Page 1

ОТАН ҚОРҒАУ – ҚАСИЕТТІ БОРЫШ 7 мамыр – Отан ќорєаушы кїні

№88 (28312) 7 МАМЫР СƏРСЕНБІ 2014 ЖЫЛ

Мінсіз ќызмет мемлекет мерейін ґсіреді

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Жоєары əскери жəне арнаулы атаќтар, сыныптыќ шендер беру туралы

Қаулы етемін: генерал-лейтенант əскери атағы: Жақсылықов Руслан Фатихұлына, Сапаров Оқас Базарғалиұлына; генерал-майор əскери атағы: Ашқаров Бейбіт Ысқақұлына, Жұмашев Жасұлан Қыдырғожаұлына, Мұқанов Нұржан Нұрланұлына, Уашпаев Марат Қамарянұлына, Хұсаинов Марат Рақымұлына; ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағы: Əбіш Самат Сатыбалдыұлына, Елубаев Құрман Исламұлына, Қыдырбаев Нұрлан Сұлтанұлына; қаржы полициясы генерал-майоры арнаулы атағы Боданов Айвар Жиреншеұлына; сыртқы барлау генерал-майоры арнаулы атағы Омаров Руслан Ысқақұлына; полиция генерал-майоры арнаулы атағы: Жаппаров Мергенбай Баймендіұлына, Күдебаев Серік Мырзақұлұлына, Мəткенов Тілеген Советұлына; 3-сыныпты мемлекеттік əділет кеңесшісі сыныптық шені: Зайтлер Степан Степановичке, Иманов Ибрагим Əлжанұлына, Қараманов Серік Сəдуақасұлына берілсін. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 6 мамыр. №815

Əскери атаќ – мемлекет тарапынан берілген жоєары баєа Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев əскери жəне арнаулы атақтар тапсыру салтанатты рəсіміне қатысты, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Кеше, Отан қорғаушы күні қарсаңында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен əскери жəне қызметтік борышын атқару кезінде батылдық пен жанқиярлық көрсеткен бір топ əскери қызметшілер, құқық қорғау жəне ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлері Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапатталды. Наградаларды тапсыру салтанатына ел Президентінің өзі қатысты. Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Салтанатты рəсім кезінде Президент: «Бүгін еліміздің Қарулы Күштерінің мемлекеттік мерекесі қарсаңында Мемлекет басшысы, Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы ретінде мен сіздерді жоғары мемлекеттік наградалармен марапаттауға шақырып отырмын. Бұл – мемлекеттің Отан алдындағы мінсіз қызметтеріңізді бағалағаны. Біздің халқымыз бейнеттің де зейнеті бар дейді. Сіздердің еңбектеріңіз жанды. Мемлекет міне, сол қажырлы еңбектеріңізді бағалап отыр.

Өздеріңізге ордендер мен медальдар тапсыру арқылы мемлекет сіздерге өзінің ризашылығын жəне бағасын береді. Əрине, сіздер тек қана марапат үшін қызмет етпейтіндеріңізді білеміз. Дегенмен, еңбектеріңіз елену керек. Сіздер елдің тəуелсіздігін, азаматтардың бейбіт өмірі мен тыныштығын қорғап жүрсіздер. Біз өздеріңізге қарап, Қазақстанның жарқын болашағына сенеміз. Атқарған еңбектеріңізбен, жүрістұрыстарыңызбен жастарға үлгі болып, əскери жəне қызметтік парызды абыроймен атқарып, Отанға қалтқысыз қызмет етіп келесіздер. Сол үшін барша Қазақстан халқы

атынан ризашылығымызды білдіреміз», деді. Осылай дей келе, Елбасы мемлекет мүддесін биік қойып, асқақ мұраттарға адал еңбек ету – əрбір патриоттың ісі екенін жеткізді жəне қазақ халқының өткенді өнеге, бүгінді қастер тұтатын, ертеңгі күнге үмітпен қарайтын халық екеніне, демек, асыл арманды қажырлы еңбек, батыл əрекет арқылы жүзеге асыратынына тоқталды. Сондай-ақ, Қазақстан Президенті өзінің сөзінде марапатталған əскерилер мен құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында өз өмірлерін қатерге тігіп, адамдарды құтқарып қалған азаматтар бар екенін де айтып өтті. «Сіздер тек өз қызметтеріңізді ғана емес, азаматтық борыштарыңызды да абыроймен атқардыңыздар, жастарға үлгі болдыңыздар. Өмірде ерлікке əрдайым орын бар екенін дəлелдедіңіздер. Араларыңызда күш-қуаты мен уақытын аямастан өз қызметінде

● Айбын

ұдайы үздік нəтиже көрсете отырып, ұзақ жылдар қажырлы еңбек етіп келе жатқандар да бар. Отанға қалтқысыз қызмет – азаматтық ерлік пен жанқиярлылықтың шынайы көрінісі. Баршаңыз еліктеуге, үлгі алуға лайықтысыздар, сіздерге қарап жастар бой түзейді. Сіздердің істеріңіз – өз халқын сүюдің жəне оған адал болудың үздік үлгісі», – деді бұл орайда Нұрсұлтан Назарбаев. Салтанатты рəсім кезінде Мемлекет басшысы болашақта марапат алғандарға зор жауапкершілік жүктелетінін, олар азаматтарымыздың бейбіт өмірін қорғай жүріп, өскелең буынға үлгі болуға тиіс екенін де айтты. Сонымен, бұл күні Қорғаныс, Ішкі істер жəне Төтенше жағдайлар министрліктері, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Мемлекеттік күзет қызметі, «Сырбар» сыртқы барлау қызметі, Экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы), Бас прокуратура

жəне «Қазақстанның ішкі істер органдары мен ішкі əскерлері ардагерлерінің ұйымы» қоғамдық бірлестігінің ұсыныстары бойынша барлығы 60 адам түрлі марапатқа ие болды. Мəселен, əскери жəне қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін нығайтуда көрсеткен ерлігі, қажырлылығы үшін марапатталған азаматтар ішінде ІІ дəрежелі «Даңқ» орденімен 8 адам, ІІ дəрежелі «Айбын» орденімен – 14, ІІІ дəрежелі «Айбын» орденімен – 7, «Құрмет» орденімен – 2, «Ерлігі үшін» медалімен – 8, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен – 18, «Ерен еңбегi үшiн» медалімен 1 адам марапатталып, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен 2 адам атап өтілді. (Соңы 2-бетте). ----------------------------------------Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Отан қорғаушы күні қарсаңында Мемлекет басшысы, Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қол басшысы кезекті жоғары əскери жəне арнаулы атақтар, сондай-ақ, сыныптық шендер тапсырды. Қатысушыларға арнаған сө зін де Нұрсұлтан Назарбаев олардың еліміздің қауіпсіздігін, оның шекарасының қорғалуын, тəуел сіз мемлекет құрып жатқан қазақстандықтардың бейбіт еңбегінің алаңсыздығын қамтамасыз етіп отырғанын айтты. Бұған қоса, ол тарихи тұрғыдан Қарулы Күштер жастардың тəрбиесінде əрдайым маңызды рөл атқарғанын атап өтті. – «Офицердің ар-намысы» деген ұғым ешқашан ұмытылған емес жəне оның мəні ешқашан да төмендеген жоқ. Жауынгердің нағыз ерлігі отаны мен халқы үшін өз өмірін қия білуінде. Отанға қызмет етудің үлгісін көрсете отырып, сіздер өскелең буынды тəрбиелеп, қоғамымыздың рухани негіздерін нығайта түсесіздер. Мемлекет сіздердің қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға белсене атсалысатындарыңызға сенім

● VII Астана экономикалық форумы қарсаңында

БІЗ ПАРАДЌА ЌАТЫСАМЫЗ! БЭК-тіѕ іскерлік конгресі Отанымды ќорєау – басты парызым

– дейді жас лейтенант Марат АСАНОВ – Марат, əскери қызметкер болуды таңдапсың, отбасыңда əскери адамдар бар ма еді? – Менің əкем Ахан 20 жылын əскери салаға арнады. Соның ішінде көп жыл əскери комиссариатты басқарды. Қазір запастағы полковник, үнемі əскери киіммен сымдай тартылып жүретін əкемізге қарап əскери саланың маманы болсам деп армандаушы едім. Бұл күндері сол арманым іске асып, тəуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштері қатарындағы қызметімді абыройлы атқара бастадым. – Жоғары білімді қандай оқу орнында алдың? –Түркістан қаласындағы №15 М.Жұмабаев атындағы мектеп-гимназияны бітірген жылы алдымда сан тарау жол тұрды. Өз елімізде де бірнеше əскери оқу орны бар ғой. Мектепте

бірге оқыған қатарластарым басқа саланы қалап жатты. Дегенмен, мен Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігіне қарасты Əскери университетте білім алуды қаладым. Оның үстіне Ресей мен Қазақстан арасында жоғары білімді əскери мамандарды даярлау жөнінде келісім жасалған екен. Осы келісімге сəйкес Мəскеудегі Əскери университетке оқуға түскен қазақстандық студенттерге мемлекеттік оқу гранты бөлінеді. Міне, осы мүмкіндікті пайдалануды көздедім. Бағым бар екен, ҰБТ қорытындысында жоғары балл жинадым. Сөйтіп, 2007 жылы Мəскеудегі əскери университетке əлеуметтанушы мамандығына оқуға түстім. Осы университетте оқи жүріп, 2011 жылы қосымша полиграф курсын бітірдім. (Соңы 4-бетте).

VII Астана экономикалық форумы (АЭФ) 2014 жылдың 21-23 мамыр аралығында өтеді. Форумның жалпы тақырыбы теңдестірілген экономикалық өсімді қамтамасыз ету жəне жаһандық даму мəселелері төңірегінде болады. VII АЭФ əлемдік экономиканың өзекті мəселелерін талқылап, соған байланысты ұсыныстар белгілеп, өңдеу жұмыстарын жалғастырады. Биыл форум аясында ІІ Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференция (ДҚДК) өткізу жоспарлануда. Сонымен бірге, жақында үш мемлекет – Қазақстан, Беларусь республикалары мен Ресей Федерациясы Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімге қол қоймақ. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық кəсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен «Еуразиялық экономикалық одақ жолында» атты Біртұтас экономикалық кеңістік (БЭК) бизнес-диалогының іскерлік конгресі өткізіледі. Аталмыш шара туралы біз Ұлттық кəсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары – басқарма мүшесі Рахым ОШАҚБАЕВТЫ əңгімеге тартқан едік. – Рахым Сəкенұлы, VII Астана экономикалық форумы аясында «Еуразиялық экономикалық одақ жолында» атты БЭК бизнес-диалогының іскерлік конгресі өтетіндігі белгілі, шараның мақсаты мен ерекшеліктерін тілге тиек етсеңіз? – Өздеріңізге белгілі, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуразиялық

экономикалық одақтың (КО жəне БЭК елдері –Қазақстан Республикасы, Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясы) толыққанды қызметін қамтамасыз ету жоспарланған. Одақ аясында тауарлар, қызметтер, капитал мен жұмыс күшінің еркін қозғалысы іс жүзіне асырылып, экономика салаларында үйлестірілген, келісілген

немесе ортақ саясат жүргізілетін болады. Біз интеграцияның үш сатысынан өттік: алдымен Кеден одағы (КО), одан кейін Біртұтас экономикалық кеңістік (БЭК), қазір экономикалық интеграцияның ең жоғарғы сатысы – Еуразиялық экономикалық одақ құру алдында тұрмыз. Осыған орай, АЭФ аясында өткізілетін іс-шараның басты мақсаты – ең алдымен, қазіргі экономикалық интеграцияны тереңдете дамыту бойынша ұсыныстар əзірлеу, КО жəне БЭК-ке қатысушы елдер арасында өзара тиімді сауда қарым-қатынастарын дамыту бағыттарын айқындап, осы саладағы түйткілді мəсе лелерді, сондай-ақ, КО жəне БЭК аумағында кəсіпкерлік қызметті жүр гізуде Еуразиялық экономикалық комиссиясының шешімдері жобаларын реттеуді бағалау тетіктерін енгізу арқылы олардың шешілу жолдарын талқылау жоспарлануда. Қазіргі уақытта білікті спикерлерді тарту мəселесі бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Аталған іс-шара сенімді интеграциялық бірлестікті қалыптастыруда тиімді ұсыныстар əзірлеуге жəне оны одан əрі дамытуға мүмкіндік жасайды деп үміттенеміз. (Соңы 2-бетте).

артады. Сіздер бұл міндетті орындап, алған атақтарыңызды ақтайды деп сенемін, – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы берілген атақтар бүкіл əскери қызмет барысындағы ерен еңбектің нəтижесі екеніне тоқталып өтті. – Бұл – мемлекет тарапынан берілген жоғары баға. Генерал болу – зор мəртебе, сіздер оған лайықты болуға тиістісіздер. Мықты денсаулық жəне қызметтеріңізге табыс тілеймін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Салтанатты рəсім кезінде сөз сөйлеген офицерлер өздеріне берілген атақтар отандастардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырған барлық құрылымдарға берілген жоғары баға екенін айтты. Олар Қазақстан армиясының, құқық қорғау жəне арнаулы органдардың жақсы жарақтандырылғанын айтып, барлық күш-жігерлерін, тəжірибелері мен білімдерін ел халқына қызмет етуге жұмсайтындарына сендірді. Жоғары əскери жəне арнаулы атақтар, сыныптық шендер алған адамдар тізімі Президенттің Жарлығында жарияланып отыр.

Бїгінгі нґмірде: Кəсіби армия – ел қорғаны 3-бет

Жүз жасаған майдангер 5-бет

Сағынышқа айналған Сағдиев

8-бет


2

www.egemen.kz

7 мамыр 2014 жыл

Мінсіз ќызмет мемлекет мерейін ґсіреді (Соңы. Басы 1-бетте). Ал салтанатты рəсім барысында ІІ дəрежелі «Даңқ» орденімен Экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасары Ма рат Ахметжанов, Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Бауыржан Бердалин, Қорғаныс министрлігі 68665-əскери бөлімінің командирі Алмаз Джумакеев, Ақмола облысының прокуроры Мұратбек Исəділов, Төтенше жағ дайлар министрлігінің Астана қаласы бойынша төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Мейрам Ысқақов жəне Қазақстан Қарулы Күштері Əуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы Нұрлан Орманбетов марапатталды. ІІ дəрежелі «Айбын» орденімен Мемлекеттік күзет қызметі бастығы аппаратының басқарма бастығы Раушан Жамбылова, Ұлттық қауіпсіздік комитеті департамент бастығының бірінші орынбасары Сергей Климчук, Қорғаныс

министрлігі 14776-əскери бөлімі командирінің орынбасары – бөлім орталығының бастығы Арыстан Мұ қатаев, Ұлттық қауіпсіздік ко ми теті Шекара қызметі жеке авиациялық эскадрильясының командирі Ерболат Смағұлов марапатталды. ІІІ дəрежелі «Айбын» орденімен Ішкі істер министрлігі Ішкі əскерлер «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы 7552-əскери бөлімі атқыштар батальонының бөлімше командирі Жандос Баянбаев, Қорғаныс министрлігі 53898-əскери бөлімі авиациялық эскадрильясының (жеңіл реактивті ұшақтар) аға авиация механигі Батыржан Мойнов, Төтенше жағдайлар министрлігі Ақмола облысы төтенше жағдайлар депар таменті «Өрт сөндіру жəне апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ Көкшетау қаласы №1 мамандандырылған өрт сөн діру бөлімінің жүргізушісі Юрий Новосельцев, 0112-əскери бө лімінің бөлімше командирі Ғалымжан Тойшыбаев наградталды. «Ерлігі үшін» медалімен

Бейбітшілік жəне келісім орталыєы ќўрылды Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Парламент Сенатының депутаты Анатолий Башмаковтың бастамасымен Петропавл құрылыс-экономика колледжінде студенттердің бейбітшілік жəне келісім орталығы құрылды. Оның ашылу салтанатына қатысқан облыстық ассамблеяның хатшылық меңгерушісі Наиль Салимов мұндай үрдіс елімізде алғаш рет қолға алынып отырғанын, жастардың қоғамдық белсенділігін

арттыру мақсатымен сараптама топтары жұмыс істейтінін жеткізді. Акт залына жиналған оқытушылар мен студенттер ғарышкер Александр Викторенкомен өткізілген телекөпірді тамашалады. А.Башмаков солтүстік қазақстандықтар атынан жерлесімізге ыстық сəлем жолдады. 14 оқу озатына А.Викторенко атындағы стипендияларды табыс етті. Осымен екінші рет беріліп отырған атаулы дипломдарға бір топ ұстаздар мен əлеуметтік əріптес ұйымдар ие болды. Солтүстік Қазақстан облысы.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы 2014 ж. 7 сəуір

№7/230

Астана қ.

Жїзеге асырылатын міндеттерді орындау їшін ќажетті жəне жеткілікті дербес деректердіѕ тізбесін бекіту туралы «Дербес деректер жəне оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы Заңының 25-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сəйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы (бұдан əрі - Ортсайлауком) қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті жəне жеткілікті дербес деректердің тізбесі бекітілсін. 2. Ортсайлауком аппаратының заң бөлімі (Е.Г. Холмецкая) осы қаулының Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 3. Ортсайлауком аппаратының ұйымдастыру-талдау бөлімі (Г.Б. Кулеш) осы қаулы Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Төраға Қ.ТҰРҒАНҚҰЛОВ Хатшы Б.МЕЛДЕШОВ Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2014 жылғы 7 сəуірдегі № 7/230 қаулысымен бекітілген Жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті жəне жеткілікті дербес деректердің тізбесі 1. Тегі 2. Аты 3. Əкесінің аты (егер болса) 4. Туғаны туралы деректер: туған күні жəне жері 5. Жынысы 6. Білімі туралы деректер 7. Əлеуметтік мəртебе 8. Тұрғылықты жерінің мекенжайы 9. Азаматтығы туралы мəліметтер 10. Жеке сəйкестендіру нөмірі 11. Жеке басын куəландыратын құжаттың деректері (құжаттың атауы, құжаттың нөмірі, құжаттың берілген күні, құжаттың қолданылу мерзімі, құжатты берген орган) 12. Жеке басын куəландыратын құжаттардың жарамсыз болу, жойылу себептері туралы мəліметтер 13. Қайтыс болған күні 14. Сайлаушының мəртебесі 15. Сайлау учаскелері туралы мəліметтер (учаскенің нөмірі, мекенжайы жəне орналасқан жері) 16. Сайлау комиссиялары туралы мəліметтер (комиссияның деңгейі, комиссия мүшелерінің құрамы) 17. Сайланбалы лауазымға кандидаттар, сайланбалы лауазымға сайланғандар жəне бұрын сайланбалы лауазымдарда болғандар туралы мəліметтер (жұмыс орны, лауазымы, телефоны, мамандығы бойынша білімі, кəсіп тобы, партияға қатысы (егер болса), ұсыну нысаны)

Қорғаныс министрлігі 64471-əскери бөлімінің аға офицері Олжас Баукен, Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру жəне авариялыққұтқару жұмыстары қызметі» ММ өрт сөндіру кезекші қызметі жетекшісінің көмекшісі Мақсат Дүйсенбаев, Павлодар облысы ішкі істер департаменті Павлодар қаласы ішкі істер басқармасы жолпатрульдік полиция батальонының взвод командирінің орынбасары Есен Нұрғалиев, ал «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен Қорғаныс министрлігі 74884-əскери бөлімінің командирі Арман Асанбай, Қорғаныс министрлігі 65229-əскери бөлімі авиациялық эс кадрильясы (əскери-көліктік авиа ция) командирінің орынбасары Дмитрий Гроц, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қостанай облысы бойынша департаментінің басқарма бастығы Юрий Евдокимов марапатталды. Марапатқа ие болған азаматтар өз кезегінде Қазақстан Президентіне жоғары сенімі мен қолдауы үшін алғыстарын білдірді.

Ќўрметті отандастар! Баршаңызды Отан қорғаушы кү ні мен Ұлы Отан соғысының Жеңіспен аяқталғанына 69 жыл толу мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Шуақты көктем күндерінде қатар аталып өтетін қос мерекенің тəуелсіз Қазақстан азаматтары үшін алатын орны ерекше. Отан қорғаушы күні – бейбіт күнде ел тыныштығын қорғаған азаматтарымыздың мерекесі болса, Жеңіс күні – халқымызды фашист басқыншыларынан қорғап қалған қаһарман жауынгерлердің ерлігіне тағзым ететін ұлы мейрам. Біз əлемді фашизмнен азат ету үшін соғысқан батыр бабаларымыздың алдында мəңгі қарыздармыз. Қазақстандық жауынгерлер шешуші шайқастарға қатысып, ерліктің ерен үлгілерін көрсетті. Тылдағы халық та жан аямай еңбек етіп, Жеңіс күнін жақындата түсті. Осы кезеңдердің тарихы мəңгілік халық жадында.

Сондай-ақ, елімізге қалтқысыз қызмет етуге, кəсіби деңгейі мен шеберліктерін арттыруға, мемлекеттің егемендігі мен Қазақстанның бейбіт аспанын қорғауға əрқашан əзір екендіктерін жеткізді. Мəселен, Қорғаныс министрлігі 68665-əскери бөлімінің командирі Алмаз Джумакеев өздеріне көрсетілген сенім үшін Елбасына алғысын білдіре отырып, мемлекет пен оның халық үшін жанқиярлықпен еңбек ететіндіктерін жеткізді. Ал Қазақстанның Қарулы Күштері Əуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы Нұрлан Орманбетов Елбасына қарата айтқан сөзінде: «Сіздің қолыңыздан жоғары мемлекеттік марапатты алу – мен үшін үлкен абырой. Біз, əуе қорғанысы күштерінің жеке құрамы Сіздің артқан сеніміңізді ақтаймыз», десе, Ішкі істер министрлігі Ішкі əскерлер «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы 7552-əскери бөлімі атқыштар батальонының бөлімше командирі Жандос Баянбаев Отанға қалтқысыз қызмет етуге əр уақытта дайын екендіктерін жеткізді.

Кґші-ќон саласындаєы ыќпалдастыќ артады Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов БҰҰ-ның Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының Орталық Азиядағы өңірлік өкілі Бернард Дойлмен кездесті, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі. Кездесу барысында сыртқы саясат ведомствосының басшысы Б.Дойлды осы жоғары əрі жауапты лауазымға тағайындалуымен құттықтап, Қазақстан БҰҰ-ның Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасын жаһандық, аймақтық жəне ұлттық деңгейлерде босқындар

құқықтарын сақтау мен қорғау бойынша БҰҰ құндылықтары мен мақсаттарын алға тартумен айналысатын жетекші халықаралық агенттік ретінде қарастыратынын атап өтті. Е.Ыдырысов БҰҰ-ның Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасына 2013 жылғы 4-5 маусым күндері

Ұлы Жеңіс үшін болған күрес халқымыздың бүгінгі ауызбіршілігі мен тыныштығын қызғыштай қорғап, сақтап қалуға зор аманат жүктейді. Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төра ғасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан хал қы Ас самблеясының XXI сессиясында «Біз Ұлы Отан соғысына қатысқан барлық қазақстандық батырлардың атыжөндерін біліп, оларды құрметтеуге міндеттіміз», деп атап өтті. Отан үшін отқа түскен, Ұлы Жеңіс үшін тыл майданында аянбай еңбек еткен ардагерлерімізді ардақтау – баршамыздың азаматтық борышымыз, өскелең ұрпаққа көрсетер үлгі-өнеге. Құрметті майдангерлер мен тыл ардагерлері! Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, мол бақыт, дендеріңізге саулық, отбасы лары ңызға амандық тілейміз! «Нұр Отан» партиясының Саяси кеңесі.

Ќўрметті отандастар! Қазақстан халқы Ассамблеясы сіздерді Отан қорғаушы күнімен шын жүректен құттықтайды! Бұл – шын мəнінде жалпыхалықтық мереке. Ол патриоттық дəстүрлеріміздің жалғастығын, бірлігімізді, борышқа адалдығымызды, асқақ намысымыз бен айбынды əскерімізді паш етеді. Біз аталарымыз бен əкелеріміздің қайсар ерліктерін есте сақтай отырып, еліміздің қауіпсіздігі мен қорғанысының қалқаны – батыр ұландарымызды мақтан тұтамыз. Біз əрбіріміз əскери шепте немесе бейбіт қызметте болсақ та, ең алдымен, өз жеріміздің, отбасымыздың, Отанымыз – Қазақстан Республикасының қорғаушысымыз. Отанға қызмет – ежелден құрметке ие абыройлы іс, ал əскери қызмет əрқашан өзін шын патриот деп

санайтын біздің еліміздің əрбір азаматының қасиетті борышы. Бүгін біз Отанын қорғау жолында қалтқысыз қызмет атқарып жүрген барша азаматтарымызды құттықтаймыз. Қадірлі азаматтар! Құрметті ардагерлер, жауынгерлер, офицерлер жəне барша Отан қорғаушы – абыройлы мамандықтың иелері сіздерге жəне жақындарыңызға зор денсаулық, бақыт, бейбітшілік, ырыс пен ынтымақ, ерлік пен рухани күш-қуат тілейміз! Отанымызды қорғау жолындағы қызметтеріңіз жемісті жəне абыройлы болсын! Əрқашан аспанымыз ашық, жеріміз тыныш, еліміз аман болсын! Қазақстан халқы Ассамблеясы

Авиакомпанияныѕ сыйы

Алматыда өткен «Босқындарды қорғау мен халықаралық көшіқон мəселелері жөніндегі 2-ші министрлік конференциясы: Алматы үдерісі» шарасын ұйымдастыруға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді. ҚР СІМ басшысы Қазақстан БҰҰ-ның Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының өңірдегі берік əріптесі болып қала беруге жəне көші-қон саласындағы барлық бағыттар бойынша өзара ықпалдастықты кеңейтуге ниетті екенін жеткізді. Өз кезегінде Б.Дойль Қазақстан Үкіметімен тиімді ынтымақтастықты нығайту бағытында барлық күш-жігерін салатынын мəлімдеді.

«Эйр Астана» авиакомпаниясы Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектерін Жеңіс мерекесімен құттықтап, оларды ТМД жəне Қазақстан аумағындағы қаруластарымен кездестіру үшін 2002 жылдан бері тегін тасымалдау ұйымдастыруда. Алайда, əуежай алымдарын ардагерлер өз қалталарынан төлейді. Билеттерді əркім өз қаласындағы сату жəне брондау орталығынан немесе авикомпанияның агенттігінен +7 (727) 244 44 77 телефонына хабарласып, алуға жəне брондауға болады. Авиакомпания ұшақтары Қазақстан аумағынан басқа ТМД ішіндегі Мəскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Самара, Новосибирск, Омбы, Екатеринбург, Киев, Баку, Душанбе, Ташкент жəне Бішкек қалаларына рейстер жасайды. Айта кететін жайт, 2010-2013 жылдар аралығында авиакомпания ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне осындай жолмен 5371 билетті тегін берген болатын. «Егемен-ақпарат».

БЭК-тіѕ іскерлік конгресі (Соңы. Басы 1-бетте). – Бұдан бұрынғы VI Астана эко но микалық форумы аясында өткен шараларының нəтижесі қандай болды? Инвестицияның дамуы үшін қанша шетелдік бизнес өкілдері жұмылдырылды? – VI АЭФ аясында индустриялық-инновациялық жобалар мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың бірыңғай көрмесі ұйымдастырылған. Көрмеде инновациялық, инфрақұрылымдық жəне əлеуметтік бағыттағы 140 жоба көпшілікке таныстырылып, аталған жобаларға шетелдік іскерлік орта өкілдері аса қызығушылық танытқан болатын. Форум аясында екіжақты жəне көпжақты 100-ден астам

кездесулер өткізіліп, осы кездесулер нəтижесінде жалпы құны 2,7 млрд. АҚШ доллары көлеміндегі инновациялық жобалар қаралды. Оның ішінде 500 млн. доллар шамасындағы жобалар бойынша 85 меморандум мен келісімдерге қол қойылды. – G-Global алаңындағы белсенділіктеріңіз туралы не айтасыз? – 2013 жылдың 1 шілдесінен бастап G-Global алаңында VII Астана экономикалық форумы мен ІІ Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференциясы қарсаңындағы виртуалдық жобалар іске қосылған болатын. Біз Еуразиялық экономистер клубының қолдауымен сессия тақырыбы бойынша бірқатар онлайн-конференция өткізуді

жоспарлап отырмыз. Сындарлы пікірталас орнатып, тиісті ұсынымдар əзірлеу мақсатында осы іс-шараларға спикерлермен қатар, кəсіпкерлерді де көптеп қатыстыруды ойластырудамыз. – Астана экономикалық форумын ғаламдық шешімдер қабылданатын алаң деп айтуымызға бола ма? – Астана экономикалық форумы əлемнің танымал əрі белді ғалымдарын, бизнесмендер мен саясаткерлерін жылына бір рет жаһандық экономика мəселелерін талқылап, осы саладағы көкейкесті мəселелерді шешу жолында сындарлы ұсыныс-пікірлер қабыл дау мақсатында жинайтын əлемдік үнқату алаңы ретінде баршаға танылды. Форум осы уақыт аралығында жоғары тиімділігімен

Ќўрмет жалєаса тїседі Ұлы Жеңіс күні мерекесі жақындаған сайын оған арналған игі шаралар легі жалғасуда. Соның бірі – Отан соғысы ардагерлерін Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы қызметкерлерінің көшпелі тобының арнайы барып құттықтаулары еді. Əбдірахман ҚЫДЫРБЕК,

«Егемен Қазақстан».

