Page 1

Кеше Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен кездесіп, келіссөз жүргізді.

№227 (28166) 5 ҚАЗАН СЕНБІ 2013 ЖЫЛ

Ежелгі дос айырылмас

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

2012 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасының Президенті Беларусь Республикасына ресми сапармен барып, келіссөз жүргізген. Сапар аясында бірнеше екіжақты құжаттар ға қол қойылған, соның ішіндегі ең маңыздысы – Мемлекет басшыларының Бірлескен мəлімдемесі. Беларусь Президентінің кеше бізге келуі соған жауапты сапар болды. Беларусь – Қазақстанның ең жақын əріптестерінің бірі. Екі ел арасындағы қарым-қатынас

екіжақты жəне көпжақты пішіндерде дамып келеді. Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясы Қазақстанмен бірлесіп Кеден одағын, одан Біртұтас экономикалық кеңістік құрғаны белгілі. Осы құрылымдар жəне екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықтың құқықтық-келісімдік базасы бүгінге дейін 70тен астам құжатты құрайды. Соның ішіндегі екіжақты қарымқатынастағы ең маңыздылары – Достық пен ынтымақтастық туралы жəне 2009-2016 жылдарға ар налған ұзақмерзімді экономикалық ынтымақтастық туралы келісімдер.

Үкімет басшылары деңгейіндегі ресми сапарлар да былтырғы жылдың аяғы мен үстіміздегі жыл дың басында жүзеге асты. Қазақстан Премьер-Министрі Се рік Ахметов сəуір айында Белоруссияға ресми сапармен барып, əріптесі Михаил Мясниковичпен келіссөз жүргізген. Қазақстан Беларусьтің саудаэкономикалық əріптестері арасында ТМД шеңбері бойынша Ресей мен Украинадан кейін үшінші орын алады. 2012 жылдың қорытындысы бойынша екі елдің арасындағы сауда айналымы 766,2 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл – 2011 жылғы көрсеткіштен 5,4 пайызға артық.

Абылай: кґне шындыќќа жаѕа кґзќарас Абылай ханның бүгінгі ұрпақтары дегенде ауызға алдымен ілігер атағы зор көрнекті қоғам қайраткері, еліміздің еңбек сіңірген сəулетшісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Мемлекеттік Елтаңбамыздың авторы, айдыны мен айбыны зор бабасы арман еткен азат Алаш елінің «Парасат» һəм «Құрмет» ордендерінің иегері Шот-Аман Уəлихан екені əмбеге аян. Тəуелсіздіктің елең-алаңында, 1991 жылы Абылай ханның 280 жылдығы ең алғаш Көкшетауда елдігіміздің нышанды мерекесіндей болып мемлекеттік дəрежеде тойланған кезде осы кісінің ерекше толқи сөйлеп, бөлекше тебіренгені де есімізде. Одан беріде өткен 20 жылдан астам уақытта Шот-Аман Ыдырысұлы алып тұлғаны жан-жақты зерттеп, зерделеумен келеді. Сонымен бірге, Абылай ханның халықаралық қорын құрып, осы ретте де тəуелсіздігіміз бен мемлекетіміздің мерейін асыратын нешеме игі істерге мұрындық болып жүр. Біз Абылай ханның атап өтілгелі жатқан 300 жылдығына орай осынау қадірменді аға, қайраткер азаматқа жолығып əңгімелескен едік. – Құрметті Шот-Аман Ыдырысұлы, хан бабаның өлгенді тірілтіп, өшкенді жандырғандай сол бір Көкшетауда өткен 280 жылдық тойының тағылымы, əдемі əсерлері есіңізде шығар? – Ол күндер қалай ұмытылсын! Сол уақыттарда қадірменді Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың Абылай ханның 280 жылдық мүшелтойын атап өту туралы шешімін бүкіл халық, зиялы қауым үлкен ілтипатпен қарсы алып еді. Абылай хан бір-ақ күнде ел ұранына айналып шыға келген. Хан ордасының қасиетті мекені Көкшетау «Аруағыңнан айналайын Абылай!» деп шаттана тербетіліп тұрғаны əлі көз алдымда. Ал енді, бұған дейінгі кеңестік кезеңнің 70 жылында қазақ тарихы ханталапайға түсіп, жабық ұсталды емес пе. Басын бəйгеге тігіп, қан төгіп, жерін, елін қорғаған, жағалай жау тыныштық бермей көз алартқан кезде халқының тағдырын ойлап, жаны жара болған, зерделі ойын, көреген саясатын елдің игілігіне жұмсаған Абылайды өз халқына

қарсы қоюшылық болғанына не істерсіз! Бұдан артық əділетсіздік бола қояр ма екен?! Осы жерде арқалы ақын Ғафу Қайырбековтің мына бір өлең жолдары еріксіз еске түседі. Əлі күнге бір сұрақ – мен аңғарман, Сұрап келем ақылды адамдардан. Өзге жұрттың хандары жақсы болып, Біздің хандар қалайша жаман болған?! Бұл сұрақтың жауабы оңай. Империялық амбициядан туған тарих əдетте отар елдің мүддесінен алшақ жатады. Ондай тарихтың көп-көп беттері жыртылып, сарғайып, өшкен қалпында жетті. Ал адамдардың тартқан азабы қаншама десеңізші. Абылайханов, Уəлиханов, Қасымханов, Кенесарин болғаны үшін жазықсыз қудаланған, түрмеге отырған, атылған ата, əке, ағаларымыздың ақ жарқын, бейкүнə келбеті көз алдымыздан кетпейді. (Соңы 6-бетте).

Бїгінгі нґмірде: Салыќ салмаєы кімдерге тїседі? 2-бет

Жыраулар поэзиясындаєы басты бейне 7-бет

Еліѕе адал ќызмет ет, əкім 10-бет

Екіжақты сауда-экономикалық байланыс тарды жандандыруда 1996 жылы құрылған Үкіметаралық комиссияның атқарып келе жатқан рөлі зор. Қазақстан жағынан оның тең төрағасы болып Тө тенше жағдайлар министрі В.Божко, ал Беларусь жағынан ПремьерМинистрдің орынбасары М.Русый тағайындалған. Осы ко миссияның 10-шы отырысы үстіміздегі жылдың 28-30 тамызында Белоруссияның Гродно қаласында болып өтті. Соңғы кездері Қазақстан мен Беларусь арасындағы көлік саласындағы ынтымақтастық жақсы қарқынмен дамып келеді.

Беларусьтің «Белавиа» авиакомпаниясы Астана – Минск – Астана бағытында аптасына 3 рет, Қостанай – Минск – Қостанай бағы тында 2 рет, Қарағанды – Минск – Қарағанды жəне Павлодар – Минск – Павлодар бағытында бір рет қатынайды. Қазақстан мен Беларусь арасындағы аймақаралық ынтымақтастық та жақсы жолға қойылған. 2013 жылдың алғашқы жартыжылдығында-ақ Павлодар, Қостанай, Қарағанды жəне Атырау об лыстарының делегация лары Беларусь Республикасында болып, екіжақты экономикалық ынтымақтастықты дамыту мəселелері бойынша келіссөз жүргізді.

Жылдың аяғына дейін Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан жəне Оңтүстік Қазақстан облыстарының делегациялары да Беларусь қалаларына бармақшы. Екі елдің арасындағы мəденигуманитарлық байланыстар да жылдан-жылға арта түсуде. Беларусьтің Ұлттық техникалық университетінде Қазақ тілі, тарихы жəне мəдениетінің Абай атындағы орталығы жұмыс істейді. Ал біз дің Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Беларусь тілі мен мəдениетінің орталығы бар. Екі елдің көптеген жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары

арасында ғылым-білім консорциумдары ұйымдастырылып, бірлескен жобалар іске асырылуда. Сондай-ақ С.Сейфуллин атындағы агротехникалық университетте инженер кадрларын даярлау жəне қайта даярлау жөніндегі Қазақстан-Беларусь оқу-өндірістік орталығы ашылған. Қазақстанның белоруссиялық достары клубының ашылуы да екі ел халықтарының бір-біріне жақындап, мəдени байланыстарды тереңдете түсуге ұмтылуын көрсетеді. (Соңы 2-бетте).

----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

 6 қазан – Мұғалімдер күні

Киелі мамандыќ

Жалғанда ұстаз көрмеген, я мұғалімнің алдында оқушы болмаған тұлға кемде-кем шығар. Ал осынау мамандықтың ыстығына күйіп, суығына тоңып жүрген абзал жандарға деген алғыс-ризашылық шексіз. «Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы. Ұстаз болу – мінездің күн шуағы, Ұстаз болу – адамның асылдығы», –

деген Ғафу Қайырбековтің өлең жолдары соған дəлел болса керек. Біз де мұғалім болып көктен түсе салмадық. Бізді де ұстаздар барын беріп, нəрін татқызып баулыды, өмір жолына салды. Ондай асыл жанды тұлғаларды əсте ұмытуға бола ма?! Жоқ! (Соңы 8-бетте).

Кешенді дамуєа бетбўрыс

Кеше Астанада Орталық коммуникациялар қызметі Павлодар облысының əкімі Ерлан Арынмен республикалық бұқаралық ақпарат құралдары журналистерінің кездесуін өткізді. Орталық коммуникациялар қызметінің өкілі Алтай Əбибуллаевтың атап көрсеткеніндей, мұндай баспасөз мəслихаты дəстүрлі сипатқа ие болып отыр. Сұңғат ƏЛІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Павлодар облысы еліміздегі өнеркəсібі дамыған индустриялы өңірлердің бірінен саналады. Мұнда халықтың төрттен бір бөлігі нақ осы өнеркəсіп өндірісінде қызмет істейді. Облыстағы 15 жүйе құраушы ірі кəсіпорын өңірдің өнеркəсіптік өнімдерінің 80 пайызын өндіреді. Облыс минералды шикізат көздеріне өте бай. Республика көмір қорының 36 пайызы, никельдің 16 пайызы, алтынның 5 пайызы, мыстың 4 пайызы осы өңірде шоғырланған. Сонымен қатар, қазақ ұлтының қаймағын құрайтын өнер мен мəдениеттің, ғылымның көрнекті өкілдерінің шыққан ортасы да осы – Баянауыл өңірі болып табылады. Павлодар облысының ерекше ліктерін білдіріп, өңір төлқұ жатында тіркелетін осындай маңызды деректерден кейін облыс əкімі Ерлан Арын журналистерді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан

Назарбаевтың тапсырмаларына сəйкес жүзеге асырылып жатқан жұмыстармен, облыстың əлеуметтік-экономикалық дамуының 2013

жылғы қаңтар-тамыз айлары аралығындағы қорытын дыларымен таныстырып өтті. Облыс басшысының атап көрсеткеніндей, жыл басынан бастап халықтың

нақты табысы 8,9 пайызға (62760 теңге), орташа айлық жалақы 9,3 пайызға (89663 теңге) артқан. Негізгі капиталға салынатын инвестициялардың көлемі 144,1 миллиард теңгені (100,3 пайыз) құраған.

----------------------------------------------------Павлодар облысына арналған айқарма бет материалдарын 4-5-беттерден оқисыздар.


2

www.egemen.kz

5 қазан 2013 жыл

Ежелгі дос айырылмас (Соңы. Басы 1-бетте).

Қазақстан мен Беларусь арасындағы медицина саласындағы байланыстарды да ауыз толтырып атап өтуге болады. Алматыдағы А.Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия ғылымизерттеу орталығы Беларусьтің Кардиология жəне кардиохирургия жөніндегі республикалық ғылыми-тəжірибелік орталығымен ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойып, адам органдарын трансплантациялау бойынша бірлескен оталар жасауға келісті. Беларусьтік мамандармен бірлесіп жасалған алғашқы осындай ота 2012 жыл дың қараша айында жасалды. Онда қазақстандық 3 бүлдіршіннің ауру бүйрегі ауыстырылды. Мұндай оталар Қазақстанда бұрын жасалмаған екен. Ресми қарсы алу рəсімі аяқталған соң, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашен коның кездесуі алдымен шағын құрамда жүргізілген келіссөздерден басталды. Онда Мемлекет басшылары Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістік аясындағы интеграциялық үдерістерді дамыту барысын талқылады. Сонымен қатар, сауда-экономикалық жəне индустриялық-инновациялық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты тереңдету барысындағы нақты мəселелерді қарастырды. Соның ішінде агроөнеркəсіп кешені бойынша кооперацияны

күшейту мүмкіндіктері сөз болды. Н.Назарбаев А.Лукашенконың бұл сапары екі ел арасындағы қарым-қатынастар дың, саясаттағы, экономика мен мəдениеттегі екіжақты байланыстардың соңғы жылдары белсенділікпен дами бастағандығының көрінісі екенін атап өтіп, өзіне былтырғы жылы Минскіге жасаған сапарында көрсетілген құрметті еске алды. Сіздің сапарыңыз екіжақты ынтымақтастықты одан əрі тереңдете түсер деген сенімдемін, –деді Қазақстан басшысы. Ал Беларусь Президенті өзінің жауап сөзінде екі ел халықтарының ұқсастықтарын атай келіп, біз өз халықтарымыздың мүддесі үшін жұмыс істеп жатқанымыздың зор маңызы бар. Ол тіпті келер ұрпақтардың да қолдауына ие болады, деді. Сондай-ақ, келіссөз барысында Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт жобасының негізгі өлшемдері мен экономикалық интеграциялық бағыттар жөніндегі мемлекеттер ұстанымы да талқыланды. Сонымен бірге, екіжақты қатынас бойынша өнеркəсіп кооперациясы мен агроөнеркəсіп кешені саласы бойынша бұрын қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру жөніндегі жұмыстар барысы туралы əңгіме қозғалды. Шағын құрамдағы кездесу аяқталған соң келіссөз кеңейтілген құрамда жалғасты. Оны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ашып, екіжақты келіссөздер бойынша көптеген мəселелердің талқыланғанын атап өтті. Екіжақты сауда-экономикалық

байланыстар биыл біршама төмендегенін айтып, оған əлемдік экономикадағы жалпы жағдайдың теріс əсер еткенін атап өтті. Дегенмен, біздің елдеріміздің арасындағы өнеркəсіп саласындағы озық тəжірибе жалғасын табуда. Қазір Қазақстанда 14 біріккен кəсіпорын жұмыс істейді, олар шахта, карьер техникаларын, тракторлар, комбаиндар, арнаулы өрт сөндіргіш техникалар, ауыл шаруашылығына қажетті түрлі тіркемелер шығаруда, деді Елбасы. Сондай-ақ, кеңейтілген отырыс барысында Қазақстан басшысы Қазақстан мен Беларусьтің екіжақты жəне көпжақты негіздегі ауқымды байланыстар біріктіретін жақын серіктестер екенін атап көрсетті. Бұл сапар екіжақты қарым-қатынасты дамытуға зор үлес қосады деп сенемін. Келіссөздер қорытындысы бойынша біз Бірлескен мəлімдеме қабылдаймыз, онда елдеріміз арасындағы достықты, экономикалық ынтымақтастық пен саяси байланыстарды нығайтуға ортақ ұмтылысымыз көрініс табатын болады, деді Нұрсұлтан Назарбаев. Өз кезегінде А.Лукашенко Қазақстанның Беларусь үшін сенімді дос жəне одақтас екенін атап өтті. Біз өз кеңістігімізде Еуразиялық экономикалық одақ секілді бірегей құрылымды бірге құрудамыз. Ол екі елдің экономикасын дамытуға мол мүмкіндік туғызады. Өзара тиімді қарымқатынастарымызды нығайту үшін Біртұтас экономикалық кеңістіктің артықшылықтарын мейлінше күшейту қажет, деді Беларусь Президенті.

Келіссөздер аяқталған соң бірнеше екіжақты құжаттарға қол қойылды. Соның ішінде Мемлекет басшылары Н.Назарбаев пен А.Лукашенко Қазақстан Республикасы Пре зиденті мен Беларусь Республикасы Президентінің Бірлескен мəлімдемесіне қол қойды. Сондайақ, Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасының Ішкі істер министрлері Қ.Қасымов пен И.Шуневич екі ел азаматтарының бір-бірінің аумағына келу тəртібі жəне реадмиссия туралы келісімге, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі В.Божко мен Беларусь Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары М.Русый 2009-2016 жылдарға арналған екіжақты саудаэкономикалық ынтымақтастық бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған Бірлескен іс-шаралар («Жол картасы») жоспарына, сондай-ақ Қазақстан Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Б.Əбдірəсілов өзінің осындай қызметтегі əріптесі А.Морозевичпен екі ЖОО арасындағы ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойды. Осыдан кейін Н.Назарбаев пен А.Лукашенко бірлескен мəлімдеме жасады. Оны Қазақстан Президенті бастап, өзінің шақыруымен келген А.Лукашенко бастаған Беларусь делегациясына оң сапар тілейтінін айтты. Одан əрі екі ел арасындағы қарым-қатынастың достық, əріптестік, түсіністік жəне сенім негіздерінде дамып келе

Салыќ салмаєы кімдерге тїседі? Депутаттар кеше осы мəселеніѕ жауабын іздеді Кеше Парламент Мəжілі сін де палата Спикері – «Нұр Отан» партиясы фрак ция сының жетекшісі Нұр лан Нығматулиннің төр ағалығымен фракция жиыны болды. Онда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына фракция депутаттарының əзірлеген түзетулер топтамасы қаралды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Фракция отырысында аталған мəселе бойынша баяндама жасаған Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев депутаттар тарапынан салықтық мөлшерлемелерге қа тысты ұсыныстар түскендігін қуаттады. Қазақстанда 3,1 миллион автокөлік (жалпы көлемнің 88 пайызы) қозғалтқыш көлемі бойынша 3 литрге дейін болса, олардың салықтық мөлшерлемелері өзгеріссіз қалатынын министр ерекше атады. Ал қозғалтқыштары 3 мың мен 4 мың текше сантиметр болатын автокөліктер еліміздегі көліктердің жалпы көлемінің 3 пайызын ғана құрайды екен. Осы ретте министр қозғалтқыштары 4 мың текше сантиметр автокөліктері қымбат мүлікке жатқызылатынын тілге тиек ете кетті. Жылжымайтын мүлікке қатысты салықтық мөлшерлемелер негізінен Астана, Алматы жəне облыс орталықтарында өзгертілетіні белгілі болды. Сонымен қатар, салықтық мөлшерлемелер алкогольдік жəне темекі өнімдеріне артады деп күтілуде. Мəселен, 2016 жылы темекі акцизіне мөлшерлеме 3,3 есе өседі деп күтілуде. Осы уақыт аралығында 1 литр спирттік ішімдікке мөлшерлеме қазіргі 500 теңгеден 1600 теңгеге дейін өсетіндігі белгілі болып отыр. Депутаттар да министрге сұрақтарын қоя отырып, өз ойларын ортаға салды. Əсіресе, депутаттар Серікбай Нұрғисаев пен Розақұл Халмұрадов ауылдағы азаматтарымыздың автокөліктері күнкөрістің көзі екендігін алға тарта отырып, олардың жағдайы ескерілуі қажеттігіне ерекше назар аудартты. Депутаттардың қойған

сұрақтарына орай жауабында министр ауыл мен қала тұрғындарына автокөлік салығының деңгейі бірдей болатынын ескерте кетті. Қазіргі таңда қозғалтқыш көлемі жоғары автокөліктердің 80 пайызы қалаларда болса, тек 20 пайызы ауылдық жерлерде тіркелген. Ал Ерген Дошаев еліміздің алкоголь өнімдері рыногында сыраның 80 пайыз құрайтындығын тілге тиек ете келіп, оған деген салықтық мөлшерлемені көтеру туралы өткір мəселе қойды. Алатау бөктеріндегі Алматы облысы аумағына кіретін зəулім сарайлардың салықтық ауыртпалықтарды сезінбей отыр ғандығын айтқан Виктор Рогалев осы мəселені шешудің жолын сұрады. Министрдің жауабына қарағанда, Алматыдағы Əл-Фараби даңғылының үстіңгі жағындағы тұрғын жайлар жақын болашақта қала аумағына кіргі зіліп, қала бюджетіне салық тө лейтін болады. Қазіргі таңда көп теген үйлердің иелері өз иеліктеріндегі жылжымайтын мүліктерінің 70-80 пайызы ғана салынып бітті деген желеумен жа рық пен суды қостырып алып, жылдар бойы салықтан жалтарып отырғандықтары да назардан тыс қалмады. Министрдің мəліметіне қарағанда, қазір коммуналдық қызметтерді қостырған тұрғындарға салық

төлетуді енгізу жайын қарастыру көзделіп отырғандығымен бөлісті. Депутаттардың ойын жеткізген фракция жетекшісі көлік жəне тұрғын үй салығына қатысты түзетулер бойынша үкіметтік нұсқамен келіспейтіндігін мəлімдеді. Заң жобасы салықтық əкімшілендіру жүйесін жетілдіруге бағытталғандықтан, оны толықтай қолдайтындықтарын білдірген Спикер көлік пен тұрғын үй салығына қатысты түзетулерді Үкімет ұсынған нұсқада қабылдай алмаймыз дегенді ерекше айтты. Елбасы 2008 жылғы Жолдауында Салық кодексін қалыптастыру кезінде құнды мүліктерге, зəулім үйлер мен қымбат көліктерге жанама салықтар енгізу туралы нақты тапсырма жүктеген-ді. Ол ескерілмей, керісінше, осының барлығы орта санаттағыларға аударылған. Сондықтан, бүгінгі біз қарап отырған Салық кодексіне енгізілген үкіметтік түзетулер Президенттің аталған тапсырмасына сəйкес өзгертілуге тиіс деп есептейміз, деді Нұрлан Нығматулин. Фракция жетекшісі салықты есептеу кезінде көлік жəне үй салығына теңгерімдік əдісінің қажеттігін алға тартты. Үкіметтік нұсқада негізгі салмақ қозғалқыштары 3 мыңнан 4 мың текше см.-ге дейінгі көліктерге түсетіндігін, сондай-ақ, олардың жылы, тозығы ескерілмейтіндігін жəне көлемі 4

мың текше см.-ден асатын темір тұлпарлардың салығын ұлғайту қаралмағандығын ескертті. Сонда көлемі 4-мың текше см.ден, 5-тен, 6-дан асатын, ерекше санатқа жатқызылатын көліктер қайда? Мысалы, 1,5 миллион еуро тұратын, қозғалтқыш көлемі 6 мың текше см. «Мазератти» көлігіне салынатын салық он жыл бұрынғы, көлемі 4 мың текше см. «Тойота-Прадомен» бірдей болғаны ма? деді Нұрлан Зайроллаұлы таңданысын жасыра алмай. Мəжіліс Төрағасы жылжымайтын мүлікке салынатын салықтың олқы тұстарын да назардан тыс қалдырмады. Алаңы 150 шаршы метрден асатын пəтерлер мен 300 шаршы метрден асатын жекеменшік үйлерге салық көлемін 3 есе жоғарылататын коэффициент туралы айта келіп, Н.Нығматулин баспананың нақты құны есепке алынбағандығын атап айтты. Сіздердің коэффициент үйдің сапалық сипаттамасына да, тұратын адамдар санына да құрылмаған. Бұл – сіздерде қымбат баспанаға жатқызатын нақты өлшемнің жоқтығының белгісі. Соның салдары қымбат баспанаға төленетін салықты шарықтатуға мүмкіндік бермей отыр, деді Спикер. Төрағаның пайымынша, сəн-салтанатқа, байлыққа салынатын салық кім қымбат көлік пен зəулім үйге ие болса, соларға көп салынуы тиіс. Сөйтті де Төраға бірқатар ұсыныстарды алға тартты. Атап айтқанда, темір тұлпарларға салынатын салық түріне қатысты – қозғалтқыш көлемі 4 мыңнан, 5 мың текше см.-ге дейінгі көліктер үшін салық мөлшерін 130 МРПге дейін, ал көлемі 5 мың текше. см.-ден асатын көліктер үшін салық мөлшерін 200 МРП-ге дейін өсіру мəселесі төтесінен қойылды. Жəне қарапайым азаматтардың мүддесіне нұқсан келтірмес үшін жаңа салықтық мөлшерлемелерді 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап сатылып алынатын көліктерге қолдану ұсынылды. Яғни, ертеректе сатып алынған көліктер үшін бұрынғы салық көлемін қалдыру қажет. Жылжымайтын мүлікке байланысты салықты сөз еткенде, фракция жетекшісі жоғарылататын коэффициентті жойып, баспана құнына қатысты неғұрлым əділ тəсілге алмастыру керектігін атап, бұл салық салу кезінде, əсіресе, қымбат баспаналар үшін неғұрлым негізді болмақ дегенді айтты. Енді «Нұр Отан» ХДП фракциясы мақұлдаған түзетулер топтамасы палатаның Қаржы жəне бюджет комитетінде дүйсенбіге дейін талқыланып, жан-жақты пысықталуы тиіс. Заң жобасы келесі сəрсенбіде мақұлдануы мүмкіндігі де аталып өтілді.

Əкімшілік ќызметкерлері ќысќарып жатыр «Самұрық-Қазына» АҚ басқармасы кезекті отырысында үш мəселені талқылады. Сөйтіп, бірінші жартыжылдық пен қордың 2012-2022 жылдарға арналған даму стратегиясының орындалу барысы туралы есептері тыңдалды. Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».

Жиналыста қордың компаниялар тобының əкімшілік-басқару қызметкерлерінің санын қысқарту, сондай-ақ еншілес компанияларда корпоративті басқаруды жетілдіру шаралары да қарастырылды. « С амұ р ық- Қ аз ын а» АҚ - тың басқарушы директоры Нұрлан

Рахметовтің сөзіне қарағанда, биыл қордың компаниялар тобында 2356 əкімшілік қызметкерді жұмысынан босату көзделіпті. Бұл шара Мемлекет басшысының ұлттық компаниялардағы басқару аппараттарының құрылымдарын оңтайландыруға байланысты 2012 жылдың басында берген тапсырмасын орындау мақсатында қолға алынып отыр екен. Өткен

жылы қор компанияларында 2210 қызметкер жұмыстан қысқартылыпты. Сонымен, былтырғы жылдың қорытындысы бойынша əкімшілік-басқару ұжымы 29 790 адамды құраған. Қызметкерлерді қысқартудың нəтижесінде еңбекақыға жұмсалатын шығындар 7 млрд. теңгеге азайған. Отырыста қор тобындағы корпоративтік басқаруды жетілдіруге бағытталған бірқатар құжаттар да мақұлданды. Атап айтқанда, еншілес ұйымдарын басқару жөніндегі регламент,

жатқанын атап өтті. Н.Назарбаев Қазақстан аумағында табысты жұмыс істеп тұрған бірнеше Қазақстан-Беларусь біріккен кəсіпорындарын санамалап берді. Соның ішінде Қарағандыдағы «Қаз-БелАЗ», Семей мен Қостанайдағы ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыратын, трактор жасайтын жəне т.б. біріккен кəсіпорындар аталды. Агроөнеркəсіп кешені, мал шаруашылығы, көлік-логистика салаларындағы ынтымақтастық та ауыз толтырарлықтай екен. Еуразиялық одақтың құрылуы біздің елдеріміз арасындағы экономикалық кооперацияны одан əрі тығыз жүргізуге мүмкіншілік беретін болады, деді Н.Назарбаев. Сонымен бірге, ол Қазақстандағы 100 мыңға жуық белорус этносы екі ел арасындағы достықтың тереңдей түсуіне оң ықпал ететін көпір екенін атады. Өзінің сөзін Қазақстан Президенті белорус халқының «Жақсы қонақ келсе, үйдің қақпасы өзінен өзі ашылады» деген мəтелімен бітірді. Жауап сөзінде А.Лукашенко аймақаралық байланыстардың маңыздылығын жəне оның жақсы дамып келе жатқанын атап өтті. Ортақ рынокты барлық салада дамыту – біздің маңызды міндетіміз. Осы міндетті шешу алдағы екі жылға арналған екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың «Жол картасын» бекітуге септігін тигізетін болады. Бұл кешенді құжат өзара іс-қимылдың барлық саласын қамтиды, деді Беларусь Президенті.

2014 жылға арналған корпоратив күнтізбесі, сондай-ақ қордың директорлар кеңесінен жəне еншілес компаниялардың бақылау кеңестерінен келер жылға жасаған болжамдары бекітілді. Көрсетілген құжаттар экономикасы дамыған елдердің корпоративті басқару тəжірибелері негізінде дайындалған. Бұйыртса, осы құжаттар акция иеленуші ретінде компаниялармен қарым-қатынасты жүйелендіруге бағытталады. Сөйтіп, қор қызметіндегі барлық басқару үрдістерін байланыстырып, директорлар кеңесінің

уəкілдіктерін күшейтпек. Сонымен бірге, қордың стратегиялық холдинг үлгісіне өтуіне жағдай жасайтын көрінеді. Бұл бастамалар қор тобындағы корпоративті басқаруды жетілдірудегі батыл қадамдар болып отыр. Қор басқармасы бірінші жартыжылдықта даму стратегиясын жүзеге асыру жөніндегі ісшаралар жоспарының орындалу нəтижелерімен де танысты. Бұл жоспар 11 ірі еншілес ұйымның стратегиялық көрсеткіштері мен инвестициялық жобаларын қамтиды. Есепке қарағанда, жылдың алғашқы жартысында 217 іс-шара жүзеге асырылыпты.

Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы

Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына конституциялық мерзімдерді есептеу мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 1718, 114-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 192-құжат; 1998 ж., № 7-8, 71-құжат; № 22, 290-құжат; 1999 ж., № 10, 340-құжат; № 15, 593-құжат; 2004 ж., № 7, 45-құжат; 2005 ж., №7-8, 17-құжат; 2006 ж., № 23, 138-құжат; 2007 ж., № 12, 85-құжат; 2009 ж., № 2-3, 5-құжат; 2010 ж., № 11, 55-құжат; 2011 ж., № 3, 30-құжат): 1) 69-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Республика Президентінің Парламентті тарату туралы актісі қолданысқа енгізілген күн депутаттардың кезектен тыс сайлауы өткізілуге тиіс мерзімнің басталу кезі болып табылады. Бұл мерзім екі ай өткен соң аяқталады. Егер мерзімнің аяқталуы тиісті күн саны жоқ айға тура келетін болса, онда мерзім осы айдың соңғы күнінде аяқталады.»; 2) 85-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Республика Президентінің Парламентті немесе Парламент Мəжілісін тарату туралы актісі қолданысқа енгізілген күн депутаттардың кезектен тыс сайлауы өткізілуге тиіс мерзімнің басталу кезі болып табылады. Бұл мерзім екі ай өткен соң аяқталады. Егер мерзімнің аяқталуы тиісті күн саны жоқ айға тура келетін болса, онда мерзім осы айдың соңғы күнінде аяқталады.». 2. «Қазақстан Республикасының Парламенті жəне оның депутаттарының мəртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 21, 124-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 78-құжат; 1999 ж., № 4, 100-құжат; № 10, 342-құжат; 2006 ж., № 23, 137-құжат; 2007 ж., № 12, 83-құжат): 1) 6-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Жұмыс күндері деп демалыс немесе мереке (ұлттық жəне мемлекеттік мерекелер) күндері болып табылмайтын күндерді түсіну керек.»; 2) 18-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Жыл» деген уақыт кезеңі деп осы тармаққа қатысты алғанда ағымдағы жылды (1 қаңтар - 31 желтоқсан аралығы) түсіну керек.»; 3) 19-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Парламент қабылдаған заңдар қабылданған күнiнен бастап он күннiң iшiнде Парламент Палаталарының əрқайсысы Төрағасының қолдарымен, сондай-ақ егер заң жобасын Үкiмет енгiзсе, ПремьерМинистрдiң қолымен алдын ала бекемделiп, Республика Президентiнiң қол қоюына ұсынылады, ол Парламент Сенаты ұсынған заңға бір ай iшiнде қол қояды, оны жариялайды не заңды немесе оның жекелеген баптарын қайта талқылау жəне дауысқа салу үшiн Парламентке қайтарады. Қазақстан Республикасы Президентінің заңдарға қол қоюы үшін берілетін бір айлық мерзім Қазақстан Республикасының Президенті заңды алған күннен бастап есептеледі жəне келесі айдың тиісті күнінде (күн санында) аяқталады. Егер мерзімнің аяқталуы тиісті күн саны жоқ айға тура келетін болса, онда мерзім осы айдың соңғы күнінде аяқталады.»; 4) 20-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Республика Президентінің қарсылығын туғызған заңдар немесе заңның баптары бойынша қайта талқылау жəне дауысқа салу бір ай мерзім ішінде өткізіледі, бұл мерзім қарсылықтар жіберілген күннен басталады жəне келесі айдың тиісті күнінде (күн санында) аяқталады. Егер мерзімнің аяқталуы тиісті күн саны жоқ айға тура келетін болса, онда мерзім осы айдың соңғы күнінде аяқталады. Қазақстан Республикасы Конституциясы 59-бабының 4-тармағында жəне 61-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, бір айлық мерзім, егер ол уақыты жағынан Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабының 3-тармағында белгіленген Парламент жұмысының сессия өтетін кезеңімен сəйкес келмейтін болса, үзіледі. Бұл мерзімнің сақталмауы Президент қарсылықтарының қабылданғанын білдіреді.»; 5) 36-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Республика Президентінің Парламентті немесе Парламент Мəжілісін тарату туралы актісі қолданысқа енгізілген күн көрсетілген бір жылдық мерзімнің басталу кезі болып табылады. Бұл мерзім келесі жылдың тиісті айында жəне күн санында аяқталады. Егер мерзімнің аяқталуы тиісті күн саны жоқ айға тура келетін болса, онда мерзім осы айдың соңғы күнінде аяқталады.». 3. «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы» 1995 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 173-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 22, 129-құжат; 2008 ж., № 10-11, 34-құжат): 24-бап мынадай редакцияда жазылсын: «24-бап. Конституциялық Кеңестiң өтiнiштердi қарау мерзiмдерi Конституциялық Кеңес iс жүргiзуге қабылданған өтiнiштi келiп түскен күнінен бастап келесі айдың тиісті күнінде (күн санында) аяқталатын бiр ай iшiнде қарайды жəне ол бойынша қорытынды шешiм шығарады. Егер мерзімнің аяқталуы тиісті күн саны жоқ айға тура келетін болса, онда мерзім осы айдың соңғы күнінде аяқталады. Егер мəселенi кейiнге қалдыруға болмаса, Республика Президентiнiң жазбаша нысанда баяндалған талабы бойынша қорытынды шешім қабылдау үшін берілетін бір айлық мерзiм күнтізбелік он күнге дейiн қысқартылуы мүмкiн. Конституциялық Кеңес бір-бірімен өзара байланысты өтініштерді бір іс жүргізуге біріктірген жағдайда, қорытынды шешім шығару үшін Конституцияда көзделген бір айлық мерзім соңғы өтініш келіп түскен күннен бастап есептеледі.». 2-бап. Осы Конституциялық заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 3 қазан. № 133-V ҚРЗ.

Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Əмірліктерінің Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау жəне салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны жəне оған Хаттаманы ратификациялау туралы

2008 жылғы 22 желтоқсанда Абу-Дабиде жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Əмірліктерінің Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау жəне салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенция жəне оған Хаттама ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н. НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 4 қазан. № 134-V ҚРЗ


3

www.egemen.kz

5 қазан 2013 жыл

ПАРЛАМЕНТ ПАРЛАМЕНТ

 Депутат дауысы

Жўдырыќтай жўмылєан ел єана жетістікке жетеді

Елбасының жыл сайынғы Жолдауы елдің ішкі жəне сыртқы саясаттағы барлық мəселелерді қамтитын бағдарламалық құжат болып табылады. Ал желтоқсан айында жария етілген жаңа Жолдаудың жөні бөлек. Өйткені, бұған дейінгі Жолдаулар алдағы қысқа ғана кезеңді қамтитын болса, бұл жол ғы Жолдау елдің 2050 жылға дейінгі мақсаты мен міндеттерін, қол жеткізуге тиісті межелі көрсеткіштерді айқындап берді. Бұл Жолдау ең алғашқы 1997 жылы жария етілген еліміздің 2030 жылға дейінгі стратегиялық дамуын айқындаған кешенді құжатпен ғана сəйкес деуге негіз бар. Егор КАППЕЛЬ,

Мəжіліс депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі.

Əлемде 2050 жылға дейінгі өз бағдарын айқындаған елдер санаулы ғана. Соның бірі – Қазақстан. Жəне де еліміз алдына үлкен міндеттер қойып отыр. Бəсекеге қабілетті 30 елдің қатарына ену – Қазақстанның ғажайып жоспары. «Біздің басты мақсатымыз–2050 жылға қарай Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құру. Қазақстан ХХІ ғасырдың ортасына қарай əлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуға тиіс. Біздің жетістіктеріміз бен қазақстандық даму үлгісі Жаңа саяси бағыттың негізі болуға тиіс», – деді өзінің Жолдауында Елбасы – Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Бұл – жай айтыла салған сөз емес. Өте маңызды қадам. Барлық саланы алға дамыту қай мемлекет үшін де қиын шаруа. Қазір 50-ші орында тұрсақ, енді 37 жылдың ішінде қарқынды дамудың нəтижесінде 30 елдің қатарынан көрінуімізге толық мүмкіндігіміз бар. Бəрі де тек өзімізге байланысты. Мемлекет басшысы елдің экономикасын дамыту арқылы халықтың жағдайын жақсартуға мəн беріп келеді. Əлеуметтік жаңғырту – Қазақстанның негізгі бағыттарының бірі. Тəуелсіз елімізде əрбір қазақстандық бақытты, ертеңгі күніне сенімді өмір сүруі тиіс. Ол үшін кəсіподақ ұйымдарының қызметін жандандыруға маңыз беріліп отыр. Біз бұрын «алдымен – экономика, содан соң – саясат» деген қағиданы ұстанған болсақ, қазіргі таңда адам капиталын дамыту экономикамен тең дəрежеде

 Іскерлік іссапарлары

Сессия таќырыбыныѕ ауќымы кеѕ

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Светлана Жалмағамбетова Еуропа Кеңе сі Парламенттік Ассамблеясы ның (ЕКПА) жыл сайынғы сессиясының төртін ші бөлігіне қатысты. Шара Страсбург қаласында өтті, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.

Сессияның күн тəртібі бойынша парламентшілер Албаниядағы парламенттік сайлауға жүргізілген мониторинг қорытындыларын, Босния мен Герцеговинадағы демократиялық институттардың қызметін, Экономикалық ынтымақтастық жəне даму ұйымының (ЭЫДҰ) 2012-2013 жылдардағы іс-қимылын, балалар мен қарттардың құқықтарын, азықтүлік жəне ұлттық қауіпсіздік, сондай-ақ Еуропадағы Омбудсмен институтын күшейту мəселелерін талқылады. Қазақстан мен Ассамблеяның қатынастары еліміз Парламенті мен ЕКПА арасындағы ынтымақтастық туралы 2004 жылы Страсбургте қол қойылған келісімге негізделген. Сондан бері қазақстандық заң шығару органының делегациясы ЕКПА сессиялары мен оның комитеттерінің отырыстарына қатысып келеді.

тұруы керек. Мемлекетімізде экономикалық қатынастар жан-жақты орнықты, азаматтық қоғам қалыптасты. Біртұтас Қазақстан қоғамының іргесі нығая түсуде. Мемлекеттік тіл елді біріктірудің негізгі бір тетігіне айналып келеді. Еліміз бірінші кезекте қазақтың салт-дəстүрлерін жəне бізде тұратын барлық ұлттардың салтдəстүрлерін дамытуға жол ашып отыр. Қазір біздің қоғам өзіндік мəдениетті қалыптастыра білді. Соның негізі қазақ мəдениеті болса, өзге ұлттардың мəдениеті де оны байытып, толықтыра түсті. Қазақстан қоғамының менталитеті – қазақ. Мен əрдайым «қазақстандық» деген ұғымның негізгі түбірі – «қазақ» деген сөзден шыққанын айтып жүремін. Қазақ менталитеті бүгінгі таңда мақсаткерлігімен, өз міндеттерін орындай білуімен, ата-бабалардың озық салт-дəстүрлерімен ерекшеле неді. Қазақ халқының жерге, отбасына деген ерекше құрметпен қарайтын көзқарасы бізді де өзіне тартып отыр. Бүгінгі таңда еліміздегі барлық ұлттар мен ұлыстар бірігіп, бір халықты құрайды. Еліміздегі 138 ұлт өкілін өзіне тарту арқылы қазақ халқы үлкен жетістіктерге жетті. Қазір бəсекеге қабілетті 50 елдің құрамына енгенімізде де, 2030 жылға дейінгі болжанған негізгі көрсеткіштерге алдын ала қол жеткізгенімізде де ұлтаралық татулық жəне дінаралық келісімнің үлесі бар. Бұл – бір мақсатқа жұмылған біртұтас елдің жетістігі. Енді Елбасы дамыған 30 елдің құрамына ену мақсатын алға қойып отыр. Оған да тек бірліктің арқасында ғана қол жеткізе алатынымыз анық.

 Зерде

«Қазақстан-2050» Стратегиясы – өте жауапты да маңызды міндет. Алға қойған мақсатқа жету жолында халықтың да, атқарушы жəне заң шығарушы органның да жауапкершілігі зор болмақ. Елімізде тұратын өзге ұлт өкілдерінің де атқаратын міндеті – ортақ мақсат жолында туған Отанымызға адал қызмет ету. Елбасы қазақ халқы ұлттарды біріктіруші жəне жауапты болуы керек екенін айтты. Мəселен, шетелге барған адамға «Сіз кімсіз? Қайдан келдіңіз?» дегенде «Мен – қазақстандықпын» деп, бірақ қазақтың салт-дəстүрін білмей тұрса, қалай болғаны? Өзі туып-өскен жердің қарапай ым ерекшеліктерін, ұлттық құн дылықтарын білмесе, оның мемлекетке, өз Отанына деген құр меті қане?! Ол мəдениетті адамның қасиеті емес. Жас ұрпақты ұлтаралық келісімге, халық дəстүрін білуге, ұлттық жəне мемлекеттік құндылықтарды құрмет тей білуге тəрбиелеу үшін – біздер жауаптымыз! Осы орайда, Мемлекет басшысының жаңа Жол дауда жаңа патриоттық се зім ді қалыптастыру туралы айтқан ойларында осындай терең мəн жатқанын ұғуға болады. Елбасының: «Жаңа қазақстандық патриотизм барлық қоғамды, барлық этностық əркелкіліктерді біріктіруге тиіс», деген ұстанымы баршамыздың көкейімізден шығып отыр. Əсіресе, орыс тілде тəрбие алған ұрпақтың ұлттық салтдəстүрді, рухани-мəдени байлықты білуіне мəн бергеніміз жөн. Қазір біз олардың бойына сіңірмесек, ертеңгі күні олар бəсекеге қабілетті бола алмайды! Мемлекеттік тілді, өзі туып-өскен елдегі ұлттық салт-дəстүрді білмей, қоғамдықсаяси істерге белсенді араласа ала ма? Бүгінгі таңда мемлекеттік тілді оқыту бағдарламасы бар. Қазақстан халқы Ассамблеясы арқылы бірқатар істер атқарылуда. Тіл мен мəдениетті ұғыну, Отанды сүю қасиеттері адамға жүрек арқылы берілуі тиіс. Осы орайда, аға ұрпақ өкілдері жастарға көбірек түсіндіруі керек деп ойлаймын. Сондай-ақ, еліміздің солтүстігінде туып-өскен жастар оңтүстіктің тарихи мекендерін, табиғи, мəдени ерекшеліктерін білуі қажет. Сол секілді оңтүстікте туғандар солтүстіктің өте керемет тарихи жəне табиғи құндылықтарын білуі керек деп ойлаймын. Яғни, бірге туғандай араласып, игі дəстүрлер өзара қолдау тапқаны жөн. Мұның бəрі елдің ортақ мұрасы ретінде қабылдануы тиіс.

 Сізді не толғандырады?

Маѕызы мол магистральді канал

Сенаттың жалпы отырысында депутат Қуаныш Айтаханов Премьер-Министр Серік Ахметовке депутаттық сауал жолдаған болатын. Онда былай делінеді:

«Құрметті Серік Нығметұлы! Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласы мен Ордабасы, Отырар, Бəйдібек аудандары шаруаларының негізгі күнкөріс көзі болып табылатын егін шаруашылығын ағын сумен қамтамасыз ететін – «Арыс – Түркістан» магистральді каналы. Аталған магистральді каналды күрделі жөндеу мақсатында 2010 жылы тиісті құжаттамалар əзірленіп, каналды қайта құру жобасы бойынша І жəне ІІ кезеңдері игеріліп, 2,9 млрд. теңге көлемінде қаржы жұмсалды. Алайда, жобаның ІІІ кезеңін 2013 жылғы республикалық бюджеттен қаржыландыру туралы жергілікті органдардың өтініштері белгісіз себептермен қолдау таппай келеді. Аталған нысанның жобалау-сметалық құжаттамалары əзірленіп, мемлекеттік сараптаманың қорытындысы алынған. Жобаның жалпы сметалық құны 2 236,4 млн. теңгені құрайды. Бұл жоба егін шаруашылығын ағын сумен қамтамасыз етумен бірге, төтенше жағдайлар болған кезде тарихи ескерткіштері көп Түркістан қаласы мен іргелес орналасқан елді мекендерді су тасқынынан аман алып қалу үшін де жұмыс атқарады. Құрметті Серік Нығметұлы! Жоғарыдағы аталғандардың негізінде, 2014 жылға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру барысында «ОҚО Ордабасы жəне Түркістан аудандарындағы Түркістан магистральді каналын қайта құру (ІІІ кезең)» жобасына қажетті 2 236,4 млн. теңге қаржыны бөлдіруге ықпал етуіңізді сұраймын».

Баќытжанныѕ бас сабаєы Бақытбек СМАҒҰЛ,

Мəжiлiс депутаты, Ауған соғысы ардагерлер ұйымдарының «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығының төрағасы.

Осыдан дəл бiр жыл бұрын қазақ халқының даңқты перзентi Бауыржан Момышұлының жан дегенде жалғыз ұлы, белгiлi жазушы Бақытжан Момышұлының көңiлiн сұрауға бардым. Кiре берiсте қарсы алған жазушының жұбайы Зейнеп Ахметова: – Кеше ауылдан қарындастары келiп едi. Көңiлiн сұрау үшiн... Оларды танымады... Қиын болып тұр.., – деп көзiне жас алды. Бiрақ, Бақытжан аға менi таныды. «Бақытбек...», деп еттен арыған саусақтарымен қолымды қысыңқырап: «Дүние астан-кестен болып кетті ғой, қалайсың көкем, жарығым, көрінбей кеттің ғой, келіп тұрсаңдаршы», – деген. Ол кісі маған ылғи да осылай айтатын. Батырдың бел баласының қуарған жүзінен қайғының ізін көрсем де, көңілі бұзылмады. Құдайына түзу адам ғой, шүңірейген көзінен қимастық сезілсе де, босамады, есін тез жиып алды. Туған-туыстары есі кіргеніне аң-таң. «Парламентте не болып жатыр, екі күн болды

теледидар көре алмадым», – деді тағы да. Бақытжан аға мұның алдында да талай рет сенім хат беріп ескерткен болатын, осы жолы да мына мəселенi есiме салып жатыр. Елiмiзде Бауыржан Момышұлына қатысты түрлi шаралардың өткiзiлетiнi белгiлi ғой. Мiне, осы шараларда Бауыржан Момышұлының аты мен затына қатысты рəмiздер мен белгiбедерлердiң (медаль, белгi, таңба жəне т.б.) қатесiз жазылуын, олардан қате кетпеуiн қадағалауды тапсырып: «Осы шаралардың бəрiне де өзiң бас-көз бол!» деген-дi. Осыны тағы да есiме салды. Сол күнi Оралға жүрiп кеттiм. Оралға барғаннан кейiн: «Бақытжан Момышұлы қайтыс болды», деген суық хабар да жеттi... Бақытжан Момышұлының жазушылығы мен аудармашылық өнерi жайында аз жазылған жоқ. Бұл – Бақытжан Момышұлының шығармашылығы өте жоғары бағаланғанының белгісі. Оның шет жағасын өзiм де көрдiм. «Мен көрген соғыс» деген кiтабым жарық көргеннен кейiн осы кiтапты орысшаға («Война, которую видел я») Бақытжан аға аударды. Оқығандар «Мен көрген соғыс» пен «Война, которую видел я» кiтаптарын салыстырғанда сенікінен Бақытжан ағаның

 Фотокүнделік

 Тұрақты комитеттер тынысы

Кїн тəртібінде бюджет мəселелері

Парламентте Дариға Назарбаеваның жетекшілігімен Мəжілістің Əлеуметтік-мəдени даму комитетінің отырысы өтті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Отырыста 2014-2016 жылдардың бюджетіне арналған үкіметтік заң жобасын талқылау шеңберінде Денсаулық сақтау министрлігі мен Дін істері агенттігінің бюджеттік мəселелері қарастырылды. Депутаттардың сұрақтарына Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова мен Агенттіктің жауапты хатшысы Төлеген Исмайылов жауап берді.

Хаттамаєа тїзетулер ќаралды Суреттерді түсірген Орынбай БАЛМҰРАТ.

 Сайлаушылар сапары

Ўсыныстар ескерілетін болды

Парламент Сенатының бір топ депутаты Қызылжар өңірінде болып, бірқатар елді мекендер мен кəсіпорындарды аралады. Халық қалаулыларын табиғатты пайдалану жəне ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы Сергей Кулагин бастап келді. Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Сенаторлар алдымен Қызыл жар ауданына қарасты «Якорь СК» серіктестігінің ты ныс-тіршілігімен танысты. Мұнда 8 мың гектар алқапқа астық өсірілсе, гектар берекелілігі 20 центнерден айналуда. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, өнім са пасы жақсы. Бұдан кейін «Сұл тан ЭДМК» АҚқа атбасын тіреп, еңбек ұжымдарымен кездесті. Кəсіпорын 40-қа жу ық макарон өнімдерін шығарып, алыс-жақын шетелдерге жөнелтеді. 360 адам еңбек етеді. «Молпродукт» ЖШС-нің тех никалық жарақтандырылуы халық қалаулыларының көңілінен шықты.

Күніне 20 тоннадан астам сүт қабылданып, өңделеді. Депутаттардың қатысуымен облыстық əкімдікте өткен кеңесте табиғатты пайдалану жəне ауылдық аумақтарды да мыту комитетінің мүшесі Серік Білəлов атқарылған жұ мыстардан хабардар етті. Облыс əкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров ауыл шаруашылығы саласының даму қарқыны жөнінде мағлұмат берді. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен қайта өңдеуші кəсіпорын жетекшілері тарапынан толғақты мəселелер көтеріліп, шешу жолдары ұсынылды. Мəселен, Ғ.Мүсірепов ауданының əкімі Марат Тасмағамбетов 700 мың гектардан астам алқапқа бітік өск е н а с т ы қт ы ң ш а ш а у с ы з

 Əріптестік əлеуеті

Парламентаралыќ байланыстар кґкжиегі кеѕ Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс жəне қауіпсіздік комитетінің төрағасы Икрам Адырбеков Швейцария Конфедерациясы Федералдық жиналысындағы «Швейцария-Қазақстан» парламентаралық ынтымақтастық тобының жетекшісі Кристиан Мишпен кездесті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Кездесудің негізгі мақсаты екі ел арасындағы өзара парламентаралық ынтымақтастықты нығайту болды. «Бізде екіжақты парламентаралық үнқатысуды кеңейту үшін жақсы негіз

сөзi озыңқырап тұратынын байқайтынын айтатын. «Аударғаннан кейiн осылай оздырып аудару керек қой!» дейтiн iштей риза болғандар. Бақытжан Момышұлы жазушылығымен, аудармашылығымен қатар, жан-жақты, үлкен эстет, аса бiлiмдi тұлға едi. Менiң жеке басымды, əсiресе, тəнтi еткенi – Бақытжан Момышұлының өзiнен бұрын əкесiнiң абыройын ойлайтыны едi. Бiрде үй туралы əңгiме болып қалды. «Жоғары жаққа барып, неге үйдi кеңейтiп алмайсыз?» дедiм Бақытжан ағаға. «Мен сол сенiң жоғары жағыңа барсам, олар «Бақытжан Момышұлы келдi», «Бақытжан үй сұрап келдi» демейдi, «Бауыржан Момышұлының баласы үй сұрап жүр», дейдi. Сондықтан да бұл жерде қанағат етуге тура келедi. Əзiрше осы үй де жетедi...», дедi ағамыз. Əкенi сыйлау, əкенi қадiрлеу осындай-ақ болар, Бақытжан Момышұлы мына өмiрден əкесiнiң даңқы мен атақ-абыройына қылаудай дақ түсiрмей өттi. Даңқты, атақты, абыройлы адамның баласы қандай болуы керек? Бақытжан Момышұлы ағамыз осы сауалға өзiнiң өмiрiмен, өзiнiң өнеге-үлгiсiмен толық жауап берiп кеттi ғой деп ойлаймын. Қазiргi күнi атақты адамдардың тойымсыз, қанағатсыз, сұрамсақ ұл-қыздарын көргенде, ойыма ылғи да Бақытжан аға оралады. Бақытжан ағаның қанағатшылдығы еске түседi...

жасалған. Біз Швейцария Федералдық жиналысының «Швейцария-Қазақстан» парламентаралық ынтымақтастық тобын құру туралы шешіміне қолдау білдіреміз», – деп атап өтті сенатор.

И.Адырбеков сондай-ақ қазақстандық парламентшілер швейцариялық əріптестерімен ЕҚЫҰ, Еуропа Кеңесі жəне НАТО Парламенттік ассамблеялары, сондай-ақ, Парламентаралық Одақ секілді халықаралық ұйымдар аясындағы көпжақты байланыстарды өрістетуге мүдделі екенін атап өтті. Келесі жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету Швейцарияға өтеді. «Аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен ынтымақтастықты нығайтуда ЕҚЫҰ негізгі тіректердің бірі болып қала беретініне сенемін. Біз Ұйымға

жиналғанын айта келіп, субсидиялау тетіктерін жеңілдетуді өтінді. Жеңілдетілген қаражатты алынған өнім көлеміне есептеп бергеннен гөрі, алдын ала босату əлдеқайда тиімді болмақ. «Зенченко жəне К» командиттік серіктестігінің бас директоры Геннадий Зенченко дəнді дақылдардың бағасы əлі нақтыланбай отырғанын көлденең тартып, бұл мəселенің күзде емес, ерте көктемде белгіленуі диқандардың жан-жақты қамдануына игі ықпал жасар еді деген ой айтты. «Полтавка» ЖШСнің жетекшісі Елтай Зікірин жер салығының көлемін оңтайландыру, ауыл шаруашылығы мамандарын даярлау мəселелерін алға тартты. Комитет төрағасы С.Кулагин ұсыныстардың жан-жақты ескерілетінін, тиісті орындар алдына қойылатынын жеткізді. Жиын соңында облыс əкімі Самат Ескендіров Елбасы тапсырмаларын орындаудың барлық мүмкіндіктері қарас тырылып жатқанын атап өтті. Солтүстік Қазақстан облысы.

Швейцарияның төрағалық етуі кезіндегі аймақтағы іс-қимылына жан-жақты көмек беруге əзірміз», – деді И.Адырбеков. Қарулы күштерді демократиялық бақылаудың Женева орталығы – DCAF ұйымының да өкілі болып табылатын К.Миш қазақстандық парламентшілерді осы Орталықпен белсенді ынтымақтастыққа жəне DCAF-тың толық құқықты мүшесі болуға шақырды. Қазақстан бұл ұйымға өткен жылы байқаушы ретінде кірген болатын. Сенатор сондай-ақ, швейцариялық компанияларды Астанадағы ЭКСПО-2017 дүниежүзілік көрмесіне қатысуға шақырды.

Мəжілістің Халықаралық істер, қорғаныс жəне қауіпсіздік комитетінің жұмыс тобы «2008 жылғы 12 желтоқ сандағы Айрықша жағдайларда Біртұтас кедендік тарифтің мөлшерлемелерінен ерекшеленетін кедендік əкелу баждарының мөлшерлемелерін қолдану шарттары мен тəртібі туралы хаттамаға өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын қарады.

Бұл жұмыс тобының аталған заң жобасы бойынша алғашқы отырысы болды. Жұмыс тобының жетекшісі, депутат Зағипа Балиева 2008 жылғы 12 желтоқсанда Мəскеу қаласында қол қойылған осы Хаттаманың маңыздылығын атап өтті. Бұл Хаттама Беларусь, Қазақстан жəне Ресей үкіметтері арасында жасалған жəне 2008 жылғы 25 қаңтардағы Біртұтас кедендік-тарифтік реттеу туралы келісімнің 4-бабының 6-тармағын іске асыру мақсатын көздейді. Отырысты қорытындылаған З.Балиева: «Заң жобасы бойынша анықтауды қажет ететін кейбір сұрақтар бойынша нақты жауаптар алдық. Барлық мəселе шешімін тапты деуге негіз бар. Заң жобасы алдағы уақытта комитеттің отырысына, одан кейін палатаның жалпы отырысына шығарылатын болады», – деді.

Ґзгерістер талќыланды

Мəжілісте Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаевтың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Парламентшілер үкіметтік заң жобасында салық заңнамасына енгізілетін өзгерістерді талқылады. Отырыс Қаржы жəне бюджет комитетінің төрайымы Гүлжан Қарақұсованың төрайымдығымен өтті. Салыққа түзету енгізетін заң жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі болып депутат Құттықожа Ыдырысов бекітілген.


4

www.egemen.kz

5 қазан 2013 жыл

ДƏУЛЕТІ МЕН СƏУЛЕТІ «ҚУАТТЫ ҚАЗАҚСТАН – ҚУАТТЫ ӨҢІРЛЕР»

«Қуатты Қазақстан дегеніміз, бұл ең əуелі өңірлердің қуаттылығы болып саналады. Елдің болашағы экономикадағы келешегі зор салалардың дамуымен байланысты. Бұл үшін алдымен жаңа зауыттар көп салынып, жаңа жұмыс орындары ашылып, əлеуметтік инфрақұрылым қарқынды дамуы қажет». Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

Баєытымыз айќын, кґшіміз тїзу Ерлан АРЫН,

Павлодар облысының əкімі.

Еліміздің əр өңірінің өзіндік ерекшелігі бар екені белгілі. Сол сияқты Ертістің Павлодар өңірі еліміздің индустриялық орталығының бірі саналады. Қуатты экономика құру жолында өңірлердің қуатты болуы Елбасы назарында. Биылғы жылы облысымыз алдына қойған нақты тапсырмаларын жүзеге асыру жолында сəтті қадамдарға қол жеткізді. Индустриялықинновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру арқылы өңіріміз тағы да өзінің өндірістік əлеуеті мен даму қарқынын көрсете алды деп ойлаймын. Бұл күндері индустрияландыру бағдарламасы шеңберінде жалпы құны 744,5 миллиард теңге болатын 82 жоба іске асырылуда. Инвестиция көлемі 38 млрд. болатын 2 жоба толық қуатында жұмыс жасауда. Жыл соңына дейін тағы 6 жоба пайдаланылуға беріледі. Сонымен қатар, өңірде 4 мыңға жуық адамға жаңа жұмыс орнын ашып берген 51 жоба іске қосылса, оның 41 жобасы қазіргі кезде толық қуатында. Жалпы, бұл бағдарлама аясында он мыңнан астам адам жұмысқа орналасады. Елбасы тапсырмасына орай облысымызда химия жəне мұнай-химия кластерін дамытатын «Павлодар» арнайы еркін экономикалық аймағы құрылған болатын. Жоба өндірісті өңірге инвестиция тартудың үлкен мүмкіндіктеріне жол ашты. Қазір экономикалық аймаққа қызығушылық танытқан 45 кəсіпорын бағдарламаға қатысушы мəртебесін алды. Мəселен, 12 жоба бойынша елімізде бұрын-соңды өндірілмеген өнім өндірісіне басымдық беріледі. Атап айтқанда, «Қазатомпром» АҚ-пен бірлесіп елімізде алғаш рет жылына 130,0 мың тонна поликремний, 100 мың тонна сутегі асқын оксиді, 3 мың тонна полиалюминий хлориді шығарылады. Барлық өндірілген поликремний, сутегі асқын оксиді елімізге, негізінен, «Қазатомпром» АҚ-тың электр-техникалық жəне химиялық қажеттілігі үшін өндіріледі. Сондай-ақ, белгілі бір бөлігі Ресейге экспортқа жіберіледі. Бұған қоса, елімізде жеткіліксіз мөлшерде шығарылатын жəне импортталатын күкірт қышқылы, полиэфирлі майлар өндірісі жанданады. Жəне қосалқы аймақ құру бойынша да жұмыстар жүргізілуде. Облыс елімізде жүзеге асырылып жатқан «Өнімділік-2020» бағдарламасынан да тыс қалған жоқ. Еліміздегі 51 жобаның төртеуі біздің өңірдің еншісінде. Олар – «Format Mach Company» ЖШС, «Ромат» ФК ЖШС, «Нефтехим LTD» ЖШС жəне «Павлодар машина жасау зауыты» АҚ. Аталған бағыт бойынша пайыздық мөлшерлемені 5 пайызға дейін төмендету мəселесі шешілді. Бүгінгідей бəсекелестік заманында

сапасы жоғары қызмет көрсететіндердің ғана бағы жанатыны түсінікті. Осыған ерекше мəн берген аймақ кəсіпкерлері ИСО 9001, 14001, 22000 жəне OHSAS 18001 сапа менеджменті жүйесінің сертификаттарын иеленуде. Бұлардың қатары қазірдің өзінде 265 кəсіпорынға жетті. Осы тұста ұлттық компаниялар мен ірі кəсіпорындар арасында тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша қазақстандық үлесті ұлғайту мақсатында 858,6 млрд. теңгенің келісімдері жасалды. Бұл межелеген қаржыдан 1,5 есеге артық. Ел экономикасын қуаттандыра түсуде аграрлық сектордың алатын орны ерекше. Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы саласын субсидиялау үшін республикалық бюджеттен 2 млрд., жергілікті қазынадан 1,6 млрд. теңге қарастырылды. Өсімдік шаруашылығындағы егіс алқаптарының көлемі 1138,5 мың гектарды құрайды. Диқандар өткен жылмен салыстырғанда жемшөптік дақылдар алқабын 47,5 мың гектарға, азықтық дақылдар алқабын 68 мың гектарға арттырды. Бүгінгі таңда 90 мың гектардың егістігі орылды, орташа шығым гектарынан 11,6 центнерден алынуда. Сондай-ақ, 800 гектардан көкөніс жиналды. Бақшалық өнімдер гектар басынан 218 центнерден жеміс берді. Мал шаруашылығын өркендетуге келер болсақ, өңірде 431,8 мың бас ірі қара, 115,6 мың бас жылқы, 600 мыңға жуық қой-ешкі, 75,2 мың шошқа мен 997 мың құс бар. Есепті кезеңде 256,0 мың тонна сүт, 45 мың тонна ет, 80 миллион данаға жуық жұмыртқа өндірілді. Кəсіпкерліктің өрісін кеңейтуде өңіраралық ынтымақтастықты дамытудың рөлі ерекше. Жыл басынан бері облыс кəсіпорындарының өкілдері Минск, Уфа, Өскемен қалаларында болып, өзара əріптестік қатынасты нығайту туралы келісімшарттарға қол қойды. Бұған қоса, өңір кəсіпкерлері Астана қаласында өткен чехиялық кəсіпкерлермен екіжақты кездесуге қатысу мүмкіндігіне ие болды. Өз кезегінде Корея мен Швеция елшіліктері ұйымдастырған осындай кездесулер де ел экономикасын арттыруға жасалған нақты қадам болды дей аламыз. Бүгінгі таңда ең өзекті мəселелердің бірі – тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету. Биылғы жылы өңірде «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы негізінде 180 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылады. Қыркүйек айының басында облыста 83,6 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді. Статистикалық мəліметтерге сəйкес, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 18,4 пайызға артық. Ел болашағы жастардың қолында деп жатамыз. Осыны ескере келіп, бағдарламада жас отбасыларға басымдылық беру жағын қарастырып отырмыз. Тағы бір өзекті мəселе – тұрғындарды

сапалы ауызсумен қамтамасыз ету. Түйткілді шешудің жолын ел Үкіметі назарда ұстап отыр. Бұл сөзімізге «Ақ бұлақ» бағдарламасының жүзеге асырылуы дəлел бола алады. Биыл облысымыз жалпы құны 871,6 миллион теңге болатын үш жобаны қолға алды. Соның нəтижесінде Ертіс ауылы мен Ақсу қаласына қарасты Қалқаман кентінде су құбырын қайта жаңарту, Шарбақты ауданының Галкин ауылына су құбырын тарту жұмыстары жүріп жатыр. Ұлт болашағы білімді ұрпақтың қолында десек, облысымыздың білім беру саласында да айтарлықтай жетістіктер бар. Облыс еліміздің мектептерде үш ауысымды оқыту жүйесі мəселесін шешіп қойған өңірлердің көш басында келеді. Биылғы жаңа оқу жылында 413 білім ордасы партасына 88,1 мың оқушы отырды. Оқулықтар жəне оқу-əдістемелік құралдармен жабдықталды. Мектептер компьютерлік техникамен қамтамасыз етілді, интернет жүйесіне енгізілді. Барлық орта жəне негізгі мектептер кең жолақты интернет желісіне қосылған. Білім беру саласына жасалынып жатқан мұндай жағдайлар білім беру сапасын арттыруға тікелей жол ашты. Айталық, 2013 жылы ұлттық бірыңғай тестілеуге 3749 оқушы қатысты. Облыс бойынша 78 түлек «Алтын белгіге» ие болды. Өңірде республикалық бюджет есебінен төрт жаңа мектеп құрылысы жүруде. Жаңа оқу жылы қарсаңында облыс орталығында 720 орындық «Назарбаев зияткерлік мектебі» ашылды. Саладағы жетістіктеріміздің бірі – үш пен алты жас аралығындағы бүлдіршіндерді мектепке дейінгі тəрбие мен оқыту толық қамтылды. Биылғы жылы облысымызда 7604 сəби жарық дүние есігін ашты. Туу көрсеткіші əрбір мың адамға шаққанда 10,15 баланы құрайды. Жалпы алғанда, облыста 380 мемлекеттік медициналық ұйым жұмыс жасайды. Мұнымен қатар, 117 жеке меншік медициналық субъекті тіркелген. Айта кетерлігі, өңірде қаңтартамыз айларымен есептегенде қатерлі ісік дертіне шалдыққандар көрсеткіші 0,6 пайызға төмендеді. Сондай-ақ,

Кешенді дамуєа бетбўрыс (Соңы. Басы 1-бетте). Дегенмен, өндіру өнеркəсібі өніміне сыртқы сұраныстың азаюына байланысты облыста өнер кəсіптік өнім көлемі 1,7 пайызға төмендеген екен. Жур налистер осы мəселеге біраз шүйліккен еді. Оның себеп-салдарын облыс əкімі тарқа та айтып, талдау лар жасай отырып, түсіндіріп берді. Облыс тың əлеуметтік-эконо микалық дамуына жоғарыда айтып кеткеніміздей, жүйе құраушы ірі кəсіп орындардың ықпалы зор болғандықтан, олардың əрбірінің жұмысындағы іркілістер ортақ көрсеткіштерге үлкен əсер етеді. Биылғы жылы осындай жағдай жөндеу жұмыстарына байланысты Павлодар мұнай өңдеу зауытында орын алып, мұндағы бензин өндірісінің көлемі 20,3 пайызға азайып кеткен. Павлодар мұнай өңдеу зауыты облыстың жалпы өңірлік өнімі мен бюджетінің едəуір бөлігін беретін үлкен кəсіпорын. Дегенмен, бұл іркілістің ағымдық сипаты жоқ. Күні ертең жағдай реттелген

кезде, бəрі қалпына келуге тиіс. Расында да, Павлодар облысындағы қазіргі жекелеген проблемалар кері кету емес, даму проблемалары болып табылатындығына көз жеткіздік. Өйткені, облыс əкімінің атап көрсеткеніндей, облыс дамуында жан-жақтылық пен кешендік даму сипаты басым. Мəселен, облыста индустрияландыру картасының аясында құны 744,5 миллиард теңгенің инвестицияларын құрайтын 82 жоба іске асырылуда. Осылардың барлығы іске қосылғанда 10,332 жұмыс орны ашылатын болады. Соның ішінде 38 миллиард теңгенің инвестициялары салынған екі ірі жоба пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы да 6 жобаны іске қосу жоспарлануда. Мұның сыртында 226,7 миллиард теңгені құрайтын 51 жоба жүзеге асқан. Осының нəтижесінде 3424 жұмыс орны құрылған. Облыста «Павлодар» арнайы экономикалық аймағы құрылып, ол қарқынды даму үстінде. Сондайақ, «Өнімділік-2020», «Экспорттаушы-2020», «Агробизнес-2020»,

«Биз нестің жол кар тасы-2020» бағдарламалары іске асырылу үстінде. Осылардың əрқайсысы

бойынша қомақты қаржылар игеріліп, облыстың одан əрі дамуына үлкен ықпал ететіндігі анық.

