Page 1

Бүгінгі нөмірде:

№247 (28186) 6 ҚАРАША СƏРСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

Баяулық сыры неде? 3-бет Күңгірт тұстарға жарық түсті 4-бет «Діни педагогика», «діни тəрбие» 5-бет Қазақстанның 9 ауыр атлеті допингпен ұсталды 8-бет

 Өңір өмірі

Алтайдаєы «Африка» Ўландаєы жылыжайда тропикалыќ жемістер самсап тўр Оңдасын ЕЛУБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Жақында Ұлан ауданының əкімі Айдос Садықовпен жолы ғып, шаруа барысы жайлы сұрағанымызда: «Украинка ауылында зейнеткер Людмила Дмитриевна Земляная деген ғажап адам тұрады. Мамандығы инженер-электрик болса да, биологияны бес саусағындай меңгеріп алған. Бес жылдан бері күйеуі Николай Григорьевич, қызы Юлия мен күйеу баласы қазақ жігіті Руслан Қалибекұлы төртеуі аумағы бір гектар жерге жылыжай орнатып, қазір еңбегінің жемісін көріп отыр. Африкада өсетін цитрусты жемісжидек пен гүлдердің жүзге тарта сортын қала тұрғындары мен жақын маңдағы аудандарға сатып, кəсіпкерлікті дамытып отыр. Солар жайлы қалам сілтесеңіздер, өкінбейсіздер», – деп бізді бір желпіндіріп тастады. Мамандығымыз жаңалыққа жаны құмар жан болғаннан кейін қалай шыдайық, жанымызда аудандық ауыл шаруашылығы, ветеринария

жəне кəсіпкерлік бөлімінің бастығы Амангелді Серғазин бар, салып ұрып Украинкаға келдік. Украинка нарықтың өтпелі шағында сыр бермеген, себебі, мұнда «Шығыс-Сүт» зауытының үлкен өндірісі жұмыс істеп тұр, ауылдың жүзге тарта адамы еңбек етіп, жалақыларын уақтылы алуда. Сүт зауытының қарсы алдында екі қабатты еңселі үйде Землянойлар отбасы, жанында қатар, төрт жылыжай кешені сап түзеген. Асыра айтқандық емес, жылыжайға кіріп келгенде бейнебір иранбақтың табалдырығын ат тағандай əсерде қалдық. Дəл іргемізде осындай ғажайып жылыжай бар деген қаперімізге де келмепті. Іштей өзімізді сөгіп, төрт жылыжай үйлерінде өсіп тұрған банан, лимон, інжір, мандаринді, өмірі көрмеген алқызыл, сары, көк түстес гүлдердің ғажап иісіне елтіп, ойға шомып кетіппіз. – Алғашқыда оңай болған жоқ. Отағасы Николай Григорьевичтің басқа шаруасы жетіп артылады. Дегенмен, ол кісі көп көмектесті. Жұмыстың

ауырлығынан бəрін тастап кетсем деген ой мазалады. Алғашқы кезде қияр, сарымсақ, сəбіз, қызанақ өсірдік. Африканың цитрусты жемістерін өсірем дегенде жерлестерім аң-таң болып, сенімсіздік танытты. Алтайдың 40 градус аязында банан, лимон, мандаринді қалай өсірмексің, қой əуре болма деген сөздерді естігенде қобалжығаным рас. Міне, екі-үш жыл болды лимон, банан, мандарин бітік өсе бастады. Биыл 1,5 мың тонна цитрусты сауда орындарына жөнелттім. Көп болмаса да, табыс бар, немерелерім қолғабыс жасап, жеміске қарық болуда. Міне, дəмін татып көріңіздер, деп «Киевская» сортты лимон мен мандаринді үзіп берді. Дəмі тіл үйіреді, минералды тыңайтқыштар қосыл ма ған дықтан хош иісі аңқып, адам жанын еліткендей. Жақын маңдағы ауыл тұрғын дары, облыс орталығындағы гүл сататын дүкендер райхан, тро пикалық «бученвиллия», орхидея, түрлі-түсті гүлдерге алдын ала тапсырыс береді екен. Голландиядан келіп жеткенше, гүлдердің сапасын төмендетіп, бірер күннен кейін сола бастайтыны белгілі. Ал Украинкадан əкелінген гүлдер бір апта, тіпті, он күн бойы өңін бермей, хош иісі аңқып тұрады. «Интернетке жиі-жиі еніп, өсімдік, гүл əлеміндегі жаңалықтарды қалт жібермеймін. Гүл сорттарын күйеу балам жеткізіп береді. Немерелерім Тимур мен Людмилаға алғысым шексіз, қашан болмасын жүгіріп жүріп қолғабыс жасайды», деп Людмила Дмитриевна ағынан жарылды. «Аумағы 1000 шаршы метр жылыжайға қажетті жылылықты беру оңай шаруа емес. Қатты аязда сақ болған жөн. Жылу беретін Ресейдің қазандығын өздері орнатып алыпты. Жылына жүз тоннадан астам көмір жағамыз», дейді кочегар жігіттер. Ауылдағы жылыжайдан үлкен əсермен оралдық. Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы. -------------------------------

Суретті түсірген автор.

Дайындыќ мəселесі ќаралды

Кеше Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тəжин үкіметтік емес ұйымдармен өзара ісқимыл мəселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың басшыларымен кеңес өткізді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Кездесуде ынтымақ тастық тың салалық қағидаты аясын кеңейту жəне бірқатар нақты қадамдар жасау, соның ішінде VI Азаматтық форумды өткізуге дайындық мəселесі қаралды. Кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға үкіметтік емес сектормен өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру жөнінде тапсырмалар берілді.

АҚПАРАТТАР аєыны  Қазақстанның үздік əдіскерлері есімдері белгілі болды. Алматыдағы «Ғылым ордасы» мекемесінде өткен сайыс қорытындысы 3 кезеңнен тұрып, оған 314 білім беру ұйымдарынан 331 əдіскер қатысты. Олардың арасынан 6 ұстаз үздік атанды.  Астанада зиянды заттардың 97 пайызға жуығы зарарсыздандырылды. Нəтижесінде қала бойынша атмосфералық ауаға тұрақты көздерден 34,4 мың тонна көлемінде зиянды заттар шығарылды.  Алматы қаласында «Қайрат» футбол клубын марапаттау рəсімі өтті. Сегіз жылдан кейін қайтадан үздіктер қатарына қосылып, қола медаль алған команданы Ахметжан Есімов арнайы барып құттықтады.  Жамбыл облыстық мəслихат депутаттары облыс бюджетінің 1 млрд. теңгесін қайта бөлді. Сессияға төрағалық еткен депутат Гүлдара Нұрымованың айтуынша, түзетулер игерілмей қалу қаупі бар бюджеттік бағдарламаларға қатысты жүргізілген.  Оңтүстік Қазақстан облысында Индустрияландыру картасы бойынша

447,9 млрд. теңгені құрайтын 150 жоба қолға алынды. Олар 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын тауып береді. Жалпы, биыл аймақта құны 41 млрд. теңге тұратын 42 жобаны жүзеге асыру межеленген. Бұл тағы 3948 жаңа жұмыс қолын керек етеді.  Өскемендегі Үлбі өзенінің үстінде жаңа көпір пайда болды. Жалпы құны 2 008,4 млн. теңге тұратын нысанның ашылуына арналған салтанатта облыс əкімі Бердібек Сапарбаев алдағы уақытта Шығыс Қазақстан облысының орталығында тағы бір үлкен өткел салынатынын атап өтті.  Қызылордада биыл 75 634 шаршы метрлік тұрғын үй салынды. Қала əкімі Нұрлыбек Нəлібаев жыл соңына дейін тағы 130 жас отбасының баспанамен қамтамасыз етілетінін айтты.  Павлодар облысында шабақтарды құтқару акциясы өтті. Оған Железин ауданы жастар экологиялық жасағының белсенділері мен аудандық мəслихат бастамашы болды. Осының арқасында алқаптардан жиналып алынған су маржандары өзенге жіберілді.

Сайлауды байќауєа ќатысады

Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Қайрат Ищанов Тəжікстан Республикасының Президентін сайлауын байқауға қатысады, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Парламентаралық Ассамблеясының халықаралық байқаушылары Душанбеде болған үйлестіру кеңе сінде 6 қарашада болатын Тəжікстан Республикасы президентін сайлау күнгі жұмыс жоспарын белгіледі. Кеңесті байқаушылар тобының үйлестірушісі – Қазақстан Парламенті Сена ты Төрағасының орын басары Қайрат Ищанов ашты. ТМД ПАА-ның халықаралық байқаушылар тобы президенттік сайлауды ұзақ жəне қысқа мерзімді мониторинг жүргізу үшін Тəжікстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруына сəйкес

құрылған болатын. Халықаралық топтың құрамына 35 адам: Парламентаралық Ассамблеяға қатысушы сегіз мемлекеттің (Əзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей жəне Украина) депутаттары мен заң шығару органдарының өкілдері, сондай-ақ ТМД ПАА Кеңесі хатшылығының қызметкерлері мен Демократия, парламентаризмді дамытуға мониторинг жүргізу жəне ТМД ПАА-ға қатысушы мемлекеттер азаматтарының сайлау құқықтарын сақтау халықаралық институтының сарапшылары кірген болатын. ТМД ПАА Кеңесінің Бас хатшысы Алексей Сергеев əріптестеріне ТМД

«ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», Bnews.kz, TengriNews, EgemenNews хабарлары бойынша дайындалды.

Парламентаралық Ассамблеясының халықаралық байқаушылары дауыс беретін күні жеке маршруттар бойынша іске кірісетінін еске салды. Душанбе, Нүрек жəне Хатлон облысындағы Ява ауданындағы, Варзоб, Вахдат, Гиссар, Тұрсынзада жəне республикалық бағыныстағы Файзабад ауданындағы, сондай-ақ Ходженд қаласының аудандарындағы сайлау учаскелерінде мониторинг жүргізілетін болады. Одан басқа, Баку, Бішкек, Киев, Мəскеу жəне Санкт-Петербургте орналасқан шетелдердегі сайлау учаскелерінде де дауыс беру барысына байқау жасалады. Орталық сайлау комиссиясының деректері бойынша, Тəжікстан Республикасы президентін сайлауға əзірлікті жəне оны өткізу барысын 6 мыңның үстінде жергілікті жəне 500ден астам халықаралық байқаушы бақылайтын болады.

 Президент тапсырмасы қалай орындалуда?

Соңғы кезде газетімізде Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасының айтқан сын-ескертпелеріне арналған арнаулы беттер мен топтама мақалалардың ұйымдастырылып, мемлекеттік атқарушы органдар қызметінде орын алып отырған кемшіліктер нақты мысалдармен əйгілене бастаған еді. Иə, Үкіметтің, жергілікті биліктің жұмысында сылбырлық, кемшіліктер аз емес. Осы орын алып отырған олқылықтар мен кемшіліктерді Үкіметтің өзі де мойындап, одан қорытынды шығаруға кірісті. Соның бір айғағы кешегі күні аталған мəселеге арналып өткізілген Үкімет отырысы болды. Демек, сең сөгілгендей, Үкімет қозғалысқа келгендей. Еліміздегі атқарушы биліктің осы бағыттағы əрекеттерін құптай отырып, Елбасы тапсырмасының орындалу барысы үнемі біздің назарымызда болатынын оқырмандар қаперіне саламыз.

Баєдарламалардыѕ іске аспайтыны – баќылаудыѕ əлсіздігінен Кеше «Қазмедиа» орталығында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмалары мен айтқан сындарына орай Парламент Мəжілісінің депутаты Светлана Романовская мен «Демократияны дамыту институты» ғылыми-зерттеу ассоциациясы» қоғамдық ұйымының директоры Юлия Кучинская журналистермен брифинг өткізді. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

Светлана Романовская өзінің сөзін он жылдан бері «əзірлену үстіндегі» «Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасының Парламентке əлі күнге дейін ұсынылмай келе жатқанын айтып, сыни пікір білдіруден бастады. Егер бұл заң қабылданса, əлеуметтік маңызы бар проблемалардың орындалуын, мемлекеттік қаражаттың орынды жұмсалуын бақылайтын нақты қоғамдық институттар ұйымдастырылар еді, деді ол. Одан əрі депутат Президенттің

шағын несие беру мəселесі туралы сындарының өте орынды екенін, аймақтарға шыққан сайын осы проблемамен бетпе-бет келетінін жеткізді. Мемлекеттік бюджеттен осы іске деп бөлінетін ұлан-ғайыр қаражаттың жұмыс істемейтінін көзімізбен көріп жүрміз. Грант үшін деп аталатын олар толып жатқан есепшоттарда жатады, ал кəсіпкерлер оларды алудың əдісін таба алмай қиналады. Инновация дегеннің не екенін нақты ешкім білмейді, тек сол шараға деп шенеуніктер кəсіпкерлерді грантқа жолатпайды. Сондықтан гранттарды кімдер, не үшін, қандай шартпен

Їкімет ширыєа тїсті Жауаптылар жазалана бастады

Алты вице-министр сөгіс алды. Онымен қоса бірқатар комитет төрағалары жəне басқа да лауазымды тұлғалар жазаланды. Сондай-ақ, бірқатар облыс əкімдерінің орынбасарларына сөгіс жариялау тапсырылды. Себебі, олар Елбасы тапсырмаларын өз деңгейінде орындамаған. Кеше Үкімет отырысында Премьер-Министр Серік Ахметов тапсырманы тиянақты тындырмағандарды осылай жазалады. Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».

«11 қазандағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы біздің жұмысымызды өткір сынға алған болатын. Президент Үкіметке бірқатар нақты тапсырмалар берді. Қазіргі таңда мемлекеттік органдар, министрлер, əкімдер тарапынан тапсырмаларды орындау жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілмей отыр», деген қатаңдау сынмен бастады Үкімет

басшысы кешегі отырысты. Шынында, бұл жиын бұрын ғыдан өзгешерек. Бұлбұлша сайраған бұрынғыдай баяндамашылар жоқ. Е.Досаевтың шағын есебін ескермесек, бүтіндей сұрақ-жауап жағдайында өтті. Үкімет мүшелері бейне бір емтихан тапсыруға келгендей, қобалжулы сыңайлы. Сонымен, «Елбасы тапсырмаларын қалай орындап жатырсыз?» деген сынақ сұрағынан министрлердің бірі сүрініп жатты, енді бірі кідіріп жатты,

алатыны жөніндегі критерийлер халыққа ашық жеткізілуі керек. Елбасының өзі осы істі сынағанына екі апта өтсе де əлі күнге оңалуға бет алған іс көрінбейді. Жуырда ғана Үкімет бізге есеп беріп, Ақмола облысында – 14, Қарағанды облысында – 5, ОҚО-да 19 грантқа деген сұраныс-тілектердің бекітілгені туралы айтты. Ал Алматы, ШҚО жəне т.б. облыстарда əлі күнге бірде-бір сұраныс түспеген, – деді ол. Депутат келесі кезекте осы жобаны іске асыруда тиімсіз əдістер қолданылатынын айтты. Элек тронды үкімет дегеніміз тиімді жұмыс істей алмай отыр. Менің ойымша, осы іске арнаулы портал құрылуы керек, онда грантты беру шарттары толығымен жəне нақты жазулы тұрғаны абзал, деді С.Романовская. (Соңы 3-бетте). ал орынбасарлары сөгіске ілігіп жатты. Айталық, Үкімет бекіткен Ісшаралар жоспары 70 шарадан тұрады екен. 2013 жылдың аяғына дейін 46 іс-шараны, ал 2014 жылы – 22 ісшараны іске асыру көзделген. Бұл ретте 2 іс-шара бюджеттік заңнаманы жетілдіру мəселелері жөніндегі заңды қабылдағаннан кейін 2 ай мерзімінде іске асырылатын болады. Іс-шаралар жоспары 4 нормативтік-құқықтық акті жобасын əзірлеуді көздейді. Үкімет басшысы осы іс-шараларды орындау барысында əрбір министрліктің тиісті міндеттері бар екендігін баса айтып, осыған орай Елбасының кеңейтілген кеңесте келтірген мысалдарын қайта еске салды. Мəселен, мемлекеттік сатып алу мəселесінің төңірегінде қордаланған былық-шылықтар аз емес. Осыған орай проблемаларды шешіп, тəртіпке келтіру жайында Қаржы министрі Болат Жəмішевтен сұралды. (Соңы 2-бетте).


2

www.egemen.kz

6 қараша 2013 жыл

Їкімет ширыєа тїсті (Соңы. Басы 1-бетте). Ол өз кезегінде бұл бағыттағы күрделі мəселелердің бəрін шешетін заң жобасы əзірленіп жатқанын айтты. Министр заң жобасы жайында ұзақ айтып, толықтай таныстыруға тырысқан еді, бірақ көпсөзділік, ұзын-сонар есепті жақтырмаған Үкімет басшысы «маған нақты айтыңызшы» деген талаппен министрдің сөзін бөлді. Б.Жəмішев бұл шынымен де өте тиімді заңнама болатынын дəлелдеп бақты. Оның бір ерекшелігі, келесі жылдың бірінші қаңтарынан «Самұрық-Қазына» барлық мемлекеттік сатып алуларды электрондық форматта өткізуді жоспарлап отыр екен. «Заңнама бойынша мемлекеттік кəсіпорындар да мемлекеттік сатып алуды электрондық форматта өткізеді», деді Б.Жəмішев. Б.Жəмішев бұдан əрі алкогольге акциз құнын арттыру жайында да жауап берді. Мəселеге қатысты заң жобасы ағымдағы жылдың 10 желтоқсанында Парламент қарауына енгізілетінін жеткізді. Оның атап өтуінше, бұл құжат 2011 жылы дайындалып, ПремьерМинистр кеңсесіне енгізілген. Аталмыш мəселеге орай Үкімет басшысы «ең алдымен алкогольге акцизді көтеру керек, екіншіден, алкоголь өнімдерінің, оның ішінде өндірістің нақты айналымын түсінікті етуге тиіспіз», дей келе Қаржы министрі Болат Жəмішевке осы мəселемен мұқият айналысуды тапсырды. Бұдан əрі Премьер-Министр бюджет қаржысының дұрыс игерілмеу мəселесіне тоқталды. «Біз өткен аптада сіздермен Үкімет отырысында бюджет қаражатының игерілмеуі бойынша өткір əңгіме өткіздік. Қазірдің өзінде біз Парламентке енгізген бюджетті нақтылау бойынша шешімдер қабылдау барысында бұл басты мəселелердің біріне айналып отыр. Мен бюджет қаражатының игерілмеуіне жол берген лауазымды тұлғаларды жазалау туралы ұсыныс енгізуді бірінші басшыларға

тапсырдым. Мұндай ұсыныстар енгізілді. Сондықтан, бюджет қаражатының игерілмеуі бойынша Денсаулық сақтау вице-министрі Тəкежановқа, Ауыл шаруашылығы вицеминистрі Толыбаевқа, Қаржы вице-министрі Теңгебаевқа сөгіс жария лаймын. Сонымен бірге, бірқатар комитеттердің төрағалары мен басқа да лауазымды тұлғалар жазаланды», деді С.Ахметов. Жамбыл мен Павлодар облыстарының əкімдері орынбасарларына да сөгіс осы қаржы жəне бюджет қаражаты мəселелеріне қатысты беріліп отыр. Осы сəтте Үкімет басшысы Білім жəне ғылым министріне де назар аударып, вицеминистрлеріне қандай жазалар қабылданғанын сұрады. Аслан Сəрінжіпов орынбасарларының өтініш бергенін, оларды қызметінен босататынын айтты. «Жауапты хатшы бойынша да жазаға тарту үшін ұсыныс береміз», деді министр. Үкімет басшысы бұдан əрі «көлеңкелі» экономикамен күрес жайын сынға алды. Сөз арасында Үкімет басшысы «көлеңкелі» экономика белең алған нақты 5-6 бағытты алып, сонымен ымырасыз күресу қажеттігін ескертті. «Сауданың айтарлықтай басым бөлігі бізде ашық базарларда жүріп жатыр. Базарлардағы ретсіз сауда «көлеңкелі» экономиканы одан сайын əлдендіріп келеді. Ал одан кім байып жатыр? Ресми төлем жоқ, төлемнің бəрі «көлеңкеде» қалуда, түбіртек беру үдерісі де жолға қойылмаған. Біз базарларда қашан тəртіп орнатамыз осы. Əкімдермен бірлесіп осыны қарайық, сосын кіріселік жұмысқа», деді Үкімет басшысы Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министріне қарата айтқан сөзінде. Е.Досаевтың ұазаққа созылыңқыраған баяндамасын тоқтатып, «Кəнеки, нақты 4-5 бағытты алайық, ал сіз Экономика министрі ретінде Үкіметке, əкімдіктерге осы проблеманы алға тартыңыз, сосын ақылдасайық. Нақтылап,

Кəсіпкерлікке – кеѕ ќолдау

Оңдасын ЕЛУБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Өскеменде ҚР Ұлттық кəсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Тимур Құлыбаевтың, Шығыс Қазақстан облысының əкімі Бердібек Сапарбаевтың жəне Кəсіпкерлердің өңірлік палатасының директоры Игорь Шацкийдің қатысуымен Кенді Алтай кəсіпкерлері палатасы өңірлік кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Оған басқарма,

департамент басшылары, өңірдегі ірі кəсіпорындар мен бизнес құрылымдарының басшылары қатысып, өңірде кəсіпкерлерге қолдау көрсету, оның көкжиегін кеңейту мəселелерін талқылады. Тимур Құлыбаев өз сөзінде Шығыс Қазақстанда құрылған кəсіпкерлер палатасы кəсіпкерлердің мүддесін қорғауға жəне жан-жақты ұсыныс етуге, бизнесті дамытуға қолайлы жағдай жасайтындарын атап өтті. Бұдан кейін облыстағы кəсіпкерлер палатасы өңірлік

Достастыќтыѕ 20 жылы

Қазақстанның Иорданиядағы елшілігі жақында жарыққа шығып, тұсаукесері өткізілген «Қазақстан-Иордания қарымқатынасы: достық пен жасампаздықтың 20 жылы» атты кітапқа орай қабылдау өткізді, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.

Тұсаукесерге Король отбасының мүшелері, үкіметтің, парламенттің өкілдері, көрнекті саяси жəне қоғам қайраткерлері, дипломатиялық корпустың өкілдері, бизнес топтар мен Корольдіктің жетекші БАҚ-тарының журналистері, сондай-ақ, Қазақстан-Иордания достық қоғамының мүшелері келіп қатысты. Хашимиттік Корольдік тарапынан тұсаукесердің негізгі қонақтары Король Абдалла ІІнің Бас камергері ханзада Раад бен Зейд, Иордания Жоспарлау министрі Ибраһим Саиф жəне Иордания Сыртқы істер министрлігінің бас хатшысы Мохаммед Али Дахер болды. Өзінің құттықтау сөзінде Қазақстан Республикасының Иордан Хашимиттік

Ко роль дігіндегі елшісі Болат Сəрсенбаев Иорданияның саяси қайраткерлерін тұсаукесері өткізіліп отырған кітапқа оң баға бергендері үшін ризашылығын білдіре келіп, екі елдің көптеген мəселелерде өзара түсіністігі мен келісім деңгейі жоғары екенін атап өтті жəне Қазақстан мен Иордания ынтымақтастығы түрлі салаларда табысты дамып келе жатқанына назар аударды. Өз кезегінде ханзада Раад бен Зейд бауырлас екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтіп, мұндай ынтымақтастыққа қысқа мерзім ішінде қол жеткізілгенін көлденең тартты. Əрі қарай да достық жəне өзара тиімді қарым-қатынасты жандандыру ниетінде екенін мəлімдеді.

2014-2017 жылдарды қамтып іске кірісейік. Ал мына 150 пункттен тұратын жоспардан не шығады? Оның орнына ең басты 10-ын алайық, сосын барлық əкімдермен бірігіп, соны атқарайық бəріміз», деді С.Ахметов. Оның айтуынша, бақыланбайтын экономика тек сауда-саттықтар мен базарларда ғана емес, автокөлік жөндеу саласынан бастап, жеке пайдаланатын бұйымдарға дейінгі аралықтарда да толып жатыр. С.Ахметов еліміздің Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына қатысты да Елбасының айтқан сындарын алға тартып, осыған орай қандай жұмыстар жүргізіліп жатқандығы жөнінде Индустрия жəне жаңа технологиялар министрі Əсет Исекешевтен сұрады. Ə.Исекешев мəселеге орай Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстары əкімдеріне бағдарламаға жетекшілік ететін орынбасарларын, сонымен қатар, Өнеркəсіп жəне кəсіпкерлік басқармаларының бастықтарын тəртіптік жазаға тартуды тапсырғанын жеткізді. Сондай-ақ, «Қазавиа спектр» жобасы бойынша «ҚазАгро» төрағасының орынбасары Матажанов, Балқаш СЭС-ін жүзеге асыру бойынша «СамұрықЭнерго» вице-президенті Оспанов сөгіс алатын болады. Ал ПремьерМинистр экономиканы индустрияландыру бойынша жіберген олқылықтары үшін Индустрия кеңесінің төрағасы қызметіне Əсемхан Досқожановты ұсынды. Кəсіпкерлер кəсіпкерліктің қырсырын жетік білетін маманның кандидатурасын бірауыздан қолдады. Отырыста сөз алған облыс əкімі Б.Сапарбаев индустрияландыру картасына енген серпінді жобалар жайлы айта келіп, кəсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесін құруға атсалысқаны үшін Тимур Асқарұлына алғысын айтып, Кенді Алтайда кəсіп керлік тің жыл сайын дамып келе жатқанын, жыл басынан бері шағын жəне орта кəсіпкерлік бойынша өңірде 270 миллиард теңгенің өнімдері шығарылғанын тілге тиек етті. Тек қана шағын жəне орта кəсіпкерліктен облыс бойынша бюджетке жыл сайын 40 миллиард теңге түсіп тұрады екен. Шығыс Қазақстандағы кəсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесіне облыстың 7 ауданы мен 3 қаласынан уəкілдік ететін 26 кəсіпкер, 4 кəсіпкерлер қауымдастығының өкілдері енді. Бұдан кейін спорт саласы бойынша бірқатар нысандарды салу жөніндегі келісімге қол қойылды. ӨСКЕМЕН.

жəне жаңа технологиялар бірінші вице-министрі Альберт Рауға сөгіс жариялады. Үкімет басшысы барлық министрлер мен əкімдерге индустрияландыру жобаларының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мен олардың жоспарлы қуатына шығару бойынша шаралар қабылдауды жүктеді. «Іріктеліп алынатын жобалардың сапасына қарау керек. Олардың экономикалық мақсаттылығын назардан шығармай, өткізу нарығын да зерттеген абзал», деді Премьер-Министр. Үкімет басшысы тұрғын үйкоммуналдық шаруашылығын жаңғырту жұмыстарын жандандыруға қатысты да бірқатар тапсырма жүктеді. Бұл ретте ең алдымен мемлекеттік-жекеменшік əріптестік тетігін пайдалану қажеттігін ескертті. «Тұрғын үйкоммуналдық шаруашылығын жаңғырту жұмыстары мүлдем қанағаттанарлықсыз жүзеге асырылып жатыр», деген Серік Ахметов осы жəне басқа да бағыттар бойынша Өңірлік даму министрлігіне жұмысты белсенді ете түсудің қажеттілігін ескертіп өтті. Соған орай, осы мəселемен сонау Құрылыс істері жөніндегі агенттік құрылғаннан бастап айналысып келе жатқан қазіргі Өңірлік даму вице-министрі Серік Нокинге сөгіс жариялады. Премьер-Министр Мəдениет жəне ақпарат вице-министрі Арман Қырықбаевқа да сөгіс жариялады. «Біздің əрекеттеріміздің барлығы ашық болуы жəне БАҚ арқылы жұртшылыққа жетіп жатуы керек. Мұндай проблемаларды бүркемелеудің қажеті жоқ. Бұл жұмыс жүйелі, тұрақты əрі ашық болуы шарт. Елбасы мемлекеттік органдар мен Үкімет жұмысының БАҚ-тағы көрсетіліміне қанағаттанған жоқ. Сондықтан да, Мəдениет жəне ақпарат министрлігі белсенді бола түсуі керек. Біз өз жұмыстарымызбен айналысып жатырмыз, ал бұл ведомствоның жоспарлы жұмысы көрінбей келеді, əсіресе, соңғы уақыттары», деді С. Ахметов. Үкімет басшысы егер жылдың соңына қарай жағдай өзгермесе, Мемлекет басшысының атына бірінші басшыларды, оның ішінде əкімдерді жазалау туралы ұсыныстар енгізетінін де айтып өтті. Қорытындылай келе, «Мемлекет басшысы тапсырмаларының орындалуын енді біз апта сайын тыңдайтын боламыз», деп түйіндеді.

Қаныбек ЖҰМАШЕВ,

«Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

Съезде Нұрсұлтан Əбішұлының партияластарына, ел халқына арнаған тұжырымды сөздерін біздер алдағы атқарылатын ауқым ды жұмыстарға арналған бағдаршам деп түсіндік. Елбасының өткен жылғы «Қазақстан-2050» Стратегиясының негізгі бағыттарын айқындап берген Жолдауын жүзеге асыруда партияның рөлі мен міндеттері съезде қабылданған жаңа Доктринада нақты көрініс тапқан. Бұдан 12 жыл бұрын қабылданған партияның бұрынғы Доктринасы өз міндетін толық тай өтеді. Партияның жаңа Саяси доктринасы Елбасы, партиямыздың Төраға сы Н.Ə.На зар баевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясын нақты іс ке асыру дың тағы бір тегеурінді қадамы деп білеміз. Доктрина қазақстандық қоғамды жарқын болашақ жолындағы жасампаз істерге бастайтын, уақыт ағымы мен тəуелсіздік жылдарында қалыптасқан негізгі құндылықтарымызды өміршең идеялармен өрнектейтін партиялық бағдарлама, тұжырымдамалық құжат болып табылады. «Нұр Отан». Нұрлы болашақ жолында!» деген атауы айтып тұрғандай, бұл Доктринаның партиямыздың таяу болашақта атқаруға тиісті міндеттерін айқындаумен қатар, бүгінгі жас ұрпақты алыс көкжиектерге ұм-

сақ таудың бүгінгідей дүбірлі дəуірде қаншалықты қиын екенін өзге елдерде орын алып жатқан қырғи-қабақ соқтығыстардан көріп-біліп келеміз. Доктринадағы «Бірлік пен келісім» атты бөлімде партиямыз дың демократияны қоғамдағы əртүрлі ұлттар мен ұлыстар дың сан алуан мүдделерін сəйкестендірудің ең тиімді жолы ретінде бағалайтыны жəне демократиялық дəстүрлер мен мəде ниеттің дамуына, елімізді өркениет жолымен одан əрі өркендетуге ықпал ететін қуатты құрал болатыны қысқа да нұсқа, мейлінше, түсінікті етіп баян етілген. Мұның жарқын көріністерін біздің Маңғыстау облысынан да көптеп кездестіруге болады. Облысымызда қазір 21 этномəдени бірлестік жұмыс істейді. Олар біздің партиялық шараларымызға қоян-қолтық араласып тұрады. Тəуелсіздік жылдары ішінде өңірімізді мекен етіп жатқан өзге ұлт өкілдері ара-

сындыратын болашақ дамудың бағдаршамындай. Құжаттың басты құндылығы да осында. Тағы бір ерекшелігі – оның «Нұр Отанның» 15 жылдығына орай қабылданған саяси құжат болуында. Осынау 15 жыл ішіндегі еліміздің даму жолдары, əлемдік экономиканы шайқалтқан дағдарыстармен күрес кезеңдері, Елбасымыздың тəуелсіз Қазақстанды нығайту, өркениет көшіне ілестіру жолындағы сындарлы еңбектері көз алдымызда. Адам қай нəрсеге де салысты ру арқылы көз жеткізетіні аян. Осыдан 10-15 жыл бұрынғы өмі рімізге көз жіберсек, қазір адамдарымыздың əлеуметтік келбетінде де, экономикамыздың даму бағыттарында да түбегейлі өзгерістер болғаны айқын аңғарылады. Барлық даму кезеңдерімізде Елбасының жанына жалау болған біздің партиямыз мемлекет дамуының жаңа стратегиясын жүзеге асырудың бағыт-бағдарын, іс-қимыл жоспарын жасап алуға белсене кірісті. Жаңа тұғырнама, жаңа бағыт, жаңа шешімдер мен жаңа идеялар аясында жұмыс жасау өмірлік қажеттілікке айнала бастады. Доктринаның əрбір тарауының атқаратын рөлі, арқалайтын жүгі тау-төбе дерлік. Оның «Жаңа бағыттың мақсаттары: табысты дамудың жеті факторы» атты 4-тарауының кейбір тармақтары бойынша өз ой-түйіндерімді баян етейін. Байырғы қазақ жерінде тарихи тағдыр топтастырған көптеген ұлт өкілдері тұрып жатыр. Көпэтносты қоғамда бірлік пен келісімді, тұрақтылықты

сында келіспеушілік көріністер болған емес. Біздер бұл бағыттағы жұмыстарымызды құжатта айтылған қағидаттарға сай жаңаша жүргізудің жоспар-жобаларын қолға алуға тиіспіз. Ендігі мақсат – өңірлерде қызметіміздің ең негізгі бағыты етіп осы факторды ұстану. Доктринадағы «Төл мəдениет жəне руханият» атты тарау да көтерілген мəселелер жобаны талқылау барысында жұрт шылықтың басты назарында болды. Президенттің «Қазақстан-2050» Стратегиясында айтылған жас ұрпақты «Қазақстандық патриотизм» рухында тəрбиелеудің қағидаттары Төрағамыздың съезде сөйлеген сөзінде жаңа қырынан көрініс тапты. Тəуелсіздік жылдарында елімізде тоталитарлық жүйенің салқыны тимеген жаңа ұрпақ өсіп-жетілді. Оларды ұлттық құндылықтарымызбен сусындатып өсіру, төл тарихымызды таныту, тіліміз бен діліміздің өміршеңдігін санасына сіңіру біздің партиямыздың айнымас қағидасына айналуы тиіс. Елбасының партия съезінде осынау өмірлік маңызды мəселеге тағы да назар аударып: «Қазақ тілін білу азаматтық парызды ғана емес, ұлтқа деген құрметті білдіреді», деп атап көрсетуі тектен-тек емес. Тəуелсіз Қазақ елінің болашағы – қазақ тілінде екені, мəдениетіміз бен рухани құндылықтарымыздың, тіліміздің, ұлтымыздың өміршеңдігіне, Тəуелсіз мемлекетіміздің «Мəңгілік Ел» болып қалып тасуына бастайтын сара жол екені сөзсіз. Доктринадағы «Қуатты

Страсбургте Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Волков бастаған делегация Еуропа Кеңесінің Сыртқы саясат жөніндегі бас директоры Золтан Таубнермен келіссөз жүргізді, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, делегация құрамында Жоғарғы Сот жəне Бас прокуратураның өкілдері болды. Аталған ісшара барысында Қазақстан мен Еуропа Кеңесі арасындағы қылмыстық сот ісін жүргізу жөніндегі ынтымақтастықты нығайту жөнінде тақырыптық пікірталас өтті. Келіссөздер қорытындысы бойынша, Қазақстан Еуропа конвенциясының тиісті бөлігіне тез арада кіруді көздейтін 2014-2015 жылдарға арналған жоспардың орындалуы барысына қызығушылық танытты.

Гаагадаєы кездесу

діндер көшбасшыларының кезекті съезі, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 сессиясы сияқты шаралар қызықтырды. Кездесу аясында А.Торстың Астанаға ықтимал сапары талқыланды. ЕҚЫҰ кеңсесінің өкілдері этносаралық жəне конфессияаралық келісімнің қазақ стандық үлгісін жоғары бағалап, Қазақстан халқы Ассамблеясы институтының ел халқын топтастырудағы тамаша рөлін атап көрсетті. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ұлтаралық жəне конфессияаралық келісімді ЕҚЫҰ кеңістігінде нығайта беру үшін өзара іс-қимылды одан əрі жалғастыру қажет деген ортақ ұстанымға келді.

экономика», «Тиімді мемлекеттік басқару» атты тараулар елімізде жүргізіліп жатқан өмірлік маңызы зор, ел дамуына тың серпін беретін реформалардың нақты міндеттерін айқындайды. «Мықты аймақ – мықты мемлекет» демекші, облыс көлемінде биылғы жылдың тоғ ыз ай ы ішін де ауқымды жұмыстар жүзеге асырылды. Осы орайда, биылғы мамыр айында көршілес екі ел президенттерінің қатысуымен ашылған Өзен –

Жарќын істерге жігерлендірді

Еуропа кеѕесініѕ ќызыєушылыєы

Нидерланды Корольдігіндегі Гаага қаласында Қазақ стан Республикасының осы елдегі елшісі М.Мырзамедиева ЕҚЫҰ-ның Ұлттық азшылықтар істері жөніндегі жаңа Жоғарғы комиссары А.Торс бастаған кеңсе өкілдерімен кездесті, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында қазақ стандық дипломат сұхбаттастарын Қазақстан қоғамының қазіргі даму кезеңі, ел басшылығының ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, Қазақстанның көпұлтты жəне көпконфессиялы халқын топтастыру бойынша белгілеген ұзақ мерзімді басымдықтары туралы егжей-тегжейлі əңгімелеп берді. 2011-2014 жылдарға арналған Ұлттық бірлік доктринасының басты қағидаттары да жан-жақты түсіндірілді. Кездесу кезінде тараптар Қазақстандағы конфессияаралық жəне этносаралық келісім саласындағы соңғы жетістіктер туралы ақпараттармен алмасты. Кеңсе өкілдерін Қазақстанда өткен Əлемдік жəне дəстүрлі

Бұл күндері бүкіл еліміз партиямыздың XV съезінен кейінгі өрлеу кезеңін бастан кешуде. Съезд шешімдерінен, съезде Елбасымыз, партия Төрағасы Н.Ə.Назарбаевтың сөйлеген сөзінен алған орасан зор əсер мен тың серпін қоғам өмірінің қай саласында да айқын аңғарылуда. Əсіресе, нұротандықтар съезден елімізді одан əрі дамыту жолындағы жарқын істерге деген зор құлшыныспен оралғандары сөзсіз.

Түркіменстан шекарасы темір жолы еліміздің халықаралық байланыстарын нығайтуға, оның ішінде Маңғыстаудың экономикалықəлеуметтік əлеуетін арттыруға айтарлықтай ықпал ететін, алдағы даму бағыттарымызға тың серпін беретін игілігі мол іс болды. Ұзындығы 145 шақырымдық теміржол бойына электр жүйесі, су, газ желісі тартылып, бес бекет, Болашақ атты жаңа станса салынды. Бұл бұрын тусырап жатқан жапан даланы жаңғыртып, ел игілігіне жарату, ең бастысы – Жаңаөзен қаласындағы жұмыссыздық деңгейін едəуір мөлшерде төмендетуге ықпал етті. Облыс халқының əлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған тағы бір тегеурінді қадам – бұл көп жылдар бойы талай алқалы жиындардың таусылмас «жырына» айналып келген Бейнеу – Ақтау асфальт жолының салына бастауы деуге болады. Қазір бұл жерде де жұмыс қарқынмен жүріп жатыр. Халық арасында «Өмір жолы» деп аталып кеткен бұл күре жолдың облыс тұрғындары үшін маңызы зор. Маңғыстау облысына халыққа қажетті тауарлардың, азық-түлік өнімдерінің 70-80 пайызы сырттан тасымалданады. Өңірдегі қымбатшылықтың бір түйіні осында жатқанын ескерсек, Бейнеу – Ақтау асфальт жолының маңыздылығын түсінуге болады. Сонымен қатар, Бейнеу – Жезқазған теміржолының салына бастауы да Маңғыстау тұрғындарының нұрлы болашаққа деген сенімін үстей түскенін айту керек. Доктринада аталған «Əділ əлеуметтік саясаттың» жүзеге асырылуын қадағалауда аймақтық, аумақтық филиалдарға ерекше сенім артылатынын біз жақсы түсінеміз. Білім беру, денсаулық сақтау салаларындағы мемлекеттік бағдарламалардың сапалы орындалуы, əркімнің тұрғын үймен қамтамасыз етілуі жəне т.с.с. аса маңызды жобалардың сапалы жүзеге асырылуы түбінде біз тағайындаған билікке деген көзқарасты қалыптастырады. Сондықтан, жаңа Доктрина бізге филиалдардағы басқарудың сапасын арттыруға аса мəн берілуі қажет екендігін көрсетіп тұрған секілді. Біз ол үшін бастауыш партия ұйымдарынан бастап бар лық деңгейде жұмыстың ұйымдастырылу сапасын жақсартуымыз қажет. Ең əуелі аумақтық филиалдарымыздың материалдықтехникалық базаларын нығайту маңызды. Қазір облыстағы 7 филиалдың 6-уының жаңа жеке ғимаратының құрылысы аяқталды. Жаңа автокөліктер мен компьютерлер алынып берілді. Енді, осы шаруашылықты тиімді басқара білу қажет. Қорыта айтқанда, партияның Маңғыстау облыстық филиалы, делегаттарымыз съезд шешімдерін, Елбасы, партия Төрағасы Н.Ə.Назарбаевтың съезде сөйлеген тұжырымдамалық сөзін қалың жұртшылыққа насихаттау, түсіндіру жұмыстарына съезден оралған бетте-ақ кірісіп кетті. Облыстық телеарнаның «Резонанс» телехабарына қатысып, көрермендердің сұрақтарына тікелей эфирде жауап бердік. «Ел ертеңі» телебағдарламасына делегаттарымызды, жастар өкілдерін қатыстырып, съезде айтылған мəселелер, партияның жаңа Доктринасы туралы келелі əңгімелер жүргіздік. Облыс көлемінде шығып тұрған газеттерде делегаттарымыздың мақалалары жарық көре бастады. Таяудағы жоспарымызда ірі кəсіпорындардың ұжымдары алдында, бастауыш партия ұйымдарында, жастар өкілдерімен делегаттарымыздың кездесулерін өткізіп, арнайы лекциялар оқуды көздеп отырмыз. Қысқасы, біздерді съезд қабылдаған шешімдерді, Төрағамыздың съезд мінберінен айтқан тұжырымдары мен тапсырмаларын жүзеге асыру жолындағы ауқымды істер күтіп тұр. АҚТАУ.


www.egemen.kz

6 қараша 2013 жыл

3

 Президент тапсырмасы қалай орындалуда?

Баяулыќ сыры неде? Биылғы жылдың 11 қазаны күні өткізілген Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында несиелердің пайыздық мөлшерлемелерін субсидиялау жұмыстары Батыс Қазақстан облысында баяу жүріп жатқанын сынға алды. Неге баяу жүреді? Мұның арғы астарында не сыр бар? Біз осы сауалдардың аражігін ажырату мақсатында журналистік зерттеулер жүргізген едік. Оның барысында, тұтастай алғанда, аталған бағдарлама Орал қаласында жəне облыс орталығына іргелес Зеленов, Теректі аудандарында, кеншілер қаласы Ақсайда біршама оң жолға қойылғанына көз жеткіздік. Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан».

Мұның себебі «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына қатысуға ниет білдірушілер инфрақұрылымы біршама жақсы дамыған, тасымал, жол шығындарын қажет етпейтін, біріншіден, өздері үшін тиімді де ыңғайлы облыс орталығы маңайын таңдап, аттай қалап алатынында деуге болады. Тіпті, бұл үшін жергілікті атқарушы орган жетекшілерінің кəсіпкерлерге қандай да бір түсінік жұмыстарын жүргізуінің де қажеті болмай қалғанға ұқсайды. Бұған өңірдің дəл осы бөлігінде кəсіпкерлер саны табиғи түрде 8 пайызға өсуі де мысал бола алады. Бұған керісінше, облыстың Бөкей ордасы, Қаратөбе, Жаңақала жəне Жəнібек аудандарында бұл қызметке орай бірде-бір жоба жүзеге асырылмаған болып шықты. Тіпті, облыс орталығынан айта қаларлықтай қашық емес Ақжайық ауданындағы істің жайкүйі де көңіл көншіте бермейді. Міне, қарама-қайшылық қайда? Мұны қалай реттеуге, арадағы тепе-теңдік пен арасалмақты бір-біріне қалайша жақындатуға болады? Осындай басы ашық сауалдардың арғы астарына тереңірек үңілу үшін кешегі түні Ақжайық жəне шалғайдағы Жаңақала ауданына шұғыл аттанып кеттік. Біз мұнда ел ішіндегі кəсіпкерлермен кездесіп бағдарламаны іске асырудағы іркілістер мен кедергілер жөнінде ой-пікір алмастық. Осыдан ұққанымыз бен көңілге түйгеніміз «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының екінің бірі қалпақпен соғып, ұрып ала қоятын оп-оңай жоба еместігі. Бұл, біріншіден, экспорттық өнімдер өндіруге бағытталған, сондықтан да жоғары технологияларға арқа сүйейтін, сонымен бір мезгілде, өзіндік құны төмен тауарлар шығара алатын жоба болуы қажет. Бұған бел буған кəсіпкердің екінші деңгейдегі банктерден алатын несиесінің үстіндегі өсімі 14 пайызды құрайды. Осы пайыздық мөлшерлеменің 7 пайызы мемлекет есебінен төленсе, қалған 7 пайызын бағдарламаға қатысушының өзі төлейді. – Бұл, сөз жоқ, мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған өте жақсы жеңілдік. Алайда, аталған банктер ауылдағы ағайынға 25 пайыздық кепілдік көлемін белгілеген. Мұны табу оңай емес.

Олар ұсақ-түйекті кепілге ала бермейді. Бағдарламаға қатысушының оған төлейтін өз қаражаты 15 пайыз мөлшерінде. Бұл шағын жоба емес, оның құны 3 миллиард теңгеге дейін барады. Яғни, мұның өзі 1 миллиардқа шаққанда 150 миллион теңгеге дейін жетеді деген сөз. Қысқасы, екінші дең гейдегі банктер тарапынан несие алуда біршама кедергілерге кездесіп жүрміз,– дейді Ақжайық ауданындағы «Нұр-Ғасыр» ЖШС-нің жетекшісі Нұрлан Салихов. Тағы бір көзіміз жеткен жайт – аталған аймақтарда бағдарламаға қатысты жобалар жүзеге аспағанымен, осы шеңберде тиісті ұсыныстар мүлдем болмады десек, шындыққа қиянат. Айталық, Ақжайық ауданында қант зауытының жəне Жаңақала ауданында тауық өсіру фабрикасының жобаларын қолға алғандар ұзақ уақыт бойы сергелдеңге тап болған. Мұның бір себебі – екінші деңгейдегі банктер ауылдағы ірі жобаларға несие беруге келісім бермеген. Мұны кəсіпкер Самат Жұмағалиев аяғына дейін жеткізе алмаған қант зауыты жобасына қатысты айтуға болады. Ал тауық өсіруге ниет еткен Мереке Имашев грант ала алмаған. Оған қол жеткізе алмау себебі – арнаулы комиссияның қатаң талабы мен сүзгісі көрінеді. Оның үстіне Жаңақала секілді шалғай ауданда тауық өсірудің бірқатар қиындықтары мен иірімдері бар екендігі, түптеп келгенде, мұның тиімсіздігі жөнінде əңгімелер де алдан шыққан. Ұзын сөздің қысқасы «Бизнестің жол картасы-2020» секілді икемді бағдарламаны іске асыру үшін де икемді іс-қимылдар қолға алынуы қажет емес пе? Егер оған қатысуға ниет білдірушілер облыстық құрылымдарға құжатта рын өткізуде төрешілдік кедергілерге тап болып жатса, сөйтіп, алтын уақыттарын зая кетірсе, бұған келісу қиын-ақ. Мысалы, Жаңақала ауданындағы «Нұр-Тем» ЖШС-нің жетекшісі Темірғали Нұрмұқаев осындай сəтсіздіктерден кейін Ауыл шаруашылығы министр лігіне қарасты қаржылық инсти туттардың көмегіне сүйенуге мəжбүр болыпты. Əрине, бұл екеуінен ұсынылатын несиенің пайыздық мөлшерлемелері бір-бірімен қарайлас. Тек бұл арада «ҚазАгроҚаржы» жүйесі мамандарының несие алушыға неғұрлым оңтайлы түрде келгенін айту парыз. Ендеше, осындай үрдіс пен қасиет «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын іске

Етті неге сырттан тасып отыр?

Қазіргі күндері Ақтөбе қаласындағы сауда нүктелеріне ет пен ет өнімдері негізінен Ресейдің Орынбор облысынан жеткізіледі. Сиыр етінің тағы бір бөлігі мұнда Қостанай мен облыстың өз аудандарынан келеді. Бұл туралы «Актобетаймс» газеті хабарлады.

«Орталық базарға əр таң сайын ет əкелінеді. Соның ішінде шошқа етінің 99 пайызы Бестамақ кентінде орналасқан «Париж коммунасы» ЖШС-нен түседі. Оның көтерме сатып алу бағасы 650 теңге болса, сатылу құны 750 теңге болады. Базарға сиыр етін «Еңбек» ЖШС тапсырады. Ал оған ет негізінен Қостанай облысының шаруашылықтары мен Орынбордан жеткізіледі. Бұл жерде сиыр етін Ресейден сатып алудың тиімді екені байқалады. Оның сатып алу бағасы килосына 400 теңгеден аспайды. Сырттан əкелінген сиыр еті əлдеқайда арзан жəне сатуға өте тиімді», – делінген онда. Жасыратыны жоқ, қазіргі таңда Ақтөбе облысында жергілікті ірі қара мал шаруашылығы қатты тұралап тұр. Облыс əлі күнге дейін кеңес заманының қайта құру кезеңіндегі мөлшеріне жете алмай келеді. Егер аймақта

1991 жылы 586 мың бас ірі қара есепте тұрған болса, қазір оның қатары 404 мыңнан аспайды. Ақтөбеде бұрын қой мен ешкінің басы да баршылық еді. Айталық, бұдан 20 жыл бұрын бұл өңірде 2,7 млн. бас қой мен ешкі өріп жүрсе, бүгінде олардың қатары 2 еседен де жоғары мөлшерде аз. Мамандар шошқа басының да айтарлықтай азайып кеткенін алға тартады. Ол тəуелсіздікке қол жеткізер алдындағы жылдардағы деңгейдің 40 пайызына да жетпейді. Мал басының күрт кеми түсуі биылғы жылы облыстың Мəртөк ауданында айрықша байқалған. Бұл жөніндегі мəлімет мұның алдындағы жылдарға қарағанда, ірі қара санының 36 пайызға түсіп кеткенін көрсетеді. Ал Шалқар ауданында қой мен ешкінің тең жартысы жоқ. «Мұның негізгі себебі

асырушыларға да сіңісті болғанын қалар едік. Журналистік іссапар кезінде шалғай аудандарда əртүрлі деңгейдегі меншік иелері қолға алған жол, жарық, су жүйелері секілді инфрақұрылымдарды тарту ісінде де бірқатар кедергілер кездесіп отырғанына куə болдық. Шынтуайтына келгенде, бұл – кез келген ауылдағы кəсіпкердің оң жамбасына дөп келетін тиімді де ыңғайлы əрі қолжетімді жоба. Бұған айта қаларлықтай көп қаражаттың да қажеті шамалы. Өйткені, оның өтеуі мемлекет қаражаты есебінен жүргізіледі. Алайда, ауыл кəсіпкерлері мұндай сипаттағы өздері жасаған бизнес-жоспарлары мен басқа да қажетті құжаттарын тиісті орындарға өткізу үшін табандарынан тозады. Біріншіден, оған бағалату жұмыстарын жүргізу көп уақыт алатын көрінеді. Мұны тиісті лицензиялары бар тұлғалар мен жекеменшік компаниялар атқаратындықтан, олардың сұрайтын бағалары қатардағы ауыл кəсіпкерлері үшін ылғи да қолжетімді бола бермейді екен. Яғни, тиісті мөлшерден екі есе мүлік талап етіледі. Сөйтіп, инфрақұрылымдық сипаттағы жобалардың іске асу мерзімі кешеуілдей береді. Осындай бір жағдай жөнінде Жаңақала ауданындағы «Наурыз» шаруа қожалығының жетекшісі Наурыз Бекмашев айтып берді. Оның жарық тарту жөніндегі бизнесжоспары жоғарыдағыдай себептермен келесі жылға қалыпты. Журналистік сараптамалар мен талдаулар республиканың шалғай аудандарында аталған бағдарламаларға қатысуға екінің бірі тəуекел ете бермейтінін көрсетеді. Сондай-ақ, бүгінде қалада өз бизнесін тым жақсы жолға қоя білген іскер азаматтардың ауылға бет бұру үрдісі де байқалмай келеді. «Оның басты себебі – аудандардың қашықтығы, екі арадағы жолдың нашарлығы, сондай-ақ, тиімділік пен пайда беруге жетектей алатын өзге де инфрақұрылымдардың жеткіліксіздігі болып отыр. Мұндай жағдайда біз бизнестік нысандарды бақылау мүмкіндігін де азайтып аламыз. Үлкен жобаның қайтарымы мен өтемі болатынына көзіміз анық жетсе, шалғай өңірлерге баруға да болар еді. Бұған толықтай кепілдікті көре алмай жүрміз», – дейді бізбен əңгімесінде Орал қаласы мен оның төңірегінде «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына қатысып жүргендер. Оралдық кəсіпкерлердің осылайша «сауысқаннан сақ мінез» танытуларын бір есептен түсінуге де болатын секілді. Қалай дегенде де, шалғай аудандар мен облыс орталығында бизнесті өркендету үшін жасалған мүмкіндік бірдей емес екені аян. Мұның өзі алдағы кезде ауылдағы инфрақұрылымдық жүйелерді жақсарту жөнінде түбегейлі шаралар белгілеу қажеттігін көрсетеді. Сондай-ақ, екінші деңгейдегі банктердің ауылдағы қарапайым соң ғы жылдары облыс жерін құрғақшылық жаулап алғанынан шығып отыр, – дейді осы орайда облыстық статистика департаментінің басшысы Мəншүк Қожахметова. – Мал басына жүргізілген санақтан кейін олардың шын мəнінде ауылдық округтер əкімдерінің көрсеткен мөлше рінен едəуір аз екеніне көз жеткізілді». «Актобе-таймс» газеті бұдан бұрын ауыл əкімдерінің шаруашылық жүргізу кітаптарына малдың басын қалай қосып жазғандары туралы баяндап берген екен. Ал кемістіктің орнын малдың егілуіне байланысты тексеру жүргізу кезінде прокуратура қызметкерлері анықтапты. Нəтижесінде ауыл шаруашылығы саласының 5 қызметкері үстінен қылмыстық іс қозғалып, 11 ауылдың əкімі сөгіс алған көрінеді. Газет тілшісі сондай-ақ үстіміздегі жылғы 8 айда Ақтөбеден 20,7 млн. доллар ақшаның Ресей мен Беларуське кеткенін жазады. Оған сол жақтардан 9,2 мың тонна ет жəне ет өнімдері əкелініпті. «Ақтөбеліктер ет асып жеуге керекті малдарының өзін қазір шетелдерде өсіріп жатыр», – демеске амал жоқ. Мұрат АЙТҚОЖА.

кəсіпкерлердің мүмкіндігіне қарай бейімделе алмай жатқаны да алаңдатады. Мүмкін, олардың қызметіне жаңаша көзқарас қажет шығар. Белгіленген бағдарлама аясында пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялауға қатысты жан-жақты түсінік жұмыстарын жүргізу – бүгінгі күннің басты талаптарының бірі. Əрине, Орал өңірінде мұндай іс мүлдем қолға алынбай отыр деп айта алмаймыз. Айталық, іссапар кезінде Ақжайық жəне Жаңақала аудандарында Елбасы сынынан кейін дəл осы мəселеге қатысты салалық семинарлар өткізілгеніне куə болдық. Сондай-ақ, мəселенің мəн-жайын түсіндіру үшін Батыс Қазақстан облысының кəсіпкерлік жəне өнеркəсіп басқармасы басшылары мен мамандары тарапынан ауданаралық басқосулар өткізу шаралары да белгіленіп отыр екен. Бізде бір шындықпен үйлесім таба бермейтін теріс əдет бар. Қоғамдық-өндірістік өмірде белгілі бір кемшіліктер орын алса, оған аймақ, облыс басшыларын кінəлауға əзір тұрамыз. Рас, олардың тарапынан істі мүлтіксіз жүргізу үшін талап қатаң қойылуға тиіс. Батыс Қазақстан облысының əкімі Нұрлан Ноғаев «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын іске асыруға қатысты Елбасы айтқан сын-ескертпелерге орай актив жиналысын өткізіп, сала жəне аудан басшыларына бұған дейін орын алған үстірттік пен олқылықты шұғыл жою жөнінде тапсырма берді. Бұл арада кəсіпкерлік пен бизнесті қорғау мен қолдаудың бір кілті облыс əкімінің бизнес пен кəсіпкерлік нысандар қызметін қадағалайтын орынбасарының қолында екенін де айта кеткен жөн. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазан айының үшінші онкүндігінде Батыс Қазақстан облысына сапары кезінде облыс əкімінің осындай салалық орынбасары Марат Кəрімовті орнынан тұрғызып, істің жай-күйін сұрағанда ол дұрыс, дəл жауап бере алмай қалды. Сондықтан, бұл орынбасар алдағы кезде өзі тікелей бақылайтын «Бизнестің жол картасы-2020» секілді бағдарламаны ойдағыдай іске асыру үшін жоғары кəсібилік пен біліктілік көрсете білуі қажет деп санаймыз. Сон дай-ақ, аталған жобалардың жүйелі жүргізілуі жоғарыда атал ған басқарма басшысы Аслан Жа қы повтың қызметіне де үлкен сын. Шиырып айтқанда, өңірді ширататын шаруа баршылық. Ең бастысы – бұған ниет те, мүмкіндік те бар. Етектен тартуға итермелейтін объективті жəне субъек тивті тұрғыдағы себептер де жоқ емес. Мұның бірқатарын жоғарыда айтып өттік. Елбасының пайымды да парасатты сынынан кейін өңірде «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының екінші тынысы ашылса игі. Батыс Қазақстан облысы.

Суретті cалған Айдарбек ҒАЗИЗҰЛЫ.

Мўныѕ мəн-жайы журналистік іссапар барысында ашылды

Желге ўшќан миллиардтар

Президент айтудай-ақ айтып жатыр. Үкіметке, жергілікті əкімдерге кемшіліктерін көрсетіп, тапсырма беріп жатыр. Бірақ Үкіметтің қимылы, серпіні баяу. Бəрін тас-түйін етеміз деп уəдені үйіп-төгіп береді де, артынан сиырқұйымшақтанып кетеді. Миллиардтаған ел қар жы сының қайтарымсыз құрдымға кетіп жатқанына қабырғалары қайыса қоймай ма деп күдіктенесің. Бұл ретте мысал деген шашетектен. Үкімет өз алдына, əр деңгейдегі əкімдер де мемлекет қаржысын бақылауда селқос. Мысалы, «Ауыз су» бағдарламасы сегіз жыл бойы көбіне қағаз жүзінде атқарылып, нақты айтарлықтай іс тындырылмағанын ел-жұрт біледі. Жергілікті басшылардың бірқатары жоғары жаққа жалған ақпар беріп, көзбояушылыққа салынған. Көпшілігі істі болып та жатыр. Осы бағдарлама құрдымға кеткен өңірлер қатарында Солтүстік Қазақстан облысы да бар. Өткен жылы нақ осы уақытта Елбасы облыста «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша атқарылуы тиіс жұмыстарды іске асыра алмағаны, ең сорақысы, жұмыс істемейтін 14 нысан туралы жалған мəлімет бергені үшін облыстың сол кездегі басшысына сөгіс арқалатып жіберген еді. Былайғы жұрт осыдан кейін шіренген шенеуніктер айылдарын жиятын, тəубесіне келетін шығар деп ойлаған. Қайда?! «Қарға қарғаның көзін шұқымайды» деген рас екен, қонышынан бассам өз етігім дегендей, бөлінген

ақшаны оңды-солды шашып, өңір халқының жартысын таза ауызсусыз қалдырған басшы əкімдік тізгінінен айырылғанымен, екінші бір жұмсақ орынтаққа қонжия кетті. Желге ұшқан 7 миллиард теңгеге жуық (кей деректерде 10 миллиард) қаржының қайда кеткенін іздеген де ешкім болған жоқ. Жеті миллиард жеті теңге емес қой, судың да сұрауы бар емес пе?! Осындайда құқық қорғау органдары қайда қарап отыр деген сауал да ойға оралады. Сайып келгенде, мұның өзі Елбасы тапсырмасын орындауға жауапты адамдардың өздері тікелей міндеттеріне енжар қарағанын көрсетеді. Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданында мердігер компания ескі іргетасқа орната салған су тарататын мұнара іске қосылғанмен, бір жарым ай өтпей жатып құлап қалып, біраз шу туғызған еді. Ақыры, ол да жабулы қазан жабулы күйінде қалды. Енді Петропавл қаласында қыруар қаржы жұмсалып, мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған екі

Жеті пəтер кері ќайтады

«Бəйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ «Қазақстан тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі» АҚ еншілес мекемесімен бірлесіп «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында банк басшылары мен олардың туыстары «Əйгерім» тұрғын үй кешенінен алған пəтерлерді қайтаруда, деп хабарлады «Бəйтерек» ҰБХ» АҚ баспасөз қызметі.

Бағдарлама бойынша пəтер алғандардың арасында банктің басшылары мен олардың туыстары болып табылатын 9 азамат анықталған еді. Олардың жетеуі пəтерлерді өз еркімен қайтаруға келісті. «Банк басшылары мен олардың туыстарының бəрі дерлік пəтерлерді өз еркімен қайтаруға ықтияр білдірді. Қазір біз Алматы қаласының

əкімшілігімен бірге пəтерлерді қайтарудың құқықтық тетіктерін қалыптастырып жатырмыз. Жақын арада бұл пəтерлер баспанаға мұқтаж азаматтарға беріледі деп ойлаймын. Ал пəтерлерді өз еркімен қайтаруға келіспей отырған екі азаматқа қатысты сотқа шағым түсіріледі. Оларға сотқа дейінгі талап-хат жіберілді», – деп атап өтті «Тұрғынүй-құрылысжинақ-

Баєдарламалардыѕ іске аспайтыны – баќылаудыѕ əлсіздігінен (Соңы. Басы 1-бетте).

Одан кейін депутат шағын авиа өнімдер шығаратын зауыт жасаймыз деп алынған ұлан-ғайыр ақшаның ізі əлі де анықталмай, бұл іс «жабулы қазан – жабулы қалпында» тұрғанын айтты. Үкіметке осы мəселе бойынша қандай ұйымдастыру шаралары жасалды, кімдерді жазалап, кімдер жұмыстан шығарылды деген сауалдар берсек те ол жауапсыз қалып жатыр, деді брифинг өткізуші. Одан əрі ол тұтынушылар құқығын ескермейтін өндірушілерді сынап, Ресейге шырындар шығарған кəсіпкердің шаруасы нақ осы себепті алға баспағанын көлденең тартты. Біздің өндірісшілер «тұтынушылар құқығы» дегенді əлі күнге «сатып ал да сат» (купи-продай) деп қана түсінеді, яғни алдаумен алға басамыз деп қателеседі. Ондайдың заманы əлдеқашан өткен. Бəсекелестікке қабілетті болу үшін тек қана сапалы өнімдер шығару керек, деді Светлана Юрьевна. Сонымен қатар, ол лифт шаруашылығы мəселесін, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын,

дүкендерде ешқашан өзіңнің безбеніңді қолдануға болмайтынын, т.б. мəселе туралы айтып өтті. «Демократияны дамыту институтының» директоры Ю.Кучинская алдыңғы əріптесімен салыстырғанда нақты деректерге сүйеніп дөп сөйледі. Президенттің сындары атқарушы биліктің естерін жиғызып, бойларын сергіткен суық душ сияқты болды. Сондықтан оның маңызы зор, деп бастады ол өзінің сөзін. Қоғамдық пікірлерді зерттей жүріп біз елді

дамытуға арналған өте өзекті мəселелерді шешуді мақсат еткен неше түрлі бағдарламалар қабылдап жатқанымызбен халық Үкіметті əрекетсіз деп бағалайтынына көз жеткіздік. Əсіресе, «біздегі істердің бəрі қағаз жүзінде ғана орындалады» деген пікір халық арасында кең тарап, басым болып тұр. Соңғы кездері атқарушы органдар өкілдері өз жұмыстары туралы халыққа да, депутаттарға да көптеген ақпараттар беруге тырысып жатыр. Бұл, əрине, құптарлық іс.

бірдей көпқабатты үй құлаудың азақ алдында тұр. Мамандар бұл үйлер түптің-түбінде Қарағандыдағы «Бесобаның» кебін киеді дейді. Өйткені, қалалық əкімдіктегілермен ауыз жаласқан бас мердігер жобадан ауытқып, мұндай ғимараттарға арналмаған арзанқол материалдарды, атап айтқанда, іргетасына жобаға сай мықтылығы 250 маркалы цемент емес, 150 маркалы цемент қолданған. «Ал қабырғаларды бекітуге қажетті темір сымның да жуандығы 24 миллиметр емес небары 12 миллиметр ғана болып шықты. Бұл материалдар мұндай тоғыз қабатты үйді көтеріп тұра алмайды», дейді олар. Бір өкініштісі, сол үйлердің бірінде қазір 90 отбасы шыбын жандарын шүберекке түйіп, тұрып жатыр. Өйткені, бұл олардың талай жыл кезекте тұрып қол жеткізген баспаналары, басқа баратын жерлері жоқ. Ал оның жанындағы 126 пəтерлік үй мүлдем пайдалануға жарамсыз деп танылып, қаңырап бос тұр. Бұл үйлерді салуға кезінде қазынадан бір миллиард теңге бөлінген. Енді оның бəрі желге ұшты. Осындай жөнсіздікке жол бергендер заң алдында əлі жауап берген жоқ. Осы сияқты сорақылықтарға жол берген басшыларды Үкімет неге тəртіпке шақырмайды? Ерболат ШЫНТЕМІР.

банкінің» жаңадан тағайындалған басшысы Айбатыр Жұмағұлов. 9 пəтер «Тұрғынүй-құрылысжинақбанкінің» басшылары мен олардың туыстарының арасында бөліске түскен. Олардың арасында банк басқармасының бұрынғы төрағасы, басқарма төрағасының бұрынғы екі орынбасары, банктің Алматы облыстық филиалының директоры, Алматы қалалық филиалының директоры, олардың туыстары бар. «Əйгерім» тұрғын үй кешенінде пəтер алған банктің басқа қызметкерлеріне қатысты қандай да бір шара қабылданбайды. Себе бі, олар банктің басшылық құрамына кірмейді жəне де баспананы бағдарлама талаптарына сай заң шеңберінде алған. 26-31 қазан аралығында біздің институт қазақстандықтардың барлық бұқаралық топтарын қамтыған сауалдама жүргізген еді. Ел азаматтарының 97 пайыздан астамы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа сенім білдіреді. Сонымен қатар респонденттерге «Жергілікті өкімет өкілдері сіздің жəне сіз тұратын елді мекеннің проблемаларымен танысты ма?» деген сұрақ қойылды. Осы сұраққа сұралушылардың тек 18 пайызы ғана «иə» деп жауап берген. Міне, осы жауаптан-ақ Үкіметтің елді, өңірлерді дамытуға арналған бағдарламалары орындалмайтындығы жəне олар біздің отандастарымыздың мүддесін көздемейтіндігі, олардың жергілікті жерлерге жетпейтіндігі көрініп тұр. Респонденттердің əрбір үшіншісі «Елдің дамып, ал өз басыңыздың жақсы тұрмысқа жетуіне қандай нəрсе кедергі болып тұр?» деген сұраққа: «Қоғамдағы қауырт өсіп кеткен сыбайлас жемқорлық» деп жауап берген. Сондай-ақ, бұл сұрақтың жауабында сұралушылардың 41 пайызы денсаулық сақтау саласының əлсіз екендігін көрсеткен. Ал респонденттердің 24 пайызы елдегі жол проблемаларының өткірлігін мемлекеті міздің қарыштап дами алмай отыруындағы басты себеп ретінде атаған, деді Ю.Кучинская.


4

www.egemen.kz

6 қараша 2013 жыл

 Тарих толқынында

Кїѕгірт тўстарєа жарыќ тїсті «Мыңжылдық көкжиек» бағдарламасы шеңберінде шетелге іссапарға барып қайтқан ғалымдардың бірі – тарих ғылымдарының докторы, Археография жəне деректану ұлттық орталығының жоғары деңгейлі археографы Жұлдыз ТӨЛЕБАЕВА.

– Іссапар нəтижесіне тоқталмас бұрын, ең алдымен зерттеп жүрген тақырыбыңыз жайында айтып өтсеңіз. – Ғылыми жұмыстарымның негізгі бағыты – шығыстық дерекнамалар. Кандидаттық диссертациямның тақырыбы парсы деректеріндегі ХVІІІ – ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақтардың көрші халықтармен өзара қарым-қатынасына арналған. Докторлық диссертациямды да Парсы деректеріне сүйене отырып Қазақстан жəне қазақ тарихы. ХІІІ-ХІХ ғ.ғ. атты тақырыпта қорғадым. Шығыс қолжазбаларымен қазіргі Санкт-Петербург, бұрынғы Ленинград университетінің шығыстану факультетінің бірінші курсын оқып жүрген шағымда танысқан болатынмын. Шығыс мəдениеті тарихына қатысты сабақтарымыз Эрмитаждың шығыстану бөлімінде жиі өтетін. Бізге, өз шəкірттеріне шығыстың қолжазба мұраларына деген құрмет пен сүйіспеншілікті үйретіп кеткен ұстаздарым, академик М.Н.Боголюбов, профессорлар А.Т.Тагирджанов, А.Н.Болдырев, А.Н. Розенфельдтерді шексіз алғысымды білдіре отырып ыстық ықыласпен еске аламын. – Өзбекстанға іссапарға барып келіпсіз. Еңбегіңіз қаншалықты нəтижелі болды? – Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының Абу Райхан Бируни атындағы шығыстану институтының қолжазбалар қорында болдым. Басты мақсатым – Қазақстан тарихына қатысты араб, парсы жəне шағатай тілдерінде жазылған маңызды дереккөздерін іздестіріп, табу еді. Еліміздің ежелгі жəне орта ғасырлар тарихынан сыр шертетін 73 дереккөздерін анықтап, талдадым. Бұл құжаттар араб графикасымен жазылған. Өкінішке қарай, көне түркі тайпаларының тарихы жазылған ежелгі иран шығармаларының түпнұсқасы біздің уақытымызға дейін жетпеген. Бірақ, осы шығармалардың араб тіліндегі аудармасы сақталған. Мысалы, Əбу Жафар Мухаммед атТабаридің Х ғасырда жазылған «Тарих ар-расул ва-л-мулук» («Пайғамбарлар мен билеушілердің тарихы») атты еңбегінде көне иран тіліндегі «Хвадай-намак» («Билеуші туралы кітап») шығармасының толықтай бөлімдері кездеседі. Араб тілінде жазылған қолжазба туындылар ежелгі дəуірден бастап жазылған парсы тіліндегі жалпы тарихи еңбектердің өзегі болып табылатынын айта кеткім келеді. Б.з.д. 963-ші жылы белгілі тарихшы Əбу Əли Мухаммед əл-Балами «Тарих ар-расул вал-мулук» атты еңбекті өзге деректердегі мəліметтермен де толықтырып, парсы тіліне аудармасын жасауға кіріскен. Жалпы, тарихқа қатысты əртүрлі қолжазба туындылардың арасында ХІV ғасырда парсы тілінде жазылған Хамдал лах Казвинидің «Тарих– и-Гузида» («Таңдамалы жылнама») атты еңбегін, сонымен қатар, ХV ғасырға қатысты туындылар арасында – Шукураллах ар-Румидің «Бахджат ат-таварих» («Жылнамалар мақтанышы») атты еңбегін ерекше атап өткен болар едім. Қазақстандық тарихшылардың назарына ХVІ ғ. басында Шайбанит Күшкүнжи ханның бұйрығымен Рашид ад-Дин Фазаллах Хамаданидің «Джами ат-тауарих» («Жылнамалар жинағы») атты еңбегі өзге деректердегі

мəліметтермен де толықтырылып, шағатай тіліне аударылғандығын мəлімдегім келеді. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Хиуа ханы ІІ Мухаммед Рахимнің бұйрығымен біршама араб тіліндегі еңбектер шағатай тіліне аударылған болатын. Солардың ішінде Қазақстан тарихын зерттеу тұрғысынан құнды болып табылатыны Əбул-Хасан Əли əл-Масудидің «Мурудж аз-захаб» («Алтын шабындықтар») атты еңбегі. Бұл еңбекте көне дəуірден 947 жылға дейінгі жалпы тарихқа қатысты оқиғалар баяндалады. Белгілі араб тарихшысы Изз-əд-Дин əл-Жазаридің «Китаб камил фи-т-тарих» («Тарихтың толық

нұсқасы») атты еңбегінде адамзаттың көне дəуірінен бастап ХІII ғасырдың 30шы жылдарына дейінгі мұсылмандардың тарихы баяндалады. Бұл еңбек 12 томнан тұрады. Сондай ақ, Əбу-л-Валид Мұхаммед ал-Халабидің «Раузат ал-маназир фи ахбар əл-аваил ва авахир» атты еңбегі көне дəуірден бастап ХV ғасырға дейінгі жалпы тарихты қамтиды. – Өзбекстан мұрағатында біздің елдің тарихына қатысты деректер көп дейсіз ғой. – Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясына қарасты Шығыстану институтының қолжазбалар қоры əлемнің ең бай қолжазбалары сақталған мекеме болып табылады. Ол «Əлем естелігі» реестрі бойынша ЮНЕСКО-ға кірген. Мұнда жазба ескерткіштер бойынша 6 қор бар. Қолжазба шығармалардың 40 мыңнан астам тізімі қамтылған 18 мың томдық түрлі шығыстық қолжазбалар осында кездеседі. Бұл қолжазбалар Х ғасырдан бастап ХХ ғасырға дейінгі мың жылдық бір дəуірді қамтиды. Қазіргі таңда қорда араб графикасының 26 000 қолжазба жəне 39 000 литографиясы бар жəне бұлар əрдайым толықтырылу үстінде. Қазақстан тарихының орта ғасырлар кезеңін зерттеушілерге араб, парсы жəне шағатай тілдерінде жазылған қолжазба кітаптары ең маңызды дереккөздері болып табылатынын ескерткім келеді.

Бұл дереккөздері негізінде Дешті Қыпшақ аймағында қандай халықтар мен ұлыстардың өмір сүргендігін, қан дай мемлекеттердің қалыптасып, ыдырағандығын білуге болады. Сондай ақ, бұл дереккөздеріндегі мəліметтер аймақтың тұтастай этникалық құрылымын, этногенез ерекшеліктерін, қазақ халқының қалыптасуы жəне этникалық тарихын суреттеуге көмектеседі. Араб графикасымен жазылған түрлі деректерді зерттеп-зерделеу қазақстандық тарихшыларға баға жетпес мəлімет алуға жол ашады. Келешекте, қолжазба кітаптарындағы жарыққа шыққан барлық мəліметтерге, міндетті түрде жанжақты талдау жасалуы тиіс. Осылайша, Қазақстанның ежелгі жəне орта ғасыр тарихындағы күңгірт қалған тұстары қайта қарастырылып, шынайы ғылыми нəтижеге қол жеткізіледі.

– «Халық тарих толқынында» бағдарламасына қатысты ойларыңызбен бөлісе кетсеңіз. – Қазіргі таңда қазақстандық археографтар Қазақстан тарихына қатысты мағлұматтарды қамтитын шетелдегі шығыс қолжазбалары мен литографиясына электрондық тізбе арқылы еркін қол жеткізіп, өз жұмыстарын бастауларына болады. Қазақстанның көптеген академиялық институттарында, кітапханалар мен мұрағаттарда, сонымен қатар, жекелеген зерттеушілерде еліміздегі негізгі кітапханаларда кездесе бермейтін құнды деректердің көшірмелері, архивтік құжаттар мен құнды кітаптар бар. Елімізде орталықтандырылған электрондық көшірмелер мен микрофильмдердің жинағының болмауы істелген жұмыстың қайталануына алып келеді. Сондықтан, отандық ғалымдар арасында қолжетімділікті орнату жəне олардың жұмысын жеңілдету үшін келешекте орталықтандырылған каталогтар ашып, бұларда деректердің Қазақстандағы бөлігі мен құжаттың сақталған орны туралы анықтамаларға сілтеме жасалуы тиіс деп ойлаймын. Қазақстан тарихы мен мəдениетіне қатысты көптеген баға жетпес құнды деректер бір ғана нұсқа түрінде кездесіп, ол шетелдік қорларда сақтаулы. Бұл құжаттармен тек қана сақталып тұрған жерінде ғана танысуға болады. Қолжазба

кітаптар мен құжаттарды алдын ала зерттемей тұрып, оларды көшірме жасау тиімсіз. Қазақстан тарихына қатысты мəні бар тұстарын саралағаннан кейін ғана оның көшірмесін жасауға тапсырыс беру керек. Ғалымдарға тиімді болуы үшін жəне шетелден алып келген құжаттардың қауіпсіздігі үшін оны екі нұсқаға көбейтіп, Астана жəне Алматы қалаларында сақталуын ескеру керек. Бұл құжаттар барлық зерттеушілерге қол жетімді болуы тиіс. Олар ірі мұрағаттарда, академиялық кітапханаларда ерекше қорғалып, оқырман залдарында зерттеушілер үшін арнайы жағдай жасалуы керек. Жеке көзқарасым бойынша, Алматы қаласындағы «Ғылым ордасы» ғылыми кітапханасы мен Астана қаласындағы Ұлттық мұрағат бұған қолайлы жер деп есептеймін. Қазақ халқының тарихына қатысты мəліметтер қамтылған барлық қолжазбалардың көшірмелерін жинақтап, сақтағанымыз үшін бізге болашақ ізбасар зерттеуші тарихшылар шексіз алғыстарын білдіретіндіктеріне сенімдімін. – Бағдарлама бойынша көптеген ғалымдар шетелдерге шығып жатыр. Бірақ, өткен «Мəдени мұра» бағдарламасы аясында елімізге қатысты көптеген деректердің əкелінгені, олардың əлі тұтастай игерілмегені анық. Бұған не дейсіз? – Ғалымдарды шетелдерге іссапарға жіберу дұрыс қабылданған шешім деп ойлаймын. Қазір тарих біршама жүйеленді, Қазақстан тарихына қатысты көптеген құжаттар шетелдік қорларда сақтаулы екендігіне көзіміз жетті. Егер біздер Қазақстан жəне қазақ тарихына қатысты шынайы тарихты жазғымыз келсе, онда өзімізді мазалап жүрген сұрақтардың жауабын алу үшін алдағы уақытта шетелдерге дерек жинау мақсатында əлі талай баруға тура келеді. Ал, «Мəдени мұраға» қатысты айтсақ, мысалы, осы бағдарлама бойынша мен Ұлыбритания, Франция, Испания, Германия, Италия, Ватикан қолжазба қорларын да жұмыс жасадым. Қазақстан тарихы бойынша парсы жəне шағатай тілдерінде 68 шығарма жарияладым, қазір Қазақстан Ұлттық кітапханасында сақтаулы. Олардың ішінде керемет қолжазбалардың көшірмелері бар, əрине, оларды аудару керек жəне ғылыми айналымға енгізу керек. Бірақ ол үшін қаражат көздері қарастырылуы қажет. Ескі шығыс қолжазбаларын аудару əрқашан қиын болғандықтан, оған төленетін еңбекақының көлемі лайықты мөлшерде ескерілуі тиіс. Елімізде шығыс деректанушылары тұрғысынан əрдайым кадрлық тапшылық сезіледі. Университеттің бітіруші түлектері арасында бұл жұмыспен айналысуға ынта білдіретіндер көп емес. Егерде ғалымдардың қатары Қытай, Өзбекстан жəне Моңғолиядан келген оралман оқымыстылармен толықпағанда, тығырыққа тірелу сол кезде болған болар еді. Мысалы, біз Қытай деректерінен Қазақстан тарихына қатысты тың мағлұматтарды ала алмас едік. «Мəдени мұра» бағдарламасының қаражат көзі негізінен бұрынғы жылдары жинақталған еңбектерді қайта басып шығаруға жұмсалды. Ендігі кезекте біздер аударма жасауға ерекше көңіл бөліп, ғылыми айналымға жаңа дереккөздерін енгізіп, осы құжаттар негізінде ғылыми зерттеулер жасауды қолға алуымыз қажет. Əңгімелескен Айгүл СЕЙІЛОВА, «Егемен Қазақстан».

 Білім. Бағдарлама. Білік

Ќазаќ тілі мўєалімдерініѕ форумы

«Назарбаев зияткерлік мек тептері» дербес білім беру ұйымының білім беру бағдарламалары орталығы еліміздің қазақ тілі мұғалімдері үшін республикалық форум ұйымдастырды. Қазақ тілін оқытудағы Назарбаев зияткерлік мектептерінің тəжірибесін жалпы білім беретін мектептер арасында тарату, қазақ тілін оқытудағы жаңа тəсілдер мен əдістемелерді бөлісу, үштұғырлы тіл саясатының шеңберінде қазақ тілінің мəртебесін өсіріп, қолданылу аясын кеңейту жолдарын қарастыру мақсатында өткізілген шара білім беру саласындағы 300-ге тарта маманның басын қосты. Атап айтсақ, Білім жəне ғылым министрлігінің, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясының, Зияткерлік мектептердің, олармен əріп тестік жүргізетін базалық мектептер мен еліміздің əр өңіріндегі жалпы білім беретін орта мектептердің өкілдері келді, бұл форумға. Форумды қысқаша сөз сөйлеп ашқан «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күлəш Шамшидинова мемлекеттік тілдің дамуына ерекше үлесін қосып жүрген əріптестерінің еңбегін жоғары бағалай келіп, заманында бəсекелестікке қабілетті

жас ұрпақты тəрбиелеп, өсіруде жалғыз ғана қазақ тілінің аздық ететінін, Елбасымыздың бас тамасымен қолға алынған үш тұғырлы тіл саясатының алға қойып отырған мақсаттарына қол жеткізу үшін əлі де аянбай тер төгу қажет екендігін атап көрсетті.

– Біз өзге тілдерді жан-жақты даму үшін үйренеміз. Əрине, қазақ тілі үнемі бірінші орында тұруы керек, – деді К.Шамшидинова. Форумның пленарлық бөлімінде білім беру бағдарламалары орталығының аға менеджерлері Жанабай Абуов пен Лейла Нұрақаева жиналғандарды Зияткерлік мектептерде қолданыла тын кіріктірілген білім беру бағдарламаларымен таныстырды.