Мерекеге орай «Сіз дер біздің мəңгі жүрегі міз десіздер» деген атаумен өткізіліп жатқан игі бастамада аталған медицина мекемесінің қызметкерлері ардагерлер денсаулығын тексеріп, оларға медициналық кеңестер берді. Сондай-ақ, олар ардагер лерге кардиохирургия орталығының серіктесі «Жеңіс Транссервис» ЖШСнің де меушілігімен арнайы сыйлықтар ұсынды. Ұлы Отан соғысы ардагер лерін келе жатқан айтулы мерекелері Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Бізге бейбіт өмір сыйлауға себепші болған аталарымызды қалай марапаттасақ та жарасады.

Күннен-күнге қатары сиреп келе жатқан бұл жандардың денсаулығына қол дан келгенше осылай медициналық

көмек жасалып тұрса, олардың да ғұмырлары ұзағырақ болады деп білеміз. Олар дың қанды со ғыстағы жанқиярлық ерліктері бізге үлгі болып қала бер мек, – дейді шараны ұйым дас тырушылар. АСТАНА.

ерекшеленіп отыр. Атап айтқанда, маңызды меморандумдар мен келісімдерге қол жеткізу, сондайақ, БҰҰ жəне G-20, G-8 қатысушы елдер үшін əлемдік экономиканы дамыту мəселесіне қатысты бірыңғай ұсыныстар əзірлеу шаралары жүзеге асырылып, оларға қол қою іс-шаралары жүзеге асырылуда. Сонымен бірге жаһандық аудитория деңгейіне дейін көтерілген əлемдік дағдарысқа қарсы шешімдер қабылдауға арналған жаңа коммуникативтік G-Global алаңы іске қосылған болатын. – Əлемдік дағдарысқа қарсы жоспар тұжырымдамасының жобасы туралы пікіріңіз қандай? – Жаһандық тұрақсыздық жəне аумалы-төкпелі жағдайларды ескере отырып Елбасы Нұрсұлтан

Назарбаев БҰҰ-ға мүше мемлекеттерге арналған Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференцияны өткізу туралы ұсыныс жасаған бола тын. Аталған конференция жұмысының қорытындысы бой ынша Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік жоспар əзірлеу көзделген. Демократиялық қағидаттарға негізделген Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік жоспар қаржылық-экономикалық дағ дарыстан шығудың тиімді жолдарын, сондай-ақ алдағы уақытта құлдыраудың алдын алу, ұзақ мерзімді тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету, тиімді, əрі ғаламдық үйлесімді саясат пен əлемдік жаңа қаржылық құрылымды қалыптастыру шараларын белгілеуді көздейді. – Əңгімеңізге рахмет. Əңгімелескен Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

● Жағымды жаңалық

Ќазаќстанда кїн сəулесімен жїретін арба жасалды Қазақстан өнертапқыштары күн сəулесімен жүретін, мүгедектерге арналған арба жасап шығарды. Оны Халықаралық қазақ-түрік университетінің ғалымдары өмірге келтірді. Бұл оқу орнының бұдан 22 жыл бұрын Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия басшысы Сүлеймен Демирелдің ортақ мəмілеге келулері арқасында ашылғаны мəлім. Міне, осы оқу орнының оқытушылар қауымы Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясында ғылымға қатысты атап көрсетілген қағидаттарға ерекше назар аударды. Ал аталмыш құжатта еліміздің үздік 30 мемлекеттің қатарына қосылуы үшін инновациялық жүйелердің тиімділігін арттырып, ғылым мен білім сапасын жақсартуға зор көңіл бөлінген болатын. Түркістандық ұстаздар бірден қазіргі заманның алға қойып отырған өзекті мəселесі төңірегінде ізденуге күш салды. Соның нəтижесінде жоғарыда айтылған қоларба дүниеге келді. Қазір бұл оқу орнының корпустарын баламалы электр қуатына көшіру жөнінде жұмыстар жасалып жатыр. Осы 22 жылдың ішінде университетті 100 мыңға жуық түлек

бітіріп шықты. Қазір олар еліміздің əр түкпірінде түрлі салада еңбек етіп жүр. Бүгінде оқу орнында 26 мемлекеттен 10 мыңнан астам студент білім алуда. Мұнда ғылымиинновациялық жобаларға да ерекше көңіл бөлінген. Университет ғалымы Ферхад Чайыр ұзақ жылдардан бері күн нұрынан қуат алатын бірнеше жобаны жүзеге асырды. Ал Түркия тарапының қаржыландыруымен іске асқан төртінші еңбегі мүгедек жандар үшін таптырмас құрал болды. Алғашқы арбаны оқу орнының басшылары Кентау қаласының тұрғыны Жəнібек Бердімұратовқа тегін сыйға тартты. Ағаштан бұйымдар жасаумен айналысатын жас кəсіпкерге бұл үлкен демеу болды. Мұрат АЙТҚОЖА.


www.egemen.kz

7 мамыр 2014 жыл

Кəсіби армия – ел ќорєаны – Сəкен Əділханұлы! Бүгін əлемде қалыптасып отырған аумалы-төкпелі саяси жəне əскери-саяси жағдайда ұлттық қауіпсіздік мəселелеріне, əсіресе, оның əскери аспектілеріне айрықша назар аударылуда. Осындай кезеңде еліміз армиясын əрі қарай жетілдіру үшін қандай шаралар қабылдануда? – Бүгінгі таңда Қазақстан армиясы Қазақстан Республикасының Президенті – Қазақстан Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының басшылығымен оны əрі қарай нығайтуға, əскериөнеркəсіптік кешенді дамытуға, қазақстандық патриотизмді тəрбиелеуге бағыт алды. Келешекте біздің алдымызда армияны əскери істегі, шындығында, «революциялық» өзгерістермен сипатталатын қазіргі заман талаптарына бейімдеу жөніндегі міндет тұр. Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының 2014 жылдың 6 наурызында өткізген жедел-стратегиялық жиналыс барысында берген тапсырмаларын орындау үшін біз Қарулы Күштердің жауынгерлік əзірлігі мен қабілетін арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеміз. Қазақстан армиясын сапалық тұрғыда жетілдіру міндеттері аясында жеке құрамның кəсіби шеберлігі мен білім-біліктілігін арттыру үдерісі жалғасуда. Өйткені, əлемдік стандарттарға сай заманауи қару-жарақпен жабдықталып, кəсіби шеберлігі жоғары жеке құраммен жасақталған жауынгерлік əзірлігі мен қабілеті жоғары армияның болуы ұлттық қауіпсіздігіміз бен мемлекет мүддесін сенімді қорғау шарттарының бірі екені анық. Жалпы алғанда, Қазақстанның əскери саясаты ең алдымен халықаралық жəне өңірлік қауіпсіздік қауіп-қатерлерінің трансформациялануын, мемлекетіміздің геосаяси қажеттіліктерін жəне қорғанысқа жеткіліктілік ұстанымын ескере отырып қалыптасып келеді. – Былтыр келісімшарт негізіндегі армия құрудың дайындық кезеңі аяқталды. Қазіргі уақытта Қарулы Күштерді ерікті жасақтау жүйесіне көшу үшін қандай шаралар қабылдануда? – Қарулы Күштерді келісімшарт негізіне көшіру саяси декларация немесе Қарулы Күштерді дамытудың түпкі мақсаты емес. Бұл – мемлекеттің əскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін шешу жолында армияның жауынгерлік тиімділігін арттыру бағыттарының бірі. Өздеріңіз байқағандай, келісімшарт бойынша армияға көшудің даярлық кезеңі өткен жылы аяқталды. 2000-2013 жылдар аралығында келісімшарт бойынша əскери қызметтің нормативтік құқықтық базасы жетілдіріліп, кəсіпқой сержанттар институты құрылды. Басқаша айтқанда, ерікті түрде келісімшарт бойынша жасақтау жолымен Қарулы Күштерді кəсібилендіру үшін платформа жасалды. Ағымдағы жылы сондай-ақ, қолданыстағы заңнамаға азаматтарды келісімшарт бойынша əскери қызметке даярлау жəне іріктеу тəртібі, əскери оқытылған резервті даярлау жəне азаматтардың запаста болу мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болады. Жалпы алғанда, Қарулы Күштер кəсіпқойлардың саны басым, ерікті түрде келісімшарт бойынша жəне шақыру бойынша жасақталатын болады. Жоғарыда айтып өткенімдей, Қарулы Күштердің ерікті жасақтау принципіне көшуі бір жағынан кəсіпқой, саны аз, ұтқыр жəне ұрысқа қабілетті армиямыздың болуына мүмкіндік берсе, екінші жағынан оның бəсекеге қабілеттілігін арттыруға жағдай жасайды. – Сіз əртүрлі əскер тектерінің бөлімдері мен бөлімшелерінде жиі боласыз. Армия қатарына шақырылушылардың сапалық сипаттамалары: денсаулығы, білім деңгейі, қызметке жалпы дайындығы жақсы жаққа қарай өзгерді ме? – Əрине, оң үрдіс қалыптасып отыр. Басқаша болуы мүмкін де емес. Өйткені, ең алдымен, жас жігітті мерзімді жауынгерлік қызметке шақыру дың алдында біз көздеген мақсатымызға сəйкес үлкен жұмыс жүргіземіз. Əскер қатарына шақырылушылармен жəне олардың ата-аналарымен əңгімелесіп, олардың адамгершілік, іскерлік қасиеттері, денсаулық жағдайы, дене дамуы, білімі мен арнаулы даярлығы, отбасылық жағдайы туралы мəліметтер нақтыланады. Тек осы жұмыстардың қорытындысы бойынша ғана əскер қатарына шақырылушыларды қай əскер түріне, тегіне жіберу туралы шешім қабылданады. Бүгін бізде əскер қатарына шақырылушылар арасынан ең үздіктерін іріктеп алу мүмкіндігі бар. Қарулы Күштерге дене даярлығы, моральдықпсихологиялық əзірлігі жоғары, тиісті білімі мен мамандығы бар жастар келуде.

Ќазаќстан Республикасы Ќорєаныс министрініѕ бірінші орынбасары – республика Ќарулы Кїштері Бас штабыныѕ бастыєы, генерал-полковник Сəкен ЖАСЎЗАЌОВПЕН əѕгіме

Қазір көктемгі əскер қатарына шақыру жұмысы жүріп жатыр. Кешенді іс-шаралар жоспарына сəйкес «Əскер қатарына шақырылушы күні» акциясы өтуде. Бөлімдерде жас буынды салтанатты қарсы алу рəсімдері ұйымдастырылуда. Сонымен қатар, жаңадан əскер қатарына келіп қосылған жігіттер бөлім қолбасшылығынан, тəрбие құрылым дарының офицерлерінен, идеологтардан, психологтардан, гарнизондардың əскери полиция органдарының өкілдерінен құралған кешенді комиссияның алдынан өтеді. – Бір уақыттарда біздің армиямыз тəжірибелі офицерлердің, атап айтқанда, əскери қызметшілер арасында тəрбие жұмыстарын жүргізетін кадрлардың тапшылығын сезінген болатын. Бүгінде бұл мəселе шешілді ме? – Қазіргі таңда еліміз армиясы негізінен қазақстандық əскери оқу орындарын, жоғары оқу орындарының əскери кафедраларын бітірген офицерлермен жасақталуда. Осыған байланысты республикамызда базалық əскери білім беретін ұлттық əскери білім беру жүйесінің табысты жұмыс істеп келе жатқанын атап өткім келеді. Қазақстандық əскери қызметшілер Ресей, Беларусь, АҚШ, Германия, Англия, Франция, Түркия, Қытай елдерінің əскери оқу орындарында да білім алып, курстық даярлық жүйесі арқылы басқа мемлекеттер қарулы күштерінің əскери өнерін зерделеуде. Əскери кадрларды жоғары оқу орындарының əскери кафедраларында даярлауға үлкен көңіл бөлінуде. Осы оқу орындарын аяқтап, лейтенант əскери атағын алғаннан кейін бітірушілер əскер қатарына келісімшарт бойынша шақырыла алады. Ал қалған бөлігі жұмылдыру резервіне тіркеледі. Енді армияны тəрбие жұмыстары жөніндегі

офицерлермен қамтамасыз етуге қатысты бірер сөз. Мемлекет басшысының өткен жылғы қаңтар айындағы жиналыста қойған тапсырмаларын орындау үшін тəрбие жəне идеологиялық жұмыстарды ұйымдастырудың тиімділігі мен сапасын арттыру шаралары қабылдануда. Ротадан Бас штабқа дейінгі аралықта идеологиялық жұмысты ұйымдастырудың айқын жүйесі қалыптасты. Əскери бөлімдер мен мекемелерде офицерпсихолог, идеологиялық жұмыс жəне арнайы насихат жөніндегі офицер лауазымдары енгізілді. Тəрбие құрылымдары офицерлерінің мəртебесін жоғарылату үшін бірқатар шаралар қабылданды. Бас штабта Бас штаб бастығының орынбасары – Тəрбие жəне идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы лауазымы енгізілді. Құрлық əскерлері мен Əуе қорғанысы күштері бас қолбасшылары тəрбие жəне əлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарларының санаты – генерал-майор. Кадрлар жұмысы бойынша офицерлер құрамын жасақтауда олардың сапалық мінездемелеріне жəне кадрлық қызметтің меритократиялық принциптерін қатаң сақтауға басты назар аударылады. Бұл лауазымдарға адамгершілік-іскерлік жəне кəсіби қасиеттері жоғары офицерлер тағайындалады. – Қазіргі уақытта Қарулы Күштердің техникалық жабдықталуына баса назар аударылып отыр. Соңғы кездері əскерімізге қару-жарақ пен əскери техниканың қандай жаңа түрлері енгізілді деп ойлайсыз? Енді осы жөнінде айтсаңыз. – Аталған бағыт бойынша жұмыстар жоспарлы түрде жүргізілуде. Мысалы, Құрлық əскерлері қазіргі заманғы БТР-82А бронетранспортерлерімен, «Кобра» брондалған дөңгелекті машиналарымен толығуда. Сондай-ақ, армиямыз қазіргі заманғы атыс қаруымен, автомобиль техникасымен, ұшқышсыз барлау жүйелерімен, түнде көру құралдарымен жарақтандырылуда, техникаларды модернизациялау жүргізілуде. Əскери-əуе күштерінің əскери-транспорттық авиация паркі жаңартылуда, келешекте оның модельдік қатары С-295 үлгісіндегі ұшақтармен, əрі қарай А-400 ұшақтарымен толықтырылатын болады. Майдандық авиация паркін төртінші жəне бесінші буынның ұшақтарымен қайта

жарақтандыру жоспарлануда. Қазір біздің авиация мамандары Əскери-əуе күштерін алдағы уақытта жабдықтау үшін жаңа үлгілерді анықтау жөнінде жұмыстар атқаруда. Қазақстан армиясы əскери операцияларды жүргізудің қазіргі заманғы əдістерін ескере отырып ұшқышсыз авиация кешендерімен, əуе шабуылына қарсы қорғаныс əскерлері – еліміздің əуе кеңістігін бақылайтын заманауи радиолокациялық стансалармен жабдықталатын болады. Əскери-теңіз күштерін бүгінгі заманғы қаружарақпен жабдықтауға ерекше мəн беріледі. Қазір жауынгерлік сапта екі зымырандықартиллериялық кеме бар, үшіншісін суға түсіру 7 мамырға жоспарланған. Аталған кемелердің барлығы біздің қорғаныс-өнеркəсіптік кешеннің кəсіпорындарында шығарылып отыр. Сондай-ақ, Əуе қорғанысы күштері мен Құрлық əскерлерін əскерлерді басқарудың автоматтандырылған жүйесімен жабдықтау жоспарлы түрде жүргізілуде. Арнайы операциялар күштерін, барлау бөлімдері мен бөлімшелерін қазіргі заманғы қару-жарақпен жəне техникалық жабдықпен жарақтандыруға баса назар аударылады. – Бүгінгі таңда төл əскерімізде əскери қызметшілерді əлеуметтік қамсыздандыру жүйесін нығайту үшін көптеген шаруа атқарылды. Қазір əскери қызметшінің əлеуметтік пакеті нақты азаматтық сектормен бəсекелесуге қабілетті деп айтуға негіз бар ма? – Бар. Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы тарапынан ұдайы көрсетіліп келе жатқан қамқорлықтың арқасында əскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері қомақты əлеуметтік қолдауды сезінуде. Мемлекеттің Қарулы Күштерді ұстап тұруға жұмсап отырған қаражаты əскери қызметшілерді əлеуметтік қамсыздандыру міндеттерін шешуге мүмкіндік береді. Біз өз күшімізді əскери қызметшілерді əлеуметтік-тұрмыстық мəселелердің мазаламауын ойластыруға жұмсап келеміз. «Əскери қызмет жəне əскери қызметшілердің мəртебесі туралы» Заңға сəйкес 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап əлеуметтік пакетті жақсарту бойынша бірқатар қосымша нормалар енгізілді.

3

Тұрғын үй мəселесі шешілуде, əскери атақ бойынша жалақыны дифференциалды тұрғыда төлеу жүйесі бар. Солдаттар мен сержанттар лауазымдарындағы келісімшарт бойынша əскери қызметшілерге төленетін үстемеақы 30 пайызға дейін өсірілсе, басқа да үстемеақылар көтерілді. Əрине, бұл шаралардың барлығы əскери қызметке келушілерді ынталандыра түседі. Бүгінде Қазақстан армиясында қызмет ету абыройлы іс. Бұл сөзіме бір əскери қызметші лауазымына екі-үш адамның байқауға түсу фактісі дəлел бола алады. – Енді мына сауалдарға жауап берсеңіз деймін. Қазақстан Қарулы Күштерінің халықаралық əріптестермен өзара қарымқатынас жасауда басымдықтары қандай? ТМД, ҰҚШҰ, ШЫҰ-ға қатысушы елдермен ынтымақтастық деңгейін қалай бағалайсыз? – Өздеріңіз білетіндей, елде заманауи жəне тиімді Қарулы Күштердің болуы мемлекеттің қалыптасып келе жатқан халықаралық қатынастар жүйесіне сəтті интеграциялану шарттарының бірі болып табылады. Қазақстан біз үшін ешбір мемлекет əлеуетті қарсылас емес деп санайды. Сол себепті, біз əскери күштің маңызы барынша азайтылып, ал оның қызметі əскери қақтығыстарға жол бермеуге бағытталған халықаралық қатынастар жүйесін құруды қолдап келеміз. Біздің халықаралық əріптестермен өзара ісқимылымыз толық тең құқылы, барлық тараптардың мүдделері мен өзара тиімді қарым-қатынас жасау ұстанымына негізделген. ТМД мемлекеттерімен əскери-техникалық байланыстар 2010 жылғы желтоқсанда ТМД мемлекет басшылары кеңесінің шешімімен бекітілген Əскери ынтымақтастық тұжырымдамасымен айқындалады. ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің қолданыстағы көпжақты əскери ынтымақтастық моделі олардың əскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ұлттық мүдделердің ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік береді. ҰҚШҰ пішініндегі ынтымақтастық аясында Қазақстан бірыңғай қорғаныс кеңістігін құруды, ұжымдық əскери қауіпсіздікті қамтамасыз етуді қолдайды. Қазақстан мен Ресейдің əскери-техникалық саладағы қатынастары қарқынды түрде дамып келеді. Байланыстардың жоғары деңгейдегі тұрақтылығы мен тиімділігі уағдаластықтарды іске асыруға жəне стратегиялық серіктестікті тереңдету алғышарттарын құруға мүмкіндік береді. Бүгінгі күні екі ел арасында əскери жəне əскери-техникалық ынтымақтастықтың түрлі аспектілері бойынша 60-тан астам құжатқа қол қойылған. Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясында ынтымақтастықты одан əрі нығайту біздің қызметіміздің маңызды бағыты болып табылады. Ол жалпы əскери-саяси мүдделердің негізінде дамып келеді. Осы халықаралық ұйым аясында 2015 жылға 11 іс-шара жоспарланған. Оның екеуі Қазақстан аумағында өтеді. Қытай аумағында «Бейбіт миссия-2014» оқу-жаттығуын өткізуге дайындық жүріп жатыр. – Шынтуайтына келгенде, халықаралық қатынастар жүйесінде əскери күштер өз маңызын жоғалтып алғандай. Осыған байланысты жауынгерлік əзірлік пен тиімділік тұрғысынан алғанда Қарулы Күштердің сапалық сипаттамасы қайта қаралатын бола ма? – Біздің біртіндеп əскери күштің алатын орны барынша азайтылған халықаралық қатынастар жүйесін құруды қолдап келе жатқанымызды жоғарыда атап өттім. Армия əскери қақтығыстарды болдырмау, тежеу қызметін атқаруға келіп саяды. Алайда, қазіргі уақытта əлемдегі мемлекеттердің саяси жəне экономикалық мүдделерін қамтамасыз етуде əскери күштердің рөлі артып келеді. Осыған байланысты, əскери істе, қару-жарақ күресінің əдістері мен құралдарында расында да, «революциялық» өзгерістер болып жатыр. Бірыңғай ақпараттық кеңістікте əскери іс-қимылдардың енгізілуіне байланысты «орталық желілік соғыстар» тұжырымдамасының ережелері белсенді дамуда. Əскери істе жоғары технологияларды қолдануға орай соғыстың барысы мен шығуының тəуелділігі артады. Барлаудағы роботталған соққы беру жүйелері əскери қуаттың негізі болады. Қару-жарақ күресінде əскери ісқимылдар орталығы дəстүрлі құрлық пен теңізден гөрі əуеге – ғарыштық жəне ақпараттық салаға қарай ойысып келеді. Жəне бүгінгі армияны жетілдіру, оның бəсекелестігін арттыру, заманауи соққыларға қарсы тұра білу – еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтудың кепілі. Бүгінде Қазақстан армиясы мемлекеттің сенімді тірегі болуда жəне бола береді де. Армия мен флоттың əскери қызметшілері əскери міндеттерін орындап келеді. Олар полигондарда, теңізде жəне əуе кеңістігінде жауынгерлік шеберліктерін жетілдіруде. Біздің жедел, кəсіпқой армиямыз мемлекетіміздің ұлттық мүддесі мен əскери қауіпсіздігін, бейбітшілік пен тыныштықты сенімді түрде қамтамасыз ете бермек. – Əңгімеңізге рахмет. Əңгімелескен Жанболат АУПБАЕВ, «Егемен Қазақстан».


4

www.egemen.kz

7 мамыр 2014 жыл

Айбын

БІЗ ПАРАДЌА ЌАТЫСАМЫЗ!

Қазақстан Республикасына қызмет етемін!

КӨКТЕМГІ ШАҚЫРУ

Ќазаєымныѕ ел ќорєаєан сардары! Бақытбек СМАҒҰЛ,

Парламент Мəжілісінің депутаты.

Өр кеудесін оққа тосқан ел үшін, Жанын берер, Отан-Ана жер үшін. Тəуелсіздік мəңгілік ел ұраны Ар- намыстың арқалаған жеңісін. Қыран қабақ дұшпан мысын басатын, Отанына бейбіт нұрын шашатын. Тұрақтылық, тыныштықтың сақшысы Қазағымның офицері жасасын. Туған елдің тыныштығын сақтаған, Отан үшін таңға кірпік қақпаған. Офицерлер мақтанышы елімнің, Берген антын ар алдында ақтаған. Атыңды естіп ата жауың жайрасын, Бауыржандар намысыңды қайрасын. Сағадат пен Қасым қаһармандарың, Талғат қыран жауға асырған айласын. Адамзаттың бақытының өлшемі, Əрқашанда мақтан тұтар ел сені. Егемен ел, Ертүріктің ерлері – Қазағымның сертке ұстаған семсері. Азат елдің көк байрағы қолыңда, Арды қойып ең бірінші орынға, Теріңді төк, жаныңды да аяма, Мəңгілікке, Мəңгі Елдің жолында. Жаса-жаса бабалардың арманы, Жаса-жаса Тəуелсіздік əр таңы. Жаса-жаса, Жоғарғы Бас қолбасшы – Қазағымның ел қорғаған сардары! АСТАНА.

Он тґрт жылдан бері əскер ќатарындамын Мен «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты əскери бөлімде қызмет етемін. Қыздар сапының алдыңғы шебінде жүріп, бағытты бастайтын рота командирі ретінде əскери парадқа осымен екінші рет қатысқалы отырмын. 2011 жылы өткен əскери парадта рота командирі қызметін атқарған болатынмын. Биылғы парадта да осы қызметіме қайта тағайындалдым. Парадқа қатысушылардың тұрмыстық жағдайы өте жақсы. Бірінші рет қатысып отырғандарға ақылымызды айтып, көмек қыламыз. Алдыңғы, ортаңғы немесе аяқ жағындағы сапта тұрғандардың шалыс басқан

қимылы көрінбей қалады деуге болмайды. Бір шалыс басқаның тұрмақ, көзқарасыңның өзі қараған адамға анық байқалып тұрады. Сондықтан тəртіп бойынша басымыз оң жақ бағытқа жəне өзіміз сол жаққа қарай қарап, бағдарлап жүруіміз қажет. Оң қапталда тұрған адам жолымызды бағыттап, бізді алып жүріп отырады. Соның жүрісінен жаңылыспауға тырысамыз. Əскер қатарында он төрт жылдан бері қызмет етіп келемін. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығынан 54 əскери қыз іріктеліп, осы қалаға келгендердің тек 28-і ғана сыннан сүрінбей өтіп, парадқа қатысу

құқына ие болды. Екінші рет əскери парадқа қатысып отырғандығымды үлкен мəртебе санаймын. Жұлдыз ІЛИЯСОВА, майор, əскери парадқа қатысушы.

Отанымды ќорєау – басты парызым (Соңы. Басы 1-бетте). – Алғашқы офицерлік қызметің қалай басталды? – Əрине, қай салада жұмысты бастау оңай болмайтын шығар. Əсіресе, əскери саланың тəртібіне көндігуге тура келді. Өйткені, бұл өзімнің қалаған мамандығым ғой. Рас, бастапқыда қиналмадым дей алмаймын. Азамат деген атымыз бар, тəуелсіз еліміздің аумақтық тұтастығын қорғау, тыныштығын күзету, жалпы, Қазақстанның мемлекеттілігін сақтау біз секілді бүгінгі жастардың парызы болуы керек деген ойға бекіндім. Мұны əкем де, шешем де, бұл күндері əскери салада абыройлы қызмет етіп жүрген ағаларым да санама сіңіре берген еді. Сол тəрбиенің жемісі болар, сонымен бірге, көкейімде əбден піскен ізгі арманым мені əскери бөлімде қызмет етуге жетелей берді. Сөйтіп, 2012 жылдың тамызында Ақтөбе облысында орналасқан əскери бөлімде қызметімді бастадым. Əскери бөлімде маған бірден үлкен жауапкершілік жүктеліп, рота командирінің тəрбие жəне əлеуметтік-құқық жұмыстары жөніндегі орынбасары лауазымын атқардым. Алдыңғы толқын

аға офицерлер ақыл-кеңесін беріп, əскери қызметтің ұңғылшұңғылын көп үйретті. Осы əскери бөлімдегі жұмысым мені əскери ортаға тез үйренуіме көп көмегін берді. – Қазір Атыраудағы əскери бөлімге ауысыпсың, мұнда қандай қызмет атқарып жүрсің? – Иə, қазір осындағы əскери бөлімге ауысқаныма бір жылға жақындады. Мұнда да əскери саланың қыр-сырына əбден қаныққан аға буынның тəжірибесінен үйреніп жатқаным өте көп. Біз секілді жас офицерлердің осы салада

тұрақтап қалуына «Батыс» өңірлік қолбасшылығы əскерлерінің қолбасшысы Мұрат Нұғыманов секілді тəжірибелі офицерлер көп еңбек сіңіріп келеді. Ал атқаратын қызметіме тоқталар болсам, міндетім – əскери қызметке келісімшартпен келушілердің тез бейімделуіне психологиялық тұрғыдан қолдау көрсету. Қазір біздің əскери бөлімге келісімшартпен қызмет етушілер келіп жатыр. Олардың бəрінің бірдей отбасылық жағдайы тұрақты болмауы мүмкін, немесе, əскери қызметке шақырылғаннан кейін де отбасылық қиындықтар туындауы ғажап емес қой. Əрбір əскерге шақырылушымен жеке сөйлесемін, отбасылық жағдайымен жете танысамын. Олардың проблемалық мəселелерін əскери бөлім басшылығымен ақылдаса отырып, оң шешуге ықпалым тисе, деймін ғой. – Əңгімеңе рахмет, еңбегің жемісті болсын. Əңгімелескен Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан». Атырау облысы.

Парадта їшінші рет боламын Əскери парадқа осымен үшінші рет қатысатын боламын. Əр жылғы парадтың қиындығы мен қызығы қоса жүретіні белгілі. Үздіксіз жаттығу бірте-бірте өз нəтижесін беруде. Алғашқыда аяғымыз ауырып, талып кететін. Қазір етіміз əбден үйренді. Дегенмен, қатты шаршайсың. Тек осы бір ауа райының салқындығы болмаса, жаттығуымыз жақсы жүріп жатыр. Бастапқы кездегідей емес, қалыпты жағдай сияқты əбден үйреніп алдық. Шынымды айтсам, осы жолы да парадқа қатысып отырғаныма

қуаныштымын. Əркімнің де арманы ғой деп ойлаймын. Алдағы уақытта да қатыссам деген ниетім бар. Мен – «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты əскери бөлімінен келіп əскери парадқа дайындалып жатқан əскери қызметшілердің бірімін. Дайындықтың арқасында көп тəжірибе жинақтағанымды əрі əскери біліктілігімнің артқандығын айта кеткім келеді. Марал АМАНТАЙҚЫЗЫ, аға лейтенант, əскери парадқа қатысушы.

