Page 1

Бїгінгі нґмірде:

№170 (28648) 8 ҚЫРКҮЙЕК СЕЙСЕНБІ 2015 ЖЫЛ

Босќындар барєан сайын бой бермей барады 4-5-беттер Халќымыздыѕ ќилы тарихы 7-бет Ќазаќы тґбет пен тазы – ќўндылыќтарымыздыѕ бірі 11-бет Бразилиядан жеткен ќуаныш 14-бет

АГРОКЕШЕННІЅ БАРЛЫЌ БУЫНЫ ДАМУЫ ТИІС

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кеше жұмыс бабындағы сапармен Ақмола облысына келді. Мемлекет басшысы Зеренді ауданындағы «Викторовское» ЖШС ауыл шаруашылығы кəсіпорнының егістік алқабында көршілес Ақмола, Қостанай жəне Солтүстік Қазақстан облысы əкімдерінің қатысуымен агроөнеркəсіп саласын дамытуға қатысты мəжіліс өткізді. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».

Елбасы алдымен «Викторовское» ЖШС ауыл шаруашылығы кəсіпорнының астық ты алқаптарын аралап, аудандасты рылған дəнді дақылдар мен мал азығындық екпе шөп жəне

заманалық техникалар тізбесі қойылған көрмені аралап көрді. Мемлекет басшысына биылғы астық дақылдарының ахуалы мен жиын-терін науқанының барысы жөнінде баяндалды. «Викторовское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бидай, майлы дақылдар өндірумен жəне

мал шаруашылығымен айналысады. Мұнда астықтың жиынтық көлемі 2014 жылы 13 мың тоннадан асқан. Былтыр егіннің орташа шығымы гектарына 16,3 центнерден айналды. Кəсіпорынның ет өндіру бағытындағы 300 бас ірі қараға арналған мал бордақылау алаңы жұмыс істеп тұр. Елбасы агрокешен қызметін бүгінгі нарықтық талаптарға бағыттай білген шаруашылық ұжымына тілектестігін білдірді. Ел Президенті Н.Назарбаев елімізде егін орағы науқаны жоспарлы түрде жүріп жатқанын, ауа райы біршама қолайлы болады деген үміт барлығын тілге

тиек етіп, астықты алқаптың 75 пайызы орналасқан солтүстік облыстардың əкімдерін бүгінгі жиынға арнайы шақыртқанын айтты. Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығын қолдау шаралары жүзеге асырылуда, мəселен, субсидиялау үш есе өсті. Қайтарым бар. Алдағы міндеттер де ауқымды. Дала қосындағы дəстүрлі мəжілісте бұл туралы кеңінен айтылуы тиіс. Биыл салалық жалпы өнім көлемі 26,5 пайызға өсіп, 2,5 триллион теңгені құрады, – деді Ауыл шаруашылығы ми нис трі Асылжан Мамытбеков. Са ла ға құйылған инвестиция да екі есе

артып, 173,3 миллиард тең геге жетті. Осының арқасында республикамыздың агроөнеркəсіп кешені өзіне қойылған міндеттерді атқа руда серпінділік танытып отыр. Биыл республика диқандары 14,9 миллион гектарға ырыздық дақылдарын септі. Бүгінгі күні 3,4 миллион гектардың астығы жиналды. Бұл – барлық алқаптың 22,7 пайызы. Астықтың басым бөлігі орналасқан солтүстік облыстарда егін шығымдылы ғы жақсы. Науқандық жұмыс тарға тыңғылықты əзірлік жасалды. Астық комбайндарының 99 пайызы дайындық

 Еңбегімен еленген

Жоспар наќтыланатын болады Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен палата бюросының отырысында Сенаттың 10 қыркүйекте болатын кезекті отырысының күн тəртібі қаралды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Сенаторлар бірқатар халықаралық құжаттарды, атап айт қанда, Қазақстан мен Румыния арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы шартты, Қазақстан мен Болгария арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы шартты, сондай-ақ, Қылмыстық істер бойынша өзара көмек туралы америкааралық конвенцияны ратификациялауды жоспарлап отыр. Конституциялық заңнама, сот жүйесі жəне құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Серік Ақылбай заң жобаларының палата отырысына əзірлігі туралы баяндады. Бюро мүшелері Сенаттың

2015 жылға арналған шаралар жоспарына өзгерістерді де бекітті. Түзетулерге сəйкес, бірқатар үкімет сағаттары, Сенат комитеттерінің көшпелі отырыстары, конференциялар, дөңгелек үстелдер мен мемлекеттік органдар басшылығымен кездесулер болмайтын болды. Кейбір шаралар кейінірек уақытқа шегерілді. Палата Төрағасы Қ.Тоқаев бұдан бұрын айтқандай, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың институттық реформаларын қамтамасыз ету жөніндегі заң жобалары бойынша жұмыстардағы берілген басымдықтарды ескере отырып, депутаттарға жоспарларды нақтылау ұсынылды.

Əлеуетті елмен əріптестік арта тїседі Кеше Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Əбдіқалықова Ұлыбритания жəне Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Отанымыздағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Кэролин Браунмен кездесті. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

Кездесу барысында Гүлшара Əб діқалықова Қазақстан мен Ұлы британия арасында қарымқатынастардың серпінді дамып жатқанын атап өтіп, біздің елдеріміз арасындағы стратегиялық серіктестік таяу аралықта жаңа сападағы деңгейге шығатынына сенім білдірді. Іскерлік байланыстарды тереңдетуге Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған бес институттық реформа аясындағы «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын іске асыру кең мүмкіндіктер ашпақ. Алда тұрған мемлекетті, эко номиканы жəне қоғамды

кезең-кезеңімен жаңғырту шеңберінде Мемлекеттік хатшы отандық экономиканы əртараптандыруға жəне Қазақстанның «жасыл технологияны» пайдалануға көшуіне серпін беретін 2017 жылы Астанада «Бола шақтың энергиясы» тақырыбында өтетін «ЭКСПО» халықаралық мамандандырылған көрмесінің маңыздылығын атап өтті. Бұл орайда Ұлыбританияның «ЭКСПО-2017»ге қатысуы аталған елдің өзінің жоғары ресурстық жəне энергия сақтаушы технологияларын əзірлеу жəне енгізу саласын паш етуіне ерекше мүмкіндік бермек. (Соңы 2-бетте).

сапына қойылған. Мемлекет тарапынан 9,4 миллиард теңгенің жеңілдетілген жанар-жағармайы бөлінді. Оның үстіне, биылғы жылы өнімділігі жоғары 400-ден астам комбайнның сатып алынуы ел байлығын ысырапсыз жинап алуға мүмкіндік береді. Қазіргі болжам бойынша ел аумағында гектар түсімі 11,7 центнерден айналады деп күті луде, деді А.Мамытбеков. Сондай-ақ, министр элеватор лар мен астық қабылдау кəсіп орын дарының науқанға толық дайын екендігін баяндады. Мұның үстіне, биыл 1,1 миллион тонна сый ым дылықтағы

астық қоймасы пай да лануға берілгендігі атап өтілді. Ауыл шаруашылығы министрі сала ауқымында шешімін табуға тиісті мəселелердің барлығын да атап өтті. Мəселен, сақтандыру ісін жетілдіруге қатысты жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ, субсидияның түрі мен көлемі өсуіне орай аталған жұмысты автоматтандыру қолға алынған. Мұнда түпкі қайтарым нəтижесі назарда ұсталмақ. Жер қатынастарында да жедел қолға алынатын істер бар. Оны нарықтық айналымға қосудың тетігі қалыптасып келеді. (Соңы 2-бетте).

 Мемлекет мерейі

Алматыдағы əл-Фараби мен Фурманов даңғылының қиылысындағы ерекше шеберхананың атақ-даңқы Қазақстаннан тыс жерлерде де жақсы танымал. Мұнда ағайынды темірші-ұсталар Махмұт, Айтберген, Мұхит Жетенұлы еңбек етеді. Қалалық мəдениет басқармасының ұйымдастыруымен алматылық бұл шеберлер бас болып, құрамында 50 қолөнер шебері бар топ Астанаға аттанып кетті. Осыған орай ағайынды шеберлердің ортаншысы Айтберген Жетенұлын əңгімеге тарттық.

АЌИЫЌ

Аєайынды їш шебер Астанаєа ќару-жараќ їлгілерін алып кетті

– Айтеке, Астана сапарының мақсат-міндеті туралы айтыңызшы? – Халқымыз үшін аса маңызды оқиға – Қазақ хан дығының 550 жылдығы салтанатына орай Астана тұрғындары мен қонақтарына шеберлердің қолынан шыққан бұйымдарды

көрсетіп қайтпақпыз. Бір сөзбен айтқанда, халықтық мұраны – халық шеберлерінің қолынан шыққан бұйымдарын көрсету арқылы насихаттауға атсалысып жатырмыз. – Ағайынды шеберлер көрермендерге қандай бұйымдар көрсетеді?

– Біз о бастан қазақ хал қының жауынгерлік құралсаймандарын жасаумен айналысамыз. Ол біздің бабамыз Омар ақсақалдан бері қарайғы ұрпағы арасында дəстүрлі түрде жалғасын тауып келеді. Қаружарақ пен қалқанның барлығын қосқанда 50 түрін буып-түйіп алып бара жатырмыз. Бəрін де өз қолымыздан жасап шыққанбыз. Астанада бізге арнап үлкен бір киіз үй тігіп қойыпты... – Қару-жарақ туралы айтуға жеңіл болғанмен, оны жасау оңай еместігі белгілі. Омар аталарыңыздың ұрпағына қалдырған мұрасын жаңғыртып қою жағын да ой лас тырып отыратын шығарсыздар? – Жасалынатыны бір қару болғанымен, оның өмірге келу жолдары əрқилы болып келетіні бар. Сол себепті де біз бұл салада халықтық мұраларды терең зерттеп, оқып, ілімімізді жетілдіріп отырмыз. (Соңы 2-бетте).

Айымбетов єылыми баєдарламасын орындау їстінде Айдар ӨРІСБАЕВ,

«Егемен Қазақстан».

Халықаралық ғарыш стансасындағы экспедиция құрамындағы қазақстандық ғарышкер-сынақшы Айдын Айымбетов ғылыми бағдарламасын орындау үстінде. Ғарыш экспедициясын жүзеге асыру кезінде Айдын Айымбетов ғарыш кемесінің жекелеген жүйелерін басқару, сондай-ақ, Халықаралық ғарыш стансасының бортында «Қазғарыш» агенттігі

əзірлеген зерттеулер мен эксперименттерінің бесінші ғылыми бағдарламасын іске асыру міндеттерін орындайды. Бұл бағдарлама «Мир» орбиталық кешенінің жəне халықаралық ғарыш кешенінің бортында Тоқтар Əубəкіровтің қатысуымен бір рет жəне Талғат Мұсабаевтың қатысуымен үш рет орындалған болатын. Айдын Айымбетов енді сол зерттеулерді жалғастыруда. (Соңы 6-бетте).

 Бəрекелді!

Ќазаќстан боксшылары – Азияныѕ алды Қазақстан былғары қолғап шеберлері өзінің кезекті тамаша жеңісіне қол жеткізді. Қыркүйектің 5-і күні Таиландтың астанасы – Бангкок қаласында мəреге жеткен бокстан Азия чемпионатында еліміздің 6 боксшысы алтын медальдің иегерлері атанды. Сөйтіп, осыдан екі жыл бұрынғы құрлық біріншілігіндегі табысын қайталап, командалық есепте тағы да бірінші орынға орналасты. Серік ПІРНАЗАР,

«Егемен Қазақстан».

Жерлестеріміз арасынан бұл атаққа бірінші болып 52

килоға дейінгі салмақтағы Олжас Сəттібаев жетті. Ол ақтық сында Өзбекстанның соңғы жылдардағы басты үміттерінің бірі Шахоббидин Зоировпен күш

сынасты. Шайқастың басы екі жақтың бір-біріне барлау жасауымен өтті. Соның арасында да Олжастың шалымдылығы көзге ұрып тұрды. Мұны төрешілер

де лайықты бағалады. Ал екінші раундта қарсыластар ашық ұрысқа көшіп кетті. Осы толассыз жұдырық сілтестің барысында тағы біздің боксшы бір сүйем болса да алда екенін танытып үлгерді. Соңғы раундта ол есесі кетіп бара жатқан бəсеке ле сі нің өршелене алға ұмтылған екпінін дəл соққыларымен басып, шабуылдың бетін

салқынқандылықпен қайтарып отырды. Осы ұстамдылық қазақстандық қыранды абырой асуына шығарды. Төрешілердің үш раундтағы берген бағасы (29:28, 29:28, 29:28) бойынша Олжас 3:0 есебімен талассыз жеңіске жетті. Осылайша ол 2009 жылы Азия чемпионатында қол жеткізген қола жүлдесін арада алты жыл өткенде алтын медальға айналдыра білді. (Соңы 10-бетте).


2

www.egemen.kz

8 қыркүйек 2015 жыл

АГРОКЕШЕННІЅ БАРЛЫЌ БУЫНЫ ДАМУЫ ТИІС

(Соңы. Басы 1-бетте). Ақмола облысының əкімі Сергей Кулагин, Қостанай облысының əкімі Нұралы Сəдуақасов жəне Солтүстік Қазақстан облысының əкімі Ерік Сұлтанов ауыл шаруашылығының дамуына жəне жиынтерім науқанын өткізу дайындығына қатысты есеп берді. Өңір басшылары, сондай-ақ, Мемлекет басшысына облыстардың əлеуметтікэкономикалық дамуының негізгі қорытындылары мен алдағы кезеңдегі міндеттер туралы баяндады. Ақмола облысының диқандары биыл 4,5 миллион гектардың ырыздығын жинауға кірісті. Оның ішінде 4,2 миллион гектарға дəнді дақылдар, 244,3 мың гектарға майлы дақылдар, 133 мың гектарға екпе шөп, 18,7 мың гектарға картоп пен 4,4 мың гектарға көкөніс егілген. Орақ науқанына 8500 комбайн, 2,6 мың жатка, 12 мың дана көлік қатыстырылып жатыр. Комбайндардың 10,2 пайызы, тракторлардың – 7,2, тұқым себу кешендерінің 23,6 пайызы əлемдік стандарттарға сай жаңартылған. Биыл ауыл шаруашылығын қаржыландыруға 15,3 миллиард теңге субсидия

бөлінді. Өңір жанар-жағармаймен қамтамасыз етілді. Қостанай облысының əкімі Н.Сəдуақасов егіншілердің орақ науқанына ұйымшылдықпен кіріскенін айта келіп, экономиканың өзге салаларындағы серпілістер туралы баяндады. Автомобиль өндірісі қазақстандық брендке айналып келеді. Қаржы-несие саласындағы өзгерістер бизнес қауымдастық жұмысын жетілдіре түседі деп атап көрсетті ол. Бұл орайда Елбасымыздың Қытайға сапарының жемісті болғаны, оның игі бастамалары ел дамуына серпін қосатыны айқын. Солтүстік Қазақстан облысының əкімі Е.Сұлтановтың есебінде механизатор қауымы қазірдің өзінде егіннің 26 пайызын жинап алғандығы, гектар түсімділігі 13,8 центнерден айналып жатқандығы айтылды. Ал майлы дақылдардың өнімділігі гектарына 9,8 центнер деңгейінде. Жалпы, болжам бойынша астық түсімділігі əр гектардан 16,5 центнер болады деп күтілуде. Жаңа комбайн зауыты биыл 50 дана техника шығарады, келесі жылы көрсеткіш өсе түспек. Сөз Ақмола облысының Целиноград ауданындағы «Родина»

Əлеуетті елмен əріптестік арта тїседі (Соңы. Басы 1-бетте). Келіссөз кезінде тараптар Қазақстан-Британия арасындағы сыртқы жəне ішкі саясат сала сындағы ынтымақтастықтың бүгінгі жай-күйі мен келешегін талқылап, стратегиялық серіктестікті одан əрі тереңдетуге деген өзара мүдделестікті нақтылады. Анықтама үшін айтар болсақ, бүгінгі күні Ұлыбритания Қазақстанның жетекші серіктес тері нің бірі

болып табылады. ҚазақстанБритания қарым-қатынастарының тұтастай кешені нің негізгі эле менті сауда-экономикалық ынты мақтастық болып табылады. Ұлттық банктің мəліметіне қара ғанда, 2005-2014 жылдар ара лығында Қазақстан экономикасына салынған британдық тікелей инвестицияның көлемі 11 млрд. АҚШ долларын құраған. 2014 жылы шетелдік тікелей инвестиция көлемі бойынша Ұлы бри тания (Нидерланд,

агрофирмасының бас директоры Иван Сауэрге берілді. Ол аса маңызды орақ науқаны Елбасының ақ батасымен басталатын жақсы д əст ү р қал ып т асқан ын ат ап көрсетті. Бұл ауыл шаруашылығы өндірісінің барлық саласын дамытуға да қатысты. Біз Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында 20 мың тонналық астық қоймасы терминалын іске қостық. Сонымен бірге, 1000 бас сауын сиырына арналған қора пайдалануға берілді. Биыл агрофирмамыз өз тарихында тұңғыш рет 2 миллиард теңгенің мал шаруашылығы өнімдерін өндіретін болады, деді И.Сауэр. Еңбекшілдер ауданындағы «Баймырза» ЖШС директоры Мұрат Теміржанов шаруашылықта 110 адам тұрақты жұмыс істейтіндігін, еңбекақының уақтылы төленетіндігін айту арқылы ауылдық жердегі өндірістік өрлеу деңгейін аңғартты. Сондай-ақ, астық экспортына қатысу ниетін дегі шаруашылық басшысы Елбасының Қытайға сапарынан кейін «Азықтүлік корпорациясы» сыртқа шығаратын өнім көлемін арттырғанына мүдделі екендігін білдірді. Мемлекет басшысы кеңесті

АҚШ, Қытай, Швейцария, Ресей жəне Бельгиядан кейін) 7-ші орынға жəне жинақтал ған тікелей инвестиция көлемі бойынша (Нидерланд, АҚШ жəне Швейцариядан кейін) 4-ші орынға көтерілді. Ұлттық экономика министрлігінің Статистика жөніндегі комитетінің мəліметіне қарағанда, 2014 жылы екі ел арасындағы тауар айналымының көлемі 1,2 млрд. АҚШ долларын (экспорт – 0,36 млрд., импорт – 0,58 млрд.) құрапты. Қазақстанда филиалдары мен өкілдіктерін қоса есептегенде 600-ден астам британдық компания жұмыс істейді. Олардың қатарында BG, Shell, Rolls Royce, HSBC, Ernst & Young, Deloitte жəне басқа да жетекші компаниялар бар.

қорытындылай келе, үш облыстың жиын-терім науқанын өткізуге дайындығына тоқталды жəне оның қар қынын күшейту қажеттігін айтты. – Бүгінде мемлекет ауыл шаруашылығын дамытуға зор көңіл бөліп отыр. Дегенмен, аграрлық сектор əлі экономиканы əртараптандырудың тірегіне айнала қойған жоқ. Бұл еңбек өнімділігін дамыту саласындағы үлкен резервке, ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін кеңейтуге, салаға сыртқы инвестицияларды тартуға қатысты, – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев бұл ретте ауыл шаруашылығын субсидиялау мəселелеріне мұқият назар аудару қажеттігін атап айтты. – Бес жылда үш облыс субсидия түрінде 135 миллиард теңге жəне лизингпен 3,5 мың техника, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 51 мың бас асыл тұқымды мүйізді ірі қара алды, – деді Мемлекет басшысы. Президент, сонымен бірге, сапар барысында ауыл шаруашы лығы компанияларын қатаң сынға алды. «Сəл қиындық бола қалса, Үкіметке алақан жайып жүгіре бермей, өздеріңнің бəсекеге қабілеттіліктеріңді арттыруды

ойлаңдар. Ал ол үшін ауыл шаруашылығы саласының майын ішіп, жілігін шаққан білікті мамандарды тəрбиелеу қажет», – деді Елбасы. Қазақстан Президенті ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұранысты өтеуге еліміздің зор мүмкіндіктері бар екенін атап өтті. –Көрші елдердің Қазақстан өнімдеріне сұранысының əлеуеті 210 миллиард теңге болады, біз мұндай мөлшерді қамтамасыз ете аламыз, – деді Елбасы. Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі таңда əлемде қаржы турбуленттілігі сақталып отырғанына, ол елдің экономикалық көрсеткіштеріне ықпал ететініне назар аударды. Бірақ, дағдарыстық құбылыстарға Қазақстанның дайындығы бар, Қытай жəне Ресей сияқты жетекші экономикалық серіктестермен ынтымақтастық кеңеюде. Бұл ықпалдастық «Жаңа Жібек жолы» аясындағы бірқатар индустриялық жобаларды жүзеге асыруды, оңтүстік жəне солтүстікбатыс бағытта сыртқы нарықтарға шығатын көлік инфрақұрылымын дамыту ісін қамтиды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы елімізде жүзеге асырылып жатқан, аграрлық

секторды да қамтитын институттық реформалардың маңыздылығына айрықша тоқталды. Бұл орайда Қазақстан Президенті елде ауыл шаруашылығы кооперативтерін əлемдік тəжірибені қолдана отырып дамытудың, сондай-ақ, ұлттық заңнамаға өзгерістер енгізудің маңыздылығына назар аударды. – Басты мақсат – ауыл шаруашылығының тиімділігін жоғарылату жəне оны өңдеуші сектор мен экспортқа шығару. Ол үшін ауыл шаруашылығының құрылымын өзгерту қажет, оның өзегі күшті кооперативтер болуы тиіс. Бұл бизнес үшін кең мүмкіндік ашады, – деді Мемлекет басшысы. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысына жасаған сапары барысында елдегі бензин бағасының өсуіне қатысты өз пікірін білдірді. Тұрғындар АИ 92/95 бензинінің біршама қымбаттауына түсіністікпен қарауы керек. Бұл экономикалық заңдылық, – деді Елбасы. Бұл бензиннің 30 пайызын біз Ресейден сатып аламыз. Егер біз бұлай етпесек, бір айдан кейін тоқтайтын, жалпы бұл бензин болмай қалатын еді. Мұндай баға құрылымында олар

Аєайынды їш шебер (Соңы. Басы 1-бетте).

Кезінде Алматы облысының, Кеген өңіріндегі атақты шебер Сəрсембек ақсақал мен Шығыс Қазақстандағы Қатонқарағай ауылындағы Əшімхан ақсақалдан (Қатонқарағай) үйренгеніміз де көп болды. Біз, ағайынды шеберлер, ол дəрістерді баға жетпес байлыққа тең деп санаймыз. – Жақсы екен... Сіздер Астанаға барғанда өздеріңіз қолдан жасаған бұйымдарыңызды көрсетіп қана қайтпайтын шығарсыздар? – Əрине, сол жерде жұрттың көз алдында ұста бабаларымыз дың қару-жарақты қолдан қалай жасағанын көрсетеміз. Бұл

сапардың ең бір қызығы сол. – Ол үшін төс пен көрікті, дəу балғаны апару керек болған жоқ па? – Дəл таптыңыз, атан түйеге жүк болар төсті көрігімен бəріміз жабылып тиеп, «КамАЗ»-ға салып, алдын-ала Астанаға жібергенбіз. – Айтеке, сіздер ата-бабаның ісін жалғастырушы темірші ұсташеберлерсіздер. Алайда, жауынгерлік қару-жарақтың ішінде темірден тыс материалдардың да пайдаланылатыны бар емес пе? – Дұрыс айтасыз, біз темірден бөлек тері-терсекті қажетімізге қарай илеп, ағашты ойымыз жеткен жерге дейін иіп, түсті металдарды он қайтара құйып жасайтын бұйымымызға

лайықтап, ерте-бастан дайындаймыз. Біздің жасайтындарымыз таза ұрыс қаруы емес, соның қазіргі үлгісі ғой. Оны көп жағдайда қазіргі кинофильмдерге пайдаланып жүр. – Кинофильм демекші, Қазақ хандығының 550 жылдығына орай сіздерге ол жақтан да тапсырыстар беріп тастаған шығар? – Беріп жатыр. Нағыз біздің ісімізге сай келген кезең болып тұр ғой. Тапсырыстарға көңіліміз толып тұр. – Қалтаны да толтыра ма? – Қанағат болса, қалта да толып тұр... Шеберханамыз тынымсыз жұмыс істейді. Ағайынды үш шебердің қатарына қазір баламыз Бейбарыс келіп қосылған.

Тїркі кеѕесі білім министрлері кездесті «Түбім түркі, түлігім жылқы», «Төскейде малымыз, төсекте басымыз қосылған» деп келетін тіркестерді бала күнімде көп еститінмін. Бірақ сол сөздер кімге қаратылып айтылғанын түсінбеуші едім. Дегенмен, тілі мен діні, əдебиеті мен мəдениеті, тамыры мен танымы ұқсас, жаратылысында жақындық бар жұртқа бағытталғанын бірден байқауға болады. Сөзімнің дəлелі ретінде бүгін елдігінің қазығын қағып, отауын орнықтырған қара шаңырақ Қазақстанымызды айтар едім. Бұл күнде айналасындағы мемлекеттермен туыстығын үзбей, тыныштығын бұзбай сақтап отырған бірден-бір ел – Қазақ елі. Сонымен қатар, ынтымағымыз ыдырамасын, татулығымыз тарқамасын деп қазіргі заманғы түркі мемле кеттерін біріктіретін, негізгі мақсаты бауырлар арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту болып табылатын Түркітілдес

мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі 2009 жылғы 3 қазанда құрылғанын оқырмандар есіне сала кетсек дейміз. Түркі кеңесінің мүшелеріне: Əзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Түркия елдері енгізілген еді. Ал, 2010 жылдың 25 мамыры күні Астана қаласындағы Бейбітшілік жəне келісім сарайында Түркі академиясы ашылды. Бірегей ғылыми-зерттеу орталықтың тұсаукесеріне Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия Президенті Абдулла Гүл, сонымен қатар, Қазақстан, Түркия, АҚШ, Ресей, (Татарстан, Башқұртстан, Чувашия, Якутия), Өзбекстан, Қырғызстан, Украина мемлекеттерінің көрнекті түрколог ғалымдары қатысқан еді. Қырғыз Республикасының астанасы Бішкекте 2012 жылдың 22-23 тамыз күндері өткен Түркі кеңесінің II саммитінде мемлекет басшылары Түркі академиясына халықаралық

мəртебе беру жөніндегі келісімге қол қойды. Келісімді құрушы елдер ратификациялағаннан кейін Түркі академиясы 2014 жылдың 28 тамызынан бастап халықаралық мəртебеге ие болды. Осынау Түркі кеңесі мен халықаралық Түркі академиясының жемісінің көрінісіндей болған Астанада 2015 жылғы 4-5 қыркүйекте Түркі кеңесі білім министрлері аға лауазымды тұлғаларының бесінші отырысы жəне Түркі кеңесі білім министрлерінің төртінші отырысы өтті. Бірінші күні Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі білім министрліктері аға лауазымды тұлғаларының V кездесуіне Əзербайжанның, Қазақстанның, Қырғызстанның, Түркияның білім беру саласының 26 басшысы жəне Түркі кеңесі мен халықаралық Түркі академиясының өкілдері қатысты. Ал 5 қыркүйекте, Түркі кеңесі білім министрлерінің

IV отырысына Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрі Ас лан Сəрінжіпов, Түркі кеңе сінің Бас хатшысы Рамиль Хасанов, ха лықаралық Түркі академиясының президенті Дар хан Қыдыр əлі, Əзербайжан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің орынбасары Фирудин Гурбанов, Қырғыз Республикасы Білім жəне ғылым министрінің орынбасары Əділет Бекбоев жəне Түркияның Ұлттық білім беру министрлігінің жауапты хатшысы Текин Юсуф қатысты. Кеңеске қатысушылары бағдарламаларының негізгі мазмұны: ортақ түркі тарихы оқулықтарын да йындау (XV ғасырға дейінгі жəне XV ғасырдан ХХІ ғасырға дейін гі ке зең), сонымен қатар, түбі бір түркі халықтарына ортақ география жəне əдебиет пəндері бойынша оқулық тар əзірлеу мəселелерін талқылады. Еліміздің Білім жəне ғылым

министрі Аслан Сəрінжіпов: «Халықаралық Түркі академиясы орта жалпы білім беретін мектептердің 8-ші сынып оқу шыларына арналған ортақ түркі тарихы бойынша бағдарлама əзірледі. Иə, біздерге ортақ оқулықты одан əрі жетілдіре түсу қажет. Ол оқулықтар ежелгі дəуірден XV ғасырға дейінгі кезеңді қамтиды. Бұл шаралар алдыңғы қатарлы тəжірибелерді, білімді қабылдап, ғылыми əлеуеттің даму игілігі үшін идеяларды бөлісуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ол елдер арасындағы білім саласындағы өзара іс-қимылын біршама арттыра түсетін болады», деді. Жиынға қатысқан мемлекеттердің əрбір мүшесі осы ұсынысты бірауыздан құптай тындарын білдіріп жəне де осы бастама арқылы ұлтаралық байланыстың ұлғая түсеріне сенім артты. Сол секілді Қырғыз Республикасы Білім жəне ғылым министрінің

орынбасары Əділет Бекбоев: «Ең бірінші осы келелі кеңеске келіп отырған барша бауырларға қырғыз халқының сəлемін жеткізгім келеді. Жəне де бүгінгі тарихи отырыс Қазақстанның бас қаласы, жастықтың жарқын көрінісін көрсететін Астанада өтіп жатқаны біз үшін үлкен қуаныш. Мен осы отырысты пайдаланып халықаралық Түркі академиясы ұжымының жəне тарих ғылымдарының докторы Дархан Қыдырəліұлының еңбегін ерекше атап өтуді дұрыс санаймын. Себебі, ол өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқарып, біздің ғалымдармен де тығыз байланыс орнатып, жүйелі жұмыс жасауда. Жарық көргелі отырған «Ортақ түркі тарихы» оқулығына ежелгі қырғыз халқының да тарихи, өзге де маңызды материалдары қамтылады деген сенімдемін. Өйткені, Қырғыз мемлекеті де түркі халқының ажырамас бөлігі», деген ойын ортаға салды.

сатып қайтеді? Бұл экономика заңдылығы, оған ештеңе жасай алмайсың. Сəйкестендіру қажет, ал біз ашық аймақта тұрмыз. Кеден жоқ, шекара ашық. Сондықтан шара қолдану қажет болады жəне оған түсіністікпен қарау керек. Бір ғана Ақмола облысында 5000-ға жуық шаруа қожалығы болса, бүгін олардың басым көпшілігінің өкілдері Елбасымен кездесті. Олардың ортақ пікірі бойынша, Мемлекет басшысы айтқан мəселелер қазіргі таңда ауыл шаруашылығы үшін ғана емес, күллі экономика үшін маңызды, бұл – Қазақстан азаматтарын биік белестерге бастайтын айқын қадам. Таңертең басталған сүмбіле жаңбыр күн арқан бойы көтеріле салып тыйылды. Күн шуағы астықты алқапқа молынан жайылып, көңіл жадыратады. Елбасының кеңесті жабардағы: «Міне, бүгін нұр да жауды, күн де күлімдеді. Мен сіз дер ге денсаулық, табыс тілеймін. Ал, жұмысқа кірісейік!» – деген сөздері жарасымды шықты. Ақмола облысы.

–––––––––––––––––– Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Тіл-көзім тасқа, алғашқы аяқалысы жаман емес. – Еңбектің бағаланғаны да жақсы ғой. Ондай ықылас шығармашылық істеріңізге көтермелеу болады дегендей... – Түрік мемлекеті қолөнершілігімізді бағалап, халықаралық Түрік дүниесінің шеберлері атты ар найы атақ берді. Ағайынды үшеуміз де – Қазақстанның мəдениет қайраткерлеріміз. – Армандарыңыз да бар шығар? – Əрине, бар. Қазіргі шеберхана бір кезде жарықтық əкеміздің өз қаражатына сатып алған үйі. Арманымыз үлкен үйді үй күйінде қалдырып, үлкен шеберхана ашу! Əңгімелескен Талғат СҮЙІНБАЙ.

АЛМАТЫ.

Алқалы бас қосуда халық аралық Түркі академиясының пре зи денті Дархан Қыдырəлі: «Ортақ түркі тарихы» оқулығы дайын. Ежелгі дəуірден ХV ғасырға дейінгі кезеңді қамтитын кітап 11 бөлім нен тұрады. Бұл əзір ше кө мекші құрал ретінде пайдаланылуы мүмкін. Себебі, əр ұлттың өз тарихы бар. Сонымен қатар, жалпы тарих оқулығы да жоқ емес. Сол оқулықтардың шеңберінде осы «Ортақ түрік тарихы» оқулығы көмекші пəн немесе факультативтік пəн ретінде оқытылуы мүмкін. Оқулық бағдар лама сына қатысты шешім Мем лекет бас шыларының саммитінде айтылатын болады», деп сөз аяғын түйді. Түркі кеңесі елдерінің өкілдері одан əрі орта мектептер мен жоғары оқу орындары студенттерін алмастырудың бағдарламасын жəне қаржыландыру мəселесін де қарастырды. Түрік Республикасы осы жобаны іске асырушы алғашқы мемлекет болатынын алға тартты. Рауан ҚАЙДАР, журналист.


 Жолдау жауапкершілігі

Қазіргі заманғы трендтер мен əлемдегі сын-тегеуріндер дағдарысқа қарсы тактикалық бағдарламаларды қабылдаумен қатар, ұлттық экономикалық саясатты қалыптастыру мен басқарудағы тəсілдерді жүйелі түрде қайта қарауды талап етеді. Осы орайда, бұл мəселе қазіргі уақытта дамушы елдер үшін де, сол сияқты халықаралық аренада көпжылдық беделі бар жоғары дамыған мемлекеттер үшін де өзекті болып отыр.