Бұл бағдарламалар білім беру процесінің негізін құрайды, олар отандық жəне ха лық аралық тəжірибенің озық үлгілерін кіріктіреді. Аталған құжаттарды əзірлеуге Зияткерлік мектептердің практик мұғалімдері мен Кембридж халықаралық емти хан

кеңесінің мамандары атсалысты. Қазақ тілін оқытуда басты назар оқушылардың сөй леу, тыңдау, айту жəне есту дағ ды ларын дамытуға аударылады. Бұл дағдыларды дамыту оқушылардың ақпаратты өздігінен іздеп, тауып, зерттеп, зерделеп, керегін іріктеп ала алатын, өз пікірін дəлелмен, дəйекпен өре білетін тұлға болып қалыптасуына септігін тигізбек. Форумға қатысып, баяндама

жасаған халықаралық сарапшы – қостілді оқытуды əзірлеп, басқару жөніндегі кеңесші, PhD Питер Мехисто пəннің мазмұнына негізделген тілді оқыту маңызына тоқталып өтті. Зияткерлік мек тептердің қазіргі қолданып отыр ған əдісі де пəн мен тілді кіріктіріп, тіл сабақтарында пəн мазмұнын, ал пəн сабақтарында тілді қоса үйретуге көңіл бөлуге негізделеді. Үштұғырлы тіл саясатын қолдайтын Зияткерлік мектептерде оқушылардың оқу тіліне қарамастан, бірқатар пəндердің қазақ, бірқатарының орыс, ал тағы біразының таза ағылшын тілінде оқытылуы қазіргі таңның өзінде жемісін беріп келеді. Ана тілі емес, өзге тілде пəнді оқи бастағанда, əуелі біраз қиналатын оқушылар кездессе де, уақыт өте келе пəн бойынша тиісті білімді де, тілді де еркін меңгеріп, оқып отырған тілінде ана тілінен кем сөйлемейтініне көз жеткізілуде. Форум аясында Зияткерлік мектептердің мұғалімдері өз тəжірибесінде қолданатын оқытудағы инновациялық əдістері бойынша шеберлік сағаттарын өткізді. Жалпы, білім беретін мектептердің мұғалімдері өз тəжірибелерінде қолдануға болатын бірқатар жаңа əдіс-тəсілдерді, сабақ үлгілерін көріп, сұрақ-жауап алмасты. Сондай-ақ, форум барысында

Зияткерлік мектеп мұғалімдері дайындаған əдістемелік құралдардың көрмесі өткізілді. Форум қатысушылары Орталық мамандары əзірлеген Пəн мен тілді кіріктіріп оқыту əдісі бойынша əдістемелікті, Көкшетау қала сының физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектебі мұғалімдері дайындаған қазақ тілі бойынша озық тəжірибелер, үлгілер жинақталған құралды еншілеп, олжалы қайтты. Форум соңында қатысушылар диалог алаңына жиналып, алған əсерлерімен бөлісті. «Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтудегі инновациялық əдістердің маңызы», «Пəндік-тілдік кіріктірілген білім беру əдісінің екінші тілді оқытудағы мүмкіндіктері» жəне «Оқушылардың коммуникативтік дағды ларын дамыту – уақыт талабы» тақырыптарында өткізілген талқылауларда мұғалімдер қауымы өз ой-пікірлерін айтты. Олар бұл шараны ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, қазақ тілінің қол данылу ая сын кеңейтуде жинақ талған тəжі ри бені ел аумағында тарату қажеттігі туралы тілектерін білдірді. Ботагөз ҚАЗБЕК, Білім беру бағдарламалары орталығы редакциялық бөлімінің аға менеджер-редакторы.

ШАРАЙНА

Əлем жаѕалыќтары

Билік бїлікшілерді кінəлап отыр Біріккен Ұлттар Ұйымы бүгінгі таңда Сирия халқының 40 пайызы гуманитарлық көмек ала алмай отыр десе, бұған ел билігі бүлікшілер кінəлі деп мəлімдеді. Өйткені, Сирияға келіп жатқан гуманитарлық көмектер бүлікшілер шекарасынан əрі аса алмауда көрінеді.

Жалпы, қазіргі таңда Сирия халқының 6,5 миллионы ел ішіндегі босқындарға айналған. Себебі, елдің бірқатар аумақтарында тыныштық жоқ. Алайда, ресми билік өздерінің осы бағытта қолдарынан келгеннің бəрін жасап жатқандарын көлденең тартады. Соның бір айғағы ретінде елдегі бүлдіршіндердің барлығы вакцинациядан өткізілмекші екен. БҰҰ болса, АҚШ-тың айтқанынан шыға алмайтынын байқатып, елдегі күрделі жағдайдың бəріне тек билікті кінəлі санайды.

Кґтерілісшілер жеѕілістерін мойындады Конгодағы М23 деп аталатын көтерілісшілер тобы Конго Демократиялық Республикасы үкіметіне қарсы соғыста өздерінің жеңілгендерін мойындады. Олар таратқан мəлімдемеде жеңілістерін мойындай келе, қарулы қақтығыстарды толықтай тоқтататындары жəне əскери бөлімшелерді тарататындары көлденең тартылады.

Көтерілісшілер мұндай мəлімдемелерін елдің шығысындағы ауыр ұрыстардан бір күн өткен соң жасады. Осы аралықта ел үкіметі М23-ті толық жеңгені туралы хабарлап үлгерді. Көтерілісшілер Конгоның минералды ресурстарға бай ауданында өткен жылы ісқимыл таныта бастаған болатын. Оның негізін билеуші топтардағы өздерінің жағдайларына разы емес тутси тайпасынан шыққан адамдар құраған еді. М23 бөлімшелерін талқандауға осы өңірде орналасқан БҰҰ контингенті көмек қолын созғанын да айта кетейік.

Ким Чен Ынныѕ тəтесі АЌШ-ќа ќашты Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның тəтесі АҚШ-тан саяси баспана тапқан. Бұл туралы «Франспресс» агенттігі хабарлады. Ким Чен Ынның шешесінің сіңлісі Ко Ен Сок қазіргі кезде АҚШ-та тұрып жатыр екен.

Құрама Штаттар Солтүстік Корея басшысы отбасының мүшесін елде қабылдауға келісімін берген. Кейбір деректерге қарағанда, Ким Чен Ынның тəтесі мен оның жұбайына бет-əлпетін өзгерту бойынша операция да жасалыпты. Бұған қоса, арнайы қорғаныс бағдарламасы ұсынылса керек. Ко Ен Сок бүгінде 54 жаста. Ол Ким Чен Ирдің үшінші əйелі Ко Ен Хидің сіңлісі болып табылады. Ко Ен Хи 2004 жылы 51 жасында рак ауруынан қайтыс болыпты.

Ґзбекстандыќтыѕ жазыєы не екен? Өзбекстаннан келген гастарбайтер кеше СанктПетербургте өлім құшқан. Оған шабуыл шамамен түс ауа «Рыбацкое» метро стансасы жанында жасалыпты. Өзбекстандықтың бірнеше пышақ жарақатынан қаза тапқаны белгілі болып отыр.

Полициядағылардың айтуынша, гастарбайтерге ұлтшылдарға тəн киім киген адамдар шабуыл жасаған. Тергеушілер қазіргі кезде бейнебақылау камераларының жазбаларын қарап жатса керек. Бұған дейін хабарланғанындай, дүйсенбіде аталып өткен Халықтық бірлік күні Санкт-Петербургте 50-ден астам адам тұтқынға алынған болатын. Олар көшелердегі ұлты орыс еместерге қыр көрсетіп, өздерін өте-мөте əдепсіз ұстаған еді.

Каспаров Латвия азаматтыєын сўрады Шахматтан бұрынғы əлем чемпионы Гарри Каспаров өзіне Латвия азаматтығы берілуін сұрады. Осыған сəйкес хатты Латвия парламентіндегі барлық фракциялар алған. Г.Каспаров өзінің өтінішін Латвияға сіңірген ерекше еңбегімен байланыстырады.

Бірақ бұрынғы əлем чемпионы өзіндегі Ресей азаматтығын да сақтап қалғысы келеді екен. Ал бұл мəселе қашан қаралатыны əзірше белгісіз. Г.Каспаровтың 1963 жылы Бакуде туғаны белгілі. Ол – əлемдегі аса белгілі жəне атақты шахматшылардың бірі. Соңғы жылдары саясатпен белсенді айналысып жүр. Қазіргі кезде Г.Каспаров Ресейден кетіп үлгерген. Себебі, оны Тергеу комитеті əңгімеге шақырған көрінеді. Тергеу тарапынан шахматшыға қатысты нақты қай мəселе бойынша сұрақ туындағаны белгісіз.

Їндістан Марсќа аппарат ўшырды Алғашқы үнді аппараты бар зымыран Марсқа ұшырылды. Ол «Мангальян» деп аталады жəне аталған планетаны зерттеу үшін ұшырылып отыр. Аппарат ұшырылғаннан кейін 43 минут өткен соң зымыраннан бағдарламаға сəйкес бөлініп шықты.

«Мангальян» Марс траекториясына 30 қараша күні шығады деп күтілуде. Аппаратты ұшыру үшін Үндістан ғарыш агенттігі 1990-жылдардың басында жасаған PSLV зымыран ұшырғышы пайдаланылған. Сөйтіп, Үндістан қызыл планетаға зерттеу аппаратын өз бетінше жасап ұшырған АҚШ пен Ресейден кейінгі үшінші мемлекет болып отыр. Жер серігінің салмағы 1 тоннадан сəл асса, ғылыми аппаратураның салмағы бар-жоғы 15 килограмм көрінеді. Қалған салмақ жанармай мен «Мангальян» корпусының үлесінде.

Ойєа алєандары орындалмады Тараз шекара отрядындағы «Сыпатай батыр» заставасының наряды Қазақстан-Қырғызстан шекарасы маңында 8 бас иесіз қалған мүйізді ірі қара малын, дəлірек айтқанда, бұқалақтарды ұстады. Оқиға Қазақстанның мемлекеттік шекарасынан бірнеше метр жерде ғана орын алған.

Малды белгісіз 2-3 салт атты Қырғызстаннан Қазақстанға айдап өтпекші болған. Барымташылар бұқалақтарды шекарадан енді ғана айдап өтпек болған кезде шекара нарядын көріп қалып, Қырғызстан аумағында жасырынған. Аталған факт бойынша құқық қорғау органдарына хабар берілді, тексеру жұмыстары басталып кетті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің баспасөз қызметі. Интернет материалдары негізінде əзірленді.


 Толғандырар тақырып Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сара саясатының арқасында көпұлтты жəне көпконфессиялы еліміз еншісіне бұйырған тəуелсіздіктің тұғырын бекітіп, зайырлы мемлекет құрып, өркениетті елдер қатарына еркін еніп келеді. Мұның Қазақстанда жүргізіліп жатқан экономикалық дамудың жəне əлеуметтік жаңғыртулардың, бейбітшілік пен тыныштықтың, адамдардың діни наным-сеніміне шынайы құрметпен қараушылықтың, жалпыадамзаттық құндылықтарды бағалай білудің нəтижесінде мүмкін болып отырғаны шындық. Кез келген дəстүрлі діннің көздейтіні – күллі адамзат арасындағы сыйластық пен сүйіспеншілікті, бірлік пен ынтымақты уағыздау. Діни сенімдердің өнегелі рухани бастауларға негізделетіндігі жəне зор гуманистік əлеуетке ие екендігі де дəлелдеуді қажет етпейді. Осынау мол əлеуетті қоғамның дамуына, патриотизмді қалыптастыруға, ұлтаралық жəне конфессияаралық келісімді нығайтуға, діни экстремизмнің алдын алуға қалай пайдаланып жүрміз? Жалпы, діни ахуал туралы түсінігіміз қандай, діни білім мен сауаттылық мəселесін қалай шешуге болады? Бұл бағытта жастармен қалай жұмыс істеу керек? Біз осы жəне басқа сауалдарымызға жауап алу мақсатында философия ғылымдарының докторы, профессор Амангелді АЙТАЛЫҒА жолығып, əңгімелескен едік. – Амангелді Абдрахманұлы, дін – өте-мөте нəзік, көпастарлы ұғым. Алдымен діни ахуал ерекшеліктері, оның қоғамдағы рөлі туралы ойларыңызды тарқатсаңыз. – Еліміз егемендік алып, дінге еркіндік берілген тұста, бір жағынан қуандық та, екінші жағынан абыржып қалдық. Жетпіс жылдан астам табынып келген идеологиямыз алдамшы болып шықты. Дін соның орнын толтыратын сияқты болды. Шетелдерден əртүрлі діни ағымдар елге ағыла бастады. Бұрындары тұсалып келген дін бұрын-

ізсіз жоғалып кетпейді. Сонау тіпті дөрекі атеизм сананы ығыстырып, мешіттерді қиратып, Құранды өртеп жатқанның өзінде де діни сана қоғамда мүлдем жойылып кетпеді, ізі сақталды. Атеизм толықтай үстемдік ете алмады. Сол сияқты, бүгінде мынау дінге ерік берген жағдайда, атеизм толықтай біздің санамыздан əлі кеткен жоқ. Ғалымдардың айтуларынша, атеизмнің өзіндік алаңдары бар. Сонымен бірге, біздің қоғамдағы адамдардың көпшілігін атеизмнен кетіп, дінге терең жете алмай, екі ойлы, қобалжып жүргендер деп айтуға бо-

дінін еуропалық либерализмге, еуропалық демократияға, нарықтық экономикаға бейімдеу. Мысалы, қазір Халықтық IPO деп жатырмыз ғой, қорлар рыногы мен православие дінінің ілімі, қорлар рыногы мен ислам дінінің байланысы, осы қорлар нарығы мен протестанттықтың қарым-қатынасы жөнінде үлкен мəселе көтеріліп жатыр. Осы тұрғыдан келгенде, қорлар нарығын қолдайтын Қазақстан экономикасындағы бірден-бір дін біздер деп протестанттар жұмыс жасап жатыр. Себебі, мұсылман діні кредитке ауадан ақша жасау деп қарайды.

«Діни педагогика», «діни тəрбие» деген ўєымдар бізге бўрын жат еді немесе діни сауаттылыќќа салмаќты кґзќарас керек

соңды болмаған еркіндік алды. Əсіре діншілдікке жол берілді. Осының барлығын біз демократия деп қабылдадық. Екінші бір мəселе, сол кезде кез келген діни ағымдарды діни бостандыққа балап тіркеу белең алды. Діни істерді реттейді дейтін ішкі саясат қызметкерлері дінді үстірт білетін дилетанттар болды. Тəжірибенің жоқтығынан мемлекет пен діннің қарым-қатынасын, діннің қоғамдағы орны қандай болуы керектігін, діннің ұлттық мəдениетке, ұлттық болмысқа ықпалын ажырата алмадық. Сонымен бірге, тəжірибенің жоқтығынан біз мемлекет пен дін арасындағы қарым-қатынастың қандай болуы керектігін, дін мен ұлттық мəдениет, діннің ұлттық болмысқа ықпалы, ұлттық болмыс пен діннің байланысы да қандай жолмен жүруі керектігін ажырата білмедік. «Діни сенім жəне діни бостандық туралы» алғашқы Заң 1992 жылы қабылданды. Ол кеңес заманында дайындалған заң жобасы еді. Бірақ, біз бұл жерде үлкен қателікке ұрындық. Негізі, бұл дінге бетбұрыс болмады. Бұл шын мəнісінде Құдайды, дінді тану емес еді. Бұл кеңес заманындағы заңсыздықтан, бұғаудан босану, теңдік алу болды да, екінші жағы діннің терең мағынасын бағдарлай алмадық. Ол да түсінікті. Осыдан келіп дін біздің елімізде сəнге айналды десе де болады. Дінді танудан гөрі, неше түрлі діни ағымдарды, əдеби кітаптарды таңырқап оқи бастадық. Діннің тіпті араласпаған саласы қалмады. Діни музыка көбейді. Осының барлығын дұрыс екен деп қабылдадық та, бұл елімізде үлкен бір жаңа ахуал туғызды. Сонымен бірге, біз дінді кімнен үйрендік сонда? Біз дінді шетелден келіп жатқан ағымнан үйрендік, шетелде оқып келген жастардан үйрене бастадық. Бірақ, сол кездегі діни бірлестіктердің басында тұрған имамдардың, священниктердің өздері де діни сауат ашуда əлсіз, сауатсыз болды. Бір жағынан бұларды кеңес заманында қорқытып-үркітіп алғандықтан, іске батыл кірісе алмады. Сөйтіп, осындай аласапыран ахуал қалыптасты. Сондықтан, мысалы, күні бүгін де біздің елдегі өздерін мұсылманмын дейтіндер де терең діндарлар емес. Бұлар ислам дінімен байланысты дəстүрімізді мойындаудан, менталитетімізді, болмысымызға сай келетін діни ұғымдарды қабылдаудан гөрі, қазақсың ба мұсылмансың, орыссың ба – православиеліксің деген стереотипті ұстанды. Сол стереотип əлі күнге дейін жұмыс жасап келе жатыр. Осындай жағдайлардан кейін, яғни 90-жылдардың аяғы, 2000-жылдардың басында біз, əрине, ойлана бастадық. Мысалы, Қазақстан Республикасының Парламентінде «Діни сенім жəне діни бірлестіктер туралы» Заңның осы аралықта сегіз рет қайта қаралуы, толықтырылуы, сол заңға өзгерістердің енгізілуі еліміздегі діни істерге деген мазаланушылықты көрсетеді, сол мəселеге мемлекеттің мəн беруіне депутат ретінде өзім де куə болдым. Міне, сөйтіп, 2000 жылдың басына таман шетелден келген неше түрлі секталар қоғамымызды аздырып, тіпті бір отбасын, атасын, баласын, анасын бір-біріне қарсы қоюға əкелді. – Дəл қазіргі кезде атеизм қоғамдық санаға қаншалықты ықпал ете алып отыр деп ойлайсыз? – Дінтанушы ғалымдардың айтуларынша, егер қазір бізде шынайы діндарлық басым ба, əлде атеизм басым ба деген сауал қойылса, бұрынғы атеизмнің көріністері, дінге деген салқындық санада əлі басымырақ деген тұрғыдағы жауап алдан шығатын көрінеді. Мұнымен келісуге де, келіспеуге де болар. Бірақ, қоғам дамуында мынадай бір заңдылық бар. Əр кезде де өткен заманның дүниетанымы, өткен заманның дəстүрі

5

www.egemen.kz

6 қараша 2013 жыл

лады. Олардың діни сенімдері əлі тұрақсыз, қалыптасып үлгермеген. Сондықтан атеизмнен жалтарғанымызбен, мұсылмандыққа толық келдік деп айта алмаймыз. Статистика бойынша, Қазақстан халқының 70,02 пайызы мұсылман дейді. Бұл – сан ғана. Бұл терең сапа емес. Себебі, атеизмнің санаға сіңгені соншалық, біз кезінде Юрий Гагарин космосқа ұшқанда, «мен космостан Құдайды көре алмадым» деген сөзін шын қабылдадық қой. Құдай жоқ екен, Гагарин Құдайды көрмепті дедік. Бұл санада, біздің ойымызда жатыр ғой. 2009 жылғы санақта біздің аға буын өкілдері атеиспіз деп айтпаса да, оннан үшеу-төртеуі ғана мұсылманбыз деген. Ал біздің қоғамымызда атеизмнің көріністері қандай? Біріншіден, бүгінгі күні дін десе, əртүрлі діни экстремизмнің, лаңкес тіктің көрінісі сияқты көрінеді. Дін мен экстремизмнің, лаңкестіктің арақатынасын əлі түсіне алмай жатырмыз. Көптеген студенттер ата-аналарымыз бізге мешітке баруға тыйым салады дейді. Атааналарымыз намаз оқуға рұқсат бермейді дейді. Ата-аналарымыз ерекше бір киім кигенімізді де қолдамайды дейді. Осы дін сияқты нəзік дүниені кейде сыртқы көріністермен де өлшеу басым. Дініміз қоғамға əлі де болса игілікті əсерін тигізе алмай жатыр. Дінге бет бұрғанымызбен, қылмыс, əсіресе, ауыр қылмыстар түрі, жемқорлық, ұрлық, маскүнемдік, басқа да теріс əрекеттер тіпті өршіп кетті. Сондықтан, дініміз тілімізде болғанмен, ділімізге сіңбей жатқандығы анық. Оның себептерін талдау бөлек əңгіменің арқауы. – Еліміздегі қазіргі таңдағы діни ахуал қандай? Діни тəрбие қай деңгейде деп ойлайсыз? – Қазіргі діни ахуалды екі кезеңге бөлуге болады. 1990-жылдарды ислам дініне оралу деген жөн болар. Бұл – барлық посткеңестік кеңістіктегі ортақ жағдай, кейде оны жаңару дейді, 1990-жылдардың аяғы мен 2000-жылдан бастап жаңа кезең басталды. Жаңа кезеңнің ерекшелігі, біз енді діннің күрделілігін, оның сан қилы астарының бар екенін, діннің тек қана жай сенім емес, оның экономикамен, оның ішінде нарықтық экономикамен, саясатпен, мəдениетпен байланысын, тіпті халықаралық қатынастармен, қылмыспен байланысын енді терең түсініп жатырмыз. Анау Таяу Шығыстағы Палестинаның мəселесі бүгін Қазақстан мұсылмандарын да ойландыратын болды. Сонымен бірге, посткеңестік елдерде жаңа бір ағым пайда болып келеді. Бұл – еуроислам немесе ислам

Бұл жөнінде əзірге біздің діни өкілдеріміз де, біздің қаржы – экономист мамандарымыз да белсенді түсінік бере алмай жатыр. Бірақ, протестанттар билеп-төстеп, біздің ішімізде жұмыс жасап жүр. Əрбір жағдайды өзінің дінін таратуға пайдаланудың бір көрінісі бұл. Олар жастардың арасында жұмыс жасауға да үлкен мəн береді. Себебі, біздің мемлекеттің болашағы, сөз жоқ – жастар. – Мектептерде «Дінтану» пəні енгізіле бастады. Осы пəн туралы өз көзқарасыңызды білдірсеңіз. – Біз бірте-бірте дінтану пəнін мектептер мен жоғары оқу орындарында енгізуді қолдадық. «Діни педагогика», «діни тəрбие» деген ұғымдар оқулықтарға ене бастады. Əлемде бұл салада біраз тəжірибе жинақталған. Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтында «Дінтану» пəні 2010-2011 оқу жылы сол кездегі институт ректоры Ғалымжан Нұрышевтың қолдауымен енгізілді. Оның мəртебесі, сағаттары «Саясаттану», «Əлеуметтану» пəндерімен бірдей. Көптеген елдердің, араб мемлекеттерін айтпағанда, бірқатар зайырлы мемлекеттердің тəжірибесін зерделедік. «Діни педагогика», «діни тəрбие» деген ұғымдар бізге жат еді. Бүгінде бұл терминнің өзі əртүрлі деңгейде қабылданады, қарсыластар да жоқ емес. Дегенмен, біз Батыстың діни педагогикасына, дінтану пəнін, діни мəдениетін зерделеуге, тəжірибесіне көп мəн бердік. Зайырлы мемлекеттерде біраз тəжірибе жинақталған жəне мақсатты түрде жастарға діни білім, діни тəрбие беру жолға қойылған. Бұл тəжірибе біз үшін өте пайдалы жəне қызық. Бірақ бүгін бірқатар посткеңестік кеңістікте дінтану пəнін енгізуге қарсы атеистік ағым бар. – Сонда атеистер не дейді? – Атеистердің қамалы əлі берік. Халифат сарбаздарымыз дейтіндер қайдан шықты? Өзін өзі өлтіріп, жиһадқа баратындар кімдер? Мұның барлығына дін кінəлі. Егер дін жастардың арасына о дүниені насихаттамаса, о дүниеде де өмір, қызық бар демесе, жастар мынадай əрекетке бармас еді, «тірі бомба» болмас еді. Кеңес заманында қақтығыс, лаңкестік деген болған жоқ. Сондықтан діни тəрбиенің жүйесін емес, атеистік біліммен қалыптастыру керек. Бұл қоғамды лаңкестіктен, зорлықзомбылықтан, бөтенді жатырқаудан сақтаудың бірден-бір жолы дейді олар. Ауызекі тілде осындай пікірлерді айтып қалатын жағдайлар біздің елде де кездеседі. – Бұл пікірлерге айтар уəж қандай? – Атеистік көзқарас шын мəнінде əлеуметтік, саяси, психологиялық мəселелерді

жоққа шығарып, лаңкестікті, экстремизмді тек қана дінмен байланыстырады. Ақиқа тында экстремист – діншіл адам емес. Экстремизмге барса, ол діннен ауытқығаны. Ал лаңкестіктің, басқа да түрлі қақтығыстардың терең əлеуметтік, саяси, психологиялық тамыры бар. Сондықтан лаңкестікті жасайтындар діншілдер емес, надандар, дөрекі қара күштің иелері зорлықзомбылықпен мəселе шешеміз дейтіндер, ымыраға келгісі келмейтіндер. Экстремизмнің себебін діннен іздеу үлкен қате. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мынадай деректер келтіреді. Террористердің 60 пайызы жастар 29-ға дейінгілер, 95 пайызы – жұмыссыздар. Негізінен олар білімі жоқ, жұмыс сыз, болашақтан үмітсіз жастар. Демек, экстремизмнің əлеуметтік негіздері бар. Мылтықпен бұл мəселе шешілмейді. Зорлық, күштеу қарсы зорлық, күштеу туғызады. – Шетелдерде дін мен мемлекет арасында қандай үлгі алатын мəдениет бар? – Шетелдерден біздің үйренген тұстарымыз жоқ емес. Біріншіден, оларда мынадай бір ұстаным бар. Шіркеу, мешіт мемлекеттен бөлек, бірақ мемлекет шіркеуден, мешіттен бөліне алмайды. Себебі, ол сол мемлекеттегі шіркеу, сол мемлекеттегі мешіт. Бұл – өркениеттік қағида. Сондықтан діни білім, тəрбие мəселесінде билік не істейміз деп діни бірлестіктер, діни ұйымдар өкілдерін шақырып алмайды, биліктің өзі мешіт, шіркеуге барып ақылдасады. Біздегідей əкімшілік имамды, болмаса священникті шақырып алып, тапсырма бермейді. Бұл дінді сыйлаудың да көрінісі. Билік дінді сыйласа, тең деңгейде есептессе, экстремизмнің ықпалы азаяды. – Батыста діни тəрбиенің, діни педагогиканың қандай ерекшеліктері, үлгілері бар? – Ол үлгілер əр елдің тарихына, құқықтық ерекшеліктеріне, дəстүріне, саяси жүйесіне, демографиялық ахуалына, педагогикалық жағдайларына, тəжірибесіне байланысты. Батыста дінтану пəнін енгізуде «конфессиялық модель» ұсталынады. Мысалы, Германия, Италия, Финляндия, Австрия, Испанияда дінтану пəні саны жағынан басым діннің негізінде жүргізіледі. Ал аралас елдерде басқаша сипатта оқытылады. Батыстағы үлкен бір мəселе – дінтану пəнінің мəртебесі. Ол міндетті пəн бе, əлде факультативті пəн бе? Батыс елдерінде бұл – міндетті пəн. Шіркеу бұл пəннің бағдарламасын жасайды, оқулығын дайындайды, өздерінің инспекторларын оқу орындарына жіберіп, сабақты бақылап отырады. Ал зайырлы пəндерді мемлекет бақылайды. Мысалы, Финляндиядағы жағдай сондай. Егер оқушы бір дінге негізделген пəнді оқымай, оның ұлты, діні бөлек болса, егер ондай оқушының саны сыныпта үштен көп болса, онда дінтану пəні сол оқушының қалаған пəні негізінде жүргізіледі. Сондықтан қоғамның этностық құрылымы да ескеріліп отырады. Біздің Қазақстанда да дінтану пəні бір ғана дінге негізделуі дұрыс болмайды. Екі дін – мұсылман мен православие дініндегілер саны Қазақстанда 95 пайыз құрайды. Сондықтан біз аралас конфессияаралық модельді қолдаймыз. Бұл модель бойынша мұғалім бейтараптық сақтап, бір дін артық, бір дін кем демей, əрбір діннің рухани күшін, тəрбиелік мəнін, адамгершілік сипатын көрсетуге тиісті. Батыстың моделінің бір осал тұсы – жалпы діннің тарихына көп мəн беріп, діннің тəрбиелік жағынан қалыс қалады. Дін елдің дəстүрімен, салтымен көп байланыстырылмайды. Бүгін батыстағы дінтанушылар осы жөнінде ойлану үстінде. Ал біздегі өте маңызды бір қағидат – «Дінтану» пəнін оқытқанда, ешуақытта Қазақстанның Конституциясынан, оның талаптарынан шығуға болмайды. Ол қандай талаптар? Біріншіден, 2011 жылы қабылданған «Діни қызмет жəне діни бірлестіктер туралы» Заң. Бұл Заң – Қазақстан қоғамына бейімделген, Ханафи мазхабын ұстанатын мұсылмандарды шын мəнісінде қолдайтын заң, православие дініндегілерді де, басқаларды да қолдайтын заң. Біздің мəдениетімізге, өркениетімізге, дəстүрімізге жат діндердің халқымызды көркейтетініне, тəрбиелейтініне күмəніміз көп. Бұл заңның бір ерекшелігін тағы айта кетейік. Мысалы, ЕҚЫҰ, əсіресе, соның ішінде АҚШ-тың кейбір дін саласындағы мамандар Американың дін туралы заңын тықпалайды. Қазақстанға соны үлгі етіп ұсынғандарының талай куəсі болдым. Американың Дін туралы заңы – «Арождан бостандығы туралы» делінеді. Бірақ, Америка – қандай мемлекет? Америка – мигранттардың мемлекеті. Америка Еуропадан, басқа жерлерден қоныс аударып барған адамдардың мемлекеті. Олар əртүрлі діндегілер. Басым көпшілігі протестанттар. Американың өзінің байырғы діні жоқ. Сондықтан Американың заңы протестанттарды, еліне қоныс аударған адамдар діндерінің барлығын бірдей қолдайды. Бұл америкалықтар тұрғысынан дұрыс. Бірақ қазақтың тарихы, өркениеті, байырғы халықтың наным-сенімі, дəстүрі бөлек. Сондықтан америкалықтар демократиясының үлгісінде, олардың жетегінде кету – біз үшін үлкен қауіп. Осы екі араны жастарға түсіндіріп айтуымыз керек. Жалпы діни сауаттылық – саяси тұрақтылықтың кепілі. Діннің терең астарын білмеу күрделі жағдайларға соқтыруы мүмкін. Сондықтан жастар арасында діни сауаттылықты қалыптастыру, діни тəрбиені ұлттық салт-дəстүрмен, мəдениетпен байланыстыра жүргізу аса қажет. – Əңгімеңізге рахмет.

АҚТӨБЕ.

Əңгімелескен Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Аќын Аманќос

 Өнеге

Бақытты болу қас-қағым еді, Шабытың барда маздаған. Бір өлең жазып тастағым келді, Өзгелер əлі жазбаған... Барлық ақынның асыл арманы осы. Өзгелердің ойына оралмаған, үш ұйықтаса да тү сіне кірмеген, ауыз аштырып, көз жұмдыратын бір Өлең... Əй, бірақ ол ілуде бір ақынның ғана еншісіне бұйыратын бақыт қой. Қадыр, Жұмекен, Төлеген, Меңдекеш сияқтылардың... Айтқандай, солардың сапына қосып, амандығын сырттай тілеп жүретін тағы бір ақын ағам бар. Есімі Аманқос Ершуов. Жоғарыдағы бір тамшыдай уыз жыр соныкі. Екеуміз бір жердің топырағынан жаралғанбыз. Жем өзенінің бойындағы Ақкиізтоғай ауылынан. Бұл жерде Бекет ата дүниеге келген. Бір кезде Жəнібек ханға Асанқайғының: «Қырында киік жайлаған, суында балық ойнаған ...ойына келген асын жейтұғын Жемде кеңес қылмадың, Жемнен де елді көшірдің», деп өкпелейтіні бар емес пе?! Ару Жем-ау, Ару Жем – Жан дертіме дəру Жем! Менің Мысыр Шəрімсің. Намысымсың, Арымсың. Дəмі аузымнан кетпеген, Менің, менің алғашқы, Гүл махаббат – балымсың. Жүректегі жалынсың, Ұмытылмас əнімсің. Қажеттерім өзіңнен, Табылмасын, табылсын. Жарылайын ағымнан, Менде, менде жүрек бар, Өзіңді аңсап сағынған. Менде, менде тілек бар, Нұр арманға бағынған. Сүңгігенмін, жүзгенмін қасиетті суыңа, Бекет атам шомылған... Осы ауылдағы Жем толқы нына шомылып өскен ақындар Қабиболла Сыдиықов, Меңдекеш Сатыбалдиев ағаларым мен Өтеген Оралбаев ініміз жəне бар. Аманқос өз замандастарынан ерте, мектеп қабырғасындаақ танылды. Ұстазы ақын Жанаш Нұрмахановтан дəріс алған балаң ақынның балапан жыр лары аракідік аудандық га зетте жарияланып жүрді де, Гурьев педагогикалық институтының студенті болған кезде кемелденіп, облыстық газеттің бетінде жарияланған əр өлеңі оқырманын тамсанта, таңғалдыра бастады. Жыр сүйер қауым оның жаңа өлеңдерін асыға күтетін болды. Жарық жұлдыз тез танылады емес пе?! Əдебиет сыншысы, ғалым Зейнолла Қабдоловтың жіті көзі бірден: «Қазақ əдебиетіне жаңа Қасым келді...», деп жалпақ əлемге жар салды. Ақ бұлттар, ала бұлттар, қара бұлттар, Қарасаң аспанда да алалық бар. Біреуде жас та болса даналық бар, Біреуде қарт та болса шалалық бар, – деп балаң кезінде-ақ философиялық ойды бір шумаққа сыйғыза қойған Аманқос нағыз тума ақын ретінде бағаланып, оның аты жыр құмарлар аузынан түспеген. Ол кезде Аман қостың кітабы шық пақ түгілі шы ғармаларын баспаға дайындау да ойында жоқ болатын. Жырына берілдім де құлақ түрдім,

Басымнан байғұс ойды лақтырдым. Қасымның келер деген бір Қасымы, Өзімнен сенбісің деп сұрап тұрдым, – деп өзі айтқандай, кітабы шықпай-ақ бəріміз де қазақ поэзиясына жаңа Қасым келді деп білдік. Ұстаз тұтып, өлеңімізді оның дəрежесіне жеткізуге тырыстық. Аманқостың «Түс жəне алтын балық» атты өлеңі бар. Түсінде ақынның қармағына Пушкиннің ертегісіндегідей алтын балық түседі де: «мені жіберіңіз, не тілесеңізде орындаймын» дейді ғой. Сонда ақын: «Кітабымды баспадан жиі шығар, мен болайын ұлы ақын дүрілдетер» дегісі келіп тұрады да, оны айтпай, үн-түнсіз босатып жіберіп, өлеңді былай аяқтайды: Алтын балық кешірші көшетінді, Саған тілек айтпадым неше түрлі. Ешкімнің жетегінсіз мақсатыма, Жетермін талқан қылып төс етімді. Аманқос та, бізде шынында да ешкімнің жетегіне ермедік. Өз бетімізше тірлік қылдық. Мүмкіндігі бола тұра, яғни, Ə.Сəрсенбаев, З.Қабдолов, Ж.Молдағалиев ағаларының «Қаламгерлер ортасы – Алматыға ауыссайшы», дегендеріне елп ете түспеді, Жем өзені баяу ғана сылдырап ағып жататын Ақкиізтоғайын қимады. Міне, туған жерге деген махаббат. «Ауылда да ақын бар» деген өз қағидасын дəлелдеді. Ауыл мектебінде əдебиеттен дəріс бере жүріп, аядай ғана Ақкиізтоғай ауылынан рес публикаға танымал Өтеген Орал баев, Қаржау Оразбаев, Тементай Əділханов, Сəулеш Шəтенова, Амантай Оспанов жəне өз перзенті Маржан Ершуо ва тəрізді ақындарды тəрбиелеп шы ғарды. Əке жолын қууды мақсат еткен Маржан өз жырла рын поэзия биігінен түсірмей келе жатқан ақын қыз, филология ғылымдарының кандидаты, бірнеше кітаптың авторы. Аманқостың «Келешегім – көкжиегім», «Шырқау», «Шопан баласы», «Жылқышының ұлы», «Ойсылқара», «Алтын босаға», «Шұғылалы шақтар», «Пір Бекет пен жыр зекет», «Оғыланды» жыр кітаптары мен «Жаралы жылдар», «Мəңгілік махаббат» драмалық шығармалары оқырмандардың ыстық ықыла сына бөленді. «Құрмет Белгісі» орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, республика халық ағарту ісінің үздігі. Бүгінде Атырау аймағы ақынның 70 жылдығын тойлауда. Ақынын ардақтаған елге ризамыз. Айтуар ӨТЕГЕНОВ, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.

Ќос Алтайдыѕ кґкжиегі ќашанда кеѕ Оңдасын ЕЛУБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Өткен жұма күні Ресейдің Алтай өлкесінің губернаторы Александр Карлин бастаған делегация Шығыс Қазақстан облысы ның Глубокое ауданы мен Өскемендегі бірқатар салынып жатқан əлеуметтік нысандарды аралады, екі жаққа да тиімді меморандумға қол қойды. Ең алдымен, өңір басшысы Бердібек Сапарбаев пен келген қонақтар Алтай өлкесінің Поспелиха-Курья-Третьяково-Қазақстан шекарасын жалғастырып жатқан күрежолдың салтанатты ашылуына қатысты. 170 шақырымдық жол 20 жыл бойы жөндеуден өтпей екі ел арасындағы барыс-келіске кедергі келтірсе, енді жол тақтайдай тегіс. Алтай өлкесі 9 шақы рымдық жолды жөндеуге ғана 238,5 миллион рубльді бюджеттен бөліпті. Облыс əкі мі салтанатты жиында келген қонақтарға ілтипат

білдіріп, жаңа жолдың екі ел арасындағы сауда-саттықты жандандырып қана қоймай, туризмнің дамуына ықпал жасайтынына тоқтала кетті. Алтай өлкесінің делегациясы Шемонаиха қаласындағы өнер мектебінде, Глубокое ауданындағы Бобровка ауылындағы сиырды роботпен сауатын кешенде, Өскеменде жаңадан пайдалануға берілген, ТМД елдерінде теңдесі жоқ құс етін тереңдетіп өңдейтін зауыт та, фермерлерге арналған «Фреш-Маркет» сауда үйінде, жеңіл атлеттер жəне жекпе-жек сарайы құрылысын аралап көріп, Өскемендегі өркенді өзгерістерге жоғары баға берді. Шығыс Қазақстанда өндірілетін азықтүлік бұдан былай Ресейдің Алтай өлкесіне еш кедергісіз жөнелтілмек. Бұл екі ел арасындағы сауда-саттық көлемін арттыруға айтарлықтай үлес болып қосылады. ӨСКЕМЕН.


6

www.egemen.kz

6 қараша 2013 жыл

Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс туралы хабарландыру Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары: C-1 санаты үшін: білімі – жоғары; мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда бір жылдан кем емес немесе жоғары білім бағдарламалары бойынша шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда бір жылдан кем емес немесе мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтіл үш жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сəйкес салаларда алты жылдан кем емес, оның ішінде ұйымдардың басшылары жəне олардың орынбасарлары лауазымдарында жұмыс өтілі екі жылдан кем емес немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс негізінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе ғылыми дəрежесі болған жағдайда осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сəйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес. C-2 санаты үшін: білімі – жоғары; мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда бір жылдан кем емес немесе жоғары білім бағдарламалары бойынша шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сəйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде ұйымдардың басшылары жəне олардың орынбасарлары лауазымдарында бір жылдан кем емес немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс негізінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда бір жылдан кем емес немесе ғылыми дəрежесі болған жағдайда осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сəйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес. C-3 санаты үшін: білімі – жоғары; мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес; оның ішінде мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес; немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сəйкес облыстарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, немесе басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес; немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; немесе ғылыми дəрежесінің болуы. C-4 санаты үшін: білімі – жоғары; мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес; немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сəйкес облыстарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес; немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; немесе ғылыми дəрежесінің болуы. C-5 санаты үшін: білімі – жоғары. C-O-3 санаты үшін: білімі – жоғары; мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес немесе мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сəйкес облыстарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы немесе ғылыми дəрежесінің болуы. C-O-4 санаты үшін: білімі – жоғары; мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сəйкес облыстарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы немесе ғылыми дəрежесінің болуы. C-O-5 санаты үшін: білімі – жоғары; C-O-6 санаты үшін: білімі – жоғары немесе ортадан кейінгі; C-R-4 санаты үшін: білімі – жоғары. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сəйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. C-R-5 санаты үшін: білімі – жоғары немесе ортадан кейінгі. - «Мемлекеттік əкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасы бірінші орынбасарының 2008 жылғы 9 қаңтардағы № 02-01-02/5 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінде 2008 жылы 10 қаңтардағы № 5084 тіркелген). Əкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық жалақылары Санат С-1 С-2 С-3 C-4 C-5 C-О-3

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты min max 175533 237033 156954 212048 118516 160157 106344 143501 80078 108266 94813 128126

Санат C-О-4 C-О-5 C-О-6 C-R-4 C-R-5

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты min max 84563 114032 64063 86485 57656 78157 56375 76235 49970 67907

I. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Материалдықтехникалық қамсыздандыру басқармасы, 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 14, № 229-каб., анықтамалар үшін телефон: 8 (7172) 71-28-79, 71-25-12 бос мемлекеттік əкiмшiлiк лауазымдары бойынша конкурс жариялайды: 1. Басқарманың Құрылыс жəне жөндеу жұмыстары бөлімінің бас маманы (С-О5, 1 бірлік, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне) Функционалдық міндеттері: Ағымдағы жəне жөндеулердің, қайта құрулармен кеңейтулердің келешекте жəне ағымдағы жоспарларын əзірлеуге қатысу; құрылыс материалдары мен жабдықтарына арналған өтінімдер жасау. Прокуратура органдарының ғимараттарын ағымдағы жəне күрделі жөндеу бойынша мердігер ұйымдармен, материалдар мен жабдықтарды сатып алуға ұйымдармен шаруашылық жəне қаржылық шарттарды дер кезінде жасау бойынша шаралар қабылдайды. Жобалау жəне құрылыс ұйымдарының шарттық міндеттемелерін орындауын қадағалайды, қажет болған жағдайда, шарттармен көзделген санкцияларды ұсынады. Жөндеу-құрылыс жұмыстарына бөлінген қаражаттардың жұмсалуын бақылуды қамтамасыз етеді. Жөндеу-құрылыс жұмыстары бойынша есеп жүргізу жəне есептілік жасау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады. Жөндеу жүргізуге арналған ақаулар ведомстволарын, өтінімдерін жасаудың белгіленген мерзімдерінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Ғимараттардың эскиздік жобаларын жəне оларды қайта жобалауды əзірлейді. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Техникалық ғылымдар жəне технология, əлеуметтік ғылымдар, экономика жəне бизнес салаларындағы - жоғары. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сəйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі Техникалық ғылымдар жəне технология, əлеуметтік ғылымдар, экономика жəне бизнес салаларындағы білімі барларға рұқсат етіледі. Тестілеу бағдарламасына сəйкес Қазақстан Республикасының заңнамаларын білу. Осы санаттың нақты лауазымының мамандандырылуына сəйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерінің болуы. Мемлекеттік əкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарының сəйкестігі. Word, Excel бағдарламалары бар дербес компьютермен, ұйымдастыру техникасымен жұмыс істеу. 2. Басқарманың Құрылыс жəне жөндеу жұмыстары бөлімінің бас маманы (СО-6, 1 бірлік). Функционалдық міндеттері: Буклеттердің, стендтердің, тұсаукесерлердің жəне т.б. көркемдік дизайнерлік жобаларын əзірлейді. Жобаланатын бұйымдарға (компоненттік жəне жалпы көрінісінің сызбалары, макеттеу үшін эскиздік жəне жұмыс сызбалары, демонстрациялық суреттер, түсті графикалық жəне эргономикалық сызбалар, үлгілердің жұмыс жобалары) арналған қажетті техникалық құжаттарды əзірлеу. Прокуратура органдарының ғимараттарының, бақылау-өткізу пунктерінің фасадтарын мерекелік көркемдік ресімдеу жөніндегі жұмыстарды жоспарлау; полиграфиялық қызмет көрсетулерге, құжаттарды, бланктерді жəне түрлі сипаттағы бұйымдарды көркемдік ресімдеуге байланысты жұмыстарды орындау; қаруландыру бойынша, прокуратура органдарының ғимараттарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қаржылық талдау жүргізу; Республиканың арнаулы прокурорларына арналған арнаулы құралдардың, сондай-ақ заттай айғақтар сақталатын, жауап алу жəне тергеу мен анықтау жүргізілетін бөлмелердің жарақталуы бойынша қажеттіліктерді талдау; прокуратура органдары ғимараттарының қауіпсіздігі мəселелері бойынша қаржы жылына арналған бюджеттік тапсырысты қалыптастыру үшін талдау жүргізу, полиграфиялық өнімдер жəне ҚАЖТТ жабдықтау мəселелері бойынша қызмет көрсету. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Техникалық ғылымдар жəне технология, əлеуметтік ғылымдар, экономика жəне бизнес салаларындағы - жоғары немесе техникалық ғылымдар жəне технология, əлеуметтік ғылымдар, экономика жəне бизнес салаларындағы ортадан кейінгі білім. Тестілеу бағдарламасына сəйкес Қазақстан Республикасының заңнамаларын білу. Осы санаттың нақты лауазымының мамандандырылуына сəйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерінің болуы. Мемлекеттік əкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарының сəйкестігі. Word, Excel бағдарламалары бар дербес компьютермен, ұйымдастыру техникасымен жұмыс істеу. 3. Басқарманың Іс жүргізу бөлімінің бас маманы (С-О-6, 5 бірлік, негізгі қызметкерлердің бала күту демалысы мерзімдеріне) Функционалдық міндеттері: ҚР БП құрылымдық бөлімшелерінде БАТЖ іс қағаздарын жүргізуі. Хат-хабарларды қабылдау жəне тіркеу, оларды құрылымдық бөлімшелерге жолдау. Тіркеу карточкаларын ресімдеу жəне деректер базасын жасау. Құжаттамалық материалдардың өтуін есепке алудың карточкасын жүргізу, олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру. Келіп түсетін жəне жолданатын хат-хабарлардың есебін жүргізу ағымдағы мұрағат құжаттарын жүйелендіру жəне сақтау. Нарядтарды қалыптастыру, тұрақты жəне уақытша сақталатын құжат істерінің жиынтық тізімін, Қазақстан Республиасы Президентінің мұрағатына беру үшін сақтауға жатпайтын істерді жоюға арналған актілерді жасау. Елтаңбалық бланктердің қатаң есептілігін тіркеуді жүзеге асырады. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білім, құқық жəне гуманитарлық ғылымдар салаларындағы - жоғары немесе ортадан кейінгі білім, құқық жəне гуманитарлық ғылымдар салаларындағы білім. Тестілеу бағдарламасына сəйкес Қазақстан Республикасының заңнамаларын білу. Осы санаттың нақты лауазымының мамандандырылуына сəйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерінің болуы. Мемлекеттік əкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарының сəйкестігі. Word, Excel бағдарламалары бар дербес компьютермен, ұйымдастыру техникасымен жұмыс істеу. 4. Басқарманың Техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы (С-О-6, 1 бірлік) Функционалдық міндеттері: Техникалық қызметтердің жұмыстарын инспекциялау. Энергетикалық жабдықтардың, электр жəне жылу желілерінің, су құбырларының жəне газ құбырларының үздіксіз жұмыс істеуін, дұрыс пайдаланлуын қамтамасыз ету; ұйымның бөлімдері орналасқан ғимараттар мен бөлмелердің санитарлық жəне өртке қарсы қорғалуының тиісті ережелері мен нормаларына сəйкестігінің тиісті жай-күйін жəне шаруашылық қызмет көрсетілуін қамтамасыз ету, сондай-ақ жабдықтардың (лифтердің, жарықтың, жылыту жүйесінің, желдеткіштердің жəне т.б.) жарамдылығын бақылау. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Техникалық ғылымдар жəне технология, құқық, əлеуметтік ғылымдар экономика жəне бизнес салаларындағы - жоғары немесе технология, құқық, əлеуметтік ғылымдар экомика жəне бизнес салаларындағы ортадан кейінгі білім. Тестілеу бағдарламасына сəйкес Қазақстан Республикасының заңнамаларын білу. Осы санаттың нақты лауазымының мамандандырылуына сəйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерінің болуы. Мемлекеттік əкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарының сəйкестігі. Word, Excel бағдарламалары бар дербес компьютермен, ұйымдастыру техникасымен жұмыс істеу. 5. Басқарманың Ақпараттандыру жəне байланыс бөлімінің бас маманы (С-О6, 1 бірлік) Функционалдық міндеттері: Техникалық базаның жаңартылуын жəне ақпараттық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету. Интернет желісінде прокуратура органдарының Веб-порталын, УКиСБ-ны техникалық жағынан қамтамасыз ету. Прокуратура органдарын компьютерлендіруге жəне ақпараттық қамтамасыз етудің енгізілуіне мониторинг жүргізу. Прокуратура органдарының телекоммуникациялық қолдауда жарақтандыру жөніндегі іс-шаралар өткізу. Байланыс құралдарын енгізу жөнінде шаралар қабылдау. Прокуратура органдарының телекоммуникациялық жабдықтары мен бағдарламалық қамтамасыз етулерін жəне телекоммуникациялық жүйелерін жасау , қызмет көрсету, дамыту, сүйемелдеу жəне əкімшілік ету бойынша қызметін ұйымдастыру. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Техникалық ғылым жəне технология саласындағы – жоғары «Ақпараттық жүйе», «есептеу техникасы жəне бағдарламалық қамтамасыз ету», «автоматтандыру жəне басқару» мамандығы бойынша немесе техникалық ғылым жəне технология саласындағы білімі «Ақпараттық жүйе», «есептеу техникасы жəне бағдарламалық қамтамасыз ету», «автоматтандыру жəне басқару» мамандығы бойынша ортадан кейінгі білім. Тестілеу бағдарламасына сəйкес Қазақстан Республикасының заңнамаларын білу. Осы санаттың нақты лауазымының мамандандырылуына сəйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерінің болуы. Мемлекеттік əкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарының сəйкестігі. Word, Excel бағдарламалары бар дербес компьютермен, ұйымдастыру техникасымен жұмыс істеу. II. Қазақстан Республикасының Əділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің Павлодар облысы Сот актілерін орындау департаменті (индекс 140003, Павлодар қаласы, Естай көшесі, 54/1-үй, анықтама үшін байланыс телефоны: /8-7182/ 65-33-13), электрондық мекенжайы s.kisa10@minjust.kz «Б» корпусының мемлекеттік əкімшілік бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды. 1. Павлодар облысы Сот актілерін орындау департаментінің Ақсу аумақтық бөлімінің сот орындаушысы (негізгі қызметкердің бала күтіміне арналған демалысы уақытына ), санаты С-О-4 (2 бірлік). Функционалдық міндеттері: «Атқарушылық іс жүргізу жəне сот орындаушылар мəртебесі туралы» ҚР Заңына сəйке сот актілерін олардың орындалу мерзімінде орындау, азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштері мен шағымдарын дұрыс, жауапкершілікпен қарау, азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру, бөлек негіздемелер бойынша мемлекет пайдасына өндірілген мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау жəне əрі қарай пайдалану бойынша жұмысты ұйымдастыру. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары заңгер білімі; осы бос лауазымның мамандануына сəйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін

заңнамалық жəне нормативтік құқықтық актілерді білу. 2. Павлодар облысы Сот актілерін орындау департаментінің қаржылық жəне материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің жетекші маманы, санаты С-О-6 (1 бірлік). Функционалдық міндеттері: Материалдық құндылықтар мен активтердің түсуін есепке алуды дұрыс құжаттамалық рəсімдеу жүргізу жəне уақытылы көрсету. Департаменттің автоматтандыру, ақпараттандыру жағдайы туралы нақты мəліметті қамтамасыз ету, Департаменттің Интернет веб-сайтын құру жəне одан əрі жетілдіру жөніндегі жұмыстар жүргізу, оны тұрақты жаңартып отыру жəне жұмысын қадағалау. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе орта арнаулы экономикалық білім. ҚР заңнамаларын білудегі тестілеу бағдарламасына сəйкес нормативтік құқықтық актілерді білу. Қазақстан Республикасы Əділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы Сот актілерін орындау департаменті, мекенжайы: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Орджоникидзе көшесі, 23-үй, анықтама телефондары: 8 (7232) 24-12-33, бос əкімшілік мемлекеттік орындарға конкурс жариялайды: 1. Бөлім басшысы - аға сот орындаушысы (С-О-3): Аякөз аумақтық бөлімінің филиалы. Функционалдық міндеттері: Жауапты аумақтық бөлімінің жұмысын ұйымдастыру, қадағалау, сот актілерін уақытылы да сапалы орындату, заң талаптарына сай атқару өндірісінің қозғалуына қатаң қадағалауға, атқару өндірістерін орындауға, басшыларға жазбаша түрде атқарған жұмысы жөнінде мəлімет беруге, тоқсандық есепті жасауға, депозиттік есеп шоттағы қаражатының қозғалуы бойынша мəлімет беруге, заңды жəне жеке тұлғалардан түскен арыз – шағымның мерзімінде орындалуын қадағалау. Бөлімге келіп түскен тапсырмаларға уақытылы жəне нақты жауап дайындау. Бөлімнің жоспарында белгіленген іс – шараларды, ҚР ƏМ сот актілерін орындау Комитетінің жəне Департамент басшысының аппараттық кеңестегі хаттамаларын орындау. Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: жоғары заңгерлік білім, компьютерде жұмыс істей білу. Осы санаттағы лауазымдар бағыты бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. 2. Қаржылық жəне материалдық – техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы (С-О-5): Функционалдық міндеттері: Қызметкерлердің жалақысын есептейді, азаматтар мен заңды тұлғалардың арыздарын қарайды, бухгалтерлік есепті жүргізеді, материалдық техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастырады. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары экономикалық білім, осы бос лауазымның мамандануына сəйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін заңнамалық жəне нормативтік құқықтық актілерді білу. Қазақстан Республикасы Əділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің Астана қаласы Сот актілерін орындау департаменті, 010000, Астана қаласы Республика даңғылы, 58А анықтама телефоны: (7172) 31-05-34 бос əкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды. 1.Персоналды басқару бөлімінің жеке қауіпсіздік бас маманы (С-О-5) Функционалдық міндеттері: Қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық жəне басқа да құқықбұзушылықтардың, қызметтік этиканың сақталуын, оларды болдырмау жəне алдын алу бойынша шараларды жүргізеді. Жеке қауіпсіздік бойынша Департаменттің жəне оның аумақтық органдарының жұмысын ұйымдастырады. Жеке жəне заңды тұлғалардың өтініші бойынша, жəне басқа да сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық пен Ар намыс кодексі туралы мəліметтер бойынша өз құзіреті шеңберінде қызметтік текскріс жүргізеді, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар мен Ар намыс кодексінің сақталуы туралы есеп жасайды, ҚР БП ҚСжАЕ мен сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар мен қылмыстар жөнінде тоқсандық салыстыру актілерін жасайды, Депатртаменттің кіріп-шығу жəне қызметтік құпия мəліметтер мен ақпартаттық қауіпсіздігін қадағалайды, құқық қорғау жəне басқа да мемлекеттік органдарға қызметшілермен құқықбұзушылықтар бойынша шешім жəне заңнамамен көзделген шаралар қолдану үшін ұсыныстар жасайды, қызметкердің қатысуымен болған немесе болуы мүмкін төтенше жағдайлар, жəне Департаменттің қызметтік бөлмелері мен оның аумақтық бөлімдеріндегі жағдайды хабарлайды. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Құқық саласындағы жоғары білім; осы лауазымның мамандануына сəйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін заңнамалық жəне нормативтік құқықтық актілерді білу. 2.Бақылауды қамтамасыз ету жəне құжат айналымы бөлімінің бас маманы (С-О-5, 2 бірлік). Функционалдық міндеттері: Құжат айналымы бойынша жұмыстар жүргізеді, кіріс құжаттарды қабылдайды, бақылау карточкаларын тіркейді, кіріс құжаттарын басшылықпен қаралған соң, тиісті бөлімдерге жектізеді, қызметтік құжаттардың бөлімге беруін, сақталуын қамтамасыз етеді, аппараттық кеңес жиналыстарына жүргізу үшін іс жүргізу құжаттарын əзірлейді, арыз шағымдарды тіркейді, уақытылы қаралып жауап берілуіне бақылау жүргізеді сонымен қатар, жеке жəне заңды тұлғалардың арыз шағымдары бойынша статистикалық есеп құрастырып, уəкілетті органдарға тапсырады. Біріктіру жоспарларының, номенклатураларының, жобасын жасайды басшымен бекітіп, мемлекеттік мұрағатқа келісімге жолдайды. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Құқық саласындағы, гуманитарлық (филология) жоғары білім; осы лауазымның мамандануына сəйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін заңнамалық жəне нормативтік құқықтық актілерді білу. 3.Сот орындаушы: «Сарыарқа аумақтық бөлімі» филиалының сот орындаушысы (С-О-4, 2 бірлік); «Алматы аумақтық бөлімі» филиалының сот орындаушысы (СО-4, 3 бірлік). Функционалдық міндеттері: «Атқарушылық іс жүргізу жəне сот орындаушылар мəртебесі туралы» ҚР Заңына сəйке сот актілерін олардың орындалу мерзімінде орындау, азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштері мен шағымдарын дұрыс, жауапкершілікпен қарау, азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру, бөлек негіздемелер бойынша мемлекет пайдасына өндірілген мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау жəне əрі қарай пайдалану бойынша жұмысты ұйымдастыру. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Заңгер білімі; осы бос лауазымның мамандануына сəйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін заңнамалық жəне нормативтік құқықтық актілерді білу. Қазақстан Республикасы Əділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің Батыс Қазақстан облысының Сот актілерін орындау департаменті, 090000, Орал қаласы, Аманжолова көшесі 174, анықтама үшін телефон: 8 (7112) 50 92 94 бос əкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды. «Орал қаласының №2 аумақтық бөлімі» Филиалының сот орындаушы (С-О4, 2-бірлік). Функционалдық міндеттері: «Атқарушылық іс жүргізу жəне сот орындаушылар мəртебесі туралы» ҚР Заңына сəйке сот актілерін олардың орындалу мерзімінде орындау, азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштері мен шағымдарын дұрыс, жауапкершілікпен қарау, азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру, бөлек негіздемелер бойынша мемлекет пайдасына өндірілген мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау жəне əрі қарай пайдалану бойынша жұмысты ұйымдастыру. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Заңгер білімі; осы бос лауазымның мамандануына сəйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін заңнамалық жəне нормативтік құқықтық актілерді білу. III. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті, 110000, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Əл-Фараби даңғылы, 115, 4 - қабат, 411-бөлме, анықтама үшін телефондар: 8 (7142) 53-28-29, факс 54-33-65 бос мемлекеттік əкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды: 1. Табиғи монополиялар жəне бағаларды реттеу бөлімінің басшысы (С-О-4, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне). Функционалдық міндеттері: Қостанай облысы бойынша табиғи монополия субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне (бұдан əрі - Тіркелім) енгізілген табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтерін бақылау мен реттеуді жүзеге асыру мəселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру жəне бөлім жұмысына басшылықты жүзеге асыру, оны қалыптастыру жəне жүргізу, сондай-ақ үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің Мемлекеттік тізіліміне енгізілген, реттелетін нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) бағаларды бақылау жəне реттеу. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі (бұдан əрі Агенттік) табыстаған, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген номенклатура бойынша тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге), Агенттік табыстаған темір жол көлігі, электр жəне жылу энергетикасы, мұнай өнімдері жəне газ, азаматтық авиация, порттық қызметі саласындағы тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие, нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) бағаларды реттеу. Тізілімге енгізілген ТМС реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін, ТМС реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтік сметаларды, Тізілімге енгізілген субъектілердің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алымдар мөлшерлемелеріне) инвестициялық бағдарламаларды, ТМС реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алымдар мөлшерлемелеріне), уақытша төмендету коэффициентін, ТМС-нің реттеліп көрсетілетін қызметіне уақытша өтемдік тарифті, ТМС-нің инвестициялық бағдарламалары мен жобаларын белгіленген тəртіппен бекіту. Тіркелімге енгізілген ТМС штат кестелерін, ТМС əкімшілік персоналының басшы қызметкерлерінің еңбек ақысының шекті деңгейін, ТМС негізгі құралдарын қайта бағалауды келісуді жүргізу, ТМС белгіленетін оңалту басқарушысының кандидатурасын жəне оңалту жоспарын, ТМС реттеліп көрсетілетін қызмет түрлері бойынша табыстардың, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебін жүргізу əдістемесін, ТМС есепке алу саясатын, реттеліп көрсетілеті коммуналдық қызметтердің (тауарларды, жұмыстарды) есептеу аспаптарын сатып алу мен орнатуға төлемақының мөлшері мен тетігін белгіленген тəртіпте келісу. Ұсынылатын қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) табиғи монополия салаларына жатқызу мəніне талдау, Тіркелімге енгізілген ТМС қызметіне тексерулер, тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге арналған ТМС өтінімдерін қарау кезінде жария тыңдаулар өткізу. Заңнамада белгіленген тəртіппен жеке жəне заңды тұлғалардың өтініштерін өз құзыреті шегінде қарау. Сараптама кеңесі секциясының отырыстарын, бөлім құзыретіне кіретін конференцияларды, семинарлар мен басқа да іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу. Департамент пен бөлімнің жыл сайынғы жұмыс жоспарларын құруға қатысу, бөлім жұмысына тікелей қатысты бұйрықтардың, бағдарламалардың, іс-шаралардың орындалуына бақылауды жүргізуге, табиғи монополия субъектілерінің қызметін реттеу мəселелері бойынша Агенттіктің құқықтық актілері жобаларына ұсыныстарды дайындау. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары экономикалық білімі, үлгі біліктілік талаптарына сəйкес нормативтік құқықтық актілерді білу, табиғи монополиялар жəне реттелетін нарықтар саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындауға қажетті басқа да міндетті білімдер, сондай-ақ компьютерде Word, Excel, e-mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс істей білу. 2. Табиғи монополиялар жəне бағаларды реттеу бөлімінің бас маманы (С-О-5, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне). Функционалдық міндеттері: Қостанай облысы бойынша табиғи монополия субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне (бұдан əрі - Тіркелім) енгізілген табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтерін бақылау мен реттеуді жүзеге асыру мəселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру жəне бөлім жұмысына басшылықты жүзеге асыру, оны қалыптастыру жəне жүргізу, сондай-ақ үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің Мемлекеттік тізіліміне енгізілген, реттелетін нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) бағаларды бақылау жəне реттеу. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі (бұдан əрі Агенттік) табыстаған, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген номенклатура бойынша тауарларға (жұмыстарға қызметтерге), Агенттік табыстаған теміржол көлігі, электр жəне жылу энергетикасы, мұнай өнімдері жəне газ, азаматтық авиация, порттық қызметі саласындағы тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие, нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) бағаларды реттеу. Тізілімге енгізілген ТМС реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін, ТМС реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтік сметаларды, Тізілімге енгізілген субъектілердің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алымдар мөлшерлемелеріне) инвестициялық бағдарламаларды, ТМС реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алымдар мөлшерлемелеріне), уақытша төмендету коэффициентін, ТМС-нің реттеліп көрсетілетін қызметіне уақытша өтемдік тарифті, ТМС-нің инвестициялық бағдарламалары мен жобаларын белгіленген тəртіппен бекіту. Тіркелімге енгізілген ТМС штат кестелерін, ТМС əкімшілік персоналының басшы қызметкерлерінің еңбек ақысының шекті деңгейін, ТМС негізгі құралдарынқайта бағалауды келісуді жүргізу, ТМС белгіленетін оңалту басқарушысының кандидатурасын жəне оңалту жоспарын, ТМС реттеліп көрсетілетін қызмет түрлері бойынша табыстардың, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебін жүргізу əдістемесін, ТМС есепке алу саясатын, реттеліп көрсетілеті коммуналдық қызметтердің (тауарларды, жұмыстарды) есептеу аспаптарын сатып алу мен орнатуға төлемақының мөлшері мен тетігін белгіленген тəртіпте келісу. Ұсынылатын қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) табиғи монополия салаларына жатқызу мəтіне талдау, Тіркелімге енгізілген ТМС қызметіне тексерулер, тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге арналған ТМС өтінімдерін қарау кезінде жария тыңдаулар өткізу. Заңнамада белгіленген тəртіппен жеке жəне заңды тұлғалардың өтініштерін өз құзыреті шегінде қарау. Сараптама кеңесі секциясының отырыстарын, бөлім құзыретіне кіретін конференцияларды, семинарлар мен басқа да іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу. Бөлімнің жыл сайынғы жұмыс жоспарын жасауға қатысу. Конкурска қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары экономикалық білімі, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сəйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі экономикалық білімі барларға рұқсат етіледі, үлгі біліктілік талаптарына сəйкес нормативтік құқықтық актілерді білу, табиғи монополиялар жəне реттелетін нарықтар саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындауға қажетті басқа да міндетті білімдер, сондай-ақ компьютерде Word, Excel, e-mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс істей білу. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті, 100008, Қарағанды қаласы, Костенко к-сі 6, 43каб., анықтама телефондары: 8(7212)411827 бос мемлекеттік əкімшілік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды: 1. Техникалық реттеу бөлімінің бас маманы (1 бірлік, С-О-5). Функционалдық міндеттері: Қазақстан Респбуликасының лицензиялау туралы заңнамасына сəйкес жеке жəне заңды тұлғалардың лицензия беру, қайта ресімдеу жəне (немесе) лицензияға қосымшаларды беру туралы өтініштерді қарау. Табиғи монополиялар жəне реттелетін нарық субъектілерінің тексерулеріне қатысу. Лицензия жəне (немесе) лицензияға қосымшаларды беру жұмыстарын ұйымдастыру. Лицензиялық бақылауды жүзеге асыру; Өтінімдерді, өтініштерді жəне нормативтік техникалық ысырыптарды; шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық жəне технологиялық нормалар шығыстарын; персоналдың нормативтік санын; мемлекет қатысуымен жарғылық капиталда заңды тұлғалар болып табылатын жəне олармен аффилирленген табиғи монополия субъектілерінің əкімшілік персоналының басшы қызметкерлерінің штат кестесін жəне еңбекақы төлеудің шекті деңгейін; негізгі құралдар құнының өсуіне алып келмейтін ағымдағы жəне күрделі жөндеуге жəне басқа да жөндеу қалпына келтіру жұмыстарына бағытталған жылдық смета шығындарын бекіту туралы бұйрықтар жобаларын бекітуге ұсыну. Табиғи монополия субъектілерінің нормативтік техникалық ысырыптарын бекіту бойынша өтінімдерді қарау кезінде жария тыңдаулар өткізу. «Монополистер қызметі мониторингі бойынша электронды деректер қоры» ақпараттық жүйесіне регламентке сəйкес деректерді енгізу. Агенттік Веб-сайтына орналастыру үшін ақпарат дайындау жəне жолдау. Жеке, заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары техникалық білімі. Жұмыста практикалық тəжірибесі болған жағдайда орта білімнен кейінгі техникалық білімі барларға рұқсат етіледі. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдары «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті жəне депутаттар мəртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы», «Мемлекеттiк қызмет туралы», «Сыбайлас

жемқорлықпен күрес туралы», «Əкiмшiлiк рəсімдер туралы», «Жеке жəне заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тəртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның тиісті мамандығына сəйкес келетін салалардағы қарымқатынасты реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін, Табиғи монополиялар жəне реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Қазақстан – 2050» Старатегисы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын білу. Басқа да осы санаттың лауазымдары бойынша қызметтiк мiндеттерді орындауға қажеттi басқа да міндетті бiлiмдер. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті, 080000, Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі 78, 7 қабат, 725-каб., анықтама телефоны: 8(7262) 45-24-24 бос мемлекеттік əкімшілік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды: 1. Техникалық реттеу бөлімінің бас маманы, (С-О-5, 1 бірлік). Функционалдық міндеттері: Тіркелімге енгізілген табиғи монополиялар субъектілерінің нормативтік техникалық ысыраптарын жəне шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық жəне технологиялық нормаларын бекіту туралы жобаларды дайындайды. Лицензияларды жəне/немесе лицензияларға қосымшалар беру немесе оларды беруден бас тарту туралы қорытындыларды береді; жоғары тұрған ұйымға белгіленген мерзімдерде дайындайды жəне белгіленген нысандар бойынша атқарылған жұмыс туралы есептілікті ұсынады, бұқаралық ақпарат құралдарына бөлім жұмысы туралы материалдарды дайындайды; табиғи монополиялар субъектілері ұсынған материалдарды қарайды. Лицензиаттардың жылдық есептерін өңдеуді жүргізеді жəне лицензиялық бақылауды іске асырады; Бөлім басшысының келісімімен Департаменттің құзыретіне кіретін барлық мəселелер бойынша қажетті ақпаратты, материалдарды, анықтама деректерін заңды жəне жеке тұлғалардан сұратады. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары экономикалық немесе техникалық немесе заңгерлік білімі, орта арнайы экономикалық немесе техникалық немесе заңгерлік білімге жол беріледі. Құқықтану немесе жалпы экономика немесе жалпы техникалық мамандығы. Жеке компьютерде MS Word, MS Excel бағдарламаларымен, Интернетпен жəне электрондық поштамен жұмыс істей алу. IV. «Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі» ММ-сі, 010000, Астана қаласы, «Есіл» ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі», 10-кіреберіс, анықтама үшін телефондар: (8717-2) 74-25-66, Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің бос мемлекеттік əкімшілік лауазымына орналасуға конкурс жариялайды: 1. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Персоналды басқару департаменті (кадр қызметі) Кадр жұмысы басқармасының бас сарапшы С-4 санаты, (1 бірлік) Функционалдық міндеттері: Министрліктің əкімшілік реформасы шегінде кадрлық саясатты жүзеге асыру; мемлекеттік қызметшілердің жəне Министрліктің ведомстволық бағынысты мемлекеттік кəсіпорындары басшыларының бос лауазымдарына конкурстарды өткізуді дайындауға жəне ұйымдастыруға қатысу; кадр бойынша статистикалық есептерді дайындау; кадр мəселелері бойынша талдау анықтамаларды дайындау; кадр резерві жəне мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін жоғарылату бойынша жұмысты қамтамасыз ету; Министрліктің ведомстволық бағынысты кəсіпорындары мен ұйымдарының кадр мəселелері бойынша жұмысын үйлестіру жəне бақылау; орталық аппараттың жəне Министрліктің ведомстволық бағынысты мемлекеттік ұйымдары мен кəсіпорындарының басшыларын аттестаттау бойынша іс-шараларды ұйымдастыру жəне өткізу; Министрлікте еңбек тəртібінің сақталуын қамтамасыз ету; Басқарма бастығы жүктеген басқа да міндеттерді орындайды. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Заңгерлік, гуманитарлық, педагогикалық, ауыл шаруашылық, техникалық, аударма ісі немесе əлеуметтік ғылымдар, экономика жəне бизнес саласы бойынша жоғары білімі. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының “Мемлекеттік қызмет туралы”, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы”, Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы N 1567 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы ережелері), Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік құпиялар туралы» Заңын жəне осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сəйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. 2. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс департаменті Құрылыс жəне қаржы институттарымен жұмыс басқармасының басшысы (С-3 санаты, 1 бірлік) Функционалдық міндеттері: Басқарма жұмысын ұйымдастыру жəне Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен, мемлекеттік органдармен, ведомостволық бағыныстағы жəне басқа да мемлекеттік органдармен оның өзара тиімді қарым-қатынастары, тұрғын үй құрылыс мəселелері бойынша республикалық бағдарламаларды жүзеге асыру үшін ұйымдастыру мен бақылауды қамтамасыз ету, республикалық жəне ведомствоаралық комиссиялардың жұмыстарына, республикалық тұрғын үй құрылыс бағдарламаларын іске асыру мəселелері бойынша кеңестерге қатысу, кеңестерге материалдар дайындауға жəне тұрғын үй құрылыс мəселелері бойынша басқа да іс-шараларға қатысу; Басқарма құзыретіне кіретін мəселелер бойынша нормативтік құқықтық актілер жобалары бойынша қорытындылар мен ұсыныстарды қарауды жəне дайындауды ұйымдастыру; мемлекеттік жəне салалық бағдарламалар жобаларын, Министрліктің стратегиялық жоспарын жəне Басқарма құзыретіне кіретін мəселелер бойынша басқа нормативтік құқықтық актілер дайындауды ұйымдастыру; Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмалары мен нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын ұйымдастыру жəне уақытылы орындалуы үшін бақылауды қамтамасыз ету; депутаттық сұрауларды, мемлекеттік органдардың хаттарын, жеке жəне заңды тұлғалардың жəне үкіметтік емес ұйымдардың өтініштерін қарастыруды жəне олар бойынша жауаптар дайындауды ұйымдастыру; тұрғын үй құрылыс бағдарламаларын іске асыру мəселелері бойынша мемлекеттік органдармен қарым-қатынас; қоғамдық ұйымдармен жəне бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жүргізу; мыналарды қамтамасыз ету: - Министрліктің тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы жалға берілетін, кредитке берілетін тұрғын үйлерді пайдалануға енгізу жəне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салу бойынша нақты көрсеткіштерге қатысты «Тұрғын үй құрылысы» бөлімі бойынша Стратегиялық жоспарды орындау; - Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігіне, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiне, Қазақстан Республикасының Экономикалық даму жəне сауда министрлігіне «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасын жүзеге асыру туралы есептерді ұсынуды; - «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «СамұрықҚазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-тың, «ҚТҚЖБ» АҚ-тың жəне ЕДБ (екінші деңгейдегі банктер) қатысуымен тұрғын үй құрылысын талдау; - тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы тұрғын үйді сату мониторингі бөлігінде «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-пен əрекеттесу. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары кəсіби, мамандығы бойынша Құрылыс немесе Құрылыс материалдарының, бұйымдарының жəне конструкциялардың өндірісі, Сəулет немесе Заңтану, Экономика немесе Қаржы. Қазақстан Республикасы заңнамаларын білуді тестілеу бағдарламасына сəйкес нормативтік құқықтық актілерді, «Қазақстан Республикасындағы сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Салық кодексін, Бюджеттік кодексін жəне басқа заңдарды, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын білуі. 3. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Ішкі аудит басқармасының бас сарапшысы (бала күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалысы кезеңінде 2016 ж. 15.05 дейін ) (санаты С-4, 1 бірлік) Функционалдық міндеттері: Министрліктің жəне оның аумақтық жəне ведомстволық бағынысты кəсіпорындарының қаржы-шаруашылық қызметін тексеруді жүзеге асыру; Министрліктің стратегиялық жоспарын жүзеге асырады жəне стратегиялық жоспардың аталған басқармаға тікелей қатысы бар мақсаттарына, міндеттеріне жəне көрсеткіштеріне қол жеткізу; бухгалтерлік құжаттар мен есептілікке ревизия жүргізу, оның растығын бағалау; шаруашылық жəне қаржылық қызмет, бухгалтерлік есептілік, салық салу, заңсыз қойылған талаптарды даулаудың қолданыстағы тəртібі мəселелері жəне оның құзыретіне кіретін басқа да мəселелер жөнінде комитеттерге, аумақтық жəне ведомстволық бағыныстағы кəсіпорындарға консультация беру. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары экономикалық, қаржылық, мемлекеттік жəне жергілікті басқару мамандығы бойынша білімі. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы N 1567 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы ережелері), Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік құпиялар туралы» Заңын жəне осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сəйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. 4. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс департаменті Құрылыс жəне қаржы институттарымен жұмыс басқармасының сарапшысы (С-5 санаты, 1 бірлік) (бала күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалысы кезеңінде 2014 ж. 19.08 дейін) Функционалдық міндеттері: Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен, мемлекеттік органдармен, ведомостволық бағыныстағы жəне басқа да мемлекеттік органдармен өзара тиімді əрекеттесуді қамтамасыз ету; нормативтік-құқықтық актілер жобаларын, мемлекеттік жəне салалық бағдарламалар жобаларын əзірлеуге, республикалық бюджеттік бағдарламаларды жəне Министрліктің стратегиялық жоспарын жəне т.б. жүзеге асыруға қатысу; республикалық жəне ведомствоаралық комиссиялардың жұмысына қатысу, тұрғын үй құрылыс мəселелері бойынша кеңестерге материалдар дайындау жəне басқа іс-шаралар; Басқарма құзыретіне кіретін мəселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерінің жобалары бойынша қорытындылар мен ұсыныстарды қарау жəне дайындау; Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмалары мен нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын ұйымдастыру жəне уақытылы орындалуы үшін бақылауды қамтамасыз ету; депутаттық сұрауларды, мемлекеттік органдардың хаттарын, жеке жəне заңды тұлғалардың жəне үкіметтік емес ұйымдардың өтініштерін қарауды жəне олар бойынша жауаптар дайындауды ұйымдастыру; тұрғын үй құрылыс мəселелері бойынша мемлекеттік органдармен əрекеттесу; қоғамдық ұйымдармен жəне бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмысты жүзеге асыру; жұмыс үшін қажетті статистикалық ақпараттарды жинақтау жəне өңдеуді іске асыру; «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасын аймақтар бөлінісінде іске асыру жөніндегі іс-шараларының Жинақ жоспарын атқару бойынша ай сайын мониторинг жүргізу; «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасын іске асыру барысын талдау мен үнемі үйлестіріп отыру жұмыстарын жүргізу жəне қажеттілік туындаған жағдайда аталған бағдарламаға нормативтік өзгертулер мен толықтырулар жөніндегі ұсыныстарды енгізу; тұрғын үй құрылыс мəселесі жөніндегі шаруашылық субъектілеріне, мемлекеттік ұйымдарға кеңес беру-əдістемелік көмек көрсету; Басқарма жетекшілік ететін мəселелер бойынша жергілікті атқарушы органдар мен «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» Бағдарламасының операторларына ұйымдастырушылық жəне əдістемелік басшылықты жүргізу; «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасын іске асыру аясында «Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-тың жəне екінші деңгейлі банктердің қатысуымен тұрғын үй құрылысына ай сайын мониторинг пен талдау жүргізу. «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасын іске асыру аясында «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-тың қатысуымен тұрғын үй құрылысына ай сайын мониторинг пен талдау жүргізу. «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы бойынша есептілікті қалыптастыруды жүзеге асыру. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары, мамандық бойынша: Құрылыс, Сəулет, Экономика, Қаржы немесе Заңтану. Қазақстан Республикасы заңнамаларын білуді тестілеу бағдарламасына сəйкес нормативтік құқықтық актілерді, «Қазақстан Республикасындағы сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Салық кодексін, Бюджеттік кодексін жəне басқа заңдарды, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын білуі. V. «Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) Алматы қалалық сотының кеңсесі», 050021, Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі, 66-үй, анықтама телефоны: 8(7272) 79-50-78, бос əкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды: Алматы қалалық сотының кеңсесі бойынша: 1. Бухгалтерлік есеп жəне есептілік бөлімінің бас маманы (С-О-5, 4 бірлік) Функционалдық міндеттері: бухгалтерлік есеп, жоспарлау жəне есептілікті атқаруға байланысты жұмысты жүргізу. Ағымдағы бухгалтерлік есептілікті жəне келер жылға арналған шығындар сметасын, штат кестелерін құрастыру. Материалды жауапты тұлғалардың есептерін қабылдау. Материалдық құнды тауарларды есепке алуды, шығындар сметасын қолдануды жүзеге асыру, тауар-материалдық құндылықтар мен негізгі құралдарды түгендеуді жүргізу, бухгалтерлік құжаттарды мұрағатқа өткізу үшін өңдеу. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптар: жоғары экономикалық білім, экономикалық орта білімге жол беріледі. Мемлекеттік тілді білу, компьютерде жұмыс істей білу. Облыстық жəне оған теңестірілген соттар бойынша: 2. Қазақстан Республикасы Əскери Сотының бас маманы – баспасөз қызметінің маманы (С-О-5, 1 бірлік, негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі демалысы кезеңіне) Функционалдық міндеттері: соттардың қызметін жария ету бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық жəне мемлекеттік ұйымдармен жəне жеке тұлғалармен өзара əрекет ету, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланымдар мен мақалаларды шығару, лауазымды тұлғалардан сұхбат алу, теледидар бағдарламаларына қатысуды ұйымдастыру. Ұымдастыру-талдау жұмыстарын жүргізу жəне олар бойынша анықтамалармен ақпаратты дайындап, талдау жасау. Жұмысты жетілдіру жөніндегі тиісті ұсыныстар енгізу. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптар: журналистика мамандығы бойынша жоғары білім немесе жоғары заңгерлік білім. Журналистика немесе заңгерлік мамандықтары бойынша орта білімге жол беріледі. Мемлекеттік тілді білу, компьютерде жұмыс істей білу. 3. Қазақстан Республикасы Əскери Сотының бас маман – сот мəжілісінің хатшысы (С-О-5, 1 бірлік). Функционалдық міндеттері: сот мəжілістерінің хаттамаларын жүргізу, қылмыстық, азаматтық істерді ресімдеу, процесуалдық құжаттарды (сауалдар, хаттар, шақыртуларды, атқару парақтарын) дайындау. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптар: жоғары заңгерлік немесе «мемлекеттік жəне жергілікті басқару» білімі, заңгерлік орта білімге жол беріледі. Мемлекеттік тілді білу, компьютерде жұмыс істей білу. Аудандық жəне оған теңестірілген соттар бойынша: 4. Бас маман (С-R-4, 5 бірлік: Алмалы аудандық соты - 1 бірлік, негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі демалысы кезеңіне; Əуезов ауданының № 2 аудандық соты – 1 бірлік; мамандандырылған ауданаралық əкімшілік соты – 1 бірлік, негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі демалысы кезеңіне; Медеу аудандық соты - 2 бірлік, оның ішінде 1 бірлік негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі демалысы кезеңіне). Функционалдық міндеттері: арыздар мен өтініштерді қарау, анықтамалар мен ақпаратты жасап, сот қорытындыларына талдау жасау. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптар: жоғары заңгерлік немесе «мемлекеттік жəне жергілікті басқару», техникалық немесе гуманитарлық білім. Заңгерлік, гуманитарлық немесе техникалық орта білімге жол беріледі. Мемлекеттік тілді білу, компьютерде жұмыс істей білу. 5. Бас маман – сот мəжілісінің хатшысы (С-R-4, 20 бірлік: Алмалы аудандық соты - 2 бірлік, негізгі қызметкерлердің бала күтімі жөніндегі демалысы кезеңіне; Алмалы ауданының № 2 аудандық соты - 1 бірлік; Əуезов ауданының № 2 аудандық соты - 3 бірлік; Бостандық ауданының №2 аудандық соты - 1 бірлік; Жетісу аудандық соты - 2 бірлік, оның ішінде 1 бірлік негізгі қызметкердің оқу демалысы кезеңіне, 1 бірлік негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі демалысы кезеңіне; Жетісу ауданының №2 аудандық соты – 1 бірлік; мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі соты - 2 бірлік, оның ішінде 1 бірлік негізгі қызметкердің оқу демалысы кезеңіне; мамандандырылған ауданаралық əкімшілік соты – 1 бірлік, негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі демалысы кезеңіне; мамандандырылған қаржылық соты – 2 бірлік; Медеу аудандық соты – 3 бірлік, оның ішінде 1 бірлік негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі демалысы кезеңіне; Түрксіб аудандық соты - 2 бірлік, негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі демалысы кезеңіне). Функционалдық міндеттері: сот мəжілістерінің хаттамаларын жүргізу, қылмыстық,