Мəселен, соңғы бағдарламаның өзіне ғана үстіміздегі жылға рес пуб ликалық бюджеттен 3,7

психикалық ауытқулар сырқаты 1,7 пайызға, жүректің ишемиялық ауруынан көз жұматындар саны 3,1 пайызға кемігендігі белгілі болды. Дені сау ұлт тəрбиелеуде денешынықтыру мен спорт саласын дамыту қажет екенін жақсы түсінеміз. Аймақта меншік түрі алуан 3250 бірлік спорт объектілері мен ғимараттары бар. Бүгінгі таңда 200,7 мың тұрғын денешынықтырумен жəне спортпен шұғылданады. Бұл – өңір халқының 27 пайызы. Ағымдағы жылы 35 жерлесіміз спорттың əртүрінен ел чемпионы атанды. Мəдениет, əдебиет, тарих – мұның бəрі кешегімізден сыр шертетін шежіреміз. Ұлыларымызды ұлықтай білу – парызымыз. Өңірде «Тарихимəдени мұра» бағдарламасы шеңберінде айтарлықтар жұмыстар атқарылды. Шарбақты ауданында Хазірет Ғабдылуахит Тіленішұлына, Екібастұз қаласының аймағындағы Ақкөл ауылдық округінде ағартушы, философ Хазірет Ишан Исабекке, Ертіс ауданында батыр Таймас Бекбауұлына кесенелер орнатылды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауында: «Біз өзіміздің ұлттық мəдениетіміз бен дəстүрімізді осы əралуандығымен жəне ұлылы ғымен қосып қорғауымыз керек, мəдени игілігімізді бөлшектеп болса да жинастыруымыз керек», деген болатын. Осы бағытта облыстың тарихи-мəдени мұралары объектілерін дамыту жəне сақтау мақсатында 2013-2015 жылдарға арналған «Тарихи мəдени мұра» жоспары жасалды. Облыстың 31 мəдени объектісінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Айталық, 5 аудандық мəдениет үйі, 17 ауылдық клуб, Железин, Кашыр, Ертіс аудандарының 3 орталықтандырылған кітапханалары заман талабына сай қайта жаңартылды. Жақында ғана қазақ ғылымының атасы Қаныш Сəтбаевтің мемориалдық музейі қайта жаңартылып, жаңа келбетке енді. Биыл Даңқ мемориалында үш Кеңес Одағының Батыры Н.Бердниковтің, И.Суптельдің жəне Д.Потаповтың барельефтері ашылды. Кеңес Одағының Батыры Д.М.Карбышевтың анасы А.Е.Карбышеваға арналған естелік белгісімен ескерткіш тақтасы ашылды. Алдағы уақытта жерлесіміз Қалижан Бекхожиннің 100 жылдығы аталып өтілмек. Тізбектей берсек, мұндай жұ мыстарды көптеп айтуға болады. Бастысы, атқарылып жатқан істер тек облысымыздың əлеуетін арттыруға қызмет етіп қана қоймай, мемлекетіміздің қуаттана түсуіне, одан əрі гүлденуіне жол ашады деп сеніммен айта аламыз. Шын мəнінде біз бағыты айқын, болашағы жарқын елміз. Елбасымыздың сындарлы да салиқалы саясатының арқасында біз əлемді дүрліктірген қаржы дағдарысының қиын кезеңдеріне де төтеп бере алдық. Бірлік пен ынтымақтастықтың нақты үлгісін таныттық. Осы жетістіктердің бар лығы елімізді көп күмəн мен көк тұманнан ада қылып, жарқын болашаққа жетелеп отырғаны даусыз. Ең бастысы, қолда барымызды бағалап, соның қадірін жете түсінуіміз керек.

миллиард теңге бөлінген. Бұл қаржы игерілу үстінде. Аталған жұмыстардың нəтиже сінде облыстың экспорттық тауарларының көлемі былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 20 пайызға артқан, есесіне импорт көлемі төмендеген. Сөйтіп облыс алғаш рет сыртқы сауданың 77,2 миллион АҚШ доллары көлеміндегі оң сальдосына ие болған. Облыстағы бөлшек сауда айналымының өсімі 112,5 пайызды құраған. Облыстың əлеуметтік, мəдени салаларында көптеген жұмыстар жүзеге асырылып, осы ның нəтижесінде халық рухы ның көтеріліп қалғандығын жуықта облыстағы қасиетті топырақтардың бірі саналатын Баянауыл ауда нына жасаған сапарымызда өзіміз де байқаған едік. Мұнда Қазақстан ғылымының көшбас шысы Қаныш Сəтбаевтің мемориалдық мұражайы мен осыдан 150 жылдай бұрын Мұса Шорманов салдырған мешіт қайта жаңғыртылып, келушілерге есігін айқара ашқандығын көргенбіз. Бұл екі шара да жекелеген адамдардың қаржысына жүзеге асыпты. Яғни бюджет қаражаты шығындалмаған. Баспасөз мəслихатында «Егемен Қазақстан» газетінің атынан осы бағыттағы

жұ мыстардың қалай жалғасып жатқандығын сұрағанымызда Шоқан Уəлиханов пен Потанинге Қазақстан мен Ресейде ескерткіш қойылғандығын, Зейін Шашкин мен Сəбит Дөнентаевтың ескерткіштері орнатылатындығын, ендігі кезекте Жаяу Мұсаның, Мұса Шорманұлының, басқа да тарихи тұлғалардың жатқан жерле рін көріктендіру жұмыстары жүргізілетіндігін естідік. Осындай жұмыстар облыстың басқа да аудандарында қолға алынған. Мұндағы мақсат халқымыздың тарихи тұлғаларына қызмет көрсету арқылы облыста туризмді жандандыру, Баянауыл өңірінің көрікті табиғатын халық игілігіне айналдыру екендігін естідік. Облыс əкімі журналистердің қойған сұрағына байланыс ты облыстың жылыту маусымына жақсы дайындықпен келгендігін, 29 қазандықтың толықтай жөнделгендігін, биыл алғаш рет Екібастұз энергия орталығын жарақтандыру ісіне акционердің 1 миллиард 700 миллион теңге қаражат салғандығын, облыста «Үлгілі ауылдар» бағдарламасының қолға алынып, 25 ауылдың таңдалып алынып, оларды көріктендіру жəне тұрмысқа жайлы ету ісінің басталғандығын айтып өтті.


5 қазан 2013 жыл

ЖАРАСҚАН ӨҢІР Табысымыз толаєай Қуатты мемлекет құру жолында экономиканың күретамыры саналатын темір жол саласының маңызы зор. Мен саналы ғұмырымның ұзақ уақытын осы саламен тығыз байланыстырып келемін. Əлі күнге дейін ұмыта алмаймын, тоқсаныншы жылдардағы тоқырау тұсындағы тығырық темір жол саласын да айналып өткен жоқ. Тіпті, кəсіпорынның дебиторлық қарызы 20 миллиард теңгеге жеткен кездері де болды. Бұған қырық миллион теңге кредиторлық қарыз бен жұмысшылар алдындағы 3,5 миллиард теңге еңбекақы қарызын қосыңыз. Сол тұста Елба сы мыздың көрегендігі арқасында темір жол ды реформалау қолға алын ған болатын. Құдайға шү кір, тарих үшін қысқа ғана мерзімде «Қазақстан те мір жолы ҰК» АҚ адам таны мас тай өзгеріс терді басынан өт кер ді. Сөзім дəлелді болуы үшін кəсіпорынның екі мəр те «Алтын сапа» награ да сын иеленгенін айтпай кетпеске болмас. Бүгін ең бел сен ді дамып келе жатқан кə сіпорындар көш басында келе жатқаны қуанышты-ақ. Биылғы жыл облыс экономикасы жақсы қарқынмен ілгері басып келе жатса, біздер, теміржолшылар да сүбелі үлесімізді қосуға ниеттіміз. Жаздың аптап ыстығы мен қыс тың қақаған аязына қа ра мастан темір жол тасы малы жұмысын тежеп көрген емес. Былтыр еліміз бойын ша 86 миллион тонна жүк тасымалданыпты. Осы көрсеткіштің 34 пайызы біздің облысымызға тиесілі. Ал, биылғы жылдың өзінде біз республикалық көрсеткіштің 37 пайызын қанжығамызға байладық. Осы тұста салыстырмалы түрде мынадай деректерді келтіріп өткім келіп тұр. Темір жол тасымалдары

5

www.egemen.kz

кө ле мі жөнінен былтырғы жылы ТМД көлемінде көш басына екі облыс шыққан болатын. Оның бірі – Павлодар облысы да, екіншісі, Ресей Федерациясының Кемеров облысы. Алайда, біздер үшін ол еш тоқмейілсуге себеп болмайды. Өйткені, біздің табысымыз толағай болғанымен, алдағы мүмкіндіктеріміз бұдан да зор. Павлодар облысы индустрияландыру мен машина жасау саласы бойынша алдына жан салмай дамып келе жатқан өңір. Тағы бір көз қуантарлық жағдай – ТМД елдері ішінде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-пен келісімшарт жасасқан өңірлер арасында да Павлодар облысы көш бастады. Кəсіпорын жасасқан шарттардың 154 миллиард теңгесі осы өңірге тиесілі десек, бұл жалпы соманың 28 пайызын құрайды. Екібастұз қаласындағы Қазақстан вагон жасау компаниясы былтырдың өзінде 1700 дана жүк вагонын жасап шықты. Биыл олар көрсеткішті екі жарым мыңға жеткізуді межелеп отыр. Алдағы уақытта кəсіпорын толық қуаттылыққа көшкенде жылына бес мың жүк вагонын құрастыратын болады. Жақын болашақта осы ша һардағы «Пром маш комплект» кəсіпорны темір жол саласына таптырмайтын қосалқы бөлшектер жасаудың толық қуатына көшеді. Бұл облысымыз ғана емес, бүкіл республикамыздың

абыройын асқақтата түсетін жоба боларына еш күмəн жоқ. Облысымызда темір жол паркін жаңарту ісі оң шешімін тапқан. Жаңа тепловоздар, электровоздар мен жолаушылар тасымалдайтын вагондармен толығуда. Облыс əкімінің іскерлігі ар қасында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшылығымен əріптестік қатынас нығайып келеді. Облыс тұрғындары еліміздің рухани астанасы саналатын қасиетті Түркістанға тура бағытта қатынайтын болды. Жақында ғана елордамыз Астанаға қатынайтын «Баянауыл» жанға жайлы электр пойызы заманауи үлгімен жаңартылған 604 орындық вагондармен толықтырылды. Облыс əкімі Ерлан Арынның тікелей араласуымен таяу арада Астана-ПавлодарӨскемен бағытында қатынайтын «Тұлпар-Тальго» пойызы жолға шықпақ. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Қа зақстан-2050» ұзақ мерзімді Стратегиялық құжатында өңір басшыларына нақты міндеттер мен тапсырмалар жүктесе облыс басшылығы осы сенім үдесінен шығуға лайық деп есептейміз. Мен темір жол саласының ардагері ретінде, Қазақстан азаматы ретінде елімнің бү гінгі бет алысына, жарқын болашағына ерекше қуанамын. Гүлденген еліміздің экономикасының тұрақты бола түсуі жолында Павлодар облысында атқарылып жатқан істерге ризашылығымды білдіремін. Əби САРҚЫНШАҚОВ, темір жол саласының ардагері, Қаз КСР-нің еңбек сіңірген көлік қызметкері, КСРО-ның құрметті теміржолшысы.

Нарықтық қатынаста өмір сүріп жатқан əрбір кəсіпкер үшін ең маңызды істің бірі заман көшіне ілесіп, жаңа технологияларды игеру болып табылады. Себебі, бəсекеге қабілетті бола білсең ғана «тасың өрге домалайды». Атабабаларымыздан қалған осы қағида біздерге ерекше бір рух беретіндей.

Іскерлік ілгері бастырады Қазақстан халқына Жолдауында Елбасымыз ауыл шаруашылығын, əсіресе, ауылшаруашылық өніміне өсіп отырған жаһандық сұраныс жағдайында ауқымды жаңғырту қажет екендігін қадап айтқан болатын. Əлемдік азық-түлік нарығының көшбасшысы болу жəне ауылшаруашылық өндірісін арттыру үшін қандай қадамдар жасау керектігін Президенттің өзі нақ тылап берді. Расында да, еліміз əлемдік деңгейдегі мал шаруашылығы жем-шөп базасын құру үшін үлкен əлеуетке ие. Аграрлық секторды жаңғырту күн тəртібіндегі өзекті мəселе болғандықтан өзім басшылық жасайтын «Жаңа қала» шаруа қожалығы уақыт талабына сай жұмыс атқаруда. Олай болмасқа ше?! Мемлекет ауыл шаруашылығын қолдау бағытында айтарлықтай қадамдар жасауда. Ал, біз шаруалар бұған тыңғылықты ісімізбен жауап қайтаруға тиіспіз. Жақында біз «Қазагроқаржы» АҚ арқылы қаржылай кредит алып, шаруашылығымыздың материалдық базасын біраз жаңартып алған жайымыз бар. Жоғарыда аталған акционерлік қоғамның қолдауымен 331,8 миллион теңге қаржы алып сауын фермамызды кеңейттік. Аз шығынмен жоғары өнімділікке қол жеткізудің сара жолы ретінде симментал тұқымды сиырлар басын көбейттік. Ендігі жерде біз сауу процесімен қатар əр сауын сиырдың физиологиялық жағдайын арнайы құрылғы арқылы бақылай аламыз. Үкіметтің ауыл шаруа шылы ғында қайта өңдеу, саудада фермерлік пен шағын жəне орта биз несті дамыту бағытындағы жос парлары біздер үшін зор

Əлеуметтік салаєа назар Гүлнəр БІЛƏЛОВА,

аудан əкімінің орынбасары.

Мемлекеттік бағдарламаларды жергілікті тұрғындар арасында насихаттап, орындалуының жемісін көру – қуаныш. Ауылдарымызда жыл басынан бері 145 нəресте өмірге келді. Ауданда ана мен бала өмірін қорғау жөнінде штаб құрылды. Ауылдарға 6 жас дəрігер келді. Сондай-ақ, Береговой ауылында республикалық бюджет қаржысына дəрігерлік амбулатория құрылысы басталса, аудандық орталық аурухана ғимаратына республикалық бюджеттен 140 миллион теңге бөлініп, күрделі жөндеу жүргізілуде. Өткен жылы ауданның ауылдары арасында «Үздік ауыл», «Үздік көше», «Үздік аула» атты байқау өтіп, қорытынды нəтижесі бойынша жүлделі орынға ие болған үздік ауылға 1 миллион теңге

берілсе, үздік көшеге 200 000 теңге, ал үздік аула номинациясын жеңіп алған үш аулаға 50 000 теңге берілді. Ауылдардың ауласы, көшелері тазалануда. Биыл біз сауықтыру лагерінің бір маусымын табиғат аясында киіз үйлерде ұйымдастырдық. Ауданымызда əлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтар бағдарлама бойынша несие алып, жеке кəсібін ашуға мүмкіндік алды. Песчань ауылында осы бағдарламаның Алма Асаева деген қатысушысы өзінің жеке шаштаразын ашты. Бағдарламаның басқа бағыттары аясында бірнеше ауыл тұрғыны тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Қазір ауданымызда «Жұмыспен қамту-2020», «Балапан», «Дипломмен – ауылға!» бағдарламалары жүзеге асуда. Ауылдық жерде еңбек етемін деп ниет білдірген жастарға 500 мың теңге көлемінде көтермеақы берілсе, аудан

«ҚУАТТЫ ҚАЗАҚСТАН – ҚУАТТЫ ӨҢІРЛЕР»

орталығына келген жас мамандар үшін 300 мың теңге қарастырылған. Сондайақ, мемлекеттік жастар саясатын дамыту мақсатында аудан орталығынан жергілікті бюджет есебінен қаржыландырып «ALDASPAN» жастар орталығын ашып, жастар үшін жаңа жұмыс орнын іске қостық. Сонымен қатар, аудан əкімінің «Рух» жастар сыйлығы тағайындалды. Бұл сыйлық 6 номинация бойынша жеңімпаздарды Тəуелсіздік күні қарсаңында анықтайды. Осылайша, «Үздік мұғалім», «Жас саясаткер», «Жас маман дəрігер», «Ауыл шаруашылығы қызметкері», «Мəдениет қызметкері», «Жас кəсіпкер» атанған жастардың ауданның қоғамдық саяси өміріне белсене атсалысуын мақсат етпекпіз. Өткен жылы ауданымыздың 21 мектебінде 1-ші қазақ сыныптарын аштық. Биыл аралас мектептерден таза қазақ мектептерін ашу

қуаныш. Жер өңдеу мəдениетін өзгерту жəне жаңа ғылыми, технологиялық, басқарушылық жетістіктерді ескере отырып, мал шаруашылығындағы дəстүрлерімізді жаңғырту қажеттігін жүрегімізбен түсінеміз. Технологияның қарыштап дамыған тұсында ауыл шаруашылығы саласын да ғылымсыз көз алдыңа елестету мүмкін емес. Осыны ескере отырып, шетелдік тəжірибелерге сүйеніп, сауын процесін сазды əуенмен жүргізуге қадам жасадық. Бəлкім, түсінбеушілік танытушылар табылып қалар. Дегенмен, Моцарттың əуенімен сауын жасау арқылы өнімділіктің арта түсетініне анық көзіміз жетті. Қазір тəулігіне төрт тоннадан астам сүт тапсырып жатырмыз. Бұл əр сауын сиырдан жылына 3,5 мың кило сүт алуға болады деген сөз. Қол жеткенге тоқмейілсуге болмайды. Алдағы уақытта бұл көрсеткішті 5 мың килоға жеткізуді көздеп отырмыз. Өнімділікті арттыру бірінші кезекте жем-шөп қорына байланысты. Өндірістік шаруашылықты дамыту үшін арнайы жем-азық зауытын салуды қолға алмақпыз. Осы жоспарларымызды жүзеге асыра алғанда ғана аса ірі экспорттық нарықты меңгеруге мүм кіндік туады. Сонда ғана Елба сымыз атап өткендей, біз 2050 жылға қарай ішкі жалпы өнімдегі ауылшаруашылық тауарларының үлесін бес есе арттыруға мүмкіндік аламыз. Ал, бұған жету үшін бізде барлық жағдай жасалынған. Ендігі жерде іскерлік таныту ғана қалды. Қайрат ТҰРЛЫБАЕВ, шаруа қожалығының басшысы. Павлодар ауданы.

жұмыстарын бастадық. Сонымен қатар, жерлес батырларымыз Құдайберген Сұрағанов, Григорий Кравченконың есімдері көшелерге беріледі. Аудан орталығы Тереңкөлде «Тағзым» аллеясы ашылды. Бұл аллея Саяси қуғын-сүргін құрбандарына, ішкі істер органдарында қызмет ету барысында жəне Ауған соғысында қаза болғандарға арналды. Мемлекеттік қызметкерлердің арасында «Абай оқуларын» өткізу дəстүрге айналды. Бұл шараны өткізудегі мақсатымыз, Абай шығармаларын дəріптеу арқылы əртүрлі ұлт өкілдерінен құралған аудан тұрғындарына мемлекеттік тілдің, қазақ тілінің көркемдігін, бай лексикасын насихаттау. Ауылдарда балалар алаңы мен саламатты өмір салтын қалыптастыру жəне бұқаралық спортты дамыту мақсатында жастарға спорттық алаңдар ашылуда. Ал «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының негізінде өткен жылы 24 пəтерлі үйдің құрылысы аяқталды. Қашыр ауданы.

Емхана 70 мыѕ адамєа ќызмет кґрсетеді Ботакөз ТҰРҒАНБАЕВА,

№4 емхана бас дəрігерінің р р орынбасары.

Біз қазір осыдан екі жыл бұрын ашылған жаңа емханада жұмыс жасаймыз. Биыл облысқа сапары кезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев емхананы аралап көріп, дəрігерлермен кездескен болатын. Облыс орталығындағы Усолка шағын ауданында бой көтерген емхана осы аудан тұрғындарының медициналық қызметтерге деген барлық қажеттіліктеріне сай қызмет көрсетуде. Бұл аудан қаланың жаңа келбетіндей жарқырап өркендеп, өсіп келеді. Жаңа тұрғын үйлер, мектептер, балабақшалар, сауда үйлері салынуда. Емханамыз күніне 150 баланы жəне 350 ересек адамдарды қабылдай алады. Заманауи медициналық құрылғылармен – жарақтандырылған. Мəселен, экспрессзертханада талдауларға бір сағаттан аз уақыт жұмсалады. Сондай-ақ, құны 30 миллион теңгені құрайтын заманауи рентген аппараты жұмыс істейді. Денсаулық сақтауды дамытудың «Саламатты

Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде емхана «Электронды тіркеу» тəсілі бойынша қызмет етеді. Дəрігерге қабылдауға онлайн режімінде немесе ғаламтор арқылы да жазылуға болады. Халыққа медициналық қызмет көрсету деңгейін жақсарту – ел дамуының басым бағыттарының бірі. Біздің басты міндетіміз денсаулық сақтау саласында заманауи жүйелерді құру, халыққа сапалы жəне қолжетімді медициналық қызмет көрсету болып табылады. Сонымен қатар, бөлімшелік қызметтер, əр сала мамандарының кабинеті, диагностикалық-зертхана кешені, физиотерапиялық бөлім жəне 30 орынға шақталған күндізгі стационар да орналасқан. Емханада 72 дəрігер мен 119 орташа медициналық қызметкер күнде 500-ге дейін науқас қабылдайды. Емхана сандық рентгенография, флюорография, рентген диагностикасы, мамографиялық аппарат, ультрадыбысты зерттеу сканері, заманауи зертхана құрылғысымен жабдықталған. ПАВЛОДАР.

Айқарма бетті əзірлеген «Егемен Қазақстанның» Павлодар облысындағы меншікті тілшісі Фарида БЫҚАЙ. Суреттерді түсірген В. БУГАЕВ.


6

www.egemen.kz

Отандыќ бизнес ґкілдерініѕ жетістігі Біріккен Араб Əмірліктеріндегі ірі бизнес орталығы Дубайда Халықаралық бизнес конфедерациясының (WORLDCOB) кезекті басқосуынан отандастарымыз ерекше құрметке бөленіп оралды. Қанат ЕСКЕНДІР,

«Егемен Қазақстан».

Штаб-пəтері АҚШ-тың Хьюстон қаласында орналасқан бұл дүниежүзілік ұйым алты бағыт бойынша қызмет көрсетеді. Оның бастылары: іскерліктің жетілгенін халықаралық мойындау, сертификаттардың корпоративті əлеуметтік жауапкершілігін тану, бизнес мəмілелерін жасау, кəсіпкерлік пен іскерлік ақпараттар алмасу жəне тағы басқалары. Соңғы уақытта ғана ұйым Парижде, Гавайда, Лос-Гавоста жəне басқа қалаларда əлемнің алпыс бес елінің іргелі компаниялары мен кəсіпорындары өкілдерін семинарлар мен бизнес-форумдарға шақырды. Кəсіптік даярлықты арттыруға арналған семинарлар өткізді. Əлемдік ұсыныстарды жəне экономикалық жаңалықтарды бірнеше тілде сол сəтте жеткізіп тұратын веб-портал қызметін пайдаланушылар миллиондап саналады. Өз қатарында үш мыңнан астам мүшесі бар. Кейбір мүше корпорациялар мен компанияларда ондаған мың адам жұмыс істейді. Əлемдегі бизнестің дамуын қолдау саласында Халықаралық бизнес конфедерациясы ықпалды жəне жетекші ұйымдардың қатарында тұр. Осы ұйымның соңғы жылдары Қазақстанмен қарым-қатынасы басталып, Қазақстанның іргелі компаниялары тұрмақ, орташа жəне шағын бизнесінің табыстары WORLDCOB арқылы əлемге насихатталып жатыр. – Қазақстанның нарықтық экономиканы табанды түрде жүзеге асырған саясатын білеміз жəне Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл бағытын қолдаймыз, – дейді Халықаралық бизнес конфедерациясының вице-президенті Михаэль Беллидо. – Қазақ елінің іскер топтары мен кəсіпкерлері сауатты жұмыс істейді. Олардың бизнесті ашық жəне халықаралық талаптарға сəйкес жүргізуі біздің конфедерация тарапынан лайықты бағасын алып жүр. Жəне өз тарапымыздан үлкенді-кішілі бизнестің барлық түріне көмек береміз. Ақылкеңестен бастап, технологияның ең соңғы жетістіктеріне дейін ұсынуға дайынбыз. Ұйым жетекшілерінің бұл мəлімдемесі Дубайда қазақстандық бизнес өкілдерімен кездесу бары сында айтылды. Оған Михаэль Беллидомен бірге сертификаттардың корпоративті əлеуметтік жауапкершілігі саласының директоры Даниэль Жавиер мырза да қатысып, өзінің Қазақстанға деген ықыласын жеткізді. Аталмыш халықаралық ұйым-

ның бизнес саласы майталмандарын марапаттау салтанатында мұнай мен газ саласынан бастап, дəрі-дəрмек пен бояу өндірісіне дейінгі сан қырлы өндіріс өкілдері өз еңбектерінің лайықты бағасын алды. Алғашқы құрмет осы басқосуды өз жерінде өткізіп отырған БАƏ компанияларынан басталып, арабтың ұлттық киіміндегі шеруді Оманның, Қатардың, Сауд Арабиясының, Бахрейннің өкілдері жалғастырды. Жеңімпаздар арасында Мысыр, Сирия, Ливия, Алжир жəне Тунистің болмауы да түрлі ойларға жетелейді. Елдің саяси өмірінен маза кетсе, одан алдымен бизнестің зардап шегетіні осы тұста айтпаса да түсінікті болды. Еуропаның жаңа серпінмен дамыған Польша, Венгрия, Румыния сияқты мемлекеттерінің, Латын Америкасының қуатты Бразилиясынан бастап Мексика, Перу, Чили, Венесуэла, Боливия жəне басқа елдерінің түрлі компания, кəсіпорындарының жеткен жетістіктері лайықты марапатқа ие болды. Білім, медицина салаларындағы компаниялар мен ұйымдар да жиі аталып жатты. Орталық жəне Латын Америкасының елдері сонау 2006 жылдан бері WORLDCOB арқылы əлемге танылуды мақсат етіп келеді. Сондықтан оның көрмесі мен

конкурстарына белсенді қатысып, жеңімпаз атануға тырысады. Сахнадан сөз алған өкілдер бизнесті кеңейту мен білімдерін тереңдетуде халықаралық конфедерацияның көмегі көп тигенін айтып өтті. Африка елдерінің өкілдері, оның ішінде мұнайлы Нигерияның, дамыған Оңтүстік Африка Республикасының жетістіктерін айтпағанда, Сенегал, Ботсвана, Мозамбик, Гана, Чад, Замбия сынды елдердің өкілдері біреуі тері өңдеуден, келесісі банк-қаржы істерін ұйымдастырудан, үшіншісі туризмнен өз жетістіктеріне орай құрмет пен қолдауға ие болды. Олардың мұндай беделді награда жолындағы бəсекеге қатысқанына бес жыл болыпты. Технология, машина жасау, ком пьютер мен электронды құралдар шығару саласының лидерлері қатарында Түркия, Камбоджа жəне басқа елдердің аттары аталғанда қонақтар құрметпен қол соқты. ТМД елдері арасында Ресей, Əзербайжан жəне Қазақстан компаниялары топ жарып шықты. Əсіресе, қазақ пен орыс кəсіпорындары мен мекемелерінің аттары көбірек аталды. Бұл да қай елдің қаншалықты деңгейде дамығанын айғақтайды. Қазақ елінен алғашқы болып «Қ.Мəсімовтің ден сауықтыру орталығы» кəсіпорны осы конфедерацияның үлкен жиынына қатысып отыр. Бұл – Қазақстан ғана емес Орталық Азияда алғаш рет туберкулез бен қатерлі ісіктерді жолақ-тест арқылы анықтауды жолға қойған орталық. Ол үшін Оңтүстік Корея өндірушілерімен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Алматыда осындай жолақ-тест таяқшалар шығаратын зауытты іске қосқан. Тест-жолақтары бойынша 17 түрлі ауруды анықтайтын аппараттарды бұған дейін Оңтүстік Кореядан тек АҚШ пен Жапония сияқты ең дамыған елдер сатып алған. Орталық Азия аймағында, тіпті Ресей бастаған Шығыс Еуропада бұл жаңалыққа ешбір елдің қолы жете қоймаған. «Қ.Мəсімовтің ден сауықтыру орталығы» болса Семей, Қызылордадағы онкологиялық ауруларды емдейтін ауруханаларға сұйық цитологиялық диагностикаға арналған екі аппаратты тегін тарту еткен-ді. Əрқайсысы 200 мың доллар болатын мұндай аппараттар басқа да облыстарға жеткізіліп жатыр. Осы еңбектері үшін қазақстандықтар ғана емес, енді міне, əлемнің бизнес марқасқалары да Қажымқан Мəсімов пен кəсіпорынның бас директоры Қалелхан Иманмəдиге қол соғып, құрмет көрсетті.

Араб елінің сахнасында тапсырылған дипломға да, осы басқосуға жіберілген шақыртуға да Халықаралық бизнес конфедерациясының президенті Жозе Морган қол қойған. Өз сөзінде орталық басшысы Қажымқан Мəсімов адамзаттың қатерлі дерттерді ауыздықтау жорығынан тыс қалмай, оған өз үлестерін қосатындықтарын жеткізді жəне Халықаралық бизнес конфедерациясына Қазақ елінің символы болып табылатын қанатты барыс үстіндегі «Алтын адам» мүсінін тарту етті. Əлемдік бизнестің алға озған серкелерін марапатқа бөлеген бұл басқосуда тағы бірнеше қазақстандық бизнес өкілдері сыйсияпатқа ие болды. Мұнай-газ саласында Араб, Нигерия өкілдерімен бірге «Қазгермұнай» бірлескен кəсіпорны лайықты бағасын алса, ал банк, биржа салаларында жетістікке жеткен астаналық, оралдық іскерлер болды. Жəне бір қуаныштысы, Алматы мен Астананың табысы орташа қызметшілері мен студент жастарын арзан, жедел жəне ыстық аспен қамтамасыз етіп отырған «Қағанат» кəсіпорны өз саласында марапатқа ие болып, еліміздің мəртебесін тағы бір биік белестен көрсете білді. АЛМАТЫ.

5 қазан 2013 жыл

(Соңы. Басы 1-бетте). Сонау азаттығымыздың ақ таңында Абылайдың өзі көп жылғы саяси тұтқыннан оралғандай болған-ды. Өшкеніміз жанып, өлгеніміз тіріліп, Абылай тойымен бірге еркіндіктің ақ самалы ескендей болып еді. Сол алғашқы той қанатымен су сепкен қарлығаштың əрекетіндей жанға жылылық əкеліп еді. Содан бері өткен жылдар сол қуанышымыздың баяндылығын танытқандай. Өйткені, тəуелсіздігіміз нық тұғырына қонү кешегі «Егемен Қ ды. Күні Қазақ-

бағады. Алба-жұлба киіміне байланысты «Сабалақ» деген атауын осы кездерде алса керек. – Халық жадындағы Абылай бейнесі де оған деген сүйіспеншілікті айғақтайды емес пе? – Иə, Абылай туралы жырдастандар, аңыз-əңгімелер басқа хандармен салыстырғанда мейлінше көп сақталған. Бірнешеуін жазып алуға ұлы Абай да қатысыпты. Қолжазба қорында Абайдың өз аузынан естігенім деп Мұсылманқұл Жиреншин тапсырған «Абылайдың Əйтеке жыррықпен соғысуы» у атты əңгіме бар. р

АБЫЛАЙ:

кґне шындыќќа жаѕа кґзќарас станнан» қадірменді Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың «Абылай аңсаған азаттық» атты салиқалы да сарабдал мақаласын оқып қуанышты күй кешіп отырмын. Халқының тəуелсіздігі үшін күрескен Абылай есімі, Абылай рухы жасай беретіндігінің бір айғағы осы емес пе?! Осыдан 20 жылдай бұрын құрметті Елбасымызға бір топ зиялы қауым өкілдері Абылай ханның есімін есте қалдыру орайында атқаратын шаралар жөнінде ұсыныс айтып, хат жазып едік. Сол мəселелер де негізінен шешіліп, одан беріде Алматы қаласындағы орталық көшелердің біріне Абылай хан есімі берілді, биік тұғырда ескерткіші орнады. Оңтүстік астанадағы беделді университетке, Көкшетау өңірінде үлкен кентке аты берілді. Енді, міне, 300 жылдық тойы Елбасы ықыласымен, Мемлекеттік хатшының тікелей араласуымен жоғары дəрежеде аталып өтіліп жатса, бұл да мемлекеттің мерейі, елдігіміздің көрінісі демеске лажымыз жоқ. – Абылай ханның қазақ тарихындағы орны, рөлі туралы не айтар едіңіз? – Тарихымыздың бұрынғы əділ қазыларының бірі, Шығыс тарихын зерттеуші ғұлама, атақты академик В.Бартольд айтқандай, Абылай хан ХVIІІ ғасырдағы хандардың ішіндегі ең құдіреттісі болды. Абылай баһадүр хан елдің ауызбірлігін сақтап, халқымыздың басын қосуда, қазақ жерін шапқыншылардан қорғап қалуда, Ресей, Қытай мемлекеттерімен достық қарым-қатынас орнату арқылы қазақ хандығының тəуелсіздігі мен елдігін сақтауда, жалпы қазақ мəмілегерлігінде аса зор қызмет атқарған. Дəл осы ақиқатты неше қайталап айтсақ та артық емес. Көзі тірісінде-ақ аты аңызға айналып, шуақты күні мен қарлы-бораны аралас, аумалы-төкпелі заман ағымына қарай, үш ғасыр бойы елдіктің, ерліктің, тəуелсіздіктің, ауызбірліктің туындай болып, халықтың сана-сезіміне ұялады. Сол себептен де разы болған қазақ халқы оны жү ре гінде сақтады, бейнесіне көлеңке түсірмеді, енді, міне, оның алып тұлғасы ортамызда, төрімізде отыр. «Сол күнде ел қорғаған Абылайдың, Қылсаң да аз қанша тауап моласына», деп қайран Мағжан ақын айтса айтқандай. – Олай болса, баһадүр ханның балалық, жастық шағына, батырлығы мен елге танылуының тұнық бастауларына бір зер салып өтсеңіз? – Болашақ Абылай ханның азан шақырып қойған аты Əбілмансұр. Ол Салқам Жəңгір ханның ұрпағы Көркем Уəли сұлтанның шаңырағында дүниеге келді. Ал енді арғы тегі Шыңғыс хан, Жошы хан, Орыс хан, Əз Жəнібек хандарға барып тірелетіні де ақ таңдай ақиқат. Балалық шағы от пен жалынның, қайғы мен қасіреттің, өлім мен өмірдің ортасында өтті. 1723 жылы қалмақ қонтайшысы Сыбан Раптан 100 мың қолмен қазақ жеріне кіріп, еңбектеген бала мен еңкейген кəріге дейін қырып салды. Қалың ел «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» аталған зұлматқа ұшыраған кезде Əбілмансұр 10 жастың үстіндегі жеткіншек еді. Ол аш-жалаңаш жүріп, қайың сауған елмен, үштен бірінен айырылған, зар жылаған халықпен бірге азапбейнетті, көптің кек пен ызасын, арман-тілегін жамиғатпен бірге арқалаған арда ұлдарының бірі болды. Əбілмансұр жетімдіктің зардабын көп тартады. Үйсін Төле бидің түйесін, атығай-қарауыл елінде Дəулет деген байдың жылқысын

Көкбай ақынға тапсырма беріп «Сабалақ» поэмасын да жаздырған Абай. Аңыз-əңгімелердің бəрінде де Абылайдың түр-түсінен тегін адам емес екендігі білініп тұрады. Сол аңыздарда ол алты күн аш жүрсе де кір ыдыстан тамақ ішпейді. Алдына келген дəмнен жолдастарымен бөліседі. Жай жерге отыра салмайды, астына тақ қылып күпісін төсейді деп сипатталады. Мұның ас тарында Абылайдың көрген тəрбиесі жатыр. Хан сарайында қалыптасқан əдет, дəстүр бойынша ханзада-ханшалар жеті жұрттың тілін білген, қалай жүріп-тұруды, əдепті болуды, мəнерлі сөйлеуге үйренген. Егер Абылай кір ыдыстан тамақ ішпесе, үлкендердің алдынан аттап өтпесе, бірнеше тілде сөйлей білсе, бұл туа біткен қасиет емес, 10 жасқа дейін алып үлгерген тəрбиенің жемісі еді. Үйсін Төле биге байланысты бір аңыз əңгімеде Абылайдың ұйықтап жатқан кезі былай дəріптеледі. Ұйықтағанда түсі жапжарық болып тұрады, шамшырағы бар сияқты. Екі қолын екі жаққа, екі аяғын екі жаққа жіберіп, төрт тағандап, керген төстіктей болып керіліп жатады екен. Мұнысы: «Қолым жеткенше ұстаймын, аяғым жеткенше барамын, дүниенің төрт бұрышын тіреп тұратын ұлымын», дегені дейді. Бұл аңыз да ақиқатқа айналғанын біз білеміз. – Əбілмансұрдың айбарлы Абылайға айналып, атқа қонған шағын көзге бір елестетіңізші? – Өзінің алдындағы төрт бірдей атасы: Көркем Уəли, Қанішер Абылай, Уəли Бақы, Салқам Жəңгір бəрі де қан майданда Қазақ елі, қазақ жері үшін қаза тапқан. Сондықтан, оның бойында жауға, шапқыншыларға деген кектің, ызаның, өшпенділіктің өршуі өте табиғи құбылыс. Сабалақ – Əбілмансұр 18 жасында, шамасы 1729 жылы қалмақтармен болған қанды шайқаста алғаш рет көзге түседі. Жекпе-жекке шыққанда қалмақтың Шарыш деген батырын өлтіріп, жауға «Абылайлап» ат қояды. Міне, осы соғыстан

кейін оның басына бақ қонып, абырой-атағы көтеріліп, Абылай атанған айбынды дəуірі, бұрынғы Əбілмансұрдың қауіп-қатерге, айла-амалға, өжеттік пен ерлікке, көрегендік пен даналыққа толы, халық тағдырымен бірге өрілген тар жол тайғақ кешуі басталды. Сөйтіп, Абылайдың тағдыры туған халқының тағдырымен астарласып, бір бүтін болып, тігісі бөлінбей кетеді. – Абылай заманын қалай сипаттар едік? – Шоқан бабамыз Абылай заманын батырлықтың, серіліктің заманы болды деген ғой. Баһадүр Абылайдың қиын да қилы заманын ақын Мағжан Жұмабаев жан-жүрегімен мейлінше терең ұғынған: Алыстан орыс, қытай – ауыр салмақ, Жақыннан тыншытпайды қалың қалмақ. Артында – ор, алдында – көр, жан-жағы жау Дағдарған алаш енді қайда бармақ? Қазақтың өз хандарының алалығы елді ірітеді, алысқа апармай-

əділ айтылған сөз. Міне, Əуезов дəл сипаттағандай, Абылай заманының бағдарын осы жайлар айқындады. – Абылайдың қалмақ тұтқынында болуы да талай зерттеуге жүк боларлық қатпарлы тарих қой. – XVIII ғасырдың 40-жылдарында да қазақ үшін ең қауіпті жау қалмақтар болып қала берген. Қалмақ қонтайшысы Қалдан-Серен 1740 жылы 15 мың қолмен Ертіс пен Есіл бойында көшіп жүрген Əбілмəмбет ханды шабады. Егер аманат бермесең, сені де құртамын деп Əбілқайыр ханға ескерту жасайды. Ресейден зеңбіректер мен оны ататын зеңбірекшілер сұраған Əбілқайыр: «Əзірге өзімізге де жетпей жатыр», деген жауап алады. Абылай сұлтан бір топ нөкерлерімен Ұлытау маңында саятта жүргенінде қапыда қолға түседі. Тұтқын Абылай үлкен төзімділік, қайрат-жігер көрсетеді, өзі нің ар-намысын таптатқызбай биік ұстайды, бекзадалығын байқатады. 1742 жылдың қыркүйегінде Орынбор комиссиясының төрағасы И.Неплюев орыс мемлекетінің қол астындағы қазақтардың ісіне араласпаңыздар деп ҚалданСеренге хат жазады. «Ұлы мəртебелі патша Ағзамның құрметіне, тату көршілік хақысы үшін сіздің ұлыста ұсталып отырған Абылай сұлтанды босатсаңыз екен?» деп сұрайды. Осы сəлемді жеткізу үшін майор К.Миллер аттанады. Бірақ қонтайшы бізді шешек ауруы басып жатыр деген желеумен оны қабылдамай қояды. Абылай тұтқын болып жатқан осы бір ауыр кезең туралы халқымыздың жадында көп аңыз-əңгімелер сақталған. Ұзақ уақыт жүргізілген келіссөздерден кейін Абылай тұтқыннан босап шығады. Бұл ретте оның өзінің де рөлі аз болмағандығын көптеген жайлар айғақтайды. Қазақтар ұлан-асыр той жасайды. 1743 жылғы тамыз айының соңында Орта жүзге барып қайтқан Иван Лапин: «Аблай, от зюнгарцев с великим награждением отпущен, а именно: дана ему палатка (киіз үй – Ш.У.) шитая золотом, шуба, крытая парчою золотою, палатка железная складная, панцырь и зюнгарскому владельцу в аманаты отвозил» – деп жазады. – Шота аға, айтыңызшы, тарихи деректер көрші елдердің ішкі-сыртқы саясаттарындағы қай шылықты Абылай дың өз пай дасына шебер пайдалана білгенін көрсетпей ме? – Оның рас. 1761 жылы шілдеде қазақ-қытай қарым-қатынасын барлау үшін келген орыс мемлекетінің өкілі Ф.Гордеевтен Абылай орыс патшасының хал-ахуалы жайлы

Абылай баһадүр хан елдің ауызбірлігін сақтап, халқымыздың басын қосуда, қазақ жерін шапқыншылардан қорғап қалуда, Ресей, Қытай мемлекеттерімен достық қарым-қатынас орнату арқылы қазақ хандығының тəуелсіздігі мен елдігін сақтауда, жалпы қазақ мəмілегерлігінде аса зор қызмет атқарған. ды. Көршілер болса, алауыздықты қоздыра түседі. «Сол аласапыран дəуірде, дейді Мұхтар Əуезов, қалың елдің «қайраңдап жан қала ма» деген «Қазығұрттай үміті» жалғыз ғана Абылай басында қалған болатын. Ескі қазақ елдігін, ескі жұрттың тілегін ту көтеріп, бір араға жиған Абылай болатын... Қазақтың жат елге бағынбай, өз елдігін сақтап қалып, іргесін бөлек салуы жаңа саяси бет болды». Өте

хабарды естіп: «Қалай, шет патшаларымен қарым-қатынастарыңыз дұрыс па, олар мазаламай ма? Пруссиямен соғыс қалай бітті? Қытаймен араларыңыз қалай?» деп сұрайды. Абылайдың алыстағы Пруссияда не жұмысы бар еді деп ойлауға болатындай. Анығында олай емес. Абылайдың көрші мемлекеттерде не болып жатқаны туралы мəліметтерді алатын өз жолдары болса керек. Ресейдің

Пруссиямен соғысын сұрауы Еділ бойындағы қалмақтардан орыстар мейлінше қаруланған бес мың атты əскер алмақшы болғанын естігеннен кейін туындап отыр. Қазақ ханы үнемі ата жауы қай тұстан əлсірейді, айнала түсе бастаған құр сауды қай жерден үзуге болады деп толғанған. 1745 жылы Қалдан-Серен өледі. Оның мирасқорлары арасында жоңғар тағы үшін талас басталады. Ақыры Қытай одан кейінгі он үш жыл ішінде қалың қалмақты балашағасына дейін қойдай қырып, бір кезде үлкен мемлекет болған Жоңғарияны құртып тынады. Міне, осы аласапыран жанталас уақытты Абылай да шебер пайдаланып, қазақ хандығының ықпалын, беделін арт тыруға жұмсайды, қазақтың көптеген атамекен жерлерін қайтарып алады. Абылай Ресейге де, Қытайға да қайсыңыздың рақымыңыз түседі деп қарап отырмайды. Мұздай құрсанған, соғыс өнеріне сақадай сай əскер жасақтайды. Ол ұрысқа бірден отыз мыңдай сарбаз шығара алатын халге жетеді. Мақсатқа жету үшін Абылай əрбір жүздегі елдің қадір-құрметіне бөленген ақылгөй азаматтарына арқа сүйеп, қол бастайтын жаужүрек батырларды топтастырған еді. Олар кімдер еді десеңіз: қаракерей Қабанбай, қанжығалы Бөгенбай, Шақшақұлы Жəнібек, шапырашты Наурызбай, уақ Сары, Баян, тарақты Байғозы, шанышқылы Бердіқожа батыр, Олжабай батыр, Балта керей Тұрсынбай батыр, тағы басқалар. – Абылайдың дара қасиеттерін, аңсарлы арманын айтыңызшы? – Мына бір жайға зер салған жөн. Орыс патшалығы Абылай ханның ордасын басып алу ды да ойлаған, оны қанша адам күзететіндігінен де сыр тартып отырған. Бірақ ол кезде Абылайдың беделі де, сақтығы да мол еді. Оның атағы алты алашқа, жеті жұртқа жетіп жатты. Өз халқының болашағын мейлінше терең ой лаған оның іс-əрекеті халық тағ ды рымен астарласып кетті. Ұлы ханның өмірі ауызбірліктің, елдік тің, тəуелсіздіктің, еркіндіктің символындай болып, атын келер ұрпақ жырға қосып, аңызға айналдырды. Ағылшын зерттеушісі Марта Брилл Олкоттың Абылайға берген бағасы зор шындыққа саяды. Оның айтуынша: Абылай – қазақтың соңғы тəуелсіз ханы. Ол хан болу үшін Ресей үкіметіне жүгінген жоқ, одан куəлік құжат сұрамай, билікті тура өз халқының қолынан алды. Абылай кім болды, кім болғысы келді дегенде де, бір нəрсе айдан айқын. Ол өзінің алдағыны болжай білетін көреген саясатшы екенін дəлелдей білген. Абылай жетпіске келіп, ауру меңдеп, дүниеден аттанайын деп жатқанда Бұқар жырауды шақыртыпты дейді тағы бір аңыз. Көмекей жыраумен бақұлдасқан Абылай үш арманын айтқан екен: – Менің тұсымда қан көп төгілді. Мен төкпесем, дұшпан менің қанымды төгетін еді... – Халқым жер емшегін еме алмады, қала, кент салғызып үлгермедім... – Елдің басы аса бірікпеді, тентегі, телісі көп болды... Абылай ханның ұлы арманы ендігі жерде ұрпағының, біздің мойнымызда. Бабамыздың майдан алаңында қанын төгіп, қолында берік ұстаған бостандық туын жықпау – Қазақ елінің ұлы мұраты. Ол ту мəңгілік жығылмайды да деп білеміз. Абылайдың дана жолы Нұрсұлтанның нұрлы жолына айналғаны қазақ халқына баянды бақыт əкелді. Бұл жайында «Абылай аңсаған азаттық» атты күні кешегі мақаласында Қазақстан Республикасының Президенті өте жақсы айтты. Көк байрағымыз Абылай арманының биік шыңында мəңгілік желбіресін. – Əңгімеңізге рахмет. Əңгімелескен Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан». АЛМАТЫ.


5 қазан 2013 жыл

www.egemen.kz

● Əдебиеттің əңгімесі

А

лаш жұртының тілегін ту ғып кө тер ген, намыс қып қайраған, қысылғанда қай қазақ болмасын есімін медет көрген, XVIII ғасырда жоңғар езгісінде жұтылуға шақ қалғанда азаттық туын көтерген хан Абылайдың есімі елдің жүрегіне ала бөтен жақын. Оның батылдығы, қарағайға қарсы біткен бұтақтай қайсарлығы, даналығы, сергек те сезімтал көрегендігі туралы ел арасына кең тараған ғажайып аңыз-əңгімелер, шытырман хикаялар, тамаша жыр-дастандар аз емес. «...Өзге ел өкілдеріне қазақ хандары ішінен неғұрлым əйгілісі де, халық əде биетінде көркем бейнесі жарқын мадақталғаны да Абылай екені кəміл... Ол жөніндегі көне сөздердің көптігі соншалық Абылайнама деп атарлық мол туындылар шоғыры жасалған. Орыс халқының тарихында былина – жырлардың ең көбі ертедегі «күн дидарлы князь» Владимир дəуіріне арналған десек, қазақтың тарихи-этикалық өлең-жырларының аса көрнекті бөлігі де Абылай жəне оның айналасындағы батырларға, билерге, шешендерге бағышталған...» деп, жазды белгілі əдебиет зерттеушісі, профессор Рахманқұл Бердібаев (Абылай хан. Алматы. «Жазушы» 1993, 4-бет). Тəтіғара жыраудың «Кебеже қарын, кең құрсақ» деп басталатын жырында Цинь империясы мен Абылай жасақтары арасында болған шабуыл сипатталады. «Кебеже қарын, кең құрсақ Артық туған Абылай Көтере көр бұл істі: Көп қытайдың жылқысы, Тұрымтайдай құнысты, Жау жағадан алғанда, Ит етектен алғанда, Ер Абылай қорыққан жоқ, Əшейін еңкейе бере жылысты. Бəсентиін Олжабай, Оны да мен ер көрдім, Оқ жіберіп ұрысты». Абылай бастаған қазақ əскерлері сан жағынан күші басым қытай-мəнжүр əскерлерімен табан тіреп ұрыс сала алмай, шегіне соғысады. Сарбаздардың еңсесі түскенін көрген Тəтіғара жырау олардың жауынгерлік рухын көтеріп, намысын қайрау үшін, осы жырды табан астында суырып салып, жырлаған. Бұл жырды кезінде қазақ ғалымы Шоқан Уəлиханов орыс тіліне қара сөзбен аударған. Жырдағы оқиға 1756 жылы болған. «Дана əмірші, көреген дипломат Абылай шығыстан шыққан жаңа жұрттың топан суындай қауіпті екенін бірден таниды, оны тоқтату үшін қажыр-қайратпен қоса, ақыл-парасат, əдіс-айла керегін, бірер күндік емес, ұзақ заманға есептелген жүйелі саясат қажетін жақсы біледі. Сондықтан да Жоңғариядағы Цинь басқыншылығына қарсы күреске дем береді. Қазақ ордасының əскери күшін топтап, жанкешті ұрысқа əзірленеді. Ақыры, 1756 жылы жазда Мəнжу-Цинь əскері Хадаха жəне Дардана дейтін қолбасыларының басшылығымен оңтүстік жəне терістік тараптан, екі лек болып, қазақ даласына қарай қаптай төгілгенде, Абылай үш алаштан құралған қалың қолды бастап, қарсы шығады. 1756 -1757 жылдардағы қазақ-қытай соғысының тарихы əлі жазылған жоқ. Бұл біздің қаһарман халқымыздың ерлік шежіресіндегі өзгеше бір тарау. Соңғы кезде табылған нақты тарихи құжаттарға қарағанда, жаз бойғы қантөгіс – алма-кезек шабуыл, итжығыс күрес үстінде өтеді. Қазақтармен бірге Əмірсана бастаған қалмақ шерігі де қайтпай соғысады. Абылай басшылық еткен алаш əскері əуелі Жетісуда Қалмақ-Толағай тауының етегінде, одан соң Аягөз бойында Цинь əскерлеріне ауыр соққылар береді. (Мұхтар Мағауин. Қазақ тарихының əліппесі. Алматы «Қазақстан» 1995, 117б). Үмбетей жыраудың Бөгенбайға қатысты екі ұзақ жыры сақталған. Мұның біріншісі – Бөгенбайды жоқтау да, екіншісі – Бөгенбай өлімін Абылай ханға естірту. Жоқтау жырында: «Қолтығы ала бұғының Пəйкесіндей Бөгенбай, Жалаң қия жерлерден Жазбай түсіп түлкі алған, Білегі жуан бүркіттің Тегеуріндей Бөгенбай», – деп, батырды азалайды, көзінің жасын көл қылады, батырдың халқына жасаған жақсылықтарын айтып, мадақтайды. Екінші жыр естірту түрінде келеді. Үмбетей алдымен Абылай өмірін, халық басындағы ауыр жайларды толғап, одан соң қуанышты күндер, жеңісті жорықтар, батырлардың көрсеткен ерліктерін мадақтайды. Абылайдың өз басының ерліктері санамаланады. «Жиырма жасың толғанда, Қалмақпен соғыс болғанда Алғашқы бақты тапқанда Шарыштың басын қаққанда, Қанжығаңа бас байлап, «Жау қашты», деп айғайлап, «Абылайлап шапқанда...». «Үмбетей шығармасы жырау кеңінен толғаған себепті əдепкі салт өлеңнің көлемінен шығып кеткен. Жырдан сол кезде болған тарихи оқиғалардың біразының елесін көреміз. Жырдың бас жағында Абылайдың жайы, оның «Сарыарқаны жерім деп, қалың қазақ елім деп» Үркеніштен келгендігі, алғашында Төле бидің түйесін бағып жүргендігі, ер жетіп бұғанасы қатқан соң, ойраттармен күрес дəуірінде көзге түскендігі айтылады. ...Сол сияқты, Абылайдың Ташкентте қалмақ тұтқынында болуының жайы сөз етіледі. Қазақтардың сырт жауларға қарсы жасалған сəтті жорықтарының кейбірі еске алынады. Сол замандағы дұшпанды

мұқатқан қаракерей Қабанбай, қанжығалы Бөгенбай, Сары, Баян, Сағымбай сияқты батырлардың ерлігі мадақталады. Мұның бəрі бізге ел жадында сақталған тарихи əңгімелер мен поэмалардан да белгілі. Осыларға қарағанда, Үмбетейдің Абылай жəне XVIII ғасыр батырлары жайындағы жырларды туғызушылардың бірі болғандығы көрінеді» (Мұхтар Мағауин. Ғасырлар бедері. А., 1991, 79-80-б.б). 1760 жылдардың аяғында Орта жүз бен Ұлы жүздің батыс бөлігінің Абылайдың

мұндай жағдай мүлде аз не болмаса кездеспейді. Көп жағдайда Бұқар жырау мұраларының тарихи қатпарларына қазақ əдебиетінің тарихын зерттеуші əдебиетші ғалымдар ғана көңіл бөліп келді. Тəуелсіздік алған жылдардан бастап, академик Манаш Қозыбаев бастаған тарихшы ғалымдар Бұқар жырау жырларындағы тарихи шындық қатпарларына ғылыми зердемен үңіле бастады. Бұл үрдіс болашақта да жалғаса беруге тиіс. Бұқар жырларынан көптеген тари-

Бұл шаралар, бірақ, тездетіп жүзеге аса қоймайды. Сөйтіп, Еділ қалмақтары 1771 жылдың 5 қаңтарында Алтайға қарай бет түзейді (Очерки истории Калмыцкой АССР. Дооктябрьский период. М., Наука, 1967. С. 200-202). Мұны көрген орыс мемлекеті оларды кері қайтару үшін Орск бекінісінен генерал-майор Трауренберг бастаған əскер шығарады. Бұл əскер Нұралы, Қайып, Есім, Пірəлі, т.б. қазақ билеушілерінің сарбаздарымен кей тұста біріге отырып, кей жерде өз беттерімен

Жыраулар поэзиясындаєы басты бейне

қол астына қарауына орай оның ықпалы бұрынғыдан да гөрі арта түседі. Мұнан кейін ол 1770 жылы қалың қол жиып Талас пен Шу бойының қырғыздарын тəуелді етеді. Аманатқа адамдарын алады. Қазақ ханы қырғыздардың қайта күшейіп кетуінен қауіптеніп, олардың бір сыпырасын Орта жүз қоныстанған Қазақстанның солтүстігіне апарып қоныстандырады. Үмбетей жырлауындағы қырғыздар мен қазақтар арасындағы екі айқас – Барақ қолының жеңілісі мен Абылай жасақтаған көп əскердің 1770 жылғы жеңісі жайлы екендігі күмəнсіз. Ал, жалпы сол кезең оқиғасы ауыз əдебиетінде біраз із қалдырған. (Валиханов.Ч.Ч. Собрание сочинений в пяти томах. Т. 1. Алма - Ата, 1961. С. 172-180; Казахский фольклор в собрании Г.Н.Потанина. Алма - Ата: Наука, 1972. С. 263-264). Абылай хан бейнесін өз туындыларына өзек еткен көптеген ақын, жыршы, жыраулардың бастауында тұрған Бұқар жыраудың жыр-толғауларының орны ерекше екендігін айтқымыз келеді. Абылай ханға арналған Бұқар жырау жырларының тамаша да əсерлі көркемдік құндылықтарын əңгіме етпеген күннің өзінде өз дəуірінің, заманының тарихи шындығының тамырына бойлаған реалистік қуатты терең бояулар Бұқар жырау жырларының құжаттық мəнін айрықша көтеріп тұр. Көп жағдайларда біздің тарихшы зерттеушілеріміз XVIII ғасыр тарихына қатысты зерттеулерде өзге ел саяхатшы, зерттеушілерінің жазба деректеріне сүйеніп келгені шындық. Соңғы он жылдықтың көлемінде ғана тарихшы мамандарымыз Бұқар жырау дастандарының тарихи негіздеріне көңіл аудара бастады. Үнді тарихын ағылшындардың көзімен емес, үнділердің көзімен қайта жазу керек – деген Джавахарлал Нерудің ұлағатты сөздерін еске алсақ, бізге де өз төл тарихымызды, сол тарихтың куəгері боларлық, қайнар бастауларға, сол дəуірдің тірі айғақтары ақын-жыраулар мұраларына ғылыми зердемен көз жүгіртіп, саралапөлшейтін мезгіл жеткен сияқты. Осы тұрғыдан келгенде Абылай ханның жарқын тұлғасын бар қайшылықты болмысын, ол өмір сүрген заманның алмағайып тынысын жан-жақты көркем бедерлей алған Бұқар жырау мұраларының тарихилық сипаты ғылыми тұрғыдан келгенде бүгінгі күндері өлшеусіз өсе түсетіні даусыз. Əсіресе, бір орталыққа бағынатын күшті қазақ хандығын құру идеясы жолында табанды мемлекет қайраткері бола білген Абылай ханның шынайы тарихи болмысын, оның адами ішкі жан дүниесін, пендешілік осал жақтары мен туған халқының болашағы үшін қайтпайтын қайсар рухын диалектикалық тұрғыда таразылауда Бұқар сөздерінің мəні ерекше. Бұқар жыр-дастандарына ең алғаш ғылыми мəн берген Шоқан Уəлиханов болатын. Бертін кездегі ғылыми еңбектерде

хи оқиғалардың ізін көруге болады. Жоңғар мемлекетін жойғаннан кейін Цинь империясы ендігі шекарасын қазақ жеріне сұғына кіріп кеңейтпекші болады. Осы мақсатта Цинь императоры Чжао Хой мен Фу Де генералдар басқарған 90 мың əскер қытай шеріктері қазақ жеріне жылжыған. Мұндай шабуылдар жиілеп басқыншылық саясат толастамайды. Осы кезде Абылай хан Бөгенбай батырды бас етіп, Қытай əскеріне қарсы шабуылға шығады. Бөгенбайдың қолы Цинь əскерін талқандап Тұрфанға дейін ығыстырады. Осы тарихи оқиғаны Бұқар: Сүйеуге арқа жарайды, Мынау көрші орысың. Сəтсіздеу боп тынып тұр, Боғдыханмен соғысың. Тұрфанды шапты Бөгенбай, Жаратамын сол ісін. Батыр аңғырт десек те, Көрсеткендей ел күшін, – деп сүйсіне жырлайды. Тарихи оқиғаларды негіз еткен, Абылайдың жеке басын дəріптеген Бұқардың «Күпшек санды күреңді», «Қалданменен ұрысып», «Басыңа біткен күніңіз» атты үш жыры бар. Бұл тарихи жырлар 1771 жылы Алтайға қоныс аударған Еділ бойы қалмақтарына қатысты «Шаңды жорық» оқиғасына байланысты шығарылған. Бұқар жырау бұл жайлы Абылайға қаратып айтатын үш шығармасында да сөз етеді. Мысалы: Қырық сан қара қалмақты, Жарлығына қаратқан... Лабашы деген бір елді Антыменен улатқан. Ераншы мен Серенді, Тозғындатып шулатқан... Жасыл көлге мəслихатқа келтіріп, – дейтін жолдардың басқа жұрт емес, Еділ қалмақтары жайлы сыр шертетіні хақ. Енді осы жолдардың астарына үңіліп көрейік. Ресей мемлекеті XVIII ғасырдың алғашқы жартысында Еділ бойында отарлау саясатын жүзеге асыра бастады. Патша үкіметінің тек орыс дворяндарының ғана емес, көпестердің де мүддесін көздеген бұл қадамы қалмақтарға қолайлы тимейді. 1731-1732 жылдары Дон казактарының мыңнан астам отбасы Еділ мен Илі (Иловлей) өзендерінің аралығына кеп қоныстанады. (Очерки истории Калмыцкой АССР. Дооктябрьский период. М., Наука, 1967. С. 196). Көп ұзамай Жайық бойында да казак станицалары бой көтеріп, қалмақтар қоныстанған өлкенің солтүстігіне немістер келіп орнықты. Мұның өзі қалмақ феодалдарының қоныстарын біраз тарылтады. Соған төзім ете алмаған торғауыт ханы Убаши 1766 жылдары Астрахань губернаторы Н.А.Бекетовке кеп осы жайды екі дүркін мəлімдеп, шағым етеді. Осыдан кейін патша өкіметі даулы аудандарды картаға түсіріп, қалмақтар қонысының шекарасын межелеуге бекінеді (Пальмов. Н.Н. Этюды по истории приволжских калмыков. Ч. V. Астрахань. 1932. С. 3-4).

қашқандардың соңынан біраз жерге дейін қуып барып, кері оралады (Рычков.Н. Дневные записи путешествия капитана Н.Рычкова в киргиз-кайсацкой степи в 1771 году. СПб, 1772. С. 319.). Қашқан халық кері қайтпағанмен сол жолда ата жауларының қарсылығына кезігіп көп шығынға ұшырайды. Əсіресе, қалмақтар үшін қиын тиген кез – олардың Мойынты өзеніне жеткен мезгілінде болған сияқты. Өйткені, осы жерде Убаши жұртын Абылай, Нұралы, Орыс, Əділ қолы қоршауға алады. Жоңғарияға барар жол кесіледі. Амалы құрыған торғауыт ханы Абылайға елшілер жіберіп, бодандық сұрайды. Өз қолындағы бір мыңнан астам тұтқындарды қайтаратындығын мəлімдеп, көшіп-қонып жүру үшін қоныс сұрайды. Осының нəтижесінде екі жақ келісімге кеп, қалмақтарға тұтқындарды қайтару үшін үш күндік мұрсат беріледі. Бірақ, қалмақтар үшінші күннің түнінде күтпеген жерден қазақтарға тап береді де, қарсыластарын біраз қаймықтырып алып, Балқаштың батыс бетімен ілгері қарай бет түзейді. Əйтсе де олар сол жолы орасан көп адамдары мен малдарынан айырылады. (Очерки историй Калмыцкой АССР. Дооктябрьский период. М., Наука, 1967. С. 217-218). Демек, Бұқар жырау бұл жерде «Жарлығына қаратқан... Антыменен улатқан» деген сөздер арқылы тарихи фактіні дəл көрсетіп отыр. Бір қарағанда торғауытты тізе бүктіріп, əмірін жүргізген билеуші деген сөз артықтау сияқты көрінгенмен түптеп келгенде оның жоғарыдағыдай тарихи негізі бар. Ал, жыраудың «қырық сан қара қалмақ» деген мəліметіне, яки сол жолы Еділден Алтайға қоныс аударған Убаши жұртының санына келсек, бұның өзінің осы мəселеге қалам тартқан авторларда əрқилы көрсетіліп жүргенін айта кеткен жөн. Мəселен, Н.Рычков пен А.Макшеев оларды отыз мың үй, яки жүз жиырма мыңдай адам еді деп жазады. (Рычков.Н. Дневные записи путешествия капитана Н.Рычкова в киргиз-кайсацкой степи в 1771 году. СПб, 1772. С. 55; Макшеев.А. Исторический обзор Туркестана и наступательного движения в него русских. СПб. 1890. С. 107.) Ал, Иакинф Бичурин сол кездегі Убаши ханның қарамағында 580 мың түтін бар еді. Белгілі шеруде олардың үш жүз мыңдайы опат болып, екі жүз сексен мыңдай адамы ғана Алтайға жетті. Малының үштен екісі жолда қырылды деп көрсетеді (Иакинф. Описание Чжунгарии и Восточного Туркестана в древнем и нынешнем состоянии. СПб, 1829. С. 186189, 192-193.) Яғни, бұл соңғы мəлімет Бұқар жыраудағы «Қырық сан» тіркесін, яки төрт жүз мыңдық адамды бес жүз сексен мыңға жеткізіп, көтеріңкіреп көрсетеді. Соған қарағанда жырау бұл туралы да бір шамадан соққан деп есептеуге болады. Əрине, Бұқар Абылай қасындағы адам болғанмен оның қолында торғауыттардың дəл саны болмағаны анық. Жыраудың сол сөзді тұтқынға түскен қалмақтардың өздері жайлы берген мəліметтері арқылы ғана айтуы мүмкін. Əйтпесе, қазақтың ауызекі сөзінде көп айтылатын қырық сан сөзін жырау мұқаған жауының санын біраз өсіріңкіреп көрсету үшін пайдалануы да ғажап емес. Осы 1771 жылғы «шаңды жорықта» Абылайдың көптеген батырлары ерлік көрсетіп, жаудың құтын қашырғандығы айтылады. Жырау олардың есімдерін былайша тізбелейді: Қалданменен ұрысып, Жеті күндей тұрысып, Сондағы жолдас адамдар: Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақұлы Жəнібек, Сіргелі қара Тілеуке, Қарақалпақ Қылышбек, Текеден шыққан Сатай, Бөлек, Шапырашты Наурызбай, Қаумен, Дəлет, Жəпек батыр қасында, Бақ дəулеті басында. Сеңкібай мен Шойбек бар, Таңсық Қожа, Мəмбет бар, Қасқараудан Молдабай, Қатардан жақсы қалдырмай, Есенқұл батыр ішінде, Дукей батыр жиылып, Абылай салды жарлықты. Абылайды ақсүйектері мен батырларына барлық олжаны үлестіруші қылып көрсетеді. Сонымен бірге, осы жолғы

дүние-мүлік бөлісуде Абылайдың өзіне енші боп тиген қалмақ қызынан Қасым туғандығын хабарлайды. Абылайдың сол ұлына құтты болсын айта барғандар атынан Бұқар жырау, сондағы қанды жорықты, ондағы Абылай қасында болған Қабанбай, Бөгенбай, Жəнібек, Тілеуке, Қылышбек, Сатай, Бөлек, Наурызбай, Қаумен, Дəлет, Жəпек, Сеңкібай, Шойбек, Таңсық, Қожа, Мəмбет, Молдабай, Есенқұл батырлардың есімдерін атай келіп, Қасымның шешесінің сонда қолға түскен тұтқын қыз «бөліске түскен олжаның» ең негізгісі, басы екенін аңғартады. Одан əрі жырау: – Басыңа біткен күніңіз, Құтты болсын ұлыңыз, Хан Абылай атандың, Дүниеден шықпай мініңіз. Алтын тақтың үстінде, Үш жүздің басын құрадың. Жетім менен жесірге, Ешбір жаман қылмадың. Əділетпен жүрдіңіз, Əдепті еске кірдіңіз. Арманың бар ма, хан ием? Мəртебелі төбеге, Жауыңды алып жайладың, Жеті күн кіріп ұрысқа, Өлімге басты байладың. Айтар сөзім осы - дүр, Ақылың бар хан едің, Мұның түбін ойлағын, – деп, міне, енді сол перзентіңіздің бауы берік болсын, сол жолы «жеті күн кіріп ұрысқа» жауыңның жанын жаһаннамға кетірген сенің «арманың бар ма хан ием?» – дейді. Бұқар жыраудың Абылайға айтқан өсиет сөздерінің ең үлкені ел бірлігі. Қазақтардың жер бетінен жоғалып кетпей іргелі ел болуы үшін, дұшпандары ығатындай айбарлы күш болуы үшін де мемлекеттік саясаттың ең бастысы, маңыздысы елдің «алтыбақан алауыз» болмай, «іштей ірімей» тұтаса ұйысуы үшін де ел бірлігінің қажет екенін үнемі жырлаудан əсте тынбаған. Кіші қара қалмақ бүлерде Бозылардың билігі, Бұлт бұрқан болысты, Уағыдадан жылысты, Буыршындай тіздесті, Жамандықты іздесті Бірін-бірі күндесті. Жаулаған ханын қара оңбас, Хан қисайса бəрі оңбас, Ханын қалмақ жаулаған Сүйткен қалмақ оңбаған. Жырау ойрат жұртының бүлінер, бұлғақ басталар тұсында олардың билігіне «бұлт бұрқанның» келгенін айтады. Бұл жоңғар билігіне Лама-Доржыны өлтіріп таққа отырған Даваци (Дабашы) мен Əмірсана екеуінің арасындағы билік үшін қырқыстың басталған кезі. Дабашы мен Əмірсана Сыбан Раптанның Тибет билеушісіне ұзатылған қызынан туған жиендері, Тибет ханзадалары еді. Жоңғар дəстүрі бойынша жиендер де ұлдан туған хан тұқымдарымен бірдей таққа мұрагер бола беретін. Қалдан Сереннің бұл жиендері Тибет далай ламасының тəрбиесін көрген діни білім мен тəрбие алған, діни атақ, лауазымдарға ие болатын. Бұқардың айтып отырған «бұлт бұрқаны» осындай діни лауазым болар деп топшылаймыз. Себебі «бұрқан» сөзі ежелгі түркі, қазақ тілдерінде «будда» ұғымын береді. Əр нəрседен білімі мол, көпті көрген Бұқар сөзі осыны меңзесе керек. Даваци мен Əмірсананың билік үшін қырқысуы қалмақ жұртын тоз-тоз қылады. Бұл орайда жырау ойрат билеушілері Даваци мен Əмірсананың тақ үшін таласып, қарақан бастарының қамы үшін ел қамын, оның бірлігінің қажет екенін ұқпай ақыр соңында Цинь, манжур езушілерінің жеміне айналған жан шошырлық трагедиясын ханның да, халықтың да үнемі есіне салып отырады. Орта Азия хандарының ішінде өзінің дипломатиялық шеберлігімен, ақылды терең саясатымен Абылай хан өз тұстастарынан, ерекшелене көзге түседі. Ресей мен Қытай секілді екі алыптың арасында жұтылып кетпей, екеуінің де көңілін табатын ақылды саясат жүргізіп, халқының болашағын ойлау өте қиын іс еді. Орыстың зерттеуші ғалымы Левшин Абылай туралы: «Абылай тəжірибелі, ақыл-айласы жағынан болсын, сондай-ақ, өзінің Ресей патшалығымен, Қытайдың Боғдыханымен жүргізген тапқыр да, шебер қарым-қатынастары жағынан болсын өз тұстарындағылардың бəрінен де басым еді. Ол ұстамды, досына қайырымды, жауына қатал, қаһарлы кісі еді. Сондықтан жұртты өзіне тарта, ерте білетін еді», – деп мінездеме береді. (Левшин.А. Описание киргиз-кайсацких орд и степей. СПб, 1832). Бұқар жырау да Абылайдың кемеңгер ел билеушісі ретіндегі қасиет - болмысын: Хан Абылай атандың, Дүниеден шықпай мініңіз. Алтын тақтың үстінде, Үш жүздің басын құрадың. Жетім менен жесірге, Ешбір жаман қылмадың. Əділетпен жүрдіңіз, Əдепті іске кірдіңіз – деп, жоғары бағалайды. Сөз соңында айтарымыз XVIII ғасырдағы қазақ жыраулары өз шығармаларында, толғау-жырларында алаш жұртының қамы үшін ер Едігедей арпалысып өткен қазақтың əулие ханы Абылайдың кейінгі ұрпақтың жадынан шықпас өшпес тұлғасын, жарқын бейнесін мəңгі сомдап кетті. Сəбит ЖƏМБЕК, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Төлеген КАЖЫБАЙ, жазушы. КӨКШЕТАУ.

