұхтар Əуезов Сүйінбайды «Жетісу ақындарының алтын діңгегі» деп асқақ бағалаған. Сүйінбай ұзын бойлы, дене бітімі мінсіз сымбатты, күйектей əдемі сақалы болған, аппақ қағаздай ашаң, сұлу кісі екен. Жырды домбырамен бастап, қыза келе құлағын бұрап термелеп, құйындатып төгіп айтады екен. Қыза келе айқай салғанда жанында тыңдап отырған кісіні селк еткізетін зор дауысты кісі болған. Сүйекеңді көрген, білген, естігендер оны өлеңнің қызыл желі деп бағалайды. Мұның мəнісі мынада: Сүйінбайдың тілінен құты қашқан Тезек төре айтыстырып бір сүріндірмекке Арқадан Түбекті арнайы шақыртады. Түбек жол-жөнекей түс көріп, түсінде Сүйінбай үздіксіз соққан қызыл жел болып көрініп, онсыз да атағынан именіп келе жатқан ол қаймығып, айтыспай қояды. Сүйінбайдың салған жерден сөйлеп кеткелі тұрған ақындық келбетін, қайталанбас сұлу бітімін талантты суретші Əбілхан Қастеев өте дəл əрі əдемі бейнелеген. Суреттің дəлдігі, образдың жандылығы сонша, мен өзім көрген сайын ақынның семсер жырларын өз аузынан тыңдағандай əсер аламын. Профессор Сұлтанғали Садырбаев халқымыздың ұлы ақыны Сүйінбайдың мұрасын жинауда саналы ғұмырын сарп етіп, көп еңбек етті. Жырларын құрастырып «Жазушы» баспасынан шығарды. Сүйінбайдың алғашқы жинағын 1935 жылы Ілияс Жансүгіров пен Фатима Ғабитова жариялағаны белгілі. Ақынның қолда бар шығармаларын түгелдей қарастырсақ, оларды мынадай негізгі үш салаға топтауға болады: толғаулар, арнаулар, айтыстар. Биылғы жылы ақиық ақынның 200 жылдық мерейтойы тұсында Сүйінбай шығармалары қайта таразыланып жарыққа шығып жатса, артық болмас еді. Жетісуда қылышынан қан тамған Тезек төренің сағын сындырып, бетін қайтарған үш ұлы өнерпазды білеміз. Олар: Сүйінбай, Бақтыбай, Бөлтірік. «Тезектің бір жағы əкім, бір жағы ақын» деп өзі айтқандай,

7

www.egemen.kz

9 маусым 2015 жыл

Тезек беделін көтеріп, даңқын асыру үшін төңірегіне ақынды көп жинаған. Сүйінбайды да, Бақтыбайды да, Бөлтірікті де ығына жығып, хан сарайына сұрқылтай еткісі келген, бірақ үшеуі де Тезектің ығына жығылмай, зəре-құтын қашырған. Бұл үшеуі тілдің күшімен қырғыздың ханы Шəбден мен Тезектің бермесін алған. Ащы да болса əділдікті айтуды, төтелеп тіке айтуды Жамбыл өзінің осы ұстаздарынан үйренген. Ұстаздан шəкірттің үйрену өнегесін, тура, дəл кесіп айтатын ақындық, шешендік жолды көбіне-көп Жамбыл Сүйінбайдан, Бақтыбай мен

Бөлтіріктен үйренген. Мұны Тезектің Сүйінбаймен, Бақтыбаймен айтысынан, Бөлтірікпен қақтығысынан, Жамбылдың биболыстарға айтқандарынан жақсы білеміз. Тұсында Абылайдың Бұқар жырау, Хан Əділдің кезінде Түбек тұр-ау. Əр заманның бар дейді сұрқылтайы, Сұрқылтайым менің де екен мынау, – деп дəмеленген Тезектің жүрегіне Сүйінбай сөзден найза қадап: Хан Тезек, байлығыңа бас ұрмаймын, Мен бірақ көргенімді жасырмаймын, Шын дертім ұстап кетсе айнымалы, Басымнан ұшқан құсты асырмаймын. Албан, Дулат, Шапырашты ел емес пе, Бетіндегі көбігі төре емес пе. Төре сайтан болғанда, көп – періште Бар сайтанды қаққан да пері емес пе? – деп, аптыққан төренің тасыған көңілін сілтідей тындырады. «Шешенде – тіл, шеберде мін болмайды, жарлының байлығы – деннің саулығы», деп дүние малданған Тезекті тəлкек еткен. Мен едім Абылайдың хан Тезегі, Жылқының ұстатпайды сұркөжегі. Ордаға құл мен құтан басып кірген, Құдайдың бұл да болса бір кезегі, – деген ханды өз ордасында сөзден сүріндірген. Ал Бөлтірік шынында да Тезек қаймыққандай, ешкімнен жеңілмеген шешен, батыр əрі ақын, «Жеті жарғы» атанған кісі екен. Тезек кейінірек: «Мен екі ақын, бір шешенді көрдім: бірі жалайыр Бақтыбай, біреуі қызыл екей Сүйінбай жəне Бөлтірік шешен. Атам – Абылай, əкем – Əділ, өзім Тезек едім, он сегіз мың ғаламды жарылқап, қорғауға күшім жетуші еді, осы үшеуінен біржолата сағым сынды», деп Қожбанбет биге сырын айтқан деседі. Өз сөзімен айтқанда, Сүйінбай – қынаптағы қылыш, аспаннан түскен жасын, соғып тұрған құйын, ескен қызыл жел, жүйріктей жалын тараған, күніне шауып жараған, айтысқанды шаңына көмген жүйрік; айтысқанның басынан өлең жаудырып, миын шайқатқан жырдың бораны, қияқты сұңқар. Сүйінбай жырларынан оның алмастай өткірлігі де, шайқалған жорғалығы да, тұлпарлығы да, даңғыл жыраулығы да айқын көрінеді. 1936 жылы Жамбыл қазақ əдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысып Мəскеуден оралғанда, Жəкеңе жүзден асқан бір ақсақал сəлемдесе келіп: – Жамбыл, сен аспанға мұнан ары ұшпасаң, енді түспейсің. Осыдан он бес жыл бұрын сен туралы түс көрдім. Алматыдағы Ташкент көшесімен біреу отыз жорғаны тізіп айдап барады екен, соның ішіндегі ең əдемісіне көзім түсіп, қызығып сұрап едім, айдаушы: – Бұл Сүйінбайдың Жамбылға берем деген жорғалары, аманатын өзіне тапсырамын, – деп жүріп кетті. Райымбек баба жатқан Ташкент көшесі – бұрынғы ұлы Жібек жолы еді, сол ескі ұлы жолмен айдаған жорғалар жарықтық Сүйекемнің жырлары еді, ол енді сенің маржандай тізілген сөздерің, саған Сүйінбайдың бағы қонды. Сүйінбай сияқты майталман жорғасың. Өкімет сені

дəл тапты, жолың ашылады, жаңа заманың құтты болсын, – депті. Бір ғасырдан асқан өмірінде талай жырды естіген кəріқұлақ Сүйінбай мен Жамбыл жырларының басын бір таудан алған байтақ дариядай əрі ұлы, əрі сабақтас, туыстас, əуендес екенін дəл танып, жанымен ұғынып айтқан ғой. Шынында да, Сүйінбайдың бүкіл ақындық табиғаты, сыпаты шəкірті Жамбылға айнымай дарыған, сол күйінде қонған. Жарық дүниеге көзін ашқанда, сол дүниеде Сүйінбайдай ақынның болуы – Жамбылдың ең ұлы бақыты. Жамбыл батаны Сүйінбайдан алды, отыз бес жыл соңына ілесіп жырдан өрнек тоқып, ұлы ақынның өнегесін үйренді. Жамбыл он төрт жасында елдің салтымен жарапазан айтып жүріп, Сүйінбайдың үйінің тұсынан түн ортасында өлеңді ағытып қоя береді: Жарапазан айтамын есігіңе, Қошқардай қос ұл берсін бесігіңе. Ұлдарың батыр болып өссін деймін, Азапсыз мұрадына жетсін деймін. Жас талап ұзақ жырлайды, ұлы ақын жалықпай ұзақ тыңдайды. Сəлден соң ақын Еңлік бəйбішеге шам жақтырып: – Ей, сен Жамбылмысың? Сені жұрт өлең айтады десіп жүр ғой, зəуімен кеп қалған екенсің, айтысып байқасақ қайтеді, жеңсең ат мініп, түйе жетелеп қайтасың, жеңілсең атыңды беріп қайтасың, жоқ əлде бата алып қайтасың ба? – дейді. Жамбыл: – Атыңызды да алмаймын, атымды да бермеймін, батаңызды беріңіз, – дейді. Ал Жамбыл, бата дедің, бердім саған, Бақытты, ғұмырлы боп жүргін аман. Батасын ат орнына берді ғой деп, Қоймағын былай шығып кінə маған. Артынан Сүйінбайдың орнын басып, Тіліңнен балың тамсын сорғалаған, – деп, Сүйінбай батасын беріп, көк серкені жетегіне байлағанда, Жамбыл: Сүйеке, ат та алдың, атан да алдың, Көрген ең алдын талай наһандардың. Түйені түгіменен жұтқанменен, Сонда да бұл жалғанда қақалмадың, – дейді. Сонда Сүйінбай: – Ей, бала, келіп қапсың бейуақта, Жағалап Сүйінбайдай əруақты. Аз кідірсең, атыңнан айырыларсың, Былжырамай алып кет көк лақты, – деп лақ жетектетіп жібереді. Сүйінбай Жамбылдың болашақ дүр ақын болғалы тұрғанын сезіп, соңына ертіп, ел жиылған той-жиыннан тастамаған. Эпикалық қарымдағы ақын ретінде де Сүйінбай халықтың əртүрлі жырдастандарын таңды таңға ұрып айтып, «Манас», «Көрұғлы», «Рүстем Дастан», «Тотынама» сияқты туындыларды шығармашылықпен шалқытып өзінше жырлаған. Оның Сұраншы, Саурық батырлар туралы циклді өлеңдері мен толғаулары – нағыз эпик ақынның өресін танытатын өлмес мұра. Мұнда ежелгі эпосқа тəн асқақ рух, алапат теңеулер қарша борап отырады. «Лашын құстай түйілген, ақ тұйғындай шүйілген» батыр тұлғасын, «отыз жылдай алысқан, қырық жылдай шабысқан» дұшпан бейнесін нағыз жыраулық тегеурінмен сипаттайды. Сүйекең, замандастары айтқандай, ержүрек батыр адам болған екен, сондықтан ол батырлық эпостарды жырлаудың теңдессіз шебері. Сондықтан кең тынысты ақын Өтеген, Қарасай, Сұраншы, Саурық сынды қазақ батырлары турасында қаһармандық дастандарын дүниеге келтірді. Осы орайда, арқалы ақын айрықша шабыттанып жырлаған Сұраншы батырдың 200 жылдығы атаусыз қалып отырғаны қабырғаға батады. Сүйінбай, ең əуелі айбынды айтыскер ақын. Оның Тезек төре жəне Қатаған ақындармен айтысы да дүйім жұртшылыққа мəлім. Бұл айтыстарда ол орын алған əлеуметтік мəселелерді арқау етіп, ерекше орындаушылық дарыны мен суырыпсалма ақын екенін паш етті. Сүйінбайдың Тезек төремен кездесуі – кейінірек, ақынның ер жетіп, елге танылған шағы. Қалың бұқараға сүйенген ақын тайсалмай сөйлеп, Тезек төрені де жалайырдағы Солтанға ұқсатып ел алдында əшкерелеп, бас көтертпей жалынды сөзінің күшімен бөгеп отырады. Тіпті, көрші қырғыз халқының қанды балақ, орақ ауыз Орман хан тұқымдарының орынсыз істерін де батыл сынайды. Ол шындық үшін күресіп, хан-төре тұқымының қылмыстарын бетіне басады. Əртүрлі дауға түсіп, əділқазыдай əмірлі билік айтады. Ақынның бұлайша ел ісіне араласуы оның қоғамдық бетін айқындайды, бетіне адам қаратпаған əрі ақын, əрі əкім төренің аузын буып, оның төріне именбей шығып, табағынан ас, малынан бас беруге мəжбүр еткен – Сүйінбайдың тас жібітер өткір де батыл тілі. Табиғатынан талантты ақынға ел артқан сенім, ол көрсеткен сый-құрмет өшпес даңқ əперіп, бойындағы сарқылмас талант бұлағының көзін ашты. Ақын енді үй айналасындағы əкесінің шағын шаруашылығымен айналыспай, ағайын арасы ұсақ дау-шарға бөгелмей, ел кезіп, өмір көру, ділмар-шешен ақындармен кездесіп, олармен дидарласу арманын алға қояды. Сүйінбайды тек Қазақ елі ғана емес, көрші Орталық Азия халықтары да жақсы білген. Əсіресе, оның есімі – туысқан қырғыз халқына жете таныс. Сүйінбай – өзі туып-өскен елдің ортасында жасап, сол ортадан тəлім алып, жетілген өнер саңлағы, дəуір қайшылықтарын аша да, жырлай да білген шыншыл ақын. Оның шығармалары өзінің мағыналы кемелдігімен жəне мəнерлі көркемдігімен ұлтымыздың мəңгілік құнды қазыналарының қатарын толтыра бермек.

