Page 1

Кеше Астанадағы «Қазақ Елі» алаңында Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Отан қорғаушы күніне жəне Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған əскери шеру болды.

№86 (28564) 8 МАМЫР ЖҰМА 2015 ЖЫЛ

ƏСКЕРИ ШЕРУ ЕЛІМІЗДІЅ АЙБЫНЫН АСЫРДЫ

Тату кґршілік табысќа бастайды Ел мерейін өсіріп, айбынын асырған бұл парадқа 4778 əскери қызметші, 227 бірлік қару-жарақ пен əскери техника, сондай-ақ, əскери авиацияның 70 ұшағы мен тікұшағы қатыстырылды. Сонымен қатар, Қазақстан Қарулы Күштерінің техникаларынан бөлек, Ұлы Отан соғысы кезінде кеңінен қолданылған қару-жарақ түрлері де көрсетілді. Айта кетейік, осы əскери шараға Қарулы Күштеріміздің əскери қызметшілері мен əскери техникасы рекордтық көлемде тартылды. Жолдыбай БАЗАР,

«Егемен Қазақстан».

Халқымыздың рухын көтеріп, еліміздің абыройын асырған бұл əскери шеруге «Даңқ», «Айбын» ордендерінің иегері, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық əскерлерінің бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Мұрат Майкеев басшылық жасады. Парад басшысы əскери бөлімдерді сапқа тұрғызғаннан кейін Мемлекеттік туды жəне Жеңістің Қызыл туын алаңға алып шығуға əмір берілді. Ту ұстаушылар тобын Мемлекеттік күзет қызметі «Айбын» Президенттік полкі рəсімдік батальон командирінің орынбасары, майор Қанат Əзімбаев бастап шықты. Ол – Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор Сабыр Рақымов

атындағы республикалық əскери мектеп-интернаттың түлегі. Ал Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын Мемлекеттік күзет қызметі Құрмет қарауылы ротасының бөлімше командирі, сер жант Əділхан Асанханұлы ұстады. Оның ассистенттері Құрмет қарауылы ротасының сержанттары Арынғазы Арғын мен Дəукен Мейірханов болды. Сондай-ақ, осыдан 70 жыл бұрын отандасымыз Рақымжан Қошқарбаев пен оның жауынгер досы Григорий Булатовтың Рейхстагқа тіккен туының дəл көшірмесі – Жеңістің Қызыл туын алаңға Құрмет қарауылы ротасының сержанты Ақжолбек Болатаев көтеріп шықты. Оның ассистенттері ретінде аталмыш ротаның сержанттары Айдархан Байсалов пен Ербол Асмановтың

есімі аталды. Жеңістің Қызыл туын желбіреткен бұл жігіттерге Құрмет қарауылы ротасының басшысы, аға лейтенант Хасен Жасболатұлы жетекшілік етті. Еске сала кетейік, Ұлы Отан соғысы жылдары Жеңістің Қызыл туы астында қазақстандық жауынгерлер Мəскеу, Сталинград, Курск түбіндегі қанды шайқастарда ерліктің қайталанбас үлгісін көрсете білген-ді. 1945 жылдың 30 сəуірінде қазақ батыры Рақымжан Қошқарбаевтың Берлиндегі Рейхстагқа Жеңіс туын тіккені баршамызға белгілі. Осынау даңқты ерлігі үшін оған «Жауынгерлік Қызыл Ту» ордені тапсырылды. Ал 1999 жылдың 7 мамырында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Халық Қаһарманы атағы берілді. Сонымен, Мемлекеттік Ту мен Жеңістің Қызыл туы салтанатты жағдайда əкелінген соң алаңға Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов шықты. Оған генерал-лейтенант Мұрат Майкеев Қарулы Күштер əскерлерінің сапқа тұрғызылғанын баяндады. Бұл кезде алаңда Қорғаныс министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жəне Қа зақ стан

Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің шеруші топтары сақадай сай дайын болатын. Ал əскери сал танатты шеруге қаты сатын механикаландырылған лек қозғалу үшін бастапқы шепке орналастырылған-ды. Сонымен қатар, аэродромда ұшақтар мен тікұшақтар көкке көтерілуге əзір тұрды. Жалпы, Қарулы Күштердің қуатты əлеуетін көрсету қай кезде де халықтың туған елге, жерге деген мақтаныш сезімін оятып, рухты асқақтатып, əскердің Отанды қорғау қабілетіне деген сенімді нығайтады. Осыдан 23 жыл бұрын Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылған болатын. Осы аралықта əскеріміз дамудың күрделі жолынан өтіп, қазіргі таңда заман талабына сай қалыптасты. Жоғары кəсіби, ұтқыр, заманауи қару-жарақпен жəне техникамен жарақтан дырылған армия Тəуелсіз еліміздің айбынына айналды. Адалдық үшін айтып өтуіміз керек, осынау іргелі істің жүйелі түрде жүзеге асуына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сіңірген еңбегі өлшеусіз. (Соңы 4-5-беттерде).

Ерліктіѕ еѕселі ескерткіші Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы Қошқарбаев жəне Жұмабаев көшелерінің қиылысында орналасқан «Жерұйық» саяба ғындағы генерал И.В.Панфи ловтың ескерткішін ашу рəсіміне қатысты. Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Салтанатты рəсім барысында Елбасы барша ардагерлер мен ел тұрғындарын Отан қорғаушы күнімен жəне Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойымен құттықтады. «Бұл – Кеңес Одағының Батыры Иван Панфиловқа ғана арналған ескерткіш емес, фашизмге қарсы күреске қатысқан барлық қазақстандықтарға, ұрыс даласында қаза тапқандарға жəне аман-есен оралып, елді дамытуға орасан еңбек сіңірген ардагерлерге деген тағзым», – деді Қазақстан Президенті. (Соңы 2-бетте).

Ќытай Халыќ Республикасыныѕ Тґраєасы Си Цзиньпинніѕ Ќазаќстанєа ресми сапары осыны айєаќтады Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен кеше Астанаға Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин ресми сапармен келді. Сұңғат ƏЛІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Қытай Төрағасы Республикамызда өткен президенттік сайлаудан кейін Қазақстанға келген бірінші шетелдік мемлекет басшысы болып отыр. Бұл жанжақты стратегиялық серіктестіктің деңгейі жоғары екенін көрсетеді. Сонымен қатар, екі елдің өзара қарым-қатынасын саяси, экономикалық, мəдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың жаңа сатысына шығаруға мүмкіндік беретіндігін де атап өткен жөн. Жалпы, Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы қарым-қатынастардың қысқаша тарихына тоқтала кететін болсақ, екі ел арасындағы дипломатиялық қатынас 1992 жылдың 3 қаңтар ында орнатылған болатын. 2002 жылдың 23 желтоқсанында Қа зақстан Республикасы мен Қы тай Халық Республикасы

арасындағы Тату көршілік, достық жəне ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған еді. Бұл бір-біріне шекаралас отырған екі елдің арасындағы мұнан кейінгі қатынастарды айқындап берген ең маңызды құжат болып табылады. Тəуелсіздіктің 23 жылы ішінде көрші Қытаймен қарым-қатынасымыз жақсарып қана қоймай, сонымен қатар, өзінің сүре жолына түсіп, алыс-берісіміз, барыскелісіміз жылдан-жылға күшейе түсті. Осы уақыт аралығында екі елдің мемлекет басшылары сан рет кездесіп, екі ел алдындағы келелі мəселелерді келісе отырып шешіп, тату көршілік пен сенімді достықтың нығаюына сындарлы негіз қалады деп айта аламыз. Алып Қытайдың қазіргі басшысы Си Цзиньпиннің бұл жолғы келісі де осыны айғақтай түсті. Құрметті мейманның келуіне орай Ақордада құрметті қарауыл сапқа тұрды. Мемлекет басшылары

қарауыл алдымен өткеннен кейін келіссөзге қатысатын ресми делегация мүшелерін бір-біріне таныстырды. Мұнан кейін ресми келіссөздер басталды. Келіссөздер барысында мемлекет басшылары екіжақты жəне көпжақты ынтымақтастықтың маңызды мəселелерін талқылады, соның ішінде аймақтық қауіпсіздік мəселелеріне, халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастықтың нығаюына, саудаэкономикалық, инвестициялық, қаржы жəне мəдени-гуманитарлық қарым- қатынастың дамуына айрықша көңіл бөлінді. Нұрсұлтан Назарбаев пен Си Цзиньпин халықаралық күн тəртібіндегі негізгі жайттарға да тоқталды. Сонымен қатар, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Шан хай ынтымақтастық ұйымы, Еуразиялық экономикалық одақ сияқты түрлі халықаралық ұйымдар мен басқа да көпжақты құрылымдар аясындағы ынтымақтастық пен үйлестірудің басты бағыттарын сөз етті. (Соңы 2-бетте).

● Мəскеудегі парадқа қатысады Ертең Ресей астанасы – Мəскеу қаласындағы Қызыл алаңда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған парад өтеді. Оған Қазақстаннан алты майдангер қатысады. Қарт жауынгерлердің арасынан үлкен шеруге қатысу кім-кім үшін де үлкен құрмет екені анық. Нөмірде қазақстандық алты майдангердің үшеуі туралы мақала жарияланып отыр.

Астанадан Ахат аќсаќал аттанды Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Астана ардагерлері атынан Мəскеу қаласындағы Ұлы Жеңіс тің 70 жылдығына арналған

шеруге қатысатын ақсақалды іздеп, бұрынғы Л.Мирзоян, қазіргі Қаныш Сəтбаев көшесіндегі 10 қабатты үйдің жетінші қабатына көтерілдік. Есікті уақыт салмағымен еңкіш тартса да иілмеген, аңқылдаған

Ахат Бекмəдияұлының өзі ашты. Тоқсанның төріне озса да Ахат қария қалжырамаған екен, екі бетінен қан тамып тұр. Соғыстың зардабынан болса керек, бір аяғын сылтып басқаны болмаса, жүрісі де жинақы, сөзі де ширақ. «Сүйегі асыл ғой» деген қанатты сөзді атам қазақ осындай қайыспас қара нардай қарттарына қарата айтса керек... (Соңы 6-бетте).


2

www.egemen.kz

8 мамыр 2015 жыл

Тату кґршілік табысќа бастайды (Соңы. Басы 1-бетте).

Қазақстан Президенті Қытай Төрағасының еліміздегі президенттік сайлаудан кейін Қазақстанға келген бірінші шетелдік мемлекеттің көшбасшысы болып отырғанына назар аударды. – Осы арқылы Сіз біздің қарымқатынастарымыздың жоғары мəртебесі мен айрықша маңызын айшықтай түсесіз. Сіз мені телефон арқылы құттықтадыңыз, жеделхат жолдадыңыз, енді, міне, келіссөздер өткізуге келдіңіз. Біз мұны жоғары бағалаймыз, – деді Қазақстан басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР-мен тату көршілік қарым-қатынасты жалғастыру Қазақстанның сыртқы саясатының басымдығы болып табылатынын айтты. – Өзара іс-қимыл жасаған жылдары біз екіжақты ынтымақтастықты сапалы түрде трансформациялай алдық. Біз Қытай Халық Республикасымен ықпалдастықты тəуелсіздік жариялаған алғашқы күндерден бастадық. Содан бері үлкен жолды артқа тастап, тату көршіге айналдық, экономикалық, саяси тұрғыдан сенімді дос əрі сындарлы серіктес болдық. Бізде қарымқатынастарымызды елдеріміздің мүддесі үшін əрі қарай дамытуға қажетті жағдайдың бар екеніне сенімдімін, – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы екі елдің де жоспары мен нақты белгілеген жұмыстары бар екенін, ол Қазақстан-Қытай қатынастарын мүлде жаңа деңгейге шығаратынын атап өтті. Соған орай,

Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР Төрағасына, сондай-ақ, Қытай басшылығына серіктестікті дамытудағы қолдауы үшін алғыс білдірді. ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Нұрсұлтан Назарбаевқа жылы қабылдауы үшін алғыс айтып, Қазақстан Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады. – Қазақстан халқы Сіздің басшылығыңызбен ұйыса түсіп, мемлекет құрылысы мен ұлттық жаңғыру ісінде жаңа, жарқын табыстарға жету үшін бірлесе күш-жігер жұмсайтынына сенімдімін, – деді Си Цзиньпин. Қытай Төрағасы Қазақстан-Қытай стратегиялық серіктестігі соңғы жылдары қарқынды ілгерілеп келе жатқанын айтты. – Біздің елдеріміз өңірдің дамуы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету ісінде маңызды, сындарлы күшке айналды. Қытай тарапы Қазақстанмен қарымқатынасты дамытуға зор мəн береді. Біз Қазақстан тарапымен бірлесе отырып, өзара мүдделілік бар негізгі мəселелер бойынша өзара қолдауды күшейту үшін бар күшімізді жұмылдыруға дайынбыз. Қытай қауіпсіздік саласын дағы, экономикалық, гуманитарлық салалардағы өзара тиімді ынтымақтастық аясын жан-жақты кеңейтуге, сондай-ақ, халықтарымыздың игілігі үшін өңірлік жəне халықаралық істердегі өзара іс-қимыл мен үйлестіру жұмысын күшейтуге ниетті, – деді Си Цзиньпин. Қытай Халық Республикасының Төрағасы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев

айқын басымдықпен жеңіске жеткен жəне Елбасының мемлекетті ұзақ мерзімді дамытуға, елдің əл-ауқатын арттыруға бағытталған «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру аясында жүргізіп отырған саясатына Қазақстан халқының зор сенім артатынын айғақтаған кезектен тыс президенттік сайлаудың қорытындысына қолдау білдірді. Қытай тарапы Қазақстанның Еуразияда сындарлы жəне теңдестірілген қарым-қатынас қалыптастыруға, өңірде жəне жалпы əлемде тұрақтылық пен бейбітшілікті нығайтуға, соның ішінде АӨСШК аясында Азиядағы қауіпсіздік жəне даму жөніндегі халықаралық ұйым құруға, сондай-ақ, Астана қаласында Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшыларының съезін өткізуге байланысты халықаралық бастамаларына қолдау білдірді. Келіссөздер барысында дүниежүзінде болып жатқан күрделі өзгерістерге орай Біріккен Ұлттар Ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Еуразиялық экономикалық одақ сияқты түрлі халықаралық ұйымдар мен басқа да көпжақты құрылымдар аясындағы ынтымақтастық пен үйлестіруді күшейту қажеттігі жөнінде түсіністікке қол жеткізілді. Əлемдегі қақтығыстар мен тұрақсыздық ошақтарының ұлғаюын еске ре отырып, өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылыққа қауіп төндіретін «үш қатерге» (терроризм, сепаратизм, экстремизмге), есірткінің заңсыз айналымы, психотропты заттарға, трансшекаралық қылмысқа,

Ерліктіѕ еѕселі ескерткіші (Соңы. Басы 1-бетте).

Нұрсұлтан Назарбаев генералмайор Панфиловтың басшылығында болған 316-шы атқыштар дивизиясы Алматы облысында құрылғанын еске салды. «Осы дивизияның 28 панфиловшы жауынгері Мəскеу түбіндегі ең сұрапыл шайқасқа қатысты. Дивизия қатарында Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлы болды. Олар фашистердің танктермен жасаған шабуылына бірге тойтарыс берді. Сол себепті де, генерал Панфиловтың есімі Ұлы Отан соғысы тарихында қалды. Біздер, қазақстандықтар, оларды өзге батырлармен бірге қастер тұтып, жадымызда сақтаймыз», – деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті бүгін бар сый-құрмет пен тілек соғыс

ардагерлеріне арналатынын атап өтті. «Еліміз қажетті қолдауы мен жəрдемін көрсетуде. Əрқайсыңыз мемлекеттің қамқорлығындасыздар. Мен əрқайсыңызды да Жаңа жылмен құттықтауға тырыстым. Біз ардагерлерді мерекелерде ғана емес, барлық уақытта ардақтайтын боламыз, өйткені, сіздер бұған лайықсыздар. Бүгінгі ұрпақтың тұрақты, тəуелсіз əрі тату Қазақстанды құруы – сіздердің ерліктеріңіздің өтеуі. Еліміз қалай өркендеп келе жатқанын көріп отырсыздар, сондықтан бекерге соғысып, қан төкпеген екенбіз деп ойлауларыңызға толық негіз бар. Арамызда аман-сау жүріп, жастарды патриоттық пен Отанға адалдық рухында тəрбиелей беріңіздер!» – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Кеңес Одағының Батыры, генералмайор И.В.Панфилов ескерткішінің

авторы – мүсінші Ренат Əбенов. Биіктігі 2,5 метрлік ескерткіш қоладан құйылған. Оның орта тұсында гүл шоқтарын қоятын арнаулы тақта бар. Монументтің шығыс жағында аллея бойымен Мəскеуді қорғау кезінде шейіт болған 28 панфиловшыжауынгердің туған жылдары мен қаза тапқан күндері жазылған, табиғи граниттен жасалған табақша-плиталар қойылыпты. Бұл жерден Кеңес Одағы Батырының «Алтын Жұлдызы» медалі бедерленген 28 стеланы да көруге болады. Айналасы көгалдандырылған жəне жасыл желекпен көмкерілген аллеяға сəуле шығаратын 2 арнайы қондырғы мен 16 шамнан жарық түсіріледі.

----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

киберқауіпке жəне басқа да қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге қарсы күрестегі тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға əзірлік білдірілді. Халықаралық құқық қағидаларын жəне БҰҰ жарғысын қатаң сақтаумен қатар, екі мемлекет арасында бұрын жасалған барлық шарттар тармақтарын мүлтіксіз орындауға бейілділік қуатталды. Қазақстанның «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты мен Қытайдың «Бір белдеу, Бір Жол» тұжырымдамасы бір-бірін өзара толықтыратынын ескере отырып, индустрияландыру жəне инвестициялар саласындағы екіжақты ынтымақтастықты ілгерілетуге уағдалас тық жасалды. Тараптар «Жібек жолы экономикалық белдеуі» аясында Еуразияның үйлесімді дамуына септігін тигізетін «Ұлы Жібек жолының» мəдени белдеуін құруға келісті. Келіссөздер барысында индустрияландыру жəне инвестициялар саласындағы бірлескен қадамдар екіжақты ынтымақтастыққа жаңа серпін беріп, сауда-экономикалық ықпалдастықты серіктестіктің мейлінше жоғары деңгейіне шығаратыны атап өтілді. Қытай тарапы индустрияландыру жəне инвестициялар саласындағы жобаларды қаржыландыру үшін барынша қолайлы жағдай жасау ісіне жеңілдетілген қаржыландыру мен арнайы қор құру мəселесін қоса қамтитын жан-жақты қолдау көрсетеді. Қазақстан тарапы қолданыстағы заңнамаға сəйкес, аталған жобаларға түрлі мемлекеттік қолдау көрсететін болады. Тараптар өзара мүдделілік бар

энергетикалық, қаржы-инвестиция, көлік-логистика, ауыл, орман шаруашылығы жəне басқа да салалардағы ынтымақтастықты жалғастыруға келісті. Мұнымен қоса, екі жақ ішкі жəне халықаралық, соның ішінде Қытай нарығына да тасымалданатын бəсекеге қабілетті тауарлар өндірісін құруға бағытталған өндірістік жобалар бойынша ынтымақтастықты жандандырады. Инновациялар мен жоғары технологиялар саласындағы, өнеркəсіптің өңдеу жəне тау-кен салаларындағы, соның ішінде барлау жəне қатты пайдалы қазбалар кеніштерін жете қайта өңдеу жобаларында, мыс, алюминий өндірісі жəне басқа да металдар мен олардан шығатын дайын бұйымдар өндірісінде, химия өнімдері өндірісі мен өнімді Қытайға жеткізу саласында ынтымақтастықты дамытуға ұйғарым жасалды. Мемлекет басшылары жоғары технологиялар рөлінің артып келе жатқанын назарға ала отырып, ғылым жəне техника, балама энергетика, «жасыл экономика» салаларындағы ынтымақтастықты одан əрі тереңдету қажет екендігін атап өтті. Бұл орайда, Қытай Қазақстанның «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін табысты өткізуіне қолдау көрсететін болады. Қазақстан мен Қытай үкіметтері басшыларының, Қазақстан-Қытай ынтымақтастық комитеті мен оның кіші комитеттерінің тұрақты кездесулерін өткізуге байланысты жұмыстарға жоғары баға берілді.

Аталған тетіктер екіжақты ынтымақтастықты дамытудағы бірыңғай үйлестірушілік жəне жетекшілік рөлінің, сондай-ақ, екі елдің саудаэкономикалық ынтымақтастығының толыққанды дамуының негізгі шарттарының бірі екендігі ескеріле отырып, қолданыстағы екіжақты келісімдердің нормаларын сақтау жөніндегі түсіністіктің маңыздылығы құпталды. Қазақстан мен Қытай өңіраралық ынтымақтастығын, трансшекаралық көлік инфрақұрылымын дамытудың, екіжақты сауда-экономикалық жəне шекаралық ынтымақтастықты ілгерілету үшін шекаралық ынтымақтастықтың «Қорғас» Қазақстан-Қытай халықаралық орталығын бірлесіп пайдаланудың, сондай-ақ, қоршаған ортаны қорғау жəне трансшекаралық өзендердің су ресурстарын тиімді пайдаланудың маңыздылығы аталып өтті. Мəдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту мəселелері де айтарлықтай маңызды. Соның ішінде Астана қаласында Қытайды зерттеудің еуразиялық орталығын құрудың өзектілігіне назар аударылды. Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына орай, Қазақстан Президенті Н.Ə.Назарбаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан Ұлы Жеңісті құрметпен еске алу ғана жаңа соғысқа жол бермеудің сенімді кепілі болатынын жəне халықтар арасындағы татулық пен сенімді, тұрақтылықты нығайтуға ықпал ететінін атап айтты. Қазақстан Президенті Н.Ə.Назарбаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің биылғы 2-3 қыркүйекте Қытайға сапармен келу жəне Бейжіңде өтетін Жеңістің 70 жылдық мерейтойына қатысу жөніндегі шақыруын ризашылықпен қабыл алды. Си Цзиньпин жылы қабылдау мен сапардың жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны үшін алғысын білдіріп, Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестік пен тату көршілік қағидаттарына негізделген, өзара сенім, ашықтық жəне түсіністік жағдайында өткен кездесудің сындарлы сипатын атап өтті.


3

www.egemen.kz

8 мамыр 2015 жыл

ЎЛТ ЖОСПАРЫ. 5 РЕФОРМА ЖƏНЕ 100 ЌАДАМ Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы жаһандық сын-қатерлерге берілген маңызды əрі уақтылы жауап болды. Сайлаушылардың бұрын-соңды болмаған келуі тіркелді – 95,21%, тамаша нəтиже – 97,75 % қазақстандық өз дауысын Елбасы Н.Ə.Назарбаевқа берді. Тағы бір ерекше нəтиже – осы уақыт ішінде ел Н.Ə.Назарбаев ұсынған 5 институттық реформаға – Ұлт жоспарына ие болды. Осы маңызды жоспарды іске асыру үшін Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия жедел құрылды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə. Назарбаев мемлекет дамуының қазіргі заманғы үлгісінің идеологы болып табылатынын тағы да дəлелдеді. Ол

мен əлемдік тұрақ сыз дыққа қарамастан, «келер ұрпақ аталарына қарағанда жақ сы өмір сүруде» деген жолды ұстануда. «Қазақстан-2050» Стра тегиясының, «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясатының арқасында ұрпақтар сабақ тасты ғының осы жолын болашақта да ұстап қалмақ ниетте. Президент «Қазақстан-2050» Стратегиясында жаңа əділдік ұғымына, ХХІ ғасырдың барабар сын-қатерлеріне негізделген жаңа əлеуметтік саясат қағидаттарын береді: «əлеуметтік кепілдіктер жəне жеке жауапкершілік». Бұл ретте, осы мəселедегі мемлекеттің басты мақ саты: «Біздің мақсатымыз – əлеу меттік қауіпсіздік жəне азамат тарымыздың амандығы»

береке-бірлігін сақтап қалудың бірден-бір жолы. Күрделі геосаяси жағдайларда біздің мемлекеттілігіміздің жаһандық сын-қатерлеріне стандартты емес əрі күшті жауап беру қажет болды. Президенттің «Нұр Отан» партиясының ХVI съезінде сөйлеген сөзінде қазақстандық мемлекетті институттық реформалар мен қазіргі заманғы саяси институттарды құру есебінен одан əрі нығайту жөнінде сөз болды. Қазақстан сияқты қазіргі заманғы қалыптасқан мемлекет ненің есебінен орнықты, қуатты əрі табысты бола алады ма? Елбасы бұған 5 институттық реформа ұсына отырып жауап берді. Біріншіден, экономикалық бағдарламалардың сапалы түрде

Болашаќтыѕ біртўтас ўлты

– ќазаќстандыќ даму їлгісініѕ ґзегі Серік СЕЙДУМАНОВ,

Парламент Мəжілісінің депутаты. у

бұрын да жаппай дүрбелең жəне қиын-қыстау кезеңде əлемдік элитаға алға жылжу идеясын күн тəртібіне шығарған адам ретінде танылған болатын. Елбасының арқасында Қазақстан болашаққа қанат сермеген даму ошағы болуын жалғастыруда. Президент Н.Ə. Назарбаев 2012 жылғы желтоқсанда «Қазақстан 2050» Стратегиясында мемлекеттік идеологияны ұсынғаны баршаға мəлім. Бұл идеологияның негізінде неше түрлі «-измдер» мен догмаларға бағынбайтын дамудың ашық үлгісі жатыр. Дамудың ашық үлгісі – кез келген сатыда мемлекеттік шешімдердің басты мақсат 2050 жылы Қазақстанды əлемнің алдыңғы қатарлы 30 елінің қатарына қосу негізге алына отырып, қабылдануын білдіреді. 2050 міндеттеріне сəйкес кез келген жекелеген сатыда мемлекеттік шешімдерді оңтайландыру болашақтың мемлекеттік үлгісін оңтайландыруға əкеледі. Прези дент 2014 жылғы 11 қарашада өткен «Нұр Отан» партиясының саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты жаңа Жолдауында осыны көрсетті. «Ключи от кризиса», «Пятый путь» жұмыстарын, «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы» доктринасын, 2014 жылғы қаңтардағы «Қазақстан жолы-2050 – бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын ескерсек, дамудың қазіргі заманғы үлгісінің идеологиялық тұтас жаңа дүниетанымы қалыптасады. Жаңа «Қазақстан-2050» Стратегиясы жол дауындағы жаңа стратегия дүниетанымдық серпін беруі тиіс, өйткені, 2050 жылға дейінгі стратегияның мəні біздің орнықты даму деңгейіне шығуымыз болып табылады, дамудың типі индустриялануға дейінгіден жəне индустрияланудан постиндустрияландыруға өзгереді. «Қ а зақстан-2050» Стратегиясы бо йынша ескі проблемаларға жаңаша қарауға жəне жаңа проблемаларды оңтайлы шешуге мүмкіндік беретін сана-сезім мен рух көкжиегі кеңейеді, ағымдағы тарихи кезеңге неғұрлым барабар əлеуметтік психология мен мінезқұлық типі қабылданады. Сөз табыс психологиясы жөнінде болып отыр. Америкалық ғалымдардың қазіргі заманғы зерттеулері «жалпыға ортақ прогресс мəдениетінің» болуы туралы айтуға болатынын көрсетті: экономикалық мінез-құлық саласындағы сол бір құндылықтар, шығу тегіне қарамастан, геогра фиялық, климаттық, саяси, институттық жəне мəдени жағдайлары əртүрлі елдерде əлауқатты қамтамасыз етеді». Бай-қуатты тұратын жəне білім деңгейі жоғары кейбір елдерде ұзаққа созылған экономикалық қиындықтар жарты ғасырға ұласқан əл-ауқаттың үздіксіз өсу трендінің құлдырауына əкеп соқты. 50 жыл ішінде алғаш рет «ұрпақтың» жасампаздық деңгейі жоғары болса да «бабаларына қарағанда» «ұрпағының» өмірлік перспективалары нашар болатындай ахуал қалыптасты. Үміт пен болашағы жоқ нақтылық арасындағы алшақтық саяси радикализм жарылысына əкеледі. Қазақстан болса, ұрпақтың келер трендін көтеруде, дағдарыстар

деген тұжырымдама түбегейлі тұжырым. Əлеуметтік қауіпсіздік – əлеуметтік саясатты іске асыру кезіндегі мемлекеттік шешімдерді қабылдаудағы басты критерийі болып табылады. Осы тұрғыда Грекия мен Түркияның мəселесі айқын мысал бола алады. Екі мемлекет көптеген ғасыр бойы бəсекелестікпен (экономикалық, геосаяси, əскери тұрғыдан) өмір сүріп келеді. Тарихтың қазіргі түйінінде Түркия Гре киямен жарыста айқын басым түсіп отыр. Грекияның құлдырауы (6 жыл рецессияда болды) көбінесе əлеуметтік саясаттың дұрыс болмауымен түсіндіріледі, ол «əлеуметтік мемлекет» деген идеяны тура түсініп, мемлекет əлеуметтік шығыстарды шектеусіз ұлғайту жолына түсті. Ал Түркия болса, мемлекеттік шығыстарды шектеп, қарызға батпай, керісінше, ұлттық кəсіпкерлікті барынша ынталандырды. Нəтижесінде, Түркия экономикалық тұрғыдан өсуде, жаңа индустрияландыруды жасады. Əділдік деген гректердің түсінігінше «жəрдемақылардың əділдігі», ал түріктердің түсінігінше «мүмкіндіктердің əділдігі». Демек, əділдік деген мемлекеттік жəрдемақыларды шектеусіз ұлғайтып отыру керек дегенді білдіре алмайды. Қазақстан тəуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап бірден-бір дұрыс жолды таңдады. Ол – барлық сарапшылар (сыртқы да жəне ішкі де) «қазақстандық жол» деп атайтын, қазақстандық үлгінің негізін қалайтын қағидаттар негізінде қол жеткізілетін эволюциялық прогресс. Тəуелсіздік таңында бұл Президент Н.Ə.Назарбаев ұсынған не гізгі 4 ережеден құралды: 1. Ұлт аралық (конфессияаралық) бейбітшілік пен келісім; 2. Ең алдымен экономика, содан кейін саясат; 3. Ұзақ мерзімдік дамудың басты мақсаттары бойынша кең қоғамдық сұхбат; 4. Стратегиялық мемлекеттік жоспарлау (алдымен – 3 жылдық жоспарлар, содан кейін стратегиялар, мемлекеттік бағдарламалар, жол карталары, т.с.с.). Содан кейін сыртқы саясаттың көпбағыттылығы мен меритократия қағидаттарында элитаны жаңарту тетігі жəне ұлттық ауқымдағы мегажобалардың болуы мен т.б. қосылды. Мұның бəрі заманның сын-қатерлеріне берілген жауап болатын. Қазақстан қалыптасқан мемлекет жолына түсті, бірақ əлемдік сын-қатерлер алдында қол жеткен жетістіктерді сақтап, көбейту үшін «жеңіске жеткен егемендік» сатысында тоқырап, тоқтап қалуға болмайды. Дамуға деген мемлекеттік ерік-жігер ғана қазіргі заманның шешілмейтін қайшылықтарын: мемлекетаралық, дінаралық, таптық жанжалдарды шешуге қабілетті. Тұрақты эволюциялық даму идеологиясы – ұлттың

іске асырылуы мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің ұсынылуын қамтамасыз ететін заманауи, кəсіби жəне дербес мемлекеттік аппарат есебінен. Екіншіден, меншік құқығының қорғалуына кепілдік беретін жəне экономикалық дамуды ынталандыратын заң үстемдігінің есебінен. Үшіншіден, индустрияландыру мен əртараптандыру экономикалық өсім беруге тиіс, бұл өз кезегінде орта таптың қалыптасуын қамтамасыз етеді. Төртіншіден, ұлтты этносқа, дін мен тілге қарамастан біріктіретін қалыптасқан ұлттық бірдейлік есебінен. Бесіншіден, билік институттары мен ел азаматтарының арасында кері байланыс тетіктерін жасаудан көрінетін демократияландыру есебінен. Жинақтай келгенде, бұл факторлар Қазақстан мемлекеттілігін нығайту жəне Қазақстанның əлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруі үшін жағдай жасайды. Алғашқы төрт бағыт бойынша жұмысты бір мезгілде жүргізуге болады. Бесінші бағытты басқа бағыттар бойынша оң нəтижелерге қол жеткізуге қарай жүзеге асыру қажет. Реформалардың мұндай дəйектілігін сақтау – əлеуметтік тұрақсыздыққа ұрынбай, саяси жаңғыртуды жүзеге асырудың бірден-бір кепілі. Əлемнің түрлі өңірлеріндегі соңғы революциялар тізбегі асығыс орнатылған демократия мемлекеттің тұрақтылығына кепілдік бермейтінін жəне табысты экономикалық жаңғыртуды қамтамасыз етпейтінін көрсетті. Оның үстіне, кейбір елдерде асығыс түрде жүзеге асырылған демократияландыру саяси режімнің тұрақсыздығына, ал басқа елдерде азамат соғысы мен толықтай күйреуге себеп болды. Тəуелсіздік жылдары Қазақстан тұрақтылықты сақтау мен қоғамдық келісімді қалыптастыру ісінде айтарлықтай табыстарға жетті. Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың саясатының арқасында қазақстандық қоғам əртүрлі этностық топтардың, конфессиялар мен мəдениеттердің бір лесіп, өзара тату-тəтті өмір сүруімен сипатталып отыр. Бірақ біз мемлекеттің ұзақ мерзімді орнықтылығы мен табыстылығын қамтамасыз ету үшін ұлттық бірдейлікті одан əрі нығайта беруіміз қажет. Мұндай саясат: а) Қазақстан қоғамы құнды лық тарының біртұтас жүйесін қалыптастыруды; б) «ортақ табысты болашақ» құндылықтарының иесі – орта тапты қалыптастыруды көздейді. Ұлттық бірдейлік саяси тұрғыдан тұрақты мемлекет құрудың шешуші факторларының бірі болып табылады. Қазақстандық бірдейліктің негізінде еліміздің кез келген этносының өкілі үшін маңызды жалпыазаматтық құндылықтар жиынтығы жатуға тиіс. Ұлттық бірдейлік азаматтық қағидаттарға негізделуге тиіс. Қазақстанның барлық азаматтары бірдей құқықтарды пайдаланып, бірдей жауапкершілік жүгін арқалауға жəне бірдей мүмкіндіктерге қол жеткізе алуға тиіс. Біздің басты мақсатымыз – қазақстандықтардың жаңа жалпыұлттық идеалдар мен құндылықтарды – құқықтың үстемдігін, жекеменшіктің қорғалуын, мемлекеттік дəстүрлерді, қазақстандық құндылықтарды жəне Тəуелсіздік жылдары ішінде жеткен жетістіктерді өзінің этностық

ерекшеліктерінен жоғары қоя білуі. Мəңгілік Ел идеясы жалпыазаматтық құндылықтардың жүйесі болуға тиіс. Мəңгілік Ел идеясының базасында жұртты топтастыратын: азаматтық теңдік, еңбексүйгіштік (жеке бастың табысы – елдің табысы), адалдық, ілім мен білімнің үстемдігі, зайырлы ел – тағаттылық елі құндылықтары ұсынылып отыр. Қазақстандық бірдейліктің діни құндылықтар негізінде нығайтылуға тиіс екендігі де принциптік тұрғыдан маңызды мəселе. Біздің аумағымызда ғасырлар бойы қалыптасқан ханафиттік ислам сабырлылықпен жəне төзімділікпен, ислам құндылықтарының дұрыс түсіндірілуімен, ұтымдылықпен жəне қазіргі өмірдің сын-қатерлеріне деген ашықтықпен ерекшеленеді. Қазақстандағы славян халқының басым бөлігіне тəн православие адамның ар-ұждан проблемасы мен имандылық таңдауын, мейірім мен жанашырлықты басты мəселе етіп қояды. Ал протестантизм табысты əрі өнімді еңбекті, ұқыптылық пен қайырымды өмірді адам тіршілігінің түп өзегі деп белгілейді. Қазақстандық бірдейлік қазақстандықтардың үздік этностық жəне діни дəстүрлерін ескере отырып, жалпы аза маттық құндылықтар негізінде стратегиялық тұрғыдан құрылуға тиіс. Тіл саясаты да маңызды рөл атқарады. Үш тілді кеңістік – қазақ, орыс, ағылшын тілдері этносаралық келісім мен азаматтық теңдіктің кепілі. Қазақ тілі Қазақстан үшін бірегей мəдени актив болып табылады, орыс тілі – өңірлік экономикалық интеграция тілі, ал ағылшын тілі – этносаралық жəне ұзақ мерзімді перспективадағы іскерлік байланыс тілі ретінде, Қазақстанның жаһандық қоғамдастыққа интеграцияланған ел ретіндегі болашағы осы ағылшын тілін пайдаланумен байланысты. Құндылықтарды таңдау кезінде дүниеге батыстық жəне шығыстық көзқарастардың арасын жалғайтын, еуропалық пен азиаттың үздік қасиеттерін синтездейтін еуразияшылдық идеясы біріктіруші идея ретінде бола алады. Кеңес Одағы қирап, тəуелсіз мемлекеттер құрыла бастаған кезеңде сарапшылар бірнеше теория ұсынған болатын, олар: 1. С.Хантигтонның «Өркениеттер қақтығысы» – қоғамның негізгі этностарының əртүрлі мəдениөркениеттік топтарға жатуы нəтижесінде бөлшектенген қоғам əсерінің туындауы; 2. Р.Брубейкердің «Постимпериялық синдромы» – империяның ыдырауы империялық ұлттың отар елдерден метрополияға жаппай қоныс аударуына жəне соған байланысты этносаралық шиеленістерге əкеп соқтырады; 3. Дж.Милннің полиэтностық қоғамның биполярлы этнодемографиялық құрылымы – биполярлы қоғамдарда екі жетекші этностық топ саяси, экономикалық, мəдени жəне өзге де салаларда үстемдік алу үшін өзара бəсекеге түседі; 4. М.Дж.Смиттің «Мəдени плюрализм тұжырымдамасы» – мəдениеті тұрғысынан əртекті топтар өзде рінің арасындағы біреуіне бағындырылуға тиіс, бұл іс жүзінде ассимиляцияны білдіреді. Президент Н.Ə.Назарбаевтың арқасында осы теориялық модельдердің ешбірі Қазақстанда іс жүзіне аспады. Ол 1994 жылдың наурызында Ло моносов атындағы ММУ-де сөй леген сөзінде посткеңестік дамудың сын-қатерлеріне жауап ретінде Еуразиялық Одақ идеясын ұсынды. Еуразиялық жобаның мағынасы мынада – мəдени, өркениеттік, тарихи тамырылармен байланысқан, экономикалық параметрлері бойынша интеграцияланған, əлеуметтік жүйесі ұқсас, «тағдыры ортақ» халықтар мен мемлекеттер жағдайында жаһандану шектеулі кеңістік ауқымында ғана қабылданады. 2014 жылғы 29 мамырда Астана қаласында Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартқа қол қойылып, ол 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді. Интеграция мен коммуникацияның кеңістігі құрылды, бұл болашақта біздің елдерімізде əлеуметтік-саяси дамудың жағымды трендін қамтамасыз етуге тиіс. Осылайша, Қазақстанның Тұң ғыш Президенті – Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың сарабдал саясаты мен ғаламат тұлғасының арқасында əлемді мойындатқан «Қазақстан жолы» бұрынғы Кеңес Одағы кеңістігіндегі ең нəтижелі үлгіге айналды. Ұлтаралық жəне конфессияаралық келісім мен ортақ үйіміз – Қазақстандағы бейбітшілік оның саясатының негізгі өзегі мен түпқазығы болып табылады.

