Page 1

Бїгінгі нґмірде: Жасампаздыќтыѕ жаѕа бастауы 2-бет Діни ахуал – тез ґзгеріп тўратын ќўбылыс 4-бет Ќос ќанат 5-бет «Мотоциклді маєан мінгіз!» 8-бет

№3 (28227) 8 ҚАҢТАР СƏРСЕНБІ 2014 ЖЫЛ

 Өмірдің өзегі – өндіріс

 Көкейкесті

Керек кəсіпорын

Тараз ќаласындаєы «Ќўрылыс-полимер» сияќты ґндіріс орны тек Чехия мен Оѕтїстік Кореяда єана бар «Құрылыс-полимер» кəсіпорны мемлекеттік үдемелі индустриялықинновациялық даму бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылды. Бүгінде кəсіпорында 160-тан астам адам жұмыс істейтін болса, жақын болашақта олардың саны 250 адамға дейін жетуі мүмкін.

журналист.

«Егемен Қазақстан».

құйып, оны 6-7 сантиметр қалыңдықта жаю кезінде əр шаршы метрге 2500 теңге үнемделмек. Атап айтсақ, аталған өнімдерді қолдану бес қабатты үйдің құрылысын жүргізу кезінде өзіндік құнын 10-12% төмендетуге, I категориялы жолдың 1 шақырымының құрылысын жүргізу кезінде өзіндік құнын 9-10% арзандатуға мүмкіндік береді. Бұл орасан зор пайда. Кəсіпорынның өнімдері қазірдің өзінде сұранысқа ие. Мысалы, өнімдерді «Б атыс Еуроп а – Б атыс

«Айна айна емес, халыќ – айна» Шалқар аудандық сотының кеңсе меңгерушісі.

«Халық – қатесіз сыншы», «Айна айна емес, халық – айна» дегенді бабаларымыз тегіннен тегін айтпаған. Өмір көріп, көңілге тоқығандықтан, оны аталы сөзге сыйғызып, артындағы ұрпаққа аманат еткен. Əсіресе, мемлекеттік қыз метте тер төгіп жүрген азамат өздерінің халыққа қызмет етуі керек екенін, қарапайым халық қаласа, ханның өзі көпшіліктің тілегін орындайтынын жадында ұстауы шарт. Мұны Елбасымыз Н.Назарбаев та өзінің «А» корпусына іріктелген мамандар арасында сөйлеген сөзінде: «Біздің бəріміз жалақыны мемлекеттен, бюджеттен аламыз. Бізді қоғам мүшелері – Қазақстан азаматтары асырап отыр. Ендеше, біз осы халыққа қызмет етуге тиіспіз! Мұны ұмытуға болмайды», – деп түйіндеп, қатаң ескерту жасаған еді. Ақ пен қараны саралайтын сот құрылымы да халықтың құқығын қорғап, мемлекеттегі əділдікке сына түсірмеу үшін қалтқысыз жұмыс істеуді мақсат етеді. «Көзсіз күнелтсең де, көпсіз күнелте алмайсың», демекші, сот құрылымы беделінің де қалыптасып, мəртебесінің артуына қарапайым жұртшылықтың ықпалы зор. Сот саласында жүргізілген реформалардың, ізгі бастамалардың əсерінен болар, қазір талап-арызын арқалап сотқа келетін, сотты қорғаным деп сенетін жандар көбейіп келеді. Оны судьялар жүктемесінің жыл өткен сайын жоғарылап отырғанынан да байқауға болады. Ендігі жерде осы жылдар бойы жинаған беделдің биігін аласартпай, сот саласын салиқалы, сапалы төрелік

Қытай» халықаралық көлік дəлізін салуда шетелдік жəне жергілікті мердігерлер көп пайдалануда. Бұдан бөлек, жаңа өнімді қолдану, құрылыс сапасын жақсартып, оны еуропалық деңгейге көтере түседі. Жобаны жүзеге асыру үшін, яғни қажетті құралжабдықтарды алуға «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберіндегі несие де айтарлықтай көмектескен. Зауыттың өндірістік кешеніне полимерлік өнім өндіретін 16 инновациялық

желі кіреді. Енді ТМД елдерінде баламасы жоқ жаңа өндірістің облыстағы əлеуметтікэкономикалық жағдайды бұрынғыдан да жақсарта түсетіні анық. Жобаның құны 1,8 миллиард теңгеге бағаланыпты. Мұнда бір жылда 32 миллион шаршы метр пленкалық (үлдір) жəне сеткалық (тор) өнімдер шығарылады. Сондай-ақ, 30 мың текше метр изоляциялық плиткалар жасалатын болады. Жамбыл облысы.

 Бəрекелді!

 Айтайын дегенім...

Тұрсын ҚОШАЕВА,

Ел Үкіметі шағын жəне орта бизнесті қолдау бағытында ауқымды жұмыс жасады. Атап айтқанда, елімізде кəсіпкерлікті қолдаудың нормативтік-құқықтық базасы қалыптастырылды, бизнесті тексеруге бірнеше мəрте мораторий жарияланды. Дағдарысқа қарсы мемлекеттік бағдарлама шеңберінде кəсіпкерлікті несиелеуге қомақты қаржы бөлінді. Салықтық жүктеме төмендетіліп, салық салудың жеңілдетілген жүйесімен жұмыс істейтін кəсіпкерлерге қолдау көрсетілді. Айша ӨТЕБƏЛІ,

Көсемəлі СƏТТІБАЙҰЛЫ,

Бүгінде полимерден жасалған өнімдер құрылыс индустриясында кеңінен қолданылады. Оның өндірістік технологиясы мен техникалық мінездемесі де «жақсы» деген бағаға ие болған. Мысалы, армирленген пленкалар (үлдірлер) бұған дейін тек қана Оңтүстік Корея мен Чехияда жасалып келген болса, оны енді Қазақстанда да өндіре бастамақ. Ал жол құрылысына қолданылатын тайқы дəнекерленген геосеткаларды жасайтын ел, тіпті, жоқ десе де болғандай. Сондай-ақ, торларды құрылыс саласы үшін, мысалы, қасбетке тұтуға, қорғаныстық-декоративтік жағдайда пайдалануға, жамылғы мен қоршау ретінде ұстауға жəне сылақ алдында да қолдана беруге болады. Кəсіпорын жалпы 24 түрлі өнім шығарады. Полимер өнімдері темір, ағаш, темірбетон, қиыршық тас сияқты тағы басқа да қымбат құрылыс материалдарын пайдаланудың көлемін қысқартып, тіпті, электр қуатын үнемдеуге де мүмкіндік береді, дейді мамандар. Мысалы, жаңадан жол төсеп, оны мерзімінде пайдалануға беруде осы технологияның арқасында шығынды 20 пайызға дейін азайтуға болады екен. Сондай-ақ, жолды жаңалап қайта жөндеу мерзімін 4-5 жылға ұзарта түсетін қасиеті де бар. Армирленген төсеніш үстіне бетон немесе цемент

Ќанаєат ет, кəсіпкер...

алаңына айналдыру бағытындағы жұмыстарды жандандыра түскен жөн. Кез келген саланың тірегі – мамандар. Осы тұрғыдан алғанда, мемлекеттік қызметкердің білімі мен білігіне назар аударып, олардың көпшілікпен тілдесуіне, өзін өзі ұстауына мəн берген дұрыс. Сот саласының беделі тек судьялардың болмысына, шешіміне қарап қана бағаланбайды. Сот билігіне деген алғашқы көзқарас, алғашқы əсер ғимаратқа кіргенде азаматтарды қарсы алып, жол көрсететін мамандардың ілтипатынан, ізеттілігінен қалыптасады. Осыған орай, сот табалдырығын аттаған азаматтарға құқықтық көмек көрсететін, білмегенін түсіндіріп, қолдау білдіретін мамандар алғыр, зерек болумен қатар, шыдамды, сарабдал болғандары жөн. Бүгінгі заманның озық технологиясын көрсетіп, жаңалықтарды жұртшылық санасына сіңіру де осы мамандардың біліктілігіне байланысты. Соттағы озық істерді мамандар түсіндіріп, жеткізбесе, бұл құрылымға бірінші рет ісі түсіп отырған азаматтар істің мəн-жайын қайдан біледі? Сот жүйесіне қатысты оның пікірі қалай қалыптасады? Неғұрлым көп, неғұрлым кең мағлұмат алған халықтың сол салаға қатысты айтар пікірі, лебізі де оң болмақ. Сондықтан, сот құрылымының беделіне нұқсан келтірмес үшін білікті мамандарды іріктеп алумен қатар, олардың мінсіз қызмет етуін де назарда ұстау керек. Кез келген мемлекеттік қызметкер «қатардан ассаң да, халықтан аспақ жоқ» дегенді жадынан шығармаса дейміз. Ақтөбе облысы.

Əскерилер ќоныс тойын тойлады

Жақында Аягөз гарнизонында күрделі жөндеуден өткізілген 80 пəтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді, сондай-ақ, Талдықорған гарнизонында əскери қызметшілерге жаңа 16 пəтердің кілті табыс етілді.

Əскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері жаңа пəтерлерге қоныстанып, мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қамқорлықты тікелей сезінуде. Шалғай гарнизондарда қызмет атқаратын əскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету жөнінде атқарылып келе жатқан жұмыс олардың əлеуметтіктұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталған. 2013 жыл ішінде пəтерлер мен жатақханалардың кілттеріне республикамыздың түкпір-түкпірінде орналасқан əскери бөлімдердің əскери қызметшілері ие болды. Өткен жыл басынан бері жалпы ауданы 27 189 шаршы метр болатын 535 тұрғын үй құрылысы аяқталып, 113 пəтер күрделі жөндеуден өтті. Сондайақ, əскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жалпы ауданы 14 653 шаршы метрді құрайтын 245 пəтер сатып алынды. «Егемен-ақпарат».

АҚПАРАТТАР аєыны  Мамандар республика аумағының басым бөлігінде бүгін жəне ертең аязды ашық ауа райы сақталатынын айтады. Қостанай облысында таңертең жəне күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, бұрқасын соғады, түнде жəне таңертең кей жерлерде тұман түседі. Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында кей жерлерде тұман түседі, күндіз Шығыс Қазақстан облысында, түнде Жамбыл облысында 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында аздаған бұрқасынмен бірге секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел тұрады.  Биыл сырқат жандарды шетелдерде емдету үшін мемлекет тарапынан 1 млрд.-тан аса теңге бөлінді. Бұл қаржыға ел азаматтары Ресей, Беларусь, Германия, Түркия сынды елдерде ем-дом ала алады. Олардың басым бөлігі ағзасын ауыстыруға барады.  Алматы облысының Сарқан ауданында үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы

Мемлекет тарапынан көрсетілген осындай қамқорлықты тиімді пайдаланған кəсіпкерлердің бірқатары бүгінде аяғынан тік тұрып, шаруаларын бірыңғайлап алды. Үкімет қолдауына жауап ретінде олар өздері құрған серіктестік пен кəсіпорындарға жергілікті тұрғындарды жұмысқа тартып, елдегі жұмыссыздардың санын азайтуға атсалысты. Олар бір жағынан, өздері өндірген өнімдерін халыққа кеңінен тарату арқылы салық түсімінің көлемін ұлғайтса, екіншіден, отандық тауар өндірісін дамытуға үлкен үлес қосуда. Адал еңбектің арқасында өздерін де, өзгелерді де ризалап жүрген кəсіпкерлер елімізде жетіп артылады. Бірақ, өкінішке қарай, кəсіпкерлердің бəрі бірдей ондай емес болып шықты. Олардың арасында жалған кəсіпкерлікпен айналысып, көп ақша тауып жүргендері де, мемлекет тарапынан көрсетілген қамқорлықты тек өз мақсаттарына бұрып алып, қоғамға зиянын тигізіп жүргендері де бар екен. Жалған кəсіпкерліктің экономикалық қылмыстың бір түрі екені белгілі. Ал, экономикалық қылмыс мемлекеттің дамуына кедергі келтіреді. Өкінішке қарай, бүгінде қылмыстың тап осы түрі кəсіпкерлер арасында жиі болмаса да, ішінара кездесіп қалады.

Жарты жылда 17 жалєан кəсіпкер...

Қалалық салық басқармасы қызметкерлерінің мəлімдеуінше, басқарма бойынша ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін 17 адам жалған кəсіпкер ретінде тіркелген. Олар салықтан жалтару арқылы мемлекетке ҚҚС бойынша 2 326 795,9 мың теңге мөлшерінде зиян келтірген. Жасырын жолмен пайда тапқысы келгендер тек биыл ғана пайда болып отырған жоқ, олар ел аумағында бұдан бұрын да жиі болмағанымен, анда-санда бір төбе көрсетіп қояды. Соның өзінде жалған кəсіпкерлерден келетін зиян шаш етектен. Мысалы, 2005-2009 жылдар аралығында жалған кəсіпкерлікпен айналысқан И.Галаган дейтін азамат мемлекетке 491 632 318 теңгеге зиян келтірсе, тағы бір жалған кəсіпкер «Стройэкспорт» ЖК жетекшісі А.Килимов мемлекетке 238 488 619 теңге көлемінде зардап шектірді. Бұлар жалған құжат жасау арқылы мол пайда табуды көздеген. Олардың қылмысты істерін сот анықтап, кінəларын мойнына қойды. Сөйтіп, жоғарыда есімдері аталған айлакер кəсіпкерлер

шеңберінде су электр стансасы іске қосылды. Оның құрылысына 475 млн. теңге бөлінген еді. Бұл нысан жылына 12 млн. квт өндіреді.  Ақтөбе облысындағы Н.Байғанин атындағы кітапхана қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі балалардың үйлерін аралап, оларға ертегілер оқып береді. Сонымен бірге, жаңадан басылып шыққан құнды оқулықтарды таныстыруды естен шығармайды. Мұндай игі бастама қамкөңіл жандардың ойлау, сөйлеу қабілетін жақсартуға ықпал етуде.  Өскемен қаласында елімізде сирек кездесетін тропикалық өсімдіктер өсірілуде. Олардың арасында Шыңғыс ханның сүйікті гүлі аталып кеткен «Муррая» да бар. Бұл гүлдің жүрек ауруына, тыныс жолына пайдасы зор.  Екібастұз қаласында жетім жəне ата-ана қамқорлығына зəру 50-ден астам балаға пəтер кілті табыс етілді. Бұл бастама «Еңбекпен қамту-2020» бағдарламасы негізінде іске асырылды.  Мектеп оқушысы Темірлан Нəби жасанды

ішкен-жегендерін қайта құсуға мəжбүр болды. Облыстық экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің өкілдері берген мəлімет те осыған ұқсас. Олардың айтуынша, 2011 жылы белгісіз біреулер «СДО-Силикат» ЖШС атынан мұнай өнімдерін алу жəне оны тарату бағытында жалған кəсіпкерлікпен айналысып, мемлекетке 105 миллион теңге көлемінде зиян келтірген. Бұдан басқа «Стройком-К» ЖШС атынан əрекет жасаған белгісіз тұлғалар да жалған есеп құжаттарын жасау арқылы əріптес мекемелерінің салықты тиісті мөлшерде төлемеуіне себепші болған. Сөйтіп, олар 388,5 миллион теңге мөлшерінде бюджетке зиян шектірген.

Тексертпеу їшін тїрлі амалдар жасайды

Ал, Орал қаласы бойынша мемлекеттік санитарлықэпидемиологиялық қадағалау басқармасы қызметкерлерінің пікірінше, кейбір кəсіпкерлер өздеріне берілген жеңілдіктерді місе тұтпай отыр. Тазалық сақшыларының айтуынша, бұдан біраз уақыт бұрын «Мемлекеттік бақылау жəне қадағалау туралы» заңға толықтырулар мен өзгерістер енгізіліп, осыған байланысты жоспарлы тексерулер саны əжептəуір азайған. Мысалы, бұрын кондитерлік цехтар мен қоғамдық тамақтану орындары айына бір немесе үш айда бір қадағаланса, қазіргі таңда аталған нысандар жарты жылда бір-ақ рет тексеріледі. Ал, азық-түлік сататын сауда нүктелері жылына тек бір рет қана тексеріледі. Толықтырылған заң бойынша мемлекеттік тіркеуден өтіп, ісін жаңадан бастаған кəсіпкерлерді 3 жыл уақыт өтпейінше, тексеруге болмайды. Бұл жағдайлардың барлығын мемлекетіміз елімізде шағын жəне орта бизнесті дамыту мақсатында жасап отыр. Бірақ, өкінішке қарай, кейбір кəсіпкерлер мемлекет тарапынан жасалып жатқан жағдайды ел игілігі үшін емес, керісінше, тек өз пайдасына ғана жаратуға тырысады. Мысалы, жоғарыдағы заңды пайдаланып, кейбір кəсіпкерлер санитарлық тексерулерді мүлдем болдырмау мақсатында бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан асханасын немесе дүкенін 3 жылдан кейін басқа біреуге жалға беріп немесе өз туысына сатқан болып, өзге атпен тіркеуден қайта өткізеді де, жұмысын одан əрі жалғастыра береді. (Соңы 2-бетте).

жолмен бал шығарды. Бұл бал ағзадағы зиянды вирустар мен аллергияны емдейтін көрінеді. Оның бұл еңбегі оқушылар арасында өткізілген байқауда жылдың үздік ғылыми жобасы атанды.  Тараз қаласындағы өнертапқыш əмбебап өрт сөндіру машинасын ойлап тапты. Аталған көлікті теория жүзінде дəлелдеп шыққан Марат Аюбаев оған арнайы патент алды. Егер осы жаңалық өндіріске енгізілетін болса, екі тəулікке дейін тоқтаусыз жұмыс істей алатын өрт сөндіру машинасын пайдалана аламыз. Оның ерекшелігі, өртті 5 тəсілмен өшіре алады. Əрі Ресейден алынатын көліктерден бағасы 10 есе арзан.  Алматы қаласында таксист 16 жасар қызды өлтірді. Өткен жылдың 28 желтоқсанында жоғалып кеткен колледж студентінің мүрдесін тəртіп сақшылары 3 қаңтарда тапқан. Тергеу барысында таксисттің жасөспірімді қомақты ақшасы үшін өлтіргені анықталды. «ҚазАқпарат», Egemen.kz хабарлары бойынша дайындалды.


2

www.egemen.kz

8 қаңтар 2014 жыл

1997 жылы тəуелсіз Қазақстан Елбасының бастауымен «Қазақстан-2030» Стратегиясы айқындаған жаңа даму жолына түскен болатын. Сол кезде, жаңа іргетасын қалаған жас мемлекеттің алдында үш бірдей қастерлі міндет тұрды: мемлекеттің іргетасын қалау мен нарықтық экономикада серпіліс жасау, əлеуметтік мемлекеттің негіздерін қалау, қоғамдық сананы қайта өзгерту. Бұл міндеттер Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясында заңды жалғасын тапты.

Жасампаздыќтыѕ жаѕа бастауы Мұқтар ƏБІЛСЕЙІТ,

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің проректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор.

Қазақстан жаңа даму жолына түскенде «Алдымен экономика, содан соң саясат» ұстанымын берік негізге алды. Əлемдік саяси үрдісте бұл қуатты қағиданы «Қытай құдіретінің» атасы Дэн Сяопин енгізген болатын. Осы ұстанымға негізделген саяси-экономикалық дамудың өміршеңдігін Қытай елінің əлемдегі ең қуатты державаға айналуының өзі-ақ айқын дəлелдеп берді. Қазақстан өз дамуының алғашқы қадамдарынан бастап, 1948 жылы қабылданған «Адам құқығының баршаға ортақ декларациясында» жарияланған негізгі құқықтар мен бостандықтарды конституциялық тұрғыдан бекітті. Қазіргі таңда, Қазақ елі бейбітшіліксүйгіш қадамдарымен əлемдік эталон ретінде танылған. Бұл турасында, кезіндегі БҰҰ Бас хатшысы Коффи Аннан Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы білгенде осы ұйымды БҰҰның кішкене көшірмесі ретінде бағалаған болатын. Осы уақыт аралығында Қазақстан экономикасы қарыштап даму үстінде болды. Елімізге 160 млрд. доллардан астам шетел инвестициясы тартылып, бұл көрсеткіш бойынша ТМД елдері арасында алдыңғы орынға шықты. Елбасы Жолдауында айқын көрсетілгендей, «Нəтижесінде, 2012 жылдың қорытындысы бойынша ІЖӨ-нің көлемі жағынан біз əлемнің экономикасы дамыған 50 елдің қатарына кіреміз». Елбасы Жолдауында ХХІ ғасырдың он жаһандық сынқатері алға тартылып отыр. Жолдаудан үзінді келтіретін болсақ, «Тарихи уақыт аса жеделдей түсуде. Əлем қарқынды түрде өзгеруде жəне болып жатқан өзгерістердің жылдамдығы адамды таңғалдырады». Енді Қазақ елінің геосаяси жағдайын саралайтын болсақ, бұл қатерлердің өзектілігі арта түседі. Себебі, Қазақстан үш діни-саяси өркениет ислам, христиан жəне буддаконфуциандық əлем қиылысында орналасқан ел. Оларға тəн қайшылықтар мен бір-бірімен текетіресушілік осы геосаяси ортада аса асқына түседі жəне мұны соңғы уақыттарда Орталық Азия аумағында орын алған жаһандық деңгейдегі бірқатар оқиғалар

дəлелдей түседі. Тарихи уақыттың жеделдеуі мен елдердің экономикалық дамуындағы теңгерімсіздік заңсыз көші-қон мəселесін де ерекше алға тартып отыр. Қазір елімізде, əртараптан келген өз ұлтымыздан басқа қанша келімсектер жүргендігін құқық қорғау органдарының өзі де айқындай алмай отыр. Олардың көпшілігі еліміздің əртүрлі аумақтарындағы қылмыстық ахуалды ушықтырып, тұрғындар қауіпсіздігіне нұқсан келтіруде. Қазақ елінің ендігі алдына қойған басты мақсаты – Жалпыға ортақ ең бек қоғамын құру. Елбасы Жолдауында «Соңғы 20 жылдан астам уақытта біз қоғам өмірінің барлық салаларына өте жоғары қарқынмен жаңғырту жүргіздік» деген болатын. Елбасы өз Жолдауында Қазақстан халқына осы мақсатқа жету жолында шешілуі тиіс жеті бірдей стратегиялық міндет жүктеп отыр жəне мұның өзі тарихи уақыттың сын-қатерінің алдын алудағы аса көреген қадам. Осы міндеттердің ойдағыдай шешілуіне үлес қосу əрбір қазақстандықтың қасиетті борышы болып табылады. Жолдауды рет-ретімен саралап шығатын болсақ, менің ойымша, бірінші бағыттағы ерекше назар аударарлық мəселе – бұл мемлекеттік сыртқы қарыздарды реттеу мəселесі. Елбасы елдің мемлекеттік қарызының деңгейін тұрақты бақылауда ұстауды міндеттеп отыр. Жаңа ғасырды сілкіндірген экономикалық дағдарыс кезінде көптеген елдердің сыртқы қарыздары кесірінен экономикалық дефольтқа ұшырағаны баршамызға белгілі. Сондықтан, Елбасы тарихи сынқатерге сəйкесті елдің ертеңгі экономикалық қауіпсіздігін де ойлап отыр жəне бұл мəселені тұңғыш рет аса жоғары деңгейде көтерді. Елбасы Жолдауында атап көрсетілгендей, «Қазақстан экономикасы – əлемдік ауқымда көлемі шағын экономика... Ел біртұтас корпорация секілді жұмыс істеуі тиіс...». Осы арада АҚШ, Жапония елдеріне тəн корпоративті мəдениет ұстанымдарын зерттеу жұмыстарын қазақстандық университеттерге жүктеудің тиімді əсері болатындығы сөзсіз. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Əбіш ұлының пікірінше, «...табиғи ресурстарды басқарудың түбегейлі жаңа жүйесін енгізу қажет». Осы жерде, Қазақ елінің қазба байлығын күн санап құны кете бастаған АҚШ долларына сату мəселесін қараудың ұшқыны бар. Осыған дейін де Елбасы

