Page 1

Бїгінгі нґмірде:

№235 (28713) 8 ЖЕЛТОҚСАН СЕЙСЕНБІ 2015 ЖЫЛ

Холдинг жўмысы баяндалєан ќабылдау

Ґѕір алдындаєы міндеттер айќын

Ќазаќ елініѕ жаѕа сатыєа кґтерілуініѕ басты негізі 4-5-беттер Ќараєандылыќтар ќайраты 7-бет «Аттыѕ басын – Торєайєа!» 8-бет Ќўрметке ие ќўндылыќ 11-бет

 Əлем жəне Қазақстан

ЕЛБАСЫНЫЅ СЕНІМДІ БАЄЫТЫ Президент Н.Ə.Назарбаевтыѕ 2015 жылєы халыќаралыќ ќызметіне шолу Нұрлан ОНЖАНОВ,

Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық мəселелер жөніндегі көмекшісі.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Бəйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқармасының төрағасы Қуандық Бишімбаевты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Қ.Бишімбаев кездесу барысында Елбасына холдингтің 2015 жылғы қызметінің қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы баяндады. Мемлекет басшысы бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін артты рудың, шетелдік инвестиция тартудың, мемлекет-жекеменшік серіктестігін дамытудың қажеттілігіне назар аударды. Қ.Бишімбаев жүзеге асырылып жатқан «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында биыл холдинг желісі бойынша 29 мың жұмыс орны ашылып, 10 мыңнан астам шағын жəне орта бизнес субъектісіне қолдау көрсетілгенін, соның арқасында салық түсімдерінің көлемі 40 миллиард теңгеге жеткенін атап өтті. Сонымен қатар, бүгінде жалға берілетін əлеуметтік баспана бағдарламасы бойынша 5,5 мыңға жуық пəтер пайдалануға берілгенін, жыл аяғына дейін олардың саны 7 мыңға дейін жеткізілетінін айтты.

Жаѕа їміткерлер ќаралды

Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі жəне құқық қорғау органдары коми тетінің кеңейтілген оты рысында Қазақстан Рес публикасы Жоғарғы Соты судьясы қызметіне үміткерлер қаралды.

Мемлекет басшысы Жоғары Сот Кеңесі ұсынымын негізге алып ұсынған 32 жаңа судья Жоғарғы Соттың құрамына сайланатын болады. Отырыс барысында се наторлар үміткерлердің өмірбаяндарымен танысып, еңбек жолы мен кəсіби дайындығына қатысты сұрақтар қойды. Отырыс қорытындысы бойынша, Жоғарғы Сот судьялығына ұсынылған үміткерлерді палата отырысында қарауға енгізу туралы шешім қабылданды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Холдинг басқармасының төрағасы, сондай-ақ, инвестиция түрінде 320 миллиард теңге берілгенін, бұл қаражат химия, өндіріс жəне мұнай өңдеу, металлургия жəне тамақ өнеркəсібі салаларындағы жаңа 13 ірі индустриялық жобаны жүзеге асыруға бағытталғанын хабарлады. Қ.Бишімбаев үздік əлемдік тəжірибені ескеріп, Германия, Сингапур, АҚШ, Малайзия жəне басқа елдердің осындай бағдарламаларының үлгісімен əзірленген «Бəсекелестік көшбасшылары – Ұлттық чемпиондар» бағдарламасын жүзеге асырудың аралық қорытындылары туралы да баяндады. Бүгінде оған қатысушы компаниялардың бірқатары холдингтің даму институттарынан қаржылық қолдау көріп, əзірленген бастамаларды енгізумен айналысуда. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Павлодар облысының əкімі Қанат Бозымбаевты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Қ.Бозымбаев кездесу барысында Мемлекет басшысына өңірдің биылғы 11 айдағы əлеуметтік-экономикалық дамуы мен алдағы кезеңге арналған міндеттері туралы баяндады. Қазақстан Президенті негізгі мемлекеттік бағдарламаларды сапалы орындаудың, шағын жəне орта бизнесті, сондай-ақ, халықтың əлеуметтік əлсіз топтарын қолдаудың маңыздылығына назар аударды. Павлодар облысының əкімі бүгінде өңірді дамытудың маңызды факторы Индустрияландыру картасын жүзеге асыру болып отырғанына тоқталып өтті. Атап айтқанда, екінші бесжылдық аясында құны 1,2 триллион теңге мөлшеріндегі 24 индустриялық

жобаны іске қосу жоспарланған, оның аясында 6 мың жұмыс орны ашылады. Қ.Бозымбаев, сондай-ақ, инвестиция тарту жұмыстары туралы да айтты. Биылғы 10 айда бұл көрсеткіштің өсімі 40 пайыз болды. Павлодар облысының əкімі, сонымен қатар, Мемлекет басшысына жыл аяғына дейін іске қосу жоспарланып отырған мұнай коксын қыздыру жəне агрохимиялық өнім өндірісі жөніндегі екі ірі кəсіпорын туралы баяндады. Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Парламенттіѕ жоєарєы палатасы Мемлекет басшысыныѕ Жолдауын заѕнамалыќ тўрєыда ќамтамасыз етумен шўєылданатын болады Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен өткен Сенат бюросының отырысында палатаның 10 желтоқсанда болатын кезекті отырысының күн тəртібі келісілді, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Сенат Төрағасы Президенттің «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауын іске асыру жəне түсіндіру

жөніндегі міндеттерді алға қойды. Мемлекет басшысы таяу арада отандық қаржы секторын тұрақтандыру, бюджет саясатын оңтайландыру,

жекешелендіру мен экономикалық бəсекелестікті ынталандыру жөніндегі шаралар қабылдауға тапсырма берді, деп атап өтті Қ.Тоқаев. Төрағаның пікірінше, бүгінгі күні əлемдік экономикадағы дүрбелеңді жағдай мен халықаралық саясатта орын алып отырған

Їлкен ел – їлкен отбасы Дана халқымыз «Байлық байлық емес, бірлік байлық» деп бекер айтпаса керек. Елін ынтымаққа жетелеген Елбасымыздың да арманы – Қазақстанды Мəңгілік Ел ету. Биылғы Ассамблея жылы – этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің «қазақстандық үлгісінің» салтанат құрған жылы болды. Оралхан ДƏУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Көптеген этнос өкіл дері тату-тəтті, бірлік пен келісімде өмір сүріп жатқан Тараз қаласында «Үлкен ел – үлкен отбасы» форумы өтті. Қазақстан

халқы Ассамблеясы жылын қорытындылауға арналған бұл ауқымды іс-ша раға Мемлекеттік хатшы Гүлшара Əбдіқалықова қатысты. Іс-шараға, сондай-ақ, Жамбыл облысының əкімі, өңірлік Қазақстан халқы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Ќазаќстан Республикасы Президентініѕ кейбір жарлыќтарына ґзгерістер мен толыќтырулар енгізу туралы Қаулы етемін: 1. Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан əрі – өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін. 2. Осы Жарлық, 2015 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағының екінші, үшінші абзацтарын қоспағанда, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі жəне ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2015 жылғы 30 қараша. № 120 (Жарлыққа түсіндірмені 6-беттен оқисыздар).

Кґѕіл айту жеделхатын жолдады Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Əзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Əлиевке «Гюнешли» кенішінде болған өртке байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев жеделхатта адам шығынына ұшыратқан оқиға туралы хабарды күйзеліспен қабылдағанын атап өткен. Мемлекет басшысы Қазақстан халқының жəне жеке өзінің атынан көңіл айтты, сондай-ақ, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.

Ассамблеясының төр ағасы К.Көкірекбаев, ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Е.Тоғжанов, ҚХА жəне өңірлік Ассамблея мүшелері, этно мəде ни бірлестіктердің өкілдері, облыс жұртшылығы қатысты.

Таєайындау Мемлекет басшысының Өкімдерімен: Алпысбай Рахметоллаұлы Ахметов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметіне; Ғалымжан Олжайұлы Пирматов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Хроника Мемлекет басшысының Өкімдерімен: Нұрлан Жетпісұлы Құсайынов берген өтінішіне сəйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төр ағасының орынбасары қызметінен; Қуат Бəкірұлы Қожахметов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.

тұрақсыздық ахуалы ескерілген осы Жолдау ерекше маңызға ие. Бұл құжат уақыттың сын-қатерлеріне лайықты жауап болатын нақты шаралардың көзделуімен бағалы. Сенаттың жұмысы негізінен Елбасы тапсырмаларын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету, сондай-ақ, Жолдаудың негізгі ережелерін өңірлерде түсіндіруге бағытталады, деді Сенат Төрағасы. (Соңы 6-бетте).

Жалпы, қасиетті Əулиеата – қашан да достық пен ынтымақтың, өзара келісімнің ордасы болған жер. Мұнда татулығы жарасқан, бірлігі ұласқан 80-нен астам этнос өкілдері өңірдің қарқынды дамуы жолында аянбай еңбек етуде. Қазіргі күні Жолдауда қойылған міндеттердің іске асырылуына облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы тікелей атсалысуда. (Соңы 6-бетте).

Өтіп бара жатқан 2015 жыл – Қа зақстан Республикасының мемлекеттілігін нығайту тұрғысынан алғанда айрықша. Бұл жылды біз Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы белгісімен өткіздік, ел Конституциясының 20 жыл дығын, фашизмге қарсы соғыстағы Жеңістің 70 жылдығын жəне Қазақ хандығының 550 жылдығын тойладық. Бұл мерейтойлық даталар қазақстандық қоғамды жұмылдыруға бағытталған, ал ол қазіргі заманғы əлемдегі жаһандық сынақтар мен геосаяси сілкіністер аясында өте маңызды. Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей, «Қазір əлем шапшаң қарқынмен өзгеруде. Басқаша дəуір туып келеді. Біздің көз алдымызда өзгеше мүмкіндіктері мен тəуекелдері бар жаңа жаһандық өмір шындығы пайда болуда. Бүгінде Қазақстан экономикасына əлемдік рыноктардағы құлдырау туындатқан бірқатар сыртқы факторлар теріс əсерін тигізуде. Жаһандық дағдарыстардың шығу төркіні біздерге байланысты емес. Жаһандық дағдарыстар ықпалынан ешкім де сақтанып қала алмайды». Шынында да, ХХІ ғасырдағы əлемдік тəртіпті қалыптастырудың күрделі үдерісі бүтіндей алғанда, дағдарыстармен жəне дау-жанжалдармен, қазіргі заманғы сын-қатерлер мен қауіптер ауқымының ұлғаюымен, халықаралық шиеленістің артуымен қоса жүруде. Осының бəрі Қазақстанның ішкі тұрақтылығы мен орнықты дамуына қатер төндіреді. Бұл тұрғыда Қазақстан халқы Ассамблеясының кезектен тыс президенттік сайлау өткізу туралы бастамасы мейлінше уақтылы болды. Биылғы жылдың 26 сəуірінде өткен президенттік сайлау Елбасын бүкілхалықтық қолдаудың сенімді

(Соңы 2-3-беттерде).

Экологиялыќ жобалар жїзеге асырылмаќ Кеше Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Дүниежүзілік банк өкілімен кездесу өткізді, деп хабарлады ПремьерМинистрдің баспасөз қызметі. Бақытжан Сағынтаев пен Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша өңірлік директоры Сарож Кумар Джа Қа зақстандағы экологиялық жəне су жобаларын жүзеге асыру мəселелерін талқылады. Қазіргі уақытта Дүниежүзілік банктің қоса қаржыландыруымен өңір тұрғындарының денсаулығын жақсартуға бағытталған бірден-бір экологиялық жоба болып табылатын Өскеменнің қоршаған ортасын қалпына келтіру жөніндегі жоба жүзеге асырылуда. Оның сыртында Дүниежүзілік банк қаржысын тарту арқылы ирригациялық жəне дренажды жүйелерді жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл

 Өзгеріс өлшемі – өндіріс

Ґз ґніміміз ґтімді Солтүстік Қазақстан – сүт өнімдерін молайтуда, құнарлылығын арттыруда республикада көшбасшылар қатарында саналатын облыс. Бұл орайда, азықтүлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді басты нысана еткен сүт өңдеушілердің қосып отырған үлесі зор. Солардың бірқатарымен тілдесіп, өндіріс орындарындағы жаңғырту үдерістерін білген едік. Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Сергей ЧЕПУРКО, «Молсервис» ЖШС-нің директоры: – Кəсіпорынды тəуелсіздігіміздің құрдасы десе де болады. 1991 жылы құрылып, содан бері табиғи сүт өнімдерін өңдеумен жүйелі айналысып келеміз. Мекеме Бескөл кентінде орналасқан. Облыс орталығына, елді мекендерге жақын болғандықтан, қатынауға да, тасымалға да қолайлы. Шығын аз жұмсалатындықтан, өзіндік құны да төмен. (Соңы 6-бетте).

айғағына айнала отырып, сайлаушылардың рекордтық қатысуымен ерекшеленді. Сайлаушылардың дауыс беруіне Еуропарламент, ЕҚЫҰ, ТМД, ШЫҰ, ИЫҰ, ҰҚШҰ жəне басқаларды қоса алғанда, əлемнің 37 елі мен халықаралық ұйымдарынан мыңнан астам байқаушылар мониторинг жүргізіп, олар ұйымдастырудың жоғары деңгейін, болып өткен сайлаудың мөлдірлігі мен адалдығын атап көрсетті. Шетелдер лидерлерінің көптеген құттықтаулары халықаралық бедел мен үлкен құрметтің көрсеткішіне айналды. Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен 50-ден астам мемлекеттер мен үкіметтер басшылары құттықтап, Ақордаға саясаттың, экономиканың, ғылым мен мəдениеттің 180 лидері мен көрнекті қайраткерлері құттықтауларын жолдады. Құттықтауларда «Қазақстанның жетістіктері мен табыстарының Нұрсұлтан Назарбаев атымен тығыз байланысты» екендігі атап өтілген. Мемлекет басшысы шетелдерде жоғары сенімге ие, есімі сарабдал саясаткер жəне табысты реформатор, жаһандық антиядролық қозғалыстың көшбасшысы жəне АӨСШК, Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшыларының съездері, ЕАЭО жəне басқа да көптеген маңызды халықаралық бастамалардың бастамашысы ретінде құрметпен аталады. Бүгінде Нұрсұлтан Назарбаев бүкіл əлемдік қоғамдастыққа «адал менеджер» ретінде белгілі. Барша жұрт оны дəйекті саясаткер жəне жаһандық қауіпсіздікті нығайтудың қатаң жақтаушысы ретінде біледі. Осынау күрделі жағдайларда Мемлекет басшысының сыртқы саяси бағыты Қазақстанның ұлттық мүдделерін қорғауға жəне қамтамасыз етуге, біздің еліміздің халықаралық беделін нығайтуға, безбенделген, сындарлы жəне прагматикалық сыртқы саясат жүргізуге бағытталған.

жобаның мақсаты Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан жəне Қызылорда облыстарында жалпы көлемі 113 мың гектар болатын Сырдария, Талас, Шу жəне Іле трансшекаралық бассейндерінің республикалық меншіктегі тозған ирригациялық жəне дренаж жүйелерін қайта құрылымдау жолымен суармалы жерлердің сумен қамтамасыз етілуін жəне мелиоративтік жағдайын жақсарту болып табылады. Кездесуге қатысушылар экологиялық жобаларды жүзеге асырудың Қазақстан үшін де, сондай-ақ, Орталық Азия өңірі үшін де маңызды екендігін атап көрсетіп, стратегиялық ынтымақтастықтың одан əрі жалғасатынына сенім білдірді.


2

www.egemen.kz

8 желтоқсан 2015 жыл

 Əлем жəне Қазақстан

(Соңы. Басы 1-бетте). Мемлекет басшысы орнықты эконо микалық жəне əлеуметтік дамудың негізі ретінде бейбітшілікті қамтамасыз ету, қауіпсіздік жəне өңірлік тұрақтылық мəселелеріне бірінші кезекте көңіл бөледі. Осы орайда, өтіп бара жатқан жылдың Нұрсұлтан Назарбаевтың украин дағдарысын реттеу бойынша белсенді бітімгершілік күш-жігерінен басталғанын еске сала кеткен жөн. Өткен жылдың соңы мен 2015 жылдың басындағы Қазақстан Президентінің Ресейдің, Украинаның, Францияның, ГФР мен АҚШ-тың лидерлерімен кездесулері жəне келіссөздері «норманд төрттігі» елдері басшыларының кездесулерін ұйымдастыруға бағытталды. Өткен жылдың желтоқсанында Астанада Франция Президенті Ф.Олландпен келіссөздерде Мемлекет басшысы жоғары деңгейдегі Ресей-Франция кездесуін ұйымдастыруға жағдай жасады. Қаңтарда Нұрсұлтан Назарбаев Берлинде болып, ГФР-дің Федералдық канцлері А.Мер кель мен дағдарысты реттеудің кезек күт тірмейтін шараларын талқылады. Донбастағы қантөгісті тоқтату жəне дау-жанжалды бейбіт реттеу жөніндегі аса маңызды уағдаластықтармен аяқталған үстіміздегі жылдың 12 ақпанындағы «норманд төрттігінің» тарихи Минск кездесуі жалпы күш-жігерлердің нəти жесіне айналды. Нұрсұлтан Назарбаевтың бітімгершілік күшжігері Қазақстанның халықаралық беделін нығайта отырып, шетелдер лидерлері мен əлемдік қоғамдастықтың жоғары бағалауына ие болды. Украинадағы жағдай əлемдік сілкіністердің көрінісіне айналды. Экономика мен қаржыдағы жүйелі дағдарыс нарықтар мен ресурстарға жаһандық бəсекелестікті шие леністіре отырып, геосаясат пен қауіпсіздік саласына дендеп енді. Қазақстан басшылығының мұндай сценарийге дайын болғанын атап көрсету қажет. Еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық үдерістерді ұлғайта түсу жаһандық дағдарысқа қайтарылған тиісті жауап болды. 2015 жылдың 1 қаңтарынан Қазақ станның, Ресей мен Беларусьтің қатысуымен жүзеге асқан Еуразиялық эко номикалық одақ (ЕАЭО) құру туралы шарт күшіне енді. ЕАЭО қуатты ресурстарға, өндірістік жəне технологиялық əлеуетке, дамыған көлік-коммуникациялық жəне энергетикалық жүйеге ие. Өтіп бара жатқан жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің екі бірдей отырысына (мамыр жəне қазан) қатысты. Экономиканың нақты секторындағы байланыстарды дамыту, сауда-құқықтық базаны кеңейту, ЕАЭО мен «Жібек жолы экономикалық белдеуінің» əлеуеттерін түйістіру туралы уағдаластықтар ол жұмыстың қорытындыларына айналды. 2016 жылдың 1 ақпанында өз қызметіне кірісетін Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының жаңа құрамын бекіту үшін желтоқсанда ЖЕЭК-тің тағы бір отырысы күтіліп отыр. Шетелдік əріптестердің ЕАЭОға деген мүдделері арта түсуде. 2015 жылы Армения мен Қырғызстан бірлестіктің жаңа мүшелері болды. Мем лекет басшысының үстіміздегі жылдың 12 тамызында Қырғызстанға жұмыс бабындағы сапары шеңберінде Қазақстан-Қырғызстан шекарасында кедендік бақылауды алып тастаудың салтанатты рəсімі өтіп, оны екі ел президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Алмазбек Атамбаевтың онлайн-режімде бақылағаны да атап өтерлік жайт. Бүтіндей алғанда, қазіргі уақытта 40-қа жуық ел мен бірлестіктер ЕАЭО-мен еркін сауда аймағы туралы келісім шарттарды бекітуге мүдделілік білдіріп отыр. Еркін сауда туралы келісімге Қазақстанның тамаша өлкесі – Бурабай курортты аймағында үстіміздегі жылдың мамырында қол қойған Вьетнам ЕАЭОның сауда саласындағы бірінші əріптесі болды. Еуразиялық интеграцияның векторы ЕАЭО бойынша əріптестермен, ең алдымен, Ресей Федерациясымен дəстүрлі достық, тең құқылық жəне өзара тиімді қарым-қатынастарға негізделген. Өтіп бара жатқан жылы екіжақты кездесулер мен көпжақты форумдар шеңберінде Нұрсұлтан Назарбаев президент Владимир Путинмен 15-тен астам кездесу өткізді. Президенттік сайлаудан кейін Мемлекет басшысы өзінің алғашқы шетелге сапарын дəл осы Ресейге жасап, онда биылғы жылдың 8-9 ма мырында Мəскеуде өткен фашизмге қарсы Жеңістің 70 жылдығына арналған салтанатты ісшараларға қатысты. Нұрсұлтан Назарбаев Қызыл алаңдағы əскери парадта болып, Белгісіз солдат қабіріне гүл шоқтарын қойды. ТМД лидерлерінің бейформальді кездесуінде ол фашизмді жеңудің маңыздылығын атап өтіп, тарихи деректерді бұрмалау жолымен соғыс нəтижелеріне ревизия жасау талпынысынан сақтандырды. АӨК-ті дамыту мəселелеріне арналған Қазақстан мен Ресейдің ХІІ өңіраралық ынтымақтастық

ЕЛБАСЫНЫЅ

Президент Н.Ə.Назарбаевтыѕ 2015 форумы (Сочи, қыркүйек) елеулі оқиғаға айналды. Форум шеңберінде «Агроөнеркəсіп кешені саласындағы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының перспективалары» атты мамандандырылған көрме, «Қазақстан мен Ресейдің тауарларды импорттық алмастыру саласындағы шекаралық ынтымақтастығы» тақырыбында дөңгелек үстел, «Шағын жəне орта бизнестің мемлекеттік сатып алуларға қатысуы» атты семинар-кеңес, Қазақ станРесей Шекаралық ынтымақтастық жөніндегі іскерлік кеңесінің отырысы, сондай-ақ, Жастар форумы ұйымдастырылды. Сочиде 5 өңіраралық келісімшартқа жəне 4 коммерциялық келісімге қол қойылды. Жоғары деңгейдегі үнқатысуларды, парламенттер, министрліктер мен ведомстволар арасындағы тұрақты байланыстарды қоса алғанда, Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық əріптестігінің қалыптасқан тетігі екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы жəне перспективалы мəселелерін табысты, жүйелік негізде шешуге жағдай жасады. Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің үстіміздегі жылдың қазанындағы Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапары оның жарқын айғағына айналды. Астанада екі президенттің Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық əріптестігін нығайту жəне дамыту, көмірсутек шикізатын өндіру, экспорттау жəне тасымалдау, көліктранзит əлеуетін өзара тиімді пайдалану жəне жаңа халықаралық көлік дəліздерін құру, ғарыш саласын дамыту жəне «Бəйтерек» жобасын жүзеге асырудың іс жүзіндегі фазасына шығу, сондайақ, бүтіндей алғанда, əлемдік экономиканың құбылмалылығы мен РФ-ның санкциялық қарсы тұруы жағдайларында сауда-экономикалық өзара іс-қимылдар белсенділігін арттыруды қоса алғанда, екіжақты қарым-қатынастардың барлық спекторы бойынша ынтымақтастықты тереңдету жөніндегі үнқатысулар одан əрі жалғасты. 2015 жылы Мемлекет басшысының күш-жігерінің арқасында Қы тай Халық Республикасымен ынтымақтастық сапалы жаңа деңгейге шықты. Қарқынды саяси үнқатысу сауда-экономикалық, инвестициялық, қаржылық жəне мəденигумани тарлық байланыс тарды кеңінен дамытуға жағдай жасайды. ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің президенттік сайлаудан кейін Қазақстанға келген алғашқы шетелдік лидер болуының өзі де атап айтарлық. Президент Н.Ə.Назарбаевтың үстіміздегі жылдың қыркүйегіндегі Қытайға мемлекеттік сапары жəне оның Пекинде өткен фашизммен күрестегі Жеңістің 70 жылдығына арналған парадқа қатысуы жанжақты стратегиялық əріптестіктің жоғары деңгейін растай түсті. Сапар қорытындысы бойынша, Жан-жақты стратегиялық əріп тестік қатынастардың жаңа сатысы туралы декларацияға, ҚР мен ҚХР арасындағы 2015-2020 жыл дарға арналған өңіраралық

ынтымақтастық бағдарламасына, сондай-ақ, жалпы сомасы 23 млрд. долларды құрайтын 45 бірлескен нысандарды жүзеге асыру бойынша бірқатар маңызды үкіметаралық жəне инвестициялық келісімдерге қол қойылды. Қытай мен Қазақстанның «Нұрлы Жол» жəне «Жібек жолының экономикалық белдеуі» ұлттық даму бағдарламаларын түйістіру туралы уағдаластық маңызды мəнге ие болды. Жібек жолы дəстүрлерін қайта қалпына келтіру Ұлы Дала мен Аспанасты елінің арасындағы үзіліссіз байланыстардың үлгісі ретінде қызмет етеді. Үстіміздегі жылдың мамырында Президент Н.Назарбаев əлемнің 90 елінен үш мыңнан астам қатысушыны жинаған VIII Астана экономикалық форумы ның жұмысына қатысты. Қазақ стан Президенті Люксембург пен Литваның премьерминистрлерімен, нобельдік лауреаттармен, халықаралық ұйымдар мен компаниялар басшыларымен кездесулер өткізді. Форумда Мемлекет басшысы саудадағы, көліктегі, энергетика мен басқа да салалардағы интеграцияның бірегей ережесін құруды ұсына отырып, Біріккен еуразиялық экономикалық кеңістік идеясын ұсынды. Жаһандану жағдайында қазақстандық Көшбасшының бастамасы айрықша көкейкестілікке ие. АЭФ сарапшыларының болжамы бойынша, 2025 жылға қарай Азия мен Еуропа арасындағы жалпы сауда көлемі екі еселеніп, 1,2 трлн. долларды құрайтын болады. Еуразиядағы əлемдік экономиканың өсуінің драйверлерінің бірі бола алатын біртұтас көлік-логистикалық жүйе қалыптасуда. Бұл тұрғыда ЕАЭО, ҚХР-дың «Жібек жолының экономикалық белдеуі» жəне ЕО арасында өзара іс-қимылдарды жолға қою жаһандық оң тиімділік əкеледі. Мемлекет басшысының қатысуымен үстіміздегі жылдың 10-11

маусымында Астанада өткен Əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидерлерінің V съезі шетелдік делегациялар өкілдерінің жоғары деңгейімен атап өтілді. Осылайша, БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун, Финляндия президенті Саули Ниинистё жəне Иордания королі Абдалла ІІ сияқты жоғары мəртебелі меймандардың қатысуы жаһандық сын-қатерлерге қарсы тұру үшін дін лидерлері мен саясаткерлердің келісілген ісқимылдарының қажет екендігінің маңызды белгісі болды. Нұрсұлтан Назарбаев форум мінберінен Бүкіл əлемнің саяси жəне рухани лидерлеріне қолда бар мүмкіндіктерді соғыстар мен даужанжалдарды тоқтату, жаһандық саясаттағы сенімді қалпына келтіру үшін пайдалануға шақырды. Діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұрудағы Дін лидерлері кеңесінің рөлін арттырудың маңыздылығы атап көрсетілді. БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун Əлемдік жəне дəстүрлі діндер съезінің қызметін, сондай-ақ, Қазақстанда құрылған этносаралық жəне конфессияаралық татулық пен келісім моделін жоғары бағалады. Осыдан 15 жыл бұрын Н.Ə.Назар баевтың бастамасымен шақырылған діни форумның маңызды жəне ықпалды үнқатысу алаңына айналғаны атап өтілді. «Бүгінде əлем экстремизм мен терроризмнен зардап шегіп отырған шақта жеккөрушілікке қарсы тұруға үндейтін дін лидерлерінің дауыстары жиірек жəне жақсырақ естілгені қажет», деп атап көрсетті БҰҰ Бас хатшысы. 2015 жыл Қазақстан мен Үндістанның ынтымақтастығының белсенді бола түсуімен есте қалды, оған Н.Ə.Назарбаев пен Үндістан Премьер-министрі Н.Мо дидің үстіміздегі жылдың шілдесіндегі келіссөздері үлкен серпін берді. Үндістанмен стратегиялық

əріптестікті дамыту Қазақстанның сыртқы саясатының азиялық векторының басымдықтарының бірі деп, атап өтті Мемлекет басшысы. Сомасы 5 миллиард доллар болатын екіжақты құжаттарға қол қойылу келіссөздердің іс жүзіндегі нəтижелеріне айналды. Ол жобалардың қатарында «Сəтбаев» мұнай блогындағы барлау мақсатындағы бұрғылауды бастау, 2015-2019 жылдар кезеңінде Үндістанға 5 мың тонна уран жеткізу, сондай-ақ, үндістандық компаниялардың ЭКСПО-2017-ге қатысуы сияқты шаралар бар. Жаһандық экономикалық дамудың жаңа орталықтары болып табылатын Қытаймен жəне Үндістанмен ынтымақтастықты ұлғайту Қазақстан үшін стра тегиялық маңызға ие. Сарапшылардың болжамы бойынша, 2025 жылға қарай Пекин мен Дели өздерінің экономикалық əлеуеті жағынан Жер шарында жетекші позицияларға шығады, ал БРИКС (Бразилия, РФ, Үндістан, Қытай, ОАР) тобы елдерінің жиынтық ұлттық табысы Батыс елдерінің көрсеткішінен асып түседі. Осы тұрғыда Президент Н.Ə.Назарбаевтың үстіміздегі жылдың 9 шілдесінде Уфада өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымы жəне БРИКС елдері лидерлерінің саммитіне қатысуы маңызды мəнге ие болды. Мемлекет басшысы өз сөзінде ЕАЭО, ШЫҰ жəне БРИКС-тің əлемдегі өсіп келе жатқан рөлін атап көрсетті. ШЫҰ алдында тұрған міндет ретінде ол терроризмді қаржыландыру көздерін жою мақсатындағы, Зорлық-зомбылық экстремизмінің алдын алу жөніндегі ісқимылдар жоспарын əзірлеуде БҰҰ күш-жігеріне қолдау көрсету, жаһандық қауіптермен жəне сын-қатерлермен күрестегі Шанхай ұйымының рөлін арттыру мəселелерін атады. ЕАЭО мен ШЫҰ арасындағы үнқатысудың кең көлемді

транс құрлық тық ынты мақтастық үшін жағдай жасайтындығы атап өтілді. «ЕАЭО-ШЫҰ-ның көлбеу көлік артерияларын жəне БРИКС-тің тік көлік артерияларын жалғастыру сауданы буырқанта өсіруге қабілетті. Болашақта біздің аймақтарымызда ортақ бірлестік пен ортақ сауда аймағын құруға болады», деп мəлімдеді Мемлекет басшысы. ШЫҰ саммиті Үндістан мен Пəкістанның қосылуы туралы шешім қабылдануымен ерекшеленді. Ұйымның кеңеюі Шанхай үдерісінің еуразиялық кеңістіктегі қажеттілігін бейнелейді. 2015 жылдың 27 шілдесінде Президент Н.Ə.Назарбаев Женевада Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) Бас кеңесінің отырысында сөз сөйледі. Бұл күн Қазақстанның ДСҰ-ға қосылған күн ретінде тарихқа енді. Мемлекет басшысы мүшелікке өту туралы хаттамаға қол қойды. Қазақстан ДСҰ-ның 162ші толық құқылы мүшесі болды. Өз сөзінде Нұрсұлтан Назар баев жаһандық нарыққа интеграцияланудағы Қазақстанның орасан зор жолын атап көрсетті. Мемлекет басшысының бағалауынша, ДСҰ-ға өту Қазақстанның реформалар мен заманауи нарықтық экономиканы жəне сауданы құру саласындағы табыстарын халықаралық мойындаудың көрсеткішіне айналды. Дүниежүзілік сауда ұйымы сауда саласындағы жаһандық басқарудың неғұрлым беделді жəне ықпалды ұйымы болып табылады. Қазақстанның ДСҰ жұмысына толық құқылы мүше болуы көптеген шетелдермен сауда экономикалық ынтымақтастықта неғұрлым кең мүмкіндіктер мен перспективалар ашады. Үстіміздегі жылдың жазында Мем лекет басшысы Миландағы Бүкілəлемдік ЭКСПО-2015 көрмесіндегі Қазақстанның ұлттық күнінің ашылуына қатысты. Ол Италия Премьер-министрі М.Ренцимен кездесіп, бизнес-форумда сөз сөйледі, оның қорытындысы бойынша сомасы 500 миллиард доллар болатын 20-дан астам коммерциялық келісімдерге қол қойылды. Президент Н.Ə.Назарбаевтың қатысуымен өткен халықаралық ісшаралардың жазғы тығыз кестесі үстіміздегі жылдың 27 тамызында Қазақстанға Төмен байытылған уран банкін құру туралы келісімге қол қою рəсіміне келген МАГАТЭ Бас директоры Ю.Аманомен жəне АҚШ-тың экс-сенаторы С.Наннмен кездесумен аяқталды. МАГАТЭ-мен келісімге қол қоюдың Қазақстан Көшбас шы сы ның бастамасымен БҰҰ-да Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні ретінде аталып өтетін Семей полигонының жабылу күні қарсаңында өтуі де символдық мəнге ие. Нұрсұлтан Назарбаев Банкті құру ядролық таратпау режімін нығайту жəне атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану ісін нығайтуда бетбұрысты сəт болатындығын атап көрсетті. Оның өзі Қазақстанға ядролық қарудан ада əлем құруға өлшеусіз үлес қосқан мемлекет ретінде

жоғары сенімнің арқасында мүмкін болды. МАГАТЭ басшысы Ю.Амано Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық антиядролық қозғалыстағы көшбасшылығы осы маңызды бастаманы жүзеге асыруда шешуші рөл атқарғанын атап көрсетті. Ол МАГАТЭнің жəне бүкіл халықаралық қоғамдастықтың атынан Қазақстан Көшбасшысына өзінің терең ризашылық сезімін білдірді. Үстіміздегі жылдың қыркүйек айында өткен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты шараларға Н.Ə.На зарбаевтың шақыруы бойынша Əзербайжан президенті И.Əлиев, Қырғызстан президенті А.Атамбаев, Түркия парламентінің төрағасы И.Йылмаз жəне басқа да шетелдік қонақтар қатысты. Бауырлас елдердің басшылары, сондай-ақ, 11 қыркүйек күні Астанада ұйымдастырылған 5-ші Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығының саммитіне де қатысты. Осы басқосуда сөз сөйлеген Н.Ə.Назарбаев мерейтойлы саммит түркі əлемі елдері ынтымақтастығының маңызды сатысы, Шығыс пен Батысты жалғайтын көпір бола алатынын атап өтті. Сонымен қатар, түркі халықтарының əлемдік мəдениетке қосқан үлесі көлденең тартылды. Түркия президенті Р.Ердоған жыл басында, президенттік сайлауға бар болғаны бірнеше күн қалғанда мемлекеттік сапармен (үстіміздегі жылғы 15-17 сəуір) Қазақстанда болды. Н.Ə.Назарбаев пен Р.Ердоған түркі əлемінің рухани орталығы – Түркістан қаласына барды. Мемлекет басшылары Үкімет басшыларының қатысуымен өткен Стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің отырысына қатысты. Сауда-экономикалық жəне инвестициялық мəселелер талқыланған мəжілісте сомасы 1,5 миллиард доллар болатын бірлескен іскерлік жобаларды жүзеге асыру туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді. 2015 жылдың күзіндегі аса ірі сыртқы саяси оқиға Мемлекет басшысының БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші мерейтойлы сессиясына қатысуы болды. Үстіміздегі жылдың 26-29 қыркүйегінде өткен Нью-Йорктегі дебаттар адамзат дамуының жаңа парадигмасын жасау мəселесі өткір тұрғанын көрсетіп берді. Міне, Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық бастамалары нақ осыған бағытталды. Қазақстан Көшбасшысы мəні жаһандық дамудың қағидатты жаңа трендтерін айқындау болып табылатын Жаһандық Стратегиялық Бастама – 2045 жобасын жасауды ұсынды. Бұл ұсыныстың ерекшелігі – əлемдік инфрақұрылымдарға, технологиялар мен ресурстарға жəне рыноктарға барлық ұлттардың əділетті негізде қол жеткізуі болып табылады. Мемлекет басшысы БҰҰ-ның ядролық қарудан азат əлем құруға қол жеткізу жөніндегі Жалпыға ортақ декларациясын қабылдауға шақырды, сондай-ақ, жаһандық антиядролық қозғалыс құруға бастамашылық танытты. Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ туы астында терроризмге қарсы ісқимылдың біртұтас əлемдік желісін құру, сонымен қатар, экстремизм мен терроризм қылмыстарына қатысы бар адамдарды іздеудің, ұстаудың тиімді іс-қимыл тетігін жасау туралы бастамасының көкейкестілігі өте зор. Елбасы, сондай-ақ, əлемдік қоғамдастыққа терроризммен күресте əмбебап жəне міндетті нормалар мен құқықтар қажет екенін атап көрсетті. Қазақстан Президенті БҰҰ-ның жоғары деңгейдегі Халықаралық конференциясын шақыру жолымен халықаралық құқықтың арқаулық қағидаттарын қуаттауға шақырды. Бұл бастама халықаралық жағдай ушыға түсіп отырған қазіргі жағдайда үлкен маңызға ие бола түсетіні айтпаса да түсінікті. Өйткені, Сириядағы жағдай да өңірлік жанжалға ұласып кету қаупін туғызып отыр. Қазақстан Көшбасшысы Ұлттар Ұйымының штаб-пəтерін Азия құрлы ғына көшіру идеясымен тұңғыш рет шықты, бұл бастама əлемдік қоғамдастықта айтарлықтай резонанс туғызды. Мемлекет басшысының НьюЙоркте БҰҰ мінберінен жəне Парижде ЮНЕСКО мінберінен алғаш рет қазақ тілінде сөз сөйлеп, оның ілеспе аударма арқылы Ұйымның ресми алты тіліне аударылуында нышандық мəн бар. 2015 жылдан кейінгі кезеңде БҰҰның Даму саласындағы күн тəртібін қабылдау бойынша өткен саммитінде сөз сөйлеген Н.Ə.Назарбаев ХХІ ғасыр да ЕАЭО-ны Жібек


3

www.egemen.kz

8 желтоқсан 2015 жыл

 Əлем жəне Қазақстан

СЕНІМДІ БАЄЫТЫ жылєы халыќаралыќ ќызметіне шолу жолының Экономикалық белдеуін жəне Еуропалық одақты біртұтас интеграциялық жобаға біріктіретін Үлкен Еуразия идеясы төңірегіне топтасудың маңызын атап көрсетті. Сондай-ақ, əр мемлекет жыл сайын өзінің қорғаныс бюджетінің 1 пайызын БҰҰ-ның Орнықты даму мақ саттарына арналған Арнайы қорына аударып тұру туралы ұсыныс ілгерілетілді. БҰҰ Бас Ассамблеясы 70ші сес сия сының алаңдарында Н.Назарбаевтың АҚШ президенті Б.Обамамен, Люксембург премьерминистрі К.Беттельмен, Польша президенті А.Дудамен жəне басқа шетелдік лидерлерімен екіжақты кездесулері болып өтті. 2015 жыл Қазақстанның Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы табысты төрағалығымен есте қалмақ. Үстіміздегі жылдың қазан айында Бурабай курорттық аймағында Н.Ə.Назарбаев қорытындысы бойынша БҰҰ-ның 70 жылдығы туралы жəне халықаралық терроризммен күрес бойынша мəлімдеме қабылданған ТМД мемлекеттері басшыларының мəжілісін өткізді. Əлемдегі қазіргі ахуалды есепке ала келгенде, ТМД Мемлекет басшылары кеңесінде (МБК) негізгі назар қауіпсіздік пен құқықтық тəртіпті қамтамасыз ету мəселелеріне аударылды. 2020 жылға дейінгі Əскери ынтымақтастық тұжырымдамасы, 2016-2020 жылдарға арналған сыртқы шекаралардағы шекаралық қауіпсіздікті нығай ту ынты мақтастығының бағдарламасы, ТМДға қатысушы елдердің төтенше жағдайлар саласындағы алдын алу мен зардаптарын жою жəне басқа да құжаттар бекітілді. ТМД саммиті қарсаңында Мемлекет басшысы Ресей президенті В.Путинмен жəне Украина президенті В.Порошенкомен осы елдер лидерлерінің Қазақстанға сапарлары шеңберінде келіссөздер жүргізді. Келіссөздер барысында екіжақты ынтымақтастық тақырыбымен қатар, Н.Ə.Назарбаевтың күшжігері Қазақстанның посткеңестік кеңістіктегі негізгі екі əріптесі – Ресей мен Украина арасындағы қарым-қатынасты реттеу мен өзара түсіністік таныту, кейбір мəселелерде мəмілеге келу жолдарын іздестіру үдерістеріне бағытталды. Қазақстанның Беларусьпен ынтымақтастығы кеңейіп келеді. 2015 жылы жоғары деңгейде оншақты кездесу өтті. Үкіметаралық жəне ведомстволараралық байланыстар ырғақты даму үстінде. Ауыл шаруашылығы жəне коммуналдық техника өндірісі бойынша бірқатар бірлескен кəсіпорындар құрылған. Беларусь пен Қазақстан арасындағы достықты дамытуға қосқан сүбелі жеке үлесі үшін президент Александр Лукашенко Нұрсұлтан Назарбаевты «Халықтар достығы» орденімен марапаттап, оны ТМД МБК-ның мəжілісінде салтанатты жағдайда тапсырды. Үстіміздегі жылдың 14 қыркүйегінде ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясы қарсаңында болған Қазақстан Президентінің Тəжікстанға ресми сапары

шеңберінде Қазақстан Республикасы мен Тəжікстан Респуб ли касы арасындағы Стратегиялық əріптестік туралы шартқа жəне басқа да бірқатар келісімдерге қол қойылып, екі ел халықтарының игілігі жолындағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды. Азия алаңдарында жыл бедерінде Нұрсұлтан Назарбаев құрлықтың жетекші он елінің мемлекет жəне үкімет басшыларымен келіссөздер жүргізді. Жоғарыда айтылып кеткен Қытай, Үндістан жəне Түркия лидерлерімен кездесуден бөлек, Мемлекет басшысының Иордания королі Абдалла ІІ-мен, Малайзия премьер-министрі Н.Разакпен жəне Пəкістан премьер-министрі Н.Шарифпен, сондай-ақ, Ауғанстан президенті М.Ғанимен келіссөздері өтті. Н.Назарбаевтың үстіміздегі жылдың 26-28 қазанында Жапония премьер-министрі С.Абэмен болған нəтижелі келіссөздері үлкен маңызға ие. ІЖӨ көлемі бойынша əлемде үшінші орын алатын жапон елі Премьер-министрімен кездесу екіжақты ынтымақ тастыққа қуатты серпін қосты. Қазақстанда этанол өндіру, Онкологиялық аурулар диагностикасы орталығын құру, автомобильдердің жаңа модельдерін шығару, көлік терминалдарының құрылысы туралы, т.б. уағдаластықтарға қол жеткізілді. Тұтастай алғанда, сомасы 1 миллиард доллардан асатын 16 келісімшартқа қол қойылды. Нұрсұлтан Назарбаев пен Синдзо Абэнің ядролық сынақтарға тыйым салу туралы бірлескен мəлімдемесі ЯҚЖТШ-ның жедел күшіне енуіне ықпал ету бойынша халықаралық күш-жігерге қосылған маңызды үлес болып табылды.

Н.Ə.Назарбаевтың үстіміздегі жылдың 25-26 қазанындағы Катар Мемлекетіне ресми сапары Қазақстанның мұсылман əлеміндегі беделін жоғарылатуға оң əсерін тигізді. Жалпы құны 1 миллиард доллардан асатын бірлескен жобаларды жүзеге асыру туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді. Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлыбритания (3-4 қараша) мен Францияға (5-6 қараша) нəтижелі сыртқы саяси турнесі жылдың Еуропа бағытындағы айтулы оқиғалары болды. Лондондағы келіссөздерде саяси үнқатысуды нығайту, саудаэконо микалық жəне инвес тициялық ынты мақтастықты тереңдету бағыттарында маңызды уағдаластықтарға қол жеткізілді. Халықаралық күн тəртібінің шетін мəселелері талқыланды. Кездесулер салтанаты мен келіссөздер Қазақстан мен Ұлыбританияның саяси басшылығының қарым-қатынастарында бір-біріне құрметтің, сенім мен өзара түсіністіктің аса жоғары деңгейі қалыптасқанын көрсетіп берді. Королева Елизавета ІІ Нұрсұлтан Назарбаевтың Лондонға сапарына жоғары баға бере келіп, оның нəтижелері екі ел халықтарының арасындағы достық қарымқатынасты нығайту мен өркендетуге қызмет ететініне сенім білдірді. Премьер-министр Д.Кэмерон «Қазақстанның индустрияны, инвестициялар мен сауда-саттықты дамыту салаларында адам таңқаларлық табыстарға жеткенін» мəлімдеді. Мемлекет басшысының Ұлыбританияның іскер топтарының өкілдерімен кездесуі жəне ҚазақстанҰлыбритания Сауда-экономикалық

ынтымақтастық жөніндегі ІІ үкіметаралық комиссия отырысына қатысуы үлкен маңызға ие болды. Сапардың қорытындылары бойынша сомасы 9 миллиард доллардан асатын 17 коммерциялық келісімді қоса алғанда, 40 екіжақты құжаттарға қол қойылды. Парижде Мемлекет басшысы президент Ф.Олландпен, Францияның саяси жəне іскер топ өкілдерімен келіссөздер жүргізді. Францияның Қазақстанның ЕОдағы жетекші əріптестері қатарына кіретіні атап көрсетілді. Сыртқы сынақтарға қарамастан, тауар айналымы 6 миллиард доллар деңгейінде сақталып келе жатса, Францияның инвестициясы 12 миллиард доллардан асып отыр. Саудаэкономикалық, инвестициялық жəне мəдени-гуманитарлық салалардағы байланыстарды кеңейту туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді. Екі ел басшылары халықаралық күн тəртібінің көкейкесті мəсе лелерін талқылады. Украинадағы дағдарысты реттеуде прогресс бар екені атап өтілді. Қазіргі заманғы сын-қатерлермен жəне қауіптермен күрестегі ынтымақтастық мəселелеріне ерекше назар аударылды. Мемлекет басшысы Ф.Олландты Қазақстанның БҰҰ туы астында терроризмге қарсы іс-қимыл танытатын біртұтас əлемдік желі құру туралы бастамасынан хабардар ете келіп, Франция басшысына екі елдің күш-жігерін жаһандық қатерлермен күресте біріктіруді ұсынды. Келіссөздер қорытындылары бойынша Бірлескен декларация қабылданып, Францияның ЭКСПО-2017 көрмесіне қаты саты ны туралы шартқа, сондай-ақ, жалпы сомасы

шамамен 2 миллиард доллар болатын 10-нан астам коммерциялық келісімдерге қол қойылды. Парижде Нұрсұлтан Назарбаев ЮНЕСКО-ның штаб-пəтерінде болып, осы беделді халықаралық ұйымның басшылығымен кездесті жəне ЮНЕСКО Бас конференциясының 38-ші сессиясына қатысты. Конференцияда сөйлеген сөзінде Қазақстан Президенті терроризм мен экстремизмді шешімді түрде жазғыра келіп, осы қауіпті сын-қатерге қарсы іс-қимыл таныту үшін біртұтас халықаралық майдан қалыптастыруға шақыр ды. Н.Ə.Назарбаев ислам радикализмімен күрестегі күш-жігер бейбітсүйгіш исламға көзқарасты қатаңдатуға алып келмеуі тиістігін атап көрсетті жəне «Ислам терроризмге қарсы» форумын шақыруды ұсынды. Жақында Францияда, Египетте жəне Малиде жасалған жантүршігерлік лаңкестіктер аясында Қазақстан Көшбасшысының БҰҰ мен ЮНЕСКО мінберлерінен айтылған антитеррорлық бастамалары өзінің көкейкестілігімен ерекшеленгені айтпаса да түсінікті. Олар «шебер саясаткер болу – демек, дер кезінде шара қабылдау» деген белгілі ақиқатты қуаттап берді. Қазақстан Көшбасшысының маңызды қасиеті оның саяси оқиғаларды өткір сезіну қабілеті, оқиғаның дамуын алдын ала көре біліп, дер кезінде бастамалар ұсынуы болып табылады. Америка бағыты президенттер Н.Назарбаев пен Б.Обаманың НьюЙорктегі жемісті келіссөздерімен атап өтілсе, оның практикалық нəтижесі Астана мен Вашингтон арасындағы стратегиялық əріптестікті нығайтуда

үлкен маңызға ие АҚШ Мемлекеттік хатшысы Дж.Керридің Қазақстанға алғашқы ресми сапары болды. Үстіміздегі жылдың 28 қыркүйегінде Нью-Йоркте, сондайақ, Қазақстан Президентінің америкалық бизнестің «капитандарымен» – АҚШ-тың Guggenheim JP Morgan Pfizer Blackstone секілді жəне басқа да аса ірі компанияларының, инвестициялық қорлары мен қаржы институттарының басшыларымен кездесуі болып өтті. Кездесу барысында компаниялардың Қазақстан экономикасын дамытуға əрі қарай қатысу жолдарын кеңейту, Астанада Халықаралық қаржы орталығын құру шеңберінде ынтымақтастықты арттыру мүмкіндіктері қарастырылды. 2015 жылы көпжақты форумдар мен екіжақты сапарлар аясында Президент Нұрсұлтан Назарбаев іс жүзінде «Үлкен жиырмалықтың» (G-20) барлық лидерлерімен: Бразилия, Ұлыбритания, Германия, Үндістан, Италия, Қытай, Мексика, Ресей, АҚШ, Түркия, Франция, Оңтүстік Корея, Оңтүстік Африка Республикасы, Жапония, сондай-ақ, Еуропалық одақ елдерінің басшыларымен кездесіп, келіссөз жүргізді. Н.Ə.Назарбаевтың Еуропалық одақ басшылығымен келіссөзі барысында негізгі тақырыптардың бірі Қазақстан мен ЕО арасында кеңейтілген əріптестік пен ынтымақтастық туралы жаңа келісімге қол қою болды. Аталған құжат бойынша экономика, саудасаттық жəне инвестициялар секілді маңызды салаларды қоса алғанда, ынтымақтастықтың 30-дан астам саласы қамтылып отыр. Алда Қазақстан РеспубликасыЕуропалық одақ арасында ЕОның Шетел істері жəне қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Ф.Могеринидің қатысуымен жасалатын жаңа келісім 2015 жылдың кең ауқымды əрі теңдессіз сыртқы саяси ынтымақтастық маусымын аяқтайтын болады. * * * Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылғы халықаралық қызметінің қорытындысын шығара отырып, Мемлекет басшысының осы бағытта үлкен күш-жігер жұмсағанын атап өткен орынды. Сонымен, өтіп бара жатқан жылы Н.Ə.Назарбаев шетелдерге 13 сапар жасап, жол жүрсе, олардың 1-еуі мемлекеттік, 5-еуі ресми сапарлар болып табылады. Елбасы, сондай-ақ, 23 халықаралық саммиттер мен форумдарға қатысты. Қазақстанға сапарлармен 13 шет елдің мемлекет жəне үкімет басшылары келсе, олардың 2-уі мемлекеттік, 8-і ресми сапарлар болды. Жыл бойына Қазақстан Президентінің шамамен 100 шақты мемлекет жəне үкімет, халықаралық ұйымдар мен компаниялар басшыларымен, шетелдік саяси жəне қоғам қайраткерлерімен кездесулері болды, сондай-ақ, 50-ден астам рет телефон арқылы сөйлесті. Мемлекет басшысының қатысуымен өткен халықаралық шаралар барысында ынтымақтастықтың түрлі салаларында, оның ішінде жалпы сомасы шамамен 46 миллиард

доллар болатын 130 коммерциялық келісімшарттар бар, 200-дей екіжақты құжаттарға қол қойылды. Мемлекет басшысы Қазақстанға келген 15 шетелдердің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдап, Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық корпуспен жыл сайынғы кездесуге қатысты. Президенттің авиалайнері шетелдік ұшуларда əуе ке ңістігінде шамамен 140 сағат болып, 100 мың шақырымнан астам қашықтықты ұшып өтті. Халықаралық сапарлардың географиялық ауқымы өте кең, яғни іс жүзінде Азия, Америка жəне Еуропа құрлықтарының барлық маңызды елдерін қамтиды. * * * Қазақстан Президентінің «Үлкен жиырмалық» елдері лидерлерімен, сондай-ақ, Əзербайжан, Ауғанстан, Венгрия, Венесуэла, Вьетнам, Египет, Қырғызстан, Куба, Литва, Люксембург, Моңғолия, Нидерланд, Пəкістан, Сербия, Тəжікстан, Хорватия, Чехия жəне басқа да елдер басшыларымен келіссөздері Мемлекет басшысының жоғары халықаралық беделінің, Қазақстанның тəуелсіздік жылдарында қол жеткізген табыстары мен Нұрсұлтан Назарбаевтың халық аралық саясаттағы көкейкесті проблемаларды шешудегі белсенді конструктивті рөлін танудың жарқын көрінісі болды. Шетелдік əріптестерімізге Қазақстан Көшбасшысының қарусыздану мен таратпау саласындағы бастамаларының, Украинадағы дағдарысты, Иранның ядролық бағдарламаларын, Ауғанстан проблемасын, Таяу Шығыстағы жағдайларды реттеу, жаһандық сынқатерлер мен қауіптерге қарсы əрекет ету, өркениетаралық үнқатысу мен халықаралық күн тəртібіндегі басқа да көкейкесті тақырыптарға қатысты ұстанатын дана, салмақты көзқарасының жағымды əсер ететіні сөзсіз. Президент Н.Ə.Назарбаевтың сыртқы саяси жұмысының аса маңызды қорытындылары Қазақстанның жаңа халықаралық кескінде лайықты орнын қамтамасыз етуі, еліміздің дамыған нарықтық экономикасы мен тəуелсіз сыртқы саясаты бар ықпалды өңірлік держава ретінде əлемдік кеңістікке сенімді кірігуі болып табылады. Қазақстан Көшбасшысының белсенді халықаралық қызметі еліміздің ішкі дамуын қамтамасыз ету, экономиканы өсіру, индустриялық-инновациялық жəне инфрақұрылымдық жаңғыртуларды жүзеге асыру, елдің бəсекеге қабі леттілігін, халықтың əл-ауқатын арттыру, сондай-ақ, қоғамды топтастыру, құқықтық мемлекет пен демократиялық институттарды нығайту үшін оңтайлы жағдайлар қалыптастыруға оң ықпал етіп отыр. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды əлемдік саясаттың «дауылдары» арасымен Отанымызды əлемдегі аса дамыған 30 елдің қатарына қосуды қарастыратын «Қазақстан-2050» Стратегиясының мақсаттарына сенімді түрде бастап келеді.


4

www.egemen.kz

8 желтоқсан 2015 жыл

ЌАЗАЌ ЕЛІНІЅ ЖАЅА САТЫЄА Н.Ə. Назарбаевтыѕ Ќазаќстан халќына арнаєан Жолдауына ќатысты Ќазаќстан Республикасы Ўлттыќ єылым академиясыныѕ МƏЛІМДЕМЕСІ

● Жолдау жауапкершілігі

Їздіксіз дамудыѕ сара баєыты Ерік СҰЛТАНОВ,

Солтүстік Қазақстан облысының əкімі.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты жаңа Жолдауын жариялады. Елбасы маңызды құжатта бүгінгі ахуал елдігімізді шыңдай түсетін уақыт екендігіне ерекше мəн берді. Тарихи құжаттың негізгі өзегі барлық мүмкіндіктерімізді пайдалана отырып, ел экономикасын үздіксіз дамыту мəселелері болып табылады. Жолдауда ширек ғасырда жаһандық шаруашылық байланыстарға қосылған егемен ұлттық экономика жəне ұлт тардың əлемдік отбасының толыққанды қатысушысына айналған мемлекеттің дағдарысты еңсеру мүмкіндіктері жан-жақты сараланып, кең ауқымды іс-қимылдар жоспары түзілді. Мемлекет қандай жағдайда да əлеуметтік міндеттемелерді мүлтіксіз орындап келеді. Біздің дағдарысқа қарсы басты стратегия мыз Елбасы атап өткендей, «үш қарапайым, бірақ маңызды – өсім, реформалар, даму ұғымдарымен үндес». Жолдауда тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету, өзара бəсекелестікті артты ру стратегиясында шикізат ресурстарына ғана қарап қал майтын экономика құрудың маңыздылығы қадап айтылды. Өңірдің Индустрияландыру картасына жалпы инвестиция сомасы 27 миллиард теңгеге тең 39 жоба енгізілді. Инфрақұрылымды дамытудың «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 3 миллиард теңгеден асатын 11 жоба іске асырылуда. Жаңа əлеуметтік нысандар, мектептер, 320 орындық балабақша салудың, тұрғын үй-коммуналдық, кө лік тік жəне энергетикалық

инфрақұрылымдарға жаңғырту жүргізудің кешенді шарасы қабылданды. Бес институттық реформаны орындауға арналған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындаудың аумақтық бағдарламасы белгіленді. Басты назар инновациялық индустрияландыруды жүзеге асыру аясында құрылатын жаңа секторлар арқасында экономикалық өсімді қамтамасыз етуге аударылып отыр. Жүк вагондарын, астық жəне жемазық жинайтын техника, үлкен диаметрлі пластик құбырлар шығарудың келісімшарттары жасалып, мұнай кəсіпорындарына ұңғыма сорғылар жасау жəне қаймағы алынбаған өнімдер өндіру өндірісі жаңғыртылды. Ауыл шаруашылығы өнімдерін ұқсату бойынша жаңа зауыттарды іске қосу, заманауи көліктік-логистикалық орталық салу мақсатымен Қытай Халық Республикасы, Голландия, Италия жəне Ресей Федерациясы сияқты шетелдік əріптестермен 153 миллиард теңгенің жаңа жобалар келісіміне қол қойылды. Тоқтап тұрған кəсіпорындарға сараптама жасалып, 13 кəсіпорынды іске қосудың «Жол картасы» əзірленді. Соның бірі – Тайынша ауданындағы «Биохим» зауыты. Кешен жұмысына Францияның «AXENS» компаниясы техникалық аудит жүргізіп, қазіргі уақытта «Bio Operation»

ЖШС-нің басқаруына берілді. Өндіріс орны толық қуатына көшкен кезде 400 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік туады. Кешен жылына 60 мың тоннаға дейін биоэтанол шығаруға қауқарлы. Президент жаңа Жолдауында дағдарысқа қарсы басты стратегияны айқындады. Қаржы секторын тұрақтандыру мақсатымен бюджет шығысы 3 миллиард теңгеге оңтайландырылды. Босаған бюджет қаражаты Жолдау тап сырмаларын орындауға, əлеуметтік сала жəне тұрғын үй нысандары құрылысын, инже нерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды аяқтауға, республикалық бюджеттің мақсатты трансферттері жəне Ұлттық қордың қаражаты есебінен жоспарланған құрылыс нысандарын бірлесіп қаржыландыруға жұмсалады. Облыста мемлекетжекеменшік əріптестігінің жақсы мысалдары көп. «СолтҚазЭнерго» АҚ, «Егоровские склады» жəне «Петрострой-Люкс» ЖШС-лері 800 орындық үш балабақшаның құрылысын жүргізуде. «Самигуллин» ЖКнің жеке қаражаты есебінен мектепке дейінгі мекеме ашылды. Алдағы жылы осындай мемлекетжекеменшіктік əріптестігі аясында 370 балаға арналған үш балабақша салу, қаланы жарықтандыру желісін жаңғырту, 1 МВт-ға фотоэлектрлі станса орнату, тұрғындарға амбулаторлық жəне стационарлық көмек көрсету үшін офтальмология орталығын салу жоспарланған. Коммуналдық меншік есебіндегі 220 мемлекеттік кəсіпорынның 39-ы жекешелендірудің екінші толқынына енді. Жолдауда индустрияландыру бағдарламасын орындауда жаңа инвестициялық саясаттың керектігі, жеке инвестициялар құюдың, оңтайлы орта қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді. Өңірде инвестициялық ахуалды жетілдіруге бағытталған

нұсқаулар біліктілікпен жалғастырылатын болады. Облыста инвестициялық қызмет оң өсімге ие. 10 айда 34 пайыздық өсіммен 124 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылды. Ин дустрияландырудың екінші бесжылдығы аясында 4,7 миллиард теңгенің 12 жобасы жүзеге асырылып, 370 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіледі. «Қызылжар су» ЖШС сумен жабдықтау жүйесін жаңғырту жəне қалпына келтіру үшін 2,2 миллиард теңге қарыз алу жөнінде Еуропа Қайта құру жəне даму банкімен несиелік шартқа қол қойды. Сөйтіп, кəсіпорын бойынша жалпы инвестиция көлемі 2016-2018 жылдары – 6,8 миллиард, «Жылу желілері» бойынша 12 миллиард теңгені құрайтын болады. Жыл басынан бері «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 4 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты. Бірінші бағыт бойынша 30 жоба жүзеге асырылып, 338 жаңа жұмыс орны құрылды. Екінші бағыт бойынша 235 жеңілдетілген шағын несие берілсе, үшінші бағыт аясында 129 адам кəсіби оқудан өтті. Жаңа əлеуметтік саясат жасау міндетінің бір алғышарты– мемлекеттік қолдау еңбек ете алатындардың қайта оқуға немесе еңбекпен қамту бағдарламаларына қатысулары негізінде ұсынылатыны. Демек, əлеуметтік саясаттағы мемлекеттің басымдығы адам капиталын дамытуға бағытталады деген сөз. Осыған орай жаңа жоба – «Баршаға арналған тегін кəсіптік-техникалық білім» бағдарламасы жарияланып, 2017 жылдан қолданысқа енгізіледі. Колледждер мен 80 кəсіпорын арасында 1200 келісімшарт жасалған. Жыл сайын 7 мыңнан астам студент кəсіптік тəжірибеден өтеді, оның 30 пайызы ақылы жұмыс орындарына тиесілі. Агроөнеркəсіп кешенінде

ұқсату кəсіпорындарының санын арттыру үшін 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құру арқылы 123 миллиард теңгенің 55 жобасын жүзеге асыру белгіленген. Бүгінгі күні шағын жəне орта бизнестің жалпы өңірлік өнім көлеміндегі үлесі 25 пайызды құрайды, бұл – республика бойынша 5-ші көрсеткіш. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде 41 миллиард теңгенің 718 жобасы мақұлданды. Осы кезеңде 14,5 мың жұмыс орны сақталып, 4,5 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Облыс биыл несиелерді кепілдендіру тетігі бойынша елімізде бірінші орынға шықты. «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының екінші бағыты аясында ауылдық кəсіпкерлерге жарты миллиард теңгенің 235 шағын несиесі берілді. Облыстық жəне аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеуден өткізуге биыл 5,2 миллиард теңге қаражат жұм салып, 252 шақырым жол жөнделді. Келесі жылы 5,6 миллиард теңгеге 360 шақырым жол қалпына келтіріледі. Үкіметтің резервінен бөлінген 4 миллиард теңгеге Петропавл əуежайының ұшу-қону жолағы жаңғыртылады. Жолақты ұзартып, кеңейту, жарық пен дабыл жабдықтарын орнату, жолаушылар терминалын қалпына келтіру жұмыстарына 2 миллиард теңге бағытталады. Жолдау – қоғамның жаңа сатыға көтерілуінің басты негізі, үкілі үміттердің берік тірегі. Бүгінгі жетістіктеріміз – Елбасы алдымызға бұған дейін қойған міндеттердің тиянақты орындалуының көрінісі. Мемлекет басшысы Тəуелсіздікті баянды ету жолында бірлігімізді одан əрі бекемдеп, аянбай тер төгуге шақырды. Стратегиялық құжатта айтылған ойлар мен көтерілген бастамалар əрбір солтүстікқазақстандықтың жүрегіне жетеді деген сенімдемін.

Ґнімніѕ сапалы, ыѕєайлы əрі арзан болєаны тиімді Мемлекет басшысының жылдағы дəстүрлі халыққа Жолдауын жалпы жамағаттың асыға күтетіні анық. Өйткені, онда өткенді саралап, алдағы жоспарларды жасауға деген бағыт пен бағдарлама баян етіледі. Қоғамның əр мүшесі өз мүмкіндігі мен қабілет-қарымына қарай үлес қосуға тиісті маңызды құжат елді ұйыстырып, ертеңге деген сенімін нығайта түсетіндігі көп жылдық тəжірибеден де белгілі. Президентіміздің биылғы Жолдауында тəуелсіз мемлекетіміздің 25 жылдығына аяқ басу барысындағы міндеттер мен басты беталысы айқындалды.

Нұрсұлтан Əбішұлы əлемдік сын-қа терлерді жеңе отырып, жаңа мүм кіндіктерге жол ашу, оны тиімді пай даланудың бағытын көрсетіп берді. Яғни, жалпы халық болып қиыншылықтарды еңсеріп, еліміздің тұ ғы рын мықтауымыз қажет. Бұл өз кезегінде дамудың жаңа даңғылына түсудің негізі екендігі де рас. Техникалық кадрларды дайындау жүйесін дамыту барысы да нақты кезеңдегі өте

қажеттіліктің бірі екендігі орынды атап көр сетілді. Өйткені, жаңа заманауи талаптар техникалық жəне кəсіби мамандардың біліктілігі арқылы жүзеге асырылады емес пе. Міне, бұл – көптің көкейіндегі сөз. Елбасы өз Жолдауын да жастарға үл кен қамқорлық танытылатындығына тоқталды. Өзінің мол тəжірибесімен бөлісе келе, оларды еңбектен қорықпауға, бастамашыл əрі белсенді болуға шақырды. Биік белестерді бағындыру

үшін жастарға бұл, əрине, керек. «Мамандықтың бəрі жақсы, шеберліктің шыңына жете біліңіздер», деді Президент. Осы орайда, 2017 жылдан бастап, «Баршаға арналған тегін кəсіптік-техникалық білім» бағ дар ламасының жүзеге асырылатындығы жастарға жол ашады, олардың болашағын бекем етеді деп ойлаймын. Кəсіпкерлерге қарата жекешелендірудің жаңа легіне белсене қатысып, ашық жұмыс істеуге шақыруы да өте дөп айтылған тұжырым деп білемін. Қуатты ел болу – бəсекеге қабілеттілікпен негізделеді. Қазақстанда

жасалған əр өнімнің сапалы, ыңғайлы, əдемі жəне арзан болуы ісіміздің өнімді, затымыздың өтімді болуын қамтамасыз етері анық. Сондықтан кəсіп иелері мемлекеттік қолдаудың шарапатын сезіне отырып, қайтарыммен еңбектенуге талпынулары тиіс. Иə, Нұрсұлтан Назарбаевтың аталған Жолдауының елді белсенді өмір сүруге, қоғам ісіне тығыз араласуға шақырған барша қолдайтын маңызды құжат екендігі түсінікті. Нұрмахан ЕЛТАЙ, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.

Қызылорда облысы.