Орындауєа кїш салайыќ

Бүгінде дүниедегі мұқым қазақ пен қазақстандықтар тарих парағына алтын əріппен жазылған ең айтулы күндерін басынан өткізуде. Əлемде территориялық жағынан тоғызыншы орын алатын Қазақ елі бесінші мəрте Президентімізді сайлап, тағына отырғыздық. Табиғат пен адам егіз ғой. Сайлау күні де, ұлықтау күні де ауа райы жадырап, елдің сəнін келтіріп, қуаныш сыйлады. Осылай халық өзінің жүрек қалауындағы Президентін таңдады. Мен болса да егемен еліміздің бүгінгі биігіне жетуіне жарғақ құлағы жастыққа тимей, күн-түн демей елімізді басқарып отырған ұлы азаматымыз – Нұрсұлтан Əбішұлына дауысымды бердім. Айтқан болар едім, Назарбаев – Тəуелсіз мемлекетіміздің патриархы. Өйткені, осы кісі біздің республиканы қалыптастырып, өрісті жолға сілтеп отырды. Мен бір кезде: «Замандастар, көкжиекке көзді салайық, Нұрекеңнің бастауымен Мəңгілік Қазақ еліне ретті, ізетті жолмен жетейік» деп айтып едім.

Біле білсек, бүгінде тек көшбасшымыздың арқасында тыныштықта, бейбіт өмір сүріп отырмыз. Бұл кісі алысты көздейтін, алысты болжай алатын үлкен мемлекет қайраткері, əрі бірегейі. Айтқан болар едім, бүгінгі күні Нұрекеңнің беделі дүниежүзіне белгілі. Қазір əлемде 200-дей мемлекет болса, соның ішіндегі көріктісі де, қазынасы бай да Қазақстан Республикасы. Міне, Сіз осындай елді аралап көрдіңіз бе? Мен көрдім. Өзім жыл

сайын кең-байтақ Қазақстанымды көлікпен бір аралап өтемін. Менің қуанатыным, əрбір қалаға, ауданға барсаң көретінің құрылыс крандары. Құрылыс крандары болды деген сөз, ол елді мекенде мектеп, аурухана, мəдениет орталығы салынып жатыр деген сөз. Сондықтан қай кезде болса да, қайда жүрсек те өзіміздің көшбасшымыздың саясатын əр уақытта қолдап, оны баянды етуге, Елбасының қабылдаған бес институттық реформасын, 100 қадамын орындауға күш-жігерімізді салайық деп халыққа үндеу тастағым келеді. Бұл ойымды халық қолдайды деп сенемін. Олай болса, тоқсанға таянған жасымда Елбасына аман болып, денсаулығы мықты, еліне қалқан бола берсе екен деген батамды беремін. Сұлтан САРТАЕВ, академик.

АЛМАТЫ.

–––––––––––––––––

Суретті түсірген Айтжан МҰРЗАНОВ.

Жаѕа жеѕістерге ўмтылдырады Елбасы Қазақстан Президенті лауазымына ресми кірісу салтанатында сөйлеген сөзінде 26 сəуірде өткен сайлау республика тұрғындарының ел бірлігіне беріктігі мен кемел келешекке сенімділігін паш еткенін айрықша атап көрсетті. Солтүстікқазақстандық сайлаушылар да жоғары ұйымшылдықтың үлгісін көрсетіп, Елбасымызбен бірге болатындарын бірауыздан мəлім етті. Мен Светлопольск ауыл дық округінде орналасқан №344 сайлау учаскесінде қоғамдық байқаушы миссиясын атқара жүріп, жұртшылықтың сайлауға деген ерекше ынта-ықыласы мен жоғары жауапкершілігінің куəсі болдым. Тізімдегі сайлаушылардың 99 пайызы өз таңдауларын жасап, ел тұтастығы, ұрпағымыздың болашағы, мемлекеттілігіміздің нығаюы бейжай қалдырмайтындарын айғақтады. Кез келген елдің қуаты халқының бірлігінде екенін Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ съезінде алға тартқан Мемлекет басшысының делегаттар назарын бес халықтық реформаға аударуы тектен-тек емес. Өйткені, бүкілхалықтық механизмдер мен мега-жобаларды іске асыру арқылы ғана біртұтас ұлттық мəселелерді шешуге, тыныштық пен

татулықтың қазақстандық моделін қалыптастыруға қабілеттіміз. Нұрсұлтан Əбішұлы салмақты да көреген идеяларымен инаугурация кезінде де бөлісіп, Қазақстанды ең қуатты елдердің қатарына қосу жөніндегі батыл ұстанымын тағы бір қуаттап берді. Қазақстандықтарға төрткүл дүниеде дағдарыстар мен жанжалдардың жаңа ұшқындары өршіп отырғанын жеткізе келіп, 5 сыртқы сын-қатерлердің қауіп төндіріп отырғанын ескертті. Оған қарсы тұрарлық, еңсеретін, тың белестерге ұмтылдыратын бес ауқымды міндеттерді ұсынды. Осылайша, «Қазақстан-2030» алғашқы ұзақ мерзімді Стратегиясын қабылдап, орнықты даму жолына нық түскен

еліміздің экономикалық өсімін бəсеңдетпеу, азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеру қағидаттарын мүлтіксіз жүзеге асыру үшін Елбасы Жарлығымен Президент жанынан Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның құрылғанын, оған 5 реформаны кезең-кезеңмен асыруды басқару, үйлестіру секілді міндеттер жүктелгенін естіп, халықтық реформаларды қалтқысыз орындаудың қозғаушы күші ретінде қабылдадық. Елбасы «мемлекеттік құрылыстың одан арғы 100 нақты қадамы» атты Ұлт Жоспарын ұсынамын. Бұл бағдарлама – біздің жаһандық жəне ішкі-сыртқы қатерлерге, сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда 30 дамыған мемлекеттің қатарына ену жөніндегі жоспарымыз. Реформаларды жүзеге асыру – алда тұрған 10-15 жылда бірінші кезектегі ұлттық міндет», дей отырып, комиссияның алғашқы отырысында жариялайтынын айтқан еді. Бұл күнді де тағатсыздана тосып отырмыз. Светлана АВГУСТИНСКАЯ, «Совхозная» орта мектебінің директоры.

Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы.

ЕЛБАСЫ Н.Ə.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ЛАУАЗЫМЫНА КІРІСУ САЛТАНАТЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ 29 сəуір, 2015 ж. ҰЛТ ЖОСПАРЫ «ӘРІ ҚАРАЙҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫСТЫҢ 100 НАҚТЫ ҚАДАМЫ»

4-ШІ РЕФОРМА • БАРЛЫҚ АЗАМАТТАР ҚҰҚЫҚТЫҢ БІР КӨЛЕМІН ПАЙДАЛАНУЫ ТИІС • ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ БІР ЖҮГІН КӨТЕРУІ ТИІС • ТЕҢДЕЙ МҮМКІНДІКТЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУІ ТИІС

БҮГІНДЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ МӘҢГІЛІК ЕЛ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ БІРІКТІРЕДІ: • АЗАМАТТЫҚ ТЕҢДІК • ЕҢБЕКСҮЙГІШТІК • АДАЛДЫҚ • ҒЫЛЫМҒА ДЕН ҚОЮ • ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ • БЕРІЛГЕНДІК ПЕН ПАТРИОТИЗМ ХАЛЫҚ ДАНАЛЫҒЫ: «ЕГЕР СІЗ БІР ЖЫЛ БҰРЫНҒЫНЫ ОЙЛАСАҢЫЗ – ЕГІН ӨСІРІҢІЗ; ЕГЕР СІЗ ЖҮЗ ЖЫЛ БҰРЫНҒЫНЫ ОЙЛАСАҢЫЗ – АҒАШ ОТЫРҒЫЗЫҢЫЗ; ЕГЕР СІЗ МӘҢГІЛІК ТУРАЛЫ ОЙЛАСАҢЫЗ – АДАМ ТӘРБИЕЛЕҢІЗ»

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– Еуразиялық интеграция институты əзірлеген.


4

www.egemen.kz

8 мамыр 2015 жыл

ƏСКЕРИ ШЕРУ ЕЛІМІЗДІЅ

(Соңы. Басы 1-бетте). Қазақстан Республикасының Конституциясында көр сетілгендей, ел Президенті Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы болып табылады. Əр азамат Отан қорғаушы санатына қосылғанда, Қазақстан халқына жəне оның Президентіне адал болуға ант береді. Қазіргі таңда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында еліміз ынтымақ пен келісімнің, тұрақтылық пен орнықты дамудың ордасына айналып отыр. Сағат 11.00-де «Қазақ Елі» алаңына парад көлігімен Елбасы – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев шықты. Əскери сап алдында Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов Мемлекет басшысы – Жоғарғы Бас қолбасшыға əскерлердің Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы мен Отан қорғаушы күніне арналған парадқа дайын екенін баяндады. Іле Елбасы парад автокөлігімен əскери қызметшілер сапын аралап, парадтық есептоптарға амандасты. Мінбеге көтерілген Мемлекет басшысы – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды жəне əскери шеруге қатысушыларды Отан қорғаушы күнімен, Ұлы Жеңістің 70 жылдығымен құттықтады.

– Қымбатты отандастар! Құрметті сардарлар мен сарбаздар! Отан қорғаушы күні жəне Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойы құтты болсын! Осыдан 23 жыл бұрын дəл осы күні менің Жарлығыммен Қазақстанның Қарулы Күштері құрылды. Бүгінде ол – кəсіби сарбаздар мен заманауи жарақтардан тұратын айбынды Армия. Біздің əскеріміз ұлан-ғайыр даламыздың əрбір қадам жерін қапысыз қорғауға қабілетті. Біз – бабалардың ерлік жолын қастерлеп, елдік жолын жалғаған ұрпақпыз. Қанымызға сіңген қастерлі борышты антына адал ерлеріміз қазір де абыроймен атқаруда. Ер азамат үшін туған жердің тұтастығын, туған елдің тыныштығын күзетуден асқан абырой жоқ. Сіздердің қызметтеріңіз – ел тəуелсіздігінің жəне хал қымыздың болашаққа сенімінің кепілі, – деді Елбасы. Бұдан кейін Президент өз сөзін Жеңістің 70 жылдығы мерекесіне бағыттады. – Екі күннен соң Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл болады. Адамзат тарихындағы ең алапат соғыстағы Ұлы Жеңіске біздің халқымыз өшпес үлес қосты. Майданға аттанған 1 миллион 200 мың жерлесіміздің тең жартысы ерлікпен қаза тапты. 500-ден астам қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атанды. Соғыс жылдарында бүкіл халқымыз тыл

жұмысына жұмылып, жеңісті жақындатуға еңбек сіңірді. Қас дұшпанға қарсы атылған əрбір он оқтың тоғызы қазақ жерінде жасалды. Əкелеріміздің ерлігі мен аналарымыздың еңбегі ұрпақ жадында мəңгі сақталады. Біздің жеңістеріміздің тарихы – патриотизм мен ел бірлігінің нағыз үлгісі. Біз Ұлы Жеңісті мəңгі ұлықтап өтеміз, – деді Президент. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті бес институттық реформаны жүзеге асыру жаңа ұрпақ үшін даңғыл жол ашатынын жеткізді. Аталмыш реформа Қазақстанның өркендеуіне, əлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына қосылуына өз үлесін қосады. Ал біздің бұған дейінгі жетістіктеріміздің барлығы жаңа асуларды бағындыруға ынталандырады. Осы орайда Нұрсұлтан Назарбаев: – Биыл 20 жылдығын атап өтіп жатқан Конституцияның бірінші бабы: «Біз, Қазақстан халқы» деп басталады. Бұл – көпұлтты халық бірлігінің мызғымас формуласы. Біз ең басты құндылықтарымызды – тəуелсіздікті, татулық пен тұрақты лықты ғасырдан ғасырларға сақтауға тиіспіз. Барлық мемлекеттік институттардың жəне əрбір қазақстандықтың парызы – осы құндылықтарды қорғау. Отан қорғаушылардың алдыңғы қатарында біздің айбарлы Қарулы Күштеріміз тұр, – деді.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Жоғарғы Бас қолбасшы ретінде еліміздің əскери қызметшілеріне сөз арнады. – Жоғарғы Бас қолбасшы ретінде мен еліміздің əрбір əскери қызметкеріне үндеу жасаймын. Сіздерге биік міндет – Қазақстан егемендігі мен азаматтардың тыныштығын қорғау жүктелген. Осы қасиетті парызды адал орындаңыздар. Бүгін біздің айбынды жауынгерлеріміз осы алаңнан салтанатты шеру тартып өтеді. Бұл – Ұлы Жеңіске жəне Отан қорғаушы күніне көрсетілген құрмет, – деді. Елбасы өз сөзін: «Қымбатты қазақстандықтар! Еліміздің шебі бүтін, шекарасы берік болып, Отанымыз тыныштыққа бөлене берсін! Мəңгілік Елімізде мызғымас бейбітшілік болсын! Байрағымыз биікте желбіреп, абыройымыз асқақ болсын! Айбынды Армиямыз жасасын! Қазақстан жасасын!», – деп түйіндеді. Президент сөзінен кейін Əнұран шырқалып, одан кейін парад басшысы, генерал-лейтенант Мұрат Майкеев салтанатты шеруді бастауға бұйрық берді. Парадтағы жаяу тізбектер шеруін Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің барабаншылар ротасы бастады. 1999 жылғы 4 қарашада мектептің ашылу рəсімі осы арнайы оқу орнын құру идеясын ұсынған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен болатын. Осы жылы мектепке өмір жолы өнегеге толы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің есімі берілген-ді. Қазіргі таңда бұл оқу орнының түлектері өздерінің саналы ғұмырларын Отанға қызмет етуге арнап жүр. Құрылғалы 16 жыл өткен, жеткіншектердің бойына тəртіп пен Отанға адал қызмет етудің игі дəстүрін сіңіріп келе жатқан бұл «Жас ұлан» мектебінде дəріс алып жүргендер – еліміздің барлық өңірлерінен келген үлгілі, озат оқушылар. «Жас ұлан» мектебі өкілдерінің соңынан Ұлы Отан соғысы уақытындағы əскери форма үлгісін киген парадтық үш топ ілесті. Бірінші топ Ұлы Отан соғысы кезінде құрамында біздің жерлестеріміз соғысқан 72-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының жауынгерлік туының көшірмесін ұстап өтті. Жиылған жұртшылық Ұлы Отан соғысындағы аңыз қару аталған «Максим» пулеметтерін өз көздерімен көрді. Одан кейін Қарулы Күштердің қазіргі заманғы парадтық есептобы көрінді. Олардың ізін ала Қорғаныс министрлігінің есептобы бой көрсетті. Құрлық əскерлері – армиямыздың негізгі екпінді күші. Қарулы Күштердің бұл түрі саны жағынан ең үлкен жəне жауынгерлік міндеттердің кең ауқымын атқаратын маңызды бөлігі саналады. Құрлық əскерлерінің құрамына мотоатқыштар, танк, артиллериялық бөлімдер, теңіз жаяу əскерлері, десантты-шабуылдаушы жəне материалдықтехникалық қамтамасыз ету бригадалары кіреді. Іле Əуе қорғанысы күштерінің парадтық есебі сап

түзеді. Олардың негізгі мақсаты – Отанымызға көктен төнген қауіптің алдын алу, əскери нысандарымызды əуе шабуылынан қорғау, басқа да қарулы күштерге əуеден қолдау көрсету. Қазіргі уақытта Əуе қорғанысы күштері заманауи қару-жарақтармен жəне кəсіби мамандармен қамтамасыз етілген. Соның арқасында олар өздерінің мүмкіндіктерін дəлелдеп келеді. Салтанатты шеруді Əскеритеңіз күштерінің парадтық есептобы жалғастырды. Олар еліміздің теңіз шебіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Дəлірегі, Əскеритеңіз күштерінің жеке құрамы өз міндеттерін табысты орындап, еліміздің теңіз шебін сенімді күзетуде. Аз ғана уақыттың ішінде мамандар дайындау жүйесі қалыптасқанын, еліміздің əскериөнеркəсіп кешені əскери кемелер құрылысын жолға қойғанын ерекше атап өтуіміз керек. Сондай-ақ, былтыр Орал қаласында отандық «Сарыарқа» зымырандық-артиллериялық кемесінің суға түсірілгенін де еске сала кетейік. Бұлардан соң алаң орталығына Аэроұтқыр əскерлердің шеру тобы шықты. Десантшылар үнемі жауынгерлік əзірлікте тұрады. Аэроұтқыр əскерлері Қару лы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшының резерві болып табылады. Десантшы-əскерлер ең қиын тапсырмаларды орындай алады. Бұдан кейін жұртшылықтың назары Теңіз жаяу əскерлері гвардиялық бригадасының ротасына ауды. Бұл бригадаға еліміз үшін аса маңызды Каспий маңы өңірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті жүктелген. Теңіз жаяу əскерлерінің ұраны – «Біз қайда болсақ, жеңіс сонда!». Бұлар əркез өздерінің жоғары деңгейдегі дайындығымен танылып, оқу-жаттығуларда жақсы нəтижелер көрсетіп жүр. Салтанатты шараны одан ары «Қазбриг» бітімгерлік бригадасы жалғастырды. Бригада БҰҰ стандарттарына сай құрылған. Бітімгерлік бөлім келісімшарт бойынша əскери қызметшілерден жасақталған. Олар – өз ісінің нағыз шеберлері. Бұлардың ізін басып алаңнан ерекше жауынгерлік киім киген Арнайы мақсаттағы бөлімшелердің сарбаздары өтті. Аяқтарын нық басқан жауынгерлердің бойларынан күшжігердің нышаны анық байқалады. Əскери тəжірибелер көрсетіп бергендей, қазіргі заманғы қарулы қақтығыстарда құрамы жағынан шағын, алайда ұтқыр бөлімшелер маңызды рөл атқарады. Сондықтан да бұл бөлімшелердің құрамы шағын болғанымен, əлеуеті күшті. Көпшілік шерудің ең көрікті қатысушылары деп таныған əскери қыз-келіншектерден құралған шеру тобы да салтанатты шараның маңызын арттыра түсті. Əлия мен Мəншүктей қазақтың батыр қыздарының ізін басып келе жатқан олар бүгінгі таңда əскери қызметтерін абыроймен атқарып жүр. Əскери қызметші əйелдер өздеріне тиісті мамандықтарын жетік меңгерген. Олардың арасында мергендер, байланысшылар, дəрігерлер, психологтар бар.

Сонымен қатар, алаңнан Нұрсұлтан Назарбаев атындағы Ұлттық қорғаныс университеті офицерлерінің парадтық сапы жүріп өтті. Бүгінге дейін аталған университетте мыңға жуық офицер білім алған. Олар Отан қорғау саласындағы құрылымдарда лайықты қызмет етуде. Парадты одан əрі жігерлі қадаммен Құрлық əскерлері əскери институты курсанттарының ротасы жалғастырды. Бұл əскери оқу орнының парадтық есептобы жақында Мəскеудің Қызыл алаңында Ұлы Жеңіс құрметіне арналған парадқа қатысатынын мақтанышпен айтып өтейік. Жалпы, Құрлық əскерлері əскери институты 40 жылдан астам уақыт танк əскерлері мен мотоатқыштар үшін мамандар дайындап келеді. Ал Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылған сəттен бері əскери десанттық-батыл əрекет ету, тау-мергендері, барлау бөлімшелері үшін офицерлер даярлауда. Институттың іргесі қаланғаннан бері мұнда 16 мыңнан астам офицер дайындалған, олардың 50-ден астамы генерал шенін алған. Аталған əскери оқу орнының түлектері Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің негізгі офицерлік құрамы болып табылады. Келесі кезекте Радиоэлектроника жəне байланыс əскери-инженерлік институтының курсанттары парадтың сəнін келтірді. Бұл – Орталық Азия өңіріндегі автоматтандырылған басқару жүйесі мен байланыс саласында мамандар даярлайтын жалғыз оқу орны. Институт жоғары зияткерлік жəне жоғары технологиялық жүйелерді басқаруға қабілетті кəсіби білікті офицер-инженерлер дайындауда үлкен жетістіктерге жетіп жүр. Сондай-ақ, Кеңес Одағының екі мəрте Батыры Талғат Бигелдинов атындағы Əуе-қорғанысы күштері əскери институтының үздік курсанттары да əскери шеруде жұртшылық назарын өздеріне аударды. Айта кетейік, 1998 жылдан бері институтты 1800-ден астам офицер бітіріп шыққан. Олар бүгінде Қарулы Күштерде, басқа да əскери құрылымдардың авиациялық бөлімдерінде өздерінің жауынгерлік борыштарын лайықты атқаруда. Мінбер алдынан Ұлттық ұлан Петропавл əскери институтының курсанттары да сымдай тартылып, сап түзеп өтті. Аталған оқу орны 1997 жылы құрылған-ды. Бүгінде халықаралық деңгейдегі ең үздік əскери оқу орындарының бірі ретінде танылуда. Парадты Қорғаныс министрлігі Ш.Уəлиханов атындағы Кадет корпусының салтанатты шеруі жалғастырды. Кадет корпусының негізгі міндеті – кəсіпқой сержанттар даярлау. Ал бұлардың ізін ала Қазақстан Қарулы Күштері Əскери полициясының парадтық есептобы сап түзеп, мінбер алдынан өтті. Олардың сапында ерекше жағдайларда қолданылатын шұғыл əрекет ету бөлімдерінің əскери қызметкерлері қызмет етеді. Салтанатты шеруге Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара

қызметінің парадтық есептобы да шықты. Шекара қызметі Қарулы Күштерімізбен бірге шекарадағы қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, еліміздің тыныштығын кірпік қақпай күзетуде. Жалпы, біз Шекара қызметі жөнінде əңгіме қозғар болсақ, осы саланың 83 жылдық тарихы бар академиясына тоқталмай өте алмаймыз. Өйткені, 10 мыңнан астам офицерді дайындап шығарған, олардың ішінде 44 түлегі Кеңес Одағының Батыры атағын алған академияның рөлі еліміз үшін айрықша. Келесі кезекте Қазақстан Ұлттық ұланы шұғыл мақсаттағы алғашқы жеке бөлімінің парадтық есептобы да өзге əріптестері секілді өз салтанатымен шеру тартып өтті. Осы арада біз Жеңістің 70 жылдығын тойлау кезінде олардың «Біз – Жеңіс мұрагерлеріміз» атты акция ұйымдастырғанын ескере кетейік. Сол сияқты, мінбер алдынан өтуге Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіне қарасты Көкшетау техникалық институтының курсанттарына да кезек келді. Онда түрлі сипаттағы қысылтаяң жағдайларда ауқымды міндеттерді шеше алатын білікті офицерлер даярланады. Жаяу əскери шеруді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің рота колоннасы аяқтады. Олар Президентке тікелей бағынады жəне Елбасы алдында есеп береді, сондай-ақ, Отанымыздың ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күшке жатады. Жаяу əскерлер шеруі аяқталғаннан кейін соғыс жылдарындағы жəне Қазақстанның ең соңғы жаңа үлгідегі əскери техникалары алаңға шықты. Парадта бірінші болып Т-34 танкі жүріп отырды. Бұл соғыс жылдарында аты аңызға айналған ең күшті танктердің бірі болған. Ол соғыс күрмеуінің шешілуіне елеулі үлес қосқан. Ол басқа танктерді, құрышты автокөліктерді жəне ДОТ (ұзақ уақыт ату нүктесі), ДЗОТ (ағаштопырақпен бекітілген ату нүктесі) типтес, басқа да құрышпен қапталған нысандарды жəне жаудың күшін жоюға арналған. Оның техникалық сипаттамаларына келер болсақ, танктің экипаж құрамы 5 адамнан тұрады, салмағы 26,3 т., 76,2-мм Л-11 зеңбірегі, 2 не 37,62-мм ДТ пулеметтері бар. Ең жоғары жылдамдығы 53 км/ са ғатқа жетеді. Бұл санаттағы танк тің елімізде 5 бірлігі бар. Əскери шеруде ЗиЛ-157, ЗИС-2 зеңбіректері, М-30 гаубицалары, əлемге «Катюша» атымен танылған БМ-13 атыс жүйесі ел назарына ұсынылды. Бұл қарулар мен көліктерге де аз-кем тоқтала кетсек, артықтық етпес. ЗиЛ-157 – қаруларды жетекке алуға, түрлі жүктер мен жеке құрамды тасымалдауға арналған. Ол 3750 кг. жүкті таси алады. Ал толық салмағы – 10185 кг., сағатына 60 км. жылдамдықпен жүре алады. Жанармай шығыны – 35,0 л. Сонымен қатар, əскери парадта жұрт назарына ұсынылған ЗИС-2 танк бұзар зеңбірегі де Ұлы Отан соғысы кезеңінде кеңестік қарулардың бірі болды. Бұл 1940 жылы əзірленген, сол уақыттағы


АЙБЫНЫН АСЫРДЫ

əлемдегі ең күшті танк бұзар зеңбірек атанған. Оның салмағы 1050 кг., тура ату қашықтығы 1120 м., ату шапшаңдығы 25 атыс/мин. Барлығы 13 710 бірлік жасалып шығарылған. Кейбір мемлекеттер əскерлерінде ЗИС-2 əлі күнге дейін қолданылады. Қазақстанда тұғыр немесе мұражай экспонаттары ретіндегі бұл қару түрінің 31 бірлігі сақталған. Тағы бір көне əскери техника ның бірі – М-30 зеңбірегі. Ол – 1938 жылғы үлгідегі 122мм М-30 гаубицасы. Бұл қару 1939 жылдан 1955 жылға дейін шыға рылған, əлемнің көптеген елдері əскерлерінде болған, тіпті əлі де бар, ХХ ғасырдың ортасы мен соңында болған барлық дерлік соғыстарда жəне қарулы қақтығыстарда кеңінен қолданылған. Негізінен, артиллерия бөлімдерін М-30 гаубицасымен қаруландыру Ұлы Отан соғысында нацистік Германияны күйретуде үлкен рөл атқарған. Оның барлығы 19 266 бірлігі жасалып шығарылыпты. Сондай-ақ, Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі реактивті артил лерияның кеңестік БМ-13 жауынгерлік машинасы атанған БМ-13 – «Катюша» да ең кең таралған жəне атақты жауынгерлік машина. Бұл техниканың оқ бағыттаушыларының саны – 16, снарядсыз жорықтық күйдегі салмағы 7200 кг., оқтау уақыты – 5-8 мин, ал ату қашықтығы – 8470 метр. Жоғарыда аталған ескі əскери техникалар шеруі алаңнан өткеннен кейін Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы мен Отан қорғаушы күніне арналған əскери парадты Қазақстан Қарулы Күштерінің жару-жарақ жəне əскери техникасынан құралған механикаландырылған лектер жалғастырды. Бүгінде Қазақстан Қарулы Күштерінің əскери əзірлігі жəне техникалық жарақтануы жағынан əлемнің алдыңғы қатарлы армияларымен иық теңестіре алатын дəрежеде. Парадқа қатысқан қазіргі техникаларға тоқталсақ, заманауи техникалар шеруін Т-72Б танкі

5

www.egemen.kz

8 мамыр 2015 жыл

бастады. Бұл танктер бөлімінің ең негізгі қаруы саналады. Ол ең үздік əлемдік стандарттарға сай келеді. Т-72Б – бірнеше қабатта брондалған жəне снарядқа қарсы жабдықталған. Яғни, ұрыста жүріп қорғануға ыңғайлы етіп жасалған. Бұдан өзге, алаңда танктерді қолдау жауынгерлік машиналары, соңғы жылдары қазақстандық армияның сапына қосылған машиналар, «Солнцепек» жаяу əскер жауынгерлік машиналары, БМП2, БТР-82 бронетранспортерлері, Д-30, «МСТА-Б» гаубицалары, «КамАЗ», автокөліктері, «Штурм-С» кешені, «Тигр» бронды көліктері, «Стрела-10» зенитті-зымыран кешенінің батареясы, «Смерч» реактивті жүйесі, «Кобра» жауынгерлік барлау көліктері, Аэроұтқыр бөлімдеріне арналған «Хаммер» көліктері, С-200, С-300 көпарналы зениттік-зымырандық кешендері жəне басқа да заманауи əскери техникалар жүріп өтті. Бұлардың ішіндегі бірқатарына қысқаша сипаттама бере кетейік. Мəселен, «Солнцепек» бір дүркін оқ атқанда 40 мың шаршы метр аумақты қиратып кетеді. Ал «Стрела-10» зенитті-зымыран кешені 5 шақырым қашықтықтағы жəне 3 шақырым биіктіктегі нысананы атып түсіре алады. Сол сияқты, БТР-82 бронетранспортерінде 30 миллиметрлік калибрдегі тез ататын автоматты зеңбірек, тұрақтандырғыш жəне нысанды комбинациялық тұрғыда дəлдейтін 7,62 мм. калибрлі қосауызды пулемет орналастырылған. Ол судағы кедергіні оңай еңсере алады. Ал «Кобра» барлау автомашинасы қазіргі замандағы қақтығыс пен соғыста өзіне жүктелген тапсырманы дəлме-дəл жəне кез келген жағдайда толық орындауға мүмкіндігі бар. Сол секілді, «Хаммер» көліктері жол таңдамайтынымен ерекшеленеді жəне жауын-шашынды, боранды күндерде жүруде қиындық туғызбайды. Сондай-ақ, ол танкке қарсы басқарылатын зымыран кешенімен жабдықталған. Бұған қоса, қуатты дизельдік қоз ғалтқыш орнатылған ол, 5

тонналық салмағына қарамастан, сағатына 110 шақырым жылдамдықпен жүре алады. Ал «Смерч» реактивті жүйесінің бір оғы 280 гектар аумақты тас-талқан етеді. Оның бір зымыранының салмағы 800 кило тартады. Сағатына 90 шақырым жол жүреді. Артиллериялық бригаданың қаруы болып табылатын «МСТА-Б» гаубицалары 25 шақырымға дейінгі қашықтықта орналасқан нысанды жоюға арналған. Калибрі 152 мм, «МСТА-Б» гаубицалары артиллериялық бригаданың қаружарағы болып табылады. 7 адамнан тұратын зеңбірек есептобы 3 минутта қаруды ұрыстық əзірлікке келтіруге жəне қарсыласты жоюға кірісуге қабілетті. Ату жылдамдығы – минутына 8 снаряд. Зеңбіректің салмағы – 7 тонна. Ал С-300-дің əуедегі нысаналарды 300 км. қашықтықтан жою ға мүмкіндігі бар, бір кешен бір мезгілде 6 нысананы алып жүреді жəне 12 басқармалызениттік зымырандарды бағыттай алады. Əуе шабуылына қарсы қорғаныс əскерлерінің дəл осы ең жетілдірілген құралдары Астана қаласы əуе кеңістігінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. «Штурм-С» кешені көпнысаналы жеңіл сауытты тартқыш негізінде 5 км. қашықтыққа дейін қалыңдығы 56 см. болатын сауытты тесіп өтіп, қарсыластың сауытты техникасын талқандайды. «Штурм-С» артиллериялық бригада лардың танкке қарсы дивизиондарының қару-жарағы болып табылады. «Точка-У» тактикалық-зымырандық кешені де бүгінгінің өте қуатты қаруы. Ол 120 км. қашықтықтағы қарсыластың маңызды нысандарын қирата алады. Бір жіберу құрылғысының жалпы салмағы 18 тоннаны құрайды. Қуатты агрегаттары мен қаружарақ кешені жаңғыртылған БМП2-нің кез келген жағдайда, соның ішінде шөлді жəне таулы жерлерде, сондай-ақ, қарсыластың үздік сіз атыс жүргізуіне қарсы пай далану үшін тактикалықтехникалық мүмкіндіктері мол.

