Page 8

8

www.egemen.kz

7 мамыр 2014 жыл

 Зерде Өткен шақта айтудың өкінішіне қимайтын асыл аға Мақтай Сағдиевтің ел көзiне алдымен шалынатын екi ерекшелiгi бар еді. Ол ерекшелiктер оның бойының да жəне ойының да бiрдей нарлығында жатыр. Құдайдың өзi тума табиғатымен туыстырып, кеңiнен, кесек мiнез бен алғыр ақылды, келiстi тұлға мен кес кiн-келбеттi ерек дарқан дықпен бiр басына бере салған. Апырай дерсiз, Мақаңның мiнез-құлық жаратылысындағы қазына-байлықты айтып тауыса алмайсыз. Оның бауырмалдығы, мейiрбандығы, парасаты, кiсiлiгi, жан сұлулығы, қайсарлығы... бəрібəрі күні бүгінгідей көз алдымызда, жадымызда. «Мақтай Сағдиев қалайша мақтаулы ел ардағы, халқына əйгiлi Мақтай Сағдиевке айналды?» деген сұрақтың жауабы бiр ауыз сөзбен берiлмейтiнi жəне белгiлi. Сағдиевқа тəн мiнездер, тəн қасиеттер, тəн даралықтар, тумысты тектiлiктер, туабiттi ерекшелiктер қандай болып келедi екен? Соларды бiр ой елегiнен өткiзiп, зерделеп көрейiкшi. Өткен ғасырдың елуiншi жылдарындағы Кеңес Одағы құрамындағы Қазақстан тыңын

адамның қаһарлы сұсынан шошып, батпан соққыдан қатты ауырсынып қалған генерал демiн баса, сұп-сұр болып ойланып: «Жарайды енді, жолдас маршал, сенікі жөн екен», деп мыштай болып, өз алаңғасарлығы мен астамшылығынан болған ыңғайсыз жағдайдан əрең құтылып, машиналарды айтқан кеңшарға айдауға бұйрық берiптi. Кеудесiне нан пiскен генералды бiздiң даламыздың маршалы – Мақаңның мысы солай басқан екен. Солдафондармен «соғысы» сондай болған Мақаң Мəскеудiң Кремлiнде, Коммунистiк партия мен Кеңес өкiметiнiң басшыларымен, жарты жаһанды билеп-төстеп тұрған билiгi шексiз əмiршiлермен жүздескенде де айдыны асып, жүзi жарқырап, еңсесi əмəнда əлгiлерден биiк болып жүрген. Бұл жағдайларды көзбен көрiп, куəгер болған, шын жүректен тəнтi болып, таңырқай да, сүйсiне де бiлген бiр ғажап орыс адамы – 80-жылдардағы Қостанай облыстық партия комитетiнiң хатшысы Петр Черныш. Сонымен, 1983 жылдың ақпан айы. Мақтай Рамазанұлы Қостанай облыстық атқару комитетiнiң

Саєынышќа айналєан Саєдиев Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан».

