Page 1

СІЗ не дейсіз? Ауылды ўйќы ќысып тўр. Неге?

Есіл ауданының Калачи ауылындағы ерекше жағдай республика аумағында бұрын кездеспеген. Шағын ауыл тұрғындары ойламаған жерден шырт ұйқыға кететіні жайында газетімізде жазылған. Арнайы комиссиялар, жұмыс топтары құрылып, кешенді зерттеулер жүргізілгенімен, тосын жағдай тағы да қайталануда. Дүрбелең 2013 жылғы наурыз айында көрініс беріп, бүгінгі күнге дейін төрт рет қайта айналып соқты. Соңғысы 2014 жылдың 28 тамызында тіркелген. Жұртшылықты алаңдатып отырған мəселеге қатысты қандай шаралар атқарылуда, ол адам денсаулығына қауіпті ме?

№174 (28397) 6 ҚЫРКҮЙЕК СЕНБІ 2014 ЖЫЛ

АЌШ Конгресі мїшелерін ќабылдады

«Егемен Қазақстан» газетінің Ақмола облысы бойынша меншікті тілшісі Бақберген Амалбек облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы, медицина ғылымдарының докторы Қасымжан Тəшметовке: – Сіз бұған не дейсіз? – Ауылда 555 тұрғын болса, оның тоқсаны 14 жасқа дейінгі балалар. Калачи отыз жыл уран өндірумен айналысқан Красно гор кентінен 600-ақ метр жерде орналасқан. Кеңес өкіметі құласымен кəсіпорын жұмысын тоқтатып, шахталар жабылды, топырақ құрамы да залалсыздандырылған. Орын алған ерекше құбылысқа келсек, бұл алғашында 2013 жылдың 22 наурызында байқалып, 7 мамырға дейін Калачидің 12 тұрғыны медициналық көмекке жүгінді. Бұл жағдай жыл соңында тағы қайталанды. Ал биыл бірнеше рет тіркеліп отыр. Дəрігерлер қарауында болған кісілердің кəдуілгі мүлгуден терең ұйқыға кетуі, ағзадағы аздап ауытқушылық байқалды. Мамандар бұл кеселге белгісіз этиология негізіндегі энцефалопатия диагнозын қойып отыр. Сырқаттардың барлығына тиісті көмек көрсетілді. Облыстық штаб тұрақты жұмыс істеп тұр. Биылғы сəуірдің 23-27-сі аралығында Калачи мен Красногор кентінің 728 тұрғыны тереңдетілген медициналық байқаудан өтті. Бурабайдағы «Қарағай» жəне «Бурабай» санаторийлерінде 10 ересек адам мен 65 бала сауықтырудан өткізілді. Ал ауылдағы жағдай күнделікті бақылауда ұсталуда. Оқиға соңғы бой көрсеткен 28 тамыздан бері 18 адам аудандық ауруханаға жатқызылды. Санитарлық авиация көмегімен үш бала облыс тық балалар ауруханасына жеткі зілген. Қыркүйектің 3-інде алты адам үйлеріне қайтарылды. Осы ауылдың медбикесі амбулаториялық ем қабылдап жүр. Калачи ауылы тұрғындары арасында қайтадан тіркелген дерт себептерін анықтау мақсатында Үкіметтің тапсырмасына сəйкес, ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. Зерттеу нəтижелері ведомствоаралық топтың жұмыс қорытындылары бойынша жарияланатын болады. Қазірше тосын кеселдің қиын зардаптарын байқаған жоқпыз. Сондықтан, асыра алаңдаушылықтың қажеті жоқ деп білемін. Ақмола облысы.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Конгресінің мүшелері Дэйна Рорабакер жəне Грегори Микспен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында ҚазақстанАмерика қарым-қатынастарының стратегиялық сипаты, сондайақ сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қарқынды дамуы атап өтілді. Сонымен қатар, тараптар халықаралық күн тəртібіндегі өзекті мəселелерді талқылады. АҚШ конгрессмендері Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық

жетістіктерін атай отырып, екі елдің арасындағы өзара тиімді серіктестік одан ə р і н ы ғ а я береді деп үміттенетіндіктерін жеткізді. БАҚ өкілдеріне арналған брифингте Д.Рорабакер Конгресс мүшелері сапар аясында жоғары деңгейде бірқатар кездесулер өткізгенін айтты.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2015 жылды Ќазаќстан халќы Ассамблеясыныѕ жылы деп жариялау туралы

Елдегі қоғамдық келісімді одан əрі нығайту, Қазақстан халқы Ассамблеясының Қазақстан халқының ұлттық бірлігін қамтамасыз етудегі рөлін арттыру мақсатында қаулы етемін: 1. 2015 жыл Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жариялансын. 2. Қазақстан халқы Ассамблеясының жылын ұйымдастыру жəне өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан əрі – Мемлекеттік комиссия) құрылсын. 3. Мыналар: 1) Мемлекеттік комиссия туралы ереже; 2) Мемлекеттік комиссияның құрамы бекітілсін. 4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 29 тамыз. №901

– Құрама Штаттар мен əлемнің өзге де елдерінің халқы Қазақ стан бүгінде бұдан арғы дамудың бағдарын айқындайтын маңызды ойыншы болып саналатынын білгені жөн. Болашақта ол экономикалық өсім үдерісіне айтарлықтай ықпал ететін болады, біз соған орай елдеріміздің өзара тиімді ынтымақтастығын талқыладық, – деді Д.Рорабакер. Ол сондай-ақ, Қазақстан мен АҚШ халқының бірлесе жұмыс істеу ниеті АҚШ-тың Қазақстанмен сенімді серіктес болу

Мəжілістіѕ бюро отырысы Кеше Мəжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыповтың жетекшілігімен палатаның бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тəртібі нақтыланды, деп хабарлады Мəжілістің баспасөз қызметі. Депутаттар қарауына еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасына жəрдемдесетін негіздер туралы конвенцияны ратификациялайтын заң жобасы енгізіледі(187-конвенция). Сондайақ, халық қалаулылары бірқатар заң жобалары бойынша қорытынды əзірлеу мерзімін белгілемек. Ол, ең алдымен, «2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» жəне «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2015-2017 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» қаржылық құжаттарға қатысты болмақ. Сонымен қатар, үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы жəне өтемақы шаралары туралы, кедендік əкімшілендіру,

мемлекеттің кəсіпкерлік қызметке қатысуын шектеу мəселелері бойынша қорытынды əзірлеу мерзімі айқындалады. Жаңа заң жобалары қатарында ілеспелі түзетулерімен «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» жəне «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» құжаттар бар. Күн тəртібі жобасында «ТМД шеңберінде құпия ақпаратты қорғау туралы келісімді» жəне «Азықтүлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының жарғысын ратификациялау» сынды қорытынды əзірлеу мерзімін анықтауды қажет ететін ратификациялық актілер қамтылған.

● Біз – қазақстандықтармыз!

Таєаттылыќ тəрбиесі

Шыєыс ґѕіріндегі тїрлі этнос ґкілдерініѕ бастамасымен дґѕгелек їстел ґтті

Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномəдени бірлестіктердің өкілдері жəне облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық топ мүшелерінің бастамасымен дөңгелек үстел өтті. Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан».

Жиында өңірдегі этностардың белсенді өкілдері ғаламтор

АҚПАРАТТАР аєыны

● Назарбаев Университетi жанынан «Самұрық-Қазынаның» ғылыми-зерттеу орталығы ашылады. Ол химия жəне металлургия өнеркəсiбі үшiн шикiзат өндiрумен айналысады. Басқарма төрағасы Өмiрзақ Шөкеевтің айтуынша, орталық нысандары «Жол картасы» бойынша салынады. ● «Еуро-Азия Эйр» əуе компаниясы жекешелендіріледі. Оның бұған қатысты құжаттары 2015 жылдың қаңтарына дейiн дайын болады. Компанияның басқарма төрағасы Асқар Жанжаркенов осы уақытқа дейiн жаңа инвестормен келiсiмшарт жасалатынын айтты. ● Шығыс Қазақстанның Тарбағатай ауданында «Бəйтерек» монументі қатарға қосылды. Оның ашылу салтанатына қатысқан облыс əкімі Бердібек Сапарбаев соңынан Тұғыл ауылында жұртшылықпен кездесіп, ауданның əлеуметтік-экономикалық дамуы бағытында

желілері мен түрлі бұқаралық ақпарат құралдарында белең алған халықаралық жəне көрші елдердегі саяси тұрақсыздық пен Ресей Федерациясының

атқарылатын жұмыстардың жайын айтып берді. ● Оңтүстік Қазақстанда суармалы жердің көлемі 292 мың гектарға арттырылады. Бұл туралы кеше облыс əкімі Асқар Мырзахметов облыс ардагерлері өкілдерімен кездесу кезінде айтты. Сонымен қатар, 8 ауданның 283 елді мекенін газбен қамту жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, мал шаруашылығын дамыту бағытында 1400 жобаға қаржылай қолдау көрсетілген. ● Қостанай облысы 198 млн. доллардың азық-түлік тауарларын экспорттады. Бұл туралы облыс əкімі Нұралы Сəдуақасов мəлім етті. Оның айтуынша, тек «Деп» серіктестігі ғана бір жылда сыртқа сүт өнімдерін сатуды 6 есеге ұлғайтқан. ● Арал маңындағы көне қалалардың айналасында туристік кластер құрылады. Бұл Қызылорда облысында қабылданған танымдық, этномəдени жəне экологиялық туризмді дамыту жоспары арқасында мүмкін болып отыр. Өңірде туризмді дамытуға «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық тас жолының бойындағы сервистік

жөніндегі стратегиялық мақсатынан туындайтынын айтты. – Нақ осы оймен біз кері оралып, Өкілдер палатасында өзара ықпалдастығымызды одан əрі дамыту жөніндегі қадамдарды қарастыратын боламыз, – деді АҚШ Конгресінің мүшесі. Өз кезегінде Г.Микс Қазақстан Президентіне қызықты əрі ашық диалогқа құрылған кездесу үшін алғысын айтты. – Нұрсұлтан Назарбаев бізге өз елінің болашағы мен серіктестігіміздің перспективалары туралы

аумақтық жəне ұлтаралық мəселелер бойынша жекелеген мемлекеттік деңгейдегі аза маттарының пікірлеріне үн қатып, еліміздегі тілдік мəселелер мен ақпараттық кеңістіктегі шабуылға байланысты өз ойларын ортаға салды. (Соңы 2-бетте).

инфрақұрылым жаңа нысандарының құрылысы да өз септігін тигізеді. ● Қарағанды облысы Қарқаралы жерінде күн батареялы жел генераторы пайда болды. Ол «Жайма» шаруа қожалығының басшысы Батырбек Алдабергеновке 16 млн. теңгеге түсті. Бұл ауданның мерейтойы қарсаңындағы өзіндік сый болғалы тұр. ● Таразда көп балалы отбасы мүшелеріне «ГАЗель» көлігінің кілті табыс етілді. Жамбыл облысының əкімі Кəрім Көкірекбаев мəшинені өзінің 7 баласына қоса тағы 12 баланы асырап алған Сапура Ержановаға сыйға тартты. 1989 жылы бір жағы қоғамдық қор болып құрылған бұл əулеттен содан бері қаншама жас отау құрып шықты. Қазір 7 бала тəрбиеленіп жатыр. Хабарлар Bnews.kz, 24kz, egemen.kz агенттіктері мен «Индустриальная Караганда», «Знамя труда» газеттері сайттарының деректері бойынша дайындалды.

айтты. Мемлекетіміз Қазақстанмен географиялық орнына байланысты ғана емес, оның бүгінде түрлі елдерді жұмылдыра алатын қуатты жасампаз əлеуеті бар екендігі үшін де ынтымақтасуға тиіс деп санаймын. Бұл – көбіне-көп Қазақстан Президентінің еңбегі. Мұндай қадамды ол бізбен, АҚШтың əртүрлі екі партия сының – Республикалық жəне Демократиялық партиясының өкілдерімен кездесуінде де байқатты, – деді Г.Микс. Сонымен қатар ол тығыз əрі

тиімді ынтымақтастық мысалын көрсету үшін біздің елімізге америкалық бизнес өкілдерімен бірге қайтадан келуге ниетті екенін айтты. Соңында Д.Рорабакер мен Г.Микс еліміздің экономикалық дамуына серпін беретін Қазақстан ның ДСҰ-ға кіру ниетіне, сондай-ақ екіжақты өзара ықпалдастықтың нығаюына қолдауларын білдірді.

----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Ќызметтіѕ басым баєыттары белгіленді

Кеше Астанада Инвестициялар жəне даму министрлігінің бірінші кеңейтілген алқа мəжілісі өтті. Отырысты ашқан Əсет Исекешев жаңа министрліктің құрамы туралы айтып берді. Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».

Қайта ұйымдастырудан кейін біріктірілген 4 ведом ство ның (Индустрия жəне жаңа технологиялар министрлігі, Көлік жəне коммуникация министрлігі, Байланыс жəне ақпарат агенттігі, Ұлт тық ғарыш агенттігі) 68 құрылымдық бөлімшелерінен аталмыш министрлік құрамында 25 құрылымдық бөлімше қалды. Осылайша, құрылымдық бөлімшелер саны 2,5-тен астам есеге қысқартылды. Енді министрліктің құ зы ретіне еліміздің индустриялық-инно-

вациялық даму, инвестицияларды тарту мəселелері кіреді. Олардың қатарында өнеркəсіп саласының дамуы (кен өнді руші өнеркəсіп жəне өң деу өнеркəсіптері) мен қазақстандық үлесті арттыру саясатын іске асыру, техникалық реттеу, энергияны үнемдеу, көлік жəне коммуникация, байланыс, ақпарат пен ақпараттандыру, туризм, ғарыш саласы, геология мен жер қойнауын пайдалану, жаңа технологиялар трансферті, өнеркəсіп қауіпсіздігін қамтамасыз ету мəселелері бар. (Соңы 2-бетте).

● Мəселенің мəнісі

Бўрмалаудыѕ былыєы Мемлекеттік басылымдар жекешелендірілмейді екен Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан».

Ақжайық аймағындағы жекеменшік сипатта шығатын газеттердің біріне Батыс Қазақстан облысы əкімінің орынбасары Бақтияр Мəкен сұхбат беріп, өңірде екі мемлекеттік газет бар екенін мəлімдеді. Бұдан əрі ашығын айтқанда, олар бəсекеге төтеп бере алмайды дей келіп, таяу болашақта бұл газеттер жекеменшіктің қолына өтеді деп түйін жасады. Облыс əкімінің рухани мəселелер жө ніндегі орынбасарының бұл пікірі облыста əртүрлі тұ жырымдардың өрістеуіне əсер етті. Өйткені, жергілікті мемлекеттік басылымдардың жекеменшіктің қолына өту үрдісі бұған дейін тəжірибеде кездеспеген. Сондай-ақ,

бұл пікір «Жайық Пресс» ЖШС құрамындағы облыстық газеттердің шығармашылық ұжымының орынды алаңдаушылығын туғызды. Шынтуайтына келгенде, 20142016 жылдар аралығында жекешелендірудің екінші толқынына сəйкес, облыс та жекеменшік иелерінің қолына өтетін нысандар мен мүліктер тізіміне өңірдегі қос мемлекеттік басылым енгізілмеген. Сонда Бақтияр Мəкен қандай жекешелендіру жөнінде айтып отыр? Жергілікті мемлекеттік басылым журналистерін толғандырған осы сауалға орай облыс əкімінің орынбасары шығармашылық ұжыммен кездесіп, тиісті түсінік берді. Оның айтуынша, өңірдегі мемлекеттік газеттер жекеменшіктің қолына өтпейді. Ендеше, жекеменшік сипаттағы газетте

жекеменшіктің қолына өтеді деп неге айтылған? Журналистер тарапынан қойылған бұл сауалға Б.Мəкен дəл бұлайша айтқан емеспін, аталған басылым тілшісі айтқан сөзімнің мəтінін бұрмалап жеткізді деп мəлімдеді. «Көңілдің кірі айтса кетеді» дегендей, бұл жауап əріптестеріміздің көңілін орнықтырғандай болғанына куə болдық. Олай болса, өңірдегі екі мемлекеттік басылымның жекеменшіктің қолына өтуі жөнінде теріс ақпарат таратқан жекеменшік басылым бұл жаңсақ пікірін теріске шығару жөнінде ақпарат беруі тиісті заңдылықтарға, соның ішінде республиканың БАҚ жөніндегі заңына толықтай сəйкес келеді деп санаймыз. ОРАЛ.

Бїгінгі нґмірде: Оќулыќтардыѕ жылда ќайта басылатыны несі? 3-бет

Ќауіп-ќатер ќалай сейіледі? 4-бет

Ќара шаѕыраќтыѕ Ќапаны 5-бет


2

www.egemen.kz

Ќызметтіѕ басым баєыттары белгіленді (Соңы. Басы 1-бетте). Мемлекет басшысының тап сырмаларын орындау мақ сатында, министр ағымдағы жылдың аяғына дейінгі негізгі міндеттерді, сонымен бірге алдағы жылға қатысты ведомство жұмысының басты бағыттарын белгіледі. Ол алдағы уақытта негізгі қызмет инвестицияларды тарту мен озық технологияларды қолдану негізінде бəсекеге қабілеттілікті жəне нақты сектордың тиімділігін арттыру арқылы ел экономикасының орнықты да муы ның қолғабысына бағытталатынын айтты. Сонымен қатар, жаңа министрлікке жоспарланған өнеркəсіптік өндірістің қарқынды өсу жоспарын орындау, индус трияландырудың бірінші бесжылдығын ойдағыдай аяқтап, оның екінші кезеңін бастау – индустриялықинновациялық дамыту жөніндегі 20152019 жылдарға арналған мемлекеттік бағ дар ламаны іске асыру міндеті жүктелді. Президенттің тапсырмаларын орындау мақсатында Əсет Исекешев министрлік жəне жергілікті атқарушы органдар арасындағы өкілеттікті шектеу жөніндегі жұмыстарды таяу уақыттар ішінде аяқтаудың маңыздылығын атап өтіп, мемлекеттік міндеттегі қызметтерді мемлекеттік емес секторға

беру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажеттігіне назар аударды. Министр сонымен қатар халыққа жəне бизнеске мем лекеттік қыз меттердің қолжетімділік деңгейін арттыруды жəне 2017 жылға дейін барлық мемлекеттік жүйелер мен деректер қорларын «Электронды үкімет» платформасымен ықпалдастыруды тапсырды. Сондай-ақ, 2016 жылдың 1 қаңтарынан, ал басты жобалар бойынша 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап инвесторлар үшін «бір терезе» қағидатын қолдану тапсырылды. Сонымен қатар, келесі жыл берілетін рұқсаттама саны 50%-ға қысқартылу тиіс. Одан бөлек, ағымдағы жылдың аяғына дейін отандық экспорттаушыларды қолдау мақсатында жүктерді тасымалдау құнын төмендету бойынша шараларды қарастыру тапсырылды. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде ағымдағы жылдың аяғына дейін көлік құралын басқаруға берілетін сенімхатты 2015 жылдан бастап алып тастауға, сонымен қатар, пайдалану мерзімі 7 жылға дейінгі жеке автокөлік құралдарына техникалық байқау өткізуді алып тастауға қатысты ұйымдастырушылық мəселелердің барлығын шешу жөнінде тапсырма берілді. Автожол саласына қатысты министр 2014 жылдың аяғына дейін «Батыс

Семейде сауыќтыру орталыєы салынады

6 қыркүйек 2014 жыл

Еуропа – Батыс Қытай» дəлізінің 157 ша қырым бөлігіндегі жұмыстарды аяқтауды, Шымкенттен Ресей шекарасына дейінгі учаскеде қозғалысты ашуды, жол бойындағы қызмет көрсету нысандарының құрылысы үшін ұлттық стандарттың жобасын бекітуді тапсырды. Сонымен қатар, министрлік Прези денттің тапсырмаларын орындау жəне индустрияландыру саясатының екінші бесжылдығын уақытылы бастау мақсатында қыркүйек айында ісшаралар жоспарының жобасын Үкімет қарауына енгізуі тиіс. Инвестицияларды тарту жұмыстары бойынша министр инвесторлар үшін жаңа ынталандырулар туралы заңды белсенді жүзеге асыру, «Арнайы экономикалық аймақ туралы» заңнын жаңа жобасын Парламент Мəжілісіне ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін енгізуді тапсырды. Министрдің айтуынша, ин дустрияландырудың екінші бесжылдығын іске асыруда, соның ішінде инвестицияларды тарту жəне жаңа технологияларды енгізуде «Бəйтерек» холдингіне ерекше мəн беріледі. Əсет Исекешев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманы бұзғаны үшін құрылымдық бө лімшелердің жəне ведомстволық бағы ныс тағы ұйымдардың бірінші басшыларының жеке жауап кершілігі туралы да еске салды. Министр ведомстволық бағыныстағы ұйымдарда бюджетті игеру жəне жоспарланған көрсеткіштерді орындау үшін жауапкершіліктің арттырылатынын атап көрсетті.

Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божконың төрағалығымен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мү ше мемлекеттердің төтенше жағдайлар жөніндегі үйлестіру кеңесінің жетінші отырысы болып өтті.

2014 жылғы қаңтарда Астана қаласында жоғары деңгейде өткен Қазақстан-Катар кездесуіндегі уағдаластықтарды орындау мақсатында 4 қыркүйекте Доха қаласында Катар Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың Мəдениет, білім беру жəне əлеуметтік бағдарламалар қорының директоры Қ.Саудабаев пен Катар Даму қорының бас директоры Ахмед бен Мұхаммед Əл-Мерейхи Екі қор арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Аталған құжатта Екі қор арасындағы мəдениет, білім беру, денсаулық сақтау, əлеуметтік даму салаларындағы ынтымақтастықты дамыту мəселелері қарастырылған. Қол қойылған меморандумның негізінде тараптар бірінші қадам ретінде Семей қаласында Семей полигонындағы ядролық сынақтардан зардап шеккендерге арналған сауықтыру орталығын салу жобасын бірлесе отырып іске асыру мүмкіндіктерін талқылады. Сонымен қатар, сол күні Қ.Сау да баевтың Катардың Сыртқы істер министрі Халед бен Мұхаммед Əл-Аттыйямен кездесуі өтті. Катардың сыртқы саясат ведомствосының басшысы Катардың жаңа Əмірі ретінде Шейх Тамим бен Хамад Əл Танидің ең алғашқы сапарларының бірі Астанаға жасалғандығы Катардың Қазақстанмен қарым-қатынас орнатуға басымдық беретіндігін көрсететіндігін, сондайақ, бүгінгі таңда Қазақстанның тəуелсіздік алған жылдардан бергі айтулы жетістіктерін бүкіл əлем мойындап отырғандығын ерекше атап өтті. Сондайақ, Катар Əмірінің Қазақстан басшысымен кездесуі барысында қол жеткізілген уағ даластықтарды жүзеге асыру, екі мемлекет арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту мен нығайту қазіргі күннің басты мақсаттарының бірі екеніне тоқталды. «Егемен-ақпарат».

Жетінші басќосу Жетісуда ґтті Қанат ЕСКЕНДІР,

«Егемен Қазақстан».