АҚШ долларының орнына жаңа əлемдік валюта енгізу мəселесін отандық жəне халықаралық баспасөз беттерінде бірнеше мəрте көтерген болатын жəне бұл ойлар да тарихи сын-қатермен үндесіп жатыр. Елбасы ойына сүйенетін болсақ, «Отандық кəсіпкерлік жаңа экономикалық бағыттың қозғаушы күші болып табылады». Осы арқылы Елбасы орта тап құраушы күш орта жəне ша ғын кəсіпкерлерге үлкен сенім артып отыр. Бүкілəлемдік сая си-əлеуметтік ой-пікірге сүйенетін болсақ, кез келген елдің тұрақтылығы мен тиімді дамуының тірегі байлар мен кедейлер емес, тек орта тап болып саналады əрі бұл жаңа кезеңдегі тарихи сын-қатердің алдын алудағы стратегиялық міндет болып отыр. Елбасы «Жаңа кезеңдегі əлеуметтік саясаттың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ана мен баланы қорғауды жариялап» отыр. Осыған байланысты, мынадай ұсыныстар жасауға болады. Біріншіден, бес бала тəрбиелеп отырған аналарға ғұмырлық төлемақы тағайындау. Екіншіден, Ресейдегі тəжірибеге сүйене отырып, «Ана капиталы» мемлекеттік бағдарламасын қа былдау. Бұл шаралар тарихи сын-қатер тудырып отырған демографиялық құлдырауды тоқ татудың аса мықты тетігі болар еді. Елбасы алға қойған аса басты міндеттердің бірі – «...ұлттық эко номиканың мамандарға деген қазіргі жəне келешектегі сұранысын барынша өтеу...» жəне бұл да тарихи сын-қатердің алдын алудың қуатты шарасы. Осы міндетті ойдағыдай шешу жо лында бірнеше шараларды іске асыруға болады. Біріншіден, Қазақстанда қызмет істеп жүрген шетелдік жəне отандық

корпорациялардың мамандар даярлауға отандық университеттерге тапсырыстар беруін жəне оны қаржыландыруын заңнамалық тұрғыдан бекіту əрі ондай корпорацияларды салық жеңілдіктерін беру арқылы мемлекеттік қолдау. Екіншіден, отандық университеттердің халықаралық қорлар гранттарын пайдалануларына толықтай еркіндік беру. Үшіншіден, ғылыми-педагогикалық кадрларға əлеуметтік жағдайлар туғызу аса маңызды. Қазақстанның көп векторлы сыртқы саясаты да өз жемісін беріп отыр. Ендігі жерде «Біз Кеден одағын жəне Біртұтас экономикалық кеңістікті нығайтатын боламыз». Елбасымыз посткеңестік аумақтағы саяси-экономикалық интеграция патриархы екендігін тағы бір мəрте дəлелдеп шықты жəне осының өзі тарихи сын-қатерге ынтымақтасып қарсы тұрудың аса тиімді аумақтық əріптестігі. Елбасы Жолдауының өзегі – «Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты жəне көп конфессиялы қоғамымыз табысының негізі». Сонымен қатар, патриотизмге тəрбиелеу ісінде олқылықтар да бар. Əлі күнге дейін, патриотизмге тəрбиелеу ісінде «ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен» деп тарихи сабақтастықты негізге аламыз, мұның дұрыстығы күмəнсіз, бірақ тек бір сарынды тарихи анахронизм тиімсіз бола бас тады. Жаңа дəуірдің жаңа қаһармандары болуы тиіс жəне олар бар да. Мысалы, күші басым лаңкестермен жалғыз арпалысқан ішкі істер əскерінің сайыпқыран сарбазы Ербол Отарбаевтың ерлігі, лаңкесті өз денесімен жауып қаза болған тараздық тəртіп сақшыларының ерлігі, Елбасы өз Жолдауында атап өткен Лондон Олимпиадасы спортшыларының жетістігі жəне т.б. Бұл келтірілген мысалдар Қазақстан халқының тарихи сын-қатерге қарсы тұруға о т ан сү й г іш т ік р у х ы бар ын дəлелдей түседі. Ендігі мақсат осы рухты жаңғыру жолына бағыттай білуде. Елбасы Жолдауында тіл мен дін мəселесі де жаңа сипат та көтеріліп отыр. Қазақ тілі барша қазақстандықтарды біріктіруші күшке айналуы тиіс жəне «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде». Қазақ тілін жаңа деңгейге көтеру жолындағы тиімді шаралардың бірі ретінде, мемлекеттік тілді еркін меңгерген басқа ұлттар өкілдерінің жалақысына үстеме қосуды ұсынуға болады. Ал, дін мəселесіне келетін болсақ, Қазақстанның барлық ислам елдерінің ішіндегі ең зайырлы ел екендігін естен шығармау қажет. Мұның өзі Қазақ елінің тарихи сын-қатерге қарсы тұруға этникалық жəне діни-конфессиялық қуатының жеткілікті екендігін айқын көрсетіп отыр. Ұлтаралық тұрақтылық пен дінаралық татулық Қазақстан қоғамының тарихи сынқатерден аман-есен өтуінің нақты кепілі. Сонымен, қорытындылай келетін болсақ, «Қазақстан-2050» атты жаңа стратегиялық бағытты жүзеге асыруда бізге – Қазақ халқына айрықша жауапкершілік жүктеледі. Бұл біздің тек парызымыз ғана емес, бұл бізге аса зор міндеттер де жүктейді. ОРАЛ.

Ќанаєат ет, кəсіпкер... (Соңы. Басы 1-бетте).

Бірақ, құжат бойынша бұл сауда нүктесі басқа адамға көшкендіктен, ол жаңадан ашылған нысан болып есептеледі де, заң бойынша оны тексеруге болмайды. Осындай жолмен кейбір кəсіпкерлер онсыз да сиреп кеткен жоспарлы тексеруді мүлдем жасатпауға тырысады. Тазалық жоқ жерде неше түрлі жағдайдың орын алатыны белгілі. Жаңағыдай əрекет жасаған шағын бизнес иелерінің кесірінен ел арасында жұқпалы аурулар таралуы мүмкін.

Заѕмен міндеттеу керек

Былтыр жазда үрмелі ойыншықтардан құрастырылған ойын алаңы жəне оның зияны жөнінде жазып, дабыл қаққанбыз. Сол жолы қаладағы осындай бірнеше ойын алаңының қожайындарымен жəне Орал қаласы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы қызметкер лерімен жолығысып, осы бағытта бірнеше сұрақ қойдық. Сонда ұйымдастырушылар ойын алаңын құрудың ережесі жөнінде білмейтіндіктерін аңғартса, СЭС қызметкерлері оларды тексеруге құқықтары жоқ екендігін айтып, ақталды. Кəсіпкерлер биыл да қаланың əр жерінде ойын алаңдарын жасақтап, ақша табуда, ал балалардың өмірі үшін мұның қауіпті екеніне ешкім пысқырып та қарап жатқан жоқ. Дүкендерден мерзімі өтіп кеткен тағамдарды да жиі кездестіретін болдық. Мысалы, осы жолдардың авторы жақында бір дүкеннен ет консервісін алып, ол бұзылып кеткесін кері əкеліп тапсырды. Көршілердің бірі тағы бір дүкеннен жаңғақ дəнін сатып алып, одан жыбырлаған уақ құрттарды көріп, қоқыс салатын жəшікке лақтырып тастағанын айтты. Дүкеннен мерзімі өтіп кеткен кəмпит сатып алған танысым оны пайдалануға қауіптеніп, «жойып» жіберді... Осы тақырыпта сұхбаттасып отырғанымызда, СЭС қызметкері толықтырылған заңға сəйкес өздерінің ісін жаңадан бастап

жатқан кəсіпкерлерге бара алмайтынын айтып, оларға сауда мəдениетін ең болмаса, сол аймақтағы кəсіпкерлер қауымдастығы немесе «Даму» кəсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арқылы үйрету керек деген болатын. Тұ тынушылармен мəдениетті қарым-қатынас қалыптастыруды жəне адам қауіпсіздігі мен еңбек заңдылығын сақтауды кəсіпкерлерге заң арқылы міндеттеп қою керек. Сонда ғана елімізде жаңа дамып келе жатқан кəсіпкерлік қызметтің сапасы артып, дұрыс жетіледі, дейді мамандар.

Жалаќы бермей, еѕбекті ќанайтындар да бар

Айтпақшы, кейбір кəсіпкер лер арасында жұмыс көзін ашқанымен, қызметкерлері мен жұмысшыларына еңбекақы төлемей, құр уəдемен тойдырып жүре беретіндер де кез деседі. Облыстық бақылау жəне əлеуметтік қорғау департаментінің қызметкерлері бізге осындай жағдаяттар жөнінде нақты ақпараттар да берді. Мамандардың айтуынша, өздерін қорғауды сұрап, өтініш айтып келетіндердің көбісі жеке кəсіпкерлерде жұмыс істейтін адамдар екен. Олардың сөзінше, жеке кəсіпкерлердің көбісі жұмысқа алған адамдарымен еңбек шартын жасауға аса құлықты емес. Басқа жерден жұмыс таба алмай, осы жерге қалайда табан тірегісі келіп тұрған адамның мұндай талапты бірден қоя алмайтыны түсінікті жағдай. Жұмысшы еңбегін қанау деген осыдан келіп шығады. «Оларды қорғау үшін жұмыс беруші мен жұмысшы арасында еңбек шарты жасалуы керек. Мұндай құжатсыз оларды біз қалай қорғаймыз?» дейді еңбек инспекторлары. Осы жағдайды қаперге салған мамандар жұмысшымен арада еңбек шартын жасауды кəсіпкерлерге заңмен міндеттеу керек дегенді айтты. Адами құқықтары тапталған жұрт осындай шағыммен «Нұр Отан» ХДП облыстық бөлімшесі

жанындағы қоғамдық қабылдауға да жиі келетін көрінеді. Аталмыш қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Гүлжан Мұқтарқызының айтуынша, мұндай мəселелер көп жағдайда осы бөлмеде кесте бойынша қабылдау жүргізіп отырған құзырлы орган өкілдерінің ықпалымен оңды шешіліп жатады. Ел Үкіметі тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаукөмекті барынша пайдаланып, жеке ісін дамытып алған кейбір кəсіпкерлердің арасында мемлекетке салық, жұмысшыларға жалақы төлемегенімен тұрмай, жергілікті билік өкілдеріне қарсы шығып, заңға бағынғысы келмейтіндері де бар. Мұндай фактілер еліміздің түкпіртүкпірінде кездеседі. Мемлекет тарапынан қолдау алған кəсіпкерлер арасында өз өнімдерін жергілікті тұрғындарға қолжетімді бағаға ұсынып жатқандары да өте сирек. Олардың өзі жергілікті биліктің ықпалымен анда-санда əлеуметтік мекемелерге көмек көрсеткен сыңай танытып қояды. Оның үстіне Сыбайлас жемқорлыққа жəне экономикалық қылмысқа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары Марат Ахметжановтың «Қазақстанның 16 ірі компаниясы ұзақ жыл бойы радикалдық діни ағымдарды қаржыландырып келген», деген өткен айлардағы мəлімдемесіне халықтың бейжай қарамағаны анық. Аталмыш 16 ірі компанияның артында еліміздің 16 ірі бизнесмені тұрған жоқ па? Міне, осындай жағымсыз əрекеттері арқылы бизнес өкілдері халықтың наразылығын туғызуда. Бұл жағдайдың ел экономикасын жақсартуды көздеген мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыруға кедергі келтіретіні анық. Сондықтан, Үкімет тарапынан берілетін көмек қаржыны алу үшін кəсіпкерлердің жоғарыдағы талаптарды іс жүзінде орындауы жəне оның халықпен қарым-қатынасы мен адамгершілік қадір-қасиеті ескерілсе екен дейміз.

Батыс Қазақстан облысы.

 Əлеуметтік қорғаудың əлеуеті

Бўл əр адамныѕ ґзіне байланысты Нұрбол ƏЛДІБАЕВ,

«Егемен Қазақстан».

Ауылда да, қалада да əлеуметтік теңсіздіктің етек жайғандығы соншалық, сол елдің ішіндегі аттөбеліндей əлеуетті жандар – байлар, ал тұрмысы ортадан төмен жандар кедейлер болып бөлінген. Оған ет-құлағымыз үйреніп те қалған тəрізді. Дəл осы жолдарды ақ қағазға түсірер алдында ел ішінде жоғарыда айтылған мəселеге орай сауалнама жүргізген едік. Қойылған сұрақ көкейлеріндегі көптеген келеңсіздікті дөп басқанымен халықтың басым бөлігі нақты атыжөндерін айтудан бас тартты. Неге? Өйткені, өздерін коммерсантпыз деп таныстырған жандардың дені банктерден несие алып, қаладан арзан бағаға тұтастай азық-түлік пен өнеркəсіптік заттарды сатып алып, ауылға апарып саудаларын жасап жүр. Рас, біраз адам түрлі сала бойынша жетіспеушіліктерді тізбелеп, аты-жөндерін ашық айтты. Əйткенмен, олар қалай да көрініп қалғысы келетін тұрақсыз, яғни өзіндік ұстанымы жоқ топқа жатары хақ. Тұтастай алғанда, Алматы об лысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасын іске асыру барысы туралы мəліметке жүгінсек, соңғы үш жылда республикалық бюджеттен 15,3 млрд. теңге, ал облыс тық бюджеттен 664,6 млн. теңге бөлініп, сол қаражатты пайда лану барысында 17 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған. Нақтылай түссек, бірінші бағыт бойынша ауылдық елді мекендерді дамытуға республикалық бюджеттен 2012 жылы 1,2 млрд. теңге, ағымдағы жылы 8,4 млрд. теңге бөлініп, былтырғы жылы 26 жоба іске асырылса, биыл жобалар саны 117-ге жеткен. Инфрақұ рылымдық жобаларда 2912 адам жұмыспен қамтылса, оның ішінде 1285 адам жұмыспен қамту орталықтарының ықпал етуімен орналасқан. Екінші бағыт бойынша кəсіпкерлікті дамытуға 2011-2013 жылдары – 2157,2 млн. теңге, оның ішінде шағын несие беруге 2135 млн. теңге, кəсіпкерлік негіздерін оқытуға 22,2 млн. теңге қарастырылған. Бағдарлама іс жүзіне асқан кезеңде 812 жеке тұлғаға жəне құрамында

151 мүшесі бар 8 несиелік серіктестікке шағын несие берілген. Үшінші бағыт бойынша кəсіптік оқытумен 7,1 мың адам қамтылып, соның 78,5%-ы жұмысқа орналасты рылған. Əлеу меттік жұмыс орындарына 2,2 мың адам, жастар тəжірибесіне 1,9 мың түлек жіберілген. Уақытша жұмыс істеу тəжірибесінен өту мерзімі аяқталған соң, тұрақты жұмысқа 1,9 мың адам орналастырылған. Аталған бағыт бойынша 2012 жылы облыстың 3 елді мекенінде 53 қызметтік үй (50 жеке жəне 3 көп қабатты) салынып, пайдалануға берілген. Қызметтік тұрғын үйлерге бағдарлама аясында жұмыспен қамтамасыз етілген, яғни еңбекке қабілетті – 310, барлығы 630 адамы бар 150 отбасы қоныс аударған. Еңбекке қабілетті адамдардың ішінен бүгінгі күнге 259 адам жұмыс істесе, 51 əйел бала күтіміне, денсаулығына байланысты уақытша еңбекке жарамсыз деп танылған. Қоныс аударған отбасыларға 8 млн.теңге көлемінде субсидия төленгені тағы бар. Бағдарламаның іске асырылуы еңбек рыногының тұрақтануына жəне жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне ықпал еткен. 2011 жылы жұмыссыздық деңгейі 5,6 пайызды құраған болса, 2012 жылдың қорытындысы бойынша сол көрсеткіш 5 пайызға дейін азайған. Сөзіміз дəлелді болуы үшін Алматы облысы бойынша статистика департаментінен алған мəліметтерді келтірсек, ағымдағы жылдың 10 айында облыс бойынша орташа айлық еңбекақы 80158 теңге болды. Ал өндіріс орындары көптеп ашылған əрі еліміздегі ең ірі мегаполис – Алматы қаласының іргесінде орналасқан Іле ауданы тұрғындарының орташа айлық еңбекақылары 111622 теңге болса бұл көрсеткіш шалғайдағы Райымбек ауданында 58260 теңге, сондай ақ Сарқан ауданында 62886 теңге болып жалғасады. Негізі мемлекеттік, мемлекеттік емес мекемелерде тұрақты жұмыс орны бар жандар тұрмысы бүгінгі қоғамда ортадан жоғары болып саналады. Құдайға шүкір, зейнеткерлер де қысылыпқымтырылып отырған жоқ. Бірақ айлық жалақылары қалай тартса да қысылтаяңға тіреп, əйтеуір отбасы қажеттілігін толық қамти

алмайтын жандар мен барды ұқсата алмай артықтау болса да, ашығын айтсақ, парықсыздығынан арыла алмайтын жандардың айырмасын да екшеген лəзім. Сондайақ, бес-алты бас малын өсіре алмай, ұлтарақтай жерін игере алмай, ата-ененің зейнетақысына қарап отыратындармен қатар жүріп, ерінбей еңбек етіп сол еңбектің өтеуін ала білетіндердің арасы жер мен көктей. Бұл жерде айтайын деп отырған ойымыз əлеуметтің əлеуетін қалай көтеру мəселесі болып отыр ғой. Бір тарапты тұқыртып, екінші жақтың айызын қандыра сан дерекке дəйектеме келтіргенімізбен ертең оның нəтижесі қандай болады? Елбасы «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекет тің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «Біздің басты мақсатымыз – əлеумет тік қауіпсіздік жəне азамат та рымыз дың бақуаттылығы. Бұл – қоғамдағы тұрақтылықтың ең жақсы кепілі», деп нақтылаған. Одан əрі сол бақуатты өмірге жету мəселесіндегі міндеттер мен қадамдарды да тəптіштей ұғындырған. Сондықтан ел болып қолға алған игілікті жұмысқа билік тарапынан дер кезінде нақтылы қолдау табылып жатса, нұр үстіне нұр. Біле-білсек, бұл міндеттеу емес, елдің бір үні. Сөз реті келгенде айта кетсек, көптеген мəселелер мерзімді басылымдар мен көгілдір экранда жазылып, айтылған сəтінде мемлекеттік саясатқа сай əрекет етіп отырған лауазымды тұлға өзі оқып, көрсе дереу шешімін тауып жатады. Ал, шолақ белсенділер өрелері жеткенше өктемсіп те, көлгірсіп те артын сиырқұйымшақтандырып тындырған болады. Сол аралықта сабылған қарапайым жанның көңілі қарадай қалмай қайтеді. Сондықтан, əлеуметтің əлеуетін арттырудың негізгі түйіні атқарушы биліктің қолында деуге болады. Ең бастысы, қазақтың «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», «Кісідегінің кілті аспанда» деген сөздерін жадына түйіп, қандай да бір жұмыс болмасын барлығының оң шешімін табуы əуелі əр адамның өзіне байланысты екенін ұмытпаған дұрыс. Алматы облысы.


● Демократия – даму даңғылы

● Мəселенің мəнісі

Жауапсыздық

Тəуелсіз еліміздің əлеуметтікэкономикалық жəне ішкі-сыртқы саясатта бүгінгідей табыстарға жетуіне, сонымен бірге, біздің демократиялық, құқықтық мемлекет болып қалыптасуымызға 1995 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылдануымен еліміз тарихында алғаш рет қос палаталы Парламенттің өмірге келуінің зор ықпалы болды.

Еңбек қатынастарындағы ағаттықтар, еңбек қауіпсіздігінің сақталмауы, шетелдік жəне жергілікті жұмысшылар арасындағы еңбекақы бойынша айырмашылықтардың болуы қашанда əлеуметтік шиеленістің ушығуына соқтыратыны белгілі. Оны күні кешегі Жаңаөзен оқиғасының өзінен аңғаруға болады. Міне, жергілікті биліктің бұл мəселені басты назарда ұстауы да сондықтан. Осы жəне басқа мəселелер облыс əкімі Архимед Мұхамбетовтің төрағалық етуімен өткен кеңесте кеңінен сөз болды.

Сол бір тұстың жылнамасын еске алар болсақ, 1995 жылдың желтоқсан айында Сенат депутаттарының сайлауы болып өтті де, 1996 жылдың 30 қаңтарында Алматыда қос палаталы заң шығарушы орган – Қазақстан Парламенті өз жұмысын бастағанды. Енді ел тарихында «Парламент», «Мəжіліс», «Сенат» деген саяси мəні бар заң шығарушы биліктің жаңа символындай болып, жаңа сипаттағы мемлекеттік биліктің тəуелсіз тармағы қалыптасты. Қазір Парламенттің еліміздегі заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғары өкілді орган екенін, оның қос палатадан тұратындығын əркім жақсы біледі. Алайда, қоғамда біздің Парламент неліктен қос палатадан тұрады, бір палаталы Парламент те жеткілікті емес пе деген пікірлер ішінара болса да, айтылып қалатыны бар. Шындығында, Қазақстан Парламенті неліктен қос палаталы, мұның қажеттілігі бар ма? Қоғам мен ел үшін тиімділігі қандай? Міне, осы мəселеге талдау жасамас бұрын алдымен Сенаттың тарихына үңіліп

Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Мәртебелі Сенат Мұрат БАҚТИЯРҰЛЫ, Парламент Сенатының депутаты.