бен еліміз үшін дағдарыстың салдарларын қаншалықты тезірек жоя алатынымыз дəл солардың кəсіпқойлығына, өз іс-əрекеттерін тиянақты əрі ұйымшылдықпен атқаруына байланысты болады. Дағдарысқа қарсы іс-қимылдар жоспарын іске асырумен қатар, Мемлекет басшысы белгілеп берген стратегиялық бағыттар бойынша жұмыстарды жандандырып жалғастыру қажет, солардың ішінде «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» бағдарламасы жəне бес институционалдық реформа басым бағыттар болып саналады. Аталған жұмысты жүзеге асыру үшін мемлекеттік қызмет жүйесінің жекелеген элементтерін осы тактикалық жəне стратегиялық міндеттерді шешу мақсатында

іріктеу рəсімдерінен өткеннен соң, тек қана төменгі лауазымдарға қабылданады. Германияда емтиханды тапсырғаннан кейін тек төменгі лауазымға ғана тағайындауға рұқсат етіледі. Мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданатын үміткерлерді іріктеу рəсімдерінің Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің рөлін күшейту есебінен орталықтандырылған түрде жүзеге асырылатынын айта кету керек. Бұл ретте үміткерлерді төменгі лауазымдарға іріктеу жəне олардың мансап бойынша əрі қарай жылжуы құзыреттілік тəсілі негізінде жүзеге асырылатын болады. Анағұрлым білікті мамандарды тарту үшін өтетін іріктеу

органға ауысудың қолданыстағы тетігі жойылатын болады. Тек саяси қызметшінің хатшылығы үшін, яғни оның көмекшілеріне, кеңесшілеріне жəне баспасөз хатшыларына ғана ауысуға рұқсат етіледі. Қызмет бойынша жоғарылау кезіндегі конкурстық іріктеу көптеген елдерде пайдаланылады. Мысалы, Норвегияда жоғары тұрған лауазымдарға тағайындау тəртібі жұмысқа қабылдауға ұқсас тəртіппен конкурс бойынша жалпы негізде өткізіледі. Бірақ өзінің қызметкерлері арасынан шыққан үміткерлерге басымдық беріледі, бұл жөнінде ресми хабарламада атап көрсетіледі. Жапонияда да қызмет бабында өсу үшін конкурстан өту қажет. Бұл ретте өтіл, іскерлік қасиеттер,

Жаѕа экономикалыќ саясат

Оны іске асыру жаєдайында мемлекеттік ќызметті жетілдірудіѕ кейбір мəселелері Марат ДƏУЕШОВ,

Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігінің Мемлекеттік қызмет жəне кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі.

Ел экономикасын басқаруда жаңа тəсілдерді қалыптастыру, икемдеу жəне тиімді қолдану үшін мемлекеттік аппаратта ең жаңа білімдерді меңгерген əрі практикалық жұмыс тəжірибесі бар, прогрессивтік жəне креативтік тұрғыдан ойлай алатын, мемлекеттік қызмет қағидаттарын ұстанатын жəне мемлекеттің одан əрі орнықты дамуы үшін өздеріне жауапкершілік ала алатын жоғары дəрежелі мамандар қажет болады. Үстіміздегі жылдың 19 тамызында өткен кеңесте Мемлекет басшысы экономикалық саясаттың жүйелі шаралары жөнінде былай деп атап өтті: «...Əрбір министрдің, əрбір елдің экономикалық саясатына қатысушының сапасы тексерілетін күрделі интеллектуалдық жұмыс уақыты келе жатыр. Бұл жолғы дағдарыс – іс жүзінде Қазақстанның барлық өнеркəсіптік кəсіпорындарын қамтитын секторалдық дағдарыс. Мұндай бізде болған емес, сондықтан ол мүлде басқа амалдарды қажет етеді...». Əлемдік экономикадағы оқиға лардың дамуы жөніндегі болжамдарды ескере отырып, осы дағдарыстың салдарларын еңсеру бойынша шараларды пысықтап іске асыру бір жылмен ғана шектелмейді. Əрине, бұл өзінен өзі жүзеге аспайтыны белгілі. Көп нəрсе сыртқы нарықтардағы жағдайға, экспорттық тауарлардың бағасына, бүгінге кезде өнімдерін өндіріп, экспортқа шығаруы үшін барлық мүмкіндіктер жасалған отандық экспорттаушылардың белсенділігіне де байланысты болмақ. Сондай-ақ, осы бір күрделі кезеңде шағын жəне орта бизнес субъектілерін қолдау үшін жасалатын жағдайларға да көп нəрсе байланысты болады. Осының барлығы дағдарыс жағдайында жəне дағдарыстан кейінгі кезеңде экономиканы басқарудың жаңа амал-тəсілдерін əзірлеу кезінде басқа шаралар қатарында ескерілетін болады. Мұнда негізгі жұмыс пен жауапкершілік тек атқарушы биліктің басшы құрамына ғана емес, сонымен бірге, бүкіл мемлекеттік қызметшілерге де жүктеледі. Біздің азаматтарымыз

3

www.egemen.kz

8 қыркүйек 2015 жыл

қажетті алгоритмде түзеп, жетілдіру керек. Осы орайда, мемлекеттік аппараттың кəсіпқойлығы мен дербестігіне бағытталған бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі Ұлт жоспары – 100 нақты қадамда көзделген шараларды іске асыру мақсатында қазіргі уақытта «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа заң жобасы əзірленіп, республика Парламентіне енгізілді. Аталған заң жобасы шеңберінде мынадай: мемлекеттік лауазымға кіру кезінде үміткерлерді іріктеу жəне бағалау; меритократия қағидаттарына негізделген мансаптық жоғарылау; даярлау, қайта даярлау жəне біліктілікті арттыру; еңбекке ынталандыру, соның ішінде бонустық жүйені қолдана отырып ынталандыру; мəртебеге ғана емес, сонымен бірге, нəтижелілікке, жұмыс көлеміне, жауапкершілік деңгейіне байланысты ескерілетін еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу сияқты мемлекеттік қызмет жүйесінің элементтері қайта қаралатын болады. Мемлекеттік қызметке кіру рəсімдерін жаңғырту мемлекеттік қызметке алғаш кіретіндердің кəсіби қызметі төменгі лауазымдардан басталады, ал қызмет сатысымен жоғарылау үшін белгілі бір біліктілігінің жəне төменгі тұрған лауазымдарда жұмыс өтілінің болуы талап етіледі деп қарастырылған. Осылайша, бұл Қазақстанның мемлекеттік қызметінің мансаптық модельге көшкенін көрсетеді. Мұндай модель Сингапурда жəне Германияда жұмыс істейді. Мысалы, Сингапурда Мемлекеттік қызмет жөніндегі комиссия даярлығы бар студенттерді мемлекеттік қызметке үміткерлер ретінде жыл сайын іріктеп отырады, олар

рəсімі үш кезеңнен тұратын болады. Ең алдымен, бұрынғыдай үміткерлердің заңнаманы білу дəрежесі тестіленеді. Екінші кезеңде Агенттік үміткерлерді олардың мемлекеттік қызметтің құндылықтарына адалдығы мəні бойынша бағалайды. Үшінші кезеңде лауазымға үміттеніп отырған үміткермен тікелей сол мемлекеттік органда əңгімелесу өткізіледі. Бұл ретте бүкіл іріктеу үдерісі айқын болады жəне барлық үш кезеңнен өту нəтижелері міндетті түрде жарияланып отырады. Сынақ мерзімінен өтуге қатысты жаңартылған тəсіл мемлекеттік аппаратты кəсібилендірудің тағы бір құралына айналатын болады. Мемлекеттік қызметке кіру кезіндегі сынақ мерзімін бұрынғы үш айдан алты айға дейін ұзарту жоспарланып отыр. Үш айдан соң жəне тиісінше алты айдан кейін сынақтан өтушінің сəйкес тігіне аралық бақылау өткізіледі. Егер үміткер алғашқы үш айдың қорытындысы бойынша қанағаттанарлықсыз нəтиже көрсететін болса, онда оны жұмыстан босату не оның сынақ мерзімін тағы үш айға ұзарту туралы шешім қабылданады. Əлемдік тəжірибеде сынақ мерзімінің ұзақтығына қатысты алуан түрлі тəсілдер кездеседі. Мəселен, Сингапурда жəне Түркияда аталған мерзім 1 жылдан 2 жылға дейін, Малайзияда – 3 жыл, Жапонияда кемінде 6 айды құрайды, Германияда 5 жылдан аспайды. Ұлыбританияда жəне Австралияда сынақ мерзімін жəне оны өту талаптарын мемлекеттік органның өзі айқындайды. Əдетте, аталған мерзімнің ұзақтығы Австралияда 6 айдан, Біріккен Корольдікте 2 жылдан аспайды. Мансаптық жоғарылату кезінде екі кезеңдік жабық конкурстық іріктеуді енгізу мемлекеттік қызметтегі белгілі бір жаңалық болмақ. Бұл меритократия қағидаттарының заң деңгейінде толық нығайғанын көрсететін болады. Енді мемлекеттік орган алдымен бос орындарды толтыру үшін өзінің қызметшілері арасында конкурстық іріктеу өткізеді. Біліктілік талаптары бойын ша лайықты үміткерлер бол маған жағдайда, конкурс барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында өткізіледі. Осылайша, бір мемлекеттік органнан келесі бір

жыл сайынғы бағалау ескеріледі. Жапонияда мемлекеттік жəне жеке сектор арасында кадрлармен алмасу тəжірибесі қолданылады. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметшілер жеке секторға, тың жобалар ұсынатын сараптау орталықтарына немесе халықаралық ұйымдарға ауыса алады. Мұндай алмасулар 3 жылға дейін, ал ерекше жағдайларда 5 жылға дейін созылады. Мемлекеттік аппаратты кəсібилендіру мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін ұдайы дамытуды көздейді, бұл үшін үш жылда бір рет біліктілікті арттырудың міндетті курстарынан өту қарастырылған. Мысалы, Еуропалық Одақ елдерінде қызметкерлердің біліктілік арттыру кезеңділігі шамамен бес жыл ды құрайды. Сингапурда жоғары буындағы мемлекеттік қызметшілер жылына кем дегенде 100 сағат біліктілік арттырудан өтулері тиіс. АҚШ-та мемлекеттік қызметшілер оқу жəне білім беру бағдарламаларынан өтуге міндеттеледі. Қазіргі заманғы кəсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыруда еңбекақы төлеу мен еңбекке ынталандырудың жаңа жүйесіне айрықша орын беріледі. Атап айтқанда, уақыт өте келе еңбекақы төлеудің факторлық-баллдық жүйесіне көшу қарастырылған. Аталған жүйе бойынша жалақы мемлекеттік қызметшінің қол жеткізген нəтижелеріне тікелей байланысты болады. Шартты түрде айтқанда, қазіргі уақытта, мемлекеттік қызметшінің еңбекақысы оның лауазымының деңгейіне тікелей байланысты, яғни бір мемлекеттік органның құры лымдық бөлімшелерінің басшыларына, мысалы, департамент директорларына атқаратын функцияларының сипаты мен көлеміне қарамастан, бірдей базалық жалақы есептеледі, осы жалақыға мемлекеттік қызметтегі өтілі үшін үстемеақы есептеліп отырады. Осы орайда, мұндай тəсіл құрылымдық бөлімше қызметінің өзіндік ерекшелігін, орындалатын жұмыстың көлемін, атқарылатын функциялар мен міндеттердің сипатын, сол сияқты жауапкершіліктің деңгейін ескере бермейді. Мысалы, операциялық функцияларды жүзеге асыратын əкімшілік департаменттің директоры іс жүзінде стратегиялық департаменттің директорымен салыстырғанда дəл сондай немесе өтілі одан көп болса, тіпті, бұдан да

жоғары жалақы алуы мүмкін, бұл ретте олардың функцияларының сипаты мен көлемін салыстыруға келмейді. Өз кезегінде, факторлықбаллдық жүйеде лауазым деңгейі ескерілгенімен, жалақы оған байланыстырылып «механикалық» түрде белгілене салмайды, мұнда лауазым бойынша атқарылатын функциялардың көлемі мен өзіндік ерекшеліктері есепке алынады. Аталған жүйе əрбір лауазымның мемлекеттік органның жалпы жүйесіндегі үлес салмағын есеп тейді. Басқаша айтқанда, құры лымдық бөлімше басшысы лауазымындағы қызметкерлердің барлығына бірдей базалық жалақы белгіленбейді. Мұнда «бірдей жұмыс үшін бірдей жалақы» деген қағида жұмыс істейтін болады, ол жалақыны лауазымның үлес салмағымен байланыстырады. Жоғарыда айтылып өткендей, факторлық-баллдық жүйеде тек лауазымның мəртебесі ғана емес, сонымен бірге, əрбір қызметшінің мемлекеттік органның мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізудегі қосқан нақты «сандық» үлесі де ескеріледі. Аталған жүйе мемлекеттік қызметшілердің бірыңғай құзыреттілік шеңбері үшін негіз бола отырып, құзыреттілік тəсілін енгізуге мүмкіндік береді, онда əрбір лауазымның деңгейін (үлес салмағын) ескере отырып, осы лауазым үшін құзыреттер жиынтығы айқындалатын болады. Сондай-ақ, жергілікті жерлердегі мемлекеттік қызметшілердің жалақысы осы өңірдегі өмір сүру деңгейіне сай болу үшін еңбекақыға өңірлер бойынша түзету коэффициенттерін енгізу жоспарланған, мұнда тұтыну себеті, тұрғын үйді жалға алудың құны, табиғи-климаттық, экологиялық жəне басқа да жағдайлар есепке алынады. Жекелеген санаттағы мемлекеттік қызметшілердің еңбегін ынталандырудың бонустық жүйесі қарастырылатын болады, мұнда мемлекеттік қызметшінің жеке нəтижелері мемлекеттік органның жұмыс қорытындысымен байланыстырыла отырып есепке алынады. Бұл ретте мемлекеттік қызметшілер үшін жылдық жеке жоспарларды орындау, мемлекеттік органдар үшін стратегиялық жоспарларды орындау көрсеткіштер болып табылса, министрлер мен əкімдер үшін көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасының, өмір сүру сапасының, инвестициялар тарту сапасының арнайы индикаторлары, Үкімет мүшелері үшін интегралдық макроэкономикалық индикаторлар көрсеткіштер болып табылады. Аталған жүйе аясында мемлекеттік органың басшысына штат саны лимиті шегінде оны оңтайландыру жəне еңбекақы төлеу қоры мен басқа да əкімшілік шығыстар бойынша үнемделген қаражатты бонустар төлеу үшін пайдалану туралы өз бетінше шешім қабылдау құқығын беру мүмкіндігі қарастырылуда. Мемлекеттік қызметте бүкіл еңбекақы төлеу жүйесін өзгерту күрделі əрі еңбекті көп қажетсінетін үдеріс жəне əлеуметтік көзқарас тұрғысынан да қатты əсері бар, сондықтан мұнда барлық шешімдерді мұқият екшеп, қанатқақты режімдерді пайдалана отырып енгізген жөн. Кəсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру табысты өту үшін мем лекеттік қызметке арналған этика нормалары жүйесін əрі қарай жетілдіру қажет, осыған бай ланысты Этика кодексін қабылдау қарастырылған. Онда мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқы турал ы, соның ішінде сыбайлас жем қорлық тəуекелдерін азайту жөнін дегі мəселелердің кең ауқымы қам тылатын болады. Əрбір мемлекеттік органда Этика кодексінің қолданысын, оның ережелерінің сақталуын мониторингілеуді арнайы лауазымды адам – этика жөніндегі уəкілетті тұлға қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет саласында іске асырылып жатқан реформа шеңберінде өтілді есептеу, аттестаттауды жүргізу, тəртіптік жазаны қолдану, лауазымдарды уақытша қоса атқару, келтірілген залал үшін материалдық жауаптылық белгілеу, жұмыстан уақытша шеттету, мемлекеттік қызметтегі орнына қайта алу мəселелері заңнама деңгейінде пысықталатын болады. Жалпы алғанда, мемлекеттік қызметтегі реформаның негізгі мақсаты мынау: мемлекеттік қызметшілердің біліктілігі мен кəсіпқойлығын арттыру, мемлекеттік қызметтің дербестігін қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды төмендету, мемлекеттік қызметшілерге лайықты еңбекақы төлеуді жəне олардың қызмет бабында жоғарылауын қамтамасыз ету, халықтың билік институттарына деген сенімі деңгейін жəне ең маңыздысы, мемлекеттің жаңа экономикалық саясатты іске асыру жағдайында мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыру.

Теѕгеніѕ еркін айналымынан ўтылмаймыз Сайран БҰҚАНОВ,

«Қарқын» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, Қазақстанның Еңбек Ері.

Тəуелсіз еліміз бүгінде жаһандық экономикамен тығыз байланысты, оның бөлінбес бір бөлшегіне айналып кеткен. Уақыттың ырғағы осыған алып келді. Қазір ешқандай ел экономикасын дербес ұстап өмір сүре алмайды. Теңгенің бағамын еркін айналымға жіберу осыны көрсетіп отыр. Елбасы мен біздің Үкімет бұл шешімді дəл уақытында қабылдап отыр. Тіпті, мұны ертерек қабылдағанда да болар еді деп ойлаймын. Қиындықтың барлығы да дүниежүзілік шикізат пен қаржы дағдарысының қос бүйірден сыққандай қатар келіп отырғанынан екенін жұртшылық біліп отыр. Бұл тек Қазақстанды ғана емес бүкіл дүниежүзіндегі алпауыт мемлекеттердің басын ауыртып отырған дағдарыс. Екі жағымыздағы қос держава Ресей мен Қытай да ақшасының шылбырын «жіберіп, тартып алып» отыр. Ресей рублінің құлдырауынан біздің теңге солай қарай судай ақты. Енді теңгенің еркін айналымға шығуы Ресей мен Қазақстан арасында ептеп кері ағыс жасайды деп ойлаймын. Менің барлық ғұмырым ауыл шаруашылығымен байланыс ты, ауылда туып, ауылда өскен адаммын. Сондықтан еліміздегі, дүниежүзіндегі эконо мика лық өзгерістерді қалт жібер мей, қадағалап, оның ауыл шаруашылығына, ауыл адам дарына оңтайлы жағы мен қиындығын салыстырып отырамын. Əрине, пікірімді «Егемен Қазақстан» арқылы көпшілікке білдіріп қоятыным бар. Теңгенің долларға қатыс ты бағамының өсуінен астық, майлы дақылдар өсіріп отырған диқандар қауымы ешқандай да ұтылмайды, қайта ұтады. Өйткені, біз майлы дақылды да, бидайды да доллармен сатамыз. Бұрын бір мың доллар 188 мың

теңгеге бағаланса, енді бүгін 230 мың теңге болып отыр. Бұл біз үшін пайда. «Елде болса ерінге тиеді» дегендей, астықтан түскен қаржы бюджетті де толтырады, еңбек адамдарының жалақысын да, əлеуметтік керегін де өтейді. Енді ауыл тұрғындарына, «жалпы халыққа мұның қандай əсер-ықпалы болады?» дегенге кел сек, түбі жаман болмайды. Дəл қазір жұрт қымбатшылықтан қорқады. Мемлекет оның алдын алу шараларын жасап жатыр, халықты қайраңға тастамайды. Ал түбінде қымбатшылық адамдарды еңбекке итермелейді. Елбасы жазған «Қазақстанның əлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадамда» айтылған мəселелерді əр қазақстандық қаперге алуы қажет. Əрине, жұмыс берушілер жалақыны өсіруі керек, мұнсыз болмайды. «Екі қолға бір күрек» деген адамға жұмыс қайда болсын табылады. Ауылда тұрғандар мал өсірсін, бақша ексін, оған мемлекет тарапынан қолдау өте жақсы. Бейнетсіз, қиындықсыз, оңай жерде нан жоқ. Тек соны түсінуіміз керек. Қазір кейбір кісілерде үлкен көлемде астық өндіретін, мал ұстайтын кəсіпкерлер барлығын қалпақпен қағып алғандай түсінік бар. Жоқ, олай емес, сол астықтың да, малдың да табысы маңдайдың терін сыпырған еңбекпен келгенін түсінуіміз қажет. Қазір өзінің аз ғана шаруасын дөңгелентіп, дəулетін тербетіп отырған азаматтар қатары көбейіп келеді. Өйткені, олар еңбек етеді, ізденеді, бір тиынды екі тиын етпей дамыл таппайды. Міне, бүкіл қоғам осыған келуіміз керек. Кең жерімізді, байлығымызды бағалайық, ағайын. Дүниежүзінде ұлтарақтай жерде тамағын ғана асырап, өмір сүріп жатқан халықтар бар. Аталарымыз қымбатшылықтың емес, қатшылықтың қауіпті екенін ескертіп кеткен. Соның мəнін түсінейік. Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы.

Су проблемасы ґзара тїсіністікпен шешіледі

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Германия Федеративтік Республикасының Федералды сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайердің шақыруы бойынша Берлиндегі «Су жəне Орталық Азиядағы ізгі көршілестік қатынастар» конференциясына қатысты, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Оның жұмысына, сондайақ, Еуроодақтың, Орталық Азия елдерінің өкілдері, ғалымдар, халықаралық сарапшылар қатысты. Бақытжан Сағынтаев конференцияда сөйлеген сөзінде Қазақстанда соңғы 10 жыл бедерінде су мəселелерін реттейтін нормативтік-құқықтық база дамып келе жатқанын, су ресурстарын басқару бойынша мемлекеттік бағдарлама қабылданғанын, Аралды құтқару бойынша шаралар қолданылып жатқанын атап көрсетті. Сонымен бір мезгілде, Орталық Азиядағы су шаруашылығы жағдайын дамыту мəселелерінде теріс үрдістер байқалып отыр жəне аталған проблемаларды тиімді шешу кешенді көзқарас пен үйлесімді іс-қимылды қажет етеді. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары конференцияға қатысушылардың назарына Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бастамашылық танытқан Орталық Азиядағы су жағдайын жақсартуға байланысты бірқатар ұсыныстарын жеткізді.

Атап айтқанда, Халықаралық Аралды құтқару қорына мүше мемлекеттер басшыларының мəжілісін өткізу немесе ірі донорлар мен сарапшыларды тарта отырып, су мəселелері жөніндегі саммит ұйымдастыру қажет. Бақытжан Сағынтаев конференцияда, сондай-ақ, Су жобаларын жүзеге асыру жөніндегі орталықазиялық инвестициялық қор жəне Су қауіпсіздігі жөніндегі өңірлік орталық құру туралы бастама көтерді. Бұдан бөлек, Қазақстан Орталық Азияда Су жəне экологиялық қауіпсіздік туралы актіні бірлесіп жасап, оған қол қоюды ұсынып отыр, сондайақ, гидрологиялық деректермен алмасудың ашық жүйесін құрудың маңызы зор. Қазақстанның тағы бір бастамасы Мемлекетаралық су шаруашылығы комиссиясы жұмысының, «Сырдария» жəне «Əмудария» бассейндік су шаруашылығы бірлестіктерінің тиімділігін арттыруға байланысты болып отыр.

Ел саяси ґміріндегі ґзгеріс Қазақстанда жұмыс істеп тұрған екі саяси бірлестіктің негізінде – Қазақстанның Патриоттар партиясы мен Қазақстанның «Ауыл» социал-демократиялық партиясының негізінде жаңа қоғамдық бірлестік – «Ауыл» халықтық патриоттық партиясы» құрылды. Мұндай шешім 5 қыркүйек күні өткен аталған екі партияның кезектен тыс съездерінің қорытындылары бойынша қабылданды. Бірлесу туралы бастаманы əуелі патриоттар көтерсе, ол кейін ауыл дықтар тарапынан қолдау тапты. «Ауыл» партиясының төрағасы Əли Бектаев айтып өткендей, жарияланған мəлімдемеде екі партияның бірігуі олардың жұмысына қосымша серпін беріп, өзінің жақтастарының проблемаларын табысты шешуге, басқарудың барлық деңгейлеріндегі қарапайым қазақстандықтардың мүдделерін тиімді қорғауға жағдай туғызады. Съезд делегаттары «Ауыл»

халықтық патриоттық партия сының төрағасы етіп, Əли Бектаевты, оның орынбасарлығына Патриоттар партиясының бұрынғы басшысы Толымбек Ғабділəшімовті сайлады. Съезд шешімімен басқа рушылық буынға – партияның төралқасы мен саяси кеңесіне белгілі жəне беделді тұлғалар, сондай-ақ, бұрынғы екі партияның да құрылымдарында жұмыс істеген жаңа адамдар енгізілді. Съезде, сонымен қатар, «Ауыл» халықтық патриоттық партиясының жарғысы мен бағдарламасы жаңа редакцияда қабылданды. «Егемен-ақпарат».


4

www.egemen.kz

8 қыркүйек 2015 жыл

● Дүние жəне дағдарыс

БОСЌЫНДАР БАРЄАН САЙЫН Соңғы аптада Еуропаның басты «жыры» Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадан ат арытып келіп жатқан босқындардың тасқыны болып тұр. Орнынан бір қозғалып кеткен бұл көштің жуыр маңда толас таба қоятын түрі де көрінбейді. Себебі, толқынның артынан толқынның келетіні сияқты, алдыңғы лектердің қалай жəне қайда барып жайғасып, сіңіп жатқанын жіті қадағалап, қарап отырған арттағы бір қауым елдің жағдайлары олардың ахуалынан артық емес еді. Сондықтан сетінеген көктеудей бір шеті тарқатылып шығып кеткен шаруаның бұдан да əрі ұласып кетуі бір жағы заңдылық та сияқты.

Апта ішінде əлемде бұдан да басқа елді елең еткізген елеулі оқиғалар аз болған жоқ. Соның бірі біздің іргеміздегі іспеттес Тəжікстан мемлекетінің төрінде террорлық топтың бас көтеруі болды. Ауқымы жағынан арғы жағындағы Ауғанстандағы алуан түрлі оқиғаларға қарағанда, шағындау болып көрінгенімен, негізінен тыныш жатқан атыраптың бұлайша аяқ астынан ала тайдай тулап шыға келгені көп нəрседен қауіп алдырады. Осының бəрі алмағайып уақыттың барған сайын ушығып бара жатқанын байқатады.

Мадридтіѕ «Реалы» елінен ќашќандарєа ќаржы бґлді Футболдан Мадридтің «Реал» клубы өз қаржы қорының бір бөлігін босқындар мұқтажы үшін беруге шешім қабылдады. «Клуб бұл шешімді соғыс пен өлімнен қашып, өздерінің үйлерін тастап кетуге мəжбүр болған еркектерге, əйелдерге жəне балаларға қол дау

Германия екі кїнде 13 мыѕ босќын ќабылдады Германия соңғы екі күннің ішінде Таяу Шығыстан келіп, Венгрия жерінде аптаға жуық уақыт дүмеп жатқан 13 мыңға тарта босқынды қабылдады. Олардың көпшілігі Мюнхен маңына Австрия арқылы ат басын бұрды. Бұлардың 8 мыңы 5 қыркүйекте жетсе, қалған 5 мыңы 6 қыркүйекте табан тіреді. Ал осы екі күннің ішінде Алман жерін толтырған «нелегалдар» саны 17 мыңға жақындайды. Потсдам полициясының өкілі атап өткендей, қазіргі босқындардың

қоныс аудару көшкіні бұрын күткендегіден гөрі анағұрлым жылдам да қауырт жүріп жатыр. Осы екі аралықта федералды канцлер ведомствосының басшысы Петер Альтмайер мұндай көрсеткіштердің оқта-текте бір орын алатын дерек екенін, оның күн сайын қайталана қоймайтынын тілге тиек етті. Германия ішкі істер министрлігінің мəліметі бойынша, 5 қыркүйекте Бавария аумағына келген босқындардың жартысы қазірдің өзінде басқа

федералды жерлерге бөлініп қойылған. Енді 6 қыркүйекте келген мигранттар да басқа аймақтарға жіберілмекші. Қыркүйектің 5-і күнінің кешінде Венгрия билігі бірнеше тəуліктен бері Будапешт вокзалында жүрген келушілерді Австрия шекарасына жеткізіп салуға шешім қабылдады. Осыдан кейін Вена мен Берлин бұл адамдарды қабылдауға дайын екендері туралы мəлімдеді. Бұлардың да көп бөлігі Австрияда қалмайды, одан əрі Германияға сапар шегеді.

көрсету мақсатында қабылдады. «Реалдың» президенті Флорентино Перес кеше Испанияның премьер-министрі Мариано Рахоймен босқындарға көмек көрсету мəселесін талқылады», – делінген хабарламада. Корольдік клуб шынында корольдік биік сипат танытты.

Австрия бґтендер їшін шекарасын жауып тастайтынын ескертті

Грекияда мигранттардыѕ жаѕа туєан баласы табылды

5 қыркүйек күні гректің жағалау күзеті теңіз жағалауынан жаңа туған ұл бала тауып алды. Атап өтілгендей, нəрестенің ата-анасы Агатонисион аралы жағалауына аман-есен шыға алыпты. Алайда, олардың су жағасынан табылған бөбегі жақын жердегі госпитальге апарылғанда, дəрігерлер мұңлықтың өліп қалғанын анықтапты. Бұдан бұрын түріктің Бодрум қаласының курортты ауданынан үш жасар баланың денесі табылған болатын. Жанында əке-шешесі болған бала Сирияның Кобани қаласынан шыққан мигранттар тобымен бірге Кос аралына жүзіп бара жатқанда, қайық аударылып кеткен. Сол апатта талай адам жағаға шыға алмай, қаза тапқан. Солардың арасында бөбектің өзінен бөлек, оның 5 жасар ағасы мен анасы болған.

Ал кеше Австрия босқындар үшін тағы да шекарасын жауып тастайтынын ескертті. «Австрия осының алдында елге Венгриядан мыңдаған мигранттың келіп жетуіне мүмкіндік берген шекарадан өту процедурасын біртіндеп алып тастайтын болады», – деп атап өтті федералды канцлер Вернер Файмен.

Ереженің айтарлықтай жеңілдетілуінің арқасында демалыс күндері мыңдаған босқын Австрия шекарасынан ішкері кіруге немесе əрі Германия жеріне өтіп кетуге мүмкіндік алды. «Біз қиын жағдайда қалған 12 мыңнан астам адамға жəрдем бере алдық. Енді біртіндеп төтенше жағдайда жұмыс істеу

ахуалынан шығып, бұрынғысынша қалыпты режімде жұмыс жасауға көшуіміз керек», – деп түсіндірді канцлер өзінің мəлімдемесінде. Бұдан бұрын Германия мен Венгрия биліктері Еуроодақтың ережелеріне қарсы келетін тəртіппен Австрия-Венгрия шекарасынан бірер мəрте мыңдаған мигрантты өткізіп жіберудің соншалықты бір шектен шыққан əрекет болып табылмайтынын мəлімдеген. Осы ретте көші-қон керуенін түзушілердің басым бөлігінің діттеп баратын нүктелері болып отырған Германияның өзі де бұлайша көмек көрсетудің шексіз емес екенін, сондықтан оны тым асыра пайдалануға болмайтынын ескерткен-ді. Бұдан əрі екі ел де Еуроодаққа келетін мигранттарға қатысты ережені қатаң сақтауға көшуді жоспарлап отыр. Бұл дегенің ең алдымен келушілердің арнайы тіркеуден өтіп, өзі баратын елге кіру үшін рұқсат алуы керек екенін білдіреді. Германия ішкі істер министрі мигранттарды қабылдаудың соңғы күндерде қабылданған жəне барлық ережелерге сəйкес келмейтін уақытша шешім екенін анық айтты. Оның сөзіне қарағанда, Еуроодақтың мигранттар ЕО аумағындағы бірінші барып түскен елінен баспана сұрауы керек екенін алға тартатын қағидасы өзінің күшінде қалады. Сол аралықта босқындар жөніндегі жоғары комиссар Антонио Гутберрес егер ЕО елдері арасында іс-əрекеттің бір текті жоспарын жүзеге асыру жөнінде келісім болса, олардың арасындағы бұл мəселе жөніндегі айтарлықтай кереғарлықты жеңуге болатынына назар аударды. Венгрия билігі жексенбі күні өзінің оңтүстікте Сербиямен шектесетін аумағында орналасқан Росзке деревнясында босқындар үшін жаңа лагерь ашты. Полиция жақында келген жүздеген адамды сонда аттандырды. Бірақ Би-би-си тілшісі Джеймс Рейнгольд олардың көпшілігі тіркеу ресімінің енді қанша уақытқа созылатынын білмегендіктен, толқи бастағанын да хабарлап үлгерді.

Аналарды осындай ќиын жолєа итермелейтін не? Жақында Түркия жағалауында қайықтың аударылып кетуі салдарынан қаза тапқан үш жасар сириялық баланың аянышты суреттері жер бетін шарлап кеткеннен кейін қазір босқын мұсылман əйелдердің алдарынан осындай сұрақтар да шығып жатыр. Сонда жас аналардың барлығы дерлік мұндай сапарлардан қорқатындарын жасырмай айтқан. Бірақ олар от лаулап, оқ бораған туған жерлерінен безіп кетуге еріксіз барып отыр. Ирактың 26 жастағы тұрғыны Ибсаль Алдржян отандарын тастап шығуға 33-тегі күйеуі Хайдар Баклидің өміріне қауіп төнгендіктен мəжбүр болғандарын жеткізген. Айтып отырса, күйеуімен екеуі бір түнде үй-жайларын тастап, 5-тегі Умайма мен 3-тегі Амнаны қолдарына алып, осындай қатерлі де белгісіз сапарға шығып кетулеріне Бағдаттағы шииттердің əсері болған. «Егер біз Иракта қала берсек, олар менің күйеуімді өлтірген болар еді. Мен жесір, қыздарым жетім болып қалар еді», – деді келіншек The Daily Mail газетіне берген сұхбатында. «Біз мұсылман-сунниттерміз, ал онда негізінен шииттер тұрады. Күйеуім автомеханик болып істейтін. Бір күні оның шеберханасына шиит фанаттары өзін өлтіретіндері жөнінде жазылған хат тастап кетіпті. Осы бізді қозғалуға жетеледі», – деді ол бұдан əрі. Отбасы осыдан кейін Еуропаға қашуға шешім қабылдайды. Олар кездесетін жерлері етіп Кос аралына жол тартатын кеменің айлағын белгілейді. Жолда бұлардың су көліктеріне тағы да біраз адам отырғызылып, біраз шайқатылады. Бақыттарына орай, көздеген аралдарына аман-есен жетеді. Ауғанстаннан шыққан 30 жастағы Форосан Фарсили елінен талибандардың қайта келулеріне байланысты қашуға мəжбүр болған. Өздері 4 қыз өсіріп отыр екен. Ал талибан келгеннен кейін олардың білім алуға еш мүмкіндіктері болмас еді. Сондықтан күйеуі мен 8-дегі Рихан, 7-дегі Яганай, 4-тегі Ферия жəне 4 айлық Фатимагүл ныспылы қыздарын алып, осы қиын сапарға аттанады. Қайықта отырғанда екеуі балаларын қолдарына алып, құдайға құлшылық етумен болыпты. Содан бəрінің ақыры қайыр болып жағалауға жетіпті.