Өткен жылғы тамыз айында елдігіміздің ұлағат ұясы Ұлытауда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлт тарихы, əсіресе, Қазақ мемлекеттілігінің қатпарларына қатысты көпшіліктің көкейінде жүрген күпті ойларды дөп басатын салиқалы сұхбат бергені жəне одан сəл кейін еліміз биылғы жылы Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтетіндігін мəлімдегені жалпақ жұртқа белгілі.

«Хан – ќарашасыз болмас, дау – арашасыз болмас» Қазақстан Республикасының Конституциясында атап көрсетілгендей, біз құқықтық мемлекет құру жолына бет түзеген елміз. Ғасырлар бойы бодандық бұғауында болған халқымыздың құқықтық санасы айрықша өзгеріске ұшырап, ұлтымыздың тарихи санасы сияқты көмескіленгені ешкімге жасырын емес. Осы тұрғыдан келгенде атабаба тарихының бізге берері ұшантеңіз. Қысқартып айтсақ, Қазақ мемлекеттілігі құқығының негіздері тамырын тереңнен тартатыны əмбеге аян. Соның жарқын мысалы дəстүрлі қазақ қоғамындағы билер институтының рөлі. Бұл қазақ қоғамындағы парламентаризм дəстүрлерінің құқықтық негіздерінің тым əріде жатқанын көрсетеді. Көрнекті түрколог Лев Гумилев «Республикалық құрылыс» деп атаған хандық құрылыс кезінде, яғни, қазақ мемлекетінде абсолюттік монархия ешқашан да болған емес. Өйткені, хан биліктің ең жоғарғы тұтқасы болып есептелгенмен, билер кеңесі оның шешімдеріне вето қоя алатын. Дана қазақта «Тақыр жерге шөп шықпайды» деген қанатты сөз бар. Бейнелі тілмен айтсақ, тек тамырынан нəр алған шыбықтың ғана жайқалып, алып бəйтерекке айналатыны табиғи нəрсе. Осы орайда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, заң ғылымдарының докторы Қайрат Мəмидің еліміздің бас газеті «Егеменде» жақында ғана жарық көрген «Қазақ билері – «Хан біткеннің қазығы, бұқара жұрттың азығы» атты сұхбаты ерекше назар аударарлық. Аталған сұхбатта, əсіресе, Қазақ елінің қоғамдық қарым-қатынасында билердің халыққа қызмет көрсетуі, кеңірек айтқанда, мемлекеттік билік істеріне араласуы, атқарған

лауа зымдық дəрежелері қандай болғаны тарқата баяндалған. Жоғарғы Сот Төрағасы хандықтар тұсындағы заң қағидаларын тəуелсіз Қазақстанның Ата Заңының жəне қолданыстағы заңдарымен байланыстыра отырып, тың тұжырымдар жасаған. Сол замандардан жалғасқан билік, құқық сабақтастығын нақты мысалдармен дəлелдеген. Мақала үзіліп қалған тарихты жалғар алтын арқау дай жəне құқықтанушылар мен тарихшылардың көне дəуір құндылықтарына зер салар жолдарын меңзеп те тұрғандай əсер қалдырды. Көздерін аршыған сайын ғасырлар қойнауының жауһарлары жарқырап, інжу-маржан шежіресі ақтарыларына сөз жоқ. Хандықтар тұсындағы құқықтық дəстүрлер осыны аңғартады. Қайрат Мəмидің бұл жолғы тереңнен толғанған əңгіме сінің түйіні алдағы қыркүйек айында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты «Қазақ құқығы мен билер сотының төрелігі – қазақ мемлекеттілігінің феномені» тақырыбында халықаралық ғылыми конференция өткізердің алдындағы жолашар бағдары десе де болады. Мұның алғашқы кезеңі еліміздің аймақ тарында енді басталып та кетті. Бұл ретте мамыр айында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенттер сарайында еліміздің батыс облыстарының өкілдерінің қатысуымен өткен «Қасқа жолды Қасым хан» атты өңірлік ғылымитəжірибелік конференцияның орны ерекше. Елімізге танымал тарихшы, заңгер, философ ғалымдар мен судьялар қатысқан жиында теория мен тəжірибе шебер ұштасып, облыстық сот төрағалары аталмыш мəселеге қатысты өздерін көптен толғантып

жүрген ойларын ортаға салды. Конференцияда кезек-кезек сөз алған шешендердің баяндамаларының өзегі бір арнада тоғысып жатты. Əсіресе, профессорлар Хангелді Əбжановтың «Қазақ хандығының құрылуының алғы шарттары» атты жəне Берекет Кəрібаевтың «Қазақ хандығының құрылу тарихының өзекті мəселелері» жөнінде жасаған бас баяндамалары тың деректері əрі тосын ойларымен зал толы тыңдармандарды баурап алды. Осы ретте елімізге белгілі заңгер ғалым А.Ағыбаев жасаған «Ұлттық құндылықтар – құқықтық тəрбиенің негізі» жəне ақтөбелік философ А.Тайжанның «Қазақ елінің билер соты – жалпы əлемдік өркениеттің ажырамас бөлігі жəне оған қосқан үлесі» атты баяндамаларына да əріптестері жоғары баға берді. «Халқымызда хан қарашасыз болмас, дау арашасыз болмас» деген ұлағатты ұғым бар. Елге Көшбасшы қалай керек болса, сот билігі де соғұрлым қажет. Елдігіміздің арғы бергі тарихы соны айтады. Қатпарлы тарихымызға неғұрлым терең үңілген сайын ұлттық құқықтың қайнарларына тіл бітіп, елдігіміздің еңсесін биіктете түсетіндігі Қазақ хандығына қатысты қолға алып жатқан іс-шаралар барысынан анық аңғарылып отыр. «Мəңгілік Елге» бастайтын тағы бір арналы ағыстың сеңі қозғалды. Мирамбек НАҒАШЫБАЕВ, Батыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы, Жаңабек ЖАҚСЫҒАЛИЕВ, М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты.

 Алаңдатарлық ахуал

Торєайда киіктіѕ артынан жаппай мал ґлімі орын алды ма? Бўл туралы баспасґз брифингі ґткізілді Киіктің қырылуы Торғай даласынан басталғаны белгілі. Ұлттық мақтанышымызға айналған дала сұлуына неден қатер келгені бүгінге дейін беймəлім күйде қалып отырғаны тағы бар. Енді соңғы күндері Жангелдин ауданында мал жаппай өліп жатыр деген хабар дүңк ете қалды. «Айды етекпен жауып болмайды» дегендей, қазір əлеуметтік желілерден ешқандай ақпарат тыс қалмайды. Əрине, оның шын, расы бөлек əңгіме. Бұл хабар жергілікті атқарушы билікті де, жалпы жұртшылықты да мазалған болатын. Сондықтан облыс əкімінің орынбасары Базыл Жақыпов жедел Жангелдин ауданына барып, болған жайды көзімен көріп келген болатын. Ол журналистер үшін мал өліміне байланысты брифинг өткізді. Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан».

– Торғай даласында 113 мың бас киік қырылды. Сол кезде облыста құрылған арнайы комиссияны басқарып, оқиға болған жерде екі апта болдым. Ол кезде киіктен басқа тірі жəндіктің, жануардың өлгенін көргенім жоқ. Жангелдин ауданында көктем шығып, мал өріске жайылғалы 58 бас мал өлген. Олардың басым бөлігі бұзау, биылғы туған жас төлдер. Малдары шығын болған үш шаруашылықтан 6 сынама алынды, олардың қорытындысы 12-14 маусымда шығарылады. Ал малдың өлімі табиғи болып тұратын құбылыс. Өйткені, Торғайда мал жылдың 8-9 айында далада жайылады, үш ай қыста ғана қорада тұрады. Биыл қыс созылып кетті, мал арықтықтан көктемге көтерем шықты. Оның үстіне жылда бола бермейтін жауын жауды, жаңбырдан кейін 35-380С ыстық болды. Арық-тұрақтар табиғаттың осы тосын мінезін көтере алмады, – деді. Базыл Шамұханұлы мал шығыны тек Жангелдин ауданында ғана емес, облыстың Жітіқара, Сарыкөл, Ұзынкөл секілді солтүстік аудандарында да орын алғанын айтты. Жалпы, жыл басынан бері бес айда облыстағы барлығы 400 мыңнан асатын ірі қараның 1384 басы шығын болған. Барлық малдың 3 пайызының өлуі қалыпты нəрсе екенін де ескертті. Базыл Жақыповтың осы уəжіне тоқтауға болар еді. Алайда, одан бұрын республикалық телеарналардың журналистері де Жангелдин ауданындағы Көлқамыс ауылына

барып үлгерген болатын. Брифингте олардың шаруа қожалықтарынан алған мəліметтері облыс əкімі орынбасарының айтқанына кереғар келді. Журналистердің айтуынша, Жангелдин ауданындағы Албарбөгет ауылдық округінде ғана жылқыны қосқанда барлығы 96 бас мал шығыны болған. Базыл Жақыпов Жангелдин ауданындағы өлген малдардың қаншасы киік қырылған уақытқа, одан кейін өлгені жөнінде дерек келтірген жоқ. Біз де Көлқамыс ауылындағы «Сыма-К» шаруа қожалығының жетекшісі Манат Кəрбозовқа хабарласқанбыз. – Ірі қара малдан 39, жылқыдан 16-сы өлді. Əрине, сиыр малының көбі 3-4 айлық бұзаулар. Мамыр айының 21-нен бастап өле бастады. Алдымен малдың басы іседі, көкірегі, аяғы көгереді, дірілдейді де құлап түседі. Менің малым көтеремнен өле қоятын болған жоқ, өйткені, күйлі шықты. Көлқамыстан қырық шақырымдай жерде киік қырылды, олардың өлексесі сондағы Жаман

Нұра қонысында көмілді. Ауылға іргелес болғандықтан мал сол жаққа дейін жайылады, киіктен келген ауру ма деп қорқатынымыз рас, – дейді Манат Кəкімжанұлы. Оқиға орнына барып келген облыс əкімінің орынбасары Базыл Жақыпов малдың өліміне киіктің қырылуының ешқандай қатысы жоқтығын қадап айтты. Ал жергілікті жердегі шаруалар, нəпақасын малдан айырып отырған тұрғындар киікке келген індет малға ауыса ма деген қорқынышын жасырмайды. Бірақ нақты дəлел жоқ. Киік қырылған өңірдегі мал өліміне қатысты мəліметтер əртүрлі естіледі. Бір қызығы, Базыл Жақыповқа есеп берген құжат бойынша қыстан бері Жангелдин ауданында өлген малдың саны біреу ғана екен. Осыдан да салғырттықтың, болған жағдайды жасырудың ізі байқалып қалатындай. Біз осы мақала жазылып жатқанда Жангелдин ауданындағы «Сыма-К» шаруа қожалығының жетекшісі Манат Кəрбозовқа хабарласып, соңғы күндері мал шығыны болған-болмағанын тағы сұрадық. – Базыл Жақыпов келіп кеткеннен кейін ауылда ветеринарлар жұмыс істеп жатыр. Барлық өлекселер жойылды, малдарға вакцина, басқа дəрі-дəрмегін салып, қораларды, жайылымды дəріледі. Тағы да 2-3 малым ісініп ауыра бастап еді, мал дəрігердің емінен кейін ісіктің беті қайтып, мал күйседі, – дейді Манат. Мал өлімі себебінің анық-қанығын сынама қорытындысы көрсетеді. ҚОСТАНАЙ.