Аталған машина 30 мм. автоматты зеңбірекпен, танкке қарсы басқарылатын зымырандармен жəне оқша шармен жарақтан ды рылған. Жаяу əскердің жауынгерлік маши насы өз қару-жарағы мен жер үстіндегі, сонымен қатар, əуе нысаналарын жоя алады. БМП-2 су бөгеттерінен жүзіп өтуге де қабілетті. Ұрыс даласында жаяу əскердің жауынгерлік машиналары – мотоатқыштар жəне десанттық бөлімшелердің сенімді қорғаны. Əскери шеруде «Тигр», «Федерал», «Урал-4320», «Ленд Ровер», Sandcat сынды заманауи автомашиналар да жүріп өтті. Бұлар дың арасындағы «Ленд Ровер» арнайы тапсырылған міндеттерді орындау үшін радиоарналар арқылы берілетін түрлі ақпараттарды шифрлауды қамтамасыз етеді. Ал Sandcat – тапсырма орындау барысында сағатына 160 шақырым жылдамдықпен жүре алатын жүрдек бронды машина. Əскери шеруде радио байланыс стансалары – Р-417, Р-414 жəне əмбебап жедел байланыс кешені де жұрт назарын өзіне аудара білді. Механикаландырылған лек қозғалысын «Да Винчи» жəне «Скайларк» ұшқышсыз ұшатын аппараттары жалғастырды. Салмағы 10 килодан аспайтын ұшқышсыз ұшу аппараттары, 40 км-ге дейін жерден оператордың басқаруымен, 10 шаршы км.-ден артық аумаққа бақылау жүргізе алады. Бұл кешендер əуе барлауын жүргізуде таптырмайды. Заманауи қуатты электронды аппаратура жердегі жекелеген адамдарды көріп, операторға бейнені нақты уақыт режімінде бере алады. Олар аэродромдар жəне жанармай құю пункттері сияқты қосымша инфрақұрылымдарды қажет етпейді, сондай-ақ, жердегі радарларға көрінбейді. Шеру көк жүзіне Əуе қорғанысы күштерінің тікұшақтары мен ұшақтары көтерілгенде басқаша сипатқа ауысты, дəлірегі – парад қыза түсті. Жұртшылық көк жүзіне көз жіберді. Əскери-көліктік жəне армия авиациясының Су-25, Су-27, Су30, МиГ-29, МиГ-31, МиГ-27, Ан26, Ан-72, Ту-134, Ту-154, С-295 ұшақтары, сондай-ақ, Ми-8, Ми17, Ми-171, Ми-26, К-32 жəне ЕС145 (Еурокоптер) тікұшақтары көк жүзіне самғауы парадтың салтанатын асырды. Бұл арада ерекше атап өтерлігі, парадқа Қазақстан Қарулы Күштерінің тарихында алғаш рет ел Əскери-əуе күштерінің сапын толықтырған 4++ буынына жататын жаңа жоғары маневрлі Су30МС жойғыш ұшағы қатысты. Əскери ұшқыштар ерекше қиын əуе қимылдарын жекелей жəне топпен бірге көрсетті. Көктегі шеруге Қазақстан Əуе қорғаныс күштерінің бас қолбасшысы, генерал-майор Нұрлан Орманбетов басшылық жасады. Парадтың əуедегі бөлігін Қа зақстан Əуе қорғаныс күштерінің Ми-17 əскери авиация тікұшақтары бастады. Авиациялық ұшуларды Қазақстан Əскери-əуе күштерінің қолбасшысы, генералмайор Дəурен Қосанов басқарды. Ал Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын алып ұшу

құрметі авиациялық база командирі, ұшқыш-мерген, полковник Нұрлан Байдуллаевқа бұйырды. Сол сияқты, Қазақстан Қарулы Күштерінің туын звено командирі, 1-сыныпты ұшқыш, майор Айбек Ержанов көкте желбіретті. Алаң үстінде зулаған армиялық авиацияның көп мақсатты Ми-8 тікұшақтары да шеруді сəтімен жалғады. Бұл топқа эскадрилья командирі, 1-сыныпты ұшқыш, подполковник Нұрбол Сəлімбаев басшылық жасады. Негізінде армиялық авиация ұшқыштары барлық оқу-жаттығуларға үнемі қатысып, жауынгерлік міндеттерді атқаруға, соның ішінде Құрлық əскерлерінің бөлімшелерімен бірлесіп те іс-қимыл жасауға əзір екендіктерін көрсетіп жүр. Өз кезегінде аспанда жөңкіген отандық заманауи ЕС-145 (Еурокоптер) тікұшақтары да парадтқа ерекше əр берді. Бұл ұшу тобына звено командирі, майор Марат Байғалиев жетекшілік етті. Бұдан соң көктегі шеруге Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі авиациясының Ми-171Ш тікұшақтары үн қосты. Топты 1-сыныпты ұшқыш, полковник Мұрат Қаушенов бастап шықты. Тікұшақтардың экипаждары барлау, іздеу-құтқару міндеттерін атқарып, шекара маңындағы аумақтарды бақылайды, шекара бұзушыларды іздеп, жеке құрамды, қару-жарақ пен əскери техниканы жетуі қиын шөл жəне таулы аймақтарға жеткізеді. Сондайақ, Ми-171Ш Каспий теңізінің су айдыны мен биоресурстарын қорғауға пайдаланылады. Бұлардың ізімен Ка-32 жəне ЕС-145 тікұшақтар тобы ұшып өтті. Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты бұл ұшақтар іздеу-құтқару жұмыстарында, жедел дəрігерлік көмек көрсетуде, гуманитарлық жүктер тасуда қолданылады. Бұл ұшу тобына Бақтияр Сүлейменов жетекшілік етті. Аталған министрліктің авиациясы сапындағы Ми-26 əскерикөліктік тікұшақтары да Астана аспанына көтерілді. Тікұшақтарды Талғат Тəжікбаев пен Владимир Рожковтың экипаждары басқарып келді. Ми-26 зардап шеккендерді апат орын алған жерлерден жедел эвакуациялау жəне ауқымды құтқару операцияларын жүзеге асыруға қолданылады. Ендігі кезек əскери ұшақтарға келіп жетті. Парадты одан əрі қыздыра түскен əскери-көліктік жəне əскери жойғыш Ту-154, Ту134, Су-27, Су-25, Ан-12, Ан-72, Ан-74, Ан-26, Си-295, Су30СМ, Су-27, Су-25, МигГ-31, МиГ29 ұшақтары салтанатты шерудің мəн-маңызын арттыра түсті. Əсіресе, Су-27 жойғыш ұшақтары аспан əлемінде «70» санын екі жағдайда бедерлегені көптің көңілін тоғайтты. Əскери парадты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық ұлан мен Мемлекеттік күзет қызметінің музыканттарынан құралған біріккен əскери оркестр аяқтады. Оған Президент оркестрінің бастығы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Талғат Бердіғұлов жетекшілік жасады.

● Шеру куəгерлерінің пікірі Мұқан БАЛАПАНОВ, соғыс ардагері: – Отан қорғаушы күніне орай əрі Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орайластырылып отырған мына əскери шеру тұғырымыздың мықтылығын паш етті. Ұлы Отан соғысына қатыстым. Жасым 92-де болса да қазіргі жасалып жатқан жақсылықтардың барлығынан хабардармын. Еліміздің алға қойған ауқымды міндеттері жүзеге асуы үшін Елбасы Н.Назарбаевтың қайта сайлануы көңілімізді қуантты. Сонау сұрапыл соғыс басталғанда мен 17-18 жасар балаң жігіт едім. Сталинградтағы қиянкескі ұрысқа араластым. Беларусь пен Польшаны азат ету кезінде жараландым. Екінші топтағы мүгедектігім бар. Кейінгі ұрпаққа айтарым, бірліктеріңді сақтап, біздердің басымыздан кешіргенді енді қайтып көрмеңдер. Алла амандығын берсін. Қазақстан мəңгілік болып, қазағымның мəртебесі əрқашанда арта берсін! Амангелді СҰЛТАН, Армия генералы С.Нұрмағанбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің шəкірті: – Бірінші рет əскери шеруге қатысып отырмын, көңіл-күйім жақсы. Өзім Қызылорда қаласынан боламын. Қазір «Жас ұлан» мектебінде 8-сыныпта оқимын. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан аталарыма алғысым шексіз, өйткені, олар қазіргі тəуелсіз еліміздің іргетасын қалауға атсалысты. Ұлы Жеңіске 70 жыл толуына орай өткізіліп отырған мына əскери шеру де сол батыр бабаларымыздың ерлігін кешегі қиян-кескі соғыста қайталаған аталарыма арналып отыр. Менің ендігі тілегім, аспанымыз ашық болып, ардагерлеріміз құрмет пен қолдауға ие бола берсін. Болашақта мен де солар сияқты аянбай өз Отаныма қалтқысыз қызмет етіп, қажет болса қолыма қару алып қорғаймын да. Татьяна ПЛОТНИКОВА, үй шаруасындағы əйел: – Əскери шеруді тамашалау үшін əдейі балаларымды да ала келдім. «Отан отбасынан басталады», деп жатушы еді. Осы айтулы мерекеде тек отағасын ғана құттықтап қоймай, елмен бірге қуанып, өзіміздің мерекелік көңіл-күйімізді көпшілікпен бөліскіміз келді. Өйткені, біздің мемлекетімізде барлық этнос өкілдері бейбіт жағдайда өмір сүріп жатыр. Адамда бір ғана Отан болуы қажет болса, ол – біздің Қазақстан. Кешегі өрімдей қыздар мен жігіттердің ортақ Отанымыз болған Кеңестер Одағын қорғауға аттануы жəне де қиынқыстауда жауын жеңуі шынымен де үлкен құрметке лайық. Қазір сол соғыс ардагерлерінен арамызда қалғаны саусақпен санарлықтай. Ендігі біздің қолымыздан келетіні, сол ардагерлерімізге барынша құрмет көрсете білуіміз. Балаларымыздың бейбітшілікте өмір сүруіне сол ардагерлеріміз өз жандары мен денсаулықтарын берген жоқ па. Сондықтан да мен өзімнің жəне отбасымның атынан басымды иіп, үлкен рахметімді айтамын. Еркебұлан ӨМІРЗАҚОВ, Алматы облысының тұрғыны: – Елордамызда өтіп жатқан əскери шеруге 16 ардагерімізді Алматы облысынан əдейі алып келіп отырмыз. Сондағы ниетіміз, жан алысып, жан беріскен сонау сұрапыл соғыстағы ардагерлеріміз ерліктерінің еш кетпегенін, қазіргі Астанамыздың айшықтанып, əлемге танылып жатқанын өз көздерімен көріп, сезінсін деген ой еді. Шынымен де жеңісті алып берген ардагерлерімізге құрметіміз шексіз. Кезінде КСРО-ның тағдыры үшін күрескен аталарымыз оны ортақ отанымыз деп қабылдаса, еліміз тəуелсіздігін алғаннан кейін де олардың көңіліне қаяу түскен жоқ. Қайта елмен бірге қиындықтарға мойымай, тек жақсылық тілеумен келеді. Сол кешегі жауынгерлеріміздің еңбектері ақталып, қазіргі бейбітшілікте өмір сүріп жатқанымыздың көрінісі деп білемін мына əскери шеруді. Баршаңызды Отан қорғаушы күнімен құттықтаймын! Көпболсын БЕКМАҒАНБЕТ, отставкадағы полиция полковнигі: – Отан қорғаушы күнін мынадай жайма-шуақ күнде қарсы алып жатырмыз. Ренжіп жүрген адам көрмедім, қайта барлығының көңіл-күйі көтеріңкі. Қай жағынан болса да құрметке лайық ардагерлеріміз еліміздің əр өңірінен арнайы келіп, мына əскери шеруді тамашалауда. Егде жасқа келгендеріне қарамай, өз еңбектерінің жанғанын көру үшін келсе, біз де соларға қарап бір жасап қалғандай болдық. Ерлікке тағзым ете білетін халықпыз ғой. Отан қорғаушы күнінде ардагерлерімізден үлгі алып, жігерімізді жани түссек, соның өзі ел тұғырының мығым болуына өзіндік септігін тигізеді деп сенемін. Əскери шеруге келер болсам, бұл дəстүрлі өткізіліп тұратын шеру жылдан-жылға жаңа əскери қару-жарақтармен толығып, əскеріміздің айбыны асқақтай түскендігіне көз жеткізе түсемін. Көңілім толады. Жəне де барша қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен жəне Ұлы Жеңістің 70 жылдығымен құттықтаймын! Жазып алған Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».


6

www.egemen.kz

8 мамыр 2015 жыл

 Мəскеудегі парадқа қатысады

Астанадан Ахат аќсаќал аттанды АЛМАТЫ

АЙБЫНДЫ АРМИЯ – КӨКШЕТАУ

Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».

(Соңы. Басы 1-бетте). Ахат ақсақал 1923 жылдың 1 қыркүйегінде осы Астананың іргесіндегі Астрахан (ол кезеңде Калинин аталған) ауданының Қазқоскөл ауылында дүниеге келіпті. Əкесі Бекмəдия Атбасардағы қызыл милиция құрамында Кеңес өкіметін құруға қатысқан көзі ашық, белсенді адам болыпты. Бастапқыда Атбасар қаласындағы мектеп-интернатта оқып, кейіннен Толқынкөлдегі жетіжылдық орыс мектебін бітірген Ахат Бекмəдияұлы 1939 жылы 16 жасында Қызылжар қаласындағы педагогикалық училищеге оқуға түседі. Оқу жартылай ақылы екен. Бір жылға 150 рубль қаржы төлеу керек. Содан күндіз оқу оқып, түнде жұмыс істеуге тура келді. «Мекемелерге жалданып, құжаттарын реттеп, көшіріп жаздым. Түнімен мекемелердің пештерін жағып, кеңселерін жылыттым. Стансаға барып, отқа жағуға арналған вагонвагон ағаштарды түсірдім. Əйтеуір, оқудан шығып қалмау үшін қолдан келгеннің бəрін жасадым, – дейді Ахат ақсақал қиын кезеңнің естелігін санасында жаңғыртып. «Ауыр еңбек, ашқұрсақ күйде жүрсек те, бейбіт күнімізге шүкіршілік етуші едік. Ол күнімізді де көп көрген сияқ ты. Дү ниені дүр сілкінтіп, соғыс басталды. Петропавл қаласының ортасында орналасқан педучилищенің қос қабатты ғимаратын Ресейден көшірілген ұшқыштар даярлайтын училищеге берді. Бізді сол жылдың күзінде Көкшетау педучилищесіне көшірді. Кездескен қиындықтар мен ауыртпалықтардың барлығына төзіп, қайткенде де педучилищені бітіріп шығуға бар күш-жігерімді салдым. Осы ерен еңбегімнің өтеуі өмірімді сақтап қалуға себепкер болғанын алдағы уақыт тəжірибесі дəлелдеді»... Аумалы-төкпелі заман шежіресін көз алдынан қинала өткізіп, осылай деген Ахат ақсақал ауыр күрсінді. 1942 жылдың мамыр айында мұғалімдер училищесін үздік бітірген Ахат туған ауылына оралды. Алайда, алған мамандығы бойынша еңбекке араласу қол жетпес арманға айналды. Ауылға келгеннен кейін бір айдан соң Ахат əскер қатарына шақыру қағазын алып, майданға аттанды. Ақмола қала сында жасақталған 90-шы жаяу əскер полкінің құрамында бір айдан кейін Волга бойындағы Сызрань қаласына əкеліп, əскери жаттығуларға үйрете бастады. Əскери ескі-құсқы киім таратты, мылтық жоқ. Содан бір күні эшелонға тиеп, Тула қаласына əкелді. Жолда бірнеше рет эшелонды жау ұшақтары бомбылады. Қаруы жоқ жауынгерлердің бар қолдан келетіні, жау ұшақтары эшелонды бомбылай бастағанда жақын маңдағы ормантоғайға тым-тырақай қашу. Алғы шепке жетпей-ақ бомба жарықшақтарынан мерт болған жауынгерлер жол бойы жаусап қалды. «Біз мінген эшелон алғы шетке жақындап келіп тоқтады. Алдыңғы шептен атылған оқ, жарылған снарядтың даусын да еститін болдық. Сонда да мылтық беретін түрлері жоқ. «Осылар бізді соғысқа мылтықсыз апарып салар ма екен?» деген күдігіміз де жоқ емес. Тағы да жау ұшақтары бомбылай бастады. Осындай бір сəтте эшелонды қорғайтын зенитшілер жаудың бір ұшағын атып түсірді. Отқа оранған жау ұшағынан екі-үш неміс парашюттен секіріп, біз тығылған орманның шетіне түсті. Біздің ротаға жау ұшқыштарын қоршап, тұтқынға алу міндеті жүктелді. Біз неміс ұшқыштарын жылдам-ақ тауып, қоршауға алдық. Бірақ қос-қос тапаншадан оқ жаудырған немістер жанына жолатар емес. Қаумалаған бірнеше жауынгер оққа ұшты. Қарсылық көрсететін мылтығымыз жоқ. Тек айғайлап, қолымызға іліккен

ағаш сынықтарын лақтырып, қорқытқан боламыз. Сөйтіп, жүзге жуық мылтықсыз жауынгер мұздай қаруланған екі немісті ала алмай бірнеше сағат əуреге түстік. Ақыры жанкешті азаматтар қапысын тауып, жара ланғандарына қарамастан, екі немісті қарусыздандырып үлгеріпті. Міне, менің жаумен бетпе-бет кездескен алғашқы шайқасым осылай басталған еді... 1942 жылдың шілде айында Мəскеу бағытындағы қиян-кескі ұрысқа араластық. Автоматшылар взводының құрамында жау бекінген биіктікті алу үшін шайқасқа кірістік. Қарша бораған оқ толас тапқан бір сəтте «уралап» қарсы шабуылға шықтық. Биіктіктегі жау окобына таяқ тастам жер қалғанда, жүгіріп келе жатқан бойы омақаса құладым. Белден ауыр жараланып, госпитальда есімді жидым. Содан Ряжеск деген қалада бірнеше ай бойы госпитальда жаттым. Госпитальдан шыққаннан кейін мені кіші командирлер даярлайтын қысқа мерзімді курсқа жіберді. Бір айдан кейін 1943 жылдың сəуірінде сержант атағын беріп, жаңадан жасақталып жатқан əскери құрама ның бөлімше командирі етіп тағайындады. Содан атақты Курск доғасындағы қанқасап соғысқа кірістік. Таң қылаң бере бастағанда, мыңдаған зеңбіректер күндей күркіреп, жау бекінісіне қарай от боратты. Жарты сағатқа созылған жойқын артиллериялық отшашудан кейін біздің үр жаңа резервтік армиямыз шабуылға шықты. Өңкей тəжірибелі, талай-талай ұрыстарға қатысып, тіс қаққан жауынгерлерден тұратын бөлімшемді бастап немістің алғашқы бекінісіне бірінші болып жеттік. Сол үшін алғаш рет «Ұлы Отан соғысы» орденімен марапатталдым. Курск доғасында болған сансыз шайқастардың бірінде ауыр жараланып, қайтадан госпитальға түстім. Алғашқыда Тула, одан кейін Новосибирск госпитальдарында ұзақ емделдім. 1944 жылы үкіметтің мұғалім, инженер сияқты мамандарды əскерден босату туралы қаулысы шықты. Сол жылдың наурыз айында маман мұғалім ретінде мені де əскерден босатты. Содан 1944 жылы елге оралып, сəуір айында Колутон стансасындағы №63 мектепке мұғалім болып орналастым. Содан 1988 жылы 65 жасымда зейнеткерлікке шыққанға дейін, 44 жыл бойы жас жеткіншектерге білім нəрін беріп, ұстаздық еңбек жолынан өттім»... Қарт майдангер, 92 жасқа келген абыз ақсақал ұла ғатты өмір шежіресін осылайша қысқа қайырып, бір сəт үнсіз қалды. Құдай қосқан қосағы Шəм шу екеуі үш ұл, екі қыз тəрбиелеп өсіріпті. Балаларының алды да зейнеткерлікке шығып, немере сүйіп отырған көрінеді. Алпыс жылға жуық отасқан бəйбішесі 2001 жылы қайтыс болыпты. Балалардан өрбіген 9 немере мен 9 шөберенің қызығын көріп, Ахат ақсақал мың шүкіршілік етеді. Міне, тіршілік атаулыны балбыратып, жадыратқан мамыр келді. Барлық адал ойлы адамзат əлемді фашизм індетінен азат еткен Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейлі мерекесін қарсы алмақ. Астана қаласының бүкіл ардагерлері атынан Ахат Бекмəдияұлы ғана Мəскеудегі Ұлы Жеңістің 70 жылдық салтанатты шеруіне қатыспақ. Бұл да қарт майдангер, ұлағатты ұстаз, абыз Ахат ақсақалдың маңдайына жазылған мерейлі мезет болса керек. Алда алыс сапар, сарғайған сағынышты жүздесулер... ––––––––––––––– Суретте: Ұлы Отан соғысының ардагері Ахат БЕКМƏДИ. Суретті түсірген Орынбай БАЛМҰРАТ.

Қанат ЕСКЕНДІР,

«Егемен Қазақстан».

Жалпы, ел болып атап өтіп отырған 7 мамыр – Отан қорғаушы күні мерекесі қаланың орталық алаңындағы Тəуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Бұл шараға Алматы қаласының əкімі Ахметжан Есімов, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері, Ауған соғысына қатысушылар мен Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары қатысты. – Естеріңізде болса, 1992 жылы дəл осы күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Қарулы Күштерін құру туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Міне, содан бері Мемлекет басшысы осы мерекеге орай Отан қорғау ісіне қалтқысыз қызмет

еткен əскери қызметкерлерге əскери шен беріп, марапаттап келеді. Барша қала тұрғындары мен қонақтарын айтулы мерекемен құттықтаймын! – деді қала басшысы. Алматы саябақтарында, мəдениет үйлерінде жəне метро залдарында Отан қорғаушы күніне орай ұйымдастырылған мерекелік көрмені тамашалауға да адам көп жиналды. Қаладағы барлық аудан орталықтарында спорттық шаралар, музыкалық викториналар, жеткіншектерді патриоттық рухта тəрбиелеуге негізделген əскери ойындар өткізіліп, қала қонақтары мен тұрғындарына сый-сияпат таратылды. Елімізге танымал эстрада өнерпаздары мен қалалық этномəдени бірлестіктері өнерпаздарының ұйымдастырған мерекелік концерті халықтың көңілінен шығып, түнгі қала аспанын от-шашу көмкерді.

АҚТАУ

7 мамыр күнгі мерекенің көкшеліктер үшін ерекше мəн-мағынасы да бар еді. Отан соғысындағы зұлмат шайқастарды елестететін Жеңіс аллеясының таным төрінде атақты жерлесіміз, Кеңес Одағының Батыры, академик Мəлік Ғабдуллинге көп тен күткен еңселі ескерткіш орнатылды. Елеулі оқиғаға қатысты жұртшылық жиынын Ақмола облысының əкімі Сергей Кулагин құттықтау сөзбен ашып, ескерт кіш жамылғысын түсіру құрметі Қазақ стан Қарулы Күштерінің үздік офицері Еділ Елжас пен Көкшетау техникалық институтының оқу озаты Бексұлтан Рахымбаевқа берілді. Міне, ақ жайма айқара ашылып, Батыр Мəліктің тұтастай қоладан құйылған 3 метрлік асқақ бейнесі ел-жұртпен қайта қауышқандай қуанышты əсерге бөледі. Ескерткіш авторы, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, белгілі мүсінші Тоқтар Ермековке ризашылықпен қол шапалақталды. Мүсін маңы гүл шоқтарымен көмкерілді. Батырдың туысы, «Банк позитив Казахстана» АҚ департаментінің директоры Мəдина Батпенова, немере інісі Жанатай Бекенов, Көкшетаудағы М.Ғабдуллин музейінің директоры Құдайберлі Мырзабеков батыр жерлесіміздің туғанына 100 жыл толуы қарсаңында бой көтерген ескерткіштің ха лық рухын көтерудегі орны ерекше екендігін атап өтіп, айтулы шараға ықпал жасаған облыс басшылығына рахметтерін жеткізді. Салтанатқа қатысушылар мен əскери шеп түзеген жауынгерлер Абылай хан алаңына бағыт алды. Мұнда өңір басшысы жиналған қауымды Отан қорғаушы күнімен жəне Ұлы Жеңістің 70 жылдығымен құттықтап, бірқатар əскери қызметкерлер мен соғыс жəне тыл ардагерлеріне С.Нұрмағамбетов, Т.Бигелдинов, Б.Момышұлы атындағы ескерткіш медальдар мен Алғыс хаттар тапсырды. Алаңның көрнекті жеріне орнатылған

зəулім экраннан диктордың ел жүрегі Астанадағы мерекелік əскери парадтың басталғаны туралы хабары жетті. Қайысқан халық оны тік тұрып тамашалады. Жұртшылық Қазақстан Президенті, Жоғарғы Бас қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаевтың парадты қабылдаудағы сөзін ықылас қоя тыңдады. Сондай-ақ, облыс тұрғындары айбынды сапта өткен Көкшетау техникалық институтының курсанттары мен Шоқан Уəлиханов атындағы Кадет корпусының оқушыларына қошемет көрсетті. –––––––––––––– Суретті түсірген Ермұрат ДОСЫМОВ.

ҚОСТАНАЙ Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан».

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Маңғыстауда сəуірдің соңғы күндерінде басталған Отан қорғаушы күніне арналған мерекелер ірілі-ұсақты мəдени мекемелер, мектеп-балабақша, аудан-қала ларда өз жалғасын тапты. Əскери бөлімдерде концерттер өткізіліп, түрлі деңгейдегі марапаттарды тапсыру да назардан тыс қалған жоқ. Он күн бойы облыстық филармония мен ғылыми-əдістемелік жəне мəде ни қызмет көрсету орталығы солистері əскери бөлімдерде концерт берсе, облыстық тарихи – өлкетану мұражайы «Маңғыстаулықтар Ұлы Отан соғысында» атты көрмесін, «45тің көктемі» атты көркемсурет байқауын өткіз ді. Қазақстан Республикасы ҰҚК Маңғыстау облысы бойынша департаменті қыз меткерлерінің «Мəңгілік алау» монументіне гүл шоқтарын қойып тағзым

ету шарасы мерекелік концертке ұласса, этномəдени бірлестіктердің Отан қорғаушы күніне жəне Жеңістің 70 жылдығына арналған мерекелік кеші өтті. 7 мамыр Маңғыстауда күн бұлыңғыр, сіркіреген жауын-шашынды болды. Жері құрғақ, жаңбыры аз болып келетін өңір тұрғындары жаңбырды жақсылыққа жориды жəне оны əркез қуана қарсы алады. Сол себепті, мереке күнінің жаңбырлы болуына реніш емес, керісінше қуаныш сезімі аңғарылды. Мейрамда Астана алаңынан «Мəңгілік алау» монументіне дейін Ақтау қаласындағы əскери бөлімдердің бес жүз əскери қызметкерлері жаппай жүгіру эстафетасын өткізіп, онлайн трансляция арқылы Астана қаласында өткен əскери шеруді тамашалады. Тұрғындарға арналған мерекелік концерттер мен алуан түрлі өзге де шаралар мерекенің сəнін асырып, сипатын аша түсті.

7 мамыр күні шеруге шыққан қостанай лықтар орталық алаңдағы ілінген LED-экран нан Астанадағы əскери парадты тамашалады. Кешке қарай Ситиорталықта Қостанай қаласындағы əскерипатриоттық клубтар көрсетілімдер ұсынды. Оған «Альбатрос», «Тайфун», «Əскер», «Қайсар», «Ішкі істер министрлігі заң академиясы», əскери-патриоттық клубтары қатысты. Олардың барлығы да облыста танымал ұжымдар. Əр клуб мерекеге жиналғандарға өз бағдарламаларын паш етті. «Альбатрос» əскери-патриоттық клубы биыл құрылғанына он жыл толуын атап өтпек. Клубта 65 курсант жаттығады. Оның төрағасы Сергей Лещенко жастар тəрбиесінде мол тəжірибе жинаған маманұстаз. – Біз бүгін түрлі жаттығулардан үзінділер көрсетеміз. Отан қорғау күні біздің клубтардың басты мерекесі болып табылады. Күн жаңбыр, адамдар қолшатыр ұстап, мереке қызығын көруге қолайсыздау болып тұрған секілді. Бірақ

ҚЫЗЫЛОРДА

АТЫРАУ Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан».

Отан қорғаушы күні Атырауда əр алуан шаралармен айшықталды. Əсіресе, елді сүю, жерді қорғаудың маңызын жас буынның санасына сіңіру ісі жүйеленіп келеді. Осы орайда, Исатай-Махам бет тарихи-мемориалдық алаңында «Жасұлан-2015» əскери-патриоттық слеті өткізілгенін айтуға болады. Бұл шараға өңір мектептерінен 13 команда қатысып, оқушыларды отаншылдыққа тəрбиелеуге əсерінің молдығымен ерекшеленді. Облыстық білім басқармасының басшысы Берікқали Сəрсенғалиевтің айтуынша, қазір өңірдегі мектептер мен колледждерде құрылған 100 əскери-патриоттық клубтың 4000-нан астам оқушылар мен студенттер мүшесі бар. Əскери-патриоттық слеттің қорытындысы бойынша Индер ауданының М.Əуезов атындағы орта мектебінің командасы бірінші жүлдені иеленді. Ал облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент ұжымы арнайы салтанатты шара өткізді. Онда департамент

басшысы Руслан Неталиев Қазақстан Қарулы Күштерінің ел қорғанысын нығайтудағы рөліне кеңінен тоқталып, мемлекет тарапынан жасалып отырған қолдауды тарқатып айтып берді. «Елдің қорғаныс саласы нығайып, жастардың əскерге баруға ынтасы артып келеді», деген департамент басшысы əріптестерін марапаттады. Мəселен, Батыс аймағының əскери прокуроры Жанболат Айекенов «С.Нұрмағамбетов атындағы» естелік медальмен, ал департаменттің белді қызметкері Айгүл Саспанова «Т.Бигелдинов атындағы» естелік медальмен марапатталды. Сонымен бірге, Ұлы Отан соғысының ардагері Александр Смыслов, Қарулы Күштер ардагері Аслан Мұхамбеталиев жəне бірнеше əскери қызметкерге Алғыс хат берілді. Бұл күні №41433 əскери бөлімінде «Қазақстан əскеріндегі бір күн» атты ашық есік шарасына жиналғандарға əскери қару-жарақтар мен əскери киімдер үлгілері таныстырылды. Бөлім сарбаздары қоянқолтық ұрыс жаттығуларын көрсетті. Ал облыстық балалар кітапханасында «Ұланымыз ұлы елдің» тақырыбымен атты əдеби-сазды шарасы өтті.

біздің жігіттер үшін ауа райының құбылуы ешқашан кедергі жасамайды. Бүгін де солай. Əдетте, бағдарламамыз ауа райы қолайсыз болғанда қызықты бола түседі. Біздің клубтың ерекшелігі, оған болашағын əскери қызметпен байланыстырғысы келетін жастар, оқушылар өз еркімен қатысады. 3 жыл бойы олар парашютпен секіруге, су астында жұмыс істеуге жаттығады, спорттың жекпе-жек, бокс секілді түрлерімен айналысады, медициналық дайындық курсынан өтеді. Үш жылда курсанттар əскер қатарында қызмет етуге дайын болады. Отанымызды нағыз осындай жігіттер қорғайды, – дейді Сергей Николаевич. Қостанайлықтар клуб мүшелері көрсеткен түрлі жаттығуларды қызықтады. Курсанттардың шалт қимылдары əркімнің жүрегінде Отанға деген патриоттық сезімді оятты. Мұнан кейін Қостанай қаласындағы түрлі оркестрлер шеруі болуы тиіс еді. Ауа райының қолайсыздығына байланысты үрмелі аспаптар, қазақ халық аспаптары, орыс халық аспаптары, симфониялық оркестрлер шеру жасамай, Сити-орталықтағы сахнада өнер көрсетті. Мереке қызығы толастаған жоқ.

Ержан БАЙТІЛЕС,

«Егемен Қазақстан».

Қызылорда қаласында «Ұлы Жеңіс – мəңгі ел жадында» атты үлкен іс-шара өтті. Аты айтып тұрғандай, бұл 7 мамыр

– Отан қорғаушы күні жəне 9 мамыр – Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған мерекелік салтанат еді. «Бұл дүниеде біздің жалғыз Отанымыз бар. Ол – Тəуелсіз Қазақстан. Отанымызды қорғау қасиетті міндет, үлкен мəртебе», – деген еді Елбасы. Тарихқа көз жүгітсек, ел үшін жанын аямаған, кеудесін оққа тосқан батырға кенде емеспіз. Кешегі қан майданда біздің аталарымыз елді қорғап, жерімізді жаудан сақтап қалды. Жеңістің 70 жылдығына куə болып отырған қарттарымыз аман болсын. Ал Отан қорғаушы бейбіт күннің ұландары Тəуелсіздікті тұғырландыруда қызмет етейік», – деді салтанатты басқосуда облыс əкімі Қырымбек Көшербаев. Сондай-ақ, аймақ басшысы Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне Елбасының атынан «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалін жəне Құрмет грамотасын табыстады. 1418 күн, 34 сағатқа созылған қан майданның қасіретін ұмыту мүмкін емес. Ерліктің ерен үлгісін көрсеткен батырларды дəріптеу жалғаса береді. Өкініштісі, қарт майдангерлердің қатары күн өткен сайын сиреп барады. Соғыс даласынан сыр өңіріне 35 мың жауынгер аман оралса, бүгінде соның 89-ның ғана көзі тірі. Мерекелік шарада Отан қорғаушыларға да құрмет көрсетілді. Өнерпаздар түрлі қойылымдар қойып, əннен шашу шашты. Сонымен қатар, орталық алаңда сарбаздардың қоян-қолтық ұрыс көріністері, спорттық қойылымдар көрсетілді. Мұнан соң облыс тұрғындары LED-экран арқылы Астанадағы мерекелік шеруді тамашалады.


7

www.egemen.kz

8 мамыр 2015 жыл

ЌУАТТЫ ЌАЗАЌСТАН ОРАЛ

ТАЛДЫҚОРҒАН

 Мəскеудегі парадқа қатысады

Жетісулыќ майдангер

Ресей астанасындаєы шеруге тґртінші мəрте барып отыр Нұрбол ƏЛДІБАЕВ,

«Егемен Қазақстан».

Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан».