азаматтық істерді ресімдеу, процесуалдық құжаттарды (сауалдар, хаттар, шақыртуларды, атқару парақтарын) дайындау. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптар: жоғары заңгерлік немесе «мемлекеттік жəне жергілікті басқару» білімі, заңгерлік орта білімге жол беріледі. Мемлекеттік тілді білу, компьютерде жұмыс істей білу. 6. Жетекші маман (С-R-5, 15 бірлік: Алмалы аудандық соты – 2 бірлік; Алмалы ауданының №2 аудандық соты – 2 бірлік; Əуезов ауданының №2 аудандық соты – 1 бірлік; Бостандық аудандық соты - 3 бірлік; Жетісу аудандық соты - 4 бірлік, оның ішінде 1 бірлік негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі демалысы кезеңіне; мамандандырылған ауданаралық əкімшілік соты – 1 бірлік, негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі демалысы кезеңіне; Медеу аудандық соты - 1 бірлік; кəмелетке толмағандар істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты - 1 бірлік, негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі демалысы кезеңіне). Функционалдық міндеттері: анықтамалар мен ақпараттарды жасау, сот қорытындыларын, талдау жасау, жеке ұйғарымдарды есепке алу жəне оның орындалуын бақылау, мұрағат істерін жүргізу, қолданыстағы заңнаманы жүйелеу мен кодификациялау, сот статистикасын жүргізу. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптар: жоғары заңгерлік, немесе гуманитарлық немесе «мемлекеттік жəне жергілікті басқару», техникалық білім, немесе орта заңгерлік, гуманитарлық немесе техникалық білім. Мемлекеттік тілді білу, компьютерде жұмыс істей білу. 7. Бас маман – аға сот приставы (С-R-4, 2 бірлік: Бостандық аудандық соты - 1 бірлік; Жетісу ауданының №2 аудандық соты - 1 бірлік). Функционалдық міндеттері: сот мəжілісі залында сот отырысы кезінде қоғамдық тəртіпті қадағалау, процесуалдық іс-əрекеттерді жүргізуде сотқа көмек көрсету, сот ғимаратының, судьялардың жəне іске қатысушлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Құқық бұзушыларды ішкі істер органдарына жеткізу. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптар: жоғары заңгерлік немесе «мемлекеттік жəне жергілікті басқару» білімі, немесе заңгерлік орта білім. Мемлекеттік тілді білу, компьютерде жұмыс істей білу. VI. Қазақстан Республикасының Əділет министрлігі Астана қаласы Əділет департаменті (индекс 010000, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, №15, Электрондық мекенжайы: Astana_adilet@mail.ru ақпараттық телефондар: /8-7172/35-55-58, факс: 32-55-16) мемлекеттік əкімшілік бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды. Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары: 1. Астана қаласы Əділет департаментінің Алматы ауданы Əділет басқармасының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің жетекші маманы / C-R-5 санаты, 1 бірлік/. Функционалдық міндеттері: жұмысты жоспарлау, болжамдау, азаматтық хал актілерін толық жəне уақтылы тіркеуді қамтамасыз ету, қолданыстағы неке жəне отбасы туралы заңдарды түсіндіру, азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы жұмысына талдау жасау, Əділет министрлігінен жəне Департамент басшыларымен берілген тапсырмаларын сапалы жəне өз уақытында орындау, жоғары тұрған жəне басқа да органдардың бақылау тапсырмаларын уақытында орындау, жеке жəне заңды тұлғалар өтініштерінің уақытында қаралуына күнделікті тексеріс жүргізу. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Құқық саласындағы жоғары немесе ортадан кейінгі білім. Аталған лауазымның қызметтік міндеттері саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сəйкес, ҚР Конституция, ҚР «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті жəне оның депутаттарының мəртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Əкімшілік рəсімдер туралы», «Жеке жəне заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тəртібі туралы», ҚР «Əділет органдары туралы», «Неке жəне отбасы» Заңдарын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясы, ҚР Азаматтық Кодексі, ҚР Азаматтық хал актілерін тіркеу тəртібі туралы Ережелерін білуі. Маңғыстау облысының Əділет департаменті, 130000, Ақтау қ., 12 шағын аудан, №8 ғимарат, анықтама үшін телефондар: 8 (7292) 42-05-70, 421600, depjust-mangistau@ mail.ru бос жəне уақытша бос əкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды: 1. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу жұмысын ұйымдастыру бөлімінің басшысы С-О-4, 1 бірлік. Қызметтік міндеттері: Бөлім жұмысын ұйымдастыру, жоспарлау, бақылау жəне басшылық ету; құқықтық кадастрдың уақытында жүргізілуін бақылау; жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) жəне онымен жасалатын мəмілелерді мемлекеттік тіркеу мəселелері бойынша аудандық, қалалық əділет басқармаларының қызметтерін үйлестіру; айлық, тоқсандық, жылдық есептердің уақытында жəне сапалы жолдануына жауап беру; БАҚ-та құқық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру; ҚР ƏМ-мен дайындалатын заң жəне заңға тəуелді актілердің жобаларына бойынша ұсыныс енгізу. Қойылатын талаптар: жоғары заңгерлік білім. Жұмыс тəжірибесі келесі талаптардың біріне сəйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; 2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сəйкес облыстарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес; 3) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 4) ғылыми дəрежесінің болуы. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi жəне оның депутаттарының мəртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Əкімшілік рəсімдер туралы», «Жеке жəне заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тəртiбi туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сəйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі. 2. Ұйымдастыру-бақылау жəне кадр жұмысы бөлімінің жетекші маманы С-О-6, 1 бірлік. Лауазымдық ақысы жұмыс атқарған жылдарына байланысты (бір жылға дейін) 57 656,83 теңгеден (20 жыл астам) 78 157,03 теңгеге дейін. Қызметтік міндеттері: Бөлім жұмысы туралы есептерді дайындау, жұмыс жəне басқа да іс-шаралар жоспарларының орындалысына есеп жүргізу, негізгі қызметі бойынша бұйрықтардың жобасын əзірлеу жəне бұйрықтарды есепке алу кітабын жүргізу, департамент қызметкерлеріне қажетті анықтамалар, еңбек кітапшаларының куəландырылған көшірмелерін беру, іссапар куəліктерін беру, департаментке іссапарға келген жəне іссапарға кеткен журналын жүргізу, жұмыс уақытын есептеу табелін жүргізу Қойылатын талаптар: Жоғары - құқық саласы (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі), білім саласы (құқық жəне экономика негіздері), қызмет көрсету саласы - (əлеуметтік жұмыс); Ортадан кейінгі білімі - құқық саласы (құқықтану, құқық қорғау қызметі). Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi жəне оның депутаттарының мəртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Əкімшілік рəсімдер туралы», «Жеке жəне заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тəртiбi туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сəйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі. . 3. Ұйымдастыру-бақылау жəне кадр жұмысы бөлімінің басшысы (негізгі қызметкердің бала күтімі демалысынан шыққанға дейін) С-О-4, 1 бірлік. Қызметтік міндеттері: Жұмысты ұйымдастыру, бақылау, жоспарлау, орындау қабілеті, мониторинг жəне ақпаратты – аналитикалық, ұйымдастырушылық жұмыстарын меңгеру, азаматтарды қабылдауда жұмыс тəжірибесі, ҚР ƏМ бұйрықтарын, қаулыларын жəне өзге де тапсырмаларын орындалуын бақылау, бос мемлекеттік əкімшілік қызметтерге конкурс өткізу жəне сапалы құрамы бойынша статистикалық есеп беруді жасақтау, мемлекеттік қызметкерлермен мемлекеттік қызметке түскендегі шек қоюлардың сақталуын бақылау, бөлім жұмысына басшылық ету. Қойылатын талаптар: Жоғары - құқық саласы, білім саласы (құқық жəне экономика негіздері), қызмет көрсету саласы - (əлеуметтік жұмыс). Жұмыс тəжірибесі келесі талаптардың біріне сəйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; 2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сəйкес облыстарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес; 3) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 4) ғылыми дəрежесінің болуы. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парлам ж ы ы ы м ы Қ Р ы ы Ү м ы К ы ы Қ Р ы ы М м ым ы Сы ж м ы ы ы Ə мш м ы Ж ж ы ы ш ы ы ы ы ы ым ы м м ы ы ы ы ы Қ Р ы ы м ы ы Қ С ы ы м м ж ы ы ы Н рм ив к қ қық ық к л р рк лмнң м м ны С О рл к Л ым ық қы ы ж мы қ р н жыл рын йл ны ы р жыл йн ң н жыл м ң йн Қы м кмн р Ə М м шы ы ы ы м ы ы ы ы м ы ыж ы ы ы ы ы м ы ж ы м ы ы жы ым ы ы м ы ы м м м ж ж м м м ы ж ж м ы ы м ж Ə мш ы шы ы ы ҚР К ы мш ы шы ы ы ш ж м м ы ы ы ж ж ы ы ш ж м ж мы ы ы ы ж ы ы Қ йыл ын л п р Ж ы ы ы М м ым жы м м м ы ы ы ым ы ф ы ы ы ы жы м м ж мы ж м Қ Қ П м Ү м ым ы ы

Р ы ы К ы Қ Р ы ы Р ы ы П ы Қ Р ы ы ж ы ы ы м ы Қ Р ы ы ы К ы ы Қ Р ы ы М м ы Сы ж м ы ы ы Ə мш м Ж ж ы ы ш ы ы ы ы ым ы м м ы ы ы ы ы Қ Р ы ы м ы ы Қ С ы ы м м ж ы ы ы Жылжым й ын м л кк қ қық р ы рк ж мы ын йым ыр л м н ң ж кш м м ны С О рл к Л ым ық қы ы ж мы қ р н жыл рын йл ны ы р жыл йн ң н жыл м ң йн Қы м кмн р Т м ы ҚР ƏМ ТҚК Д м шы ы ы ы ы м ы ы ж ы ы ы ы ы м жы жым ы м ы ы ж ым ж ы м м м м ж ы ы ы ы ж ы ы ж ы ы ы жы ы ы ы ж ыж ы ж ы ы ы ы ш ы ым ж ж ы ы ш жы жым ы м ы ыж ым ж ы м м м м м ы ш ы ы ы ы БАҚ ы ж мы ы ы ы ы м ы м м Қ йыл ын л п р Ж ы ы ы м ы ы Қ Р ы ы К ы Қ Р ы ы Қ Р ы ы П ы Қ Р ы ы П м ж ы ы ы м ы Қ Р ы ы Ү м ы К ы ы Қ Р ы ы М м ым ы Сы ж м ы ы ы Ə мш м ы Ж ж ы ы ш ы ы ы ы ы ым ы м м ы ы ы ы ы Қ Р ы ы м ы ы Қ С ы ы м м ж ы ы ы V Қ қ н Р п лик ы М ни ж н қп р мини рл н ң Ақп р ж н м р К ми А н қ л ы Орын р к ш Мини рл к р й кр р қ к ин нық м ш н л ф ны л к р н ық м к нж й p nb @mk k к мш л к м мл к к л ым рн л к нк р ж риял й ы Б п рл м л ры қ рм ының р пшы ы С Ф нкци н л ық м н р Б м ы ы ж ы м ы ш м ы ы Б м ы ы ж ы м ы ш м м ы ы м м ы ы ы ы м ш Б ы ы ш шм м ж ы ы ж ы ы ы К м шы м ы ш ы шы ы м ы ш Қ ж шы О ы ы ы м ш Қ Р ы П жы ы ы Ж ы ж ы ш м м ш ы ы ы ы Т ж м ж ы ж ы ы м ым ы ж ы ы ы ы ш м м ы ы ж м ы ы ф ы ы ы ы ж ы ы ым ы ы м ф ы ы ы ж ж м ф ы ы ы ы ы ж м ж ы ж м ым ы ж ы ж ф ым ы ы м ы Д Дю ф ы ф ж ы ы ы ы ы ж м МХКЖ ы М ы ж ы м м ы ым ы ж ы ж ж ы ы ш ы ш ым ы Б м ы ы ж V Қ қ н Р п лик ы Қ ржы мини рл С лық к ми н ң Шы ы Қ қ н лы ы йынш С лық п р м н Ө к м н қ П рми ин к ш нық м л ф ны л к р н ық м к нж йы @ m d k к мш л к м мл к к л ым рн л к нк р ж риял й ы Шы ы Қ қ н лы ы йынш лық п р м н н ң лық и қ рм ының № и лмнң м м ны С О қы ш н қы м к р ң л к м н йл ны ы м лы м р м н жыл йн Ф нкци н л ық м н р ы ы ым ы м ж ы ы ы ж ж ж ы ы ы шы ы ыж ы ы ы м ж ыж ю ы ы ы ж САЭБ ы ж ы ж ы ы ж ы ш ы ж ю ж м м м ы ж ы ш ы ы ы ы ы ыж ы ы ы ы м м ы К нк р қ қ ы шыл р қ йыл ын л п р ж ы м ы м м м м жы м м м ы ы ы ымы ы ф ы ы ы ы жы м м ж мы ж м ы м С ы ы м м ы ыҚ Р ы ы м ы ы м ю ж мы

Жалғасы бар

Шенеуніктер ауылды зерттемек

Бүгін ауыл не күйде? Халқымыздың дəстүр-салтының, мінезінің, жалпы тумысының түбірі болған ауылды айтсақ көңіліміз ортаяды, оны қазір «алтын бесік» деп айта аламыз ба? Жас мамандар ауылды жерлерге барғысы келмейді, мектептерде бала саны азайып кетті, ауылдан көш тоқтаған жоқ. Осы сияқты көзге бадырайып көрініп отырған мəселе жеткілікті. Облыс орталығындағы шенеуніктер ауылға қатысты мəселенің мəнісін аудандағылар қалай жазып берсе, солай қабылдап отырады. Мемлекет тарапынан қыруар қаржы бөлінген, ауылға арналған бағдарламалар қаншама? Бірақ соның барлығын облысты басқару аппаратына кіретін басқарма басшылары кабинеттен шықпай отырып жазады, ақпар береді. Ал шын мəнісінде бүгінгі ауыл қалай тыныстап отыр? Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан».

Міне, осыны білмек үшін облыста ауылдық жерлердегі мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысын жəне оның əлеуметтікэкономикалық жағ дайын талдау мен мониторинг өткізу қолға алынды. Ол үшін экономикалық жəне əлеуметтік даму жағдайы орташа, кемінде 1000 адам тұратын он ауылдық округтің тізімі жасалды. Олар облыстың əр ауданында, əр шалғайында орналасқан. Таңдалған əр ауылдық округте бір жəне бірнеше елді мекендер бар. Жақында облыс əкімі Нұралы Сəдуақасовтың бастамасы жəне тікелей тапсыруымен облыс əкімінің орынбасары Серік Бектұрғанов бастаған құрамында басқармалар басшылары бар жұмыс тобы Əулиекөл ауданындағы Новонежин ауылдық округінде болып қайтты. Олар таңертеңнен кешке дейін ауылдық округке қарайтын Новонежин, Калинин жəне Лаврентьев ауылдарында болып, тұрғындармен əңгімелесті, оларды қабылдап, проблемаларын, ұсыныстарын тыңдады. Ауылдардағы мектептерде, фельдшерлік пункттерде болды, олардың əлеуметтік жағдайымен танысты. Сонымен қатар, шенеуніктермен бірге ауылға жылжымалы медициналық кешен бірге келген болатын. Құрамында терапевт, кардиолог, онколог, стоматолог, педиатр, гинеколог сияқты түрлі маман бар медициналық кешенге ауылдастар кезекке тұрып, тайлы-таяғы қалмай диагностикалық тексеруден өтті. Осы сапардан келген соң, ертеңіне облыс əкімінің орынбасары Серік Бектұрғанов журналистер үшін баспасөз мəслихатын өткізді. – Бұл құзырлы органдардың тексеруі емес, біз халықтың арасына барып, ауылдың немен тыныстап отырғанын өз көзімізбен көргіміз, проблемаларды кабинетте отырып емес, жергілікті жердің өзінде зерттегіміз келді. Ал өзекті мəселе бола қалғанда оның себебін нақты табуымыз керек. Бүгін ауылға арналған мемлекеттік бағдарламалардың соңы неге сиырқұйымшақтанып кетеді? Ауыл адамдары «Сыбаға», «Жұмыспен қамту жол картасы», «Бизнестің жол картасы» бағдарламаларына қаншалықты қатысуда? Мысалы, кейде қағазбастылықтан мемлекеттік қаржылар тиісті жеріне дұрыс бөлінбейді. Аз ғана бала оқып жатқан мектептерді жөндеуге миллиондап қаржы бөлінеді. Ал сол қаржыны басқа мектепке немесе тіпті басқа керекке бағыттасақ қалай болар еді? Біз ауылдағы бірінші кезекте шешімін табуға тиісті мəселелерді өзіміз көргіміз келді. Біздің жұмыс тобының мақ саты ауыл жағдайын зерттеп, талдау жасаудың тиімді үлгісін жасау болып отыр, оны болашақта аудан əкімдері пайдаланатын болады. Жұмыс тобы он ауданнан таңдап алған он ауылдық округте ауыл адамдарын қабылдаудың сыртында, сол жердегі кəсіпкерлермен де кезде сулер өткізеді. Ішкі саясат басқар масының қызметкерлері ауыл адамдарына əлеуметтік сауал нама жүр гізеді. Ауылдағы ағайын іздеп барса кіре алмайтын шенеуніктер енді олармен емен-жарқын сөйлесіп, оның жағдайын, сұранысын, ұсынысын тыңдайды. Арнайы жұмыс тобы осындай зерттеулерді түйіндеп, сол округте ауыл тұрғындарының жиынын өткізеді, ауылдың əлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы жан-жақты талдау жасап, оларға өздерінің жасаған қорытындыларын, ұсыныстарын айтатын болады. Жұмыс тобының жетекшісі Серік Бектұрғанов баспасөз мəслихатында журналистердің сұрағына орай, алғашқы сапар жасаған Новонежин ауылдық округіндегі ең басты проблема ауылдан көшудің тоқтамай отырғандығы екенін айтты. Ауыл адамдары мал ұстап отыр, шөп бар, отын бар, мектеп, фельдшерлік пункт жұмыс істеп тұр. Ауыл табиғат аясында орналасқан. Бірақ адамдар бұрынғыдай ауылда тұрғысы келмейді, қалаға көшкісі келеді. Сонымен қатар, мал шаруашылығында адамдардың жұмыс істегісі келмейтіндігі де шенеуніктердің жұмыс тобының назарына айрықша ілінген. Бұл көрініс өкінішке қарай, тек Новонежинде ғана ма? Шенеуніктер енді Жітіқара, Қара балық, Қарасу, Қостанай, Наурызым, Сарыкөл, Таран, Ұзынкөл аудандары мен Арқалық қаласындағы елді мекендерді аралайтын болады. ҚОСТАНАЙ.


 Талбесік Маңғыстаудың экологиясы мəз емес. Арал теңізіне жақын орналасқандықтан тұзды сор шөп-шаламға қонақтап, сортаңданып, шаңды дауылдан көз ашуы сирек Бейнеу ауданынан бастап, түбекке дендей кірген адам табиғат үйлесімділігі бұзылуының сан көрінісіне куə болады. Тау құмдардың алып аждаһадай жылжып екінші жерге қоныс аударуы немесе кеше тұрған алып құм төбенің бүгін басқа жағында орналасуы үрейлі-ақ. Бұл үрей тек бір сəттік сезім емес, расында арты табиғи апатқа соқтыруы мүмкін зардаптың салқын елесі...

Ќўм кґшкіні

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Маңғыстауда өткен ғасырдың 80-90шы жылдарынан бастап дабыл қағылып, мəселе ретінде көтерілген жайттың бірі – құм көшкіндерін тоқтату болатын. Бұл бағыттағы жұмыстар бірнеше рет қолға алынып, бірақ əдеттегі салғырттығымызға сай соңы сиыр құйымшақтанып, құмға сіңген судай аяқсыз қалу дағдыға айналды. Маңғыстау – ылғалдылық мөлшері жылына 120-140 мм.-ден аспайтын, ең жаңбырлы деген жылдары ылғалдылық мөлшері əрі кеткенде 250 мм.-ге дейін ғана жететін шөлді өлке. Жауын-шашынның сирек болуы кейде ондаған жылдарға созылып, керісінше күннің ыстықтығы жерді қуырып жібереді. Онсыз да мардымсыз қылтиып тұрған шөп атаулының ғұмыры тым қысқа – мал аузына іліккені құт, қалғаны күнге күйіп, құрт түсіп тоз-тоз болады. Осыншалықты тозған жер барынша жараланғыш, қара жерді осып тұрып екі рет жүріп өткен ауыр көліктің ізіне шөп өскенін көру үшін 5-10 жыл күтуге тура келеді. Деректерге сүйенсек, 1930 жылдарға дейінгі санақтарда 1 млн. 750 мың бас қой мен ешкіге өріс болып, қорасы мыңғырған малға толған өлкеде ауыл шаруашылығын дамытуға баса мəн берілген кеңестік кезеңнің өзінде мал саны 1 млн.-ға жеткен жоқ. Бұған себеп – өндірістің дамуы, алуан техникалардың жердің астаң-кестеңін шығара «ойқастауы». Қатты, тегістік жерлер ақ шаңның ойнағына айналса, тағдыры бетінде өскен өсімдіктер əлеміне тығыз байланысты құмды аймақтар алдыңғы кезекте өзгеріске ұшырады. Ежелгі теңіз шөгінділерінің көшуінен пайда болған Маңғыстаудағы құм алаптары

қырда Қарақұм, Сам, Матай құмдары, ал, түбектің ойында оңтүстік шығыстан солтүстік батысқа қарай созылған Бостанқұм, Түйесу, Сауысқан, Сеңгірқұм, Тышқанқұм, Қарынжарық құмдары болып тізбектеледі. Соңғы айтылған құм алаптары 4 000 шаршы шақырымнан астам жерді алып жатыр. Əу бастан жергілікті тұрғындар жал-жал шағыл құм мен ондағы өсімдіктер дүниесін көздің қарашығындай сақтап, отын-суы мардымсыз мезгілде бір түп бұтаны сындыруға жол бермеген Сам, Матай құмдарында жағдай қалыпты болса, құмды бекітіп тұрған өсімдіктері жойылып, кө шіп-қонған құмдары алаңдатқан Қызылқұм, Түйесу, Бостанқұм алаптары болды. 1960-шы жылдардағы Маңғыстау өңіріне геологиялық барлау жұмыстарының басталуы, жұмысшы кенттерінің пайда болуы суы тапшы далада құм бауырындағы жерасты суларына «қол салуға» мəжбүр етті. Тұрғындары көбейіп, өндірісі дамыған Жаңаөзен қаласын сумен қамтамасыз ету кейін Қиғаштан тартылған су құбыры арқылы жүзеге асырылғанмен, белгілі бір көлемде əлі жерасты суларына тə уелділік бар. Жарты ғасырдан астам уақыт, яғни 55 жыл бойы Ұштаған ауылы орналасқан Бостанқұм бетінен сорылған су Жаңаөзен қаласына айдалуда. Мұның зардабын ұштағандықтар, жеке шаруа қожалықтары тартудай-ақ тартып келеді. Ауылда бұрынғы колхоз орны түгелдей құм астында қалды, тек кейбір жел үрген жерлерде үйлердің іргетасы мен құдықтардың əйкелдері қарауытады. Ал Сенек ауылы орналасқан Түйесу құмында су деңгейі 12-15 метрге дейін төмендеп, 47,5 шаршы шақырым жерден қылтанақ табу қиынға айналды, ескі мектеп, интернат ғимараттары мен бірнеше тұрғын үйлерді

құм бүркеді. Бозашы даласының оңтүстік батысына таман, шығыстан батысқа қарай созылып жатқан ені 5-10, ұзындығы 35-40 шақырымдай Қызылқұм шағылы иектеген Тұщықұдықтың да құмнан көрген құқайы аз емес. Ауылдан жарты шақырымдай қашықтықтағы Айдар ишан қо рымы құм астында қалып, ұрпақтар ата-баба басына қайтадан құмнан асыра ұзартып белгі соғып əлек. Соңғы үлгіде салынған ақшаңқан ауыл Тұщықұдықтың сəнін жал-жал құмдар бұзып барады. Осы Түйесу, Қызылқұм, Бостанқұм алаптарында 200 шаршы шақырым жер шағылға айналған, нақтырақ айтсақ пайдалануға жарамсыз. Мəліметтер əлемде əрбір сағат сайын 7 шаршы шақырым жердің шөлге айналатындығын айтады, бұл құрлықтың 43 пайызын адам тұрып, тіршілік етуге қолайсыз қалыпқа түсірген. Толассыз жаңбырдан түскен су жерге сіңіп өздігінен молайып отыратын мүмкіндігі жоқ немесе таудан аққан өзен-бұлағы тағы жоқ өңір табанына миллиондаған жылдар бойы жинақталған су қоры үздіксіз сорып алу салдарынан енді оншақты жылдан соң сарқылуы бек мүмкін. Сонда Маңғыстауда көз алдымызда, өз қолымызбен шөл жасау қаншалықты қажет? Құм көшкініне соқтыратын себеп – өсімдіктердің жойылуы болса, өсімдіктерді жоятын алдымен оған нəр беріп тұрған жерасты суларының сорылуы, екіншіден жергілікті тұрғындардың күні кешеге дейін құм өсімдіктерін отын ретінде пайдалануы, үшіншіден онсыз да азып, жұтаңдана бастаған құмға мал жаю. Атан түйені ұшырарлық өктем желі бар Маңғыстауда желге ілесе құтырынатын құмды дауыл мен құмдардың көшуі, ауылаймаққа, экологияға тигізіп жатқан əсері туралы білікті маман О.Тоғжанов, ауыл азаматтары Қ.Наурызмағанбетов, С.Əбішев шыр-пыр болып үлкенді-кішілі жиын-жиналыста жақ жаппай мəселе көтерді. Алматыға талай рет барып, ғылыми негізде көмек сұрап қақпаған есігі қалмаған азаматтардың қолқасын Білім жəне ғылым министрлігінің Гео графия институты қабылдап, құм ды құрықтауға қызығушылық танытты. 2003 жылдан бастап аталмыш институт Кеңес Одағындағы жалғыз ғылыми орын болған Түркіменстандағы Шөл институтының, өзге де ғалым-мамандарды қатыстыра отырып, жоба жасақтады. Географиялық институт Сенекте 300 га. жерге жасыл белдеу орнатты, 2007 жылы Ұштағанда құм тоқтату жұмысын бастап, үш жыл бойы 530 га. жерге бұталы өсімдіктер егумен, фитомелиорация жұмыстарымен айналысты. Не нəрсеге де алдымен үрке қарайтын əдет пе, қоршаулар салынысымен малының қамын ойлап

наразы болған жергілікті халық кейіннен істің нəтижелі болуына өздері атсалысып, жұмыла кірісті. «Құм басып қалды!» деп атойлап алыстан көмек шақырта беру де оңай емес, сондықтан жергілікті жігіттер құм тоқтатудың ғылыми негіздерін үйреніп, өз бетінше əрекет етуге кірісті. Осы мақсатта «Жасыл əлем» МКК құрылды. – Арнайы жасақталған жылыжайда өсірілген жəне Қызылорда, Шалқар өңірлерінен əкелінген сексеуіл, жыңғыл, селеу, жүзген, шағыр, қияқ түрлері, Сам құмынан əкелінген қоянсүйек əлек салған құмдарға отырғызылды. Жер қабатының төменгі бетінде орналасқан ылғалға жеткенше қолдан суарылып, малдың отап кетуінен сақтау үшін орасан күш жұмсалды. Темір шарбақтар салынып, құмға тосқауыл үшін қажетті қамыс өсіруді қолға алдық. Жыл сайын əр құм алабында 100 га. жерді қалпына келтіруді жоспарлап отырмыз. Бүгінге дейін жасалған шаруалар аз емес, бірақ алдағы жұмыстар бұдан да ауқымды, əрі күрделі. Биіктігі 70-80 метрлік құм төбелер аунап қонып жүрген шөлді аймақта қолға алған жұмыстарымыздың 60-70 пайызы оң нəтиже береді, отырғызған өсімдіктерді құм басып қалған кездер де болды, – дейді «Жасыл əлемнің» басшысы Қ.Мəтіков. Бес жылдық тарихында тəжірибе жинап, құм тоқтауға білек сыбана кірісіп, біраз асау құмды бұталы өсімдіктермен «бекітіп-тұсап» тастаған мекемеге арабтың əйгілі «əл-Жазирасы» келіп, қазақтардың іс-тəжірибесін араб даласының құмдарын ауыздықтау үшін «арқалап» кетіпті. «Жасыл əлемдіктер» 70 адамдық күшпен адам баласы қолымен бүлдірген қателікті қалпына келтіру үшін құм арасында қарбаласа қызмет етуде. Құм астында қалу қаупі төнген ауылдың тұрғындары – тұщықұдықтық А.Жұмақали География институты ұжымына, Сенектің тұрғыны Ш.Жариев «Жасыл əлем» МКК қызметіне алғысын жеткізді. Ал Ұштаған ауылынан К.Түгелов Жаңаөзенге су айдауды тоқтату қажеттігін, өндірістік мекемелерден ауылдық жерлерге ешқандай пайда жоқтығын, оларға қажетті су көздерін басқа жерлерден іздеуі қажеттігін ашына айтты. Расында табиғаттың бұлайша «науқастануының», яғни өзіндік үйлесімділігін жойып, азып-тозуының құныкері – адамдар. Бүгінін ғана ойлаған ашкөздік, табиғатқа шеті мен шегі жоқ жансыз дүние ретінде қарап, аяусыз талапайлаған қатыгездік осы жағдайға соқтырды. Ақыры не боларын алдағы уақыт көрсетеді... Маңғыстау облысы.

жарна – 30081 теңге. 3. Тұрақжай, жалпы алаңы 12 ш.м. барлық инженерлік-техникалық коммуникацияларымен бірге, банктік жəне есеп айырысу-кассалық қызметтер көрсету үшін, орналасқан мекенжайы: Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр кенті, «Қуат» шағын ауданы, Тəуелсіздіктің 10 жылдығы көшесі, 23. Баланс ұстаушы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК-ның Алматы облысы бойынша филиалы. Жалдаудың бастапқы мөлшерлемесі айына – 5194 теңге. Тендерге қатысу үшін кепілді жарна – 2597 теңге. Жалдау ақысының мөлшерлемесі өзіне коммуналдық қызметтер мен тұрақжайға қызмет көрсету шығындарын кіргізбейді, олар бөлек төленеді. Тендер өткізу шарты мен жеңімпазды таңдау өлшемдері: - Банктік жəне есеп айырысукассалық қызметтер көрсету үшін нысандарды пайдалану. - Тендер комиссиясының шешімі бойынша нысан үшін жал дау ақысының ең жоғары сомасын ұсынған жəне тендерлік құжаттамада

«Запорожье» ЖШС 2013 жылғы 21 қарашада Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Запорожье ауылы мекенжайында мынадай күн тəртібімен жиналыс болатындығы туарлы өз қатысушыларына хабарлайды: 1. «Қазақстан Эксимбанкі» АҚ-тан айналымдағы қаржыны толықтыру үшін займдар немесе кредиттік желілер алу, сондай-ақ қолданыстағы займдарды ұзарту. 2. «Запорожье» ЖШС міндеттемелерін қамтамасыз ету үшін жеткілікті көлемде «Қазақстан Эксимбанкі» АҚ-ға жылжитын жəне/немесе жылжымайтын мүлікті кепілге беру. 3. «Запорожье» ЖШС атқарушы органына жоғарыда көрсетілген шартпен кепілге берудің банктік займын немесе кредиттік желі алу бойынша мəмілелер жасауға барлық өкілеттіктерді беру.

қамтылған барлық талаптарға сəйкес келетін тендер қатысушысы тендер жеңімпазы болып танылады. - Мүліктік жалға алу (жалдау) мерзімі – 1 жыл. Тендер қатысушы ретінде тіркеу үшін мыналарды тапсыру қажет: Тендерге қатысуға өтініш, онда тендерге қатысуға үміткердің келісімі жəне тендер шартын орындау бойынша оның міндеттемесі жəне қосарланған конверттерде сəйкесетін шарттың қорытындысы қамтылуы тиіс. Сыртқы конвертте мына құжаттар қамтылуы қажет: 1) заңды тұлғалар үшін – мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куəліктің, құрылтай құжаттарының (құрылтай шарты мен жарғы) көшірмелері жəне салыстыру үшін түпнұсқаны міндетті ұсынумен салық төлеушінің куəлігі немесе аталған құжаттардың нотариалды куəландырылған көшірмелері; жеке тұлғалар үшін – жеке кəсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куəліктің, жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаттың, салық төлеуші куəлігінің көшірмелері жəне салыстыру үшін түпнұсқаны міндетті түрде ұсынумен үй кітапшасы немесе аталған құжаттардың нотариалды куəландырылған көшірмелері;

Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі, 010000, Астана қ., Орынбор көшесі, 8, 810-бөлме, телефон 8(7172) 74-24-23, «Түзеу педагогикасының Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» мемлекеттік мекемесі директорының бос лауазымына конкурс жариялайды, 050008, Алматы қ., Байзақов көшесі, 273 «а». Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Педагогика ғылымдарының кандидаты немесе докторы ғылыми дəрежесінің болуы жəне білім беру ұйымдарында немесе орталық бейініне сəйкес ұйымдарда басшы лауазымдарында кемінде 3 (үш) жыл жұмыс өтілі болуы тиіс. Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын қажетті құжаттардың тізбесі: 1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2) жеке басын куəландыратың құжаттың көшірмесі; 3) толтырылған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ (нақты тұратың мекенжайы мен байланыс телефондарын көрсетіп); 4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сəйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі; 6) алдын ала медициналық куəландырудан өткені туралы құжат. Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тəжірибесіне, кəсіби деңгейіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми атағы мен дəрежесі туралы құжаттардың, ғылыми жарияланымдарының, бұрынғы жұмыс орнының басшысы ұсынымының көшірмелері) қосымша ақпаратты ұсына алады. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарлама жарияланған күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары мен лауазымдық міндеттер туралы қосымша мəліметтерді Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі Ұйымдастыру жəне кадрлық жұмыс департаменті кадрлық жұмыс басқармасының мына телефоны арқылы алуға болады: 8 (7172) 74-24-23, ( 810-бөлме).

Министерство образования и науки Республики Казахстан, 010000, г.Астана, ул.Орынбор, 8, каб. 810, телефон- 8(7172)74-24-23, объявляет конкурс на занятие вакантной должности директора государственного учреждения «Национальный научно-практический центр коррекционной педагогики», 050008, г. Алматы, ул. Байзакова, 273 «а». Требование к квалификации: наличие ученой степени кандидата или доктора педагогических наук и стаж работы на руководящих должностях в организациях образования или организациях, соотвествующих профилю центра не менее 3 лет. Перечень документов, которые необходимо представить для участия в конкурсе: 1) заявление об участии в конкурсе с указанием перечня прилагаемых документов; 2) копия документа удостоверяющего личность; 3) заполненный личный листок по учету кадров (с указанием адреса фактического места жительства и контактных телефонов); 4) копии документов об образовании в соответствии с предъявляемыми к должности квалификационными требованиями; 5) копия документа, подтверждающая трудовую деятельность; 6) документ о прохождении предварительного медицинского освидетельствования; Участник конкурса может представить дополнительную информацию, касающуюся его образования, опыта работы, профессионального уровня (копии документов о повышении квалификации, присвоении ученых степеней и званий, научных публикациях, рекомендации от руководства предыдущего места работы и т.п.). Прием документов для участия в конкурсе проводится в течение 15 (пятнадцати) календарных дней с момента опубликования. Дополнительные сведения о квалификационных требованиях, предъявляемых к участникам конкурса, и должностных обязанностях можно получить в управлении кадровой работы Департамента организационной и кадровой работы Министерства образования и науки Республики Казахстан по телефону: 8 (7172) 74-24-23, (каб.810).

«Жамбыл облысы əкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ, Жамбыл обл., Тараз қ., Желтоқсан к-сі, 78, жалпы сомасы 23 650 000,00 теңгені құрайтын медициналық техниканы 4 лот бойынша сатып алу тендерін өткізетіндігі туралы жариялайды Сатып алынатын тауарлардың тізімі, олардың саны жəне ерекшеліктері тендерлік құжатамада көрсетілген. Тауарлар Жамбыл облысы жəне Тараз қаласы бойынша жеткізілуі тиіс. Жеткізу мерізімі № 1 қосымша бойынша тендерлік құжаттамаға сəйкес келісімшарт жасалған сəттен. Тендерге Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы «Кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлеміне байланысты фармацевтикалық қызмет көрсету, дəрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастыру жəне өткізу Ережесін бекіту туралы» № 1729 қаулысының 8-9 тармақтарында көрсетілген біліктілік талаптарына сəйкес келетін барлық əлеуетті өнім берушілер жіберіледі. Тендерлік құжаттама бумасын əлеуетті өнім беруші 2013 жылғы 25 қарашада сағат 11.00ге дейінгі мерзімді қоса алғанда мына мекенжай бойынша: Тараз қ., Желтоқсан к-сі, 78, 3-қабат, № 326 бөлмеден сағат 15.00-ден сағат 18.00-ге дейін немесе dzo_goszakup@mail.ru электрондық поштамен алуға болады. Тендерлік қатысуға өтінімдерді берудің соңғы мерзімі 2013 жылғы 26 қарашада сағат 10.00-ге дейін. Тендерге қатысуға өтінімдер салынған конверттер 2013 жылдың 26 қараша күні сағат 11.00де мына мекенжай бойынша ашылады: Тараз қаласы, Желтоқсан к-сі, 78, 3-қабат, № 326 бөлме. Əлеуетті өнім берушілер тендерге қатысу өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде қатыса алады. Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: 8 (7262) 43-2749, 51-12-66.

КГУ «Управление здравоохранения акимата Жамбылской области» Жамбылская обл., г. Тараз, ул. Желтоксан, 78, объявляет о проведении тендера по закупу медицинской техники по 4 лотам на общую сумму 23 650 000,00 тенге Полный перечень закупаемых товаров, их количество и подробная спецификация указаны в тендерной документации. Товары должны быть поставлены по Жамбылской области и г. Тараз. Требуемый срок поставки в соответствии с тендерной документацией согласно приложения № 1 с момента заключения договора. К тендеру допускаются все потенциальные поставщики, отвечающие квалификационным требованиям, указанным в п. 8-9 Правил организации и проведения закупа лекарственных средств, профилактических (иммунобиологических, диагностических, дезинфицирующих) препаратов, изделий медицинского назначения и медицинской техники, фармацевтических услуг по оказанию гарантированного объема бесплатной медицинской помощи, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 октября 2009 года № 1729. Пакет тендерной документации можно получить в срок до 11.00 часов 25 ноября 2013 года включительно по адресу г. Тараз, ул. Желтоксан, 78, 3-этаж, кабинет № 326, время с 15.00 до 18.00 часов или по электронной почте по адресу dzo_goszakup@mail.ru. Окончательный срок представления тендерных заявок до 10.00 часов 26 ноября 2013 года. Конверты с тендерными заявками будут вскрываться в 11.00 часов 26 ноября 2013 года по следующему адресу: г. Тараз, ул. Желтоксан, 78, 3-этаж, кабинет № 326. Потенциальные поставщики могут присутствовать при вскрытии конвертов с тендерными заявками. Дополнительную информацию и справку можно получить по телефону: 8 (7262) 43-27-49, 51-12-66.

Республикалық мүлікті мүліктік жалға (жалдауға) беру бойынша тендер өткізу туралы ақпараттық хабарлама Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитетінің «Алматы мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті» мемлекеттік мекемесінің Жетісу филиалы 2013 жылғы 28 қарашада республикалық меншіктегі нысандарды мүліктік жалға (жалдауға) беру бойынша тендер өткізеді Тендер мына мекенжайда болады: Алматы қ., Желтоқсан к-сі, 114. Тендер өткізу уақыты: сағат 11.00. Тендерге мына нысандар ұсынылады: 1. Тұрақжай, жалпы алаңы 20 ш.м. барлық инженерлік-техникалық коммуникацияларымен бірге, банктік жəне есеп айырысу-кассалық қызметтер көрсету үшін, орналасқан мекенжайы: Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Тəуелсіздікке 10 жыл көшесі, 54а. Баланс ұстаушы – «Алматы облысы бойынша салық департаменті» мемлекеттік мекемесі. Жалдаудың бастапқы мөлшерлемесі айына – 8 657 теңге. Тендерге қатысу үшін кепілді жарна – 4 328 теңге. 2. Тұрақжайлар, жалпы алаңы 171,6 ш.м. барлық инженерліктехникалық коммуникацияларымен бірге, банктік жəне есеп айырысукассалық қызметтер көрсету үшін, орналасқан мекенжайы: Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Наурызбай көшесі, 35. Баланс ұстаушы – «Алматы облысының қазынашылық департаменті» ММ. Жалдаудың бастапқы мөлшерлемесі айына – 60162,11 теңге. Тендерге қатысу үшін кепілді

7

www.egemen.kz

6 қараша 2013 жыл

2) акционерлік қоғамдар үшін – бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімінен көшірме-үзіндіні; жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін – серіктестік қатысушыларының тізілімінен көшірмеүзіндіні (серіктестік қатысу шыларының тізілімін жүргізу жағдайында); 3) шетелдік заңды тұлғалар үшін – қазақ жəне орыс тілдеріне аударылып нотариалды расталған құрылтай құжаттары; 4) кепілді жарнаның аударылғандығын растайтын төлем тапсырмасының көшірмесі; 5) өтініш беру сəтінде салықтық берешегінің болмауы туралы салық органынан анықтаманы. Ішкі конвертте үміткердің жапсырылған конверттегі тендер шарты бойынша ұсынысы қамтылуы тиіс. Ішкі конверт өтінімдер беру сəтінде жабық болуы жəне үміткер оны мөрлеуі қажет. Өтініштер қабылдау тігілген түрінде жалға берушінің мекенжайына құжаттардың ұсынылуымен, беттері нөмірленіп жəне соңғы беттеріне қол қойылып жəне мөр басылып расталуы тиіс (жеке тұлғалар үшін – егер мұндай болса). Кепілді жарна Қазақстан

Хабарландыру «Досжан темір жолы (ДТЖ)» АҚ (050000; Алматы қ., Желтоқсан к-сі, 118, www.kazrail.kz) жөндеу жиынтықтарын сатып алу жөнінде 2013 жылғы 1 қарашада сағат 12.00-де Өскемен қ., Меновное а., Шоссейная к-сі, 26 мекен-жайында өткізілген ашық тендердің жеңімпазы болғандығы туралы хабарлайды: №1 лот бойынша - «Казрем путь» ЖШС, ҚР, ШҚО, Өскемен қ., Гвардейская к-сі, 22, өтінім бағасы (ҚҚС-ын есепке алмағанда теңгемен) 18 824 000 теңге, №2 лот бойынша «Казрем путь» ЖШС, ҚР, ШҚО, Өскемен қ., Гвардейская к-сі, 22, өтінім бағасы (ҚҚС-ын есепке алмағанда теңгемен) 23 530 000 теңге.

Рес пуб ликасы Қаржы министрлігі Мемле кеттік мүлік жəне жекешелендіру комитетінің «Алматы мемлекеттік мүлік жəне жеке шелендіру депар таменті» ММ-нің депозиттік шотына енгізіледі, ИИК KZ790705012170167006, БИК ККМFKZ2A, БСН 120340000064, КБе 11, мекеме коды 2170167, КНП 171. Тендер жеңімпазымен шарт тендер хаттамасына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 10 күннен кешіктірілмей жасалады. Тендер өткізу туралы хабарлама ресми жарияланған күнінен бастап тендер нысанымен танысу үшін барлық сұрақтар жəне тендерлік құжаттаманы алу бойынша Алматы мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаментінің Жетісу филиалына мына мекенжайға хабарласу керек: Алматы қ., Желтоқсан к-сі, 114, 25 жəне 26-бөлмелер. Анықтама алу телефондары: 26770-26, 267-70-50. Тендер қатысушыларын тіркеу тендер өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі жəне тендер өткізуге дейін бір жұмыс күні ішінде, яғни 2013 жылғы 27 қарашада сағат 11.00-де аяқталады. Хабарландыру

«Досжан темір жолы (ДТЖ)» АҚ (050000; Алматы қ., Желтоқсан к-сі, 118, www. kazrail.kz) арнайы киімді, арнайы аяқ киімді, бас киімді жəне жеке қорғаныш құралдарын (ЖҚҚ) сатып алу жөнінде 2013 жылғы 1 қарашада сағат 10.00-де Өскемен қ., Меновное а., Шоссейная к-сі, 26 мекен-жайында өткізілген ашық тендердің қорытындысы бойынша болмады деп танылғандығы туралы хабарлайды.

Товарищество с ограниченной ответственностью «KT CloudLab» (сокращенное наименование ТОО «KT CL»): 050059, г.Алматы, мкр. Самал-2, д.58, 4-этаж, офис 5, электронный адрес: www.ktcl.kz, объявляет о проведении процедуры выбора аудиторской организации. Объем аудиторских услуг составляет финансовая отчетность ТОО «KT CL» за 2013 год, подготовленной в соответствии с МСФО. Сумма закупа состовляет 2 000 000 тенге без учета НДС, 2 240 000 тенге с учетом НДС. Запрос на участие в процедуре выбора аудиторской организации можно получить в срок до 19 ноября 2013 года включительно по адресу: 050059, г.Алматы, мкр. Самал-2, д.58, 4-этаж, офис 5, в рабочие дни с 09.00 часов до 18.00 часов и/или по электронной почте по адресу: saule_kepter@mail.ru Окончательный срок представления заявок на участие в процедуры выбора аудиторской организации до 12 часов 00 минут, 20 ноября 2013 года. Заявки на участие в процедуре выбора аудиторской организации представляются (направляются) в ТОО «KT CL», по адресу: 050059, г.Алматы, мкр. Самал-2, д.58, 4 этаж, офис 5. Дополнительную информацию и справку можно получить по телефону: 8 (7172) 390-13-48, 8 (7172) 390-13-50.

Қызылорда қаласы, Молдағұлов көшесі, 90/2-үйдің құжаттарын мұрагерлік жолмен Досбол Б.М. атына аударылып жатқан жағдайға қарсы адамдар болса, мына телефондарға хабарласыңыздар: 8 777 5631501, 8 7242301553.

В связи с утерей сертификата ЕНТ выданное на имя Муханова Дастана Танатаровича считать недействительным.

В связи с утерей полисы ОГПО № 1628771, 1628772, 1628773 АО СК «НОМАД Иншуранс» считать недействительными.

Хабарландыру

«Досжан темір жолы (ДТЖ)» АҚ (050000; Алматы қ., Желтоқсан к-сі, 118, www.kazrail. kz) жолдың үстіңгі құрылысы материалдарын сатып алу жөнінде 2013 жылғы 1 қарашада сағат 11.00-де Өскемен қ., Меновное а., Шоссейная к-сі, 26 мекен-жайында өткізілген ашық тендердің жеңімпазы болып «ПромТехноТранс» ЖШС танылғандығы туралы хабарлайды, ҚР, ШҚО, Өскемен қ., Қазақстан к-сі, 71/12, өтінім бағасы (ҚҚС-ын есепке алмағанда теңгемен) 8 600 000 теңге.

«Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі туристік жəне рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін ұлттық парктің ұзақ мерзімді пайдалануға берілген жер учаскелеріне құрылыс объектілерін салуға байланысты келесі лоттар бойынша тендер жеңімпаздарын хабарлайды: №2 лот – «Лагуна Тур» ЖШС, №9 лот – «ҚР ТЖМ Ақмола облыстық ТЖД су-құтқару қызметі» ММ. Орталық Азия университеті Тоганаева Акмарал Жунисбековнаға берген Ж.Б. №0600109, рег. № 17 25.12.2005 жылғы дипломның жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын. Егер сіз «Егемен Қазақстан» газетіне жарнама бергіңіз келсе, мына телефондарға хабарласыңыз: Астана тел/факс 37-64-48, 37-60-49. Электронды пошта: egemen_adv@mail.ru. Алматы 273-74-39, ф. 273-73-97. Электронды пошта: gulnurekkz@mail.ru.

«Атырау-Ақпарат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжымы белгілі жазушы, журналист Мереке Əбдешұлы Құлкеновке ағасы МƏДЕШТІҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.


8

www.egemen.kz

6 қараша 2013 жыл

 Табиғат терезесі

 Еркін елдің ертеңі

Бастама Назарбаев университетінің қабырғасында алғаш рет қазақтың ұлттық мифологиясын дəріптеуге арналған «Kaz Myth Fest» студенттік фестивалі өтті. Қазақстандық оқу ордасының студенттік клубтары «этно-фэнтэзи» үлгісімен ертегі аңыздардағы кейіпкерлер əлеміне саяхат жасады.

ы р а л у я о б з Кї

Суреттерді түсірген Берсінбек СƏРСЕНОВ.

 Өнер

«Teatro Comunale di Piacenzaдағы» (Италия) театрының жаңа маусымы «Астана Опера» театрының əншісі Медет Шотабаевтың орындауындағы Дж.Вердидің «Луиза Миллер» операсынан Рудольфтің партиясымен ашылды.

 Мəссаған!

өскенін тек əріптестері мен Маэстро ғана емес, музыкалық сыншылар да атап өтуде. Нақтырақ айтсақ, италиялық «Сultura e

Шетелдіктерді тəнті еткен əнші Италиялық театр басшылығы Шотабаевпен үш опера орындау жөнінде келісімге отырды. «Piacenza қаласы театрының маусымын ашу мен үшін құрмет, үлкен сəттілік. Donato Renzetti секілді дирижермен, əлемдік

деңгейдегі əншілермен үлкен сахнада өнер көрсеткеніме қуаныштымын», – дейді əнші. Италия театрында өнер көрсету «Астана Операның» үздік əншісіне үлкен тəжірибе болды. Медеттің актерлік шеберлігінің

spettacoli» газеті былай деп жазды: «Медет Шотабаев Рудольфтің рөлін ойнады. Алғашында ол үндестіктен төмен бастап еді, алайда, нəтижесінде даусы жақсы шығып, партияны сенерліктей əрі бұлжытпай орындады, сонымен

қатар, күшті вокалдық диапазоны жəне баса айту мен шырқаудың дұрыстығының арқасында дауыс өте жағымды əрі таза шықты. Медет көрерменнің зор ықыласына ие болды». Оркестр де, хор да жəне ең бастысы – көрермен де Шотабаевты жақсы қарсы алды. Таяуда Медет Шотабаев конкурсқа қатысу үшін тағы да Италияға барады. Ал қаңтар айында Piacenza сахнасында «Луиза Миллерді» орындамақ. «Егемен-ақпарат».

Ќазаќстанныѕ 9 ауыр атлеті допингпен ўсталды Еліміздің мақтаулы ауыр атлетика саласы нағыз масқараға ұшырады. Бұған Халықаралық ауыр атлетика федерациясының биылғы жарыстар бойынша допинг қолданғандары дəлелденген зілтеміршілер тізімін жариялағаны себеп болды. Сол тізімде Қазақстанның 9 атлетінің аттары аталды.

Театрда ґткен шеберлік сыныбы

Назарбаев университеті мен «Шабыт» шығ армашылық сарай ы өнерпаздарының бірлесуімен мəдени шара ұйымдастырылды, музыканттар қазақтың ұлттық музыка аспаптарында ойнады, Университеттің студенттік хоры мен би ұжымы өз өнерлерін ортаға салды. Жастар ұлттық үлгіде безендірілген асқабаққа байқау өткізді, қазақы өрнектерді ою техникасы бойынша шеберлік-сыныбы ұйымдастырылды, ал Университеттің шетелдік оқытушылары өздерінің тəжірибелерімен бөлісті. «The Birth of Kazakh» («Қазақтың дүниеге келуі») спектаклінің сахналық қойылымы мен қазақтың мифтік кейіпкерлерінің дифилесі іс-шараның ерекше көрінісі болып табылды. Ойыншылар «Асық-боулинг» жəне «Мерген аңшы» ұлттық ойындарына қатысып, кештің қызықты өтуіне қомақты үлес қосты. «Шабыт» шығармашылық сарайы студенттерінің сурет көрмесі ерекше əсер қалдырды, ұлттық нақышта орындалған шығармалармен бірге қазақтың миф кейіпкерлерінің суреттері де көрмеде өз орнын тапты. Ұйымдастырушылардың пікірі бойынша, іс-шара ойдағыдай тиянақталды. «Біз іс-шараны батыс мəдениетінің ықпалы тимеген ұлттық нақышта ұйымдастыруға тырыстық. Егер алдағы уақытта Қазақстанның басқа да оқу орындарының студенттері бізге қазақ мифологиясын дəріптеуде қолдау көрсетсе, нұр үстіне нұр болар еді», деді Назарбаев университеті инженерия мектебінің 1-курс студенті Темірлан Нұрланбаев.

Биылғы жылы 80-ші театр маусымын ашып отырған Оңтүстік Қазақстан облыстық Жұмат Шанин атындағы қазақ драма театры ұжымының өзіндік салған сара жолы, мінезі, қолтаңбасы бола тұра, басқа да өнер тарландарымен актерлік шеберлігінен дəріс алып отыруы – театр табалдырығын жаңа ашып отырған жас актерлерге берері мол сабақ болмақ. Осы мақсатпен жақында ғана Қазақстан Театр қайраткерлері одағының төрағасы, Қазақстан Республикасының халық əртісі, өнертану ғылымдарының кандидаты Тұң ғыш бай Жаман құловтың қа ты суымен шеберлік сабағы өткізілді. – Қайда барсам да төредей болып төрге шығуым – өнер патшалығының арқасында, – деп сөзін бастаған өнер тарланы бүгінгі еліміздегі 54 театрдың ахуалына көз жүгірте отырып, көптеген құнды ақпарлармен бөлісті. – Сахнада не көрсетілсе де проблеманы көтеру керек! Бүгінгі театр сахна ларындағы қойылып жатқан спектакльдердің өресі төмен. Қазақ режиссерлерінің шабандығы, көп ізденбейтіндігі сияқты көптеген себептер – қазақ театр өнерінің биікке көтерілуіне кертартпа болып

«Егемен-ақпарат».

отырғаны жасырын емес. Оны мойындауымыз керек. Ол проблема М.Əуезов театрында да бар. Дарынды əртістер жоқ емес – бар. Бүгінгі проблеманы өз деңгейінде сахна төрінде көтере білетін режиссер жетіспей жатыр, – деп өз ойын ашық айтқан Т.Жаманқұлов əртістің өз ойынына ешқашан тоқмейілсімей, əрқашан өз бойынан бір кемістігін тауып отыруы қажеттігін айтып өтті. Бір ғана қарекеттің күл лі спектакльді төңкеріп жіберетіндей құдіреті бар екен дігі жасырын емес. Сонымен қатар, сахна тілі... Сахна тілінің сөйлеу шеберлігі төмендеп, əртістің аузынан шыққан сөзі – аузына ыстық картошка салған баланың тіліндей болып өз көрерменіне жетпей жататыны – театр сахнасын жүдетіп тұрған басты мəселелердің бірі, деген өнер тарланы актердің аузынан шыққан əр сөздің ең соңғы қатардағы көрерменге ақсамай жетуі керектігіне ерекше тоқталды. Сая ҚАСЫМБЕК, Ж.Шанин атындағы қазақ драма театры əдебиет бөлімінің меңгерушісі.

Оңтүстік Қазақстан облысы.

Шеңберге кірген спортшылардың бəрі 2 жылға барлық жарыстардан шеттетіледі. Бұған қоса, олар допинг қолдану арқылы жеңіске жетті деп есептелген сайыстарда алған жүлделерін түгел кері қайтарып береді. Тест жүргізу нəти жесі спортшылар қан да ры нан дигидрохлорме тилтес тостерон (Dehy drochloromethyl- testosterone) жəне станозолол (Stanozolol) деген тыйым салынған дəрідəрмектер тапқан. Бұлардың арасында Азияның Астанада өткен соңғы чемпионатының ал тын жүлдегерлері Александр Зайчиков пен Александра Аборнева, Біш кекте жасөспірімдер арасында өткен құрлық біріншілігінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері Максим Локтинов, Ерболат Жоламанов, Əсем Сəрсекенова, Ғалымбек Жұбатқанов, Майра Файзоллаева, Айдар Қазов бар.

Енді бұлардың бəрі 2014 жылы Астанада өтетін əлем чемпионатына қатыса алмайды. Осы арқылы 2016 жылғы Рио-де-Жанейро Олимпиялық ойындарына лицензия беретін сайыстан қағылуы мүмкін. Руслан ИГІЛІК.

Бүгін «Егемен Қазақстанның» интернет-басылымынан (http/www.egemen.kz) мына хабарлармен таныса аласыздар: Демографиялық апокалипсис. 2050 жылға қарай планета адамның көптігінен жойылып кете ме? Жер жəне оның «көшірмелері». Олар туралы біз не білеміз? Белгілі актер Олег Басилашвили адам төзгісіз жағдайда тұрып жатыр. Шымкент – ТДМ-дағы ең көркем қала. Қостанайдағы ауыл əкімі əйелді ұрғаны үшін қызметімен қоштасты. Қазақстан бизнесмендері неге несие алудан қашады? Еліміздің 9 ауыр атлеті допингпен қолға түсіп қалды. Дисквалификация көп күттірген жоқ.

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 273-73-80.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru , egemenkz@maіl.kz Алматыда: факс (727) – 273-73-80, электронды пошта – egemalm@mail.ru

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – (712-2) 32-94-07; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

Көкшетау – (716-2) 25-76-91; Павлодар – (718-2) 57-18-09; Қарағанды – (721-2) 43-94-72; Семей – (722-2) 52-26-86; Қостанай – (714-2) 39-12-15; Тараз – (726-2) 43-37-33; Қызылорда – (724-2) 27-00-85 Шымкент – 8 (701) 404-36-29; Орал – (711-2) 28-80-35; Петропавл – (715-2) 50-72-50. Өскемен – (723-2) 25-28-41; Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-73-97, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Арко» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-полиграфия» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Мұхит к-сі, 57/1, «Жайық Пресс» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Космическая к-сі, 6/3, «Шығыс ақпарат» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 200 601 дана. Нөмірдің кезекші редакторы

Айдар ӨРІСБАЕВ.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 10 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №178 ek


9

www.egemen.kz

6 қараша 2013 жыл

РЕСМИ БӨЛІМ Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2013 жылғы 9 тамыз

№ 814

Астана, Үкімет Үйі

Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 16) тармақшасына сəйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

С. АХМЕТОВ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 тамыздағы № 814 қаулысымен бекітілген Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар 1. Жалпы ережелер 1. Осы Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар (бұдан əрі – Қағидалар) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 16) тармақшасына сəйкес əзірленді əрі жеке жəне заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi болып табылатын ветеринариялық нормативтердiң негiзiнде ветеринариялық iс-шараларды жүргiзу тəртiбiн айқындайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) аймақ – жануарлардың жұқпалы аурулары бойынша эпизоотия жағдайымен сипатталатын, əкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсiне қарамастан шартты түрде шектелген аумақ; 2) ауру бойынша қолайсыз пункт (қолайсыз пункт) – эпизоотия ошағы белгiленген аумақ; 3) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар – мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау объектiлерiне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық, зоогигиеналық) талаптарды белгiлейтiн, сондай-ақ ветеринариялық нормативтердiң негiзiнде ветеринариялық iс-шараларды жүргiзу тəртiбiн айқындайтын, жеке жəне заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi болып табылатын нормативтiк құқықтық акт; 4) ветеринариялық-санитариялық сараптама – жануарлардан алынатын өнiмдерi мен шикiзатының, жемшөп пен жемшөп қоспаларының ветеринариялық нормативтерге сəйкестiгiн уəкiлеттi орган белгiлеген тəртiппен органолептикалық, биохимиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, уыттық жəне радиологиялық зерттеулер кешенi арқылы айқындау; 5) ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасы – iшкi сауда объектiлерiнде жəне (немесе) басқа орындарда өткiзiлетiн жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатқа, жемшөп пен жемшөп қоспаларына ветеринариялықсанитариялық сараптаманы жүзеге асыратын заңды тұлға немесе заңды тұлғаның мамандандырылған бөлiмшесi; 6) ветеринариялық iс-шаралар – жануарлар ауруларының профилактикасын, оларды емдеудi немесе диагностикасын қоса алғанда, олардың пайда болуын, таралуын болғызбауға немесе оларды жоюға; жануарлар мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн аса қауiптi аурулар жұқтырған жануарларды залалсыздандыруға (зарарсыздандыруға), алып қоюға жəне жоюға; жануарлардың өнiмдiлiгiн арттыруға; жануарлар мен адамның денсаулығын жұқпалы, оның iшiнде жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау мақсатында, бiрдейлендiру рəсiмiн қоса алғанда, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың, жемшөп жəне жемшөп қоспаларының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған эпизоотияға қарсы, ветеринариялық-санитариялық рəсiмдер кешенi; 7) ветеринария саласындағы уəкiлеттi мемлекеттiк орган (бұдан əрi – уəкiлеттi орган) – ветеринария саласында басшылықты жəне мемлекеттiк саясатты iске асыруды, сондай-ақ өз өкiлеттiгi шегiнде салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 8) жануарды ветеринариялық тексерiп қарау – жануар саулығының жалпы жайкүйiн айқындау мақсатында ветеринариялық дəрiгердiң, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспектордың оны клиникалық тексерiп қарауы; 9) жануарлар ауруларын қоздырушылар – вирустар, бактериялар, риккетсиялар, хламидиялар, микоплазмалар, приондар, қарапайым жəндiктер, саңырауқұлақтар, гельминттер, кенелер, жəндiктер; 10) карантин – эпизоотия ошағын жою жəне аурудың таралуына жол бермеу мақсатында эпизоотия ошағы, қолайсыз пункт пен ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан қолайлы аумақ арасындағы шаруашылық байланыстарды шектеуге немесе тоқтатуға жəне орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi тасымалдауды (орнын ауыстыруды) тоқтата тұруға бағытталған ветеринариялық жəне əкiмшiлiкшаруашылық iс-шаралар жүйесiн көздейтiн құқықтық режим; 11) шаруашылық жүргізуші субъект – жануарлар өсірумен айналысатын жеке жəне заңды тұлғалар; 12) шектеу iс-шаралары – жануарлар ауруларының таралуына жол бермеу жəне ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткiзу мақсатында эпизоотия ошағы мен қолайсыз пунктте шаруашылық байланыстарды iшiнара шектеуге жəне орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi тасымалдауды (орнын ауыстыруды) тоқтата тұруға бағытталған ветеринариялық, əкiмшiлiк-шаруашылық iс-шаралар жүйесiн көздейтiн құқықтық режим; 13) эпизоотия ошағы – инфекцияны қоздырушы көздер, тарататын факторлар жəне ауруға бейiм жануарлар тұрған шектеулi аумақ немесе қора-жай. 2. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау жəне қадағалау объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық, зоогигиеналық) талаптар 3. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық, зоогигиеналық) талаптар бұл мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуүшін оларға қойылатын міндетті талаптардың жиынтығы. Ауыл шаруашылығы жануарларына, жануарлардың жыныс жəне дене жасушаларына қойылатын талаптар 4. Ауыл шаруашылығы жануарлары клиникалық тұрғыдан сау жəне ветеринария саласындағы əдістемелік ұсыныстар мен нұсқауларда көзделген негізгі физиологиялық көрсеткіштерге сəйкес болуы тиіс. 5. Жыныс жəне дене жасушалары жануарлардың жұқпалы аурулары таралмаған аумақтарда орналасқан субъектілердегі кликалық сау жануарлардан алынады. 6. Жануарларға, жануарлардың жыныс жəне дене жасушаларына қойылатын талаптар «Кеден одағындағы ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдану туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қойылатын біріңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптармен белгіленеді. Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа қойылатын талаптар 7. Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жұмыртқа жəне жұмыртқа өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» 2010 жылғы 5 қарашадағы № 1161, «Балдың жəне ара шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» 2010 жылғы 5 қарашадағы № 1160, «Ет жəне ет өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» 2008 жылғы 8 сəуірдегі № 336, «Сүт жəне сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» 2008 жылғы 11 наурыздағы № 230 қаулыларымен жəне «Кеден одағындағы ветеринариялықсанитариялық шараларды қолдану туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптармен белгіленеді. Ветеринариялық препараттарға, жемшөп пен жемшөп қоспаларына қойылатын талаптар 8. Заңның 24-бабына сəйкес ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын тiркеу сынақтарын жүргiзу үшiн қажеттi көлемде өндiру, əкелу (импорттау) жағдайларын қоспағанда, оларды мемлекеттiк тiркеуден өткiзгеннен кейiн ғана өндiруге, əкелуге (импорттауға), өткiзу мен қолдануға (пайдалануға) рұқсат етiледi. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндiрудi, əкелудi (импорттауды), тасымалдауды (орнын ауыстыруды), өткiзудi, қолдануды (пайдалануды) қоса алғанда, олардың айналысы мiндеттi мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауға жəне қадағалауға жатады. 9. Дəрiлiк заттардың, сондай-ақ химиялық жəне микробиологиялық синтезделген жемшөп қоспаларының сапасы мен қауіпсіздігін растайтын, шығарушы кəсіпорын беретін ілеспе құжат бар болса, оларды əкелу, тасымалдау ветеринариялық сертификатсыз жүзеге асырылады. Диагностика жəне ветеринариялық-санитариялық сараптама үшін орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің жəне биологиялық материалдың сынамаларына қойылатын талаптар 10. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің жəне биологиялық материалдың сынамаларына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1576 қаулысымен бекітілген Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің жəне биологиялық материалдың сынамасын іріктеу қағидаларымен белгіленеді. Жануарлар профилактикасы, оларды емдеу, дауалау жəне бірдейлендіру, жануарлар ауруларының диагностикасы, ветеринариялық-санитариялық сараптама үшiн пайдаланылатын ветеринариялық жəне зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарға қойылатын талаптар 11. Жануарлар профилактикасы, оларды емдеу, дауалау жəне бірдейлендіру, жануарлар ауруларының диагностикасы үшiн пайдаланылатын ветеринариялық жəне зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарға қойылатын талаптар оларды пайдалану кезіндегі іс-шараларға байланысты, сондай-ақ қандай да бір бұйымдар мен атрибуттарды қолдану бойынша нұсқаулар мен нұсқаулықтарға сəйкес айқындалады. 12. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру үшін пайдаланылатын ветеринариялық жəне зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2331 қаулысымен бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережесімен белгіленеді. Жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкiн көлiк құралдарына, ыдыстың барлық түрлерiне, буып-түю материалдарына қойылатын талаптар 13. Жануарлардың аса қауiптi ауруларының шығуы тiркелген шектес мемлекеттердiң шекара маңындағы аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына келетiн көлiк құралдары Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгiленген кезеңге жəне тəртiппен міндеттi түрде дезинфекциялануға тиiс. 14. Тасымалданатын жүктің сипатына жəне олардың ветеринариялық-санитариялық бағасына байланысты көлік құралдары үш санаттың бірі бойынша өңделеді: 1) бірінші; 2) екінші; 3) үшінші. 15. Мына: 1) ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтағы пункттерден шыққан дені сау жануарларды (оның ішінде құс, аң, зоопарк жануарларын, араларды, бауырымен жорғалаушыларды); 2) дені сау жануарлардан алынған өнімдер мен шикізатты тасымалдаған көлік құралдары бірінші санат бойынша өңдеуге жатады. Үймемен тасымалданатын сойылған малдарды, етті, ет өнімдерін, жемдік астық пен құнарлы жемді тиеуге берілетін көлік құралдары да бірінші санат бойынша өңдеуге жатады. 16. Мына: 1) тасымалдау кезінде арасында ауру немесе жұқпалы ауруы бар деген күдік туған, сондай-ақ жұқпайтын немесе жұқпалы аурулардан өлген жануарлар (құстар) табылған жануарлар мен құстарды; 2) жұқпалы аурумен ауыратын жануарлардан жəне құстардан алынған немесе жұқпалы аурулар бойынша қолайсыз пункттерден дайындалған өнімдер мен шикізатты; 3) өсіру жəне жерсіндіру мақсатында тауарлық тірі балықтарды, сондай-ақ тиеуге берілетін балықты, ұрықтандырылған уылдырықты, шаяндарды; 4) экспорттаушы елде ыстық жуудан өткен импорттық жүн тасымалдағаннан кейін көлік құралдары екінші санат бойынша өңдеуге жатады. Асыл тұқымды, күнделікті пайдаланылатын, цирктегі, зоопарктегі жəне спорттық жануарларды, сондай-ақ ет пен ет өнімдерін экспорттау үшін тиеуге арналған көлік құралдары да бірінші санат бойынша ветеринариялық-санитариялық өңдеуге жатады. 17. Мына: 1) жолда болған кезде немесе түсіру кезінде Халықаралық эпизоотиялық бюроның тізіміне енгізілген аса қауіпті ауруларға шалдыққаны белгіленген немесе күдік турдырған немесе арасында осы аурулардан өлген жануарлар болған жануарларды; 2) сібір жарасына зерттелмеген тері-былғары шикізатын; 3) қолайсыз елдерден түсетін жануарлардан алынған импорттық шикізатты; 4) камералық өңдеуден өтпеген жəне ыстықпен жуылмаған импорттық жүнді, қылшықты, қылды, мамықты, қауырсынды, түбітті, қабықты жəне басқаларын; 5) ветеринариялық-санитариялық шығу тегі белгісіз мал шаруашылығы жүктерін; 6) жануарлардың Қазақстан Республикасының аумағында кездеспейтін жұқпалы аурулары бойынша қолайсыз елдерден əкелінген жануарлардан алынған шикізат пен жартылай фабрикаттарды; 7) жиналған жəне даладағы сүйектерді тасымалдағаннан кейін көлік құралдары үшінші санат бойынша өңдеуге жатады. 18. Бірінші санат бойынша ветеринариялық-санитариялық өңдеуге жататын көлік құралдары алдымен қидан, қоқыстан, жүк қалдықтарынан жəне басқа да ластанудан тазартылады, содан кейін жуады. Жуу ыстық сумен жүргізіледі. Жуылатын беткі қабаттардағы су ағысының температурасы 60° С төмен болмауға жəне брандспойттан шыққан кездегі қысымы 2 атмосферадан кем болмауға тиіс. Бастапқыда еден мен құрал-жабдықтарды, содан кейін қабырғаларды, төбені жəне есіктің ішкі жағы мен торларды жуады. Жуылмай қалған кірді қырғыштың, щетканың жəне сыпырғыштың көмегімен кетіреді. Содан кейін екінші қайтара еден мен құралжабдықтарды аққан су лайланудан толық тазарғанша жуады. Жууды қабырғаны өңдеумен аяқталады.

19. Екінші санат бойынша ветеринариялық-санитариялық өңдеуге жататын көлік құралдары механикалық əдіспен тазартылып, жуылады жəне дезинфекцияланады. Механикалық тазарту алдында ішкі қабырғалар мен еден немесе қидың үстіңгі қабаты, сондай-ақ көлік ішіндегі барлық құрал-жабдықтар дезинфекциялаушы ерітіндімен ылғалдандырылады. 20. Ылғалды дезинфекциялау үшін шашыратқыш ұшы бар қондырғылар пайдаланылады. Алдымен еден, содан кейін қабырғалар мен төбе дезинфекцияланады, осыдан кейін еден екінші рет дезинфекцияланады. Дезинфекциялаушы ерітінді мүмкіндігінше тік бұрышпен шашылады, ол көлік құралының ішіндегі барлық үстіңгі беттерге бірқалыпты жағылады. Ерітінді, əсіресе бұрыштарға, тесіктерге, есіктерге мұқият шашылады. Көлік құралдарының сыртқы қабырғалары міндетті түрде дезинфекцияланады. Дезинфекциялаушы тосқауылда (дезинфекциялаушы блок) көліктің қозғалғыш бөлігін ветеринариялық-санитариялық өңдеу мынадай операцияларды қамтиды: 1) қозғалғыш бөлігі мен түбін механикалық əдіспен тазарту жəне жуу; 2) дезинфекциялаушы ваннаға дезинфекциялаушы жұмыс ерітіндісін толтыру; 3) шашырату арқылы көлікті (дөңгелектері мен түбін) дезинфекциялаушы блокта өңдеу; 4) қозғалғыш бөліктің бетін дезинфекциялаушы ерітіндінің қалдықтарынан тазарту. 21. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге арналған ыдыс пен буып-түю материалдары таза, құрғақ, бөгде иістерсіз, суға жəне майға төзімді, ерімейтін жəне сіңірмейтін, өнімнің химиялық құрамын өзгертпейтін, оған дəм мен иіс бермейтін болуы тиіс. Ветеринария саласындағы жеке жəне заңды тұлғалардың қызметіне қойылатын талаптар 22. Жеке жəне заңды тұлғалар ветеринария саласындағы мынадай талаптардың орындалуын қамтамасыз етеді: 1) осы Қағидаларды сақтай отырып, жануарлар ауруларының алдын алуды жəне орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн ветеринариялық жəне əкiмшiлiк-шаруашылық iс-шараларды жүзеге асырады; 2) зоопарктердегi, цирктердегi, омарталардағы, аквариумдардағы жануарларды қоса алғанда, жануарларды ветеринариялық нормативтерге сəйкес асырауды, өсiруді жəне пайдаланылуын жүзеге асырады; 3) аумақтарды, мал шаруашылығының қора-жайларын, сондай-ақ жемшөптi, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты сақтауға жəне өңдеуге арналған құрылыстарды осы Қағидалар мен ветеринариялық нормативтерге сəйкес ұстауды жүзеге асырады, қоршаған ортаның ластануына жол бермейді; 4) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ұстауға, өсiруге, пайдалануға, өндiруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткiзуге байланысты мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау жəне қадағалау объектiлерiн орналастыру, салу, қайта жаңғырту жəне пайдалануға беру кезiнде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезiнде зоогигиеналық жəне ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды сақтайды; 5) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiрудi жəне оларға ветеринариялық паспорттарды ресiмдеудi қамтамасыз етеді; 6) мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау жəне қадағалау органдарын жаңадан сатып алынған жануарлар, туған төлдер, олардың сойылғаны мен сатылғаны туралы хабардар етеді; 7) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өз жануарларына уақтылы вакцина егуді жəне олардың диагностикасын қамтамасыз етеді; 8) бiрнеше жануар кенеттен өлген, бiр мезгiлде ауырған немесе олардың жүрістұрысы əдеттегіден өзгерген жағдайлар туралы ветеринар мамандарды хабардар етеді жəне ветеринар мамандар келгенге дейiн ауру деп күдiк тудырған жануарларды оқшаулап ұстау жөнiнде шара қолданады; 9) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларға орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ветеринариялық тексеру үшiн кедергiсiз береді; 10) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың жануарлардың жəне адамның денсаулығына қауiп төндiретiн орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді залалсыздандыру (зарарсыздандыру), өңдеу жөнiндегi талаптарын орындайды; 11) өткiзу үшiн сойылатын жануарларды союдың алдында ветеринариялық тексеру жүргiзбей союға жəне сойғаннан кейiн ұшалары мен мүшелерiне ветеринариялық-санитариялық сараптама жасамай өткiзуге жол бермейді; 12) кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын ет өңдейтін кəсіпорындарда, сою пункттерінде немесе ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарында союды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тəртіппен жүзеге асырады; 13) ветеринар мамандарға өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындауына жəрдем көрсетеді; 14) диагностикалық зерттеу жəне ветеринариялық өңдеу жүргізу мақсатында жаңадан келіп түскен, əкелінген, сатып алынған жануарларды күнтізбелік отыз күн бойы оқшаулап ұстайды; 15) жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, тамақ өнімін, жемшөп, жемшөп қоспаларын өндіруге арналған нормативтік-техникалық құжаттаманы уəкілетті органмен келіседі. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсiретiн, дайындайтын, сақтайтын, өңдейтiн, өткiзетiн немесе пайдаланатын, сондай-ақ ветеринария саласындағы ғылыми қызметтi жүзеге асыратын жеке жəне заңды тұлғалардың аумақтарына, өндiрiстiк үй-жайлары мен қызметiне қойылатын талаптар 23. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсiретiн, дайындайтын, сақтайтын, өңдейтiн, өткiзетiн немесе пайдаланатын жеке жəне заңды тұлғалардың аумақтарына, өндiрiстiк үй-жайлары мен қызметiне қойылатын талаптар «Жануарларды өсіруді жəне өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды бекіту туралы» 2012 жылғы 13 қарашадағы № 1439, «Жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (мал союды), сақтауды, қайта өңдеуді жəне өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектiлеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялықсанитариялық) талаптарды бекіту туралы» 2012 жылғы 13 қарашадағы № 1444, «Жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау жəне өткізу жөніндегі ұйымдарға қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды бекіту туралы» 2012 жылғы 19 қазандағы № 1327 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен белгіленеді. 24. Жануарларды пайдалану рəсiмдерiн, сондай-ақ ветеринария саласындағы ғылыми зерттеулер жүргiзiлетiн үй-жайлар мен аумақтарды қоса алғанда, ветеринария саласындағы ғылыми зерттеулер Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сай болуға тиiс. Ғылыми зерттеулер нəтижесiнде əзiрленген немесе жетiлдiрiлген ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының ветеринариялық нормативтерге сəйкестiгiн анықтау мақсатында олар байқаудан өткiзiлуге тиiс. Микроорганизмдердiң Қазақстан Республикасында бар, сондай-ақ жануарлар ауруларының диагностикасы кезiнде ғылыми зерттеулер нəтижесiнде алынған штаммдары ветеринарияда пайдаланылатын сақтаулы микроорганизмдер штаммдарының Ұлттық коллекциясында сақталуға тиiс. Ветеринария саласындағы мамандарды даярлаау жəне олардың біліктілігін жоғарылату жөніндегі бағдарламалар уəкілетті органмен міндетті түрде келісілуге тиіс. Мал айдалатын жолдарға, маршруттарға, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарына қойылатын талаптар 25. Ауыл шаруашылығы жануарларын тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттарын (мал айдау жолдарын) тиiстi аумақтардың бас мемлекеттiк ветеринариялықсанитариялық инспекторларымен келiсім бойынша ауданның (қаланың) жергiлiктi атқарушы органдары айқындайды. Ауылдық тауар өндiрушiлердiң малын маусымдық жайылымдарға, ет комбинаттары мен мал сатып алу орындарына айдап апару үшiн ұзақ мерзiмдi пайдаланылатын мал айдау жолдарына, əдетте, айдалатын малдың жолдағы азығын қамтамасыз ететiн мөлшерде жер пайдалану шекарасының бойындағы жайылымдық алқаптардан жер учаскелерi берiледi. 26. Бiр ауданның шегiнде мал айдауға арналған ұзақ мерзiмдi пайдаланылатын мал айдау жолдарына жер учаскелерiн аудандық (қалалық) атқарушы орган бередi. Бiрнеше ауданның аумағы арқылы мал айдау үшiн мал айдайтын жолдарға жер учаскелерiн беру туралы шешiмдi облыстық атқарушы орган қабылдайды. 27. Ұзақ мерзiмдi пайдаланылатын мал айдайтын жолдардың жер пайдаланушылары болып табылатын тұлғалар қажеттi мөлшерде құдықтар мен малды суаруға жəне малды дамылдатуға арналған алаңдар, экологиялық талаптардың сақталуын жəне жолдардың қалыпты пайдаланылуын қамтамасыз ететiн құрылыстар мен ғимараттар салуға, айдалатын малды белгіленген тəртіппен ветеринария саласындағы уəкілетті мемлекеттік органмен келісілген мерзімдерде кедергiсiз өткiзуге мiндеттi. Ветеринариялық есеп пен есептiлiк, ветеринариялық анықтама, ветеринариялықсанитариялық қорытынды, сараптама актiсi жөнiндегi құжаттамаға қойылатын талаптар 28. Ветеринариялық есеп пен есептiлiк жөнiндегi құжаттамаға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1259 қаулысымен бекітілген Сəйкестендіру есебін қоса алғанда, ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу, табыс ету қағидаларымен белгіленеді. 29. Ветеринариялық анықтама мен ветеринариялық-санитариялық қорытындыға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 қыркүйектегі № 1230 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау жəне қадағалау объектілеріне ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларымен белгіленеді. 30. Сараптама актiсiне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 2 қазандағы № 1-3/490 бұйрығымен бекітілген Ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет регламенттерімен белгіленеді. Мал көмінділеріне (биотермиялық шұңқырларға) қойылатын талаптар 31. Мал көмінділеріне (биотермиялық шұңқырларға) қойылатын талаптар ветеринария саласындағы уəкілетті орган бекіткен Ветеринариялық объектілерді технологиялық жобалау нормаларымен көзделеді. Ішкі сауда объектілеріне қойылатын талаптар 32. Ішкі сауда объектілеріндегі мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау жəне қадағалау мiндеттi болып табылады. 33. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер ішкі сауда объектілеріндегі мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауға жəне қадағалауға жатады. 34. Ішкі сауда объектілеріндегі мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау жəне қадағалау: 1) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің ветеринариялық ілеспе құжаттарға сəйкестiгiн тексеруді; 2) жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты ветеринариялық тексеріп қарауды 3) жеке жəне заңды тұлғалардың ветеринария саласындағы заңнаманың талаптарын сақтауын тексеруді; 4) жануарлардың саулығына жəне адамның денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес алып қоюды жəне жоюды; 5) ветеринария саласындағы заңнаманың талаптарына сəйкес келмейтiн, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді залалсыздандыруды (зарарсыздандыруды), өңдеудi ұйымдастыруды қамтиды. 35. Ішкі сауда объектілерінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің ветеринариялық нормативтерге сəйкестiгiн айқындауды ветеринариялықсанитариялық сараптама зертханалары жүзеге асырады. 36. Жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты ветеринариялықсанитариялық сараптама өткізбей сатуға тыйым салынады. 37. Жануарлардан алынатын өнімге жəне шикізатқа ветеринариялықсанитариялық сараптама жүргiзу тəртiбiн уəкiлеттi орган айқындайды. 38. Ішкі сауда объектілерінің əкімшіліктері Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды жəне ветеринариялықсанитариялық сараптаманы жүзеге асыру үшін мемлекеттік ветеринариялықсанитариялық инспекторларға, ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханаларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен шарттық негізде ветеринариялық нормативтерге сəйкес келетін қызметтік үй-жайлар береді. Процессингтік орталыққа қойылатын талаптар 39. Процессингтік орталыққа қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 шілдедегі № 959 қаулысымен бекітілген Процессингтік орталықтың жұмыс істеу қағидаларымен белгіленеді. 3. Аурулардың профилактикасы жəне оларды жою жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды өткізу тəртібі 40. Ветеринариялық iс-шаралар: 1) жануарлар мен адамға ортақ ауруларды қоса алғанда, жануарлар ауруларының пайда болуы мен азықтан улануының алдын алу, жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын ұстаудың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сəйкестiгiн қамтамасыз ету мақсатында ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан қолайлы аумақта өткiзiлетiн iс-шаралар; 2) шектеу iс-шараларын немесе карантиндi қоса алғанда, жануарлардың аса қауiптi жəне энзоотиялық ауруларын жою жəне олардың таралуының алдын алу мақсатында бақылау аймағын, буферлік аймақты қоса алғанда, эпизоотия ошағында жəне қолайсыз пунктте өткiзiлетiн iс-шаралар болып бөлiнедi. 41. Жануарлар, құстар, балықтар мен аралардың əрбір нақты ауруы бойынша ісшаралар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сəйкес өткізіледі. Қолайлы пунктте өткізілетін іс-шаралар 42. Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта мынадай іс-шаралар өткізіледі: 1) эпизоотиялық тізбекті үзуге ықпал ететін мал шаруашылығы технологиясы; 2) жануарларды бірдейлендірудің жолға қойылуы; 3) нормаланған азықтандыру жəне ұстау; 4) мал шаруашылығы фермаларының аумақтарын аймақтарға бөлу, қажетті мал шаруашылығы, ветеринариялық санитариялық объектілерді салу; 5) шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң аумақтық-əкімшілік шекарасын куəлік берілмеген жануарлардың келуінен қорғау;