Құрметті отандастар! Қазақстан Республикасы Президентінің кезекті Жолдауының басты ерекшелігі – елді экономикалық дағдарыстан шығаруға басымдық беріп отырғандығында. Ол бүкіл қазақстандықтарға, оның ішінде Қазақстан Республикасының ғалымдарына жаңа серпіліс беруі сөзсіз. Бəрімізге мəлім: мемлекеттің діңгегі – экономика, ал экономи каның діңгегі – ғылым жəне ғылымға негізделген инновациялық индустрия. Кез келген мемлекет экономикалық жетістікке, яғни байлыққа қолын осы индустрия арқылы жеткізе алады. Əрине, ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы керек, бірақ индустриясыз мемлекет байымайды. Қазірдің өзінде ішкі жалпы өнім (ІЖӨ) жағынан Қазақстан алдыңғы қатарда – ол көрсеткіш 186 млрд. АҚШ долларын құрайды (2015 жылғы тамыз айына дейінгі көрсеткіш). Салыстыру үшін келтірейік: Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан жəне Тəжікстанды қосқанда, олардың ІЖӨ-лері 81 млрд. АҚШ долларын құрайды, Украинаның ІЖӨ-сі 164 млрд. АҚШ долларына тең, яғни бізден 22 млрд. АҚШ долларына төмен, ал халқының саны бізден 3 есе көп. Мемлекет басшысы Қазақстан ғылымына үнемі баса назар аударып отырады. Соңғы 10 жылда ғылымға бөлінетін қаржы 5 есеге көбейді. Стратегиялық жоспарға сəйкес 2020 жылы ғылымды қаржыландыру көлемі 8 есеге өсіп, ІЖӨнің 2,0%-ына жетпек. Бұл ғылыми зертханаларды заманауи құрал-жабдықтармен жарақтауға, сондай-ақ, дамыған елдердегідей, ғалымдарды жоғары жалақымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 30 қараша күні біз Дүниежүзілік сауда ұйымына кірдік. Нағыз бəсекелестік енді басталды. Егер

жергілікті тауар өндірушілер өз өндірісін ғылыммен сабақтастыра алмаса, олар бəсекеге төтеп бере алмай, банкротқа ұшырайтыны сөзсіз. Біз үшін, яғни ғылым, білім салаларының мамандары үшін ең маңыздысы – адам капиталына инвестиция салу, адам капиталын дамыту. Осы орайда, президенттік «Болашақ» бағдарламасын ерекше айтып өту керек. Бүгінгі таңда ол өзінің жемісін беруде. Биылғы Жолдауында Елбасы жаңа бастама көтерді. Президент жастарға мамандық меңгеруге қатысты кеңесін айта келе, тегін кəсіби жұмысшы мамандықтарын игеру үшін мемлекет тарапынан қаржы бөлінетіндігін айтты. Мемлекет басшысының білім беру саласына қатысты айтқан бұл сөздері көптің көкейінен шықты. Аталған салада ешқандай қаржылық қысқарту болмайтыны, алдағы уақыттар белесінде де қолдау көрсетіле беретіні баса айтылды. Бұл – Елбасының саяси көрегендігі. Себебі, адами əлеуетті дамыту арқылы дағдарысты еңсере алатынымызға сеніміміз кəміл. Елбасы қойған биік мақсаттарға біз бірлесіп қана, тұрақтылық пен келісімде ғана, түсіністік пен жауапкершілікте ғана қол жеткізе аламыз. Алдағы атқарылар істерде, мемлекетімізге ғылыми жаңалықтарды ашуға, сапалы мамандар, жетекші ғылыми кадрлар дайындауда, біз, отандық ғалымдар белсенділік танытып, бар мүмкіндіктерді пайдалана отырып, өз үлестерімізді қосуға дайынбыз. ҚР ҰҒА ғалымдары Елбасының Жолдауын іске асыруда Қазақстан халқын бірлікке жəне жұмыла еңбек етуге шақырады, себебі, біз – бір халықпыз, бір елміз жəне бəріміздің тағдырымыз бір!

ҰҒА-ның жалпы жиналысының сессиясында қабылданды.

Наќты міндеттер таразыланды Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

«Енді арқаны кеңге салып, жайбарақат жүруді заман көтермейді. Қай салада да табысқа жету жолдарын ойластырып, соған орай іс қылуымыз керек». Облыс əкімі Бейбіт Атамқұлов Елбасының халыққа арнаған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыру бағытында облыс активімен өткізген кездесуін осылай түйіндеді. «Шикізат бағалары құдилап, төмен түсіп кетті, енді одан түсетін табысқа малданбай, стратегиялық бағдарламаларды кезең-кезеңімен жүзеге асыруға тиіспіз», – деген өңір басшысы облыс экономикасының тұрақты өсімде екендігін нақты мысалдармен дəйектеді. Айтқандай, экономикалық ішкі жалпы өнім өткен жылмен салыстырғанда 1,2 пайызға өсіпті. Дағдарыстың алғашқы толқындары ұрған кезеңде аз да болса алға жылжушылық келер күндерге сенімділікті нығайтады. «Биылғы жылдың тоғыз айында 523,4 млрд. теңгенің өнеркəсіп өнімі өңдірілді. Ауыл шаруашылығы саласында да елеулі өсім байқалып, агрокəсіпорындар күшімен 300 млрд. теңгенің өніміне қол жеткіздік. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,9 пайызға сəйкес келеді. Көлік жəне байланыс салаларындағы табыс көлемі тиісінше 105,1 жəне 102,5 пайыз болып отыр», – деді облыс басшысы. Аймаққа инвестиция тарту мəселесінде жағымды жаңалықтар көп. Ұлттық компаниялармен 9,8 млрд. теңгені құрайтын 529 келісімшарт түзілген. Нəтижесінде өңірдің негізгі инвестициялық капиталының көлемі 323,3 млрд. теңгеге жетіп отыр. Шетелдік ка питалдың қатысуымен құны 1,7 АҚШ долларын құрайтын 29 жоба іске асты. Шетелдік инвесторларды тарту мақсатында оңтүстікқазақстандық кəсіпкерлер Түркия, Оңтүстік Корея елдерінде іссапармен болды. Мұндай сапарлар алдағы уақытта Ресей, Малайзия, Сингапур, Франция, Германия елдерінде жалғасын таппақ. Оңтүстік – аграрлы облыс. Жылыжай салу, тамшылатып суару, суармалы жерлерді игеру жəне егін, мал шаруашылықтары жөнінен республикада кеуде қатарда келеді.

Еліміз бойынша жылыжай салудан 87,7 пайызға дейін жеткен облыстың мемлекетімізді тұтастай көкөніс өнімдерімен қамтуға мүмкіндігі мол. Бірақ, сол мол өнімді ұқсатуды жəне жаңа технологиялар мен инновациялық игіліктерді пайдалануды жолға қою керек. «Өзіміз өндіретін ауыл шаруашылығы өнімдерінің бəсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында бақша, көкөніс, жеміс-жидек сақтайтын заманауи қоймалар салуымыз қажет. Осы мақсатта Шымкентте ірі сауда-логистикалық орталығын тұрғызу жоспарлануда», – деді облыс əкімі. Өңір басшысы атап өткендей, сауда-логистикалық орталығының жалпы көлемі 90 гектардан асады. Кешенде халықаралық стандарттарға сəйкес «А» жəне «Б» сыныпты ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтайтын заманауи қоймалар салынбақ. Мұндай қоймалар алдағы уақытта Сарыағаш жəне Мақтаарал аудандарында, Түркістан қаласында салынады деп жоспарлануда. Облыс əкімі халқы тығыз орналасқан, адам ресурсына бай өңірде жұмыспен қамтудың өте өткір мəселе екеніне тоқталды. «Бұл бағыттағы жұмыстар өңірімізде өз деңгейінде атқарылып келеді. Атап айтқанда, тоғыз ай көлемінде 51 мыңға жуық адам жұмыс орындарымен қамтылып отыр. Оның ішінде 36,4 мың азамат тұрақты жұмыс орындарына орналасты. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына сəйкес жыл басынан бері 194 млн. теңгені құрайтын 228 жоба мақұлданды. Бұл өз кезегінде 1622 жаңа жұмыс орындарын ашуға септігін тигізді», – деді облыс басшысы. Жолдауда көтерілген мəселелер еліміздің əлемдік дағдарыстан аз шығынмен шығып, алға қарай дамудың сатыларын міндеттейді. Нақты жолдары көрсетіледі. Елбасы қойған тапсырмалар кезең-кезеңімен орындалуы керек. Жиында сөз алған облыстық мəслихат хатшысы Қ.Ержан, «Қазақстан» РТРК облыстық филиалының директоры У.Қыдыр, облыстық славян этномəдени қоғамдық бірлестігінің мүшесі А.Шолгина, облыстық кəсіпкерлік мектебінің директоры Б.Дүйсебеков осы тұрғыда өз ойларын білдірді.

Оңтүстік Қазақстан облысы.


5

www.egemen.kz

8 желтоқсан 2015 жыл

КҐТЕРІЛУІНІЅ БАСТЫ НЕГІЗІ Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауын үлкен жауапкершілікпен тыңдадым. Олай дейтінім, бүгінде əлемді жаһандық дағдарыс теңселтіп тұр. Сонымен қатар, Жер шарының кейбір тұсында қолдан жасалған саяси-экономикалық кедергілер, əскери қақтығыстар болып жатыр. Осы орайда, Мемлекет басшысы қазіргі жаһандық күрделі жағдайдағы Қазақстанның нақты ахуалын, бағыт-бағдарын ашып көрсетіп берді. Ауылдағысы бар, қала дағысы бар, бүкіл қазақстан дықтардың көкейінде жүрген сұрақтардың жауабын осы Жолдаудан табуға болады. Алпауыт елдердің бəрі бір-бірімен тіресіп, жанжалдасып жатқан кезде, экономикалық санкция қойып жатқан тұста, Қазақстанның орны қай жерде? Тəуелсіздікке қол жеткізгеніне 24 жыл толған шақта, елдің əрбір саналы азаматы келешекті ойлап, толғанатыны анық. Əлемдік дағдарыстағы проблемалардың болып жатқан жері – шикізат өндіретін мемлекеттер. Қазақстан үшін де шикізаттың орны бөлек. Елбасы Қазақстанның жағдайын жаһандық мəселелермен байланыстыра отырып, айтып берді. Əлемдік қоғамдастықтың мүшесі болғандықтан, біз де барлық мəселеге араласамыз, өз ұсынысымыз бен пікірімізді білдіреміз, бастама көтереміз. Бірақ та əрқашанда араздасқан елдердің ықпалында кетіп қалмауымыз керек. Өйткені, Қазақстанның өз жолы бар, ол – өсу, даму жəне соған қол жеткізу үшін ішкі тиімді реформаларды жүргізу. Бірінші кезекте елдің өсуіне тоқталғым келіп отыр. Бұл да шикізатты сату бағасына тікелей байланысты. Ел бюджеті кірісінің өзгеруі, теңгемізді ашық нарыққа жіберген кезде құнсызданып кетуі де шикізаттың құнына бай ланысты. Əлем елдерінің тəжірибесіне сүйенсек, дағдарысқа берілмей, төрт аяғын тең басып, экономикасын алға бастырып, тыныштықты сақтап келе жатқан мемлекеттердің экономикасын алып қарайтын болсақ, тұрақтылықтың негізгі іргетасы өндіріс болып тұр. Бұл жерде өндіріс орны, кəсіби жұмысшы, шығарған өнімнің өсімі басты рөл атқарады. Осы орайда, Елбасы біздің қоғамда жұмысшыларға деген көзқарасты түбегейлі өзгерту мəселесін көтерді. Соңғы жылдары жұмысшының кім екені басқа ұғымда қалыптаса бастады. Ауыл, не қала тұрғыны болсын, олар жақын елдерден келіп, жалданып жұмыс істеп жүргендерді жұмысшы деп қабылдайды. Осы үрдіс белең ала түсті. Сөйтіп, біз өз қолымызбен

əлемдегі ең құндылығы жоғары маман иелері – жұмысшылар ұғымының маңызын төмендетіп алдық. Тіпті, «Оған ұмтылудың қажеті жоқ» дегендей қате пікірді бала ларымыздың санасына сіңіре бастадық. Жұмысшының атқаратын қызметі – тұрақты табыстың көзі. Біз соны шетелдіктерге өз аузымыздан жырып беріп отырмыз. Елбасы айтқан ойларды сабақтай түссек, күнделікті тамағымыз, қолға ұстаған қасығымыз бар, мініп жүрген көлігіміз бен тұрған үйіміз бар, соның бəрін жасап беріп отырған – жұмысшы! Жұмысшы дегеніміз, бүкіл əлемде жəне адамзат дамуындағы ең бағалы да негізгі ұғым. Елбасының жаңа Жолдауының басты ерекшелігінің бірі осы жұ мыс шыларға деген жаңа бетбұрыс жасалғандығы деп білемін. Мысалы, бүкіл əлемді өзіне қаратқан, Ұлы Отан соғысында жеңіске жеткен Кеңес Одағы да кезінде барлық жетістіктеріне жұмысшылардың арқасында қол жеткізді.

Халыќ кґѕілінен шыќќан ќўжат Серікбай НҰРҒИСАЕВ,

Парламент Мəжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі, экономика ғылымдарының докторы, профессор.

«Бүкіл елдердің пролетарлары бірігіңдер!» деп ұран тастап, жаңа формация орнатып, кездескен қиындықтарды жеңе біліп, экономикалық дағдарыстарды еңсеріп, соқамен жер жыртып жүрген елді 40-50 жылдың ішінде жұмысшыларды басты тұлға ретінде көрсете отырып, əлемдегі алпауыт елдер санасатын алдыңғы қатарлы мемлекетке айналдырып, экономикасын өркендетіп, білімі мен ғылымын дамытып, тіпті, ғарышты да бағындырды. Елбасының жұмысшы ұғымын қастерлеу туралы пікірі бүкіл халықтың көңілінен шықты деп ойлаймын. Əрине, қоғамдағы барлық сала үшін жұмыскерлер керек. Алайда, қазір бізде жоғары білікті жұмысшыларды даярлап шығаратын білім беру ұйымдары қағаз жүзінде бар да, іс жүзінде ойдағыдай деуге болмайды. Бірін шіден, бұрынғы кəсіби-техникалық училищелерді колледждерге айналдырып жібердік. Оның құрамында медициналық,

педагогикалық, мəдениет, өнер колледждері де бар, жұмысшы немесе аспазшылар даярлайтын колледждер де бар. Бəрін бір қазанның ішіне салып жібергендей болдық. Бейнелеп айтқанда, етті, шайды, қымызды, айранды, палауды, жеміс-жидекті бір қазанға салып, пісіріп жатқан сияқтымыз. Əсіресе, жұмысшы даярлайтын арнайы оқу орны сақталмай қалды. Сонымен бірге, жұмысшы маман болып шығатын азаматтың оқуына төленетін қаражатты қысқартып, білім алуына ақша төлесек, өндірістік практикасына қаражат бермей қойдық. Тағылымдамадан өтуге баратын өндіріс орнын таба алмай қалды. Оқу орындарына заманауи құрал-жабдықтар сатып алу үшін қаражат бөлінбейтін болды. Тіпті, əлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балалары колледжге барып білім алып, мамандық иесі болып, аяғынан тік тұрып кетейін десе, оларға тегін тамақтану мəселесін шешіп бере алмадық. Енді соның бəріне жаңаша көзқараспен қарап, қалпына келтіруіміз керек. Бүгінгі ұрпақ жұмысшы деген ұғымды қастерлей білуі тиіс. Ол баяғыдағы аяғымен балшық басып, тас соғып жүрген адам емес. Бүгінгі заманның жұмысшылары – жүйрік машиналарды, озық технологияларды жасайтын, ғарыш

зымырандарын, ұшақтарды құрастыратын өте білімді, жан-жақты жетілген, тəрбиелі де мəдениетті, кəсіби біліктілігі жоғары маман! Сондай білікті азаматтарды даярлап шығару үшін лайықты оқу орнын қалыптастыру керек. Ал оған жаңа бетбұрыс қажет, мемлекет тарапынан жас ұрпаққа тікелей қамқорлық керек, бюджеттен бөлінетін қаражат көзделуі тиіс. Жұмысшы өзінен өзі дайындалмайды. Мысалы, əлемдік деңгейде елдің атын шығаратын бір спортшыны баптау үшін оның қасында қыруар еңбек сіңіріп қаншама бапкер жүреді? Тұрақты əрі алаңсыз жаттығу жасауы үшін қаншама қаражат бөлінеді? Сол секілді, жұмысшыларды даярлауда да бізге заманауи құралжабдықтармен, жаңа технологиямен қамтамасыз етілген оқу орындары, білікті ұстаздар, өз тəжірибесін бере білетін шеберлер болуы тиіс. Ендеше, бізге жұмысшы деген атақты биік ұстайтын, тəрбиелі, мəдениетті, отбасын құратын, үйін салатын, бақытқа бөленіп, Қазақстанның үлгілі азаматы болатын адамды тəрбиелеп шығаратын оқу орны қажет. Осындай ортадан шығып, еңбек етудің мəнін ұғынып, өз ісін шеберлікпен меңгерген азамат қана біздің өндіріс орындарында жақсы жұмыс істеп, табысқа жете алады жəне бағасы қымбат емес, сұранысы жоғары əрі сапалы өнім шығара алады. Ал ондай өнімдер бəсекеге қабілетті болып, шетелге шығарылады, сол арқылы

елге қаражат əкеліп, пайдасын тигізеді, отандық өнімнің беделін арттырады. Елбасы Жолдауында ерекше аталып өткен осы кəсіби жұмысшыларды даярлау мəселесі менің де жаныма жақын, көңіліме қонымды болды. Олай дейтінім, қазір дайын дүниеге жүгіретін əдет қалыптасып барады. Мысалы, үйде бір шеге қағу керек болса, телефонды ала салып, ұстаны шақырады. Тіпті, үй жинап, кір жуып, тамақ пісіру үшін де қызметшілерді шақыратындар бар екені жасырын емес. Дайын тамақты телефонмен тапсырыс беріп алдыратындар да бар. Қажет дүниесін əп-сəтте алдыра салатын ертегілер елінде күй кешіп жүргендей сезінетін болар. Жұмыстың көптігінен, уақыттың жоқтығынан соған барып жүрміз дейтін адамдар да кездеседі. Бұл жерде біз өзімізді өзіміз алдап жүрміз. Жалпы, əр азамат қолынан келетін істі өзі жасағаны дұрыс. Сонда еңбектің бағасын ұғынады, жұмысшының қадірлі екенін біле түседі. Елбасымыз бізге осыны ұғындырып отыр. Келесі бір толғандыратын мəселе – даму. Даму үдерістері дегеніміз, мемлекетіміздің ішіндегі ресурстарды, мүмкіндіктерді іздеу екені сөзсіз. Жоқтан бар пайда бола қалмайды. Ешкім сырттан өз байлығын əкеліп бере салмайды. Табиғи жəне басқа да ресурстарды, қаражатты, адам капиталын біз өз елімізден табамыз. Əлемдік тəжірибеге сүйенсек, небір қиын кезеңдерде ішкі ресурстарды тиімді пайдалана білген. Басқару мен

Жўмыла кґтерген жїк жеѕіл Президент Н.Ə.Назарбаевтың дəстүрлі жыл сайынғы халыққа Жолдауы өзіндік жаңалықтарымен, өзіндік идеяларымен еліміздің өсіп-өркендеуіне негіз болатын маңызды құжат болып саналады. Биыл да Елбасы Н.Ə.Назарбаев Тұңғыш Президент күні қар саңында, яғни 30 қарашада «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына жоспарлы Жолдауын жариялады. Биылғы Жолдаудың басты ерекшелігі – халықтың əлауқатын төмендетпеуге арналып отыр. 2020 жылға дейін Қазақстанның даму жолын айқындайтын құжат еліміздің түкпір-т үкпірлерінде, оқу орын дарында, өзге да орындарда кеңінен қолдау көріп жатыр. Президенттің қай жылғы Жолдауын алсаңыз да, халықтың тұрмысын жақсартып, ел экономикасын көтерумен қатар, жастарды білім мен ғылымға шақыратынын көреміз. Расында да, Қазақстан халқы бүгінгідей жақсы тұрмыс кешкен жоқ. Еліміз Тəуелсіздік алған жылдарда біраз қиыншылықты бастан өткергенімен, бүгінде оның бəрі артта қалған жасампаз, бақуатты елге айналды. Сөзіміздің дəлелі Елбасы биылғы Жолдауында: «Біздің халқымыз ешқашан бүгінгідей бақуатты тұрмыс кешіп көрген жоқ. Тəуелсіздік алғаннан бері

1300-ден астам денсаулық сақтау нысаны мен 1700-ден астам білім беру ошағын салдық. Олардың барлығын ең соңғы үлгідегі құралдармен жаб дықтадық. Аса күрделі операцияларды өз елімізде, өз дəрігерлеріміз жасайтын жағдайға жеттік. Жалпы, халықтың тұрмысының, денсаулығының түзелуі, санының өсуінің нəтижесінде қазақстан дықтардың орташа өмір ұзақтығы 72 жасқа жуықтады», деді. Бұлар – еліміз үшін қуанарлық көрсеткіштер. Бүгінгі күні білім аламын, оқимын, еңбек етемін деген жанға жол ашық. Жалқаулық пен мал шашпақтан арылатын кез келді. Үкімет қашанда əлеуметтік көмектерді көрсетіп отыр. Ол туралы Елбасы Жолдауында: «Мемлекет қандай жағдайда да əлеуметтік міндеттемелерін

шашау шығармай орындап келеді. Тарихымызды түгендеп, мəдениетімізді өркендетуге қол жеткіздік. Жаңа жылдан бюджет қызметкерлерінің жалақысы, əлеуметтік жəрдемақылар мен шəкіртақы орташа алғанда 30 пайызға дейін көбейеді. Осының барлығы халықтың болашаққа сеніммен қарап, алаңсыз өмір сүруіне толық негіз болады», деп атап өтті. Бұл, шын мəнінде мемлекет тарапынан үлкен көмек пен қолдау. Сондай-ақ, Президент Н.Ə.На зарбаев биылғы Жол дауындағы «Жаңа инвестициялық саясаттың негіздері» атты 4-тарауын да таяудағы онжылдықта Қазақ станның алдында тұрған мін дет терге тоқталып өтті. Жолдауда: – экономиканың жыл сайынғы өсімін 5 пайыз деңгейінде қамтамасыз ету; – өңделген тауарлардың экс портын 2015 жылмен салыстырғанда кем дегенде екі есе ұлғайтып, оны жылына 30 миллиард долларға дейін жеткізу; – экономикаға жыл сайынғы инвестициялардың көлемін 10 мил лиард доллардан астамға ұлғайтып, тұтастай алғанда, 10 жыл ішінде – кем дегенде 100 миллиард долларға жеткізу; – 660 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құру, еңбек өнімділігін 2 еседен астамға арттыру, – делінген. Сонымен қатар, осы

тарауда Мемлекет басшысының техникалық кадрлар мəселесіне кеңінен тоқталуы бізді бейжай қалдырмады. «Бізге техни калық кадрлар дайындау жүйесін барынша дамыту қажет. Техникалық жəне кəсіби білім беру инвестициялық саясаттың негізгі бағыттарының бірі болуы тиіс. Бұл үшін Германиямен, Канадамен, Австралиямен жəне Сингапурмен кадрлар дайындау орталығын бірлесіп құру керек. Олар бүкіл еліміз үшін техникалық жəне кəсіби білім беру жүйесінің моделі болады», – деді Нұрсұлтан Əбішұлы. Еліміздің өркендеуі жолында озық техника мен технологияны меңгерген мамандар бүгінде сұранысқа ие. Оған Елбасымыздың Жолдауда айтқан: «Білімді, еңбекқор, бастамашыл, белсенді болуға қазірден бастап дағдыланыңдар. Жұмыс пен сұраныс бар өңірге батыл барыңдар. Шеберліктің шыңына жете білсеңдер, мамандықтың бəрі жақсы. Қазір техникалық мамандықтардың, ғылым мен инновацияның күні туған заман. Ерінбей еңбек еткен, талмай ғылым іздеген, жалықпай техника меңгерген адам озады. Тұрмысы жақсы, абыройы асқақ болады. Біз жүзеге асырып жатқан түбегейлі реформалар мен атқарып жатқан қыруар істердің бəрі сендер үшін, болашақ үшін жасалуда», – деген сөзі дəлел.

Елбасы биылғы Жолдауында өз өмірін үлгі ете отырып, жастарға ой салатын ақыл айтуды да ұмытқан жоқ. «Мен жастарымызды жұмысшы мамандығын белсенді меңгеруге шақырамын. Жұмысшы мамандықтарын меңгеру керек. Кезінде мен де жұмысшы киімін киюден бастадым, домна пеші от-жалынының жанында тұрдым. Үлгі алыңдар! Жылдар өтеді, бірақ, осы өмірлік тəжірибелерің, сендер қандай өмір жолын таңдап алсаңдар да, міндетті түрде кəделеріңе жарайды», – деген Н.Ə.Назарбаевтың сөзі қашанда үлгі-өнеге. «Адал еңбектің наны тəтті» деген осы болар. Расында да жастар қашанда əр істі төменнен бастағаны дұрыс. Алдымызда үлкен дағдарыс, сын тұр. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, əр азамат пен азаматша Елбасы тапсырмаларын орындауда өзіндік үлестерін қосқаны абзал. Президент айтқандай, үнемшілдікті пайдалана отырып, өз Отанымызда жасалған тауарлар мен азықтүлікке ден қойғанымыз жөн. Жолдауға қолдау көрсетіп, оны жүзеге асыру əрбір қазақстандық үшін сын болатыны күмəнсіз. Гүлнəр СƏРСЕНБЕКОВА, Қ.И.Сəтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дің тəрбие ісі жөніндегі проректоры.

АЛМАТЫ.

жаңа жобаларды іске асыруда жүзеге асырылған жəне өз нəтижесін берген тəжірибелер бар. Айталық, 1980-жылдары Англияда жəне Еуропаның бірқатар елдерінде болған, кейін Америкаға көшкен бір үрдіс бар. Ол – мемлекет пен жекеменшік арасындағы əріптестік байланыстың орнығуы. Ауқымды жобаларды іске асыруда өзара сенімге ие болып, мемлекет жекеменшіктің ресурстарын пайдалануды қолға алды. Бүгінгі таңда əлемнің 60 елінде мемлекеттік-жекешелік əріптестік жүйесі пайдаланылады. Мысалы, Ұлыбританияның бір өзінде жылына 80-нен астам жаңа келісімшарт жасалады екен. Мəлімет бойынша, Ұлыбритания бюджетінің жалпы шығысының 1720 пайызын жекеменшік өз мойнына алып атқарады. Содан келіп, шағын жəне орта кəсіпкерліктің одан əрі дамуына жағдай жасалады, жаңа жұмыс орындары ашылады, төленетін салығы артады. Бұл – мемлекетке де, халыққа да, жеке кəсіпкерлерге де тиімді. Ал Американың қалаларында 23-тен 65 пайызға дейінгі аралықтағы муниципиалдық қызметі шағын кəсіпкерлікпен байланыста жұмыс істейді. Соның арқасында жергілікті билік өзінің бюджетін 20-дан 50 пайызға дейін үнемдейді! Халықаралық статистикаға назар аударсақ, 1990 жылы мемлекет пен жекеменшік арасындағы əріптестік 7,4 млрд. доллар қара жатты игерген болса, 2006 жылы мемлекет 600 млрд. долларды үнемдеген. Ал Қазақстан

жағдайында осындай тəсілді қолдану енді басталып жатыр. «Мемлекеттік-жекешелік əріптестік туралы» жаңа Заң қабылданды. Елбасының берген тапсырмасы бар. Бірақ əлі бір тежеп тұрған жайттар да жоқ емес. Ол географиялық, тарихи жағдайлар əлі де бəрінің санасында тұр. Мемлекет жекеменшікке, жекеменшік мемлекетке сенбейді. Бірінші қадамды, əрине, мемлекет жасауы керек. Сондықтан Елбасы осы мəселені көтеріп, Үкіметке нақты тапсырмалар беріп, облыс, аудан əкімдеріне айтып, жаңа жүйенің өмірге енуіне жағдай жасау керектігін талап етіп отыр. Бұл мемлекет бюджетін үнемдеу үшін жəне мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен атқарылатын жұмыстарды шағын жəне орта кəсіпкерлікке беріп, жаңа жұмыс орындарын ашып, ең бастысы, осы жұмыстардың нəтижесі халыққа пайдалы, тиімді болуы үшін керек. Қандай жоба қолға алынса да ол дер кезінде, сапалы түрде орындалуы тиіс. Бұл – мемлекеттің дамуына үлес қосатын бірден-бір фактор. Мемлекет ішіндегі бұған дейін пайдаланылмай келген ресурстарымызды іске қосуымыз керек. Қашанда заңға сəйкес жұмыс істеуді мəдени нормамыз етіп алуымыз керек, басты қағидамыз да сол болуы тиіс. Мемлекетке түсетін қаржы салмағын азайту үшін осындай жаңа қадамдар жасасақ, табысымыз еселене бермек. Жаңа заңның өмірге дендеп еніп орындалуына жол ашуымыз қажет.

Ауылєа арзан азыќ-тїлік жіберілді

Оралхан ДƏУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Барша қазақстандықтармен бірге қасиетті Əулиеата жұрты да «Қа зақ стан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» тақырыбындағы Жолдауды қызу қолдап, Елбасы саясатының маңына топтасуда. Таяуда Тараз қаласынан 10 ауданға Жолдауды түсіндіру үшін арнайы үгіт-насихат керуені аттанды. – Мемлекет басшысы жаңа жаһандық ахуал талабына сай əрекет етудің жолдарын көрсетті. Еліміздің үдемелі жəне сенімді дамуын қамтамасыз ету дің жаңа міндеттерін қойды. Сондықтан, Елбасы белгілеген тапсырмаларды орындау қашанда үлкен абырой, мəртебелі міндет, – дей келіп, Жамбыл облысының əкімі Кəрім Көкірекбаев керуенге сəт-сапар тіледі.

Насихат керуеніне барлығы 100ге жуық адам тартылған. Олардың құрамында облыс əкімінің орынбасарлары, бас қарма басшылары, жастар, ардагерлер мен үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері, мəдениет саласының өнерпаздары бар. 10 ауданға аттанған арнайы топтар облысқа қарасты шалғай жатқан əрбір елді мекен тұрғындарымен кездесулер өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ, керуен құрамында аудан тұрғындарына төмен бағада тауар ұсынатын 870 тонна əлеуметтік азықтүлік тиелген 8 жүк көлігі бар. Жамбыл облысы. ––––––––––––––––– Суретті түсірген Алтынбек ҚАРТАБАЙ.


6

www.egemen.kz

Парламенттіѕ жоєарєы палатасы (Соңы. Басы 1-бетте). Палата отырысының күн тəртібіне Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынымы бойынша еліміздің Жоғарғы Сотының судьяларын сайлау жəне екі заң жобасын талқылау туралы мəселе енгізілді. Сенаторлар «Көлік құралы паспортының (көлік құралының шассиі паспортының) жəне өзі жүретін машина мен техниканың басқа түрлері паспортының

бірың ғай нысандарын енгізу жəне электрондық паспорттар жүйелерін ұйымдастыру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын қарайды. Одан басқа, заңнамаға спорттық жəне спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мəдени-бұқаралық іс-шаралар өткізу кезін де қауіпсіздікті қамтамасыз ету мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы бірінші оқылымда қаралады.

Їлкен ел – їлкен отбасы (Соңы. Басы 1-бетте). Ассамблея мүшелері Елбасы Жолдауын түсіндіру бойынша ақпараттық автокеруен құрамында елді мекендерге барып, кездесулер өткізіп қайтты. Яғни, аймақта экономикалық-əлеуметтік игілікті істердің жүзеге асырылуына халықтың ынтымағы ерекше ықпал етуде. – Бұл кездесу Мемлекет басшысының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауы жарияланғаннан кейін өткізіліп отыр. Жолдаудың 2015 жылғы 30 қарашада Тұңғыш Президент күні қарсаңында жариялануының да терең символдық мəні бар. Сонымен қатар, Ассамблея жылында жəне Конституцияның 20 жылдығында жарияланған бұл Жолдау да мерейтойлық жиырмасыншы Жолдау болып отыр. Ал еркін ел болу бақытын, тəуелсіздікті, халықтың ынтымағын жасампаздық игілігіне жарату – біздің бүгінгі патриоттық борышымыз. Біз Ассамблеяның мерейін асыру арқылы Қазақстан халқының мызғымас бірлігі мен ынтымағын ұлықтай түстік. Біз Тəуелсіздігімізді, егемендігімізді, елдігімізді əлемге тағы бір паш еттік. Кез келген елдің тілегі де, оның арманы да халқының бейбітшілігі. Өйткені, бейбіт өмір өрлеу мен өркендеуге жол ашады. Алдағы уақытта да алға қойған басты басымдықтар: азаматтық теңдікті, «Мəңгілік Елдің» құндылықтарын, үштұғырлы тілді жəне ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету шаралары Ассамблеяның аясында атқарылмақ. Осы мақсатта қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту жəне дамыту, сондайақ, Қазақстан халқы Ассамблеясының 2025 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы қабылданып, іске асырылатын болады, – деді Мемлекеттік хатшы Г.Əбдіқалықова өзінің құттықтау сөзінде.

– Елбасы Н.Назарбаев биылғы Жолдауында «Рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мəңгілік Ел болу үшін бізде бəрі бар. Тəуелсіздіктің туын желбіретіп, тұғырын нығайтқан біздің тарих алдында жүзіміз жарқын! Біздің тірегіміз – Тəуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық, білегіміз – бірлік!» деп ел бірлігін ерекше атап өтті. Елбасы елімізді жан-жақты жаңғыртудың нақты бағыттарын айқындап, осынау жауапты кезеңде «біріміз – бəріміз үшін, бəріміз – біріміз үшін» қағидатын ұстана отырып, ел игілігіне тер төге еңбек етуге шақырды, – дей келіп, Жамбыл облысының əкімі К.Көкірекбаев ҚХА ұйымдастырған «20 ізгі іс!» əлеуметтік жобасына қатысушы бір топ этномəдени бірлестік мүшелерін «Мейірімділігіңіз үшін» естелік сыйлығымен марапаттады. – Биылғы жыл – еліміз үшін тарихи оқиғаларға толы жыл болды. Қазақстан халқы Ассамблеясы жылымен бірлесе келген Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Ата Заңның 20 жылдығы жəне Қазақ хандығының 550 жылдығы сияқты айтулы мерекелер – Қазақ елі үшін мəні мен ма ңызы айрықша зор ша ралар. Жамбыл облысында 87 ұлттың өкілдері тұрады. 26 облыстық, 47 аудандық этномəдени бірлестік жұмыс істейді. Қасиетті Əулиеата өңірі – ежелден достықтың киелі мекені. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев белгілеп берген бес институттық реформаның төртінші бағыты – бірегейлік пен бірлікті нығайтуда Қазақстан халқы Ассамблеясы айтарлықтай жұмыстар атқарып келеді, – деді ҚХА Төрағасының орынбасары Е.Тоғжанов. Мемлекеттік хатшы жұмыс сапарының қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырма берді. Форум соңы жергілікті өнерпаздардың əн шашуына ұласты. Жамбыл облысы.

«Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 120 Жарлығына ТҮСІНДІРМЕ Аталған Жарлық «100 қадам» атты Ұлт жоспарын іске асыру шеңберінде мемлекеттік жоспарлаудың ықшам жүйесін қалыптастыруға бағытталған. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 жəне «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан əрі жұмыс істеуінің кейбір мəселелері туралы» 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар осы Жарлықпен енгізіледі. Атап айтқанда: салалық бағдарламаларды алып тастау жəне үкіметтік бағдарламаларды енгізу; мемлекеттік жəне үкіметтік бағдарламаларды əзірлеу процесіне талаптарды күшейту; мемлекеттік жəне үкіметтік бағдарламалардың іске асырылуының нəтижелілігі мен тиімділігі үшін мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының жауапкершілігін бекіту; аумақтарды дамыту бағдарламасының форматын өзгерту көзделген. Енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің əзірленетін құжаттарының сапасын арттыруға жəне олардың санын оңтайландыруға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігінің Стратегиялық əзірлемелер жəне талдау орталығы.

Ќоєамдыќ ќабылдау бґлмесі ашылды

« А у ыл» халы қ тық-де мокр атиялық п а тр ио ттық партиясының Орталық аппаратында болашақта əрдайым жұмыс істейтін қоғамдық қабылдау бөлмесі есік ашты.

Қоғамдық қабылдау бөлмесінің басты міндеттері азаматтарды қабылдау үдерістерін ұйымдастыруды жаңғырту, келгендердің мəселелерін шешуде көмек көрсету, азаматтардың өзекті мəселелерін қарастыру кезінде жылдамдықты арттыру, осы өзекті мəселелер бойынша ықпалды шара қабылдау, мəс елелердің пайда болу себептерін

зерттеу болып табылады. Бүгінгі күні партияның барлық аймақтық филиалдарында да сондай қоғамдық қабылдау бөлмелері жұмысын бастады. Партияға қатыстылығына қарамастан, еліміздің кез келген азаматы осы қоғамдық қабылдау бөлмесіне өз мəселесімен жолыға алады. «Егемен-ақпарат».

8 желтоқсан 2015 жыл

Ырыздыќ – ынтымаќта, береке – бірлікте Ауыл шаруашылығына қатысты заң өзгерді. Ол жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде болған баспасөз мəслихатында айтылды. Бұйыртса, аталған заң алдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енеді. «Ауыл шаруашылығы кооперативтерi туралы» бұл заң бірлескен шаруа қожалықтарының мол табыс табуына мүмкiндiк береді. Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».

Мемлекет басшысының таяудағы халыққа Жолдауында көтерілген мəселе жедел қолға алынып, жүзеге асырылып жатқанын жеткізген «Атамекен» ҰКП агроөнеркəсiп кешенi хатшылығының жетекшісі Рүстем Құрманов жаңа заңның тиімді тұстары жөнінде əңгімеледі. «Қараша айының соңғы күні жасаған Жолдауында Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту бойынша жұмыстарды фермерлер мен ауылшаруашылық өнiмдерiн

өндiрушiлерге түсiндiру жұмысын белсендi жүргiзу керектігін айтқан еді. Осы мəселеге қатысты «Ауыл шаруашылығы кооперативтерi туралы» заң алдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енеді. Бұл заң ауылшаруашылық өнiмдерiн өндiрушiлерге қандай пайдасы болатынына тоқталып өтейін. Мысалы, бұған дейiн кооперациялау мəселесi тым қатты регламенттелетін, яғни, кооперация мəселесiн 5 бірдей заң реттейтiн. Ал ендігі жаңа заң түсiнiктi əрi кооперациялаудың барлық мəселесiн қамтыған бiр ғана заң болып бекітілді. Біздің пайымдауымызша,

бұл заңдағы өзгерiстер мен түзетулер кооперативтердiң табыс табуына мүмкiндiк бередi. Бұған дейiн кооперативтердiң басты мақсаты – өздерiнiң тұтынушылық қажеттiлiктерiн қанағаттандыру болатын. Бұл табысты кооператив мүшелерi арасында бөлуге немесе кооперативтi дамытуға жұмсауға болады. Сондай-ақ, кооперативтерге тек шаруа қожалықтары ғана емес, заңды тұлғалар да кiре алады», дедi ҰКП-ның өкiлi. Жаңа заңның шаруаларға тиімді тағы бір тұсы, бұған дейін кооперативке кiрген шаруа қожалықтары бiрыңғай жер салығынан босатылып, арнайы белгiленген тəртiп бойынша салық төлеп келген болса, ендiгi жылдан бастап жаңадан құрылатын кооперативтердегі бұл салықтық жеңiлдiк заңды тұлғаларға да қатысты болады екен. Бұған қоса, кооператив қызметiнiң

түрлерi де кеңейтiлдi. Кооператив өз жарғысына сəйкес қандай қызмет түрiмен айналысатынын шешеді. Жаңа заңға сəйкес, кооперативтiң əрбiр мүшесiнде бiр дауыстан болады, яғни кооператив мүшесiнiң дауысы оның жарғылық капиталдағы салымына қатысты болмайды», дедi ол. Ұлттық кəсіпкерлер палатасы өкілінің сөзін жалғастырған «Қазақстан фермерлерінің одағының» президенті Əуезхан Даринов заңның жасалуына сала мамандары мен көптеген шаруа қожалықтарының иелері қатысқанын айтты. Еліміздегі барлық дерлік аудан-ауылдарды аралап, ауыл шаруашылығымен шұғылданып отырған нақты адамдардың пікірін сұрап, олар дың пайдалы кеңестері назарға алынғанын жеткізді. Тіпті, АҚШ пен Канада секілді бірнеше жетекші елдерге барып, ондағы кооперациялардың

тыныс-тіршіліктерімен де жете танысып келгендерін айтты. Əлемдегі ауыл шаруашылығы дамыған елдерде кооперативке бірігу ісі өте жетік екенін айтқан президент, «Ырыздық – ынтымақта, береке – бірлікте» екенін меңзеді. «Дамыған елдердегі шаруа қожалықтары бір ғана емес, бірнеше кооперативке мүше болып келеді. Себебі, ол бір жұмыспен шұғылданғанымен түрлі өнімдер шығаруы ықтимал. Мысалы, мал өсіретін қожалық иесі ол малдың етін, сүтін, терісін қабылдайтын, сондай-ақ, оларға жем-шөп дайындайтын бірнеше кооперативке мүше болып табылады. Мұнда барлық тараптардың ұтатыны мəлім. Егін шаруашылығында да дəл осылай. Бұған қосарым, жеңілдетілген несие алуда да осы бірлескен кооперативтердің мүмкіндігі мол болады», деп түйіндеді ол сөзін.

 Еркін елдің ертеңі

Кішкентай Нўрсўлтандар Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданындағы Өмірбаевтар отбасы Тұңғыш Президент күні мерекесін жыл сайын лайықты тартулармен қарсы алуды дəстүрге айналдырған. Биыл олардың демеушілігімен мақтааралдық қос өрен Астананың көрікті жерлерін аралап, бас қаланың сəулетімен, мəдени ошақтарымен етене танысты. Өмірбаевтар əулетінің үлкені Камира Сламбекқызы Тұңғыш Президент күні мерекесі құрметіне Асықата кентіндегі өзі оқыған №112 жалпы орта мектептегі Елбасымен аттас Нұрсұлтан есімді өрендерді «Тұңғыш Президент жəне елорда» жобасы бойынша Астана қаласының тарихи-мəдени ошақтарын аралатып, өмірлеріне өнегелі із қалдырмақ. Еліміздің ғажайып шаһарын тамашалау арманы тəтті қиялдарына қанат бітірген өңір өрендерінің идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік туғызған оның биыл осы мектепті бітіріп шыққанына əрі 40 жыл толып отыр. Өмірбаевтар əулетінің жеке белсенділігімен дəстүрге айналған отбасылық жобаның жылдағыдан бұл жолы өзгешерек болуының бір себебі, міне, сонда... Сонымен, «Жеңіс» мектеп-гимназиясынан 9-сыныптың үздік оқушысы Нұрсұлтан Еркінұлы мен №112 жалпы орта мектептің 7-сынып оқушысы, Өмірбаевтар отбасы ұйымдастыруымен өткізілген патриоттық əндер байқауының жүлдегері Нұрсұлтан Кеңесұлы «Елбасытану», «Астанатану» сабақтары бойынша Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың өмірбаянымен, еңбектерімен, сондай-ақ Астана тарихымен жете танысып, алдын ала жасалған бағдарламаға сəйкес елорданың көрікті жерлерін тамашалап жүр. Ауылдағы əр баланың жүйрік қиялында елорда ертегілер елі іспеттес десек, «Бəйтеректің» биігіне көтерілген əр адам аңсаған арманына жетеді деген сенім кеуделеріне ұялаған қос ұланның Астанадағы алғашқы серуендері Тұңғыш Президент музейінен бастау алды. Одан кейін Назарбаев орталығы, Тұңғыш Президенттің кітапханасы, Назарбаев Университеті, Назарбаев зияткерлік мектебі тəрізді Елбасы идеясымен тікелей сабақтас нысандарды, «ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ, Ұлттық музей

сынды Есілдің сол жағалауындағы əсем де зəулім басқа да бірталай мəдени ошақтарды, «Хан-Шатыр», «Думан» ойын-сауық жəне сауда орталықтарын, қаһарман тұлғаларға арналған еңселі ескерткіштерді тамашалау сəттері күтуде. «Жастарымызға Елбасы жүргізіп отырған саясатты жеткізе білу біздерге, үлкендер үшін үлкен міндет саналады. Мұны құрғақ сөзбен айтып қоя салу əрине, оңай. Сондықтан күнкөрісі төмен отбасыларға, қарттарға, жастарға қолдау білдіру ниетіндегі іске бəріміздің жұмыла кірісуімізге мұрындық болған марқұм əке-шешеміздің аруағына бас иеміз», дейді бізге берген өз сұхбатында Камира Өмірбаева. Осы əңгімеден тағы бір байқағанымыз, 2015 жылы наурыз айында Өмірбаев тар отбасының демеушілігімен Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына орай тыл ардагері, 90 жастағы қария, Ділдəбеков ауылдық округінің тұрғыны Жүніс Үсентаев Астананы аралап, Тұңғыш Президент музейімен, елорданың басқа да көрікті жерлерімен, ел Президенті Н.Назарбаевтың жетістіктерімен танысып қайтыпты. Еске сала кетейік, 2012 жылы 1 желтоқсанда Мақтаарал ауданының «Құрметті азаматы» Сламбек Өмірбаев пен жəне оның қызы Камира Асықата кентіндегі өздері білім алған № 112 жалпы орта мектепте жəне Ынтымақ ауылдық округі Өркенді елді мекеніндегі «Қуаныш» балалар бақшасында «Өзипа апа сүйген Елбасы» атты тарихитанымдық, əлеуметтік жəне мерекелік ісшара өткізген болатын. Өмірбаевтар отбасы осы іс-шараға Елбасының бірге оқыған сыныптасы Рауза Төлемісованы шақырып, кездесу ұйымдастырды. Шара барысында орта мектептің ауласына ағаш көшеттерін отырғызу рəсімі өтті, сондай-ақ Жетісай гуманитарлық колледжінің оқытушысы, ақын

Зікірия Қожаев тұлғаларға арнаған жырларын паш етті. 9-сынып оқушыларына Рауза Төлемісова мен Камира Өмірбайдың қатысуымен тарихи-танымдық сабақ өткізілді. Р.Төлемісова Елбасының балалық кезеңі мен жастық шағы туралы оқушыларға естеліктер айтты, Н.Назарбаевтың мемлекетті қалыптастырудағы орасан зор еңбегі туралы баяндады, ардагер «Елбасы сыныптастары» атты кітаптың бір данасын мектепке сыйға тартты. Бұған жəне Камира Сламбекқызының мүмкіндігі шектеулі балалар үйіндегі 13 мүгедек балаға Өмірбаевтар отбасы атынан бағалы сый-сияпаттар табыстағанын қоса баяндасаңыз, жай қарапайым қызмет атқара жүріп те адам баласының қолынан жұртқа көп жақсылық жасау келетінін түсіне түсесіз... Бір айта кететін жайт, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ұйымдастырылатын «Мектепке жол» акциясы барысында Өмірбаевтар отбасы мүгедек, жетім балаларға ұдайы материалдық көмек көрсетіп отырады. Сонымен қатар, Мақтаарал ауданы Ынтымақ ауылдық округіндегі «Қуаныш» балалар бақшасы сəбилеріне,

Ґз ґніміміз ґтімді (Соңы. Басы 1-бетте). Бастапқыда біздің бұл ойымызға қарсылық көрсетушілер кездескенімен, уақыт өте келе тиімділігіне көздері жетті. Бүгінде нарық көзін табу, жұртшылық сұранысын қанағаттандыру оңай емес. Өйткені, бəсекелестік жоғары, кəсіпкерлердің қай-қайсысы болсын тұ тынушылар талабынан шығуға, қолжетімді бағаға сатуға тырысады. «Қазақстанның үздік тауарлары» өңірлік, республикалық байқауларында, көрмелерде жеңімпаз, жүлдегер атануы мыз – жылдар бойғы тынымсыз ізденістердің нəтижесі. Қазақ стан мен Ресей арасында ұйымдас ты рылатын шараларға да үзбей қатысамыз. Ондағы мақсат – көрші елмен сауда-саттық саласында тығыз əріптестікті жалғастыру, «Molservis» белгісімен жөнелтілетін өнімдеріміз жайлы жан-жақты ақпарат беру. Біз үкіметтік бағдарламаларға белсене қатысу арқылы нарық талабына сай жұмыс істеп келеміз. Əйтпесе, бүгінгідей жанталасқан заманда арқаны кеңге салсаң көштен қалып қою қазір-ақ. Осыдан 20 жыл бұрын алғаш рет озық технологияларға көшу мүмкіндігіне ие болдық. Еуропадан «Actini international» фирмасының заманауи құрал-жабдықтары орнатылып, цехтардың тəуліктік өндірістік қуаты 15 тоннаға дейін артты. Қосымша 25 жаңа жұмыс орындары ашылды. Қазір 130-ға жуық адам еңбек етеді. Одан кейін де өндіріс орындары бірнеше рет жаңғыртылды. Мəселен, залалсыздандырылған сүт

«Timmoner» фирмасының «DRY 13 STN» желісінде қапталады. Нəтижесі қандай дейсіз ғой? Жаз айларында күніне 800 кило қатық, 50 кило биоқатық, 1 тонна тəтті қатық, 600 килограмм иодпен байытылған айран, 400 килограмм бифилюкс айран, тағы басқа тапсырыстарды орындап жүрдік. Басты жетістіктеріміздің бірі – кластерлік жүйеге бейімделгеніміз. Шикізатты қабылдаудан бастап тұтынушыға жөнелтілгенге дейінгі аралықтағы технологиялық үдеріске жабық ағынды əдіс қол данылады. Өнім қысқа мерзімде жоғары температуралық өңдеуден өтіп, зиянды бактериялардан тазартылады. Күніне 20 тоннадан астам сүт өңделіп, 25-тей өнім түрлері шығарылады. Олардың арасында өзіңіз атап кеткен өнімдер құрамында жасанды қоспалар жоқ. Керісінше,

бифидобактериялармен, лактулозамен ұйытылған табиғи өнімдер мол. Соңғы кездері қышқыл сүт сусындары да шығарыла бастады. Бифилюкс айран, биоқатық, йодказеинмен байытылған айран кəсіпорынның бренді саналады. Бұлар қазақ халқының ұлттық тағамы – айранның негізінде жасалады. Емдік қасиеті зор. Ағзадағы йод жетіспеушілігін тежейді, асқазан ауруларына шипа. Əзірленген сүт өнімдері арнайы жабдықталған көліктермен еліміздің қалаларына, Ресейге жіберіледі. Өндіріс орындарын кеңейтумен қатар осында еңбек ететін жұмысшы-қызметкерлердің əлеуметтік жағдайын жақсарту жайына да ерекше мəн беріледі. 30 орынды асхана, медициналық дəрігер пункті, емдеу кабинеттері жұмыс істейді. Үшжақты келісім бойынша

мектептің үздік оқушыларына «1 маусым – Балаларды қорғаудың халықаралық күні» құрметіне инвентарьлар, ойыншықтар сыйға тартылады. 2011 жылы желтоқсан айында Асықата кентіндегі ардагерлерге, белсенділік танытқан азаматтарға Тəуелсіздіктің 20 жылдығына орай сыйлықтар табысталды. 2013 жылы Асықата кентінде өздері тұратын Қ.Тілегенов жəне Ғ.Мүсірепов көшесіндегі 4, 5, 6-сынып оқушыларынан 2 футбол командасын жасақтап, команда мүшелеріне сыйсияпаттар жасалған сəттердің əсерлерімен бөліссеңіз, көзі тірі кездерінде Өзипа мен Сламбек Өмірбаевтардың бастамасымен ауылда қаншама қайырымдылық істері атқарылғанын білесіз. Туған жерді көгалдандыру, тазарту жұмыстарына белсене атсалысқан отбасылық эстафетаны, демеушілікті бүгінде кейінгі ұрпағының қолдан түсірмей жалғастыруын өнеге мектебінің өміршеңдігін, тамыры тартылмайтынын құлағымызға құя түсетін тағы бір жарқын мысал деп түсінеміз.

белгіленген еңбек шарттары қатаң сақталады. Максим КУЗЛЯКИН, «Сүт Одағы» зауыты директорының орынбасары: – Ресей ұлттық валютасының құнсыздануы өндірістің ілгерілеуін тежеп, біраз əбігерге салғаны рас. Алайда, екпінді еңбек ыр ғағын сақтаудың арқасында жағдайды тез арада түзей алдық. Табиғи сүт өңдейтін іргелі кəсіпорын болғандықтан, көп жылдар бойы қалыптасқан тəжірибеге сүйене отырып, нарық қыспағынан шығудың жолдары жан-жақты қарастырылды. Бүгінгі күні отандық жəне шетелдік əріптестермен иық тірестіре алатын дəрежеге жетіп, ISO-9001-2009 сапа менеджменті жүйесі талаптары мен жаңғырту жұмыстарын ұштастырудың арқасында өндіріс алаңдарына заманауи құрылғылар орнатылды. Қазандық цехы толық автоматтандырылып, жылыту жүйесі газға ауыстырылды. Келесі жылы қатты ірімшік жасайтын кешенді желі пайдалануға беріледі. Атқарылған ауқымды шаралардың нəтижесінде сыртқы саудасаттық əлеуетіміз де, өнімдердің түрлері де молайды. Еуразиялық экономикалық одаққа көшкелі ресейлік, украиналық, беларустық кəсіпкерлер баға жөнінен теңесуге, мейлінше арзанға ұсынуға ұмтылыс жасауда. Біз мемлекет тарапынан берілетін жеңілдікті субсидияны ұтымды пайдалана отырып, халықаралық стандарттарға сай өнімдер шығарудың ішкі мүмкіндіктерін жете игердік. Мəселен, ірімшіктің қатты түрі өңірге сырттан əкелініп жүрсе, енді өз өнімдеріміз өтімділігімен тұтынушылардың үлкен сұранысына ие. Осы қажеттілікті ескере келіп, қатты жəне жұмсақ ірімшік жасайтын жаңа өндіріс орнын

Қаршыға КҮЛЕН.

құруды ойластырып отырмыз. Ол үшін Италиядан құрал-жабдықтар жеткізіліп, орнатылды. Сөйтіп, чичело, моцарелла сияқты ірімшіктің танымал түрлері де өндірілетін болады. Отандық тауарлардың бағасын оңтайландыру, тұрақты тұтынушылар ортасын қалыптастыру мақсатымен Астана қаласында өкілдік ашылып, ірі мегаполис қанағаттанғандық сезіммен қарсы алды. Кəсіпорынды шикізатпен үздіксіз қамтамасыз етудің көздері көп. Біз аудандар мен ірі елді мекендерде сүт қабылдау қосындарын ашу арқылы тұрғындармен қолмақол есеп айырысу əдісін ке ңінен қолданудамыз. Жақында Николаевка ауылында тағы бір қосын іске қосылды. М.Жұмабаев ауылының тұрғындары да біздің ұсынысымызды қызу қолдағанымен, қатынас жолының нашар лығы кедергі келтіріп отыр. Келешекте осы мəселе шешімін тапса, шикізат көлемінің ұлғая түсері күмəнсіз. Алдағы жоспарларымыздың бірі – балаларға арналған сүт тағамдарын шығару. Бұл орайда, ресейліктердің тəжірибесіне сүйене отырып, «Қазақстанда жасалған» өнім түрле рін қолданысқа енгізудің ал ғы шарттары жете зерттелді. Нарықтағы сұраныс пен медициналық сараптама қорытындыларына жүгінсек, шығарылатын өнімдердің ұлт денсаулығы үшін пайдасы мол болмақ. Бұл бағыттағы жоба тиісті орындар тарапынан қолдау тауып, мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жұмыс істейтін боламыз. Омбы сүт зауытымен жасалған келісімге сəйкес сараптама жұмыстары жүргізіліп, оң баға берілді. Солтүстік Қазақстан облысы. –––––––––––––

Суреттерді түсірген Талғат ТƏНІБАЕВ.


8 желтоқсан 2015 жыл

 Үйренетін үрдіс

«Бір терезе»

«ЌазТрансГаз» АЌ Атырауда осындай əдіспен ќызмет кґрсету орталыєын ашты Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан».

Əр тұрғынның бақуатты тұрмысы үшін қажеттіліктің бірі – газ. Қазір Атырау облысында да ауданда, əр елді мекенде тұрғындардың «көгілдір отынға» қолжетімділік үлесі артып келеді. Демек, еліміздің əр өңіріне көгілдір отынды үздіксіз жəне тұрақты жеткізетін «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамының жұмысына тұтынушылар сұранысының артатындығы дау тудырмайды. Осы ған орай бұл компания өз тұтынушыларына сапалы қызмет көрсетуді жақсартудың қолайлы əдістерін енгізуге талпыныс танытуда. Сондай əдістің бірі – «бір терезе». Осы кезге дейін Шымкент, Қостанай жəне Тараз қалаларында дəл осы əдіспен халыққа мамандандырылған қызмет көрсету орталығы ашылған екен. Енді Атырау қаласында да бір мезгілде 50 адамға қызмет көрсете алатын жаңа орталық жұмыс істей бастады.

– Мамандандырылған бұл орталық ақпараттық жүйелерді біріктіруге, сонымен бірге, қысқа мерзімде «бір терезе» қағидаты бойынша қызметтер көрсетуге мүмкіндік беретін заманауи техникамен жабдықталды, – деп атап өтті «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ бас директорының орынбасары

 Индустрия игілігі

Ақылбай Сапаров. – Мақсат – өз тұтынушыларымызға сапалы əрі жылдам қызмет көрсету. Біздің орталыққа хабарласқан тұтынушыларымыз газдандыру үшін қажетті құжаттарды əзірлеу, тұтынылған газ үшін төлем жасауға мүмкіндік беретін жеке есепшот ашу, шарттарды əзірлеу

Жаѕєыру

Атырау мўнай ґѕдеу зауыты жоєары октанды бензин ґндіру їлесін ўлєайтады Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан».

Еліміздің мұнай өңдеу саласындағы тұңғыш əрі бірегей кəсіпорын – Атырау мұнай өңдеу зауытында бірнеше сатылы қайта жаңғырту жобасы сəтті іске асырылып келеді. Алдымен, Жапонияның «Марубени Корпорейшн» компаниясы қайта жаңғырту жобасын іске асырған еді. Бұдан соң аталған зауытта Қытайдың «SІNOPEC Engіneerіng» компаниясы хош иісті көмірсутектер шығаратын кешен құрылысын жүргізу үшін бас мердігерлікке тартылды. Осыған орай, «ҚазМұнайгаз» АҚ өңдеумаркетинг» еншілес компаниясы саналатын «АтМӨЗ» ЖШС жəне «SІNOPEC Engineering (Group) Co. LTD» (ҚХР) компаниясы арасында өзара шартқа қол қойылды. Жоба бойынша кешен құрылысына салынатын инвестициялық қаржының көлемі 1 миллиард 40 миллион АҚШ долларын құрады. Бұл Елбасының 2015 жылға дейінгі мерзімде мұнай өңдеу зауыттарын қайта жаңғырту жөніндегі тапсырмасына орай қолға алынған алғашқы жоба болуымен ерекшеленді. Əрине, мұндай жобаны əлемдік тəжірибесі бар компаниялардың қатысуынсыз іске асыру мүмкін емес. Сол себептен, бұл жобаға алғашында Еуропа елдерінің, Жапонияның, Оңтүстік Кореяның жəне Қытайдың бірнеше компаниясы ниет білдірді. Бірақ, соңғы сатыдағы бəсеке Жапонияның «Марубени корпорейшн» жəне «ДжиДжейСи» компаниялар тобы мен Қытайдың «SІNOPEC Engіneerіng» компаниясының арасында өрбіді. Өйткені, аталған компаниялардың ұсыныстары көңілге қонымдырақ болғанға ұқсайды. Жапониялық компаниялардың АтМӨЗ-дегі қайта жаңғырту жобасын іске асырумен толымды тəжірибелері бар болғанмен, аталған жобаны 3 миллиард 400 миллион АҚШ долларына бағалауы жоба талабына сай болмады. Ал Қытай компаниясының

7

www.egemen.kz

балама бағамы бұдан əлдеқайда төмендеу, яғни, 1 миллиард 99 миллион АҚШ долларын құраған. Төмен баға ұсынған Қытай компаниясымен арада келісімдер жүргізіліп, нəтижесінде тараптар 2009 жылдың 29 қазанында жобаны 1 миллиард 40 миллион АҚШ доллары көлемінде іске асыруға мəміле жасалған еді. Хош иісті көмірсутектер шығару кешенінің икемділігі екі мақсатты көздейді. Біріншіден, отындық жанармай шығаруға байланысты айтар болсақ, енді елімізде жоғары октанды бензин шығару 20 пайызға ұлғаяды. Зауыттың бас директоры Қайрат Оразбаевтың айтуынша, биыл аталған кешеннің іске қосылуымен жоғары октанды бензин өндіру 234 мың тоннаға ұлғайып отыр. Өнімнің экологиялық тазалығы 99,9 пайызды құрайды. Ал алдағы жылы жоғары октанды бензин өндіру тағы да 400 мың тоннаға дейін ұлғаятындығы жоспарлануда. Екіншіден, аталған кешен мұнай-химия өнеркəсібін дамытуға тың серпін береді. Мұны мамандар жоба туралы əңгіме басталғаннан бері айтып келеді. Нақтылай айтқанда, алдымен, жылына 133 мың тонна бензол жəне бір жылда 496 мың тонна параксилол шығаруға қол жеткізеді. Сонымен бірге, осы жоба арқылы АтМӨЗ-де шығарылатын тауарлы бензиндердің сапасын Еуро-4 стандарты деңгейіне жеткізуге

болады. Ал экологиялық тұрғыдан айтқанда, жанармай түрлеріндегі бензолдың мөлшері 1 пайыздан, хош иісті көмірсутегілер 35 пайыздан аспайды деп түсіндіреді мамандар. Бензин түрлері мен дизель құрамындағы күкірт мөлшері, қоршаған ортаға зиянды əсері азаяды. Еуро-4 стандартының талабы осындай. Дизель мен авиаотын өндіру де ұлғайтылмақ. Оның ішінде, дизель көлемін қосымша сутегі алу есебінен молайтуға мүмкіндік бар екен. Жалпы, мотор майларының сапасы мұнай өнімдерінің түр-түрін көбейту есебінен жақсартылмақ. Соның ішінде Еуро-2 стандартына сəйкестендірілген Регуляр-92, Премиум-95, Супер-98 маркалы бензиндерінде бензол мен күкірттің мөлшерлі көрсеткіштері бойынша сапа қоры сақталады. Еуро-2,3,4 стандарттарымен шығарылатын қысқы жəне жазғы дизель отындарында қоспа қолданылмаса да 35 градустық салқында қатпайтындығымен ерекшеленеді. Сол себептен, экологиялық жағынан таза бұл өнімді жеңіл жəне жүк көліктеріне қолдануға əбден болады. Қазіргі кезде жылына 200 мың тоннаға дейін шығарылатын ТС-1 реактив отыны сутегінен тазартылып, керосинмен араластырылу арқылы тұтынушыға ұсынылмақ. Міне, мұнай өнімдерінің сапасын жақсарту мен қоршаған ортаға зиянын шектеуді аталған жобаның бір артықшылығы деуге болады.

секілді өзге де мəселелері қысқа мерзімде оңтайлы шешілетін болады. Оның айтуынша, Атырау облысында 113 мыңнан астам абонент табиғи газ желісіне қосылған. Демек, өңірдің 500 мыңға жуық тұрғыны мен мыңдаған кəсіпорын табиғи газдың қызығын көріп отыр. Сол себептен, орталықта тұтынушыларға көрсетілетін қызметтер барынша оңтайландырылады. Орталықта тұтынушыларға арналған күту залы, кеңес беру, құжаттандыру жəне тіркеу бөлімі, сонымен бірге, дайын құжаттарды беру секторы ашылған. Мұнда тұтынушыға 26 түрлі қызмет көрсетіледі. Мəселен, бұрын тұты нушы газдандыруға қатысты мəселемен бірнеше мекеменің рұқсатын аралап жүріп алатын болса, енді мұның бəрі «бір терезе» əдісімен осы орталықта шешімін табады. Өйткені, орталықта электронды техникалық құралдар пайдаланылады. Мəселен, құжаттары дайын болған абоненттердің ұялы телефонына смс-хабарлама жіберіледі. Айтқандай, орталықта тұтынушылар үшін ұялы телефонды тегін қуатқа қосу жүйесі бар. Wi-Fi қызметі де тегін көрсетіледі. – Қазіргі кезде Атырау облысының барлық аудандары, яғни өңір тұрғындарының 98 пайызы табиғи газ желісіне қосылған. Енді өңір орталығынан

шалғайдағы Азғыр аймағындағы 9 елді мекенге магистралды жəне ауылішілік газ желілерін жүргізу жобасы əзірленуде. Соның ішінде таяу күндері Құрманғазы ауданының орталығынан Сүйіндік ауылына дейін газ құбырын тарту жобасы дайын болады, – деді орталықтың ашылуына қатысқан облыс əкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаев. Құрманғазы ауданындағы бұл елді мекендерді газдандырудың стратегиялық маңызы бар. Олай деуіміздің мəнісі мынада: Қазақстан – Ресей шекарасына жақын, нақтылай айтқанда, Астрахан облысының Харабалы қаласынан 60 шақырымдай жердегі Балқұдық ауылы мен Құрманғазы ауданының орталығының аралығы 250 шақырымды құрайды. Ал Сүйіндік ауылы 300 шақырымдай қашықта орналасқан. Оның үстіне осы жəне оларға жақын орналасқан елді мекендерге асфальт жол да жоқ. Бұрынғы көтерме жол əбден тозған. Енді міне, ел мен елдің шекарасында отырған тұрғындардың көгілдір отынның рахатына бөленерміз деген үміті ақталар күн жақындады. Ал «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамы жаңадан көгілдір отын тұтынатын тұтынушыларға да үздіксіз əрі сапалы қызмет көрсетуге белді бекем буып отыр.