7 Бразилияєа алєашќы сапар Латын Америкасы елдеріне турнені ќорытындылады

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов өзінің Оңтүстік Америка елдеріне сапарын аяқтады. Сапардың соңғы мəресі Бразилия болды. Ол онда елдің астанасы – Бразилиа қаласында ресми кездесулер өткізіп, Бразилияның индустриялыққаржылық орталығы болып табылатын Сан-Паулу қаласында алғаш рет ұйымдастырылған ҚазақстанБразилия бизнес-форумына қатысты, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі. БФР СІМ-інде өткен келіссөздер аясында екі елдің сыртқы саясат ведомстволарының басшылары жаһандық мəселелер жиынтығы мен екіжақты ынтымақтастық мəселелерін талқылады. Л.Фигейреду екі мемлекет арасында дипломатиялық қарымқатынас орнауының 20 жылдығы қарсаңында Бразилия аймағына қазақстандық министрдің алғаш рет ресми сапар жасап отырғанын атап өтті. Қазақстан мен Бразилия арасындағы серіктестіктің тарихы бай. Елбасының 2007 жылы Бразилия мемлекетіне жасаған сапары екі аймақтық көшбасшылардың қарым-қатынасын əріптестік деңгейіне көтерді. БФР Президенті Л.И.Лула да Сильваның 2009 жылы Қазақстанға сапары бұл əріптестікті нығайта түсті. Бразилия аймақтың ірі экономикасы мен G-20 жəне БРИКС клубының мүшесі бола отырып, соңғы жылдары жаһандық деңгейде маңызды ойыншы болып табылады. Қазақстан бұл мемлекетпен ауыл шаруашылығы, машина жасау, түрлі саладағы жоғары технологиялар, азаматтық авиация мен энергия өндірісі секілді көптеген салаларда ынтымақтасуда. Қазіргі таңда қазақстандық əуе компаниялары сыйымдылығы 110 жолаушы болатын орта магистральді реактивті ұшақтар секторында көшбасшылардың бірі болып табылатын бразилиялық «Эмбраер» ұшағын иеленуде. Итамарачидегі (БФР СІМ ғимараты) келіссөз нəтижесінде екі елдің министрлері келесі құжаттарға: Екіжақты саяси, экономикалық, сауда жəне инвестициялық үнқатысу жөніндегі меморандум мен Спорт саласындағы ынтымақтастық меморандумына қол қойып, Жаһандық сипатындағы екі елдің ұстанымы мен екіжақты мəселелер қамтылған бірлескен мəлімдеме қабылдады. Өзінің Бразилиа қаласына сапары аясында Е.Ыдырысов Рио-Бранко атындағы Дипломатиялық академияның тыңдармандары мен профессорлықоқытушылар құрамының алдында сөз сөйледі. Бразилиялық жас дипломаттар қазіргі Қазақстан жайлы терең білімдерін көрсетіп, ҚР-ның əлеуметтік-экономикалық реформаларымен, еліміздің тарихымен таныс екендіктерін байқатты жəне көршілес мемлекеттермен қарымқатынастарымызға, аймақтық бірлестіктегі рөлімізге, Қазақстанның сыртқы саясатындағы басымдықтарына қызығушылық танытты. Рио-Бранко атындағы Дипломатиялық академия БФР СІМ-нің құрамына кіріп, аймақтағы жетекші мамандандырылған оқу орны болып табылады. Бұл академияда Еуропа, Азия, Африкадан келген студенттер оқиды. Е.Ыдырысов бразилиялық əріптесі Луис Альберту Фигейредумен РиоБранко атындағы Дипломатиялық академиясы мен ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының дипломатиялық институты арасындағы серіктестік туралы меморандумға қол қойды. Бразилия астанасына сапарының ресми бағдарламасы Қазақстанның Дипломатиялық өкілдігінің салтанатты ашылу рəсімімен аяқталды. Аталған іс-шараға БФР Сыртқы істер министрі, Бразилия астанасының мэрі Бразилия қоғамдық-саяси жəне іскер топтарының өкілдері қатысты. Рəсім барысында Е.Ыдырысов өзінің бразилиялық əріптесі Л.Фигейредумен бірге Екі елдің азаматтарына визалық талаптарды жою туралы келісімге қол қойды. Министрлер келісім күшіне енген сəттен бастап екі ел азаматтарының визалық рəсімдерсіз Қазақстан мен Бразилия елдеріне емін-еркін баруларына болатындығын атап өтті. Сан-Паулу қаласында қазақстандық министр Бразилиядағы “Fiesp” өнеркəсіпшілердің ірі федерациясының қолдауымен “Kaznex Invest” экспорттар жəне инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі тарапынан ұйымдастырылған Қазақстан-Бразилия бизнес-форумына қатысты. Қазақстандық СІМ басшысының сапары жергілікті БАҚ-тардың да қызығушылығын тудырды. Сапары барысында Е.Ыдырысов «Бразилия ТВ», «Сенат ТВ» сияқты танымал телеарналарға, сондай-ақ, бірнеше бразилиялық газеттерге сұхбат берді. Журналистерді қызықтырған басты тақырып Қазақстанның халықаралық мəселелерге деген көзқарасы болды.


8

www.egemen.kz

5 қазан 2013 жыл

 6 қазан – Мұғалім күні

БІЛІМ НƏРІН, ТƏРБИЕ-ТƏЛІМ БЕРГЕН Тəуелсіз мемлекетіміздің басшысы Нұрсұлтан Назарбаев: «Өз Отанының патриоты болу дегеніміз – Қазақстанды жан жү ре гіңмен сүйе білу», деген еді. Шынында, Отан деген ұлы ұғымды ардақтап, егемен елдің ертеңіне ие болатын жастарға білім беріп, тəрбие үйрету мұғалімдер қауымына жүктелген. Əрине, балаға сабақ беретін мұғалім аз емес. Бірақ солардың ішінен ерекше көзге түскендерін жұрт ұстаз деп ардақтайды. Бұл ақиқат баға. Біздің ұжымда да сондай ұстазымыз болған. Ол 22 жыл бойы білім ордамызды басқарған

Талапќа сай талпыныс Жақып Баймұқанов болатын. Ол кісі осы жылдың басында өмірден озды. Сол ұстазымыздың үлгісін жалғап, абзал ісін ілгері дамытудамыз. Мектебімізде өткен жылы 546 оқушы оқыса, биыл оның саны 621-ге көбейді. Талапкерлер білім ұясындағы оқуымен қатар, халықаралық олимпиадаларға да атсалысып келеді. Мысалы, «Ақбота» интеллектуалдық

Арғы ғасырдағы ұлы баба ларының ұлылығын кешегі ХХ ғасырда жаңғыртып, қазақ тобыр да, обыр да емес қалыбын бұзбаған халық, таны, біл деп соны батырлығымен, батылдығымен танытқан Бауыржан Момышұлы: «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тəрбиелейді, болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тəрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз» деген екен. Мұғалімдер күні елорда төріндегі «Шабыт» шығармашылық сарайында ерекше аталып өтті. Білім жəне ғылым министрі Аслан Сəрінжіпов сөз алып, «Ұстаз балаларға ең бастысы жəне ең қымбат байлық – білім береді.

са йысында – 13, ал «Русский мед веженок» сайысында – 2, «Британский бульдог» сайысынан – 1, «Кенгуру» математика сайысынан – 6 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Аудандық пəн олимпиадаларына 23 үміткер қатысып, 14-і озаттар қатарынан табылды. Оқушыларға 52 мұғалім білім береді. Олардың 11-і жоғары санатты болса, 19-ы бірінші,

13-і екінші санатты ұстаздар қатарында. Өздерінің білім білігімен танылған мұғалімдерді айтар болсам А.Кикаева, Б.Сүлейменова, Ж.Сағалова, Б.Қуандықова, Г.Гильманова, Ш.Жексенова, тағы басқалар бар. Біздің ауылдың ата-аналары мектебіміздің барлық жұ мыс тарына атсалысып, ұл-қыз да рының білімі мен тəрбиесіне ерекше көңіл аударып отырады.

Жїзден – жїйрік Сүлеймен МƏМЕТ,

«Егемен Қазақстан».

Елімізді өркениетке бастар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – мұғалім», деп ұрпақ тəрбиесіндегі ұстаз еңбегін ерекше атап өтті. Ол сонымен қатар, Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясында көрсетілген нақты тапсырмаларға тоқталып, Отанымыздағы жалпы білім беретін 7402 мектептің 78 пайызы (5776) ауылда, 21 пайызы (1626) қалада екенін алға тартты. Келешекте

жұмыс жоспарлы да, жүйелі жүретінін, жас ұрпақты бəсекеге қабілетті етіп тəрбиелеу жолында білімнің орны ерекше болатынын, бұл үшін мұғалімдер білімді де, білікті, шығармашылықпен іс атқаруы тиіс екенін еске салды. «Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы – мұғалім. Еліміздің азғана жылдық ояну дəуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын – мұғалімдікі», деп ұлы Мағжан айтпақшы, сол қадірлі орынның иелеріне көрсетілген құрмет те бұл жолы ерекше болды. Соңғы екі

Біз осындай заман талабына сай талпыныс жасаудың нəти жесінде ұлдарымызды ұлағатты, қыздарымызды ізетті етіп өсіріп, білім беру үрдісін жалғастыруды мақсат етудеміз. Мұғалім өнегелі болса, оқушы білімнен кем, тəрбиеден кеш қалмайды. Мұны əрқайсымыз жанымызға бойтұмардай түюге міндеттіміз. Гүлəйім БАЛҚЫБЕКОВА, №14 мектептің директоры.

Алматы облысы, Іле ауданы, Қосөзен ауылы.

жылдан бері «Үздік ұстаз» республикалық конкурсы өткізіліп келе жатқаны белгілі. Биыл да бұл жарысқа еліміз бойынша 5532 мұғалім мен тəрбиеші қатысыпты. Солардың арасынан 48-і жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар деп танылыпты. Үздіктердің əрқайсысына министр 100 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі, яғни 1 млн. 731 мың теңге сыйақыны тапсырды. Олардың қатарында: М.Əбдіқадырова (Жамбыл облысы), И.Ибатуллин (Алматы), Н.Даумов (Атырау), А.Байшағырова (Астана), Г.Тасқарина (Орал), А.Жанұл (Жезқазған), т.б. бар. Бұл күні бүкіл саналы өмірін бала тəрбиесіне арнаған ардагерлерге де құрмет көрсетілді. АСТАНА.

Еѕбек нəтижесі елеулі Сұңғат ƏЛІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Өскемен қаласындағы №1 орта мектептің физика пəнінің мұғалімі, жоғары санатты ұстаз Гүлбаршын Беркінбаева оқушыларды бүгінгі заман талабына сай терең біліммен сусындатып жүрген ұлағатты ұстаз. Ол М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясын» тиімді пайдалана отырып оқушылардың ойлау, шығармашылық қабілетін дамыту, оқушы танымы мен пəнге қызығушылығын арттыруда көптеген жетістіктерге жету үстінде. «Зерделі ұстаздың шəкірті зерек» дегендей, 2011-2012 оқу жылы қалалық ғылыми жобалар жəне «Зерде» сайысына 13 оқушы даярлап, оның жетеуі 1-3 орындарға ие болды. Гүлбаршын мектеп түлектерін ҰБТ-ға даярлауда жоғары нəтижеге жетіп келеді. Əр жыл сайын физика пəні бойынша орта көрсеткіші 20 балға жетуде. Соның нəтижесінде «Жыл мұғалімі-2009» сайысында «Шығармашыл ұстаз» деп танылды. Талмай ізденіс пен шығармашылық жолында еңбек етіп жатқан Гүлбаршын Саханқызы пəнді ғылыми жағынан негіздеуге көңіл аударады, ізденіс, зерттеу жұмыстарын жүргізумен қатар интерактивті тақта мүмкіндігін тиімді пайдалана біледі. 10-сыныптарға «Электр тогы» тарауына арнап жасаған электрондық оқулығын жарыққа шығарды. Қалалық шығармашыл ұстаздардың «Электрондық портфолио» сайысында жүлделі 2-орын иеленуі осындай нəтижелі еңбектің жемісі. Осы ретте өзі қызмет ететін мектептің барлық материалдық-техникалық базасын толық қамтамасыз етіп, оқытушы мен оқу шы ға үлкен жағдай жасап отырған мектеп директоры Райхан Исанова мен оқу-тəрбие жұмыстарының əдіскерлерінің кеңестеріне дəн риза. Шығыс Қазақстан облысы.

Киелі мамандыќ (Соңы. Басы 1-бетте).

Иə, ұстаз – мақтан тұтар мамандық. Адам Ата һəм Хауа Анадан бері жұмыр басты пендені алға жетелеп келе жатқан – киелі мамандық. Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, мейірімділікті қажет ететін ұстаздық мамандық. Ұстазға ұстаз бола білген адам ең бақытты адам дер едім. Мен үшін шоқтығы биік сондай ұстаз – марқұм Темірболат Дəйкенов. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» демекші, шəкірт бойындағы ұстамдылық пен тəрбиелілік көбіне ұстазға келіп тіреледі. Ескендір Зұлқарнайын: «Даңқ пен абыройға кенелуімде мен бір адамға қарыздармын, ол – ұстазым Аристотель», десе, Абылайхан Төле биді, Шəкəрім ұлы ақын Абайды ұстазым деп, шексіз құрметтеп өткен екен. Əрине, бұрынғы қазақ даласындағы ағартушылық қызмет балаға жазу-сызу, оқуды үйретумен шектелсе, бүгінгі ұстаз шəкіртіне ғылым негіздерінен мəлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бəсеке

жағдайында өмір сүруге тəрбиелейді. Бұл – нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Ал ХХІ ғасырдың нағыз ұстазы қандай болмақ керек? Əрине, ол өз кəсібінің білгірі, рухани күшжігері мықты, парасат-қуаты биік болуы тиіс. «Ұстаз» сөзінің екі түрлі сипаты бар. Бірі – белгілі пəннен сабақ беретін оқытушы да, екіншісі – жоғары беделді адамдарға ықпал етуші дана адам. Мектептегі ұстаз – баланың екінші ата-анасы, болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы. Оның бойындағы білім мен ақыл, ойының қуаты талай «тентекті» жуасытып, небір еркені сабасына түсіреді, тəртіпке баулып, есейтіп, ержеткізеді. Сондықтан əрбір шəкірт өзіне үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімін ұстазым деп атайды. Данышпан Абайдың: «Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға», – деген өлең жолдары осындайда ойға оралады. Ұстаздық жолда тегеурінді талпыныс жасап жүрген һəм тəжірибелі мұғалімдер біздің арамызда да аз емес. Солардың қатарында Б.Құсманова, Г.Қа дырханова, М.Оспанова, Н.Елеусізова, т.б. бар.

Зəмзəгїл Елбасы «Қазақстан-2050» Стратегиялық бағдарламасында білім қызметкерлерінің алдына жас ұрпаққа білім берудің жаңа міндеттерін белгілеп берді. Соның ішінде оқушыларға математика, физика, химия пəндерін терең оқытуды тапсырды. Өйткені, бұл пəндерді жан-жақты игермейінше заман талап етіп отырған жаңа технологияларды білу мүмкін емес екені белгілі бола бастады. Соған байланысты шалғай ауданның балалары да бұл пəндерге ден қойды. Оларға осы сабақтар бойынша сапалы білім беріп жүрген ұстаздар жеткілікті. Солардың қатарында Қазталов мектебінің математика пəнінің мұғалімі Зəмзəгүл Меңдіханованы да атауға болады. 2005 жылдан бері Зəмзəгүл оқушыларға математикадан тиянақты білім беріп келеді. Зəмзəгүл Орал қаласындағы Сəкен Сейфуллин атындағы дарынды балалар оқитын мектепте білім алған. Бұл мектептің тарихына көз жіберсек, халқымыздың кейбір айтулы ұл-қыздары осы мектептің түлектері екен. Зəмзəгүл де олардың жолын жалғап үздік оқыған. Əсіресе, математикаға жүйрік болған. Зəмзəгүлдің болашақта математик болып қалыптасуына ұстазы Серік Қазихановтың көп еңбегі сіңген. Мектеп бітіргеннен кейін Зəмзəгүл М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің математика бөліміне оқуға түсіп, оны ойдағыдай бітіріп шықты. Оқу бітіргеннен кейін Қазталов ауылының Ерлан есімді

азаматымен көңіл қосып, шөлейтті ауданға келін болып түсті. Ізетті келін атанған Зəмзəгүл мектепте де, оқушылар арасында да құрметке бөленді. Ал құрмет еңбекпен келетіні белгілі. Зəмзəгүл оқытқан оқушылар математиканы жақсы меңгеріп, оның ізін басып жоғары оқу орындарында білім алып жүр. Зəмзəгүлдің сондай шəкірттері Нұрхат Шамұратов, Нұрболат Сисенов, Рауан Талаповтар. – Математика дəлдікті қажет етеді. Сондықтан оқушыларға сабақ бергенде қорытындысы дəлдікпен өлшенеді. Оқушыларға математиканы оқытқанда сабағымды өмірмен байланыстырып, алдыңғы толқынның тəжіри бесін қолданып, көрнекі оқу – құралдарын үнемі пайдаланып отырамын, – дейді ол. Қазіргі күнде жас ұстаз 10 – 11-інші сыныптарға сабақ беруде. Жоғары сыныптарға сабақ беру оңай емес. Білген ұстаздарға ауыр жүк арқалататыны белгілі. Оқушылар күні ертең мемлекеттік сынақ тапсырады. Мұғалім еңбегі осы жерде көрінеді. Мұны сергек сезіне білген Зəмзəгүл сабақтан тыс уақытта да оқушыларына математикадан қосымша дəріс беруді естен шығарған емес. Міне, осылай Зəмзəгүл шалғайдағы ауылда ертеңгі ел иесіне, жер иесіне білім беріп тəрбие үйретіп жүр. Гүлфия КӨШБАЕВА.

Батыс Қазақстан облысы, Қазталов ауданы.

Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ.

Мереке мерейімді ґсірді Мен көрікті Көкшетау өңірінің қызымын. Мектепті бітіргеннен кейін Қызылжар қаласы М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің химия жəне биология факультетіне оқуға түскен едім. Оны аяқтаған соң Қызылжар ауданындағы «Парасат» лицей-мектебіне мұғалімдік жұмысқа баруға бел байладым. Ондағы мақсатым – қазақтың алтын

Қазіргі жас буын – еліміздің келер күнгі келбеті. Бұл жөнінде Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – саяси-экономикалық жəне рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тəрбиелеп қалыптастыру», - деген тұжырым жасады. Ол үшін бүгінгі оқу үдерісіне сай педагогикалық шеберлік қажет. «Педагогтік шеберлік – дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нəтижесі. Мұғалім шеберлігі жайлы жазылған дайын қағида жоқ, болуы да мүмкін емес. Барлығы да өзімізге байланысты» деген екен бір дана кезінде. Ұстаз өзін өзі қай уақытта таниды? Ол алдындағы шəкіртінің қияға қанат қағып, елінің азаматы болған сəтінен таниды. Ендеше, бүгінгі білім мен білік бəсекелес заманда ұландардың биіктен көрінуіне күнделікті істегі жаңашылдық, жан-жақты берген тəрбие арқылы қол жеткізуге болады. Оны мүлтіксіз атқаратын – тек өз ісіне шын берілген киелі мамандық иелері ғана. Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ, Бесқарағай мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.

Павлодар облысы, Лебяжі ауданы.

діңгегі саналатын ауылдағы ұл мен қызға білім беру болатын. Шынында, қазақтың байтақ даласын бос қалдырып, қалаға топтаса беру ісіне мен көп жағдайда келісе бермейтінім бар. Себебі, ішер ас, киер киім – бəрі де ауылдан. Ендеше, сол ауылды көркейту біз секілді жастардың қолында екені анық. Елде қызмет еткен 10 жылға таяу

уақыт ішінде жүздеген шəкіртке білім үйреттім. Тағылым бере алсаң талпынбайтын бала жоқ. Оқытумен ғана шектеліп қоймай, оларды аудан, облыс, республика көлеміндегі жарыстарға қатыстырып жүрмін. Үмітім ақталып, жүлдегер деп танылған оқушылар баршылық. Соңғы жылдары сабақ берудегі тəжірибемді елге таныту мақсатында да біраз жұмыстар

Ел мўєалімдері есеп шыєаруда Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Осыдан екі жыл бұрын еліміздің математика пəні мұғалімдерінің бірінші съезінде Қазақстан математиктерінің ассоциациясын

құру туралы шешім қабылданған-ды. Биыл осы құрылым 26-28 қыркүйек аралығында РМФМОМИ базасында математика мұғалімдерінің алғашқы шығармашылық конкурсын өткізді. Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен

атқардым. Түрлі конкурстарда бағымды сынап көрдім. Биыл 6 мыңға таяу жарысқа қатысқан педагогтардың арасынан үздіктер қатарынан көріндім. Бұл мереке қарсаңында мерейімді өсірді. Білім мен білік жарысы адамды шыңдайды, ұмтылдырады екен. Өзім секілді үздіктермен бірге елордаға келіп, 2 миллионға таяу теңге алып, миллионер болу мен үшін ғана емес, облыс, аудан, ұжымыма да зор жетістік болды деп ойлаймын. Бақыт АЛДАБЕРГЕНОВА.

Солтүстік Қазақстан облысы.

60-тан астам мұғалім қатысты. Жас ерекшеліктері мен тəжірибелері əртүрлі бұл мұғалімдерді математикаға деген шексіз махаббат, есеп шығаруға деген ынтызарлық пен жеңіске қол жеткізуге деген ұмтылыстары тоғыстырды десек қателеспейміз. Байқау форматы ерекше əрі қарапайым болды. Ашық сабақтар да, мұғалім портфолиясы да қажет емес. Қатысушыларға тапсырманың екі блогы ұсынылды. Ассоциацияның атқарушы директоры, РМФМОМИ директоры, физика-математика ғылымдарының кандидаты Қайрош Мақышев байқауға дайындық сəуір айынан бастап жүргізіліп, оған Мəскеу үздіксіз математикалық білім беру орталығының өкілі, физика-математика ғылымдарының кандидаты А.Блинков əдістемелік көмек көрсеткенін айтады. Сол сияқты, қазылар алқасы қатарына Болгария математика инсти тутының профессоры С.Гроздев жəне ЖОО үздік математик-ғалымдары, РҺD докторлары, халықаралық математика олимпиадаларының қатысушылары, жас ғалымдар тартылған. Қазылар алқасына ҚР ҰҒА академигі А.Жұмаділдаев төрағалық етті. Байқауға Қазақстанның барлық типтегі мектептерінің мұғалімдері қатысты. Олардың ішінде физика-математика ғылымдарының кандидаттары да, аспирант-мұғалімдер де, Ломоносов атындағы Мəскеу мемлекеттік университеті мен Новосібір университетінің мехмат факультетінің жəне Қытай ұлттық университетінің түлектері де болды. АЛМАТЫ.

Суретті түсірген Берсінбек СƏРСЕНОВ.


9

www.egemen.kz

5 қазан 2013 жыл

 Еркін елдің ертеңі Қобда – ғасырлар қойнауына тереңдеген сайын қазаққа қатысты деректері молыға түсетін тарихы бай өңір. Қара қыпшақ Қобыландының, Абат Байтақтың, Исатай мен Махамбеттің табаны тиген киелі топырақтан кешегі Ұлы Отан соғысында сегіз бірдей Кеңес Одағының Батыры шыққанын екінің бірі біле бермеуі мүмкін. Киелі өңір кісілігі мол тұлғаларға да кенде емес. Солардың бірі – Атымтай жомарттығымен қалың қазағына ғана емес, алыс-жақын шетелдерге де белгілі бола бастаған кəсіпкер Исламбек Салжановтың меценаттығы қазақ əдебиеті мен мəдениетінің өркендеуіне қызмет етіп жүргенін бұрыннан білетінбіз. Қолда барын қалың жұртымен бөлісуге дайын азаматтың Қобда ауылында елімізде теңдесі жоқ бірегей балабақша салып, оны жерлестеріне тегін беретінін естігендеақ «жақсыны көрмек үшін» деп жолға шыққанбыз. Шыны керек, өзіміз күнде көріп жүрген ауылдың аз ғана уақытта ажары кіріп қалғанын аңғардық. Орталық көшелерге қатты жамылғы төселіп, тазалық пен жинақылықтың ізі байқалады. Біренсаран ғана көп қабатты ғимараттары бар аудан орталығындағы орталық көшеде сарғыш кірпіштен бой көтерген екі қабатты балабақша үйі ауылдың сəні мен салтанатын арттыратындай əсемдігімен көзге бірден ұрады. Міне, бұл «Алтын қыран» компаниялар тобының құрылтайшысы жəне президенті Исламбек Салжановтың өз қаржысына жерлестеріне демеушілік жасап салып беріп жатқан балабақшасы, қобдалық бүлдіршіндерге ағалық базарлығы. Бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Өзінің болашағын ойлайтын жəне алға үмітпен қарайтын жігерлі де көреген халық ең алдымен ұрпақ тəрбиесі мен балаларын оқытудың қамын ойлайды», деген ойының жүзеге аса бастағанының айқын көрінісі десе де болады. Түрлі шарлармен, жалаушалармен, үрмелі гүлдермен, көз қызығатындай əсем ойыншықтармен безендірілген балабақша алаңында əсірелеп айтқанда ине шаншар жер жоқ. Жүздерінен қуаныш лебі есетін ауылдың кəрі-жасы осында түгел жиналған ба дерсің. Олар бірегей балабақшаның қандай болатынын көрмекке ғана емес, ауылға сиректеу ат басын бұратын астаналық жəне алматылық қонақтарды да бір көріп қалудың сəтін құр жібергісі жоқ. Ал, балалары мен немерелері осы балабақшаға баратын ата-аналар мен атаəжелердің қара домалақтарын қолдарынан жетектеп, үкілі үміттерінің қуанышын көруге асығатынын да аңғару қиын емес. Бірегей балабақшаның тұсаукесеріне келген қонақтардың арасында Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Қалдыбек Байымбетов, Парламент Мəжілісі мен Сенатының депутаттары Бақытжан Ертаев жəне Елеусін Сағындықов, Серік Нөгербеков, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ президенті Сауытбек Абдрахманов пен Президент сыйлығының иегері, республикалық «Central Asia monitor» газетінің бас редакторы Бигелді Ғабдуллин жəне басқалар бар. Осындай сыйлы қонақтардың алыстан ат арытып келуінің өзі-ақ бұл балабақшаның бұрынғылардан өзгеше екендігіне сендіре түскендей. Қобдалықтар мен алыс-жақыннан келген қонақтарға алдымен «Балғын балалық» қойылымы көрсетілді. Алаң балалардың қуанышты дауысы мен көңілді күлкілеріне көмкерілді. Əдемі киінген балалар мен ертегілер елінің кейіпкерлері шыға келгенде тұсаукесер өтіп жатқан алаң ажарланып қоя берді. «Қарлығаш» халықтық би ансамблі ұсынған «Қуаныш» биі де

жана берсін. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастаған жақсы заман болып, қызығын елжұртшылық көре берсін, тəуелсіздік баянды болсын, – деп ойын түйіндеді Елеусін Наурызбайұлы. Одан кейін сөз алған Қазақстан Қарулы Күштерінің негізін салушылардың бірі, Халық Қаһарманы, Парламент Мəжілісінің депутаты Бақытжан Ертаев осындай шағын ауылда туып-өскенін тілге тиек ете келіп, халыққа қызмет етудің үлгісін көрсетіп отырған кəсіпкер Исламбек Салжановтың туған жеріне деген ыстық ықыласына ризашылығын білдірді. Мынадай сайлы балабақша салып, туған жерін қуантып отырған Исламбек Төлеубайұлының азаматтығын алға тарта сөйледі. – Барлығы осындай ауылдардан бастау алады. Бүгінгі бүлдіршіндерге

салтанатты сəтпен сабақтаса кетті. Бірегей балабақшаның тұсаукесерінде алғашқы Ақтөбе өңірін дамытуға мол үлес қосқан жерлесіміз, Парламент Сенатының депутаты Елеусін Сағындықовқа берілді. Ол өңірдегі игі істерге тілектестігін білдірді. – Құрметті жерлестер, қадірлі қонақтар! Кең байтақ тəуелсіз еліміздің Ақтөбе өңірінде, соның ішінде қасиетті Қобда жерінде ерекше тарихи іс-шараның куəсі болып отырмыз. Бұл шараның ерекшелігі жəне құндылығы билік пен бизнестің арасындағы қарым-қатынастың нығаюының бір көрінісі болып отыр. Осындай жақсылықтың арқасында біздің бүлдіршіндеріміз алға қарай ұмтылуға мүмкіндік беретін барлық жағдайы жасалған балабақшаға ие болып отыр. Бұған арқау болған осы жердің түлегі, көрнекті кəсіпкер, «Алтын қыран» компаниясының президенті Исламбек Салжанов мұндай əсем балабақшаны өз қаражатына салып бергені үлгі боларлық іс. Қазақта: «Үлкеннен ұлағат, кішіден мұрағат», деген сөз бар. Қуанышты күн бəрімізге, соның ішінде бүлдіршіндерге құтты болсын. Балаларға таудай талап берсін, бақтары

ұйымдастыруымен өткен ел ақсақалдарымен болған кездесу барысында Ислам Салжановты алғаш көріп, терең ойлы, зерделі, парасатты, қарапайым адам ретінде əсер алдым. Оның түрлі игіліктерге жанашырлық танытып, əлеуметтік шараларға арқау болып келе жатқанына куə болып жүрміз. Солардың барлығы дерлік облыс басшысы Архимед Мұхамбетов жария еткен «Көркейе бер, туған жер!» акциясы аясында туған өлкесіне шама-шарықтарынша қолұшын беруде. Осы игі бастаманы Исламбек Салжанов секілді кəсіпкерлердің қолдауы жүздеген миллион мемлекет қаржысын үнемдеп қана қоймайды, елжандылықты, туған елге де сүйіспеншілік пен парызды дəріптеуде де тəрбиелік мəні зор. Біздер қобдалықтар жерлесіміздің елге істеп жатқан жанашырлығына шынайы алғысымызды білдіреміз. Исламбек Салжановқа ауданның құрметті атағын беру туралы ұсынысымызды қолдаған аудан əкімдігіне алғысымыз шексіз, – дей келіп, біткен іске ақсақалдық батасын берді. «Алтын қыран» компаниялар тобының президенті Исламбек Салжанов жаңа

балабақша ғимаратының символдық кілтін балабақша меңгерушісі Жұмазия Ертілеуоваға салтанатты жағдайда табыстады. Ақтөбе облысының əкімі Архимед Мұхамбетов пен «Алтын қыран» компаниялар тобының президенті Исламбек Салжанов бүлдіршіндердің құтты мекенінің кіреберісіне керілген көк лентаны қиды, қуанышты сəтке жиналғандарға «Айқаракөз» əжелер ансамблі «Немерем» əнін сыйға тартты. Содан кейін қобдалықтар мен қонақтар балабақшаны аралап, «Даналық əліппесі» бағдарламасы, «Су асты əлeмі» E-BIOCKS жəне «IPAD» технологиялары бойынша ұйымдастырылған оқу іс-əрекетімен танысты, «Біз бақытты баламыз» тақырыбындағы флешмобты тамашалады. Олар сондай-ақ, балабақшаның жазғы ойын алаңдарымен

Бəрі бар, бірегей балабаќша

Меценат Исламбек Салжановтыѕ бїлдіршіндерге базарлыєы Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

жасалған жақсылық тəрбиелі азаматтардың өсіп-жетілуінің кепілі, ел ертеңін ойлау деп білемін. Бұл тұрғыда Исламбек бауырымыздың мұндай қадамы өзгелерге үлгі болуы тиіс. Туған жеріне деген ыстық ықыласын, перзенттік парызын ұмытпау бұл кісіліктің белгісі. Исламбек Салжанов осы қадамы арқылы ел ертеңі бүлдіршіндердің озық ойлы азамат болуларына берік негіз қалап отыр. Бұл патриоттық та елжандылық іс. Бүгін осы балабақшаға барған балалар елдің ертеңі, біздің болашағымыз. Сондықтан Исламбек Төлеубайұлының азаматтығы, ауылдастарына деген перзенттік ықыласы деу орынды. Мұндай салтанаты мен жабдықталуы келіскен балабақшаны Астанаға да, Алматыға да салуына болатын еді. Алайда, арда туған азамат туған жеріне салуды шешіп, сіздерді қуантып отыр, – деді ол. – Мен Исламбектің еліне қуаныш сыйлаған сəтіне ортақ болғаныма ризамын. Бүгін осы заманауи талаптарға жауап беретін балабақшаға барған бүлдіршіндердің арасынан Исламбектей елжанды тұлғалар көптеп шығатынына сенімдімін. Бүгінгі бүлдіршіндеріміз ертеңгі Нобель сыйлығының лауреаты, қоғамдық жəне саяси қайраткерлер болмасына кім кепіл. Сондықтан бүлдіршіндерді қуантқан меценат бауырымыздың бағалы бастамалары баянды болсын. Балалар жан-жақты білімді, салиқалы азамат болып шығуларына тілектеспін. Бүлдіршіндеріңіздің қуанышы құтты болсын, – деді Парламент Сенатының депутаты Серік Нөгербеков. Ауылдықтар атынан пікірін білдірген еңбек ардагері Сəрсенғали Əмірғалиевтің ойы төмендегіше өрбіді. – Осыдан дəл бір жылдай уақыт бұрын осы балабақшаның салынуы жайына аудан əкімі Асқар Жүсібəлиев тің

танысты. Салтанатты сəт аяқталған соң тілшілермен тілдескен облыс əкімі Архимед Мұхамбетов бұл балабақшаның жеке кəсіпкерлер салған төртінші балалар мекемесі екеніне тоқталды. Қазір балаларды балабақшамен қамту 85 пайызды құрайтынын айта келіп, таяудағы үш жылда бұл мəселе толық шешілетінін жеткізді. Биылдың өзінде 16 балабақша пайдалануға

Алдында, аудан орталығындағы ескі стадионды қайта жарақтандырып берсеңіз дегім келіп барғанмын, екеуара əңгімеден кейін Исламбек бауырымыз одан гөрі құлашын кеңге сермегенде бұл ойымды ішіме бүгіп қалуға тура келді. Ол бұрынғылардан өзгеше еуростандартқа сай балабақша салып беремін деп кесіп айтқанда тілімді тістей қойғаным да рас. Міне, сөйтіп

берілетінін жеткізді. Ірі компаниялармен бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табуда екенін тілге тиек етті. Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне сұхбат берген Парламент Мəжілісінің депутаты Бақытжан Ертаев пен Парламент Сенатының депутаты Серік Нөгербеков көрнекті кəсіпкер Исламбек Салжановтың қолы ашық, қайырымды азаматтығына баса назар аударды. Олар ауылына осындай сəулетті де жарақтандырылуы өзгеше балабақша салып беруіне тəнтіліктерін жеткізді. Бұл үлкен азаматтық деп бағалады. Кəсіпкер Исламбек Салжановтың өзі де журнали-

осы балабақша құрылысы қолға алынды. Таңдау осы орталық көшедегі ескі парктің көше жақ бетіне түсті. Бұл орынды да болды. Жаңа балабақша ғимараты орталық көшенің сəнін келтіріп, сəулеттік көрінісіне көрік беріп тұр. Ол үшін жерлесіміз, кəсіпкер, меценат Исламбек Салжанов бауырымызға алғыстан басқа айтарымыз жоқ, – дейді аудан əкімі. Осы арада жерлесіміз, кəсіпкер Исламбек Салжанов туралы бір-екі ауыз таныстыра кету де артық болмас. Исламбектің балалық шағы осы ауданның бұрынғы Брусиловка, қазіргі Қаракемер ауылында өтті. Осында туып-өсті. Кейін Қызылжар орта мектебін бітіргеннен кейін Ақтөбе мемлекеттік медицина институтына түсіп, жоғары білімді емдеу ісі дəрігері мамандығын алып шықты. Уақыттың лебін сезінген Исламбек институт қабырғасында жүргеннің өзінде-ақ бизнестің əліппесін ашып, өз бетінше күн көрудің қадамдарын жасады. Бұл оның бойындағы кəсіпкерлікке деген икемділікті дамытуға себепші болады. Сөйтіп, үлкен кəсіпкерлікке қадам жасауға бекінеді. Алғашқыда «Мақсат Капитал» шағын жеке кəсіпорнын ашып, делдалдық қызметпен жəне мұнай өнімдерін көтерме сатумен айналысты. Жұмыс жүріп, кəсіпкерлік көкжиегін кеңейту қажеттігі туындағанда «Ақжол» қазақ-неміс бірлескен кəсіпорнына қосымша құрылтайшы жəне директоры болды. Бұл кəсіпорын Батыс Қазақстанда автокөлік жанар-жағармай құю стансаларын, терминалдарын салып, пайдалануға берді. 2000-2001 жылдары «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ еншіліс кəсіпорны «ҚазақОйл-Продактс» ЖШС Ақтөбе филиалының директоры, 2001-2004 жылдары Ақтөбе қаласындағы «Ақжол» компаниялар тобының құрылтайшысы жəне бас директоры қызметтерін абыройлы атқарды. 2004 жылдан бері «Алтын қыран» компаниялар тобының құрылтайшысы жəне бас директоры болып жұмыс істеуде. Мемлекеттік жəне қоғамдық белсенді қызметі, еліміздің экономикалықəлеуметтік жəне мəдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін ол «Құрмет» орденімен, бірнеше медальдармен, «Білім меценаты-2012» алтын медалімен жəне дипломмен марапатталған, «Компания-2011» номинациясында қайырымдылық бойынша «Алтын жүрек» жыл сайынғы Ұлттық Қоғамдық сыйлықтың, Қазақстандағы «Кəсіпкер-2012» халықаралық конкурсының «Экономикалық интеграцияны дамыту» номинациясының жеңімпазы болды. Сондай-ақ, «Алтын қыран» қайырымдылық қорының құрылтайшысы жəне президенті болып табылады. – Компания басында Қазақстанның батыс өңірінде 12 автокөлік жанармай құю стансасын іске қосып, мұнай өнімдерінің бөлшек саудасын жүргізді. Кейін 250 миллион АҚШ долларына өзінің жеке темір

стермен тілдесіп, өзінің ойымен бөлісті. Ол қаржыны тапқанына емес, орнымен жұмсағанына қуанатынын, қашанда туған жерге бүйрегі бұрып тұратынын, мұндай қайырымдылық істер алда да жалғасатынын тілге тиек етті. Біздің ұлы жазушымыз Мұхтар Əуезов: «Ел боламын десең, бесігіңді түзе», – дегенді. Біздің компанияға 20 жыл толды. Бұл компанияның осы мерейтойы қарсаңында елімізге жасаған сыйымыз. Елбасының «Балапан» бағдарламасын орындауға қосқан үлесіміз болмақ, – деді ол өз ойын қорытындылай келе. Орайы келгенде Қобда ауданының əкімі Асқар Жүсібəлиевпен жолығып, əңгімеге тарттық. Ішкі ойымыз игілікті істің қалай басталғанын білу ғой. – Облыс əкімінің бастамасымен «Көркейе бер, туған жер!» акциясы өңірде қанат қаққаннан кейін Атымтай жомарттығымен аты шығып жүрген Исламбек Салжанов бауырымызбен кездесіп, ұсыныс білдіргім келіп, Астанаға іздеп бардым. Ол бізді өте жылы қабылдады. Бұрын-соңды жүзбе-жүз кездеспегенмен бір қарағанда-ақ істің адамы екенін сездім.

жол паркін құрып, мұнай тасымалымен айналысты. Қазіргі таңда темір жол паркінде 3722 цистерна вагоны бар. Вагон паркін 10 мың бірлікке дейін жеткізу көзделуде. Қуаты бір мезгілде 50 мың тонна мұнай сақтауға мүмкіндік беретін терминал құрылысын бастады. Жобаның құны 60 миллион АҚШ долларын құрайды. Бұл жоба биыл жыл аяғына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде. Бұл біздің қобдалықтармен ауызекі əңгімеден, басқа да дерек көздерінен білгеніміз. Ал, кластасы туралы «Алтын қыран» қайырымдылық қорының Ақтөбе облысы бойынша өкілі Сəндібай Əлитурлиев айтар сыр өз алдына бір бөлек. Олар он жыл бірге оқыған, екеуі де дəрігерлік мамандықты таңдаған, қазір бизнес саласында да қоян-қолтық еңбек етуде. Осы өңірдегі бар шаруаның басықасында жүрген де Сəндібай. Араларынан қыл өтпейтін достықтың алтын көпірі кəсіпкерлікте жалғасын табуда. Балабақша ғимаратының құрылысы белгіленген мерзімнен бұрын аяқталды, – дейді Сəндібай Əлитурлиев біткен іске сүйсінісін аңғартып. Ресейден əкелінген сарғыш қызыл кірпіштен бой көтерген 150 орындық екі қабатты балабақша құрылысына 1 гектар жер бөлінген. Ғимараттың жалпы алаңы 1832 шаршы метрді құрайды. Құрылыс жұмыстары халықаралық еуростандартқа сай жүргізілген. Балабақша құрылысына Батыс Еуропадан, Ресейден, Украинадан жеткізілген осы заманғы материалдар пайдаланылған. Өңдеу жұмыстарын да Еуропадан келген мамандар жүргізген. Өңдеу материалдары, балабақшалар үшін арнайы жасалған санитарлық құралдар, жарық шамдары Германиядан əкелініп орнатылған. – Жобаның жалпы құны 394781 мың теңге тұрады. Құрылыс жұмыстарына жергілікті жердің 15 адамы жұмысқа тартылды. Құрылыс материалдары, қондырғылар мен құрал-жабдықтар уақтылы жеткізіліп тұрды. Жұмыста кідіріс болған жоқ. Балабақшаға су құбыры тартылды, кəріз жүйесі жүргізілді. Сумен қамтуда жəне шайын ды суды айдауда күрделі жағдай туындамас үшін скважина қазылып, насостар орнатылды. Мұнда дербес жылу қазандығы орнатылды. Бұл балабақшаны жылумен жəне ыстық сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ауладағы балалардың ойын алаңдарындағы əткеншектер, басқа ойын құралдары арнайы тапсырыспен жасалған. Аулада төрт киіз үй сияқты үйшіктер жасалды. Менің облыста құрылыс салғаныма 40 жылдай болды, мұндай бірегей балабақшаны əлі кездестірмедім. Меценат жерлесіміздің əйтеуір салып берсем болды деп емес, шын көңілден кейінгі ұрпақтың игілігіне жарасын деген ниеті байқалып-ақ тұр, – дейді бас мердігер «Дизайнпроект» ЖШС прорабы Сансызбай Жексенбаев. Осы жерден серіктестік директоры Берік Итбаевты да жолықтырдық. Оның айтуынша, балабақшаға қуат ұстағыш терезелер орнатылған, оларды балалар ашып, құлап кетпеу үшін арнайы кілттері бар. Терезелер сырттан түсетін күннің 8 түрлі сəулесінен қорғайды екен. Аулаға күн ысығанда зиянды заттар шығаратын асфальттің орнына бетон брусчаткалар төселген. Сондай-ақ, бөлмелерге көзді қарықтырмайтын шамдар ілінген. Балалардың бойын суық алмау үшін ойын бөлмелеріне жылу еденнің астымен жүргізілген. Мұнда сантехникалық қондырғылар ересектерге, балаларға бөлек орнатылған. Бəрінен де олар балаларға қолайлы етіп арнайы жасалған. Ауланы жарықтандыратын шамдар да талғамға сай. Сегіз ойын алаңдары Санкт-Петербургтің «КСИЛ» компаниясында арнайы тапсырыспен жасатқан ұлттық нақыштағы ойын құралдарымен жарақтандырылған. Балабақшаның ішкі əрлеу жұмыстарын сербиялық мамандар жасаған. Осында үш айдан бері жұмыс істеп жатқан əрлеушілер бригадасының бригадирі Хасаф Ямини жергілікті жұмысшылармен ортақ тіл табысып, жұмыс жасағандарын жеткізді. Балабақшаның өзгелерден ерекшелігі еуростандартқа сай жоспарлануы жəне салынуы, сондай-ақ, қымбат та сапалы материалдар пайдаланылуы екенін атап өтті. Балабақшада жас ерекшелігіне қарай 8 топ болады. Қазірдің өзінде алты топқа 150 бала іріктеліп алынған.

Балабақшаға негізінен аз қамтылған отбасы балаларын бірінші кезекте орналастыру ойластырылған. Балабақша меңгерушісіне конкурс жарияланып, іріктеуден өткен Жұмазия Ертілеуова тағайындалған. – Мен бұрын облыстық кəсіби біліктілікті көтеру институтында əдіскер болып жұмыс істедім. Таңдаудың маған түскеніне қуаныштымын, – дейді ұжым басшысы. – Менің негізгі мамандығым – педагог-психолог. Балаларымыз ересек, жолдасым ауған соғысының ардагері, ауылға барып жұмыс істеуге ол да келісті. Сөйтіп, осы жұмысты қолға алып жатырмын. Балабақшаның негізгі жұмыс бағыты – рухани-патриоттық сана-сезімді қалыптастыру. Басты мақсатымыз – балалардың өз елінің тарихын білу, өз елінің кешегі жəне бүгінгі қаһармандарын мақтаныш тұту, олардың ерлігіне тағзым ету, оларға сай болу сияқты патриоттық сезімге тəрбиелеу. Меңгерушінің əңгімесінен аңғарғанымыз, балабақшаға үш жастан алты жасқа дейінгі 150 бүлдіршін қабылданған. Мұнда жұмыс істейтін 23 педагог іріктеуден өткен. Олардың ішінде 13-і тəрбиешілер. Ұстаздар мен тəрбиешілер Астананың жəне Ақтөбенің үздік балабақшаларында тəжірибеден өткен. Əкімшілік-техникалық қызметшілер 32 адамды құрайды. Қордың қаржылай демеушілігімен балабақша меңгерушісі Жұмазия Ертілеуоваға тұрғын үй сатып əперіліп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген, көлікпен қамтамасыз етілген. Осы шараның басы-қасында жүрген аудан əкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова жаңа балабақша аудан орталығындағы балалар мекемелеріне деген сұранысты артығымен жабатынын, жалпы барлық ауылдарда балабақшамен қамту мəселесі толықтай шешілгенін жеткізді. Балабақша аудандық əкімдіктің балансына өткізілген. Бұл «Алтын қыран» қайырымдылық қоры демеушілік қадамын осымен доғарды деген сөз емес. Қор бұдан былай демеушілік жасап, балабақшамен байланысын үзбек емес. – Қор бұған дейін аудандағы, Қызылжар ауылындағы мешітке жəне осындағы орта мектепке, Қаракемер негізгі мектебіне демеушілік көмек беріп келген. Бұдан басқа осы мектептердегі аз қамтылған отбасыларының жақсы оқитын балаларын Астанаға апарып, қыдыртып, елордамен таныстыруды дəстүрге айналдырған-ды. Биыл аудан орталығынан да балаларды Астанаға апаруды бастадық, – дейді «Алтын қыран» халықаралық қайырымдылық қорының Ақтөбе облысы бойынша өкілі Сəндібай Əлитурлиев бізбен əңгімесінде. Қор «Бөбек» қорымен ынтымақтаса жұмыс істеп, аз қамтылған отбасы жəне жетім балаларға тұрақты қолдау көрсетіп келеді. Балалар үйіне, жоқ-жітік жəне көп балалы отбасыларына, соғыс жəне еңбек ардагерлеріне, мүгедектерге, ардагерлер ұйымдарына көмек беруді дəстүрге айналдырған, мемлекеттік тілді насихаттау жəне дамытуға ұдайы көңіл бөледі. Голливудтың «Дисней» студиясының фильмдерін ағылшыншадан қазақшаға аударуға қаржылай қолдау көрсеткен. Қазақ тілін насихаттау бойынша түрлі конференциялар, мəдени-көпшілік шаралар өткізуге де мұрындық болып жүр. Қайырымдылық қоры əдебиет пен өнерді дамытуға қаржылай қолдау көрсетуді дағдыға айналдырған. Қордың қаржылай қолдауымен белгілі ақындар мен жазушылардың кітаптары мыңдаған данамен шығарылуда. Үстіміздегі жылы Қазақстанның халық жазушысы Əбдіжəміл Нұрпейісовтің «Қан мен тер» жəне «Соңғы парыз» романдарын АҚШ-тан ағылшын тілінде шығаруға қаржылай қолдау көрсетті. Алашына ақжарылқап көңілімен көмегін ұсынуды азаматтық парызы санайтын кəсіпкер Исламбек Салжанов мұндай қайырымдылықты жүрек қалауымен жасайтынын, өзін көп дəріптеуге қарсы екенін де білеміз. Ол оны көзге түсу, арзан бедел жинау үшін жасамайтынын да білетіндер жыр ғып айтады. Дегенмен, «Аттан аттың несі артық, қазанаты бір басқа, адамнан адамның несі артық, азаматы бір басқа» демей ме, атам қазақ. Міне, азаматым деп көрсетуге тұратын ұлың болса, неге мақтанбасқа, Ал, Исламбаек Салжановты мақтауға да, онымен мақтануға да тұрады. Ол істеген ісімен, қайырымдылық қасиетімен, кісілік келбетімен осыған əбден лайық азамат. Оны бүгін тұсаукесері болған «Нұрлы болашақ» балабақшасын салып беріп қана қоймай, аудандық əкімдікке тегін өткізуі жəне бұл балабақшаны болашақта да назарда ұстауға уəде беруі арқылы мұны тағы бір дəлелдей түсті. Ақтөбе облысы, Қобда ауданы.


10

www.egemen.kz

5 қазан 2013 жыл

 Демократия – даму даңғылы Шолақсай ауылы Науырзым ауданындағы сырткөз қызығарлықтай елді мекеннің бірі. Мұнда осы өңірдегі ең ірі «Шолақсай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 18 мың гектарға егін егеді, шамалап мал да ұстайды. Сонау 90-шы жылдары тұтастай сақталып қалған ауылдар тікелей жеке адамдардың іскерлігі мен табандылығының арқасы екені жұрттың бəріне белгілі. «Шолақсай» кеңшарындағы мүліктің барлығын шетін шығармай талан-тараждан сақтап, қайда көшерін білмей босыған ауылдастарды да божыратпай ұстап қалған Өмірзақ Ихтиляпов болатын. Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан».

Жаѕа əкімніѕ алєашќы кїні

Мұндай «қызыл директорлар» облыста санаулы ғана. Қамысты ауданындағы Қарабатыр, Қарасу ауданындағы Ключевой, Əулиекөл ауданындағы Диев ауылдарында бір үйдің шекесі бұзылған жоқ. Олар ауыл шаруашылығы дағдарған қиын жыл-

бұрын көңді қалай үйдік, солай үйеміз», десті «белсенді» кісілер. Əкім де қадалған жерінен қан алатынның бірі екен, ондайларға бой бермеді. Тіпті, болмаған соң заңды алдарына тартты. Ауылдастарды иіріп, айтқанын істетті. Міне, екі айдан бері Шолақсайдың көшесінде бұрынғыдай мал жүрмейді, мектептің, намазхананың, дүкендердің айналасы тап-таза, үйлер шарбақтарын сырлай бастапты. Бұл жаңа əкім үшін болашақ жоспарларының басы ғана.

 Сақтансаң – сақтайды – Шаруашылықта қаржы, менде билік бар. Екеуміз тіл табысып, бір бағытта жұмыс істесек, бітпейтін не шаруа қалады? Адам қай жерде тұрса да еңбексіз ештеңе жоқ. Адамдарға осыны ұғындырсақ, оларға жағдай жасасақ, сұранысын өтесек, барлығы да орнына келеді, – дейді Сертай Шарафиев.

Шолаќсай да ќайыѕ тоєайы секілді...

– Əп-əдемі қызметіңіз де бар екен, ауылдың əкімдігіне неге таластыңыз, мұнда неге келдіңіз? «Асфальт əкім» емессіз бе?– дейміз əкімнен сөз тарту мақсатымен. – Рас, Науырзым ауданының орталығы Қарамеңді Қостанай сияқты болмаса да, Шолақсайға қарағанда онда барлық жағдай бар. Жанымды күтіп отыра беруіме болар еді. Мен өткен жылы инсульт алып, 8 ай ауырдым. Ауырып жүріп, «адам еліме,

Еліѕе адал ќызмет ет, əкім

дардан да қиналмай өтті. Торғай өңірі мен Науырзым ауданындағы тараған ауылдың адамдары Шолақсай ауылына келіп қоныстанды. Шаруашылық басшысы оларға жұмыс берді, əйтеуір қатардан қалмауы үшін қолтықтан демеді. Ауылдағы аралас мектепте үш жүзден аса бала оқыды. Бұл шет аудандағы ауыл мектебі үшін аз емес еді. Шаруашылықтың мектепке де, ауылдың басқа əлеуметтік қажетіне де қарасқаны аз емес. Алайда, шаруашылық иесі шаруамен айналысады, ауылдың өзгедей шаруасына үлгермейді, əрі құқы да жоқ. Ол осы жердің, елдің иесі ауылдың əкімі болуға тиіс. Ауыл əкімсіз болған жоқ. Бірақ соңғы жылдары Шолақсайдан қызық кеткендей бір көңілсіз қалып орнағаны рас еді. Ауылдан қалаға көшетіндер жиіледі. Мектептегі баланың саны азайды. Шаруашылық басшысының да, осы ауылда туып, өсіп-өніп келе жатқан адамдардың да салы суға кеткендей болды. Шаруаға адам табылмай қалмайды, жұмысшыны сырттан əкелсе де бір иіні табылады. Жұрт көше берсе, ауылға жаны ашымаса оның сақталуы екіталай. Кейінгі кезде əрі тарт та, бері тарт əңгіме де көбейе бастаған еді. Ауыл əкімдерін сайлап қояды дегенде шолақсайлықтар елең еткен. Ауылдың құруы да, қызығы да адамға байланысты. 7 тамыз күні сайлауда аудандық мəслихат депутаттары дауыс беріп, ауылға Сертай Шарафиев əкім болып келді. Негізі, тамызды амал айы дейді. Жаздың мамыражай ыстығының беті қайтып, табиғатананың өзі жаны бар тіршіліктің бəріне алда күздің, қыстың барын ескертіп қояды. Ыстыққа адамдардың да еті үйренеді, өмір бойы осылай болып тұрады дегендей жалқаулық, самарқаулық та бойға ұрланып кіреді. – Өмірде де солай-ау, шамасы, – дейді жаңа əкім Сертай Шаймерденұлы. – Адам ертеңін ойламаса, алға ұмтылмаса, қай жерге көшсе де ертегі мекенді таба алмайды. Шолақсай бұрын қандай еді. Бүгін тозудың алдында тұр екен. Ал оны тоздырмау қолдан келмейтін шаруа емес! Əкім ауылға келген алғашқы күні іске кірісті. Неден бастады деңіз. Істі ауылдың тазалығы мен тəртіптен бастапты. Көшенің екі бетіндегі қоқысты тазалатып, бет алдына жалбырап өсіп кеткен ағаштарды бұтатыпты. Біз көргенде Шолақсай сақалмұртын қырып, өзін ретке келтірген кісідей жұтынып тұр. Көшеде шашау жатқан бір таяқ жоқ, пысық келіннің сыпырған алашасындай жайнап жатыр. – Осыдан екі айдай бұрын Шолақсай джунгли сияқты еді. Ал адамдар самарқаулыққа үйренген. Көшеде қоқыс жатса, басып өтіп кете береді, оны тазалауды есіне де алмайды. Малдың көңі де үйінің сыртында үйіліп тұрады. Ал қалаға не үшін көшкісі келеді? Таза жерде тұрғысы келеді, бірақ тазалауға өзінің мойны жар бермейді. Рас, ыстық су, суық суы шүмектен келіп тұр дегендей, қалада ауылға қарағанда тіршілікке жағдайдың бар екені рас. Ал ауылдың да қалаға қарағанда өз кереметі бар емес пе? Аспаннан түстік пе? Шолақсайдың кереметін айтайын. Барлық жерде ауыз су проблемасы жауыр болған. Ал Шолақсайда əр үйдің ауласында бұлақтың суындай құдық заңғырап тұр. Малдың жайылымы кең, неше сиыр ұстаймын десең жер де, шөп те жетеді, – дейді жаңа əкім. Алғашқы күндері жаңа əкімнің көше сыпыртқанына ауылда қарсылық білдіргендер де болмай қалмады. «Өзі аудан орталығынан келген соң ауылды да сондай көріп отыр ғой,

Əкім мен кəсіпкер бір баєытќа ќарауы тиіс

Сертай Шаймерденұлы өзі айтқандай, «аспаннан түскен жоқ», осыған дейін Науырзым ауданында біраз қызмет істеді. Шолақсайға келерде аудандық төтенше жағдай бөлімін басқарды. Қысқасы, адамдармен жұмыс істеу тəжірибесі жəне істің көзін табатын шалымдылығы да бар. Ол сайлауға түсерде көп ойланды. Ауыл адамдарды зеріктірмес үшін не істеу керек? Ауылдастар ауылдан неге кетеді? Қазір адамның материалдық жəне рухани қажеті болмаса кімді ұстап тұрасың? Алайда ауылдан қалаға кетіп, шылқып кеткендер де аз. Жұмыс болса, оған қоса мал ұстаса, есігінің алдына бақша ексе неге тұруға болмайды. Ауылда тұрған соң адам ауқатты болуы керек. – Ойпыр-ай, Ахмет Байтұрсынов атамыз дəл Шолақсайға бір түнеп кеткендей болады маған. «Қазақ керегінің көбі əркімге-ақ мағлұм ғой: біз кейін қалған халық, алға барып, жұрт қатарына кіру керек. Басқадан кем болмас үшін білімді, бай һəм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кəсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек», деген ғой жарықтық! Дəл шолақсайлықтарға қаратып айтқан тəрізді, – дейді əкім тамсанып. – Ахмет атамыз көрсеткен осы үш жолдан басқа жолмен жүрген қазақтың дамып кеткен түгі жоқ. Ауылдағы адамның кəсібі – егін мен мал. Қазір мамансыз осы екі кəсіптің де жолы даңғыл емес. Ауылға жас маман тарту осы жердегі шаруашылық басшысының да, əкімнің де ортақ мүддесі. Ауылға жас келсе жаңа тыныс ашылғандай болады. Сондықтан əкім «Шолақсай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Мəди Ихтиляповқа ауылдағы босаған үйлерді шаруашылықтың балансына қайта сатып алуды ұсынды. Сондай үйдің бірін Сертай Шаймерденұлы бізге де ерінбей ертіп жүріп көрсетті де. Үйдің бұзып ала беретіндей арса-арсасы шығып тұр. – Осы үйде оншақты жылдан көп тұрған кісі бір шеге қақпаған, бір рет бояу жақпаған. Үй тозбай қайтеді? Бұл – Кеңес Одағы кезінде «Шолақсай» кеңшары дүрілдеп тұрғанда салынған үйлер. Қабырғасы кірпіштен өрілген, төбесі плита, қазір құлап қалатын үй емес, іргетасы мықты. Шаруашылық есебінен жөндетіп, ауылға келген жас мамандарға береміз, – дейді əкім. Ауылдағы кəсіпкер əлеуметтік мəселені кері ысырайын демейді, біреуден екеу жақсы, оған осындай түрткі, ұсыныс керек-ақ болатын. Бір адам нені бітіре береді? Əкімнің бұл ұсынысына Мəди де қуанып қалды. Ауылдан тағы да осындай 7-8 үйдің шығатын түрі бар. Шаруашылық басшысы мен əкім ақылдаса келе солардың барлығын да иесінен сатып алып, шаруашылықтың балансына алатын болды. Ауылдан көшем дегендер үйін бұзбайды, оған ешқандай жол берілмейді. Ауыл шаруашылығынан береке кеткен жылдары бұрынғы «Шолақсай» кеңшарының Казанка деген бөлімшесі жабылып қалған екен. Əкім атқа мінгелі сол шұрайлы жерде тұрған Казанканы қайта жандандырып, мал шаруашылығын дамытсақ деген ұсынысын Мəдиге тағы айтты. Екеуі Казанканы аралап, ол жерден де төрт үйді жөндеп, жамап-жасқап қатарға қосуға болатынына көз жеткізді.

жеріме не бердім, не беремін деп өмір сүруі керек екен» деген ой көңілімнен шықпады. Өзімнің талпынуыммен аурудың бетін əрі қаратқандай болдым, қолымдағы таяғымды тастадым. Сосын осы сайлауға түсуге тəуекел еттім. Бірақ «асфальт əкім» емеспін, сайланған соң-ақ Шолақсайға көшіп келдім. Мен қызметіме де, халқыма да адал адаммын, – дейді Сертай Шаймерденұлы. Ауылда тұрған ағайынға материалдық байлық қалай керек болса, рухани байлықтың маңызы одан кем емес. Əкім іске кіріскен айда еліміз Конституциясы күні құрметіне гүлдер мерекесін өткізді. Шолақсайлықтардың гүл екпейтіні кемау, сірə. Біреуі əкелді, біреуі қызықтады. Келер жылы, бəлкім, ол да гүл егер. Одан кейін ауылдың ортасындағы стадионды тазалап, сонда денсаулық күнін өткізді. Жарыс десе ауылдың делебесі қозып кететін əдеті емес пе. Жүгіріп, секіріп, ауылдастар бір мəз болып қалды. Осы шараның барлығын əкім шаруашылықтың демеуімен жасады. Ауылдағы жастар үшін аптасына бір рет дискотека өткізуді де қолға алғалы отыр. Ауылдың ортасындағы Кеңес Одағы кезінен қалған клубты қалпына келтірудің де уақыты жеткен сияқты. Аудан басшылығы мен Шолақсай ауылдық əкімі, «Шолақсай» шаруашылығы келісіп, осындай шешім жасап отыр. Өйткені, адамдарды рухани жұтатуға болмайтынын уақыт еске салып қояды. Ал бұрынғы асханаға қазір жөндеу жұмыстары жүргізілуде. – Ауылдың музейін ашу туралы осы «Шолақсай» шаруашылығының бұрынғы жетекшісі, бүгінгі еңбек ардагері Өмірзақ Ихтиляповтың бастамасын мен қуана қарсы алдым. Бұл ауылдың іргетасын Ресей патшалығы заманында қазақ жеріне қоныс аударған орыс шаруалары қалаған екен. Содан бері ауылда керемет кісілер тұрды, шаруашылықта еңбек үлгісін көрсетті, заман өзгерістерін ауыл қалай қарсы алды? Кейінгі ұрпақ соның барлығын білуі тиіс, – дейді жаңа əкім. Қазір Шолақсайда 350 отбасы тұрады. Соның арасында 100 отбасы орыс тілді ағайын. Шағын ауылда түрлітүрлі ұлт өкілдерін кездестіруге болады. Жаңа əкім ауылдағы православие дініндегі тұрғындарды жинап, олардың сұрауымен Қостанайдағы православие шіркеуінің басшылығына Шолақсайдан ғибадат үйін ашуды өтініп хат жазып жіберіпті. Мұсылман дініндегілердің намазхана үйі орналасқан ғимаратты қайтадан жөндеп, екінші жағынан есік шығарып, ғибадат үйін жасап бермекші. Оған мұсылман жұрты да қарсылық білдірген жоқ. «Күшті болу үшін бірлік керек» деген осы. Əкімдік ісіне «аш қасқырдай кіріскен» Сертай Шаймерденұлының ауыл туралы уайымы да жоқ емес. Ол – мектептің жайы. Жыл сайын бала азайып барады. Ол жастардың ауылға деген елдік, патриоттық сезімін жани беру керек деп біледі. Адамның дəулетті, бақытты болуы оның ауылда, қалада тұрғанына байланысты емес, гəптің бəрі еңбекте. Шолақсайдың мөлдір суы мен таза ауасын қимай отырғандар бар. Өткен жылы осы ауылдан Германияға көшкен неміс кісі Шолақсайға келіп он күн жатып, аунап-қунап кетті. «Германияда Еуропаның қай жеріне барамын десем де мүмкіндік бар, бірақ Шолақсайдай жердің жəннаты қайда!» деп сырын айтты ауылдастарына. Осыдан 4-5 жыл бұрын ауыл сыртындағы қайың-терек аралас шыққан тоғайға найзағай түсіп өртеніп кеткен болатын. Ауыл ағасы Өмірзақ Ихтиляпов күйген ағаштарға ешкімді тигізбеді. «Табиғат өзін өзі реттейді, тоғай қайтадан өседі, тек бармаңдар, мал жаймаңдар», деген. Жердің жағдайын жақсы білетін Өмекеңнің ауыз жаппайақ айтқаны келді. Қазір сол тоғайдың орнына жас шыбықтар қайтадан шығып, шолақсайлықтардың бұрынғыдай демалатын, ауылдың қадірлі қонағын күтетін орнына айналыпты. Əкім ерінбей бізді осы тоғайға бастады. – Міне, осыдан төрт жыл бұрын мына тоғайдан жұрт күдер үзген еді. Ендігі көркін қарашы? Шолақсай да осы тоғай сияқты қайтадан көркейеді əлі, менің оған сенімім күшті! – деді Сертай Шаймерденұлы. Иə, сенім алға жетелейді. Қостанай облысы, Науырзым ауданы, Шолақсай ауылы.