6) жайылымдық жəне шабындық алқаптарды эпизоотиялық көзқарас тұрғысынан дұрыс пайдалануды ұйымдастыру; 7) осы Қағидаларды сақтай отырып жəне алдын алу іс-шараларын ұйымдастыра отырып, жануарларды тасымалдаған кезде мал басы жиналатын орындарды (тірі мал сатуды жүзеге асыратын ішкі сауда объектілері, көрмелер, мал соятын жəне олардан алынатын шикізатты өңдейтін объектілер) ветеринариялық-санитариялық бақылау жəне қадағалау; 8) мал шаруашылығындағы шаруашылық жүргiзушi субъектілердің жұмысшыларын қажетті мүкəммалмен жəне арнайы киіммен қамтамасыз ету; 9) халық арасында ағарту жұмысын ұйымдастыру; 10) Қазақстан Республикасында немесе Кеден одағына қатысушы мемлекеттерде тіркелген препараттарды қолдана отырып, дезинфекциялау, дератизациялау жəне дезинсекциялау; 11) ветеринария саласындағы уəкілетті орган Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат еткен жəне Кеден одағына мүше мемлекеттерде қолдануға рұқсат етілген арнайы профилактика құралдарын пайдалана отырып, аурулардың диагностикасы, өзіндік профилактикасы. Қолайсыз пунктте өткізілетін іс-шаралар 43. Өңірлердегі эпизоотиялық жағдайға байланысты жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы жоспарлы иммундауға жататын мал санын жəне мониторингтік зерттеулердің көлемін жыл сайын ветеринария саласындағы уəкілетті орган айқындайды. 44. Диагноз эпизоотологиялық, клиникалық, аллергиялық, гельминтологиялық жəне патологиялық-анатомиялық деректерді ескере отырып, зертханалық зерттеулер нəтижелерінің негізінде белгіленеді. 45. Тиісті əкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органы тиісті əкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантин немесе шектеу іс-шараларын белгілеу туралы шешім қабылдайды. 46. Тиісті əкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органы тиісті əкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу іс-шараларын тоқтату туралы шешім қабылдайды. 47. Қазақстан Республикасында немесе Кеден одағына қатысушы мемлекеттерде тіркелген препараттарды қолдана отырып, дезинфекция, дератизация жəне дезинсекция, сондай-ақ ветеринария саласындағы уəкілетті орган Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат еткен жəне Кеден одағына мүше мемлекеттерде қолдануға рұқсат етілген арнайы профилактика құралдарын пайдалана отырып, аурудың диагностикасы, өзіндік профилактикасы жүргізіледі. 4. Сойылатын жануарларды сояр алдындағы ветеринариялық Тексеріп қарау жəне сойылғаннан кейiн ұшалары мен iшкi ағзаларын ветеринариялық-санитариялық сараптау, оларды санитариялық бағалау Сойылатын жануарларды сояр алдындағы тексеріп қарау тəртiбi 48. Сойылатын жануралардың санатына жататындар: iрi қара мал (енеке мен қодасты қоса алғанда) шошқа, қой, ешкi, үй қояны, жылқы, есек, қашыр, түйе, үй құстарының барлық түрлерi. 49. Союға сау үй жануарлары жiберiледi. 50. Етке мынадай: 1) сібір жарасы, қарасан, ірі қара мал обасы, түйе обасы, құтырма, тырысқақ, зілді домбығу, брадзот, қой энтеретоксемиясы, ipi қара мал мен қойдың клегейлі қызбасы (шошқаның африкалық обасы, ботулизм, маңқа, эпизоотиялық лимфангоит, мелоидоз (жалған маңқа), үй қоянының миксоматозы, құстардың классикалық обасы тиген жəне тиді деп күдік туған; 2) аласұрып жүрген; 3) вакцина егiлген, сондай-ақ, сібір жарасына қарсы емдеу жүргізілген жануарларды екпеден (емделгеннен) кейiн күнтізбелік 14 күн бойы, аусылға қарсы инактивацияланған вакцина егiлген жануарларды 21 күн бойы, сондай-ақ емдік жəне профилактикалық мақсатта антибиотиктер қолданылған жануарларды; 4) маңқаға маллеинизация өкзілімеген жылқыны; 5) туғанына күнтізбелік 14 күн толмаған жануарларды, клиникалық ауру жануарларды, ауруының диагнозы белгiленбеген жануарларды; дене температурасы төмен немесе жоғары, ауруы жұпалы емес жануарларды; 6) сояр алдында тексерiп қарамай; 7) ветеринариялық препараттармен өңделген жануарлардың етіндегi рұқсат етiлетiн ең төменгi мөлшерге (РЕтМ) жəне сою мерзiмiне сəйкес келмейтін жануарларды союға жол берілмейді. 51. Жануарлар мен құс саудасы жүзеге асырылатын сауда объектілерінде жануарлар тірідей сатылған кезде де олар ветеринариялық тексеріп қарауға жатады. Сойылғаннан кейiн ірi қара малдың ұшасы мен iшкi ағзасын тексеріп қарау 52. Сойылғаннан кейiн ірi қара малдың ұшасы мен iшкi ағзасын тексеріп қарауда зерттеудiң мынадай тəртібін белгіленеді: 1) басын зерттеу: басты ұшадан бөліп алады, тiл жақ астындағы кеңістіктен еркін шығып тұратындай етіп оны ұшынан жəне екi жанынан тіледi. Ерiндi, тiлдi жəне ауыз қуысының шырышты қабықтарын қарап, қолмен ұстап тексередi. Тiлдi ашамен ұстатып, жем-шөп қалдықтары мен сiлекейден пышақтың сыртымен тазалайды. Егер тiлде көзге көрініп тұрған патологиялық өзгерiстер болмаса, оны кеспейді. Жақтың, жұтқыншақтың (орта жəне шеткi) құлақ түбiнiң лимфа түйiндерiн ашып тексередi. Жақтың бұлшық еттерiн екі жағынан да олардың сыртына қарама-қарсы бүкіл ені бойынан жалпақ етіп (сыртқысын – екі, ішкісін – екі тілікпен) тіліп, тексеріп қарайды; 2) іш құрылысын (кеңірдегімен бірге өкпесін, жүрегін, өтімен бірге бауырын, диафрагмасы мен өңешін) зертеу: өкпесін сыртынан қарап, ұстап көреді. Қабырға ортасындағы краниальдық, орта, каудальдық жəне бронхылық, сол жақтағы, оң жақтағы, тархеобронхылық лимфа түйіндерін ашады. Кеңiрдек пен бронхты жəне өкпе паренхимасын əрбір өкпенi ұзына бойына iрi бронхтардың бағытына қарай кесу арқылы тексередi; 3) жүректi зерттеу: жүрек қабын ашады, жүректiң сыртқы сiрi қабығы жəне жүрек қабының жай-күйін тексередi. Содан кейiн жүректiң оң жəне сол бөлiгiн қиғашы бойынан тiледi, бiр уақытта жүрек қарыншасымен қабығын ашады. Жүректiң бұлшық ет қабатын, эндокарддың, жүрек қан қалқаны мен қанының жайкүйін қарайды. Жүрек бұлшық еттерiн тесiп алмай ұзына бойына жəне көлденеңiнен бiрнеше тiлiктер жүргiзедi (цистицеркозға); 4) бауырды зерттеу: бауырды қарап тексередi, көк ет жəне висцералды жағынан ұстап қарайды. Көк ет бауырға кіріге өскен жағдайда, оны ажыратып, патологиялық өзгерістердің (абцестердің) бар-жоғы тұрғысынан паренхиманы тексередi. Порталды лимфа түйiндерiн тiлiп қарайды жəне висцералды жағынан өт жолына қарай тесiп алмай 2 – 3 рет тiледi; 5) көк бауырды зерттеу: көк бауырды сыртынан қарап тексередi, содан кейiн бойлай тiледi жəне оның сыртқы түрi мен пульпаның консиситенциясын анықтайды; 6) бүйректi зерттеу: бүйректi капсуладан шығарады, қарап тексереді жəне ұстап көредi, патологиялық өзгерiстер табылған жағдайда, тiледi, сонымен бiр уақытта бүйректiң лимфа түйiндерiн ашады; 7) желiндi зерттеу: желiндi қолмен мұқият тексередi, қарама-қарсы 1-2 жерден терең тiлiк жасайды. Шатының үстіндегі лимфа түйiндерiн ашып тексередi; 8) асқазан мен ішек-қарынды зерттеу: оны сiрi қабығы жағынан қарайды. Асқазан мен шажырқайдың бiрнеше лимфа түйiндерiн кесiп көредi. Керек болған жағдайда, шырышты қабығын ашып қарайды; 9) жатырды, аталық ұрық бездерiн, қуықты жəне ұйқы безiн зерттеу: қарап тексередi, керек болған жағдайда ашып кеседi; 10) ұшаны зерттеу: ісінудің, қан ұюының, өсiндiлердің, сүйек сынықтарының жəне басқа да патологиялық өзгерістердің болуына көңiл аудара отырып, ұшаны сыртқы жəне iшкi жағын қарайды. Қабық пен ішперденің жай-күйін айқындайды. Қажет болған жағдайда, лимфа түйіндерiн сырттай жəне кесiп қарайды, сондай-ақ жекелеген (цистицеркозға – мойынның, белдеменiң, анконустың) бұлшық еттерді кеседі; 11) ұшаның негiзгi лимфа түйiндерiн тексеру: мойынның артқы терең безi, қабырға-мойын, топшы асты, бiрiншi қабырға, топшы астының өзін (қолтық асты немесе жауырын асты), мойынның сырты, төстiң алдыңғы (жұп немесе тақ), төстiң үстi (қабырға арасындағы), қабырға аралық, үстiңгi орта қабатты, астыңғы орта қабатты, тізе қатпарларындағы (тізе тобындағы), белдiң, бүйірінің сыртқы (жамбастың кемiк басы) лимфа түйiндерi, бел, бүйірінің сыртқы (домалақ жілік), бүйірдің медиалды, бүйірдің латералды (жамбас алды), терең шап, жамбас лимфа түйiндерi. Бұзаулардың кiндiгiн де қарайды жəне аяқ буындарының бастарын (алдыңғы жəне артқы сирақ сүйектері) тіліп ашады. Ұсақ малдың ұшасы мен iшкi мүшелерін сойғаннан кейiнгi тексеру 53. Ішкi мүшелер мен ұшаны iрi қара малдікі сияқты тексередi. Казеозды лимфаденитті анықтау үшiн мойынның сыртқы жəне тiзе қатпарларындағы лимфа түйiндерi тексерiледi. Шошқаның ұшасы мен iшкi мүшелерiн сойғаннан кейiнгi тексеру ерекшелiктері 54. Шошқаның ұшасы мен iшкi мүшелерiн сойғаннан кейiнгi зерттеу əдістемесі iрi қара малдікі сияқты, бірақ мынадай ерекшелiктері бар: 1) шошқаның жақ асты лимфа түйiндерiн, көмейінiң шырышты қабығын, көмей қақпашығы мен бадамшаны (сібір жарасының ангинозды түріне) мұқият зерттейді. Цистицеркозға зерттеу жүргiзу үшiн қосымша желке бұлшық еттерiн жəне көк етiн, қажет болған жағдайда, жауырын-шынтақ (анконеус), бел, жамбас буындарын кесiп қарайды. Көк етiн алады жəне трихинеллоскопияға тексереді; 2) басында негізгі жақ асты лимфа түйіндерінен басқа қосымша лимфа түйіндері де бар. Олар жақтың арт жағындағы сiлекей лимфа түйіндерінің күре тамырға бөлiнген жерінде орналасқан; 3) ортаңғы қабатты астыңғы лимфа түйiндерден тек краниалдық түрі ғана болады. Олар саны жағынан өте құбылмалы (1 – 5), аорта доғасының алдында орналасқан. Шошқада оң жақ жəне сол жақ бронхиалдық лимфа түйінінен басқа, ортаңғысы (астыңғысы) да бар. Ол кеңiрдектің бронхқа бөлiнетiн бұрышында орналасқан, кейде сол жақтағы бронхиалды лимфа түйiнiмен бірігіп кетеді де бiрыңғай конгломерат түзедi; 4) iрi қара малдан айырмашылығы шошқаның көк бауыр артериясын жағалай орналасқан көкбауыр лимфа түйiндерi бар; 5) шошқада төс, қабырға аралық жəне қолтық асты (жауырын асты) лимфа түйiндерi болмайды. Мойын үстi лимфа түйiндерi үш топқа бөлiнедi: үстiңгi, астыңғы жəне ортаңғы; 6) шошқаның тiзе асты лимфа түйiндері екi топқа бөлiнедi: терең жəне сыртқы. Сыртқысы жиi кездеседi. Шошқаның бiрiншi қабырғасының лимфа түйiндерi ірі қара малға қарағанда жақсы жетiлген. Бүйірдегі жəне ортаңғы белдегі, құйымшақтағы, бүйректегі, жамбастағы лимфа түйiндері үлкен семiз шошқалардың май ұлпаларынан көрiнбейдi жəне ол сау малда қиындықпен табылады. Жылқының ұшасы мен iшкi мүшелерiн сойғаннан кейiнгi тексеру ерекшелiктерi 55. Жылқыларда лимфа түйiндерi көптеген ұсақ түйiндерден тұратын қапшық түрiнде көрiнедi. Жылқыда астыңғы жақ бөлінетін бұрыштағы жақ арасындағы кеңiстiкте қосымша тiласты лимфа түйiндерi, шынтақ буынына жақын иық сүйекте, иықтағы екi басты бұлшықет пен үш басты бұлшықеттің ішкі жағының арасында шынтақ лимфа түйіндері болады. Жылқының басын зерттеу кезiнде жақтың астындағы жəне тiлдің астындағы лимфа түйіндерін тіледi, танау қуысы мен мұрынның шабылған жерiн қарайды. Массетерді ашпайды. Өкпе-бауырды тексерген кезде кеңiрдекті, ірі бронхты ашып кеседі жəне шырышты қабықты қарайды. Барлық бронхиалды, сондай-ақ кеңiрдектi бойлай орналасқан мойынның терең лимфа түйіндерін кеседі. Өкпенiң екi жағынан да екi қисық тiлiктер кеседi, ткесеріп қарайды жəне сол кесiлген жердi ұстап көредi. Жылқы ұшасын зерттегенде қосымша жауырынның iшкi жағынан бұлшық еттерді меланомаға тексередi (əсіресе, сұр жылқыларда). Мүшелер мен ұшаны тексерудің қалған əдістемесі iрi қара малдікі сияқты. Жануарлардың инфекциялық ауруларын ветеринариялық-санитариялық сараптау кезінде жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты ветеринариялық-санитариялық бағалау 56. Аусыл. Сойылған өнімдер жойылуға тиіс. 57. Ауыздың бөртіп уылуы. Ауырған, ауырады деп күдiк тудырған жəне амалсыз сойылған малдан алынған ет пен басқа да өнiмдер одан əрi өндiрiсте қайта өңдеу үшін пісіріледі. Терiсi дезинфекцияланады. 58. Шошқаның бөртпе ауруы. Ауырған, ауырады деп күдiк тудырған жəне жұқты деп күдік тудырған шошқаны союдан алынған ет пен басқа да өнiмдер пісірілген, пісіріліп-ысталған жəне ысталған-піскен шұжық өнімдері мен консервілер дайындау үшін пайдаланылады. Субөнімдерін қабылданған технологиялық режимдердi сақтай отырып, зельцтер, сілікпе, пiсiрiлген шұжық пен консервілер жасау үшiн пайдаланылады. Майы ерiтiп алғаннан кейiн сүйек, асқазанның шырышты қабығы, тұяқтар сол шошқа сойылған кəсіпорында жануарлардың құрғақ жемшөбі етіп қайта өңделадi. Iшектер, қуық пен өңеш 0,5%-дық формальдегид ерiтiндiсiмен бiр сағат бойы өңделіп, кейiн сумен шайқар жуылады, содан кейiн өндiрiстiң iшiнде пайдаланылады. Көрсетiлген тəсiлмен зарарсыздандырылмаған ішек-қарын мен басқа да шикiзат жоюға жiберiледi. Ауырған, ауырады деп күдiк тудырған жəне жұқты деп күдік тудырған жануарлардың терiсі дезинфекцияланады. 59. Iрi қара малдың оба ауруы. Ұсақ күйiс малының оба ауруы. Осы аурулар анықталған жағдайда, сойылған малдың ұшасын, қанын, терiсiн жəне барлық қалған өнiмдерiн өртеп жояды. Обадан ауырып жазылған малды сойған кезде, оның еті мен субөнімдерін пiсiрiлген шұжық немесе консервi дайындауға жiбередi. Терiсi дезинфекцияланады. 60. Түйе обасы. Ауру анықталғанан кейiн түйе ұшасын жəне басқа өнiмдердi (оның ішінде терiсiн) жояды. Басқа жануарларды сойғаннан кейін алынған, ауру жануардың немесе онымен қатар болған жануардың сойылған өнімдерімен араласып кеткен белгісіз өнімдердің бəрі (аяқ, желiн, құлақ, қан жəне басқалары) жойлады. 61. Iрi қара малының жұқпалы (контагиозды) плевропневмониясы. Ұшасы жəне зақымданбаған iшкi мүшелерi қайнатуға немесе пісірілген шұжықтар мен консерві жасау үшін қайта өңдеуге жiберіледi. Патологиялық өзгерiстерi бар мүшелерi жойылуға жiберіледi. Iшектерi тазаланып, тұздықпен консервіленген соң, жалпы негiзде пайдаланылады. Ауру ірі қара малдан алынған терi дезинфекцияланады.

62. Қой мен ешкiнiң түйінді жұқпалы дерматитi (контагиозды эктима). Ауру зарарсыз iсiк түрiнде болса, патологиялық өзгерiстер болған жерiн, ісіп кеткен тіндерін алып тастағаннан кейiн, мал ұшасы мен iшкi мүшелерi өндiрiстiк қайта өңдеуге жiберiледi. Геморрагиялық жəне гангреналы түрi болса, ұшаны iшкi мүшелерiмен бірге жоюға жiбередi. Терiсi дезинфекциялануға тиіс. 63. Блутанг (көк тіл, инфекциялық катаралды безгек). Аурудың бірлі-жарым жағдайлары алғаг рет анықталған кезде сойылған барлық өнiм жойылады. Жануарлар жаппай ауырған кезде сойылған жағдайда, сойылған ет пен басқа мүшелері өндiрiстiк қайта өңдеуге немесе қайнатуға жiберiледi. Ұшасы дистрофиялық өзгерiске ұшыраған, терi асты өзегіне қан ұйыған немесе қатты арық ұшалар, iшкi мүшелерi, басы мен аяқтары жоюға жiберіледi. Блутангпен ауырған немесе ауырды деген күдік тудырған малдың терiсi дезинфекцияланады. 64. Малдың шешек ауруы. Залалсыз iсiк түрiнде ауырған болса жəне пустулалар жазыла бастаса, ірi қара малдың, қойдың, ешкiнің жəне жылқының патологиялық өзгерiстері бар, iсiп кеткен тіндері алып тасталғаннан (тазалағаннан) соң, өнеркəсіптік қайта өңдеуге жiберiледi. Тұтастып кеткен жəне гемморогиялық түрдегі ауру малдың сойылған ұшасы, сондай-ақ басқа да өнiмдерi жоюға жiберiледi. Терiсi дезинфекцияланады. 65. Жылқының африкалық обасы (дара тұяқты жануарлардың африкалық обасы). Ауру сойылғаннан кейiнгi сараптамада анықталған жағдайда, сойылған өнімнің бəрі өртеліп жойылады. Ауырып жазылған мал сойылған жағдайда, оның етi мен субөнiмдерi пiсiрiлген шұжық немесе консервi дайындауға жiберiледi. 66. Шошқаның африкалық обасы. Шошқаның африкалық обасының белгілері анықталған жағдайда, ұшаны ішкі мүшелерімен жəне терісімен бірге өрттеу арқылы жояды. Африкалық шошқа обасы бойынша бірінші қауіпті аймақтағы сойылған шошқадан алынған ет жəне басқа да өнімдер пісірілген, пісіріліп-қақталған шұжық, консерві өнімдеріне өңделеді немесе қайнатылады. Дайын өнім қолайсыз аймақ аумағында сатылады. Дистрофикалық өзгерістері бар, бұлшық ет ұлпасында жəне ішкі құрылысында қан құйылған ұшаларды барлық сойылған өнімдерімен бірге өрттеу арқылы жояды. Сүйектерді, қанды жəне субөнімдерді, сондай-ақ сойылған конфискаттарды еттісүйекті ұнға өңдейді немесе 2,5 сағат бойы қайнатады жəне қауіпті аймақ шегінде құс жеміне пайдаланады. Терілері дезинфекцияланады. 67. Шошқаның классикалық обасы. Ауырған немесе ауырды деп күдік туған малдан алынған ұша мен өнiмдердi шикiдей шығаруға тыйым салынады. Мүшелерінде дистрофиялық немесе басқа да (күрделенген) патологиялық өзгерiстер бар болса ұшаны iшкi мүшелерiмен бірге жоюға жiбередi. Ұша мен iшкi мүшелерде патологиялық өзгерістер болмаған жағдайда, оларды пайдалану туралы шешiм сальмонелланың бар-жоғына бактериологиялық зерттеу өткізілгеннен кейiн қабылданады. Бұл ретте етте немесе ішкі мүшелерде салмонелла бар екенi анықталған жағдайда, iшкi мүшелерi кəдеге жаратуға жiберіледi немесе жойылады, ал ұшасы қайнатылғаннан кейiн шығарылады немесе консервi, етті азық дайындауға жiберiледi. Іш майы қорытылады. Сальмонелла болмаған жағдайда, ұша, шпик жəне iшкi мүшелер пісірілген, пісіріліп қақталған шұжық өнімдеріне, консервiге жəне етті азыққа қайта өңделеді немесе қайнатуға жiберiледi. 68. Сібір жарасы. Сібір жарасы ауруы анықталған жағдайда, малдың ұшасын, ішкі мүшелерiн жəне терiсiн бактериологиялық зерттеу нəтижелерiн алуды күтпейақ өртеп жояды. Сібір жарасымен ауырған малдан алынған өнімдермен араласып кеткен басқа малды сойғаннан кейін алынған өнiмдердің бəрі өртеледі, терiсi дезинфекцияланады. 69. Ауески ауруы (жалған құтыру). Малдың ұшасында дегенеративтi өзгерістер немесе бұлшық еттерінде, ұшасында жəне мүшелерінде патологиялық өзгерiстер болған жағдайда, ұшаны жəне мүшелерiн кəдеге жаратуға жiбередi. Ұшасы мен ішкі мүшелерінде патологиялық өзгерiстер болмаған жағдайда, оларды пайдалану туралы шешiм сальмонеллаға бактериологиялық зерттеуден кейiн қабылданады. Сальмонелла болмаған жағдайда, мал ұшасын жəне iшкi мүшелерiн қайнатады немесе пiсiрiлген, пісіріліп қақталған шұжық, төс еттер мен төстіктер дайындау үшiн пайдаланады. 70. Туберкулез. Туберкулез процесі шоғырланған жағдайда, яғни, бір уақытта төсі мен ішкі мүшелері зақымдалып, лимфа түйіндеріне таралған жағдайда, қоңдылығының жай-күйіне қарамастан, ішкі мүшелерін (оның ішінде ішек-қарнын) жояды. Лимфа түйiндерi, ішкі мүшелерінің бірі немесе басқа ұлпасы туберкулезбен зақымдалған қоңдылығы қалыпты ұша (шошқа ұшасынан басқасы), сондай-ақ зақымдалмаған басқа мүшелерi қайнатылады немесе қайта өңделiп консервi немесе етті азық жасалады, ал iш майы қорытылып алынады. Туберкулезбен зақымданған мүшелерi мен ұлпалары зақымдану нысанына қарамастан, жойылады. Шошқа ұшасында жақ астындағы лимфа түйіндерінде ғана ағарған туберкулезбен зақымдану анықталған жағдайда, оларды алып тастайды, ал басын ішкі мүшелерімен бірге шектеусiз шығарады. Туберкулезбен шажырқай лимфа түйіндері ғана зақымданған жағдайда, ішектi жояды, ал ұшасы мен қалған ішкі мүшелерiн шектеусіз шығарады. Жақ астындағы немесе шажырқай лимфа түйіндерінде қатайған, ағармаған ошақтар түріндегі (олардың түріне қарамастан) зақымдану немесе жақтың астында жəне шажырқай тораптарында бір уақытта туберкулез ошақтары анықталған жағдайда, олар iшегімен бірге жойылады, ал ұшасы мен қалған мүшелерi қайнатылады нeмece қайта өңделіп, консервi дайындалады. Шошқа ұшасының лимфа түйiндерiнен коринебактериялар немесе атипиялы микобактериялар тудырған туберкулез ауруы анықталған кезде шошқа ұшасы мен мүшелерi шектеусiз шығарылады, ал зақымданған лимфа түйiндерi алып тасталып, жойылады. Туберкулез ауруымен ауырған малдан алынған терi шектеусiз шығарылады (дезинфекцияланбайды). 71. Бруцеллез. Бруцеллезге оң əсер берген ірі қара мал мен шошқаның, түйенің, жылқының еті ұшасы мен мүшелерінде патологоанатомиялық өзгерістер болмаған кезде ет 12 сағат тұрғаннан кейін шектеусіз шығарыла береді. Ұша мен мүшелерінде патологоанатомиялық өзгерістер анықталған жағдайда, шұжық жəне консерві бұйымдарына арнап шығарылады. Бруцеллезге оң əсер берген қой мен ешкіні санитариялық союдан алынған ет ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды сақтай отырып, пісірілген шұжықтарға немесе консервілерге қайта өңделеді. 72. Ірі қара малдың инфекциялық ринотрахеиті. Ринотрахеит ауруымен ауырған жəне ауырды деп күдiк тудырған мал сойылғаннан кейін алынған оның ұшасы мен субөнімдерін шикi түрiнде шығаруға тыйым салынады. Патологиялық өзгерiстері бар мүшелерi жойылады. Малдың ұшасы мен iшкi мүшелерiнде паталогоанатомиялық өзгерiстер болған жағдайда, сальмонелланың бар-жоғаны бактериологиялық зерттеу жүргiзіледi. Сальмонелла анықталған жағдайда, iшкi мүшелерi жойылады, ал ұшасы пісіріледі. Басы, кеңiрдегі, өңеші, мүйiзі, тұяғы жəне басқа да қалдықтары кəдеге жаратуға жiберiледі. Терiсi дезинфекцияланады. 73. Лейкоз. Бұлшық еттер, лимфа түйіндері жəне бiрнеше iшкi мүшелері зақымданған жағдайда немесе шырышты қабықтарында лейкоздық өскіндер (жара) болған жағдайда, ұша жəне сойылған басқа да өнiмдер кəдеге жаратуға жiберіледi. Жеке лимфа түйiндерi немесе iшкi мүшелерi зақымданған жағдайда, бiрақ қаңқадағы бұлшық еттерде өзгерiс болмаса, зақымданған мүшелерi кəдеге жаратуға жiберіледi, ал зақымданбаған мүшелерi мен етін пайдалану туралы мəселе бактериологиялық зерттеуге байланысты шешедi. Жануарларды лейкозға гематологиялық зерттеу кезiндегі нəтиже оң болса, бiрақ осы ауруға тəн патологиялық өзгерiстер болмаса, ұша мен мүшелер кедергiсiз жiберiледi. 74. Пастереллез. Дегенеративтік немесе патологиялық өзгерiстер немесе азғындық болған кезде, ұша мен iшкi мүшелер кəдеге жаратылады. Ұшасы мен iшкi мүшелерінде патологиялық өзгерiстер болмаса, етiн пайдалану туралы шешім сальмонеллезға бактериялогиялық зерттеуден кейiн қабылданады. Сальмонеллез табылған жағдайда, iшкi мүшелерi кəдеге жаратылады, ал ұшасы қайнатылады. Салмонелла болмаса, ұшасы мен ішкі мүшелері пісіріледі немесе пісірілген, пісіріліп қақталған шұжық, төстік, төс ет немесе консервi дайындау үшін пайдаланылады. Терiсi дезинфекцияланады. 75. Қой мен ешкінің инфекциялық агалактиясы. Патологиялық өзгерiстерге ұшыраған мүшелер кəдеге жаратылады. Зақымданбаған iшкi мүшелерi мен ұшасы қайнатылады немесе шұжық немесе консервi дайындау үшін қайта өңдеуге жiберіледi. 76. Қойдың инфекциялық энтеротоксемиясы. Ұшасы, iшкi мүшелері мен терiсi жойылады. Ұшасы мен зақымданбаған ішкі мүшелері пісіріледі немесе пісірілген шұжық немесе консерві дайындау үшін пайдаланылады. 77. Вирусты (трансмиссивтi) гастроэнтерит. Ауырған жəне ауырды деген күдік тудырған малдың, сондай-ақ жұқтырды деген күдік тудырған шошқаның ұшасы мен iшкi мүшелерi қайнатылады немесе пісірілген, пісіріліп-қақталған шұжық бұйымдары мен консервi дайындау үшін қайта өңдеуге жiберіледi. Арық ұша кəдеге жаратылады. Терiсi дезинфекцияланады. 78. Шошқаның энозоотиялық энцефаломиелитi (Тешен ауруы). Бұлшық еттерiнде дегенеративті өзгерiстер болса, ұша мен iшкi мүшелерi кəдеге жаратылады. Бұлшық еттерiнде дегенеративті өзгерiстер болмаса, ұша мен iшкi мүшелерi қайнатады немесе пісірілген, пісіріліп-қақталған шұжықтар немесе консерві дайындау үшін пайдаланады. Терiсi дезинфекцияланады. 79. Эмфизематозды көршиқан. Ұшаны iшкi мүшелерiмен жəне терiсiмен бірге жояды (өртейді). 80. Маңқа. Маңқа ауруы анықталғанда, ұшасы, iшкi мүшелерi жəне терiсi жойылады. Маңқа ауруын қоздырушы бар деп күдiк тудырған ұша қайнатылады, ал мүмкiн болмаған жағдайда, кəдеге жаратуға жiбередi. Iшкi мүшелерi кəдеге жаратылады. Маңқа ауруымен ауырған немесе маллеинге оң əсерi бар малдар союға жiберілмейдi жəне жойылады. 81. Актиномикоз. Малдың актиномикозбен ауырған басы бұлшық еттерiмен жəне сүйегімен бірге кəдеге жаратуға жiберіледi. Бастың лимфа түйіндері ғана зақымданса, олар алып тасталып, басы қайнатуға жiберіледi. Тiлі мен iшкi мүшелерiнің аздаған бөлiгi жарақаттанса, жарақаттанған жерiн алып тастап, оларды шектеусіз шығарады. Зақымдану ауқымды болса, тiлдi жəне iшкi мүшелердi кəдеге жаратуға жiбередi. Актиномикоз кеңiнен таралып сүйектi зақымдаған болса, iшкi мүшелерi, ұшасы жəне бұлшық еттерi, мүшелерi кəдеге жаратуға жiберiледi. 82. Некробактериоз. Белгiлi бiр мүшелер зақымданған болса, кəдеге жаратуға жiбередi. Ұшасын шектеусіз шығарады. Септикалық процесс кезiнде ұшасы мен мүшелерiн кəдеге жаратуға жiбередi. 83. Стахиботриксикоз. Ұша мен iшкi мүшелердiң бiр бөлiгiнiң некрозды бөлшектері болса, кəдеге жаратуға жiбередi. Ұшада паталогоанотомиялық өзгерiстер байқалмаса, сальмонеллезге бактериологиялық зерттеулер жүргiзедi. Сальмонеллез анықталмаған жəне патологиялық өзгерiс болмаған жағдайда, ұшасы мен сойғаннан кейін алынған өнiмдерi шектеусіз шығарылады. 84. Фузариотоксикоз. Ұшасы қайнатылады, iшкi мүшелерi кəдеге жаратуға жiберiледi. 85. Туляремия. Ауру немесе ауруға күдiктенген жануарлардан алынған ұша, мүшелер мен терi кəдеге жаратылады. Туляремиямен ауыратын сойылған жануарлардың өнiмдерiмен бiрге болған ет пен ет өнiмдерi қайнатылады. 86. Паратуберкулездi энтерит. Iшекте, шажырқайда, лимфа түйiндерiнде патологиялық өзгерiстер жəне баста iсiк болған жағдайларда, өзгертіске ұшыраған мүшелер мен шажырқайы бар iшек кəдеге жаратылады, ал ұшасы мен басқа мүшелердi шектеусіз шығарылады. Паратуберкулезбен зақымдалған жағдайда, арық ұша мен оның мүшелерi кəдеге жаратылады. 87. Жалған туберкулез (Псевдотуберкулез) Лимфа түйiндерi көп жерден жарақатталған жəне бұлшық ет жарақатталған жағдайда, сондай-ақ арық болған жағдайда, ұша мен мүшелердi кəдеге жаратады. 88. Шошқалардың инфекциялы атрофиялық ринитi. Мұрынның, бас пен тiлдiң, өкпенiң, өңештiң шырышты қабығында үсiген жəне жансызданған өзгерiстер анықталған кезде, оларды жояды. Ұша мен iшкi мүшелерде дегенеративтік өзгерiстер болмаған жағдайда, олар шектеусіз шығарылады. Арық болмаса жəне тек қана iшкi мүшелер мен лимфа түйiндерi зақымдалған жағдайда, iшкi мүшелер, зақымдалған лимфа түйiндердi кəдеге жаратылады, ал ұшасы шектеусіз шығарылады. 89. Лептоспироз. Дегенеративтi өзгерiстер байқалған жағдайда немесе бұлшық еттердiң сарғыштануы 2 тəулiк арасында кетпесе ұшаны жəне iшкi мүшелердi кəдеге жаратуға жiбередi. Бұлшық еттерде дегенеративтi өзгерiстер байқалмаған жағдайда, бiрақ сарғайған түсi бар болып, ол сарғыш түсi 2 тəулiк арасында кетсе, ұша жəне iшкi мүшелер патологиялық өзгерiстерге ұшырамаса, қайнатуға жiберiледi. Iшек-қарны кəдеге жаратуға жiберiледi. Ұшасы мен iшкi мүшелері лептоспирозға оң қорытынды берген малдардан алынса, бiрақ бұлшық еттерде, iшкi мүшелерде патологиялық өзгерiстер болмаса шектеусіз шығарылады. Лептоспирозбен ауыратын жануарлардың терiлерi дезинфекцияланады. 90. Ку-безгек (Ку-лихорадка). Ку-безгек анықталған жағдайда, ұша мен мүшелердi қайнатады. Өзгеріске ұшыраған мүшелерi мен қаны кəдеге жаратылады, терiсi дезинфекцияланады. Инвазиялық аурулар кезінде еттің жəне жануарларды сойғаннан кейін алынатын өнiмдердiң ветеринариялық-санитариялық сараптамасы 91. Трихинеллез. Етi адамдардың тағамына немесе жаунарлардың азығына пайдаланылатын шошқалардың (3 аптаға толмаған торайлардан басқа), сондай-ақ қабанның, борсықтың, аюдың, саз құндыздың, басқа талғаусыз жəне етпен қоректенетiн жауанрлардың ұшасы мiндеттi түрде трихиллинезге зерттелуі керек. Тілікте бiр ғана трихинелла табылатын болса да, оның тiршiлiкке қабiлетiне қарамастан, ұша мен бұлшық ет ұлпасы бар субөнiмдерi, сондай-ақ жарамсыз қалған ет өнiмдерi кəдеге жаратылады. Сыртқы майын сылып алады да, шыжғырады. Iшкi майы шектеусіз шығарылады. Терiсi еттiң қалдығы алынғаннан соң, шектеусіз шығарылады. Қалдықтарды кəдеге жаратуға жiбередi. 92. Цистицеркоз (ipi қара мал мен шошқаның финнозы). Бастың, жүректiң бұлшық еттерiнің тіліктерінен цистицеркоз (массетер) табылған жағдайда, мойынның, сондай-ақ жауырын-шынтақ, жон, жамбас буындары мен диафрагманың

бұлшық еттерiн қосымша екi қатар тiлiп қарайды. Бастың немесе жүректiң етінің тілігінде 40 шаршы сантиметрден үштен төмен тiрi немесе өлi финн болса жəне үштен жоғары тiрi немесе өлi финн басқа бұлшық еттер кесiндiсiнен табылса, ұшаны, басты жəне ішкі мүшелерді кəдеге жаратады. Iш майларын жəне шпикты тағамда пайдалану мақсатында қайта өңдейді немесе тұздап немесе мұздатып залалсыздандырады. Бастың немесе жүректiң етінің тілігінің 40 шаршы сантиметрінде кемінде үш тірі немесе өлі финн табылған жағдайда жəне еттің басқа тіліктерінде үштен аспайтын финн болмағана немесе болған кезде басты жəне жүректі кəдеге жаратады, ұшасы мен қалған мүшелерін пісіріп, тұздап немесе мұздатып залалсыздандырады. Iш майларын жəне шпикті тағамда пайдалану мақсатында қайта өңдейді немесе тұздап немесе мұздатып залалсыздандырады. Тұздап не мұздатылып залалсыздандырылған ұшалар фаршты шұжық немесе консервi дайындау үшін пайдаланылады, ал субөнімдері өндiрiстiк қайта өңдеуге жiберiледi. 93. Жiңiшке мойынды (тениукольды) цистицеркоз немесе сiрi қабықтың финнозы. Зақымданған мүшелердің маңындағы ұлпалармен бірге көпіршіктер жойылады. Ұшасы, зақымданбаған жəне тазартылған iшкi мүшелерi шектеусіз шығарылады. 94. Қой мен ешкiнiң, бұғының цистицеркозы (финнозы). Қойлардың, ешкiлердiң жəне бұғылардың ұшалары мен мүшелерiнде 40см2 тілікте 5-тен аспайтын финн анықталған жағдайда жəне бұлшық еттерде өзгерiстер болмаған жағдайда, ұша мен мүшелердi мұздату арқылы залалсыздандырады, содан кейiн шұжық өнімдерi немесе консервілерге қайта өңдеуге жiбередi. Ұшада 40 шаршы сантиметр кесiмiнде 5 финнан артық анықталған жəне бұлшық еттерде өзгерiстер байқалған жағдайда, ұша мен мүшелердi кəдеге жаратады, ал iшкi жəне құйрық майын шыжғырады. 95. Эхинококкоз. Бұлшық еттер жəне iшкi мүшелерi көптеп зақымданған болса, сондай-ақ ұша арықтаған болса, ұша мен iшкi мүшелердi кəдеге жаратады. Бөлек мүшелер немесе тіндер зақымданған жағдайда, оларды кəдеге жаратады, ал ұшаның зақымданбаған бөлшектерi жəне мүшелерi кедергiсiз жiберiледi. 96. Фасциоллез. Зақымданған мүшелердiң бөлшектерiн кəдеге жаратады. Ұша мен iшкi мүшелердiң зақымданбаған бөлшектерiн кедергiсiз жiбередi. Мүшенiң 2/3 бөлігі зақымданған болса, мүшенi толық кəдеге жаратады. 97. Дикроцелиоз. Бауырдың жарақатталған бөлшектерiн кəдеге жаратады. Бауырдың 2/3 бөлiгi зақымданған болса, толық кəдеге жаратады. Ұша мен iшкi мүшелердiң зақымданбаған бөлшектерiн кедергiсiз жiбередi. 98. Диктиокаулез. Өкпенiң зақымданған бөлшектерiн кəдеге жаратады. Ұша мен iшкi мүшелердiң зақымданбаған бөлшектерiн кедергiсiз жiбередi. Өкпенiң 2/3 бөлiгi зақымданған болса, толық кəдеге жаратылады. 99. Шошқаның метостронгилезы. Өкпенiң зақымданған бөлшектерiн кəдеге жаратады. Ұша мен өкпенiң зақымданбаған бөлшектерiн кедергiсiз жiбередi. 100. Аскаридоз. Ұша мен мүшелердi патологиялық өзгерiстер жоқ болса кедергiсiз жiбередi. 101. Пироплазмидоздар (пироплазмоз, тейляриоз, бабезиоз, анаплазмоз). Сары түс жайылмаған жəне дегенеративтiк өзгерiстер болмаған жағдайда, ұша мен iшкi мүшелердi кедергiсiз жiбередi. Ұшаларда сарғыш түс 2 күн арасында кетпейтiн болса, ұша мен iшкi мүшелердi кəдеге жаратады. 2 күн арасында сарғыш түс кетсе, салмонеллезге бактериологиялық зерттеу жүргiзедi, ұша мен өзгермеген мүшелердi кедергiсiз жiбередi. 102. Токсоплазмоз.Ұшаны қайнатады, iшкi мүшелердi кəдеге жаратады. 103. Саркоцистоз. Бұлшық етте саркоциста болған жəне патологиялық өзгерiстер болмаған жағдайда ұша мен мүшелердi кедергiсiз жiбередi. Бұлшық еттерде өзгерiс болса (гидремия, түссiздену, ағару, дегенеративтiк өзгерiстер), ұша мен iшкi мүшелердi кəдеге жаратады. Шошқаның шпигiн жəне iшкi майын кедергiсiз жiбередi. 104. Гиподерматоз. Инфильтраттан, жансызданған ошақтардан, өзгерген бөлшектерден тазартылған соң, ұша мен басқа өнiмдерді кедергiсiз жiбередi. Жұқпалы емес аурулармен ауырған, санитариялық маңызы бар нормалардан ауытқыған жануарлар етiнің жəне одан алынатын өнiмдердiң ветеринариялық-санитариялық сараптамасы 105. Тыныс жолы мүшелерiнiң аурулары (бронхит, бронхопневмония, пневмония, плевропневмония). Инфекциялық ауруларды бар-жоғын анықтау керек. Зақымданған мүшелердi кəдеге жаратады. Пневмония, плеврит болған жағдайда жəне процеске лимфа түйiндерi тартылған жағдайда, еттi жəне басқа сойылған өнiмдерді санитариялық бағалау туралы шешiм бактериологиялық зерттеу нəтижесiне қарай шешiледi. Өкпенiң аспирацияланса, оны кəдеге жаратады. 106. Қан айналым мүшелерiнiң ауруы (созылмалы перикардит), шошқаның жас төлінің ауруы. Перикард қабырғасының фибриоздық қабынуы жəне қалыңдауы байқалады, фибриннің əсерінен үстіңгі беті кедір-бұдыр болады, перикард эпикардпен ішінара тұтасып кетеді. Жарақатты перикардит – ересек ірі қара малдың ауруы – жүрек қалтасының фиброздық немесе іріңдеп қабынуы. Перикардит қуысында фибрин көп болады жəне иісі жағымсыз іріңді сұйықтық болады. Перикардит қабырғасы қалыңдайды (2-4 сантиметр), кейде эпикардпен дəнекерленіп кетеді, бөзде зат (сым, шеге жəне басқалары) болады. Лимфа түйіндері зорайып, ісінген. 107. Миокардит. Iрiңдi перикард, қоршаған тіндерде жəне төс қабырғасында iрiңдер, iсiк, гидремия мен сарғыштану байқалған жағдайда, ұша мен iшкi мүшелердi кəдеге жаратады. Перикардта, эпикардта, өкпеде, төс қабырғасында патологиялық өзгерiстер байқалған жағдайда, жарақатталған мүшелердi кəдеге жаратады, ал ет пен союдан алынған басқа өнiмдерiн қолдану мəселесi бактериологиялық зерттеуден кейiн шешiледi. 108. Бауырдың ауруы (цирроз, капиллярды экстазия, майлы дистрофия iрiңдер). Бауыр циррозында, сары ауруда, iсiктерде жəне өкпе паренхимасының патологиялық өзгерiстерiнде бауырды кəдеге жаратады. Өкпенiң бiрлi-жарлы зақымданған жерлерін алып тастайды. Өкпенiң зақымданбаған бөлшектерiн, сондай-ақ капиллярлық экстазиясы анық бiлiнбейтiн болса, бауырды кедергiсiз жiбередi. 109. Бүйрек ауруы (нефрит, нефроз, киста, бүйрекке тас тұру, iсiк, бұзаулардың «ақ бауыр» ауруы). Нифриттiң, нефроздың, көптеген кистаның, iсiктердiң, бүйрек тастарының барлық түрлерiнде бүйректердi кəдеге жаратады. «Ақ бауыр» ауруында, iрiңді нефритте, басқа мүшелерде патологиялық өзгерiстер анықталған жағдайда, еттi қолдану мəселесi бактериологиялық зерттеуден кейiн шешiледi. 110. Ас қорту мүшелерiнiң аурулары. Патологиялық өзгерiстерi бар ұша мен мүшелер кəдеге жаратылады. Патологиялық өзгерiстерi жоқ ет пен сойылғаннан кейін алынған басқа өнiмдерді санитариялық бағалау бактериологиялық зерттеудiң нəтижесiне қарап жүргiзiледi. 111. Перитонит. Патологиалық өзгерiстерi бар iшкi мүшелер мен тіндердi кəдеге жаратады. Союдың басқа өнiмдерiн қайнатады. 112. Жаңадан шыққан iсiктердi зерттегенде оларды зиянсыз (фиброма, миксома, миома, неврома жəне тағы да басқалары) жəне зияндыларға (саркома, карцинома жəне тағы да басқалар) бөледi. Зиянды, сондай-ақ зиянсыз көптеген жаңадан шыққан iсiктерi бар мүшелер мен ұшаның бөлшектерiн кəдеге жаратады. Зақымданбаған ұша бөлшектерiн қайнатуға жiбередi, зақымдану ауқымды болса жəне зақымданған жерлерін алып тастау мүмкiн болмаса, ұша мен мүшелердi кəдеге жаратылады. Бiрлi-жарым зиянсыз iсiктер кездессе, зақымданған жерлерiн алып тастайды, ал ұша мен мүшелердi кедергiсiз жiбередi. 113. Зат алмасуда пайда болатын аурулар (гидремия). Бұлшық етте iсiк болған жағдайда, ұша мен iшкi мүшелердi кəдеге жаратады. 114. Ауыл шаруашылығы жануарларының төлдерi мен құстардың ақ ет ауруы. Бұлшық етте дегенеративті өзгерiстер (iсiк, түссiздену, босау) анықталған жағдайда, ұша мен iшкi мүшелердi кəдеге жаратады. Бұлшық еттегі өзгерiстер нашар байқалатын болса (түсі ақшыл-қызғылтым) немесе мүшелерде жəне бұлшық ет бөлшектерiнде патологиялық өзгерiстер байқалған жағдайда, етті бағалау сальмонеллезге бактериологиялық зерттеуден кейiн iске асырылады. Сальмонеллез болмаса ұша мен зақымданбаған мүшелердi қайнатылған немесе қайнатылып-қақталған шұжықтарға қайнатады, ал зақымданған мүшелердi кəдеге жаратады. 115. Уремия. Ұша мен сойылғаннан кейін алынған басқа өнiмдерi кəдеге жаратылады. 116. Сарыауру. Сары түс 2 күн арасында кетпейтiн болса ұша мен iшкi мүшелердi кəдеге жаратады. Сары түс кеткен жағдайда, етті санитариялық бағалау бактериологиалық зерттеу нəтижесiне қарап жүргізіледі. Азықтық жəне жасына қарай болған сары ауруға ұшыраған еттi кедергiсiз жiбередi. 117. Iрiңдi қабынулар. Жайылған флегмон, ауқымды некроздар байқалғанда, мүшелерде, ұлпаларда, лимфа түйiндерде абсцесс болса, мүшелердi кəдеге жаратады. Паринхематозды мүшелерде көптеген абсцесс байқалса, зақымданған мүшелердi кəдеге жаратады, ал ұшаның бағалауын бактериологиялық зерттеудiң нəтижесiне қарап жүргiзедi. Бiрлi-жарлым абсцесс жəне шамалы iрiңді жара болса жəне қоршаған ұлпалар мен лимфа түйiндерде патологиялық өзгерiстер болмаған жағдайда, зақымданған мүшелер жарамсыз деп табылады, ал етi бактериологиялық зерттеуге жiберіледi. Жарақаты шамалы жансыз бөлшектердi жəне олардың маңындағы ұлпалар кəдеге жаратылады, ал ұша бактериологиялық зерттеуге жiберіледi. Ұлпалардың немесе мүшелердің жарақаты ауқымды болса жəне ағзаға уыты жайылып кетсе, ұша мен мүшелер кəдеге жаратылады. 118. Жарақаттар (жаңадан пайда болған жарақаттар). Жаңадан пайда болған жарақаттар болса, сүйек сынған, қан ұйыған, қоршаған ұлпаларда жəне лимфа түйiндерiнде iсiк болмаған жағдайда, қан сiңген ұлпаларды алып тастайды, ал ұша мен iшкi мүшелердi кедергiсiз жiбередi. 119. Күйiк. Кең жайылған күйiк болған жағдайда жарақатталған ұшаның бөлшектерiн алып тастайды жəне кəдеге жаратады. Ұшаның жарақатталмаған бөлшектерiн санитариялық бағалауды бактериологиялық зерттеулердiң нəтижесiне қарап өткiзедi. Iшкi мүшелердi кəдеге жаратады. Шамалы күйiк болған жағдайда, жарақатталған орындарын алып тастайды, ал ұша мен iшкi мүшелердi кедергiсiз жiбередi. 120. Жануарлардың улануы. Ет пен ет өнiмдерiнде мынадай улы зат қалдықтары болған кезде тамаққа пайдалануға рұқсат етiлмейдi (мөлшер көлемiне қарамастан): цианид, сары фосфор, пропазин, гептахлор, дихлораль несепнəрі, полихлоркамфен, альдрин, тетраметилтиурамдисульфид, дидихлорвинилфосфат, цинеба, дикрезил, байгон, метафос, хлорофос, тиофоса, уарбофос, құрамында сынабы бар пестицидтер, мышьяк кiретiн препараттар жəне гербицидтер. Егер етте уытты заттардың қалдығы рұқсат етiлген мөлшерден төрт есе көп болса немесе химикаттардың қалдығын анықтайтын ресми тəсiлдердiң сезгіштігінің төрт шегінде болса, етті малға құрғақ азық етіп қайта өңдеуге жiберуге болады. Бұлшық еттiң ұлпасында улы зат қалдықтары бекiтiлген нормадан аспаса, етiн қайнатады, iшкi мүшелердi, желiндi жəне миын кəдеге жаратады. Жануарлар фтор препараттармен, мырыш пен мыс тұздарымен, хлорлы натриймен жəне калиймен, қышқылдармен жəне сiлтiмен, газ тəріздес заттармен (аммиак, ащы күкiрт ангидридi, тұншықтырғыш газ, хлор жəне тағы да басқалары), несепнəрмен, алкалоидтармен, улы жəне өңез саңырауқұлақтармен, сапонин кiретiн өсiмдiктермен, эфир майларымен, шайыр мен фотодинамикалы нəрселермен немесе iшек-қарын жолдарын жаралайтын заттармен (купол, молочай), сондай-ақ сарғалдақ тұқымдастары, вехпен уланған ет пен сойылғаннан кейін алынған басқа өнiмдер бактериологиялық, қажет болса, физика-химиялық зерттеуден жəне басқа иiстердi анықтау үшiн қажеттi сынауға алынғаннан кейiн бағаланады. 121. Нитраттармен жəне нитриттармен улану. Уланған жануарларды союға клиникалық жазылудан 72 сағат өткеннен кейiн рұқсат етiледi. Амалсыз сойылған малдардың етi нитраттар мен нитрит мөлшерiнiң қалдығы анықталуымен бiрге бактериологииялық жəне биохимиялық зерттеуге жатады. Бактериологиялық зерттеу теріс нəтиже берген жəне 100 мг/кг нитраттың немесе 10 милиграмм/килограмм нитриттiң мөлшерi табылған жағдайда ұшаны қайнатады. Нитрат пен нитриттiң мөлшерi көп болса, еттi 5 есе сау малдардың етiмен араластырып қайнатылған шұжықтар дайындауға жiбередi, ал осы шараны орындауға мүмкiндiк болмаса, еттi кəдеге жаратады. 122. Малдардың радиациямен зақымдануы. Орта жəне ауыр дəрежеде радиоактивтi заттармен зақымданған, сəулелi аурулардың патологоанотомиялық өзгерiсi бар кезде сойылған малдардың еттерiн амалсыз сойылған мал еттерiндей бағалайды, мiндеттi түрде бактериологиялық жəне радиометриялық зерттеулер жүргiзедi. Iшкi жəне жеңiл сəулеге шалдыққан малдардың ұшаларымен одан алынған өнiмдерге радиометрия жүргiзедi. Радиометрияның қорытындысы бойынша, егер де оларда патологиялық өзгерiстер болмаса екі топқа бөледi: 1) жол берілетін концентрациядан аспайтын радиоактивтi заттармен ластанған тамақ өнiмдерi (кедергiсiз жiберiледi); 2) жол берілетін концентрациядан асып кетсе, дезактивация жүргізіліп (еттi сүйектен бөлiп алу, қайнату, тұздау жəне ұзақ уақыт мұздату), кейіннен қайтадан радиометрия жүргiзіледi. 123. Нормаға сай емес ет. 1) иісі мен дəмі өзіне тəн емес (азықтың иісі мен татымы жануарлар сойылғанға дейін аз уақыт бұрын иісі қатты шығатын (қызылша, шалқан, тарна жəне басқалары) немесе ащы татымды (жусан жəне басқалары) өсімдіктермен немесе балықпен жəне оның қалдықтарымен, сондай-ақ бұзылған азықпен азықтандырылса). Жыныстық жағынан жетілген, піштірілмеген немесе сойғанға дейін аз уақыт бұрын піштірілген еркек малдың етінде жағымсыз иіс болады: текеде – тердің иісі, еркек шошқада – тұрып қалған зəрдің иісі, бұқада – сарымсақтың иісі болады. Əртүрлі патологиялық процестер (флегмон, күкірт қышқылды андигрид, тұншықтыратын газ, хлор жəне басқалары) болған кезде, сондай-ақ иісі бар дəрілік заттарды пайдаланған кезде, еттер иісі бар заттармен (мұнай өнімдері, химиялық заттар) бірге сақталған кезде де етте жағымсыз иіс пен дəм пайда болуы мүмкін. Етте 48 сағат өткенше кетпейтiн балықтың, қайнатып көргенде кетпейтін зəрдiң, дəрi-дəрмектiң, балық майының иісі немесе етке тəн емес басқа да иістер болса, ұшаны жəне iшкi мүшелердi кəдеге жаратады. Қайнатып көргенде 48 сағат өткенше кетпейтін ащы татым немесе нəжіс иəсі болса, ұшаны жəне iшкi мүшелердi кəдеге жаратады. 2) етке тəн емес түс: липохроматоз (май қыртыстарының қалыптан тыс сарғыш түсі). Басқа патологиялық өзгерістері болмаса, жасына немесе азықтандырылуына байланысты сарғыш түсі бар ұша мен сойыс өнімдері шектеусіз шығарылады. Барлық тіндерінің азықтандырылуына байланыссыз сарғыш түске боялуы екі тəулік ішінде кетпейтін болса, ұшасы жəне iшкi мүшелерi кəдеге жаратылады. 3) лилапоз (күрең түс) меланин пигментiнiң қабаттануынан, көбінесе, iрi жəне ұсақ малдың ұлпаларында пайда болады. Меланин пигментi көбiне бауырда, өкпеде, лимфа түйiндерде жəне тер асты өзектерінде қабаттанады. Меланоз жұққан бөлек мүшелердi жойып, ұшаны ешбiр шек қойылмай-ақ жiбередi. 124. Құрамында бөгде заттар бар ет – қойдағы дерматоидты кистасы (селеу тұқымы, бұлшық eттepдeгі əк шөгіндісі). Əк шөгіндісі бар немесе бөгде заттар бар мүшелер жəне бұлшық еттiң жекелеген бөлшектерi кəдеге жаратылады. Капсуламен қоршалған дерматоид селеулерi алып тасталады, ұша мен мүшелердi кедергiсiз жiбередi. Селеу тiкенектерiмен қатты жарақатталған iшiнде абсцесс немесе басқа iсiкті өзгерiстер болса, қойлардың ұшасын кəдеге жаратады.

(Жалғасы 10-бетте).


10

www.egemen.kz

(Жалғасы. Басы 9-бетте). 125. Арықтаған жəне көтерем жануарлардың етi. Май жиналатын жерлерде немесе бұлшық еттерде арықтауға əкеп соқтырған себептерiне қарамастан іркілдек ісік арыған болса не бұлшық еттер семген немесе дегенеративті өзгерістерге ұшыраған жəне лимфа түйіндері iсiнген болса, ұша жəне iшкi мүшелер жарамсыз деп есептеледi. Көтерем болуға таяу еттерді бағалау бактериологиялық сараптамадан кейiн жүзеге асырылады. 126. Жетiлмеген бұзаудың, қозының, торайлардың етi (туғанына 14 күн толмаған жас малдан алынған ет). Сойылған жануарлардың жас төлден алынған етi кəдеге жаратылады. Амалсыз сойылған малдардың етi мен мүшелерінің ветеринариялық-санитариялық сараптамасы 127. Аласұрып жүрген күйде сойылған ауру немесе сау жануар етінің шығу тегін органолептикалық жəне зертханалық зерттеу əдістерімен белгілеуге болады. 128. Ветеринариялық-санитариялық сараптама, бактериологиялық жəне физикалық-химиялық зерттеу нəтижелері бойынша амалсыздан сойылған малдың етi мен басқа да өнімдері тағамға пайдалануға жарамды деп танылса, олар пiсiруге немесе еттен жасалған азық немесе консервi (гуляш, ет паштеті) дайындауға жіберіледі. Еттi жəне сойғаннан кейін алынған басқа өнiмдерді алдын ала залалсыздандырмайынша, қоғамдық тамақтандыру орындарына (мейрамхана, асхана жəне басқалары) шикi күйнде жiберуге тыйым салынады. 129. Органолептикалық əдiс. Өлген, ауру не аласұрып жүрген күйде сойылған малдың етiн анықтауда мынадай сыртқы белгілеріне көңiл аудару керек: 1) бауыздалған жердiң жағдайы. Қалыпты физиологиялық күйде сойылған малдың бауыздалған жері тегiс емес, қан көп мөлшерде сiңген болады, ал аласұрып жүрген күйде сойылған немесе арам өлгеннен кейін сойылған малдардың бауыздалу жері тегiс, қан мөлшерi басқа бұлшық еттердегідей дəрежеде сіңеді. Əйтсе де, бауыздалған жері жақсылап тазартылып немесе шауып тасталса, бұл белгiлер бiлiнбей қалу салдарынан ескерiлмейдi; 2) ұшаның қансыздану дəрежесi. Қансыздану дəрежесiн əртүрлi əдiспен анықтайды: 1-əдiс – жай көзбен қанның үлкен жəне кiшi қан тамырларында жəне сiрi қабықтың астымен бұлшық еттердегi қалдықтарының мөлшерiмен анықтайды; 2-əдiс – тіліп жіберіп микроскоппен қарайды; 3-əдiс – гемоглобиндi-пероксидазалық сынамасын қояды. Төрт түрлi қансыздану сатылары болады: жақсы, қанағаттанарлық, нашар жəне өте нашар. Жақсы қансызданғанда бұлшық еттерде жəне қан тамырларында қан болмайды, iшкi қабықтардағы қан тамырлары көрiнбейдi, демек ұша сау малдан алынған. Қанағаттанарлық қансыздануда қан тамырларында азғана ұйыған қан, бұлшық еттерде қан жоқ немесе сəл басқанда қан шығуы мүмкiн. Iшкi қабықтарда қан тамырлары нашар көрiнiп тұрады. Нашар қансыздануда бұлшық еттердi кескен кезде бөлшек көлемдi ұйыған қан болады. Қан тамырларында қалған қан кездеседi; iшкi қабықтарда кiшкене қан тамырлары көрiнедi, бұлшық еттi кескен жерде басып қарағанда қара қан түйiршiктерi көрiнедi. Əдетте, ауру жануарлардың ұшасы нашар қансызданады. Өте нашар қансызданған кезде iрi жəне ұсақ қан тамырлары қанға толы болады; iшкi қабықтарда қан көрiнедi, iшкi қабықтардың түсi қызыл-көк; қан тамшылары ағып тұрады. Аласұрып жүрген күйде сойылған не ауыр патологиялық жағдайда сойылған малдардың ұшасы əрдайым нашар қансызданады; 3) гипостаздардың болуы. Ауру малдардың қаны алдымен қан тамырларында тұнып, кейiн қан тамырларының жұқару салдарынан етке өтiп, қоршаған ұлпалар қызыл-көк түске боялады. Қандану өлекседе, ауру малдардың ұшаларында жəне аласұрып жүрген күйде сойылған малдарда кездеседi. Қандану малдың бауыздау алдында қай жағында жатқанын анықтайды. Сол себептi ұшаны аударыстырып қарау керек; 4) лимфа түйіндерiндегі өзгерiстер. Адал сойылған не дер кезiнде мүшеленген малдардың лимфа түйіндерiнiң кесiндiсi солғын не күлгiн сары болып көрiнедi. Сойылған мал ауру не аласұрып жүрген күйде сойылса лимфа түйіндері күңгiртқызыл болып көрiнедi. Бұның себебi лимфа түйіндерiнiң ұсақ қан тамырларында ұйыған қан болуы, лимфа түйіндерiнің синустарына енiп қызыл түске бояйды. Ауру малдардың ағзасындағы қышқылдану процестерiнiң нашар жүруiне байланысты көмiр қышқылы пайда болып, ол ағзаны көгiлдiр түске бояйды. Аурудың түрлерiне байланысты лимфа түйіндерiндегi патологиялық өзгерiстер əртүрлi сипатта болуы мүмкiн (атрофия, гипертрофия, қан құйылу, iсiну, гиперемия жəне т.б.). 130. Ет ауру жəне аласұрып жүрген күйде сойылған малдан алынған деген күдiк болса, бактериологиялық талдаудан басқа, физикалық-химиялық зерттеу жүргiзіледі; рН анықталады, пероксидазға реакция қояды, ал iрi қараның етiне формалин сынамасын (бейтарап формалинмен реакция) да қояды. Əртүрлi инфекциялық жəне басқа аурулар кезінде құс еттерiн жəне iшкi мүшелерін санитариялық бағалау 131. Туберкулез. Iшкi мүшелер зақымданса жəне ұша арық болса, кəдеге жаратылады. Егерде кейбiр мүшелер зақымданса, бiрақ ұшаның қоңдылығы жақсы болса, iшкi мүшелер кəдеге жаратылады, ал ұшаны пiсiрiп шығарады. Туберкулинге оң нəтиже берген құстың ұшалары, туберкулезге шалдыққаны болмаса пiсiрiп шығарады немесе консервi жасауға жiберiледi. Түбiтi мен қауырсыны залалсызданады. 132. Сальмонеллез. Iшкi мүшелері кəдеге жаратылуға жiберiледi, ұшасы пiсiрiледi немесе консервi жасауға жiберiледi. 133. Орнитоз (Пситтакоз) Iшкi мүшелері кəдеге жаратылады, ұшалары пiсiрiледi. Түбiтi мен қауырсыны жойылады. 134. Пуллороз-тиф. Кеуде асқазан қуыстарында қан болса не перитонит болса, ұша iшкi мүшелермен бiрге кəдеге жаратылады. Егер етiнде өзгерiстер болмаса, тек қана зақымданған мүшелерді кəдеге жаратады, ал ұшасы пiсiрiледi не консервi жасауға жiберiледi. 135. Листериоз. Басы жəне зақымданған мүшелері кəдеге жаратылады, ұшалары жəне сау мүшелері пiсiрiледi. Түбiтi мен қауырсыны жойылады. 136. Колибактериоз. Ұшаларында жəне iшкi мүшелерінде патологоанатомиялық өзгерiстер болса, кəдеге жаратылады (перикардит, перигепатит, аэросаккулит, перитонит). Егер өзгерiстер тек қана iшкi мүшелерінде болса олар кəдеге жаратылады, ұшалары пiсiрiледi не консерв жасауға жiберiледi. 137. Стафилакоккоз. Зақымдану ұлғайып кетсе (мүшелерінде патологоанатомиялық өзгерiстер, буындарында абсцесс), ұшалары мен iшкi мүшелері кəдеге жаратылады. Тек қана буыны зақымданса, ол кəдеге жаратылады, ал ұшалары пiсiрiлiп шығарылады. 138. Стрептококкоз. Ұшалары мен iшкi мүшелері кəдеге жаратылады. 139. Ботулизм. Ұшалары, iшкi мүшелері, түбiтi жəне қауырсындары жойылады. 140. Тілме. Ұшалары мен iшкi мүшелерінде патологоанатомиялық өзгерiстер болса, кəдеге жаратылады. Бұлшық еттерiнде өзгерiстер болмаса iшкi мүшелері кəдеге жаратылады, ұшалары пiсiрiледi. 141. Пастереллез. Ұшалары пiсiрiледi, қуырылады не консервi жасауға жiберiледi. Түбiтi мен қауырсыны дезинфекцияланады. 142. Некробактериоз (инфекциялық синусит). Септикалық өзгерiстер болса, iшкi мүшелері ұшасымен кəдеге жаратылады. Тек қана басы мен мойны зақымданса, оларды кəдеге жаратып, ұшалары шектеусiз шығарылады. 143. Тұмау. Перитонит, көгеру, дегенеративтi өзгерiстер болмаса, мүшелері мен ұшаның бөлiктерi кəдеге жаратып; өзгерiстер жоқ болған жағдайда, ұшалары мен iшкi мүшелері пiсiрiлiп немесе ұшалары консервi жасауға жiберiледi. 144. Инфекциялық бронхит. Инфекциялық ларинготрахеит. Зақымданған iшкi мүшелері мен ұшаның бөлшегi кəдеге жаратылып, өзгерiстер жоқ болса, ұшалары мен мүшелері пiсiрiледi немесе ұшалары консервiге жiберiледi. Түбiтi мен қауырсыны дезинфекцияланады. 145. Лейкоз. Марек ауруы. Iсiктер. Ұлғайған процестер болып не терi мен бұлшық еттер зақымданса, не етi арық, сарғыш тартса, зақымданған көлемiне қарамастан, ұшалары жəне iшкi мүшелері кəдеге жаратылады. Бұлшық еттерде анемия, сарғаю не патологоанатомиялық өзгерiстер болмаса немесе iшкi мүшелерде зақымдану аз болса, оларды кəдеге жаратады, ал ұшаларын пiсiреді не консервi дайындайды. Марек ауруында түбiтi мен қауырсыны дезинфекцияланады. 146. Ньюкасл ауруы. Ұшалары мен iшкi мүшелері кəдеге жаратылады. Ауруға шалдыққаны күдiктi, бiрақ патологиялық өзгерiстерi жоқ болса, ұшаларын жəне жарамды iшкi мүшелерін пiсiредi. Түбiтi мен қауырсынын жояды. 147. Күл. Жайылып кеткен процестерде ұшалары iшкi мүшелерімен бiрге кəдеге жаратылады. Тек қана басы зақымданса, оны кəдеге жаратып, ұшалары мен мүшелерін пiсiредi не консервi дайындауға жiбередi. 148. Спирохетоз. Арық не iшкi мүшелерінде патологиялық өзгерiстер болса, ұшасы iшкi мүшелерімен кəдеге жаратылады. 149. Микоплазмоз. Ауа қуысы қалталарында фибриндi өзгерiстер болса, ұшаларын кəдеге жаратады. Ондай өзгерiстер болмаса, басы мен iшкi мүшелері кəдеге жаратылып, ұшалары пiсiрiледi. 150. Авитаминоздар. Ұшалары мен iшкi мүшелері арық болса кəдеге жаратылуға жiберiледi. 151. Перитонит. Диффузды перитонит болып, iшкi мүшелер зақымданса, кеуде асқазан қуысында серозды фибриндi не iрiңдi сарысу болса, ұшалары мен iшкi мүшелері кəдеге жаратылады. Iшкi мүшелерде, плеврада, көк еттердiң сероз қабықтарында шамалы қабыну болған кезде, зақымданған мүшелер кəдеге жаратылып, ұшалары пiсiрiледi, қуырылады немесе консервi дайындалады. 152. Энтерогепатит. Зақымданған мүшелері (бауыр, қарын, жемсау) кəдеге жаратылады, ал ұшалары шектеусiз пайдаланылады. 153. Жарақат. Абсцестер. Ұшаларда жарақаттану салдарынан болған iрiңдi iсiк, патологиялық өзгерiстер болған мүшелерi, ал зақымдану үлкен болса, ұшалар iшкi мүшелермен бiрге кəдеге жаратылады. Зақымдану көлемi азғантай болса, тазартқаннан кейiн ұшаның бөлiктерiн консервi дайындауға жiберiледi не пiсiрiледi. Жарақат жақында ғана түскен болса жəне жақында ғана аз ғана қан шыққан болса, бiрақ қабыну процестерi болмаған жағдайда, қан сіңген не iсiнген бөлiктерi кəдеге жаратылып, ұшаның қалған бөлшектерi шектеусiз өндiрiстiк өңдеуге жiберiледi. 154. Бас қотыры. Басы мен мойынын кəдеге жаратып, ұшасын шектеусiз пайдалануға жiбередi. 155. Аяқ бөртпесі. Аяқтың қауырсынданбаған бөлiгiн кəдеге жаратуға жiберiп, ұшасын жəне iшкi мүшелерін кедергiсiз пайдалануға жiбередi. 156. Арықтау. Бұлшық еттерде май жиналатын жерлерде жалқаяқ пайда болып, бұлшық еттер семiп жəне құрғақтап кетсе (сүйектерi шығып тұрса), сондай-ақ еттерi, айдары мен сырғалығы боз немесе көкшiл тартса, ұшасын iшкi мүшелерімен қоса кəдеге жаратады. 157. Бөгде иiстер. Тауық етiне тəн емес дəрi-дəрмектердiң не басқа заттардың иiсi болса, ұшасы жəне iшкi мүшелері кəдеге жаратылады. Əртүрлi ауруларға шалдыққан қояндардың етiн ветеринариялық-санитариялық бағалау 158. Миксоматоз. Ұшалары, iшкi мүшелері жəне терiсi жойылады. Орын жай, арнайы киiм, құрал-жабдықтар дезинфекцияланады. 159. Қояндардың вирустық геморрагиялық ауруы. Ұшасын, iшкi мүшелерін жəне терiсiн кəдеге жаратады. 160. Туляремия. Ұшасын, iшкi мүшелерін жəне терiсiн кəдеге жаратады. 161. Стрептококты септицемия. Ұшасы, iшкi мүшелері жəне терiсi кəдеге жаратылады. 162. Стафилококкоз. Кезбе пиемия мен стафилококкты маститанықталған жағдайда, ұшасын, терiсiн жəне iшкi мүшелерін кəдеге жаратады. Стафилококкты пододерматит, оқшауланған нысаны болған кезде зақымданған бөлшектері мен ішкі мүшелерін кəдеге жаратады, ал ұшасы пісіріледі. 163. Туберкулез. Ұшасын, iшкi мүшелерін, терiсiн кəдеге жаратады. 164. Псевдотуберкулез. Ұша бұлшық етiнде псевдотуберкулезді ошақтар немесе көтеремдік орын алған ошақтар болса, ұшасы мен мүшелері кəдеге жаратылады, ал болмаған жағдайда пiсiрiледi. Зақымданған ішкі мүшелері кəдеге жаратылады. 165. Пастереллез. Ұшасы мен iшкi мүшелерінде iрiңдi жара болса кəдеге жаратылады. Ал iрiңдi жара болмаса ұша пiсiрiледi, iшкi мүшелер кəдеге жаратылады. 166. Некробактериоз. Осы процестер азғантай болса, зақымданған бөлiктер кəдеге жаратылады, ұшалары пiсiрiледi. Ал процестер ұлғайған түрде болса, ұшасы iшкi мүшелерімен қоса кəдеге жаратылады. 167. Салмонеллез. Ұшасы пiсiрiледi, iшкi мүшелері кəдеге жаратылады. Егер дегенеративтi өзгерiстер болса, ұшасы мен iшкi мүшелері кəдеге жаратылады. 168. Ауески ауруы. Ұшада iшкi мүшелерінде дегенеративтi өзгерiстер болса, кəдеге жаратылады, егер ондай өзгерiстер болмаса, iшкi мүшелер кəдеге жаратылады, ұшасы пiсiрiледi. 169. Листериоз. Ұшасы пiсiрiледi, зақымданған мүшелері, басы, терiсi кəдеге жаратылады. 170. Токсоплазмоз. Iшкi мүшелері мен басы кəдеге жаратылады, ұшасы пiсiрiледi. 171. Спирохетоз. Ұшаның зақымданған бөлшектерi, мүшелері кəдеге жаратылады, зақымданбағандары кедергiсiз пайдалануға жiберiледi. 172. Цистицеркоз. Бұлшық еттері зақымданған жағдайда, ұшасы мен мүшелері кəдеге жаратылады. Ішкі мүшелері жақымданса, олар кəдеге жаратылады, ал ұшасы шектеусіз шығарылады. 173. Кокцидоз. Зақымданған дене мүшелерi кəдеге жаратылады. Ал ұшасы шектеусiз шығарылады. Бұлшық еттерi, майы сарғыштау болып келедi. 48 сағатта жойылмаса, ұшасы мен iшкi мүшелері кəдеге жаратылады. 174. Фасциолез.Зақымданған дене мүшелерi кəдеге жаратылады. Бұлшық еттерi жəне майы сарғыштау болады. Егер 48 сағатта жойылмаса, онда ұшасы, iшкi мүшелері кəдеге жаратылады. 175. Жарақаттану (қан құйылу, көгерген жерлер, инфильтраттар, жара, сынған жерлер жəне басқалары). Жара жəне жарақат жаңа болса, зақымданған жерлері тазартылып, ұшасы шектеусiз жiберіледi. Iрiңдi қабынуда еттi бактерологиялық əдiспен зерттейдi. 176. Арықтау (бұлшық ет тіндерінде дегенеративті өзгерістер, бұлшық етінің атрофиясы, май жиналатын жерлерде іркілдек ісік болуы). Ұшаны, iшкi мүшелерін кəдеге жаратады. 177. Пневмония. Дегенеративтiк өзгерiстер, арықтау болмағанда, еттi бактерологиялық зерттеуден өткiзедi, бактериология қорытындысы терiс нəтеже берсе кедергiсiз пайданылуға жiберiледi. Əртүрлi ауруға шалдыққан сазқұндыз ұшаларының ветеринариялық-санитариялық сараптамасы 178. Сазқұндыз етi ішкі сауда объектілеріне бассыз, құйрықсыз əкелiнедi. Ocымен қатар тексеруге ұшасымен бірге iшкi мүшелерін тапсырады (жүрек, бауыр, көк бауыр, бүйрек). 179. Ұшаны, iшкi мүшелері үй қояндарын тексеретіндей əдiспен тексеріледi. 180. Сояр алдындағы зерттеу, этиологиясы əртүрлi ауру кезiндегi паталогоанотомиялық өзгерiстерi үй қояндарына ұқсас болады. Фасция 5-8 кеуде омыртқасының сүйектерi астында орналасқан май лимфа түйіндері, сазқұндыздың ерекшелігі болып табылады. Олар ветеринариялық-санитариялық сараптаудан кейiн алынады. 181. Аурудың əртүрiн анықтағаннан кейiн ұшаны жəне iшкi мүшелерді санитариялық бағалау мынадай тəртіппен жүргізіледі: 1) сiбip жарасы, туляремия, сiреспе, құтыру, қатерлi iсiк кезінде ұшасы, мүшелері жəне терiсi өртеледi; 2) туберкулез кезінде ұшасы, iшкi мүшелері кəдеге жаратылады; 3) лептоспироз кезінде бұлшық етте дегенеративтi өзгерiстер, сарғыштау түс болмағанда, ұша қайнатуға жiберiледi, ішкi мүшелері кəдеге жаратылады. Бұлшық еттерінде дегенеративтi өзгерiстер жəне түсінің сарғаюы байқалған жағдайда, ұшасы мен ішкi мүшелері кəдеге жаратылады;