8

www.egemen.kz

9 маусым 2015 жыл

В соответствии с требованиями Закона Республики Казахстан «Об акционерных обществах» АО «Агентство «Хабар» сообщает, что Единственным акционером от 01 июня 2015 года, приказ № 136, утверждена годовая финансовая отчетность Общества за 2014 год и принято решение о выплате акционеру дивидендов по простым акциям Общества. Выплата дивидендов произведена в десятидневный срок с даты подписания приказа. Размер дивиденда в расчете на одну простую акцию – 3,49 тенге. Аудит финансовой отчетности проведен ТОО МАК «Russell Bedford BC Partners». По мнению аудиторов прилагаемая отдельная финансовая отчетность представляет достоверную и объективную информацию. Приложение 2 к приказу Министра финансов Республики Казахстан от 20 августа 2010 года № 422 Форма Наименование организации Акционерное общество «Агентство «Хабар» Сведения о реорганизации 20235-1901-АО Вид деятельности организации организация телевизионного и радиовещания Организационно-правовая форма акционерное общество Форма отчетности: консолидированная/неконсолидированная (не нужное зачеркнуть) Среднегодовая численность работников Субъект предпринимательства (малое, среднее, крупное) Юридический адрес организации

1220 чел. крупное Республика Казахстан, г. Астана, район Есиль, улица Д. Конаева, 4

БУХГАЛТЕРСКИЙ БАЛАНС по состоянию на 31 декабря 2014 года Активы

I.

Краткосрочные активы Денежные средства и их эквиваленты Финансовые активы, имеющиеся в наличии для продажи Производные финансовые инструменты Финансовые активы, учитываемые по справедливой стоимости через прибыли и убытки Финансовые активы, удерживаемые до погашения Прочие краткосрочные финансовые активы Краткосрочная торговая и прочая дебиторская задолженность Текущий подоходный налог Запасы Прочие краткосрочные активы Итого краткосрочных активов (сумма строк с 010 по 019) Активы (или выбывающие группы), предназначенные для продажи II. Долгосрочные активы: Финансовые активы, имеющиеся в наличии для продажи Производные финансовые инструменты Финансовые активы, учитываемые по справедливой стоимости через прибыли и убытки Финансовые активы, удерживаемые до погашения Прочие долгосрочные финансовые активы Долгосрочная торговая и прочая дебиторская задолженность Инвестиции, учитываемые методом долевого участия Инвестиционное имущество Основные средства Биологические активы Разведочные и оценочные активы Нематериальные активы Отложенные налоговые активы Прочие долгосрочные активы Итого долгосрочных активов (сумма строк с 110 по 123) Баланс (строка 100 +строка 101+ строка 200) Обязательство и капитал

III. Краткосрочные обязательства Займы Производные финансовые инструменты Прочие краткосрочные финансовые обязательства Краткосрочная торговая и прочая кредиторская задолженность Краткосрочные резервы Текущие налоговые обязательства по подоходному налогу Вознаграждения работникам Прочие краткосрочные обязательства Итого краткосрочных обязательств (сумма строк с 210 по 217) Обязательства выбывающих групп, предназначенных для продажи IV. Долгосрочные обязательства Займы Производные финансовые инструменты Прочие долгосрочные финансовые обязательства Долгосрочная торговая и прочая кредиторская задолженность Долгосрочные резервы Отложенные налоговые обязательства Прочие долгосрочные обязательства Итого долгосрочных обязательств (сумма строк с 310 по 316) V. Капитал Уставный (акционерный) капитал Эмиссионный доход Выкупленные собственные долевые инструменты Резервы Нераспределенная прибыль (непокрытый убыток) Итого капитал, относимый на собственников материнской организации (сумма строк с 410 по 414) Доля неконтролирующих собственников Всего капитал (строка 420 +/- строка 421) Баланс (строка 300+строка 301+строка 400 + строка 500)

Код стр.

010 011

в тыс. тенге На конец На наотчетного чало отпериода четного периода 1 808 098 1 559 890

012 013

0

0

014

0

0

015 016

82 027

103 368

017 018 019 100

0 0 85 607 82 502 242 073 403 020 2 217 805 2 148 780

101 110 111 112 113 114 115

35 486

28 803

116

0

0

117 118 119 120 121 122 123 200

3 414 011 3 178 399 2 867 183 2 617 359 38 083 3 131 548 075 6 357 894 6 372 636 8 575 699 8 521 416

Код стр.

На конец На наотчетного чало отпериода четного периода

210 211 212

0

0

213

635 827

457 200

214 215

5 550 6 351

3 704 9 296

216 217 300

373 892 369 212 196 796 307 214 1 218 416 1 146 626

301 310 311 312

0

0

313 314 315 316 400

68 316

56 508 58 800

68 316

115 308

410 411 412

5 329 942 5 329 942

413 414

0 0 1 959 025 1 929 540

420

7 288 967 7 259 482

421 500

7 288 967 7 259 482 8 575 699 8 521 416

Приложение 3 к приказу Министра финансов Республики Казахстан от 20 августа 2010 года № 422 Форма Отчет о прибылях и убытках за 2014 год тыс.тенге Наименование показателей Код За отчетЗа престр. ный пе- дыдущий риод период Выручка 10 12 906 495 11 947 126 Себестоимость реализованных товаров и услуг 11 12 096 933 11 276 708 Валовая прибыль (строка 010 – строка 011) 12 809 562 670 418 Расходы по реализации 13 293 429 186 732 Административные расходы 14 535 752 461 319 Прочие расходы 15 59 984 94 701 Прочие доходы 16 219 831 74 518 Итого операционная прибыль (убыток) (+/- строки 20 140 228 2 184 с 012 по 016) Доходы по финансированию 21 1 957 2 888 Расходы по финансированию 22 0 2 061 Доля организации в прибыли (убытке) ассоцииро23 0 -500 ванных организаций и совместной деятельности, учитываемых по методу долевого участия Прочие неоперационные доходы 24 2 995 Прочие неоперационные расходы 25 27 389 0 Прибыль (убыток) до налогообложения (+/- строки 100 114 796 5 506 с 020 по 025) Расходы по подоходному налогу 101 77 580 -9 956 Прибыль (убыток) после налогообложения от про200 37 216 15 462 должающейся деятельности (строка 100 – строка 101) Прибыль (убыток) после налогообложения от пре201 кращенной деятельности Прибыль за год (строка 200 + строка 201) относи300 37 216 15 462 мая на: собственников материнской организации долю неконтролирующих собственников

Прочая совокупная прибыль, всего (сумма строк с 410 по 420): в том числе: Переоценка основных средств Переоценка финансовых активов, имеющихся в наличии для продажи Доля в прочей совокупной прибыли (убытке) ассоциированных организаций и совместной деятельности, учитываемых по методу долевого участия Актуарные прибыли (убытки) по пенсионным обязательствам Эффект изменения в ставке подоходного налога на отсроченный налог дочерних организаций Хеджирование денежных потоков Курсовая разница по инвестициям в зарубежные организации Хеджирование чистых инвестиций в зарубежные операции Прочие компоненты прочей совокупной прибыли Корректировка при реклассификации в составе прибыли (убытка) Налоговый эффект компонентов прочей совокупной прибыли Общая совокупная прибыль (строка 300 + строка 400) Общая совокупная прибыль относимая на: собственников материнской организации доля неконтролирующих собственников Прибыль на акцию: в том числе: Базовая прибыль на акцию: от продолжающейся деятельности от прекращенной деятельности Разводненная прибыль на акцию: от продолжающейся деятельности от прекращенной деятельности

400

0

0

410 411 412 413 414 415 416 417 418 419 420 500

37 216

15 462

600

Приложение 4 к приказу Министра финансов Республики Казахстан от 20 августа 2010 года № 422 Форма Наименование организации Акционерное общество «Агентство «Хабар» ОТЧЕТ О ДВИЖЕНИИ ДЕНЕЖНЫХ СРЕДСТВ (прямой метод) за январь-декабрь 2014 года тыс.тенге Наименование показателей Код За отчет- За престр. ный пе- дыдущий риод период I. Движение денег от операционной деятельности 1. Поступление денежных средств, всего (сумма 010 14 184 008 12 739 915 строк с 011 по 016) в том числе: реализация товаров и услуг 011 14 148 409 12 713 461 прочая выручка 012 авансы, полученные от покупателей, заказчиков 013 16 448 26 395 поступления по договорам страхования 014 полученные вознаграждения 015 прочие поступления 016 19 151 59 2. Выбытие денежных средств, всего (сумма 020 11 840 050 11 161 742 строк с 021 по 027) в том числе: платежи поставщикам за товары и услуги 021 5 956 312 6 346 019 авансы, выданные поставщикам товаров и услуг 022 46 125 50 513 выплаты по оплате труда 023 3 227 755 2 610 674 выплата вознаграждения 024 2 639 2 097 выплаты по договорам страхования 025 10 607 1 994 подоходный налог и другие платежи в бюджет 026 2 315 670 1 885 427

прочие выплаты 027 280 942 3. Чистая сумма денежных средств от операци030 2 343 958 онной деятельности (строка 010 – строка 020) II. Движение денег от инвестиционной деятельности 1. Поступление денежных средств, всего (сумма 40 15 250 строк с 041 по 051) в том числе: реализация основных средств 41 15 250 реализация нематериальных активов 42 реализация других долгосрочных активов 43 реализация долевых инструментов других органи44 заций (кроме дочерних) и долей участия в совместном предпринимательстве реализация долговых инструментов других орга45 низаций возмещение при потере контроля над дочерними 46 организациями реализация прочих финансовых активов 47 фьючерсные и форвардные контракты, опционы и 48 свопы полученные дивиденды 49 полученные вознаграждения 50 прочие поступления 51 2. Выбытие денежных средств, всего (сумма строк 60 2 099 755 с 061 по 071) в том числе: приобретение основных средств 61 562 805 приобретение нематериальных активов 62 1 536 950 приобретение других долгосрочных активов 63 приобретение долевых инструментов других ор64 ганизаций (кроме дочерних) и долей участия в совместном предпринимательстве приобретение долговых инструментов других ор65 ганизаций приобретение контроля над дочерними организа66 циями приобретение прочих финансовых активов 67 предоставление займов 68 фьючерсные и форвардные контракты, опционы и 69 свопы инвестиции в ассоциированные и дочерние орга70 низации прочие выплаты 71 -2 084 505 3. Чистая сумма денежных средств от инвестицион80 ной деятельности (строка 040 – строка 060) III. Движение денег от финансовой деятельности 1. Поступление денежных средств, всего (сумма 90 строк с 091 по 094) в том числе: эмиссия акций и других финансовых инструментов 91 получение займов 92 полученные вознаграждения 93 прочие поступления 94 2. Выбытие денежных средств, всего (сумма строк 100 11 245 с 101 по 105) в том числе: погашение займов 101 выплата вознаграждения 102 выплата дивидендов 103 11 245 выплаты собственникам по акциям организации 104 прочие выбытия 105 3. Чистая сумма денежных средств от финансовой 110 -11 245 деятельности (строка 090 – строка 100) 4. Влияние обменных курсов валют к тенге 120 5. Увеличение +/- уменьшение денежных средств 130 248 208 (строка 030 +/- строка 080 +/- строка 110) 6. Денежные средства и их эквиваленты на начало 140 1 559 890 отчетного периода 7. Денежные средства и их эквиваленты на конец 150 1 808 098 отчетного периода