Бүгінде мына алмағайып əлемде діни экстремизм қаупі ерекше алаңдаушылық тудырып отыр. Сондықтан бұл қатерге қарсы тұруға əлем ғана емес, біздің еліміз де ерекше назар аударуда. Бұл орайда Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Мемлекет пен азаматтар радикализмнің, экстремизмнің жəне терроризмнің барлық түрлері мен бой көрсетулеріне қарсы біртұтас шеп құруға тиіс. Біз Жаратушыға деген кіршіксіз сенімнің агрессиялы жəне қырып-жойғыш фанатизммен алмасуына жол бермеуіміз керек. Соқыр фанатизм біздің бейбітсүйгіш халқымыздың психологиясы мен діліне мүлде жат. Ол Қазақстанның мұсылмандары ұстанатын ханафи мазһабына қарама-қайшы», деген еді.

Нала

Мұндай секталардың алдамшы екендігі де айтылады. Онда ұйымның жарғысы бойынша əр мүшесі тапқан табысының 10 пайызын көсемдеріне беріп отырады екен. Осылайша жиналған қомақты қаржы əмірге табысталады. Сөйтіп, ұйымның əмірлері өздерінің жеке бизнесін өркендетіп, шалқып, тасып өмір сүреді екен. Ал мүшелері болса қайыр-садақа сұраудың алдында көрінеді. Міне, қарама-қайшылық деген қайда, көзді ашып қойып алдау деген осы емес пе? Осылайша жиналған қаржы түбі

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан».

Иə, расында Елбасы айтқандай, Қазақстандағы экстремизм мен терроризмде идеялық емес, қылмыстық негіз бар. Жалған діни көпірмеліктің артында қоғамның негізін шайқағысы келетін қылмыстық іс-əрекет жасырынып жатқаны шындық. Ал біздің мақсат – адамдардың бейбіт өмірін, əлемнің бейбітшілігін көздеу. Елбасымыздың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің ұстанған сара бағыты, төрт құбыламыз сай болуы үшін – толеранттық, өзара ке лісім, достық жəне бейбітшілік ұста нымдары қашанда назарда тұруы қажет. Осы жолдан таймау барысында Қазақстанда адамдардың жайлы тұрмысы үшін барлық жақсы лықтар жүзеге асуда. Мұны тек қазақстандықтар ғана емес, елімізге алыс, жақын шетелдерден келіп жатқандар да көзбен көріп, құлақпен естіп растап, айтуда. Демек, халқымыздың тыныштығы, балаларымыздың жарқын болашағы, елдің əлеуетті тұрмысы мен бейбіт те қауіпсіз өмір сүруге бағытталған құқықтық жолымыздың дұрыстығына еш шүбə жоқ. Алайда, осы жақсылықтарды көре алмайтын кертартпалар жат əлемнің теріс уағызына ілесіп, адасуын қояр емес. Бұл жайында жеткілікті түрде жазылып та, айтылып та жатыр. Бірақ теріс пиғылды жандар өзгелерді арбап, алдап, ақырында тағдырдың тəлкегіне лақтырып кетуде. Олардың көпшілігі адасқандарын қылмыстық əрекеттері əшкере болғанда ғана біліп, қайтар жол жабылғанда имандылықтан аттап өтуге үндеген «ұстаздарына» лағынет айтады. Бұл орайда газетжурналдарда жазылып, радиодан берілген хабарларға қарағанда, теледидардан бір мəрте көрсетілген осындай тақырыптағы бейнесюжеттің əсер ету артықшылығы жер мен көктей екендігі ақиқат. Сондай бір көрсетілімді «Хабар» агенттігінің арнасынан берілетін «Арнайы хабар» бағдарламасынан көріп, оның бүгінгі жастарға берер пайдасы мен ой салар тəрбиелік мəні зор екеніне көз жеткіздік. Бұл деректі лента «Əзəзілдің əрекеті» деп аталыпты. Онда исламды бұрмалап, жамағатты жаңылыстырып жүрген кімдер деген негізгі сауалға нақты жауап беріледі. Сектаның сойылын соғамын деп, қапасқа қамалған Хизб-уд Тахрирдің қатардағы «жауынгерлері» адасқандарын түсіне ала ма деген сұрақ қойылды алдыға. Толқын Құрманқожина атты ананың туған ұлы Ілияс Ермекбаев əзəзілдердің əрекетіне еріп, адасып, ақыры сотталып түрмеге қамалады. Қайран ана шырылдап сонау Талдықорғаннан Заречныйдағы ЛА155\14 түзеу мекемесінде отырған жалғыз ұлының артынан іздеп барады. Өмірдің тəттілігін ұмытпасын, жарық дүниенің дəмін сезінсін деп жылыжұмсақ тамақтарын қоса алып келеді. Осылайша жылдар бойы екі арада талай қиындықтарды бастан өткеріп, тар қапаста отырған жалғыз ұлының аузына дəм тасып шапқылап жүрген ана жүрегі қарс айырылып, көзіне жас алады. Қайғылы жанардан үзілген тамшылар жанынан тастамайтын ұлының суретіне тамып, ана байғұс емірене егіледі. Бірақ қайғыдан қан жұтқан қайран шешенің көз жасы қылмыс жасаған ұлының қателігін кетіре алмайтыны түсінікті. Заңның аты – заң. Жазадан ешкім жалтара алмайды. 1990 жылы Алматы облысы, Талдықорған қаласында дүниеге келген Ілияс Ермекбаев тыйым салынған ұйымның қызметін насихаттағаны үшін қылмыскер атанды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу материалдары бойынша ƏлФараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің физика-математика факультетінің ІІІ курс студенті Ілиясты осыдан біраз бұрын тұтқындаған екен.

Содан ол ұйымдасқан қылмыстық топ мүшесі ретінде «Хизб-ут Тахрир» экстремистік партиясының идеологиясын насихаттағаны үшін бес жылға сотталады. Анасы сол кезде баласының от басқанын түсінеді. Жəне өзі секілді сорлап қалған аналар көп екенін білгенде ұлын арбаған «Хизб-ут Тахрир» ұйымына қарғыс жаудырады. Ал Ілияс болса қатерлі сектаның шырмауына қалай түсіп қалғанын өзі де білмейді. Фильмде ол өзінің өкінетінін жасырмай айтады, адал азамат болып қалыптасуы үшін қолында тұрған бағынан өзі айырылып қалғанына налиды. Ол демалыс күндері алып шаhардың базарларының бірінде жүк тасып, нəпақа тапқан екен. Ондағысы анасына кішкене көмек болса екен деп ойлайды. Қасындағы арбакештермен түскі астарын бірге ішетін болған. Сондай бір басқосуда Абдулла есімді азаматпен кезігіп, ол бұларды түрлі əңгімеге тартқан. Уақыт өте мұндай кездесулер жұмыстан тыс та ұйымдастырыла бастаған. Əлгі жасырын жиынға əйелдер қатыстырылмайды екен. Хизб-уттықтар халифат құру, оған жету жолдарын талқылаған. Міне, бұлардың арбауына түсіп, тура жолдан тайған Ілияс оларға қызмет еткен. Нақты басшысының да кім екенін білмейді, көрмеген. Демек, соқыр сенім құрбанына айналған. Осы ұйымның пайдаланатын кітаптарынан басқа кітапты қолға алуға болмайды екен. Ол кітаптар арасында «Халифат», «Ислам мемлекеті», «Хизб-ут Тахрирдің саяси түсініктері», «Тұжырымдама», т.б. экстремистік бағыттағы əдебиеттер молынан шығарылыпты. Бұлардың мазмұны əлеуметтік, ұлттық, рулық, нəсілдік немесе діни араздықты қоздыру болып табылады, дейді Ілиястың ісін қараған Алматы қаласындағы Алмалы аудандық сотының судьясы Қ.Бұқпанова. Оның айтуы бойынша, Ілияс жоғарыдағыдай кітаптарды жинап, өзгелерге таратқан. Олардың басшысына бес жыл бұрын Хизбут Тахрир экстремистік ұйымына ел аумағында тыйым салынғаны туралы ескерту де жасалған. Бірақ оны Хизбут Тахрирдің Алматы облысы бойынша əмірі қаперіне алмаған. Теріс ісін, яғни өзгелерді адастыруды жалғастыра берген. Ақыры сотталып тынады. Фильмде І.Ермекбаев, Қ.Кеукеров, Н. Əсемов, М.Дүңгіршеков секілді көптеген сотталғандар соқыр сенімге алданғандарын кеш ұғынып, егер «Хизб-ут Тахрир» экстремистік ұйымына ел аумағында тыйым салынғанын бұрын білгенде ол іске араласпас па едік деп сан соғады. Өздері өкініш білдіреді. Кейінгі жастарға өздерінің қателіктерін қайталамауды, сақ болуды айтады. Ұйымның іс-əрекеті қолданыстағы заңға қарама-қайшы дейді. Енді олар «Хизб-ут Тахрирдің» болашағы жоқ екеніне кəміл сенеді. Деректі сараптамалық фильмде осының бəрі жан-жақты ашып көрсетілген. Қаржы министрлігінің биыл экстремистік ағымдарды қаржыландырудың 360 дерегін анықтағаны, соған байланысты 68 қылмыстық іс қозғалып, Шанхай ынтымақтастық ұйымы 38 қазақстандыққа іздеу жариялағаны, сөйтіп соңғы бес жылда Хизбут Тахрирдің 60 мүшесі жауапқа тартылғандығы дəлелденеді.

«Каспий Меруерті Оперейтинг Компани Б.В.» филиалы, Қазақстан Республикасы, 130000, Ақтау қ., 12-ш/ а, 74-ғимарат, 1-корпус, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 14 ақпандағы № 133 қаулысымен бекітілген тауарлар, қызмет көрсету жəне жұмыстарды сатып алу Ережелерінің 272-тармағының 11-тармақшасына сəйкес бір көз негізінен «Комплексные системы» ЖШС-мен келісімшартқа тұрғандығын хабарлайды: Лот №1 – Epson EB-G5650W WXGA проекторын жеткізу. Жабдықтаушы ұсынған баға – 779 000 (жеті жүз жетпіс тоғыз мың) теңге. Жергілікті қамту міндеті (пайыз есебімен) – 0%; Лот №2 – Epson EB-G5650W үшін kit ELPMB22+ELPFP14 төбе бекіткішін жеткізу жəне VGA желісі – 60 м. Жабдықтаушы ұсынған баға – 129 500 (жүз жиырма тоғыз мың бес жүз) теңге. Жергілікті қамту міндеті (пайыз есебімен) – 0%.

жоқ құдыққа құйылғандай жоғалып жатқанда кім ұтып, кім ұтылғанын көрерменге саралап, таразылау үшін ой салады. «Хизб-ут Тахрир», яғни азат ету партиясы 1953 жылы Иерусалим қаласында құрылған. Бұлар да салафиттік ағымдар секілді өзінің төзімсіздігімен көзге түседі. Жалпы, бұл ілімнің соңына ергендер фанатизммен, драматизммен ерекшеленеді де, Ислам дінінің ізгілігін бойына сіңіре алмайды. Сөйтіп, өзге діндерге, билікке қарсылықтарын білдіреді, дейді фильм сарапшылары. Фильмде эксклюзивті кадрлар да көрсетіледі. Онда жиынға жиналғандар өзара сөз жарыстырады, билікті жамандайды. Түсірілімдегі бейнекөріністер мен баяндаулар арқылы дінге əлдеқайда жақын Араб елдерінің өзінде біртұтас мемлекетке бірігу деген мүлде жоқтығы, сондықтан бір үлкен халифат мемлекетін құрып, Қазақстанды соның ішіне күшпен кіргізу деген утопия екендігі, Хизбут Тахрир ел ішінде бүлік салатын ұйым, Ислам қағидаларын бұрмалап, мəсҺабтарды мойындамайтыны, жаназа шығарған үйлерден тамақ жегенді харам санайтындары, есесіне эротиканы қолдайтыны белгілі болғанда, жаныңыз түңіледі. Ал хизбудтықтардың штабпəтері Ұлыбританияда орналасқан. Мұндағы саяси партияның басшысы да, жарғысы да бар. Өздеріне тиесілі «Ал-ваъй» газеті мен «Өркениет» журналдарынан қаржыны аямайды екен. ТМД елдерінде жасырын ұялары жұмыс істейді. Олардың қатарына қосылатындар жұмыссыздар, сауатсыздар, өмірден орнын таппағандар. Фильм соңында қандай теріс ағымдағы ұйым болмасын ел тұтастығына қауіп төндіретіндерді бұғаулайтын күш те, құдірет те, құзырлы тетік те бар екені жеткізіледі. Хизб-ут Тахрир алаяқтар, адасқандар, бұзықтар, бүлікшілдер тобыры, қоғамдағы арамшөп тəрізді екендігі айтылып, оны дер кезінде тамырымен қоса жұлып тастау қажеттігі санаға сіңіріледі. Сөйтіп, «Əзəзілдің əрекеті» атты бұл бейнетүсірілім «Раббым – Алла, Пайғамбарым – Мұхаммед, дінім – Ислам, кітабым – Құран, мəсҺабім – Əбу Ханифат деген əр қазақ ұлттық иммунитетке берік болған жағдайда ғана жат ағымға төтеп бере аламыз. Іргесі берік, шаңырағы биік мемлекетіміздің көп дінді, көп ұлттымыз деген ұстанымына сызат түсірмеу əрқайсымыздың парызымыз» деген сөздермен аяқталады. Осылайша бұл фильмді көрген əр адам терең ойға қалатыны сөзсіз. Қазақстандықтардың, əсіресе жастардың теріс жолға түсіп, адаспауы үшін алаңдаушылық білдіресіз. Өйткені, олар біздің болашағымыз ғой. Сондықтан да Елбасымыздың: «Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тəуелсіз Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп, тəуелсіз елімізді «Мəңгілік Ел» етуді мұрат қылдық. Тəуелсіз елді өз қолымен құрған буыннан басталған ұлы істерді кейінгі ұрпақтың лайықты жалғастыратынына кəміл сенемін. Бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері жəне жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана, біз «Мəңгілік Ел» боламыз», деген сөзін исі қазақ жадында ұстағаны жөн-ау.

Филиал «Каспий Меруерты Оперейтинг Компани Б.В.» Республика Казахстан, 130000, г. Актау, 12-й мкр., зд. 74, корпус 1, настоящим объявляет о заключении договора способом из одного источника c ТОО «Комплексные системы»: Лот №1 – поставка проектора Epson EB-G5650W WXGA. Цена, предложенная поставщиком – 779 000 (семьсот семьдесят девять тысяч) тенге. Обязательства по местному содержанию (в процентах) – 0%; Лот №2 – поставка потолочного крепления kit ELPMB22+ELPFP14 для Epson EB-G5650W WXGA и кабеля VGA – 60 м. Цена, предложенная поставщиком – 129 500 (сто двадцать девять тысяч пятьсот) тенге. Обязательства по местному содержанию (в процентах) – 0%; в соответствии с подпунктом 11, пункта 272, Правил приобретения товаров, работ и услуг при проведении операций по недропользованию, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 февраля 2013 года № 133.


АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Атырау мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті 2013 жылғы 25 қазанда (Астана уақытымен) сағат 10.00-ден сағат 17.00-ге дейін www.gosreestr. kz Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында республикалық меншік нысандарын сату бойынша № 3 электрондық аукционды өткізу туралы хабарлайды. Республикалық меншік нысандарын сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру нысандарын сату қағидасына сəйкес жүзеге асырылады. Сауда-саттықтың ағылшын əдісімен электрондық аукционға республикалық меншіктің келесі нысандары қойылады: 1. 2004 жылы шығарылған, мемлекеттік нөмірі Е 987 ВЕ, ВАЗ-21213 автокөлігі. Атырау қаласы, Құлманов көшесі, 137. Баланс ұстаушы – Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі «Экологиялық реттеу жəне бақылау комитетінің «Атырау облысы бойынша экология департаменті» ММ. Алғашқы бағасы – 132 281 теңге. Кепілді жарна – 19 842,15 теңге. 2. 2005 жылы шығарылған, КАТ-2279 «Байда» моторлы қайығы, «Ямаха-200» моторы, түгендеу нөмірі 2350000343; «Ямаха-200» моторы, түгендеу нөмірі 2350000344. Атырау қаласы, Азаттық даңғылы, 15. Баланс ұстаушы – Қазақстан Республикасының Көлік жəне коммуникация министрлігі Көлік бақылау комитеті Атырау жəне Маңғыстау облыстары бойынша «Каспий» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» ММ. Алғашқы бағасы – 432 452 теңге. Кепілді жарна – 64 867,8 теңге. 3. 2004 жылы шығарылған, мемлекеттік нөмірі Е 759 ВТ, ВАЗ-21213 автокөлігі. Атырау қаласы, Азаттық даңғылы, 15. Баланс ұстаушы – Қазақстан Республикасының Көлік жəне коммуникация министрлігі Көлік бақылау комитеті Атырау жəне Маңғыстау облыстары бойынша «Каспий» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» ММ. Алғашқы бағасы – 135 991 теңге. Кепілді жарна – 20 398,65 теңге. 4. 2008 жылы шығарылған, мемлекеттік нөмірі Е 010 СС, ВАЗ-210994 автокөлігі. Атырау қаласы, Азаттық даңғылы, 140. Баланс ұстаушы – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) «Атырау облыстық кеңсесі» ММ. Алғашқы бағасы –177 660 теңге. Кепілді жарна – 26 649 теңге. 5. 2007 жылы шығарылған, мемлекеттік нөмірі Е 028 СС, ГАЗ-31105-100 автокөлігі. Атырау қаласы, Азаттық даңғылы, 140. Баланс ұстаушы – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) «Атырау облыстық кеңсесі» ММ. Алғашқы бағасы –151 500 теңге. Кепілді жарна – 22 725 теңге. 6. 2004 жылы шығарылған, мемлекеттік нөмірі Е 040 RK, ГАЗ-31105-120 автокөлігі. Атырау қаласы, Азаттық даңғылы, 115. Баланс ұстаушы – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің «Атырау облысы бойынша инспекциясы» ММ. Алғашқы бағасы –267 669 теңге. Кепілді жарна – 40 150,35 теңге. 7. 2007 жылы шығарылған, мемлекеттік нөмірі Е 486 ВО, ВАЗ-21310 автокөлігі. Атырау қаласы, Баймұханов көшесі, 16а. Баланс ұстаушы – Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінің «Атырау облысы бойынша əділет департаменті» ММ. Алғашқы бағасы –215 277 теңге. Кепілді жарна – 32 291,55 теңге. 8. 2007 жылы шығарылған, мемлекеттік нөмірі Е 070 ВО, ВАЗ-21310 автокөлігі. Атырау қаласы, Баймұханов көшесі, 16а. Баланс ұстаушы – Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінің «Атырау облысы бойынша əділет департаменті» ММ. Алғашқы бағасы –215 277 теңге. Кепілді жарна – 32 291,55 теңге. 9. 2001 жылы шығарылған, мемлекеттік нөмірі Е 441 ВК, Toyota Camry автокөлігі. Атырау қаласы, Студенттер даңғылы, 212. Баланс ұстаушы – Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК. Алғашқы бағасы – 310 775 теңге. Кепілді жарна – 46 616,25 теңге. 10. 2003 жылы шығарылған, мемлекеттік нөмірі Е 052 ВС, ГАЗ-322132-224 автокөлігі. Атырау қаласы, Студенттер даңғылы, 212. Баланс ұстаушы – Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК. Алғашқы бағасы –174 331 теңге. Кепілді жарна – 26 149,65 теңге. 11. 2005 жылы шығарылған, мемлекеттік нөмірі Е 584 ВҒ, УАЗ31514-012 автокөлігі. Атырау облысы, Индер ауданы, Индер кенті, Уəлиханов көшесі, 9-үй. Баланс ұстаушы – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлықэпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Атырау облысы бойынша департаменті» ММ. Алғашқы бағасы – 36 366,75 теңге. Бастапқы бағасы – 242 445 теңге. Кепілді жарна – 36 366,75 теңге. Сауда-саттықтың голланд əдісімен электрондық аукционға республикалық меншіктің келесі нысан қойылады: 1. 1973 жылы шығарылғын, «Күзетші-018», У-2-78, КС-100Д катері. Атырау қаласы, Мечников көшесі. Баланс ұстаушы – «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің «ЖайықКаспий облысаралық балық шаруашылығы бассейіндік инспекциясы» ММ. Алғашқы бағасы – 3 913 280 теңге. Бастапқы бағасы – 782 656 теңге. Төменгі бағасы – 64 269 теңге. Кепілді жарна – 117 398,4 теңге. Электрондық аукционға қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі жəне электрондық аукцион басталғанға дейін қырық сегіз сағат бұрын аяқталады. Кепілді жарна Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитеті Атырау мемлекеттік мүлік жəне жеке шелендіру департаментінің мына депозиттік есеп-шотына төленеді: ММ коды – 2170168, ИИК (депозиттік шот)- KZ450705012170168006, БИКKKMFKZ2A, БИН – 120240020907, КНП171, КБЕ – 11, алушы банк – «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті» ММ-і. Төлемді тағайындау- ауционға қатысу кепілді жарнасы (кепілдік жарна мөлшеріне банк қызметінің төлемі кірмейді). Назар аударыңыз! Сатушының электрондық өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін қатысушының жарнамада көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ жеке жəне заңды тұлғаның электрондық өтінімі мен құжаттарын қарау мерзімі аяқталғанға дейін саудасаттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілді жарна сатушының шотына түспеуі негіз болып табылады. Электрондық аукционға қатысу үшін мыналарды: 1) жеке тұлғалар үшін: жеке сəйкестендіру нөмірін (бұдан əрі – ЖСН), тегін, атын, əкесінің атын (бар болған жағдайда); 2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сəйкестендіру нөмірін (бұдан əрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, əкесінің атын (бар болған жағдайда);

11

www.egemen.kz

5 қазан 2013 жыл

3) кепілді жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп-айырысу шотының деректемелерін; 4) байланыс деректерін (пошталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail); 5) ұлттық куəландырушы орталық берген ЭЦҚ-ның жарамдылығы мерзімін көрсете отырып, Тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет. Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде Тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді. Электрондық аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін мынадай құжаттардың: 1) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаттың, сондай-ақ банктен ағымдағы шоттың бар-жоғын растайтын анықтаманың; заңды тұлғалар үшін: жарғының, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куəліктің не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың, сондай-ақ банктен банктік шоттың бар-жоғын растайтын анықтаманың; 2) қатысушының кепілді жарна сомасын аударғанын растайтын банк белгісі бар төлем құжатының; 3) заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куəландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куəландыратын құжаттың көшірмелерін қоса бере отырып, электрондық аукционға қатысуға нысан бойынша қатысушының ЭЦҚ қойылған (сканерленген) электрондық өтінімді (бұдан əрі – электрондық өтінім) Тізілімнің вебпорталында тіркеу қажет. Шетелдік заңды тұлғалар қазақ жəне/ немесе орыс тілдеріндегі нотариалды куəландырылған аудармасы бар құрылтай құжаттарының электрондық (сканерленген) көшірмелерін ұсынады. Электрондық аукционға қатысушылар электрондық аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде аукцион залына ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып кіреді. Электрондық аукцион жекешелендіру нысанының бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады. Сауда-саттықтың ағылшын əдісі бойынша электрондық аукцион: 1) егер аукцион залында электрондық аукцион басталған сəттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірдебіреуі осы Қағиданың 36-4-тармағына сəйкес белгіленген қадамға жекешелендіру нысанының бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растамайтын болса, осы жекешелендіру нысаны бойынша электрондық аукцион өткізілмеген болып танылады; 2) егер аукцион залында электрондық аукцион басталған сəттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың біреуі осы Қағиданың 36-4-тармағына сəйкес белгіленген қадамға жекешелендіру нысанының бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растайтын болса, бастапқы баға белгіленген қадамға артады. 3) егер ағымдағы баға артқаннан кейін жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру нысанының ағымдағы құнын арттыру жолымен жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал осы жекешелендіру нысаны бойынша электрондық аукцион өткізілген болып танылады. Жекешелендіру нысаны бойынша сауда-саттықтың ағылшын əдісі бойынша электрондық аукцион қатысушылардың біреуі ұсынған ең жоғары бағаға дейін жүргізіледі. Жекешелендіру нысанының бастапқы бағасы бағаны ұлғайтудың кемінде екі қадамына өскен жағдайда ғана жекешелендіру нысаны бойынша саудасаттықтың ағылшын əдісімен электрондық аукцион өткізілген болып танылады, бұл ретте бастапқы бағаның екі қадамға өсуін кемінде екі қатысушы жүзеге асырады. Сауда-саттықтың голланд əдісі бойынша электрондық аукцион ережесі: 1) егер электрондық аукцион басталған сəттен бастап бес минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі электрондық аукционда жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру нысанының бастапқы бағасы қағидамен бекітілген қадамға азаяды; 2) егер баға азайғаннан кейін бес минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру нысанын сатып алуға ниетін растамайтын болса, жекешелендіру нысанының соңғы жарияланған бағасы белгіленген қадаммен азаяды. Жарияланған баға бойынша жекешелендіру нысанын сатып алуға ниетін бірінші болып растаған қатысушы саудасаттықтың голланд əдісі бойынша электрондық аукцион жеңімпазы болып танылады жəне осы жекешелендіру нысаны бойынша электрондық аукцион өткізілген болып танылады; 3) егер жекешелендіру нысанының бағасы белгіленген ең төменгі мөлшерге жетсе жəне қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растамаса, онда электрондық аукцион өткізілмеген болып танылады. Жекешелендіру нысанының бастапқы бағасы бағаны ұлғайтудың кемінде екі қадамына өскен жағдайда ғана жекешелендіру нысаны бойынша саудасаттықтың ағылшын əдісімен электрондық аукцион өткізілген болып танылады, бұл ретте бастапқы бағаның екі қадамға өсуін кемінде екі қатысушы жүзеге асырады Əрбір сатылған жекешелендіру нысаны бойынша электрондық аукцион нəтижелері электрондық аукцион нəтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы жəне жеңімпаз ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, электрондық аукцион аяқталғаннан кейін жиырма төрт сағат ішінде Тізілімнің вебпорталында қол қояды. Электрондық аукцион нəтижелері туралы хаттама электрондық аукцион нəтижелерін жəне жеңімпаз сатушының жекешелендіру нысанын сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттерін белгілейтін құжат болып табылады. Атырау қаласы, Абай көшесі, 10а мекенжайында, жеңімпазбен сатып алу-сату шартына электрондық аукцион өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қол қойылады. Бұл ретте, электрондық аукционның жеңімпазы салыстыру үшін түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып көрсетілген құжаттардың көшірмелерін не болмаса нотариалды куəландырылған көшірмелерін сатушыға ұсынады. Құжаттардың түпнұсқалары салыстырылғаннан кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады. Аукцион өткізу туралы қосымша ақпаратты www.gosreestr.kz сайтта жəне мына телефон арқылы алуға болады: 8(7122) 35-43-22.

ХАБАРЛАНДЫРУ Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы бос шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кəсіпорынның басшысы лауазымына орналасуға ашық конкурс жариялайды: Кəсіпорынның атауы: «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Шиелі аудандық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кəсіпорны. Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі кенті, М.Шоқай к-сі, 53. Негізгі қызметі: аудан халқына медициналық көмек көрсету. «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Шиелі аудандық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кəсіпорнының бас дəрігері. Қызмет атқарған жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы 60 347 теңгеден 72 204 теңгеге дейін (экологиялық коэффициентті есепке алмағанда). «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Шиелі аудандық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кəсіпорнының дара басшылық негізінде бас дəрігер басқарады, ол жоғары денсаулық сақтау органымен тағайындалады; Бас дəрігер міндетіне ұйымдастыру жүйесіне жетік, кем дегенде 5 жыл жұмыс тəжірибесі бар дəрігер тағайындалады. Қызметтік міндеттері: Денсаулық сақтау ұйымдарындағы өндірістік, шаруашылық жəне қаржы-экономикалық қызметтерді басқарады, қабылданған шешім, мүліктің сақталуы жəне тиімді пайдаланылуы, сондай-ақ оның қызметінің қаржылық-шаруашылық нəтижелері үшін толық жауап береді. Ұйым қызметінің саясатын, стратегиясын жəне оны іске асыру тетіктерін анықтайды. Мемлекеттік стандарттарға сай болуы үшін көрсетілетін диагностикалық, емдеу жəне профилактикалық көмектің тиімділігі мен сапасын арттыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бəсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған қызметкерлер жұмысын ұйымдастырудың нысаны мен əдістерін жаңадан енгізуді жəне қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді. Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылдарын қамтамасыз етеді, олардың іс-қимылдарын көрсетілетін медициналық қызметтерді дамытуға жəне жетілдіруге бағыттайды. Білікті кадрлардың өз кəсіптік білімдері мен тəжірибелерін ұтымды пайдалануына, өмір мен денсаулыққа қауіпсіз еңбек жағдайын құруға, ұжымда қолайлы психологиялық ортаны қалыптастыру үшін шаралар қабылдайды. Ұйым қызметінің талдауы жəне оның жұмыс көрсеткіштерінің бағасы негізінде ұйым жұмысының нысаны мен əдісін жақсартуға арналған қажетті шараларды қабылдайды. Əлеуметтік əріптестік принциптерінің негізінде ұжымдық шартты əзірлеуді, жасасуды жəне орындауды қамтамасыз етеді, қызметкерлердің еңбекке ынтасын, бастамасын жəне белсенділігін дамытуға ықпал етеді. Ұйым қызметінде, сондай-ақ қаржылық-шаруашылық басқару үшін құқықтық құралдарды пайдалану, шарттық жəне қаржылық тəртіпті бекіту, əлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу мəселелеріне қатысты заңдылықты сақтауды қамтамасыз етеді. Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау мен жұмыстан шығаруды жүзеге асырады. Жеке жəне заңды тұлғалармен шарт жасасады, мəміле жасайды. Өз құзырына қатысты мəселелер бойынша барлық қызметкерлер үшін міндетті өкімдер мен бұйрықтар шығарады. Мемлекеттік органдарда, ұйымдарда жəне сотта ұйымның өкілі болады. Медициналық этиканың орындалуын, ішкі еңбек тəртібінің, құралдарды, жабдықтарды жəне тетіктерді техникалық пайдаланудың талаптарын, еңбек қауіпсіздігі, еңбек қорғау жəне өрт қауіпсіздігі саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Ұйымның уақытында есеп беруін қамтамасыз етеді. Кəсіпорын басшысына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауаптылық белгіленеді жəне осы жөнінде тікелей міндет жүктеледі. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: - Жоғары медициналық білім. Мамандығы бойынша кəсіпорынның бейініне сəйкес саласының басшы лауазымдарында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі; - Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiн (Жалпы жəне ерекше бөлiмдер), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шiлдедегi Заңын, «Мемлекеттiк мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 мамырдағы Заңын, «Мемлекеттiк құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы Заңын, Қазақстан Республикасының осы кəсiпорынның қызметi саласындағы қатынастарды реттейтiн нормативтiк құқықтық актілерін бiлетiндiгi тексерiледi. Сондай-ақ, мемлекеттiк басқару органы бекiткен тиiстi кəсiпорын басшысының бiлiктiлiк талаптары мен лауазымдық нұсқаулығының негiзiнде конкурсқа қатысушылардың кəсiби бiлiмi анықталады. Мемлекеттік кəсiпорындардың басшыларын тағайындау жəне аттестаттау ережесiне сəйкес өткізіледі. Байқауға қатысқысы келген азаматтар Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасына келесі құжаттарды тапсырады: 1) конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2) мемлекеттік жөне орыс тілдерінде түйіндеме; 3) еркін нысанда жазылған өмірбаян; 4) білімі туралы құжаттардың көшірмесі; 5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе жеке еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнына қабылданғаны жəне одан босатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмесі; 6) денсаулығы туралы белгіленген нысандағы анықтама. Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тəжірибесіне, кəсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дəрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, осының алдындағы жұмыс орнының басшылығынан кепілдеме жəне т.с.) беруіне болады. Конкурсқа жіберілген үміткерлерді əңгімелесуге құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталған соң 5 жұмыс күні ішінде Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасында Қызылорда қаласы, Абай даңғылы, 60-үй мекенжайы бойынша өтеді. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар аталмыш хабарландыру жарияланған мерзімнен бастап 15 күнтізбелік күн аралығында Қызылорда қаласы, Абай даңғылы, 60-үй мекенжайы бойынша тапсырылуы тиіс, анықтама үшін телефон: 8-(7242)-40-04-51 (3005). Аталмыш лауазымға орналасқан азамат үшін көтерме шығындар төленбейді, тұрғын үй жəне жеңілдіктер ұсынылмайды.

ОБЪЯВЛЕНИЕ Управление здравоохранения Кызылординской области объявляет конкурс на занятие вакантной должности руководителя государственного коммунального предприятие на праве хозяйственного ведения: Наименование предприятия: Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения «Шиелийская районная поликлиника» управления здравоохранения Кызылординской области». Адрес: Республика Казахстан, Кызылординская область, индекс 120700, поселок Шиели, улица М.Шокай, №53. Основная деятельность: оказание медицинской помощи населению района. Главный врач Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения «Шиелийская районная поликлиника» управления здравоохранения Кызылординской области» Должностной оклад в зависимости от выслуги лет 60 347 тенге до 72 204 тенге (без учета экологического коэффициента). Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения «Шиелийская районная поликлиника» управления здравоохранения Кызылординской области» на основе единоначалия возглавляет главный врач, назначаемый вышестоящим органом здравоохранения в установленном порядке. На должность главного врача государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения «Шиелийская районная поликлиника» управления здравоохранения Кызылординской области» назначается врач, имеющий подготовку по организации деятельности предприятия, имеющий стаж работы не менее 5 лет. Функциональные обязанности: Руководит производственной, хозяйственной и финансовоэкономической деятельностью организации здравоохранения, несет всю полноту ответственности за принимаемые решения, сохранность и эффективное использование имущества, а также финансово-хозяйственные результаты его деятельности. Определяет политику, стратегию деятельности организации и механизм ее реализации. Обеспечивает внедрение новых и совершенствование существующих организационных форм и методов работы персонала, направленного на дальнейшее повышение эффективности и качества оказываемой диагностической, лечебной и профилактической помощи, повышение качества и конкурентоспособности оказываемых услуг, их соответствие государственным стандартам. Обеспечивает эффективное взаимодействие структурных подразделений организации, направляет их действия на развитие и совершенствование оказываемых медицинских услуг. Принимает меры по обеспечению организации квалифицированными кадрами, рациональному использованию их профессиональных знаний и опыта, созданию безопасных для жизни и здоровья условий труда, формированию благоприятной психологической атмосферы в коллективе. На основе анализа деятельности организации и оценки показателей его работы принимает необходимые меры по улучшению форм и методов работы организации. Обеспечивает на основе принципов социального партнерства разработку, заключение и выполнение коллективного договора, соблюдение трудовой дисциплины, способствует развитию трудовой мотивации, инициативы и активности работников. Обеспечивает соблюдение законности в деятельности организации, в том числе в вопросах финансово-хозяйственного управления, укрепления договорной и финансовой дисциплины, регулирования социально-трудовых отношений. Осуществляет прием и увольнение работников. Заключает договора, совершает сделки с физическими и юридическими лицами. Издает по вопросам своей компетенции распоряжения и приказы, обязательные для всех работников. Представляет организацию в государственных органах, организациях и суде. Обеспечивает выполнение медицинской этики, требований внутреннего трудового распорядка, технической эксплуатации приборов, оборудования и механизмов, соблюдение нормативных правовых актов Республики Казахстан в области безопасности и охраны труда, пожарной безопасности. Обеспечивает своевременную отчетность организации. На руководителя предприятия возлагается обязанность по противодействию коррупции с установлением за это персональной ответственности. Требования к участникам конкурса: - высшее медицинское образование. Стаж работы по специальности на руководящих должностях соответствующего профиля предприятия не менее 5 лет. - знание Конституции Республики Казахстан, Гражданского кодекса Республики Казахстан (Общая и Особенная части), Закона Республики Казахстан от 2 июля 1998 года «О борьбе с коррупцией», Закона Республики Казахстан от 1 марта 2011 года «О государственном имуществе», Закона Республики Казахстан от 15 марта 1999 года «О государственных секретах», нормативных правовых актов Республики Казахстан, регулирующих отношения в сфере деятельности данного предприятия. Также определяются профессиональные знания участников конкурса на основании квалификационных требований и должностной инструкции руководителя соответствующего предприятия, утвержденных органом государственного управления. Граждане, желающие принять участие в конкурсе, представляют в департамент здравоохранения кызылординской области следующие документы: 1) заявление об участии в конкурсе; 2) резюме на государственном и русском языках; 3) автобиографию, изложенную в произвольной форме; 4) копии документов об образовании; 5) копию трудовой книжки (при ее наличии) или индивидуального трудового договора либо выписки из приказов о приеме и увольнении с последнего места работы; 6) справку о состоянии здоровья по установленной форме. Участник конкурса может представить дополнительную информацию, касающуюся его образования, опыта работы, профессионального уровня (копии документов о повышении квалификации, присвоении ученых степеней и званий, научных публикациях, рекомендации от руководства предыдущего места работы и т.п.). Кандидаты, допущенные к участию в конкурсе, проходят собеседование в течение 5 рабочих дней после окончания срока приема документов в управлении здравоохранения Кызылординской области по адресу: город Кызылорда, проспект Абая, 60. Необходимые для участия в конкурсе документы должны быть представлены в течение 15 календарных дней с момента публикации данного объявления в управление здравоохранения Кызылординской области по адресу: город Кызылорда, проспект Абая, 60. Телефон для справок: 8-(7242)-40-04-51 (3005). Лицу, занявшему данную вакантную должность, подъемные расходы не оплачиваются, жилье и льготы не предоставляются.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитетінің «Қостанай мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті» ММ республикалық мүлікті жалға (жалдауға) беру жөнінде тендерді 2013 жылғы 21 қазанда сағат 11.00-де əкімшілік ғимаратта мына мекенжайда өткізеді: Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, 75, 1-қабат, 115-бөлме.

Тендерге қойылады: Лот № 1. Жалпы аланы – 600,0 ш.м. ғимарат Қостанай қ., Мəуленов көшесі, 12 мекенжайы бойынша өндірістік бөлме (құрылым) орналасқан. Баланс ұстаушы – «Резерв» РМК «Целина» филиалы. Жалдау ақысының бастапқы мөлшерлемесі айына – 186481 теңге. Кепілді жарна – 98148 теңге. Тендер шарты: 1. Тұрақжайды айлық жалдау мөлшерлемесінің ең үлкен көлемі. 2. Нысанды тікелей мақсаты бойынша пайдалану. 3. Ішкі жалдауға берілмейді. 4. Мүліктік жалдау шартын жасау мерзімі – 22.10.2013 ж. бастап 21.10.2014 ж. дейін. Жалдау ақысын мөлшерлемесіне коммуналдық қызметтердің шығыны мен тұрақжайға қызмет көрсетудің шығыны енгізілмейді. Олар бөлек төленеді. Егер тіркелген өтініштердің саны екеуден кем болса, онда тендер болмады деп жарияланады (бұдан екінші жəне одан кейінгі тендерлерді қоспағанда). Тендер өткізу ережесі Комиссия тендер өткізу кезінде нысан үшін бастапқыдан төмен емес жалдау ақысының ең жоғары сомасын ұсынған жəне тендерлік құжаттамада қамтылған барлық талаптарға сай келетін қатысушыны тендер жеңімпазы деп жариялайды. Тендерлік құжаттаманы мына мекенжайдан алуға болады: Қостанай қ., Гоголь к-сі, 75, 115-бөлме.

Кепілді жарна Қостанай мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаментінің мына депозиттік шотына енгізіледі: № KZ350705012170174006, БИК ККМFKZ2A, 070 банк коды, БСН 120240011849, КБЕ 11, КНП 171, ҚР Қаржы министрлігінің «Қазынашылық комитеті» ММ. Тендерге қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі: - тендерге қатысуға өтініш, онда тендерге қатысуға үміткердің келісімі жəне оның тендер шартын орындау бойынша міндеттемесі жəне тиісті шартты жасауы қамтылады; - жапсырылған конвертке салынған ай сайынғы жалдау ақысы бойынша ұсыныс; - кепілді жарнаның аударылғандығын растайын төлем тапсырмасының көшірмесі; - өтініш беру сəтінде салық берешегінің болмауы туралы салық органынан анықтама; 1) заңды тұлғалар үшiн – салыстыру үшiн мiндеттi түрде түпнұсқасын ұсына отырып, мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куəлiктiң, құрылтай құжаттардың (құрылтай шарты мен жар ғы) немесе көрсетiлген құжаттардың нотариалды куəландырылған көшiрмелерi; акционерлік қоғамдар үшін – бағалы қағаздарды ұстаушылардаң тізілімнен көшірме; - жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін – серіктестік қатысу шыларының тізілімінен көшірме

(серіктестік қатысушыларының тізілімін жүргізу жағдайында); - шетелдік заңды тұлғалар үшін – қазақ жəне орыс тілдеріне аударылып нотариалды расталған құрылтай құжаттар; 2) жеке тұлғалар үшін – жеке кəсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куəліктің көшірмесі, жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжат, салыстыру үшін түпнұсқасын міндетті түрде көрсете отырып үй кітапшасын немесе аталған құжаттардың нотариалды куəландырылған көшірмелері. Мүлікті жалға беруге шарт жасау мерзімі – баланс ұстаушымен келісім бойынша одан əрі ұзарту мүмкіндігімен Мүлікті жалдау шартын жасау мерзімі – 22.10.2013 ж. бастап 21.10.2014 ж. дейін. Тендер жеңімпазымен шарт тендер хаттамасына қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік 10 күннен кешіктірілмей жасалды. Өтініштер қабылдау жалға берушінің мекенжайына құжаттарды тігілген түрінде, беттері нөмірленген жəне мөрленіп (жеке тұлға үшін, егер мұндай болса) тапсыру жағдайында ақпараттық хабарлама жарияланған күнінен бастап жүргізіледі жəне 2013 жылғы 18 қазанда сағат 11.00-де аяқталады. Өтінімдер мына мекенжайда қабылданады: Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, 75, 115-бөлме. Анықтама алу телефондары: 501-511, 500-510 (факс).

Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің оқытушысы, аяулы қызымыз, балаларымызға өнегелі ұстаз Шолпан Мамашбайқызын Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің бұйрығымен білім саласындағы ерекше жетістіктері үшін «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталуымен отбасылық жылы сезіммен құттықтаймыз! Шолпан қызымыз 1977 жылы Қазақ қыздар педагогикалық институтын үздік дипломмен бітіріп, ұстазы, педагогика ғылымдарының кандидаты Рысбала Əлімқұлқызының алдынан тəлім-тəрбие алып, Жамбыл қаласына арнайы жолдамамен келіп, педагогикалық училищеге мұғалімдік қызметке орналасты. Бүгінгі күнге дейін көптеген шəкірттер дайындады. Осы уақытқа дейінгі берген білімі, ерен еңбегі ескеріліп, түрлі марапаттарға ие болып жүрген қызымыздың биыл «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен мадақталуын Отан алдындағы адал еңбегі деп білеміз жəне мақтан тұтамыз. Қызымызға ұзақ ғұмыр, отбасына сарқылмас бақыт тілейміз. Немересі Нарбұланның шаттық күлкісіне шомылып, ерен еңбегін одан əрі жалғастыра беруіне тілектестік білдіреміз. Сыдымановтар отбасы: Жақсыбек, Үміт, жиендері – Ерғали, Толқын, Роза, Найля, Дариға, Мадина, Жақсы-Мұрат. Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі реттемелі туризм мен рекреацияны жүзеге асыру үшін Шарын шатқалынан жер учаскесін уақытша құрылыстарды орналастыруға 5 жылға дейінгі мерзімге пайдалануға береді. Ұсыныстар хабарлама жарияланған күннен бастап 30 күн күнтізбелік мерзім ішінде қабылданады. Байланыс телефоны: 8 (72778) 2-14-33 факс, e-mail: nept61@mail.ru Мекенжайымыз: ҚР, Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы, Қыдырбаев к-сі, №4 үй. «АТФБанк» акционерлік қоғамының еншілес ұйымы – «АТФ Финанс» акционерлік қоғамы (ҚР Қаржы нарығын жəне қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау агенттігінің лицензиясы №0401201652; №0403200900 04.02.2008 ж. бастап) «Бағалы қағаздар нарығы туралы» ҚР Заңының 4 т. 102-бабына сəйкес хаттама № 11/2013 30.09.2013 ж. «АТФ Финанс» АҚ Директорлар кеңесімен «АТФ Финанс» АҚ Басқарма құрамындағы өзгерістер жөніндегі келесі шешімдер қабылданғаны туралы хабарлайды: 1. Екі жақтың келісімі бойынша «АТФ Финанс» АҚ Басқарма төрағасы Агибаев А.К. өкілеттігін 01.10.13 ж. бастап мерзімінен бұрын тоқтату. 2. 01.10.13 ж. бастап «АТФ Финанс» АҚ Басқарма сандық құрамын 4 адам есебінде келесі құрамында анықтау: • Шалманов Адильжан Еркнович – Барлық банктік, төлем жəне басқа қаржы құжаттарда бірінші қол қою құқығы бар Басқарма төрағасы. • Шойбекова М.С. – Барлық банктік, төлем жəне басқа қаржы құжаттарда екінші қол қою құқығы бар Бас бухгалтер (бала күту демалысында) • Старкова Т.В. – Барлық банктік, төлем жəне басқа қаржы құжаттарда екінші қол қою құқығы бар «Бас бухгалтерия» бөлімінің бастығы, Бас бухгалтер міндеттерін уақытша атқарушы. • Калиева С.А. – Заңдық жəне корпоративті мəселелер жөнінде бағыттың директоры. 3. Шалманов А. жалақы мөлшерін осы сұрақтың №1 Қосымшаға сəйкес бекіту. 4. Калиева С.А. жалақы мөлшерін өзгеріссіз қалдыру. 5. Шойбекова М.С. бала күту демалыс кезеңінде «АТФ Финанс» АҚ жаңа Басқарманың құрамындағы өкілеттігін мерзімінен бұрын белгілеу. «Rijk Zwaan Almaty» (Рийк Цваан Алматы) ЖШС-ның шетелдік жұмыс күшін тартуға Сергей Василевскийдің (Vasylevskyi Sergii) атына 26.09.2013 ж. берген №0026386 рұқсаттамасы жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитетінің Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті 2013 жылғы 25 қазанда республикалық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру жөнінде тендер өткізеді. Тендер мына мекен-жайда болады: Шымкент қ., Ғани Иляев к-ci, 24. Тендер өткізу уақыты сағат 10.00-де. Тендер өткізу шарты мен жеңімпазды таңдау өлшемдері үшін кейіннен сатып алу құқығынсыз тұрақжайды білім беру мақсатында жалға алу, төлемақы ай сайын, жалға алу мерзімі бip жыл Тендер жеңімпазы болып нысан үшін жалдау ақысының ең жоғары сомасын ұсынған жəне тендерлік құжаттамада қамтылған талаптарға сай келетін тендер қатысушысы танылады. Мүліктік жалға алу шартын жасау мерзімі – баланс ұстаушымен келісім бойынша одан əрі ұзарту мүмкіндігімен бір жыл. Тендер нысанының қысқаша сипаттамасы: Ғимараттың бірінші қабатындағы тұрақжайдың бөлігі. «М.Əуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК-ның орналасқан мекенжайы: Шымкент қаласы, Рысқұлбеков көшесі, 1, № 13 оқу корпусында жалға алынатын алаңы – 332,63 ш.м. Жалдау ақысының бастапқы мөлшерлемесі айына – 158340 теңге. Кепілді жарна – 143946 теңге. Тендер шарты: 1. Тұрақжайды тек қана орта техникалық білім беру мақсатында пайдалану 2. Тұрақжайды пайдалану жалдаудың барлық кезеңінде сақтау жалдау мерзімінің уақытында. 3. Орта кəсіптік білім беру лицензиясы қажет. 4. Баланс ұстаушымен шарт бойынша пайдалану, шығындарына төлемдерді қалалық коммуналдық қызметтермен төлемдерді қамтамасыз ету үшін соңдай-ақ нысанды ағымдағы жөндеуге жеке қаражат есебін жүргізу. Тендерге қатысу үшін қажет құжаттар тізбесі: Тендерге қатысуға өтінім, онда үміткердің тендерге қатысуға келісімі жəне тендер шартын орындау бойынша міндеттемесі жəне тиісті шартты жасауы қамтылады. Тендер шарты бойынша ұсыныс жапсырылған конвертте беріледі. - заңды тұлғалар үшін – мемлекеттік тipкey (қайта тipкey) туралы куəліктің, құрылтай құжаттардың (құрылтай шартымен жарғының) жəне салық төлеуші куəлігінің көшірмелері, олар салыстыру үшін түпнұсқаларын міндетті көрсетумен немесе аталған құжаттардың нотариалды куəландырылған көшірмелері көрсетіледі. - жеке тұлғалар үшін – жеке кəсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куəліктің, жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаттың, салық төлеуші куəлігінің көшірмелері жəне салыстыру үшін түпнұсқаларды міндетті түрде көрсетумен үй кітапшасы немесе аталған құжаттардың нотариалды куəландырылған көшірмелері. - акционерлік қоғамдар үшін – бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімінен үзінді-көшірмесі. - жауапкершілігі шектеулі

серіктестіктер үшін – серіктестік қатысушыларының тізілімінен үзіндікөшірмені (cepiктecтiк қатысушысы тізілімді жүргізу жағдайында). - шетелдік заңды тұлғалар үшін – қазақ жəне орыс тілдеріне аударылып нотариалды расталған құрылтай құжаттар. - кепілді жарнаның аударылғандығын растайтын төлем тапсырмасының көшірмесі. - өтініш беру сəтінде салық берешегінің болмауы туралы салық органынан анықтама. Өтініш қосарланған конвертте қабылданады. Сыртқы конвертте жоғарыда аталған құжаттар қамтылады. Ішкі конвертте үміткердің ұсынысы қамтылуы тиіс. Ішкі конверт өтінім беру сəтінде жабық болуы жəне үміткердің оны мөрлеуі тиіс. Өтініштер қабылдау жалға берушінің мекенжайына құжаттарды тапсыру кезінде жүргізіледі, ол тігілген түрде, беттері нөмірленіп жəне соңғы бетіне қол қойылып, мөр басылып куəландырылады (заңды тұлға үшін, егер мұндай болса). Шарт жасау мepзімі: тендер жеңімпазымен шарт тендер хаттамасына қол қойылған күннен бастап он күнтізбелік күннен кешіктірмей жасалады, тендер нысанымен танысу жəне тендерлік құжаттаманы тендер өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап мына мекенжай бойынша алуға болады: ОҚО, Шымкент қ., Иляев к-ci, 24, 204-бөлме. Анықтама алу телефоны: 21-0159, факс: 21-29-22. Тендер қатысушысы заңды тұлға болмайды, ол ҚР Заңына сəйкес немесе құрылтай құжаттарға сəйкес қызметтің түрлерімен айналысуға құқығы жоқ, оны тапсыру тендер шарты болып табылады. Егер тіркелген өтініштердің саны екеуден кем болса, онда тендер болмады деп жарияланады. Тендерге қатысу үшін кепілді жарна Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитеті «Оңтүстік Қазақ стан мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті» ММ-ның мына депозиттік шотына төленеді: СТН 582200048073, ИИК KZ930705012170178006. BIG KKMFKZ2A, ММ коды 2170178, БИН 120240016394, Оңтүстік Қазақстан облысының қазынашылық департаменті. Өтініш мына мекенжайда қабылданады: Шымкент қаласы, Иляев көшесі, 24. Анықтама үшін телефон: 210159, факс 21-29-22. Өтініштер қабылдау жəне тендер өткізу шартымен жəне тендерлік құжаттармен танысу ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі жəне тендер өткізуге дейін бір жұмыс күн ішінде аяқталады (2013 жылғы 24 қазанда таңғы сағат 10.00-де).

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректораты, Магистратура жəне PhD докторантура институтының ұжымы орыс тілі мен əдебиеті кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Сəуле Жүнісқызы Əбішеваға анасы, университет ардагері Қабира Наурызбайқызы ƏБІШЕВАНЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.


12

www.egemen.kz

5 қазан 2013 жыл

 Табиғат терезесі

і м е д з ї К

Суреттерді түсірген Берсінбек СƏРСЕНОВ.

 Мемлекеттік тіл – мерейім

Виктория, Анастасия жəне Ольга «Абай оќуларыныѕ» жеѕімпаздары атанды

 Алыста жүрген ағайын

 Спорт

Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан».

Байқау шарттары бойынша үміткерлер Абайдың білім, ғылым жəне өнер тақырыптарына өрілген поэзиялық шығармасын немесе қарасөзінің бірін мəнерлеп, жатқа оқыды. Екінші шыққанда «Абай жолы» романынан үзіндіні көркемдеп жатқа айтты. Ал үшінші рет көрермендер олардың орындауында Абайдың сөзіне жазылған бір əнді тыңдады. Қазақша тілінің мүкісі жоқ жастар Абай шығармаларын көркемдеп оқығанда, кемеңгер ақынның өлеңі де, қарасөзі де көңілге құйылып жатқандай əсер қалдырды. Шіркін, Абай шығармалары əркімге осылай жетіп отырса, Абай өлең жазған

ҚОСТАНАЙ. ––––––––––

Суретте: Бас жүлдені жеңіп алған атыраулық Əсемгүл Стомма.

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

Бұрнағы күні Астананың «Астана-Арена» спорт кешенінде Еуропа лигасы топтық сайысы 2-турында Қарағандының «Шахтері» мен Израильдің Хайфа қаласының «Маккабиі» кездесті. Тартысты өткен матч 2:2 есебімен тең аяқталды.

Саєыныш сазы

Шетелдерде тўратын ќазаќтардыѕ ґнер фестивалі ґтті

Өзге ұлт жастары арасында «Абай оқулары» байқауын тамашалауға келген көрермен І.Омаров атындағы қазақ драма театрының залына лық толды. Облыста алғаш рет өткізіліп отырған бұл республикалық шараны облыс əкімі Нұралы Сəдуақасов құттықтау сөзімен ашып, қазақ тілін меңгеріп, Абай шығармаларымен сусындап жүрген өзге этнос жастарына бəйгеден оза шабуға тілек білдірді. Байқауға қазақ тілінде көркемсөз оқу мен əн айтуды қатар меңгерген 15 жəне 25 жас аралығындағы жастар қатысты. Олар Қазақстанның барлық облысы мен Астана, Алматы қалаларынан келіп бақ сынады. тілде сөйлеуге əркім-ақ асық болар еді-ау. Негізі, байқаудың түпкі мақсаты да осы екен. – Бұрын республикалық байқау тек Астана қаласында өткізілетін. Соңғы екі жылда облыстарға да шыға бастадық. Өткен жылы республикалық «Абай оқу ларының» ақтық сайыстары Орал қаласында өтті. Биыл Қостанайға келуді жөн көрдік. Байқау өткізілген алғашқы жылдары өзге ұлт өкілдері балаларының қазақша сөйлегеніне мəз болып жүрдік. Одан кейінгі жылдары Абай өлеңдерін олардың түсініп оқуын талап еттік. Енді олардың Абай шығармаларын көрерменге өз деңгейінде жеткізгеніне куə болып отырмыз, – дейді Тіл комитетінің талдау жəне мониторинг басқармасының басшысы Гүлбадан Тəуелқызы. Қазылар алқасы байқауға қатысушылардың көркем мəтінді талғау жəне оқу шеберлігіне, қазақ тілінің орфоэпиялық нормаларын сақтап сөйлеуіне, əн орындау нақышына, сахналық өнер көрсету мəдениетіне жəне қазақтың ұлттық киім үлгісіне назар аударып отырды. Міне, осы сынның барлығынан сүрінбей өткен Атырау қаласындағы Гуманитарлық колледждің студенті Əсемгүл Стомма бас жүлдені жеңіп алды. Тараз қаласынан келген Виктория Мұртазина бірінші орынды иеленді. Ол Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінде оқиды. Екінші орынды Астана қаласындағы Гуманитарлық колледж студенті Анастасия Богданова алды. Үшінші орын Павлодар мемлекеттік педагогика институтының бірінші курс студенті Ольга Борисоваға бұйырды. Қостанай облысы əкімінің арнайы сыйлығы Иван Клименкоға табысталды.

Ўтып тўрып, теѕ тїсті

Бейсенбі-жұма күндері Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында шетел қазақтарының екі күндік өнер фестивалі ұйымдастырылды. Мəйегі бұзылмаған ұлттық фестивальге 16 мемлекеттен 150-ге жуық суретші, əнші-жыршы мен ақын келді.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Берісі Ресей, мына жағы Қытай, Норвегия, Швеция, Иран, Ауғанстан, Франциядан жеткен қазақтар ықыласын өнердің барлық тілімен төкті. Туған жер туралы үлкендердің айтқан естеліктерін көкіректеріне түйіп, жырақта жүрсе де ұлтын сүюден бір танбаған қазақ жастары осы ұлы сағыныш пен құрмет тілдің де, ділдің де қорғаушысы, сақтаушысы бола алатындығын өнер түрлерімен паш етті. Мысалы, бейнелеу өнеріне бет қойған Құбылай Сүрер атты бозбала сонау Германияда тұрып жатса да, барлық туындыларына Отанын арқау еткен. – Менің шығармашылығыма

атамның айтқан естеліктері мен бастан өткерген оқиғалары шабыт берді. Қазір сурет өнерімен айналысып жүрмін. Ересек өмірді бастаған кезде өзімнің еліме – Қазақстаныма қайтамын деп ойлаймын. Мектеп бітірген соң Назарбаев Университетіне түсуді армандап жүрмін, – дейді Құбылай. Жалғыз сурет көрмесі ғана емес, ақындар мүшəйрасы, термешілер сайысы сыртта жүрген ағайынның өнерден кенде емес екенін көрсетті. Қарасөздің қасиетін, ұлт мəдениетінің мəйегін ұғынатын қауым, қазақтың құнарлы тілін, салт-дəстүрін дəріптеп, ұлт өнерін ұлықтады. Осындай халықаралық өнер фестивалін ұйымдастыруда көксеген мақсатымыз – əлемнің

 Мəссаған!

Бұл, бір біріне-бірі ұқсай бермейтін екі таймнан құралған ойын болды. Оның біріншісінде «Шахтер» айтарлықтай басымдық көрсетсе, екіншісінде, «Маккабидің» дегені жүріп жатты. Кез десудің есептері де соған орай өзгеріп тұрды. Ал «Шахтер» матчты шынында да жаман бастаған жоқ. Кеншілер алғашқы 15 минутқа дейін қарсыластарын өз алаңдары маңына қысып ұстап, тіпті, шабуыл туралы ойлауға да мұрша бермеді. Бірақ қарағандылықтар бұл басымдықтан тиісті нəтиже шығара алмады. Шамамен, таймның ортасына қарай қонақтар ес жиып, алаң иелері қақпасына қарай алғашқы жорықтарын ұйымдастырды. Сол мезеттерде олар бірер рет қақпаға шын қауіп те төндіріп үлгерді. Осы тұста қонақтар бірінші рет бұрыштама беріп көрді. Дегенмен, бұл алма-кезек шабуыл сəті тым ұзаққа созылған жоқ. Содан кейін «Шахтер» қайтадан атқа қонды. Біздің жігіттердің ендігі қарқындары тіпті күшейе түсті. Сондай шабуылдардың бірінде, 40-минутта команда капитаны Андрей Финонченко əуелеп келген допты баспен қатты ұрып, дəл маңдайшаның астын солқ еткізді. Арада бар-жоғы 5 минут өткеннен кейін қарағандылық Евгений Тарасов қақпашымен бетпе-бет келген сəтін керемет

əр түкпіріндегі қандастарды табыстыру, көнеден жеткен бай тілімізді насихаттап, ұлт мəдениетінің керегесін кеңейту болса – ол орындалды. «Көк тудың желбірегені» атты өнер бəйгесінде қазақтың қарасөзі ұлықталып, жазба ақындар мүшəйрасы, 30-ға жуық өнерпаз қатысқан термешілер сайысы өтті. Баян-Өлгей аймақтық Қазақ қаламгерлер кеңесінің төрағасы Сұраған Рахметұлы көне тілдік қасиеттер барынша жақсы сақталған үлкен-үлкен өлкелер өзге мемлекеттің аумағында тіршілік етіп жатқанын айта келе: – Сол үлкен мəселені тарихи қара шаңырақтың алтын қазанына əкелу біздің мақсатымыз. Солардың бірсыпырасын бүгін осы біздің қазақ ақындары сүйреп жеткізді деп ойлаймын. Бұл енді қазақтың жеңісі, – дейді. Дөңгеленген дүниядағы қазақтың басын қосқан осынау өнер мерекесі. Сырттағы ағайындарымызбен барыс-келісті жолға қою – барымыз бен жоғымызды, тарихымызды да түгендеуге жол ашатындығын көрсетіп өтті. АЛМАТЫ. –––––––––––

Суретті түсірген Нұртай ЛАХАНҰЛЫ.

Руслан ИГІЛІК.

(Турдағы қалған ойындардың нəтижелерін egemen.kz, egemennews.kz сайттарынан көре аласыздар).

 Апыр-ай!

Пара алғаны туралы күдікті болған Алматы мемлекеттік сервис жəне технология колледжінің директоры Маран Тақабаев қылмыс үстінде қолға түсер сəтінде өзі отырған кабинеттің терезесінен сыртқа секіріп

Жазадан ќашамын деп...

Маѕдайдаєы мазаќ

Оќушыны ќорлаєаны їшін мектеп директоры мен келіні жўмыстан ќуылды Өмір ЕСҚАЛИ,

жазым бола жаздады

кетіп, жазым бола жаздады. Абырой болғанда, кабинет ғимараттың екінші қабатында орналасқан екен, одан жерге секіріп түскен азамат аман қалды. ҚазАқпараттың хабарлауынша, аталмыш оқу орнының басшысын ұстау операциясын қаржы полициясы жедел іздестіру шарасы аясында жүргізіпті. Құқық қорғау органы қызметкерлері оның пара алып жатқан жерінде келіп қалған екен. Сосын директор бұдан құтылудың жалғыз жолы терезеден секіріп кету деп есептесе керек. Дереккөз анықтағандай, колледж директоры 2007 жылдан бері асхана бөлмесін жалдап отырған кəсіпкерден ай сайын 200 мың теңге ақша алып келген. Қазір парақор басшы ауруханада жатқан көрінеді. «Ол Қалқаманда емделіп жатыр. Алып бара жатқан жарақаты жоқ. Бірақ миы шайқалған», делінген хабарламада. 58 жастағы Тақабаев аталмыш колледжді 2005 жылдан бері басқарып келеді. Ол сондай-ақ, Қазақстан Парламенті Сенатының депутаттығына үміткер көрінеді. Құрыш НҰРЫМБЕТ.

«Егемен Қазақстан».

Онсыз да жақсы жағынан гөрі жаман дағдыларымен көбірек көзге түсіп жүрген Қызылжар өңірінің ұстаздары адамның үш ұйықтаса түсіне кіріп шықпайтын оспадар іс-əрекеттерімен ел ішін тағы ұлардай шулатты. Бұл бассыздықты естіген тұрғындар жағаларын ұстап, естерін жия алмай дал. Жамбыл аудандық прокуратурасы оқушының жанына айықпас жара салып, психологиялық ауыр халге түсірген мұғалімнің құлақ естіп, көз көрмеген қатыгездігін əшкерелеп, жалпақ жұртқа жар салғаннан кейін ғана сенбеске амалдары қалмады. Бауман мектебіндегі математика пəнінің мұғалімі К. Əсімжанова алгебра сабағында Т. деген оқушыны сыныптастарының алдында əбден масқаралаған. Үй тапсырмасын білмегені үшін ғана жеткіншектің кекіл шашын қырқып, қақ маңдайына қара сиямен «двоечник» деп баттитып жазып

қойған. Қарғыс атқыр «қара таңбаны» өшірмеуге əмір етеді. Өйткен жағдайда тағы бір «екілікті» қонжитатынын айтып, зəре-құтын қашырады. Өзгелерге бұл жөнінде ешкімге тіс жармауды бұйырады. Менің тілімді алсаңдар, бірінші тоқсанда бəріңді «бестікке» шығарамын деген тəтті сөздерін айтуды да ұмытпайды. Сөйтсе, ол қайын енесі болып саналатын мектеп директоры К.Карабаеваның арқасында осылайша есіріп, тайраңдап жүрген болып шықты. Прокуратураның ұйғарымымен баға қоюда күнделік пен маңдайды шатастырған К.Əсімжанова оқу-тəрбие жұмыстарында моральдық жат қылықтарға жол бергені үшін Еңбек кодексінің 54-ші бабымен жазаланып, жұмыстан шығарылды. Директор да қызметімен қош айтысты. Жүрегі шайлығып, қорқып қалған жəбірленушінің ата-анасы сотқа жүгініп, моральдық шығын өндіріп алуға бекінген сыңайлы. Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы.

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 273-73-80.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru , egemenkz@maіl.kz Алматыда: факс (727) – 273-73-80, электронды пошта – egemalm@mail.ru

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – (712-2) 32-94-07; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

пайдаланып, тағы бір голды соғып кетті. Өкінішке қарай, екінші тайм тұтастай дерлік қонақтардың үстемдігімен өтті. Израиль футболшылары барған сайын біздің қақпаға қарай қауіпті шабуылдарды көбейте берді. Бұған қонақтар сапында ойыншылар алмасқаны да айтарлықтай серпін берді. Олардың есепті теңестірген екі ойыншысы да солар болды. Алдымен Эзра 54-минутта бір доптың қарымтасын қайтарса, 79-минутта Тургеман таразы басын теңестірді. Бірақ меймандар бұдан кейін де тыншу таппады. Қарағандылықтардың арасында бірер рет қарсы қақпа маңына барғаны болмаса, қалған уа қыттардың бəрінде алаң иелерінің дарбазасы төбесінде Дамоклдің қылышы жалаңдап тұрғандай көрінді. Ойын да хайфалықтардың осындай жойқын жорықтары үстінде соңына жетті. Осылайша, Қазақстан командасы Еуропа лигасындағы өзінің ең алғашқы ұпайын алды. Келесі турдың ойындары 24 қазан күні ойналады. Бұл күні «Шахтер» Голландияның АЗ (Алкмаар) командасымен кездеседі. Содан кейін осы ұжымның алаңына барып ойнайды.