4) листериоз кезінде зақымданған мүшелер (бауыр, жүрек) жəне басы кəдеге жаратылады, ұшасы пiсiрiледi, терiсi дезинфекцияланады; 5) сальмонеллез кезінде iшкi мүшелері кəдеге жаратылады, ал ұшасы пiсiрiліп залалсыздандырылады; 6) колибактериоз кезінде бұлшық етте дегенеративтi өзгерiстер байқалмағанда, ұша қайнатылады, iшкi мүшелері кəдеге жаратылады. Бұлшық еттерді дегенеративтi өзгерiстер байқалған жағдайда, ұша мен мүшелер кəдеге жаратылады; 7) пастереллез кезінде iшкi мүшелері кəдеге жаратылады, ал ұшасы пiсiрiледi; 8) бұлшық еттерде абсцестер болған жағдайда, ұшасы мен iшкi мүшелері кəдеге жаратылады; 9) некробактериоз кезінде зақымдалған жерлері алып тасталады, ал ұшасы, iшкi мүшелері кəдеге жаратылады; 10) Ауески ауруы кезінде бұлшық еттерде дегенеративтi өзгерiстер байқалғанда, ұшасы iшкi мүшелерімен бірге кəдеге жаратылады. Ал, өзгерiстер болмаған жағдайда, мүшелері кəдеге жаратылады, ұшасы пiсiрiледi. Tepici дезинфекцияланады; 11) трихинеллез кезінде ұша жəне iшкi мүшелер кəдеге жаратылады; 12) фасциоллез кезінде бұлшық еттерде дегенеративтi өзгерiстер байқалмаған жағдайда, ұшасын кедергісіз жiбередi. Дегенеративтi өзгерiстер байқалғанда, iшкi мүшелері мен ұшасы кəдеге жаратылады. Арық болған жағдайда, ұшасы мен iшкi мүшелері кəдеге жаратылады. Жабайы жануарлар етiнің ветеринариялық-санитариялық сараптамасы 182. Жабайы жануарлардың етiн зерттеу тəртібінің үй жануарларын зерттеуден айтарлықтай айырмашылығы жоқ, бірақ жануарлардың түріне байланысты аздаған ғана айырмашылықтары бар. Ветеринариялық тексеруге келген жабайы жануарлардың ұшасы терiсiз, iшкi мүшелері алынған болуы керек. 183. Жабайы жануарлардың қанын ағызу негізінен нашар немесе мүлдем ағызылмайды. Етте бгде иіс боламуы қажет жəне туалет сапасын белгілеу қажет. 184. Лимфа түйiндерiн зерттеу. Жабайы жануарлар етiнiң сапасын бағалау кезінде лимфа түйiндерiн тексеріп қараудың маңызы ерекше болады, олардың ұша мен мүшелердегі топографиясының үй жануарларының топографиясынан айырмашылығы көп емес. 185. Ұшаны жəне мүшелерді зерттеу. Ұша мен мүшелердің тіндерін тексеріп қарауға ерекше көңіл бөлген жөн. Жаралар көбiнесе лас болады (жүнмен, баптақпен, топырақпен), оларда сүйек қалдықтары табылады. Бұғы мен жабайы солтүстік маралының ұшасы финнозға тексерiлуі қажет, ол үшiн белдегі бұлшық етiн ұзынынан тіледі. 186. Тамақ талғамайтын жəне ет қоректілер (қабан, аю, борсық) үй жануарларында карастырылғандай, міндетті түрде трихинеллезге тексеруге жатады. 187. Ciбip жарасы жабайы жануарларда сирек кездеседi, тұяқты жабайы жануарларда жиi кездеседi (бұғы, солтүстiк жабайы маралы, киік), сондай-ақ қоян мен борсықта да болады. Сойылғаннан кейiнгi диагностика. Терi асты өзегіндегі жəне серозды қабықтағы қанды-жалқыаяқты iсiнулер, қан құйылулар. Сыртқы тамырларында – қоңыр-қызыл қою ұйымаған қан, ал лимфа түйiндерiнде жəне оның маңайындағы ұлпаларда геморрагиялық қабынулар мен ұйыған қан болады. Санитариялық бағалау. Ауру не сiбiр жарасына күдiктi жабайы жануарлардың етi жойылады. 188. Құтыру жабайы жануарлардың көптеген түрлерінде кездеседi. Ұшасы мен мүшелерін тексергенде, құтыруға диагноз қою мүлдем дерлік мүмкiн емес. Санитариялық бағалау. Құтыру аурумен ауырған жануарлардың ұшасы мен iшкi мүшелері жойылады. 189. Пастереллез. Сойылғаннан кейiнгi диагностика. Терi асты өзегінде жалқыаяқты-қанды инфильтраттар, iшкi мүшелерінің кейбiр жерiнде нүктелi қан құйылу (гиперемия), өкпеде – iсiну, бауырда, бүйректе, жүректе, талақта – қайта жаратылу, қан құйылу. Ұша мен мүшелердің лимфа түйiндерi қара-күрең түстi, ал олардың айналасындағы дəнекер болып тұратын ұсақ қан құйылулар көп ұлпаға сары-қызыл инфильтрат сіңген. Санитариялық бағалау. Пастереллез аурумен ауырған, бұлшық етте дегенеративтi өзгерiстер байқалған жабайы жануарлардың ұшасы, мүшелері жойылады. Дегенеративтi өзгерiстер болмаса, ет пiсiру арқылы зазалсыздандырылады. 190. Аусыл. Сойылғаннан кейiнгi диагностика. Ауыз қуысының шырышты қабатында күлдіреуіктер мен жаралар, тұяқ қуысында күлдіреуіктер мен некроздар анықталады. Лимфа түйiндерiнде, бұлшық етте жəне ұшаның басқа мүшелерiнде өзгерiстер байқалмайды. Санитариялық бағалау. Сойылғаннан кейін алынған өнім жойылады. 191. Туберкулез жабайы жануарлардың көптеген түрiне тəн. Сойылғаннан кейiнгi диагностика. Мүшелерде, лимфа түйiндерде, бұлшық етте туберкулездi ошақтар табылады, ортасында кiшкентай əк қосындылары көрiнедi. Жекелеген мүшелері зақымданғанда бұл процеске регионарды лимфа түйiндерi де қамтылады. Туберкулезбен жабайы шошқа ауырғанда көбінесе, басының жəне iшектерінiң лимфа түйiндерi зақымданады. Санитариялық бағалау. Ұшада, лимфа түйiндерiнде көптеген туберкулездi зақымдар болса, жабайы жануарлардың етi кəдеге жаратылады. Жекелеген мүшелері, лимфа түйiндерi зақымданған жағдайда, зақымданған жерi ғана залалсыздандырылады да етi пiсiрiледi. 192. Псевдотуберкулез. Көбiнесе кемiргiштерде байқалады (қоян, сазқұндыз жəне тағы да басқалары). Сойылғаннан кейiнгi диагностика. Ұшаны тексеріп қарағанда лимфа түйiндерiнде жəне кейде бұлшық етінде ұсақ төмпешiктер түрiндегі некрозды ошақтар анықталады, оларда сұрғылт сары немесе жасыл түстi казеозды массалар болады. Санитариялық бағалау. Бұлшық етте, лимфа түйiндерiнде зақымданған жерлер көп болса немесе қоңдылығы назар болса, ұшасы мен мүшелері кəдеге жаратылады. Жекелеген лимфа түйiндерi немесе бұлшық еттерi зақымданса, олар кəдеге жаратылады, ал ұшасы шектеусiз жiберiледi. 193. Бруцеллез – жабайы жануарлардың көптеген түрi ауырады. Сойылғаннан кейiнгi диагностика. Ұшада патологиялық өзгерiстер жоқ, сондықтан сойылғаннан кейiн жануар ауруын анықтау күрделi. Лимфа түйiндерi ұлғайғаны белгiленедi, олар iсiнген, кейде iрiңдi-некрозды ошақтар болады. Санитариялық бағалау: Бруцеллез ауруымен ауырған деген күдiк тудырған жабайы жануарлардың етiн қайнатып залалсыздандырады. 194. Некробактериоз. Сойылғаннан кейiнгi диагностика. Жабайы жануарларда көбінесе тұяқ ауруы, кейде ауыз қуысының шырышты қабаты зақымданады. Лимфа түйiндерi, əсіресе мойындағы, шаптағы түйіндер ұлғайып, гиперемацияланады. Бұлшық етте кейде некрозды-iрiңдi ошақтар болады. Санитариялық бағалау. Некробактериозбен ауырған жабайы жануарлардың етiнде, бұлшық еттерiнде некрозды ошақтар болса, кəдеге жаратылады. 195. Қарасан, бұғы мен зубрда кездеседi. Сойылғаннан кейiнгi диагностика. Терi асты өзегінде, негізінен санында, жамбасының маңайында, сауырында, белiнде, кеудесiнде iсiнiп сыздайтын шиқандар байқалады, оларды қатты басқанда газ көпіршіктері мен қан аралас сары инфильтрат бөлiнедi. Дифузды тіліктегі лимфа түйiндер қара-қызыл түске боялған. Санитариялық бағалау. Ауруға шалдыққан жабайы жануарлардың ұшасы жəне мүшелері жойылады. 196. Листериоз – көбінесе қоянда, жабайы қоянда, жабайы шошқада, бұланда, киіктерде кездеседі. Сойылғаннан кейiнгi диагностика. Лимфа түйiндерi ұлғайған, iсiнген, қоңдылығы төмен болады. Санитариялық бағалау. Лнстериоз бойынша ауру немесе ауырды деп күдiк тудырған жабайы жануарлардан алынған ұша пiсiріліп залалсыздандырылады, ал iшкi мүшелері кəдеге жаратылады. 197. Лептоспироз – жабайы жануарлардың көптеген түрлерінің ауруы. Көбiнесе кемiргiштер, жабайы қояндар, теңбіл бұғылар, елік жəне басқалары ауырады. Сойылғаннан кейiнгi диагностика. Терi асты өзегі, бұлшық етi жəне май ұлпалары сарғаяды, кейбiр жерлерiнде қан құюлармен сары инфильтраттар болады. Iшкi мүшелері сарғыштау, қан құюлар байқалады. Лимфа түйiндерi күрт ұлғайған. Санитариялық бағалау. Ауру жануарлардан алынған етті қайнатады. Сарғыш түске баялғаны анық көрінетін немесе бұлшық етте дегенеративтi өзгерiстері бар ұша кəдеге жаратылады. 198. Трихинеллез жабайы шошқада, аюда, борсықта жəне жабайы ет қоректiлерде кездеседі. Ұшасы, iшкi мүшелері кəдеге жаратылады. 199. Цистицеркоз (финноз). Цистицеркозбен бұғының, еліктің ауырған жағдайлары белгілі. Тұяқты жабайы жануарларда эхинококкоз, фасциолез, дикроцелиоз кездеседi. Түрлi инвазиялық аурулар кезінде жабайы жануарлардың етiн санитариялық бағалау үй жануарларының етiн бағалаумен ұқсас. 4. Тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiн айқындау бойынша оларға ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргiзу тəртібі 200. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін айқындау бойынша оларға ветеринариялықсанитариялық сараптама (бұдан əрі – тамақ өнімдері) жүргізу тəртібі ветеринариялық-санитариялық бағылауға жататын, жануарларды өсірумен (союмен), олардан алынатын тамақ өнімдерін өндірумен, өңдеумен жəне іске асырумен айналысатын барлық субъектiлерге таратылады. 201. Тамақ өнiмдерiнiң ветеринариялық-санитариялық сараптамасы Қазақстан Республикасының лицензиялау саласындағы заңнамасына сəйкес берілген лицензия негiзiнде ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар мен нормативтерге сəйкес ветеринариялық зертханаларда, ветеринариялық-санитариялық сараптамалық зертханаларда жəне өндiрiстiк бақылау бөлiмшелерінде жүзеге асырылады. 202. Тамақ өнiмдерiнiң ветеринариялық-санитариялық сараптамасы оның қауiпсiздiгiн бағалау мақсатында жүргiзiледi. Ветеринариялық-санитариялық сараптамасының нəтижесi тамақ өнiмдерiнiң қатерлерiне талдау жүргізу үшiн қолданылады. 203. Тамақ өнiмдерiнің жойылу сатысынан (процесіне), оның қайталанбалы кезеңінің барлық сатыларына дейін тамақ өнiмдерi ветеринариялық-санитариялық сараптамаға жатады. 204. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасына сəйкес ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргiзу үшін тамақ өнiмдерiнен сынама алу жүзеге асырылады. 205. Тамақ өнiмдерiнен алынған сынама жəне оның ветеринариялықсанитариялық сараптама қорытындысы есепке алуға жатады. 206. Тамақ өнiмдерiнiң ветеринариялық-санитариялық сараптама қорытындысы бойынша ветеринария саласындағы уəкілетті орган бекіткен тəртіппен мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау жəне қадағалау объектілерінде диагностика немесе ветеринариялық-санитариялық сараптама қорытындылары бойынша ветеринариялық зертханалардың сараптама актісін беру қағидасына сəйкес сараптама актiсi берiледi. 207. Сараптама актiсiнің негізінде ветеринария саласындағы уəкілетті органмен Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасына сəйкес тамақ өнiмдерiн одан əрі қолдану, оны кəдеге жарату жəне/немесе жою туралы ветеринариялық құжатты ресімдейді. Тамақ өнiмінiң ветеринариялық құжаты болмаған жағдайда, оның қайталанбалы кезеңінің келесi процестерiне (сатыларына) олардың шыққан жерi мен қауiпсiздiгi анықталғанша жiберiлмейдi. 208. Тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiн айқындау үшiн оның қайта ветеринариялықсанитариялық сараптамасы мынадай жағдайда жүргiзiледi: 1) сапасыздығының айқын белгiлерi болса (бүлiнген, бұзылған, ластанған); 2) ветеринариялық құжаттардың қолданылу мерзiмі өтiп кетсе; 3) тамақ өнiмдерiнiң сақтау, тасымалдау жəне/немесе өткiзу шарттары бұзылса; 4) тамақ өнiмдерiн əзiрлеуді, дайындауды, айналымды жəне кəдеге жаратуды жүзеге асыратын объектiлер орналасқан аумақта (аймақта) жануарлардың аса қауiптi аурулары пайда болса. Тамақ өнiмдерiн əзiрлеу (жасау) процесiнде (сатысында) ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу тəртiбi 209. Тамақ өнiмдерiн əзiрлеу (жасау) сатысындағы ветеринариялық-санитариялық сараптамаға нормативтiк-техникалық құжаттаманың жобалары жəне/немесе тамақ өнімдерінің тəжiрибелiк үлгiлерi жатады. 210. Тамақ өнiмдерiн əзiрлеу (жасау) процесiне (сатысына) жануарларды сою, тамақ өнiмдерiн өндiруге (дайындауға) арналған балық аулау (ұстап алу), шикi сүттi, омартадан балды жəне жұмыртқаны жинау, сондай-ақ азық жəне азық қоспаларын жасау жатады. 211. Жануарларды сою кезіндегі ветеринариялық-санитариялық сараптамаға осы Қағидаларда белгіленген тəртіпке сəйкес, сою алдындағы ветеринариялық тексеру жəне сойғаннан кейінгі ұшалар мен мүшелердің ветеринариялық-санитариялық сараптамасы жəне оларды санитариялық бағалау кiредi. 212. Сойылғаннан кейiнгi ветеринариялық-санитариялық сараптама қорытындысы бойынша осы Қағидаларда белгіленген ветеринариялық етті таңбалау тəртібіне сəйкес ұшалар мен мүшелерді таңбалау жүргiзiледi. 213. Ветеринариялық-санитариялық сараптама өндiру үшін балық аулау (ұстап алу), шикi сүттi, омартадан балды жəне жұмыртқаны жинау кезiнде ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға жəне нормативтерге сəйкес жүзеге асырылады. 214. Ветеринариялық-санитариялық сараптама азық жəне азық қоспаларын жасау кезiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 20 ақпандағы № 175 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет өндiрiлетiн (дайындалатын) жəне алғаш рет əкелiнетiн (импортталатын) азықтарды жəне азық қоспаларын мемлекеттiк тiркеу ережесіне сəйкес жүзеге асырылады. Тамақ өнiмдерiн өндiру (əзірлеу) процесiнде (сатысында) ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу тəртiбi 215. Тамақ өнiмдерiн, оларды өндiру (əзірлеу) процесiндегі (сатысындағы) ветеринариялық-санитариялық сараптама барлық технологиялық процесте жəне олармен байланысты орау, буып-түю, таңбалау, сондай-ақ тамақ өнiмдерін iшкi өндiрiсте сақтау жəне тасымалдау процестерiнде жүзеге асырылады. Тамақ өнiмдерiнің айналымы процесiнде (сатысында) ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу тəртiбi 216. Айналым процесiне (сатысына) ветеринариялық-санитариялық сараптамадан өткен тамақ өнiмдері жiберiледi. 217. Тамақ өнiмдерiнің айналымы процесінде (сатысында) олардың ветеринариялық-санитариялық сараптамасы осы Қағидалардың 208-тармағында аталған жағдайлар туындаған кезде жүзеге асырылады. 218. Тамақ өнiмдерінің ветеринариялық-санитариялық сараптамасы Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) тамақ өнiмдерiн əкелу (импорттау) жəне əкету (экспорттау) кезiнде мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық сараптамалық зертханаларда жүзеге асырылады. Тамақ өнiмдерiне ветеринариялық-санитариялық сараптау жүргізу мен сараптама актiсiн беру мерзiмi 5 (бес) жұмыс күнiнен аспайды. 219. Жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты өткiзудi жүзеге асыратын сауда объектiлерiнде (бұдан əрі – сауда объектілері) тамақ өнімдерінің ветеринариялық-санитариялық сараптамасы сауда объектілеріндегі ветеринариялық-санитариялық зертханаларында (бұдан əрі – зертханаларда) жүзеге асырылады. Мал өнiмдерi мен одан алынған шикiзат өнiмдерiне ветеринариялық-санитариялық сараптама осы Қағидаларға 2-қосымшаға сəйкес сауда объектілерінде ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізетін зертханалардағы Міндетті жəне қосымша зерттеулер тізбесіне сай зертханаларда жүзеге асырылады. 220. Мал өнiмдерi мен одан алынған шикiзаттарды ветеринариялық-санитариялық сараптаудан өткiзу, жануарларды сояр алдында ветеринариялық тексеру жəне сойылғаннан кейiнгi ұшалар мен мүшелерді ветеринариялық-санитариялық

6 қараша 2013 жыл

сараптау жəне олардың ветеринариялық-санитариялық бағалау осы Қағидаларда белгіленген тəртіпке жəне стандартты тестерге сəйкес жүзеге асырылады. Тамақ өнiмдерiн кəдеге жарату процесiнде (сатысында) ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу тəртiбi 221. Қауiп төндiретiн тамақ өнiмдерiн кəдеге жарату жəне/немесе жою Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 15 ақпандағы № 140 қаулысымен бекiтiлген Адамның өмiрi мен денсаулығына жəне жануарларға, қоршаған орта қауiп төндiретiн тамақ өнiмдерiн кəдеге жарату жəне жою ережесіне сəйкес жүзеге асырылады. 222. Кəдеге жарату процесiндегі (сатысындағы) ветеринариялық-санитариялық сараптамаға ветеринариялық-санитариялық бақылануға тиiсті тамақ өнiмдерi жатады. 5. Етке ветеринариялық таңба басу тəртібі 223. Ауыл шаруашылығы жəне жабайы жануарлардың барлық түрінен, оның ішінде құстардан алынған ет пен ет өнімдеріне (субөнімдеріне) мiндеттi түрде ветеринариялық таңба жəне мөртабандар қойылуы тиiс. 224. Ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асырушы тиiстi əкiмшiлiкаумақтық бірліктің жергiлiктi атқарушы орган бөлiмшесінің басшысы етке таңба қоюды жүзеге асыратын ветеринариялық дəрiгерлерге жеке нөмiр берiп, олардың тiзiмiн құрады. 225. Ветеринариялық таңба жəне мөртабан ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асырушы тиiстi əкiмшiлiк-аумақтық бірліктің жергiлiктi атқарушы органының бөлiмше басшысының рұқсатымен арнайы белгiленген тəртiп бойынша етте айқын таңба қалу мақсатында белгiленген нысанда жəне шетi терең етiп ойылған сандардан, əрiптерден тұратын көлемде қола немесе басқа да тот баспайтын металдардан дайындалады. 226. Ветеринариялық таңба рұқсатсыз қолданылуды толығымен болғызбау шартымен, етті таңбалауға рұқсат алған ветеринариялық дəрiгерлерде сақталады. Ветеринариялық таңба мен мөртабандар 227. Еттердi, ет өнiмдерiн (субөнімдерін) таңбалау үшін осы Қағидаларға 3-қосымшаға сəйкес ветеринариялық таңбалар мен мөртабандар белгiленедi. 228. Сопақша жəне тiк тiкбұрышты нысандағы ветеринариялық таңбаларда, сондай-ақ ветеринариялық мөртабандарда осы Қағидаларға 2-қосымшаға сəйкес ақпарат көрсетiледi. 229. 1-нысандағы сопақша ветеринариялық таңба зертханалардың немесе сою пункттерiнiң немесе ет өңдейтiн кəсiпорындардың өндiрiстiк бақылау бөлiмшелерiнiң ветеринариялық дəрiгерлерiнің ветеринариялық-санитариялық сараптамасының қорытындылары бойынша қойылады. Сопақша ветеринариялық таңбаның болуы ветеринариялық-санитариялық сараптаманың жүргiзiлгенiн жəне өнiмнiң қауiпсiз екендiгiн растайды. 230. «Алдын ала тексеру» тiкбұрышты ветеринариялық таңбасын сою алаңдарында малды сою алдындағы тексеру жəне сойылғаннан кейiн ұша мен мүшелерді тексеру қорытындысы бойынша жергiлiктi атқарушы органдар бөлімшелерінің ветеринариялық дəрiгерлерi қояды. 231. «Алдын ала тексеру» тiкбұрышты ветеринариялық таңбасы қойылған ұша мен мүшелер ветеринариялық-санитариялық сараптамадан өткізу үшiн ветеринариялық-санитариялық сараптау зертханаларына жiберiледi. 232. Жүргізілген зерттеулердің қорытындысы бойынша тiк бұрышты ветеринариялық таңбаның қатарына ветеринариялық-санитариялық сараптамалық зертхананың ветеринариялық дəрiгерi 1 нысандағы немесе 2 нысандағы сопақша ветеринариялық таңба қояды. 233. Залалсыздандыруға (зарарсыздандыруға) жəне қайта өңдеуге жататын ет пен ет өнiмдерi «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес ет жəне ет өнiмдерiн пайдалану тəртiбiн көрсететiн ветеринариялық мөртабандармен таңбаланады. 234. Қосымша өнімдерді, қоянның жəне құстың етiн таңбалауға көлемі шағын сопақша ветеринариялық таңба қолданылады. 235. Ет өңдейтiн кəсіпорындарда, құс фабрикаларында электртаңба қолдануға болады, 1 немесе 2 сандары (құс етiнiң санатына қарай) жиектелмей, құстың аяғының сыртқы жағына қойылады. Ұшаны полимерлi пакеттерге қаптағанда түрi мен санатын тікелей пакет сыртына типографиялық тəсілмен қояды. 236. Ет пен ет өнiмдерiн сатуға тек сопақша нысандағы ветеринариялық таңба болған жағдайда ғана рұқсат етiледi. Етті жəне ет өнімдерін (қосымша өнiмдердi) таңбалау тəртiбi 237. Барлық жануарлардың еттерiне ветеринариялық таңбаның немесе мөртабандардың бедері төменгi тəртiппен қойылады: 1) ет ұшалары мен жартылай ұшаларға – бір-бiрден əр жауырын жəне жамбас тұсына; 2) əр төрт бөлiкке, қыртыс майдың кесегіне – бір-бiр таңбадан; 3) жүрекке, тiлге, өкпеге, бауырға, бүйрекке – бір-бiр таңбадан ветеринариялық таңба бедері бар бір жапсырманы желімдеу жолымен (ветеринариялықсанитариялық сараптау зертханалары үшін мiндеттi түрде); 4) үй қояндары мен сазқұндыздың ұшаларына екі таңба – жауырын тұсы мен санының сыртқы жағына бiр-бiрден; 5) iшкi сауда объектiлерiнде құстың ұшаларына мойынға немесе санының сыртқы жағына (жабайы құстардың еттерi де осылай таңбаланады) бiр таңба; 6) ет өңдейтiн кəсiпорындарда, құс комбинаттарында, құс фабрикаларында жiлiншiктiң сыртқы жағына: балапанның, тауықтың, үйректiң, мысыр тауығының ұшаларында – бiр аяғына; үйректiң, қаздың, күрке тауықтың – екi аяғына электр таңбасы қойылады; 7) өнеркəсіптік қайта өңдеуге жататын құстардың ұшасына арқа тұсына «п» деген электр таңба қойылады. 238. Ветеринариялық-санитариялық сараптамадан өткен жылқының, түйенің, бұғының, аюдың, есектің, қашырдың етін ветеринариялық таңбамен таңбалайды жəне жанынан ет жəне ет өнімдерінің түрін көрсететін қосымша мөртабан қойылады. 239. Жануарлардан алынған шикі майға таңба қойылмайды, бірақ ветеринариялық таңба қойылған заттаңба жапсырылады. 240. Залалсыздандырғаннан (зарарсыздандырғаннан) кейін ғана шығарылуға жататын ет жəне олардан алынатын қосымша өнiмдерге жəне өңдеуге жіберілетін шұжыққа жəне басқада өнiмдерге тек залалсыздандыру (зарарсыздандыру) əдiсiн немесе диагнозын білдіретін ветеринариялық мөртабан қойылуы тиіс, сопақша таңба қойылмайды. 241. Залалсыздандыруға (зарарсыздандыруға) жататын құстардың ұшалары салынған ыдысқа етті жəне ет өнiмдерiн ветеринариялық-санитариялық сараптау қағидаларына сəйкес залалсыздандыру тəсiлiн білдіретін: «Қайнатуға», «Консервiге» жəне тағы басқа əдiстерi көрсетiлген ветеринариялық мөртабан бедері бар заттаңбалар желiмделедi. 242. Ветеринариялық-санитариялық сараптама қорытындысы бойынша тағамдық мақсатқа жарамсыз деп танылған құстар мен үй қояндарын қоса алғанда, жануарлардың барлық түрлерінің ұшаларына «Жоюға» деген жазуы бар ветеринариялық мөртаңбаның кемінде 3-4 бедері қойылады. 243. Сақтау немесе тасымалдау шарттарының бұзылуы нəтижесінде өзінің ветеринариялық-санитариялық сипаттамаларын өзгерткен ет жəне ет өнімдері (қосымша өнімдер) қайтадан ветеринариялық-санитариялық сараптамадан өтуi жəне сопақша нысандағы таңбалардың бедерлерін алдын ала жоя отырып, осы Қағидаларға сəйкес мөртаңбалар қойылып қайта таңбалануы тиіс. 6. Ветеринариялық препараттарды шығаратын жəне сататын ұйымдарға қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар 244. Ветеринариялық-санитариялық талаптар Қазақстан Республикасының аумағында ветеринариялық препараттарды өндірумен жəне сатумен айналысатын жеке жəне заңды тұлғаларға қолданылады. 245. Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) автоклав бөлмесі – зертханалық ыдыстарды, қоректік орталарды, құралсаймандарды стерилизациялау жəне микроорганизмдерді, залалданған материалды жəне басқа да биологиялық шығындарды залалсыздандыру (зарарсыздандыру) үшін екі бөлек бөлімшеден тұратын, автоклавтармен жабдықталған арнайы бөлме; 2) валидация – жабдықтың сəйкестігін, өндіріс жағдайын, технологиялық процестің, жартылай өнім мен дайын өнім сапасының қолданыстағы регламенттерге жəне/немесе нормативтік-техникалық құжаттамалардың талаптарына сəйкестігін құжатталған растау; 3) процесс валидациясы – белгіленген параметрлер шеңберінде орындалатын процестің тиімді жəне ұдайы өсу нəтижелерімен жүзеге асырылу мүмкіндігін жəне белгіленген біліктілік талаптары мен сапа сипаттамаларына сəйкес келетін ветеринариялық препарат өндіре алатынын құжаттамалық растау; 4) өндірісішілік бақылау (технологиялық, операцияаралық) бақылау мақсатында, жəне өнім біліктілік талаптарына сəйкес келуі үшін технологиялық процесс параметрлерін түзету қажет болған жағдайда өндіріс барысында орындалатын тексеру. Қоршаған ортаның немесе жабдықтың жай-күйін бақылау операцияаралық бақылаудың элементі ретінде қарастырылады; 5) ауа шлюзі – екі немесе одан да көп есігі бар, екі немесе одан да көп үйжайдың арасына орналасқан шектелген кеңістік, мысалы үй-жайға кіру барысында олардың арасындағы ауа ағынын бақылауға арналған əртүрлі кластағы тазалық жəне ол адамдар мен материалдардың орнын алмастыру үшін пайдаланылады; 6) виварий – зертханалық тəжірибелік жануарларды ұстау үшін арнайы оқшауланған үй-жай; 7) изолтор – зертханалық ауру жұқтырылған тəжірибелік жануарларды ұстау үшін арнайы оқшауланған үй-жай; 8) бақылау (эталондық) штамдар (бұдан əрі – бақылау штамдары) жаңадан алынған штамм-изолятты бірдейлендіру үшін оларға қарсы сары сумен бірге қолданылатын микроорганизмнің əлсіздендірілген (аттенуацияланған) өндірістік штамдары дақылдарының мұражайлық үлгілері; 9) микроорганизмдердің бақылаулық (эталондық) жəне өндірістік (вакциналық) штамдарының матрикс сериялары (партиялары) – бір жағдайда алынған жəне ветеринариялық препараттардың нақты түрін өндіру жəне бақылау үшін үлгі ретінде қолданылатын микроорганизмдер штамының əлсіздендірілген (аттенуацияланған) дақылдарының бастапқы сериялары (партиялары); 10) микроорганизмдер – бактериялар, вирустар, рикеттсиялар, микоплазмалар, ашытқылар, актиномицеттер, көктейтін саңырауқұлақтар, балдыр жəне басқа да қарапайымдар; 11) ветеринариялық препараттарды өндіретін жəне сататын ұйымдар – осы ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға жауап беретін арнайы өндірістік үй-жайларда ветеринариялық препараттарды өндіруді (бұдан əрі – өндіруші) жəне сатуды жүзеге асыратын жеке жəне заңды тұлғалардың қызметі; 12) өндірістік жəне бақылау штамдарының паспорттары – микроорганизмнің өндірістік жəне бақылау штамдарын сəйкестендіретін негізгі ерекше қасиеттерінің сипаттамасы бар белгіленген нысандағы құжат; 13) өндірістік бақылау бөлімшесі (бұдан əрі – ӨББ) – кейін өндірісішілік акт жасай отырып, ветеринариялық препараттың өндірілген сериясының (партиясының) ветеринариялық нормативтерге сəйкестігіне ветеринариялық препаратқа зерттеуді орындайтын, белгіленген талаптарға сəйкестігін техникалық реттеу жөніндегі уəкілетті орган берген аккредиттеу аттестаты бар, ветеринариялық препараттарды өндірушінің (сынақ зертханасы бар) сапаны бақылау бөлімі; 14) ветеринариялық препаратты өндіру – дайын ветеринариялық препаратты алу үшін өндірістің толық циклын (синтез, биосинтез, экстракция, тазалау, өңдеу, дайындау, орау, буып-түю, маркалау, затбелгі жапсыру) немесе субстанцияларды пайдаланудың жекелеген сатыларын қамтитын ұйымдасқан технологиялық процесс; 15) өндірістік (вакциналық) штамдар (бұдан əрі – өндірістік штамдар) – əртүрлі қолданыстағы биологиялық препараттардың сапасына жəне дайындалуында қолданылатын тиісті микроорганизмнің əлсіздендірілген (аттенуацияланған) дақылдары (вакциналар, анатоксиндер, емдеу-алдын алу сары сулары жəне глобулиндер, пробиотиктер, бактериофагтер, диагностикумдар жəне басқа биологиялық текті заттар); 16) санөткізгіш – қызметкерлердің киімдері үшін жеке шкафтар мен шешінетін жерден, əжетханадан, жуынатын жерден жəне қызметкерлердің арнайы арнайы киімдері үшін жеке шкафтар мен шешінетін жерден тұратын ғимарат немесе ветеринариялық препараттарды өндіру жəне сату бойынша өндірістік ғимараттың бір бөлігі; 17) ветеринариялық препараттардың сериясы (партиясы) – тұрақты жағдайда, бір өндірістік циклда алынған жəне оралған, өз сериясы нөмірін, өндірістік бақылау нөмірін алған жəне белгіленген үлгідегі бір құжатпен ресімделген ветеринариялық препараттардың белгілі бір саны; 18) ерекшелік – өнім өндіру барысында пайдаланылатын жəне алынатын шикізат пен материалдар сəйкес келуі тиіс сандық шекараны, ауқымды немесе өлшемдерді белгілейтін талдамалық əдістемеге сілтеме жасайтын жəне қолайлылық өлшемдеріне сəйкесетін сынақ тізбесін толық жазатын ұйымның стандарты; 19) өндірістің технологиялық регламенті – ветеринариялық препараттарды өндірудегі өндіріс əдістерін, технологиялық нормативтерді, техникалық құралдарды, технологиялық процестерді жүргізу шарттары мен тəртібін белгілейтін нормативтіктехникалық құжат; 20) штамм – ұзақ сақтау мерзімі ішінде өзінің сипаттамасын (биологиялық қасиетін) сақтайтын микроорганизмнің таза дақылы. Санитариялық аймаққа жəне өндіруші ғимаратын орналастыруға қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар 246. Ветеринариялық препараттарды өндіруші өнімнің қауіпсіздік жағдайының, сапасының немесе тиімділігі талаптарының бұзылуынан тұтынушыларға қауіп төндірмеу үшін өз мақсатына жəне қойылатын талаптарға сəйкес келуі үшін оларды өндіруді ұйымдастырады. 247. Ветеринариялық препараттарды өндіруші ғимаратты, үй-жайды жəне жабдықты олар үшін арналған процестерге сəйкес келуі үшін иелік етеді, жобалайды, құрастырады, орнатады. 248. Өндірушінің ғимараты жеке қоршалған аумақта орналасады, фармацевтикалық жəне биологиялық өнеркəсіптің басқа ұйымдарының аумағында оқшау орналастыруға рұқсат етіледі. Өндірушінің ғимаратын оқу орындарында, қоғамдық немесе тұрғын үй ғимараттарында орналастыруға рұқсат етілмейді. 249. Өндірушінің ғимараты биіктігі кемінде 2 метр қоршаумен қоршалады, үш бөлімшеден тұрады: бірінші – қызметкерлердің киімдері мен аяқ киімдеріне арналған жеке шкафтары бар шешінетін жер, əжетхана, екінші – жуынатын жер, үшінші – қызметкерлердің арнайы киімдеріне арналған жеке шкафтары бар санитариялық өткізу орнымен жабдықталады. 250. Бірінші жəне екінші топтағы патогенді микроорганизмдермен жұмыс істеу барысында аталған қоршаудың үстіңгі жағында тікенекті сым болуы керек. 251. Өндірушінің ғимараты мен қоршауының арасында санитариялық-қорғаныс аймағы орналасады, оның көлемі «Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға жəне құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» жəне «Өндірістік объектілердің санитариялық-қорғаныш аймағын белгілеу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы17 қаңтардағы № 93 қаулысына сəйкес анықталады. 252. Бірінші жəне екінші топтағы патогенді микроорганизмдермен жұмыс істейтін өндіріс аумағына кіру барысында көлікті залалсыздандыратын дизтосқауыл – түбі бетондалған тереңдігі – кемінде 20 сантиметр, ені 3 метр, ұзындығы кемінде 5 метр қазаншұңқыр болады. Дезтосқауыл залалсыздандыру ерітіндісімен толтырылады. Өндіріс аумағына көліктің кіру/шығуы дезтосқауылсыз жүргізілмейді. 253. Əкімшілік-шаруашылық жəне қосалқы жайлар, ас дайындайтын жəне тамақ ішу орындары жəне жөндеу жүргізу орындары (цех) өндіріс орнынан жеке ғимаратта орналасуы керек (егер бір ғимаратта болса) немесе одан оқшауландыру

керек. Əкімшілік-шаруашылық жəне қосалқы жайларды өндірушінің қоршауының сыртына орналастыруға болады. 254. Жануарларды ұстауға арналған үй-жайлар жеке есігі бар басқа барлық аймақтардан бөлек ғимаратта болады, ауаны дайындау жəне өңдеудің жеке жүйесімен жабдықталады. Үй-жайларға қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар 255. Үй-жайлардың орналасу орыны, жобасы, құрылысы, жабдықталуы мен қызмет етуі орындалатын жұмысқа сəйкес келуі керек. Олардың орналасуы мен конструкциясы қателіктер тəуекелін барынша азайтуы керек жəне тиімді жинап сыпыру жұмысына мүмкіндік беретін, қиылысты контаминацияны болдырмау мақсатында қызмет көрсетуге, шаң мен кірді болдырмайтын жағдайда болуы керек. 256. Барлық қорғаныс шараларын сақтау барысында қоршаған ортаның əсерінен өндіріс жайының (ғимаратының) материалдары мен өнімнің ластануы барынша аз болуы керек. 257. Үй-жайды пайдалану сақтық шараларын орындау арқылы жүргізіледі, техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмысы өнімнің сапасына теріс əсер етпеуі керек. 258. Үй-жайларды жиып сыпыру мен залалсыздандыру жазбаша нұсқаулықтарға сəйкес жүргізілуі керек. 259. Жабдықталуы мен температуралық режим, ауаның ылғалдығы жəне желдету үй-жайдың қызмет міндетіне сəйкес болуы керек жəне ветеринариялық препаратты дайындау барысында оған тікелей жəне жанама түрде, теріс əсер етпеуі керек, сонымен қатар, қондырғының дұрыс жұмыс істеуіне əсер етпеуі керек. 260. Үй-жайларды жобалау мен пайдалану барысында оған жəндіктер мен жануарлардың кірмеуі үшін қорғаныспен қамтамасыз етіледі. 261. Үй-жайларға кіруге құқығы жоқ адамдар жіберілмейді. Өндірістік, қоймалық жəне сапаны бақылау үй-жайларының қызметкері мен осы жерде жұмыс істемейтін адамдар үшін келесі жайға өту орны ретінде пайдаланылмайды. 262. Өндірістік үй-жайларда, оның ішінде ӨББ-де, виварийлер мен изоляторларда едендер зиянды заттарды жинамайтын материалдан жəне жуу барысында жеңіл тазаланатын (жуылатын) материалдан жасалады. 263. Қабырғалар мен төбеге жəне басқа да тегіс беттер, əсіресе зиянды жəне агрессивті құралдар орналасқан құрылыс конструкцияларының тегіс беттері қажет болғанда, залалсыздандыратын жəне жүйелі түрде ылғалды жəне вакуумды түрде тазалауға мүмкіндік беретін, сорбацияны болдырмайтын құраммен қапталады. 264. Өндірістік аймақта: 1) сенсибилизациялаушы (антибиотиктер немесе биологиялық синтездің басқа да заттары) немесе биологиялық ветеринариялық препараттарды (тірі микроорганизмнен) өндіру барысында қиылысты контаминациядан туындайтын адамдардың денсаулығына қауіп төндіруді барынша азайту үшін арнайы жəне оқшауланған техникалық құралдар (үй-жай, əжетхана, ол өндіріс жайына жақын болмауы керек), қондырғылар (қызмет көрсету құралы) болуы керек; 2) бір үй-жайда антибиотиктерді, гормондарды, цитоксиндерді, қатты əсер ететін құралдар мен басқа да өнімдерді өндіруге жол берілмейді. Егер өндіріс циклы уақытпен бөлінсе жəне сақтықтың арнайы шаралары сақталса, сондай-ақ қажетті аттестация (сынақ) жүргізілсе, айрықша жағдайда аталған препараттарды бір үйжайда өндіруге рұқсат беріледі; 3) ветеринариялық препараттарды өндіру үшін пайдаланылатын ғимараттарда техникалық мақсаттағы уды (пестицидтер мен гербицидтерді) өндіруге жол берілмейді; 4) үй-жайдың жобасы өндірістік операциялардың логикалық сабақтастығына сəйкес болуы керек жəне тазалық талаптарын орындауға мүмкіндік беруі керек; 5) жұмыс істеу аймағы мен өндіріс ішінде сақтау аймағының жобасы қондырғылар мен материалдарды логикалық түрде орналастыруға мүмкіндік беретін, ветеринариялық препараттар мен компоненттерін ауыстырып алу қаупін барынша азайтатын болуы керек, сонымен қатар, өндіру мен бақылау барысында қандай да бір операцияны жіберіп алу немесе ауыстырып алу жағдайын болдырмайтындай болуы керек; 6) бастапқы жəне соңғы немесе аралық орамадағы материалға жəне бөлшектеп оралған материалға қоршаған ортаның əсері барысында, ішкі тегіс бет (қабырға, еден, төбе) тегіс болуы керек жəне ашық өтетін орын немесе қабырға немесе төбеде жарық-тесік болмауы керек, олар ластайтын агенттер бөлмеуі керек жəне бөгетсіз тиімді жинап сыпыру жүргізуді, қажет болған жағдайда залалсыздандыруды жүргізуді қамтамасыз ететін болуы керек; 7) құбырлардың, жарық беру құралдарының, желдеткіштердің конструкциясы жəне орналасуы тазалауға ыңғайлы болатындай қол жететін жерде болуы керек. Оларға қызмет көрсету жұмыстары өндірістік үй-жайдың сыртында жүргізіледі; 8) ағын су құбыры (кəріз) тиісті көлемде болуы керек жəне судың кері кетуін болдырмайтын болуы керек. Ашық науаны пайдаланбау керек. Қажет болған жағдайда ол терең емес жəне тазалау мен залалсыздандыру жұмысын жүргізуге ыңғайлы болуы керек; 9) өндірістік аймақтарды тиімді желдету жүйесімен, ауаны бақылау қондырғысы бар (температураны талап ететін, қажет болғанда ылғалды беру жəне оны сүзетін) жүйемен қамтамасыз ету керек; 10) шығатын материалдарды өлшеу жұмысын арнайы жабдықталған үй-жайда жүргізу керек; 11) шаң шығатын (сынама алу барысында, өлшеу, араластыру, өндіріс операциялары мен құрғақ өнімдерді орау) жұмыстар барысында қиылысты ластану бойынша шараларды жəне тазалау бойынша шараларды қарастыру керек; 12) ветеринариялық препараттарды орау жайын жобалау барысында алмастырып қою, материалдар мен өнімдерге қиылысқан ластанулары болдырмайтын араларды қарастыру керек; 13) өндірістік үй-жайлар, əсіресе көру арқылы операциялық бақылау жасау орындары дұрыс жарықтанған болуы керек; 14) өндірісішілік бақылау жұмысы егер техникалық процеске бөгет жасамайтын болса, онда өндіріс аймағында жүргізілуі мүмкін; 15) өндіріс орнында (залалсыздандыру жұмысын жүргізетін бокста) ауа ағымын соратын желдеткіш болу керек. Бұл мақсатқа арнайы залалсыздандыру сүзгілері пайдаланылады. Сағатына 36-50 текше метр ауаны сору барысында 1 шаршы м сүзгі беті коэффиценті микробты денелер бойынша «секіріп өтуі» 0,001-0,005% артық емес. Ауа алмастырғыштың еселігі сағатына 3 тен 15 текше метрге дейін, үйжайдың ерекшелігі мен қай мақсатта пайдаланылуына байланысты; 16) барлық өндірістік үй-жайлар герметикалық терезелермен жəне есіктермен жабдықталады (өндірістік үй-жайларда ондай терезелердің болмауына рұқсат етіледі); 17) технологиялық операциялардың сипатына сəйкес үй-жайлар (əсіресе, стерильді бокстер мен бокс алдындағы бөлмелер) бактерицидті лампалармен жабдықталады; 18) өндірістік үй-жайлар (бокс алдындағы бөлмелерді қоса алғанда) ыстық жəне суық сумен қамтамасыз етіледі. Қажет болған жағдайда сору шкафтарымен жабдықталады. Автоклав орнын жуу орнымен біріктіру жəне қоректік орта, ерітінділер мен құралдарға залалсыздандыру жұмыстары жүргізілетін «кір» жəне «таза» автоклавтарды біріктіруге жол берілмейді; 19) өндіріс орындары өрт қауіпсіздігі құралдарымен жабдықталады (бокстардың алдында – жүннен тігілген көрпешелер, басқа орындарда – өрт сөндіру құралдары), алғашқы медициналық көмек (медициналық аптека) жəне жұқпалы материалдан болған апатты жою үшін пайдаланылатын апаттық пакет (халат, қолғап, қалақ, мақта, залалсыздандыру ерітіндісі) болуы керек. 265. Қойма аймағында: 1) əртүрлі санаттағы өнімдер мен құралдарды дұрыс сақтауға мүмкіндік беретін болуы керек (бастапқы шикізаты жəне орама материалдары; аралық орамасы, дайын дараланбаған өнімді орауға арналған; шығаруға рұқсат берілген карантиндегі өнім; қайтарылған немесе қайтарылып алынған, алудан бас тартқан өнімдерді); 2) қойма аймағын жобалау мен қойманы ұйымдастыру барысында дұрыс сақтауды қамтамасыз етуді ескеру керек. Қойма аймағы таза жəне құрғақ болу керек, онда қажетті температуралық режим сақталуы керек. Қажет болған жағдайда арнайы сақтау жағдайын (температура, ауа ылғалдығы) қамтамасыз ету керек жəне ол бақылануы керек; 3) материалдар мен өнімдерді қабылдау мен беру аймақтары қолайсыз ауа райынан қорғалатын болу керек. Қабылдау аймағын жобалау барысында келген материалды қоймаға апарардан бұрын оларды тазалауға мүмкіндік беретін болу керек; 4) егер карантин режимі өнімдерді əртүрлі аймақта сақтау арқылы жүргізілетін болса, онда ол аймақтар нақты белгіленуі керек. Оған кіруге тек құқығы бар адамдарға ғана рұқсат етіледі. Қандай да бір басқа бөлулер тиісті қауіпсіздікті қамтамасыз етуі тиіс; 5) сынама материалдарын алу жұмысы жекеленген аймақта жүргізіледі. Сынаманы қоймада алу барысында тікелей жəне қиылысқан ластануының болмауын қамтамасыз етуі керек; 6) ақауы бар, қайтарылып алынған жəне қайтарылған материалдарды сақтау үшін оқшауланған жеке үй-жай көзделуі керек; 7) қатты əсері бар құралдар мен препараттар қауіпсіз жəне күзетілетін жерлерде сақталуы керек; 8) ветеринариялық препараттың бірегейлігін нақты анық көрсету үшін таңбаланған орама материалдарының қауіпсіз жəне сенімді сақталуы қамтамасыз етілуі керек; 9) ветеринариялық перепараттың əрбір түрі жеке камераларда сақталуға тиіс; 10) ондай мүмкіндік болмаған жағдайда əрбір жеке ветеринариялық препаратқа жалпы камерадан жеке стеллаж көзделуі керек; 11) жартылай өнімдерді, жекелеген ингридиенттерді арнайы контейнерде сақтау керек, олардың анық көрінетін таңбасы – өнімнің аты, жасалған күні, қоймаға түскен күні, жауапты адамның аты-жөні көрсетілген белгісі болуы керек. Дайын өнім тиісті таңба жасалған орамада немесе стеллаждағы контейнерлерде сақталуы керек; 12) қойманың ауасы температурасына, ылғалдығына жəне ветеринариялық өнімнің орнын ауыстыруына, тазалау мен өңдеу жұмыстарына үнемі бақылау жасалып отыруы керек; 13) ветеринариялық препараттарды сақтау жəне тасымалдау ветеринариялық препараттарды қолдану (пайдалану) бойынша аталған басшылықтарға сəйкес жүргізіледі. 266. Сапаны бақылау аймағында: 1) өндірушінің ӨББ өнім шығару орындарынан жеке болуы керек, оның жобасы осы үй-жайларда жүргізілетін операциялардың талаптарына сəйкес болуы керек. Ол жерде операция жүргізу барысында препараттарды ауыстырып алуды болдырмайтын немесе оның қосалқы ластануын туғызбайтын жəне оның құжаттары мен үлгілерін сақтауға ыңғайлы болу керек; 2) электромагнитті өрістен, дірілден, ауаның артық ылғалдануынан немесе басқа да сыртқы факторлардан қорғауды талап ететін сезімтал аспаптарды сақтайтын орын жеке қарастырылуы керек; 3) ӨББ мен изолятор жергілікті ауа сору-ауа беру желдеткішімен жабдықталуы керек; 4) қандай да болмасын топтағы патогенді микроорганизмдермен жұмыс істеу тек қана бокста ғана жүргізілуі керек; 5) улы, радиациялық, химикаттар мен уытты құралдармен жұмыс істеу тек қана сору шкафы бар бокстарда ғана жүргізіледі. 267. Қосалқы аймақта: 1) демалу жəне тамақ ішу бөлмелері өндірістік үй-жайлардан бөлек болуы керек; 2) киім ауыстыратын мен киім сақталатын үй-жайлары мен дəретханалар мен душ бөлмелері ыңғайлы жерлерде болуы керек. Оның саны мен аумағы қызметкерлер санына сəйкес болуы керек. Дəретханалар өндіріс немесе қойма аймақтарына жақын болмауы керек; 3) өндіріске пайдалануға арналған немесе өндірісте пайдаланылатын жануарларды оқшаулау жəне/немесе тазалықты сақтау кестесіне сəйкес болу керек, олар басқа жануарлар тұрған үй-жайдан жеке қоршалады. Өнімнің сапасын анықтау үшін пайдаланылатын жануарлар тұрған орындар, оның ішінде патогенді биологиялық агенттерді пайдаланатын орындар тиісті түрде оқшаулануы керек. 268. Ветеринариялық препаратты өндіру барысында өндірістік үй- жайлардан оқшауланған блок пайдаланылады: 1) қосымша материалдарды химиялық ерітінділер, қоректік орта, клетка дақылдарын дайындайтын үй-жайлар; 2) ветеринариялық препараттарды өндіретін үй-жайлар (цехтар, бөлімдер); 3) виварийлер; 4) изоляторлар; 5) Өндірушінің микроорганизмдерді бақылау (эталондық) жəне өндірістік штамдарын сақтау ӨББ; 6) температура мен ауа ылғалдылығын (қажет болғанда) реттеп отыратын датчигі бар термостатты бөлме; 7) зертхана ыдыстарын, қоректік ортаны, құралдарды тазалау жəне микробты дақылдарды зарарсыздандыруға, инфекцияланған материалдарды басқа да биологиялық қалдықтарды залалсыздандыруға арналған автоклав; 8) жуу мен ыдысты дайындауға арналған – жуу орны; 9) ветеринариялық препараттарды орауға арналған орын; 10) ветеринариялық препараттарды сақтауға арналған қойма үй-жайлары. Жабдықтарға қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар 269. Өндірушінің өндірістік үй-жайларындағы технологиялық құралдары техникалық жағдайға жəне ветеринариялық препаратты өндіруге сəйкес ветеринариялық препараттарды өндіру/дайындау жөніндегі нұсқамаға жəне өндірісті жүргізу мен ветеринариялық препараттарға бақылау жүргізуге қажетті құралдар мен қондырғылар тізіміне сəйкес болса ғана рұқсат етіледі. 270. Қондырғыларды жабдықтау жəне техникалық қызмет көрсету тəртібі оның қызмет түріне сəйкес болуы керек. 271. Қондырғыларды жөндеу жəне техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстары ветеринариялық препараттардың сапасына кері əсерін тигізбеуі керек. 272. Технологиялық құралдың конструкциясы оны тазалау мен оған жөндеу жүргізуге ыңғайлы болуы керек. Қондырғыны тазалау операциялары нақты жазбаша түрде жазылған нұсқамаға сəйкес жүргізілуі тиіс, қондырғыларды таза жəне құрғақ күйінде ұстау керек. 273. Тазалау жəне жуу материалдары жəне тазалау құралдары контаминация көзі болмауы керек. 274. Қондырғыларды орнату барысында контаминация қаупі төнбейтін жəне қате əрекеттер болмайтын жағдайды қарастыру керек. 275. Технологиялық қондырғылар өнім сапасына əсер етпеуі керек жəне өнімге қандай да бір қауіп төндірмейтін болуы керек. Технологиялық қондырғының өніммен байланысқа түсетін бөліктері онымен химиялық реакцияға түспеуі керек жəне өнім сапасына əсер ететіндей заттарды бөлмеуі немесе сіңірмеуі керек. 276. Массаны өлшейтін жəне басқа да өндірістік өлшеуіш құралдары олар пайдаланылатын саладағы өндірістік жəне бақылау операцияларына сəйкес болуы керек. 277. Өлшеу, тіркеу, бақылау аспаптары мен таразыны калибрлеудің (тексерудің) жиілігі осы аспаптарға арналған нұсқаулықтар мен əдістемелердің талаптарына сəйкес болуға тиіс. Калибрлеу (тексеру) нəтижелерінің тексеру (аттестаттау) туралы қолданыстағы сертификаты жəне/немесе сенім таңбаларының бедері болуға тиіс. 278. Стационарлық құбыр жүйелерінде одан өтетін құрамы көрсетілген, қажет болған жағдайда оның өту жолы көрсетілген таңбасы болуы керек. 279. Дистилляцияланған, деиондалған суға арналған су құбырлары жазбаша түрдегі нұсқаулыққа сəйкес өңделуі тиіс, онда микробты контаминация бойынша əрекет ету деңгейі мен қажет болатын түзету шаралары жазылады. 280. Сынған құрал өндіріс жəне бақылау аймағынан шығарылып тасталуы керек немесе тиісті түрде белгі салынуы керек. Технологиялық процеске қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар

281. Технологиялық операциялар талап етілетін сападағы өнім алу мақсатында өндірістік нұсқаулықтарға, нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарына жəне осы Қағидаларға сəйкес орындалады. 282. Өндірістік процесті орындау жəне оны бақылау жұмыстарын оған құқығы бар арнайы дайындалған персонал жүргізеді. 283. Материалдар мен өнімді қабылдау, карантин, іріктеу, сақтау, дайындау, əзірлеу, таңбалау, орау жəне сату бойынша барлық операциялар жазба түріндегі нұсқаулыққа сəйкес орындалады жəне хаттамаланады. 284. Келіп түскен барлық материалдар тапсырысқа сəйкестігі тұрғысынан тексеріледі. Ыдысы мен орамасын кірден тазаланып оған таңба соғылады. 285. Материалдың сапасына теріс əсер етуі мүмкін ыдыстағы жəне орамадағы зақымдану фактілері хаттамаланып, сарапталып ол туралы ӨББ-ге хабарланады. 286. Кəсіпорынға ветеринариялық препараттарды дайындауда пайдаланылатын аралық немесе орамаланбаған дайын өнім, бастапқы материал, орама материалы түскен жағдайда оларды тез арада жеке сақтау үшін əкімшілік шаралар арқылы оларды карантинге қояды жəне оларды пайдалануға рұқсат берілгенге дейін сол жерде сақтайды, егер олардың өнім шығарушы берген сертификаты болса немесе паспортының көшірмесі болса оларды түпнұсқа екенін тексеру арқылы пайдалануға болады. Өндірілгеннен кейін оны сатуға рұқсат алғанға дейін дайын өнім де карантинге қойылады. 287. Қоймадағы барлық материалдар мен өнімді өнім шығарушы анықтаған жағдайда жəне серияларын дəл анықтауды қамтамасыз ететін ережеге сəйкес сақтау керек. 288. Өнімнің шығуын жəне олардың саны туралы мəліметтердің нормативтіктехникалық құжаттарға сəйкестігін бақылау қажет. 289. Егер ауыстырып алу немесе қиылысқан контаминация қаупі болмайтын жағдай қарастырылмаса, бір үй-жайда əртүрлі өнімге бір мезетте немесе бірінен соң біріне операция жүргізуге рұқсат берілмейді. 290. Өндірістің барлық кезеңдерінде өнімдер мен материалдарды микробиологиялық жəне басқа да контаминация түрлерінен сақтау керек. 291. Құрғақ материалмен немесе өніммен жұмыс істеу барысында шаң шығудан немесе шаңның таралуынан сақ болу керек. Əсіресе ол қатты əсер ететін жəне сенсиблизациялаушы құралдарға қатысты. 292. Барлық техникалық процестерді орындау барысында барлық материалдар оның ішінде бөлшектеп өлшемдеу жасалынбаған дайын өнімі бар орамалар мен негізгі құралдар мен жұмыс жайлары өндіріліп жатқан өнім немесе материал аты, сериясы жəне технологиялық процестің сатысы көрсетіліп таңбаланады. 293. Құралдың орамасындағы немесе жұмыс орындарындағы таңбалау нақты жəне белгіленген үлгіде жəне сөзбен жазып белгіленуден басқа өнімнің мəртебесін көрсететін түс арқылы белгілеу де пайдаланылады. 294. Құбырлардың ақаусыз дұрыс жалғануын жəне өнімді бір аймақтан екінші аймаққа ауыстыруды қамтамасыз ететін құралдардың дұрыс жалғануын қамтамасыз ету керек. 295. Нұсқаулықтан ауытқымау керек, егер ауытқулар болған жағдайда ол хаттамаланып оған құзырлы тұлғалар ӨББ-не хабарлап, оларды тарту арқылы қол қояды. 296. Өндіріс орындарына басқа адамдардың кіруіне оған құқылы персонал тыйым салады. 297. Ветеринариялық препараттарды өндіруге арналған құралдар мен жұмыс орындары өз мақсатында ғана пайдаланылады, онда басқа өнімдерді дайындауға тыйым салынады. 298. Бастапқы материалдың контаминациясын болдырмау керек, материалдар мен өнімдерден микроорганизм мен шаң бөліну, газ бөліну мен булану, аэрозоль мен кездейсоқ қиылысты контаминация қаупін, қалдықтар контаминациясы мен адамдардың киімдерінен болатын контаминацияларды болдырмау керек. 299. Контаминация мен өнім түрінің қауіп төндіру деңгейі анықталған контаминацияға байланысты болады. Контаминттарға сенсибилизациялаушы құралдар, құрамында тірі микроорганизмдері бар биологиялық препараттар, гармондар, цитотоксиндер жəне басқа да қатты əсер ететін заттар жатады. 300. Контаминация əсіресе инъекция жасауға арналған препараттарға жəне ұзақ уақыт бойы жəне/немесе көп мөлшерде пайдаланылатын препараттарға қауіп төндіреді. 301. Қиылысты контаминацияны болдырмау үшін мына техникалық жəне ұйымдастыру шараларын қарастыру керек: 1) өндіріс аймағын бөлу (антибиотиктер, тірі вакциналар, тірі микроорганизмдерден жасалған бактериялық препараттар, биологиялық препараттар) немесе оларды өндіру циклын цикларалық тиісті жуу жұмыстары жүргізілетін уақытқа бөліп тастау; 2) ауа шлюздерін жəне ауа соруды ұйымдастыру; 3) рециркуляция немесе өңделмеген немесе дұрыс өңделмеген ауаның қайта берілуіне байланысты болатын контаминация қаупін төмендету; 4) қиылысты контаминация қаупін төндіретін қорғаныс киімдерін өндіріс орнынан алыс жерге қою, оларды тазалау барысында тиімділігі жоғары əдістер мен өңдеу жұмыстарын пайдалану. 302. Өндірістің «тұйықталған кестесін» пайдалану қалдықтың болмауын бақылау жəне құралдардың тазалық мəртебесі жазылған таңбалануын бақылау. 303. Бекітілген нұсқаулыққа сəйкес қиылысты контаминацияны болдырмау бойынша шаралардың тиімділігін арагідік тексеріп тұру қажет. 304. Валидациялық (біліктілікті) зерттеулер бекітілген нұсқаулықтарға сəйкес жүргізіледі. Олардың нəтижелері мен қорытындылары хаттамаланады. Жаңа нормативтік-техникалық құжат немесе жаңа өндіріс əдістері бекітілген жағдайда, өндіріс процесінің, пайдаланылатын материалдар мен қондырғылардың сериялық өнім шығаруға жарамдылығы тексерілуі керек жəне бекітілген процесс пен пайдаланылатын материалдар мен жазылып берілген қондырғылардың тиісті сападағы өнімді шығаруға жарамды екенін бекіту керек. Өнімнің сапасына немесе процесті жүргізу сапасына əсер етуі мүмкін технологиядағы айырықша өзгерістер немесе қондырғылардағы өзгерістер немесе пайдаланылатын материалдағы өзгерістер валидациядан өту керек. Талап етіліп отырған нəтижеге қол жеткізуді қамтамасыз ететінін дəлелдеу үшін өндіріс процесі мен əдістерін қайтадан валидациядан өткізу қажет. 305. Бастапқы жəне орама материалдарын сатып алу жауапты операция болып табылады, онымен жеткізушілер туралы толық ақпараты бар қызметкерлер айналысады. Бастапқы жəне орама материалдарын тиісті сертификатта көрсетілген жəне арнайы бекітілген жеткізушілерден сатып алу керек. Олар туралы талаптар ветеринариялық препараттарды өндіретін өндіруші бекіткен жəне жеткізуші өзі бекіткен бастапқы өнім мен орама материалдарының ерекшелігінде көрсетілген. Бастапқы жəне орама материалдарын өндіру мен бақылауға байланысты барлық аспектілер, жұмысын қоса алғанда, орамалау, жарнамалау рəсімдері жəне өнімді өңдеу жұмыстары өндіруші мен жеткізушінің арасында келісіледі. Əрбір жеткізу барысында ыдыстың сынбағандығын, орамасының жəне пломбасының жұлынбағанын, сонымен қатар жеткізу жүкқұжатының уақыты мен жеткізушінің таңбасындағы уақытты тексеру керек. Егер бастапқы материалды жеткізу бірнеше сериядан тұратын болса, əрбір серияны сынама алуда, сынақ жүргізуде жəне оны пайдалануға рұқсат алуды басқа партияларға тəуелсіз түрде жеке жүргізу керек. Бастапқы материалдың əрбір орамасындағы заттың дəл сол зат екенін қамтамасыз ететін нұсқама мен əдістер жасалып бекітіледі. Сынама алынған тек орамасы ашылмаған дайын өнім салынған орамаға тиісті таңбалау жасалады. Ветеринариялық препараттарды өндіру барысында ӨББ рұқсат еткен орама материалдары мен бастапқы материалдар қолданылады, олардың сақталу мерзімі өтпеген болуы керек. Қолданылу мерзімі өтіп кеткен немесе пайдалануға жарамсыз таңбалау немесе алғашқы орама жасау материалдары хаттама жүргізу арқылы жойылады. Бастапқы шикізат пен орама материалдарын қажетті материал таза жəне тиісті ыдысқа дəл өлшеніп қиылғанын қамтамасыз ететін жазбаша нұсқама арқылы арнайы тағайындалған тұлғалар ғана береді. Əрбір берілген затқа оның массасы мен көлеміне тəуелсіз сараптама жүргізу қажет. Тексеріс нəтижесі құжаттамамен ресімделеді. Əрбір серияға берілген материалдар бірге сақталады жəне нақты таңбасы болады. 306. Технологиялық операциялар: 1) аралық; 2) бөлшектеп өлшеу жасалмаған дайын өнім. 307. Қандай да бір технологиялық операция жүргізудің алдында өндіріс аймағы мен қондырғылар таза екеніне, материал, өнім қалдықтары жоқ екеніне жəне аталған процеске жатпайтын құжаттың жоқ екеніне көз жеткізу үшін шаралар өткізу керек. Аралық жəне бөлшектеп өлшеу жасалмаған дайын өнімді тиісті орындарда сақтау керек. 308. Қауіпті жағдайлар валидациялануы керек, өндірістегі өндірісішілік бақылау мен қоршаған ортаны бақылау жөніндегі қажетті операциялардың барлығы құжаттамамен ресімделеді, сонымен қатар өнім шығудан ауытқу жағдайлары да тіркелуі керек. 309. Орау жөніндегі операциялар. Орау жөніндегі операцияларды жүргізу ретін анықтау барысында қиылысты контаминация жағдайын, ауыстырып алу, шатастырып алу жағдайын болдырмауды көздеу қажет. Егер арасында оқшаулау жоқ болса онда əртүрлі өнім түрлерін жақын жерде орауға жол берілмейді. Операцияның алдында жұмыс аймағы, орама жасау шегі, таңбалау машинасы т.б. қондырғылар таза болуы керек жəне алдыңғы жұмыстан қалған материал, өнім немесе құжат қалдықтары болмауы керек. Өнімді орау шегін дайындау (тазалау) нұсқаулықтарға сəйкес жүргізіледі. Оралатын өнімнің аты мен сериясының нөмірі əрқайсысында көрсетіледі. Орау барысында жүргізілетін таңбалаудың дұрыстығы мұқият түрде бақыланып, құжатпен ресімделеді. Əсіресе қолмен орауға ерекше көңіл бөлінеді, оны белгілі бір уақыт аралығында бақылап отыру керек. Кесілген затбелгілерді жабыстыру кезінде жəне орама жасау орнынан сыртта таңба соғу жұмыстарын ерекше бақылау керек. Кодты, затбелгіні электрондық оқу құралының жəне басқа да есептеуіш құралдарының дұрыстығын бақылау керек. Баспадан шығарылып немесе соғу таңбаларындағы ақпарат дұрыс көрінетін жəне жарық əсерінен өшпейтін (ағармайтын) шайылып кетпейтін болу керек. 310. Өнімге таңба жасау барысында желіге бақылау жасауда мыналарды тексеру керек: 1) орамның жалпы сыртқы көрінісі; 2) орам жиынтығының толықтығы; 3) баспа жазуларының дұрыс басылуы; 4) бақылау қондырғыларының дұрыс жұмыс істеуі. 311. Орау барысында аяқ астынан қандай да бір жағдайға түсіп қалған өнім арнайы тексерістен, зерттеу жүргізуден жəне өндірушінің ӨББ рұқсатынан кейін ғана өндіріске қайтарылады. Мұндай жағдайларда құжат жүргізіледі жəне ол құжат сақталады. 312. Орау жөніндегі операциялар аяқталғаннан кейін қалған серия нөмірі жазылған орау материалдары жойылуға тиіс, ал жою фактісі тиісті хаттама жасау арқылы құжатпен ресімделеді. Серия нөмірі қойылмаған орау материалдарын қоймаға қайтару бекітілген нұсқаулыққа сəйкес жүргізіледі. 313. Сатуға рұқсат берілгеннен кейін дайын өнім өнім шығарушы белгілеген жағдайларда, дайын өнім қоймасында сақталады. Ветеринариялық препараттардың сапасын қамтамасыз етуге қойылатын талаптар 314. Сапаны қамтамасыз ету басшылық персоналдың басты міндеті болып табылады жəне өнім өндіруші кəсіпорынның жəне оның барлық деңгейдегі əртүрлі сатыдағы бөлімшелерінің, сондай-ақ, жеткізушілер мен дистрибьюторлардың қатысуын жəне жауапкершілігін талап етеді. Сапаға қойылатын талаптардың орындалуын қамтамасыз ету үшін сапаны қамтамасыз ету жəне бақылау жүйесін мұқият əзірлеу жəне дұрыс ұйымдастыру қажет, ол толықтай құжатталуы тиіс жəне оның тиімділігі бақыланып отырады. Өндіруші кəсіпорын Қазақстан Республикасының нарығына түсетін мемлекеттік тіркеуден өткізу кезінде нормативтік-техникалық құжаттамада мəлімделген ветеринариялық препараттардың сапа көрсеткіштерінің, қауіпсіздігі мен тиімділігіне сəйкестігіне толық жауапты болады. 315. Ветеринариялық препараттарды өндіру барысындағы сапаны қамтамасыз ету жүйесі мыналарды қамтиды: 1) ветеринариялық препараттар осы Қағидалардың талаптарын ескере отырып өндіріледі; 2) өндіру мен оның сапасын бақылау жөніндегі барлық рəсімдер ветеринариялық препаратқа арналған техникалық шарттарда жəне нұсқаулықтарда белгіленген жəне жазылған, осы Қағидалар мен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сəйкес келеді; 3) əрбір жұмысшының жауапкершілігі мен міндеттері нақты белгіленген; 4) өндіру, жеткізу жəне тиісті шикізатты, тиісті орау материалдарын пайдалану бойынша барлық шаралар қамтамасыз етілген; 5) бастапқы шикізатқа, орау материалдарына, аралық жəне дайын өнімге қажетті бақылау, өндірісті бақылау жəне өндірістің əрбір процесіне валидация жасалған; 6) дайын өнімді өндіру мен оны бақылау жұмысы бекітілген нұсқаулыққа (əдістемелерге) сəйкес жүргізіледі; 7) ветеринариялық препараттарға өнімнің əрбір сериясы нормативтіктехникалық құжаттаманың талаптарына сəйкес шығарылғаны мен тексерілгенін растайтын сертификат беріледі; 8) қолданыстағы шаралар жүйесі ветеринариялық препараттарды сақтау мен көліктен түсіру жəне кейінгі айналыс мерзімі кезінде олардың сапасын қамтамасыз етеді. 9) сапаға өзіндік инспекциялау жəне/немесе аудит жүргізу тəртібі жүйелі түрде сапаның тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. 316. Сапаны қамтамасыз ету жүйесін ұйымдастыру жəне тиісті деңгейде ұстап тұру жəне ветеринариялық препарат өндірісін дұрыс ұйымдастыру өндіруші жауап беретін міндеттерді орындау үшін білікті персонал санының жеткілікті болуына байланысты. Жеке лауазымдық міндеттер барлық қызметкерлерге түсінікті жəне құжаттандырылған түрінде болу керек. 317. Өндірушінің талап етілетін біліктілігі мен практикалық тəжірибесі бар қызметкерлерінің қажетті саны болуға тиіс. Жекелеген қызметкерлерге жүктелетін лауазымдық міндеттер шамадан тыс көлемді болмауға жəне оған шамадан жүктеме түсіруге ықпал етпейтін, өнім сапасына теріс əсер ететін болуға тиіс. 318. Өндірушінің нақты ұйымдастырушылық құрылымы болуы керек. Басшылық қызметкерлердің қызметтік міндеттері жазбаша нұсқаулықта жазылуы тиіс. 319. Өндіруші міндеттері өндірістік үй-жайларда немесе бақылау орындарында болуға байланысты барлық қызметкерлерді жəне қызметі өнім сапасына əсер етуі мүмкін басқа қызметкерлерді оқытуды қамтамасыз етуге тиіс. 320. Базалық оқытудан басқа жаңадан алынған қызметкерлер өздерінің лауазымдық міндеттеріне сəйкес оқытудан өтуге тиіс. Персоналдың үздіксіз білім алуын ұйымдастыру жəне оның практикалық тиімділігін бақылау керек. Оқыту бағдарламалары əзірленіп, оларды өндіріс басшылары бекітуге жəне ӨББ-мен келісілуге тиіс. Оқыту хаттамалары кəсіпорында сақталады. 321. Келушілер жəне оқытылмаған қызметкерлер өндіріске жəне сапаны бақылауға байланысты аймақтарға жіберілмеуге тиіс. Қажет болған жағдайда оларға жеке гигиена ережесін, киім ауыстыру жəне арнайы киімді кию тəртібін алдын ала түсіндіру керек. Бұл тұлғаларға жете бақылау ұйымдастырылуы қажет. 322. Кəсіпорында персоналдың жеке гигиенасын сақтау қағидаларының нақты өндірістің ерекшеліктеріне бейімделген егжей-тегжейлі нұсқаулықтары əзірленуге тиіс. Нұсқаулықтарда денсаулық жағдайына, гигиенаны сақтауға жəне арнайы киімді пайдалану қағидалары мен тəртібіне қойылатын талаптар регламенттелуге тиіс. Нұсқаулықтарды міндеттері өндірістік үй-жайларда жəне сапаны бақылау аймақтарында болуға байланысты қызметкерлердің барлығы дəл сақтауға тиіс. Кəсіпорын басшылығы гигиена қағидаларының орындалуын бақылауды жəне персоналды қажетті оқытуды ұйымдастыруды қамтамасыз етуге тиіс. 323. Жұмысқа қабылданатын барлық қызметкерлер медициналық тексеруден

(Жалғасы 11-бетте).


(Жалғасы. Басы 9-10-беттерде). өтуі тиіс. Кəсіпорында өнім сапасына əсер ететін денсаулық көрсеткіштерінің тізбесі жазылған нұсқаулық болуы тиіс. Алғашқы медициналық тексеруден кейін, одан арғы медтексерулер өндірістік қажеттілікке немесе қызметкердің денсаулығына байланысты жағдайларда жүргізіледі. 324. Ветеринариялық препараттарды өндіруге жұқпалы аурулармен ауыратын жəне денесінің ашық жерлерінде жарақаты бар адамдар жіберілмейді. 325. Өндірістік үй-жайға кіретін кез келген адам осы үй-жайда жүргізілетін жұмысқа сəйкес келетін қорғаныс киімін кию керек. 326. Өндірістік жəне қойма аймақтарында темекі шегуге, тамақ ішуге немесе су ішуге, сағыз шайнауға жəне тамақ өнімдерін, темекі өнімдерін, сусындар мен жеке дəрілік құралдарды сақтауға тыйым салынады. 327. Оператордың қолы мен ашық өнімнің, сондай-ақ өніммен байланысқа түсетін жабдықтардың кез келген бөлшектерінің арасындағы тікелей байланысты болдырмау қажет. 328. Персонал қол жуу қағидаларымен таныстырылуы керек. Бақылау зертханаларының жұмысын ұйымдастыру 329. Ветеринариялық препараттарды өндіруші кəсіпорын ӨББ-мен қамтамасыз етіледі, ол өз қызметі барысында басқа құрылымдардан тəуелсіз болады жəне қажетті қазіргі заманғы зертханалық қондырғылармен, бақылау-өлшеу аспаптарымен, реактивтермен қамтамасыз етіледі, қажетті нормативтік-техникалық құжаттамалармен қамтамасыз етіледі, сонымен қатар, өндіріс процесіне кезеңдік бақылау жасау үшін талдамалық əдістемемен жəне/немесе нұсқаулықпен қамтамасыз етіледі. 330. ӨББ белгіленген талаптарға сəйкестігіне техникалық реттеу жөніндегі уəкілетті орган берген Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесінде аккредиттелген аккредитация аттестаты бар бір немесе бірнеше сынақ зертханаларын біріктіруі мүмкін. 331. ӨББ-ге сапаны бақылау нұсқаулықтары мен əдістемелерінің бəрін əзірлеу, валидациялау жəне енгізу; заттар мен препараттардың бақылау үлгілерін сақтау; заттар мен препараттардың салынған орамаларды таңбалаудың дұрыстығын бақылау; өнімнің тұрақтылығын қамтамасыз ету; өнімге рекламация жасалған жағдайларды талдау мен тергеуге қатысу жөніндегі міндеттер де жүктеледі. Бұл функциялардың бəрі бекітілген нұсқаулықтарға сəйкес орындалады жəне/немесе хаттамалар түрінде ресімделеді. 332. Дайын өнімнің сапасын бағалау кезінде өндіріс жағдайларын, ішкі өндірістік бақылау нəтижелерін, өндірістік құжаттаманы талдауды, дайын өнімнің ерекшеліктеріне сəйкестігін жəне дайын өнімнің соңғы орамасының жай-күйін қоса алғанда, маңызды факторлардың бəрі қарастырылуға тиіс. 333. ӨББ-де өндірілген ветеринариялық препараттың əрбір сериясына арналған сапа паспорты сақталады, ветеринариялық препараттың бақылау штамдары сериясының (партиясының) мұражайлық сынамаларын сақтау, сондай-ақ нəтижелері тиісті өндірістік журналға жазылатын микроорганизмдердің бақылау штамдарын сақтау жəне олармен жұмыс істеу (жаңарту, көбейту, пассирлеу) де осы жерде жүзеге асырылады. ҚББ-де өндірістік қалдықтарды дезнифекциялау жəне зарарсыздандыру/ залалсыздандыру сапасын жəне нəтижелері тиісті өндірістік журналға жазылатын микроорганизмдердің/аэрозольдердің стерильдеуші сүзгілер арқылы «ұшып ктеуін» бақылау жүргізіледі. 334. Хаттамалық серияға жататын сапаны бақылау бойынша барлық жұмыстар серияның сақталу мерзімі өткеннен кейін бір жыл бойы сақталады жəне серияға сертификат алғаннан кейін бес жыл бойы сақталады. 335. Кейбір мəлімет түрлеріне (талдамалық сынақ нəтижесі, өнім шығару, қоршаған орта параметрлері тағы да басқалар) хаттамалары параметрлердің өзгеру үрдісіне бағалау жасауға мүмкіндік беретіндей болып сақталуы ұсынылады. Өнім сериясының хаттамасына толықтыруды басқа алғашқы ақпаратқа (зертханалық журнал жəне/немесе хаттама) қол жететін жерге сақталуы керек. 336. Сынама алуды бекітілген жазбаша түрдегі нұсқамаға сəйкес түрде жүргізу керек, оған мыналар кіреді: 1) сынама алу əдістемесі; 2) пайдаланылатын жабдықтардың тізбесі; 3) алынатын сынамалардың саны; 4) сынама алынатын ыдыстың сипаттамасы; 5) сынамамен алынған ыдысты таңбалау; 6) сақтау жағдайы, зиянды заттар мен зарарсыздандырылған заттарға қатысты сақтық шаралары; 7) сынама алу құралдарын сақтау мен оны тазалау бойынша нұсқаулық. 337. Алынған бақылау үлгілері құрамның немесе препараттың репрезентативті сериясынан болуы қажет. Сонымен қатар технологиялық процестің қиындық кезеңін (мысалы, жұмыстың басталуы немесе аяқталуы) сипаттауы керек. 338. Алынған сынама салынған ыдыс ішіндегі зат пен сынама алу уақыты мен сынама қайдан алынғаны жазылып таңбаланады. 339. Сынақ жүргізу. Аналитикалық əдістерді валидациялау қажет. Нормативтіктехникалық құжаттамада сипатталған сынақ жүргізу жөніндегі барлық операциялар бекітілген əдістемелерге сəйкес орындалуы қажет. 340. Сынақтан алынған нəтижелер құжатпен ресімделеді жəне сынақ хаттамасындағы ақпаратқа сəйкестігі тексеріледі. Барлық алынған нəтижелер мұқият тексеріледі. 341. Жүргізілетін сынақтарды құжат түрінде мына мəліметтерді көрсете отырып ресімдеу керек: 1) заттың (материалдың) немесе препараттың атауы; 2) серия нөмірі (қажет болған жағдайда өндірушінің жəне/немесе жеткізушінің атауы); 3) сынақ жүргізу ерекшелігі мен əдістемесіне, сынақ нəтижесіне сілтеме жасау, бақылау мен есептеуге сілтеме беру; 4) сынақ жүргізу уақыты; 5) сынақ жүргізушінің аты-жөні; 6) қажет болған жағдайда зерттеу жүргізу жəне есептеу нəтижесін алушының аты-жөні; рұқсат беру мен өнімді алуға рұқсат берудің толық түсінікті қорытындысы (немесе өнімнің статусы туралы басқа шешім), сонымен қатар жауапты адамның қолы мен қол қойған уақыты. 342. Нақты өндіріс орындарында жұмыс істейтін тұлғалар орындайтын операциялардың өндірісішілік бақылау бойынша барлық операциялар ӨББ бекіткен əдістемеге сəйкес жүргізіледі жəне оның нəтижелері құжатпен ресімделеді. 343. Зертханалық реактивтердің, зертханалық өлшеу құралдары, титрленген ерітінді мен қоректік орта ыдыстарының сапасы сынақ алу талаптарына сəйкес жүргізілуі керек жəне жазбаша нұсқамаға сəйкес дайындалады. 344. Ұзақ уақыт бойы пайдаланылатын зертханалық реактивтер дайындалған уақыты көрсетіліп дайындаған адамның қолы қойылып белгіленеді. Затбелгіде тұрақсыз реагенттердің сақталу мерзімі мен қоректік орта мен сақтаудың ерекшелік жағдайы мен сақтау жағдайы көрсетіледі. 345. Титрленген ерітіндіде соңғы титр қою уақыты мен соңғы түзету коэффициенті қойылуы керек. Қажет болған жағдайда оларды сақтау мен пайдалану нұсқаулығына сəйкес сынақ жүргізуге алынған əрбір затты алу уақыты (реактивтер, үлгілер) көрсетіледі. Кейбір жағдайларда алғаннан кейін немесе реактивті пайдаланудың алдында оны бірдейлендіреді жəне /немесе басқа да сынақ жүргізіледі. 346. Тəжірибе жасауға пайдаланылатын жануарлармен жұмыс істеудің алдында бастапқы орамға, құралдар мен препаратқа қажет болса карантин жүргізіледі. 347. Жануарларды ұстау жағдайы мен оларды бақылау жұмыстарына олардың қажетті сынаққа жарамдылығын қамтамасыз ету керек. 348. Жануарлар бірдейлендіріледі, оларды пайдалану тарихы құжат түрінде ресімделеді. 349. Кəсіпорында өз қарамағында болатын персоналы бар рекламацияларды қарастыруға жəне оның себептерін жоюға жауапты адам тағайындалуы керек. 350. Өнімнің болуы мүмкін деген ақаудың рекламациясын қарау бойынша əрекет пен өнімді шақырып алу бойынша шешім тиісті нұсқаулыққа жазылады. Ол жұмыстар ӨББ қызметкерлерінің қатысуымен толық зерттеу жүргізу арқылы жəне барлық детальдарын құжатқа толық жазу жəне өнім сапасына деген қандай да болмасын келіспеушілікті толық жазу арқылы жүргізіледі. 351. Кез келген рекламация бойынша қабылданған шешімдер мен шаралар өнімнің сериясының хаттамасына енгізілуі қажет. 352. Рекламация хаттамасы ерекшелік жəне қайталанылатын рекламацияларды анықтау мақсатында жиі қаралып отыруы керек, ол жұмыстар ерекше назарды қажет етеді жəне өнімді кері қайтарып алуға себепші болуы мүмкін. 353. Өнімді кері қайтарып алу кəсіпорында өнімді сату мен маркетингті ұйымдастырудан тəуелсіз персоналмен бірге жауапты адам жүргізуі керек. 354. Өнімді кері қайтарып алу тəртібі жазбаша түрде нұсқаулықта регламенттелуі тиіс, оны үнемі тексеріп жəне қажет болған жағдайда қайта қарау керек. 355. Өнімді кері қайтарып алу жұмысы шұғыл түрде қандай уақытта болмасын жүргізілуі керек. 356. Өнім жіберілген елдердегі құзырлы органдар, ұйымдар мен кəсіпорындар тез арада өнімді кері шақырып алу туралы оның саны мен сапа ақауын көрсету арқылы хабарлануы керек. 357. Өнімді сату туралы құжаттар өнімді кері қайтарып алуға жауапты адамға (адамдарға) қол жетімді жерге қойылуы керек жəне көтерме сатып алушылар туралы толық ақпараттары мен тікелей жеткізушілер туралы ақпараттар жазылуы керек (мекенжайы, нөмірі, жұмыс жəне жұмыстан тыс кездегі телефон/факсы), жеткізу партия нөмірі мен көлемі, дəрілік құралдарды экспорттау мен жеткізу нөмірлері көрсетіледі. 358. Кері қайтарып алынған өнім тиісті үлгіде белгіленіп арнайы оқшауланған орында одан əрі оны пайдалану мен жою бойынша шешім қабылданғанша жатады. 359. Өнімді кері қайтарып алу рəсімінің реті құжатпен ресімделуге тиіс. 360. Жеткізілген жəне кері қайтарып алынған өнімдердің теңгерімі жазылған соңғы есеп болуы керек. 361. Кері қайтарып алу шарасының тиімділігі үнемі сарапталып отыру керек. 362. Өзіндік инспекция кəсіпорындарда осы Қағидалар талаптарының орындалуын тексеру, сондай-ақ кемшіліктерді жою жөнінде қажетті шаралар қабылдау мақсатында жүргізілуі керек. 363. Өзіндік инспекция жұмысын арнайы тағайындалған кəсіпорын штатындағы ешкімге тəуелсіз адам жəне/немесе басқа мекеменің аудит сарапшысы жүргізуі керек. 364. Өзіндік инспекция жүргізудің нəтижелері есепте көрсетіледі, жүргізілген алдыңғы инспекцияларға шолу мен талдау жүргізіледі жəне белгілі бір қорытындылар жасалады. Алдыңғы инспекция өткізілген уақыттан бері орын алған өзгерістер, жақсарулар мен сапасының төмендеу мысалдары жазылуы керек. 365. Өткізілген өзіндік инспекцияның нəтижелері бойынша жасалған есепке анықталған барлық қателер мен оларды жою бойынша ұсыныстар жазылады, өткізілген өзіндік инспекция нəтижесімен өндірістің ӨББ-не басшылық қызметкерлері танысады жəне инспекция соңында оны талқылау жұмысына қатысады. 366. Өзіндік инспекция жүргізу бойынша қабылданған барлық əрекеттер құжат түрінде ресімделеді. Ветеринариялық препараттарды өндіру жəне бақылау жөніндегі құжаттама 367. Құжаттама сапаны қамтамасыз ету жүйесінің маңызды бір бөлігі болып табылады, олар мазмұны жағынан бірдей жəне екі ұшты мағынада түсінілмеу керек, өнімнің нақты бір сериясын өндіру тарихына əсері болмауы керек. Құжаттар мұқият əзірленеді, дайындалады, қайта қаралады жəне нормативтік-техникалық құжаттамалардың белгілі бір бөлігіне сəйкес келген жағдайда ғана жіберіледі. 368. Əрбір құжатқа тиісті өкілеттігі бар тұлға/тұлғалар уақытын көрсетіп қол қояды жəне үнемі қайта қаралады жəне жаңартылып отырады. Құжатты қайта қарағаннан кейін ескірген нұсқаның пайдаланылуын болдырмау бойынша шара қолдану керек. 369. Құжаттаманы қолжазба түрінде ресімдеуге рұқсат етілмейді. Егер құжатамаға түзету енгізетін болса, енгізілген ақпаратты өшіріп тастамау үшін анық, түзу жазумен енгізу керек. Құжатқа мəлімет енгізуге орын болу керек. Құжатқа енгізілген қандай да болмасын өзгерту мен түзетуге қол қойылып мерзімі жазылады. Өзгерту жасау барысында негізгі мəтінді оқуға бөгет болмауы керек. 370. Ветеринариялық препараттарды өндірушінің ветеринариялық препарат шығаруын реттеуші келесі нормативтік-техникалық құжаттамалары болу керек: 1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бас ветеринариялық-санитариялық инспекторымен келісілген жəне өндіріс басшысы қол қойған ветеринариялық препаратты өндіру жөніндегі нұсқаулық; 2) өндіріс басшысы бекіткен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бас ветеринариялық-санитариялық инспекторымен келісілген жəне техникалық реттеу жөніндегі уəкілетті органда тіркелген өндірілетін немесе сатылатын ветеринариялық препараттың техникалық шарттары; 3) өндірушінің басшылығымен келісілген жəне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бас ветиранариялық-санитариялық инспекторы бекіткен ветеринариялық препаратты қолдану (пайдалану) жөніндегі нұсқаулық; 4) микроорганизмдердің өндірістік жəне бақылау штамдарының паспорттары. 371. Егер ветеринариялық препарат (оны дайындау технологиясы/тəсілі, сондайақ жəне оның жаңа мақсатта пайдаланылуы, өндіру/бақылау барысында қолданылатын микроорганизмдер штамы) патентпен (инновациялық патентпен) қорғалатын болса, онда Қазақстан Республикасының патенттік заңнамасына сəйкес өндірушінің патент иесімен ветеринариялық апрепаратқа арналған лицензияланған шарты болуға тиіс. 372. Ветеринариялық препараттарды өндіру барысында ерекше қауіпті инфекцияларды - жануарлардың патогендерін қоздырғыштар бойынша микроорганизмдердің ресми ұлттық коллекциясында сақталып жануарлардың ауруын қоздырғыштардың өндірістік жəне бақылау штамдарының матрикстік сериялары пайдаланылады. 373. Өндіріс барысында мына құжаттар пайдаланылады: ерекшеліктер, технологиялық регламенттер, ұйымның өндіру мен орауы бойынша стандарттары, нұсқаулықтар (əдістемелер), хаттамалар мен сапаға бақылау жүргізу бойынша құжаттар. 374. Өлшеуді орындаудың стандартталмаған əдістемелерін (ӨОƏ) пайдалану барысында олар метрологиялық аттестациялануға жəне Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркелген болуға тиіс. 375. Ерекшеліктер бастапқы материалдарға, орау материалдарына жəне дайын өнімге, аралық жəне бөліп салынбаған дайын өнімге жасалады жəне бекітіледі. 376. Бастапқы материалдың, орау материалының таңбаланған орау материалының ерекшелігіне мыналар жазылады: 1) мыналарды көрсете отырып материалдарды сипаттау; 2) атауы жəне зауытішілік код; 3) фармокопеялық мақалаға сілтеме (бар болса); 4) жеткізушінің (жеткізуге рұқсаты бар), материалды бастапқы өндірушінің атауы; 5) баспа материалдарының үлгісі; 6) сынама алу бойынша жəне сынақ жүргізу бойынша нұсқаулық немесе тиісті əдістемелерге сілтемелер; 7) рұқсат етілетін шегін көрсете отырып, сандық жəне сапалық сипаттамалар; 8) сақтау шарттары мен сақтық шаралары; 9) қайта тексеруге дейінгі ең жоғарғы сақтау мерзімі; 10) аралық немесе өлшеп салынбаған дайын өнімге арналған ерекшелік бастапқы материалға немесе дайын өнімге арналған ерекшелікке ұқсас жасалады; 11) технологиялық регламент пен өндіріс нұсқаулығы өнімнің əрбір жекелеген түрі мен əрбір серия көлеміне жасалады. Бұл нұсқаулықтар бір құжат ретінде сақталады. 377. Техникалық регламентке мыналар жазылады: 1) ерекшелігіне сəйкес кодын көрсете отырып, өнімнің атауы; 2) ветеринариялық препараттың сипаттамасы, дозасы мен серия көлемі; 3) пайдаланылған бастапқы материал тізімі, оның аты қабылданған номенклатураға сəйкес коды көрсетілу арқылы жүргізіледі, технологиялық процесс барысында өзгеріске ұшырайтын барлық құрамдар мен мүмкін деген шегі көрсетілген немесе аралық өнім түрі көрсетілген дайын өнімнен алынатын өнім көрсетіледі.