Британиялыќтардыѕ жартысынан астамы Еуроодаќты ќаламайды Егер дəл қазір осы мəселені қозғаған референдум өткізіле қалса, Британия тұрғындарының 51 пайызы елдің Еуропа одағынан шығуын талап еткен болар еді. Мұны Daily Mail газетінің тапсырысы бойынша Survation компаниясы жүргізген. Брюссельден «ажыраспау» жөніндегі пікірді респонденттердің 47 пайызы білдірген. Бірақ елге босқындар қаптап келе бастайтын болса, бұл қатардағы тағы 22 пайыздық мөлшердегі респонденттер Ұлыбританияның Еуроодақтан шығуын қолдап шыға келеді. Бұдан бұрын Ұлыбританияның ЕО-дан шығу-шықпау мəселесін қозғайтын референдумның 2017 жылдың соңында өтетіні хабарланған-тын. Бірақ премьер-министр Дэвид Кэмерон мүмкін болғанынша оны тезірек өткізіп жіберуді қалап отыр. Сондықтан оның келесі жылғы маусым айында өтіп қалуы да ғажап емес. Шынын айтқанда, Британия

үкіметінің басшысы ЕО-дан шығуға қатысты науқанды осы қыркүйекте өткізіп жіберуге дайын екендерін де мəлімдеген болатын. Соңғы кездері Еуроодақ құрамындағы көптеген елдерді, – соның ішінде Британия да бар – Таяу Шығыс пен Африкадан келген босқындар тасқыны басып қалды. Бұрын-соңды болмаған бұл нөпірді бірден қабылдау қай мемлекетке де оңай тиіп жатқан жоқ. Бұлардың көпшілігі өздерінің түпкілікті тұрақтары ретінде Ұлыбритания мен Англияны атайды. Бірақ аралдағы мемлекетке жетіп алудың қиындығы мен жолдағы тосқауылдың көптігінен мигранттардың Алман жерінен əрі баруға мүмкіндіктері азайып кетті. От пен оқтан қашып, Еуропадан жайлы тұрмыс іздеп шыққан босқындардың жарты жолда қаза тауып жатқандары да жеткілікті. Солардың көбі теңіз суларының құрбандары болып жатыр.


8 қыркүйек 2015 жыл

● Дүние жəне дағдарыс

БОЙ БЕРМЕЙ БАРАДЫ

Кишиневте 25 жылдан бергі еѕ ірі наразылыќ акциясы ґтіп жатыр Молдованың астанасы – Кишинев қаласында президент пен үкіметті отставкаға кетуге шақырған соңғы ширек ғасырдың ішіндегі ең ірі қарсылық акциясы басталып кетті. Көптеген мың адамның қатысуымен өтіп жатқан шеруде сондай-ақ, олигархтарды билік маңынан аластату жəне БАҚ-тардың бостандығын қамтамасыз ету мəселелері де көтеріліп жатыр. Қарсылық қозғалысының ұйымдастырушылары оны «Ұлы ұлттық жиын» деп атапты. Шерушілердің бір бөлігі осы күндерде қаланың орталық көшелерімен ұрандатып жүріп өтті. Олар енді осы аумақтарда шатырлы қалашықтардың пайда болатынын айтып отыр. Осы тұста молдован билігі жұрт назарын акциядан басқа жаққа

аударып жіберу үшін орталық алаңдар мен мəдениет сарайларында молдовалық жəне ресейлік белгілі өнер жұлдыздарының тегін концерттерін ұйымдастыруға əрекет жасап көріп еді, айтылып отырған əртістердің басым көпшілігі мұндай шараға қатысудан үзілді-кесілді бас тартты. Молдова астанасындағы көптеген мың адамды қарауына қамтып отырған бұл митингіге «Жасампаздық жəне əділеттілік» деп аталатын азаматтық қозғалыстың бастамашы болып отырғаны да анықталды. Акцияға қатысушылар елдегі биліктің барлық тармағына қарсы екендерін ашық білдірді. Соның ішінде президент пен үкімет басшысынан бөлек, ұлттық банк пен бас прокуратураның тізгіндерін

ұстап отырған тұлғалардың орындарынан кетуі, сот билігіне реформа жүргізу мен бұқаралық ақпарат құралдарына еркіншілік беру бірінші кезекте айтылуда. Манифестанттардың түйінді талаптарының бірі сондай-ақ, Молдованың үш банкінен қамтамасыз етілмеген кредит ретінде əкетілген €1 млрд. мөлшеріндегі қаржының қайтарылуы болып отыр. Елде бұл операция «ғасыр ұрлығы» ретінде бағалануда. «Биліктің қаншама арандату əрекеттеріне қарамастан, біз Кишиневтің орталығына жүздеген болмаса да, əлденеше ондаған мың адамды жинай алдық. Біз биліктің бұдан арғы келемежіне шыдай алмаймыз. Біз не қазіргі биліктен жемқорлыққа батқан олигархтардың кетулеріне қол жеткіземіз, не

өзіміздің басқа талаптарымыздың орындалуларын қамтамасыз етеміз», – деді азаматтық қозғалыс жетекшілерінің бірі Валентин Долганюк. Акцияға қатысушылар бірер күнде Ұлы ұлттық жиналыс кеңесін құрып үлгерді. Кеңес мүшелері енді митингінің талап-тілектерін президентке, парламент төрағасына жəне премьер-министрге жеткізулері тиіс. «Бұдан арғы ісқимылымыз осы талап-тілектеріміздің билік тарапынан қаншалықты дəрежеде орындалғанына байланысты болады. Бұған нақтылы жауап алмайынша, ешкім де алаңнан кетпейді», деді «Жасампаздық жəне əділеттілік» қозғалысы лидерлерінің бірі Андрей Нэстасе. Ұйымдастырушылардың бағалау ларын ша, акцияға қазір 100 мыңға жуық адам қатысуда. Кишинев полициясы болса, бұлардың қатары 25 мыңнан аспайды деп есептейді. Бірақ, митинг əзірге бейбіт қалыпта өтіп жатыр. Мұндағы қауіпсіздікті елдің басқа аудандарынан əкелінген жүздеген полицей сырттай бақылап тұр. Олар қаланың басты көшелеріне келетін жолдар бойын автомобильдер тізбегімен жауып тастаған. Тəртіп сақшылары манифестанттардың ішкі əрекеттеріне араласпайды. Молдова ішкі істер министрі Олег Балан кеше таңертең баспасөз мəслихатын өткізіп, полицейлердің наразылық акциясы кезіндегі тəртіпті қамтамасыз ететінін мəлімдеді. Осы кездері қаланың орталық алаңындағы негізгі жиыннан басқа, тағы да бірқатар жерлерде ауқымы жағынан шағын митингілер өтіп жатыр. Осылайша «Қызыл блок» партиясы өзінің жақтастарын ғылым академиясы алдындағы алаңға жинап алған. Бірақ, олардың мақсаты орталық көшемен шерулетіп жүріп өтіп, орталық алаңдағы ұлы жиынға қосылу екен. Блок мүшелері сонымен қатар, Молдова үкіметі үйі жанынан шатырлар қалашығын орнатуға уəде берді. Жоғарыда аталған азаматтық қозғалыс мүшелері биылғы жылғы мамыр айында да осындай шеру ұйымдастырған. Онда олигархтармен күресті қолға алып, мемлекеттің билігін халыққа қайтару талап етіліпті.

Тəжікстанда бўрынєы генерал бастаєан террорлыќ топ шыќты Қыркүйектің 4-і күні бір ғана Тəжікстан аумағы емес, осы төңірекке жақын елдердің бəрін дүр сілкіндірген төтенше жағдай туындады. Елдің қорғаныс министрінің орынбасары Абдулхалим Назарзода бастаған террорлық топ Душанбе мен Вахдатта қорғаныс министрлігі мен аудандық ішкі істер бөлімі ғимараттарына екі қарулы шабуыл жасады. Тəжікстан ішкі істер министрлігі хабарлағандай, генерал-майор осыдан кейін Душанбеден 40 шақырым жердегі Ромит шатқалына барып тығылған. Осы оқиғаның басы-қасында ұйымдастырушы болып қорғаныс министрінің орынбасары жүргенін білгеннен кейін президент Эмомали Рахмон оны сырттай қызметінен алып тастады. Ішкі істер министрлігі жұма күні сағат 4:28-де Вахдаттағы ішкі істер бөлімшесіне, сондай-ақ, Тəжікстан қорғаныс министрлігінің орталық аппаратына шабуыл жасалып, айтарлықтай көп қару-жарақ əкетілгенін жеткізді. Атыс барысында ішкі істер министрлігінің төрт қызметкері жəне Вахдаттағы милиция бөлімшесінің төрт қызметкері қаза тапқан. «Жедел-іздестіру шараларының нəтижесінде жасалған шабуылдарды генерал-майор Абдухалим Назарзода (Назаров) ұйымдастырған жəне бастаған террорлық топтың жасағандары анықталды. Ол сондай-ақ, «Ислам жаңғырту партиясының» мүшесі, 1997 жылы 30 пайыздық квота бойынша Тəжікстан қарулы күштері құрамына енгізу жөнінде бейбіт келісім жасасқан тəжік біріккен оппозициясының бұрынғы жауынгері болып табылады», – делінген ішкі істер министрлігінің хабарламасында. Министрлік Назаровтың басқаруындағы қарулы топтың бұл іс-əрекеттері оның

5

www.egemen.kz

жақтастары көмегімен бірге алдын ала жоспарланған əрекет екенін айтып отыр. Күштік құрылымдардың Вахдат ауданындағы Мургоб жəне Рудаки ауданындағы Магмуруд ауданындағы Халим Назаровқа қарасты тұрғылықты жер мен нан комбинатына тексеру жүргізу операциясы ол жақтан қару-жарақ пен басқа да əскери құралдардың орасан зор жиынтығына кезікті. Мəлімдемеде Назаровтың Тəжікстан қорғаныс министрінің орынбасары болып тұрған кезінде өзінің өкілеттігін пайдаланып, алдау жəне жалғандық жасау жолымен террорлық əрекеттерге барғаны айтылады. Ішкі істер министрлігі Халим қожа Назаровтың бұл террорлық əрекетке жеке өзі жетекшілік еткенін мəлімдейді. Қылмыстық топтың құрамында Муродов Сарабек Баротович (1967 жылғы) Ибронов Илхомиддин Махмадулоевич (1972),

Сафаров Собир Каримович (1965) Аюбов Фозил, Холиков Хуршед Додихудоевич (1976), Салоев Хаёт Амриддинович (1983) болған. Арнайы операция барысында террорлық топтың мүшелері Зиёраддин Абдуллоевпен бірге бейбіт келісімнен кейін əскери құрылымға келген бұрынғы тағы 8 содыр оққа ұшты. Аталған факт бойынша бас прокуратура қылмыстық іс қозғады. Сондай-ақ, генерал есепте тұрған «Исламды жаңғырту партиясы» одан бас тартты. Осы оқиға орын алған бойда АҚШ-тың Тəжікстандағы елшілігі өз жұмысын тоқтатты. Тəжікстан ішкі істер министрлігі 5 қыркүйек күні Душанбе мен Вахдатта ішкі істер министрлігі мен қорғаныс министрлігінің 33 қызметкері қаза тапқанын жоққа шығарды. Министрліктің ресми сайты хабарлағандай, аталмыш ақпар шындыққа сəйкес келмейді. Мұндай хабарламаны, сондай-ақ, ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің де таратқаны айтылады. Бұдан əрі ішкі істер министрлігінің, мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің, қорғаныс министрлігі мен басқа да күштік құрылымдардың заңсыз əскери құрылымға қарсы бірлескен операциясының жалғасып жатқаны атап көрсетілген. Ішкі істер министрлігінің мəліметі бойынша, қазіргі сəтке дейін Абдухалим Назарзода қылмыстық тобының 32 мүшесі қолға түсіп, 13 мүшесі жойып жіберілген. Бұдан басқа, 500 бірлік қару-жарақтар мен оқдəрілер алынған. Бірнеше қару-жарақ қоймасы мен автомобильдер табылды. Ал генерал Абдухалим Назарзоданың өзіне келсек, ол өзінің 7-8 жақтасымен бірге Душанбеден 150 шақырым қашықтықтағы Рамит тауында тығылып жатыр. Оның тобы

қоршауға алыныпты. Енді қылмыскерлерді қолға түсіру немесе жойып жіберу операциясы жүріп жатыр. Сондай-ақ, Абдухалим Назарзоданың 1972 жылы туған інісі Мирзохает Назаровтың милицияға өз еркімен берілгені айтылуда. Ішкі істер министрлігі қарулы қақтығыс басталғалы бері ішкі істер органдарының 9 қызметкері қаза тауып, 6 адамның жеңіл жарақат алғанын атап өтті. Бұл оқиғаның сыртында мынадай да дерек бар. Қыркүйектің 4-і күні 23 жасар інілерінің ІІМ қызметкерлерінің қолынан қаза тапқанына ашу-ыза білдірген оның туыстары жеті күштік құрылым қызметкерлерін өлтіреді. Содан кейін қуғыннан қашып бара жатып арнайы жасақтың тағы екі жауынгері мен автоинспекторды атады. Еске сала кетейік, 29 тамыз күні денесінде көптеген жарақаттары бар 23 жасар Умар Бободжонов есімді СанктПетербург университетінде оқитын жігіт милиция бөлімшесінен аурухананың жансақтау бөліміне жеткізіледі. Ал содан бір күн бұрын ол сақалын өсіріп жіберіп жүргеніне байланысты Вахдат ішкі істер бөліміне əкелінген екен. Сол жігіт, БАҚтар хабарынша, 3 қыркүйек күні қайтыс болады. Умардың өлгенін білгеннен кейін оның туыстары Душанбедегі əскери бөлімдердің біріне жасырын кіріп, ол жақтан көптеген қару-жарақ пен оқ-дəрі алып шығады. Содан соң Вахдат қалалық ішкі істер бөліміне шабуыл жасап, төрт милиционерді өлтіреді. Кейін Душанбеге барғасын онда тағы екі ОМОН жəне бір МАИ қызметкерін атып кетеді. Тағы бір автоинспектор дене жарақатымен ауруханаға түседі. Осыған байланысты Тəжікстанның барлық күштік құрылымдары қылмыскерлерді табуға жұмылдырылған. Душанбенің көшелерінде қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Төтенше жағдайды тексеру үшін ішкі істер министрі орынбасарлары бірінің басшылығымен жеделтергеу тобы құрылған. Ал Тəжікстан ішкі істер министрі милиция генерал-лейтенанты Рамазон Рахимзоданың өзі болса, Умар Бободжоновтың соққыға жығылу фактісіне орай шұғыл қызметтік тексеру жүргізу тапсырды. Министрліктегі, сондай-ақ, əскери бөлімге кіру мен Вахдат ішкі істер бөліміне шабуыл жасау əрекеттерін де жақында республикалық күштік құрылымдар сапынан қызметтен қуылған офицерлер Зиевуддин Абдуллоев пен Джунайдулло Умаровтың бар екенін айтады. Олардың екеуі де тəжік бірлескен оппозициясы қарулы құрылымдарының ұрыс командирлері болған.

Айқарма бетті дайындаған Серік ПІРНАЗАР, «Егемен Қазақстан».

ШАРАЙНА

Əлем жаѕалыќтары

Проблемаєа ортаќтасуєа шаќырды Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мун Еуропадағы бірқатар мемлекеттердің басшыларымен телефон арқылы сөйлесіп, босқындар проблемасын талқылады. Мигранттардың ағылып келуіне байланысты бірқатар елдерде туындаған өткір проблемалардың ауқымды екенін айтқан Бас хатшы оларды «жауапкершілікті тең бөлісуге» шақырған. «Бас хатшы елдер басшыларын Еуропадағы мигранттар мен босқындарға қатысты кемсітушілік пен зорлыққа байланысты алаңдаушылықтарына ризашылығын білдірді», – деп көрсетілген БҰҰ баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Кейбір деректер бойынша, Еуроодақ елдеріне осы жылдың басынан шамамен 350 мыңнан астам мигрант барған. Күн өткен сайын олардың қатары көбейе түсуде.

АЌШ талабын орындаудан бас тартты Грекия АҚШ-тың ресейлік ұшақтардың Сирияға гуманитарлық көмектерді жеткізу үшін Афинаның əуе кеңістігін пайдалануын жабу жөніндегі талабынан бас тартты. «Новости» ақпарат агенттігінің хабарлауына қарағанда, сенбі күні АҚШ-тың елшілігі Грекия үкіметіне ресейлік ұшақтардың осы ел аумағы арқылы ұшуына тыйым салу туралы ұсыныс жасаған. Грекия үкіметі өздерінің Ресеймен қатынасын нашарлатпауын ойлап, АҚШтың өтінішін орындаудан бас тартқан. Ресми Мəскеу Грекиядан 1-24 қыркүйек аралығында Сирияға гуманитарлық жүктерді тасымалдау үшін осы елдің əуе жолын пайдалануға рұқсат алған екен. Ал сириялықтарға гуманитарлық көмек аса қажет.

Єалымдар болжамы жан тїршіктіреді Бірқатар шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары енді он бес жылдан кейін биіктігі 20 метрге жететін толқын салдарынан Шығыс елдерінде 130 миллионға жуық адам Цунамидің құрбаны болатындығын жазған. Адам жаны түршігетін осындай болжамды басқалар емес, АҚШ, Ресей жəне Жапонияның бір топ ғалымдары жасаған көрінеді. Ал алып цунами 2030 жылы болады деп болжанған. Ғалымдар алып толқынның тууына Жапониядағы 9 балдық жер сілкінісі себеп болатындығын айтады. Ең көп зардап шегетін елдер Жапония мен Тайланд болатын секілді. Желдің жылдамдығы сағатына 600 шақырымға жететіндей. Ғалымдар бұдан Жерорта теңізінің жағалауындағы елдер де зардап шегуі ықтимал екендігін ескертеді.

Ќысќа ќайырып айтќанда: ● Гарвард университетінің оқытушысы Лоуренс Лессиг Демократиялық партиядан АҚШ президенттігіне түсуге ниетті екенін мəлімдеді. Егер сайланған жағдайда, ол сайлау кампанияларын қаржыландыру мəселесіне реформа жүргізіп, содан кейін өз өкілеттігін вице-президентке беріп, отставкаға кететінін айтқан. ● Финляндияның бас банкирі Эркки Лииканен өзінің бір айлық жалақысын босқындарға аударуды жөн санап отыр. Оның жалақысы 10 мың еуроны құрайды. ● Франция президенті Франсуа Олланд егер Украинадағы бейбіт үдеріс жалғасатын болса, онда Ресейге қарсы санкцияларды алып тастауға қолдау көрсетуге уəде берді. «Соңғы бірнеше аптада бейбіт реттеу үдерісінде прогресс байқалды. Тараптар іс жүзінде оқ ату режімін толықтай сақтады», деп мəлімдеді ол.

Арасында содырлар да аз емес «Sunday Express» газетінің хабарлауынша, «Ислам мемлекеті» террористік ұйымының 4 мыңнан астам содыры Еуропалық одақ елдеріне босқын ретінде өтіп кеткен. Басылымда келтірілген деректерге қарағанда, содырлар Түркияның Измир жəне Мерсин қалаларының порттарындағы босқындарға қосылып, Жерорта теңізі арқылы Италияға өткен. Одан кейін олар Швеция мен Германияға, тағы басқа да елдерге баратын сияқты. Аталған басылым, сондай-ақ, «Ислам мемлекеті содырларының Еуропа аумағына өтуі, АҚШ бастаған халықаралық коалицияның əуеден берген соққыларынан «өш алуының» басы болмақ. Содырлардың босқын ретінде өтулеріне көмектескен адам «жасалатын шабуылдар қарапайым халыққа емес, батыс елдерінің үкіметтеріне бағытталатынын» айтқан.

Ќытай зауытындаєы жарылыс Қытайдың Лишуй қаласындағы химия зауытында жарылыс болды. Əзірше зардап шеккендер туралы мəлімет жоқ. Зауыт елдің Чжэцзян провинциясында орналасқан. Бұл ақпаратты «Рейтер» агенттігі таратты. Жергілікті тұрғындардың сөздеріне қарағанда, жарылыс орнында күшті өрт басталған. Жарылыстан кейінгі өрт басталған сəтте зауытта 200 жұмысшы болыпты. Ал ТАСС ақпаратына қарағанда, кəсіпорындағы метанол жарылған. Жалпы, соңғы бірнеше аптада Қытайдың кəсіпорындарында бірқатар осындай оқиғалар орын алды. Мəселен, 1 қыркүйекке қараған түні Шаньдун провинциясында да химия зауытындағы жарылыс салдарынан 5 адам қаза тапқан болатын. Елдегі соңғы кездердегі ең ірі апат Тяньцзин қаласында тіркелді. 12 тамыздағы оқыс оқиғадан 150-ден астам адам көз жұмса, 23-і із-түзсіз жоғалып кеткен еді.

Найзаєай 23 адамды жазым етті Үндістанның Андхра-Прадеш штатында найзағайдан 23 адам мерт болды. Құрбан болғандардың көпшілігі село тұрғындары, олар найзағай отына алқаптағы жұмыс кезінде ұшыраған. Жергілікті биліктің хабардар етуінше, найзағай стадионға жақын жердегі ағашқа да түсіпті. Сол кезде стадионда екі қаланың крикеттен əйелдер командасының ойыны өтіп жатқан екен. Бір жақсысы, спортшылар ғимарат ішіне кіріп үлгерген. Қаза тапқандардың туған-туыстарына мемлекет 400 мың рупийден бөліпті. Жергілікті билік маусым-қазан аралығында нөсер жауын жиі болып тұратынын айтады. Интернет материалдары негізінде əзірленді.


6

www.egemen.kz

8 қыркүйек 2015 жыл

 Мемлекет мерейі

АЌИЫЌ

Єарыш єазалы Жəркен БӨДЕШҰЛЫ.

Ұшудың жайын білем мен, Шарладым талай аспанды. Қазағым «ұшқыш кілеммен», Ғарышты тұңғыш ашқан-ды. Алланың жарық ай, күні, Мейірімді алып анадай. Тоқтар, Талғат, Айдыным, Тамырлас үш түп қарағай. Тəуелсіз жұртым қандай жас, Əжім көп бірақ бетінде. Қарағайларым сарғаймас, Тұрса да желдің өтінде... Сенбеймін мынау заманға, Өрт қоздырған шоқты үрлеп. Айдын – күллі адамға, Бейбіт қоныс кетті іздеп. АЛМАТЫ.

Айымбетов єылыми баєдарламасын орындау їстінде

«Союз-ТМА-18М» халыќаралыќ стансамен сəтті тїйісті 2 қыркүйек күні Астана уақыты бойынша сағат 10:37 минутта Байқоңыр ғарыш айла ғынан ұшырылған «Союз-ТМА-18М» ғарыш кемесі шамамен екі тəуліктен кейін Халықаралық ғарыш стансасымен ойдағыдай түйісті. Бұл – Байқо ңырдағы «Гагарин алаңынан» ұшырыл ған 500-ші ұшырылым болатын. Айта кетейік, ғарыш кемесінің жолында 1989 жылы ұшырылған жапон зымыран ұшырғышының фрагменті кез

болған. Соқтығысуды болдырмай, траекторияны дəл анықтау жəне Халықаралық ғарыш стансасымен түйісу мүм кіндігін жасау үшін ресейлік ҰБО баллистиктері мен олардың америкалық əріптестері – НАСА мамандары бірлесіп жұмыс жасады. Маневр Мəскеу уақыты бойынша сағат 08:40-та, ал нысандарды қауіпсіз ажырату жұмыстары 11:30-11:40-та жүргізілді. Кеме мен Халықаралық ғарыш стансасының өтпелі люктері

ашылғаннан кейін құра мында 9 адам бар экипаж жұмы сын жалғастырады. Олар – командир Геннадий Падалка, бор тинженерлер – «Роскосмос» ғарышкерлері Михаил Корниенко, Олег Кононенко, Сергей Вол ков, «Қазғарыш» ғарышкері Ай дын Айымбетов, НАСА астронавтары Скотт Келли мен Челл Линдгрен, сондай-ақ ДжАКСА астронавы Кимии Юи мен ЕҒА астронавы Андреас Могенсен.

Халықаралық ғарыш стансасы ұшуларының бағдарламасы бойынша, 12 қыркүйекте «Союз ТМА16М» стансадан ажыраты лып, құрамында Геннадий Падалка, Андреас Могенсен жəне Айдын Айымбетов бар экипаж Жерге оралады. Айта кетейік, бүгін, 8 қыркүйекте қазақстандық ғарышкер тікелей эфирде журналистердің сауалдарына жауап береді деп күтілуде.

Ќазаќтыѕ ќазысы мен ќымызы – єарышта!

(Соңы. Басы 1-бетте). Ғарыштық зерттеулер бағдарламасының мақсаты жаңа іргелі деректер мен қолданбалы нəтижелер алу үшін Халықаралық ға рыш кешенінің бортында ғылыми-техни калық эксперименттер жүргізу, əлеу меттікэкономикалық міндеттерді шешу жəне Қазақстанның экономика саласында ғылымды қажет ететін ғарыштық технологияларды енгізу үшін пайдаланылады. Ал бағдарламаның өзі бірнеше бағыттан тұрады. Бірінші – табиғи-ресурстық жəне геофизикалық мониторинг. Оның аясында Қазақстанның экологиялық дағдарыс (Арал теңізі, Арал маңындағы шаң-дауылдар мен Каспий теңізіне мұнайдың құйылуына мониторинг жасау) аумақтарының түсірі лімдері жүргізіледі. Сондай-ақ, жаңбыр жиі жауатын өңірлердің үстіндегі жоғарғы атмосферадағы процестер мен оның жай-күйіне зерттеулер жасалады. Қоршаған ортаның ластануынан келтірілген экономикалық жəне экологиялық залалды бағалау, Қазақстанның экологиялық дағ дарыс аумақтарының ахуалының өзгерістеріне бағалау жүргізіліп, төтенше жағ дай лардың даму ықтималдығы сарапталады. Екінші – физикалық-техникалық зерттеулер. Аталған бағыт бойынша, əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің ғалымдары микрогравитация жағдайларында қуатталған микробөліктердің физикалық қасиеттерін зерделеу саласында біршама жұмыс атқарған. Осыған орай, іргелі зерттеулер орындалатын болады. Жердің бетінде қолға түспейтін «Кулонов кристалдары» деп аталатын жаңа құрылым алынады. Алынған деректер термоядролық энергетика, плазмалық медицина, жаңа конструкциялық нанокомпозиттік

материалдар мен наноөлшемді аспаптар жасау өндірісінде пайдаланылуы мүмкін. Үшін ші, ғарыштық биомедицина жəне ғарыштық биотехнология. Бұл бағыттың шеңберінде Адам жəне жануарлар физиологиясы институтының ғалымдары арқылы ғарыш тық ұшудың шынайы жағдайында ғарышкердің операторлық жұмыс қабілеті, күйзеліс жағдайларындағы оның психологиялық-физиологиялық жайкүйі жəне функциялық қызметіне əсер етуі зерделенетін болады. Ендігі кезекте, тарихтағы үш інші қазақ ғарышкері атанып отырған А.Айымбетовтің өмірбаянына қысқаша тоқталып өтсек. Айдын Айымбетов Алматы облысының Өтемай ауылында қарапайым отбасында туған. Оның аспан əлеміне деген құштарлығы бала кезінен басталыпты. Ауыл кітапханасына жиі бас сұғып, аспан денелері туралы құпиясы мол тылсым дүниелерді қамтыған небір кітап, журналды жаздырып алып оқитын Айдынның көкейінде көп арман жатқаны сол кезде белгілі бола бастаған. Мектепті алтын медальмен бітірген Айдын Ресейдің Краснодар өлкесіндегі Армавир жоғары əскери ұшқыштар училищесіне қабылданады. 1993 жылы ұшқыш-инженер мамандығы бойынша оқуын тəмамдаған ол елімізге оралып, қорғаныс жүйесіндегі жұмысын бастайды. Алғашқы жылы Жамбыл облысындағы Луговой стансасында орналасқан №69207 əскери бөліміне ұшқыш ретінде жіберілген, бір жылдан кейін Талдықорғанға ауысады. Алты жыл бойы аға ұшқыш қызме тін атқарған ол мамандығының қыр-сырын жете меңгеріп, саланың нағыз шеберіне айналады. Осылайша, жаңа ғасыр

табалдырығын жаңа үмітпен аттаған тұста Айдынға Су-27 əуе эскадрильясының əуе звеносын басқару міндеті жүктеледі. Ұшқыш əуе қорғанысында ерекше маңызға ие Л-39, Миг23, Миг-23 МЛД, Миг-27, Су-27 ұшақтарын ұршықша иіреді. Бес бірдей ұшақтың түрін тізгіндей алатын маманның аспандағы өмірі 470 сағаттан асады. Ұшқыштар училищесін тəмамдаған жылы Айдын Айымбетов бірден ғарышкер болуға құжат тап сырған екен. Алғашқы талпынысы сəтсіз болып, əлі де өзін шыңдау қажет екенін түсінген ол іштей бəрібір көздеген арманына қол жеткізетініне нық сенімді болыпты. Осылайша, еңбекқорлығы мен табандылығының арқасында күн санап өзінің түпкі мақсатына жақындай берді. Түрлі сынақтардан өтіп, ақыры 2001 жылғы 16 маусым күні Айдын Айымбетов ғарыш керлікке үміткер ретінде тіркелді.

Ғарыш экспедициясына арнап Қазақ тағамтану академиясының ғалымдары азықтық жəне биологиялық құндылығы, əрі медициналық-биологиялық қасиеттері жоғары бие сүті мен жылқы майының негізінде қазақтың ұлттық мəзірінің арнайы дайындалған өнімдерін əзірлеген болатын. «Дастарқан» деп аталатын бұл ұлттық тағам кешенін А.Айымбетов өзімен бірге Халықаралық ғарыш стансасына алып барды. «Бірінші тағам – қатырылған түрдегі қазақ тың «ет тағамы». Сал мақсыздық жағдайында тамақтану үйреншікті іс емес. Ет дəмді, бірақ құрғақ. Сорпа жетіспейді» – деп жазды ол Twitter əлеуметтік желісіндегі өз парақшасына. «Ғарыш стансасында экипаж мүшелері қазақстандық өнімді сынақтан өткізеді. Бұл

тағамдардың жұмыс істеу қабілетімізді арттырып, шаршағанымызды басатынына сенімдімін», – дейді қазақ ғарышкері. Қазақстандық өнімдердің Халықаралық ғарыш стансасында ғарышкерлер пайдаланатын тағамдардың қатарына енуі əбден мүмкін. Қазақтың ұлттық тағамының дəмін татқан ресейлік ғарышкер Сергей Волков та өз пікірімен бөлісті. «Барлығы өте дəмді болды, пакеттелген қымызды көріп, ерекше таң қалдық. Халық ара лық ғарыш стансасының бортында тағам түрлері көп емес, сондықтан да Айдын Айымбетовтің алып келген «Дастарқан» қазақстандық тағам кешені экипаждың күнделікті асына үйлесімді қосымша болып отыр», – дейді ғарышкер.

Айдынныѕ сапары екі тəулікке ќысќарды Ғарыш кемесінің халықаралық ғарыш стансасына жетуі не екі тəулік уақыттың жұмсалғанына байланысты қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетовтің жəне дания лық астро навт Андреас Могенсеннің ғарыш тағы сапары екі тəулікке қысқа рып,

сегіз тəулікті құрамақ. Алайда, қазақ ғарышкерінің ғылыми жоба жетекшісі Жұмабек Жанатаевтың айтуынша, мұндай қысқарту қазақ ғарышкерінің ғылыми жобасын толық жүзеге асыруына кедергі келтірмейді. «Физика жағынан эксперименттер бар, ол «кристал да рға»

байланысты. Одан кейін Каспий, Арал теңіздеріне қатысты мониторинг жұмыстары жүр гізілмек. Со ны мен қатар, биоме дицина жəне ғарыштық биотехнология бағыты бойынша зерттеулер жасалады. Тағы бір айта кететін жайт, ғарыш кер лер ге арналған қазақ ұлттық тағам дар кешені. Алда

осындай үлкен жұмыстар күтіп тұр. Сегіз эксперимент əр күн бойынша өткізіле бастайды», – дейді Ж.Жанатаев. Ғарыштағы сапарын сəтті жалғастырып жатқан Айдын Айымбетов ғарыштан қазақ халқына жəне Жер планетасының тұрғындарына сəлем жолдады. «Берілген тапсырманы уақытында орындаймын деп сендіремін. Өзімді жақсы сезінудемін, бейімделуім жақсы өтті. Жердегілерге жəне барша қазақстандықтарға сəлем жолдаймын», – дейді қазақ ғарышкері.

Аќтґбеліктер тілегі Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Облыстық планетарий қазақтың үшінші ғарышкері Айдын Айымбетовтің ғарышқа ұшуына арналған «Ғарышқа ынтық жол» атты салтанатты шара өткізді. Ол облыстық мəдениет, мұрағаттар жəне құжаттама басқармасының қолдауымен Ке ңес Одағының Батыры, ұшқыш-ғарышкер В.И.Пацаевтың ескерткіші алаңында ұйымдастырылды. Шара барысында қазақ ғарышкерлері, соның ішінде облыстық планетариймен ұдайы байланыста болып жүрген Айдын Айымбетов туралы айтылып, оның алдына қойылған

міндеттерді абыроймен орындап, жерге аман-есен оралуына өз ізгі ниеттерін білдірді. Шара барысында қалалық техникалық шығармашылық орталығының үйірме оқушылары «Союз ТМА-18 М» зымыранының ұшырылуына орай сəттілік нышаны ретінде əуе көгіне зымырандар ұшырды. Мерекелік шараға ардагерлер, қаланың зиялы қауымы, мəдениет саласының қызметкерлері, Т.Бигелдинов атындағы əуе қорғаныс күштері əскери институтының қызметкерлері жəне қала мектептерінің оқушылары қатысты.