Үйлестіру кеңесінің отырысына ҰҚШҰ-ның бас хатшысы Николай Бордюжа, Ресей Федерациясы Өрт қауіпсіздігін бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекцияның бас инспекторы Борис Борзов, Бе ларусь Республикасының Төтен ше жағдайлар министрі Владимир Ващенко, Қырғыз Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Кубатбек Боронов, Тəжікстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Төтенше жағдайлар жəне азаматтық қорғаныс комитетінің төрағасы Хайриддин Абдурахимов, Армения Республикасы ТЖМ құтқару қызметінің бастығы Сергей Азарян, сондайақ, ҰҚШҰ хатшылығы мен төтенше жағдайлар саласындағы уəкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Алқалы жиынды қала əкімі Ахметжан Есімов кіріспе сөзбен ашқан нан кейін, отырыс барысында Владимир Божко қатысушыларды бір жыл ішінде ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер құзыретті органдарының төтенше жағдайлардың уақтылы алдын алу жəне олардың салдарын жоюдың тиімді жүйесін жасауға бағытталған бірлескен қызметінің механизмдерін қалыптастыру жөніндегі күштерін біріктіру жұмысымен таныстырды. Сонымен қатар,

2014 жылға арналған оқужаттығулар мен ҰҚШҰ-ға мүше елдер уəкілетті органдарының өзара іс-əрекеттерін пысықтау бойынша басқа да бірлескен ісшаралар жос пары ойдағыдай жүзеге асырылып жатқаны туралы да баяндалды. Үйлестіру кеңесінің отырысында Еуразия кеңістігінде əскери-саяси ахуалды дамытуда ҰҚШҰ қызметі жəне оған мүше елдердің төтенше жағдайларға ден қою тəртібі туралы ережені іске асыру механизімінің жобасын əзірлеу, бірыңғай ақпараттықбағдарламалық кеңістік жасау мəселелері талқыланды. Осы орайда кеңестің 2015 жылға арналған жоспары мен оған мүше мемлекеттердің уəкілетті органдары арасындағы өзара іс-əрекеттерін пысықтау, мүше елдердің құтқару қызметтері арасында бірлескен оқу-жаттығу өткізу, сондай-ақ, ҰҚШҰ мүшелерінің өртке қарсы жəне апаттық-құтқару органдары қызметтері үшін мамандарды тегін оқытудың құқықтық жобасын дайындау, мүше мемлекеттер үшін арнайы техника мен қару-жарақтарды жеңілдікпен сатып алу механизмін жасау, құтқару бөлімшелерін арнайы техника мен қару-жарақтың заманауи үлгілерімен жарақтау туралы баяндамалар тыңдалды. АЛМАТЫ.

● Бір ауыз сөз

«Əп-əдемі əн еді...» дегенніѕ кері емес пе? Сүлеймен МƏМЕТ,

«Егемен Қазақстан».

Жақында ғана қоңыр күздің алғашқы күні күміс қоңырауды сыңғырлатып, Білім күнін атап өтіп едік. Тиісті мекемелер оқушыға қажеттің бəрі бар деп жұртты сендірген. Бірақ артынан оқулық, мектеп формасы жайлы мəселе алдан шыға келді. Оқушының киімі Түркияда, Қырғыз елінде, өзімізде тігіледі екен. Ол уақтысында жетпей, жеткенінің ақшасы əжептəуір болғанмен, сапасы ұл-қыздың дене бітіміне үйлеспей, тігілуіндегі олпысолпылық көңіл көншітпей, жұрттың наразылығын туғызуда. Ең бастысы, қалтасы жұқа халықты тығырыққа тіреген баға бағамы да ойлантпай отырған жоқ. Осындайда ойыңа осы жұмысқа ұйытқы болған азаматтардың ақшадан бұрын ұрпақ жайын ойлаған Алаш арысы Жүсіпбек Аймауытов секілді «Халық біз үшін емес, біз халық үшін туғанбыз» десе, ел ертеңі саналатын ұл мен қызға нарықты желеу етпей

шарапатын дер кезінде жасаса, бұлай дүрбелең тумас еді-ау! Ендігі бір мəселе, оқулық жайы болып тұр. Шенеуніктер Білім күнінің алдында бұл өз шешімін тапты деген. Бірақ ол сөз ақиқаттан аулақ қалып отыр. Оқулықтың жетпей, кітап дүкендерінде ұзын-сонар кезектің «сап түзегеніне», кейбір атааналар базар жағалап жүргеніне куə болып жатырмыз. Оқулықтардың бағасы да біраз отбасылардың арқасын аяздай қарып отырғаны анық. Оның үстіне биыл бала көп деген сөз де айтылып қалады. Ол бала аяқ астынан не көктен түсіп, не жерден шығып мектеп табалдырығын аттамағаны ақиқат. Мектепке баратын оқушылардың санынан жаңылмаған мекемелер оқулық таралымын, жетуін қалай естен шығарып алған? Тіпті, кейбір мектеп басшылары ата-аналарға оқулықтардың тізімін бергенде жүйелілікті сақтай бермейді. Себебі, бүгін алған оқулығы ертең жарамайтын, не басқа баспадан шыққан дүниені алу қажеттігі туындап, əуре-сарсаңға салуын жоққа шығара алмаймыз. Бұған

қоса, əр мектеп əртүрлі баспадан шыққан оқулықтарды оқу керек деген мəселе де біраздан бері əңгіме арқауына айналып келеді. Жалпы, оқулық мəселесіндегі дау-дамайды тоқтату үшін жүйелілік қажет. Онсыз: «Əп-əдемі əн еді, пұшық айтып қор болдының», кері келіп, жыл сайын осылай дүрліге береміз. Қазір бұл мəселе мектеп көлемінен, ата-аналар ортасынан асып, таяуда ғана іске кіріскен Парламент Мəжілісінде батыл айтыла бастады. Оқулыққа қажет 8 млрд. 604 млн. 598 теңге бөлінгені тілге тиек болып, қаржы жетіп тұр, оқулық неге жетпейді, бағасы қалайша қымбат, тегін берілуге тиіс кітаптар қалайша сатылымға шығып кетті, ата-аналарды сабылтып, оқушылардың қоңырау соғылған күнгі асып-тасқан көңілін су сепкендей басқанымыз қалай деген секілді сұрақтарды халық қалаулылары төтесінен қойып отыр. Қашанғы əп-əдемі тірліктің аяғын осылай сұйылтып, ескі сүрлеуді жырлай береміз? АСТАНА.

Тарихи сана жаѕєыруы тиіс Қазақстан Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Парламент Сенатының депутаты Нұрлан Оразалиннің қатысуымен брифинг өтті. Брифингке қазақстандық қоғамның рухани-мəдени дамуы өзек болды. Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

«Ел өмірінде үлкен оқиғалар болады. Менің пайымдауым бойынша, сондай бір жадымызда қалатындай, жатталатындай оқиға – бұл Президентіміздің Ұлытаудағы сұхбаты. Əрине, ол жердегі сұхбатта осыған дейін де айтып келе жатқан тұжырымдары, осыған дейінгі бағдаршам ойлары, пікірлері жинақталып, қарапайым халыққа жетімді үлгіде қайыра жаңғырып, миллион санды аудиторияға бағытталды. Бұл – тарихи сөз. Тарихи сөз болатын себебі, өте өтімді, өте жетімді. Яғни Президент осыған дейінгі Жолдауларында, əр кезең, əр тұстағы айтқан өзінің халыққа арнауларында, мақала, сұхбаттарында айтылған сөздеріне қайта оралып отырып, қазіргі жағдайда, қазіргі аса күрделі кезеңде бəріңіз жақсы білесіздер, саяси ахуалдың қандай екенін білесіздер, Батыс пен Шығыстың ара-қатынасы қандай екенін білесіздер, міне, осындай күрделі кезеңде халықты тыныштыққа, байсалдылық пен сабырлылыққа шақыратын өте тиянақты сөз сөйледі», деді Н.Оразалин. Оның айтуынша, бұл сөздің ішінде ұлтымыздың тарихы да, мемлекеттік қалыптасу жолы да, дін, тіл, діл, мəдениет, ғылым, яғни барлық мəселелер жан-жақты қамтылған. «Ұлытау қазақтың тарихында орта ғасырдағы кейінгі біздің мемлекеттік үлкен бір жалау ымызды желбіретіп, əртүрлі жағдайда, əртүрлі кезеңде өзіндік аса бір рөл атқарған аймақ. Президенттің сол аймақта сұхбат беруі де бекер емес деп ойлаймын. Жалпы, Елбасымыздың халыққа арнаған Жолдауларындағы мына мəселеге көбірек мəн беру керек. Біріншіден, Нұрсұлтан Əбішұлы кеңістік, уақыт кеңістігі деген дүниеге аса зор мəн береді. Уақыт кеңістігі деген кезде тілімізге оралатыны – ол өткен шақ. Ол – кешегі біздің бай тарихымыз, біздің дəуірімізге дейінгі кезең. Одан кейін сол өткен шақтың жемісі ретіндегі бүгінгі өміріміз, қазіргі тəуелсіздік жағдайындағы, тəуелсіздік дəуіріндегі бастан кешіп отырған тиянақты, баянды тіршілігіміз. Содан кейін оның болашағы. Өткен шақ – біз үшін үлкен тарих. Өткен шақ дегенде, сол Ұлытау сұхбатында Елбасы сақ дəуірі, үйсін-қаңлы кезеңі жөнінде де, көк түріктер туралы да өзінің жақсы ойларын айтты. Сонымен қатар, Ұлытаудың топырағында жатқан

біздің ұлы бабаларымыз, Жошы ханның кезеңі туралы ойлар да бекер айтылып отырған жоқ. Бұл кешегі біздің бай тарихымызды, басып өткен жолымызды, сол тарихтан қорытынды шығару керектігі жөніндегі үлкен ойлар болды. Ал кеңістікке салған кезде, болашақ деген қандай дегенге келер болсақ, ол – Елбасының соңғы Жолдауында айтқан, айдай əлемге жар салған, қағидатты түрде жарияланған «Мəңгілік Ел» орнықтыру мəселесі. Міне, осы үш кеңістік бүгінгі ұрпақтың санасында болуы керек. Бүгінгі таңда болып жатқан кезеңдік құбылыстарда, бүгінгі жаһандану ұсынып отырған қиындықтар кезінде тəуелсіздікті сақтаудың осы бір үштағанын Президент өзінің Ұлытау сұхбатына арқау етті», деді сенатор. Сондай-ақ, ол Елбасының өз сұхбатында түрлі мəселелерге, оның ішінде тілге қатысты өз ойын жасырмай, бүкпей айтқанына тоқталды. «Тіл мəселесінің конституциялық нормаға кіргенін жəне мемлекеттік тіл ретінде жалғыз тіл болып бекітілгенін, соның барлық объективті, субъективті жағдайларын қамтып отырып, біздің Қазақ елінде мемлекеттік тілге жағдайдың жасалып отырғаны жөнінде де байсалды, салмақты тоқтамдар айтты. Бұл жерде өзімізге көп нəрсе байланысты», деді Н. Оразалин. Брифинг соңында сенатор журналистердің қойған бірқатар сауалдарына жауап берді. Мəселен, бұл күні БАҚ өкілдері тарапынан «Елбасының Ұлытаудағы сұхбаты барысында айтылған ойларының қайсысы еліміздің тұрақтылығы үшін аса маңызды?», «Президенттің халықаралық терминдер мен сөздерді қазақ тіліне жөнсіз, жөнді аудару туралы көтерген мəселесі төңірегінде не айтасыз?», «Қазақ тілін дамыту үшін қандай жұмыстар атқару керек?», «Президенттің тарихи сананың ұлт жаратылысына ықпал етуі тұрғысындағы ойына қатысты не айтар едіңіз?» деген сипатта сауалдар қойылды. Мəселен, Президенттің Ұлытаудағы сұхбатындағы айтылған ойларына қатысты қойылған сауалға сенатор былайша жауап берді: «Елдің Президенттің сұхбатын соншалықты қызығушылықпен оқығанын, көргенін білемін. Көп адам хабарласып, бұрынғы айтылған ойлардың соншалықты жақсы жалғасы екен деген сөздердің куəсі бол дым. Сондықтан, мынау мəселе, əсіресе, басым, мынау мəселе мынадай деп ажыратып айтуға,

тіпті, аузым да бармайды. Əр сұраққа берген жауапта, əр жауаптың астарында елдің тағдыры, тəуелсіздіктің тағдыры, біздің мемлекеттік тұрғыда өрістеп даму, қалыптасу кезеңіміздің өткені, бүгіні, ертеңі қамтылып жатыр», деді ол. Брифинг барысында тарихи сананың ұлт жаратылысына ықпал етуі тұрғысында ой қозғаған Н. Оразалин Елбасының тəуелсіздік жариялаған алғашқы кезеңдерде халыққа арнаған Жарлықтарының бірі бойынша ұлттық сананы қалыптастыру жылын жариялағанын атап өтті. «Ұлттық сананы тəрбиелеу, ұлттық сананы қалыптастыру, оның ұлттың тарихына жəне ұрпақты тəрбиелеуге қандай ықпалы болады деген мазмұнда үлкен шаралар атқарылды. Бұл шаралар жүйелі түрде, бірте-бірте атқарылып келеді. Кешегі бай мəдени мұра туралы ұлттық бағдарлама – соның жалғасы. Тікелей жалғасы. Кеңестер Одағы дейтін кеңістікте бірдебір елде мұндай бағдарлама болғанын білмеймін. Менің жадымда жоқ. Ол Ресейде де, Беларусьте де, Украинада да, Кавказ елдерінде де жоқ. Ал осыны жасау арқылы біз Қытайда жатқан бай мұраларымызды, арғы дəуірдегі, бергі дəуірдегі тарихи құжаттарымыздың барлығын ашуға ден қоямыз. Сондайақ, осыған дейін жабулы келген, біздің мемлекет болып қалыптасуымыздың, іргеміздің бірте-бірте қалай бекігендігін байқататын кезеңдердің барлығы осы мəдени мұрадағы құжаттар арқылы көрініс береді. Бұл – сананы, ұрпақты, ұлтты тəрбиелеу деген сөз. Осы сұхбатта Елбасының аузымен айтылған: өзінің тарихын білмеген ұлттың ертеңі бұлыңғыр деген жақсы бір сөз бар. Бұл – бəріміздің көкейімізде жүрген сөз. Əрқайсымыз айтып та жүрген шығармыз. Бірақ, тағылымды сөз Елбасының аузымен айтылған кезде басқаша естіледі, басқаша елестейді», деді бұл жөнінде Сенат депутаты. Сондай-ақ, Н. Оразалин тарихты тануды, тарихтың ащы сабақтарынан қорытынды шығаруды, тарихтың жақсы қырларына ден қоюды, сол арқылы жас ұрпақты жаһандану жағдайында жұтылып кетпеу қаупінен сақтауды əрдайым естен шығармау қажеттігін жеткізді.

Таєаттылыќ тəрбиесі (Соңы. Басы 1-бетте). – Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ұлытау бөктерінде берген сұхбатында елімізде мемлекеттік тілді ғана емес, барлық сұранысқа ие тілдерді еркін пайдалану мен дамытудың өзектілігін атап өтті. Егер Қазақстанда мемлекеттік тілден басқа тілдерді дамытуды заңмен шектеп, халықты қалаған тілінде сөйлеуге тыйым салар болсақ, онда еліміз екін ші Украинаға айналатынын барлығымыз да жақсы түсінеміз. Сон дықтан, біз Елбасының ұлтаралық келісім мен тіл саясатын қолдаймыз, – деді жиынды жүргізген ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі Лилия Столярова. Қазіргі кезде облыстық Достық үйіндегі түлеу мектебінде өңірдегі 14 ұлттың тілі оқытылады, жалпы білім беру мектептерінде сабақ үш тілдік деңгейде, яғни қазақ, орыс жəне ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Лилия Викторовнаның айтуынша, көрші елдердегі кейбір тұлғалардың мемлекеттің аумақ тық тұтастығына нұқсан келті ру орайындағы ойлары кейінгі өскелең ұрпақтың дүниетанымы мен мінез-құлқын, ұстанымын қалыптастыруға теріс əсер ететіндіктен, əр сөздің жауапкершілікпен кесіп-пішіп айтылуы өте маңызды. – Ресей – Қазақстанның стратегиялық əріптесі. Қалай десек те, бұл байланысты бұзу мүмкін емес. Біз – бір-бірімізге өте жақын болып кеткен елдерміз. Президентіміздің: «Біз əлемнің екі жетекші экономикасының, Ресей мен Қытай экономикасының ортасында отырмыз. Біздің ұстанымымыз – төтенше қатаң əрі нағыз жауапкершілікті қажет етеді», деген сөзі бар. Елбасы бірде-бір мемлекет, оның əскери қуаты кемел держава болса-дағы əлемнің өзге мүшесінің мемлекеттік құқығына, құндылығына жəне демократиялық формасына қол сұғуға қақысы жоқ екендігін жақтайды. Өйткені, əр ұлт өз жолын таңдайды. Сондай-ақ, əлемнің тағдыры дамыған сегіздіктің де, жиырмалықтың да қолында емес. Елбасының G-Global идеясы бойынша жаһандық жағдайға барлық ұлт пен ұлыс жауапты, – деді Л.Столярова. Ресейдің 89 аймақтық субъек тілерінің ішінде 76 өңір Қазақстанмен тығыз сауда-эконо микалық қарымқатынас орнатқан. Оған қазақстандықресейлік сауданың 70 пайызы тиесілі. Шекарааралық өңірлерде 400-ден астам

бірлескен кəсіпорындар жұмыс істейді. Бұл ретте Шығыс өңірі Алтай аймағы жəне Алтай Республикасымен тығыз əріптестік қарым-қатынас орнатқан. Жуырда Өскеменде еліміздің Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысовпен кездескен Ресей Сыртқы істер министрі С.Лавров сол сапардан соң жолдаған хатында Шығыс Қазақстан облысының əкімі Б.Сапарбаевқа өзінің ризашылығын білдірген болатын. Ғылыми-сараптамалық топ мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, демограф Александр Алексеенко ұлттар мен ұлыстар арасындағы өзара түсіністік пен келісім мəселелерін талдауға ғылыми тұрғыдан қарау қажеттігін атап өтті. Себебі, кез келген адамның эмоциялық жəне рационалды көзқарасы болады. Дүниенің өзі өте тығыз байланыста дамып келе жат қанымен, оның алуан түрлілігі сақтала береді. Осы жанжақты əлемде халықтарды ғылым тілі жақындастырады. Ғылым тілі – көңіл күй мен көзқарастарды ортақ бағытқа жұмылдырады. Онда этностық, ұлттық, мəдени жəне саяси келіспеушіліктерге орын жоқ. Бұл ретте Шығыс өңірінің айтарлықтай тəжірибесі бар. Бүгінге дейін билік пен ҚХА, этномəдени бірлестіктер біріге отырып, 12 ғылымитəжірибелік конференция өткізген. Соның ішінде ғылыми талдаулар арқылы өңірдегі этностардың демографиялық ерекшеліктерін екшеуге мүмкіндік туды. Бұл аталған салада нақты іс-шаралар

жоспарын қабылдауға көмектеседі. Сондай-ақ, басқосуда облыстық орыс этномəдени бірлестігінің басқарма мүшесі Людмила Королева, еврей этномəдени бірлестігінің төрағасы Владимир Лебедев, славян этномəдени бірлестігінің жетекшісі Александр Яковлев, Глубокое ауданының орыс этномəдени бірлестігінің төрайымы Нина Ершова сөз сөйлеп, еліміз бен Шығыс өңіріндегі этносаралық қарым-қатынас үлгісінің ерекшеліктері мен оны одан əрі дамыту жолдарын талқылады. Дөңгелек үстелді қорытындылаған өңір басшысы Бердібек Сапарбаев Шығыс Қазақстанда ұлтаралық келісімді дамытуда оң істер атқарылып жатқанын, бұл еліміздегі саяси тұрақтылықты сақтауға шығысқазақстандықтар тарапынан қосылған айтулы үлес екенін атап өтті. – Ғаламторда саясаткерлер ғана емес, ғалымдар, түрлі саладағы мамандар, қарапайым адамдар өз пікірлерін білдіріп жатады. Оның үстіне, бүгінде əрқайсымыздың қолымызда ғаламторға қосылған гаджеттер, смартфондар бар. Сондықтан, кез келген арандатушылық əрекеттердің алдын алу – өте маңызды. Ең бастысы, елімізде, өңірімізде ұлтаралық кикілжіңге негіз болатын мəселелер жоқ, – деді өңір басшысы. ӨСКЕМЕН. –––––––––––––––––––

Суретті түсірген Ғалымбек СƏБИТОВ.


www.egemen.kz

6 қыркүйек 2014 жыл

3

ПАРЛАМЕНТ ПАРЛАМЕНТ

 Парламентші пайымы

Ел ішіндегі тїйткілдерді Їкіметке жеткіземіз

Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ.

– дейді Мəжіліс депутаты С.Ферхо

 Оқиғаға орайлас ой

Бўл – халыќтыѕ кґкейінде жїрген мəселелер Уəлихан БИШІМБАЕВ, Мəжіліс депутаты.

Парламенттің бесінші шақырылымының төртінші сессиясы басталды. Жаңа сессияны ашқан Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев депутаттық корпустың жəне Үкіметтің алдына жаңа міндеттер қойды. Қос палатаның бірлескен отырысында сөз сөйлеген Елбасы қоғамдағы көкейкесті мəселелерге тоқталды. Президент қазіргі жағдайда қандай мəселелерді алдын ала қарастырып, заң жолымен шешуге болатыны туралы нақты айтып өтті. Соның ішінде жедел қабылдануға тиісті заңдар бар екенін мəлімдеді. Атап айтқанда, төртінші сессия барысында басымдыққа ие заң актілерінің ішінде жер қойнауын пайдалану мəселелері, агроөнеркəсіп кешенінде өнімділікті арттыру үшін салық заңнамасына өзгерістер жиынтығын енгізуді көздейтін заң жобалары бар. Сондай-ақ, бүгінгі таңда автономды білім беру мекемелерін академиялық басқару жүйесін жетілдіру, халықтың көші-қоны жөніндегі заң жобалары жедел қабылдауды талап етеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы жылдың соңына дейін Үкіметке «Ауыл шаруашылығы кооперациялары туралы» заң жобасын əзірлеуді тапсырды. Жаңа сессия барысында парламентшілерге

Кəсіпкерлік кодексті жəне Азаматтық іс жүргізу кодекстерін қабылдау міндеттері жүктелді. Сонымен қатар, Үкіметке Арбитраж туралы бірыңғай заңды Парламентке енгізуді тапсырды. Мемлекет басшысының 6 тамыздағы Жарлығына сəйкес, мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жəне оның тиімділігін арттыру, мемлекеттік аппаратты оңтайландыру жəне Қазақстан Республикасының жинақы Үкіметін қалыптастыру жөніндегі реформа жүзеге асырылды. Жаңа құрылымдағы Үкімет өз қызметіне кірісті. Елбасы өз сөзінде осы мəселеге де баса мəн берді. Мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөн ін дегі шаралар қолға алынып отыр. Үкіметтің, министрліктердің жəне өңірдегі атқарушы билік органдарының атқаратын функциялары нақты бөлінді. Бұл реформаның басты мақсаты – бір-біріне сілтемей, əркім өзіне жүктелген мəселелерді өз орнында шешуі тиіс. Ең бастысы, қандай мəселе де дер кезінде, қысқа уақытта шешімін табуы керек. Бұл реформаның жүзеге асуы халықтан да қолдау тауып отыр. Біздер өңірлерде болып, сайлаушылармен кездесу барысында Елбасының жаңа өзгерістерін тұрғындардың қолдайтынын өз ауыздарынан естідік. Өйт кені, облыстық, аудандық жердегі билік органдары жергілікті

мəселелерді өздері шешуі керек. Əсіресе, халықтың əлеуметтікэкономикалық жағдайына қатысты жергілікті проблемалар сол жерде шешімін тапқаны жөн. Президент шағын жəне орта кəсіпкерлікті дамыту ісіне əлі де жіті көңіл бөлу қажеттігін, осы саламен айналысамын деген адамға барлық мүмкіндіктер жасалуы тиіс екенін атап айтты. Кəсіпкер ретінде тіркелу, жұмыс істеу үдерісіндегі рəсімдерді азайту, кездесіп отырған кедергілерді жою жөнінде тапсырма берді. Ел экономикасының дамуына серпін бергіміз келсе, шағын жəне орта кəсіпкерліктің өркендеуіне қолдау жасауымыз керек. Оларға субсидия, несие беру мəселелері дұрыс жолға қоюды талап етеді. Елбасы бөлінген қаржының нəтижесіне мəн беруіміз керек екенін де атап айтты. Яғни, қаражат тиімді жұмсалуы тиіс. Субсидиялар қысқа мерзім ішінде қайтарылып, халықтың жағдайы жақсаруына жəне экономикамыздың қарқын алуына үлес қосуы қажет. Қазіргі қоғамда ел беделіне нұқсан келтіріп тұрған бір келеңсіз жайт бар, ол – сыбайлас жемқорлық. Елбасы депутаттар алдында сөйлеген сөзінде де осы сыбайлас жемқорлықпен күрес жөнінде айтты. Мемлекет басшысы осы жылдың соңына дейін Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын қабылдау

 Сауал салмағы

Əлібек ҚАҢТАРБАЙ, журналист.