Таѕдау мен талап деѕгейі биік 2012 жылғы 16 ақпандағы «Əскери қызмет жəне əскери қызметшілердің мəртебесі туралы» Заңға сəйкес жəне Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 14 наурыздағы №768 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 20 наурыздағы №116 бұйрығы негізінде Қарағанды қаласы Октябрь ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне көктемгі мерзімді əскери қызметке шақыру науқаны басталған болатын. Қорғаныс заңнамасына сəйкес əскери қызмет екі түрде жүзеге асырылады: əскерге шақыру бойынша жəне келісімшарт бойынша. Əскерге шақыру бойынша əскери қызмет еркін жəне міндетті ретте жүзеге асырылады. Бұрынғы кезге қарағанда, Қазақстан армиясына жастардың көпшілігін əскерге шақыруға қажеттілігі көп болмаса да, кейін келісімшарт жүйесі бойынша жасақтауға толықтай ауыстырылатын болады. Сонда да жергілікті əскери басқару органдары үшін əскерге шақыру басымды жəне де жай ғана емес, басты жұмыс бағыттарының бірі болып табылады. Əскери бөлімдерді жастармен толықтыру жəне сапалы жасақтау мақсатында біздің бөлімнен əскерге шақыруға жататын құрамды алдын ала зерделеу мен іріктеу жұмыстары жүр гізілді. Бұл жұмыс 15-25 наурыз аралығында атқарылды. Бұдан соң сəуір мен маусым айларында мерзімді əскерге шақырылушыларды іріктеу жұмыстары жалғастырылады. Сол бойынша өздерімен жəне атааналарымен жеке-дара, сондайақ, жұмыс істейтін немесе оқу оқитын орны өкілдерімен əңгімелесу өткізіліп жатыр.

Мұның өзі жас азаматтардың денсаулық жайын, адамгершілік жəне іскерлік қасиеттерін, жалпы білім деңгейін, дене тəрбиесін, отбасылық жағдайы мен арнайы дайындығын анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, моральдық-психологиялық күйіне, отбасындағы жүрістұрысы мен экстремалды жағдайларда төзімділігіне, ерте жастағы ауру-сырқатына назар аударылады. Əңгімелесу нəтижелері зерделеу парағына жазылады. Қазір қаламызда ҚР ҚК құры луына 22 жыл жəне Жеңіс күнінің 69 жылдығына арналған республикалық бірыңғай жаппайқорғаныс айлығы аясында əскерипатриоттық бағытта белсенді іс-шаралар жүргізілуде. Октябрь ауданының оқу орындарында əскерге шақырылатын жастар арасында спорттық жарыстар мен ойындар, жас əскеридің күндері, жауынгерлік сабақтары өткізіліп жатыр. Октябрь ауданының əкімдігімен бірлесіп, еңбек ұжымдары мен оқу орындарында ұландарды əскерге салтанатты түрде шығарып салу кештері ұйымдастырылуда. 1 сəуірден бастап аудандық əскерге шақыру комиссиясы өзінің белсенді жұмысын бастады.

Ауданымыздың Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінен əскерге шақырылушылар саны жылданжылға артып келеді. Барлығы өз ниеттерімен қызмет етуге дайын. Таңдау деңгейі, талап биік. Жоғары жəне орта арнаулы оқу орындарын бітірушілер бірінші кезекте қамтылады. Əскерге, ең бастысы, саламатты жəне білімді сарбаздар қажеттігі уақыт талабы болып отыр. Сондай-ақ, болашақ жауынгерлердің ерік-жігері мен психологиялық төзімділігіне үлкен талап қойылады. Ал əскери тəртіпті білу, оны орындауға əзір тұру – өзіңнің жеке басыңды қалыптастыру мен əскери қызметке дайындалу жолындағы маңызды қадам деген сөз. Бөлімнің əскери-техникалық мектебінің тұрмысқа қолайлы жатақханасы бар. Материалдық базасы жаман емес. Ондағы оқытушылар 20 жыл жəне одан да көп еңбек еткен бұрынғы кадрлық əскери қызметшілер. Аталған мектеп бірнеше курсанттарды даярлады. Мұнымен бірге, қаладағы білім беру орындары мен ұйымдарында жастарға алғашқы əскери дайындық бойынша жұмыстар жүргізіледі. Елдік рухты көтеретін, өрендердің бойында патриоттық сезімді қалыптастыратын, отансүйгіштікке тəрбиелейтін іс-шаралар маңызы бір бөлек. Əскерипатриоттық тəрбие беруге №77 орта мектеп директоры Зайра Жантыбаева, АƏД сабағының əскери жетекшісі, аға лейтенант Қайрат Кенетаев, қазақ-түрік лицейінің оқытушысы, лейтенант

● Дерек пен дəйек

Іріктеуден ґткендер борыштарын ґтеуде Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан».

Шығыс Қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің шақыру жəне келісімшарт бойынша əскери қызметшілерді іріктеу басқармасы бастығының орынбасары, подполковник Ержан Жақыповтың айтуынша, 17 сəуірде əскери борышын өтеуге шақырылған жастардың іріктеуден өткен алғашқы

легі шекара қызметінде борышын өтеуге жөнелтілді. Биыл шығыс өңірінде əскер қатарына алынушылардың жалпы саны 1 мыңға тарта адамды құрайды. Оның ішінде ҰҚК шекара қызметіне – 200, Қорғаныс министрлігіне – 200-ден астам, Республикалық ұланға – 20-ға жуық, Төтенше жағдайлар министрлігі мен Ішкі істер министрлігіне 400-ден астам жас жіберілмек. ӨСКЕМЕН.

Сарбаз болу – маќтаныш Фариза, Қажыбек ШАДИЕВТЕР, ата-ана.

Шындығын айтқанда, бұл күнде балалары əскер қатарына шақырылушы барлық ата-аналар секілді біздің де көңіліміз толқулы. Үлкен ұлымыз Жұманның есейіп, Отан алдындағы азаматтық парызын өтеу жасына толып қалғандығын байқамай да қалыппыз. Ол өзі мұны мақтаныш етіп, нағыз сарбаз атанғанша асық. Əсіресе, шекарашылар сапына қосылып, еліміздің шығыс аймағында тыныштығымызды күзетпектігі тілеуінен шыққандай болды. Шекарашы болу жасынан арманы еді. Теміржол колледжін бітірген тұңғышымыздың қаладағы Октябрь ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің арнаулы комиссиясынан өтуде денсаулығы да, алғашқы əскери дайындығы да жақсы екені қуантып тастады.

Бүгінде əскери міндеттілік жастардың бəрі үшін өздерінің патриоттық борышын атқаруға деген тамаша үрдіске айналғаны аян. Бұл олардың отаншылдық сезімі өсуінің нақты айғағы болса, сондай-ақ, еліміз армиясының беделі биіктеуін танытатындығы анық. Басқа да тұрғылыстарындай, қастерлі міндетін атқаруға жағдай барына еш алаңымыз жоқ. Жалпысында, армия – өмірлік үлкен мектеп. Сондықтан сонда шынығыпшыңдалудың орны бөлектігін білеміз. Əке-шешесі ретінде ұлымыз Жұманның азаматтық сынақты адал, абыройлы атқара алатындығына сенеміз. Аманатымыз да сол. Күш-қуаты жылдан-жылға нығаюдағы жас мемлекетіміздің тағы бір болашақ қорғанының ағасы жолын жалғастырмақтығы да таяу. Олар сарбаз болуына қуанса, Отан қорғаушыларды өсіруші тұрғысында біз де қуаныштымыз. ҚАРАҒАНДЫ.

Асқар Қосжанов сияқты ұстаздар зор белсенділік көрсетіп келеді. Бөлім дайындығынан өткен гимназия оқушысы Тимур Абдугафаров – бүгінде Алма ты əскери-инженерлік радио электроника жəне байланыс институтының 3 курс курсанты. Агротехникалық колледжінің əскери жетекшісі, отставкадағы подполковник Леонид Слеменевтің қолдауы мен тəрбиелеуі арқасында Виктор Кравченко əскери оқу орнында білім жалғастыруды таңдап алды. Ауданымыздағы біраз жастар əскери институттарын бітіріп, офицер болып қызмет етеді. Мəселен, Құрлық əскерлері əскери институтының түлегі лейтенант Қуаныш Əбдікəрімов Алматыдағы 55524 əскери бөлімінде техникалық взвод командирі қызметін атқаруда, Воронеж авиациялық инженерлік университетін бітірген лейтенант Елдос Тисбеков – əскери метеорологиялық қызмет инженері. Жалпы, ұлттық тəрбиеден тереңдеп нəр алған жастарға ұлттық патриотизмді қалыптастыруда ата-бабаларымыздың ұлағатты ойлары мен тəлімдік тəрбиесінің атқаратын орны ерекше. Сондықтан да біз өз тарапымыздан алға қойған мақсаттарды жоғары жауапкершілікпен орындап келеміз. Думан БƏКІРОВ, Октябрь ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, подполковник.

ҚАРАҒАНДЫ.

Шар болаттай шыѕдаламыз Мен 1995 жылы Шығыс Қазақстан облысының Зырян қаласында дүниеге келдім. Өткен жылы Зырян қаласындағы №11 орта мектепті тəмамдадым. Əскер қатарына осыдан бір ай бұрын шақырылған едім. Жалпы, өмірімде бірінші рет əскери міндетімді өтеуге шақырту алдым. Бұл – кез келген ер азамат үшін үлкен қуаныш деп білемін. Өйткені, туған еліңнің Қарулы Күштері қатарында қызмет ету – бір жағынан перзенттік парызымыз, екінші жағынан шар болаттай шыңдалып шығуымызға көмектеседі. Жолым оң болды. Əскери комиссариатта барлық сыннан, медициналық тексеруден сүрінбей өттім. Денсаулығымда кінəрат жоқ. Мені еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне жөнелтуге шешім шығарды. Жақында жолға шығамыз. Офицерлердің айтуынша, алдымен Алматы қаласына бармақпыз. Ата-анам Зырян қаласында тұрады. Өзім аудандағы көлік жəне құрылыс колледжіне сырттай оқуға түскенмін. Отбасында жалғыз ұлмын. Əскери қызметімді абыроймен орындауға тырысамын. Борышымды өтеп оралған соң, туған қаламыз – Зырянның ішкі істер бөлімінде жұмыс істегім келеді. Сергей РОДИОНОВ. Шығыс Қазақстан облысы, Зырян ауданы.


5

www.egemen.kz

7 мамыр 2014 жыл

 Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран

Келесі жылы Ұлы Жеңіске 70 жыл толғалы отыр. Екінші дүниежүзілік сұрапыл соғысты басынан кешірген жандардың арасы тіпті сиреп барады. Соның бедерінде ғасырлық ғұмыр кешкен аталарымыз да бар. Сондай жанның бірі – Айтбай Əлібайұлы Сүлейменов ақсақал. Үстіміздегі жылы 9 мамырда 100 жасқа толатын Айтбай аға қақаған қыста Витебск түбіндегі 12 сағатқа созылған ұрыста үш рет жараланып, ғажайып жағдайда аман қалған. Қазақта: «Қырық жыл қырғын болса да ажалды өледі», деген тəмсіл бар. Сол рас екен. Ауыр айқаста жарақат алған жас офицерге ота жасаған хирург: «Ал, жігіт, сені махаббат құтқарды.

Ардагерлер – алтын ќазыєымыз

көрмесін, ал егер көзі болса, тек біреуі ғана», деп қайталай беріпті. Айтқандай-ақ Айтбай Сүлейменов көп жарақаттар алып, аман қалды. 1940 жылы Урал индустриалдық институтын (қазіргісі – Б.Н.Ельцин атындағы Урал федералдық техникалық университет, Екатеринбург қаласы) инженерметаллург мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірген Айтбай Сүлейменов кіші лейтенант əскери атағын алады. Содан Ресейдегі Медногорск мыс балқыту зауытына металлургия цехының ауысым басшысы қызметіне жіберіледі. 1941 жылдың маусымында соғыс басталып, сол жылдың күзінде Тула қару-жарақ зауыты Медногорскіге көшіріледі. Сол кезден бастап аталған зауыт үшін болат құю жұмыстары басталып та кетеді. Араға бір жыл салып, яғни 1942 жылы қысқа мерзімді дайындық курсынан кейін лейтенант шенінде соғысқа аттанып, 220-шы атқыштар дивизиясының 653-ші атқыштар полкі танкіге қарсы артиллериясы атыс взводының командирі болып ұрысқа кіріседі. Взвод 3 танкіге

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Жїз жасаєан майдангер Əлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Енді жүз жыл өмір сүретін боласың», деген екен. 1944 жылы сол Витебск түбіндегі ұрыста оқ оның кеудесіне қадалып, жүректі жанай өте шығыпты. Оны гимнастеркасының сол жақ қалтасында жүретін қарындашы мен зайыбы Райханның хаттары аман алып қалған. Бүгінгі таңда оқ тескен бума хаттардың бір данасы ғана Айтбай Əлібайұлының өзінде, ал қалғандары Мəскеу, СанктПетербург, Минск жəне Киев қалаларының мұражайларында сақтаулы тұр. Зайыбы отағасына тылдағы өмірді, онда да жақсы жайттарды жазуға тырысқан. Махаббат пен сезімге толы хаттарда балаларымен бірге оны асыға күтіп жүргені баяндалады. Ерінің тағдырын сезсе де, оның көңілін аулау үшін өз басындағы қиындықтарды еш қозғамаған. Екеуінен туған Бекет атты ұлдары дифтериядан қайтыс болғаны жанды күйзелтетін ауыр соққы болды. Міне, осындай ауыр күндерді басынан өткеріп келген зайыбы Райханның күні-түні күйеуі мен отбасының амандығы үшін Құдайға жалбарынғаны Айтбай ағаның аман қалуына себепші болса керек. Бір жамандықтың болмай қоймайтынын іші сезгендейақ: «Егер оған жаралануды жазса, тек қолы мен аяғынан айырыла

қарсы зеңбірек пен жауынгерлік құрамнан тұрып, жау оғының астында жиі соғыс қимылдарын жүргізіп отырған. Айтбай Сүлейменовтің өзі бұл жағдайды былайша еске алады: «Немістер ұрыс басталған уақытта бірінші кезекте танкіге қарсы қорғанысты жоюға тырысатын, сондықтан да біздің батареяға өте қиын болды. Əрбір ұрыста менің взводымда 3-4 адам ажал құшатын жəне жараланатын. Полк басшылығы өлгендердің орнын толтыруға тырысатын, өйткені əрбір ұрыстың тағдыры танкіге қарсы артиллерия жұмысымен тығыз байланысты». Тым көп болғаны сонша, көз алдына солардың жарқын бейнелерін келтіре алмайтындай жағдайға ұшырағаны көңілін құлазытады. Ол өзінің мұндай жағдайға душар болуын санасының қарулас достары бірінен соң бірі ажал аранына түсіп жатқанына күйіп кетпеуі үшін жасаған сақтық əрекеті болуы мүмкін деген жорамалымен бөліседі. Өзі де ғажап жағдайда ажалдан аман қалады. Айтбай Əлібайұлының аман қалуы мəскеулік №5011 госпиталы дəрігерлерінің, жаралылардың жəне келушілердің таңданысын тудырған. Артынша əскери газет тілшілерінің өзі арнайы іздеп келіп, емдеуші дəрігерлер мен медбикелерден, тіпті ауыр жараланып жатқан взвод командирінің

өзінен жағдайдың мəн-жайын сұрастыруға тырысқан. Денсаулығы түзелгеннен кейін Айтбай Сүлейменов запастағы офицер ретінде денсаулықтарын түзетіп жатқан Смоленскідегі офицерлік бөлімшеге ауыстырылады. Ал 1944 жылдың жазында алғы шепке толыққанды жарамағандықтан, құрсаудан кейінгі Ленинградтағы өндіріс ошақтарын қалпына келтіруге атсалысты. Қаладан 30 шақырым жерде зайыбы Райханмен жəне балаларымен бірге тұрып, осындағы Ижор зауытының мартен цехының шебері болып жұмыс істеп, Жеңісті сонда қарсы алды. Бірақ Айтбай мен Райханның бойында туған елге деген сағыныш бір сəтке де толастаған емес. Олар Алматы қаласына оралып, Айтбайды республика Ғылым академиясында қызықты жұмыс күтіп тұрды. Алайда, қуаныш ұзаққа бармады. Ленинградта туған егіздер Арыстан мен Шолпан дұрыс емдемеуден шетінеп кетті. Ол кезде дизентериядан тек ашықтырып қана емдейтін. Өлімнен тек соғысқа бір жыл қалғанда өмірге келген Бэлла атты қыз бала ғана аман қалды. Ауыр қайғыдан арылу үшін Айтбай өндіріске қайта оралып, цехта жұмыс істеді. Арада бірер жыл өткен соң отбасында Қалқаман атты ұл бала дүние есігін ашты. Одан кейін Батырбек пен Жанна өмірге

Ўрпаќтар їндесуі

Жастар арасында патриоттық жəне рухани құндылықтарды насихаттау, олардың шығармашылық мүмкіндігін ашу жəне азаматтық қоғамның дамуына қолдау көрсету мақсатында құрылған «Жас қуат» жастар қоғамдық бірлестігіне бір жыл жарымға жуық уақыт қана болды. Осы азғантай уақытта жастардың жаңа қоғамдық ұйымы көптеген тағылымды да қайырымды жұмыстарға ұйытқы болып келеді. Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Жақында «Ақтөбе облысының жастар саясаты мəселелері басқармасы» ММ-нің жанынан құрылған «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының» қолдауымен «Жас қуат» ЖҚБ Ұлы Жеңістің 69 жылдығына орай соғыс ардагерлері Мария Зинченко мен Екатерина Поповичтің үйлеріне арнайы

барып ауласын тазартып, бау-бақшалық жер телімдерін аударып берді, үй шаруасына көмектесті. Сенбілікке қатысқан жастар осындай 20 Ұлы Отан соғысына қатысушы мен тыл ардагерлеріне қолғабыс жасайтын болады. Сенбіліктің мақсаты – ардагерлерді Ұлы Жеңіс күнімен құттықтау, өскелең ұрпақты ардагерлерді құрметтеп, сыйлауға баулу, жастардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, ардагерлердің аулаларын

келді. Осылайша бейбіт өмірдің берекелі күндері қайта орала бастады. Кешегі ауыл баласынан Қазақстан Республикасының құрметті металлургі, Алматы ауыр машина жасау зауыты болат құю цехының бастығы, Ұлы Отан соғысының ардагері, «Қызыл Жұлдыз» жəне І дəрежелі Ұлы Отан соғысы, сондай-ақ, екі Еңбек Қызыл Ту ордендерімен наградталған. Оның «Өмір жолы» атты кітабында сол уақыттың сырлары қатталып жатыр. Бұл туынды өткенді ұмытпауға, ал болашақты құруға өзіндік септігін тигізетін құнды дүние болатыны анық. Осылайша 100 жасаған Айтбай Сүлейменов Екінші дүниежүзілік соғыста Отан қорғауға ғана емес, бейбіт күнде туған жеріне де тер төкті. Алматы ауыр машина жасау зауытының болат құю цехында аянбай еңбек етіп, 75 жасында зейнетке шықты. Əлемде болат құю цехының басшысы болып осыншама жасқа келген өзі ғана екен. 70-ке келген Айтбай ағаны цехта жүрген жерінде телефон арқылы КСРО Ауыр машина жасау министрі Афанасьевтің өзі мерейтойымен құттықтаған көрінеді. Бұдан басқа, Кеңес Одағының Батыры, атақты ұшқыш Алексей Маресьев те жүрекжарды құттықтауын жолдапты. Жүз жасаған ардагер ақсақал қазір Алматыда 1957 жылы Алматы ауыр машина жасау зауыты салып берген қарапайым үйде тұрып жатыр. Айтбай Сүлейменовтен төрт бала, тоғыз немере жəне сегіз шөбере тарап отыр. Жеңіс күні барлығы да асыл əкенің жанында болып, осы айтулы датаны атап өтеді. Шынында да бұл мереке, Айтбай Əлібайұлының өзі айтқандай, халықтың əрі бейбітшіліктің мерекесі болып қала бермек. Ұлы Жеңіс əрқашан жадымыздан өшпейтіндігі де осыдан.

тазартып, үй шаруасына көмектесу, жастар мен ардагерлердің арасындағы ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыру, сондай-ақ, еліміздің жастарын бірлікке, татулыққа шақыру болып табылады. Сенбілікке «Ақтөбе облысының жастар саясаты мəселелері басқармасы» ММнің жанынан құрылған «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының» өкілдері, белсенді жастар, жоғары жəне арнаулы оқу орындарының студенттері қатысты. «Жас қуат» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Артур Оспановтың мəлімдеуінше, мұндай қайырымдылық шаралары алда да жалғасын табатын болады. Ақтөбе облысы.

Аймақ басшысы Самат Ескендіров Ақжар ауданындағы жұмыс сапарын Ленинград ауылдық округінде тұратын екі қарт майдангердің хал-жағдайын білуден бастады. Оларға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлы Жеңістің 69 жəне 70 жылдығын лайықты атап өтуге жергілікті билік орындарына арнайы тапсырма бергенін жеткізе келіп, қос қарияға өз атынан бір-бір теледидарды сыйға тартты. – Жыл өткен сайын шыбын жанын шүберекке түйіп, от пен оқтың арасында жүрген жауынгерлердің саны азайып келеді. Бүгінде Қызылжар өңірінде 334, Ақжар ауданында 5-еу ғана қалған. Сондықтан фашизмді ұясында талқандап, жеңіс туын желбіреткен майдангерлерге қамқорлық ешқашан үзілмейді. Оның нақты айғағы ретінде соғысқа қатысушылар мен мүгедектерге жергілікті қазынадан 57,7 миллион теңге мөлшерінде əлеуметтік көмек көрсетілетінін атап өткім келеді. Қайырымдылық сенбіліктерден жиналған қаражаттан 8,6 миллион теңге жəне бөлінеді. Сонда əрқайсысы 117 500 теңге көлемінде қаржылық қолдауға ие болады. Бұдан тысқары соғысқа қатысушыларға теңестірілген 1854 адамға 17,2 миллион теңге əлеуметтік қолдау қарастырылып, 9260 теңгеден беріледі, – деді облыс əкімі. 90-ды алқымдаған қариялардың бірі Жүсіпов Ерденбай ақсақал /суретте оң жақта/ жасының ұлғайғанына қарамастан əлі күнге дейін саламатты өмір салтын ұстанатынын, күніне үш шақырым жаяу жүретінін, əлі күнге дейін басымен жерге тік тұру секілді дене жаттығуларын жасайтынын айтса, Иманмəлік Машрапов ақсақал Отанымызға тыныштық,

береке-ынтымақ тілеп, Президентке деген шынайы алғысын білдірді. Ленинград – бір кездері аудан орталығы болған елді мекен. Қазір осы аттас ауылдық округтің атын иеленеді. 5311 адам тұрады. Мəдениет нысандары, екі шағын орталық, кəсіптік-техникалық колледж, бірнеше сауда нүктелері жұмыс істейді. «Жаңабаев» жеке кəсіпкерлігіне жетекшілік ететін Бекайдар Жаңабаев былтыр агробанктің иесіз қалған ғимаратын қалпына келтіріп, кешенді сауда орталығына айналдырыпты. Ол үшін «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде жеңілдікті несие алып, 25 адамға тұрақты жұмыс тауып берген. Мұнда наубайхана, кондитер цехы, аяқ-киім жөндеу шеберханасы орналасқан. Жуырда пайдалануға берілген16 пəтерлі үй бірінші кезекте жетім балалар мен жас мамандарға берілген. Самат Сапарбекұлы 125 бүлдіршін тəрбиеленіп жатқан «Еркетай» балабақшасына соғып, тартутаралғы жасады. Жылына 340 мың тонна кварц құмын өндіруге

қауқарлы «Ақтөбе Глас» фирмасының жұмысымен танысты. Аудандағы жұмыс сапарынан оралысымен облыстық ардагерлер кеңесінің кеңейтілген төралқа мəжілісіне қатысқан С. Ескендіров соғыс мүгедектері мен ардагерлерді толғантатын мəселелерді мұқият тыңдап алғаннан кейін Ұлы Жеңіске дайындық барысы жайлы жан-жақты хабардар етті. Кешенді іс-шараларда ардагерлердің əлеуметтік тұрмысын, өмір сапасын жақсарту жайына жеткілікті көңіл аударылған. Атап айтқанда, ескі үйлерде тұрып жатқан қарттар үшін келесі жылдан бастап 100 мың теңгеден жəрдемақы төленеді. «Жеңіс» саябағын жаңғырту жалғасын табады. Соғыс қаһармандарына арналып стелла орнатылады. Есімдері ескерткіш тақтаға жазылады. Көшелерге аттарын беру, ардагерлер үйін салу ұсыныстары да қолдау тапты. Солтүстік Қазақстан облысы. Суретті түсірген Талғат ТƏНІБАЕВ.

Мен бїгін əкемді ойлап, толєанамын... Əкем жарықтық, (суретте) өле-өлгенше соғыстың қасіретін, адамзатқа салған ауыр жарасын айтып өтті. Өткенін еске алып, бүгінгі күніне шүкіршілік қылатын. «Ол кезеңді адам баласының басына бермесін. Сендер аман болыңдар, айналайындар», деп сəт сайын Алладан ұрпағының амандығын тілеуші еді. Əкем Науат 1941 жылы соғыс өрті бұрқ ете қалған кезде əскер қатарына алынған екен. Біздің Көктерек ауылында сол жылдары 70 шақты түтін болса, соның ішінде екіүшеуінен ғана басқа отбасылардың бəрінен бір-екі адамнан соғысқа аттаныпты. Көкем інісі Ынтымақ екеуі бірге аттанады. Қанды соғысты Сталинград шайқасынан бастайды. «Алғашқы кезде немістер қаланы түгел жауып тастады. Сталинградты қоршап алып, жергілікті халықты, оны қорғап тұрған əскерді аштықтан қырмақшы болды. «Адам итжанды» деген рас екен, шығын көп болса да, əскер де, халық та аяғына дейін шыдады. Əлі есімде... Қаланың шет жағына егіп, жердің астында қалып қойған картопты қыстың күндері түнделетіп барып қазып алып келіп, жан бақтық», – деп отырушы еді əкем марқұм. «Қырық жыл қырғын болса да ажалды өледі» деген. Əкеміз осы қантөгістен аман шығып, Берлинге дейін барды. Украина, Польша, Чехословакия елдерін азат етіп, небір жантүршігерлік жауыздықтардың куəсі болғанын көзіне жас алып, əңгіме қып отыратын. Жыл сайын Жеңіс мейрамына

барған кезде əкеміз барлық орденмедальдарын тағып алатын. Онысы көп те еді. Əкеміз соғыста артиллерист болған. Кей кездері бізге зеңбіректі қалай оқтап, қалай оқ ататынын, қандай бөлшектері бар екенін айтып, оны қолмен көрсетіп, ынты-шынтымен кірісіп кетуші еді. Соғыстан аман-есен келіп, кеңшар басшысының орынбасары болып, ұзақ жылдар еңбек етті. Мақтаарал ауданында канал салу жұмыстарына елді ұйымдастырып апарып, өзі де белсеніп атсалысып, үлкен үлес қосты. Ал інісі Ынтымақ 1943 жылға дейін взвод командирі болып, сол жылы ауыр жарақат алып, елге оралды. 50 жылға жуық білім саласында жемісті еңбек етіп, 90 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Əрине, мұсылман баласы

болғандықтан, əкемізге жиі құран бағыштап тұрамыз. Əйтсе де, соғысты көрген ардагерлер үшін Жеңіс күнінің орны бөлек қой. Тірі болғанда бар орден-медальдарын тағып алып, елдің алдында жарқырап жүрер еді, жарықтық əкем... Əкемнің жамбасы жерге 1980 жылы тиді. Бүгінде төрт ұлынан тараған ұрпақтары бір қауым ел болып отыр. Əкем айтпақшы, біз де өткенді еске алып, бүгінгі күнге жеткізген Аллаға мың мəртебе шүкіршілік дейміз. Өмірінің жалғасы бар. Лайым, тəуелсіз еліміздің əрбір таңы жарқырап, тыныштықпен ата берсін. Оразтай ҮСІПБАЕВ.

Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы.

 Басты байлық

Алдын алєанєа не жетсін Күн сайын тəжірибелік дəрігерді: диагноз дұрыс қойылды ма, ауруды анықтау əдісі дəлелденген бе, жоқ па, науқасты емдеу барысында қандай əдісті пайдаланған жөн деген сынды түрлі сұрақтар мазалайды. Əрі оған жауап іздеу барысында мамандар көбінесе жоғары оқу орнынан алған біліміне, өзінің немесе əріптестерінің тəжірибелеріне жүгінеді. Сол себептен де емдеу барысында дəрігер біраз қиындықтарға тап болуы мүмкін. Кейде оның белгілі бір терапиялық əдісті қолдануына əріптестері мен сарапшылар, медициналық ұйым басшыларының пікірі, түрлі

ақпарат көздері (ғылыми мақала, шолулар) əсер етеді. Осы орайда дəрігерлердің халықаралық клиникалық нұсқаулықтардағы дəлелденген ұсыныстарды пайдалануы маңызды. Бұл, өз кезегінде медициналық көмек сапасын арттыруға, денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруге септігін тигізеді. Яғни клиникалық нұсқаулықтар дəрігер мен науқастың дұрыс шешім қабылдауы үшін дайындалады. Науқасты емдеу кезінде дəлелді медицинаға негізделген клиникалық ұсыныстарды қолдану – ұйымдағы қосымша шығындардың алдын алуға,

азаматтардың денсаулығын жақсартуға мүмкіндік береді. Ал халық денсаулығы – елдің белсенді дамуына, экономикасына, əлеуметтік жағдайының жақсаруына ықпал етеді. Тіпті Мемлекет басшысы өз Жолдауында денсаулық сақтауға арнайы тоқтала келіп, елімізде саламатты өмір салтын орнықтыруды, саланы дамыта отырып қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығын 80 жасқа дейін арттыруды атап көрсетті. Мемлекеттің, жұмыс берушілердің жəне қызметкердің денсаулық үшін ортақ жауапкершілігі – медициналық қызметтің барлық жүйесінің басты

қағидаты. Спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтана білу, жүйелі профилактикалық тексерілу – аурудың алдын алудың негізі. Мұның бəрі ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде дегенге саяды. Иə, оған не жетсін! Бұл тұрғыда елімізде денсаулық сақтау саласына зор көңіл бөлініп отыр. Соның нəтижесінде халықтың дəрігерлік қызметпен қамтылу деңгейі жоғарылады. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін ұлғайту есебінен еңбекке уақытша жəне тұрақты қабілеттілік деңгейі артты. Республикадағы барлық дерлік емдеу-сауықтыру ұйымдарының материалдық-техникалық базасы нығайтылды. Сала қызметінің

тиімділігін арттыру үшін 2011 жылдан бастап медициналықсанитарлық алғашқы көмек көрсету мекемелерінде қызметкерлер, психологтар енгізілді. Ал 2009 жылдан бері елімізде артериялық гипертензияны, сүт безі обыры мен жатыр мойыны обырын ерте диагностикалауға қажетті скринингтің үш түрі кіргізілген болатын. Қазіргі таңда Ұлттық бағдарлама 6 онкологиялық ауруды ерте анықтауға бағытталған 11 скринингтік бағдарламаны қамтиды. Анна ЦЕПКЕ, «Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы» РМК Денсаулық сақтауды стандарттау орталығының жетекшісі.