11

www.egemen.kz

6 қараша 2013 жыл

378. Өндірістік нұсқаулыққа мыналар жазылады: 1) өндірістің орналасқан орны туралы жəне негізгі пайдаланылатын қондырғы туралы мəлімет; 2) негізгі қондырғыны дайындау əдісі (тазалау, жинау, калибрлеу, залалсыздандыру) немесе олардың сілтемесі; 3) толық кезеңдік технологиялық нұсқаулықтар (материалды бақылау, алдын ала сынама алу, материалды енгізу тəртібі, араластыру уақыты, температурасы); 4) өндірісішілік бақылаудың барлық түрлерінің нұсқамасы, рұқсат етілетін шегі көрсетілген; 5) қайта өлшемдеу жасалмаған дайын өнімді сақтау жағдайы, орама, таңбалау мен арнайы сақтау жағдайы талаптарын сақтаумен қоса; 6) арнайы сақтық шаралары. 379. Орау жөніндегі нұсқаулық өнімнің барлық түрлеріне, ораудың мөлшері мен үлгісіне арналып əзірленеді жəне бекітіледі əрі мынадай ақпаратты қамтиды: 1) өнімнің атауы; 2) ветеринариялық препараттың сипаттамасы, дозасы; 3) препараттың соңғы орауындағы орау көлемі, салмағы немесе көлемі көрсетілген; 4) орау материалының ерекшелігіне сəйкес оның кодын немесе нөмірін көрсете отырып, санын, мөлшері мен үлгісін қоса алғанда, өнімнің стандартты мөлшердегі сериясы үшін қажетті орау материалдарының толық тізбесі; 5) өндірістік сериялардың барлық хаттамалары жасалуға жəне сақталуға тиіс. Сериялар өндірісінің хаттамалары тиісті технологиялық регламенттер мен өндірістік нұсқаулықтарға негізделеді, онда өнімнің өндірістік сериясының нөмірі жазылады. 380. Серия хаттамасына мыналар жазылады: 1) өнімнің атауы; 2) уақыты мен мерзімі, барлық технологиялық процестің негізгі жəне аралық кезеңнің басталуы мен аяқталуы; 3) өндірістік процестің əрбір сатысының орындалуына жауапты адамның атыжөні; 4) өнімді дайындаудың негізгі кезеңіне жауапты адамның (оператордың) атыжөні, осы операциялардың əрқайсысының орындалуына тексеріс жүргізетін адамдардың аты-жөні; 5) серия жəне/немесе талдау нөмірі, сонымен қатар бастапқы материалды өлшеудің нақты саны (қосылған, қалпына келтірілген немесе қайта өңделген материалдардың серия нөмірі); 6) негізгі технологиялық операциялар немесе олардың нəтижелері, негізгі пайдаланылған қондырғы; 7) өндірісішілік бақылау хаттамасы, оны орындаған адамдардың аты-жөні көрсетілген жəне алынған нəтижелері көрсетілген; 8) өндіріс процесінің негізгі сатыларында алынған өнімнің шығуы; 9) технологиялық регламенттен немесе өндіріс нұсқаулығынан қандай да бір ауытқуды толық жазу жəне оған жауапты адамның қолы қойылуы керек. 381. Өнім сериясының хаттамасына технологиялық процесті жүргізуге жауапты адам қол қояды жəне уақыты мен мерзімін көрсетеді. 382. Жеткізілетін бірінші, бастапқы, сондай-ақ таңбаланған орамадағы материалдардың əр партиясын қабылдау нұсқаулыққа сəйкес жүргізіледі. Қабылдау нəтижесі бойынша хаттама жасалады. 383. Қабылдау хаттамасында мыналар қамтылады: 1) жүкқұжат бойынша жəне тарадағы белгі бойынша материалдың атауы; 2) материалдың өндірісішілік атауы немесе коды; 3) қабылдау уақыты; өндіруші мен жеткізушінің аты; 4) өндірушінің серия нөмірі; 5) алынған материалдың жалпы саны жəне орау бірліктерінің саны; 6) қабылдаудан кейінгі берілген серия нөмірі. 384. Сынама алу жөніндегі нұсқаулықта осы опарацияларды жүргізуге уəкілетті адамдардың тізімі, пайдаланылатын əдістемелер мен жабдықтар, іріктеп алынатын материал саны, сондай-ақ контаминацияны немесе өнім сапасын нашарлататын кез келген жағдайды болдырмау үшін қабылданатын сақтық шаралары қамтылады. 385. Негізгі жəне қауіп төнген қондырғыны немесе технологиялық операция жүргізілетін өндіріс аймағын пайдалануды хронологиялық ретпен арнайы журналға тіркеп отыру керек. 386. Ветеринариялық препаратты өндіру жəне бақылау бойынша өндірушінің мынадай технологиялық құжаттамасы (белгіленген нысандағы өндірістік журналдары) болуға тиіс, ол тігіледі, нөмірленеді жəне мөрмен бекітіледі: 1) ветеринариялық препаратты өндіру бойынша ветеринариялық препараттың мерзімі жазылған əрбір серияны (партияны) өндіру бойынша толық рəсімі жазылған журнал; 2) қоректік ортаны, клетка дақылын жəне ерітіндін дайындау мен сапасын бақылау журналы; 3) ветеринариялық препараттарды бақылау (өндірістік бақылау) журналы; 4) ветеринариялық препараттың сапасын көрсететін өндірістік бақылау нөмірі жазылған, серия (партия) нөмірі, ветеринариялық препараттың атауы мен дайындаушы ұйымның атауы, дайындау мерзімі мен сақтау мерзімі, паспорт берілген күні көрсетілген журнал; 5) ҚББ-ге келіп түскен ветеринариялық препараттардың бақылау үлгілері, сақтау уақыты мен түсуін есепке алу жазылған журнал; 6) өндірістік қалдықтарды зарарсыздандыру/залаласыздандыру мен дезинфекция жасау сапасына бақылау жасау журналы; 7) пайдаланылған немесе ақауы бар материалдарды есепке алу журналы; 8) ветеринариялық препараттың сериясын (партиясын) қоймаға қабылдау, оны сақтау мен температура режимін тіркеу, орамасы мен тұтынушыға түсіру журналы; 9) ветеринариялық препаратты өндіру бойынша қауіпсіздік техникасы, еңбекті қорғау мен ветеринариялық-санитариялық режим бойынша нұсқаулықтар бойынша журнал; 10) өндірушідегі штамдар үлгілерінің дақылдық-морфологиялық, биохимиялық жəне биологиялық қасиеттерін тексеру журналы; 11) патогенді-биологиялық агенттерді зарарсыздандыру (залалсыздандыру) журналы; 12) патогенді-биологиялық агенттерді лиофилизациялау журналы. 387. Өндірушінің мынандай рұқсат құжаттары болады: 1) денсаулық сақтау саласындағы уəкілетті органның жəне өртке қарсы қызмет органының қорытындысы; 2) ветеринариялық препараттың ветеринария саласындағы уəкілетті мемлекеттік орган беретін ветеринариялық-санитариялық қорытындысы; 3) ветеринариялық препараттың ветеринария саласындағы құзыретті орган беретін тіркеу куəлігі; 4) ветеринариялық препараттарды өндіруге берілетін лицензия; 5) ӨББ-ні аккредиттеу аттестаты; 6) аумақтық ведомство бөлімшелері беретін өнім объектісін есепке алуға берілген бекіту құжаты. Ветеринариялық препараттың сапасы мен қауіпсіздігіне жүргізілетін келесі сынақтардың бағдарламасы 388. Ветеринариялық препарат сатылғаннан кейін сатылған өнімнің нормативтік-техникалық құжаттамасына сəйкес қауіпсіздікке қатысы бар кез келген өзгерісті анықтауға мүмкіндік беретін бағдарлама бойынша оның қауіпсіздігіне жүйелі түрде сынақ жүргізіп отыру керек. 389. Ветеринариялық препараттың бұдан кейінгі сынақтарының мониторингісінің мақсаты оның жарамдылық мерзімі ішінде өнімнің жағдайын бақылау жəне ветеринариялық препараттың таңбада көрсетілген сақтау жағдайы кезіндегі ерекшелікті сақтағанда ветеринариялық препараттың ерекшелікке сəйкестігін бақылау болып табылады. 390. Мониторинг бағдарламасына құжатталған түрде ресімделген талдау, бағалау, жəне болжам қосылады, ал жұмыс нəтижелері есеп түрінде ресімделеді. Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға 1-қосымша 1. Ауески ауруы Қолайсыз пунктте жүргізілетін іс-шаралар 1. Ауески ауруының əкелінуінен қорғау мақсатында мынадай іс-шаралар жүргізіледі: 1) табынды жинақтау үшін жануарларды Ауески ауруы бойынша қолайлы шаруашылық жүргізуші субьектілерден сатып алады, жаңадан келіп түскен барлық жануарларды күнтізбелік 30 күн ішінде ветеринариялық бақылаумен профилактикалық карантинде ұстайды; 2) фермалардың, жайылымдардың аумағында, мал шаруашылығы қоражайларында, мал азығы ас үйлерінде, қоймаларда, диірмендерде, құрама жем зауыттарында үнемі кеміргіштермен күрес жүргізіледі. 2. Кеміргіштер жаппай қырылған жағдайда өлу себебін анықтау үшін олардың өлекселерін ветеринариялық зертханаға жібереді: 1) қаңғыбас иттер мен мысықтардың шаруашылық жүргізуші субьектілердің аумағында болуына жол бермейді; 2) шарасыздан сойылған жануарлардан алынған ет жəне ішек-қарындарды пісірілмеген күйі, сондай-ақ союдың, асхананың жəне ас үйдің пісірілмеген қалдықтарымен шошқаларды, терісі бағалы аңдарды, иттерді жəне мысықтарды азықтандыруға жол бермейді. 3. Жануарларда Ауески ауруына күдік тудыратын белгілер байқалған жағдайда жануарлардың иелері мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторға дереу хабарлайды жəне ол келгенге дейін мынадай шараларды қабылдайды: 1) ауырған жануарларды оқшаулау, еметін торайлар ауырғанда қолайсыз ошақтың аналығымен қоса барлық ұяластарды, ал аналықтан бөлінген торайлар ауырғанда барлық топты оқшаулау; 2) ауру жануарлар немесе олардың өлекселері болған станоктарды, үйшіктерді жəне тасымалдайтын жəшіктерді механикалық тазарту жəне дезинфекциялау, сондай-ақ күту заттарын Қазақстан Республикасында тіркелген дезинфекциялық заттармен дезинфекциялау; 3) бөгде адамдардың қолайсыз ферманың аумағына жəне қора-жайларына кіруіне жол бермеу, осы ферманың (шошқа қора, мал ауласы, қой қора, тəлімбақ) қолайлы фермалармен шаруашылық байланысын тоқтату; 4) жануарлар өлген жағдайда өлекселерді станоктар мен торлардан жару бөлмесіне алып тастау немесе оларды ветеринариялық дəрігер келгенге дейін суық жерде жабық жəшікте сақтау. 4. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор жануарлардың ауруы туралы хабарды алғаннан кейін мынадай іс-шараларды жүргізеді: 1) диагнозын анықтау үшін ветеринариялық зертханаға жануардың өлексесін немесе патологиялық материалды жібереді; 2) аурудың шығу себептерін, көзін жəне аурудың əкеліну жолдарын анықтайды, шаруашылық жүргізуші субъектінің эпизоотиялық жағдайын нақтылайды жəне аурудың таралуын болдырмау жөніндегі шаралар жүргізуді ұйымдастырады. 5. Жануарлардың Ауески ауруымен ауруы анықталған шаруашылық жүргізуші субъекті қолайсыз деп жарияланады жəне карантин қойылады. 6. Карантиннің шарты бойынша мыналарға: 1) Ауески ауруына сезімтал жануарларды шаруашылық жүргізуші субъектіге əкелуге (кіргізуге) жəне одан əкетуге (шығаруға), сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектінің ішінде де жəне қоралардың іштерінде де қайтадан топтастыруға; 2) шаруашылық жүргізуші субъектіден алдын ала зарарсыздандырмастан, былғарыны, қой терілерін, терілерді, сондай-ақ қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъекті аумағында дайындалған жəне сақталатын маңыздандырылған, шырынды азықтарды жəне көлемді жем-шөпті (шөп, сабан) əкетуге. Бұл азықтарды ауырып жазылған жəне вакцинациядан өткен жануарларды азықтандыру үшін сол жерде пайдаланады; 3) шаруашылық жүргізуші субъектіде жануарларды шағылыстыруды жүргізуге, асханадан қалған қалдықтарды азықтандыру үшін пайдалануға; 4) жануарларды өлшеуге жəне таңба басуға, аңдардың түбіттерін тарауға; 5) шошқаларды оларды алдын ала қайнатпастан маңыздандырылған жəне шырынды азықтармен (сүрлемнен басқа) азықтандыруға жол берілмейді. 7. Ауески ауруы бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектіде: 1) жануарлардың барлық мал басын клиникалық тексеруден жəне оларды іріктеп термометрлеуден өткізеді; 2) ауру жəне ауруы күдікті жануарларды оқшауландырады жəне емдейді; 3) кейіннен карантинді алып тастау алдында қорытынды дезинфекциялай отырып, қора-жайларды жəне күту заттарын мұқият тазартады жəне ауық-ауық дезинфекциялайды; 4) қолайсыз фермалар мен шаруашылықтардың аумағында мал шаруашылығы жəне қосалқы қора-жайларда кеміргіштерді жою жəне қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау бойынша іс-шаралар жүргізеді; 5) қора-жайлардан күнделікті қи мен төсенішті биотермиялық зарарсыздандыру үшін көңқоймаға шығарады. Қиды немесе бөкпені алдын ала зарарсыздандырмастан егін алқабына жəне бақшаға тыңайтқыш үшін шығаруға жол берілмейді; 6) Ауески ауруынан шарасыз өлтірілген немесе арам өлген жануарлардың терілерін жəне қойдың терілерін сыпырып алады жəне жануарлардан алынған шикізаттарды дезинфекциялау жөніндегі нұсқауға сəйкес зарарсыздандырудан өткізеді; 7) жануарлардың өлекселерін өртейді. Шошқа өсіретін шаруашылықтардағы іс-шаралар 8. Шошқа өсіретін қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектіде қосымша: 1) барлық жас топтарындағы жануарларды тек станоктарда азықтандыруды ұйымдастырады. Əрбір азықтандырғаннан кейін астауларды мұқият тазартады жəне кейіннен сумен əбден шая отырып, дезинфекциялайды; 2) Ауески ауруымен ауырған аналық шошқаларды, қабандарды жəне төлдерді бордақылауға қояды жəне союға өткізеді. 9. Ауески ауруы бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектіден карантин ауру тоқтағаннан жəне одан аурудан сауыққан жануарларды шығарғаннан, ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар өткізгеннен кейін бір айдан кейін алынады. Ірі қара жəне ұсақ малдары бар шаруашылықтардағы іс-шаралар 10. Ауески ауруы бойынша қолайсыз пункттерде мынадай қосымша ісшараларды жүргізеді: 1) ауру жəне ауруы күдікті жануарларға Ауески ауруына қарсы емдік дозада глобулин егеді; 2) ауру жануарлармен жанасуда болған жұқтыруы күдікті жануарларға профилактика дозасында глобулин егеді, ал 2-3 апта өткеннен кейін олар Ауески ауруына қарсы вакцинамен иммундалады; 3) шошқалар Ауески ауруымен ауырған шошқа қораға тікелей жақын орналасқан ірі қара мал мен қойларға да вакцинация жасайды; 4) Ауески ауруы жұғуы күдікті сиырлардан алынған сүтті адамдарға тағам ретінде тек пастерленген немесе қайнатылғаннан күйінде беруге жол беріледі. Клиникалық ауру жəне ауруы күдікті сиырлардың сүтін қайнатып зарарсыздандырады жəне жояды. 11. Шаруашылық жүргізуші субъектіден карантинді ауру тоқтағаннан жəне ветеринариялық-санитариялық шараларды жүргізгеннен кейін бір ай өткеннен соң алады. Аң өсіретін шаруашылықтар мен қызмет көрсететін иттердің тəлімбақтарындағы іс-шаралар 12. Аң өсіретін фермаларда (қызметтік ит өсіретін тəлімбақтарда) мынадай қосымша іс-шараларды жүргізеді: 1) Ауески ауруы вирустарының болуына күдікті ет азықтарын рационнан дереу

алып тастайды; 2) ауру жəне ауруы күдікті аңдарға (иттерге) емдік дозада ерекше глобулин егеді жəне симптоматикалық емдеу жүргізеді. Шартты түрдегі сау аңдарға, иттерге Ауески ауруына қарсы вакцина егеді; 3) шарасыздан сойылған жəне қырылған терісі бағалы аңдардың терілерін зарарсыздандырады. Құндылығы жоқ жазғы терілерді өлексемен бірге жояды. 13. Ауески ауруы бойынша қолайсыз аң өсіретін шаруашылық жүргізуші субъектіден карантин ауру тоқтағаннан, ауырып жазылған мал шығарылғаннан, қора-жайларды санитарлық жөндеуден өткізгеннен жəне ветеринариялықсанитариялық іс-шаралар жүргізгеннен кейін күнтізбелік 15 күннен кейін алынады. 2. Везикулярлық стоматит Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда өткізілетін профилактика жөніндегі іс-шаралар 14. Қолайлы шаруашылық жүргізуші субьектілерді везикулярлық стоматит вирусының əкелінуінен қорғау мақсатында: 1) везикулярлық стоматит бойынша қолайлы шаруашылық жүргізуші субьектілерден алынған малдардан шаруашылық жүргізуші субьектілерді жинақтау; 2) шаруашылық жүргізуші субьектілерге жаңадан келген барлық жануарларға толық ветеринариялық тексеру жүргізу; 3) везикулярлық стоматитке диагностикалық зерттеулер жүргізу қажет. Везикулярлық стоматит бойынша қолайсыз пункттерде жүргізілетін іс-шаралар 15. Түпкілікті диагноз қойылған кезде шаруашылық жүргізуші субъектіні сол ауру бойынша қолайсыз деп жариялайды жəне карантин қойылады. 16. Карантин шарттары бойынша мыналарға: 1) қолайсыз пунктке ауруға сезімтал жануарларды əкелуге; 2) қолайсыз пункттен залалсыздандырмаған мал шаршаулығы өнімдері мен жемшөптерді шығаруға; 3) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың рұқсатынсыз жануарларды қайта топтастыруға жол берілмейді. 17. Ауру жануарларды оқшаулайды, диеталық жем-шөппен (сүрлем, быламық) қамтамасыз етеді жəне симптоматикалық емдеу жүргізеді. 18. Қора-жайларды, станоктарды, жануарларды күту заттарын, жабдықтарды, көлік құралдарын залалсыздандырады. Қиды биотермиялық əдіспен зарарсыздандырады. 19. Жануарлардың өлекселері биотермиялық шұңқырларда жағып жіберуге жатады. 20. Шарасыздан сойылған, ауру жəне ауру бойынша күдікті жануарлардан алынған ет жəне ет өнімдері көп қайнатуға жатады, одан кейін шектеусіз қолданылады. 21. Қолайсыз шаруашылық жүргізуші субьектілердің жануарларынан алынған сүт 76 0С температурада 15-20 секунд пастерленеді. Егер ортадан тепкiш сүт тазалағыш пастерлейтін қондырғылар болмаған жағдайда келіп түскен сүтті міндетті түрде 85 0С температурада 30 минут пастерлейді немесе 5 минут қайнатады. 22. Қолайсыз пункттен карантин соңғы ауырған мал жазылғаннан жəне қорытынды дезинфекция жүргізгеннен кейін күнтізбелік 15 күн өткен соң алынады. 3. Жануарлар төлдерінің колибактериозы Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда жүзеге асырылатын жануарлар төлдері колибактериозының профилактикасы бойынша іс-шаралар 23. Төлдердің колибактериозының (бұдан əрі – колибактериоз) профилактикасы аналығы мен төл ағзасының резистенттілігін көтеруге, сондай-ақ сыртқы орта объектілері арқылы жануарларға жұқтыруды болдырмауға бағытталған ұйымдастыру-шаруашылық, ветеринариялық-санитариялық, зоогигиеналық жəне эпизоотикалыққа қарсы (жалпы жəне арнайы) іс-шаралар кешенін жүргізуге негізделген. Жануарлар төлдерінің колибактериозы бойынша қолайсыз пункттерде жүргізілетін іс-шаралар 24. Бұзаулар арасында колибактериоз анықталған жағдайда мынадай іс-шаралар жүргізіледі: 1) ауру шыққан профилакторий секциясына бұзауларды қабылдау тоқтатылады. Ауырған жануарларды орнында қалдырады жəне ауру қоздырғышының профилакторийдің басқа секцияларына таралуының алдын алатын барлық шараларды жүргізеді; 2) қолайсыз секциядағы бұзаулардың қиы мен төсенішін қора-жайдан шығарады жəне биотермиялық залалсыздандыру үшін арнайы бөлінген алаңға жинайды; 3) қиларды жинауға үшін пайдаланылатын арбалар мен басқа мүкəммал күн сайын дезинфекцияланады; 4) ауру бұзауларды оқшаулайды жəне емдейді; 5) профилакторийдің колибактериоз бойынша қолайсыз секциясынан бұзауларды шығарғаннан кейін, механикалық тазарту мен дезинфекциялау жүргізеді. 25. Торайлар арасында колибактериоз шыққан кезде мынадай іс-шаралар жүргізеді: 1) барлық ауратын еметін торайларды енесімен бірге жəне ауру аналықтан бөлінген торайларды оқшаулайды жəне емдейді. Терапияның диеталық жəне симпатикалық құралдарын да қолданады; 2) ауру малдар тұрған босаған қора-жайларды тазартады жəне дезинфекциялайды. 26. Қозылар арасында колибактериоз шыққан жағдайда мынадай іс-шаралар жүргізеді: 1) ауру қозыларды енесімен бірге оқшаулайды жəне емдейді; 2) ауру малдар анықталған қора-жайларды тазартады жəне дезинфекциялайды; 3) қоздатуды қораның қолайлы бөлігінде ұйымдастырады. 4. Пастереллез Пастереллездің профилактикасы бойынша іс-шаралар 27. Жануарлардың пастереллезбен ауыруының алдын алу үшін мынадай ісшаралар жүзеге асырылады: 1) жаңадан келіп түскен жануарларды күнтізбелік 30 күн ішінде алдын ала оқшаулап ұстамастан жалпы табынға қосуға жол бермеу; 2) табынды пастереллез бойынша қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектілердегі жануарлармен толықтыру; 3) азықтар залалдануының профилактикасы үшін мал шаруашылығы қоражайларында, айналасындағы аумақта жəне азық қоймаларында кеміргіштерді ұстауды үнемі жүргізу; 4) азықтың, əсіресе сүрлем мен құрама жемнің сапасын тұрақты түрде бақылау, ал көрсеткіштер болған кезде оларды бактериологиялық зерттеу; 5) мастит кезінде сүтке бактериологиялық зерттеу жүргізу. Ауруды жою жөніндегі іс-шаралар 28. Жануарлардың пастереллезі анықталған шаруашылық жүргізуші субъектіні пастереллез бойынша қолайсыз пункт деп жариялайды жəне шектеу енгізеді. 29. Жануарлардың пастереллезі бойынша қолайсыз пунктте мыналарға: 1) жануарларды сою үшін əкетуді қоспағанда, шаруашылық жүргізуші субъектіден жануарларды шығаруға; 2) пастереллезге сезімтал жануарларды кіргізуге (əкелуге); 3) жануарларды қайта топтастыруға, таңбалауға, сондай-ақ хирургиялық операциялар жасауға; 4) оны ет өңдейтін кəсіпорындарға өңдеуге жіберу үшін шығаруды қоспағанда, пастереллезбен ауырған шарасыз сойылған жануарлардың етін шикі түрде шығаруға; 5) жануарларды жаюға жəне оларды ашық суайдындардан суаруға; 6) ауру жануардан алынған сүтті зарарсыздандырмаған күйінде сатуға; 7) мүкəммалды, жабдықты жəне кез келген басқа заттарды, сондай-ақ ірі, шырынды жəне маңыздандырылған азықтарды шығаруға (əкетуге); 8) ауру қоздырғышы табылған жануарлардың қиын жəне қи бөкпесін егістіктерге шығаруға жол берілмейді. 30. Сүтті 90°С температурада 5 минут ішінде пастерлейді жəне жануарларды азықтандыру үшін пайдаланады. 31. Қиды бөлек жинайды жəне биотермиялық зарарсыздандырады. 32. Эпизоотиялық ошағын бəсеңдету жəне ауруды жою мақсатында мынадай ісшаралар жүргізеді: 1) қолайсыз топтың барлық жануарларын клиникалық қарап тексереді жəне термометрлейді. Ауру жəне ауру бойынша күдікті жануарларды бөлек қоражайларға оқшаулайды жəне емдейді, ал қалғанына вакцина егеді; 2) шаруашылықтың қалған жануарларына олардың тұрған орнына қарамастан вакцина егеді; 3) ауру жануарлармен жанасқан барлық жастағы жануарларды олар бұрын тұрған қора-жайларда қалдырады жəне жаз кезінде шектеу алынғанға дейін оларды байлауда күтіп-бағуды ұйымдастырады. 33. Пастереллез бойынша қолайсыз пункттерде жануарларға вакцина егу жұмыстарымен қатар мүмкін болатын ауру көзі ретінде тышқан тəріздес кеміргіштерді жою мақсатында үнемі дератизациялау шараларын жүргізеді. 34. Кезекті дезинфекциялауды мынадай тəртіппен жүргізеді: 1) жануарлардың ауруының бастапқы жағдайлары жəне қырылуы кезінде дереу жануарлар тұрған қора-жайларда; 2) ауру жəне ауру бойынша күдікті жануарлар тұрған қора-жайларда күнделікті таңертең тазарту жүргізген кезде; 3) ауру жануарлар жанасқан барлық заттар (қораның едендері, қабырғалары, астаулар, қызмет көрсететін персоналдың аяқ киімі мен арнайы киімдері), қоражайлардың өтетін жолдары дезинфекцияланады. Ауру жəне ауру бойынша күдікті жануарлар тұрған қора-жайларға кіре беріс аяқ киімдерді өңдеу үшін дезинфекциялық барьермен жабдықтайды; 4) жұқтыруы күдікті (шартты түрде сау) жануарларды ұстайтын қора-жайлар мен жайылу алаңдарына ауру жануарды əрбір бөліп шығарғаннан кейін жəне одан кейін шектеу алынғанға дейін əр 10 күн сайын дезинфекция жүргізеді. 35. Пастереллезден қырылған жануарлардың өлексесін өртеп жібереді немесе биотермиялық шұңқырларда зарарсыздандырады. 36. Қолайсыз пункттен шектеулерді алудың алдында мынадай ветеринариялықсанитариялық іс-шараларды жүргізеді: 1) қажет болған кезде ауру жəне ауру бойынша күдікті жануарларды ұстаған қора-жайларда жөндеу жұмыстары; 2) жайылу алаңдарын, қой қораларды, қоршаулы мал жайлары мен шаруашылық жүргізуші субъектінің аумағын қидан жəне қоқыстан тазартады, одан кейін оны дезинфекциялайды жəне қопсытады; 3) мал шаруашылығы қора-жайларында дезинсекция, дератизация жəне қорытынды дезинфекция жүргізеді. Дератизацияны шаруашылық жүргізуші субъекті аумағының барлық қора-жайларында жүргізеді. 5. Салмонеллез Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда жүзеге асырылатын салмонеллездің профилактикасы бойынша іс-шаралар 37. Жануарлар мен құстардың арасында салмонеллездiң таралуын болдырмауға бағытталған негізгі іс-шаралар: шаруашылық жүргізуші субъектілерде жаңа туған жануарлардың жəне өсіріліп жатқан төлдердің ағзасының резистенттілігін көтеруге бағытталған санитарлықветеринарлық тəртіптің сақталуын қатаң бақылауды жүзеге асыру; ауру жануарлар мен инфекция тасымалдағыштарды уақтылы анықтау жөнінде жануарлар мен құстардың ауруына қатаң ветеринариялық-санитариялық бақылауды жəне қадағалауды орнату; жануарларға арналған өндірістік қора-жайларды дезинфекциялау мен дератизациялау жүргізу; шаруашылық жүргізуші субьектілерді қолайлы шаруашылық жүргізуші субьектілерден ғана жануарлармен толықтыру; ветеринариялық-санитариялық бақылауды жəне жануарлар тасымалдаудың ветеринариялық-санитариялық (ветеринариялық) қағидаларының сақталуын қадағалауды жүзеге асыру; рационды бірден өзгертуге, бұзылған азық беруге, сапасыз сумен суаруға жол бермеу; азық пен азық қоспаларына ұдайы Сальмонеллалармен ластануға бактериологиялық бақылау жүргізу. 38. Жануарларды союдың көбейетін сальмонеллалары бар өнімдерін шығаруды болдырмау мақсатында мыналарды жүргізеді: 1) мал сою объектілерінде (ет өңдейтін кəсіпорындарда, мал сою пункттері мен алаңдарында) санитарлық мəдениетті арттыруға, сояр алдында ұстау режимін сақтауға жəне жануардан алынатын шартты түрде жарамды өнімді залалсыздандыруға бағытталған іс-шараларды; 2) шаруашылық жүргізуші субьектінің салмонеллез бойынша қолайлы екендігі туралы белгісі бар келіп түскен малдардың міндетті құжаттамаларды жəне ұшаны, басты, өкпе-бауырды, теріні бірыңғай нөмірмен таңбалауды; 3) қалдықтарды дұрыс жинақтауды, зарарсыздандыруды жəне жоюды жүргізеді. 39. Сүт шаруашылығын жүргізуші субъектілерде сүттi жинау, сақтау жəне тасымалдаудың санитарлық шарттарын қатаң түрде орындау, сүт ыдыстарын, мүкəммалын, жабдықтарын сапалы санитарлық өңдеуді қамтамасыз ететін қағидалардың сақтау қажет. Салмонеллез бойынша қолайсыз пункттерде жүргізілетін іс-шаралар 40. Салмонеллез анықталған кезде шаруашылық жүргізуші субъектіге шектеулер қойлады. Шектеу шарты бойынша мыналарға: 1) жануарларды жəне құстарды басқа шаруашылық жүргізуші субъектіге əкелуге жəне шығаруға; 2) шаруашылық жүргізуші субъекті iшiнде жануарларды жəне құстарды қайта топтастыруға; 3) шарасыздан сойылған жануарлар мен құстардың етiн алдын ала бактериологиялық зерттеуге жүргізбестен, ал егер зерттеу мүмкін болмаған жағдайда - жоғары температурада залалсыздандырмай пайдалануға; 4) шаруашылық жүргізуші субъектінің басқа секцияларындағы адамдардың, сондай-ақ бөгде адамдардың арнайы киiмсiз жəне аяқ киімдерін дезинфекцияламай оқшаулағышқа кiруiне; 5) салмонеллез бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектінің жайылымдарына жануарларды жаюға жəне азық дайындауға; 6) қолайсыз құс қорасындағы құстарды, құстардың инкубациялық жұмыртқасын шығаруға жол берілмейді. 41. Шаруашылық жүргізуші субъектіде салмонеллез өршіген уақытта жануарларды міндетті түрде термометрлей отырып бас басына клиникалық тексереді. Ауру жəне ауруы күдiктi жануарларды оқшаулайды жəне емдейді. 42. Сальмонеллезбен ауырған жануарлар жəне құстар табылған қора-жайларда, сондай-ақ торларда, науаларда, өтетін жерлерде, инкубаторларда, қосалқы қоражайларда жəне жайылымдарда дезинфекция, дезинвазия, дезинсекция жəне дератизация бойынша ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргiзедi. 43. Шаруашылық жүргізуші субъектіні ауруды жойғаннан, қорытынды дезинфекция жасағаннан жəне аурудан сауыққан жануарларды союға өткізгеннен кейін күнтізбелік 30 күн өткен соң жануарлардың салмонеллезі бойынша қолайлы деп таниды. 6. Трихофития (дерматомикоз, қысаға) Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда өткізілетін профилактикалық іс-шаралар

44. Аурудың алдын алу үшін жануарларды күтіп-бағу жəне оларды ұстау жөніндегі ветеринариялық-санитариялық қағидаларды сақтау қажет. 45. Қысағаның алдын алу бойынша профилактикалық іс-шаралар жаз кезеңінде жүргізіледі. 46. Қиларды кейіннен мал шаруашылығы қора-жайларын профилактикалық дезинфекциялай отырып, зарарсыздандырады. Жануарларды қамап ұстауға ауыстыру алдында барлық мал басына клиникалық тексеру жүргізеді. Ауруы күдікті немесе ауру жануарлар анықталған жағдайда, диагноз нақтыланады жəне емдеу жүргізіледі. 47. Жануарларды қамап ұстауға ауыстыру кезеңінде қора-жайларға дезинфекция жүргізеді. Жаңа туған төлдерді ұстайтын қора-жайлар таза, құрғақ жəне онда жеткілікті мөлшерде төсеніш болуы қажет. 48. Басқа шаруашылық жүргізуші субьектілерден жаңадан келген жануарларды күнтізбелік 30 күн ішінде карантинде ұстайды. Осы кезең ішінде жануарларды тері ауруларының бар-жоқтығына тексереді. 49. Қызмет көрсететін персонал тері ауруларын анықтаудың қарапайым шараларымен жəне жеке профилактика қағидаларымен таныс болуы қажет. Қолайсыз пункттерде жүргізілетін іс-шаралар 50. Түпкілікті диагноз қойылған кезде шаруашылық жүргізуші субъектіге шектеу іс-шаралары қойылады. 51. Шектеу іс-шараларының шарттары бойынша: 1) жануарларды етке сою үшін əкетуді қоспағанда, жануарларды əкелуге (кіргізуге) жəне əкетуге (шығаруға) жол берілмейді; 2) тиісті əкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялықсанитариялық инспекторының рұқсатынсыз жануарларды қайта топтастыруға жол берілмейді; 3) тазарту мен дезинфекция жүргізгенге дейін ауру жануарларды ұстаған қоражайларға сау жануарларды əкелуге (кіргізуге) жол берілмейді; 4) ауру жануарлар тұрған қора-жайларда мұқият механикалық тазалау жəне дезинфекция жүргізеді; 5) жануарлардың жасын жəне пайдалануды ескере отырып, ұстау, күтіп-бағу жəне азықтандыру бойынша ветеринариялық-санитариялық қағидаларды қатаң сақтайды; 6) қысағаға сезімтал барлық жануарлардың тері қабатын 5 (бес) күнде бір рет тиянақты тексереді; 7) ауру жəне ауруы күдікті жануарларды оңашаланған топтарға бөледі жəне емдейді (микроспориямен ауратын мысықтар жоюға жатады); 8) жайылым кезеңінде ауру жануарларды жеке топтармен жаяды; 9) ауру жануарларды емдеуді арнайы бөлінген орында жүргізеді; 10) өңделгеннен кейін алынған жүнді, тері қабыршақтары мен мақтаны жағу, құралдарды қайнату, ал жануарларды өңдеген орынды дезинфекциялау қажет; 11) қиды биотермиялық жолмен өңдейді; 12) қайта ағымдағы дезинфекцияны күнтізбелік 10 күнде бір рет жүргізеді. 52. Клиникалық ауру жануарларды бөлген соңғы жағдайдан кейін 2 ай өткен соң қорытынды дезинфекция жүргізгеннен кейін шектеу іс-шаралары алынады. 7. Жануарлар мен құстардың туберкулезі Туберкулездің профилактикасы 53. Жануарлардың туберкулезбен ауыруының алдын алу мақсатында жануарлардың иелері, шаруашылық жүргізуші субьектілер меншік нысанына қарамастан мынадай іс-шараларды жүзеге асырады: 1) қолында жануарлар бар немесе жаңадан сатып алған кезде тиісті əкімшілікаумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторын хабардар етеді; 2) сатуды, союға тапсыруды, өріске шығаруды, жайылымдарға орналастыруды жəне басқа барлық жануарларды тасымалдау мен қайта топтастыруды, мал шаруашылығы өнімдерін сатуды тиісті əкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының рұқсатымен жүргізеді; 3) оларға ауру жұқтырмау мақсатында мал азығын дайындау барысында қауіпсіздік шараларын сақтайды; 4) жаңадан келген жануарларға диагностикалық зерттеулер мен ветеринариялық тазалау жүргізу үшін күнтізбелік 30 күн ішінде оқшаулап ұстайды; 5) туберкулезге күмəнді жануарлар ауруының барлық жағдайлары туралы ветеринариялық қызметке дер кезінде хабарлайды; 6) Ветеринар мамандардың талабы бойынша сатып алынған жануарлар туралы барлық қажетті мəліметтерді береді жəне оларға тексеру, зерттеу мен тазалау жүргізу үшін жағдай жасайды; 7) жануарларды тасымалдағанда, күтіп бағу жəне азықтандыру кезінде, мал шаруашылығы нысандарын салу кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы жəне ветеринариялық-санитариялық талаптарды сақтайды; 8) тиісті əкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялықсанитариялық инспекторының нұсқауы бойынша ауру жануарларды уақытында өткізуді немесе қолайсыз барлық мал басын толығымен жоюды жүзеге асырады; 9) жануарлардың туберкулезбен ауруының алдын алу бойынша, сондай-ақ ауру шыққан жағдайда эпизоотиялық ошағын жою бойынша ветеринариялықсанитариялық іс-шаралардың жүргізілуін қамтамасыз етеді. 54. Туберкулез бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субьектілерде қызмет көрсететін тұлғалар жеке гигиена қағидаларымен таныс болуға тиіс. Жыл сайын міндетті түрде флюорографиялық зерттеуден өте отырып, медициналық тексеруден өту керек, ал малшылар мен сауыншылар несеп жынысы туберкулезін ерте анықтау мақсатында бактериологиялық зерттеу үшін несеп талдауын (туберкулездің микобактерияларына несеп себіндісі) тапсырады. 55. Меншік нысанына қарамастан шаруашылық жүргізуші субьектілердің басшылары мынаны жүзеге асырады: 1) мал шаруашылығы қызметкерлерін жұмыс киімімен жəне аяқ киіммен қамтамасыз етеді, оларды сақтау бөлмелерімен жабдықтайды, сондай-ақ мал шаруашылығы қора-жайларын қол жуғышпен, сабынмен, сүлгімен жəне алғашқы көмек қобдишасымен жарақтандырады; 2) мал шаруашылығы жəне азық дайындау жұмыстарына туберкулезге тексеруден өтпеген, сондай-ақ туберкулезбен ауыратын жəне диспансерлік есепте белсенді топта тұратын адамдарды жібермейді; 3) қызмет көрсететін персоналда туберкулез анықталған жағдайда, ауру адамдарды дереу жануарларды күту жөніндегі жұмыстан босатады; 4) сүт жəне сүт өнімдерін өңдеу кəсіпорындарында қолайсыз пункттерден алынған сүтті міндетті түрде пастерлеудің жəне басқа да шикі сүт өнімдеріне термиялық өңдеудің жүргізілуін қамтамасыз етеді. 56. Аумақтық денсаулық сақтау органдары: 1) жануарларды күтіп-бағатын персоналға тұрақты түрде медициналық қадағалау жүргізеді; 2) халық пен мал шаруашылығы жұмысшылары арасында тұрақты негізде туберкулездің зияны мен зардаптары, жеке профилактика жəне онымен күресу шаралары туралы түсініктеме жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады. 57. Меншік нысанына қарамастан шаруашылық жүргізуші субьектілерде, жануарларды күтіп-бағатын ветеринарлық мамандар жануарлар туберкулезінің профилактикасы жəне онымен күресу іс-шараларын жүргізеді. 58. Адам туберкулезінің профилактикасы жəне оларды емдеу бойынша санитарлық-эпидемияға қарсы жəне басқа да арнайы іс-шараларды, сондай-ақ, осы іс-шаралардың орындалуын бақылауды мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының, туберкулезге қарсы диспансерлердің (бөлмелердің) жəне басқа да медициналық ұйымдардың қызметкерлері жүзеге асырады. 59. Ветеринарлық жəне медициналық ұйымдар жануарлардың жəне жануарларды күтіп-бағуға байланысты немесе қайта өңдеу кəсіпорындарында жұмыс істейтін адамдардың туберкулезбен ауыру жағдайлары туралы ақпаратты өзара ұсынады. Елді мекендерде адамдардың туберкулезбен ауыру жағдайлары анықталған кезде адамдардың залалдану көзі мен жұғу жолдарын анықтау мақсатында тез арада эпидемиологиялық-эпизоотологиялық зерттеу жүргізіледі, қажет болған жағдайда малдар туберкулезге зерттеледі жəне ауру табылған жағдайда эпизоотиялық ошақты жою бойынша іс-шаралар ұйымдастырылады. Туберкулез кезіндегі шектеу іс-шаралары 60. Туберкулез ауруы анықталған шаруашылық жүргізуші субъекті жеке меншік нысанына қарамастан туберкулез бойынша қолайсыз пункт деп жариялайды жəне шектеу енгізіледі. 61. Туберкулинге реакция берген жануарларды қалған мал басынан тез арада оқшауландырады жəне асыл тұқымдық жəне өндірістік құндылығына қарамастан күнтізбелік 15 күн ішінде союға өткізеді. 62. Сау малдар бұрын ауру жануарлар ұсталған қора-жайларға, жайылым алаңдарына жəне басқа да объектілерге сауықтыру іс-шараларын жүргізгеннен кейін ғана жіберіледі. 63. Шектеу шарттары бойынша мыналарға: 1) малдарды союға шығаруды қоспағанда, олардың орнын ауыстыруды (кіргізу жəне шығару) жүзеге асыруға; 2) қолайсыз аймақта шөп, сабан жəне басқа ірі мал азығын дайындауға; 3) сау жануарлар үшін туберкулез бойынша қолайсыз табындар жайылған жайылым жерлерін пайдалануға жəне ақпайтын суаттардан суаруға 6 айдан кейін жол беріледі; 4) туберкулезбен ауырған жануарларды пайдалануға жəне табынды көбейту үшін олардан алынған төлдерді пайдалануға; 5) ауру жануарларды жəне қолайсыз табындардың мал басын сау малдармен қосып ұстауға, бірге жаюға, суаруға немесе өзге де жанасуға, сондай-ақ қолайсыз табындардың жануарларын жайлауға айдауға жəне тасымалдауға; 6) туберкулезбен ауырған жануарларды сойған кезде алынған залалсыздандырмаған етті, ет өнімдерін аңдарды азықтандыру үшін пайдалануға жол берілмейді. 64. Туберкулез бойынша қолайсыз пункттегі сиырлардан алынған шикі сүтті базарларда сату, асханаларға, емдеу-профилактикалық, балалар жəне мектеп мекемелеріне жеткізу үшін шығаруға жол берілмейді. Зерттеу кезінде туберкулезге реакция берген сиырлардан алынған сүт қайнатуға немесе тоң май жасауға қайта өңдеу жолымен зарарсыздандырылуға жатады. Қолайсыз табындардың (ферманың) реакция бермеген сиырларынан алынған сүт (қаймақ) тікелей шаруашылық жүргізуші субъектіде 900С температурада 5 минут ішінде немесе 850С температурада 30 минут пастерлеу жолымен зарарсыздандыруға, ал пастеризатор болмаған жағдайда қайнатуға жатады. Зарарсыздандырғаннан кейін сүтті сүт зауытына əкетеді немесе шаруашылық ішінде қолданады. Сүт өңдеу кəсіпорындарында сүт құйылғаннан кейін цистерналар немесе бидондар шаюға жəне дезинфекциялауға жатады. 65. Туберкулезбен ауырған жануарларды сою объектілерінде (сою пункттері, алаңдар, ет өңдейтін кəсіпорындар) союды тиісті əкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік санитариялық-ветеринариялық инспекторының бақылауымен, жеке профилактика шараларын сақтаумен жəне инфекция қоздырғышының таралуын болдырмауды қамтамасыз ететін талаптарды орындай отырып жұмысшылар жүргізеді. 66.Туберкулез бойынша қолайсыз пункттерде қора-жайларды, жайылымдарды, жайылым алаңдарын, жабдықтарды, мүкəммалды жəне басқа да объектілерді ағымдағы дезинфекциялауды, сондай-ақ дезинсекция мен дератизациялауды жүргізеді. Қиды биологиялық, химиялық жəне физикалық тəсілдермен зарарсыздандырады. Ірі қара мал туберкулезінен қолайсыз пункттерді сауықтыру 67. Ірі қара малдың туберкулезінен қолайсыз пункттерді сауықтыруды мынадай жолмен жүргізеді: 1) қолайсыз табынның мал басын толығымен сау жануарларға ауыстыру жолымен; 2) ауру малдарды бөліп жəне кейіннен оларды сою арқылы жүйелі диагностикалық зерттеулер жолымен; 3) ұйымдастыру-шаруашылық, ветеринариялық-санитариялық жəне арнайы шаралардың кешенін міндетті түрде жүзеге асырумен. 68. Туберкулез шаруашылық жүргізуші субъектіде алғаш рет анықталғанда жəне ауру табын арасында кеңінен таралған кезде мал басын толығымен ауыстыруды қолданады. Мұндай жағдайда шектеу қойылғаннан кейін: 1) малдарды туберкулезге аллергиялық зерттеуді тоқтатады; 2) сиырларды жəне қашарларды ұрықтандыруды жүргізбейді; 3) алынған сүт 850 С температурада 30 минут немесе 900 С-та 5 минут пастерленеді, содан кейін бұзауларға береді немесе сүт өңдеу кəсіпорындарына жібереді; 4) қолайсыз табындағы барлық мал басын төлімен бірге үш ай ішінде союға өткізеді; 5) қора-жайлар малдан босағаннан кейін оларды дезинфекциялауды жүргізеді; 6) барлық босаған сиыр қораларда, бұзау қораларда, төл қабылдайтын бөлмелерде едендерді, өтетін жерлер мен қабырғаларды қидан, жем-шөп қалдықтарынан тазартады, қиды механикалық жолмен алып тастау үшін тасылмалдаушыларды қайта жөндейді; 7) ағаш едендерді алады, қайта қолдануға жарамды тақтайларды жақсылап тазалап жуғаннан кейін дезинфекциялайды. Жарамсыз тақтайларды өртейді; 8) аумақты, жайылым алаңдарын қоқыс пен қидан тазартады; 9) қиды арнайы арналған жерге шығарады, ені 3 метр жəне биіктігі 2 метр дөңдерге жинайды, бетін жермен жабады жəне қоршайды, бұл қи дөңдерге жиналғаннан кейін кемінде 2 жылдан соң пайдаланады; 10) мал шаруашылығы үй-жайларында жөндеу жүргізеді, едендер төсейді, қи шығаратын транспортерлер жасақталады; 11) барлық пайдалануға жарамсыз арнайы киімдерді, аяқ киімді, құнысыз мүкəммалды өртейді; 12) ветеринариялық–санитариялық іс-шаралар аяқталғаннан, шаруашылық жүргізуші субъектінің аумағындағы барлық қора-жайларда қорытынды дезинфекция жүргізгеннен жəне дезинфекцияның сапасын зертханалық жолмен тексергеннен кейін қолайсыз пункттен шектеу алынады. 69. Барлық табын бойынша екі рет қатар зерттеу нəтижесі теріс болған кезде, осы кезеңде 1,5 ай аралығымен тері ішіне туберкулиндік сынамамен зерттеу жүргізілетін жануарларды үш айлық бақылап қадағалауға қояды. Аллергиялық жəне серологиялық зерттеулерден теріс реакция алынған кезде табынды туберкулез бойынша қолайлы деп жариялайды. 70. Егер туберкулезге аллергиялық жəне серологиялық əдістермен соңғы зерттеу кезінде реакция беретін жануарлар шықса, онда оларды диагностикалық союға жібереді. 71. Қолайсыз пункттерде: 1) ауру сиырлардан туған бұзауларды сиырлармен бірге союға өткізеді; 2) сауықтыру жүргізіліп жатқан табында реакция бермеген сиырлардан туған бұзауларды (оны бақылап қадағалауға қойғанға дейін) оқшауландырылған топпен ұстайды, бордақылауға қояды, содан кейін союға өткізеді; 3) бақылап қадағалау кезеңінде алынған төлдерді оқшаулап ұстау жағдайында өсіреді жəне шаруашылық жүргізуші субъектіден шектеу алынғаннан кейін қалыпты жағдайда пайдаланады. 72. Шектеуді алар алдында ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың кешенін жүргізеді. Шошқа, қой, ешкі, жылқы, түйе, терісі бағалы аңдар жəне құстар туберкулезінен қолайсыз пункттерді сауықтыру 73. Шошқа туберкулезі (бұқа немесе адам қоздырғышының түрі) анықталған жағдайда туберкулинге реакция берген барлық шошқаларды, оның ішінде төлдейтін аналық шошқаларды, қабандарды союға өткізеді. Торайлау жəне төлдерді бордақылау аяқталғаннан кейін шаруашылық жүргізуші субъектінің барлық жануарларын туберкулезге диагноз қойылған сəттен бастап 3 айдан кешіктірмей союға өткізеді.

74. Қойда, ешкіде, жылқыда жəне түйеде туберкулез анықталған жағдайда: 1) реакция берген барлық жануарларды союға өткізеді; 2) қалған мал басын зерттейді: жылқыны – туберкулинді көзге тамызу арқылы (офтальмосынама), ал қой, ешкі жəне түйені – əр күнтізбелік 30-45 күн сайын тері ішіне туберкулиндік сынама арқылы бір рет теріс реакция бергенге дейін тексереді, содан кейін тиісті топтағы жануарларды сау деп таниды. 75. Терісі бағалы аңдарда туберкулез анықталған жағдайда: 1) оларды клиникалық тексереді, ауру ұрғашы жануарларды төлімен бірге оқшаулайды. Сойылғаннан кейін терілері шектеусіз қолданылады, ал ұшалары өртеу арқылы жойылады; 2) күшіктегеннен бастап сойғанға дейінгі кезең ішінде қырылған жəне өлтірілген аңдарда органдар мен бөлшектерінің туберкулезге тəн өзгерістерін таппаса аң өсіретін шаруашылық сауықтырылған болып саналады; 3) ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізгеннен кейін шектеу алынады. 76. Маралдарда туберкулез анықталған жағдайда: 1) реакция берген барлық маралдарды союға өткізеді; 2) қалған мал басын табын бойынша теріс реакция бергенге дейін туберкулезге зерттейді. Клиникалық ауру жануарларды союға өткізеді. 77. Құс шаруашылығы шаруашылығын жүргізуші субъектілерінде жəне жеке аулаларда құстардың туберкулезі анықталған кезде қолайсыз құс қорасындағы (цехтағы) барлық құстар союға өткізіледі, ветеринариялық-санитариялық ісшараларды жүргізеді жəне шектеу алынғаннан кейін сау жас құстардан жаңа топ құрады. Қолайсыз құс қораларындағы (цехтағы) құстардан алынған жұмыртқалар өсіруге жіберілмейді, нан өнімдері мен кондитерлік кəсіпорындарында қолданылады. 78. Кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар өткізгеннен кейін шаруашылық жүргізуші субьектіден шектеу алынады. 8-тарау. Аусыл ауруы 79. Халықаралық Эпизоотия Бюросының (бұдан əрі –ХЭБ) Жер үсті жануарларының санитариялық кодексінің ұсынымдарына сəйкес, аусыл вирусының эпизоотиялық штаммы табиғи жағдайда жұқтырылған жануарлардан вакцина егілген жануарларды ажырату мақсатында аусыл вирусының құрылымдық емес ақуыздарына қарсы денелерді анықтау бойынша серомониторингтік зерттеулер жүргізіледі. Аусыл вирусының эпизоотиялық штаммы жұқтырылған жануарлардан вакцина егілген жануарларды ажырату аусыл диагностикасы бойынша ХЭБ ұсынған əдістермен жүзеге асырылады. Аусылға қарсы вакцина егілмеген жануарлардың арасынан аусыл вирусы эпизоотиялық штаммының əр түрлі типті құрылымдық емес ақуыздарына реакция берген жануарлар анықталған жағдайда, ХЭБ ұсынымдарына сəйкес, мұндай жануарлар санитарлық союға жатады. Аусыл бойынша қолайсыз пунктте жүргізілетін іс-шаралар 80. Қолайсыз пунктке карантин қойылады. 81. Тиісті əкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдарының (бұдан əрі – ЖАО) бөлімшелері ветеринария саласындағы уəкілетті орган ведомствосының аумақтық инспекциясымен келісім бойынша буферлік зонада жəне қолайсыз пунктте жануарлардың аусыл ауруына қарсы күрес жөнінде төтенше жоспар жасайды, ол мынаны көздейді: 1) облыс жəне аудан орталықтарында ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдарын тарта отырып, аусылға қарсы барлық іс-шараларды басқаруға жəне үйлестіруге жауапты жедел топтарды құруды, сондай-ақ ветеринария саласында уəкілетті орган ведомствосының аусыл бойынша жұмыс тобымен өзара іс-қимылды; 2) ветеринариялық қызметтің, ішкі істер органдары, кеден жəне шекара қызметтерінің аумақтық құрылымдарының олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құзыретін ескере отырып, аусылға қарсы күрес бойынша жедел жəне келісілген іс-əрекеттерін; 3) жануарлардың аусыл ауруымен күрес жөніндегі іс-шараларда адами жəне материалдық ресурстарға, соның ішінде аусылдың таралуын болдырмау үшін басқа облыстардан бар ресурстарды тарту мүмкіндігімен баса назар аударуды; 4) шектес мемлекеттермен мемлекеттік шекара арқылы жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен басқа да бақылауға жататын жүктерді заңсыз өткізудің негізі бағыттарын анықтай отырып, аусыл бойынша эпизоотиялық жағдайды жедел бағалауды; 5) биоматериалдардың сынамасын алуды жəне одан əрі молекулярлық деңгейде вирустардың сипатын анықтай отырып, зертханалық зерттеулер жүргізуді; 6) қолайсыз облыстарда жəне тəуекел дəрежесі жоғары аймақтарда аусылға сезімтал жануарларды тасымалдауды жəне көршілес мемлекеттермен шекарада орналасқан мал сою пункттері мен мал базарларының жұмысын тоқтатуды; 7) аусылдың таралуының жəне аусыл өршуінің мүмкін болатын салдарының əлеуетті ауқымын бағалау үшін ақпарат жинақтау; 8) жеке аулаларға, шаруашылықтарға, тірі мал сататын базарларға, қайта өңдеу кəсіпорындарына, сою объектілерін инспекциялау жолымен аусыл бойынша тəуекел дəрежесі жоғары аймақтарда белсенді бақылауды жүзеге асыруды; 9) аусылдың таралуын азайту мақсатында карантин режимін енгізуді жəне жануарларды тасымалдауды шектеуді; 10) өтемақы төлей отырып, ауру жəне ауру малдармен жанасқан жануарларды алып қою жəне жоюды; 11) аусыл ошағына дезактивация жүргізуді жəне ауру қоздырғыштарының механикалық жолмен берілу тəуекелін жоюды; 12) аусылдың қауіптілігі туралы тұрғындардың хабардар болуын арттыру жəне аусылды тану бойынша ақпараттық материалдарды (буклеттер, плакаттар жəне кітапшалар) тарату, ауруды тапқан кезде жануарлардың иелерінің əрекеттері жəне жануарларды қорғау шаралары жөнінде жұмыстар жүргізуді; 13) ЖАЖ-технологияның бағдарламалық өнімін пайдалана отырып, аурудың шығуын модельдеуді, деректерді картаға түсіруді жəне аусыл бойынша молекулярлық зерттеулер жүргізуді; 14) аусылдың шығу себептерін, ауру таралуының болжамды ауқымын жəне клиникалық белгілерін белсенді түрде іздеу арқылы вирустардың айналымын анықтау мақсатында аумақтарда, шаруашылықтарда, мал базарларында жəне жеке аулаларда эпизоотологиялық тексеру жүргізуді; 15) аусыл бойынша қолда бар ақпараттың негізінде шектеу аймағын, бақылау аймағын жəне қорғау аймағын картаға түсіру жəне анықтау; 16) шектеу аймақтарында аусылға сезімтал жануарлардың барлық түріне күнделікті клиникалық тексеру жүргізуді, бақылау мен қорғауды жəне аурудың кез келген жағдайы жəне күдігі туралы хабарлауды; 17) профилактикалық дауалау жүргізу үшін, шектес мемлекеттермен шекаралас жоғары тəуекел дəрежелі аудандарды анықтауды; 18) мынадай стандартты жедел рəсімдерді əзірленімдеуді: Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталыққа биоматериалдардың сынамаларын беру бойынша; жұқтырылған қора-жайларды, анықтау бойынша; əкімшілік аудандар мен табиғи шекаралар (өзен, көл, тау) шегінде шектеу аймағын, жұқтырылған аумақтың айналасында диаметрі 3 километр бақылау аумағын жəне диаметрі 10 километр қорғау аймағын анықтау бойынша; өтемақы төлей отырып, ауру жəне ауру малдармен жанасқан жануарларды бағалау бойынша; тəуекелді бағалауға сəйкес, жұқтырылған қора-жайларда ауру жануарларды сою жəне жою бойынша; мал сойылған қора-жайлар мен аумақтарды тазарту жəне дезинфекциялау бойынша; аусылдың клиникалық белгілерін анықтау үшін шаруашылықты инспекциялау бойынша; аралығы 3 жыл бойы бірінші рет еккеннен кейін бір айдан кейін, екінші рет егуден кейін 6 айдан кейін етіп қорғау аймағында жануарларға вакцина егу бойынша; кейіннен аусыл кезінде шектеу қоя отырып, карантинді алып тастау бойынша; 19) мыналарды: басқа облыстардың қолайсыз аймақтарымен ветеринариялық-санитариялық бекеттер ұйымдастыруды; көршілес облыстарда аусыл бойынша эпизооттиялық жағдай қиын болуына байланысты облыс шекарасы бойына карантиндік аймақ орнату туралы шешім қабылдауды; мыналарға: қол жүктерін физикалық бақылауды қоса алғанда, сауда-экономикалық жəне тұрмыстық байланыс бойынша өткізу пункттері арқылы көршілес облыстардан адамдардың жəне автокөлік құралдарының өтуіне; облыстық əкімшілік аумақты қорғау жөніндегі мемлекеттік органдардың құзыретін ескере отырып, облыс аумағына көршілес облыстардан жануарлардың заңсыз тасымалдануына; облыс ішінде қолайсыз аудандардан қолайлы аудандарға ауру немесе ауырып жазылған жануарларды бақылаусыз өткізуді қадағалауды бақылауды күшейту бойынша бірлескен іс-шаралардың ведомствоаралық жоспарын əзірлеуді жəне бекітуді көздейтін Қазақстан Республикасының шекарасын қорғау бойынша іс-шараларды. 82. Тиісті əкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдарының бөлімшесі «Аумақты аймақтарға бөлу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 767 бұйрығына сəйкес аумақтарды аймақтарға бөлуді жүзеге асырады. Тиісті əкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары аймақтарды белгілеу үшін қажетті негізгі параметрлерді көрсете отырып, географиялық картаны жүргізеді. 83. Қолайсыз пунктте жүргізілетін іс-шаралар мыналарға жол бермеуді көздейді: 1) аусыл бойынша қолайсыз пункттен жануарлардың барлық түрлерін, оның ішінде құстарды əкелуге (кіргізуге) жəне əкетуге (шығаруға); 2) қолайсыз пунктте жануарлардан алынған азық-түліктер мен шикізаттарды, мал азығын, азықтық қоспаларды дайындауға жəне одан шығаруға, сондай-ақ ауру жұққан мүкəммалды, материалдарды жəне өзге де материалдық-техникалық құралдарды шығаруға; 3) ошақтың, қолайсыз пункттің ішінде жануарларды қайта топтастыруға (ауыстыруға); 4) ветеринариялық қадағалаудың бақылауындағы жүктердің көрмесін, базарларын, жəрмеңкелерін, нарықтарын жəне саудасын өткізуге, сондай-ақ қолайсыз пункттің аумағында жануарлардың, адамдардың жəне көліктердің шоғырлануына байланысты басқа іс-шараларды өткізуге; 5) қолайсыз пункттен сүтті шығаруға жəне пайдалануға; 6) жануарларды қолдан ұрықтандыру үшін қолайлы шаруашылықтарға ұрықты шығаруға; 7) көліктің барлық түрлерінің қолайсыз пункт арқылы өтуіне. Көліктердің межелі жеріне өтуі үшін айналып өтетін жолдары анықталуы жəне көрсеткіштермен белгіленуі тиіс. Қажет болған жағдайда қолайсыз пунктке арнаулы тағайындалған көліктің кіруіне жəне шығуына болады. Бұл ретте, қолайсыз пункттен шығарда көлік, шығатын адамдардың сыртқы киімдері жəне аяқ киімдері міндетті түрде дезинфекциялауға жатады. Осы мақсатта қолайсыз пункттің шекарасындағы бір жолды жеке арнап кіретін адамдардың (немесе шығатын) сыртқы киімін зарарсыздандыру үшін дезинфекциялау камерасын, дезинфекциялау ерітіндісі жəне аяқ киімді дезинфекциялау үшін щетка бар ыдысты, көлікті дезинфекциялау үшін дезинфекциялық қондырғыны, кезекшілер үшін күзет күркесін жəне олардың киімдерін санитарлық тазарту кезінде көрсетілген тұлғалардың болуы үшін вагон орнатады. 84. Аусыл бойынша қолайсыз пункттерде тиісті əкімшілік-аумақтық бірліктің ЖАО бөлімшесі мынадай іс-шараларды ұйымдастырады: 1) пункттен шығатын барлық жолдарды (соқпақтарды) жабады жəне тəулік бойы кезекшілікте болатын күзет-карантин бекеттерінің қажетті санын қояды, сондай-ақ: «Жүруге тыйым салынады», «Айналып өту», «Міндетті түрде тоқтау», «Тоқтауға тыйым салынады» деген тиісті көрсеткіштерді (жол белгілерін) орнатады; 2) күзет-карантин бекеттерінде кезекшілікті атқару үшін адамдардың қажетті санын бөледі жəне олардың міндеттерін анықтайды. Күзет-карантин бекеті бойынша кезекшілерге арнайы куəлік жəне қолдарына байлайтын таңғышты береді. Бекеттерді шлагбаумдармен, дезинфекция барьерлерімен жəне кезекшілерге арналған күркелермен жабдықтайды, мүмкіндігінше байланыс орнатады; 3) барлық жануарларды қамап ұстауға немесе жайылымның арнайы бөлінген оқшауланған учаскесіне ауыстыруды қамтамасыз етеді, қолайсыз пункттегі барлық аусылға сезімтал жануарларды есепке алады; 4) қолайсыз пункттегі барлық сезімтал жануарларға алдындағы егудің мерзіміне қарамастан міндетті түрде аусылға қарсы вакцинация жүргізеді; 5) қолайсыз пункттің аумағындағы үй құстарын жабық қора-жайларда, ал иттерді байлауда ұстайды; 6) ветеринарлық дезинфекция, дезинсекция, дезинвазия жəне дератизация жүргізу жөніндегі қолданыстағы нұсқаулыққа сəйкес, күнделікті мал шаруашылығы қора-жайларына жəне өндірістік аумақтарға дезинфекция жүргізуді, арнайы киімдерді, күту заттарын, көлік құралдарын жəне басқа заттарды тазартуды қамтамасыз етеді; 7) қора-жайларға немесе малға арналған қораларға, жануарлар иелерінің аулаларына, сондай-ақ жануарларды, жануарлардан алынған өнімді жəне шикізатты дайындауды (сою), өңдеуді, өндіруді, сақтауды жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде міндетті түрде аяқ киімді жəне көлікті тазарту үшін, дезинфекция барьерлері орнатылуы тиіс. 85. Тиісті əкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялықсанитариялық инспекторы: 1) аусыл бойынша қолайсыз пунктке шығуға жəне сол жерде диагноз қоюдың, аусылды жою жөніндегі іс-шараларды жүргізудің, ауру бойынша қолайсыз пункттің шекарасын, қолайсыз аймақты, қадағалау аймағы мен қолайлы аймақты белгілеудің дұрыстығын нақтылауы; 2) ауданның жергілікті атқарушы органының басшысына, облыстың Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторына, көршілес əкімшілікаумақтық бірліктердің Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларына аусылдың шыққандығы туралы дереу хабарлауы; 3) қолайсыз пунктте жəне қолайсыз аймақта карантин талаптарының сақталуы бойынша дереу бақылау орнатуы тиіс. 86. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы облыстың Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторынан хабар алғаннан кейін Жануарлардың денсаулығын сақтаудың дүниежүзілік ұйымын жəне шектес мемлекеттердің мемлекеттік ветеринариялық қызметтерінің басшыларына Қазақстан Республикасындағы аусыл бойынша эпизоотиялық жағдай туралы хабарлайды. 87. Қолайсыз пунктте аусылдың эпизоотиялық ошағын толық оқшаулауды, онда вирусты жоюға бағыталған іс-шараларды үнемі жəне жоспарлы орындауды, оны тарату жолдарын жабуды қамтамасыз етеді. Осы мақсатта мынадай іс-шараларды жүргізеді: 1) өтетін бір жер қалдырып эпизоотиялық ошақтың аумағын қоршайды жəне онда тəулік бойы күзетшілік бекет қояды; 2) ошаққа кіре берісті дезинфекция барьері жəне дезинфекциялайтын қондырғысы бар бақылау-өткізу пунктімен жабдықтайды; 3) жануарларға қызмет көрсету жəне ошақтың аумағында басқа шаруашылық жұмыстарын жүргізу үшін тысқары шығу құқығынсыз тұрақты көлікті бекітеді. Мал азығын, азық-түлікті жəне басқа да қажетті материалдарды тасып жеткізу үшін ошаққа кіре берісте сырттан жүктерді жеке көлікпен жеткізетін қайта тиеу алаңын жабдықтайды; 4) қолайсыз пунктте бекітілген адамдарды ауыстыратын санитарлық киіммен жəне аяқ киіммен, орамалмен, сабынмен жəне қолды тазартуға арналған дезинфек-

(Жалғасы 12-бетте).


12

www.egemen.kz

(Жалғасы. Басы 9-11-беттерде). циялайтын ерітіндімен, сондай-ақ алғашқы медициналық көмек қобдишасымен қамтамасыз етеді. Ошақтан қандай да болмасын заттарды, мүкəммалды, жабдықтарды, азық-түлікті, жем-шөпті жəне кез-келген заттарды алып шығуға болмайды; 5) ошақтың шегінде сүтті зарарсызданыру, сүт өнімдерін өңдеу жəне сақтау үшін үй-жайларды жабдықтайды. Ошақтағы сиырлардан алынған сүтті қорытқан майға қайта өңдейді. Адамдардың тамағына жəне жануарларға азыққа 5 минут бойы қайнату немесе 30 минут бойы 850С температурада пастерлеу жолымен зарарсыздандырылған сүтті (сүт өнімдерін) ғана пайдаланады; 6) ошақтың аумағына жəне əсіресе, ауру малдар тұрған қора-жайларға, сондайақ оларды күтіп-бағу заттарына күнделікті дезинфекциялау жүргізуді ұйымдастырады. Қиларды, мал азығы қалдықтарын жəне төсенішті биотермиялық жолмен зарарсыздандыру үшін ошақтың аумағында жинайды жəне үйеді немесе жағып жібереді; 7) шаруашылық жүргізуші субьектілерде кеміргіштерді жоюды ұйымдастырады, сондай-ақ аусылмен ауыратын жануарларды ұстайтын жерлерге иттердің, мысықтардың, құстардың жəне басқа жануарлардың кіруіне жол бермеу шараларын қабылдайды; 8) ошақтағы ауру жəне қырылған жануарларды өртеу жолымен жояды. 88. Қолайсыз пунктте ветеринарлық іс-шараларды жүзеге асыратын мемлекеттік ветеринарлық ұйымдар: 1) жануарлардың аусыл ауруы шығуына күдікті жағдайда тиісті əкімшілікаумақтық бірліктің ветеринар маманын хабардар етуі; 2) аусыл ауруы бойынша күдікті жануарларды оқшаулауы, оларға қызмет көрсетуге басқа жануарларды күтіп-бағатын адамдармен оның байланысын болдырмай, жеке адам бекітуі. Басқа жануарларды ауру анықталған орнында қалдыру жəне оларды басқа қора-жайларға ауыстыруды немесе басқа жайылымға айдауға жол бермеуі, жануарларды айдауды, тасуды, жануарларды, жануарлардан алынатын азық-түлік пен шикізаттарды дайындау (сою), өндіру жəне қайта өңдеу кəсіпорындарының қызметін тоқтатуы; 3) аумақ шекарасына немесе ауру жануарлар орналасқан қора-жайларға кіре берісте «Кіруге тыйым салынады! Аусыл ауруына күдікті!» деген жазуы бар көрсеткіш белгілер қоюы; 4) аусылдың эпизоотиялық ошағы аумағынан жануарлардан алынатын азықтүлікті жəне шикізатты, азықты, азықтық қоспаларды қоса алғанда, кез келген заттарды шығаруға (алып шығуға)жол бермеуі; 5) шаруашылықты қоса алғанда, ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын басқа жеке жəне заңды тұлғалармен, ең алдымен басқа жануар иелерімен байланысқа жол бермеуі; 6) жануарлардың аусыл ауруымен ауруына күдік туралы хабарламаны алған кезде ветеринариялық-санитариялық қорытындыны ресімдей отырып, аусылға алдын ала диагноз қою үшін орынға (аусылдың эпизоотиялық ошағына) дереу келуі; 7) ауданның бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторын жануарлардың аусылмен ауырғанына алдын ала қойылған диагноз туралы хабардар етуі; 8) эпизоотиялық ошаққа келген сəттен бастап, аусылдың эпизоотиялық ошағының шекарасын жəне аусыл бойынша қолайсыз пунктті анықтауы; 9) аусылға диагнозды растау (түпкілікті диагноз қою) жəне жануарлардың ауруын қоздырған аусыл вирусының типін анықтау үшін, эпизоотиялық ошаққа келген сəттен бастап ауру жануарлардан патологиялық материал алуы; 10) келген сəттен бастап, аусылдың вирусын əкелу көзін, сондай-ақ оны таратудың мүмкін болатын жолдарын анықтау мақсатында тиісті эпизоотологиялық зерттеу актісін ресімдей отырып, эпизоотологиялық зерттеу жүргізуі; 11), киімдері мен аяқ киімдерін мұқият санитарлық тазартқаннан жəне дезинфекциялағаннан кейін адамдардың аусылдың эпизоотиялық ошағынан шығуын ұйымдастыруы қажет. 89. Қолайсыз пункттен карантин эпизоотиялық ошақта соңғы ауырған жануардың жазылған, сойылған немесе жойылған күнінен бастап 21 күн өткен соң алынады. 90. Карантинді алудың алдында: 1) аусылмен аурған жануарлар орналасқан барлық қора-жайларды, аумақтарды, мүкəммалды жəне көлікті тазартуды жəне қорытынды дезинфекциялауды жүргізеді; 2) жануарларды ұстау, пайдалану жəне өсіру жөніндегі өндірістік үй-жайлардың ішінде жаңа сөндірілген əк ерітіндісімен қабырғаларды, бөлінген жерлерді əктейді; 3) қолайсыз пункттен карантинді алу кезінде қорытынды іс-шараларды жаңбыр, қар жауған жəне аяз уақытында жүргізген жағдайда, қолайлы ауа-райы болған кезде бұл пунктте қайтадан сыртқы ортадағы аусылдың вирусын толық құртуды қамтамасыз ететін ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар кешенін (қоражайларды санитариялық жөндеу, дезинфекция жəне басқалары) жүргізеді; 4) қорытынды ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды орындаудың толықтығын, аусыл бойынша малдың сау екендігін тексереді. 91. Тиісті аумақтардың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларының ұсынымы бойынша тиісті əкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдарының шешімімен карантинді алғаннан кейін ветеринария уəкілетті органының ведомствосы Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жəне ХЭБ жер үсті жануарларының саулығы жөніндегі кодекспен ұсынылған мерзімге шектеу іс-шараларын бекітеді. Жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді жəне өндіруді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде аусыл анықталған кезде жүргізілетін іс-шаралар 92. Жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді жəне өндіруді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде (бұдан əрі – Кəсіпорын) аусыл анықталған кезде осы Қағидада белгіленген іс-шараларды жүргізеді. 93. Кəсіпорындарда аусылдың таралуын болдырмайтын мынадай шараларды қабылдайды: 1) кəсіпорын аумағындағы барлық жануарларды дереу алады жəне өртеу жолымен жояды; 2) жануарлар тасымалданған көлік құралдарын қидан, азық қалдықтарынан жəне қоқыстардан, жануарларды ұстаған аумақтар мен қора-жайларды, өндірістік үй-жайларды, сондай-ақ мүкəммалды тазартуды ұйымдастырады жəне оларды мұқият дезинфекциялайды; 3) қиларды кəсіпорын аумағында жабдықталған көң сақтағыштарда биотермиялық тəсілмен жағып жіберуді немесе зарарсыздандыруды, сондай-ақ ағын суларды зарарсыздандыруды қамтамасыз етеді; 4) өткізілетін (тасымалданатын) объектілердің аусыл бойынша қолайсыз партиясын жеткізуге, адамдардың киімдерін жəне аяқ киімін тазарту, дезинфекциялау, сондай-ақ зарарсыздандыру бойынша жұмыстарды жүргізуге қатысқан адамдарды санитариялық тазартуды ұйымдастырады. 94. Кəсіпорындарда тиісті əкімшілік-аумақтық бірліктің Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының нұсқамасы бойынша дереу мыналар көздейтін шектеу іс-шараларын енгізеді: 1) сою үшін əкелген жануарлардың жаңа партияларын, басқа өткізілетін (тасымалданатын) объектілерді қабылдау ошақты жою жөніндегі ветеринариялықсанитариялық іс-шаралар аяқталғанға жəне карантин мен шектеулі іс-шаралар алынғанға дейін тоқтату; 2) кəсіпорынның аумағынан өткізілетін (тасымалданатын) объектілерді шығаруға, сондай-ақ қалдықтарды жəне кез келген заттарды зарарсыздандырмаған күйде одан тысқары шығаруға (əкетуге) жол бермеу; 3) кəсіпорынға тікелей қатысы жоқ бөгде адамдардың кəсіпорынға кіруіне жол бермеу; 4) кəсіпорынның қызмет көрсететін персоналын санитариялық тазалықтан өткізу режимін күшейту. Аусыл бойынша қолайсыз аймақта жəне ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта жүргізілетін іс-шаралар 95. Тиісті əкімшілік-аумақтық бірліктердің бас мемлекеттік ветеринариялықсанитариялық инспекторлары жануарлардың аусылмен ауыруының алдын алу бойынша ветеринариялық-санитариялық жəне профилактикалық іс-шаралардың жүргізілуіне бақылауды жүзеге асырады. 96. Қолайсыз аймақта жануарлардың аусыл ауруының туындауына жол бермеуді қамтамасыз ететін мынадай іс-шараларды қабылдайды: 1) пункттердің аусыл бойынша қолайсыз пунктпен қатер төндіретін шаруашылық байланысты толығымен тоқтатады; 2) барлық аусылға сезімтал жануарларды есепке алады жəне оларды вирустың тиісті типінің аусылға қарсы вакцинасымен иммундайды. Қатерлі аймаққа жаңадан келген барлық жануарларды да аусылға қарсы егеді, оларды күнтізбелік 30 күндік карантиннен кейін, бірақ вакцинациядан кейін күнтізбелік 21 күннен бұрын емес жалпы табынға қосады; 3) жануарлар орналасқан өндірістік аумақтарға жəне қора-жайларға бөгде адамдардың кіруіне жол бермейді; 4) профилактикалық іс-шараларды жүргізу жəне елді мекендерде оларға аусыл қоздырғыштарын əкелуден қорғауға бағытталған ветеринариялық-санитариялық қағидаларды сақтауға бақылауды жүзеге асыру үшін қолайсыз аймақтың əрбір елді мекеніне ветеринарлық мамандарды бекітеді; 5) отарлы мал шаруашылығы аймақтарында қолайсыз пункт аумағымен шекараның бойымен 10-15 километр ішке қарай жануарлар жайылмайтын аймақты бекітеді, ол жерден карантин кезінде барлық жануарларды шығарады. Басқа жағдайларда жануарларды азық пен суды əкеліп беретін байлап немесе қамап ұстайды; 6) шөп маяларын жəне басқа ірі азықтарды үй жəне жабайы жануарлардың кіруінен қорғауды немесе қоршауды (айналасын қазады) ұйымдастырады; 7) аусыл вирусының əкеліну қаупі жəне аурудың туындауының алдын алу шаралары туралы жеке жəне заңды тұлғаларға, азаматтарға хабарлайды, тұрғындар арасында осы мəселелер бойынша түсініктеме жұмыстарын жүргізеді; 8) аусылға қарсы вакцина егілген жануарларды вакцина егілгеннен кейін күнтізбелік 21 күннің ішінде союға жол бермейді; 97. Жабайы жануарлар (ең алдымен – аша тұяқтылар) ұстайтын жеке жəне заңды тұлғалар көрсетілген объектілерге кіре берісте (шығатын жерде) дезинфекция кілемшелері жəне дезинфекция барьер жабдықтарын қоса, инфекция қоздырғыштарының əкелінуіне жол бермеу жөніндегі шаралардың жүйесін жүргізеді, қызмет көрсететін персоналды арнайы киіммен жəне аяқ киіммен қамтамасыз етеді. 98. Қолайсыз аймақтан жеткізілген сүтті міндетті түрде 850С температурада пастерлейді немесе қайнатады. Аусыл бойынша қолайлы аймақта жүргізілетін іс-шаралар 99. тиісті əкімшілік-аумақтық бірліктердің ЖАО бөлімшесі аусыл бойынша қолайлы аймақта ветеринария саласындағы уəкілетті орган ведомоствосының аумақтық инспекциясымен келісім бойынша аусыл ауруының профилактикасы жəне онымен күресудің стратегиялық жоспарын жасайды, онда: 1) аусыл эпизоотологиясын зерделеу бойынша; 2) тəуекелдерді анықтау бойынша; 3) тəуекелдерді азайту/төмендету бойынша; 4) аусылдың таралуын қысқарту жəне жұғу тəуекелін төмендету бойынша ісшаралар көзделеді. 100. Аусыл эпизотоологиясын зерделеу жөніндегі іс-шаралар мынаны көздейді: 1) аусыл бойынша эпизоотология жағдайын анықтау мақсатында тиісті аумақтағы мал шаруашылығын жүргізу жүйесін (жануарларды жəне мал шаруашылығы өнімдерін ұстау, өсіру) толық зерделеу; 2) соңғы 12 ай ішіндегі деректерді жинау жəне талдау арқылы аусыл бойынша эпизоотология жағдайын зерделеу: аусылдың үй жануарлары жəне жабайы фаунаның аша тұяқты жануарларының арасында таралуы; аурудың клиникалық белгілерінің көрінуі; жануарларды вакциналау жəне аусыл вирусының құрылымдық емес ақуыздарын анықтау серомониторингі; жануарларды жəне мал шаруашылығы өнімдерін тиісті аумаққа шығару (импорттау); көктем-жаз мезгілінде жаңа жайылымдарға жаюды ескере отырып, жануарларды əкімшілік-аумақтық бірліктің аумағы ішінде орын ауыстыру; жеке аулалар, шаруашылықтар, базарлар, қайта өндеу кəсіпорындарын белсенді бақылау (инспекциялау) деректерінің жиынтығы; аусылға қарсы вакцина егілген жануарлар мен аусыл вирусының құрылымдық емес ақуыздарының серомониторингі деректерінің жиынтығы; жануарларға вакцина егу жəне серомониторинг жүргізу бойынша есептілікті зерделеу жəне талдау жолымен пассивті бақылауды жоспарлау; ауру тіркелген жағдайда, республиканың аумағында таралған аусылдың серотиптерін (кіші типтерін) анықтау үшін ауыл шаруашылығы жануарларының қан сывороткасының сынамаларын ХЭБ халықаралық анықтамалық зертханасына жіберу; деректер базасын пайдалану жəне аусылдың таралу көрсеткіштерін картаға түсіру жөнінде ауруларды қадағалау жөніндегі электрондық интеграцияланған жүйені жəне жер ақпараттық жүйесін (бұдан əрі - ЖАЖ) қолдану. Ветеринар мамандарды ауру жануарлардан биоматериалдар сынамаларын алуды қоса алғанда, аусылды эпизоотологиялық тексеруге, диагностикасы мен ауру тəуекелдеріне үйрету бойынша семинар-тренингтер өткізу. 101. Тəуекелді анықтау жөніндегі іс-шаралар мынаны көздейді: 1) ауру өршіген жəне/немесе ауруы күдікті болған кезде ақпаратты жедел жинауды жүзеге асыру; 2) аусылды жұқтыру мүмкін ошақтарды анықтау үшін оларды егжей-тегжейлі сипаттай отырып, аусылдың пайда болуына, таралуына жəне əкелінуіне ықпал ететін тəуекелдерді бағалай отырып, эпизоотлогиялық тексеру нəтижесінің деректерін талдау; 3) мынадай факторлар мен оларды бағалау əдістері бойынша аусылдың таралуына ықпал ететін тəуекелдерді бағалау, оның ішінде: аусыл бойынша қолайсыз пункттерден ауру немесе ауырып жазылған жануарларды көшіру жəне орнын ауыстыру; қолайлы аймаққа адамдардың, көлік құралдарының қозғалысы, азықты (шөп, жем-шөп жəне басқалар), қолайсыз аймақта қолданыста болған жабдық пен мүкəммалды тасымалдау; сапасыз вакциналарды қолдану; аусылды жұқтырған жануарлардың сүйектері бар қалдықтармен шошқаларды азықтандыру; аусылдың пайда болуының жəне таралуының мерзімдік факторлары жəне басқа да əлеуетті тəуекелдері; жабайы фауна; ауруды қасақана тарату; 4) тəуекелдерді зерделеу жəне анықтау негізінде Қазақстан Республикасының аумағында (облыстар бөлігінде) аусылдың таралуына жəне сау түліктерге жұқтыруға ықпал ететін тəуекелдерді бақылау жоспарын жасау жəне бекіту; 5) аусылдың таралуын қысқартуға ықпал ететін тəуекелдерді бақылау шараларын жəне егжей-тегжейлі сипаттай отырып, оларды бағалау əдістерін белгілеу; 6) анықталған жаңа тəуекелдерді ескере отырып, облыс аумағында аусылдың таралуына жəне сау түліктерге жұқтыруға ықпал ететін тəуекелдерді бақылау жоспарын іске асыру жəне оны жаңарту. 102. Тəуекелдерді азайту/төмендету жөніндегі іс-шаралар мынаны көздейді: 1) аусыл эпизоотологиясын зерделеу мен тəуекелдерді бағалау жөніндегі ісшараларды іске асыру; 2) тұрғындар арасында аусылға қарсы күрес шаралары бойынша ақпараттықнасихаттау жұмысын ұйымдастыру жəне жүзеге асыру;