Отан қорғаушы күні қарсаңында Орал өңірінде Отанды қорғау тақырыбы мен əскери патриоттық тəрбие беру бағытындағы іс-шаралар кешені өткізілді. Бұл іс облыстың барлық өңірлерін қамтыды. Мұнда Отан қорғаған ерлердің есімдерін ардақтауға баса мəн берілді. Бірқатар аудандарда қасиетті датаға арналған театрландырылған көріністер мен дала қызықтары, ат бəйгесі мəреге жетті. Кеше облыс орталығындағы Абай алаңында өңірдегі əскери бөлімшелер мен құрамалардың сарбаздары сапқа тұрды. Оларды Отан қорғаушы күнімен Батыс Қазақстан облысының əкімі Нұрлан Ноғаев құттықтап, бірқатар əскери қызметшілерге Елбасы мен Қорғаныс министрлігі жəне өз атынан мемлекеттік марапаттар, медальдар мен алғыс хаттар тапсырды. Абай алаңына тұрғындар мен Отан қорғаушы күніне арналған шараларға қатысу үшін келген Қарулы күштер ардагерлері көп жиналды. Халқымыз жаңбыр жауғанды жақсы ырымға балап, нұр деп атамай ма? Алдыңғы күні Ақжайық

аспанынан нөсерлетіп жауған жаңбыр кешегі Қазақстан Қарулы Күштері күні сап тыйылып, мамыр айының жұпар иісі шараға қатысушылардың көкіректері мен жан сарайларын одан əрі аша түскендей əсер қалдырды. Ағаштар мен тал-теректер де жапырақ жайып, жасыл түске енді. Құстардың сайраған үндері де сүйкімді-ақ. Келесі кезекте облыста əскери құрамалар мен Қарушы күштер ардагерлері, Абай алаңына жиналған қала тұрғындары мен қонақтар арнайы орнатылған кең экран арқылы ел ордасы Астанада өткізілген əскери шеруді тікелей эфир арқылы тамашалады. Бұдан алған əсерін əскери қызмет ардагері, отставкадағы полковник Лұқпан Мұқанбедиев газет тілшісіне былайша жеткізді. – Бүгінгі қазақстандық армия саны жағынан да, сапалық тұрғыдан да жанжақты жетілгенін көрсетті. Əсіресе, отандық Қарулы Күштері өкілдерінің кəсіби шеберліктері сала ардагерінің көзімен қарағанда ерекше сүйсіндірді. Теңіздің дəмі тамшысынан білінеді дегендей Қарулы Күштеріміздің айбыны, олардың өршіл рухы Астанада өткізілген əскери шеру кезінде айқын байқалды.

Нұрбол ƏЛДІБАЕВ,

«Егемен Қазақстан».

Отан қорғаушы күніне орай, Талдықорғанда мерекелік шаралар таңертеңгілік Даңқ стеласынан басталды. Ардагерлер мен тұрғындар Ұлы Отан соғысы құрбандары мен əскери қызмет кезінде қаза тапқан жауынгерлерді еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіз тұрды. Осы сəтте сап түзеген Талдықорған əскери гарнизонының сарбаздары қайтпас қайсарлық пен өшпес ерліктің өнегесі болған аға буынның құрметіне бас иіп, құрмет көрсетті. Шараның салтанатты

бөлігі І.Жансүгіров атындағы Мəдениет сарайында жалғасты. «Бабалар ерлігін жалғастырған бүгінгі сарбаздар мен офицерлерге деген құрмет жылдан жылға артып келеді. Отан қорғаушы күнін мемлекеттік дəрежеде атап өту – осының айқын дəлелі», деген қала əкімі Ермек Алпысов бірқатар əскерилерге Құрмет грамотасы мен Алғыс хат тапсырды. Мерекелік шара «Талдықорған əуендері» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің концерттік бағдарламасына ұласып, күндізгі сағат 11-де жиылған жұрт орталық алаңдағы үлкен монитор арқылы Астанадағы əскери парадты тікелей эфирден тамашалады.

ТАРАЗ

ӨСКЕМЕН Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан».

Өскеменде Ертістің сол жағалауындағы этносаябақ кешенінде өткен шара Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылған күні мен Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай ұйымдастырылды. Айта кеткен абзал, аталған шараның шығысқазақстандық 109 Кеңес Одағының Батырына арналған əскери қорық-мұражайда өтуі өңір тұрғындары мен қонақтары, қоғамдық ұйымдар, жастар үшін тағылымдылығы мен ел мен жерге қызмет етуді насихаттаудың тиімді жолы болып отыр. Қарулы күштер ардагерлерін құттықтауға олардың əскери қызметті бірге атқарған қызметтестері мен отбасылары да келді. – Қазақстан армиясының құрылуы мен қалыптасу кезеңі елдегі экономикалық тоқырау жылдарына тап келіп, біраз

қиындықтарды өткерді. Сондай қиын кезеңде басты мақсат өзіміздің қуатты əскерімізді құру еді. Бұл міндетті орындау үшін Жоғарғы Бас қолбасшы қолдан келген көмектің барлығын жасады. Соның нəтижесінде, бүгінде еліміздің айбынды армиясы қалыптасты, – деді «Қарулы Күштер ардагерлері» РҚБ облыстық филиалының төрағасы Төкен Білəлов. Осыдан кейін Шығыс өңірінде Қазақстан Қарулы Күштерінің 44 ардагері екі мəрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов пен еліміздің тұңғыш Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов атындағы мерейтойлық медальдармен марапатталды. Салтанатты шарада ардагерлер əскери шатырлардағы дала асханасынан дəм татты. Сонымен бірге, шығысқазақстандықтар арнайы алаңдарда Астанада өткен əскери шеруді тамашалады.

Оралхан ДƏУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Отан қорғаушы күні мен Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қасиетті Əуиеата жерінде кең көлемде аталып өтті. Бұл мерекеде жамбылдық жұртшылық саламатты өмір салтын насихаттап, жаппай спорттық шараға қатысты. Сонымен қатар, мəртебелі мерекеге орай салтанатты жиын өтіп, облыс əкімі Кəрім Көкірекбаев жұртшылықты айтулы датамен құттықтады. Аймақ басшысы бұл күннің мəні мен маңызына кеңінен тоқталып, əрбір ер жігіттің өз Отанын қорғауы азаматтық парызы екенін айтып, Жеңісті жақындатып, бүгінгі ұрпаққа бейбіт күн сыйлаған ардагерлерге алғысын білдірді. Ал спорт деннің саулығы деп білетін велошабандоздар таңертеңнен бастап Дос тық алаңына жиналды. Мақсат

– сала мат ты өмір салтын насихаттап, бұқаралық спортты дамыту. Игі бастамаға мың нан аса адам қатысты. Жарысқа қатысушылар қашықтығы 7 шақырымдық жерді жарты сағатта жүйткіп өтті. Велосипед ерттеп мінгендердің қатарында мемлекеттік қызметкерлер, студенттер, белгілі спортшылар мен құқық қор ғау органдарының қызметкерлері бар. Тұрғындардың көздегендері – жүлде емес, жұртқа жұмыла үлгі көрсету. Облыстық дене шынықтыру жəне спорт басқармасының басшысы Гамлет Қайнарбеков: «Саламатты өмір салтын насихаттауға арналған мұндай шаралар көпшіліктің спортпен айналысуына ықпал етері анық. Бүгінгі мейрам мұнымен аяқталмайды. Алда мерекелік шеру өткізіліп, одан əрі патриоттық əндер концерті жалғасады», – деді.

ШЫМКЕНТ

ПАВЛОДАР Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Облыс орталығында Отан қорғаушы күні мерекесінде күні соғыс жəне еңбек ардагерлері, бүгінгі күннің жас сарбаздары, қала тұрғындары Даңқ əскери саябағында соғыста қаза болғандар ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Осыдан бір күн бұрын осы саябақта қала əкімдігі 7 соғыс ардагеріне жаңа пəтер кілттерін табыс еткен болатын. Бұдан кейін жиналғандар облыстық музейде ашылған «Ерліктің үлгісі» атты фотокөрмемен танысты. Осы жерде балалар үйінің тəрбиеленушілерінің қатысуымен «Елін қорғау – ерге серт» атты концерт өтті. Осыдан кейін ардагерлер орталық алаңда орналасқан үлкен монитор экраннан Астанадағы əскери шерудің тікелей көрсетілімін тамашалады. – Біз экран арқылы еліміздің əскери

қуатының қаншалықты мықты, тегеурінді күшке айналғанын көріп таңғалдық. Бұл əскери шеру Қазақстан армиясының күшқуатын паш етеді, – деді «Замандас» ардагерлер ұйымының басшысы Қабиболла Шəкəрімов. Астанада өткен парадты көрген Виталий Хан, Павел Мальцев сияқты соғыс жəне еңбек ардагерлері де таңданыстарын, еліміздің əскери күшінің сенімді қолда, мығым екендіктеріне қуанатындарын жеткізді. Тікелей көрсетілімнен соң, соғыс жəне еңбек ардагерлері, қала тұрғындары орталық алаңдағы мерекелік концертті тамашалады. Сол күні түс кезінде «Достық үйінде» «Жеңiмпаздар-Победители» атты Жеңістің 70 жылдығына арналған естелік-кітаптың тұсаукесері болды. Кешке таман Жүсіпбек Аймауытов атындағы музыкалық драма театрында майдан тақырыбына арналған «Күтпеген кездесу» атты қойылым өтті.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

Шымкенттегі «Түркістан» салтанат сарайында Отан қорғаушы күніне орай ұйымдастырылған мерекелік жиынға 2000-ға жуық қала тұрғыны мен қонағы қатысты. Салтанатты шарада облыс əкімі Асқар Мырзахметов сөз алып, барша өңір тұрғындары мен əскери қызметшілерді мерекемен құттықтады. – Осыдан 23 жыл бұрын құрылған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері ел азаматтарының еңсесін тіктеп, еркіндігін кеңейтті. Уақыт талабына сай əскеріміз жаңарып, оның күш-қуаты жылдан жылға нығайып келеді. Бар ғұмырын Отан қорғауға арнап, қызметін мінсіз атқарып келе жатқан жауынгерлерге алғысымыз

шексіз. Ұлттық əскеріміздің айбыны артып, Тəуелсіз еліміздің тұғыры қашанда биік болғай! – деген облыс басшысы өңірдегі əскерилерді мінсіз қызметі үшін медальдармен, грамоталармен марапаттады. Жиылған көпшілік Отан қорғаушы күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған Астанадағы əскери парадты тікелей эфирден тамашалап, тəуелсіз еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін əскери құрылымдардың айбынына масаттанды, көңілдеріне қуаныш орнады. Салтанатты шара концерттік бағдарламамен жалғасын тауып, шымкенттіктерге мерекелік көңіл-күй сыйлады. Жиылған жұртшылық ел үшін қорған болар айбынды əскеріміз бен ондағы сарбаздардың Отанға деген ыстық ықыласына, ерікжігеріне куə болып, тəубе деп тарқасты.

Екінші дүниежүзілік соғысқа кіргенде «Отан үшін» деп от кешіп, тек алға ұмтылуды ғана ойлаған азаматтар соғыстан кейін Жеңіс парадына қатысып, жүректеріне түскен жараны айықтырып, қас дұшпанын жеңгендіктеріне көңілдерін сендірудің өзі үлкен мəні бар мəртебе екенін екшемегені де ақиқат. Бірақ, бұл бақыт екінің біріне бұйырмағаны да рас. Десек те, маңдайлары жарқырап, мерейлерін тасыту бақыты бұйырған майдангерлердің бірі жетісулық Федор Федотов Мəскеудегі алғашқы Жеңіс парадына қатысқан жауынгердің бірі еді. Енді, міне, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналып Мəскеуде өтетін парадқа 93 жасында төртінші рет барып отыр. 1922 жылы Ресейдің Омбы облысы, Полтава ауданы, Барвеново селосында дүниеге келген Федор Маркиянович жеті сыныптық білімнен соң, отбасы көшіп, əулеті қоныс аударған Томск қаласындағы кулинария техникумына оқуға түскен-тін. 19 жасқа толғанда соғыс басталып, жас жігіт Омбы қаласындағы кіші командирлік құрамды дайындайтын мектепке жіберіледі. Ал 1942 жылы қазан айында 78-ші сібірлік дивизия жасақталғанда, сержант шенінде барлау взводы командирі ретінде Мəскеу түбіне жіберілген. Міне, осы жерде алғаш рет сұрапыл соғысқа кіреді. «Бірде бізге алғы шепке барлау жасау туралы бұйрық берілді. Сонымен, он бір адамдық топпен аса қауіпті жерге аттандық. Сол жолы немістердің қарауылда тұрған қос солдатын өлтіріп, жау əскерінің қалай орналасқаны туралы мəліметке қоса «тіл» əкелдік. Онымыз фашистердің əзірленіп жатқан шабуылы мен орналасқан техникасы жөнінде көп нəрсе біледі екен. Алайда, сол жолы біз бір жауынгерімізден айырылып, өзім аяғымнан жарақат алдым, əрі алғаш рет «Ерлігі үшін» медалімен наградталдым», – дейді Федор Маркиянович өзі басқарған барлау взводымен талай ауыр тапсырмаларды орындауда табандылық танытып, бұлжымас əскери бұйрықтардың үдесінен сан мəрте шыққаны жөнінде марқая отырып əңгіме айтқан кезінде. Жарақаты жазылған соң Федор Федотов 125-ші жеке мотопантонды батальонға жіберіліп, соғыс аяқталғанша сол əскери құрамда қызмет етеді. Сазбалшықты тартпа жерлерге өткел жасап, өзен үстіне қалқымалы көпір салады. Өзен-көлге апаратын жолдың ені мен ұзындығы, тереңдігі, жағалауының топырақ құрамы тəрізді мəліметтер жинаған. Сонымен қатар, батыр жауынгердің жорық жолдары Курск иінінде, Белоруссияда, Прибалтикада жалғасып, кеңес əскерінің Батыс Двина, Неман, Днепр, Эльба, Одер, Прут тəрізді өзендерден өтуіне көп көмегін тигізген. 1945 жылы 2 мамырда 1-ші Белорусь майданы құрамындағы 125-ші жеке мотопантонды батальонды Прага қаласына жіберген. Сөйтіп, Праганы қоршап тұрған кеңес əскері құрамында 9 мамырға қараған түні Вятва өзеніне 60 тонналық мотопантонды көпір орнатады. Таң алдында сол көпірден өткен кеңес жауынгерлері аталған қалаға лап қойып, 9 мамырда оқ борап, отқа оранған

Праганы фашистерден азат етеді. Сол қалада Жеңіс туралы хабарды естіген. Ал 10 мамырда рота командирі шақырып, Дрезден қаласындағы армия шта бына баруға тапсырма береді. Штабта 6 жауынгермен бірге Мəскеуге баруға бұйрық алады. «Қолыма құжаттар салынған пакетті ұстатты. Содан теміржолға дейін машинамен, сосын пойызға мініп, Мəскеуге жеттік. Қала коменданты біздің пакетімізді ашып, əскери билетімізді тексерді. Көлік келгенше демалдырып, Загорск қаласындағы жоғары əскери инженерлік училищеге оқуға жіберді. Сөйтіп, іріктеліп алынған Мəскеудегі парадқа қатысушылар қатарына қосылып, 1945 жылы 24 маусымда Қызыл алаңдағы тарихи Жеңіс парадына қатыстым», – дейді майдангер. 1946 жылы Федор Федотовты əскер қатарынан босатады. Өйткені, соғыстан алған жарақаты қайта ашылып кеткен. Одан əрі тағы да госпиталь... Туған жерінде де екі жыл бойы ескі жарақатының ауыруы басылмаған. Көп ұзамай емделу жолдамасымен Қазақстанға – «Түрксіб» санаторийіне келеді. Осылайша майдангер ауруына ем болып, өзіне қатты ұнаған қазақ жерінде қалып қояды. Алматыда сауда саласы мен қоғамдық тамақтандыру жүйесінде бірер жыл жұмыс істеген соң Қаскелеңге ауысыпты. Өмірлік қосағы бүгінде бақилық болған Вера Андреевна екеуі Людмила, Татьяна, Галина, Зинаида есімді қыздарын өсіріп тəрбиеледі. Федор Маркиянович Ұлы Жеңістің 40, 50 жылдық тарындағы Мəскеудегі парадқа да құрметті қонақ ретінде қатысқан. Енді тағы да жолы түсіп, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы құрметіне арналған салтанатқа қатысушы қазақстандық 6 майдангердің бірі болып отыр. «Бұл – мен үшін тағдырымның үлкен сыйы, ел-жұрттың үлкен құрметі. Күндей күркіреп өткен сұрапыл соғыстан аман оралып, осындай құрметке ие болғанымды бақыт санаймын. Енді Мəскеуге Қазақстанның қасиетті Қарасай ауданы жұртының ыстық сəлемін жеткіземін!» – дейді. І, ІІ дəрежелі «Отан соғысы» орденінің, «Қызыл Жұлдыз» орденінің, «Мəскеуді қорғағаны үшін», «Берлинді алғаны үшін», «Белоруссияны азат еткені үшін», «Праганы азат еткені үшін» жəне т.б. медальдардың иегері Федор Федотов қуанышын жасыра алмай. Мəскеудегі Жеңіс парадына баратын Федор Маркиянович Федотовқа жеке дəрігері ілесіп жүреді. Бұл да қарт майдангерге билік тарапынан көрсетіліп отырған ілтипат пен құрмет болса керек. Алматы облысы.


88

www.egemen.kz www.egemen.kz

8 мамыр 8 мамыр 2015 жыл 2015 жыл

Отанымыздыѕ кїші мен ќуаты

Парадқа мынадай техникалар қатысты Т-34 Аты аңызға айналған Жеңіс танкі! Танктерді, бронды автомобильдерді жəне басқа да бронды нысандарды жоюға арналған. ҚР ҚК-де тұғырлар мен музейлерде 5 бірлігі бар.

ЗИЛ-157 зеңбіректерді сүйреу үшін

УРАЛ-4320 жүк автомобилі ҚР ІІМ ҰГ мен ҚР ҰҚК ШҚның жарақтандырылуында тұр, жеке құрамды тасымалдау, қару-жарақ пен əскери техниканы сүйреуге арналған.

ГАЗ-33081 «Егерь»

Астанада Тəуелсіз Ќазаќстанныѕ тарихында тўѕєыш рет еѕ əсем жəне кґп адам ќатысќан əскери парад болып ґтті Р, ҚР ҚК тулары бар МИ-17 тікұшақтары 2 бірлік (6 адам)

Жүк автомобилі қару-жарақтарды сүйреу, түрлі жүктер мен жеке құрамды тасу үшін пайдаланылады.

99

www.egemen.kz www.egemen.kz

8 мамыр 2015 жыл 2015 жыл 8 мамыр

ТЖК Ка-32 жəне С-145 тікұшақтары 3 бірлік (7 адам)

С-295 ұшақтары 3 бірлік (12 адам)

Су-25 ұшақтары 4 бірлік (4 адам)

ҚР ІІМ ТЖ-ның бөлімшелерінде жарақтандырылуда тұр, жеке құрам мен түрлі жүктерді тасымалдауға арналған.

Ми-17, Ми-8 əскерикөліктік тікұшақтары

ЗИС-2 57 мм танкке қарсы зеңбірек

Өзінің ауқымдылығы мен əсемдігі жөнінен парад миллиондаған қазақстандық үшін бірегей жəне есте қаларлық оқиға болды. Барлық əскер тектерінің өкілдері «Қазақ Елі» монументі алдынан жаяу, көлікпен жүріп өтсе, тікұшақтармен жəне ұшақтармен ұшып өтті. Еліміз Қарулы Күштерінің жеке құрамы мен əскери техникаларының рекордтық саны, тіпті, көпті көрген көрермендерді де таң-тамаша қалдырды. Парадқа шамамен 5 мың əскери қызметші, 200-дей қару-жарақ бірлігі мен əскери техника, əскери авиацияның 70 тікұшағы мен ұшағы қатысты. Парад-2015-тің визитті кəртішкесі тек ауқымдылығы ғана емес, сондай-ақ, сабақтастығы болды. Ту ұстаушылардың Отанымыздың Мемлекеттік туы мен Жеңістің Қызыл туын – 70 жыл бұрын біздің отандасымыз Р.Қошқарбаев пен оның жауынгерлік серігі Г.Булатов Рейхстагта желбіреткен тудың дəл көшірмесін алып шығуы жүрек толқытатын сəтке айналды. Жеңістің нышанына айналған Жауынгерлік ту Қазақстанға Мəскеудегі Тағзым тауынан жеткізілген болатын. Жаяу колонналар мен əскери техникаға масаттанбай қарау мүмкін емес еді. Орасан зор əсем көріністерде авиа-думан ерекше орын алды. Астана үстінен майдандық, əскери-көліктік жəне армиялық авиацияның топтары ұшып өтті. Əскери ұшқыштар жеке жəне ұшу топтары құрамында ұшудың небір айшықты өрнектерін орындап, Ұлы Жеңіс мерейтойын білдіретін «70» санын көрсетті.

Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі танкке қарсы қолданылатын зеңбірек. ҚР ҚК-де 31 бірлігі бар, олар тұғыр-ескерткіштер мен музей экспонаттары ретінде пайдаланылады.

М30 122 мм зеңбірегі

Екінші дүниежүзілік соғыс үлгісіндегі 122 мм гаубица.

РСЗО БМ-13 «Катюша»

БМ-13 Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі реактивті артиллериялық кеңестік жауынгерлік машина, халықтық «Катюша» атауымен аса кеңінен танымал.

Əскери-көліктік тікұшақ əскерлерді жеткізу бойынша міндеттерді орындауға арналған (десанттық, көліктік, санитарлық).

Ан-74 жəне Ан-26 ұшақтары (ҰҚК ШҚ) 3 бірлік (16 адам)

Ми-26 тікұшақтары 2 бірлік (12 бірлік – ТЖК) Ми-17 тікұшақтары 3 бірлік (9 адам)

Су-30 ұшақтары 4 бірлік (8 адам)

Ту-154 жəне Су-27М ұшақтары 3 бірлік (8 адам)

Ту-154 ұшағы Су-25 ұшақтары 5 бірлік (5 адам)

Əскери-көліктік ұшақ басқарушы құрамды тасымалдау, жаралыларды эвакуациялау, ұшу құрамының жауынгерлік дайындығын қамтамасыз ету бойынша міндеттерді орындауға арналған.

Ту-134 ұшағы

Ми-8 тікұшақтары 5 бірлік (15 адам) Су-27М ұшақтары 4 бірлік (4 адам)

Ту-134 жəне Су-27М ұшақтары 3 бірлік (8 адам) С-145 тікұшақтары 5 бірлік (10 адам)

Ан-72 əскери-көліктік ұшақ

МиГ-31 ұшақтары 6 бірлік (12 адам)

Ан-12 жəне МиГ-29 ұшақтары 3 бірлік (7 адам)

ҰҚК ШҚ-ның Ми171Ш тікұшақтары 3 бірлік (9 адам)

«Ленд Ровер» автомобилі

Əскери-көліктік ұшақ басқарушы құрамды тасымалдау, жаралыларды эвакуациялау, ұшу құрамының жауынгерлік дайындығын қамтамасыз ету бойынша міндеттерді орындауға арналған.

Ан-72 жəне Ан-26 ұшақтары 3 бірлік (16 адам)

Əскери-көліктік ұшақ салмағы 10 000 кг. жүкті тасымалдау бойынша міндеттерді орындауға арналған.

МиГ-29 ұшақтары 6 бірлік (6 адам)

Ан-12 əскери-көліктік ұшағы

Жауынгерлік міндеттерді орындауда жеке құрамды тасымалдауға арналған. Салмағы 20 000 кг.-ға дейінгі жүкті тасымалдау бойынша міндеттерді орындауға арналған.

Т-72 Б танкі

Ан-26 ұшағы Зымыранды-зеңбіректі қаруы бар Т-72 танкінің жаңғыртылған нұсқасы. Салмағы 5 500 кг.-ға дейінгі жүкті тасымалдау бойынша міндеттерді орындауға арналған.

ТОС-1А ауыр от шашатын жүйе

Қарсыластың жеңіл бронды техникаларын саптан шығару, ғимараттар мен нысандарды өртеп, қирату жəне адам күшін жою үшін пайдаланылады.

С-295М əскерикөліктік ұшағы С-295М адамдар мен салмағы 9 тоннаға дейінгі жүкті 5 200 км.-ға дейін тасымалдау бойынша міндеттерді орындауға арналған.

Мінбер

Жаяу əскерлердің БМП-2 жауынгерлік машинасы БМП-2 жауынгерлік жеңіл брондалған шынжыр табанды жүзгіш машина, мотоатқыштар бөлімшелерін тасымалдауға арналған.

«Стрела-10» зениттікзымырандық кешен

Жаяу əскерлердің бөлімшелері мен бөлімдеріне қалқан болу үшін пайдаланылады.

«Кобра» БКМ жауынгерлік доңғалақты машина «Кобра» БКМ жеңіл брондалған доңғалақты жауынгерлік машина, шолғындық-барлау жасау жəне сүйемелдеу қызметіне, сондай-ақ, жаудың жеңіл брондалған нысаналары мен адам күшін жоюға арналған.

Парадтық топтар маршқа дайын

1 2 3 4 5

Ту ұстаушы топтар «Жас ұлан» барабаншыларының ротасы ҰОС ардагерлерінің ротасы ҚР ҚК офицерлерінің ротасы Құрғақтағы əскерлер офицерлерінің ротасы

6 7 8 9 10

Əуе қорғанысы күштерінің ротасы Əскери-теңіз күштерінің ротасы Ұлттық қорғаныс университетінің ротасы ҚƏ ƏИ ротасы ҚƏРЭС ротасы

БТР-82А бронетранспортері

122 мм Д-30 гаубицасы

БТР-82А жеңіл брондалған доңғалақты жүзетін машина, мотоатқыштар бөлімшелерін тасымалдау мен оларды ұрыс даласында қолдау, машинадан ұрыс қимылдарын жүргізу үшін қолданылады.

Қарсыластың алдыңғы шептегі жəне бригаданың мүддесіне орай алыстағы ашық жəне жасырын күштерін, қаружарағы мен əскери техникаларын жоюға арналған.

152 мм 2А65 «Мега-Б» гаубицасы

КамАЗ-63502, 43118, 43114 автомобильдері

Өту қабілеті жоғары Хаммер М10-43А2 автомобилі, жеңіл брондалған

Жауынгерлік міндеттерді орындауда жеке құрамды тасу, бөлімшелерді басқаруды ұйымдастыру, техника колонналарын, т.б. сүйемелдеу үшін пайдаланылады.

11 12 13 14 15

ƏҚҚ ƏИ ротасы ІІМ ҰГ əскери институтының ротасы Кадет корпусының ротасы Жиынтық оркестр Қыз-келіншектер əскери қызмет ротасы

Ауыр артиллериялық жүйелерді сүйреуге, жүктер мен жеке құрамды тасымалдауға арналған.

Шабуылдың тактикалық құрылғыларын жою, адам күші мен ату құралдарын, басқару бекеттерін, əуе жəне зымыранға қарсы қорғаныс құралдарын қирату үшін қолданылады.

16 17 18 19 20

АэМВ ротасы «Батыс» ӨкҚ ротасы Бітімгершілік күштерінің ротасы Арнайы мақсаттағы рота Əскери полиция ротасы

152 мм 2А 36 «Гиацнит Б» зеңбірегі Жаудың ядролық шабуылдаушы тактикалық құралдарын жоюға, адам күшін қыруға, ату құралдарын, басқару бекеттерін, əуе жəне зымыранға қарсы қорғаныс құралдарын қиратуға арналған.

130 мм 9П 149 «Штурм-С» танкке қарсы зымыран кешені

Жылжымалы жəне жылжымайтын брондалған жəне шағын көлемді жердегі нысаналармен күрес үшін пайдаланылады.

ТҚƏМ Танктерді қолдау əскери машинасы

21 22 23 24

ҰҚК Шекара қызметінің ротасы

ТҚƏМ заманауи атуды басқару құралдары, көпарналы қаруының тəуелсіз үш ату секторлары бар жоғары қорғанысты шынжыр табанды əскери машина.

Ка-32 орташа көліктік тікұшағы

ЕС-145 əскери тікұшағы ЕС-145 əскери тікұшағы кең ауқымдағы арнайы жəне əскери тапсырмаларды орындау кезінде жердегі, жылжымалы мен жылжымайтын нысандарды тиімді жоюға арналған.

Ұлттық гвардия ротасы

Ка-32 іздеу жəне құтқару жұмыстарына, 2000 кг. салмаққа дейінгі көліктік тасымалдауға, құрылғыларды монтаждау кезіндегі кран жұмыстарына, ТЖ аймағынан 12 адамды эвакуациялауға, ҚР ІІМ ТЖ-ның патрульдік қызметі мен басқа да мақсаттарына арналған.

ІІМ ТЖК ротасы

МиГ-29 майдандықтосқауылшы жойғыш ұшағы Əуе нысандарына тиімді тосқауыл қою жəне жою үшін қолданылады.

МиГ-31 тосқауыл қоюшы жойғыш ұшақ МиГ-31 ұшақтарға, қанатты зымырандарға, ұшқышсыз аппараттар мен аэростаттарға тосқауыл қоюға арналған.

Мемлекеттік күзет қызметінің ротасы

Су-25 майдандық шабуылдаушы ұшақ 152 мм өздігінен жүретін 2С3М «Акация» гаубицасы Жаудың артиллериялық жəне минометтік батареяларын, зымырандық қондырғыларын, танктерін, ату құралдарын, басқару бекеттері мен адам күшін жоюға арналған.

МАЗ-543-тегі «Смерч» РСЗО-сы

«Скайларк» БПЛА

Жаудың шоғырланған аудандары мен жауынгерлік қатарлары құралдарын жоюға арналған.

Қару-жарақ пен əскери техниканы тасымалдау (эвакуациялау) үшін қолданылады.

Мобильді радиорелелі станса, басқару бекеттеріндегі байланыс тораптарына байланыс жəне хабар беру арналарын ұйымдастыруға арналған.

Ұшқышсыз аппарат. Алаңы 10 шаршы шақырым аумақты байқау үшін пайдаланылады.

«Зифан» тралы БАЗ-5921-дегі «Точка-У» ОТРК-сы Жердегі жылжымалы жəне жылжымайтын брондалған жəне шағын көлемді нысаналарымен күресте қолданылады.

«Da Vinci» БПЛА (тікұшақ типтес) Тігінен ұшыпқонатын функциясы бар ұшқышсыз аппарат. Биіктіктен ашық кеңістікте, сондайақ, елді мекен жағдайында (қала) ұрыс қимылдарын бақылауға арналған.

Цикада бөгет жасау стансасы

Көпарналы радиорелелі Р-414МС стансасы

С-300 ЗЗК (МАЗ-543) Тактикалық жəне жедел-тактикалық басқару буындары радиобайланысының қысқа жəне ультрақысқа толқындарында нысаналы радиобөгет жасау үшін қолданылады.

С-200 ЗЗК (КрАЗ-260)

Навигациялықтопографиялық кешен ПНТК ұшқышсыз аппараттан жергілікті жердің мониторингі, суретке түсіру; алынған ақпаратты жинау, талдау жасау мен өңдеу үшін пайдаланылады.

Барлау жəне басқару ұшақтарын жою, сондай-ақ, биіктіктегі жылдам жəне шағын көлемдегі нысаналарды жою үшін пайдаланылады.

Мобильді көпарналы орта қашықтықтағы кешен, аэродинамикалық жəне баллистикалық нысаналармен күреске арналған.

Бронды «Тигр» доңғалақты машинасы ҚР ІІМ ҰГ жарақтандырылуында тұр, барлау жүргізу, колонналарды сүйемелдеу мен күзету, патрульдеу мен бөлімшелерді қолдау үшін пайдаланылады.

Ми-26 əскери-көліктік тікұшағы

Ми-26 жеке құрам мен көлік жүгін жауынгерлік жəне арнайы міндеттер бойынша кең көлемді орындауға арналған.

Ан-74 əскери-көліктік ұшағы Ан-74 əскери-көліктік ұшағы кез келген ауа райы жағдайында жəне кез келген ендікте жүктерді, техника мен адамдарды тасымалдау міндеттеріне арналған.

Су-25 бронды, жердегі жəне шағын көлемді, жылжымалы жəне жылжымайтын, оның ішінде əуе нысаналарын тиімді жою үшін қолданылады.

Су-27 көпмақсатты майдандық жойғыш ұшақ Бронды, жердегі жəне шағын көлемді, жылжымалы жəне жылжымайтын, оның ішінде əуе нысаналарын тиімді жою үшін қолданылады.

Су-30 СМ көпфункциялы майдандық жойғыш ұшақ Су-30 СМ əуе нысаналары мен ұшқышсыз аппараттарды, оның ішінде жылжымалы жəне жылжымайтын, бронды жердегі нысаналарды тиімді жоюға арналған.


10

www.egemen.kz

8 мамыр 2015 жыл

ЕР – ЕЛ ҚОРҒАНЫ стансасы үшін болған кескілескен ауыр ұрыстарда 1944 жылдың 16 қаңтарында ерлікпен қаза тапқаны жайлы айтып, одан соң жазып та беріп, əке хабарын алғаш естірткен екен. Кейін Гүлжахан апайдың іздеу жұмыстарын жалғастырған балалары Сəбит пен Венера Əли Асылбеков жазып берген осы деректерді негізге алды. Олар ғаламтор арқылы да іздеді. Қызылəскер Ділдахан Үдербаевтың майдандағы тағдырын, жерленген жерін анықтауды сұраған анкета-сауалды Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің Орталық архивіне де жолдады. Осыған қатысы бар-ау деген басқа тиісті ресми орындарға да жазудан бір жалықпады. Сол жанкешті құлшыныстары зая кетпеді. Іздеген жетті мұратқа. Майдангер аталарының жатқан жерін, мəңгілік мекенін ақыры немерелері Сəбит пен Венера Баймұрзаевтар іздеп тапты. Насва стан-

Ежелгі Псков жеріндегі бауырластар зиратында Кеңес Одағының Батыры Əлия Молдағұловамен қатар жатқан, ерлікпен қаза тапқан қызылəскер Ділдахан Үдербаевтың қабірінің басында 69 жыл 3 ай жəне 26 күннен кейін рухына бағышталып қасиетті Құран оқылған еді. 2014 жылғы мамыр айының тамылжыған бір күнінде Псковқа өзінің іңгəлаған нəресте кезінде қан майданға аттанған қымбатты əкесінің қабірін көруді аңсаған, əзиз əке рухына туған жердің бір уыс топырағын бұйыртуды көксеген Гүлжахан Ділдаханова соншама алыс қиырдан перзенттік асыл парызын арқалай, үлкен толғаныспен жетіп еді. Жалғыз емес, қасында қаумалаған ұлы мен қызы Сəбит пен Венера, ержетіп қалған немерелері Асқар мен Нұржан бар. Қаншама жылдан кейін сабыла іздеп, аталарының Отан үшін шейіт болған жерін, мəңгілік жай тапқан мекенін де тапқан солар, балалары, ба-

Алматыда жасақталып жатқан əскер бөлімдерінің құрамында майданның алғы шебіне жөнеліп, онда, дес бергенде, Панфилов атындағы атақты 8-ші гвардиялық дивизияның құрамындағы 23-ші атқыштар полкіне қарасты, 2-ші батальонның 2-ші минометшілер ротасына қосылады. Біздің қолымызда əзірге гвардияшы қызылəскер Ділдахан Үдербаевтың ұрыстағы қимыл-əрекеттері, нақты ерліктері жайлы деректер азырақ. Бірақ қазақтың намыскер ұланының ерлікпен шайқасқанына күмəн жоқ. Ол құрамында болған əскер бөлімінің майданның өне бойындағы қайтпас

Лəйлек ќўстыѕ шаттыєы

сасы үшін болған ұрыста 1944 жылдың 16 қаңтарында ерлікпен қаза тапқан қызылəскер Ділдахан Үдербаевтың Новосокольники ауданындағы Монаково селосының жанындағы бауырластар зиратына жерленгендігі жайлы қарлығаш хабаршы 2013 жылдың қыркүйегінде жетіп еді. Онда мемориал орнатылған көрінеді. Жерлеу нөмірі – 1121. Құжатта Үдербаев Ділдаханның аты-жөні көрсетілген. Барлық басқа деректері де сəйкес келеді əрі анық.

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан».