Хош иісті көмірсутектер шығаратын кешен АтМӨЗ-дің мұнай өңдеу қуатының молаюына да сеп болмақ. Себебі, 2003-2006 жылдар аралығында жүргізілген қайта жаңғырту жобасының жалғасы болып есептелетін бұл кешен құрылысы Францияның «Axens» лицензиясын иеленген «Paramax BTX» технология сы бойынша іске асырылды. Жобаға кіретін каталикалық риформинг қондырғысы бензол бөліп шығаруға негізделген. Ал хош иісті көмірсутегін шығаратын кешен құрылысы аясында тұрғызылатын «Eluxyl» қондырғысымен параксилол өнімі алынады. Бұған қоса ксилолдарды изомерлейтін «XyMax» қондырғысы жəне толуолды трансалкилдеуге қажетті «Trans Plus» қондырғысын салу көзделді. Осы қондырғылар жобаның басты артықшылығын айқындайды. Осындай маңызы бар, əлемдік озық технологиялар қолданылатындығы көзделген АтМӨЗ-дегі хош иісті көмірсутектер шығаратын кешен құрылысы былтырғы жылдың аяғында іске қосылған еді. Биыл жаңа кешенде жаңа өнімдер – бензол мен апараксилолдың алғашқы партиялары алынды. – Біздің зауыттағы сатылы жаңғыту жұмыстары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың арнайы тапсырмасымен іске асырылуда. Бұған Үкіметтің нақты қолдауы жасалды. Дəл қазір хош иісті көмірсутектер шығару кешеніндегі технологиялық үдерістердің көп бөлігі қалыпты режімде тұр. Біз 103 бірлік санды октаны бар жоғары октанды компонент шығаратын боламыз. Бұл бізге АИ80 бензинінің өндірісі тоқтатылып, ел экономикасы үшін, жалпы тұтынушылар үшін аса қажетті жоғары октанды бензин өндіруге көшуге мүмкіндік берді, – деп мəлім етті зауыттың бас директоры Қайрат Оразбаев. – Бұл жобаны іске асырудағы мақсат – К3 жəне К4 стандарттарына көшу үшін бензинінің экологиялық тұрғыдан ең зиянды бөлігі – бензолды бөліп алу. Енді, міне, сол мақсатымыз орындалып, əлемдік нарықта үлкен сұранысқа ие, сондай-ақ, тəуелсіз Қазақстанның болашақ мұнай-химиялық кластерінің басты шикізатының біріне айналатын бензол мен параксилолдың алғашқы тəжірибелік-өнеркəсіптік партиясын алуға қол жеткіздік. Зауыттың бас директоры Қайрат Оразбаевтың айтуынша, бензол

əлемдік нарықтағы ең қымбат тұратын өнімнің бірінен саналады. Өйткені, оны пластикалық қоспалар, химиялық талшықтар шығаруға кеңінен қолданылады. Осы кешенде шығарылатын екінші өнім - параксилол бензолдан да бағалы, қымбат өнім. Аталған зауытта алғашқы партиясы алынған бензолдың құрамы –99,97%, яғни, сапасы өте жоғары деуге толық негіз бар. Əзірге бензолды экспортқа шығару көзделіп отыр. Алдымен, əрине, Ресей, Қытай нарығына экспорттау нұсқалары қарастырылуда. Бұдан өзге Еуропа нарығына экспортталуы жоққа шығарылмайды. Себебі, əлемде бензолды шикізат ретінде тұтынатын елдердің қатары көп. Болашақта Атырау облысында мұнай-химия кешені іске қосылғанда мұнда жылына шығарылатын 133 мың тонна бензол мен 496 мың тонна параксилол ішкі нарықта шикізат ретінде қалдырылмақ екен. – Бұл бес технологиялық қондырғыдан тұратын ең ауқымды кешен, мұнда 277 адамға жаңа жұмыс орны ашылды. Жұмысқа тартылған адамдардың бір бөлігін зауыттың тəжірибелі мамандары құрайды, қалғаны Қытай мен Ресейдегі ірі зауыттарда бірнеше оқу кезеңдерінен, іс-тəжірибеден өткен қызметкерлер. Бəрі де жаңа кешен қондырғыларында жұмыс жасауға əзір, –деді зауыттың бас директоры Қайрат Оразбаев. – Болашақта осы кешенде жоғары октанды 750 мың тонна бензин шығаратын боламыз. Иə, іске қосылғанына 70 жыл болған отандық кəсіпорын осылайша сатылы қайта жаңғыртудан өткізіліп жатыр. Жақында хош иісті көсірсутектер шығару кешенінің отындық жанармайлар өндіретін бөлігін мемлекеттік қабылдау актісіне қол қойылды. Мемлекеттік қабылдау комиссиясының төрағасы, Энергетика министрлігінің департамент директоры Асхат Хасенов: «Атырау мұнай өңдеу зауытының қайта жаңғыртылуы елімізде жоғары октанды бензин өндіруді 20 пайызға ұлғайтуға, сонымен бірге, мұнай-химия саласына қажетті шикізаттардың өндіріле бастауына жол ашты. Бұл жобаның ең басты ерекшелігі де, маңызы да осында», – деп атап өтті.

АТЫРАУ.

АТЫРАУ. –––––––––––––––––––––

Суретті түсірген Рахым ҚОЙЛЫБАЕВ.

 Жазылым-2016

Ќараєандылыќтар ќайраты

Қайрат ƏБІЛДИНОВ, «Егемен Қазақстан».

Өткен сенбіде Қарағанды облысының əкімі Нұрмұхамбет Əбдібеков «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының президенті Сауытбек Абдрахмановты қабылдады. Емен-жарқын жүздесу барысында ел газетінің басшысы бір ғасырға жуық тарихы бар байырғы басылымның заман талабына сай жасарған, жаңарған мазмұнда жұмыс істеп жатқаны жайында айтып берді. Өңір басшысы Нұрмұхамбет Əбдібеков еліміздің индустриялық тірегі болып саналатын өндірісті облыстың қолдағы бар мүмкіндіктің бəрін қарастырып, дағдарысқа қарсы іс-шараларды батыл түрде жүргізе бастағанын баяндады. Қазіргі таңда Қарағанды облысында шикізат қорына бағынышты емес экономиканың тірегі саналатын индустриялық-инновациялық дамудың екінші бесжылдығы жүзеге аса бастаған. Өңірде өндірістің негізгі салалары болып табылатын қара жəне түсті металлургия, машина жасау, құрылыс индустриясы, жеңіл жəне тағам өнеркəсібімен қатар экономиканы кластер бойынша дамыту жұмыстары да жалғасын тапқан. Мұның бəрі үлкен қиындықпен атқарылуда. Металлургия өнімдеріне баға да түсіп кетті. Мысалы, металл бағасы 1 тоннасына 900 доллардан қазір 370-400 долларға кеміген. Көлемге сұраныс та азайды. Бұрын мыстың 1 тоннасы 8-9 мың доллар тұрса, қазір небəрі 4,7 мың доллар ғана. Осындай жағдайда да өңірде өнеркəсіптегі жұмыс орындары сақталып қалуда. Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша облыста 10 нысан іске қосылған. Өндіріске құйылатын инвестиция көлемі де азайған жоқ. Өңірде экономикалық өсуге қол жеткізілгенін атап өту шарт. Өнеркəсіп саласының биылғы тоғыз айдың қорытындысындағы өсімі 8,3% құраған. Бұл – облыстар арасындағы ең үздік көрсеткіш. – Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың жаңа Жолдауы біздің жұмысқа дұрыс бағытбағдар ғана емес, сонымен қатар, мемлекет пен қоғамды, экономика мызды нығайту жолына жұмсалар күш-қуатымызға жігер, шабыт береді. Дəл бүгінгі күнде бізге күш біріктіру ауадай қажет. Сонда ғана біз жаһандық экономикалық дағдарыс туындатқан қиындықтарды жеңе аламыз, – деді облыс əкімі Нұрмұхамбет Əбдібеков. Бүгінде Қарағанды облысында Мемлекет басшысының шетелдерден инвестиция тарту бойынша берілген тапсырмалары негізінде қарқынды жұмыс жүргізілуде. Мысалы, өңірлік картаға «Осакаров ауданында «Global Lime Industries» компаниясы жоғары сапалы əк өндіретін зауыт салу» жобасы ұсынылған. Жоба металлургиялық, химиялық жəне тағам өнеркəсібі кəсіпорындарының қажеттілігін қамтамасыз ететін бірінші сұрыпты əк өндіру бойынша өндірістік кешен құрылысын салуды көздейді. Сонымен қатар, республикалық картаға Қытай инвесторларының қатысуымен іске асырылатын екі бірдей жобаны енгізу ұсынылған.

Оның бірі – «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймақ аумағында кешенді қорытпа зауытын салу. Жобаны іске асыру өңірге сомасы 73 млрд. теңгеден астам инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Екінші жоба – қытайлық «Цинхуа» корпорациясымен бірігіп, «Мұнайды қайта өңдеу кешенін салу» жобасын іске асыру да маңызы жағынан алдыңғы қатарда тұр. Бұл жо баға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытай басшылығымен арада болған келіссөздері барысында қол жеткізілген. Жобаға құйылатын инвестиция көлемі шамамен алғанда 800 млрд. теңгені құрайды. Жалпы, осы шаруалардың нəтижесінде, Қарағанды облысы бойынша «Индустрияландыру картасы» жобаларының жалпы саны 97-ге артып, инвестиция көлемі 1,3 трлн. теңгеден асатын болады. Аталған жобалар іске асқан күнде шамамен 2200 адам жұмыспен қамтылады деп жоспарланған. Биылғы көктемде Қарағанды облысы су тасқынынан қатты зардап шеккені белгілі. Міне, осындай сын сағатта қарағандылықтар қайрат көрсетіп, бұл тығырықтан абыроймен шыға білді. Бүгінгі таңда су тасқынынан қираған үйлердің орнына жаңа баспаналар толығымен салынып бітті. Тұрғын үй құрылысы бойынша штаб жұмысы облыс басшылығының қатаң бақылауында болды. Жалпы, облыста табиғи апаттан 2107 отбасы зардап шеккентұғын. Тəуелсіз сараптама апатты деп таныған 391 үй (459 пəтер) бюджет қаражаты есебінен салынды. Зардап шеккен азаматтарға бүлінген, жоғалған мүліктері үшін бюджет қорынан жалпы сомасы 719 млн. теңге болатын өтемақы төленді. Бұдан бөлек, жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттары жоқ 101 үй иелерінің мəселелері де ойдағыдай шешілді. Сауытбек Абдрахманов облыста ғимараттарды пайдалану ісіндегі ұсы нық тылыққа, үнемшілдікке қатты қызығушылық танытты. Бір елді мекенде тұрғындардың негізгі бөлігі қалаға көшіп кеткен де мектепте небəрі 21 оқушы қалған. Оларға 17 мұғалім сабақ беріп келген. Тұрғындармен тиісті түсіндіру жұмыстарын дұрыс жүргізудің арқасында қазір балаларды 5 шақырым қашықтықтағы көршілес, ірілеу ауылдағы мектепке автобуспен тасымалдау ұйымдастырылған. Шахан елді мекенінде екі мектеп бар еді. Балалардың толуы біреуінде 30 пайыз ғана, екіншісінде 40 пайыз ғана. Сол екі мектеп қосылып, бір мектепке айналдырылған. Босаған екінші ғимаратта музыка мектебі ашылған. Ата-аналар да, балалар да риза. Өңір басшысы өз тарапынан «Егемен Қазақстан» газетінің ел тарихының шын мəніндегі жылнамасы екендігін атап өтіп, Қарағанды облысында бұл басылымға деген сұраныстың жылдан-жылға артып келе жатқанын тілге тиек етті. Сондай-ақ, Нұрмұхамбет Əбдібеков Елбасы Жолдауынан кейін «Егемен Қазақстан» газетінде іле жарық көрген Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы ҚасымЖомарт Тоқаевпен «Ширығатын, шыңдалатын шақ туды» атты сұхбатты тұшына оқығанын да жеткізді. ҚАРАҒАНДЫ.

 Замандас

Əділдікті ту еткен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры Сансызбек Райымбаев биыл жетпіс жастың белесіне көтеріліп отыр. Ол республикаға есімі кеңінен танымал ғалым, заңгер, педагог, тəуелсіз Қазақстанның сот жүйесінің қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосқан айтулы тұлғалардың бірі. Сансызбек Ілиясұлы 1945 жылы 8 желтоқсанда Шы ғыс Қ азақ стан облысындағы Таврия ауда ны ның Пролетарка селосында дүниеге келді. 1964 жылы Өскемендегі №35 орта мектепті бітірісімен Кеңес əскері қатарына шақырылды. Үш жыл Германияда Кеңес əскерінің тобында азаматтық парызын өтеп, кіші лейтенант атағымен елге оралды. Жоғары білім алу мақсатында Қазақ мемлекеттік университетінің заң

факультетіне оқуға түсті. 1973 жылы университетті бітірісімен бірден Семей қаласындағы Калинин ауданының судьясы болып жауапты қызметке кірісті. Осыдан кейін ұзақ уақыт бойы əділет саласында еңбек етті. Алдымен Семей облыстық атқару комитеті əділет бөлімі бастығының орынбасары, бас кеңесші, одан соң Қазақ КСР Əділет министрлігі сот органдары басқармасының бастығы лауазымын атқарды. Қашанда қажымай-талмай еңбек етуінің арқасында бірталай жетістіктерге жетіп, көпшіліктің көңілінен шықты. Қайта құру жəне экономикалық дағдарыс кезеңіндегі қиындықтарды

еңсеруге байланысты біраз тер төгуге тура келді. Жоғарғы Соттың мүшесі ретінде əділдіктің салтанат құруына белсенді атсалысты. Еліміз егемендік алып, астана ны Ақмола қаласына көшіруге жəне Астана қаласының əкімшілікаумақ тық құрылымының өзгеруіне байланысты 1998 жылғы Президент Жарлығымен облыстық сотқа теңестірілген Астана қалалық соты жəне Алматы, Сарыарқа аудандық соттары құрылды. Астана қалалық сотының алғашқы төрағасы болып Сансызбек Райымбаев тағайындалды. Осы уақыттан бастап жаңа құрылған соттардың кадрлық құрамын анықтап, олардың жұмысына толыққанды жағдай жасауды қолға алды. Бұл орайда атқарған жұмысы нəтижесін берді. Кадрлар іріктеуден бастап, олардың

тұрмыстық мəселесінің дұрыс реттелуін де қадағалады. Нарыққа көшуге сəйкес заңнамалардың жаңадан қалыптасуы кезеңінде отандық сот өндірісін қалыпты арнаға түсіруде сіңірген еңбегі ерекше. Сансызбек Ілиясұлы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер алқасын біліктілікпен басқарды. Оның төрағалық етуімен өте күрделі, төменгі соттарда орын алған сот тəжірибесінің болмауынан дұрыс шешімін таппаған азаматтық істердің басым бөлігі осы уақытта қаралды. Сансызбек Райымбаев еліміздің өңірлерінде жыл сайын саны өсе түскен азаматтық істер санаттары бойынша сот тəжірибесін қалыптастыруға халқадерінше елеулі үлес қосты. Олардың қатарына шаруашылық субъектілерінің дəрменсіздігі, мүліктік кешенге деген меншік құқығының ерекшеліктерімен байланысты орын алған дауларды, акционерлік қоғам дардың құқықтық мəртебесі, адамдардың денсаулығына

келтірілген зияндарды өтеу, азаматтардың мемлекеттік басқару органдары мен олардың лауазымды тұлғаларының заңсыз əрекеттеріне шағымдануы сияқты істерді жатқызуға болады. Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты туындаған көкейкесті істерді əділдікпен шешу жолында мол тəжірибе жинақтап, əр мəселенің түйінін дұрыс шешуді мақсат тұтты. Əділетсіздіктің орын алмауына батыл қарсы тұрды. Соның негізінде даулы істер барынша дұрыс шешілді. Мəселен, сол кезде сот органдары жиі қараған жалақы, зейнетақы өндіру жəне оларды лайықты есептеу мəселелерін шынайы таразылады. Құқық саласының мамандары Сансызбек Ілиясұлының сот өндірісінде жүргізген күрделі мəселелер бойынша тəжірибесін жəне өзіндік беделін құрметтейді. Биік кəсіби деңгейі əрі білгірлігі оның сот жүйесінде əртүрлі деңгейде лауазымды міндеттер атқаруының нақты көрінісі болып табылады. Білігі мен білімі

мол Сансызбек Райымбаев кейінірек Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты қадағалау алқасының судьясы қызметін атқарып, əріптестерінің арасында құрметке бөленді. Осыдан бес жыл бұрын Сансызбек Ілияс ұлы кандидаттық диссертациясын ойда ғыдай қорғады. Ұстаздық қызметке ауысып, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында дəріс береді. Магистранттарға пəндердің тəжірибелік бағыты мен нақтылығы турасында Сансызбек Райымбаевтың оқыған дəрістері əрдайым қызықты өтеді. Еліміздегі құқық пен заңдылықтың шынайы түрде халықтың қажетін атқаруына көп еңбек жұмсап, əділдікті ту еткен ардақты азаматтың алар асуы əлі алда. Оған денсаулығының қуатты, өмірінің шуақты болуына тілектеспіз. Жұмаш ҚОСАНОВ, заң ғылымдарының докторы.


8

www.egemen.kz

● Талап жəне тəртіп

Прокуратура: елмен байланыс жəне кґпшілікке кґмек Жанар ІЛИЯС,

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының департамент бастығы, аға əділет кеңесшісі.

Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында аталып өтілгендей, қо ғамның құқық қорғау органдарына деген сенім деңгейін арттыру басым бағыттардың бірі болуы тиіс жəне азаматтардың прокуратура органдарына жүгінуінің жыл сайын артуы бізге деген сенім деңгейі индикаторларының бірі болып табылады. Статистика көрсетіп отырғандай, кейінгі он жыл ішінде прокуратура органдарына түскен өтініштер саны өсуінің тұрақты үрдісі сақталуда. 2005 жылмен са лыстырғанда олардың саны 57,3%ға артқан (ағымдағы жылы өсім 9%-ды құрады) жəне тек 2015 жылдың 10 айы ішінде ғана прокуратура органдарына 267 мыңнан астам өтініш түскен (2014 жылдың осы кезеңінде – 246 мың).

Егер ағымдағы жыл бойынша салыстырмалы талдау жасасақ, онда прокуратураға өзге құқық қорғау жəне мемлекеттік органдарға қарағанда едəуір көп өтініш түскен. Жұмыс көлемінің осындай ауқымды болуына қарамастан, əрбір шешілетін өтініш бойынша прокурорлар арызданушылардың барлық уəждерін егжей-тегжейлі зерделеу, ал кейде олардың тікелей қатысуымен зерделеу бойынша шаралар қабылдайды. Бұзушылықтар анықталған жағдайда ықпал ету шараларымен азаматтардың бұзылған құқықтары мен ұйымдардың мүдделерін қалпына келтіруді қамтамасыз етеді. Өтініштерді қарау нəтижелері бойынша прокурорлар соңғы бес жылда барлығы 20 мың прокурорлық қадағалау актісін енгізген, оларды қарау нəтижелері бойынша 10 мыңнан астам лауазымды тұлға əртүрлі жауапкершілікке тартылған. Аталған мəліметтер азаматтар мен ұйымдардың прокуратура органдарына деген сенімін, олардың қадағалау органы оларға бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге көмектесетіндігіне сенім артатындығын көрсетеді. Жыл сайын прокуратуа органдарының ғимараттарына 40 мыңнан астам азамат келеді, бұл прокуратураның құқық қорғау қызметінің өзектілігін көрсетеді. Бұдан басқа, прокурорлар ауылдық жиындар барысында, сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмелерінде тұрақты түрде азаматтарды қабылдауды ұйымдастырады. Соңғы бес жыл ішінде прокурорлар 6 209 азаматты қабылдаған. Сонымен қатар, азаматтардың мүдделерін ескере отырып, Бас прокуратура «он-лайн» режімінде қабылдауды ұйымдастырды, бұл ретте арызданушылар бейнеконференциялық байла ныс ар қылы Бас прокуратураның басшылығына, ал аймақтарда облыс прокурорларына жүгіне алады. 2011 жылдан бастап Бас прокуратураның басшылығы бейнеконференциялық байланыс арқылы еліміздің түрлі аймақтарында тұратын 3545 азаматты қабылдады. Үйлестіру жолымен, оның ішінде төмен тұрған прокурорлардың жұмысын үйлестіру арқылы қадағалау тексерістерінің нəтижелеріне негіздей отырып мемлекеттік органдардағы өтініштерді қарау туралы заңдардың қолданылуын жандандыруға қол жеткізілді. Тек ағымдағы жылдың өткен кезеңінде ғана прокуратура органдары 1 300-ден астам тексеріс жүргізді. Аталған тексерістердің нəтижелері бойынша 1 250 прокурорлық қадағалау актілері енгізілді, 2 057 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды. Қадағалауды жүзеге асыру жəне өтініштерді қарау кезінде мемлекеттік органдар тарапынан болатын заңсыз тексерістерден кəсіпкерлердің құқықтарын қорғау, мемлекеттік органдардың құқықтарды шектейтін заңсыз құқықтық актілер қабылдау, монополистердің асыра əрекет ету мəселелеріне көп көңіл бө лінеді. Кə сіп керлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топтар да тиімді жұ мыс істейді, олар заңсыз тексеріс ту ралы алғашқы дабыл түскен бетте оқиға орнына баруға жəне тексерушілердің заңсыз əрекеттерінің жолын кесуге дайын. Бас прокуратураның жəне облыстық прокуратуралардың сайттарында көрсетілген сенім телефондары

арқылы прокурорлардың мобильді топтарына көмек сұрап жүгінуге болады. Ағымдағы жылы сенім телефондарына 422 қоңырау түскен жəне 120 жағдайда заңсыз тексерістер туралы дабылдар расталған. Мобильді топтар өтініштерді қарау барысында барлығы 118 тексеріс жүргізген, кəсіпкерлердің құқықтарын бұ зу шылықтың 127 фактісінің жолы кесілген. Мысалы, Алматы қаласы прокуратурасының сенім телефонына түс кен кəсіпкерлердің өтініші бойынша Бостандық ауданы ІІБ ювеналдық полицияның 3 қызметкерінің «ADEM» сауда орталығы аумағында жүргізген тексеру іс-шараларының заңдылығына жедел тексеріс жүргізді. Жеке кəсіпкерлік субъектілерінің қызметіне заңсыз араласқаны үшін прокурорлық қадағалау актілері бойынша полиция қызметкерлері «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес қызметке толық сəйкес еместігі туралы ескерту түрінде тəртіптік жауапкершілікке тартылды. Бүгінгі күні ақпараттық технологиялардың ұдайы дамуы жəне құқықтық жүйенің жетілуі жағдайында Бас прокуратура өтініштерді қабылдауды жеңілдету бойынша шаралар қабылдады (бұрын арызданушылар шағымдарды не тікелей беретін немесе оларды пошта арқылы жөнелтетін немесе олар прокуратураға өзге құрылымдардан түсетін). Қазір азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдері көрсетілген жолдардан басқа облыстық халыққа қызмет көрсету орталықтарына, «Қазпочта» АҚ пошта бөлімшелеріне, Бас Прокурор мен облыс прокурорларының блогтарына, Бас прокуратураның Callорталығына, «Электронды үкімет» жəне «115.kz» порталдарына жүгіну арқылы өтініш бере алады. Соңғы үш жыл ішінде «Электронды үкімет» жəне «115. kz» порталдары арқылы түсетін электрондық өтініштер саны екі жарым есеге дерлік өскен (2013 жылғы 3 155-тен 2015 жылдың 10 айында 10 065-ке дейін). Жыл өткен сайын Бас прокуратура Саll-орталығының маңыздылығы арта түсуде, ол жерге еліміздің кез келген жерінен стационарлық немесе мобильді телефоннан 115 тегін нөмірі арқылы қоңырау шалуға болады. Азаматтардың ақпаратқа жедел қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін біз бүгінде орталық құзыретіне жатпаса да аза маттардың кез келген қоңырауын қабылдаудамыз. Тек 2015 жылдың 10 айы ішінде Саllорталыққа 50 мыңнан астам қоңырау түскен, олардың ішінде 34 мың абонентке анықтамалық сипаттағы ақпарат қажет болды (мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарының орналасқан жерлері жəне пошта мекен-жайлары туралы, олардың сенім телефондары туралы жəне т.с.с.), 12 мыңнан астам азамат өз арыздарының қаралу барысын білгісі келді жəне 4 мыңға жуық азамат прокуратура органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету тəртібін түсіндіруді өтінді. Call-орталыққа түскен өтініштерді қараудың нəтижелері бойынша соңғы бес жылда, прокуратура органдары азамат тарға сомасы 132 млн. теңгеден астам жалақы бойынша жиналған берешекті төлеуді қамтамасыз етті. Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысының прокуратура органдары қабылдаған прокурорлық ықпал ету шараларымен 2015 жылдың наурызында «Аккайынское СК» ЖШС-нің 99 жұмысшысына сомасы 1 340 000 теңге жалақы берешегі, «ХПП «ТНС-Экспорт» ЖШС-нің 66 жұмысшысына 2 503 647 теңге мөлшерінде жалақы берешегі төленді. Сондай-ақ, Семей қаласының прокуратурасы қабылдаған прокурорлық ықпал ету шараларымен «Семей жолдары» ЖШС-нің 6 жұмысшысының еңбек құқықтары қорғалып, оларға ағымдағы жылдың шілдесінде сомасы 1 718 358 теңгеге жалақы берешегі төленді. Жыл сайын республиканың Бас Прокуроры мен облыс прокурорларының дербес блогтарына түсетін электронды өтініштердің саны да өсуде. Облыстық жəне оларға теңестірілген прокуратуралар бойынша олардың саны 2013 жылы 4 306-дан бастап 2015 жылдың 10 айы бойынша 7 093-ке дейін немесе екі есеге дерлік өскен. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының дербес блогына ағымдағы жылы 1 769 сұрақ түскен. Барлығына жауап берілді жəне прокурорлық ықпал ету шараларымен сомасы 14,5 млн. теңгеге жалақы бойынша берешекті өтеу қамтамасыз етілді. Бүгінде прокурорлар өз тараптарынан өтініштерді қарау сапасын арттыруға, азаматтардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіруге жəне заң бұзушылықтарды жоюға бағытталған нақты шаралар қабылдауға бар күштерін салуда. Қазіргі уақытта прокуратура орган дарының алдында прокурорлық қадағалаудың үйлестірушілік рөлін одан əрі жандандыру жəне нəтижелілігі мен тиімділігін арттыру бойынша міндеттер тұр жəне олардың жемісті шешілуі ортақ нəтижеге қол жеткізу үшін күшімізді одан əрі нығайтумен байланысты.

8 желтоқсан 2015 жыл

 Журналист жолда жүргенде Сапарымыздың негізгі мақсаты 2016 жылға «Егеменге» жазылуды насихаттау болғанымен, халықтың тұрмысымен, халахуалымен, көңіл күйімен де танысуға тырыстық. Енді көрген-білгенімізді баяндап көрелік.

«Аттыѕ басын – Торєайєа!»

– деп Амангелді батыр айтпаќшы, аталєан ґѕірді аралап ќайттыќ Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

Арќалыќ

Атбасын алдымен Арқалық қаласына тіредік. Екі рет облыс орталығы болған қаланың «сыры кетсе де сыны кетпеген». Аудан əкімдігі орналасқан сегіз қабатты зəулім ғимараттың өзі бұл қаланың өткен тарихта өте ма ңызды кезеңдерді бастан кешкенін паш етеді. Мұндай ғимарат «облыс орталығымыз» деп азуын айға білеген талай қалаларда соңғы кездерге дейін болған жоқ. Мұнда талай жақсылар мен жайсаңдардың жүріп өткен жолдары сайрап жатыр... Атай кететін болсақ, Еркін Əуелбеков, Өзбекəлі Жəнібеков, Мақтай Сағдиев, Қаратай Тұрысов жəне т.б. қайраткерлердің əрқайсысы қазақ тарихы үшін ұмытылмайтын айрықша есімдер ғой. Қайбір жылдары Арқалық қараң қалды, көшелері жөнделмеген, үлкен ғимараттар қаңырап, жаппай бұзылып жатыр, жаңа құрылыстар жоқ деген сынды əңгімелер көп айтылатын. Құдайға шүкір, қазір Арқалықта олардың бірі де жоқ, жинақы, орталық көшелері тегістелген, өзіне лайық осы заманғы əсем ғимараттары да бар шағын қалаға айналған. Соның ішінде белгілі актер, марқұм Əнуар Боранбаевтың інісі, ірі бизнесмен Қайрат Боранбаев салып берген «Қайрат» спорт кешені, жөндеуден өткен теміржол вокзалының ғимараты, «Ажар» сауда үйі, іші-сырты əрлендіріліп, əсемделген бірнеше мектеп, балабақша үйлері жəне т.б. қаланың сəнін арттырып тұр. Дегенмен, қаланың 6, 7, 8-шағын аудандары иесіз. Мұндағы КСРО-ның соңғы жылдарында салынған 9 қабатты əсем үйлер бұзылудың аз-ақ алдында. Алайда, олардың кейбірін іскер азаматтар сатып алып, болашақта өндіріс, сауда орындарын ашу үшін терезелерін бітеп, бұзылудан сақтап, консервацияға қойыпты. Ал 9-шағын аудан толығымен жойылып, орны тегістеліп қалыпты. Тұрғындардың айтуына қарағанда, ең əдемі үйлер сонда болған екен. 30 мыңға жуық тұрғыны бар қаланың проблемалары да жоқ емес екен. Соның ішінде орталықтағы 3-4 көшеден басқа көптеген көшелердің жолдары жөндеуді қажет етеді. Көптеген үйлердің сырты, болмаса кіреберістері əбден тозып, қаусап тұр. Орталықтан алыстау аудандардың жылуы да мардымсыз көрінеді, «ішінде жұқа киіммен жүре алмаған соң, оны үй деп қалай айтарсың» деп налыған жандарды да естідік... Десек те, тұрғындар саны тұ рақ тылыққа бет алыпты. Қазір жаппай көшу тоқтаған. Халық саны былтырғы жылдың сəйкес кезеңімен салыстырғанда сəл артық. Арқалық қаласына 16 ауылдық округ қарайды. Соның бəрін қосқанда шаһарда былтырғы 1 қазанда 41 787 адам болса, биыл 42 114 адамға жетіпті. Өнеркəсіптен боксит өндіретін «Қазақстан алюминийі» АҚ филиалында 1 мыңнан артық адам еңбек ететін көрінеді. Одан басқа, электр қуатын өндіретін «Костанайюжэлектросервис» КМК, «Алюминстрой» ЖШС кəсіпорындарының əрқайсында 500-дей адамнан жұмыс істейді екен. Өндіріс көрсеткіштері əртүрлі, кейбірінде өсім бар, кейбірінде өнім төмендеп қалыпты. Сондай-ақ, құс өнімдерін шығаратын «Агроинтерптица» ЖШС жыл өткен сайын құлашын кеңге жайып келе жатқан көрінеді. Қазірдің өзінде онда 240 адам еңбек етеді екен. Ал 2017 жылы толық қуатына көшкенде 500 адамға жұмыс бермекші көрінеді. Ауыл шаруашылығында 350-ге жуық шаруа қожалығы мен 30-дан артық ЖШС еңбек етеді. Олардың негізінен мал шаруашылығымен айналысып, 6 мыңға жуық жылқы, 20 мыңға жуық қара мал, 20 мыңнан артық қойешкі өсіретінін білдік. Облыстық кітапханада халықпен кездесіп, пікір алмастық. 278 мың кітап қоры бар бұл кітапхана №2 облыстық əмбебап кітапхана деп аталады екен. Директордың орынбасары Дəмет Құсайынның айтуына қарағанда, онда 50 адам жұмыс істейтін көрінеді. Кітап қорының 70 пайызы орыс тілінде. Бұл – кезінде қала тұрғындарының 70 пайызға жуығы орыс тілділер болғанын

білдіреді. Кітапханашылар жаңа жылдан бастап еңбекақыларының көбейтілетініне қуанулы. Білім бөлімінің басшысы Мейрамкүл Əбудің айтуына қарағанда, Арқалық қаласы əкімдігіне қарайтын мектептердің саны – 26, соның 13-і аралас, 1-еуі орыс тілінде білім береді. Қалғанының бəрі таза қазақ тілінде. Мектептерде барлығы 6351 бала оқиды. Былтыр бір бала «Алтын белгі» алыпты. Балабақшаның саны – алтау, алайда əлі екі мыңдай балақанға орын табылмай, тапшылық көріп отырса керек. «Қайрат» жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Рүстем Шалабаев өздерінде спорттың жеті түрімен мыңға жуық жасөспірім шұғылданатынын айтты. Олардың арасынан биік нəтижеге жеткендері де жоқ емес көрінеді. Мəселен, Аян Байзақов ауыр атлетикадан «спорт шебері» нормативін орындаса, Жанна Серікова Қытайда болған жасөспірімдер арасындағы əлем чемпионатында чемпион атаныпты. Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жəнібек Ғаббасұлымен де əңгімелесудің сəті түсті. Көпті көрген, көп тоқыған ағамыз Арқалық тарихынан ұзақ сыр шертті. Соның ішінде Арқа лықтың жаңа тарихында, 2001 жылдан бастап 5 жыл əкім болған Жомарт Түбекбаевтың ерен еңбегін ерекше атады. Шіркін, осындай əкімдер көп болса еліміздің дамуы еселей түсер еді», – деді ақсақал.

Амангелді ауданы

Амангелді ауданының орталығы Арқалықтан 150 шақырымдай жерде. Тас жолы айнадай, жылдамдық сағатына – 140 шақырым. Іштей риза болып келе жатыр едік... 30 шақырымдай қалғанда текірекке тап болдық. «Өзіміздің жол құрылысын жасайтын компаниямыз істеп жатыр, жылына 7-8 шақырымнан артық жасай алмайды. Сондықтан Амангелдіге əлі де жетер емес», – деді жүргізушіміз. Амангелді ауданы туралы Арқалықта біршама əңгіме естігенбіз. Олар бай тұрады, малды көп ұстап, тұрмыстарын түзеп алған, деген сөздер көп айтылған еді. Енді сол сөздердің шындығына көз жеткізгіміз келген. Аудан орталығын əкімнің орынбасары Сабыржан Хайруллин армансыз аралатты. Шағын кент тап-тұйнақтай, бұрын қолданылып, кейін керексіз болып қалған ғимараттар жаңа иесін тауып, шағын бизнестің ошағына айналған. Көшелер де, жолдар да жаман емес. Амангелді мұражайында бір қызық дерекке кезіктік. Ол ұзақ əңгіме болғандықтан, кейіннен арнайы мақала арнамақпыз. Білім беру мекемелері арасынан Ы.Алтынсарин атындағы 400-ге жуық бала оқитын мектеп пен 140 орындық «Қаламқас» балабақшасында болдық. Екеуі де кімге көрсетсе де ұялмайтындай, қыздың жиған жүгіндей жұтынып тұрған мекемелер екен. Алтынсарин мектебінің Дархан Молдашев пен Гүлнұр Уəлиева есімді екі түлегі бүгінгі күні «Болашақ» бағдарламасымен Ирландияда білім алып жатқан көрінеді. Осы мектепке «Алтынсарин» ЖШС директоры Борис Князев телескоп тарту еткен екен, мектеп директоры Қиуаз Əлмағанбетов ағамыз оны да үлкен мақтанышпен көрсетті. Аудандық білім бөлімінің басшысы Сахан Төленовтің айтуынша, ауданда жалпы саны 21 мектеп бар көрінеді. Үш ауысымдық мектеп деген мұнда мүлде жоқ. Талапқа сай келмейтін болғандықтан, биыл екі бастауыш мектеп қысқартылыпты. 700-ге жуық педагог болса, соның 21-і биыл жас маман ретінде келсе, оларға көтерме жəрдемақысымен қоса, үй алуға жеңілдетілген несиелер беріліпті. Өткен оқу жылында екі бала «Алтын белгі», бір бала «үздік аттестат» алған. Кітапханада болған оқырмандармен кездесуге ақсақалдар мен жастар жиналды. Аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Балтабай Уахитов Астана мен Бейнеуді жалғайтын Орталық – Батыс жолының Амангелді, Торғай арқылы өтетініне ризашылығын айтып, тұйықта қалған өңірдің экономикасы енді жанданатынына ризашылығын білдірді. «Бұл бір дана шешім болды. Жол болмағандықтан, дамымай тұрған

өңіріміз енді өркендейтін болды. Біз ежелден мал өсірген аймақ едік, енді делдалға жем бола бермей, малымызды орталықтағы жəне батыстағы тұтынушыларға тақтайдай тегіс жолмен тура жеткіземіз бе деп мəз болып отырмыз», – деді ол. Өзгелер де осы ойды қуаттап, желпініп қалды. Қарт ұстаз Нұрсұлу Сағиқызы да осы шешімге риза екендігін айта келіп, Торғайдың осы уақытқа дейін «үнемі бүйірде қалып» қоя бергеніне кейістік білдірді. Амангелді ауданында 17 мың 300дей халық тұрады. Халықтың саны 2009 жылдан бері тұрақтанған. Шағын жəне орта бизнес субъектілерінің жалпы саны – 837, соның ішінде шаруа қожалықтары – 401. Олар 14 мың бас жылқы, 29 мыңға жуық қара мал, 77 мыңға жуық қой-ешкі өсіреді. 93 мың гектар егістік жер пайдаланылып, оған бидай, арпа, сұлы жəне т.б. егілген. Қожалықтар арасында төрт аяғынан тең тұрып кеткендері де жоқ емес, олар жаңа техникалар алып, мемлекеттік даму бағдарламаларына қатысып, жағдайларын түзетіп алыпты. Соның ішінде «Сыбаға» бағдарламасы бойынша – 200 бас, «Құлан» бағдарламасы бойынша – 144 бас, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 288 бас қой сатып алынған. Сөйтіп, барлығы 55 шаруа қожалығы мал тұқымын асылдандыру жұмысымен айналысуда екен. Индустрияландыру картасынан тыс 6 ірі жоба іске асырылған. Мəселен, Үрпек ауылындағы «Дария» шаруа қожалығы 120 млн.-дық қара малдың басын 250-ге, жылқыны 100-ге жеткізу жобасын іске асырған. Соның ішінде 103 млн. теңге қаражатты қожалық өз қалтасынан шығарып, 16,5 млн. теңгені Аграрлық несие корпорациясы арқылы алған. Міне, экономикадағы осындай жетістіктер ауданды өркендете түсуге өзінің игі ықпалын тигізіп келеді екен. Жоғарыда айтылған жол мəселесі шешілсе, аудан экономикасы тіпті қарқынды дамып кетуге бет алып тұр.

Торєай

Жалпы, Торғай өңірі талантты адамдарға бай болса, соның ішінде аудан орталығы Торғай ауылы болып отырған Ə.Жангелдин ауданы тіпті айрықша. Бұл жердегі ұсақ ауылдардың бəрінен дерлік жалпы республикамыз бетке ұстар ірі-ірі ақын-жазушылар, ғалымдар, мемлекет жəне қоғам қайраткерлері шыққан. Мəселен, Нəзипа Құлжанова, Бақытжан Байқадамов, Сырбай Мəуленов, Ғафу Қайырбеков, Төлен Əбдіков, Қоғабай Сəрсекеев, Шəміл Мұхамеджанов, Кенжеғали Сағадиев, Қойшығара Салғараұлы, Нұрхан Ахметбеков, Асқар Закарин, Қайнекей Жармағанбетов, Ғалым Байназаров, Сабыржан Шүкіров, Сейіт Кенжеахметов, Кеңшілік Мырзабеков, Серік Тұрғынбекұлы, Қайсар Əлім, Серікбай Оспанов, Марат Нұрқалиев, Қонысбай Əбілев жəне т.б. əрқайсысы бір ауыл түгілі бір-бір ауданға мақтаныш болатын тұлғалар. Осылардың бəрі бір Торғайдың төңірегінде туған. Ғажап емес пе? Ұлт ұстазы атанған Ахаң мен Жақаңның іні-қарындастары. Сондықтан да Торғайды ғажап жер емес деп көріңіз... Аудан əкімінің орынбасары Түбекбай Əубəкіровтің айтуына қарағанда, жергілікті басшылық олардың бəрінің де есімдерін құрметтеп, жас ұрпаққа үлгі етіп отыратын көрінеді. Аудан орталығында бес мұражай бар, соның бірі Ахаң мен Жақаңа арналған. Осы музейде Торғайдың ауыз толтырып айтатын түлектерінің бəрінің де есімдері жазылып, істеген істері көрсетіліп, суреттері ілініп тұр, дейді ол. Біз де Торғайды аралауды музейлерден бастап, алдымен Ы.Алтынсариннің мұражайына бұрылдық. Мұнда алғашқы ұстаздың атқарған еңбектерінің бəрі толық көрсетіліп, кейбір тұтынған заттары да қойылыпты. Осы мұражайдың директоры Гүлбану Сəрсекеева қарындасымыздың айтуына қарағанда, «Қазақ» газетін алғаш рет қолжазбамен Ыбырай шығарған екен, кейін інілері Ахаң мен Жақаң іліп əкетіп, бес жыл бойы шығарып келіпті. Ə.Жангелдин музейінен де өзіміз біле бермейтін көптеген қызықты деректерге кездестік. Басқа еңбегін айтпаған күннің өзінде, Əлекеңнің дүниежүзінің

13 мың шақырым жерін жаяу аралап өткендігінің өзі үлкен ерлік, көзсіз батырлық емес пе? Ахаң мен Жақаң музейінен де түсінген адам толқымай шықпайды. Əсіресе, екі арыстың алақанының табы қалған тұтынған заттарын көргенде қалай тебіренбессің? Осы музейден өзіміз үшін жəне бір жаңалық аштық. Осы уақытқа дейін қазақтан екі дивизия командирі (Б.Момышұлы мен С.Рахимов) ғана шықты деп жүрсек, Торғай жерінен шыққан үшінші адам да бар екен. Ол – полковник Мырзағали Жангелов. Соғыстан кейін Польша жерінде 1960 жылға дейін дивизия командирі болыпты. Генерал-майор Б.Берекетовтің дерегіне қарағанда, ол 5 əскери орден алған... Бір өкініштісі, музейлердің бəріне жылу берілмей отырған көрінеді, бұл баға жетпес экспонаттардың бүлінуден сақталуын қамтамасыз ете алмасы белгілі. 700-ге жуық оқушысы бар Ы.Алтынсарин атындағы мектепте, кітапханада оқырмандармен кездестік. Халықтың көңіл-хошы жақсы, «Егеменге» деген жылы пейілді де көрдік. Шақшақ Жəнібек, Шеген би туралы тарихи материалдар жазылса деген тілектер айтылды. Сонымен қатар, 2007 жылы қостанайлық өлкетанушылар тапқан свастика пішіміндегі торғайлық геоглифтің соңғы тағдыры туралы жазылғанын қалайтындарын жеткізді. Торғай жері астының 10 пайызы ғана барланғанына жəне «Айырқұмда» мұнай бар деген əңгіменің жалғасын таппаға ны на да оқырмандар өкініштерін білдірді. Аудандағы 13 клуб пен бір мəдениет үйінде 97 адам қызмет істейтін көрінеді. Оның үстіне, 14 ауылда кітапхана да сақталып, жұмыс жасап тұр екен. Білім бөлімінің басшысы Наурызбай Сейдахметовтің айтуына қарағанда, аудандағы 24 мектепте 2624 бала оқитын көрінеді. Соның ішінде биыл 11 оқушы «Алтын белгіден» үміткер. Жақсы-ақ көрсеткіш. Бір өкініштісі, математик, информатик, шетел тілдерінің мамандары жетіспейтін көрінеді. Торғайдың мың жылқы айдаған байларының бірін көрмек болып ауданнан 60 шақырым жердегі Аралбай ауылына бардық. Осы ауылдан 8 шақырым жерде Балғабай Қабжанов деген азаматтың «Азамат» атты шаруа қожалығы орналасыпты. Қожалықта 600-дей жылқы, 150 сиыр, 700 бас қой бар екен. Оның үстіне, жері құнарлы болғандықтан, Ақмола облысынан егістік жер алып, 15 мың гектарға астық өсіретін көрінеді. 15 адамға жұмыс тауып беріп отырған қожалықтың аумағына үйлер салынып, жарық тартылып, барлық жағдайларды жасап қойған. Соның бəріне 45 млн. теңгедей ақша салыпты. Ауылына да көп нəрсеге көмек беріп, қаражат бөліп тұрады екен. Ауылдық округтің əкімі Қойшыбек Молдабековтің айтуынша, мемлекеттің ауыл шаруашылығын қолдау бағдарламаларына қатысып, несие алғысы келетіндер көп, алайда, көбінің кепілге қоятын мүлкі болмай, қолдары байланып отырған көрінеді. Жалпы, Торғай өңірі атакəсіппен айналысып, мал өсіруге өте қолайлы. Жоғарыда айтылған жол өтетін болса, бұл өңір мал басын еселеп көбейтуге дайын отыр. Торғайда бүгінгі күні 14 мыңдай халық тұрады. Ал жылқы саны 10 мыңға аяқ басыпты, ірі қара 30 мыңнан артық, қой-ешкі 100 мыңға жуық екен. Соның бəрін өз күштерімен өсіріп, өндіріп отыр. Бұрын бас зоотехник болып істеген Тыныштық Əбжамалұлы ақсақалмен əңгімелескенімізде ол халықтың еңбекке құштарлығына риза болатынын айтты. Бұрын біреу істеп, нəтижесін басқалар иемденетін болса, қазір өздері иемденетініне көздері жеткен. Сондықтан да құштарлық үлкен. «Қазір жылқы мен сиырдың саны кеңестік кезеңдегіден де асып кетті. Осылардың арқасында халықтың қазіргі тұрмысы бұрынғы кезден анағұрлым жақсы», – деді ақсақал. Лайым солай болсын, қазақтың қасиетті қара орманы жайнай берсін деген тілекпен біз де аттандық. АСТАНА – АРҚАЛЫҚ – АМАНГЕЛДІ – ТОРҒАЙ – АСТАНА.


www.egemen.kz

8 желтоқсан 2015 жыл

 Өнеге

Маќсот аєа

Өңірінің еліне еңбегі сіңген, өмірден көргені мен көңілге түйгені көп сыйлы ақсақалдарының бірі – Мақсот Батыров. Ұстазы жақсының ұстамы жақсы деген нақылға бергісіз сөз бар халқымызда. Мақсот ағаның бойына біткен ұстамдылық, қашан көрсең де сабырлы да салмақты қалпынан өзгермейтін бітім-болмысы оның ұшқан ұясында алған тəрбиесі мен өмір мектебінен көрген өнегесі мол екенін көрсетеді. Əсіресе, ол кісі кезінде Фурманов ауданын басқарған Социалистік Еңбек Ері, қазақтың қажымайтын, талмайтын қайраткері бола білген асыл азамат Кенжебек Меңдіəлиетің алдын көргенін, бірге қызмет жасағанын өзіне зор мəртебе санайды. Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан».

Мақсот Қажығалиұлы – өз заманының адамы. Оның жалынды жастық жылдары мен саналы ғұмыры кеңестік кезеңге, кеңестік идеологияның белең алып тұрған шағына тұспа-тұс келді. Осы жылдарда ол шалғайдағы Жəнібек жəне Фурманов аудандық партия комитеттерінің бірінші хатшысы болып қызмет жасай жүріп ең алдымен бұл өңірлердің экономикасының көтерілуіне сүбелі үлесін қосты. Саясатшылдықпен айналысуды өз қызметінің басым бағытына айналдырмай, керісінше елдің шетінде, желдің өтінде орналасқан өңірлерде сол заманның талабына сай егістіктен мол өнім алып, мал басын өз төлі есебінен өсіруге бас тамашы болды. Айталық, бүгінде жоғарыда аталған аудандар аумағында ас тық мүлдем өсірілмейді. Өйт кені, бұл өңірлер жартылай шөлейт аймақта орналасқан. Топырағының бонитеті мен құнарлылығы да қажетті деңгейден

төмен. Соған қара мастан, М.Батыров басқарған жылдары мұнда егістіктен мол өнім жиналды. Тіпті, 1978 жылы Жəнібек ауданы мемлекетке 8,4 миллион пұт астық тапсырғаны бүгінде ертегі секілді. Алайда, нақты шындық осындай еді. Мұндай жетістіктің сырын біріншіден гектар берекесін көтеру үшін оңтайлы шешім ала білген аудан басшысының іскерлігі мен ізденімпаздығынан іздегеніміз жөн. Сонымен бірге, сол жылдары Мақсот Батыровтың тікелей ұйымдастыруы бойынша Ресей аумағынан Еділ суын Жəнібекке жеткізуге мүмкіндік жасалды. Осы арқылы өзені мен көлі жоқ Жəнібек ауданында тұрғындардың малдарын сумен қамтамасыз етудің шешімі табылды. Жетпісінші жылдардың бас кезінде облыстың Жəнібек, Қазталов, Орда секілді шалғай аудандарында тұрғындар үшін теледидар көру тек арман ғана еді. Мақсот Батыров сол арманды нақты іске айналдыра білді. Ол көршілес Ресейдің Волгоград облысындағы арнайы мамандармен келісім жасап аудан орталығындағы

теміржол вокзалының түбінен телемұнара орнаттырды. Осы арқылы жəнібектіктер оңтүстік аудандар арасында теледидар хабарларын тұңғыш рет көруге мүмкіндік алды. Кейін бүгінгі кейіпкеріміз Фурманов ауданына басшылық қызметке ауысқан кезде де биіктігі 193 метр ауданаралық теле мұ нараның пайдалануына беруге ықпал жасады. Əр аудан аумағындағы ауылдар ды табиғи газ жүйесіне қосу жөнінде тыңғылықты жұмыстар атқарылды. Бұл сол кезең үшін орындалуы мүмкін еместей көрінетін үл кен проблемалық мəселе болатын. Өйткені, билік тізгіні Мəскеуде тұрған кезде ол жақтағылар Қазақстаннан астық, ет, сүт беруді қатаң талап етті де, сол материалдық игіліктерді өндіріп жүрген елжұрттың əлеуметтік-тұрмыстық мəселесін шешуге қырын қарады. Сол тұста Батыров еңбегінің елеулі болғаны да сондықтан десек ше?! Мақсот аға жасы сексеннің бесеуіне келсе де облыстың қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып келеді. Ол мұның алдындағы жылдарда облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы ретінде аға буын өкілдерінің мұң-мұқтаждарын билік дəліздеріне жеткізе білді. Əрі ұрпақтар сабақ тастығының мəні мен маңызы терең екендігі жөніндегі өз пайымдауларымен ой-пікірлерін бүгінгі жас ұрпақ өкілдерімен талай рет бөлісті. Біз білетін Мақсот аға ой-өрісі кең, замана тынысын тереңінен сезіне білетін өресі биік азамат. Əрі жаяу жүруді, күн сайын денешынықтыру жаттығуларын жасауды өзінің өмір салтына айналдырған сергек сезім иесі. Оның қарт тыққа бойалдырмауының басты сыры да осында болса керек. ––––––––––

 Туыстық туы

Бакуде жарыќ кґрді

Көрнекті жазушы, Мемлекеттің сыйлықтың лауреты Сəбит Досановтың прозалық шы ғармалары Бакуде жеке кітап болып шықты. «Ақ аруана» атты кітапқа жазушының «Сыңсып ұшқан сыңар аққу» əңгімесі мен «Ақ аруана» хикаясы жəне «Арманым көп, аз өмірім жетер ме?» атты толғауы енген. Қазақ қаламгерінің шығармаларының əзербайжан тіліне аударған көрнекті ақын, прозашы Эльхам Зал. Бакуде, əзербайжан тілінде жарық көрген көркем шығармалардың көз жауын алған кербез безендірілуі – кітаптың суретшісінің де талантты екенін айқын танытып тұр.

Суретте: Мақсот БАТЫРОВ.

Раушан ТƏУІРХАНҚЫЗЫ.

 Өңір өмірі

Made in Mangistau Ақтауда кəсіпкерлік аптасы аясында өңдеу өнеркəсібімен айналысатын (Даму – Өндіріс) «Бизнестің жол картасы-2020» шағын жəне орта кəсіпкершілік субъектілерін мемлекеттік қолдау бағдарламалары бойынша баспасөз-туры ұйымдастырылды.

Жыл сайын «Даму» кəсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өңірлік филиалына мемлекеттік қолдау алу үшін кəсіптерін енді бастаған жəне жұмыс істеп жатқан кəсіпкерлер жүгінеді. Бағдарлама бойынша қаржыландырылған жобалардың бірі «Ақтау қағаз зауыты» ЖШС болды. Өндірістегі жұмыстарын біржарым ай бұрын бастады. Ұзақ жылдар бойы «Ақтау қағаз зауыты» ЖШС жабдықтар сатып алумен жəне сатумен айналысқан. – 2007 жылдан бері біз медициналық қалдықтарды пайдаға асырумен айналысып келеміз. Бізге өңірдегі кəсіпорындар макулатураны пайдаға асыру өтінішімен аса жиі жүгінеді. Пайдаланылған қағаздардың қандай көлемі текке жойылатынын көре отырып, мен оны қайта пайдалану туралы ойладым. Содан жеке қаржыма жабдық сатып алдым, – дейді «Ақтау қағаз зауыты» ЖШС директоры Сұңғат Еділбаев. Əжетхана қағазын өндіру үшін əдетте керексіздіктен қоқысқа жіберілетін макулатура пайдаланылады. – Бұл мемлекеттік органдар мен ірі мұнай компанияларынан тегін алынатын ескірген мұрағаттық құжаттар. Біздің өнімдеріміз жақсы, сапалы болып отыр, – дейді С.Еділбаев. Бұл батыс өңірдегі осындай бір ғана жоба. Уақыттан қалмауға тырысатын бизнесмен шығаратын өнімдерінің түрлерін кеңейтуде. – Бізде өзіміздің жеке жаңалығымыз – техникалық қажеттер үшін күңгірт катырма қағаздан жасалатын қағаз сулықтарымыз бар. Олар сүрткіш мата

қал дықтарын, яғни мəселен, майлы тетіктерді, қолды сүртетін шүберекті керемет алмастырады. Оның қаншалық қажет екенін өндірісте жұмыс істейтін мұнайшылар мен автомобильшілер біледі деп ойлаймын. Сонымен қатар, біз үйде тұтынуға жəне ойын-сауық орындарына арналған қағаз сулықтар шығаратын боламыз. Логистикаға қаржы жұмсамайтындықтан ол əлденеше есе арзан жəне сапалы, – деп атап өтті Сұңғат Еділбаев. Бүгінгі күні цех тəулігіне 8 сағат жұмыс жасайды. Жақын уақытта кəсіпкер жұмыс орнын көбейту мен өндірісті тəулік бойы іске қосуды жоспар лап отыр. Мемлекеттік қолдаудың арқасында кəсіпкер газ жүргізіп, жылыту жүйесін жөнге келтірді. – Газды пайдалану шығарылған өнімнің өзіндік құнын айтарлықтай азайтады. Жəне цехтың іші салқын болғандықтан жылу жүргізгім келді. Жоба бойынша мен «Даму» қорына жүгіндім, оның мамандары маған «Даму-Өндіріс» мемлекеттік бағдарламасына қатысуға көмектесті, – дейді Сұңғат Еділбаев. Өңдеуші өнеркəсіп саласында жұмыс істейтін шағын жəне орта кəсіпкерлік субъектілерін қолдау бағдар ламасы аясында «Даму-Өндіріс» қоры бірінші транш бойынша «Даму» қоры екінші деңгейлі банктерге салған қаржыдан арнайы ақша бөлді. Кəсіпкер «Қазақстанның Халық банкі» АҚ 6%-бен ұсынған 40 млн. теңге мөлшеріндегі кредиттік желіні пайдаланды. Бүгінде несиенің жалпы сомасынан

банк жабдық сатып алуға жəне орнатуға 17,5 млн. теңге мөлшеріндегі бірінші траншын берді, – деп атап көрсетті Маңғыстау облысы бойынша «Даму» қоры АҚ ӨФ құзыреттілігін көте ру бағдарламалары жөніндегі бас менеджері Жанар Ермаханбетова. Кəсіпкердің айтуынша, екінші траншты ол макулатураны жəне дайын өнімдерді сақтауға арналған қойма салуға жұмсауды жоспарлап отыр. Келесі нысан – «Строй-Пласт-Актау» ЖШС. Кəсіпорын 2009 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Металлпластикалық, алюминий терезелер мен есіктер, тас төсеніштер мен жол ернеулерін жасаумен айналысады. Бұрын компания пенопласт та өндірген, алайда бу қазандығының жарамсыздығынан өндіріс тоқтап қалған. Жағдайды жақсарту жəне материалдық-техникалық базаны жаңарту үшін «Строй-ПластАктау» ЖШС пайыздық мөлшерлемемен кепілдік қамтамасыз етудің жетімсіздігі жағдайында несиені кепілдендіру бөлігін субсидиялау түрінде «Даму» қорының мемлекеттік қолдауына жүгінбекке шешті. – Біз тас төсеніштер өндіру цехына Ираннан резеңке қалыптар сатып алдық жəне олардың түстерінің түрлілігін көбейттік. Пенопласт жасау үшін Ресейден тікелей тауар сатып алдық, бу қазандығын газға ауыстырдық. Осы шаралардың барлығы тауардың өзіндік құнын азайтуға мүмкіндік берді, – дейді «Строй-Пласт-Актау» ЖШС директоры Серікбол Боранқұлов. Сонымен қатар, «Строй-ПластАктау» ЖШС өндіріп жатқан тас төсеніштердің түрлерін көбейтуді шешті. Егер бұрын тұтынушыға тек екі түрі жеткізілетін болса, бүгінде ұсынылатын өнімдердің 10 түрі мен 5 түсі бар. «Бэби Клуб» ЖК-ның «Балалардың

ойын-сауық орталығының қызмет көрсетуін ұйымдастыру» жобасы ресейлік франчайзингте жасалған. Бүгінгі күнде мектепалды тəрбие мен оқыту бойынша Ақтаудағы ең тиімді жəне танымал ұйымдардың бірі. Əлемде 200-ден астам филиалдары бар, соның ішінде, олар Астана, Алматы, Шымкент, Атырау жəне Орал қалаларында орын тепкен. «Бэби Клуб» «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болып табылады. Бүгінде балалар орталығында 80-нен астам бала бар. Білім беру бағдарламалары мектепке дейінгі тəрбие беру саласындағы жаңа əдістемеге сай жасалған. Білім беру үдерісінің тиімділігі мен сапасының айқын мысалы бес жасқа дейінгі клуб тəрбиеленушілерінің есептеп, оқи білетіндігі жəне нəтижесінде мектепте жақсы оқитындығы болып табылады. – Бэби клуб – ол балалар қабілетін жақсы дамытатын, оларды жаңа заманауи əдістеме бойынша ересек өмірге дайындайтын ойын кеңістігі. Біздің мақсатымыз – балаларды бақытты ету жəне соның нəтижесін сезіну – дейді «Бэби Клуб» директоры Əйгерім Смағұлова. Балалардың жас санаттары – 8 айдан 7 жасқа дейін. Ең кішкентайлар атааналарымен бірге болады. Тəрбиешілер мақсаты – балалардың қабілетін ашу, оған ақпаратты тез жəне дұрыс қабылдауға үйрету, өзінің шығармашылығын таныту. Бүгінде Əйгерім мен оның жұбайы «Бэби Клуб» жүйесімен жұмыс жасайтын жалпы балалар бақшасын ашуды армандайды. Онда, жас ата-аналардың айтуынша, қосымша хореография жəне шет тілі пəндері енгізілмекші. Мамандардың пікірінше, бүгінде бизнесмендер мемлекеттік бірегей бағдарлама мен «Даму-Өндіріс» бағдарламасына белсенді қатысатын болған. «Даму» қоры, 1 қарашадағы жағдай бойынша, жалпы сомасы 48 млн. теңге болатын 165 жобаға қолдау көрсеткен. Мереке ТАҢАТАРОВ.

 Айбын

Мемлекеттік кїзет

ќызметіне ќабылданєан 295 сарбаз ант берді

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Алматыда Тұңғыш Президент күні қарсаңында Мемлекеттік күзет қызметіне

қабылданған жас сарбаздардың салтанатты ант қабылау рəсімі өтті. Мемлекеттік күзет қызметі əскери борышын өтеуге республикамыздың əр өңірінен іріктеліп шақырылған 295

сарбазды өз қатарына қабылдады. Бұл жауынгерлік дəс түр əскери қызметтің ең ма ңызды актілерінің бірі болып табылатындықтан, осынау шараға шаһар басшысы Бауыржан Байбек бастаған қоғам қайраткерлері, ата-аналар қатысты. Əскер қатарына жаңа шақырылған сарбаздар алдында сөз сөйлеген ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің басшысы, генерал майор Амантай Күреңбаев əскери қызметке қабылданған жаңа ұрпақ антқа адал болатындарына сенім білдірді. – Бүгінгі шара айрықша мəн мен мағынаға ие. Мемлекеттік тəуелсіздікке қол жеткелі бері Елбасы саясаты арқасында қауіпсіздік күштері нығайтылу үстінде. Азаматтардың əскери міндетін орындауына барынша жағдай жасалған. Оларды əлеуметтік қамсыздандыруға, баспанамен қамтып, еңбекақы, зейнетақыны көтеру мəселесі оң шешімін табуда. ҚР Қарулы Күштері заманауи техникамен қару-жарақпен қамтылып,

жоғары материалдық-техникалық базасы қалыптасты. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, армия əрдайым сақадай сай болуы тиіс. Бұл – мемлекет қойып отырған міндет. Сарбаздар лайықты отан қорғаушылар болады деп сенемін, –деді қала əкімі Бауыржан Байбек. Ант қабылдағаннан кейін сарбаздар ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің əскери бөлімдеріне, яғни Астана мен Алматы қалаларына аттан дырылып, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Пре зиденті – Елбасының, басқа да күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ерекше тапсырмаларды, дəстүрлі рəсімдерді орындайды, Мемлекеттік Ту мен Ел таңбаның эталондарын күзетеді. 2015 жылғы күзгі ша қырылым нəтижесі бойын ша ҚР Мемлекеттік кү зет қызметінің қатарына ша қырылатын жас сарбаздардың сапалық мінездемесі жоғары деңгейде. Шақыры лымның негізгі құрамы жо ғары жəне арнайы-орта білімді. Жастардың басым көпшілігі түрлі спорттық разряд иегерлері. АЛМАТЫ.

9

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс туралы хабарландыру Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары: B-2 санаты үшін: жоғары білім; мемлекеттік қызмет өтілі үш жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда бір жылдан кем емес; жоғары білім бағдарламалары бойынша шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес; осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағыттарына сəйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде ұйымдардың басшылары жəне олардың орынбасарлары лауазымдарында бір жылдан кем емес; жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс негізінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда бір жылдан кем емес; ғылыми дəрежесі болған жағдайда осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағыттарына сəйкес салаларда жұмыс өтілі бір жарым жылдан кем емес. B-3 санаты үшін: жоғары білім; мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес; мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес; осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағыттарына сəйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес; жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; ғылыми дəрежесінің болуы. В-4 санаты үшін: жоғары білім; мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағытына сəйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы; жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; ғылыми дəрежесінің болуы. В-5 санаты үшін: жоғары білім; жұмыс тəжірибесі талап етілмейді. С-О-2 санаты үшін: жоғары білім; мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес; жоғары білім бағдарламалары бойынша шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес; осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағыттарына сəйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес; жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; ғылыми дəрежесінің болуы. С-О-3 санаты үшін: жоғары білім; мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес; мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес; осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағытына сəйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес; жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; ғылыми дəрежесінің болуы. C-О-4 санаты үшін: жоғары білім; мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағытына сəйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес; жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; ғылыми дəрежесінің болуы; сот орындаушысына жұмыс тəжірибесі талаптары қолданылмайды. C-O-5 санаты үшін: жоғары білім; жұмыс тəжірибесі талап етілмейді. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағытына сəйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. C-O-6 санаты үшін: жоғары немесе ортадан кейінгі білім; жұмыс тəжірибесі талап етілмейді. «Мемлекеттік əкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы бірінші орынбасарының 2008 жылғы 9 қаңтардағы № 02-01-02/5 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Əділет минис трлігінде 2008 жылы 10 қаңтарда № 5084 тіркелген). Мемлекеттік əкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы Еңбек сіңірген Еңбек сіңірген жылдарына жылдарына Санат Санат байланысты байланысты min max min max В-2 С-О-3 94813 128126 201798 272909 В-3 153110 206283 С-О-4 84563 114032 В-4 136454 184502 C-O-5 64063 86485 В-5 121720 164642 C-O-6 57656 78157 С-О-2 125564 169767 І. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шарушылығы жəне жануарлар дүниесі комитетінің «Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы жəне жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ, 070002, Өскемен қаласы, Мыза көшесі, 2/1, анықтама үшін телефоны: 8 (7232) 578387, электронды мекенжайы: khamzina.k@ minagri.gov.kz, «Б» корпусындағы бос мемлекеттік əкімшілік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды: 1. Семей инспекциясы бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қ. Функционалды міндеттері: жануар лар

дүниесін қорғау, өсімін молайту жəне пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру; балық аулау мен балық шаруашылығын жүргізу ережелерінің сақталуын бақылау; жеке жəне заңды тұлғалармен балық шаруашылығын жəне балық аулауды жүргізуге жасалған шарттар талаптарының сақталуын қадағалау; бақылауындағы су қоймаларында балық ресурстарын жəне басқа да су жануарларын қорғау жөніндегі рейдтік іс-шараларды орындау; жануарлар дүниесін пайдаланушылардың қызметтеріне олармен Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту жəне пайдалану саласындағы заңнама талаптарының сақталуын қадағалау мақсатында тексеріс жүргізу; балық шаруашылығы қызметтері бойынша есептерді жəне балық шаруашылығы субъектілеріне тексеріс жүргізудің жарты жылдық жоспарларын дайындау, құқық қорғау жəне табиғат қорғау органдарымен балық ресурстарын жəне басқа да су жануарларын қорғау бойынша бірлескен іс-шараларды жүргізу, тексеріс актілерін, Қазақстан Республикасының орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жəне жануарлар дүниесі саласындағы əкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды жасау, қаулы шығару жəне жоғарыда аталған құжаттардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру; инспекция басшылығының жəне комитеттің тапсырмаларын уақытында жəне сапалы орындау; Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту жəне пайдалану саласындағы заңнамаларының өзге де талптарын орындау. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: ауыл шаруашылығы ғылымдары (балық шаруашылығы, өнеркəсіптік балық аулау), (орман шаруашылығы, орман өсіру немесе орман жəне бақша-парк шаруашылығы немесе аңтану, аң өсіру) немесе жаратылыстану ғылымдары (биология, экология) немесе құқық (заңтану) саласындағы немесе ветеринарлық медицина немесе ветеринариялық экология саласындағы жоғары немесе ортадан кейінгі білім. 2. Семей инспекциясы бөлімінің жетекші маманы, С-О-6 санаты, 1 бірлік, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қ. Функционалды міндеттері: жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту жəне пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру; балық аулау мен балық шаруашылығын жүргізу ережелерінің сақталуын бақылау; жеке жəне заңды тұлғалармен балық шаруашылығын жəне балық аулауды жүргізуге жасалған шарттар талаптарының сақталуын қадағалау; бақылауындағы су қоймаларында балық ресурстарын жəне басқа да су жануарларын қорғау жөніндегі рейдтік іс-шараларды орындау; жануарлар дүниесін пайдаланушылардың қызметтеріне олармен Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту жəне пайдалану саласындағы заңнама талаптарының сақталуын қадағалау мақсатында тексеріс жүргізу; балық шаруашылығы қызметтері бойынша есептерді жəне балық шаруашылығы субъектілеріне тексеріс жүргізудің жарты жылдық жоспарларын дайындау, құқық қорғау жəне табиғат қорғау органдарымен балық ресурстарын жəне басқа да су жануарларын қорғау бойынша бірлескен іс-шараларды жүргізу, тексеріс актілерін, Қазақстан Республикасының орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жəне жануарлар дүниесі саласындағы əкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды жасау, қаулы шығару жəне жоғарыда аталған құжаттардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру; инспекция басшылығының жəне комитеттің тапсырмаларын уақытында жəне сапалы орындау; Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту жəне пайдалану саласындағы заңнамаларының өзге де талаптарын орындау. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: ауыл шаруашылығы ғылымдары (балық шаруашылығы, өнеркəсіптік балық аулау), (орман шаруашылығы, орман өсіру немесе орман жəне бақша-парк шаруашылығы немесе аңтану, аң өсіру) немесе жаратылыстану ғылымдары (биология, экология) немесе құқық (заңтану) немесе зоотехния саласындағы жоғары немесе ортадан кейінгі білім. 3. Көкпекті инспекциясы бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік, Көкпекті ауданы, Тассай ауылы. Функционалды міндеттері: жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту жəне пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру; балық аулау мен балық шаруашылығын жүргізу ережелерінің сақталуын бақылау; жеке жəне заңды тұлғалармен балық шаруашылығын жəне балық аулауды жүргізуге жасалған шарттар талаптарының сақталуын қадағалау; бақылауындағы су қоймаларында балық ресурстарын жəне басқа да су жануарларын қорғау жөніндегі рейдтік іс-шараларды орындау; жануарлар дүниесін пайдаланушылардың қызметтеріне олармен Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту жəне пайдалану саласындағы заңнама талаптарының сақталуын қадағалау мақсатында тексеріс жүргізу; балық шаруашылығы қызметтері бойынша есептерді жəне балық шаруашылығы субъектілеріне тексеріс жүргізудің жарты жылдық жоспарларын дайындау, құқық қорғау жəне табиғат қорғау органдарымен балық ресурстарын жəне басқа да су жануарларын қорғау бойынша бірлескен іс-шараларды жүргізу, тексеріс актілерін, Қазақстан Республикасының орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жəне жануарлар дүниесі саласындағы əкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды жасау, қаулы шығару жəне жоғарыда аталған құжаттардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру; инспекция басшылығының жəне комитеттің тапсырмаларын уақытында жəне сапалы орындау; Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту жəне пайдалану саласындағы заңнамаларының өзге де талаптарын орындау. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: ауыл шаруашылығы ғылымдары (балық шаруашылығы, өнеркəсіптік балық аулау немесе орман шаруашылығы, орман өсіру немесе орман жəне бақша-парк шаруашылығы немесе аңтану, аң өсіру) немесе жаратылыстану ғылымдары (биология, экология) немесе құқық (заңтану) немесе қоршаған ортаны қорғау жəне табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану саласындағы, экономика саласындағы жоғары немесе ортадан кейінгі білім. 4. Жануарлар дүниесі жəне аңшылық шаруашылығы бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік, Өскемен қ. Функционалды міндеттері: аңшылық шаруашылығы мəселелері бойынша мемлекеттік саясатты əзірлеуге жəне іске асыруға қатысады; облыс аңшылық шаруашылықтарының жануарлар дүниесі ресурстарын қорғау, өсімін молайту жəне тиімді пайдалану жөніндегі жұмыстарына, браконьерлікпен күреске бақылауды жүзеге асырады; аңшылық шаруашылығы саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді əзірлеуге қатысады; табиғат қорғау ұйымдарымен өзара ісəрекетті жүзеге асырады; жануарлар дүниесінің мемлекеттік есебін жəне кадастрын жүргізуді ұйымдастырады; аңшылық шаруашылығы саласында облыстық атқару органдары мен аңшылықты пайдаланушыларға əдістемелік жəне ақылкеңес тік көмек көрсетеді; экспедициялар мен партияларға аңшылық шаруашылығын орналастыру жұмыстарын жүргізуге көмек көрсетеді; (Жалғасы 10-бетте).