8 қыркүйек 2015 жыл

7

www.egemen.kz

Аллаға шүкір, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей ұсынысымен алғашқы ұлттық мемлекетіміз – Қазақ хандығының мерейтойын атап өтуге де қол жеткіздік. Бұл –Тəуелсіздігіміздің салтанатты жеңісі. Кезінде басқаға жəне Мəскеуге бодан болғанда бұлай демек түгіл, осы мемлекеттік құрылымның шынайы тарихын да кібіртіктеп, толыққанды баяндай алмадық. Мұның, əрине, объективті ғана емес, субъективті де себептері бар. Оларды шағын мақалада қазбалап жату мүмкін болмағандықтан, осы маңызды мəселені зерттегенде кезінде «Нені айта алмадық?» деген сауалға нақты жауап іздегенді жөн көрдік. Ең бастысы, бұрын тарихқа біржақты таптық көзқарас үстемдік жасаған заманда Қазақ хандығының өзінен бұрынғы рулық-тайпалық құрылымдарға негізделген қағанаттар мен ордалардан ұлт мемлекеті деңгейіне көтеріліп, өсіп шыққанын айтудан қашқақтадық. Қазақ хандығындағы халықтың о баста өзбек атанған қауымдастықтан бөлініп шыққандары белгілі. Ал Қазақ хандығы құрылар қарсаңында қалыптасқан саяси-этностық үдерістер ықпалымен «өзбек» атанғандардың өздері де іштей үш этноқауымдастыққа бөлініп өмір сүрді. Ноғай ұлысы аймағындағылар «маңғыттар» аталса, ал бұрынғы Көк Орда аймағындағылар «татар-өзбектер» (шайбандықтар), ал байырғы Ақ Орда аймағындағылар «өзбекқазақтар» атауларына ие болды. Саяси-əлеуметтік тұрғыдан бұлардың өзара қарым-қатынастары аса күрделі еді. Өйткені, əр этнос өзінің мемлекетін құруға ұмтылды. жылдар бойы халықтың дəулетті өмірін, қауіпсіздігін, тыныштығын қамтамасыз ете алса керек. Мұны Қазақ хандығының алғашқы кезеңінде, яғни қалмаққа қарсы жалпыхалықтық соғыс басталғанға дейін (ХV-ХVІ ғасырларда) халықтың «Алаш» атауын жауынгерлік ұранға айналдыруы айқын байқалады. Бұл Қазақ хандығына біріккен тайпалардың басын рухани тұрғыдан қосу үшін жасалған амал еді. Рас, ХVІІ ғасырға қарай іргесі бекіген жəне бас батырлары айқындалған тайпалар өздерінің орталарынан шыққан тарихи тұлғаларының

нақты салдары 1457 жылы Əбілқайыр ханның Үз-Темір бастаған қалмақтардан өзінің астанасы Сығанақтың түбінде оңбай жеңілуі болды. Оның үстіне жау қолында ханның үш жасар немересі кепілдікте қалды. Сөйтіп, Жошы ұлысы аймағында Əбілқайырдың беделін түсірді. Мұны оның қарсыластары Орыс хан ұрпақтары тиімді пайдаланып, көп кешікпей-ақ байырғы ақордалықтардың қайта бөлініп, көрші Моғолстанға дүрліге көшулеріне əкелді. Бұл көштің бастаушысы кейіннен Алты сан Алаш қатарына о баста қаракесек деген атпен

Суретті салған Д.ҚАСТЕЕВ.

Қазақтың ноғайдан жəне «Көшпелі өзбектер» этноқауымдастығынан бөлініп шығуында ноғайлардың Едисан (Жетісан) жəне Алтыұл тайпалық этнобірлестіктеріне қарсы біріккен «Алты сан Алаш» (жалайыр, қоңырат, алшын, арғын, найман, қыпшақ) этноқауымдастығының маңызы аса зор болғанын ұмытпауымыз керек. «Алты сан Алаштың» қалыптасуы аса күрделі этносаяси ахуалдарды бастан өткізіп барып, үлкен қиыншылықпен қалыптасты. Қадырғали Жалайыр бабамыз айтқандай, Алаш бірлестігі алғаш, ХV ғасырдың алғашқы онжылдықтарында үш санды əскери-этникалық мыңдықты(жалайыр, қоңырат, алшын) құрады. Бұлар Өзбек ұлысында маңғыттарға жəне татарларға (орыс деректерінде татар-өзбектер) қарсы күресте топтасып, қалыптасты жəне о баста хан ретінде Əбілқайырды қолдады. «Тарих-и Абул-хайр-хани» дерегінде есімі аталатын елге əйгілі Алаш баһадүр кезінде осы ұлыстарды басқарды деп айтуға негіз бар. Ол жəне оның ұлысы алғаш Əбілқайырға айтарлықтай қолдау көрсетті. Өзбек ордасына хан болған Əбілқайыр сондықтан да оған үлкен құрметпен қарағаны аталмыш деректе жазылған. Алайда, мұнда ескеретін бір мəселе, ол кезде жалайырлар кейініректегі Шуманақ жəне Сырманақ аталарына бөліне қойған жоқ еді. Бұлар Жошы ұлысы кезінде-ақ Ақ Орда хандарын қолдаған қыпшақ еліндегі төре тұқымдарынан кейінгі ең мəртебелі тайпа болатын. Ал алшындарды айтқанда, Байұлы бірлестігінің Қазақ хандығы ұйымдасар тұста əлі де ноғайлар ықпалында болғанын, яғни алшын одағына кірмеген дербестіктерін айта кету керек. ХV-ХVІ ғасырлардағы алшындарды негізінен Қыпшақ-Қаңлы одағына кіретін, кейініректе Жетіру жəне алты ата əлім атанған бірлестіктерге (осы тұста бұл бірлестіктер əлі құрылған жоқ еді) қараған тайпалар құрады. Ал қоңыраттарға келер болсақ, о бастан-ақ олар Жошы ұлысындағы қыпшақ елінің ең қуатты тайпаларының қатарында көрінді. Сондықтан да, Өзбек ұлысындағы билік үшін күресте маңғыттардың екі ғасыр бойы тайталасқан басты жауы болды. Тек ХV ғасыр басында ғана атақты Едігенің Хорезмдегі Суфи əулетін күйретуінен кейін ғана қоңыраттар амалсыздан маңғыттарға бағынышты болды жəне өзбек қазақтарының маңғыттар мен татарөзбектерден бөлініп шығуы олардың Алаш қауымдастығын нығайтатын тайпалардың біріне айналдырды. Десек те, алғашқы қазақ хандары Жəнібек пен Керейді Ноғай-маңғыттарға жəне татар-өзбектерге қарсы күресте күшейтіп жіберген де алғаш «Үш сан Алашқа», соңынан «Алты сан Алашқа» кіретін тайпалардың біртіндеп олардың жағына шығулары еді. «Алты сан Алаш» XV ғасырдың екінші жартысы мен XVI ғасырдың соңына қарай қалыптасып, қазақ халқының этностық ядросын құрады жəне олар өздерін «Алаштың ұлдарымыз» деп атады. Əңгіменің, əрине, жоғарыда аталған Алаш баһадүрге тікелей қатыстылығын мойындай отырып, сонымен қатар, Алаш есімінің VІІІ ғасырдағы Түргеш қағанаты тұсынан бастап түркітілдес жеке тұлғаларға беріліп отырғанын айта кеткен жөн. Сондықтан да, осы қағанат кейде Түргеш-Алаш ұлысы деп те аталды. Жоғарыда айтқанымыздай, XV ғасырдың алғашқы жартысына дейін Алаш этноқауымдастығына кірген тайпалар бұрынғы Ақ Орда ұлысы аймағында өзбек тайпалары ретінде де белгілі еді. Жалпы, шығыс Қыпшақ даласында Алаш қауымдастығының қалыптасуына саяси ахуал үлкен ықпал жасады. 1428 жылы Ақ Орданың соңғы билеушісі Орыс ханның немересі Барақты ноғайлар өлтірді. Ноғай мырзалары мен Барақтың тайталасқандарына біраз болған. Ақ Орда билігін ноғайларға да жүргізуді көздеген Барақ ханның əйгілі Едігенің ұлы Мансұр биді өлтіруін маңғыттар (ноғайлар) кешіре алмай, ханнан қалайда кек алуды ойластырды. Батыстағы Алтын Орданың ханы Кіші Мұхаммедке қашып барған Мансұрдың інілері Ғази мен Наурыз оның əскерінің қолдауымен ақыры Барақты жеңіп, шығыс Қыпшақ даласындағы тақ иесіз қалды. Хан ретінде емес, батыр ретінде елге танылған Алаш баһадүрдің шығыс Қыпшақта беделінің артуы да осы жылдарға сəйкес келеді. Өйткені, Орыс ханның, соның ішінде Барақ ханның ұрпақтары əлі буыны қатаймаған жас сұлтандар еді. Жəнібек пен Керей міне, осындай ахуалда, яғни Алаш баһадүрді пір тұтқан ортада өсіп, тəрбиеленді. Қазақта сақталған «Алаш – алаш болғанда, Ала тай ат болғанда, Таңбасыз тай, енсіз қой болғанда» деген мақал осы заманнан бастау алады. О бастан Əбілқайырмен тату қатынаста болған Алаш баһадүр біраз

Халќымыздыѕ ќилы тарихы Оєан тереѕдеп бару тек-тамырымызды танытады

немесе ордаларға бөліп атаудың мүмкін болмауынан туындады. Жаңа жүйеде бұрынғы Алтын Орда дəуірінде таққа əкенің орнына баланы ғана отырғызатын дəстүр де өзгеріп, таққа Жəнібек хан əулетінен шыққан кез келген төре тұқымының (інілердің, немерелердің, туған бауырлардың) отыра беруіне атын рулық жауынгерлік ұрандарға мүмкіндіктер туды. айналдырып, ұрыс даласына шығатын Осындай əкімшілік басқаруды болды. Солай бола тұрса да, «Алаш» басшылыққа алған Əз-Жəнібек хан қазаққа ортақ ұран болып қалды. ұрпақтары орталық билік əлсірей Ал енді Əбілқайырдың таққа отырубастаған тұста өздерінің орталарынан ына сол тұстағы саяси-əлеуметтік ахуал əр бөлікке жеке хан сайлап ала алатын ықпал жасағанын да ұмытуға болмайжағдайға жетті. Ал мұның өзі дала демоды. Барақ ханды өлтірген жəне Өзбек кратиясын дамыта түсуге біршама жұмыс ұлысының батыс аймақтарында билікке жасай тұрса да, түптің-түбінде қазақ дакелген ноғай мырзалары өздерінің Жошы ласында бірнеше хандардың қатар пайда əулеті тағына отыруға ешқандай да болуына алып келіп, ал жергілікті рулыққұқығы жоқ екендігін түсініп, айтқанды тайпалық құрылымдар осындай хандартыңдап, айдағанына жүретін жошылық ды қолдаған кезде қазақ мемлекеттігінің «қуыршақ ханды» іздестірді. Ол, əрине, ішкі этно-саяси бірлігінің əлсіреуіне, маңғыттардың (ноғайлардың) ата жауы тіптен, оның тайпалық одақтар негізінде Барақ тəрізді Орыс ханның тұқымынан саяси тұрғыдан ыдырауына жол ашты. шыққан сұлтандардан болмауы тиіс еді. Мұндай келеңсіздіктер өзін бүкіл қазақ Мұндай таңдау ноғай ықпалындағы ру-тайпаларына берік мойындатқан Шай бан тұқымы, он жеті жастағы Қасым хан қайтыс болған 1521 жылдан тəжірибесіз Əбілқайырға түсті. Алайда, соң айқын көрініс бере бастады. оны таққа отырғызу осы аймақтағы Осылайша, Мамаш (1521-1523), қалыптасқан хан сайлау дəстүрін көпеТахир (1523-1533) көрінеу бұрмалау Қазақ хандығы тағында еді. Жошының үлкен Əні мен сөзін жазған: отырған тұста жергілікті ұлы Еженнен тараған Өрікгүл Өтеміс-Жаныс. төре тұқымдарының ұрпаққа тиесілі болған өздерін қолдайтын рулар таққа Жошының кіші (Хандыєымыздыѕ 550 жылдыєына) мен тайпаларға сүйеніп, баласының бірі Шайбанбелгілі бір аймақта нан тараған сұлтанның Атырау мен өр Алтай, Кемел туған, Қазағым. шағын хандық құру таққа отыруы шын мəҚылышың ғой, Қазағым. Жерін жаудан қорғаған, əрекеті үдеп кетті. Жаңа Ұлытау мен Қаратау, Қас батырым, Қазағым. нінде хан тағының басЫрысың ғой, Қазағым. Алашты Алла қолдаған, саяси жүйеде жергілікті қа əулет қолына көшуАлатауың ақ бас шың, Асты ақылың, Қазағым. тайпа басшыларына тек ін аңғартатын еді. СоӨр белің ғой, Қазағым. Мамаш ханның немелай бола тұрса да, ДешЕртіс пенен Есілің, Қайырмасы: се Тахир ханның балаті Қыпшақтағы тақ қа Белбеуің ғой, Қазағым. сына ғана бағынышты Əбілқайыр отырды. Оны Төле бидің кеніші, болу міндетті болмай хан сайлаған белсенді Қайырмасы: Достасыңдар, Қазағым. қалды. Жығылғанға он сегіз тайпа негі зіЖолбарысы соңында, «Бірлік – елдің өрісі, жұдырық демекші, нен татар-өзбек жəне Ел намысы қанында, Бас қосыңдар, Қазағым»! бұған батыстағы но ғай-маңғыт қауымАқыл, жігер жанында, Қаз дауысты Қазыбек: Ноғай ордасының да дастықтарына жататын Елбасымыз Нұрсұлтан. Қонысты бол, Қазағым. осы кезеңде саяси байырғы шайбандықАйыр тілді Əйтеке: дағдарыстан шығып, Шудың бойы береке, Намысты бол, Қазағым. тар еді. Əбілқайырдың Берен туған, Қазағым. қуаттана түсуі жəне күшейе түсуін, оның Жəнібек пен Керейді Қайырмасы: ноғай мырзаларының таққа отырған соң көп Жем өзеніне дейінгі кешікпей-ақ Қып шақ даласының шығысындағы аймақтарға өздері де жікке бөлініп, он қыпшақ алғашқы ханы деп көрсетеді. Ол бұл аймақтарды қайта жаулап алулары билік жасаған Ахмед жəне Махмұт хан- руының бірі ғана қарақыпшақтарға, жолда, əсіресе, тайпалық көсемдердің қосымша болды. Осылайша, орталықтан дарды талқандауы қамтамасыз етті. Енді кейініректе рулық ұрандар анықталғанда бытыраңқылығын, билік құмарлығын бір ғана хан басқаратын биліктің əлсіреуі Қыпшақ даласының үлкен бөлігінде Қобыланды есімін өздерін рухтанды- шектеуге күш салды. Сондықтан да, оның 1533-1538 жылдар аралығында қазақ сол тұста дегендері жүріп тұрған рушы жауынгерлік ұран ретінде ұстап есіміне билер «Əзиз», яғни «Бəрінен даласында үш бірдей хандардың таққа бұларға Еженнің ұрпақтарын қолдайтын қалды да, қалған қыпшақтар «Ойбас» деп үстем» («Құран Кəрімдегі» анықтамада қатар отыруларына əкелді. Батыста осылай көрсетілген) деген қасиетті есімді Ахмет хан (Қожа Ахмет хан) билік жаақордалық тайпалар кедергі жасай ал- ұрандайтын болды. Осындай, ел арасындағы жанжал, тіркеді. Қазақ билері мұндай жоғары саса, орталық өңірлерде Тоғым хан, ал мады. Мұның өзі ашық қантөгіске апаратындықтан жəне мұндай тай- қайшылықты өршітіп, халықтың бір мəртебені Жəнібектен кейін Тəукеге ғана оңтүстік шығыста Бұйдаш хан тақта отырды. Мұндай бөлшектенулерге талас ұйымшылдығы мықты ноғай- бөлігінің оңтүстік шығысқа бағытталған бергені жəне белгілі. Қазақ атанған рулар мен тайпалардың бұлардан кейін ХVІ ғасырда таққа маңғыттардың жеңісімен аяқталатынын көшін жылдамдатып жіберді. Бұл көшті байқаған жоғарыда біз атап өткен Алаш қожалар мен сопылардың белсенді басын қосып мемлекет құрған Қасымның отырған Хақназар хан да жəне онан баһадүр бастаған ұлысты қолдайтын түрде қолдауына сүйенген, бəрімізге т ұ с ы н д а о н ы ң ə к е с і Ж ə н і б е к т і ң кейінгі сопылардың нахшбандийа ел ағалары амалсыздан, алғашында белгілі Керей жəне Жəнібек сұлтандар тоғыз ұлынан тараған ұрпақ қазақ орденінің белсенді мүшесі Тəуекел хан Əбілқайырға қарсы бола алмады, тіптен, басқарды. Осы тұста да жəне кейінде жерлерін рулық-тайпалық, əкімшілік- да кедергі жасай алған жоқ. 1598 жылы Тəуекелден кейін ресми қазақ хандарының мұсылмандық рухта д е м о к р а т и я л ы қ ж ү й е г е с ү й е н і п қолдау көрсетті. Ал аталары Барақ хан өлгенде əлі де тəрбиеленгендерін олардың есімдерінен басқарды. Мұндай ел басқару жүйесі түрде хан атанған жəне өзінің төңірегіне жас болған Керей мен Жəнібек арада он де айқын байқауға болады (мысалы: Əз- «Қасым ханның қасқа жолы» деген Қашқар қожаларын тығыз топтастырған жыл өткен соң ғана Жошының үлкен ұлы Жəнібек (Əбу Сайд), Ақназар (Хақназар), атпен тарихта қалды. Қасым ханның Есім (Еңсегей бойлы ер Есім) саяси Еженнен тараған сұлтандардың жəне Қожаахмет, Тахир, Есім (Ешмұхаммед, этноcаяси реформасының негізгі мəні тұрғыдан ыдырауға бағыт алған Қазақ байырғы ақордалық тайпалардың басын Қайып (Ғайып), Оразмұхаммед, Сəмеке мынаған келіп тірелді: бұрынғы Алтын хандығын бір орталыққа біріктіру үшін (Шахмұхаммед), Тəуекел (Тəуекел- Орда, Ақ Орда, Əбілқайырдың Өзбек Тұрсын, Абылай, Ханзада, Əбулайыс, біріктіретін тұлғаларға айнала бастады. Жас Əбілқайыр таққа отырған соң Мұхаммедбаһадүр), Əз-Тəуке (Тəуекел ұлысы моғолдық ұлыстық басқару Мұрат, т.б. сұлтандардың əрекеттеріне тез есейді жəне өзін қолдағанда оны Мұхаммед), Тұрсын (Тұрсын Мұхаммед), жүйесіне негізделіп, Жошы ұлысының қарсы белсенді түрде күресті. Ішкі «қуыршақ» қолбала ханға айналдырамыз Əбілқайыр (Мұханбет Ғази Баһадүр), Оң қанат, Сол қанат, Орта ұлыс əкімшілік саясаттағы осындай күрделі ахуал жəне деп ойлаған маңғыттарға да ымырасыз Абылай (Əбілмансұр) жəне т.б.). бөліктері ретінде қарастырылып келсе, сыртқы саясатта, шығыстан жəне баүстемдігін таңа бастады. Бұл біртіндеп Сондықтан да, қазақ хандары исламды енді қазақ деген халықтың этностық тыстан қыспаққа алған қалмақтардың одан маңғыттардың алыстауына алып мемлекеттің ресми идеологиясына ай- үлгідегі біртұтас ұлттық мемлекетінің жортуылдары Есім ханды қазақтар құрылуына байланысты бұл басқару мекендейтін ұлан-ғайыр аймақтарды келді. Енді өз аймақтарында дербестіктен налдыру үшін күресті. 1469 жыл – өзбек-қазақ атанғандардың өзгеріске ұшырап, жоғарыдағы «қанат» үшке (үш жүзге) бөліп басқару жүйесін айырыла бастаған ноғай мырзалары одан түңіледі. Əбілқайырдың мұндай саяса- болашағына жарқын жол ашқан тарихи ұғымын «жақ», «бөлік» немесе «жүз» нақты енгізуге мəжбүрледі. Оның негізгі ты оның қол астындағы елге ықпалын белес. Дəл осы жылы олардың ата жауы деген түсініктер ауыстыра бастады. қағидалары Күлтөбеде өткен жиындарда əлсіретіп, оны қолдайтын тайпалардың Əбілқайыр ғана емес, Қазақ хандығы Мұндай өзгеріс біртұтас қазақ халқын бекітілді. Бұл өзгеріс тарихқа «Есім ханның ескі азайып кетуіне алып келді. Осының шаңырақ көтерген Моғолстан жерін бұрынғыдай бірнеше саяси ұлыстарға Талас ОМАРБЕКОВ,

Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Орталық Азиядағы дəстүрлі өркениеттерді зерттеу орталығының директоры, профессор.

кірген арғын тайпасы болғанын Шəкəрім қажы нақтылап айтқан болса, дəстүрлі деректер оны бірауыздан мойындайды. Əбілқайырдың сол тұстағы халықтың рухани тұрғыдан сауатты бөлігі қожаларға, дəлірек айтар болсақ, Нахшбандийа сопыларына жаулық көзқарас ұстануы исламға бет бұрған халықтың одан теріс айналуына алып келді. Мұндай пиғыл бүкіл Дешті Қыпшаққа əйгілі болған жəне исламның ақ жолындағы Дайырқожаны ( жанама аты – Ақжол би) ноғайларды, яғни, Əбілқайырды қолдайтын қарақыпшақ тайпасының əйгілі батыры Қобыландының өлтіруіне алып келді. Мұндайда айта кетер бір нəрсе, қазақтың халық жырында Қобыланды қарақыпшақ ретінде көрсетілсе, ноғайлардың халықтық эпосында Қобыланды тама тайпасына жатқызылады. Себебі, ол заманда қос таңбалы тама, керейттермен бірге қарақыпшақтарға іргелес болып, бірге көшіп-қонып жүрді. Сондықтан да, олардың үшеуінің де рулық таңбалары (қос əліп) бірдей болып келеді. Аталмыш қанды оқиға бəрінен бұрын осы тайпалардың өз араларына іріткі салды. Тіптен, қыпшақтардың

Ќазаєым

билеуші Досмұхаммед хан да қайтыс болды. Сонымен қатар, осы кезде өзбекқазақтардың да, моғолдардың да қас жауына айналған Мəуереннахрдағы Əмір Темірдің ұрпағы Əбу Сейіт мырза да дүниеден өтті. Досмұхаммедтің орнына хан болған Есенбұғаның ағасы Жүніс хан қазақ хандарының іс-əрекеттеріне кедергі жасай қойған жоқ. Ал Мəуереннахрда Əбу Сейіттің артында қалған үш ұлы өздеріне тиісті мемлекетті үшке бөліп алып, билей бастады жəне қалыптасып келе жатқан қазақ мемлекетіне назар аудара қойған жоқ. Өзбек-қазақ қауымдастығын этносаяси тұрғыдан нығайта түскен тағы бір маңызды нəрсе – Əбілқайыр өлген соң Өзбек мемлекетінде бүліншіліктер басталып, ондағы ру-тайпалар Қазақ хандығына көшіп келе бастады. Мұның өзі өзбек-қазақ елінің Дешті Қыпшақта тəуелсіз мемлекетті орнықтыруына жаңа мүмкіндіктер ашты. Бұл маңызды істе, əсіресе, Керейдің қанды шайқастардың бірінде ертерек қайтыс болып кетуіне байланысты Жəнібектің бір орталыққа бағынатын хандықты нығайтудағы рөлі үстем. Сондықтан да, дəстүрлі деректердің бəрі Жəнібекті қазақтың

жолы», яғни бұрынғы Жошы ұлысындағы Ордаларды жаңа, этносаяси жағдайда жаңғырту ретінде енді. Есім хан бұл реформаны өзі билік жасап отырған Жетісу өңірінен бастап, алғашқы Қазақ хандығы құрылған жəне ежелгі қазақ тайпалары тұрақты (автохтонды) түрде мекендеп келген осы аймақты Ұлы жүз (үлкен Орда) атандырды. Айта кетер тағы бір мəселе, 1598 жылы Тəуекел хан қайтыс болған соң оның тұсында жартылай бағыныштылыққа түскен ойраттар қайта бас көтеріп, Жетісуды қазақтардан тартып алуға күш салды. 1603 жылдан бастап Қазақ Ордасының Бұқар хандығымен ұзаққа созылған соғысының басталуы да Жетісу аумағында Есім ханның резиденциясы орналасқан, рухани идеологиясы ислам діні болып табылатын Үлкен Орданы нығайта жəне топтастыра түсуді қажет етті. Үлкен Орданың Ұлы жүз аталуына сəйкес, қазақ мемлекеттігіне Қасым хан тұсында қосылған орталық өңірлер халқы Орта жүз, ал ХVІ ғасырдың екінші жартысында бөлшектеніп кеткен Ноғай Ордасынан біржолата қол үзіп, Қазақ хандығына қайта жəне кейіннен қосылған батыс өңір қазақтары Кіші жүз атауларына ие болды. Осылайша, қазақ мемлекеттігінің үш этногеографиялық жəне шаруашылықтық басқару аймақтары өмірге келді. «Үш жүз» ұғымы Қадырғали Жалайыри атап көрсеткен «Үш сан Алаш» ұғымының негізінде пайда болып, алайда, одан əлдеқайда кең ауқымда, яғни тайпалық ғана емес, аймақтық мағынада қолданыла бастады. Қазақ хандығының тəуелсіздігін сақтап қалуда Асы (Түркістан) маңындағы Күлтөбедегі жиындар, 1710 жылы шақырылған Қарақұм кеңесі, 1726 жылы болып өткен Ордабасыдағы жиын, 1730 жылғы Ұлытау жиыны, 1752 жылғы Ұлытау кеңесі, 1762 жылғы Қарқаралы құрылтайы үлкен рөл атқарып, қазақтың «етек-жеңі» жиналған ынтымақшыл ұлтқа айнала бастағанын көрсетіп берді. Қазақтың басын қосуда осындай қилы кезеңде жалпыұлттық деңгейдегі Төле би, Қазыбек би, Əйтеке би көсемдік, қайраткерлік тұлғаларымен халықтың сүйіспеншілігіне жəне зор құрметіне бөленді. Оларды тайпалық деңгейдегі Ақылбай би, Жаңгел би, Қазыбек би, Төлекей би, Тауқымет би, Нұрмамбет би, Жолбарыс би, Сырымбет би тəрізді көптеген халықтық тұлғалардың қолдауы қазақты біріктіре түсті. Ұзын сөздің қысқасы, Қазақ хандығы ұзақ тарихи, күрделі этносаяси жəне рухани жолдан өтіп, алғаш Алаш рулықтайпалық қауымдастығына біріктірді. Сондықтан да, Қазақ хандығы тарихын əңгімелегенде саяси фактормен қатар, аса маңызды этностық, яғни рулық-тайпалық қолдауды əрқашан назарда ұстап, сонымен қатар, рухани, исламдық мəселелердің елді біріктірудегі, мемлекетті нығайтудағы рөлін баса көрсетуге тиістіміз. Мұндайда, əрине, мемлекетті құрудағы жеке тұлғалар еңбегі де назардан тыс қалмаулары керек. Бірақ, олардың күші ең алдымен өздерін қолдаған ру-тайпалардың бірлігіне тікелей тəуелді болғанын да ұмытуға болмайды. Осы тұрғыдан алғанда «Алты сан Алаштың» берік этно-əлеуметтік қауымдастығы қалыптаспаса, «Қазақ» қауымдастығы да тарих сахнасына шыға алмас еді. Ал бұлар қазіргі тарихта əлі де екінші қатарға ысыр ылып келе жатқан мəселелер. Зерттеушілеріміздің қазақ хандарын ру-тайпалардан тыс тұрған жəне дінсіз атеист тұлғалар ретінде көрсетуге талпынысы тарихи шындықты бұрмалау болып табылатынын түсінетін уақыт жетті. Кеңестік жəне қазіргі замандағы руханиидеологиялық, сондай-ақ, этноəлеуметтік тарихты баяндау логикасы Қазақ хандығы заманындағы ойлау жүйесіне сəйкес келе бермейді. «Түйенің үстінде отырып, сирақ үйітуге болмайды». Осыны ескеріп, Қазақ хандығының тарихын жазғанда, ең алдымен сол заманның өзіне баруымыз, сол кезеңнің адамына айналуымыз керек. Аталмыш мəселенің тарихы сонда ғана шынайы жазылмақ. АЛМАТЫ.


8

www.egemen.kz

8 қыркүйек 2015 жыл

Үйдің берекесі қабырғасының қиюымен емес, теңінің жиюымен, отбасындағы сыйластықпен, татулықпен кіреді.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

Алтын діѕгек Жан жылуы Жақсы хабарды естіген Ғалекең балаша мəз. Енді ше, қарамағында жаттықтырушы болып істейтін 24 жастағы Илья Хван Болгарияда өткен əлем чемпионатында жеңістің ең биік тұғырына көтеріліп, таэквондоның хас шебері атанды. Осының алдында ғана шəкірттерінің бірі Аманғали Бекболатов Бразилияда дүниежүзінің жастары күш сынасқан грек-рим күресі бойынша қола медаль иеленіп, төбесін көкке жеткізген еді. Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Ғалекең деп отырғанымыз – есімі Қызылжар өңіріне белгілі азамат Ғалым Өркешов. Өзі де талай додалы бəсекелерде олжа салып жүр. Соның бірі – «Мерейлі отбасы» байқауында əулеттің арнайы марапатқа ие болуы. – Мəселе, оза шауып бəйге алуда емес. Толық құрамда қатыспасақ та үлкен сахнада отбасылық құндылықтарымызды жан-жақты насихаттап, тəжірибемізді бөлісуге мүмкіндік тудырылуының өзі неге тұрады? – дейді 60-ты еңсеріп қалса да толағай екпіні тау жығарлықтай ағамыз. Алымды да шалымды қимылы етжеңділеу денесіне жарасып тұр. Тұлғасына қарап кəнігі спортшыға бірден ұқсатасың. Жақынырақ таныса келе жастайынан шаң-топыраққа аунап өскенін білдік. Ол студенттік қимас күндерін ыстық сағынышпен еске алады. Виктор Вик, Уəлихан Нүркеев секілді тəжірибелі жаттықтырушылар Теміртас Əлжанов, Бейбіт Қапаров, Жаузат Шоткин сияқты ауыл балаларының қарым-қабілетін жазбай танып, үлкен күрес алаңына алып шыққанын тебірене əңгімелейді. Бұл болса 1973 жылы студенттер универсиадасында 52 салмақ дəрежесі бойынша белдесіп, жүлделі орын алған. Қарағанды қаласында

ұйымдастырылған республикалық «Қайрат» ерікті спорт қоғамының біріншілігінде үшінші орынды иеленіп, спорт шеберлігіне кандидат нормасын орындаған. Басқа да марапаттары жетерлік. Атағы жер жарған белді балуан болуды басты мақсат етпесе де, спортпен ұдайы шұғылдануды саламатты өмір салтына айналдырған. Жас маман болашақ жарын пединститут қабырғасында жолықтырып, екеуі қол ұстасқан күйі туған жерге оралған. Денешынықтыру пəнінің мұғалімі қызметіне білек сыбана кірісіп, алыстағы ауылдың тыныстіршілігіне қан жүгірткен. Үйірмелер құрып, қара сирақ ойын балаларын қазақша, грек-рим күрестерінің қыр-сырына баулыған. Ғалымның бойындағы ұйымдастырушылық, іскерлік қасиеттерін бағалаған болу керек, аудандық спорт комитетінің жетекшілігіне жоғарылатылған. Спорт мектебінің тізгіні сеніп тапсырылған. Осы жылдары оның тəрбиеленушілерінен құралған команда облыстық ұлттық спартакиаданың үш дүркін жеңімпазы атанған. Бағыт, Сансызбай, Ғалым, Əсет деген ағайынды шəкірттері облыстық, республикалық жарыстардың бəйгелерін алған. Ғалекеңнің өзгелерден бөлежара айтатын бір қасиеті – ұлтжандылығында. Өткен ғасырдың

90-шы жылдары жер-жерлерде «Қазақ тілі» қоғамы құрылғанда шаңырағын көтерісуге, босағадағы ана тілімізді төрге оздыруға бел шеше кіріскен. Жиналыс, басқосуларда тілге, ділге, қазақ мектептеріне қатысты проблемалық мəселелерді батыл қозғаудан жалтақтамаған, қорқақтамаған. Көп жылғы ұстаздық, қоғамдық қажырлы еңбегі «Қазақстан Республикасы оқу ісінің үздігі», спортты, қазақ күресін дамытудағы қызметі үшін төсбелгілермен атап өтілген. Ғалым Сағдатұлы бүгінде облыстық балалар жəне жасөспірімдер спорт мектебінің директоры бола жүріп жүздеген шəкірттерді қанаттандырып ұшырды. Қазақша, грек-рим, таэквондо, каратэ, волейбол, футбол, баскетбол, жеңіл атлетикамен жүйелі шұғылданатын шəкірттері арасында мақтан тұтатындары аз емес. Бір шаңырақ астында 40 жылға жуық тату-тəтті өмір кешіп келе жатқан зайыбы Айтбибі де саналы ғұмырын ұстаздыққа арнап, аудандық оқу бөлімінің басшысы, облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институты директорының орынбасары секілді еңбек баспалдақтарынан өтті. Зейнетке шықса да еңбектен қол үзген емес. «Əке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деп текке айтылмаса керек. Үлкен ұлдары Нұрболат бүгінде білікті жаттықтырушы. Кіші ұлдары Ерболат та əке салған соқпақты сəтті жалғастырып келеді. Ол грек-рим күресінен еліміздің бес дүркін жеңімпазы, Азияның күміс жүлдегері, əлем біріншілігіне қатысушы ретінде спортсүйер қауымға жақсы таныс. Жуырда бір шəкірті жастар арасындағы дүниежүзілік чемпионаттан қола жүлдемен оралды. Қыздары Динара ана жолын қуған, ұстаздық етеді. Алмас, Дулат, Руслан ағаларына еліктеп, күреспен айналысты. 13 жастағы немересі Сабина волейболдан облыстық құраманың мүшесі ретінде өзін жақсы қырынан көрсетіп жүр. Келіндері ибалы, ізетті. Немерелерінің үлкені Лаура ауыл шаруашылығы академиясының студенті, ең кішісі Мансұр бір жаста. Демек, Өркешовтер ұстаздар əулеті сабақтастығын сəтті жалғастырып келеді деген сөз. Жалпы, жұмыс өтілін есептесе, бір ғасырдан асып жығылады. Əкелері Сағдат жарты ғасырға жуық сапалы білім, саналы тəрбие берумен айналысты. Сүйегі асыл ақсақал 90-нан асып барып, Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына санаулы күндер қалғанда көз жұмды. Аналары Рəш 12 құрсақ көтерді. Көрер жарығы бар 6 ұл-қызын құтты ұясына қондырды. Айналасына жан жылуын дарыта білген Өркешовтер əулеті тамырын тереңге жайған бəйтерек іспеттес. Солтүстік Қазақстан облысы.