6

www.egemen.kz

7 мамыр 2014 жыл

ИНВЕСТИЦИЯЛАР – ІСТІ Үкіметтің соңғы өткен отырысы елдің әлеуметтікэкономикалық дамуының бірқатар шешуші тақырыптарына арналды. Олардың қатарында инвестиция тарту, жекешелендіру, мүлікті заңдастыру және зейнетақы реформасы сияқты мәселелер бар. Инвестициялық саясатқа келер болсақ, ол – бүгінде елдің экономикалық дамуындағы, оның ішінде «Қазақстан-2050» Стратегиясында атап өтілген өнеркәсіпті дамыту ісіндегі Үкіметтің ең шешуші міндеттерінің бірі. Бүкіл әлемде орын алған дағдарысқа байланысты дамушы елдерден капиталдың кері қайтуы орын алып отырған жағдайда бұл оңай жұмыс емес. Мәселен, 2007 жылы тікелей шетел инвестицияларының жалпы жаһандық ағыны 2 триллион АҚШ долларын құраса, 2012 жылы оның деңгейі 1,3 триллион АҚШ доллары көлемінде белгіленді. Соңғы жылдары жаһандық жобалардың 22 пайыздан астамына тікелей шетел инвестицияларын тартқан БРИК елдерінің үлесі 17,6 пайызға дейін төмендеді. Тікелей шетел инвестициялары жобаларының саны Қытай мен Ресейде 2012 жылы соңғы онжылдықтар ішіндегі ең төменгі деңгейде болды. Қазақстанға 2005 жылдан 184 миллиард АҚШ долларынан астам жалпы шетелдік тікелей

инвестициялар тартылды, бұл бүкіл шетелдік тікелей инвестициялардың 55 пайызын (102 млрд. АҚШ доллары) құрайды. ҮИИДБ-ны жүзеге асыру жылдарында өңдеу өнеркәсібіне тартылған тікелей шетел инвестицияларының өсуі орын алып, ол 2005 жылдан кейін өңдеу өнеркәсібіне тартылған бүкіл шетелдік тікелей инвестициялардың 70 пайызын (14,1 млрд. АҚШ доллары) құрады. Халықаралық бағалау бойынша, ҮИИДБ-ны жүзеге асыру кезеңінде Қазақстанның бірқатар көрсеткіштері өсім көрсетті. Мәселен, Дүниежүзілік банктің «Бизнесті жүргізу жеңілдігі» бойынша 2013 жылғы рейтингте Қазақстан 50-ші орын алса, Бүкіләлемдік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік туралы есебіне сәйкес Қазақстан Инвесторлар құқықтарын қорғау көрсеткіші бойынша 10-шы орынды және Бәсекеге қабілеттілік рейтингі бойынша 50-ші орынды иеленді. БҰҰ-ның Сауда және даму жөніндегі конференциясының мәліметтері бойынша, тартылған тікелей шетел инвестицияларының көлемі жағынан Қазақстан 2012 жылы озық 20 елдің ішінде 19-шы орын алды. Дегенмен, алға қойылған міндеттер инвестициялардың жаңа легін тартуға жағдай туғызатындай шаралар қабылдауды талап етіп отыр.

Ќаржы тартудыѕ тґте жолы Қызылордада ІІІ «Байқоңыр» инвестициялық форумы өтті. Форумның алғашқы бөлігі «Қорқыт ата» мемориалдық кешені мен Байқоңыр қаласынан бастау алды. Елбасының тапсырмасымен Байқоңыр ғарыш айлағы ЭКСПО-2017 бүкілəлемдік көрмесінде көрсетілетін нысандардың қатарына кіргені белгілі. Сондықтан форум қонақтары облыстағы туризм саласын, əсіресе, Байқоңыр брендін дамыту мəселесін кеңінен талқылады. Мұнан басқа, мəртебелі меймандар түрік халықтарының түгеліне аңыз болған Қорқыт атаға қойылған зəулім ескерткішке арнайы атбасын бұрды. Бұған қоса, меймандар назарына биылғы жылдың басында ашылған Қорқыт ата атындағы Зиярат ету орталығы ұсынылды. Туристерге осы заманғы талапқа сай барлық қызмет көрсетуге арналып салынған орталық жұмысы таныстырылып, жақсы жарнама жасалды. Ержан БАЙТІЛЕС,

«Егемен Қазақстан».

Ал ІІІ «Байқоңыр» инвестициялық форумының екінші күні «Бастау» бизнес орталығында өтті. Алдымен форумға қатысушылар Қызылорда облысының инвестициялық мүмкіндіктері туралы көрмені тамашалады. Көрмеге ЭКСПО-2017, «Фракджет», «Жан рос-Дрил линг», «НефтьТехСервис», «Арал тұз» ком панияларының өнімдері қойылған. Арнайы стенд арқылы Қызылорда қаласы мен аудандардағы өндірістік аймақтар таныстырылды. Пленарлық мəжілісті облыс əкімі Қырымбек Көшербаев ашып, Сыр өңірінің инвестициялық мүмкіндіктері туралы баяндама жасады. Қызылорда облысы – инвестициялық тартымдылығы жөнінен алдыңғы қатардағы аймақтардың бірі. Елімізде бизнесті жүргізу мен кəсіпкерлікті қолдауға барлық жағдай жасалған. Облыстың 2020 жылға дейінгі Даму стратегиясында металлургиялық кластерді, мұнай-газ секторын, өңдеу өнеркəсібін, құрылысты, ауылшаруашылық кешенін, көлік жəне туризмді дамыту басты бағыт болып белгіленген. Жыл сайын кем дегенде 8 000 тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Бүгінде біздің аймақ өңірлік экономикаға тартылған инвестиция қарқыны жөнінен жетекші орынға орналасты. Өткен жылы экономикаға 370 миллиард теңгеден астам инвестиция құйылған. Бұл алдыңғы жылғы көрсеткіштен 40 пайыз жоғары. Аймақта мұнай мен газдың, қорғасын мен мырыштың, алтын мен молибденнің, цирконий мен титанның қоры бар. Ванадий қоры бойынша əлемдегі бестікке енеді. Сарапшылардың бағалауына қарағанда, облыс осы элементке əлемдік сұраныстың 25 пайызын қамтамасыз ете алады. Өңдеу өнеркəсібінің 93 пайызы мұнай жəне уран өндірісін құрайды. Алдағы жылдары қазақстандық уранның ауқымды бөлігі біздің өңірде өндірілмек. Кеніштердегі шикізат қорының түгесіле бастауына орай өңдеу өнеркəсібін дамытуға басымдық берілуде. Агроөнеркəсіп кешенін өркендету басты бағыттардың бірі саналады. Өткен жылы саланы қолдауға 5,5 млрд. теңге бөлінді. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 45

пайызға ұлғайған. Шағын несиелеуге республикалық бюджеттен қыруар қаражат алынды. Сондықтан ауылдағы кəсіпкерліктің өркендеуіне жол ашылып отыр. Инвестициялық жобаларды инфрақұрылыммен қамтамасыз ету де басты назарда. Қызылорда қаласында 760 гектар аумаққа индустриялық аймақ орналасты. Мұндай аймақтар барлық аудандарда құрылуда. Индустриялық аймақты инфрақұрылымдармен қамтамасыз ету үшін «Бизнестің

жол картасы-2020» бағдарламасы аясында инфрақұрылым нысандары құрылысына қаржы бөлінді. Индустрияландыру картасы бойынша жүзеге асқан 24 жобаның 13-і жоспарланған қуаттылығымен жұмыс істеп тұр. Автокөліктің ескі доңғалақтарын өңдеу зауыты ашылып, онда бақша суаруға арналған құбыр шығарылуда. «Жасыл экономика» қағидаларына толық жауап беретін мұндай зауыт əзірге бізде ғана. Маусым айында шыны зауытының құрылысы басталады. Оған көршілес полимер құбырлар шығаратын зауыт қоныс теппек. Қызылорда облысының көлік инфрақұрылымы мен логистикалық мүмкіндіктерін оның басты артықшылығы ретінде атап айтуға болады. Бүкіл облыс аумағынан Сырдария өзені, теміржол, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомагистралі өтеді. Халықтың 93 пайызы тұратын елді мекендердің 85 пайызы осы жолдардың бойында орналасқан. «Жезқазған – Сексеуіл – Бейнеу» теміржолы ның, алдағы жылы құрылысын аяқ тау жоспарланған Қорқыт ата əуежайының жолау шылар терминалының мүмкіндік-

терін пайдалануға болады. Аймақты дамытудың басым бағыты Байқоңыр қаласымен тікелей байланысты. ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің нысаны болғандықтан Байқоңыр қаласына қатысты үлкен жобалар жүзеге аспақ. Бүгінде өндірістік кəсіпорындарға қажетті мамандарды дайындау қолға алынды. Еліміздің жəне Ресейдің жетекші оқу орындарымен келіссөздер жасалып, меморандумға қол

қойылды. Облыс басшысы сөзінің қорытындысында «Байқоңыр» инвестициялық форумы инвестициялау мəселелерін талқылайтын, ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа жол ашатын үнқатысу алаңы болатынына сенім білдірді. Одан əрі Индустрия жəне жаңа технологиялар вице-министрі Нұрлан Сауранбаев минералды шикізат кешеніндегі Қызылорда облысының мүмкіндіктері туралы айтты. Бүгінде Байқоңыр «Гугл» іздеу торабынан ең көп сұралатын Хеопс пирамидалары мен Ниагара сарқырамасы сияқты ондықтың қатарына енген. Қызылорда облысында минералды шикізат қоры жеткілікті. Еліміз бойынша ванадидің 66 пайызы, мырыштың 16 пайызы, уранның 14 пайызы, алтын, күміс, қорғасынның, мұнай мен газдың 11 пайызы осында. Тағы бір айта кететін жайт, облыс аумағында бүгінгі нарықта сұранысқа ие пайдалы қазбалар бар. Мəжілісте «Жер қойнауын пайдалану туралы» заң жобасы талқылануда. Онда инвестициялық тартымдылықты арттырудың жолдары да нақтылануда. Сондай-ақ,

ҮКІМЕТТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ 10 НАҚТЫ ҚАДАМ

8 ҚАДАМ

ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ ЖАҢА ТОЛҚЫНЫН ТАРТУ

2014 жылғы 1 шілдеге дейін ҚР Парламентіне инвестициялық ахуалды жетілдіру жөніндегі заң жобасы енгізіледі нысандарды пайдалануға бергеннен кейінгі инвестициялық шығындардың 30 пайызына дейін мемлекет тарапынан өтеу КТС төлеуден босату

вице-министр өңірде барланбаған мұнай жəне газ қоры бар екенін айтты. Форум қатысушыларын өңірге инвестиция салуға шақырып, министрлік тарапынан қолдау болатынын жеткізді. Еліміздегі АҚШ дипломатиялық миссиясы басшысының орынбасары Майкл Клечески екі ел арасындағы білім, ғылым жəне бизнес саласындағы ынтымақтастықты өркендетуді мақсат тұтатынын атап өтті. Əсіресе, тіл үйренудегі қалыптасқан екіжақты қарым-қатынасты жоғары бағалады. АҚШ-та оқуға талпынған жастардың талабын шыңдау үшін елшілік пен консулдық көрмелер ұйымдастырып тұрады. Дипломат өз сөзінде қазақстандық бизнестің дамуына америкалық іскерлік топтардың да қызығушылығы жоғары екеніне тоқталды. «Парасат» ұлттық ғылымитехнологиялық холдингі» АҚ басқарма төрағасы Əбдікəрім Зейнуллин аймақта жүзеге асыруға болатын бірнеше жобаларды атап өтті. Холдинг бұған дейін еліміздегі ірі компаниялар өндіріске енгізген бірнеше ғылыми-техникалық бағдарлама жасаған. Олардың қатарында энергоавтономды, қалдықсыз жəне экологиялық таза металлургиялық кремний өндірудің тəжірибелік-өндірістік алаңын, мұнай кеніштеріндегі көмірсутек газын тазалау жəне жағу кешенін айтуға болады. Басқарма төрағасының айтуынша, əлемде жəне отандық тəжірибеде газды тазалау мен жағудың мұндай технологиясы жоқ. Сондай-ақ, оның өзіндік құны дəстүрлі əдіспен алынған өнімге қарағанда бірнеше есе төмен. Баяндамашы Сыр өңіріндегі жел мен күн энергиясын, оған қоса емдік минералды су қорын пайдаланудың тиімділігіне тоқталды. Еуропа Қайта құру жəне Даму банкінің Қазақстан бойынша директоры Джанет Хэкман біздің аймаққа бұған дейін де автобус паркі құрылысы жəне су жүйелерін жаңғырту жобаларына байланысты келісімдерге қол қоюға келген болатын. Бұл жолы банк аймақты жылумен қамтамасыз ету жүйесін жаңғыртуға қатысты жобаға қаржы салмақ. Осы форум барысында облыс əкімі Қ.Көшербаев пен Д.Хэкман Қызылорда қаласының жылу желілерін жаңғыртуды қаржыландыру туралы алдын ала келісімге қол қойды. Еуразия ұлттық университеті инновациялық паркінің директоры Владимир Ким аз ғана уақытта өзін өзі ақтайтын бірнеше жоба ұсынды. Мəселен, күріш қалдығынан орам қағаздарын шығару, кремний карбидін өңдеу, күн жылу электр стансасын салу. Күріш қалдығын өртегенше, одан құрғақ құрылыс заттарына арналған қапшықтар шығарудың тиімділігі жоғары. Алдағы уақытта зауыт құрылысы басталады. Инновациялық парк ұсынған жобалар болашақта қалыптасатын металлургиялық кластердің игілігіне жұмыс істейді. Инвестициялық форумда бұдан да өзге өңірдің өндірісін өркендетуге қатысты бірнеше жобалар ұсынылды. Қызылорда облысы.

инвесторлардың тауарлары мен қызметтеріне ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және мемлекеттік мекемелер тарапынан ұзақ мерзімді тапсырыс беру салық және экология саласында 10 жыл ішіндегі заңдылықтың «тұрақтылығы» қағидаттары Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестиция жөніндегі комитетінің базасында инвесторлар үшін «бір терезе» қағидаттарын жүзеге асыру, инвестициялық омбудсмен институтын енгізу

ҮКІМЕТТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ 10 НАҚТЫ ҚАДАМ

9 ҚАДАМ

БӘСЕКЕЛЕСТІК ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ТАРИФ САЯСАТЫНДА ЖАҢА КӨЗҚАРАС БЕЛГІЛЕУ

2014 жылғы маусым Табиғи монополистер саласында 2020 жылға дейінгі Тариф саясаты жөніндегі бағдарламаны қабылдау

Табиғи монополия саласының қызметіне бес жыл мерзімге және одан да көп уақытқа жоғары тарифті бекіту арқылы қысқа мерзімді реттеуден ұзақ мерзімді реттеуге көшу

2014 жылғы 1 маусымға дейінгі

Табиғи монополия саласының реттелетін қызметіне, оларды бәсекелестік ортаға шығару мақсатында кешенді сараптама жүргізу жөніндегі шаралар жоспары белгіленетін болады


7

www.egemen.kz

7 мамыр 2014 жыл

ІЛГЕРІ БАСТЫРУ КЕПІЛІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТІКЕЛЕЙ ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫ 2005 жылдан 2013 жылға дейін Қазақстан экономикасына тартылған тікелей шетел инвестицияларының жаппай ағыны, АҚШ млрд. доллары Өңдеу өнеркәсібіне ТШИ 6,1 $ млрд.

Өңдеу өнеркәсібіне ТШИ 14,1 $ млрд.

Өңдеу өнеркәсібі

Экономикалыќ байланыстар бастауы

Бұған дейінгі Кеден одағы да, Біртұтас экономикалық кеңістік те, түптеп келгенде, Еуразиялық экономикалық одақ (ЕЭО) құрылуының алғышарты болып қала бермек. Бейнелеп айтқанда, ЕЭО тақыр жерден пайда бола қалмайды. Бұл осы мемлекетаралық құрылымдар арқылы тамыр тартып, жапырақ жаяды. Соның ішінде сыртқы сауда айналымын жүйелі жолға қоюда кеден органдарына жүктелген жауапкершілік жоғары. Иə, Қазақстан, Ресей жəне Беларусь мемлекеттері арасында Кеден одағы құрылған кезде өзара тауар айналымы еш мүлтіксіз бірден жақсарып сала берді десек, сəл артықтау кетерміз. Алғашқы кезде бұл істе іркілістер мен кедергілер кездескені анық. Алайда, сарапшы мамандардың мəлімдеуінше, ЕЭО-ның құрылуымен бірге бұл кемшіліктер толығымен жойылуға тиіс. Мұндай оң өзгерістер кеден органдарынан да жинақылық пен жаңашылдықты талап етеді. Батыс Қазақстан облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің басшысы Ерлан КЕРІМОВПЕН əңгіме осындай бағытта өрбіді.

– Ерлан Қалимоллаұлы, алдағы маусым айында бұдан жиырма жыл бұрын Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресей астанасында, М.В.Ломоносов атындағы Мəскеу мемлекеттік университетінде айтқан Еуразиялық экономикалық одақ жөніндегі идеясы нақты іске айналып, оны құру жөніндегі келісімге қол қойылмақ? Бұған не дейсіз? – Мен саясаткер де, экономистғалым да емеспін. Бар болғаны республиканың бір өңіріндегі кедендік бақылау департаментінің басшысы ғанамын. Сондықтан бұл сұрағыңызға қысқаша жауап бергенді жөн көремін. Менің түсінігімде Еуразиялық экономикалық одақтың іргетасы негізінен Кеден одағы арқылы қаланбақ. Немесе бұл ойымды екінші балама көзқараспен түйіндесем, кеден – ЕЭО-ның ізашары болып табылады. – Ендеше, осындай жауапты кезеңде кеден органдарының алдында қандай жауапты міндеттер тұр деп санайсыз? – Еуразиялық экономикалық одақ құрылған жағдайда кеден органдарының қызметі де жаңа сапалық мəнге ие болмақ. Мұнда əсіресе, экспорт пен импорттың ара салмағын таразыға тартып отырудың орны бөлек деп есептеймін. ЕЭО жағдайында басты мақсатымызды экспортқа шығарылатын отандық өнімдер көлемін көтеруге бағыттай алсақ тек ұтар едік. Осындай өміршең көзқарас пен сындарлы сипат арқылы еліміздің сауда-эко н о микалық əлеуетін де соғұрлым салмақтандыра түсуге болатыны аян. Мұндай мемлекеттік мəселенің оң мысалдары көбейе түсуіне республиканың шекаралас өңірлеріндегі кедендік бақылау департаменттері де өз үлестерін қоса алады. Біз сыртқы сауда айналымындағы импорт пен экспорттың үлесі мен көлеміне қатысты тиісті талдаулар мен сараптамалар жүргізу ісін тəжірибеге енгіздік. Бұл деректер экспорт көлемі жыл сайын өсіп келе жатқанын көрсетеді. Бұған дейінгі жетістіктер ешқайда қашпайды ғой. Сондықтан оның бəрін жіпке тізіп айта бергенді қажет деп таппай отырмын. – Соңғы жылдары қазақстандық кеден органдары қызметінде болған құрылымдық өзгерістерге қатысты не айтар едіңіз?

– Иə, мұндай құрылымдық өзгерістер бірінші кезекте Қазақстан, Ресей жəне Беларусь мемлекеттері арасындағы Кеден одағы талаптарынан туындағаны белгілі. Əлбетте, бұл іргелі қадамдар томаға тұйықталу мен оқшаулануды білдірмейді. Керісінше, кеден қызметінің тиімділігі мен сапалық қырларын жақсар туды көздейді. Əрине, бұл орайда бізді құрылымдық бөлімшелердің қызметін жандандыру мен жетілдіру ісі көбірек толғандыратыны табиғи жəйт. Бүгінгі қазақстандық кеден қызметіне тəн жаңғыру сипаттары бірінші кезекте кедендік əкімшілендіруді одан əрі жетілдіру талаптарынан туындайды. Бұған дейін бұл мəселе тасада, қағаберістеу қалып, екінші кезекке ысырылып келсе, бүгінгі уақыт пен Еуразиялық экономикалық кеңістік құру алдындағы кезең бұған терең, жан-жақты мəн беруді, кедендік əкімшілендіруге жаңа леп пен жаңа толқын соқтыруды міндеттейді. Осы арқылы бюджет қоржынына кедендік төлемдер мен салықтардың түсу қозғалысы мен динамикасын реттеу мүмкіндігі туып отыр. Мұндағы басты мақсат – пайдаланылмаған мүмкіндіктер мен резервтерді іздестіріп іске қосу. Кедендік құрылымдарды қайта жаңғыртудың тағы бір тəсілі сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға, яғни отандық бизнес өкілдеріне консультативтік көмек көрсетуден тамыр тартады. Бұған дейін тəжірибеде кездескеніндей посткедендік бақылаулар жүргізіле тұрса да көп жағдайларда оның нəтижесі ойдағыдай бола қоймағаны жасырын емес. Санамызға орныға бастаған жаңаша көзқарас оны жолға қоюға толық мүмкіндік бере алады. – Кедендік жеке құрылымдар арасында сыбайлас жемқорлық көріністері кездескен жоқ па? – Оның бетін əрі қылсын. Мұндай дерттен əзірге аманбыз. Дегенмен, осынау оң фактордың өзі жайбарақат жүруге жол бере алмайды. Қазір кеден органдарында сыбайлас жемқорлықты түбегейлі ауыздықтаудың тың, соны жолдары өмірге келуде. Соның ең бастысы – электронды ресімдер, əрі соның ең соңғы үлгідегі тəсілдері. Бұл үрдіс кедендік бақылау департаменті қызметіне де енгізілді.

Екіншіден, кеден аумағында инфрақұрылымдарды жақсарту арқылы да жемқорлықтың тамырына балта шабуға болады демекпіз. Қазір бұл іс басталып та кетті. – Бүгінде еліміздегі əлеуметтік жаңғырту ісі Біртұтас экономикалық кеңістік шеңберінде де жүргізіліп келеді. Мұндай жағдайда кедендік орган дардың ел экономикасын одан əрі дамытуға негіз болатын шағын жəне орташа бизнес субъектілерімен əріптестік қарым-қатынас орнатуының орны ерекше... – Сұрағыңыздың төркінін түсіндім. Бұл сауалыңызға мен жоғарыда ішінара жауап бере кеткен секілдімін. Яғни, əлгінде айтылғандай, мұндай əріптестік кеден органдары тарапынан сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға консультативтік қолдау көрсетілуінен өрістейді. Мысалы, Орал өңірінде 45 500 кіші жəне шағын бизнес субъектілері тіркелген болса, біздің департамент ұжымы оларға консультативтік көмек беруді өздерінің басым бағыттарының бірі деп түсінеді. Бұл жөнінде арнайы консультативтік кеңес құрылған. Оның құрамына кіші жəне шағын бизнестің мүдделерін көздейтін қоғамдық ұйымдардың өкілдері де енгізілген. Оның мəжілістері күн тəртібінен туындаған өзекті мəселелерге жəне кəсіпкерлік пен брокерлік құрылымдардан түскен ұсыныстардың ретіне қарай өткізіліп тұрады. Сонымен бірге, тауарларды кедендік ресімдеу мəселелеріне қатысты дөңгелек үстелдер өткізу дəстүрі де өзін-өзі толығымен ақтап жүр деп айта аламыз. Кедендік ресімдеудің барлық нүктелері мен орындарында ақпараттық-консультативтік қосындар жұмыс істейді. Олар кедендік заңдылықтардың бүгешігесін жіліктеп түсіндіруден танған емес. Осының бəрі, түптеп келгенде, əкімшілік кедергілердің төмендеуіне жəне кедендік ресімдердің жеделдеуі мен көлік қозғалысы тəртібінің тездетілуіне септігін тигізді. Бір сөзбен айтқанда, озық стандарттар мен жаңа кедендік технологияларды енгізу жұмыс сапасын одан əрі жақсартуға негіз қалайды. – Əңгімеңізге рахмет. Əңгімелескен Темір ҚҰСАЙЫН, «Егемен Қазақстан».

Өңдеу өнеркәсібіне ТШИ-дің жаппай ағыны, млрд. АҚШ доллары

Барлығы

Қайнар көз: ҚР Ұлттық банкі ҮИИДБ-ны жүзеге асырудың төрт жылында (2010-2013 жж.) өңдеу өнеркәсібіне ТШИ-дің жаппай ағыны 14,1 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл 2005 жылдан өңдеу өнеркәсібіне тартылған ТШИ-дің 70 пайызына сәйкес келеді. 2013 жылы ТШИ-дің жаппай ағыны 2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 17%-ға төмендеп, 24,1 млрд. АҚШ долларын құрады. Өңдеу өнеркәсібіне ТШИ-дің жаппай ағыны 17%-ға төмендеп, 2,8 млрд. АҚШ долларын құрады.

ТШИ ТАРТУ БОЙЫНША ЖҰМЫС НӘТИЖЕЛЕРІ Салалар бойынша ТШИ-дің жаппай ағыны, млрд. АҚШ доллары ҮИИДБ-ға дейін 2005-2009 жж.

ҮИИДБ 2010-2013 жж.

Кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді талдап, әзірлеу Өңдеу өнеркәсібі Көтерме және бөлшек сауда Қаржы және сақтандыру қызметі Басқалар

Қайнар көз: ҚР Ұлттық банкі

ТШИ ТАРТУ БОЙЫНША ЖҰМЫС НӘТИЖЕЛЕРІ ҮИИДБ жылдарындағы өңдеу өнеркәсібіне ТШИ-дің жаппай ағыны, млн. АҚШ доллары

Металл өнеркәсібі және дайын металл бұйымдары өндірісі Тамақ өнімдері, сусындар мен темекі бұйымдары өндірісі Компьютерлер, электронды және оптикалық өнімдер өндірісі Басқа секторлар

Қайнар көз: ҚР Ұлттық банкі

2010-нан 2013 жж. дейін (ҮИИДБ) ТШИ-дің жаппай ағыны өңдеу өнеркәсібі бөлігінде 14,1 млрд. АҚШ долларын құрады, оның ішінде ТШИ-дің негізгі үлесі 83,6% болды немесе 11 820 млн. АҚШ доллары металлургия өнеркәсібіне және дайын металл бұйымдары өндірісіне тартылды


8

www.egemen.kz

7 мамыр 2014 жыл

 Зерде Өткен шақта айтудың өкінішіне қимайтын асыл аға Мақтай Сағдиевтің ел көзiне алдымен шалынатын екi ерекшелiгi бар еді. Ол ерекшелiктер оның бойының да жəне ойының да бiрдей нарлығында жатыр. Құдайдың өзi тума табиғатымен туыстырып, кеңiнен, кесек мiнез бен алғыр ақылды, келiстi тұлға мен кес кiн-келбеттi ерек дарқан дықпен бiр басына бере салған. Апырай дерсiз, Мақаңның мiнез-құлық жаратылысындағы қазына-байлықты айтып тауыса алмайсыз. Оның бауырмалдығы, мейiрбандығы, парасаты, кiсiлiгi, жан сұлулығы, қайсарлығы... бəрібəрі күні бүгінгідей көз алдымызда, жадымызда. «Мақтай Сағдиев қалайша мақтаулы ел ардағы, халқына əйгiлi Мақтай Сағдиевке айналды?» деген сұрақтың жауабы бiр ауыз сөзбен берiлмейтiнi жəне белгiлi. Сағдиевқа тəн мiнездер, тəн қасиеттер, тəн даралықтар, тумысты тектiлiктер, туабiттi ерекшелiктер қандай болып келедi екен? Соларды бiр ой елегiнен өткiзiп, зерделеп көрейiкшi. Өткен ғасырдың елуiншi жылдарындағы Кеңес Одағы құрамындағы Қазақстан тыңын

адамның қаһарлы сұсынан шошып, батпан соққыдан қатты ауырсынып қалған генерал демiн баса, сұп-сұр болып ойланып: «Жарайды енді, жолдас маршал, сенікі жөн екен», деп мыштай болып, өз алаңғасарлығы мен астамшылығынан болған ыңғайсыз жағдайдан əрең құтылып, машиналарды айтқан кеңшарға айдауға бұйрық берiптi. Кеудесiне нан пiскен генералды бiздiң даламыздың маршалы – Мақаңның мысы солай басқан екен. Солдафондармен «соғысы» сондай болған Мақаң Мəскеудiң Кремлiнде, Коммунистiк партия мен Кеңес өкiметiнiң басшыларымен, жарты жаһанды билеп-төстеп тұрған билiгi шексiз əмiршiлермен жүздескенде де айдыны асып, жүзi жарқырап, еңсесi əмəнда əлгiлерден биiк болып жүрген. Бұл жағдайларды көзбен көрiп, куəгер болған, шын жүректен тəнтi болып, таңырқай да, сүйсiне де бiлген бiр ғажап орыс адамы – 80-жылдардағы Қостанай облыстық партия комитетiнiң хатшысы Петр Черныш. Сонымен, 1983 жылдың ақпан айы. Мақтай Рамазанұлы Қостанай облыстық атқару комитетiнiң

Саєынышќа айналєан Саєдиев Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан».