көрейік. «Сенат» сөзі латынның «senatus» сөзінен шыққан «қария», «ақсақал» деген мағынаны білдіреді. Ежелгі Римдегі жоғары мемлекеттік кеңес қызметін де əуелде Сенат атқарған. Сол ежелгі Рим Сенаты сайлау заңдары мен оның нəтижесін бекітті, магистраттар қызметін бақылады, оларға кеңес берді, сыртқы саясатпен айналысты, қаржылық жəне діни рəсімдердің орындалуын қадағалады. Яғни, іс жүзінде мемлекетті Сенат биледі. Сондықтан да Сенат басында ең көрнекті деген, мемлекетке еңбегі сіңген, халыққа əбден танымал жəне беделділер тұрды. Кейін, Рим империясы тұсында Сенаттың маңызы мен саяси ықпалы төмендеп кетті де, ол жай ғана бір дəулетті əулеттер өкілдерінің жиналысына айналды. Қазіргі уақытта Сенат көптеген елдерде Парламенттің жоғары палатасының қызметін атқарады. Парламент палаталарының құрамы, өкілеттілігі мен қалыптасу тəртібі жəне өзге де құрылымдарымен ерекшеленеді. Палаталардың жоғары жəне төменгі болып бөлінуі заңдардың алдымен төменгі палатада қабылданып, одан кейін жоғары палатаның қолдауына жіберілетіндігін білдіреді. Алайда, көптеген елдердің жоғары палатасы заңға өзгеріс енгізе алмайды. Міндеті заңды мақұлдаумен немесе оның қабылдануына келіспеумен шектеледі. Бұл төменгі палатаның саяси маңызға көбірек ие екендігін көрсетеді. Өйткені, заң жобасы негізінен төменгі палатада талқыланып барып, өткізіледі. Ел үкіметі де төменгі палата алдында есеп береді жəне жауапты болады. Президент немесе үкімет басшысы Парламентті тарату құқығына ие болса, ол құқық тек төменгі палатаға ғана қатысты болып келеді. Ал Қазақстан Республикасында бұл құ қық тың өзгешелігі де бар. Яғни, бізде ел Пре зиденті Парламент палаталары төрағаларымен жəне ПремьерМинистрмен кеңесіп барып, Парламентті немесе Парламент Мəжілісін тарата алады. Парламент Сенатының өкілеттігінің де басқа елдерге қарағанда өз артықшылықтары да бар. Мысалы, біздің Парламент Сенаты депутаттарының жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданған заң жобасы нақтылы заңға айналады жəне ол он күннің ішінде Президенттің қол қоюына жіберіледі. Ал Сенатта депутаттардың көпшілік даусымен қабылданбаған заң жобасы Мəжіліске кері қайтарылады. Бұл жайында Ата Заңымыздың 61-бабы, 5-тармағында: «Сенат депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен заң жобасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Мəжіліске жіберіледі. Егер Мəжіліс депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен ұсынылған өзгерістермен жəне толықтырулармен келіссе, заң қабылданды деп есептеледі. Егер Мəжіліс нақ сондай көпшілік дауыспен Сенат енгізген өзгерістер мен толықтыруларға қарсы болса, палаталар арасындағы келіспеушілік келісу рəсімі арқылы шешіледі», деп нақтылы айтылған. Конституциялық заң жобасы да осындай тəртіппен шешіледі. Бірақ конституциялық заң жобасында Сенатта да, Мəжілісте де депутаттардың кемінде үштен екісі жақтап немесе кері дауыс берулері керек. Қазақстан Конституциясындағы Сенатқа қатысты конституциялық нормалар Қазақстан Парламенті Сенатының да Мəжіліске парапар өкілеттігінің бар екендігін көрсетеді. Əлемнің алпыстан астам елінде қос палаталы Парламент бар. Бұл негізінен федеративтік мемлекеттер үшін қажет жəне тиімді болып келеді. Парламенттің қос палаталы құрылымы – федеративтік мемлекеттер үшін міндетті элементтердің бірі. Бұл тетік федеративтік мемлекеттің əрбір субъектісінің мүддесін қорғау үшін ойлап табылған. Өйткені, жоғары палатаға, жер көлемі мен

3

www.egemen.kz

8 қаңтар 2014 жыл

тұрғындарының санына қарамастан, əрбір субъектіден бір мөлшерде депутаттар сайланады. Жоғары палата депутаттарын сайлау төменгі палатаға қарағанда демократиялы емес. Атап айтқанда, жоғары палата депутаттарын сайлауда көпшілік елдерде жанама сайлау түрі қолданылады жəне жоғары палата депутаттығына сайлануға төменгі палатаға қарағанда жоғарылау жас шегі қойылады. Қазақстан Парламенті Сенатының қажеттілігі мен саяси маңызын түсіндіру үшін АҚШ Сенатының тарихына үңілгеніміз жөн. АҚШ-та өкілдер палатасына – 25, ал Сенатқа 30 жасқа толғандар ғана сайлана алады. Біздің елімізде де жас шегі белгіленген. АҚШ сенаторларын халық тікелей сайлайды. Ал, сонымен бірге, əлемнің кейбір елдерінде жəне Қазақстанда жоғары палата депутаттарының бір бөлігін Президент немесе сондай құқық берілген жоғары лауазымды тұлға тағайындайды. Жоғары палатаға сайланған немесе тағайындалған депутаттар үкіметке жақындау позиция ұстанады, төменгі палатаның үкіметке қарсы түбірлі əрекеттер жасауын шектеуге мүмкіндік береді. Көптеген елдердің Парламенті жоғары палатасының тарихында Сенат депутаттары ел өмірінде маңызды рөл атқарады жəне олар жоғары беделге ие болып келеді. Мысалы, қос палатадан тұратын АҚШ Конгресінде жоғары палата – Сенат елдің мемлекеттік билік тармағында жəне саяси өмірінде маңызды орын алады. Тоғыз жылдан кем емес азаматтығы бар жəне жасы 30-ға толған əрбір АҚШ азаматы сенатор болуы үшін өзі сайлауға түсетін сол штаттың тұрақты тұрғыны болуы шарт. Сенат төменгі палатамен бірге (Өкілдер палатасы) заңдар қабылдаумен қатар, министрлерді, Жоғарғы Соттың судьяларын, федералдық судьяларды тағайындауға қатысады жəне импичмент мəселесінде қорытынды шешім қабылдайды. Лауазымы бойынша елдің вице-президенті Сенат төрағасы болып табылады. Вицепрезиденттің іс жүзінде басқа жұмыстардан қолы босамайтындықтан, Сенатта Уақытша төраға (president pro tempoze Cenato) басшылық жасайды. Ал сол уақытша төрағалыққа көпшілік дауыс алған партиядан ең жасы үлкен сенатор сайланады. АҚШ Сенатының саяси маңызы жағынан жоғары тұратындығын Сенатты ресми түрде «АҚШ Конгресінің Сенаты» демейтіндігінен, «АҚШ Сенаты» деп саяси мəнін арттыра атауынан-ақ аңғаруға болар еді. Сенатқа қарағанда Өкілдер палатасына сайлану əлдеқайда жеңілдеу, өйткені, олардың өкілеттігі 2 жылға ғана ұласады. Əрбір 2 жыл сайын өтіп тұратын сайлауда бұл палатаға 435 депутат сайланады. Өкілдер палатасының депутаты конгрессмен, ал Сенат депутаты сенатор деп аталады. Конгрессмен лауазымы – сенаторлыққа жəне губернаторлыққа апаратын жол. Конгрессмен болмаған адамның сенаторлыққа немесе губернаторлыққа сайлануы да неғайбыл əрі ол өте қиынға соғады. АҚШ-тың көптеген сенаторлары мен губернаторларының бі разы бұған дейін 8-10 жыл қатарынан конгрессмендік жолдан өтіп келгендер. Өзінің конгрестік қызметінде бедел жинаған жəне халыққа танымал болғандар ғана сенаторлыққа немесе губернаторлыққа ұмтыла алады. Бұл елдің тарихында 20 жəне одан көп жыл конгрессмен болғандар да аз кездеспейді. Сенатор болудың конгрессмендерге қарағанда, өзіндік қиыншылықтары мен ерекшеліктері де бар. Сенаторлыққа сайлану үшін əуелі жоғары қызметте істеуің жəне де бірнеше рет сайланған конгрессмен немесе ірі қаланың мэрі болуың шарт. Өз штатыңда жəне де тұтас ел бойынша беделің, кеңінен танымалдылығың болмайынша сенаторлыққа өту де мүмкін емес. Əрине, мол қаржыңның болуы да көп мəселені анықтайды. Өйткені, үгіт-насихат жұмыстарын қомақты қаржысыз белсенді жүргізу қиынға соғады. Əуелі

сенаторлықтан үміткерді сол штаттың партия (республикалық немесе демократиялық) ұйымы ұсынуға тиісті. Партияның атынан түспеген кандидаттың қай сайлауда болсын жеңіп шығуы екіталай. Ал сенатор болып сайланған адам бірден АҚШ-тың «элиталы» тобына өтеді. Өкілдер палатасы негізінен заң шығарушылықпен айналысса, сенаторлар елдің саясатын белгілеуге де, кадрлық тағайындауларға, жоғары лауазымдық тергеуге, ішкі жəне сыртқы саясатқа да араласып, қатыса алады. Сөйтіп, əр сенатор өз лауазымына қарай елдегі ықпалды жəне белгілі тұлғаға айналады, АҚШ Президентімен жəне кез келген жоғары лауазымды тұлғамен тікелей байланыс жасап, араласа алады, олардың қабылдауларында болады. Алты жыл мерзімге сенатор болып сайланған олардың əрқайсысы бар күш-жігерлерін өз қызметтері мен беделдерін арттыруға жұмсап, сол арқылы танымал болуға ұмтылады. Сенаторлықтың алғашқы алты жылдық мерзімінде нəтижелі əрі жақсы қызметімен таныла алғандар екінші мерзімде өтетін сайлауда да жеңіске оңай ие бола алады. Мұндай екінші қайтара жеңіске жеткен сенатор енді сол өз штатының саяси жұлдызына, америкалық бүкіл саяси жүйенің танымал адамына айналып, онан кейін тағы да қайра сайлануға мүмкіндіктері болады. АҚШ тарихында танымал əрі үлкен беделге иелердің 20-30 жыл бойы сенатор болып сайлануы қалыпты жағдай. Мысалы, Оңтүстік Каролина штатынан сайланған Стром Тэрмонд 48 жыл қатарынан сенаторлық қызметте болды. Ол 2002 жылы 100 жасқа келгенде ғана өзінің кандидатурасын келесі мерзімге ұсынбады. 2003 жылы өзінің сенаторлық өкілеттігін тоқтатып, бірнеше айдан кейін, яғни 101 жасында дүниеден озды. Бұдан кейінгі орынды Эдвард Кеннеди (АҚШ Президенті Джон Кеннедидің інісі) алады. Сенаторлық қызметі 1962 жылы басталған Кеннеди қатарынан 8 рет сайланған. 2006 жылы 8-ші рет қайта сайланып, 2009 жылы қайтыс болды. АҚШ Сенатының тарихындағы осындай жарқын мысалдарды келтіргендегі мақсатымызды өз елімізде, яғни унитарлы Қазақстанда қос палаталы Парламенттің қаншалықты қажет екендігін айту болатын. Ағылшынның саяси ойшылы Иеремия Бентам қос палаталы парламенттің кемшілігі мен артықшылығын зерттей келіп, нəтижесінде пайдалы деген қорытынды жасайды. Ол өзінің «Заң шығарушы жиналыстардың тактикасы» атты еңбегінде қос палаталы құрылымның артықшылығы туралы: «Əртүрлі құрылған қос палата болған тұста оның біреуі екіншісінің табиғи ауыздығы (тежегіші) болып шығады. Оның үстіне, бұл демагогия қатерін азайтады, өйткені, бірдебір адам екі палатада бірдей ықпалға ие бола алмайды. Ақыр соңында халық сеніміне ие болу жағынан жарыс туындайды. Сөйтіп, конституцияның мұрты бұзылмайды, деп жазған болатын. Қазақстанның да қос палаталы Парламенті өзінің құрылымы жағынан келгенде, И.Бентам айтқандай, АҚШ жəне басқа да елдердегі сияқты республиканың жоғары заң шығарушы органы қызметінің пікір алшақтықтарын азайтып, өзара ынтымақтаса жұмыс істеуін мақсат етіп келеді. Сенат Мəжілістің асығыс қабылданған шешімдері мен өзге де «қызуқандылықтарын» тежеп отырады, сабырға, мəмілеге келтіреді, қателіктерін түзейді, сүзгіден өткізеді, кемшіліктердің өтіп кетпеуін қадағалайды. Əлем елдеріндегідей Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары да елдің саяси элитасының негізі ретінде саяси биліктегі кадрлар құрамын қалыптастырады. Тəуелсіздік алғаннан бері егемен мемлекеттің негізін қалауда, оны нығайтуда, кəсіби парламентаризмнің қалыптасуында, Қазақстанды əлемдік қоғамдастыққа танытуда Сенат де путаттарының атқарған қызметі мен жұмсаған

күш-жігерлері аз болған жоқ. Бұл орайда, бүкіл республикаға кеңінен танымал əрі бедел мен абыройға ие болған жəне де ел мүддесін сөйлеген, сөйтіп, ықпалды қайраткерлік, беделді саясаткерлік халық сыйлайтын тұлғаға айналған адамдар аз емес. Олар осы сенаторлық қызметтерімен көпшілікке таныла білді десек, артық айтпағанымыз. Мемлекет басшысының депутаттармен кездесіп отыруы Парламенттің мəртебесін арттырумен бірге, заң шығару қызметінің онан əрі жақсара түсуіне, депутаттардың өз қызметтерімен алаңсыз айналысуларына, кəсіби парламентаризмнің нығаюына, жақсы тəжірибелердің жинақталуына жəне заң шығарушы органның қызметін үнемі назарда ұстауға, оның тыныс-тіршілігінен хабардар болуға үлкен мүмкіндіктер туғызады. Ал депутаттар өз кезегінде ойпікірлерін білдіруге мүмкіндік алады. Бұл заң шығарушылық үдерістерге қатысты Елбасының ұстанымы мен көзқарасын ашық əңгіме барысында тани білу арқылы мемлекеттік маңызды мəселелерді шешуде, заңдардың мемлекет саясатымен ұштасуда көмегін тигізеді. Əрине, біздің түсінігімізде Парламент қабырғасында пікірталастың орын алуы қалыпты жағдай, бірақ ол мемлекет пен қоғамды жікке бөлуге алып келетін жайларға ұрындырмауы керек. Н.Назарбаев Парламент палаталары мен оның депутаттарының қоғамды одан əрі демократияландыру жəне, сонымен қатар, жаңғырту үшін аса күрделі міндеттерді біртіндеп шешуге атсалысатындықтарына сенген болатын. Сол сенім ақталып та келе жатыр. Парламент Сенаты қызметінің сыртқы қатынастардағы ең маңызды бағыттарының бірі басқа мемлекеттердің парламенттерімен жəне парламентаралық ұйымдарымен ынтымақтастық орнатуы болып табылады. Бұл орайда өзге мемлекеттердің парламенттерімен (парламенттер палаталарымен) жəне халықаралық парламенттік ұйымдармен парламентаралық ынтымақтастық туралы келісімдер жасасуға, сондай-ақ, ынтымақтастық жөнінде топтар құруға да құқы бар. Қазіргі уақытта Сенатта шет мемлекеттердің парламенттерімен парламентаралық ынтымақтастықтың қырық шақты тобы құрылып, белсенді жұмыс жасауда. Сонымен қатар, Қазақстан Парламенті бірқатар өңірлік жəне халықаралық парламенттік ұйымдардың да мүшесі болып табылады жəне 14 халықаралық пар ламенттік құрылымның жұмысына қатысады. Бұл мəліметтер Қазақстан Парламенті мен Сенатының халықаралық ынтымақ тастықты орнықтыруда да маңызды рөл атқаратындығын жəне олардың сыртқы қатынастағы қауырт жұмыстарының бар екендігін көрсетеді. Сенаттың бұл бағыттағы қызметінің арқасында шет елдермен халықаралық байланыстар кеңейіп, Қазақстанның əлемдік қоғамдастықтағы беделі артып келеді. Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Қазақстан жолы» кітабында: «Осы бір жылдары демократияландырудың аса маңызды институты – парламентаризмнің дамуына толық жағдай жасалды. Қос палаталы кəсіби Парламент уақыт сынынан сүрінбей өтті, онда сан салалы мүдделердің өкілеттілігі қамтамасыз етілген. Біз – осы жолмен Орталық Азияда батыл қадам жасаған бірінші елміз. Басқалар біздің ізімізбен жүріп, тəжірибемізді пайдаланды. Конституция қолданылған жылдардың ішінде бірде-бір саяси қайшылық дағдарысқа ұласқан жоқ. Барлық дау-дамай конституциялық рəсімдер шеңберінде шешілуде. Мемлекеттік институттар арасындағы өзара қатынастардың жүйесі қалыптасты», деген болатын. Міне, бұл жай біздің тəуелсіз елімізді тарихтың аса қысқа мерзімінде демократиялық жəне құқықтық жолмен дамыта отырып, əлем сүйсінерлік бүгінгі өркендеуге жеткізді.

Аймақ басшысы облыс өңіріндегі еңбек қатынастары саласындағы жағдайдың жергілікті атқарушы органдардың тікелей бақылауында екенін, осы нəзік саладағы орын алған проблемалық мəселелерге байланысты кəсіпорындардың басшыларының есептері тыңдалатынын, алайда, бірқатар атқарылған жұмыстарға қарамастан, жекелеген тəртіп бұзушылықтар əлі де орын алып отырғанына алаңдаушылық білдірді. Ол негізінен қызметкерлердің еңбекақы берешектеріне қатысты болып отыр. Сондай-ақ, мемлекеттік еңбек инспекциясы жүргізген кəсіпорындардағы тексерулерде анықталған өндірістегі ауыр жарақат, тіпті өліммен аяқталған ауыр жағдайлар, сондайақ еңбекақы жөніндегі қарыздар, шетелдік компаниялардағы еңбекақы төлеудегі сəйкессіздіктер толық жойылды деуге болмайды. Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқар масының басшысы Марат Ғабидуллиннің мəлімдеуінше, облыстағы 20 ірі кəсіпорында жұмысшы-қызметкерлердің ауыр жарақат, тіпті қаза болуы мен аяқталған оқиғалар орын алған. Мұндай кəсіпорындардың қатарында «Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамының Қандыағаш жол дистанциясы, «Сағыз Петролеум», «Ұлы қабырға» Қазақстан-Қытай бұрғылау компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері бар. Басқарма басшысы адамдардың ауыр жарақат алуына жəне өліміне соқтыратын оқиғалардың өткен жылға қарағанда, биыл облыста 30 пайыз төмендегенін жеткізді. Дегенмен, мұндай жағдайлардың əлі де аз емес екеніне нақты деректер келтірді. Жыл ішінде 16 адам қазаға ұшыраған. Өткен жылдың ақпан айында «Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамы Қандыағаш жол дистанциясында бірнеше адамның бақытсыздық жағдайға ұшырауы орын алды. Еңбек ұйымдастыруда жіберілген қателіктерден локомотив жұмыскерлерді басып өтіп, үш жол жөндеуші сол жерде қаза болса, бір адам ауыр жарақат алды. Басқарма басшысы басқарған арнаулы тексеру комиссиясының талабы бойынша шара алынып, филиал директоры Ш.Құрманбаев, учаске бастығы Н.Ешмағанбетов, директордың орынбасары Н.Елтезеров жұмыстарынан босатылып, бас инженер Н. Орысбаевқа қатаң сөгіс жарияланған. Ұжымдық шартқа сəйкес зардап шеккен отбасыларына материалдық жəрдем көрсетілген. Теміржолшылардың қайырымдылық қорынан зардап шеккен отбасыларының əрқайысына 34, 28, 19 млн. теңгеден қаржы бөлінген. Сондай-ақ, қаза болғандардың отбасыларына асырауындағы адамдардың санына қарай сақтандыру компаниясынан ай сайын қаржы төленетін болды. «Сағыз Петролеум» жау апкершілігі шектеулі серіктестігінде 2 қызметкерді ажал құштырған оқиға да өндірістегі еңбекті ұйымдастырудағы берекесіздіктен, қызметкерлердің қауіпсіздік техникасын сақтамауынан болған. Вахталық кентте жұмысшылар техникалық су сақталған 25 текше метрлік ыдысқа өздерімен

бірге өрт сөндіретін құрылғыны түсіреді, оны ыдыстағы суды айдау үшін іске қосады, ақырында газдан уланып өледі. Бұған кінəлі жауапты адамдар əкімшілік жазаға тартылды. Қазаға ұшыраған Н.Ниязбековтің отбасына 6 млн. 800 мың теңге, А.Тілеужановтың отбасына 8 млн. 275 мың теңге қаржы бөлінді. Жерлеу шығындары түгелдей жұмыс берушінің қаржысы есебінен төленді. Өткен жылдың сəуір жəне қыркүйек айларында «Ұлы қабырға» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде өліммен аяқталған екі оқиға орын алды. Біреуінде жұмысшы темір пісіру кезінде қаза болса, екіншісінде вагон жөндеу кезінде араға кесілді. Бұл адамдар дəнекерлеу агрегаты мен кескіш құралына мүлде қатысы жоқ, бұл кəсіпті мүлде білмейтін мамандар болып шықты. Бірінші жағдай бойынша əкімшіліктің жауапты 8 қызметкері тəртіптік жазаға тартылды. Еңбек шартының талабына сəйкес қаза болған А.Исматуллаевтың отбасына 4 млн. теңге бөлініп, сақтандыру компаниясынан 1,5 млн. теңге көлемінде біржолғы қаржы төленді, жұмыс берушінің есебінен шығындар өтелді. Екінші оқиға бойынша 9 басқарушы қызметкер тəртіптік жазаға тартылды. Қазаға ұшыраған Е. Омаровтың отбасына ұжымдық шарт бойынша 2 млн. 500 мың теңге төленіп, жерлеу шығындары компанияның есебінен атқарылды. Сондай-ақ, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» филиалдарында жəне мердігерлік мекемелерінде, «Ақтөбе мұнай сервис», «Ақтөбе көлік компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Жаңажол газ өңдеу зауыты, «Востокнефть жəне сервистік қызмет көрсету» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінде бір-бірден кісі өлімімен аяқталған оқиғалар орын алды. Барлық қызметкерлер тəртіптік жазаға тартылды. Қа за болғандардың отбасыларына ұжымдық шартқа сəйкес материалдық шығын төленді. Адам өлімімен аяқталған оқиғалардың тергеу материалдары қылмыстық іс қозғау үшін құқық қорғау органдарына берілген. Өндірістік нысандарды еңбек шарттары жөніндегі аттестациядан өткізу көптеген кəсіпорындарда əншейін көз алдау үшін жүргізілетіні белгілі болды. Тек үстіміздегі жылдың басынан еңбек инспекторлары арқылы 137,6 млн. теңгеден астам еңбекақыға қатысты қарыздарды анықтап, қабылданған шараларының нəтижесінде еңбекақы жөніндегі бұл қарыздар толық өтелген. Алайда, еңбекақы төлеуде созылып жүрген қарыздар «ВитаДорстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Мартуксервис», «Көкжар» мемлекеттік коммуналдық кəсіпорындары жəне басқа мекемелерде əлі де бар көрінеді. Салық департаментінің деректері бой ынша еңбекақы жөніндегі ағым дағы қарыз «Техком-С», «ОйлТехноГрупп», «Стройтекс ЛТД», «Строительная инициатива», «Ақтөбе НГС», «Берен и СК» жауапкершілігі шек теу лі серіктестіктерінде, «Актюбгражданпроект» өндірістік кооперативінде, «Өрт сөндіруші» акционерлік қоғамында күні бүгінге дейін сақталып отыр. Ақтөбе облысы.


4

www.egemen.kz

8 қаңтар 2014 жыл

 Толғандырар тақырып

Діни ахуал – тез ґзгеріп тўратын ќўбылыс Дін істері агенттігі Исламдық діни бірлестіктермен байланыстар басқармасының бас сарапшысы, саяси ғылымдар кандидаты Мейрам ИМАНБАЕВПЕН арадағы əңгімеге қоғам ішінде қозғалатын кейбір түйткілді мəселелер арқау болды.

«Таза ислам» ілімін ұстанушы ағымдар зайырлы қоғамды мүлдем қабылдамайды – Мейрам Өткелбайұлы, бүгінгі қоғамдағы діни ахуал төңірегіндегі шиеленістер Құдай жолы мен дін ісін ажырата алмай дағдарысқа түсудің көрінісі іспетті. Бұл исламның рухани əлеміне жүрек көзімен қайта қараудың мезгілі жеткенін аңғартып тұр емес пе? – Қазіргі күнде Қазақстандағы ислам қауымының ішінде исламның ханафи мазхабының жəне қазақ халқының салтдəстүрлері мен түсініктерінің үйлесімді қосындысы түріндегі дəстүрлі жолды ұстанушылар мен радикалдық сипаттағы исламдық ағымды ұстанушылар арасында пікір қайшылықтары жəне осыдан туындайтын идеялық теке-тірестер орын алып отырғаны

шындық. Мұндай жағдайлар əлі де болса екі тараптың идеялық келіспеушіліктерінен, күнделікті қарым-қатынастарындағы жəне баспасөз беттеріндегі пікірталастар шеңберінде көрініп отырғанымен, елімізде соңғы жылдары бұл мəселенің күрделену бағытында дамып бара жатқандығы анық байқалады. Таяу Шығыста пайда болып, қазіргі күнде ғаламдық құбылыс ретінде əрекет етіп отырған исламдық бағыттағы радикалдық ағымдар туралы айтқанда, оны «салафишілік» ұғымымен байланысты қарастырады. Бұл ойға қонады, өйткені, қазіргі күнде əртүрлі жəне көптеген атаулармен белгілі болып жүрген радикалдық ағымдардың идеялары мен əрекеттерінің бастауы (ваххабиттер, жихадшылар, тəкфіршілер жəне т.б.) ислам дінін əу баста пайда болған таза қалпында ұстануды басшылыққа алу идеясынан туындайтыны талас тудырмасы анық. – Негізінен, исламдық бағыттағы радикалдық ағымдардың теріс идеялары мен іс-əрекеттері ТМД кеңістігіндегі елдердің барлығына ортақ көрініс. Осы орайда, көрші Ресейдің бүгінгі исламдық кеңістігінде қалыптасып отырған діни ахуал төңірегінде не айтасыз? – Расында да, исламдық бағыттағы радикалдық ағымдардың теріс идеялары мен іс-əрекеттері ТМД кеңістігіндегі елдердің барлығына тəн деуге болады. Ал Ресейдегі исламдық кеңістікте қалыптасып отырған діни ахуалға жіті назар аударар болсақ, біздің еліміздегі діни ахуалдың қазіргі жайкүйі мен болашағы тұрғысынан көрші елдегі діни үдерістерге тереңірек мəн берген дұрыс. Біріншіден, бұл ұқсас саяси, экономикалық жəне əлеуметтік жүйе. Екіншіден, Ресей құрамындағы Солтүстік Кавказ бен Волга жағалауындағы бірқатар халықтар (татар, башқұрт) мəдени жəне діни-мазхабтық тұрғыдан біздің елімізбен біртұтас кеңістікті құрайды. Үшіншіден, көрші елде болып отырған оқиғаның ертелі-кеш маңайындағы елдерге өз ықпалын тигізетіндігі қарапайым өмір заңдылығы екені даусыз. Ал қазіргі күнде Ресейдің қоғамдық-саяси өмірінде ислам факторы шиеленісті сипатымен алдыңғы орынға шығып отырғаны даусыз. – Бұл қалай көрініс тауып отыр? – Ресейдегі өткір діни ахуалға бір жағынан, оның құрамындағы Солтүстік Кавказ республикаларындағы оты толық сөнбеген соғыс ықпал етіп отырған болса, екінші жағынан Волга бойындағы федерация субъектілерінде, оның ішінде Татарстанда орын алып отырған радикалдық ағымдардың кең қанат жаюы жəне оны ұстанушылардың белсенді əрекеттері де өз əсерін тигізуде. Осы орайда, посткеңестік елдерде орын алып отырған дəстүрлі мазхабты ұстанушы діндарлар мен радикалдық ағымдарды ұстанушылар арасындағы теке-тірестердің

түпкі себебіне келер болсақ, меніңше, мұндағы басты себеп – ол «таза ислам» ілімін ұстанушы радикалдық ағымдардың зайырлы мемлекет құндылықтарын мүлдем қабылдамайтын жəне зайырлы мемлекетпен ымыраға келмейтін ұстанымынан туындайды. Осы ретте, қоғамдық деңгейдегі пікірлерде азаматтарымыздың радикалдық бағыттағы исламдық ағымдардың қатарына өтуіне баға бергенде, оны əлеуметтік, экономикалық қиындықтармен түсіндіретін ойлар басымдық танытып отырады. Əрине, бұл қатардағы шешімін таппаған күрделі мəселелердің белгілі бір түрде жат діни ағымдар мен идеялардың таралуында түрткі рөлін атқаратын ықпалын жоққа шығара алмасақ та, оның негізгі себебін құрай алмайтыны анық. Бұдан шығар тұжырым: бұл, ең біріншіден, радикалдық діни ағымдардың жоспарлы түрде жүргізіп отырған жұмыстары деп баға берген дұрыс.