265 018 1 578 173 -

2 169 449 954 794 1 214 655

-2 169 449 16 246 16 246 125 004 125 004 -108 758 -700 034 2 259 924 1 559 890

Приложение 6 к приказу Министра финансов Республики Казахстан от 20 августа 2010 года № 422 Форма ОТЧЕТ ОБ ИЗМЕНЕНИЯХ В КАПИТАЛЕ за 2014 год тыс.тенге Наименование компонентов Код Капитал материнской организации Доля некон- Итого каУставный ЭмиссионВыкупРезервы Нераспре- тролирустр. питал (акционер- ный доход ленные собделенная ющих собный) капиственные прибыль ственников тал долевые инструменты Сальдо на 1 января предыдущего года 010 5 329 942 0 2 056 412 7 386 354 Изменение в учетной политике 011 -17 330 -17 330 Пересчитанное сальдо (строка 010+/строка 011) 100 5 329 942 0 0 0 2 039 082 0 7 369 024 Общая совокупная прибыль, всего(строка 210 + строка 220): 200 0 0 0 0 15 462 0 15 462 Прибыль (убыток) за год 210 15 462 15 462 Прочая совокупная прибыль, всего (сумма строк с 221 по 229): 220 0 0 0 0 0 0 0 в том числе: 0 Прирост от переоценки основных средств (за минусом налогового 221 0 0 0 эффекта) Перевод амортизации от переоценки основных средств (за минусом 222 0 0 0 налогового эффекта) Переоценка финансовых активов, имеющиеся в наличии для прода223 0 жи (за минусом налогового эффекта) Доля в прочей совокупной прибыли (убытке) ассоциированных ор224 0 ганизаций и совместной деятельности, учитываемых по методу долевого участия Актуарные прибыли (убытки) по пенсионным обязательствам 225 0 Эффект изменения в ставке подоходного налога на отсроченный на226 0 лог дочерних организаций Хеджирование денежных потоков (за минусом налогового эффекта) 227 0 Курсовая разница по инвестициям в зарубежные организации 228 0 Хеджирование чистых инвестиций в зарубежные операции 229 0 Операции с собственниками , всего (сумма строк с 310 по 318): 300 0 0 0 0 -125 004 0 -125 004 в том числе: 0 Вознаграждения работников акциями: 310 0 в том числе: 0 - стоимость услуг работников 0 - выпуск акций по схеме вознаграждения работников акциями 0 - налоговая выгода в отношении схемы вознаграждения работников 0 акциями Взносы собственников 311 0 Выпуск собственных долевых инструментов (акций) 312 0 Выпуск долевых инструментов связанный с объединением бизнеса 313 0 Долевой компонент конвертируемых инструментов (за минусом на314 0 логового эффекта) Выплата дивидендов 315 -125 004 -125 004 Прочие распределения в пользу собственников 316 0 Прочие операции с собственниками 317 0 Изменения в доле участия в дочерних организациях, не приводящей 318 0 к потере контроля Сальдо на 31 декабря предыдущего года (строка 100 + строка 200 + 400 5 329 942 0 0 0 1 929 540 0 7 259 482 строка 300) Сальдо на 1 января отчетного года (строка 100 + строка 200 + стро400 5 329 942 0 0 0 1 929 540 0 7 259 482 ка 300) Изменение в учетной политике 401 0 Пересчитанное сальдо (строка 400+/строка 401) 500 5 329 942 0 0 0 1 929 540 0 7 259 482 Общая совокупная прибыль, всего (строка 610+ строка 620): 600 0 0 0 0 37 216 0 37 216 Прибыль (убыток) за год 610 37 216 37 216 Прочая совокупная прибыль, всего (сумма строк с 621 по 629): 620 0 0 0 0 0 0 0 в том числе: 0 Прирост от переоценки основных средств (за минусом налогового 621 0 эффекта) Перевод амортизации от переоценки основных средств (за минусом 622 0 налогового эффекта) Переоценка финансовых активов, имеющиеся в наличии для прода623 0 жи (за минусом налогового эффекта) Доля в прочей совокупной прибыли (убытке) ассоциированных ор624 0 ганизаций и совместной деятельности, учитываемых по методу долевого участия Актуарные прибыли (убытки) по пенсионным обязательствам 625 0 Эффект изменения в ставке подоходного налога на отсроченный на626 0 лог дочерних компаний Хеджирование денежных потоков (за минусом налогового эффекта) 627 0 Курсовая разница по инвестициям в зарубежные организации 628 0 Хеджирование чистых инвестиций в зарубежные операции 629 0 Операции с собственниками всего (сумма строк с 710 по 718) 700 0 0 0 0 -7 731 0 -7 731 в том числе: 0 Вознаграждения работников акциями 710 0 в том числе: 0 - стоимость услуг работников 0 - выпуск акций по схеме вознаграждения работников акциями 0 - налоговая выгода в отношении схемы вознаграждения работников 0 акциями Взносы собственников 711 0 Выпуск собственных долевых инструментов (акций) 712 0 Выпуск долевых инструментов, связанный с объединением бизнеса 713 0 Долевой компонент конвертируемых инструментов (за минусом на- 714 0 логового эффекта) Выплата дивидендов 715 -7 731 -7 731 Прочие распределения в пользу собственников 716 0 Прочие операции с собственниками 717 0 Изменения в доле участия в дочерних организациях, не приводящей 718 0 к потере контроля Сальдо на 31 октября отчетного года (строка 500 + строка 600 + 800 5 329 942 0 0 0 1 959 025 0 7 288 967 строка 700) Председатель правления Главный бухгалтер

Укибаев А.И. Абильдина Р.А.

Тїркі жазбаларына арналды

Жуырда Мəдениет жəне спорт министрлігі Тілдерді дамыту жəне қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің ұйымдастыруымен Тараз қаласында «Қазақ хандығы мен түркілердің рухани мəдениеті: тіл жəне тарих» атты республикалық ғылымитəжірибелік конференция болды.

Отанымызда тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жыл сайын дəстүрлі түркі жазбалары мен мəдениеті күнін кең көлемде атап өту қолға алынған болатын. Конференцияда көне түркі тілінен бастау алған алғашқы жазудың пайда болу тарихы, Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында мемлекеттігіміздің қалыптасу ерекшеліктері, ұлттық құндылықтарымызды халық санасына сіңіру, т.б. мəселелер əңгімеге арқау болды. Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің базасында өткен мазмұнды жиынға сан тараулы тарихты терең қаузап, зерттеп жүрген ғалымдар қатысты. Тарихымыздың аса құнды мұрасы болып саналатын көне түркі жазуы мен мəдениетін насихаттайтын бұл шарада ғылыми негізделген ой-пікірлер, ғибратқа толы құнды дүниелер айтылды. Тақырып шеңберінде түрлі тың дүниелер талқыға түсіп, түркілердің тілі мен тарихы һəм тұрмысы хақында тұщымды ой-пікірлер ортаға салынды. Қазақ мəдениеті мен тіл тарихының қайнар көзі – ортағасырдағы жазба мұралар екендігі жайлы келелі əңгіме өрбіді. XIII-XVII ғасырларда араб, көне готика əліпбилерімен хатқа түсірілген бес ғасырды қамтитын қыпшақ жазба ескерткіштері тіліндегі лексика қазіргі түркі тілдерімен сабақтастыра қарастырып, өзіндік ұқсастықтары мен ерекшеліктерін анықтау қажеттігі айтылды. Бұл біздің ғалымдардың басты нысанасына айналуы тиіс делінді. Көне түркі тілінен бастау алатын алғашқы жазудың пайда болу тарихын көпшілікке жеткізіп, түркі жазу мəдениетінің кешегісі мен бүгінгісін жас ұрпақ санасына терең сіңіру аға буынның, зиялы қауымның алдында тұрған басты міндеттердің бірі екені анық. «Түркі жазбалары мен мəдениеті күндері» аясында ұйымдастырылған бұл конференцияның көздегені де осы болатын. Түрколог ғалымдардың басын қосу арқылы ғылыми жаңалықтарды бөлісіп, зерттеу бағыттарындағы күрделі мəселелерді бірігіп шешудің жол дарын қарастыру жəне жас зерттеушілердің түркі жазбаларына деген құлшыныстарын арттыруды діттеген конференция жұмысында И.Абдувалиев, Р.Конырбаева (Қырғыз), Т.Шахбазов (Əзербайжан), Қ.Сартқожаұлы, Қ.Ергөбек, Б.Кəрібаев, Н.Базылхан (Қазақстан) сынды танымал ғалымдар тұщымды пікір білдіріп, жан-жақты дəйекті баяндама жасады. Жалпы жиынға 100-ден аса ғылыми мақала келіп түссе, оның 40-қа жуығы арнайы жинаққа енгізілді. Қал ғаны конференцияның секция жұмыстарында талқыланды. Ерболат САУРЫҚОВ, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің ректоры, профессор.

Ауылымыз газсыз ќалды

Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданының Тереңөзек ауылдық округі аумағына Тереңөзек, Көкарық жəне Шолаққайыңды елді мекендері қарайды. 2013-2014 жылдары Шолаққайыңды ауылынан 6 шақырым аралықтағы Тереңөзек, Көкарық ауылдарының көшелеріне табиғи көгілдір отын тарату жүйесі əр отбасына орнатылып, тұрғындарға пайдалануға берілген болатын. Алайда, Шолаққайыңды ауылына газ тарату құрылыс жүйесін жүргізу белгісіз себептермен қолға алынбай, атқарылатын жұмыстар сол уақытта аяқсыз қалды. Республикалық маңызы бар Тараз – Алматы газ магистралының өкпе тұсында тұрсақ та газсыз отырған жағдайымыз бар. Бұл іс бойынша Т.Рысқұлов ауданының əкімі Ж.Айтақовтың қабылдауында ауыл қариялары болып, талап-тілегімізді білдіргенбіз жəне жергілікті əкімдердің ауыл тұрғындарымен жылдық есеп беру жиындарында да бірнеше рет қойылған болатын. Елбасының ауыл тұрғындарының əлеуметтік-тұрмыс деңгейін барынша көтеру тапсырмалары жергілікті əкімдік тарапынан қолға алынбауы ауыл азаматтарының ренішін туғызуда. Осы орайда, Шолаққайыңды елді мекеніне көгілдір отын тарату құрылыс жүйесін 2016 жылдың Республикалық бюджет есебіне тиісті құзырлы мемлекеттік мекеме басшылығы енгізіп, ықпал етеді деген сеніммен еліміздің бас газеті «Егемен Қазақстан» арқылы ойымызды жеткізуді жөн көрдік. Бейбіт БАЙСАРИЕВ, зейнеткер.

Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Шолаққайыңды ауылы.


www.egemen.kz

9 маусым 2015 жыл

Ерікті зейнетаќы жарналары Қазіргі уақытта ерікті зейнетақы жарналары аса танымал бола қойған жоқ. 2015 жылғы 1 мамырда БЖЗҚ-дағы ерікті зейнетақы жарналары туралы шарттардың саны 40 мың бірліктен аз ғана көбірек болды. Бұл өзіңіздің зейнетақы капиталыңызды айтарлықтай толтыруға мүмкіндік беретін əдістердің бірі. БЖЗҚ сайтында орналасқан зейнетақы калькуляторы бүгіннің өзінде болашақ зейнетақының болжамды мөлшерін есептеуге мүмкіндік береді жəне үнемі салынып отырған ең төмен көлемдегі ерікті зейнетақы жарнасының өзі зейнетақы жинағын айтарлықтай өсіруге себеп болатынын айқын көрсетеді. Оның үстіне өз пайдасы үшін салған ерікті зейнетақы жарналарының сомалары БЖЗҚ-ға аударылған кезде салық салудан босатылады. Ерікті зейнетақы жарналары деген не? Бұл салымшының зейнетақы төлемін алушының пайдасы үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) жəне (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына (ЕЖЗҚ) өз еркімен салатын ақшасы. Ерікті зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының заңнамасымен жəне ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартпен реттеледі. ЕЗЖ артықшылықтары: – ЕЗЖ-ны 3-ші тұлғалардың пайдасына салуға болады, ол өз балаларыңыз бен жақындарыңыз үшін бүгіннен бастап зейнетақы капиталын қалыптастыруды бастай алатыныңызды білдіреді; – салынатын жарналардың мөлшері мен кезеңділігіне шектеу жоқ, бұл мəселелер шарт жасау кезінде келісіледі; – салым аз мөлшерде жасалып отырған болса, зейнетке шығар сəт жақындаған кезде біршама үстеме алуға болады; – МЗЖ-мен салыстырғанда, ЕЗЖ-ны бірақ, яғни белгіленген инвестициялық кірісімен бірге бүкіл соманы түгелдей алуға болады. Кім ЕЗЖ салымшысы бола алады жəне оларды кімнің пайдасына салуға болады? Жеке тұлғалар да, заңды тұлғалар да ерікті зейнетақы жарналарының салымшысы бола алады. Жеке тұлғасалымшылар ЕЗЖ салуды жеке қаражаты есебінен өз пайдасы үшін, сондайақ үшінші тұлғалардың (мысалы, табысы аз немесе жұмыс істемейтін туғандары мен жақындарының) пайдасына сала алады. Сонымен қатар ЕЗЖ-ны үшінші тұлғалардың пайдасына салуды жұмыс берушінің қаражаты есебінен заңды тұлғалар да (жұмыс беруші өз жұмыскерлерінің пайдасына) жүзеге асыра алады. Ерікті зейнетақы жарналарын төлеу үшін салымшы БЖЗҚ-ны жəне (немесе) ЕЖЗҚ-ны (ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары тиісті лицензия алған соң)

таңдау құқығына ие. ЕЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты БЖЗҚ кеңсесіне өзіңіз келіп, болмаса сенім білдірілген немесе заңды өкіліңіз арқылы жасауға болады. ЕЗЖ төлеу кезеңділігі мен мөлшері қандай? Ерікті зейнетақы жарналарының мөлшері, оларды төлеу жəне зейнет ақы төлемдерін жасау тəртібі зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының келісімімен тағайындалады. Ерікті зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен төленеді. «Салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 166-бабына сəйкес, өз пайдасына салынған ЕЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа отырған салымшы салық шегеріміне құқылы. Салық шегерімінің мөлшері өз пайдасы үшін енгізген ЕЗЖ сомасына тең (басқаша айтқанда, жеке зейнетақы шотына ЕЗЖ есебінен аударылған сомаға салық салынбайды). Салық шегеріміне құқыққа ие болу үшін салымшы өз жұмыс берушісіне зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың көшірмесін жəне ЕЗЖ төленгенін растайтын құжатты тапсыруы керек. Шарт жасасу үшін қандай құжаттар қажет? Өз пайдасы үшін енгізілген ЕЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу. Егер салымшы ЕЗЖ-ны өз пайдасына салуды жоспарласа, онда БЖЗҚ-мен шарт жасасу үшін оған жеке басын куəландыратын құжат (түпнұсқа) ұсыну қажет. Үшінші тұлғаның пайдасы үшін енгізілген ЕЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу. Үшінші тұлғаның пайдасына шарт жасасу үшін жеке тұлға-салымшы мен алушы жеке бастарын куəландыратын құжаттарын (түпнұсқа) ұсынады;

Үшінші тұлғаның пайдасына шарт жасасу үшін заңды тұлға-салымшы төмендегі құжаттарды тапсырады: 1) құрылтай шарттың немесе заңды тұлға жарғысының жəне мемлекеттік лицензияның (егер қызметке лицензия берілген болса) нотариат куəландырған көшірмесі; 2) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы анықтаманың немесе куəліктің нотариат БСН көрсете отырып куəландырған көшірмесі; 3) заңды тұлғаның басшысын тағайындау туралы құжаттың түпнұсқасы; 4) заңды тұлғаның атынан шарт қа қол қою жөніндегі өкілеттік көрсетілген заңды тұлға сенімхатының түпнұсқасы (бар болса); 5) заңды тұлғаның атынан шартқа қол қою өкілеттігі берілген тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаттың түпнұсқасы; 6) заңды тұлға құрылтайшыларының жеке бастарын куəландыратын құжаттардың заңды тұлға куəландырған көшірмелері (шаруашылық серіктестік қатысушыларының тізілімін жүргізуді тіркеуші жүзеге асыратын акционерлік қоғамдардың, сондай-ақ шаруашылық серіктестіктер құрылтайшыларының құжаттарын қоспағанда); 7) заңды тұлғаның банктік деректемелері (бизнес сəйкестендіру нөмірі (БСН), банктік сəйкестендіру коды (БСК), жеке сəйкестендіру коды (ЖСК), бенефициар коды (БеК). Заңды тұлға құрылтайшыларының жеке бастарын куəландыратын құжаттардың көшірмелері жеңіл оқылатын, тігілген, нөмірленген жəне лауазымды тұлғаның қолымен жəне заңды тұлғаның мөрімен бекітілген болуы керек. Алушы жеке басын куəландыратын құжатын (түпнұсқа) тапсырады. Толық ақпаратты анықтама беруге арналған 8 800 080 1177 немесе 1414 телефондары арқылы алуға болады. Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін. www.enpf.kz

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Ақмола мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті 2015 жылғы 25 маусымда сағат 11.00-ден 17.00-ге дейін (Астана қ. уақыты бойынша) www.gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында республикалық меншіктегі объектілерді сату жөнінде аукцион өткізу туралы хабарлайды Республикалық меншіктегі объектілерді сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жеке шелендіру объектілерін сату қағидасына (бұдан əрі – қағида) сəйкес жүзеге асырылады. Сауда-саттықтың голланд əдісімен аукционға республикалық меншіктегі мына объектілер қойылады: 1. Газ-3110 автомобилі, мем.нөмірі С 029 NS, 2003 жылы шығарылған. Орналасқан жері – Целиноград ауданы, Ақмол кенті, 9 пятилетка к-сі, 13. Баланс ұстаушы – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті. Алғашқы баға – 236 000 теңге. Бастапқы баға – 1 180 000 теңге. Ең төменгі баға – 36 466 теңге. Кепілді жарна – 35 400 теңге. 2. 2 ПТС-3 трактор тіркемесі, мем. нөмірі ASDC745, 1986 жылы шығарылған. Орналасқан жері – Степногор қ., ЕЦ-166/11 мекемесі. Баланс ұстаушы – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің ЕЦ-166/11 мекемесі. Алғашқы баға – 110 000 теңге. Бастапқы баға – 550 000 теңге. Ең төменгі баға – 16 997 теңге. Кепілді жарна – 16 500 теңге. Аукционға қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі жəне аукцион өткізуге дейін екі сағат бұрын 2015 жылғы 25 маусымда сағат 9.00де аяқталады. Кепілді жарналар мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірың ғай оператордың шотына төленеді: Кепілді жарнаны алушы – «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ; банк - «Қазкоммерцбанк» АҚ; ИИК KZ529261501102032004, БИК KZKOKZKX, БИН 050540004455; КБе 16, КНП 171; төлемнің белгіленуі – аукционға қатысу үшін кепілді жарна (банк қызметтері үшін төлемдер кепілді жарнаның мөлшеріне кірмейді). Қатысушыларға кепiлдi жарнаның кез келген санын енгiзуге жол беріледі, бұл ретте бір кепілді жарна қатысушыға ол бойынша аукционға қатысу үшін осы кепілді жарнаны енгізген жекешелендіру объектісін сатып алу құқын береді. Аукционға қатысу үшін мына құжаттарды: 1) жеке тұлғалар үшін: жеке сəйкестендіру нөмірін (ЖСН), тегін, атын, əкесінің атын (бар болған жағдайда);

2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сəйкестендіру нөмірін (БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, əкесінің атын (бар болған жағдайда); 3) кепілді жарнаны қайтару үшін екінші деңгейлі банктегі есеп айырысу шотының деректемелерін; 4) байланыс деректерін (пошталық мекенжайы, телефоны, факс, e-mail); 5) ұлттық куəландырушы орталық берген ЭЦҚ-ның жарамдылығы мерзімін көрсетіп тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркеу қажет. Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді. Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ қойылған аукционға қатысуға өтінімді қағидаға қосымшаға сəйкес объект бойынша тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет. Аукционға қатысуға өтінім тіркелгеннен кейін тізілім веб-порталында үш минут ішінде өтінім берілген сату объектісі бойынша кепілді жарнаның түсуі туралы мəліметтердің тізілім дерекқорында болуы тұрғысынан автоматты түрде тексеру жүргізіледі. Назар аударыңыз! Қатысушының өтінімді қатысу жəне тіркеу бойынша талаптарды сақтамауы, сондайақ бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына сауда-саттық өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілді жарнаның сауда-саттық басталуға дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілім вебпорталында өтінімді қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады. Аукционға жіберілген қатысушыға тізілім веб-порталында берілетін аукцион нөмірі бойынша аукцион залына кіруге рұқсат етіледі. Аукционға қатысушылар аукцион басталуға дейін бір сағат ішінде аукцион залына ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдаланып кіреді. Аукцион жекешелендіру объектісінің бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен саудасаттық өткізу туралы ақпараттық хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады. Сауда-саттықтың голланд əдісі бойынша электрондық аукцион өткізу тəртібі: 1) егер аукцион басталған сəттен бастап екі минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі электрондық аукционда жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы қағидаға сəйкес белгіленген қадамға азаяды;

«Алматытемір» АҚ Директорлар кеңесінің шешіміне сəйкес 2015 жылғы 9 шілдеде сағат 10.00-де Алматы қаласы, Əуезов көшесі, 2 мекенжайында акционерлердің кезекті жалпы жиналысы өтетіні туралы хабарлайды. Күн тəртібі: 1. 2014 жылғы «Алматытемір» АҚ-тың жылдық қаржылық есептілігін бекіту. 2. Есептік 2014 жылғы «Алматытемір» АҚ-тың таза кірісі мен қоғамның бір артықшылықты жəне бір жай акциясына есептегенде дивидендтердің мөлшерін бөлу тəртібін бекіту. Кворум болмаған жағдайда жиналыс аталған мекенжайда 2015 жылғы 10 шілдеде сағат 10.00-де қайта өткізілетін болады.

2) егер баға азайғаннан кейін екі минут ішінде қатысушылардың бірдебіреуі жекешелендіру объектісін сатып алуға ниетін растамайтын болса, жекешелендіру объектісінің соңғы жарияланған бағасы белгіленген қадаммен азаяды. Жарияланған баға бойынша жекешелендіру объектісін сатып алуға ниетін бірінші болып растаған қатысушы сауда-саттықтың голланд əдісі бойынша аукцион жеңімпазы болып танылады жəне осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілді деп танылады; 3) егер жекешелендіру объектісінің бағасы белгіленген ең төменгі мөлшерге жетсе жəне қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамаса, онда электрондық аукцион өткізілмеді деп танылады. Əрбiр сатылған жекешелендiру объектісі бойынша аукцион нəтижелерi аукцион нəтижелерi туралы электрондық хаттамамен ресiмделедi, оған сатушы жəне жеңiмпаз ЭЦҚ-ны пайдаланып сауда-саттық өткiзiлген күнi тізілімнің веб-порталында қол қояды. Аукцион нəтижелерi туралы хаттама аукцион нəтижелерiн жəне жеңiмпаз сатушының жекешелендiру объектісін сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою мiндеттерiн белгiлейтiн құжат болып табылады. Жеңiмпазбен сатып алу-сату шартына аукцион өткiзiлген күннен бастап күнтiзбелiк он күннен аспайтын мерзiмде Көкшетау қаласы, М. Əуезов көшесі, 230, 2-бөлме мекенжайында қол қойылады. Бұл ретте, аукционның жеңімпазы сатып алу-сату шартына қол қойған кезде сатушыға салыстыру мынадай құжаттардың: жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғанын жеке басын куəландыратын құжаттың; заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куəліктің не анықтаманың; заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куəландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куəландыратын құжаттың түпнұсқаларын міндетті түрде көрсетіп олардың көшірмелерін не нотариат куəландырған көшірмелерін ұсынады. Құжаттардың түпнұсқалары салыстырғаннан кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады. Аукцион өткізу туралы қосымша ақпаратты www.gosreestr.kz сайтынан жəне 8(7162) 256556 телефоны арқылы алуға болады.