көтерудiң кең көлемдi оқиғасы əлдеқашан тарих сахнасына енiп, тарих шежiресiне жазылды, мұрағат мұрасына айналды. Ал сол тың жорығының жас сардарларының бiрi, келе-келе Тың генералы болған Мақтай Сағдиев туған елiнiң жаңа өмiрiн, жарқын қоғамын құрушылардың алдыңғы лектегi көш бастаушыларының, егемендiк Туын жер жүзiне желбiрете асқақ көтерушiлердiң қатарынан табылып еді. «Тың генералы» дегеннен шығады, осы арада бір оқиғаны еске алмай болмас. 1973 жылдың қоңыр күзi. Ол кезде Мақтай Рамазанұлы Торғай облыстық атқару комитетінің төрағасының бiрiншi орынбасары, обкомның бюро мүшесi. Астық жиналып жатқан қауырт та қарбалас науқанның үстi. Дауылдай сапырған жұмыс бабында да төзiмi тастай Мақаңды қайнату қиын, ал қайнатып алсаң, пəлеге қаласың, ат құйрығын кесуге дейiн барады. Ол заманда егiн жинауға көмекке Мəскеудiң пəрменiмен əскер жiберiледi. Көп жерлерде жергiлiктi халық үшiн əскердiң көмегi мен лаңы, бұзақор тентектiгi бiрдей болатыны да ешкiмге жасырын жағдай емес. Обкомның аудандағы бекiтiлген бюро мүшесi Сағдиев генералдармен бiрге жүредi, мəселе шешедi. Октябрь ауданында бiр кеңшардың егiнi орылып бiтiп, ендi екiншi кеңшарға комбайндарды көмекке айдау керек. Ал комбайн барса, соған ерiп, соңынан iле-шала автомашиналар баруы керек екендiгi жəне белгiлi... Егiн даласы ығы-жығы адам, қаптаған машина, күн желдетiп тұр, шаң. Сол арада Мақаң генералға қарап тiл қатады: «Ендi автомашиналарды Герцен атындағы кеңшарға аттандырайық», дейдi. Бұған зəбiрленген тоңмойын əрi ақылсыз генерал: «Мен генералмын, не iстейтiнiмдi мен өзiм бiлемiн!», деп салады. Содан əңгiме насырға шабады. Қаумалап маңайларында тұрған жұрт үрпиiсiп қалады. Қайткен күнде де бiрден ашуға бой алдырмай, сабырға жеңдiрген Мақаң ел көзi азайсын деген ғой, аудандық атқару комитетiнiң төрағасы Жанұзақовқа: «Мына кiсiлердi анталатпай, Герценге тез жiбере бер», деп жарлық бередi. Көпшiлiк жұрт бұрылып алып, жолға түсiп тартады. Манадан берi тағатсыз, зығырданы қара қазандай қайнап, тек елдiң азайғанын күтiп тұрған Мақаң ендi генералды қолынан ұстап: – Дəл қазiргi сəтте, əрине, сен генералсың. Ал мен мына байтақ даланың баяғыдан бергi маршалымын. Осыны есiңе сақта! – деп əумесер генералды қарынан ұрып жiберген ғой. Алпамсадай

төрағалығына беку үшiн Мəскеуге, КОКП Орталық Комитетiнiң хатшылығына келген. Қасында – Петр Черныш. Ол обком хатшысы болып бекуi керек... Мiне, олар хатшылықтың мəжiлiс залына кiрдi. Бұл баяғыда Сталиннiң кабинетi болған көрiнедi. Бүйiрдегi есiктен партиядағы сол кездегi екiншi адам Константин Черненко бастатқан Орталық Комитеттiң хатшылары, Саяси бюроның кейбiр мүшелерi шықты. Көп ұзамай Бас хатшы болып сайланып, аз уақыт болса да Кеңес Одағын билеу бақытына, тарихта қалу құрметiне ие болған Черненко, қаусаған, шүйкедей ғана, ақкөңiл кiшкентай шал ұзын үстелдiң қақ төрiнен орын алды. Үстелдiң бiр басында «үп» десең ұшып кеткелi тұрған, сол кездiң өзiнде дімкəс, екi иiнiнен дем алған құйттай ғана қаңбақ шал Константин Устинович, ал екiншi басында оның үстiнен құзар шыңдай асқақтаған, сымбат-көркi келiскен, мəртебелi жиналыстың сұрақтарына сенiмдi түрде, тау бүркiтiндей саңқылдап жүйрiк жауап берiп, көргеннiң көзiн сүйiн дiре таңырқатқан таудай Мақаң... Өткен ғасырдың сонау алыстағы 60-70-жылдарында қазақ халқының осындай азаматтары болғаны қандай жақсы, қандай бақыт едi десеңiзшi! Сөйлесе сөздiң шешенi, бастаса қолдың көсемi болған, əманда ақ алмас берендей жарқылдаудан, жарқыраудан танбаған қайран бiздiң қасиеттi ағалар! Жаңағыдай жерлерде Құлагердей суырылып озған сəттерiнде олар əркез туған халқының мерейiн өсiрдi ғой, бейпiл ауыздарды бетке соқты ғой, елдiң мүддесiн қорғады ғой. Г.В.Колбин бастатқан Мəскеудiң жандайшаптары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетiнiң арнайы Пленумын шақырып, Д.А.Қонаевты жүндей түтiп жазаламақшы, ел ардағын қорламақшы болғанда, осы қиянатшыл əрекетке бiрiншi болып қарсы сөйлеп, ол ниеттi iске асыртпай тастаған да сол кездегi Көкшетау облыстық партия комитетiнiң бiрiншi хатшысы Мақтай Сағдиев болатын. Коммунистiк өктемдiк қаһарын төгiп, Асқаровтарды түрмеге тыққан шақтағы Мақаңның бұл ерлiгiн, əрине, қазiр бiреу бiлсе, бiреу бiлмейдi. Сонымен бiрге, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының, 1989 жылғы Жаңаөзен оқиғасының халық бiлмейтiн негiзгi бiр қаһарманы да Мақтай Сағдиев болғанын осы арада айта кетудi орынды санаймын. КСР Жоғарғы Кеңесi Төралқасының Төрағасы болып келгеннен кейiн ол Желтоқсан оқиғасына катысқандарды ақтау жөнiнде республиканың Жоғарғы сотына, республика Прокурорына қатаң нұсқау бердi.