Көкшетау – (716-2) 25-76-91; Павлодар – (718-2) 57-18-09; Қарағанды – (721-2) 43-94-72; Семей – (722-2) 52-26-86; Қостанай – (714-2) 39-12-15; Тараз – (726-2) 43-37-33; Қызылорда – (724-2) 27-00-85 Шымкент – 8 (701) 404-36-29; Орал – (711-2) 28-80-35; Петропавл – (715-2) 50-72-50. Өскемен – (723-2) 25-28-41; Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-73-97, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Арко» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-полиграфия» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Мұхит к-сі, 57/1, «Жайық Пресс» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Космическая к-сі, 6/3, «Шығыс ақпарат» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

Бүгін «Егемен Қазақстанның» интернет-басылымынан (egemennews.kz) мына хабарлармен таныса аласыздар: ● Киевте 8 жасар балақай әскер қатарына шақырылыпты. ● «Титаниктің» апатқа ұшырауына Ай кінәлі ме? ● Актер Андрей Панин өзінің өлетінін күні бұрын білген деседі... ● Қытайда денесіне пышақ өтпейтін егеуқұйрық пайда болыпты. ● Ақтауда сапасы мен құрамы күмәнді ет өнімдерін шығаратын жасырын цехтың саудасы дүрілдеп тұр. ● Қарағанды облысында салынатын аурухананың құны 26 млрд. теңге болғаны ма? ● Қостанайда қазылған шұңқырдан адамның сүйегі шықты.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 200 601 дана. Нөмірдің кезекші редакторы

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 12 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №158ek


www.egemen.kz

5 қазан 2013 жыл

13

РЕСМИ БӨЛІМ Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2013 жылғы 16 қыркүйек №969 Астана, Үкімет Үйі «Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің тізбесін және Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің құнын субсидиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 наурыздағы № 451 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Телекоммуникацияның əмбебап қызметтерінің тізбесін жəне Телекоммуникацияның əмбебап қызметтерінің құнын субсидиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 наурыздағы №451 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., №17, 153-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Телекоммуникацияның əмбебап қызметтерінің тізбесі осы қаулыға 1-қосымшаға сəйкес жаңа редакцияда жазылсын; 2) көрсетілген қаулымен бекітілген Телекоммуникацияның əмбебап қызметтерінің құнын субсидиялау ережесінде: көрсетілген ережеге 1, 2-қосымшалар осы қаулыға 2, 3-қосымшаларға сəйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 16 қыркүйектегі №969 қаулысына 1-қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 наурыздағы № 451 қаулысымен бекітілген Телекоммуникацияның əмбебап қызметтерінің тізбесі Р/с № 1 1. 2.

3.

Əмбебап қызметтердің атауы 2 Жергілікті телефон байланысы қызметтері Интернет желісіне кемінде 1024 Кбит/с қосылу жылдамдығымен жеке** сымсыз қолжетімділік қызметтері (01.01.2015 жылдан бастап кемінде 1536 Кбит/с) Интернет желісіне кемінде 1024 Кбит/с қосылу жылдамдығымен ұжымдық*** қолжетімділік қызметтері

Қолжетімділік деңгейі 3 Елді мекендерде* жеке** жəне/немесе ұжымдық*** қолжетімділік ұйымы Елді мекендерде*: 2013 жылы аудан орталығы мəртебесі бар жəне одан жоғары; 2014 жылы тұрғындар саны 3000 жəне одан да көп; 2015 жылға қарай барлық елді мекендерде* Елді мекендерде*: 2013 жылы тұрғындар саны 3000 жəне одан да көп; 2014 жылы тұрғындар саны 1000 жəне одан да көп; 2015 жылға қарай барлық елді мекендерде*

Ескертпе: * Елді мекен «Қазақстан Республикасының əкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабына сəйкес айқындалады. ** Жеке қолжетімділік: 1) жергілікті телефон байланысы қызметтерін көрсету үшін абоненттік желіні телефон желісіне қосу арқылы іске асырылады; 2) Интернет желісіне сымсыз қолжетімділік қызметін көрсету үшін абоненттік құрылғыны ұсынумен сымсыз арнаны ұйымдастыру арқылы іске асырылады. *** Ұжымдық қолжетімділік: 1) жергілікті телефон байланысы қызметтерін көрсету үшін мынадай тəсілдердің бірімен іске асырылады: таксофондарды орнату; осы қызметке ұжымдық қолжетімділік пункттерін ұйымдастыру (телекоммуникация қызметтеріне ұжымдық қолжетімділік пункттері жұмысының режимі еңбек туралы заңнамаға сəйкес айқындалады); 2) Интернет желісіне ұжымдық қолжетімділік қызметтерін көрсету үшін осы қызметке ұжымдық қолжетімділік пункттерін ұйымдастыру арқылы (телекоммуникация қызметтеріне ұжымдық қолжетімділік пункттері жұмысының режимі Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасына сəйкес айқындалады) іске асырылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 16 қыркүйектегі № 969 қаулысына 2-қосымша Телекоммуникацияның əмбебап қызметтерінің құнын субсидиялау ережесіне 1-қосымша Телекоммуникацияның жеке қолжетімділік арқылы көрсетілген əмбебап қызметтерінің нақты кірістері мен көлемі туралы 20___ жылғы ___ тоқсандағы деректер Оператор Телекоммуникацияның əмбебап жұмықызметінің атауы сының өңірі 1 2 Жергілікті телефон байланысы қызметтері Интернет желісіне кемінде 1024 Кбит/с қосылу жылдамдығымен жеке сымсыз қолжетімділік қызметтері Барлығы:

Көрсетілген қызметтер көлемі, тарифтеу бірліктерінде 3

Нақты кірістер, мың теңге 4

Оператор _____________ Уəкілетті адамның Т.А.Ə. _____________ Телекоммуникацияның ұжымдық қолжетімділік арқылы көрсетілген əмбебап қызметтерінің нақты кірістері мен көлемі туралы

20___ жылғы ___тоқсандағы деректер Оператор Телекоммуникацияның жұмысының əмбебап қызметінің атауы өңірі 1 2 Жергілікті телефон байланысы қызметтері Интернет желісіне кемінде 1024 Кбит/с қосылу жылдамдығымен ұжымдық қолжетімділік қызметтері Барлығы:

Көрсетілген қызметтер көлемі, тарифтеу бірліктерінде 3

Нақты кірістер, мың теңге 4

Оператор _____________ Уəкілетті адамның Т.А.Ə. _____________ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 16 қыркүйектегі № 969 қаулысына 3-қосымша Телекоммуникацияның əмбебап қызметтерінің құнын субсидиялау ережесіне 2-қосымша Операторға жеке қолжетімділік арқылы телекоммуникацияның əмбебап қызметтерін көрсеткені үшін залалдарды өтеуге арналған субсидиялар мөлшері туралы 20___ жылғы ___ тоқсанға арналған ведомость Опе- ТелекоммуКөрсетіле ратор никацияның əмбебап тін жұмы қызметінің атауы қызметсы тердің ның өзіндік өңірі құны, теңге

Көрсетілген қызметтер көлемі, тарифтеу бірлікте рінде 4

2 3 Жергілікті телефон байланысы қызметтері Интернет желісіне кемінде 1024 Кбит/с қосылу жылдамдығымен жеке сымсыз қолжетімділік қызметтері Субсидиялар мөлшерінің жиыны, мың теңге

Шығыс тар, мың теңге (3*4)

Нақты кірістер, мың теңге

Субсидиялар мөлшері, мың теңге

5

6

7

Уəкілетті орган _____________ Уəкілетті адамның Т.А.Ə._____________ Операторға ұжымдық қолжетімділік арқылы телекоммуникацияның əмбебап қызметтерін көрсеткені үшін залалдарды өтеуге арналған субсидиялар мөлшері туралы 20___ жылғы ___ тоқсанға арналған ведомость ОпеТелекомму ратор никацияның əмбебап жұмысы қызметінің атауы ның өңірі

Көрсеті летін қызметтер дің өзіндік құны, теңге

1

2 3 Жергілікті телефон байланысының қызметтері Интернет желісіне кемінде 1024 Кбит/с қосылу жылдамдығымен ұжымдық қолжетімділік қызметтері Субсидиялар мөлшерінің жиыны, мың теңге

Көрсетілген қызметтер көлемі, тарифтеу бірлікте рінде 4

Шығыстар, мың теңге (3*4)

Нақты кірістер, мың теңге

Субсидиялар мөлшері, мың теңге

5

6

7

Уəкілетті орган _____________ Уəкілетті адамның Т.А.Ə. _____________

Қазақстан Республикасы Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығы 2012 жылғы 28 қараша

№446-ө-м

Астана қаласы

Жұмысшылардың жұмыстары мен кəсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (41-шығарылым) бекіту туралы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 125-бабына сəйкес жұмыстардың белгілі бір түрлерінің күрделілігін белгілеу, жұмысшыларға біліктілік разрядын беру жəне кəсіптерінің дұрыс атауларын айқындау мақсатында бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Жұмысшылардың жұмыстары мен кəсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (41-шығарылым) бекітілсін. 2. Еңбек жəне əлеуметтік əріптестік департаменті (А.Ə.Сарбасов) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тəртіппен Қазақстан Республикасының Əділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін жəне ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 3.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау вице-министрі Е.К.Егембердіге жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр С.ƏБДЕНОВ. Қазақстан Республикасы Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау 2012 жылғы 28 қараша № 446-ө-м бұйрығымен бекітілген Жұмысшылардың жұмыстары мен кəсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (41-шығарылым) 1-бөлім. Жалпы ережелер 1. Жұмысшылардың жұмыстары мен кəсіптерінің бірыңғай анықтамалығы (бұдан əрі - БТБА), 41-шығарылым, «Шыны жəне шыны бұйымдарының өндірісі» бөлімі. 2. Берілген жұмысшылардың кəсіптік жəне жұмыстың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамасы БТБА Қазақстан Республикасының Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 10 маусымдағы №130-п бұйрығымен бекітілген, бұрын қолданылып келген БТБА 41-шығарылымы негізінде əзірленді. 3. Жұмыс разрядтары еңбек жағдайы ескерілмей (еңбектің күрделілік деңгейіне əсер етуші жəне орындаушының біліктілігіне қойылатын талаптарды арттырушы айрықша жағдайларды қоспағанда), олардың күрделілігі бойынша белгіленді. 4. Əр кəсіп бойынша тарифтік-біліктілік сипаттаманың екі бөлімі бар. «Жұмыс сипаттамасы» бөлімі жұмысшы орындай білуге тиіс жұмыстардың суреттемесін қамтиды. «Білуге тиіс» бөлімінде арнаулы білімге, сондай-ақ ережелерді, нұсқаулықтар мен басшылыққа алатын материалдарды, жұмысшы қолдануға тиісті əдістер мен құралдарды білуіне қатысты жұмысшыға қойылатын негізгі талаптар қамтылған. 5. Тарифтік-біліктілік сипаттамасында жұмысшы кəсібінің осы разрядына анағұрлым тəн жұмыстардың тізбесі келтіріледі. Бұл тізбе жұмысшы орындай алатын жəне орындауға тиісті жұмыстардың барлығын қамти алмайды. Ұйымның əкімшілігі орындау күрделілігі бойынша тиісті разряд жұмысшылары кəсіптерінің тарифтікбіліктілік сипаттамаларында қамтылған жұмыстарға сəйкес келетін жұмыстардың қосымша тізбесін əзірлеп, кəсіподақ комитетімен немесе өкілді органның өзге уəкілетті қызметкерлерімен келісім бойынша бекіте алады. 6. «Жұмыс сипаттамасы» бөлімінде көзделген жұмыстармен қатар, жұмысшы ауысымды қабылдау жəне тапсыру, жұмыс орнын, айлабұйымдарды, құралдарды жинастыру, сондай-ақ оларды тиісінше ұстау, белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізу жөніндегі жұмыстарды орындауға тиіс. 7. «Білуге тиіс» бөлімінде қамтылған теориялық жəне практикалық білімдермен қатар, жұмысшы: еңбекті қорғау, өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі ереже мен нормаларды; жеке қорғану құралдарын пайдалану ережесін; орындалатын жұмыс (қызмет) сапасына қойылатын талаптарды; жарамсыздықтың түрлері мен оның алдын алу жəне жоюдың тəсілдерін; өндірістік дабылдатқышты; жұмыс орнында еңбекті ұтымды ұйымдастыру жөніндегі талаптарды білуге тиіс. 8. Біліктілігі анағұрлым жоғары жұмысшы өзінің тарифтікбіліктілік сипаттамасында санамаланған жұмыстармен қатар, біліктілігі анағұрлым төмен жұмысшылардың тарифтік-біліктілік сипаттамасында көзделген жұмыстарды орындай білуге, сондай-ақ осы кəсіптегі разряды төмен жұмысшыларға басшылық жасай білуге тиіс. Осыған байланысты, анағұрлым төмен разряд кəсіптерінің тарифтікбіліктілік сипаттамасында келтірілген жұмыстар, анағұрлым жоғары тарифтік-біліктілік сипаттамасында, əдетте келтірілмейді. 9. Тарифтік-біліктілік сипаттама жеті разрядтық тарифтік кестеге орай əзірленді. Қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттарды толтырған кезде, сондай-ақ тарифтік разряды өзгерген кезде, оның кəсібінің атауы БТБА-ға сəйкес жазылады. 10.Тарифтік-біліктілік сипаттамалар ерекше айтылған жағдайлардан басқа, осы бөлімде көрсетілген өндірістер мен жұмыс түрлері бар ұйымдарда, меншік жəне ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, жұмыстарды тарифтеу жəне жұмысшыларға біліктілік разрядтарын беру кезінде қолданылады. 11. Қолданылуға ыңғайлы болу мақсатында, БТБА-да алфавиттік көрсеткіш қосымшасында көзделген, онда жұмысшылар кəсіптерінің атауы, разрядтардың диапазондары жəне беттердің нөмірленуі қарастырылған. 12. «Шыны жəне шыны бұйымдарының өндірісі» бөлімінде қарастырылған жұмысшы кəсіптері атауларының, олардың БТБА 41 - шығарылымы бойынша қолданыстағы атаулары көрсетілген тізбесі 2004 жылғы редакциясында берілген. 2-бөлім. Шыны жəне шыны бұйымдарының өндірісі» 1. Автоклавшы Праграф 1. Автоклавшы, 3-разряд

13. Жұмыс сипаттамасы: біліктілігі анағұрлым жоғары атоклавшының басшылығымен пакеттелген шыны бұйымдарын жəне триплекстің басқа да түрлерін қысыммен газ, су жəне парафиндік автоклавтарда престеу; шыны бұйымдарын вакуум қаптарға, триплекс пакеттерін этажерканың тік ұяшықтарына салу жəне автоклавтарға жүктеу; шыны бұйымдарын автоклавтардан түсіру, этажерканы суыту камерасына беру; пакеттерді ашу; қызмет көрсетілетін автоклавтың жұмыс режімін қадағалау. 14. Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмыс істеу қағидасы; престеу технологиялық процесін жүргізу ережесі, пакеттерді этажеркаға салу əдістері мен ережесі, триплекстік ассортименті; бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі; ақау түрлері жəне оның алдын алу мен жою бойынша шаралар. Параграф 2. Автоклавшы, 4-разряд 15. Жұмыс сипаттамасы: шыны пакеттерін, үш қабатты триплекс шыныны жəне басқа бұйымдарды əр түрлі автоклавтарға престеу; автоклавты жұмысқа дайындау; бұйымдарды қолмен автоклавқа салу; престелген бұйымдармен кассеталарды автоклавқа тиеу; белгіленген технологиялық режимді жəне бұйымдардың жылжуын қадағалау; автоклавта температураны жəне қысымды реттеу; автоклавтан шыны бұйымдарын қолмен немесе механизмдердің көмегімен түсіру; шыны бұйымдарын престеуден кейін керосинмен немсе басқа қажетті ерітіндімен сүрту; автоклавтарда престеуден кейін түзетілетін ақауы бар бұйымдарды қайта престеу. 16. Білуге тиіс: автоклавтардың, көтергіш құрылғылардың, тиеу жəне түсіру механизмдерінің құрылысы жəне жұмыс істеу қағидасы; бұйымдарды өңдеу технологиялық процесі, сақтандыру

құрылғыларының, қауіпсіздік құралдарының, бақылау-өлшеу аспаптарының əрекет ету қағидасы; қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды қауіпсіз пайдалану ережесі; сигнал беру жəне бұғаттау жүйесі, жұмыс журналын жүргізу ережесі, ақау түрлері жəне оның алдын алу бойынша шаралар. Электрондық басқару жүйесімен автоклавтарға қызмет көрсету кезінде - 5-разряд. 2. Аэрозольшы Параграф 1. Аэрозольшы, 3-разряд 17. Жұмыс сипаттамасы: кейіннен электр пеште қыздырумен термотөзгіш шыныдан тоқ өткізетін қабыршақтың қабатын қолмен салу; шынының бетін дайындау. 18. Білуге тиіс: электр пештің құрылысы; қызмет көрсетілетін жабдықты пайдалану ережесі; шынының құрамы, тоқ өткізетін қабыршақтың қабатын салу ережесі; шыныдан бұйымдарды қыздыру ережесі. Параграф 2. Аэрозольшы, 4-разряд 19. Жұмыс сипаттамасы: аэрозолдық қондырғыда шыныға тоқ өткізетін қабыршақтың қабатын жəне мықты кварц шыны бұйымдарына электр контактілері қабатын салу; аэрозоль жəне кептіру қондырғыларының жұмысын əр түрлі режимдерде реттеу; шынының бетіне қабат жағу үшін коллоидты ерітінділер дайындау. 20. Білуге тиіс: аэрозоль жəне кептіру қондырғыларының құрылысы; кварц шынының қасиеттері, газдық қыздыратын элементтерді сынау ережесі мен əдістері; ақауды түзету тəсілдері. 3. Шыны бұйымдарын қоршаушы Параграф 1. Шыны бұйымдарын қоршаушы, 2-разряд 21. Жұмыс сипаттамасы: бекітудің қатты жəне нүктелік əдістерімен астигматикалық жəне стигматикалық линзалар үшін дайындамаларды қоршау; икемді жəне қатты əдістермен оптикалық шыныдан қарапайым жəне сфериялық бөлшектерді қоршау; сфериялық айналарға арналған шынылар дайындау; қоршау жəне қажетті температураға дейін қыздыру үшін корпустардың беттерін дайындау; шыны бұйымдарын қоршауға арналған көмекші материалдарды дайындау; оптикалық бөлшектерді, линзаларға арналған дайындамаларды жəне бітейтін массаны қыздырудың температуралық режимін реттеу; линзаларды өңдеуден кейін бітеу, тазарту жəне сүрту; линзаларды рефракция бойынша салу; оптикалық бөлшектерге бір қабаттық шайыр жастықтарды қолмен немесе арнайы станокта дайындау жəне жапсыру; оптикалық бөлшектерді құралға жапсыру; жабыстырылған блоктарды жоғары жиілікті тоқпен қыздыру, блоктарды суыту жəне құралдан шешіп алу; бөлшектерді гипстауға арналған блокты құрастыру; гипс ерітіндіні дайындау жəне блоктарды құю; оптикалық бөлшектердің механикалық немесе термиялық тəсілмен қоршауын жəне гипсін алып тастау; оптикалық бөлшектерді, қолданылатын құралды шайыр мен гипстан тазарту; электр плиталарды, электр пештерді, термостаттарды жəне суыту шкафтарын пайдалану кезінде қолданылатын оптикалық бөлшектерді жəне құрылғыларды қыздыру жəне суыту температурасын анықтау жəне реттеу. 22. Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы жəне жұмыс істеу қағидасы, линзаларды қоршауға қойылатын техникалық талаптар; көзілдірік линзаларының дайындамаларын қоршау тəсілдері мен тəсімдері жəне қоршауын шешу тəсілдері; линзалардың қисықтығы бойынша радиуспен қоршау үшін корпусты іріктеу ережесі, шыныны сүрту жəне қорғаныш лак қабатын салу ережесі; оптикалық бөлшектерді иілімді жəне қатты қоршау жəне гипстеу əдістері; оптикалық бөлшектерді құрылғыларда ұтымды орналастыру тəсілдері, қолданылатын қоршау массасының құрамдары, оптикалық бөлшектерді иілімді қоршау кезінде қолданылатын негізгі жəне көмекші материалдардың тізімі мен белгіленуі; оптикалық бөлшектердің түрі мен мөлшеріне байланысты қоршауға арналған құрылғыларды таңдау ережесі; қыздыру жəне суыту процестерін реттеу əдістері; оптикалық бөлшектерді өңдеу параметрлері туралы негізгі мəліметтер, бұйымдардың ақау түрлері мен себептері жəне оның алдын алу бойынша шаралар. Параграф 2. Шыны бұйымдарын қоршаушы, 3-разряд 23. Жұмыс сипаттамасы; астигматикалық жəне стигматикалық линзалар үшін иілімді əдіспен дайындамаларды қоршау; қоршалатын дайындамалардың қисықтығы радиусына сəйкес келетін, қоршау үшін корпустар іріктеу; қоршауға дейін құрылғылардың корпустарын қыздыру жəне бекітілген дайындамалармен блоктарды суыту; корпустың бетінен қоршау массасының артықтарын қоршауға арналған құрылғыны алып тастау; бифокалды көзілдірік шыныларын дайындау үшін линзаларды қоршау; оптикалық бөлшектерді мөлшерлер бойынша жиынтықтау; түйісу пластиналарын таңдау; оптикалық бөлшектерді жəне түйісу құралдарын майсыздандыру жəне тазалау; оптикалық бөлшектердің түйісетін жерлеріне қорғаныш лакты жағу; оптикалық түйісуден бөлшектерді алу; қыздыру жəне суыту режимін қадағалау. 24. Білуге тиіс: дайындамалардың көзілдірік линзаларына арналған қоршау тəсілдері; оптикалық шыныдан бұйымдарды қоршаудың технологиялық операцияларының реттілігі, əр түрлі рефракциялы линзалардың дайындамаларын қоршауға арналған корпустарды іріктеу ережесі; қоршау массаларының құрамы мен температурасы;

оптикалық бөлшектерді қоршау тəсілдері мен шарттары, оптикалық шынының негізгі түрлері, маркалары мен қасиеттері; оптикалық шыныдан бұйымдарды қоршауға жəне қоршауын алуға қойылатын техникалық талаптар; қоршалған бөлшектерді бақылау тəсілдері, ақаудың себептері мен түрлері, оның алдын алу шаралары. Оптикалық шыны мен кристалдардан жоғары тоқты бөлшектерді иілімді, қатты жəне түйісу əдістерімен қоршау кезінде - 4-разряд. 4. Шыны бұйымдарының вакуумшысы Параграф 1. Шыны бұйымдарының вакуумшысы, 3-разряд 25. Жұмыс сипаттамасы: термостаттарда вакуумдық жүйенің шыны тарақтарына қол газ жанарғысының термостық колбаларының қосалқыларын дəнекерлеу; колбалардың қабырғааралық кеңістігінен вакуумдық сорғылармен ауаны сорып шығару; вакуум деңгейін жоғары жиілікті тоқтармен тексеру; вакуумдау процесінің температурасы мен қысымын реттеу; триплекс пакеттерін салуға арналған резеңке қаптардан ауаны сорып шығару; триплекс пакеттерін олардың максималды толтырылуын ескерумен резеңке қаптарға салу; резеңке қаптарды қою, вакуумдау жəне қымтап бекіту; триплекспен резеңке қаптарды арнайы рамаға ілу (арбаға) жəне автоклавқа престеуге беру. 26. Білуге тиіс: шыны бұйымдарын вакуумдаудың технологиялық режимі, вакуум деңгейін анықтау үшін жоғары жиілікті тоқтарды; аз жылытқыштарын пайдалану ережесі, резеңке қаптарды триплекс пакеттерімен ұтымды толтыру ережесі; термостық колбалардың, резеңке қаптардың герметикалығын тексеру ережесі. Параграф 2. Шыны бұйымдарының вакуумшысы, 4-разряд 27. Жұмыс сипаттамасы: жабыстырылған шыны пакеттерді, шыны блоктарды резеңке қаптарға жəне термостатқа салу; резеңке қаптарды вакуумдау; вакуумдау процесінің температурасын жəне қысымын реттеу. 28. Білуге тиіс: вакуумдық қондырғының құрылысы жəне бөлшектерді резеңке қаптар мен термостаттарға салу ережесі; бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі. 5. Шыны пісіруші Параграф 1. Шыны пісіруші, 2-разряд 29. Жұмыс сипаттамасы: шыныны пісіру үшін силикат- кесекті дайындау: автоклавтың ыдыстарын, қазандықты жəне басқа аппараттарды жуу жəне силикат кесекпен жəне сумен толтыру; анағұрлым жоғары білікті пісірушінің басшылығымен шыныны пісіру; 30. Білуге тиіс: автоклавты, қазандықты жəне шыны пісіретін басқа аппараттарды пайдалану ережесі; сұйық шыныны пісіруге жіберетін негізгі компоненттердің қасиеттері; бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі. Параграф 2. Шыны пісіруші, 3-разряд 31. Жұмыс сипаттамасы: автоклавта, қазандықтарда жəне басқа аппараттарда шынны пісіру процесін жүргізу; сұйық шыныны пісіру жəне суыту режимдерін қадағалау жəне реттеу; сұйық шынының үлес салмағын айқындау; сұйық шынының параметрлерін шыны бұйымдарын дайындау үшін қажетті деңгейге дейін жеткізу; дайын сұйық шыныны ыдыстарға тартып ағызу. 32. Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы жəне жұмыс істеу қағидасы; шыны пісірудің технологиялық процесі; шыны пісіру үшін қолданылатын негізгі материалдарға жəне дайын өнімге қойылатын талаптар; қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды техникалық пайдалану ережесі; ақау түрлері жəне оның алдын алу бойынша шаралар. 6. Винипластшы Параграф 1. Винипластшы, 3-разряд 33. Жұмыс сипаттамасы: винипласт бұйымдарын дəнекерлеу шыбықтарымен дəнекерлеу; винипласт бұйымдарын дəнекерлеуге дайындау; оларды ылғал мен майдан тазалау; жүзін станокта немесе егеудің көмегімен алу; шаблон бойынша жүзін тексеру; дəнекерлеуге дайындалған бөлшектерді арнайы құрылғыларға орнату. 34. Білуге тиіс: винипласт бұйымдарын пісіруге дайындау ережесі; пісіретін жіктің пішіні жəне пісірудің негізгі технологиялық тəсімдері. 7. Шыны бұйымдарын үрлеуші Параграф 1. Шыны бұйымдарын үрлеуші, 3-разряд 35. Жұмыс сипаттамасы: шағын мөлшерлі шыны бұйымдары үшін банкаларды үрлеу; металл түтікке шыны массасын жинау; шыны массаны плитада, домалатқышта банканың қажетті пішініне сəйкес орау; банканы қажетті мөлшерлерге дейін үрлеу, оны кейінгі операцияға беру. 36. Білуге тиіс: шыны маркалары, əр түрлі мөлшерлі жəне салмақты шыны бұйымдарын үрлеуге арналған үрленіп істелген түтікке шыны массасын жинау ережесі мен режимдері; дайын банка домалату, суыту жəне беру ережесі; банканың қисықтығының алдын алу тəсімдері. Параграф 2. Шыны бұйымдарын үрлеуші, 4-разряд 37. Жұмыс сипаттамасы: шыны бұйымдарының шыны массасымен қарапайым қалыптарды үрлеу, орта жəне ірі мөлшерлі шыны бұйымдары үшін банкаларды үрлеу; ұсақ жəне орта шыны бұйымдары үшін құйғышты үрлеп тазарту; дайындалатын шыны бұйымдарының мөлшері мен салмағына сəйкес келетін мөлшерде банкаға немесе үрленбелі түтікке шыны массасын жинау; банканы домалатқышта орау, шыны бұйымдарын одан əрі операция үшін үрлеу жəне жіберу; шыны бұйымдарын жасап шығару үшін шыны массасының жарамдылығын анықтау. 38. Білуге тиіс: шыны өндірісі технологиясының негіздері, пластмассаның қасиеттері; үрлейтін түтіктің құрылысы, құрал мен құрылғыларды пайдалану ережесі; шыны бұйымдарын үрлеу əдістері мен тəсімдері, даярланатын бұйымдарға мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттар; шыны бұйымдарының ақауының алдын алу жəне жою шаралары. 39. Жұмыс үлгілері: Үрлеу: 1) диаметрі бойынша 2 миллиметр (бұдан əрі - мм) артық мүмкін шегімен қатты дрот (штабиктер); 2) жазуға жəне кристалдауға арналған колбалар; 3) домалақ түпті жəне жайпақ түпті колбалар; 4) түрлі-түсті шыныдан жасалған бұйымдарға арналған құйғыштар; 5) сортты ыдыс бұйымдарына арналған алғашқы жəне екінші қайтара банкалар; 6) плафондар, қалпақтар, 200 мм дейін диаметрімен шарлар; 7) штанглазды, көрмелік, инъекциялық ерітінділерге арналған тубуспен медикаменттерге арналған шыны сауыттар мен банкалар, биохинолдар, тамызғыштар жəне 1 литр дейін сыйымдылықпен ұқсас бұйымдар; 8) химиялық стақандар; 9) 3 л дейін сыйымдылықпен шаруашылық ыдыстың шыны бұйымдары; 10) иіссу мен əтірлерге арналған қарапайым пішінді флакондар; 11) биологиялық дақылдарға арналған жəне бактериялық дақылдарды өсіруге арналған кристаллизациялық шыныаяқтар (Кохо жəне Петри). Параграф 3. Шыны бұйымдарын үрлеуші, 5-разряд 40. Жұмыс сипаттамасы: орта күрделі конфигурациялы жəне ірі шыны бұйымдарын шыны массасынан үрлеу. 41. Білуге тиіс: шыны өндірісі технологиясының негіздері, пластмассаның қасиеттері, құрал мен құрылғыларды пайдалану ережесі; орта күрделі жəне ірі шыны бұйымдарын үрлеу əдістері мен тəсімдері, үрленетін шыны бұйымдарына байланысты шыны массасын мөлшерлеу əдістері; даярланатын бұйымдарға мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттар, ақаудың пайда болу себептері жəне оның алдын алу мен оны жою бойынша шаралар. 42. Жұмыс үлгілері: Үрлеу: 1) қайнатпаға, кремге, печеньеге, гүлдерге арналған құмыралар, салат салуға арналған ыдыстар жəне орта мөлшерлі басқа бұйымдар; 2) 150 мм дейін диаметрімен зертханалық құйғыштар; 3) 2 мм дейін диаметрімен мүмкін шегімен қатты дрот (штабиктер); 4) 20 мм дейін диаметрімен түтікті шынылы дрот; 5) диаметрге 1 мм артық мүмкін шегімен барлық түрлі жəне мақсаттағы капиллярлар; 6) сүзуге арналған колбалар; 7) барлық мөлшерлі қалыпты тегістерге колбалар; 8) радиолампаларға арналған шыны колбалар; 9) 200-ден жоғары 450 мм дейін диаметрімен қақпақтар мен шарлар; 10) несепқабылдағыштар; 11) үштіктердің бұрулары жəне оларға ұқсас шыны құбырларға арналған фасондық бөлшектер; 12) 200 мм дейін диаметрімен қарапайым конфигурациялы себушілер; күрделі конфигурациялы 150 мм дейін диаметрімен себушілер; 13) рюмка, фужерлер, кемінде 70 мм биіктігімен аяғын вакуумдық қалыптастырумен бокалдар; 14) рюмка, фужерлер, стакандар жəне 250 миллилитр (бұдан əрі мл) дейін сыйымдылықпен оларға ұқсас шыны бұйымдары; 15) аккумулятор ыдыстары, химиялық баллондар, бочата жəне 10 л-ге дейін сыйымдылықпен оларға ұқсас шыны бұйымдары; 16) өлшеуге арналған стақандар (бюкстар); 17) түбінің қалыңдығы 10 метрге дейін (құюмен) жəне сыйымдылығы 300 мм дейін стақандар; 18) лампы шынылар, «Ұшатын тышқан» түріндегі діңде екі шыныдан тұратын үлгі шамдарға арналған шынылар; 19) шахталық шынылар; 20) жарық техникалық шыны бұйымдары; 21) шаруашылық ыдысының шыны бұйымдары жəне сыйымдылығы 3-тен жоғары 10 л дейін ұқсас шыны бұйымдары; 22) медикаменттерге, байлау материалдарына арналған шыны банкалар, сыйымдылығы 1 л-ден артық банкалар жəне штанглазды шыны сауыттар; 23) иіс су мен əтірлерге арналған күрделі конфигурациялы флакондар; 24) анатомиялық цилиндрлар; 25) диаметрі 200 мм дейін түрлі- түсті жəне жапсырмалы электр шынысы. Параграф 4. Шыны бұйымдарын үрлеуші, 6-разряд 43. Жұмыс сипаттамасы: шыны массадан күрделі конфигурациялы шыны бұйымдарын үрлеу. 44. Білуге тиіс: құрал мен құрылғыларды пайдалану ережесі; ірі габаритті бұйымдарды жəне ірі конфигурациялы бұйымдарды үрлеу əдістері мен тəсімдері; дайындалатын шыны бұйымдарына мемлекеттік стандарттар жəне техникалық шарттар; ақаудың пайда болу себептері жəне оның алдын алу мен оны жою бойынша шаралар. 45. Жұмыс үлгілері.: Үрлеу: 1) газдарды өндіруге арналған Кипп аппараты; 2) тищенко жəне Лысенко аппараттары; 3) жеміс-жидектерге, гүлдерге арналған құмыралар, күбілер, графиндар, табандықтар жəне ірі мөлшерлі басқа шыны бұйымдары; 4) диаметрі 150 мм артық зертханалық құйғыштар; 5) диаметрі 200 мм артық түтікті шынының дроты; 6) 1 мм диаметрге дейін рұқсат етілетін шегімен барлық түрері жəне тағайындаудағы капиллярлар; 7) эмаль жолағы бар массивті капиллярлар; 8) генератор лампаларына арналған колбалар;

9) дьюар азық- түлік термостары мен ыдыстарына арналған колбалар; 10) диаметрі 200 мм артық қарапайым конфигурациялы шашыратқыштар; диаметрі 150 мм дейін күрделі конфигурациялы шашыратқыштар; 11) рюмка, фужерлер, сыйымдылығы 250 мм артық ұқсас шыны бұйымдары; 12) қант салғыштар, креманкалар; 13) аккумулятор ыдыстары, химиялық баллондар, бочата жəне сыйымдылығы 10 л артық оларға ұқсас шыны бұйымдары; 14) түбінің қалыңдығы 10 м артық (құюмен) жəне сыйымдылығы 300 мм артық стақандар; 15) бір діңде төрт шыныдан тұратын лампы шынылар жəне бір діңде үш-үштен «Ұшатын тышқан» түріндегі шамдарға арналған шынылар; 16) шаруашылық ыдысының шыны бұйымдары жəне сыйымдылығы 10 л жоғары ұқсас шыны бұйымдар; 17) су өлшейтін, мұнайөлшейтін, барлық мөлшерлі барометрлік, аэрометриялық, крандық жəне шприцтік түтіктер; 18) түрлі-түсі шыныға арналған холявалар; 19) өлшейтін цилиндрлар жəне мензуркалар; 20) тығын астына табандықтағы цилиндрлар; 21) диаметрі 450 мм жоғары шарлар, қақпақтар; 22) май өлшегіштер мен термометрлерге арналған жалпақ шкалалар; 23) диаметрі 200 мм жəне одан артық түрлі-түсті жəне жапсырмалы электр шыны. Параграф 5. Шыны бұйымдарын үрлеуші, 7-разряд 46. Жұмыс сипаттамасы: пішіні жағынан ерекше күрделі шыны бұйымдарын үрлеу. 47. Білуге тиіс: шыны өндірісі технологиясының негіздері, ерекше күрделі конфигурациялы жəне ірі габаритті шыны бұйымдарын үрлеу əдістері мен тəсімдері; жасап шығарылатын өнімге қойылатын талаптар; ақаудың пайда болу себептері жəне оның алдын алу мен оны жою бойынша шаралар. 48. Жұмыс үлгілері: 1) аяғының биіктігі 70 мм артық хрусталь шыныдан жасалған бокалдар, рюмкалар, фужерлер; 2) екі жəне үш түрлі шыныдан жасалған гутендік бұйымдар; 3) диаметрі 300 мм дейін жапсырма шашыратқыштар; диаметрі 250 мм артық күрделі конфигурациялы шашыратқыштар; 4) қиқымнан жасалған шыны бұйымдар, құмыралар, графиндар, диаметрі 250 мм артық жеміс-жидектерге арналған құмыра. Бірегей шыны бұйымдарын үрлеу кезінде - 8-разряд. 49. Жұмыс үлгілері: 1) аяғының вакуумдық биіктігі 85 мм артық сыраға арналған бокалдар; 2) құмыралар: биіктігі 400 мм артық гүлдерге арналған, шараптарды, шампанды суытуға арналған, финкосульфидті шынылардан жасалған жеміс-жидектерге арналған; 3) жабыстырылған тұтқасы бар себеттер; 4) екі, үш түрлі шыныдан жасалған суға арналған жиынтықтар; 5) диаметрі 300 мм артық түрлі-түсті шыныдан жасалған жапсырма шашыратқыштар жəне табақтар; 6) екі, үш түрлі-түсті шыныдан жасалған жəдігерлік бұйымдар. 8. Гильоширшы Параграф 1. Гильоширшы, 2-разряд 50. Жұмыс сипаттамасы: гильоширшы машинаның немесе пантографтың көмегімен шыны бұйымдарына суреттер, əріптер салу. 51. Білуге тиіс: гильоширшы машина мен пантографтың құрылысы жəне жұмыс істеу қағидасы; қорғаныш мастиканың құрамы мен қасиеттері; шыны бұйымдарына суреттер, əріптер салу тəртібі; ақау түрлері жəне оның алдын алу бойынша шаралар. 9. Сынап дистилляторшысы Параграф 1. Сынап дистилляторшысы, 2-разряд 52. Жұмыс сипаттамасы: анағұрлым жоғары білікті дистилляторшының басшылығымен сынапты химиялық, механикалық жəне басқа тəсілдермен тазарту процесін жүргізу; жинағыштарды вакуумсорғының көмегімен сынаппен толтыру; сынапты азот қышқылымен өңдеу, сумен шаю, сүзу; ерітінділер мен бояулар жасау; құрамында сынап мөлшері бар, ақауға шығарылған лампалар мен термометрлерді қайта өңдеуші ұсақтағышқа жүктеу; шыныны ұсату; сынапты шыныдан бөлу, жуатын ваннада сумен шаю; сынапты тазартуға арналған қондырғыларды бөлшектеу, тазарту жəне құрастыру; қайта өңдеуші жабдығына ағымдағы жөндеу жасау. 53. Білуге тиіс: сынаптың жəне қолданылатын реактивтердің негізгі физикалық –химиялық қасиеттері; улы заттармен қауіпсіз жұмыс ережесі; сынапты улау, тазарту жəне пайдаға асыру процесін жүргізу негіздері; сынапты шыныдан бөліп алу жəне ұсату тəсімдері. Параграф 2. Сынап дистилляторшысы, 3-разряд 54. Жұмыс сипаттамасы: вакуумдық қондырғыда сынапты дистилляциялау процесін жүргізу; механикаландырылған вакуум қондырғыларының жұмысын қадағалау; қызмет көрсетілетін жабдықты жөндеу. 55. Білуге тиіс: сынапты вакуумдық жəне дистиллятциялау түрлері мен тəсімдері; құрылысы, жөндеу ережесі қызмет көрсетілетін жабдықтың, сынапты тазарту, улау жəне дистиллятциялау технологиялық процестерін жүргізу ережесі. Параграф 3. Сынап дистилляторшысы, 4-разряд 56. Жұмыс сипаттамасы: сынапты магнитті-гидравликалық тазарту жəне демеркуризациялау қондырғыларында сынапты тазарту жəне дистиллятциялау процесін жүргізу; қондырғылардың жұмысын жөндеу жəне реттеу, бақылау-өлшеу аспаптары бойынша процестік барысын қадағалау; қондырғыда разрядталу мөлшерін, су салқындататын контурға судың берілуін реттеу; сорғалап ағатын жəне электр-магниттікті сорғылардың жұмсын қадағалау; автоматты режимде басқару пультынан сынап шамдарды демеркуризациялау процесін өткізу; қызмет көрсетілетін жабдықты қарауға жəне жөндеуге қатысу; жұмыс журналын жүргізу. 57. Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы жəне пайдалану ережесі; сынапты қоспалардан тазарту сапасына қойылатын талаптар, сынапты тазарту жəне дистиллятциялау түрлері мен əдістері; сынап лампаларын демеркурлеу, сынапты тазарту, улау жəне дистиллятциялау технологиялық процестерін жүргізу ережесі. 10. Уақтаушы-ұсатушы Параграф 1. Уақтаушы-ұсатушы, 3-разряд 58. Жұмыс сипаттамасы: шикізат материалдарын, шыны ұсатқышты, эрклезді, таулы хрустальді, полиматериалдарды (полис тиролды, поликарбонатты), зімпаралы жəне корунд кесектерін жəне уақтау- ұсату агрегаттарындағы басқа материалдарды уақтау жəне ұсату; уақтау- ұсату жабдығын жұмысқа дайындау, шикізат материалдарын тиеу жəне түсіру; уақтау процесін реттеу; қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысын қадағалау. 59. Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы, белгіленуі жəне пайдалану ережесі; өңделінетін шикізаттық материалдарды ұсатуға, елеуге қойылатын техникалық талаптар; өңделінетін материалдардың сапасын анықтау ережесі; материалдардың түрлері жəне оларға қойылатын талаптар. Параграф 2. Уақтаушы-ұсатушы, 4-разряд 60. Жұмыс сипаттамасы: кесек кварцт термоұсақтау пештерінде ұсату, дисктік диірмендерде уақтау, дірілді елеуіште елеу, кептіргіш пештерінде кептіру, гидрокөтергіші бар арбамен тасымалдау; кесек кварцты термоұсатуға дайындау; ұсату, кептіру, уақтау жəне елеу процесін реттеу; ұсақталған кварцты фракциялар бойынша сұрыптау; қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысын қадағалау жəне оны жөндеуге қатысу. 61. Білуге тиіс: дисктік диірмендерді, дірілді елеуіштерді, гидрокөтергіші бар арбаларды термоұсақтау жəне кептіру пештерінің құрылысы; белгіленуі жəне пайдалану ережесі, термиялық пештерге қызмет көрсету ережесі; ұсатуға, кептіруге, уақтау мен себуге қойылатын техникалық талаптар; бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы жəне белгіленуі; орындалатын жұмыстар көлемінде темір ұста жұмыстары. Параграф 3. Уақтаушы-ұсатушы, 5-разряд 62. Жұмыс сипаттамасы: сорғалап ағатын ағынға қарсы диірмендерде құмды ұсату процесіне қызмет көрсету; қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысын қадағалау, оның жұмысындағы олқылықтарды жою; ұсақтаудың ұсақтығын реттеу; шаң ұстау жүйесіне қызмет көрсету. 63. Білуге тиіс: сорғалап ағатын ағынға қарсы диірмендердің, ауа үрлегіштердің, вакуум көлігінің, шаң ұстау жүйелерінің жəне басқа қосалқы жабдықтың құрылысы жəне жұмыс істеу қағидасы; өңделетін материалдардың сапасына қойылатын талаптар; қызмет көрсетілетін жабдықты техникалық пайдалану ережесі; жабдықтың жұмысындағы олқылықтардың себептері жəне оларды жою тəсімдері. 11. Үлдір даярлаушы Параграф 1. Үлдір даярлаушы, 2-разряд 64. Жұмыс сипаттамасы: ассортимент бойынша үлдір дайындау; үлдір орамын жазу; үлдірді матаға тігу, конвейерді қыздыру жəне іске қосу; үлдірдің берілген ылғалдылығын алуды ескерумен конвейердің температурасы мен жылдамдығын реттеу; үлдірді тазалау; үлдірлерді берілген мөлшерлер бойынша кесу. 65. Білуге тиіс: конвейердің құрылысы жəне жұмыс істеу қағидасы; үлдірге қойылатын техникалық талаптар, конвейерді қосу алдында үлдірді бекіту (түйістіру) тəсілі; үлдірді кептірудің температуралық режимін реттеу тəсімі; берілген ассортиментті алу үшін үлдір дайындау мөлшерлері, бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі; селикагельдің қасиеттері жəне белгіленуі. 12. Пештерге тиеуші Параграф 1. Пештерге тиеуші, 2-разряд 66. Жұмыс сипаттамасы: вагонеткалар мен қалыптарды біріктіру пешіне тиеуге дайындау; шихтаны жұмыс орнына жақындату; шихтаның шығыс бункерге түсуін бақылау; қалыптарды майлау үшін коалин суспензиясын дайындау; қалыпқа жаққышпен немесе бүріккіш- пистолетпен біркелкі май жағу; қалыптарды артық майдан тазарту; шихтаны мөлшерлеу жəне қалыптарға төгу; шихтаны тегістеу; шихтамен қалыптарды қақпақпен жабу; вагонетканы траверсті арбаға, шихтамен қалыптарды біріктіруге беру. 67. Білуге тиіс: бүріккіш-пистолеттердің құрылысы, арбалардың электрқозғалтқыштарын жəне басып озатын жол кареткаларының басқару ережесі; қалыптарды майлау тəртібі жəне оларды тазарту; қалыптарды майлау үшін суспензиялар дайындау тəсімдері. Параграф 2. Пештерге тиеуші, 3-разряд 68. Жұмыс сипаттамасы: вагонеткаларды біріктіру пешіне тиеу; көбікшыныға арналған шихтамен тиелген қалыптарды, вагонеткаларды тиеу терезесіне беру; шиберді көтеру жəне шихтамен қалыптарды біріктіру пешіне итеру, сырғыма тиектердің пештік бағыттаушыларында дұрыс орналасуын қадағалау жəне бақылау, пештің шиберін жабу; көбікшыны блоктарын қалыптардан алу жəне оларды кассеталарға салу;

кассеталарды күйдіру пешінің торына орнату; блоктарды күйдіру процесін бақылау; біріктіру қалыптарын тазалау; қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы олқылықтарды жою. 69. Білуге тиіс: көбікшыны өндірісі бойынша желінің құрылысы жəне жұмыс істеу қағидасы; блоктарды біріктіру жəне күйдіру технологиялық процесі; қалыптардан көбікшыны алу ережесі; вагонеткаларды біріктіру пешіне тиеу ережесі; шихтамен қалыптарды біріктіру пешіне жылжыту циклдігінің режимі. 13. Шыныны шынықтырушы Параграф 1. Шыныны шынықтырушы, 3-разряд 70. Жұмыс сипаттамасы: ұзындығы 700 мм дейін шыны бұйымдарының жəне шағын мөлшерді шынының табақтарын шынықтыру: электр пешінің жұмыс режимін реттеу жəне шынының пеште ұсталу уақытын қадағалау; үрлеу камерасында ауаны берілген қысымын ұстау. 71. Білуге тиіс: электр пештің жəне үрлеу камерасының құрылысы; шынының физикалық қасиеттері; шыныны шынықтырудың технологиялық процесі, табақтар мен шыныдан жасалған бұйымдарды шынықтыру ұзақтығының олардың қалыңдығы мен ауданына байланыстылығы; үрлеу камерасындағы ауаның қажетті қысымы; бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі; ақау түрлері жəне оның алдын алу бойынша шаралар. Параграф 2. Шыныны шынықтырушы, 4-разряд 72. Жұмыс сипаттамасы: ауданы 0,6 квадрат метр (бұдан əрі – м2) дейін шынының жəне лзас-500 жəне лзас-1200 түріндегі көлденең желілерде шыны бұйымдарының табақтарын шынықтыру процесін жүргізу; өңделген, арнайы, майысқан шыныны жəне кез келген маркалы булы шыныдан жасалған бұйымдарды шынықтыру; шынының сапасын бақылау; шынының түріне, мөлшері мен конфигурациясына байланысты шынықтырудың температура режимін іріктеу; техникалық шарттарға жəне нормаларға сəйкес пештердің технологиялық жұмыс режимін қадағалау; үрлеу камерасында ауаның берілген қысымы мен жылдамдығын ұстау; журналға бақылауларды жазу. 73. Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы жəне жұмыс істеу қағидасы, шынының физикалық қасиеттері; шыныны шынықтырудың технологиялық режимі, бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі; термоөңдеуге дейін жəне кейін шыныға қойылатын талаптар, ақау түрлері жəне оның алдын алу бойынша талаптар. ауданы 0,6 м2 артық шыныдан жəне кез келген ауданды көліктің барлық түрін шынылауға арналған шыныны шынықтыру кезінде 5-разряд. 14. Шихта төгуші Параграф 1. Шихта төгуші, 3-разряд 74. Жұмыс сипаттамасы: шихтаны, ұсақталатын шыныны, эрклезді шыны қайнатушы пештердің механикалық тиегіштерінің бункерлеріне механикаландырылған тиеу; шихтаны құмыра тəрізді пештерге қолмен төгу; ванна пешінде шыны массасының берілген деңгейін қолдау; тиелетін компоненттердің сапасын бақылау; шихтаны тиеу жеріне жеткізу; шыны қайнатушы пештердің ағымдағы жөндеуіне қатысу. 75. Білуге тиіс: механикалық тиегіштердің, кран- балканың жəне басқа да жабдықтардың құрылысы жəне пайдалану ережесі; шихта мен ұсақталатын шыныға қойылатын техникалық талаптар; шихта мен ұсақталатын шыныны шыны қайнатушы пештерге төгу ережесі; шынының маркалары, көтеру- тасу жабдығын пайдалану ережесі. Параграф 2. Шихта төгуші, 4-разряд 76. Жұмыс сипаттамасы: шихтаны, ұсақталатын шыныны шыны қайнатушы пештердің механикалық тиегіштерінің бункерлеріне механикаландырылған тиеу; ұсақталатын шыны мұнарасы мен ұсақтағыштарда шихтаның компоненттерін өңдеу; төгу кезінде шихта мен ұсақталатын шынының қажетті арақатынасын сақтау; шыны қайнатушы пештердің ваннасында шыны массасының берілген деңгейін қолдау; тасымалдаушы жабдыққа қызмет көрсету (элеваторларға, конвейерлерге); шыны қайнатушы пештерді жөндеуге қатысу. 77. Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы жəне пайдалану ережесі; шихта мен ұсақталатын шыныға қойылатын техникалық талаптар, шихта мен ұсақталатын шынының компоненттерін дайындаудың технологиялық процесі; шихта мен ұсақталатын шыныны пешке төгу ережесі. 15. Бұраулар даярлаушы Параграф 1. Бұраулар даярлаушы, 2-разряд 78. Жұмыс сипаттамасы: престелген плиталардан циркулдық арамен немесе басқа жабдықта берілген мөлшерлі бұралулар кесу; үлдір - бутафольдың қалдықтарынан бұраулар дайындау; престе жəне термостатта бұрауларды престеу; престеу процесінің температуралық режимі мен қысымын реттеу; сəйкес шыны бұйымдарына бұраулардың бастапқы шығын есебін жүргізу. 79. Білуге тиіс: бұраулардың белгіленуі жəне олардың сапасына қойылатын талаптар; бұрауларды кесу тəсілдері; үлдір-бутафольдың қалдықтарынан бұрауларды престеу тəсілдері; циркулдық араны, престі, термостатты жəне басқа жабдықты пайдалану ережесі. Параграф 2. Бұраулар даярлаушы, 3-разряд 80. Жұмыс сипаттамасы: станокта бұраулар дайындау; вольфрам сымын дайындау жəне оны берілген мөлшерлер бойынша кесу; алюминий фольгасын кесу, оны майсыздандыру; бұрауларды буландырғыштарға орнату, фольганы бұрауларға салу. 81. Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы жəне жұмыс істеу ережесі; вольфрам сымын жəне фольганы майсыздандыру технологиясы, бұраулардың сапасына қойылатын талаптар; фольганы салу жəне буландырғыштарды дайындау тəсілдері; ақау түрлері жəне оның алдын алу бойынша шаралар. 16. Шыны үлдірді даярлаушы Параграф 1. Шыны үлдірді даярлаушы, 3-разряд 82. Жұмыс сипаттамасы: шыны лентадан жəне үрленбелі шыны көпіршіктерден микрон қалыңдығы 3-тен 4 дейін шыны үлдірлерін керу; əр түрлі маркалы шыны үлдірінің металмен дəнекерін алу; шығыршыққа тартылған шыны үлдірілерін дəнекер сапасы, қалыңдығы, механикалық жəне термиялық қаттылығы бойынша сұрыптау; шыны үлдірін шыны массасының ақаулары бойынша көзбен сұрыптау. 83. Білуге тиіс: шынының əр түрлі сорттарын жұмсарту температурасы, шыны мен металды кеңейту коэффициенттері; дəнекердің беріктігін қамтамасыз ететін металмен əр түрлі маркалы шыныны біріктіру ережесі мен тəсілдері; арнайы бақылау-өлшеу құралының белгіленуі жəне пайдалану тəсілі. Параграф 2. Шыны үлдірді даярлаушы, 4-разряд 84. Жұмыс сипаттамасы: керу жəне дəнекерлеу қондырғысында қалыңдығы 1,2-ден 3 микронға дейін шыны үлдірін алу процесін жүргізу; сынап шамымен жарық беру кезінде интерференциялық жолақтарды түсі бойынша орнату камерасында қажетті температураны ұстау; металл шығыршықтар үшін эмаль жабынын дайындау; үлдірді металл шығыршыққа дəнекерлеу; тор үлдірдің тораптарын жинау жəне шыны үлдірлердің арақашықтықтарын өлшеу; қызмет көрсетілетін қондырғыны жөндеуге қатысу; болуы мүмкін ақаудың себептерін айқындау жəне жою. 85. Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін қондырғының құрылысы, шынының əр түрлі сорттарын жұмсарту температурасы; металмен əр түрлі маркалы шыныны дəнекерлеу ережесі мен тəсілдері, қолданылатын материалдардың маркалары; тор үлдірдің түйіндерін құрастыру жəне шыны үлдірдің қашықтықтарын өлшеу тəсілдері; үлдірді керу бойынша ақау түрлері жəне оның алдын алу бойынша шаралар. Параграф 3. Шыны үлдірді даярлаушы, 5-разряд 86. Жұмыс сипаттамасы: керу жəне дəнекерлеу қондырғысында қалыңдығы 0,5-тен 1,2 микронға дейін шыны үлдірін алу процесін жүргізу; қондырғы жұмысының едəуір өнімді режимдерін таңдау жəне айқындау; ротаметрлердің көмегімен орнату камерасына қалыптасушы газды беруді реттеу; хроматографтың көмегімен қалыптасушы газ ортасында сутегі мен оттегінің мөлшерін айқындау; сұйық сынапты, электрометрлік күшейткішті жəне əмбебап көпірді пайдаланумен шыны үлдірінің электрлік параметрлерін өлшеу; қызмет көрсетілетін қондырғыны жөндеу. 87. Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін қондырғының құрылымы мен жөндеу ережесі, азот-сутегі қоспасын дайындау процесі; шыны үлдірдің электрлік параметрлерін өлшеу əдістері; арнайы бақылау-өлшеу аспабының белгіленуі жəне пайдалану ережесі. 17. Иризаторшы Параграф 1. Иризаторшы, 2-разряд 88. Жұмыс сипаттамасы: иризациялық камераларда шыны бұйымдарын иризациялау; иризациялық камераларға шыны бұйымдарды салу, оларды қыздырудың температуралық режимін реттеу; иризациялаудан кейін шыны бұйымдарын иризациялық камерадан түсіру. 89. Білуге тиіс: иризациялық камераның құрылысы, шыны бұйымдарын иризациялық камераға тиеу тəсілдері; иризация процесінің мəнісі, қолданылатын реактивтердің құрамы; шыны бұйымдарын қыздырудың температуралық режимі. 18. Шыны бұйымдарын калибрлеуші Параграф 1. Шыны бұйымдарын калибрлеуші, 2-разряд 90. Жұмыс сипаттамасы: қарапайым құрылғылардың көмегімен калибрлеу станогында немесе жартылай автоматта шыны бұйымдарын калибрлеу; калибрлеу станогы мен жартылай автоматтарды қажетті мөлшерлерге баптау; микроскоптың көмегімен капиллярларды калибрлеу; микроскоптық нөмірді, конустықты, капилляр қимасының дөңестігін анықтау. 91. Білуге тиіс: калибрлеу станогы мен жартылай автоматтардың, микроскоптардың құрылысы жəне пайдалану ережесі; калибрленетін бұйымдардың сапасына қойылатын талаптар; берілген дəлдікпен калибрлердің жəне микроскоптың көмегімен өлшеу жүргізу ережесі; ақау түрлері жəне оның алдын алу бойынша шаралар. Параграф 2. Шыны бұйымдарын калибрлеуші, 3-разряд 92. Жұмыс сипаттамасы: жоғары дəлдікті калибрлер өлшеу құрылғыларын пайдаланумен шыны бұйымдарын калибрлеу; өлшеу миркоскопының көмегімен жəне калибрлеу автоматында капиллярлардың барлық түрлерін калибрлеу; арнайы кестелерге сəйкес капиллярдың қимасының жарамдылығын айқындау; өлшеу миркоскопын жəне калибрлеу автоматын баптау. 93. Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін автоматтардың құрылысы мен баптау ережесі; өлшеу миркоскоптарының құрылысы, оптика негіздері, шыны

ақаулары жəне шыны бұйымдарының ақау түрлері; тесік тəрізді режимдердің жарамдылығын айқындау ережесі. 19. Тас қалаушы (пеш қалаушы) пештерде кезекші Параграф 1. Тас қалаушы (пеш қалаушы) пештерде кезекші, 4-разряд 94. Жұмыс сипаттамасы: шыны қайнатушы пештерге, шыныны күйдіру пештеріне жəне басқа пеш қондырғыларына қызмет көрсету жəне ағымдағы жөндеу; пештердегі анағұрлым жоғары білікті кезекші қалаушының (пеш жасаушының) басшылығымен шыны қайнатушы пештерге жəне пеш қондырғыларына «ыстық» жəне «суық» жөндеулер жүргізу; отқа төзімді кірпішінтен массивтерді, атуларды, түптерді жəне саптамаларды қалау; газ жəне ауаағарларды футерлеу кезінде оқшаулайтын отқа төзімді қалау; ауақыздырғыштардың ұяшықтарын, саптамаларын тазарту; берілген құрам бойынша арнайы ерітінділерді даярлау. 95. Білуге тиіс: шыны қайнатушы пештердің жəне пеш қондырғыларының құрылымдары; жұмыс істеу қағидасы, қызмет көрсету жəне жөндеу, шыны қайнатушы пештерден құмыраларды, боттарды алу жəне орнату тəсілдері; фасондық, отқа төзімді жəне термоизоляциялық бұйымдардың түрлері мен маркалары, оларды қабылдау жəне сақтау тəртібі; шыны қайнатушы пештердің элементтерін қалау сапасына қойылатын негізгі талаптар. Параграф 2. Тас қалаушы (пеш қалаушы) пештерде кезекші, 5-разряд 96. Жұмыс сипаттамасы: шыны қайнатушы пештерге жəне пеш қондырғыларына «ыстық» жəне «суық» жөндеулер жасау; шыны қайнатушы пештердің қабырғаларының, күмбездердің, аркаларының барлық түрлерін отқа төзімді етіп қалау жəне жөндеу; саптаманың үстіңгі қатарын қалау; регенераторлардың жабындарын қалау жəне жөндеу; отқа төзімді бұйымдарды жазықтығы бойынша фасондық жону. 97. Білуге тиіс: шыны қайнатушы пештерді пайдалану кезіндегі шекті температуралары; шыны қайнатушы пештердің конструкциялық элементтерін қалаудың, жөндеудің сапасына қойылатын талаптар; отқа төзімді ерітінділердің, толтырмалардың құрамы. 20. Кварц балқытушы Параграф 1. Кварц балқытушы 4-разряд 98. Жұмыс сипаттамасы: кейіннен термиялық өңдеумен жəне суытумен берілген мөлшерлер бойынша салмағы 20 килограм (бұдан əрі – кг) дейін кварц шыныдан блоктарды балқыту; салмағы 1 кг дейін оптикалық кварц шыныны балқыту; балқыту машинасы мен газдық желіні жұмысқа дайындау; балқыту машинасына жанғыштар мен қуаттандырғыштарды орнату; балқыту машинасының қуаттандырғыш бункеріне кварц тозаңын тиеу; балқыту режимін реттеу; «Жемді» жəне оны балқыту машинасында орнатуды дайындау; жылу сақтайтын муфельді құру; төс етекті дайындау жəне орнату жəне оған кристаллит себу; балқыту журналын жүргізу. 99. Білуге тиіс: балқыту машинасының құрылысы жəне пайдалану ережесі; төс етекті, «жемді» дайындау процесі жəне олардың белгіленуі; кварц шыныны балқытудың технологиялық режимі, жылу сақтайтын муфельді орнату тəсілдері; бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы жəне пайдалану ережесі. Параграф 2. Кварц балқытушы, 5-разряд 100. Жұмыс сипаттамасы: салмағы 20-дан 40 кг дейін кварц шыныдан блоктарды балқыту; салмағы 1 кг артық оптикалық кварц шыныны балқыту; газ желісін жəне кварц шыныны балқыту мен престеуге арналған қондырғыларды реттеу жəне жөндеу жұмыстарын басқару; балқыту режимдерін таңдау. 101. Білуге тиіс: кварц шынының əр түрлі сорттарын балқыту жəне вакуумкомпрессиялық пеште қайта балқыту технологиялық процесі; балқыту режимдері жəне шихтаның құрамына байланысты оларды өзгерту; кварц шынының құрамы, қасиеттері мен ерекшеліктері; орындалатын жұмыстар көлемінде электртехниканың негіздері. Параграф 3. Кварц балқытушы, 6-разряд 102. Жұмыс сипаттамасы: қуатты жаранғылармен жабдықталған арнайы кварц балқытатын машиналарда салмағы 40 кг артық кварц шыныдан жасалған блоктарды балқыту; температура мен тозаңды блоктың шеткі бетімен біркелкі бөлуді қамтамасыз ету мақсатында жанарғыларды баптау; балқыту режимін айқындау; балқыту процесінің параметрлерін реттеу бойынша автоматиканың жұмысын бақылау; барлық жүйенің арнайы кварцбалқытатын машиналарын жөндеу. 103. Білуге тиіс: кварц шынының құрамы, физикалық –химиялық қасиеттері кварц балқытатын машиналардың құрылысы, басқару жəне жөндеу ережесі; автомеханикаландырылған процестің аспаптары мен механизмдерінің құрылысы, оларды пайдалану жəне жөндеу ережесі; балқыту процесі диаграммасының шифрын ашу (автоматты жазудың), балқытудың технологиялық факторларының балқытатын кварц шынысының сапасына əсері; кварц шыныны балқыту режимдері жəне тау хрусталі кесегінің ұсақтығына байланысты оларды түзету, арнайы автоматтандырылған кварц балқытатын машиналарда шынының ірі блоктарын балқыту ерекшеліктері. 21. Крокус пен зімпараны жіктеуші Параграф 1. Крокус пен зімпараны жіктеуші, 2-разряд 104. Жұмыс сипаттамасы: маркалары бойынша дөрекі жəне орта тегістеуге арналған абразивті ұнтақтарды жіктеу; қоспалардан тазартумен абразивті материалдарды ұсату. 105. Білуге тиіс: ұсату механизмдерінің, конустардың, тұндығыштардың жəне абразивті ұнтақтар мен крокусты жіктеуге арналған басқа құрылғылардың құрылысы, қызмет көрсету жəне басқару ережесі; тегістеу ұнтақтарын дайындау үшін қолданылатын негізгі материалдардың қасиеттер; реакцияның қосымша өнімдерін тұндыру кезінде артық реагенттерді табу үшін индикаторлармен жұмыс істеу ережесі; абразивті материалдарды қоспалардан тазарту тəсілдері, суспензия құру ережесі; абразивтерді жіктеу жəне техникалық шарттар. Параграф 2. Крокус пен зімпараны жіктеуші, 3-разряд 106. Жұмыс сипаттамасы: ұсақ тегістеуге арналған абразивті ұнтақтарды маркалары бойынша жіктеу, өңдеудің барлық түрі үшін полиритті дайындау; абразивті қасиеттері бойынша сорттық құмды жіктеу; абразивті материалдарды жуатын құрылғыларға тиеу, оларды түсіру жəн фракцияларға бөлу; сорттық орды, жіктеу қондырғыларын жəне жуатын құрылғылады қажетті күйде ұстау. 107. Білуге тиіс: крокусты дайындауға арналған материалдардың түрлері жəне өңдейтін ұнтақтарды дайындау тəсілдері; крокус пен полиритқа арналған техникалық шарттар, микроұнтақтарды дайындау үшін қолданылатын негізгі материалдардың қасиеттері; жіктеу қондырғыларының құрылысы жəне пайдалану ережесі; абразивті материалдарды бақылау əдістері мен сапасына қойылатын талаптар; істеп болған абразивті ұнтақтарды механикалық қоспалардан тазарту жəне оларды майсыздандыру тəсілдері. 22. Құм мен кеуек тасты жіктеуші Параграф 1. Құм мен кеуек тасты жіктеуші, 2-разряд 108. Жұмыс сипаттамасы: түйісу кеспегінде пульпаны дайындау; анағұрлым жоғары білікті құм мен кеуек тасты жіктеушінің басшылығымен құм мен кеуек тасты жіктеу; судың тартпалы қуаттандырғышын қосу, суды іске қосу; жіктеу тартпасында пульпаның қажетті деңгейі мен тығыздығын қолдау; түйісу кеспегінің аралстырғышын жəне құм сорғысын іске қосу, шекқұбырларды шаю. 109. Білуге тиіс: түйісу кеспегінің белгіленуі жəне құмның гидравликалық жіктегішінің құрылысы, пульпадағы құм мен судың пайыздық арақатынасы; пульпаның тығыздығын əлсін-əлсін өлшеу тəртібі; жұмыстан кейін магистральды тазалау ережесі, резервті сорғыға көшу ережесі. Параграф 2. Құм мен кеуек тасты жіктеуші, 3-разряд 110. Жұмыс сипаттамасы: пульпаны дайындау жəне оны гидрожіктегіштің гидросорғылармен жинау кеспегіне беру; құммен судың араластырғышқа берілуін реттеу. 111. Білуге тиіс: араластырғыш-жіктегіштің жəне қызмет көрсететін басқа жабдықтың құрылысы жəне пайдалану ережесі; пульпаның белгіленуі жəне оны дайындау тығыздығы. Параграф 3. Құм мен кеуек тасты жіктеуші, 4-разряд 112. Жұмыс сипаттамасы: құм мен кеуек тасты гидравликалық жіктегіштерде жіктеу; фракциялар бойынша жіктелген құмды, кеуек тасты ротациялық өңдеу аппараттарына жəне шыныны тегістеу-өңдеу конвейерлеріне беру. 113. Білуге тиіс: гидравликалық жіктегіштің құрылысы жəне жұмыс істеу қағидасы; құм мен кеуек тасты жіктеу процесінің мəнісі, шыныны тегістеуөңдеу режимі; фракциялар бойынша жіктелген құмды, кеуек тасты, шыныны тегістеу-өңдеу жабдығына беру ережесі, жіктелетін құм мен кеуек тастың сапасына қойылатын талаптар. 23. Шыны жəне шыны бұйымдарын жиынтықтаушы Параграф 1. Шыны жəне шыны бұйымдарын жиынтықтаушы, 2-разряд 114. Жұмыс сипаттамасы: шыныны, шыны бұйымдарын жəне бөлшектерді берілген қалыңдық пен мөлшерлер бойынша жиынтықтау; шыны бұйымдарын оптикалық параметрлері бойынша тексерумен ассортименті, мөлшерлері бойынша топтаумен жəне оларды орау. 115. Білуге тиіс: шыны бұйымдарын жиынтықтау ережесі, шығарылатын өнімге қолданылатын мемлекеттік стандарттар жəне техникалық шарттар, бақылау-өлшеу аспаптарын жəне құрылғыларды пайдалану ережесі; жиынтықтау кезіндегі ақау түрлері жəне оның алдын алу бойынша шаралар. Параграф 2. Шыны жəне шыны бұйымдарын жиынтықтаушы, 3-разряд 116. Жұмыс сипаттамасы: нормалары мен атаулары бойынша ажырата отырып, берілген қалыңдығы, мөлшерлері, түсі бойынша өңделген жəне түрлі-түсті шыныдан жасалған күрделі бұйымдарды жиынтықтау. 117. Білуге тиіс: шыны бұйымдарын жиынтықтау ережесі, қарапайым жəне оптикалық шыныдан жсалған бұйымдарға арналған мемлекеттік стандарттар жəне техникалық шарттар; оптикалық, бақылау-өлшеу аспаптарын жəне құрылғыларды пайдалану ережесі; жиынтықтау кезіндегі ақау түрлері жəне оның алдын алу бойынша шаралар. Параграф 3. Шыны жəне шыны бұйымдарын жиынтықтаушы, 4-разряд 118. Жұмыс сипаттамасы: жабыстыруға қалыңдығы бойынша оптикалық бөлшектерді жиынтықтау. И38 түріндегі аспаптарда оптикалық бөлшектердің қалыңдығын өлшеу; объективтерді қалыңдығы бойынша жиынтықтау; жиынтықталатын өнімнің жəне ілеспе құжаттаманың есебін жүргізу. 119. Білуге тиіс: жиынтықталатын өнімге арналған нормативтік құжаттар, бұйымдарды ассортименті жəне оптикалық параметрлері бойынша іріктеу жəне жиынтықтау ережесі; аспаптарды оптикалық параметрлерінің өлшемі бойынша пайдалану ережесі;

(Жалғасы 14-бетте).