3) вакцинация жүргізу стратегиясын əзірлеу жəне «суық тізбек» принцпін қамтамсыз ету; 4) жануарлардың аусылды жұқтыруын қысқарту үшін тірі мал сататын базарларда ветеринариялық-бақылау шараларын қабылдау жəне оған қатысушылар арасында аусылдың жұғу жолдары мен профилактика жəне онымен күрес шаралары туралы ағарту жұмыстарын жүргізу; 5) тиісті əкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жануарлардың орын ауыстыруына бақылауды ұйымдастыру жəне жүзеге асыру; 6) жеке аулаларда, мал шаруашылығы объектілерінде жəне тірі мал сататын базарларда гигиена нормаларының сақталуын қамтамасыз ету (өндірістік-тұрмыстық желілердің аса күдікті жерлерін үнемі жинау, тазарту, дезинфекция, дератизация жəне дезинсекция т.б.); 7) жануарларға аусылға қарсы вакцина егуді қамтуды бағалауға бағытталған серомониторинг жүргізу; 8) қолданылатын вакциналардың қажеттігін жəне оның тиісті аумақта таралған вирус штаммына сəйкестігін растайтын зертханалық зерттеу жүргізу; 9) жүргізілген жəне жүргізілетін аусылдың таралуын жəне тəуекелдерді қысқартуды бақылау шараларын бағалау; 10) аусылдың өршуін, оның ішінде қолданылған бақылау шараларына қарамастан орын алған аурудың өршуін эпизоотологиялық тексеру жолымен зерделеу; 11) бақылаудағы нысандарда биологиялық қауіпсіздік жəне гигиена талаптарының сақталуын тексеруді жəне инспекциялауды ұйымдастыру; 12) жеке аулалар мен шаруашылықтарға бару, жануарларды тексеру, биоматериалдардың сынамаларын алу жəне жануарлардың иелерінен сұрау алу жөніндегі ветеринариялық инспекцияның жедел əлеуетін арттыруға ықпал ететін құқықтық жағдай жасау; 13) аусыл бойынша эпизоотиялық жағдайды зерделеу жөніндегі алынған деректерді нақты режимде талдау үшін географиялық байланысы бар деректерді жəне карта жасауды қамтитын ақпараттық жүйені дамыту; 14) жануарлардың орын ауысуы мен оларды базарларда сатуға байланысты аурудың таралу тəуекелін қысқарту үшін қажетті құқықтық нормаларды (тірі малды сату жөніндегі нарық жұмысын жəне оларға қатысушылардың жауапкершілігін реттеу) міндетті түрде қолдану. 103. Аусылдың таралуын қысқарту жəне жұқтыру тəуекелін төмендету жөніндегі іс-шаралар мыналарды көздейді: 1) аусылдың эпизоотологиясын зерделеу, тəуекелін анықтау жəне бақылау шараларының орындалатындығы мен тиімділігін қамтамасыз ету жəне тиісті жоспарларға түзету енгізу үшін əрбір шара бойынша алынған деректерді міндетті түрде талдай отырып, тəуекелдерді қысқартуға бақылауды жүзеге асыру жөніндегі іс-шараларды іске асыру; 2) аусыл бойынша эпизоотиялық жағдайды зерделеу жəне тəуекелдерді бақылау жоспарын іске асыру негізінде, мынаны: аурудың пайда болуына ықпал еткен инфекция көзі мен факторларын көрсете отырып, аусылдың өршуінің əрбір жағдайын эпизоотологиялық тергеуді; аурудың таралуының мүмкін болатын сценарилерін болжауды жəне атқарылған жұмыс туралы есеп жасауды; аусылдың одан əрі таралуын шектеу жөніндегі жедел шараларды (карантиндік режим, ауру жəне олармен жанасқан жануарларды санитариялық сою, олардың қозғалысын шектеу, аумақты зоналау, жедел вакцина егу жəне басқаларын) қабылдауды; белсенді жəне пассивті бақылау деректерін, оның ішінде өршуді зерттеу, ауру көзін анықтау жəне аусыл бойынша зертханалық зерттеу туралы деректерді талдауды; аусыл ауруының таралуының алдын алу мақсатында жануарлардың қозғалысын шектейтін қолданыстағы құқықтық базаны толықтыруды; аусылға күдікті жағдайлар туралы міндетті хабардар етуді; ауру жануарларды алуды жəне жоюды, олардың құнын өтеуді қамтамасыз ететін құқықтық жайлар жасауды; жануарларды сəйкестендіру жəне деректер базасын жүргізу жүйесін бір жолға қоюды; аусылды жұқтыруды қысқарту үшін жануарларды өсіру мен күтіп-бағудың жəне мал базарларында сатудың, қайта өңдейтін кəсіпорындарда өнімдер мен шикізатты өңдеу мен сатудың технологиялық сызбасын қадағалауды; импорттық жануарларға карантин жүргізуді жəне импорттық мал шаруашылығы өнімдерін инспекциялауды; оларды мерзімдік жазғы жайылымдарға айдауға байланысты жануарлар қозғалысының бағыттарын анықтауды; үй жануарларының жабайы фаунаның аша тұяқты жануарларымен мүмкін болатын байланысын болдырмауды; əлеуетті жəне аусылдың таралу қаупі бар аймақтарды ескере отырып, аумақтарды: қазақстандық аумақта кемінде 50 километр ішке қарай Қазақстанның мемлекеттік шекарасының бойымен; кемінде 30 километр радиусымен (жолдың екі жағы бойынша) облыс аумағымен өтетін ірі автомагистралдардың бойымен; елді мекендердің санын жəне аусылға сезімтал мал басын ескере отырып, аусылдың бұрын анықталған ошақтарының қолайсыз жəне буферлік аймақтары бойынша; жабайы фаунаның аша тұяқты өкілдері арасында мүмкін инфекция көзі бар аймақтар бойынша буферлік аймақтарға бөлуді; мыналарды: жеке аулаларды, шаруашылықтарды, базарларды, өңдеу кəсіпорындарын инспекциялауды; жануарларды аусылға қарсы вакцинациялау серомониторингін; аусыл вирусының құрылымдық емес ақуызының серомониторингін; жануарларды клиникалық тексеруді қоса алғанда, ауру өршіген жəне ауруға күдік болған кезде қолда бар ақпаратты жедел жинау жəне талдау жүргізу жолымен белсенді бақылауды жүзеге асыруды; аусыл бойынша есептілікті зерделеу жəне талдау жолымен пассивті бақылауды жүзеге асыру; облыс аумағында таралған аусыл вирусы штаммының сипаттамасын анықтау үшін ХЭБ халықаралық анықтамалық зертханасында биоматериалдардың сынамаларын алу кезінде репрезентативтілікті қамтамасыз етуді; ХЭБ-тың Жер үсті жануарларының денсаулық кодексінің бақылау стандарттарына сəйкес Қазақстан Республикасының тиісті аумағында аусылдың таралуын бақылауды көздейтін аусылды жою жөніндегі жоспарды əзірлеу жəне іске асыру. 9. Iрi қара малдың вирустық диареясы Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта жүргізелетін профилактика бойынша іс-шаралар 104. Вирустық диареяны болдырмау жөнінде жүргізілетін ветеринариялықсанитариялық іс-шаралар: iрi қара малды орналастырған, азықтандырған жəне пайдаланған кезде осы Қағиданың орындалуын қамтамасыз етуді; жайылымдардың жəне суару орындарының ветеринариялық-санитариялық жағдайын тиісті түрде ұстауды; өлген жануарлардың қиын жəне өлекселерін уақтылы зарарсыздандыруды қамтамасыз етуді; профилактикалық дезинфекцияны, дератизацияны, дезинсекцияны ұдайы жүргізуді; барлық жануарларды сəйкестендіруді қамтамасыз етуді; қолайлы жəне қолайсыз аймақтардың жануарларының арасында байланысқа жол бермеуді қамтиды. Вирусты диареяның эпизоотиялық ошағында жəне ол бойынша қолайсыз пункттерде жүргізілетін іс-шаралар 105. Диагноз анықталған кезде шаруашылық жүргізуші субъектіні осы ауру бойынша қолайсыз деп жариялайды жəне шектеу қояды. 106. Ауру жануарларды оқшаулайды жəне аурудың таралу деңгейіне қарай жояды немесе емдейді. Таралу жəне сау жануарларға жұқтыру деңгейі экзотикалық, жануарлардың алғашқы анықталған ауруларын қоса алғанда, қосымша инфекция жұқтырудың жоғары тəуекелінің болуына қарай анықталады. 107. Емдеу кезінде негізінен, асқыну профилактикасына жəне ағзаның қорғаныс күштерін қолдауға бағытталған сиптоматикалық терапияға жол беріледі. 108. Антибиотиктерді іріктеу кезінде микрофлораның оған деген сезімталдығы ескеріледі. 109. Жануарларды қайта топтастыруға шектеу қойылады. 110. Егжей-тегжейлі дезинфекция жүргiзедi. 111. Шаруашылық жүргізуші субъектіден шектеу ақырғы ауру жануар жазылған соңғы жағдайдан жəне қорытынды дезинфекция жүргізгеннен кейін күнтізбелік 30 күннен кейiн алынады. 10. Iрi қара малдың кемiктəрiздес энцефалопатиясы 112. Ірi қара малдың азығы үшін күйіс қайыратын жануарлардың ет-сүйек ұны мен қайта өңдеу қалдықтарын пайдалануға тыйым салу профилактиканың негізгі əдісі болып табылады. 113. Кемiктəрiздес энцефалопатиясына күдiктi ірi қара мал союға, жатады, өлексесін өртеп жібереді. 114. Ауру жұққан жануар анықталған жағдайда, оны жояды, ал шаруашылықта карантин енгізіледі. Шаруашылықтағы қалған жануарларды кейін ұшаларын жəне iшек-қарынын өртей отырып, қасапханада сояды. 115. Бас миын диагнозды түпкілікті растау үшін гистопатологиялық, иммунохимиялық, электронды микроскопиялық əдіспен жəне иммуно-блотингті түрлі əдістерді пайдалана отырып, түпкілікті растау үшін алады. 116. Ауру жануарларды анықтау үшiн етке сояр алдында жасы 6 айдан асқан iрi қара малдың, барлық жас тобындағы қойлар мен ешкiнiң барлық басын жүйелi түрде тексеруден өткiзедi. 117. Аурудың инкубациялық кезеңi ұзақ жəне серологиялық немесе ауырған, əсіресе аурудың инкубациялық кезеңiдегі жануарларды дер кезінде анықтауға мүмкіндік беретін басқа да тесттердің болмауына байланысты аурудың таралу қаупі ұлғаяды. Осыған байланысты: 1) iрi қара малдың кемiктəрiздес энцефалопатиясына кез келген күдіктену туралы ауданның (қаланың) бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторына хабарлау; 2) ветеринар мамандар iрi қара малдың кемiктəрiздес энцефалопатиясының клиникалық белгiлерiн тани білуі; 3) диагностикалық қызметтерде Еуропалық комиссиясының ғылыми ветеринариялық комитетi əзірлеген стандартталған тесттерді қолдана отырып, ауруды растауға жəне iрi қара малдың кемiктəрiздес энцефалопатиясын iрi қара малдың клиникалық белгiлерi ұқсас басқа да жақын ауруларынан ажыратуға мүмкіндік беретін білімі, тəжірибесі жəне əдістері болуы тиіс; 4) инфекцияның азық арқылы берiлуi мүмкіндігін болдырмау. Ол үшін күйіс қайыратын жануарларды күйіс қайыратын жануарлардан алынған ақуыздармен азықтандыруға тыйым салу қажет. Мұндай шара жануарларды, соның ішінде зоопарктегі жəне табиғи қорықтардағы жануарларды қоздырғыштың ағзаға мал азығымен түсуінен қорғауы тиіс. 118. Ет-сүйек ұнын өндiру кезiнде ірi қара малдың кемiктəрiздес энцефалопатиясы жұқпаған күйіс қайыратын жануарлардың субөнімдерiн өңдеу технологиясы iрi қара малдың кемiктəрiздес энцефалопатиясының қоздырғышымен өндіру, тасымалдау жəне сақтау барысында бірігу мүмкіндігін жоққа шығаратын шараларды көздеуі қажет. 119. Аурудың инкубациялық кезеңі ұзақ болуына байланысты қоздырғыш iрi қара мал арасында клиникалық белгiлерi байқалмай-ақ таралуы мүмкін. Ірi қара малдың кемiктəрiздес энцефалопатиясы тіркелмеген елдерде, инфекция байқалмай қалады жəне басқа малдарға патогенмен ластанған мал азығы арқылы берiлуi мүмкiн. Осыған байланысты мынадай шарттарды сақтау қажет: 1) беру факторларын ескеру, рационға күйіс қайыратын жануарлардың субөнімдерін, күйіс қайыратын жануарлардың ақуыздарын қосуды болдырмау; 2) ет-сүйек ұнын өндiру кезінде қолданылатын күйіс қайыратын жануарлардың субөнiмдерiн өңдеу технологиясын қатаң сақтау; 3) шекарадағы жəне көлiктегi ветеринариялық қызмет ет импортына ерекше бақылауды жүзеге асыруы тиiс. Күйіс қайыратын жануарлардың ұшаларын бас миымен, жұлынымен, көк бауырымен, айырбезімен бiрге əкелуге тыйым салуы қажет. 120. Адамға жəне күйіс қайыратын жануарларға iрi қара малдың кемiктəрiздес энцефалопатиясының жұғу қаупін азайту мақсатында: бас миы мен жұлынды, көзді, көмекей бездерiн, айырбезін, көк бауырын жəне 6 айдан асқан жануарлардың ішекқарнын, сондай-ақ осы ағзалардан алынған ақуыз өнiмдерді пайдалануға, сондай-ақ еттi бөлшектеген кезде көрініп тұратын жүйке жəне сөл бездерi ұлпаларының алып тастауға жəне жоюға тыйым салу қажет. 121. 1996 жылы сəуiрде Женевада Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымы Халықаралық Эпизоотиялық Бюроның жəне Азық-түлiк жəне ауыл шаруашылық ұйымының, Біріккен ұлттар ұйымының қатысуымен ұйымдастырған конференцияда халықаралық сарапшылар тобы Қазақстан Республикасының аумағында жеке жəне заңды тұлғалар орындауы үшін міндетті мынадай ұсынымдарды əзірледі: 1) барлық елдер олардың тағамға түсуіне, азық-түлік өнiмдерiн өңдеу барысында оның қоздырғышы активтілігінің жойылуына жол бермеу үшін iрi қара малдың кемiктəрiздес энцефалопатиясы жұққан жануарларды союды жəне қауiпсiз жоюды қамтамасыз етуі тиіс; 2) Халықаралық Эпизоотиялық Бюро қабылдаған ұсынымдарға сəйкес iрi қара малдың кемiктəрiздес энцефалопатиясы жағдайларын ұзақ мерзiмдi бақылауды жəне тіркеуді белгілеу; 3) iрi қара малдың кемiктəрiздес энцефалопатиясының бiрдi-екiлi жағдайы байқалған елдер де аурудың қоздырғыш ластаған жануарлар ұлпаларының адам жəне жануарлардың азық-түлік өнімдерін шығару үшін түсуіне жол бермеуі тиіс; 4) ұсақ күйіс қайыратын жануарлардың ұлпаларын олардан азық дайындау үшін пайдалануға тыйым салу. 11. Iрi қара малдың инфекциялық ринотрахеиті Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта жүргiзiлетiн профилактика бойынша іс-шаралар 122. Iрi қара малдың инфекциялық ринотрахеитінің профилактикасы мынадай іс-шараларды қамтиды: шаруашылық жүргізуші субъектiлердi инфекция қоздырғыштарының əкелінуінен қорғау; ағзаның резистенттiлiгiн күшейтуге бағытталған шаралар кешенін жүргізу; уақтылы диагноз қою, ауру жануарларды бөлу жəне оқшаулау; сыртқы ортадағы вирустарды залалсыздандыру; табынды жануарлардың инфекциялық аурулары бойынша қолайлы аймақтардан сау жануарлармен топтастыру; жаңадан келген жануарларды күнтізбелік 30 күн бойы карантинде ұстау; қора-жайларда қалыпты микроклиматты сақтау, үнемі жүргізілетін ауаны аэрозольдық профилактикалық дезинфекциялау, кейіннен дезинфекциялай отырып, қабырғаларды, аралықтарды, еденді жəне науаларды механикалық тазалау. Iрi қара малдың инфекциялық ринотрахеиті бойынша эпизоотиялық ошақта жəне қолайсыз пунктте жүргізілетін іс-шаралар 123. Диагноз қойылған жағдайда шаруашылық жүргізуші субъектінің аумағын қолайсыз деп жариялайды жəне шектеу қояды. 124. Шектеу қойған кезде мыналарға: 1) шаруашылық жүргізуші субъектінің аумағына жануарларды кіргізуге жəне одан шығаруға;

6 қараша 2013 жыл

2) оларды шаруашылық жүргізуші субъектінің аумағында қайта топтастыруға; 3) жем-шөптердi жəне күтіп-бағу заттарын əкетуге жол берілмейді. 125. Жаңа эпизоотиялық ошақтағы ауру жануарларды қоспағанда, барлық жануарларды дереу ірi қара малдың инфекциялық ринотрахеитіне қарсы вакцинамен иммундайды. 126. Буферлі аймақтағы жануарларды вакцинамен иммундайды. 127. Ауру жəне ауруы бойынша күдiктi жануарлар тұрған қора-жайларды, сондай-ақ күтіп-бағу құралдарын, арнайы киiмдi, мал төсенiшi мен қиды зарарсыздандырады. 128. Өлген жəне шарасыздан сойылған жануарлардың терiлерін дезинфекциялық ерітіндіге салу арқылы зарарсыздандырады. 129. Шарасыздан сойылған жануарлардың ұшалары ет жетілгеннен кейін жəне дегенеративтi өзгерiстер болмаған жағдайда кедергiсiз сатады. Танаудың, өңештiң, жұтқыншақтың, өкпенiң, асқазан-iшек органдарының кiлегей қабығында талаурау жəне некроздық процестер анықталған жағдайда бұл органдарды техникалық жолмен жағып жібереді. 130. Ауру жəне ауру бойынша күдiктi жануарлардан алынған сүтті 70 о С температурада 30 минут пастерлеуден кейiн адамдарға тамаққа жəне малдарға азық ретiнде қолдануға болады. 131. Ауру жануарлар тұрған қора-жайларға кіретін жерде дезинфекциялық ерiтiндiмен қатты шыланған дезинфекциялық маттар орнатылады. 132. Шектеу ауру жануар жазылған соңғы жағдайдан кейін күнтізбелік 30 күннен кейiн алынады. Жануарларды қолдан ұрықтандыру кəсіпорындарында жəне пункттерінде ірi қара малдың инфекциялық ринотрахеитімен күрес бойынша іс-шаралар 133. Ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру бойынша ұйымды ірi қара малдың инфекциялық ринотрахеиті бойынша қолайсыз өңірлерден тұқымды бұқалармен жинақтайды. 134. Қолдан ұрықтандыру стансаларына жаңадан келген бұқаларды күнтізбелік 30 күнге карантинге қояды. 135. Қолдан ұрықтандыру стансаларындағы барлық бұқаларды айына бір рет термометрия жасап, жыныс органдарының жай-күйіне ерекше көңіл бөле отырып клиникалық тексереді. 136. Баланопаститпен ауырған бұқаларды оқшаулайды, олардың күпегiнен тампонмен кiлегей сынамаларын жəне жуынды, сондай-ақ ұрықтар алады жəне зерттеу үшін диагностикалық зертханаға жiбередi. 137. Вирусты бейтараптаушы анти денелердi анықтау үшiн қан сывороткасының сынамасын жəне вируспен ластанғанына зерттеу үшiн ұрықты алады. 138. Соңғы күнтізбелік 14 күнде алынған ұрықтардың сериясын біріктіреді жəне бір сынама ретінде зерттейді. 139. Ұрығынан вирус табылған бұқалар жарамсыз деп есептеледi, ал олардан соңғы 2 айда алынған ұрықтарды жояды. Қан сывороткасында антидене табылған бұқалар да жарамсыз деп танылады. 140. Баланопаститпен ауыратын бұқалар зертханалық əдiспен вирустың этиологиясы дəлелденсе жарамсыздыққа шығарылады, ал олардан соңғы 2 айда алынған ұрықтар жойылады. 141. Бұдан кейін процудент ретiнде қолданылатын барлық бұқалардың ұрықтарын вируспен контаминациясына жəне қанын антидененiң бар-жоғына арасы 6 айдан жылына 2 рет зерттейдi. 12. Кампилобактериоз Ауыл шаруашылығы жануарлары кампилобактериозының профилактикасы 142. Жануарлардың кампилобактериозбен ауыруына жол бермеу мақсатында шаруашылық жүргізуші субъектілердің басшылары, жануарлардың иелерi жəне ветеринар мамандар мыналарды қамтамасыз етеді: 1) шаруашылық жүргізуші субъектінің iшiнде ветеринар мамандардың рұқсатынсыз жануарлардың орнын ауыстыруға жол бермеу; 2) жануарларды күтудің, азықтандырудың жəне оларды күтіп-бағудың ветеринариялық-санитариялық қағидасын қатаң сақтау; 3) қолайлы табынды (отарды) толықтыру үшін тек iрi қара мал жəне қой кампилобактериозы бойынша қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектіден ғана жануарларды əкелуге рұқсат ету; 4) шаруашылыққа жаңадан келген барлық бұқаларды асыл тұқымдық немесе өндiрiстiк мақсатта пайдалану үшін арасына күнтізбелік 10 күн салып үш рет кампилобактериозға тексеріп карантинде ұстайды. 143. Жануарлар кампилобактериозының ерекше профилактикасы үшін Қазақстан Республикасының ветеринариялық препараттардың мемлекеттік тізілімінде тіркелген вакциналарды қолданады. Асылдандыру ісі жəне қолдан ұрықтандыру жөніндегі кəсіпорындарды ірi қара малдың кампилобактериозынан сауықтыру жөніндегі іс-шаралар 144. Кампилобактериоз диагнозы анықталған кезде асылдандыру ісі жəне қолдан ұрықтандыру жөніндегі кəсіпорын кампилобактериоз бойынша қолайсыз пункт деп жариялайды жəне шектеуді енгізеді. 145. Кампилобактериоз бойынша қолайсыз асылдандыру ісі жəне қолдан ұрықтандыру жөніндегі кəсіпорындардың барлық тұқымдық бұқаларын иммундайды. 146. Барлық тұқымдық бұқалардан ұрық алу тоқтатылады. 147. Жануарларға вакцина егумен қатар тұқымдық бұқаларға емдеу жүргізіледі. 148. Емдеуден жəне вакцина еккеннен кейін бір айдан соң арасына күнтізбелік 10 күн салып үш рет барлық тұқымдық бұқалардың ұрықтарына жəне күпек шырышына бактериологиялық зерттеу жүргізіледі. 149. Үш рет теріс реакция алынған кезде бұқаларды сауықты деп таниды. 150. Ауру бұқалардың қатты мұздатылған ұрықтарының барлық қоры жойылуға жатады. Шартты түрде сау бұқалардан алынған ұрықтардың қалған сериялары жануарларды кампилобактериозға бактериологиялық зерттеуден кейін оларды қолдан ұрықтандыру үшін қолданылуы мүмкін. 151. Кампилобактериоз бойынша қолайсыз асылдандыру ісі жəне қолдан ұрықтандыру жөніндегі кəсіпорындарда сауықтыру кезеңінде, санитарлық ахуалды жақсарту жəне ауруды таратуға жол бермеу бойынша іс-шараларды жүргізеді: 1) асылдандыру ісі жəне қолдан ұрықтандыру жөніндегі кəсіпорындарды, кампилобактериозға қарсы сауықтыру іс-шаралары кезеңiнде табынды жаңартуға арналған жас малмен толықтыруға жол берілмейді; 2) асылдандыру ісі жəне қолдан ұрықтандыру жөніндегі кəсіпорындарына түсіп қойған табынды жаңартуға арналған жас малды оқшау қорада ұстау жəне оларды тазарту жəне вакцина еккеннен кейін жалпы мал шаруашылығы қора-жайларына ауыстыру қажет; 3) бұқаларға вакцина егердің жəне тазалаудың алдында жəне емдеу курсы аяқталғаннан кейін барлық мал қораларға, аумақтарға, күтіп-бағу жəне ұстау заттарына толық дезинфекциялау жүргізеді. Кейіннен дезинфекциялауды күнтізбелік 10 күнде бiр рет жүргізеді. 152. Асылдандыру ісі жəне қолдан ұрықтандыру жөніндегі кəсіпорын жануарлардың барлық тобы бойынша ұрықтың жəне күпек шырыштың бактериологиялық зерттеулерінің үш рет (арасына күнтізбелік 10 күн салып) теріс реакцияларынің негізінде ірі қара малды кампилобактериоз бойынша сауықты деп жариялайды. Ірi қара мал кампилобактериозы бойынша қолайсыз шаруашылықты сауықтыру жөніндегі іс-шаралар 153. Iрi қара малдың кампилобактериозы бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектілерде профилактикалық жəне емдеу-сауықтыру іс-шаралар кешенін жүргізеді. 154. Қолайсыз табындарда аурудың одан əрі таралуын болдырмау мақсатында қолдан ұрықтандыру жүргізіледі. Аталған шаруашылықтағы қашарлардың жəне сиырлардың бұқалармен ерiктi шағылысуына жол берілмейді. Бұқаларды оқшаулайды, кампилобактериозға зерттейді жəне емдеу-профилактикалық тазартуды жүргізеді. 155. Сауықтыру іс-шараларын жүргiзу кезеңiнде мыналарға: 1) басқа шаруашылықтардан жануарларды əкелуге жəне шаруашылық iшiнде фермалар арасында малды қайта топтастыруға; 2) кампилобактериоз бойынша қолайсыз шаруашылықтан асылдандыру үшiн жəне қолдану мақсатында жануарларды əкетуге тыйым салынады. 156. Ірi қара малдың барлық басы кампилобактериозға қарсы иммундалады. 157. Фермаларда сиырлардың жəне құнажындардың бұзаулауы тек төлдету бөлімшелерінде жүргізілуі тиiс. Шаруашылық жүргізуші субъектiде оларды кезеңді санациялау үшін резервті төлдету бөлімшелері болуы қажет. Əрбiр iш тастаған сиырды оқшаулайды, iш тастау жүргізілген қора-жайды жəне станоктарды тазалайды жəне дезинфекциялайды. Барлық түсіп қалған ұрықтарды бактериологиялық зерттеу үшін ветеринарлық зертханаға жолдайды. Жаңа туған бұзауларды сақа малдардан оқшау ұстайды. 158. Жаз кезеңінде қолайсыз фермалардағы малды лагерлік ұстауға ауыстырады, мал шаруашылығы қора-жайларында санитарлық тазартуды, дезинфекциялауды жəне жөндеуді жүргізеді. Қора-жайларды барлық лагерлік кезеңде жануарлардан бос қалдырады. 159. Кампилобактериоз бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектілерде сауықтыру іс-шаралары барысында мал шаруашылығы қоражайларына жəне аумақтарына дезинфекция жүргiзiледi. 160. Егер 12 айдың ішінде кампилобактериялардың патогендік дақылдары бөлінбесе жəне аурудың клиникалық белгілері байқалмаса, профилактикалық жəне емдеу-сауықтыру іс-шараларының барлық кешені орындалған кезде шаруашылық жүргізуші субъектiні сауықтырылған деп хабарлайды. Шаруашылық жүргізуші субъектіде тұқымдық бұқалар бар болған кезде шектеуді алудың алдында ұрықты, күпек шырышын немесе өсінді жыныс бездерінің сөлін бактериологиялық зерттеудің үш рет теріс нəтижесін алған кезде бұқалар сау деп саналады. Қойлардың кампилобактериозы бойынша қолайсыз шаруашылықтарды сауықтыру жөніндегі іс-шаралар 161. Барлық iш тастаған қойларды, сондай-ақ мезгiлiнен ерте төлдеу белгілері бар қойларды отардан тез арада бөлiп жəне сақман бiткенге дейiн отардан оқшаулайды. 162. Түсіп қалған ұрықтарды, шарана қабықтарын, шуды жəне ластанған төсенiштi, қиды жинайды, содан кейiн өртейді немесе дезинфекциялық заттармен зарарсыздандырғаннан кейін жерге көмедi. 163. Қой қораны жəне жайылатын аулаларды тазартады жəне дезинфекциялайды. 164. Кампилобактериоз бойынша қолайсыз отардан асылдандыру жəне қолдану мақсаты үшiн қойды шығаруға (əкетуге) тыйым салынады, отарларды шаруашылық жүргізуші субъектінің ветеринар маманының рұқсатынсыз қайта толықтыруға жол берілмейді. 165. Қолайсыз отардың қойларын қырқуды жəне тоғытуды кесте бойынша соңғы кезекте жүргізеді, содан кейін қора-жайлар, жабдықтар, құрал-саймандар жəне аумақты дезинфекциялайды. 166. Қойларды жайылымдық ұстау кезінде отарды басқа жайылымдық учаскелерге ауыстырады, ал қолайсыз отар бағылған жайылымды 2 ай мерзімге карантиндейдi. 167. Қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектінің барлық буаз қойларын қойлардың кампилобактериозына қарсы вакцинамен иммундайды. 168. Егер шаруашылықта бір мезгілде қойлардың кампилобактериозы бойынша бірнеше отар қолайсыз болған жағдайларда, мұндай отарлардан алынған қойлардан жас малды (ұрғашы тоқтыларды) жеке отарға жинақтайды жəне оларды шартты түрде қолайлы деп есептейді. 169. Шаруашылық жүргізуші субъектiні қойларда екі жыл ішінде кампилобактериоздық іш тастау болмаған кезде кампилобактериоз бойынша қолайлы деп таниды. 13. Iрi қара малдың жұқпалы алаөкпесі Iрi қара малдың жұқпалы алаөкпесiнің профилактикасы жəне жою 170. Iрi қара малдың алаөкпесiмен ауру жағдайы анықталған шаруашылық жүргізуші субьекті қолайсыз деп танылады. 171. Эпизоотиялық ошақтарда жəне қолайсыз пункттерде ветеринарлық мамандар мынадай іс-шараларды өткізеді: 1) iрi қара малдың басын есепке алу; 2) қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектідегі барлық сақа ірі қара малды жəне бұзауларды алаөкпеге (перкуссия, аускультация жəне температура өлшеу) клиникалық зерттеу. Сонымен қатар комплементті байланыстыру реакциясында (бұдан əрi - КБР) зерттеу мақсатында зертханаға жолдау үшін қан алынады; 3) зерттеулердің нəтижесіне сəйкес малды топтарға бөлу; 4) клиникалық белгiлерi бар ауру малдарды санитарлық союды ұйымдастыру. 172. Карантин белгіленген аумақта мыналарға: 1) сауықтыру іс-шараларын жүргiзетiн ветеринар дəрігердің рұқсатынсыз малды қайта топтастыруға; 2) алаөкпе бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектiден (пункттен) малды əкету жəне оған сау малды қосуға; 3) шаруашылық жүргізуші субъектiнiң алаөкпе бойынша қолайсыз аумағы арқылы тасымалдауға немесе айдауға; 4) ірі қара малдың алаөкпесі бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектiден жəне елдi мекеннен жем-шөпті əкетуге жол берілмейдi. Бұл шаруашылық жүргізуші субъектiлердің жəне елді мекеннің жем-шөбі тек аталған шаруашылық жүргізуші субъектілерде жəне пункттерде пайдаланылады. 173. Алаөкпе ауруы бойынша күдiктi жəне КБР бойынша оң рекация берген барлық клиникалық ауру жануарлар отардан оқшау қораға тез арада бөлініп алынады жəне сойылуға жатады. Өлген жануарлардың сылынған терiлерiн оқшауланған жағдайда ауада кептіреді. Жарамсыз деп танылған зақымданған мүшелер мен тұтас еттің бөлігі өртеу əдісімен жойылады. 174. Қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектiден алаөкпенiң таратушы көзi болып табылуы мүмкін ауру жануарларды уақытылы жəне толығымен жою мақсатында, шаруашылық жүргізуші субъектілердегі вакцинацияға қармастан, карантинді алып тастағанға дейін малға клиникалық зерттеу екі аптадан кешіктірмей жүргізіледі. 175. Шартты сау малы бар шаруашылық жүргізуші субъектiде барлық карантин мерзіміне оны қоршаған шаруашылық жүргізуші субъектiлерден немесе шаруашылық жүргізуші субъектiнiң қалған бөлiктерiнен толық оқшаулануын қамтамасыз ететін жағдай жасалады. 176. Карантин екiншi вакцина егуге барлық жануарлардағы реакцияның аяқталуы уақытынан бастап үш айға қойылады. Екiншi вакцина еккеннен кейiн аурулар анықтаған кезде, карантин мерзімі отардан ауруларды жойған сəттен бастап есептеледі. 177. Егер көрсетiлген мерзiм iшiнде жануарлардың алаөкпесі бойынша аурулары немесе күдіктілері анықталмайтын болса, карантин алынады жəне шаруашылық жүргізуші субъектi алаөкпе бойынша қолайлы деп жарияланады. 14. Ірі қара малдың лейкозы Жалпы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар 178. Жануарлар арасында лейкоздың таралуына жол бермеу мақсатында мына ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізіледі: 1) жаңадан əкелінген жануарлар 30 күн ішінде лейкозға серологиялық зерттеулер жүргізіле отырып карантинге қойылады. Ірі қара мал лейкозы вирусын (бұдан əрі – ІҚМЛВ) жұқтырғандар анықталған кезде, тараптардың келісуі бойынша жануарлардың барлық партиясын союға өткізеді немесе жеткізушіге қайтарады; 2) жануарларды ветеринарлық жəне зоотехникалық өңдеу кезінде асептика жəне антисептика ережелерін міндетті түрде сақтау;

3) Ауыл шаруашылығы жануарларын сəйкестендіруді жүргізу қағидаларына сəйкес барлық меншік нысаны жануарларын сəйкестендіру; 4) Қазақстан Республикасында немесе Кеден одағына мүше мемлекеттерде тіркелген дезинфекциялық заттармен қора-жайларды жəне жабдықтарды тұрақты дезинфекциялау; 5) эпизоотияға қарсы іс-шаралар жоспары бойынша жануарларға диагностикалық зерттеулер жүргізу; 6) мыналарды: қолайлы деген мəртебесі жоқ, сондай-ақ карантиннен өтпеген шаруашылық жүргізуші субъектілерден жануарларды əкелуді; ветеринарлық қызметтің келісімінсіз малды қайта топтастыруды болдырмау жөніндегі шараларды қабылдау. 179. Лейкоз бойынша қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектілерден жануарларды шығару (əкету), олар бұған дейін 30 күн бұрын осы Қағидаларда көрсетілген серологиялық əдістермен зерттелген жəне барлық топ бойынша теріс реакция алынған жағдайда рұқсат етіледі. 180. Тұқымдық бұқалар мен құнажындарды өсіруге қалдыру үшін, қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектілердің тек сау сиырларынан алынған бұқалар мен қашарларды іріктеп алады. 181. Жануарлардың қолдан ұрықтандыру жəне эмбриондарды трансплантациялау жөніндегі бекеттер (пункттер) үшін тек сау донор-сиырлардың ұрықтары мен аналық жасушалары жəне қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектілердің реципиенттері іріктеліп алынады. 182. Ірі қара малды, ұрықтар мен аналық жасушаларды, эмбриондарды экспорттау кезінде импорттаушы елдердің ветеринариялық талаптары орындалуы тиіс. 183. Қазақстан Республикасына соңғы 3 жыл ішінде лейкоздан таза экспорттаушы елден шығарылған сау асыл тұқымды ірі қара малды əкелуге рұқсат етіледі. 184. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің басшылары, жануарлардың иелері ірі қара мал лейкозының пайда болуына, таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды қабылдайды, сондай-ақ тиісті əкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұйғарымын орындайды, жануарларды клиникалық қарау жəне диагностикалық зерттеулер жүргізу үшін ұсынады. Ірі қара малдың лейкозы бойынша қолайлы пункттерде іс-шаралар жүргізу тəртібі 185. Қолайлы шаруашылық жүргізуші субьектілердегі ветеринариялық ісшаралар тиісті əкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялықсанитариялық инспекторымен келісім бойынша жергілікті атқарушы орган бөлімшесінің (бұдан əрі – ЖАО бөлімшесі) басшысы бекіткен іс-шаралар жоспарының негізінде жүзеге асырылады. 186. Қазақстан Республикасында лейкозға диагноз қою үшін серологиялық, клиника-гематологиялық, патологоанатомиялық, гистологиялық əдістерді жəне полимеразды-тізбекті реакцияны (бұдан əрі – ПТР) қолдануға болады. 187. Қолайлы шаруашылық жүргізуші субьектілерде жануарларда лейкозды дер кезінде анықтау мақсатында жоспарлы түрде жануарларды 12 айлық жасынан бастап жылына бір рет иммуннодифузия реакциясын (бұдан əрі – ИДР) диагностикалық зерттеуден өткізеді. 188. Ірі қара мал арасынан зерттеу нəтижесі бойынша ауруға оң нəтиже берген малдар анықталған жағдайда ауруды нақтылау үшін иммуноферментті анализ (бұдан əрі – ИФА) реакциясымен қайта тексереді. 189. ИФА реакциясымен теріс реакция алынғанда ауыл шаруашылығы жануарларын сəйкестендіру деректерінің базасына диагностикалық тест нəтижелері туралы белгі енгізіледі, жануар 6 айдан соң қайтадан зерттеледі. 190. ИФА бойынша оң реакция алынған кезде аталған жануар лейкоз ауруымен ауырған болып саналады. 191. Əкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық- санитариялық инспекторының нұсқамасы бойынша ЖАО бөлімшесінің басшысы ауырған малды басқа жануарлардан оқшаулауды ұйымдастырады жəне 15 күн ішінде тиісті аумақта орналасқан жануарларды союды жүзеге асыратын (ет комбинаты, мал сою бекеті) (бұдан əрі – сою объектісі) өндіріс объектілеріне санитариялық союға жібереді. Ауырған жануарларға ыстық немесе суық таңбалау əдістерімен жағына немесе жамбасына «Л» əрпін басу жолымен таңбалайды. 192. Қолайлы табындардағы жануарлар топтарынан алынған сүттің біріктірілген сынамаларын зерттеу үшін ИФТ реакциясын қолданады. 193. Жануарларда аурудың өршу кезеңдерін анықтау үшін клиникагематологиялық, патологоанатомиялық жəне гистологиялық əдістерді қолданады. 194. Ірі қара малдың лейкозы бойынша қолайлы пунктте жекелеген жануарларда клиника-гематологиялық, патологоанатомиялық немесе гистологиялық өзгерістер болғанда диагнозды ИДР, ИФТ бойынша нақтылайды. 195. ИДР, ИФТ бойынша жыл сайынғы жоспарлы зерттеулер кезінде теріс реакция алынған шаруашылық жүргізуші субъектілері ірі қара малдың лейкозынан қолайлы болып саналады. 196. Асыл тұқымды жас төлдерді импорт пен экспортқа шығарумен айналысатын шаруашылық жүргізуші субъектілері жануарларды міндетті түрде екі рет серологиялық тексеруден өткізеді: бірінші рет 6 (алты) айлығында, екінші рет асыл тұқымды малды сатар алдында. 197. Мемлекеттік асылдандыру кəсіпорындарының тұқымдық бұқаларын тоқсан сайын, ал шаруашылық жүргізуші субьектілердегі бұқалары мен биологиялық препараттар өндірумен айналысатын ұйымдар үшін продуцентті қан алатын жануарларын арасына алты ай салып жылына 2 рет серологиялық зерттеу жүргізеді. 198. Мал сою объектілерінде ауруға шалдыққан жануарлардан ветеринариялық, медициналық жəне тағамдық мақсатта қанды, эндокринді жəне басқа органдарды алуға тыйым салынады. Цехтың үй-жайы жəне жабдықтары жануарларды сойғаннан кейін мұқият тазаланады жəне дезинфекцияланады. 199. Ұлпа мен органдарда ісікті өзгерістер анықталған барлық жағдайлар есепке тиісті нысанды енгізе отырып, жануарларды сою объектілерінде етке жəне субөнімдерге ветеринариялық-санитариялық сараптаманың есебін жүргізу журналына тіркелуге жатады. 200. Асылдандыру мақсатында əкелінген жануарларды ИДР, ИФТ немесе ПТР бойынша лейкозға экспорттаушы мемлекетте немесе жеткізуші шаруашылықта сатқанға дейін 30 күн бұрын жəне импорттаушы мемлекетте немесе сатып алушы шаруашылықта карантинге қойылған кезеңде зерттейді. 201. ПТР-ға зерттеу үшін ветеринариялық зертханаға сарысуы шықпаған қан жіберіледі. ПТР бойынша зерттеу сынамаларды біріктіру тəртібімен пул жүйесі бойынша жүргізіледі. 202. Карантин мерзімінде лейкозға диагноз анықталғанда барлық мал басы сойылады немесе экспорттаушы елге немесе жеткізуші шаруашылыққа қайтарылады. 203. Қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектілерден жануарларды сатуға мұндай жануарлар сатудан күнтізбелік 30 күн бұрын ИДР немесе ИФТ бойынша зерттелген жəне бұл ретте лейкозға теріс реакция алғанда ғана шектеусіз рұқсат беріледі. Ірі қара малдың лейкозы бойынша қолайсыз пунктте іс-шаралар жүргізу тəртібі 204. Осы Қағидаларда көрсетілген əдістер арқылы ірі қара малдың лейкозына диагноз анықталған елді мекенді (ауыл, село, кент), елді мекеннің бөлігін немесе жеке орналасқан шаруашылық жүргізуші субъектіні (ферма, табын), жеке меншік түріне қарамастан ірі қара малдың лейкозы бойынша қолайсыз деп жариялайды жəне шектеу қояды. Қолайсыз пунктке шектеу іс-шараларын қою туралы шешім қабылданғаннан кейін ЖАО бөлімшелері ұйымдастыру-шаруашылық, ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар көзделетін сауықтыру іс-шараларының кешенді жоспарын бекітеді, орындаушы, оларды орындау үшін жауапты тұлға жəне ауруды жою мерзімі анықталады. 205. Жануарларда ауруға тəн тек клиникалық-гематологиялық, патологоанатомиялық жəне гистологиялық өзгерістер байқалған жағдайда, табында 6 айдан жоғары жастағы жануарларға арасына күнтізбелік 30-45 күн салып екі рет серологиялық зерттеу жүргізеді. Егер бұл ретте ірі қара малдың лейкоз вирусына антиденелер анықталмаса, шаруашылық жүргізуші субьекті қолайлы деп саналады. 206. Ірі қара малдың лейкозы бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектілерде мыналарға: 1) серопозитивті (ИДР немесе ИФА бойынша) жануарлардан алынған сүтті сүт зауытына өткізуге. Мұндай сүт қайнатуға жəне тек лейкоз бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъекті ішінде ғана пайдалануға жатады; 2) серонегативті жануарлардан алынған сүтті алдын ала зарарсыздандырмастан (пастерлемей) шығаруға; 3) лейкоз бойынша қолайсыз жеке тұлғалардың сиырының сүтін зарарсыздандырғаннан кейін, тек осы жеке меншік ауласында ғана пайдаланады; 4) лейкозбен аурған жануарларды сау малдармен бірге ортақ табында бағуға; 5) асылдандыру мақсатында жануарларды сатуға; 6) тұқымдық бұқаларды сиырлар мен қашарларға шағылыстыру үшін пайдалануға; 7) ІҚМЛВ жұққан тұқымдық бұқалардың ұрықтарын пайдалануға; 8) лейкозға диагнозы анықталғанға дейін 6 ай ішінде серопозитивті тұқымдық бұқалардан алынған ұрықтар қоры жоюға жатады; 9) тиісті əкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық санитариялық-инспекторының рұқсатынсыз жануарларды қайта топтастыруға; 10) ветеринариялық жəне медициналық емдеу-профилактика препараттарын дайындау үшін қан жəне уыз дайындау үшін, гемотерапия жүргізуге; 11) лейкозға гемотологиялық жəне клиникалық белгілері бар ірі қара малды шаруашылық жүргізуші субъектіден тыс жерге өсіру немесе бордақылау үшін шығаруға; 12) емдеу-профилактикалық, зоотехникалық жəне технологиялық іс-шараларды жүргізген кезде, стерильденбеген құралдарды, аспаптарды, аппараттарды пайдалануға; 13) бір сауу аппаратымен ІҚМЛВ жұқтырған жəне сау сиырларды саууға; 14) лейкозбен ауыратын жəне сау сиырларға бір төлдеу бөлмесін пайдалануға; 15) лейкозбен ауырған сиырлардың ақуызын сау сиырлардан алынған төлдерді қоректендіру үшін пайдалануға; 16) табын өсіру үшін лейкозбен ауырған бұзауларды пайдалануға жол берілмейді. 207. Ірі қара малдың лейкозы бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектіні сауықтыру: 1) 30 пайыздан жоғары жануарлары ауруға шалдықса, шаруашылық жүргізуші субъектінің қолайсыз табынын лейкоз бойынша қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектінің жануарларымен біржолғы толық айырбастау жолымен мал басын 100 басқа дейін жеткізумен; 2) табыннан ауру жануарларды бөле жəне кейіннен оларды сою алаңдарында соя отырып ИДР жəне ИФТ бойынша жүйелі зерттеулер жүргізу жолымен мал басын 100 басқа дейін жеткізумен жүргізеді. 208. Ірі қара мал лейкозы бойынша қолайсыз пункттерді ИДР жəне ИФТ қолдану арқылы сауықтыруды мына жолмен жүргізеді: 1) жасы алты айдан жоғары жануарларға зерттеу жүргізеді; 2) келесі ИДР жəне ИФТ-ға серологиялық зерттеулерді 4 ай сайын екі рет теріс реакция алғанға дейін жүргізеді. Əрбір диагностикалық зерттеуден кейін қоражайларға Қазақстан Республикасында жəне Кеден одағына мүше мемлекеттерде тіркелген дезинфекциялық құралдармен дезинфекция жүргізеді; 3) барлық ауру жануарларды союға өткізгеннен кейін жəне қора-жайлар мен жақын аумақтарға қорытынды дезинфекция жүргізгеннен кейін, сондай-ақ осы Қағидаларда көзделген басқа да іс-шаралар орындалған кезде қолайсыз пункт сауықтырылған деп жарияланады. Сауықтырғаннан кейін екі жыл бойы тоқсан сайын серологиялық бақылау жүргізеді. 15. Ірi қара малдың нодулярлық дерматиті Нодулярлық дерматиттiң профилактикасы 209. Жануарлардың нодулярлық дерматит ауруының алдын алу бойынша: 1) ауыл шаруашылық жануарларын сəйкестендіруді қамтамасыз ету; 2) мемлекеттік ветеринариялық қадағалау органдарына жаңадан сатып алынған жануарлар, туған төлдер, олардың сойылғаны мен сатылғаны туралы хабарлау; 3) ветеринар мамандарға олардың талап етуi бойынша диагностикалық зерттеулер мен вакцина егудi жүзеге асыру үшiн жануарларды беру; 4) ветеринар мамандарға бiрнеше жануар кенеттен қырылған, бiр мезгiлде ауырған немесе олар əдеттен тыс мiнез көрсеткен жағдайлар туралы хабарлауға жəне ветеринар мамандар келгенге дейін ауру деп күдiк келтiрiлген жануарларды оқшаулап ұстау жөнiнде шаралар қолдану қажет. Нодулярлық дерматитпен (бұлдырмақ ісікпен) күресу шаралары 210. Нодулярлық дерматит шыққан кезде шаруашылық жүргізуші субъектiге карантин қойылады. 211. Карантиннiң шарты бойынша мыналарға: 1) шаруашылық жүргізуші субъектiге құстарды қоса алғанда, барлық жануарлар түрлерiн кіргізуге (əкелуге), шығаруға (əкетуге); 2) шаруашылық жүргізуші субъекті iшiнде ветеринар маманның рұқсатынсыз малдардың орнын ауыстыруға; 3) ауру жəне ауру бойынша күдiктi жануарларды союға, саууға жəне етiн, сүтiн пайдалануға жол берілмейді. 212. Нодулярлық дерматиттен қырылған жануарлардың өлекселерi терiсiмен бiрге өртеу жолымен жойылуға жатады. 213. Шаруашылық жүргізуші субъектіден карантин барлық ауру жəне ауру бойынша күдiктi жануарларды сойғаннан жəне қорытынды шаралар жүргізгеннен кейiн алынады. 16. Iрi қара малдың парагрипп-3 ауруы Iрi қара малдың парагрипп-3 ауруының алдын алу бойынша іс-шаралар 214. Iрi қара малдың парагрипп-3 ауруының алдын алу бойынша іс-шаралары: 1) шаруашылық жүргізуші субъектiлердi қоздырғыштың əкелуінен қорғауды; 2) жануарлардың жалпы резистенттілігін көтеруге бағытталған шаралар кешенін жүргізуді; 3) осы Қағиданы қатаң сақтауды; 4) ауруға уақтылы диагноз қоюды; 5) сыртқы ортадағы вирусты жоюды; 6) жаңадан келген жануарларды күнтізбелік 30 күн ішінде карантинде ұстауды қамтиды. 215. Жеткізуші шаруашылық жүргізуші субъектiлерде тасымалдағанға дейін кемінде күнтізбелік 14 күн бұрын бұзауларға парагрипп-3 ауруына қарсы профилактикалық вакцина егеді. 216. Жануарларды арнайы жабдықталған көлiкпен жеткiзедi. 217. Шаруашылық жүргізуші субъектiнiң мал шаруашылығы қора-жайларында қажетті микроклиматты қалыпты жағдайда ұстайды жəне үнемі профилактикалық дезинфекциялауды жүргiзеді. Шаруашылық жүргізуші субъектiнi ірі қара малдың парагрипп-3 ауруы бойынша сауықтыру жөніндегі іс-шаралар 218. Парагрипп-3 диагнозы анықталған кезде шаруашылық жүргізуші субъектіні қолайсыз пункт деп жариялайды жəне шектеу қояды. 219. Шектеу шарттары бойынша қолайсыз пунктте мыналарға: 1) шаруашылық жүргізуші субъектiге жануарларды əкелуге жəне басқа шаруашылық жүргізуші субъектiлерге əкетуге жəне оларды қайта топтастыруға; 2) жануарларды күтіп-бағуға байланысты емес адамдардың қолайсыз қоражайларға баруына; 3) ауру жануарларды күтіп-бағатын персоналдың сау бұзаулар орналасқан қоражайға кiруiне тыйым салынады. 220. Клиникалық сау жануарларды сою пунктіне союға арнайы жабдықталған

көлікпен əкетуге рұқсат берiледi. Жануарлардың өлекселерін өртеп жiбередi. 221. Жануарлардың етінде дегенеративтi өзгерiстер болмаған кезде жануарлардың етін шектеусіз сатуға рұқсат етіледі. 221. Жануарлардың етінде азудың өзгерістері болмаған кезде жануарлардың етін шектеусіз сатуға рұқсат етіледі. Танауының, кеңірдегінің, өкпесiнiң, асқазан-ішек жолының кiлегей қабаттарында қабынған жəне өлi етке айналған өзгерiстерi анықталған кезде бұл органдар техникалық кəдеге жаратуға жiбередi. 222. Ауру жануарларды бөлек секцияларға оқшаулап гипериммунды сывороткасымен, спецификалық емес глобулинмен немесе реконвалесценттi сывороткасымен емдейдi. Сонымен қатар антибиотиктер, сульфаниламид, нитрофуран препараттарын қолданады. 223. Қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектідегi торларды, станоктарды, күту құрал-саймандарын, жабдықтар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының ветеринариялық препараттарының мемлекеттік тізілімінде тіркелген препараттармен дезинфекциялауды жүргізеді. 224. Ауыру жануардың сауығуының немесе сойылуының соңғы болған оқиғасынан кейiн күнтізбелік 14 күн өткен, сондай-ақ қорытынды шаралар өткізілген соң шаруашылық жүргізуші субъекті қолайлы деп жарияланады жəне шектеу алынады. 17. Iрi қара малдың паратуберкулезi Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда өткізілетін профилактикалық іс-шаралар 225. Iрi қара малдың паратуберкулезiнiң пайда болуының жəне оның таралуының алдын алу үшiн шаруашылық жүргізуші субъектiлер, Ветеринар мамандар, сондай-ақ мал иелерi мыналарды: 1) шаруашылық жүргізуші субъектiлерге iрi қара малдың паратуберкулезi бойынша қолайсыз аумақтардан жануарларды əкелуге (кiргiзуге) жол бермеу; 2) шаруашылық жүргізуші субъектiлерге жаңадан келетiн барлық жануарларды күнтізбелік 30 күн бойы оқшаулап ұстау; 3) жануарларды жылына екi реттен кем емес клиникалық тексерудi қамтамасыз ету: жайылымға шығару алдында жəне күзде қыстаққа тұрғызу алдында; 4) жайылымдарды, суаратын жерлерді, мал шаруашылығы фермаларын, қоражайларды жəне жануарларды ұстайтын басқа да жерлердi қалыпты ветеринариялық-санитариялық жағдайда ұстау; 5) паратуберкулез бойынша қолайсыз пункттердің жануарларымен iрi қара малдармен, жеке қолданыстағы малдармен байланысына, сондай-ақ жануарлардың əртүрлі түрiмен жəне əртүрлі жастағы топтарын бiрге ұстауға жол бермеу; 6) жануарлар ағзасының резистенттiлiгiн көтеру үшiн рационды ақуыз, минералды заттар, микроэлементтер мен витаминдер бойынша құрастыру; 7) жануарлардың рационы қышқылды жеммен күшейтілген бiр жақты жемдеуге жол бермеу қажет. Эпизоотия ошақтарында жəне қолайсыз пункттерде өткізілетін іс-шаралар 226. Диагноз қойылған жағдайда шаруашылық жүргізуші субъектiнiң аумағында шектеу іс-шаралары қойылады. 227. Шектеу іс-шараларының шарттары бойынша: 1) диагноз қойылғаннан кейін барлық жануарларды клиникалық тексереді; 2) аурудың клиникалық белгiлерi бар жануарларды шығарады жəне етке союға тапсырады; 3) қалған iрi қара мал басын паратуберкулезге тексередi; 4) одан кейiн сауықтырылатын табындағы жануарлардың қан сывороткаларын серологиялық зерттеу мен аллергиялық тексеру жылына 2 рет - көктем мен күзде жүргiзіледi; 5) мал басын тоқсанына бiр рет клиникалық тексереді, паратуберкулездiң клиникалық белгiлерi бар жануарларды аллергиялық жəне серологиялық зерттеулердің нəтижесіне қарамастан етке союға тапсырады; 6) екiншi рет зерттеу кезінде оң немесе күдiктi реакция берген жануарларды етке союға өткізеді, қалғаны жалпы табынға қайтарады; 7) сойылған жануарлардан алынған материалдарды барлық жағдайда бактериологиялық жəне гистологиялық зерттеулерге жолдайды; 8) паратуберкулезбен ауыратын сиырлардан туған бұзауларды етке союға өткізеді, қолайсыз табындағы сау жануарлардан туған бұзауларды үлкен малдардан бөлектейді жəне 5 (бес) күн уыз береді, сонан кейін осы ферма үшін арнайы бөлінген пастерленген сүтпен жəне обратпен бағады. Кейін оларда паратуберкулездің бар жоқтығын зерттейді. 228. Паратуберкулездiк энтерит бойынша қолайсыз пунктте өткізілетін ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар: 1) тиісті əкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң бас мемлекеттiк ветеринариялықсанитариялық инспекторының рұқсатынсыз малдарды қайта топтастыруға тыйым салады; 2) мал аулалары мен олардың аумағының айналасының тиісті санитариялық жағдайын қамтамасыз етедi; 3) мал шаруашылығы қора-жайларын механикалық тазартуды, жануарларды ұстау орындарын, əр зерттеуден кейiн мүкəммал мен басқа да жабдықтарды ағымдағы дезинфекциялауды жүргiзедi; 4) ауру малдардың жəне ауру бойынша күдiктi малдардың қиын өртейді, шартты түрде сау малдардың қиын биотермиялық əдiспен зарарсыздандырады; 5) сауын сауу қондырғысы мен сүт ыдыстарын күнделiктi зарарсыздандыруды қамтамасыз етедi; 6) сиырлардың бұзаулауын төлдеу қора-жайларында жүргiзедi, шуларды өтпейтiн ыдысқа жинайды жəне залалсыздандырады; 7) алғашқы уызды жеке ыдысқа сауады жəне қайнату арқылы залалсыздандырады, шартты түрде сау жануарлардан алынған сүтті 85 о С температурада 30 (отыз) минут пастерлейдi; 8) жануарларды жабық су көздерінен суаруды ұйымдастырады, олардың жануарлардың тезегімен ластануын болдырмау үшiн жайылымдағы бөгеттерді, арықтарды, үлкен шалшықтарды қоршайды. 229. Ауру жануарды соңғы бөлу жағдайынан кейiн 3 (үш) жыл өткен соң жəне қорытынды ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізгеннен кейiн шектеу іс-шаралары алынады. 18. Iрi қара малдың обасы Қазақстан Республикасының аумағын ірі қара малдың обасы қоздырғышының əкелінуінен қорғау жөніндегі іс-шаралар 230. Ірі қара малдың обасына қарсы іс-шаралар ел аумағын шетелден ауру вирусының əкелінуінен сенімді қорғауды, шекара маңындағы аймақта оған сезімтал жануарлардың мал басына жыл сайын вакцина егуді, ал оба анықталған жағдайда – барлық ауру жəне ауру бойынша күдiктi ірі қара малды сою жəне жоюды көздейді. Қолайсыз пункттерде қатаң карантин жəне басқа ветеринариялық-санитариялық ісшаралар жүргізу. 231. Ерекше профилактика Қазақстан Республикасының аумағын ірі қара малдың обасынан қорғау жөніндегі кешенді іс-шаралардың негiзi буыны болып табылады. 232. Ірі қара малдың обасы бойынша қолайсыз елдермен шекаралас əкiмшiлiк аудандарда орналасқан барлық шаруашылық жүргізуші субъектiлерде осы бөлімде көрсетiлген ұйымдастыру, эпизоотияға қарсы жəне ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар мiндеттi түрде орындалуы тиiс. 233. Ветеринар мамандар өздерiне бекiтiлген шекарадағы аймақ учаскесінің эпизоотиялық жағдайының, жайылымдардың, суаттардың, мал айдау жолдарының жағдайын жақсы бiлуге тиiс; қызмет көрсету аумағындағы əрбір елдi мекендердегі жəне шаруашылықтардағы жануарлардың барлық түрлерінің саны туралы нақты мəліметі болуы тиiс. 234. Жайылым мерзімінде əрбiр табынға жеке жайылым жəне суат бекiтiледi жəне жануарлардың əр түрi бөлек бағылады; əртүрлі табынның жануарларының араласуына, сондай-ақ үй жануарларының жабайы жануарлармен (бұғы, елiк, бұлан, қабан жəне басқалары) байланысына жол берілмейді. 235. Жайылымдарда ірі қара малдың обасына сезімтал үй немесе жабайы жануарлардың өлекселерi табылған жағдайда ол туралы тез арада əкiмшiлiк аумақтық бірліктің мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторына (диагностикалық зерттеулерге) патологиялық материал алу үшiн хабар бередi жəне өлекселердi көмудi ұйымдастырады. 236. Шекаралас аумақта ұсталынған жабайы жануарлар немесе атқаннан кейін олардың ұшалары мiндеттi түрде ветеринариялық тексеруге жатады. 237. Шекаралас аумақта иесiз малдың жүргені туралы ветеринариялық бақылау бекетіне хабарлайды. Мұндай малдар тез арада ұсталып жəне оқшауланып, оның иесі анықталғанға дейін ветеринариялық тексеруге жатады. 238. Бiр шаруашылық жүргізуші субъектіден екiншi шаруашылық жүргізуші субъектіге, сондай-ақ шекара аумағынан тысқары жерлерге өткізу клиникалық тексеруден кейiн тек əкiмшiлiк-аумақтық бірліктің бас мемлекеттiк ветеринариялықсанитариялық инспекторының рұқсатымен ғана жүзеге асырылады. 239. Шаруашылық жүргізуші субъектіге жаңадан мал əкелу (əкету) алдын ала сол əкiмшiлiк-аумақтық бірліктің бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторымен келiсiледi, шаруашылық жүргізуші субъектіге жаңадан келген малдарды бордақылау алаңдарына жəне табындарға орналастыруға тек ветеринариялық тексеруден жəне оларды күнтізбелік 30 күндiк карантинде оқшаулап ұстаудан кейiн ғана рұқсат етiледi. Жануарларды ірі қара малдың обасымен ауыруын жою жөніндегі іс-шаралар 240. Диагноз анықталған жағдайда шаруашылық жүргізуші субъектіні қолайсыз пункт деп жариялайды жəне карантин қояды. 241. Ауру жəне ауру бойынша күдiктi жануарлар қан шықпайтын əдіспен өлтiруге жатады, өлекселерi терісімен бірге жағып жібереді. 242. Ауырған жəне өлген жануарлардың жатқан жерін Қазақстан Республикасының ветеринариялық препараттар мемлекеттік тізілімінде тіркелген препараттармен мұқият дезинфекциялау қажет. 243. Қалған (шартты түрде сау) жануарлар (табындағы, топтағы, фермадағы, шаруашылықтағы) жеке қолайсыз топқа бөлiп жыл мезгіліне қарамастан олардың шаруашылық шегінде қайта топтастырылуына жол бермей, оқшаулап қамап ұстау шартында ұстайды. 244. Көлiктiң барлық түрінің шаруашылық жүргізуші субъектіден шығуына, оған кіруіне, адамдардың тиісті дезинфициялық өңдеусіз шығуына жəне кіруіне, сондай-ақ шаруашылық аумағынан жануарлар өнiмдерi мен шикiзаттарын шығаруға тыйым салынады. 245. Қолайсыз шаруашылық аумағының кiре берiсiне бекеттер жəне дезинфекциялық ерiтiндiлерi бар ыдыстар қойылады. 246. Шаруашылық жүргізуші субъектіге қызмет көрсететін ветеринариялық маманы мыналарды: 1) барлық жануарларды клиникалық тексеруден өткiзiп дене қызуын өлшеуді; 2) ауырған жəне өлген жануарлардың санын нақтылауды, көршiлес шаруашылықтағы жəне елдi мекендегі эпизоотиялық жағдайды, ауру қоздырғышын əкелудің мүмкін жолдарын анықтауды; 3) ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың қатаң орындалуын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. 247. Карантин соңғы ауыру жануар жойылғаннан күннен бастап күнтізбелік 21 күн өткен соң алынады. 19. Қарасан ауруы Жануарлардың қарасан ауыруының профилактикасы жөніндегі іс-шаралар 248. Жануарларды қарасан ауыруының профилактикасы мақсатында мынандай іс-шаралар жүргiзiледi: 1) мал қорымдарын (биотермиялық шұқыр) тиісті санитарлық жағдайда ұстау жəне оны қоршау жұмыстарын жүргiзу; 2) қарасан ауыруынан өлген жануарлар көмiлген жерлердiң топырағын зарарсыздандыру; 3) балшықтанған жайылымдарды жəне шөп шабатын жерлердi құрғату бойынша жұмыстарды жүргiзу; 4) суаттарды, құдықтарды қалпына келтiру, жануарлар су iшетiн зақымданған немесе күдiктi суаттарды жабу; 5) ветеринариялық маманның рұқсатынсыз мал союға, шарасыз өлтірілген жануарлардың етiн жəне ет өнiмдерiн сатуға тыйым салу; 6) қолайсыз аулаларды, өлген жануарлар жатқан қора-жайлар мен жерлердi тазарту жəне дезинфекциялау; 7) 3 айдан 4 жас аралығындағы iрi қара малдың барлық сезімтал басына профилактикалық вакцина егуді жүргізу. Қарасан ауруы тiркелген шаруашылықта 6 айдан жоғары жастағы қойлар вакцина егуге жатады. 249. Профилактикалық иммундау үшiн Қазақстан Республикасының ветеринариялық препараттар Мемлекеттік тізілімінде тiркелген вакциналар қолданылады. 250. Активтігі жойылған вакцинамен профилактикалық егу жануарларды жайылымға шығарғанға дейін күнтізбелік 14 күн кешіктірілмей аяқталуы тиiс. Мал жайылымда 6 айдан артық болатын аудандарда ауруға сезімтал мал басына арасына 6 ай салып жылына 2 рет вакцина егілуі тиіс. Қарасан ауыруына қарсы тiрi вакцинамен жануарларды жылына 1 рет жайылымға шығарғанға дейін күнтізбелік 7 күннен кешіктірмей егедi. 251. Жаңа туған төлдердi олардың 3 айлық жасқа толуына қарай жыл ішінде вакцина егедi, кейінгі вакцина егу активтігі жойылған вакцинамен 6 айдан кейiн егедi. Тірі вакцина қолданылған кезде малды қайта вакцина егу 12 айдан кейін егеді. 252. Қауiп төнген аумақта орналасқан шаруашылық жүргізуші субъектіге жаңадан келген барлық жануарлар мiндеттi түрде вакцинамен егуге жатады. Егу жүргізгеннен кейін 14 тəуліктен соң оларды жалпы табынға қосуға жол беріледі. 253. Қарасан ауруына қарсы жүргізілген екпе туралы егу жасалған жануарлардың (түрлері бойынша) санын, вакцинаның, препарат шығарған кəсіпорынның атауын, дайындалған күнiн, жұмсалған вакцинаның мөлшерiн, сондай-ақ вакцинаны жүргізген тұлғаның аты-жөнiн жəне жануарлардың жағдайын қадағалауды көрсете отырып актi толтырылады. Қарасан ауруын жою жөнiндегi іс-шаралар 254. Қолайсыз пункттерде қарасан ауыруына бейiм жануарлар дене қызуы өлшеп клиникалық қаудан өткiзедi. Ауырудың клиникалық белгiлерi (ақсау, iсiну, дене қызуы) белгілері байқалған жануарлар оқшауланады. 255. Жануарлардың өлекселері терісімен бірге өртеу арқылы жойылады. 256. Ауру жануарлардан ластаған қи, төсенiш жəне жем-шөп қалдықтарыа далаға шығар алдында 10% ыстық күйдiргiш натрий ерiтiндiсi себiлiп, содан кейiн (мүмкіндігінше сол жерде) өртке қарсы қауіпсіздік ережесін сақтай отырып өртеледі. 257. Ауырудың клиникалық белгiлерi жоқ барлық жануарлар тез арада вакцинамен егiледi. 258. Қарасан ауыруымен ауырған жануарлар клиникалық белгiлерi (ақсау, iсiну, сықырлау) жойылған күннен бастап күнтізбелік 30 күннен ерте емес етке союға рұқсат етiледi. 259. Егiлген жануарлардың дене қызуының көтерiлуi, вакцина егілген жерлерде iсiнудiң немесе ауырудың басқа белгілерінің болуы жағайын қоспағанда, вакцина егiлген сиырлардың сүтi шектеусiз қолданылады. Мұндай жағдайда сүттi тек пiсiргеннен кейiн пайдалануға жол беріледі. 260. Диагноз анықталған кезде қолайсыз пунктте карантин қойылады. 261. Карантиннің шарттары бойынша мыналарға: 1) iрi қара малды жəне қойды карантин аумағынан шығаруға; 2) карантин қойылған аймаққа iрi қара мал мен қойларды əкелуге жəне оларды карантин қойылған аумақ арқылы айдауға;

(Жалғасы 13-бетте).


(Жалғасы. Басы 9-12-беттерде). 3) ірі қара малдар мен қойларды сатуға жəне айырбастауға жəне шаруашылық iшiнде қайта топтауға; 4) карантин қойылған аумақта дайындалған шөптi жəне басқа азықтарды шығауға. Бұл азықтарды карантин қойылған пункт iшiнде жылқыларға жəне егiлген iрi қара малға оларға вакциналық егу прививкаларынан кейін күнтізбелік 14 күннен соң азықтандыру үшін пайдаланылады; 5) ауырған жануардың сүтiн тамаққа пайдалануға; 6) ауру жануарларды етке союға; 7) өлген жануардың өлекселерін ашуға жəне терiсiн сылып алуға; 8) бөтен адамдардың қолайсыз фермаға кiруге жəне аталған фермаға қызмет көрсетумен байланысты емес көліктердің кіруіне; 9) жануарларды тоғандардан жəне басқа суаттардан ортақ суаруға; 10) прививка жасалған жəне ауыруы асқынған жануарлардың сүтiн тамаққа пайдалануға тыйым салынады. 262. Шаруашылық жүргізуші субъектіні қарасан ауыруынан сауығудың немесе жануардың өлуінің соңғы оқиғасы болған күннен бастап күнтізбелік 14 күннен кейiн қорытынды дезинфекция жүргiзiлгеннен соң қарасан ауыруы бойынша қолайлы деп жарияланады жəне карантин алынады. 20. Қой мен ешкiнiң секiртпе ауруы Қой мен ешкiнiң секiртпе ауруына қарсы күрес жəне профилактикалық іс-шаралары 263. Шаруашылық жүргізуші субъектілерге жануарлар ауыруының алдын алу мақсатында мыналар қажет: 1) Ветеринар мамандармен бірлесіп ауыл шаруашылығы жануарларын сəйкестендіруді жүргізу; 2) Ветеринар мамандарды жаңадан сатып алынған жануарлар, туған төлдер, олардың сойылғаны мен сатылғаны туралы хабардар ету; 3) Ветеринар мамандарға олардың талап етуi бойынша диагностикалық зерттеулер мен вакцина егудi жүзеге асыру үшiн жануарларды беру; 4) бiрнеше жануар кенеттен өлген, бiр мезгiлде ауырған немесе олар əдеттен тыс мiнез көрсеткен жағдайлар туралы Ветеринар мамандарға хабарлауға жəне Ветеринар мамандар келгенге дейiн ауру деп күдiк келтiрiлген жануарларды оқшаулап ұстау жөнiнде шаралар қолдану. 264. Секiртпе ауруы анықталған кезде шаруашылық жүргізуші субъектіге шектеу шаралары қойылады, бұл ретте: 1) барлық ауру жəне ауруға күдiктi жануарларды оқшаулап, емдiк дозамен гипериммунды сарысу жəне антибиотик егедi, ал керек болған жағдайда симптоматикалық емдеу жүргiзiледi; 2) сау жануарлар қорада ұстап бағуға ауыстырылады, рационда тек сапалы ірітартылған азық, минералды заттардан тұратын қосымша азық қалдырылады жəне тиiстi вакцина егiледi; 3) бiрiншi вакцина егілгеннен кейін күнтізбелік 15 күн өткен соң жəне секіртпеден жануарлардың ауыруы мен өлiмi тоқтағаннан кейiн қой мен ешкі əдеттегі бағу жəне жемдеу жағдайына көшiредi. 265. Секіртпеден өлген қой немесе ешкiнiң өлекселерi терiсiмен жəне жүнi алынбай жойылады. Өлекселерді ашу тек арнаулы жабдықталған орында ғана диагностикалық мақсатта жол берiледi. 266. Қиды химиялық немесе күйдіру əдісімен дезинфекциялау жүргізіледі. 267. Шаруашылық жүргізуші субъектіні қолайсыз деп жарияланған кезеңде мыналарға жол берілмейді: 1) шаруашылық жүргізуші субъектіде қой мен ешкіні əкелуге, шығаруға жəне ауыстыруға; 2) секіртпемен ауырған қой мен ешкiнi союға жəне етiн тамаққа пайдалануға; 3) қой мен ешкiнi саууға жəне сүтiн тамаққа пайдалануға, секіртпемен ауырғаннан алынған сүт қайнату жолымен зарарсыздандырылады. 268. Шаруашылық жүргізуші субъекті жануардың ауыруы немесе көрсетілген аурудан өлуі болған соңғы оқиғадан кейін қорытынды шаралар жүргізілгеннен соң күнтізбелік 20 күннен кейін қой мен ешкінің секіртпе ауруы бойынша қолайлы болып саналады. 21. Қой мен ешкiнiң жұқпалы агалактия ауруы Қой мен ешкiлердiң жұқпалы агалактия ауруларын жою жөніндегі іс-шаралар 269. Қой мен ешкінің жұқпалы агалактия ауыруы анықталған шаруашылық жүргізуші субъектіні қолайсыз деп жариялап, шектеу қойылады. 270. Агалактия ауруы бойынша ауру жəне күдiкті жануарлар тез арада оқшаулауға жəне емдеуге жатады. 271. Ауру жануарларды дəрімен емдеумен қатар оларды азықтандыру мен күту жағдайын жақсарту қажет. 272. Жұқпалы агалактия бойынша қолайсыз отардағы түсік тастаған қой мен ешкілер де оқшауланады. Iш тастаған төл жəне шу жойылады, ал түсік тастаған жер мұқият дезинфекцияланады. 273. Барлық бөлінген жануарларды емделiп сауыққаннан кейін 8 ай бойы оқшаулауда ұстайды. Емделуге келмейтiн жануарларды етке союға жiбередi. 274. Еметiн қозылар мен лақтарды оқшаулап, сау аналықтардың сүтiмен қоректендiредi. Қолайсыз отардағы басқа малдарды жаңа суаттары бар жаңа жайылымдарға ауыстырады, оларға жүйелі түрде ветеринариялық қадағалау белгілейді жəне үнемі клиникалық тексеру жүргізеді. 275. Ауыру жануарлар тұрған қора, аула мұқият механикалық тазартылады жəне дезинфекцияланады. Күтім заттары қайнату немесе күлді сілті ерітіндісімен зарарсыздандырылады. Бөлінген ауыру жануарлардың ластанған төсеніші, азығы мен қиы өртеледі. 276. Қолайсыз отардағы қой мен ешкіден алынған сүтті сол жерде пастерлейді. 277. Терiлердi күнге кептiредi де шектеусіз қолданады. 278. Жұқпалы агалактиямен ауыру жəне жазылған қошқарлар табиғи немесе қолдан ұрықтандыруға жiберiлмейдi. Жазылған саулықтарды сау қошқарлардың ұрығымен ұрықтандырады. 278. Инфекциялық агалактиямен ауыратын жəне жазылған қошқарларға табиғи жəне жасанды ұрықтандыруға жол берілмейдi. Жазылған қойлар мен ешкілер сау қошқарлардың ұрығымен жасанды ұрықтандыруға жатады. 279. Қолайсыз отарлардан асыл тұқымды жəне өндірушілік мақсат үшін жануарларды шығаруға, сондай-ақ шаруашылықта шектеу алынғанға дейін отарларды қайта топтастыруға жол берілмейді. 280. Қолайсыз пункттерден шектеу соңғы ауру жануарды жойғаннан (оқшаулағаннан) кейiн күнтізбелік 60 күннен соң алынады. 22. Қойлар мен ешкiлердiң инфекциялық анаэробтық энтеротоксемиясы Қойлар мен ешкiлердiң инфекциялық анаэробтық энтеротоксемиясына қарсы күрес жəне профилактика іс-шаралары 281. Шаруашылық жүргізуші субъектiлер энтеротоксемия ауруының алдын алу мақсатында мыналарды: 1) Ветеринар мамандармен бiрлесе отырып ауыл шаруашылық жануарларға сəйкестендіруді жүргізуі; 2) мемлекеттiк ветеринариялық жаңадан сатып алынған жануарлар, алынған төлдер, олардың сойылуы мен сатылуы туралы хабарлауы; 3) Ветеринар мамандарға олардың талап етуi бойынша диагностикалық зерттеулер мен вакцина егудi жүзеге асыру үшiн жануарларды беру; 4) бір уақытта бiрнеше жануар ауырған, өлген немесе олардың ерсі қылықтардың жағдайлары туралы Ветеринар мамандарға хабарлауды жəне Ветеринар мамандар келгенге дейiн ауруға күдiкті жануарларды оқшаулап ұстау жөнiнде шаралар қабылдауы қажет. 282. Қойлар мен ешкiлердiң инфекциялық анаэробтық энтеротоксемиясы ауруы анықталғанда, шаруашылық жүргізуші субъектіні қолайсыз деп жариялайды жəне мынадай іс-шаралар жүргiзіледi: 1) барлық ауру жəне ауруға күдiктi жануарларды оқшаулайды жəне емдейді; 2) сау жануарлар қорада ұстап бағуға ауыстырылады, рационда тек сапалы ірітартылған азық, минералды заттардан тұратын қосымша азық қалдырылады жəне тез арада иммундейді; 3) бiрiншi вакцина егілгеннен кейін күнтізбелік 15 күн өткен соң жəне қойлар мен ешкiлердiң инфекциялық анаэробтық энтеротоксемиясы ауыруы мен өлiмi тоқтағаннан кейiн қой мен ешкі əдеттегі бағу жəне жемдеу жағдайына көшiредi. 283. Қолайсыз пункт кезеңінде мыналарға: 1) инфекциялық энтеротоксемиямен ауырған қойлар мен ешкiлердi союға жəне етiн тамаққа пайдалануға; 2) ауру қойлар мен ешкiлердiң сүтiн саууға жəне тамаққа пайдалануға жол берілмейді. 284. Инфекциялық энтеротоксемиядан өлген қойлар мен ешкiлердiң өлекселерi терiсiмен, жүнiн сылып алмастан жоюға жатады. 285. Қидың дезинфекциясын химиялық əдiспен немесе биотермиялық зарарсыздандырмай өртеу арқылы жүргізеді. 286. Қойлар мен ешкiлердiң инфекциялық энтеротоксемия ауруын алдын алу мақсатында жануарларды құнарлы азықпен қамтамасыз ету, рационды бірден өзгертуге жол бермеу, суару мен ұстаудың санитариялық жəне зоогигиеналық қағидаларын сақтау қажет. Аурудың пайда болу мүмкіндігі кезінде қойлар мен ешкiлердi жайылымға шығарар алдында сапалы азықпен қоректендiруді ұсынады. 287. Қойлар мен ешкілердің инфекциялық энтеротоксемия ауруы бойынша бұрын тiркелген қолайсыз пункттерде барлық қой мен ешкiлердi аурудың пайда болу кезеңіне дейін күнтізбелік 20 күннен кешіктірмей немесе жайылымға шығар алдында тиiстi вакцинамен иммундеуге жатады. 288. Шаруашылық жүргізуші субъекті қойлар мен ешкiлердiң инфекциялық анаэробтық энтеротоксемиясы ауруы бойынша аурудың соңғы жағдайынан немесе жануарлардың өлгенiнен кейiнгі күнтізбелік 20 күн өткен соң жəне қорытынды дезинфекциялау жүргізілгеннен кейін қолайлы болып саналады. 23. Қойлардың инфекциялық катаральды қызбасы («көк тiл», блютанг) Қойлардың инфекциялық катаральды қызбасы ауруының профилактикалық іс-шаралары 289. Шаруашылық жүргізуші субъектілерге жаңадан əкелінген жануарларға профилактикалық карантиндеуді күнтізбелік 30 күн ішінде жүргізу. 290. Қора-жайларда дезинфекцияны, дезинсекцияны, сондай-ақ дератизацияны жүйелі жүргізу. 291. Ойпаң жердегi шөптердi шабу жəне жануарларды жоғары учаскелерге көшіру. 292. Қансорғыш жəндіктерге қарсы репеллентермен жануарларды өндеу. 293. Жаңадан сатып алынған жануарларға белсенді жəне белсенді емес клиникалық, вирусологиялық жəне серологиялық қадағалауды жүргізу. 294. Жануарлардың кіргізілуін соңғы 24 ай ішінде осы инфекциядан бос елдерден жүзеге асыру. 24. Қойлардың инфекциялық маститі Қойлардың инфекциялық маститiн профилактикалау жəне жою іс-шаралары 295. Жүйелi түрде аналық қойларға клиникалық қарау жүргiзiледi. Ауру аналық қойды қозыларымен бiрге оқшаулайды жəне емдейдi. Ауру аналық қойдың қозысын жекелейді жəне, ауыз қуысын антисептикалық ерiтiндiлермен мұқият түрде өңдегеннен кейiн сиыр сүтiмен азықтандырады немесе сау аналық қойларға қосады. Ауырып жазылған қойларды оқшаулап ұстайды. 296. Қой қораларды мұқият тазалайды жəне дезинфекциялайды. Ауру қойлардың сүтiн жеке ыдысқа жинап жояды. Қиды биотермиялық əдiспен зарарсыздандырады. 297. Аналық қой отарын инфекциялық мастит бойынша қолайлы бастарымен қалыптастырады. 298. Емiзулi аналық қойларды құнарлы азықпен қамтамасыз етедi жəне ұстауға қажетті жағдай жасайды. Олардың сүт безiнiң жағдайына назар аударады жəне жүйелi түрде қарайды. 299. Маститке күдiктенген кезде сауылатын қойлардың сүтiн экспресс əдiспен зерттейдi, ал аурулардың сынамаларын жəне өлген жануарлар желiнiнiң бөлiгiн бактериологиялық зерттеу үшін зертханаға жiбередi. 300. Ауруларды бөлгеннен кейін қора-жайларды тазалайды жəне дезинфекциялайды. 301. Инфекциялық маститпен ауыратын қойларды оқшаулайды, құнарлы азықпен қамтамасыз етедi. 302. Емдеу үшiн Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етiлген осы ауру үшiн тиiмдi антибиотиктердi, сульфаниламидтердi жəне тағы басқа препараттарды пайдаланады. 303. Шектеу ауруды жойғаннан жəне қорытынды дезинфекция жүргізгеннен кейiн алынады. 25. Қойлар мен ешкiлердiң контагиозды эктимасы (контагиозды пустулезді стоматиты жəне дерматиты) Қойлар мен ешкiлердiң контагиозды эктимасына (контагиозды пустулезді стаматиты жəне дерматиты) қарсы күрес жəне профилактика іс-шаралары 304. Қойлар мен ешкiлердiң контагиозды эктимасының профилактикасы мыналарды: 1) жануарлардың контагиозды пустулезді дерматиты ауруына уақытылы диагностикалауды; 2) қойлар мен ешкiлердiң контагиозды пустулезді дерматитіне қарсы вакцинаны барлық бейiм бастарға вакцина егуді қамтиды. 305. Шаруашылық жүргізуші субъектілерге қойлар мен ешкiлердiң контагиозды эктимасының əкелінуінен қорғау мақсатында жануарлар иелерi мен Ветеринар мамандарға мыналарды: 1) ауыл шаруашылығы жануарлардың сəйкестендіруін жүргізу; 2) Ветеринар мамандарға жаңадан сатып алынған жануарлар, алынған төлдер, оларды сойылуы мен сатылуы туралы хабарлау; 3) Ветеринар мамандарға олардың талап етуi бойынша диагностикалық зерттеулер мен вакцина егудi жүзеге асыру үшiн жануарларды беру; 4) бір уақытта бiрнеше жануар ауырған, өлген немесе олардың ерсі қылықтардың жағдайлары туралы Ветеринар мамандарға хабарлауды жəне Ветеринар мамандар келгенге дейiн ауруға күдiкті жануарларды оқшаулап ұстау жөнiнде шаралар қабылдауы қажет. 306. Қойлар мен ешкiлердiң контагиозды пустулезді дерматиты ауруы қойылған кезде шаруашылық жүргізуші субъектінің аумағын қолайсыз деп жариялайды жəне шектеу қояды. 307. Шектеудiң шарттары бойынша мыналарға: 1) қойлар мен ешкiлердi ет комбинатына клиникалық сау ұсақ мал басын союға автокөлікпен шығаруды қоспағанда, əкелуге (кіргізуге) жəне шығаруға (əкетуге); 2) қолайсыз топтардың жануарларына қызмет көрсетумен байланысты емес адамдардың қора-жайларға жəне осы жануарларды ұстайтын басқа орындарға кiруге; 3) ветеринариялық маманның рұқсатынсыз шаруашылықтың iшiнде жануарларды қайта топтастыруға; 4) ауру жануарлар жанасқан жем-шөптерді (шөп, сабан) шығаруға жол берілмейді. Осы жем-шөппен сол жерде қойлар мен ешкілердің контагиозды пустулезді дерматиты ауруына бейім емес жануарларға, сондай-ақ ауру жəне осы аурумен ауырып жазылған қойлар мен ешкiлердi азықтандырады. 308. Қолайсыз жерлердің қойлар мен ешкiлердiң сүтiн тамаққа қайнатқаннан кейiн немесе сүт өнiмдерiн тікелей шаруашылық жүргізуші субъектіде қайта