«Балаларыма əкесі асќар тау болып кґрінеді» – дейді їлкен əулеттіѕ анасы Галина Григорьевна

Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан».

Бүгінде Галина Григорьевна Горт зейнетте, үйде отырады. Үлкен əулеттің «ақпарат хатшысы» секілді сезінеді өзін. Ұл-қыздарының отбасы қалай тұрып жатыр, оларға не керек – барлығы туралы өзі жақсы біледі. Немерелерінің сабаққа қалай дайындалғанын, мектепке қашан кеткенін, сабақтан қай уақытта шығатынын келіндеріне хабарлап отырады. Бір ұлының немесе қызының қажетін өзге балаларына жеткізеді. Оның ішінде айтатын да, айтпайтын да, тігісін жатқызып жеткізетін «ақпараттар» да болады. Төрт ұл, үш қызды тəрбиелеп жеткізген, ұлды ұяға, қызды қияға қондырған Галина Григорьевна əр отбасының өз саясаты болуы керек деп біледі. Əулет татулығы сонда ғана қалыптасады. Енді, шамасы жеткенше немерелерінің тəрбиесіне де үлес қосып отыр. – Жолдасым Василий Иванович екеуміз отбасын жоспарлаған жан емеспіз. Тағдыр қанша бала берді, соның барлығына да қуандық. Біз 90-жылдарғы экономикалық дағдарысқа дейін жақсы тұрдық. Балалардың жас күнінде ішім-жемінен, киім-кешегінен, балабақшасынан қиналған жоқпыз. Ал 90-шы жылдары қиындық болды, бірақ жұрт қатарлы барлығына төздік, тығырықтан жол таптық. Балаларды аман өсіріп, қанаттандырып жібердік, – дейді Галина Григорьевна. Бүгінде он екі немеренің əжесі атанып отырған бақытты əйелден əңгіменің басында «əр отбасының саясаты болуы тиіс» деген сөзіне қайтып оралуын өтіндік.

– Əр отбасының ішкі тіршілігі болады. Ұлдың да, қыздың да тəрбиесі оңай емес. Əкесі үйде бір күн отырып, балаларына қараған кісі емес. Ол өмірі бойы жұмыста болды, Сарыбай кенішіндегі ең білікті, үздік электрслесарь. Міне, зейнетке шықса да басшылары əлі күнге жібермей отыр. Ол үйге шаршап келетін, мен балаларыма «Əкең келе жатыр, жуынатын суын, сүлгісін дайындаңдар, шуламаңдар, тынышын алмаңдар», деп үйреттім. Отбасылық əңгімеде де, бір нəрсе сатып алатын, бір жерге баратын болсақ та «əкең біледі» деп үйреттім. Менің осы тəрбиеме жолдасымның адамгершілігі, еңбекқорлығы сəйкес келді. Бүгінде өз алдарына үйлі-баранды болған ұлдарым да, қыздарым да əкесінің бетіне келген емес, олар үшін əкесі асқар тау секілді. Əкенің беделі – балаға басты тəрбие екенін ұқтым. Əкесін сыйлағандықтан да шығар жақсы оқыған ұлдарым Александр мен Владимир Василий Ивановичтің мамандығына барды, шетінен электрслесарь. Тіпті, немерем Максим де Рудный индустриялық институтында оқып жүр, бітірген соң атасының учаскесіне барғысы келеді. Оны айтасың, күйеу балаларға дейін сол учаскеде ғой, – дейді Галина Григорьевна. Василий мен Галина Горттар бала тəрбиесіне өте ұқыпты қарады. Қыздары Алла, Ирина, Светлана музыка мектебіне, ұлы Александр көркемсурет мектебіне барды. Одан кейінгі ұлдары Вячеслав пен Иван спортты қалады. Шетінен өнерлісін қайтерсің, ой-өрісі де керемет. Өнерді түсінеді. Балаларының жас кезінде көп балалы отбасы ретінде мектептен, жұмыстан ешқандай жеңілдік сұрап көрмепті. Мектепте

ұсыныс жасағанда Василий де, Галина да: «Біз баланы өзіміз үшін өсіріп отырмыз, өзіміз асырай аламыз», деп шамданып қалған екен. Ал Василий Гортты 18 мың жұмысшысы бар Соколов-Сарыбай кен өндіру бірлестігі, одан қалды Рудный қаласы біледі десе, артық емес. Кен алыбында одан өткен электрслесарь жоқ. Сарыбай кенішінің Құрмет кітабына, кен өндіру бірлестігінің Құрмет тақтасына енді. Соколов-Сарыбай кен өндіру бірлестігінде «Кəсібінің үздігі» атағына, «Кенші даңқы» төсбелгісіне ие болды. Ол əр жылдары алған Мақтау қағаздары мен Алғыс хаттары альбомға зорға сыйып тұр. – Осы қаладағы Индустрия институты мен колледжде оқыған студенттерді тəжірибеге кеніштерге жібереді ғой. Электрслесарьлардың неше толқынын Василий Иванович тəрбиелеп шығарды. Өз мамандығын жақсы көретін мұндай кісі сирек деп ойлаймын. Жастар электрслесарьлықты үйренбейінше онда тыным жоқ, кішкентай деталіне дейін ерінбей үйретеді. Басшыларға осындай жауапкершілігі ұнайды, – дейді Галина Григорьевна. Электрслесарьлар династиясына Галина Григорьевнаның өзі де кіреді. Ол да кеншілер қаласындағы жұмысшы мамандығын даярлайтын училищеде Василий Ивановичпен бір топта электрші мамандығын алған болатын. Отбасының шаруасымен кеніштегі жұмысын мектепке ауыстырған уақыты да болды. – Галина Григорьевна, жолдасыңызды, балаларыңызды, немерелеріңізді мақтадыңыз. Қазақта «келін қайын ененің топырағынан жаралады» деген мақал бар. Оған қалай қарайсыз? – дейміз біз. Ол сылқылдап күліп алды. – Өте дұрыс айтылған сөз екен! Біздің осы тұрған үйімізді жұмыстан берген еді. Есіктің алдында бақша бар, тіпті құс, шошқа да ұстадық. Үй кең. Алғашқы кезде келіндермен бірге тұрдық, қазір барлығы да үй алып кетті. Олар да біреудің тəрбиелеген қызы ғой, үй тірлігіндегі істердің бəрін өзім үйреттім. Кейде оларға ол ұнайтын, кейде ұнамай қалатын. Ал қазір: «Мама, сіз қалай істейтін едіңіз?» деп білмегендерін сұрап жатады. Отбасыларын жақсы ұстайды. Келіндерімнің барлығын да жақсы көремін, – деді ағынан жарылып. Горттардың отбасында бірнеше ұлттың өкілі бар. Василий Ивановичтің ұлты – неміс, Галина Григорьевна – украин, келіндерінің арасында орысы да, қазағы да бар. – Ұлтта тұрған ештеңе жоқ. Тағдырымыз солай болды ғой. Балалар жақсы тұрып кетсе, одан артық ештеңе жоқ. Қазағымен де, орысымен де, немісімен де құдандалымыз, сыйласпыз. Жалпы, біздің отбасымызда ұрыскеріс деген болған емес, айналамызбен де, құдалармен де солаймыз. Одан артық бақытты білмейміз, – деді Галина Григорьевна. Осы жерден əңгімені біз де тоқтаттық. РУДНЫЙ.

Он ўл-ќызы – байлыєы мен баќыты Ауылдықтардың Күлбайрамдай аналары бар Жабағиндер отбасына құрметтері ерекше. Шаңырақтарынан балалардың тəтті күлкісі кетпеген əулет жылдар өте ұлын ұяға, қызын қияға қондырыпты. Сондықтан да елімізде жыл сайын өтетін «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына қатысасыңдар, он бала өсірген ата-аналық мейірімдеріңізді көпке үлгі етейік, іріктеуден өттіңдер деген жақсы хабар жеткені. Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Сөйтіп, Жабағиндер отбасы облыстық іріктеу кезеңінде аудан намысын қорғап бірінші орынды жеңіп алды. Осы екі арада Күлбайрам апаның немересі Гүзəл де Астанадағы медицина академиясын бітіріп келді. Гүзəлдің əке-шешесі, апамыздың ұлы Ерболат пен Шолпан Алматыда тұрады. Жоғары білімді мамандар. Басқа студент немерелері де сабақ аяқталысымен-ақ жаз шыға қаладан апаларына, ауылға жетуге асығады. Сүт қосқан қою қара шəйді самаурынмен ғана қайнатып ішетін əжесі үшін немересі Тілек демалысқа келгенде ұсақтап ағаштар дайындап беріп кетеді. – Он бала тауып, өсірдіңіз. Айтыңызшы осы балалар қалай өсіп ержетті? Есіңізде бар ма? – дейміз əзілдей. – Е, қарақтарым-ай, бес саусақ біріксе білек қайда барады? Балаларды бірлікке, өзара бір-бірімен тату болуға үйреттім. Отбасылық қазақы дəстүрге сай бүкіл мереке, туған күн, тойлар барлығы да осы өзіміздің үлкен қара шаңырақта өтеді. Өзім 17 жасымда тұрмысқа шығыппын. Сол кездері

қандай таршылық уақыт болса да, адамдардың ниет-пейілдері түзу еді. Біздің аталарымыз екі ағайынды, сөйтіп қос отбасы Мұқан мен Рақымқожаның шаңырағында өмір сүрдік. Ал, енді, əр баланың қылығы, кішкентай кездері бəрі есімде ғой, ол ғұмыр бойы ұмытылмас, – дейді Күлбайрам апа. Атасы марқұм Мұқан Жабағин қазір өздері тұрып жатқан Қарақала ауылын совхоз кезінде басқарған екен. Елжұртына қадірлі, қарапайым, кішіпейіл, жұмысқа адал басшы болды. Жалғыз ұлы Мағжан өз отбасына отағасы, қосылған жары Күлбайрам (Күлкен) отанасы атанды. Қазір ауылдың бір көшесі осы кісінің құрметіне Мұқан Жабағин есімімен аталады. Ұлы Мағжан болса ел ішінде қалды, қиындық жылдар, соғыс уақытында еңбек етуге тура келді. Күлбайрам апамен қосылып, жарты ғасырға жуық өмір сүрді. Мағжан Мұқанұлы да əке жолын қуып, бүкіл ғұмырын ауылға арнады. Күлбайрам апамыз келбеті келіскен, əдемі қартая білген, инабаты мол жан. Балауса қыз кезінен көңіл жарастырып, отау тіккен жолдасы Мағжанның шаңырағының құтберекесі. Сабырлы. Құдай қосқан қосағы

ағамызды ризалықпен еске алды. – Марқұм ісіне мығым, отбасына, ағайын-туысқа жайлы азамат еді. Əттең, өмірден ертерек кетті. Шүкір, балалары жаман болған жоқ. Бəрі де өмірден өз орындарын алған. Балалы-шағалы. Бала жақсы болса, ата-ананың көңілі қуанышқа кенеледі. Құда-құдағилармен де сыйластығымыз, туыстығымыз жақсы. Туып-өскен ауылдың, ауданымыздың, еліміздің өсіп-өркендей беруін тілеп отырамын, – дейді апамыз. Əулетінде асыл аналары бар Жабағиндер əулеті алып бəйтеректей

кең қанат жайып, көбейіп, көркейді. Ұл-қыздарының, туған-туыстарының, абысындары мен келіндерінің тату-тəтті бірлігінің, туыстығы мен сыйластығының артуына Күлбайрам апай бас болып отырғаны да сөзсіз. Апамыздың кіші ұлы тұратын Мейрамның сəулетті үй іші кірсе шыққысыз. Қара шаңырақ үйдің беріктігін сақтау – парыз. Дастарқан мол. Қаладағыдай тұрмыс. Күлбайрам апаның қазір қалада тұрып жатыр деген аты болмаса, арасы жарты, бір сағаттық жердегі ауылына асығып тұрады. Қаланың жайлы өмірінен бұрын көрші-қолаңның түгел

ағайын-туыс болып кеткен ауылдың аты қайткенмен де ауыл ғой. Өзің қалада отырсаң да көңіл ауылда, елеңдейсің де жүресің. Өйткені, апамыз Мұқан ата əулетінің жасы үлкен ардақты əжесі. Бұл үлкен жауапкершілік екенін апамыз біледі. Əженің парасаты отбасының берекесін келтірумен, көрші, ағайынтуысты құрметтей білумен, ұрпағына салт-дəстүр тəрбиесін сіңіре алатын ақылгөйлігімен көрінеді. Он баласының бəрі білімге талпынды. Қыздары ғылым жолына түскен мұғалімдер, Райхан облыс орталығындағы мұғалімдер

білімін жетілдіру институты «Өрлеу» орталығының деңгейлік бағдарламалар тренері. Раушан Назарбаев зияткерлік мектебінде физика жəне информатика кафедрасының меңгерушісі, ұлы Ерқанат – заңгер, «SERT» Тəуелсіз бағалау орталығының директоры, жұбайы Гүлмира экономист, ұлдары Тілек Еуразия ұлттық университетінде заңгер мамандығына оқиды. Мейрам мен Үміт те жоғары білім алды, қазір ауылда. Ұлы Мұқтар, келіндері Гүлмира, Сəулет пен Марат, Ардана мен Марат барлығы да жоғары білімді, еліміздің өркендеуі үшін өз мамандықтарына сай қызмет атқаруда. Бір өкініштісі, апамыздың қызы Салтанат өмірден ерте қайтыпты. Бұл ата-ананың балаларын оқытып білім алуға шалғай ауылдан Алматыға аттандырған мақсаттарының орындалғаны. Бұл күндері енді немерелері Астанада оқып білім алуда. Олар да ата-аналарының жолдарын қуып, бірі дəрігер, бірі заңгер болмақшы. Ал өмірдің ыстық-суығын бастан өткерген апамыз бүгінгі бақытты, ырысты тірлігіне разы. Келіндеріне үй шаруасының бүкіл қырсырын үйретеді. Күлбайрам апаның өзі де келін болып осы Жабағиндер отбасының табалдырығын осыдан алпыс жыл бұрын аттаған екен. Жолдасы қарапайым механик, өзі аспаз болып еңбек еткен. Дүниеге он бала əкелген алтын құрсақты ана бақыттың кілтін еңбектен тапқанын айтады. – Осы күні 8 немере, 9 шөбере сүйдім. Бұл – төгілген тердің, қиындықтардың өтеуі. Өмірдегі қиындыққа төзе білу керек. Қиындықсыз жақсылық келе қоймас. Оны өз өмірімнен білемін, мың бейнеттің бір зейнетіне не жетсін!.. – дейді Күлбайрам апамыз. Павлодар облысы.


8 қыркүйек 2015 жыл

Қазақстан халқы Ассамблеясы – еліміздегі қажетті қоғамдық институттардың бірі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жүктеген маңызды тапсырмаларды баршамыз бір мүддеге ұйымдасып, ынтымақтастығымызды нығайтып, салт-дəстүрімізді бағалай білгенде орындай аламыз. Ал Достық үйлерінің негізгі мақсаты – ұлтаралық келісім мен қарым-қатынасты нығайту. Біздің мекемеміз Шығыс Қазақстан өңіріндегі ең жас Достық үйі саналады. Жалпы, Бесқарағай ауданының өзі облыстың солтүстік бөлігінде орналасқандықтан, Шығыс Қазақстан өңірінің қақпасы деуге болады. Өйткені, ауданымыз Ресей Федерациясының Алтай аймағына қарасты Михайловский жəне Угловский аудандарымен шектессе, батыс жағында еліміздің Павлодар облысының Лебяжі ауданымен іргелес жатыр. Бесқарағай жерімен Шығыс Қазақстан облысын еліміздің жүрегі – Астана қаласымен жалғайтын республикалық жол өтеді. Салыстырмалы түрде қарағанда, аудан аса үлкен емес. 21 мың халық

www.egemen.kz

БІЗ – ЌАЗАЌСТАНДЫЌТАРМЫЗ! Міндеттер мен тапсырмаларды жүзеге асыру үшін аудандық Достық үйі мен этномəдени бірлестіктердің ай сайынғы қоғамдық-саяси, мəденибұқаралық шараларға арналған біріккен жоспары жасалады. Еліміздегі этностарды əрдайым ортақ мақсат біріктіреді. Бүгінде Достық үйі мемлекеттік маңызы бар мерекелерге белсенді қатысып қана қоймай, жетекші, қозғаушы күшке айналды. Сонымен бірге, ұлттық, діни жəне көне мерекелерді сақтау мен жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Мəселен, католиктік жəне православиелік Пасха, Рождество мерекелері, Крещенск кештері сияқты көптеген мерекелер жаңғырды. Барлық этномəдени бірлестіктердің бір-бірінің ұлттық мерекелеріне ортақтасып, бірге атап өтуі дəстүрге айналды. Мысалы, Пасха мерекесіне татар этномəдени бірлестігі ұлттық əндерімен, частушкасымен, «чак-чак» сынды дастарқандық дəстүрімен келсе, «Асыл əжелер» фольклорлық тобы қызыл бауырсақтан шашу шашады. Түрлі тілдерде əн айтылады. Баршамыз бірге жыл

Бесќараєайдаєы береке тұратын ауданда 24 ұлт өкілі достық пен келісімді ту етіп, тату-тəтті өмір сүруде. Ауданда əлеуметтікэкономикалық даму міндеттерімен бірге, этносаралық келісімді нығайту мен сақтау маңызды саланың бірі саналады. Оған жеткілікті көңіл бөлініп келеді. Ұлтаралық келісім саясатын нығайтудың айқын нəтижесі ретінде Бесқарағай аудандық Достық үйін құруды айтуға болады. Бұл ауданда тұратын түрлі ұлт өкілдерінің береке-бірлікпен ел дамуына өз үлестерін қосуына үлкен мүмкіндік сыйлап отыр. Аудандық Достық үйінің жанында 4 этномəдени бірлестік белсенді жұмыс істейді. Оның ішінде «Башкүл» татар этномəдени бірлестігі, славян этномəдени бірлестігі, неміс этномəдени бірлестігі жəне қазақ халқының «Асыл əжелер» фольклорлық тобы бар. Оларға əзербайжан мен корей этностары да хал-қадерінше қосылып, түрлі шараларға атсалысады.

9

сайын татардың «Сабантойын» атап өтеміз. Бұл тойда славян этномəдени бірлестігінің өкілдері де болып, өз ойындарымен, ұлттық дəмдерімен һəм билерімен көзге түседі. Ұлттық салт-дəстүрге деген құрметті, отаншылдық сезімді ояту орайындағы жұмыстар да бір төбе. «Асыл əжелер» тобының бастамасымен балабақшаларда «Ұлттық дəстүріміз – алтын қазынамыз» атты тəрбие сағаттары ұйымдастырылады. Бұл шаралар «баланы – бесіктен» дегендей, сəби санасына ұлттық салт-дəстүрді сіңіруге бағытталған. Барлық ұлттың балаларын бірлік пен достыққа тəрбиелеу мақсатында ұлттық киім түрлері, билер мен əндер, ойындар, əдет-ғұрыптар үйретіледі. Биыл жаңа оқу жылынан бастап əжелеріміз бастауыш сынып оқушыларымен жұмыс істеуді жоспарлап отыр. Тағы бір тың дəстүр – Достық үйінің сахнасында «тұсаукесер» мерекесін өткіздік. Бұл дəстүр

киіз үй іспетті əшекейленген қазақ мəдениетінің мұражай-бөлмесінде өткізілді. Ауданымыздағы қадірлі ақсақалдар мен əжелер жас атааналарға батасын берсе, бейнефото таспалары сəбидің ата-анасына естелік үшін табыс етілді. Айта кеткен абзал, Достық үйінде 2 мұражай кабинеті бар. Қазақтың киіз үйі мен славян үйі стилінде жасалған бұл мұражайларда түрлі көне жəдігерлер мен аспаптар, əбзелдер жинақталған. Меймандар картиналар мен ескі тұрмыстық керек-жарақтарды, əдемі оюөрнектерді, нəзік кестелерді көргенде таңданыстарын жасырмайды. Сонымен бірге, екі əкімшілік кабинеті мен этномəдени бірлестіктерге арналған кабинет, дөңгелек үстел өткізуге арналған ақшаңқан зал əртүрлі ұлттық киімдер киген қуыршақтарға толы. Аудандық білім бөлімі «Қазақстан жолы» білім беру орталығымен бірге Достық үйіне жаз маусымында балалардың саяхат кестесін жасаған

болатын. Мұнда оқушылар үлкен қызығушылықпен келіп, жақсы əсер алып шығады. Достық үйінің ұжымы да балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға жиі қатысып тұрады. Былтыр облыс орталығындағы этноауылда «Башкүл» татар этномəдени бірлестігінің балалары өнер көрсетсе, биыл славян этномəдени бірлестігінің балалар би тобы барды. Балалар түрлі ұлыстардың дəстүрі мен мəдениетінен сыр шертетін еліміздегі бірегей этноауылды аралап көріп, хайуанаттар бағын тамашалады. Бұл сапарлар этномəдени бірлестіктердің қызметін жандандыруға серпін береді. Ұлттық мерекелер халықтық мерекеге айналды. Айталық, Масленница мерекесін барлығымыз бірге атап өтеміз. Ұжымдар жəрмеңке ұйымдастырады, мол дастарқан жаяды, түрлі өнер бойынша жарысады. Ұлыстың ұлы күні – Наурыз тойына да өзге этностар белсене қатысып, ұлттық мəдениетін көрсетеді. 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнінде де əр мекеменің қатысуымен белгілі бір ұлттың салт-дəстүрін, тілі мен ділін, тарихын таныстыру дəстүрге айналды. Ұлттық тағамдарды əзірлеуден шеберлік сабақтары ұйымдастырылып, саңырауқұлақ дайындау, грузин кəуабын қуыру, палау жасау, бауырсақ пісіру, құрт сүзу сынды ұлттық тағамдар дайындау барысына куə болдық. Достық үйі жұмыстың жаңа пішінін іздестіруге əрқашан талпынып келеді. «Күмбірле домбыра, шырқа сырнай!», «Бір шаңырақ астында» сияқты облыстық кең ауқымдағы фестивальдар мен форумдарға іріктеу барысы да қызықты өткізіледі.

Сондай-ақ, ауданда алғаш рет «Орыс романсының кеші» өтіп, романсқа құмар жандардың басын қосты. Ауылдастардың бір-бірімен қауышуы барысында жаңа идеялар мен бастамалар туындап жататыны бар. Осы кеште көңілі толқыған орыс романсының көрермендері қазақ əндерінің кешін өткізуді өтінген болатын. Осыған орай, ауданда биыл екінші мəрте қазақ вальсінің королі атанған Шəмші Қалдаяқов əндерінің фестивалі өтті. Аудан əкімі талантты адамдармен кездесу ұйымдастырады. Кездесу үш кезеңнен тұрады: қолөнер шеберлерінің көрмесі, ақын-жазушылармен дөңгелек үстел басындағы кездесу жəне дарынды музыканттардың қатысуымен өтетін концерттік бағдарлама. Аудандағы кез келген шарада түрлі ұлттық тағамдардан бір дастарқан басында дəм татуға болады. Бұл – достық дастарқаны! Сондай-ақ, ұлтаралық келісімді насихаттауға арналған көптеген флэш-мобтар, «Балалар достығы – шекарасыз» атты əр тілде орындалатын балалар этюді өткізіледі. Онлайн-байланысқа шығып, кездесулер, сұхбаттар, конференциялар ұйымдастырамыз. Мəселен, жақында қадірлі жерлесіміз Владимир Морозовты еске алуға арналған кеш барысында Ресейдің Тверь қаласында тұратын туған-туыстарымен байланыс орнаттық. Қазір Германия, Ресейде тұратын жерлестеріміздің Астана күнімен құттықтауын онлайн жүйесі арқылы жеткіздік. Осы сияқты көптеген шаралардың жергілікті халықтың көңілінен шығып, қолдау табуы ауданымызда ұлтаралық түсіністік пен келісімнің тұрақты дамып келе жатқанын көрсетеді. Мейрамгүл АБЫЛҒАЗИНОВА, Бесқарағай аудандық Достық үйінің директоры.

Шығыс Қазақстан облысы.

Баянауылдыѕ ќазаќтарынан айырмамыз жоќ

– дейді республикалыќ «Абай оќулары» байќауыныѕ 2009 жылєы бас жїлдегері, «Мемлекеттік тіл – меніѕ тілім», «Ќазаќшаѕыз ќалай?» байќауларыныѕ жеѕімпазы Таисия СТРАДАЕВА. Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Таисия жайлы бұрыннан-ақ естіп, біліп жүрдік. Осы жолы сəті түсіп, Баянауылға іссапарда болған кезімізде жолығып, əңгімелескен едік. Алғаш көргенде биязылығы, жүріс-тұрысынан-ақ кəдімгі қазақтың қызындай болмыс-бітімді, мінезді байқайсыз. Баянауылдың тау баурайында өскен қазақы қалыпты орыс қызына бір көргенде таңғала қарайтыныңыз да рас. – Иə, солай ғой, біз енді қазақ болып кеткен орыстармыз ғой, – дейді Таисияның өзі де. – Тау баурайында өскен ауыл болғанда да, біздің ауыл Сұлтанмахмұт Торайғыров туған жер, өзіңіз білесіз, табиғатының өзі қандай десеңізші. Өнерге, əдебиетке жақын болғанымызға жердің сұлулығы, ақынның өлеңдері əсер етпеді дейсіз бе? Əрине, осы қос сезім бізді еркелетіп, айналаға қызықтырып өсірді ғой. – Ұмытпасам, маусым айында Татьяна Бурмистрова апайымыз да Баянауылға келіп кетті ғой деймін. Өзің сияқты қазақтың əнін шырқап, салт-дəстүрі, өскен елі жайлы тамаша əңгімелер айта білетін əпкеңе жолыға алдың ба? – Əрине. Айтпақшы, ол кісі келгенде

қызық болды. Менің жұбайым Александр Татьяна əпкеміз əн шырқап болған соң, сахнаға шығып гүл ұсынды. Сөйтсе, ол жұбайымды көріп: – Ой, Баянауылда да орыс бар екен ғой! – деп жұртты бір күлдіріп тастады. – Сол Таня əпкеміз айтқандай, мен өскен Торайғыр ауылында 3 орыс отбасы болдық. Мещеряковтар əлі күнге дейін сонда тұрады, ал Кокаревтер отбасы көшіп кетті. Үлкендер кезінде Саратов жақтан көшіп келсе керек. Ауыл балаларымен бірге ойнап өстік қой. Қазақ тілінде білім алдық. Алғашқы мұғалімдерім Жайнат Білəлова, Мейізгүл Қожамжарова, марқұм Шайзат Қалиеваға алғысым шексіз. Орыс, қазақ деп бөлмей, бізді өз балаларындай көріп, оқытты, білім берді. Өмір деген кейде қатал. Ауылда бірге өскен жақын құрбым Құралайдың да қайтыс болғаны ауыр тиді. Мектептегі сыныптасым Асыл Жанғозинамен кішкентай кезімізден бірге өстік, əлі күнге дейін араласып тұрамыз. – Таисия Викторовна, жоғарыда жазып кеткендей, көптеген байқауларға қатысып жүлдегер атанған екенсің. Құтты болсын! – Рахмет сізге. Өйткені, мемлекеттік тіл – менің тілім. Яғни, қазақ тілі ана тіліме айналды. Екіншіден, мен Сұлтанмахмұт

Торайғыров атындағы қазақ мектебінде білім алғанымды мақтан етемін. Кейде, тіпті, осы өзіміздің Баянауылдың өзінде орысшалап сөйлейтін қазақ жастары, тіпті, үлкендер де кездесіп қалады. Біртүрлі, жараспайды-ақ. Ана тілдің, қасиетті туған жердің қадіріне жетпей жүргендей. Торайғыр ауылында мектеп бітірген соң, Ақсудағы Жаяу Мұса атындағы өнер колледжіне оқуға түстім. Өнерім – өмірім деп жүріп, сол жердегі мəдениет үйінде біраз жылдар қызмет атқардым. Қазір Баянға қайта оралдым. Мен үшін Баянауыл, Торайғыр ауылы, Қазақ жері, атамекен деген ғұмырлық байлығымдай. Бұл асыл ұғымдарды еш жерге, еш атауларға айырбастамаймын деп ойлаймын. – Сахнаға шығып, Бурмистроваға гүл берген жұбайың да қазақша біле ме? – Біз – қазақстандықтармыз! Біздің жүрегімізде осы сөз, осы ұғым мəңгілікке қалды. Енді балаларымыз да осы ұғыммен өседі. Олар да біз сияқты «Баянауылдың қазақтарындай» деген құрметті, мақтан етер атаумен ержетеріне, өмірден өз орындарын табарына сенеміз. Александр екеуміздің Əнуар деген 6 жаста ұлымыз, 4-ке келіп қалған Виктория есімді қызымыз бар, ал Арина жақында 1-ге толады.

Жұбайым көпбалалы Шлыктовтар отбасынан. Балаларының бəрі Баянауылда туғандар. Əке-шешелері тың игеру кезінде келген. Жұбайым екеуміз де президенттік сайлау кезінде белсенділік көрсеткеніміз үшін Президенттің Алғыс хатымен марапатталдық. Александр мектеп директорының орынбасары, аралас мектепте қызмет жасайды. Құжаттарды екі тілде еркін дайындай алады. Менің əкем марқұм Виктор Страдаев қазақша жақсы түсінгенімен, сөйлей алмайтын. Бірақ, болашаққа деген көзқарасы терең болған ол мені қазақ сыныбына берді. – Рахмет əңгімеңе, Таисия сіңілім. Саған отбасылық бақыт, шығармашылық табыс тілеймін! Міне, біздің мақаламызға арқау болған орыс қызы Таисия Страдаева қазір аудандық мəдениет үйінде қызмет жасайды. Ауданның əдеби-мəдени өміріне белсенді араласады. Концерттік бағдарламалардың сценарийін жазады, қазақ, орыс тілдерінде концерттер, түрлі мəдени-саяси-əлеуметтік, патриоттық бағыттағы шараларды жүргізеді. Павлодар облысы, Баянауыл ауданы.

Ўлттарды ўйыстыратын ўя Қазақстандықтар ең қымбат құндылық–тəуелсіздік, оның арқауы– ауызбірлік, ынтымақ екенін жақсы түсінеді. Осы орайда, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбіт мақсатқа біріктірушілік, жұмылдырушылық саясаты арқасында елімізді мекендейтін ұлттар мен ұлыстардың тең құқықтығы толық қамтамасыз етіліп, бір Отан, ортақ шаңырақ секілді киелі де қасиетті ұғым орнықты. Осы орайда, Президенттің тікелей бастамасымен құрылып, жиырма жыл бедерінде ұлтаралық келісімнің бірегей құрылымына айнала білген Қазақстан халқы Ассамблеясы ел бірлігін нығайту жолында зор жұмыс атқарып келеді. Нұрсұлтан Əбішұлының «қазақты қарашаңыраққа баласақ, еліміздегі барша этнос тар – сол шаңыраққа шан шыл ған уықтар» деген сөзін сол түс тікқазақстандықтар да көкейлеріне мықтап тоқыған. Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрамындағы – 23, аудандардағы 100-ден аса этномəдени бірлестіктердің күнделікті қызметтерінде «Қазақстан-2050» Стратегиясы талаптарының алар орны ерекше. Ондағы ерекше екпін түсірілген бейбітшілік, руханият, келісім мəдениеті қағидаттарының мəн-маңызы тұрғындарға кеңінен түсіндіріліп, белсене атсалысатын саяси шаралардың басты діңгегі саналады. Жыл сайын мемлекеттік, ұлттық діни мерекелер рухани келісім күндері ретінде ардақталып, этносаралық қатынастар бойынша ұйымдастырылатын дөңгелек үстелдер, тəжірибелік конференциялар, тақырыптық кештер мазмұндылығымен, мəнділігімен ерекшеленеді. Жергілікті ҚХА-ның мұрындық болуымен М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы, Петропавл гуманитарлықтехникалық колледжінде бейбітшілік пен келісім орталығы бой көтеріп, тың бастамалар одан əрі жалғасын тапты. Облыстық ҚХА Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған мұражайдың ашылуына қолдау көрсетті. Қызылжар өңірін мекендейтін 130-ға жуық этностың күшжігерін ортақ Отанымызды өсіпөркендетуге бағытталған игілікті

істер Ассамблея жылы өзгеше өріс алды. Əсіресе, «Ассамблея – 20 игі іс» акциясы аясында əлеуметтік маңызы зор шаралар қолға алынып, «Мəңгілік Ел» идеясы ерекше ұлықталды. Қоғамдық институттың ел дамуындағы алар орны, ұзақ мерзімді тұжырымдамасы, қазақ стандық патриотизмнің мəні жан-жақты түсіндірілді. Қазақ хандығының – 550, Ұлы Жеңістің – 70, Ата Заңымыздың 20 жылдығы секілді тарихи белестер шеңберінде ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан төзімділік, туыстық, татулық идеялары ту етілді. Осындай ұстанымдар ел халқын біріктіретін, болашақтың берік іргетасын қалайтын Жолдау талаптарымен тығыз ұштасып жатқанын айта кеткен жөн. Біздің мекеменің бір міндеті Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін ұйымдастыру мен қаржылық жəне материалдықтехникалық қызметін қамтамасыз етуді көздейтіндіктен, ұлттарды ұйыстыратын ұямен етене жұмыс жасап келеміз. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Біз тұрақтылықты бағалай білгеніміздің арқасында бүгінгі табысқа жеттік. Ешкімді кемсітпей, ешкімнің тілі мен ділін алаламай, барлық азаматтарға тең мүмкіндік беру арқылы тұрақтылықты нығайтып келеміз. Біздің кейінгі ұрпаққа аманаттар ең басты байлығымыз – ел бірлігі болу керек», – деген сөзі əркез жадымызда. Дина ƏБІЛМƏЖІНОВА, «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жетекшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы.