АО «Алматытемір», в соответствии с решением Совета директоров объявляет о проведении годового очередного общего собрания акционеров, которое состоится 9 июля 2015 года в 10.00 часов по адресу: город Алматы, ул. Ауезова, 2. Повестка дня: 1. Утверждение годовой финансовой отчетности АО «Алматытемір» за 2014 год. 2. Утверждение порядка распределения чистого дохода АО «Алматытемір» за отчетный 2014 год и размера дивидендов в расчете на одну простую и одну привилегированную акцию общества. При отсутствии кворума повторное собрание состоится 10 июля 2015 года в 10.00 часов по тому же адресу.

Ќостанай облысында дəрігерлік жаѕа амбулатория ашылды Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан».

Қостанай облысының Федоров ауданындағы Пешков селосында жаңа дəрігерлік амбулатория ашылды. Пешковтықтар үшін бұл үлкен жаңалық болды. 90-шы жылдары ауылдың берекесі кеткенде дəрігерлік амбулатория да еш жерге «сыйыса алмай» қойған. Оны мектеп-интернатына, элеваторға, село лық əкімнің ғимаратына

шығарып тастап отырды. Енді міне, амбулаторияның өзіне жеке ғимарат салып берді. Құрылыс бір жылға таяу жүрді. Жылы, əсем ғимаратта дəрігерлік амбулаторияға қажеттінің барлығы бар. Медициналық жабдықтармен жабдықталған. Ауыл адамдарының денсаулығы енді жақсы қадағаланатын болады. Олар «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының əлеуетін түсініп, риза болып отыр. ХАБАРЛАМА

Осы арқылы «Қазақстан Халық Банкі» а к ц и о н е рл і к қ о ғ а м ы ( б ұ д а н ə рі – Б а н к ) (050008, Алматы қ., Абай д-лы, 109 «В») Банк акционерлерінің шектелмеген тобынан Банктің артықшылықты акция лары мен Банктің жай акцияларына айырбасталатын артықшылықты акциялардың (шығарылымдар Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу жəне қадағалау жөніндегі агенттігі 2012 жылы 07 желтоқсанда № А3387 арқылы тіркеген) келесідей шарттарда өтеуін төлеп алатыны жөнінде хабарлайды: 1. Өтеуі төлеп алынатын акциялардың түрі: Банктің артықшылықты акциялары (ҰСН KZ1P33870117) жəне Банктің жай акцияларына айырбасталатын артықшылықты акциялар (ҰСН KZ1P33870216) (бұдан əрі – бірлесіп «Акциялар» деп аталады). 2. Өтеуі төлеп алынатын Акциялардың саны: 193 852 253 (жүз тоқсан үш миллион сегіз жүз елу екі мың екі жүз елу үш) дана. 3. Акцияның өтеуін төлеп алу бағасы: 1 акция үшін 140 теңге. 4. Акциялардың өтеуін төлеп алу іске асырылған мерзім: Банк бұқаралық ақпарат құралдарында Акция ұстаушыларынан барлық орналастырылған акцияларды өтеуін төлеп алу туралы ақпаратты жариялаған күннен бастап толық төлеп алғанша. Бұл ретте мемлекеттік жəне орыс тілдеріндегі хабарламаның күндерінде айырмашылықтар болған кезде, бұл мерзім хабарлама қай тілде кейінірек жарияланса, сол тілдегі мерзімнен бастап есептеледі. 5. Акциялардың өтеуін төлеп алу шарттары: Акциялардың өтеуін төлеп алу ұйымдастырылған нарықта «Қазақстан қор биржасы» АҚ сауда алаңында сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарына сəйкес, сондайақ ұйымдастырылмаған нарықта Банктің ішкі құжаттары мен Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес іске асырылады. Акциялардың өтеуін төлеп алу бойынша арнайы сауда-саттықты жүргізу күні туралы ақпарат «Қазақстан қор биржасы» АҚ сайтында орналастырылады (www.kase.kz). Байланысуға болатын тұлғалар: Бородовицына Анна, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Топ капиталын басқару департаментінің директоры

+7 (727) 330 10 91

Разумова Ильмира, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Топ капиталын басқару департаменті Басқармасының бастығы

+7 (727) 259 05 99

Жамбыл облысы əкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Жуалы аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ КМК 2015 жылға Жуалы аудандық орталық ауруханасы үшін медициналық техниканы сатып алу жөнінде тендер өткізетіндігін жариялайды. Жалпы сомасы 13 000 000,0 теңге. Сатып алынатын тауарлардың тізімі, олардың саны жəне ерекшеліктері тендерлік құжатамада көрсетілген. Тауар Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы, С.Бейбарыс көшесі, №1 үйге жеткізілуі тиіс. Жеткізу мерзімі № 1 қосымша бойынша тендерлік құжаттамаға сəйкес келісімшартқа тараптар қол қойылған сəттен бастап. Тендерге Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы «Кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлеміне байланысты фармацевтикалық қызмет көрсету, дəрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастыру жəне өткізу ережесін бекіту туралы» № 1729 қаулысының 8-9-тармақтарында көрсетілген біліктілік талаптарына сəйкес келетін барлық əлеуетті өнім берушілер жіберіледі. Тендерлік құжаттама топтамасын əлеуетті өнім беруші 2015 жылғы 29 маусымда сағат 11.00-ге дейінгі мерзімді қоса алғанда мына мекенжай бойынша: Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы, С.Бейбарыс көшесі, №1 үй, кеңсе кабинетінен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін немесе jualy_zrb@bk.ru электронды почтамен алуға болады. Тендерге қатысуға өтінімдерді берудің соңғы мерзімі 2015 жылғы 30 маусымда сағат 10.00-ге дейін. Тендерге қатысуға өтінімдер салынған конверттер 2015 жылғы 30 маусымда сағат 11.00-де мына мекенжай бойынша: Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы, С.Бейбарыс көшесі, №1 үйдің мəжіліс залында ашылады. Əлеуетті өнім берушілер тендерге қатысу өтінімдері салынған конверттерді ашу кезінде қатыса алады. Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: 8 (726-35) 2-21-49. КГП на ПХВ «Центральная районная больница Жуалынского района управление здравоохранения акимата Жамбылской области» объявляет о проведении тендера по закупу медицинской техники для Центральной районной больницы Жуалынского района на 2015 год на общую сумму 13 000 000,0 тенге. Полный перечень закупаемых товаров, их количество и подробная спецификация указаны в тендерной документации. Товары должны быть поставлены по адресу: Жамбылская область, Жуалынский район, с. Б. Момышулы, ул.С.Бейбарыс, №1. Требуемый срок поставки в соответствии с тендерной документацией согласно приложения № 1 с момента подписания договора сторонами. К тендеру допускаются все потенциальные поставщики, отвечающие квалификационным требованиям, указанным в п.8-9 Правил организации и проведения закупа лекарственных средств, профилактических (иммунобиологических, диагностических, дезинфицирующих) препаратов, изделий медицинского назначения и медицинской техники, фармацевтических услуг по оказанию гарантированного объема бесплатной медицинской помощи, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 октября 2009 года №1729. Пакет тендерной документации можно получить в срок до 11.00 часов 29 июня 2015 года включительно по адресу: Жамбылская область, Жуалынский район, с. Б. Момышулы, ул.С.Бейбарыс, №1, кабинет канцелярия, время с 9.00 до 18.00 часов или по электронной почте по адресу: jualy_zrb@bk.ru Окончательный срок представления тендерных заявок до 10.00 часов 30 июня 2015 года. Конверты с тендерными заявками будут вскрываться в 11.00 часов 30 июня 2015 года по следующему адресу: Жамбылская область, Жуалынский район, с. Б. Момышулы, ул.С.Бейбарыс, №1, зал заседание. Потенциальные поставщики могут присутствовать при вскрытии конвертов с тендерными заявками. Дополнительную информацию и справку можно получить по телефону: 8 (726-35) 2-21-49.

«Алиби-Павловка» ЖШС 25.06.2015 жылғы сағат 10.00-де Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Павловка ауылы, Южная көшесі, 22 мекенжайында жалпы жиналыс өткізу туралы өз қатысушыларына хабарлайды. Күн тəртібі: 1. 2015 жылғы 4 наурызда сағат 10.00-де Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Павловка ауылы, Южная көшесі, 22 мекенжайында болған «Алиби-Павловка» ЖШС қатысушыларының кезектен тыс жалпы жиналысында бұдан бұрын қабылданған шешімді мақұлдау туралы.

«Innova Capital Partners» АҚ, «МАҚТА ИНВЕСТ» ЖШС-нің жарғылық капиталындағы 100% үлесін сатып алу мəселесі бойынша «INNOVA INVESTMENT» ЖШС-мен мүдделілік танытумен ірі мəміле/мəміле жасау туралы хабарлайды.

АО «Innova Capital Partners», сообщает о заключении крупной сделки/сделки с заинтересованностью с ТОО «INNOVA INVESTMENT» по вопросу покупки 100% доли в уставном капитале ТОО «МАҚТА ИНВЕСТ».

9

Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының медициналық мекемелері үшін 2015 жылға жергілікті бюджет қаржысынан медициналық техниканы сатып алуға тендер өткізетіндігін хабарлайды Сатып алынатын тауарлардың толық тізімі, көлемі, олардың толыққанды ерекшелігі, қамтамасыз ету мерзімі жəне орны тендерлік құжаттарда көрсетілген. Тендерге ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы №1729 қаулысымен бекітілген кепілді көлемде ақысыз медициналық көмек көрсету бойынша дəрідəрмектерді, профилактикалық (иммундық биологиялық, диагностикалық, залалсыздандыру) препараттарын, медициналық мақсаттағы бұйымдарды жəне медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді ұйымдастыру жəне сатып алу ережелерінің 8-тармағында аталған біліктілік талаптарына сəйкес келетін барлық əлеуетті жеткізушілер жіберіледі. Тендерлік құжаттар пакетін 2015 ж. 29 маусымда сағат 15.00-ге дейінгі мерзімде мына мекенжай бойынша: Талдықорған қаласы, Гаухар ана көшесі, 87-үй, 14-бөлмеден жəне электронды мекенжайы бойынша medteh.aoblzdrav@ mail.ru алуға болады. Тендерге қатысу үшін конверттерге салынған тендерлік өтінімдерді Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасына мына мекенжайы бойынша: Талдықорған қаласы, Гаухар ана көшесі, 87-үй, 14-бөлмеге тапсырылады. Тендерлік өтінімдерді тапсырудың соңғы мерзімі 2015 ж. 30 маусымда сағат 13.00-ге дейін Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасына мерзімде мына мекенжай бойынша: Талдықорған қаласы, Гаухар ана көшесі, 87- үй, 14-бөлмеге тапсырылады. Тендерлік өтінімдер салынған конверттер 2015 ж. 30 маусымда сағат 15.00де мына мекенжай бойынша: Талдықорған қаласы, Гаухар ана көшесі, 87, үй, «Талдықорған қ. қалалық емхана» МКҚК мəжіліс залында ашылады. Əлеуетті жеткізушілер тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу ресіміне қатыса алады. Қосымша ақпаратты жəне анықтаманы мына телефон бойынша алуға болады: 8(7282) 40-00-65, medteh.aoblzdrav@mail.ru ГУ «Управление здравоохранения Алматинской области» объявляет о проведении тендера по закупкам медицинской техники за счет средств местного бюджета для медицинских организаций Управления здравоохранения Алматинской области на 2015 год Полный перечень закупаемых товаров, их подробная спецификация, количество, сроки и место поставки указаны в тендерной документации. К тендеру допускаются все потенциальные поставщики, отвечающие квалификационным требованиям, указанным в пп.8 Правил организации и проведения закупа лекарственных средств, профилактических (иммунобиологических, диагностических, дезинфицирующих) препаратов, изделий медицинского назначения и медицинской техники, фармацевтических услуг по оказанию гарантированного объема бесплатной медицинской помощи», утвержденных постановлением Правительства РК от 30.10.2009 года №1729. Пакет тендерной документации можно получить в срок до 15.00 часов 29 июня 2015 года включительно по адресу: г. Талдыкорган, ул. Гаухар ана,87, каб. №14 или по электронной почте по адресу: e-mail: medteh.aoblzdrav@ mail.ru Тендерные заявки на участие в тендере, запечатанные в конверты, предоставляются в управление здравоохранения Алматинской области по адресу: г. Талдыкорган, ул. Гаухар ана, 87, каб.14. Окончательный срок предоставления тендерных заявок: 30 июня 2015 года до 13.00 часов в управление здравоохранения Алматинской области по адресу: г. Талдыкорган, ул. Гаухар ана, 87, каб. 14. Конверты с тендерными заявками будут вскрываться в 15.00 часов 30 июня 2015 года в конференц-зале ГКП на ПХВ «Талдыкорганская городская поликлиника» по адресу: г. Талдыкорган, ул. Гаухар ана, 87. Потенциальные поставщики могут присутствовать при вскрытии конвертов с тендерными заявками. Дополнительную информацию и справку можно получить по телефону: 8 (7282) 40-00-65, e-mail: medteh.aoblzdrav@mail.ru