Утопиялық сарындағы «Күн қаласына» ұқсайтын идеялар оған қолдау білдіретін мүдделі күштер пайда болғанда «шынайылыққа» айналады – Радикалдық сипаттағы жат діни ағымдардың жекелеген ұстанушыларының заңсыз қадам дар ға баруларын немен түсіндіруге болады? – Радикалдық сипаттағы діни ағымдар мен идеялардың таралуын жоспарлы түрде іске асырылып отырған əрекет деп алар болсақ, бұл, өз кезегінде, олардың əрекеттері мен мақсаттарын қоғамдық көзқарас тұрғысынан ақтауға тырысатын сарапшылар арқылы іске асады. Мұндай «сарапшылар» жекелеген азаматтардың радикалдық сипаттағы ислам дық ағымдардың қатарына қосылу себебін «оларға мұсылман ретінде өздерін жүзеге асыруға мүмкіндік бермей отырған билік саясатының» немесе «қарапайым жəне радикалды мұсылмандардың аражігін ажырата алмайтын құқық қорғау органдарының солақай ұстанымының» салдарынан туындайтыны туралы пікірлерді қоғамдық ойға тықпалауға ұмтылады. Əрине, жат діни ағымдардың мүдделерін «қызғыштай қорғайтын» мұндай көзқарастар мен пікірлердің мақсаты айқын: радикалдық ағымдардың ұстанушылары бірінші кезекте өздеріне пəрменді түрде қарсы тұра алатын билік құрылымдарын қаралауды жəне олардың қызметтеріне көлеңке түсіруді көздейді. Бұл, өз кезегінде, қоғамдық пікірде оларды жазықсыз қылып көрсетеді де, керісінше, мемлекеттік билік институттарымен ара-қатынаста сенімсіздікті қоздатуға мүмкіндік береді. – Салафишілік идеясы төңірегінде бой көрсетіп жүрген ағымдар туралы айтсаңыз. Олардың мақсат-мүдделері қалай көрініс табуда? – Исламдық бағыттағы əртүрлі ағымдардың діни мəселелер төңірегіндегі пікір алшақтықтары мен қайшылықтары туралы кəсіби исламтанушы-теологтар айтқаны дұрыс болар. Дегенмен, бұл мəселеге байыппен назар аударатын кез келген көзі қарақты азаматтың ислам дінін бетперде ретінде пайдаланып жүрген теріс ағымдардың бүгінгі күнде əлемдік деңгейдегі белгілі бір күштердің «саяси жобасына» айналғанын аңғаратыны анық. Бүгінгі Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы бірқатар елдердің басынан өткеріп отырған «тар жол, тайғақ кешу» жағдайы осыған нақты дəлел бола алады. Бұл жерде мынадай шынайылықты түсіну керек: кез келген идеяның ертелі-кеш өз алдына саяси мақсаттар қоя бастайды жəне бұл исламдық бағыттағы ағымдар мен ілімдерге де тəн құбылыс. Ал олардың идеясы айта-айта таптаурын тақырыпқа айналған идеалдық сипаттағы діни қағидаттарға негізделген «таза ислам мемлекетін» құруға тұғырланатыны

жасырын емес. Бір қарағанда утопиялық сарындағы «Күн қаласына» ұқсайтын мұндай идеялар, оған қолдау білді ретін мүдделі күштер пайда болған кезде «шынайылыққа» айнала бастайды. Көріп отыр ғандай, бұл мəселенің астары анағұрлым күрделі... Өкінішке қарай, діни экстремизм мен терроризмнің осындай қауіпті түрі діни сауатсыздық, өз тарихын елемеушілік, атабабалардан жалғасын тауып келе жатқан дəстүрлер мен əдет-ғұрыптарды жоққа шығару, зайырлы мемлекет жүйесін исламдандыруға талпыну тəрізді осы қатардағы басқа да келеңсіз факторлардың ықпалымен біздің елімізде де біртіндеп бой көтере бастауда. Сондықтан, қоғамымыздың бүгіні мен ертеңіне бейжай қарамайтын азаматтар тарапынан дін төңірегіндегі мəселелерге үнемі сергектік танытып отыру керек-ақ. – Еліміздің Конституциясында жəне қолданыстағы дін саласын реттейтін заңнамада мемлекетіміздің зайырлы құрылысы мен діни сенім бостандығы нақты көрініс тапқан. Бұл жеткілікті емес пе? – Əрине, мемлекетіміздің діни сенім жəне ар-ождан бостандығын, рухани түлеуді,

ұлтаралық келісімді нығайтуға бағытталған салиқалы саясатты жүзеге асыруының нəтижесінде бүгінгі діни ахуал тұрақты екені даусыз. Дегенмен, мен еліміздің діни кеңістігіндегі мəселелер туралы айтқанда азаматтарға бекер жүгініп отырғаным жоқ. Өйткені, мемлекет, ең қарапайым тұрғыдан алғанда, əрбір жеке азаматтың ерік-қалауының нəтижесі дейтін болсақ, қоғамдағы өзекті мəселелердің шешімі біздің əрқайсымыздан халқымыздың салт-дəстүрлері мен заманауи дамудың үйлесімді мұраттарын басшылыққа алатын демократиялық құндылықтарды сақтау мен нығайтуды үнемі өзектендіріп отыруды қажет етеді деп ойлаймын. Әртүрлі «ұстаздар» мен «шейхтардың» жастарымызға дұрыс діни білім беруі неғайбыл – Кейінгі кезде қоғамдық пікірде «жастарымыздың шетелдердегі теологиялық оқу орындарында білім алу тетіктерін реттеу қажет» деген ойлар жиі көтеріле бастауда. Бұған не айтар едіңіз? – Қазақстан азаматтарының білім алу мақсатында шетелдерге шығуы бүгінгі күнде үйреншікті жайтқа айналды десе де болады. Əрине, басқа да ғылым салалары тəрізді сапалы исламдық діни білім алу үшін шетелдердегі жетекші теологиялық оқу орындарының маңызын ешкім жоққа шығармасы анық. Дегенмен, осы мəселеде мемлекеттік органдар тарапынан жүйелі саясатты қолға алатын уақыт жеткен тəрізді. Өзіңізге мəлім, қазіргі күнде мемлекеттің «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелдерде білім алу үшін азаматтардың бастапқы, яғни бакалавр деңгейіндегі жоғары білімі болуы тиістігі туралы талабы бар. Бұл өте дұрыс талап, өйткені, жоғары білімі жəне өз саласы бойынша нақты мақсаты бар жастар ғана шетелдік оқу орындарында сапалы білім ала алатыны даусыз. Меніңше, осыған ұқсас жүйені шетелдік діни оқу орындарында білім алғысы келетін азаматтарға да талап ретінде қоюды ойластырған дұрыс болар еді. Яғни, бұл қисынды басшылыққа алар болсақ, отандық арнаулы діни білім беретін медреселерді жəне жоғары оқу орындарын бітірген, өмірлік көзқарастары қалыптасқан жастардың шетелдік теологиялық оқу орындарында білім алуы қай жағынан алғанда да анағұрлым пайдалы болады деп ойлаймын. Бұл, өз кезегінде, қазақстандық азаматтардың шетелдерде сол елдердің мемлекеттік органдары тарапынан рұқсат берілген ресми діни оқу орындарында білім алуларын тəртіпке келтіру мəселесін алға шығарады. Себебі, шетелдерге діни білім алуға барған азаматтарымыздың мақсаты күмəнді бейресми діни оқу орындарында (марказдар, худжралар) білім алуы көрініс бере бастауда.

Ал мұндай оқу орындарындағы «ұстаздар» мен «шейхтардың» жастарымызға дұрыс діни білім беруі неғайбыл... Одан бөлек, Таяу Шығыс пен Солтүстік Африканың бірқатар елдерінде қалыптасып отырған ішкі қоғамдық-саяси ахуалды ескерер болсақ, шетелдерде діни білім алып жүр деген азаматтарымыздың əртүрлі теріс ұйымдарға тартылып кету қаупі де күннен-күнге ұлғайып отыр. Сондықтан, ұл-қыздарын шетелдік діни оқу орындарында оқытқысы келетін атааналарды жəне шетелдерде білім алғысы келетін жастарымызды бұл мəселеге байыппен қарауға шақырғым келеді. – Радикалдық ағымдардың алдын алуда мемлекет тарапынан қандай жұмыстар жүргізіліп отыр? Бұл бағыттағы жұмыстарға діни бірлестіктер мен қоғамдық ұйымдар қаншалықты көмек беруде? – Орынды сауал. Елімізде дəстүрімізге жат діни ағымдар мен идеялардың алдын алу жəне оларды ұстанушылармен жұмыс істеу бағытында мемлекеттік органдар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен, қоғамдық ұйымдармен, теолог-ғалымдармен, сарапшылармен бірлесе отырып, жұртшылық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізумен қатар, жат діни ағымдардың кереғар идеяларының жетегінде кеткен азаматтармен жүйелі жұмыстар жүргізіп отырғанын айта кету керек. Осының нəтижесінде көптеген азаматтар өз қателіктерін түсініп, дəстүрлі өмір сүру ортасына қайта оралуда. Мəлімет ретінде айтар болсам, Дін істері агенттігі жергілікті əкімдіктермен бірлесе отырып, биылғы жылы Жамбыл облысының Қордай ауылында «Таблиғи Жамағат – елге жат ағым», Атырау қаласында «Жастар жəне дін», Көкшетауда «Ислам терроризмге қарсы», Жезқазғанда «Тəкфіршілік – діни экстремизмнің қауіпті түрлерінің бірі», Ақтау қаласында «Ислам жəне жихадизм», Астана қаласында «Діни білім беру жəне ағарту діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу факторы ретінде», Талдықорғанда «Матуриди ақидасы – ƏбуХанифа ілімінің жалғасы» тақырыптарында ауқымды республикалық ғылыми-практикалық конференциялар өткізді. Бұл конференцияларға мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарының, діни бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері мен өкілдері, дінтанушы ғалымдар, жоғары оқу орындары мен БАҚ өкілдерімен қатар, шетелдік ғалымдар мен сарапшылар қатысты. Конференциялардың нəтижелері бойынша ісшараға қатысушылардың діни радикализм мен экстремизмді айыптайтын, дəстүрлі дініміз бен мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп отырған саясатына қолдау білдіретін үндеулері БАҚ беттерінде жарияланып отырды. Осы жерде, аталған шаралар агенттіктің атқарып отырған көптеген жұмыстарының бір тұсы ғана екенін баса айта кеткім келеді. Сонымен қатар, діни ахуал тұрғысынан күрделі өңірлерде исламдық бағыттағы радикалдық ағымдарды ұстанушыларды дəстүрлі ортаға қайтарумен мақсатты жұмыс істейтін орталықтардың атқарып отырған жұмыстарын айта кеткен абзал. Осы қатарда Ақтөбе облысындағы «Аңсар» кеңес беруоңалту орталығының, Атырау облысындағы «Шапағат» қоғамдық қорының жұмыстары басқаларға үлгі боларлықтай. Аталған орталықтарда қызмет атқарып отырған исламтанушы-теологтардың сол өңірлердегі проблемалық елді мекендерде жəне мешіт жамағаттары арасында дəстүрлі дінді насихаттауға жəне радикалдық сипаттағы жат діни ағымдардың алдын алуға бағытталған ісшараларының нəтижесінде көптеген азаматтар дəстүрлі құндылықтарға қайта оралуда. – Діни тұрақтылықты сақтауда жəне оны нығайта түсуде қандай басымдықтарға мəн берілу керек деп ойлайсыз? – Əрине, мемлекеттік органдар тарапынан қоғамымыздың тұрақтылығы мен рухани тұтастықты сақтау мен нығайтуға бағытталған жүйелі жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таба береді. Осы ретте, Елбасы Жарлығымен таяуда бекітілген 20132017 жылдарға арналған Діни экстремизмге жəне терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның қабылдануы бұл бағытта кешенді іс-шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік берері анық. Сөзімнің соңында, елімізде қалыптасып отырған діни ахуал бүгінгі күнде тұрақты десек те, бұл тез өзгеріске түсіп отыратын динамикалық құбылыс екенін баса айтқым келеді. Сондықтан, билік дін саласында орын алып отырған өзекті мəселелерге қатысты өз позициясын ашық білдіріп отыруы қажет. Бұл мемлекет саясатының Конституциямызда көрініс тапқан зайырлылық қағидатынан бастау алатын құндылықтар мен ұстанымдарды басшылыққа алуға тұғырлануы керектігін білдіреді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мем лекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтқан: «Біз мұсылман үмбетінің бір бөлігі екенімізді мақтан тұтамыз. Ол – біздің дəстүріміз. Бірақ бізде зайырлы қоғамның дəстүрлері де бар екенін, Қазақстан зайырлы мемлекет екенін ұмытпауымыз керек. Біз елдің дəстүрлері мен мəдени нормаларына сəйкес келетін діни сана қалыптастыруымыз керек», деген сөзі мемлекет пен діннің қарым-қатынасы мен арақатынасын қозғайтын мəселелердегі негізгі ұстанымға айналуы тиіс деп санаймын. Əңгімелескен Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

ШАРАЙНА

Əлем жаѕалыќтары

350 полицей жўмыстан босатылды Түрік үкіметі 350-ге тарта полиция қызметкерлерін жұмыстан шығару туралы өкім еткен. ВВС ақпарат агенттігінің хабарлауынша, жұмыстан босатылған полицейлердің бəрі де ел астанасы Анкарада жұмыс істеген. Оларды жұмыстан босату туралы шешім өткен жылдың желтоқсанында туындаған сыбайлас жемқорлыққа қатысты дау-жанжалға байланысты қабылданып отыр. Осыған дейін хабарланғанындай, өткен айда Түркияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы рейд шеңберінде полиция елуден астам адамды қамауға алған болатын, олардың ішінде 3 министрдің баласы мен бірнеше ірі кəсіпкер бар. Бұл оқиға елде үлкен сілкініс туғызып отыр.

Зымыран сынаќтан сəтті ґтті Үнді əскерилері сейсенбі күні ядролық оқтұмсық алып жүруге қабілетті «Притхви-2» оперативтітактикалық зымыранды кезекті рет табысты сынақтан өткізді. The Times of India газетінің ақпаратына қарағанда, сынақ елдің шығысындағы Орисса штатында орналасқан «Чандипур» полигонында жүзеге асырылған. «Притхви-2» баллистикалық зымыраны толықтай Үндістанда əзірленіп, жасалған. Оның ұшу ұзақтығы 350 шақырымды құраса, пайдалы салмақ көлемі шамамен 500-1000 килограмды құрайды екен. Үндістандық əскерилер «Притхви-2» зымыранын соңғы рет 2013 жылдың желтоқсан айында сынақтан өткізген болатын.

Федералдыќ резерв жїйесін əйел басќарады АҚШ сенаты президент Барак Обама ұсынған Джанет Йелленнің кандидатурасын Федералдық резервтік жүйе басшысы лауазымына бекітті. Ол бұл қызметте Бен Бернанкені алмастыратын болады. Соңғы екі жыл бойы Дж.Йеллен оның орынбасары болып істеген болатын. Б.Бернанке сияқты Дж.Йеллен де экономистер арасында «көгершін» деген атаққа ие. Бұл олар үшін инфляциямен күрес емес, жаңа жұмыс орындарын құру басымдыққа ие болып табылады дегенді білдіреді. Ол өткен жылдың қыркүйегінде бұрынғы қаржы министрі Ларри Саммерс оппозиция қарсылығына тап болу салдарынан өз кандидатурасын қайтып алуына байланысты ФРЖ басшысы лауазымына бірден-бір кандидат ретінде қалған болатын.

Шаѕєыдан ќўлап, жараќат алды Германия канцлері Ангела Меркель Швейцарияда шаңғымен серуендеп жүріп жамбасынан жарақат алған. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы журналистерге дүйсенбі күні хабарлаған көрінеді. Оның айтуынша, Меркель шаңғымен өте жоғары жылдамдықта сырғанаған. Bloomberg агенттігінің хабарлауына қарағанда, Германия үкіметінің басшысы дəрігерлердің оған төсек режімін сақтауды талап етуіне байланысты таяудағы үш аптада белгіленген кездесулерін кейінге қалдыратын болады. Бұған дейін Меркель 8 қаңтарда Варшаваға барады деп белгіленген болатын. Сонымен бірге, канцлердің өз үйінде отырып жұмыс істей беретіні жəне сəрсенбі күні министрлер кабинетінің кездесуіне қатысатыны да белгілі болып отыр.

Премьер президент сайлауына ќатыспайды Литваның премьер-министрі, социал-демократтар лидері Альгирдас Буткявичюс əріптестерінің сайлауға түсуге шақыруына қарамастан, өзінің президент сайлауына қатыспайтынын берік түрде мəлімдеді. Социал-демократиялық партияның президиумы президент сайлауына Еуропарламент мүшесі Зигмантас Бальчитистің кандидатурасын қолайлап отыр. Дегенмен, оның кандидатурасы əзірге ресми түрде ұсынылған жоқ. Ал партия төрағасының орынбасары, денсаулық сақтау министрі Витянис Повилас Андрюкайтис дүйсенбі күні өзінің премьерді президент сайлауына түсуге үгіттеп көруге тырысатынын атап өткен.

Атаќты медиамагнат ґмірден озды Азиядағы ең ықпалды медиамагнаттардың бірі, Shaw Organisation медиакорпорациясының негізін қалаушы Ран Ран Шоу (Шао Жэньлэн) 107 жасында Гонконгта қайтыс болды, деп хабарлады британдық ВВС корпорациясы. Өзінің бауырымен бірге Ран Ран Шоу кунг-фу туралы фильмдерді кеңінен таратумен айналысқан Shaw Brothers Studios кинокомпаниясының негізін қалаған болатын. Онда сол сияқты бірқатар кең танымал телешоулар мен мыңға тарта кинофильмдер де жасалды. Олардың арасында бірқатар беделді сыйлықтарға ие болған «Атышулы күң» атты тарихи драма да бар. Медиамагнат сол сияқты қайырымдылықпен де белсенді айналысып, медицина жəне білім беру мекемелеріне қаржы аударып тұрды.

Британ премьері атына сын айтты Польша сыртқы істер министрі Радослав Сикорский дүйсенбі күні Ұлыбританияда жұмыс істейтін, ал отбасылары Польшада тұратын поляктарға отбасылық жəрдемақылар төлеуге қарсылық білдірген британ премьері Дэвид Кэмеронның атына сын айтты. Егер Ұлыбритания біздің салық төлеушілерімізді қабылдайтын болса, онда ол оларға тиісті жəрдемақыны да төлеуге тиіс емес пе? Олай болса неліктен польшалық салық төлеушілер британдық салық төлеушілердің балаларын субсидиялауға тиіс. Польша сыртқы істер министрі осы сөздерді ағылшын тілінде өзінің Твиттерінде жазған көрінеді. Ал ол көптеген еуропалық бұқаралық ақпарат құралдарына тарап кеткен. Интернет материалдары негізінде əзірленді.