10

www.egemen.kz

8 қыркүйек 2015 жыл

Тұрсынбек КӘКІШЕВ 2015 жылғы 7 қыркүйекте көрнекті əдебиеттанушы ғалым, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық жоғары мектеп академиясының құрметті академигі, еларалық қоғамдық Айтматов академиясының академигі, Қазақстан Жазушылар одағы Сəкен Сейфуллин атындағы сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, филология ғылымдарының докторы, профессор, əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің құрметті кафедра меңгерушісі Тұрсынбек Кəкішев өмірден озды. Тұрсынбек Кəкішұлы 1927 жылы 15 тамызда Ақмола облысындағы Бұланды ауданының Алтынды кенішінде дүниеге келді. 1934-1944 жылдары əуелі Қаратал, кейін Даниловка орта мектебінде оқыды. Еңбек жолын 1944 жылы Ақмола облыстық қазақ драма театрында актер болып бастады. 1945-1950 жылдары С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде білім алды. Университетті бітірген соң «Мектеп» баспасының жоғары оқу орындар оқулықтары редакциясына аға редактор болып қызметке орналасты. 1960 жылы «Қазақ əдебиетінің қалыптасу дəуіріндегі идеялық-творчестволық мəселелер (1917-1929 жж.)» деген тақырыпта кандидаттық, 1971 жылы «Қазақ əдебиеті сынының туу жəне қалыптасу жолдары» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Т.Кəкішев 1968 жылдан осы уақытқа дейін əлФараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде аға оқытушы, доцент, профессор болып қызмет атқарды. Ол 1986-1987 жылдары филология факультетінің деканы болды. 1990-2000 жылдар аралығында қазақ əдебиетінің тарихы жəне сын кафедрасын басқарды. Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ ақсақалдар кеңесінің мүшесі еді. Ғұмырының елеулі бөлігін, азаматтық қажыр-қайрат, білім-білігін отандық ғылымның дамуына жұмсады. Негізгі еңбектері қазақ əдебиеті тарихы

қолжазба журналын, қазақ əдебиеті тарихын зерттеудің көкейкесті мəселелері бағытында, ұзақ жылдар бойы айналымға тартылмаған шығармашылық тұлғалар мұрасын зерттеуде елеулі еңбек атқарды. 1972 жылы Мəскеуде «Тамаша адамдар өмірі» сериясымен «Сəкен Сейфуллин» атты кітабы басылып шықты. Ғалымның сəкентанудағы зерттеулері ұлт игілігіне айналды. Ал «Қазақ əдебиеті сынының тарихы» атты оқулығы жоғары мектепте сын тарихын оқытуға арналған. Т.Кəкішев қазақ əдебиеттануы бойынша ғылыми кадрлар дайындауға үлкен үлес қосты. Оның жетекшілігімен 50-ден астам докторлық, кандидаттық диссертациялар қорғалды. Соңғы кезеңде өзінің аса өнімді шығармашылық жолын қазақ əдебиеті тарихының өзекті мəселелері, Алаш қайраткерлері туралы «Кер заманның кереғар ойлары», «МағжанСəкен», «Толғам», «Мерей» атты сүбелі еңбектерімен жалғастырды. Тұрсынбек Кəкішұлы шетелде де жоғары беделге ие болды. Францияда, Иранда, Қытайда, Моңғолияда, Польшада лекциялар оқып, баяндамалар жасады. Шетелдегі қазақ əдебиетінің зерттелу бағыттарын күн тəртібіне қойып, ғылыми айналымға енгізіп, дамытуға елеулі септігін тигізді. Əріптестері, достары жəне шəкірттері Тұрсынбек Кəкішевті кең жүректі, көпшіл, тура мінезді жəне өмірсүйгіш адам ретінде есте сақтайды. Белгілі ғалым, көрнекті тұлға, ұлтымыздың біртуар қайраткер перзенті Тұрсынбек Кəкішұлының жарқын бейнесі жадымызда əрдайым сақталады. мен сынының өзекті мəселелеріне арналды. Ол ғылыми зерттеуде мұрағат деректерімен жұмыс істеудің озық өнегесін қалыптастырды. Тұрсынбек Кəкішұлы ХХ ғасыр басындағы қазақ басылымдары – «Айқап», «Қазақ» газеттерін, «Садақ»

Ќош, ќўрдас-дос

Ардаќты ўстаз, абзал аєа еді

Денсаулығыма байланысты Астана дəрігерлерімен кеңесу үшін осында келіп едім. Артымнан қаралы хабар қуып жетті. Тұрсынбек Кəкішев қайтыс болыпты. Біздің ұрпақтың, менің құрдастарымның соңғы бір могиканы еді. Қазақ əдебиеттану ғылымы мен жоғары мектептерде жас кадрларды тəрбиелеуге сіңірген еңбегі мол азамат еді. Онымен біз дос болып араласып, көп жылдар жастық шағымызды бірге өткіздік. Аумалы-төкпелі мінезі болғанымен, табиғаты адал, ойындағысын ашық айтатын, ешкімнің жетегінде жүрмейтін, тұрақты көзқарастың иесі болды. Өмірін ғылымға арнады. Алла алдыңнан жарылқасын, құрдас-дос. Том-том кітаптарың тұрғанда елің, халқың сені ұмытпайды. Əрқашан жас қауым əдебиет тарихына үңілген сайын есімің мен еңбегің алдан шығатын болады. Қош, жатқан жерің жайлы болсын!

Тұрсынбек Кəкішұлы дүниеден өтті деген суық хабар жеткенде, көзімнің алды мұнарланып, көңілім бұзылды. Өзекті жанға бір өлім бары белгілі ғой. Солай болса да, алдынан дəріс тыңдаған, тəлім-тəрбиесін алған, көп жылдар бірге қызмет еткен, айналасына жүрегінің жылуы мен жарығын түсіріп жүрген таудай тұлға дүниеден өткенде, көңіліме көлеңке түсіп, алдымдағы қара орманымның бір қабаты селдіреп қалғандай күй кештім. «Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді» деген халық даналығын есіме алып, сабыр еттім. Ардақты ұстаз, абзал ағаның ғылыми

Серік ҚИРАБАЕВ.

Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігі, Қазақстан Жазушылар одағы, əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті.

ізденіспен, ұстаздықпен өткізген өмірінде жасаған көркем істері, асыл сөздері, ірі де ізгілікті мінезі өлмес, алдынан шығар деп жұбандым. Тұрсынбек Кəкішұлының өмірінің көбі əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аудиторияларында өтті. Шəкірттерге дəріс оқыды, ғылыми жетекшілік жасады, ақылкеңес берді, ғылыми-зерттеу жұ мыстарын жүргізді. Қазақ халқының ғылымы мен жоғары мектебінің дамуына, əдебиеті мен мəдениетінің өсіп-өркендеуіне, қоғамдық санасының жаңғыруы мен жаңаруына зор еңбек

сіңірді. Қазақ əдеби сынының тууы, қалыптасуы мен дамуы бағытында талмай еңбек етіп, əдебиеттану ғылымында жаңа бағыттың негізін қалады, өзінің ғылыми мектебін қалыптастырды. Ұлттық ғылым жүйесі мен білім беру саласын жоғары білімді мұғалімдермен, жоғары білікті ғалым-ұстаздармен қамтамасыз ету жолында ерен еңбек етіп, елдің ақыл-ой байлығының артуына үлкен үлес қосты. Қош, ардақты ұстаз, абзал аға! Жанғара ДƏДЕБАЕВ.

АЛМАТЫ.

Жайсаѕды жоќтау Тўрсынбекке

Жаралған намыстан Айбынды арыстан. Мерейлі, кенейлі, Əлсізді жебеген, Алыппын демеген. Халықтан күш алған, Даңқты құшарман. Көкейде үш арман: Сермеу де, Тербеу де, Көлбеу де – Күндегі тынысы, Тірліктің дұрысы! Жайсаңды жоқтаймын. Құдамды, досымды Көңілде хошымды Жоқтап жыламай, Кешулік сұрамай, Еңіреп егілмей, Ет жүрек езілмей, Қалайша тоқтаймын!..

Мұзафар ƏЛІМБАЙ.

Аманат арќалап келіп, бізге аманат арќалатып кетіп барады Қайран, Тұрсекең! Ғазиз жүректі қайран ұстаз! Сіз де пəни жалғаннан бақилыққа аттанып барасыз. Сіз жер басып жүргенде арқамыз қамырдай еді. Сізді С.Мұқанов, Е.Ысмайылов, Б.Кенжебаев, З.Қабдолов, Р.Бердібай сынды маңдайымыздан сипаған мейірімді ұстаз, арқамыздан қаққан ағалардың көзіндей көретін едік. Сізді əкеміздей көріп еркелейтін едік, аға тұтып арқаланып жүретін едік. Ұстаздарыңыз С.Мұқанов, Е.Ысмайылов, Б.Кенжебаев есіміне мейлінше адалдығыңыз тəнті етуші еді бізді. Олардың əдеби мұрасына деген ыждағатыңыз сізді бейне аманат арқалаған шəкірт бейнесіне ендірер еді. Біз сіздің ұстаздар рухына адалдығыңыздан шəкірттің қандай болуы керектігін үнсіз ұғынатын едік. Бүкіл ғұмырыңызды арнап адами тұлғасын, əдеби мұрасын тынбай тұлғалаған Сəкен Сейфуллинді алға

ұстай сөйлегенде сізді бейне аманат арқалаған азаматтай көретінбіз. Біз сізге қарап ұстаздар рухына адал болуды бойымызға сіңірдік. Сізге қарап шəкірттің қандай болуы керектігін жете пайымдап бой түзедік. Сізге еліктеп əдебиет есігін аштық. Сізге қарап архив табалдырығын бастық. Сізге қарап ғылым жасадық. Ғылым жасағанда қазақ ұлтына, қазақ əдебиетіне адалдықты сізге қарап бағамдадық. Ұлтқа, жұртқа, өнер, білімге адал болуды, ақ жүріп, ақ тұруды, хақ пікірді кімнің бетіне болса да бүкпесіз айтуды сізден үйрендік! Сіз шəкірттеріңізге үлкен жүректен мейіршапағат бөліп бере білген, адалдық, табандылық, турашылдыққа баулыған шынайы ұстазсыз. «Сен қай ауылдың баласысың?» деп сұрап жатпай, қазақ даласының əр шалғайынан келген Ж.Дəдебаев, Б.Балажанов, Т.Омаров, Ж.Əбішев жəне мені оқу бітіріп, ел-елге, қиыр

шет жерге «бағыттама» бойынша аттанып бара жатқан жерімізде ұстап алып, «Қайда барасыңдар? Қазақ əдебиетін кім жасайды?» – деп «дүңкілдеп» ұрсып жүріп, ұлан-асыр міндет жүктеп, министрліктегі бір «төренің» есігін біз үшін төбелесердей білегін сыбанып барып ашып, бізді Алматыда алып қалған қайырымды сəтті, ол аздай балапандарын баптаған ата қаздай айналасына үйір-шүйір ертіп академияға алып келіп, М.О.Əуезов атындағы Əдебиет жəне өнер институтына қолма-қол қызметке алдырған баянды қамқорлық, есепсіз жақсылығын қалай ұмытармыз?! Жаны жайсаң ұстаз, қазақ əдебиетінің қара нары дерлік тарихшысының тарапынан мұндай қамқорлық көрген шəкірттері көп екенін кейін білдік. Оларды да, бізді де «Тұрсынбектің балалары» атайды. Сөйтіп, əдебиетте тұсауымызды кескен тəрбиеші ұстаздың бірі еді, Тұрсекең! Жақсы дүние жазсақ – жүрегі

жарыла қуанып телефондайтын, нашар дүние жазсақ – жүрегі қарайып қуарып қалатын, ұрсып-ұрсып алатын, қайран ұстаз! Сіз жарық дүниеге аманат арқалап келіп, аманатты адал атқарып, енді келіп бізге аманат арқалатып кетіп барасыз! Жарық дүниеге Ана болып алып келген Жер-Жаратылыс енді, міне, қара жерге айналып, тəніңізді бақилыққа алып барады. Жайсаң жаныңыз, тынбай қимылдап, талмай жасаған бір кітапханаға барабар еңбегіңіз халқыңызбен бірге жасайды. Тəніңізбен қоштасқан халқыңыз, рухыңызбен қоштаспайды, жайсаң ұстаз! Қабырғамыз қаусап тұрып біз де мың-сан шəкірттеріңіздің атынан сізге шарасыздан қош дейміз! Құлбек ЕРГӨБЕК. ТҮРКІСТАН.

Ќазаќстан боксшылары – Азияныѕ алды

(Соңы. Басы 1-бетте). Олжас – біздің ұжымымыз үшін де бөтен оғлан емес. Ол – «Егемен Қазақстанның» Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі болып ұзақ жылдар қызмет атқарған Көсемəлі Сəттібайұлының ұлы. Олжастың əр басқан қадамына тай күнінен жіті көз салып отырған бұл орта оның осы жеңісін алдағы жылғы айтулы аламандағы толайым табыстың байырқалы бастауы болса екен деп тілейді. Ал біздің бағлан чемпион атанғанға дейінгі жолда тайландтық Танес Онгжунта, түрікмен Зарип Жумаев, қырғыз Азат Үсеналиев сынды саңлақтарды жолдан тайдырған еді. Бұлардың арасындағы қырғыз боксшысы Азияның осы салмақтағы 2013 жылғы чемпионы болатын. Бетпе-бет айқас үстінде Олжас олардың бəрінен айқын басым түсіп, қазір нағыз өзінің бабында екенін көрсетті. Қазақстан құрамасының қоржынына келесі алтын медальды команда капитаны Данияр Елеусінов салды. Ол филиппиндік Эймур Марциалмен өткізген ұрысында өте жақсы көрінді. Айта кету керек, оның қарсыласы басынан белсендірек қимылдады. Бірақ Даниярдың бірнеше дəл соққыларынан кейін есін жинап алды. Арасында қарсыластардың ашық ұрысқа көшіп кеткен кездері де кездесті. Бұларда да біздің спортшының үстем болғаны еш күмəн тудырмады. Бұл оның 69 килоға дейінгі салмақта қатарынан екінші рет Азия чемпионы болғанын жария етті. Данияр турнирде мұның алдында Шри-Ланка өкілі Сисира Гедарадан, қытай Лю Вейден, моңғол Тувшинбат Биамбадан басым түскен еді. Айта кетуіміз керек, моңғол боксшысы 2007 жылғы құрлық чемпионатында 64 килоға дейінгі салмақтың финалында біздің Серік Сəпиевтен де жеңіліп қалған болатын. Көп жылдардан бері қандай да бір ірі жарыстардың финалында жолы болмай, кіл күміс медальмен қалып қойып келген 81 килоға дейінгі салмақтағы Əділбек Ниязымбетов өткен жылғы Азия ойындарында топ жарып, бір жарқырап көрініп еді. Ал 2013 жылғы Азия чемпионатында өзбек Ойбек Мамазулуновтан ұтылып қалған ол бұл жолы бас бəйгені шаппай алды. Себебі, онымен алтын медаль үшін таласқа түсуге тиісті тағы бір өзбек боксшысы Елшод Расулов жарақатына байланысты рингке шыға алмады. Өзбекстан боксшылары ішіндегі ең атағы көбі, осы құрлық біріншілігінің өзінде екі рет үздік көрінген, бұған дейін бірде-бір қазақ боксшысынан ұтылып көрмеген бұл саңлақты Əділбек 2011 жылдан бері екі рет сүріндірген еді. Енді чемпиондыққа ұрыссыз қол жеткізді. Мұның алдында біздің бағлан түрікмен Азизбек Ачиловтан, сириялық Алаа Елдин Чоссоуннен жəне ирандық

Хоссеин Шахиниден мерейін асырып келді. Қалған екі алтын жүлдені бізге ауыр жəне аса ауыр салмақтардағы екі атлетіміз жеткізді. Олардың екеуі де осымен құрлықтың екі мəрте чемпионы деген мəртебелі биікке көтерілді. Соның ішінде 91 килолық Василий Левит алғашқы алтын медалін бұдан біраз бұрынырақта, 2009 жылы жеңіп алған еді. Бұл жолы ол өзбек Рустам Тулягановтан айқын басым болды. Бұған дейін оның қарқынына иорданиялық Ихаб Алматбоули мен тəжік Құрбан Джахонов қарсы тұра алмады. Қазақстандықтардың жеңісті сериясына соңғы нүктені Иван Дычко қойды. Ол қытай Ванг Жибаомен шайқасын өзінің айқын басым екенін ұрыстың өне-бойында танытты. Иван тіпті үшінші раундта қарсыласын нокдаунға да жіберді. Сөйтіп, мұның алдындағы өзбек Баходир Жалоловтан, иорданиялық Хуссеин Яшайштан айбынын асырған жеңісін тамаша табыспен тиянақтады. Өкінішке орай, 60 кг салмақтағы Зəкір Сафиуллин Азияның 2013 жылғы күміс жүлдегері Доржниямбуу Отгондалайға есе жіберіп қойды. Бірінші раундты біздің жігіт жаман өткізген жоқ. Дегенмен, төрешілердің пікірлерінше, оның қарсыласы артықтау болған. Екінші раундта да Зəкір жақсы ойнады. Бұл жолы басымдық соған берілді. Ол соңғы бөлікте де алда жүрді. Алайда, қазылар моңғолды озық деп тауыпты. Сөйтіп, чемпиондық біздің қолдан шығып кетті. Осылайша 5 алтын, 1 күміс жəне 1 қола медаль алған Қазақстан құрамасы командалық есепте бірінші орынға шықты. Бұл қазақ бокс мектебінің құрлықтағы ең алдыңғы қатардағылардың бірі екеніне тағы бір айғақ болды. Осы турнир басталғаннан Қазақстан мен Өзбекстан атлеттері арасында іштей бір бəсеке қозғалып кеткендей болып еді. Осы қарқынмен қазақстандықтардан – 7, ал өзбекстандықтардан 8 боксшы жартылай финалға шықса, ақтық айқаста бізден – 6, қарсыластарымыздан 7 саңлақ күш сынасты. Сол тартыста біздің – 5, бəсекелестеріміздің 2 спортшысы бас бəйгеге қол жеткізді. Қалған салмақ категориялары бойынша Хасанбой Дусматов (49 кг, Өзбекстан), Чатчай Бутди (56 кг, Таиланд), Вуттичай Масук (64 кг, Таиланд), Бектемир Меликузиев (75 кг, Өзбекстан) чемпион болды. Қазақстандықтардан Қайрат Ерəлиев қола медаль алды. Ал Теміртас Жүсіпов (49 кг), Жəнібек Əлімханұлы (75 кг) сынды боксшыларымыз бұдан да бұры нырақта жарыс жолынан шығып қалып, медальдар аумағына кіре алмады. Команданы бұл жарысқа құраманың бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов бастап апарды.


www.egemen.kz

8 қыркүйек 2015 жыл

 Қазақ қазынасы

Ќазаќы тґбет пен тазы – ќўндылыќтарымыздыѕ бірі Үстіміздегі жылдың 6 қыркүйегінде Ақмола облысы Аршалы ауданы Жібек жолы ауылында қазақы асыл тұқымды төбеттер мен қазақ тазысының І республикалық көрме-байқауы өтті. Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған бұл шараны Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен аңшылардың «Қансонар» қоғамдық бірлестіктері мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің республикалық қауымдастығы Ақмола облыстық əкімдігімен бірлесіп ұйымдастырды.

Ақыл мен байлықты қазақта тең ұстаған Абайдан асқан адам жоқ болуы керек. Сол дана да дара Абай: «Адамзаттың бəрін сүй, бауырым деп», дейді. Осыны орындау үшін де жүрегің таза, ой-санаң тұнық болуы тиіс. Сырты жылтырағанмен, ішінде кірбіңі көптен кісілік те, кішілік те шыға бермейді. Ондайлардың бойынан турашылдық та табыла қоймайды. Тек қызмет, жылтыр атақ, жалған абырой – осы секілді күнімдік күнкөріс өркен «жайып» соның көлеңкесінде көлбеңдей береді. Осының бəрінен ада, жолы сан

тарау, ойлы адамның санасына зіл батпан жүкті бұрын да, қазір де, алда да артқан заманда өлшеулі өмірін жұртым қазақ, ұлтым қазақ, ұрпағым да қазақ болып өсуі керек, деп кеңес тұсында да, ата-баба арманы ақталған, ақ ниет тілектер бір арнаға тоғысқан тəуелсіздіктің ширек ғасырға таяу кезеңінде де ақиқаттан аттамай, жүрегіңді шымырлататын шындық сөзге ғана тізе бүккен қыран тектес қазақтың Қанипасындай қайсар қызы фəниден бақиға аттанғалы да бір жылға таяды.

Ќанипаныѕ ќадірі «Егемен Қазақстан».

«Егемен Қазақстан».

Ұлтымыздың салт-дəстүрін, құндылықтарын қайта жаңғырту мақсатында қолға алынған шараға Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков, аталған қауымдастық төрағасы Оралбай Əбдікəрімов, Ақмола облыстық мəслихатының хатшысы Дулат Нұрмолдин, депутаттар, шетелдердің мемлекетіміздегі елшілері, Ресей, Əзербайжан, Қырғызстаннан келген қонақтар, зиялы қауым өкілдері жəне қарапайым жұртшылық қатысты. Көрмені ресми түрде ашқан Оралбай Əбдікəрімов жиынның мəн-маңызына тоқтала келіп: «Елімізде Қазақ хандығының 550 жылдығы аталып өтіп жатыр. Бұл тойдың ауқымы өте кең. Осы тойда барлық құндылықтарымызды дəріптеуіміз керек. Бүгінгі жиын да аталған тойдың аясында ұйымдастырылып отыр. Өздеріңіз білесіздер, қазақ үшін жалпы тұрмыста, оның ішінде аңшылықта, мал бағуда кеңінен пайдаланылған алғыр тазылар мен қойды күзететін төбеттердің орны ерекше болған. Бұрынғы хандарымыз да саятшылық жасағанда қастарына тазыларды ертіп шыққан. Сондықтан да қазақ итті «жеті қазынаның бірі» деп есептеген. Алайда, қазіргі таңда бабаларымыз қадірін білген қазақы иттердің санының сиреп бара жатқаны, олардың бір бөлігінің басқа тұқымдағы иттермен будандасып, қаны бұзылғаны бізді ойландыруы тиіс. Алдағы уақыттарда бұл иттердің санын молайтып, таза қанды төбеттер мен тазыларды анықтап шығу үшін облыстарда осындай байқаулар ұйымдастыратын боламыз», – деді. Бұған қоса, ол бүгінгі буын мен келер ұрпақтың қазақы төбет пен тазыны бабалар аманаты ретінде сақтап қалуы керектігін, бұл шараны ұйымдастырудағы мақсаттың да осы қазынамызға ел назарын аудару екенін, осы орайда өзінің ұлтымыздың байлығының бірі – төбет пен тазыны бағалап, оларды жойылып кетуден сақтап отырған патриоттарға алғысының шексіз екенін білдірді. Өз кезегінде Асылжан Мамытбеков қазақы төбет пен тазының сайын даламызды ғасырлар бойы мекендеп келе жатқан халқымызға сенімді серік, сүйеніш болғанына көпшіліктің назарын аударды. Сондай-ақ, ол оларды бүгінгі ұрпақ та қорғауы тиіс екенін сөз ете отырып, бұл мəселеге қатысты мемлекет тарапынан тиісті шаралар атқарылып келе жатқанын атап өтті. Ал Дулат Нұрмолдин Ақмола облысының осы жиынды ұйымдастыруға жоғары деңгейде атсалысқанын, бұдан кейін де осы бағыттағы жұмыстарға қолдау білдіре беретіндерін айта келіп, көрме-байқауға қатысушыларға сəттілік тіледі. Бұдан кейін аңшылардың «Қансонар» қоғамдық бірлестіктері мен аңшылық шаруашылығы субъектілері республикалық

 Есімі елдің есінде

Сүлеймен МƏМЕТ,

Жолдыбай БАЗАР,

қауымдастығының бас директоры Александр Бербер көрме регламентімен таныстырды. Іле арнайы мамандар иттер мен күшіктердің болмыс-бітімін, тұрқын жəне басқа да қасиеттерін сараптауға кірісіп кетті. Осы аралықта əсем безендірілген сахнаға өнерпаздар көтеріліп, жиналған халыққа əсем əн мен би, тəтті күй тарту етті. Көп ұзамай мамандар сараптама қорытындысын шығарып, жеңімпаз деп танылған күшіктерді жариялады. Айта кетейік, көрме барысында бұл күшіктер ит сатып алушылар үшін ұйымдастырылған аукционға шығарылды. Əсіресе, қазақы тазының күшіктерін сату тартысты өтті. Мамандардың тексеруінен өткен күшіктер 70-80 мың теңге аралығында сатылды. Күшік сатып алғандарға оларды қалай күтіп-бағу керектігі жайлы нұсқаулықтар берілді. Еліміздің барлық аймақтарынан əкелінген 75 тазы, 19 төбет қатыстырылған көрме-байқаудың екінші бөлімінде ит жарысы өткізілді. Онда Астана, Алматы қалалары мен еліміздің барлық облыстарынан келген командалар өздерінің қарауындағы иттерінің бабы мен бағын сынады. Сайысқа қатысқан иттер өз өңірлерінде үздік шыққандар екен. Жарыс барысында иттердің шапшаңдығы, аңшылық қабілеті, батылдығы сыналды. Тарата айтар болсақ, төбеттердің жүректілігін сынау үшін арнайы торға салынған қасқыр əкелінді. Əрбір итті торға таяу алып келгенде мамандар оның қасқырға деген реакциясын қағазға түсіріп отырды. Ал тазылардың жүйріктігі механикалық «қоянды» қуу бойынша анықталды. Жауапты адам (оператор) мен оның көмекшілері барлық иттердің ережеге сəйкес жүгіруіне жағдай жасады əрі бағасын берді. Жарыс жолына 4-5 иттен жіберілді. Əрбір топтың алғашқы үшеуінің нəтижесі тіркеуге алынды. Сонымен, тазылардың жүгірісіне, аңға шыққан сəтіне баға берген сарапшылар Алматы қаласынан келген Азамат Моршəріптің иелігіндегі «Ұшар» деген тазыны бірінші орынға лайық деп таныды. Осылайша, аталған ит «Құмай тазы» атағын жеңіп алды. Сол сияқты, Астана қаласы атынан қатысқан Жанат Қанатхановтың «Азали» атты иті (қаншық) төбеттер арасында үздік шықты. Бұлардан бөлек, 2-3-орын алған иттердің аттары да атаусыз қалған жоқ. Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің барлығы лайықты марапатталды. Сондай-ақ, көрме-байқауға арнайы келіп, өнер көрсеткен өзге де қатысушыларға дипломдар мен сыйлықтар тапсырылды. Көрме-байқау соңында шетелдік қонақтар сөз алды. Қырғызстан үкіметі жанындағы қоршаған ортаны қорғау жəне орман шаруашылығы мемлекеттік агенттігі табиғи ресурстарды тиімді пайдалану департаменті директорының орынбасары Құмар Мамбеталиев, Əзербайжаннан арнайы келген «Кавказ тұқымдас иттер əуесқойлары» қоғамының төрағасы Ильхам Гасымзаде жəне тазы тұқымдас иттердің білгірі, ресейлік маман Лидия Костюнина сөз сөйлеп, көрменің жоғары дəрежеде өткенін атап көрсетті. Ақмола облысы, Аршалы ауданы.

11

Қазір ұлттық мектеп туралы сөз көп. Бұл арыңды да, барыңды да ақша билеген капитализмнің бізге теліген тентек қасиетінен өрбіп отыр ма, кім білсін. Осы арада ұрпақ тағдырына жауап беретін министр болып отырғанда «Ұлттық мектептің ұлы мұраты» деп үн қатып, сол мектептің ұлы діңгегі əлі де жүрісінен жаңыла қоймаған, қазақтың қаймағы, болашағы – ауыл мектебі, соны көтеріп, көсегесін көгертуді мақсат еткен халқымыздың ардақты қыздарының бірі Қанипаның қадірін ерте білген Шəмша Беркімбаеваның: «Ұстаз – ең əуелі өзінің азды-көпті өмі рін халқына, еліне арнаған, айналасына имандылық, адамгершілік, мейірім шуағын сепкен, тəлімнің қайнар бұлағы, үлгісі, соңынан адам баласын білім мен ізгілікке қалай жетелеу керектігі жөнінде үлгі-өнеге, ұлағатты кейінгі ұрпаққа мұраға қалдырар тұлға. Егер еліміздің Қанипадай ұстаздары көп болса, қазір күн тəртібінде тұрған ұлттық мектептің өзекті мəселелері жеңілдер еді. Қанипа ұлттық мектеп күн тəртібінде тұрмаған кездің өзінде оның ұлы мұраты үшін ұшан-теңіз еңбек етті, аты аңызға айналды, ұстаз мамандығын биікке көтерді. Ұлы Əуезов шығармаларын оқыту туралы алғаш рет үш еңбек жазған да Қанипа, республиканың түкпір-түкпірін аралап, дəріс оқып, тəжірибесін ортаға салудан шаршамайтын, жанкешті еңбек иесі де Қанипа. Атаулы мектеп ашып, əдебиетті тереңдете оқыту мəселесімен айналысып жүрген де Қанипа», деген сөзі ойға оралып отыр. Жақсы жақсыны қалай бағалайды десеңізші! «Ұстаздық – ұлы құрмет», деген Бауыржан Момышұлы сөзіне шаң жұқтырмай, əй, кəпір дегізбей ту етіп көтерген ұлт ұстазы Бітібаеваның атақабыройына жұрт қанық. Екінші өмірі басталған ендігі жерде сол абыройатаққа жеткізген еңбегін, үйренер үлгісін, үкілеп ұстар өнегесін, білім беру ісіндегі ұлан-ғайыр тəжірибесін, елу томға жуық бай мұрасын, əспеттеуге тұрарлық əдістемесін отандық оқу жүйесіне енгізу мəселесі алдан шығып тұр. Бүкіл саналы өмірін бала тəрбиесіне, оқытуға арнаған ұстаз қызметке қызықпаған. Кəдімгідей мəртебе саналатын мектеп директорының орынбасары болып та көрмеген. «Талпынып көрмедіңіз бе?» десең: «Біреуге құл болғанша, оқушыларыма «құл» болғаннан артық не бар?!» дейтін. «Елу томға таяу еңбек жазыпсыз. Оның ішінде ғылыми атақтан «кенде» бола тұрып, Абай мен Мұхтардың шығармашылығын, оқыту əдістемесінен тұңғыш еңбек жаздыңыз?..». «Емеурінің белгілі болып тұр. Ол мамандығыма деген махаббатым жетелеген... Абай мен Мұхтардың киелі аруағы, олармен шектеліп қалмадым. Ұлы əдебиетші Қоңыратбаев пен Көшімбаевтың «Əдебиетті оқыту əдістемесі» деген оқулығын іздеп таппаған соң, ұлт мектебінің ұланы үшін мен де сол тақырыпқа бет бұрып, оқытудың теориясы мен практикасын ұштастыра отырып бір кітап жазғанмын. Оның бағасын жұрт беріп жатыр», деп алып, əділдікке келгенде бет қаратпайтын ежелгі əдетімен: «Е, ғылыми атақ дейсің, ə? Шынайы терең білімді адамдар ғалымдық куəлікке жүгірмейді əрі ол куəлік ешнəрсе шешпейді, білім баста болады емес пе, мен диссертация қорғай алмай қалыпты дегендерді естімедім, бəрі қорғайды, бірақ ғалымдар саусақпен санарлық қой. Диссертация қорғамаған Шоқанды ғалым емес деп кім айтады», дейтін де: «Мен Қанипадан кез келген əдеби кейіпкерге айналып жүре беремін. Жаңа оқу жылы басталысымен Шоқанды, Абайды, қасиетті сөз шеберлерін оқушылармен қайта оқи бастаймын. «Абай жолын» 30 рет оқыдым, егер Алла менің тілеуімді қабыл алса, өмір бойы оқи берер едім... Шіркін, шəкірттерімнің арасында Абайды айтып жатып о дүниеге ақырын жылжып, өтіп кетсем» деп кейде армандаймын. Кім білсін?!», дейтін ұлтының ұлысын сүйген ұлы жүрек. Ол дегеніне жетті. Өзімен бірге Абай мен Мұхтар шығармаларын қабіріне ала кетті. Ұстаздардың іс-тəжірибесі зерттеліп, арнаулы əдістемелік, педагогикалық дүниелер біздің республикамызда жазылды ма?! Кезінде Шаталовтардың əдістемелері кеңінен таралды, ал бізде ше? Оның басты себебі, насихаттаудың аздығы, мəселенің ашығын, төтесінен айтсақ, кең, терең білімді зерттеуші педагог журналистердің Қазақстанда əлі жоқтығы дер едім», дейтін ежі рейе қарап. Сөйтетін де грузин