көтерудiң кең көлемдi оқиғасы əлдеқашан тарих сахнасына енiп, тарих шежiресiне жазылды, мұрағат мұрасына айналды. Ал сол тың жорығының жас сардарларының бiрi, келе-келе Тың генералы болған Мақтай Сағдиев туған елiнiң жаңа өмiрiн, жарқын қоғамын құрушылардың алдыңғы лектегi көш бастаушыларының, егемендiк Туын жер жүзiне желбiрете асқақ көтерушiлердiң қатарынан табылып еді. «Тың генералы» дегеннен шығады, осы арада бір оқиғаны еске алмай болмас. 1973 жылдың қоңыр күзi. Ол кезде Мақтай Рамазанұлы Торғай облыстық атқару комитетінің төрағасының бiрiншi орынбасары, обкомның бюро мүшесi. Астық жиналып жатқан қауырт та қарбалас науқанның үстi. Дауылдай сапырған жұмыс бабында да төзiмi тастай Мақаңды қайнату қиын, ал қайнатып алсаң, пəлеге қаласың, ат құйрығын кесуге дейiн барады. Ол заманда егiн жинауға көмекке Мəскеудiң пəрменiмен əскер жiберiледi. Көп жерлерде жергiлiктi халық үшiн əскердiң көмегi мен лаңы, бұзақор тентектiгi бiрдей болатыны да ешкiмге жасырын жағдай емес. Обкомның аудандағы бекiтiлген бюро мүшесi Сағдиев генералдармен бiрге жүредi, мəселе шешедi. Октябрь ауданында бiр кеңшардың егiнi орылып бiтiп, ендi екiншi кеңшарға комбайндарды көмекке айдау керек. Ал комбайн барса, соған ерiп, соңынан iле-шала автомашиналар баруы керек екендiгi жəне белгiлi... Егiн даласы ығы-жығы адам, қаптаған машина, күн желдетiп тұр, шаң. Сол арада Мақаң генералға қарап тiл қатады: «Ендi автомашиналарды Герцен атындағы кеңшарға аттандырайық», дейдi. Бұған зəбiрленген тоңмойын əрi ақылсыз генерал: «Мен генералмын, не iстейтiнiмдi мен өзiм бiлемiн!», деп салады. Содан əңгiме насырға шабады. Қаумалап маңайларында тұрған жұрт үрпиiсiп қалады. Қайткен күнде де бiрден ашуға бой алдырмай, сабырға жеңдiрген Мақаң ел көзi азайсын деген ғой, аудандық атқару комитетiнiң төрағасы Жанұзақовқа: «Мына кiсiлердi анталатпай, Герценге тез жiбере бер», деп жарлық бередi. Көпшiлiк жұрт бұрылып алып, жолға түсiп тартады. Манадан берi тағатсыз, зығырданы қара қазандай қайнап, тек елдiң азайғанын күтiп тұрған Мақаң ендi генералды қолынан ұстап: – Дəл қазiргi сəтте, əрине, сен генералсың. Ал мен мына байтақ даланың баяғыдан бергi маршалымын. Осыны есiңе сақта! – деп əумесер генералды қарынан ұрып жiберген ғой. Алпамсадай

төрағалығына беку үшiн Мəскеуге, КОКП Орталық Комитетiнiң хатшылығына келген. Қасында – Петр Черныш. Ол обком хатшысы болып бекуi керек... Мiне, олар хатшылықтың мəжiлiс залына кiрдi. Бұл баяғыда Сталиннiң кабинетi болған көрiнедi. Бүйiрдегi есiктен партиядағы сол кездегi екiншi адам Константин Черненко бастатқан Орталық Комитеттiң хатшылары, Саяси бюроның кейбiр мүшелерi шықты. Көп ұзамай Бас хатшы болып сайланып, аз уақыт болса да Кеңес Одағын билеу бақытына, тарихта қалу құрметiне ие болған Черненко, қаусаған, шүйкедей ғана, ақкөңiл кiшкентай шал ұзын үстелдiң қақ төрiнен орын алды. Үстелдiң бiр басында «үп» десең ұшып кеткелi тұрған, сол кездiң өзiнде дімкəс, екi иiнiнен дем алған құйттай ғана қаңбақ шал Константин Устинович, ал екiншi басында оның үстiнен құзар шыңдай асқақтаған, сымбат-көркi келiскен, мəртебелi жиналыстың сұрақтарына сенiмдi түрде, тау бүркiтiндей саңқылдап жүйрiк жауап берiп, көргеннiң көзiн сүйiн дiре таңырқатқан таудай Мақаң... Өткен ғасырдың сонау алыстағы 60-70-жылдарында қазақ халқының осындай азаматтары болғаны қандай жақсы, қандай бақыт едi десеңiзшi! Сөйлесе сөздiң шешенi, бастаса қолдың көсемi болған, əманда ақ алмас берендей жарқылдаудан, жарқыраудан танбаған қайран бiздiң қасиеттi ағалар! Жаңағыдай жерлерде Құлагердей суырылып озған сəттерiнде олар əркез туған халқының мерейiн өсiрдi ғой, бейпiл ауыздарды бетке соқты ғой, елдiң мүддесiн қорғады ғой. Г.В.Колбин бастатқан Мəскеудiң жандайшаптары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетiнiң арнайы Пленумын шақырып, Д.А.Қонаевты жүндей түтiп жазаламақшы, ел ардағын қорламақшы болғанда, осы қиянатшыл əрекетке бiрiншi болып қарсы сөйлеп, ол ниеттi iске асыртпай тастаған да сол кездегi Көкшетау облыстық партия комитетiнiң бiрiншi хатшысы Мақтай Сағдиев болатын. Коммунистiк өктемдiк қаһарын төгiп, Асқаровтарды түрмеге тыққан шақтағы Мақаңның бұл ерлiгiн, əрине, қазiр бiреу бiлсе, бiреу бiлмейдi. Сонымен бiрге, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының, 1989 жылғы Жаңаөзен оқиғасының халық бiлмейтiн негiзгi бiр қаһарманы да Мақтай Сағдиев болғанын осы арада айта кетудi орынды санаймын. КСР Жоғарғы Кеңесi Төралқасының Төрағасы болып келгеннен кейiн ол Желтоқсан оқиғасына катысқандарды ақтау жөнiнде республиканың Жоғарғы сотына, республика Прокурорына қатаң нұсқау бердi.

Олардың партия органдарының қаулысына сəйкес берген анықтамалары қабылданбады. М.С.Горбачев жiберген эмиссар партия хатшысының түкiрiгi жерге түспей, ақ дегенi алғыс, қара дегенi қарғыс болып тұрған шақта Мақтай Рамазанұлы айдауда азапта жүрген қыршын қыздар мен жiгiттерiмiз үшiн жiгерлi жанашырлық, баскөзге қарамас батырлық танытты. Əрине, бұдан бұрын Қонаевты қорғағаны жəне бар, жастарды жазадан азат ету ниетi мен бұл жөнiндегi үзiлдi-кесiлдi нұсқауы Орталыққа, Колбинге ұнамай қалғаны өзiнен-өзi түсiнiктi. Сөйтiп, империя билеушiлерi тарапынан Мақаңа деген өшпендiлiк қоламтасы бықсуға бет бұрды. Ендi тек мұқатуға, сүрiндiрiп құлатуға оңтайлы уақыт, сырдаң сылтау ғана керек болды. Ондай мүмкiндiк, дес бергенде, аяқ астынан табыла кеттi. Ол – алпысқа толған мерейлi тойдың мерзiмi едi. Əдетте, республиканың жоғары басшылары мерейжасқа байланысты марапатталатын той-томалақ өткiзiлушi едi. Бiрақ мұндай сыйқұрмет Жоғарғы Кеңес Төралқасы Төрағасының еншiсiне бұйырмады, айналып өттi. Ар-ұят сезiмiн сыпырып тастаған Қазақстан партия ұйымының бiрiншi хатшысы Колбиннiң той иесiне осындай шешiм қабылдағанын Мəскеуде ауруханада жатып бiлген Мақаң бұған абыржымады. Кейiнiрек КСРО Жоғарғы Кеңесiнiң сессиясында одақтық Халықтық бақылау комитетiнiң төрағасын сайлау жөнiнде мəселе көтерiлгенде Қазақстан делегациясы атынан Сағдиев сөз алып, Колбиннiң кандидатурасын осы қызметке ұсынды. Жақсы көрiп, емешесi езiлгендiктен емес, керiсiнше, жек көрiп, қалайда құтылу үшiн ұсынылғандығын жұрттың бəрi бiлiп отырды. Колбин кетсе, басы ашық мəселе, орнына ендi қайткенде де жергілікті азамат келетiнi кəмiл ғой. Ұсыныс қабылданып, республика Орталық партия комитетiнiң бiрiншi хатшысы болып сайлануға жергiлiктi азаматтарға тiкелей жол ашылды. Мақтай ағамыздың көрнектi де өрнектi iздерi Көкшетау өңi рi нен де көптеп табылады. Жақ сының салдырған кенттерiн дей көлбеңдеп алдыңнан шығады. Соңғы бiр үйi ғана қалып, ендi болмаса құруға бет алған жерiнен тiк көтерiп Мақаң салдырған Мəлiктiң ауылы. Кеңес Одағының Батыры ғұлама ғалым Мəлiк Ғабдуллиндi айтамыз. Көкшетау мен Бурабайдың арасындағы тас жол бойының қос қанатында аққулардай тiзiлген ақшаңқан үйлердi топтаған Кенесары ауылы. Көкшетау қаласына кiреберiстегi Құлагер ескерткiшi. Қаладағы «Құлагер» қымызханасы, еттi қазақша

мүшелеп сататын «Сыбаға», одан соң арнайы «Балапан» дү кендерi – бəрi Мақаңның Көкшедегi көздерiндей. Əсiресе, Абылай хан даңғылы бойындағы қолдан қаланған Оқжетпестi айт саңызшы. Бұл тау тiкелей Мақ тай Рамазан ұлының ойлап тапқан ой-ниет, ұсынысымен Зерендi жерінің тақта-тақта тастарымен текшеленiп, сол қалпы көшiрiлiп əкелiп, табиғаттың өз тума жаратылысындай жымдастырылып орнатылған-ды. Көкшетаудың көркiн келтiрiп, елдiң өзi «Мақтайтау» атандырған осы ғажайып дүние уақыттың көшкеруенiмен, халықтың алғыскер жадымен мəңгiлiк ескерткiшiне айналып та бара жатыр. Көкшетаудың көп тауына қосылған iнжу-маржан сияқты, Сағдиев салтанатын паш еткен «Мақтайтау»... Мұндайда бұрынғы мұғалiм Мақтай, агроном Сағдиев, басшы Сағдиев құрылысшы Сағдиевке айналып кетер едi. Атақты ЖенПИ – Алматыдағы қыздар институтына да республика басшыларынан əйгiлi Жұмабай Шаяхметовтен кейiн қадам басқан тек Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесi Төралқасының Төрағасы М.Сағдиев екен. Сол кезде ол студент, негiзiнен ауылдан келген қазақ қыздарының тұрмысжағдайларын жақсартуға нақты көмегiн тигiздi. Институт ректоры С.Исаев қыздардың күнделiктi тамағына шығарылатын шығын 1 сом 20 тиын екенiн айтқанда, Мақаң қолма-қол Қаржы министрлiгiнiң басшыларына осы шығын көлемiн тез арада ұлғайтуға нұсқау бердi. Қыздардың күнделiктi тамағының шығыны 1 сом 80 тиынға көтерiлген едi. Сонымен бiрге, қыздар үшiн арнау лы бiрнеше медициналық кабинеттер аштырды. Содан берi бiраз уақыт өткенiмен, институт ұжымы Мақаңның əкелiк жүрек жылуына толы жақсылық-шарапаттарын жадында сақтаған. Өмiр сапары сарқылған саңлақтардың есiмдерiн есте қалдыру мəселесi де Мақаңның маңдайына жазылыпты. Мұны ұйымдастыру, əрине, оңай емес, кедергi себептер шаштан асады. Осыған қарамастан, ардагерлер көсемi Сағдиевтiң ұсынысымен, тiкелей қатысуымен бұрынғы республика басшыларының тұрған үйлерiне ескерткiш тақталар қойылды. Ол ардақты қайраткерлердiң iшiнде Т.Тəжiбаев, М.Бейсебаев, Қ.Егiзбаев, К.Ахметов, М.Фазылов, тағы басқа есiмдер бартын. Алматы қаласының əкiмдiгi Сабыр Ниязбеков тұрған үйге ескерткiш тақта қоюға қаулы алды. Бұған дейiн тым кешеуiлдеген бұл шешiмнiң де дүниеге келуiне аянбай атсалысқан Мақаң еді. Бiр айта кетерлiк жай, екі мəрте Кеңес Одағының Батыры,

ұлттық қаһарманымыз Талғат Бигелдиновке ескерткiш болмай келіпті. Ескерткiш бары бар, бiрақ ол Қырғызстанда орнатылған. Осы олқылықтың да орнын толтырған өзiмiздiң мазасыз Мақаң. Батырдың мəртебесiне сай көрнектi ескерткiш өзiнiң атажұрты – Ақмола облысының орталығы Көкшетауда ашылғанда Мақтай Рамазанұлы осы салтанатқа Талғат Жақыпбекұлын өзi ертiп апарды. Бiртуар ардагерлерiмiз сый-құрметтi осылай көзi тiрiсiнде көргенi де жақсы-ау... Жоғарыдағы əңгiмеге қарап жұрт бұл Сағдиев жұмыстан басқа ештеңенi бiлмеген екенау деп қалып жүрмесiн. Асылы, ол кiсi жұмысты да iстей бiлдi, бiлiмге де құштар болды, өмiрдiң өзге қызықтарынан да құралақан қалмаған. Жаны сұлу, мiнезi дарқан, серi адам. Сұлулықты сүйдi. Əсiресе, Мақаңның аңшылығы туралы аңыздар көп айтылады. Əрине, аңшы болған соң азырақ өтiрiктiң қосылуы заңды. Бiрақ басқа аңшылардан бiр ерекшелiгi, Мақаңның аңшылығының аңызынан гөрi ақиқаты басымдау ма деп қалдық. Өзiнiң қыры мен сырын жақсы бiлетiн көптеген жолдастары да аңшылықты оның бiрiншi хоббиi ретiнде атайды. Аңшылық салған ең үлкен олжалардың бірі Димаш Ахметұлымен бiрге саят құрып, аңға шыққан шуақты сəттер болғаны да рас. Димекеңмен бiрге аң аулау бақыты сол тұста ең жоғары қызметтерде жүргендердiң арасында да екiнiң бiрiнiң пешенесiне жазыла бермеген. Ол кісі мен Мақаң арасындағы əдемi сыйластықтың айшықты көрiнiстерi аңшылық құрған сəттерінде де мəндi əрі мағыналы болатын. Жолдас-жораларының, тұрғыластарының iшiнде Мақаңды шын жүрегiмен жақсы көрiп, тебiрене сыр шертпейтiнi кемде-кем. Адамды бiр көргеннен, бiрiншi кездескеннен үйiрiп əкетуi оған құдай сыйлаған құдiреттi қасиеттерiнiң бiрi болса керек. Себебi, оның дəл осы қасиетiне көп адамдар асқан қызығушылықпен ден қойып назар аударады. Сағдиевтiң адами табиғаты мен дарқан жан дүниесiн ешқандай əлеуметтiксаяси сiлкiнiстер өзгерте алмады. Қашан болсын ол адамдық табиғи қалпынан айнымады. Мақаңды көп жұрттың қызметкер, бастық, шенеунiк емес, ең алдымен адам ретiнде бағалағаны, кiсiлiгiн сыйлағаны да сондықтан шығар. «Қазақ тілінде жатық сөйлеуді «Социалистік Қазақстан» газетін күнде түк қалдырмай оқу арқылы үйреніп едім», деп Сауытбек Абдрахмановқа сыр ашуы да көп жайды аңғартқандай. Мақаң адал жар, отбасы камқоры, балаларының сүйiктi əкесi болды. Адамды жақсы бiлiп, жан дүниесiн, жүрек сырын, адамгершiлiк қасиеттерiн, шынайы мəдениеттiлiгiн терең ұғыну үшiн жақындарына деген жан жылуын пайымдау керек. Көпшiлiкке жақсы көрiнiп, отбасының күлi бұрқырап жатса, ол да болмайды ғой. Кейде адамның жақсы екенiн бiр көргеннен сезсең де, оның ұлылығын, дарқан дарынын кейiннен араласа келе, сөйлесе келе танисың. Көбiнесе кiсiнiң кiшкентай жүрегiнiң қаншама мейiрбандықты, қайырым дылықты, кiшiпейiл дiлiктi, қамқорлықты сыйғызып тұрғаны оның отбасына, балаларына, жақындарына деген қарымқатынасынан көрiнiп тұрады. Осы орайда да Мақаң маңдайы ашық, жүзi жарқын, кiм-кiмге де өнеге, үлгi болып өтті. Иə, тағдыр тағындағы Мақаңның адами болмысы, өмiрлiк мұратының айқындамалары осындай болды, қашанда адамгершiлiк пен iзгiлiк туын жықпады, құдай берген кiсiлiк қалпынан айнымай өтті. Мақаңның бiрiншi саясаты да – кiсiлiк пен адамгершiлiк болатын. Мақаңның жүрегi – жақсылық жасауға ұмтылып тұрған жүрек еді. Қазақтың аяулы ақыны Төлеген Айбергеновтің: «Қажет жерiнде қатыгездiк пен қаталдық керек десек те, Адамның заңғар ұлылығын сен Сағынышымен есепте», – деген жалынды жырлары осы Мақаң сияқты, тұла бойы тұтасымен бауырдан жаратылғандарға қаратып айтылған болар. Халқының құрметiне бөленіп өткен Мақтай Сағдиевтiң заңғар ұлылығы да сол өз жүрегiнiң мейiрiм нұрларынан, iзгiлiк жырларынан, адамдық болмысындағы тек жақсылық аңсаушы сағыныш сырларынан нəр алушы еді. Енді Мақтай ағаның өзі де сағынышқа айналды. Осындай абзал жүректі абыз қашанда қазағымен, халқымен бірге жасай бермек. АЛМАТЫ.

ШАРАЙНА

Əлем жаѕалыќтары

Оппозиция серкесі – ел президенті Хуан Карлос Варела Панама оппозициясының серкесі болып табылады. Сайлау нəтижелері жария етілген соң оның Панама президенті болғаны анықталды. Панаманың Оңшыл центристік партиясының өкіліне сайлаушылардың 39 пайызы өз дауыстарын берген. Ал билеуші Демократиялық өзгерістер үшін партиясының өкілі Хосе Доминго Ариас Вареладан шамамен 8 пайыз дауыс аз жинаған. Панамадағы сайлаудың бір ерекшелігі – мұнда сайлаушылардың ең көп дауысын алған үміткер жеңіске жетеді. Оның пайыздық үлесі еш рөл атқармайды. Варела – қазір Панаманың вице-президенті. Ол сайлауда жеңіске жетсе, экономикалық өсім бағытын жалғастыруға уəде берген болатын. Оның сайлауалды бағдарламасында, сондай-ақ, инфляцияны төмендету мен кедейлікті азайту бар.

Премьер сот алдында жауап беруде Тайланд премьер-министрінің міндетін атқарушы Йинглак Чинават Корольдіктің конституциялық соты алдында жауап берді. Оған лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылып отыр. Егер Чинават кінəлі деп табылатын болса, онда министрлер кабинеті отставкаға кетеді. Чинаваттың іс-əрекетіне оппозицияшы-сенаторлар тобы шағымданыпты. Олар Тайланд ұлттық қауіпсіздік кеңесінің басшысы Тавил Плиенсриді отставкаға жіберіп, үкімет басшысының міндетін атқарушы өзінің өкілеттігін асыра пайдаланғанына сенімді. Сенаторлар, сондай-ақ, Чинават мұндай қадамға бақай есеппен барды деп есептейді. Сот алдында жауап берген премьер-министрдің міндетін атқарушы өзінің кінəсін мойындаудан бас тартқан. Оның пікірінше, үкімет басшысы ретінде ел мүддесіне сəйкес қандай шешім қабылдаса да құқылы.

Қысқа қайырып айтқанда:

Дүниежүзі бойынша адам құқы ең көп бұзылатын ел ретінде халықаралық сынға жиі ұшырайтын Солтүстік Корея адам құқын бұзу саласында Америка Құрама Штаттары əлемдік көшбасшы болып табылады деп есептейді. Мұны КХДР басшысы Ким Чен Ын мəлімдеді. Американың Калифорния штаты жағалаулары мен Тынық мұхитындағы Гуам аралында Ресей ұшақтары байқалған. Бұл туралы АҚШ əскери-əуе күштерінің басшысы Герберт Карлайл хабарлады. Ол, сондай-ақ, Ресей əскери-əуе күштерінің белсенділігі Оңтүстік Корея мен Жапония жағалауларында да күрт өсе түскенін мəлім етіп отыр. Франция дипломатиялық миссиясының қызметкері Йемен астанасы – Сана қаласының маңында атып өлтірілген. Елшіліктің тағы екі қызметкері дене жарақаттарын алған. Мұны Йемен ішкі істер министрлігіндегі дерек көзіне сілтеме жасай отырып, «Рейтер» агенттігі хабарлады. Ұлыбританияның əскери-теңіз күштеріндегі сүңгуір қайықтарда əйелдер қызмет ете бастаған. Мұндай қызметке алғаш болып рұқсат алғандар – лейтенанттар Максин Стайлз пен Александра Олссон жəне Пенни Тэкрей болып табылады. Олар сүңгуір қайықтағылар үшін арнайы курста дайындықтан өтіпті.

Обама форумєа бойкот жариялады Ақ үй америкалық корпорацияларды СанктПетербургте өтетін халықаралық форумға қатысудан бас тартуға шақырды. Бұл жерде əңгіме аса ірі энергетикалық, қаржылық жəне өнеркəсіптік компаниялар туралы болып отыр. Мəселен, Alcoa, Goldman Sachs, PepsiCo, Morgan Stanley жəне ConocoPhillips сияқты алыптар қазірдің өзінде форумға қатысудан бас тартып үлгерген. Бұған президент Обаманың кеңесшілерінің белсенді үгіті себеп болған секілді. Обама əкімшілігі өзінің белсенді əрекетінен кейін іс жүзінде АҚШ-тың ірі компанияларының бəрі форумға бармайтынынан үмітті. Дегенмен, кейбір компаниялар басшылары 22-24 мамыр күндері өтетін форумға төменгі шендегі қызметкерлерін болса да жібермек көрінеді. Əйтпесе олардың жоғалтатыны көп болмақ екен.

Ґлтірілгені ґтірік болып шыќпасын Ұлттық баскетбол ассоциациясының бұрынғы ойыншысы Деннис Родман өткен жылдың тамызында жəне желтоқсанында өлтірілген Солтүстік Кореяның басшысы Ким Чен Ынның жездесі мен оның дос əйелін тірідей көргенін айтқан. Мұны баскетболшы Dujour басылымына сұхбатында хабарласа керек. Солтүстік Корея туралы қандай əңгіме айтылмасын, адамдар соған сенеді. Соңғы рет мен сол елде болғанымда Ким Чен Ынның жездесі мен оның дос əйелінің өлтірілгені туралы əңгіме желдей ескен-тұғын. Бірақ мен əлгі екеуінің қасында тұрдым, деп мəлімдеген Родман. Мұнан бөлек, Родман Ким Чен Ынның АҚШ президенті Барак Обамамен кездесіп, Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы туралы келіссөздер жүргізгісі келетінін көлденең тартқан. Баскетболшының айтуынша, Солтүстік Корея бейбіт өмір сүргісі келетін шағын ғана ел болып табылады.

Ливияда – жаѕа їкімет басшысы Ахмед Маайтик Ливияның жаңа премьер-министрі болды. Енді ол 15 күннің ішінде кабинетті жасақтап, оны бекіту үшін парламентке ұсынуы тиіс. Бұл туралы Жалпыға ортақ ұлттық конгрестің (парламент) спикері Нури Абу Сахмейн жария етті. Маайтик Ливия басшысы Муаммар Каддафи тағынан тайдырылғалы бергі бесінші премьер болып отыр. Оны жақтап парламенттегі 121 депутат өз дауыстарын берген. Премьер болу үшін үміткерді кем дегенде 120 депутат қолдауы тиіс. Осылайша 42 жастағы бизнесмен Ливия тарихындағы ең жас үкімет басшысы атанды. Оның алдындағы премьер Абдалла əл-Тани осы лауазымға бекігеннен кейін 5 күннен соң, яғни 13 сəуірде отставкаға кеткен болатын. Ол бұл əрекетін жоғары лауазымнан өз өмірі мен жақындарының қауіпсіздігі үшін алаңдайтындықтан бас тартатындығымен түсіндірген еді. Интернет материалдары негізінде əзірленді.


Теміржол саласындаєы халыќаралыќ ынтымаќтастыќ Кеше Астанадағы «Рэдисон» қонақ үйінде Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің, Иран, Финляндия жəне Болгарияның Теміржол көлігі кеңесінің 60-шы мерейтойлық отырысы болып өтті. Екі күнге созылған бұл теміржолшылардың халықаралық кеңесіне 18 мемлекеттің теміржол көлігі саласының басшылары мен мамандары қатысты. Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Мерейтойлық отырысқа Қазақстан Республикасының ПремьерМинистрі Кəрім Мəсімов қатысып Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық басқосуға қатысушыларға арнаған құттықтау хатын оқыды. «Қазақстанда ТМД жəне Балтық жағалауы елдерін біріктіретін Теміржол көлігі кеңесінің мерейтойлық 60-шы отырысының өтуі біздің ортақ теміржол кеңістігімізді дамытудағы айтулы оқиға. Осы кеңес жұмысының арқасында өңірдегі мемлекеттер арасында интеграциялық бай-

тасымалы 10,6-дан 16,9 миллиард жолаушы-километрге өсті. Осы мерзімде компанияның табысы 1,8 есе артты. Елбасы Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауында 2050 жылы еліміздің əлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің құрамына кіруі жөнінде стратегиялық міндет қойды. Еліміздің көліклогистикалық жүйесін əлемдік озық үлгідегі деңгейге жеткізу, Қазақстанның ғылымға негізделген экономикасын серпінді дамыту 2050 жылы əлемнің алдыңғы қатарлы 30 мемлекетінің құрамына кіру жөніндегі ұлттық мақсатқа жету жолындағы басымдықтар

 Кеңеске қатысушылар лебізі Мамука БАХТАДЗЕ, Грузия Республикасы теміржолының басшысы:

Өздеріңізге белгілі, бүгін Қазақстанда Теміржол көлігі кеңесінің 60-шы мерейтойлық тарихи отырысы өтіп жатыр. Осы орайда, алдымен мен «Қазақстан темір жолы» компаниясына қонақжайлы жылы қабылдаулары үшін алғыс сезімімді білдіргім келеді. Осы басқосуда біз негізінен ТМД мемлекеттері кеңістігіндегі теміржол көлігі саласын тиімді пайдалануды жетілдіру мəселелерін қарастырудамыз. Өткен жыл бұл орайда қолайлы жылдардың бірі болды. Өткен жылы атқарылған жұмысты қорытындылай келіп, біз 2014-2015 жылдарда атқаратын жұмыс ауқымын жоспарлаймыз. Грузия теміржолы үшін Қазақстан теміржолы стратегиялық əріптес болып саналады. Өткен үш жыл ішінде біздің темір жол көлігі саласы арасындағы жүк тасымалының айналымы 12 миллион тоннадан асып түсті. Қазір Грузия Түркияға шығатын жаңа теміржол желісінің құрылысын салып жатыр. Қазақстан осы бір ірі жобаның белсенді қатысушысы болып табылады. Бұл ірі жол торабы келесі жылы пайдалануға беріледі. Сөйтіп, біз Қытай мен Еуропаны жалғастыратын жаңа транзиттік желіні іске қосамыз.