5

www.egemen.kz

8 қаңтар 2014 жыл

● Өнеге өрнектері «Сəбит Оразбай», «Асанəлi Əшiмұлы». Сiрə, бұл – баспасөзде өткен ғасырдың 60-жылдары басталған есімдер. Жəне бұл өзi теңiздей телегей, терең тақырып. Iлгерiректе бiреудiң: «Осыларды неге айналдыра бересiң?» дегенiне қарадай күйiп-пiскенiм бар. Оның пендешiлiк ойының ненi меңзеп тұрғаны белгiлi едi. «Құдай-ау, талант ортақ емес пе, бəрiмiз де туысқан, жерлес емес пе едiк», демеймiн бе? Тiптi, оған Сабыр Адайдың: «Көрсетпе, Құдай, сен ендi ноқталы жаттың жетегiн, Асыр сап асыл ұл-қызым сүйдiрсiн гүлге етегiн. Əр қазақ – менiң жалғызым. Жалғыздың тiлеп тiлегiн, Жалғаннан мəңгi өтемiн!» деген өлең жолдарын шырылдап тұрып оқығым келген. Ұшқыр уақыттың өзi қазiр сол ойымызды өз биiгiне алып шыққан екен. Шынында: «Осыларды неге айналдыра беремiз?». Былайша айтқанда, «дұрыс» сауал қойып отыр. Расында, ойланбаған екенмiн. Соның кiлтiн ендi тапқан тəрiздiмiн. Райымбек («сахнаның ақыны» – Қ.Мырза Əлі), Есболған («мұрнына дейiн күлетiн əртiс» – Р.Нұрғалиев), Əнуар («қорғансаң – қалқан, сiлтесең – семсер болған» саңлақ – А.Сүлейменов), Асанəлi – («Алаштың ақтаңгерi» – А.Сейдiмбек), Сəбит («Сүйеу қартпен құбылыс жасаған» – Ə.Сығай). Бұлар – бозбала кезiнен жұптарын жазбай өткен жүйрiктер. Таланттың кеңдiгi сонда, Асекең де, Сəбең де өзiнiң кiтаптарында, əр кездегi толғаныстарында олардың айрықша дарыны, алабөтен қасиеттерi туралы айтады да отырады. Асекең: «Тiптi, менi осылардың артына сол үшiн де қалдырған болар», деп те жазды. Жазу, айту өз алдына, қолдан келгенше, солардың отбасына қолғабыс етiп, есiмдерiн есте қалдыруда аз еңбек еткен жоқ. Мiне, кең таланттың кем таланттан бiр артықшылығы осында. Кем талант бүгiнге ғана қызмет етедi, кең талант келешекке қызмет етедi. Соншалықты дарынды бола тұра, соншалықты адамгершiл болу да көп жағдайда мүмкiн емес («Адам көп, адамгершiлiк аз»). Бəлкiм, осынау қасиет оларға гендiк код арқылы берiлгенiн былай қойғанда, алдындағы алыптар мектебiнен алып қалған тағылымы ма екен. Сөз жоқ, бұл мектеп болмаса, бəлкiм, Ыдырыстар, Фаридалар, Сəбиттер, Əнуарлар, Асанəлiлер болар ма едi, жоқ па едi. «Менi өлгенде Шəкеннiң қасына қойыңдар», деген Елағаңның (Е.Өмiрзақов) сөзi қандай сөз десеңшi. Сол аманатты Серағаңдар орындады. Мiне, осындай ұлы достық, алғаусыз ақиқат арқауына айналған мектептен өткен Асанəлiлердiң, Сəбиттердiң адамгершiл болмауына əддi қайсы?! Əдетте, талантты адамға жалғыздық тəн дейдi. Ол рас. Бұл – өмiрде де, өнерде де дəлелденген нəрсе. Абай да «атадан алтау, анадан төртеу» бола тұра («Моласындай бақсының, жалғыз қалдым тап шыным») жалғыздықпен алысқан. Толстой да, Достоевский де жалғыздықта өмiр сүрген. Атағынан ат үркетiн, абыройы аспандап тұрған, айнала қоршаған ағайыны бар Асекеңнiң де, Сəбеңнiң де өзiн жалғыз сезiнетiнi жалған емес. Əрине, қарапайым ой түйсiгiне салып айтсақ, халқының ортасында отырып, неге жалғыздық күйiн кешсiн. Алайда, бұлар өтiрiк өмiр сүруге дағдыланбаған. Өнерде де өтiрiк күлу, өтiрiк жылау аса қауiптi құбылыс екенiн тумысынан сезiнген. Көрер көзге қиянатқа шыдай алмайды. Барды бар, жоқты жоқ деп үйренген. Содан да болар, олар өздерiнiң жалқы екенiн бiледi. Олар – Асанəлi Əшiмұлы, Сəбит Оразбай. Қазiргi апаларымыз, басқа азаматтар «тəйт əрi» дей қоймас, бүгiнгi қазақ сахнасының екi абызы, тiрi шежiресi осы екеуi десек жəне артық кетпеспiз. Бұл екеуiнiң тағы бiр артықшылығы, жан серiгi – ой, парасат. Екеуi де асқан əңгiмешiл. Қазақшыл, ұлтшыл, елшiл, мемлекетшiл. Тəуелсiздiктiң арғы-бергi жылдарындағы екеудiң əңгiмесiне қазақ өнерiнiң тағдыры мен тұлғаларының қайсыбiрiнiң де өмiрi арқау болмаған кезi жоқ. Қаллеки, Елағаң, Серағаңдардан бастап, өз буыны одан кейiнгi буын туралы толғанбаған сəті сирек. «Алматы ақшамында» Асанəлi Əшiмұлының күнделiктерi жарияланды. Мұнда да театрдың тарихы тұнып тұр, өмiрөнер, əрiптестерi туралы толғану басым. Қазiрдiң өзiнде бiр кiтаптан асып кеткен Сəбит Оразбайдың əңгiмелерi «Жақсыдан сөз қалсын» деген айдармен жүйелі түрде «Алматы ақшамында» жарық көредi. Мұнда да – ел, театр өмiрi. Кейде осы екеуiн тiрi қойған тағдырға риза боласың. Сiрə, «талантты тану үшiн де талант керек» деген сөз рас. Бұлар бiр-бiрiнiң қадiрiн жақсы бiледi жəне басқа ортадағы орнын да жақсы сезiнедi. Себебi, дарынды адамдар. Бiр-бiрi туралы ақжарылып, бүкпесiз сөйлейтiнi де содан. «Жұрт Асанəлiнi азамат ретiнде де, үлкен шығармашылық тұлға ретiнде де жақсы бiледi. Елiмiздiң бетке ұстар актерi, режиссерi. Мен оның азаматтық үнiн жоғары бағалаймын. Ал актерлiгiне байланысты айтарым, мықты актерлер бар шығар, бiрақ, Асанəлiнiң орны бiр бөлек. ...Адам ретiнде достыққа, жолдастыққа адал. Өсек-аяңнан аулақ. Бiреудi қызғану, көре алмау деген табиғатында жоқ. Өнерiн өмiрiнен жоғары қойған жəне басқалардың да өнерiн бағалай бiлетiн азаматтардың бiрi... Қазақ өнерi үлкен қарашаңырақ болса, Асанəлi соның не шаңырағы, не ке регесi, не ұстыны деп айтар едiм.

Асанəлiмен бiз мақтануымыз керек. Мақтанамыз да!» деп Дулат Исабековтiң айтқаны осы екi кiсiге де арнап айтылған десе де болғандай. Олай дейтiнiм, «Алматы ақшамындағы» əңгiмелерiнiң бiр тақырыбын Сəбеңнiң қызғаныш деген қызыл итке арнағаны бар. Асағаңның өзi айтпақшы, «Бұларды дұшпандары, өздерi асырап ит еткен күшiктерi өсiрдi». Сөзiмiзге тағы бiр куəдүр ретiнде Сəбеңнiң мына бiр пiкiрiне құлақ салайықшы: «Ол түскен фильмдер қазақ киносының тарихында алтын əрiппен жа-

қоясыз? Бұл бұл ма, Сəбеңнiң əншiлiгiн, əн шығаратынын қайда қоясыз? Əн болғанда қандай! Қазiр жер-көкке сыймай аһылап-үкiлеп, ыңқылдап-сыңқылдап əн салғыш болып алған бiреулер осындай əн шығарса жанын қоярға жер таппай, төбеңiздi ояр едi. Жоқ, Сəбең оны өнерпазға тəн, қарапайым қалып деп қабылдады. «Тоқта ботам, атаң келед артыңда!», «Бүгiн менiң туған күнiм...», «Сүрiнiп кетпе» тəрiздi Мұқағалидың сөзiне жазылған əндерi ел жүрегiне ұялап қалғалы қай заман! 1982 жылы Ташкент жақта бiр ақсақалдың аузынан жазып

айтатын үлкен бар ма? Орта мектептерде «Тұлғатану» деген пəн енгiзу керек деп бiрнеше рет ұсыныс айтқан мақала жазып едiк, қолдаусыз қалдық. Бұл мiндеттi əзiрге газет рубрикасына айналдырып, өзiмiз атқарып жатырмыз. Бұдан шығатын қорытынды не? Есебiн тауып, мақтанып қалу емес. Айтайын дегенiмiз басқа. Таласбек Əсемқұлов бауырымыздың жазғанындай, француз қаламгерлерi арасында күнi бүгiнге дейiн бiр-бiрiне тiптi телефонмен сағаттап роман оқитын əдет əлi жоғалмапты. Ал бiздiң қоғамда бiр-

əжептəуiр сын еститiн жағдайға жеттiк. Халықтан биiк сыншы жоқ. Осының өзi де табанды еңбектің рухани жетiстiкке айналғанының бiр белгiсiн бiлдiрмей ме? Қазiр шынын айту керек, өтiрiк те өрге басып тұрған заман. Ал, өнерге өтiрiк жүрмейдi. Кешегi күннiң əңгiмесiн бүгiнгi тiрi шежiре Асекеңдер, Сəбеңдер айтпаса, ертеңгi күнi ол əңгiменi бiреулер өтiрiк айтуы əбден мүмкiн. Расында да, қазiрдiң өзiнде де өткен күннен естелiк айтушылардың бiрсыпырасының өзiнiң мүддесiн ойлай отырып, өзiн бiр жанашыр жан болғандай көрсетiп, өтiрiк қосып айтатыны да байқалмай қалмайды. Ал ендi бiр iрi тұлға туралы айта қалса, өзiн ол кiсiден бiр сəт те төмендетпей сөйлейтiндер бар. Сондай-ақ, сұхбат бере қалса, иə болмаса бiр мақала жаза қалса, сонысын бiреуден есе қайтару үшiн ұтымды пайдаланып, əр тақырыпқа, əркiмге бiр ұрынып, ақыр соңында өзiнiң пендеуи пиғылынан хабар берiп алатындар да бар. Əрине, мұндайдың бəрiн кемеңгер халық, ойлы оқырман бiле қояды. Ал, ендi Сəбеңнiң əңгiмелерiнде соның бiрде-бiрi жоқ. Əрине, Алла тағала əу баста соншалықты дарын берген соң, сол дарынның қосалқы бөлшектерi, ағымдары – сезiмнiң, əсiрешiлдiктiң сарындары болмай қалмауы да мүмкiн емес қой. Өйткенi, ет пен сүйектен жаралған пенде ғой, бiрақ, бiр де бiр фальш жоқ. Белгiлi бiр тұлға туралы айтқанда өзiн жөнсiз тықпалау жəне жоқ. Əңгiменiң əсерлiлiгi сонша, сол тұлғаны биiктетiп жiберiп, өзi соның тасасында қалып қояды. Сондықтан да көпшiлiк оқырманның сүйiспеншiлiгiне, көзайымына бөленген осы бiр жобамыздың рухани олжаға айналғанына мақтанамыз. Қысқасы, Шəкен Айманов қайтыс болған жылы туған балалар алып Айманов туралы «естелiк» айта бастаған тұста бастап кеткен бұл жобамыздың орынды болғанына бек қуаныштымыз. Ең алдымен өткеннiң əңгiмесiн отыз сегiз жасында өте күрделi образ Сүйеу қартты сомдап, құбылыс жасаған Оразбаевтың айтуы да заңды. Аяулы Асағаң халқымызды өзiнiң шытырманға толы күнделiктерiмен, Сəбең шуаққа

Ќос ќанат Қали СƏРСЕНБАЙ,

Қазақстанның еңбек сiңiрген қайраткерi.

зылған туындылар. «Қыз Жiбек» қандай, «Атаманның ақыры», «Транссiбiр экспресi» қандай! «Қыз Жiбекте» Бекежанның рөлiн Құрманбек Жан дар бековтен кейiн жерiне жеткiзiп орындаған осы – Асанəлi». «Сəбит қалай жақсы айтқан», деп балаша қуанды Асағаң. Əрине, жақсы айтады. Адалдық айтқызып тұр ғой. «Мұндай сөздi Дулаттан күтпеген едiм», дедi. Əрине, күтпейсiз. Өйткенi, бiреу айқайлап айтады, бiреу үнсiз ғана iштей мойындайды, сүйсiнiп жүредi, онысын бəрiбiр бiр күнi ақтармай тұра алмайды, себебi, талант бiр-бiрiн танымай тұра алмайды. Бұл – шын талантқа, классик адамға ғана тəн қасиет. Кешегi Оралхан, Ақселеудей үзеңгiлестерiнiң айтқанын бүгiнгi қазақтың классик қаламгерiнiң жаңғыртуы заңдылық. «Сəбит Оразбай – ұлттық өнеріміздің бəріміз мақтаныш етер тұлғаларының бірі». Асекең Сауытбек Абдрахмановпен («Егемен Қазақстан», «Шеберліктің шыңы – шындық», 30.10.2013) сұхбатында осылай деді. Мiне, бұлар осылай. Бiр-бiрi туралы осылай төгiледi. Асекең əдеттегi юморымен-ақ, кiшкентай бiр детальмен-ақ «бұның бiр кемшiлiгi бар, бiр-ақ əйелi бар» дегенi – Сəбеңнiң адам ретiнде де, өнерпаз ретiнде де тума, таза талант екенiне ақсамас айғақ. Бұдан асырып та айтып жүр. Ал, мынау əрi əзiл, əрi естен шықпайды. Риясыз. Шынында да Сəбең туралы бiр жылдары «Тазалық туралы толғаныс» деп жазып едiк. Соны Асекең де растап отыр. Талантты адам қашанда талантты. Бұлардың тiптi өтiрiгiнiң өзi шындыққа бергiсiз ғой. Бұлар – бiр соқпаққа түсiп алып, жұртты жалықтырудан ада, жан-жақты талант. Кiсiге көлеңкесiн емес, шуағын түсiретiн талант. Өзi талантты адамның қыры мен сыры да көп. Бiрi сурет салса, бiрi сурет түсiредi. Жəне сол суретiнiң астына мəндi, мазмұнды мəтiн де жазып қояды. Мəселен, Асағаң Ыдырыс Ноғайбаевтың суретiн салады да, астына: «Батыр бейнелi, бойлы, үндi, ырысты, сағындым Ыдырысты», не болмаса Серағаңның суретiн салып: «Мiнезi баладай, ойы данадай, қайран Серағам-ай!» дейдi. Көңiлде тез жатталып қалады. Талант қайда да талант, ал, не iстейсiз? Сəбең – фотоөнердiң хас шеберi, тiптi, бұл кəсiп ол кiсiге алданыштан гөрi, өмiрiнiң бiр алтын арқауына айналған. Бүгiнгi əкемтеатр мұражайындағы сарғайған суреттерде Сəбеңнiң шебер қолтаңбасы жатыр. Ал ендi сол суреттi түсiрiп қана қоймай, шығарып, астына мəтiнiн жазып, өзiңе ерiнбей-жалықпай əкелiп беретiн ұқыптылықты қайда

алған «Төле бидiң толғауына» да өз жанынан ғажап мақам қосып, елдiң туындысына айналдырып жiбердi. Күнi кешегi телетеатр «Қымызхананы» жұрт неге сағынады? Сəбит Оразбайдың термешiлiгi, əншiлiгi осы «Қымызханада» мүлдем бөлекше қырынан көрiндi. Халқымыздың жадынан өше бастаған, тек жергiлiктi жерлерде ғана жылт етiп көрiнетiн осы бiр алтын бастау – дəстүрлi өнерiмiздi сол жылдарда қайта жаңғыртып, үйiрiне қосқанның бiрегейi де Сəбең едi. Сол жылдарда Жамбылдың Өтеген дастанын радиоға жаздырды. Жəкеңнің Сүйiнбайдан алған батасын Сəбеңдей айтатын адам сирек. Қысқасы, небiр қисса, дастандарды талмай айтып, актерлiк өнердiң бiр қанатына айналдырғаны жəне осы қасиеттiң осы буын өкiлдерiне көбiрек тəн болып, кейiнгiлерге дарығаны да – айтып болмайтын шындық. Менiң бiр қайран қалатыным, бұл кiсiлерде жауапкершiлiк өте күштi. Бiреулер үшiн белгiлi бiр тұлға туралы айта салу оңай көрiнсе, бұлар кəдiмгiдей толғаныс күйiн кешiп айлар бойы жүрiп алады. Бiрде Сəбең: «Осы бiр кiсiге бара алмай жүрмiн. Салық Зимановты айтамын. Бұл бiр заңғар адам. Жүрiстұрысы, сөйлеу мəдениетi, шешендiгi, өлшеусiз бiлiмiне өмiр бойы қайран қалдым. Шоқаннан кейiнгi қазақтың билерiнiң ұстанымын ғылыми айналымға енгiзген бiртуар жандардың бiрi едi ғой. Желтоқсандағы сөзiн айтсайшы. Түбi бiр айтармын-ау, бiрақ, əзiрге жүрегiм дауалар емес», дейдi. Мiне, өзi əлдеқашан тұлғаға айналған адамның тұлға туралы қалам тербеуге жүрексiнiп жүруiнiң өзi түйсiне бiлген адамға қандай тағылым десейшi. Өзiмiз де күнi кешеге дейiн қай жерде, қандай жиынға Зиманов қатысады десе, елден бұрын барып отырушы едiк. Мiне, сол ұлы тұлға туралы ойымыздың ендi келiп бiр арнада тоғысуын қараңызшы. Сəбеңнiң Өзағаң, ұлты үшiн өзiн де, өзгенi де аямаған, аянбаған, ұлтының ұлы мұраты жолына денсаулығын берген Өзбекəлi Жəнiбеков туралы телефон шалулардың бiрiнде мерейленiп айтқаны бар едi. Мархабат көкемнiң мəнерiмен сөйлесек, бiрде «Хабарға», «Таңқалмаңызға» сұхбат берiппiз. Өзағаң туралы өзекжарды ойымызды айтыппыз. – Өзағаң туралы жақсы айттың, – дедi қашанда сергек Сəбең. – Немерелерiм: «Ол кісі кiм болған?» деп сұрады. Сенiң арқаңда олар да бiлiп қалды, жақсылап айтып бердiм. Мен де қуанып қалдым, əрине. «Өзағаң кiм?» деп сұрайтын бала бар ма қазiр? Болмаса сол балаға өмiрден осындай тұлғалар өткен деп көшелi əңгiме

бiрiмiздi оқымайтын, оқыған күнде де үнсiз қалатын бiр дерт бар екенi рас қой. Бұл екi кiсi де мұндай кеселден аман. Оқып қана қоймайды, ойын ашық, бүкпесiз айтады. Ойыңа ой, пiкiрiңе пiкiр қосады, кiсiнi қанаттандырып жiбередi. Пенде ғой, егер бұл кiсiлердiң бойында кемшiлiктер болса соны жүйелi түрдегi оқумен, iлiм-бiлiммен жойып келе жатқан жандар. Шетiнен шебер бұл буынның бiз əңгiме етiп отырған осы екi өкiлiнiң осы жасқа келiп, сүйiктi болуы екiнiң бiрiнiң маңдайына жазылмаған. Осының бəрi – өмiрге, өнерге, айналасына адалдықтың, тазалықтың арқасында келген абырой. «Абырой Алланың қасында», дейдi. Сол армандай алыс, асқақ абыройды Алла бұл екеуiне үйiп-төгiп бердi. Ең бастысы, соны ұстап тұру да – шын таланттың қолынан келетiн тiрлiк. Асекеңнiң өзi айтпақшы: «Бiреулерге атақ берген, бiреуге соны ұстап тұратын абырой бермеген», бұл екеуiне берген. Рухани мұратқа адалдықтың, елге қызмет етудiң нəзира үлгiсi осындай болады. Екеуiн қатар көрген сайын ұлт абыройы қол ұстасып келе жатқандай күй кешесiң. Бiр-бiрiнiң бағасын бiлу, өзгенiң де бақытын бағалау, аялау деген осы. Осы бiр асыл туған тектiлiк өнердегi қай буын өкiлдерiне де жұғысты болса екен дейсiң. Осының бəрi қайдан басталды? «Бұлақ басынан тұнады», деген сөз бар. Бұлар – адал сүт емгендер. Осынау ұлы достықтың басында қайран бiздiң арды ойлаған шешелер тұр. Сəбеңнiң, Асағаңның аналарынан қалған қасиет бұл. Мiне, сол алтын үзiктi үзiп алмай бүгiнге жалғап келе жатқан жам поздардың асыл қасиетiн жаза алсақ, жеткiзе алсақ, қанекей? Ал ендi бар ғой, бұл тақырыпқа бiр кiрсеңiз, тек нұрланасыз да отырасыз, оның шет-шегi көрiнiп бiтпейдi, ерке желдей есiп отырып жазуға болады. Бұл тақырып Асекеңнiң кiтаптарында, Сəбеңнiң жазбаларында жеткiлiктi айтылады. Аса бiр жоғары деңгейге көтерiлмеген бүгiнгi рухани сұраныстың орнын, бос кеңiстiктi Сəбит Оразбайдың ауызша əңгiмелерiнiң қағазға түскен нəзира нұсқаларының толтыра бастағанын ендi жасыра алмаймыз. Өмiр мен өнердiң талай өткелегiнен өткен Сəбеңнiң өзi де əуелде осы тiрлiгiмiз қалай болар екен деп сəл толқу күйiн кешсе де, қазiр өзiнiң бұл əлемге кiрiп кеткенi сонша тоқтай алатын түрi жоқ. Таяуда осы жарияланымдар «Алматы ақшамының» кітапханасы» сериясы аясында «Өмірдің өзі – театр» деген атпен жеке кітап болып жарық көрді. Қысқасы, газетiмiздiң тұрақты авторына айналған Сəбеңнiң жарияланымдары белгiлi себептермен жарық көрмей қалса, оқырмандардан

толы тартымды əңгiмелерiмен тамсандырып жатыр. Бұлар неге мықты, неге текшiл?! Өйткенi, олар Қаллекишiл, Шəкеншiл, Елубайшыл, Серəлiшiл, Сəбирашыл болды. Ал, бiз Өзбекəлiшiл, Сəбитшiл, Асанəлiшiл болдық. Бiзден кейiнгi, одан кейiнгi буын кiмшiл болар екен?! Бұл – мəселенiң мəселесi. Өйткенi, Құман мен Меруертке барып отырып: «Сiздер қандай фильмде ойнадыңыздар?» деп сауал қоятындардың кiмшiл болатынын ойлаудың өзi қауiптi. Қос абыздың бүгiнгi жеткен абыройатағы, сөз жоқ, өзiнiң Алла тағала берген дарыны, талантының арқасы. Абыройатақтың өзi бiреулерде жасанды болады. Олар ұмытылып қалмас үшiн тiлi мен жағына сүйенiп, қазымырлана сөйлеп, жасандылықтың шыңына шығып, қайтақайта кеш өткiзiп, тіпті, той-томалақ басқарып, сол баяғы алдамшы атағын сақтап қалу жолында тыным таппайды. Бiрақ, не жылуы, не нəрi жоқ ондай орташа таланттардың болашағы да жоқ, жадыдан тез өшедi. Мұндайда құр босқа таусылып сөйлеудiң қажетi жоқ. Ойымызды кемеңгер Асқар Сүлейменов айтып қойыпты. «Өтiрiктi айта берсең, шындыққа айналады, ал шындықты айта берсең, қартайып, өтiрiкке айналады». Ал мынадай дарынды адамдарды, Тəңiрi айрықша жаратқан жандарды атақ-абырой өзi iздеп келедi. Олар «халқым менi ұмытады-ау» деген ойдан мүлдем ада. Тəуелсiздiктiң жиырма жылдығында Асекең екеумiздiң «Егемен Қазақстанда» сұхбатымыз шықты. Сонда: «Жұрттың бəрiнде бизнес бар, белгiлi адамдар абыройын алға тартып, өзiнiң бизнесiн жасайды. Осы жағы сiзде қалай шешiлген?» – деп сұрақ қойдым. Асекең: «Менiң бизнесiм – өзiмнiң жиған абыройым, атағым. Ешкiмнiң алдына ештеңе сұрап барған емеспiн. Үй салсам да, мешiт салсам да, маған абырой-атағым салып бердi», – деп жауап берген едi. Расында, Оразбаевтар, Əшiмовтер – пендеуи дүниеден қашанда биiк. Теңiздерде, мұхиттарда алысқа жүзетiн алып кемелер сияқты, өмiрдiң ұсақ-түйегiне мəн бермейдi. Өйткенi, шынайы талант. Ал дарынды адам – бар жағынан дарынды. Егер Асанəлi де, Сəбит те актер болмаса, басқа салада да дара шығар едi. Өйткенi, Тəңiрi өзi айрықша етiп жаратқан. Мəселен, Асекеңнiң актерлiк, режиссерлiк, лекторлық өнерi өз алдына. Оның сыртында қалам ұстайтыны да бар. «Алматы ақшамында» бiр жылдай күнделiгi жарияланды. Сол күнделiктерiнiң барлығында елдiң тарихы, мұңы, қуанышы тұнып тұр. «Майраның əнi», «Жан бөлек» атты кiтаптары жарық көрдi. Кейiнгi кiтабына редактор болдым. Бiр жыл мұрағатына