10

www.egemen.kz

(Жалғасы. Басы 9-бетте). тексеріс актілерін, хаттамаларды жасайды, қаулы шығарады жəне жоғарыда аталған құжаттардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады; заңды жəне жеке тұлғаларға анықталған табиғат қорғау заңнамасын бұзушылық фактілерін жою бойынша жазбаша өкімдер береді. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: ауыл шаруашылығы ғылымдары (орман ресурстары, орман өсіру немесе аңтану, аң өсіру немесе) немесе жаратылыстану ғылымдары (экология, география, биология) немесе ветеринария (ветеринарлық медицина) немесе құқық (заңтану) немесе зоотехния мамандықтары бойынша жоғары немесе ортадан кейінгі білім. ІІ. Қазақстан Республикасы Инвестициялар жəне даму министрлігі Индустриялық даму жəне өнеркəсіптік қауіпсіздік комитетінің «Астана қаласы бойынша департаменті» РММ, 010000, Астана қаласы, Омаров көшесі, 91-үй, №2 ӨСҚБ ғимараты, анықтама үшін телефоны: (8-7172) 3908-78, 39-07-37, e-mail:insp_ast@mail.ru, «Б» корпусындағы бос мемлекеттік əкімшілік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды: 1. Көтергіш құрылыстарды жəне нан өнімдері кəсіпорындарын мемлекеттік қадағалау бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік. Функционалды міндеттері: жоғары мемлекеттік органдардың тапсырмаларын, кіріс құжаттардың, басшылықтың өкімдерін, бұйрықтарын жəне тапсырмаларын уақтылы орындалуын қамтамасыз ету; өнеркəсіптің жетекшілік ететін қауіпті өндірістік объектілерінде өнеркəсіптік қауіпсіздік мəселелері бойынша жоба жəне рұқсат беру, қауіпті өндірістік объектілерде өнеркəсіптік қауіпсіздік деңгейін жоғарлатуға бағытталған нормативтікқұқықтық актілерді жетілдіру құжаттамасын дайындау мен келісу; өнеркəсіптің бақылау жүргізілетін кəсіпорындарында өнеркəсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарын сақталуын қадағалайтын тексерістерді ұйымдастыру жəне оларға қатысу; ұжымдық жəне ведомствоаралық жиналыстарды өткізуге арналған өнеркəсіптік қауіпсіздік мəселелері бойынша материалдардың дайындалуын қамтамасыз ету. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: техника ғылымдары жəне технологиялар (технологиялық машиналар жəне жабдықтар, құрылыс, органикалық заттардың химиялық технологиясы, азық-түлік өнімдерінің технологиясы, қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (нан өнімдері кəсіпорындары бойынша), тиеу-түсіру жұмыстарының механикаландырылуы), құқық (құқықтану). Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе берілген лауазымның функционалды бағытына сəйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. ІІІ. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, 010000, Астана қаласы, Сейфуллин көшесі, 37-үй, анықтама үшін телефоны: 8 (7172) 909181, 909029, 909031, e-mail: anticorruption@kyzmet.kz, «Б» корпусындағы бос мемлекеттік əкімшілік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды: 1. Агенттіктің əкімшілік жұмыс департаменті жоспарлау жəне қаржы-шаруашылық жұмыс басқармасының бас инспекторы, B-2 санаты, 1 бірлік. Функционалды міндеттері: агенттік қызметкерлерінің ақшалай үлесін, жұмысшылардың жалақыларын есептеу жəне төлеу. Агенттіктің бюджеттік тапсырыстары мен қаржыландыру жоспарларын жасау, аумақтық бөлімшелер мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының бюджеттік тапсырыстары мен қаржыландыру жоспарларын қарау жəне келісу, сондай-ақ оны агенттік басшылығына бекітуге енгізу. Агенттіктің стратегиялық жоспарының «Бюджеттік бағдарламалар» бөлігін əзірлеуге қатысу. Агенттік пен аумақтық бөлімшелердің қажетті көлік құралдары мен басқа да керек-жарақтарын қамтамасыз ету. Мемлекеттік қызмет жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдары үшін мемлекеттік сатып алуды белгіленген тəртіпте жүзеге асыру. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары кəсіби білім, мемлекеттік əкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасымен көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын, «Қазақстан-2050»: Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты білу, осы санаттағы лауазымның мамандығына сəйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі; функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. 2. Əкімшілік жұмыс департаменті жоспарлау жəне қаржы-шаруашылық жұмыс басқармасының бас консультанты, B-3 санаты, 2 бірлік. Функционалды міндеттері: агенттіктің балансында есепте тұрған материалдық қорлар мен негізгі құралдарды есепке алу. Орта мерзімді кезеңге арналған белгіленген стратегиялық бағыттар мен əлеуметтік-экономикалық дамытуды ескере отырып, агенттік пен аумақтық бөлімшелерде бюджет қаражатын шығындау бойынша ұсыныстар əзірлеу. Агенттіктің балансында бекітілген мүліктерді күтіп ұстау, қызмет көрсету, жөндеу жəне тиісті түрде сақтау. Аумақтық бөлімшелердің мемлекеттік сатып алуды жүргізуін үйлестіру. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары кəсіби білім, мемлекеттік əкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасымен көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын, «Қазақстан-2050»: Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білу, осы санаттағы лауазымның мамандығына сəйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі; функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. 3. Əкімшілік жұмыс департаменті жоспарлау жəне қаржы-шаруашылық жұмыс басқармасының сарапшысы, B-5 санаты, 1 бірлік. Функционалды міндеттері: алғашқы құжаттарды, бухгалтерлік есепке алу, бюджеттік, қаржылық тіркемелерді жəне өзге есептерді мұрағатқа тапсыру үшін оларды қамтамасыз ету жəне сақтау. Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру тиімділігін мониторингтеу, экономикалық талдау жəне бағалау. Агенттіктің мемлекеттік сатып алу жоспарларын құру. Басқарманың құзыретіне кіретін мəселелер бойынша агенттіктің құрылымдық жəне аумақтық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары кəсіби білім, мемлекеттік əкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасымен көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын, «Қазақстан-2050»: Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білу, осы санаттағы лауазымның мамандығына сəйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі; функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. 4. Əкімшілік жұмыс департаменті персоналмен жұмыс істеу басқармасының бас консультанты, B-3 санаты, 1 бірлік. Функционалды міндеттері: əлеуметтік-психологиялық зерттеулерді, қызметкерлерді психологиялық тұрғыдан оңалту, жеке құрамның кəсіби-психологиялық дайындығын жүргізу; басшылардың психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін қалыптастыру; шешімді қажет ететін едəуір өзекті мəселелер мен проблемаларды анықтау (кадрлардың ауысуы, еңбек тəртібін бұзу, тиімділігі шамалы еңбек), оларды тудыратын себептердің жолдарын анықтау; моральдықпсихологиялық климатты қалыптастыру жəне талдау жүргізу; қызметкерлердің психологиялық мəдениетін жоғарылату бойынша жұмыс жасау; қызметкерлерді ынталандыру жəне олардың қоршаған ортаға бейімделуіне қатысу. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары кəсіби білім, мемлекеттік əкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасымен көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын, «Қазақстан-2050»: Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын, осы санаттағы лауазымның мамандығына сəйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі; функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. 5. Мемлекеттік қызмет жəне сыбайлас жемқорлық профилактикасы департаменті мемлекеттік қызметті өткеру басқармасының бас консультанты, B-3 санаты, 1 бірлік (уақытша, негізгі қызметшінің бала күтімі бойынша демалыс кезеңіне – 2017 жылғы 14 ақпанға дейін). Функционалды міндеттері: құзыреті шегінде мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстарды əзірлеуге қатысады, мемлекеттік қызметтің кадрлық құрамының жағдайына мониторинг жəне бұқаралық ақпарат құралдарында бос мемлекеттік əкімшілік лауазымдарға конкурстар туралы хабарландыруларды орналастыру бойынша жұмыс жүргізеді; мемлекеттік қызметті жетілдіру жəне тиімділігін арттыру мəселелері бойынша ақпараттық-талдау материалдарын, мақалалар, баяндамалар, тұсаукесерлер жасау; мемлекеттік

органдардағы мемлекеттік əкімшілік лауазымдарға ауысу тəртібімен тағайындау кезінде құжаттарға сараптама жүргізеді жəне келісім береді; мемлекеттік органдардың мемлекеттік əкімшілік лауазымдарына біліктілік талаптарына сараптама жүргізеді жəне келісім береді; мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалауды өткізу бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіреді; мемлекеттік тапсырыс бойынша мемлекеттік қызметшілердің даярлау, қайта даярлау жəне біліктілігін арттыру мемлекеттік бағдарламалары бойынша оқуына мониторинг жүргізеді; Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында жəне «Болашақ» бағдарламасы бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша оқу бітірген мемлекеттік қызметшілердің жұмысқа орналасуына жəне мансаптық жоғарылауына мониторинг жүргізеді. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары кəсіби білім; мемлекеттік əкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасымен көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын, «Қазақстан-2050»: Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын, осы санаттағы лауазымның мамандығына сəйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі; функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. 6. Мемлекеттік қызмет жəне сыбайлас жемқорлық профилактикасы департаменті мемлекеттік қызметті өткеру басқармасының бас сарапшысы, B-4 санаты, 1 бірлік. Функционалды міндеттері: құзыреті шегінде мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстарды əзірлеуге қатысады, мемлекеттік қызметтің кадрлық құрамының жағдайына мониторинг жəне бұқаралық ақпарат құралдарында бос мемлекеттік əкімшілік лауазымдарға конкурстар туралы хабарландыруларды орналастыру бойынша жұмыс жүргізеді; мемлекеттік қызметті жетілдіру жəне тиімділігін арттыру мəселелері бойынша ақпараттық-талдау материалдарын, мақалалар, баяндамалар, тұсаукесерлер жасау; мемлекеттік органдардағы мемлекеттік əкімшілік лауазымдарға ауысу тəртібімен тағайындау кезінде құжаттарға сараптама жүргізеді жəне келісім береді; мемлекеттік органдардың мемлекеттік əкімшілік лауазымдарына біліктілік талаптарына сараптама жүргізеді жəне келісім береді; мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалауды өткізу бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіреді; мемлекеттік тапсырыс бойынша мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау жəне біліктілігін арттыру мемлекеттік бағдарламалары бойынша оқуына мониторинг жүргізеді; Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында жəне «Болашақ» бағдарламасы бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша оқу бітірген мемлекеттік қызметшілердің жұмысқа орналасуына жəне мансаптық жоғарылауына мониторинг жүргізеді. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары кəсіби білім, мемлекеттік əкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасымен көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын, «Қазақстан-2050»: Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білу, осы санаттағы лауазымның мамандығына сəйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі; функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. 7. Мемлекеттік қызмет жəне сыбайлас жемқорлық профилактикасы департаменті талдау жəне сыбайлас жемқорлық қатерлерді анықтау басқармасының бас консультанты, B-3 санаты, 2 бірлік (уақытша, негізгі қызметшінің бала күтімі бойынша демалыс кезеңіне – 2016 жылғы 21 шілдеге дейін; негізгі қызметшінің оқу демалысы кезеңіне – 2016 жылғы 17 маусымға дейін). Функционалды міндеттері: талдау қорытындысын бағалау жəне сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін мемлекеттік қызмет сапасының себептері мен жағдайларын анықтау. Əкімшілік тəжірбиеде жəне сотқа дейінгі сыбайлас жемқорлыққа қатысты заң бұзушылықты тəртіптік жазада нəтижелерін талдау (басқарманың құзыреті шеңберінде). Мемлекеттік қызмет органдарында жəне ұйымдарда, лауазымды тұлғалардың сыбайлас жемқорлыққа қатысты қатерлерді анықтау. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі сыбайлас жемқорлық қатерлерді (азайту) шараларын енгізу. Мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру, мемлекеттік басқару, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша сұрақтарға нормативтік-құқықтық актілерді дайындауға қатысу. Мемлекеттік органдармен жəне ұйымдармен өзара іс-қимыл, сыбайлас жемқорлықтың болу себептері мен шығу жағдайларын жою (азайту). Функционалды қызметтерді орындау бойынша сұрақтары халықаралық əріптестермен өзара əрекеттесу. Басқарма құзыретіндегі агенттіктің аумақтық департаментімен өзара əрекеттесу. Агенттік басшылығының басқа да тапсырмаларын орындау. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары кəсіби білім, мемлекеттік əкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасымен көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын, «Қазақстан-2050»: Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын, осы санаттағы лауазымның мамандығына сəйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі; функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. 8. Мемлекеттік қызмет жəне сыбайлас жемқорлық профилактикасы департаменті талдау жəне сыбайлас жемқорлық қатерлерді анықтау басқармасының сарапшысы, B-5 санаты, 1 бірлік. Функционалды міндеттері: мемлекеттік органдардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайларды талдау. Мемлекеттік органдардың, ұйымдардың қызметінде сыбайлас жемқорлықты тудыратын себептер мен жағдайларды жою (барынша азайту) бойынша олармен өзара іс-қимыл жасау. Құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлық профилактикасы саласындағы стратегиялық, бағдарламалық құжаттарды, агенттіктің жоспарларын орындау. Басқарма бойынша іс қағаздарын жүргізеді. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары кəсіби білім, мемлекеттік əкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасымен көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын, «Қазақстан-2050»: Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын, осы санаттағы лауазымның мамандығына сəйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі; функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. 9. Агенттіктің мемлекеттік қызмет жəне сыбайлас жемқорлық профилактикасы департаменті тəртіптікəкімшілік тəжірибе жəне мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының бас инспекторы, B-2 санаты, 1 бірлік. Функционалды міндеттері: мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жəне мемлекеттік көрсетілетін қызметтер салаларындағы стратегиялық жəне бағдарламалық құжаттардың əзірленуіне жəне іске асырылуына қатысады; мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жəне мемлекеттік көрсетілетін қызметтер салаларындағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді; мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша ұсыныстар енгізеді; мемлекеттік органдар мен ұйымдардың заңдылықты бұзушылықты жою туралы нұсқамаларды жəне сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлардың алдын алу мен жою туралы ұсынымдарды орындауына мониторинг жүргізеді; мемлекеттік органдарға, ұйымдарға заңдылықты бұзушылықты жою туралы нұсқамаларды, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныстарды енгізеді; Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл жəне мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамасының бұзылуы анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен шаралар қабылдайды; əкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды толтырады; басқарманың құзыретіне жатқызылған мəселелер бойынша жеке жəне заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды; басқарманың құзыретіне кіретін мəселелер бойынша статистикалық есептерді қалыптастырады. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары кəсіби білім, мемлекеттік əкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасымен көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын, «Қазақстан-2050»: Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білу, осы санаттағы лауазымның мамандығына сəйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі; функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. 10. Агенттіктің мемлекеттік қызмет жəне сыбайлас жемқорлық профилактикасы департаменті тəртіптікəкімшілік тəжірибе жəне мемлекеттік қызмет көрсету бақармасының бас сарапшысы, B-4 санаты, 1 бірлік.

8 желтоқсан 2015 жыл

Функционалды міндеттері: құзыреті шеңберінде агенттіктің стратегиялық жəне операциялық жоспарларының орындалуын қамтамасыз етеді; мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жəне мемлекеттік көрсетілетін қызметтер салаларындағы нормативтікқұқықтық базаны жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді; басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша ұсыныстар енгізеді; мемлекеттік органдар мен ұйымдардың заңдылықты бұзушылықты жою туралы нұсқамаларды жəне сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлардың алдын алу мен жою туралы ұсынымдарды орындауына мониторинг жүргізеді. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары кəсіби білім, мемлекеттік əкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасымен көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын, «Қазақстан-2050»: Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын, осы санаттағы лауазымның мамандығына сəйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі; функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. 11. Агенттік баспасөз қызметінің сарапшысы, B-5 санаты, 1 бірлік. Функционалды міндеттері: баспасөз басылымдарда, радио, телеарнада жəне электронды бұқаралық ақпарат құралдарында агенттіктің мəселелері бойынша ақпараттарға мониторинг жүргізу, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын қажет ақпаратты өңдеу, жүйелеу жəне жинақтау, агенттікке қарасты аумақтық департаменттерінің баспасөз қызметі жұмысы бойынша айлық есептерін жинақтау. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары кəсіби білім, мемлекеттік əкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасымен көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын, «Қазақстан-2050»: Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білу, осы санаттағы лауазымның мамандығына сəйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі; функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті, 010000, Астана қаласы, Иманбаев көшесі, 16а, анықтама үшін телефоны: 8(7172) 726525, 726527, e-mail: astana@adgspk.gov.kz, «Б» корпусындағы бос мемлекеттік əкімшілік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды: 1. Тəртіптік-əкімшілік тəжірибе жəне мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің консультанты (тəртіптік кеңес хатшылығы), С-О-4 санаты, 1 бірлік. Функционалды міндеттері: құзыреті шеңберінде департаменттің стратегиялық жəне жедел жоспарларының орындалуын қамтамасыз етеді; заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұйғарымдарды жəне сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жəне алдын алу туралы ұсыныстарды мемлекеттік органдар мен ұйымдардың орындауына мониторингті жүзеге асырады; бөлімнің құзыретіне жататын мəселелер бойынша заңға тəуелді актілерді əзірлеуге қатысады; департаменттің жоспарлы жəне жоспардан тыс тексерістерін жүргізуге, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың – мемлекеттік қызмет көрсету бағыты бойынша қызметінің тиімділігіне жыл сайын баға беруге қатысады; уəкілетті мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдары тəртіптік комиссиясының қызметін ұйымдастыруға қатысады. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары кəсіби білім, мемлекеттік əкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасымен көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын, «Қазақстан-2050»: Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын, осы санаттағы лауазымның мамандығына сəйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі; функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. 2. Мемлекеттік қызмет жəне сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру жəне жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің консультанты, С-О-4 санаты, 1 бірлік (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі демалысындағы кезеңіне – 2018 жылғы 31 шілдеге дейін). Функционалды міндеттері: білім беру ұйымдары үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша оқу əдебиетін жəне оқу-əдістемелік кешендерін əзірлеу мəселелерін үйлестіру; мемлекеттік қызметшілерге жəне халыққа сыбайлас жемқорлық тəуекелдерін анықтау жəне оның профилактикасы бойынша оқу-əдістемелік құралдарын əзірлеу; сыбайлас жемқорлық профилактикасы мəселелері бойынша, соның ішінде азаматтық қоғамды тарту арқылы қызметіне сырттай баға беру тетіктерін əзірлеу жəне іске асыру; сыбайлас жемқорлық деңгейін рейтингтік бағалауды əзірлеу жəне жүргізу; сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыруды жəне қоғаммен өзара іс-қимыл жасау тетіктерін жетілдіру бойынша ұсыныстарды əзірлеу. Мемлекеттік атқарушы органдармен жəне басқа да ұйымдармен жетекшілік ететін бағыттары бойынша іс-қимыл жасау. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары кəсіби білім, мемлекеттік əкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасымен көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын, «Қазақстан-2050»: Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білу, осы лауазымның мамандығына сəйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі; функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. 3. Мемлекеттік қызмет жəне сыбайлас жемқорлық про филактикасы басқармасы талдау жəне сыбайлас жемқорлық қатерлерді анықтау бөлімінің консультанты, С-О-4 санаты, 1 бірлік. Функционалды міндеттері: туындаған сыбайлас жемқорлық тəжірибелері мен қатерлерді анықтау мақсатында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау мен бақылау нəтижелерін талдау. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды сотқа дейін тергеудің жəне тəртіптік, əкімшілік тəжірибесінің қорытылған нəтижелерін талдау (бөлім құзыреті шеңберінде). Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, лауазымды тұлғалардың қызметінде сыбайлас жемқорлық қатерлерді анықтау. Сыбайлас жемқорлық қатерлерді жою (барынша азайту), оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық қатерлерді жою үшін ұсынымдар əзірлеу. Мемлекеттік қызмет, мемлекеттік басқару, сыбайлас жемқорлық қатерлер профилактикасы жүйесін жетілдіру мəселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілерді əзірлеуге қатысу. Мемлекеттік органдармен жəне ұйымдармен олардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық себептер мен жағдайлардың туындауын жою (барынша азайту) бойынша өзара іс-қимыл жасау. Бөлім құзыретіне кіретін мəселелер бойынша департаменттің өзге құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау. Басшылықтың жүктеген өзге функционалды міндеттерін орындау. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары кəсіби білім, мемлекеттік əкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасымен көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын, «Қазақстан-2050»: Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын, осы санаттағы лауазымның мамандығына сəйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі; функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. 4. Мемлекеттік қызмет жəне сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасы мемлекеттік қызметті өткеру бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік. Функционалды міндеттері: бос мемлекеттік əкімшілік лауазымдарға орналасу үшін конкурс туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруға сараптама жүргізу. Мемлекеттік органдардың мемлекеттік əкімшілік лауазымдарына сараптама жүргізу жəне біліктілік талаптарға сəйкестілігін қамтамасыз ету. Мемлекеттік органдардың мемлекеттік əкімшілік лауазымдарына ауысу тəртібінде тағайындалу кезінде келісу жəне құжаттарға сараптама жүргізу. Құзыреті шегінде мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстарды əзірлеу. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары кəсіби білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы нақты лауазымның функционалды бағытына сəйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі, мемлекеттік əкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестiлеу бағдарламасымен көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын, «Қазақстан-2050»: Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын,

осы лауазымның мамандығына сəйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу; функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті, 050002, Алматы қаласы, Жібек жолы көшесі, 15, анықтама үшін телефоны: 8 (7272) 78-73-66, 78-75-60, 78-73-47, е-mail: almaty@adgspk. gov.kz, «Б» корпусындағы бос мемлекеттік əкімшілік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды: 1. Баспасөз хатшы-бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік. Функционалды міндеттері: мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдары туралы материалдарды, бағдарламаларды, фильмдерді, аудио, бейне жəне полиграфиялық дайындау кезінде бұқаралық ақпарат құралдарымен қарым-қатынасты жүзеге асыру. Бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау үшін қажетті ақпараттарды жинау, өңдеу жəне жүйелеуді жүзеге асыру. Ведомствоның қызметі туралы, ұйымдастырушылық жəне басқа да іс-шаралар бойынша дайындалған ақпараттарды электрондық таратуды жүзеге асыру. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары кəсіби білім, мемлекеттік əкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасымен көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын, «Қазақстан-2050»: Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын, осы санаттағы лауазымның мамандығына сəйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі; функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. 2. Тəртіптік-əкімшілік тəжірибе жəне мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің консультанты, С-О-4 санаты, 1 бірлік. Функционалды міндеттері: құзыреті шегінде департаменттің стратегиялық жəне операциялық жоспарларының орындалуын қамтамасыз етеді; мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жəне мемлекеттік қызмет көрсету шеңберінде нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу; бөлімнің құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша ұсыныстар енгізеді; мемлекеттік органдар мен ұйымдардың заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұйғарымдарды жəне сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жəне алын алу туралы ұсыныстарды орындауына мониторингті жүзеге асырады; департаменттің жоспарлы жəне жоспардан тыс тексерістерін жүргізуге қатысады; уəкілетті мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының тəртіптік комиссияның қызметін ұйымдастыруға қатысады. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: құқық саласындағы, экономика жəне бизнес, əлеуметтік ғылымдары саласындағы жоғары білім, мемлекеттік əкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасымен көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын, «Казақстан-2050»: Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, осы санаттағы лауазымның мамандығына сəйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу; функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті, 020000, Көкшетау қ., Горький к-сі,71, анықтама үшін телефоны: 8(7162)296517, е-mail: оk.akmobl@adgspk.gov.kz, «Б» корпусындағы бос мемлекеттік əкімшілік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды: 1. Əкімшілік жұмыс басқармасының басшысы, С-О-3 санаты,1 бірлік. Функционалды міндеттері: құқықтық қамтамасыз ету, персоналмен жұмыс жасау, жоспарлау жəне қаржы-шаруашылық жұмысы, мемлекеттік құпияларды сақтау, бақылау жəне құжат айналымы бөлімдері жұмысының ұйымдастыруын, басшылық етуін, үйлестіруін, бақылауын қамтамасыз ету; жоспарлы тапсырмаларды уақтылы жəне сапалы орындауды жəне бекітілген нысанда айлық, тоқсандық, жылдық есептілік пен ақпаратты ұсынуды бақылау; департаменттің аттестаттау, тəртіптік, конкурстық жəне басқа да комиссияларының жұмысына қатысу; департамент қызметінің күрделі мəселелері бойынша əдістемелік жəне түсіндіру материалдарын əзірлеу; құзыреті шегінде құқықтық көмек көрсетуді ұйымдастыру жəне құқықты түсіндіру жұмысын көрсету, құқықтық оқыту жəне тəрбиелеу мəселелері бойынша мемлекеттік органдармен, қоғамдық бірлестіктермен жəне бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету; мемлекеттік қызмет жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл мəселелері бойынша департаменттің нормативтікқұқықтық актілерді əзірлеу қызметін талдау, оны жетілдіру жəне анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстарды департамент басшылығына енгізу; құзыреті шегінде агенттік пен департамент басшылығы жүктеген өзге де міндеттер. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары кəсіби білім, мемлекеттік əкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасымен көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын, «Қазақстан-2050»: Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын, осы санаттағы лауазымның мамандығына сəйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі; функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. 2. Мемлекеттік қызмет жəне сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру жəне жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің консультанты, С-О-4 санаты, 1 бірлік. Фунционалды міндеттері: білім беру ұйымдарына арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мəселелері бойынша оқулықтарды жəне оқу-əдістемелік кешендерді əзірлеу мəселесін үйлестіру; халыққа жəне мемлекеттік қызметшілерге арналған сыбайлас жемқорлық қатерлерді анықтау жəне олардың алдын алу мəселелері бойынша оқуəдістемелік құралды əзірлеу; сыбайлас жемқорлық профилактикасы мəселелері бойынша қызметті сырттай бағалау тетіктерін, оның ішінде азаматтық қоғамды тарта отырып əзірлеу жəне іске асыру; сыбайлас жемқорлық деңгейін рейтингтік бағалауды əзірлеу жəне жүргізу; сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру жəне жұртшылықпен өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру бойынша ұсыныстар əзірлеу. Орталық жəне жергілікті атқару органдарымен жəне басқа ұйымдармен жетекшілік ететін бағыттары бойынша өзара іс-қимыл жасау. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: құқық немесе əлеуметтік ғылымдар, экономика жəне бизнес немесе гуманитарлық ғылымдар немесе білім беру саласында жоғары білімі; осы санат үшін мемлекеттік əкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасымен көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын, «Қазақстан-2050»: Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын, осы лауазымның мамандығына сəйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі; функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. 3. Бурабай, Целиноград аймақтары бойынша ауданаралық мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасының бас маманы, С-О-5 санаты, 2 бірлік. Функционалды міндеттер: кадрлар мониторингін жүргізу, конкурстарды, бағалау жəне аттестаттауды өткізу, кадрлық резервті қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілерді ауыстыру тəртібімен тағайындауды келісу, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау жəне олардың біліктілігін арттыру, персоналды басқару тиімділігін бағалау, тағылымдама, тəлімгерлік мəселелері жөнінде, мемлекеттік қызмет туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, мемлекеттік қызмет көрсету туралы, əкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаларды қолдану мəселелері жөнінде кеңес беру жəне жұмысын үйлестіру. Мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес жəне жастар ұйымдарымен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру мəселелері бойынша қоғамдық бірлестіктермен, олардың қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындайтын себептері мен жағдайларды жою (барынша азайту) бойынша өзара іс-қимыл жасау. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: құқық немесе əлеуметтік ғылымдар, экономика жəне бизнес саласында жоғары білімі. Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағыттарына сəйкес келетін салаларда еңбек өтілі екі жылдан кем емес болса ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. Осы санат үшін мемлекеттік əкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасымен көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын, «Қазақстан-2050»: Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын, осы лауазымның мамандығына сəйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының

нор мативтік-құқықтық актілерін білуі; функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. 4. Бас маман-баспасөз хатшысы, С-О-5 санаты, 1 бірлік, (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне – 2016 жылғы 7 шілдеге дейін). Функционалды міндеттері: бұқаралық ақпарат құралдарымен жедел өзара іс-қимылды ұйымдастыру. Департаменттің баспасөз қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу. Басшылықтың тапсырмасы бойынша департаменттің баспасөз қызметіне қатысты департаменттің, құқық қорғау жəне басқа да мемлекеттік органдардың өткізетін іс-шараларына қатысу. Облыстық мерзімдік баспасөз басылымдарының бас редакторларымен, телерадиокомпаниялар мен ақпараттық агенттіктердің басшыларымен, атқарушы жəне басқару органдарының, сондай-ақ басқа облыстық мемлекеттік органдардың баспасөз қызметтерімен өзара іс-қимыл жасау. Осы лауазым үшін көзделген лауазымдық нұсқаулыққа сəйкес басқа да міндеттерді орындау. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: əлеуметтік ғылымдар, экономика жəне бизнес немесе құқық немесе гуманитарлық ғылымдар немесе білім беру саласында жоғары білімі. Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағыттарына сəйкес келетін салаларда еңбек өтілі екі жылдан кем емес болса ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. Осы санат үшін мемлекеттік əкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасымен көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын, «Қазақстан-2050»: Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын, осы лауазымның мамандығына сəйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі; функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті, 040000, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 36/42, анықтама үшін телефоны: 8 (7282) 609762, 609764, факс 609763, e-mail: ok.almobl@adgspk.gov.kz, «Б» корпусындағы бос мемлекеттік əкімшілік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды: 1. Тəртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі, С-О-2 санаты, 1 бірлік. Функционалды міндеттері: бөлім жұмысын ұйымдастыру, тəртіптік кеңес отырысының құжаттарын дайындалуына бақылау жүргізуді қамтамасыз ету, қызметтік тергеу барысын қадағалау, басқа мемлекеттік органдармен жəне лауазымдың тұлғалармен өзара қарым-қатынас жүргізуді қамтамасыз ету, тəртіптік кеңес шешімінің орындалу барысын бақылау, тəртіптік кеңес отырысы күн тəртібінің жобасын дайындайды жəне т.б. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары құқықтық білім, Қазақстан Республикасы заңнамаларын меңгеру тестілеуінің бағдарламасына сəйкес нормативтік-құқықтық актілерді, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сəйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін, «Қазақстан-2050»: Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білу. 2. Тəртіптік-əкімшілік тəжірибе жəне мемлекеттік қызметтер бөлімінің (тəртіптік кеңес хатшылығы) консультанты, С-О-4 санаты, 1 бірлік. Функционалды міндеттері: мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-əрекет пен мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы стратегиялық жəне бағдарламалық құжаттарды əзірлеу мен іске асыруға қатысады; құзыреті шегінде агенттіктің стратегиялық жəне операциялық жоспарларын орындауды қамтамасыз етеді; заңдылықтарды бұзуды болдырмау ескертпелері мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа алып келетін себептер мен шарттарын мемлекеттік органдар мен ұйымдарда болдырмауын қадағалаудың мониторингін іске асыру; бөлім құзыреттілігіне жатқызылған мəселелер бойынша заңды актілер əзірлеу; департаменттің жоспарлы жəне жоспарлы емес тексерулеріне қатысады, сондай-ақ орталық мемлекеттік жəне жергілікті атқарушы органдары облыс, республикалық маңызды қала, астанада – мемлекеттік қызмет көрсету бағыты бойынша жыл сайынғы қызмет тиімділігі бағасын анықтауды жүргізу; бөлім құзыретіне кіретін мəселелер бойынша мемлекеттік қызметшілерге кеңес береді; мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша қоғамдық мониторинг жүргізуде жеке тұлғалар мен коммерциялық емес ұйымдарға ақпараттық, кеңесшілік, əдістемелік қолдау көрсетеді; мемлекеттік қызмет көрсету мəселелері бойынша жеке тұлғалар мен ком мерциялық емес ұйымдармен ынтымақтастық пен өзара əрекеттестік жөніндегі қоғамдық кеңестің жұмысын ұйымдастырады; мемлекеттік қызмет істері мен сыбайлас жемқорлыыққа қарсы іс-əрекет жөніндегі өкілетті органның тəртіптік комиссиясының қызметін ұйымдастырады; əкімшілік мемлекеттік қызметкерден сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасағаны бойынша тəртіптік жазасын мерзімен бұрын алып тастауды келісу мəселелерін қарастырады; əкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің тəртіптік істерін қарастыру бойынша мемлекеттік органдар тəртіптік комиссиясының жұмысын үйлестіреді; мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-əрекет пен мемлекеттік қызмет көрсету мəселелері бойынша басқа мемлекеттік органдармен өзара əрекеттеседі; заңдылықтарды бұзуды болдырмау ескертпелері мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа алып келетін себептер мен шарттарын мемлекеттік органдар мен ұйымдарда болдырмау бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдарға жазбалар енгізеді; мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-əрекет пен мемлекеттік қызмет көрсету мəселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамаларының бұзылған жағдайы белгілі болғанда, Қазақстан Республикасы заңнамалары белгілеген тəртіпте шаралар қолданады; əкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырады; бөлім құзыретіне жататын мəселелер бойынша жеке жəне заңды тұлғалардың өтініштерін қарастырады; бөлім құзыретіне жататын мəселелер бойынша статистикалық есеп қалыптастырады; департамент басшылығының басқа да тапсырмаларын орындайды. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары кəсіби білімі, мемлекеттік əкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасымен көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын, «Қазақстан-2050»: Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын, осы санаттағы лауазымның мамандығына сəйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі; функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. 3. Мемлекеттік қызмет жəне сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасы мемлекеттік қызмет өткеру бөлімінің консультанты С-О-4 санаты, 1 бірлік (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыс кезеңіне – 2016 жылдың 6 шілдесіне дейін). Функционалды міндеттері: ИИС «Е-қызмет» қызмет атқаруы үшін нормативтік-əдістемелік базасын дайындау жəне бекіту; ИИС «Е-қызмет» мемлекеттік қызметшілерінің дербес мəліметтерін қорғауды қамтамасыз ету үшін нормативтік жəне əкімші құжаттарды əзірлеу; мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілерін ИИС «Е-қызмет» қолданушыларын оқытуды ұйымдастыру, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерінің дербес мəліметтерін қорғауды қамтамасыз ету; ИИС «Е-қызмет» жобасына байланысты бөлім жұмысын ұйымдастыру мен үйлестіру, оның ішінде ИИС «Е-қызмет» жобасын басқару бойынша; бөлім жұмысын ұйымдастыру ИИС «е-қызмет» мемлекеттік қызметшілерінің дербес мəліметтерін қорғауды қамтамасыз етуде; департамент құзіреті шеңберінде ақпараттандыру саласында өкілетті органдармен өзара əрекеттестікті ұйымдастыру; құзыреті аясында мемлекеттік қызмет мəселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілерді əзірлеуге қатысу, мемлекеттік органдардың қызметшілерді басқару қызметімен (кадр қызметі) өзара əрекеттесу, ақпараттық-талдау материалдарын, мақала, баяндама, мемлекеттік қызмет тиімділігін жетілдіру мен арттыру мəселелері бойынша тұсаукесерлер дайындау; құзыреті аясында бөлім жұмысы туралы есептік ақпарат дайындау, бөлім құзыретіне жататын мəселелер бойынша мемлекеттік қызметшілерге кеңес беру, азаматтардың өтініштерін қарастырады; мемлекеттік қызмет қызметшілерінің бағасын жүргізу, департамент басшылығының басқа да тапсырмаларын орындайды. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары кəсіби білім, мемлекеттік əкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасымен көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын, «Қазақстан-2050»: Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын, осы санаттағы лауазымның мамандығына сəйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі; функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. (Жалғасы бар).


 Білім. Бағдарлама. Білік

Елбасы Жолдауы жəне білім мен єылым дамуы мəселелері Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты халыққа Жолдауы – қазіргі əлемдік экономикалық, саяси, рухани дағдарыс жағдайдағы ел тағдырын тығырықтан алып шығар уақыт талабына сай бағытталған тарихи құжат Жолдау дағдарысқа қарсы басты үш міндетті – өсім, реформа, даму бағытын көрсетіп, жаңа жаһандық нақты ахуалдағы еліміздің келешек беталысын айқындап берді. Елбасы алға Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы үшін ұзақ мерзімде орындалатын бірнеше міндет қойды. Жолдауды халық ерекше көңілмен тыңдап қабылдады. Ел Президент Н.Назарбаевтың тарапынан əлемдегі экономикалық, əлеуметтік жағдай мен саяси дағдарысқа байланысты тығырықтан шығаратын, күрмеуін шешетін үміт пен демеу күтті. Бейбітшілік пен ынтымақтың тірегі болған Елбасымыз осы миссиясының мазмұнын, қызметін қазіргі жағдайда нақты бағыттап берді. Биылғы Жолдаудың ішінде ұлт мұраты, ел тəуелсіздігі, ұрпақ болашағы сияқты құндылықтар шет қалған жоқ. Елдің, ұлттың өмір сүру бағыты ретті болса, халық білім мен ғылымды өмір сүру құралы, өмірінің азығы болатын тетігі ретінде ұстанады. Жолдаудың «Жаңа жаһандық нақты ахуалдың сын-қатерлері» тарауында дағдарыс сипаты мен

11

www.egemen.kz

8 желтоқсан 2015 жыл

астарын, негіздемесін айтып кетсе, «Қазақстанның дағдарысқа қарсы мүмкіндіктері» тарауында əлемдегі дағдарысқа қарсы Қазақ елінің 7 мүмкіндігін санамалап өткен. Елбасының көзқарасымен қарасақ, қазіргі жағдайда жаңаша дамуға мүмкіндік бар. Жолдаудың «Біздің дағдарысқа қарсы басты міндетіміз» тармағында «Мəңгілік Ел» атты болашаққа бағыттаушы жоспар негізінде əрекет ету жолдарына талдау жасалады. Мұнда да басты 3 бағыт талданған. Олар – өсім, реформалар, даму. Өсімнің астарында экономикалық, қаржылық, əлеуметтік жағдайды қарастыру мəселесі ғана жатқан жоқ. Экономикалық жағдайдың дұрысталуы білім мен ғылымның жетілуіне, өміршеңдігіне ықпал жасайды. Экономикалық

өсімнің болуы мен тұрақтылығы білім мен ғылымға қондырмалық негіз болып, Қазақ елін əлемдегі дамыған 30 ел қатарына жетелейді. Реформадағы «100 нақты қадам» атты Ұлт жоспары арқылы мемлекеттік, корпоративтік менеджментті, қаржыны өзгеріс жасау арқылы дамыту терең білімділікті, біліктілікті, шеберлікті қажет етеді. Ал бұл – болашақ үшін кез келген мамандықты толық əрі білікті игеру деген сөз. Бұл білім мен ғылым көзін жетілдіруге келіп тіреледі. Даму бағытында қоғам дамуын өзгеріс жасау арқылы экономикалық тұрақтылыққа қол жеткізу мемлекеттің, оның бас ты қозғаушы күші – жастардың, қоғамның білімділігін, біліктілігін, мəдениетін, тəлім-тəрбиесін, қажырлы да еңбекқор болуына бағыттайды. Мамандар даярлау, кадрларды қайта даярлап мамандығын жетілдіру, оларды жұмыспен қамту сияқты үздіксіз білім беру жүйесі де – ел эконо микасының дамуына ықпал ететін үдеріс. Осыларды жетілдіру Жолдаудағы даму бағытына сай жоспарланғаны орынды. Елбасы Н.Назарбаев Жолдауда атаған басты төрт тарау арқылы Қазақстан жастарын «білімді, еңбекқор, бастамашыл, белсенді болуға, жұмыс пен сұранысы бар өңірге батыл қадаммен баруға,

шеберлікке» қол жеткізуге шақырып, жоғары оқу орындары мамандарына, педагог ғалымдарға білім беруде, кəсіби маман даярлауда үлкен жауапкершілік жүктеп отыр. Жолдаудағы «Қазір... ғылым мен инновацияның күні туған заман. Ерінбей еңбек еткен, талмай ғылым іздеген... адам озады» деп бағыт сілтеуі – студенттер мен оқытушылардан ғылыми ізденіс пен кəсіби шеберлік, біліктілікті талап еткені. Бұл үшін білім жүйесін инновациялық технологиялармен жабдықтап, білім алу мен білім берудің, оқытудың халықаралық талаптарын меңгертудің маңызы зор. Осы орайда Қазақстан Республикасы педагогтік білім беру мен маман дайындаудың көш басында тұрған «Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында» орындалып отырған жұмыстар Елбасы Жолдауында белгіленген міндеттермен үйлесім табады. Аталған оқу орнында үздіксіз білім берудің халықаралық лабораториясы құрылған. Чехия Білім жетілдіру халықаралық қауымдастығы, Малайзия педаго гикалық университеті, Польшаның Адам Мицкевич атындағы уни верситеті, Ақмолла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университеті, Климент Орхидский атындағы София

 Театр

Ќўрметке ие ќўндылыќ Жаќында Астана ќалалыќ Жастар театрыныѕ кезекті IX ґнер маусымы У.Шекспирдіѕ «Асауєа тўсау» комедиясымен ашылды.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан».

– Жаңа маусымды У.Шекспирдiң «Асауға тұсау» комедиясымен ашу себебіміз, бұл спектакль репертуарымыздағы шоқтығы биік ең үздік туындылардың бірі болып табылады. Жəне бұл қойылым арқылы бірқатар жүлделерге қол жеткіздік. Атап айтар болсақ, 2014 жылы Қызылорда қаласында өткен С.Майқанованың 100 жылдығына арналған XXII республикалық драма театрлар фестивалінде «Ең үздік спектакль» жүлдесін қанжығаласақ, маусым айында Та тарстанның Қазан қаласында өткен халықаралық «Наурыз» театрлар фестиваліне қатысып, арнайы дипломмен марапатталуымыз Жастар театры тарихындағы айтулы оқиға саналады. Сондай-ақ, қойылым ресейлік сыншылар тарапынан да жоғары бағаға ие болды. Жалпы, құрылғалы бергі тоғыз жыл iшiнде театр ұжымының халықаралық, республикалық фестивальдердегі нəтижелері бойынша 7 рет бас жүлдені иеленуі мұндағы шығармашылық ізденістің дұрыс жолға қойылғандығын, айтулы өнер ошақтарымен қай жағынан алып қарағанда да тереземіздің тең түсе алатындығын көрсетеді, – деді Жастар театрының көркемдiк жетекшiсi жəне бас режиссерi, Қазақстанның еңбек сiңiрген қайраткерi, спектакльдің режиссері Нұрқанат Жақыпбай БАҚ өкілдерімен болған баспасөз мəслихатында. «Асауға тұсау» туындысының негізгі оқиғасы тəкаппарлығы мен шайпау мінезі айналасындағы жұртты əбден мезі еткен өркөкірек өзімшіл қыздың қиқар де асау бұрымына бұғау салу болып көрінгенмен, спектакльдің идеясы кіршіксіз махаббаттан тұтанған ерлізайыптылар арасындағы адалдықты, өзара түсіністікті, шынайы құрмет пен сыйластықты жырлайды. Оспадар қылықты Катарина мен озық ойлы, өр мінезді Петручио арасындағы қызу

тартыс ұтымды əзілге құрылуымен, қатысушы əртістердің жауапкершілікті басты рөлді сомдаушыларға ысыра салмай, қойылым жүгін жұмыла көтеріп шығуымен, дəстүрлі классикалық түпнұсқаны қайталамай, заманға лайық жаңаша стильде тігілген киім үлгілерімен, жастық жалынға тəн ойнақы, шапшаң хореографиясымен, басталған сəттен аяғына дейін көрерменді орнынан тапжылтпай бір демде ұстап тұруымен, диалогтың, сөздің қай тұста да іс-қимылмен қатар өрілуімен, қысқасы, Шекспир классикасын режиссердің өзге қырынан, Жастар театрына тəн жаңаша тұрпатта сахналауымен тəнті етті. Басты рөлдерді – Петручионы мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Əділ Ахметов, Катаринаны талантты актриса Айнұр Рахипова сомдады. Белгілі театр жəне кино актері Əділ Ахметов спектакль туралы ойларымен бөлісе келіп: «Шынымызды айтсақ, Шекспир заманындағы ол түсінік əлі күнге дейін маңызын жоғалтқан жоқ. Мұндағы идея бүгін де өмір сүріп жа тыр. Адамзат баласының мəңгілік мəселесі сахна тілімен баяндалуда. Неге десеңіздер, қазір отбасын құрып, көп ұзамай шаңырағы шайқалып жататындар аз емес. Өзара келіспеушілік, түсіністіктің аздығы, сыйластықтың жетіспеушілігі, бір шаңырақтың астында өмір сүріп жатқан ерлі-зайыптылардың кейде билік үшін тайталасып, бет-жүз шайысуға баруы сияқты өрескел жағдайлар қазақ қоғамына да етене таныс жайттар... Сол себепті «Асауға тұсау» арқылы біз жастарға біршама ой салып, сондай кемшіліктердің алдын алуға барынша тырысып бақтық», десе, комедиялық ситуацияларға құрылған спектакльдегі қыңыр да қиқар Катаринаны сомдаған Айнұр Рахипова: «Актерлік жағынан соншалық қиын соқпағанмен, сахнадағы іс-қимылдар тұрғысында көбірек дайындықтан өтуге

тура келді. Өйткені, Катарина мінезінің едəуір бөлігі əрекет үстінде жəне əрекет болғанда да өте күрделі, адамнан көп энергия жəне ширақтық талап ететін көріністер арқылы ашылады. Мұндай образ барлық актрисаның оң жамбасына тез көне кетеді деп тағы айта алмайсыз. Ондағы өжеттік пен асау мінезден аздап болсын өзің де құралақан болмауың керек. Мысалы, Катаринаның жігіттерді жамбасқа алып соғатын тұстарын ондай характерден мүлде ада жан қалай орындай алады? Сондықтан, кейіпкерімнің жан-дүниесін ашу мақсатында маған да соның бəрін үйренуге тура келді», дейді өз рөлінің драмалық кейіпкерлерінің ерекшеліктеріне тоқталып. Қалтасына сеніп, жас Бьянкаға көз тігетін қауқарсыз қарт – Гремио бейнесі бүгінгі қоғам үшін бейтаныс дей алмайсыз. Ащы да болса өмірде кездесетін осындай оғаш тағдырды шынайы сомдаған Бейбіт Құсанбаев кейіпкері жайында: «Өзімнен əлдеқайда жасы үлкен адамның рөлін сомдауым үшін маған зор жауапкершілік жүктелді. Қартайғанына қарамастан Гремио жастармен жағаласып бағады. Жас қалыңдық үшін бүкіл байлығы мен мансабын құрбандыққа шалуға бар осы тəріздес ашкөз байшыкештер арамызда жоқ емес. Ендеше, бұл да бүгінгі əзілқалжыңмен түйрелетін мəселе. Мұны күлкімен əжуалау сөзбен, сынмен жеткізуден гөрі əлдеқайда уытты», деп ойын тұжырымдады. ...Маусым шымылдығын əлемдік классиканың жаңғырған үлгісімен ашқан өнер ұжымының жақында ғана Өскемен қаласында ұйымдастырылған Қазақстан драма театрларының XXIIІ республикалық фестиваліне Сəкен Жүнісовтің «Тырау-тырау, тырналар...» драмасымен (спектакльдің қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Н.Жақыпбай) қатысып, «Жоғары деңгейлі шығармашылық үйлесім» аталымы бойынша жеңімпаз атанғанын да осы əңгіменің барысында баса көрсетіп өтудің артықтығы жоқ сияқты. Бір сөзбен айтқанда, бұл жыл театр үшін елеулі оқиғаларға толы болды. Соның ішіндегі ең бастысы – өнер ұжымына бұрынғы К.Байсейітова атындағы опера жəне балет театры орын тепкен ғимарат бұйырды. Сонымен қатар, жаңа маусымның ашылуы қарсаңында Жастар театрының дүниежүзілік АССИТЕЖ (Балалар жəне жасөспірімдерге арналған театрлардың халықаралық ассоциациясы) ұйымына мүшелікке қабылдануы театр тарихындағы айтулы жаңалықтың бірі болып саналады. Осыған орай, Астана қаласы Жастар театры баспасөз конференциясын өткізді. Маусымашар аясында театр ұжымының шығармашылық жолы мен өнердегі белестері туралы сыр шертетін арнайы көрме ұйымдастырылды. ––––––––––––––––– Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ.

университеті секілді шетелдік оқу орындары мен ғылыми, мəдени орталықтарымен байланыс жасап, білім беру саласындағы жаңалықтармен, заманауи əдістерді пайдалану арқылы тəжірибе алмасуда. Елбасының «Баршаға арналған тегін кəсіптік-техникалық білім» атты жобалық бағдарламасын айналымға 2017 жылдан бастап түсіруді жоспарлауы – білім саласын жаңғыртуға жол сала бастағандықтың белгісі. Бұл болашақта педагог мамандарды даярлап оқыту бағытында да жаңаша өзгеріс болатындығынан үміттендіреді. ХХІ ғасырда жалпы адамзаттың даму жолын білім мен ғылым айқындайды. Қазіргі таңда əлемдік даму үдерісінде білім мен ғылым – басты өмір сүру тетігі. Сондықтан, білім мен ғылымды ұлттық экономика мен қоғамның əлеуметтік сұраныстары талаптарына сай дамытуды қамтамасыз ету – күттірмейтін іс. Биылғы Жолдауды Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты ұжымы жаппай қолдайды. Əлемдік дағдарыс тек экономика саласында ғана емес, рухани, мəдени, білім беру бағытына да салмақ салары анық. Елбасы Жолдауында айтып өткендей бұл қиыншылықтарды «Біріміз – бəріміз үшін, бəріміз – біріміз үшін» деген қағиданы ұстанып, тер төгіп, аянбай еңбек ету арқылы тығырықтан шығатынымызға сеніміміз мол. Нұрғали АРШАБЕКОВ, Павлодар педагогикалық институтының ректоры, философия ғылымдарының докторы.

 Басты байлық

Ота санын онєа дейін арттыруєа болады Жамбыл облыстық балалар ауруханасының базасында алғаш рет эндоскопиялық құрылғыларды шығаратын жетекші «Карл Шторц» компаниясының заманауи интеграцияланған OR1(R) ота жасау бөлмесі ашылды.

 Құттықтаймыз! 2015 жылдың 3 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Құрманғазы Орын ғазыұлы Есқазиев «Қазақстан Республикасы көмірсутегі əлеуетін ғылыми негіздеу» тақырыбындағы жұ мысы үшін ғылым мен техника саласындағы ƏлФараби атын дағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанды. «Ембімұнайгаз» АҚ ұжымы компания бас директорының бірінші орынбасары – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директоры, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты Құрманғазы

Орынғазыұлын биік марапатымен құттықтайды. Мол денсаулық, отбасылық бақыт, Қазақстан Республикасы мұнай-газ саласының дамуы жолындағы қызметіне толымды табыстар тілейді. Құрметпен, «Ембімұнайгаз» АҚ ұжымы.

 Жағымды жаңалық

Студенттер їйі Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан».

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында жастар мəселесіне ерекше назар аударғаны мəлім. Жолдауда басымдық берілгендей, түсті металл өндіретін аймаққа жататындықтан да Шығыс өңіріне техникалық мамандар аса қажет. Бұл ретте алдағы жылдары кəсіптік-техникалық білім беру мекемелерінің есігін шəкірттерге айқара ашатыны қуантады. Елбасының жастарды өңірлерде еңбек етуге шақыруының астары терең, қатпары қалың, түптеп келгенде, елдің төрт тарабын толымды етудің сындарлы стратегиясы. Осы орайда, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің студенттері мен магистранттарына, докторанттарына арналған жаңа жатақхананың ашылуы Президент пайымымен үндесіп, Жолдауды жүзеге асырудың алғашқы қадамдарының бірі іспеттес болды. Студенттер үйінің тұсаукесеріне облыс əкімі Даниал Ахметов пен еліміздің Білім жəне ғылым министрі Аслан Сəрінжіпов қатысты. – Жаңа жатақхананың Тұңғыш Президент күнінде пайдалануға

берілуінің өз мəні бар. Шығыс Қазақстан облысындағы оқу мекемелерінде еліміздің өзге өңірлерінен келген 300-ден астам студент оқиды. Яғни, оқу орнындағы шəкірттерге арналған жаңа ғимарат Елбасының кешегі Жолдауында атап өткен қуатты кəсіптік-техникалық құрамның қалыптасуына жақсы тірек бола алады. Сондықтан, оқуларыңызда озат болуларыңызға тілектеспін, – деді А.Сəрінжіпов. Жатақхана құрылысын осыдан төрт жыл бұрын «АЗА Би» ЖШС бастаған болатын. Бес қабатты ғимарат 500 орынға есептелген. Мұнда студенттердің оқуына, тынығуына қолайлы жағдай жасалған. Бөлмелері кең əрі жарық. Бір, екі жəне үш бөлмелі пəтерлер барлық тұрмыстық техникалармен, жиһаздармен қамтылған. Сондай-ақ, оқу бөлмелері мен мəжіліс, интернет залы, жуыну бөлмелері бар. Аталған құрылысқа 692 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалды. Сонымен бірге, министр облыс орталығындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде болып, оқу орнының тарихымен, жобаларымен жəне жетістіктерімен танысты. ӨСКЕМЕН.

«Чистопольский-2» ЖШС 2015 жылғы 24 желтоқсанда сағат 10.00-де Солтүстік Қазақстан облысы, Ғ.Мүсірепов атындағы ауд., Чистополье а., Космановтар көшесі, 1, «Чистопольский-2» ЖШС кеңсесінің ғимараты мекенжайында кезектен тыс жалпы жиналыс өткізу туралы хабарлайды. Күн тəртібі: 1. «Чистопольский-2» ЖШС атқарушы органы – директорын сайлау туралы.

Оралхан ДƏУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Жаңа инновациялық медициналық ота жасау құрылғыларымен жарақтандырылған бөлімнің ерекшелігі – онда хирургтерге арналған заманауи маңдайлық жарық беруші, аспалы төбе консолі, сондай-ақ, орталықтардың да бақылап тұруына арналған мониторлары мен түсіру таспалары орналастырылған. Мұнда лапароскопиялық, нефрологиялық, нейрохирургиялық жəне басқа да күрделі операциялар жасалады. «Карл Шторц» компаниясының бас директоры Сергей Ахундовтың айтуынша, интеграциялық ота жасау бөлмесінде хирургтарға əлемдік ақпараттық кеңістікте көптеген елдердің операция жасайтын білікті мамандарымен байланыс орнатылып, кеңес беру мен оқыту, яғни қашықтықтан оқытуға жағдай жасалынған. Медицинадағы бұл инновация облыстағы балалар хирургиясын дамытудың жаңа кезеңі болып табылады. Сонымен қатар, ғаламторға шығу мүмкіндіктерін пайдалана отырып, екіжақты аудио жəне бейнетрансляция арқылы конференц-залмен байланыс жасауға да болады. Интеграциялық ота жасауға арналған бөлімнің тағы бір артықшылығы – хирургтардың қауіпсіз қозғалысы үшін барлық сымдар хирургиялық консольдарда орналасқан. Сондай-ақ, келесі операцияға дайындық жасау үшін 10-15 минут қажет, сонда 1 күнде жасалатын ота санын 10-ға дейін көбейтуге қол жеткізіледі. Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерлан Масалимов қазіргі таңда Қазақстанда озық технологиялы 10 интеграцияланған ота жасайтын бөлме бар екенін айтады. Ал облыстық балалар ауруханалары арасында бұл бірінші рет ашылып отыр жəне оны Жамбыл облысының əкімдігі қаржыландырды. Мұндағы мамандар арнайы еліміздің ірі клиникаларында оқытылып, біліктіліктерін арттырып келді. Жамбыл облысы.

«Меркурий» ЖШС (бұдан əрі – серіктестік) серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысын 2015 жылғы 24 желтоқсанда сағат 10.00-де мына мекенжайда өткізу туралы өз қатысушыларына хабарлайды: ҚР, Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы, Озерное а. Күн тəртібінде мынадай мəселелер қаралады: 1. «Меркурий» ЖШС-ға тиесілі мүлікті кепілге беру жəне «Цеснабанк» АҚ жəне «Меркурий» ЖШС арасында 28.10.2014 ж. №120/0328-14 бас кредиттік келісім бойынша (бұдан əрі – келісім) жəне 10.02.2014 жылы жасалған №120/0031-14 банк займы шарты бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етуге беру туралы шартты (тарды) жасау туралы, сондай-ақ оның шарты кез келген жағдайда өзгеруі жəне/немесе толықтырылуы жағдайында шартты тиісті орындауға байланысты алдағы кезде туындауы мүмкін. 2. «Цеснабанк» АҚ алдындағы міндеттемелерді «Меркурий» ЖШС-нің орындамауы/тиісті орындамауы жағдайында кепілге берілетін мүлікті соттан тыс сатуға құқықты «Цеснабанк» АҚ-қа беру. 3. Серіктестіктің атқарушы органына жасалатын мəмілелерге жəне қажетті құжаттарға қол қоюға барлық өкілеттікті беру.

Назар аударыңыз! Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитеті «Егемен Қазақстан» газетінің 2015 жылғы 21 қарашадағы № 224 (28702) санында жарияланған Астана қаласының уақыты бойынша 10.00 сағатта www.gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында 2015 жылғы 8 желтоқсанға белгіленген сауда-саттық өткізу туралы ақпараттық хабарламаның «Атырау мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті бойынша» бөліміндегі: 1-13 жолдар 2015 жылғы 25 желтоқсанға ауыстырылатындығын хабарлайды. Анықтама үшін телефон: 8(7122) 35 43 00.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің басшылығы мен депутаттары Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің депутаты Ерсұлтан Өтеғұлұлы Бектұрғановқа əпкесі Сара Өтеғұлқызы КӨШЕКОВАНЫҢ қайтыс болуына байланысты орны толмас қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының төралқасы ҰҒА академигі, химия ғылымдарының докторы, профессор Дəурен Хамитұлы СЕМБАЕВТЫҢ қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туысқандарына қайғыларына ортақтасып шын ниеттен көңіл айтады. Астана медицина университетіндегі Қазақстан тарихы жəне философия кафедрасының ұжымы кафедра меңгерушісі, профессор Талғатбек Махметұлы Əминовке інісі АСҚАРДЫҢ мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Қызылорда облысының «Дарын» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының директоры Қарлығаш Ақышеваға əкесі ДАУЫЛБАЙДЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера жəне балет театрының ұжымы Гүлжан Усамбекқызы Түткібаеваға жұбайы Тимур Қамалұлы ДОСЫМБЕТОВТІҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.


12

www.egemen.kz www.egemen.kz

8 желтоқсан 2015 жыл

Їлкен ел – їлкен отбасы

 Дерек

15 миллиард доллар Кариб теѕізі табанынан испан тəжініѕ ќазынасы табылды журналистерге жақын күндері қазынаны көрсетуге уəде берді. Мамандардың бағамдары бойынша, қазір мұхиттың түбінде шөгіп жатқан қымбат бағалы əшекей заттардың салмағы мың тоннадан асады. Олар əлемнің барлық қазына іздеушілерінің байлықта шалқып тұруларына молынан жетеді. Биылғы тамыз айында кезекті бір топ Атлант мұхитының түбінен үш ғасыр бойы жатқан испан қазынасын тауып алды. 1715 жылғы 31 шілдеде алтын мен басқа да қымбат бағалы заттарды тиеген он бір кеме Флорида жағалауында қатты дауылға тап келіп, теңізге батып кетеді. Содан бері бұл маң «Қазына жағалауы» деп аталады. Жəне бұл бекер де болып шықпады. Онда табылған байлық қазір 4,5 миллион долларға бағалануда. Мұның өзі де болжамды баға. Əйтпесе, Филипп V-інің дəуіріндегі бір монетаның өзі қазір 300 мың доллар тұрады.

 Мирас

Байлыққа белшеден бата қалуға құмар жұрт Еуропадағы Жерорта теңізінде орналасқан Корсика аралының жағалауынан нацистік Германияның генералы Роммельдің қазынасын тауып алмақшы болып жүр. Ол 1943 жылы Солтүстік Африкадан алынған алтындар мен қымбат бұйымдарды, өнердің үздік туындыларын өз еліне кемеге тиеп əкеле жатқан. Бірақ жолай Британия кемесі кездесіп, тағы да корабльді суға батырып жібереді. Ал жүктің құны бір жарым миллиард долларға бағаланып отыр. Жаһан жиһанкездерін «Фрау Марияның» соңғы сапарына қатысты оқиға да қызықтырмай қоймайды. Бұл кеме Екатерина II-нің тапсырысы бойынша Голландиядан Эрмитажға жүк алып келе жатады. Алайда, діт теген жеріне жете алмайды. Кеме Балтық теңізіндегі Аланд аралдарына жақын жерде апатқа ұшырайды. Жүк ішінде

Онда еліміздегі жылқы шаруа шылығы, қымыз өндірудің жай-жапсары, ұлттық брендке айналдыру, табиғи тағамның қауіпсіздігін сақтау, бие сүтін кешенді өндіру мəселесі алға тартылды. Халықтық қалыпты заман талабына қарай жаңғыртып, қайтсек өркениет көшіне қосамыз деп əр кез үн көтеріп келе жатқан сенатор Қуаныш Айтаханов ұлттық тағам туралы өз ойларын тарата айтып, қымыз стандарты, сертификат туралы байламдарын талқыға салып, таяуда ғана Елбасы қол қойған «Органикалық өнім өндіру туралы» Заңның берер пайдасын тілге тиек етті. «Отбасым» ұлттық құндылықтар орталығының төрайымы, Президенттің жанындағы Əйелдер істері жəне отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның хатшысы Шолпан Сыздықова қымыздың ұрпақ денсаулығына тигізер пайдасын нақты дəлелдермен атап өтті. Ал «Заң» ЖШС директоры, М.Х.Дулати атындағы ТарМУдың құрметті профессоры Дүйсенбек Ыбыналиев өзі басқарып отырған шаруашылықта 80-нен 100-ге дейін бие сауылатынын, ол ұлттық үлгі бойынша іске асатынын айтып, өздеріне жақсы маман қажет екенін еске салды. Сол секілді профессор Балғабай Майқанов өзі қызмет ететін агротехникалық университетте қымызды ғылыми тұрғыдан зерттеу жұмыстары қалай жүріп жатқанына тоқталып, магистрант тар əзірлене бастағанын, қымыз секілді қасиетті тағамды жыл бойы сату ісіндегі жасандылықтарды таратып, бір бие байлаған да, 10 бие байлаған да қымыз өндіріп жатырмыз деп жар салатын ыңғайсыздықтарға өкінішін білдірді. Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Кеңесхан Дүйсембаев қазақ топырағында жылқының аз емес екенін, бірақ қымыз өндіруде

белгілі бір жүйенің жоқтығын, көп жағдайда таза қымыздың орнын сулы-суан, сусын-сымақтар басып кеткені, оны анықтайтын лабораторияның барлық жерде бола бермейтінін атап айтты. Біздің Отанымыздағы жылқының 95 пайызы өрісте жүретінін, мерзіміне қарай саууға байланатынын, зауыттық тəсілмен сауатын жылқылардың аз екендігіне де дəлел-дəйектер келтірді. Қымызды жыл бойы өндіру оңай іс еместігіне де тоқталды. Аталмыш форумның басты мақсаты, өз елімізде жəне шетелде қазақ халқының ұлттық құнды тағамын қайтсек танытамыз деген ойдан туғаны бірден байқалды. Бірақ, ортақ пікірден гөрі əрбір азамат өз байламын, өз тұжырымын ұсынып жатты. Бұл ұйыстыратын заңдық күші бар құжаттың болмағандығынан ба деген ойға қалдық. Шындығына келгенде, базарларда жыл бойы қымыз сатылып жатады. Ал сауын биесі жыл бойы сүт бере ме? Атам қазақ қысыр емген, бол маса кенже туған бие лерді қыста сауып қымыз қорын үзбейтін еді. Ендеше, қымыз өндіру, өңдеу, сақтау, тасы малдау, тұтыну тəрізді өзекті мəселелерді тиянақты ше шу күн тəртібінде тұрғаны айдай анық. Астана базарларынан жыл бойы «Жаңаарқаның қымызы» аталатын сусынды ішеміз. Осыдан 4-5 жыл бұрын сол Жаңаарқаға мамыр, маусымда барғанымызда бауырларымыз «Алғашқы қымыздан тəм татыңдар», дегені бар еді. Біз «Жыл бойы Жаңаарқа қымызын ішіп келе жатырмыз ғой», дегенде олар: «Ол Жаңаарқаның атын жамылған əртүрлі құрама сусындардың қойыртпағы шығар» дегені бар еді. Осыдан қорытар ой, қымызды ұлттық брендке айналдыру деген сөз ұшында емес, істі дəйектеуде елдік тұрғыдан бір түйіннің қажеттігі байқалады. Онсыз əр шаруа өзінің өнімін бренд санап, жол бойында, базар ішінде жүре бермек.