14 (Жалғасы. Басы 13-бетте). жиынтықталатын өнімнің есебін жүргізу ережесі. 24. Шыны өндірісін бақылаушы Параграф 1. Шыны өндірісін бақылаушы, 3-разряд 120. Жұмыс сипаттамасы: мемлекеттік стандарттардың талаптарына жəне техникалық шарттарға сəйкес арнайы аспаптардың жəне өлшеу құралының көмегімен сыртқы түрі, мөлшері мен нысаны бойынша шыны бұйымдарының сапасын бақылау; технологиялық процесс сатылары бойынша өткен кезде қарапайым жəне орта күрделі конфигурациялы жартылай фабрикатты жəне шыны бұйымдарын бақылау, бракқа шығару жəне қабылдау; технологиялық операцияларда ішінара бақылау, күйдіруден кейін шыны бұйымдарын бақылау; берілген мөлшерлерге жəне табақтар мен түтіктердің қалыңдығына сəйкес шыны тартатын машиналардан шынының шығуын қадағалау; шыныны қысқартып кесуді, сындырып алуды тексеру; түзетілетін жəне түзетілмейтін ақауды анықтау; бақылау сынамалары мен үлгілерді іріктеу; одан əрі өңдеу үшін жартылай фабрикаттардың жарамдылығын анықтау; шыны жəне шыны бұйымдарын механикалық қысыммен беріктікке, термотөзгіштікке жəне тұмшалауға төзімділікке сынау; бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен алдын ала дайындалған қондырғылар мен құрылғыларда (шкафтарда, камераларда) күрделі шыны бұйымдарына сынақ жүргізу жəне өлшеу нəтижелерін есепке алу; бұйымдарды ассортименті, сорттары бойынша сұрыптау, ариткулдары мен бағалары бойынша таңбалау; ақау түрлерін жіктеумен жартылай фабрикаттың, жарамды жəне ақауға шығарылған өнімнің есебін жүргізу; жарамды шыны бұйымдарына жəне ақауға құжаттаманы ресімдеу; жартылай фабрикаттар мен дайын шыны бұйымдарын қабылдау жəне тапсыру; шыны бұйымдарын таңбалаудың, салу мен қатарластырып жинаудың дұрыстығын бақылау. 121. Білуге тиіс: шыны дайындау технологиясының негіздері, шынылардың маркалары, сорттылығы, тобы, сапасы, шыныны тігінен тарту машиналарының жұмыс істеу қағидасы; шыны табақтарын кесуге, борттауға жəне кесіп алуға арналған механизмдер мен құрылғылардың құрылысы, бақыланатын өнім өндірісінің технологиялық процесінің негіздері; шыны жəне шыны бұйымдарын механикалық қысыммен жəне вакуумда беріктікке, термотөзгіштікке жəне тұмшалауға төзімділікке сынауға арналған барлық жүйелер қондырғыларының құрылысы; дайындалатын шыны жəне шыны бұйымдарына арналған мемлекеттік стандарттар, бақылау-өлшеу аспаптарын жəне құрылғыларды пайдалану ережесі; ақау түрлері, оның пайда болу себептері жəне оларды жою шаралары. 122. Жұмыс үлгілері. 1) ампулалар – дөңгелек жəне цилиндр деңгейлерді сызықтық мөлшерлері бойынша жəне сезімталдылыққа бақылау; 2) барлық мақсаттағы ареометрлер – бақылау; 3) консерві банкалары, бутылкалар, парфюмерлік ыдыс – бақылау; 4) бюреткалар – бақылау; 5) капиллярлы вискозаметрлер – мөлшерлері мен сапасы бойынша бақылау; 6) колбалар жəне химиялық стақандар – көзбен бақылау; арнайы электрондық- сəулелік түтіктерге арналған колбалар – бақылау; 7) микробюреткалар – бақылау; 8) бөлгіштері бар пипеткалар – бақылау; 9) тығыз қиюластырылған тығынға арналған ыдыс – бақылау; 10) медициналық араластырғыштар, флакондар, банкалар, шыны сауыттар жəне дəрі- дəрмектерге арналған ыдыс – бақылау; 11) зертханалық, термотүйісу, мұнай, өнеркəсіптік, техникалық, ауылшаруашылық, инкубаторлық термометрлер - бақылау; 12) термостар, өлшейтін колбалар, шыны изоляторлар, дəріханалық ыдыс, шыны құбырлар, шыны пакеттер, сортты ыдыстың жартылай фабрикаттары жəне ұқсас бұйымдар - бақылау; 13) түтіктер (дрот)- ішкі жəне сыртқы диаметрлерді бақылау; 14) шприцтарға арналған цилиндр, медициналық шприцтар – мөлшерлік параметрлерін бақылау жəне шынының ақауларын табу; 15) штабиктер, шыны ұнтақтарынан таблеткалар - бақылау. Параграф 2. Шыны өндірісін бақылаушы, 4-разряд 123. Жұмыс сипаттамасы: мемлекеттік стандарттардың талаптарына жəне техникалық шарттарға сəйкес күрделі шыны бұйымдарының сапасын бақылау; дайын өнімнің қабылдау- тапсыру сынауларын жүргізу; бақылау сынамалары мен үлгілерін іріктеу; аспаптарды сынаулар жүргізуге дайындау; шикізатты, материалдарды, шыны бұйымдарының қалыптарын дайындау, желімдеп жапсыру, құрастыру, сіңдіру, орау технологиялық процестерін, орау ыдысының жиынтықтылығы мен өңдеу сапасын бақылау; ерекше жоғары берікті жəне арнайы есептеулерді қажет ететін шыны бұйымдарын сынау; электр қыздыратын аспаптар мен термореттеуіштерді сынау; бұйымдарды жарық өткізушілікке сынау; технологиялық регламентпен белгіленгенген өндіріс параметрлерінің сақталуын операция бойынша бақылау; сынаулардың сызбасын құру жəне режимдерді іріктеу; стенділер мен аспаптарды берілген сынаулар режиміне баптау; бақыланатын шикізаттың, материалдардың, ақау түрлерін жіктей отырып, ақауға шығарылған жəне жарамды өнімнің саны мен сапасының есебін жүргізу; бақылау нəтижелерін журналға жазу. 124. Білуге тиіс: бақыланатын өнім өндірісінің технологиялық процесінің негіздері, шынының маркалары жəне оның физикалық –химиялық қасиеттері; шыны бұйымдарының сапасына қойылатын талаптар, бақыланатын технологиялық режимдерге, шыны бұйымдарына, жартылай фабрикаттарға, жиынтықтайтын бұйымдарға, шикізат пен материалдарға қойылатын мемлекеттік стандарттар жəне техникалық шарттар, шыны жəне шыны бұйымдарының ішкі жəне сыртқы ақауларының түрлері; шыны бұйымдарының əрбір түрін сынау циклі, қысым жəне кернеу астындағы қондырғыларда қауіпсіз жұмыс ережесі; сынау кезінде қолданылатын қондырғылардың, жабдықтың жəне құрылғылардың құрылысы, термометрия негіздері; ақау түрлері, оның туындау себептері мен жою тəсілдері, бақылауөлшеу аспаптарының, құралдың, сайманның құрылысы жəне пайдалану ережесі. 125. Жұмыс үлгілері: 1) күрделі аппараттар мен аспаптар (Гейслер - Эдман, Ромбок – Мор) - соңғы тексеру; 2) күміс жабыны бар фотоэлементтерге арналған бөлшектер – бақылау; 3) сəнделген, алмас қыры бар айналар жəне кең фацеті бар айналар – бақылау; 4) түссіз, түсті жəне саптама шыныдан, қарапайым суреттермен сəнделген, алмас қыры бар, алтыны бар бұйымдар - бақылау; 5) сирек кездесетін тотықтармен боялған бұйымдар – бақылау; 6) жарық техникалық күрделі бұйымдар (форвакуумдық вакууметрлердің колбалары, саптама шыныдан мүсінді) – бақылау; 7) микроскопия – бақылау; 8) диаметрі 400-ден жоғары 1000 мм дейін айналы шағылдырғыштар – бақылау; 9) метеорологиялық, зертханалық (бірдей бөлінген) термометрлер– бақылау. Параграф 3. Шыны өндірісін бақылаушы, 5-разряд 126. Жұмыс сипаттамасы: ерекше күрделі жəне жоғары көркем шыны бұйымдарының, ерекше дəл құралдардың, арнайы мақсаттағы шынының сапасын мемлекеттік стандарттардың талаптарына жəне техникалық шарттарға сəйкес бақылау; жиынтықтаушы бұйымдарды, дайындамаларды механикалық өңдеудің сапасын, ылғалқорғаныш жабынның технологиялық режимін бақылау; жаңа технологияны, өнімнің жаңа жəне тəжірибелі түрлерін меңгеру кезінде технологиялық процесс параметрлерін бақылау; тəжірибелі жəне ұсақ сериялы өндірістің шыныдан жəне кварц қыштан күрделі бұйымдарын соңғы қабылдау жəне оларды тапсырысшыға тапсыру; шыны бұйымдарына технологиялық паспорттарды толтыру, қабылдау- тапсыру жəне тиеу құжаттарын ресімдеу; поляриметрлерге, полярископтарға, микроскоптарға жəне қондырғыларды тексеруге арналған басқа құралдарға юстировка жасау; дайын өнімнің орауы мен таңбалануын бақылау; жарамды жəне ақауға шығарылған өнімнің есебін жүргізу; ақау түрлерін жіктеу. 127. Білуге тиіс: ерекше күрделі шыны бұйымдарын, аспаптарды, тораптар мен бөлшектерді бақылау əдістері мен тəсілдері; арнайы жəне əмбебап құралдың құрылысы, əрекет ету қағидасы жəне пайдалану ережесі; бақыланатын аспаптар мен бұйымдардың номенклатурасы, белгіленуі, техникалық шарттар жəне қойылатын талаптар; өнімге, жартылай фабрикаттарға, жиынтықтайтын бұйымдарға, шикізат пен материалдарға мемлекеттік стандарттар жəне техникалық шарттар. 128. Жұмыс үлгілері: 1) диаметрі 1000 мм артық айналы шағылдырғыштар – бақылау; 2) ерекше дəл шыныдан жасалған бұйымдар– бақылау; 3) жарық техникалық жəне арнайы мақсаттағы техникалық шынысапасын, мөлшерлерін бақылау. 25. Кептіру пештері мен барабандарының от жағушысы Параграф 1. Кептіру пештері мен барабандарының от жағушысы, 2-разряд 129. Жұмыс сипаттамасы: кептіру қондырғыларының, пештер мен барабандардың оттығына отын салу; кептірудің қажетті температуралық режимін сақтау; шикізат пен материалдарды түсіру; қызмет көрсетілетін оттықтарды тазарту, қож бен күлді алып тастау. 130. Білуге тиіс: кептіру қондырғыларының, пештер мен барабандардың құрылысы; кептірудің температуралық режимі; бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі. Параграф 2. Кептіру пештері мен барабандарының от жағушысы, 3-разряд 131. Жұмыс сипаттамасы: кептіру қондырғыларының, пештер мен барабандардың оттығында қатты, сұйық жəне газ тəрізді отынды жағу процесін жүргізу; кептіру қондырғыларының, пештер мен барабандардың оттығына отынның, ауаның түсуін жəне материалдарды механикалық тиеу мен түсіруді реттеу. 132. Білуге тиіс: кептіру жəне тасу (конвейердің, элеватордың) жабдығының құрылысы жəне оны пайдалану ережесі; шикізат материалдары компоненттерінің қасиеттері, бақылауөлшеу жəне реттеуші аппаратураның құрылысы жəне оны пайдалану ережесі. 26. Шыны бұйымдарын бояушы Параграф 1. Шыны бұйымдарын бояушы, 2-разряд 133. Жұмыс сипаттамасы: тік бұрышты пішінді айнаға қорғаныш лакталған жабын мен шағылдырғыш металл қабатты қолмен жағу; айнаны электролиттік қондырғыда мыстау; айнаны мыстау үшін ерітіндіні дайындау; шыны бұйымдарына эмаль жағу; берілген құрамды эмаль дайындау; желатин құрамының эмалын жəне қысылған ауаны бүріккішпистолетке жəне пульфонжуатын конвейердің кептіру секциясына беруді реттеу; айналар мен шыны бұйымдарын конвейерде жəне басқа кептіру агрегаттарында кептіру; шекқұбырлар мен пульверизаторды шаю; қызмет көрсетілетін конвейердің тазалығын қадағалау. 134. Білуге тиіс: айнаны лакбояу материалдарымен жабу ережесі мен тəсілдері, бояғыштардың қасиеттері мен түрлері; эмальдың құрамы жəне оны дайындау ережесі; бүріккіш-пистолетке жəне пульфонжуатын конвейердің құрылысы жəне жұмыс істеу қағидасы; эмальдың тығыздығын айқындау, айнаны мыстау үшін ерітіндіні дайындау ережесі; электролиттік қондырғыны қосу жəне сөндіру ережесі; мыстау кезінде тоқтың рұқсат етілетін күші, салпыншақтарды, ұстағыштарды жəне катодты мыс тотығынан тазарту ережесі; шыны бұйымдары мен айнаны конвейерде немесе басқа кептіру агрегаттарында кептіру ережесі; кептіру агрегаттарының құрылысы, айнаның лакбояу жабынының ақау түрлері жəне оның алдын алу бойынша шаралар. Параграф 2. Шыны бұйымдарын бояушы, 3-разряд 135. Жұмыс сипаттамасы: барлық түрлі айнаның бетіндегі лакқұятын машинаға қорғаныш лакбояу жабынын жағу; мүсінді айнаны эмальмен жəне басқа қорғағыш материалдарымен жабу;

www.egemen.kz

қорғағыш жабындары мен шағылдыратын металл қабатты кептіру жəне біріктіру; электрстатикалық аймақта қорғағыш жабындарын жағу; шыны бұйымдарын (шыны плиталарын, шыны панельдерді жəне тағыда басқа (бұдан əрі – тағы басқа) бүріккіш-пистолеттен эмальмен жағу. Эмаль шликерін құру; эмальды мөлшерлегішке жинау, компоненттерді қосу, дайын өнімді араластыру, жұмыс орнына жақындату; шыны бұйымдарын пульверизация камерасына енгізу, шыны бұйымдарын бояу конвейеріне салу; компрессорды қосу жəне сөндіру. Шыны бұйымдарын кептірудің температура режимін қадағалау; шыны бұйымдарын пульверизация камерасынан алу; бояуларды берілген рецептілер бойынша қайнату; берілген құрам бойынша шихтаны іріктеу; бояуларды пісіру режимін реттеу. 136. Білуге тиіс: айнаны лакпен, эмальмен жəне басқа қорғағыш материалдармен жабу ережесі мен тəсілдері, бояғыштардың қасиеттері мен түрлері; айнаның металл жабынымен əр түрлі маркалы эмальдардың ілінісу қасиеттері, жабындарды кептіру жəне біріктіру режимі; кептіру агрегаттарының құрылысы, электр құрылғысының, есу машинасының жəне жылу өлшеу аппаратурасының жұмыс істеу қағидасы; компрессорды, бүріккіш- пистолетті қосу жəне сөндіру, оның жекелеген бөлшектерін майлау ережесі; эмальдың түрі мен тығыздығына байланысты берілген құрамды эмальды дайындау ережесі; бояуларды құрастыру рецептілері, бояуларды дайындау (пісіру) тəсілдері; бояуларға арналған химикаттардың сапасына қойылатын талаптар; жабу кезінде ақау түрлері жəне оның алдын алу мен жою бойынша шаралар. 27. Қалыптарды лактаушы Параграф 1.Қалыптарды лактаушы, 2-разряд 137. Жұмыс сипаттамасы: шыны бұйымдарын үрлеуге арналған металл қалыптардың ішкі бетіне лак жағу; рецепт бойынша лак дайындау; шыны бұйымдарын үрлеуге арналған қалыптарды лактың ескі қабатынан тазалау жəне шаю; қалыптың ішінде тегіс жылтыр бет болғанға дейін лак жағу жəне бүркеу; лакқа ағаш тозаңының қабатын жағу; лак жабынын кептіру; қалыпты лакпен жағу сапасын анықтау. 138. Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы, жұмыс кезінде қолданылатын құрал мен құрылғылардың белгіленуі; шыны бұйымдарын үрлеуге арналған металл қалыптарды кептіру режимдері; қолданылатын лактардың құрамы мен қасиеттері; лак жабынының сапасын айқындау əдістері. 28. Шыныны тарту машиналарының машинисі Параграф 1. Шыныны тарту машиналарының машинисі, 3-разряд 139. Жұмыс сипаттамасы: шыныны тігінен керу машиналарында созылатын лентаның ернеуінің күйін қадағалау; шыны лентасында соғуды таңдауға қатысу; тастарды білікшелердің бірінші жəне екінші жұбы арқылы өткізу; шыныны тігінен керу машиналарын қосуға дайындау жəне қосуға қатысу; жұмысқа қажетті құралды дайындау; машина арнасымен алаңшаны соғудан тазарту. 140. Білуге тиіс: шыныны тігінен керу машиналарының жəне жасау арнасының құрылысы; табақтық жəне түтікшелі шыныны механикаландырылған дайындау қағидасы; шыны лентасының үзілуін тудыратын себептер жəне олардың алдын алу тəсілдері. Параграф 2. Шыныны тарту машиналарының машинисі, 5-разряд 141. Жұмыс сипаттамасы: анағұрлым жоғары білікті шыны тарту машинисінің басшылығымен табақтық шыны мен түтіктерді дайындау; қызмет көрсетілетін машиналарды қосуға дайындауға, қосуға жəне тоқтатуға қатысу; шыны жəне шыны бұйымдарының лентасын тарту барысын қадағалау; шыныны тарту машинасының шахтасында жылу режимін реттеу жəне температураның шыны лентасының енімен біркелкі таралуын қамтамасыз ету; тарту кезінде шыны лентасының жəне түтік діңінің бұзылуларының алдын алу; шыны лентасының «соғылуын» жою; түтік қабырғаларының диаметрі мен қалыңдығының берілген мөлшерлерге сəйкестігін қадағалау; қайықтар мен басқа құрылғыларды ауыстыру жəне тазалау. 142. Білуге тиіс: шыныны тарту машинасының құрылысы; қызмет көрсетілетін машиналарды пайдалану ережесі; шыныны тарту машиналарында тігінен тарту əдісімен шыны бұйымдарын дайындау технологиясының негіздері; көлденең тарту машиналарында түтіктерді дайындау технологиясы; даярланатын бұйымның сапасына қойылатын талаптар. Параграф 3. Шыныны тарту машиналарының машинисі, 6-разряд 143. Жұмыс сипаттамасы: табақтық шыны мен түтіктерді дайындау; табақтық шыны мен түтіктерді тарту машиналарын қосу жəне тоқтату; берілген қалыңдықты шыныны тарту жылдамдығын реттеу; газдың, ауаның машина арнасына түсуін жəне қайық тесігіндегі шыны массасының деңгейін қадағалау; қайықтың тесігін тегістеу; дайындау арнасында белгіленген жылу режимін ұстау; кюльдесактардан, шыны массасын шығару, шыны массаны қыздыратын камерада хальмалау; шыны тартудың анағұрлым төмен білікті машинистеріне басшылық ету; қайықтар мен басқа құрылғыларды ауыстыру жəне тазалау. 144. Білуге тиіс: табақтық шыны жəне шыны бұйымдарын машиналық дайындау технологиясы; табақтық шыны мен түтіктерді тарту машинасының құрылысы жəне пайдалану ережесі; лентаның ені бойынша шынының қалыңдығын теңестіру тəсілі; өңделетін өнімнің сапасына қойылатын талаптар. Қалыңдығы 3 мм дейін, сондай-ақ қайықтың ені 2,5 м артық болған кезде шыныны тарту процесіне қызмет көрсету кезінде - 7-разряд. 29. Домалатып жазу машинасының машинисі Параграф 1. Домалатып жазу машинасының машинисі, 3-разряд 145. Жұмыс сипаттамасы: домалатып жазу машинасының анағұрлым жоғары білікті машинисінің басшылығымен берілген режим бойынша шыныны домалатып жазу процесін жүргізу; домалатып жазу машиналарын қосу мен май құю бойынша жұмыстарға қатысу; оны күйдіру пешіне бере отырып, шыны лентасының қозғалысын қадағалау; күйдіру пешінде жылу жəне ауа режимін реттеу; тасымалдаушы құрылғыларға, кесу жəне сындырып алу механизміне қызмет көрсету; қызмет көрсетілетін механизмдердің жұмысындағы ақаулықтарды жою. 146. Білуге тиіс: шыны дайындау технологиясы; домалатып жазу машинасының құрылысы, шыныны домалату учаскесінде ауа, газ, су коммуникацияларының сызбасы; шыныны күйдіру режимі. Параграф 2. Домалатып жазу машинасының машинисі, 5-разряд 147. Жұмыс сипаттамасы: берілген режим бойынша шыныны домалатып жазу процесін жүргізу; домалатып жазу машинасын қосу жəне май құю жəне оны шынының берілген қалыңдығына баптау; берілген жылу режимін шыны лентасының қозғалыс аймақтары бойынша ұстау; қалыптаушы құрылғыны орнату жəне жөндеу; майлау жəне суыту жүйелерінің жұмысын қадағалау; шынының қалыпталатын лентасы ақауының пайда болуын тудыратын себептерді жою; қызмет көрсетілетін жабдықты мүлтіксіз күйде ұстау. 148. Білуге тиіс: домалатып жазу машиналарының құрылысы жəне пайдалану ережесі, домалату шынысын дайындау технологиясы; су, газ жəне ауа коммуникацияларының сызбасы; бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі; шынының сапасына қойылатын талаптар. Параграф 3. Домалатып жазу машинасының машинисі, 6-разряд 149. Жұмыс сипаттамасы: термотөзгіш жəне пішінді шыныны дайындау жəне күйдіру процесін жүргізу; домалатып жазу машинасын дайындау жəне қосу; машинаның жылдамдығын жəне лента қалыңдығын реттеу; қалыптаушы құрылғыны орнату жəне жөндеу; лентаны қалыптаушы құрылғыға дайындау, пісірілетін шыныпрофилиттің жігін реттеу; қалыптаушы құрылғыны істеп тұрған кезінде ауыстыру; қызмет көрсетілетін жабдықты мүлтіксіз күйде ұстау; домалатып жазу машинасының анағұрлым төмен білікті машинистеріне басшылық ету. 150. Білуге тиіс: домалатып жазу машинасының құрылысы жəне пайдалану ережесі; қалыптаушы құрылғының құрылысы, пайдалану жəне баптау, термотөзгіш шыныны дайындау жəне күйдіру технологиясы; су, газ жəне ауа коммуникацияларының сызбасы, бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі; шынының сапасына қойылатын талаптар. 151. Орта кəсіби білім қажет. 30. Шыны моллирлеушісі Параграф 1. Шыны моллирлеушісі, 2-разряд 152. Жұмыс сипаттамасы: шынының жəне пішінделген рамканың дайындамаларын моллирлеуге дайындау; шынының дайындамаларын шынының сапасы бойынша тексеру жəне моллирлеу үшін олардың жарамдылығын айқындау; шыны дайындамасының ішкі диаметрін өлшеу; болат калибрлерді типографиялық бояу қабатымен жабу; калибрлерді шыны дайындамаларына салу; шыны дайындамаларын пешке тиеу, оларды қызуына қарай жылжыту, пешті қыздыру арнасына беру. 153. Білуге тиіс: шыныны моллирлеу қағидасы; шынының физикалық қасиеттері; моллирлеу процесіне əсер ететін шыны ақаулары; шыны дайындамаларына қойылатын техникалық талаптар; калибрлердің бетінің ақаулары; калибрлерді дайындау процесі; шыны дайындамаларының ақау түрлері. Параграф 2. Шыны моллирлеушісі, 3-разряд 154. Жұмыс сипаттамасы: шағын мөлшерлі шыныдан баллондарды, бөлшектер мен бұйымдарды, тақтайшаларды жəне барлық маркалы дискілерді, экрандарды моллирлеу процесін жүргізу; пештер мен қалыптарды моллирлеуге дайындау; термобу қондырғысын пешке орнату; шыны бұйымдарын моллирлеу пешіне тиеу; моллирлеу пешінің, үрлеу құрылғысының жұмысын қадағалау; моллирлеу жəне шынықтыру температуралық режимін реттеу; жартылай автоматты қондырғыларда вакуумдық моллирлеу; жалпақ- паралллельді нысанды оттегісіз шыныдан дайындамаларды жұқа күйдіру процесін жүргізу; жұмыс журналында моллирлеу жəне жұқа күйдіру процесінің температуралық режимін реттеу; шыны дайындамаларын моллирлеу пешінен түсіру; моллирлеу жəне жұқа күйдіруден кейін жабдықты, моллирлеу пештерін жəне қалыпты тазалау; улы қалдықтарды жинау жəне майсыздандыру. 155. Білуге тиіс: моллирлеу пештерінің құрылысы жəне жұмыс істеу қағидасы; əр түрлі құрамды шынының негізгі физикалық-химиялық жəне оптикалық қасиеттері; бұйымдарды моллирлеу пешіне жүктеу жəне одан түсіру тəртібі; моллирленген бұйымдарға қойылатын техникалық талаптар; ақау түрлері жəне оның алдын алу бойынша шаралар; улы қалдықтарды жинау жəне майсыздандыру əдістері.

5 қазан 2013 жыл

Параграф 3. Шыны моллирлеушісі, 4-разряд 156. Жұмыс сипаттамасы: барлық мөлшерлі фотоэлектронды көбейткіштерге арналған колбаларды, радиолампаларды, айналы шағылдырғыштарды, призмаларды, ауданы 0,8 м2 дейін автомобиль шыныларын, түрлі-түсті кинескоптар мен шпицтарға арналған цилиндрларды моллирлеу процесін жүргізу; сфериялық беттерімен оттегі жоқ шыныдан дайындамаларды жұқа күйдіру процесіне қызмет көрсету; қызмет көрсетілетін пештерді дайындау жəне моллирлеуге арналған жабдықты таңдау; шыны бұйымдарын моллирлеу пешіне тиеу; шынының жалпақ дайындамаларының теориялық жəне тəжірибелік салмақтарын есептеу; плиткаларды дайындамаға бөлу; шыныдан дайындамаларды көзбен бақылау, оларды ашық ақаулары бойынша сұрыптау жəне жекелеген ақауларын жою. 157. Білуге тиіс: шынының əр түрлі маркаларының дайындамаларын моллирлеу; жұқалап күйдіру технологиясы, шынының жалпақ дайындамаларының теориялық жəне тəжірибелік салмақтарын есептеу əдістері; əр түрлі маркалы оттегі жоқ шыныны бөлу тəсілдері; жүк көтергіш механизмдердің құрылысы жəне жұмыс істеу қағидасы. Параграф 4. Шыны моллирлеушісі, 5-разряд 158. Жұмыс сипаттамасы: панорамдық, ауданы 0,8 м2 артық автомобиль шыныларының дайындамаларын жəне үлкен мөлшерлі бұйымдарды, салмағы 3 кг артық оптикалық бөлшектердің дайындамаларын жəне күрделі призмаларды моллирлеу процесін жүргізу; жарық өткізушіліктің қатты қырымен жалпақ параллель жəне сфериялық қалыпты оттегі жоқ шынының дайындамаларын жұқалап күйдіру; қызмет көрсетілетін жабдықты жұмысқа дайындау, термобулардың ақаусыздығын, арқан мен сақтандыру тіреулерінің күйін, каретка жүрісінің бірқалыптылығын жəне такғы басқа тексеру; моллирлеу пешінің жұмысының оңтайлы режимін анықтау; моллирлеу мен жұқалап күйдіру технологиялық процесін бақылау; шыныны ішкі ақаулары бойынша іріктеу; қисық сызықты конфигурациялы шыны дайындамаларының теориясын жəне тəжірибелік салмақтарын есептеу. 159. Білуге тиіс: моллирлеу процесінің əдістері; электр пештері мен престерді жөндеу тəсілдері; қисық сызықты конфигурациялы шыны дайындамаларының теориясын жəне тəжірибелік салмақтарын есептеу əдістері; моллирлеу мен жұқалап күйдірудің оңтайлы режимдерін таңдау ережесі; шыныда ішкі ақаулардың пайда болу себептері жəне оларды жою тəсілдері; оттегі жоқ шыныға мемлекеттік стандарттар. Параграф 5. Шыны моллирлеушісі, 6-разряд 160. Жұмыс сипаттамасы: арнайы тапсырыстар бойынша жəне қайта меңгерілетін режимдер бойынша эксперименттік маркалардың оттегі жоқ шысынынан дайындамаларды моллирлеу жəне жұқалап күйдіру процесін жүргізу; эксперименттік маркалы шысыныдан дайындамалардың теориялық жəне тəжірибелік салмақтарын есептеу; анағұрлым төмен білікті шыны моллирлеушілерге басшылық ету. 161. Білуге тиіс: əр түрлі моллирлеу жəне күйдіру пештердің тораптары мен механизмдерінің өзара іс-қимылы, автоматты реттеу аспаптарын баптау жəне реттеу ережесі; моллирлеу жəне жұқалап күйдіру процесінің режимдерін таңдау ережесі; өткізілетін технологиялық операциялардың шыныны кристалдау процесіне əсері; оттегісіз шынының механикалық қасиеттері жəне химиялық тұрақтылығы. 31. Крокусты суспензияны берудегі моторист Параграф 1. Крокусты суспензияны берудегі моторист, 3-разряд 162. Жұмыс сипаттамасы: конвейердің өңдеу желісін крокуспен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету; сорғылардың қысымын қадағалау жəне реттеу; бойлерге немес кеспекке су мен будың берілуін реттеу; крокусты супензияның қажетті тығыздығын қамтамасыз ету; суспензияны күкірт қышқылымен жəне темір купороспен қажетті желімтығыздыққа дейін қышқылдау; бір кеспектен екіншісіне жұмысқа көшу; резервті кеспектер мен крокустық магистральдарды шаю жəне елеуіштің көмегімен шаю сапасын бақылау. 163. Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы жəне пайдалану ережесі; крокустың сапасына қойылатын талаптар; крокус пен күкірт қышқылының шығын нормасы; темір купоросын күшейткіш ретінде мөлшерлеу. 32. Шыныланған негіздерден блок жинаушы Параграф 1. Шыныланған негіздерден блок жинаушы, 3-разряд 164. Жұмыс сипаттамасы: шаю үшін шыныланған негіздерден блокты жинау; шыныланған өзектер жəне капиллярларды жуу; шыны негіздерді шыныланған шыны шығыршыққа толтыру жəне оларды шыны шығыршықтан біріктіруге арналған шыны цилиндрына ауыстыру. 165. Білуге тиіс: шыныланған негіздердің сапасын анықтау тəсілдері жəне цилиндрды толтыру үшін олардың қажетті мөлшері; шыныланған негіздерді цилиндрға жинау ережесі; шыныланған негіздер мен капиллярларды шаю жəне кептіру тəсілдері. 33. Шыны массасын жинаушысы Параграф 1. Шыны массасын жинаушысы, 3-разряд 166. Жұмыс сипаттамасы: шыны қайнатушы пештен немесе құмырадан түтікке немесе «темірге» шағын жəне орта мөлшерлі бұйымдарды үрлеуге арналған белгілі бір тұтқырлықты шыны массасының қажетті мөлшерін жинау; жинаққа қажетті пішін беру, оны престеуге арналған қалыпқа тапсыру; түтікке шыны массасын жинау кезінде ақауларды жою. 167. Білуге тиіс: пластмассаның қасиеттері, бұйымдардың мөлшерлеріне байланысты шыны массасын жинау жəне мөлшерлеу тəсілдері; дайындалатын бұйымдардың сапасына қойылатын талаптар, шынының негізгі маркалары; ақау түрлері жəне оның алдын алу бойынша шаралар. 168. Жұмыс үлгілері: 1) генератор шамдардың сыналары - шыны массасының жинағы; 2) үрленетін бұйымдарға арналған бөлшектер - шыны массасының жинағы; 3) генератор шамдардың колбалары - шыны массасының жинағы; 4) карбюраторлар мен спиртовкаларға арналған қақпақтар- шыны массасының жинағы; 5) төс етектерге арналған пластиналар, дөңгелек дайындамалар (линзалар мен дискілер) - шыны массасының жинағы; 6) дөңгелек ампула-деңгейлерге арналған стақандар - шыны массасының жинағы. Параграф 2. Шыны массасын жинаушы, 4-разряд 169. Жұмыс сипаттамасы: шыны қайнатушы пештен немесе құмырадан түтікке немесе «темірге» ірі мөлшерлі бұйымдарды үрлеуге арналған белгілі бір тұтқырлықты шыны массасының қажетті мөлшерін жинау; жинақты жартылай үрлеу автоматының операторына беру, сондайақ шыны массасының жинағын престеуге арналған қалыпқа беру; шыны массасын темір шыбықтан тарту; престеуге арналған шыны массасының дайындығын анықтау. 170. Білуге тиіс: пластмассаның қасиеттері, əр түрлі бұйымдарды дайындауға арналған шыны массасын жинау жəне мөлшерлеу тəсілдері; дайындалатын бұйымдардың сапасына қойылатын талаптар, шыны массасын жинау кезінде туындайтын ақаудың түрлері жəне оның алдын алу бойынша шаралар. 171. Жұмыс үлгілері: 1) баллондар, калибрленген мойын қылтасы бар үлкен бөтелкелер, бұрандалық мойын қылтасы бар жəне жонып тығыздалған тығыны бар флакондар, фигуралық шөлмектер жəне шампан шөлмегі, банкілер жəне штанглазды ыдысқа кішкентай шыны сауыттар - жартылай автоматта шығаруға арналған шыны массасын жинау; 2) электрондық-сəулелік түтіктерге арналған конустар - шыны массасын жинау; 3) призмалар, Френельдің əр түрлі линзалары, конденсаторлар, престеуге арналған шыны масса шағылыстырғыштар - жинау; 4) көп орынды нысандардағы тығындар, мүсінді тығындар жəне ұқсас бұйымдар - шыны массасын жинау; 5) тұз сауыттар, қайнатқышқа арналған табақшалар, күл сауыттар, бір орынды нысандардағы тығындар, салпыншақтар, дəрі ішуге арналған кішкене стақандар, косметикалық ыдыс жəне ұқсастар бұйымдар - престеуге арналған шыны массасын жинау; 6) шыны түтіктер (дроттар) - керу үшін шыны массасын жинау; 7) экрандар жəне диагоналы бойынша 47 сантиметр (бұдан əрі – см) дейін электрондық - сəуле түтіктерге арналған конустар - престеуге арналған шыны массасын жинау. Параграф 3. Шыны массасын жинаушы, 5-разряд 172. Жұмыс сипаттамасы: ірі мөлшерлі сортты ыдыс бұйымдарын үрлеуге арналған шыны массасын жинау; шыны қайнатушы құмырадан шыны массасын вакуум- жинайтын машинаға жинау жəне оны престеуге арналған қалыпқа беру; машинаның вакуум- жинағын орнату жəне баптау; бұйымдарды дайындаудың температуралық режимін, вакуумның деңгейін, берілетін су мен ауаның мөлшерін реттеу; шыныны араластыру кезеңінде араластырғыштың айналымдарының қажетті санын айқындау; электрондық- сəулелік түтіктердің бөлшектерін престеуге арналған шыны массасын жинау. 173. Білуге тиіс: пештің ұшу ортасы бойынша вакуум- жинау машинасының құрылғысы, электр қайнату негіздері; шынының құрамы мен қасиеттері; дайындалатын шыныға қойылатын техникалық шарттар; шыны массасының сапасын айқындау тəсілдері; шыны бұйымдарының пішіні мен мөлшеріне байланысты шыны массасын жинау ережесі; жиналатын шыны массасындағы ақауларды айқындау əдістері. 174. Жұмыс үлгілері: 1) түрлі-түсті шыныдан жасалған дискілер мен линзалар- престеу үшін шыны массасын жинау; 2) арнайы ЭЛП арналған конустар- шыны массасын жинау; 3) жарық техникалық шынылар - шыны массасын жинау; 4) сорттық ыдыс – аяқтағы бұйымдар, салат салғыштар, табақтар жəне ірі мөлшерлі басқа бұйымдар; 5) диагоналы бойынша 47 см артық электрондық- сəулелік түтіктердің экрандары мен конустары. Параграф 4. Шыны массасын жинаушы, 6-разряд 175. Жұмыс сипаттамасы: түрлі-түсті бейнесі бар электрондық- сəулелік түтіктерге арналған тəжірибелі жəне сынақ бұйымдарын дайындауға арналған шыны массасын жинау. 176. Білуге тиіс: шыны массасының техникалық қасиеттері, жинау мен өңдеу ережесі мен тəсілдері; ақау түрлері жəне оларды жою тəсімдері; берілген шектерде пресс-қалыпты жалпақтығы бойынша бөлудің қажеттігін құруды ескерумен пресс-қалыпқа «тамшыны» салу əдісі. 177. Жұмыс үлгілері: 1) барлық типтегі мөлшерді түрлі-түсті теледидарға арналған кинескоптардың қабыршақтарына арналған экрандар мен конустаршыны массасын жинау. 34. Шыны автоматтары мен жартылай автоматтарын жөндеуші Параграф 1. Шыны автоматтары мен жартылай автоматтарын жөндеуші, 4-разряд 178. Жұмыс сипаттамасы: кесетін механизмдерді, шыныны кесу мен балқытуға арналған жартылай автоматтарды, шыныны кесуге, іріктеуге, сындырып алуға арналған автоматтарды, патрондарды құрумен жартылай автоматтарды, автоматтарды жəне фацеттік станоктарды, сферо–фрезерлік, арамен кесетін, бөлетін станоктарды, ортаға дəл келтіру автоматтарын жəне жартылай автоматтарды, сонымен қатар шыны бұйымдарын дəнекерлеу жəне пісіру стонктары мен жартылай автоматтарды дайындау, жөндеу жəне профилактикалық байқау; тораптар мен механизмдері ақауының болмауын тексеру, жұмыс процесінде механизмдерді жөндеп дайындау, қызмет көрсетілетін жабдық пен құрылғыларды ауыстыру; жабдықты алдын ала қарау, тозуын айқындау, тозған бөлшектерді жəне механизм тораптарын ауыстыру. 179. Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы жəне оған жөндеу жүргізу тəртібі; қызмет көрсетілетін жабдықты жəне аспаптарды жөндеу ережесі; жабдықтың жұмысындағы олқылықтардың себептері, олардың алдын алу жəне жою тəсімдері. Параграф 2. Шыны автоматтары мен жартылай автоматтарын жөндеуші, 5-разряд

180. Жұмыс сипаттамасы: шыны қалыптаушы машиналарды, тегістеу - өңдеу конвейерлерінің тораптарын, ротациялық аппараттарды, флакондарды даярлаумен көлденең жартылай автоматты, электр қосатын аппаратурамен жəне бақылау - өлшеу аспаптарымен жəне қондырғылармен вакуумды қондырғыларды дайындау, жөндеу жəне профилактикалық қарау; «Витроликоно» автоматты престерін, шыны бұйымдарын орталықтан тебетін қалыптастыру машиналарын жəне анодты шығаруды пісіру машинасын дайындау; өңдеу үшін электр муфельдерді дайындау; қызмет көрсетілетін жабдықты жөндеумен байланысты есептеулерді орындау. 181. Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы, жұмыс істеу қағидасы; электр қосатын аппаратураның, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы; жөнделетін жабдыққа, механизмдер мен түйіндерге жөндеу жасау тəртібі; күрделі кинематикалық сызбасымен автоматты реттеу ережесі. Параграф 3. Шыны автоматтарын жəне жартылай автоматтарын жөндеуші, 6-разряд 182. Жұмыс сипаттамасы: вакуумдық- үрленбелі шыны қалыптаушы машина- автоматтарын жəне фидерлік қуаттандырғыштардың механизмдерін дайындау, жөндеу жəне профилактикалық қарау; «Вибейк» түріндегі фацетті алу мен тегістеуге арналған автоматтарды жөндеу жəне реттеу; қызмет көрсетілетін жабдықты жөндеумен байланысты есептеулерді орындау. 183. Білуге тиіс: жөнделетін машиналардың, механизмдер мен автоматтардың құрылысы мен құрылымы; қызмет көрсетілетін жабдықты реттеу жəне жинақтау, оның механизмдері мен тораптарының өзара іс-қимылының ережесі. 184. Орта кəсіби білім қажет. Параграф 4. Шыны автоматтарын жəне жартылай автоматтарын жөндеуші, 7-разряд 185. Жұмыс сипаттамасы: электрондық басқарумен көпсекциялық автоматтарды, «Olivotto» жəне «Lindner» түріндегі вакуумдық- үрленбелі шыны қалыптаушы автоматтарды дайындау, жөндеу жəне профилактикалық қарау; басқарушы компьютермен диалогтық режимде шыны қалыптаушы автоматтың жəне механикалық қуаттандырғыштың агрегаттары мен түйіндерінің өзара əрекеттесу синхрондауын қамтамасыз ету; прес- үрленбелі шыны қалыптаушы автоматтарды жəне компьютерлік басқарумен фидерлік қуаттандырғыштардың механизмдерін дайындау, жөндеу жəне профилактикалық қарау; жөнделетін автоматтардың жұмыс режимін таңдау жəне реттеу; карусельдің айналу жылдамдығын, үрлеу мен суытуға ауаның берілуін, вакуумды жəне шыны қалыптаушы автоматтардың басқа параметрлерін түзету; əр түрлі бұйымдарды дайындауға арналған автоматтарды жөндеу. 186. Білуге тиіс: шыны қалыптаушы автоматқа қызмет көрсету үшін қажетті көлемде компьютермен диалог, шыны бұйымдарының ассортименті мен дайындау жылдамдығына байланысты секция тораптарының жұмыс циклограммасын қалыптастыру ережесі; жөнделетін автоматтардың, механизмдер мен тармақ агрегаттарының құрылысы жəне құрылымы; желі агрегаттарының, тораптары мен механизмдерінің өзара əрекеттестігі, желі агрегаттарының тораптарын жинақтау, құру жəне реттеу ережесі; ақау түрлері, оның алдын алу жəне жою ережесі. 187. Орта кəсіби білім қажет. 35. Целлулоид жағушысы Параграф 1. Целлулоид жағушысы, 1-разряд 188. Жұмыс сипаттамасы: жабыстыратын ерітіндінің целлулоидын қалыптарға жағу; қалыптарды кептіру конвейеріне орнату; конвейердің кептіретін секциясына ыстық ауаны беру. 189. Білуге тиіс: жабыстыратын ерітіндінің мөлшерлемесі; дайындалатын ерітіндінің сапасына қойылатын талаптар. 36. Аспаптарды газдармен жəне сұйықтықтармен толтырушы Параграф 1. Аспаптарды газдармен жəне сұйықтықтармен толтырушы, 2-разряд 190. Жұмыс сипаттамасы: қарапайым термометрлердің дайындамаларын толтыру: механикалық вакуумды сорғыларды қолданумен немесе қолмен қойма, ванна, бөлмелік термометрлік сұйықтықпен немесе сынаппен; дайындамалардың барлық түрлерін кептіру шкафтарында кептіру; кассеталарды спиртпен сүрту, дайындамаларды кассетаға салу жəне оларды толтырғаннан кейін түсіру; дайындамаларды капиллярлардың партиялары, диаметрі жəне микроскопиялық нөмірі бойынша іріктеу; толтырылмаған дайындамаларды іріктеу, оларды жартылай автоматтарға салу жəне тасу; дайындамалардан шыны үрлеуші жанарғының, электр серіппенің көмегімен, сондай-ақ капиллярды дəнекерлеумен соратын қылқанымен артық термометрлік сұйықтықты немесе сынапты төгу. 191. Білуге тиіс: механикалық сорғылардың жұмыс істеу қағидасы; кептіру шкафтарында температуралық режимі; ауаны сорып шығару жəне термометрлердің қарапайым дайындамаларын сұйықтықпен немесе сынаппен толтыру технологиясы; толтырғыштарды сүзу ережесі; дайындамаларды тиеу жəне түсіру ережесі. Параграф 2. Аспаптарды газдармен жəне сұйықтықтармен толтырушы, 3-разряд 192. Жұмыс сипаттамасы: жоғары қысым қондырғысында термодайындау капиллярында сынап үсті кеңістікті азотпен, аргонмен немесе басқа инертті газбен толтыру; май жəне бусынап сорғының көмегімен сынап үсті кеңістігінен ауаны сорып шығару; кейіннен дəнекерлеп жапсырумен жоғары қысымды қондырғының цилиндрға дайындамасын дəнекерлеу; капиллярдан газдың қысымын манометрмен өлшеу; қарапайым жəне орта күрделі термометрлерді механикалық вакуумды қондырғыда жəне қолмен, сынаппен жəне сұйықтықтық толтырғыштармен толтыру; дайындамалардан дəл мөлшерлеу жартылай автоматында жəне капиллярды күйдірумен қолмен артық сынап пен термометрлік сұйықтықты төгу; газдық шыны үрлейтін жанарғыда жəне арнайы аппаратта капиллярды кесу жəне дəнекерлеу, нөлдік нүктесін белгілеу; арнайы құрылғының көмегімен сынап ауыстырып қосқышта контактілердің тұйықталу жəне тарқау бұрыштарын, сынаптың мөлшерін айқындау. 193. Білуге тиіс: сынапты төгуді дəл мөлшерлеу жартылай автоматының жəне жоғары қысымды қондырғының, май жəне бусорап сорғысының құрылысы жəне жұмыс істеу қағидасы; аспаптарды газдармен толтыру технологиясы, сынаптың физикалық-химиялық қасиеттері; дайындамаларды қар ваннасында немесе термостатта ұстау режимі; ауаны тазарту жəне аспаптарды толтыру режимі; термометрлерді дайындау технологиясы, техникалық шарттарға сəйкес сынап ауыстырып қосқыштың тұйықталу жəне тарқау бұрыштарын орнату тəсілдері; физика мен электр техникасы бойынша негізгі мəліметтер. Параграф 3. Аспаптарды газдармен жəне сұйықтықтармен толтырушы, 4-разряд 194. Жұмыс сипаттамасы: терең суытуды қолданумен сутегі қондырғысында сынап ауыстырып қосқыштарын жəне контактілік термометрлерді сутегімен жəне инертті газдармен толтыру; электр пештерінде алдын ала қыздырумен жоғары вакуумдық қондырғыда қысқаша толтыру циклімен күрделі термометрлердің дайындамаларын сынаппен толтыру; жоғары вакуумды қондырғыны жөндеу жəне қызмет көрсету. Өлшеу аспаптарын бақылау. 195. Білуге тиіс: сутегі қондырғысының құрылысы жəне жұмыс істеу қағидасы, ауыстырып қосқыштарды дайындау технологиясы; газдардың қасиеттері, ауаны сорып шығару режимі, сынаптың физикалық жəне химиялық қасиеттері, оны тазарту əдістері; жоғары вакуумды қондырғының, электр пештерінің құрылысы сызбасы; электр пештерінде дайындамаларды ұстау режимі, термометрлердің барлық түрлерінің максималды құрылғыларының əрекет ету қағидасы; электртехникканың негіздері, сұйықтықтық жəне деформациялық өлшеу аспаптарының əрекет ету қағидасы. Параграф 4. Аспаптарды газдармен жəне сұйықтықтармен толтырушы, 5-разряд 196. Жұмыс сипаттамасы: қосалқы резервуарымен жəне қашықтан басқарумен автоматты қондырғыда толтырудың ұзақ циклімен ерекше күрделі термометрлердің дайындамаларын сынаппен толтыру; арнайы аспаптың көмегімен жоғары вакуумның тереңдігін айқындау; вакуум қондырғыларды жөндеу; осциллографтар мен тестерлердің жұмысын бақылау. 197. Білуге тиіс: қашықтан басқаруы бар қондырғының сызбасы, диффузиялық сорғылардың жұмыс істеу қағидасы; жоғары вакуумды алу тəсілдері; электрондық жəне ионизациялық аспаптардың құрылысы жəне олардың жұмыс істеу қағидасы, электроника негіздері. 37. Шыны салушы Параграф 1. Шыны салушы, 2-разряд 198. Жұмыс сипаттамасы: ротациялық аппараттардың клингерлері мен дюранстарын төсеу; жіктерді гипс ерітіндімен бітеу; конвейерлік қондырғыларда жəне ротациялық аппараттарда тегістеу мен өңдеу үшін шетін ұштаумен шыны табақтарының пластиналарын гипстау; өңдеу кезінде шынының беріктігін қамтамасыз ету; блоктық пластиналарды қалыңдығы бойынша іріктеу; пластиналарды кассеталарға салу; гипс ерітіндіні дайындау; пластиналарды гипс ерітіндімен құю; кассеталардың гипсын алу; бұйымдарды тазалу жəне жууға тасу. 199. Білуге тиіс: гипс қондырғысының құрылысы жəне пайдалану ережесі; гипстің қасиеттері, шынының табақтарын гипстеу тəсілдері, кассеталарды гипспен құю жəне бұйымдарды ротациялық үстелге салу ережесі; гипс балшығының қасиеті, жіктерінің сапасына қойылатын талаптар. Параграф 2. Шыны салушы, 3-разряд 200. Жұмыс сипаттамасы: ротациялық аппараттардың үстелдеріне байканы алдын ала төсеумен конвейердің үстелдеріне шыны табақтарын төсеу; блоктық пластиналарды қалыңдығы бойынша іріктеу; жіктерді гипс балшығымен бітеу; шыны табақтарын кері жағына қою; үстелдер мен байканы тазалау; шыныны жууға апару. 201. Білуге тиіс: шыны табақтарының қалыңдығы мен қисықтығына шектер; гипстің қасиеттері; əр түрлі мөлшерлі шыны табақтарын төсеу тəсілдері; төселген шынының сапасына қойылатын талаптар. 38. Шыны өндірісіндегі күйдіруші Параграф 1. Шыны өндірісіндегі күйдіруші, 2-разряд 202. Жұмыс сипаттамасы: қыш жəне шыны бөлшектерді пештерде күйдіру; материалдарды жүгіргіштерде тарту, елеуіш арқылы елеу, қыш шихтасын ылғалдау жəне құрастыру. 203. Білуге тиіс: бұйымдарды тиеу жəне түсіру ережесі; қыш жəне шыны бөлшектерді күйдіру режимі; электр оқшаулау қыштың шихтасына арналған массаның құрамы мен мөлшерлемесі. 204. Жұмыс үлгілері: 1) оқшаулағыштар, моншақтар, тығындар жəне басқа қыш бөлшектер - күйдіру; 2) электростерилизаторларды, моншақтарды, тығындарды дайындауға арналған масса - дайындау. Параграф 2. Шыны өндірісіндегі күйдіруші, 3-разряд 205. Жұмыс сипаттамасы: сорттық ыдыс бұйымдарының бетіне арналған бояулардың, алтынның əр түрлі құрылымдарын күйдіру пештерінде күйдіру; темір купоросты, көмірқышқыл темірді, котрельді шаңды жəне крокус дайындауға арналған басқа материалдарды тиеу; крокусты күйдіру процесін жүргізу; бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша күйдірудің температуралық режимін реттеу; бұйымдарды тиеу мен түсіруді қадағалау. 206. Білуге тиіс:

күйдіру пештерінің құрылысы, сорттық ыдыс бұйымдары мен крокус үшін күйдіру режимі; бақылау-өлшеу аспаптарының белгіленуі жəне олардың көрсеткіштері бойынша күйдіру процесін реттеу ережесі; күйдіру процесіне қойылатын техникалық талаптар; ақаудың себептері мен түрлері, оның алдын алу бойынша шаралар. 207. Жұмыс үлгілері: 1) шынылы, эмальданған тақталар (қаптау)- күйдіру; 2) қорғасын жосасы- қорғасын глетіне дейін күйдіру; 3) шприцті цилиндрлар, градусталған шкаламен жағылған бояуымен май өлшеуіштер – бояуды күйдіру; 4) қыш электростерилизаторлар - күйдіру. Параграф 3. Шыны өндірісіндегі күйдіруші, 4-разряд 208. Жұмыс сипаттамасы: кварц қыштан бұйымдарды күйдіру жəне шыны өндірісінде анағұрлым жоғары білікті күйдірушінің басшылығымен кезеңдік əрекеттегі электр пештерінде сіңдіру қабатын күйдіру процесін жүргізу; бұйымдарды электр пештеріне орнату, пешті құммен герметикалау; электр пештің жəне бақылау-өлшеу аспаптарының күйін тексеру; температуралық күйдіру режимін қадағалау; бұйымдарды электр пештен алу. 209. Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың, бақылау-өлшеу аспаптарының жəне құралдың құрылысы жəне пайдалану ережесі; бұйымдардың сіңдіру қабатын күйдіру режимдері; бұйымдарды электр пешіне орнату жəне оларды пештен алу ережесі; күйдіру кезінде бұйымдардың ақауының пайда болу себептері жəне оның алдын алу бойынша шаралар. Параграф 4. Шыны өндірісіндегі күйдіруші, 5-разряд 210. Жұмыс сипаттамасы: кварцты қыштан жасалған бұйымдарды күйдіру жəне кезеңдік əрекеттегі электр пештерінде сіңдіру қабатын күйдіру процесін жүргізу; талдаулар нəтижелері бойынша бұйымдарды күйдірудің ең үлкен температурасын түзету; бөлудің берілген біркелкілігін жəне электр пешінде температураның көтерілу жылдамдығын қамтамасыз ету; электр пешіндегі бұйымдардың күйін жəне бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін бақылау; бұйымдарды қоюды өлшеу жəне есептеу; өнімді бақылаушыға тапсыру; технологиялық журналды жүргізу жəне техпаспорттарды толтыру. 211. Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылымы, күйдірілетін бұйымдардың ассортименті; бұйымдарды күйдіру режимдерін есептеу əдістемесі; бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы жəне пайдалану ережесі. 39. Жапқыштарды сылаушы Параграф 1. Жапқыштарды сылаушы, 2-разряд 212. Жұмыс сипаттамасы: жапқыштарды сылау; құмыраны құйғаннан кейін құмыра пештерінің жапқыштарын сылау үшін балшық қоспаларды дайындау. 213. Білуге тиіс: құмыра пешінің құрылысы; қолданылатын балшықтың түрлері мен қасиеттері. 40. Шыны пакеттер мен шыны блоктарды өңдеуші Параграф 1. Шыны пакеттер мен шыны блоктарды өңдеуші, 1-разряд 214. Жұмыс сипаттамасы: шыны пакеттерін, шыны блоктарды, триплексті өңдеу: майлықтарды, жабысатын құрамды, мастиканы, резеңкені жəне басқа материалдарды дайындау; шыны блоктарына бөз майлықтарды жапсыру; шыны бұйымдарының беті мен шетін мастикамен жабу жəне оларға қалқаншалар жапсыру; сусальдық алтынның, күмістің жəне басқа металдардың табақтарын смальт дайындау кантореласына жапсыру; шыны блоктарының бетіне экрандаушы қабатты жағу; пакеттердің шеттерін майлау құрамымен жағу жəне қабыршықтың шеттерін резеңкемен жапсыру; триплекс шынының тесігін ылғалға төзімді мастикамен толтыру; шыны блоктарының бетін балауыз мастикамен жабу; шыны пакеттерін қағаз төсей отырып салу; байкаларды үстелдерден алу; үстелдердің беттерін конвейерден тазарту; үстелдерді тазартуға арналған қондырғыны реттеу. 215. Білуге тиіс: бөз майлықтарды, шыны бұйымдарына сусальдық материалды жапсырудың, шыны пакеттердің шеттерін майлаудың, мастика жағудың əдістері мен тəсімдері; экрандаушы сұйықтықты, мастиканы жəне балауыз массасын дайындау ережесі; шыны пакеттері мен шыны блоктарын өңдеуге қойылатын талаптар, лактың қасиеттері; үстелдерді тазалау қондырғысын пайдалану ережесі; резеңке мен бутафолды желімнің сапасына қойылатын талаптар, шыны жиегі мен резеңкенің арасындағы саңылаулардың алдын алу тəсімдері; ақау түрлері жəне оның алдын алу бойынша шаралар. Параграф 2. Шыны пакеттер мен шыны блоктарды өңдеуші, 2-разряд 216. Жұмыс сипаттамасы: шыны пакеттерін жəне шыны блоктарды өңдеу; қабыршықты жəне жабыстыратын құрамды дайындау; ерітінді, мастика, эмаль дайындау; шыны пакеттеріне жəне шыны блоктарына қорғаныш шыны мен қорғаныш қабыршықтарды жапсыру; қуаттандырғыштарды құммен жəне экрандаушы сұйықтықпен зарядтау; форсункаларды баптау, үстелдің бұрылысын қосу, позицияны блоктармен сала бастау, форсункаларды қосу; шыны блоктарын үстелден алу; шыны блоктарын кептіру транспортеріне беру; жабыстырылған шыны блоктарын (жиектрін) мұнай битумды мастикамен, эмальмен, лакпен бояу; триплекстің шетінен шығып тұратын қабыршықты кардты дисктік щеткамен өңдеу; триплексі шынысының күйдірілген тесіктерін өңдеу; бөлшектер мен бұйымдарды қабыршықтың қалдықтарынан тазалау; целлулоидты бөлшектің бүкіл параметрі бойынша жағу; электр пышақты орнату; шынының саңылауын бітеу; саңылауды күйдіру сапасын тексеру; триплексті пирамидаға орнату. 217. Білуге тиіс: шыны блоктары мен шыны пакеттерді қорғағыш қабыршықпен жапсырудың əдістері мен тəсілдері; жабыстыратын құрамды жəне экрандаушы сұйықтықтың ерітіндісін дайындау тəсілдері; майлау үстелінің жəне көмекші жабдықтың құрылысы жəне жұмыс істеу қағидасы; шыны блоктарды мұнай битумды мастикамен, эмальмен, лакпен қайнату тəсілдері; мастика мен эмальдың қасиеттері, кардтық дисктік щетканың жəне электр пышақтың құрылысы жəне пайдалану ережесі; триплекстің саңылауларын өңдеу жəне тазалау тəсілдері; бұйымдарды өңдеу сапасына қойылатын талаптар. 41. Көбікшыны өндірісінің автоматты желісінің операторы Параграф 1. Көбікшыны өндірісінің автоматты желісінің операторы, 4-разряд 218. Жұмыс сипаттамасы: көбікшыны өндірісі бойынша автоматты желінің анағұрлым жоғары білікті операторының басшылығымен көбікшыны блоктары мен өңдеу тақтайшасын біріктіру жəне күйдіру процесін жүргізу; шихта толтырылған қалыптармен платформалар мен вагонеткаларды бірктіру пешіне берудің циклдығын қадағалау; аспаптардың көрсеткіштері мен берілген температуралық режимді қадағалау; кристалдаудың температуралық жəне жылдамдықтық режимдерін реттеу; газдың біріктіру пешіне жəне жанарғыларға түсуін бақылау; технологиялық журналда жазба жүргізу. 219. Білуге тиіс: біріктіру пештерінің құрылысы, бақылау-өлшеу аспаптарының жəне біріктіру пештерін автоматты реттеу аспаптарының жұмыс істеу қағидасы; біріктіру пешінің жекелеген бөліктерін қосу жəне сөндіру ережесі; бұйымдарды біріктіру, күйдіру жəне кристалдау температуралық режимі жəне технологиясы; бұйымдарды жентектеу пешінен түсіру ережесі. Параграф 2. Көбікшыны өндірісінің автоматты желісінің операторы, 5-разряд 220. Жұмыс сипаттамасы: біріктіру пештерінде шыныблоктарды біріктіру жəне күйдіру процесін жүргізу; бақылау-өлшеу аспаптарының жəне автоматты реттеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша технологиялық режимді бақылау; автоматты желінің, гидросорғылардың, итергіштің, көтергіштің, блокты тасу механизмінің жұмысының өзара əрекеттестігін реттеу; автоматты желінің барлық механизмдерінің жұмысын жөндеу; жұмыс журналын жүргізу. 221. Білуге тиіс: көбікшынының өндірісінің технологиялық процесі; біріктіру пештерінің, гидрожүйенің, автоматты желі механизмдерінің құрылысы; бақылау-өлшеу аспаптарының жəне біріктіру пештерін автоматты реттеу аспаптарының жұмыс істеу қағидасы. 42. Вакуум соратын механизмдер мен құрылғылардың операторы Параграф 1. Вакуум соратын механизмдер мен құрылғылардың операторы, 3-разряд 222. Жұмыс сипаттамасы: шыны табақтарын кейінгі операцияларға беруге арналған вакуумсоратын механизмдердің жұмысын басқару: кесу үстелдеріне, жуатын машинаға, конвейерге, орауға, қорға жəне тағы басқа; қосу аппаратын басқару; шыны табақтарын конвейердің үстелдерінен алуға арналған қысылған ауаның берілуін реттеу; шыныны қолмен, щеткамен гипстің қалдықтарынан тазалау. 223. Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы жəне пайдалану ережесі; шыныны тасу ережесі; қол жəне автоматты режимдерде механизмдердің жұмысын реттеу ережесі. Параграф 2. Вакуум соратын механизмдер мен құрылғылардың операторы, 4-разряд 224. Жұмыс сипаттамасы: шынының табақтарын технологиялық процесс сатылары бойынша тасу кезінде кранның жұмысын басқару; барлық механизмдердің: рольгангтың, вакуумсорғының, соратын крандардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету жəне жөндеу; қысылған ауаның қысымын реттеу; механизмдерді дайындау, тазарту жəне майлау. 225. Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың, аппаратураның жəне кранқойғыштың вакуумдық жүйесінің құрылысы жəне пайдалану ережесі; қызмет көрсетілетін жабдықтың циклдығы жəне əр түрлі режимдерде жұмыс істеу қағидасы; шыны ақауының түрлері, майлайтын майлардың марклары. 43.Үрлейтін жартылай автоматтың операторы Параграф 1. Үрлейтін жартылай автоматтың операторы 2-разряд 226. Жұмыс сипаттамасы: таза қалыпта қарапайым парфюмерлі жəне медициналық ыдысты қалыпту арқылы үрленбелі жартылай автоматта шыны массасынан қуыс шыны бұйымдарын дайындау; таза қалыптардың күйін қадағалау жəне оларды суытуды реттеу. 227. Білуге тиіс: үрленбелі жартылай автоматтың құрылысы жəне оны пайдалану ережесі; шынының негізгі қасиеттері, дайындалатын бұйымдарға техникалық шарттар; ақаудың пайда болу себептері жəне оның алдын алу бойынша шаралар. Параграф 2. Үрлейтін жартылай автоматтың операторы, 3-разряд 228. Жұмыс сипаттамасы: алғашқы жəне таза қалыптарда калибрленген мойын қылтасы бар баллондар мен үлкен бөтелкелерді жүйелі үрлеу арқылы үрленбелі жартылай автоматтағы көпұяшықты қалыпта шыны массасынан қуыс шыны бұйымдарын дайындау; қалыптардың күйін қадағалау жəне оларды суытуды реттеу. 229. Білуге тиіс: фидерлік қуат көзі бар жартылай автоматтың құрылысы жəне оны пайдалану ережесі; ақаудың пайда болу себептері жəне оның алдын алу бойынша шаралар. Параграф 3. Үрлейтін жартылай автоматтың операторы, 4-разряд