Амонашвилиді, Шаталовты, Ильиндерді танытқан Лев Красновский сияқты ірі педагог-журналистер екенін дəлелдеп бағатын. Артынан сондай мықты маман журналистер қашан шығар екен қазақ арасынан дегенді де қосып қоюшы еді. Қанипа Омарғалиқызымен жүздескен сайын тынысың кеңіп, алдымен қазақ болу керектігін ұғатынсың. Ол мұндай қасиетін КСРО заманында да көрсете алған. КСРО Мемлекеттік сыйлығын омырауына таққан тұсында: «Сіз бірекі ауыз сөзбен партияға, басшыларға рахмет айтсаңыз?» дегенде Ягодин атты министрге: «Ұлы адамдар ортақ қой, біз Пушкинді, Лер монтовты, тағы да басқа орыс ақындарын, əлем əдебиет өкілдерінің біразын жатқа білеміз. Ал мəскеулік мұғалімдер неге Абайды білмейді?» деген қайсар қазақ қызының сұрағын сол тұстағы орыс басылымдарының зерделілері жарыса жазғаны бар. Бұл жағынан келгенде олар көп жағдайда əділдікке жүгінетінін несін жасырамыз. Мансап иелеріне ренжігенде: «Мансап иелері, атақты дегендердің барлығында жоғары азаматтық тұлға бар дейсіз бе? Сөз жүзінде көп. Көпіріп сөйлегендерге қарап отырып бір сəт тəнті болып қаласың, əсіресе, қазір ұлтжандылар, тіл жандылары қаптап кетті ғой. Кешегі желтоқсанда сол «көкелер» қайда болған?» дейтін де: «Оқу мен тəрбие мемлекеттік тілде жүргізіліп жатқан мектептердің тыныс-тіршілігі жайлы ғылыми іргелі зерттеулер де жоқтың қасы. Білім беру жолында əлемдік кеңістікке кіру үшін, мектебіміздің жағдайын жақсарту үшін халықтың тұрмысын жақсарту керек. Кадр таңдауда оның пысықтығы, ұйымдастырушылық қабілеті ғана емес, ең бастысы, ол бұрын қандай мұғалім болған, қандай жетістіктерге жеткен, жаңашылдық ізденістері бар ма, осы мəселелерге баса көңіл бөлінсе (əсіресе, мектеп директорларын тағайындауда). Кейбір мектептерде, əсіресе, басшыларында ғылымипедагогикалық ізденіс, ойлы ізденіс өз дəрежесінде емес, басы артық шаралардан арыла алмай келеміз. Наурыз болса үй тігу, кабинеттерді əлем-жəлем бояп тастау, музейге айналдыру, бір ай дайындалып (концерт сияқты) ашық сабақтар өткізу, мұғалімдер жұмысын бағалаудағы үстірттік көзбояушылық авторитаризм, үстемдіктен арыла алмаушылық, инновациялық технологиядан ізденбеушілік... Санамалай берсек айтатын мəселе көп, соның ішінде қудалаудан мектептен жақсы мұғалімдердің, əсіресе, ер мұғалімдердің кетіп қалуы кері əсерін тигізуде», т.б – осы секілді мəселелерді көп қозғайтын еді. «Класымда немесе сабағымда үлгермеуші оқушылар жоқ» деген мұғалімнің жаны шықсын. Ол мүмкін емес», деп: «Шаталов, Амонашвили, Ильин секілді білімді адамдардың еңбегін жоққа шығару ойымда жоқ. Алайда, ешқайсына еліктемейтін, оның үстіне бала оқыту мен тəрбиелеу негізінде əрбір халықтың өзіндік ерекшеліктерін, салтдəстүрлерін, ғасырлар бойы қалыптасқан тағылым тəжірибесін ескермеу жəне мүмкін емес. Сондықтан, өзіндік стилі бар мұғалімдерді жаңашыл деу керек», дейтін. Ол бұл байламдарын қарымды да алғыр қаламгер-журналист С.Əбішева мен Г.Құдайбергенованың «Қазақтың Қанипасы» атты кітабында айтқанын еске сала кетсек дейміз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен бір емес, бірнеше рет дидарласып, екі рет қолынан мемлекеттік марапаттар алған Қанипа Бітібаева қоғамдық ой бөлісулерден де сырт қалмайтын еді. Қолдай отырып, өз тұжырымын ашық айтатын. Семей полигонын жабу жөніндегі тарихи декретке Олжас Сүлейменовпен бірге қасқайып тұрып қол қойғанын біреу білер, біреу білмес. Ұлт мектебінің айтулы өкілі 69 жасында, өткен жылдың 9 қыркүйегінде

өмірден озғанда шығыс жұрты, сол тұстағы өңір əкімі, қазір Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев бас болып, асылын ардақтаудың əдемі үйренер, ескерер, еске сақтар үлгісін көрсетіп шығарып салған еді. Қырқында қырық жыл еңбек еткен білім ұясының қабырғасына ескерткіш тақта орнатты. Сол жақсы бастама кейін жалғасын тауып, дəуірдің дара ұстазының 70 жылдығына орай, биылғы сəуір айында сəтімен оқу-əдістемелік мұражайы ашылды. Оған ұйытқы болған бүгінгі облыс əкімі Д.Ахметов, облыстық білім басқармасының басшысы А.Нұрғазиев, Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектепгимназия интернатының директоры М.Иқсанов, тағы басқа азаматтар еді. Ұстаз тағылым алатын, ұрпақ үйреніп қанаттанатын игілікті жұмыстың, яғни мұражайдың ашылу сəтінде шығыстың шынарындай мəртебесі биік Қанипа туралы үлкендер жағы ағынан жарылып еткен еңбегін, төккен терін айтса, өзі балапандай баулыған талантты шəкірттері жырдан шашу шашты. Əсіресе, облыс əкімінің орынбасары Жақсылық Омар ұстаз туралы ой өрбіткенде көптің көкейіндегіні қозғап, түймедей түйіп тастауымен тəнті етті. Шығыс жұртының жұдырықтай жұмылып келіп, ұлт ұстазына жасаған құрметіне куə болғанда, шіркін-ай, осындай Қанипасының қадірін арттырған іс өзгеге жұғысты болса ғой, бұл түркі дүниесінің алтын бесігі саналатын Алтай тауының баурайын мекен еткен азаматтарға ғана жарасар жақсы іс пе деген ойға қалғанымыз анық. Жүз шаршы метрлік аумақты алып жатқан мұражайдың бір үлкен, екі кіші залы тұнып тұр. Əр заттан, əр еңбектен ұлт ұстазының өмір жолы, өскен ортасы, том-том кітаптары, ғылыми-зерттеулері, құжаттар, 8 мыңнан асатын көрнекі құралдар, əдістемелер – бір педагогикалық институттың қазынасындай əсерге бөлегені рас. Осы арада мына бір айтулы істі еске түсіре кетсек дейміз. Ол тəуелсіздік қарсаңында ұлт мектептерінің жайын ерте ескерген, сол кездегі Білім министрі Шайсұлтан Шаяхметов Қанипа Бітібаеваның оқу кабинетін қазақ тілінің өркенін өсіру үшін арнайы бұйрықпен авторлық зертхана мектебі етіп ашып берген еді. Еліміз бойынша қазір сол зертхана мектептің 9 филиалы жұмыс істеуде. Өзге жұрттардың мықтыларын елеп-ескере отырып, өзіміздің жақсыларымыздың мұрасын əспеттеп, атын ардақтау ісін əлі де болса, толық жолға қоя алмай келе жатқанымыз ақиқат. Кейде қандай ардақты адам болса да іздеушісі жоқты атаусыз қалдыратын «қатерлі кеселге» жол беріп жүрміз. Бұл бірте-бірте ұлтты өсірмейтін, асылын танымайтын, үлгісін үйренбейтін сұмдыққа ұрындыруы кəдік. Осы күндері педагогика туралы сөз бола қалса кейбіреулеріміз өзімізден бұрын өзгені, Кеңес дəуіріндегі құлдық сананың құрығына жармасып, өзгенің педагогтарына иіліп, ұлт педагогикасының ұлыларымен, олардың ізбасарларын көзге іле қоймайтынымыз бар. Шындығына келгенде, əлемдік педагогиканы біле отырып, қазақ педагогикасының тамыры тереңде екенін ұғып, қазір көп айтыла қоймайтын, халықтық педагогикадан, Абай мен Алтынсариннен, одан кейінгі Алаш арыстарынан, күні кешегі Бітібаевадан, арамыздағы Қ.Айталиевтен іздесек, қане. Бұл тұрғыдан келгенде тəуелсіз ел педагогикасының алдыңғы толқыны санатындағы Қанипа Бітібаеваның қадірін арттыру жолында атқарар жұмыстар аз емес. Біріншіден, ұлт тық педагогикадағы оның үлгісін танып-білу, оқу фильмдерін шығару, электрондық оқулықтарын жасау, авторлық бағдарламаларын, оқу құралдарын жазудағы тəжі ри бесін, еліміздегі зертханалары филиалдарының жұмысын жүйелі жаң ғырту, онда дəрістер оқуды жолға қою, барлық облыс орталықтарынан оның əдістемелік бөлімшелерін құрып, мұғалімдердің тəжірибе алмасуына мүмкіндік жасау, т.б. Бұл ұлт педагогикасы сабақтастығының алтын арқауы болып, қарапайым мұғалімдердің ізденуіне жол ашары хақ. Бір қуанарлығы, шəкірттері ұстазы туралы алғашқы зерттеулерін шығара бастапты. Сегізінші сыныпта оқитын бір шəкірті болашақтағы күн сəулесімен жылынатын Бітібаева мектебінің жобасын жасап, Астана ЭКСПО-2017 көрмесіне тарту ретінде ұсынды. Осы үрдіс жалғасын тауып, толық жинағы, тақырыптар бойынша əдістемелік кітаптары шығарылып жатса, құба-құп. Бұл дүниелер ұлт ұстазын танумен қатар, мұғалімдер үшін таптырмас құрал болары сөзсіз.


12

www.egemen.kz

8 қыркүйек 2015 жыл

Тўѕєыш интерактивті музей

 Өңір өмірі Қазіргі таңда Қазақстандық қамту бағдарламасының аясында алдымен индустриялық инфрақұрылымды дамытуға, өнеркəсіптік кəсіпорындардағы қиын мəселелерді шешуге үлкен мəн берілуде. Бұл бағытта Маңғыстау облысы бойынша, біршама жұмыстар атқарылды. Жергілікті қамтуды дамыту мəселелері бойынша бірінші толқын аясында инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда жəне мемлекеттік тендерге қатысуда отандық өндірушілерді қолдау жəне жергілікті қамтуды ұлғайту мақсатында, облыс əкімдіктерінің жəне ұлттық компаниялардың арасында жалпы сомасы 310 млрд. теңге шамасындағы 10 меморандумға қол қойылды. Қазіргі таңда меморандумдарды орындау мониторингі 286,63 млрд. теңге жалпы сомасына 310 келісімшарттың жасалғандығын көрсетеді. Орындалуы 92,5 пайыз құрайды.

«Ембімўнайгаз» шежіресінен сыр шертеді

Ќазаќстандыќ ќамтудыѕ басым міндеті – азаматтардыѕ əлеуметтік деѕгейін арттыру Рақымбек ƏМІРЖАНОВ,

Маңғыстау облысы əкімінің орынбасары.

Ағымдағы жылы аймақта осы жылдың қаңтар айында Үкімет отырысының хаттамасымен бекітілген, өнеркəсіптік кəсіпорындарды қолдау шаралары бойынша іс-шаралар жоспары жүзеге асырылуда. Жоспарда Маңғыстау облысы кəсіпорындарының қызметі бойынша 7 іс-шараны жүзеге асыру көзделген, қазіргі таңда оның 3-уі орындалған. Мəлім болғандай, Қазақстан Республикасы Үкіметі өткен жылдың соңында экономиканы орта мерзімді кезеңге дамытудағы басты құрал қызметін атқаратын, 2020 жылға дейінгі «Нұрлы Жол» инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасын əзірледі. Аталмыш бағдарлама аясында өндірістік, энергетикалық, көліктік, тұрғын үй жəне əлеуметтік инфрақұрылым құрылысы, соның ішінде Маңғыстау облысында да қамтамасыз етілетін болады. Осының барлығы аймақтың экономикасын өсіру жəне жұмыс орындарын құру үшін мультипликативті əсер беретін болады. «Нұрлы Жол» бағдарламасының аясында Боржақты – Ерсай теміржол торабының құрылысы жүргізілуде. 2015 жылы құрылыс барысында «Теміржол жөндеу» ЖШС Маңғыстау облысының кəсіпорындарымен 1 млрд. 200 млн. теңгеден артық сомаға тауарлар мен қызметтерді жеткізуге келісімшарт жасасты. Бұл қаражат жол төсемін құруға, аумақты құрылысқа дайындауға, автомобильдік жол өтпесін салуға, локомотивті тарту мен автокөлік қызметтеріне, консалтингтік қызметтерге, құмды, қиыршық тастарды, қожды, бетонды, темірбетон бұйымдарын, ұлутас блоктарын жəне басқа да тауарлар мен қызметтерді жеткізуге жұмсалатын болады. Аталған теміржол торабы бойынша Құрық портының құрылысы үшін қажетті жүк жеткізілетін болады, болашақта тораптың өзі де теңіз арқылы іске асырылатын мұнай операцияларын қолдайтын маңызды инфрақұрылымдық нысанға айналады. Теміржол тармағы жəне паромдық кешен порттар арқылы Каспийге Қазақстанның батыс бағытындағы транзиттік жəне экспорттық əлеуетін нығайтуға бағытталған, ірі инфрақұрылымдық жобалардың қатарына кіреді. Құрық айлағындағы паромды кешен елдің жəне соның ішінде Маңғыстау облысының көліктік-логистикалық жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі болмақ. Оның құрылысы жүкті вагондардан түсірмей-ақ, Каспий өңірінің шектес мемлекеттеріне жəне əрі қарай – Еуропаға ауыстырып тиеуді қамтамасыз етуге мү м кіндік береді. Құрық портындағы паромдық кешен еліміздің жəне соның ішінде Маңғыстау облысының да көліктіклогистикалық жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі болмақ. Оның құрылысы жүктерді вагондардан түсірмей-ақ ауыстырып тиеуге жəне Каспий аймағымен шектес мемлекеттерге жəне əрі қарай Еуропаға жіберуге мүмкіншілік береді. Қуаты жылына 4 млн. тоннаны құрайтын, паромдық кешен халық тұтынатын тауарларды, астықты, мұнай өнімдерін, СКСГ-ды, тыңайтқыштарды, химикаттарды жəне басқаларын ауыстырып тиеуге бағытталған.

Құрылыс кезеңінде 500 жаңа жұмыс орны құрылатын болады, ал эксплуатациялау үшін 250 адам тұрақты негізде жұмыс істейді. Жобаны жүзеге асыруға арналған инвестиция көлемі 32,7 млрд. теңгені құрайды. Жоба Мемлекет басшысы өткен жылдың қазан айында осы өңірге жасаған сапарында мақұлдаған, біздің облыс таңдаған бес стратегиялық даму бағытының аясында жүзеге асырылатын болады. Атырау облысындағы «Теңіз шевройл» ЖШС нысандарын болашақта кеңейту жобасын жүзеге асыру аясында 2013 жылдың өзінде-ақ облыс əкімдігі мен жоғарыда аталған компанияның арасында инвестициялар тартуға, кəсіби даярлыққа жəне Маңғыстау облысының кадрларын жұмысқа орналастыруға жəрдемдесу мақсатындағы ынтымақтастыққа қатысты өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Сонымен қатар, «Теңізшевройл» ЖШС болашақта кеңейту жобасын жүзеге асыру мəселелерін қарастыратын жұмыс тобының отырысына Маңғыстау облысында өндірілген, кəсіпорын өндірушілерін металл конструк циялармен жүктеу бө лі гіне қатысты ұсыныс жолданды. Қазақстандық қамту бағ дарламаларының басым мін деттері – жаңа жұмыс орындарын құру жолымен азаматтардың əлеуметтік деңгейін арттыру, жергілікті өнімнің бəсекеге қабілеттілігін арттыру, салалардың бірқатарының инвес тициялық тартымдылығын арттыру болып саналады. 2015 жылғы бірінші тоқсанда Маңғыстау облысының мемлекет тік органдарымен, ұлттық компанияларымен, жер қойнауын пайдаланушыларымен жəне жүйе құрушы кəсіпорындарымен отандық тауар өндірушілерден жалпы сомасы 307 млрд. теңгеге тауарлар, жұмыстар жəне қызметтер сатып алынған. «СамұрықҚазына» ҰƏҚ» АҚ жүйесіне кіретін, ұлттық компаниялармен, кəсіпорындармен жалпы сомасы 227,9 млрд. теңгеге тауарлар, жұмыстар жəне қызметтер сатып алынды. Жергілікті қамту үлесі 84,8% құрады, бұл 2%-ға көп. Аймақтың жүйе құрушы кəсіпорындарымен жалпы сомасы 11,1 млрд. теңгеге тауарлар, жұмыстар жəне қызметтер сатып алынды. Өндірістің жəне жұмыс орындарының өсу қарқы нын сақтау мақсатында Маңғыстау облысының əкімдігі жұмыс берушілермен жəне қызметкерлердің өкілдерімен бірлесе отырып, «Қызметкерлердің еңбек құқықтары мен еңбек кепілдіктерін қамтамасыз ету жөніндегі өзара ынтымақтастық туралы» меморандумдар жасасты. Құжатта жұмыс берушімен, жергілікті атқару органдарымен жəне кəсіподақпен арадағы қызметтер айқын бөлінген. Соның ішінде жұмыс беруші кəсіпорындардағы технологиялық үдерістердің қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті шаралардың барлығын қабылдауға, жұмыс орындарын сақтау үшін мүмкіндіктердің барлығын қарастыруға, алдағы уақытта қызметкерлердің жұмыстан босатылатындығы жайлы, қызметкерлердің толық емес жұмыс уақыты режіміне өту бөлігінде еңбек жағдайларының өзгеретіндігі жəне бос лауазымдық орындардың бар екендігі туралы əкімдікке хабарлауға өзіне міндеттеме алады. Тұтастай алғанда,

қазақстандық тауар, жұмыс жəне қызмет өндірушілердің ірі жəне орташа мұнай жобаларына қатысуы тек мұнай-газ бизнесінің дамуы үшін емес, сондай-ақ, ұлттық кадрлардың біліктілігінің өсуі, индустриялық-инновациялық дамудың барлық секторы бойынша жаңа технологиялар енгізу үшін де зор мүмкіндіктер береді. Қазақстандық қамтуды ілгері бастыру мұнай-газ өңдеу саласы бойынша өндірістік қуаттардың кеңеюімен, 2014 жылы 81-ден бастап 2020 жылға қарай 140 млн. тоннаға дейін ұлғайтуды болжайтын, мұнай өндіру көлеміне байланысты, жұмыс үшін зор əлеует құруға деген мүмкіндікті көрсетеді. Жергілікті қамту үлесін ұлғайту бөлігіне қатысты белсенді жұмыс, ұлттық өнеркəсіпті қолдау жəне жұмыс орындарын сақтау жалғасатын болады. Ең бастысы – биліктің, кəсіпорынның, жеке бизнестің арасында келісілген серіктестік болуы қажет. Біз меморандумның қол қойылған тармақтарының барлығының орындалуына үміт артамыз. Қол қойылған құжаттардың халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі үдерістерге үлкен ықпалын тигізетіндігіне сенімдімін. Алғашқы кезекте, бұл қоғамдағы əлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етеді, екіншіден, импорттық өнімнен тəуелділікті төмендетеді жəне жаңа жұмыс орындарын құру үшін қосымша ынталандыруға айналады. Жаһандық экономикадағы жағдайды ескеретін болсақ, бұл өте өзекті. Мұнай бағасының арзандауы жағдайында меморандумға қол қою, ең алдымен мұнай-газ өңдеу кəсіпорындары қызметкерлерінің жұмыс орындары мен жалақысын сақтауға бағытталғандығын тағы да атап өткім келеді. Қа зір гі таңда индустриялық инфра құрылымды дамытуға, өнеркəсіптік кəсіпорындардың қиындық тудыратын мəселелерін шешуге үлкен мəн беріледі. Бұл бағытта едəуір жұмыстар атқарылды. Мəселен, жергілікті қамтуды ұлғайту жəне отандық өндірушілерді, атап айтқанда жергілікті тауар өндірушілердің инвестициялық жобаларды жə не мемлекеттік тендерлерді жү зеге асыруға қатысуын қолдау мақсатында, ұлттық компаниялар мен аймақ кəсіпорындарының арасында 312 млрд. теңгеге 83 меморандумға қол қойылды. Меморандумдарды орындау бойынша 282 млрд. теңгеге 226 келісімшартқа қол қойылды. – Көріп отырғанымыздай, үстіміздегі жылы жергілікті қамту үлесі көрсеткішінің өсуі байқалады, сол себепті осы оң ди намиканы сақтау қажет. Ол үшін экономиканың түрлі салаларындағы субъектілер мен Қазақстан Республикасының түрлі аймақтарының арасындағы кешенді өзара ықпалдастық пен ынтымақтастық үшін бірлесе қимылдау қажет. Осы бағытта ұлттық компаниялар мен холдингтердің жұмысына баса назар аударылады. Қол қойылатын меморандумдар, ең алдымен, отандық тауар өндірушілерді қолдауға, соның ішінде жұмыс орындарын сақтауға жəне аймақтарда шиеленіске жол бермеуге бағытталған. Алайда осымен жұмыс тоқтап қалмайды, біз аймақтағы тауар өндірушілерге олардың өнімдерін жеткізуге арналған меморандумдарға қол қоюға қатысты жəрдем көрсетуді жалғастырамыз. АҚТАУ.

Мұнайлы өңірдің қазыналы кеніші Ембінің өндірістік шежіресі үш ғасыр жылнамасында жазылып келеді. Оған мұнай мекені ретінде назар тіктелгені тіпті арғы кезеңдер көрінеді. «Ембімұнайгаз» АҚ-тың Атырау қаласындағы сəулеті ерекше бас кеңсесінде тұсаукесері өткен кəсіпорын тарихының интерактивтік мұражайының алғашқы келушілері осыған тəнті болды. Ашылу салтанатына Энергетика министрлігінің, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы», «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру», «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамдарының, жергілікті атқарушы органдардың басшылығы, компания қызметкерлері мен ардагерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. «Қазмұнайгаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директоры Абат Нұрсейітов осынау елеулі іс-шараға орай: «Ембімұнайгаз» мұражайының ашылуы – аса маңызды оқиға. Оны дайындауға көп уақыт жұмсалды. Мұнайшыларымыздың бірнеше ұрпағы осы туралы армандап келген еді. Жаңа технологиялармен құрылған мұражай болашақ мамандар үшін жақсы көрнекілік болмақ», деп атап өтті. Басшы кəсіби мерекеге орай бүгінде өндірісте жүрген мұнайшыларға, сала ардагерлеріне, əріптестеріне еңбекте табыс, отбасыларына амандық тіледі. Салтанатты жиында сөз алған «Ембімұнайгаз» АҚ бас директоры Құрманғазы Есқазиев кəсіпорын тарихының елеулі кезеңдерін атай келіп: «Ембі мұнайының қазыналы шежіресі əріден басталады. Қазақ жеріндегі алғашқы мұнай бұрқағы 1899 жылы Қарашұңғыл кен орнында атқылаған еді. Ұлттық мұнай өндірудің тарихы осынау оқиғадан бастау алады. Ал биылғы жылы мұнай-газ саласы қызметкерлерінің кəсіби мерекесін тойлау біздің кен орындарындағы мерейтойлармен: Кенбай кенішінің 20 жылдығымен, Мақат мұнайының 100 жылдығымен жəне Қосшағылдан мұнай өндірудің 80 жылдығымен қатар келіп отыр. Ал біздің кəсіпорынның бас байлығы осында еңбек етуші адамдар дегім келеді. Кəсіпорын жұмыс істей бастағаннан бері қазақстандық

компаниясының қалыптасу шежіресі, мұнайлы өңірдің дамуы туралы ақпарат заманауи жетістіктер көмегімен аудиобейне элементтері арқылы ұсынылған. Мұнай компаниясының тарихына арналған еліміздегі тұңғыш бірегей мұражайды жарақтандыру барысында əлемдік аса жаңа технологиялар қолданылды. Мұражайда заттай экспонат жоққа тəн, есесіне цифрлық ақпаратты тач-панель сегіз шартты тақырыптық аймаққа бөлінген жалпы кеңістікке келушілерді еркін жетелейді. Айналып өтер қабырғасыз, көлденең кездесер стендсіз мұражай керек мəліметке кідіріссіз қол жеткізетіндей ыңғаймен ойластырылған. Ба тыңқы қабырғаға ақпараттық бейне қатары түсірілетін тұйық бөлме көрерменді мұражаймен танысуға іштей бейімдеп, экспозиция мəліметтерін егжей-тегжейлі ұғынуға мүмкіндік береді. Бейнекөріністер сізді бірден өнеркəсіптің қыр-сырына, экономикалық есеп-қисапқа бастамастан, қарапайым ұғымдарды алға тартады. Мұнай деген немене, ол жер қойнауында қалай пайда болады, қазақ жерінде ерте замандарда мұнай өнімдері пайдаланылған ба? Мұражаймен танысудың кіріспесі, алғашқы мəліметтер осылар. Содан соң барып, мұнай өн дірудің көлемі жөніндегі ұғынықты статистикалық

кəсіби мұнайшылар əулеттері өсіп-жетілді. Сағынғалиевтар, Балғымбаевтар, Тасқынбаевтар, Балжановтар, Досмұхамбетовтер, Сəлиевтер, Нұржановтар, Жылқышиевтер, Бешімовтер секілді талай əулеттердің отандық мұнай өнеркəсібіне қосқан үлесі өлшеусіз. Сондықтан мен мұнайгаз өнеркəсібінің биылғы кəсіби мерекесіне біздің кəсіпорынның жарқын шежіресі түгел қамтылған «Ембімұнайгаз» АҚ-тың интерактивтік мұражайын ашудың орайы келгеніне қуаныштымын» деп көпшілікке жүрекжарды лебіз арнады. «Ембімұнайгаз» АҚ

ақпарат, акционерлік қоғамның қолжетімді көрсеткіштеріне кезек беріледі. Атырау облысының аумағындағы алғашқы зерттеу-ізденістер тарихымен мұражайдың «Ізашар жаңалықтар» секциясы таныстырады. Өңірдегі мұнай қорының алғашқы мəліметтері XVII ғасырдың басынан ХІХ ғасырдың аяғына дейінгі кезеңдерден сыр тартады. Секция үш түсіру жазықтығымен жабдықталған. Ортаңғы бөлігі экспедициялар, зерттеушілер жайында, Бекович-Черкасский, Лепехин, Рычков, Грумм-Гржимайло суреттері мен олардың жазбалары туралы

Їш бірдей нысан ашылады Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Биыл Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде самаладай үш бірдей ғимарат пайдалануға берілмек. Қазіргі таңда Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті – Ұлттық рейтинг бойынша педагогикалық ЖОО-лар ішінде бірінші орынды иеленген ең үздік университет. 2015 жылы Ұлттық аккредиттеу агенттігінің қорытындысы бойынша білім ордасы Қазақстандағы 40 жетекші университеттің арасында 7-орынға ие болды. Білім күніне арналған мерекелік шара аясында жиналған жұртқа университет аумағында бой көтерген, алдағы уақытта пайдалануға беріліп, тұсауы кесілетін 9 қабатты Студенттер үйі,

«Аққу» жүзу бассейні жəне «Ақ шатыр» жазғы ойын-сауық алаңы таныстырылды. Жаңа оқу жылында пайдалануға берілген 450 орындық жаңа Сту денттер үйі Елбасының тапсырмасына орай студенттерді жатақханамен қамту мəселесіне бағытталған «Сту денттік баспана» мемлекеттік бағдарламасының аясында салынса, 32 орындық жүзу бассейні жастардың денсаулығын жақсарту мақсатын көздейтін «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясында бой көтерді. Үш нысан жақын күндері үкіметтік деңгейде ашылады деп күтілуде. Айта кетейік, биылғы жылы университетке 1630 бакалавр, магистрант, докторант оқуға түсіп, дайындық бөліміне 300 талапкер қабылданған. АЛМАТЫ.

əңгімелейді. Көршілес батыңқы жарық түскіш жазықтыққа келушіні қызықтырған экспедиция бойынша біршама толық ақпарат шығарылады. Сенсорлық басқару панелімен бірінен екіншісіне оңай өтуге болады. Келесі секция «Өнеркəсіптің пайда болуы» деп аталады. ХІХ ғасырдың соңынан бастап Ембі кенішіне мұнай өндіруші кəсіпорындар алғашқы ұңғыма салды. Тұңғыш қазақ мұнайының қашан өндірілгені жəне қандай жабдықпен алынғаны жөніндегі мəліметтер осы бөлімде. Голографиялық диорамадан алғашқы ағаш өндіру мұнарасы қарсы алдыңыздан бой көтереді. Оның үстінен арнайы шыны көмегімен түсірілетін, жабдықтарды қозғап, төңірекке жан бітіретіндей анимация көрушіні сол кезең оқиғасына дендеткендей əсер қалдырады. Ұлы Отан соғысы жыл дарындағы Ембі шежіресін ұсынатын секция деректері сонау қаһарлы жылдарға шегіндіреді. Кавказ мұнайы жау қолында қалғанда Кеңес əскерінің механикалық бөлім шелерін Ембі мұнайы қамтамасыз етті. «Ембімұнай» ұжымының жанқиярлық еңбегі майданға мұнай жеткізудің картасы арқылы əңгімеленіп, қазақ мұнайын Т-34 танкісіне жанармай ретінде пайдалану көрінісімен дəлелденеді. Майдан шебі тым жақын келген өлке еңбеккерлерінің осынау сындарлы кезеңдегі қызметі туралы мəліметтер ұсынылады. Мұражайдың «Ғылыми серпін» секциясына «Ембімұнайгаз» компаниясының тəуелсіздікке дейінгі кезеңдегі тарихы арқау етілген. Онда ұсынылған сурет тер мен бейнекөріністер «Ембімұнайдың» соғыстан кейінгі кезеңнен 90шы жылдарға дейінгі уақыт аралығындағы дамуын көрсетеді. Бұл тұста ғылыми-зерттеу лер мен əзірлемелер Ембінің өнім беріп тұрған, сол секілді жаңадан ашылған кен орындарын кеңінен игеруге қол жеткізді. Қазақстандық мұнай барлау дамыды. Экспозиция жанында Атырау облысының бейнелі картасы түріндегі интерактивтік тұғыр қойылып, «Ембімұнайгаздың» қарамағындағы қырыққа жуық өндірістегі жəне тұмшаланған барша кен орындары көрсетілген. Интерактивтік картадан əркім өзін қызықтырған кен орнын нұсқап, егжей-тегжейлі мағлұмат алады. Виртуалдық шынайылық залы сізді бір кездегі зерттеу экспедицияларына қатыстырып, уақыт машинасымен кейінге саяхат жасата алады. Алғашқы алынған мұнай куəгерінің қуанышын бірге бөлісуге де мүмкіндігіңіз бар.

Əрине, мұның бəрі жаңа 3D-технологиясының көмегімен арнайы бағдарлама арқылы алатын əсеріңіз! Саналы өмірін қиын да күрделі кəсіпке арнаған ардагерлер өмірбаянымен мұражайдың интерактивтік Даңқ тақтасы таныстыра алады. Майталман мұнайшылар, сала ардагерлері, өндіріс екпінділері, мұнайшылар əулеттері туралы ақпарат осы бөлімде жинақталған. Қазақстан егемендік алған кезден бергі компанияның өркендеуі туралы «Қазіргі заман» секциясы сыр шертеді. Құрылым дық өзгерістерден өткен «Ем бімұнайгаз» қазақ мұ найының жарқын шежіресін жалғастырып, жұмыскерлерінің əлеуметтік жағдайын жақсартуды күн тəртібінен түсірген емес. Экологиялық мəселелерді шешуге бағытталған көп салалы əлеуметтік жобалары, маңызды да елеулі іс-шаралар жайында қомақты мəліметтері бар бұл бөлімнің де айтары мол. Анықтамалық жəне мұрағаттық деректердің негізгі жеткізушісі қызметін атқаратын интерактивтік объектінің сенсорлық үстелін бір мезгілде бірнеше адам қатар пайдалана алады. Бейнелі бір іс-шарасы ретінде жаңа мұражай есігін айқара ашқан мұнайшылар мерекесінің салтанаты одан əрі ардагерлерге құрмет көрсету рəсімімен жалғасты. Зейнеткерлер мен компания қызметкерлері Қазақстан Рес публикасы Энергетика министрлігінің, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы АҚ-тың, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-тың, «KAZENERGY» қауымдастығы мен «Ембімұнайгаз» АҚ-тың ведомстволық наградаларымен, құрмет грамоталарымен, алғыс хаттарымен марапатталды. Осы орайда, «Ембімұнайгаз» АҚ ардагерлер кеңесінің төрағасы Мəлік Көптілеуов: «Мынау бұрынғы мұнайшылардың еңбегін, қандай қиын замандарда ел игілігі үшін еңбек еткенін болашақ буынға жеткізетін бірден-бір өнеге. Мұражай құтты болсын, игілікке жарасын. Болашақ мамандар келіп тəлім-тəрбие алсын» деп, аға буын атынан ризашылығын білдірді. Көрнекі экспонаты аз, бірақ интерактивтік мəліметі мол ерекше мұражай қай буын өкіліне де көріптамашалауға икемді. Аса жоғары технология пайдаланылғанымен, келуші өз қалауын арнайы нүктелер арқылы оңай таба алатындай мазмұнды мұражай сізді күтеді. Айгерім СМАҒҰЛОВА.

АТЫРАУ.


www.egemen.kz

8 қыркүйек 2015 жыл

«Алтын тўлпар» мəреге жетті

Жеѕіске бергісіз теѕ ойын Бұрнағы күні Рейкьявикте футболдан Исландия мен Қазақстан құрамалары арасындағы матч тең аяқталған бойда алаң иелері бір-бірін құттықтап, өзара мəресəре болып жатты. Шынында да бұл нəтиже исландиялықтар үшін жеңіске пара-пар еді. Себебі, осы тең ойында алған бір ұпайының арқасында оның қорын 19-ға жеткізген олар тарихта тұңғыш рет Еуропа чемпионатының финалдық бөлігіне жолдама алды. Дəл осындай келесі жолдаманы қазақстандықтарды осының алдында қабылдап, соңғы сəттерде ғана жеңісті тартып əкеткен, бұрнағы күні сырт алаңда латыштарды 2:1 есебімен ұтуы арқылы ұпай мөлшерін 19-ға толтырған Чехия құрамасы да еншіледі. Қонақта ойнап, тең нəтижеге қол жеткізген Қазақстан құрамасы үшін де бұл көрсеткіш өзіндік

«Самұрық-Қазына» ұлттық əл-ауқат қорының бас демеушілігімен, «Нұр Отан» партиясы, Мəдениет жəне спорт министрлігі, Астана қаласы əкімдігінің қолдауымен, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Алтын тұлпар» дəстүрлі республикалық турнирі өткізілді.