Белоусов кенті – негізінен кеншілер мекені. «Қазақмыс» ЖШС-нің Шығыс Қазақстандағы орталығы. Комбинат директоры Бақыт Уахитов кездесу барысында комбинаттың бүгіні мен ертеңі, кеншілердің əлеуметтік жағдайлары хақында қысқаша кіріспе жасап өтті. Комбинатқа осы өңірдегі Жо ғарғы Березовка, Алтайск, Усть-Таловка кенттеріндегі кеніштер кіреді. Барлығы 2 мыңдай адам жұмыспен қамтылған. Жер бетіндегі жұмысшылардың айлығы 70-100 мың теңгенің төңірегінде болса, жер астындағы кеншілер 250-300 мыңға дейін қаратады екен. Мұнда халыққа əлеуметтік көмек көрсету жақсы жолға қойылған. Мəселен, Белоусов кентінде жаңадан дəрігерлік амбулатория ашқан. Алтай кентіндегі оралмандардың жағдайларына да қарасып тұрады. Бизнестің əлеуметтік жауапкершілігі осылай көрінуге тиіс. Комбинаттың ертеңі – осы жердің астындағы кеннің қорына байланысты. Сондықтан, геологиялықбарлау жұмыстарына ағымдағы жылы серіктестік 62 млн. теңге бөліпті. Əрине, кадр проблемалары мұнда да бар. Дегенмен, комбинат басшылығы оның да оңтайлы жолдарын тапқан. Облыс аумағындағы Бақыршық, Зырян кеніштерінде жұмыссыз қалған кеншілерді осында тарту қолға алынған. Сонымен қатар, екінші кəсіпке қайтара оқыту мəселесі дұрыс жолға қойылған. Əсіресе, бұрғышыларға зəрулік байқалады. Мамандарды Ресейдің Алтай университеті мен Өскеменнің техникалық университетінен тапсырыс жасау арқылы қабылдайтын көрінеді. Сөз алған Светлана Ивановна Мəжілістің бүгінде атқарып жатқан жұмыстары, жаңадан іске кіріскен заңдар, Үкімет пен Парламент арасындағы қарым-қатынас, өзіне сайлаушылар тарапынан жүктелген тапсырмалардың орындалуы жайлы кеңінен қамтып өтті. – Депутаттар жыл он екі айда төрт мəрте іссапарға шығады. Ел ішіндегі проблемалармен сонда бетпе-бет келеміз. Барлығы бірдей

жақсы болып кетті, ел іші аман, жұрт тыныш деп арқаны кеңге салып отыра беруге болмас. Сіз бен біз болып атқаратын шаруалар бастан асады. Жемқорлықпен күресте бұқара болып жұмылмаса түк те шықпайды. Мəселен, сөйтеміз-бүйтеміз деп жалған бизнес-жоспарлар жасап, аса ірі көлемдегі несие алғандардың ашқан кəсіпорындарының 9 пайызы жұмыс істемей тұр. Яғни, дəл осы тұстан жемқорлықтың күлімсі иісі сезіледі. Қалай дегенмен, сіздердің қойған сұрақтарыңызды, жергілікті жерде шешімін таба алмай жатқан мəселелерді міндетті түрде Үкіметке жеткіземіз. Негізі бар болса, ол проблема жерде қалмайды, – деді депутат. Онан кейін сөз алған «Нұр Отан» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Түсіпхан Түсіпбеков сайлауалды бағдарламалардың орындалуы, жеморлықпен күрес хақындағы жаңа заң жобасы жайлы кеңінен тоқталып өтті. – Облыстың жолдары сын көтермейді. Экономикамыздың дамуындағы жолдардың рөлі айтпаса да түсінікті. Жемқорлардың жемсауын толтырып отырған қаржыны дəл осы жолдарды жақсартуға пайдаланса, халық үшін де, мемлекет үшін де үлкен олжа болар еді, – деп түйін жасады Түсіпхан Түсіпбекұлы. Депутаттың келесі кездесуі Кожохов ауылдық округінде өтті. Прогресс ауылы тұрғындарының арыз-арманы бір ғана мəселенің төңірегін шиырлады: ауылға атам заманда тартылған су құбырлары əбден ескірген. Тұрғындар ауыз суға зəру. Бұл мəселені айта-айта жергілікті жұрттың тілдері кез, жақтары жез болған. Ауыл əкімі Дидар Түсіпханұлының айтуынша, ауылға су құбырларын тартудың сметалық құжаттары дайын. Ол жұмыс келер жылдың еншісінде. Мəжіліс депутаты бұл мəселеде жергілікті атқарушы биліктің белсенділік танытуы қажет екендігіне екпін түсірді. Аудан əкімі Арман Бекбосынов құжаттарды қайтара қарап шығатындарын айтып, жиынды қорытындылады. Шығыс Қазақстан облысы.

 Сізді не толғандырады?

Оќулыќтардыѕ жылда ќайта басылатыны несі? Мəжілісте Палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен өткен жалпы отырыста депутат Алмас Тұртаев Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мəсімовке депутаттық сауал жолдаған еді. Онда былай делінеді: «Қазіргі орта білім беру жүйесіндегі ең бірінші өзекті мəселе – оқулық мəселесі. Толыққанды отбасына мектептен оқулықтар берілмейді, сол себептен ата-аналар жыл сайын балаларына оқулық іздеп, аудан, облыс орталықтары немесе Астана мен Алматы қалаларындағы дүкендерді шарлайды. Мектептердің түрлі бағыттағы оқу бағдарламасын ескергенде де жаңа оқулықтардың жиі шығарылуы дəстүрге айналып келеді. Мысалы, өткен жылы 4-сынып оқушылары оқыған оқулықты биыл 4-сыныпқа баратын оқушылар оқулық ретінде (біздегі ақпар бойынша) қолдана алмайды. Осылай жыл сайын қайталанатын құбылыс салдарынан ата-аналар (əрине, мемлекет те) айтарлықтай қаржылай зиян шегуде. Мəселен, үстіміздегі оқу жылына мектеп оқушыларын оқулықтармен жəне оқу-əдістемелік кешендермен қамтамасыз етуге 8 млрд. 604 млн. 598 мың теңге бөлініпті. Сөйтіп, 11

жөнінде тапсырма берді. Бұл да халықтың көкейінде жүрген мəселе болатын. Қолданыстағы заңдарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейте түсетін жəне оның алдын алуға бағытталған заңдық нормаларды енгізу – уақыт талабы. Ендеше, бұл іске депутаттар да үлес қосатыны белгілі. Мемлекет басшысы əлеуметтік міндет темелерді қаржыландыру шектелмейтінін айтты жəне ол жөнінде Үкіметке тапсырма берілгенін жеткізді. Халықтың əлауқаты тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қажетті барлық ресурстар бар екенін мəлімдеді. Жəне де Президент өз сөзінде халықты азық-түлікпен қамту, агробизнес саласын дамыту, ауылдық жерде мал басын көбейту, ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын арттыру, қайта өңдеу ісін заманға сай жолға қою жөніндегі ойларымен бөлісті. Бүгінгі таңда қажетті өнімдермен өзімізді қамтамасыз етудің жəне отандық тауарларымызды шетелге сапалы етіп шығарудың маңызы зор. 2014 жылы аграрлық салаға бө лінген қаржы екі есе, яғни 80 млрд. теңгеден 155 млрд. теңгеге дейін көбейіп отыр. Бұл – ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге нақты қолдау. Осы қаражатты да тиімді пайдаланудың маңызы айрықша екені анық. Білім саласына назар аударған Елбасы автономды білім беру мекемелерін академиялық басқару жүйесін жетілдіру қажеттігін

айтты. Бұл бағытта да Парламент депутаттары алдында заңдарды жетілдіру міндеті тұр десек, Мемлекет басшысының білім саласына көңіл бөлуі заман талабынан туындап отыр. Білікті мамандар барлық мəселені шешетіні ежелден белгілі қағида. Жоғары жəне орта оқу орындары даярлаған мамандар ХХІ ғасырдағы қоғам талабына сай болуы тиіс. Сондықтан университеттердің Үкіметтің жəне халықтың алдында үлкен жауапкершілігі болуы қажет. Бүгінгі таңда оқу бағдарламаларын əрбір оқу орны жаңа заман талабына сай, болашаққа қажетті мамандарды ескере отырып жасауы керек. Осы бағытта қызмет жасап отырған барлық сала тəуелсіз мемлекетіміз үшін сапалы мамандар даярлауы керек. Бұл да халықтың аузында жиі айтылып жүрген мəселе. Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына қосылуына байланысты жаңа міндеттер алға қойылды. Оларды іске асыратын заңнамалық база қалыптастыру үшін депутаттарға тапсырмалар берілді. Қабылданатын заңдар өте жауапты. Оның үстіне жаһандық дамуда қаржы дағдарыстары орын алып жатады. Оның біздің ел экономикасына да əсер ететіні белгілі. Қазір жайбарақат отыруға болмайтын заман. Өйткені, қаржы дағдарысының қайта соғатын толқындарынан алдын ала сақ тана білгенде ғана көздеген мақсатымызға жетеміз. Қандай қиын кезеңдерде де біздің Елбасы дұрыс шешім шығара біліп, халыққа оң жолды көрсетіп, мемлекетімізді алға бастап келеді. Біздер – депутаттар барлық уақытта да Қазақстан Президентінің жүргізіп отырған саясатын халыққа дұрыс жеткізіп, заң шығару ісінде белсенді қызмет істеуге дайынбыз.

Жаз маусымында жер бетінде қыбырлап жүрген тіршілік иелерінің барлығы бірдей еркіндік сезініп, арқаны кеңге салатыны белгілі. Мəжіліс депутаттары да жаз айларында демалысқа шығып, сайлаушылармен жүздесіп, ел ішінің хал-ахуалынан хабардар болып қайтатыны рас. Демалысының соңғы күндерінің бірінде Мəжіліс депутаты Светлана ФЕРХО Глубокое ауданының Белоусовка кентінде жəне Кожохов ауылдық округінде тұрғындармен кездескен еді.

млн. 470 мың 64 дана оқулық пен оқу-əдістемелік кешенге тапсырыс берілген. Оқулықтар жаңа форматта шығатындықтан, авторлары да көп. Кітап тілі өте ауыр, оны мектеп оқушысы түгілі, ересек адамдардың түсінуі қиын. Сондай-ақ, бір ғана пəннің 5 түрлі қосымша оқулығы бар. Талдап айтатын болсақ, əдебиет пəні үшін: əдебиет оқу кітабы; əдебиет оқу кітабының хрестоматиясы; əдебиет оқу кітабының жазу дəптері; əдебиет оқу кітабының 1-ші бөлімі; əдебиет оқу кітабының 2-ші бөлімі. Бұл – мектеп директоры мен мұғалімдердің талаптары бойынша 3-сынып оқушысының бір ғана пəн бойынша оқитын кітаптары. Осы кітаптарды алу үшін ата-аналар «айғай-шулы» кезекке тұрады. Бұл жағдай еліміздің көптеген аймақтарында орын алуда. Арнаулы дүкендерде бір кітаптың бағасы орта есеппен 400 теңгеден басталады, ал бір пəн

үшін 5 оқулық алғанда, ар жағында басқа пəндер үшін біршама қаражат керек. Ауыл оқушылары тапқан оқулықтарымен оқиды, яғни қалаға баруды ауырсынған ата-аналар жергілікті базарлардағы сапасы төмен, бағасы дүкеннен де қымбат оқулықтарды сатып алуға мəжбүр. Осылай жиі қайталанатын құбылыс салдарынан ауыл тұрғындарына айтарлықтай қаржылай салмақ түсуде. Ресми оқулықтардың базарлардағы көшірмелерінің қалай пайда болып, қайда басылып жатқандығы өз алдына бөлек мəселе. Осылайша, оқулықпен байланысты мəселелер қоғамда «бұл министрліктің бизнесі» деген көзқарас қалыптастыруда. Қазіргі (кітап авторын, баспа атауын атап) талаптар бойынша жағдай жоғарыдағыдай. Осының салдарынан білім сапасы төмендеп, Ұлттық бірыңғай тестілеу барысында түрлі сұрақтар туындауы, мұның кері əсерін беруі ықтимал. Құрметті Кəрім Қажымқанұлы, жоғарыда баяндалған оқулықпен байланысты мəселені шешуге, жүйелендіруге ықпал етуіңізді сұраймыз».

Қайсыбір ел болмасын адам факторы алғы кезекке шығатыны ақиқат. Осы орайда, өткен нен сабақ ала отырып, халқы мыздың өмір сүру деңгейін жақсарту

біздің елдің адам факторына баса мəн беретінін жоғары бағалады. Сондықтан да олар Президентімізді алғаш рет ядролық қарудан бас тартушы көшбасшы ретінде

жуық ядролық жарылыстар жасалды. Қырық жылға жуық уақытқа созылған сынақтардан таралған радиоактивті шөгінділердің əсерінен бір жарым миллион адам

қарастырады. Биыл Гаагада өткізілген III Жаһандық қауіпсіздік саммитінде сөз сөйлегендер де тағы бір мəрте осыған басымдық берді. Аталған жиын қарсаңында Елбасымыздың əлемнің жетекші ақпарат құралдарына жаһандық ядролық қауіпсіздік мəселесіне арнаған мақаласы жарияланды. Онда былай делінген болатын: «1991 жылы Қазақстан тəуелсіздігіне қол жеткізген кезде, қуаты жөнінен əлемдегі төртінші ядролық арсеналды иеленіп қалды. Біз бұл қарудан өз еркімізбен бас тарту туралы шешім қабылдап, оны қатаң қауіпсіздік жағдайында Ресейге өткіздік. Осындай ісқимыл Қазақстанның аталған саладағы көшбасшылығына негіз қалады. Мен бейбіт кезеңде ядролық қарудың салдарынан біздің елімізден көп қасірет шеккен бірде-бір мемлекет болған жоқ деп есептеймін. Семей полигонында ауада жəне жер астында 500-ге

зардап шекті. Сондай-ақ, орасан зор аумақ зақымданды». Расында, сол апат аумағы бір бөлігінің əлі күнге дейін жарасы жазылмай келеді. Оның үстіне бұл жерде əскери борышын өтеген азаматтардың бірқатары еліміз заңы бойынша белгіленген əлеуметтік жеңілдіктерден шетқақпай қалып отыр. Басты себеп – əскери билеттерінде қызмет жасаған бөлімі көрсетілгенімен, қолдарында ядролық сынақтар мен оқуларға тікелей қатысқанын растайтын анықтама жоқ. Осы жағдайды өз бастарынан өткеріп отырған Қызылорда облысындағы бір топ азаматтың шағымын күні кеше 25 жылдығы атап өтілген «Невада-Семей» қоғамдық бірлестігінің аймақтық өкілі С.Əбіш өз атынан Үкіметке жолдаған болатын. Алайда, күні бүгінге дейін осыған қатысты мəселенің түйінін салалық ведомостволар тарқата алмай келеді.

Наќты бір ќорытындыєа келгеніміз жґн Мұрат БАҚТИЯРҰЛЫ, Сенат депутаты.

мақсатында іргелі істерге жұмылдық. Соның бастысы ретінде өз еліміздің кеңістігін ядролық сынақтан тазарту жұмысын атап өтуге болады. Аталған жəйт БҰҰ тарапынан да аса жоғары бағаланып, Елбасының бастамасымен Семей ядролық сынақ полигоны жабылған 29 тамыз Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні ретінде жарияланса, ол күні кеше ғана жан-жақты аталып өтті. Алайда, сұрапыл соғыстың жарасы жазылмай тұрып, кеңестік жүйенің ықпа лы мен Семей өңірінің жазира даласын ядролық сынақ алаңына айналдырған кезеңнің зардабы қоғамға айтарлықтай шығын əкелді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осы Семей аймағындағы ажал апанын өз Жарлығымен жапқан кезде əлем жұртшылығы

Мұның мəнісі аталған сұраққа біздегі тікелей жауапты органның Ресейден анықтама сұратуында болып отыр. Мəселен, осы жылдың 31 наурызында Ресейдің Қорғаныс министрлігіне қарасты ғылымизерттеу орталығы институтының Қызылорда облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментіне жіберген мəлімдемесінде Семей ядролық сынақ алаңына қатысты мəліметтердің №51105 əскери бөлімінде екені жазылған. Ал мұның алдында бұл департамент аталған полигон жөнінде Ресейдің Подольск қаласына сұрау жібергенімен, жауап келмеген. Енді олар жоғарыда атап өтілген №51105 əскери бөлімге хат жолдауға мəжбүр. Сонда біздің Қорғаныс министрлігі мұрағатында Семей полигонына қатысқан əскери қызметкерлер жөнінде бірде-бір құжат болмағаны ма? Бұқаралық ақпарат құралдары бетінде Семей ядролық сынақ полигонына жақын орналасқан жекелеген ауыл тұрғындарының айықпас дертке шалдыққаны, жас нəрестенің қолсыз дүниеге келгені талай рет жазылды. Осы тұрғыдан алып қарағанда, сол жерде əскери борышын өтегендердің де денсаулығына нұқсан келгені анық. Сондықтан олардың жəрдемақы мəселесін үкіметтік деңгейде қарап, нақты бір қорытындыға келгеніміз жөн деп санаймын.


4

www.egemen.kz

6 қыркүйек 2014 жыл

Ќауіп-ќатер ќалай сейіледі?

2015 жылғы 1 қаңтарда Қазақстан, Ресей жəне Беларусь елдері арасындағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт күшіне енеді. Бұл құжат оған қатысушы елдердің экономикаларын нығайтып, олардың əлем нарығындағы бəсекелестік қабілетін арттыруға бағытталған. Еуразиялық одақ ауылдардағы шағын кəсіпкерліктің дамуына қандай əсер етеді? Міне, осыны білмек болып «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ басқарма төрағасы Нармұқан САРЫБАЕВҚА бірнеше сауал қойған едік.

Интеграциялыќ їдеріс шаєын бизнеске де пайдалы – Нармұқан Қалмаханұлы, шағын шаруашылық иегерлері, кішігірім фермерлер үшін Еуразиялық экономикалық одақтың қандай пайдасы бар деп ойлайсыз? – Тең қатысушылардың еркін интеграциялық одағы ретінде əрекет ететін Еуразиялық экономикалық одақты құрудың елімізге тигізетін пайдасы үлкен. Мəселен, сарапшылардың пікірінше, осы интеграциялық үдеріс нəтижесінде оған қатысушы əр ел өзінің ішкі жалпы өнімінің көлемін 20 пайызға дейін өсіре алады екен. Міне, осы жағдайдың ықпалымен ауылшаруашылық тауарларын өндірушілер алдында үлкен мүмкіндіктер ашылатын болады. Ел ішінде өндіріліп, экспортқа шығарылған өнімнің ең үлкен қосымша баға беретіні баршамызға аян. Өздерінің бизнес жос пары бойынша еңбек өнімділігін көтеріп, жаңа технологиялар бойынша жұмыс істейтін отандық өндірушілер өзінің бəсекеге қабілеттілігін арттырып, сыртқы нарықтарда табысқа жете алады. Қазақстан қазірдің өзінде ауылшаруашылық өнімдерін өндіру көрсеткіштері бойынша ішкі тұтыну рыногын қамтамасыз ету деңгейіне жетті. Енді еліміз тек дəстүрлі дəнді дақылдармен ғана емес, майлы дақылдармен де өзін өзі қамтамасыз ете алатын болды. Демек, ендігі жерде бізге Еуразиялық экономикалық одақтың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, сыртқы нарықтарға шығу ауадай қажеттілікке айналды. Шүкір, бұл жөніндегі нəтижелеріміз де жаман емес. Мысалы, биыл біздің елімізден Ресей мен Беларуське жеткізілетін ауылшаруашылық өнімдерінің көлемі 2011 жылмен салыстырғанда 2 есе өсті. Сөйтіп, қазақстандық өндірушілер ел тұрғындарының көкөніс, картоп, жұмыртқаға сұранысын қамтып қана қоймай, енді оларды үлкен рынокқа, 180 миллион тұтынушысы бар нарыққа шығаруға қол жеткізді. – Ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерге мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау отандық өнімнің бəсекеге қабілеттілігін арттыру ға бағытталады. Бұл жүйедегі шағын шаруашылықтардың үлесі қандай? – Егер ауыл бизнесін үлкен бір пирамида ретінде көзге елестететін болсақ, ауылдағы шағын шаруашылықтардың оның басым бөлігін құрайтындығын көреміз. Ауыл шаруашылығындағы өнімнің жартысы жеке шаруашылықтарда өндіріледі. Бүгінгі күні ауылдағы шағын шаруашылықтар үлкен өндірісті «қоректендіруші» ретінде əрекет етуде. Ал, біздің қор болса, ауыл шаруашылығындағы жобаларды қаржыландыру жүйесінде дəл осы шағын бизнес, үй жанындағы шаруашылықтарды, үлкен емес жер телімдері бар иелерді шағын несиелеумен айналысады. Ірі өндіріс өкілдеріне қарағанда бірнеше есе көп болып отырғандықтан ауыл тұрғындарының осы санатының жағдайын жақсарту, олардың бизнесін жолға қою тек біздің қор үшін ғана емес, мемлекет үшін де өте маңызды мəселе деп есептейміз. Сонымен қатар, біз ауыл инфрақұрылымын дамытуға бағытталған ауыл шаруашылы ғы емес бизнес түрлерін де қаржыландырамыз.

2005 жылдан бастап, қор ауыл тұрғындарының несие ресурстарына қолжетімділіктерін арттыру бойынша жұмыс жүргізуде. Бүгінгі таңда қордың филиалдары мен шағын несие ұйымдарының қызметімен 126 мың ауыл тұрғыны қамтылуда. Ал, есебіміз бойынша, біздің қызметімізге деген сұраныс көлемі бұдан да көп. Ол сұраныс, шамамен алғанда, 280 мың ауыл тұрғынын құрайды. Дегенмен, осыдан 9-10 жыл бұрын ғана ауыл тұрғындарының несие атаулыға мүлдем қол жеткізе алмағандығын еске алсақ, қазіргі қамтылу деңгейінің өзі жаман көрсеткіш емес екендігін байқауға болады. Біздің негізгі несие өнімдеріміз – «Егінжай» (көктемгі-дала жəне күзгі жиын-терім жұмыстарына), «Мурабаха» (исламдық қағидаттарына сай несиелеу), «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» (ауылдық кəсіпкерлікті несиелеу) бағдарламалары. Жалпы, 9,5 жылдың ішінде 81,4 млрд. теңгеге 90,5 мың несие берілді. Бүгінгі таңда қордың несие қоржыны 32,7 млрд. теңгені құрап, 18,7 мың белсенді қарыз алушыларды қаржымен қамтуда. Бұл көрсеткішті 2020 жылға дейін 100 мыңға жеткізуді жоспарлап отырмыз. – Мемлекеттік несиелер қарапайым ауыл тұрғындарына қаншалықты қолжетімді? Кепілдікке не алынады? Пайыздық үстемелері жоғары емес пе? Қарызды қайтару мерзімділігі ыңғайлы ма? Ауыл шаруашылық бизнесінің жылдам табыс əкел мейтінін ескерсек, қарыз ды қайтару мəселесі де оңайға түспейтін секілді ғой. – Сізбен толығымен келісемін. Біз жыл сайын несиелеу талаптарын қайта қарап, оларды жеңілдету бойынша өзгерістер енгізіп, қызмет сапасын үнемі жетілдіре беру бағытында алға басып келеміз. Мысалы, ішкі процедураларды өзгерту бойынша шаралар жүргізілді. Осының нəтижесінде тек соңғы жылдың өзінде қарыз сомасын кепілдемемен жабу көрсеткіші 120 пайыздан 100 пайызға дейін түсірілді. Өтініштерді қарау мерзімі қысқартылды. Несиелеу мерзімділігі ұзартылып, несиелерді пайдалану мақсаттары кеңейтілді. Қазір қор бойынша клиентке деген ниеттестік саясатын əзірлеп жатырмыз. Бұл шара бізден несие алып, қайтарған клиенттерге талаптарды жұмсарта түседі. Басқа қаржы ұйымдарымен біздің несиелеріміз бойынша пайыздарды өзіңіз салыстырып көріңіз: сыйақы үстемелері жылдық 6 пайыздан басталады, тиімді үстеме 6,7 пайыз көлемінде. Несиелеу мерзімі мен қарызды өтеу кестесін əзірлеу бизнестің

Бас прокурормен кездесті Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Асхат Дауылбаев Венгрия Жоғарғы Сотының төрағасы, доктор Петер Дарокпен кездесті. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. Кездесу барысында тараптар құқықтық жүйедегі ынты мақтастықтың болашағы туралы мəселені талқылады. Венгрия делегациясының сапары жемісті өзара қарым-қатынастың одан əрі дамуына, құқықтық жүйедегі тəжірибемен алмасуда маңызды қадам екендігі атап өтілді.