лапандары. Қан майданның қасабында ел-жұрты үшін қасық қанын қиған сайыпқыран сарбаздың немерелері мен шөберелері. Хабарланып отырған псковтық достар қарсы алғаннан кейін шамалы уақыт өткенде қазақстандық жоқ іздеуші жолаушылар бірнеше мəшинемен тақтайдай тегіс асфальт жолдың үстінде Новосокольники ауданын бетке алып, сондағы Монаково селосының маңындағы бауырластар зиратына қарай заулап бара жатты. *** Сірə, «Мойынқұмда ауылым» деп əнге қосылған өңірді білмейтін, өзінше көзіне елестетпейтін қазақ жоқ болар. Біздің толғамның бас кейіпкері Ділдаханның да ауылы, туған жері осы бар қазаққа белгілі Мойынқұм екен. Мал бағып, қойын құрттап, айранын ұрттаған Үдербай деген шаруа кісінің отбасында 1915 жылы дүниеге келіпті. Алдында Жұбайділда, Əбділда атты ағалары бар. Ділдахан көзінде от жалындап, жігерлі де ақылды болып өседі. Қаршадай бала кезінен қазақ ауылының сол бір сұрқай заманға тəн қиындықтарының бəрін көреді. Сол тұстағы жұпыны ауыл мектебінде сауатын ашады. Одан кəмпескесі бар, колхоздастыруы бар қияпат жылдар Ділдахандардың буынын да ерте есейтеді, өмір күресіне ертерек кірістіреді. Жастығына қарамастан, өз ортасындағы беделі зор, білімбілігі мол Ділдаханды Жаңатірлік ауылдық Кеңесінің төрағасы қызметіне тағайындайды. Ауылдың басшы əрі басты адамдардың біріне, елдің мұң-мұқтажына қарайласар ат үстіндегі азаматқа айналады. Көпшіл, қайырымды да қамқоршыл болса керек. Кең маңдайлы, ақылына сабыры сай тұрпатты жігіт қылшылдаған қыран жиырма бесінде ауылдың бір тұлғасына айналады. Өзімен тең құрбы, сүйіп қосылған жан жары Күлəтайымен бақытты өмір сүре бастайды. Міне, осы кезде лаңдатып сұм да сұрапыл соғыс басталыпты. Ел өмірі күрт өзгеріп, жаңа жойқын арнаға түседі. Барша тыныс-тіршіліктің беті майданға бұрылады. Ер-азаматтар леклегімен, топ-тобымен ел қорғауға аттанып кетіп жатады. Ауыл-аудандағы осындай қарбалас, қат-қабат шаруаларды ұйымдастырудың бел ортасында бұл шақта қату қабақты, жасын жанарлы Ділдахан жүріпті. Соғысқа алғашқы күндерден-ақ сұранса да Жаңатірлік ауылдық Кеңесінің төрағасын аупартком мен аудандық əскери комиссариат қызмет бабында қажеттігін ескеріп, жібере қоймапты. Ол екі ортада өмірге іңгəлап тұңғыш əрі жалғыз тал сəбиі Гүлжахан келеді. Түбінде əке шаңырағының түтінін өшірмейтін, əке аруағын риза ететін осы кішкентай қыз боларын ол кезде кім болжалдап, кім біліпті?! Осылайша адамдардың тағдырында қасірет пен қуаныш, күйініш пен сүйініш қатар жүреді. Күндер сырғып, айлар жылжып, уақыт өткен сайын Ділдахан да дегбірден айырылады, ер намысына басып, бұдан əрі шыдап отыра алмайды. Ақыры, қояр да қоймай сұранып жүріп майданға аттанады. Бұл 1942 жылдың ызғарлы желтоқсаны екен.

қайсар, даңқты жолы да осы ойымызды айғақтай түскендей. Əттең дүние, Ділдаханның жары Күлəтайға үзбей жазған хаттары сақталмай қалған. Оларда майдан өмірінің, кескілескен ұрыстардың біраз сырлары шертілгенақ болар. Ең үлкен өкініш сол, алыстағы ұрыс даласынан ақша бұлттай арлы сағыныш арқалап келіп тұратын сол хаттар 1944 жылғы қаңтардың ортасынан ауа пышақ кескендей сап тыйылды. Иə, бəрі есінде. Гүлжаханның кішкентай кезі. Қос бөлмелі жұпыны қоржын тамда əжесі Өрік, анасы Күлəтай үшеуі тұрады. Əкесінің екі ағасы да соғысқа кеткен. Ол кісілердің отбасылары бөлек. Ер азамат соғысқа кетсе, бар азап əйелдің басына түседі екен ғой. Сол айтқандай, қызылəскер Ділдаханның жары да колхозда соқа айдап, шөп шауып, қара жұмысқа жегілді. Ауылдың сыртында Қырыққазық деген жер бар дейді. Сол арадағы үйілген маялардан түкірік жерге түспейтін қақаған аяздарда малға шөп тасиды. Арба айдайды. Қысы-жазы бітіп болмайтын итырғылжың жұмыс. Сол бір жаралы жылдардан тағы бір есте қалғаны, анасының арба айдағанда айтатын мұңды əндері, зарлы əуендері. Былай болып келеді кейбір шумақтары: Алматы – Мəскеу арасы, Көздің ақ пен қарасы. Айырылып келіп елінен Қырылды қазақ баласы. Жиырмаға жетпей жастары, Қағылмай кетті-ау қастары. Оқ тиген жерде қалады-ау, Оңға да түспей бастары... Осылай зарлы əнін айта жүріп, Отан үшін, ел үшін қыршыннан қиылып, оқ тиген жерде қалған қаншама қазақ баласының ішінде өзінің асыл азаматы Ділдахан да болғанына қайран əзиз жар Күлəтай ана сенбей өтіпті. Соғыс туралы кино бола қалса ішінен Ділдаханды көріп қалам ба деп соған көз алмай қарап отырады екен. Екі сөзінің бірі: «Ділдаханның көзі ашық, сауатты ғой. Жоқ, ол өлген жоқ, ол келеді, оралады. Түбі бір жерден шығады» деп үмітін үзбейді. «Кебін киген келмейді, кебенек киген келеді» деген қазақтың сөзін ұстанып, өмір бойы ерін сарғая күтумен болыпты. Ақын айтқандай, əуелі арды ойлаған ана əлі солқылдаған жас шағында талай жақсы кісілер сөз салса да, екінші қайтара күйеуге шықпапты. Қайсар ана, қаралы жесір жауынгер жарының жалғыз тұяғын өзі жеткізді. Бəріне шыдады, бар қиындықты жеңді. Құдай пейіліне берді. Əлпештегеніне қарай Гүлжаханы ақылына көркі сай,

мейірімді, зейінді қыз болып өсті. Алматыдағы Қыздар педагогикалық институтының кітапхана факультетін оқып бітірді. Өзі сияқты жас маман, қаржы саласының қызметкері Хамит Баймұрзаев деген жақсы азаматқа жарасымды жар болды. Осылайша қамкөңіл анасының үмітін ақтап, қапалы жанын жадыратып, алтын асықтай жиен немерелер сүйгізді. Қолын жылы суға малып, қиын күндерін ұмыттырып артта қалдырды. Қызмет бабында да абыройлы жүрді. 14 жыл бойы үздіксіз Шу қаласындағы №37 балабақшаның меңгерушісі болды, одан 12 жыл қатарынан қалалық мəдениет бөлімін басқарды. Сол кездерде мəдениет саласы қызметкерлерінің, кітапқұмарлардың, «Білім» қоғамының Мəскеуде өтетін съездеріне Қазақстаннан, Жамбыл облысынан лайықты делегат болып Гүлжахан Ділдаханова қатысып тұрар еді. Сан мəрте сайланған депутаттығы өз алдына, бұған қоса, Қазақ КСР халыққа білім беру ісінің үздігі, Қазақстанның еңбек сіңірген мəдениет қызметкері атақтарын еншілеуі де соғыстан қайтпаған жауынгерден қалған жалғыз тұяқтың пешенесіне жазылған бақ, еңбегіне сай көрсетілген ел құрметі еді. Кейінірек тағы да өткендегі еңбектерін елеп «Шу ауданының құрметті азаматы» атандырып, мерей-мəртебесін өсіре түсті. Тек көкейінде көп жылдардан бері күрмеуі шешілмей келе жатқан бір түйін болатын. Сонау соғыста құрбан болып, елге қайтпай қалған əке сүйегі қай жерде бір төмпешік болып жатыр екен? Қабірі қайда? Қай жерде, қайсы ұрыста, қандай жағдайда қаза тапты? Есейіп ес білгесін əр жерге жазып іздеп те көрді. Бірақ еш хабар ала алмаған. Содан арнайы Мойынқұм тарабына барып, өзіне нағашы болып келетін Кеңес Одағының Батыры Əли Асылбеков деген ардагерге жолықты. Бұрын да еміс-еміс еститін, əкесімен соғыста бірге болған деп. Рас екен. Бірге соғысқан. Қайтпай шайқасатын өжет еді Ділдахан, дейді. Сескенуді білмейтін. Жауды жайпап алға ұмтылатын. Сондай бір атакада алғы шепке тым ұзап кетіп, оқ қақ маңдайдан тиіпті. Əли сонда сол ұрыста бірге болған, өлгенін де көрген. Оппа қарға шаншыла көміліп қалыпты, аяғының ұшы ғана шығып жатыр екен дейді. Сол арада Ділдаханды өз қолымен жерлейді. Сөйтіп, осыдан көп жылдар бұрын майдандасы Əли Асылбеков қызы Гүлжаханға Ділдахан Үдербаевтың Панфилов дивизиясының құрамында Ресейдің Белоколуцк облысы, Новосокольники ауданындағы Прискуха деревнясы маңындағы Насва

*** 2014 жылдың 13 мамыры. Монаково маңайы манарлана толықсып, көкорайға бөгіп тұр. Шуақ төккен осы бір сырбаз күннің сырлы ғажабы осындағы бауырластар зиратын алыс Қазақстаннан іздеп келушілердің де көңіл толқынымен астасқандай. Бауырластар зиратындағы қызылəскер Ділдахан Үдербаевтың қабірінің басында осы күнді ондаған жылдар бойы зарыға аңсап күткен қызы, бұл күнде өзі де өркен жайған үлкен бір əулеттің анасы, əжесі болған Гүлжахан апай тұрды егіліп. Қабір бетіндегі тақтада «Красноармеец. 8-ая Гвард. стрелк. див. УДЕРБАЕВ ДИЛЬДАХАН. 1915-16 января 1944» деп жазылған. Боздақ ата қабірінің басына қос немересі Сəбит пен Венера тағзым етті. Шөберелері Нұржан мен Асқар қабірді құшақтап: «Айналайын ата, осы жерде жатыр екенсің ғой!» деп боздап жылап жіберді. Гүлжахан апай əке қабіріне елден ала барған бір құты топырақты салып, сөйтіп боздақ əкесіне туған жерінің бір уыс топырағын бұйыртты. Бауырластар зиратында жатқан барша қазақ баласына, оның ішінде алдымен халқымыздың даңқты қызы Əлия Молдағұлованың басына да құран оқылды. 54-ші жеке атқыштар бригадасының мергені батыр Əлия Новосокольники қаласын, Монаково, Прискуха, Казачиха деревняларын, Насва стансасын, басқа да елді мекендерді азат ету жолындағы бірнеше аптаға созылған қиян-кескі ұрыстарда өшпес ерлік жасап, 1944 жылдың 15 қаңтарында қаза болғаны тарихтан белгілі. Міне, осы ұрыстарға қазақтың тағы бір қайсар ұланы Ділдахан Үдербаев та қатысып, ол да ерлікпен көз жұмған. Псков облысы Новосокольники ауданының басшысы В.Соловьев «Новосокольники. Земля, опаленная войной» атты Новосокольники қаласын азат етудің 65 жылдығына арналған деректі кітаптың алғысөзінде: «Новосокольники ауданын азат ету барысында əртүрлі ұлттардың 14 мыңнан астам жауынгерлері жандарын қиды» деп жазады. Міне, сол боздақтардың бел ортасында Ділдахан Үдербаев та өліспей беріспей шайқасқан болатын. Осы кітапта, əсіресе, 1944 жылдың 14-16 қаңтары аралығында аудан атырабындағы барлық бағытта қиянкескі қидаласқан, қан қасап ұрыстардың

болғандығы айғақты құжаттармен айтылады. Онда дəл осы күндерде 54-ші дербес атқыштар полкі батальонының қатты бораған жау оғына қарамастан 8-ші гвардиялық дивизияның шаңғылы батальонымен тізе қоса қимылдап, 700 метр алға жылжып, шабуылдаушы шепке шыққаны келтіріледі. Снайпер Əлия Молдағұлова да, минометші Ділдахан Үдербаев та осы екі батальонның ішінде. Олардың нағыз ерлерше шайқасып оққа ұшуы да осы күндерде. Соғыс тарихы шежіресінің тасқа басылып, құжаттарға тоқылып қалған шерлі де шыншыл баяны осындай. Боздақ əке рухын қастерлеген алғыскер ұрпақтар Əлия Молдағұлова атындағы мектепке барып, батыр апамыздың ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоқтарын қоюды да естен шығармады. Гүлжахан апай айтады: «Соншама жылдан кейін басына барып, жылапеңіреп, əкем жаңа өлгендей болдым сонда мен. Үйге оралғасын да неше күн бойы жөндеп есімді жия алмай жүрдім. Көңілім босады. 70 жылдан кейін табылғаны, оңай емес қой, енді... Жалғыз тал ұрпағы мен қалмасам, ол табылар ма еді. Кім іздейді? Қураған қу сүйек, құран оқылмай, тəу етілмей айдалада қала берер ме еді? Құдайға шүкір! Менен туған балалар соны тапты. Бауырластар зиратының күтімі жақсы көрінеді. Арнайы күзетші, бізше айтқанда, шырақшысы бар екен. Жанжағының бəрін тазалап, шөбін жұлып, гүлін өсіріп, кəдімгі көкпеңбек көкорай етіп қойған. Ауданының басшысы бар, басқасы бар, бізді орыс ағайындар өте жақсы қарсы алды. Əке алдындағы парызды өтеуге бар мүмкіндікті жасады. Рахмет. Жалпы, ресейліктер өткен тарихты, соғыста бүгінгі бейбіт өмір үшін құрбан болған ерлерді қатты қастерлейді екен... Майдангерлерге, Отан үшін от кешкен боздақтарға біздің елімізде де құрмет ерекше. Əсіресе, Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске Елбасымыздың ілтипаты зор. Сол үшін ел Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевқа майданда жан қиған жауынгердің ұрпағы ретіндегі алғысым шексіз. Ресей еліндегі сапарымның сəтті болуы да, сайып келгенде, сол кісінің бейбітшіл, сара да дана саясатының арқасы. Осы көреген саясаттың арқасында əкемнің рухымен табыстым. Сөйтіп, əке қабірін көргеннен кейін жаным жұбанды. Аруақ разы болған шығар. Басына барып келгенше ылғи зілқаратастай басып көңілімде тұратын. Құран бағыштап, туған жерінің бір уыс топырағын бұйыртып, барып келгеннен кейін көңілім жайланды...». ...Гүлжахан апай алыстағы əке басына барып келгеннен кейін Мойынқұмда ел-жұртын жинап, құдайы тамақ берді. Қыз да болсаң, ер азаматтың ісін істедің, өлгенді тірілттің, өшкенді жандырдың деп ондағы ағайын қауым, үлкен ақсақалдар жағы да риза. Биыл, құдай қаласа, Жеңістің 70 жылдығының да орайы келіп тұр, əке-шешесінің 100 жылдығына арнап ас бермекші. Айналайын балалары, ұрпағы аман болса, əкесі Ділдаханның рухы өшпейтініне Гүлжахан апай бек сенімді. ...Көз алдыма мына бір сəт қайтақайта келеді. Имам марқұм Ділдахан Үдербайұлына бағыштап құран оқыды. Бір ғажап нəрсе, құран оқылып жатқан шақта Жаратқанның осы тілекті қабыл етіп, аруақтың риза болып шаттанғанын білдіргендей, Бауырластар зиратының бір шетіндегі ұстынды сынтастың ұшар басындағы ұяға лəйлек құс келіп қонды. Ол қанатын қомдай қозғалтып, шаттық сезімін жария еткендей, тəу етуші жұртқа зер сала бақылап, тербетіліп, ұзақ қарап тұрды. Ең бір кереметі – осының бəрі дəл сол сəттерде бейнекамераға түсіріліп қалған. Оны біз де көрдік. Ақын жүрек шым-шым етіп өтті. Тіл ұшына өлең шумақтары орала берген... Жаспен шылап көңілімнің əйнегін, Құран сөзге ұйыдың-ау, лəйлегім. Аңсар жайын сен білерсің, текті құс, Сен табарсың зар сағыныш айла-емін. Əр жүрекке бір-бір шер боп байланған, Жер-жаһанды топан судай қайғы алған Қан майданда қайтпай қалған ерлердің Рухы сен бе лəйлек құсқа айналған?! Лəйлек-Рухым тау қайғыны құлатқан, Сен боларсың шырақшыдай шуақ таң. Бəйіт айтып мың сан бейіт басында Періште ме ең боздақтарды жұбатқан?! ...Иə, лəйлек құстың шаттығы – əке рухы шаттанғанының белгісі. Себебі, əлемнің барлық халықтарының нанымсенімінде лəйлек ізгілікті сипаттайды, күн сəулелі құс, жақсылық хабаршысы деп есептеледі. Ата-бабаларға, атаанаға деген құрмет пен сүйіспеншілікті, олардың алдындағы перзенттік парызды паш етеді. Ендеше, біздің лəйлектің де əке рухымен баласының қауышқанына, ата рухымен немере-шөберелерінің табысқанына, аруаққа қаншама жылдан кейін қасиетті Құран бағышталғанына шаттануы қандай ғанибет. АЛМАТЫ.

 Мəскеудегі парадқа қатысады

Жетпіс жыл ґткен соѕ...

Бүгінде 90-нан асып отырған Камали Дүйсембеков ақсақал өзі жүріп-тұратын қалпында. Жеңіс мерекесі жақындаған сайын үйден гөрі көбіне жұрт арасында. «Данқ» орденінің ІІ жəне ІІІ дəрежесінің екі мəрте, «Ұлы Отан соғысы» орденінің І жəне ІІ дəрежесінің иегері, «Сталинградты қорғағаны үшін», «Қырымды азат еткені үшін», «Севастопольді алғаны үшін» медальдары кеудесінде қоса жарқыраған абыз ардагерді жиындарға, кездесулерге шақырушылар аз емес. Бəріне баруға тырысады. Бейбіт өмірде де өнегелі, өрісті, шапағатты іс-шаруалардың басы-қасынан табылған қайсар жанның аталған марапаттары қатарында Октябрь Революциясы, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі», «Құрмет» ордендері жəне жарқырайды. Майдан жолдары еске түсіп, көз алдына жиі келуші қарт жауынгердің Мəскеудегі Жеңіс шеруіне шақыру алуы көңіл толқуын одан сайын өсірді. – Камали аға, білуімізше мұндайлық биік құрмет сізге бірінші рет көрсетілуі емес екен! – Сондықтан да жүрегімді ерекше тебіренткен хабар болды. 1945 жылғы Ұлы Жеңіс шеруіне қатысу қуанышым 70 жылдан соң қайта оралуы сондағы 20 жасымдағыдай шақтағы шаттыққа бөледі. Шіркін-ай, сол ғажайып күн қалай ұмытылсын. Қайталанбас тарихи сəтті күткен Қызыл алаң тып-тыныштығынан жүрек дүрсілім естіліп тұрғандай есімде. Кенет қос атпен қатарласа шауып шығып, қазқатар тізіліп қатып қалған салтанатты саптар алдын аралап өткен қолбасшылар Жуков пен Рокосовский саңқ-саңқ еткен құттықтаулары жанарымнан жас ыршытып жіберді. Соғыстың оты мен оғы ортасындағы талай ажал аузында жүргенде де көзіме жас алып көрмеп едім. Мұның алдында бірнеше күн дайындалған біздің топ І Украина майданының құрамында қадамды нық басып, биік рух ескен жүзбен сап сəнін асырып өтті. Одан əріде Мəскеу көшелеріне асқанымызда тұрғындар жаудырған гүл шоқтары жолымызға кілемдей жайылды. Шеруіміз аяқтала бере бір-бірлеп аспанға ұшырып-қағып алумен жалғасты. Бір-бірін танып білмесе де адамдардың ортақ Жеңіске деген қуаныш, соған жеткізген жауынгерлерге деген мақтаныш сезімдері бəрімізді туысқандай етіп жібергендей еді. – Жеңістің бірінші шеруіне біраз қазақстандықтар қатысқаны белгілі. Кімдермен таныса алдыңыз? – Əскери тəртіпке байла нысты жүріп-тұруымыз шектеулі болғанмен сəл саябыр уақыттар да бірқатар жерлестерімізбен табыстым. Соның ішінде Мүтəш Сүлейменовпен Мəскеу түбіндегі дайындық күндерінде танысуға мүмкіндік туған болатын. Кеудесінде «Данқ» орденінің үш бірдей дəрежесі толық жарқыраған өзімдей көкөрім жігіт бұрыннан таныстай көзіме жылы ұшыраған еді. Сөйтсем, ол да мен сияқты 17 жасынан майданға өзі сұранып, Қарағандыдан аттандырылыпты. Кеңес Одағының Батыры атағына тең əйгілі ордендермен Днепр, Курск иіні, Одер шайқастары үшін марапатталыпты. Шеруден екеуміз елге бірге оралып, одан сайын жақындастық. Жеңістің 60 жылдығына арналып өткен Астанадағы шеруге де бірге қатыстық. – Сіздің төсіңіздегі жауын герлік ордендер мен медальдарға қарап-ақ, майдан жолдарыңызды білуге болады. Кейбірінің берілу тарихын да айтып өтсеңіз. – Əрине, əрқайсының орны бөлек. Əйтсе де ІІІ дəрежелі «Даңқ» орденінің ыстық көрінетіні рас. Өйткені, маған ол 18 жасымда кеудеме тікелей окопта тағылуымен қымбат. 1942 жылдан 1944 жылға дейін Сталинградты қорғауға, Қырым, Донбасты жау қолынан қайтаруға, Балтық теңізі бойындағы қалаларды азат етуге қатыстым. Севастополь үшін шайқаста ауыр жараланып, біраз уақыт госпитальда емделуде жаттым. Командирлерімнің мені ұмытпай Жеңіс шеруіне қатысуға шақыртуы жайдан-жай емес шығар деп ойлаймын. Рухтарына бас иемін. Енді, мінеки, бұдан 70 жылғыдай бұрын Кремль алдынан қаруластарыммен сап түзеп өтуге бара жатырмын. Əттең, кезіндегідей бойды тіктеп, аяқты нық баса алмаспыз. Алайда, ерліктер оты сөнбеген рухымыз шерудегі сəнімізге қылаудай кір келтірмесіне сенемін. Тағдыр маған бақытты өмір бұйыртты. Бақыттылығым отаншылдығымнан, еңбекке адалдығымнан, табандылығымнан туып, жарасты. Өзім қадір тұтушы осы қасиеттер жастарға үлгі болса екен деп тілеймін. – Жеңіс парадына аман барып, сау қайтыңыз! Əңгімелескен Айқын НЕСІПБАЙ, «Егемен Қазақстан».

ҚАРАҒАНДЫ.


www.egemen.kz

8 мамыр 2015 жыл

11

 Тұлға «Ерлiк – сенiң несiбiң, Ерлiк – менiң несiбiм...» Мұқағали. Халықтың рухани тұтастығы мен өмір сүру қабілетін бекітуден, мінезін тұрақтандырудан, елге қызмет етіп, ұлтыңды сүюден үлкен міндетің болуы мүмкін емес. Бұл – ең бақытты, ең игілікті міндет. Бұл – ұлт рухын шыңдап, ұрпақтың уақыт көшінен қалмауына, ұлттық ой мен сананың өріс алып, замана талабына сай самғауына, елдік мұраттардың қанатын кең жайып, кеңістікке еркін шығуына барынша мүмкіндік тудыратын, тəуелсіздігімізді қамтамасыз етуге жұмылдыратын ең киелі, ең қасиетті міндет. Ел өмірінің жаңа өрістерден көрініп, ел тағдырының оң бағыт алуында айрықша рөл ойнайтын осынау міндет үдесінен шығып отыру – қиынның қиыны, ауырдың ауыры. Қиынды еңсеру, ауырды көтеру нар бітімді сиректердің маңдайына жазылған. Əр дəуір, əр кезең ұсынар уақыт салмағын жүрегімен арқалап, ойымен соқпақ ашып, əр дəуір, əр кезеңнің көкжиегін кеңейтер, ұрпақ сөзін айтып, ұлт ойына ықпал етер қалыбы кең, мінезі таза, ойы нық, ісі анық мұндай ұлдарын халық əдетте тұлға деп танып, оны өзіне лайық тұғырына көтерген. Саясаттану ғылымдарының докторы, беделді

болады... Шынымды айтсам, спектакльдегі көтеріліп отырған проблема өмірден алынған. Бүгін гі жастардың жанын, жүрегін тербейтін тақырып. Ғазиза, Досқан, Нұрқанат үштігінде жүрек қылын қозғайтын өмір бар, өнер бар... – деп сөзін қайыра келіп, комсомол жетекшісі енді Асқар Сүлейменовке бұрылды: – Сіз не ойлайсыз, Асеке? – деді. – Сіз қай Асекеңді айтып отырсыз? Мен Тоқпанов емеспін, – деді Сүлейменов сұраулы жүзбен. Əр-əр жерден мырс-мырс еткен күлкі легі байқалды. – Мен сізге – қазақтың Асқар Сүлейменовіне қаратып айтып отырмын, – деді жас басшы жеңіл жымия күліп. Отырғандар қол соқты. – «Бесінді» жазған Сүлейменовке айтып отырмын, – деді сөзін нығарлап. – Шикарно! Браво! – деп Асекең орнынан тұрып қол соқты: – Сдаюсь, молодой человек! Менің пікірім де сіздікімен үндес. Ғазиза мен Нұрқанат – поэзия! Досқан – реалист! Айтастай спектакль. Кəріс бала, жарайсың! (Спектакльдің режиссері – Вениамин Кимді айтты). Нұрлан, то есть, бүгіннен бастап Нұреке деу керек, опасный драматург... Залдағылар қол соқты. Ішек-сілесі қата күліп, Сұлтанов орнына отырып жатқанда, жақын отырған əлдекім: – Кто он? Что он себе позволяет... – деп қалды.

ұрпақтың тiлеуiн тiлеп, сəждеге құлаған кемпiр-шал түгiл, қызыл қарын жас бала жатқан қара бесiктiң үкiсi де «Жеңiс», «Қуаныш», «Бақыт» деп тіл қатқаны, нəрестенің атын айтып азан шақырғаны ақиқат-тұғын… Қазақ жерiне Жеңiс атойлата келген жылы көктемде туған сол көп Қуаныштың бiрi – Сұлтан əкемiздiң төрiне бақыт ала келген нəресте – ұлтымыздың үкiлi перзентi Қуаныш Сұлтанов едi… Əрине, бiз бұл арада өзге Қуаныштардың тауын аласартудан аулақпыз. Дегенмен, Жеңiс жылы көктемде туған сол қызылшақа балалардың iшiнен нысаналы бiр күш осы Сұлтан ақсақалдың ұлына ен салып кеткендей көрiнедi маған. Басын түу Жоңғар Алатауының мұз жамылған қия шыңдарынан алатын, ұлы аталары ұсталық құрған сары жұрт – Жасылкөлдiң жамбасын құлдырата тiлiп, ұлы сайдың өндiршегiн суырардай өкiрiп, еңіске құлаған асау Өсектiң жазыққа жетiп, жуасыған тұсындағы «Еңбекшi» дейтiн шағын ауылда шыр етiп дүниеге келген перзенттiң күндердiң күнi болғанда ауыл, аудан, облыс көлемiнен əрi асып, республика жұртшылығын аузына қаратар тұғырлы тұлға биiгiне көтерiлерiн ол кезде ешкiмнiң бiле қоймағаны анық… «...Салдыр-күлдір ағып жатқан Өсек өзенінің жарқабақ жиегінде тұрған ескі қорымдағы Қуаныштың ата-анасына бата бағыштадық. Барған сайын арыны күшейіп, арнасы ұлғая түскен асау өзеннің жағасында жасыл желек жамылып жатқан

Ўлтын сїюдіѕ їлгісі Нұрлан ОРАЗАЛИН,

Парламент Сенатының депутаты, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.

мемлекет жəне қоғам қайраткері, қарымды қаламгер, Парламент депутаты, Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың сенімді серіктерінің бірі, есімін жалпақ жұрт жақсы білетін, халық назарына бөленген ұлтжанды азамат Қуаныш Сұлтанов біздің ұғымымызда осындай ел танып, ел мойындаған, тұлға биігіне көтерген алаштың ардақты ұлдарының бірі, бірегейі. Қуаныш Сұлтанұлы – от пен судан жасқанбай, ыстыққа да, суыққа да қатар түсуге бейім тұратын қайсар мінезді, күрескер тұлға. Ол – шаршау білмейтін, шалдығудан да ада күйде, жаны таза, жүрегі тынымсыз жан, əзіл-қалжыңын араластыра сөйлеп, өзім деген ортаның көркі. Қатарластарын «қамшылап», ағаларын аялап, інілеріне келгенде ықыласынан жаңылмайды. Қоғам, заман, адам жайлы тереңнен толғап сөз сөйлеп, мінбелердің апшысын қуырып, қала берді қаламын суытпай, мақаладан мақаласын жазып жатады... Қысқасы қайраткер-қаламгер дейтін бір бойына жараса біткен қабілет-қарымын ұлт мүддесіне бағыттауда жұдырықтай жұмылып, қашан көрсең атылатын жебедей тартылып жүргенін байқайсың... Өз тағдырын өзі қамшының өріміндей етіп өре білген, өзі өмір сүрген дəуірдің тамырын тап басып ұстап, уақыттың күнгейлі, көлеңкелі тұстарын да алғырлықпен көре білген жомарт мінезді жанның болмысы мен бітімін танытар он сан мысалды молынан келтіруге болады. Осыдан бірер жыл бұрын Кəкең ойда-жоқта жүрегіне ота жасатты. Мен хабарды кеш естіп, азамат-замандасымыздың көңілін сұрап Астанаға арнайы келдім... Кəкеңнің өңі жүдеулеу көрінді. Бірақ əңгімесінен жаңылар емес... Бейбіт жеңешеміздің «Қуаныш, байқа!» дегеніне қарамай, біраз сөздің басына су құйылды... «Нұрлан, бұл жүрек не көрмеді. Бəрін көрді. Міне, мына «шунтированиесін де» көрдік... Бірінші – Құдай!.. Екінші – жолы түсіп, Қазақстанға келе қалған Канаданың кардиохирургі, өзіміздің Юрий Пя арашашы болды! Үшінші – жүректің өзі! Тромба болған үлкен тамырдың жанынан жылыстап, жол тауып, қан шіркін өзі із салып өткен», деп мəз-мейрам күлкімен қарық қып отыр... Күрсінер сəттің өзін күлкіге, түршігер сəттің өзін қалжыңға айналдырып, айналасына шуағын шашып отыр. Сол тұста жазған «Қуаныштың жүрегі» дейтін бір өлеңімнің бір шумағы қазір есіме түсті. «Жасын ойнап төбемде, Он сан ойлар жұлқынады көгенде... Көп қазақтың жараланды жүрегі Əз жүрекке сызат түсті дегенде...» – дейтін жыр жолдарының жазылуына осы бір сəт арқау болып еді. Иə... Осы өлең жолдары есіме түскен сайын сол отаның тарихымен жарысып, «бұл жүрек не көрмеді?! Бəрін көрді!» деген Сұлтановтың əзілге жығып айтқан жалғыз ауыз сөзі де көкейімде қоса жаңғырады. Қуаныш Сұлтанов хақындағы сөзімді ретретімен айтайын. Қазақ ырымшыл халық… Ырымшылдықтың жарқын бiр нышаны балаға ат қоюдан көрінеді. 1945 пен 1950 жылдар арасында туған қазақ ұлдарының талайының азан шақырып қойылған аттары не Жеңiс, не Қуаныш, не Бақыт… Кең-байтақ қазақ даласының қай түкпiрiне бармаңыз, кез келген ауылдан осы жылдары туған бiр Жеңiстiң, не бiр Қуаныштың, не бiр Бақыттың шығары анық. Əлгi атты ойлап тапқан кiм дейсiз ғой?!. Кемеңгер Уақыт. Ал уақыт шiркiннiң аузына салған кiм? Ауыл-ауылдың өше жаздап сығырайған бiлте шамдарын желге қақтырмай, қазақы қалыбымызды аман сақтап қалған соғыстағы азаматын үмітпен күткен ару аналар, көнбiс мiнездi ақ кемпiр, қара шалдар едi… Бiрiнiң ұлы, бiрiнiң шалы, бiрiнiң жары, ендi бiрiнiң немересi майдан даласына аттанған кейуана тағдырлы қазақ халқы үшiн бірде күңiренiп, бірде күрсiнiп, бес жыл күткен ұлы Жеңістен асқан Қуаныш, ұлы Жеңістен асқан Бақыт болсын ба?! Жоқ! Жоқ едi… Қарғыс атқыр соғыс дейтiн нəлеттiң сумаңдап кiрiп, сұмырай кескiнiн көрсетпеген бiр үй жоқ шығар?!. Мұқағалидың тiлiмен айтқанда: «Жалғанда – жалған, жалғанда, жесiрден мұңлық жан бар ма? Жалғанда, жалғыз қалғанда, əдiре қалған арманға араша түсер жан бар ма?! Жалғанда – жалған, жалғанда, қаңырап бəрi қалған ба? Жете алмай алғы таңдарға, кеттiң-ау, боздақ, арманда», деп қайғының қара бұлтына тұншығып егiлмеген ел, қарашанақ көңілдің көмейiнен от бүркiп, төгiлмеген шер жоқ шығар?! Жеңiс күте-күте сансыраған қазақ ауылдарына үзiлiп барып, қайта жалғанған үмiттiң қанатымен келген едi… Бақыт, Қуаныш ала келген едi… Сондықтан да үзiлiп барып қайта жалғанған

жайбарақат ауылға тамашалай қарап тұрдық. Бір қызығы, мен туған ауылдың ескі аты да Қызылтам, кейінгі аты «Екпінді» еді, Қуаныштың ауылының əуелгі аты Қызылеспе, кейінгі аты «Еңбекші» екен. Содан басқа атамекендеріміздің бір-біріне ұқсайтын ештеңесі жоқ секілді көрінді. Ұлан-байтақ қазақ даласының біріміз қиыр шығысында, біріміз қиыр батысында туыппыз», деп тереңнен толғап бастайтын Əбіш Кекілбайдың көлемді мақаласындағы тебіреніске толы ойлар менің де есіме үздік-создық өткен күндер елесін алып келді... Анамыз Шəрбəнді əкеміз Сұлтан ақсақал жатқан Қызылеспенің құбыла бетіндегі қоңырқай төбедегі ескі қорымға алып бара жатып, мен де Əбекең тəрізді ойға батып, толқып едім. Нарықтың ел есін алып, буып тұрған алғашқы жылдары. Жаркент өңірінің осы бір сұлу жырасы аяулы анамызды соңғы сапарға соншама бір қимастықпен қинала ұзатып еді-ау... Кіндігін көрікті Көкшенің көркем өңірі кесіп, тағдырдың салуымен Жетісу жерінен пана тапқан тебінгілі, текті тұқымның қызына топырақ Жоңғардан бұйырғанына əрі таңырқап, əрі сүйсініп едік іштей... Апыр-ай! Адам баласы өз өмірін өзі қаншама реттегісі келгенімен, маңдайға жазған жазуынан асып кетпейді білемін?!. Ананың үні əлі күнге қаз-қалпы құлағында... Жанашыр ағайындары келіп: «Бүгін түннен қалма! Бет ауған жаққа бағыт ал. Бүгіннен қалсаң, ертең ұсталасың... Басың кетеді!» деген. Төсек тартып жатқан ауру меңдеткен əйелінің де, ағайынтуыстың да шешімі осы болды. Сонда Атбасар станциясына шығуға жиналып, буынып-түйініп, жарына қарап, үнсіз мұңайған, маңдайынан иіскеп қоштасқан əке соңынан шырқыраған он бестен он алтыға қараған Шəрбанудың дауысы Арқаның суық түнін сілкігендей болып еді. Ақыры қызы əкесімен бірге Атбасардан оңтүстікті бетке алған ауыр составтардың біріне мінді. Алдан не күтеді? Бұлыңғыр... Ел-жұрты аузына қараған, «бай атанып», батырақтар дəуірінің қуғынын көрген кескекті жанның нəзік қызы Сарыарқадан сарылып Сарыөзекке жеткенде тағдыр Жасыл көлді жайлаған Мұса есімді ұстаның Сұлтан есімді өжет ұлына кез етеді... Бұлыңғыр жылдар алыстап, түтіндері түзу ұшқан Сұлтан мен Шəрбанға Алла тағала екі қыз, үш ұл береді. Əуелі əпкесі – Бағдагүл, сонан соң Қуаныш есімді перзент дүниеге келеді... Содан соң... Жиырмасыншы ғасырдың ойлы-қырлы, бұралаңқыспағы мол кезеңдері, жеңісті, жемісті сəтсағаттары басталады. Бүгінде таудай биікке көтерілген тұлғаның тарыдай бала күнінен – жалаң аяғымен Жоңғардың жонын сүзіп, Белдің бетегелі белін кезген, Жасыл көлдің бөктерін шарлап, Өсектің суын кешкен бейкүнə балдырған шағынан бүгінгі ел үміті мен ел тағдырын арқалаған іргелі кезеңге дейін созылып жатқан өмір жолы осыны айтады. Кіндігін арғы-бергі адамзат тарихындағы қырғын атаулының жойқыны – екінші дүниежүзілік соғысының жеңісті шағы кескен, бесігін Ордың желі тербетіп, есімін елге Жəркенттің дуалды көшелері жайған, бозбала шағы ел есін жиып, еңсесін жаңажаңа тіктеген қазақы қоңыр өлкеде, қоңторы мінезді ауылда, қалақайлы сайларда, аршалы бөктерлерде өткен, əкеден ерте айырылып, əзиз жанды, ақылды ананың қабағын танып өскен, əпкесі мен қарындасының намысын қорғап, інілерін жетектеп, ерте есейген, жүрегін – қанат, жігерін қамшы қылып жүріп жетілген Сұлтан ақсақалдың осы бір жаратылысынан өжет, алғыр перзентіне өмір мектебі өсу мен есеюдің дəрісін мол бергені байқалады. Қағылез мінезді қаршадай ұлдың ұяда көрген сол дəріссабақтары келе-келе биік ұшып, азаматтықтың алуан-алуан емтихандарынан сүрінбей өтуіне, əркез əр сұраққа жаңылмай жауап беруге үйреткен сыңайлы... Қағылез жүрісті қараторы бала көзiн уқалап ашқан сəтiнен əуелi, ата-анасының, сонан соң елжұр тының назарына iлiктi. Ол он екі жасында соғыстан жаралы оралған əкеден айырылды. Күллi отбасының ауыртпалығы қамкөңiл жесiр ананың иығына түскенiн көзiмен көрдi. Табиғатынан зерек туған зейiндi бала еркелiк пен балалықтың ауылын артқа тастап, ерте есейдi. Анасының қолын ұзартып, жалғыз əпкесi мен екi iнiсiне, бiр қарындасына қорған болу сезiмiн бойына ерте дарытқан Қуаныш қаршадайынан намыс қанатында жүрiп өстi, көгердi, көктедi. Ол əркез əкесiн көрген, анасын бiлетiн ел адамдарының қамқор сөзiмен қанаттана жүрiп, жетiлдi. Мектептен кейiн бiрден еңбекке араласты. Сарыөзектiң ауданаралық баспаханасында ең бек жолын бастап, аудандық газетте корректор, əдеби қызметкер, бөлiм меңгерушiсi болды. Əскерге барды. Үш жыл шыңдалу мен төзiмдiлiктiң үлкен мектебiнен өттi. Əскерден келген бойда ком сомол жұмысына араласты, алғырлығымен, табандылығымен, көпшiлдiгiмен көзге түстi.