230. Жұмыс сипаттамасы: үрленбелі жартылай автоматта шыны массасынан қуыс шыны бұйымдарын дайындау: алғашқы қалыпта бұрандалы мойын қылтасы бар жəне тығынға тығыз қиюластырылған флакондарды, кухтыльдарды фигуралық бөтелкелерді, шаруашылық жəне штанглазды банкаларды жəне шыны сауыттарды. 231. Білуге тиіс: үрленбелі жартылай автоматтың құрылысы жəне оны пайдалану ережесі; ақаудың пайда болу себептері жəне оның алдын алу бойынша шаралар. 44. Шихтаны ұсақтау операторы Параграф 1. Шихтаны ұсақтау операторы, 5-разряд 232. Жұмыс сипаттамасы: берілген параметрлермен шихтаны ұсақтау жəне түйіршіктер алу процесін жүргізу; технологиялық желінің жабдығын, бақылау-өлшеу аспаптарының жəне автоматика, коммуникациялар жүйесін жұмысқа дайындау; технологиялық желіні қосу жəне тоқтату; шыны ұсату мұнарасында шыны ұсатуды өңдеу; түйіршіктерді шихтамен қуаттандыруды реттеу; вибраторларға, элеваторларға, конвейерлерге жəне басқа тасушы жабдыққа қызмет көрсету; түйіршіктеу сапасын бақылу; қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы олқылықтарды жою. 233. Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы жəне жұмыс істеу қағидасы; шихтаны жəне шыны ұстауды өңдеудің технологиялық процесі; шихтаны араластыру сапасына қойылатын талаптар; шихтаның құрамына кіретін материалдарды пайдалану ережесі; қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы олқылықтарды жою тəсілдері. 45. Дəнекерлер салу машиналарындағы оператор Параграф 1. Дəнекерлер салу машиналарындағы оператор, 5-разряд 234. Жұмыс сипаттамасы: шыны бұйымдарына бекіткішті, анодтық шығаруларын жəне басқа бөлшектерді дəнекерлеп салу жартылай автоматтарда дəнекерлеу процесін жүргізу; шыныны металдармен жəне балқымалармен дəнекерлеу; қызмет көрсетілетін жабдықты жұмысқа дайындау: тораптар мен механизмдерді, жұмыс позицияларын берілген жұмыс режимдеріне реттеу; дəнекерлер салу жартылай автоматтарын қосу жəне қызмет көрсету: агрегатты, вакуум сорғыларды, пештің қуаттандырғыштарын қосу, сөндіру; газды беру; электрвакум шынысының бұйымдарына дəнекерлеп салынатын анодтық шығарулар мен басқа бөлшектерге қатысты орналасуларын тексерумен бұйымдарды тіреулерге, ұяшықтарға орнату. 235. Білуге тиіс: дəнекерлер салу машиналарының құрылысы жəне белгіленуі, сəйкес металдармен жəне балқымалармен электрвакуумды шынылардың берілген топтарын алу технологиясы; өңденілетін бөлшектердің маркалары жəне белгіленуі; қызмет көрсетілетін дəнекерлер салатын жартылай автоматтардың ақаулықтарын жою тəсілдері; бақылау-өлшеу аспабын пайдалану ережесі; ақау түрлері жəне оны жою ережесі. Параграф 2. Дəнекерлер салу машиналарындағы оператор, 6-разряд 236. Жұмыс сипаттамасы: шыны бұйымдарына бекіткішті, анодтық шығаруларын жəне басқа бөлшектерді дəнекерлеп салу жартылай автоматтарда дəнекерлеу процесін жүргізу; электр вакуумдық шынылардың, металдар мен балқымалардың əр түрлі топтарын дəнекерлеп салу; температура режимдерін реттеу; қызмет көрсетілетін жабдықты, құрылғыларды жəне құралды жұмысқа дайындау; əр түрлі құрылымды, түрлі жəне модельді дəнекерлеп салу автоматтарында жұмыстың едəуір өнімді режимдерін таңдау жəне орнату; əр түрлі конфигурациялы бұйымдарды өңдеуге қызмет көрсетілетін жабдықты жөндеу жəне қайта жөндеу; құралды ауыстыру; тораптарды, жұмыс позицияларын агрегаттардың жоғары өнімділігін қамтамасыз ететін ұтымды технологиялық режимдерге жəне техникалық шарттардың талаптарына реттеу; бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен дəнекерлеу сапасын анықтау; ақаудың түрлерін анықтау жəне жою. 237. Білуге тиіс: алуан түрлі жəне модельді дəнекерлеп салу машиналарының құрылымы, дəнекерлеп салу автоматтарын жұмыстың қажетті жəне едəуір ұтымды режимдерін жөндеу жəне қайта жөндеу ережесі; бекіткішті, анодтық шығаруларды жəне басқа бөлшектерді дəнекерлеп салу технологиялық процесі жəне техникалық шарттар; дəнекерлеп салу машиналары мен автоматтардың олқылықтарын жою тəсілдері; қолданылатын топтар үшін шынылардың, металдар мен балқымалардың негізгі қасиеттері; маркалары мен технологиясы, арнайы бақылау-өлшеу аспабының белгіленуі жəне пайдалану ережесі. 46. Филаментмашинадағы оператор Параграф 1. Филаментмашинадағы оператор, 4-разряд 238. Жұмыс сипаттамасы: сыртқы диаметрі бойынша 0,05 мм артық шегімен шыны дайындамаларын капиллярларға тарту процесін жүргізу; бір уақытта тоқ өткізетін қабатпен жабумен əр түрлі диаметрді шыны түтіктерін тарту; филаментмашинаны жөндеу; шыныны беруді жəне температура режимін реттеу; шыны түтіктеріне май құю; жабын қабатының қалыңдығын анықтау жəне шығатын жерінде оны кептіруді қадағалау; тоқ өткізетін қабаттың кедергі мөлшерін өлшеу. 239. Білуге тиіс: филаментмашинаның құрылысы, əр түрлі маркалы шыны өңдеудің жылулық режимі; шыныны жабуға арналған тоқ өткізуші массалардың негізгі қасиеттері жəне оларға қойылатын техникалық талаптар; шыны түтіктерін тарту кезінде қолданылатын өлшеу аспаптарының белгіленуі. Параграф 2. Филаментмашинадағы оператор, 5-разряд 240. Жұмыс сипаттамасы: сыртқы диаметрі бойынша 0,05 мм дейін шегімен шыны дайындамаларын аса жұқа капиллярларға тарту процесін жүргізу; филаментмашинаны жөндеу; шыны түтіктерін жабу үшін қолданылатын тоқ өткізетін массалардың жарамдылығын олардың консистенциясы бойынша анықтау. 241. Білуге тиіс: шыны түтіктерін тартуға арналған филаментмашинаның құрылымы мен жөндеу ережесі; шыныны қыздыру жəне беру температурасын реттеуге арналған құрылғыларды пайдалану ережесі; кедергі мөлшерінің тоқ өткізетін массалардың құрамына тəуелділігі. 47. Шыны қалыптайтын машиналардың операторы Параграф 1. Шыны қалыптайтын машиналардың операторы, 2-разряд 242. Жұмыс сипаттамасы: таза қалыпта қарапайым шыны бұйымдарын, оның ішінде парфюмерлік жəне медициналық ыдысты жəне шыны қалыптайтын жартылай автомат- машиналарда дроттың дайындамаларын дайындау процесін жүргізу; жартылай автоматты қосу, зарядтау; газ жанарғыларының жалынын реттеу; шыны бұйымдарының шеттерін оларды қалыптау мен қыздырудан кейін балқыту, бұйымдарды алу; бұйымдарды автоматты немесе қолмен ала отырып жартылай автоматта шыны дайындамаларын жəне бөлшектерді балқыту; таза қалыптардың күйін қадағалау жəне оларды суытуды реттеу; шыны бұйымдарын күйдіру пештеріне салу жəне тасу. 243. Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы, пайдалану ережесі; газ жанарғыларының түсуін, оттегі мен ауаның түсуін реттеу тəсілдері, əр түрлі маркалы шынының негізгі қасиеттері; жұмсарту температурасы, кеңейту коэффициенті, шыны дайындамаларын балқыту тəсілдері; шыны бұйымдарының шетін жөндеу жəне бұйымдарды күйдіру пештеріне салу тəсілдері; күйдіру пешінің температурасын реттеу ережесі; дротқа, шыны бұйымдарын қыздыруға жəне қайта қоюға қойылатын техникалық талаптар; ақаудың пайда болу себептері, оның алдын алу мен жою бойынша шаралар; бақылау-өлшеу аспабын пайдалану ережесі. Параграф 2. Шыны қалыптайтын машиналардың операторы, 3-разряд 244. Жұмыс сипаттамасы: шыны қалыптайтын жартылай автомат- машиналарда, оның ішінде калибрленген мойын қылтасы бар баллондар мен үлкен бөтелкелерді қара жəне таза қалыптарда жүйелі үрлеу арқылы көпұяшықты қалыпта бұйымдарды жəне дроттан дайындамаларды дайындау процесін жүргізу; газ жанарғыларының жүйесімен жабдықталған арнайы станоктарда тораптар мен бөлшектерді дайындау; дайындамалармен немесе дротпен шыны қалыптайтын жартылай автомат- машиналарды қосу, зарядтау; газ жанарғысы жалынының көмегімен шыны бұйымдарын қалыптау; бұйымдарды өңдеу, вакуумдық-берік дəнекерлермен жəне ортаға келтірумен бірнеше тораптар мен бөлшектерді дəнекерлеу бойынша бірқатар жүйелі байланысты жұмыстарды орындау; шыныны металмен дəнекерлеу; аяқтарды колбаларға дəнекерлеп салу; шыны қалыптайтын жартылай автомат- машиналарды, қалыптарды майлау күйін, стаккерлер мен конвейерлердің жұмысын қадағалау; шыны қалыптайтын машиналардың анағұрлым жоғары білікті операторының көрсетуімен ұсақ жөндеу жəне басқа жұмыстар орындау; дайындамалар мен бұйымдардың сапасын бақылау. 245. Білуге тиіс: шыны дайындау технологиясының негіздері, қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы, пайдалану жəне жөндеу ережесі; газ жанарғысы жалынын реттеу тəсілдері; өңделінетін шыны мен металдың негізгі қасиеттері; шынының əр түрлі түрлерін үрлеу, жазу, тарту, пісіру тəсілдері; дəнекерлеу сапасын көзбен анықтау, дайындалатын бұйымдардың сапасына қойылатын талаптар; дайындалатын бұйымдарға мемлекеттік стандарттар. 246. Жұмыс үлгілері: 1) ампулалар - дайындау; 2) шприцтарға поршеньдер - дайындау; 3) əр түрлі мөлшерлі шыны түтіктер, май өлшеуіштердің корпустары, аккумуляторлық ареометрларға пипеткалар, термодайындамалармойын қылтасын қалыптау; 4) етіктер, май өлшеуіштер, құйғыштар жəне термометрлерге арналған капиллярларға шариктер – үрлеп қатайту; 5) шыны бұйымдары – қыздыру жəне шетін өңдеу; 6) термометрлер - жабу. Параграф 3. Шыны қалыптайтын машиналардың операторы, 4-разряд 247. Жұмыс сипаттамасы: шыны қалыптайтын машиналардың анағұрлым жоғары білікті операторының басшылығымен вакуумдық- үрленбелі автоматтарда шыны ыдысты жəне сорттық ыдысты дайындау процесін жүргізу; шыны қалыптайтын машиналарда, көлденең жартылай автоматтарда жəне барабандарда бұйымдарды жəне дроттан дайындамаларды дайындау; көлденең жартылай автоматтарды қосу, дайындамалармен немесе дротпен, зарядтау; шыныны машинаның қалыптарына беру; айналу жылдамдығын реттеу; шыны бұйымдарын қалыптау; шыны бұйымдарын қалыптан алу жəне оларды күйдіруге немесе кристалдауға беру; əр түрлі диаметрлі шынының дəнекерлерін жəне қабырғаның қалыңдығына дəнекерлер орындау; жартылай автоматтардың жанарғы жалынының көмегімен бұйымдарды қалыптау; қызмет көрсетілетін жабдықтың жəне қалыптардың күйін, конвейерлердің жұмысын қадағалау; бұйымдар мен дайындамалардың сапасын бақылау. 248. Білуге тиіс: шыны қалыптайтын машиналардың құрылысы жəне пайдалану ережесі; қуаттандырғыштың жəне басқа көмекші құрылғылардың құрылысы, қалыптау режимін жəне газ жанарғыларының жалынын реттеу ережесі;

(Жалғасы 15-бетте).


www.egemen.kz

5 қазан 2013 жыл

(Жалғасы. Басы 13-14-беттерде). дайындалатын бұйымдарға техникалық шарттар жəне мемлекеттік стандарттар, бөлшектерді бекітулі орнату ережесі; ортаға келтіру, арнайы бақылау-өлшеу аспаптарының белгіленуі жəне пайдалану ережесі; дəнекерді күйдіру режимдері, ақау түрлері жəне оны жою ережесі. 249. Жұмыс үлгілері: 1) ампулалар жəне шприцтарға поршеньдер - жартылай автоматтарда дайныдау; 2) май өлшеуіштер - жартылай автоматтарда дəнекерлеу жəне мойын қылтасын қалыптау; 3) флакондарға, банкаларға, шыны түтіктерге, шприцтарға цилиндрларға арналған дайындамалар - барабандарда дайындау; 4) моллирлеуге арналған дайындамалар – көлденең жартылай автоматта дайындау; 5) сорттық ыдыс жəне шыны ыдыс - дайындау; 6) əр түрлі мөлшерлі флакондар мен банкалар - дайындау; 7) бұрандалы мойын қылтасы бар тығыз қиюластырылған тығынға флакондар, мүсінді бөтелкелер, шаруашылық, штанглазды банкалар мен шыны сауыттар- үрленбелі жартылай автоматта дайындау; 8) шприцтарға цилиндрлар - дайындау. Параграф 4. Шыны қалыптайтын машиналардың операторы, 5-разряд 250. Жұмыс сипаттамасы: шыны ыдысты дайындау процесін жүргізу; шыны қалыптайтын машиналарда бұйымдарды жəне дроттан дайындамаларды дайындау; қызмет көрсететін шыны қалыптайтын машиналардың жұмыс режимін үйлестіру жəне реттеу; шыны қалыптайтын машинаға қызмет көрсету жəне қосу: агрегатты қосу, қалыптардың, домалату мен механизмдердің бекітуін тексеру; бұйымдарды қалыптау жəне дəнекерлеу (қабыршақтардың, түрлітүсті кинескоптардың жəне арнайы электрондық- сəуле түтіктерінің конустары); шыныны қалыпқа беру жəне қыздыру кезінде қалыптардан шыны үгіткішті алып тастау; қызмет көрсетілетін машиналарда берілген температура режимін реттеу жəне қолдау; қалыптар мен басқа тораптарды ауыстыру; технологиялық процеске сəйкес жұмыстарды жүргізу; дайындалатын бұйымдардың сапасын қадағалау; қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы олқылықтарды жою. 251. Білуге тиіс: шыны массасынан шыны жəне одан бұйымдар дайындау технологиясының негіздері; қызмет көрсетілетін машиналардың құрылысы, жұмыс істеу қағидасы жəне олардың жұмысындағы олқылықтарды жою тəсілдері; бұйымдар ақауының түрлері, оның пайда болу себептері жəне оны жою тəсілдері. Параграф 5. Шыны қалыптайтын машиналардың операторы, 6-разряд 252. Жұмыс сипаттамасы: вакуумдық- үрленбелі шыны қалыптайтын машиналарда шыны ыдысты, химия- зертханалық жəне сорттық ыдысты дайындау процесін жүргізу; жұмыс режимін таңдау жəне реттеу жəне қабырғалардың ішкі жəне сыртқы диаметрі мен қалыңдығы бойынша қатаң шектерімен автоматты жөндеу; тамшы беру автоматты жүйесін жəне алғашқы, таза жəне мойын қылта қалыптарын майлаудың автоматты жүйелеріне қызмет көрсету жəне жөндеу; қызмет көрсетілетін жүрісте ауыстырмалы тораптарды ауыстыру; аспаптардың көрсеткіштерін қадағалау жəне карусельдің айналу жылдамдығын, ауаның берілуін, вакуум, суыту деңгейін түзету; қызмет көрсетілетін автоматты ұсақ жөндеу; шыны қалыптайтын машиналарға қызмет көрсету жəне қосу, машинаның жұмыс режимдерін өз бетінше таңдаумен күрделі, сондайақ тəжірибелі жұмыстарды орындау; əр түрлі диаметрді дайындалатын бұйымдардың сапасын жəне өтулердің геометриясы мен бірқалыптылығын сақтаумен қабырғаның қалыңдығын қадағалау; шыны қалыптайтын машиналарда ақау мен істемей қалулардың алдын алу. 253. Білуге тиіс: тораптардың құрылысы, жұмыс істеу қағидасы жəне өзара əрекеттестігі, қызмет көрсетілетін машиналарды жəне автоматтарды, сондай-ақ вакуумдық қуаттандырғыштың жəне басқа көмекші құрылғылардың пайдаланылу ережесі; бұйымдарды қалыптаудың тұрақты режимін қамтамасыз ету ережесі; қызмет көрсетілетін автоматты жұмыс күйінде реттеу, карусельдердің, түтіктердің жылдамдығын, ауаның берілуін, вакуумның деңгейін түзету тəсілдері; əр түрлі бұйымдарды дайындауға арналған қызмет көрсетілетін автоматты жөндеу ережесі; үрлеу технологиялық процесінің параметрлерін бақылау үшін қолданылатын аспаптардың белгіленуі, жəне оларды пайдалану ережесі; дайындалатын бұйымдардың сапасына қойылатын техникалық талаптар; ақаудың пайда болу себептері жəне оның алдын алу мен оны жою бойынша шаралар. 254. Жұмыс үлгілері: 1) азық-түлік термосына арналған колбалар - дайындау; 2) түрлі-түсті кинескоптардың конустары жəне арнайы электрондық-сəулелік түтіктер - қалыптау; 3) сорттық ыдыс жəне шыны ыдыс - дайындау; 4) дəріханашының ыдысы - дайындау. Параграф 6. Шыны қалыптайтын машиналардың операторы, 7-разряд 255. Жұмыс сипаттамасы: басқарушы компьютермен режимде агрегаттардың өзара əрекеттестігін синхрондауын қамтамасыз ету; электрондық басқаруы бар көпсекциялық автоматтарда (ИС-6-3) шыны массасын медициналық өнеркəсіпке арналған шыны ыдысты дайындау; жұмыс режимін таңдау, реттеу жəне қабырғалардың ішкі жəне сыртқы диаметрі мен қалыңдығы бойынша шектері бар автоматты жөндеу; автоматқа қызмет көрсету жəне оған күтім жасау, қолданыстағы автоматта қалыптарды ауыстыру; аспаптардың көрсеткіштеріне қызмет көрсету жəне айналу жылдамлығын, ауаның берілуін, салқындатуды түзету; қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы олқылықтарды жою. 256. Білуге тиіс: технологиялық желі механизмдерінің құрылысы, жұмыс істеу қағидасы жəне өзара əрекеттестігі, шыны қалыптайтын машиналарды пайдалану ережесі; шыны қалыптайтын машинаға қызмет көрсету үшін қажетті көлемде компьютермен диалог, шыны қалыптайтын машинаның ассортименті мен өнімділігіне байланысты секция тораптары жұмысының қажетті циклограммасын қалыптастыру ережесі; бұйымдарды қалыптаудың тұрақты режимін қамтамасыз ету ережесі; қызмет көрсететін автоматты жұмыс күйде реттеу тəсілдері, дайындалатын бұйымдардың ассортиментін өзгерту кезінде автоматты жөндеу ережесі; технологиялық процесті бақылау аспаптарының белгіленуі жəне пайдалану ережесі; дайындалатын бұйымдардың сапасына қойылатын техникалық талаптар. 257. Орта кəсіби білім қажет. 48. Көлемді өлшеу қондырғысының операторы 113. Көлемді өлшеу қондырғысының операторы, 2-разряд 258. Жұмыс сипаттамасы: қарапайым бір орындық өлшеу қондырғыларының көмегімен шыны мен өлшенбейтін ыдыстан аспаптардың дайындамалар көлемін өлшеу процесін жүргізу. 259. Білуге тиіс: қарапайым бір орындық көлемді өлшеу қондырғыларының құрылысы мен əрекет ету қағидасы, белгілер түсіру тəсілдері; нормаларды пайдалану ережесі. 260. Жұмыс үлгілері: 1) май өлшеуіштердің, термометрлердің дайындамалары – көлемдерді шамалап өлшеу; 2) өлшенбейтін колбалар, химиялық стақандар - көлемдерді шамалап өлшеу. Параграф 2. Көлемді өлшеу қондырғысының операторы, 3-разряд 261. Жұмыс сипаттамасы: көп орындық көлемді өлшеу қондырғыларының көмегімен сұйықтықтардың көлемін дəл өлшеуге арналған аспаптар мен химиялық- зертханалық ыдыстың көлемдерін өлшеу процесін жүргізу; көлемдерді сынаппен, аналитикалық таразының көмегімен салмақтық əдіспен тексеру. 262. Білуге тиіс: көлемді өлшеуге арналған көп орындық қондырғыларының құрылысы жəне жұмыс істеу қағидасы; көлемді анықтаудың салмақтық тəсілі, аналитикалық таразыда жұмыс істеу тəртібі; өлшеу аспаптары мен өлшеу ыдысына қойылатын техникалық талаптар. 263. Жұмыс үлгілері: 1) өлшейтін тамызғыштар, бюреткалар, өлшейтін колбалар, цилиндрлар, мензуркалар – көпорындық аппараттарда көлемдерді өлшеу; 2) химиялық- зертханалық ыдыс - салмақтық əдіспен өлшеу. Параграф 3. Көлемді өлшеу қондырғысының операторы, 4-разряд 264. Жұмыс сипаттамасы: жартылай автоматтарда шыныдан дəл өлшеу аспаптарының көлемдерін өлшеу процесін жүргізу, дайындамаларды тиеу құрылғысына беру; өлшенетін сұйықтықтың берілуін бақылау; көлемді өлшеу жартылай автоматтарына технологиялық күтім жасау мен жөндеуге қатысу. 265. Білуге тиіс: көлемді өлшеу жартылай автоматтарының құрылысы жəне жұмыс істеу қағидасы; бақылау-өлшеу аспаптарын жəне аспаптарды пайдалану ережесі; өлшенетін өнімге мемлекеттік стандарттар, ақау түрлері жəне оны бақылау əдістері. 266. Жұмыс үлгілері: 1) мензуркалар өлшейтін цилиндрлар - жартылай автоматтарда өлшеу; 2) май өлшеуіштердің шкалалары – ПОМ түрлі жартылай автоматтарда өлшеу. 49. ТВЧ қондырғысының операторы Параграф 1. ТВЧ қондырғысының операторы, 4-разряд 267. Жұмыс сипаттамасы: берілген технологиялық режимге сəйкес ТВЧ қондырғысына қызмет көрсету; шыны бұйымдарын қалау, қыздыру, престеу, суыту жəне түсіру; құмыраны орнатуға түсіруге қатысу жəне құятын үстелде шыны массасын құю; учаскенің электр жабдығына қызмет көрсету. ТВЧ қондырғысының негізгі тораптарын жөндеу; бақылау-өлшеу аспаптарының жұмысын қадағалау; генератордың режимін таңдау; қондырғыны тиеуді жəне шыны бұйымдарының шығымын есепке алу. 268. Білуге тиіс: ТВЧ қондырғысының құрылысы, сызбасы жəне басқару ережесі; шыны бұйымдарын қыздыру жəне престеу режимі; өлшеу аспаптарын қосу сызбасы жəне олардың көрсеткіштерінің шекті мəндері; ақау түрлері жəне оның алдын алу бойынша шаралар. 50. Фацеттік станоктың операторы Параграф 1. Фацеттік станоктың операторы, 3-разряд 269. Жұмыс сипаттамасы: фацеттік станоктарда (жалпақ тегістеу, дөңгелек тегістеу, шпинделдік жəне конструкциясы жағынан оған ұқсас) шынының тура сызықты табақтарына жəне қарапайым шыны бұйымдарына фацет жағу процесін жүргізу; шыны мен айналардың шетін 360-М түрлі станоктарда өңдеу. 270. Білуге тиіс: фацеттік станоктың құрылысы, əрекет ету қағидасы жəне пайдалану ережесі, шынының физикалық қасиеттері; шынының жиектерін өңдеуге техникалық шарттар бойынша шектер, фацеттелген шыныға техникалық шарттар; фацеттеу кезінде ақау түрлері жəне оның алдын алу мен жою бойынша шаралар. Параграф 2. Фацеттік станоктың операторы, 4-разряд 271. Жұмыс сипаттамасы: фацеттік станоктарда (жалпақ тегістеу, дөңгелек тегістеу, алты шпинделдік жəне конструкциясы жағынан оған ұқсас) шынының тура сызықты табақтарына жəне қарапайым шыны бұйымдарына фацет жағу процесін жүргізу; ағындық желіде шынының табақтарын фацеттеу; шыны табақтарының жəне ПОК-2 жəне ПОК-6 желілерінде айналардың шетін өңдеу. өңдегіштерге суспензия беруді реттеу; вакуум сорғыларды ауыстыру.

272. Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы жəне жұмыс істеу қағидасы; шынының жиегін өңдеуге шектер, фацеттеу кезінде ақау түрлері жəне оның алдын алу мен жою бойынша шаралар. 51. Шыны лентасын қалыптау операторы Параграф 1. Шыны лентасын қалыптау операторы, 4-разряд 273. Жұмыс сипаттамасы: шыны лентасын қалыптайтын анағұрлым жоғары білікті оператордың басшылығымен шыны лентасын екі сатылы қалыптау технологиялық қондырғысына қызмет көрсету; шыны лентасының, бортқалыптайтын машиналардың ұстағыштарының күйі мен жағдайын қадағалау; шыны лентасының ақауларының немесе деформацияларының алдын алу; балқыма ваннасының герметизациясын қамтамасыз ету, қорғағыш атмосферасының жəне графиттік қатайтулардың күйін бақылау; күйдіру пешінің температура режимін ұстап тұру. 274. Білуге тиіс: борт қалыптайтын машиналар мен күйдіру пештерінің жұмыс істеу қағидасы мен құрылысы, «балқымалы лента» əдісімен өңделген табақтық шыны өндірісінің технология негіздері; шыны лентасының берілген геометриясының бұзылуын тудыратын себептерді жою тəсілдері. Параграф 2. Шыны лентасын қалыптау операторы, 5-разряд 275. Жұмыс сипаттамасы: шыны лентасын екі сатылы қалыптау технологиялық қондырғысына қызмет көрсету; балқыма ваннасында шыны лентасының созылуын қадағалау; газды ауа жастығында шыны лентасын қалыптау режимін, қорғаныш атмосфеасын қыздыру торабының жұмысын бақылау; балқыту ваннасының жəне газды ауа жастығының аймақтары бойынша қорғағыш атмосфераның шығынын реттеу; кварц шиберлерді, аражабын блоктарды, артқы батырылатын брусты, шыны массасын беру торабында бүйір шектеушілерді ауыстыру; балқыту ваннасынан шыны массасын жəне шыны қайнатушы пештің бөлігін тазарту. 276. Білуге тиіс: екі сатылы қалыптау қондырғысының құрылысы жəне пайдалану ережесі; шыны лентасын қалыптау технологиялық процесі; дайындалатын табақтық шынының сапасына қойылатын талаптар; ақау түрлері жəне оларды жою тəсілдері. Параграф 3. Шыны лентасын қалыптау операторы, 6-разряд 277. Жұмыс сипаттамасы: шыны лентасын екі сатылы қалыптау технологиялық қондырғысын басқару; қорғағыш атмосфераның балқыту ваннасына түсуін, шыны массасының ағуын жəне шынының үздіксіз лентасының қалыпталуын қадағалау; шыны лентасының балқу ваннасының осі бойынша орналасуын, шыны массасының шығынын, лентаны тарту жылдамдығын жəне оның қалыңдығын реттеу; балқу ваннасының аймақтары бойынша белгіленген жылу режимін қолдау; кварц шиберлерді, шыны массасын балқу ваннасына беру торабында аражабын арқалықтарын ауыстыру; балқу ваннасына жəне газды ауа жастығына қызмет көрсететін анағұрлым төмен білікті шыны қалыптау операторларына басшылық ету. 278. Білуге тиіс: балқу ваннасының жəне газды ауа жастығының құрылысы, «балқушы лента» əдісімен өңделген шыны табақты дайындау технологиясы; қызмет көрсетілетін жабдықты пайдалану ережесі; шыны лентасын оның қалыңдығы бойынша тегістеу тəсілдері; қалыптаудың технологиялық параметрлерін реттеу тəсілдері, ақау түрлері жəне оны жою ережесі. 52.Үрленіп жасалатын бұйымдарды өңдеуші Параграф 1. Үрленіп жасалатын бұйымдарды өңдеуші, 3-разряд 279. Жұмыс сипаттамасы: арнайы құралдар мен құрылғылардың көмегімен ыстық шыны бұйымдарын өңдеу; шыны бұйымдарын пеште қажетті температураға дейін қыздыру; шыны бұйымдарын газ жанарғысының жалынында шыныны жұмсарту температурасына дейін қыздыру; шыны бұйымының шетін ыстық түрде жазу жəне оны құралмен пішіні бойынша кесу; шыны бұйымын шетін кескеннен кейін пеште балқыту, технология талаптарына сəйкес конусқа немесе цилиндрге түзету. 280. Білуге тиіс: шыны бұйымдарын пеште қыздыру ережесі жəне шыныны жұмсарту деңгейі; құрал мен құрылғыларды пайдалану ережесі; қарапайым шыны бұйымдарын өңдеу тəсілдері, ақау түрлері жəне оның алдын алу бойынша шаралар. 281. Жұмыс үлгілері: Өңдеу: 1) сыйымдылығы 500 мл дейін əр түрлі колбалар; 2) сыйымдылығы 300 мл дейін химиялық стақандар; 3) сыйымдылығы 250 мл дейін цилиндрлар мен мензуркалар. Параграф 2. Үрленіп жасалатын бұйымдарды өңдеуші, 4-разряд 282. Жұмыс сипаттамасы: арнайы құралдар мен құрылғылардың көмегімен орта күрделі ыстық шыны бұйымдарын өңдеу; шыны бұйымының шетін ыстық түрде жазу жəне оны құралмен пішіні бойынша кесу; шыны бұйымын шетін кескеннен кейін пеште балқыту жəне технология талаптарына сəйкес түзету. 283. Білуге тиіс: шыны дайындау технологиясы; шыны бұйымдарын пеште қыздыру ережесі жəне шыныны жұмсарту деңгейі, орта күрделі шыны бұйымдарын өңдеу тəсілдері; ақау түрлері жəне оның алдын алу бойынша шаралар. 284. Жұмыс үлгілері: Өңдеу: 1) сүт, қайнатпаға арналған, парфюмер флакондарға, қабықты тығынға банкалар; 2) химиялық баллондардың жəне дəрі-дəрмектерге арналған шыны сауыттардың мойын қылтасы; 3) сыйымдылығы 500 мл жəне артық əр түрлі колбалар; 4) сыйымдылығы 300 мл жəне артық химиялық стақандар; 5) шыны қалың қабырғалы түтіктер жəне бурттармен фасондық бөліктер; 6) сыйымдылығы 250 мл жəне артық цилиндрлар мен мензуркалар. Параграф 3. Үрленіп жасалатын бұйымдарды өңдеуші, 5-разряд 285. Жұмыс сипаттамасы: технология талаптарына сəйкес арнайы құралдар мен құрылғылардың көмегімен күрделі шыны бұйымдарын өңдеу; шыны бұйымын шетін кескеннен кейін пеште балқыту жəне үлгіге сəйкес түзету. 286. Білуге тиіс: шыны бұйымдарын пеште қыздыру ережесі жəне шыныны жұмсарту деңгейі; күрделі шыны бұйымдарын өңдеу тəсілдері; ақау түрлері жəне оның алдын алу бойынша шаралар. 287. Жұмыс үлгілері: Өңдеу: 1) бөтелкелер, Эсмарх кружкалары, тығыз қиюластырылған тығынға парфюмер флакондар; 2) дəрі-дəрмектерге жəне тығыз қиюластырылған тығынға штанглазға арналған шыны сауыттар. Параграф 4. Үрленіп жасалатын бұйымдарды өңдеуші, 6-разряд 288. Жұмыс сипаттамасы: техникалық талаптарға жəне үлгіге сəйкес арнайы құралдар мен құрылғылардың көмегімен ерекше күрделі шыны бұйымдарын өңдеу; фасондық бөліктерін кертпелеу. 289. Білуге тиіс: шыны жасау технологиясының негіздері, қолданылатын құралдар мен құрылғыларды пайдалану ережесі; ерекше күрделі шыны бұйымдарын өңдеу; шыны бұйымдарының шеттерін қыздыру жəне өңдеу тəсілдері; шынының негізгі маркалары, ақау түрлері жəне оның алдын алу бойынша шаралар. 290. Жұмыс үлгілері: Өңдеу: 1) бокалдар, шағын мөлшерлі аяғы бар құмыралар, креманкалар, рюмкалар, фужерлер – шағын мөлшерлі түбін өңдеу; 2) тұтқасыз құмыралар; 3) диаметрі 200 мм артық шашыратқыштар. Пішіні бойынша ерекше күрделі шыны бұйымдарын өңдеу бойынша жұмыстарды орындау кезінде - 7-разряд. 291. Жұмыс үлгілері. 1) құмыралар, күбілер, ірі құмыралар, тұтқасы бар графиндар жəне ірі бұйымдар, аяқтары бар жəне жабыстырылған тұғырықтарда дайындамалар; 2) диаметрі 70-тен 90 мм дейін бұйымдардың түбін өңдеу; 3) диаметрі 250 мм артық өңдеулерібар күрделі конфигурациялы шашыратқыштар. Бірегей бұйымдар мен көрме үлгілерін өңдеу бойынша жұмыстарды орындау кезінде - 8-разряд. 292. Жұмыс үлгілері. 1) жеміс- жидектерге арналған құмыралар, Түбінің диаметрі 90 мм артық сыраға арналған бокалдар; 2) цинксульфидті жіппен гутендік жасау бұйымдары жəне басқа жоғары көркем бұйымдар. 53. Шыны бұйымдарын күйдіруші Параграф 1. Шыны бұйымдарын күйдіруші, 2-разряд 293. Жұмыс сипаттамасы: берілген температуралық режимдер бойынша қарапайым шыны бұйымдарын күйдіру процесін жүргізу; күйдіру пештерін жұмысқа дайындау; ыстық шыны бұйымдарын кесуден, өңдеуден кейін қабылдау, оларды күйдіру пешіне ауыстыру жəне тиеу; муфельді пештерде дроттан сувенирлерді күйдіру; күйдіру пештерінен күйдірілген шыны бұйымдарын сұрыптау. 294. Білуге тиіс: күйдіру пештері мен муфельді пештердің əрекет ету қағидасы; ыстық шыны бұйымдарын пайдалану ережесі; шыны бұйымдарын күйдіруге тиеу жəне салу, күйдірудің температуралық режимі. 295. Жұмыс үлгілер: 1) конфигурациясы жағынан қарапайым престелген бөлшектердің дайындамалары - тұрпайы күйдіру; 2) плиткалар, конденсаторлар жəне басқа ұқсас шыны бұйымдары - күйдіру. Параграф 2. Шыны бұйымдарын күйдіруші, 3-разряд 296. Жұмыс сипаттамасы: берілген температуралық режимдер бойынша орта күрделі шыны бұйымдарын күйдіру процесін жүргізу; күйдіру пештерін жұмысқа дайындау: белгілі бір температураға дейін қыздыру, транспортер лентасын, газсоратын жүйені қосу; шыны бұйымдарын күйдіру пешіне тиеу; арнаның ұзындығы бойынша күйдіру температурасын, отын мен ауаны беруді реттеу; күйдірілген шыны бұйымдарын күйдіру пештерінен түсіру; күйдірілетін шыны бұйымдарына техникалық құжаттаманы рəсімдеу. 297. Білуге тиіс: күйдіру пештері мен муфельді пештердің құрылысы; шыны бұйымдарын салу жəне түсіру ережесі; шыны бұйымдарының маркалары, күйдірудің температуралық режимі, жылу өлшейтін аспаптарды пайдалану ережесі; ақау түрлері жəне оны жою ережесі. 298. Жұмыс үлгілері: 1) аппараттар мен аспаптарға бөлшектер - күйдіру; 2) сүт шынысынан термометрлердің жəне шкала ауыстырып қосқыштарының дайындамалары - күйдіру; 3) призмалар, пластиналар - күйдіру; 4) шыны бұйымдары, мүсін өнері - күйдіру; 5) техникалық, химиялық контактілік, метеорологиялық термометрлер – жасанды тозу; 6) электрондық-сəулелік түтіктеріне арналған экрандар мен конустар - күйдіру. Параграф 3. Шыны бұйымдарын күйдіруші, 4-разряд 299. Жұмыс сипаттамасы: берілген температуралық режимдер бойынша күрделі шыны бұйымдарын күйдіру процесін жүргізу; күйдіру пештерін жұмысқа дайындау; күйдіру температурасын жəне күйдіру пешіне ауа мен отынның түсуін реттеу; күйдірілетін шыны бұйымдарын күйдіру пешіне тиеу мен түсіруге қатысу; техникалық құжаттаманы ресімдеу. 300. Білуге тиіс: күйдіру пештерінің құрылысы, шыны бұйымдарын күйдіргеннен кейін шыны бұйымдарын күйдіру, түсіру камераларына салу ережесі;

шыны бұйымдарының маркалары, күйдірудің температуралық режимі. 301. Жұмыс үлгілері: 1) астрономиялық дискілер- күйдіру; 2) френель линазалары, жарық техникалық шыныдан бұйымдар - күйдіру; 3) түрлі-түсті теледидарға арналған экрандар мен конустар күйдіру. 54. Бұйымдарды қыздыруға салушы Параграф 1. Бұйымдарды қыздыруға салушы, 2-разряд 302. Жұмыс сипаттамасы: жағуларды жұмысқа дайындау; шыны бұйымдарын күйдіруге пешке салу; берілген температуралық режимді сақтау; шыны бұйымдарының жағуларды күйдірілуін қадағалау 303. Білуге тиіс: пештердің құрылысы, шынының физикалық қасиеттері; шыны бұйымдарын күйдіруге пешке салу ережесі; күйдірудің температуралық режимі. 55. Машиналардан шыныны омырып алушы Параграф 1. Машиналардан шыныны омырып алушы, 2-разряд 304. Жұмыс сипаттамасы: табақтардан домалататын оюлы жəне қаңқа темірленген шынының ернеуін омырып алу; қажет болған кезде механикаландырылған омырып алу кезінде шыныны тігінен тарту машиналарнда шыны табақтарынан ернеуді қолмен омырып алу жəне шыны табақтарының механикалық омырып алынуын қадағалау; шыныны тарту машинасы шихтадан шыққанда шыны түтіктерінің берілген мөлшерлері бойынша кесу жəне омырып алу; машинаны соғу кезінде шыны табақтарын іріктеу; шыны табақтарын транспортерге немесе пирамидаларға орнату; суытуға арналған түтіктерді жинау; түтіктерді күйдіруге жəне кейінгі өңдеуге жіберу. 305. Білуге тиіс: шыны табағын дайындау технологиясының негіздері, шыныны кесу жəне омырып алу тəсілдері жəне қолданылатын құрылғылардың құрылысы, шыныны омырып алу сапасына қойылатын талаптар; ақау түрлері жəне оны жою ережесі. Шыны лентасының ені 2,5 м артық шыныны тігінен тарту машиналарына қызмет көрсету кезінде - 3-разряд. 56. Ареометрлердің белгілеушісі Параграф 1. Ареометрлердің белгілеушісі, 1-разряд 306. Жұмыс сипаттамасы: ареометрлерді барлық түрін қыздыру құрылғысының ұяшығына қою; ареометрдің дайындамаларын шайыр толық балқығанға дейін ұстау; кірістірілген термометрлермен ареометрдің дайындамаларын суыту. 307. Білуге тиіс: ареометрлердің түрлері жəне олардың белгіленуі; шайырды əр түрлі ареометрлерде балқыту тəсілдері; қолданылатын шайырдың қасиеттері. Параграф 2. Ареометрлердің белгілеушісі, 2-разряд 308. Жұмыс сипаттамасы: ареометрлердің тығыздығын алдын ала белгілеу; ареометрлердің барлық түрінің дайындамаларын қорғасын немесе шойын бытырасымен жəне шайырмен толтыру; берілген тығыздығына жеткізе отырып ерітінділерді құрастыру. 309. Білуге тиіс: ареометрлердің құрылысы жəне жұмыс істеу қағидасы; ерітінділердің тығыздығын анықтау жəне оларды өзгерту тəсілдері; қолданылатын бытыраға қойылатын техникалық талаптар; ақау түрлері жəне шыны мүкіліктері, химия негіздері. Параграф 3. Ареометрлердің белгілеушісі, 3-разряд 310. Жұмыс сипаттамасы: эталондық ареометрлердің жəне ерітінділердің көмегімен ареометрлердің тығыздығын дəл белгілеу; түзетулерді ескерумен ерітінділердің тығыздығын өзгерту. 311. Білуге тиіс: ареометрлерді дəл белгілеу əдістемесі; ареометрлерді дайындау технологиясы, түзетулерді пайдалану ережесі. 57. Термометрлердің белгілеушісі Параграф 1. Термометрлердің белгілеушісі, 2-разряд 312. Жұмыс сипаттамасы: термометрлердің корпустарында температура нүктелерін алдын ала белгілеу; термометрлердің дайындамаларын су термостатына жəне қар ваннасына орнату; су термостатына жəне қар ваннасына қызмет көрсету. 313. Білуге тиіс: термометрлердің негізгі толтырғыштарының атауы мен қасиеттері; термометрлерге белгілер жағу техникасы; термометрия негіздері, термостаттарды пайдалану ережесі. Параграф 2. Термометрлердің белгілеушісі, 3-разряд 314. Жұмыс сипаттамасы; күрделі емес термометрлердің температура нүктелерін дəл белгілеу; түзетуді ескерумен эталонды термометрді орнату жəне іріктеу; термометрдің қабыршығында реперлік белгіні жағу, термометр шкаласын бекіту сапасын бақылау; термометрдің дайындамаларын ұстау үшін термостатқа орнату; термометрлерді сүрту жəне шаю; май жəне тұз термостаттарына қызмет көрсету. 315. Білуге тиіс: термометрлерді дайындау технологиясы, май жəне тұз термостатын пайдалану ережесі; эталондық үлгілермен жұмыс істеу ережесі; бояулардың құрамы мен қасиеттері, ақау түрлері жəне оның пайда болу себептері. Параграф 3. Термометрлердің белгілеушісі, 4-й разряд 316. Жұмыс сипаттамасы: селитралық жəне спирттік термостаттарда көмекші шкаланы пайдаланумен орта күрделі жоғары градустық жəне төмен градустық термометрлердің температура нүктелерін дəл белгілеу; термостаттық қоспаларды дайындау; электр пешінде термометрлердің дайындамаларын алдын ала қыздыру. 317. Білуге тиіс: термостаттық сұйықтықтардың химиялық жəне физикалық қасиеттері; белгі жағу үшін қолданылатын бояулардың құрамы мен қасиеттері; термостаттарды, электр пештерін пайдалану жəне қызмет көрсету ережесі; физика мен электроника негіздері. Параграф 4. Термометрлердің белгілеушісі, 5-разряд 318. Жұмыс сипаттамасы: автоматты режимде жұмыс істейтін өрістердің градиентінің жоғары дəлдігімен термостаттар мен криостаттарда ерекше күрделі жоғары дəлдікті термометрлерді белгілеу; термометрдің калибріне есептеу жүргізу. 319. Білуге тиіс: жоғары дəлдікті термостаттар мен криостаттарға қызмет көрсету ережесі; термометрдің калибріне түзетулер есептеу əдістері мен нысандары; шартты градус бағасының мəндерін есептеу; жоғары математика бойынша негізгі мəліметтер. 58. Карусель машинасындағы от жағушы Параграф 1. Карусель машинасындағы от жағушы, 2-разряд 320. Жұмыс сипаттамасы: карусель түріндегі от жағатын машинада шыны бұйымдарын жылыту; машинаны жұмысқа дайындау, жанарғыларды сөндіру жəне жағу; от жағатын машинада бұйымдарды орнату; от жағатын машинаның жанарғыларының жұмысын реттеу; карусель түріндегі от жағатын машинадан балқытылған шыны бұйымдарын түсіру. 321. Білуге тиіс: карусель түріндегі от жағатын машинаның құрылысы; əрекет ету қағидасы жəне реттеу ережесі; ақау түрлері жəне оны жою ережесі. 59. Шыны лентасын қысқартып кесуші Параграф 1. Шыны лентасын қысқартып кесуші, 1-разряд 322. Жұмыс сипаттамасы: берілген параметрлер бойынша шыныны тігінен тарту машиналарында лентаны қысқартып кесу; ернеулерін омырып алу; соғу кезінде ағыту жəне кесік сызықтарды қосу; қызмет көрсетілетін машинаны соғу кезінде, сондай-ақ шыны табақтарының механикалық сынуы кезінде шыныны қолмен кесу; соғу кезінде машинаның астынан шыныны жинау. 323. Білуге тиіс: табақтарды кесу мен борттауға арналған құрылғылардың құрылысы; шыны табақтарын пайдалану ережесі. 60. Шыныда торлар мен шинкаларды дəнекерлеуші Параграф 1. Шыныда торлар мен шинкаларды дəнекерлеуші, 3-разряд 324. Жұмыс сипаттамасы: торларды дəнекерлеу жəне шинкаларды дайындау; қалыңдығы 1 м артық шинкаларды күміс немесе қалайы- қорғасын дəнекерлерімен қалайылау; қадамы 0,3 қалыңдығы 0,05 мм константандық сымнан торға – сызуларға сəйкес қалыңдығы 0,1 мм дейін мыстан немесе фольгадан 1 мм құрастырылған шинканы дəнекерлеу. 325. Білуге тиіс: торларды дұрыс дəнекерлеу жəне сызулар бойынша мүсінді шинкаларды дайындау тəсілдері; шинкаларды қалайылау тəсілдері, константанды сымға, фольгаға, мыс пен дəнекерге қойылатын техникалық талаптар; бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі; электр қыздыратын элементтің меншікті жəне жалпы кедергісі аспаптарын өлшеу ережесі. Параграф 2. Шыныда торлар мен шинкаларды дəнекерлеуші, 4-разряд 326. Жұмыс сипаттамасы: қалыңдығы 1 м дейін шинкаларды күміс немесе қалайы- қорғасын дəнекерлерімен қалайылау; қалыңдығы 0,3, қадамы 0,05 мм константандық сымнан торға сызуларға сəйкес қалыңдығы 0,1 мм артық мыстан немесе фольгадан 1 мм құрастырылған шинканы дəнекерлеу; шинкалар дайындау; флюс дайындау; тоқ өткізетін қабаты бар шыныда қалыңдығы 0,07-0,1 мм фольгадан шинкаларды қалайылау; контактілік химиялық электродтарды жағу жəне оларды металл күйге дейін электр пештерде қалпына келтіру; фольгадан қалайыланған шинкаларды шыныда күміспен жəне элктродпен дəнекерлеу. 327. Білуге тиіс: торларды дұрыс дəнекерлеу жəне сызулар бойынша мүсінді шинкаларды дайындау тəсілдері; шинкаларды қалайылау тəсілдері; флюс дайындау ережесі; шынының электр кедергісін анықтау тəсілдері, контактілік паста жағу жəне біріктіру ережесі; электр пештерді пайдалану ережесі; элктр өлшеу аспаптарының құрылысы жəне пайдалану ережесі. 61. Басу мен суретті аударушы Параграф 1. Басу мен суретті аударушы, 1-разряд 328. Жұмыс сипаттамасы: шыны бұйымдарын мүсəтір спиртінің жəне канифольдың ерітіндісімен жабу; шыны бұйымдарына деколь парақтарын жабыстыру; жабыстыру жерінен қағазды алу; бұйымдарды мүсəтір спиртінің ерітіндісінде бұйымдарды жуу. 329. Білуге тиіс: шыны бұйымдарына деколь парақтарын жағу ережесі. Параграф 2. Басу мен суретті аударушы, 2-разряд 330. Жұмыс сипаттамасы: филигрленген қағаздан шыны бұйымдарына басуды аудару; филигрленген қағазды басуға дайындау. 331. Білуге тиіс: филигрленген қағазды басу жəне алу тəсілдері; басылған жазуларға қойылатын техникалық талаптар; басуды аудару кезінде ақаудың алдын алу бойынша шаралар. 62. Шыныда құм ағызушы Параграф 1. Шыныда құм ағызушы, 2-разряд 332. Жұмыс сипаттамасы: құм ағысты аппаратпен шыны бұйымдарына күңгірт бетін (марканың, белгінің) жағу; құм ағысты аппаратты жұмысқа дайындау. 333. Білуге тиіс: құм ағысты аппараттың құрылысы жəне жұмыс істеу қағидасы; шыны бұйымдарына күңгірт бетті жағу тəсілдері; құмды дайындау ережесі, ақау түрлері жəне оны жою ережесі. Ірі шыны бұйымдарын өңдеу кезінде - 3-разряд. 63. Айналдырушы Параграф 1. Айналдырушы, 2-разряд 334. Жұмыс сипаттамасы: банканы қажетті мөлшерге дейін үрлеу;

оны банканың қисаю мүмкіндігін жоққа шығаратын түтікті біркелкі бұру арқылы суыту. 335. Білуге тиіс: банканы үрлеу жəне суыту тəсілдері; банканың қисықтығының алдын алу тəсілдері. Хрусталь, түрлі-түсті жəне түссіз шыныдан ірі бұйымдарды өндіру кезінде, 3-тен артық банканы бір уақытта өңдеу кезінде - 3-разряд. 64. Шыны сұрыптаушы Параграф 1. Шыны сұрыптаушы, 1-разряд 336. Жұмыс сипаттамасы: іріктеп таңдалған тығынды бұйымға байлай отырып сүрту алдында шыны бұйымдарының мойын қылтасына тығынды іріктеу; смальт үшін жарамдылық деңгейі бойынша сусалды металды іріктеу; түймелерді престеу үшін шыныны түстері мен мөлшерлері бойынша іріктеу; ротациялық аппараттың ауданы бойынша шыны жинақтарын таңдау. 337. Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы, əрекет ету жəне пайдалану қағидасы, шыныны іріктеу ережесі; ақау түрлері жəне оның алдын алу бойынша шаралар. 65. Шыны жəне шыны бұйымдарын өңдеуші Параграф 1. Шыны жəне шыны бұйымдарын өңдеуші, 3-разряд 338. Жұмыс сипаттамасы: шыны бұйымдарын өңдеу; ағаш, киіз, тығынды жəне басқа өңдейтін шеңберлерде сызаттарды жəне басқа ақауларын өңдеу, алу; өңдейтін- жуатын машинада айнаны өңдеу процесіне қызмет көрсету; өңдейтін жабдықтарды орнату; өңдейтін суспензияларды беруді реттеу; шеңберлерге (шайбаларға) май құю; өңделген беттің сапасын бақылау; қызмет көрсетілетін жабдықты жөндеу. 339. Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы жəне пайдалану ережесі; қызмет көрсетілетін жабдықты жөндеу ережесі; шыны бұйымдарын механикалық өңдеудің технологиялық процесі; шыны бұйымдарының ақауы мен сынуының алдын алу жəне жою бойынша шаралар. 340. Жұмыс үлгілері: Өңдеу: 1) графиндердің мойны, тығындардың сабақтары; 2) жоғары рефракциялы жəне бифокалды астигматикалық жəне стигматикалық линзалар; 3) периметрі 3 м дейін тік бұрышты шынылар. Параграф 2. Шыны жəне шыны бұйымдарын өңдеуші, 4-разряд 341. Жұмыс сипаттамасы: шыны жəне шыны бұйымдарын ротациялық аппараттарда жəне əр түрлі жеке станоктарда өңдеу; қызмет көрсетілетін жабдықты жұмысқа дайындау; өңдеуші суспензияны беруді, шыныға өңдеушілердің қысымын реттеу; өңделінетін беттің сапасын бақылау; өңдегіштерді, байка мен станоктарды тазалау; қызмет көрсетілетін жабдықты жөндеу. 342. Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы жəне пайдалану ережесі; шыны бұйымдарын механикалық өңдеу технологиялық процесінің негіздері; шынының, өңдейтін супензияның қасиеттері жəне олардың сапасына қойылатын талаптар; өңделген шыныға техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттар, өңдеу ақауының түрлері жəне оның алдын алу бойынша шаралар; қызмет көрсетілетін жабдықты жөндеу ережесі. 343. Жұмыс үлгілері: Өңдеу: 1) электрондық – сəулелік түтіктерге арналған экран линзасы; 2) диаметрі 900 мм дейін айна шағылдырғыштар; 3) күрделі алмас өңдеулер; 4) периметрі 3 м жəне артық тік бұрышты шынылар. Параграф 3. Шыны жəне шыны бұйымдарын өңдеуші, 5-разряд 344. Жұмыс сипаттамасы: шыныны бір жақты жəне екі жақты өңдеу конвейерлерінде жəне ерекше күрделі конфигурациялы шыны бұйымдарын əр түрлі станоктарда өңдеу процесін жүргізу; қызмет көрсетілетін жабдықты жұмысқа дайындау. Өңдеуші құрылғыларды орнату; өңдеуші суспензияны беруді, шыныға өңдеушілердің қысымын реттеу; шеңберлерді (шайбаларды) дайындау; өңделінетін беттің сапасын бақылау; өңдегіштерді тазалау; қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы олқылықтарды жою. 345. Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы; əрекет ету қағидасы пайдалану ережесі; əр түрлі конвейерлерде жəне станоктарда шыныны өңдеудің технологиялық процесі; өңдеу ақауының түрлері жəне оның алдын алу бойынша шаралар; өңдейтін суспензиялардың қасиеттері, өңделінетін бұйымдарға жəне қолданылатын материалдарға қойылатын талаптар. 346. Жұмыс үлгілері: Өңдеу: 1) диаметрі 900 мм артық айна шағылдырғыштар; 2) хрусталь жəне бастырма шынының бұйымдарында алмас өңдеулер; 3) дайын аспаптардың экрандары. Параграф 4. Шыны жəне шыны бұйымдарын өңдеуші, 6-разряд 347. Жұмыс сипаттамасы: ротациялық аппараттарда ерекше күрделі конфигурациялы шыныны өңдеу процесін жүргізу; қызмет көрсетілетін жабдықты жұмысқа дайындау; үстел мен феррасаларды жұмыс күйіне орнату; өңдеуші суспензияны беруді реттеу; шынының өңделген бетінің сапасын тексеру; феррастың киізін шаю. 348. Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы жəне жұмыс істеу қағидасы; шыны өңдеудің технологиялық процесі, өңдейтін суспензиялардың қасиеттері жəне олардың сапасына қойылатын талаптар; өңделген шыныға мемлекеттік стандарттар жəне техникалық шарттар, суспезияны феррасқа беру біркелкілігі мен бір уақыттылығын реттеу ережесі; өңделінетін беттің сапасын бақылау əдістері мен тəртібі, өңдеу ақауының түрлері жəне оның алдын алу бойынша шаралар. 349. Жұмыс үлгілері. Өңдеу: 1) хрусталь жəне бастырма шынының бұйымдарында күрделі алмас өңдеулер. 66. Шыны бұйымдарын қышқылмен өңдеуші Параграф 1. Шыны бұйымдарын қышқылмен өңдеуші, 3-й разряд 350. Жұмыс сипаттамасы: сорттық ыдысты жартылай механикаландырылған қондырғыларда қышқылдардың ерітінділерімен өңдеу; сорттық ыдыстың ұсақ бұйымдарын қолмен өңдеу; күкірт пен балқытушы қышқылдан немесе балқытушы қышқылдың ерітінділерінен өідеу- қышқыл ерітінділерін дайындау; əр түрлі шыны бұйымдары үшін өңдеудің оңтайлы режимін анықтау; өңдеу сапасын бақылау. 351. Білуге тиіс: шыны бұйымдарын химиялық өңдеу үшін жартылай механикаландырылған қондырғының құрылысы; бұйымдарды өңдеу технологиясы, қолданылатын қышқылдардың қасиеттері; өңдеу режимі, өңделген шыны бұйымдарының сапасына қойылатын талаптар; химиялық өңдеу кезінде ақау түрлері жəне оның алдын алу бойынша шаралар. Параграф 2. Шыны бұйымдарын қышқылмен өңдеуші, 4-разряд 352. Жұмыс сипаттамасы: сорттық ыдысты шыны бұйымдарын химиялық өңдеуге арналған автоматты басқарумен механикаландырылған қондырғыларда өңдеу; өңдеу режимі мен уақытын сақтау. 353. Білуге тиіс: шыны бұйымдарын химиялық өңдеу үшін жартылай механикаландырылған қондырғының құрылысы жəне пайдалану ережесі; қолданылатын қышқылдардың қасиеттері, өңдеу режимі; өңделген шыны бұйымдарының сапасына қойылатын талаптар, химиялық өңдеу кезінде ақау түрлері жəне оның алдын алу бойынша шаралар. 67. Ыстық шыныны престеуші Параграф 1. Ыстық шыныны престеуші 3-разряд 354. Жұмыс сипаттамасы: тұтас жəне алмалы- салмалы қалыптарда механикалық жəне қол престерде шыны массасынан қарапайым бұйымдарды престеу; престі жұмысқа жөндеу жəне дайындау. 355. Білуге тиіс: қол престерінің жəне прес- автоматтардың құрылысы; прес- қалыптардың жұмыс режимдерін орнату тəсілдері мен тəсімдері; престеу үшін қажетті шыны массаның қасиеттері, температурасы, тұтқырлығы; шыныны прес- қалыпқа мөлшерлеу ережесі; ақаудың пайда болу себептері жəне оның алдын алу мен жою бойынша шаралар. 356. Жұмыс үлгілері: Престеу: 1) генератор лампаларының қосымшалары; 2) линзалар мен дискілерге арналған домалақ дайындамалар; 3) генераторлық шамдардың колбалары; 4) карбюраторларға жəне спирт шамдарға арналған кішкене қалпақтар; 5) төс етектеріне арналған пластина; 6) дəріханалық ыдысқа арналған тығын; 7) тұз сауыттар, тосапқа арналған табақшалар, күл сауыттар, шыны түтіктер; 8) деңгейлердің дөңгелек ампулаларына арналған кішкене стақандар, дəрілерді қабылдауға арналған кішкене стақандар, косметикалық ыдыс жəне ұқсас ұсақ шыны бұйымдары. Параграф 2. Ыстық шыныны престеуші, 4-разряд 357. Жұмыс сипаттамасы: одан əрі өңделуге тиісті беті бар, тұтас жəне алмалы- салмалы қалыптарда механикалық жəне қол престерде өңделген беті бар шыны массасынан орта күрделі бұйымдарды престеу; престерге қызмет көрсету жəне жөндеу; бұйымды, металды, прес- қалыптарды күйдіру деңгейі мен мөлшерлеріне жəне шыны массасының температурасына байланысты белгіленген престеу режимін таңдау; пуансонды жіберу уақытын жəне престеу ұзақтылығын анықтау. «Тамшының» мөлшерін, кесу жерін көзбен анықтау. 358. Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін престің құрылысы жəне пайдалану ережесі; престің қалыптарының сапасына қойылатын талаптар, шыны дəнекерлеу негіздері жəне шыны бұйымдарын престеудің технологиялық процесі; «тамшы» мөлшерін анықтау, кесу жерлері, өңделген беті бар бұйымдарды престеу үшін қажетті шыны масса мөлшерін көзбен анықтау ережесі (кейінгі өңдеусіз); ақаудың пайда болу себептері жəне оның алдын алу мен оны жою бойынша шаралар. 359. Жұмыс үлгілері. Престеу: 1) өңделген таза беті бар қақпақтар жəне косметикалық банкалар; 2) эксикаторларға арналған 14-19 см мойны бар қақпақтар жəне барлық мөлшерлерге арналған түймешігі бар қақпақтар; 3) көпұяшықты қалыптардағы тығындар, фигуралық тығындар; 4) сортты ыдыс - қарапайым бұйымдар; 5) шыны шариктер; 6) сыртқы диаметрі 58 мм дейін бес конус тəрізді қосалқыларымен тəрелкелер - пневматикалық престе престеу; 7) экран мөлшері 47 см дейін электрондық – сəулелі түтіктерге арналған экрандар мен конустар. Параграф 3. Ыстық шыныны престеуші, 5-разряд 360. Жұмыс сипаттамасы: арнайы, жарық техникалық жəне басқа ірі жəне техникалық күрделі шыны бұйымдарын престеу процесін жүргізу; орта күрделі сортты ыдысты престеу, өңделген беті бар жəне кейіннен тегістеу мен өңделуге тиісті беті бар күрделі конфигурациялы шыны бұйымдарын престеу; шыны блоктарын дайындау бойынша пневматикалық престің жұмысын жөндеу жəне реттеу; ыстық шынының анағұрлым жоғары білікті престеушісінің басшылығымен электрондық жəне автоматты басқарумен престерге қызмет көрсету жəне жөндеу;

алмалы- салмалы прес- қалыптардың престеуші жұмыстарының берілген жұмыс режимін іріктеу жəне қолдау. 361. Білуге тиіс: механикалық, электрондық жəне автоматты басқарумен престердің құрылысы, пайдалану жəне жөндеу ережесі; ірі габаритті бұйымдарды жəне күрделі конфигурациялы бұйымдарды дайындауға арналған алмалы- салмалы прес- қалыптарға қойылатын талаптар; ақаудың пайда болу себептері жəне оның алдын алу мен оны жою бойынша шаралар; даярланатын бұйымдарға мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттар, əр түрлі маркалы шынылардың құрамы мен қасиеттері. 362. Жұмыс үлгілері: Престеу: 1) одан əрі өңдеусіз құрылыс блоктары; 2) иіретін дисктер; 3) жарық техникалық бұйымдар; 4) сортты ыдыс: қант салғыштар, май сауыттар, селедка салғыштар, гүлдерге арналған құмыралар; центрифугалау əдісімен əзірленетін шағын жəне орта мөлшерлі бұйымдар; 5) сыртқы тəрелке диаметрі 58 мм артық қуатты генераторлық шамдарға арналған бес конус тəріздес өсінділермен тəрелкелер - пневматикалы престе престеу; 6) экран мөлшері 47 см жəне одан артық электрондық – сəулелік түтіктерге арналған экрандар мен конустар; 7) барлық мөлшерлердегі эксикаторлар жəне оларға қақпақтар. Параграф 4. Ыстық шыныны престеуші, 6-разряд 363. Жұмыс сипаттамасы: өңделген беті бар мөлшерлердің барлық түріне арналған түрлі-түсті теледидарға арналған кинескоптардың қабыршақтарының экрандары мен конустарын престеу процесін жүргізу; күрделі конфигурациялы жəне центрифугалау əдісімен дайындалатын сортты ыдыстың бұйымдарын престеу; электрондық жəне автоматты басқарумен престерге қызмет көрсету жəне жөндеу; алмалы- салмалы прес- қалыптардың престеуші жұмыстарының берілген жұмыс режимін іріктеу жəне ұстау. 364. Білуге тиіс: механикалық, электрондық жəне автоматты басқаруы бар престердің құрылысы жəне жөндеу ережесі; алмалы- салмалы прес- қалыптарға қойылатын талаптар; даярланатын бұйымдарға мемлекеттік стандарттар; əр түрлі маркалы шынылардың құрамы мен қасиеттері; ақаудың пайда болу себептері жəне оның алдын алу мен жою бойынша шаралар. 365. Жұмыс үлгілері: Престеу: 1) сортты ыдыс: жеміс-жидектерге арналған құмыралар, торт салғыштар, шам қойғыш шамдалдар, крюшонницалар; центрифугалау əдісімен əзірленетін ірі мөлшерлі бұйымдар; арнайы тапсырыстар бойынша күрделі конфигурациялы бұйымдар. 68. Шыны ұнтақтан бұйымдарды престеуші Параграф 1. Шыны ұнтақтан бұйымдарды престеуші, 3-разряд 366. Жұмыс сипаттамасы: əр түрлі престерде əр түрлі құрамды шыны ұнтақтарынан қарапайым жəне орта күрделі пішінді шыны бұйымдарын престеу; шыны ұнтақты престерде брикеттеу; шыны бұйымдарын аса қарапайым өлшеу құралымен үлгі немесе шаблон бойынша тексеру; шыны ұнтақты мөлшерлегішке жəне қалыпқа тиеу; құрал мен құрылғыларды (қаңылтыр таба) жұмысқа дайындау; престің механизмдерін басқару жəне оларды майлау. 367. Білуге тиіс: автоматты, жартылай автоматты жəне қол престерінің əрекет ету қағидасы, жұмыс құрамы мен аспаптардың белгіленуі жəне пайдалану тəсімдері (штампыларды, жастықтарды, пуансондарды, ұстаушыларды, қаңылтыр табаларды, сақтандыратын құрылғыларын жəне бақылау өлшеу аспапты); шыны ұнтақты сақтау ережелері; шыны ұнтақтың жəне олардан жасалған шыны бұйымдарының сапасын анықтау тəсілдері. 368. Жұмыс үлгілері: 1) брикеттер - престеу; 2) кинескоптарға арналған оқшаулағыштар - престеу; 3) шыны таблеткалар - престеу. Параграф 2. Шыны ұнтақтан бұйымдарды престеуші, 4-разряд 369. Жұмыс сипаттамасы: əр түрлі престерде əр түрлі құрамды шыны ұнтақтарынан прецезиялық жəне тəжірибелік күрделі шыны бұйымдарын престеу; дайындалған шыны бұйымдарын əмбебап өлшеу құралымен тексеру; штамптарды орнату, алу, баптау жəне құралды ауыстыру; қызмет көрсетілетін жабдықты реттеу; шыны бұйымдарының жəне шыны ұнтақтың сапасын анықтау; шыны ұнтақты құрастыру. 370. Білуге тиіс: жабдықтың, құрылғылардың жəне шыны ұнтақты жəне олардан шыны бұйымдарын жасауда қолданылатын құралдың құрылысы мен белгіленуі; əр түрлі құрамды шыны ұнтақты дайындау рецептілері; шыныұнтақтарының жəне шыны бұйымдарының сапасын анықтау тəсілдері; шикізат материалдардың қасиеттері. 371. Жұмыс үлгілері: 1) прецизиялық жəне тəжірибелік таблеткалар - престеу; 2) тəжірибелік штабиктер - престеу. 69. Шыны пакеттерді престеуші Параграф 1. Шыны пакеттерді престеуші, 2-разряд 372. Жұмыс сипаттамасы: плитада шыны пакетті қыздыру; резеңке шығыршықтарды шыны пакетке салу; шыны пакетті престе берілген режим бойынша алдын ала престеу. 373. Білуге тиіс: шыны пакеттерді престеу ережесі; престеуден кейін бұйымдардың сапасына қойылатын талаптар. Параграф 2. Шыны пакеттерді престеуші, 3-разряд 374. Жұмыс сипаттамасы: термостатты дайындау; шыны пакеттерін резеңке төсемдермен термостаттың кареткасына салу; шыны пакеттерін термостатқа тиеу; ауданы 1 м2 дейін, шынының қалыңдығы 12 мм дейін шыны пакеттерді берілген режим бойынша престеу; герметикті дайындау жəне шыны пакеттерінің шеттерін герметикпен құю; құйғаннан кейін шыны пакеттерінің шеткі жақтарын кесу; престе өңделген «өкшелерді» престеу; «Өкшелердің» жиектерін өңдеу. 375. Білуге тиіс: термостатты жəне престерді пайдалану ережесі; герметикті дайындау рецептурасы жəне сапасына қойылатын талаптар; шыны пакеттерді престеу режимдері; престеуден кейін ақау түрлері жəне оның алдын алу шаралары. Параграф 3. Шыны пакеттерді престеуші, 4-разряд 376. Жұмыс сипаттамасы: ауданы 1 м2 артық жəне қалыңдығы 12 мм артық шыны пакеттерді берілген режим бойынша престеу. 377. Білуге тиіс: термостатты жəне престерді пайдалану ережесі; престеуден кейін бұйымдардың сапасына қойылатын талаптар. 70. Шыны бұйымдарын қиыстырып келтіруші Параграф 1. Шыны бұйымдарын қиыстырып келтіруші, 3-разряд 378. Жұмыс сипаттамасы: банкаларға, графиндарға, парфюмерлік флакондар мен басқа шыны бұйымдарына мойын қылтасына тығындарды қиыстырып келтіру станогында қиыстырып келтіру; қиыстырып келтіретін шыны бұйымдарын бекітуге арналған құрылғыларды орнату жəне қиюластыру кезінде олардың ортаға дəл келуін анықтау; қиыстырып келтіру станогын жөндеу. 379. Білуге тиіс: қиыстырып келтіру станогының құрылысы жəне жұмыс істеу қағидасы; əр түрлі абразивті материалдарды қолдана отырып, қиыстырып келтіру тəсілдері; ақау түрлері жəне оның алдын алу бойынша шаралар. 71. Інжу моншақ елеуші Параграф 1. Інжу моншақ елеуші, 1-разряд 380. Жұмыс сипаттамасы: інжу моншақтың балқытылған дəндерін анықтау үшін күйдірілген інжу моншақты екі елеуіштен елеу; інжу моншақты шаю. 381. Білуге тиіс: інжу моншақты елеу жəне шаю ережесі. 72. Шыны үгітушісі Параграф 1. Шыны үгітушісі, 2-разряд 382. Жұмыс сипаттамасы: шыныны жартылай автоматтарда үгіту; үгітетін жартылай автоматтарды тиеу жəне түсіру; қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысын қадағалау жəне үгітілген шыны бөлшектерді бақылау. 383. Білуге тиіс: шыныны ыстық күйінде үгітетін қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмыс істеу қағидасы; өңделінетін бөлшектердің түрлері мен белгіленуі. 384. Жұмыс үлгілері: 1) шарлық жəне цилиндрлік колбалар – кесу жəне үгіту; 2) конустар – қолмен престеумен жартылай автоматта жазу; 3) бірыңғай түрдегі тəрелкелер – көппозициялық жартылай автоматтарда созу. Параграф 2. Шыны үгітушісі, 3-разряд 385. Жұмыс сипаттамасы: қолмен, машиналарда жəне газды қыздыруы бар құрылғыларда шыныны үгіту; үгіту кезінде газдың жалынын өз бетімен реттеу. 386. Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы, газ жанарғыларының жүйесін пайдалану ережесі; өңделінетін шыны бұйымдарының түріне байланысты газ жанарғыларының жалынын реттеу ережесі; əр түрлі құрамдағы шыныларды жұмсарту температурасы; шыны бұйымдарын үгіту тəсілдері. 387. Жұмыс үлгілері: 1) аспаптарға арналған баллон – үгіту; 2) шеткі есептеуіштердің колбалары – шыныны «зеңбірек» жанарғысымен қыздырумен бір шпиндельді қол машинада бортты айналдыру; 3) монометрлік лампаларға, катодтық пышақтарға жəне басқа бұйымдарға арналған тəрелкелер – иінтіректік басқаруы бар құрылғыларға созу, «зеңбірек» жанарғысымен қыздырумен қолдық айналмалы шпиндельде айналдыру. 73. Шыны жəне шыны бұйымдарына белгі қоюшы Параграф 1. Шыны жəне шыны бұйымдарына белгі қоюшы, 2-разряд 388. Жұмыс сипаттамасы: берілген шектерді ұстаумен барлық мөлшерлі жəне мақсаттағы айна шағылдырғыштарына жəне басқа шыны бұйымдарына арналған шыны табақты шаблоны бойынша белгілеу; сортты ыдыс бұйымдарында, алмас əшекейлеумен хрусталь бұйымдарында бормен, бояумен суреттің сызықтарын белгілеу; табақ шыныны кесу алдында белгілеу; шынының ақаулары бойынша сорттын анықтау; шыны табақтарын кесу үстеліне транспортер жоқ болған кезде салу. 389. Білуге тиіс: белгі қоятын жəне өлшейтін құрал мен аспаптардың құрылысы жəне пайдалану тəсілдері; шыныны сорттары бойынша пішу ережесі, қолданылатын суреттер; шыны бұйымдарында сурет сызықтарын белгілеу тəсілдері; табақтың шынының жəне шыны бұйымдарының сапасына қойылатын талаптар. Параграф 2. Шыны жəне шыны бұйымдарына белгі қоюшы, 3-разряд 390. Жұмыс сипаттамасы: кесу алдында сапалық белгілері бойынша өңделген сөре, силикат шыныға белгі қою; ыстық шыныда табақтың қалыңдығы мен иілуін өлшеу. 391. Білуге тиіс: белгі қоятын жəне өлшейтін құрал мен аспаптардың құрылысы; өңделген, сөре жəне силикат шыныға арналған мемлекеттік стандарттар; шыныны сорттары бойынша пішу ережесі. 74. Шыны əшекейлеуші Параграф 1. Шыны əшекейлеуші, 2-разряд 392. Жұмыс сипаттамасы: қолмен жəне станоктарда шыныдан жасалған бұйымдарға бояулармен, эмальдармен, аспашамдармен, сұйық алтын ерітіндісімен жəне жібек- трафаретті мөрмен сурет салу; қышқыл ваннасында немесе пастада өңдеу үшін қорғаныш лакпен немесе балауызбен трафарет бойынша сурет салу; батыру əдісімен шырша əшекейлерін бояу;