А.Дауылбаев сұхбаттасушыны құқық қорғау жүйесіндегі реформалар жайында айта келіп, қылмыстық заңнама аясында жүргізіліп жатқан жұмыстарды, Қазақстанда адам құқығын қорғауды күшейту бағытында жасалып жатқан шаралар туралы əңгімелеп берді.

ерекшеліктерін ескере отырып, қарастырылады. Көбінесе, қарыз алғаннан кейін жарты жыл, бір жылға дейін жеңілдетілген кезең беріледі. Негізгі борыш пен пайызды төлеу осы мерзім өткеннен кейін басталады. – Кез келген ауыл тұрғыны кəсіпкерлікпен шұғылдана бермейді. Əрине, өзіндік күнкөрісі болуы мүмкін. Бірақ мұның бəрі бізде кəсіпкерлік ретінде тіркеле бермейді. Міне, осындай адамдар да қорға келіп, кеңес тыңдап, несие алу мүмкіндігіне ие бола ала ма? – Əрине, бізде мұндай мүмкіндіктер бар. Атап айтқанда, біз стартап жобаларды немесе бизнесті нөлден бастайтын жобаларды да қаржыландырамыз. Кепілдікке келсек, несиелеу бағдарламасына қарай ауыл тұрғынында бар мүлікті – үй, жер телімдері, сатып алынатын мал, техника мен құрал-жабдықтар алынады. – Сонда бизнесті неден бастау керек? Ауыл тұрғындары үнемі мал шаруашылығымен немесе көкөніс өсірумен айналысады. Бірақ бизнес-жоспарлауды, бухгалтерлік есептілікті, салық төлеу мəселелерін біле бермейді. Мұндай жағдайда оларға не істеу керек? – Барлық облыс орталықтарында біздің филиалдарымыз жұмыс жасайды. Сонымен қатар, Астана, Талдықорған, Семей қалаларында несие бөлімшелері ашылған. Тұрғыны көп облыстарда – Алматы жəне Оңтүстік Қазақстанда – əр ауданда несие менеджерлеріміз жұмыс істейді. Қордың қызметкерлері өтінішті дайындауға, қысқаша бизнес-жоспарды əзірлеуге көмектеседі. Негізгі бағдарламаларымыз бойынша несиені беру-бермеу туралы шешім филиалда қабылданады. Несие алу үшін құжаттардың ең азайтылған топтамасы тапсырылады. – Сонымен, сіздер шағын шаруашылықтардың ны ғайып, олардың дербес əрі бəсекеге қабілетті болуына ықпал етесіздер ғой? – Əрине, шағын несиелеу шағын кəсіпкерлікті дамыту бойынша өте тиімді құрал болып табылады. Қазіргі күні əлемдік жəне қазақстандық тəжірибе осыған дəлел бола алады. Себебі, шағын несиелеу бұрынғы үй шаруашылығындағы адамды кəсіпкер етуге, бюджетке салық төлеп, жерлестеріне жұмыс табуға көмек береді. Келешекте олар бизнес сатының келесі деңгейіне көтеріліп, өз отбасы мен басқалардың да əл-ауқатын көтеруге əсер етеді. Шағын жəне орта бизнесінің негізі болып табылатын біздің клиенттеріміз өз өнімдерін сатып, пайда табуға ұмтылады. Осы ретте, олардың кез келген экономикалық интеграцияның тауар айналымын жақсартуға ықпал ететіндігін есте ұстағаны абзал дер едім. Мəселен, біздің жағдайымызда, Қазақстан қосылып отырған Еуразиялық экономикалық одақ қазақстандық бизнеске ішкі рынокты ғана емес, одақтың барлық нарықтарын қамти отырып, тіпті оның сыртына да шығуға жол ашады. Біздің қордың клиенттері үшін бұл одақтың негізгі беретін пайдасы да осында деп білеміз. Əңгімелескен Сұңғат ƏЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Бас прокурор, сондай-ақ, еліміздің геосаяси жағдайына байланысты қылмыстылықпен күрестің республика құзырлы органдарының басым бағыттарының бірі болып табылатынын атап өтті. Осыған орай саладағы қылмыстың алдын алу, жақын жəне алыс шет мемлекеттердің құзырлы органдарымен қылмыстылыққа қарсы күресте өзара əрекеттесу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде хабардар етті. Сұхбаттасушылар өзара əрекеттесу аясын кеңейту мен нығайтуға мүдделі екендіктерін растады.

Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін ядролық қарулануға шектеу қойылып, адамзат үшін жер бетінде бейбітшілік орнайды деп күтілген-ді. Алайда мəселе бұдан да күрделі болып шықты. Ядролық арсеналдары бүтіндей бір құрлықты жойып жіберуге жеткілікті Батыс пен Ресей арасындағы текетірес қайта күшіне еніп, жаңаша сипат алып барады. Бұдан басқа 1998 жылдан Пəкістан мен Үндістан ядролық қаруды сынай бастаса, қазір Солтүстік Корея мен Иран ядролық бағдарламаларын жүзеге асыруда. Жалпы, соңғы жылдары кейбір елдер өз ядролық қаруы болғанын қалап отырғандығын ескерсек, бұл жойқын қарудың террористердің қолына түсу мүмкіндігін де жоққа шығара алмаймыз. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Ал лаңкестік ұйымдар өз мақсаттарына жетуі үшін ештеңеден тайынбайтынына көз жеткізіп жүрміз. Сондықтан да Қазақстан тарапы ядролық қарудан азат əлемді құрудың сан жолдарын ұсынып келеді. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев осыған қатысты былай деген-ді: «Қазақстан Республикасы жəне Орталық Азия ядролық қарудан азат аймақ болуы тиіс». Қазақстан уран рудасын өндіруден əлемде алдынғы қатардағы елдердің бірі, сол үшін де Ядролық қаруды таратпау туралы келісім мен МАГАТЭ шеңберінде атом қуатын бейбіт жағдайда пайдалануды қолдаушылар қатарынан табылып жүр. Елбасы 2009 жылдың 6 сəуірінде Ядролық отын банкі құрыла қалған жағдайда, Қазақстан оны өз аумағында орналастыру мүмкіндігін қарастыра алар еді деген болатын. Бұл аймақта ядролық отын өндіру əлеуеті зор екенін, оның бейбіт мақсатта пайдаланудың барлық тетіктерін қарастыру жəне өңірді сұқ көздерден қорғау қажеттігі тұрғысында айтылғандығына көз жеткізу қиын емес. Қазір əлемде қара алтын қоры сарқылып келеді. Осыған орай көптеген елдер табиғи қуат көздерімен қоса, ядролық энергетикаға ерекше назар аудара бастады. Бұған дейін ядролық отынды тұтынып келген елдердің қатарына жаңадан 60 мемлекет қосылуға ниетті. Атап айтқанда, Польша, Египет, Вьетнам, Малайзия, Бангладеш, ОАР, Түркия, Пəкістан, Моңғолия, Иордания, Нигерия жəне Уругвай өздерінің атом электр стансаларын салуға құлшыныс танытуда. МАГАТЭ-нің болжамына қарағанда, 2030 жылға қарай əлемде 441-ден 691 ГВт дейін электр қуатын өндіре алатын жаңадан 430 АЭС салынады. Ал 2050 жылға қарай атом энергетикасының үлесі қазіргі 16дан 22 пайызға дейін өседі. Міне, сол кезде ядролық отын шикізаты басым елдер маңызды рөлге ие бола бастайды. Осы тұрғыдан келгенде, Қазақстан 2010 жылы əлемдік рынокқа 17,8 мың тонна уран шикізатын (əлемдік өндірудің 33 пайызы) жеткізіп берсе, 2018 жылы оның көлемін 30 мың тоннаға дейін арттырмақшы. Бүгінгі таңда елімізде уран кен орындарын игеруге қатысты 17-ден астам жоба жүзеге асырылуда. Сөз реті келгенде, қазір жұмыс істеп тұрған қазақстандық жəне өзбекстандық 30-ға тарта кен орындары əлемдегі ең ірілері саналатынын да тілге тиек ете кеткен жөн. Ал көршілес Қырғызстанда уран кен орындарын барлауға Австралия, АҚШ, Ұлыбритания жəне Қытайдың 30ға тарта компаниясы кірісіп отыр. Мұның барлығы болашақта қуат өндірудің баламалы жолдарын қазірден қамдау əрекеттері екені түсінікті де. Жоғарыда айтып өткеніміздей, болашақта АЭС-тің көптеп салынуымен ядролық отын өндіру көлемі де өсе түсетіні заңдылық. Олай болса, сол уран шикізаттарын бейбіт мақсатқа бағыттаудың тетіктері бар ма? Жойқын қару жасауға қажетті компоненттер террористердің қолына түспеу үшін не істеу керек? Бұл сұрақтарға бірден жауап табу қиын. Қазіргі таңда Солтүстік Корея мен Иранның ядролық бағдарламаларына қатысты қысым ның бір ұшы да осы сұрақтарға барып тіреледі. Былтыр Иранның Жоғары ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Саид Джалили британдық биліктің ядролық арсеналды жаңартуға қатысты мəлімдемесін сынға алды. Əрине, бұл сын Ұлыбритания премьері Дэвид Кэмеронның

АҚШ-тан сатып алынатын Trident – үшсатылы қатты отынды баллистикалық су астында орналастырылатын зымырандарын ядролық оқтұмсықтармен жабдықтау туралы мəлімдемесіне қатысты айтылған-ды. «Иран сол ұстанған көзқарастағы қалпында қалады, ешбір елдің ядролық қаруы болмауы тиіс. Əйтсе де, Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қол қойған елдер атом энергиясын бейбіт жағдайда пай-

ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартқан. Жəне көптеген ядролық қаруды таратпау жөніндегі бастамаларды ұсынып келе жатқан ел. АҚШ-тың бұрынғы президенті Джордж Буш пен қазіргі президенті Барак Обама əкімшіліктері Қазақстанның ядролық қаруды таратпау жөніндегі бастамаларын қызу қолдап келе жатқандығы да осы жəйттермен байланысты болса керек. Еліміздің өз аумағында ядролық отын банкін құру туралы ұстанымын да қуаттағаны осындай сенімнің нəтижесі деуге əбден болады. Егер тарихқа көз жүгіртсек, Қазақстан аумағында залалсыздандырылғаны жəне əкетілгені бар тротилдік баламадағы қуаты бір мегатонна болатын 1040 ядролық оқтұмсық жойылды. Соның ішінде Батыс «Сатана» деп атап кеткен 104 континентаралық СС-18 зымырандары, 370 тактикалық ядролық заряды бар Х-55 қанатты зымырандармен жабдықталған 40-қа тарта ауыр ТУ-95 бомбалау-

гексафториді қолданылады. Халықаралық банкіде сақталатын да осы материал. Аталған кəсіпорын қоймасында 800 тонна гексафторид сақтауға мүмкіндік бар, алайда халықаралық банкіге 60 тонна ғана қажет. Бұл ҮМЗ қоймасындағы сақталынатын төменгі байытылған уранның 7-8 пайызы ғана. NTI сарапшыларының пайымынша, саяси, жағрапиялық жəне технологиялық критерийлерді қаперге алғанда, Қазақстан алғашқы халықаралық ядролық банкін өз аумағында құруға өте оңды кандидат болып табылады. 1994 жылдың ақпанында Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) мүшелігіне өткен Қазақстан Республикасы өз міндеттемелерін толық жəне мүлтіксіз орындап келеді. Сөз реті келгенде сол 1994 жылдың 5 желтоқсанында «ядролық клубқа» кіретін АҚШ, Ресей жəне Ұлыбритания елдің қауіпсіздігі мен тұтастығына

далану жөніндегі бағдарламасын жүзеге асыруға құқылы», деген-ді сонда Джалили. Солтүстік Корея болса, өзінің ядролық сынақтарын өткізуді оқтын-оқтын жүргізіп келеді жəне ара-арасында өз қаруын қажетті жағдайда пайдалануы да ғажап еместігін ашық ескертуді де ұмытқан емес. Осылайша ядролық қаруы бар елдер мен оны иемденгісі келетіндер арасындағы қарамақайшылық қайда апарары беймəлім. Белгілісі, біздің еліміз атом энергиясының бейбіт мақсат та пайдаланылуы жөніндегі бастамаларға мұрындық болып келе жатқандығы. Елбасының 2012 жылдың наурызында New York Times басылымында шыққан "What Iran Can Learn From Kazakhstan" (Иран Қазақстаннан нені үйрене алады?) деген мақаласында нақты айтылған. «Қазақстан Каспий теңізі бойынша өз көршісімен тығыз дипломатиялық қатынастарды пайдаланып, Теһеранды өзінен үлгі алуға шақырады», деген Президент Н.Назарбаевтың сөзінің астарында ашықтыққа шақырған үндеу жатыр. Егер Иран ашық азаматтық ядролық бағдарламаны толық инспекциялау мен тексеру режімінде жүзеге асыратын болса, онда ешқандай қиындықсыз қазақстандық уранды сатып ала алар еді. Өйткені, Қазақстан ядролық отын шикізатын сататын ел ғана емес, соның бейбіт мақсатқа жұмсалуына да мүдделі. Бұл орайда шикізатты өңдеудің соңғы сатысы Ресейге тиесілі екенін қаперге алғанда, еліміздің оны байытудағы толық циклді жүзеге асыра аларын айта кеткен жөн. Жалпы, Қазақстан өзінің шикізат əзірлеу технологиясын Азия мен Таяу Шығыс елдеріне сата алар еді. 2011 жылы Қазақстанның əлемдегі тұңғыш рет МАГАТЭнің толық бақылауында болатын халықаралық «ядролық отын банкін» құру туралы ұсыныспен шыққаны да сондықтан. Неге өзге елдер қазақ жерінде əлемнің ядролық отыны сақталуын сеніп тапсыруы керек? Өйткені, Қазақ елі 400-ден астам ядролық сынақты басынан өткерген, сондай-ақ əлемде үшінші орын алатын

шы ұшақтары бар. Бұдан басқа континентаралық зымырандарды жөнелтетін 148 шахталық іске қосу құрылғылары толық істен шығарылды. Мұндай шахталардан ұшырылған зымырандар 7,6 тонна жүкті 12 мың шақырымға жеткізе алатын жойқын күш екенін қаперге сала кеткіміз келеді. Сондай-ақ, жұмысы тоқтатылған Ақтаудағы БН-350 реакторынан шығарылған қалдықтарды контейнерлерге салып, 2000 шақырым жердегі Семей полигоны аумағындағы тұрақты қоймаға апарып сақтау да ашық жүргізілді. Аталған материалдан 800 атом бомбасын жасауға болады екен. Мұның барлығы еліміздің ядролық отынды бейбіт жағдайда қолдануды қуаттаған шынайы ниетін көрсетеді. Еліміз аумағында ХЯОБ құру бұл жоғары немесе орташа радиоактивті ядролық отын қалдықтарын сақтау үшін оларды сырттан алып келуді білдірмейді. Жоба бойынша төменгі деңгейде байытылған ядролық отын донор елдер тарапынан Қазақстаннан сатып алынып, осындағы арнайы қоймаларда сақталады. Оған тіпті күзету үшін шетелдік əскерилерді шақырудың да қажеті шамалы. Өйткені, барлық жұмыс жолға қойылған жəне сақтауға қажеттінің бəрі бар. Қазақстанның арнайы қызметі жəне құқық қорғау органдары ядролық терроризм мен ядролық материалдардың контрабандасына қатысты тиімді жұмыс жүргізіп келеді. Тіпті, осы бағытта жұмыс істейтін кəсіпорындарды қорғауда əлемдегі озық елдердің кейбірін артта қалдырып, МАГАТЭ мен тəуелсіз сарапшылардың жоғары бағасын алып жүр. Бұл жерде əңгіме Өскемендегі зауытқа қатысты болып отыр. Көпдеңгейлі қорғау жүйесі тікелей террористік шабуыл орын алғанда да сыр бере қоймайды. 40 жыл бойы жұмыс істеп келе жатқан «Үлбі металлургия зауыты» акционерлік қоғамы техногендік тəуекелдерге де төзімді. Аталған ірі кəсіпорын КСРО жəне одақтас елдердің 80 пайыз электр стансаларын ядролық отынмен қамтамасыз етсе, кəсіпорында жылына 1200 тонна таблетка өндіріліп келді. Оған төменгі байытылған уранның

кепілдік беретін құжатқа қол қойғандығын айта кеткен жөн. Артынан бұл құжатқа Қытай мен Франция да қосылды. «Невада-Семей» қозғалысын құрушы Олжас Сүлейменов ядросыз əлем жолында күрес халықтық жəне парламенттік дипломатияның арқасында мүмкін болғандығын еске алады. Бұл ретте 2000 жылы Қазақстан ұсынысымен БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында 29 тамыз Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні ретінде бiрауыздан қабылданғанды. 1949 жылы 29 тамызда ең алғашқы Кеңес атом бомбасы Семей түбінде жарылса, араға 40 жыл салып 29 тамызда Семей полигоны Президент Н.Назарбаевтың Жарлығымен жабылған-ды. Бұл Жарлық жаңа мемлекеттің – Қазақстан Республикасының алғашқы құжаты ғана болып қалған жоқ, өзге мемлекеттердің ядролық сынақтарды өткізуді тоқтатуына серпін берді. Семей полигоны жабылуымен өзге де жер бетіндегі сынақ алаңдары жұмысын тоқтатты. Ресейдің Жаңа жердегі, АҚШ-тың «Невада» аумағындағы америкалықтар мен ағылшындар өткізіп келген сынақтар жəне француздардың Тынық мұхитындағы ядролық жарылыстары тоқтатылды. Ең соңы болып 1996 жылы қытайлықтар Лобнор ядролық сынақ алаңын жапқаны белгілі. Қазақстан Республикасының жəне оның басшысының ядролық қаруды таратпаудағы ізгі қадамдары адамзат алдындағы жауапкершілікті айқын сезінуден туындап отыр. Пəкістанның Синд провинциясындағы б.д.д. 2600 жылдары орын алған Мохенджо Даро («өлілер төбешігі») деген ежелгі қала орнында топырақтың күйгені сонша, қатты қара тасқа айналып кеткен. Оны ғалымдар атом бомбасының салдары болуы мүмкін деп болжауда. Кім білсін?! Бір нəрсе анық, егер бір елден абайсызда ядролық оқтұмсығы бар зымыран атыла қалса, онда қалғандары да қарап қалмайды. Бұл дегеніміз, бүкіл адамзат дамуы мыңдаған жылдарға кері ысырылып тасталады деген сөз. Атомның адамзатты алаңдататыны да сондықтан.


www.egemen.kz

6 қыркүйек 2014 жыл

5

 Есімі елге елеулі Қапан Бадыров! Бүкіл ғұмыры сахнада өткен дарын иесінің сомдаған жүздеген рөлдерін түгел айтып шығу мүмкін емес. Біз Қапан ағаның сахнада Абай, Қобыланды батыр бейнелерін, сондай-ақ, аға сұлтан Шыңғысты Шоқанға əке болуға лайық бейнеде шынайы ойнап шыққанын өз көзімен тамашалаған ұрпақтың өкіліміз. Басын ашып алатын бір шындық – өз басым Қапан ағаның Отелло рөлінде ойнағанын көрмедім. Өйткені, бұл қойылым бізге дейін дүниеге келіп қойған еді. Əлемдік драматургияның данышпаны У.Шекспирдің «Отелло» сияқты айтулы туындысын кезінде Мұхтар Əуезовтің өзі қазақшалағанын өте жақсы білетін біздер мұны өнертанушы ғалым əрі актриса Назкет Шаукенбаеваның «Қапан Бадыров» атты монографиясынан оқығанбыз. Кейбір классикалық драматур гиялардың сəтті сахналануы көбіне пьеса авторының һəм аудармашының шеберлігіне бай ланысты дегенімізбен, ең бас ты тұлға əртіс болып қала бере тіні бұлтартпас шындық. Біз бұл пікірімізді ұлы актер Қалыбек Қуанышбаев жайлы ма қаламызда да айтқанбыз. Гогольдің «Ревизорын» Мұқаң аударып, дуанбасы рөлінде Қалекең ойнағандағы кереметті қазақтың тұңғыш кəсіби режиссері, Мəскеудегі ГИТИС-тің режиссерлік факультетін 1939 жылы бітірген Асқар Тоқпанов тамсана тарқатып айтатын. Міне, сондай ұлылардың жалғасы «Отелло» қойылымында да болған екен. Əлемдік сахнаның əулиесі іспетті трагедияны қою өз алдына бөлек құбылыс əрі əр театр еркін меңгере бермейтін тəкаппар туынды десек, мавр батыры Отеллоның Еуропа төрінде атақты адамның сұлу қызына ғашық болуы өте өзгеше жайт. Ал сол ғашықтық төңірегіндегі зұлымдықты, соншама қасіретті – талай майданда жеңіс туын желбіреткен батыр Отеллоның көтере алмауы – ақыры оның ғашықтығының трагедиялық халмен аяқталуы əртістен аса дарындылықты, жүрекпен ойнауды қажет етері мəлім. Өзбекстанның академиялық драма театры бұрынғы одақ көлемінде алдыңғы қатардан орын алатын өнер ұжымы еді. Олардың «Отелло» спектаклінде КСРО халық əртістері Абрар Хидаятов Отеллоны, ал зайыбы, өзбектің ұлы актрисасы Сара Ишантураева Дездемонаны бейнелеген болатын. Спектакльдің трагедиялық халін бойына түгел сіңірген Абрар Отелло тағдырын, қайғы-қасіретін, шын жүрегімен беріле ойнағанда, залдағы көрермен жанын қоярға жер таба алмай қалады екен. Дездемонаға Отелло: «Дездемона, ұйықтар алдында Құдайға жалбарынып, иманыңды айтып па едің!» деп ұйықтауға жатқан аруға төніп келе жатқанда оның түрінен шошынған Сара: «Абрар əкə, Абрар əкə, мен өзіңнің Сараңмын ғой», деп сыбырлап, қорыққаннан қалш-қалш етеді екен. Ал сахна сыртында оларды екі жігіт арашалап алып кетуге сақадай-сай дайын тұрады екен. Ақыр соңында əлгі Абрар Отеллоның қайғылы халін көтере алмай жүйкесі сыр береді, айықпас дертке шалдығады. Міне, сондай тағдыры ауыр Отелло рөлін Қапан аға бейнелегенде монография авторы Назкет апайдың Дездемона рөлін орындағаны қандай ғанибет. Актердің шеберлігі туралы осы тұста бір шегініс жасап алған жөн сияқты. КСРО халық əртісі, екі мəрте КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болған, ең жоғары наградалардың иесі Иван Михаилович Москвин былай депті: «Сахнада сен өзің жылаушы болма, бірақ көрермендерді жылата біл». Міне, сол өнер иесінің өсиетін Қапан аға мүлтіксіз орындап шыққан жан. Отеллоның Қапан Бадыров орындаған партиясын кейіннен ешбір актер дəл солай қайталаған емес. Қапан ағаның осы рөл тұсында басынан өткен бір қызық оқиғаны аға ұрпақ өкілдері аңыз ғып айтатын. Бірде «Отелло» қойылымының таныстырылымы өтіп жатады. Ал Қапан ағаның болмашы нəрсені кейде ұмыта қалатын əдетін сахнадағы əріптестері өте жақсы біледі. Мұндайда актерге тапқырлық қажет. Алып денелі, батыр тұлғалы, талай қамалды бұзған қолбасшы Отеллоны кішкентай болғанмен, тұла бойы қулық пен сұмдықтан жаралған Яго ұршықтай үйіріп, өсекті зулатып, өзінің дегенін істетіп жүреді. Сондай сəттің бірінде ыза болған Отелло – Қапан Ягоны – Қамал аға Қармысовты жерден тік көтеріп алып, екі қолымен төбесіне ұстап біраз тұрады. Дəл

сол тұста айтатын сөзін ұмытып қалған Қапан төбесіндегі Қамалға – көрермендерге естіртпей сыбырлайтын көрінеді: – Əй, не деуші ем, айтып жібер, – деп. – Ой, оңбаған! деуің керек, дейді Қамекең. – Əй, олай емес шығар... – Ендеше, солай көтеріп тұра бер, маған бəрібір, – дейді Қамал аға қуланып. Сонда Қамалға ызакегі қайнаған Қапекең: – Ой, оңбаған! – деп оны жерге атып ұрыпты. Өзінің пьеса бойынша айтатын сөзімен дəл үндесе кеткен əртістің тапқырлығы көпке дейін əңгіме арқауына айналады. Екінші күні Отелло – Қапан сахнада жалғыз. Қару-жарағымен қоштасып тұрып сөзін ұмытып қалады. Маңайында көмектесіп жіберетін əріптестері жоқ. Сонда ол ышқынып сахнаның сыртына барып: – Құрыдым, айтып жіберіңдер! – дейді. Олар ұмытып қалған мəтінді есіне түсіреді. Сахнаға ауыр оймен оралған Қапан аға оқиғаны қайғылы түрмен аяқтап шығады. Спектакль аяқталған соң шымылдық ашылады. Қойылымға

ауыр Отелло бейнесін жасаудағы қиындықтың салдары дегенімізбен, бірақ ол жүйкесіне зақым келтірмей актерлік шығармашылықтың байлығы арқасында тығырықтан шығып кетіп отырған. Қапан ағаның бой-бітімінің батыр тұлғалы, мінезінің сом, ал сөзі мен дауысының ірі болғаны кейіпкерлерін дəл тауып орындауға септігін тигізді. Сондықтан да тұлғалы батырларды, кесек мінезді ер-азаматтарды нанымды бейнеледі. Келесі ол бейнелеген кейіпкер – Қобыланды батыр еді. Мұқаңның «Қара қыпшақ Қобыланды» пьесасындағы осы орталық бейне тура Қапан аға үшін жазылған тəрізді болатын. Көрермен Қобыланды батырды шын өмірде көріп отырғандай əсерленетін. Ал халықты сендіру деген тек саңлақ шебердің ғана қолынан келетін құдірет емес пе. Бұл көрерменін лəззатқа кенелткен керемет театр туындысы еді. Ол жайлы біз Қапан ағаның өз сөзін келтіргенді жөн көрдік. – Қобыланды батырдың образына енген тұстан бастап дүниенің бəрі ұмытылып, бойымды елдік сезім билеп əкететін.