Шаймұхан МҰҚАНОВ Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің жəне Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрметті қызметкері, Алматы облысының жəне Ресей Федерациясы Ленинград облысы Любань қаласының құрметті азаматы, Александр Невский, І жəне ІІ дəрежелі Отан соғысының, Жауынгерлік жəне Еңбек Қызыл Ту, Қызыл жұлдыз, «Құрмет Белгісі», «Даңқ», «Құрмет» ордендерінің, КСРО жəне Қазақстан Республикасының 20дан астам, сонымен қатар «Ерлігі үшін» жəне «Ленинградты қорғағаны үшін» медальдарының иегері, полковник Шаймұхан Мұқанов 2015 жылғы 7 маусымда 94 жасқа қараған шағында өмірден озды. Ол бүкіл ғұмырын Отан қорғауға, аянбай қызмет етуге жəне еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арнады. Оның жауынгерлік ерлігі мен еңбектегі жанкешті іс-əрекеті нағыз патриотизмнің жарқын үлгісі болып табылады. Шаймұхан Мұқанов 1921 жылы Семей облысының Абыралы ауданында дүниеге келді. Аудандық газетте тілші болып қызмет атқарып жүрген кезде 1940 жылы қызыл əскер қатарына шақырылды. Волхов жəне Ленинград майдандарында шайқасып, Любань 177-атқыштар дивизиясындағы ба тальонға басшылық етті. Ленинград құрсауын бұзуға қатысты. Любань қаласын азат етуде көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін қазақстандық жауынгерлердің арасында алғашқылардың бірі болып Александр Невский орденімен марапатталды. Кейін Любань қаласының құрметті азаматы атанып, есімі Ленинград əскери округінің «Алтын кітабына» жазылды. Ш.Мұқанов 1946 жылы əскер қатарынан босап, соғыстан кейінгі қайта қалпына келтіру

жұмыстарына белсене қатысты. 1950 жылдан бастап партиялық жұмысқа араласты. Талдықорған облысының аудандық жəне қалалық партия комитеттерінің хатшысы болып қызмет атқарды. 1961-1984 жылдар аралығында мемлекеттік қауіпсіздік органдарында қызметте болып, Талдықорған жəне Жамбыл облыстары бойынша МҚК басқармаларын басқарды. Осы кезеңдегі еңбегі мемлекеттік наградалармен жəне құрметті атақтармен аталып өтті. Шаймұхан Мұқанов зейнет демалысына шыққаннан кейін де қоғамдық өмірден сырт қалмады, ардагерлер ұйымының жұмысына қызу араласып, жастарға патриоттық тəрбие беруге атсалысты, соғыс туралы бірнеше кітаптар жазды. Ол көпті көрген даналығымен, кеңпейілділігімен жəне ашықжарқын мінезімен ерекшеленді. Шаймұхан аға зайыбы Камалмен 4 бала, 4 немере жəне 7 шөбере тəрбиелеп өсірді. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығы, жеке құрамы мен ардагерлері Шаймұхан Мұқановтың туған-туысқандары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Жеңімпаз-жауынгердің, нағыз офицердің, қайырымды дос жəне өнегелі тəлімгердің жарқын бейнесі біздің жадымызда əрдайым сақталады. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті.

Егер сіз «Егемен Қазақстан» газетіне жарнама бергіңіз келсе, мына телефондарға хабарласыңыз: Астана тел/факс 37-64-48, 37-60-49. Электронды пошта: egemen_adv@mail.ru.Алматы 273-74-39, ф. 341-08-11. Электронды пошта: gulnurekkz@mail.ru.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ұжымы инженерлік-эксплуатациялық қызметінің басшысы Айтбай Жұмабайұлы Төлепбергеновке АНАСЫНЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.


10

www.egemen.kz

 Жағымды жаңалық

9 маусым 2015 жыл

95 ПƏТЕР

Шығыс өңірінде «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы бойынша салынған тұрғын үй кешені пайдалануға берілді.

Ќайсенов кентінде пайдалануєа берілді

Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан».

Ұлан ауданының орталығы – Қасым Қайсенов кентінде бой көтерген баспана арқылы 95 отбасы жарқыраған пəтерге ие болды. Жаңа үйдің тұрғындарына барлық жағдай жасалған. Үйдің тура жанында автобус аялдамасы мен балабақша орналасқан. Екі корпустан тұратын 5 қабатты үйге «Қазақстан тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі» АҚ желісі арқылы мұғалімдер, дəрігерлер, өндірістік кəсіпорындардың қызметкерлері енді. Үйге қол жеткізген тұрғындарға пəтер кілттерін Мемлекеттік қызмет жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық де партаменті басшы сы ның

 Жұлдыздар жарығы орынбасары – облыстық тəртіптік кеңес төрағасы Тоқтамыс Жұмағұлов пен Ұлан ауданы əкімінің міндетін атқарушы Дəулет Батырбаев салтанатты түрде тапсырды. – Бүгін Мемлекет бас шысының халықты тұрғын үймен қамту жөніндегі тапсырмасын жергілікті биліктің сəтімен орын дап жатқанына куə болып отыр мыз. Жеке баспанаға қол жеткізушілердің қатарында мемлекеттік қызметкерлердің болуы да бізді қуантады. Бас мəселе – баспана жайы шешілгеннен кейін, енді сіздерге Елбасы сенімін ақтап, ел игілігі жолында жігерлі жұмыс істеуі керек, – деді Т.Жұмағұлов. Айта кеткен лəзім, аудан көлемінде 2016 жылы «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ арқылы 2 көп пəтерлі үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Осы арқылы тағы 70 отбасының баспана мəселесі шешілетін болады. Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы.

 Спорт

Шарапованы шаѕ ќаптырып кетті

Жеѕіліп кґрмеген Жайлауов

Əлемнің ең сұлу спортшыларынан түзілген тізімде атақты саңлақтардың өзі Сəбинадан кейінгі сатыларға жайғасқан. Нақты айтсақ, қазақ қызынан кейінгі екінші орын АҚШ спортшысы Маккайла Марониге бұйырса, үздік үштікті Ресейдің даңқты теннисшісі Мария Шарапова түйіндеген. Сəбина Алтынбекованың аты 2014 жылы волейболдан Тайпейде өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатынан кейін белгілі болды. Сол кезде ерекше сұлулығымен жергілікті жанкүйерлердің назарына іліккен біздің қыз туралы сары құрлық басылымдары

Біздің жерлесіміз қарсыласын бірінші раундта-ақ таза нокаутқа жіберді. Сөйтіп, 6 раундқа есептелген шайқасты басталғаннан кейін өткен 1 минут 34 секундта аяқтауға қол жеткізді. Осы жеңісі арқылы бірден 18 ұпайға ие болған Роман тəуелсіз Boxrec.com компаниясының рейтингі кестесінде 18 саты жоғары шығып, 338-орынға орналасты. Осымен жартылай орта салмақтағы (66,7 кг) Роман Жайлауов кəсіпқойлар рингінде өткізген 15 жекпе-жегінің бəрін жеңіспен аяқтап отыр. Ол осы 15 айқастың 9-ын нокаутпен аяқтады. Ал бұған дейін 9 рет жеңіске жетіп, 2 рет тең шайқасқан Джако 10-шы мəрте ұтылысқа ұшырап отыр екен. Роман үстіміздегі жылғы Golden

Айдай ажарымен тұтас Азияны аузына қаратқан Сəбина Алтынбекова тағы да сұлулар тізімінде көш бастады. Бұл жолы ол Индонезияның Surabayanews порталы жүргізген сараптама нəтижесі бойынша жеңімпаз атанды.

жарыса жазды. Кейін Еуропа мен АҚШ-та да Сəбинаның сұлулығына тамсанғандар табылды. Сондықтан, бүгінде 18 жастағы спортшыны бүкіл əлем біледі десек, артық айтқандық емес. Сол танымалдылығының арқа сында ол бүгінде спорттық жарыстардан бөлек қоғамдық жұмыстарға да белсене қатысып жүр. Өткен жылдың тамыз айында ресми түрде Қызыл Жарты ай қоғамының Қазақстандағы тұңғыш еріктісі атанды. Сондай-ақ, Қытайда сағат жарнамасына түскенін де айта кетейік. Еламан ҚОҢЫР.

Маусымның 6-сы күні Оңтүстік Африка Республикасының Йоханнесбург қаласында 20 жастағы қазақстандық Роман Жайлауов жергілікті боксшы Луянда Джакомен рейтингілік ұрыс өткізіп, жеңіске жетті.

Gloves промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отырған болатын. Компания басшысы Родни Берман қазақстандық боксшыны «əлемдік деңгейге шығарып, кəсіби бокста мегажұлдызға айналдыруды» уəде еткен. Ал осыған дейін Берман Жайлауовты жаңа Геннадий Головкин бола алады деп те мақтаған. Роман Жайлауов Шымкентте туған, қазір Астанада тұрады. Кəсіби рингке 2012 жылы 18 жасында шықты. Ол өз салмағында WBC (WBC Asian Boxing Council) Азия бокс кеңесі жəне Пан-Азия бокс ассоциациясы (PABA) тұжырымы бойынша чемпиондық титулының иегері. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ.

 Редакцияға хат

Кішкентай Кəрімге кґмек керек Зиялы қауымға, жүрегі жылы əрбір мейірімді азаматқа сөз арнаймыз. Кішкентай Кəрім 4 айлығына дейін дені сау, барлық дене мүшелері дұрыс дамыған, ата-анасының көз қуанышына айналған бала болып өсіп келе жатты. Содан соң ДЦП деген диаг нозбен Алматыдағы №2 қалалық балалар ауруханасының неврология бөлімшесіне түсті. Бірақ, тексерістерде ол диагноз анықталмады. Ауруханада жатқан 8-ші күні кішкентайдың ыстығы көтерілді. Миына суық тиіп, үш күн бойы ес-түссіз жатты. Сөйтсе, ауруханада жатқан кезінде баланың ағзасына «Синегнойная палочка» деген инфекция жұққан болып шықты. Екі айдан кейін Кəрімді жан сақтау бөлімінен шығарды. Қазір ол көрмей қалды. Нерв жүйесі қатты күйзеліске ұшыраған. Дамуы тежеліп, бас шеңбері ұлғайып барады. Біздің дəрігерлер қолдан

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

келгеннің бəрін істеді. Бірақ, баланың сырқаты күннен күнге асқынып барады. Жақында миға жасалған томография Кəрімге шетелде шұғыл түрде ота жасау қажеттігін көрсетті. Бұл ота міндетті түрде Германияда немесе Израильде жасалуы керек екен. Олай болмаған жағдайда кішкентай Кəрімнің өміріне қауіп төніп тұр. Жас отбасының шама-шарқы бұл салмақты көтермейді. Мейірімді адамдар мүмкіндігінше қол ұшын созады деп үміттенеміз. Есеп-шоты: АО ДБ Сбербанк KZT. KZ 23914002204 KZ00VPY ИИН 900822301878 Байтуков Берік Қайратұлына. Байланыс теле фоны: +7 702-347-69-22, +7 777-260-07-14. Кішкентай Кəрім мейірімді адамдардың көмегін күтеді. Роза ДҮЙСЕЕВА, сəби Кəрімнің əжесі.