ланысты дамыту үшін қажетті іргетас қаланды. Біз Еуроодақ пен Азия-Тынық мұхиты өңірінің орталығында орналасқандықтан Батыс пен Шығыстың жəне Еуропа мен Азияның арасындағы геоэкономикалық көпір бола отырып, бəсекелестік басымдыққа иеміз. Жаһандану жағдайында көлік-логистикалық кешен өңірдің экономикалық өсуінің жəне оның əлемдік көлік инфрақұрылымына интеграциялануының драйвері болуға тиіс. Еуразиялық құрлыққа бағытталған тауар ағымы жəне біздің мемлекетіміздің географиялық орналасуын сараптай келе, Қазақстанды ірі іскерлік жəне транзиттік хабқа айналдыру жөнінде мен стратегиялық бастама көтерген болатынмын. Бүгінде Қазақстан Еуразиялық көлік кеңістігін дамытуға өлшеусіз үлес қосуда», деп атап көрсетілген құттықтау хатта. Осыдан кейін Теміржол көлігі кеңесінің 60-шы отырысында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин сөз алды. Ол өз сөзінде бұл кеңестің Қазақстанда өткізіп отырған бесінші отырысы екендігін атап өтіп, кеңес жұмысы қатысушы мемлекеттердің экономикасының дамуына тұрақтылық əкеліп қана қоймай, теміржол көлігі саласында тиімді бəсекелестіктің өрістеуіне ықпал етіп отырғандығын тілге тиек етті. Бүгінде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ капитал жəне айналым көлемі жағынан Қазақстандағы жетекші корпорациялардың бірі болып табылады. Сонымен бірге, əлемдегі ең ірі теміржол компанияларының алғашқы ондығының құрамына кіреді. 2008 жылдан 2013 жылдар аралығында компанияның жүк айналымы 214,9 миллиард тонна километрден 231,2 миллиард тонна километрге, жолаушылар

9

www.egemen.kz

7 мамыр 2014 жыл

болып табылады. Қазақстан теміржолында атқарылып жатқан бүгінгі экономикалық əртараптандыру басымдықтары компанияның жа һандық тəуекелдерге берген стратегиялық жауабы болып табылады. Компания халықаралық көлік-логистикалық компаниялардың үлгісіне сай бизнес жобаларын дамытуда. Елбасының «Қазақстан жаңа Жібек жолы» бастамасы шеңберінде еліміздің көліклогистикалық жүйесін одан əрі дамытуда кешенді шаралар жүзеге асырылуда. Бұл ретте Қазақстан көлік-логистикасын кешенді дамыту, елдің транзиттік əлеуетін арттыру мақсатында тəуелсіздік жылдары ішінде орасан зор жұмыстар атқарылды. Осы кезеңде елімізде мыңдаған шақырым теміржол құрылысы пайдалануға берілді. Үстіміздегі жылы жалпы ұзындығы 2,5 мың шақырымды құрайтын теміржол торабы іске қосылады. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ еліміздің көлік-логистикалық жүйесін одан əрі дамытудың бас операторы болып табылады. Осыған байланысты компания алдағы уақытта еліміз үшін маңызды да кешенді шараларды іс жүзіне асыратын болады. Теміржол көлігі кеңесінің Астанада өткен 60-шы мерейтойлық отырысына төрағалық еткен «Ресей темір жолы» ААҚ президенті Владимир Якунин кеңестің осы уақытқа дейін атқарған игілікті жұмыстарын тілге тиек ете келіп, Қазақстан жəне Ресей теміржол саласындағы тиімді ынтымақтастық байланыстарға да тоқталды. Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығы жəне Балтық жағалауы елдерінің Теміржол көлігі кеңесі 1992 жылы 14 ақпанда құрылған болатын. Бүгінде кеңес 11 мемлекеттің теміржол əкімшілігін

біріктіреді. Олар – Əзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Молдова, Тəжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан жəне Украина. Ал Грузия, Латвия, Болгария жəне Финляндия мемлекеттері кеңестің ассоциацияланған мүшесі болса, Литва жəне Эстония мемлекеттері Кеңес жұмысына жеке шарт бойынша қатысады. Сонымен бірге, Иран Ислам Республикасының теміржолы бақылаушы дəрежесінде қатысады. Кеңестің басты мақсаты ТМД мемлекеттері кеңістігіндегі теміржолдың интеграциялық байланысын дамыту болып табылады. Өзі жұмыс істеген жылдар ішінде кеңес техникалық құралдарды жəне көлік құрамын пайдалануды, жүк жəне жолаушылар тасымалдаудың халықаралық ережелерін сақтауды жəне ұйымдастыруды реттеу жөнінде 250ден астам келісімдер, ережелер, нұсқаулар мен нормативтік құжаттар қабылдаған. Кеңестің осы жылдар ішіндегі атқарған жұмысының арқасында ТМД мемлекеттері кеңістігінде теміржол жүйесінің технологиялық бірлігін сақтауға, инфрақұрылымды дамыту жəне теміржол тарифі саясатын жүргізуде келісімді қамтамасыз ету мүмкін болды. «Ресей темір жолы» ААҚ президенті Владимир Якуниннің айтуы бойынша, Ресей үшін ТМД мемлекеттерінің ішінде Қазақстан негізгі сауда əріптесі болып отыр. Бүгінгі күні «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Ресей темір жолы» ААҚ арасында жолаушылар жəне жүк тасымалы осы кеңес аясында белгіленген тəртіп бойынша жүзеге асырылады. 2013 жылы кеңеске қарасты мемлекеттер аясында 2 миллиард 90 миллион тоннадан астам жүк тасымалданған. Өткен жылы контейнер ақылы жүк тасымалдау 26,7 миллион тоннаны құрап, 2012 жылмен салыстырғанда 1,2 пайыз артты. 2004 жылдың І тоқсанында 486,63 миллион тонна жүк тасымалданған. Бұл 2013 жылдың сəйкес мерзімімен салыстырғанда 1,2 пайызға төмен. Солай бола тұрса да Қырғызстан,

енгізілген. Осы өзгерістер кеңестің 60-шы отырысының қарауына ұсынылды. Кеңес төрағасы, «РТЖ» ААҚ президенті Владимир Якунин бірыңғай кеңістіктегі барлық теміржол саласы əкімшіліктерінің өзара түсіністікпен тиімді жұмыс атқаруының нəтижесінде ортақ міндеттерді іс жүзіне асыруда біршама оң жетістіктерге қол жеткізілгендігін атап көрсетті. Теміржол көлігі кеңесінің 60шы отырысының күн тəртібі бойынша оған қатысушы 18 мемлекеттің теміржол əкімшіліктерінің басшылары мен сарапшылары мұның алдындағы кеңестің 59шы отырысында қабылданған шешімдердің орындалу қорытындысын талқылады. Оның ішінде халықаралық бағдарда жолаушылар тасымалдау жүйесіндегі 2013 жылдың жəне 2014 жылдың І тоқсанының қорытындысы шығарылды. Кеңеске қатысушылар ТМД кеңістігінде пойыздар қозғалысының кестесін жасау, жүк пойыздарын жасақтау жоспарларының орындалу нəтижелерімен танысты. Оты рыс барысында 2014-2015 жылдарға арналған халықаралық контейнерлік жүк тасымалының бағдарларын жасау, жүк вагондары паркін басқару мен пайдал ан у дың бір ың ғ ай жү й есін жасақтау келісімдерін жүзеге асыру мəселелері де жан-жақты талқыланды. Сонымен бірге, кеңес отырысы барысындағы басқосуларда 1996 жылғы 18 қазанда ТМД үкіметі басшылары отырысында қабылданған шешімдерді жүзеге асыру, осыған байланысты 2013 жылдан бастап ТМД-ға мүше мемлекеттердің теміржол көлігіндегі Тариф саясаты туралы тұжырымдаманы жүзеге асыру мəселелері де жанжақты талқыланды. Сонымен бірге, Астана қаласында өткен Теміржол көлігі кеңесінің отырысында халықаралық теміржол көлігі жұмысын жан-жақты жетілдіру, осы отырысқа қатысқан мемлекеттер аумағында жолаушылар мен жүк пойыздарының кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ету мəселелері қаралып, соған

 Кеңеске қатысушылар лебізі Петр КУЧЕРЕНКО, ТМД-ға мүше мемлекеттер теміржол көлігі кеңесі дирекциясының төрағасы:

Кеңеске мүше барлық мемлекеттерінің экономикасы үшін теміржол көлігі саласының рөлі аса зор. Экономиканы əртараптандыру жəне интеграция мəселелерін теміржол көлігі саласынсыз елестету мүмкін емес. Бүгінгі отырыста ТМД мемлекеттері кеңістігіндегі жəне кеңеске қарасты мемлекеттер ауқымы шеңберінде теміржол көлігі қатынасын дамытудың жəне оның тиімділігін жетілдірудің кешенді шаралары тілге тиек етілді. Отырыс барысында халықаралық қатынастағы тариф саясатын жақсарту мəселесі де жан-жақты сөз болады. Негізінен тариф мəселесі екіжақты келісімдер барысында оңтайлы шешім табады. Соңғы жылдары кеңес кеңістігіндегі елдер арасында теміржол саласы арқылы жүк жəне жолаушылар тасымалдау мəселесінде біршама оң нəтижелерге қол жеткізілді. Кеңестің бүгінгі кезекті 60-шы отырысының қорытындысынан кейін біздің ортақ жұмысымыздың тиімділігі артып, нəтижесі ойдағыдай болатындығына сенім мол.

Молдова, Ресей, Түрікменстан, Өзбекстан республикаларында жүк тасымалдау өткен жылдармен салыстырғанда біршама артқан. 2013 жылы халықаралық жолаушылар қатынасы бойынша 48,9 миллион жолаушы тасымалданған, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 95,6 пайызды құрайды. Жалпы алғанда, 2013 жылдың желтоқсанынан бастап 2014 жылдың сəуір аралығында теміржол əкімшіліктерінің өкілетті өкілдіктерінің, салалық комиссиялардың жұмыс жəне сараптамалық топтардың 60-қа жуық мəжілісі өткізілген. Осы отырыстарда қолданыстағы ережелерге, нормативтік жəне техникалық құжаттарға бірқатар өзгерістер

байланысты тиісті шешімдер қабылданды. Темір жол көлігі кеңесінің 60шы мерейтойлық отырысы аясында «Қазақстан Республикасының теміржол көлігін инновациялықтехнологиялық дамытудың 20132018 жылдарға арналған стратегиялық бағдарламасы», атты ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Теміржолшылардың халықаралық отырысы аясында кеңеске қатысы бар мемлекеттердің теміржол саласының басшыларының кездесулері өткізілді. Кеңес отырысының қорытындысында Теміржол көлігі кеңесі 60-шы отырысының Хаттамасына қол қойылып, 61-ші отырыстың өткізу мерзімі мен орны белгіленді.

50 ардагерді ќўттыќтады

Жеңіс күні мерекесінің қарсаңында «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамы Ақмола облысында жəне өңір орталығы Көкшетау қаласында тұратын Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерін құттықтады. Компанияның атынан 50 ардагердің əрқайсысына 50 мың теңгеден ақшалай сыйлық табысталды. Материалдық көмектің жалпы көлемі 2,5 миллион теңгені құрады. «ҚазТрансГаз» АҚ бас директоры Серік Сұлтанғалиев ардагерлерді құттықтау барысында соғыстың тауқыметін тартқан, қиямет ауыртпалық көрген қариялардың жыл сайын азайып бара жатқанын, олардың көпшілігі алыс ауылдарда тұратынын, лайықты көмек ала алмайтынын айта келіп, биыл компания басшылығы облыс жəне

аудан орталығында тұратын ардагерлерді арнайы құттықтауды жөн көргенін жеткізді. Үстіміздегі жылы «ҚазТрансГаз» АҚ компаниясы атынан ақшалай сыйлықты 90 мен 97 жас аралығындағы қариялар алды. Мұндай шара жыл сайын өткізіліп отырады. Айта кетейік, «ҚазТрансГаз» АҚ 2000 жылы мұнай-газ саласының жұмысын жүйелеу үшін

құрылған компания. Ол газ барлау, өндіру, тасымалдау жəне бөлуде активтерді корпоративті басқару бойынша əрекеттерді жүзеге асырады. 2012 жылдың шілдесінен бастап Үкіметтің шешімімен «ҚазТрансГаз» АҚ газ жəне газбен қамту саласында ұлттық оператор ретінде анықталды. Арайлым БЕКСЕЙІТОВА.

Ќарќаралы ќызы

Гїлбаршын Тергеубекова жаѕа клип тїсірді Соңғы жылдары Қасым Аманжоловтың шығармашылығын насихаттауға білек сыбанып кірісіп жүрген белгілі дəстүрлі жəне эстрада əншісі Гүлбаршын Тергеубекова енді қазақтың дауылпаз ақыны Қасым Аманжоловтың сөзіне жазылған, композитор Əбілахат Еспаевтың «Ақ сəуле» атты əніне бейнебаян түсірді. Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Алдымен мына бір қызық деректі баяндай кеткен артық болмас. Гүлбаршынның арғы бабасы – атақты төбе билердің бірі – Қаз дауысты Қазыбек би. Ол былай таралады: Қаракесектің Шаншарынан Келдібек, одан Қазыбек би, бидің ұрпағы Сырымбеттен Тоқтыбай, оның ұлы Бітім, Бітімнен Тергеубек, Тергеубектен Мұхамедияр, Мұхамедиярдан Ыбырай. Ыбырай — Гүлбаршын Тергеубекованың əкесі. Өзінің шыққан тегін мақтан тұтатын əнші соңғы он бес жылда тек шығармашылықпен айналысып келеді. Оның репертуарында құйқылжыған Арқа əндерімен қатар, бүгінгі заманауи эстрадалық əндер де бар. Біржан сал, Ақан сері, Естай, Мəди, Майра, Үкілі Ыбырай жəне Қасым Аманжолов əндері Гүлбаршынның орындауында аса бір халықтық орындаушылық сипатқа ие болады. Сонымен жаңа клип Алматыдағы Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера жəне балет театрында түсірілген. Бейнабаянның қоюшы режиссері – жазушы, кинодраматург, тележүргізуші Дидар Амантай. Бейнебаянды жасаушылар оны əннің лирикалық мазмұнына сай бимен көркемдеуге ұмтылған. Қазірдің өзінде клип бірқатар отандық телеарналардан көрсетіле бастады. Халықаралық жəне республикалық конкурстардың лауреаты атанған Гүлбаршын Тергеубекова үш жылдан бері «Қасымның əндері-ай» атты концерттік жобаның авторы жəне продюсері ретінде танылып жүр. АЛМАТЫ.


10

www.egemen.kz

7 мамыр 2014 жыл

 Білім. Бағдарлама. Білік

 Кітап көкжиегі

Талапќа сай талпыныс

Елбасы ел Тəуелсіздігін сақтауды аманаттаған ұрпақ өкіліне уақыт талабына сай білім берілуде ме, мемлекеттік бағдарламаны білім ордаларында жүзеге асыратын мұғалімдердің білігі қандай дəрежеде, компьютерлік жүйе қалай енгізіліп, пайдаланылуда деген өмір қажеттілігінен туындайтын сұрақтарға жауап алу үшін Алматы облыстық білім басқармасының басшысы Жандарбек ДАЛАБАЕВТЫ əңгімеге тартқан едік.

– Жандарбек Ермекұлы, сіз орта мектептерді аралап, білім беру сапасын тексеріп, оқушылар сабақтарына қатысасыз ба? – Əрине. Бұл менің жұмысымның нəтижесін көрсететін фактор болып саналады. Облыстық білім басқармасына басшылық қызметке келген күннен бастап мектептерде болып, бəрін өз көзіммен көріп танысып, білім беру жүйесінің бағытын, сапасын тексеріп, зерделей жүріп түйген ой аз емес. Қазір мұғалімнің дəріс беруін, оқушының сол сабаққа қатысуын, білімге деген ынтасын жұмыс кабинетімде отырып, «оn-line» режімінде қадағалауыма мол мүмкіндік бар. «оn-line оқу жүйесі» жобасымен математика, физика, химия, биология, тарих, география, астрономия жəне шет тілдері пəндері бойынша сабақ өткізуге интерактивтік қондырғылар енгізіліп, арнайы интерактивті сынып бөлмелері ашылды. Алдағы уақытта бұл үрдіс барлық мектептерде жалғасын табады. – Ұлттық бірыңғай тестілеуге оқушылардың дайындығы қалай? Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы жастарға үлкен аманат жүктеп, салмақты жүк арқалатып отыр. Елбасы өз сөзінде: «Мен сіздерге – жаңа буын қазақстандықтарға сенім артамын. Сіздер жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер», деп нақтылады. Мемлекет тарапынан жастарымыздың сапалы білім, саналы тəрбие алуына, таңдаған мамандықты игеруіне, өз арман-мақсаттарын жүзеге асыруға барлық мүмкіндіктер жасалуда. Сондықтан мектеп бітіруші түлектердің жоғары оқу орындары мен колледждерге түсуі үшін білімдерін нақты бағалайтын көрсеткіштің бірі – ҰБТ. Ұлттық бірыңғай тестілеу – бұл оқушылардың білім сапасын бағалауға 2004 жылдан бері енгізілгені мəлім. Осы жүйе арқылы білімді тəуелсіз бағалау əдісі оқушылар, ата-аналар, педагогикалық қауымдастық тарапынан қолдау тапты. Түлектерді ҰБТ-ға дайындауда ақпараттық түсіндіру жұмыстары бірнеше бағытта жүргізіледі. Айталық, ҰБТ бойынша жоғары ұйымдардан түскен нормативтік құқықтық құжаттармен қамтамасыз етіледі. Бұл мақсатта облыс мектептері 100 пайыз интернетке қосылған. Білім жəне ғылым министрлігінің сайтынан үнемі ақпарат алып отыру мүмкіндігіне ие, керек уақытында білім басқармасының электронды поштасынан да қажетті құжаттарды таба алады. Облыстағы барлық білім беру ұйымдарында түлектерге психологиялық жəне білімділік тұрғыда көмек көрсету мақсатында «ҰБТ бұрышы» ұйымдастырылып, оған дайындық туралы атааналармен жиналыс өткізіліп, республикалық, облыстық, қалалық, аудандық БАҚ арқылы түсініктеме беріледі. Екіншіден, əр аудан мен қалада 2014 жылғы ҰБТ өткізу ережесі мен технологиясы бойынша педагогикалық ұжымда кеңестер, «оn-line» семинарлар өткізілді. Үшіншіден, ҰБТ өткізу нəтижесі пəн мұғалімдерінің рейтингіне енгізіліп, əр пəнді оқытудың сапасын арттыру жəне оқушылардың білімін көтерудің тиімді тəсіліне айналды. Төртіншіден, ҰБТ кезінде оқушыларды тасымалдау, тамақтандыру, жатын орынмен қамтамасыз ету мəселесі де оң шешімін тапқан. 2013-2014 оқу жылында облысымызда 14 361 оқушы мектеп бітіргелі отыр. Оның ішінде, қазіргі күні 10742 түлек ҰБТ тапсыруға өтініш берді, ол 74,8 пайызды құрайды. Жалпы, ҰБТ-ға қатысуға өтініш тапсыру уақыты 25 сəуірде аяқталады. «Алтын белгі» төсбелгісі мен үздік аттестатқа үміткерлер саны жылдан жылға артуда. 2014 жылғы ҰБТ-ға жалпы орта білім беретін мектептердің дайындығын саралау мақсатында облыс көлемінде байқау тестілеулері алынып, жан-жақты дайындық жұмыстары жүргізілуде. Оқушылардың тоқсанаралық демалыстарында «Алтын белгіге» үміткерлермен жəне басқа да оқушылармен деңгейлеп оқыту ұйымдастырылды. Бұл орайда, педагог кадрлардың жұмысы басты назарда болып, олармен облыстық əдістемелік кабинет арқылы дайындық курстары жүргізілді. – Бүгінде оқушылар ата-аналары есебінен қомақты қаражат жұмсап шетелдерге сіз басқарып отырған басқарма арқылы барып білімдерін толықтырып қайту деген тəсілмен ҰБТ-дан босатылып жатқанын қалай түсіндіресіз? – Балалардың шетелде оқып, білімдерін шыңдауына менің еш қарсылығым жоқ. Кімнің есебінен болса да шетелге барып, білімдерін толықтырып келіп, мемлекетіміздің экономикалық, əлеуметтік дамуына өз үлестерін қосып жатса, нұр үстіне нұр. Бірақ ел дамуына үлес қосатын мамандық бойынша оқыса құба құп. Өзімізде бар мамандық қайталанбаса екен деген байламымды айта кетсем артық болмас. – Білім беру саласы бойынша Жетісу жерінде де мемлекеттік саясатқа сай соны леп есіп, тың серпін енген тəрізді. Осынау жақсы қадамды тарата айтып берсеңіз. – «Білімді ұрпақ – болашақтың кепілі» демекші, бүгінгі таңда еліміздің ертеңін аманаттайтын азаматтарды қалыптастыруда білім беру мəселесі мемлекеттік саясаттың бір тармағы болып отырғаны анық. ХХІ ғасыр жеке тұлғаны қалыптастыру, ізгілендіру жəне жан-жақты дамытудың жүзжылдығы болып та саналады. Бұл ретте мұғалімдердің алдына

ұлттық құндылықты сақтап, заман талабына сай озық технологияны əлбетте компьютер жүйесін меңгерген қабілетті ұрпақ тəрбиелеу талабы қойылып отыр. Білім жəне ғылым министрлігінің мектеп табалдырығын аттаған балаға 1-сыныптан бастап ағылшын тілін оқыту реформасы жалпыхалықтық қолдау тапқаны қуанарлық жайт. Көп тілді білу уақыт талабы. Алматы облысында барлығы 1587 білім беру мекемесі бар. Осы білім ордаларында үш тілде оқыту дұрыс жолға қойылып, қоршаған əлемді танудың бір құралы компьютерді толық меңгеру жүзеге асырылуда. Қазақстандық білім беру жүйесі халықаралық деңгейде бəсекеге қабілетті білім мен технологияны меңгерген үнемі өз білімін жетілдіріп отыруға ынталы мамандарды даярлауға бағытталған. Сондықтан да «e-learning» электронды оқыту жүйесі білім беруді жетілдіруді жүзеге асыратын негізгі бағыттардың бірі болып табылады. Электронды оқытуды енгізу индикаторы 1 компьютерге шаққандағы бала санына, кең көлемді ғаламтор жəне сандық мазмұнмен қамтамасыз етуге негізделген. Ағымдағы жылы білім беру ұйымдарының 18,7%-ында электрондық оқыту жүйесі қолданылады. «Е-learning» электрондық оқыту жүйесіне қосылған білім беру мекемелерінің саны – 145 (жалпы білім беретін мектептер – 139, колледждер – 6). 2013-2014 оқу жылында кеңжолақты интернетке 573 (77,1%) білім мекемесінің қол жеткізуге мүмкіндігі бар. Бүгінгі күні облыстың 336 мектебі лингафондық-мультимедиалық кабинеттермен қамтылған. Облыстың 532 мектебінде бүгінгі күні 1883 интерактивті тақта орнатылған. Қазіргі заман талабына сай облыста жаңа модификациялы физика кабинеттерінің саны 238ге, химия кабинеттерінің саны 203-ке, биология кабинеттерінің саны 246-ға жетті. Бүгінгі күні 743 мектептің 652-сі ауылдық жерде орналасқандықтан, ауыл мектептері оқушыларының сапалы білім алуға қолжетімділігін арттыру біздің басты мақса тымыз. Бірнеше жылдан бері ауыл мектептерінің мəртебесін, ондағы білім сапасын көтеру мақсатында облысымызда «Үздік ауыл мектебі» байқауы өтуде. Байқаудың жүлде қоры облыс əкімдігі тарапынан тағайындалады. Байқауға түскен мектептердің əрқайсысы жаңа сипаттағы ауыл мектебінің моделін ұсынып, қорғайды. Қазіргі ауыл мектептеріне тəн белгі – олардың шағын жинақталғандығы, яғни шағын құрамдылығы. Ауыл мектебінің проблемасы – қазақтың елдігі мен болашағының проблемасы. Бұл ұлттық, халықтық, мемлекеттік деңгейдегі ең басты проблема. Өйткені, өркениетті елдің ертеңі, мемлекеттің болашағы кемел білім мен кенен ғылымда. Елбасы «Жаңа ғасыр – адамгершілік ғасыры, ал адамгершілік бастауы – мектеп» деп нақтылады. 2013-2014 оқу жылында облыс мектептерінде 34961 мұғалім жұмыс істейді. Мұғалімдердің сапалық құрамын жəне біліктілігін арттыру үшін қайта даярлау курстары қарастырылған. Облыстық білім басқармасының жанынан былтырғы жылы ашылған əдістемелік орталық осы мақсатта үлкен үлес қосып отыр. 2013-2014 оқу жылында 735 мектептің 504-інде (68,5%) ыстық тамақпен қамту ұйымдастырылды. 2011-2014 жылдар аралығында облысымызда 34 жаңа мектеп салынып, пайдалануға берілсе, 251 білім нысанына кешенді күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Үш ауысымда оқитын 51 мектептің басым бөлігі Қарасай, Іле жəне Талғар аудандарында. Оқушы орындарының тапшылығы осы аудандардағы халық санының қарқынды өсуіне байланысты болып отыр. Үш ауысымда оқитын мектептердің санын азайту мақсатында 2014-2017 жылдарға арналған инвестициялық жобаларға сəйкес тағы 48 мектеп салу жоспарланған. «Жетім көрсең жебей жүр» деп қазақ атамыз айтқандай, облыста жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау жəне оларға жағдай жасау жұмыстары жүргізілуде. Осы санаттағы балалардың ішінде 256 жасөспірім баспаналы болса, 3318-і тұрғын үйге мұқтаждар есебінде баспана алу кезегіне қойылған. Əңгімелескен Нұрбол ƏЛДІБАЕВ, «Егемен Қазақстан».

ТАЛДЫҚОРҒАН.

Шымкенттен Əлімжан Құртаев інім қоңырау шалып, қысқа қайырым амандық-саулықтан соң: «Аға, мынау Отырар ауданының Шілік ауылында кезінде мектепте бірге оқыған сыныптас досым бар еді. Аты – Бекжан, тегі – Бейсенбай. Мамандығы – инженер-механик. Өзі бала кезден тарихқа қызығып, ізденіп жүретін. Сол жақында Атланттар туралы бір кітап жазып, бітірген. Оқып көріп едім, маған қатты ұнады, танымдық дерегі мол. Бірақ мұндағы тарихшы ғалымдарға көрсеткен екен, олар азаматтың меселін қайтарып: «Əркімнің өз шаруасымен айналысқаны жөн ғой», деген тəріздес пікір айтыпты. Өзінің сізге барып, жолыққысы келеді. Арнайы іздеп бармақ, қабылдаңызшы», – деп өтініш білдірді. Мен келісімімді бердім.