Ќара шаѕыраќтыѕ Ќапаны қатысушылар сахнада қаз-қатар тұра қалады. Сонда Мұқаң олардың шетінен қолдарын қысып алып шығады. Сəттілік тілеп, келе жатып Қапан ағаның қолын қысқан күйде тоқтап қалады: – Қапан бауырым, кешегі алғашқы қойылымда болмаған бір көріністі бүгін тауып қосқаныңа

Ол бəлкім Қобыланды жырын жасымыздан жаттап өскендіктен де болар. Қазақ халқы үнемі сыртқы жаумен айқасқа түсіп туған жерін қорғауды асыл мұрат еткен жұрт қой. Сондықтан бір жағы соның əсері деп есептеймін. Менің сахнадағы Қобыланды кейпіндегі күйімді байқаған достарым: «Қапан, сен неге сонша ызғар шашып, қатуланып кетесің, жүйкеңе зақым келеді ғой» – дейтін.

ой санамызды матап алған біздер үшін бұл кештің мəні зор. Өйткені, ол бір ғана Қапекеңнің абыройы емес, барша қазақтың бəсі бəйгеге түскен үлкен сын сияқты болып сезілді. Басқаны білмеймін, өз басым тақымымды қысып, демімді ішіме жұтып отырмын. Сахнадағы санқилы көріністер бірінен соң бірі ауысып жатыр, оқиға ширығып, аяқталуға айналып барады. Енді бірде байқағанда,

себебі, Абайдың əжесі Зеренің рөлін ойнаған Рахия Қойшыбаева тізімде болмай шығады. Өйткені, эпизодтық кейіпкер. Сол аз ғана уақытта шеберлігін танытып үлгерген əртіске үлкен мəн берген комиссия мүшесі Сара Ишантураева: – Мына кісі неге тізімде жоқ? Мынау қайталанбайтын ерекше талант иесі ғой. Бұл кісіге де берілуі керек! – деп комиссия мүшелерімен айтысып, тартысып

ризамын. Қару-жарағыңмен қоштасып тұрып, монологыңды аяқтамай, ышқынып кетіп қалған тұсың өте əсерлі. Терең ойдың құшағында қайта оралып қош тасуың тапқырлық. Актер шеберлігінің өзі сонда – күнде бір деталь қосып, өз рөлін жетілдіре түсуде. Бұл тапқырлығың үшін саған рахмет айту керек! – дегенде сахнадағы əртістер: – Мұқа-ау, Қапан жаңалық ашайын деп құлшынып жүрген жоқ, сөзін ұмытып қалып ышқынып жүр ғой, – дейді. Сонда Мұқаң: – Пəлі, солай ма! Дегенмен, сен сүрінер жерден жол тауып, өз рөліңді асқақтата түстің. Ендігəрі сол қимылың тура осы күйінде қалсын. Ол сенің тапқырлық табысың, – дейді. «Отеллоның» екінші авторы іспетті аудармашыдан мұндай баға алу – данышпан Мұқаңның аузынан мақтау есту əр актерге бұйыра бермейтін артық бақ екені даусыз. Қапан ағаның екі рет айтатын сөзін ұмытып қалуы тағдыры күрделі, кейіпкерлік жүгі

– Бірақ мен сахнада Қапан екенімді мүлде ұмытамын, өзімді Қобыландымын деп санаймын, – дейтін едім. Қапан ағамен көп кездестім. Інісіндей жанында жүрдім. Ол кісіден естіп-білгенім аз емес. Менің өнерге деген құштарлығымды оятқан осындай кездесулер еді. 1952 жылы əкем театрда Мұхтар Əуезовтің «Абай» романын инсценировкалап, сахнаға шығарғанына куə болдым. Алғаш қойылымды ылғи ығайлар мен сығайлар келіп тамашалады. Олардың арасында алдын ала бірбір билетті иеленіп, қалтаға салған біздер де бармыз. Сахна шымылдығы ашыла бергенде, залдағылар ду қол шапалақтады. Осы шат сезім біраз тарқамай тұрып алды. Сəлден соң спектакль басталды. Біз Абайдың сахнадағы бейнесін көруге асығулымыз. Себебі, данышпан ақынның ұлы тұлғасын сомдаушы Қапан аға болатын. Алдыңғы қатарда отырған өнер майталмандары, сыншылар тарапынан қалай бағаланар екен деген

өзімді ұмытып кетіппін, сахнада өзім ойнап жүргендей күйде мін. Спектакльдің бел ортасындағы кейіпкерді сомдаушы Қапан Бадыров портреттік гримнің арқасында Абайдан аумай қалған. Байыпты, байсалды, салиқалы, салмақты күйде, кесек сөйлеп, кербез шығады. Аузынан шыққан əрбір сөзге ірілігі жарасып тұр. Қарсыласын ықтырып еркін сөйлейді. Ақыннан пана іздегендерге мейірімді, көңілі құлай берілген тұстарда Қапан ағаның зор денесі оларға пана секілді ұлғая көрінеді. Одан бергі көріп келе жатқан қойылымдардың дəл сол кешкі ғажайыптан əлі асып кете қойғаны жоқ. Бір спектакльде бірнеше саңлағымыз КСРО Мемлекеттік сыйлығын алған мұндай сəтті ұмытарсың ба?! Абай – Қапан Бадыров, Құнанбай – Қалыбек Қуанышбаев, Дəркенбай – Елубай Өмірзақов, Майбасар – Серəлі Қожамқұлов сомдауларында биікке көтерілді. Бұлардың бəрі тегіс сыйлыққа ұсынылды. Тізімді айтып отырғанымыздың

жүріп, Р.Қойшыбаеваға ең жоғары сыйлықты алып беруге ықпал еткен екен. Біз Қапан ағаның данышпан Абайын талай рет көргенбіз, сол себепті өміріміздің ең бір сəтті кезеңін ешқашан ұмытпаймыз. Қапан Бадыров əртістік тұғырдың биігіне шыққан тұста Сəбит Мұқановтың «Шоқан Уəлиханов» спектаклінде Шыңғыстың рөлін ойнады. Актердің кемел шаққа келгендігінен болар – жас Шоқанға əке болатын тұстағы кейіпкерінің ішкі тебіренісін дəл де шынайы беруі ешкімді бейжай қалдырмайды. Қапан аға кино өнерінде де біраз елеулі із қалдырған тарлан. Басқасын айтпағанның өзін де «Амангелді» фильмінде Қаратай бейнесін жасауы ерекше есте. Сол сияқты «Абай əнінде» Айдардың рөлі экранның сəнін келтіретін көрікті бейнелер еді. Өйткені, екеуі де Қапан ағаның актерлік шеберлігіне қоса оның сом тұлғалы кескін- келбетімен де түрлене түсетін. Мен Қапан ағаның сахнадағы

Нұрғожа ОРАЗ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

өмірін ерте кезден білгеніммен, кəдуілгі күнделікті өмірдегі тіршілігін кеш білдім. Ол туралы Серағаң жайында жазған естелігімде біршама айтқан едім. Ол алпысыншы жылдардың орта кезі болатын. Бұрынғы Ақмолаға Хрущев Целиноград деп ат қойған тұс. Қазақ академиялық драма театры Целиноград қаласына гастрольдік сапармен келді. Сол жолы университеттің драма үйірмесінде ұстазым болған Серағаны (Серəлі Қожамқұловты) қонаққа шақырғанда Қапан аға да үйімізде болған. Серағаң дастарқан басында: «Əй, Қапан, сен мына Нұрғожаның кім екенін білесің бе? – дей отырып, бұл Мұхаметтің інісі ғой!» деген. Сонда Қапан аға орнынан ұшып тұрып: – Ой, айналайын-ай! Кешегі алтынның сынығы, тұлпардың тұяғы екенсің ғой! – деп мені құшақтай алды. Кейін екі ағамыздың əңгімесін тыңдай келе білгенім, олар əкемнің інісімен Қостанайда тұрған кезінен бастап, 1946 жылы қайтыс болғанға дейін аралары ажырамаған дос болыпты. Міне, сол алпысыншы жылдардың ортасынан бастап Қапан аға маған да ең жақын адам болып кетті. Жетпісінші жылдардың бас кезінде əкемтеатр Ақмолаға тағы да гастрольмен келді. Бұл жолы Серағаң жасы егде тартып қалғандықтан ба екен, сапарға шықпапты. Қапан ағаны қонаққа шақырдым. Ол кісі Қалкен Əділшінов деген өзіне тетелес, театрдың көрнекті əртісін қоса шақыруға кеңес берді. Мен өз тарапымнан Мұхтар Өтебаевты қоссам қайтеді? – деп едім, Қапан аға: – Қоссаң қос, ол өзі əнші əрі өнерлі жігіт, – деді. Мұқаңды мен студент кезімнен білетін едім. Кейіннен Мырзашөл аймағы Өзбекстанға беріліп, Хрущев оңтүстік аймаққа тырнағын батырған тұста осы Мұқаң Жетісай қазақ драма театрын ұйымдастырып, ер лік жасағаны бар. Сол үшін ол Өзбекстанның еңбек сіңірген əртісі атағын алды. Қазірде Жетісай театры республикамыздағы бірден-бір өңірлік өнер ұжымы саналады. Ал Мұхтар аға кейін М. Əуезов атындағы академиялық драма театрға ауысып келді. Сөйтіп, Қапан аға біздің үйге екінші рет қонаққа келді. Үй əдеті бойынша қонақтар əкем отырған бөлмеге еніп, ол кісіге сəлемдесуі тиіс. Сол дағдымен Қапан аға əкеме барып сəлем берді. Жетпіске жақындап қалған ағамызға тоқсанға таяған əкем: – Қай баласың, шырағым? – деп сұрақ қойды. Бұрынырақта Серағаңмен келгенін ұмытып қалса керек. – Троицкінің маңайындағы Табын ауылынанмын, – деп Қапан аға аты-жөнін айтты. – Ə-ə, Троицкінің ауылында бір шоқынған қазақ ауылы болушы еді, содан екенсің ғой, – дегенде бəріміз не дерімізді білмей қалдық. Үлкен адамның бүкпесіз, тура айтатын əдетіне не дерсің. Төр үйге бардық. Үнсіздікті Мұқаң серпілтіп жіберді. – Нұрғожажан, домбыраң бар ма? – деді. Əкеліп əншіге бердім. Өзім бұрыннан естіп жүретін асқақ əн үй ішін кернеп ала жөнелді. Микрофонды, магнитоланы алдын ала дайындап қойғанмын. Сол кеш бойына əнші ағамыз қонақтарды да, үй ішін де риза етті. Ертеңіне облыстық радиодағы досым – білікті радиожурналист Нөгербек Мағзұмовқа айтып, Мұхтар Өтебаевтың көп əндерін жаздырттым. Қапан аға екеуміз сол сапарларда көп кездестік, ұзақ сырластық. Соның бірінде ағамыз маған мынадай əңгіме айтты: – Əкем Орал төрт ағайынды екен. Сол төртеуі де жау түсіргіш батыр, балуан болыпты. Қазіргі Қостанай облысының Қарасу ауданындағы бір уақ руының байына келіп паналаған ғой. Бірақ бай алпамсадай батырларды текке отырғызып қоя ма, маңайдағы алыс-жақын жерлердегі өзге байлардың жылқысын алуға жұм сайды. Талай барымталарда қарсыластарын ат үстінен қағып түсіріп, жылқыларын айдап əкетеді екен. Қуғыншы келсе, төртеуі тізе қоса қимылдап, даугершілерді соққыға жығып, кейін қарай айдап тастайтын көрінеді. Содан айналадағы малды адамдар əбден мезі болған соң оязға хабарлап, елге жазалаушы отряд шақыртады. «Мына төрт қарақшыны ұстап, итжеккенге айдаңдар» – дейді. Жазалаушы отряд келе жатыр деген хабарды естіген түнде ағайынды төрт үй тік көтеріле көшіп, Ресей жаққа ауады ғой. Сөйтіп, Троицк қаласының жанындағы бір бай орысқа жұмысқа жалданып, соңында келе жатқан «қуғыншыдан арашала»

деп пана сұрайды. Сөйтіп, итжеккенге жер аударылудан аман қалады. Орыстың малын бағып, соны паналап отырған бізді қалаға келгіш қазақтар қона жатып, бірақ ертесіне көлігін де, өзін де асыраған оларды «шоқынған ауыл» деп кетеді екен. Біздің дінімізге беріктігімізді қайдан білсін. Қапан ағаның əлгі сөзінен кейін əкем бастаған əңгіме тынды. Күнде спектакльге барамыз. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» қойылымына барғанда республикамыздың дарынды əртістерінің бірі – Торғын Тасыбекова Баянның рөлінде ойнады. Көбіне спектакльдің көркемдігін көтеріп, бағын ашатын басты рөлдегі дарынды əртістер болып келеді. Сондай-ақ, Торғын актерлік шеберлігіне қоса асқан сұлу, үні көркем жан емес пе? Мен оған арнап өлең жаздым. Сол өлеңімді Қапан ағаға оқып беріп едім: «Ой, жарайсың, қанша дегенмен белгілі ақынсың ғой, біз де өлең жазамыз, бірақ мынадай етіп жаза алмаймыз. Сол жазып жүрген өлеңімнің біразын саған оқып берейінші», деді. Мен мұны қызықтап айтып тұрған шығар деп ойладым. «Есіл» қонақ үйіндегі бөлмесіне келген соң бір үлкен қара қойын дəптерді алып шықты да: «Ал,тыңда», деп оқи бастады. Қапан аға төрт кітаптың авторы екенін білетінмін жəне соның бір-екеуі орысшаға аударылып та үлгерген. Бірақ өлең жазатынын естімеген едім. Өзімен көп жылдар бойына бірге істейтін аса дарынды да, атақ-даңқы одаққа белгілі, Сəбира, Хадиша апаларға жəне басқаларға арнаған өлеңдер бірінен соң бірі оқылып жатыр. Өзі риза болған тұста көзі мөлдірей қалатын əдетімен рахаттана оқиды. Таңғалдым. «Өнер егіз болады» дейтін қазақ сөзі осы екен-ау деп ойлаймын ішімнен. Бірақ сезімге бай өлеңдердің көркемдік жағы ақсаңқырап жатыр. Білімді, білікті адам ғой: – Сен таңданбай-ақ қой, өзің сияқты жақсы көретін інілеріме ғана оқып беремін, бірақ бұл шимаймен баспа орындарын мазалап қайтемін, – деді өлеңдерді оқып болған соң. Сол жолы Қазақстан Жазушылар одағының кезекті пленумы өтетіні хабарланды. Одақтың басқарма мүшесі болғандықтан мен гастрольге келген қонақтармен Алматыға бірге ұштым. Ұшақ салонында Мұхтар ағамен қатар отырдым. Торғынға арналған өлең қалтамда жүр екен, ағама тағы оқып бердім. Қағазды қолымнан жұлып алды. – Айналайын, Нұрғожа, мына өлеңді маған қишы. Мен өз атымнан Торғынға берейін, – деді. Келістім. – Қазір ұшақтан түскенде Қапан ағаңды бір орыс кемпірі құшақтап сүйеді. Оған таңданба, ағаңның бəйбішесі сол, – деді Мұқаң əзіл-шыны аралас. Айтқаны тура болды. Қапан ағаның бірде: «1930 жылдары Ресейден үш орыс қызы келді, соның бір көріктісіне үйлендім», – дегені бар еді. Уəдеміз бойынша ағам үйіне қонаққа шақырып, бір кітабына қолтаңба жазып бермек еді. Алматыға барған соң достардан қол босай ма, бара алмай кеттім. Кейіннен тоқсаныншы жылдар дың орта кезінде Ғабеңді сағынғандықтан мұражайына кірдім. Мұражай директоры Галя (Ғабеңнің үлкен қызы) бар екен, бірақ ол апамыздан мұражай жəдігерлерін таныстыруды сұрамай, төрге қарай адымдай бергенімде Қапан аға кіріп келді. Қуанып кеттім. Тоқсанның үстіне шықса да сол алпамсадай денесі, тіп-тік қалпы. Мені бауырына қысып, бетімнен сүйді. Осы естеліктің басында оның күш-қуаты жайлы əңгіме болған еді. Əкесі Оралдың батырлығы да айтылды. Сахнада батырлардың рөлінде ойнағаны да сөз болды. Енді, міне, сол алып тұлғалы ағаның құшағында тұрмын. Қандай бақыт! Қапан аға мұражайды түгел аралап жүріп мен естімеген, білмейтін жайларды қазбалап, əр экспонаттың, əр фотосуреттің астарлы сырын ашып əңгімелеп шықты. Бəрі өзіне таныс, бəрін өз көзімен көрген жайлар. Кейіннен «Шіркін-ай, Галя осындай қадірлі, барша қазақ ардақтаған Ғабеңмен бірге өсіп, біте қайнасқан адамның əңгімесін диктофонға жазып ала бергенде қандай ұтымды болар еді», – деп ойладым. Уақыт шіркін, бір қалыпты тұра ма, көзіміз көрген Қапан аға біздің есімізде киноның лентасындай сақталып қалды. Кейіннен ол көргендеріміздің бəрі бізбен бірге кетпесін деп, осы естелікті жаздым.


6

www.egemen.kz

6 қыркүйек 2014 жыл

 Көкейкесті

Отансїйгіштік тəрбиеніѕ кейбір мəселелері Еліміз егемендігіне қол жеткізіп, тəуелсіздіктің туын желбіретіп отырған бүгінгі күн ұрпақ тəрбиесінде ерекше назар аударуды қажет етеді. Ұлттық сана мен ұлттық рухты тəрбиелемейінше, ұлттық мемлекет қалыптастыру дегеніміз мүмкін емес екендігі баршаға аян. Ұлттық рухты биік бағалайтын мықты ұрпағы бар ел ғана қандай да болмасын мəдени, саяси жəне экономикалық дағдарыстан мойымай өтері хақ. Серікжан АЯҒАНОВ,

Ақтоғай аудандық орталық ауруханасының психологы.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақстандық патриотизмге, отансүйгіштікке тəрбиелеу ісін мемлекеттік идеологияның аса маңызды міндеттерінің бірі ретінде алға тартуының сыры осында жатыр. Тəуелсіздігін жариялаған, кемелді келешегін ойлаған елдің ұрпағын отансүйгіштік арнада тəрбиелеу қажеттігі де осындай мақсаттардан туындайды. Қазақтың отансүйгіштік тəрбиесі – халқымыздың тереңнен тамыр тартқан сан ғасырлық болмысының, дүниетану көзқарасының, ақыл-ойы мен салтдəстүр мəдениетінің көрінісі. Осыларды бойға дарытпай тұрып, келер ұрпақты патриоттық тəрбиеге лайықты қалыптастыру, алтын бесік елі мен кіндік кескен жерін қорғайтын жəне осы мақсат жолында бар күш-қайратын жұмсайтын нағыз патриоттарды тəрбиелеп өсіру мүмкін емес. Жас буын бойында Отанымыздағы əлеуметтіксаяси құбылыстарға дұрыс көзқарас қалыптастыру арқылы жаңа мазмұнды сана-сезім, іс-əрекет аясында олардың жалпы патриоттық ой-пікіріне ықпал етуге болады. Бүгінгі Қазақстан жағдайындағы патриоттық тəрбие негізі – қазақтың ана тілінде сөйлеуі, балаларына ұлттық тəрбие беруі, ұлттық мінез, жүріс-тұрыс қалыптастыруы, т.б. Елбасы айрықша назар аударып отырған мемлекеттік рəміздер мен заңдарға құрмет көрсету бүкіл өркениетті қоғамның өмір салтына айналған. Ол ел бірлігі мен демократиялық үрдістерде адалдық отындай қастерленеді.Еліңді сүю оның ертеңіне сеніммен қарауға мүмкіндік береді. Ел өміріндегі бірқатар мəселелерді шешу көп жағдайда азаматтық қоғамның даму деңгейіне, жоғары патриоттық сананың қалыптасуына, өз еліңе деген мақтаныш сезіміне тікелей байланысты. Бүгінгі Қазақстан педагогикасы ғылымының өзекті мəселесі – Қазақстан жастарына жан-жақты білім мен тəрбие беруде ұлтымызға тəн дəстүрлі педагогикалық мəдениеттен қол үзбеу қажеттігі. Əрине, Қазақстан мемлекетін қазақ халқынан өзге көп ұлт өкілдері мекендейтіндігі ескеріліп, олардың этномəдени тұрғыдан өркендеп, өсуіне жағдайлардың жасалуы өз алдына заңды құбылыс. Дегенмен, бүгінгі бізді алаңдататын басым бағыт – ұлттық діліміздің, қазақ рухы аясындағы жас ұрпақ тəрбиесінің көлеңкеде қалмауы. Бұл орайда қазақстандық Қ.Б.Жарықбаев, С.Қ.Қалиев, С.А.Ұзақбаева, Ж.Ж.Наурызбай, К.Ж.Қожахметова, Қ.Бөлеева секілді зерттеуші ғалымдар еңбектерінің бірқатар жаңа ізденістерге жол ашып, қазақтың ұлттық тəлімтəрбие жүйесін құрып, жетілдірудегі құндылығын атап көрсетуге болады. Бүгінгі өзгермелі əлемге

бейімді жас ұрпақты тəрбиелеудегі басты ұстаным ұлттық мүдде, ұлттық намыс, ұлттық тіл, ұлттық дəстүр, ұлттық рух секілді қасиетті ұғымдардан жан-жақты хабары бар, оларды бағалай алатын тəрбиелі ұрпақ тұлғасын қалыптастыру. Патриоттық сезім – жалпы адам баласына тəн, сүйіспеншіліктен туатын қасиет. Бұл оның еліне, туған жеріне, өз ана тілі мен мəдениетіне, ұлттық құндылықтарына жеке қатынасын, өзіндік бағасын, қуаттап-қолдауын пайымдайтын сезім көрсеткіші болып табылады. Патриотизм – өте күрделі ұғым. Бір жағынан, ол ізгілікті саяси үрдіс, яғни жеке тұлғалық, қоғамдық сана элементтерінен тұрса, екінші жағынан, отанды қорғауға, сақтауға, нығайтуға бағытталған сезім. Ал қазақстандық патриотизмнің қайнар көзі – халықтың берекебірлігінде, ынтымағында, күшқуатының беріктігі мен ұлан-байтақ жерінің біртұтастығында. Еліміз егемендік алып, мемлекет ретінде қалыптасты. Экономикадағы, саясиəлеуметтік, ғылым салаларындағы жетістіктеріміз мақтануға тұрарлық. Осы жетістіктер аясында жас ұрпақты Отанын сүюге, ол үшін аянбай қызмет етуге тəрбиелеу – əр педагогтың басты міндеттерінің бірі. Патриоттық сезім жəне ұлттық құндылықтарды құрметтеу арқылы Отанға деген сүйіспеншілік артады. «Қазақстандық патриотизм» ұғымы адам бойында өздігінен қалыптаса қоймайды. Елжандылықты қоғам мен жекелеген адамдар сіңіріп, дамытып, тиісті деңгейге көтереді. Отбасы мен мектеп жастарды асқақ елжандылық сезімге тəрбиелеуге тиіс. Ол ұғымды қалыптастыратын алғышарттарға мыналар жатады: – ең алдымен, тарихымызды білу; – туған халқымыздың тілін ардақтап, оның кəусар бұлағынан сусындау; – атадан балаға жалғасып келе жатқан салт-дəстүрлерді, əдетғұрыптарды жалғастыру; – өткен тарихымыздың жақсылықтары мен тəрбиелік мəні бар жақтарын сақтап, одан əрі дамыту, өркендеуіне үлес қосу; – Абай атамыз айтқандай, ұлттық қадір-қасиетімізді арттыру, ұлт атына кір келтіретін жат пиғылдан аулақ болу. Қай заманда болса да адамзат өз алдына есті, еңбексүйгіш, қайырымды бала тəрбиелеуді мақсат етіп қояды. Соның ішінде қазақ халқы да өз ұрпағының үлкенді сыйлап, құрметтейтін адал, инабатты, əділ, ержүрек, намысшыл, ізгі ниетті болып өсуін қалайды. Ал бұл қасиеттер дұрыс тəрбие арқылы қалыптасады. «Өткен уақыт үнсіз мүлгиді, келер уақыт баяу жылжиды, ал бүгінгі күн құйындай ұйытқиды», деген қанатты сөз бар. Мұны түсіну үшін де парық-парасат, білім-білік, ерік-жігер керек. Елін сүйген баба отанының болашақ азаматына: «Аға ұрпақтың саған деген аманаты

Басќарудыѕ бір тетігі білімнен бастау алады Қазақстан Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында жаңа оқу жылының ашылу рəсімі болып өтті. Биыл talent-management қағидасы негізінде іріктелген екі жүзге жуық талапкер докторантура жəне магистратура бағдарламалары бойынша білімдерін көтеруге мүмкіндік алды. Серік ПІРНАЗАР,

«Егемен Қазақстан».