түсiп отырып бес томдығын дайындадым. Қаншама қазынаға кезiктiм. Сонда түйгенiм – бұл кiсiнiң жазушылық қабiлетi де жоғары. Ал ендi айтқыштығы, от тiлдi орақ ауыздылығы өз алдына. Айтқыштығы дегенде, ел есiнде жүрген əзiлдерiн былай қойғанда, кейде ел көкейiндегi ойды сахнадан айтатынын жұрттың бiрi бiлсе, бiрi бiлмеуi мүмкiн. Мəселен, «Апат» спектаклiнде Асан шал – Асағаңның қамығып, iшi өртенiп тұрып «жердi сатпаңдар» деп арыстандай ақырып жiбергенi бар едi. Сол тұстағы ең өзектi мəселенi ол сахнаға осылай алып шыққан. Кейiннен сол спектакльге қатысып отырған бiр шенеунiктiң зəре-иманы қалмады деп те естiдiк. Сол спектакльде ғой деймiн: «Ей, адам жерге табын!» деп, мəртебелi ақынымыздың сөзiне жылдар өткен соң түзету енгiзгенi жəне бар. «Қазiргi талғам мəселесiн ойласам, мынадай бiр түсiнiк, өлшем қалыптасып бара ма деп қорқамын. «Голливуд жұлдыздарының» өнерiн көрiп өсiп жатқан бүгiнгi аңғал, ұрыншақ ұрпақ «актерлiк өнер дегенiмiз, шын актер дегенiмiз осы екен ғой» деген ойға табан тiреуi де хақ. Олардың көбісі жақсы спортшы, каскадер шығар, бiрақ, актер емес. Олар образға ене алмайды, өйткенi, көрген мектебi жоқ. Қазiргiнiң тiлiмен айтсақ, шын мəнiндегi актерлер емес, «боевиктер». Бүгiнгi көрермендер бiр сəттiк қана сыртқы əсермен, алданышпен өмiр сүрiп жатыр. Ал актерлiктiң кiсiнiң iшiне сəуле түсiретiн құдіреттi, тектi, бекзат өнер екенiн кiмнен сұрасақ екен?! Менiң құрметтi профессорларым бұған не дейдi? Амал жоқ, осы бiр барақатсыздау сауалыма өзiмдi-өзiм шамам келгенше жауап беруге мəжбүрлеп, ұлы актриса Майқанованы актерлiктiң эталоны етiп алған жағдайым бар». Асанəлi Əшiмұлы «Қазақ актрисаларының Қаллекиi» атты мақаласын осылай бастайды. Бұрын өз жақсыларымызға өз iшiмiзден теңеу таба алмай жатушы едiк. Асекең Сəбираға теңеудi өз iшiмiзден табады. Жəне кiмге теңейдi десеңшi!? Осы мақаланың бастауындағы сөздiң өзi бiздiң бүгiнгi биiгiмiз, өлшемiмiз туралы толғануға жетiп жатыр. Кешегi биiктiк бүгiнге өлшем бола ма? Бiз неге одан да биiк болмауымыз керек? Актерлiктi саф өнер, бекзат өнер биiгiне көтерген Асанəлi, Сəбиттердiң бүгiнгi өз соқпағын, өз болмысын табуға тиiстi кейбiр əрiптестерi неге Голливуд, Болливуд «жұлдыздарын» биiк көредi?! Шынайы өнер, шын өнер қайда? Ұлы өнер, бекзат өнер, асыл тектi ақсүйек өнер қайда, кешегi күнмен қалып қойды ма? «Кiсi болмысына енетiн өнер» дегенде ұлы Абай актерлiктi де ойлаған боларау?! Сол ұлы ұстаз айтқан болмысты неге iздейдi, неге сағынады Асағаңдар, Сəбеңдер?! Бiрде сол «боевиктердiң» биiгiне шыққан Джеки Чан теледидардан көзi жасқа шыланып: – Жұрттың бəрi менi жұлдыз дейдi. Мен боевикпен жұлдыз болғым келмейдi. Үлкен образ жасағым келедi, шын актер болғым келедi. Шын жылағым келедi, шын күлгiм келедi, – дедi. Шын жылау, шын күлу. Сəбиралардың ойынын Чандар көрмесе де, бiз көрдiк қой. Осынау сахнаның жаны дерлiк егiз стихияның көкесiн көрсетушi едi-ау, солар. Олардың тiрi күнiнiң өзiнде аңызға айналғаны сонша, тiптi, бұл кiсiлер ойнағанда театрға жедел жəрдемдi шақыртып қояды екен дегендi де естiгенбiз. Сiрə, бұл – жаһандық проблема. Бұл – əлi де болса бiздi iздеп тауып алатын жаны сiрi еуроцентристiк көзқарастың бiздi айналшықтап, өкшелеп қоймай жүргенiнiң белгiсi. Асекең мен Сəбеңнiң ойлайтын қаупi осы. Ол қауiп бiзге келдi, əлдеқашан келдi. Əлемнiң озық ойлылары сенiң өнерiңнен əлемдi, голливудтық ықпалды iздемейдi, сенi iздейдi. Сондықтан, ең алдымен, өзiңдi өзгертiп, өзiңдi бейнелей алсаң ғана, өзгелер сенi мойындайды. Сенiң өзге болғаның өзгеге керек емес. Екi абыздың да осылай ой теңiзiн кешiп келе жатқанына қаншама күндер, қаншама түндер өттi екен?! Оларды осындай ой жосығы қаумалап алған. Мiне, қос абыздың осы ойы қазiр бiздiң өнерге керек-ақ болып тұр. Керек болса, қабылдар, болмаса, бiрi бар өшiн күнделiктен алып, бiрi əңгiмесiн айтып жаздыртып қояр. Бүгiнге керек болмаса, келешекке қажет болар деген ой. Бiзде баламен де, шағамен де айтысып, əркiмге бiр ұрынып алдағы ақсақалдығы беймəлiм болып тұрғандар да бар. Ертең солар ақсақал болады-ау деген жайды ойлаған сайын төңiрегiңде бiр мұң иектеп жүрiп алады. Қашанда ел деп елеңдеп, елегiзген осы бiр ерекше екеудiң ойын оқыған сайын кiмнiң болса да тынысы ашылып қоя беретiнi сөзсiз. Сол елдiң басы Елбасының қайсыбiр кездесу сайын екеуiне ерекше елжiрейтiнi тегiн дейсiз бе? Өнерге өлермендiктi, қаскөйлiктi, бүлдiргiнi алып келумен өмiрi өтiп бара жатқан əлдебiреудей арбау, арандату, алдаумен емес, Алаштың алдағы абыройына алаңдаумен таңы атып, күнi бататын ерекше екеуден үйренетiн нəрсе көп. Бiз бұл жолы мақаламыздың ықшамдалған нұсқасында соның бiр тамшыдайын ғана сөз ете алсақ, ол да бiр жетiстiк. Ортамызда ұзақ жүрiңiздершi, қазақ сахнасының қасиет қонған қос қанаты! АЛМАТЫ.


6

www.egemen.kz

8 қаңтар 2014 жыл

 Зерде

 Тағдыр

Таяуда ғана дүниеден өткен белгілі ақын, мемлекет жəне қоғам қайраткері Кəкімбек САЛЫҚОВ газетіміздің белсенді авторларының бірі болатын. Ол кісінің ұшқыр қаламынан туған талай мақалалар мен өлеңдер «Егемен Қазақстанда» жиі жарияланып тұрды. Ақын қайтыс боларынан аз ғана уақыт бұрын редакцияға келіп, өзінің соңғы кездері жазған бір мақаласын өз қолымен тапсырып еді. Қаламгер ағамыздың сол бір дүниесін, рухы риза болсын деген ниетпен, бүгін оқырмандар назарына ұсынып отырмыз.

Кəкімбек САЛЫҚОВ.

Із

Кейде, бір досыңды еске алғанда, аса қадірлі деуге татитын бір мінезі естен қалмай, жақын тарта түседі. Өлкеміздегі белгілі қоғам жəне мемлекет қайраткері, Ұлы Отан соғысының жəне еңбек ардагері, Жезді, Ұлытау аудандарының құрметті азаматы, ел ағасы болған Мəкен Төрегелдинді көп жылдар аралас болғандықтан жақсы білемін, жақсы көремін. Ал, естен кетпес бір ғажайып мінезі өмір құбылыстарын алыстан сезгіш қырағылығы, сақ қырандай сергектігі мен алдағы нысанаға жан-тəнімен беріле құлайтындығы қуантатын. Көкірегінің көзі бар, керек істі алыстан болжай білгіш кемеңгерлігі аса жинақы көсеми мінезінен туындаған деп түсіндім. Бұл туралы Л.Н.Толстой: «Ұлы іске ұмтылсаң, жаныңның барша күшін бір бағытқа ұмтылту керек», деген екен. Сол сияқты қандай жұмысты қолына алса да, одан белгілі нəтиже шығарғанша Мəкен аға тынбайтын. «Жетіқоңыр», кейін, ХХІІІ партсъезд атындағы қой шаруашылығымен айналысатын совхозда директор болып жүргенінде алғашқы рет кездескенім бар. Мен Қ.Сəтбаев атындағы Жезқазған кен-металлургия комбинаты парткомының хатшысы кезім, бірде əдейі арнап іздеп келіпті. Шаруасын айтып алдында бірер күн бұрын телефонмен уəделескеніміз бар. Сол келісім бойынша жақсылап сұхбаттастық та, мəселенің түйіні совхозға комбинаттың көмегінің қажеттігі болғандықтан, комбинаттың директорына алып бардым. В.Гурба екеуі таныс екен, шүйіркелесе кетті. Мəкен аға шаруасын айтып, екеуміздің алдағы демалыс күні түске таман совхозға келуімізді сұрады. Виктор Васильевич келісімін берді, тек қана балықшыларды ертерек аттандыратынын ескертті. Сарысудың бір жақсы жағалауына орналастыруын сұрады. «Ол сөз емес, бəрі орынды шешіледі» деп Мəкең аттанып кетті. Біз Жетіқоңырға барғанда көктемнің жазға салым ең бір шуақты да қызықты кезі ғой, қызғалдақтар бүкіл далаға сəн беріп, ал сол жылы шайыр өте қалың шықты. Оны жинауға кеншілер рұқсат сұрап, жазда малға азық дайындайтынын жақсы білетінмін. Биылғы шайыр көз қуантты, күміс сағым жылт-жылт етіп ойнап тұр, алыстан төлін шұбыртып ақ бөкендер өтті. Бəрі қызық, бəрі қуанышты, ал, Жетіқоңырға жетіп, директордың кабинетіне кірсек, қырғын айғай, аласапыран айтыс жүріп жатыр. Директормен қатты қаһармен дауласып жатқандар əскери адамдар, бір полковник жəне подполковник пен капитан бар. Ауылдың адамдарын үйлерінен шығарып көшіруге дайындаңыз, қару-жарақтың ашық жарылған сынағы өткеннен кейін адамдарыңызды қайтадан əкеліп береміз дейді. М.Төрегелдин: «Біз сіздердің бұл əрекеттеріңізден жалықтық, бұйрықтарыңызды орындамаймыз» деп қасарысып бой бермей тұр. Сол кезде Гурба да кірісіп кетті, өзінің кім екенін сыпайы ғана таныстырды. Баппен бастап: «Жолдастар, сіздер Ұлытау маңайын, Сарысудың жағалауын мүлде былықтырып, барлық адамдарды мезі қылдыңыздар, тексере келсе жаман ауруға да шалдықтырып бердіңіздер, ендігі жерде бұл бассыздықты құрту керек», деп тоқтады. Əлгі полковник: «Онда сіздің хақыңыз жоқ, кіріспеңіз. Біз Қорғаныс министрінің бұйрығын орындап жүрміз», деп шапши бастағанда, Гурба «жарайды ендеше» деп, Қарағандыға телефон соғып, тез арада сол кездегі облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Н.Банниковке бірнеше жылға созылған барлық ауыр жағдайды айтып, «тоқтатуыңызды сұраймын» деді. Көп ұзамай əскери жігіттерге Сарышағандағы ең зор бастығы телефон шалып, жедел қойғызды. Мəкен ағай: «Рахмет, Виктор Васильевич,

бес жылғы соғыстан аман оралғанда, енді мына халқымның осындай қасіретке ұшырап жатқанын көріп, жанымды қояр жер таба алмай жүр едім», деп көзін сүртті де, шай алдырып, райынан қайта бастады. В.Гурба Еңбек Ері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Орталық Партия Комитетінің мүшесі, КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болғандықтан, Мəкен аға: «Дұрыс болды сіздердің келгендеріңіз, енді бұл масқараны толығымен тоқтатуға атсалысыңыз», деп асқынған апатты түбірімен тоқтатуға кірісті. В.Гурба: «Макен Торегельдинович, вы об этом напишите и это заявление привезете мне», деп тікелей айтты. Əне, содан кейін бұл қорлықтан ел-жұрт арыла бастады. Қайда барсаң да, тіпті, Жезқазған мен Сəтбаев қалаларының арасында да бүкіл совхоздарға баратын жолдарда да дөңкиіп, атылған ракеталардың қалдықтары жататын. Ендігі жерде оны жинайтын жəне ғарышқа атылған ұшақтардың қалдықтарын қоса əкететін арнайы əскери бөлімше пайда болды. Мəкен Төрегелдин 1923 жылы 9 мамырда Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Қарсақбай кентінде дүниеге келді. Алғашқы білімді Қарсақбай орта мекте бінде алды. Кейінгі жылдары Қарқаралы зооветтехникумын, Жоғары партия мектебін тəмамдады. 1939 жылы 16 жасында Қарсақбайдағы Жезқазған мыс комбинатының геологиялықбарлау конторында қатардағы жұмыскерден бастап, тыңғылықты еңбекқорлығымен көзге түсіп, коллекторлық жұмысқа көтеріліп, одан кейін лаборанттық дəрежеге жетті. Бұл кезде Жезқазған мыс комбинатының геологиялық бөлімін, содан кейін Геологиялық дербес конторын Қ.Сəтбаев басқарыпты. Мəкен Төрегелдинге тағдырдың тартуы бұйырып, қазақтың ұлы ғалымы Қ.Сəтбаевтың қарамағына ілікті. Нағыз арпалысты жұмыстың қызу кезі болатын, аз уақытта Жезқазған кен орнындағы мыстың қорын күрт көбейту жолындағы аласапыран жұмыста коллекторлар, лаборанттар майдандағы жауынгерлерге ұқсап жан аямас талпыныспен өз міндеттерін мінсіз орындайтын. Ұлы ұстаздың ұлағатты саясында қызмет ету Мəкен Төрегелдин үшін үлкен бақыт болып, бүкіл өмір жолын меже шамдай айқындап тұрды. 1942 жылдың ақпан айында Мəкен Төрегелдин өз еркімен сұранып, əскер қатарына алынды. Жалынды жас жігіт Украинадан Ташкентке көшірілген Қызыл Тулы Харьков əскери-химиялық училищесіне оқуға жіберілді. Ұлы Отан соғысының ауыр жағдайы тəртіпті де орнықты Мəкен Төрегелдиннің оқуға, соғысқа деген жауапкершілігін əлдеқайда күшейте түсті. 19 жасар қыршын жас қазақ лейтенант атағы бар командир ретінде Сталинград түбінде соғысқа кірісті. Алғашқы кезде взводтың командирі болса, көп ұзамай жинақы да қажырлы мінезі мен патриоттығы ескеріліп, ротаның командирі болып қызу айқаста жүрді. Қарсақбайдан келген жас қазақ үшін бұл зор мəртебе ішкі намысын қыздыра түсті, айбынды командир талай ерлік көрсетті. Сталинградтан кейін Украина, Бессарабия, Румыния, Болгария, Венгрия, Югославия,

Австрия (Лиенц), Альпі тауларындағы жол жоқ, тайғақ кешуі көп қиын да, аса күрделі жорық жолдарынан жеңімпаз айқастармен өтуде ұлы жеңістің куəгері ғана емес, тамаша жеңіскерлердің бірі болып есен оралды. Елге келерінің алдында Ульянов қаласындағы «Выстрел» атты курсты тыңдады. Кім білсін, əскери қызметте қалдырмақшылар болды ма, əйтеуір бұл оқуын да тəмамдап, Қарсақбайға келіп, №3 орта мектепте əскери жетекшілік етті. Майданнан жеңіспен оралған атпал жігіт басшылардың көзіне түсіп, Жезқазған аудандық комсомол комитетінің хатшылығына сайланды. Қаһармандық өтіп, енді, саясаткерлікке тұңғыш қадам басты. Ол кезде Жезқазған ауданының орталығы Қарсақбайда болатын. Бұл – комсомолдың беделі өте күшті кезі, сондықтан да мінезінің орнықтылығы, жұмысқа үлкен ыждаһатпен қарайтын жауапкершілігін ескере отырып, М.Төрегелдин (1948-1952) Жезқазған аудандық халық депутаттары кеңесінің атқару комитетінің жауапты секретары қызметіне жоғарылатылды. 1952 жылы Қаныш Сəтбаевтың бастамасымен құрылған Жезді геологиялық барлау экспедициясы бастығының орынбасары қызметіне шақырылып, оны ойдағыдай атқарды. Жалпы, бұл жұмыс – Жезді марганец кен орнының болашағын айқындау жолында жасаған Қаныш Сəтбаевтың көрегендігі еді. Ақыры бұл жұмысты ұлы ғалым Жездінің геологтарымен, басқа да М.Төрегелдин сияқты беделді де бере келі азаматтарды қосып, соғыстың бастапқы жылында аяқтап, Жездідегі марганецтің нақтылы запастарын анықтап, керегінде рудникті аша қоюға мұқият дайындады. Соның арқасында фашистер Украинадағы Никополь-марганец руднигіне қатынасты үзіп тастағанда, аз уақытта Сəтбаевтың бастауымен Жезді марганец кен басқармасының атағы алысқа жетті. Марганецтің қоспасынсыз қару-жарақ жасайтын құрыш құйылмайды. Сондықтан, бұл жұмыстың асылдығын 1942 жылы ел көрді. 1955 жылы М.Төрегелдин аудандық жоспарлау комиссиясының төрағасы болып бекітілді. Кеңес Одағында мемлекеттік бір келелі жұмыс болса, ол осы жоспарлай білу тəртібі. Мəкен аға бұл игілікті істі де игеріп алды. Əне, соның арқасында 1956 жылы Жезқазған аудандық халық депутаттары кеңесінің атқару комитеті төрағасының орынбасарлығына бекітілді. Содан кейін, Хрущевтің апыл-тапыл өзгерістері келіп, Жезді ауыл шаруашылық басқармасы құрылды. Басқарма бастығының бірінші орынбасары болып М.Төрегелдин бекітілді. Көреген басшылар Төрегелдинді нақтылы жұмыста өзін көрсетіп, тəжірибе алсын деп, 1968 жылы жоғарыда айтылған КОКП ХХІІІ съезінің атындағы қой шаруашылығымен айналысатын үлкен совхозға директорлыққа тағайындады. Күрделі істі қолға алып, елді басқарар қайраткерлікке жету жолында бұл да өте құтты қызмет болып, Төрегелдиннің еңбек жолында үлкен белес орын тепті. Міне, содан кейін 1970 жылы Қарағанды, кейін Жезқазған облысына қарасты Ұлытау, Жезді аудандық партия комитеттерінің бірінші хатшысы болып сайланып, бұл өте жауапты һəм зор беделді қызметті 1985 жылы Одақтық дəрежедегі зейнеткерлікке шыққанша табаны күректей он бес жыл абыройлы атқарды. Мəкен аға зейнетке шықса да, жұмысты тастамады. Əуелі аудандық ауыл шаруашылығы басқармасында мелиорация жəне химизация жөніндегі аға маман қызметін атқарды. Содан кейін 1986-1989 жылдары Жезқазған облыстық аймақтық тарихи мұражайында бөлім меңгерушісі болды. Міне, осы кезде əлі де мығым күші бар қарт қыран өте қажет əрі қасиетті де ұлағатты жұмысты көздеп, ғылыми зерттеу бөлімінің негізінде Жезді кентінде

тау-кен жəне балқыту жұмыстарының тарихына арнап мұражай құрды. Өзі сол мұражайдың директоры болып, барша жұмысын кемеліне келтіре құрастырып, үлкен өндірістік-тəжірибе алаңы дерлік тарихи мұражай ашылды. Қазақстандағы һəм Жезқазғандағы тау-кен жұмыстарын толығымен көрсетіп, ерте замандарда Ұлытауда бабаларымыздың мыс балқытқан тəсілімен шағын балқыту алаңын салып, онда алғашқы балқытудың тұсаукесеріне Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевты шақырды. Нұрсұлтан Əбішұлы келіп, сол мыс балқытудың ескі əдіспен жасалатын құпиясын өз қолымен ашып берді. Бұл бір тарихи күн болып қалды. Қарсақбайдағы ескі техниканы жеткізді. Тар табанмен жүретін паровозды вагондарымен көрмеге қойды. Жер астындағы тау-кен техникасы əр кезеңдегі түрлерімен түгел көрсетілді. Ғылыми-техникалық жұмыстардың базасы жасала қалды. Бұл мұражай тек қана техникалық дəрежеде қалмай, аймақтың мəдени, əлеуметтік, рухани үлгілерін көрсететін жəдігерлерді молынан орнатты. Өңірдің флорасы мен фаунасы да мұражайды көркейтіп тұр. Бұл мұражай Қазақстанда һəм бүкіл Орталық Азияда теңдесі жоқ қалпымен əлі де М.Төрегелдиннің үлкен ұлы Рүстемнің басшылығымен жұмыс істеп жатыр. Айтуға бəрі жеңіл көрінеді, ал осы келтірілген істерді жасау ерен еңбеккердің ғана қолынан келетін ауыр жұмыс екенін түсіну керек. М.Төрегелдин төңіректегі аса беделді қайраткер болғандықтан, дер кезінде Қ.Сəтбаев атындағы Жезқазған кенметаллургия комбинатының көмегін қарымды қарқынмен қамтып қалды, ғажайып мұражай салып, өзіне деген ескерткіштің тұғырын орнатып кетті. Қазақтың асыл перзенті, Ұлытау – Қарсақбай – Жезді – Жезқазған өңірінің ұлы азаматының еңбегін туған еліміз де, бұрынғы Одақ та лайықты бағалады. Мəкен Төрегелдин Еңбек Қызыл Ту ордені, «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталды. Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі үшін ІІ дəрежелі «Отан соғысы» орденіне соғыста жүргенде иегер болды. Майдангер үшін бұл зор баға – 1985 жылы осы орденнің І дəрежелісі берілді. Барлық саны 16 медальмен марапатталыпты, соғыстағылары басым болса да, бейбіт күндергі еңбектегі ерендігі үшін алған медальдары да аз емес жəне өте бағалы белгілер. Мəкең «Жезді жəне Ұлытау аудандарының құрметті азаматы» атағына иегер болған елдің елеулісі. Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің құрметті профессоры. Бұл атақ та жастар арасындағы қасиетті де өсиетті еңбегі үшін беріліп отыр. Мұражай 2000 жылдан бастап Жезқазған университетімен ынтымақтастық келісімшарт негізінде жұмыс атқаруда. Музей университеттің ғылымиəдістемелік базасы ретінде танылған. Мұражайдың жұмысы партия қайраткері Мəкен Төрегелдинді республика көлемінде танымал үлкен қоғам қайраткері етті. Ол музей директоры ретінде ғылыми кеңеске де жетекшілік етті, облыстық «Дулығалы» қоғамдық қорының президенті болғандықтан, аймақтағы тарихи, рухани мəселелерге атсалысып отырды. «Тайқазанның» дəлме-дəл көшірмесін Балқашта құйдырып, Түркістанға сыйға тартты, осы еңбегі үшін «Түркістан қаласының құрметті азаматы» атанды. Ұлытау – Торғай өңіріндегі тарихи маңызды істерді мұқият зерттеп, нəтижесін елге жеткізуде атқарған еңбектері бір төбе. Ол білгендерін университеттің студенттеріне де жеткізе білді, көптеген мақалалар жəне екі кітап шығарды. Мəкен Төрегелдин жолдас-жораларымен, қызметтес əріптестерімен, майдандас достарымен ара қатынасын үлкен өреге жеткізе білетін мейірбанды, ұлтжанды, адамсүйгіш, азаматтық борышына кір түсірмес парасаттылық танытты. Мысалға, майданда қаза тапқан бір үйдің жалғыз баласы, өзінің қимас жорықтас досы болған Николай Жильцовтың ата-анасына саулығының мықты кезінде əр жылда Кавказ ға бір рет барып тұратын, кемпір мен шал дың өз баласындай көмек көрсететін. Міне, достыққа деген парызын ақтау жолының нағыз адамгершілік үлкен кісілік, қазақы бауырмалдық, мейірбандығын өте жоғары дəрежеде танытқаны осы деп білемін. Мəкен аға əкеден ерте айырылса да анасы Мейіздің тəрбиесінде болып, шаңырағын шалқытты. Мейіз шешейдің қолынан дəм татып, батасын алып едім, ол кісі бүкіл əулеттің демеушісі, ақылшысы, жебеушісі болатын. Мəкен мен Əлима жеңгемізден туған төрт ұл, бір қыз қанат жайды. Рүстем, Серік, Марат, Ерлік, Бақыт бəрі де ержетіп, жақсы өрендер болып кетті. Мəкен ағаның артында оннан астам немере, оншақты шөберелері өсіп келеді. Мəкен ағамен үзеңгілес, қатарлас қызмет атқарып жүрдік. Ол кісі аудандағы мен қаладағы партия комитетінің бірінші хатшысы болған кезімізде есте қаларлықтай талай кездесулер өтті. Əсіресе, жазғытұрым егін салу, күзде егін ору жұмыстарында қаланың көмегі күшті болды. Кейде облыстық бастықтарым Жездідегі егін орағы жайлы ақпаратты менен сұрайтын күндері де болды. Мен ешқандай бөтен мінез білдірмей көмектесуден аянбадым. Мəкен ағайдың сыйластығы да өте зор болатын. Сондай бір қызу науқанды кездерде бірнеше күн бірге болудың арқасында Қоскөлді де, Арғанатыны да, қорғасын руднигінің қалдығын да көрдім. Мəкеңнің бұл өңірді білетіндігі маған да зор сабақ болды. Мəкен аға байсалдылығы, ұстамдылығы, ерекше біткен сыпайылығы кербездікке тартатын зиялыдан да жоғары бекзат кісі болатын. Ол ағамен бірге жүру кісіліктің нағыз ашық сабағы деп білемін. Биыл есен болса М.Төрегелдин 90 жасқа келер еді, əттең, ажал ертерек алып кетті. Ардақты аға, топырағың торқа, иманың серік болсын. Сенің есімің ел есінде мəңгілікке қалары айдан анық! –––––––––––––– Суретте: (ортада) ақын К.Салықов пен мұражай меңгерушісі М.Төрегелдин.