Олардың партия органдарының қаулысына сəйкес берген анықтамалары қабылданбады. М.С.Горбачев жiберген эмиссар партия хатшысының түкiрiгi жерге түспей, ақ дегенi алғыс, қара дегенi қарғыс болып тұрған шақта Мақтай Рамазанұлы айдауда азапта жүрген қыршын қыздар мен жiгiттерiмiз үшiн жiгерлi жанашырлық, баскөзге қарамас батырлық танытты. Əрине, бұдан бұрын Қонаевты қорғағаны жəне бар, жастарды жазадан азат ету ниетi мен бұл жөнiндегi үзiлдi-кесiлдi нұсқауы Орталыққа, Колбинге ұнамай қалғаны өзiнен-өзi түсiнiктi. Сөйтiп, империя билеушiлерi тарапынан Мақаңа деген өшпендiлiк қоламтасы бықсуға бет бұрды. Ендi тек мұқатуға, сүрiндiрiп құлатуға оңтайлы уақыт, сырдаң сылтау ғана керек болды. Ондай мүмкiндiк, дес бергенде, аяқ астынан табыла кеттi. Ол – алпысқа толған мерейлi тойдың мерзiмi едi. Əдетте, республиканың жоғары басшылары мерейжасқа байланысты марапатталатын той-томалақ өткiзiлушi едi. Бiрақ мұндай сыйқұрмет Жоғарғы Кеңес Төралқасы Төрағасының еншiсiне бұйырмады, айналып өттi. Ар-ұят сезiмiн сыпырып тастаған Қазақстан партия ұйымының бiрiншi хатшысы Колбиннiң той иесiне осындай шешiм қабылдағанын Мəскеуде ауруханада жатып бiлген Мақаң бұған абыржымады. Кейiнiрек КСРО Жоғарғы Кеңесiнiң сессиясында одақтық Халықтық бақылау комитетiнiң төрағасын сайлау жөнiнде мəселе көтерiлгенде Қазақстан делегациясы атынан Сағдиев сөз алып, Колбиннiң кандидатурасын осы қызметке ұсынды. Жақсы көрiп, емешесi езiлгендiктен емес, керiсiнше, жек көрiп, қалайда құтылу үшiн ұсынылғандығын жұрттың бəрi бiлiп отырды. Колбин кетсе, басы ашық мəселе, орнына ендi қайткенде де жергілікті азамат келетiнi кəмiл ғой. Ұсыныс қабылданып, республика Орталық партия комитетiнiң бiрiншi хатшысы болып сайлануға жергiлiктi азаматтарға тiкелей жол ашылды. Мақтай ағамыздың көрнектi де өрнектi iздерi Көкшетау өңi рi нен де көптеп табылады. Жақ сының салдырған кенттерiн дей көлбеңдеп алдыңнан шығады. Соңғы бiр үйi ғана қалып, ендi болмаса құруға бет алған жерiнен тiк көтерiп Мақаң салдырған Мəлiктiң ауылы. Кеңес Одағының Батыры ғұлама ғалым Мəлiк Ғабдуллиндi айтамыз. Көкшетау мен Бурабайдың арасындағы тас жол бойының қос қанатында аққулардай тiзiлген ақшаңқан үйлердi топтаған Кенесары ауылы. Көкшетау қаласына кiреберiстегi Құлагер ескерткiшi. Қаладағы «Құлагер» қымызханасы, еттi қазақша