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Парламенттің төртінші сессиясы ашылуында Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына кіруіне байланысты əкімшілік реформасын жалғастыра отырып, кəсіби жəне шағын мемлекеттік аппаратқа сүйенген тиімді мемлекеттік басқару жүйесін құруды басты міндеттердің бірі ретінде атап көрсетті. Үстіміздегі жылғы оқу жылына талапкерлерді қабылдауда академияның негізгі стратегиялық міндеті білім алуға ынтасы жоғары, неғұрлым қабілетті мемлекеттік

қызметкерлерді іріктеуге бағытталған talent-management қағидасын іске асыру болды. Жалпы, академияға биыл бес жүзге тарта өтініш тапсырылса, 199 үміткер (15-і – докторантура, 184-і – магистратура) оқуға түскен. Жаңа оқу жылының басталуымен академия тыңдаушылары мен оқытушыларын Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Жоғарғы Сот жəне Сыртқы істер министрлігі өкілдері құттықтады. Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Саян Ахметжанов

– тарихыңды зерделе, ерлік, тəрбие алар сəтіңді бос жіберіп, қапы қалма», деген. Тарихты зерделеу арқылы біз ұрпағымызға Отанымыз бен халқымызға шексіз берілгендіктің, қаһармандық шынайы үлгісін көрсете аламыз. Патриоттық сезім – ұлттық рух деңгейінің айнасы, өлшемі. Сол себептен Елбасы өзінің халыққа Жолдауында азаматтардың отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуды ұлт тық қауіпсіздікті сақтаудың негізгі элементтерінің бірі ретінде қарастырады. Президент стратегиясының түпқазығы, бас ты арқауы – адам тағдыры. Бұл мəселе қашанда Елбасы назарында. Стратегияны жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қасиеттер – Қазақстан халқының жоғары сапасы, жасампаздық істерді орындауға мүмкіндігінің жеткіліктігі жəне қабілеттілігі. Бұл талап халқымыздың ерік-жігеріне, күш-қуатына, табандылығына, білімділігіне сенгендіктен туындаған. Қазақстан халқының отаншылдық сезімін тəрбиелеу – осы бағыттағы негізгі шаруалардың бірі. Халықтың патриоттық сезімін қалыптастыру үшін мына алғышарттар пісіп-жетілуі тиіс: Біріншіден, Елбасы Қазақстанды мекендеген ұлттар мен ұлыстардың аз-көптігіне қарамастан, тіліне, дініне тең құқықтығын, іс жүзіндегі теңдігін жария етіп, ешкімге де артықшылық жасалмайтынын атап көрсетіп отыр. Бұл қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың бірден-бір негізі. Екіншіден, Қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың келесі арнасы – экономикалық негіз. Сондықтан да Елбасы ұзақ мерзімді мақсаттардың бірі ретінде экономиканың өсіп-өркендеуіне басты назар аударып отыр. Ана тілі – халқын тура жолдан тайдырмаған көсемдер тілі, елдің беріктігін сақтаған билер тілі. Сондықтан тіл еркін болмай, ой еркіндігі жоқ, санаңда салмақ болмайды, ойың ортаяды, ақылың азаяды, тілің күрмеледі, рухың кемшін соғады. Яғни, қазақ мемлекетінің патриоты ана тілін жете меңгерген жəне қосымша тілдер білетін, өз бетімен шешім қабылдай алатындай көзқарасты қалыптастыратын жеке тұлға болмақ. Отаншылдық сезімді қалыптастырудың тағы бір шарты – халық пен мемлекет арасындағы өзара сенімді нығайту. «Береке бас бірлікте», «Бірлікте болсаң, биікте боласың», деген халық. Ата-бабаларымыз Отанға деген пəк сезімнен, өршіл патриотизмнен қуат алған. Тəуелсіздік – қазақ халқының сан ғасырлық арманы. Отанымыздың көгінде көгілдір туымыздың желбіреуі – тəуелсіздігіміздің арқасы. Тəуелсіздіктің туы өздігінен тігілген жоқ. Осы жолға жету үшін қанша қан мен тер төгілді. Жас ұрпаққа мұны да жан-жақты ұғындырудың мəні жоғары. «Қоғамда Қазақстан – біздің Отанымыз, бұл ұғымға өте көп нəрсе кіреді деген қарапайым ойды қалыптастыру керек» деген Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың сөзі əрқайсымыздың санамызда жаңғырып қана қоймай, осы бағытта жұмыла жұмыс істеуге негіз қалауы тиіс. Қарағанды облысы.

академияның жаңа формациядағы білікті, патриот, тиімді мемлекеттік даму мен халықтың əл-ауқатын қамтамасыз етуге қабілетті мемлекеттік қызметшілер даярлауда Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді жүзеге асырудағы рөлін атап өтті. Бұған дейін жинақталған оң тəжірибе негізінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға екпін түсіріле отырып, мемлекеттік қызмет институтын əрі қарай жетілдіру жалғаса беретін болады. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа мəдениетті қалыптастыру, білім берудің барлық деңгейлерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағартушылық, жоғары моральдықэтикалық нормаларды тəрбиелеу, жемқорлық белгілеріне мейлінше төзімсіздік таныту басымдылық болмақ», – деді С.Ахметжанов. Бұл ретте академияның орны ерекше айқындала түседі. Оның негізгі жұмысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мəселелер бойынша мемлекеттік қызметкерлерді оқыту əдіс-тəсілдерін жетілдіруге, жаңа бағдарламалар мен оқу материалдарын енгізуге бағытталатын болады.

 Өңір өмірі Сіздер түкпірдегі шағын ауылдан бүгінгі заманға лайықты ең соңғы үлгіде салынып, ең соңғы заманауи қажетті көрнекі құралдармен жарақтанған, екі автокөлігі бар жаңадан ашылған бастауыш мектеп көрдіңіздер ме? Ал біз соны көрдік. Көрдік те, қызыға да, қызғана қарап, Алматы облысы Жамбыл ауданы Бұрған ауылындағы Сəдуақас Бигелдиев атындағы мектепбалабақшада оқитын ең бақытты оқушы, ең бақытты мұғалім, ең бақытты ата-аналар екендіктеріне еш шүбə келтірмей тарқастық...

«Бəрекелді!» дейтін білім ўясы

əке аманатын орындаєан ўрпаќтыѕ болашаќ жеткіншектерге сыйы еді Бұрған – Алатаудың баурайы, Майтөбенің етегі, Қарақыстақ өзенінің аңғарына орын тепкен, бүгінде 137 түтін, яғни сегіз жүзге жуық халқы бар шағын ауыл. Қосай бабалары сонау Қызыл ауыздан алты белді асырып тоған тартып суды бұрған соң «Бұрған» аталса керек. Міне, сол ауылда осы кезге дейін мектеп болмай, бала біткен қақаған қыс дейсіз бе, күздің жаңбырлы қара суығы дейсіз бе, қызыл су қаптаған көктем дейсіз бе, Қарақыстақ

– Күннің жарқырап тұрғанындай жарқыраған мектептеріңіз құтты болсын! – деді Жамбыл ауданынан шыққан көрнекті ғалым, ҰҒА-ның академигі Төлеген Қожамқұлов мектеп алдындағы Сəдуақас Бигелдиевке арналған ескерткіш бюстің ашылу салтанатында. – Елбасымыз айтқандай, елімізді əлемдегі ең алдыңғы отыз мемлекеттің қатарына қосып, Мəңгілік Ел боламыз десек, білімді ұрпақ тəрбиелеуіміз керек. Ата-бабалары кезінде тоған тартып, суды бұрса, сусыз өмір жоқ екенін білді. Яғни, адам өмірінің нəрі – су. Ал білім,

қызметі құмырсқаның тірлігі сияқты, еңбегі білінбейді де, еленбейді де. Қаламмен халқына қызмет көрсетіп, елді аспанға шығарады да өздері төменде қалады. Елдің ішінде жүріп өзінен кейінгі Нағашыбай, Жұмабай, Нүсіпбай, Күмісжан, Бағлан, т.б. қаламгерлердің ұстазы бола біліп, журналистік, адамгершілік, азаматтық мектебін қалыптастырды. Жаңа ескерткіш бюстің ашылу салтанатында ұлы Махаббаттың: «Əке, аманатыңды орындадым!» дегенде бəріміздің кеудемізді шаттық кернеді. Осындай балаларымыз көбейсе деп, еліміздің балалары көгере берсін деп өз қолымен өсіріп əкелген көк өскіннің көшетін, мектеп кітапханасына арнайы əкелген кітаптарын табыс етіп, бата беріп, əке аманатын орындаған Махаббатқа үлкендер алғыс айтты. Ал Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, «Қазақ əдебиеті» газетінің бас редакторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті жазушы Жұмабай Шаштайұлы ұстазы болған Сəдуақас ағасының ерекше мінездеріне тоқталды. «Адам баласы өткенін тез ұмытып кетеді ғой. Сəдуақас аға өткенін ешқашан ұмытпайтын. Ол кісінің бір жақсы қасиеті бұрынғы қасиетті қариялардан көрген өнегесін бізге көрсетті, бірақ соны көп ала алмай қалған сияқтымыз. Біздер батысты оқуға тырыстық.

ауы лына 3-4 шақырым жаяу жүріп, қатынап оқитын. Бұл жағдай балаға да, ата-аналарға да үйреншікті жайт болып кеткен. Бірақ, осы мектебі жоқ ауылдан небір мықты азаматтар шықты. Солардың бірі – бүкіл саналы ғұмырын Алматы облысындағы Жамбыл, Күрті, Іле аудандық газеттерінде 45 жылға жуық жемісті қызмет атқарған, Жамбыл бабасынан бата алған қарымды қаламгер, ақын, фельетоншы Сəдуақас Бигелдиев. Көкірегі зерек азамат екі ауылдың арасын жол етіп, сабылып жүрген кішкене балақайларды көргенде жүрегі ауырып, бір білім ұясын салып, ауыл тұрғындарына қуаныш сыйлауды артынан ерген перзенттеріне арман етіп айтып отырады екен. Елін, жерін сүйген ол өмірінің соңғы кездерінде өзінің жиған қаражаты мен темірден түйін түйген əкесі Бигелдіден қалған зергерлік бұйымдарды сатып ұядай болса да мектеп салуға қамқарекет жасағанмен, бірақ, оған өмірі жетпейді. Міне, əке арманын, əке аманатын артында қалған ұрпағы орындауға бел буып, өз жеке қаражаттарына Аллаға да, адамға жағатын сауапты істі балалары қолға алып, үлкен шаруа тындырады. «Туған жерге туыңды тік» деген, Бигелдиевтер əулеті қарапайым ғана мектеп емес, əлемдік стандартқа сай керемет, барлық қажетті, керекті заттарды ұсақ-түйегіне дейін түгендеп, еш алаңсыз оқуға жаңа оқу жылына жаңа мектеп ғимаратын сыйға тартты. Осылайша, Бұрған ауылында ақ түйенің қарны жарылып, қоныс тойын тойлауға – мектептің ашылу салтанатына жиналған халықтың қарасы көп болды.

ғылым – бүгінгі заманның бұлағы. Міне, сол білімнің көзін Сəдуақас Бигелдіұлының ұрпақтары ашып беріп отыр. Мəңгілік Ел болу үшін мəңгілік істер жасалуы тиіс. Міне, бұл мəңгілік істің бір парасы. Өйткені, білім таусылмайтын байлық. Ол қосылмаса азаймайды. Əнұран ойнап, Ту көтерілген соң құттықтау сөз сөйлеген Қазақстан Журналистер одағы жəне халықаралық Жамбыл атындағы сыйлықтардың иегері, қарымды қаламгер Орысбай Əбділдəұлы кезінде Сүйінбай, Жамбыл бабалары, одан бергіде Сəдуақас бауыры жырлап өткен Бұрған ауылының қақ ортасында əлемді шарлайтын, дүние жүзіне дауысы жететін жас ұрпақ білім алатын алтын ұя мектебі ашылып жатқанын, ондағы бүлдіршіндерге осы қасиетті жер де жатқан бабаларының қайратын, ақыл-ойын берсін дей келе: «Журналистің

Міне, осы мəселеде Сəдуақас ағамыз сол кездің өзінде ұлттық мəселеге көп көңіл бөлетін. Бір таңғалатыным, жаһандану дəуіріне бет бұрған кезде аудандағы қарапайым аудандық газеттің бөлім меңгерушісі болып қызмет істеген Сəдуақас Бигел діұлы соны байқаған, болжаған еді. Сонысын əулиелік пе деп ойлаймын», – деді. Сондай-ақ, Алматы облыстық «Жетісу» газетінің бас редакторы, ақын Нүсіпбай Əбдірахым қолына қалам ұстаған талай жастардың тəлімгері болған ұс тазы жайлы сөз ете келіп, жазудан қолы босаған кезде ала тақтада дойбы ойнағанды жақсы көретін ағасының мұражайына естелікке алатақта сыйға тартса, ағайын-туыстары, Қосай баба ұрпақтарының атынан Қамырахан Əбуев қуаныштарына ортақтасып, көрімдікке «ГАЗель» шағын автобус көлігін табыс етті. «Бала

Гүлзейнеп СƏДІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

қуанса, пейіштің есігі ашылады» деген, əсіресе, бірінші сыныпқа барған балалардың қуанышында шек жоқ. Жаңа оқу жылын жаңа мектепте бастағалы отырған балақайлардың қадамдарына сəттілік тілей отырып, Білім ханшайымы оқушының керек-жарағына толы сөмкені сыйға тартты. – Бүгін əкем Сəдуақас пен атам Бигелдінің туған ауылында той, – деді Махаббат Сəдуақасұлы мектеп директоры Мира Малаеваға ғимараттың кілті мен құжаттарын жəне əулет атынан мектепке тарту ретінде жеңіл автокөлік кілтін тапсырып тұрып. – Кезінде əкеміз де, біз де, кейіннен немерелері де Бұрғаннан Қарақыстаққа 4-5 шақырым жерді қысы-жазы жаяу қатынап оқыдық. Əкейдің көзі тірісіндегі арманы – туған ауылында мектеп салу еді. Оған ғұмыры жетпегені алда айтылды. Мектеп əулеттің қаражатына салын ғанмен, үкіметке тегін өткізіп беріп жатырмыз. Осы үрдіс қалталы азаматтарымызға жалғасты, жұғысты болсын. Бұрған ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Сəдібек Əбішев бата беріп, əжелеріміз шашу шашып, алғашқы қоңырау соғылғанда балалармен бірге білім ұясының табалдырығын біз де аттадық. Мектептің іші ғажап! Бұрынғы өзіміз хан сарайындай көріп, оқыған мектебімізбен салыстырсақ – ертегідегідей. Барлық сынып заманауи үлгіде жабдықталған, əрқайсысында интербелсенді тақта. Əр оқушы жеке партада отыр. Суы ішінде, асхана, мəжіліс залы, интернетке қосылған кітапхана, мұражай, əжетхана, тіпті, дəлізде ішетін ауыз суға дейін қамтылған. Өмірден көріп жүрміз, жаңа ашылған мектептің «ана жері, мына жері» жетіспей абыр-сабыр болып жатса, мектеп бұрыннан жұмыс істеп тұрғандай. Өйткені, асқан жауапкершілікпен, ақ жүрекпен салғаны көрініп тұр. Өзінің де осы ауылда туыпөсіп, Қарақыстаққа жаяу барып оқығанын сөз арасында білдіре кеткен мектеп басшысы Мира Малаеваның айтуынша, даярлық сыныбының оқушыларын қосқанда 86 оқушы партаға отырған. Мектепте мұғалім, тəрбиеші, басқа да қызметкерлерді қосқанда 36 адам жұмыс істейді. «Елбасымыз айтқандай, еліміздің ертеңі – білімді ұрпақ. Ал ұр пағымыз білімді болса, елімізді өркендетеді, болашағымыз жарқын болады. Өз туған еліне, жеріне осындай білім ошағын салып берген Бигелдиевтер əулетіне алғысымыз шексіз», – деді бізбен қоштасарда еңселі де су жаңа мектепке қуана көз тастаған мектеп басшысы. Жиын барысында эстрада əртістерінің қатысуымен үлкен концерт өтті. Соңында С.Бигелдиевке ас беріліп, келген қонақтарға «Қазақпарат» баспасынан шыққан «Биіктік бедері» атты шығармалар жинағы тəбəрік ретінде таратылды. Алматы облысы, Жамбыл ауданы. –––––––––––––––

Суреттерді түсірген Нұрмамбет ҚИЗАТОВ.


АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитетінің «Солтүстік Қазақстан мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті» ММ 2014 жылғы 26 қыркүйекте сағат 10.00-ден бастап www.gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік Тізілімінің веб-порталында республикалық меншіктегі нысандарды сату жөнінде аукцион өткізу туралы хабарлайды Республикалық меншіктегі нысандарды сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру нысандарын сату қағидасына сəйкес жүзеге асырылады (өзгерістер мен толықтыруларды есепке ала отырып) (бұдан əрі – Ереже). Сауда-саттықтың ағылшын əдісімен электрондық аукционға республикалық меншіктегі мына нысандар қойылады: 1. ҚР АШМ АӨКМИК «Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы» ММ теңгеріміндегі жалпы алаңы 88 ш.м. гараж. Орналасқан жері: СҚО, Ақжар ауданы, Талшық а., Ветеринарная к-сі, 1. Бастапқы (алғашқы) баға – 709 600 теңге. Кепілді жарна – 106 440 теңге. 2. ҚР АШМ АӨКМИК «Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы» ММ теңгеріміндегі жалпы алаңы 20,7 ш.м., 1969 жылы салынған гараждың бір бөлігі. Орналасқан жері: СҚО, Қызылжар ауданы, Бескөл а., Новая к-сі, 20. Бастапқы (алғашқы) баға – 148 100 теңге. Кепілді жарна – 22 215 теңге. 3. ҚР АШМ АӨКМИК «Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы» ММ теңгеріміндегі жалпы алаңы 204,7 ш.м., 1971 жылы салынған өндірістік ғимарат. Орналасқан жері: СҚО, Тимирязев ауданы, Тимирязев а., Целинная к-сі, 13. Бастапқы (алғашқы) баға – 2 405 000 теңге. Кепілді жарна – 360 750 теңге. 4. ҚР АШМ АӨКМИК «Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы» ММ теңгеріміндегі м/н Т 436 BW, 2007 ж.ш., Ваз-21310-120-41 автомашина. Орналасқан жері: СҚО, Уəлиханов ауданы, Кішкенекөл а., Гагарин к-сі, 85. Бастапқы (алғашқы) баға – 400 600 теңге. Кепілді жарна – 60 090 теңге. 5. ҚР АШМ АӨКМИК «Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы» ММ теңгеріміндегі м/н Т 480 АО, 2003 ж.ш., Ваз-21213 автомашина. Орналасқан жері: СҚО, Шал ақын ауданы, Сергеевка қ.,Степная к-сі, 2. Бастапқы (алғашқы) баға – 265 800 теңге. Кепілді жарна – 39 870 теңге. 6. ҚР АШМ АӨКМИК «Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы» ММ теңгеріміндегі, жалпы алаңы 72,6 ш.м.,1973 жылы салынған, əкімшілік ғимарат. Орналасқан жері: СҚО, Қызылжар ауданы, Соколовка а., Труд к-сі, 8. Бастапқы (алғашқы) баға – 166 600 теңге. Кепілді жарна – 24 990 теңге. 7. «Солтүстік Қазақстан облысы бойын ша экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы)» ММ теңгеріміндегі м/н Т 270 AU, 2001 ж.ш., Ваз-21213 Нива автомашина. Орналасқан жері: СҚО, Петропавл қаласы, Интернационал к-сі, 60. Бастапқы (алғашқы) баға – 178 300 теңге. Кепілді жарна – 26 745 теңге. 8. «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы)» ММ теңгеріміндегі м/н Т 001 SP, 2001 ж.ш., Ваз-21213 Нива автомашина. Орналасқан жері: СҚО, Петропавл қаласы, Интернационал к-сі, 60. Бастапқы (алғашқы) баға – 164 600 теңге. Кепілді жарна – 24 690 теңге. 9. «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы)» ММ теңгеріміндегі м/н Т 903 AU, 2002 ж.ш., Ваз-21060 автомашина. Орналасқан жері: СҚО, Петропавл қаласы, Интернационал к-сі, 60. Бастапқы (алғашқы) баға – 117 000 теңге. Кепілді жарна – 17 550 теңге. 10. «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы)» ММ теңгеріміндегі м/н Т 902 AU, 2002 ж.ш., Ваз-21060 автомашина. Орналасқан жері: СҚО, Петропавл қаласы, Интернационал к-сі, 60. Бастапқы (алғашқы) баға – 117 000 теңге. Кепілді жарна – 17 550 теңге. 11. «Солтүстік Қазақстан облысы бойын ша экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы)» ММ теңгеріміндегі м/н Т 078 BA, 2003 ж.ш., Ваз-21213 Нива автомашина. Орналасқан жері: СҚО, Петропавл қаласы, Интернационал к-сі, 60. Бастапқы (алғашқы) баға – 193 900 теңге. Кепілді жарна – 29 085 теңге. 12. «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы)» ММ теңгеріміндегі м/н Т 602 AO, 2004 ж.ш., Ваз-21213 автомашина. Орналасқан жері: СҚО, Петропавл қаласы, Интернационал к-сі, 60. Бастапқы (алғашқы) баға – 195 400 теңге. Кепілді жарна – 29 310 теңге. 13. «Солтүстік Қазақстан облысы сот актілерін орындау департаменті» ММ теңгеріміндегі м/н Т 305 BW, 2006 ж.ш., Ваз-21074 автомашина. Орналасқан жері: СҚО, Есіл ауданы, Явленка а., Ыбыраев к-сі, 11. Бастапқы (алғашқы) баға – 20 400 теңге. Кепілді жарна – 3 060 теңге. 14. «Казводхоз» РМК теңгеріміндегі м/н Т 640 AU, 2002 ж.ш., Ваз-21213 автомашина. Орналасқан жері: СҚО, Петропавл қаласы, К.Сүтішев к-сі, 58. Бастапқы (алғашқы) баға – 183 900 теңге. Кепілді жарна – 27 585 теңге. 15. «Республикалық ветеринариялық зертхана» РМК теңгеріміндегі м/н Т 272 AU, 1994 ж.ш., Уаз-31526 автомашина. Орналасқан жері: СҚО, Петропавл қаласы, 2-ші жүрісі Универсальная көшесі, 8. Бастапқы (алғашқы) баға – 43 500 теңге. Кепілді жарна – 6 525 теңге. 16. «Республикалық ветеринариялық зертхана» РМК теңгеріміндегі м/н Т 040 SP, 2002 ж.ш., Газ-3110-411 автомашина. Орналасқан жері: СҚО, Петропавл қаласы, 2-ші жүрісі Универсальная көшесі, 8. Бастапқы (алғашқы) баға – 35 900 теңге. Кепілді жарна – 5 385 теңге. 17. «Республикалық ветеринариялық зертхана» РМК теңгеріміндегі м/н Т 448 AV, 1989 ж.ш., Газ-Саз-3507 автомашина. Орналасқан жері: СҚО, Петропавл қаласы, 2-ші жүрісі Универсальная көшесі, 8. Бастапқы (алғашқы) баға – 64 300 теңге. Кепілді жарна – 9 645 теңге. 18. «Республикалық ветеринариялық зертхана» РМК теңгеріміндегі м/н Т 274 AU, 1994 ж.ш., Ваз-2121 Нива автомашина. Орналасқан жері: СҚО, Петропавл қаласы, 2-ші жүрісі Универсальная