Осы бір екі жастың тойы өткеніне біраз болып қалды. Жұптары жарасқан Мейіржан Қуанышев пен Сəуле Сламбекқызының тату-тəтті тіршілігі екінің бірін тəнті еткендей. Мейіржанның қос жанары семіп қалған ғашық жары Сəулеге ілтипаты мүлдем бөлек. Ол қаладағы бір күзет бөлімінде еңбек етеді. Жалақысы да мəз емес. Жұмыстан оралған бойда Сəуленің қас-қабағына қарап, үй тіршілігіне белсене араласып кетеді. Қолдары босаса бірге серуендейді, той-думандарға барады, сыр ағытып қайтады. Иə, мұндай қос жүректері ұғысқан ғажап жандар өмірі екінің біріне өнеге десек, артық болмас.

Жїрекке əмір жїрмейді

Аялдамада автобус күтіп отырғандар əңгімені одан-бұдан қозғап отыр. Қасыма бейтаныс бір кісі келіп отыра кетті. – Қай жердің жігіті боласың? – Аралдың Ақшатауынанмын. Тасбөгеттегі Мұратбаев көшесінде тұрамын. – Зейнеткерсің бе? – Əлі үш жыл бар. Қалада бір мекемеде ағаш жонушымын. Есік, терезе істеймін. Жалақым 45 мың теңгедей, екі ұл, екі қызым бар. Екеуі студент, ақылы оқуда. Зайыбым үй шаруасында. Жұмыстан əлгі əзірде шықтым. – Жақсы екен, үрім-бұтағың өсіп келеді екен, азаматым! – Шүкір, шүкір аға! Ал, өзіңіз қандай қызмет істейсіз? – деп бейтаныс кісі қарсы сұрақ қойды. Шешіліп сөйлеуге шықты. – Зейнеткермін. Бірер жылда сексеннің төбесін көрейін деп тұрмын.

– Ағасы, əлі қуатты көрінесіз. Біз алпысқа жетпей діңкелеп қалдық, – деп əзіл қағыстырды. Əңгімеміз жалғаса берді. Автобустан əлі хабар жоқ. Екеуара біраз əңгіменің басын шалдық. – Отбасын құрған ұл-қыздарың бар болар, інім дей бергенімде: – Ə, бұл сұрақ сəл ауырлау тиіп тұр. Бір ұлым жақында үйленді. Келінімнің екі көзі көрмейді. Балам осы қызға үйленем деп отырып алды. Қазір бірге тұрамыз. Сонау 1972 жылы салып алған төрт бөлмелі үй сəл-пəл тарлық қылғандай. Көңіл жарасса бəрі кең ғой. Соғыс жылдарында корей, чешен ағайындарға бір бөлмемізді босатып берген бабаларымыз, – дей бергенде автобус келді. – Сау болыңыз аға! – деп бейтаныс жігіт Тасбөгет қонысына қарай аттанып кетті. Мен келер автобусқа отырдым. Ұзақ ой үстінде келемін. Ұлы жақында үйленген, келінінің екі көзі көрмейді. Мұнда қандай сыр бар? Екі жастың қосылуы мені таңырқатумен болды. Бірер күннен соң қала іргесіндегі Тасбөгет қонысынан Қуаныш Қыпшақов атты жігіттің отбасын іздеуге шықтым. Мұратбаев көшесіндегі №71-ші үй екен. Аула ішіндегі бір бөлмеден станок дауысы естілді. Алдымнан бұдан бірер күн бұрынғы кездескен жігіт ағасы ұшырасты. Шағын бөлмеде ағаш жонып жатыр. Дереу жұмысын тастай салып, үйге қарай беттедік. Алдымыздан енесі Жаңагүл, бұларға ілесе ұлы Мейіржан, келіні Сəуле шықты. – Отау құрғандарың құтты болсын! – Рахмет аға, – деп Мейіржан, Сəуле екеуі іле дастарқан жайды. – Ал, əңгімені айта отыр, жас отау иесі Мейіржан? – Аға, мен биыл жиырма алтыдамын. Ата-анам қартайып келеді. Несін жасырайын, нағыз келін жұмсайтын кезі. Қыздарға көз салып жүргенмін. Бірде досым Нұрлыбектің үйіне бардым. Əйелі Эльвираның қасында бір қыз шай ішіп отырды. Сымбаты келіскен. Біраз сыр ағыттық. Өзін Сəуле деп таныстырды, телефонының нөмірін сұрадым. Арада бірер ай өтті. – Сəуле, өзіңмен қосылу ойымда бар, қалай қарайсың? – дедім. – Ой, Мейіржан-ай, менің екі көзім көрмейді ғой. Сенің отбасыңа салмақ түсіремін, саған да оңай тимейді. – Жоқ, саған қосыламын. Отбасыммен ақылдастым, Сəуле! Мен сені сүйемін... – Қинамашы, Мейіржан! Мендей мүгедек жанды қайтесің? Осы сəтте Мейіржан көзінен жасты іркіп алды. Қарсы алдында тұрған Сəуленің қос жанарынан тамшылаған жас жігіт көкірегін жуып кетті. Қос ыстық құшақ от болып шарпылды. Жігіт төс қалтасындағы орамалымен көз жасын тия алмай ұзақ тұрды. – Ата-анамның алдынан өтіп, батасын алайық, – деген Сəуленің өтінішін құп алды Мейіржан. Күздің шуақты күндерінің бірі еді. Сəуленің отбасына күйеу жігіт Мейіржан Қуанышевтің ағайын-туыстары келді. Екі жасқа ақ бата жауды. Ұзату тойының болар күні белгіленді. Сəуленің əкесі Сламбек педиатр-дəрігер, анасы Анна терапевт-дəрігер еді. Тойды қаланың Гагарин шағын ауданындағы «Түймекент» дəмханасында өткізуді ұйғарды. Сонымен той-думан жақсы өтті. Келер той Мейіржан Қуанышевтің отбасында жалғасты. Əлгі əзірде Мейіржан телефон шалды. Бүгін ағайынтуғандардың басын қосып, атасы Сламбек пен зайыбы Аннаны қонаққа шақырыпты. Солармен дастарқандас болудың маған да сəті түсті. Құрақтай ұшып, қонақтарды күтіп жүрген Мейіржан-Сəулелер тағы да қарша жауған көптің батасын алып, қол жайып тұрды. Бұл күндері жас отбасылар тату-тəтті өмір сүруде. Алдағы армандары ұшан-теңіз. Жаңа пəтерден екі бөлмелі үй тисе, бір шаңырақ болып отырсақ дейді. Қайсыкүні учаскелік дəрігер үйге келіп, Сəуленің перзентханаға емделу қажеттігіне нұсқау беріп кетіпті. Қуанышевтар əулетінде тағы бір той-думан кезек күтіп тұрған сыңайлы. Дүниеге жас сəби келер күн жақындай түскен тəрізді. Ал, бұған қуанбай көр. Қос жүрек – қос ғашық осы бір сəтті тағы да асыға күтіп отыр. Қайырбек МЫРЗАХМЕТҰЛЫ.

Қызылорда облысы, Тасбөгет ауылы.


7

www.egemen.kz

8 қаңтар 2014 жыл

 Басты байлық

Ќан тамырлары хирургиясы: бўл салада нені біліп, нені білмейміз? Алматы мемлекеттік дəрігерлердің білімін жетілдіру институты хирургия кафедрасының профессоры, қан тамырлары хирургі, медицина ғылымдарының докторы Əбдімəжит БЕСПАЕВПЕН əңгімеміз адам ағзасында үлкен рөл атқаратын қан тамырлары мəселесі төңірегінде болмақ...

– Қан тамырлары ауруларын қалай анықтауға болады? Оның белгілері қандай? Аяқтағы қан тамырларының кеңейіп, білеуленуі, яғни варикоздың болуы неліктен? – Сұрағыңыз өте ауқымды. Оны бір сөзбен айтып түсіндіру қиындау. Артерия қан тамырларының ауруларына келсек, ол əлеуметтік маңыздылығы жағынан өте күрделі ауру қатарына жатады. Мысалы, инсульт жəне жүрек инфаркты аурулары ми мен жүректі қанмен қамтамасыз ететін артерия қан тамырларының қысылуынан қан айналымының бұзылуынан туындайтын өте ауыр патология. Статистикалық ақпарат бойынша инсультпен ауырған адамның 37 пайызы қайтыс болса, тірі қалғандарының 20 пайызы ғана бастапқы жұмыс орындарына қайта оралады, қалғандары неврологиялық жетіспеушілік салдарынан мүгедек болып қалады. Көктамыр ауруларының артерия қан тамырының ауруларымен салыстырғанда, өз ерекшеліктері бар. Əйелдерде аяқтың көк тамырының варикозды кеңеюі жиі кездеседі. Оның себебі – кеңселік жұмыс, гиподинамия, ұзақ уақыт көлікпен жүру артық салмақ, гармональдық препараттар қолдану, т.б. Əсіресе, алғашқы жүктіліктен кейін шамамен 50 пайыз əйелдерде көк тамырдың варикозы пайда болады. Халықаралық классификация бойынша көк тамырдың варикоздық кеңеюі негізінен 6 сатыға бөлінеді. Оның бастапқы белгілері – кешке қарай аяқтың ісінуі, жайсыздық, балтыр етінің сыздап ауруы немесе аяқтың «тас байлап қойғандай» ауырлауы. Ал егер дер кезінде емделмесе, онда қарапайым көктамырдың веноздық кеңеюі келе-келе трофикалық өзгерістерге əкеліп соғып, ұзақ уақыт жазылмайтын аяқ жарасына ұласады. – Қазіргі кезде елімізде қан тамырлары хирургиясының деңгейін, дамуын қалай бағалаған болар едіңіз?

– Елімізде қан тамырлары хирургиясының даму қарқыны мен деңгейі жоғары деп айтуға болады. Бүгінде Қазақстанның алдыңғы қатарлы клиникаларында құрсақ аортасы, мықын-сан артерияларына жəне оның тармақтарына күрделі реконструкциялық операциялар жасалады. Соның ішінде Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық ауруханасындағы 30 төсектік қан тамыры хирургиясы бөлімшеcінде жылына 400ге жуық жоспарлы жəне шұғыл реконструкциялық операция жасалып, адам өмірі сақталады. Əрине, медицинаның аталмыш саласын Америка жəне Еуропа деңгейімен салыстыруға болмас. Бірақ ол біздің қан тамырлары хирургтары білімінің немесе біліктілігінің төмендігінен емес, қажетті медициналық құрылғылардың, аппаратуралардың жеткіліксіздігінен. Мысалы, ке йінгі кезде көк қан тамырдың кеңеюін лазермен емдеу тəсілі көпшілікке белгілі бола бастады. Ал біздегі қолданылып жүрген аппараттар қай жағынан болса да ескірген. Сондықтан 2012 жылы Германиядағы медициналық лазер аппараттарын шығаратын «Dornier MedTech» фирмасы директорының атына хат жібердік. Мақсатымыз Алматы мемлекеттік дəрігерлердің білімін жетілдіру институтының (АМДБЖИ) базасында Лазер орталығын ашу. Көп ұзамай Алматыға фирманың директоры Лерх Михаэль мырзаның өзі келіп, екіжақты меморандумға қол қойылып, олар оқу орталығын лазер аппараттарымен қамтамасыз етуді өз міндетіне алды. Ал бізге, яғни АМДБЖИ-ға «Dornier MedTech» фирмасының медициналық лазер аппараттарын сатып алу жүктелді. Қаржы тапшылығының салдарынан осы бастамамыз əзірге іске аспай отыр. – Айтыңызшы, осы салада отандық ғалымдардың қол жеткізген жетістіктері бар ма? Қандай жаңа емдеу тəсілдерін игердіңіздер?

– Қазіргі кезде қан тамырлары хирургиясында рентгенэндоваскулярлық ангиоплас ти калық операциялар кеңінен қолданылып келеді. Осыдан бірнеше жыл бұрын интубациялық жалпы жансыздану (общий наркоз) тəсілімен тек күрделі реконструкциялық операция жасау арқылы емделетін науқастар, қазіргі кезде ренэндоваскулярлық ангио пластика тəсілін қолдану арқасында шамамен бір-бір жарым сағаттың ішінде қысылған артерия қан тамырын кеңейтіп, қажет болған жағдайда арнайы стент орналастырып, қан айналымын бастапқы қалпына келтіре алады. Айта кету керек, осындай күрделі операция жергілікті жансызданумен (местный наркоз) жасалады, əрі науқастар 3-4 күннің ішінде ауруханадан үйіне шығады. Бұл тəсілмен емдеуге болатын қан тамырлары ауруларын айта кетер болсақ, ол бүйрек артериясының стенозы, артериявеноздық мальформация, диабетикалық ангиопатия жəне жиі кездесетін мықын-аяқ қан тамырларының облитерациялық атеросклероз салдарынан қысылуы. Тағы бір айта кетер жағымды жаңалық, съезде шетелдік əріптестеріміз кеуде-құрсақ, қолқа тамырының аневризматикалық кеңеюін рентгенэндохирургиялық тəсілмен арнайы стентграфт протезін аорта ішіне салу арқылы емдеуге болатын жолдарын көрсетіп, шеберлік-дəрістерін өткізді. Келешекте бұл тəсілді біздер де қолданатын боламыз.

– Əбдімəжит Тасыбекұлы, елімізде осы салада маман даярлау мəселесі қаншалықты шешілген? Cондай-ақ, Алматы мемлекеттік дəрігерлер білімін жетілдіру институтында мамандардың біліктілігін арттыруда қандай қадамдар жасалуда? – Былтыр қыркүйек айында АМДБЖИ-дің ашылғанына 50 жыл толды. Қазіргі таңда аталмыш институт бірден-бір медициналық жоғары оқу орындарынан кейінгі білімді жетілдіретін жəне қосымша білім беру бойынша мамандар дайындауда еліміздегі алдыңғы қатардағы оқу орны болып табылады. Шын мəнісінде институттың алғашқы іргетасы қаланған жылдардан бастап қазіргі кезге дейінгі деңгейі жер мен көктей. Мұнда жоғары квалификациядағы білікті доцент, профессорлар мен оқытушылар дəріс оқиды. Десек те, денсаулық сақтау саласын білікті кадрлармен қамтамасыз ету қазіргі кезеңде өзекті проблема болып отыр. Мəселен, кадрлардың қартаюы. Сол себепті, АМДБЖИдің кафедра қызметкерлері студенттермен, интерндермен жыл сайын кездесіп, ашық есік күнін ұйымдастырып, əр кафедра өз мамандығының ерекшелігін, қажеттілігін айтып, үгіт-насихат жүргізіп отырады. Жоғарыда айтқандай, бүгінде Орталық қалалық клиникалық ауруханасы қан тамырлары бөлімшесінде 16 резидент оқып, ангиохирургия мамандығын игеруде. Олардың

үшеуі – 3, бесеуі 2 жыл, сегізі бірінші жыл оқуларын бастады. Мəселен, менің қарамағымда 5 резидент бар. Оқу мерзімі төрт жыл. Біз, яғни кураторлар, олардың сапалы білім алуына жауаптымыз. Келешекте бізден дəріс алып, біліктіліктерін жетілдірген қан тамырлары хирургтары халыққа сапалы, сауатты қызмет көрсетіп, ерен еңбегімен абырой атаққа ие болады деген сеніміміз бар. Бір алаңдататын жəйт, бір бөлімшеде жүріп ауру лардың аздығынан резиденттер қан тамырлары патологиясының қырсырын толық қамти алмайды, екінші жағынан клиникалық практиканың тапшылығынан оқу сапасы төмендейді. Сондықтан, Алматыдағы ауруханалардың бірінде тағы бір қан тамырлары бөлімшесі ашылса, жоғарыда айтылған проблемалардың шешілуіне, соның ішінде əлеуметтік маңызы бар жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім-жітімді жəне мүгедектікті төмендетуге, сондайақ медицина кадрларын дайындауда үлкен үдеріс болар еді. – Əлеуметтік маңызы жоғары жүрек-қан тамырлары аурулары проблемасы қалай шешіліп жатыр? Қазіргі кезде дəрігерлердің көрсеткен медициналық қызметтерінің сапа сы емделу шілерді қанағат тандырмай отыр. Себебі не? – Меніңше, ең алдымен, негізгі əлеуметтік мəні бар аурулардың диагностикасын күшейту

Киберспорт. Ол ќандай ойын?

Алматыда «Techlabs CUP» халықаралық киберфестивалі болып өтті. Аталмыш шара осыдан алты жыл бұрын АҚШ-та тұсауын кескен болатын. Оның мезгілдік ойындары Минскіде басталып, Киев пен Мəскеуде жəне соңғы кезеңі Алматы қаласында өткізілді. Ірі кибероқиғаға Қазақстан, Украина мен Ресей елдерінің 24 командасынан құралған 115 геймер қатысып, олардың ойынын бақылауға 4 мыңға жуық жанкүйер жиналды. «Егемен Қазақстан».

Соңғы жылдары Ресей, Беларусь, Украина, Қазақстанда тұрақты өткізіле бастаған бұл фестиваль ТМД аумағындағы компьютер ойындары бойынша ең ірі жарыс болып саналады. Сонымен, киберспорттық жарыстар ең танымал кибер ережелер – World of Tanks, League of Legends, Dota 2, Counter-Strike: Global Offensive, FIFA жəне Tekken бойынша өткізілді. Іріктеу кезеңінде онлайн режімінде бүкіл Қазақстан жəне ТМД елдерінен шамамен 1000 геймер қатысты. Олардың кейбіреулері ғана киберфестиваль өткен «Прайм Плаза» ойын-сауық орталығында нақты

Əңгімелескен Гүлзейнеп СƏДІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

 Жаңа кітап

 Көзқарас

Айнаш ЕСАЛИ,

қажет. Аурудың диагностикасы анықталған жағдайда ғана оны жан-жақты емдеуге болады. Жүрек-қан тамырлары аурулары диагностикасының ақсауы ЖОО-да студенттерге сапалы білім беруде жатыр. Бізде, шынын айту керек, медициналық ЖОО-ларда 4-5 курс студенттеріне жүрек-қан тамырлары аурулары кабинетте оқытылады. Себебі, ҚазҰМУ клиникалық оқу базасы болып саналатын ауруханалардың бірдебірінде қан тамырлары бөлімшесі жоқ. Демек, науқасты көзімен көріп, қолымен ұстамаған студент, диплом алып, дəрігер болғанда диагнозды қалай дұрыс анықтасын. Бұл – аксиома. Өкінішке қарай, бүгінде медициналық ЖОО бакалавриат жүйесіне көшкен соң 5 жылда «шала піскен» мамандарды көптеп шығарып жатыр. Шынын айту керек, АМДБЖИ-ға біліктілігін жетілдіруге келген мамандарды біз қайта оқытамыз. Бұдан туындайтын екінші проблема – медициналық білім беру жолдарын жетілдіріп, теориядан практикаға көбірек көңіл бөлу қажет. Керек болса, ЖОО оқу бағдарламасын қайта қарастырып, өзгерту керек. «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының мақсаты – халықтың денсаулығын одан əрі нығайту, негізгі əлеуметтік мəні бар ауруларды, соның ішінде қан айналымы жүйесінің ауруларынан өлім-жітімнің жүз мыңға шаққанда 2013 жылы 374-ке, 2015 жылы 353ке дейін төмендету жоспарланып

отыр. Мамандығым қан тамырлары хирургі болғандықтан, осы жерде айта кету керек, қазіргі кезде халық саны 2 миллионға жуық Алматы қаласында қан тамырлары ауруларына жедел жəрдем көрсететін жалғыз бөлімше бар. Ал қалған ауруханаларда бөлімшені былай қойып, штатта ангиохирургтар жоқ. Қаладағы ауруханалар мен перзентханалардан əртүрлі патологияларға (мысалы: құрсақ аортасының аневризмасы, артерия немесе вена тамырларының тромбоэмболиясы, жүкті əйелдер вена тамырларының өрлемелі тромбозы жəне жатырдан қан кету, т.б.) байланысты шұғыл ангиохирургиялық операция қажет ететін шақыртулар түскенде, қан тамырлары хирург тарына кө лік жіберіп жатады. Кей кездері қан тамырлары хирургтарының көмегі қажет болып, 2 ауруханадан бір мезгілде шақырту түседі. Қаладағы кептелістермен жеткенше дер кезінде жедел ангиохирургиялық көмектің кешігуінің салдарынан ауру асқынып, емшара нəтижесі ойдағыдай болмай, дəрігер жеткенше науқас қайтыс болатын оқиғалар да кездеседі. – Əбдімəжит Тасыбекұлы, соңғы сауал, қан тамырлары хирургиясының маманы ретінде көктамыр ауруынан болатын варикозды болдырмаудың шаралары мен ем жолдарынан кеңес бере кетсеңіз? – Əрине, көктамырдың варикоздық кеңеюін болдырмаудың шаралары бар, оны күнделікті жағдайда қолдануға болады. Мəселен, емдік гимнастикамен күнделікті үзбей айналысу; физикалық жаттығулар жасау (жаяу жүру, суға жүзу, велосипед тебу, т.б.); жатарда аяқтың астына жастық қойып, 10-15 см көтеріп жатқан өте пайдалы; өкшесі 5 см биік немесе тым жалпақ өкше аяқ киім кимеу; күнделікті жатар алдында аяққа тізеден төмен контрастық душ қабылдаған пайдалы, ол көктамырдың тонусын қалпына келтіріп, қан айналымын жақсартады; саунаға, ыстық ваннаға түсуге болмайды. Ал емдеу жолдары – ауру бастапқы сатыда консервативтік түрде емделеді, яғни көктамырдың варикоздық кеңеюінің дəрежесіне қарай дəрігердің нұс қауы бойынша арнайы дəрі-дəрмек қолданылады. Егер де варикоз кеңейіп, көктамыр асқынып, жедел тромбофлебит пайда болса, онда операциялық жолмен емдеу қажет. – Əңгімеңізге рахмет.