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

жылдың қарашасында жоғалып кеткен екен. Қалдырылған жазбаға сəйкес, француздардың тонап алып бара жатқан бұл жүгі 325 пұт алтын құймалар мен 180 пұт қайта құйылған қымбат металдан, икондар мен шіркеу заттарынан тұрады. Олардың арасында тіпті Ұлы Иванның Мəскеудегі қоңырауының кресі де болған. Шегініп бара жатқан Наполеон оларды не Днепрге, не жолдағы көлдердің біріне батырып жіберген деген сөз бар. Бірақ XIX жылдан күні бүгінге дейін жүргізіліп келе жатқан іздестіру жұмыстары еш нəтиже беретін емес. Мұрат АЙТҚОЖА.

Таразда ерекше ќабілетті «магнит бала» бар

Қазақтың ішсең таңдайыңды үйіріп, көңіліңді шалқытатын, шөліңді басатын қадірлі сусыны қымыз туралы көптен бері айтылып та, жазылып та келеді. Өткен аптада сондай бір алқалы жиын Астанадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «Қымыз-2015» деген атпен ІІІ халықаралық форум болды. «Егемен Қазақстан».

саксон фарфоры, алтын жəне күміс статуэткалар, сондай-ақ, Рембрандт бастаған фламанд сурет шілерінің 300 картинасы болған. Жүктердің бəрінің герметизациясы сақталып, мұқият бекітіліп жабылғаны да белгілі болып отыр. Олардың бағасы қазір кемінде 1,5 миллиард еуроға бағалануда. 1999 жылы фин аквалангистері кеменің өзін тауып алыпты. Алайда, онда жатқан қазынаны Ресей мен Финляндияның қайсысы алуы керек екені əлі шешілген жоқ. Қазіргі таңда Ресейдің батыс беткейдегі су асты шекарасы бойынан Наполеонның алтын артқан атақты арбасы да іздестіріліп жатыр. Ол 1812

 Апырай, ə!

ЌЫМЫЗ

Сүлеймен МƏМЕТ,

«Егемен Ќазаќстан» газеті Ќазаќстан халќы Ассамблеясы жобасы аясындаєы республикалыќ фотоконкурсты жалєастырады

Суретті түсірген Қайсар ШЕРІМ. Шымкент.

Өткен сенбі күні Колумбия теңізшілері Кариб теңізінің табанынан испан ко ролі тəжінің қазынасын алып шығарды. Ішіне алтын, күміс жəне жақұт заттар салынған сандықтағы байлықтың құны 15 миллиард долларға бағаланды. Аса қымбат бағалы жүк испан королі Филипп V-ке тиесілі екен. Бірақ, бұл сандық бəрібір оған жеткізілмей қалады. Себебі, қазынаны алып келе жатқан «Сан-Хосе» кемесі бұдан 300 жыл бұрын жолай Британия флотының кемелерімен болған сəтсіз шай қасының соңында Кариб теңізінің түбіне батып кеткен болатын. Содан бері батқан кемені іздеушілер аз болған жоқ. Тарихшылардың бағамдары бойынша, корольге арналған сан дықтағы қазынадан бөлек, галеонның трюмдерінен табылған жақұттар мен алтындар кем дегенде бес миллиард доллар тұрады. Кемені тапқан Колумбия елінің лидері Хуан Мануэль Сантос

Жамбыл облысының ор талығы – Тараз қаласында түрлі металл заттарды денесінде ұстап тұра алатын «маг нит бала» табылды. Бүгінде жасы 6-ға енді толып отырған Нұрдəулеттің ерекше қабі летін ата-анасы жақында ғана байқапты. Қазір баланың осы қасиеті күн санап артып келеді. Немересінің осы қабілетін ең бірінші болып атасы байқапты. Ол теледидардан бір қарияның денесіне темір заттарды жабыстырып жатқанын көріп, соны өзіне жасамақ болған. Ештеңе шықпаған соң жанында ойнап жүрген немересінің кеудесіне қасықты қойып көріп, таңғаларлық жайтқа кезігеді. «Ата маған: «қасық əкел» деді. Əкеліп беріп едім, атаға жабыспады. Маған жабысты. Сосын үйдегілердің бəрін шақырып, айтып берді», – дейді Нұрдəулет Арыстанбек қазір. Бала мектептің даярлық тобында оқиды. Алғашында оның кеудесіне тек бір қасық қана жабысқан екен. Кейін келе бойындағы белгісіз күш күннен-күнге арта түсіпті. Осылайша соңғы 10 күнде тар тылыс бірнеше есеге өскен. Ал қазір оның денесі тұтас планшетті ұстап тұра береді. «Денесіне жабысатын

заттар саны күн өткен сайын көбейіп жатыр. Қазір төрт, алты қасыққа дейін барды. Содан кейін ұялы телефонды жабыстыру туралы ой келіп, оны да көрдік», – дейді Нұрдəулеттің атасы Арыстанбек Қарақұлов. Баланың ата-анасы əдепкіде бұдан ептеп секем алғандарын да жасырып отырған жоқ. Содан кейін олар бірден дəрігерге жүгініп, ұлдарын медициналық тексеруден өткізген. Психологқа да барыпты. Алайда, мамандар бала денсаулығына келер қауіптің жоқ екенін айтып, бұлардың күдіктерін басқан. «Баланың денсаулығында кінəрат жоқ. Ешқандай шағым айтпайды. Мұндай құбылыстар негізі адамның, соның ішінде баланың денсаулығына еш зиян келтірмейді. Соған қара мастан, біз барлығын бақылаудан өткіземіз. Нұрдəулет – өте зерек бала. Қазірдің өзінде бағ дарламадан тыс жат тығуларды орындап, қатарларынан əлдеқайда алда келеді. Тіпті, ағылшын əріп терін де жаттап алған. Ол болашақта ға рышкер болуды армандайды», – дейді балалар дəрігері Ме руерт Айымбекова. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ.

• Мінəжат

 Міне, қызық!

Еѕ їлкен шоколад «Шымкентке ќонаќкəде» деп аталады Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

Қазақта қонақкəде деген жақсы салт-дəстүр бар. Салмағы 700 кило тартатын шоколадты құюшылардың бірі Николай Попов: «Мен өзге мемлекетке барғанымда ең алдымен тұрғылықты ұлттың салт-дəстүрімен танысамын. Оларға қымбат, елдің бəріне ұнайтын ұлттық нақыштағы дүние жасауға талпыныс туады. Бұл жолы қалыңдық киетін сəукеле шоколады шымкенттіктерге өте ұнады»,дейді. Бүгінде қала тұрғындарының саны миллионның есігін қағып тұрған Шымкентке алып шоколадты «Nikolya Шоколад музейіне» келген Ресей, Украина жəне Беларусь кондитерлері құйған. Қонақтар «Шымкентке қонақкəде» деп атаған шоколадты жасауға үш апта уақыттарын сарп етіпті. Кəдімгі

ШЫМКЕНТ.

 Тағзым

Еліне ескерткіш болып оралды Қалампыр Рахимова! Ғарифолла əншідей ұстаз сезімін толығымен ақтаған оның өнеріне ел-жұрт, барша өнерсүйер қауым куə. Ол өнерде өзіндік орнын таба білді. Табиғи орындаушылық шеберлігі арқылы көзі тірісінде халқының шексіз ризашылығы мен ыстық ықыласына бөленді. Жетпісінші жылдардың бас кезінде республикалық «Гүлдер» ансамблінің құрамында бола жүріп, шетелдердегі гастрольдік сапарлар кезінде қазақ əнінің құдіретін, оның халықтың туа бітті жаратылысы жəне бүкіл бітім-болмысымен тұстасып жатқанын əлем жұртшылығына танытты. Əттең шіркін, қазақтың осындай өнерлі қызының 1988 жылы автокөлік апатынан көз жұмғаны жүректі сыздатпай қоймайды.

Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан».

Əйтсе де биылғы қараша айы ның соңғы күндерінде жоғарыда ай тылғандай ұлттық өнерді өз елінің тыңдаушыларына ғана емес, сонымен бірге, Орталық Азия мен Еуропа жұртына, Ма лайзия мен Жапонияға, Ресейге, Украина мен Белоруссияға мойындатып, еріксіз тыңдата білген Қалампыр Рахимова еліне ескерткіш болып оралды деуге болады. Осы күні оның кіндік қаны тамған топырағы Шыңғырлау ауданының орталығындағы саябаққа Қалампыр Рахимованың кеуде мүсіні қойылды. –Бастауын Мұхит бабамыздың əншілік дəстүрінен алатын батыстық əн мектебінде Қалампыр Рахимованың орны ерекше. Қазақтың осындай қайталанбас дарынды қызының есімі соңғы жылдары ұмыт болып бара жатқандай көрінуші еді. Қателескен екенмін. Қалампырдың артында оны жоқтайтын елі мен өшпес өнерін ардақтап тағзым ететін халқы бар екен. Сондай-ақ,

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 273-07-87.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87 Электронды пошта: egemenkz@maіl.ru. Интернет-редакция: ekazakhstan@mail.ru Алматыда: факс (727) – 273-07-87, электронды пошта – egemalm@mail.ru

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – 8 (717-2) 37-54-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – 8 (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – 8 (712-2) 31-74-13; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

шоколад. Екі жылға дейін сақтауға болады екен. Кондитерлер алып шоколадты шымкенттік тəттіқұмарларға сыйға тартты. «Халық қонақжай. Адамдар күліп тұрады екен. Шын жүрегімен күліп жүретін жұрт өте қайырымды, кішіпейіл болады. Алтын бұйымдарына əуес екендігін байқап, ендігі шоколадтарымды алтын түстес етіп құюды ойластырдық», – дейді шеберлердің бірі. Ресей, Украина, Беларусь мемлекеттері Қазақстан үшін бөтен емес, бауырлас халықтар. Алыс-беріссіз алға жылжымайтын заманда экономикамызды дамытар өрісіміздің негізі осы мемлекеттер. Орыс, украин, беларусь жəне қазақ бірігіп жеген тəтті өнімдердей осы мемлекеттердің арасы берік бола берсін деп тіледік.

Көкшетау – 8 (716-2) 25-76-91; Қарағанды – 8 (721-2) 43-69-31; Қостанай – 8 (714-2) 39-12-15; Қызылорда – 8 (701) 772-70-74; Орал – 8 (775) 336-47-57;

Өскемен – 8 (778) 454-86-11; Павлодар – 8 (718-2) 54-31-56; Тараз – 8 (726-2) 43-37-33; Шымкент – 8 (701) 362-63-76; Петропавл – 8 (715-2) 50-72-50.

Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-07-26, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Арко» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-Полиграфия» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Достық-Дружба даң., 215 А, «WESTA» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

кеуде мүсінінің орнатылуына бастамашы бола білген аудан əкімі Алдияр Халеловке де ризашылығымыз мол. Біз білетін замандасымыз Қалампыр Рахимованың репертуары өте бай еді. Оны негізінен халық əндері мен термелері құрады. Соның қай-қайсысын да Қалампыр нақышына келтіре əуелетіп тамылжыта орындағанына куə бола аламыз. Оны сүйсіне тыңдамау еш мүмкін емес еді. Өнерін қадірлейтін əрі қастерлейтін халқы барда Қалампырдың есімі ешқашан да ұмытылмақ емес, – деп толғана, тебірене сөйледі ескерткіштің ашылу рəсімі кезінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, дəстүрлі əн өнерінің белді өкілі Қатимолла Бердіғалиев. Табиғи таланттың кеуде мүсінін сом дауға Шыңғырлау аудандық білім бөліміне қарасты балалар мен мектептен тыс жұмыстар орталығының директоры Қуаныш Есенов пен сондағы мүсін үйірмесінің жетекшісі Закижан Исламбеков сүбелі үлес қосты. Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы. –––––––––––

Суретте: Қалампыр Рахимоваға орнатылған кеуде мүсіннің көрінісі.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 203 394 дана. Нөмірдің кезекші редакторы Талғат РАЙЫМБЕК.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 10 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №708 ek


8 желтоқсан 2015 жыл

13

www.egemen.kz

РЕСМИ БӨЛІМ Қазақстан Республикасының Заңы

Мемлекеттiк сатып алу туралы 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Осы Заңның қолданылу саласы Осы Заң тапсырыс берушінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды не жарғылық қызметін орындауына қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға байланысты қатынастарға қолданылады, оған мыналар: 1) жеке тұлғалардан еңбек шарттары бойынша сатып алынатын көрсетілетін қызметтер; 2) кəсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын жеке тұлғалардан өтеулі қызметтер көрсету шарттары бойынша сатып алынатын көрсетілетін қызметтер; 3) іссапар шығыстарын жүзеге асыруға байланысты көрсетiлетiн қызметтер; 4) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сəйкес мемлекеттік тапсырма жəне оны орындау шеңберінде сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер; 5) жарналар (салымдар) енгізу, оның ішінде заңды тұлғалардың жарғылық капиталына енгізу; 6) ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық басқарушы компаниялар, ұлттық компаниялар жəне олармен үлестес заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, оның ведомстволары, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрылымына кіретін ұйымдар жəне дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу жəне одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалар жəне олармен үлестес заңды тұлғалар сатып алатын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер; 7) мемлекеттік қорғаныс тапсырысының құрамына кіретін əскери жəне қосарлы мақсаттағы (қолданудағы) тауарлар (өнімдер), жұмыстар жəне көрсетілетін қызметтер қосылмайды. 2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) аукцион адымы – аукцион нысанасының бағасы төмендетілетін ақшалай аралық; 2) əлеуетті өнім беруші – мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға үмiткер, кəсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында олар үшiн өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциум). Кəсiпкерлiк қызмет субъектiсi болып табылмайтын жеке тұлға осы жеке тұлғаға жекеменшік құқығымен тиесілі тұрғынжайды тапсырыс берушілер сатып алған жағдайда, əлеуеттi өнiм берушi болуы мүмкiн; 3) əлеуетті өнім берушінiң үлестес тұлғасы – осы əлеуеттi өнiм берушiнiң шешiмдерiн айқындауға жəне (немесе) ол қабылдайтын шешiмдерге, оның iшiнде жазбаша нысанда жасалған мəмiленiң күшiне орай ықпал етуге құқығы бар кез келген жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ өзiне қатысты осы əлеуеттi өнiм берушiнiң осындай құқығы болатын кез келген жеке немесе заңды тұлға; 4) бастапқы баға – əлеуетті өнім беруші аукцион өткізілгенге дейін ұсынған, аукционға қатысуға өтінімге қоса берілетін баға; 5) бiртектi тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер – бiрдей болмаса да, сол бiр функцияларды орындауына жəне өзара алмастырушы болуына мүмкiндiк беретiн ұқсас сипаттамалары бар жəне ұқсас құрауыштардан тұратын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер; 6) мемлекеттік кəсіпорындардың, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу жəне одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалардың үлестес тұлғалары – дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу жəне одан да көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекеттік кəсіпорындарға, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу жəне одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғаларға тиесілі заңды тұлғалар. Жанама тиесілілік өзге заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу жəне одан да көп пайызының əрбір келесі үлестес тұлғаға тиесілі болатынын білдіреді; 7) демпингтiк баға – конкурсқа қатысушы жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге ұсынған, Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес сараптамадан өткен жобалаусметалық құжаттамада, техникалық-экономикалық негіздемеде көрсетiлген бағалармен салыстырғанда төмен болып табылатын баға. Техникалық-экономикалық негіздемені жəне жобалау-сметалық құжаттаманы əзірлеу жөніндегі жұмыстарға баға, егер баға Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес есептелген бағалармен салыстырғанда төмен болып табылған жағдайда демпингтік деп танылады; 8) жұмыстар – заттық нəтижесi бар қызмет, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес жұмыстарға жатқызылған өзге де қызмет; 9) конкурстық баға ұсынысы – конкурс тəсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін əлеуетті өнім беруші ұсынған, конкурсқа қатысуға өтінімге қоса берілетін баға; 10) конкурстық комиссия (аукциондық комиссия) – осы Заңда көзделген конкурс (аукцион) тəсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу рəсімін орындау үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы құратын алқалы орган. Конкурстық комиссия (аукциондық комиссия) тақ саннан, бірақ кемінде үш адамнан тұруға тиіс; 11) конкурстық құжаттама (аукциондық құжаттама) – конкурсқа (аукционға) қатысуға өтінімді дайындау үшін əлеуетті өнім берушіге ұсынылатын құжаттама, онда конкурсқа (аукционға) қатысуға өтінімге қойылатын талаптар, конкурс (аукцион) тəсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру шарттары мен тəртібі қамтылады; 12) көрсетілетін қызметтер – тапсырыс берушінің қажеттіліктерiн қанағаттандыруға бағытталған, заттық нəтижесi жоқ қызмет; 13) Қазақстан Республикасының резиденттерi – шет мемлекетте тұрақты тұру құқығына сол мемлекеттiң заңнамасына сəйкес берiлген құжаты бар азаматтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтары, оның iшiнде шетелде уақытша жүрген немесе оның шегiнен тыс жерлерде мемлекеттiк қызметте жүрген азаматтары; Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығына құжаты бар шетелдiктер жəне азаматтығы жоқ адамдар; Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес құрылған, оның аумағында орналасқан заңды тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасында жəне оның шегiнен тыс жерлерде орналасқан олардың филиалдары мен өкiлдiктерi; Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде орналасқан дипломатиялық, сауда жəне өзге де ресми өкiлдiктерi; 14) мемлекеттік сатып алу – осы Заңда жəне Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тəртіппен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тапсырыс берушілердің ақылы негізде сатып алуы; 15) мемлекеттiк сатып алу веб-порталы – мемлекеттiк сатып алудың электрондық көрсетілетін қызметтеріне қол жеткiзудiң бірыңғай нүктесiн ұсынатын мемлекеттiк органның ақпараттық жүйесі; 16) мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы – Қазақстан Республикасының Үкіметі, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жəне астананың əкімдігі немесе аудан, қала, қаладағы аудан əкімдігі айқындаған, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру жəне өткізу рəсімдерін орындауды жүзеге асыратын заңды тұлға; 17) мемлекеттік сатып алудың сəйкестендіру коды – мемлекеттік сатып алудың барлық кезеңдері туралы ақпарат қамтылған, əрбір мемлекеттік сатып алуға (лотқа) берілетін сəйкестендіру нөмірі; 18) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру жəне өткізу рəсімі – əлеуетті өнім берушімен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу мақсатында мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, тиісті комиссия осы Заңға сəйкес жүзеге асыратын өзара байланысты, дəйекті іс-шаралар кешені; 19) мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілері – əлеуетті өнім беруші, өнім беруші, тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор, уəкілетті орган, сарапшы; 20) мемлекеттiк сатып алу саласындағы бірыңғай оператор – мемлекеттік сатып алу саласындағы уəкілетті орган айқындаған, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жалғыз меншiк иесi мемлекет болып табылатын заңды тұлға; 21) мемлекеттiк сатып алу саласындағы уəкiлеттi орган (бұдан əрi – уəкiлеттi орган) – мемлекеттiк сатып алу саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган; 22) мемлекеттiк сатып алу туралы шарт – осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, тапсырыс беруші мен

өнім беруші арасында мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жасалған, электрондық цифрлық қолтаңбалармен куəландырылған азаматтық-құқықтық шарт; 23) нұсқама – Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын жəне (немесе) оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою үшін, сондай-ақ осы бұзушылықтарға жол берген тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылық шараларын қабылдау үшін бақылау объектілеріне жіберілетін, орындалуы міндетті уəкілетті органның актісі; 24) өнім беруші – тапсырыс берушiмен мемлекеттiк сатып алу туралы жасасқан шартта оның контрагенті ретiнде əрекет ететiн, кəсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциум). Кəсiпкерлiк қызмет субъектiсi болып табылмайтын жеке тұлғаға жекеменшік құқығымен тиесілі тұрғынжайды тапсырыс берушілер сатып алған жағдайда, мұндай жеке тұлға өнiм берушi болуы мүмкiн; 25) сараптама комиссиясы – сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық тапсырмасын жəне (немесе) техникалық өзіндік ерекшелігін əзірлеуге жəне (немесе) əлеуетті өнім берушілер ұсыныстарының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық өзіндік ерекшелігіне сəйкестігіне қатысты сараптамалық қорытындыны дайындауға қатысу үшін сарапшыларды тарта отырып, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы не тапсырыс беруші құратын алқалы орган; 26) сарапшы – сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық тапсырмасын жəне (немесе) техникалық өзіндік ерекшелігін əзірлеуге жəне (немесе) əлеуетті өнім берушілер ұсыныстарының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық өзіндік ерекшелігіне сəйкестігіне қатысты сараптамалық қорытындыны дайындауға қатысу үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы не тапсырыс беруші тартатын, өткізілетін мемлекеттік сатып алу саласында тиісті құжаттармен (дипломдармен, сертификаттармен, куəліктермен жəне басқа да құжаттармен) расталатын арнайы жəне (немесе) техникалық білімі, тəжірибесі мен біліктілігі бар жеке тұлға; 27) тапсырыс берушілер – ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтерді, ұлттық басқарушы компанияларды, ұлттық компанияларды жəне олармен үлестес заңды тұлғаларды, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін, оның ведомстволарын, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрылымына кіретін ұйымдарды жəне дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу жəне одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғаларды жəне олармен үлестес заңды тұлғаларды қоспағанда, мемлекеттік органдар, мемлекеттiк мекемелер, сондай-ақ мемлекеттiк кəсiпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу жəне одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар жəне олармен үлестес заңды тұлғалар; 28) тауарлар – нəрселер (заттар), оның iшiнде жартылай фабрикаттар немесе қатты, сұйық немесе газ тəрiздес күйдегi шикiзат, электр жəне жылу энергиясы, шығармашылық зияткерлiк қызметтiң объектiленген нəтижелерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес сатып алу-сату мəмiлелерiн жасасуға болатын заттық құқықтар; 29) тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағалардың дерекқоры – мемлекеттік сатып алу вебпорталының бір бөлігі болып табылатын, мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге қалыптасқан ең төмен, орташа жəне ең жоғарғы бағалар туралы мəліметтерді қамтитын ақпараттық кіші жүйе; 30) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің анықтамалығы (бұдан əрі – анықтамалық) – өзінің бірегей коды бар, мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жүйеленген тізбесі; 31) ұлттық режим – егер мұндай режимді ұсыну туралы талап Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленсе, шетелде шығарылатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге жəне осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ұсынатын əлеуетті өнім берушілерге отанымызда шығарылатын тауарлармен, жұмыстармен, көрсетілетін қызметтермен жəне осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ұсынатын əлеуетті өнім берушілермен тең шарттарда мемлекеттік сатып алуға қатысуға рұқсат беруді көздейтін режим; 32) шартты баға – конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысына конкурстық құжаттамада көзделген өлшемшарттардың салыстырмалы мəнiн қолдануды ескере отырып есептелген жəне конкурстың жеңiмпазын айқындау мақсатында конкурстық баға ұсыныстарын бағалау жəне салыстыру кезiнде ғана пайдаланылатын баға. 3-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді жəне Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің нормаларынан, осы Заңнан жəне Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзге де қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады. 4-бап. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаттары Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру: 1) мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы жəне тиімді жұмсау; 2) осы Заңда көзделгеннен басқа жағдайларда, əлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алуды өткізу рəсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру; 3) əлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бəсекелестік; 4) мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығы мен айқындығы; 5) отандық тауар өндірушілерге, сондай-ақ жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерге Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға қайшы келмейтін шамада қолдау көрсету; 6) мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың жауапкершілігі; 7) сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу; 8) инновациялық жəне жоғары технологиялық тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаттарына негізделеді. 5-бап. Мемлекеттік сатып алу процесі 1. Мемлекеттік сатып алу процесі: 1) мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын) əзірлеуді жəне бекітуді; 2) өнім берушіні таңдауды жəне онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды; 3) мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтиды. Осы тармақтың ережелері – жүзеге асырылуы осы Заңның 50-бабында көзделген мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды. 2. Тапсырыс беруші тиісті бюджеттің (даму жоспарының) негізінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тəртіппен жəне нысанда мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын əзірлейді жəне бекітеді. Тапсырыс беруші тиісті бюджет комиссиясының оң ұсынысы негізінде мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын əзірлеуге жəне бекітуге құқылы. Мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары бекітілгенге дейін қолданылады. Мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарында көзделген мемлекеттік сатып алу туралы мəліметтер мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына ауысады. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын тапсырыс беруші тиісті бюджет (даму жоспары) бекітілген (нақтыланған) күннен бастап он жұмыс күні ішінде бекітеді (нақтылайды). Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарында) мынадай мəліметтер: 1) мемлекеттік сатып алудың сəйкестендіру коды; 2) қосылған құн салығын есепке алмай мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген соманы қоса алғанда,

анықтамалыққа сəйкес тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің номенклатурасы; 3) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тəсілі мен мерзімдері; 4) тауарларды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің жоспарланған мерзімдері мен орны; 5) осы Заңның 43-бабында көзделген жағдайларда, əрбір қаржы жылына бөлінген жəне көзделген сомалар шегінде графикке жəне жылдар бойынша бөлуге сəйкес тауарларды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің жоспарланған мерзімдері; 6) осы Заңның 51-бабына сəйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру шарттары қамтылуға тиіс. Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 79-бабы 2-тармағы екінші бөлігінің 2-1) тармақшасында көзделген жағдайларда, осы тармақтың алтыншы бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5) жəне 6) тармақшаларында көрсетілген мемлекеттік сатып алу туралы мəліметтерді тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында бекітеді. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 153-бабының 7-тармағы орындалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде бекітеді. Тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алуды жоспарлау жəне жүзеге асыру кезінде инновациялық жəне жоғары технологиялық тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу басымдығын негізге алуға тиіс. 3. Тапсырыс беруші мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспары (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары) бекiтілген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде, уəкілетті органға мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдаланбай ұсынылатын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сəйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын жəне (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мəліметтерді қоспағанда, оны мемлекеттік сатып алу вебпорталында орналастыруға міндетті. 4. Тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалатын тəртіппен, айына бір реттен асырмай мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер жəне (немесе) толықтырулар енгізуге құқылы. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) өзгерістер жəне (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, уəкілетті органға мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдаланбай ұсынылатын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сəйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын жəне (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мəліметтерді қоспағанда, енгізілген өзгерістерді жəне (немесе) толықтыруларды мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастыруға міндетті. 5. Осы Заңның 39-бабы 3-тармағының 4), 9), 31), 32) жəне 35) тармақшаларына жəне 50-бабына сəйкес жүзеге асырылатын мемлекеттiк сатып алу туралы мəлiметтер мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарына (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) енгiзілуге жатпайды. 6. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімді мемлекеттік сатып алудың бекітілген не нақтыланған жылдық жоспары (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары) негізінде қабылдайды. Тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімді тиісті бюджет бекітілгенге дейін, екі кезеңдік рəсімдер пайдаланылатын конкурс тəсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған жағдайда, қабылдауға құқылы. 7. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi осы Заңның 39-бабы 3-тармағының 4), 9), 31), 32) жəне 35) тармақшаларына жəне 50-бабына сəйкес сатып алуды қоспағанда, мемлекеттiк сатып алудың бекiтiлген (нақтыланған) жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарында) көзделмеген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алуға жол берiлмейдi. 8. Осы Заңның 39-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушіні таңдау осы Заңдa айқындалған тəртіппен жүзеге асырылады. 9. Конкурс тəсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор мемлекеттік сатып алу қорытындысы шығарылғанға дейін əлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстарының құпиялылығын қамтамасыз етеді. 10. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқанға дейін: 1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес тиісті бюджетті, бюджет жобасын нақтылау (түзету) кезінде болған, мемлекеттік сатып алудың бекітілген (нақтыланған) жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарында) көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған шығыстар қысқартылған; 2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес мемлекеттік органның стратегиялық жоспарына, тапсырыс берушінің бюджетіне (даму жоспарына) мемлекеттік сатып алудың бекітілген (нақтыланған) жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарында) көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу қажеттігін жоққа шығаратын өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайларда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудан бас тартуға құқылы. Осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген жағдайда, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) ағымдағы жылы осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бағытталған өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді. 11. Тапсырыс беруші не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы осы баптың 10-тармағында көрсетілген шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде: 1) өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысатын тұлғаларды қабылданған шешім туралы хабардар етуге; 2) енгізілген конкурсқа (аукционға) қатысуға өтінімдерді қамтамасыз етуді қайтаруға міндетті. 6-бап. Мемлекеттік сатып алуға қатысуға байланысты шектеулер 1. Əлеуетті өнім беруші, егер: 1) осы əлеуетті өнім берушінің бірінші басшыларының жəне (немесе) осы əлеуетті өнім берушінің уəкілетті өкілінің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жегжаттары өнім берушіні таңдау туралы шешім қабылдау құқығына ие болса не өткізілетін мемлекеттік сатып алуда тапсырыс берушінің немесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өкілі болып табылса; 2) əлеуетті өнім беруші жəне (немесе) оның жұмыскері тапсырыс берушіге не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға өткізілетін мемлекеттік сатып алуды дайындау бойынша сараптамалық, консультациялық жəне (немесе) өзге де қызметтер көрсетсе, техникалық-экономикалық негіздемені əзірлеушінің жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы əзірлеу жөніндегі мемлекеттік сатып алуға қатысуын қоспағанда, өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын объектінің құрылысына арналған техникалықэкономикалық негіздемені жəне (немесе) жобалау (жобалаусметалық) құжаттаманы əзірлеуге бас жобалаушы не қосалқы жобалаушы ретінде қатысса, өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алуға қатысуға құқылы емес. Бұл талап халықаралық құрылыс стандарттарына сəйкес іске асырылатын жобаларға қолданылмайды; 3) мемлекеттiк сатып алуға қатысуға үмiткер əлеуеттi өнiм берушiнің басшысы мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiндегі заңды тұлғаларды басқаруға, құруға, олардың жарғылық капиталына қатысуға байланысты болса; 4) мемлекеттiк сатып алуға қатысуға үмiткер əлеуеттi өнiм берушiнің басшысы мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiлген, кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға болса; 5) мемлекеттiк сатып алуға қатысуға үмiткер, кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға болып табылатын əлеуетті өнім беруші мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiлген əлеуеттi өнiм берушiнің басшысы болса; 6) əлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде тұрса; 7) əлеуетті өнім берушінің жəне (немесе) ол тартатын қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) баланстық

құны тиісті негізгі қаражат құнының он пайызынан асатын мүлкіне тыйым салынса; 8) əлеуетті өнім берушінің жəне (немесе) ол тартатын қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері болса жəне атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды жəне мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уəкілетті орган оларды Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізсе; 9) əлеуетті өнім берушінің жəне (немесе) ол тартатын қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына не Қазақстан Республикасының бейрезиденті – əлеуетті өнім беруші мемлекеттің заңнамасына сəйкес тоқтатыла тұрса; 10) əлеуетті өнім беруші жəне (немесе) ол тартатын қосалқы мердігер (бірлескен орындаушы) жəне (немесе) олардың басшысы, құрылтайшылары (акционерлері) терроризм мен экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен енгізілсе, өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алуға қатысуға құқылы емес. 2. Əлеуетті өнім беруші мен əлеуетті өнім берушінің үлестес тұлғасының бір конкурс (аукцион) лотына қатысуға құқығы жоқ. 3. Мемлекеттік сатып алу соның мүдделерінде жүзеге асырылатын тапсырыс берушінің осындай сатып алуға əлеуетті өнім беруші ретінде қатысуға құқығы жоқ. 4. Осы баптың 1 жəне 2-тармақтарының талаптарын бұзушылықтарды тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы, уəкілетті орган не мемлекеттік аудит жəне қаржылық бақылау органдары мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың кез келген сатысында анықтай алады. 5. Уəкілетті орган не мемлекеттік аудит жəне қаржылық бақылау органы осы баптың 1 жəне 2-тармақтарының талаптарын бұзушылық фактілері анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей бұл жөнінде: 1) егер осындай факт мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғаннан кейін анықталған болса, тапсырыс берушіні; 2) егер осындай факт мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін анықталған болса, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны жазбаша хабардар етеді. Бұл ретте осы фактіні растайтын құжаттардың көшірмелері хабарламаға қоса берілуге тиіс. 7-бап. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны айқындау тəртібі 1. Тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тұлға ретінде əрекет ететін жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру жəне өткізу рəсімдерін орындау үшін тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны, сондай-ақ тапсырыс берушінің алда болатын мемлекеттік сатып алуда мүдделерін білдіретін лауазымды адамын айқындайды. 2. Тапсырыс берушінің өзі тікелей не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру жəне өткізу рəсімін орындауға жауапты өзінің құрылымдық бөлімшесінің атынан мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде əрекет ете алады. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы етіп тапсырыс берушіге ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемені айқындауға құқылы. 3. Тапсырыс берушіге ведомстволық бағынысты бірнеше мемлекеттік мекеме үшін тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде əрекет етуге құқылы. 4. Тапсырыс берушіге ведомстволық бағынысты бірнеше мемлекеттік мекеме үшін тапсырыс беруші олардың арасынан мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны айқындауға құқылы. 5. Бюджеттік бағдарламаның əкімшісі өзінің ведомстволық бағынысындағы мемлекеттік мекеме, оған қатысты өзі мемлекеттік басқару органы ретінде əрекет ететін заңды тұлға не оған қатысты бюджеттік бағдарламаның əкімшісі мемлекеттік басқару органы ретінде əрекет ететін заңды тұлғамен үлестес тұлға үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде əрекет етуге құқылы. Мемлекеттік кəсіпорын өзімен үлестес тұлғалар үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде əрекет етуге құқылы. Дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу жəне одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлға өзімен үлестес тұлғалар үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде əрекет етуге құқылы. 6. Тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тұлға ретінде əрекет еткен жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс берушімен, əлеуетті өнім берушілермен, тиісті комиссиялармен жəне сарапшымен өзара қарым-қатынастарда өзінің атынан өкілдік ететін лауазымды адамды айқындауға міндетті. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өкілі мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру жəне өткізу рəсімдерін орындауға жауапты құрылымдық бөлімшенің жұмыскерлері қатарынан айқындалуға тиіс. 8-бап. Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тəртібі 1. Бірыңғай мемлекеттік сатып алуды өткізу мақсатында: 1) Қазақстан Республикасының Үкіметі тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны айқындайды. Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды жəне өткізуді уəкілетті орган айқындайтын бюджеттік бағдарламалардың жəне (немесе) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша орындайды; 2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жəне астананың əкімдігі тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны айқындайды. Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды жəне өткізуді тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жəне астананың əкімдігі айқындайтын бюджеттік бағдарламалар жəне (немесе) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша орындайды; 3) ауданның, қаланың, қаладағы ауданның əкімдігі тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны айқындайды. Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды жəне өткізуді тиісті ауданның, қаланың, қаладағы ауданның əкімдігі айқындайтын бюджеттік бағдарламалар жəне (немесе) тауралар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша орындайды. 2. Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алуды мынадай дəйекті кезеңдерді: 1) тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыға мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға жəне өткізуге тапсырманы ұсынуын; 2) мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының тапсырыс беруші ұсынған, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын тапсырма негізінде конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) жобасын əзірлеуін жəне бекітуін; 3) мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) құрамын айқындауын жəне бекітуін сақтай отырып өткізеді. Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы айқындайтын жəне бекітетін конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) құрамына тапсырыс берушінің өкілдері де кіреді, бұл ретте: осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сəйкес айқын далған мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырған жəне өткізген жағдайда, конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) төрағасы болып тапсырыс берушінің бірінші басшысы айқындалуға тиіс; мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы орталық атқарушы органдардың қызметін материалдықтехникалық қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырған жəне өткізген жағдайда, конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) төрағасын орталық атқарушы органның бірінші басшысы айқындайды; осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сəйкес айқындалған мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырған жəне

өткізген жағдайда, конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) төрағасы болып тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жəне астананың əкімі айқындалуға тиіс; осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасына сəйкес айқындалған мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырған жəне өткізген жағдайда, конкустық комиссияның (аукциондық комиссияның) төрағасы болып тиісті ауданның, қаланың, қаладағы ауданның əкімі айқындалуға тиіс. 4) қажет болған жағдайда мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының конкурстық құжаттамаға (аукциондық құжаттамаға) өзгерістер жəне (немесе) толықтырулар енгізуін; 5) мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландыруды мемлекеттік сатып алу веб-порталына орналастыруын; 6) мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының тапсырыс берушіге мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасына конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) жəне (немесе) конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) техникалық өзіндік ерекшелігін алған, мемлекеттік сатып алу веб-порталына автоматты түрде тіркелген тұлғалар тарапынан сұрау салулар мен ескертулерді жіберуін; 7) конкурс (аукцион) тəсілімен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазын айқындауды; 8) тапсырыс берушінің осы Заңда жəне мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген тəртіппен, мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттама негізінде жеңімпазбен мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасуын сақтай отырып өткізеді. 3. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары) бекітілген не мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) өзгерістер жəне (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыға жоспарланып отырған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы ақпаратты береді. 4. Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруы жəне өткізуі осы Заңда жəне мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға қойылатын талаптарға сəйкес жүзеге асырылады. 9-бап. Əлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптары 1. Əлеуетті өнім берушілерге мынадай біліктілік талаптары қойылады: 1) құқық қабілеттілігінің (заңды тұлғалар үшін), азаматтық əрекетке қабілеттілігінің (жеке тұлғалар үшін) болуы; 2) төлем қабілеттілігінің болуы, салық берешегінің болмауы; 3) банкроттық не таратылу рəсіміне жатқызылмауы; 4) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті, тиісті материалдық жəне еңбек ресурстарының болуы; 5) жұмыс тəжірибесінің болуы. Осы тармақтың 5) тармақшасының талабы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларымен айқындалатын өлшемшарттарға сəйкес белгіленеді. 2. Осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген: 1) мемлекеттік сатып алуға əлеуетті өнім берушілердің қатысуын шектейтін жəне негізсіз күрделендіретін; 2) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау қажеттігінен тікелей туындамайтын біліктілік талаптарын белгілеуге жол берілмейді. 3. Əлеуетті өнім беруші өзінің осы бапта белгіленген біліктілік талаптарына сəйкестігін растау үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында көзделген тиісті құжаттарды ұсынады. 4. Қазақстан Республикасының бейрезиденті – əлеуетті өнім беруші өзінің осы бапта белгіленген біліктілік талаптарына сəйкестігін растау үшін Қазақстан Республикасының резиденттері ұсынатын нақ сондай құжаттарды не Қазақстан Республикасының бейрезиденті – əлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы ұқсас мəліметтерді растайтын құжаттарды ұсынады. 5. Айналысуы үшін рұқсат алу, хабарлама жіберу қажет болатын қызмет түрлерін жүзеге асыратын əлеуетті өнім берушінің құқық қабілеттілігі Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сəйкес мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы расталады. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мəліметтер болмаған жағдайда, əлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес алынған (жіберілген) тиісті рұқсаттың (хабарламаның) нотариат куəландырған көшірмесін ұсынады. 6. Осы баптың 1-тармағында белгіленген біліктілік талаптары – əлеуетті өнім беруші өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердігер не қызметтер көрсету бойынша бірлесіп орындаушы ретінде тартуды көздейтін, кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларға жəне заңды тұлғаларға да қолданылады. Жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерлерін (бірлесіп орындаушыларын) тартуды көздейтін əлеуетті өнім беруші жұмыстарға не көрсетілетін қызметтерге тартылатын қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) осы баптың 1-тармағында белгіленген біліктілік талаптарына сəйкестігін растайтын құжаттарды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға ұсынуға тиіс. Жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін орындау үшін қосалқы мердігерлер (бірлесіп орындаушыларды) тартылған жағдайда, олардың осы баптың 1-тармағына белгіленген біліктілік талаптарына сəйкестігін растайтын құжаттар олар орындайтын жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түріне беріледі. Жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету үшін қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) берілуі мүмкін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің шекті көлемі орындалатын жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің жиынтық түрде үштен екісінен аспауға тиіс. Бұл ретте қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету көлемдерін өзге де қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) беруге тыйым салынады. 7. Біліктілік талаптары осы Заңның 37, 38-баптарында, 39бабы 2-тармағының 2) тармақшасында жəне 3-тармағында жəне 42-бабында көзделген мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру жағдайларына қолданылмайды. 8. Осы Заңның 31, 50-баптарында жəне 51-бабының 6-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы баптың 1-тармағында көзделмеген біліктілік талаптарын белгілеуге жол берілмейді. 10-бап. Əлеуетті өнім берушіні біліктілік талаптарына сəйкес келмейді деп тану негіздері 1. Əлеуетті өнім беруші мынадай негіздердің бірі бойынша: 1) əлеуетті өнім берушінің жəне (немесе) ол тартатын жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерінің (бірлесіп орындаушысының) біліктілік талаптарына сəйкестігін растау үшін құжат (құжаттар) ұсынбағанда; 2) əлеуетті өнім беруші өзінің сəйкестігін растау үшін ұсынған құжаттарда қамтылған ақпараттың негізінде біліктілік талаптарына сəйкес келмеу, сондай-ақ ол тартатын жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерінің (бірлесіп орындаушысының) біліктілік талаптарына сəйкес келмеуі фактісі анықталғанда; 3) біліктілік талаптары бойынша анық емес ақпарат беру фактісі анықталғанда біліктілік талаптарына сəйкес келмейді деп танылады. 2. Əлеуетті өнім берушіні жəне (немесе) ол тартатын жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерін (бірлесіп орындаушысын) осы баптың 1-тармағында көзделмеген негіздер бойынша біліктілік талаптарына сəйкес келмейді деп тануға жол берілмейді. 11-бап. Əлеуетті өнім берушінің анық емес ақпарат беруінің салдарлары 1. Өздерінің конкурс (аукцион) жеңімпазы болуына мүмкіндік берген анық емес ақпарат ұсынған, соның нəтижелері бойынша өздерімен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған əлеуетті өнім берушілер осы Заңда белгіленген тəртіппен мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізіледі. (Жалғасы 14-бетте).


14

www.egemen.kz

(Жалғасы. Басы 13-бетте). 2. Əлеуетті өнім беруші ұсынатын ақпараттың анықтығын тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы, уəкілетті орган не мемлекеттік аудит жəне қаржылық бақылау органдары мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың кез келген сатысында анықтай алады. 3. Əлеуетті өнім берушінің конкурс (аукцион) жеңімпазы болуына мүмкіндік берген анық емес ақпаратты беру фактісін анықтаған уəкілетті орган не мемлекеттік аудит жəне қаржылық бақылау органдары осындай факт анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей бұл жөнінде: 1) егер мұндай факт мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғаннан кейін анықталған болса, тапсырыс берушіні; 2) егер мұндай факт мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін анықталған болса, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны жазбаша хабардар етеді. Бұл ретте хабарламаға осындай фактіні растайтын құжаттардың көшірмелері қоса берілуге тиіс. 12-бап. Мемлекеттік сатып алу саласында қалыптастырылатын тізілімдер 1. Уəкілетті орган мынадай: 1) тапсырыс берушілердің; 2) мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың; 3) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың; 4) білікті əлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алу саласындағы республикалық тізілімдерін (бұдан əрі – тізілімдер) қалыптастыруды жəне жүргізуді жүзеге асырады. 2. Тапсырыс берушілердің тізілімі – өздерінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуі, сондай-ақ осы Заңға жəне Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сəйкес мемлекеттік функцияларды не жарғылық қызметті орындауы үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға міндетті заңды тұлғалардың тізбесін білдіреді. 3. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізілімі тапсырыс берушілер тиісті қаржы жылында жасасқан мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізбесін білдіреді жəне мемлекеттік сатып алу туралы шарттың нысанасы, сандық жəне құндық көрсеткіштері туралы, тараптардың шарттық міндеттемелерді орындау нəтижелері туралы мəліметтерді қамтиды. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізіліміне мəліметтер енгізуді тапсырыс беруші: тиісті қаржы жылында мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттар бойынша – мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей; мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау бойынша (тауарларды қабылдау-тапсыру актісі немесе орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актісі) – қол қойған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей; мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша жүзеге асырылған төлемдер бойынша – төлем жүргізілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырады. Осы Заңның 39-бабы 3-тармағының 9), 18), 31), 32) жəне 35) тармақшаларында жəне 50-бабында көзделген мемлекеттік сатып алудың нəтижелері бойынша жасалған шарттар туралы мəліметтер мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізіліміне енгізуге жатпайды. 4. Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі: 1) тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды біржақты тəртіппен бұзған, орындалуы барысында өнім берушінің біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) талаптарына сəйкес келмейтіндігі немесе өзінің осындай талаптарға сəйкестігі туралы анық емес ақпарат бергені, соның нəтижелері бойынша осындай шарт жасалып, оның конкурс (аукцион) жеңімпазы болуына мүмкіндік бергені анықталған өнім берушілердің; 2) мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған, жеңімпаздар деп айқындалған əлеуетті өнім берушілердің (екінші орын алған əлеуетті өнім берушілердің); 3) өздерімен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған өнім берушілердің тізбесін білдіреді. Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) жəне 3) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда, тапсырыс беруші өзіне өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы белгілі болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, осындай əлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінуге міндетті. 5. Осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 1) жəне 3) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі заңды күшіне енген сот шешімдерінің негізінде қалыптастырылады. Осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі уəкілетті органның əлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы шешімі негізінде қалыптастырылады. 6. Осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 1) жəне 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілген өнім берушілер соттың оларды мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап жиырма төрт ай ішінде мемлекеттік сатып алуға қатысуға жіберілмейді. Осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген негіз бойынша мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізілген əлеуетті өнім берушілер уəкілетті орган оларды мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы шешім қабылдаған күннен бастап жиырма төрт ай ішінде мемлекеттік сатып алуға қатысуға жіберілмейді. Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінде қамтылған мəліметтер осы тармақтың бірінші жəне екінші бөліктерінде белгіленген мерзім аяқталған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірілмей көрсетілген тізілімнен алып тасталады. 7. Əлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу туралы шешімге олардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес шағым жасауына болады. 8. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сəйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын жəне (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мəліметтерді қоспағанда, тізілімдерде қамтылған мəліметтер мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырылады жəне олар төлемақы алынбастан, танысу үшін мүдделі тұлғаларға қолжетімді болуға тиіс. 9. Білікті əлеуетті өнім берушілердің тізілімі – мемлекеттік сатып алу саласындағы тізілімдерді қалыптастыру жəне жүргізу қағидаларында көзделген біліктілік талаптарына сəйкес келетін əлеуетті өнім берушілердің тізбесін білдіреді. 10. Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне осы Заңның 39-бабы 3-тармағының 1), 2), 27) жəне 36) тармақшаларында көзделген жағдайларда айқындалған əлеуетті өнім берушілер мен өнім берушілер енгізілмейді. 13-бап. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тəсілдері 1. Мемлекеттік сатып алу мынадай тəсілдердің бірі: 1) конкурс (ашық конкурс, біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс, екі кезеңдік рəсімдер пайдаланылатын конкурс); 2) аукциондарда; 3) баға ұсыныстарын сұрату; 4) бір көзден алу; 5) тауар биржалары арқылы жүзеге асырылады. 2. Тапсырыс беруші осы Заңға сəйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тəсілін айқындайды. 3. Мемлекеттік сатып алу осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алу веб-порталында жүзеге асырылады. 4. Тапсырыс беруші өзінің филиалының (өкілдігінің) қызметін қамтамасыз етуге қажетті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жылдық көлемін негізге ала отырып, тапсырыс берушінің атынан осындай мемлекеттік сатып алуды тапсырыс берушінің филиалы (өкілдігі) тікелей жүзеге асырған жағдайда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың тəсілін айқындауға құқылы. 5. Жаңарту тəртібімен шығарылатын мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтар тізбесінде тапсырыс берушінің талаптарына сəйкес келетін тауарлар болған жағдайда, тапсырыс беруші ең алдымен осы Заңның 39-бабы 3-тармағының 8) тармақшасына сəйкес, жаңарту тəртібімен шығарылатын мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сатып алуды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тəртіппен жүзеге асыруға міндетті. Бұл ретте көлік шығыстары, оның ішінде тауарды тиеуге-түсіруге байланысты шығыстар тапсырыс берушінің есебінен жүзеге асырылады. Жаңарту тəртібімен шығарылатын мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының тізбесін мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уəкілетті орган қалыптастырады жəне ол мемлекеттік сатып алу вебпорталында орналастырылады. 14-бап. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимді қолдану

1. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде шет мемлекеттерден шығарылатын тауарларға, тиісінше шетелдік əлеуетті өнім берушілер орындайтын жұмыстарға, көрсететін қызметтерге Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда жəне шарттарда ұлттық режим қолданылады. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі ерекше жағдайларда, екі жылдан аспайтын мерзімге ұлттық режимнен алып тастауды белгілеуге құқылы. 3. Ұлттық режимнен алып тастауды белгілеу тəртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. 2-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ 15-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік сатып алу саласындағы құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) мемлекеттік сатып алу саласында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын əзірлейді жəне оларды жүзеге асыруды ұйымдастырады; 2) өзіне Конституциямен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен жəне Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды. 16-бап. Уəкілетті органның құзыреті Уəкілетті орган: 1) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекітеді; 2) Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексінде көзделген, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жəне оларды берушілердің мемлекеттік сатып алу веб-порталымен интеграцияланған дерекқорына енгізілген отандық тауар өндірушілерден сатып алу туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту жəне талдау қағидаларын бекітеді; 3) мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану қағидаларын бекітеді; 4) мемлекеттік сатып алу веб-порталы жұмысында техникалық іркілістер туындаған жағдайда мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмыс істеу қағидаларын бекітеді; 5) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылауды, оның ішінде камералдық бақылауды жүзеге асырады, қажет болған кезде мемлекеттік сатып алуға қатысушылар ұсынған есептік деректердің, материалдар мен ақпараттың анықтығын тексереді; 6) мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасқанға дейін, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, тапсырыс берушілер мен конкурстық комиссиялардың (аукциондық комиссиялардың) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып қабылдаған шешімдерінің күшін жою туралы шешім қабылдайды; 7) уəкілетті органмен келісу бойынша тиісті саладағы уəкілетті органдар əзірлейтін жəне бекітетін үлгілік конкурстық құжаттамаларға (аукциондық құжаттамаларға) сəйкес мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түрлерінің тізбесін айқындайды; 8) мемлекеттік сатып алу саласында өз қызметін жүзеге асыратын жұмыскерлерді қайта даярлау жəне олардың біліктілігін арттыру қағидаларын бекітеді; 9) мемлекеттік сатып алу саласындағы тізілімдерді қалыптастыру жəне жүргізу қағидаларын бекітеді; 10) мемлекеттік сатып алуға қатысушылардан мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сəйкес қажетті ақпарат пен материалдарды сұратады; 11) сараптамалар мен консультациялар жүргізу үшін мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың мамандарын тартады; 12) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жəне Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 17-бап. Мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың өкілеттіктері Мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор: 1) мемлекеттік сатып алу веб-порталын дамытуды, қолдауды жəне жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады; 2) мемлекеттік сатып алу веб-порталын дамыту бойынша жобаларды басқаруды жүзеге асырады; 3) мемлекеттік сатып алу субъектілеріне мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану бойынша өтеусіз негізде қызметтер көрсетеді; 4) мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілеріне мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмыс істеуі мəселелері бойынша өтеусіз негізде консультациялық көмек көрсетеді; 5) мемлекеттік сатып алу веб-порталына орналастырылған мемлекеттік сатып алу жүйесі субъектілерінің электрондық ақпараттық ресурстарын сақтаудың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді; 6) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сəйкес мемлекеттік сатып алу веб-порталын ақпараттық толықтыруды жүзеге асырады; 7) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін, мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды интеграциялау жəне ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мəселелері бойынша уəкілетті субъектілермен өзара іс-қимыл жасайды; 8) анықтамалықты енгізе отырып, тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағалардың дерекқорын енгізуді жəне оны қолдауды жүзеге асырады. 3-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫ ӨТКІЗУДІ БАҚЫЛАУ ЖƏНЕ МОНИТОРИНГТЕУ 18-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылау 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылауды уəкілетті орган жүзеге асырады. Мемлекеттік аудит жəне қаржылық бақылау органдары Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылауды «Мемлекеттік аудит жəне қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген өкілеттіктер шегінде жүзеге асырады. 2. Бақылау объектілері: 1) тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы, конкурстық комиссия (аукциондық комиссия), сараптама комиссиясы, сарапшы; 2) өткізілетін мемлекеттік сатып алу нысанасы шегінде əлеуетті өнім беруші, өнім беруші, сондай-ақ олар жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердігерлер не қызметтер көрсету бойынша бірлескен атқарушылар ретінде тартатын тұлғалар; 3) тауар биржалары арқылы мемлекеттік сатып алуға қатысатын тұлғалар; 4) мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор болып табылады. 3. Уəкілетті орган тексерулерді мынадай жағдайлардың бірі басталған кезде: 1) тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының не конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның), сараптама комиссиясының, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың əрекеттеріне (əрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым жасап əлеуетті өнім беруші, конкурсқа не аукционға қатысушы, өнім беруші не олардың уəкілетті өкілі жазбаша өтініш бергенде жүзеге асырады. Мұндай шағымды қарау осы Заңның 47 жəне 48-баптарында көзделген шарттар сақталған кезде жүзеге асырылады; 2) құқық қорғау органдарының қаулылары келіп түскен кезде; 3) тəуекелдерді басқару жүйесі арқылы алынған ақпаратты талдау нəтижелері бойынша жүзеге асырады. 4. Уəкілетті орган бақылау іс-шараларын, оның ішінде камералдық бақылауды жүргізу нəтижесінде бақылау объектісінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзғанын анықтаған кезде мынадай шаралар қабылдайды: 1) бақылау объектісіне камералдық бақылау нəтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы орындалуы міндетті нұсқама, хабарлама жібереді; 2) міндеттемелері тиісті түрде орындалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып жасалған, күшіне енген мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды жарамсыз деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінеді; 3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тəртіппен, бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уəкілетті органда ашылған бақылау объектілерінің кодтары мен шоттары бойынша, сондай-ақ бақылау объектілерінің банк шоттары (корреспонденттікті қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады. 5. Бақылау іс-шараларын жүргізу нəтижесінде бақылау объектісінің құрамында қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар əрекет жасау (əрекетсіздігі) фактісі анықталған кезде, уəкілетті орган мен мемлекеттік аудит жəне қаржылық бақылау органдары осындай факт анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аталған əрекеттің (əрекетсіздіктің) жасалғаны туралы ақпаратты жəне осындай фактіні растайтын құжаттарды құқық қорғау органдарына беруге міндетті. 6. Уəкілетті орган мен мемлекеттік аудит жəне қаржылық бақылау органдарының əрекеттеріне (əрекетсіздігіне),

8 желтоқсан 2015 жыл

сондай-ақ шешімдеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен шағымдануға болады. 19-бап. Мемлекеттік сатып алуды мониторингтеу 1. Мемлекеттік сатып алуды мониторингтеу мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы ақпаратты жинау, қорыту, талдау, жүйелеу жəне бағалау негізінде жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік сатып алуды мониторингтеуді уəкілетті орган мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жəне ондағы қамтылған ақпарат негізінде жүзеге асырады. 3. Мемлекеттік сатып алуды мониторингтеу нəтижелері бойынша уəкілетті орган Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігіне жəне Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік сатып алу туралы жыл сайынғы есепті жібереді. 4. Мемлекеттік сатып алу туралы жыл сайынғы есепті дайындау қағидаларын уəкілетті орган бекітеді. 4-тарау. КОНКУРС ТƏСІЛІМЕН МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ 20-бап. Конкурс тəсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру 1. Біртекті болып табылмайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тəсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурстық құжаттамада лоттарға міндетті түрде бөле отырып, көрсетілген тəсілмен бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға жəне өткізуге құқылы. Біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тəсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, конкурстық құжаттамада біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлуге міндетті. 2. Тауарды беретін кемінде бес орын болған жағдайда, конкурс тəсілімен өткізілетін лотта тауарды беретін бірнеше орынды көрсетуге жол беріледі. 3. Біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірнеше түрін конкурс тəсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы осы баптың 2-тармағының талаптарын ескере отырып, конкурстық құжаттамада тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді олардың біртекті түрлері жəне (немесе) беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлуге міндетті. 4. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау, конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау жəне салыстыру, сондай-ақ конкурс жеңімпазын айқындау конкурстық құжаттамада көзделген əрбір лот бойынша жүзеге асырылады. 5. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау қорытындысы бойынша біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сəйкес келеді деп айқындалған əлеуетті өнім берушілер конкурс тəсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысады. Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тəсілімен мемлекеттік сатып алуға білікті əлеуетті өнім берушілер тізіліміне енгізілген əлеуетті өнім берушілер қатысады. 21-бап. Конкурстық құжаттама 1. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған конкурстық құжаттаманың электрондық нысаны негізінде қазақ жəне орыс тілдерінде əзірлейді. 2. Конкурстық құжаттамада осы Заңның 9-бабында белгіленген біліктілік талаптарынан басқа, мыналар: 1) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы мен орналасқан жері; 2) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық жəне пайдалану сипаттамаларын көрсете отырып, техникалық өзіндік ерекшелігі қамтылуға тиіс. Бұл ретте техникалық өзіндік ерекшелік Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға қайшы келмеуге тиіс. Қажет болған кезде техникалық өзіндік ерекшелікте нормативтік-техникалық құжаттама көрсетіледі. Жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурстық құжаттамада техникалық өзіндік ерекшеліктің орнына белгіленген тəртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама қамтылуға тиіс; 3) өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауардың саны, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемі; 4) тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету орны; 5) тауарды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудің талап етілетін мерзімдері, ұсынылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сапасына кепілдік беру; 6) төлем шарттары жəне мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы; 7) бағадан басқа өлшемшарттар, соның негізінде конкурс жеңімпазы, оның ішінде əрбір осындай өлшемшарттардың салыстырмалы мəні жəне шартты бағаны есептеу өлшемшарты айқындалады; 8) конкурстық баға ұсынысының мазмұнына қойылатын талаптар, оның ішінде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағаларынан басқа, қосылған құн салығының сомасы шегеріле отырып, оларды тасымалдау мен сақтандыру, кедендік баждарды, салықтар мен алымдарды төлеу шығыстарын, сондай-ақ тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету шарттарында көзделген өзге де шығыстарды көрсету; 9) конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысы көрсетілуге тиіс валюта немесе валюталар жəне оларды салыстыру мен бағалау мақсатында шартты бағаны бірыңғай валютаға сəйкес келтіру үшін қолданылатын бағам; 10) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасына сəйкес, конкурсқа қатысуға өтінімдерді, мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасау жəне ұсыну тіліне қойылатын талаптар; 11) конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізу шарттары, оның мазмұны мен түрлері; 12) əлеуетті өнім берушінің өтінімді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін конкурсқа қатысуға өз өтінімін өзгерту немесе қайтарып алу құқығын көрсету; 13) конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсыну тəртібі, тəсілі жəне соңғы мерзімі жəне конкурсқа қатысуға өтінімдердің талап етілетін қолданылу мерзімі; 14) конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау тəртібі; 15) конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу күні жəне уақыты; 16) конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу, конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау, конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру рəсімдерінің сипаты; 17) алда болатын конкурс тəсілімен мемлекеттік сатып алуда тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атынан өкілдік етуге уəкілетті өкілдері туралы мəліметтер; 18) мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету шарттары, түрлері, көлемі жəне оны енгізудің тəсілі; 19) конкурс тəсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бөлінген сомалар туралы мəліметтер қамтылуға тиіс. Конкурстық құжаттамада өткізілетін мемлекеттік сатып алудың шарттары туралы əлеуетті өнім берушілерге неғұрлым толық ақпарат алуға мүмкіндік беретін басқа да қосымша мəліметтер қамтылуы мүмкін. 3. Конкурстық құжаттамада осы Заңда көзделмеген жағдайларда, əлеуетті өнім берушілер санының шектелуіне алып келетін, оның ішінде мыналарға: 1) əлеуетті өнім берушілерге кез келген өлшенбейтін сандық жəне (немесе) əкімшілендірілмейтін талаптар белгілеуге; 2) тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларға, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркəсіптік үлгілерге, тауардың шығарылған жерінің атауына жəне өндірушінің атауына, сондай-ақ сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің жекелеген əлеуетті өнім берушіге тиесілілігін айқындайтын өзге де сипаттамаларға, мыналарды: негізгі (орнатылған) жабдықтарды, сондай-ақ орнатылған бағдарламалық қамтылымды (лицензиялық бағдарламалық қамтылымды) қосымша жинақтау, жаңғырту жəне қосымша жарақтау үшін; тауарды лизингке беру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні айқындау жəне лизинг нысанасын егжей-тегжейлі сипаттау қажеттігі туындағанда; тапсырыс берушінің қолында бар тауарды жөндеу жəне (немесе) техникалық қызмет көрсету үшін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, нұсқаулардың болуына қатысты мемлекеттік сатып алу талаптарын белгілеуге тыйым салынады. 4. Неғұрлым сапалы тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті ұсынатын конкурсқа қатысушыны айқындау үшін м емлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конку рстық құжаттамада конкурстық баға ұсынысына əсер ететін мынадай өлшемшарттарды: 1) əлеуетті өнім берушіде:

өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тəжірибесінің; Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сəйкес, ұсынылатын тауарларға ерікті сəйкестікті растау жүргізілгенін растайтын құжаттың; ұлттық стандарттардың талаптарына сəйкес сапа менеджментінің сертификатталған жүйесінің (сертификатталған жүйелерінің); ұлттық стандарттардың талаптарына сəйкес қоршаған ортаны басқару менеджментінің сертификатталған жүйесінің (сертификатталған жүйелерінің) жəне (немесе) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сəйкес экологиялық таза өнім стандартына сəйкестікті растаудың болуын; 2) тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің функционалдық, техникалық, сапалық жəне пайдалану сипаттамаларын жəне (немесе) сатып алынатын тауарларды пайдалануға, техникалық қызмет көрсетуге жəне жөндеуге арналған шығыстарды көздеуге міндетті. Конкурстық баға ұсынысына əсер ететін өлшемшарттардың салыстырмалы мəнін есептеу мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалады. 5. Конкурстық құжаттаманың жобасын тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндетін атқаратын адам, не жауапты хатшы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын, жауапты хатшы өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де лауазымды адам бекітеді. Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы əзірлеген конкурстық құжаттаманың жобасын мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының бірінші басшысы не оның міндетін атқаратын адам бекітеді. 22-бап. Конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау 1. Конкурстық құжаттаманы бекітудің міндетті талабы əлеуетті өнім берушілердің конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылауы болып табылады. Конкурстық құжаттаманың жобасына ескертулер, сондайақ конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салулар мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей тапсырыс берушіге, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыға жіберілуі мүмкін. Конкурстық құжаттаманың жобасына ескертулер болмаған кезде конкурстық құжаттаманы бекіту туралы шешім қабылданады. 2. Тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ескертулер болған кезде конкурстық құжаттаманы алдын ала талқылау мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды: 1) конкурстық құжаттаманың жобасына өзгерістер жəне (немесе) толықтырулар енгізеді; 2) конкурстық құжаттаманың жобасына ескертпелерді қабылдамай, оларды қабылдамау себептерінің негіздемелерін көрсетеді; 3) конкурстық құжаттаманың ережелеріне түсінік береді. Көрсетілген шешімдер қабылданған күннен бастап конкурстық құжаттама бекітілді деп есептеледі. Тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдас тырушы осы тармақтың бірінші бөлігінде жəне осы баптың 1-тармағының үшінші бөлігінде көрсетілген шешімдердің бірін қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік сатып алу веб-порталына конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасын, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың мəтінін орналастыруға міндетті. Конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасы конкурстық құжаттаманың жобасына келіп түскен ескертулер мен олар бойынша қабылданған шешімдер туралы ақпаратты қамтуға тиіс. 3. Əлеуетті өнім берушілер конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынатын күннің соңғы мерзімі конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасын, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың мəтінін орналастырған күннен бастап кемінде күнтізбелік он бес күн болуға тиіс. 4. Конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау нəтижелері бойынша тапсырыс берушінің шешіміне осы Заңда айқындалған тəртіппен шағымдануға болады. 5. Осы баптың талаптары мыналарға: 1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сəйкес олар туралы мəліметтер мемлекеттік құпияларды құрайтын жəне (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мемлекеттік сатып алуға; 2) конкурстық құжаттамада техникалық өзіндік ерекшеліктің орнына Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттама қамтылатындықтан, жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды. 23-бап. Конкурс тəсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарлама 1. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың жобасы бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік сатып алу веб-порталында конкурс тəсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру мəтінін орналастыруға міндетті. 2. Конкурс тəсілімен мемлекеттік сатып алу қайтадан жүзеге асырылған жағдайда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсынудың соңғы күніне дейін кемінде күнтізбелік он күн бұрын мемлекеттік сатып алу веб-порталында өткізілмеген конкурстың конкурстық құжаттамасының өзгермеуі шартымен, конкурс тəсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан жүзеге асыру туралы хабарландырудың мəтінін орналастыруға міндетті. 3. Конкурс тəсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан жүзеге асырған жəне конкурстық құжаттамаға өзгерістер жəне (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, мемлекеттік сатып алу осы Заңның 22-бабының талаптары ескеріле отырып, осы баптың 1-тармағына сəйкес өткізіледі. 24-бап. Конкурсқа қатысуға өтінім 1. Конкурсқа қатысуға өтінім əлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамада белгіленген талаптарға жəне шарттарға келісім білдіру түрі, сондай-ақ əлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптары мен осы Заңның 6-бабында белгіленген шектеулерге сəйкестігін растайтын, өзі туралы мəліметтер алуға келісім білдіру түрі болып табылады. 2. Əлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы электрондық құжат нысанында конкурстық құжаттамада көрсетілген, өтінімді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін береді. 3. Конкурсқа қатысуға өтінім əлеуетті өнім берушінің: 1) осы Заңның 6-бабын да көзделген шектеулерді бұзушылықтардың болмағандығы туралы; 2) өзінің жəне тапсырыс берушінің не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының арасында осы Заңда тыйым салынған қарым-қатынастардың болмағандығы туралы; 3) осы Заңның 43-бабының 19-тармағында көрсетілген фактілер анықталған жағдайда, мемлекеттік сатып алу туралы шартты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен бұзуға келісуі туралы растауды қамтуға тиіс. Конкурстық баға ұсынысы, сондай-ақ конкурсқа қатысуға өтінімде қамтылуға тиіс құжаттар мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалады. 4. Əлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімі мынадай: 1) əлеуетті өнім беруші осы конкурсқа қатысуға бұрын өтінім берген; 2) конкурсқа қатысуға өтінім мемлекеттік сатып алу вебпорталына осы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткеннен кейін келіп түскен; 3) конкурстық баға ұсынысы осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сомадан асып түскен; 4) осы Заңның 6-бабы 1-тармағының 3), 4), 5), 6) жəне 8) тармақшаларында көзделген жағдайларда, мемлекеттік сатып алу веб-порталы оны автоматты түрде қабылдамауға тиіс. 5. Əлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсыну мерзімінің аяқталуынан кешіктірмей: 1) конкурсқа қатысуға енгізілген өтінімді өзгертуге жəне (немесе) толықтыруға; 2) конкурсқа қатысуға өзі енгізген өтінімді қамтамасыз етуді қайтарып алу құқығын жоғалтпастан, өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін қайтарып алуға құқылы. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімге өзгерістер жəне (немесе) толықтырулар енгізуге, сол сияқты оны қайтарып алуға жол берілмейді. 6. Конкурсқа қатысуға өтінімнің қолданылу мерзімі конкурстық құжаттамада белгіленген талап етілетін мерзімге сəйкес келуге тиіс. 7. Конкурсқа қатысуға өтінім берген əлеуетті өнім берушілерге өтінімдерді ашу хаттамасы орналастырылған кезден бастап басқа да əлеуетті өнім берушілердің осы конкурсқа қатысуға берген өтінімдерін көруге қол жеткізу қамтамасыз етіледі. 25-бап. Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету 1. Əлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді өзі: 1) конкурс жеңімпазы деп айқындалған жағдайда, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасатындығының; 2) мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасқан жағдайда, конкурстық құжаттамада белгіленген мемлекеттік

сатып алу туралы шарттардың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу жəне (немесе) оны енгізу мерзімдері туралы талаптарды тиісті түрде орындайтындығының кепілі ретінде енгізеді. 2. Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сəйкес, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде енгізіледі. 3. Əлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің біреуін: 1) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының банк шотына не мемлекеттік органдар жəне мемлекеттік мекемелер болып табылатын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілді ақшалай жарнаны; 2) қағаз жеткізгіштегі не электрондық құжат нысанындағы банк кепілдігін таңдауға құқылы. Əлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімнің қолданылу мерзімі өткенге дейін, енгізілген кепілдікті ақшалай жарнаға тұтастай не оның бір бөлігін талап ету құқығы үшінші тұлғаларда туындауына алып келетін əрекеттер жасауына жол берілмейді. Осы баптың 4 жəне 5-тармақтарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының əлеуетті өнім беруші енгізген кепілдікті ақшалай жарнаны пайдалануына жол берілмейді. 4. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мынадай жағдайлардың бірі басталған кезде: 1) конкурс жеңімпазы деп айқындалған не екінші орын алған əлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған; 2) конкурс жеңімпазы не екінші орын алған əлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасаса отырып, конкурстық құжаттамада белгіленген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу жəне (немесе) енгізу мерзімдері туралы талаптарды орындамаған не тиісті түрде орындамаған, оның ішінде уақтылы орындамаған жағдайларда, конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді əлеуетті өнім берушіге қайтармайды. 5. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайлардың бірі басталған кезде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету сомасы тиісті бюджет, мемлекеттік кəсіпорын, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу жəне одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар немесе олармен үлестес заңды тұлғалар кірісінің есебіне жатқызылады. 6. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мынадай жағдайлардың бірі басталған күннен бастап: 1) осы əлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін қайтарып алған; 2) конкурс тəсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттамаға қол қойылған жағдайда, үш жұмыс күні ішінде əлеуетті өнім беруші енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді өзіне қайтарады. Көрсетілген жағдай конкурс жеңімпазы деп айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды; 3) мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енген жəне конкурс жеңімпазы конкурстық құжаттамада көзделген, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізген жағдайда, үш жұмыс күні ішінде əлеуетті өнім беруші енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді өзіне қайтарады. 7. Білікті əлеуетті өнім берушілер тізіліміне енгізілген əлеуетті өнім беруші біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізбейді. 26-бап. Конкурс тəсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезіндегі демпингке қарсы шаралар Конкурс тəсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде əлеуетті өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуге қосымша, демпингттік деп танылмайтын, жол берілетін ең төмен бағаның төмендетілген сомасына тең мөлшердегі соманы енгізген жағдайда, демпингтік баға ұсынуға жол беріледі. 27-бап. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау 1. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сəйкес келетін əлеуетті өнім берушілерді айқындау мақсатында жүзеге асырады. 2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы əлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық өзіндік ерекшелікке сəйкестігіне қатысты сараптамалық қорытындыны дайындау үшін сараптама комиссиясын құруға не сарапшыны айқындауға құқылы. Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырған жəне өткізген кезде, тапсырыс беруші əлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық өзіндік ерекшелікке сəйкестігіне қатысты сараптамалық қорытындыны дайындау үшін сараптама комиссиясын құрады не сарапшыны айқындайды. Мынадай адам сарапшы бола алмайды: 1) мемлекеттік сатып алу рəсімдерінің нəтижелеріне мүдделі; 2) тапсырыс берушімен, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушымен, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушымен не олардың ведомстволық бағынысты, еншілес жəне тəуелді ұйымдарымен не əлеуетті өнім берушілермен еңбек қатынастарында байланысты; 3) тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының не олардың ведомстволық бағынысты, еншілес жəне тəуелді ұйымдарының бірінші басшыларының жақын туысы, жұбайы (зайыбы) немесе жегжаты болып табылатын адам. Осы тармақтың үшінші бөлігінде белгіленген талаптарға сəйкес келетін сарапшылар болмаған жағдайда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы не тапсырыс беруші сарапшы ретінде жұмыс істеу үшін тиісті бейіндегі мемлекеттік қызметшілерді не сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге мамандануы сəйкес келетін өзге де мамандарды тартады. Мемлекеттік қызметшілер сарапшылар ретінде өтеусіз негізде тартылады, ал өзге мамандар тараптардың уағдаластығы бойынша ақылы да, өтеусіз де негізде тартылады. Сарапшылар ретінде тартылатын мемлекеттік қызметшілер не өзге де мамандар осы тармақтың үшінші бөлігінде белгіленген талаптарға сəйкес келуге тиіс. Конкурстық комиссия шешім қабылдаған кезде сарапшылардың дауыс беру құқығы болмайды. Сарапшылар ретінде ақылы негізде тартылатын адамдарды таңдау осы Заңға сəйкес жүзеге асырылады. 3. Əлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сəйкестігі нысанасына конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау нəтижелері бойынша конкурсқа қатысуға алдын ала жіберу хаттамасы ресімделеді, оған конкурстық комиссияның төрағасы мен барлық мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға өтінімдерді алдын ала қарау туралы шешім қабылданған күні қол қояды. Конкурсқа қатысуға алдын ала жіберу хаттамасында қабылдамау себептері егжей-тегжейлі сипатталып, оның ішінде əлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сəйкес келмейтінін растайтын мəліметтер мен құжаттар көрсетіле отырып, конкурсқа қатысуға берілген өтінімдері қабылданбаған əлеуетті өнім берушілер туралы ақпарат қамтылуға тиіс. Əлеуетті өнім берушілер біліктілік талаптары мен конкурс тық құжаттаманың талаптарына сəйкес келген жағдайда, конкурсқа қатысуға алдын ала жіберу хаттамасы ресімделмейді. 4. Конкурстық комиссия біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сəйкес келмейтін əлеуетті өнім берушілерді анықтаған жағдайда, мұндай əлеуетті өнім берушілерге конкурсқа қатысуға алдын ала жіберу хаттамасы мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысуға өтінімдерді біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сəйкес келтіру құқығын береді. Осы Заңның 6-бабын бұзған əлеуетті өнім берушілерге конкурсқа қатысуға өтінімдерді біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сəйкес келтіру құқығы берілмейді. 5. Осы баптың 4-тармағына сəйкес біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сəйкес келтірілген конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайтадан қарау кезінде конкурстық комиссия: 1) конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды, бағалауды жəне салыстыруды оңайлату үшін əлеуетті өнім берушілерден олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді жазбаша нысанда жəне (немесе) электрондық құжат нысанында сұратуға; 2) конкурсқа қатысуға өтінімдерде қамтылған мəліметтерді нақтылау мақсатында, тиісті жеке немесе заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда жəне (немесе) электрондық құжат нысанында сұратуға құқылы. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді осы баптың 4-тармағында көзделген біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың (Жалғасы 15-бетте).