7

www.egemen.kz

6 қыркүйек 2014 жыл

көшесі, 8. Бастапқы (алғашқы) баға – 32 900 теңге. Кепілді жарна – 4 935 теңге. 19. «Республикалық ветеринариялық зертхана» РМК теңгеріміндегі м/н Т 273 AU, 1996 ж.ш., Уаз-31512 автомашина. Орналасқан жері: СҚО, Петропавл қаласы, 2-ші жүрісі Универсальная көшесі, 8. Бастапқы (алғашқы) баға – 44 300 теңге. Кепілді жарна – 6 645 теңге. 20. ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау жəне қадағалау комитетінің «Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы» ММ теңгеріміндегі м/н Т 729 BL, 2005 ж.ш., Газ-330273-28 автомашина. Орналасқан жері: СҚО, Петропавл қаласы, Жамбыл к-сі, 302. Бастапқы (алғашқы) баға – 22 800 теңге. Кепілді жарна – 3 420 теңге. 21. ҚР ЕХƏҚМ Бақылау жəне əлеуметтік қорғау комитетінің «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша бақылау жəне əлеуметтік қорғау департаменті» ММ теңгеріміндегі м/н Т 695 BL, 2007 ж.ш., Ваз-21213 автомашина. Орналасқан жері: СҚО, Петропавл қаласы, Брусиловский к-сі, 1. Бастапқы (алғашқы) баға – 253 300 теңге. Кепілді жарна – 37995 теңге. 22. ҚР ҚО жəне СРМ Балық шаруашылығы комитетінің «Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» РММ теңгеріміндегі м/н 87АС01, 2005 ж.ш., Иж Планета-5 мотоциклі. Орналасқан жері: СҚО, Айыртау ауданы, Шалқар а. Бастапқы (алғашқы) баға – 17 800 теңге. Кепілді жарна – 2 670 теңге. 23. ҚР ҚО жəне СРМ Балық шаруашылығы комитетінің «Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» РММ теңгеріміндегі м/н 97АС01, 2004 ж.ш., Иж Планета 5-01012 мотоциклі. Орналасқан жері: СҚО, Петропавл қаласы, Есіл өзеннің арғы жағында. Бастапқы (алғашқы) баға – 18 000 теңге. Кепілді жарна – 2 700 теңге. 24. ҚР ҚО жəне СРМ Балық шаруашылығы комитетінің «Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» РММ теңгеріміндегі м/н 98АС01, 2004 ж.ш., С3901 мотороллері. Орналасқан жері: СҚО, Петропавл қаласы, Есіл өзеннің арғы жағында. Бастапқы (алғашқы) баға – 26 300 теңге. Кепілді жарна – 3 945 теңге. 25. ҚР ДСМ «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» РМК теңгеріміндегі м/н 761АВ15, 2006 ж.ш., Газ-31105-100 автомашина. Орналасқан жері: СҚО, Петропавл қаласы,Токсанби к-сі, 35. Бастапқы (алғашқы) баға – 59 000 теңге. Кепілді жарна – 8 850 теңге. 26. «Мемсараптама» РМК теңгеріміндегі м/н Т 065 BN, 1994 ж.ш. Mitsubishi Pajero автомашина. Орналасқан жері: СҚО, Петропавл қаласы, Ульянов к-сі, 56. Бастапқы (алғашқы) баға – 426 400 теңге. Кепілді жарна – 63 960 теңге. 27. ҚР ҚО жəне СРМ «Петропавл балық питомнигі» РМҚК теңгеріміндегі м/н 5164ТВ, 2005 ж.ш., ИЖ Юпитер-5 мотоциклі. Орналасқан жері: СҚО, Петропавл қаласы, Есіл өзенінің арғы жағында. Бастапқы (алғашқы) баға – 15 300 теңге. Кепілді жарна – 2 295 теңге. Сауда-саттықтың ағылшын əдісі бойынша аукцион: 1) егер аукцион залында аукцион басталған сəттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі осы Қағиданың 36-6-тармағына сəйкес белгіленген қадамға жекешелендіру нысанының бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растамайтын болса, онда осы жекешелендіру нысаны бойынша аукцион өткізілмеген болып танылады; 2) егер аукцион залында аукцион басталған сəттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың біреуі осы Қағиданың 36-6-тармағына сəйкес белгіленген қадамға жекешелендіру нысанының бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растайтын болса, онда бастапқы баға белгіленген қадамға артады; 3) егер ағымдағы баға артқаннан кейін жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру нысанының ағымдағы құнын арттыру жолымен жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растамайтын болса, онда жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал осы жекешелендіру нысаны бойынша аукцион өткізілген болып танылады. Жекешелендіру объектісі бойынша сауда-саттықтың ағылшын əдісі бойынша аукцион қатысушылардың біреуі ұсынған ең жоғары бағаға дейін жүргізіледі. Жекешелендіру нысанының бастапқы бағасы бағаны арттырудың кемінде екі қадамына өскен жағдайда ғана жекеше лендіру нысаны бойынша саудасаттықтың ағылшын əдісімен аукцион өткізілген болып танылады, бұл ретте бастапқы бағаның екі қадамға өсуін кемінде екі қатысушы жүзеге асырады. Сауда-саттықтың голланд əдісімен электрондық аукционға республикалық меншіктегі мына нысандар қойылады: 1. ҚР ДСМ Мемлекеттік санитарлықэпидемиологиялық қадағалау комитеті «Солтүстік Қазақстан облыстық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» РМҚК теңгеріміндегі жалпы алаңы 96,4 ш.м., 1980 жылы салынған, гараж. Орналасқан жері: СҚО, Ақжар ауданы, Талшық ауылы, Сəдуақасов к-сі, 11. Алғашқы баға – 909 000 теңге. Бастапқы баға – 9 090 000 теңге. Ең төменгі баға – 120 922 теңге. Кепілді жарна – 136 350 теңге. Сауда-саттықтың голланд əдісі бойынша электрондық аукцион: 1) егер аукцион басталған сəттен бастап бес минут ішінде қатысушылардың бірдебіреуі аукционда жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру нысанының бастапқы бағасы осы Қағиданың 36-6-тармағына сəйкес белгіленген қадамға азаяды; 2) егер баға азайғаннан кейін бес минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру нысанының соңғы жарияланған бағасы белгіленген қадаммен азаяды. Жарияланған баға бойынша жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін бірінші болып растаған қатысушы саудасаттықтың голланд əдісі бойынша аукцион жеңімпазы болып танылады жəне осы жекешелендіру нысаны бойынша аукцион

өткізілген болып танылады; 3) егер жекешелендіру нысанының бағасы белгіленген ең төменгі мөлшерге жетсе жəне қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растамаса, онда аукцион өткізілмеген болып танылады. Сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі жəне аукцион басталуға дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады. Кепілді жарна (бенефициар) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитетінің «Солтүстік Қазақ стан мемлекеттік мүлік жəне жекеше лендіру департаменті» ММнің (бенефициардың банкі) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті Қазынашылық Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаменті» ММ- дег і К Z3 00 70 5 01 21 70 1 77 00 6 депозиттік шотына енгізіледі, БСК ККМ ҒКZ2А, БСН 120240018658, КБЕ 11, белгіленген төлем коды 171. Департаменттің депозиттік шотына кепілді жарнаның уақтылы түсу мақсатында қабылдау аяқталғанға дейін үш күн кешіктірмей төлеуге кеңес береміз. Аукционға қатысу үшін мыналарды көрсете отырып, Тізілім веб-пор талында алдын ала тіркелу қажет: 1) жеке тұлғалар үшін: жеке сəйкестендіру нөмірін (бұдан əрі – ЖСН), тегін, атын, əкесінің атын (бар болған жағдайда); 2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сəйкестендіру нөмірін (бұдан əрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, əкесінің атын (бар болған жағдайда); 3) кепілді жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп-айырысу шотының деректемелерін; 4) байланыс деректерін (пошталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail); 5) ұлттық куəландырушы орталық берген ЭЦҚ-ның жарамдылығы мерзімін көрсете отырып. Жоғарыда көрсетілген деректер өзгер ген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде Тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді. Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ қойылған аукционға қатысуға өтінімді осы Қағидаға қосымшаға сəйкес нысан бойынша Тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет. Аукционға қатысуға өтінім тіркелгеннен кейін тізілім веб-порталында үш минут ішінде өтінім берілген сату нысаны бойынша кепілдік жарнаның түсуі туралы мəліметтердің Тізілім дерекқорында болуы тұрғысынан автоматты түрде тексеру жүргізіледі. Назар аударыңыз! Қатысушының осы Қағиданың 23-1 жəне 23-2-тармақтарында көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ сатушының шотына саудасаттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілді жарнаның аукцион басталуға дейін жетпіс екі сағат бұрын түспеуі Тізілім веб-порталында өтінімді қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады. Тізілім дерекқорында сатушының шотына кепілдік жарнаның түскені туралы мəлімет болған жағдайда, тізілім веб-порталында өтінімді қабылдау жəне қатысушыны аукционға жіберу жүзеге асырылады. Тізілім дерекқорында сатушының шотына кепілдік жарнаның түскені туралы мəлімет болмаған жағдайда, тізілім веб-порталында қатысушының өтінімі кері қайтарылады. Автоматты түрдегі тексеру нəтижелері бойынша Тізілім веб-порталында қатысушының өтінімінде көрсетілген электронды мекенжайына өтінімді қабылдау туралы электрондық хабарлама не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жіберіледі. Аукционға жіберілген қатысушыға Тізілім веб-порталында берілетін аукцион нөмірі бойынша аукцион залына кіруге рұқсат беріледі. Аукционға қатысушылар аукцион басталуа дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді. Аукцион жекешелендіру объектісінің бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады. Əрбір сатылған жекешелендіру нысаны бойынша аукцион нəтижелері аукцион нəтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы жəне жеңімпаз ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, аукцион аяқталғаннан кейін жиырма төрт сағат ішінде Тізілімнің веб-порталында қол қояды. Аукцион нəтижелері туралы хаттама аукцион нəтижелерін жəне жеңімпаз бен сатушының жекешелендіру нысанын сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттерін белгілейтін құжат болып табылады. Аукционның жеңімпазы сатып алу-сату шартына қол қойған кезде сатушыға салыстыру үшін мынадай құжаттардың: 1) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаттың; заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куəліктің не анықтаманың; 2) заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куəландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куəландыратын құжаттың түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып, олардың көшірмелерін не нотариат куəландырған көшірмелерін ұсынады. Құжаттардың түпнұсқалары салыстырғаннан кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады. Петропавл қаласы, Совет көшесі, 34, 2-қабат, № 11 бөлме мекенжайында жеңімпазбен сатып алу-сату шартына электрондық аукцион өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қол қойылады. Аукцион өткізу жөніндегі қосымша ақпаратты 8 (7152) 46-05-84, 46-20-38 жəне www.gosreestr.kz сайты арқылы білуге болады.

 Өнер

«Кїѕгірт субўрќаќќа» келіѕіз!.. Облыс орталығындағы көркемсурет музейінде Франция фотосуретшілері қауымдастығының «ПровансҚазақстан» атты фотокөрмесі ашылды.

Бір адамныѕ ґмірін жалмады Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Бұған дейін шілде айында Б.Краснянский, А.Шар, Е.Фридлина сияқты павлодарлық фотосуретшілер əріптестерінің шақыруымен Францияға барып қайтқан еді. Сол жақта Францияның Эксан-Прованс қаласында фотосурет көрмелерін өткізді. Енді, міне, франциялық фотосуретшілер өз туындыларын алып біздің Кереку өңіріне келді. Француздық фотосуретшілер қауымдастығы «Күңгірт субұрқақ» деп аталады. Көрмеге фотоқағазда, қатты қағазда, матада түрлі бейнелеу өнері құралдарымен орындалған Фотосуретшілер қоғамының мүшесі Кароль Изберидің жəне «Проявление» халықаралық фотоклубының ұйымдастыруымен Жерар Эйро, Ирен Жонас, Брижит Манукян, Флер Лягард, Клод Аньес, Ги Моненің салған 100 суреті қойылыпты. Əр сурет түсіру нысанына қатысты өзіндік стилімен, тақырыбымен,

 Оқиға

шығармашылық тəсілімен ерекшеленді. Өз отандастарының ғажайып сурет туындыларын еліміздегі Франция елшілігінің мəдениет жəне ынтымақтастық мəселелері бойынша кеңесшісі Йоанн Юрес таныстырды. Ол екі елдің фотосуретшілері көрме алмасу арқылы халықтарды бірбірінің мəдениетімен таныстырып, оларды жақындастыра түсетінін атап өтті. Бір уақ жұмыстан шаршағанда «Күңгірт субұрқақтарының» суреттеріне қарап, айналадағы өмірдің жаныңа неге маза бермейтінін түсінесің. Өнердің құдіреттілігін ұғасың. Ал, жалпы, музей қызметкерлерінің айтуынша, «Прованс-Қазақстан»

көрмесін облыстық көркемөнер музейімен бірге халықаралық фотоклуб пен «Күңгірт субұрқақ» фотосуретшілер қауымдастығы ұйымдастырыпты. Қоғам 1979 жылы құрылған. Фотосуретшілер мен осы өнерді бағалайтын көрермендердің арқасында сурет топтамаларын жинақтап, көрмелер өткізуді қолға алған көрінеді. Қоғамның атауы Прованс университетінің оқытушысы, жазушы Жай Раймондтың «Күңгірт субұрқақ» атты тарихи романының атауынан алыныпты. ПАВЛОДАР. –––––––––––––––––

Суретті түсірген В.ЛИВИНЦОВА.

Жақында «Хромтау – Əйтеке би» тас жолының 20 шақырымында тағы да жол-көлік оқиғасы болды. Тағы да дейтініміз, осы күрежолдың бойы жол апатынан көз ашпайды. Бұл жолы Қарабұтақ ауылынан Хромтау кентіне бет алған «Schmitz SKO 24L» жартылай тіркемесі бар «DAF XF95» көлігінің 41 жастағы жүргізушісі жол ережесін бұзып, «қарсы бағыт қозғалысының басымдылығы» жол белгісі талабын сақтамай, жолдың тар учаскесінде қарсы келе жатқан көлікке жол бермей 32 жастағы ер адамның басқаруындағы 19 текше метр жанар-жағармай қалдығын алып келе жатқан жартылай тіркемелі «КамАЗ-54115-010-15» көлігіне соққан. Жол апаты салдарынан екі көлік те отқа оранып, «КамАЗ» көлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмған. Өрт 100 шаршы метр алаңды қамтыған, абырой болғанда, қызыл жалын дер кезінде ауыздықталып, жанар-жағармай төгілмеген. Сотмедициналық жəне автотехникалық сараптама қорытындысы бойынша «DAF XF95» автокөлігінің жүргізушісі ішімдік ішпегендігі анықталды. Ақтөбе облысы.

«Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ лауазымдық қызметтің бос орнына орналасуға конкурс жариялайды: Қарағады облысы əкімдігі Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының «Сəтбаев қаласының емханасы» коммуналдық мемлекеттік кəсіпорнының директоры, мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 101301, Қарағанды облысы, Сəтбаев қаласы, Абай көшесі, 5-үй, байланыс телефоны, факс 8 (71063) 3-59-24. Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары: жоғары медициналық білім, «Денсаулық сақтауды ұйымдастыру» («Қоғамдық денсаулық сақтау», «Денсаулық сақтау менеджменті») мамандығы бойынша сертификаттың болуы немесе «Қоғамдық денсаулық сақтау» («Денсаулық сақтау менеджменті», «Менеджмент») мамандығы бойынша магистратураның/мамандандырудың жəне денсаулық сақтауды мемлекеттік басқару органдарында немесе денсаулық сақтау ұйымдарының басшылық лауазымдарында кемінде 2 жыл еңбек өтілінің болуы; немесе жоғары экономикалық білімнің «Қоғамдық денсаулық сақтау» («Денсаулық сақтау менеджменті») мамандығы бойынша магистратураның болуы жəне денсаулық сақтауды мемлекеттік басқару органдарында немесе денсаулық сақтау ұйымдарының басшылық лауазымдарында кемінде 2 жыл еңбек өтілінің болуы. Қазақстан Республикасы Конституциясын, «Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы», Азаматтық, Еңбек, Бюджеттік кодекстерін, «Мемлекеттік мүлік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Бухгалтерлік есеп жəне қаржылық есептілік туралы» заңдарын білу. 2050 жылдарға дейінгі Қазақстанның даму Стратегиясын, 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын білу. Қаржышаруашылық қызметті, осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да міндеттерді білу. Конкурсқа мынадай тұлға қатыса алмайды: 1) он сегіз жасқа толмаған; 2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған; 3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен өтелмеген немесе

ГУ «Управление здравоохранения Карагандинской области» объявляет конкурс на занятие вакантной должности: директора коммунального государственного предприятия «Поликлиника города Сатпаев» акимата Карагандинской области управления здравоохранения Карагандинской области, 101301, адрес: Республика Казахстан, Карагандинская область, город Сатпаев, ул. Абая, дом 5, контактные телефоны, факс 8 (71063) 3-59-24. Общие квалификационные требования ко всем участникам конкурса: высшее медицинское образование с наличием сертификата по специальности «Организация здравоохранения» («Общественное здравоохранение», «Менеджмент здравоохранения») или наличие магистратуры/специализации по специальности «Общественное здравоохранение» («Менеджмент здравоохранения», «Менеджмент») и стаж работы в органах государственного управления здравоохранением или на руководящих должностях в организациях здравоохранения не менее 2 лет; или высшее экономическое образование с наличием магистратуры по специальности «Общественное здравоохранение» («Менеджмент здравоохранения») и стаж работы в органах государственного управления здравоохранением или на руководящих должностях в организациях здравоохранения не менее 2 лет. Знание Конституции РК, Кодекса РК «О здоровье народа и системе здравоохранения», Гражданского кодекса, Трудового кодекса РК, Бюджетного кодекса РК, законов РК «О государственном имуществе», «О борьбе с коррупцией», «О государственных секретах», «О государственных закупках», «О бухгалтерском учете и финансовой отчетности». Знание Стратегии развития Казахстана до 2050 года, государственной программы «Саламатты Казахстан» на 2011-2015 годы. Другие обязательные требования, вопросы финансово-хозяйственной деятельности необходимые для исполнения функциональных обязанностей данной должности. Не может принимать участия в конкурсе лицо: 1) моложе восемнадцати лет; 2) ранее совершившее коррупционное правонарушение; 3) имеющее непогашенную или не снятую в установленном законодательством Республики Казахстан порядке судимость; 4) иные случаи, предусмотренные законодательством Республики Казахстан. Функциональные обязанности: Осуществление руководства и контроля над выполнением задач, поставленных перед государственным предприятием по системе профессионального, послесреднего образования РК, реализация государственной программы «Саламатты Казахстан» на 2011-2015 годы, выполнение вертикальных программ управления здравоохранения Карагандинской области, эффективное использование кадровых и финансовых ресурсов, управление, планирование, организация контроля выполнения нормативных и директивных документов, регулирующих работу системы здравоохранения, постановлений коллегий, приказов и распоряжений управления здравоохранения. Другие функциональные обязанности, связанные с управлением государственного предприятия. Конкурс проводится в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан №1353 от 18.11.2011 года «Об утверждении Правил назначения и аттестации руководителей государственных предприятий, а также согласование его кандидатуры». Необходимые для участия в конкурсе документы должны быть представлены в управление здравоохранения Карагандинской области по адресу: город Караганда, ул. Алиханова, 2, кабинет 4, телефон для справок: (8-7212) 41-14-12, факс: 8 (7212) 42-0702, в течение 15 календарных дней с момента публикации объявления о проведении конкурса в изданиях республиканских средств массовой информации. Кандидаты, допущенные к участию в конкурсе, проходят собеседование в установленном порядке в управлении здравоохранения в течение десяти календарных дней.

«Досжан темір жолы (ДТЖ)» АҚ тікелей телескопиялық жебесі бар кран-манипуляторды сатып алу жөнінде ашық тендер өткізу туралы хабарлайды.

Сатып алуды жүзеге асыруға бөлінген сома: 16 000 000 теңге ҚҚС-мен. Тауарды жеткізу орны: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Меновное ауылы, Шоссейная к-сі, 26. • Жеткізудің талап етілетін мерзімі: шартқа қол қойылған күннен бастап 45 жұмыс күні. Тендерге қатысуға тауарларды, жұмыстарды жəне қызметтерді табиғи монополия субъектілері сатып алу Ережесінің 7-тармағында көрсетілген біліктілік талаптарына сай келетін барлық əлеуетті жеткізушілер жіберіледі, оларға шығындар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы №1467 қаулысымен жəне тендерлік құжаттамамен бекітілген реттелетін қызметтерге тарифтерді немесе олардың шекті деңгейлері мен тарифтік сметаларын (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) бекіту кезінде ескерілетін болады. Тендерлік құжаттама топтамасын 2014 ж. 25 қыркүйекті қоса есептегенде сағат 9.30-ға дейінгі мерзімде мына мекенжайдан алуға болады: 070012, Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы, Меновное ауылы, Шоссейная к-сі, 26, сатып алу бөлімінің бөлмесінде сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жəне www.kazraіl.kz сайтынан алуға болады. Тендерлік құжаттама топтамасының құны 0 теңгені құрайды. Əлеуетті жеткізушілер тендерге қатысуға тендерлік өтінімдерін жапсырылған конверттерге салып «Досжан темір жолы (ДТЖ)» АҚ-ға мына мекенжай бойынша тапсырады: 070012, Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы, Меновное ауылы, Шоссейная к-сі, 26, сатып алу бөлімінің бөлмесі. Тендерлік өтінімдерді тапсырудың түпкілікті мерзімі 2014 жылғы 26 қыркүйекте сағат 9.30-ға дейін. Тендерлік өтінімдер салынған конверттерді тендер комиссиясы 2014 жылғы 26 қыркүйекте сағат 10.00-де мына мекенжайда ашады: 070012, Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы, Меновное ауылы, Шоссейная к-сі, 26, сатып алу бөлімінің бөлмесі. Əлеуетті жеткізушілер жəне олардың өкілдері (бірінші басшының қолы расталған жəне мөр қойылған сенімхатты тапсырумен бірге) тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде қатыса алады. Табиғи монополия субъектісінің қызметтерін тұтынушылар қызметтерді сатып алу бойынша «Досжан темір жолы (ДТЖ)» АҚ өткізетін тендерге байқаушылар ретінде қатысуға құқылы. Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: 8 (7232) 544 857.