уақыт ішінде 16 500 АҚШ доллар көлеміндегі жалпы жүлделі ұтыс ойынына қатысты. – Киберспорт, спорттық индустрияның жаңа саласы ретінде, жоғары технологиялар нарығымен тікелей байланыста, ақпараттық технологиялар саласындағы əлемнің ірі ойыншыларының назарын аударып отыр. Компьютерлік спорты дамыған жəне ірі халықаралық киберлигалар өткізілетін елдерде, міндетті түрде ірі ІТкомпаниялардың жоғары технологиялар индустриясын дамытуға инвестициялар тартылатын болады, – деді «Techlabs CUP» бас директоры Алексей Бурдыко. Жарыс кезінде халықаралық киберфестивалінің серіктесі болып келе жатқан,

гейминдустрия үшін бірегей өнім желісін өндіретін Kingston Technology компаниясы фестиваль қатысушыларына осы саланың соңғы жетістіктері мен жаңалықтарын насихаттады. Турнир жеңімпаздарына жадының жоғары өнімділікті «HyperX Genesis» жəне «HyperX Blue» модульдерінің жинақтары, сонымен қатар, «DataTraveler» флеш-жинағыштары табыс етілді. – Қазақстанда киберспорт дамып келеді. Мұнан былайғы жерде біз ерекше геймерлердің талаптарын қанағаттандырып, оларға ойындарда, кейін іс жүзінде жетістіктерге қол жеткізуге көмек те сумен қатар, экстремалды жоғары өнімділікті жады құрылғыларымен геймерлерді қамтамасыз ететін боламыз, – дейді Kingston Technology компаниясының Қазақстандағы жəне ТМД елдеріндегі өкілі Андрей Ларченков. Бүгінгі күні əлемнің қосалқы геймер мəдениетіне 300 миллионнан астам халық, Ресейде шамамен 40 миллион геймер тартылған. Бұл сан 2016 жылға қарай екі еселенеді деген болжам бар. Осыған ұқсас статистика ТМД-ның барлық елдерінде де кездеседі. Гейм-индустриясы дамыған елдерде (АҚШ, Қытай, Оңтүстік Корея жəне басқалар) киберспорт ІТ-мамандығы бойынша ілгерілеу баспалдағының бірі болып саналады. Бүгінгі таңда оның сұранысы əлемде өте жоғары. Ашық дереккөздердің мəлі меттеріне көз салсақ, Yandex, Google жəне əлемдегі ең ірі компаниялардың əрбір екінші/төртінші қызметкері эксгеймер болып табылады. Əлемдегі қызмет бойынша бос орындардың 60 пайызын IT-мамандарын іздеу дерегі құрайды. ТМД елдерінде əрбір бесінші бос орын – IT жəне IT-мамандарына сұраныс орташа есеппен 1,5 есеге артық. Қазіргі таңда қазақстандық геймерлер де əртүрлі лигаларға жəне фестивальдерге тұрақты қатысып келеді. Оған қоса геймерлердің кəсіби командаларын құру жəне одан əрі дамытуды көздеп отыр. Ал Алматыдағы киберфестиваль спорттық шоудың барлық ережелері бойынша өткізілді. Фестивальдің əрбір қонағы жаңа ойындарды тестіледі, жекпе-жектің тест-драйвтарына қатысты. Ал жанкүйерлер мықты киберспортшылардан автограф алып, сүйікті ойыншылары мен командаларға жақтасты. АЛМАТЫ.

Алматыдағы «Атажұрт» баспасынан белгілі жазушы-журналист, дипломат, филология ғылымдарының докторы, Қазақстан Журналистер академиясы «Алтын жұлдыз» дипломының иегері Серікқали Байменшенің «Дəнекер» деп аталатын эссе-əңгімелер жинағы жарық көрді.

Ресейдегі ќазаќтар туралы толымды туынды Аты айтып тұрғандай, бұл кітап – алыстағы ағайынды атажұртпен жалғайтын дəнекерлікті дəріптеуімен, игі мақсатқа ізашар болатын адами ізгілікті ізеттеуімен ерекшеленеді. Сондай-ақ, қазақ ұлтын ұлықтайтын атаулар мен белгілерге, арманда өткен арыстардың өмір-ғұмырына қатысты тың деректер байыпты баяндалады. Кітаптағы кез келген туынды тарих-танымтағылым-тəрбие тізбегі аясында, сол мақсатқа сай түзілген. Қаламгер Серікқали Байменшенің есімі Ресей қазақтарына жақсы таныс. Ол – Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде еңбек еткен жылдары екі ел арасындағы мəдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға Ресей жерінде тұрып жатқан отандастарының абзал істерін насихаттап, атамекенге жеткізуге көп үлес қосқан азамат. Ол, əсіресе, ел газеті «Егемен Қазақстанның» Ресейдегі тілшісі міндетін қоғамдық негізде қоса атқара жүріп, газетте көптеген көкейкесті шығармаларын жариялады. Автор республикалық басылымдарда жарық көрген осы еңбектерінің бірқатарын «Дəнекер» кітабына енгізіпті. Олардың ішінде Кішіаралдағы кесене», «Жақсыны іздеу», «Əй, қап!», «Құбаш, Пушкин, Шəкəрім», «Тұрар тұрған үй», «Құпия құлпытас», «Бесеудің бесігі», «Қиырдағы қазақ жұрты», «Мəскеулік» Момышұлы», «Жеңіскер жыр», «Ақжүрек», «Алматы» стансасы», «Теңбіл доп», «Серпін», «Асылзада», «Соңғы сұхбат», «Путин жолы» сияқты əңгіме-эсселері бар. Автор бұл еңбектерінде Ресей өміріне, осы елдегі қандас бауырларға, қазақстандық атауларға қатысты көптеген келелі тақырыптарды қозғайды. Ресейдегі қандастар Мəскеудегі қазақ

қоғамдық ұйымдарының негізін қалаушылардың бірі, өзінің саналы ғұмырын «қазағым», «ұлтым», «Қазақстаным!» деп өткізген қадірлі ақсақал Қайдар Құмарбековті жақсы біледі. «Дəнекер» кітабынан сол асыл азамат туралы «Ақжүрек» деген əңгімені оқып, қатты əсерге бөлендік. Қайдар аға өзі сырқаттанып жатқанда «Атамекеннен алыста жүрген қандас бауырларың туралы, қазағымның істері жайында əлі де жаза бер, жазатын нəрсе аз емес …», деп кітап авторына өтініштілегін жолдаған екен. Осы эссе-əңгімесін автор былайша түйіндепті: «Беу, дүние-ай, шын асыл, жайдары аға, жаны – жаз, ақжүректі қайран аға; шықпайсың ешқашан да ойдан, аға; өзіңдей табылады қайдан, аға?!. Жүруші ең өз ортаңда жайнап, аға; басқан ізің өшпестей жатыр əлі; орамда Таза тоған сайрап, аға...». Қаламгердің жақсыны осылай жоқтауы жүрегімізді елжіретпей қоймады. Аталған кітапты Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» баспа орталығы 2000 дана таралыммен шығарған екен. Бұл аз таралым Қазақстанның өзінен де ауыспайтын шығар, сол себепті, Қауымдастық басшылығынан осы кітаптың Ресей қазақтарына да жетуін ойластыруды сұраймыз. Сонымен бірге, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Қазақстан елшілігімен бірлесіп Мəскеуде Ресей қазақтары үшін осы кітаптың арнайы таныстырылымын ұйымдастырса, құбақұп болар еді. Орынбасар ҚУАНДЫҚОВ, Мəскеу өңірлік «Қазақ тілі» қоғамы төрағасының орынбасары, педагогика ғылымдарының кандидаты.


8

www.egemen.kz

8 қаңтар 2014 жыл

. . ! й -а і р е д н ї к л у к и н а к і д л і ѕ ґ К  Еркін елдің ертеңі

Суреттерді түсірген Ерлан ОМАРОВ.

 Жағымды жаңалық

 Үкілі үміт

Кенді Алтайда 11 балабаќша салынбаќ Оңдасын ЕЛУБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Жақында Шығыс Қазақстан облыстық экономика жəне бюджеттік жоспарлау басқармасы бастығының орын басары Сəуле Ұлақова ақпарат құралдары өкілдерімен кездесіп, мемлекет-жеке меншік əріптестігі арқылы Өскеменде – 6, ал Семейде 5 балабақша құрылысы басталатынын айтты. – Балабақшалар кешенінің құрылысына қатысты жобалар алдымен Астана қаласына сараптамаға жіберілді. Біз қаншама асыққанымызбен министрлікте құжаттар рəсімдеуден ұзақ уақыт өтеді. Əр жоба салалық, экономикалық сараптамадан кем дегенде үш рет өтеді, – деді өз сөзінде С.Ұлақова. Бұған қоса, денсаулық сақтау саласындағы жобалар да бар. Өскемен қаласындағы 300 орынға шақталған көпсалалы аурухананың құрылысы жəне Семейдегі 200 орынға шақталған балалар ауруханасының жобалары да Астана қаласына мемлекеттік сараптамаға

жі берілді. Əзірге анықталған кемшіліктерді жою шаралары қолға алынды. Мемлекет-жеке меншік əріптестігі орталығының басшысы Əлия Масағанованың айтуына сүйенсек, қазіргі таңда барлық жобалар инвесторлардың қолдауын тапты. Сонымен қатар, орталық «Даму» қорымен, екінші дəрежелі банктермен тығыз байланыс орнатты. Өңір басшысы Б.Сапарбаев мұның алдындағы алқалы жиында Шығыс өңірінде əлеуметтік жобаларды жүзеге асырып қана қоймай, инвесторларды қызықтыратындай өзге де жо баларды қарастыру қажет екендігін атап көрсеткен. – Ақтау мен Атырау қалаларында əуежай құрылысына қатысты тиімді жобалар бар. Бізге де осы сынды бағдарламаларды қарастыру қажет. Семей қаласында көлік-логистикалық кешеннің барын ескерсек, осындай жобалар біз үшін де, инвесторлар үшін де тиімді, – дейді облыс əкімі бұл жобаларға оң көзқарасын білдіріп.

Енді аз күннен кейін Ақ Олимпиаданың қызығын тамашалаймыз. Сочиде өтетін əлемдік сайысқа біздің сайыпқырандар да қатыспақ. Бақ шабарын не бап шабарын бір Алла біледі. Дегенмен, ұлттық құрамадағылар қоржынның бос қайтпайтынына сенімді. Кем дегенде, Денис Теннің өзі олжа салуы керек. Əрине, спортта болжам жасау қиын. Бірақ үміт бар.

Ќаршадай ќыздыѕ ќуанышты ќадамы Ержан БАЙТІЛЕС,

«Егемен Қазақстан».

Қысқы Олимпиаданың алдында Қызылордаға ақжолтай хабар жетті. Словакияның астанасы Братиславадан. Онда мəнерлеп сырғанаудан «Словакияның Жаңа жылдық кубогы» атты жарыс өткен-тін. 3-6 қаңтар аралығында болған сынға əлемнің 15 елінен спортшылар қатысқан. Солардың ішінен Элизабет Тұрсынбаева атты қызылордалық қаршадай қыз жеңіспен оралды. Элизабет əдемі ойын-өрнегін көрсетіп, жарыс жеңімпазы атанды. Енді ол наурыз айында Болгарияда болатын жасөспірімдер арасындағы əлем чемпионатына жəне əлемдік Гран-при додасына қатысуды алдына мақсат етіп қойып отыр. «Қысқы спорт түрлері қазақтың қолы емес», дейтін қасаң пікір бар еді. Міне, оның да шеті сөгіліп келеді. Өйткені, Тəуелсіздік жылдарында дүниеге келген бүлдіршіндердің спорт секцияларының есігін аттағаны кеше ғана. Нəтижесі білініп жатыр. Енді бірер жылда қысқы спорт түрлерінен əлемнің озық елдерімен тайталасып жатқан қазақ балаларын көретінімізге кəміл сенеміз.

ӨСКЕМЕН.

Адалдыќ Қаламызда, тіпті, елімізде бұрын-соңды кездеспеген оқиға болды. 10 мың АҚШ доллары елімізге танымал «Спартак» командасының ең үздік ойыншысына берілмек. Жүлдегер атанудың басты шарты, ойыншы өз командасының патриоты, яғни осы командада үздіксіз 10 жыл бойы тер төккен ойыншы болуы керек. Бұл жағымды жаңалық жайлы қала əкімінің футбол федерациясы қызметкерлерімен кездесуінде жүлде ұсынып отырған «Семей таңы» – «Вести Семей» газеттерінің директор-бас редакторы Риза Молдашева хабарлады. Қала əкімі Айбек Кəрімовтің айтуынша, бұл күнге дейін бірдебір БАҚ аймақта, тіпті, Қазақстан Республикасы көлемінде спортты қолдау үшін осындай жүлде тағайындап көрмепті. Жүлде «Спартак клубына адалдығы үшін» деп аталады. «Семей таңы» – «Вести Семей» газеттерінің директор-бас редакторы, қалалық мəслихаттың депутаты Риза Молдашева: – Футбол федерациясы мен семейлік командаға жаңа жеңістер тілеймін. Бұрын біздің басылымдарымыз тек ақпараттық қолдау көрсетсе, енді біз бір футболиске жүлде ұсынып отырмыз. Ол өз командасының патриоты болуы керек жəне кем дегенде 10 жыл үздіксіз осы команда сапында ойнаған болуы шарт. Жүлде көлемі – 10 мың АҚШ доллары. Бұл – болашақ жеңімпаздарға, біздің футболшыларға көрсетілген қолдау, құрмет. Аталған бастама дəстүрлі түрде алдағы жылдарда да жалғасын табатын болады, дейді. Естеріңізде болса, «Спартак» командасы араға тоғыз жыл салып, жоғары лигаға қайта қосылған болатын. Қазақ футболының отаны саналатын Семейде аяқдоптың қайта түлеуіне қала əкімі Айбек Кəрімовтің сіңірген еңбегі ерекше. СЕМЕЙ.

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ

ҚЫЗЫЛОРДА.

 Талбесік

 Үйренетін үрдіс

Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

 Толғауы тоқсан тіршілік

Атырау облысының экологтары қоршаған ортаны ластаған өндіріс ошақтарын анықтап, олардың жұмысын тоқтату жөнінде ұсыныс жасады. Арнайы жүргізілген тексеру барысында Атырау мұнай өңдеу зауытының жəне «Ақжайық-7» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ауаға зиянды заттарды белгіленген мөлшерден тыс шығарғаны дəлелденді.

Ауаны ластаєан ґндірістер жўмысы тоќтатылады Бұған дейін ғаламторда жергілікті халықтың жағымсыз иістен басы айналатыны туралы жазылған болатын. Облыс əкімі де бұл тұрғыдағы мəселені жіті зерттеу қажеттігін айтқан-ды. Іле Атырау облыстық экология департаменті тарапынан тексеру жүргізіліп, бірқатар

кемшіліктер анықталды. Осы мекеменің шығарған қорытындысына жүгінсек, түнгі мезгілде күкірт сутегінің концентрациясы мөлшері 140 еседен асып кетеді екен. «Бір ғана «Ақжайық-7» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндірісі қоршаған ортаға орасан залалын

тигізуде. Өйткені, бұл жерде мұнай өнімінен босаған цистерналарды жуатын стансаның қызметі талапқа сай емес. Сондықтан бұл серіктестік жұмысын тоқтату туралы сотқа талап-арыз жолдаймыз», дейді облыстық экология департаментінің басшысы Ербол Қуанов. Жоғарыда аталған өндіріс ошақтарының бірде-біреуінде ауаға шығатын зиянды қалдықтарды ұстап қалатын қондырғылар орнатылмаған. Мұндай дерек жергілікті өңірде бұған дейін де тіркелген көрінеді. Осыған байланысты тұрғындар мұнай өнімімен айналысатын өндіріс ошақтарына түпкілікті тексеру жүргізу қажеттігін алға тартып отырады. Данияр ТҮЙМЕБАЙ.

 Оқиға

 Мəссаған!

Прокуратура ќызметкері адам ќаєып ґлтірді

Їш бїлдіршінніѕ ата-анасы ќайда?

Қарағанды облысы, Теміртау қаласы прокурорының көмекшісі Қаныш Мамалинов көлігімен адам қағып өлтірді. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады. Бұқар жырау даңғылымен жүріп келе жатқан прокуратура қызметкері жаяу жүргіншіні қағып кетіп, оны бірнеше метрге дейін ұшырып жіберген. Қаза болған азамат Астанадағы ауруханада жатқан келіншегі мен бір жасар баласына бармақ болып, вокзалға бет алған екен. Қазір осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. «Сараптама нəтижесі Қаныш Мамалиновтің ішімдік ішпегенін дəлелдеді. Орын алған оқиға абайсызда жасалған қылмыс болып есептеледі. Жалпы, бұған байланысты нақты тұжырымды тергеу амалдары аяқталған соң, айта аламыз», – дейді Теміртау қаласының прокуроры Нұржан Сүгірəлиев.

Шымкент қаласының тұрғындары көше кезіп жүрген бүлдіршіндерді полицейлерге табыстады. Қазір 9 айлық сəби мен 2 жасар қыз бала ауруханада болса, 3 жасар Керемет кəмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында жүр. Атаанасынан кездейсоқ көз жазып қалғандар бір отбасының балалары екен. Балғындардың айтуы бойынша, анасының есімі – Ақмарал. Ол сауда-саттықпен айналысатын көрінеді. Ал əкесі Ержігіт жөнінде ешнəрсе айтпаған. 2 қаңтарда жоғалып кеткен бұл өскіндерді жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары жария еткенімен, əзірге оларды ешкім іздеп келмепті...

Бақытбек КЕНЕШҰЛЫ.

Қалихан ТҰРМАХАНҰЛЫ.

«Мотоциклді маєан мінгіз!»

Жексенбай мен Рақым бірінші кластан оныншы класқа дейін бірге оқыды. Екеуінің үйі бөлек демесеңіз, əлі күнге іргесі ажыраған емес. Ауыл азаматтарының бір-біріне деген құрметі, əсіресе, той-құдалықтарда білінеді. Жексенбай қызын ұзатқанда құдалыққа Рақым досын ертіп барды. Жексенбайдың бұл құрметін Рақым қос келінді қатар түсіргенде қайтарды. Рақым ның құдасының үйінің қақ төрінде Жексенбай отырды. Енді ешкімнен жасырмай-ақ қоялық, Жексенбайдың тағдыры əдепкіде тегіс жолдың бойымен дөңгелеп кете қойған жоқ. Өмірдің бұралаң жолын да көрді, соқтықпалы, соқпақсыз жермен де жүрді. Бəріне кінəлі – арақ. Өзінің заманында төңірегіне ғұлама молда атанған шалдың немересі ішімдік деген дертті бойына əскерден жұқтырып келген еді. Жексенбай осынау теріс əдетін үйленген соң да тастап кете алмады. Үйден береке қашты. Келіншегі бетікөзі көгеріп, төркініне жиі кететін болды. Мұның туыстары құдағиға жалынып-жалпайып, келіндерін қайта əкеледі. Алайда, Жексен араға ай салмай келіншегін тағы төмпештің астына алады. Ақыры Сарыағаштағы құдағи шарт кетті. «Ішіме сыйған қыз сыртыма да сияды. Алқаштың тепкісіне беретін қыз жоқ! Аулақ, түге!» деді. Арада алты ай өткенде Жексенбай бəрібір шыдай алмады. Ең алдымен, бірі төртке толған, екіншісі екіге келген екі қызын сағынды. Көп сұлудың ішінен таңдап алған Алтыншашын да жамандыққа қиған жоқ. Осылай бір қызып отырған күні Сарыағашқа, қайын жұртқа тартып кетті. Əділін айту керек, мұны енесі де тым жек көрмейтін. Тек мінезінің жеңілтектігіне, еркелігіне ренжитін. Əйтпесе, адал екендігін біледі. Бұл қымсына басып кіріп келгенде екі қызы бірін-бірі қағасоға: «Көке!» деп тұра ұмтылды. Кемпірдің кеңсірігіне ащы жас кептеліп қалды. Алайда, бойын тез жинады. «Əйел ұрғанды көрсетейін саған! Күйеусымақ...», деп оқтауды ала ұмтылды. Жексенбай «жаздым, жаңылдым» деп жатыр. Кемпірдің шарты қысқа болды. «Отан боламын десең кемі үш жыл осы шаңырақта тұрасың. Екеуің де көз алдымда жүресіңдер. Əрі қарай көреміз...». Осылайша, Жексенбай Сарыағаштан, қайын жұрттан бір-ақ шықты. Сонда Нысанбай атты үлкен ұста бар екен, соған үйренуші болды. Арағын ада-күде қойып кетпегенмен, əйел ұрмайтын болды. Енесі ақылды кемпір еді, үш жылдан соң қызы мен күйеу баласын əп-əдемі қылып, еліне əкеліп салды. Үш-төрт күн қонақ болып қайтарында құдағиы Ұлдықызға: «Жексенбайжанды жұмыспен тұсап ұста. Жұмыстың соңына түссе, арағын да бірте-бірте қойып кетер», деп қатаңырақ тапсырды. Ауылға келген соң кеңшардың құрылыс цехына жұмысқа орналасты. Мұның қолынан келмейтіні жоқ.

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 273-73-80.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru , egemenkz@maіl.kz Алматыда: факс (727) – 273-73-80, электронды пошта – egemalm@mail.ru

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – (712-2) 32-94-07; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

Көкшетау – (716-2) 25-76-91; Павлодар – (718-2) 68-59-85; Қарағанды – (721-2) 43-94-72; Семей – (722-2) 52-26-86; Қостанай – (714-2) 39-12-15; Тараз – (726-2) 43-37-33; Қызылорда – (724-2) 27-00-85 Шымкент – 8 (701) 404-36-29; Орал – (711-2) 28-80-35; Петропавл – (715-2) 50-72-50. Өскемен – (723-2) 25-28-41; Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-73-97, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Арко» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-полиграфия» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Мұхит к-сі, 57/1, «Жайық Пресс» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Космическая к-сі, 6/3, «Шығыс ақпарат» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

Жексенбайға тапсырыс берушілер көп. Өкінішке қарай, арақ қайтадан жиіледі. Жұмыстың аяғында бұл бар, кластасы Рақым бар, жеті-сегіз жігіт арақ ішіп отырған. Сөз реті келгенде Жексенбай арақты қойғысы келетінін айтқан. Сол сəтте Рақымның: «Сен қойсаң мұрнымды кесіп берейін!» демесі бар ма?! Ерегес осылай басталды. Ақырында екеуі көптің көзінше бəстесті. «Бүгін 1988 жылдың 14 тамызы. Аман болсақ осы жігіттер бəріміз 1998 жылдың 14 тамызында тап осы жерде жолығамыз. Сол уақытқа дейін сенің бір грамм арақ ішкеніңді естімесем, астыңа сол сəт жап-жаңа «Урал» мотоциклін мінгіземін. Керісінше болса, «Урал» мотоциклін сен маған мінгізесің», деді Рақым. Бұл көптің көзінше қол берді. Обалы не керек, Жексенбай сол он жылда бір татып алған жоқ. Тоқсаныншы жылдары құрылыс кооперативін құрып, жұмыс істеуге сонау Алматыға дейін шығандап кетті. Білетіндер: «Жексенбай пəтерлерге еуроремонт жүргізгенде өзге ұсталар тамсанып қарап тұрады», дейді. Арақты үзілді-кесілді қойған соң, жұмысы да жүріп кетті. Өзіне бір емес, екі үй тұрғызып алды. «Қарашаңырақта отырсың ғой», деп інісіне дағарадай үй салып берді. Алдына мал бітті. Сонымен, 1998 жылдың 14 тамызында баяғы сегіз жігіт құрылыс цехының алдына жиналды. Араларында Құрманбек қана жоқ. Марқұм 1991 жылы жол апатынан қайтыс болып еді. Бұл келе Рақымға: «Уралдың» кілтін əкел», деді. Дейтініндей бар. Сөзінде тұрып, жарты жұтым да ішпеген. Оны мына куəлар да растап тұр. – «Уралды» сен маған мінгізесің! – деді Рақым. – Қалайша? – Солайша! Менімен бəстескеннен кейін маған ерегесіп арақты қойдың ба, қойдың. Сол он жылда бір емес, бірнеше үй салдың ба, салдың. Қораң малға толды ма, толды. Бұрынғы естіген ең жылы сөзің «əй, алқаш» болушы еді, бүгінде Жақа болдың. Қане, жаман болған жерің?! Осының бəрі менің арқам емес пе?! «Уралды» қайта сен маған мінгіз! Жексенбай түтігіп кетті. Бірақ, Рақымның уəжіне уəж қайтара алмады. Үйіне барды да теріс қарап жатып алды. Дегенмен, ойланып қараса, содан бері мұның шаңырағына расында да бір «Урал» емес, мың «Урал» болатын береке кіріпті. Бір уақытта: «Алтыншаш-əй, ана қисықтың сөзінің жаны бар, əй!», деп орнынан атып тұрды. Осы оқиғаны естіген ауылдың адамдары көпке дейін Рақымды кінəлап жүрді. Алайда, Жексенбай кластасына түк те ренжіген жоқ. Қазір Рақым Жексенбайдың фирмасында жұмыс істеп жүр. Абай БАЛАЖАН, «SKIFNEWS.KZ» онлайнгазетінің бас редакторы.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 201 715 дана. Нөмірдің кезекші редакторы

Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 4 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жария ланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №219 ek

Profile for Egemen

08012014  

0801201408012014

08012014  

0801201408012014

Profile for daulet
Advertisement