Сөйтiп… Елге қызмет ету дейтiн ұғымға арналған жазығы мен еңiсi, ойы мен қыры, асуы мен бас айналар биiгi қатар жүретiн «соқтықпалы, соқпақты жолдың» алғашқы сүрлеуi осылай Жаркент өңiрiнен басталды. Алда Талдықорған облысындағы қызығы мен қиындығы қатар қалыптасу жолы – облыстық комсомол ұйымындағы басшылық кезеңi тұрды. Одан əрi Қазақстан ЛКЖО Орталық комитетiндегi идеология хатшысы, бiрiншi хатшы болып iстеген – ел көзiне ерекше жарқырап түскен жылдары келді… Бұрын атын естiгенiмiз болмаса, бетпе-бет келiп, қол алып амандаспаған қаршыға мiнездi жас жiгiтпен алғаш осы кезеңде таныстым… 1976 жыл… Небəрi отыздың үстiне жаңа iлiккен жұлындай жас басшының биiк мiнбелерден сөйлеген əрбiр жалынды, жiгерлi сөздерi идеология дейтiн кiсəпiр мiнездi саланың сандалкөктерiн ойлантты. Бiр жиыннан соң екiншi бiр жиында сөйлеген комсомол хатшының батыл сөздерi ауыздан ауызға көшіп, тарай бастады. Жақсы сөз жатпайды. Тез тарайды. Қуаныш Сұлтанов хақындағы сөз де солай ел iшiн қыдырып кеттi. Комсомол дейтiнiмiз – ол кезде жастармен қоянқолтық жұмыс жасайтын, кадр дайындаудың нағыз ұстаханасы. Оның биiгiне мықтының мықтылары ғана шығатын. Қазақшалап айтқанда, «жүзден жүйрiк, мыңнан тұлпар» озғандар ғана, яғни бiлiмi мен бiлiгi, жалыны мен жiгерi көзге айрықша түскендер ғана сол биiкке көтерiле алатын. Өзiне дейiнгi Саттар Ерубаев пен Сағындық Кенжебаевты, Өзбекəлi Жəнiбеков пен Кеңес Аухадиевтердi шыңдап шығарған, өзiнен кейiнгi Серiк Əбдірахманов пен Иманғали Тасмағамбетовтің қанатын қатайтқан ұстахананың қызыл жалынына Қуаныш Сұлтанов та келiп түстi… Сол кездегi партияның жазусыз қағидасы бойынша, партияны қойып, тiптi комсомол қызметiнде жүретiн бiраз замандастарымыздын өзi қағазға қарап сөйлеу, əлiптiң артын бағып, үндемеу секiлдi мiнезге əбден бой алдыра бастаған тұс едi… Жаңа келген жас идеолог алғашқы күннен-ақ осы бiр «жазусыз қағиданың» қорығын бұза бастады. Еркiн жүрдi, еркiн сөйледi… Жас жазушылар мен жас өнер иелерiмен де еркiн, еш қысылыссыз араласты. «Үндемеу» дейтiн принциппен жаны қас. Қажеттi жерiнде «қабырғасын қаусатып», айтарын айтып алады. Қайтатын жерiнде қайтады. Шындықты шырқыратып, қамаулы торынан айдап шыққан кезiнiң де талай куəсi болдық. Тiптi, қайсыбiр жоғарғы басшылар «аш пəледен қаш пəле» деп айналып өтетiн «тентек» тұлғалармен де жаңа келген идеолог жiгiтiмiз тез тiл табысып, қоян-қолтық араласып та кеттi… Онысы ақын-жазушыларға ұнады. Ұнағаны сол азғана уақыт iшiнде əдебиеттiң бiраз «жас перiлерiмен» достасып та үлгердi… Ақын-жазушы дейтiн халықтың ең бiр əлсiз жерi – шығармасы. Шығармасын оқып, оқып қана қоймай, ол туралы таза кəсiби пiкiр айта бiлер адам болса, бас июге əзiр тұратын қауым. Жас идеолог кiрпияз мiнездi қаламгерлер қауымына əуелi осы қасиетімен – кiтап оқып, кiтапты жерiне жеткiзе таратып, талдай бiлетiн бiлiмдарлығымен ұнады. Əдебиет пен өнер дейтін тумысы бөлек, жаратылысы күрделі ұлт руханиятының қос саласында бұл жылдарда жаңалық атаулы жиі-жиі «төлдеп», жаңа есімдер шоғыры əдебиет пен өнер босағасынан жарыса аттап жататын. Соның бірі – театрдағы серпілістер. Оралхан Бөкейдің «Қайдасың, қасқа құлынымымен» басталған ұлт театрындағы бетбұрыс жеміссіз болған жоқ... Роллан, Баққожа, Дулат, Смағұл, Сұлтанəлі, Əділбектердің Алматы, қала берді облыстық театрларда жапа-тармағай қойыла бастағаны да осы кезең еді. Əлгі жігіттердің қатарында менің алғашқы «Шырақ жанған түн» атты пьесам да Жастар театрында қойылды. Жылы сөздер айтылып, республикалық басылым беттерінде де пікір жиі-жиі жарияланды. Орыс тіліне аударылып, орыс, қазақ театрларының біразында қойылды. Сондай күндердің бірінде «Республикалық комсомол ұйымының басшысы спектакль көруге келеді» деген хабар шықты. Айтылған күні Қуаныш Сұлтанұлы бастаған қала, облыс, республикалық жастар ұйымы басшылары мен республикалық басылым басшылары, əртістер мен қаламгерлер кейін өртеніп кеткен ескі театрдың (Калинин көшесі мен Коммунист даңғылының – қазіргі Қабанбай батыр көшесі мен Абылай хан даңғылының бұрышындағы ғимараттың) залын лық толтырды... Спектакль аяқталды... Жұрттың назары – Сұлтановта. Бірінші хатшы аспай-саспай орнынан тұрып: – Қадірлі театрсүйер қауым! Біз – қатардағы көрерменбіз. Көрерменнің сөзі – қысқа. Ұнаса, ұнады, ұнамаса ұнамады дейміз... – деді. Деді де үзіліс жасап, залдағыларға сұраулы жүзбен қарады. Зал сілтідей тынып, үнсіз отыр. – Мен театр сыншысы емеспін. Ол жағын Асекеңдерге (Асқар Сүлейменовті меңзеді), Əшірбек, Сағаттарға қалдырайық. Əр саланың өз мамандары

– Ты что? Он же Аскар... Он же Сулейменов. Он может себе позволить... – деді көршісі ақырын сыбырлап. «Өнерге басшы болуға болмайды. Өнерде жағдай жасаушы бола білген адам ғана жеңіске жетеді», деген сөзді де сол жылдары Қуаныш Сұлтановтың аузынан сан естігенім есімде. Біздер, өнер адамдары, əсіресе, жазушы қауымы индивидуалистерміз. Сондықтан, бірімізді біріміздің мойындауымыз қиын. Бірімізден біріміз қарадай жерініп, түңіліп жүреміз. Кеше де солай болған... Өкінішке қарай, бүгін де солай... Ертең де солай бола ма деп ойлаймын... Кəсібіміз жазу болған соң, не шара?! Кəкеңнің бір мықтылығы – басы қосыла бермейтіндердің басын қосып, өзі айтпақшы, «өнердегілерге жағдай жасаушы», сырлас дос бола білгені. Осындай қасиет ертеде Ілияс Омаровтың бойында бар еді деп естуші едік... Əрине, бұл сирек қасиет, тұлғаларды ұйыстыру арқылы белгілі бір саланың тұтқасын ұстап, тағдырына жауап беретіндердің басын қосудың төркінінде ұлтты ұйыстыру дейтін ұлы қабілет жататынын ұмытпауымыз керек-ақ!.. Қуаныш Сұлтановтың бойында осы қасиеттің барына сенемін. Негiзiнде ғажайып ұлтжандылық пен үлкен кiсiлiк жатқан осыдай адамшылық алыс-берiстi қалыптастыруда, сондай-ақ қоғам өмiрiнiң көлеңкекүнгейiн ажыратуда, шуағы мен нұрын молайтуда орны айрықша туабiттi елгезектiкке қалай ғана сүйсiнбеуге болады?! Нағыз қайраткерлiк мiнезбiтiм дегенiмiз де осы емес пе?! Адамгершiлiк асыл қасиеттерден айнымау – ер жiгiтке қашанда сын. Айну болған жерде – адасу, адасу болған жерде – пенделiк əлсiздiктерге бой алдыру басталады. Бұл – өзiн үлкен елдiк ұғымдарға қызмет етуге арнаған адамдар үшiн қатер. Ел бiлетiн Сұлтанов тiптi сонау қасаңдау кездiң өзiнде ойын бұғып, сөзiн iркiп қалмайтын өршiлдiгiмен, кiсi жанына терең үңiлiп, адам болмысы мен мiнезiн ажырата бiлер кiшiпейiлдiгiмен дара шауып көзге түскенi белгiлi. Алматы дейтiн ұлы қаланың таразы-талқысынан аман өту аз. Ел басқарар азаматтарға Алматының сынынан, емтиханынан өте жақсы деген баға алуы керек. Сұлтанов сол бағаға еркiн, ерте iлiктi. Есiмi де елге ерте, кең танылды. Үлкен коридорларда жүрiп жататын даудамайдың отына шалынбай, жалынына ұрынбай өту үлкен өнердi керек етедi. Өткен ғасырдың 80-90-жылдарындағы республика өмiрiндегi саяси баталиялардың қақ ортасында жүрген жүрегi таза, ойы мықты жiгерлi ұйымдастырушыны Мəскеу қылышы мен Колбин семсерiнiң ала алмауы да осы туабiттi кiсiлiк iрiлiгiнiң берiктiгiнен болуы тиiс. Тұлға тағдырынан хабары аздау сырт көз саясаткер жолын бiржақты түсiнуi ғажап емес. Кешегi комсомол, кешегi партия, бүгiнде билiк құлағынан алыстай қоймаған адам деп қарау – атүстi баға… Қуаныш Сұлтановты тану үшiн, ең əуелi, оның өз ұлтын жанындай жақсы көретiн табиғи мiнезi мен кiм көрiнгенге бас шұлғи бермес тектiлiгiн тану қажет. Сұлтанов бойында адамды көзiнен көрiп танитын қасиет бар. Сол қасиет оны ел, жұрт алдында құрметке бөлеп келедi. Тұлға бойындағы осы бiр қасиет саясаткердiң қарақан басын ғана емес, ел тұтастығына қызмет етер үлкен-үлкен мемлекеттiк орындарды да абыройға бөлеп келе жатқанының сан куəсi болып келеміз. Өз басым Қуаныш Сұлтановпен таныс-бiлiс болғалы қырық жылдың жүзi болыпты. Қырық жыл iшiнде қаншама өзгерiстерге ұшырадық. Су ақты, жаңбыр жауды, қар ерiдi, бақтар гүлдедi, жапырақтар ұшты. Уақыт өттi. Қаншама дос тарымыздан айырылдық. Ағаларымызды жоғалттық. Бауырларымызды мезгiлiнен бұрын қара жердiң қойнына тапсырдық. Аналарымызды арулап, əкелерiмiздi қара жерге тапсырдық. Осыдан қырық жыл бұрынғы мойылдай қара шашымызды опасыз уақыт боз қыраумен баттастыра бояды… Қоғам ауысты, ормандар өртенiп, армандар күйредi. Дəуiр алмасты. Империя ыдырады. Адамдардың мiнез-құлқы өзгерiске түстi. Құндылықтар ауысты… Өмiр өзгердi. Тəуелсiздiк дейтiн киелi де қасиеттi дүниемiз құтты қонысына қонды. Сол киелі де қасиетті дүниемізді, өкінішке қарай, көкпарға салып, тағдырын тəлкек еткiсi келетіндер де пайда бола бастады… Ұлы Абай айтқандай: «Кешегi дос – бүгiн жау, мен не қылдым, япырым-ау», – дейтiн пенделiк ақиқатпен де сан мəрте бетпе-бет келдiк. Жеке бастың астамшылдығын ел мүддесiнен жоғары қоюға ұмтылғандарды да көрдiк. Барды көрдiк, жоқты көрдiк… Қалталылардың ел iшiн дүрлiктiрiп, қағынғанын, қайыршылардың өткендi сағынғанын көрдiк… Осындай қым-қуыт өзгерiстер дауылының арасынан бiр сəт адамшылық қалыбын көкпарға салмай, кiсiлiк келбетiнен адаспай, жайдары мiнезiнен жаңылмай келе жатқан адамдарды кездестiргенде ерiксiз қуанасың, таңырқайсың. Өмірде кісілік дейтін ғажайып құндылықтың барын еске салатын сондай қуатты жандардың арамызда жүргені

ғанибет емес пе?! Таразыға салып, екшеп көрiңiзшi. Кiм мықты болғаны сонда? Өзгерiс жетегiне түсiп, жанұшыра аласұрғандар мықты ма? Əлде əлгi жайдары мiнезi мен кiсiлiк келбетiн көкпарға салмағандар мықты ма? Менiң ойымша, құрметтiң төрiне соңғылар лайық. Тарихтан бiлемiз – өзгермейтiндердiң тұғыры қашанда биiк. Əлбетте, бізге өзгеріс жасайтындар, өзгеріс жасай отырып, өздері ешқашан өзгермейтіндер, адамшылық қалыбынан ауытқымайтындар керек! Құдай көзсiз өзгерiске құмарлардан сақтасын! Қашанда үлкен өзгерiстердi рухы берiктер мен өзiнеөзi өзгермейтiндер жасаған. Менiң жобалауымда, қазiргi таңдағы қазақ қоғамы үшiн де, Қазақстан үшiн де осындай тұлғалар керек. Бiзге бүгiн соңғы жиырма үш жыл iшiндегi тəуелсiздiк кезеңi берген саяси, экономикалық жəне рухани жетiстiктерiмiздi сақтауға жан-тəнiмен қызмет ететiн (иə, «қызмет ететiн» деген сөздердi баса айтқымыз келедi) тұлғалар керек. Мұндай тұлғалар – елдегi тұрақтылықтың басты кепiлi. Мен Қуаныш Сұлтановты мемлекет жəне қоғам қайраткерi ретiнде осындай саяси тұлғалар санатына жатқызамын. Ол қандай басшылық қызметте болмасын, атап айтқанда, Қазақстан Жастар одағының жетекшісі, Орталық партия комитетiнде мəдениет, партиялықұйымдастыру, идеология бөлiмдерiнiң меңгерушiсi болған ана дəуiрде де, министр, Премьер-Министрдiң орынбасары, Жоғарғы Кеңес Төрағасының орынбасары, Қазақстанның Қытай Халық Республикасындағы Елшiсi, Сенат депутаты, комитеттер төрағасы, Мəжіліс депутаты, ЕҚЫҰ жүйесiн реформалау жөнiндегi көрнектi саяси қайраткерлер кеңесiнiң мүшесi болған осы кезеңде де елдiк ұғымдар мен принциптi мəселелерде өзгергенiн көрсеткен емес. Тұрлаулы тарихтың еншісіне айналған жиырмасыншы ғасырдың елуінші, алпысыншы, жетпісінші, сексенінші, тоқсаныншы жылдарының асулы белдерін, айқай-сүреңді кезеңдерін ойша бір шолып өтейікші. Алып империя құрамында болған қазақ елінің сол бір қиын-қыстаулы тұстағы тағдырын талқан етпей, адам ойы мен санасын оң жолға бастай білген Қуаныш тəрізді қайраткер ұлдарының өсіп-жетілуіне мүмкіндік тудырған билік пен дəуір тізгінін ұстаған Дінмұхамед Қонаев, Бəйкен Əшімов, Асанбай Асқаров секілді алыптарды үлкен ризашылық сезіммен қалай ғана еске алмауға болады?!. Өлең мен өмірді, өнер мен қоғамды қатар қарастыруға дағдыланған аға буынның өнегелі жолы бүгінгі ат үстінде жүрген азаматтарға үлгі емес деп кім айта алады?! Ұлттық идеологияның жаратылысы мен табиғатын ұлтжандылықтан іздегендер көшінің жалғасындай болғандардың қатарында Тəуелсіздік шежіресіне есімдері жазылған Мырзатай Жолдасбеков, Əбіш Кекілбай, Оралбай Əбдікəрімов, Өмірбек Байгелди, Нұртай Əбіқаев, Қасым-Жомарт Тоқаевты қалай ауызға алмауға болады?! Иə... Қуаныш Сұлтанов өмірі мен тағдырын ел өмірі мен тағдырынан, қоғам өмірінің өзгерістері мен сілкіністерінен бөле-жара қарауға болмайды. Бұл – кешегінің де, бүгінгінің де ақиқат сөзі. Елдікті мұрат еткен жанның кешегі империяның ой мен санаға құрсау салған күрделі кезеңінде де ат үстінде болғанын, дүниені дүр сілкіндіріп, əлемнің саяси картасын уақыт дейтін қатал мінезді, қатыгез шебердің алып қайшысымен оңды-солды тілгілеген алмағайып əрекетке толы жаһандану дəуірінде де ер үстінде келе жатқанын көреміз. Қуаныш Сұлтанов – екі дəуір мектебін тең меңгеріп, жаһандану жағдайында ұлттық құндылықтарымыз бен ел тағдырын оң жолға бастар саясаттағы кең тынысты мəдениеттілікті қызғыштай қорып келе жатқан ұстанымы берік мемлекетшіл, қоғамшыл, халықшыл тұлға. Ол – аудандық комсомол ұйымының қатардағы нұсқаушысынан, республика комсомол ұйымының бірінші хатшысына дейін көтерілген, қатардағы аудандық баспахана корректорынан республиканың баспасөз министріне дейін өскен, ұлттық идеологияның туын желбіретіп, Үкімет басшысының, Парламент Төрағасының орынбасары болған, тəуелсіздік дəуірінің аса күрделі, аса қиын кезеңдерінің қай кезінде де Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қай тапсырмасын да айрықша жауапкершілік, адалдықпен, түсіністікпен қабылдап, елдік тұтастықтың сыртқы, ішкі саясатын талмай жүргізіп келе жатқан саңлақ саясаткер. Нұрсұлтан Əбішұлының ел мүддесіне адал қызмет ететін жауапты тұлғаларды мемлекет ісіне жұмылдыра білетін көрегендігінің бір көрінісі де осы болса керек. Өзіне деген Елбасының қамқорлығы мен сенімін Қуаныш Сұлтанов та ақтап-ақ жүргеніне де көзіміз жетіп жүр. Ел аузында жүрген адамның толық сипаты үйде де, түзде де қатар көрінуі лəзім. Үй мен түз – ел биігіне көтерілген жанның қос қанаты. Қос қанат қатар жайылғанда ғана қыранның қырандығы танылады. Қалқып ұшады. Сұлтановтар отбасы – өз дəстүрі, өз мінезқалыбы қалыптасқан əулет. Жан жары, əулеттің алтын қазығы – Бейбіт Сұлтан келінінің үй төрін аялаудағы орны айрықша. Қанекең екеуінің отбасылық үйлесімінің бар сыры мен жұмбағы осы кісінің сыпайы жүрісі мен нəзік жаратылысына негізделген. Балалары да, немере, шөберелері де соған бейімделген. Бейбіт жеңешеміздің айтуынша, Сұлтанов – үйде де, түзде де Сұлтанов! Қысқасы, қиындықтан қашпайтын, парасатынан таймайтын, жолынан жалтармайтын, қашан көрсең, отқа суарылған семсердей жарқылдап жүретін жүрегі жомарт, жаны мəрт Қуаныш Сұлтанов есімді тұлғалы, тұғырлы азамат туралы менің айтар аз-кем ақиқат сөзім, шындығым осы. Қазақ халқы ежелден елге қалтқысыз қызмет ететiн беделдi кiсiлерiн Ел Адамы атаған. Қандай жоғары ортада болмасын, нендей мансап пен билiк тұғырына көтерiлмесiн, өзiнiң халық арасындағы қарапайым қалыбын бұзбайтын, ел iшiндегi абыройбеделiнен адаспайтын, шынайы кəсiби, саясаткер биiгiне көтерiлген адам қашанда халықтық құрметтiң қандайына да лайық. Бiз бiлетiн, республика жұрты сыйлайтын қайраткер Сұлтанов осындай ел алдындағы перзенттiк парызы мен мiндетiн адал атқарып, ата-анасы азан шақырып қойған атына сай халқын əркез қуантып келе жатқан жұлдызы жарық тұлғаларымыздың бiрi, бiрегейi. Бұл – ел таныған ақиқат. Бұл – уақыт дəлелдеген шындық. Бұл – екі ғасырды тел еміп, ескі мен жаңаның арасына білік-білімімен, ой-парасатымен көпір болып жалғанып, еңбектің ел мерейін үстем етер ұлы құрал екенін көкейіне түйген, жерүсті тіршілігінің суығына тоңып, ыстығына күйген, Тəңіріден кескекті мінез бен келісті дарын мол бұйырған абыройлы жанның биігі... Бұл – халқының рухани тұтастығы мен өмір сүру қабілетін бекіту жолында ұлтын сүюдің шынайы үлгісін көрсетіп, тынымсыз өмір мен тиянақты күресті ту етіп келе жатқан тұғырлы тұлғаның биігі.


12

www.egemen.kz

8 мамыр 2015 жыл

ЕЛДІҢ ІСІ – ЕРДІҢ МОЙНЫНДА,

Радист

Ұлы Отан соғысының ардагері Шағила Құсанова... Ол кісінің өмірбаяны туралы ақпараттарды ақтарған сəттенақ кейіпкеріммен тезірек жүздесуге асықтым. Тарих ғылымдарының докторы, профессор, жасы тоқсаннан асқан əжейдің қолын алып қайтудың өзі ғанибет қой! Алайда, қанды майдан жылдарында от кешкен қазақтың қайсар қызымен қауышудың сəті бірден түсе қоймады. Қызы Қарлығаш апайды да əбден мазалағандаймын. Телефон нөмірін күнде теремін. Сөйтіп, Жеңіс күні жақындағанда ғана Шағила апай Алматыдан Астанаға атбасын бұрды. Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».

Сыртқы есіктің қоңырауын басқаннан соң ғана сағатыма көзім түсті. Тым ерте, шақырған уақыттан тура жарты сағат бұрын барғанымды енді байқадым. Астанаға келгелі телевидение журналистері де Шағила апайды бірінен соң бірі эфирге шақырып, босамай жатқандарын қызы Қарлығаш апай алдында айтқан болатын. Қалай дегенмен, қарт кісі ғой, демалуға да мүмкіндік бермей, шаршатып аламыз ба?! «Қап, ұят болды-ау, далада жүре тұруым керек пе еді» дегенімше болған жоқ, арғы жағынан қонақжай жас келіншек есік ашты. Апайдың үйде екенін айтып, төргі бөлмеге шақырды. Суреттен болмаса, бұрын-соңды Шағила апайды көрген емес едім. Əйтеуір жасы 93-ке аяқ басқан қарияның қандай болатынын болжап, үйді көзіммен шолып Шағила апайды

іздедім. Міне, қызық, апай үстел үстіндегі азық-түліктерді жиыстырып жатыр екен. Қимылы ширақ. Əр нəрсені жеке-жеке алып, сыртындағы жазуларына дейін оқып қояды. Біздің өзіміз көзəйнексіз сықсиып көре алмайтын жазуларды судырлатып оқығанымен қоймай, оның əрбірінің қандай пайдасы бар, қажетқажет еместігіне дейін сұрыптап салып, лезде үстел үстін қалыпқа келтірді. Іштей: «Шағила апай осы кісі ме екен өзі?», деген күдігім де боғаны рас. Шыны керек, тоқсанды артқа тастап, жүзге аяқ басқан кісіні басқаша елестеткен едім. Бірақ, мен ойлағандай емес, қазақтың батыр қызы қарттығында да қайраттылығынан қайтпапты. Самайын ақ шалып, бетін қарияға тəн əдемі əжім əрлеген кісінің жанарында батырға тəн от ұшқыны əлі де сөнбеген. Тіпті, сөйлегенде де дауыс ырғағы əскери адамның айбынды, бұйрықты үніндей естілді. Ата-анасынан ерте айырылған Шағила

апай жетімдік пен жалғыздықтың ащы дəмін ерте татқан екен. Ол балалар үйі мен интернатта тəрбиеленіпті. «Е, менің өмірім ертегі сияқты. Бір адамның басына жетіпартылатын түрлі қиындықты да, қызықты да көрдік қой. Қанша рет өліп-тірілдім. Бірақ, адамның жаны сірі екен. «Қырық жыл қырғын болса да ажалды өледі», деген осы шығар. Бес жасымда анамнан айырылып, аштан өлуге шақ қалып, шала-жансар жатқанымда да адамдар тауып алып, мені қатарға қосыпты. Төрт жыл бойғы соғыста да жеңіл-желпі жарақат алғаным болмаса, сап-сау елге оралдым. Айта берсек, өмір деген өзі үлкен өзен, ағысы қайда барып соғарын білмейсің. Менің өмірім түгел қиындыққа толы болды демеймін. Бала күнгі бейнетімнің зейнетін көрдім. Мүмкін жаратушы Алла аяушылық танытып, мені өзі қолдады ма, кім білген?! Қанша қиындық көрсем, өмірде сонша жақсылық көрдім», дейді қария өміріне тəубесін айтып.

Иə, табиғатынан қайсар, жаратылысынан табанды жан тағдырдың салған тауқыметіне мойынсұнбады. Орта мектепті бітірген соң, Алматы қаласындағы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих жəне филология факультетіне оқуға түсіпті. Бұл Шағила апай үшін ғылымның даңғыл жолындағы алғашқы баспалдақ еді. Алайда, ол университеттің бірінші курсын бітірген 1941 жылы маусым айында тұтқиылдан соғыс өрті бұрқ ете қалады. Ұлы Отан соғысы басталған кезде елімізден еразаматтармен қатар қазақ қыздары да өз еріктерімен майданға аттанды. Солардың қатарында Шағила апай да болды. Əрине, қайсарлық пен қайраттылыққа өмірдің өзі тəрбиелеген Шағила Əкімбайқызының сол бір ел басына күн туған қиын-қыстау заманда басын өлімге тігіп, Отанды жаудан қорғауға аттануы үлкен ерліктің белгісі емей немене?! Ол 1941 жылдың қыркүйек айында Ташкентте қысқа мерзімді байланысшылар курсынан өткеннен кейін, желтоқсан айында Қырым майданындағы Керчь қаласын азат етуге қатысқан десанттық əскер құрамында болыпты. 1942 жылдың мамыр айында 14-атқыштар дивизиясы құрамында Дон майданындағы, Степной жəне Сталинград майдандарындағы қанды шайқастарға қатысқан. Сталинград түбіндегі жеңістен соң, 14-атқыштар дивизиясы Оңтүстік-Батыс, І жəне ІІ Украин майдандары құрамына енгізілді. Сонда жүріп Шағила Əкімбайқызы Румыния, Польша, Чехословакияны азат етуге бағытталған батыл шайқастарда да ерліктің тамаша үлгілерін танытты. Осылайша қайсар мінез иесі «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Сталинградты қорғағаны үшін» жəне тағы басқа да наградалармен марапатталған. Шағила апай соғыстан кейін оқуын қайтадан жалғастырыпты. Кейіннен үлкен ғылым жолына түсіп, кандидаттық,

докторлық диссертация қорғап, ұзақ жылдар бойы əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде еңбек еткен. Бірқатар монография мен 150-ден астам ғылыми еңбектердің авторы. Ол – бірнеше ғылым докторы мен кандидаттарын даярлаған танымал ғалым, ұлағатты ұстаз. 1981 жылы педагогикалық саладағы үздік еңбегі үшін Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. Ал 1995 жылы «Құрмет» орденінің иегері атанды. Шағила апайдың жұбайы Асылғазы Бекбайұлы кезінде мəдениет саласында бірқатар лауазымды қызметтер атқарған қайраткер. Ол да Ұлы Отан соғысы ардагері болатын. Өкінішке қарай, Асылғазы Бекбайұлы осыдан бірнеше жыл бұрын өмірден озды. «Ол кісі де ұзақ жасаған екен ғой», дедім іштегі ойымды жасыра алмай. Шағила апай терең бір күрсініп: «Жоқ, ол одан да ұзақ жасауы керек еді. Қайдан білейік, мүмкін дəм-тұзының жеткен жері сол болған шығар», деді. Əңгіме ауанын өзгертпекке ұмтылып, соғыс тақырыбына қарай қайта ойыстым. «Сұрапыл соғыс кездері кешегі күнгідей көз алдымда, ешқашан ұмытылмайды», дейді Шағила Əкімбайқызы. Ардагер ана енді ешқашан соғыс болмаса екен деп тілейді. «Қазақ деген сөз еркін елдің ерікті азаматы» дегенді білдіреді. Осы еркін еліміздің тыныштығын ешкім ешқашан бұзбаса екен. Береке-бірлігіміз тасып, əрбір үйде шаттық болсын», дейді қазақтың батыр қызы. «Айтқаныңыз келсін» айтып, біз де Шағила апаймен қоштастық. Кетерде қолын қысып тұрып: «Əлі де ұзақ жасай беріңіз», дедім. Есіктен шыққанымша көзімен ұзатып салған қарияның қасқайған қайсарлығы, батырға тəн қайраттылығы əлі де өн бойынан есіп тұрғандай. –––––––––––––––– Суретте: Ш.Құсанова. 1945 жыл.

– деп толєанєан майдангер хаты сўрапыл жылдардан сыр шертеді

Біз əңгіме еткелі отырған Қадыр Байболаұлы сүйген жары Көкен апа екеуі бес қызды өмірге əкеліп, мəпелеп өсіріп, оларды құтты орнына қондырды. Ата-анасының өнегелі өмір жолын абыроймен жалғастыра білген ұрпақтары қазіргі кезде еліміздің түкпіртүкпірінде ел қатарлы тіршілік жасауда. Үйдің үлкені Меделхан апамыз бүгінде 86 жаста, одан кейін менің анам – Əлімхан 78ден асса, Сұлтай апамыз 76-да, отбасының кенжелері – Зəуре мен Батай апаларымыз 73 жаста, бəрі балалы-шағалы, өсіп-өнген əулет. Меделхан апамыз əке сінің қан майданда аяқ-қолынан жараланып, елін-жерін, отбасын сағынып, бауырларына балаларын аманаттап жазған жыр шумақтарын есінде сақтапты. Апамыздан өлең жолдарын жазып алған Зəуре апамыздың сүт кенжесі – Айгүл Нариманқызы. Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Науалы ауылының тұрғыны, бөлем Айгүл Əлиасқарованың жақында хабарласып, «Екінші дүниежүзілік соғыстағы Ұлы Жеңіске 70 жыл толу қарсаңында «Нағашы атамыздың өлеңмен жазған хатын баспасөзде жарияласаң қайтеді.