мүшелеп сататын «Сыбаға», одан соң арнайы «Балапан» дү кендерi – бəрi Мақаңның Көкшедегi көздерiндей. Əсiресе, Абылай хан даңғылы бойындағы қолдан қаланған Оқжетпестi айт саңызшы. Бұл тау тiкелей Мақ тай Рамазан ұлының ойлап тапқан ой-ниет, ұсынысымен Зерендi жерінің тақта-тақта тастарымен текшеленiп, сол қалпы көшiрiлiп əкелiп, табиғаттың өз тума жаратылысындай жымдастырылып орнатылған-ды. Көкшетаудың көркiн келтiрiп, елдiң өзi «Мақтайтау» атандырған осы ғажайып дүние уақыттың көшкеруенiмен, халықтың алғыскер жадымен мəңгiлiк ескерткiшiне айналып та бара жатыр. Көкшетаудың көп тауына қосылған iнжу-маржан сияқты, Сағдиев салтанатын паш еткен «Мақтайтау»... Мұндайда бұрынғы мұғалiм Мақтай, агроном Сағдиев, басшы Сағдиев құрылысшы Сағдиевке айналып кетер едi. Атақты ЖенПИ – Алматыдағы қыздар институтына да республика басшыларынан əйгiлi Жұмабай Шаяхметовтен кейiн қадам басқан тек Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесi Төралқасының Төрағасы М.Сағдиев екен. Сол кезде ол студент, негiзiнен ауылдан келген қазақ қыздарының тұрмысжағдайларын жақсартуға нақты көмегiн тигiздi. Институт ректоры С.Исаев қыздардың күнделiктi тамағына шығарылатын шығын 1 сом 20 тиын екенiн айтқанда, Мақаң қолма-қол Қаржы министрлiгiнiң басшыларына осы шығын көлемiн тез арада ұлғайтуға нұсқау бердi. Қыздардың күнделiктi тамағының шығыны 1 сом 80 тиынға көтерiлген едi. Сонымен бiрге, қыздар үшiн арнау лы бiрнеше медициналық кабинеттер аштырды. Содан берi бiраз уақыт өткенiмен, институт ұжымы Мақаңның əкелiк жүрек жылуына толы жақсылық-шарапаттарын жадында сақтаған. Өмiр сапары сарқылған саңлақтардың есiмдерiн есте қалдыру мəселесi де Мақаңның маңдайына жазылыпты. Мұны ұйымдастыру, əрине, оңай емес, кедергi себептер шаштан асады. Осыған қарамастан, ардагерлер көсемi Сағдиевтiң ұсынысымен, тiкелей қатысуымен бұрынғы республика басшыларының тұрған үйлерiне ескерткiш тақталар қойылды. Ол ардақты қайраткерлердiң iшiнде Т.Тəжiбаев, М.Бейсебаев, Қ.Егiзбаев, К.Ахметов, М.Фазылов, тағы басқа есiмдер бартын. Алматы қаласының əкiмдiгi Сабыр Ниязбеков тұрған үйге ескерткiш тақта қоюға қаулы алды. Бұған дейiн тым кешеуiлдеген бұл шешiмнiң де дүниеге келуiне аянбай атсалысқан Мақаң еді. Бiр айта кетерлiк жай, екі мəрте Кеңес Одағының Батыры,