8 желтоқсан 2015 жыл

(Жалғасы. Басы 13-14-беттерде). талаптарына сəйкес келтіру мерзімі өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімде жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісті түрде ресімделмеген құжаттарды сəйкес келтіруге байланысты конкурстық комиссияның сұрау салу жіберуіне жəне өзге де əрекеттер жасауына жол берілмейді. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімді, егер онда ұсынылған өтінім мəнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, конкурстық құжаттаманың талаптарына сəйкес келеді деп қарайды. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайта қарау кезінде конкурсқа қатысуға алдын ала жіберу хаттамасында көзделмеген негіздер бойынша əлеуетті өнім берушілерді қабылдамауына жол бермейді. 6. Əлеуетті өнім беруші осы баптың 4-тармағына сəйкес конкурсқа қатысуға өтінімдерді біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сəйкес келтіргеннен кейін, егер: 1) ол жəне (немесе) ол тартатын қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) осы Заңда жəне мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған негіздер бойынша біліктілік талаптарына сəйкес келмейді деп айқындалса; 2) ол осы Заңның 6-бабының талаптарын бұзса; 3) оның конкурсқа қатысуға өтінімі осы Заңда жəне мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған негіздер бойынша конкурстық құжаттаманың талаптары мен шарттарына сəйкес келмейді деп айқындалса, конкурсқа қатысуға жіберілмейді (конкурсқа қатысушы деп танылмайды). 7. Егер əлеуетті өнім беруші осы баптың 6-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіздер бойынша конкурсқа қатысуға жіберілмесе, онда конкурс тəсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттамада конкурсқа қатысуға өтінімді қабылдамау үшін негіз болған, растайтын мəліметтер мен құжаттар көрсетіле отырып, мұндай əлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімін қабылдамаудың негіздемелері көрсетіледі. 8. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайтадан қарау нəтижелері бойынша: 1) біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сəйкес келетін əлеуетті өнім берушілерді айқындайды жəне конкурсқа қатысушылар деп таниды; 2) конкурстық баға ұсынысына осы Заңның 21-бабының 4-тармағында көзделген өлшемшарттардың салыстырмалы мəндерін қолданады. 9. Конкурсқа қатысуға өтінімді біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сəйкестігі нысанасына қарау қорытындысы бойынша конкурстық баға ұсынысы мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде ашылады. 10. Мемлекеттік сатып алу веб-порталы конкурсқа қатысушылардың шартты бағаларын автоматты түрде салыстырады жəне ең төмен шартты баға негiзiнде конкурс жеңiмпазын айқындайды. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау жəне салыстыру қорытындысы бойынша екінші орын алған конкурсқа қатысушы ең төмен шартты бағадан кейінгі келесі баға негізінде айқындалады. Конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған кезде конкурс нысанасы болып табылатын, сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында, оның ішінде тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің ұқсас түрлері бойынша мол жұмыс тəжірибесі бар конкурсқа қатысушы жеңімпаз (конкурстық баға ұсыныстарын бағалау жəне салыстыру қорытындысы бойынша екінші орын алған конкурсқа қатысушы) деп танылады. Шартты бағалары тең бірнеше əлеуетті өнім берушінің жұмыс тəжірибесі тең болған кезде конкурсқа қатысуға өтінімі басқа əлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерінен бұрынырақ келіп түскен конкурсқа қатысушы жеңімпаз (конкурстық баға ұсыныстарын бағалау жəне салыстыру қорытындысы бойынша екінші орын алған конкурсқа қатысушы) деп танылады. 28-бап. Конкурс тəсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттама 1. Конкурс тəсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттама мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде қалыптастырылады жəне конкурстық комиссияның барлық мүшелері мен конкурсқа қатысуға өтінімдер берген барлық əлеуетті өнім берушілер электрондық пошта арқылы бір мезгілде хабардар етіле отырып, онда орналастырылады. 2. Конкурс тəсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттамада мынадай: 1) конкурсқа қатысуға өтінімдерді біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сəйкес келтіру туралы; 2) осы Заңның 27-бабы 5-тармағының 1) жəне 2) тармақшаларына сəйкес конкурстық комиссияның сұрау салулары туралы; 3) конкурсқа қатысуға берілген өтінімдері қабылданбаған əлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін қабылдамау себептері егжей-тегжейлі сипатталып, оның ішінде біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сəйкес келмейтінін растайтын мəліметтер мен құжаттар көрсетіле отырып, олар туралы ақпарат; 4) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған өзге де мəліметтер қамтылуға тиіс. 3. Конкурсқа қатысушы конкурс тəсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттамаға Заңда белгіленген тəртіппен шағымдана алады. 29-бап. Конкурс тəсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізілмеді деп танудың негіздері мен салдарлары 1. Конкурс тəсілімен мемлекеттік сатып алу мынадай негіздердің бірі бойынша: 1) конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдер болмағанда; 2) конкурсқа қатысуға екеуден аз өтінім ұсынылғанда; 3) егер конкурсқа қатысуға бірде-бір əлеуетті өнім беруші жіберілмесе; 4) егер конкурсқа қатысуға бір əлеуетті өнім беруші жіберілсе, өткізілмеді деп танылады. 2. Егер конкурс тəсілімен мемлекеттік сатып алу өткізілмеді деп танылса, тапсырыс беруші мынадай шешімдердің бірін қабылдайды: 1) конкурс тəсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан өткізу туралы; 2) конкурстық құжаттаманы өзгерту жəне конкурс тəсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан өткізу туралы; 3) мемлекеттік сатып алуды бір көзден алу тəсілімен жүзеге асыру туралы. 3. Тапсырыс беруші конкурс тəсілімен мемлекеттік сатып алудың өткізілмеуі бойынша бір көзден алу тəсілімен мемлекеттік сатып алуды мынадай: 1) конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдер болмаған жағдайда жүзеге асырады. Бұл ретте бір көзден алу тəсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақырту жіберілетін əлеуетті өнім берушіні тапсырыс беруші айқындайды; 2) конкурсқа қатысуға екеуден аз өтінім ұсынылған жағдайда жүзеге асырады. Бұл ретте бір көзден алу тəсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақырту конкурсқа қатысуға өтінім берген əлеуетті өнім берушіге жіберіледі. Мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттың бағасы конкурсқа қатысуға өтінімде көрсетілген əлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысынан аспауға тиіс; 3) егер конкурсқа қатысуға бірде-бір əлеуетті өнім беруші жіберілмесе, жүзеге асырылады. Бұл ретте бір көзден алу тəсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақырту, осы Заңның 6-бабының талаптарын бұзған тұлғаны қоспағанда, шартты жеңілдікті ескере отырып, ең төмен бағамен конкурсқа қатысуға өтінім ұсынған əлеуетті өнім берушіге жіберіледі; 4) егер конкурсқа қатысуға бір ғана əлеуетті өнім беруші жіберілсе, жүзеге асырылады. Бұл ретте бір көзден алу тəсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақырту өзінің өтінімінде көзделген шарттарда конкурсқа қатысуға жол берілген əлеуетті өнім берушіге жіберіледі жəне мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттың бағасы оның конкурстық баға ұсынысынан аспауға тиіс. 30-бап. Екі кезеңдік рəсімдерді пайдалана отырып, конкурс тəсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекшеліктері 1. Екі кезеңдік рəсімдерді пайдалана отырып, конкурс тəсілімен мемлекеттік сатып алу мынадай: 1) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің егжей-тегжейлі өзіндік ерекшелігін тұжырымдау əрі олардың техникалық жəне өзге де сипаттамаларын айқындау қиын жəне (немесе) əлеуетті өнім берушілердің ұсыныстарын сұрату не туындаған мəселелер бойынша олармен келіссөз жүргізу қажет болған; 2) зерттеулер, эксперименттер, іздестірулер жүргізу немесе əзірлемелер жасау қажет болған; 3) инновациялық жəне жоғары технологиялық тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынған жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін. 2. Екі кезеңдік рəсімдерді пайдалана отырып, конкурс тəсілімен мемлекеттік сатып алу мынадай дəйекті кезеңдердің жиынтығын білдіреді: 1) бірінші кезеңде мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады: тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны айқындауы; мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының сараптама комиссиясын құруы не сарапшыны айқындауы; тапсырыс берушінің қажеттілігі негізінде сараптама

15

www.egemen.kz

комиссиясының не сарапшының сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге техникалық тапсырманы қалыптастыруы; екі кезеңдік рəсімдерді пайдалана отырып, конкурс тəсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыруды мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастыру; мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының екі кезеңдік рəсімдерді пайдалана отырып, конкурс тəсілімен мемлекеттік сатып алудың бірінші кезеңіне қатысуға мүдделі тұлғаларға техникалық тапсырма беруі; əлеуетті өнім берушілердің техникалық тапсырмаға сəйкес əзірленген техникалық ұсыныстарды беруі; сараптама комиссиясының не сарапшының əлеуетті өнім берушілердің техникалық ұсыныстарын қарауы жəне олармен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық, сапалық жəне (немесе) өзге де сипаттамаларына, оларды берудің (орындаудың, көрсетудің) шарттық талаптарына қатысты мəселелерді талқылау; сараптама комиссиясының не сарапшының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық өзіндік ерекшелігін əзірлеуі; мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманы əзірлеуі жəне оны тапсырыс берушінің бірінші басшысының не оның міндетін атқаратын адамның, не жауапты хатшының немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын, жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын өзге де лауазымды адамның бекітуі; мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының бірінші кезеңде техникалық ұсыныстарды ұсынған əлеуетті өнім берушілерге екі кезеңдік рəсімдерді пайдалана отырып, конкурс тəсілімен мемлекеттік сатып алудың екінші кезеңіне қатысуға шақырту жіберуі; 2) екінші кезеңде конкурс тəсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу үшін көзделген іс-шаралар жүзеге асырылады. 3. Егер əлеуетті өнім беруші екі кезеңдік рəсімдерді пайдалана отырып, конкурс тəсілімен мемлекеттік сатып алудың бірінші кезеңіне қатысса, ол конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізбейді. 4. Екі кезеңдік рəсімдерді пайдалана отырып, конкурс тəсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тəртібі мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалады. 31-бап. Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тəсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекшеліктері 1. Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тəсілімен мемлекеттік сатып алу уəкілетті орган бекіткен тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша жүзеге асырылады. 2. Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тəсілімен мемлекеттік сатып алу мынадай дəйектілікпен жүзеге асырылады: 1) бірінші кезеңде уəкілетті орган Қазақстан Республикасы Ұлттық кəсіпкерлер палатасының жəне өзге де коммерциялық емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен білікті əлеуетті өнім берушілердің тізілімін қалыптастырады; 2) екінші кезеңде тапсырыс беруші білікті əлеуетті өнім берушілердің тізіліміне енгізілген əлеуетті өнім берушілер арасында конкурс тəсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады. 3. Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тəсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға, конкурстық құжаттамаға, алдын ала талқылауға, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарлауға, конкурсқа қатысуға өтінімге, оны қарауға, демпингтік бағаны ұсынуға, мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттамаға қойылатын талаптар осы бапта белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Заңның 20, 21, 22, 23, 24, 26, 27 жəне 28-баптарының қағидалары бойынша айқындалады. 4. Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тəсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тəртібі мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалады. 5-тарау. АУКЦИОН ТƏСІЛІМЕН МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ 32-бап. Аукцион тəсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру 1. Аукцион тəсілімен мемлекеттік сатып алу нақты уақыт режимiнде мемлекеттiк сатып алу веб-порталында жүзеге асырылады, оны өткізуді мемлекеттiк сатып алу саласындағы бірыңғай оператор қамтамасыз етеді. 2. Аукцион бір лотқа өткізіледі, бұл ретте тауар аукцион нысанасы болып табылады. Тауар беретін бірнеше орын болған жағдайда, аукцион тəсілімен өткізілетін лотта тауар беретін бірнеше орынды көрсетуге жол беріледі. 3. Аукционға қатысуға өтiнiмдерді қарау қорытындысы бойынша айқындалған, біліктілік талаптары мен аукциондық құжаттаманың талаптарына сəйкес келетін əлеуетті өнім берушілер аукционға қатысады. 4. Аукциондық құжаттамаға, алдын ала талқылауға, аукцион тəсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарлауға, аукционға қатысуға өтінімге, оны қамтамасыз етуге қойылатын талаптар осы бапта белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Заңның 21-бабының 1, 2, 3 жəне 5-тармақтарының, 22, 23, 24 жəне 25-баптарының қағидалары бойынша айқындалады. 33-бап. Аукционға қатысуға өтінімдерді қарау, аукционға қатысуға жіберу 1. Аукциондық комиссия біліктілік талаптары мен аукциондық құжаттаманың талаптарына сəйкес келетін əлеуетті өнім берушілерді айқындау мақсатында аукционға қатысуға өтінімдерді қарауды жүзеге асырады. 2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы əлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың аукциондық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық өзіндік ерекшелікке сəйкестігіне қатысты сараптамалық қорытындыны дайындау үшін сараптама комиссиясын құруға не сарапшыны айқындауға құқылы. Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырған жəне өткізген кезде тапсырыс беруші əлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың аукциондық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық өзіндік ерекшелікке сəйкестігіне қатысты сараптамалық қорытындыны дайындау үшін сараптама комиссиясын құрады не сарапшыны айқындайды. Мынадай адам сарапшы бола алмайды: 1) мемлекеттік сатып алу рəсімдерінің нəтижелеріне мүдделі; 2) тапсырыс берушімен, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушымен, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушымен не олардың ведомстволық бағынысты, еншілес жəне тəуелді ұйымдарымен не əлеуетті өнім берушілермен еңбек қатынастарында байланысты; 3) тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының не олардың ведомстволық бағынысты, еншілес жəне тəуелді ұйымдарының бірінші басшыларының жақын туысы, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаты болып табылатын адам. Осы тармақтың үшінші бөлігінде белгіленген талаптарға сəйкес келетін сарапшылар болмаған жағдайда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы не тапсырыс беруші сарапшы ретінде жұмыс істеу үшін тиісті бейіндегі мемлекеттік қызметшілерді не мамандануы сатып алынатын тауарларға сəйкес келетін өзге де мамандарды тартады. Мемлекеттік қызметшілер сарапшылар ретінде өтеусіз негізде тартылады, ал өзге де мамандар тараптардың уағдаластығы бойынша ақылы да, өтеусіз де негізде тартылады. Сарапшылар ретінде тартылатын мемлекеттік қызметшілер не өзге де мамандар осы тармақтың үшінші бөлігінде белгіленген талаптарға сəйкес келуге тиіс. Аукциондық комиссия шешім қабылдаған кезде сарапшылардың дауыс беру құқығы болмайды. Сарапшылар ретінде ақылы негізде тартылатын адамдарды таңдау осы Заңға сəйкес жүзеге асырылады. 3. Əлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптары мен аукциондық құжаттаманың талаптарына сəйкестігі тұрғысынан аукционға қатысуға өтінімдерді қарау нəтижелері бойынша аукционға қатысуға алдын ала жіберу хаттамасы ресімделеді, оған аукциондық комиссияның төрағасы мен барлық мүшелері, сондай-ақ аукциондық комиссияның хатшысы аукционға қатысуға өтінімдерді алдын ала қарау туралы шешім қабылданған күні қол қояды. Аукционға қатысуға алдын ала жіберу хаттамасында аукционға қатысуға берілген өтінімдері қабылданбаған əлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін қабылдамау себептері егжей-тегжейлі сипатталып, оның ішінде біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сəйкес келмейтінін растайтын мəліметтер мен құжаттар көрсетіле отырып, олар туралы ақпарат қамтылуға тиіс. Əлеуетті өнім берушілер біліктілік талаптары мен аукциондық құжаттаманың талаптарына сəйкес келген жағдайда, аукционға қатысуға алдын ала жіберу хаттамасы ресімделмейді. 4. Аукциондық комиссия біліктілік талаптары мен аукциондық құжаттаманың талаптарына сəйкес келмейтін əлеует ті өнім берушілерді анықтаған жағдайда, мұндай əлеуетті өнім берушілерге аукционға қатысуға алдын ала жіберу хаттамасы мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде аукционға қатысуға өтінімдерін біліктілік талаптары мен аукциондық құжаттаманың талаптарына сəйкес келтіру құқығын береді.

Осы Заңның 6-бабын бұзған əлеуетті өнім берушілерге аукционға қатысуға өтінімдерін біліктілік талаптары мен аукциондық құжаттаманың талаптарына сəйкес келтіру құқығы берілмейді. 5. Осы баптың 4-тармағына сəйкес біліктілік талаптары мен аукциондық құжаттаманың талаптарына сəйкес келтірілген аукционға қатысуға өтінімдерді қайтадан қарау кезінде аукциондық комиссия: 1) аукционға қатысуға өтінімдерді қарауды, бағалауды жəне салыстыруды оңайлату үшін əлеуетті өнім берушілерден олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді жазбаша нысанда жəне (немесе) электрондық құжат нысанында сұратуға; 2) аукционға қатысуға өтінімдерде қамтылған мəліметтерді нақтылау мақсатында, тиісті жеке немесе заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда жəне (немесе) электрондық құжат нысанында сұратуға құқылы. Аукционға қатысуға өтінімдерді осы баптың 4-тармағында көзделген біліктілік талаптары мен аукциондық құжаттаманың талаптарына сəйкес келтіру мерзімі өткеннен кейін аукционға қатысуға өтінімді жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, аукционға қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісті түрде ресімделмеген құжаттарды сəйкес келтіруге байланысты аукциондық комиссияның сұрау салу жіберуіне жəне өзге де əрекеттер жасауына жол берілмейді. Аукционға қатысуға өтінімде ұсынылған өтінімнің мəнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, аукциондық комиссия аукциондық құжаттаманың талаптарына сəйкес келеді деп қарайды. Аукциондық комиссияның аукционға қатысуға өтінімдерді қайтадан қарау кезінде аукционға қатысуға алдын ала жіберу хаттамасында көзделмеген негіздер бойынша əлеуетті өнім берушілерді қабылдамауына жол берілмейді. 6. Əлеуетті өнім беруші аукционға қатысуға өтінімдерді осы баптың 4-тармағына сəйкес біліктілік талаптары мен аукциондық құжаттаманың талаптарына сəйкес келтіргеннен кейін, егер: 1) ол осы Заңда жəне мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған негіздер бойынша біліктілік талаптарына сəйкес келмейді деп айқындалса; 2) ол осы Заңның 6-бабының талаптарын бұзса; 3) оның аукционға қатысуға өтінімі осы Заңда жəне мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған негіздер бойынша аукциондық құжаттаманың талаптары мен шарттарына сəйкес келмейді деп айқындалса, аукционға қатысуға жіберілмейді (аукционға қатысушы деп танылмайды). 7. Егер əлеуетті өнім беруші осы баптың 6-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіздер бойынша аукционға қатысуға жіберілмесе, онда аукционға қатысуға жіберу туралы хаттамада аукционға қатысуға өтінімді қабылдамау үшін негіз болған, растайтын мəліметтер мен құжаттар көрсетіле отырып, мұндай əлеуетті өнім берушінің аукционға қатысуға өтінімін қабылдамаудың негіздемелері көрсетіледі. 8. Аукциондық комиссия аукционға қатысуға өтінімдерді қайтадан қарау нəтижелері бойынша: 1) біліктілік талаптары мен аукциондық құжаттаманың талаптарына сəйкес келетін əлеуетті өнім берушілерді айқындайды жəне аукционға қатысушылар деп таниды; 2) аукционға қатысуға жіберу туралы хаттаманы ресімдейді. 9. Аукционға қатысуға жіберу туралы хаттамаға аукциондық комиссияның төрағасы мен отырысқа қатысқан барлық мүшелері, сондай-ақ аукциондық комиссияның хатшысы əлеуетті өнім берушілерді аукционға қатысуға жіберу (конкурсқа қатысушылар деп тану) туралы шешім қабылданған күні қол қояды. Аукциондық комиссияның хатшысы аукционға қатысуға жіберу туралы хаттаманы оған қол қойылған күні мемлекеттік сатып алу веб-порталына орналастырып, аукционға қатысуға өтінімдер берген барлық əлеуетті өнім берушілерді электрондық пошта арқылы автоматты түрде хабардар етеді. 10. Аукционға қатысуға жіберу туралы аукциондық комиссияның шешіміне осы Заңның 47-бабында белгіленген тəртіппен шағымдануға болады. 34-бап. Аукцион өткізу 1. Аукцион мемлекеттік сатып алу веб-порталында аукционға қатысуға жіберу туралы хаттамада көрсетілген күні жəне уақытта өткізіледі. Аукционға қатысуға жіберу туралы хаттама орналастырылған күннен бастап екі жұмыс күні өткеннен кейінгі келесі жұмыс күні – аукционды өткізу күні болып табылады. 2. Аукционға қатысушылар деп танылған əлеуетті өнім берушілер аукционға қатысады. 3. Өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауарды сатып алу үшін аукционға қатысушының ең төмен бастапқы бағасынан бастап баға туралы ағымдағы ұсынысты аукцион адымына төмендету жолымен аукцион өткізіледі. Аукцион адымы өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауарды сатып алу үшін аукционға қатысушының ең төмен бастапқы бағасының жарты (0,5) пайызынан бес пайызына дейінгіні құрайды. 4. Аукционды өткізу кезінде аукционға қатысушылар өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы ұсыныстар береді, онда баға туралы ағымдағы ең төмен ұсынысты аукцион адымы шегіндегі шамаға төмендету көзделеді. 5. Аукционды өткізу кезінде аукционның кез келген қатысушысы ағымдағы ең төмен ұсыныс болмаған жағдайда, аукцион адымына қарамастан, өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауарды сатып алу үшін аукционға қатысушының ең төмен бастапқы бағасынан төмендетілген, өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы ұсыныс беруге құқылы. 6. Егер аукционға қатысушы өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы ағымдағы ең төмен ұсынысты берген болса, аукционға осы қатысушы өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы осындай ұсыныстан төмен болатын, өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы ұсыныс беруге құқылы емес. 7. Аукционға қатысушылардың өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы ұсыныстарын қабылдау уақыты аукционды өткізу басталғаннан бастап отыз минутты, сондай-ақ өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы соңғы ұсыныс келіп түскеннен кейін он минутты құрайды. Егер көрсетілген уақыт ішінде өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың неғұрлым төмен бағасы туралы бірде-бір ұсыныс келіп түспесе, аукцион аяқталады. 8. Мемлекеттік сатып алу веб-порталы аукцион жеңімпазын ең төмен баға негізінде автоматты түрде айқындайды. Екінші орын алған аукционға қатысушы ең төмен бағадан кейінгі баға негізінде айқындалады. 9. Егер өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың аукционға басқа қатысушы ұсынған бастапқы бағаға тең бастапқы бағасы ұсынылса, басқа ұсыныстардан бұрынырақ келіп түскен тауардың бастапқы бағасы ең төмен бастапқы баға деп танылады. 10. Егер аукционды өткізу басталғаннан кейінгі отыз минут ішінде аукционға қатысушылардың бірде-бірі өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы ұсыныс бермеген болса, бастапқы бағасы ең төмен болып табылатын əлеуетті өнім беруші аукцион жеңімпазы деп танылады. 35-бап. Аукцион тəсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттама 1. Аукцион тəсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттама аукционды өткізу аяқталған күні мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде қалыптастырылады жəне аукциондық комиссияның барлық мүшелері мен аукционға қатысуға өтінімдер берген барлық əлеуетті өнім берушілер электрондық пошта арқылы бір мезгілде хабардар етіле отырып, онда орналастырады. 2. Аукцион тəсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттамада мынадай: 1) аукционға қатысуға өтінімдерді біліктілік талаптары мен аукциондық құжаттаманың талаптарына сəйкес келтіру туралы; 2) осы Заңның 33-бабы 5-тармағының 1) жəне 2) тармақшаларына сəйкес аукциондық комиссияның сұрау салулары туралы; 3) аукционға қатысуға өтінімдері қабылданбаған əлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін қабылдамау себептері егжейтегжейлі сипатталып, оның ішінде біліктілік талаптары мен аукциондық құжаттаманың талаптарына сəйкес келмейтінін растайтын мəліметтер мен құжаттар көрсетіле отырып, олар туралы ақпарат; 4) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған өзге де мəліметтер қамтылуға тиіс. 3. Аукционға қатысушының аукцион тəсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттамаға осы Заңда белгіленген тəртіппен шағымдануына болады. 36-бап. Аукцион тəсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды өткізілмеді деп танудың негіздері мен салдарлары 1. Аукцион тəсілімен мемлекеттік сатып алу мынадай негіздердің бірі бойынша: 1) аукционға қатысуға ұсынылған өтінімдер болмағанда; 2) аукционға қатысуға екеуден аз өтінім ұсынылғанда; 3) егер аукционға қатысуға бірде-бір əлеуетті өнім беруші жіберілмесе; 4) егер аукционға қатысуға бір əлеуетті өнім беруші жіберілсе, өткізілмеді деп танылады. 2. Егер аукцион тəсiлiмен мемлекеттiк сатып алу өткізілмеді деп танылса, тапсырыс беруші мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

1) аукцион тəсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан өткізу туралы; 2) аукциондық құжаттаманы өзгерту жəне аукцион тəсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан өткізу туралы; 3) бір көзден алу тəсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы. 3. Тапсырыс беруші аукцион тəсілімен мемлекеттік сатып алудың өткізілмеуі бойынша бір көзден алу тəсілімен мемлекеттік сатып алуды мынадай: 1) аукционға қатысуға ұсынылған өтінімдер болмаған жағдайда жүзеге асырады. Бұл ретте бір көзден алу тəсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақырту жіберілген əлеуетті өнім берушіні тапсырыс беруші айқындайды; 2) аукционға қатысуға екеуден аз өтінім аз ұсынылған жағдайда жүзеге асырады. Бұл ретте бір көзден алу тəсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақырту аукционға қатысуға өтінім берген əлеуетті өнім берушіге жіберіледі. Мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттың бағасы аукционға қатысуға өтінімде көрсетілген əлеуетті өнім берушінің бастапқы бағасынан аспауға тиіс; 3) егер аукционға қатысуға бірде-бір əлеуетті өнім беруші жіберілмесе, жүзеге асырады. Бұл ретте бір көзден алу тəсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақырту, осы Заңның 6-бабының талаптарын бұзған тұлғаны қоспағанда, аукционға қатысуға берілген өтінімде көрсетілген ең төмен бастапқы баға ұсынған əлеуетті өнім берушіге жіберіледі. Мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттың бағасы аукционға қатысуға өтінімде көрсетілген əлеуетті өнім берушінің бастапқы бағасынан аспауға тиіс; 4) егер конкурсқа қатысуға бір ғана əлеуетті өнім беруші жіберілсе, жүзеге асырады. Бұл ретте бір көзден алу тəсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақырту аукционға қатысу рұқсат етілген əлеуетті өнім берушіге жіберіледі жəне мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттың бағасы аукционға қатысуға өтінімде көрсетілген əлеуетті өнім берушінің бастапқы бағасынан аспауға тиіс. 6-тарау. БАҒА ҰСЫНЫСТАРЫН СҰРАТУ ТƏСІЛІМЕН МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ 37-бап. Баға ұсыныстарын сұрату тəсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың негіздері 1. Егер біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құндық мəндегі жылдық көлемі республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен аспаса, осындай біртекті тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға ұсыныстарын сұрату тəсiлiмен мемлекеттiк сатып алу жүргізіледі, бұл ретте баға шешуші шарт болып табылады. 2. Бiртектi тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң бiрнеше түрiне баға ұсыныстарын сұрату тəсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi олардың бiртектi түрлері бойынша жəне (немесе) оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлуге мiндеттi. Бiртектi тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi баға ұсыныстарын сұрату тəсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлуге мiндеттi. Осы тармақта көзделген жағдайларда, баға ұсыныстарын сұрату тəсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың жеңiмпазын айқындау əрбiр лот бойынша жүзеге асырылады. 3. Баға ұсыныстарын сұрату тəсілін қолдану мақсатында біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық көлемін қаржы жылы ішінде олардың бірінің мөлшері осы баптың 1-тармағында көзделгеннен кем болатын бөліктерге бөлшектеуге жол берілмейді. 4. Берілуі (орындалуы, көрсетілуі) Қазақстан Республикасының рұқсаттар жəне хабарламалар туралы заңнамасына сəйкес рұқсат алуды немесе хабарлама жіберуді талап ететін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді баға ұсыныстарын сұрату тəсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға тыйым салынады. 38-бап. Баға ұсыныстарын сұрату тəсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру жəне өткізу 1. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын ұсыну мерзiмi аяқталғанға дейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей мемлекеттік сатып алу веб-порталында қазақ жəне орыс тілдерінде мынадай ақпаратты: 1) мемлекеттiк сатып алу үшiн бөлiнген сомаларды көрсете отырып, өткізiлетiн мемлекеттiк сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлардың саны, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң көлемi туралы; 2) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасын орналастыруға міндетті. Бұл ретте сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға қайшы келмеуге тиіс; 3) тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету орнын; 4) тауарды берудiң, жұмыстарды орындаудың, қызметтердi көрсетудiң талап етiлетiн мерзiмдерiн; 5) əлеуетті өнім берушілердiң баға ұсыныстарын ұсынуды бастау жəне аяқтау мерзiмi туралы; 6) техникалық өзіндік ерекшелігін көрсете отырып, мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасын орналастыруға міндетті. 2. Осы баптың 1-тармағында көзделген, орналастырылатын ақпаратта тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларына, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркəсіптік үлгілерге, тауардың шығарылған жерінің атауына жəне өндірушінің атауына, сондай-ақ сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің жекелеген əлеуетті өнім берушіге тиесiлiгiн айқындайтын өзге де сипаттамаларға нұсқаулардың болуына жол берілмейді, оған мемлекеттік сатып алуды мынадай: 1) негізгі (орнатылған) жабдықтарды, сондай-ақ орнатылған бағдарламалық қамтамасыз етуді (лицензиялық бағдарламалық қамтылымды) қосымша жинақтау, жаңғырту жəне қосымша жарақтау үшін; 2) тауарды лизингке беру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні айқындау үшін жəне лизингтің нысанасын егжейтегжейлі сипаттау қажеттігі туындағанда; 3) тапсырыс берушінің қолында бар тауарды жөндеу жəне (немесе) оған техникалық қызмет көрсету үшін жүзеге асыру жағдайлары қосылмайды. 3. Əлеуетті өнім беруші өзгерістер жəне (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейтін, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында көзделген мəліметтер қамтылған бір ғана баға ұсынысын ұсынуға құқылы. 4. Əлеуетті өнім берушінiң баға ұсынысын беруі оның мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жобасында көзделген талаптарды сақтай отырып, тауарды берудi, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетудi жүзеге асыруға келiсiм бiлдiру нысаны болып табылады. 5. Баға ұсыныстарын ұсыну мерзімі өткеннен кейін мемлекеттік сатып алу веб-порталы автоматты түрде баға ұсыныстарын салыстыруды жəне баға ұсыныстарын сұрату тəсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысын шығаруды жүргізеді. Ең төмен баға ұсынысын ұсынған əлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады. Егер ең төмен баға ұсынысын бірнеше əлеуетті өнім беруші ұсынған болса, баға ұсынысы басқа əлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарынан бұрынырақ келіп түскен əлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады. Екінші орын алған əлеуетті өнім беруші ең төмен баға ұсынысынан кейінгі баға негізінде айқындалады. 6. Осы Заңның 45-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мен əлеуетті өнім берушінің арасында мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы не мемлекеттік сатып алу веб-порталы қолданылмай өзге де тəсілдермен оның баға ұсынысына қатысты келіссөздер жүргізуге жол берілмейді. 7. Егер баға ұсыныстарын ұсыну мерзімі ішінде əлеуетті өнім берушінің бір ғана баға ұсынысы ұсынылған болса, мемлекеттік сатып алу веб-порталы мұндай мемлекеттік сатып алуды автоматты түрде өткізілмеді деп таниды жəне мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы осы əлеуетті өнім берушіден бір көзден алу тəсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады. Бұл ретте мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттың бағасы əлеуетті өнім берушінің баға ұсынысынан аспауға тиіс. 8. Егер баға ұсыныстарын ұсыну мерзімі ішінде əлеуетті өнім берушілердің бірде-бір баға ұсынысы ұсынылмаса, мемлекеттік сатып алу веб-порталы мұндай мемлекеттік сатып алуды автоматты түрде өткізілмеді деп таниды жəне мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын сұрату тəсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан жүзеге асырады. 9. Əлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы: 1) егер ол осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сомадан асып түскен; 2) осы Заңның 6-бабы 1-тармағының 3), 4), 5), 6) жəне 8) тармақшаларында көзделген жағдайларда, мемлекеттік сатып алу веб-порталы автоматты түрде қабылдамайды. Өзге де негіздер бойынша баға ұсыныстарын қабылдамауға жол берілмейді. 10. Егер осы баптың 9-тармағында көзделген негіздер

бойынша баға ұсыныстарын мемлекеттік сатып алудың вебпорталы автоматты түрде қабылдамағаннан кейін əлеуетті өнім берушілердің екеуден аз баға ұсынысы қалған болса, онда мұндай мемлекеттік сатып алу өткізілмеді деп танылады жəне мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын сұрату тəсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан жүзеге асырады. 11. Баға ұсыныстарын сұрату тəсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы мемлекеттік сатып алу веб-порталында олар шығарылғаннан кейін автоматты түрде орналастырылады. 7-тарау. БІР КӨЗДЕН АЛУ, ТАУАР БИРЖАЛАРЫ АРҚЫЛЫ ТƏСІЛДЕРІМЕН МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ 39-бап. Бір көзден алу тəсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру негіздері 1. Бір көзден алу тəсілімен мемлекеттік сатып алу осы баптың 2 жəне 3-тармақтарында көзделген жағдайларда жүзеге асырылады. 2. Өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бiр көзден алу тəсiлiмен мемлекеттiк сатып алу, егер: 1) осы Заңда көзделген жағдайларда конкурс (аукцион) тəсілімен мемлекеттік сатып алу өткізілмеді деп танылған жағдайда жүзеге асырылады. Осы ереже конкурс (аукцион) тəсілімен мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес жарамсыз деп танылған жағдайларға қолданылмайды; 2) осы Заңда көзделген жағдайларда баға ұсыныстарын сұрату тəсілімен мемлекеттік сатып алу өткізілмеді деп танылған немесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы қабылдаған, осы Заңның 38-бабының 8 жəне 10-тармақтарында көзделген шаралар мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасуға алып келмеген жағдайда жүзеге асырылады. 3. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тəсілімен мемлекеттік сатып алу мынадай жағдайларда жүзеге асырылады: 1) табиғи монополия салаларына жататын көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ энергиямен жабдықтау қызметтерін көрсетуді сатып алу немесе электр энергиясын кепілдендірген берушімен электр энергиясын сатып алу-сату; 2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген бағалар, тарифтер бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 3) сатып алынатын тауарларға, көрсетілетін қызметтерге қатысты ерекше құқықтарға ие тұлғадан зияткерлік меншік объектілері болып табылатын тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 4) еңсерілмейтін күш мəн-жайлары туындауы салдарынан, оның ішінде төтенше жағдайлардың салдарларын оқшаулау жəне (немесе) жою үшiн, электр энергетикасы объектiлерiндегi, тiршiлiктi қамтамасыз ететiн коммуникациялық жүйелердегi, темiржол, əуе, автомобиль, cу көлiгi объектiлерiндегi, тазарту құрылыстарындағы, мұнай құбыржолдарындағы, газ құбыржолдарындағы аварияларды жою үшiн жəне жедел медициналық араласу қажеттілігі үшін, сондай-ақ коммуникациялардың, тетiктердiң, агрегаттардың, қосалқы бөлшектердің жəне материалдардың тасымал жолында дереу қалпына келтiрудi талап ететiн сынуы, iстен шығуы туындаған кезде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алу; 5) саяси, экономикалық жəне əлеуметтік тұрақтылыққа, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін ахуал туындаған жағдайларда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бөлінген ақша есебінен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 6) нарыққа реттеушілік əсер ету үшін мемлекеттік материалдық резервке тауарлар сатып алу; 7) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 8) мемлекеттік материалдық резервтің жаңарту тəртібімен шығарылатын материалдық құндылықтарын бірінші кезектегі тəртіппен сатып алу; 9) жедел-іздестіру қызметін, сондай-ақ тергеу іс-қимылдарын жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заң намасына сəйкес бұларды жүзеге асыруға уəкілетті органдардың: жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдарға құпия түрде жəрдем көрсетуге келісім берген адамдар көрсететін қызметтерді; қызметтік үй-жайларды, көлік жəне өзге де техникалық құралдарды, мүлікті; астыртын ұйымдар құру үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді; лауазымды адамдар мен қажетті ғылыми-техникалық немесе өзге де арнайы білімі бар мамандар көрсететін қызметтерді сатып алуы; 10) табиғат пайдалану құқығын сатып алу; 11) рейтингтік агенттіктер көрсететін қызметтерді, қаржылық көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 12) зағип жəне көзі нашар көретін азаматтар үшін мамандандырылған кiтапханалардың көрсетілетін қызметтерін сатып алу; 13) бағалы қағаздарды, заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы үлестерді сатып алу; 14) монетарлық қызметті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын жəне бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 15) Қазақстан Республикасының сайлау жəне республикалық референдум туралы заңнамасында көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша сатып алу; 16) мемлекеттік жəне ведомстволық наградаларды жəне олардың құжаттарын, Қазақстан Республикасы Парламенті депутатының омырауға тағатын белгісін жəне оның құжатын, мемлекеттік сенім таңбаларын, Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттарын (оның ішінде қызметтік жəне дипломатиялық), жеке куəліктерін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын, азаматтығы жоқ адамның куəлігін, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куəліктерді дайындау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өнім берушілерден арнайы дəрежеде қорғауды талап ететін баспа өнімдерін сатып алу; 17) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сəйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдар қаржыландыратын инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 18) мемлекеттер, мемлекеттердiң үкiметтерi, халықаралық жəне мемлекеттiк ұйымдар, қызметi қайырымдылық жəне халықаралық сипаттағы шетелдiк үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдар мен қорлар өтеусiз негiзде Қазақстан Республикасының Үкiметiне беретін грант ақшаларын, сондай-ақ оларды беру туралы келiсiмдерде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алудың өзге рəсiмдерi көзделген жағдайларда, осы гранттарды қоса қаржыландыруға бөлiнетін ақшаны пайдаланумен байланысты тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алу; 19) жеке тұлғалар үшін мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысына байланысты көрсетілетін қызметтердi сатып алу (егер жеке тұлға білім беру ұйымын өзі таңдаса); 20) жұмыскерлерді шетелде даярлау, қайта даярлау жəне олардың біліктілігін арттыру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 21) Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелде емдеу бойынша көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ оларды тасымалдау жəне олармен бірге еріп жүру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 22) адвокаттардың Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес ақы төлеуден босатылған адамдарға көрсететін қызметтерін сатып алу; 23) Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің, олардың атынан əрекет ететін тапсырыс берушілердің оқшауланған бөлімшелерінің шет мемлекеттің аумағында өз қызметін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ бітімгершілік операциялар мақсаттары үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы; 24) өкілдік ету шығыстарына байланысты тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 25) қағаз жəне (немесе) электрондық жеткізгіштердегі мерзiмдi баспасөз басылымдарын сатып алу; 26) халықаралық ақпараттық ұйымдардың ақпарат ұсыну жөніндегі көрсетілетін қызметтерін сатып алу; 27) мемлекеттік органның тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді: дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі, тиісті өкілеттіктері Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында белгіленген акционерлік қоғамдардан жəне шаруашылық серіктестіктерден; Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сəйкес оларға қатысты басқаруды жүзеге асыратын, тиісті өкілеттіктері Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында белгіленген мемлекеттік кəсіпорындардан сатып алуы; (Жалғасы 16-бетте).


16

www.egemen.kz

(Жалғасы. Басы 13-15-беттерде). 28) арнаулы əлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдендірілген көлемінде көзделген арнаулы əлеуметтік көрсетілетін қызметтер мен арнаулы əлеуметтік көрсетілетін қызметтерді бағалау жəне қажеттілікті айқындау бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 29) қылмыстық-атқару жүйесі (пенитенциарлық) мекемелерінің мемлекеттiк кəсiпорындары өндiретiн, орындайтын, көрсететiн тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi сатып алу. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң тiзбесi мен көлемiн, сондай-ақ осындай тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынатын қылмыстық-атқару жүйесі (пенитенциарлық) мекемелері мемлекеттік кəсiпорындарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. Қылмыстық-атқару жүйесі (пенитенциарлық) мекемелерінің мемлекеттiк кəсiпорындарының тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi өндіру үшін шикізатты, материалдар мен жинақтаушы бұйымдарды сатып алуы заңды тұлғалармен жасасқан шарттарда көзделген қаражат есебінен жүзеге асырылған жағдайда, көрсетілген кəсіпорынның осы шарттар негізінде сотталғандарды жұмысқа орналастыру мақсатында осындай шикізатты, материалдар мен жинақтаушы бұйымдарды сатып алуы; 30) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік органның тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сəйкес өзі басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік кəсіпорындардан осындай мемлекеттік кəсіпорындар қызметінің негізгі нысанасы бойынша сатып алуы; 31) Қазақстан Республикасы Президентін, өзге де күзетілетін адамдарды жəне күзетілетін адамдардың болуына арналған объектілерді күзетуді жəне олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету (оның ішінде қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу) үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің бейнеархивін қалыптастыру жəне ақпараттық қызмет көрсету бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 32) Қазақстан Республикасы Президентінің жəне өзге де күзетілетін адамдардың қызметін қамтамасыз ету үшін, Қазақстан Республикасының Президенті мен өзге де күзетілетін адамдарға қызмет көрсетуге арналған мемлекеттік резиденцияларды, автокөлік құралдары мен əуе кемелерін күтіп-ұстау, оларға қызмет көрсету жəне олардың жұмыс істеуі үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес Қазақстан Республикасының Президенті мен өзге де күзетілетін адамдардың қатысуымен іс-шаралар өткізу үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 33) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік орган не оның ведомствосы оған қатысты Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сəйкес басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік кəсіпорындардың, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу жəне одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы; 34) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі (тапсырмасы) бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тұлғадан сатып алу; 35) талқылаулар перспективаларын бағалау, төрелікте, шетелдік төреліктерде, шетелдік мемлекеттік жəне сот органдарында, сондай-ақ дауларды төрелікте (сотта) реттегенге дейінгі процесте мемлекеттің не тапсырыс берушілердің мүдделерін қорғау жəне білдіру жөніндегі консультациялық жəне заңдық көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 36) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тұлғадан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 37) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тұлғадан мүлікті сенімгерлік басқару бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 38) статистикалық байқау деректерін өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 39) мынадай: Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу жəне сот орындаушыларының мəртебесі туралы заңнамасына сəйкес сот орындаушылары өткізетін; Қазақстан Республикасының оңалту жəне банкроттық туралы заңнамасына сəйкес өткізілетін; Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сəйкес өткізілетін; мемлекеттік мүлікті жекешелендіру кезінде сауда-саттықта (аукциондарда) өткізілетін мүлікті (активтерді) сатып алу; 40) ғарышкерлерді даярлау жəне ғарышкерлердің ғарышқа ұшуын жүзеге асыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 41) мамандандырылған авиажөндеу кəсіпорындарында авиациялық техниканы жөндеу бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 42) егер біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетiн қызметтердің құндық мəндегі жылдық көлемі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жүз еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспаса, осындай біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 43) жұмыскерді қызметтік іссапарға, оқушыларды, студенттерді, аспиранттарды шығармашылық сайыстарға (конкурстарға, олимпиадаларға, фестивальдарға, ойындарға), көрмелерге, конференцияларға, форумдарға, шеберлік сыныптарына, тағылымдамаларға қатысу, оқу-практикалық тапсырмаларды орындау үшін жіберуге байланысты көрсетілетін қызметтерді, көрсетілген іс-шаралар өтетін жерге бару жəне кері қайту жолын, тұрғын үй-жай жалдауды, көліктік қызмет көрсетуді, тамақпен қамтамасыз етуді қоса алғанда сатып алу; 44) мемлекеттік музей, кітапхана, архив қорларын, кино-, фотоқорын жəне өзге де осыған ұқсас қорларды толықтыруға арналған тарихи, көркемдік немесе өзге де мəдени маңызы бар мəдени құндылықтар болып табылатын тауарларды, оның ішінде музей заттары мен музей коллекцияларын, сондай-ақ көшірмелерін қоса алғанда, сирек кездесетін жəне құнды басылымдарды, қолжазбаларды, архив құжаттарын сатып алу; 45) көрмелердің, семинарлардың, конференциялардың, кеңестердің, форумдардың, симпозиумдардың, тренингтердің материалдарын сатып алу, сондай-ақ көрсетілген іс-шараларға қатысқаны үшін ақы төлеу; 46) театр-ойын-сауық ұйымының, филармонияның, музейдің жəне мəдени-демалыс ұйымының, кинематография ұйымының, мəдениет жəне өнер саласындағы білім беру ұйымының, телерадио хабарларын тарату ұйымының сахналық көрсетілімдерді жүзеге асыру жəне өнер туындыларын көпшілік алдында орындау үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы; 47) хайуанаттар паркіне, театрға, кинотеатрға, концертке, циркке, музейге, көрмеге жəне спорттық іс-шараға баруға тапсырысты орналастыру; 48) тиісті авторлардың күрделі құрылыс объектілерінің жобалау құжаттамасын əзірлеуді авторлық қадағалау, күрделі құрылыс объектілерінің құрылысын, оларды реконструкциялау мен күрделі жөндеуді авторлық қадағалау бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алуы; 49) Қазақстан Республикасы халқының мəдени мұра объектісін (тарих жəне мəдениет ескерткішін) сақтау жөніндегі жұмыстардың жүргізілуіне техникалық жəне авторлық қадағалау жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 50) егер мемлекеттік сатып алу тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алуды өткізу мерзімі, бірақ екі айдан аспайтын мерзім ішіндегі қажеттілігін қамтамасыз ету үшін қажетті осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу көлемінен аспайтын көлемде, уəкілетті орган бекіткен тізбе бойынша жылдың бірінші айы ішінде жүзеге асырылатын болса, конкурс не аукцион тəсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы шығарылғанға жəне мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күн сайынғы жəне (немесе) апта сайынғы қажеттіліктегі осындай мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға қажеттілік болса, жүзеге асырылады. Осы тармақша өнім беруші өткен жылы жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттың қолданысын ұзартудан бас тартқан жағдайда қолданылады; 51) Қазақстан Республикасының ұлттық жəне құрама спорт командаларының қатысуы жəне (немесе) даярлығы үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық жəне құрама спорт командаларының олимпиадалық, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық ойындарға жəне дене шынықтыру жəне спорт саласындағы уəкілетті орган бекіткен күнтізбелік жоспар негізінде басқа да халықаралық спорттық іс-шараларға қатысуы үшін қажетті спорттық мүкəммалды жəне жабдықтарды (жарақтарды), спорт керек-жарақтарын сатып алу; 52) ұлттық қорғаныс жəне ұлттық қауіпсіздік мұқтаждары үшін, сондай-ақ құқықтық тəртіпті қамтамасыз ету үшін байланыс қызметтерін сатып алу; 53) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес актімен айқындалған тұрғын емес мақсаттағы үйді, құрылысты, ғимаратты, үй-жайды сатып алу, сондай-ақ тұрғын емес

мақсаттағы үйді, құрылысты, ғимаратты, үй-жайды жалдау, тұрғын емес мақсаттағы жалданатын үйді, құрылысты, ғимаратты, үй-жайды техникалық күтіп-ұстау, күзету жəне оған қызмет көрсету бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу, егер тапсырыс берушіге өтеусіз пайдалануға жəне (немесе) жедел басқаруға берілген, тұрғын емес үй-жайлар орналасқан үйдегі тұрғын емес үй-жайларды пайдаланатын басқа тұлғаға немесе тұлғаларға осындай қызметтер көрсетілетін болса, тапсырыс берушіге өтеусіз пайдалануға жəне (немесе) жедел басқаруға берілген тұрғын емес бір немесе бірнеше үй-жайды техникалық күтіп-ұстау, күзету жəне оған қызмет көрсету бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 54) техникалық көмекші (орын толтырушы) құралдар (протездік-ортопедиялық құралдардан басқа) мен арнаулы жүріп-тұру құралдарын, мүгедектерге берілетін жеке көмекші мен ымдау тілі маманы көрсететін əлеуметтік қызметтерді, мүгедектерге арналған такси көрсететін қызметтерді, мүгедектерге берілетін санаторий-курорттық жолдамаларды сатып алу бөлігінде мүгедектер саны жұмыскерлердің тізімдік санының кемінде елу пайызын құрайтын мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері құратын ұйымдардан тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу. 40-бап. Өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден алу тəсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру 1. Осы Заңның 39-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда, бір көзден алу тəсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы əлеуетті өнім берушіге мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақырту жібереді, онда мынадай мəліметтер: 1) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы жəне тұрған жері; 2) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сипаты мен талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық жəне пайдалану сипаттамалары, техникалық өзіндік ерекшеліктері қамтылуға тиіс. Бұл ретте техникалық өзіндік ерекшелік Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға қайшы келмеуге тиіс. Қажет болған кезде техникалық өзіндік ерекшелікте нормативтік-техникалық құжаттама көрсетіледі. Жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде шақыртуда сатып алынатын жұмыстардың сипаты мен талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық жəне пайдалану сипаттамаларының орнына белгіленген тəртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама қамтылуға тиіс; 3) өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауар саны, орындалатын жұмыстар, көрсетілетін қызметтер көлемі; 4) тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны; 5) тауарды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудің талап етілетін мерзімдері, ұсынылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сапасына кепілдік беру; 6) төлем шарттары жəне мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы; 7) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында көзделген жағдайларда, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу талаптары, нысаны, көлемі жəне тəсілі; 8) бір көзден алу тəсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сомалар туралы мəліметтер; 9) осы Заңның 9-бабында көзделген бiлiктiлiк талаптарының тiзбесi, сондай-ақ бір көзден алу тəсілімен мемлекеттік сатып алу осы Заңның 39-бабы 2-тармағының 2) тармақшасы негізінде жүзеге асырылатын жағдайды қоспағанда, қойылатын бiлiктiлiк талаптарына өзінің сəйкестігін растау үшiн əлеуетті өнім беруші ұсынуға тиiс құжаттардың тiзбесi; 10) бір көзден алу тəсілімен мемлекеттік сатып алу осы Заңның 39-бабы 2-тармағының 2) тармақшасы негізінде жүзеге асырылатын жағдайды қоспағанда, қойылатын бiлiктiлiк талаптарына өзінің сəйкестігін растайтын құжаттарды, сондай-ақ осы баптың 2-тармағында көзделген ақпаратты əлеуетті өнім беруші ұсынатын орны мен мерзiмi қамтылуға тиiс. 2. Бір көзден алу тəсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауар беруді, жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді жүзеге асыруға ниет білдірген əлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу вебпорталы арқылы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға белгіленген мерзімде мынадай ақпаратты: 1) əлеуетті өнім беруші жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерлері (бірлесіп орындаушылары) ретінде тартуды көздейтін тұлғаларды көрсете отырып, əлеуетті өнім беруші ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сипаттамасын; 2) бір көзден алу тəсілімен мемлекеттік сатып алу осы Заңның 39-бабы 2-тармағының 2) тармақшасы негізінде жүзеге асырылатын жағдайды қоспағанда, əлеуетті өнім берушінiң жəне ол жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердiң қосалқы мердiгерлерi (бiрлесіп орындаушылары) ретiнде тартуды көздейтiн тұлғалардың бiлiктiлiк талаптарына сəйкестiгiн растайтын құжаттарды; 3) ұсынылатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға негіздемесін ұсынуға тиіс. 3. Осы Заңның 39-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда, бір көзден алу тəсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде бір көзден алу тəсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы шақырған, өткізілмеді деп танылған конкурсқа (аукционға) қатысушы осы конкурсқа (аукционға) қатысушының біліктілік талаптарына сəйкестігін растайтын құжаттарды сол мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға қайтадан ұсынбауға құқылы. 4. Бір көзден алу тəсілімен мемлекеттік сатып алу осы Заңның 39-бабы 2-тармағының 2) тармақшасы негізінде жүзеге асырылатын жағдайды қоспағанда, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы əлеуетті өнім беруші ұсынған құжаттарды олардың бiлiктiлiк талаптарына, сондай-ақ мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында белгiленген талаптарға сəйкестiгi тұрғысынан қарайды. 5. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы əлеуетті өнім беруші сұратылған ақпаратты берген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бір көзден алу тəсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттаманы жинақтайды жəне мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырады. Əлеуетті өнім берушіге шақырту жіберу, оның қажетті ақпаратты мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы беруі жəне мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының бір көзден алу тəсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттаманы мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастыруы туралы талаптар Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сəйкес олар туралы мəліметтер мемлекеттік құпияларды құрайтын жəне (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын бір көзден алу тəсілімен мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды. 41-бап. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тəсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру 1. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тəсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде тапсырыс беруші өнім берушіні айқындайды жəне онымен мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасады. 2. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, мемлекеттік сатып алу веб-порталында мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған нысан бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тəсілімен мемлекеттік сатып алу туралы есепті орналастыруға міндетті. Есепте өнім берушіні таңдаудың негіздемелері, мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттың бағалары, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы шарттың өзге де талаптары қамтылуға тиіс. 3. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тəсілімен мемлекеттік сатып алу осы Заңның 4-бабының 1) тармақшасында көзделген мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаты сақтала отырып жүзеге асырылады. 4. Осы баптың 1-тармағының талабы Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сəйкес олар туралы мəліметтер мемлекеттік құпияларды құрайтын жəне (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тəсілімен мемлекеттік сатып алуға, сондайақ осы Заңның 39-бабы 3-тармағының 4), 9), 17), 18), 20), 21), 23), 26), 31), 32), 35), 40) жəне 41) тармақшалары негізінде жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды. 5. Осы баптың 2-тармағының талабы Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сəйкес олар туралы мəліметтер мемлекеттік құпияларды құрайтын жəне (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тəсілімен мемлекеттік сатып алуға, сондайақ осы Заңның 39-бабы 3-тармағының 9), 18), 31), 32) жəне

8 желтоқсан 2015 жыл

35) тармақшалары негізінде жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды. 42-бап. Тауар биржалары арқылы тауарларды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру 1. Тауар биржалары арқылы тауарларды мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына сəйкес биржалық тауарлар тізбесі бойынша қосарлы қарсы аукцион режимінде жүзеге асырылады. 2. Егер биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген тауарларды мемлекеттік сатып алудың жылдық көлемі биржалық тауарлар тізбесінде көзделген партияның ең төмен мөлшерінен аспаған жағдайда, тапсырыс беруші тауарларды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың өзге тəсілін таңдауға құқылы. 8-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ТУРАЛЫ ШАРТ 43-бап. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасу 1. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың жобалары уəкілетті орган бекітетін тауарларды мемлекеттік сатып алу, жұмыстарды мемлекеттік сатып алу жəне көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарттарға сəйкес жасалады. Осы тармақтың бірінші бөлігінің талабы Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес жасалатын жариялы шарттарға жататын мемлекеттік сатып алу туралы шарттарға қолданылмайды. 2. Тапсырыс беруші жеңімпазға мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен куəландырылған мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын: 1) конкурс (аукцион) тəсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттамаға шағымдану мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде; 2) баға ұсыныстарын сұрату тəсілімен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы айқындалған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жібереді; Өнім берушіні таңдау рəсімі, оның ішінде мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары шеңберінде өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындысына шағым жасау рəсімі тиісті бюджет (даму жоспары) бекітілгенге дейін аяқталған жағдайларда, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы жеңімпазға тиісті бюджет (даму жоспары) бекітілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жіберіледі. 3. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын конкурс, аукцион, баға ұсыныстарын сұрату тəсілдерімен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы қоса берілген хабарлама мемлекеттік сатып алу веб-порталына келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куəландыруға тиіс. 4. Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу жөніндегі талаптар осы Заңның 39-бабы 3-тармағының 4), 9), 17), 18), 20), 21), 23), 26), 31), 32), 35), 40), 41) тармақшаларында жəне 50-бабында көзделген жағдайларға қолданылмайды. Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды жасасу мерзімі əлеуетті өнім берушіге мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы жіберілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспауы керек. 5. Егер мемлекеттік сатып алу туралы шартта осы шарт бойынша туындаған немесе туындауы мүмкін дауларды төреліктің қарауына беру көзделсе, оған төрелік келісімнің қорытындысына тиісті саладағы уəкілетті органның жазбаша келісімі қоса берілуге тиіс. 6. Қазақстан Республикасының бейрезидентімен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан жағдайда, мемлекеттік сатып алу туралы шартты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, ол ұсынатын нысанда ресімдеуге жол беріледі. 7. Тапсырыс беруші егер жеңімпаз деп айқындалған əлеуетті өнім беруші осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімдерде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына қол қоймаса, жеңімпаз мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде екінші орын алған əлеуетті өнім берушіге мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен куəландырылған мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын жібереді. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын екінші орын алған əлеуетті өнім беруші өзіне мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы ұсынылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куəландыруға тиіс. 8. Егер екінші орын алған əлеуетті өнім беруші осы баптың 7-тармағында белгіленген мерзімде тапсырыс беруші қол қойған мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қоймаса, тапсырыс беруші қайта мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады. 9. Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ осы Заңның 26-бабына сəйкес соманы (болған кезде) енгізуге міндетті. Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ осы Заңның 26-бабына сəйкес соманы (болған кезде) өзімен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындайтындығының кепілі ретінде енгізеді. 10. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының үш пайызы мөлшерінде белгілейді. Егер мемлекеттік сатып алу туралы шартта аванс төлеу көзделген болса, өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуге қосымша, авансқа тең мөлшерде авансты қамтамасыз етуді енгізеді. Өнім беруші аванстың толық сомасынан не аванстың бір бөлігінен бас тартуға құқылы. Өнім беруші аванстан ішінара бас тартқан жағдайда, аванстың бөлігіне тең мөлшерде авансты қамтамасыз етуді енгізуге міндетті. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелердің орындалуына қарай өнім берушінің жазбаша хабарлауы бойынша аванстың орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін мемлекеттік сатып алу туралы шартта көзделген орындалған міндеттемелерге пропорционалды түрде азайтады. 11. Қолданылу мерзімі бір қаржы жылынан ас атын мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған жағдайда, ағымдағы қаржы жылына мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшері тиісті қаржы жылында көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жылдық сомасы негізге алына отырып есептеледі. Өнім беруші мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудiң мынадай түрлерiнiң бiрiн: 1) тапсырыс берушінiң банк шотына не мемлекеттiк органдар жəне мемлекеттiк мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер үшiн Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгiзiлетiн кепiлдiк ақшалай жарнаны; 2) қағаз жеткізгіштегі не электрондық құжат нысанындағы банк кепiлдiгін таңдауға құқылы. Өнім берушінің мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша мiндеттемелер толық орындалғанға дейiн енгiзiлген кепiлдiк ақшалай жарнаға тұтастай не оның бір бөлiгiн талап ету құқығы үшiншi тұлғаларда туындауына əкеп соғатын əрекеттер жасауына жол берiлмейдi. Өнім беруші енгiзген кепiлдiк ақшалай жарнаны тапсырыс берушінiң осы Заңда көзделмеген мақсаттарға пайдалануына жол берiлмейдi. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу туралы талап осы Заңның 39-бабы 2-тармағы 2) тармақшасының жəне 3-тармағының негізінде жүзеге асырылған, баға ұсыныстарын сұрату, тауар биржалары арқылы, бір көзден алу тəсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша айқындалған өнім берушілерге, сондай-ақ осы Заңның 51-бабының 6-тармағында көзделген жағдайда, кəсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын өнім берушілерге қолданылмайды. 12. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ осы Заңның 26-бабына сəйкес өнім беруші енгізген соманы (болған кезде) тапсырыс беруші шарттық міндеттемелерді өнім берушінің орындамауына байланысты мемлекеттік сатып алу туралы шарт бұзылған жағдайда өнім берушіге қайтармайды. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ осы Заңның 26-бабына сəйкес өнім беруші енгізген сома (болған кезде) тиiстi бюджет, мемлекеттiк кəсiпорын, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу жəне одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлға немесе олармен үлестес заңды тұлғалар кірісінің есебіне жатқызылады. 13. Мемлекеттік сатып алу туралы шартта мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) көзделуге тиіс. Тұрақсыздық айыбының мөлшері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сəйкес айқындалады. 14. Мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк мекемелер жəне жедел басқару құқығындағы мемлекеттiк кəсiпорындар: 1) жобалау-сметалық құжаттамада оларды келесi (кейiнгi) қаржы жылында (жылдарында) аяқтау мерзiмi көзделген жұмыстарды; 2) технологиялық мерзiмiнiң, дайындаудың ұзақтығы оларды келесi (кейiнгi) қаржы жылында (жылдарында) беруге негіз болатын активтер мен басқа да тауарларды;