Атамыздан қалған мұра ғой», – деген бір ауыз сөзі көңіліме қона кетті. Осы мақаланы əзірлеу үстінде Ұзынбұлаққа телефон шалып, анамнан нағашы атам жөнінде тың деректер сұрағанымда: – Иə, тəтем соғысқа қатысқан. Біз əкемізді «тəте» деуші едік. Мінезі ауыр, біртоға кісі еді. Көп əңгіме айтпайтын. «Соғысқа бардым. Аман-есен келдім. Шешемді, балаларымды көрдім», деп отыратын. Ал анам ауырып қайтыс болды. Біз жас болдық. Қайсы сөзі ойда қалды дейсің, балам. Тіршіліктің күйбеңімен жүріп көбін ұмытып қалдық қой, – деп жауап берді. Анамның айтуынша, нағашы атам қолы ашық, ақкөңіл, көпшіл, қонақжай, адамгершілігі мол адам болған. Қыздарын еркелетіп өсіріпті. Алматы облысы, Шелек ауданы, Масақ ауылына қарасты Сарбұлақ деген ауылда тату-тəтті өмір сүрген. Ұлы Отан соғысының арда гері Қадыр Байболаевтың төменде мысалға келтіріп отыр ған өлең-хатында баян далғанындай, Днепр үшін болған ұрыста ауыр жараланған. Майдангер арнайы комиссияның

шешімімен жарақаты ауыр болуына байланысты туған жеріне қайтады. Бір өкініштісі, со ғыс ардагері жөнінде мағлұ маттар мүлде аз. Өлеңмен жазылған хаты енді ғана қолымызға тиген жайы бар. Əкем Нұрахмет Қалқаевтың айтуынша, нағашы атамның отбасы кейіннен Шелек ауданына қарасты Ащысай ауылына көшіп барған. Қадыр атамыздың өмірлік серігі Көкен апам ауырып, 1958 жылдың 9 мамырында, 49 жасында қайтқан екен. Бұл қаза Қадыр атамызға да, балаларына да ауыр тиеді. Амал қанша, «Тірі адам тіршілігін жасайды». Нағашы атам араға уақыт салып екінші рет үйленгенімен, қосағымен ұзақ өмір сүруді тағдыр жазбапты. Қадыр Байболаұлы 1965 жылдың 3 маусымында, 63 жасында дүниеден өткен. Ащысай ауылына жерленген.

Алдағы уақытта майдангер Қадыр Байболаев туралы деректер жинақтап, қаруластарын іздестіріп, өмірбаянын зерттеп, жаңа мəлі меттер жинақтау – бүгін гі ұрпақ үшін парыз. Бұл іске майдангер жөнінде мағлұмат білетін ардагерлер, ауылдастары, тарихшылар, екінші дүниежүзілік соғыстың қаһармандарын зерттеушілер белсене атсалысса екен деген өтінішіміз бар. Анамнан естіген мына бір дерекке тоқталайын. Отбасындағы екінші бауырым Нұрболат 1964 жылдың сəуір айында өмірге келеді. Ата-анам бір қуанса, нағашы атамыз да қатты қуаныпты. Əкеме «осы ұлыңды маған бер, қара шаңырағыма ие болсын» деп өтініш жасапты. Əкем ардагер атаның сөзін жерге тастамай, келісімін берген. Нағашы

Сын саєатта сыр бермеген жауынгер аєа туралы сыр

Қаршадайынан қазақы тəлім-тəрбиенің тал бесігінде құндақталған қағылез баланың армандары асқақ еді. Бірақ, бозбала шағы қасіретті жылдарға тап келді. Енді ержетіп, ата-ана аманатын арқалар тұста Ұлы Отан соғысы басталды. Ол кезде Қоңыр Сармашев 20 жаста-тын. Ес біліп есейген шағында жалындаған жас жігіттің ата-анасы Арқа өңірінен қазіргі Жамбыл облысының Сарысу ауданындағы Байқадам ауылына қоныс аударды. Сөйтіп, ол сол жердегі əскери комиссариаттан шақырту алып, Ұлы Отан соғысына аттанып кете барды. Ел басына күн туған ауыр шақ оны бейжай қалдырған жоқ. Отан қорғауға өзі де ынталы болып, алдыңғы шептегі жауынгерлер қатарына ілікті. Алдымен жас сарбаз фин соғысына қатысты. Бұл өрімдей жігіттің шайқас алаңына алғашқы болып кіруі еді. Бойында қайсарлық пен намысты бала жасынан қатар ұстап өскен Қоңыр Сармашев үшін бұл соғыс алдағы ірі шайқастарға өзін шыңдау мектебі болды.

Қоңыр Сармашевтің Сталинградты қорғау шайқасына қатысқанына ерекше тоқталуға болады. Бұл 1942 жылдың қоңыр күзі болатын. Жаудың басты мақсаты Еділ бойындағы үлкен шаһарды қысқа мерзімде басып алып, кеңес əскерлерінің негізгі күшін əлсірету еді. Шайқасқа неміс басқыншылары жоғары дайындықпен келді. 9 ай бойы жау құрсауында болған қаланы азат етуде

қаншама ерліктер жасалды десеңізші. Солардың бел ортасында ерлігімен көзге түскен жас жауынгер Қоңыр Сармашев те бар болатын. Гвардия аға сержанты ол жауға қарсы жеңіл артиллериядан оқ жаудырып, қарсыластардың 20-дан астам солдатын жер жастандырады. Осы ерлігі үшін 1942 жылдың 22 желтоқсанында Қоңыр Сармашевқа «Сталинградты қорғағаны үшін» медалі берілді.

атамыз кішкентай сəбиді бастанаяқ киіндіріп, ұлды болғанына бала ша қуанады. Сəби жасқа толғанда өз үйіне алып кетпек ойын білдіреді. Алайда, Қадыр атамыз бұл мақсатына жете алмай, аяқ астынан бір күн ғана ауырып қайтыс болады. Ол кезде Нұрболат бар болғаны тоғыз айға толған екен. Біз төменде Ұлы Отан соғысының ардагері Қадыр Байболаұлының туған елін сағынып, сүйген жары мен бауырларына өлеңмен жазған хатын сол қалпында оқырман назарына ұсынып отырмыз. Майдангердің бұл хаты артта қалған сол сұрапыл жылдардың тағы бір тың шежіресі іспеттес екені шүбəсіз. Қағаз-қалам қолға алып, Біразырақ толғанып, Бір туысқан ағайын,

Қарындас, əйел, бала деп, Тоқтау жоқ, сөйлем тасыған. Дəм айдап жүріп кез келді, Ноябрь айының уағында, Қолыма оқтың тигені. Сүйек сынып, сырқырап, Көңілге қайғыны үйгені. Сол уақытта сіздерді, Көрем деген ойда жоқ. Қолды асып мойынға, Елге қайту ойымда. Бұл Алланың бергені, Екі рет сойып жараны, Ішін ашып қарады. Тілім келмей иманға, Жаным шығып барады. Сағынышты қайғы-дерт, Денеге түгел тарады. Айтпай білер бір Алла, Ісі ақ пен қараны. Тірі болып өмір сүрсін деп, Бұл дүниеге қалдырды, Мендей шерлі шалыңды. Мекен еткен елдерім, Алматы атты қаламды. Кемтігі елдің толады. Хат жазған кім десең, Байбола деген əкеміз, Аты – Қадыр болады. Сағынышты сəлемін, Хат арқылы жазады. Нұрлан ҚАЛҚА. Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы. –––––––––––––– Суретте: Ұлы Отан соғысының ардагері Қадыр БАЙБОЛАҰЛЫ.

Көп кешікпей ол осы арадан І Украин майданына аттанды. Бұл Отан соғысының ең бір жауапты кезеңдері болатын. Сөйтіп, ол Польшадағы Хмельник, Краков, Чельядзд қалаларын неміс басқыншыларынан азат етуге қатысты. 1945 жылдың ақпанында Германияның Бобер өзені бойындағы кескілескен шайқаста да аға сержант ерлігімен көзге түсті. Ол жаудың үш пулемет нысанының көзін жойып, бірнеше фашисті жер жастандырды. Осы батыл қимылы үшін Қоңыр Сармашевқа «Қызыл Жұлдыз» ордені тапсырылды. Осыдан кейін Германияның Мускал елді мекені маңында болған шайқаста жаудың жүк тиелген бес көлігін талқандап, істен шығарғаны үшін екінші рет «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. 1945 жылдың жазында Қоңыр аға жеңіспен елге оралды. Саналы ғұмырын бухгалтерия саласына арнаған майдангер соғыстан кейінгі өмірін елдің одан əрі дамуына үлес қосуға арнады. Сөйтіп, еңбек жолын 1946 жылы

Сарысу аудандық ақша бөлімінің есепшілігінен бастаған кейіпкеріміз ұзақ жылдар осы өңірдегі Калинин, Түркістан совхоздарының, аудандық басқарманың бас есепшісі қызметтерін атқарды. 1971 жылы жаңа құрылған Жаңатас совхозының қалыптасуы бағытында аянбай еңбек етіп, ауыл тұрмысының жақсаруына атсалысты. Жан жары Уəжан Көшенқызы екеуі өмірге он бала əкеліп, ұлағатты шаңырақтың темірқазығына айналды. «Орнында бар оңалар» дейді дана халық. Қазір ортамызда ардагер ағаның өзі болмағанмен, əулеттің отын өшірмейтін ұрпақтары өсіп, Қазақстанның əр қиырында еңбек етіп жүр. Ардагердің балалары жыл сайын Саудакент ауылындағы спорт мектебінде өткізілетін спорттық ойындар турниріне қолдау көрсетіп, жеңімпаздарға Қоңыр Сармашев атындағы марапаттар тағайындап келеді. Дінмұхамед ҚОҢЫРОВ. АСТАНА.

Бес күндік жалғанда жайлы өмір кешіп, майлы тамақ жеп, жақсы тұрып, жақсы жүрсек деген əдепкі пенделік пайым, адами арманнан əрі аса алмай жатамыз. Діни тұрғыдан ой қорытсақ, мұндай тіршілікте сауаптың жұғыны да жоқ. Оны білсек те, бірбеткей қалпымыздан қайтпай, қара бастың қамын күйттегеннің үстіне күйттей түсеміз. Сөйтіп, еншімізге берілген уақыт мағынасыз, мəнсіз өтеді де кетеді. Дастан КЕНЖАЛИН, «Егемен Қазақстан».

«Тїбінде Днепрдіѕ жараландым...» «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген қанатты сөз бар халқымызда. Майданнан жеңіспен оралып, соғыстан кейінгі жылдары елдегі тұрмыстың түзелуіне елеулі үлесін қосқан Ұлы Отан соғысының ардагері Қадыр Байболаұлы туралы ойлағанымда есіме осы сөз оралды.

Ер есімі ел есінен шыќпаса екен

Алайда, көпшілікке ортақ таным-түсініктен жоғары тұратын жандар, бұл өмірді жарық етіп, тұтас қоғамды қараңғылық түнегінен құтқарып жатады. Ұлағатты ұстаздарды адамдардың сол санатына жатқыза аламыз. Бір өзі жүздеген, мыңдаған бүлдіршінге ақыл құйып, білім дарытатын оларды арлы адам тəрбиелеудің ең тиімді құралы деп қабылдасақ та артық емес. Осы айтылған игі істерді өміріне өзек еткен жетелі ұстаздардың бірі, Қарағанды облысының тумасы – Ибрагим Əлібаев. Ол 1924 жылы қазаққа небір жақсы менен жайсаңдарды сыйлаған Жаңаарқа өңірінде Түгіскен ауылында дүниеге келген. Отбасында кенжесі болған кейіпкеріміз жастайынан зерек, ойлы болып өсті. Оқуын да озат аяқтап, үлкен өмірдің табалдырығына енді тақаған сəтінде Ұлы Отан соғысы басталып кетті. Сөйтіп, 18-ге енді толған Ибрагим Əлібаев 1942 жылдың қазан айында майданға аттанып кетті. Мəскеу түбіндегі Красная Поляна мекенінде мергендер курсынан өтіп, сұрапыл соғыстың отты жылдарын Белорусь майданында өткерді. Сан мəрте ұрысқа түсіп, ерлікпен шайқасты. «Ерлігі үшін», «Кенигсбергті азат еткені үшін», «Жуков» медальдары мен II дəрежелі Ұлы Отан соғысы ордені – соның айғағы. Қантөгіс соғыс кезінде ефрейтор шенінде болған ол, əскери қызметін аға лейтенант шенінде аяқтаған. 1946 жылдың қыркүйек айында соғыстан аман оралған Ибрагим Əлібаев білімге ден қойып, оқу оқыды. Педагогикалық институтты тəмамдап, өзі оқыған Түгіскен мектебіне ұстаз болып барды. Кейін сол мектептің директоры қызметіне тағайындалды. Жарты ғасырдан астам уақыт бала оқытып, шəкірт тəрбиелеу ісіне шынайы берілген бұл еңбегі де сол кездегі Қазақ КСР Оқу министрлігі тарапынан жоғары бағаланып, ол «Халық ағарту ісінің үздігі» атағын алды. Ибрагим Əлібаевтың өмір жо лына қысқаша шолу жасап отыр ғанымыздың бір мақсаты бар. Ол – ардақты ұстаздың есімі ұмыт қалмауы тиіс. Осы орайда Түгіскен ауылының орта мектебіне Ибрагим Əлібаевтың есімі берілсе деген ойымыз аудандық білім басқармасының атқамінерлері тарапынан қолдау тауып, тиісті шешімін табады деп сенеміз. Асыл дініміздің өзінде мешіт, көпір, мектеп салғандар мен шəкірт оқытқандардың амал кітабы жабылмайды делінген. Осыны да естен шығармайық, ағайын!


13

www.egemen.kz

8 мамыр 2015 жыл

ЕРДІҢ ІСІ – ЕЛДІҢ МОЙНЫНДА Ел жадынан ґшпейді

Қазақтан шыққан офицерлердің қатарында Жамбыл облысы Сарысу ауданының тумасы Заманбек Батырбеков ағамыз да бар. Батальон командирі болған Зəкең соғыстан аман келіп, бейбіт заманда ұзақ өмір сүріп, түрлі қызметтер атқарып, ұрпақ өсірген жан. 1922 жылы туған Заманбек бес жасында ата-анасынан жетім қалып, жанашыр ағайындары болмағандықтан Ташкенттегі балалар үйіне беріледі. Балалар үйінің басты мақсаты – кеңестік жас патриоттарды тəрбиелеу болғаны мəлім. Түлектердің бойына отансүйгіштік дəстүрмен бірге, Кеңес Одағының жауларына деген өшпенділік сезім де қатар құйылады. Соның əсерімен олардың Отан қорғауға деген жалындары шалқып тұратын.

1941-1945 жылдар қазақ жеріне үлкен қайғы мен қасірет əкелді. Сол жылдары бір шаңырақтан қаншама азамат соғысқа аттанды, олардың көбі майдан даласында мерт болса, біреулері атамекеніне мүгедек болып оралды, ал енді бір жандар із-түзсіз жоғалып кетті. Əкесін, ағасын, бауырын, жарын ойлап іздеген, сарыла күткен жандар күні-түні қайғырып, жан азабын шекті. Қаншама шаңырақ шайқалды...

Жеңістің 70 жылдық мерейтойы қарсаңында басылым бетінде қан майданда ерлік пен өрліктің үлгісін көрсеткен қайсар азаматтар жайлы көп дүние шықты, газет редакциясына келіп, ата-апаларының ерлік жолдарын айтып, жұртшылық назарына ұсынуға өтініш білдірген азаматтар мен хат жолдаған оқырмандарда сан жоқ. Солардың бірі Алматы қаласының тұрғыны Ахмет Дүйсенбаев. «Сəлеметсіздер ме, құрметті редакция! Төмендегі суретте бірінші қатардың сол жақ шетінде тұрған – Шамшолла Бекмағанбетұлы Бекмағанбетов. Ол – СССР НКВДсының алматылық мектебінің 19471950 жылдардағы курсанты», деп басталған екен хат мəтіні. Осындай жолдардан кейін өзінің хатында Ахмет Дүйсенбаев ағасы Шамшолла Бекмағанбетовтің 1923 жылы Көкшетау облысында дүниеге келіп, 1950 жылы Алматы қаласында дүниеден өткенін, 4 жылға созылған сұрапыл соғыстан кейінгі кезеңде ол небары 26 жаста болғанын жазады. Оның айтуынша, Ш. Бекмағанбетов от пен оқтың арасында жүріп, етігімен қан кешкен сол бір зұлмат жылдары барлаушы болып қана қоймай, Кенигсберг шешуші шабуылына да қатысыпты. «Біздің Шамшолла ағамыз – менің əкем Рахмет Бекбағанбетұлы

Дүйсенбаевтың кенже інісі. Атамыз Бекмағанбет Дүйсенбаевты ел арасында Беген би деп атап кеткен, ол Балуан Шолақтың жолдасы болыпты. Кейін, халықтың басына қара бұлт болып үйірілген сонау 30-шы жылдары репрессияға ұшыраған. Сол себепті, менің əкем мен Шамшолла ағамыздың тегі екі түрлі жазылса керек», – дейді А. Дүйсенбаев. Бұдан кейін хат иесі 1972 жылдан бері Райымбек даңғылында орналасқан Алматының орталық зиратынан Шамшолла ағасының қорымын 2 рет іздегенін, алайда, іздеу шаралары ешбір нəтижесі бермегенін айтып күмілжиді. Хатының соңында А. Дүйсенбаев: «Мені ойландыратын тағы бір жұмбақ нəрсе бар. Басылым бетінде жарияланып отырған суретте біздің ағамыздан басқа тағы 10 курсант бар. Олар кімдер? Мүмкін оларды Қазақстанда танитын жандар бар болар?», – дей келе, Жеңістің 70 жылдық мерейтойына орай, белгісіз курсанттар бейнеленген суретті басылым бетіне жариялауға өтініш білдіріпті. Осы орайда, біз де Алматы тұрғынының өтінішін ескеріп, хат мəтінін газет оқырмандарының назарына ұсынуды жөн көрдік. Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан». АСТАНА.

атқару комитеті сізді, партизан қозғалысының ардагерін біздің күн сəулелі Қырым түбегінің немісфашист басқыншыларынан толық азат етілгенінің 25 жылдығымен шын жүректен қызу құттықтайды. Қырым халқының есінде халық кекшілдерінің теңдесі жоқ ерлігі мəңгі қалады», – делінген хатта. Сонау алыстағы Қырымнан келген екі хаттың сыры осындай. Соғыстан кейін еңбек жолын туған ауылында есепшілікпен жалғастырған майдангердің Қырымда партизандық еткенін жұрт біле бермеген-ді. Ертеңінде Қ.Құсайынов жолға жиналды. 1941-1944 жылдары партизандық еткен өңірді көруге, қандыкөйлек достарымен кездесуге асықты. ...Соғыс алдында қазіргі Бөгенбай ауылындағы облыстағы байырғы совхоздардың бірінен саналған «Новотроицк» шаруашылығында бас бухгалтер болып жүрген Қиса Құсайынов майданға шақырылды. Орталықтың ұйғарымымен жаудың алыс тылына – Қырымға десант ретінде түсірілді. Партизан отряды үкіметтің ерекше тапсырмасымен əскери қимылдар жүргізіп, дұшпанның тылында оның бейберекетін шығаруға, Қырымдағы жерасты үңгірлерін пайдаланып, шабуылдар ұйымдастыруға тиіс болды. Сол жерде соғыстың басында-ақ жеті партизан отряды жасақталған-ды. Ал құрамына Құсайыновтар енген партизандардың арнаулы тобы

9 мамыр! Осы айтулы күні мен сүйікті Отанымыздың түкпір-түкпіріндегі əр соғыс ардагерін жеке-жеке құттықтағым келеді! Өйткені, олардың барлығы осындай құрметке лайық жандар, ерліктеріне баға жетпейді, нағыз батырлар.

«Бəрібір біз жеѕеміз!..» Офицер кїнделігінде осындай сґздер жазылыпты Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

Сондай тəрбие алған жас Заманбек те 9-шы сыныптан кейін өзі сұранып, əскерге алынады. Əскерде болғанда алымды жас өзін əскери қызметкерлерге лайық жинақылық, үздік дайындық көрсете алады. Сондықтан бір жылдық əскери борышы аяқталған соң оны əскери комиссариат Ташкенттегі жоғары білімді офицерлер дайындайтын училищеге жібереді. Ташкент қаласында əуелде кіші əскери қызметкерлер даярлау үшін құрылған бұл училище патша заманынан болған. Кеңес Одағы жылдарында ол жаяу жəне атты əскердің, артиллерияның жоғары білімді офицерлерін дайындайтын оқу орнына айналдырылған. Осы училищені бітірген бірсыпыра офицер 1941 жылы Алматыда құрылған атақты 316-шы, кейін генерал Панфилов атындағы 8-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы құрамаларының командирлері болып келген. Ташкент училищесін 1942 жылы бітірген Заманбек Батырбеков Саратов облысының Баланда қаласында құрылған 342-ші атқыштар дивизиясының 1116-шы полкіне əскери міндетін атқару үшін келеді. Полк басшылары жас лейтенантты алдымен взвод командирі етіп тағайындайды. Алайда, жігіттің пысық екендігі, басқаруға икемінің барлығы жəне əскердің тəртібін жақсы білетіндігі ескеріліп, ұзамай ол рота командирі болып тағайындалады. 342-ші атқыштар

дивизиясы əуелі Оңтүстік-Батыс майдандағы 61-ші армияның сапына енген. Осы құраманың сапында ол Мəскеу түбіндегі соғысқа қатынасып, жауды алғаш рет тоқтатып, қарсы шабуылға көтерілген əскердің қатарында болған. Немістердің басып алушылық арыны басылып, кейін шегіне бастауының басынан аяғына дейін болған бұл дивизия барлығы 120 елді мекенді жаудан босатқан екен. Соның қатарында Белев, Вязьма, Мценск, Орел, Курск, Одесса жəне т.б. белгілі қалалар бар. Заманбек Батырбековтің ротасы да осынау кескілескен шайқастардың қақ ортасында жүрген. Бір қызығы, жаңбырша жауып тұрған оқтың астында жүрсе де тыныс алған бір сəттерінде ол окопта отырып, күнделік жазыпты. Соның ішінде 1942 жылдың 10 наурызында былай деп жазған екен: «Менің ротамдағы 120 жауынгер Вязьма түбінде күндіз-түні бірдей жаумен жағаласып, жан алысып, жан берісіп жатты. Бүгін күні бойы 4 рет неміс «Тигрлерінің» шабуылы тойтарылды. ...Мен «Ерлігі үшін» медаліне ұсынылдым. Қасық қаным қалғанша Отан үшін күресемін!». Ал 1943 жылдың 7 мамырында: «Екінші рет жарақаттандым. Қоршауды бұзып шығарда немістердің 2 танкісін, 300-ге жуық солдатының көзін жойдық. Өз жауынгерлерімді қоршаудан шығынсыз алып шыққаным үшін «Қызыл Жұлдыз» орденімен наградталдым», – деп жазыпты. Ұзамай Заманбек Батырбековке аға лейтенант атағы беріледі. Енді ол рота емес,

Ќырым партизаны 1969 жылдың сəуір айының ортасында «Ақкөл» совхозының директоры Хамит Мусиннің қолына хат тасушы қыз ортасында қызыл жолағы бар үлкендеу келген конвертті ұстатты. Хамит конвертті олай-бұлай ұстап отырды да: «Қалқам, мына хат үкімет тарапынан келген сияқты. Беліндегі белбеуі қызыл екен», – дегенше, хат тасушы қыз шығып та кеткен еді. Конвертті еппен ашып, ішінен бір парақ қағазды алып, оқи бастады: «Украина Компартиясы Қырым облыстық комитеті мен еңбекшілер депутаттары облыстық кеңесінің атқару комитеті, Қырым партизандары қоғамы сізге мынаны хабарлауды өзіне абырой санайды. Алдағы 7-10 мамырда Қырым партизандарының дəстүрлі конференциясы өтеді. Сіздің сов хозда қызмет ететін Қиса Құсайыновты осы конференцияға қатысуға жіберуіңізді сұраймыз», – делініпті хатта. Мұнан əрі онда Қиса Құсайыновтың 1941-1944 жылдары Қырымда партизан отрядында болғанын, партизандардың арнаулы тобында əуелі барлаушы, одан кейін взвод басқарғанын баяндапты. Конференция облыс орталығы – Симферополь қаласында өтетінін жазыпты. Іле осындай хат Қисаның өз атына жолданыпты. «Қымбатты Қиса Құсайынов жолдас! Украина Компартиясы Қырым облыстық комитеті мен еңбекшілер депутаттары облыстық кеңесінің

Маќтан тўтамын

таулы өңірде ерекше жаттығудаярлықтан өтіп барып, жау тылына парашютпен түсірілді. Бұлар Солтүстік Қырым партизан құрамасына қосылды. Партизандар немістің алдыңғы армиялары ұзап, шығысқа қарай ентелеп бара жатқанында, тылында соққыны бір сəт тоқтатпады. Күнде рейд. Күнде тұтқиылдан шабуыл. Жаумен шайқасудың əртүрлі тəсілдерін қолданып, не керек, дұшпанға маза бермеді. Немістер басып алған жерлерге олардың əскери формасын киіп, қаруын асынып терең еніп, талай ойран салып та жүрді. Əуелде барлаушы болған Қиса Құсайынов жергілікті полицайлар мен немістер арасында алауыздық, іріткі салу амалдарын да игерді. Бірде, Қиса бастаған барлаушылар қала маңындағы шаруашылықтардың бірінде дұшпанның ірі қару-жарақ қоймасын жасағанын анықтайды. Отряд басшылығы сол қойманы тартып алып, қарулану керектігін айтып бұйрық береді. Тапсырманы орындаудың қолайлы кезі – түн. Көзге түртсе де түк көрінбейтін қараңғы түнде барлаушылар жергілікті полицайлар формасын киіп, шаруашылық аймағына үш қатар созылған кедергі сымдарды үзе отырып еніп, қойманың күзетін жойып, қару-жарақты мүмкіндігінше тиеп алып, лагерьге бет алады. Кетерде қоймаға баяу əрекет ететін мина төсеп кетеді.

Бəрі ойдағыдай болды. Қару-жарақ партизандар лагеріне жеткізілді. Бір кезде төңіректі дүр сілкіндірген жарылыс тауды жаңғыртты. Тіпті, Симферополь қаласындағы неміс гарнизоны түн ұйқысынан шошып оянып, не істерін білмей қалды... Жау жағы Қырым тауларында, оның жерасты үңгірлерінде партизандар əрекет жасап жүргенін біледі. Жоғары жақтан партизандарды түбектен қуып шығып, талқандау жөнінде талай бұйрық түссе де, немістер бұл міндетті орындай алатын емес. Күтпеген жерден рейд-шабуыл. Əбден зығырданы қайнаса да, дəрмені жоқтай. Партизан құрамасының басшылығы əр отрядтан сақтықты талап етті. Бұйрық – заң! Адам шығынына мүмкіндігінше жол бермеу – бұл да бұйрық. Партизан құрамасының командирі П.Ямпольский бір күні партизан взвод командирі Қ.Құсайыновты шақырып алып, жаңа тапсырма жүктейді: ұрыс сала отырып, барлау жасау, құнды

батальон командирлігіне жоғарылатылады. Бұл кезде Заманбектердің дивизиясы Брянск майданының 3-ші армиясының құрамына берілген еді. Осы армияның құрамында олар атақты «Курск доғасындағы» қанды қырғынға қатысады. Ұлы Отан соғысының тарихында «бетбұрыстың аяқталуы» деген атақ алған бұл жердегі шайқас ІІ дүниежүзілік соғыстағы ең үлкен қақтығыстардың бірі болған еді. Осы қырғыннан аман шыққан Заманбек Батырбековке капитан əскери атағы беріледі. Енді оның батальоны алды-артына қарамай артқа шегінген жауды өкшелеп қууға кіріседі. 1943 жылдың 23 тамызында ол өзінің күнделігіне: «Курск доғасынан Украина майданына бет алдық. Кеңес Одағын жаулап алуды көздеген Гитлердің «Барборосса» жоспарының күлталқаны шықты. Кеңес əскерлері қорғаныстан жаппай шабуылға көшті. Бəрібір біз жеңеміз!» деп жазған екен. Капитан Заманбек Батыр беков соғысты Чехословакияның Карлсбад (Кар ловы Вары) қаласында аяқ таған. Төсінде «Қызыл Жұлдыз», «Александр Невский», «ІІ дəрежелі Отан соғысы» ордендерімен қатар, бірнеше медалі жарқыраған ол əскерден келген соң көп жыл бойы Алматы қалалық əскери комиссариатында лауазымды қызметтер атқарған. Зайыбы Күлəйша екеуі бір ұл, үш қыз өсіріп, олардан бірнеше немере-жиен көрген. Міне, қанды қырғынды белшеден кешкен бір қазақ офицерінің тағдыры осындай.

деректер бере алатын «тіл» əкелу керек. Əрине, тапсырма ауыр. Қарсы алдындағы Симферополь қаласындағы жау гарнизонының күші, сөз жоқ, басым. Ұрыс салуға партизандардан взвод қана қатысады. Симферопольдағы жау күші қанша? Əзірше оны білу мүмкін емес, сондықтан, ұрыс сала отырып, дұшпан күшін анықтау. Қиса взводына тапсырманы пысықтап алған соң құнды деректер бере алатын «тіл» ұстауды кімге жүктесем екен деп ойланып қалды. Взводтағы белгілі болған барлаушы Темір Ғайнов есіне оралды. «Темір, бері кел. Бізге үлкен офицердің біреуін қайтсек те қолға түсіріп, жеткізуіміз керек. Қазір шабуылға шығамыз. Қасымнан бір-екі елі қалма!» деп Қырым татарынан шыққан Темірге ойын жеткізді... Қараңғы түнде жорыққа шыққан партизандар əуелі жаудың коммуникацияларын бұзды, қару-жарақ қоймасына,

Кішкентай кезімде атамнан оның жасаған ерліктері туралы сұрау ойыма келмепті. Ал қазір осы кемшілігіме қатты өкінемін. Бір қуаныштысы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында Ресей Қорғаныс министрлігінің «Халықтың қаһармандығы» деп аталатын сайтынан атам – Абдрахман Оспановқа арналған «Марапат қағазы» деген мақаланы оқыдым. Онда атамның «Қызыл Жұлдыз» орденіне ұсынылғаны туралы анық та нақты жазылыпты. «Оспанов жолдас 1945 жылдың 16 сəуірінде Бранденбург провинциясының Грос-Ноендор ауданындағы дұшпанның мықты күшейтілген қорғанысын бұзып өтуде 3-ші Екпінді армияның 79-шы атқыштар корпусына қарасты 150-ші атқыштар дивизиясының 674-ші атқыштар полкі құрамындағы 1-ші батальонға үлкен қолдау көрсетті. Бұл ұрыс қимылдары Берлинге жақын тұстарда да жалғасын тапты. А.Оспанов қарша жауған оққа қарамастан, жаудың бір пулеметшісін жер жастандырып, екі пулеметінің үнін өшірді. Бұған қоса,

байланыс жүйелеріне шабуыл жасады. Осылай дұшпанның үрейін алып, Симферопольдің батыс жағынан орын тепті. Ғайновты қасына екі партизанды қосып алуға жіберді. Темір де ер екен. Немістің бір полковнигін қолға түсіріп, сүйрелеп жеткізді. Командир Қисаның қуанғаны соншалық, айқайлап жіберді. «Жарайсың, бауырым! Тез кері шегініңдер, штабқа!» – деп бұйырды. Өзі партизандармен барлай отырып, шабуыл жасау үшін қалып қойды. Теміржолдарды талқандау – немістің батыстан тың күш əкелуін кешеуілдетті. Партизандар Симферопольді бақылауда ұстап тұрды. Мұның соңы 1943 жылы қыркүйекте «рельс соғысына» ұласты. Партизан отрядтарынан бұзғыштар, бүлдіргіштер іріктеліп алынды. Мұның ішінде Қисаның взводы да болды. Қырым таулары мен үңгірлерінде партизандар көзді жұмып қойып табатын жолдар да, жан баспаған

жаудың екі жаяу əскер взводының күл-талқанын шығарып, өзінің қолдау көрсетуіндегі бөлімшелердің Берлинге шабуылдарын табысты жалғастыруларын қамтамасыз етті». Марапатқа ұсыну қағазын 276-шы Ленин орденді Қызыл тулы жеңіл артиллерия гвардиялық полкінің командирі полковник Медведев толтырыпты. Осы жерде менің ойыма атамның тағы бір «Қызыл Жұлдыз» ордені бар екені оралды. Сондай-ақ, омырауында «Германияны жеңгені үшін», «Берлинді алғаны үшін», «Варшаваны азат еткені үшін», «Кенигсбергті азат еткені үшін» медальдары жарқырайтын. Бүгінгі күні атамның сұрапыл соғыста қандай ауыртпалықтарды басынан өткергенін көз алдыма елестетуімнің өзі қиын. Есесіне, бейбіт Қазақстанда өмір сүріп жатырмыз. Атама жəне басқа да Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне бүгінгі ашық аспанымыз үшін зор ризашылығымды білдірсем деймін. Қажымұрат ОСПАНОВ.

ауыр соқпақтар да болды. Сапермина төсеушілердің жолын жау отрядтары, полицайлар бөгеді. Ауыл жолдардан оралмағандар да аз болмады. Соғыс шығынсыз, құрбандықсыз болмайды деген осы шығар. Бірақ «рельс соғысы» қаншама ауыр, қиын болғанымен, Қырым арқылы дұшпанның Кубань жəне Дондағы əскерлер тобын жалғастырып тұрған жалғыз теміржол магистралі ұзақ уақыт бойы істен шықты. Көпірлер, жау эшелондары келе жатқан теміржолдар қиратылды. Симферопольға дұшпан сырттан күш жеткізе алмады. Немістер ормандарды мүлдем өртеп жіберуге тырысты, бірақ мұнысынан да ештеңе шықпады. Партизандар Зуя орманының ішіндегі Қалам Байре жазығында басқыншылармен бетпе-бет кездесті. Бұл шайқаста партизандар жеңіп шықты. 1944 жылы 14 сəуірде олар Симферопольға енді. Теңізшілермен, жаяу əскерлермен тізе қоса отырып, Қырымның орталығы жаудан толық азат етілді. Қырым азат етілген соң, партизан-барлаушы Қиса Құсайынов кеңес əскерлерінің құрамында Батыс Украинаны, Польшаны азат етуге қатысты. 1945 жылы қыркүйекте елге оралып, бұрынғы қызметін жалғастырды. Ұзақ уақыт «Ақкөлде» бас бухгалтер болып, дүние салды. Қырым партизанымен осыдан 40 жыл бұрын Ақкөлде кездесіп, жоғарыда баяндалған жорықтар туралы əңгімелерін жазып алған едім. Төлеубек ҚОҢЫР. ПАВЛОДАР.


14

www.egemen.kz

8 мамыр 2015 жыл

МЫҢ ТАҒЗЫМ САҒАН,

 Көрме

Ардагерлер ардаќталды

Ќўжаттар сыр шертеді

Берік САДЫР,

«Егемен Қазақстан».

Астанадағы Ұлттық музейде «Сталинград шайқасы» музей-қорығы жəне Ресей əскеритарихи қоғамының Волгоград бөлімімен бірлесіп Қазақстан Мəдениет жəне спорт министрлігінің, Ресей Мəдениет министрлігінің жəне «Хабар» агенттігінің қолдауымен Ұлттық музейдің «Ғасырлар қойнауынан сыр шерткен Қазақстан» жобасы аясында «Жеңіске құрмет!» атты көрменің ашылу салтанаты болып өтті. Шараға жиылған қауым бір минут үнсіздік жариялап, өмірден өткен майдангерлердің рухына тағзым жасады. «Біз бүгін Ұлттық музейге өткеніміз бен тарихымызға құрмет көрсетіп, ерлікке тағзым жасау үшін көрме ашып жатырмыз. Ерлік ешқашанда ұмытылмайды. Бүгінде біз жеңген елдің ұрпақтарымыз деп кеудемізді керіп мақтанамыз. Құрметті ардагерлер, сіздердің ерліктеріңізді кейінгі ұрпаққа дұрыстап жеткізсек, біз үшін үлкен аманат сол. Біз сіздердің алдарыңызда барлық уақытта тағзым

етеміз. Сіздердің кеуделеріңіздегі əрбір марапат өр рухтарыңыздың бағасы. Қазіргі жастар сіздердің жасаған ерліктеріңізді есту, көру, білу арқылы өздеріне қуат, жігер, рух алады», – деді көрмеде Ұлттық музейдің директоры Дархан Мыңбай. Сондай-ақ, басқосуда Жеңістің кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге боларлық қасиеттеріне тоқтала келіп: «Біз сіздер жасаған ерлікті, сіздер көрген қан майданды болашақ жас ұрпаққа жеткізуді өзіміздің парызымыз деп санаймыз», – деді «Хабар» агенттігі акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Айдос Үкібаев. Көрменің негізгі бөліміндегі стендтерге «Қазақстан соғыс жылдарында» тақырыбымен қазақстандық дивизиялардың суреттері, мұрағаттық құжаттары, ұрыс жолдарының карталары жəне осы соғыс барысындағы түбірлі өзгерістің бастауы болған «1942-1943 жылдарғы Сталинград шайқасы» көрмесінің фотоқұжаттық бөлімі қойылыпты. Кеңес əскерлерінің Сталинградты қорғаған жəне немістердің Еділ мен Дон өзендерінің

Нұрбол ƏЛДІБАЕВ,

«Егемен Қазақстан».