ұлттық қаһарманымыз Талғат Бигелдиновке ескерткiш болмай келіпті. Ескерткiш бары бар, бiрақ ол Қырғызстанда орнатылған. Осы олқылықтың да орнын толтырған өзiмiздiң мазасыз Мақаң. Батырдың мəртебесiне сай көрнектi ескерткiш өзiнiң атажұрты – Ақмола облысының орталығы Көкшетауда ашылғанда Мақтай Рамазанұлы осы салтанатқа Талғат Жақыпбекұлын өзi ертiп апарды. Бiртуар ардагерлерiмiз сый-құрметтi осылай көзi тiрiсiнде көргенi де жақсы-ау... Жоғарыдағы əңгiмеге қарап жұрт бұл Сағдиев жұмыстан басқа ештеңенi бiлмеген екенау деп қалып жүрмесiн. Асылы, ол кiсi жұмысты да iстей бiлдi, бiлiмге де құштар болды, өмiрдiң өзге қызықтарынан да құралақан қалмаған. Жаны сұлу, мiнезi дарқан, серi адам. Сұлулықты сүйдi. Əсiресе, Мақаңның аңшылығы туралы аңыздар көп айтылады. Əрине, аңшы болған соң азырақ өтiрiктiң қосылуы заңды. Бiрақ басқа аңшылардан бiр ерекшелiгi, Мақаңның аңшылығының аңызынан гөрi ақиқаты басымдау ма деп қалдық. Өзiнiң қыры мен сырын жақсы бiлетiн көптеген жолдастары да аңшылықты оның бiрiншi хоббиi ретiнде атайды. Аңшылық салған ең үлкен олжалардың бірі Димаш Ахметұлымен бiрге саят құрып, аңға шыққан шуақты сəттер болғаны да рас. Димекеңмен бiрге аң аулау бақыты сол тұста ең жоғары қызметтерде жүргендердiң арасында да екiнiң бiрiнiң пешенесiне жазыла бермеген. Ол кісі мен Мақаң арасындағы əдемi сыйластықтың айшықты көрiнiстерi аңшылық құрған сəттерінде де мəндi əрі мағыналы болатын. Жолдас-жораларының, тұрғыластарының iшiнде Мақаңды шын жүрегiмен жақсы көрiп, тебiрене сыр шертпейтiнi кемде-кем. Адамды бiр көргеннен, бiрiншi кездескеннен үйiрiп əкетуi оған құдай сыйлаған құдiреттi қасиеттерiнiң бiрi болса керек. Себебi, оның дəл осы қасиетiне көп адамдар асқан қызығушылықпен ден қойып назар аударады. Сағдиевтiң адами табиғаты мен дарқан жан дүниесiн ешқандай əлеуметтiксаяси сiлкiнiстер өзгерте алмады. Қашан болсын ол адамдық табиғи қалпынан айнымады. Мақаңды көп жұрттың қызметкер, бастық, шенеунiк емес, ең алдымен адам ретiнде бағалағаны, кiсiлiгiн сыйлағаны да сондықтан шығар. «Қазақ тілінде жатық сөйлеуді «Социалистік Қазақстан» газетін күнде түк қалдырмай оқу арқылы үйреніп едім», деп Сауытбек Абдрахмановқа сыр ашуы да көп жайды аңғартқандай. Мақаң адал жар, отбасы камқоры, балаларының сүйiктi əкесi болды. Адамды жақсы бiлiп, жан дүниесiн, жүрек сырын, адамгершiлiк қасиеттерiн, шынайы мəдениеттiлiгiн терең ұғыну үшiн жақындарына деген жан жылуын пайымдау керек. Көпшiлiкке жақсы көрiнiп, отбасының күлi бұрқырап жатса, ол да болмайды ғой. Кейде адамның жақсы екенiн бiр көргеннен сезсең де, оның ұлылығын, дарқан дарынын кейiннен араласа келе, сөйлесе келе танисың. Көбiнесе кiсiнiң кiшкентай жүрегiнiң қаншама мейiрбандықты, қайырым дылықты, кiшiпейiл дiлiктi, қамқорлықты сыйғызып тұрғаны оның отбасына, балаларына, жақындарына деген қарымқатынасынан көрiнiп тұрады. Осы орайда да Мақаң маңдайы ашық, жүзi жарқын, кiм-кiмге де өнеге, үлгi болып өтті. Иə, тағдыр тағындағы Мақаңның адами болмысы, өмiрлiк мұратының айқындамалары осындай болды, қашанда адамгершiлiк пен iзгiлiк туын жықпады, құдай берген кiсiлiк қалпынан айнымай өтті. Мақаңның бiрiншi саясаты да – кiсiлiк пен адамгершiлiк болатын. Мақаңның жүрегi – жақсылық жасауға ұмтылып тұрған жүрек еді. Қазақтың аяулы ақыны Төлеген Айбергеновтің: «Қажет жерiнде қатыгездiк пен қаталдық керек десек те, Адамның заңғар ұлылығын сен Сағынышымен есепте», – деген жалынды жырлары осы Мақаң сияқты, тұла бойы тұтасымен бауырдан жаратылғандарға қаратып айтылған болар. Халқының құрметiне бөленіп өткен Мақтай Сағдиевтiң заңғар ұлылығы да сол өз жүрегiнiң мейiрiм нұрларынан, iзгiлiк жырларынан, адамдық болмысындағы тек жақсылық аңсаушы сағыныш сырларынан нəр алушы еді. Енді Мақтай ағаның өзі де сағынышқа айналды. Осындай абзал жүректі абыз қашанда қазағымен, халқымен бірге жасай бермек. АЛМАТЫ.