жоқ ескі замандарда өркениеттің шырқау биігіне көтеріліп, мейлінше дəуірлеген, кейін табиғаттың сұрапыл апатының салдарынан құрып кеткен Атланттардан қалған мұра екенін жанжақты дəлелдеумен бірге осы ғажайып халықтың ататегінің түркітектес ха лықтардан екенін айғақтайтын мəліметтерге сүйеніп жасаған өз тұжырымын ұсынады. Батыл да тосын тұжырым. Сенейін десең, ресми тарих ғылымының «түріктерді христиан дəуірінен кейінгі VI ғасырда Алтайда пайда болған жас халық» деп

арқылы сезгендей зерттеуші, енді, сізді лингвистикалық айғақтардың қоршауына алады. Христиан эрасына дейінгі 3100 жылы пайда болды делінетін шумер жазуының да, х.э. дейінгі 1800 жылдары Египетті билеген гиксостар жазуының да, х.э. дейінгі 1500 жылдары Италия жерінде өркениетке қол жеткізген этрусклер жазуының да, х.э. дейінгі VII ғасырдағы сақтар жазуының да, х.э. кейінгі VI ғасырдағы түріктер жазуының да 26 əріптен тұратынын жəне олардың бір-біріне егіз қозыдай

Ізденіс тїбі – ізгілік Көп ұзамай Əлімжанның досы да Астанаға жетті. Таныстық. Қазақы тəрбиенің бесігінен шыққан биязы мінез, баяу сөйлейтін орнықты жігіт екен. Қысыла отырып, өзінің бала кезінен танымдық шығармаларды іздеп жүріп оқуды əдетке айналдырғанынан, кейде ерекше əсер еткен, толғандырған тақырыптарға қалам тартып, онысын газет-журналдарға ұсынып қоятынынан хабардар етті. Оларының кейбіреуі республикалық, облыстық басылымдарда жарық та көріпті. Мынау маған көрсеткелі келген еңбегі өзін тылсым құпиясымен ерекше баурап алған Атланттар жөнінде ұзақ жылдар бойы ізденіп, тірнектеп жиған материалдары негізінде жазған алғашқы көлемді дүниесі екен. Қолжазбаны алып қалдым. Қазіргі айналысып жатқан ісімді тез бітіруім керектігін ескертіп, біраз уақыт беруін сұрадым. Ол келісті. «Қанша болса да, сіздің жауабыңызды күтіп жатамын», деді де, сыпайы қоштасып, шығып кетті. Ауылдағы атқарып жүрген жұмысының барлығына, мұндағы қаланың қымбатшылық қиындығына қарамай, ең болмаса, «мүмкіндігінше тездетсеңіз жақсы болар еді» деп емеурін танытпай, «қанша болса да күтемін» деген ауыл азаматының қылығы маған қарапайым көнбіс сыпайыгерліктен гөрі, қалайда жазғанының бағасын білуге деген ішкі ынтызарлықтың басымдығын айқындап тұрғандай болды. Мұндай күтудің салмағының қандай болатынын кезінде өзіміз де бастан өткердік қой, Бекжан шығып кеткен соң, көп ойланып жатпай, жазып жатқан жұмысымды былай ысырып қойып, ол тастап кеткен қоңыр папканы қолға алдым. Мыңдаған жылдардан бері тылсым түйінін шештірмей əлемнің белгілі талай ғалымдарын тұйыққа тіреген əйгілі Атланттар жайында ауыл баласы «не жаңалық аша қойды дейсің» деген ішкі кертартпа ойдың жетегінде қолжазбаны оқуға кірістім. Жас зерттеуші еңбегін «Атланттар туралы аңыз бен ақиқат» деп атапты. Осыны оқығанда: «Аңызы белгілі ғой, мұның ақиқаты не екен», деген ой жаңағы қолжазбаны қолға алғандағы пенделік кертартпалықты кері серпіп, білуге деген ынтамды оятқандай болды. Шығарманың тақырыптан кейінгі алғашқы сөйлемінен басталатын танымдық деректер тізбегі осы оянған ынтама қайта қалғуға мүмкіндік бермей, алға дедектетіп жетелей жөнелді. Бейне салқын судан тітіркеніп, жағада кібіртіктеп тұрып қалып барып, тереңге бір-ақ ырғыған жан секілді мен де оқуды ықылассыздау, марғау бастағаныммен, деректер теңізіне қалай тереңдеп сүңгіп кеткенімді аңғармай да қалдым. Қанша уақыттың өткенін де білмеймін, қолжазбаны оқып бітіп, соңғы бетін жапқанда

барып бір-ақ дем алғандай болдым. Көптен дерекке бай мұндай мазмұнды дүниені оқыған жоқ едім. Рахаттанып қалдым. Ең ғажабы, шығарма əдеттегі жазуға жаңа машықтана бастағандарда болатын «көркемдеймін» деп көпіртіп алатын көбікті көпсөзділіктен ада екен. Көрмеге қойылған көздің жауын алатын көненің асыл мұраларындай бірінен бірі өтетін айтары мол қызықты да құнды деректер тізбегі бір біріне ұласа алға жетелеп, əрқайсысы берер мағлұматымен таным көкжиегін кеңейтіп, қазіргі ресми тарих қалыптастырған санаңа кəдімгідей салмақ артып, беймəлім жұмбақ əлемнің сыйқырлы сəулесі сыздықтап көкірек сарайыңа құйыла бастайды. Артықауыс бір сөйлем жоқ. Бəрі орнымен. Əлқиссасы бірден христиан эрасына дейінгі VII ғасырда өмір сүрген грек ғұламасы Солонның бір кезде Египеттің əулие абызының аузынан естіген əңгімесін кейін хатқа түсіріп, ұрпақтан ұрпаққа жеткізген сол Солонның атасы бір туысы, əлемге əйгілі ақылман Платонның (х.э.дейінгі 428-348 ж.ж.) Атлантида жөніндегі деректерінен басталған зерттеу еңбек тұтастай осы египеттік абыздың айтқандарының жалаң қиял, жайдақ аңыз емес, тарихи деректік негізі бар бағзы заманның өзіндік бір шындығы екенін дəлелдеуге арналыпты. Көне аңыздың деректері мен кейінгі ғылым ашқан жаңалықты деректер кезек алмасып, зерде таразысына салыстырыла тартылады. Қазіргі жетілген ғылымның жетістіктері нəтижесінде соңғы кезде қол жеткен, жалпы, көпшілік біле бермейтін археологиялық, лингвистикалық, картографиялық, тарихтық толып жатқан жаңа мəліметтерді бір-бірімен сабақтастыра салыстырып зерделеу арқылы түйінделген автордың тың тұжырымдары бұрынғы қиял-ғажайып ертегі деп қабылданып келген аңыз-əңгімелердің мифтік қауызын аршып, оның халықтың кəдімгі ауызша тарихи дерегінің есте жоқ ескі заманның шынайы болмысын танытар дереккөзі екеніне көз жеткізе түседі. Қызығасың, таңданасың, солай болғанына сенесің. Деректі айғақтар соған мəжбүрлейді. Мысалы, бұрын «уақытты жеңген алып» аталып, əлемнің жеті ғажайыбының бірі деп танылған Египет пирамидаларын ғана білсек, енді мұндай пирамидалардың Америкада да, Қытайда да, Қырымда да, Испания жағалауында да бар екенін, тіпті, Куба жағалауындағы теңіз астынан табылған қаладағы төрт пирамиданың кристал шыныдан жасалғанының атақты Хеопс пирамидасынан əрі биік, əрі көлемді, əрі əсем де сəнді екендігін біліп, қайран қаласыз. Автор мұнымен де шектелмейді. Енді ол осынау толып жатқан көп пирамидалардың бір-бірінен тым шалғай орналасқанына қарамастан, осылардың бəрінің сонау есте

мойындатып қойғаны қаша-а-ан! Бұл бойынша түріктердің ежелгі халық болуы мүмкін емес! Сенбейін десең, автор сол тарих ғылымының өзі анықтап берген, бірақ əлі жалпы көпке бірдей мəлім емес небір деректерді бірінен кейін бірін алға тартып, өз айтқанының шындығына еріксіз мойынсындырады. Танымың қабылдамас кереғарлықты көріп тұрып, амалсыз иланасың. Қалай иланбасқа?!. Айталық, бəріміз жақсы білетін мəңгілік мұздың құрсауында жатқан Антарктиданы зерттеудің авторы «көкорай шалғыны жайқалған бір кезде Атланттар жайлаған жерұйықтың бірі болды» дейді. Сену қиын. Бірақ автор осыдан бір ғасыр бұрын табылған, 1513 жылы түрік флотының адмиралы Пири Рейс пайдаланған картаны алдыңызға жаяды. Картада Африканың батыс жағалауы, Оңтүстік Американың шығыс жағалауы жəне қазіргі мəңгілік мұз басып жатқан Антарктиданың солтүстік беті бейнеленген. Осында Антарктидаңыз жасыл желек жамылған көркем өлке. Қазіргі ғылымның анықтауынша Антарк тиданың өзі əлгі карта жасалғанынан үш ғасыр өткеннен кейін барып қана ашылған. Сонда Шумерлер мен египеттіктерден мың жыл бұрын əлемдік мұндай картаны кім жасаған, түрік адмиралы оны қайдан алған? Антарктиданы зерттеген ғалымдар əлгі Пири Рейстің картасында көрсетілген өлкені осыдан 6000 жыл бұрын Мод корольдігі мекендегенін анықтап, сол кезде бұл өңір расында да, жасыл желегі желбірегін жанға жайлы мекен болғанын айтады. Ал америкалық жəне еуропалық ғалым дар қалың мұздың астынан қолдан тұрғызылған ғажайып көне пирамидалар тауып, суретке түсірген. Табылған динозаврлар мен ежелгі заман жануарларының сүйегі өз алдына. Осыларды көріп, біліп, зерделеген сайын бұрынғы өзіңнің «атланттар қайда, түріктер қайда» деген күдікті ойыңнан адасып, автор жағына еріксіз ойыса бастайсың. Осыны ішкі түйсігі

ұқсап жататынын нақты фактілер арқылы дəлелдейді. Ұзақ жылдар бойғы тынымсыз ізденістің нəтижесінде түріктектес халықтардың ресми тарих мойындатқандай VI ғасырда пайда болған жас халық емес, бастау тарихы адамзат баласының жаратылу кезеңінен тамыр тартатын ежелгі халықтардың бірі екенін дəлелдеу барысында ескі дереккөздерінің талайын парақтаған біз үшін де осынау деректердің бəрі еуропалық таным-түсінікте жазылған əлем тарихының сыңаржақтығын тағы бір жаңа қырынан айқындай түскендей. Зерттеу авторының сөзіне дəйек ретінде пайдаланған Орталық Азия түрік терінің христиан эрасына дейінгі екімыңжылдықтың өзінде Еуропамен тығыз байланыста болғанын дəлелдейтін Германия жерінен табылған қазына жайындағы дерегі де осы орайда біраз жайды аңғартқандай. Алтын мен асыл тастардан жасалған бұйым дарды арнайы зерттеуден өткізген неміс ғалымдары олардың бұдан 3300 жыл бұрын қазіргі Қазақстан жерінде жасалғанын дəлелдеп берген. Осыны растағандай, Қазақстан археологтары осыдан бірер жыл бұрын ғана Торғай даласынан «Үштоғай төрттағаны» мен «Торғай свастикасы» деп аталатын көне ғимараттардың орнын тапты. Əлі зерттеліп, бар құпиясы толық ашылмаған көне заманның осы мұрасын Гарвард университетінің профессоры А. Клесов «ежелгі Атлантиданың құрдасы» деп танып, оны зерттеуге қатысуға ықылас білдірген. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: құндылығы жағынан бірінен бірі асатын, деректігі жағынан бірін бірі толықтыратын осынау толып жатқан тарихи мəліметтер арқылы өзіндік батыл тұжырым жасай білген жас зерттеуші Бекжан Қаленұлы Бейсенбайдың бос қиялдың жетегінде кетпей, ғылыми маңызы бар іргелі іс тындырып, Атлантида ақиқатын ашуға өзіндік үлес қосқаны даусыз. Оның осынау шағын зерттеу еңбегі жұмбағын шештірмей, талай тарландарды тығырыққа тіреп, құпиясы мол тылсым əлемге айналған Атлантида проблемасының мəселелерін түгел шешіп тастамаған күннің өзінде, кейінгі зерттеушілердің ескі түсінік шеңберінен шығып, жаңаша пайымдауына жол ашып, жаңа ізденістерге бағыт беруге көмектесері анық. Оған көз жеткізу үшін таяуда Астанадағы «Фолиант» баспасынан жарық көрген «Атланттар туралы аңыз бен ақиқат» деп аталатын зерттеу кітапты оқып көріңіз, өкінбейсіз. Қойшығара САЛҒАРАҰЛЫ, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. АСТАНА.


www.egemen.kz

7 мамыр 2014 жыл

 Жыр жаһаны

Қазақстан Республикасы Байланыс жəне ақпарат агенттігі «Талдау жəне ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кəсіпорны (бұдан əрі – Кəсіпорын) басшысының бос лауазымына орналасуға конкурс жарияланатыны туралы хабарлайды

С.Тойлыбаев Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, көптеген жыр жинақтарының, əн мəтіндерінің авторы. Ақынның негізгі тақырыбы – туған жер, өскен ел, атамекен табиғаты мен тəуелсіз Отанымыздың бүгінгі тынысы.

Бəйге Сайлаубай ТОЙЛЫБАЕВ.

ТУЄАН ЖЕРМЕН СƏЛЕМДЕСУ Осы ғой тұрған тұрыс, қалпым менің, Аян ба, ұмтыл алға, талпын дедің! Сіздерге сəлем берем, шын жүректен: Ассалаумағалейкум, халқым менің! Көркейген өздеріңмен жасыл бағым, Қол жеткен бақытыма тасынбадым. Сағынып келіп қалдым алдарыңа, Армысың аға, бауыр, асылдарым! Іздеймін ауылымнан жаңалықты, Іздеймін жасы үлкеннен даналықты. Асығып жеттім саған туған жерім, Сағынып кешегі өткен балалықты! Естілсе тұлпарлардың топыры əні, Желпініп ат иесі отырады. Мен үшін ыстық екен қашаннан-ақ, Туған жер қасиетті топырағы. Көргенде Қусағымды сылдыраған, Əн салып тұрғандай ғой бүкіл ғалам. Қыратта қырмызы гүл қол бұлғаса, Сағымың көз алдымда бұлдыраған. Нəр алып сенің мынау бұлағыңнан, Кеудемнен шалқар шабыт жыр ағылған. Сайраған сан құстардың бұлбұл үні, Кетпейді-ау бүгін менің құлағымнан.

Тауың анау көгілдір, Табиғатың талғамды-ай! Айна көлің мөп-мөлдір, Көздің жауын алғандай. Екінші жыр Көкейімді сан ойларым толғаса, Мəселе емес дей алмаймын ол да аса. Алакөлді көрмеппін ғой бір де рет, Ел аузынан естігенім болмаса. Көрген сəттен оятатын сезімді, Толқыныңа тербетейін төзімді. Көлдің асты тұма, – дейді тұп-тұнық, Мақтайтындай бар екен-ау өзіңді. Көгілдірсің, көк тұма түс аспандай, Көл бетінен сағым ойнап қашқандай. Біз келгенде көз жетпейтін айдының, Құшағын тек айқара бір ашқандай. Сұлу қыздай сыңғырлатқан шолпысын, Жүрегімде жыр толқыным толқысын. Көл бетінде шаңқылдайды шағала, Сен де менің бір арманым бол құсым! Бір толқынмен бір толқының алысып, Бара жатыр пай-пай шіркін, жарысып! Шуылына құлақ түрсем ғажайып, Кеткендеймін бір өзіңмен табысып.

Сарноқай, Мыңбұлағым, армысыңдар! Қарсы алған ақ мамықпен қарлы шыңдар! Аң аулап ізі қалған бабалардың, Аңқоймас, Шоратұғыл бармысыңдар!

Өзіңде өткен күндерім, Алдымда тұр ғой жайнап та. Құлпырып тіптен гүлдерің, Жұпарын шашты аймаққа.

Жаныңды сүйсіндіріп ұғатын қыз, Аңсаған бала көңіл мұратыңбыз. Баурайы Үшбұлақтың қызарғанда, Біз талай гүл теруге шығатынбыз.

Өрекпіп соққан жұлқынып, Самалың сипар кекілді. Бұлағың тентек бұлқынып, Тастан-тасқа секірді.

Мəн бермей тəтті күнге ілгеріде, Ол кездің қандай еді күндері де! Аңқыған əтір исі құшағыңда, Паһ, шіркін, қандай еді гүлдері де!

Шұрайлы жерім мекенім, Жоталы құмын кезгенмін. Жер жəннаты екенін, Айтпасаңда сезгенмін.

Болған соң балаң үшін нəсіпті күн, Барамын қуаныштан тасып бүгін. Туған жер жүрегіме сыйып кетші, Мен келдім құшағымды ашып бүгін!

АУЫЛДЫ АЅСАУ Кетсем де бұл өмірдің жетегінде, Өзіңнен туған жерім кетемін бе? Жап-жасыл, бау-бақшалы бір ауыл бар, Жайқалған Ұшбұлақтың етегінде. Шақпақтас, Бəйгетөбе бабында ма? Алдымнан қол бұлғайды сағымдана. Көтеріп көкке кетті көңілімді, Бас иіп, туған жерге табынғанда. Тартқандай тұнығына ай қабағы, Көгіңде құс жолы да байқалады. Қыратта қырмызы гүл құшақ жайып, Күлімдеп көктем сайын жайқалады. Кеткем жоқ бір өзіңнен жырақтанып, Тұрғандай балғын күнді бұлақ танып. Сылдырап күміс көмей таудан құлап, Қусағым ағып жатыр сыр ақтарып. Жіберсең өз ұлыңды еркіне тек, Көз тігем құзар шыңның «бөркіне» көп. Шаңдатқан көшелерін ауылымның, Қарасаң көз тоймайды көркіне тек! Жаныма нұр сəулесі шуақтанып, Көңілімді сол бір сəтің жұбатты анық. Айналдым қасиетіңнен ауылым менің, Жүремін бір өзіңмен қуаттанып.

ҐМІРІМНІЅ БƏРІ ДЕ ҐЛЕЅ МЕНІЅ Жүргенімде қазып мен өлең кенін, Жақсылыққа жаныммен бөленгенмін. Пешенеме тəйір-ай, жазылған ба, Өмірімнің бəрі де өлең менің. Қасиетті, ақ пейіл тілім менің, Пырақ мінген парасат пірім бе едің! Қаламымды қолға алсам шабыттанып, Күн нұрындай сен маған күлімдедің. Ашып-жапқан өмірдің есігінде, Тіршілікпен күн кештік осы күнде. Өлең – деген өрісі ой-сезімнің, Тербелейін ендеше бесігінде. Жүргенімде қазып мен өлең кенін, Қажеті жоқ мен үшін көлеңкенің. Айтып айтпай не керек, байқап тұрсам, Өмірімнің бəрі де өлең менің.

АЛАКҐЛГЕ БАРЄАНДА Бірінші жыр Бара жатыр күн ұзап, Сонша бізді күт мейлі. Жолдар, жолдар тым ұзақ, Таусылмайды, бітпейді. Тұман көңіл сейілген, Бір керемет шақ туды-ай! Келдік саған пейілмен, Көлді аңсаған аққудай.

11

ЌОСЌЎДЫЌ

ТАУ БЎЛАЄЫ Тастан-тасқа секіріп бұлқынады, Бұлқынады күші бар жұлқымалы. Бау-бақшаның кəусарын қандырам деп, Тау бұлағы тентек қой жұлқынады. Ол сүйеді даланың далалығын, (Сүйсе-сүйер туған жер дала, құмын). Ақ бұлағым өзіңмен бірге өтті ғой, Ат жалында ойнаған балалығым. Сылдыр-сылдыр шүмектеп жатар ағын, Лайлансаң ақ бұлақ тұндырамын. Дөңестерге шыға алмай сай-саламен, Төмен қарай зымырап құлдырадың? Əлде сен төмендікті аңсайтын ба ең? Сырласып, жыр көңілді қанша айтып ем. Қырандай биіктерге самғайтұғын, Мен болсам сол биікті аңсайтын ем!

ОТЫРАР Сөгіп тастап қайғы-шердің көбесін, Ізгіліктің отты ұшқынын себесің. Жаным неге тебіреніп толғанды, Көрген кезде Отырардың төбесін! Уа, Отырар қасиетті, нар қалам! Құлақ түрген өрлігіңе бар ғалам. Шыңғысханның əскеріне берілмей, Қарсы тұрған ерлігіңе таң қалам! Сан ғасырды өткерсе де басынан, Өшпейді екен тарих деген асыл əн! Көріп тұрмын қасіретін қазақтың, Тарихымнан сыр шертетін тасыңнан. Келіп тұрмын жақсы ниет күйменен, Жан табылмас басын иіп, сүймеген? Қазағыма қасиетті, қастерлі, Топырағыңды басуға да именем!

БƏЙГЕ Адуын шіркін ауыздығымен алысып, Тізгінін тартып, саусағым қалды-ау қарысып. Ат жетер жерден жиналған өңшең сəйгүлік, Барады-ау, пай- пай, жарысып! Көктеңбіл атым бəйгеден-бəйге бермеген, Қолтығы қызып, бусанып жатты терменен. «Сымтастың» үстін сабаудай сабап барамын, Ыңғайға бағып ылди да төмен жерменен. Құлағын жымып, жалтылдап алып жанары, Арқасы қозып, жұлдыздай бəрі ағады. Жырауы кемшін біртіндеп қалып барады, Шын жүйрік атқа ұзаққа шапқан жағады!

Конкурс 2014 жылғы 22 мамырда мына мекенжайда өткізіледі: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, 15-кіреберіс, 2-қабат, 217-бөлме, анықтама үшін телефондар: (7172) 74-05-33, 74-04-91. Кəсіпорын бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнаманы сақтауға бағытталған техникалық, ақпараттық жəне ұйымдастырушылық шараларды қолдауды жүзеге асырады. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар 1) жоғары кəсіби білім; əлеуметтік ғылымдар жəне бизнес (əлеуметтану, саясаттану) экономикалық немесе құқықтық (юриспруденция, халықаралық құқық); 2) ішкі саяси, ақпараттық салаларда бес жылдан кем емес басшылық лауазымдардағы еңбек өті лі, мемлекеттік ақпараттық саясат ты

жетілдіру жəне ұсынымдар дайындау жөніндегі талдамалық жұмыс тəжірибесі; 3) мемлекеттік құпияны құрайтын жəне «қызметтік пайдалану үшін», «құпия» жəне «өте құпия» грифтері бар материалдармен жұмыс істеуге берілген рұқсатнамасы болуы (растайтын құжаттары қосымша берілуі, рұқсат деңгейі – екіншіден кем болмауы тиіс); 4) Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Респуб ликасының қолданыстағы заңнамасын (1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (арнайы бөлім), 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексін, 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан

Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жем қорлықпен күрес туралы», «Əкімшілік процедуралар туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы» заңдарын) білу; 5) басқарушылық шешімдерді жедел қабылдау жəне жүзеге асыру, оның ішінде – олардың салдарларын талдау жəне болжау, міндеттерді бөлу, қызметті жоспарлау жəне жанжақты бақылауды іске асыру, іскерлік келіссөздер жүргізу, көпшілік алдында сөйлеу, мемлекеттік органдармен өзара əрекеттестік бойынша жұмысты ұйымдастыру, нормативтік құқықтық актілерді тəжірибе жүзінде қолдану, ұйымдастырушылық-басқарушылық құжаттарды əзірлеу, қызметтік құжаттармен жұмыс істеу, компьютерлік жəне басқа да ұйымдастырушылық техниканы игеру машықтарының болуы. Конкурсқа қатысу туралы

өтініштерді ұсыну мерзімі 2014 жылғы 7 мамырда басталып, бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс жарияланған күннен бастап он бес күнтізбелік күн өткенде аяқталады. Құжаттар хабарлама БАҚ-та жəне мемлекеттік органның Интернетресурсында жарияланған күннен бастап қабылданады. Конкурсқа қатысу үшін қажет құжаттар: 1) конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2) мемлекеттік жəне орыс тілдеріндегі түйіндеме; 3) еркін түрде жазылған өмірбаян; 4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 5) еңбек кітапшасының (бар болған жағдайда) немесе еңбек шартының көшірмесі немесе соңғы жұмыс орынынан жұмысқа қабылдау жəне еңбек шартының тоқтатылуы туралы бұйрықтардың көшірмелері; 6) белгіленген формадағы

денсаулығы туралы анықтама. Сондай-ақ, конкурсқа қатысушылар білімі, тəжірибесі, кəсіби біліктілігіне қатысты (біліктілікті арттыруы, ғы лыми атақтар мен деңгейлері, ғы лыми жарияланымдары туралы құжаттардың көшірмелері, бұрынғы жұмыс орны басшылығынан ұсынымдар) қосымша ақпарат ұсына алады. Қазақстан Республикасы Мəде ниет жəне ақпарат министрлігінің Ақпарат жəне мұрағат комитеті бос «Талдау жəне ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кəсіпорны (бұдан əрі – Кəсіпорын) басшысының бос лауазымына орналасуға «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің 2014 жылғы 18 сəуірдегі № 75 (28299) санында жарияланған хабарлама күшін жойды деп танылсын.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың сенім білдірілген тұлғасы мына мүліктерге сауда-саттық жариялайды: Лот №1 – Өндірістік база, атап айтқанда: Литер А жалпы алаңы 3471,9 ш.м.; Литер Б, жалпы алаңы 2401,0 ш.м.; Литер Р жалпы алаңы 2156,4 ш.м.; Литер Ə жалпы алаңы 849,1 ш.м., сəйкесетін жер үлесінің жалпы алаңы 0,7233 га бөлінбейтін жер телімінде жалпы алаңы 1,703 га (кадастрлық нөмірі 20315-038-193, мақсатты тағайындалуы – өндірістік базаны пайдалану жəне қызмет көрсету үшін), аталған жылжымайтын мүліктермен аумақтық жəне функционалды байланысты, жер пайдалану шекарасына сəйкес, орналасқан мекенжайы: Алматы қ., Қазан к-сі, 34. Бастапқы баға 400 653 000 теңге (төрт жүз миллион алты жүз елу үш мың) теңге. Лот №2 – Бөлінетін жер телімі, жалпы алаңы 1,3000 га (жер телімінің кадастрлық нөмірі 03-051-321-017, мақсатты тағайындалуы – тауарлы ауыл шаруашылығын жүргізу), орналасқан мекенжайы: Алматы облысы, Талғар ауданы, «Луч Востока» өндірістік кооперативі. Бастапқы баға – 31 019 000 теңге (отыз бір миллион он тоғыз мың) теңге. Лот №3 – Бөлінетін жер телімі, жалпы алаңы 0,6560 га (жер телімінің кадастрлық нөмірі: 03-051-321-018, мақсатты тағайындалуы – тауарлы ауыл шаруашылығын жүргізу), орналасқан мекенжайы: Алматы облысы, Талғар ауданы, «Луч Востока» өндірістік кооперативі. Бастапқы баға – 16 224 000 теңге (он алты миллион екі жүз жиырма төрт мың) теңге. Лот №4 – Бөлінетін жер телімі, жалпы алаңы 3,1600 га (жер телімінің

кадастрлық нөмірі: 03-051-165-073), орналасқан мекенжайы: Алматы облысы, Талғар ауданы, «Д. Қонаев атындағы асыл тұқымды зауыт» өндірістік кооперативі. Бастапқы баға – 68 449 000 теңге (алпыс сегіз миллион төрт жүз қырық тоғыз мың) теңге. Лот №5 – Бөлінетін жер телімі, жалпы алаңы 6,3200 га (жер телімінің кадастрлық нөмірі: 03-051-165-072), орналасқан мекенжайы: Алматы облысы, Талғар ауданы, «Д. Қонаев атындағы асыл тұқымды зауыт» өндірістік кооперативі. Бастапқы баға – 122 175 000 теңге (жүз жиырма екі миллион жүз жетпіс бес мың) теңге. Лот №6 – Бөлінетін жер телімі, жалпы алаңы 2,9000 га (жер телімінің кадастрлық нөмірі: 03-051-165-519), орналасқан мекенжайы: Алматы облысы, Талғар ауданы, Гүлдала ауылдық округі. Бастапқы баға – 124 487 000 теңге (жүз жиырма төрт миллион төрт жүз сексен жеті мың) теңге. Лот №7 – Бөлінетін жер телімі, жалпы алаңы 30 га (жер телімінің кадастрлық нөмірі: 03-051-225-319, мақсатты тағайындалуы – тауарлы ауыл шаруашылығын жүргізу), орналасқан мекенжайы: Алматы облысы, Талғар ауданы, Қайнар ауылдық округінің аумағындағы аудан жерінің қоры. Бастапқы баға – 48 551 000 теңге (қырық сегіз миллион бес жүз елу бір мың) теңге. Сауда-саттық əдісі – ағылшын. Кепілді жарна бастапқы бағаның 10%ын құрайды.

Бастапқы бағаның 10% мөлшеріндегі кепілді жарна «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың сенім білдірілген тұлғасының шотына енгізілуі тиіс, төменде көрсетілген деректемелер бойынша. Сауда-саттыққа қатысу өтінімдеріне қажетті құжаттар тізілімін алу үшін сенім білдірілген өкілге бару керек. Сауда-саттыққа қатысуға өтінімдер Алматы қ., Абай д-лы, 109В, 1004-бөлмеде 2014 жылғы 19 мамырда сағат 18.00-ге дейін қабылданады. №1 лот бойынша сауда-саттық ағыл шын əдісімен 2014 жылғы 20 мамырда сағат 11.00-де мына мекенжайда болады: Алматы қ., Абай д-лы, 109 «В», 1004-бөлме. №2, №3, №4, №5, №6, №7 лоттар бойынша сауда-саттық ағылшын əдісімен 2014 жылғы 20 мамырда сағат 15.00-де мына мекенжайда болады: Алматы облысы, Талғар қ., Тəжібаев к-сі, 4. Сауда-саттық аяқталғаннан кейін түпкілікті баға ұсынған сауда-саттық қатысушысы банктің чек түріндегі немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа қолмақол ақшаның толық көлемінде сатып алу сомасын бес жұмыс күні ішінде есеп айырысу тəсілімен енгізуі қажет. Сенім білдірілген тұлғаның деректемелері: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың сенім білдірілген тұлғасы Төремұратов Азат Болатұлы, Алма ты қ., Абай д-лы, 109В, шот KZ246010011286000043, БИН 940140000385, Кбе 14. Сауда-саттық өткізу мəселесі бойынша анықтама алу телефондары: 8 (727) 330 16 80, 330 17 57.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитетінің «Солтүстік Қазақстан мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті» ММ 2014 жылғы 27 мамырда сағат 10.00-ден бастап www.gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында республикалық меншіктегі нысандарды сату бойынша аукцион өткізу туралы хабарлайды Республикалық меншіктегі нысандарды сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру нысандарын сату қағидасына сəйкес жүзеге асырылады (өзгерістер мен толықтыруларды есепке ала отырып) (бұдан əрі – Ереже). Сауда-саттықтың голланд əдісімен электрондық аукционға республикалық меншіктің мына нысандары қойылады: 1. ҚР АШМ СШК «Қазсушар» РМК теңгеріміндегі жалпы алаңы 427,4 ш.м., 1978 жылы салынған қойма. Орналасқан жері: СҚО, Шал ақын ауданы, Сергеевка қ., Заводская к-сі, 6. Алғашқы баға – 831 900 теңге. Бастапқы баға – 8 319 000 теңге. Ең төменгі баға – 285 648 теңге. Кепілді жарна – 124 785 теңге. 2. ҚР АШМ СШК «Қазсушар» РМК теңгеріміндегі жалпы алаңы 286,3 ш.м., 1983 жылы салынған қойма. Орналасқан жері: СҚО, Шал ақын ауданы, Сергеевка қ., Заводская к-сі, 6. Алғашқы баға – 636 200 теңге. Бастапқы баға – 6 362 000 теңге. Ең төменгі баға – 218 451 теңге. Кепілді жарна – 95 430 теңге. 3. ҚР ДСМ Мемлекеттік санитарлықэпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Солтүстік Қазақстан облыстық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» РМҚК теңгеріміндегі жалпы алаңы 96,4 ш.м., 1980 жылы салынған гараж. Орналасқан жері: СҚО, Ақжар ауданы, Талшық ауылы, Сəдуақасов к-сі, 11. Алғашқы баға – 909 000 теңге. Бастапқы баға – 9 090 000 теңге. Ең төменгі баға – 312 122 теңге. Кепілді жарна – 136 350 теңге. 4. ҚР ДСМ МСЭҚК «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» ММ теңгеріміндегі жалпы алаңы 292,28 ш.м., 1991 жылы салынған əкімшілік ғимараттың бір бөлігі. Орналасқан жері: СҚО, Мамлют ауданы, Мамлютка қ., аурухана қалашығы. Алғашқы баға – 1 918 200 теңге. Бастапқы баға – 19 182 000 теңге. Ең төменгі баға – 658 649 теңге. Кепілді жарна – 287 730 теңге. 5. ҚР ҚМ СК «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша салық департаменті» ММ теңгеріміндегі жалпы алаңы 103,6 ш.м., əкімшілік ғимараттағы үй-жайдың бір бөлігі. Орналасқан жері: СҚО, М.Жұмабаев ауданы, Булаев қ., Юбилейный к-сі, 31. Алғашқы баға – 3 766 100 теңге. Бастапқы баға – 37 661 000 теңге. Ең төменгі баға – 1 293 160 теңге. Кепілді жарна – 564 915 теңге. 6. ҚР Қоршаған орта жəне су ресурстары министрлігі «Қазгидромет» РМК теңгеріміндегі Чкалов метеостанциясының ғимараты, жалпы алаңы 41,1 ш.м., 1954 жылы салынған бастырма, жалпы алаңы 43 ш.м., 1983 жылы салынған сарай, жалпы алаңы 16,7 ш. м., 1983 жылы салынған шаруашылық блок, жалпы алаңы 51 ш.м., 1983 жылы салынған. Орналасқан жері: СҚО, Тайынша ауданы, Петровка ауылы, Мир к-сі, 11. Алғашқы баға – 868 500 теңге. Бастапқы баға – 8 685 000 теңге. Ең төменгі баға – 298 215 теңге. Кепілді жарна – 130 275 теңге. 7. ҚР ҚМ ҚК «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаменті» ММ теңгеріміндегі жалпы алаңы 57,2 ш.м., 1989 жылы салынған əкімшілік ғимараттағы үй-жайдың бір бөлігі. Орналасқан жері: СҚО, Қызылжар ауданы, Бескөл ауылы, Ульянов к-сі, 1а. Алғашқы баға – 2 751 400 теңге. Бастапқы баға – 27 514 000 теңге. Ең төменгі баға – 944 744 теңге. Кепілді жарна – 412 710 теңге. Сауда-саттықтың голланд əдісі бойынша электрондық аукцион:

1) егер электрондық аукцион бастал ған сəттен бастап бес минут iшiнде қатысушылардың бiрде-бiреуi электрондық аукционда жекешелендiру нысанын сатып алу ниетiн растамайтын болса, жекешелендiру нысанының бастапқы бағасы осы Қағиданың 36-4-тармағына сəйкес белгiленген қадамға азаяды; 2) егер баға азайғаннан кейiн бес минут iшiнде қатысушылардың бiрде-бiреуi жекешелендiру нысанын сатып алуға ниетiн растамайтын болса, жекешелендiру нысанының соңғы жарияланған бағасы белгiленген қадаммен азаяды. Жарияланған баға бойынша жекешелендiру нысанын сатып алуға ниетiн бiрiншi болып растаған қатысушы сауда-саттықтың голланд əдiсi бойынша электрондық аукцион жеңiмпазы болып танылады жəне осы жекешелендiру нысаны бойынша электрондық аукцион өткiзiлген болып танылады; 3) егер жекешелендiру нысанының бағасы белгiленген ең төменгi мөлшерге жетсе жəне қатысушылардың бiрде-бiреуi жекешелендiру нысанын сатып алу ниетiн растамаса, онда электрондық аукцион өткiзiлмеген болып танылады. Сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі жəне аукцион басталуға дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады. Кепілді жарна Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитетінің «Солтүстік Қазақстан мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті» ММнің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаменті» ММ-дегі КZ300705012170177006 депозиттік шотына енгізіледі, БСК ККМ ҒКZ2А, БСН 120240018658, КБЕ 11, белгіленген төлем коды 171. Департаменттің депозиттік шотына кепілді жарнаның уақтылы түсу мақсатында қабылдау аяқталғанға дейін үш күн кешіктірмей төлеуге кеңес береміз. Аукционға қатысу үшін мыналарды көрсете отырып, Тізілім веб-порталында алдын ала тіркелу қажет: 1) жеке тұлғалар үшін: жеке сəйкестендіру нөмірін (бұдан əрі – ЖСН), тегін, атын, əкесінің атын (бар болған жағдайда); 2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сəйкестендіру нөмірін (бұдан əрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, əкесінің атын (бар болған жағдайда); 3) кепілді жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп-айырысу шотының деректемелерін; 4) байланыс деректерін (пошталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail); 5) ұлттық куəландырушы орталық берген ЭЦҚ-ның жарамдылығы мерзімін көрсете отырып. Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде Тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді. Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушы ЭЦҚ қойылған аукционға қатысуға өтінімді осы Қағидаға қосымшаға сəйкес нысан бойынша Тізілімнің вебпорталында тіркеу қажет. Аукционға қатысуға өтінім тіркелгеннен кейін Тізілім веб-порталында үш минут ішінде өтінім берілген сату нысаны бойынша кепілді жарнаның түсуі туралы мəліметтердің тізілім дерекқорында болуы тұрғысынан автоматты түрде тексеру жүргізіледі.