алынбаған соттылығы бар; 4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да жағдайлар. Функционалды міндеттері: Қазақстан Республикасы кəсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесі бойынша мемлекеттік кəсіпорын алдына қойылған міндеттерге басшылық жасау жəне бақылау жүргізу, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының тікелей бағдарламаларын орындау, кардрлар жəне қаржы қорларын тиімді пайдалану, денсаулық сақтау жүйесінің жұмысын реттейтін нормативті жəне директивті құжаттарды, алқа қаулыларын, денсаулық сақтау басқармасының бұйрықтары мен өкімдерін басқару, жоспарлау жəне орындалуын бақылау. Мемлекеттік кəсіпорынды басқарумен байланысты басқа да функционалды міндеттерді орындау. Конкурс Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік кəсіпорынның басшысын тағайындау жəне аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» 2011 жылғы 18 қарашадағы №1353 қаулысына сəйкес жүргiзiледi. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сəттен бастап, 15 күнтізбелік күн ішінде Қарағанды қаласы, Əлиханов көшесі, 2-үй, 4-бөлме, анықтама телефондары: (8-7212) 41 14 12, факс: (8-7212) 42 07 02, мекенжайы бойынша денсаулық сақтау басқармасына тапсырылуы тиіс. Конкурсқа қатысуға жіберілген үміткерлер əңгімелесуді бекітілген тəртіпте он күнтізбелік күн ішінде Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасында өтеді.

Сүлеймен Қойысұлы ШОТЫҚБАЕВ Бəрімізге сыйлы əріптес, адал дос, үлкенге ізетті, кішіге жанашыр аға болған Сүлеймен Қойысұлы Шотықбаев үстіміздегі жылдың 3 қыркүйегінде кенеттен өмірден өтті. Сүлеймен Қойысұлы 1960 жылдың 1 қаңтарында Атырау облысындағы Жылыой ауданының Құлсары қаласында дүниеге келген. 1977 жылы орта мектепті аяқтап, Грозный мұнай институтының геология жəне мұнай-газ кен орындарын игеру фа культетіне оқуға түсіп кен инженер-геологы мамандығын алды. С.Шотықбаев еңбек жолын «Гурьев нефтегазгеология» ӨБ-нің Оңтүстік-Ембі мұнайгаз барлау экспедициясында токарь ліктен бастап, 19831986 жылдар аралығында «Сахалинморнефтегазпром» ӨБ «Могиннефтегаз» МГӨБның мұнай-газ өндіру цехында оператор, аға геолог, ұңғымаларды күрделі жəне жерасты жөндеу учаскесінің аға инженері болып істеді. 1986-1999 жылдары «Тенгизнефть» МГӨБ геология бөлімінің аға геологы, мұнай өнімділігін арттыру жəне ұңғымаларды күрделі жөндеу басқармасында 1-санатты геолог, жетекші технолог, цех бастығы, ауысым бастығы, нормативтікзерттеу стансасының бас инженері, Прорва учаскесінің шебері, «Прорванефть» МГӨБ орталық диспетчерлік қызметінің бастығы, бас инженері, бас геологы болып еңбек етті. Бұдан кейін «ҚазақОйл-Ембі» ААҚ Құлсары орталық ғылыми-зерттеу лабораториясы бас геологы, кен орындарын игеруді бақылау бөлімінің инженері, мұнай кəсіпшілігі бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды. Ал 20012003 жылдар аралығында

«ҚазМұнайГаз» ҰМК «ЦТИ» ЖШС мұнай өндіру жəне жер қабатының мұнай өнімділігін арттырудағы жаңа əдістер бөлі мінің бастығы, одан соң «Ембімұнайэкология» ЖШС директоры, «Жер-Орта» ЖШС департаменті директорының орынбасары болды. Бұдан кейінгі кезеңде «Ембімұнайгаз» ӨФ «Қайнармұнайгаз» МГӨБның геологы, Өндірістік филиал директорының геология жəне мұнай кен орындарын игеру жөніндегі орынбасары, ал 2010-2014 жылдар аралығында «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ мұнай жəне газ өндіру департаментінің директоры, 2014 жылдың сəуір айынан бастап «Ембімұнайгаз» АҚ бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды. Сүлеймен Шотықбаев еліміздің мұнай-газ саласында еңбек еткен кезде өзін мұнай өндіру саласының білікті маманы ретінде танытты. Əріптесіміздің дүниеден озуына байланысты отбасы мен туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз. Сүлеймен Қойысұлының жарқын бейнесі ембілік мұнайшы лардың жадында əрдайым сақталады. «Ембімұнайгаз» АҚ ұжымы.

Егер сіз «Егемен Қазақстан» газетіне жарнама бергіңіз келсе, мына телефондарға хабарласыңыз: Астана тел/факс 37-64-48, 37-60-49. Электронды пошта: egemen_adv@mail.ru. Алматы 273-74-39, ф. 341-08-11. Электронды пошта: gulnurekkz@mail.ru. Қостанай облысы əкімінің аппараты облыс əкімі аппаратының бас маманы Қасым Қажыбайұлы ТӨЛЕБЕКОВТІҢ мезгілсіз қайтыс болуына байланысты марқұмның туған-туысқандары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Ш.Уəлиханов атындағы Тарих жəне этнология институтының ұжымы институттың аға ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Алтын Слямқайдарқызы Уалтаеваға ағасы ЕРЛАННЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.


8

www.egemen.kz

 Айтайын дегенім...

Ислам діні рейтинг кґтеру ќўралы ма? Ағабек ҚОНАРБАЙҰЛЫ,

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы.

Өткен жолы бір кісі: «Қазір адамдар аяғымен емес, аузымен жүріп кетті ме, қалай өзі?» – деп сауал тастап еді күрсініп. Бұл бір күліп алғанға əдемі теңеу. Бірақ байыбына барсақ, расында да күлкі емес, күрсінетін нəрсе екен. Таңғы асты ақпаратпен арпалысып ішіп, жаңалықпен тыныстап тұрған қазіргі қоғам естігенкөргеніне сеніп қалатын жағдайға жетті. Бұған бір дəлел: өткен жолы шаштаразға бардық. Əдетімізге салып, əңгімелесе кеттік. Қаланың жі гіті ме, əлде діннен алыстау болды ма, əйтеуір шаш қиятын азамат Қазақстан мұсылмандары діни басқармасын білмейтін болып шықты. Бас мүфти дегенді мүлдем естімепті. Мұның себеп-салдарын ойлануға мұрша болмады. Бірақ əлгі жігітпен əңгімеміз еш жараспай, қиюы келмей қойды. Діни басқарманы, мешітті білмейтін бауырымыз сұрақты төтесінен бір-ақ қойды: – Анау имамның тағдыры не болды? – Қайсы? – Жанжал шығып еді ғой, бір имам туралы. Біздің əңгімеміз осы жерде «түйісті». Сөзіміз «жарасты». Əрине, өкінішке қарай. Оның еліміздегі дін жайлы, Ислам туралы, мешіт, имам жөнінде бар білгені осы болды. Енді күлуге де, күрсінуге де рұқсат... «Отыз тістен шыққан сөз отыз рулы елге жетеді» дегеніміз осы ғой. Əсіресе, жақсы сөзден бұрын теріс пиғылды пікір тез тарап, санаға соққы жасауда. Дін тақырыбы сөз ұстар тіл шілер қауы мы тарапынан да талқылануда. Бірақ қалай? Елбасы 2006 жылы Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшыларының съезінде көкейде жүрген мəселені көтеріп еді: «Бұқаралық ақпарат құралдары басқа діндегілердің қасиетті сезімдерін қорлауды ұшындыра түссе, онда бұл журналистердің ерте ме, кеш пе, өз нанымдарының қорлануымен

6 қыркүйек 2014 жыл

 Талбесік

Жетімніѕ мўѕы аќша емес

д ю т э о т

о Ф

бетпе-бет келетіні айқын болады. Біреу үшін қасиетті нəрсе басқа біреу үшін əзіл немесе келемеж тақырыбы болмауы керек. Бұл қарапайым қағида, өкінішке қарай, оны журналистер мен саясатшылар жиі бұзады». Рас, біз кейде ислам, имам, мешіт деген ұлы ұғымдарды сенсацияға айналдырып, өз дінімізді, өз нанымсенімімізді қалайша қорлап жатқанымызды білмей де, сезінбей де қаламыз. Жуырда беделді бір сайтта «Мешіттің бұрынғы имамына қатысты сот үкімі шықты» деген тақырыпта ақпарат жарияланды. Ол имамдыққа дейін де, кейін де бірнеше мемлекеттік қызметте болған, түрлі салада жұмыс істеген. Мұндағы бар мəселе имам сөзіне тіреліп тұрғандай. Бұрынғы имамдық қызметінің қазіргі жағдайына не қатысы бар деген ойлар да мазалайды. Дін қызметкері «сүрініп» кетсе, не «түшкіріп» қойса, соны сенсацияға айналдырып, арандатушы ақпарат таратуға бейім БАҚ өкілінің бұл əрекетін өзінің ар-ұяты мен намысына қалдырып қойғанымызбен, жұрттың жадында жағымсыз ой ұялайтын болып жүр. Алғашқы жалған ақпарат, теріс пікір тудыратын жаңалық қашанда бұқараның назарында, санасында қалады. Жүз дəлел немесе жүз факт сол бір өтіріктің орнын баса алмай қалатын жағдайлар да болады. Сот үкімі шықпай жатып, қастерлі ұғымдарды, дін қызметкерлерін жақсылыққа «қимай», жамандыққа жол ашуымыз, асығыстықпен байыбына бар май, арандатушы ақпарат таратуымыздың соңы өзіміздің опық жеуімізге, кіршіксіз дінімізге күйе жағып қоюымызға əкеліп соғады. Ислам – кемел дін. Кемшілік – пендеге тəн. Алайда, пенденің аз-кем шешімсіздігін айдай əлемге паш ету абырой əкеле қоймас. Біреуді жамандыққа қисақ, мұсылманшылығымыз қайда қалмақ?! Біздің ниет – дін тақырыбын оқырман жинау, рейтинг көтеру құралына айналдырмасақ, қадірменді қаламгерлер! Қалам түзелсе, қауым да түзелмек.

Елордадағы Орталық коммуникациялар қызметінде Білім жəне ғылым министрлігі Балалар құқығын қорғау комитеті өкілдерінің, «Əйелдердің шығармашылық бастамасы лигасы» қоғамдық бірлестігінің басшысы Əсия Хайруллинаның жəне «Бала отбасында өсуі керек» қоғамдық қозғалысы үйлестіру кеңесінің төрайымы Шолпан Байболованың қатысуымен брифинг өтті. Айгүл СЕЙІЛОВА,

«Егемен Қазақстан».

Суретті түсірген Тұрар ҚАЗАНҚАПОВ.

«Ќазаќстан халќы Ассамблеясы» кафедрасы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы ашылды. Оны ашудағы басты мақсат – қазақ халқының тарихы мен мəдениеті, оның мемлекеттілігі, Еуразия тарихындағы орны мен рөлі туралы білімді тарату, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, этностық мəдениеттерді, тілдер мен Қазақстан халқының дəстүрлерін дамыту.

АЛМАТЫ.

 Оқиға

Шаяндар контрабандасы Ақтөбе шекара отрядына қарасты «Жайсаң» өткізу-бақылау бекетінің қызметкерлері Мəртөк ауылының маңайында 120 килограмм теңіз шаяндарын заңсыз алып бара жатқан Ресей Федерациясының азаматын ұстады. Бұл жоғалып кетудің алдында тұрған жəндіктер тізіміне енгізілген тіршілік

 Толғауы тоқсан тіршілік

иелері болып табылады. Заңсыз жүк 40 жастағы азамат тың мініп келе жатқан «Лада Ларгус» автомашинасынан табылды. Оқиға Мəртөк ауданының құқық қорғау органдарына хабарландырылды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Ержан БАЙТІЛЕС,

«Егемен Қазақстан».

Кафедраның меңгерушілігіне қоғамтанушы-ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты Мыңжас Нұр лыбек тағайындалды. Кафедра құ ра мының басым бөлігі ғылыми атағы мен мəдени-көпшілік жəне

«Егемен-ақпарат».

саяси-қоғамдық жұмыстарда тəжірибелері бар оқытушылар. Кафедра оқытушыларының құрамында облыстық Қазақстан халқы Ас самблеясы хатшылығын 15 жылдай басқарған, қазіргі кезде «Қоғамдық келісім орталығы» ММ-нің бөлім басшысы қызметін атқаратын Асылбек Жұмабаев та бар.

Кафедра университеттегі барлық мамандықтар бойынша білім алушыларға «Əлеуметтану», «Қазақстандағы этносаралық қатынастар», «Қазақстандағы этностардың тарихы мен мəдениеті», «Əлеуметтік этнография жəне демография», «Этносаясат негіздері», «Конфликтология» пəндерінен дəрістер береді. Бүгінгі күні кафедра оқу үдерісінде оқу-əдістемелік, ғылымизерттеу жəне қоғамдық-тəрбиелік жұмыстарын қамтитын жаңа оқу жылындағы жоспарына сəйкес өз қызметін бастады. ҚЫЗЫЛОРДА.

Брифингте еліміздегі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жайы сөз болды. Қазіргі кезде ондай балалардың ресми саны – 33 680. Бұл осыдан үш жыл бұрынғы мəліметпен салыстырғанда 13 мыңға аз. Ал, жоғарыдағы көрсеткіштің жайын Балалар құқығын қорғау комитетінің төрайымы Забира Оразалиева былайша жіктеп берді: «21 мың бала қазақстандық отбасыларда қорғаншылық пен қамқоршылықта. 1947 бала патронаттық тəрбиеде. Елімізде жетім балаларға арналған 188 ұйым бар болса, денсаулық сақтау жəне əлеуметтік қорғау санатындағы 43 ұйымда 2095 бала, білім беру жүйесіне қарайтын 145 ұйымда 7784 бала тəрбиеленуде». З.Оразалиева 2004 жылдан бастап патронаттық тəрбиенің дами бастағанын, сондай-ақ, жетім балаларды асырап алған қазақстандық отбасыларды материалдық ынталандыру енгізілгенін де айтты. «Педагог қызметкерлер сияқты патронаттық тəрбиешілерге де еңбекақы қойылған. Баланы күту мен бағуға 9-10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде төламақы, 2011 жылдан бастап қамқоршылар мен қорғаушыларға да 10 айлық есептік көрсеткішке сəйкес жəрдемақы төленуде. Келер жылдың қаңтарынан бастап бала асырап алған қазақстандық отбасыларға 75 ай лық есептік көрсеткіш бойынша, яғни, 148 мың теңге көлемінде бір рет ақшалай төлемақы төленетін болады» – деді ол. Бүгінгі таңда балалар үйінің тəрбиеленушілеріне арналған көпдеңгейлі əлеуметтік жүйе жұмыс істейді. Соның ішінде балалар үйінің түлектерін əлеуметтік бейімдеу, оларды өз бетінше өмір сүруге баулу мақсатында ашылған жасөспірімдер үйі туралы да атап өту керек. Республика бойынша мұндай үйлердің саны – 35. Бұл үйлерде 16 мен 23 жас аралығындағы 1,5 мың жас тегін тұрып жатыр. Олардың жұмыспен қамтамасыз етілуіне де, білім алуына да Үкімет мүдделі. Үй демекші, былтыр кейбір заңнамаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуге байланысты, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үй мəселесін бірінші кезекте шешу жолға қойылған болатын. Нəтижесінде соңғы бір жылда кəмелетке толған 800 жетім баланың тұрғын үймен қамтамасыз етілгені белгілі болды. Жиын барысында Балалар құқығын қорғау комитеті төрайымы ның орынбасары Мəншүк

Əбдікəрім елордада балалар үйіндегі бір баланың қажетін толық қамтамасыз ету үшін жылына 1,5 миллион теңге қаржы жұмсалатынын мəлімдеді. «Бір балаға жылына 1,5 миллион теңге, айына 118 мың теңге, күніне 4 мың теңгеге жуық қаржы жұмсалады. Бұл – нақты сандар. Дегенмен, бұл өңірлерге байланысты өзгеріп отырады. Бiз сiздерге Астана қаласы бойынша көрсеткiштердi айтып отырмыз. Мысалы, басқа облыстарда қаржы бұдан біршама төмен», – дедi М.Əбдікəрім. Ол, сондай-ақ, балалар үйінен 10 баланы асырап алған отбасыларға жалақы төленетінін де баяндады. Қазіргі кезде Елбасының тапсырмасына сəйкес отбасылық үлгідегі балалар үйін құру жұмыстары жүргізіліп жатқаны белгілі. Оны қаржыландыру мемлекеттің мойнында дейтін болсақ, 10 баланы асырап алған отбасыға жалақы төлеу балалар үйін құрудан əлдеқай да жеңілдеу екені жасырын емес. Сондықтан комитет төрайымы орынбасарының бұл ұсынысы алдағы уақытта талқыға түсері анық. Ал енді жетім балаларды асырап алуға қатысты бірер сөз. Қоғамда «жетім балаларды асырап алу қиын. Құжат жинаудың машақаты көп» деген пікір бар. Брифингке қатысушылар бұл пікірге қосылмайды. Мысалы, «Бала отбасында өсуі керек» қоғамдық қозғалысының төрайымы Шолпан Байболованың айтуынша, «асырап алуға» жабысып қалудың жөні жоқ. Патронаттық тəрбие, қамқоршылық деген мəртебемен де баланы алуға болады. Сондай-ақ, асырап алушылардың көбі құжатты сылтауратып, дені сау емес баланы алғысы келмейді. «Ол балалар ата-ананың аялы алақанын көрген жоқ. Тумай жатып тағдырдың талқысына түсіп, балалар үйіне жөнелтілді. Бұл жағдай баланың психикалық, физиологиялық жетілуіне өз əсерін тигізеді. Бірақ, меніңше, асырап алған атаанасының қамқорлығымен қандай дертті де жеңуге болады», дейді ол. Ал Мəншүк Əбдікəрім бала асырап алуға қатысты құжаттардың өте қарапайым құжаттар екенін, оны тез жинауға болатынын айтады. Оның айтуынша, мəселе құжатта емес. Асырап алушылардың өзінде. Көпшілік ата-ана өздеріне ұқсаған баланы алғысы келеді. Сондай-ақ, көбі үш жасқа дейінгі сəбилерді іздейді. Іздегендерін таппайды. Сосын проблемаға кезігеді. Əйтпесе, қазіргі күні жетім балаларды асырап алудың түк те қиыншылығы жоқ. Міне, елдегі жетім балалардың жайы осындай.

 Спорт

Ќырєыздардыѕ ќорєанысын ќаќыратты. Есеп 7:1! Кеше, 5 қыркүйек күні Астанадағы «Астана-Арена» спорт кешенінде футболдан Қазақстан құрамасы Қырғызстан командасын қабылдап, 7:1 есебімен ойсырата жеңді. Бұл қыркүйектің 9-ы күні осында Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі шеңберінде Латвия құрамасымен ойналатын жауапты матчтың қарсаңындағы тамаша репетиция болып шықты. Серік ПІРНАЗАР,

«Егемен Қазақстан».

Жасыратыны жоқ, бұл кездесуде алаң иелерінің ұтатынына көп күмəн келтірілмесе де, бұл бір шын мəнінде күтпеген есеп болды. Дəлірегі, Қазақстан құрамасы осыншалық басымдық көрсете қояды деген ой ешкімнің қаперіне келмесе керек. Бұған дейін бұл екі құрама бірбірімен алты рет күш сынасып көрген

еді. Солардың төртеуінде Қазақстан құрамасы басым түссе, қалған 2 ойында қарсыластар тең тарқасқан. Қырғыз спортшыларының алаң ортасында да, қорғаныс шебінде де жиі қателесе беруі жеңіске деген сенімді үдете түскендей болды. Міне, сондай солқылдақ ойынның сазасын салғаннан белсенділік көрсетіп жүрген Сергей Хижниченко 22-минутта жақсылап тұрып бере қойды. Ол қақпа алдындағы үш жүрісті қақпақылдан кейін өзіне қайта келе

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

қалған допты тоқтатпастан шірене тартқан. Гол! Есеп осылай ашылды. Қазақ футболшылары бұдан кейін де тыным тапқан жоқ. Шабуылдардың бірі бұрыштама добын ұруға алып барды. Ал айып алаңына əуелеп жеткен допқа бəрінен бұрын жеткен Таңат Нөсербаев оның бағытын кілт өзгертті де, қақпа торының аясына сарт еткізді. Есеп осылайша 36-минутта 2:0-ге жетті. Сергей Хижниченко 42-минутта тағы да қонақтардың өз алаңы ішінде қожырап жүрген сəттерін жақсы пайдаланып, үшінші голды да қақпаға сүңгітіп жіберді. Арқыраған арын ақыры алмай қоймайды. Кезекті бір шабуылдың ширыққан тұсында енді Бауыржан Исламхан қырғыз қақпашысын тағы да бір мəрте өз торынан доп алып

шығуға мəжбүр етті. Осылайша 54-минутта таблодағы жазба 4:0 деген есепті көрсетіп тұрды. Бұл ойында біздің жігіттердің

жігерлене ойнауларына əсер еткен тағы бір елеулі оқиға болды. Ол құраманың көп жылдардан бергі белді мүшесі, бір кездергі капитаны

қорғаушы Самат Смақовтың кезекті жаттықтырушылар ауысуы салдарынан біраз уақыт саптан шығып қалып, бүгін ортаға қайта оралуы еді. Өзінің оралуын шабыттана қабыл алған Самат та кездесуде барын салды. Ендеше, осы ортақ жеңісте оның да ерекше үлесі бар екені айдан анық. Ал бастапқы адуынды қалпынан бір де төмендемеген ойын бұдан əрі де өз жанкүйерлерін баурап алып бара жатты. Соның арқасында біздің жігіттер тағы үш гол соғып үлгерді. Рас, солардың арасында, дəлірегі, 69-минутта содан 12 минут қана бұрын Хижниченконың орнына алаңға шыққан тағы бір Бауыржан Жолшиев есепті 5:0-ге толтырғаннан кейін, 71-минутта қырғыз Қайрат Жырғалбекуулы біздің қорғаныс шебіндегі аз-кем уақыт босаңсу орын алған сəтін тиімді пайдаланып, бір доптың қарымтасын қайтара қойды. Алайда,

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 341-08-12.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru, egemenkz@maіl.kz Алматыда: факс (727) – 341-08-12, электронды пошта – egemalm@mail.ru

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – 8 (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – 8 (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – 8 (712-2) 31-74-13; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

Көкшетау – 8 (716-2) 25-76-91; Қарағанды – 8 (721-2) 43-94-72; Қостанай – 8 (714-2) 39-12-15; Қызылорда – 8 (701) 772-70-74; Орал – 8 (777) 496-21-38;

Өскемен – 8 (778) 454-86-11; Павлодар – 8 (718-2) 68-59-85; Тараз – 8 (726-2) 43-37-33; Шымкент – 8 (701) 747-63-01; Петропавл – 8 (715-2) 50-72-50.

Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 341-08-11, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Ермеков к-сі, 33, «Қарағанды полиграфия» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Смағұлов к-сі, 9 К, «Хабар-Сервис» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Мұхит к-сі, 57/1, «Жайық Пресс» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

бұдан кейін қазақстандықтар мұндай сөлекеттікке қайта жол берген жоқ. Бұған керісінше, тағы екі голды қақпаға тоғытудың əдемі орайын келтіре білді. Оларды 80-минутта Ұлан Қонысбаев, 86-минутта Азат Нұрғалиев өз есептеріне жазды. Осылайша, Қазақстан құрамасы баяғыда бір Ауғанстан жасағын ұтымды ұтқаннан кейінгі ірі есеппен жеңіске жетуін қамтамасыз етіп шықты. Алда басталғалы тұрған құрлық біріншілігінің іріктеу турнирі матчтары алдында бұл ұтыстың қаншалықты маңызы бар екенін бəріміз де жақсы түсініп отырмыз. Енді осы жеңіс сол шайқастарда жігіттеріміздің жігерлерін жанып, еңселерін көтере түссе екен деген тілегіміз бар. Сондықтан да осы мақаланы біз де матч аяқталған бойда көтеріңкі көңіл күймен, бір деммен жазып шықтық. АСТАНА.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 201 715 дана. Нөмірдің кезекші редакторы

Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 4 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №390 ek

Profile for Egemen

06092014  

0609201406092014

06092014  

0609201406092014

Profile for daulet
Advertisement