3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнің, Қазақстан Республикасының басқа да əскерлері мен əскери құралымдарының жеке құрамын тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтердi сатып алған жағдайда, мемлекеттiк сатып алу туралы шартты бiр қаржы жылынан асатын мерзiмге жасай алады. Мұндай мемлекеттік сатып алу туралы шарттың қолданылу мерзiмi үш жылдан аспауға тиiс; 4) бiр қаржы жылынан асатын мерзiмге көрсетілетін қызметтердi; 5) орындаудың ұзақтығына байланысты беру (орындау, көрсету) мерзiмi тиiстi бюджетте белгiленген келесi (кейiнгi) қаржы жылында (жылдарында), даму жоспарында, қаржыландырудың жеке жоспарында белгіленген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi, сондай-ақ облыстық жəне аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу жəне күтiп-ұстау жөнiндегi жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi сатып алған жағдайда, мемлекеттiк сатып алу туралы шартты бiр қаржы жылынан асатын мерзiмге жасай алады. Мұндай мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың қолданылу мерзiмi үш жылдан аспауға тиiс. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды үш жылдан астам мерзімге жасасу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сəйкес жүзеге асырылады. 15. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кəсiпорындар, сондай-ақ дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу жəне одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар жəне олармен үлестес заңды тұлғалар iс-шараларды орындау үшiн қажеттi тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы ұзақ мерзiмдi шартты басқару органы немесе аталған тұлғалардың жоғары органы бекiткен даму жоспарында белгiленген келесi (кейiнгi) қаржы жылында (жылдарында) аяқтау мерзiмiмен жасай алады. 16. Жылдық қаржы есептiлiгiнiң аудитi бойынша көрсетілетін қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт үш жылдан аспайтын мерзiмге жасалуы мүмкiн. 17. Осы баптың 14 жəне 15-тармақтарында көзделген жағдайларда, қолданылу мерзiмі бiр қаржы жылынан асатын мемлекеттiк сатып алу туралы шартты бəсекелестiк негiзде өткiзiлген мемлекеттiк сатып алу қорытындысы бойынша айқындалған өнім берушілермен ғана жасасуға жол берiледi. 18. Тапсырыс берушінiң үздіксіз қызметiн қамтамасыз ету мақсатында тапсырыс беруші уəкілетті орган бекiткен тiзбе бойынша күн сайынғы немесе апта сайынғы қажеттіліктегі тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың қолданысын конкурс не аукцион тəсілімен мемлекеттiк сатып алу қорытындысы шығарылғанға жəне мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге ұзартуға құқылы. Бұл ретте мұндай мемлекеттік сатып алу мемлекеттік сатып алуды өткізу мерзімі, бірақ екі айдан аспайтын мерзім ішінде тапсырыс берушінің қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін қажетті осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi мемлекеттiк сатып алу көлемінен аспайтын көлемде жүзеге асырылады. 19. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарт мынадай фактілердің бірі анықталған: 1) осы Заңның 6-бабында көзделген шектеулер бұзылған; 2) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы əлеуетті өнім берушіге осы Заңда көзделмеген жəрдем көрсеткен; 3) міндеттемелері тиісінше орындалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды қоспағанда, уəкілетті орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу фактiсін анықтаған; 4) мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді жəне (немесе) осы Заңның 26-бабына сəйкес соманы енгізбеу жолымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған жағдайда, оны кез келген кезеңде бұзу туралы талапты қамтуға тиiс. 20. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт осы шарт бойынша міндеттемелер орындалған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде тауарларды бергені, жұмыстарды орындағаны не қызметтер көрсеткені үшін толық төлем жасау туралы талаптарды қамтуға тиіс. 21. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт Қазақстан Республикасы салық заңнамасының, Кеден одағы кеден заңнамасының жəне (немесе) Қазақстан Республикасы кеден заңнамасының талаптарына сəйкес қосылған құн салығын жəне акциздерді төлеу талаптары қамтуға тиіс. 22. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша тауарларды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің ең аз мерзімі тауарды беруге, оның ішінде оны дайындауға (өндіруге), жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге кеткен мерзімнен кем болмауға, бірақ кемінде күнтізбелік он бес күн болуға тиіс. 23. Тапсырыс беруші мен өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша қабылданған міндеттемелерді толық орындаған жағдайда көрсетілген шарт орындалды деп есептеледі. 24. Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда, тапсырыс беруші тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) өндіріп алуды қамтамасыз етеді. Тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) тиiстi бюджет, мемлекеттiк кəсiпорын, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу жəне одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлға немесе олармен үлестес заңды тұлғалар кірісінің есебіне жатқызылады. 25. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт уəкілетті органның осы Заңның 47-бабына сəйкес шығарылған шешіміне шағым жасау кезеңінде жасалмайды. 26. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалғаны туралы құжаттар (тауарды қабылдау-тапсыру актісі, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісі, шот-фактура) электрондық нысанда ресімделеді. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалғаны туралы құжаттарды мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы электрондық нысанда ресімдеу туралы талаптар осы Заңның 39-бабы 3-тармағының 4), 9), 17), 18), 20), 21), 23), 26), 31), 32), 35), 40), 41) тармақшаларында жəне 50-бабында көзделген жағдайларға қолданылмайды. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау кезінде тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) атауы, саны, сапасы, техникалық өзіндік ерекшелігі, құны, оларды беру (орындау, көрсету) орны мен мерзімі мемлекеттік сатып алу туралы шарттың мазмұнына сəйкес келуге тиіс. 44-бап. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтару 1. Егер жеңімпаз деп танылған не екінші орын алған əлеуетті өнім беруші осы Заңда белгіленген мерзімдерде тапсырыс берушіге мемлекеттік сатып алу туралы қол қойылған шартты ұсынбаса немесе мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді жəне (немесе) осы Заңның 26-бабына сəйкес соманы енгізбесе, онда мұндай əлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарды деп танылады. 2. Мемлекеттiк сатып алудың жеңімпазы (екінші орын алған əлеуетті өнім беруші) деп айқындалған əлеуетті өнім беруші мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарды деп танылған жағдайда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ол енгiзген конкурсқа (аукционға) қатысуға өтінімді қамтамасыз етудi ұстап қалады. 45-бап. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына не мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартқа өзгерістер енгізудің негіздері 1. Өнiм берушiнi таңдауға негiз болған сапаның жəне басқа да шарттардың өзгермеуі талабымен мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасына өзгерiстер енгiзуге мынадай өзара байланысты талаптар сақталған кезде: 1) конкурс (аукцион) тəсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, тараптардың бірі мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына өзгерістер енгізуге бастамашы болса; 2) мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасының сомасын азайту бөлігінде өзгеріс енгізуге жол беріледі; 3) мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасының сомасын азайту бөлігінде өзгеріс енгізу туралы шешім тараптардың өзара келісуі бойынша қабылданса; 4) егер жеңімпаз деп айқындалған əлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған болса, екінші орын алған əлеуетті өнім берушіге жіберілетін мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалу мерзімін бес жұмыс күніне ұлғайту бөлігінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына өзгеріс енгізуге жол беріледі. Осы тармақта көзделген талаптарды сақтамай, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына өзгеріс енгізуге жол берілмейді. 2. Өнім берушіні таңдауға негіз болған сапаның жəне басқа да шарттардың өзгермеуі талабымен мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартқа өзгеріс енгізуге: 1) тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағаны жəне тиiсiнше мемлекеттік сатып алу туралы шарттың сомасын азайту бөлiгiнде тараптардың өзара келiсуі бойынша; 2) егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізілсе жəне Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тəртіппен осындай өзгеріс сомасына қосымша ақша бөлу туралы шешім қабылданса, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың сомасын ұлғайту бөлігінде; 3) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді

мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартта көрсетілген тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бірлігі үшін бағаның өзгермеуі талабымен осы сатып алынатын тауарлардың, осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген жұмыстарды қоспағанда, жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің көлеміндегі қажеттіліктің азаюына не ұлғаюына байланысты мемлекеттік сатып алу туралы шарттың сомасын азайту не ұлғайту бөлігінде жол беріледі. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартты осындай өзгертуге осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында көзделген сомалар шегінде жол беріледі; 4) өнім беруші өзімен жасалған тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау процесінде тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бірлігі үшін бағаның өзгермеуі талабымен мемлекеттік сатып алу туралы өзімен жасалған шарттың нысанасы болып табылатын тауарды берудің, жұмысты орындаудың, қызметті көрсетудің неғұрлым үздік сапалық жəне (немесе) техникалық сипаттамаларын не мерзімдерін жəне (немесе) талаптарын ұсынған жағдайда; 5) Қазақстан Республикасының салық, кеден жəне өзге де заңнамасының өзгеруiнен туындаған, аяқталу мерзiмi келесi (кейiнгi) қаржы жылындағы (жылдарындағы) жұмыстарды орындауға мемлекеттік сатып алу туралы шарттың сомасын азайту немесе ұлғайту бөлiгiнде; 6) аяқталу мерзiмi келесi (кейiнгi) қаржы жылындағы (жылдарындағы) жұмыстарды орындау жөніндегі мемлекеттік сатып алу туралы шарттың сомасын азайту бөлiгiнде; 7) мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарт сомасының өзгермеуі талабымен мемлекеттік бюджет есебінен жылдар бойынша қаржыландыру өзгертілген немесе жұмыстардың сметалық құны азайтылған жəне кейіннен Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға тиісті өзгерiстер енгiзілген жағдайда, жұмыстарды орындау жөніндегі мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалу мерзімдерін өзгерту бөлiгiнде; 8) тапсырыс берушінің жəне (немесе) өнім берушінің лауазымды адамына қатысты мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуымен байланысты қылмыстық іс қозғалған жағдайда, жұмыстар бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалу мерзімін өзгерту бөлігінде; 9) егер өнім беруші берілетін тауардың тауар өндірушісі болып табылса, тауарды беру жөніндегі мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалу мерзімін өзгерту бөлігінде жол беріледі. Тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартты осындай өзгертуге ағымдағы қаржы жылы шегінде өнім берушінің хабарламасы бойынша он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге жол беріледі. 3. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына не мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартқа өткізілетін (өткізілген) мемлекеттік сатып алу талаптарының мазмұнын жəне (немесе) осы баптың 1 жəне 2-тармақтарында көзделмеген өзге де негіздер бойынша, өнім берушіні таңдауға негіз болған ұсынысты өзгертетін өзгерістер енгізуге жол берілмейді. 46-бап. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың күшіне енуі 1. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт тапсырыс беруші мен өнім беруші оған қол қойғаннан кейін не соңғысы конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді толық енгізгеннен кейін күшіне енеді. Егер мемлекеттік сатып алу туралы шарт тіркелуге жататын болса, онда Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес тіркелгенінен кейін күшіне енеді. 2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес тiркелуге жататын мемлекеттiк сатып алу туралы шартты тапсырыс беруші бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уəкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшесіне оны жасағаннан кейiн не өнім беруші конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi толық енгiзгеннен кейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей ұсынады. 9-тарау. ШАҒЫМ ЖАСАУ 47-бап. Тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың əрекеттеріне (əрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым жасау 1. Əлеуетті өнім беруші тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың əрекеттеріне (əрекетсіздігіне), шешімдеріне, егер олардың əрекеттері (əрекетсіздігі), шешімдері əлеуетті өнім берушінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзса, шағым жасауға құқылы. 2. Тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың əрекеттеріне (əрекетсіздігіне), шешімдеріне конкурс (аукцион) тəсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттаманы орналастырған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, уəкілетті органға шағым жасалған жағдайда, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу мерзімі шағымды қарау мерзімі аяқталғанға дейін тоқтатыла тұрады. 3. Осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзім өткеннен кейін тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың əрекеттеріне (əрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым жасау Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес жүзеге асырылады. 4. Əлеуетті өнім берушінің шағымы электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, мемлекеттік сатып алу вебпорталы арқылы уəкілетті органға берілуі мүмкін. 5. Тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың əрекеттеріне (əрекетсіздігіне), шешімдеріне осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімдерде уəкілетті органға шағым жасалған жағдайда, шағым келіп түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қаралады. Уəкілетті орган шағым келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, тапсырыс берушіге мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды тоқтата тұру туралы хабарлама жібереді. 6. Осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімдерде келіп түскен шағымды қарау нəтижелері бойынша уəкілетті орган мемлекеттік сатып алу қорытындысының күшін жою не күшін жоюдан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Уəкілетті органның шағымды қарау нəтижелері бойынша қабылдаған шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес сот тəртібімен шағымдануға болады. 48-бап. Шағым беру тəртібі 1. Тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың əрекеттеріне (əрекетсіздігіне), шешімдеріне қатысты уəкілетті органға берілетін шағым мыналарды: 1) əрекеттеріне (əрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым жасалатын заңды тұлғаның атауын, тұрған жерін; 2) шағым берген тұлғаның атауын, тұрған жерін; 3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзушылық солардың шеңберінде жасалған мемлекеттік сатып алу туралы мəліметтерді; 4) тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың шағым жасалған əрекеттерін (əрекетсіздігін), шешімдерін қамтуға тиіс. Қажет болған кезде шағымға оның негізділігін растайтын құжаттар қоса беріледі. 2. Шағымға оны берген тұлға немесе оның өкілі қол қояды. Өкілі берген шағымға сенімхат немесе өкілдің өкілеттіктерін куəландыратын өзге де құжат қоса берілуге тиіс. 3. Егер: 1) шағым осы бапта белгіленген талаптарға сəйкес келмесе; 2) шағымға қол қойылмаса не қол қоюға өкілеттігі жоқ адам қол қойса, шағым келіп түскен күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде оны берген тұлғаға қаралмай қайтарылады. 10-тарау. АРНАЙЫ ЖƏНЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР 49-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді. 50-бап. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тəртібі 1. Осы Заңда көзделген, біліктілік талаптарын белгілейтін, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру рəсімдері мен мерзімдерін регламенттейтін нормаларды қоспағанда, (Соңы 17-бетте).


8 желтоқсан 2015 жыл

(Соңы. Басы 13-16-беттерде). ерекше тəртіп қолданылатын мемлекеттік сатып алу осы Заңға сəйкес жүзеге асырылады. 2. Ерекше тəртіп қолданылатын мемлекеттік сатып алу мыналарды: 1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялары туралы заңнамасына сəйкес олар туралы мəліметтер мемлекеттік құпияларды құрайтын жəне (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын болса, құқықтық тəртіп пен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді; 2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялары туралы заңнамасына сəйкес олар туралы мəліметтер мемлекеттік құпияларды құрайтын жəне (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алған жағдайларда жүзеге асырылады. 3. Ерекше тəртіп қолданылатын мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тəртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. 51-бап. Əлеуетті өнім берушілердің жекелеген санаттарының мемлекеттік сатып алуға қатысуы 1. Əлеуетті өнім берушілердің жекелеген санаттарының мемлекеттік сатып алуға қатысуы осы Заңда көзделген жағдайларда айқындалады. 2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде: 1) мүгедектердің мұқтаждығына арналған тауарларды (тифлотехникалық құралдар, жүріп-тұруға арналған арнайы құралдар, міндетті гигиеналық құралдар) осындай тауарларды өндіретін жəне (немесе) беретін Қазақстан Республикасы

17

www.egemen.kz

мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан ағымдағы жылы осы тауарларды сатып алу үшін бөлінген қаражаттың жалпы көлемінің кемінде елу пайызы көлемінде; 2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген өзге де тауарларды тауарлар өндіретін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан ағымдағы жылы осы тауарларды сатып алу үшін бөлінген қаражаттың жалпы көлемінің кемінде елу пайызы көлемінде; 3) жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ағымдағы жылы осы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген қаражаттың жалпы көлемінің жүз пайызы көлемінде сатып алуды жүзеге асырады. 3. Тауарларды өндіретін жəне (немесе) тауарларды беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардың тізбесін жəне оларды енгізу тəртібін халықты əлеуметтік қорғау саласындағы уəкілетті орган айқындайды. Тауарларды өндіретін жəне (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлері тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

4. Осы баптың 2-тармағында белгіленген ережелерді іске асыру үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы осы Заңда көзделген тəсілдермен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады, оған тауарларды өндіретін жəне (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдар жіберіледі. Жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдарға – өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердігерлерді жəне қызметтер көрсету бойынша бірлескен орындаушыларды тартуға жол берілмейді. Осы баптың 2-тармағына сəйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы хабарландыру мəтінінде мемлекеттік сатып алу тек қана тауарларды өндіретін жəне (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақ стан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдар арасында жүзеге асырылатынын көрсетеді. Тауарларды өндіретін жəне (немесе) тауарларды беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан Республикасы мүгедлектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдар осы бапқа сəйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізбейді. 5. Мемлекеттік сатып алу осы Заңның 29-бабының 1-тар мағында, 36-бабының 1-тармағында, 38-бабының 7, 8 жəне 10-тармақтарында көзделген негіздер бойынша

өткізілмеді деп танылған жағдайда, тауарларды өндіретін жəне (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан бір көзден алу тəсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы тапсырыс беруші шешім қабылдауға құқылы. Тауарларды өндіретін жəне (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан бір көзден алу тəсілімен мемлекеттік сатып алу өткізілмеді деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сəйкес өзге де əлеуетті өнім берушілер арасында мемлекеттік сатып алуды қайтадан өткізу туралы шешім қабылдауға құқылы. 6. Мемлекеттік əлеуметтік тапсырыспен көзделген көрсетілетін қызметтерді, кəсіпкерлік қызмет субъектісі болып табылмайтын жеке тұлғаға жеке меншік құқығымен тиесілі тұрғынжайды мемлекеттік сатып алу мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Заңға сəйкес жүзеге асырылады. 52-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тəртібі 1. Осы Заң: 1) 2016 жылғы 1 сəуірден бастап қолданысқа енгізілетін 31-бабын; 2) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 43-бабының 26-тармағын қоспағанда, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. 2. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17,

135-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 9-10, 47, 49-құжаттар; № 15-16, 74-құжат; № 17, 78, 82-құжаттар; № 24, 129, 133-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 17-18, 108-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 4, 37-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161, 171-құжаттар; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 22-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 1011, 56-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6, 9-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 138, 143-құжаттар; 2015 жылғы 30 қазанда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мəдениет жəне тарихи-мəдени мұра мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 17 қарашада «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік аудит жəне қаржылық бақылау мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы) күші жойылды деп танылсын.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2015 жылғы 4 желтоқсан № 434-V ҚРЗ

Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол-көлік инфрақұрылымын, көліктік логистиканы жəне авиатасымалды дамыту мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 30 қазанда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты əлеуметтік қорғау мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кəсіпкерлік мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 10 қарашада «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық кеңестер мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 12 қарашада «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік-жекешелік əріптестік мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 13 қарашада «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 17 қарашада «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік аудит жəне қаржылық бақылау мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 17 қарашада «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 18 қарашада «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қайырымдылық мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 19 қарашада «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 53-баптың 1-тармағы 8) тармақшасының жиырма тоғызыншы жəне отыз екінші абзацтары алып тасталсын; 2) 96-бапта: 2-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын; 5-тармақта: екінші бөліктің 4) тармақшасы алып тасталсын; мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын: «Мерзімі үш жылдан асатын мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды тіркеу бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен жүзеге асырылады.»; 3) 206-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын: «5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару туралы шешіміне байланысты тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға байланысты құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы қолданылмайды.». 2. 2014 жылғы 5 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Əкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 30 қазанда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс қызметі мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 30 қазанда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде

жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мəдениет жəне тарихи-мəдени мұра мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кəсіпкерлік мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот төрелігі жүйесін жетілдіру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 13 қарашада «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзінөзі басқаруды дамыту мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 13 қарашада «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті полиция қызметінің жұмысы мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 17 қарашада «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік аудит жəне қаржылық бақылау мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 18 қарашада «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға жəне Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 13 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 18 қарашада «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қайырымдылық мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 19 қарашада «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпаратқа қол жеткізу мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 19 қарашада «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 207-бап мынадай редакцияда жазылсын: «207-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасын бұзу 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, конкурстық құжаттамаға (аукциондық құжаттамаға) қойылатын не баға ұсыныстарын сұрату тəсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде орналастырылатын ақпаратта əлеуетті өнім берушілерге сандық жағынан өлшенбейтін жəне (немесе) əкімшілендірілмейтін кез келген талаптар белгілеу не сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң жекелеген əлеуеттi өнiм берушiлерге тиесiлiлігiн айқындайтын сипаттамаларын көрсету арқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының талаптарын бұзу – лауазымды адамдарға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді. 2. Конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) жобасын алдын ала талқылау шеңберінде келіп түскен, конкурстық құжаттаманың (аукиондық құжаттаманың) жобасына ескертулерді уақтылы қарамау, сол сияқты мемлекеттік сатып алу веб-порталында конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) жобасын алдын ала талқылау хаттамасын, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың (аукиондық құжаттаманың) мəтінін уақтылы орналастырмау – лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді. 3. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген жағдайларда мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудан бас тарту – лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді. 4. Конкурсқа (аукционға) қатысуға арналған өтiнiмдерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) талаптарына сəйкес келтіру мерзімі өткеннен кейін, конкурсқа (аукционға) қатысуға арналған өтiнiмдi жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, конкурсқа (аукционға) қатысуға арналған өтiнiмде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиiсті түрде ресiмделмеген құжаттарды сəйкес келтiруге байланысты конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) сұрау салуды жіберуі жəне өзге де əрекеттері – лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді. 5. Əлеуеттi өнiм берушiлерге жəне (немесе) олар тартатын, жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердiгерлеріне (бiрлесiп орындаушыларына) конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген бiлiктiлiк талаптарын белгiлеу – лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді. 6. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының талаптарын конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсынысына əсер ететiн өлшемшарттарды конкурстық құжаттамаға енгiзбеу бөлiгiнде бұзу – лауазымды адамдарға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді. 7. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының талаптарын конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсынысына əсер ететiн өлшемшарттардың

салыстырмалы мəнiн конкурстық баға ұсыныстарына қолданбау бөлiгiнде бұзу – лауазымды адамдарға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді. 8. Əлеуеттi өнiм берушiнi жəне (немесе) ол тартатын жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердiгерлерін (бiрлесiп орындаушыларын) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген негiздер бойынша бiлiктiлiк талаптарына жəне (немесе) конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) талаптарына сəйкес келмейді деп тану – лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді. 9. Конкурс тəсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурстық құжаттамада бiртектi тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірнеше түрін олардың біртекті түрлеріне қарай жəне (немесе) оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлмеу – лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. 10. Конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) заңсыз шешiм қабылдауына негiз болған, сараптама комиссиясының не сарапшының көрiнеу жалған сараптамалық қорытынды дайындауы – елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді. 11. Мынадай: 1) тапсырыс беруші өнім берушімен мемлекеттік сатып алу туралы шартты біржақты тəртіппен бұзған, оны орындау барысында өнім берушінің біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) талаптарына сəйкес келмейтіні немесе нəтижесінде осындай шарт жасалып, оның конкурс (аукцион) жеңімпазы болуына мүмкіндік берген осындай талаптарға сəйкестігі туралы анық емес ақпарат бергені анықталған; 2) өнiм берушi өзiмен жасалған мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша мiндеттемелерiн орындамаған не тиiсiнше орындамаған жағдайларда, тапсырыс берушiнiң əлеуеттi өнiм берушiлердi, өнiм берушiлердi мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгiнбеуi немесе уақтылы жүгiнбеуi – лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді. 12. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген жағдайларда, мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден сатып алу тəсілімен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру – лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді. 13. Конкурсқа (аукционға) қатысуға алдын ала жіберу хаттамаларында конкурс (аукцион) тəсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы əлеуетті өнім берушінің конкурсқа (аукционға) қатысуға өтінімін қабылдамау себептерін егжейтегжейлі сипатталуын, оның ішінде оның біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) талаптарына сəйкес келмейтінін растайтын мəліметтер мен құжаттарды көрсетпеу – лауазымды адамдарға он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді. 14. Осы баптың бiрiншi, алтыншы жəне жетінші бөлiктерiнде көзделген, əкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған əрекеттер (əрекетсiздiк) – лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді. 15. Осы баптың екiншi, оныншы жəне он үшінші бөлiктерiнде көзделген, əкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған əрекеттер (əрекетсiздiк) – лауазымды адамдарға алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді. 16. Осы баптың тоғызыншы бөлiгiнде көзделген, əкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған əрекет – лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді. 17. Осы баптың үшiншi жəне он бірінші бөлiктерiнде көзделген, əкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған əрекеттер (əрекетсiздiк) – лауазымды адамдарға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді. Ескертпелер. 1. Осы бапта лауазымды адамдар деп: 1) бiрiншi бөлiкте – мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің бiрiншi басшыларын немесе олардың мiндеттерiн атқаратын, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру мен өткiзу рəсiмдерiн жүзеге асыруға жауапты адамдарды жəне (немесе) конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) əзiрлеуге тiкелей қатысатын адамдарды; 2) екінші бөлікте – мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің бірінші басшыларын немесе олардың міндеттерін атқаратын, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу рəсімдерін жүзеге асыруға жауапты адамдарды; 3) үшiншi бөлiкте – тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшысын не жауапты хатшысын немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын, жауапты хатшы өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге де лауазымды адамын не оның мiндетiн атқаратын адамды; 4) төртінші бөлікте – конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) төрағасын жəне оның орынбасарын, сондайақ конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) мүшелері мен хатшысын; 5) бесінші бөлiкте – тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшысын не жауапты хатшысын немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын, жауапты хатшы өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге де лауазымды адамын не оның мiндетiн атқаратын адамды; 6) алтыншы бөлiкте – мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, тапсырыс берушінінің бірінші басшыларын немесе олардың мiндеттерiн атқаратын, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру мен өткiзу рəсiмдерiн жүзеге асыруға жауапты адамдарды; 7) жетінші бөлiкте – конкурстық комиссияның төрағасын жəне оның орынбасарын, сондай-ақ конкурстық комиссияның мүшелерін; 8) сегізінші бөлікте – конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) төрағасын жəне оның орынбасарын, сондай-ақ конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) мүшелерін;

9) тоғызыншы, он бірінші жəне он екінші бөліктерде – мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің бірінші басшыларын немесе олардың мiндеттерiн атқаратын, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру мен өткiзу рəсiмдерiн жүзеге асыруға жауапты адамдарды; 10) он үшінші бөлікте – конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) төрағасын жəне оның орынбасарын, сондай-ақ конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) мүшелерін түсінген жөн. 2. Камералдық бақылау нəтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде камералдық бақылау нəтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар дербес жойылған жағдайда, лауазымды адам осы бапта көзделген əкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.»; 2) 401-бапта: екінші, сегізінші жəне тоғызыншы бөліктер алып тасталсын; он бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «11. Астық қабылдау кəсіпорындарының астық сақтау тəртібін, сондай-ақ олардың сандық жəне сапалық жағынан сақталуын қамтамасыз ететін іс-шараларды сақтамауы, астық иесінің астық сынамасын белгіленген тəртіппен іріктеп алуды қамтамасыз етпеуі – орта кəсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, iрi кəсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.»; 3) 706-баптың бірінші бөлігіндегі «(бірінші жəне екiншi бөлiктерiнде)» деген сөздер «(бірінші бөлігінде)» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) 729-баптың бірінші бөлігіндегі «401 (үшінші, төртінші, бесінші, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы жəне он бірінші бөліктерінде)» деген сөздер «401 (үшінші, төртінші, бесінші, жетінші, оныншы жəне он бірінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын. 3. «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» 2000 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 20, 381-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 3, 19-құжат; № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 23, 97-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кəсіпкерлік мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Мемлекеттік мүлікті бағалауды ұйымдастыру ерекшеліктері, ол мемлекеттік мүліктің құрамына түскен, мемлекеттік мүлікті жеке тұлғалар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың пайдалануына берген кездегі, сондай-ақ мемлекеттік мүлікті иеліктен шығарған кездегі мүлікті бағалау жағдайлары мен ерекшеліктері «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 100-1-бабында жəне 16-тарауында белгіленеді.». 4. «Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 2, 12-құжат; № 15-16, 232-құжат; 2003 ж., № 19-20, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 1314, 58-құжат; № 20, 89-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 14, 94-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 52-құжат; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кəсіпкерлік мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 1-бапта: 1), 3-1), 13-4), 21), 24), 25), 26) жəне 27-1) тармақшалар алып тасталсын; 29) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «29) уəкiлеттi орган – құзыретi шегiнде астық нарығына қатысушылардың қызметiн үйлестiруді жəне реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.»; 2) 3-бапта: 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «1) техникалық реттеу саласындағы қауiпсiздiктi (бұдан əрi – қауiпсiздiк) қамтамасыз ету;»; 2) жəне 7) тармақшалар алып тасталсын; 3) 4-баптың 5) тармақшасы алып тасталсын; 4) 5-баптың 2-1) тармақшасы алып тасталсын; 5) 6-баптың 2-2), 18), 19), 23), 24), 25), 26), 27), 28), 29), 30), 32-1), 32-2) жəне 32-3) тармақшалары алып тасталсын; 6) 6-1-бапта: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «6-1-бап. Облыстың жергілікті атқарушы органының құзыреті»; 1-тармақта: 11), 12), 13), 14), 15), 16) жəне 17) тармақшалар алып тасталсын; 17-10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «17-10) астықтың сандық-сапалық жай-күйін бақылау;»; 17-12) тармақша алып тасталсын; 2-тармақ алып тасталсын; 7) 6-2, 7-1 жəне 7-2-баптар алып тасталсын; 8) 9-баптың 2 жəне 4-тармақтары алып тасталсын; 9) 10-баптың 4), 4-1), 4-2), 4-3), 5) жəне 9) тармақшалары алып тасталсын; 10) 4-тарау алып тасталсын; 11) 12-3-бап алып тасталсын; 12) 14-баптың 3) тармақшасындағы «босатуға;» деген сөз «босатуға міндетті.» деген сөздермен ауыстырылып, 4) тармақша алып тасталсын. 5. «Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 23, 315-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 87-құжат;

№ 14, 89-құжат; № 16, 99-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол-көлік инфрақұрылымын, көліктік логистиканы жəне авиатасымалды дамыту мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кəсіпкерлік мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 12 қарашада «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік-жекешелік əріптестік мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1-бапта: мынадай мазмұндағы 23-1) жəне 45-1) тармақшалармен толықтырылсын: «23-1) инфрақұрылым учаскесінің өткізу қабілеті – инфрақұрылымның, жылжымалы составтың техникалық жəне технологиялық мүмкіндіктеріне жəне əртүрлі санаттардағы поездарды өткізуді ескере отырып, поездардың қозғалысын ұйымдастыру тəсілдеріне қарай, есепті уақыт кезеңі (тəулік) ішінде инфрақұрылым учаскесі бойынша өткізілуі мүмкін поездар мен поезд жұптарының ең жоғары саны;»; «45-1) поездарды қалыптастыру жоспары – тасымалдаушылардың поездарды қалыптастыру жоспарының жобалары негізінде ұлттық инфрақұрылым операторы бекіткен, оның ішінде магистральдық теміржол желісі учаскелерінің өткізу қабілеті мен станциялардың өңдеу қабілеті ескеріле отырып, теміржол станцияларында қалыптастырылатын, поездардың санаты мен бағытын белгілейтін құжат;»; 64) жəне 64-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «64) Ұлттық жолаушылар тасымалдаушы – жолаушыларды, багажды, жүк-багажын, пошта жөнелтілімдерін тасымалдау бойынша қызметтер көрсететін, бүкіл магистральдық теміржол желісінде поездарды қалыптастыру жоспарын іске асыруды, оның ішінде арнайы жəне əскери тасымалдаулар бойынша қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға; 64-1) Ұлттық жүк тасымалдаушы – жүктерді тасымалдау бойынша қызметтер көрсететін, оның ішінде арнайы жəне əскери тасымалдауларды орындайтын, бүкіл магистральдық теміржол желісінде поездарды қалыптастыру жоспарын іске асыруды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға;». 6. «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 17, 154-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 72-құжат; № 17, 81-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 173-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 77-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 21-құжат; № 11, 65-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кəсіпкерлік мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 18 қарашада «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қайырымдылық мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы): 30-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын: «3. Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуына байланысты құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы қолданылмайды.». 7. «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 3, 16-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кəсіпкерлік мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 1-баптың 1-1) тармақшасы алып тасталсын; 2) 2-баптың 2-тармағының сегізінші абзацындағы «комиссия;» деген сөз «комиссия жатады.» деген сөздермен ауыстырылып, тоғызыншы абзацы алып тасталсын; 3) 4-баптың 9) тармақшасы алып тасталсын; 4) 6-баптың 1-тармағының 4) жəне 8-5) тармақшалары алып тасталсын; 5) 6-1-баптың 10-1) тармақшасы алып тасталсын; 6) 13-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «5. Осы Заңда белгіленген тəртіппен аттестатталмаған жеке жəне заңды тұлғалар тұқымдарды өткізу құқығынсыз өз қажеттіліктері үшін ғана өндіру мен пайдалануды жүзеге асыра алады.»; 7) 17-бапта: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «17-бап. Тұқымдардың сақтандыру жəне өтпелi қорлары»; 1 жəне 2-тармақтар алып тасталсын. (Соңы 18-бетте).


18

www.egemen.kz

(Соңы. Басы 17-бетте). 8. «Агроөнеркəсіптік кешенді жəне ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 13, 52-құжат; 2007 ж., № 5-6, 42-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 14, 94-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 52-құжат; 2015 жылғы 31 қазанда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ауыл шаруашылығы кооперативтері мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кəсіпкерлік мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 1-баптың 10), 25) жəне 26-2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «10) азық-түлiк тауарларының өңірлік тұрақтандыру қоры – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумақтарында аграрлық азық-түлік нарығына реттеушілік əсер ету жəне азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн құрылған, азық-түлiк тауарларының, оның ішінде астықтың жедел қоры;»; «25) сатып алу интервенциялары – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумағында бағаның төмендеуі кезінде мамандандырылған ұйымдардың азық-түлік тауарларын, оның ішінде астықты тіркелген бағалармен сатып алуы жөніндегі іс-шаралар;»; «26-2) тауар интервенциясы – бағалардың өсуі кезінде ішкі нарықты тұрақтандыру мақсатында жүзеге асырылатын, азықтүлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларынан азықтүлік тауарларын, оның ішінде астықты тіркелген бағалармен iшкi нарықта өткiзу жөнiндегi iс-шаралар;»; 2) 11-баптың 4-тармағының 1) тармақшасындағы «қабылдаған;» деген сөз «қабылдаған жағдайда, агроөнеркəсіптік кешенді субсидиялау қағидаларына сəйкес жүзеге асырылады.» деген сөздермен ауыстырылып, 2) тармақшасы алып тасталсын; 3) 19-2-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы алып тасталсын; 4) 19-3-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын. 9. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 16, 96-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; 2008 ж., № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 114-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат): 56-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын: «4. Мемлекеттік хайуанаттар парктеріндегі жануарларды тасымалдауға, бағып-қағуға, тамақтандыруға жəне ветеринариялық қызмет көрсетуге байланысты тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу бөлігіндегі құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы қолданылмайды.». 10. «Жеке жəне заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тəртiбi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 17-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 14, 117-құжат; 2013 ж., № 5-6, 30-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кəсіпкерлік мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 19 қарашада «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпаратқа қол жеткізу мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы): 3-бап мынадай мазмұндағы 2-3-тармақпен толықтырылсын: «2-3. Мемлекеттік сатып алу саласындағы шағымдарды қарау тəртібі Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Заңға сəйкес жүзеге асырылады.». 11. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 7-құжат; № 7, 34-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 10, 50-құжат; № 14, 72-құжат; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кəсіпкерлік мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 18 қарашада «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 13 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 18 қарашада «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қайырымдылық мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы): 8-баптың 4-1-тармағының екінші жəне үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын: «Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, тауарларды, сондай-ақ мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен атааналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында тəрбиеленуші жəне білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу бөлігінде Қазақстан Республикасының білім саласындағы заңнамасымен реттелген құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының күші қолданылмайды. Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру жəне мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында тəрбиеленуші жəне білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындайды.». 12. «Қазақстан Республикасының əуе кеңістігін пайдалану жəне авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 17-18, 113-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 16, 90-құжат; № 19I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол-көлік инфрақұрылымын, көліктік логистиканы жəне авиатасымалды дамыту мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кəсіпкерлік мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 1-бап мынадай мазмұндағы 72-1) тармақшамен толықтырылсын: «72-1) тікұшақ қызметтерін ұсыну жөніндегі бірыңғай оператор – материалдық-техникалық ресурстары, əуе кемелері жəне білікті мамандары бар азаматтық авиация субъектісі болып табылатын заңды тұлға;»;

2) 13-бап мынадай мазмұндағы 60-1) тармақшамен толықтырылсын: «60-1) тікұшақ қызметтерін ұсыну жөніндегі бірыңғай операторды айқындайды;»; 3) 74-баптың 4-тармағы алып тасталсын; 4) 9-тарау мынадай мазмұндағы 82-1-баппен толықтырылсын: «82-1-бап. Тікұшақ қызметтерін ұсыну жөніндегі бірыңғай оператордың құқықтық жағдайы 1. Тікұшақ қызметтерін ұсыну жөніндегі бірыңғай оператордың қызметі осы Заңмен жəне Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі. 2. Тікұшақ қызметтерін ұсыну жөніндегі бірыңғай оператордың мүлкі Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес қалыптастырылады. 3. Тікұшақ қызметтерін ұсыну жөніндегі бірыңғай оператор тікұшақ қызметтерін көрсету жөніндегі өкілеттіктерді іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған кез келген қаржыландыру көздерін тартуға жəне пайдалануға құқылы. 4. Тікұшақ қызметтерін ұсыну жөніндегі бірыңғай оператордың өкілеттіктеріне мемлекеттік органдар мен бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ұйымдарға тікұшақ қызметтерін ұсыну жатады.». 13. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтарды жетілдіру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 30 қазанда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс қызметі мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 30 қазанда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мəдениет жəне тарихи-мəдени мұра мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кəсіпкерлік мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 12 қарашада «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік-жекешелік əріптестік мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 17 қарашада «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік аудит жəне қаржылық бақылау мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 18 қарашада «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 13 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 1-бап мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын: «16-1) мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру мəселелері жөніндегі комиссия – мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уəкілетті орган не жергілікті атқарушы орган осы Заңда көзделген жекешелендіру бойынша сауда-саттықты дайындау жəне өткізу үшін құратын алқалы орган;»; 2) 11-баптың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «11) нарықта үстем немесе монополиялық жағдайға ие табиғи монополия субъектілері немесе нарық субъектілері болып табылатын ұйымдарды жекешелендіру туралы шешім қабылдайды;»; 3) 13-бап мынадай мазмұндағы 4-6) тармақшамен толықтырылсын: «4-6) стратегиялық объектілер меншік иелерінің (құқық иеленушілерінің), оңалтуды немесе банкроттықты басқарушылардың стратегиялық объектілерге ауыртпалық салу не оларды иеліктен шығару туралы өтініштерін қарау тəртібін əзірлейді;»; 4) 14-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) республикалық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде республикалық мүлікті, сондай-ақ нарықта үстем немесе монополиялық жағдайға ие табиғи монополия субъектілері немесе нарық субъектілері болып табылмайтын мүліктік кешен ретінде кəсіпорындарды жекешелендіру туралы шешім қабылдайды, объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде республикалық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды жəне сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;»; 5) 17-бапта: 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «4) облыстық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кəсіпорындарды жекешелендіру туралы шешім қабылдайды;»; 25) тармақша «коммуналдық мүлікті» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кəсіпорындарды» деген сөздермен толықтырылсын; 6) 18-бапта: 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «4) аудандық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кəсіпорындарды жекешелендіру туралы шешім қабылдайды;»; 24) тармақша «коммуналдық мүлікті» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кəсіпорындарды» деген сөздермен толықтырылсын; 7) 94-бапта: 3-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын: «4. Иеліктен шығаруға жатпайтын, мемлекет меншігіндегі жəне квазимемлекеттік сектор субъектілерінің меншігіндегі объектілердің, оның ішінде стратегиялық объектілердің тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.»; 8) 96-баптың 2-тармағының үшінші бөлігі алып тасталсын; 9) 97-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «5. Егер өткізілген үш сауда-саттық нəтижесі бойынша мемлекеттік кəсіпорын мүліктік кешен ретінде өткізілмесе, бұл мемлекеттік кəсіпорын таратылуға жатады.»; 10) 98-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Егер өткізілген үш сауда-саттық нəтижесі бойынша мемлекеттің қатысуы жүз пайызды құрайтын акционерлік қоғамдардың акциялары жəне жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталдарына қатысу үлестері өткізілмеген болса, бұл заңды тұлғалар таратылуға жатады.»; 11) 100-бапта: 1 жəне 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «1. Неғұрлым жоғары баға ұсынған тұлға аукционда немесе тендерде ұтып алушы болып танылады. Аукциондарда ұсыныстар жария түрде мəлімделеді, тендерлерде ұсыныстар жабық конвертте мəлімделеді. Мүліктік кешендер ретінде мемлекеттік кəсіпорындар, жарғылық капиталындағы акцияларының бақылау пакеті (жарғылық капиталға қатысу үлесі) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестері) тендерде сатылған жағдайда, қызмет бейінін сақтау тендердің шарты болып табылады. Мемлекеттік кəсіпорындардың, жарғылық капиталындағы акциялардың бақылау пакеті (жарғылық капиталға қатысу үлесі) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) қызмет бейінін сақтау мерзімін сатушы айқындайды. Аукцион мен тендер мемлекеттік мүлік тізілімінің вебпорталы пайдаланыла отырып, электрондық нысанда өткізіледі. 2. Сауда-саттық ашық болуға тиіс. Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын, Қазақстан Республикасының

8 желтоқсан 2015 жыл

ұлттық қауiпсiздiгін, қоршаған табиғи ортасын қорғауды, сыртқы экономикалық жағдайын қозғайтын ерекше жағдайларда тендер жабық болуы мүмкiн. Жекешелендіру объектілерін сату тəртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Заңның 101 – 105-баптарына сəйкес белгілейді.»; 3-тармақтағы «жəне одан кейінгі» деген сөздер алып тасталсын; 12) мынадай мазмұндағы 100-1-баппен толықтырылсын: «100-1-бап. Жекешелендіру объектісінің құны 1. Жекешелендіру объектісін сату жекешелендіру объектісінің нарықтық құны бойынша жүзеге асырылады. Мəміле тараптары бағалау объектісі туралы барлық қолжетімді ақпаратқа ие бола отырып, есеппен жəне мəжбүрлеусіз əрекет ететін бəсекелестік жағдайларында, мəміле негізінде жекешелендіру объектісі иеліктен шығарылуы мүмкін есептік ақшалай сома жекешелендіру объектісінің нарықтық құны болып табылады. 2. Баланстық құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жəне тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің 2 500 000 еселенген мөлшерінен астам болатын жекешелендіру объектісін бағалауды халықаралық бағалау стандарттарына сəйкес тəуелсіз консультанттар жүзеге асырады. 3. Баланстық құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жəне тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің 2 500 000 еселенген мөлшерінен аз болатын жекешелендіру объектілерін бағалау Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сəйкес жүзеге асырылады. 4. Сатушы жекешелендіру объектісінің нарықтық құнын бағалауды жүргізу жəне (немесе) жекешелендіру объектілері бойынша мəмілені қолдау мақсатында тартатын заңды тұлғалар, оның ішінде шетелдік заңды тұлғалар немесе олардың бірлестіктері, бағалау жəне (немесе) инвестициялық қызметке жəне (немесе) қаржылық консультация беруге қатысушылар тəуелсіз консультанттар болып табылады. 5. Тəуелсіз консультантты таңдау бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасымен реттелген құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының күші қолданылмайды. Тəуелсіз консультантты тарту Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тəртіппен жүзеге асырылады. 6. Жекешелендіру объектісінің нарықтық құны жекешелендіру объектісінің баланстық құнынан төмен болуы мүмкін.»; 13) 101-бапта: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Сатушы сауда-саттық өткiзу туралы хабардар етуді оны өткізуден кемінде күнтізбелік он бес күн бұрын жүргізуге тиiс. Хабарлама «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес сатушының конкурс өткізуі арқылы айқындалған мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ жəне орыс тілдерінде жариялануға тиiс. Хабарламада сауда-саттықтың уақыты, орны мен түрi, сату объектiсi жəне сауда-саттықты өткiзу тəртiбi туралы, оның iшiнде сауда-саттыққа қатысуды ресiмдеу, сауда-саттықты ұтып алған тұлғаны айқындау шарттары туралы мəлiметтер, сондай-ақ бастапқы баға мен кепiлдiкті жарнаның мөлшерi туралы мəлiметтер қамтылуға тиiс.»; 4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «4. Сауда-саттыққа қатысушылар сауда-саттық өткiзу туралы хабарламада көрсетiлген мөлшерде, мерзiмдерде жəне тəртiппен кепiлдiкті жарнаны енгізеді. Егер сауда-саттық өткізілмесе, кепiлдiкті жарна қайтарылуға жатады. Кепiлдiкті жарна өтінім берген, бірақ сауда-саттыққа қатыспаған, сауда-саттыққа қатысқан, бiрақ оны ұтпаған тұлғаларға жəне сауда-саттық өткiзуден кемінде үш жұмыс күні бұрын оған қатысудан жазбаша бас тартқан тұлғаларға да қайтарылады.»; мынадай мазмұндағы 4-1 жəне 4-2-тармақтармен толықтырылсын: «4-1. Аукцион екі əдіспен: бағаны көтерумен; бағаны төмендетумен өткізіледі. Аукционды өткiзу кезiнде жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы бағасы жекешелендіру объектісінің алғашқы бағасына тең болады. Жекешелендіру объектісінің алғашқы бағасы жекешелендіру объектісінің нарықтық құны негізінде айқындалады жəне оны мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру мəселелері жөніндегі комиссия белгілейді. Жекешелендiру объектiсi бірінші сауда-саттыққа аукционға бағаны көтеру əдісі қолданыла отырып шығарылады. Жекешелендiру объектiсi екінші сауда-саттыққа аукционға бағаны төмендету əдiсi қолданыла отырып, алғашқы бағаның елу пайызы мөлшеріндегі ең төмен баға белгіленіп шығарылады. Жекешелендiру объектiсi үшінші сауда-саттыққа аукционға бағаны төмендету əдiсi қолданыла отырып, ең төмен баға белгіленбей шығарылады. Кейінгі əрбір сауда-саттық əрбiр жиырма жұмыс күні сайын жүзеге асырылады. 4-2. Жекешелендіру объектісін бірінші тендерге шығарған кезде жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы бағасы алғашқы бағаға тең болады. Жекешелендіру объектісін екінші жəне үшінші саудасаттыққа шығару кезінде бастапқы баға алдыңғы тендердің бастапқы бағасының елу пайызына төмендетіледі.»; 14) 103-бап мынадай редакцияда жазылсын: «103-бап. Екi кезеңдiк рəсiмдер арқылы өткізілетін конкурс 1. Екi кезеңдiк рəсiмдер арқылы болатын конкурс баға басымдығын жəне (немесе) жекешелендiрудің өзге де талаптарын айқындайтын, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмi бойынша тəуелсіз консультанттың қатысуымен өткiзiледi. 2. Конкурс мынадай iс-шаралар жоспарын: 1) жекешелендіру объектісіне жан-жақты талдау жүргізу үшін осы Заңның 100-1-бабында белгіленген тəртіппен тəуелсіз консультантты тартуды, оның құнын бағалауды жəне əлеуетті сатып алушылар (инвесторлар) үшін сату объектісі туралы ақпараттық дерекқорды қалыптастыруды; 2) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес сатушы конкурс өткізу арқылы айқындаған мерзімді баспасөз басылымдарында сатушының жекешелендiру объектiсiн сату туралы хабарламаны қазақ жəне орыс тiлдерiнде жариялауын, сондай-ақ тəуелсіз консультанттың əлеуетті сатып алушыларға (инвесторларға) сату туралы ұсынысты жіберуін; 3) тəуелсіз консультанттың əлеуетті сатып алушылардың (инвесторлардың) ұсыныстары бар өтiнiмдер тiзбесiн қалыптастыруын; 4) келiссөздер барысында ең үздік ұсыныстарды ұсынған кемiнде екi əлеуетті сатып алушыны (инвесторды) анықтау мақсатында, өтiнiмдер тiзбесi бойынша сатушының тəуелсіз консультанттың қатысуымен əлеуетті сатып алушылармен (инвесторлармен) келiссөздер жүргізуін (конкурстың бірінші кезеңін); 5) сатушының тəуелсіз консультанттың қатысуымен, конкурстың бiрiншi кезеңiнiң жеңiмпаздарымен бұрын ұсынылған шарттарды жақсарту тұрғысынан келiссөздер жүргізуін (конкурстың екiншi кезеңiн) қамтиды. 3. Сатушы, тəуелсіз консультант жəне конкурстың барлық қатысушылары өткiзілген келiссөздердiң əрбiр кезеңiнiң қорытындылары бойынша оның нəтижелерi туралы хаттамаға қол қояды. 4. Конкурстың екінші кезеңінің барысында ең үздік шарттар ұсынған əлеуетті сатып алушы (инвестор) конкурста ұтқан болып танылады. 5. Конкурстың жеңiмпазы сатушы белгiлеген мерзiмдерде сатып алу-сату шартына қол қоюдан бас тартқан немесе жалтарған жағдайда, ұсынысы конкурс жеңімпазының ұсынысынан кейін ең үздік болып танылған əлеуетті сатып алушымен (инвестормен) сатып алу-сату шартына қол қойылады.»; 15) 105-бапта: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Заңның 106-бабына сəйкес кейiннен сатып алу құқығымен мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) немесе сенiмгерлік басқаруға тиiсiнше жалдаушыға (жалға алушыға) немесе сенiмгерлік басқарушыға берiлген объектiлер, сондайақ стратегиялық инвесторға беруге жататын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалған объектілер тiкелей атаулы сатуға жатады. Жалдаушылар (жалға алушылар) жəне сенімгерлік басқарушылар тиісті шартты тиісінше орындаған жағдайда ғана, оларға жекешелендіру объектісін сатуға жол беріледі.»; мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын: «4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мемлекеттік мүлікті тікелей атаулы сату мынадай: сатылатын жекешелендіру объектісінің қызметімен байланысты салада қызмет тəжірибесінің болуы;

технологиялар трансферті, оның ішінде ашылмаған ақпаратты (өндіріс құпияларын (ноу-хау) алу жəне жоғары білікті мамандарды тарту арқылы жекешелендіру объектісін басқаруға, сондай-ақ оны дамытуға қатысу үшін ірі акциялар пакетін (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) сатып алу өлшемшарттарына сай келетін стратегиялық инвесторға – казақстандық немесе шетелдік заңды тұлғаға (олардың бірлестіктеріне) жүзеге асырылады. Стратегиялық инвестор: 1) жекешелендiру объектiсiне инвестициялардың көлемдерi, түрлерi жəне мерзiмдерi; 2) өндiрiс көлемiнiң белгiлi бiр деңгейiн, шығарылатын өнiмнің немесе көрсетiлетiн қызметтердiң номенклатурасын қамтамасыз ету; 3) табиғат қорғау іс-шараларын жүргiзу; 4) қызмет бейінін сақтау; 5) жаңа жұмыс орындарын сақтау немесе ашу; 6) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жұмыскерлермен штат санының кемінде үштен екісін қамтамасыз ету; 7) өндiрiстiк жəне əлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiнiң бұрыннан бар тəртiбi мен пайдалану шартын сақтау; 8) кредиторлық берешектi белгiленген мерзiмдерде өтеу; 9) жалақы бойынша берешектi өтеу; 10) мəмiлелер жасасуды (қайта сату, кепiлге қою, сенiмгерлік басқаруға беру жəне басқалар) жəне (немесе) жекешелендiру объектiсiне қатысты белгiлi бiр уақыт кезеңі iшiнде белгiлi бiр iс-қимылдарға тыйым салуды шектеу жөніндегі міндеттемелерді белгілеген жəне тиісінше қабылдаған кезде, тікелей атаулы сату жүзеге асырылады. Тікелей атаулы сату туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі объектінің атауын, сондай-ақ осы тармақта көрсетілген міндеттемелер тізбесінен міндеттемелерді қабылдау туралы стратегиялық инвесторға қойылатын талаптарды қамтиды. Мемлекеттік мүлікті стратегиялық инвесторға тікелей атаулы сату тəуелсіз консультантты тарту арқылы жүргізіледі. Тəуелсіз консультантты тарту осы Заңның 100-1-бабының 5-тармағына сəйкес жүзеге асырылады.»; 16) 107-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) осы Заңның 100-1-бабына сəйкес жекешелендіру объектісінің нарықтық құнын бағалауды жүргізеді;»; 17) 181-бапта: мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: «2-1. Бəсекелес ортаға беру ұсынылатын, акцияларының пакеті (жарғылық капиталға қатысу үлестері) тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге тиесілі акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалады.»; 5-тармақтың бірінші бөлігінің 8) тармақшасындағы «қабылдау жатады.» деген сөздер «қабылдау;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын: «9) холдингтің жəне дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы тікелей немесе жанама түрде холдингке меншік құқығымен тиесілі ұйымдардың активтерін бəсекелес ортаға беру қағидаларын бекіту жатады. 9) тармақшада көзделген қағидалар осы Заңның 10-тарауының 2-параграфында белгіленген нормалар ескеріле отырып қабылданады.»; 18) 187-бапта: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Қазақстан Республикасының Үкіметі ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілген, тиісті саланың уəкілетті органының салалық қорытындысы негізінде стратегиялық объектілерге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салуға немесе оларды иеліктен шығаруға рұқсат беру туралы не осындай рұқсат беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.»; 7-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Стратегиялық объектіні иеліктен шығарудың ерекше шарттарын жəне оларды сатып алушыларға қойылатын қосымша талаптарды белгілеу жөніндегі ұсыныстарды мүдделі мемлекеттік органдар тиісті саланың уəкілетті органына ұсынады.»; 19) 188-бапта: 1-тармақтың бірінші бөлігінде: бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «1. Стратегиялық объектінің меншік иесі (құқық иеленуші) стратегиялық объектілерге ауыртпалық салуға не оларды иеліктен шығаруға рұқсат алу үшін тиісті саланың уəкілетті органына мынадай құжаттарды:»; 7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «7) түпкілікті сатып алушыға дейінгі стратегиялық объектіні болжамды сатып алушы туралы мəліметтерді;»; 2, 3, 4 жəне 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «2. Стратегиялық объектінің кепіл ұстаушысы кепілге салынған мүлікті иеліктен шығаруға рұқсат алу үшін тиісті саланың уəкілетті органына осы баптың 1-тармағының 1), 2), 4) жəне 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды, сондай-ақ кепіл шартын, кепілге салынған мүлікті иеліктен шығарудың (сатудың) болжамды бағасын, стратегиялық объектіні əлеуетті сатып алушыларға қойылатын талаптарды ұсынады. Сот актісінің негізінде əрекет ететін сот орындаушысы тиісті саланың уəкілетті органына осы баптың 1-тармағының 1), 4) жəне 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды, сондай-ақ кепіл шартын жəне (немесе) сот актісін, кепілге салынған мүлікті иеліктен шығарудың (сатудың) болжамды бағасын, стратегиялық объектіні əлеуетті сатып алушыларға қойылатын талаптарды ұсынады. 3. Стратегиялық объектіге ауыртпалық салуға негіз болатын шартта тараптардың құқықтары мен міндеттері, сондайақ стратегиялық объектінің сақталуын жəне оны одан əрі пайдалануды қамтамасыз ету жөніндегі талаптар міндетті түрде қамтылуға тиіс. Стратегиялық объектіні иеліктен шығару жөніндегі мəмілені жасауға негіз болған не оған ауыртпалық салуға əкеп соққан шарттың талаптарын өзгертуге ниет білдірген жағдайда, стратегиялық объектінің меншік иесі (құқық иеленушісі) тиісті саланың уəкілетті органына осы бапта жəне осы Заңның 187-бабында айқындалатын тəртіппен қайтадан жүгінеді. Кепіл ұстаушының стратегиялық объектіге ауыртпалық салуына негіз болған шартқа сəйкес кепілге салынған мүлікті (стратегиялық объектіні) иеліктен шығаруды жүзеге асыруға ниет білдірген жағдайда, кепіл ұстаушы тиісті саланың уəкілетті органына осы баптың 1-тармағында белгіленген тəртіппен жүгінеді. 4. Стратегиялық объектілерге ауыртпалық салуға не оларды иеліктен шығаруға берілген өтініштерді қарау жəне Қазақстан Республикасы Үкіметінің олар бойынша шешім қабылдауы құжаттар тиісті саланың уəкілетті органына келіп түскен күннен бастап қырық бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырылуға тиіс. Тиісті саланың уəкілетті органы осы баптың 1-тармағында айқындалған құжаттардың толық топтамасын алған күн құжаттардың келіп түскен күні болып есептеледі. Стратегиялық объектiлердің меншiк иелерiнiң (құқық иеленушiлерінiң), оңалтуды немесе банкроттықты басқарушылардың стратегиялық объектіге ауыртпалық салу не оны иелiктен шығару туралы өтiнiштерiн қарау тəртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»; «6. Тиісті саланың уəкілетті органы Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдаған шешім туралы өтініш берушіні шешім шығарылған күннен бастап бес күндік мерзімде жазбаша хабардар етуге міндетті.»; мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын: «7. Тиісті саланың уəкілетті органы стратегиялық объектілерге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу немесе оларды иеліктен шығару жөнінде жасалатын мəмілелер мониторингін жүзеге асырады.»; 20) 191-баптың 1-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын; 21) 192-бапта: 1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «1. Тиісті саланың уəкілетті органы Қазақстан Республикасы Үкіметінің стратегиялық объектіні сатып алуға басым құқықты іске асыру туралы шешімінің жобасын қажетті бюджет қаражатын бөлу негіздемесімен бірге Республикалық бюджет комиссиясының қарауына ұсынады.»; 5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «5. Бюджет процесiн ескере отырып, стратегиялық объектiлердi сатып алу мерзiмдерi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң стратегиялық объектiні сатып алуға басым құқықты пайдалануы туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi шешiм қабылдаған кезден бастап он екi айдан аспауға тиiс.»; 6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «6. Стратегиялық объектiге өндiрiп алу қолданылған немесе банкроттық, оңалту туралы немесе жеделдетiлген оңалту рəсiмi туралы iс бойынша iс жүргiзу қозғалған жағдайларда, стратегиялық объектiлердiң меншiк иелерi (құқық иеленушiлерi) стратегиялық объектiге өндiрiп алуды қолдану туралы хабарламаны алған кезден бастап немесе соттың

банкроттық, оңалту немесе жеделдетiлген оңалту рəсiмi туралы iс қозғау жөніндегі ұйғарымының көшiрмесiн алған кезден бастап бес жұмыс күнi iшiнде тиісті саланың уəкiлеттi органын стратегиялық объектiге өндiрiп алуды қолдану немесе банкроттық, оңалту немесе жеделдетiлген оңалту рəсiмi туралы iстер бойынша iс жүргiзудiң қозғалғаны туралы жазбаша хабардар етуге мiндеттi. Хабардар ету жөнiндегi мiндеттердi сақтамау осы Заңның 195-бабында көзделген салдарларға алып келеді.». 14. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 1, 3-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 94-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кəсіпкерлік мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 17 қарашада «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік аудит жəне қаржылық бақылау мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 13-бапта: 5) тармақша алып тасталсын; 6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «6) тиісті саланың уəкілетті органының салалық қорытындысы негiзiнде, жеке жəне заңды тұлғаларға тиесiлi стратегиялық объектiмен ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіруі мүмкiн азаматтық-құқықтық мəмiле жасасуға рұқсат беру немесе рұқсат беруден бас тарту туралы шешiм қабылдайды;»; 2) 23-баптың 6-тармағының 4), 6) жəне 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «4) шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың жəне шетелдiк заңды тұлғалардың магистральдық байланыс желілерін Қазақстан Республикасының аумағында заңды тұлға құрмай басқаруына немесе пайдалануына;»; «6) байланыс жəне ақпарат саласындағы уəкiлеттi органның, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдарының келiсiмiнсiз, қалааралық жəне (немесе) халықаралық байланыс операторы ретiнде байланыс желісін иеленушi жəне (немесе) оларды басқару немесе пайдалану жөнiндегi қызметтi жүзеге асырушы ұйымның дауыс беретiн акцияларының, сондай-ақ үлестерiнiң, пайларының 10 пайызынан астамын жеке жəне заңды тұлғалардың дербес немесе тұлғалар тобы құрамында сатып алуына немесе өзгеше меншiкке алуына; 7) ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілген, байланыс жəне ақпарат саласындағы уəкілетті органның қорытындысына негізделген, Қазақстан Республикасы Үкіметінің оң шешімінсіз қалааралық жəне (немесе) халықаралық байланыс операторы ретiнде телекоммуникациялар саласындағы қызметтi жүзеге асырушы, жер бетiндегi (кəбілдік, оның iшiнде талшықтыоптикалық, радиорелелiк) байланыс желілерін иеленуші заңды тұлғаның дауыс беретiн акцияларының, сондай-ақ үлестерiнiң, пайларының жиынтығында 49 пайыздан астамын шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың жəне шетелдiк заңды тұлғалардың тiкелей жəне (немесе) жанама түрде иеленуiне, пайдалануына, билiк етуiне жəне (немесе) басқаруына;». 15. «Ұлттық əл-ауқат қоры туралы» 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 4, 29-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 12, 82-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 18 қарашада «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қайырымдылық мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 24-бапта: 2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Барлық дауыс беретін акциялары Қорға меншік жəне (немесе) сенімгерлік басқару құқығымен тиесілі компанияның жарғысында «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес акционерлердің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне кіретін мəселелер осындай компанияның директорлар кеңесінің құзыретіне жатқызылуы мүмкін, оған мынадай:»; 3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Барлық дауыс беретін акциялары Қорға меншік жəне (немесе) сенімгерлік басқару құқығымен тиесілі компанияның жарғысында «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне кіретін мəселелер көрсетілген компанияның атқарушы органының құзыретіне жатқызылуы мүмкін, оған мынадай:»; 2) 4-тарау мынадай мазмұндағы 24-1-баппен толықтырылсын: «24-1-бап. Қордың жəне дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы тікелей немесе жанама түрде Қорға меншік құқығымен тиесілі ұйымдардың активтерін бəсекелес ортаға беру 1. Қордың жəне дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы тікелей немесе жанама түрде Қорға меншік құқығымен тиесілі ұйымдардың активтерін бəсекелес ортаға беру тəртібін Қордың директорлар кеңесі айқындайды. 2. Бəсекелес ортаға беру ұсынылатын, осы баптың 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғалар активтерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. 3. Активтерді бəсекелес ортаға беру: 1) əлеуметтік-экономикалық маңызы бар, оларды иелену жəне (немесе) пайдалану жəне (немесе) оларға билік ету Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің жай-күйіне əсер ететін активтер бойынша тəуелсіз консультанттарды тарта отырып жүзеге асырылады. Мұндай активтерді өткізу тəсілін Қордың директорлар кеңесі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, тəуелсіз консультанттардың ұсыныстары негізінде айқындайды; 2) өзге де активтер бойынша аукцион тəсілімен жүзеге асырылады. 4. Аукцион: бірінші рет – бағаны көтеру əдісімен; екінші жəне үшінші рет – бағаны төмендету əдісімен өткізіледі. Екінші сауда-саттықта активті сату өткізілетін активтің алғашқы бағасының елу пайызы мөлшеріндегі ең төмен баға белгілене отырып, бағаны төмендету əдісі қолданылып аукционда жүзеге асырылады. Үшінші сауда-саттықта активті сату ең төмен баға белгіленбей, бағаны төмендету əдісі қолданыла отырып аукционда жүзеге асырылады. Əрбір кейінгі сауда-саттық жиырма жұмыс күні мерзімінде жүзеге асырылады. 5. Аукционды өткізу кезінде өткізілетін активтің бастапқы бағасы өткізілетін активті сатудың алғашқы бағасына тең. 6. Өткізілетін активтің алғашқы бағасын Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сəйкес сатушы белгілейді. Өткізілетін активтің алғашқы бағасы өткізілетін активтің баланстық құнынан төмен болуы мүмкін. 7. Осы баптың 1-тармағында көзделген заңды тұлғалардың аукцион тəсілімен активтерді өткізуі мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында жүзеге асырылады. 8. Осы баптың 1-тармағында көзделген заңды тұлғалардың активтерін өткізілетін активтің баланстық құнынан төмен баға бойынша өткізуге жол беріледі. 9. Үш сауда-саттықтың нəтижелері бойынша өткізілмеген активтер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен таратылуға немесе қайта ұйымдастырылуға жатады. 10. Осы баптың 1-тармағында көзделген заңды тұлғалардың активтерін тікелей атаулы сату тəртібін Қордың директорлар кеңесі айқындайды.». 2-бап. Осы Заң, 2016 жылғы 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 4-тармағы 1) тармақшасының екінші абзацын, 5) жəне 10) тармақшаларын қоспағанда, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2015 жылғы 4 желтоқсан №435-V ҚРЗ