Назар аударыңыз! Қатысушының осы Қағиданың 23-1 жəне 23-2-тармақтарында көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондайақ сатушының шотына сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілді жарнаның аукцион басталғанға дейін жетпіс екі сағат бұрын түспеуі Тізілім веб-порталында өтінімді қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады. Тізілім дерекқорында сатушының шотына кепілді жарнаның түскені туралы мəлімет болған жағдайда, Тізілім веб-порталында өтінімді қабылдау жəне қатысушыны аукционға жіберу жүзеге асырылады. Тізілім дерекқорында сатушының шотына кепілді жарнаның түскені туралы мəлімет болмаған жағдайда, Тізілім веб-порталында қатысушының өтінімі кері қайтарылады. Автоматты түрдегі тексеру нəтижелері бойынша Тізілім веб-порталында қатысушының өтінімінде көрсетілген электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау туралы электрондық хабарлама не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жіберіледі. Аукционға жіберілген қатысушыға Тізілім веб-порталында берілетін аукцион нөмірі бойынша аукцион залына кіруге рұқсат беріледі. Электрондық аукционға қатысушылар электрондық аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде аукцион залына ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып кіреді. Электрондық аукцион жекешелендіру нысанының бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады. Əрбір сатылған жекешелендіру нысаны бойынша электрондық аукцион нəтижелері электрондық аукцион нəтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы жəне жеңімпаз ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, электрондық аукцион аяқталғаннан кейін жиырма төрт сағат ішінде Тізілімнің веб-порталында қол қояды. Электрондық аукцион нəтижелері туралы хаттама электрондық аукцион нəтижелерін жəне жеңімпаз сатушының жекешелендіру нысанын сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттерін белгілейтін құжат болып табылады. Аукционның жеңімпазы сатып алу-сату шартына қол қойған кезде сатушыға салыстыру үшін мынадай құжаттардың: 1) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаттың; заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куəліктің не анықтаманың; 2) заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куəландыратын құжаттың, сон дай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куəландыратын құжаттың түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып, олардың көшірмелерін не нотариат куəландырған көшірмелерін ұсынады. Құжаттардың түпнұсқалары салыстырғаннан кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады. Петропавл қаласы, Совет көшесі, 34 2-қабат, № 11 бөлме мекенжайында жеңім пазбен сатып алу-сату шартына электрондық аукцион өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қол қойылады. Аукцион өткізу жөніндегі қосымша ақпаратты 8 (7152) 46-05-84, 46-20-38 телефондары жəне www.gosreestr.kz сайты арқылы білуге болады.

...Алпысқа келдіңіздер, Бəрін де көрдіңіздер. Бəріне сендіңіздер, Бəрін де бердіңіздер. Алпысқа келсек екен ен ді біздер, – деп ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жырлағандай, 7 мамыр күні Алматы қаласының тұрғыны, алты жыл ҚазМУ-дің журналистика факультетінде бірге оқыған адал дос, аяулы курстасымыз Есім Ыдырысұлы СҚАҚ асқаралы алпысқа толады. Есім Сқақ 1990 жылдан бері журналистика саласында қызмет істеп келеді. Бастапқы кездері Алматы облыстық «Жетісу», одан соң қазақ баспасөзінің қарашаңырағы «Егемен Қазақстан» газетінде еңбек етті. Ал соңғы он бес жыл бойы Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Меди циналық жəне фармацевтикалық мақсаттағы бұйымдарды жəне медицина техникасын сараптау ұлттық орталығында аудармашы қызметін атқарып жүр.

Зайыбы Дəния екеуі Гүлназ, Шерхан есімді перзенттерін тəрбиелеп өсіріп, олардан Тимур, Расул атты екі немере сүйіп отыр. Қашанда сабырлы, біртоға мінезді, ұжымына, туған-туыстарына, достарына сыйлы досымыз Есім Сқақты мерейтойымен құттықтап, шаңырағына шаттық, өзіне зор денсаулық, шығармашылық табыс тілейміз. Құттықтаушы: Астана қаласында тұратын курстастары атынан – Толымбек Əбдірайым, Рысбала Нұрсапақызы, Бибаят Үсенова.

«Запорожье» ЖШС 2014 жылғы 22 мамырда сағат 10.00-де Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Запорожье ауылы мекенжайында мынадай күн тəртібімен жиналыс болатындығы туралы өз қатысушыларына хабарлайды: 1. «Қазақстан Эксимбанкі» АҚ-тан айналымдағы қаржыны толықтыру үшін займдар немесе кредиттік желілер алу, сондай-ақ қолданыстағы займдарды ұзарту. 2. «Запорожье» ЖШС міндеттемелерін қамтамасыз ету үшін жеткілікті көлемде «Қазақстан Эксимбанкі» АҚ-ға жылжитын жəне/немесе жылжымайтын мүлікті кепілге беру. 3. «Запорожье» ЖШС атқарушы органына жоғарыда көрсетілген шартпен кепілге берудің банктік займын немесе кредиттік желі алу бойынша мəмілелер жасауға барлық өкілеттіктерді беру.

Астана қ. МАЭС-тің 07.03.2014 жылғы шешімімен «Акмоласвязьстрой» АҚ-ға қатысты оңалту рəсімі қолданылды.

Решением СМЭС г. Астана от 07.03.2014 года в отношении АО «Акмоласвязьстрой» применена процедура реабилитации.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, САУДА-САТТЫҚ! «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы кепілге қойылған мүлікті сату бойынша сауда-саттық өткізу туралы хабарлайды Сауда-саттыққа шығарылатын мүлік: жер телімі, алаңы – 1,5900 га, жер телімінің мақсатқа арналуы – көп қабатты тұрғын үй кешенін орналастыру үшін, орналасқан мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Құрамыс а., солтүстікке қарай. Бастапқы бағасы: 1 286 035 976,00 теңге. Кепілді жарна: 38 581 079,28 теңге «ҚазАгроҚаржы» АҚ деректемелері бойынша есепке қосылады. Лот бойынша қадам: 500 000 теңге. Сенім білдірілген тұлға – Дулатов Бүркіт Дулатұлы. Сауда-саттық өткізілетін жер: Алматы облысы, Қарасай ауданы, Құрамыс а., солтүстікке қарай. Сауда-саттық өткізілетін күн жəне уақыт: 20.05.2014 ж., сағат 11.00. Сауда-саттықты өткізу əдісі: ағылшын əдісі бойынша аукцион. Өзге талаптар: Ең жоғары баға ұсынған сауда-саттық қатысушысы жеңімпаз болып танылады. Мүліктің жеңімпазға табысталуы мүліктің орналасқан жерінде жүзеге асырылады. Өтінімдер осы ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бастап қабылданады жəне 19.05.2014 ж. сағат 18.00-де аяқталады. Сауда-саттыққа кепілді жарна төлеген жəне сауда-саттыққа қатысуға өтінімді белгіленген мерзімде толтырған қатысушы жіберіледі. Сатып алу бағасын төлеу тəртібі мен мерзімі: жеңімпаз кепілге қойылған мүлікті сатып алу үшін сауда-саттық өткізілген күннен бастап үш жұмыс күн ішінде ақша қаражатын «ҚазАгроҚаржы» АҚ деректемелеріне аудару арқылы сатып алу бағасын төлейді. «ҚазАгроҚаржы» АҚ деректемелері: «Қазкоммерцбанк» АҚ Ақмола филиалында, е/ш № KZ459261501105871002, БСК KZKOKZKX, СТН 620 300 007 107. «ҚазАгроҚаржы» АҚ-тың сенім білдірілген тұлғасының орналасқан жері мен байланыс телефоны: Алматы қ., Амангелді көшесі, 59 А, Жамбыл көшесінің қиылысы, Шартас БО, 9-қабат, телефоны: + 7(7272) 581104, е-mail: credit_alm2@kaf.kz

Егер сіз «Егемен Қазақстан» газетіне жарнама бергіңіз келсе, мына телефондарға хабарласыңыз: Астана тел/факс 37-64-48, 37-60-49. Электронды пошта: egemen_adv@mail.ru. Алматы 273-74-39, ф. 341-08-11. Электронды пошта: gulnurekkz@mail.ru.

Қазақстан Республикасы Парламенті Cенатының депутаттары мен аппарат қызметкерлері Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің депутаты, Халық Қаһарманы Бақытжан Ертаевқа ағасы Бегімше ЕРТАЙҰЛЫНЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің басшылығы мен депутаттары жəне палата аппаратының қызметкерлері Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің депутаты, Халық Қаһарманы Бақытжан Ертаевқа ағасы Бегімше ЕРТАЕВТЫҢ қайтыс болуына байланысты орны толмас қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Алматы облысының əкімдігі жəне облыстық мəслихат Қазақстанның Халық Қаһарманы Бақытжан Ертаевқа ағасы БЕГІМШЕНІҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Халықаралық Аралды құтқару қорының Қазақстан Республикасындағы Атқарушы дирекциясының ұжымы осы мекеменің қызметкері Ерғали Есеркепұлы Аманжоловқа анасы ШАЙЫМГҮЛДІҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. «ҚазТрансГаз» АҚ басшылығы мен ұжымы Мұхтар Бейсенбайұлы Көкеевке АҒАСЫНЫҢ қайтыс болуына байланысты орны толмас қайғысына ортақтасып көңіл айтады.


12

www.egemen.kz

 Атамекен

7 мамыр 2014 жыл

р ы м а м й а Мамыраж

Суреттерді түсіргендер Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ, Серік ӨТЕГЕНҰЛЫ.

 Өнер

 Бір ауыз сөз

Нан – ќасиетті

Əн көп, əнші көп. Əнші жасап шығарушылар көп. Елімізде осыдан бірнеше жыл бұрын басталған «Суперстар», «Х-фактор» музыкалық байқаулары орындаушылардың тұтас бір толқынын сахнаға шығарғаны есте. Табиғи дарыны бар тасты жарып шықты, жоғы орта жолдан қайтты. Солардың бірі – «Х-фактор» музыкалық байқауының алғашқы жеңімпазы, мəреде марқұм Мəдина Ералиеваның орындауындағы əдемі əн «Айқаракөзді» мөлдірете орындауымен есте қалған Дария Ғабдулл. Дария музыкалық өнер бакалавры мамандығының үздігі. Жуырда жас əншіге өзімізді қызықтырған сауалдарды қойған едік.

Наннан құдіретті не бар? Бір замандары «Нан болса, əнде болады» дедік. Бұл ақиқат сөз еді. Əлемде бір үзім нанға зар болып отырған миллиондар аз ба? Айлығы шайлығына жетпей, қалт-құлт етіп бір үзім нан үшін базар жағалап жүргендер өзімізде де баршылық емес пе? Олар жанының қадірін білмесе де, нанның қадірін жақсы түсінеді. Сүлеймен МƏМЕТ,

«Егемен Қазақстан».

«Баќыт – кґпќырлы ўєым»

– дейді жас əнші Дария ЄАБДУЛЛ – Дария, сені алғашқы «Х-фактор» жеңімпазы ретінде танимыз. Жобадан кейінгі шығарма шылығың қа лай өрбіді? «Sony Music» ком па ниясымен арада жасалған келісімшарт саған қандай мүмкіндіктерге жол ашты? – «Х-фактор» музыкалық байқауы ның шарты бойынша байқау жеңімпазы «Sony Music» халықаралық дыбыс жазу компаниясымен келісмшартқа оты ру құқын алатыны алдын ала жарияланған болатын. Бұл – атақты Бейонсэ, Уитни Хьюстон, Джордж Майкл, Кристина Агилера, Шакира, Бритни Спирс, Леона Льюис секілді орындаушылар өз композицияларын жазуға келісімшартқа отырған биік талғамды, жоғары сапалы дыбыс жазу компаниясы. Менімен арада жасалған келісімшарт олардың Орталық Азия аймағы мен Қазақстан атынан шығатын алғашқы орындаушымен бірінші рет жасап отырған келісімшарты екен. Бұл менің өмірімдегі ең алғашқы келісімшарт болды. Сондықтан сол сəтте менің жан дүниемде не болып жатқанын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес еді. Екі жыл ға созылған біздің əріптестігіміз жемісті – «An affair» («Сүйемін»), «More» («Бəрі менің қолымда»), «Take my love» («Біз бөлінбейтін жандармыз») секілді үш əннің тұсауы кесілді. Алғашқы əнге Польшада клип түсір дік. Жақсы жандармен таныстым. Мақсатым көп. Ойластырған жобаларым да бар. – «Х-фактор» музыкалық байқауы өміріңе қаншалықты өзгеріс əкелді? – Музыкалық байқау өзім бала жастан армандаған үлкен сахнаға жол ашты. Көптеген достар, жасы үлкен əріптестер таптым, жақсы адамдармен таныстым. Иə, Алматы қаласы менің армандарыма қол жеткізуге мүмкіндік берді. Үлкен сарайларда əн

шырқадым. «Х-фактор» жобасы сахна қасиетін ұқтырды. – Өзің қатысқан «Славян базары» жобасы қалай өтті? Жеңімпаздар қатарынан көріну мақсатың орындалды ма? – «Славян базары» өмірімдегі «Х-фактор» музыкалық жобасынан кейінгі екінші баспалдақ болды. Бұл – белгілі, жоғары деңгейдегі ха лықаралық конкурс. Осының барлығын өз көзіммен көріп, түсіну бақыты бұйырды. Əр елден келген, жеңімпаз болғысы келетін 20 мықты əншінің ішінен алдыңғы орында көріндім. Бұдан да жоғары бағаға қолым жетуші еді, тек мен жіберген қателіктерімді түсіндім. Осы жерде бұрынғы ұстазым А.Шевченконың сөзі есіме түсіп отыр, «біз ала алмаған асу, тек шыңдай түседі». Жеңімпаз атанған əншілерден жеңілу маған ұят емес, оның үстіне менің көзқарасым бойынша бас жүлдені армениялық əнші Русланның алғаны əлдеқайда əділдірек болар ма еді деген ой қалды. Барлық əншілер – мықты орындаушылар. Өз елінің үкілеген үміттері, мойындалған мықтылары. Олармен кездесіп, əр елдің мə дениетімен танысқаныма ризамын. – Бос уақытыңды қалай өткізесің? – Өзің ұнататын іспен айналыссаң, бос уақытың да осы іске арналады екен. Бос уақытымды пайдасыз өткізбеуге тырысамын. Өлең, əн жазамын. Музыкалық əдебиеттерді оқимын. Қазір айналысып жатқан істерімнің барлығы да болашақта қажетті, керек дүниелер. – Қасыңнан қандай жақсы қасиеті бар ерді көргің келеді? – Адал, сенімді əрі тəрбиелі. Өйткені, осы үш қасиет кез келген жанды сипаттап, бір-біріне тығыз байланысты деп ойлаймын.

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

Əңгімелескен Венера ТҮГЕЛБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Біз бұл арада жасып жүргендер емес, əсіресе, қаладағы асып ішіп, тасып жүргендердің нанды аяқ асты ете бастағанын айтпақпыз. Иə, қазір иманды да ибалы болдық дейміз. Шындығына келгенде, бұл Абай айтатын: «Алла деген сөз жеңіл, Аллаға ауыз қол емес» секілдідей көрінеді. Себебі, нанды көрінген жерге

тастайтын, тіпті, аттап өтіп кететін бір «кесел» етек алып бара жатқандай. Егер біздің осы сөзімізге келіскісі келмеген жандар табылып жатса, зəулім үйлердің төңірегіне қойылған қоқыс тастайтын жерге барса көз жеткізері анық. Мұрты бұзылмаған неше түрлі нан тоқаштарды көресің. Тіпті, кейбіреулер адам басады-ау демей, «құстар жейді» деп кез келген жерге лақтыра салатынын қайтерсің. Ал асханаларда нан қоқымы қалай болса солай шашылып жататыны

айдан анық. Кейбіреулер «қаңғыбастар алады ғой» деп «шарапатын» шалқытқандай, «мейірін» төккендей болатын сəттер де кездесіп жатады. Бір қалталының қызына: «Нан бидайдан шығады», деп оны көрсеткенде: «Ол шөп!» деп сенбепті. Бұдан ұғарымыз ақаусыз көңіл иесінің бір жағынан нанды қадірлеуі болса, екінші жағынан өмірді білмегендігін түйсінесің. Нанның қадірін білмегендер сол секілді оны шөп деп білетіндей. Атам қазақ нанның қоқымын баспаған. Оны айтасыз: «Нанға шығып Құранды алуға болмайды, Құранға шығып нанды алуға болады», деген. Міне, нан қасиетін бабаларымыз осылай түсінген. Ал мына ысырапшылдыққа бір шара болуы керек-ақ. Тəңірім қазаққа байтақ жер берді. Асты-үстін толтырып байлыққа кенелтті. Сол байлықтың бастысы – астық, яғни нан. Нансыз өмір жоқ. Ал қалалы жерде шашылып жатқан сол нан байлығын

«Ауєа» балыќ емес, браконьерлер тїсті «Егемен Қазақстан».

Теңіздегі тыйым салынған байлықтарды заңсыз аулайтындар заң алдында жауапты. Солай бола тұра, оңай олжа іздегендер қарасы əлі үзілді дей алмаймыз. Мамырдың мерекелі күндеріндегі жаймашуақ демалыста осындай кəсіппен 12 азамат ұсталған. «Жағалау күзеті» өңірлік басқармасының теңіз шекарашылары ұстаған браконьерлердің барлығы да Қазақстан Республикасының азаматтары. Шекарашылар теңіз үстіндегі олжақұмарларды күнделікті əскери қызмет барысында браконьерлік

қызметтің жолын кесу, су ресурстарын қорғау, сондай-ақ «Бекіре-2014» кең ауқымды балық қорғау акциясы аясында қолға түсірген. Олардан «Казанка» типті моторлы 4 қайық тəркіленген жəне 29 000 метр ау, 13 500 метр қармақ тапқан. Ау мен қармақтың жалпы саны 6 750 дана. Табылған 306 бекіренің 26-сы тірі, 280-і өлі күйінде болған жəне бұдан басқа бір центнерге жуық балық пен 18 өлі итбалық тəркіленіпті. Заң бұзғандар енді заңға сай жауапкершілікке тартылатын болады. Маңғыстау облысы.

 Өңір өмірі

ЌЫМЫЗЌАЛА Нұрбол ƏЛДІБАЕВ,

«Егемен Қазақстан».

Қашанда нақты ісімен көш бастай білетін жетісулықтар дəстүрлі қымызханаларын биыл да республикамызда бірінші болып салтанатты түрде ашты. Мемлекеттік саясатқа сай саламатты өмір салтын насихаттаумен қатар, қазақы құн дылықты күнделікті өмірге енгізіп, халықтың көкейіндегі көп дүниені дөп басқан осынау игі шараның өскелең ұрпаққа берері мол. Ең бастысы, үлкеннің де, кішінің де денсаулығына шипа болар сары қымыз бен аппақ əрі қою шұбат адам ағзасына керемет сіңімді. Сондықтан өңір халқы асы ға күткен ұлттық сусынға алғашқы

күннен сұраныс артып отыр. Бұл қуанарлық жайт. Сөйтіп, Талдықорғанда 16 аудан мен 3 қаланың əрқайсысы өз ақшаңқан үйлерін тігіп, қала сəнін кіргізе түсті. Сонымен, біз атбасын бұрған Іле аудандық шұбатхана кешенінің өзгелерден бірінші артықшылығы – мұнда қымыз бен шұбат бірдей сатылады. Дəмі тіл үйіретін ұлттық тағамдар өз алдына. Салтанатты шараны ашуға арнайы келген Алматы облысы əкімінің бірінші орынбасары Амандық Баталов: « Іле ауданында бірқатар жақсы істер істелінуде. Соның бір тармағы өндірістік кластер жақсы дамығандықтан аудан облыстық бюджетке түсетін салықтың үштен бір бөлігін беріп

отыр. Бұл жер индустриялық аймақ болғандықтан шетелдік жəне қазақстандық кəсіпкерлер өз мүмкіндіктеріне орай халықты жұмыспен қамтамасыз етуде. Іле ауданында ауыл шаруашылығы саласы да жақсы дамығандықтан өз бағымындағы түйе шұбатын өңірде сатып қана қоймай, Елбасы қойып отырған талапқа сай ұлттық ерекшелікті танытатын құмыраларға құйып экспортқа шығару қадамы Мəскеуге жіберуден басталды», деді. Бұл – уақыт талабы. Соны дер кезінде жүзеге асырып отырған аудандағы «Дəулет-Бекет» ЖШС 2001 жылы заңды тұлға ретінде тіркелген. Басты бағыты – мал шаруашылығы, оның ішінде түйе өсіру саласы. Шаруашылық 2008 жылы «асыл тұқымды түйе шаруашылығы» мəртебесін алды. 2014 жылдың 1 қаңтарындағы санақта шаруашылықта 4412 бас түйе, оның ішінде інгені 1000 бас болды. Былтырғы жылы барлығы 795 тонна шұбат сатылса, оның ішінде құмыраға құйылғаны 250 тон наға жетті. Мұндағы өнді ріл ген шұбат Алматы, Астана, Қарағанды, Орал, Талдықорған қалаларындағы арнаулы орындар арқылы сатылатындығы туралы мағ лұматты Іле ауданы əкімі нің орынбасары Мəден Мұсаев мəлім етті. ТАЛДЫҚОРҒАН.

Балуандар белдесуі «Қазақстан Барысы» турнирі басталғалы қазақ күресі шарықтау кезеңіне аяқ басты. Қазір барлық өңірлерде демеушілердің ұйытқы болуымен ұлттық күресімізден турнирлер ұйымдастыру дəстүрге айналды. Сондай турнирдің бірі «Ай-Са» қонақүй кешенінің демеушілігімен Астана қаласының іргесіндегі Қараөткел кентінде өтті. Алмас МАНАП,

«Егемен Қазақстан».

Жасөспірімдер мен жастар арасында болған «Қараөткел барысы» ашық турнирінің ашылу салтанатына Целиноград ауданының əкімі Бақберген Мəуленов, ауыл ақсақалдары мен ақжаулықты əжелер Қараөткелден де болашақ чемпиондар шығуына ниеттес екенін жеткізді. Ал белгілі айтыскер ақын Балғынбек Имашев турнирге қатысушыларға арнауын тарту етті. Сонымен, 38 килода барлық қарсыласынан таза жеңіспен басым түскен Бекзат Жамбыл өз салмағында жеңімпаз атанса, 42 килода Абзал Солдыбаевқа тең келер ешкім табылмады. 46 кило салмақта бақ сынаған Жанат Бақытжан үшін ақтық сын

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 341-08-12.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru, egemenkz@maіl.kz Алматыда: факс (727) – 341-08-12, электронды пошта – egemalm@mail.ru

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – (712-2) 32-94-07; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

АСТАНА.

 Спорт

 Мəссаған!

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

қорғау жөнінде ойласқан жөн деп білеміз. Үнемдеудің үлгісін айта отырып, нанның құдіретті екенін түсіндіру қажеттігі туып тұр. Нанның қадірін өмірді көрген алдыңғы толқын өзі ұғып қана қоймай, кейінгі жасқа түсіндірмесе, олар шөп пен шөңгені ажырата алмайтыны тəрізді «қараңғы» болып қалары хақ. Əсіресе, нанға зар болғандар мен нантепті жасап жүргендердің «тірлігін» жұрт болып жұмылып айта алсақ, қане. «Нан қалдығын енді қайда тастаймыз?» дейтіндер де табылар. Мүмкін қалалы жердегі нан қалдығын бөлек жинап, елді мекендердегі фермерлерге жеткізіп беріп жатса, нұр үстіне нұр болар еді. Қайта өңдеу технологиясын ойластырып іске қоссақ, қасиетті нан жерде жатпас еді. Нан қадірі – жан қадірінен кем емес дегенді əр азамат түсінсе, кіндігінен тараған ұл-қызына ұқтырса, иманды іске ұйытқы болар еді.

Көкшетау – (716-2) 25-76-91; Павлодар – (718-2) 68-59-85; Қарағанды – (721-2) 43-94-72; Семей – (722-2) 52-26-86; Қостанай – (714-2) 39-12-15; Тараз – (726-2) 43-37-33; Қызылорда – (724-2) 27-00-85 Шымкент – 8 (701) 747-63-01; Орал – (711-2) 28-80-35; Петропавл – (715-2) 50-72-50. Өскемен – (723-2) 25-28-41; Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 341-08-11, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Ермеков к-сі, 33, «Қарағанды полиграфия» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Смағұлов к-сі, 9 К, «Хабар-Сервис» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Мұхит к-сі, 57/1, «Жайық Пресс» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

күрделі болды. Оның қарсыласы Зейнеп Əділет те болашағынан зор үміт күттіретін балуан екен. Екеуінің теке-тіресіне жиналған жұрт разы болды. Нəтижесінде Жанаттың бағы жанды. Сондай-ақ, Арай Қонысбай (51 кило), Аманбол Жанарбек (57 кило), Аманат Садық (60 кило), Қасымхан Ғани (70 кило), Жəнібек Сұлтан (+70 кило) өз салмақтарында жеңімпаз атанды. Ал «Түйе балуан» атағы мен оған тағайындалған 150 мың теңге Мерей Оспановқа бұйырды. Өзге жүлделілерге келсек, 1-орынға – 30 мың, 2-орынға – 20 мың жəне 3-орынға (екі балуанға) 10 мың теңгеден сыйақы үлестірілді. Турнир соңында жанкүйерлер мен спортшылар арасында лотерея ойнатылып, ұтысқа 3 теледидар мен 5 ұялы телефон қойылды.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 201 715 дана. Нөмірдің кезекші редакторы

Сұңғат ƏЛІПБАЙ.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 6 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №304 ek

Profile for Egemen

07052014  

0705201407052014

07052014  

0705201407052014

Profile for daulet
Advertisement