ШАРАЙНА

Əлем жаѕалыќтары

Оппозиция серкесі – ел президенті Хуан Карлос Варела Панама оппозициясының серкесі болып табылады. Сайлау нəтижелері жария етілген соң оның Панама президенті болғаны анықталды. Панаманың Оңшыл центристік партиясының өкіліне сайлаушылардың 39 пайызы өз дауыстарын берген. Ал билеуші Демократиялық өзгерістер үшін партиясының өкілі Хосе Доминго Ариас Вареладан шамамен 8 пайыз дауыс аз жинаған. Панамадағы сайлаудың бір ерекшелігі – мұнда сайлаушылардың ең көп дауысын алған үміткер жеңіске жетеді. Оның пайыздық үлесі еш рөл атқармайды. Варела – қазір Панаманың вице-президенті. Ол сайлауда жеңіске жетсе, экономикалық өсім бағытын жалғастыруға уəде берген болатын. Оның сайлауалды бағдарламасында, сондай-ақ, инфляцияны төмендету мен кедейлікті азайту бар.

Премьер сот алдында жауап беруде Тайланд премьер-министрінің міндетін атқарушы Йинглак Чинават Корольдіктің конституциялық соты алдында жауап берді. Оған лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылып отыр. Егер Чинават кінəлі деп табылатын болса, онда министрлер кабинеті отставкаға кетеді. Чинаваттың іс-əрекетіне оппозицияшы-сенаторлар тобы шағымданыпты. Олар Тайланд ұлттық қауіпсіздік кеңесінің басшысы Тавил Плиенсриді отставкаға жіберіп, үкімет басшысының міндетін атқарушы өзінің өкілеттігін асыра пайдаланғанына сенімді. Сенаторлар, сондай-ақ, Чинават мұндай қадамға бақай есеппен барды деп есептейді. Сот алдында жауап берген премьер-министрдің міндетін атқарушы өзінің кінəсін мойындаудан бас тартқан. Оның пікірінше, үкімет басшысы ретінде ел мүддесіне сəйкес қандай шешім қабылдаса да құқылы.

Қысқа қайырып айтқанда:

Дүниежүзі бойынша адам құқы ең көп бұзылатын ел ретінде халықаралық сынға жиі ұшырайтын Солтүстік Корея адам құқын бұзу саласында Америка Құрама Штаттары əлемдік көшбасшы болып табылады деп есептейді. Мұны КХДР басшысы Ким Чен Ын мəлімдеді. Американың Калифорния штаты жағалаулары мен Тынық мұхитындағы Гуам аралында Ресей ұшақтары байқалған. Бұл туралы АҚШ əскери-əуе күштерінің басшысы Герберт Карлайл хабарлады. Ол, сондай-ақ, Ресей əскери-əуе күштерінің белсенділігі Оңтүстік Корея мен Жапония жағалауларында да күрт өсе түскенін мəлім етіп отыр. Франция дипломатиялық миссиясының қызметкері Йемен астанасы – Сана қаласының маңында атып өлтірілген. Елшіліктің тағы екі қызметкері дене жарақаттарын алған. Мұны Йемен ішкі істер министрлігіндегі дерек көзіне сілтеме жасай отырып, «Рейтер» агенттігі хабарлады. Ұлыбританияның əскери-теңіз күштеріндегі сүңгуір қайықтарда əйелдер қызмет ете бастаған. Мұндай қызметке алғаш болып рұқсат алғандар – лейтенанттар Максин Стайлз пен Александра Олссон жəне Пенни Тэкрей болып табылады. Олар сүңгуір қайықтағылар үшін арнайы курста дайындықтан өтіпті.