8 желтоқсан 2015 жыл

19

www.egemen.kz

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің мəртебесі жəне қызметінің құқықтық негізі 1. Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі (бұдан əрі – Кеңес) – Қазақстан Республикасы Президентінің соттарды қалыптастыру жөніндегі конституциялық өкілеттіктерін, судьялардың тəуелсіздігі мен оларға ешкімнің тиіспеу кепілдіктерін қамтамасыз ету мақсатында құрылатын автономиялы мемлекеттік мекеме болып табылады. 2. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мəртебесін айқындайтын Конституциялық заң, осы Заң жəне Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері Кеңес қызметінің құқықтық негізі болып табылады. 3. Кеңестің заңды тұлға болып табылатын аппараты болады. 4. Кеңесті жəне оның аппаратын ұстауға арналған шығыстар республикалық бюджеттен қаржыландырылады. 5. Кеңес аппаратының қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен жəне Кеңестің регламентімен регламенттеледі. Кеңес аппаратының жұмыскерлері мемлекеттік қызметшілер болып табылады. Кеңес аппараты штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. 6. Кеңес аппаратының басшысын Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды жəне ол лауазымы бойынша Кеңес хатшысы болып табылады. 7. Кеңес аппараты жəне оның құрылымы туралы ережені Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. 8. Кеңес өз өкілеттіктерін жүзеге асырған кезде оның қызметіне араласуға жол берілмейді. 9. Кеңестің Төрағасы мен мүшелері сот төрелігін іске асыру бойынша соттардың жəне судьялардың қызметіне араласуға құқылы емес. 2-бап. Кеңес қызметінің негізгі қағидаттары Кеңес өз қызметін тəуелсіздік, заңдылық, алқалық, жариялылық жəне бейтараптық қағидаттары негізінде жүзеге асырады. 3-бап. Кеңестің өкілеттіктері 1. Кеңес: 1) судьялардың тəуелсіздігі мен оларға ешкімнің тиіспеу кепілдіктерін қамтамасыз етеді; 2) аудандық жəне оған теңестірілген сот (бұдан əрі – аудандық сот) төрағасының, судьясының, облыстық жəне оған теңестірілген сот (бұдан əрі – облыстық сот) судьясының жəне Жоғарғы Сот судьясының бос лауазымына кандидаттар іріктеуді конкурстық негізде жүзеге асырады: конкурстың қорытындылары бойынша аудандық сот төрағасы мен судьясының, облыстық сот судьясының бос лауазымына тағайындау үшін кандидаттарды Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыным жасайды; конкурстың қорытындылары бойынша Жоғарғы Сот судьясының бос лауазымына кандидатты Парламент Сенатына ұсыну үшін Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыным жасайды; 3) Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша облыстық соттар төрағаларының жəне сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына кандидатураларды қарайды: облыстық соттар төрағаларының жəне сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына кандидаттарды лауазымға тағайындау үшін Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыным жасайды; 4) Жоғарғы Сот Төрағасының бос лауазымына кандидатураны қарайды: Жоғарғы Сот Төрағасының бос лауазымына кандидатты Парламент Сенатына ұсыну үшін Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыным жасайды; 5) Жоғарғы Сот Төрағасының, сот алқалары төрағаларының жəне судьяларының, жергілікті жəне басқа соттар төрағаларының, сот алқалары төрағаларының жəне судьяларының өкілеттіктерін тоқтату мəселелерін отставка, отставканы тоқтату нысанында қарайды: сот қайта ұйымдастырылған, таратылған, тиісті сот судьяларының саны азайтылған жағдайларда, егер жергілікті жəне басқа соттардың судьялары басқа соттағы судьяның бос лауазымына орналасуға келісім бермесе, оларды атқаратын лауазымынан босату мəселелерін қарайды; сот қайта ұйымдастырылған, таратылған, өкілеттіктер мерзімі өткен жағдайларда, егер жергілікті жəне басқа соттардың төрағалары, сот алқаларының төрағалары басқа соттағы судьяның бос лауазымына орналасуға келісім бермесе, оларды атқаратын лауазымынан босату мəселелерін қарайды; Жоғарғы Сот судьяларының саны азайтылған жағдайда, егер Жоғарғы Соттың судьялары басқа соттағы судьяның бос лауазымына орналасуға келісім бермесе, оларды атқаратын лауазымынан босату мəселелерін қарайды; өкілеттіктер мерзімі өткен жағдайларда, егер Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары басқа соттағы судьяның бос лауазымына орналасуға келісім бермесе, оларды атқаратын лауазымынан босату мəселелерін қарайды; аудандық соттың судьясы лауазымына алғаш рет тағайындалған адамның бір жыл мерзім өткеннен кейін жұмыс нəтижелерін қарайды жəне Сот жюриінің біліктілік комиссиясы судьяның кəсіби қызметін оң бағалаған кезде, Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша оны бекіту туралы мəселені шешеді. Аудандық сот судьясының лауазымына алғаш рет тағайындалған адам лауазымға тағайындалған күннен бастап бір жылдың қорытындылары бойынша Сот жюриінің біліктілік комиссиясы судьяның кəсіби қызметін қанағаттанарлықсыз деп бағалаған кезде, Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша судьяны атқаратын лауазымынан босату туралы жəне Қазақстан Республикасының Президентіне тиісті ұсыным енгізу туралы мəселені қарайды; тəртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін, кəсіби жарамсыздығына орай немесе «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мəртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарын орындамағаны үшін Жоғарғы Сот Төрағасының Сот жюриінің шешіміне негізделген ұсынуы бойынша, сондай-ақ судья өкілеттіктерін өз тілегі бойынша тоқтатқан, судья басқа лауазымға тағайындалған, сайланған жəне оны басқа жұмысқа ауыстырған, зейнеткерлік жасқа немесе судья лауазымында болудың шекті жасына толған жағдайларда, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағаларын жəне судьяларын, жергілікті жəне басқа соттардың төрағаларын, сот алқаларының төрағаларын жəне судьяларын атқаратын лауазымынан босату мəселелерін қарайды; медициналық қорытындыға сəйкес кəсіби міндеттерін одан əрі атқаруға кедергі келтіретін денсаулық жағдайына байланысты судья өкілеттіктерін тоқтатқан, əрекетке қабілетсіз немесе əрекетке қабілеті шектеулі деп тану не оған медициналық сипаттағы мəжбүрлеу шараларын қолдану туралы соттың шешімі, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген, қылмыстық іс ақталмайтын негіздер бойынша сотқа дейінгі сатыда тоқтатылған, Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған, судья қайтыс болған немесе оны қайтыс болды деп жариялау туралы соттың шешімі заңды күшіне енген жағдайларда, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағаларын жəне судьяларын, жергілікті жəне басқа соттардың төрағаларын, сот алқаларының төрағаларын жəне судьяларын атқаратын лауазымынан босату мəселелерін қарайды; Жоғарғы Сот Төрағасының судья зейнеткерлік жасқа толғаннан кейін оның судья лауазымында болу мерзімін ұзартуына келісім беру мəселесін қарайды; Қазақстан Республикасының Президентіне Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағаларын, жергілікті жəне басқа соттардың төрағаларын, сот алқаларының төрағаларын жəне судьяларын лауазымынан босатуды ұсынады; Парламент Сенатына ұсынуды енгізу үшін Жоғарғы Соттың Төрағасы мен судьяларын лауазымынан босату туралы Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыным енгізеді; 6) Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша Жоғарғы Соттың, жергілікті жəне басқа соттардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі уəкілетті орган басшысының лауазымына кандидатты тағайындауға жəне оны лауазымынан босатуға келісім беру туралы мəселені Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен қарайды; 7) Сот жюриі комиссияларының шешімдеріне судьялардың шағым жасау туралы өтініштерін қарайды;

8) судья болып жұмыс істеуге ниет білдірген азаматтардан біліктілік емтихандарын қабылдауды ұйымдастырады; 9) Қазақстан Республикасының Президентіне судьяны ұстап алуға, күзетпен ұстауға не үйқамаққа алуға, оны күштеп əкелуге, оған сот тəртібімен белгіленетін əкімшілік жазалау шараларын қолдануға, судьяны қылмыстық жауаптылыққа тартуға келісім беру туралы мəселені шешу үшін қорытынды ұсынады; 10) сот жүйесін жəне Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстарды тұжырымдайды жəне Қазақстан Республикасының Президентіне енгізеді; 11) судья корпусының сапалық құрамын жақсарту, кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру, судьялардың біліктілігін арттыру жөнінде шаралар қолданады; 12) Кеңес регламентін бекітеді; 13) судья лауазымына орналасу үшін біліктілік емтихандарын тапсырған, соттарда тағылымдамадан өткен жəне облыстық соттардың жалпы отырыстарының қорытындыларын алған, сондай-ақ мамандандырылған магистратураны бітірген адамдардың есебін жүргізуді ұйымдастырады; 14) судьялардың жалпы штат санын, əрбір жергілікті жəне басқа соттың судьялар санын белгілеуге келісім беру туралы мəселені қарайды; 15) судьялардың электрондық дербес есебін жүргізуді ұйымдастырады; 16) Жоғарғы Сотпен бірлесіп, аудандық сот төрағасының, облыстық сот төрағасының жəне сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Сот судьясының жəне сот алқалары төрағаларының лауазымына кадр резервін (бұдан əрі – кадр резерві) қалыптастырады; 17) Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша кадр резервін қалыптастыру жəне онымен жұмысты ұйымдастыру тəртібін бекітеді; 18) Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша Кадр резерві жөніндегі республикалық комиссияның төрағасын жəне комиссия құрамын бекітеді; 19) судьялыққа кандидаттардың психологиялық тесттен өту тəртібін айқындайды; 20) Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес туралы ережені бекітеді; 21) осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге заңнамалық актілерінен туындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 2. Кеңестің өз өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін: 1) мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан, ұйымдардан, азаматтардан қажетті ақпаратты, құжаттар мен өзге де материалдарды сұратуға жəне алуға; 2) тиісті лауазымды адамдардың ауызша түсініктемелерін тыңдауға жəне жазбаша түсініктемелерін талап етіп алдыруға; 3) Кеңес мүшелерінің, мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, ұйымдар мен мекемелер өкілдерінің арасынан комиссияларды, жұмыс топтарын құруға, өз жұмысына мамандар тартуға құқығы бар. 2-тарау. КЕҢЕС ҚҰРАМЫ ЖƏНЕ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІНІҢ ӨКІЛЕТТІКТЕРІ 4-бап. Кеңес құрамы 1. Кеңес Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын Төрағадан жəне басқа да адамдардан тұрады. Қазақстан Республикасының Президенті Жоғарғы Соттың Төрағасын, Бас Прокурорды, Əділет министрін, мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уəкілетті органның басшысын, Парламент Сенаты мен Мəжілісінің тиісті тұрақты комитеттерінің төрағаларын лауазымы бойынша Кеңес мүшелері етіп тағайындайды. Қазақстан Республикасының Президенті Кеңес құрамына басқа адамдарды да, оның ішінде ғалым заңгерлерді, адвокаттарды, шетелдік сарапшыларды, Судьялар одағының өкілдерін де тағайындауы мүмкін. 2. Жоғарғы Соттың жалпы отырысы кандидаттарды судьялар мен отставкадағы судьялар арасынан сайлайды жəне оларды Қазақстан Республикасының Президенті Кеңес мүшелері етіп тағайындау үшін ұсыным жасайды. Кеңес құрамына судьялардың, оның ішінде отставкадағы судьялардың кандидатуралары аудандық жəне облыстық соттар, сондай-ақ Жоғарғы Сот судьяларының, отставкадағы судьяларының Кеңесте тең өкілдік етуін қамтамасыз ету ескеріле отырып, облыстық соттардың жалпы отырыстары ұсыным жасаған кандидаттар арасынан Жоғарғы Соттың жалпы отырысында қаралады. Судьялар мен отставкадағы судьялар Кеңес мүшелерінің жартысын құрайды. 3. Кеңес Төрағасын жəне лауазымы бойынша Кеңес мүшелерін қоспағанда, Кеңес мүшелері өз өкілеттіктерін үш жыл жүзеге асырады. 4. Кеңес мүшелерінің арасынан адам шығып қалған жағдайда, Кеңестің жаңа мүшесі үш ай ішінде тағайындалады. 5. Кеңес Төрағасының, хатшысының жəне мүшесінің лауазымы коммерциялық ұйымның басшы органының жəне байқау кеңесінің құрамына кірумен, саяси партияның басшылық лауазымдарында болумен сыйыспайды. 6. Лауазымы бойынша Кеңес мүшелерін жəне шетелдік сарапшыларды қоспағанда, Кеңес мүшелері өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезеңінде негізгі жұмыс орны бойынша міндеттерін орындаудан босатылады. 7. Судьялар жəне мемлекеттік қызметшілер болып табылатын Кеңес мүшелерінің негізгі жұмыс орны бойынша жалақысы сақталады. 8. Кеңес мүшелері тəуелсіз жəне Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына жəне Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне ғана бағынады. 9. Кеңес мүшелері Кеңестің өкілеттіктеріне жатқызылған мəселелерді шешу кезінде тең құқықтарға ие болады. 10. Кеңес мүшесінің өкілеттіктері Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес тоқтатылады. 11. Кеңес хатшысы Кеңестің мүшесі болып табылмайды жəне оның дауыс беру құқығы жоқ. 5-бап. Кеңес Төрағасы 1. Кеңес Төрағасы: 1) Кеңесті басқарады жəне оған жалпы басшылықты қамтамасыз етеді, сондай-ақ мемлекеттік органдармен жəне өзге де ұйымдармен өзара қарым-қатынастарда Кеңес атынан өкілдік етеді; 2) Кеңес хатшысының ұсынуы бойынша Кеңестің жұмыс жоспарларын бекітеді; 3) Кеңестің отырыстарын шақырады жəне Кеңестің отырыстарына төрағалық етеді; 4) Кеңестің ұсынымдарына, қорытындыларына, шешімдері мен хаттамаларына қол қояды; 5) Кеңес хатшысының ұсынысы бойынша Кеңес отырыстарының қарауына енгізілетін мəселелерді айқындайды; 6) Жоғарғы Соттың жалпы отырысына, судьялардың кеңестеріне, облыстық соттардың жалпы отырыстарына, Судьялар одағының, Судья əдебі жөніндегі комиссияның, Сот жюриінің отырыстарына қатысуға құқылы; 7) Кеңес қызметінде регламенттің сақталуын қамтамасыз етеді; 8) азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді; 9) негізгі жұмысынан босатылған Кеңес мүшелерінің міндеттерін бөледі; 10) өкімдер шығарады; 11) осы Заңда көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 2. Кеңес Төрағасы уақытша болмаған жағдайда, оның міндеттері негізгі жұмысынан босатылған Кеңес мүшелерінің біріне Төрағаның өкімімен жүктеледі. 6-бап. Кеңес мүшелерінің өкілеттіктері 1. Кеңес мүшесі: 1) Кеңестің қарауына ұсынылған материалдармен танысуға; 2) материалдарды зерттеуге жəне тексеруге қатысуға; 3) қаралып отырған мəселелер бойынша өтінішхаттарды мəлімдеуге, өзінің ұсыныстарына уəждер мен негіздемелер келтіруге; 4) қолында бар құжаттарды ұсынуға; 5) дауыс беру арқылы шешім қабылдауға қатысуға; 6) судьялыққа кандидаттармен жəне судьялармен өңірлерде көшпелі кездесулер өткізуге; 7) Кеңестің құзыретіне кіретін мəселелер бойынша облыстық соттардың жалпы отырыстарының, соттармен

өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестер жəне судья қоғамдастығы органдары отырыстарының жұмысына қатысуға; 8) Кеңестің құзыреті шегінде азаматтарды жеке қабылдауды жүргізуге; 9) осы Заңда көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы. 2. Кеңес мүшесі: 1) Кеңестің отырыстарына қатысуға; 2) Кеңестің құзыретіне кіретін мəселелерді қарау кезінде бейтарап жəне объективті болуға; 3) өзіне жүктелген өкілеттіктерді орындауға байланысты өзіне белгілі болған, судьялыққа кандидаттардың жəне судьялардың жеке өмірі туралы мəліметтерге қатысты құпиялылықты, сондай-ақ дауыс беру құпиясын сақтауға; 4) Кеңес отырысының күн тəртібіне енгізілген мəселені қарау кезінде, егер оған қатысты шешім қабылданатын адамның жұбайы (зайыбы), жақын туысы немесе жекжаты болса, өздігінен бас тартуын мəлімдеуге міндетті. 7-бап. Кеңес хатшысы – аппарат басшысы 1. Кеңес хатшысы – аппарат басшысы: 1) Кеңес аппаратының қызметін ұйымдастырады; 2) Кеңес мүшелерінің ұсынысы бойынша алдағы отырыстың қарауына енгізілетін мəселелердің тізбесін қалыптастырады жəне бұл туралы Төрағаға күні бұрын баяндайды; 3) отырыс хаттамаларының, Кеңес қабылдаған ұсынымдардың, қорытындылар мен хаттамалық шешімдердің үзінді көшірмелеріне өз қолын қойып растайды; 4) қажет болған кезде тексерулер ұйымдастырады; 5) Кеңес отырысына шақырылатын адамдардың тізімін айқындайды жəне олардың келуін қамтамасыз етеді; 6) Төрағаның өкімдерін жəне Кеңестің шешімдерін орындайды; 7) Кеңес аппаратына басшылықты жүзеге асырады: оның бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді жəне бақылайды; 8) Кеңес аппаратының қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, материалдық-техникалық жəне қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады; 9) Кеңес Төрағасымен келісу бойынша аппараттың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді; 10) Кеңес аппаратында атқарушылық жəне еңбек тəртібінің сақталуын бақылайды; 11) Кеңестің мемлекеттік сатып алу саласына басшылықты жүзеге асырады, оның ішінде төлем шотына қол қояды; 12) Кеңес қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік сатып алудың өткізілуін ұйымдастырады жəне оған жауап береді; 13) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен Кеңес аппараты құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын лауазымға тағайындайды жəне лауазымдарынан босатады; 14) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен Кеңес аппаратының жұмыскерлерін лауазымға тағайындайды жəне лауазымдарынан босатады; 15) Кеңес аппаратының жұмыскерлерін іссапарға жіберу, демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу мен сыйлықақы беру мəселелерін шешеді; 16) еңбек қатынастары мəселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, Кеңес аппараты жұмыскерлерінің тəртіптік жауаптылығы мəселелерін шешеді; 17) бюджеттік өтінімді дайындауды, бюджеттік өтінімді Кеңес Төрағасына ұсынуды, сондай-ақ бюджет процесінің өзге де рəсімдерін орындауды қамтамасыз етеді; 18) Кеңестің органын қаржыландыру жоспарларын жəне қаржылық есептілігін əзірлеуді қамтамасыз етеді жəне бекітеді; 19) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен жəне өзге де ұйымдармен өзара қарым-қатынастарда Кеңес атынан өкілдік етеді; 20) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын өз құзыреті шегінде қамтамасыз етеді; 21) Кеңес жұмысының ұйымдастырылуын жақсартуға бағытталған шараларды қолданады, Кеңес шешімдерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады; 22) жеке жəне заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмысты ұйымдастырады; 23) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де ұйымдастырушылық-өкімдік функцияларды орындайды. 2. Кеңес хатшысы уақытша болмаған жағдайда, оның міндеттері хатшының өкімімен Кеңес аппараты жұмыскерлерінің біріне жүктеледі. 3-тарау. КЕҢЕС ОТЫРЫСТАРЫ 8-бап. Кеңес отырыстары 1. Кеңес мүшелері жалпы санының кемінде үштен екісі отырысқа қатысқан кезде Кеңес отырысы шешімдер қабылдауға құқықты. 2. Кеңес отырыстары ашық жəне жариялы түрде өткізіледі. Отырысқа мемлекеттік органдардың өкілдері шақырылуы мүмкін. Жұртшылық өкілдері жəне аккредиттелген журналистер Кеңес отырыстарына қатысуға құқылы. Қажет болған жағдайларда, Кеңес жабық отырыстар өткізуге құқылы, оларды өткізу туралы шешімдер Кеңес мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады. Кеңестің жабық отырыстары судьялардың, сот алқалары төрағаларының жəне соттар төрағаларының бос лауазымдарына орналасуға өткізілген конкурс қорытындыларын шығару туралы мəселені қараған кезде, оның ішінде кандидатураларды талқылаған жəне олар бойынша шешімдер қабылдаған кезде өткізілмейді. 3. Кеңес отырысына қатысып отырған жұртшылық өкілдері жəне аккредиттелген журналистер Кеңес отырысының барысына кедергі келтірмей, фото-, бейнетүсірілім мен аудиожазба жүргізуге құқылы. Егер өзіне қатысты материалдар Кеңес отырысында қаралуға жататын отырысқа қатысушыдан тиісті өтініш келіп түскен жағдайда, фото-, бейнетүсірілім мен аудиожазба жүргізілмейді. 4. Кеңес материалдарды келіп түскен күнінен бастап екі ай мерзімнен кешіктірмей қарап, қарау қорытындылары туралы өтініш берушіні міндетті түрде хабардар етеді. 9-бап. Кеңес отырысын өткізу тəртібі 1. Кеңес отырыстарын өткізу тəртібі, сондай-ақ Кеңес жұмысын ұйымдастырудың өзге де мəселелері Кеңес мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданатын регламентте айқындалады. 2. Кеңес отырысында материалдарды қарау тиісті лауазымдарға орналасуға үміткер немесе атқаратын лауазымдарынан босатылатын адамдардың қатысуымен жүргізіледі. Отырыстың өткізілетін уақыты мен орны туралы тиісінше хабардар етілген адамның болмауы, егер оның тікелей қатысуы талап етілмесе, мəселені мəні бойынша қарауға кедергі болып табылмайды. 3. Кеңес мүшелерінің отырыстарға қатысуы міндетті, олардың өз өкілеттіктерін өзге лауазымды адамдарға беруіне жол берілмейді. 10-бап. Кеңес шешімдері 1. Кеңес шешімдері өзіне қатысты мəселе қаралатын адамның, сондай-ақ өзге де шақырылған адамдардың қатысуынсыз, отырысқа қатысып отырған мүшелерінің кемінде үштен екі даусымен қабылданады. Рəсімдік мəселелер бойынша Кеңес шешімдері отырысқа қатысып отырған мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады. 2. Кеңес шешімдері жазбаша нысанда баяндалады жəне олардың шығарылған күні мен орнын, мəселені қараған Кеңес құрамын, қабылданған шешімдердің уəждерін қамтуға тиіс. Шешімдерге төрағалық етуші мен Кеңес хатшысы қол қояды. 3. Кеңес қорытынды, хаттамалық шешім жəне (немесе) ұсынымдар нысанында шешімдер қабылдайды. Кеңес мүшелерінің дауыс беруден қалыс қалуға құқығы жоқ. Кеңес мүшесі қабылданатын шешіммен келіспеген жағдайда, ерекше пікірін жазбаша баяндауға құқылы, бұл Кеңес отырысының хаттамасына қоса тіркеледі. 4. Дауыстар тең болған кезде төрағалық етушінің даусы шешуші болып табылады.

5. Кеңес өз шешімдерімен барлық адамдардың еркін танысуы үшін жағдайлар жасайды, олар Кеңестің интернетресурсында орналастырылады. 4-тарау. КЕҢЕС ЖАНЫНДАҒЫ БІЛІКТІЛІК КОМИССИЯСЫНЫҢ БІЛІКТІЛІК ЕМТИХАНЫН ҚАБЫЛДАУ ТƏРТІБІ МЕН ШАРТТАРЫ 11-бап. Кеңес жанындағы біліктілік комиссиясы 1. Судьялыққа кандидаттардың білім деңгейін жəне оны практикада қолдану қабілетін айқындау үшін олардан біліктілік емтиханын қабылдауды Кеңес жанындағы біліктілік комиссиясы (бұдан əрі – Комиссия) жүзеге асырады. 2. Комиссияның құрамына Кеңес тағайындайтын адамдар: 1) Комиссия төрағасы; 2) құқық оқытушыларының, ғалым заңгерлердің арасынан бес маман; 3) Сот жюриі өз құрамынан ротациялық негізде жіберетін үш судья, оның ішінде отставкадағы судьялар; 4) Бас прокуратураның, Əділет министрлігінің, адвокатураның бір-бір өкілі; 5) өзге де жұртшылық өкілдері кіреді. Комиссия құрамына шетелдік сарапшылар енгізілуі мүмкін. 3. Комиссия төрағасы мен мүшелері оның құрамына екі жыл мерзімге тағайындалады немесе жіберіледі. Бос орын болған жағдайда Комиссияның жаңа мүшесі Комиссияның алдыңғы мүшесі шығып қалған күннен бастап екі айдан кешіктірілмей тағайындалады немесе жіберіледі. 4. Комиссия құрамына ұсынылған адамдардың заңтану саласындағы кəсіби білімі, заң мамандығы бойынша кемінде он жыл жұмыс тəжірибесі жəне мінсіз беделі болуға тиіс. 5. Комиссияның төрағасы мен мүшелері жұбайына (зайыбына), жақын туыстарына немесе жекжаттарына қатысты мəселелер қаралған кезде отырысқа қатысуға құқылы емес. 6. Комиссияның қызметін қамтамасыз етуді Кеңес аппараты жүзеге асырады. 12-бап. Комиссияның біліктілік емтихандарын қабылдау жөніндегі отырыстары 1. Комиссия біліктілік емтихандарын қабылдау жөніндегі өз отырыстарын қажеттілігіне қарай, бірақ жылына төрт реттен сиретпей өткізеді. 2. Комиссияның біліктілік емтихандарын қабылдау жөніндегі отырыстары ашық жəне жариялы түрде өткізіледі. Егер отырыстарға Комиссия мүшелері жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, олар құқықты деп есептеледі. 3. Комиссия отырысының өткізілетін уақыты мен орны туралы оның мүшелері мен шақырылған адамдарға күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабар беріледі. 13-бап. Біліктілік емтихандарын қабылдаудың (тапсырудың) тəртібі мен шарттары 1. Комиссияда құжаттарды қабылдау, біліктілік емтихандарын тапсыру тəртібі Кеңестің регламентінде айқындалады. 2. Судьялыққа кандидаттардан біліктілік емтихандарын қабылдау азаматтар арнайы тексеруден өткеннен кейін жүзеге асырылады. 3. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мəртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген теріс себептермен судья лауазымынан босатылған адамдарды қоспағанда, бұрын кемінде бес жыл тұрақты судья болып жұмыс істеген жəне қызметтен босатылған күннен бастап төрт жыл ішінде судья лауазымына қайтадан орналасуға ниет білдірген адамдар біліктілік емтиханын тапсырудан босатылады. 4. Мамандандырылған магистратурада оқу бітірген адамдар мамандандырылған магистратурада оқуын бітірген күннен бастап төрт жыл бойы біліктілік емтиханын тапсырудан босатылады. 5. Қызметтік міндеттерін атқару кезінде атына кір келтіретін теріс қылықтары жəне Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін судья лауазымынан, құқық қорғау органдарынан немесе өзге де мемлекеттік қызметтен босатылған адамдар біліктілік емтихандарын тапсыруға жіберілмейді. 6. Біліктілік емтиханын тапсыру нəтижесі емтихан тапсырылған күннен бастап төрт жыл бойы жарамды болады. 7. Біліктілік емтихандарын тапсыра алмаған адамдар оларды қайтадан тапсыруға бір жылдан кейін жіберіледі. 8. Біліктілік емтиханын тапсырған адамдар туралы ақпарат, сондай-ақ біліктілік емтиханының үлгілік сұрақтары Кеңестің интернет-ресурсында орналастырылады. 9. Судьялыққа кандидаттардан емтихан алу кезеңдерінің бірін қабылдау жүзеге асырылатын электрондық жүйе ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткізуді, ақпаратты жинаудың, өңдеудің, жинақтаудың, сақтаудың, іздеудің жəне берудің бағдарламалық-техникалық құралдарының жұмыс істеуінің бұзылуын, көрсетілген құралдардың істен шығуын болғызбайтын тиісті қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етілуге тиіс. Электрондық жүйенің осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген талаптарға сəйкестігін тексеру мақсатында тəуелсіз бағалау, оның ішінде шетелдік мамандар тартыла отырып жүргізілуі мүмкін. 10. Біліктілік емтиханын тапсыру рəсімі үш кезеңді қамтиды: 1) Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін жəне оны практикада қолдану қабілетін компьютерлік тестілеу; 2) үміткердің білімін жəне оны практикада қолдану қабілетін сот практикасынан нақты жағдайларды бейнелейтін емтихан билеттері бойынша тексеру; 3) психологиялық тестілеу. Емтихан билеттеріндегі сұрақтардың санын Комиссия белгілейді. Біліктілік емтиханы тестеріне жəне емтихан билеттеріне енгізілуге жататын сұрақтардың тізбесін əзірлеуді Комиссия ұйымдастырады. Сұрақтардың тізбесі Кеңес отырысында бекітіледі. 14-бап. Біліктілік емтихандарын қабылдаудан бас тарту Судьялыққа кандидаттар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде қойылатын талаптарға сай келмеген жағдайларда, біліктілік емтихандарын қабылдаудан бас тартуға жол беріледі. Біліктілік емтихандарын қабылдаудан бас тартқан жағдайда, Комиссия өтініш берілген күннен бастап бір ай ішінде азаматқа уəжді жауап беруге міндетті. 15-бап. Полиграфологиялық зерттеудің тəртібі мен шарттары 1. Біліктілік емтиханын ойдағыдай тапсырған адамдар қосымша ақпарат алу жəне беріліп отырған мəліметтердің анықтығын тексеру мақсатында полиграфологиялық зерттеуден өтеді. 2. Зерттеу өткізудің негізгі міндеті: 1) құқыққа қарсы ниеттерді; 2) мінез-құлықтың жасырын бұзылуын, жағымсыз тəуелділіктерді, есірткі, психотроптық заттар жəне психикалық жəне физикалық тəуелділік туғызатын өзге де психикаға белсенді əсер ететін заттар тұтынуды; 3) сауалнамалық деректер, кірістері, мүлкі жəне мүліктік сипаттағы міндеттемелері туралы мəліметтер жасыруды немесе бұрмалауды, қос азаматтығының болуын, жалған құжаттар пайдалануды; 4) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасау, құпия немесе қызметтік ақпаратты бөгде адамдарға беру фактілерінің бұрын болуын; 5) тыйым салынған қоғамдық бірлестіктермен, қылмыстық жəне террористік ұйымдармен байланыс жасауды немесе егер бұрын олардың лауазымдық міндеттеріне кірмеген болса, коммерциялық құрылымдарға қатысуды; 6) лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалануды анықтау болып табылады. 3. Полиграфологиялық зерттеудің қорытындысы ұсынымдық сипатта болады. 4. Полиграфологиялық зерттеуден өту тəртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. 5-тарау. АУДАНДЫҚ СОТ ТӨРАҒАСЫНЫҢ, АУДАНДЫҚ, ОБЛЫСТЫҚ ЖƏНЕ ЖОҒАРҒЫ СОТ СУДЬЯСЫНЫҢ ЛАУАЗЫМЫНА ТАҒАЙЫНДАУ ТУРАЛЫ ҰСЫНЫМ ШЫҒАРУ 16-бап. Судья лауазымына конкурс 1. Кеңестiң аудандық сот төрағасы мен судьясының, облыстық сот судьясының жəне Жоғарғы Сот судьясының лауазымына тағайындау туралы ұсынымы конкурстық қараудың нəтижелерi бойынша берiледi.

2. Конкурс жариялау туралы шешімді Жоғарғы Соттың, жергілікті жəне басқа соттардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі уəкілетті органның ұсынуына негізделген Кеңес хатшысының ұсынысы бойынша Кеңес Төрағасы қабылдайды. 3. Аудандық сот төрағасы мен судьясының, облыстық сот судьясының жəне Жоғарғы Сот судьясының лауазымына бос орынның ашылуы туралы ұсыну Кеңестің конкурс жариялауы үшін негіз болып табылады. 4. Кеңестің аудандық сот төрағасы мен судьясының, облыстық сот судьясының жəне Жоғарғы Сот судьясының бос лауазымына орналасуға конкурс туралы хабарландыруын Кеңес аппараты Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында конкурсқа дейін кемінде бір ай бұрын қазақ жəне орыс тілдерінде жариялайды. 5. Аудандық сот төрағасы мен судьясының, облыстық сот судьясының жəне Жоғарғы Сот судьясының лауазымына конкурсқа қатысу үшін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында хабарландыру жарияланған күннен бастап бір айдың ішінде Кеңес аппаратына өтініш жəне тізбесі Кеңес регламентінде белгіленген басқа да құжаттарды беру қажет. 6. Кеңес аппараты конкурсқа құжаттар қабылдау аяқталғаннан кейін үміткерлердің тізімін кандидаттарды жұмыс орны бойынша тексеру, құқық қорғау органдарынан мəліметтер алу үшін барлық облыстық соттарға жібереді жəне оларды Кеңестің интернет-ресурсында орналастырады. Үміткерлердің жеке басы туралы толық жəне объективті ақпарат алу мақсатында Кеңес аппараты құқық қорғау органдарынан жəне олардың аумақтық бөлімшелерінен, басқа да мемлекеттік органдардан, адвокаттар алқаларынан үміткерлер туралы қосымша мəліметтер сұратуға құқылы. 17-бап. Аудандық сот төрағасының, аудандық жəне облыстық сот судьясының, Жоғарғы Сот судьясының лауазымына конкурсқа қатысушылар 1. Аудандық сот төрағасы мен судьясының лауазымына Кеңестің ұсынымын алу үшін конкурсқа «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мəртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 29-бабы 1-тармағының талаптарына сай келетін азаматтар, ал жұмыс істеп жүрген судьялар болып табылатын кандидаттар «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мəртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабының жəне 29-бабы 1-тармағының талаптарына сай келсе, қатыса алады. Аудандық сот төрағасының бос лауазымдарына кандидатуралар жұмыс істеп жүрген судьялар болуға немесе судья лауазымында кемінде бес жыл жұмыс өтілі болуға жəне жоғары тұрған соттың екі судьясы мен отставкадағы бір судьяның жазбаша кепілгерлігін алуға тиіс. 2. Облыстық сот судьясының лауазымына Кеңестің ұсынымын алу үшін конкурсқа «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мəртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарына сай келетін, заңгерлік кəсібі бойынша кемінде он бес жыл жұмыс өтілі бар, оның кемінде бес жылы судьялық жұмыс өтілі болатын, сондай-ақ тиісті облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысын жəне жоғары тұрған соттың екі судьясы мен отставкадағы бір судьяның жазбаша нысандағы кепілгерлігін алған азаматтар қатыса алады. Тиісті облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысына Жоғарғы Соттың жалпы отырысына шағым жасауға болады. Тиісті облыстық соттың немесе Жоғарғы Соттың жалпы отырысының қорытындысын кандидат Кеңеске ұсынады. 3. Жоғарғы Сот судьясының лауазымына Кеңестің ұсынымын алу үшін конкурсқа «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мəртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарына сай келетін, заңгерлік кəсібі бойынша кемінде жиырма жыл жұмыс өтілі бар, оның кемінде он жылы судьялық жұмыс өтілі болатын, оның ішінде бес жыл облыстық соттағы судьялық жұмыс өтілі бар, сондай-ақ Жоғарғы Соттың жалпы отырысының оң қорытындысын жəне жоғары тұрған соттың екі судьясы мен отставкадағы бір судьяның жазбаша кепілгерлігін алған азаматтар қатыса алады. Жоғарғы Соттың жалпы отырысының қорытындысын кандидат Кеңеске ұсынады. 4. Аудандық сот төрағасы мен судьясының, облыстық сот судьясының лауазымына конкурсқа қатысушылар құжаттарын Кеңеске тапсырғаннан кейін Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің жəне тұрғылықты жері немесе жұмыс орны бойынша облыстық соттың жалпы отырысының қорытындыларын алуға тиіс. Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің жəне облыстық соттың жалпы отырысының қорытындылары ұсынымдық сипатта болады. Жоғарғы Сот судьясының лауазымына конкурсқа қатысушылар құжаттарын Кеңеске тапсырғаннан кейін Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің жəне тұрғылықты жері немесе жұмыс орны бойынша облыстық соттың жалпы отырысының қорытындыларын да, сондай-ақ Жоғарғы Соттың жалпы отырысының қорытындысын алуға тиіс. Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің, облыстық соттың жəне Жоғарғы Соттың жалпы отырыстарының қорытындылары ұсынымдық сипатта болады. 5. Аудандық сот төрағасы мен судьясының, облыстық сот судьясының жəне Жоғарғы Сот судьясының лауазымына конкурсқа қатысушылар, тиісті облыстық соттың жəне Жоғарғы Соттың жалпы отырыстарының, Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес отырысының өткізілетін күні туралы, сондай-ақ олар қабылдаған шешімдер туралы ақпарат Кеңестің интернет-ресурсында орналастырылуға жəне өзге де бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға тиіс. 18-бап. Бос лауазымдарға кандидаттарды іріктеу тəртібі 1. Бос лауазымдарға кандидаттарды конкурстық іріктеуді Кеңес өз қызметіне араласуды болғызбау шарттарымен ашық жəне жариялы түрде жүзеге асырады. 2. Білім деңгейінің жоғары болуы, жоғары моральдықадамгершілік қасиеттері мен мінсіз беделінің болуы аудандық сот судьяларының бос лауазымдарына кандидаттарды іріктеудің негізгі өлшемшарттары болып табылады. Бұл ретте: 1) мамандандырылған магистратурада біліктілік емтиханын тапсырған адамдарға; 2) сот ісін жүргізуге қатысумен тікелей байланысты заң мамандығы бойынша жұмыс өтілі көп адамдарға; 3) біліктілік емтиханын тапсыру нəтижелері бойынша; 4) ғылыми дəрежесі немесе ғылыми атағы бар адамдарға; 5) судья лауазымына конкурсқа үш реттен астам қатысқан адамдарға; 6) жоғары білім туралы дипломның орташа бағасының нəтижелері ескеріле отырып, басымдық беріледі. 3. Арнайы білімінің болуы мамандандырылған соттар судьяларының бос лауазымдарына кандидаттар іріктеудің қосымша өлшемшарты болып табылады. 4. Сот ісін жүргізуге қатысумен тікелей байланысты жұмыс өтіліне: 1) сот отырысының хатшысы; 2) сот консультанты (көмекшісі); 3) сот процестеріне қатысатын прокурор; 4) сот процестеріне қатысатын адвокат ретіндегі жұмысы есептеледі. 5. Облыстық сот судьясының, Жоғарғы Сот судьясының бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу кезінде мынадай өлшемшарттар: 1) судья лауазымындағы жұмыс өтілі; 2) мінсіз беделі жəне сот төрелігін іске асыру сапасы; 3) ғылыми дəрежесінің немесе ғылыми атағының болуы; 4) судья лауазымына конкурсқа үш реттен астам қатысқаны ескеріледі. 6. Аудандық сот төрағасының бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу кезінде осы баптың 2-тармағында көрсетілген өлшемшарттарға қосымша ұйымдастырушылық қабілеттері де ескеріледі. 7. Кеңес аудандық сот төрағаларының, облыстық сот судьяларының бос лауазымдарына кандидатураларды тиісті облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысы жəне жоғары тұрған соттың екі судьясы мен отставкадағы бір судьяның жазбаша кепілгерлігі болған кезде қарайды. (Соңы 20-бетте).


20

www.egemen.kz

(Соңы. Басы 19-бетте).

Кеңес Жоғарғы Сот судьяларының бос лауазымдарына кандидатураларды Жоғарғы Соттың жалпы отырысының қорытындысы жəне жоғары тұрған соттың екі судьясы мен отставкадағы бір судьяның жазбаша кепілгерлігі болған кезде қарайды. 8. Кеңес мүшелерінің аудандық соттар төрағалары мен судьяларының, облыстық соттар судьяларының жəне Жоғарғы Сот судьяларының бос лауазымдарына орналасу туралы мəселені қарауы тікелей Кеңес отырысының барысында мынадай тəртіппен жүзеге асырылады: 1) судьяның бос лауазымы жəне оған орналасуға үміткер адамдардың саны туралы мəліметтерді жариялау; 2) судьяның бос лауазымына орналасуға үміткер кандидатураларды Кеңес мүшелерінің талқылауы; 3) дауыс беру үшін Кеңес мүшелерінің кандидатураларды ұсынуы; 4) ұсынылған кандидатура бойынша Кеңес мүшелерінің дауыс беруі. Қажет болған кезде дауыс беру жасырын өткізілуі мүмкін; 5) Кеңес мүшелерінің бос лауазымға кандидатураларды қарау қорытындыларын шығаруы. Кеңес отырысына қатысып отырған мүшелерінің кемінде үштен екі даусын жинаған кандидат бос лауазымға орналасуға конкурс жеңімпазы деп танылады. 9. Жұмыс істеп жүрген судья болып табылмайтын жəне конкурста жеңіске жеткен кандидат міндетті арнайы тексеруден қосымша өтуге тиіс. Арнайы тексеруден өтуді Кеңес аппараты ұйымдастырады. Мемлекеттік қызметте үзіліссіз өтілі бар жəне бұрын арнайы тексеруден өткен кандидаттар кадр қызметі куəландырған тиісті анықтаманы ұсына алады. Арнайы тексерудің нəтижелері туралы құжат берілген күнінен бастап бір жыл бойы жарамды болады. 10. Егер конкурста жеңіске жеткен кандидатқа қатысты қылмыстық іс қозғалғандығын, оның ішінде оның кейіннен ақтайтын негіздер бойынша тоқтатылғанын куəландыратын мəліметтер арнайы тексеру қорытындылары бойынша анықталған жағдайда, мұндай кандидаттарға қатысты

прокуратура органдары қылмыстық істер материалдарын зерттей отырып, қосымша тексеру жүргізеді, оның қорытындысы Кеңес отырысында қаралады. Іріктеуден өткен жəне Кеңес тағайындауға ұсыным жасаған кандидатты аудандық сот төрағасының немесе судьясының, облыстық сот судьясының жəне Жоғарғы Сот судьясының лауазымына тағайындауға кедергі келтіретін негіздер болған кезде, сондай-ақ ол бос лауазымға тағайындаудан бас тартқан жағдайда, Кеңес ұсыным беру туралы шешімінің күшін жояды жəне конкурсқа қатысқан адамдар арасынан басқа кандидатты бос лауазымға тағайындау үшін ұсыным жасауы мүмкін. 11. Егер ұсынылған бос лауазымдарға кандидаттар конкурс нəтижесінде іріктеп алынбаған болса, мұндай бос лауазымдар бойынша конкурс өткізілмеді деп танылады жəне қайта конкурс жариялануы мүмкін. 12. Бос лауазымдарға кандидаттарды іріктеудің қорытындылары бойынша Кеңес хатшысы конкурс қатысушыларына конкурс нəтижелері туралы тиісті хабарламаны ол аяқталған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жібереді. 6-тарау. ЖОҒАРҒЫ СОТТЫҢ СОТ АЛҚАЛАРЫ ТӨРАҒАЛАРЫНЫҢ, ОБЛЫСТЫҚ СОТТАР ТӨРАҒАЛАРЫНЫҢ ЖƏНЕ СОТ АЛҚАЛАРЫ ТӨРАҒАЛАРЫНЫҢ БОС ЛАУАЗЫМДАРЫНА КАНДИДАТУРАЛАРДЫ ҚАРАУ ТƏРТІБІ 19-бап. Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының, облыстық соттар төрағаларының жəне сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына кандидатураларды қарау тəртібі 1. Облыстық соттар төрағаларының жəне сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына кандидатураларды Кеңес Жоғарғы Сот Төрағасының Жоғарғы Соттың жалпы отырысының шешімі негізінде енгізген ұсынуы бойынша баламалы негізде қарайды. 2. Облыстық соттар төрағаларының жəне сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына кандидатуралар жұмыс істеп жүрген судьялар немесе судья лауазымында кемiнде он

8 желтоқсан 2015 жыл

жыл жұмыс өтілі бар адамдар арасынан ұсыным жасалады. Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының лауазымына кандидатуралар Жоғарғы Соттың судьялары арасынан ұсынылады. Бұл ретте облыстық сот төрағасының жəне сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының лауазымына кандидаттарды іріктеу кезінде кадр резервінде тұрған жəне ұйымдастырушылық қабілеттерге ие адамдарға басымдық беріледі. 3. Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуына тиісті соттың жалпы отырысында баламалы негізде қаралған барлық кандидаттардың материалдары қоса беріледі. 4. Кеңес облыстық соттар төрағаларының жəне сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына ұсынылған барлық кандидатураларды отырыста міндетті түрде қарайды. 20-бап. Бос лауазымдарға кандидатураларды қарау шарттары Аудандық соттардың төрағалары, облыстық соттардың төрағалары жəне сот алқаларының төрағалары, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары тиісті сотта өздері атқаратын лауазымға қатарынан екі реттен артық тағайындалмайды. 7-тарау. СОТТЫҢ ТӨРАҒАСЫН, СОТ АЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫН ЖƏНЕ СУДЬЯНЫ ЛАУАЗЫМЫНАН БОСАТУ ТУРАЛЫ МАТЕРИАЛДАРДЫ ҚАРАУ ТƏРТІБІ 21-бап. Соттың төрағасын, сот алқасының төрағасын жəне судьяны лауазымынан босату не босатудан бас тарту туралы мəселені қарау үшін негіздер 1. Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы соттың төрағасын, сот алқасының төрағасын жəне судьяны лауазымынан босату туралы мəселені Кеңестің қарауы үшін негіз болып табылады. Жоғарғы Соттың Төрағасы соттың төрағасын, сот алқасының төрағасын жəне судьяны тəртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін, кəсіби жарамсыздығына орай немесе «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мəртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарын орындамағаны үшін

лауазымынан босату туралы ұсынуды Кеңеске Сот жюриі шешімінің негізінде енгізеді. 2. Кеңес материалдарды алғаннан кейін регламентте белгіленген тəртіппен ондағы мəліметтерді соттың төрағасынан, сот алқасының төрағасынан, судьядан жəне басқа да адамдардан жазбаша түсініктемелер алу, тиісті құжаттарды талап етіп алдыру жəне олармен танысу, мемлекеттік органдардан, ұйымдар мен азаматтардан өзге де ақпаратты алу арқылы тексереді. 3. Тексерудің нəтижелері бойынша анықтама жасалады. Анықтамада анықталған мəн-жайлар, тексерушілердің қорытындысы мен ұсыныстары қамтылуға жəне олардың қолдары қойылуға тиіс. 22-бап. Тексерудің нəтижелерімен судьяны таныстыру 1. Өзіне қатысты тексеру жүргізілген судья анықтамамен жəне тексеру материалдарымен таныстырылуға тиіс. Бұл ретте ол қосымша түсініктемелер беріп, белгілі бір мəнжайларды тексеру туралы өтінішхат бере алады. 2. Өзіне қатысты тексеру жүргізілген судья анықтамамен жəне тексеру материалдарымен танысудан бас тартқан жағдайда, бұл жайында хаттама жасалады, оған тексеруді жүргізген адамдар қол қояды. 23-бап. Соттың төрағасын, сот алқасының төрағасын жəне судьяны лауазымынан босату туралы мəселені қарау 1. Кеңес соттың төрағасын, сот алқасының төрағасын жəне судьяны лауазымынан босату туралы мəселені қараған кезде Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы алынған судьяның түсініктемесін тыңдайды. Сот төрағасының, сот алқасы төрағасының жəне судьяның Кеңес отырысына дəлелді себептерсіз келмеуі мəселені қарауға кедергі болмайды. Отырыста сот төрағасының, сот алқасы төрағасының жəне судьяның, Кеңес хатшысының өтінішхаты бойынша шақырылған басқа да адамдардың хабарламалары тыңдалуы, құжаттар жария етілуі жəне өзге де материалдар қаралуы мүмкін. 2. Кеңестің шешімінде нақты материалдарға сілтеме жасай отырып, Қазақстан Республикасының Президентіне соттың төрағасын, сот алқасының төрағасын жəне судьяны лауазымынан босату туралы қабылданған ұсынымға негіз

болған мəн-жайлар не ұсынымды қабылдаудан бас тарту қамтылуға тиіс. 3. Соттың төрағасын, сот алқасының төрағасын жəне судьяны лауазымынан босату туралы ұсыным беруден Кеңестің бас тартуы Сот жюриінің өзі шығарған шешімнің күшін жоюы жəне оны қайта қарауы үшін негіз болып табылады. 24-бап. Сот жюриінің шешіміне шағым жасау туралы мəселені қарау 1. Судья Сот жюриінің тəртіптік жəне біліктілік комиссияларының шешіміне Кеңеске шағым жасай алады. 2. Кеңес Сот жюриінің шешіміне шағым жасау туралы мəселені қараған кезде Сот жюриі өзіне қатысты шешім қабылдаған судьяның түсініктемесін тыңдайды. Судьяның Кеңестің отырысына дəлелді себептерсіз келмеуі мəселені қарауға кедергі болмайды. Отырыста судьяның, Кеңес хатшысының өтінішхаты бойынша шақырылған басқа да адамдардың хабарламалары тыңдалуы, құжаттар жария етілуі жəне өзге де материалдар қаралуы мүмкін. 3. Сот жюриі шешімінің негізсіздігі туралы Кеңестің шешімі Сот жюриінің өзі шығарған шешімнің күшін жоюы жəне оны қайта қарауы үшін негіз болып табылады. 8-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР 25-бап. Қорытынды ережелер «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» 2008 жылғы 17 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 20, 80-құжат; 2010 ж., № 24, 153-құжат; 2012 ж., № 5, 39-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 22, 128-құжат) күші жойылды деп танылсын. 26-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тəртібі Осы Заң 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2015 жылғы 4 желтоқсан № 436-V ҚРЗ

Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Жоғары Сот Кеңесі, сот жүйесі жəне судьялардың мəртебесі мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 1-бап. Қазақстан Республикасының мына конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жыл ғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Респуб ликасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 172-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 10, 343-құжат; 2006 ж., № 23, 137-құжат; 2007 ж., № 12, 82-құжат; 2010 ж., № 11, 55-құжат; 2011 ж., № 3, 30-құжат): 33-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Республика Президентінің жанындағы консультативтіккеңесші органдар аппараттарының, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы аппаратының қызметкерлері Республика Президенті Əкімшілігінің қызметкерлері болып табылады.». 2. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судья ларының мəртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 23, 410-құжат; 2006 ж., № 23, 136-құжат; 2008 ж., № 20, 77-құжат; 2010 ж., № 24, 147-құжат; 2012 ж., № 5, 38-құжат; 2014 ж., № 16, 89-құжат; № 21, 119-құжат; 2015 ж., № 14, 75, 76-құжаттар): 1) 3-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын: «5. Қазақстан Республикасының сот жүйесіне кірмейтін «Астана» халықаралық қаржы орталығы сотының ерекше мəртебесі болады.»; 2) 4-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Осы бапта көзделген талаптар «Астана» халықаралық қаржы орталығының сотына қолданылмайды.»; 3) 11-баптың 6-тармағындағы «Қоғамдық кеңес», «Қоғамдық кеңестің» деген сөздер тиісінше «Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес», «Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) 16-баптың 1-тармағының 9-1) тармақшасы алып тасталсын; 5) 16-1-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: «1-1) тəртіптік теріс қылық жасаған судьяға қатысты тəртіп тік іс жүргізуді қозғау туралы материалды Сот жюриіне беру туралы мəселені талқылайды жəне талқылау қорытындысы бойынша тиісті шешім шығарады;»; 6) 17-бапта: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Жоғарғы Сот жергілікті жəне басқа да соттардың соттылығына жатқызылған азаматтық, қылмыстық жəне өзге де iстер бойынша жоғары сот органы болып табылады, оларға қатысты кассациялық саты функцияларын жүзеге асырады жəне сот практикасы мəселелерi бойынша түсiндiрулер бередi.»; 2-тармақта: 3-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «3-1) Жоғары Сот Кеңесімен бірлесіп, аудандық сот төрағасының, облыстық сот төрағасының жəне сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Сот судьясының жəне сот алқалары төрағаларының лауазымдарына кадр резервін (бұдан əрі – кадр резерві) қалыптастырады;»; 3-2) тармақша алып тасталсын; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Кадр резервін қалыптастыру жəне онымен жұмысты ұйымдастыру тəртібін Жоғары Сот Кеңесі Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша бекітеді.»; 7) 18-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын: «7. Жоғарғы Соттың жанында Сот төрелігі академиясы жұмыс істейді.»; 8) 20-бапта: 1-тармақта: 4-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «4-1) сот актілерін заңда көзделген негіздер бойынша қайта қарау туралы ұсынулар енгізеді;»; 9-3) тармақша алып тасталсын; 2-тармақта: 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «2) облыстық соттар төрағаларының жəне сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына кандидатураларды баламалы негізде Жоғарғы Соттың жалпы отырысының қарауына енгізеді;»; 3) тармақша алып тасталсын; 3-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «3-1) Жоғарғы Соттың жалпы отырысының шешімі негізінде Жоғары Сот Кеңесіне облыстық соттар төрағаларының жəне сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының лауазымдарына кандидатураларды баламалы негізде ұсынады;»; 7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «7) республика судьяларын ведомстволық наградалармен наградтайды, «Құрметті судья» атағын береді жəне осы Атақты беру тəртібі туралы ережені бекітеді;»; мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын: «8-1) қажет болған кезде сот төрелігін іске асыру үшін судья лауазымында болудың шекті жасына толмаған отставкадағы судьяларды тартады;»; 9) 22-баптың 1-тармағында: 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «3) нормативтiк қаулылар қабылдайды, сот практикасы мəселелерi бойынша түсiндiрулер береді жəне заңнаманы жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi. Нормативтік қаулылар Жоғарғы Соттың жалпы отырысында Жоғарғы Сот судьялары санының кемінде үштен екі даусымен жəне Жоғарғы Сот судьялары жалпы санының кемінде төрттен үш кворумы болған кезде қабылданады;»; 6) тармақшадағы «, кадр резервіне алынған адамдардың тізімін бекітеді» деген сөздер алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 6-1) жəне 6-2) тармақшалармен толықтырылсын: «6-1) Жоғарғы Сот Төрағасының Жоғары Сот Кеңесіне бекітуге енгізуі үшін Кадр резерві жөніндегі республикалық

комиссия төрағасының жəне комиссия мүшелерінің кандидатураларын қарайды; 6-2) Жоғары Сот Кеңесімен бірлесіп, аудандық сот төрағасының, облыстық сот төрағасының жəне сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Сот судьясының жəне сот алқалары төрағаларының лауазымдарына кадр резервін қалыптастыру үшін кандидатуралар тізімін бекітеді;»; 7-1) тармақша алып тасталсын; 10) 22-1-бапта: 1-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: «1-1) тəртіптік теріс қылық жасаған судьяға қатысты тəртіп тік іс жүргізуді қозғау туралы материалды Сот жюриіне беру туралы мəселені талқылайды жəне талқылау қорытындысы бойынша тиісті шешім шығарады;»; 2-тармақтағы «тоғыз», «екі судьядан» деген сөздер тиісінше «он бір», «үш судьядан» деген сөздермен ауыстырылсын; 11) 24-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Судьялар лауазымға Қазақстан Республикасының Конституциясына, осы Конституциялық заңға, «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес сайланады немесе тағайындалады жəне оларға тұрақты негiзде өкiлеттiктер беріледі.»; 12) 26-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Конституциялық заңда жəне «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген судьяны лауазымға сайлау, тағайындау, оның өкiлеттiктерiн тоқтату жəне тоқтата тұру тəртiбiмен, судьяның отставкаға құқығымен;»; 13) 28-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: «1-1. Судьялық жұмыста жиырма жылдан астам өтілі бар судьяларды қоспағанда, судьялар əрбір бес жыл сайын Сот жюриінде кəсіби қызметін бағалаудан өтеді.»; 14) 29 жəне 30-баптар мынадай редакцияда жазылсын: «29-бап. Судьялыққа кандидаттарға қойылатын талаптар 1. Аудандық соттың судьясы болып: 1) жиырма бес жасқа толған; 2) жоғары заң бiлiмi, жоғары моральдық-адамгершілік қасиеттері, мiнсiз беделі жəне əдетте, сот отырысының хатшысы, сот консультанты (көмекшісі), прокурор, адвокат ретінде кемінде бес жыл жұмыс өтілі не заңгерлік кəсібі бойынша кемiнде он жыл жұмыс өтілі бар; 3) біліктілік емтиханын тапсырған (мамандандырылған магистратурада оқу бітірген жəне біліктілік емтиханын тапсырған адам оқуын бітірген күннен бастап төрт жыл бойы емтихан тапсырудан босатылады); 4) медициналық куəландырудан өткен жəне судьяның кəсiби мiндеттерiн атқаруға кедергi келтiретiн ауруларының жоқ екендігін растаған; 5) негізгі жұмыс орнынан қол үзіп, сотта ақы төленетін бір жылдық тағылымдамадан ойдағыдай өткен жəне соттың жалпы отырысының оң қорытындысын алған (мамандандырылған магистратурада оқу бiтiрген жəне біліктілік емтиханын тапсырған адам оқуын бітірген күннен бастап төрт жыл бойы тағылымдамадан өтуден босатылады); 6) полиграфологиялық зерттеуден өткен Қазақстан Республикасының азаматы тағайындала алады. 2. Осы баптың 1-тармағының талаптарына сай келетін, заңгерлік кəсібі бойынша кемінде он бес жыл жұмыс өтілі бар, оның кемінде бес жылы судьялық жұмыс өтілі болатын, сондай-ақ тиісті облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысын жəне жоғары тұрған соттың екі судьясы мен отставкадағы бір судьяның жазбаша нысандағы кепілгерлігін алған азамат облыстық соттың судьясы бола алады. Кепілгерлік бергенге дейінгі екі жыл ішінде тəртіптік жазаға тартылған судья кепілгерлік бере алмайды. Судья кепілгерлік берген кезде объективті болуға, өзіне белгілі болған анық деректерді басшылыққа алуға міндетті. Кепілгерлік берген кезде судья белгіленген өлшемшарттарды: 1) судьяның кепілгерлік берілетін адаммен таныс болған уақыт кезеңін, сондай-ақ танысу мəн-жайларын; 2) өзі кепілгерлік беретін адаммен бірлескен жұмыс тəжірибесін (осындай тəжірибе болған кезде); 3) өзі кепілгерлік беретін адамның кəсіби жəне коммуникативтік дағдыларын, жеке жəне іскерлік қасиеттері туралы судьяға белгілі болған мəліметтерді; 4) судьяға анық белгілі болған өзге де мəліметтер мен деректерді ескереді. Тиісті облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысына Жоғарғы Соттың жалпы отырысына шағым жасауға болады. Тиісті облыстық соттың немесе Жоғарғы Соттың жалпы отырысының қорытындысын кандидат Жоғары Сот Кеңесіне ұсынады. 3. Осы баптың 1-тармағының талаптарына сай келетiн, заңгерлік кəсібі бойынша кемінде жиырма жыл жұмыс өтілі бар, оның кемінде он жылы судьялық жұмыс өтілі болатын, оның ішінде бес жыл облыстық соттағы судьялық жұмыс өтілі бар, сондай-ақ Жоғарғы Соттың жалпы отырысының оң қорытындысын жəне жоғары тұрған соттың екі судьясы мен отставкадағы бір судьяның жазбаша кепілгерлігін алған азамат Жоғарғы Соттың судьясы бола алады. Жоғарғы Сот Төрағасының лауазымына кандидатқа судьялық өтілдің болуы, Жоғарғы Соттың жалпы отырысының оң қорытындысының жəне тиісті жазбаша кепілгерліктің қажеттілігі туралы талаптар қолданылмайды. 4. Судьялыққа кандидаттар негізгі жұмыс орнынан қол үзіп, тұрақты негізде сотта ақы төленетін біржылдық тағылымдамадан өтеді. Судьялыққа кандидаттың тағылымдамадан өту шарттары мен тəртiбi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Ережеде айқындалады.»; «30-бап. Сот судьясының, төрағасының, сот алқасы төрағасының лауазымына кандидаттарды іріктеу

1. Судья лауазымына кандидаттарға шығу тегіне, əлеуметтік жəне мүліктік жағдайына, қай нəсілге жəне ұлтқа жататынына, жынысына, саяси көзқарасына, діни нанымына жəне өзге де мəн-жайларға қарамастан, лауазымға орналасуға тең құқық қамтамасыз етіледі. 2. Аудандық сот төрағасы мен судьясының, облыстық сот судьясының жəне Жоғарғы Сот судьясының бос лауазымдарына кандидаттар іріктеуді Жоғары Сот Кеңесі бос лауазымдарға орналасуға өтініш берген жəне осы Конституциялық заңның 29-бабының талаптарына сай келетін адамдар арасынан конкурстық негізде жүзеге асырады. 3. Облыстық соттар төрағаларының жəне сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына кандидатураларды Жоғарғы Соттың жалпы отырысының шешімі негізінде Жоғарғы Сот Төрағасының енгізген ұсынуы бойынша Жоғары Сот Кеңесі баламалы негізде қарайды. 4. Аудандық сот төрағасының бос лауазымына кандидатуралар жұмыс істеп жүрген судьялар немесе судья лауазымында кемiнде бес жыл жұмыс өтілі бар адамдар арасынан ұсынылады. Облыстық сот төрағасының жəне сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына кандидатуралар жұмыс істеп жүрген судьялар немесе судья лауазымында кемiнде он жыл жұмыс өтілі бар адамдар арасынан ұсынылады. Бұл ретте аудандық сот төрағасының, облыстық сот төрағасының жəне сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Сот судьясының жəне сот алқалары төрағаларының лауазымдарына кандидаттарды іріктеу кезінде кадр резервінде тұрған адамдарға басымдық беріледі. Аудандық сот төрағасының, облыстық сот төрағасының жəне сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының лауазымдарына кандидаттарды іріктеу кезінде осы баптың 4-тармағының үшінші бөлігінде көрсетілген өлшемшартқа қосымша ұйымдастырушылық қабілеттері де ескеріледі. Жоғарғы Соттың сот алқасы төрағасының лауазымына кандидат Жоғарғы Сот судьялары арасынан ұсынылады. Жоғары Сот Кеңесі жергілікті жəне басқа да соттар төрағаларының, сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына кандидаттарды лауазымдарға тағайындау үшін Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыным жасайды. Жоғарғы Сот Төрағасының лауазымына кандидатураны Жоғары Сот Кеңесі қарайды. Жоғары Сот Кеңесі Жоғарғы Сот Төрағасының, судьясының бос лауазымдарына кандидаттарды Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына ұсыну үшін Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыным жасайды.»; 15) мынадай мазмұндағы 30-1-баппен толықтырылсын: «30-1-бап. Судьяның кəсіби қызметін бағалау 1. Судьяның кəсіби қызметін бағалау деп оның кəсіби білімінің деңгейін жəне оны сот төрелігін іске асыру кезінде қолдана білуін, сот қызметінің нəтижелерін, судьяның іскерлік пен адамгершілік қасиеттерін жəне оның осы Конституциялық заңда жəне Судья əдебі кодексінде қойылатын талаптарға сай келуін бағалау танылады. Судьяның кəсіби қызметін бағалау судьялар корпусының сапалық құрамын жақсарту, кəсіби біліктілікті бағалау жəне оның өсуін ынталандыру, істерді қарау кезінде заңдылықты нығайтуға жауаптылықты арттыру, азаматтардың құқықтары мен қоғамның мүдделерін қорғау мақсатында жүргізіледі. Судьяның кəсіби қызметін бағалау судья лауазымындағы жұмысының бір жылдағы нəтижелері бойынша бірінші рет жүргізіледі. Кейіннен судьяның кəсіби қызметін бағалау əрбір бес жыл сайын, сондай-ақ жоғары тұрған сатыдағы судья лауазымына, сот төрағасының, сот алқасы төрағасының лауазымына конкурсқа қатысу кезінде жүргізіледі. Жиырма жəне одан көп жыл судьялық өтілі бар судьялар кəсіби қызметті мерзімді бағалаудан босатылады. 2. Судья жұмысының нəтижелері бір жыл мерзім өткеннен кейін Сот жюриінің біліктілік комиссиясының отырысында қаралады жəне Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша Жоғары Сот Кеңесінің бекітуіне енгізіледі. Судья жұмысының нəтижелері мынадай өлшемшарттардың негізінде қаралады: 1) сот төрелігін іске асыру сапасының көрсеткіштері; 2) судья əдебінің нормалары мен еңбек тəртібін сақтау. 3. Судьяның кəсіби қызметін бағалауды Сот жюриінің біліктілік комиссиясы жүзеге асырады.»; 16) 31-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «5. Қазақстан Республикасының Президентi жергiлiктi жəне басқа да соттардың төрағаларын Жоғары Сот Кеңесiнiң ұсынымы бойынша бес жыл мерзiммен лауазымға тағайындайды. Аудандық соттардың төрағалары, облыстық соттардың төрағалары жəне сот алқаларының төрағалары, Жоғарғы Сот алқаларының төрағалары тиісті сотта өздері атқаратын лауазымына қатарынан екі реттен артық тағайындала алмайды.»; 17) 33-баптың 1-тармағының 3-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3-1) осы Конституциялық заңның 34-бабы 1-тармағының 11) жəне 11-1) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша судьяның өкiлеттiктерiн тоқтату қажеттiгi туралы Сот жюриінің шешiмi болса;»; 18) 34-бапта: 1-тармақта: 5) жəне 11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «5) осы судьяға қатысты айыптау үкiмiнiң заңды күшiне енуi, қылмыстық істің ақталмайтын негіздер бойынша сотқа дейінгі сатыда тоқтатылуы;»; «11) кəсiби жарамсыздығына орай судьяның атқаратын лауазымына сай келмейтiнi туралы Сот жюриі біліктілік комиссиясының шешiмi;»; мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын: «11-1) судьяның тəртіптік теріс қылық жасағаны немесе осы Конституциялық заңның 28-бабында көрсетілген талаптарды орындамағаны үшін оны лауазымынан босату қажеттігі туралы Сот жюриі тəртіптік комиссиясының шешімі;»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Судьялардың өкілеттіктерін тоқтатудың осы баптың 1-тармағының 5), 11) жəне 11-1) тармақшаларында көзделген негіздері теріс уəждер деп танылады.»; 19) 34-1-баптың 2-тармағындағы «65 жасқа» деген сөздер «алпыс бес жасқа» деген сөздермен ауыстырылсын; 20) 35-бапта: 1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «1. Мiнсiз беделi, кемiнде жиырма жыл судьялық жұмыс өтiлi бар судьяның судья атағын, судьялар қоғамдастығына жататынын, жеке басына тиiспеушiлiк кепiлдiгiн жəне осы Конституциялық заңда көзделген өзге де материалдық жəне əлеуметтiк кепiлдiктерiн сақтай отырып, лауазымынан құрметпен кету нысанында судья өкiлеттiктерінің тоқтатылуы отставка болып табылады.»; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Отставкаға шыққан кезде судьяға жиырма төрт айлық лауазымдық айлықақы мөлшерiнде бiржолғы шығу жəрдемақысы төленедi.»; мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын: «2-2. Отставкадағы судьяға өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төлеу, ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен республикалық немесе жергілікті бюджеттен не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қаражатынан ақы төленетін лауазымға орналасқан жағдайда тоқтатыла тұрады. Республикалық немесе жергілікті бюджеттен не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қаражатынан ақы төленетін лауазымда болуы тоқтатылған жағдайда, судьяға өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төлеу қайта басталады.»; 3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Судьяның отставкасын тоқтату үшін негіздер қаралғанға дейін судьяның отставкасы тоқтатыла тұр