13

www.egemen.kz

6 қараша 2013 жыл

өңдегеннен кейiн, жəне кейіннен шаруашылық жүргізуші субъектіде ғана пайдалануға рұқсат етедi. 309. Қойлар мен ешкілердің контагиозды эктимасы ауруымен ауыратын жануарларды оқшаулайды жəне емдеу жүргiзедi. 310. Өлген жəне контагиозды эктимасы ауруының клиникалық белгiлерi бар, жануарларды шарасыздан өлтірген өлекселерiн жояды. 311. Əкімшілік-аумақтық бірліктің қойлар мен ешкiлердiң контагиозды эктимасы бойынша қолайсыз жануарларын қырқу қолайлы отарларды қырққаннан кейін соңғы кезекте жүргізеді. Қырқу орындарын, сондай-ақ қырқу құралдарын жұмыс аяқтағаннан кейiн механикалық тазартудан жəне дезинфекциядан өткiзеді. Алынған жүн тығыз материалдан жасалған ыдыста шаруашылық жүргізуші субъектіден тек қайта өңдеу кəсiпорынға шығарады. 312. Қолайсыз пункттен шектеуді соңғы ауру жануарды анықтаған немесе сауыққан жағдайыннан кейін күнтізбелік 30 күннен соң жəне қорытынды дезинфекциялау жүргізілгеннен кейiн алады. 26. Қойлар мен ешкiлердiң тұяғының шіруі Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта жүзеге асырылатын қойлар мен ешкiлер тұяғының шіруінің профилактикасы бойынша іс-шаралар 313. Аурудың алдын алу мақсатында жеке жəне заңды тұлғалар тұқымдық жəне пайдалану мақсаттары үшін жануарларды ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтан тыс шығару (əкету) кезінде жөнелтуге дейін күнтізбелік 30 күн ішінде жəне жаңадан сатып алынған жануарларды профилактикалық карантиндеу кезеңiнде жалпы ветеринариялық тексеруден өткізеді. 314. Жануарларды сатуға, сондай-ақ оларды осы пункттен əкетуге (шығаруға) жануарларды тексеру нəтижелері теріс болған жəне ветеринариялық паспортта тиісті белгі болған кезде жол беріледі. 315. Шаруашылық жүргізуші субъектiлерде отарларды жинақтауды қойлар мен ешкiлердiң тұяғының шіруі бойынша қолайлы пункттерден шығатын жануарлармен жүргізу қажет. 316. Импортталатын жануарлар күнтізбелік 30 күн ішінде профилактикалық карантиндеуге жатады. 317. Экспортталатын жануарларды импорттаушы елдiң ветеринариялық талаптарына жəне əдiстерiне сəйкес зерттейдi. Эпизоотиялық ошақтарында жəне қойлар мен ешкiлердiң тұяғының шіруі бойынша қолайсыз пункттерде жүргізілетін іс-шаралар 318. Жануарлардың қойлар мен ешкiлердiң тұяғының шіруі ауыру анықталған жағдайда шаруашылық жүргізуші субъектіге шектеу қойылады. 319. Қойлар мен ешкiлердiң тұяғының шіруі бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектiде (елді-мекенде): 1) шаруашылық жүргізуші субъектiнің аумағына қойлар мен ешкiлердi əкелуге (кіргізуге) жəне одан тыс əкетуге (шығаруға); 2) қойлар мен ешкiлердi шаруашылық жүргізуші субъектiнің (елді-мекеннің) iшiнде қайта топтастыруға, сондай-ақ, ауру қойлар мен ешкiлердi сау қойлармен жəне ешкiлермен бірге бағуға, суғаруға жəне ұстауға жол берілмейді. 320. Шаруашылық жүргізуші субъектіге қызмет көрсететiн ветеринариялық маманы қойлар мен ешкiлердiң тұяғының шіруін жою жоспарын жасайды жəне оны тиісті əкімшілік-аумақтық бiрлiктiң бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторымен келіседі, тұяқтың шіруін қойлардың некробактериозынан, эктимасынан, шешектен жəне ауысылдан саралау үшін ауру жануарлардан алынған патологиялық материалды іріктейді жəне зертханаға жібереді. 321. Қойлар мен ешкiлердiң тұяғының шіруі пайда болған шаруашылық жүргізуші субъектiде барлық жануарлар əрбiр күнтізбелік 10 күн сайын зерттейді, анықталған ауру жануарларды оқшаулайды. 322. Шартты түрде сау қойлар мен ешкiлердiң сүті қайнатылғаннан кейін тамаққа қолданылады, ал ауру жануарлардан алынған сүт жойылады. 323. Қолайсыз пунктте тұяқтың шіруінің жұғуын болдырмау мақсатында қойлар мен ешкiлер аяқ ваннасынан өткiзіледi. 324. Оқшауланған ауру қойлар мен ешкiлерді емдейді. 325. Шаруашылық жүргізуші субъектіден шектеу соңғы ауру қойдың немесе ешкiнің сауығу сəтінен бастап немесе ауру қой немесе ешкi сойылғаннан кейін 1 ай өткен соң алынады. Шектеу алынар алдында барлық қойлар мен ешкiлердің тұяқшаларына ветеринариялық тексеру жүргізіліп, аяқ ваннасынан өткiзедi. 27. Қойлардың баяу инфекциялары (скрепи, висна-маеди, аденоматоз) Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда жүзеге асырылатын іс-шаралар 326. Отарды қолайлы өңірлердегі жануарлармен жинақтау. 327. Жаңадан əкелінген жануарларды профилактикалық карантинін күнтізбелік 30 күн ішінде жүргізу. 328. Баяу инфекцияларға жол бермеу бойынша қой мен ешкі иелерi жүргiзетiн ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар мыналарды қамтиды: 1) қойлар мен ешкiлерді орналастыру, азықтандыру жəне пайдалану кезінде ветеринариялық-санитариялық қағидалардың орындалуын қамтамасыз ету; 2) жайылымдар жəне суат орындарын тиісті ветеринариялық-санитариялық жағдайда ұстау; 3) қиды жəне өлген жануарлардың өлекселерін уақытында залалсыздандыру; 4) профилактикалық дезинфекция, дератизация, дезинсекция, дезакаризацияны тұрақты жүргiзу; 5) мал шаруашылығы фермаларын, қора-жайларын дезинфекциялық кедергілермен қамтамасыз ету; 6) мал шаруашылығы объектiлерiнiң аумақтарына қоршауды қамтамасыз ету; 7) Ветеринар мамандарға жаңадан сатып алынған жануарлар, алынған төлі, олардың сойылуы мен сатылуы туралы хабарлау; 8) барлық жануарлардың сəйкестендіруін қамтамасыз ету; 9) жаңадан əкелiнген жануарларды диагностикалық зерттеу жəне ветеринариялық өңдеу жүргiзу мақсатында күнтізбелік 30 күн ішінде оқшаулап ұстау; 10) инфекциялық ауруларға қолайлы аумақтарда азықтардың дайындығын жүргізу; 11) асхана жəне сою қалдықтарына термикалық залалсыздандыру жүргізу; 12) қолайлы жəне қолайсыз аймақтардың жануарлары арасында байланысқа жол бермеу. 329. Ветеринар мамандар жүргізетін арнайы iс-шаралар: 1) жануарлардың жыл сайын клиникалық қарауды жүргiзу; 2) жануарларды емдеу-профилактикалық тазалауды жүргiзу; 3) жануарларды жоспарлы диагностикалық зерттеуді жүргiзу. Қойлар мен ешкiлер арасында баяу инфекция пайда болған жағдайда жүргізілетін iс-шаралар 330. Жануарлар иелерi мыналарды жүзеге асырады: 1) бір уақытта бiрнеше жануар ауырған, өлген немесе олардың ерсі қылықтардың жағдайлары туралы Ветеринар мамандарға хабарлауды жəне Ветеринар мамандар келгенге дейiн ауруға күдiкті жануарларды оқшаулап ұстау жөнiнде шаралар қабылдауды; 2) ветеринариялық маманды ескермей ауруы бар деп анықталған жануарға кез келген қозғалуға тыйым салу; 3) союдың алдында ветеринариялық қарауды жүргiзбей жəне сойылғаннан кейiн ұшалары мен мүшелерiне ветеринариялық-санитариялық сараптама жасамай сатуға арналған жануарларды союға жол бермеу; 4) қолайсыз пункттің аумағына жануарлардың, бөгде адамдар мен көлiктердiң кіруіне тыйым салынады; 5) жануарлардың қиын, өлексесiн жəне ауру жануарлардың басқа да қалдықтарын зарарсыздандыру. 331. Ветеринар мамандар мыналарды: 1) жануарлардың клиникалық қарауын жүргізуді; 2) барлық ауру жəне жұғу күдігі бар жануарларды жоюды; 3) шарасыз дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргiзуді жүзеге асырады. 332. Барлық ауру, ауруға күдiгi бар жануарларды сойған соң жəне қорытынды ісшараларды жүргізгеннен кейін карантин алынады. 28. Қой шешегi Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда жүргізілетін профилактикалық іс-шаралар 333. Қойлардың шешек ауруының пайда болуы мен оның таралуын алдын алу үшiн мыналар: 1) шаруашылық жүргізуші субъектiге қойдың шешегі бойынша қолайсыз өңірлерден келген қойларды, азық пен құрал-саймандарды əкелуге (кiргiзуге) жол бермеу; 2) шаруашылық жүргізуші субъектiлерге келген барлық қойларды күнтізбелік 30 күн ішінде оқшаулап ұстау; 3) қойлардың жай-күйiне жүйелi түрде ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыру; 4) отарларға, сондай-ақ жайылым учаскелерге, суару жерлерi мен айдау жолдарына тұрақты түрде қызмет көрсететiн персоналды бекiту қажет. 334. көрсетілген ауру бойынша қолайсыз шектес елдермен тікелей шекаралас аудандардың аумақтарында орналасқан бастарды қоса алғанда, қойдың шешек ауруы бойынша қауiптi шаруашылық жүргізуші субъектілердің барлық қойларына жылына 2 рет шешекке қарсы профилактикалық вакцина егу қажет. 335. Қойдың шешек ауруы жойылған кейiнгi үш жыл ішінде бұрынғы қолайсыз пункттердегі қой бастарына вакцина егуге жатады. Қойдың шешегі бойынша қолайсыз пункттерде жүргізілетін профилактикалық іс-шаралары 336. Түпкілікті диагнозды қойған кезде шаруашылық жүргізуші субъектiсiнiң аумағына карантин қойылады. 337. Карантиннiң шарттары бойынша мыналарға: 1) жануарлардың барлық түрлерiн қолайсыз пункттерге əкелуге (кіргізуге) жəне олардан əкетуге (шығаруға); 2) қолайсыз пунктте дайындауға жəне жануарлардан бұрын дайындалған өнімді жəне шикiзатты шығаруға; 3) шаруашылық жүргізуші субъектiсiнiң iшiнде жануарларды қайта топтастыруға, сондай-ақ ауру қойларды сау жануарлардардың барлық түрлерiмен бiрге жаюға, суаруға жəне ұстауға; 4) қолайсыз топтардағы жануарларға қызмет көрсетумен байланысты емес адамдарға қора-жайларға жəне осындай жануарлары бар басқа орындарға кіруге; 5) карантин қойылған аймақта малдар мен мал өнiмдерiн сатуға, көрмелер, жəрмеңке, базар, сондай-ақ жануарлардың, адамдардың жəне көлiктердiң жиналуымен байланысты басқа да іс-шаралар жүргiзуге; 6) қойдың шешек ауруымен ауыратын жануарлармен жанасқан жем-шөпті (пiшен, сабан жəне тағы да басқа) шығаруға. Ол жем-шөптi сол жерде (шаруашылықта) шешек ауруына бейiм емес жануарларға немесе ауру жəне қойдың шешегімен ауырып жазылған қойларды азықтандырады; 7) қойдан алынған сүттi жəне одан алынатын өнiмдердi залалсыздандырылмаған күйiнде пайдалануға. Қолайсыз пункттегі қойдан алынған сүт сол жерде 85 о С температурада 30 минут пастерлеу жолымен немесе 5 минут қайнату арқылы залалсыздандыруға жатады; 8) қойдың шешек ауруына қолайсыз пункттiң аумағы арқылы автокөлiктiң жүруiне. Бұндай жағдайда көлiктiң белгiленген жерiне жету үшiн айналма жолдары көрсетiлу қажет; 9) карантин алынғанға дейiн шешек ауруына қолайсыз қойларды қырқуға жол берілмейді. 338. Шешекпен ауру қойлар мен қозыларды оқшаулайды жəне емдейдi, клиникалық сау малдарға шешекке қарсы вакцина егедi. 339. Шешектiң клиникалық белгiлерiмен өлген қойлардың өлекселерiн өртеу арқылы жояды. Ондай өлекселердiң терiлерiн сылып алуға жəне пайдалануға тыйым салынады. 340. Қолайсыз пункттегі мал шаруашылығының қора-жайларын, жабдықтарды, серуендету алаңдарын, қоршауларды жəне ауру қойлар болған басқа да орындарды барлық карантиннiң мерзiмi кезiнде қорытынды дезинфекция жүргiзiлгенге дейiн əр күнтізбелік 5 күн сайын дезинфекциялайды. 341. Қиды биотермиялық əдiспен зарарсыздандырады. 342. Қолайсыз пунктте соңғы шешек ауруымен ауырып сауыққан, өлген немесе сойылғаннан кейiн күнтізбелік 20 күн өткен соң карантин алынады. 29. Қойлар мен ешкiлердiң энзоотиялық (хламидиоздық) түсік тастауы Қойлар мен ешкiлердiң энзоотиялық (хламидиоздық) түсік тастауын профилактикалау жөніндегі іс-шаралар 343. Қойлар мен ешкiлердiң энзоотиялық (хламидиоздық) түсік тастау ауруының алдын алу үшін мыналар: 1) шаруашылық жүргізуші субъектiге жаңа əкелінген жануарларды күнтізбелік 30 күн ішінде оқшаулап ұстау; 2) қора-жайларды, жайылымдарды, суару орындарын тиісті ветеринариялықсанитариялық жағдайда ұстау; 3) оларды құнарлы азықпен қамтамасыз ету; 4) отарларға жайылымдарды жəне суару орындарын бекіту қажет. 344. Жануарларды қолдан ұрықтандыру пункттері мен кəсіпорындардағы асыл тұқымды қошқарларды əр 6 ай сайын серологиялық зерттеуден өткізу. 345. Төлдетуді жеке қора-жайларда, оқшауланған секцияларда жүргізеді. 346. Қойлар мен ешкiлердiң энзоотиялық (хламидиоздық) түсік тастауын профилактикалау мақсатында осы ауруға қарсы вакцинамен иммундайды. Қойдың энзоотиялық (хламидиоздық) iш тастауларын жою жөніндегі іс-шаралар 347. Қойдың энзоотиялық (хламидиоздық) iш тастауы анықталған жағдайда шаруашылық жүргізуші субъекті қолайсыз деп танылады жəне оған шектеу қойылады. 348. Шектеу шарттары бойынша мыналарға: 1) шаруашылық жүргізуші субъектінің ветеринар маманының рұқсатынсыз қой мен ешкілер басын қолайсыз пунктке кіргізуге жəне шығаруға, жануарларды қайта топтастыруға; 2) қой шаруашылығының, ешкі шаруашылығының шикі өнімін жəне ауру жануарлар жанасқан азықтың барлық түрін шығаруға; 3) қой мен ешкілерді еркін шағылыстыруға; 4) ауру жануарлардан алынған етқоректі жəне талғаусыз қоректі шикі өнімдермен азықтандыруға тыйым салынады. 349. Ауру жəне ауруға күдікті жануарларды союды пункттері мен алаңдарында жүргізеді. 350. Қолайсыз пункттерде өсірілетін қошқарларды (текелерді) вакцинациялау алдында хламидиозға тексереді. Ауруға теріс рекация берген жануарларды хламидиоздық іш тастауға қарсы вакцина егеді, ал оң немесе күдікті нəтиже бергендерді оқшаулайды жəне күнтізбелік 30 күннен кейін қайтадан тексереді. Егер қайтадан тексеру барысында оң немесе күдікті нəтиже берсе, ол малдарды сояды, ал теріс реакция бергендерге вакцина егеді. Егілген қошқарларды (текелерді) мақсатқа лайықты пайдаланады. 351. Қолайсыз отарларда төлдеген қойлардан (ешкілерден) алынған сүтті қайнатып немесе сүт қышқыл өнімдері ретінде қолданады. 352. Қоражайларды, керек-жарақтарды, күтіп-бағу заттарын, киім-кешектерді, аяқ киімдерді дезинфекциялайды. 353. Түсік тасталған төлді, төлдік қабықшалар, қойлардың, ешкілердің,

қозылардың, лақтардың жолдастары жəне өлекселері жойылады. 354. Энзоотиялық (хламидиоздық) iш тастау бойынша қолайсыз отарлардың (топтардың) жануарларды, аурудан қолайлы отарлардың қойлары мен ешкілерін қырққаннан кейін соңғы кезекте қырқады. 355. Қырықтық орны, керек-жарақтары, сондай-ақ, қырықтық құралдары жұмыс аяқталғаннан кейін тазартылады жəне дезинфекцияланады. Шаруашылық жүргізуші субъектісінен алынған жүнді қайта өндеу кəсіпорындарына жібереді. 356. Қойлардың энзоотиялық (хламидиоздық) іш тастауы бойынша қолайсыз пункттен шектеу соңғы жануарлар сойылғаннан жəне қорытынды іс-шаралар өткізілгеннен кейiн күнтізбелік 30 күннен соң алынады. 30. Жылқы тұмауы Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта жүзеге асырылатын жылқылардың тұмау ауруының профилактикасы бойынша іс-шаралар 357. Жылқы тұмауының алдын алу мақсатында меншігінде жылқылары бар жеке жəне заңды тұлғалар мынандай іс-шараларды өткізеді: 1) тұмауға қарсы профилактикалық екпелер жасау үшін оларды жыл сайын ветеринария мамандарына көрсетеді; 2) қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектiге жылқы тұмауымен ауыратын жəне ауру күдігі бар жануарларды кіргізуге (əкелуге) тыйым салады; 3) барлық жаңа əкелінген жылқыларды күнтізбелік 30 күн бойы карантинде ұстайды. 358. Импортталатын жылқыларға жөнелтуге дейін ең көбі сегіз жəне ең азы екі апта ішінде жылқы тұмауына қарсы вакцина егілуге тиіс. Эпизоотия ошақтарында жəне жылқы тұмауы бойынша қолайсыз пункттерде өткізілетін іс-шаралар 359. Жануарлардың жылқы тұмауымен ауыру жағдайы анықталған қолайсыз пунктке карантин белгіленеді. 360. Карантин шарттары бойынша: 1) шаруашылық жүргізуші субъектiнің аумағына жылқыларды кіргізуге (əкелуге) жəне оның шеңберінен тыс шығаруға (əкетуге); 2) жылқыларды шаруашылық жүргізуші субъектiнің iшiнде қайта топтастыруға (ауру жануарларды оқшауланған жерге шығаруды қоспағанда), сондай-ақ, ауру жануарларды сау жануарлармен бірге бағуға, суғаруға жəне ұстауға рұқсат етілмейді. 361. Жылқы тұмауымен ауыратын жəне ауру күдігі бар жануарлар оқшауланып, симптомдық емдеуге түседі. 362. Ауру жəне ауру күдігі бар жануарлар ұсталған қоражайлар карантин тоқтатылғанға дейін əрбір күнтізбелік 10 күн сайын дезинфекцияланады. 363. Қи жəне төсем биотермиялық əдіспен зарарсыздандырылады. Өлген жануарлардың өлекселері өртеледі. 364. Клиникалық сау жылқыларға вакцина егіледі. 365. Қолайсыз пункттен карантин жануарлардың жылқы тұмауымен соңғы ауыру жағдайынан жəне қорытынды іс-шаралар өткізілгеннен кейін күнтізбелік 15 күн өткен соң алынады. 31. Жылқылардың жұқпалы анемиясы Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта жүзеге асырылатын жылқылардың жұқпалы анемиясын сауықтыру жөніндегі іс-шаралар 366. Тақ тұяқты жануарлардың инфекциялық анемиямен ауруының алдын алу мақсатында, меншігінде жануарлары бар жеке жəне заңды тұлғалар инфекциялық анемияға диагностикалық тексеру үшін жануарларды ветеринария мамандарына көрсетеді. Жануарларды тексеру мынадай жағдайларда жүргізіледі: 1) асыл тұқымдық жəне пайдалану мақсаттары үшін əкімшілік-аумақтық бірліктің шеңберінен тыс шығару (əкету) (жөнелтуге дейін күнтізбелік 30 күннен аспайды); 2) жаңадан сатып алынған жануарларды профилактикалық карантиндеу; 3) жануарлардың биологиялық өнеркəсіп кəсіпорындарына продуцент ретінде түсуі (арасына күнтізбелік 30 күн салып екі мəрте, одан əрі жылына 2 рет). 367. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің жануарларын жинақтауды жылқылардың жұқпалы анемиясы бойынша қолайлы пункттердегі жануарлармен жүргізу қажет. Эпизоотия ошақтарында жəне жылқылардың жұқпалы анемиясы бойынша қолайсыз пункттерде өткізілетін іс-шаралар 368. Жануарлардың жылқылардың жұқпалы анемиясымен ауыру жағдайы анықталған қолайсыз пунктке карантин белгіленеді. 369. Карантиннің шарттары бойынша: 1) шаруашылық жүргізуші субъектiнің аумағына жануарларды кіргізуге (əкелуге) жəне оның шеңберінен тыс шығаруға (əкетуге); 2) сезімтал жануарларды шаруашылық жүргізуші субъектiнің iшiнде қайта топтастыруға, сондай-ақ, ауру жануарларды сау жануарлармен бірге бағуға, суғаруға жəне ұстауға; 3) оларды жылқылардың жұқпалы анемиясы вирусынан зарарсыздандырмай жануарлардан алынатын қан-сарысу дəрі-дəрмектерін сатуға; 4) жеке жəне заңды тұлғаларға тиесілі жануарлардан алынған қымызды карантиндегі пункттен шығаруға жəне сатуға рұқсат етілмейді. 370. Қолайсыз пункт жануарларының барлық мал басы клиникалық тексеруге түседі жəне диффузиялық преципитациялау реакциясы əдісімен инфекциялық анемияға тексеріледі. 371. Инфекциялық анемиямен клиникалық ауыратын жануарлар оқшауланып, техникалық кəдеге жаратуға жіберіледі. 372. Ауру жануарлар ұсталған қоражайлар карантин тоқтатылғанға дейін əрбір күнтізбелік 15 күн сайын дезинфекцияланады. 373. Қи биотермиялық əдіспен зарарсыздандырылады. 374. Инфекциялық анемияға серологиялық тексеру кезінде араға күнтізбелік 7-10 күн салып екі мəрте оң немесе күдікті сезінетін жəне клиникалық ауру белгілері (дене температурасының көтерілуі, ісінуі, жүдеуі) жоқ жануарлар санитарлық қасапханада сойылады. Тамаққа жарамды ет пісіріліп зарарсыздандыруға немесе консервілер дайындау үшін жіберіледі. Басы, сүйектері, ішек-қарындары, терісі кəдеге жаратылады. 375. Қолайсыз пунктте диффузиялық преципитациялау реакциясы əдісімен инфекциялық анемияға тексеру кезінде теріс реакция берген жануарлар топ бойынша екі мəрте теріс реакция алуға дейін араға күнтізбелік 30 күн салып осы əдіспен қайта тексеріледі. 376. Серологиялық тексеру кезінде оң нəтиже берген биелерден туған құлындар диффузиялық преципитациялау реакциясымен араға күнтізбелік 30 күн салып екі мəрте инфекциялық анемияға тексеріледі. Екі мəрте тексерудің нəтижелері теріс болған кезде олар сау деп есептеледі. 377. Бірінші немесе екінші тексеру кезінде күмəнді нəтиже берген жануарлар күнтізбелік 7-10 күннен кейін қайтадан тексерілуге тиіс. Оң жəне екі мəрте күмəнді нəтиже берген жануарлар союға жатады. 378. Қолайсыз пункттен карантин ауру жəне оң нəтиже берген жануарлар сойылғаннан кейін, сондай-ақ, араға күнтізбелік 30 күн салып қалған тақ тұяқты жануарлардың мал басын cерологиялық тексерулердің теріс реакцияларын екі мəрте алғаннан жəне қорытынды іс-шаралар өткізілгеннен кейін 3 ай өткен соң алынады. 32. Жылқылардың сақауы Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта жүзеге асырылатын жылқылардың сақауының профилактикасы бойынша іс-шаралар 379. Аурудың алдын алу мақсатында меншігінде жануарлары бар жеке жəне заңды тұлғалар мынадай іс-шараларды өткізеді: 1) ветеринарлық қарап тексеру үшін жануарларды ветринария мамандарына көрсетеді; 2) жануарларды толыққанды азықтандыруды ұйымдастырады; 3) құлындарды үлкен мал басынан бөлек ұстайды; 4) жануарларды жеткізуді жəне жемшөпті сатып алуды тек қана қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектілерден жүргізеді; 5) барлық жаңадан сатып алынған жануарларды күнтізбелік 30 күн профилактикалық карантинде ұстайды; 6) 5 жасқа дейінгі жануарларды жылқылардың сақауына қарсы вакцина егу үшін жыл сайын ветеринария мамандарына көрсетеді; 7) қоражайларды профилактикалық дезинфекциялауды жүргізеді. Эпизоотиялық ошақтарында жəне жылқылардың сақауы бойынша қолайсыз пункттерде жүргізілетін іс-шаралар 380. Жануарлардың жылқылардың сақауымен ауыру жағдайы анықталған қолайсыз пунктке шектеу қойылады. 381. Шектеудің шарттары бойынша: 1) қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектiнің аумағынан жануарларды жəне жемшөпті шығаруға (əкетуге); 2) жануарларды шаруашылық жүргізуші субъектiнің ішінде қайта топтастыруға; 3) шаруашылық жүргізуші субъектiнің аумағына бөгде адамдардың кіруіне жол берілмейді. 382. Ауру жануарларды оқшаулайды жəне емдейді. 383. Барлық мал басының термометриясымен күн сайынғы клиникалақ тексеру белгіленеді. 384. Қи, төсем, азық қалдықтары биотермиялық əдіспен зарарсыздандырылады. 385. Жануарлар тұрған қора-жайлар тазаланады жəне дезинфекцияланады. 386. Қолайсыз пункттен шектеу жануарлардың жылқылардың сақауымен соңғы ауруы жағдайынан жəне қорытынды іс-шаралар жүргізілгеннен кейін күнтізбелік 15 күн өткен соң алынады. 33. Жылқы ринопневмониясы Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта жүзеге асырылатын жылқы ринопневмониясына профилактикалық іс-шаралар 387. Жануарлардың жылқы ринопневмониясымен ауруының алдын алу мақсатында меншігінде жануарлары бар жеке жəне заңды тұлғалар профилактикалық ветеринариялық тексеру үшін жануарларды ветеринария мамандарына көрсетеді. 388. Жануарларға тексеру: 1) жануарларды тұқымдық мақсаттар үшін ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумағынан тыс шығару (əкету) кезінде (жіберуге дейін күнтізбелік 30 күннен аспайды); 2) қайта сатып алынған жануарларға профилактикалық карантиндеу кезеңінде жүргізіледі. Эпизоотиялық ошақтарында жəне жылқы ринопневмониясы бойынша қолайсыз пункттерде жүргізілетін іс-шаралар 389. Жануарлардың жылқы ринопневмониясымен ауыру жағдайы анықталған қолайсыз пунктке шектеу қойылады. 390. Жылқы ринопневмониясы бойынша қолайсыз пунктте: 1) шаруашылық жүргізуші субъектiнің аумағына жануарларды кіргізуге (əкелуге) жəне одан тыс шығаруға (əкетуге); 2) шаруашылық жүргізуші субъектiнің iшiнде жануарларды қайта топтастыруға, ауру жануарларды сау жануарлармен бірге бағуға, суғаруға жəне ұстауға; 3) аталық жануарлардан қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектiлерге ұрық беруге жол берілмейдi. 391. Ветеринария маманы шаруашылық жүргізуші субъектiнің қалған жануарларына мұқият клиникалық бақылауды белгілейді. 392. Ветеринария маманы түсік тастаған немесе төлі өліп қалған құлындаған биелердi симптоматиялық емдеуге түсіреді. 393. Шаруашылық жүргізуші субъектiнің ветеринария маманы барлық мал басына жылқының ринопневмониясына қарсы вакцина егуді жүргізеді. 394. Əрбiр түсік жағдайынан кейін ат қора дезинфекцияланады. 395. Тастанды төл қабығымен бiрге өртеледi. 396. Қи, төсем, азық қалдықтары биотермиялық əдiспен зарарсыздандырылады. 397. Жылқы ринопневмониясымен ауыратын немесе күдігі бар жануарлардан алынған ұша қайнатылады. 398. Сүйектер мен iшкi органдар жоюға жiберіледi. 399. Терiні оларды кейіннен таза сумен жуып жəне кептіре отырып, əк тұнбасы ерітіндісінде (1 килограмм жаңа өшірілген əк 20 литр суға) 12 сағат ұстау жолымен дезинфекцияланады. 400. Жылқылардың ринопневмониясы бойынша қолайсыз пункттен шектеу егер буаздықтың екінші жартысында жануарлар болмаса, соңғы түсік жағдайынан немесе тіршілікке қабілетсіз құлын туылғаннан жəне қорытынды iс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін екі айдан соң алынады. 34. Жылқылардың маңқасы Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта жүзеге асырылатын жылқылардың маңқасын сауықтыру жөніндегі іс-шаралар 401. Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумаққа жылқылардың маңқасының əкелінуін болдырмау мақсатында, қолайлы аумақтардан тек қана клиникалық сау жəне маллеинизацияда теріс реакция берген жануарларды əкелуге (енгізуге) рұқсат етiледi. 402. Қайта сатып алынған жануарлар күнтізбелік 30 күн ішінде оқшауланып ұсталады жəне маллеинизация мен клиникалық тексеруге ұшырайды. 403. Барлық шаруашылық жүргізуші субъектiлерде жыл сайын жылына бір рет жануарларды маңқаға жоспарлы аллергиялық тексеру жүргізіледі. Жылқылар мына жағдайларда клиникалық тексеруге жəне маллеинизацияға түседі: 1) басқа шаруашылық жүргізуші субъектiлерге беруге дейін екi аптада; 2) көрмелерге, спорт жарыстарына жiберу алдында; 3) сою алдында. Эпизоотиялық ошақтарында жəне жылқылардың маңқасы бойынша қолайсыз пункттерде жүргізілетін іс-шаралар 404. Жануарлардың жылқы маңқасымен ауыру жағдайы анықталған қолайсыз пунктке карантин белгіленеді. 405. Карантиннің шарттары бойынша: 1) шаруашылық жүргізуші субъектiнің аумағына жануарларды кіргізуге (əкелуге) жəне одан тыс шығаруға (əкетуге); 2) қолайсыз пункттiң аумағы арқылы жылқыларды айдауға жəне оларға мiніп өтуге; 3) шаруашылық жүргізуші субъектiнің iшiнде жануарларды қайта топтастыруға, ауру жануарларды сау жануарлармен бірге бағуға, суғаруға жəне ұстауға; 4) союға, жылқыларды қымызбен емдеу орындарында пайдалануға, ауру жəне маңқамен ауру күдігі бар жануарларды қаштыруға рұқсат етiлмейдi. 406. Шаруашылық жүргізуші субъектiнің ветеринария маманы барлық жануарларды клиникалық тексеруге жəне маллеинизацияға түсіреді. 407. Тексеру нəтижелерi бойынша жануарларды төрт топқа бөледi: 1) жылқы маңқасының клиникалық белгiлерi анық байқалған жануарлар; 2) анық белгілері жоқ жəне маллеинизацияда сезінетін; 3) клиникалық белгiлерi жоқ, бiрақ маллеинизацияда оң əсер көрсететін жануарлар; 4) клиникалық белгiлерi жоқ жəне маллеинияға əсер көрсетпейтін жануарлар. 408. Осы Қағидалардың 16-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетiлген жануарлардың өлекселері терiсi сыпырылмай жəне ашылмай жағу жолымен жойылады.

409. Маңқамен ауырған жануарлардың өлекселерiн ашуға жəне олардың терісін сылып алуға тыйым салынады. 410. Ауру жұқтыру күдігі бар жануарлар əрбiр күнтізбелік 15 күн сайын пунктті қолайлы деп жарияланғанға дейін маллеинизациялау əдiсiмен зерттейдi. 411. Маңқаны жұқтыру күдігі бар жануарларды осы шаруашылық жүргізуші субъектiнің аумағы шегінде жекеленген жерде жаюға рұқсат етiледi. 412. Қора-жайларды дезинфекциялау əрбiр күнтізбелік 15 күн сайын (əрбір маллеинизациядан кейін) жүргізіледі. 413. Қиға, төсемге жəне азық қалдықтарына дезинфекциялық ерiтiндi құйып өртейдi. 414. Қора-жайдағы жылқыларды күтуге арналған барлық заттар, абзелдер, шелектер мен басқа да саймандар: 1) металл заттарды күйдiру жолымен дезинфекцияланады; 2) ағаш заттар, арбалар, шаналар 3% ыстық күйдiргiш натрий ерiтiндiсiмен, 3% формальдегид ерiтiндiсiмен дезинфекцияланады; 3) абзелдің былғары бөліктері, етiктер, кебiстер 1-3% хлорамин ерiтiндiсiмен сүртіледi; 4) халаттар, сүлгiлер 30 минут бойы қайнатылып зарарсыздандырылады; 5) қызмет көрсететін персоналдың жеке киімдері параформалинді камерада дезинфекцияланады. 415. Қолайсыз пункттегі карантин көзді маллеинизациялау əдісімен барлық сезімтал мал басын зерттеудің үш есе терiс нəтижелерін алу жағдайында маңқамен ауыратын жылқыларды соңғы анықтаудан кейін қырық бес күн өткен соң жəне қорытынды дезинфекция жүргiзгеннен кейін алынады. 35. Жылқылардың эпизоотиялық лимфангитi Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта жүзеге асырылатын жылқылардың эпизоотиялық лимфангитiне профилактикалық іс-шаралар 416. Аурудың пайда болуының алдын алу үшiн өсіруге арналған жылқыларды жеткізушілер аумағының жəне шаруашылықтарының эпизоотиялық жай-күйі тұрақты түрде бақыланып отырады. Шаруашылыққа қайтадан келіп түскен жылқылар профилактикалық карантинде ұсталып, тері жəне көзге көрінетін шырышты қабыршақтары мұқият тексеріледі. Жылқыларды пайдалану кезінде терi жамылғысының жарақаттануына жол бермеу бойынша іс-шараларға ерекше назар аударылады. 417. Эпизоотиялық лимфангиттің пайда болуының алдын алуға жылқыларды ұстау, күтім жасау жəне пайдалану жөніндегі ветеринариялық-санитариялық қағидаларды сақтай отырып қол жеткiзiледi. 418. Жылқыларға арналған қора-жайлар, құрал-саймандар жəне күтім жасау заттары мерзімді түрде дезинфекцияланады. Эпизоотиялық ошақтарында жəне жылқылардың эпизоотиялық лимфангитi бойынша қолайсыз пункттерде жүргізілетін іс-шаралар 419. Жануарлардың жылқылардың эпизоотиялық лимфангитiмен ауыру жағдайы анықталған қолайсыз пунктке карантин белгіленеді. 420. Карантиннiң шарты бойынша шаруашылықта жылқыларды (есектерді, қашарларды) шығаруға, сатуға жəне көшіруге, жаңа жануарларды кіргізуге, ауру жəне ауру күдігі бар жануарларды жаюға, сондай-ақ, құлындарды қашыртуға, піштіруге, ауру жəне ауру күдігі бар биелерден алынған сүтті пайдалануға рұқсат етілмейді. 421. Эпизоотиялық лимфангитпен ауыратын жануарларды қан шықпайтын əдiспен жояды. Өлекселердi терiсiмен бiрге өртейдi. 422. Қолайсыз ферманың сау жылқыларын (есектері, қашарлары) əрбір күнтізбелік 5 күн сайын клиникалық тексеруден өткізеді. Оларды қолайлы фермалардың жылқыларымен байланысты болдырмау шартында шаруашылық ішіндегі жұмыстарға жібереді. 423. Ат қоралар жəне олардың айналасындағы аумақты тазартады жəне əрбiр күнтізбелік 15 күн сайын дезинфекцияланады. 424. Абзелдерді бір сағат ішінде 60 С° температурада формальдегид буымен дезинфекцияланады. 425. Ауру жəне ауру күдігі бар жануарлардың қиы, төсемі жəне азық қалдықтары жағылады. 426. Қолайсыз пункттен карантин соңғы ауру жануарды жоюдан, жылқыларды қорытынды клиникалық тексеруден, қора-жайларды тазалап, дезинфекциялаудан кейін 3 айдан соң алынады. 36. Шошқаның атрофиялық риниті Шошқаның атрофиялық ринитін профилактикалау жəне жою 427. Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда жүзеге асырылатын шошқаның инфекциялық атрофиялық ринитін профилактикалау іс-шаралары мыналарға: шошқаларды ұстау жəне азықтандыру бойынша жалпы ветеринариялықсанитариялық жəне зоогигиеналық талаптарды сақтау арқылы шаруашылық жүргізуші субъектісіне инфекцияның əкелінуін алдын алуға; ветеринариялық құжаттармен расталуы тиіс инфекциялық атрофиялық ринитi бойынша қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектілерден шошқалардың табынын жинақтауға; жаңа əкелiнген шошқаларды профилактикалық карантинде күнтізбелік 30 күн ішінде шыдауға; олардың жасын ескере отырып, шошқалардың бөлек ұстауын сақтауға; аналық шошқаларды торайлау кезiнде басқа жас топтарынан бөлек ұстауға; шошқа фермасының аумағына жəне қора-жайларына көктем мен күзде, кейiннен қиды дезинфекциялап жəне биотермиялық зарарсыздандыра отырып, механикалық тазалауды жүргізуге; шошқа қорасының кiрген кезде дезинфекциялық кедергілерді жүйелі орнатуға жəне дератизация өткiзуге; инфекциялық атрофиялық ринитi бойынша қолайсыз жеке сектордың жəне шаруашылық жүргізуші субъектінің шошқаларымен қатынасқа жол бермеуге; шошқа тұрған қора-жайларға бөгде адамдардың кiруiн болдырмауға; ветеринарлық мамандардың барлық шошқа басына клиникалық қарауды өткiзуге; жануарларды күтуге пайдаланылатын заттарды (күрек, айыр, сыпыртқы) күнделiктi тазалауға жəне дезерiтiндiмен жууға; əрбір шошқа қорасына сабыны мен сүлгісі бар қолжуғыш орнатуға жəне олардан арнайы киiмдi шығаруға тыйым салуға; ветеринариялық зертханаға келіп түскен шошқа өлексесiнiң танау қуысын мiндеттi түрде ашу жəне инфекциялық атрофиялық ринитке тəн өзгерiстердiң болуын зерттеуге негізделген. 428. Ауруға диагнозды белгілеген кезде мынадай іс-шаралар өткiзiледi: аурудың анық белгiлерi бар ауру шошқалар тобын ортақ шошқа қораларынан оқшаулайды жəне союға тапсырады немесе шошқа фермасынан тыс аумағына семiртуге қояды; аурулары табылған шартты сау шошқаның тобын əрбір күнтізбелік 5-6 күннен кейін мұқият жеке клиникалық қараудан өткiзедi жəне барлық анықталған ауру шошқаларды оқшаулайды жəне союға тапсырады; сау шошқаның тобына шошқа қорада қалған барлық шошқа бастарына клиникалық қарау кезінде ауру жəне ауру күдігі бар жануарлар анықталмаған жəне олардың жұқтырмаудан қорғау іс-шаралары қабылданған шошқа бастары жатады. 429. Шаруашылық жүргізуші субьектіні сауықтыру кезінде мыналар қарастырылуы тиіс: 1) қолайлы шошқа қоралардан іріктелген үш жəне одан да көп торайлары бар клиникалық сау аналық шошқалар мен екi жастан асқан аталық шошқалардан топ құру жəне оларды шаруашылық сауықтырылғанша жеке оқшауланған, құрғақ, ауасы жақсы желдетілетін қора-жайларда орналастыру; 2) осы топтар тұратын шошқа қораларды жəне айналадағы ортаны тазалау, қажетті жөндеу жұмысын, дезинфекция жəне дератизация жүргізу; 3) оқшауланып ұсталатын клиникалық сау шошқа топтарын жазғы лагерге шығару жəне осы шошқа басын күту үшін жеке персоналды бекіту; 4) шошқаның қолайсыз бастарын шошқалардың қолайлы топтарда өсірірлген сау аналық баспен ауыстыра отырып, союға тапсыру немесе шошқалардың инфекциялық атрофиялық ринит ауруынан қолайлы басқа шаруашылықтан сау бастарын əкелу. 430. Шошқаның инфекциялық атрофиялық ринит ауруы анықталған шаруашылық жүргізуші субьектіні осы ауру бойынша қолайсыз деп жариялайды жəне шектеу қояды. 431. Шектеу талаптары бойынша мыналарға: 1) шаруашылық жүргізуші субъектінің табынын көбейту үшін толық сауыққанша басқа шаруашылық жүргізуші субъектілерге шошқаларды шығаруға; 2) клиникалық ауру шошқаларды семiрту үшін басқа шаруашылық жүргізуші субъектілерге шығаруға рұқсат берiлмейдi. 432. Шаруашылық жүргізуші субьектіні бiр жыл iшiнде ауру болмаған кезде жəне шартты қолайлы топтардың негізгі аналық шошқалардан соңғы екi рет торайлану кезінде инфекциялық атрофикалық ринитке қолайлы сау торайлар алынған жағдайда, сондай-ақ қорытынды ветеринариялық іс-шаралар өткізгеннен кейін инфекциялық атрофиялық ринит бойынша қолайлы деп жариялайды. 37. Шошқаның африкалық обасы Шошқаның африкалық обасын профилактикалау жəне жою бойынша iс-шаралары 433. Шошқаның африкалық обасы вирусының əкелінуiн алдын алу мақсатында мыналарға: 1) шошқаның африкалық обасы бойынша қолайсыз елдерден үй жəне жабайы жануарларды, оларды союдың өнiмдерiнiң жəне азықтың барлық түрін кіргізуге; 2) Қазақстан Республикасына бағытталған көлiк құралдарының иелерiне Қазақстан Республикасы аумағына шошқаның африкалық обасы бойынша қолайсыз мемлекеттерде сатып алынған жануарлар мен олардың тамаққа қолданылатын ет өнiмдерiн (консервiлерден басқа) жеткізуге; 3) Көлік құралдарынан Қазақстан Республикасының теңіз порттары акваторияларына, əуе кеңістігіне, темір жəне тас жол магистральдары бойынша тамақ қалдықтары мен қоқыстарды тастауға жол берілмейді. Шошқаның африкалық обасы бойынша қолайсыз елдерден келген кемедегi ағынды су зарарсыздандыруға жатады. Тамақ (ет) өнiмдерi бар сақтайтын тоңазытқыш камералары жəне теңiз, өзен кемелерiндегi қоймалары Қазақстан Республикасы портында барлық тоқтап тұру кезеңінде пломбалауға жатады; 4) шошқаларды халықаралық əуе, теңiз, өзен порттары жəне шекаралық темiржол станцияларының аумақтарында ұстауға жол берілмейді. 434. Ветеринариялық бақылау бекеттерiнің мемлекеттік ветеринариялықсанитариялық инспекторлары тиісті əкімшілік-аумақтық бірліктерінің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларымен бiрлесе отырып, шошқалардың африкалық обасы бойынша қолайлылығына тəуелсіз шет елдерден келген теңіз жəне өзен кемелерінен, ұшақтардан, вагон-мейрамханалардан, рефрижераторлардан жəне басқа көлiк құралдардан түсiрiлген қоқыстарды, тамақ жəне басқа қалдықтарды жинауға жəне зарарсыздандыруға бақылауды жүзеге асыруы тиіс. Бұл қалдықтар, тиісті əкімшілік-аумақтық бірліктің жəне санитариялық-эпидемиологиялық қадағалаушы қызметтің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторымен келiсу бойынша қаланың қоқыс тастайтын жерінен тыс арнайы жабдықталған жерлерде жағу арқылы жоюға жатады. 435. Шет елдерден (шошқаның африкалық обасына қолайсыз) келген экипаждың жолаушылар мен мүшелеріне тиесілі жүктер, қол жүктерi, сондай-ақ халықаралық почта жөнелтілімдері мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жəне ветеринариялық бақылау бекеттерінде қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлармен тиісті іс-шаралар қабылдау үшін тексеріп қарауға жатады. 436. Қазақстан Республикасына аурудың вирусын тікелей əкелуінің қаупі кезінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында аурудың эпизоотиялық ошақтары пайда болған жағдайда, облыстардың, аудандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары белгіленген тəртіпте шошқаның африкалық обасына қарсы күрес бойынша арнайы комиссия құрады. Комиссия құрамына, сəйкесінше шошқаның африкалық обасын профилактикалау жəне жою бойынша жүргізілген ісшараларына бақылауды ұйымдастыру жəне жүзеге асыру үшiн қажетті жергiлiктi атқарушы органдарының өкілдері енгізіледi. 437. Қазақстан Республикасымен шекаралас аумақта шошқаның африкалық обасы пайда болған кезде тиісті əкімшілік-аумақтық бірлігінің мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлары шекаралас аудандардың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің, қайта өңдеу кəсіпорындардың тұрғындарына шошқа шаруашылығы үшін туындаған қауіптер туралы кеңінен таныстыруды ұйымдастыруы жəне Қазақстан Республикасының аумағына аурудың вирусының əкелінуiн болдырмау бойынша іс-шараларды қабылдауға тиіс. 438. Шаруашылық жүргізуші субъектiсiндегі ветеринариялық маман шошқаның африкалық обасы ауруына күдiк пайда болған кезде ол туралы тиісті əкімшілікаумақтық бірліктің бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторына хабарлайды. 439. Тиісті əкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттiк ветеринариялықсанитариялық инспектор шошқаның африкалық обасы ауруына жануарларда күдiгі туралы хабарлама алған кезде, эпизоотиялық тексеру, патологиялық материалдарды іріктеу жүргiзу үшін жəне эпизоотиялық ошақтың шекарасын, қолайсыз пунктті, аурудың таралу мүмкін жолдарын анықтауға тез арада сол жерге келуге жəне аурудың таралуын болдырмау бойынша мынадай іс-шараларды қабылдауға тиiс: 1) ауру жəне ауру күдiгi бар шошқаларды олар болған қора-жайлардан оқшаулау; 2) жануарлардың (құстарды қоса алғанда) барлық түрлерін союға жəне ет өнiмдерiн (ет, май, терi, қауырсын, түбiт) сатуға тыйым салу; 3) ауру анықталған елдi-мекеннен, шаруашылық жүргізуші субъектіден шығуға жəне олардың аумақтарына көлік құралдарының кез-келген түрлеріне кіруге, шаруашылық жүргізуші субъектіден тиісті санитарлық өңдеусіз қызмет көрсету персоналына шығуға жол берілмейді; 4) шаруашылық жүргізуші субъектінің аумағынан жануарлардың өнімдерін жəне шикізаттарын, азықтарын жəне өткізілетін (тасымалданатын) объектілерді шығаруға; 5) шошқаның африкалық обасы ауруына күдiк болған кезде тиісті іс-шаралар қабылдау үшін жергілікті атқарушы органдарға, ветеринария саласындағы уəкілетті мемлекеттік органға, көрші аудандардың бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторларына қабылданған іс-шаралар туралы тез арада хабарлауға; 6) пысықталған патологиялық материалды ветеринариялық зертханаға патологиялық материалдарды іріктеу жəне қайта жіберудің белгiленген тəртiбін сақтай отырып, шошқаның африкалық обасын зерттеу үшін жiбередi. Эпизоотиялық ошақта шошқаның африкалық обасын жою бойынша іс-шаралар 440. Шошқаның африкалық обасының диагнозын қою туралы материалдарды алғаннан кейін тиiстi əкiмшiлiк-аумақтық бірліктің бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторы жергiлiктi атқарушы органға карантинді белгілеу туралы ұсыныс енгізеді. 441. Ветеринария саласындағы уəкілеттік органмен бекітілген аумақтарды аймаққа бөлу қағидаларына сəйкес эпизоотиялық ошақтың шекарасын анықтайды жəне онда аурудың профилактикасы мен жою бойынша қажетті іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастырады. 442. Карантині салынған шаруашылық жүргізуші субъектілерде, аудандарда жəне облыстарда мыналарға: 1) жануарлардың барлық түрлерiн, соның ішінде құстарды карантині салынған аумаққа жəне аумақтан тыс əкелуге жəне əкетуге, кіргізуге жəне одан шығаруға; 2) осы аумақта жануарлардың өнiмi мен шикiзаттарын дайындауға жəне шығаруға;

3) олардың аумағынан өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiн шығаруға; 4) карантині салынған шаруашылық жүргізуші субъектіге бөгде адамдарға кіруге, оның аумағына көлiк құралдардың енуiне жəне шаруашылық жүргізуші субъектіде шошқалардың басын қайта топтастыруға; 5) базарларда жəне басқа сауда орындарда жануарларды жəне оның өнiмдерi мен шикізатты сатуға, адамдар мен жануарларды шоғырландырумен байланысты ауыл шаруашылық жəрмеңкелерiн, көрмелердi (аукциондарды), басқа қоғамдық ісшараларды жүргізуге жол берілмейді. 443. Эпизоотиялық ошақтағы барлық шошқаларды қан шықпайтын əдiсiмен жояды. Өлген, сойылған шошқаның өлексесiн, қиды, азық қалдықтарын, ыдысты жəне арзан құнды құрал-жабдықтарды, сондай-ақ тозған қора-жайларды, ағаш едендердi, науаларды, қалқаларды сол жерде өртейдi. 444. Жануарлар ұсталған қора-жайларға, қоршаулар мен басқа орындарға мына тəртіпте 3 рет дезинфекцияны жүргізеді: бiрiншi - жануарларды жойғаннан кейiн бiрден жасайды; екiншi - ағаш едендердi, қалқаларды, науаларды алғаннан жəне тиянақты механикалық тазарту жүргізгеннен кейiн; үшiншi - карантиндi алардың алдында жасайды. Бiрiншi дезинфекцияны жүргізген кезде дезакаризация, дератизация, дезинсекция жасалады. 445. Дератизация жасағаннан кейiн жиналған кемiргiштердiң өлекселерін өртейдi. 446. Барлық қора-жайларға, құрал-жабдықтарға, қоршауларға, мал сою пункттерге жəне жануарлар тұрған басқа орындарға механикалық тазарту жүргізудің алдында дезинфекциялауға түседі. Жануарлардың қора-жайларына, қоршауларға, азық алаңдарына, мал сою пункттерге, ет өңдеу кəсіпорындарға жəне басқа объектілерге ағымдағы жəне қорытынды дезинфекция жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Ветеринариялық препараттарының мемлекеттік тізілімінде тіркелген препараттар қолданылады. 447. Жануарлардың өлекселерi болған қора-жайлардың жерлерiн (ағаш едендердi алғаннан кейiн), қораларды, орындарды дезинфекциялауды кейіннен 1 шаршы метрге кемінде 10 литр су есебімен сулай отырып, 1 шаршы метрге 2 килограмм есебімен құрамында 25% активтi хлоры бар хлорлы əкті біркелкі себу жолымен жүргізеді. 24 сағат өткен соң жердiң 10-15 сантиметр қабатын қопарып алады жəне арнайы қазылған, тереңдiгi кемiнде 2 метр орға көмедi. Топырақ бетiне бiркелкi хлорлы əкті сеуiп, үстiнен су құяды. 448. Нəжіс жинағыштағы қи бөкпесін құрғақ (құрамында кемінде 25% активті хлор бар) хлорлы əкпен араластырады, 10 литр қи бөкпесіне 1,5 килограмм əк жұмсайды. 449. Жануарлардың қи қоймасындағы қиды құрғақ, құрамында 25% хлорлы əкпен 0,5 килограмм/метр есеппен сеуiп араластырады, содан 1,5 метр тереңдiкке көмiп тастайды. 450. Қилардың көп мөлшерін биологиялық зарарсыздандыру үшін 1 жылға қалдырады. Ол үшiн, қи қойманың жиегiне 1 шаршы метрге 2 килограмм құрғақ хлорлы əк сбеді. Қи қоймасының ішкі жағының периметрі бойынша тікенек сымдардан қоршау орнатады жəне ор қазады. 451. Көлiк құралдарды жəне басқа да техникаларды (бульдозерлер, эксковаторлар жəне басқалар) сол эпизоотиялық ошақтың аймағындағы арнайы бөлінген алаңда мұқият жуып болған соң, дезинфекциялайды, ол үшiн осы Қазақстан Республикасының Ветеринариялық препараттардің мемлекеттік тізілімінде тіркелген дезинфекциялық заттардың бiреуiн қолданады. 452. Дезинфекциялық кедергілерді, дезтөсенiштердi, дезванналарды Қазақстан Республикасының Ветеринариялық препараттарының мемлекеттік тізілімінде тіркелген препараттардың біреуімен толтырады. 453. Эпизоотиялық ошақты душ қабылдайтын кабиналармен жабдықтайды жəне онда жұмыс істейтін адамнан басқа, барлық мамандар күнде гигиеналық душта санитариялық өңдеуден өтедi. Бұл ретте, сыртқы, iшкi киiмдердi, бас киiмдердi, арнайы жұмыс киiмдердi жəне аяқ киiмдердi формалиндi бу камерасында 57-60о С температурасымен 1 сағат ішінде зарарсыздандырады, бұнда формалиннiң шығыны 1 метрге 75 миллилитр болуы тиiс. Ошақтағы жұмыс толық аяқталғаннан кейiн пайдаланылған арнайы киiмдердi отқа жағады. 454. Ауаның температурасы 0о С төмен болған жағдайда дезинфекцияның алдында тиянақты механикалық тазарту жұмыстары жүргiзiледi. Ол үшiн дезинфекциялық объектілердің беті ең алдымен дезинфекция ерітіндісінің бiреуiмен суарады, сонан кейiн мұздан, қардан босатады да, қи мен қоқысты тазалайды. Буферлік аймақта жүргізілетін iс-шаралар 455. Тиісті əкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттiк ветеринариялықсанитариялық инспекторы шаруашылық жүргізуші субъектідегi, елді-мекендегі барлық шошқаларды дереу есепке алады, шаруашылық жүргізуші субъектiге шошқаларды сатуға, ауыстыруға, қора-жайдан шығаруға, союға жол бермеу туралы жазбаша түрде ескертедi. 456. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 28 сəуiрдегi № 407 қаулысымен бекітілген Жануарларға жəне адамдар денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарлар, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды міндетті түрде алып қою жəне жою не оларды алып қоймай міндетті түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) жəне қайта өңдеу ережесіне сəйкес, тиісті əкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторы қысқа мерзiмде барлық шошқалардың алуды жүзеге асырады. Жануарларды тасымалдау кезiнде жүру жолында қоршаған ортаны вируспен ластамау үшiн тасымалдау көлiктерiнің шанағын жабдықтайды. 457. Шошқаларды түсiргеннен кейiн көлік құралдары арнайы оқшауланған орында механикалық тазартуға жəне дезинфекциялауға жатады. Көлiк құралына санитариялық өңдеудің жүргізілгені туралы бұл жұмысты есепке алу журналына жазады. 458. Буферлік аймақта шошқаларды союды вирустың таралу мүмкіндігін болдырмайтын осы Қағидаларды сақтай отырып жүргізеді. 459. Сойылған шошқадан алынған етті жəне оның өнiмдерiн пiсiрiлген немесе пiсiрiлiп-қақталған шұжықтар немесе консервілерге қайта өңдейдi. 460. Еттердi көрсетiлген өнiмдерге қайта өңдеу мүмкiн емес болса, онда оларды пiсiру арқылы зарарсыздандырады. Өндiрiлген өнiм қолайсыз аумақтың шегінде пайдаланылады. 461. Егер ұшаны сойған кезде бұлшықеттерде, iшкi органдарында жəне теріде қанталау немесе дегенеративтiк өзгерiстер анықталса, онда оларды барлық ішкі органдарымен өртеу арқылы жояды. 462. Шошқаның африкалық обасына қолайсыз пункттерден жəне эпизоотиялық ошақтарынан буферлік аймаққа апаратын барлық жолдарға, буферлік аймақтың жəне қадағалау аймақтың сыртқы шекарасына апаратын жолдарға тəуліктік карантиндiк-күзеттiк полициялық бекеттері орнатылады. 463. Бекеттердi шлагбауммен, дезтосқауылмен жəне кезекшiлерге арналған үйшiктермен жабдықтайды. Бақылау аймағында жүргізілетін iс-шаралар 464. Базарларда шошқалардың жəне олардың өнiмдерiнің саудасына жол берілмейді. 465. Шаруашылық жүргізуші субъектiдегi барлық шошқа бастарына қайта есепке алу жүргізіледі. Оларды жаюға жол берілмейді. Шошқаның классикалық обасына жəне шошқа тiлмесiне қарсы иммундау жұмыстары жүргізіледі. 466. Шаруашылық жүргізуші субъектiлерде барлық санаттағы шошқалардың денсаулығының жағдайына мемлекеттiк ветеринариялық бақылауды жəне қадағалауды күшейтедi. Ветеринариялық зертханаларға шошқалардың өлекселерiн жəне патологиялық материалдарды зерттеу үшін пошта арқылы қайта жiберуге жол берілмейді. Патологиялық материалдарды тиiстi талаптарды сақтай отырып қолмақол жеткізуге ғана жол беріледі. Карантиндi жəне шектеудi алу 467. Шаруашылық жүргізуші субьектідегі шошқаның африкалық обасы бойынша карантин күнтізбелік 30 күннен кейiн алынады. 468. Карантин алынғаннан кейiн 12 ай мерзіміне шошқаларды жəне оны сойғаннан кейін алынған өнiмдерi мен шикiзаттарын қолайсыз аудандардан, облыстардан тыс шығаруға жол берілмейді. 469. Шошқаның африкалық обасына қолайсыз аудандардың (қалалардың), облыстардың ішкі сауда объектілерінде жəне шаруашылық жүргізуші субъектiлерiнде шошқаны сатуға жəне тұрғындардан сатып алуға жол берілмейді. 470. Шошқаның африкалық обасына қолайсыз аудандардың, облыстардың байланыс бөлiмшелерiнде азаматтардан жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттары бар сəлемдемелердi қабылдауға жол берілмейді. 471. Шошқаның африкалық обасына қолайсыз аумақтар үшін белгіленген шектеулер қадағалау аймақтың шекаралас əкімшілік-аумақтық бірлікке де қатысты. 472. Карантиннің əрекет ету мерзімінде қолайсыз аудандардан, облыстардан тыс шығатын кезде жолдарда карантиндік бекеттер жұмыс атқаруы тиiс. 473. Бұрынғы эпизоотиялық ошақтарында жəне буферлік аймақтарда карантин алынғаннан кейiн 12 айдан соң, шаруашылық жүргізуші субъектілерді шошқалармен жинақтауға рұқсат берiледi. 474. Ірі шошқа шаруашылығының кешеніне жануарлар басын жинақтау карантин алынғаннан кейiн 12 айдан соң, ветеринария саласындағы уəкiлеттi мемлекеттік органының рұқсатымен жол беріледі. Мұндай қора-жайларға жануарлардың (құстарды қоса алғанда) басқа түрлерін орналастыру карантин алынғаннан кейiн рұқсат берiледi. 38. Шошқаның везикулярлық ауруы Шошқаның везикулярлық ауруының əкелінуiнiң алдын алу іс-шаралары 475. Ауру қоздырғыштың əкелінуін алдын алу мақсатында мыналарға: 1) везикулярлық ауруға қолайсыз елдерден шошқаның терiсiн, шошқа өнiмдерiн жəне шошқаларды əкелуге; 2) халықаралық желілерге қызмет көрсететін əуежайлардан, ұшақтардан, пароходтардан, пойыздардан жиналған тамақ қалдықтарын шошқаларға азық ретiнде пайдалануға; 3) құстардың жаппай ұшу кезеңінде шаруашылық жүргізуші субъектiлердің ашық жайылым алаңдарда шошқаларды ұстауға жол берілмейді. 476. Шошқаның везикулярлық ауруының негізгі алдын алуы ауру қоздырғышының қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектіге əкелінуін болдырмау жəне шаруашылық жүргізуші субюъектінің шегінде шошқа басының өткізілуіне бақылау болып табылады. 477. Шаруашылық жүргізуші субъектiлерге шошқаның везикулярлық ауруының қоздырғышының əкелінуін алдын алу үшiн: 1) шаруашылық жүргізуші субъектіні везикулярлық ауруына қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектіден сау жануарлармен толықтыру қажет; 2) шаруашылық жүргізуші субъектіге əкелiнген шошқаларды күнтізбелік 30 күн ішінде карантинде ұстау қажет. Карантин кезiнде шошқаларға шошқаның везикулярлық ауруына серологиялық зерттеу жүргізеді. 478. Шошқаның везикулярлық ауруына күдiктенгенде шаруашылық жүргізуші субъектiсiнің басшысы немесе шаруашылық жүргізуші субьектіге қызмет көрсететін ветеринариялық маман тиісті əкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторына хабарлайды жəне ауру жəне ауруға күдiктi жануарларға оқшаулауды ұйымдастырады, оларға жеке қызмет көрсететін персоналды бекітеді. 479. Тиiстi əкiмшiлiк-аумақтық бірліктің бас мемлекеттiк ветеринариялықсанитариялық инспекторы, шошқаның везикулярлық ауруына күдiктi деген хабар алғаннан кейін, тез арада сол жерге келiп, эпизоотиялық жағдайды анықтап, оның диагнозын анықтау жəне аурудың таралуына жол бермеу үшін іс-шаралар қабылдауы тиiс. 480. Осы мақсатта: 1) ауру қоздырғышының əкеліну көздерін жəне жолдарын анықтау бойынша шаруашылықта мұқият эпизоотиялық зерттеу, талдау жүргiзіледi; 2) айналадағы шаруашылық жүргізуші субъектілерде шошқаның везикулярлық ауруының жəне басқа ауруларының эпизоотиялық жағдайын нақтылайды; 3) оқшауда тұрған шошқа басына, аурудың əртүрлі сатысында жануарлардың дене қызу реакциясына назар аудара отырып, клиникалық тексеру жүргізіледі; 4) патологиялық материалдарды іріктеп, зерттеуге жолдайды. Шошқаның везикулярлық ауруының қоздырғышының əкелінуі қаупі бар аймақтағы іс-шаралар 481. Қауiптi аймақта мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады: 1) тұрғындарды аурудың таралу қаупi жəне осыған байланысты жүргізілетін ісшаралар туралы хабардар етедi. Шошқаларға активтілігі жойылған профилактикалық вакцинаны қолайсыз пункттен карантинді алғаннан кейiн 2 жыл бойы егеді; 2) жануарлардың өсіруін, жануарлардан жасалған өнімдер мен шикізаттардың дайындауын (союын), сақтау мен қайта өңдеуін, сатуын жүзеге асыратын ішкі саудада, қайта өңдейтін кəсіпорындарда, мал сою алаңдарда немесе мал сою пункттерде, өндіріс объектілерінде мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды күшейтедi; 3) қауiптi аймақтан шошқаларды əкелуге жəне əкетуге (қайта өңдейтін кəсіпорындарды, сою алаңдары мен сою пункттерін қоспағанда) жол берілмейді. Ішкі сауда объектілерінде тірі шошқалардың саудасы Шошқаның везикулярлық ауруына қарсы вакцина еккен кейін күнтізбелік 21 күннен кейiн жүргізеді; 4) шошқаларды ұстауға жəне азықтандыруға мемлекеттік ветеринариялықсанитариялық бақылау қойылады. Шошқаның везикулярлық ауруын жоятын іс-шаралар 482. Шошқаның везикулярлық ауруының диагнозы анықталған кезде карантин қойылады. 483. Карантинді шаруашылық жүргізуші субъектілерде мыналарға: 1) карантиндi аумаққа шошқаларды əкелу жəне одан тыс шығуға (жануарларды қайта өңдеу кəсіпорындарына, ою алаңдары мен сою пункттерiне шығаруды қоспағанда); 2) қолайсыз пункттен қайта өңдеу үшін ет комбинаттарына немесе сою пункттерiне əкетуді, сондай-ақ азықтарды, жабдықтарды жəне құрал-саймандарды қоспағанда шошқаның шикі етін жəне басқа зарарсыздандырылмаған өнімді алып шығаруға; 3) Ветеринар мамандардың рұқсатынсыз шаруашылық жүргізуші субьектінің ішінде шошқаларды союға жəне топтастыруға; 4) дезөңдеусiз көлiк құралдарына карантиндi аумақтан тыс шығуға; 5) қызмет көрсететін персоналдың санитариялық өңдеусіз аурудың эпизоотиялық ошағынан шығуына; 6) жануарларға қызмет көрсетумен байланысты емес тұлғалардың шошқа қоражайларына кiруiне; 7) шошқаларды жəне олард шикi өнiмдерiн (ет, май, өкпе-бауыр) базарларда сатуға жол берілмейді. 484. Шаруашылық жүргізуші субъектіде барлық шошқа басын сою тиімсіз болып табылатын қолайсыз шошқа кешендерiнде жəне репродуктивтi шаруашылық жүргізуші субьектілерде, асыл тұқымды зауыттарда күнделiктi клиникалық қарау жүргізеді, шошқаның везикулярлық ауруымен ауырған жəне ауруға күдiктi барлық жануарларды сяды жəне қора-жайларды дезинфекциялайды. Қолайсыз шошқаның везикулярлық ауруынан сау жəне қауiптi шаруашылық жүргізуші субъектiлерiндегі шошқаларға вакцина егiледi. 485. Шошқаның везикулярлық ауруымен ауыратын жəне ауруға күдiктi шошқаларды союды ет комбинаттардың санитариялық сою цехтарында немесе ортақ конвейерде, сондай-ақ вирустың таралуын болдырмайтын қағидаларды сайқтай отырып, арнайы жабдықталған сою пункттерiнде (аулаларда) жүргізеді. 486. Шошқаларды союға немесе олардан алынған өнiмдердi қайта өңдеу үшін ет комбинатына жəне сою пунктіне сұйықтықты өткізбейтін, тығыз шанағы бар көлік

(Жалғасы 14-бетте).


14

www.egemen.kz

(Жалғасы. Басы 9-13-беттерде). құралымен жеткізеді. Жүру жолында елдi-мекендерде тоқтауға, сондай-ақ шошқаны союға жол берілмейді. 487. Шаруашылық жүргізуші субъектiден, сондай-ақ ет комбинаты немесе сою пунктi аумағынан шығатын көлiк құралдар мұқият тазаланады жəне дезинфекцияланады. Жануарларды тиеу жəне түсiру кезiнде, сондай-ақ жүру жолында шошқаларға қызмет көрсететін қызметкерлердің арнайы киiмдерi жəне аяқ киімдері дезинфекцияланады. 488. Жануарларды сою кезінде пайдаланған жабдықтарды жұмыс аяқталған соң мұқият дезинфекциялайды. Құндылығы аз ағаштан жасалынған құралдарды өртейдi. Сою пункттерiн (аулаларды) тазалайды жəне дезинфекциялайды. 489. Еттi, қыртыс майды жəне субөнімдерді пiсiрiлген немесе пiсiрiлiп-қақталған шұжықтар немесе консервi жасауға қайта өңдейді немесе пiсiруге жiбередi. 490. Жануарлардың арық ұшаларды барлық iшкi құрылыс мүшелерiмен бiрге, сондай-ақ шошқалардың өлекселерiн өртейді немесе Ветеринар мамандардың бақылауымен техникалық жоюға жiбередi. 491. Жануарлардың терiсiн сылып алмайды, оларды үйітеді немесе жидiтедi. Ет комбинаттарында немесе сою пункттерiнде жануарлардың зарарсыздандырылатын терiсiн сылып алуға жол беріледі. 492. Барлық орындалған іс-шаралардан кейін карантиндi алар алдында екi рет қорытынды дезинфекцияны жүргізеді. 493. Шошқаның везикулярлық ауруын профилактикалау үшiн активтілігі жойылған вакцина қолданады. 494. Везикулярлық ауруы бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектіден карантин ауру немесе ауруға күдікті барлық жануарларды сойғаннан кейін, сондай-ақ барлық ветеринариялық-санитариялық iс-шараларды жүргізілген соң күнтізбелік 30 күннен кейiн алынады. 495. Шаруашылық жүргізуші субъектiден карантинді алғаннан кейiн 12 ай мерзіміне шектеу қойылады, бұл уақыт iшiнде: 1) ет комбинатынан басқа бұрынғы шошқаның везикулярлық ауруына қолайсыз аумақтан тыс шошқаларды жəне олардың өнімдерін шығаруға жəне сатуға; 2) сəлемдемемен шошқадан алынған өнiмдер мен шикiзаттарды жiберуге жол берілмейді. 39. Шошқа дизентериясы Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта жүзеге асырылатын шошқаның дизентериясын профилактикалау іс-шаралары 496. Дизентерияны болдырмау жəне таратпау мақсатында жеке жəне заңды тұлғалар: 1) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелердi жəне шошқа басын азықтандыру мен ұстау технологиясының талаптарын қатаң орындауға; 2) жабық түрдегi шошқа фермаларын өзінің сауықтырылтын жас мал есебiнен, ал бордақылау шаруашылықтарын жұқпалы аурулар бойынша оның ішінде шошқа дизентериясы бойынша қолайлы (кемінде 2-3 жыл ішінде) бекітілген шаруашылық жүргізуші субъектiлерден əкелінетін мал басы есебінен жинақтауға; 3) шошқа дизентериясы бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектiлермен шаруашылық байланыстарына жол бермеуге; 4) бордақылау шаруашылық жүргізуші субъектiлерде көбейту үшін бір реттік шошқаларды жəне қабандарды пайдалануға қатаң тыйым салуға тиіс. 497. Қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектiге əкелінетін жануарларды күнтізбелік 30 күн бойы ұстайды. 498. Фермадағы шошқаларда дизентерияға күдiктi гастроэнтерит карантині пайда болған кезде барлық жануарларды тобы кейіннен қора-жайларды (секцияларды, торларды, станоктарды) санациялай отырып, союға тапсырылады. 499. Сауықтырылатын жануарларды бір цехтан екiншi цехқа негізгі фермаға ауыстыру кезінде торайлардың тері жамылғысын құрамында 0,5 пайыз күйдiргiш натрий жəне 1 пайыз формальдегиді бар сiлтiлi ерiтiндiсiмен өңдейді. Шошқаның дизентериясы бойынша эпизоотиялық ошақтарында жəне қолайсыз пункттерде жүргізілетін іс-шаралар 500. Ауру жануарлар бөлiнген шаруашылық жүргізуші субъектiге мынадай: 1) жануарлардың орнын ауыстыруға жол бермеуі; 2) бөгде адамдардың келуі; 3) жеке жəне заңды тұлғалардың дезинфекциялауды жүргiзуі шектеу қойылады. 501. Емдеу үшiн Қазақстан Республикасының Ветеринариялық препараттарының мемлекеттік тізілімінде тіркелген препараттар қолданылады. 40. Шошқаның классикалық обасы Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта жүргізілетін профилактикалық іс-шаралар 502. Шошқаның классикалық обасынының (бұдан əрі – ШКО) пайда болуын жəне таралуын алдын алу үшiн шаруашылық жүргізуші субъектілерге, ветеринария мамандарына, сондай-ақ, жануарлардың иелерiне: 1) шаруашылық жүргізуші субъектiлерге келіп түскен барлық шошқаларды күнтізбелік 30 күн оқшаулап ұстау; 2) шошқаларды тамақ қалдықтарымен термиялық зарарсыздандырудан кейiн азықтандыруы қажет. Эпизоотиялық ошақтарында жəне қолайсыз пункттерде жүргізілетін iс-шаралар 503. ШКО диагнозы анықталған кезде шаруашылық жүргізуші субъектi аумағына карантин қойылады. 504. Қолайсыз пункттегі (шаруашылық жүргізуші субъектiден) карантинді жануарлардың ШКО-дан өлуінің немесе сауығыуының соңғы жағдайынан кейін күнтізбелік 40 күн өткен соң алынады. Шошқаларды шаруашылық жүргізуші субъектiден шығару бойынша шектеулер карантин алынғаннан кейін 12 айдан соң алынады. 505. Карантиннiң шарты бойынша: 1) қолайсыз пункттерге шошқаларды (қайта өңдеу кəсiпорындарды қоспағанда) əкелуге (кіргізуге) жəне олардан əкетуге (шығаруға); 2) ветеринария маманының рұқсатынсыз шаруашылық жүргізуші субъектiнің iшiнде шошқаларды союға жəне қайта топтастыруға; 3) дезинфекциялық өңдеусіз көлiктiң кез келген түрiн қолайсыз пункттен шығаруға; 4) шошқаларға қызмет көрсетуге қатысы жоқ тұлғалардың шошқа қоражайларына кіруіне; 5) қызмет көрсететін персоналдың аурудың эпизоотиялық ошағынан санитариялық өңдеуден өткiзбей жұмыс киiммен жəне аяқ киiммен шығуына; 6) қолайсыз пункттен азықтарды əкетуге; 7) базарларда тірі шошқаларды, сондай-ақ, шикі түріндегі ет өнімерін (ет, май, өкпе-бауыр жəне тағы да басқалары) сатуға жол берілмейді. 506. Эпизоотиялық ошақтағы шаруашылық жүргізуші субъектілерде барлық шошқалар союға жатады, ал барлық шошқа басын сою орынсыз болатын шаруашылық жүргізуші субъектілерде барлық шошқаларды қараудан өткiзеді жəне клиникалық сау шошқаларға ШКО-ға қарсы вакцина егіледi. 507. ШКО бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектілерде аналық шошқаларды ШКО-ға қарсы тiрi вирус-вакцинамен иммунизациялауды ұрықтануға дейiн жүргiзедi. Торайлайтын аналық шошқаларға тiрi вакцина егуге тыйым салынады. Торайлайтын аналық шошқалар арасыда ауру пайда болған жағдайда, оларға вирус-вакциналар егедi, алайда кейіннен союға өткізу үшін бордақылауға ауыстыра отырып, одан əрі өсiрудiң циклынан алып тастайды. 508. Ауру жəне ауру күдігі бар жəне ШКО жұқтыруға күдiктi жануарларды сою қайта өңдеу кəсiпорындарда, сою алаңдарында немесе сою пункттерінде жүргізіледі. 509. Ауру жəне ауру күдігі бар жануарлар ұсталған қора-жайларға механикалық тазарту жəне дезинфекциялау жүргiзiледі. 510. Обадан өлген шошқалардың өлекселерін өртеу арқылы жояды. Шошқаның классикалық обасынан қауіп төнетін аумақтағы іс-шаралар 511. ШКО бойынша қауіп төнетін аумақта барлық шаруашылық жүргізуші субъектiлердің барлық шошқаларына мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау жəне қадағалау орнатылады, жүйелі түрде есепке алу жəне клиникалық қарау жүргiзiлiп, ветеринария мамандарының рұқсатынсыз оларды қайта топтастыруға тыйым салынады. 512. Бұрын жүргізілген вакцина егу мерзімдерді ескере отырып, барлық шаруашылық жүргізуші субъектiлерде ШКО-ға қарсы профилактикалық вакцина егу жүргізіледі. 41. Шошқа тiлмесi Шошқа тiлмесiнің профилактикасы жəне оны жою бойынша ветеринариялық іс- шаралар 513. Шошқа тiлмесiнiң профилактикасы бойынша ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар мыналарды: 1) шошқаларды тікелей күн сəулесiнен қорғауды қамтамасыз ететін жануарларға жазғы-лагерлік ұстауды жабдықтау жолымен жылу күйзелісінің профилактикасын; 2) шошқаларды құрама тамақ қалдықтарымен залалсыздандырылмаған күйде азықтандыруға жол бермеуді; 3) шошқаларды союды қайта өңдеу кəсiпорындарда немесе жануарларды сою бойынша мамандандырылған пункттерде жүргізуді қамтиды. 514. Шаруашылық жүргізуші субъекті аумағында диагноз анықталған кезде шектеу қойылады. 515. Шаруашылық жүргізуші субъектiден шектеу ауру жануардың соңғы сауығу жағдайынан жəне қора-жайларды, жаю алаңдарын жəне күтім жасау заттарын мұқият тазартқаннан жəне қорытынды дезинфекциялау жүргiзгеннен кейін күнтізбелік 14 күн өткен соң алынады. 516. Шектеудiң шарттары бойынша: 1) шошқаларды əкелуге (кіргізуге) жəне əкетуге (шығаруға); 2) шошқаларды шарасыз союдан алынған зарарсыздандырылмаған етiн шығаруға; 3) ауру шошқалармен байланыста болған шошқаларды азықтандыруға арналған азықтарды шығаруға тыйым салынады. 517. Тілмемен клиникалық ауыратын шошқаларды пенициллин қосылған тiлмеге қарсы гипериммунды сывороткамен емдейдi. Аурудан сауыққан жануарларды олар сауыққаннан кейін күнтізбелік 10 күннен кешіктірмей жəне барлық шошқаларды тiлмеге қарсы вакцина егілгеннен кейін терi жамылғылары мен аяқтарын дезинфекциялағаннан соң қайтарады. 518. Қолайсыз эпизоотиялық ошақтарындағы клиникалық сау шошқаларға тiлмеге қарсы вакцина егеді. 519. Технология бойынша қайта өңдеу кəсiпорындарға өткізуге жататын шошқалар арасында тiлме ауруы пайда болған кезде, ауруларды оқшаулайды жəне емдейді, ал клиникалық сау шошқаларды тез арада сою үшін жақын жердегi етті қайта өңдейтiн кəсiпорындарға жiбередi. Жiберiлген күнi союды жүзеге асыру мүмкiн болмаған кезде, сау жануарларды сол жерде қалдырып, тiлмеге қарсы вакцина егеді жəне күнтізбелік 10 күннен кейiн шектеусiз союға тапсырады. 520. Ауру шошқаларды бөлудің əрбiр жағдайынан кейін, шошқа қораның еденi мен қабырғасын тазартады, жуады жəне Қазақстан Республикасының Ветеринариялық препараттарының мемлекеттiк тізілімінде тiркелген препараттармен дезинфекциялайды. 521. Өлекселерден немесе шарасыз сойылған тілмемен ауыратын шошқалардан сылып алынған терiлер дезинфекцияланады. Өңделген терiлердi өткiзбейтiн ыдысқа орайды да терi зауытына жiбередi. Терiнiң дезинфекциялауын ұйымдастыру мүмкiн болмаған кезде, өлексенi терiсiмен бірге жояды. 42. Шошқалардың трансмиссивтi гастроэнтериті Шошқалардың трансмиссивтi гастроэнтерит ауруына профилактикалық iс-шаралар 522. Шошқалардың трансмиссивтi гастроэнтеритпен ауруының алдын алу жəне профилактикалау мақсатында шошқалары бар шаруашылық жүргізуші субъектiлер жыл сайын шошқалардың трансмиссивтi гастроэнтеритін профилактикалау бойынша жоспарлы ветеринариялық iс-шараларды жүргізедi. 523. Шошқалардың трансмиссивтi гастроэнтеритiн профилактикалау мыналарға: 1) шаруашылық жүргізуші субъектiлердiң аумағын инфекция қоздырғышының əкелінуiнен қорғауға; 2) шошқаның трансмиссивтi гастроэнтеритке қарсы барлық аналық шошқаларға жүйелі профилактикалық вакцинаны тиісті вакцинаны қолдану бойынша басшылыққа сəйкес егуге; 3) негізгі жəне сауыққан аналық шошқалардың бөлек торайлануын ұйымдастыру; 4) шошқалардың торайлануын жүргізген кезде «бос - бос емес» қағидатын сақтауға; 5) құрал-саймандар мен жабдықтар бар шошқалардың торайлануға арналған қора-жайлардағы профилактикалық үзіліс кезінде мұқият механикалық тазартуды, дезинфекциялауды, жууды, кептiруді жүргізуге негiзделедi. 524. Шаруашылық жүргізуші субъектілерді жəне репродукторларды жинақтау тəртібі шаруашылық жүргізуші субъектінің – сатып алушылар мен жеткізулердің трансмиссивтi гастроэнтериті бойынша эпизоотиялық қолайлығынан шыға отырып белгіленеді. 525. Шошқаның трансмиссивтi гастроэнтеритiнен бос шаруашылық жүргізуші субъектiні шошқа басымен жинақтауды, осы ауру бойынша эпизоотиялық жағдайы ұқсас шаруашылық жүргізуші субъектiлерген, сондай-ақ күнтізбелік 30 күнде келіп түскен барлық басқа профилактикалық карантин кезiнде мiндеттi түрде шошқаның трансмиссивтi гастроэнтеритiне серологиялық тексеру жүргізу қажет. Егер, оң əсер ететін жануарлар анықталса, онда шаруашылық жүргізуші субъектiсiн шошқаның трансмиссивтi гастроэнтеритiнен бос шошқалардың тобымен жинақтауға жол берілмейді. Бұл жануарлар союға немесе эпизоотиялық жағдайы ұқсас шаруашылық жүргізуші субъектiсiне беруге жатады. 526. Серологиялық зерттеу кезiнде шошқаның трансмиссивтi гастроэнтеритiне оң əсер ететін жануарлар анықталған шаруашылық жүргізуші субъектiлерiнде осындай жағдайдағы шаруашылық жүргізуші субъектiлерiмен немесе аурудан бос шаруашылықтан жинақтау рұқсат етіледі. 527. Ауруға қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектiлерiндегі жəне зерттеу кезiнде шошқаның трансмиссивтi гастроэнтеритiне оң əсер ететін жануарлар бар шаруашылық жүргізуші субъектiлерiндегі барлық аналық шошқа басына вакцина егіледi. 528. Шошқа қора-жайларындағы микроклиматтың тиісті технологиялық параметрлерін ұстау қажет. Шошқаның трансмиссивтi гастроэнтеритіне қолайсыз шаруашылықты сауықтыру бойынша іс-шаралары 529. Қолайсыз пунктке шектеу қойылады. Шектеудiң шарттары бойынша: 1) шаруашылық жүргізуші субъектiсiне кіргізуге жəне басқа шаруашылық жүргізуші субъектіден шығаруға; 2) қолайсыз шошқалардың басын қайта топтастыруға; 3) қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектiсiне, жануарларға қызмет көрсетуге байланысты емес адамдарға кіруге жол берілмейді. 530. Барлық буаз аналық шошқаларды шошқаның вирустық трансмиссивтi гастроэнтеритiне қарсы вакцинасын егеді. 531. Клиникалық сау жануарларды сою үшін қайта өңдеу кəсіпорындарға, сою алаңдарға немесе сою пункттерге арнайы жабдықталған көлiк құралдармен шығаруға рұқсат етіледі. 532. Шошқаның трансмиссивтi гастроэнтеритiне қолайсыз шаруашылық субъектiлерiнде шошқалар тұрған бөлiмдердi, күтiм құралдарын, көлiк, құрал саймандарды шектеу алынғанша, күн сайын күйдiргiш натрийдiң 3 пайыздық ерiтiндiсiмен не-

6 қараша 2013 жыл

месе жаңа сөндiрiлген əктiң 20 пайыздық тұнбасымен дезинфекциялайды. 533. Шаруашылық жүргізуші субъектiсi жəне оның Ветеринар мамандары тез арада осы аурудың өршуіне себеп болған шошқаларды ұстаудың технологиясындағы бұзушылықтарды жоюға іс-шаралар қабылдайды. 534. Шошқадан, аурудан жəне шошқаның трансмиссивтi гастроэнтерит ауруы бойынша күдігі бар шошқадан алынған етке жəне субөнімдерге ветеринариялықсанитариялық сараптама жүргізгеннен кейін пiсiрiлген немесе пiсiрiлiп-қақталған шұжық өнімдерін, консервiлерін дайындауға жіберіледі. Шұжық өнімдеріне қайта өңдеу мүмкін болмаса, етті жəне субөнімдерді қайната отырып зарарсыздандырылады, шикі түрінде пайдалануға жол берілмейді. 535. Шошқаның трансмиссивтi гастроэнтерит ауруын