Обама форумєа бойкот жариялады Ақ үй америкалық корпорацияларды СанктПетербургте өтетін халықаралық форумға қатысудан бас тартуға шақырды. Бұл жерде əңгіме аса ірі энергетикалық, қаржылық жəне өнеркəсіптік компаниялар туралы болып отыр. Мəселен, Alcoa, Goldman Sachs, PepsiCo, Morgan Stanley жəне ConocoPhillips сияқты алыптар қазірдің өзінде форумға қатысудан бас тартып үлгерген. Бұған президент Обаманың кеңесшілерінің белсенді үгіті себеп болған секілді. Обама əкімшілігі өзінің белсенді əрекетінен кейін іс жүзінде АҚШ-тың ірі компанияларының бəрі форумға бармайтынынан үмітті. Дегенмен, кейбір компаниялар басшылары 22-24 мамыр күндері өтетін форумға төменгі шендегі қызметкерлерін болса да жібермек көрінеді. Əйтпесе олардың жоғалтатыны көп болмақ екен.

Ґлтірілгені ґтірік болып шыќпасын Ұлттық баскетбол ассоциациясының бұрынғы ойыншысы Деннис Родман өткен жылдың тамызында жəне желтоқсанында өлтірілген Солтүстік Кореяның басшысы Ким Чен Ынның жездесі мен оның дос əйелін тірідей көргенін айтқан. Мұны баскетболшы Dujour басылымына сұхбатында хабарласа керек. Солтүстік Корея туралы қандай əңгіме айтылмасын, адамдар соған сенеді. Соңғы рет мен сол елде болғанымда Ким Чен Ынның жездесі мен оның дос əйелінің өлтірілгені туралы əңгіме желдей ескен-тұғын. Бірақ мен əлгі екеуінің қасында тұрдым, деп мəлімдеген Родман. Мұнан бөлек, Родман Ким Чен Ынның АҚШ президенті Барак Обамамен кездесіп, Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы туралы келіссөздер жүргізгісі келетінін көлденең тартқан. Баскетболшының айтуынша, Солтүстік Корея бейбіт өмір сүргісі келетін шағын ғана ел болып табылады.

Ливияда – жаѕа їкімет басшысы Ахмед Маайтик Ливияның жаңа премьер-министрі болды. Енді ол 15 күннің ішінде кабинетті жасақтап, оны бекіту үшін парламентке ұсынуы тиіс. Бұл туралы Жалпыға ортақ ұлттық конгрестің (парламент) спикері Нури Абу Сахмейн жария етті. Маайтик Ливия басшысы Муаммар Каддафи тағынан тайдырылғалы бергі бесінші премьер болып отыр. Оны жақтап парламенттегі 121 депутат өз дауыстарын берген. Премьер болу үшін үміткерді кем дегенде 120 депутат қолдауы тиіс. Осылайша 42 жастағы бизнесмен Ливия тарихындағы ең жас үкімет басшысы атанды. Оның алдындағы премьер Абдалла əл-Тани осы лауазымға бекігеннен кейін 5 күннен соң, яғни 13 сəуірде отставкаға кеткен болатын. Ол бұл əрекетін жоғары лауазымнан өз өмірі мен жақындарының қауіпсіздігі үшін алаңдайтындықтан бас тартатындығымен түсіндірген еді. Интернет материалдары негізінде əзірленді.

Profile for Egemen

07052014  

0705201407052014

07052014  

0705201407052014

Profile for daulet
Advertisement