аралығына орналасқан ірі стратегиялық тобын талқандаған жауынгерлік əрекеттері 1942 жылдың 17 шілдесі мен 1943 жылдың 2 ақпаны аралығында өтті. Сталинград майданының 120 бөлімінің жеке құрамы мен қызметі орналасқан Батыс Қазақсцтан облысы майдан іргесінде болатын. Сталинград үшін шайқасқа Қазақстанда жасақталған 9 əскери дивизия қатысты. Қазақстан халқының фашизмді жеңуге қосқан үлесі «Соғыстың басы, дивизиялардың жасақталуы», «Қазақстандықтар соғыс майданында», «Қазақстан – майдан арсеналы», «Тыл еңбеккерлерінің Жеңіске қосқан үлесі», «Даңқ шоқжұлдызы», «Батырлар даңқы мəңгі өшпейді! Бұл – өлілерге емес, бұл – тірілерге керек!» атты стендтерден көрініс тауыпты. Көрменің келесі бөліміне батырлардың жеке заттары, майданнан жазған хаттары, ордендері мен медальдары, Ұлы Отан соғысы кезіндегі қарулар жəне т.б. экспонаттар қойылыпты. Суреттерді түсірген Еділ ОРМАНОВ.

Алматы облысының əкімі Аман дық Баталов Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылды ғына орай 100 ардагермен облыстық əкімдікте салтанатты жағдайда кездесіп, айтулы мерекемен құттықтады. Сөйтіп, ҰОС ардагерлері, ҰОС-қа қатысушыларға теңестірілгендер, соғыста қаза болғандардың жесірлері, концлагерьлерде болғандар мен тыл еңбеккерлері – баршаның көңілдерін аулай білді. Кездесу барысында ардагерлердің барлығына 70 мың теңгеден ақшалай сыйлық берілді. Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Ұлы Отан соғысындағы ерлігі, мемлекетке сіңірген еңбегі мен өскелең ұрпаққа патриоттық тəрбие берудегі айрықша үлесі үшін жетісулық 24 ардагер мемлекеттік наградаларға ие болды. Нақтылай түссек, ІІІ дəрежелі «Барыс» орденімен екі ардагер, «Құрмет» орденімен 10 ардагер,

«Ерен еңбегі үшін» медалімен 8 ардагер жəне Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен 4 ардагер марапатталды. Жалпы, Алматы облысында 343 соғыс ардагері, 20 мыңнан астам тыл еңбеккері бар. Жеңістің 70 жылдығына орай облыстық бюджеттен барлық ардагерге 150 мың теңгеден біржолғы əлеуметтік қолдау көрсетілді. Соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің денсаулығын

Елордадағы Ұлттық музейде белгілі саясаткер Берік Əбдіғалиұлының «Ұмыт қалған батырлар» («Забытые герои») атты кітабының тұсаукесер рəсімі өтті. Кітапқа Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған, алайда, əртүрлі себептермен ала алмай қалған қазақстандық хас батырлар туралы материалдар топтастырылған. Сондайақ, бір сөзбен айтқанда жинаққа «Халық батыры» акциясы аясында анықталған 10 отандасымызға қатысты құжаттар мен нақты айғақтар топтастырылған екен. Бұлардың басым бөлігі қазақстандықтар үшін əлі де болса беймəлім күйінде қалып отырғанын еске сала кетсек дейміз. Кітапта Ресей Қорғаныс министрлігінің мұрағатынан алынған материалдары мен құнды құжаттары тұңғыш рет жарияланып отырғаны жəне бар. Салтанатты шараны аталмыш музей директоры Дархан Мыңбай ашып, кітап туралы жан-жақты мəлімет берді. Ол өз сөзінде, ел қорғаған ерен ерлеріміздің ерлігін халық жадында сақтау үшін тек Жеңіс күнінде ғана емес, үздіксіз насихат жұмысын жүргізу қажет екенін баса айтты. Басқосу барысында жоба авторы Берік Əбдіғалиұлы: «Бұл жауынгерлердің барлығы да жан аямай ерлік көрсеткен батырлар деуге болады. Жас ұрпақ сол қаһармандарға қарап бой түзейді. Мақтан етеді. Отан үшін от кешкен батырларымыздың ерлігі өз дəрежесінде дəріптелуі

Өткен жылдың 9 мамырында ардагерлердің алдында сөйлеген сөзінде Қазақстан Президенті – Республика Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Н.Ə. Назарбаев: «Жеңіс күні – ұлы мейрам. Əкелеріміз бен аталарымыздың арқасында біз бүгін бейбіт аспанның астында өмір сүріп жатырмыз, мықты мемлекет құрып, болашаққа сеніммен қараймыз. Отанымыздың 1 миллион 800 мың ұл мен қызы шайқастарда күресті. Миллиондаған қазақстандық жұмыс істеп, майдан үшін, жеңіс үшін бəрін берді», – деген болатын.

«Абырой мен парыз» кітабы жарыќќа шыќты

тиіс. Негізінен бұл жинаққа Мəскеуден алынған құжаттар жинақталған», деді. Жоба авторының осыдан бес жыл бұрын Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры қызметін атқарып тұрған кезінде қолға алған «Халық батыры» бағыты бойынша Жеңістің 70 жылдығы аясында жүзеге асып отыр. Жобаға «Нұр Отан» партиясының Қоғамдық саясат институты мен «Байкадам Холдинг» компаниясы үлкен қолдау білдіріпті. Тағы бір айта кетерлігі, аталмыш игі шара соңы «Жеңіске құрмет» атты көрмеге ұласты. Музейдің «Ғасырлар қойнауынан сыр шерткен Қазақстан» жобасы аясында ашылған бұл көрме негізі 2 бөлімнен тұрады. Көрменің бірінші бөлімінде «Қазақстан соғыс жылдарында» тақырыбын қамтып қазақстандық дивизия жауынгерлерінің суреттері, мұрағаттық құжаттары, ұрыс жолдары, карталар көрініс тапса, екінші бөлім «1942-1943 жылдардағы Сталинград шайқасының» фотоларынан құралыпты.

Айтулы мерекеге орай қаншама ауқымды іс-шаралар атқарылып жатыр. Кеше Ұлттық академиялық кітапханада Білім жəне ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Мемлекет тарихы институты «Абырой мен парыз» (Еуропа елдеріндегі Екінші дүниежүзілік жəне Ұлы Отан соғысына қазақстандықтардың қатысуы) атты ұжымдық монографияның тұсаукесері өтті. Жиынды Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Амангелді Қашқымбаев жүргізіп отырды. Кітапты дайындап, жазу барысындағы басты мақсат – соғыстың шын мəнінде қалай болғанын көрсету. Мемлекет тарихы институтының авторлық ұжымы құжаттардың мол қорын – мұрағаттық деректерден бастап, кеңестік жəне неміс генералдары мен маршалдарының мемуарлық əдебиеттері, саяси қайраткерлер мен дипломаттардың зерттеулерін пайдалану арқылы, соғыстың басынан бастап, оның Токиолық əскери трибуналмен аяқталуына дейінгі кезеңді қамтыған. Бұл еңбекте 1939 жылдан 1945 жылдар аралығында болған Екінші дүниежүзілік жəне Ұлы Отан соғысында болған маңызды кезеңдер көрсетілген. Кітапты дайындау барысында авторлық құрамы Алматы, Мəскеу, Украина, Белоруссия қалалары ғалымдарының зерттеулерімен толықтырылды.

Көптеген суреттер, құжаттар ғылыми айналымға бірінші рет берілуде. Ғалымдардың таңдаған құрылымы оқиғаларды жылдар бойынша баяндап, оқырманға соғыстардың толық хронологиясын көрсетуге мүмкіндік жасайды. Кітапта мұрағат деректеріне сүйеніп, тыл еңбеккерлерінің ерлігімен қоса, жер аударылған халықтар тағдыры да көрініс тапқан. Шетелдік мұрағат мəліметтерін пайдалану арқылы «Түркістан легионының» тағдыры, соғыс тұтқындарының қайғылы қасіреті көрсетілген. Авторлар отандық тарихнамада алғаш рет «хиви» деп аталатындарға қатысты жабық тақырыпқа қалам тартты. Соғыста қаза тапқан солдаттарды жадымызда сақтау үшін Мемлекет тарихы институтының ғалымдары үш бөлімнен тұратын зерттеулер: ұжымдық монография, соғыс ұрыстарының планшет-сілтемесі жəне интер нет-альбом дайындады, интернет-альбомда құжаттар, суреттер, соғыс тұт қын дарының суреттері, қаза тапқан солдаттардың тізімдері жəне тағы басқа көптеген құжаттар берілген. Əрбір адам Мемлекет тарихы институтының сайтына кіріп бұл құжаттармен «Абырой мен парыз» айдарында таныс бола алады. Аталмыш шараға қоғам қайраткерлері, ғалымдар, ЖОО басшылары, тарих пəнінің мұғалімдері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Топтаманы əзірлеген Раушан ТƏУІРХАНҚЫЗЫ, журналист.

ТАЛДЫҚОРҒАН.

Орындалєан əке аманаты Қызылжар ауданының тумасы, Кеңес Одағының Батыры Филипп Чижиков соғысқа 1942 жылы 19 жасында алынған. Арнайы əскери дайындықтан

жаудан азат етуге қатысқан. Қанды шайқастардың бірінде ауыр жараланғанына қарамастан, көрсеткен қаһармандық ерліктері үшін 1944 жылы Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, «Алтын Жұлдыз» белгісі мен Ленин ордені тапсырылған.

өтіп, 25-ші дивизияға қарасты 81-ші атқыштар полкі құрамында бөлімше командирі болып тағайындалған. Кіші лейтенанттар курсын бітіргеннен кейін атқыштар взводын басқарған. Белгород, Харьков, Звенигород, Будапешт, Вена қалаларын

Майданнан оралған соң Қызылжар өңірінің ішкі істер органдарында ұзақ жыл мінсіз еңбек еткен. Алматы милиция мектебін тəмамдап, жауапты жұмыстар атқарған. Подполковник шеніне дейін көтерілген. Қызмет бабымен Ресейге ауысып, өмірінің

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

 Тұсаукесер

Ўмыт ќалєан батырлар

түзеуге 145 млн. теңге бөлінді. Ардагерлер қажеттілігіне қарай түрлі құралдармен бірінші кезекте қамтылуда. Бұл мақсаттарға 300 млн. теңге қаржы қарастырылған. Баспана кезегінде тұрған 73 соғыс ардагеріне пəтер берілді. Ардагерлерге қазақы дəстүрмен мейрамханада дастарқан жайылып, мерекелік концертпен жалғасты.

соңғы күндерін Воронеж облысында өткізген. Оның құрметіне Березовка ауылында орнатылған обелискінің ашылу салтанатында облыс əкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров, Ішкі істер министрлігі ардагерлер кеңесінің төрағасы, отставкадағы генералмайор Өмірзақ Болсамбеков, кадрлар жұмыстары бойынша департаменттің басшысы, полковник Алтынғали Əбдіғалиев, Түмен облысынан келген ішкі істер қызметінің ардагері Владимир Борецкий, тағы басқалар сөйлеп, ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Марқұмның Воронеж қаласында тұратын қызы Надежда Лесных Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған айтулы шараға деген ризашылығын, əкесінің көзі жұмыларда қабірімнен туған жеріме бір уыс топырақ ала бар деген аманатын орындағанын толқып жеткізді. Меймандар мектеп жа нындағы алаңқайда Жеңіс аллеясының іргетасын қалап, көшеттер отырғызды. Бүгінде облыста мектеп, көше батырдың есімімен аталады. Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы.

«Жеѕіс аллеясы» ашылды Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Облыстық ішкі істер департаментінің мұражайында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған игі шара өтті. Оған ардагерлер кеңесінің мүшелері мен департамент басшылары қатысты. Бұл кездесудің мақсаты Ұлы Отан соғысының жəне ішкі істер органдарының ардагерлеріне құрмет көрсету болып табылады. Облыстық ішкі істер департа ментінің бастығы, полиция полковнигі Махсудхан Аблазимов ардагерлерді алда келе жатқан Ұлы Жеңістің 70 жылдығымен жеке құрамның атынан құттықтады, олардың ерен ерліктері мен адал еңбек тері үшін алғыс сезімін білдірді. Ұлы Отан соғысының төрт жəне еңбек майданының қырық екі ардагеріне Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы негізінде «19411945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы» мерекелік медалін тапсырды. Сондай-ақ, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 100 мың теңгеден, ал тылда еңбек еткен

ардагерлерге 35 мың теңгеден ақшалай сыйлық ұсынды. Қатары сиреп қалған соғыс ардагерлері Жұмай Əлішев, Нығмет Мейірманов, Михаил Диденко, Григорий Прихьно мұндай құрметке шын жүректен

тыл ардагерлері де ұрпақтар сабақтастығының алтын арқауы үзілмейтінін аңғартты. Бұл кездесу ерліктің ескірмейтінінің, еңбектің ұмытылмайтынының əдемі көрінісі болды. Салтанатты шараның

риза болды. Ұлы Жеңістің көзі тірі куəгерлері елімізде тыныштық пен бірлік болуын тіледі. Ардагерлер өзара əңгіме құрып, өткен-кеткенді еске түсіріп, бір жасап қалды. Балалық шақтары соғыстың қиын жылдарымен тұспа-тұс келген

соңында ІІД ғимаратының алдындағы алаңға ардагерлер өз қолдарымен ағаш көшеттерін отырғызып, бұл аллеяны Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арнап «Жеңіс аллеясы» деп атады. Ақтөбе облысы.


www.egemen.kz

8 мамыр 2015 жыл

МАЙДАНГЕР!

 Өнеге

Редакция ардагерлеріне ќўрмет кґрсетілді Талғат СҮЙІНБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Ел басына күн туғанда қаншама боздақ қаламын қаруға айырбастап қан майданға аттанды... Қаншама қыршын жас Отан үшін майдан даласында опат болды, жауын жеңгендері елге аман оралды. Ұлы Отан соғысының тарихында «Социалистік Қазақстан» («Егемен Қазақстан») газетінің майдангер журналистерінің есімдері де «алтын əріппен» жазылған. Кеше газеттің Алматы қаласында тұратын майдандағы жəне тылдағы ардагерлеріне редакция тарпынан арнайы құрмет көрсетілді. Марапат алғандардың

ішінде белгілі жазушы-журналист Қалмұқан Исабаев, Бисұлтан Аманғалиев жəне Бостандық аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, тыл ардагері Хамит Біржанов бар. Əр жылдар бедеріндегі «Социалистік Қазақстанның» сарғайған бетте рінде қолтаңбалары қалған ардақты ардагерлер редакциямен ешқашан да байланысын үзген емес. Еліміздің бас газеті «Егеменнің» бүгінгі тыныс-тіршілігінен хабардар, замана үндесулерінен құлағдар болып отырады. Бостандық ауданының əкімдігінде өткен ардагер-журналистерді марапаттау рəсімінде басылымның Алматы

бөлім ше сі нің жетекшісі Қорғанбек Аманжол Астанадағы редакция бас шылығының атынан құттықтау хат оқып, газет ардагерлеріне гүл шоқтары мен ақшалай сыйақы табыс етті. Қарт қаламгерлерге ұзақ та бақытты ғұмыр тіледі. Сондай-ақ, аудан əкімі нің орынбасары С.Мə нізоров арда герлерді айтулы мерекемен құттықтады. Өз кезегінде майдангерлер де бас басылымға сый-құрметі үшін алғыс айтты. АЛМАТЫ. –––––––––––––

Суретті түсірген Айтжан МҰРЗАНОВ.

Пəтер кілтін алды Шымкенттегі «Жеңіс» саябағында «Ерлік» мұражайы ашылған. Екі мыңнан астам экспонаттар жинақталған. 1930 жылы шығарылған 7,62 мм. карабин, кеңес офицерлерінің оң жақ бүйірінде салпылдап жүретін былғары планшет, шетіне қатты зат, əлде оқ тиген қалайы құты, талай солдаттың ерні тиген алюминий қасық. 1941-1945 жылдары пайдаланылған заттар. Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

Міне, жауынгер Қалыбай Сəрсенбаевтың қардай бораған оқтан толас тапқан сəтте сыз окоптың түбінде отырып, ауылын, ата-ана, бауырларын сағынып жазған үшкіл хаты. Əбіш Кекілбаев ағамыз «менің мынау 76 жасыма дейін естіген ең үрейлі сөзім – соғыс», деп еді. Түйрегіш қанжары бар винтовкаға қарап тұрып қаншама солдаттың кеудесін тестің-ау деген ой келеді. Міне, қарт майдангерлер қазақтың даңқты екі ұлы, халқының намысын бəрінен биік қойған қос генерал Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рақымов пен аты аңызға айналған полк командирі Бауыржан Момышұлының ескерткіштеріне бүгіліп барып гүл шоқтарын қойып жатыр. Оңтүстікте Жеңістің 70 жылдығына байланысты барлық ауданқалаларда күнде іс-шара өтуде. 5 мамыр күні «Жеңіс» саябағында «Ұлы Жеңіске мың тағзым» атты мереке өтті.

Облыс əкімі Асқар Мырзахметов барша майдангерлерді, халықты құттықтап, 28 ардагерге мемлекеттік награда тапсырды. Үйге мұқтаж 12 ардагерге пəтер кілтін табыс етті. Оңтүстік Қазақстаннан майданға 140 мыңнан астам адам аттанған екен. Олардың тең жартысы атамекеніне оралған жоқ. Қорғасын оқ қардай жауған майдан даласында қалды. 51 жауынгер Кеңес Одағының Батыры деген атаққа ие болса, 8-і «Даңқ» орденінің толық иегері. Барлығы да ерлікпен шайқасқан сол сарбаздардың аман оралғандарының да қатары бүгінде əбден сиреп қалды. Соңғы мəліметтер бойынша 429 соғыс ардагері ғана қалған. Сол ардагерлердің 16-ы Астана қа ласында өтетін шеруге қатысатын болса, біреуі Мəскеу қаласындағы Жеңіс шеруіне аттанады. «Ерлік» мұражайында «Оңтүстік өлкесі қаһарлы жылдарда», «Соғыстың қатыгез бейнесі» жəне «Азат етуші майдангерлер»

атты үш бөлімнен тұратын көрме ұйымдастырылыпты. «Ұлы Жеңіске мың тағзым» мерекесінде облыс əкімінің ұйытқы болуымен жарық көрген «Ерлік – елге мұра», «Оңтүстік Қазақстаннан шыққан батырлар», «Ұлы Отан соғысына қатысқан оңтүстікқазақстандық жауынгерлер» атты кітаптар берілді. Оңтүстіктің аты шыққан өнер жұлдыздары да осында. Бірі автомат асынып жау шабуылын қайтарып жатса, бірі гармон асынып майдан əндерін шырқауда. Актерлер «Соғыс оты тұтанды»,

«Əскерге алыну», «Баласын күткен аналар» жəне «Майдан даласы» сияқты бөлімдерден тұратын композиция көрсетті. Келесі күні облыстық опера жəне балет театрында «Ардағымардагерім» қайырымдылық акциясы өтіп, кəсіпкерлер майдангерлерге өз көмектерін көрсетті. Ал, Абай саябағындағы Бейнелеу өнері мұражайында «Уақытқа бағынбайтын естелік» деген атпен суретшілер мен фотосурет-ті лшілерінің көрме байқауы өтті. Бұл күндері Ж.Шанин атындағы облыстық қазақ драма театры

Ə.Таразидің «Əлия» драмасын сахналаса, облыстық өзбек драма театрында А.Пратовтың «Ерлік пен махаббат» қойылымының премьерасы өтті. Облыстық орыс драма театры В.Ежов пен Г.Чухрайдың «Баллада о солдате» шығармасын жұртшылыққа ұсынды. Мерекелік іс-шаралар Жеңістің 70 жылдығына арналған «Ер есімі – ел есінде» салтанатына жалғаспақ. ШЫМКЕНТ. –––––––––––––

Суретті түсірген Хусан АЗИЗОВ.

Даѕќ таќтасы

Аєа ўрпаќќа алєыс Нұрбол ƏЛДІБАЕВ,

«Егемен Қазақстан».

Алматы облысының Қапшағай қаласындағы Даңқ мемориалы жанында Ұлы Отан соғысы құрбандарын еске алуға арналған митинг болды. Оған соғыс ардагерлері, əскери қызметкерлер мен интернационалист-жауынгерлер, Қазақстандағы Ресей консулдығының өкілдері қатысты. Салтанатты жиында еліміздің Көк байрағы желбіреп, Əнұраны шырқалған соң, Мəңгілік алау оты тұтатылды. Волоколамск қаласынан арнайы əкелінген топырақ капсуласы белгіленген жерге салынып, гүл шоқтары қойылды. Жұртшылық алдына Алматы облысы əкімінің орынбасары Бақтияр Өнербаев шығып: «Жеңіс күні – бəріміз үшін айрықша қымбат, қасиетті мереке. Бұл соғыстағы жеңіске жеткенімізді атап өтетін, ең бастысы, бейбітшілікті жақындату үшін жан аямай шайқасып, қан майданнан орал маған арыстарымызды еске алатын күн. Ұлы Жеңіске тыл еңбеккерлерінің де қосқан үлесі өлшеусіз.

Алдыңғы буынның ардақты ісін бүгінгі ұрпақ лайықты табыстармен жалғастырып келеді, – деді. Содан кейін ол – Алматы қаласының түбінде жасақталған атақты 316-шы атқыштар дивизиясы қан майданға Мəскеу қаласын жаудан қорғауға аттанды. Күші басым дұшпанмен қорғана отырып соғысқан қазақстандық ержүрек жауынгерлер Мəскеуге таяу Волоколам ауданы, Дубосеково разъезінде кіші политрук В.Г.Клочков бастаған 28 гвардияшы-панфиловшы сарбаздар əлемді дүр сілкіндірген ерен ерлік көрсетті. Бүгін біз даңқты панфиловшы батыр бабалардың рухы алдындағы перзенттік парызға адалдық ретінде сонау Ресей жерінен əкелінген бір уыс топырақ пен мəңгілік алау ұшқынын Қапшағай қаласында қабылдап отырмыз, – деді. Содан кейін бір минуттық үнсіздік жарияланды. Бұдан əрі əдеби композиция жалғасты. Сол күні Алматы облысы əкімінің орынбасары Бақтияр Өнербаев Қарасай ауданындағы Ұлы Отан соғысы ардагерінің

жұбайы, тыл еңбеккері Динарзаде Сейдвалиеваға «Асыл Арман» тұрғын үй кешенінен жеке пəтер кілтіне қосып түрлі-түсті теледидар табыс етті. 91 жастағы соғыс ардагері сүйікті немересімен бірге Жеңіс күнін қарсы алатын пəтеріне кіріп, Елбасына жəне қазақстандықтарға ақжарма алғысын ағытты. Сондай-ақ, Алматы облыстық əкімдігі атынан «Қазақстан» қонақ үйінде майдангерлерге арналған салтанатты қабылдау болды. Онда салтанатты жағдайда «Құрмет» ордені 104 жастағы жетісулық Рабат Тегісбайұлына, «Ерен еңбегі үшін» медалі Тəңірберген Толғанбаев пен Берлібек Ысқақов бастаған 11 майдангерге табыс етілді. Қарияларға «Құлансаз» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің шағын концерті көрсетілді. Салтанатты шара ҰОС ардагерлері Мəскеу мен Астанада өтетін Жеңіс парадына қатысулары үшін ғаламат лимузин бастаған автомобильдерге мінгізіліп, теміржол вокзалына дейін құрметпен шығарып салынды. Алматы облысы.

Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында Оңтүстік Қазақстан облыстық соты ғимаратының алдында облыстық соттың төрағасы Нұрсерік Шəріповтің бастамасымен Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналып орнатылған Даңқ тақтасы ашылды. Мемориалды тақтаның ашылу рəсіміне ардагер-судьялар, ҰОС ардагерлерінің туыстары мен облыстық соттың судьялары жəне БАҚ өкілдері қатысты. Даңқ тақтасында Оңтүстік Қазақстан облысынан Ұлы Отан соғысына қатысып, соғыстан аман-есен оралған соң, облыстың соттарында судья жəне төраға болып қызмет еткен 24 ардагер-судьяның есімдері жазылған. Облыстық соттың ұжымы жыл сайын соғыс ардагерлеріне сый-құрмет көрсетіп, олардың есімдерін мəңгі есте сақтауға бағытталған түрлі іс-шаралар өткізіп тұрады. Мысалы, 2014 жылы облыстық соттың бастамасымен Ұлы Отан соғысының ардагері, Атырау, Оңтүстік Қазақстан облыстық соттарын ұзақ жылдар басқарған облыстың құрметті азаматы, заңгер-жазушы

15

Нығмет Төлендіұлының бұрынғы тұрған үйіне мемориалды тақта орнатылды жəне Шымкент қаласының бір көшесіне оның есімі берілді. Биыл барлық аудандық жəне оған теңестірілген соттарда ардагерлерге арналған «Ардагерім – ардағым» тақырыбымен іс-шаралар өткізіліп, оларға материалдық көмек көрсетілді. Сонымен қатар, Ордабасы, Сарыағаш, Мақтаарал аудандық соттарында Ұлы Отан соғысының жəне тыл ардагерлерімен кездесулер ұйымдастырылды. Осындай ауқымды іс-шараның бірі Даңқ тақтасының ашылуы. Ашылу рəсімінің соңында Н.Шəріпов сот жүйесінің ардагерлері А.Бекназаровқа, Б.Тұрғараевқа, А.Ефстафьеваға, Т.Балкенге, В.Юзьковқа жəне Н.Павловаға Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Сот жүйесінің ардагері» медалін тапсырды. Іс-шара соңында ардагерлер дастарқанға шақырылып, өмірден озған соғыс ардагерлеріне Құран бағышталды. Қ.ДҮЙСЕНБИ, Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының қызметкері.

Ұрпақ тəрбиесінде үлгі мен өнегенің орны ерекше. «Ағаға қарап іні өсер» дейді халық даналығы. Ғылымда, өнерде, қоғамда ұлағатты тірлік тындырып, артына айшықты із қалдырған қайраткер жандардың өшпес өнегесі бүгінде білім қуған жастардың заманауи бітім-болмысын қалыптастырудың өзегіне айналып отыр. Өмірге келген адам жақсылыққа, ізгілікке ұмтылады. Қиындығы мен қуанышы, азабы мен абыройы қатар жүретін өмір жолын Отан қорғау ісінен бастап, саналы өмірін халқының тыныштығына арнаған, əскери ғылымның өркендеуіне елеулі үлес қосқан тəжірибелі маман, запастағы генерал-майор Нұрғали Асыловты біздер ерекше мақтан тұтамыз. Ол кісінің еңбегі өскелең ұрпаққа үлгі.

Əскери ўстаз Əскери ғылымға жақын жүргендердің ішінде Нұрғали Жұмажанұлын білмейтіндер жоқ шығар. Офицер, ғалымпрофессор ретінде еліміздің əскери ғылымының қарыштап дамуына көп үлес қосты. Бүгінде ол əскери ғылым саласында өзіндік сүбелі үлестері мен айшықты қолтаңбасы бар, бірегей азаматтардың бірі – ҰҚК Шекара қызметі академиясының құрметті қызметкері, академия ардагері шекарашыларға дəріс оқып, өзінің өмірлік тəжірибесімен бөлісіп келеді. Нұрғали Асылов қазақтың ұлылары Абай, Шəкəрім, Мұхтар секілді алыптардың кіндік қаны тамған Шығыс Қазақстан облысының Зайсан қаласында, қарапайым отбасында дүниеге келген. Табиғатынан елгезек, əр нəрсенің сырын білуге құштар талапты бала, орта мектепте оқып жүрген кезінде де озаттар сапынан табылған. Орта мектепті ойдағыдай аяқтаған соң ауылда қарапайым жұмыстарға араласыпты. Отанға қызмет – абыройлы міндет деп түсінген жас жі гітті 1969 жылы аудандық əске ри комиссариат Қарулы күш тер қатарына шақырады. Əскери қызметін Балтық теңізі жағалауы округінде өтеген Нұрғали Жұмажанұлы онда да тындырымдылығымен көзге түседі. Сол жылы Алматы қаласындағы Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетінің Жоғары шекара командалық училищесіне оқуға түсіп, оны 1973 жылы ойдағыдай аяқтады. Алғашқы қызмет жолын Қызыл Тулы Шығыс шекаралық округіне қарасты застава бастығының орынбасары болып бастайды. Кейіннен застава бастығы, Күршім шекара отрядының Мемлекеттік шекараны қорғау бөлімшесінің офицері сияқты жауапты міндеттерді абыройлы атқарады. Айта кету керек, оның нағыз шекарашы офицер болып қалыптасуына сол кездегі майор Александр Мельников пен полковник Евгений Неверовскидің көп көмегі тиген екен. Қызмет барысында өзіне жүктелген жауапты міндетті абыроймен атқарған жас офицер сол кездегі КСРО МҚКнің Төрағасы Ю.Андроповтың бұйрығымен бірнеше рет бағалы сыйлықтар мен алғыс алады. Сексенінші жылдардың басында капитан Н.Асылов Мəскеу қаласындағы М.Фрунзе атындағы əскери академияда оқиды. Оны жақсы бітірген ол Мақаншы шекара отрядына қарасты шекара комендатурасының коменданты болып қызмет атқарады. Өз кезегінде тəжірибелі шекарашы, білікті офицер Мəс кеу қаласындағы Жоғары шекаралық команда курсы адъюнктурасының күндізгі бөлімін бітірді. 1989-1991 жылдары Мəскеу қаласындағы МҚК-нің Жоғары шекаралық əскери-саяси училищесінің Шекара қызметі тактикасы кафедрасының оқытушысы жəне аға оқытушысы болып қызмет еткен. Жасынан өжет, сабағын жақсы оқып, шекара тактикасын меңгерген Нұрғали Жұмажанұлы мұнда да өзінің зеректігімен көзге түсіпті. Өзіне тапсырылған аса маңызды ғылыми жұмыстарды абыроймен орындап, əскери ұрыс қимылдарын шебер ұйымдастырғаны үшін бірнеше рет марапатқа ие болады. Əскери істі ғылыммен ұштастырып, «Экономикалық аймақтағы Мемлекеттік шекараны күзету жəне қорғау» мамандығы бойынша əскери ғылымдар кандидаты дəрежесін алу үшін диссертациялық жұмысын сəтті қорғап шығады. Ғылыми жетекшісі Ресей Федера циясының Федералды Шекара қызметі академиясының əскерлерді басқару кафедрасының бастығы генерал-майор Валентин Буракшаев болғанын айта кетелік.

Бұдан кейін ол М.Фрунзе атындағы əскери академияның Шекара əскерлері тактикасы мен жедел қолдану кафедрасының оқытушысы лауазымында болды. Еліміз тəуелсіздігін алған соң Қазақстан Республикасы Шекара əскерлерінің құрылуына жəне Шекара қызметінің мамандарын даярлау, сапасын арттыру қажеттілігіне байланысты полковник Асылов əскери ғалым ретінде арнайы шақырумен өзінің кіндік қаны тамған Отанына оралды. 1992 жылдың қыркүйегінде Елбасының жарлығымен Нұрғали Асылов сол кездегі Ф.Дзержинский атындағы Жоғары командалық шекара училищесінің бастығы болып тағайындалды. Қандай қызметте жүрсе де өзіне жүктелген жауапты міндетті абыройлы атқаруға дағдыланған ол өз қарамағындағы əскерилердің тұрмыс жағдайларын жəне үлгілі тəртібі мен іскерлік дағдыларын одан əрі ұштауда уақытпен санаспай, тынымсыз еңбек етті. Кез келген қызметті ойдағыдай басқара білген ол бұл қызметті ұршықтай үйірді. Жұмыс барысында тұтас бір іскер ұжымды қалыптастырып, əріптестеріне басшы ғана емес, үйретері көп ұстаз да бола білді. 1996 жылы Президент Жарлығымен Н.Асыловқа генерал-майор əскери шені берілді. Сол жылдың маусымында ол социология ғылымдарының докторлығын алу үшін қорғаған диссертациясы əскери ғылымға қосылған үлкен үлес болғаны анық. Бүгінде əскери ғалым ондаған мақаланың, екі монографияның авторы. Көптеген еңбектері Ресей жəне Ұлыбритания басылымдарында жарық көрген. Нұрғали Жұмажанұлы Қазақстан Республикасының «Барлау» қызметінде де түрлі лауазымды қызметтер атқарып, өзінің өмірлік бай тəжірибесін кеңінен пайдаланды. Ұзақ жылғы жемісті еңбегі үкімет тарапынан елеусіз қалған жоқ. 10-нан астам медальдармен марапатталды. Оның ішінде «Үздік əскери қызметі үшін», «Қазақстан Республикасының Тəуелсіздігіне – 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне – 10 жыл» медальдары мінсіз қызметінің бағасындай. Осындай абыройға бөленген Нұрғали Жұмажанұлы бүгінде ҰҚК Шекара қызметі академиясы бойынша Əскери ғылым академиясының Вицепрезиденті, ғылым докторы, профессор. Əскери Ғылымдар академиясының толық мүшесі. Запастағы генерал-майор. Иə, өмірі өнегеге толы генерал ел ісіне араласқан күннен бастап, көшбасшылық қалпынан айнымай, қай уақытта да іскерлік пен ұйымдастыру қабілетін, əділдік пен талапшылдықты, азаматтық пен ұстаздықты жанына жалау етіп келеді. Жанат ЖАБЫРБЕКОВ, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі академиясының баспасөз хатшысы.


16

www.egemen.kz

8 мамыр 2015 жыл

 Қазақстан Республикасына қызмет етемін!

Суреттерді түсірген Ерлан ОМАРОВ.

Айбын

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 341-08-12.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru, egemenkz@maіl.kz. Интернет-редакция: ekazakhstan@mail.ru Алматыда: факс (727) – 341-08-12, электронды пошта – egemalm@mail.ru

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – 8 (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – 8 (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – 8 (712-2) 31-74-13; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

Көкшетау – 8 (716-2) 25-76-91; Қарағанды – 8 (721-2) 43-94-72; Қостанай – 8 (714-2) 39-12-15; Қызылорда – 8 (701) 772-70-74; Орал – 8 (777) 496-21-38;

Өскемен – 8 (778) 454-86-11; Павлодар – 8 (718-2) 68-59-85; Тараз – 8 (726-2) 43-37-33; Шымкент – 8 (701) 362-63-76; Петропавл – 8 (715-2) 50-72-50.

Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 341-08-11, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Арко» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-Полиграфия» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Достық-Дружба даң., 215 А, «WESTA» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 203 394 дана. Нөмірдің кезекші редакторы

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 8 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №558 ek

Profile for Egemen

08052015  

08052015  

Profile for daulet
Advertisement