АЛМАТЫ.

Музыка музасы ќолдаєан Айша Өнер айдынында ерекше болып туылған, ешкімге ұқсамайтын ерек таланттар бар. Мінсіз классикалық музыкаға бас иетін талғампаз тыңдарман үшін тəңірдің өзі жаратқан жарық жұлдыздың бірі – Айша Оразбаева. Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Өз бетінше 16 жасында Италиядағы Біріккен əлем колледжінде оқуын жалғастырып, ЮНЕСКО қолдауындағы «Трио ди Триесте» музыкалық мектебінің халықаралық стипендиясына ие болған, 2003 жылы Ұлыбританиядағы Корольдік Музыка Академиясының қазақ халқынан қабылданған тұңғыш студенті жəне оның үздік түлектерінің бірі Айша бүгінде əлемдік деңгейдегі музыканттардың қатарында. Көрсең көзің тоятын, тыңдасаң жоғалғаның табылғандай жаның жай табатын, көнтерілене бастаған көңіл-күйіңе шабыт беретін осынау ғажайып скрипкашының əрбір концерті ғаламат. Айша Алматыда алғаш рет осыдан сегіз жыл бұрын жапон қызы Ая Кавабатаның фортепианода сүйемелдеуімен Брамстың, Дебюссидің скрипкаға арналған сона таларын, Бетховен, Венявскийдің шығармаларын шабытпен орындаған-ды. Алғаш рет қалың тыңдарманның алдына шыққалы тұрғанын сезген Айша қаншама толқыса да скрипка сөзбен айтып жеткізе алмас сұлулықты мадақтап, сызылта жөнелгенде музыканың сазына өзін де, өзгені де еліттіріп əкете алған еді. Ол кезде Айша Оразбаева Лондонда оқитын студент. Осы арада оқырман үшін еске сала кетуге болар, Айша Ұлыбританиядағы Корольдік Музыка Академиясына қабылданған тұңғыш қазақ студенті екенін мақтанышпен жазып та жүрміз. Десек те, араағайындықты білмейтін ағылшындардың əлмисақтан келе жатқан ең беделді академиясы үшін сенің қайдан шыққаның, қайда бара жатқаның түк те маңызға ие емес. Ешқашан дəрежесін мансұқтамаған шежірелі білім ордасы үшін сөзсіз тек классикалық музыканың табиғат жаратқан төл баласы болуың ғана қажет. Сондықтан, Айшаның ұлттық музыка тарихында бірінші болып өзге қиырдан осы академияға қабылдануы қай жағынан алсақ та айта жүрерлік оқиға. Осыдан кейін де талант та, тектілік те қанында бар музыканттың Қазақстандағы кезекті концертін тыңдаудың сəті түскені бар. Арада бес жыл өтті. Алайда, неге екені белгісіз, арада бес күн де өтпеген сияқты сезімге бөленген едік. Сол – Айша, сол – эмоция. Мойындайтын бір ғана шындық – музыканттың шебер лігі өскен. Ал бұл жолы скрипкашы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында оркестрмен бірге Сергей Прокофьевтің скрипкаға арналған концертін орындады. Музыкадан хабары бар халайық Прокофьевтің №1 концертін орындауға кез келген скрипкашының тісі бата бермейтінін біледі. Орыстың мықты композиторларының бірі оркестрмен орындалатын үш бөлімді ре мажорда скрипкаға жетекші болуға мүмкіндік береді жəне концерттің бүкіл жүгін де скрипкашы арқалап шығады. Концертті жүргізіп отырған белгілі өнертанушы Юрий Аравин Сергей Прокофьевтің шығармашылығына саяхат жасап, оның өнерінен тамаша ақпарлар беріп, тыңдармандарды жетелеп отырды. Концерт аяқталған соң музыка майталманы Юрий Петрович: – Бүгінгі концерт туралы сөз

қозғасақ, Айша – сөзсіз дарынды, мастер! Жай музыкант емес, халықаралық деңгейдегі скрипкашы, виртуоз. Əлемдік деңгейдегі музы ка мектебінің лайықты өкілі. Скрипкалық мызғымайтын мектептің көшбасшыларының қатарына көтерілген қазақ. Ал біз Айшаның Күлəш Байсейітова атындағы республикалық дарынды балаларға арналған музыка мектебінің қарлығашы екендігімен мақтанамыз. Ал Прокофьевтің бұл туындысы өте күрделі, ал скрипкашы оны жеңіл ойнағаны соншалықты, аса күрделілігі сезілмей де қалды, – дейді. Не десек те, Айша бүгінде əлемнің əр шалғайында концерт беріп жүр. Жуырда ғана Косовоның Приштин қаласында концерт берген. Сол сияқты Франция, Жапония, Исландия мен Австрияда өткен концерттеріне халық риясыз қоше мет көрсеткенін шетелдік журна листер жазып жүр. Қазір Оразбаева осы заманның көрнекті музыканттары – Йоханнес Мариа Штауд, Мартин Маталон, Пьер Булез, Сэр Харрисон Бёртвисл, Питер Зиновьев сынды өнер саңлақтарымен əріптес. Осының арқасында ол Лондондық заманауи музыка фестивалі–2014 тапсырысы бойынша скрипка мен электроникаға арналған «OUR» жəне «OUR 2» концерттерін жазуға қол жеткізді. Музыканттың тағы бір үлкен табысы – 2011 жəне 2014 жылдары «Outside» жəне «The Hand Gallery» атты екі бірдей жеке альбомын шығарғаны. Жоғарыда Айша Алматыда осыдан үш жыл бұрын жеке концертін бергенін атадық. Содан бері ол London Sinfonietta ансамблімен Еуропаны аралап, LA Dance Project атты америкалық би труппасымен үлкен гастрольдерге қатысқан. Сол сияқты Берлин филармониясының концертмейстері Томас Брандиспен шеберлік дəрістерін өткізіп, Австрия телевизиясы ORF-қа Le Corum в Монтпелье залынан тікелей эфирде концерт беріп, BBC Radio 3 жəне BBC Radio 4 əуе толқынында 7 миллиондай тыңдарман үшін өнер көрсеткенін айту керек. Айша Ұлыбританиядағы Корольдік Музыка Академиясына қабылданғаннан кейін бір жылдан соң «Болашақ» бағдарламасы бойынша стипендиат атанғанын əрдайым айтып жүреді. – Осы стипендияны жеңіп алуым болашағыма көп мүмкіндіктер ашып берді. Білімімді əуелі бака лаврлық, кейін магистрлік негізде толықтыруыма үлкен септігін тигізді. Академияда алған білімім арқылы танымал музыканттармен кездесіп, олардан сабақ алдым, – дейді сүйріктей скрипкашы. Оның өнердегі дара орнын таныған əлемдік тұлғалар да табылады. – Магистратураның бірінші курсында оқып жүргенімде бізге Еуропаға, Америкаға танымал композитор Йоханнес Мариа Штауд келді. Ол белгілі музыка жұлдыздарымен жұмыс істейтін. Əрі Чикагодағы жəне Берлиндегі филармониялық оркестрлерге,

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 273-07-87.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru, egemenkz@maіl.kz. Интернет-редакция: ekazakhstan@mail.ru Алматыда: факс (727) – 273-07-87, электронды пошта – egemalm@mail.ru

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – 8 (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – 8 (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – 8 (712-2) 31-74-13; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

Көкшетау – 8 (716-2) 25-76-91; Қарағанды – 8 (721-2) 43-94-72; Қостанай – 8 (714-2) 39-12-15; Қызылорда – 8 (701) 772-70-74; Орал – 8 (777) 496-21-38;

Өскемен – 8 (778) 454-86-11; Павлодар – 8 (718-2) 68-59-85; Тараз – 8 (726-2) 43-37-33; Шымкент – 8 (701) 362-63-76; Петропавл – 8 (715-2) 50-72-50.

Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-07-26, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Арко» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-Полиграфия» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Достық-Дружба даң., 215 А, «WESTA» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

Зальцбург фестиваліне музыка жазып тұратын өнер иесі. Мен бір концертте оның скрипкаға жазылған шығармасын орындадым. Автор менің орындауымды бірден ұнатты. Сол күннен бастап біз бірлесіп жұмыс iстеуге кірістік. Осы концерт тен кейін Австриядағы Клангшпурен фестиваліне шақыру алдым. Сөйтіп, студент бола жүріп, Алманиядағы «Модерн» ансамблімен Еуропаға гастрольдік сапарларға шыға бастадым, – дейді Оразбаева. Сонымен, Испаниядағы Сантандер фестивалінде, Ұлы британиядағы Альдебругте, Австриядағы Клангшпуренде, Лондонның Вигмор залында, Триестедегі Сала Трипковичте, Париждегі Салле Плейелде, Нью-Йорктегі Карнеги Холлда қазірге салтанат құрған санаулы қазақ өкілінің бірі де осы – Айша. Мəселен, Айша Англияның өзінде екінің біріне бұйыра бермейтін Leverhulme, Marjorie Hayward жəне Thomas C Fitton жүлделеріне лайық деп табылған скрип кашы. Тобықтай сөздің түйіні – бұл табыстар тек ерек талантпен, тынбай талпынумен келетін дүниелер. Бұл əлем ақшаға сатылатын шоу-бизнес емес. Айшаның скрипка өнеріне келуін атасы – Қазақстанның халық əртісі Сəбит Оразбаев былай еске алады: «Айша тіпті өте кішкентай кезінде теледидарда скрипка ойналып жатса, жүгіріп келіп, қасына тұра қалатын. Ойнап кетіп, музыка аяқталмаса, тағы келіп тыңдайтын. Баланың осы аспапқа деген құштарлығы ерте байқалды», дейді. Айшаның əлемнің ең элиталық музыкалық оқу орындарының біріне түсуінің өзі қызық. Интернет арқылы Италиядағы БҰҰның музыкалық колледжі оқуға қабылдау үшін скрипка мен фортепианодан байқау жариялап жатқанынан хабардар болып, ешкімге айтпай, конкурс талаптарына сай құжаттарын жібереді. Мұны естіген атасы: – Балам-ау, əлі жассың ғой, қайда барасың? – десе, Айша: – Ата, бұл конкурсқа 70 елден тек ғана 2 адамды ғана таңдап алады екен. Біреуі фортепианодан, біреуі скрипкадан. Қорықпай-ақ қойыңыз, жай бағымды сынап көрейін деп жіберіп отырмын, – дейді. Сонымен көп ұзамай Оразбаевтардың отбасына итальян тілінде хат келеді. Онда 70 елдегі жеткіншектердің ішінен екі шəкірттің біреуі болып Оразбаева Айшаның оқуға қабылданғаны туралы жəне қай уақытта Италияға келу қажеттігі көрсетілген екен. Жəне оқуға түскен балаға ата-анасыз келу қажеттігі, өйткені оларға жатын орын қарастырылмағаны ескертілген. Сөйтіп арман қуған Айша жалғыз өзі 16 жасында Ыстамбұл арқылы Италияның Триест деген қаласына аттанады... Енді, міне, Айша Оразбаева туған жеріне таланты толысқан музыкант ретінде оралып отыр. АЛМАТЫ.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 203 394 дана. Нөмірдің кезекші редакторы

Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 5 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №578 ek

Profile for Egemen

09062015  

09062015

09062015  

09062015

Profile for daulet
Advertisement