Биыл екінші рет ұйымдастырылып отырған аламан бəйгенің басты ерекшелігі, жарыс жолы 51 шақырымға ұзартылып отыр. Бəйге 12.5 шақырымды құрайтын үлкен шеңберді 4 дүркін айналып шабу арқылы жүргізілді. Шеңбердің бойына əрбір 2 шақырым сайын бір-бірден 7 бақылау бекеті орналасып, онда телекамералар мен төрешілер, адам жəне мал дəрігерлері, тəртіп сақшылары қызмет атқарды. Жарысқа қатысатын шабандоздарға түсі əртүрлі нөмірі бар футболкалар кигізілді. Төрешілер көлденеңнен ат қосылып кетпеуін бақылап, телекамералар бəйге барысын халыққа тікелей көрсетіп отырды. Бұлардан басқа 2 тікұшақ бəйгені биіктен таспаға түсіріп, көрермендер мен ат иелері өз тұлпарларының қай тұста шауып бара жатқандығын лед экраннан бақылауға мүмкіндік алды. Аламан жарысқа еліміздің 14 облысы жəне Астана, Алматы қалаларының əрқайсысынан 10 сəйгүлік бəсекеге түсуге мүмкіндік. «Алтын тұлпар» аламан бəйгесінің биылғы жүлде қоры 23 млн. теңгені құраса, бас жүлде 10 млн. теңге. Мəреге алғашқы жеткен 9 тұлпарға диплом жəне қаржылай жүлде берілетіні ескертілген болатын. Жарыс жолына шығуға өтінім берген 90-ға жуық сəйгүліктер мəреге қаз-қатар тізіліп тұрған соң, ақсақал атбегі Нəркен Қалыбеков шабандоздарға батасын беріп, соңынан даңғара соғылды. Сонымен, «Алтын тұлпар» аламан бəйгесiнiң жүлделi орындарын алған шабандоздар мен жүйрiктер мыналар: «Шамал» деп аталатын ағылшын тұқымды жүйрік арқан бойы алға шықты. Екпіндей ұмтылған бұл жүйрік аламанның бас бəйгесіне ие болды. Ат иесі – Есбол Жаппасов, шабандозы – Жұматай Ақжол. Екінші орын: керекулік «Бейбарыс» атты ағылшын қанды тұлпарға бұйырды. Ат иесі – Қажымұрат Тамысов, бапкері – Талғат Əмірханов, шабандозы – Мейірхан Дəуелов. Үшінші орын: «Жаннұр» атты Алматы облысының аралас тұқымды жүйрігі. Ат иесі – Ұлан Омаров, бапкері – Д.Əділбек, шабандозы – Олжас Қойшыбек. Аталмыш шара аясында «Ат сыншысы» байқауы ұйымдастырылып, «Толыбай сыншы» атындағы

Құметті қазақстандықтар!

жүлдеге атақты атбегі Нəркен Қалыбеков ие болды. Сондай-ақ, «Күреңбай сыншы» атындағы жүлде ағадырлық ат сыншысы Жолкен Кенжеғұловқа, «Шоқай сыншы» атындағы жүлде Қалилла Жазғыбековке, «Киікбай сыншы» атындағы жүлде Алшынбай Ахметбайұлына бұйырды. Турнирдің екінші бір ерекшелігі «Ат тағалау» сайысына оншақты үміткер қатысып, төрешілердің шешімімен бірінші орынды Бақытбек Жабар (Ақмола) иеленсе, екінші, үшінші орындарды астаналық Мəдет Самұлы мен Бақытбек Бөлекбай қанжығаларына байлады. Жарыс барысында концерттік бағдар лама, қолөнер көрмелері жəне қауымға арнап қымызмұрындық, ұлттық тағам түрлерінен фестиваль өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Сөйтіп, «Алтын тұлпар» аламан бəйгесі мəреге жетті. Рауан ҚАЙДАР, журналист.

–––––––––––––––––––––– Суреттерді түсірген Ерлан ОМАРОВ.

Балаларєа базарлыќ Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен Ақтөбе қалалық орталық мешітінің ұйымдастыруымен №6 Ғ.Ақтаев атындағы орта мектепте «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өткізілді. Бұл қайырымдылық акциясының мақсаты əлеуметтік жағдайы төмен жəне көпбалалы отбасыларға көмек қолын созып, ата-аналарға балаларын мектеп құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етуге жəрдем ету болып табылады. Қайырымдылық

жеңіс секілді. Өйткені, осында алаң иелерімен терезесі тең ойын өрнегін көрсете білген, арасында гол соғып, жеңіп кететіндей мүм кіндіктері де болған біздің еліміз терме жамағатының өзін мұндай қырынан танытуы оның кəдімгідей жауынгерлік рухы, шыңдала түскен шеберлігі қалыптаса бастағанын байқатады. Мұны біздің жігіттер осыдан үш күн бұрын Пльзеньде Чехия құ рамасымен өткен кездесуде де білдірген. Онда, тіпті, Юрий Логвиненконың бірінші болып есеп ашуы арқасында қазақстандықтар көпке дейін қарсыласынан алда тұрды. Олар тек екінші таймда алаңға шыққан Милан Шкоданың 74 жəне 86-минуттарда екі гол соғып кетуінің нəтижесінде ғана бізден жеңісті тартып əкеткен-ді. Рейкьявиктегі ойын сол

шарасына қала мектептерінде оқитын аз қамтылған жəне көпбалалы отбасыларының балалары мен олардың ата-аналары шақырылды. Акцияға қатысушылар алдында қалалық орталық мешіттің бас имамы Бақытбек Тəжімбет сөз сөйлеп, еліміздегі ұлтаралық татулық пен өзара төзімділікке, ынтымақ пен бірлікке тоқтала келіп, балалардың сапалы білім, саналы тəрбие алуына мешіттердің өзіндік үлес қосып келе жатқанын жеткізді. Соның бір көрінісі бүгінгі қайырымдылық акциясы екенін атап өтті. Мұндай қайырымдылық шарасын ұйымдастыруға демеушілік жасаған, жүректеріне иман ұялаған қалталы азаматтарға алғысын арнады. Балаларды жақсы оқуға шақырып, болашақтарының жарқын болуына тілек білдірді. Содан кейін 30 балаға оқу құралдары салынған сөмкелер, костюм-шалбар жəне спорттық киімдер мен аяқкиімдер тапсырылды. Осындай сыйлыққа немересі ие болған Жібек Издина əжей имандылық шарасына қалталы азаматтарды жұмылдырған қалалық орталық мешіт қызметкерлеріне алғысын айтты. – «Мектепке жол» акциясының бұл жолғы шарасын ұйымдастыруға таңдау біздің мектепке түскеніне ризашылығымыз мол. Жаңа оқу жылында бізде 1450 оқушы партаға отырса, соның 210-ы биыл бірінші сыныптың табалдырығын аттап отыр, 110 бала даярлық тобына қабылданды. Шараға қаланың көптеген мектептерінен аз қамтылған жəне көпбалалы отбасыларының балалары шақырылып, сый жасалды. Олардың арасында біздің мектептің де оқушылары бар. Мұндай акциялардың имандылықтың үлгісі екені сөзсіз, – деді №6 Ғ. Ақтаев атындағы орта мектеп директорының тəрбие ісі жөніндегі орынбасары Мəриям Қошқылбаева. Жалпы, «Мектепке жол» акциясы басталғаннан бері Ақтөбе қалалық орталық мешіттің ұйымдастыруымен 120 отбасы қамтылып, олардың балаларына мектепке қажетті оқу-құралдарымен жəне киім-кешекпен көмек көрсетілген. Мешіт мұндай қайырымдылық шарасын жыл бойы жалғастыруды дəстүрге айналдырып келеді. АҚТӨБЕ.

БЖЗҚ офистері: Алматы қаласы, Фурманов көшесі, 175-үй (Құрманғазы көшесінің қиылысы) Алматы қаласы, Əуезов ауданы, Ақсай-1 ш/ауд., Төлеби көшесі, 15Б-үй, 209-кеңсе (Саин көшесінің бұрышы) Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, Спартак көшесі, 30-үй, 304, 305-кеңсе Алматы қаласы, Алатау ауданы, Шаңырақ-2 ш/ауд., Жанқожа батыр көшесі, 25-үй Алматы қаласы, Медеу ауданы, Төлебаев көшесі, 38/61-үй, литер В, (Қонаев көшесі жағынан кіруге болады, Мақатаев көшесімен қиылысады) Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Əуезов көшесі, 82-үй (Мыңбаев көшесінің бұрышы) Есік қаласы, Орымбетов көшесі, 45-үй Қаскелең қаласы , Төлеби көшесі, 50/1, 13-кеңсе Қапшағай қаласы , Достық көшесі, 1 Талғар қаласы, Қонаев көшесі, 166А Шонжы ауылы, Ахмет Кадыров көшесі, 37 «А» Ұзынағаш ауылы, Төлеби көшесі, 47-үй, 1-кеңсе Өтеген батыр кенті, Батталханов көшесі, 7-үй Шелек ауылы, Жібек жолы көшесі, 116 А Кеген ауылы, Б. Момышұлы көшесі, 17-үй БЖЗҚ Байланыс орталығының телефоны: 8 800 080 11 77

ТҮЗЕТУ

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Егемен Қазақстан» реcпубликалық газетінің 2015 жылғы 2 қыркүйектегі № 166 (28644) санында жарияланған бос мемлекеттік əкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс туралы хабарландыруға мынадай өзгертулер енгізіп: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің хабарландыруындағы «Тəртіптік-əкімшілік тəжірибе жəне мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің консультанты (Тəртіптік кеңестің хатшылығы), С-О-4 санаты бойынша (2 бірлік).» деген жолдар «Тəртіптік-əкімшілік тəжірибе жəне мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің консультанты (Тəртіптік кеңестің хатшылығы), С-О-4 санаты бойынша (1 бірлік).»; «Мемлекеттік қызмет жəне сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының мемлекеттік қызметті өткеру бөлімінің консультанты, С-О-4 санаты бойынша (2 бірлік, оның ішінде 1 бірлік - уақытша, 2018 жылғы 23 қаңтарға дейін негізгі қызметшінің бала күтімі бойынша демалысы кезеңінде).» деген жолдар «Мемлекеттік қызмет жəне сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының мемлекеттік қызметті өткеру бөлімінің консультанты, С-О4 санаты бойынша (1 бірлік – уақытша, 2018 жылғы 23 қаңтарға дейін негізгі қызметшінің бала күтімі бойынша демалысы кезеңінде).»; «Əкімшілік жұмыс басқармасының персоналмен жұмыс жасау бөлімінің консультанты, С-О-4 санаты бойынша (1 бірлік).» деген жолдар «Əкімшілік жұмыс басқармасының персоналмен жұмыс жасау бөлімінің консультанты, С-О-4 санаты бойынша (2 бірлік).» деген жолдармен ауыстырылып; сондай-ақ «Департаменттің əкімшілік жұмыс басқармасы құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің консультанты С-О-4 санаты (1 бірлік). Функционалды міндеттері: департамент басшылығының тапсырмасымен бөлімнің жүргізуіне жататын мəселелер бойынша департамент, құқық қорғау жəне өзге де орталық жəне жергілікті мемлекеттік органдар өткізетін мəжілістер мен басқа да іс-шараларға қатысу. Тиісті сот талқылауына əкеп соқтырған негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында департаменттің қатысуымен даулар бойынша сот практикасының, талап қою жұмысының жағдайын талдау, оларды жою жəне кінəлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту бойынша ұсыныстар енгізу. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: осы лауазымның функ ционалды міндеттеріне сəйкес келетін кəсіби жоғары білім, осы санат үшін мемлекеттік əкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестілеу бағдарламасымен көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын, «Қазақстан-2050»: Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын, осы санаттағы лауазымның мамандығына сəйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу: осы лауазым бойынша функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.» деген мəтінмен толықтырылып; Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің хабарландыруындағы «Əкімшілік жұмыс басқармасы персоналмен жұмыс жасау бөлімінің консультанты С-О-4 (2 бірлік).» деген жолдар «Əкімшілік жұмыс басқармасы персоналмен жұмыс жасау бөлімінің консультанты С-О-4 (1 бірлік).» деген жолдармен ауыстырылып; Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің хабарландыруындағы «Əкімшілік жұмыс басқармасының бақылау жəне құжат айналымы бөлімінің консультанты, С-О-4 санаты (1 бірлік)» деген жолдар «Əкімшілік жұмыс басқармасының бақылау жəне құжат айналымы бөлімінің консультанты, С-О-4 санаты (2 бірлік)»; «Мемлекеттік қызмет жəне сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру жəне жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің консультанты, (С-О-4 санаты, 2 бірлік).» деген жолдар «Мемлекеттік қызмет жəне сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру жəне жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің консультанты, (С-О-4 санаты, 1 бірлік).» деген жолдармен ауыстырылып оқылуын сұрайды. Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті ғалым Тұрсынбек КƏКІШЕВТІҢ қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына орны толмас қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Орталық кеңесі белгілі ғалым, ардагер жазушы Тұрсынбек КƏКІШЕВТІҢ қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туғандарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшылығы əдебиетші-ғалым, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсынбек КƏКІШЕВТІҢ қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Ақмола облысы əкімінің аппараты жерлесіміз, ардақты азамат, қоғам қайраткері, белгілі əдебиетші-ғалым, көрнекті қаламгер Тұрсынбек КƏКІШЕВТІҢ қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туысқандарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

арнамен өрбіді. Алаң иелерінің матч басынан дүркін-дүркін жасаған қыспақтарынан сытылып шыққан меймандар қарсы алаң жаққа қарай құйғытып барып қалып жатты. Сондай алғашқы қауіпті шабуылды олар 9-минутта жасады. Сол жорық пəйтінде Бауыржан Жолшиев зеңбіректің оғындай зулатқан доп қақпа бағанының қасынан өте шықты. Тағы бір сондай қарсы шабуыл кезінде алға қарай қапталдан заулаған Ұлан Қонысбаев ортадағы Таңат Нөсербаевты дəл тапты. Бірақ, допты алаң иелерінің қақ пашысы қағып алды. Бұдан əрі исландықтар біртіндеп біздің жаққа шолғынды үдете түсті. Ойынның екінші таймы да осы сипатта өтті. Мұндағы бір жаңалық, көптен күткен Александр Меркель ақыры құрама сапындағы дебютіне қол

13 жеткізді. Алаңға Жолшиевтің орнына шыққан ол Нөсербаев жеткізген бір допты тиімді пайдалана алмай қалды. Мұның арасында алаң иелері қонақтар қақпасының қаншалықты берік екенін бірнеше рет сынап үлгерді. Солардың бірінде Йон Бедварссон жөнелткен доп қақпа бағанын жанап ұшты. Екі-жақтың алма-кезек шабуылы үрдісіндегі осындай ырғақпен өткен ойынның соңы ақыры есеп ашылмаған күйінде аяқталды. Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионаты іріктеу турнирінің келесі кездесуін 10 қазан күні өз алаңында Нидерланд футбошыларымен өткізеді. Матч Астанадағы «Астана-Арена» спорт кешенінде жергілікті уақыт бойынша 22:00де басталады. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ.

«Ақтөбе мұнай жабдығы зауыты» АҚ мынадай күн тəртібімен акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы хабарлайды: 1) Директорлар кеңесінің жекелеген мүшелерінің өкілеттіктерін тоқтату туралы; 2) Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау туралы. Жиналыс 08.10.15 ж. жергілікті уақытпен сағат 10-да атқарушы органның орналасқан жерінде болады: Ақтөбе қ., 312-атқыштар дивизиясы д-лы, 42 ж. Жиналысқа қатысушыларды тіркеудің басталу уақыты: сағат 09.00. Жиналым болмауы жағдайында жиналыс 09.10.15 ж. сол уақытқа ауыстырылады. Жиналысты қоғамның ірі акционерлері шақырады. Акционерлердің тізімін жасау күні: 12.09.15 ж. Күн тəртібіндегі мəселелер бойынша материалдармен қоғамның акционерлерін таныстыру тəртібі: атқарушы органның орналасқан жері бойынша.

АО «Актюбинский завод нефтяного оборудования» объявляет о созыве внеочередного общего собрания акционеров с повесткой дня: 1) О прекращении полномочий отдельных членов Совета директоров; 2) Об избрании членов Совета директоров. Собрание состоится 08.10.15 г. в 10 час.местного времени по месту нахождения исполнительного органа: г.Актобе, пр.312-стрелковой дивизии, 42 ж. Время начала регистрации участников собрания: 09.00 час. При отсутствии кворума собрание переносится на тоже время 09.10.15 г. Собрание созывается крупными акционерами общества. Дата составления списка акционеров: 12.09.15 г. Порядок ознакомления акционеров общества с материалами по вопросам повестки дня: по месту нахождения исполнительного органа.

«Интернационал-Астана» ЖШС 25.09.2015 жылғы сағат 10.00-де Ақмола облысы, Жарқайың ауданы, Бірсуат ауылы мекенжайында мынадай күн тəртібімен жиналыс болатындығы туралы өз қатысушыларына хабарлайды: 1. Ақмола облысы, Жарқайың ауданы, Бірсуат ауылы мекенжайында 2015 жылғы 7 қыркүйекте сағат 10.00-де «Интернационал-Астана» ЖШС қатысушыларының кезектен тыс жалпы жиналысында бұрын қабылданған шешімді мақұлдау туралы.

Бошай КІТАПБАЙҰЛЫ 2015 жылғы 5 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының, Катонқарағай ауданының құрметті азаматы, Социалистік Еңбек Ері Бошай Кітапбайұлы дүниеден өтті. Бошай Кітапбайұлы 1923 жылы Катонқарағай ауданының Жаңаүлгі ауылында дү ниеге келді. 1941-1944 жыл дар аралығында фашист басқыншыларына қарсы шайқастарға қатысты. Ұлы Отан соғысынан жаралы болып оралған жауынгер 1945 жылдың сəуір айында Катонқарағай аудандық атқару комитетінің хатшысы болып тағайындалды. Осы жауапты міндетті бес жыл қатарынан атқарып, партиялық кезеңнің үлкен іс-тəжірибелік мектебінен өтті. 1950 жылы Зайсан аудандық атқару комитетінің төрағасы қызметіне келгенінде, аталған өңірдің талай жастарын тəрбиелеп, жауапты қызметтерге ұсынып, батыл қадамдар жасау арқылы олардың бойында жауапкершілік міндеттерін қалыптастырды. 1955 жылдың маусым айында Бошай Кітапбайұлы Боль шенарым ауданындағы В.И.Ленин атындағы ұжымшар ды басқаруға жіберілді. Көп салалы шаруашылыққа басшылық жасай жүріп, Қазақ ауыл шаруашылығы институтын 1966 жылы тəмамдады. Ал

1970 жылы ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты дəрежесін қорғады. Бошай Кітапбайұлы 1971 жылы Социалистік Еңбек Ері атағына ие болды. Сондай-ақ, ол Ленин, Октябрь Революциясы ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталды. КОКП XXV съезіне делегат болып қатысты. Бошай Кітапбайұлы шежіреші ретінде де көпшіліктің ризашылығына бөленген абыз ақсақал еді. Катонқарағай ауданының əкімі мен аппараты, аудандық мəслихаттың хатшысы мен депутаттары, дербес бөлімдер мен округ əкімдері аудан тұрғындары атынан марқұмның туғантуысқандарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Бошай ақсақалдың жарқын бейнесі жерлестерінің жадында əрдайым сақталады.

Б.Байғонысов, Д.Бралинов, Ж.Тыныбеков, Б.Рақышева, Р.Құрмамбаев, О.Тұрысбаев, Г.Ағажаева, М.Бұлғынов, Қ.Сəдуов, Р.Байгереев, А.Балтабаев, Қ. Жексембаев.

Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі Ғылым комитеті М.О.Əуезов атындағы Əдебиет жəне өнер институтының ұжымы белгілі əдебиетші-ғалым, сыншы, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсынбек КƏКІШЕВТІҢ қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық униве рситетінің ұжымы филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тұрсынбек Кəкішұлы КƏКІШЕВТІҢ қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына орны толмас ауыр қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректораты мен ұжымы белгілі əдебиетшіғалым, сыншы Тұрсынбек КƏКІШЕВТІҢ қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Марқұмның жаны жəннатта, иманы жолдас болсын.

Астана қаласындағы С.Сейфуллин мұражайының ұжымы көрнекті ғалым, сəкентанушы Тұрсынбек КƏКІШЕВТІҢ қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. «Алматықұрылыс» ұлттық холдинг компаниясы компанияның басқарма басшысы Гүлнұр Фазылқызы Бағадаеваға əкесі Фазыл АБДУЛЛАҰЛЫНЫҢ қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туысқандарына орны толмас ауыр қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. «Алматықұрылыс» ұлттық холдинг компания сы «Алматы қаласы əкімдігінің күрделі құрылыс кəсіпорны» ЖШС директоры Мазан Шайдахметұлы Серғазинге анасы Бақыш ОМАРҚЫЗЫНЫҢ қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туысқандарына орны толмас ауыр қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Алматы энергетика жəне байланыс университетінің ұжымы профессор Гамиль Хожаұлы Хожинге ағасы Ғабит Хожаұлы КҮНТУДАЕВТЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.


14

www.egemen.kz www.egemen.kz

8 қыркүйек 2015 жыл

Їлкен ел – їлкен отбасы «Егемен Ќазаќстан» газеті Ќазаќстан халќы Ассамблеясы жобасы аясындаєы республикалыќ фотоконкурсты жалєастырады

 Қылмыс Көліктегі ІІД-нің Көші-қон полициясы бөліністері ағымдағы жылдың 8 айында Департаменттің қызмет көрсету телімінде көші-қон үдерістерін қадағалауды қамтамасыз ету жəне Қазақстанның көші-қон заңнамасын бұзушыларды анықтау мен оған жол бермеуге бағытталған бірқатар іс-шараларды жүзеге асырды, деп хабарлады Көліктегі ІІД-нің баспасөз қызметі.

Кґлік полицейлері

жыл басынан бері Ќазаќстанєа келу ережесін бўзєан 1200-ден астам шетел азаматын əкімшілік жауапкершілікке тартты

Суретті түсірген Максим РОЖИН.

Заңсыз көші-қон арналарының жолын кесіп, бейтараптандыру мақ сатында жыл басынан бері «Мигрант», «Құқықтық тəртіп», «Заңсыз келуші» жəне тағы басқа да жедел алдын алу іс-шаралары өткізілді. «Есеп беру кезеңінде қабылданған шаралар нəтижесінде көшіқон заңнамасын бұзу бойынша 40 қылмыстық іс қозғалды, оның ішінде 20 іс мемлекеттік шекараны заңсыз өтумен (ҚР ҚК 392-бабы), 16-сы елден шығару туралы сот қаулысын орындамаумен (ҚР ҚК 393-бабы), 4-еуі заңсыз көшіпқонумен (ҚР ҚК 394-бабы) байланысты», деп атап өтті Көші-қон полициясы басқармасының бастығы Ғани Шымырбаев.

• Саятта

 Жағымды жаңалық

 Сұмдық-ай!

Бразилиядан жеткен ќуаныш

Сексендегі сергелдеѕ

Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».

Степногор қаласындағы №2 индустриялықтехникалық колледжінің түлегі Əділет Текежанов Бразилияның Сан-Паулу қаласында өткен 43-ші «WorldSkills Competition» халықаралық кəсіби шеберлік байқауының жеңімпазы атанды. Қазақстан Республикасы ұлттық құрамасындағы ол «Токарьлық іс» атауында алдына жан салмады. Бұл айтулы жарысқа 70 елдің жұмысшы мамандығын игерген таңдаулы жастары қатысты. Қазақстан командасы мұндай жарысқа тұңғыш рет жолдама алған еді. Халықаралық байқауға еліміздің 15 облысынан, Астана жəне Алматы қалаларынан алдын ала іріктеу жарыстары өткізілген болатын. Мұнда үміткерлер кірпіш қалау, əрлендіру, темір жону, дəнекерлеу, мейрамхана қызметі, шаштараздық өнер, тағы басқа мамандықтар бойынша сынға түсті. Облыс əкімі Сергей Кулагин өз ісінің шебері атанған Ə.Текежановты жоғары табысымен құттықтап, бағалы сыйлық тапсырды. – Алыстағы Бразилиядағы конкурста өз еліңді сүюдің, оның абыройын əлемдік деңгейде қорғаудың не екенін мықтап сезіндім, – деді Ə.Текежанов жауап сөзінде. Ақмола облысы. –––––––––––––––

Суретте: жарыс жеңімпазы Əділет ТЕКЕЖАНОВ.

 Апыр-ай!

Ойнаймын деп от басты Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

Тау халықтарында үйлену кезінде аспанға қаратып мылтық ататын дəстүрі бар. Сайрам ауданы, Манкент селосындағы үйленген жастар мінген кортеж аулаға жақындағанда күйеу жігіттің досы ерекше құрмет көрсетпек болады.

Машинаның терезесінен қосауыз шығарып аспанға атады. Екіншісін атқанда мылтығына ие бола алмай, күтіп тұрған топқа бағыттаған. Бытыра автомашина жүргізушісінің бетін жаралап, 23 жəне 26 жастағы əйелге жəне жас балаларға тиеді. Екі жасар бала бар ауруханаға ауыр халде түскен бесеудің ішінен екі əйел қайтыс болды. Елден безіп

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

қашып кеткен қылмыскер арада бір күн өткен соң полицияның қолына өзі берілді. Енді оның үстінен ҚР ҚК 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өрімдей жас жігіт досына сый көрсетем деп жүріп, осылайша от басты. Оңтүстік Қазақстан облысы.

Қара күз жақындап, өкпек жел соққан сайын жасы 80ді еңсерген Сəлтай апай жанын қоярға жер таппай, мазасы кететін болып жүр. Бұлай əуресарсаңға түскенімше жыртық лашықта тұра бергенім жақсы еді. Арызданамын деп жүріп, сау басыма сор тілеп алғаным-ай, деген ішкі өкініш басым қазір. Отағасы көз жұмғалы талай қиындықты көрсе де, шенділердің мына қылығы 3 айдан бері жүй кесін жұқартқаны соншалық, енді кімге ш а ғ ы на р ы н б і лм е й а м а л ы құрып отыр. Көктемге салым қалалық əкімдікке келіп, əбден тозығы жеткен жекеменшік баспананы жөндеуге қолғабыс сұраған. Ондағылар мə селені шешуді жəне жеке бақылауда ұстауды тұрғын үй инспекциясы бөлімінің жетекшісі Дəулет Қалиасқаровқа жүктеген. Мердігер ретінде «Казстройполис» ЖШС бекі ті ліп, үйдің сəкісі, төбесі жөнделіп, пластикалық терезелер қойылатын болып шешілген. – Құрқұлтайдың ұясындай ас бөлмеде түнеп жүрмін. Залға кіреберіс есік алып тасталғандықтан, көрпе іліп қойдым. Түні бойы бүрсең қағып шығамын. Маңай сазды-батпақты болғандықтан, шыбын-шіркей толып кетеді. Бес уақыт намазымды да дұрыстап оқи алмаймын, – дейді Сəлтай Өмірзақова əжей жанары жасаурап. Сексенге келген жалғызілікті кейуананы сергелдеңге салып, мү сəпір күйге түсіріп қой ған əкімдіктегілер мен құ ры лысшылардың əлі күнге дейін ұзын арқан, кең тұсаумен жүргеніне «əй дер əже, қой дер қожа» табылар ма екен?

Оның айтуынша, жыл басынан бері Қазақстан Республикасына келу ере жесін бұзған 1200-ден астам шетел азаматы əкімшілік жауапкершілікке тартылған. Көші-қон заңнамасын қа сақана бұзғаны үшін сот қаулысымен 226 шетел аза маты Қазақстан Республикасынан тысқары шығарылыпты. Қоғамдық орындарда тəртіп бұзғаны үшін 13 шетелдік əкімшілік жауап кершілікке тартылып, олардың барлығы сот қау лы сымен елден тысқары шы ғарылса, жалпы салынған айыппұл сомасы 867.125 мың теңгені құрған. Мəселен, Көкшетау стан сасындағы ІІЖБ-нің Новоишимское

 Оқиға

Адасып табылєан əйел Ресейдің Камчатка түбегінде зейнет жасындағы əйелдің орманда адасып кетуінің ақыры қайырлы аяқталды. Төрт күн ағаш арасын кезген бейбақ төртінші күні адамдарға кезікті. Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары 64 жастағы əйелмен орман соқпағында жолықты. Зейнеткер 29 тамыз күні бұл маңнан 12 шақырым жерде жабайы өсімдіктер жинап жүрген кезінде жоғалып кеткен екен. Ол жолдың бойынан кездейсоқ шығады да, бұрын тұрған жерін қайта таба алмай қалады. Сосын қатты адасып кетпеуді ойлап, сол маңнан ұзамауға тырысады. Бірақ сөйтіп жүріп, мұнша қашықтыққа қалай ұзап кеткенін сезбеген. Əйел қатты қорқып қалған екен, сонда да дəрігерлік көмектен бас тартады. «Зейнеткер төрт күннің ішінде орманда бірнеше аюға кезіккенін, соның ішінде жанына ерткен қонжығы бар ұрғашы аюды да көргенін айтады. Ол жыртқыш аңдармен сөйлесіп, өзін жеп қоймауды өтінген. Содан кейін аналар өз беттерінше кеткен», – деп əңгімелейді қазір құтқарушылар. Биылғы жылдың басынан бері

Камчаткада екі адам аюлардың шабуылына тап болған. Солардың бірі – француздық турист əйел қаза тауыпты. Осы төрт күн бойына құтқарушы лар əйелді тікұшақтардың

Австралияда жүні қалыңдығынан өлгелі тұрған қойды наркоз беріп ұйықтатып, қырқу жөнінде ұйғарым жасалды. Австралияның жануарлар əлемін қорғаушылары Канберра түбіндегі елді мекенде жүнінің орасан зор көптігінен өлім халіне жеткен қойды кездестіріпті. Жануардың жүнін қырқу үшін сосын құтқарушылар бригадасы шақырылған. Бірақ олардың өзі мұны жасап шыға алмапты. Жануарларды қорғау қыз ме тінің өкіл дері

Көкшетау – 8 (716-2) 25-76-91; Қарағанды – 8 (721-2) 43-69-31; Қостанай – 8 (714-2) 39-12-15; Қызылорда – 8 (701) 772-70-74; Орал – 8 (777) 496-21-38;

Өскемен – 8 (778) 454-86-11; Павлодар – 8 (718-2) 54-31-56; Тараз – 8 (726-2) 43-37-33; Шымкент – 8 (701) 362-63-76; Петропавл – 8 (715-2) 50-72-50.

Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-07-26, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

мына қойды көргенде қатты қайран қалыпты. Себебі, мұндай жануарды бұрын-соңды еш жерден кездестірмеген екен. «Біздің көргеніміз əдеттегі қой лардан төрт, тіпті бес есе үлкен еді. Оның үстін басып, жайлап жат қан жүн сұмдық көп-тін», – деді құт қарушылар. Зооқорғаушылар оның қалайша мұндай дəрежеге дейін үлкейіп кеткен себебін анықтамақшы. Ол өзіне осыншама адамның назары түскенін көргенде, қатты ашу-ыза шақырыпты. Зоологтар қалың жүнінің кесірінен оның жасын да, жынысын да айыра алмаған. Дегенмен, олар мұны қошқар болар деп шамалап отыр. Құтқарушылардың сөзіне қарағанда, жүні үшін өсірілетін мұндай қойлар уақтылы қырқылмаса, қатты ауырып қалатындарын айтады. Сондықтан жануарды тездетіп құтқару үшін олар қой қырқудан ұлттық чемпионаттың жеңімпазы Иэн Элкинске өтініш білдірген. Бірақ ол өзіне ешқашан тап мынадай қойды қырқудың реті келмегенін айтыпты. Оның бағалауы бойынша, жануарды қырқып шығу үшін бірнеше сағат уақыт керек. Оны жəне наркоз беріп ұйықтатып барып, қырықпаса болмайды. Жасыл құрлықта сыртқа қашып кетіп, жабайы болып жүрген қойлар аз кездеспейді. 2004 жылы Жаңа Зеландияда алты жылдан бері қашып жүрген Шрек деген лақап аты бар қой ұсталған. Оны қырыққанда, 27 килограмм жүн алынған. Қайрат ҚҰЛЫМБЕТ.

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А.

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – 8 (717-2) 37-54-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – 8 (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – 8 (712-2) 31-74-13; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

Мұрат АЙТҚОЖА.

Осындай да ќойлар бар

ПЕТРОПАВЛ.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru, egemenkz@maіl.kz. Интернет-редакция: ekazakhstan@mail.ru Алматыда: факс (727) – 273-07-87, электронды пошта – egemalm@mail.ru

көмегімен іздестіріпті. Жабайы шөп жинаушы осы аралықта орманда жертөлеге кездесіп, сонда біраз уақыт тынығып алғанын да айтады. Бірақ содан кейін сыртқа шығып, тағы да жол іздеуге кіріседі. «Əйелді бау-бақшалық серіктес тігінен шамамен бес шақырымдай жерден таптық. Алайда, ол жердегі жыныстың қалыңдығы сондай, адасқан адамның бірден шығып кетуі оңайға соқпайды», дейді төтенше жағдайлар министрлігіндегілер.

 Міне, қызық!

Қошан ҚАЛИ.

АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 273-07-87.

станса сын дағы Желілік полиция бө лімі қызметкерлері жедел-профилактикалық шаралар жүргізу барысында Новоишимское стансасының те міржол вокзалында сот тың елден шығу туралы шешімін орындамай жүр ген 30 жастағы Ресей Федерациясының азаматын ұстады. Ғ.Мүсірепов атындағы аудандық соттың қау лысына сəйкес аталған азамат ҚР ҚК 393-бабында қарастырылған қылмыстық əрекетті жасағаны үшін кінəлі деп танылып, оған осы бап бойынша мемлекет кірісіне 25 АЕК (49 550 теңге) көлемінде айыппұл салынып, ел аумағынан шы ғарып жіберу туралы жаза тағайындалды.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Арко» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-Полиграфия» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Достық-Дружба даң., 215 А, «WESTA» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 203 394 дана. Нөмірдің кезекші редакторы

Айдар ӨРІСБАЕВ.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 7 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №643 ek

Profile for Egemen

08092015  

0809201508092015

08092015  

0809201508092015

Profile for daulet
Advertisement