15 шыныдан жасалған бұйымдарды бояғыштарды салуға дайындау: бетін байқау, тазалау; бояуларды, эмальдарды, сұйық алтын ерітіндісін дайындау. 393. Білуге тиіс: шыныдан жасалған бұйымдарға бояулармен, эмальдармен, аспашамдармен, алтынның сұйық ерітіндісімен, қорғаныш лакпен, балауызбен сурет салу процесі; шыныдан жасалған бұйымдарды суреттер салуға тазалау жəне дайындау тəсілдері; бұйымдарды бояудың сапасына қойылатын талаптар; ақау түрлері жəне оның алдын алу мен жою бойынша шаралар. Параграф 2. Шыны əшекейлеуші. 3-разряд 394. Жұмыс сипаттамасы: шыныдан жасалған бұйымдарға қолмен бояулармен, эмальдармен, аспашамдармен жəне алтынның сұйық ерітіндісімен орта күрделі суреттерді салу; күрделі конфигурациялы бұйымдарда беттердің тұтас жəне ішінара жабындарын бояулармен, алтынның сұйық ерітіндісімен біркелкі жағу; қышқыл ваннасында немесе пастада өңдеу үшін қорғаныш лакпен немесе балауызбен контурлық жəне көп жоспарлы күрделі тақырыптық суреттерді салу. 395. Білуге тиіс: шыныдан жасалған бұйымдарға бояулармен, эмальдармен, аспашамдармен, алтынның сұйық ерітіндісімен, қорғаныш лакпен, балауызбен сурет салу процесі; бояулар мен суреттердің сапасына қойылатын талаптар; ақау түрлері жəне оның алдын алу мен жою бойынша шаралар. Параграф 3. Шыны əшекейлеуші, 4-разряд 396. Жұмыс сипаттамасы: шыныдан жасалған бұйымдарға қолмен бояулармен, эмальдармен, қорғағыш лакпен немсе балауызбен (қышқыл ваннасында өңдеу үшін) күрделі композицияны, пейзаждарды, ұлттық ою-өрнектерді салу; шыныдан жасалған бұйымдарға ультрадыбыспен сурет салу; бұйымдарды сурет салуға дайындау, бояғыштарды, карбидбордың суспензиясын дайындау. 397. Білуге тиіс: ультрадыбыс қондырғысының құрылысы жəне жұмыс істеу қағидасы, ультрадыбыспен сурет салу ережесі; күрделі суреттер салу тəсілдері, сурет пен қолданылатын материалдарға қойылатын талаптар; ақау түрлері жəне оны жою ережесі. 75. Реактивші Параграф 1. Реактивші, 4-разряд 398. Жұмыс сипаттамасы: берілген рецептура бойынша айнаны тазартуға арналған шыны мен пастаға күміс пен мыс жалатуға арналған химиялық ерітінділерді белгіленген рецептура бойынша дайындау. 399. Білуге тиіс: шыныға күміс жалату үшін қолданылатын химиялық реактивтердің құрамы мен қасиеттері; күміс жалататын ерітіндінің рецептурасы; айнаны тазартуға арналған пастаны жəне айнаның қорғаныш жабыны үшін ерітіндіні қалпына келтіру тəсілдері; химикаттарды жəне аспаптарды пайдалану ережесі. 76. Отта кесуші Параграф 1. Отта кесуші, 2-разряд 400. Жұмыс сипаттамасы: шағын жəне орта қуыс шыны бұйымдарын отта, газ жанарғылары бар станокта кесу; шыны бұйымдарын ыдысқа, кассетаға, стеллаждарға төсеу; кесу сапасын көзбен бақылау. 401. Білуге тиіс: станоктар мен шыны бұйымдарын кесуге жəне балқытуға арналған құрылғылардың құрылысы жəне қызмет көрсету ережесі; газ жанарғыларының жалынын баптау ережесі; қуыс шыны бұйымдарын кесуге қойылатын талаптар; кесу тəсілдері мен тəсімдері; ақау түрлері жəне оны жою ережесі. 402. Жұмыс үлгілері: 1) колбалар – газ конусында кабельді сызық бойынша кесу; 2) колбалар, цилиндрлар, шыны түтіктер – қыздырылатын сымда кесу; 3) электронды - сəуле түтіктеріне арналған конустар - кесу; 4) диаметрі 200 мм дейін шашыратқыштар; 5) түссіз шыныдан жасалған сортты ыдыс (рюмка, фужер, бокал, шай ішуге арналған стақандар, су ішуге арналған стақандар) – кесу; 6) шыны бұйымдары (колбалар, мензуркалар, цилиндрлар, стақандар жəне басқа бұйымдар) – станокта жəне газ жанарғылары бар машиналарда мойын қылтасын кесу жəне балқыту; 7) барлық мөлшердегі жəне рецепті цилиндрлар- диск пышағы бар жəне газ жанарғысымен станокта кесу жəне балқыту. Параграф 2. Отта кесуші, 3-разряд 403. Жұмыс сипаттамасы: ірі жəне қалың қабырғалы шыны бұйымдарын кесу; газ жанарғыларымен станоктарда хрусталь жəне сапматалы шыныдан ұсақ жəне орта қуыс бұйымдарды кесу; станоктарда жəне жартылай автоматтарда күрделі конфигурациялы шыны бұйымдарын кесу; əр түрлі шыны бұйымдарын кесу кезінде жартылай автоматты қайта жөндеу; газоттегі жанарғының жалынында кварц шыныдан əр түрлі бөлшектер мен аспаптарды дайындау; кварц шыныдан өңдеу: жанарғы жалынында шыбықты майыстыру, қолмен бұрау; газ жанарғыларының жалынын реттеу; шыны бұйымдарын ыдысқа салу. 404. Білуге тиіс: газ жанарғылары бар станоктардың жəне қолданылатын құрылғылардың құрылысы жəне пайдалану ережесі; кварц шыныдан бұйымдарды дайындаудың технологиялық процесі; өңделінетін жəне дайындалатын бұйымдарға қойылатын талаптар; газ жанарғыларының жалынын реттеу тəсілдері; дайындалатын аспаптар мен бөлшектерге техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттар; ақау түрлері жəне оны жою ережесі. 405. Жұмыс үлгілері: 1) моншақтар, кварц шыныдан шырақтар мен шашыратқыштарға арналған шығыршықтар - дайындау; 2) ықшамдау колбаларына арналған дайындамалар - баллондарды кесу, түбін, мойын қылтасын кесу; 3) регенерациялауға арналған колбалар – арнайы станоктарда колбалардың мойын қылтасын кесу; 4) қолмен дайындалған генераторлық колбалар - кесу; 5) су электрондық көбейткіштерге арналған колбалар - кесу; 6) экрандық станокқа арналған конустар жəне электронды- сəулелік түтіктерге көшу - кесу; 7) тұғырықтар - секторға кесу; 8) диаметрі 200 мм артық шашыратқыштар; 9) сортты ыдыс (хрусталь жəне саптама шыныдан бұйымдар: рюмка, фужер, бокал, қалың қабырғалы шарап стақаны, сусынға арналған стақан; қарапайым жəне саптама шыныдан орта мөлшерлі бұйымдар) - кесу; 10) шыны бұйымдары (колбалар, мензуркалар, цилиндрлар, стақандар мен басқа бұйымдар) – станоктар мен жартылай автоматтарда мойын қылтасын кесу жəне балқыту; 11) шеттері - оттекті-сутегі жанарғының жалынында жəне арнайы станоктарда жалын кесу; 12) қалың қабырғалы шыны түтіктер жəне фасондық бөліктер - кесу. Хрусталь жəне саптама шыныдан ірі жəне қалың қабырғалы бұйымдарды кесу кезінде - 4-разряд. 77. Көбікблоктар кесуші Параграф 1. Көбікблоктар кесуші, 2-разряд 406. Жұмыс сипаттамасы: көбікблоктарды циркульды арамен жəне аралап кесетін машинамен кесу; көбікблоктарды айналмалы үстелден алу жəне оларды конвейерге салу; көбікблоктарды конвейердің бір тармағынан екіншісіне қайта қою. 407. Білуге тиіс: циркульды аралардың жəне арамен кесетін машинаның құрылысы жəне пайдалану ережесі; берілген мөлшерлері бойынша көбікблоктарды кесу тəртібі; соратын ветиляцияның жəне пневмокөліктің жұмыс істеу қағидасы. Параграф 2. Көбікблоктарды кесуші, 3-разряд 408. Жұмыс сипаттамасы: көбікблоктарды автоматты кесу сызығында аралау; қызмет көрсетілетін жабдықты блоктың берілген мөлшерлеріне дайындау; көбікблоктардың сапасын жəне оны пішу мүмкіндіктерін анықтау; автоматты кесу сызығының жұмысын қадағалау; көбікблоктарды айналмалы үстелден алу жəне оларды транспортерге салу; блоктарды гидравликалық штабельдеушімен қатарластырып жинау; гидрожүйеге қызмет көрсету; жұмыс орнындағы көбікшыны ұнтағы мен қимын жинау; қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы олқылықтарды жою. 409. Білуге тиіс: автоматты кесу тармағының құрылысы жəне пайдалану ережесі; көбікблоктарды берілген мөлшерлер бойынша кесу тəртібі; гидравликалық жүйенің, соратын вентиляцияның жəне транспортерлердің жұмыс істеу қағидасы; ақау түрлері жəне оны жою ережесі. 78. Шыны кесуші Параграф 1. Шыны кесуші. 1-разряд 410. Жұмыс сипаттамасы: шыны пластинкаларды қолмен немесе преспен кесу сызығымен кейіннен омырумен трафарет бойынша доңғалақпен немесе алмаспен кесу; кесілген дайындамаларды қысқыштармен қысу (домалақтау); кесілген дайындамалардан (банттардан) дөңгелек шыныларды қаққылау (сығу); шыны пластинкаларын қағазбен жабу. 411. Білуге тиіс: престің құрылысы жəне онда жұмыс жасау, кесетін құралды пайдалану ережесі; шыныны ұстай білу ережесі; шынының маркалары, шыныны кесу тəсілдері; ақаудың себептері жəне оның алдын алу бойынша шаралар. Параграф 2. Шыны кесуші, 2-разряд 412. Жұмыс сипаттамасы: табақты жəне айна шыныны шағын мөлшерлерге қолмен кесу; плита шыныны пішу; қайрақпен немесе балғамен көрініп тұрған ақаулары бар жерлерді жəне үшкір бұрыштарын алып тастай отырып, белгіленген салмағы бар шынының дайындамаларын кесу; қалың қабырғалы шыны түтіктерін жəне фасонды бөліктерін электр кесу; қолмен немесе кесетін машинканың көмегімен оптикалық шыныдан пластиналар мен дротты кесу; алмас фрездері бар станоктарда өлшейтін дротты аралау жəне оны дайындамаларға ұсақтау; шыны массасын бұрап, ұсақтап немесе артық массасын алып тастап дайындау жəне станокта берілген мөлшерге дейін жеткізу. 413. Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмыс істеу қағидасы; шынының негізгі қасиеттері мен ақулары; шыныны кесу жəне ақауларын алып тастау ережесі; шыныны кесу сапасына қойылатын техникалық талаптар. Параграф 3. Шыны кесуші, 3-разряд 414. Жұмыс сипаттамасы: шаблондар бойынша табақты шыныны берілген мөлшерлерге қолмен кесу; барлық мөлшер мен қалыңдықтағы табақты шыныны белгілеу жəне тік бұрышты жəне дөңгелек қалыпты бөлшектерге кесу; қарапайым мүсінді айналарды пішу карталарына сəйкес кесу; пішу машиналарында жиһаз айналарын кесу; шыны шеттерінің тегіс емес жерлерін тазарта отырып қысқышпен алып тастау; цилиндрларды белгілеу жəне шыны кесуге арналған стнокта кесу. 415. Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың жəне құралдың құрылысы жəне пайдалану ережесі; шынының негізгі қасиеттері; цилиндрларды станокта кесу ережесі жəне олардың сапасына қойылатын талаптар. Параграф 4. Шыны кесуші, 4-разряд 416. Жұмыс сипаттамасы: қалыңдығы 8 мм дейін техникалық, сөрелік, өңделмеген жне өңдеген шыныны үлгі бойынша қолмен кесу; жиһазға арналған мүсінді айнаны, шыныны кесу; пішетін жартылай автомат станокта қиын балқитын, айна шынысын кесу; шыны кескіштерді баптау; хрустальды жəне саптама шыныдан ірі жəне қалың қабырғалы бұйымдарды кесу. 417. Білуге тиіс: шынының негізгі қасиеттері, табақ шынының ақаулары; табақ шыныны үлкен мөлшерлерге ұтымды пішу тəсілдері жəне жарамды бұйымдардың барынша көп шығымы бар оптикалық шынылар; бақылау-өлшеу аспаптары мен шаблондарды пайдалану жəне

(Жалғасы 16-бетте).


16 (Жалғасы. Басы 13 – 15-беттерде). жөндеу ережесі; шыны кесудің сапасына қойылатын талаптар. Параграф 5. Шыны кесуші, 5-разряд 418. Жұмыс сипаттамасы: механикаландырылған станоктарда ауданы 1 м 2 артық ірі габаритті табақ шынысын кесу; өз бетінше белгілей отырып қалыңдығы 8 мм артық сөрелік өңделген шыныны қолмен кесу; ерекше жұқа шыныны арнайы станокта дəл мөлшерлерге кесу; шыны кескіштерді баптау. 419. Білуге тиіс: конвейерлік өңдеу шынысын кесу технологиясы; шыныны белгілеу жəне ұтымды пішу ережесі; шыны кескіштерді баптау ережесі. 79. Шыны бұйымдарын кесуші Параграф 1. Шыны бұйымдарын кесуші, 1-разряд 420. Жұмыс сипаттамасы: түтіктердің ұштарын берілген ұзындыққа механикалық кесу; түтіктерді стеллаждарға, қатарға жəне сорттайтын үстелге жинау; көзілдірік линзаларын дөңгелек шаблон бойынша кесу; линзаларды кесу сызығымен сындырып алу; линзаларды ыдысқа салу. 421. Білуге тиіс: кесу станогының, түтіктердің ұштарын кесуге арналған құрылғының жұмыс істеу қағидасы жəне құрылысы; линзаларды кесу тəсілдері; линзаларды кесуге жəне түтіктерді кесуге қойылатын техникалық талаптар; бұйымдарды кесу кезінде ақаудың себептері мен түрлері жəне оның алдын алу бойынша шаралар. Параграф 2. Шыны бұйымдарын кесуші, 2-разряд 422. Жұмыс сипаттамасы: кесетін машиналарда, корундтық, алмас, болат дөңгелектерде қуыс шыны бұйымдарын нихром жібімен, алмас циркулымен кесу; көп орындық престеулерді қолмен шығыршықпен кесу; арнайы құрылғыларды жəне кесетін сайманды, көзілдіріктің астигматикалық линзаларын пайдалана отырып сопақ жəне тік бұрышты шаблондар бойынша əр түрлі кварц бұйымдары мен кесектерді кесу; кварц бұйымдарын ортасы бойынша тексере отырып, станок столына орнату; бормашинаның көмегімен немесе қолмен кварц бұйымдарының беттерін құмнан немесе көрінетін ақаулардан тазарту; кесетін машиналар мен станоктарды жөндеу; алмас жəне болат шығыршықтарды түзету. 423. Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы жəне пайдалану ережесі; шынының физикалық қасиеттері туралы негізгі түсініктер, кварц бұйымдарының ішкі жəне сыртқы қабырғаларын тазалау тəсілдері; кварц бұйымдарын кесу режимдерін таңдау, қуыс шыны бұйымдарын кесуге қойылатын техникалық талаптар; көзілдірік линзаларын кесу жəне сындырып алу тəсілдері, ақаудың себептері мен түрлері жəне оның алдын алу бойынша шаралар; көтеру механизмдерінің көмегімен кварц бұйымдарының орнынан ауыстыру тəртібі мен ережесі. 424. Жұмыс үлгілері: 1) барлық мөлшердегі ұсақ моншақтар жəне шыны түтіктер - шыны ойыншықтарына арналған бөлшектерге кесу (жұлдызшалар, шаналар, фонариктер, ұшақтар жəне тағы басқа); 2) ванналар, кварц ыдыстары, муфельдер жəне басқа бұйымдар бетін кесу жəне тазалау; 3) шыны қайнатушы кварц құмыралар - кесу; 4) диаметрі 150 мм дейін дайындамалар (блоктар) - кесу жəне тазалау; 5) аспашамдарға салпыншақтар, графиндарға, флакондарға тығындар - кесу жəне тазалау; 6) шыны түтіктері мен капиллярлар – нихром жібімен кесу; 7) цилиндрлар, стақандар, мензуркалар жəне басқа; - кесу; 8) трмометрлерге арналған сүт шынысынан жасалған шкалалар - кесу; 9) диаметрі əр түрлі қатарлар - кесу. Параграф 3. Шыны бұйымдарын кесуші, 3-разряд 425. Жұмыс сипаттамасы: айна шағылдырғыштарына арналған дайындамаларда шынының жиектерін станокта кесу; ыдыстарға шағылдырғыштардың дайындамаларын жапсыруға арналған мастиканы дайындау; ультрадыбыстық, электр ұшқындық жəне басқа қондырғыларды жөндеу; кескеннен кейін шынының жиектерін тазалау; оправаның шеңбер пішініне сəйкес келетін үлгі бойынша алмаспен арнайы станокта стигматикалық линзаларды кесу; линзаның рефракциясын тексеру жəне кесетін станокта орнату; станоктарда абразивті шығыршықтың көмегімен колбаларды кесу; жеке тапсырыстар кезінде кесу тармағы бойынша линзаны сындырып алу; линзаның мөлшері мен жиілігін тексеру; алмасты кесетін станоктарға орнату. 426. Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы жəне пайдалану ережесі; шыныны кесу жəне мастика дайындау тəсілдері; кварц шынының маркалары, кварц шыныдан дайындамалар мен бұйымдарды өңдеу режимін; тəсілін таңдау жəне техникалық шарттар, көтеру механизмдерінің көмегімен кварц бұйымдарын орнынан ауыстыру ережесі; стигматикалық линзаларды кесуге қойылатын техникалық талаптар, рефракция туралы негізгі мəліметтер; линзаларды ортаға келтіру жəне олардың рефракциясын тексеру тəсілдері; диоптрөлшеуішті, ортаға келтіру аппаратын пайдалану ережесі; алмастарды орнату, кесетін станокты майлау жəне жөндеу тəсілдері; кесу кезіндегі ақаудың себептері, оны табу жəне жою тəсілдері. 427. Жұмыс үлгілері: 1) диаметрі 150 мм артық дайындамалар (блоктар) - кесу; 2) кварц ыдыстар, муфельдер жəне басқа ұқсас бұйымдар - кесу; 3) шыныдрот - станоктарда арнайы техника бұйымдары үшін дайындамаларға арнап кесу. 80. Ылғал жұтқыштарды жинаушы Параграф 1. Ылғал жұтқыштарды жинаушы, 2-разряд 428. Жұмыс сипаттамасы: полистироль түтіктерді силикагельмен толтыру; хлорвинил түтіктерін дайындау жəне ылғалжұтқышты жинау. 429. Білуге тиіс: ылғал жұту құрылғысының белгіленуі, полистироль түтіктерді силикагельмен толтыру тəртібі; ылғал жұту құрылғысының жарамдылық мерзімдері; силикагельдің негізгі қасиеттері жəне оны сақтау тəсілдері. 81. Шыныдан жасалған аспаптарды жинаушы Параграф 1. Шыныдан жасалған аспаптарды жинаушы, 1-разряд 430. Жұмыс сипаттамасы: қарапайым аспаптарды жинау: күрделі емес термометрлерді, ареометрлерді, құм сағаттарын жəне тағы басқа; шкалаларды аспаптардың дайындамаларының корпустарына желіммен, нитролакпен, сыммен қолмен жəне арнайы станоктарда енгізу жəне бекіту; сүт шынысынан жасалған шкалаларда саңылауларды аралап кесу; арнайы станокта шкала пластиналарды кесу; сымды тотықтан тазарту жəне оны контактіге оттегі жанарғысында тазалау; капиллярды шкала пластинасының қылқандарымен жəне термодайындау корпусына асбестті енгізумен ортасына бекіту; фольга мен сымды станокта жəне қолмен кесу; металл тартпаны аспаптардың ағаш оправасына қағу; құмды жуу, кептіру жəне елеу; пипеткаға резеңке тығындарды, түтіктерді қою. 431. Білуге тиіс: дайындалатын бұйымдардың ассортименті; жиналатын аспаптардың құрылысы жəне белгіленуі, аспаптарды жинау тəсілдері; ақау түрлері жəне оны жою ережесі; қолданылатын материалдардың негізгі қасиеттері. Параграф 2. Шыныдан аспаптар жинаушы, 2-разряд 432. Жұмыс сипаттамасы: орта күрделі аспаптарды жинау: термометрлерді, газдалған суға арналған сифондарды; қарапайым аппараттар мен аспаптарға бөліктерді іріктеу; резеңке тығындарда саңылауларды бұрғылау, тығын сыналарын кесу, гипспен жабу, лакпен жабу, қабықты тығынның бетінде асбесттік жабынды жапсыру; шкала пластиналары мен қағаз шкалаларын дəл кесу, оларды температура нүктелері мен тығыздылық нүктелерін ескере отырып, аспаптардың дайындамаларына орнату; капиллярдан сынапты центрифугада термометр резервуарына айдау; құмды құм сағатына себу жəне көлемін секунд өлшеуішпен арнайы аппаратта өлшеу. 433. Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмыс істеу қағидасы; жинау кезінде қолданылатын құрал мен құрылғыларды пайдалану ережесі; орта күрделі аспаптарды жинау тəсілдері; аспаптарды жинаудың сапасына қойылатын талаптар; шыны мен сынаптың физикалық –химиялық қасиеттері. Параграф 3. Шыныдан аспаптар жинаушы, 3-разряд 434. Жұмыс сипаттамасы: шыныдан жасалған күрделі аппараттар мен аспаптарды жинау, жиынтықтау жəне құрастыру; жинау мен құрастыру кезінде қолданылатын бақылау-өлшеу аспабын жөндеу жəне реттеу; жиналған аппарат пен аспапты тексеру, құрау мен жинау ақауларын жою. 435. Білуге тиіс: жиналатын аппараттар мен аспаптардың атауы, құрылысы жəне жұмыс істеу қағидасы; жиналатын аппараттар мен аспаптардың құраушы бөліктері мен бөлшектерінің номенклатурасы жəне олардың өзара орналасуы; аппараттар мен аспаптарды жинауға техникалық шарттар; аппараттар мен аспаптарды жиынтықтау, құрау мен жинау тəсілдері; шынылардың маркалары жəне жинау кезінде қолданылатын материалдардың қасиеттері. 436. Жұмыс үлгілері: 1) түтіндік жəне жанатын газдарға арналған аспираторлар - жинау; 2) медициналық шприцтардың бөлшектері - жинау; 3) ауыстырып қосқыштар - жинау; 4) сұйық жəне қатты сорғыштарға арналған пипеткалар (Темпель)жинау; 5) газанализаторлардың сорғыштары - жинау; 6) техникалық контактілік, дизельді, максималды термометрлер жəне күрделігі жағынан басқа ұқсастары - жинау. Параграф 4. Шыныдан аспаптар жинаушы, 4-разряд 437. Жұмыс сипаттамасы: шыныдан жасалған ерекше күрделі аппараттар мен аспаптарды жинау жəне көп санды аспаптармен аппараттарды құрастыру; жинау мен құрастыру кезінде қолданылатын бақылау-өлшеу аспабын жөндеу жəне реттеу. 438. Білуге тиіс: шыныдан жиналатын аппараттар мен аспаптардың белгіленуі, пайдалану ережесі; шыныдан аппараттар мен аспаптарды жинаудың конструкциялық ерекшеліктері мен технологиялық реттілігі; жинақталатын аспаптарға қойылатын техникалық талаптар. 439. Жұмыс үлгілері: 1) болат пен темірде көміртегінің мөлшерін анықтауға арналған аппараттар - жинау; 2) газанализаторлар - жинау. 82. Шыны бұйымдарын жинаушы Параграф 1. Шыны бұйымдарын жинаушы, 2-разряд 440. Жұмыс сипаттамасы: поликтарда, рамкаларда, кергіштерде айнаны жинау, жабыстыру, бекіту, безендіру жəне қоршау; жекелеген бөліктерден шырша əшекейлерін жинау; хрустальдан, стеклярустан жəне моншақтан пішіні жағынан əр түрлі жекелеген салпыншақтардан гирляндалар жинау; əмбебап аспаптар мен құрылғыларды пайдалана отырып, сəндік шырақтардың қарапайым тораптарын жинау; айна үшін поликтарды, рамалар мен жақтауларды, сылақтарды, жабыстыратын жəне басқа материалдарды іріктеу; айнаны, сепаратор пластиналарын арнайы мастикамен жиектеу; линзалардың оправасы мен оптикалық элементтерінің арасындағы саңылауларды бітеу; қосылған жерлерін тазалау; сымдардың ұштарын жинақтау жəне дəнекерлеу; шығару ұштарын қалайылау; қарапайым сызбалардың сымдарын жинау; саңылауларды бұрғылау, ойманы қолмен жəне станоктарда кесу; патронды жинау, бөлшектеу; сымдарды патронның клеммаларына қосу; бұйымдарды ыдысқа салу.

www.egemen.kz

441. Білуге тиіс: айнаны поликтарда, рамкаларда, кергіштерде, хрусталь жəне шыны салпыншақтарды дұрыс жинау жəне безендіру, бекіту, безендіру жəне қоршау тəсілдері; жабысатын құрамдарды дайындау тəсілдері; айнаға арналған техникалық шарттар, қолданылатын материалдар мен дайын бұйымдарға қойылатын талаптар; шыны бұйымдарын жинау жəне безендіру тəсілдері; пневматикалық жəне электрлік бұрғылармен жəне бұрғылау станоктарында жұмыс тəсілдері; дəнекерлеу ережесі, орындалатын жұмыс көлемінже электр техникасының негіздері; ақау түрлері жəне оны жою ережесі. Параграф 2. Шыны бұйымдарын жинаушы, 3-разряд 442. Жұмыс сипаттамасы: əр түрлі конфигурациялы шыны бұйымдарын жинау жəне құрастыру; шыны пакеттерін жинау; ірі мөлшерлі айнаны жинау, жабыстыру, бекіту жəне безендіру: бүктемелі айналар, мүсінді айналар; қабырғаға ілетін айналарды жинау; техникалық шарттарға сəйкес қолмен жəне арнайы машиналарда шыныны, шыны бұйымдарын, көбікблоктарды, блоктық пластиналарды əр түрлі желімдермен жабыстыру; көбікшынының блоктарын мөлшерлері бойынша іріктеу; суретшілердің күрделі сызулары мен нобайлары бойынша əр түрлі пішінді шыны бұйымдарын жинақтау; престің жəне вулканизациялаудың көмегімеен герметикте шыны бұйымдарын жинау; электр қыздыратын элементтерімен жəне нормаланған оптикамен əр түрлі мөлшерлі жəне салмақты триплексті металл рамкалармен жəне бутварлық бұраумен қоршау; контактілерді дəнекерлеу, 0,5-тен 0,1 мм дейін дəлдікпен дұрыс беті бойынша бұйымдарды қиыстырып келтіру; сəндік шырақтарды толық жинау жəне оларды жануға тексеру; шыны бұйымдарын, металл жақтауларды, қабыршықты, герметикті, электр қыздыратын элементтерді жəне тағы басқаларын дайындау; жабысатын ерітіндіні дайындау; көбік шынының жəне жалпақ асбоцементтің блоктарын тегістеу жəне ысқылау; марканы жинау үстеліне қою, шынны шектегіштерге орнату, шынылардың арасында қабыршықты салу; шыны пакеттерін престеуге беру; ауаның қысымын реттеу; жүктемемен асбоцементтің жазықтарымен панелінің бүйір қырларын байлау; шыны бұйымдарын сынау. 443. Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың жəне құрылғылардың құрылысы жəне пайдалану ережесі; əр түрлі бұйымдарды жинау мен жабыстырудың технологиялық процесі; əр түрлі пішінді шыны бұйымдарын қоршау жəне бекіткіштерді жинау тəсілдері; жиналатын шыны бұйымдарының сапасына қойылатын талаптар; ақау түрлері, оның алдын алу бойынша шаралар. Параграф 3. Шыны бұйымдарын жинаушы, 4-разряд 444. Жұмыс сипаттамасы: электр қыздыратын шыныларды, əр түрлі конструкциялы күрделі электр қыздыратын жəне термоберік шыны бұйымдарын жинау жəне құрастыру; ситалдардан жасалған бұйымдарды жинау үшін бөлшектерді тегістеуші терімен жəне полимерлеуді пайдаланумен майсыздандыру жəне өңдеу; органикалық пасталар мен ерітінділерден рецепт бойынша жабыстыратын полимерлі қоспаны, эмальды, тығындау жəне бітеу құрамын дайындау; тығындау қабатын қолмен жағу; тығындалған жерлерді эмаль қабатымен жабу; бітейтін құрамды бөлшектерге қолмен көп рет жағу; бөлшектің шетіне органикалық қорғаныш ерітінділерін жағу; бөлшектерді күйдіруге тасу; арнайы техникалық шыныдан шыны пакеттерін жинау; шыныны, үлбірді, рамкаларды, электр қыздыратын элементтерді дайындау; үлбір төсеу; шыны бұйымдарын əр түрлі материалдармен қоршау; контактілерді дəнекерлеу; престеу үшін шыны бұйымдарын жинақтау; бұйымдарды 0,1 мм дейін дəлдікпен геометриялық пішіні бойынша қиыстырып келтіру; престеу үшін пакеттерді қатарластырып жинау. 445. Білуге тиіс: арнайы техникалық шыныға; шыны жартылай фабрикаттарға, арматураға жəне жұмыста қолданылатын материалдарға қойылатын техникалық талаптар; электр өлшеу аспаптарының, электр қыздыратын элементтердің құрылысы; электр параметрлерді өлшеу тəсілдері; сызуларды оқу ережесі, шыны бұйымдарын əр түрлі материалдармен қоршау жəне жинау тəсілдері; органикалық реактивтердің қасиеттері, оларды сақтау тəсілдері мен мерзімдері; тығындау жəне бітеу құрамы мен полимерлі қоспаны дайындау тəсілдері; раковиналарды бітеудің технологиялық режимі; жиналатын бұйымдарға қойылатын техникалық шарттар; ақау түрлері жəне оның алдын алу бойынша шаралар. Параграф 4. Шыны бұйымдарын жинаушы, 5-разряд 446. Жұмыс сипаттамасы: электр қыздыратын шыныларды, əр түрлі конструкциялы ерекше күрделі электр қыздыратын жəне термоберік шыны бұйымдарын күрделі сызулар бойынша жинау жəне құрастыру; полимерлі қоспаны құю; полимерлеу процесін жүргізу; аллоскоп пен оптикалық қондырғының көмегімен оптикалық көрсеткіштерді реттеу; ситалдан жасалған бұйымдарды жинау; индикатор құралдың көмегімен жинау дəлдігін бақылау; арнайы қосалқы қабаттар мен электрлік контактілерді пайдаланана отырып шыны бұйымдарын термотөзгіш материалдармен жəне металл арматурамен қоршау; контактілерді дəнекерлеу; шыны бұйымдарын престеуге арналған арнайы құрылғыларға жинақтау. 0,1 мм дейін дəлдікпен геометриялық пішіні бойынша бұйымдарды қиыстырып келтіру; дайын өнімді есепке алу жəне тапсыру; технологиялық журналдар мен паспорттарды толтыру. 447. Білуге тиіс: жиналатын бұйымдарға техникалық шарттар мен сызулар, бұйымдарды жинау мен жабыстырудың технологиялық режимі; полимерлеу режимдері, ситалдардан жасалған бұйымдарға қойылатын техникалық талаптар; шыны бұйымдарын қоршау тəсілдері, оптика бойынша бұйымдардың көрсеткіштерін түзету, бақылау-өлшеу аспаптарының жəне құралдың құрылысы жəне пайдалану ережесі; ақау түрлері жəне оның алдын алу бойынша шаралар. 83. Термостарды жинаушы Параграф 1. Термостарды жинаушы, 1-разряд 448. Жұмыс сипаттамасы: термос қабығының жекелеген бөлшектерін жиынтықтау, қатайтатын жəне амортизациялайтын бөлшектерді төсеу; термостың пластмасса немесе металл қабығында термос колбасын толық жинақтау; сыртқы жəне ішікі колбалардың арасына асбест төсемдерін немесе болат серіппелерді қою арқылы колбалар мен Дьюар ыдыстарын ортаға келтіру. 449. Білуге тиіс: əр түрлі сыйымдылықтағы жəне пішіндегі термостарды жинау тəсілдері мен ережесі; термостарды жинау сапасына қойылатын талаптар, дайын термостарға техникалық шарттар; термос колбаларын ортаға келтіру үшін қолданылатын материалдардың қасиеттері, термос колбаларын ортаға келтіру қасиеттері. Параграф 2. Термостарды жинаушы, 2-разряд 450. Жұмыс сипаттамасы: пластмасса, металл корпусымен термостарды жиынтықтау, жинау жəне құрастыру; сувенир термостарды жинау; жекелеген тораптарды жинау кезінде саңылауларды бұрғылау; электр қыздырғыштарды орнату; қайырмалы қақпақты жинау жəне орнату. 451. Білуге тиіс: жиналатын тораптардың атауы, олардың өзара орналасуы, жиналатын термостарға жиынтыққа кіретін бөлшектердің ерекшелігі мен мөлшерлері, бұрғылау тəсілдері; кесетін аспапты пайдалану ережесі; термостарды жинау сапасын бақылау əдістері. 84. Тигльдер жинаушы Параграф 1. Тигльдер жинаушы, 4-разряд 452. Жұмыс сипаттамасы: тигльдерді алдын ала өңдеу; тапсырысқа сəйкес тигльдік бөлшектерін мөлшері бойынша іріктеу; пуансонның шығарылымын қиыстырып келтіру жəне тигльдерді ортаға келтіру; тигльдерді блоктармен немесе хрустальмен зарядтау; тигльдерді сөрелерге орнату. 453. Білуге тиіс: тигльдің құрылысы жəне оны жинау мен зарядтау ережесі; түтіктердің əр түрлі диаметрлері үшін тигльдерді жинау, өңдеу дəлдігіне қойылатын талаптар; хрустальдың түрлері, пуансонның шығарылымы, пуансонның диаметрі бойынша берілген түтіктің диаметріне байланысты тигльдерді жинау кестесі. 85. Шыны бұйымдарын дəнекерлеуші Параграф 1. Шыны бұйымдарын дəнекерлеуші, 3-разряд 454. Жұмыс сипаттамасы: шыны блоктарын, шыны түтіктерін дəнекерлеу жəне бөлшектерді түтіктерге дəнекерлеп жапсыру; газоттегі жанарғыларда, дəнекерлеу аппараттары мен станоктарда 100 мм дейін диаметрі бар түтіктерді қоса алғанда фасондық бөліктерді дəнекерлеп жапсыру. 455. Білуге тиіс: дəнекерлеу аппараттарының, станоктардың жəне газоттегі жанарғылардың құрылысы жəне жұмыс істеу қағидасы; шыны бұйымдарын дəнекерлеудің технологиялық режимі, жанарғылардың жалынын реттеу тəсілдері; шыны бұйымдарын дəнекерлеу сапасына қойылатын талаптар. 456. Жұмыс үлгілері: Дəнекерлеу: 1) крестовиналар; 2) өтулер; 3) ұшайырлар. Параграф 2. Шыны бұйымдарын дəнекерлеуші, 4-разряд 457. Жұмыс сипаттамасы: дəнекерлеу станоктарында, газ ауа жəне газ оттегі жанарғыларының көмегімен диаметрі 100 мм артық шыны түтіктерді жəне фасондық бөліктерді дəнекерлеу. 458. Білуге тиіс: газ жанарғыларының жəне əр түрлі дəнекерлеу станоктарының құрылысы; газ жанарғыларын жөндеу жəне шыны бұйымдарын дəнекерлеу процесінің əр түрлі сатыларында олардың жалынын реттеу ережесі; шынының құрамы, оның термиялық жəне механикалық қасиеттері; ақаудың түрлері мен себептері, оның алдын алу жəне жою əдістері. 459. Жұмыс үлгілері: Дəнекерлеу: 1) крестовиналар; 2) өтулер; 3) үшайырлар. Параграф 3. Шыны бұйымдарын дəнекерлеуші, 5-разряд 460. Жұмыс сипаттамасы: диаметрі 150 мм артық шыны түтіктерді жəне фасондық бөліктерді дəнекерлеу; газоттегі жəне газауа жанарғыларының жалынында технологиялық құбырлар үшін əр түрлі конструкциялы шұралар мен крандарды дəнекерлеу; ішкі дəнекерді орындау; шыны блоктарының өндірісі бойынша технологиялық тармақ жабдығына қызмет көрсету: карусель- дəнекерлеу үстел- автоматы, бұйымдарды алу жəне күйдіру пешіне тиеу механизмдері, жартылай блоктарды дəнекерлеу үстеліне тиеу механизмдері; дəнекерлеу технологиялық параметрлерін реттеу; жартыблоктардың шеттерін балқыту, блоктың барлық габариттері бойынша мөлшерлерді дəл сақтау; дайындалатын бұйымдардың сапасын, газдың біркелкі түсуін жəне газ жанарғыларының дұрыс жұмыс істеуін қадағалау; желі ақауы мен істемей қалуының туындауының алдын алу бойынша шаралар қабылдау; қызмет көрсетілетін жабдықты жөндеуге қатысу. 461. Білуге тиіс:

5 қазан 2013 жыл

дəнекерлеу станоктарының жəне əр түрлі жанарғылардың құрылысы жəне пайдалану ережесі; дəнекерлеу жұмыстарын жүргізу үшін құрылғылардың құрылымы мен құрылысы, əр түрлі маркалы шынының құрамы; термиялық жəне механикалық қасиеттері, шыныдан арматураға арналған техникалық шарттар; жөндеу жұмыстарын өз бетімен орындауға қажетті көлемде слесарь ісі мен электр техника; күрделі сызуларды оқу ережесі; ақаудың түрлері мен себептері жəне оның алдын алу бойынша шаралар. 462. Жұмыс үлгілері: Дəнекерлеу: 1) бұрыштық жəне əрлі-берлі өтетін шұралар; 2) диафрагмалы жəне сильфонды түріндегі шұралар; 3) əрлі-берлі өтетін жəне үшжүрістік крандар. 86. Шыны бұйымдарын бұрғылаушы Параграф 1. Шыны бұйымдарын бұрғылаушы, 2-разряд 463. Жұмыс сипаттамасы: бұрғылау станоктарында эксцентрлік шегі бар алмас, түтікті жəне басқа бұрғылармен шыны бұйымдарында əр түрлі бұрыштармен əр түрлі жазықтықтарда жеткізгішсіз əр түрлі диаметрлі аралық жəне бітеу саңылауларды бұрғылау жəне тексеріп қарау; құралды бұрғылау станогында тексерумен орнату; бұрғылар мен зенковкаларды қайрау; бұрғылау режимін таңдау. 464. Білуге тиіс: бұрғылау станоктары мен құрылғылардың құрылысы жəне жұмыс істеу қағидасы; бұрғылар мен зенковкаларды іріктеу жəне қайрау ережесі; бұрғылау режимі, өңдеу параметрлері туралы негізгі мəліметтер; ақау түрлері жəне оның алдын алу бойынша шаралар. Параграф 2. Шыны бұйымдарын бұрғылаушы, 3-разряд 465. Жұмыс сипаттамасы: алмас, түтікті жəне басқа бұрғылармен əр түрлі бұрыштармен əр түрлі диаметрлі аралық жəне бітеу саңылауларды шыны бұйымдарында бұрғылау; саңылауларды сызулармен жəне эскиздермен қарастырылған мөлшерлерге дейін жеткізу; шынының маркасы мен бұйымның геометриясына байланысты бұрғылау режимін реттеу; бұрғылау сапасын бақылау; қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы олқылықтарды жою. 466. Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы жəне жұмыс істеу қағидасы; құралдарды орнату ережесі; шынының əр түрлі маркаларын бұрғылау тəсілдері; сызуларды оқу ережесі; ақау түрлері жəне оның алдын алу тəсілдері. 87. Сепараторшы Параграф 1. Сепараторшы, 2-разряд 467. Жұмыс сипаттамасы: шикізаттық материалдарды сепараттау; магнитті сепараторды шикізаттық материалдармен тиеу; сепаратордың жұмысын жəне материалдарды темір тотықтарынан тазартуды қадағалау. 468. Білуге тиіс: магнитті сепаратордың құрылысы жəне жұмыс істеу қағидасы; қосатын құрылғыларды пайдалану ережесі; шикізаттық материалдарды сепараттау ережесі. 88. Күміс жалатушы Параграф 1. Күміс жалатушы, 2-разряд 469. Жұмыс сипаттамасы: қарапайым конфигурациялы шыны жəне шыны бұйымдарына күміс жалату; шыны жəне шыны бұйымдарына күміс жалатуға дайындау; шыны бұйымдарын күміс жалатушы станокқа қою; шыныны химиялық ерітінділермен жəне тазартылған сумен шю. 470. Білуге тиіс: шыны жəне шыны бұйымдарына күміс жалатудың технологиялық процесі; күміс жалату ақауының түрлері жəне оның алдын алу мен жою бойынша шаралар. 471. Жұмыс үлгілері: 1) мөлшері 200 м дейін шағылдырғыштар - күміс жалату; 2) 30 мм дейін призмалар - күміс жалату; 3) мөлшері 20х25 см дейін шыны жəне шыны бұйымдары, шырша əшекейлері - күміс жалату; 4) сыйымдылығы 3 л дейін термостар - күміс жалату. Параграф 2. Күміс жалатушы, 3-разряд 472. Жұмыс сипаттамасы: орта күрделі шыныға жəне шыны бұйымдарына күміс жалату; шыныны химиялық ерітінділермен жəне тазартылған сумен шаю; күміс жалатушы үлбірді (амальагаманы) кептіру; шыны бұйымдарын кептіруді қадағалау жəне температуралық режимін реттеу; күміс жалататын ерітінділерді қалыптастыру. 473. Білуге тиіс: шыныға жəне шыны бұйымдарына күміс жалатудың технологиялық процесі; күміс жалату үшін қолданылатын ерітінділердің рецептурасы мен дайындау тəсілдері; химикаттар мен өңделінетін бұйымдарға арналған техникалық шарттар; күміс жалату ақауының түрлері жəне оның алдын алу мен жою бойынша шаралар. 474. Жұмыс үлгілері: 1) мөлшері 10 мм дейін ұсақ бөлшектер - күміс жалату; 2) мөлшері 200 мм артық шағылдырғыштар - күміс жалату; 3) мөлшері 30 мм артық призмалар - күміс жалату; 4) III-V класты кедір-бұдырлы торлар - кеуексіз күміс жалату; 5) дьюар ыдыстары - күміс жалату; 6) мөлшері 20х20 см жəне 70х55 см артық шыны жəне шыны бұйымдары- күміс жалату; 7) сыйымдылығы 3л артық термостар - күміс жалату. Параграф 3. Күміс жалатушы, 4-разряд 475. Жұмыс сипаттамасы: күрделі конфигурациялы шыныға жəне шыны бұйымдарына күміс жалату; күміс жалататын ерітінділерді қалыптастыру; күміс жалататын станокқа бұйымдарды салу; шыныны химиялық ерітінділермен жəне тазартылған сумен шаю; күміс жалатату үлбірін кептіру; шыны бұйымдарын кептірудің температуралық режимін сақтау. 476. Білуге тиіс: шыныға жəне шыны бұйымдарына күміс жалатудың технологиялық процесі, күміс жалату үшін қолданылатын ерітінділердің рецептурасы мен дайындау тəсілдері; химикаттар мен өңделінетін бұйымдарға техникалық шарттар; күміс жалату ақауының түрлері жəне оның алдын алу мен жою бойынша шаралар. 477. Жұмыс үлгілері: 1) мөлшері 10 мм артық бөлшектер- жарық бөлетін химиялық күміс жалату; 2) мөлшері 70х55 см артық шынылар - күміс жалату. 89. Шыны массаны құюшы Параграф 1. Шыны массаны құюшы, 3-разряд 478. Жұмыс сипаттамасы: ванна пешінен шыны массасын құю процесін жүргізу; шыны массасын флюстарға ұсақтау; құйғыш машина мен транспортердің жұмысын қадағалау; шыны массасының ағысын суытуға арналған суды беруді реттеу; құйғыш машинасын тазалау. 479. Білуге тиіс: құю процесін жүргізу жəне шыны массасын ұсақтау ережесі; құйғыш машина мен транспортердің құрылысы; шыны массасының ағысын суытуға арналған суды беруді реттеу. 90. Шихта құрастырушы Параграф 1. Шихта құрастырушы, 3-разряд 480. Жұмыс сипаттамасы: берілген рецептураға сəйкес шихта құрастыру; шихтаға кіретін шикізат компоненттерін мөлшерлеу жəне өлшеу; шихта компоненттерін араластыратын агрегаттарға құю; шикізат компоненттерінің араластырғышқа түсуін реттеу; транспортерлердің, элеваторлардың, араластырғыштардың жұмысын қадағалау; өлшеу дұрыстығын бақылау; шихтаны араластыру сапасын бақылау мен химиялық талдау үшін сынамалар алу; дайындалған шихтаны түсіру жəне оны қор бункерлеріне беру; материалдарды есепке алу жəне оларға бастапқы құжаттаманы ресімдеу. 481. Білуге тиіс: мөлшерлеу, араластыру жəне тасу жабдығының құрылысы жəне жұмыс істеу қағидасы; дайындалатын шихтаның рецептурасы, шихта компоненттерін өлшеу жəне құю реттілігі, шихтаны араластыру сапасына қойылатын талаптар; суды, мышьякты, қорғасын қосылыстарын жəне шихтаның құрамына кіретін басқа улы заттарды ұстай білу ережесі; шихтаны тасу ережесі. Параграф 2. Шихта құрастырушы, 4-разряд 482. Жұмыс сипаттамасы: ағындық – механикаландырылған жəне автоматтандырылған желілерде шыны қайнататын өндіріс үшін шихта дайындау процесін жүргізу; шихтаны арнайы жабдықта ұсақтау; арнайы шыныларды қайнату үшін шихтаны ұсақтау: техникалық (электрвакуумдық), саптама, хрустальды; кварц кесегін дайындау; технологиялық желіге кіретін агрегаттардың жұмысын қадағалау жəне реттеу; əр түрлі қышқылдарда (балқытушыдан басқа) кварц кесегін сусыздандыру, кептіру, өңдеу; шихтаның сапасын талдау үшін бақылау сынамалар алу; қызмет көрсетілетін жабдықты жөндеу; дайындалған шихтаны есепке алу жəне құжаттама жүргізу. 483. Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы, əрекет ету қағидасы жəне жөндеу ережесі; шихтаның құрамы, шикізатты өңдеу реттілігі, шихтаға жəне шихтаны араластыру сапасына қойылатын техникалық талаптар. Параграф 3. Шихта құрастырушы, 5-разряд 484. Жұмыс сипаттамасы: автоматты басқару жүйесімен желілерден шихта дайындау процесіне қызмет көрсету; І-шы класты улылықты шикізаттық материалдарды пайдаланумен күрделі көпкомпонентті шихтаны (12-14 компонентті) дайындау; берілген рецептураға сəйкес жекелеген компоненттерді мөлшерлеу, өлшеу; араластыратын жəне таситын жабдықтың жұмысын қадағалау; дайындалған шихтаны есепке алу. 485. Білуге тиіс: көпкомпонентті шихтаны дайындау технологиялық процесі; дайындалатын шихтаның рецептурасы; улы материалдармен жұмыс істеу тəртібі жəне тəсілдері; шихтаның сапасына қойылатын талаптар. 91. Шыны қайнатушы Параграф 1. Шыны қайнатушы, 4-разряд 486. Жұмыс сипаттамасы: бекітілген режимге сəйкес қарапайым маркалы шыны массасын, силикат-глыбаны, эрклезді, флюстарды қайнату процесін жүргізу; шихта мен ұсақ шыныны құмыраларға жəне пештерге уақытында себуді қамтамасыз ету; шихта мен үгілген шыныны пешке жылжытуды реттеу; пеште шыны массасының қажетті деңгейін ұстап тұру; жұмыс камерасының, арналар мен жанарғылардың, ауырлық жəне үрлеу құрылғыларының күйін қадағалау; форсункаларды мерзімді тазалау жəне ауыстыру; шыны қайнату температурасын жəне отынның пешке түсуін реттеу; бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін қадағалау; құмыраларды пешке орнатуға жəне алуға қатысу; пешке ағымдағы жөндеу жасауға қатысу; шыны қайнатудың негізгі көрсеткіштерінің жазуларын жүргізу; шыныны табаққа немесе блокқа құюға қатысу. 487. Білуге тиіс: шыны массасын қайнату технологиясының негіздері, қызмет көрсетілетін пештер мен жабдықтың құрылымы; шыны қайнататын пештерге қызмет көрсету бойынша технологиялық нұсқаулық, отын мен ауаны пешке беруді реттеу тəсілдері; термоөлшейтін аспаптардың белгіленуі жəне қолданылуы, шихтаның құрамы жəне оның компоненттерінің қасиеттері; шыны массасының ақау түрлері жəне олардың алдын алу жəне жою бойынша шаралар. Параграф 2. Шыны қайнатушы, 5-разряд 488. Жұмыс сипаттамасы: автоматты реттеу жүйелерімен жабдықталған құмыра тəрізді жəне ванна пештерінде хрусталь, саптама, қиын балқитын жəне ыстыққа төзімді шыныларды, орта күрделі маркалы шыны массасын қайнату процесін жүргізу;

шихта мен үгітілген шыныны пешке уақытында себуді жүргізу; шихта мен үгітілген шынының жылжуын реттеу; пеште шыны массасының берілген деңгейін қолдау; қайнатудың жылулық, газдық жəне гидравликалық режимін реттеу; шыны массасының айнасының күйін жəне барботажды қондырғының жұмысын бақылау; пештің бақылау нүктелерінен сынамалар алу арқылы қайнату процесін үнемі бақылау; құмыраларды пешке орнатуды жəне оларды алуды басқару; техникалық есептілік пен құжаттаманы жүргізу; пештерді жөндеуге қатысу. 489. Білуге тиіс: шыны массасын қайнатудың технология негіздері, қызмет көрсетілетін пештердің жəне жабдықтың құрылысы жəне техникалық пайдалану ережесі; шихтаның құрамы жəне оны компоненттерінің қасиеттері, ауа мен отын келтіру сызбасы; бақылау-өлшеу жəне тіркеу аппаратурасының құрылысы жəне пайдалану ережесі; шыны массасының ақаулары жəне олардың алдын алу жəне жою бойынша шаралар. Параграф 3. Шыны қайнатушы, 6-разряд 490. Жұмыс сипаттамасы: үздіксіз жəне мерзімді жұмыс істейтін құмыра тəрізді пештер мен ванналарда шынының күрделі, сирек қайталанатын маркаларының шыны массасын қайнату процесін жүргізу; шыныны электрмен қайнатуды жүргізу; пешті шихтамен жəне үгітілген шынымен қуаттандырудың тұрақты режимін қамтамасыз ету; қайнатудың жылулық, газдық жəне гидравликалық режимін реттеу; шыны қайнататын пештің, саптаманың күйін, желдету жүйелерінің жұмысын бақылау; магистральдарда отын мен ауаның қысымын, түтікте сұйылуын қадағалау; бақылау сынамаларын алу, қызмет көрсететін пештердің жұмыс көрсеткіштерінің жазуларын жүргізу, оларды «суық» жəне «ыстық» жөндеуге қатысу. 491. Білуге тиіс: əр түрлі құрылымды пештердің құрылысы жəне оларды пайдалану ережесі; шыны массасын қайнату технологиялық процесі, тоқ жүктемелерін реттеу ережесі; қолданылатын шихтаның құрамы жəне оның компоненттерінің қасиеттері; əр түрлі маркалы шыныларды қайнатудың технологиялық процесінің ерекшеліктері; шыны массасының ақаулары жəне олардың алдын алу жəне жою бойынша шаралар; бақылау-өлшеу жəне тіркеу аппаратурасының құрылысы жəне пайдалану ережесі; шыны массасын қосымша электрлік қыздыру жүйесінің құрылысы. Параграф 4. Шыны қайнатушы, 7-разряд 492. Жұмыс сипаттамасы: шыны массасын қайнататын технологиялық процесті автоматты басқару жүйесімен (АСУ- ТП) үздіксіз жəне мерзімді əрекеттегі ванна жəне құмыра пештерінде ерекше күрделі тəжірибелік, эксперименталдық, арнайы маркалы шыныларды термиялық қалыптау тармағы үшін шыны массасынан қайнату процесін жүргізу; пештерді шихтамен жəне шыны үккішпен қуаттандырудың тұрақты режимін қамтамасыз ету; шынының сынамаларын іріктеу; пештердің берілген жылулық, газдық жəне гидравликалық режимін ұстау. АСУ-ТП-да қайнатудың берілген параметрлерін енгізу; қызмет көрсететін пештердің жұмыс көрсеткіштерінің жазуын жүргізу. 493. Білуге тиіс: шыны массасын қайнатудың технологиялық процесі; əр түрлі конструкциялы пештердің құрылысы жəне оларды пайдалану ережесі; шыныны қайнату процесін автоматты басқару жүйелерінің құрылысы жəне жұмыс істеу қағидасы; шихтаның құрамы мен оның қасиеттері; шыны массасының ақаулары жəне олардың алдын алу мен жою бойынша шаралар. 494. Орта кəсіптік білім қажет. 92. Шыны үрлеуші Параграф 1. Шыны үрлеуші, 2-разряд 495. Жұмыс сипаттамасы: кварцты жəне қарапайым шыныдан газ жəне газ оттегі жанарғының жалынымен үрлеу арқылы қарапайым бұйымдар мен бөлшектерді дайындау; люминоформен жабылған дроттан бір немесе екі бұрышты түзу газразрядты құбырларды, шыныны металмен жай дəнекерлеп жапсыру, сынап-кварцты лампаларды жинақтау үшін қосалқы орнатқыштарды жəне сынап лампалардың жанарғылары үшін орнатқыштарды дайындау. 496. Білуге тиіс: барлық жүйелердің газ жанарғыларын пайдалану ережесі; шыныны өңдеу мен күйдірудің əртүрлі сатыларында жанарғылардың жалынын реттеу тəсілдері, металдарды (вольфрамды, молибденді, мысты) қыздыру температурасы, шыныны металмен дəнекерлеу ережесі мен тəсілдері; кварцпен жұмыс істеген кезде қорғаныш құралдарын пайдалану ережесі; бақылау-өлшеу аспабын пайдалану ережесі. 497. Жұмыс үлгілері: 1) диаметрі 24 мм дейін деңгей ампулалары – дайындау; 2) аппараттарға құйғыштар - дайындау; 3) диаметрі 1 мм дейін металл шығарулар – сұйық шыны жіппен орау; 4) сұйық қоспаны айдауға арналған шарлы дифлегматорлар (Линеман) - дайындау; 5) төрт тəсілден тұратын түсті шыны дроттан жасалған сувенир бұйымдар - дайындау; 6) вакуумдық қондырғыларды электрмен қуаттандыруға арналған оқшаулағыштар - дайындау; 7) термометрге, вискозиметрлерге жəне сынап барометрлерге арналған капиллярлар - дайындау жəне күйдіру; 8) электрвакуумдық аспаптардың əр түрлі түрлеріне арналған колбалар - дайындау; 9) колбалар – күмбезді қалыптаумен, саңылауын үрлеумен, штенгельді дəнекерлеумен дайындамалардан əр түрлі маркалы шынылар дайындау; 10) сыйымдылығы 25-50 мл өлшенбейтін колбалар - дайындау; 11) есептеуіштердің колбалары – катодтық ұшын дəнекерлеу; 12) жиналған есептеуіш колбалар (жағылған катодтық қабатпен жəне дəнекерленіп жабыстырылған анодтың ішкі түтігімен) – мойнын қалыптау; 13) люминоформен жабылмаған дроттан диаметрі 1,3 м дейін шығыршықтар – электродтарды шынылау; 14) ДРП лампалары - шынылау; 15) люминоформен жабылған дроттан тура лампалар - дайындау; 16) көз күрекшелері, катушкалар, көрнекті құралдарына арналған мысқалдар жəне күрделілік жағынан басқа ұқсас бұйымдар - дайындау; 17) штенгельді металкерамика шамдарының жалғамалары - даярлау жəне дəнекерлеу; 18) тиратрондарға арналған анод пышақтар - дайындау; 19) өсінділер, түтіктер – тесіктерге дəнекерлеп жапсыру; 20) сұйықтықтардың салыстырмалы салмағын анықтауға арналған пикнометрлер (Реньс) - даярлау; 21) индикаторларды жəне басқа сұйықтықтарды сақтауға арналған тамызғыштар (Строшейн) - дайындау; 22) диаметрі 16-дан 30 мм дейін шыны түтіктер - дайындау; 23) баяу балқитын шыныдан пулькалар - дайындау; 24) май өлшеуіштерге арналған кішкене етіктер - дайындау; 25) есептеуіш анодтардың ішкі түтіктері - дайындау; 26) диаметрі 2 мм артық дроттық шыныдан оқшаулау түтіктері - дайындау; 27) шырша əшекейлері: Аяз Ата, ірі шарлар, зырылдауық, бас жақтары, дара зымырандар жəне күрделілігі жағынан оларға басқа ұқсастар - дайындау; 28) 2-ден 4 бұрышқа дейін құрайтын дроттан қарапайым түзу сызықты пішіндер - дайындау; 29) сүт емізіктерінің, резеңке емізіктердің, муфталардың қалыптары - дайындау; 30) шарлар, колбалар, түтіктер - тесіктерді үрлеу; 31) ареометрлердің штенгельдері, сынапқа арналған резервуарлар, термометрлердің кішкене бастары, құм сағаттар - дəнекерлеу. Параграф 2. Шыны үрлеуші, 3-разряд 498. Жұмыс сипаттамасы: кварцты жəне қарапайым шыныдан жасалған газ жəне газ оттегі жанарғысының жалынымен үрлеу арқылы қарапайым бұйымдар мен əртүрлі конфигурациялы бөлшектерді дайындау; құрылғыларға мықты вакуумды дəнекерлемесі бар кварц бұйымдарын құрастыру; бұйымнан алдын ала ауаны тартып шығарып, электродтарды кварц бұйымдарына дəнекерлеу; шыны бұйымдарын алдын ала өңдеу, шыны жəне металл тораптары мен бөлшектері бар шынының герметикалық дəнекерін дайындау. 499. Білуге тиіс: кварц шыныдан əр түрлі конфигурациялы қарапайым бұйымдар мен бөлшектерді дайындау технологиясы; газ оттегі жанарғыларының жəне тартып шығаратын қондырғылардың құрылысы жəне олармен жұмыс істеу ережесі; электродтарды кварц бұйымдарына дəнекерлеп салу ережесі мен тəсілдері, шынының əр түрлі маркаларының қасиеттері; дəнекерлемелерді өңдеу мен кесу үшін əр түрлі маркалы шыныны жұмсарту температурасы, металдарды қыздыру температурасы жəне оларды кеңейту коэффициенті; шыны мен металды шыныға дəнекерлеп жапсыру тəсілдері мен тəсімдері; шыны жасытуын қабылдау ережесі; əр түрлі бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі; ақау түрлері жəне оның алдын алу бойынша шаралар. 500. Жұмыс үлгілері: 1) диаметрі 24 мм артық деңгей ампулалары - дайындау; 2) барлық тағайындаудағы ареометрлер - дайындау; 3) салмағы 30 кг аспайтын сынап колбалардың баллондары жөндеу; 4) люминоформен жабылмаған дроттан шабылған жəне шеңбер шрифты əріптер мен сандар - дайындау; 5) 25-100 мл олив ыдыстағы бюреткалар - дайындау; 6) жапсырмалар – ауысымды шынымен жабу, сорғылау мен түбін қалыптастыру; 7) волюметрлер (Шателье-Кондло) - дайындау; 8) диаметрі 50 мм дейін құйғыштар, крандар мен шлифтер - дайындау; 9) мөлшері 5 мм дейін əртүрлі типтегі тығындар - дайындау; 10) вакуум кестелерінің бөлшектері, тарақтар, шарлар - дайындау; 11) бес нəрседен тұратын түсті дроттан жасалған сувенир бұйымдар - жасау; 12) шприцтерге канюльдер - дайындау; 13) колба тəрізді тамызғыштар - дайындау; 14) сүт қышқылын анықтау үшін аспаптарға арналған тамызғыштар (Тернер) - дайындау; 15) строшейн тамызғыштары, Паскаль аспаптары, Флоринский құйғыштары, талшыққа арналған құйғыштар - дайындау; 16) барлық термометрлерге арналған капиллярлар - қашау; 17) капиллярлар мен қайықтар - дайындау; 18) жоғары вольтты есептеуіш колбалар - дайындау; 19) электр-сəулелі құбыр үшін колба конустары - шыны аяқтық бүйір шығаруларын қайнату; 20) люминоформен жабылған диаметрі 1,3 м дейін дротты шеңберлер - дайындау; 21) люминоформен жабылмаған диаметрі 1,3 м дейін дротты шеңберлер - дайындау; 22) төменгі вакуумға сынап манометрлерінің кюветтері, төменгі жəне жоғарғы вакуум үшін вакуумдық коммуникациялар - дайындау; 23) электрод конструкцияларына калибрлі шыныдан жасалатын кішкентай аяқтар - дайындау; 24) күрделі емес химиялық ыдыс - дайындау; 25) капиллярлар мен маңдайшалы кілем шығулары бар электрвакуумды аспаптар - дайындау; 26) диаметрі 30 мм артық барлық тағайындаудағы шыны түтіктер - дайындау; 27) центрифугалы шыны түтіктер - дайындау; 28) қасиет беретін, бейнелі жəне капиллярлы ыдыстар – дайындау; 29) көлемі 25х35 мм - 30х45 мм таразылауға арналған (бюкстер) стакандар, медициналық қоспалауыштар - дайындау; 30) қарапайым қоспалары бар вакуум кестелері – бөлек бөлшектерін ауыстырып жəне вакуумын тексеріп жөндеу немесе құрастыру; 31) ГС-60 типтегі есептеуіштер – анод жібін дəнекерлеу жəне орталықтандыру, қылтаны қалыптау; 32) терезе, ванна, жасанды ұрықтандыруға, сүтке жəне тағы басқа арналған термометрлер - дайындау; 33) тубустар – колбаны балқыту жəне кесу; 34) шырша əшекейлері – күрделі бұйымдар - дайындау; 35) үш ішкі шардан тұратын тоңазытқыштар - дайындау; 36) қалыпты шлиф астына қажет жəне тұмсықты өлшем цилиндрлер - дайындау; 37) сынап-кварцты пен кварц-йодты шамдарды шайқау үшін штенгельдер - дайындау.

Параграф 3. Шыны үрлеуші, 4-разряд 501. Жұмыс сипаттамасы: кварцты жəне қарапайым шыныдан газды жəне газ оттегі жанарғының жалынымен үрлеу арқылы күрделілігі орташа бұйымдар мен əртүрлі конфигурациялы бөлшектерді дайындау; сыртқы дəнекерлемелерді орындау; балқыту, ақауларды жою, кварцты шыныдан көпіршіктерді күйдіру, барлық ұзындық бойымен кварц құбырын біркелкі созу жəне үрлеу; үрлеуге жарайтын шыны салмағын теріп жəне қажетті қабырға қалыңдығын ала отырып құбырларды дəнекерлеу; газды жəне газ оттегі жанарғының жалынын реттеу; ұлғайтудың əртүрлі коэффициенттері кезінде шыныға металды дəнекерлеу; қарапайым шыны бұйымдарының ішкі дəнекерлемелерін орындау; газды жанарғының жалынымен дайындалатын бұйымдарды күйдіру. 502. Білуге тиіс: қарапайым жəне кварцты шыныдан орта күрделі үрлеу жұмыстарының өндіріс технологиясы; шынының əр түрлі маркаларының құрамы мен қасиеттері; дайындалатын бұйымдардың жекелеген бөліктерін дəнекерлеу ережесі; газдық жанарғыларды жəне бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі; ақаудың түрлері мен себептері жəне оның алдын алу мен жою əдістері. 503. Жұмыс үлгілері: 1) Гейслер-Эдман аппараттары - дайындау; 2) 10 шарлы бром əдісімен күкіртті анықтау үшін аппараттар (Лунге-Мейер-Литто) - дайындау; 3) аппараттар (Рорбок-Мор) - дайындау; 4) теңіз суына арналған ареометрлер - дайындау; 5) салмағы 30 кг артық сынап колбалардың баллондары – герметикалық өңдеу мен ақауларды жою; 6) люминоформен жабылған дроттан шабылған жəне шеңбер шрифты əріптер мен сандар - дайындау; 7) кнефлер бюреткалары - құрастыру; 8) сұйықтарды өлшеу мен сақтауға арналған екіжүріс жəне үшжүріс кранды бюреткалар – дайындау; 9) диаметрі 50 мм артық құйғыштар - дайындау; 10) диаметрі 5 мм артық барлық типтегі тығындар - дайындау; 11) микроаппараттар гильзалары - дайындау; 12) сүт, кілегей, процезиялық май өлшеуіштері – шкаласы бар корпусты дəнекерлеу; 13) бес қабылдаудан тұратын кварцты шыныдан кəдесый бұйымдар - дайындау; 14) алты қабылдаудан тұратын түсті шыны дроттан жасалған сувенир бұйымдар, қысым ықпалымен жұмыс істеуге арналған шыны фильтрі бар уылдырық құйғыштар - дайындау; 15) электродты изоляторлар - дайындау; 16) түсті шыныдан электрвакуумды аспаптар үшін колбалар дайындау; 17) арнайы шыныдан колбалар - дайындау; 18) сынап-кварцты шамдарға арналған кварцты колбалар - дайындау; 19) жапсырма шыныдан бейнелі колбалар - дайындау; 20) вакууметрлердің форвакуумды колбалары, күрделі конфигурациялы арнайы кюветтері мен сынап ажыратқыштар - дайындау; 21) терезесі тартылған фотоэлементтердің колбалары - дайындау; 22) екі фурадитті шыны аяқтар балқытылған электронды көбейткіш колбалар –дайындау; 23) электр-сəулелі құбырлар конустары – цилиндрді балқыту; 24) екі жəне үшжүрісті крандар, кесте үшін торлар мен май аулағыштар - дайындау; 25) люминоформен жабылған диаметрі 1,3 м артық дроттан шеңберлер, сыйымдылығы 50, 100 мл пикнометрлер – дайындау мен құрастыру; 26) сыйымдылығы 5 мл дейін микробюреткалар -дайындау; 27) қалыпты шлифтері бар аспаптарға саптамалар -дайындау; 28) суы сорғалап ағатын сорғыштар - дайындау; 29) сынап-кварцты шамдардың кішкене аяқтары - дайындау; 30) сұйық жəне сынапты ауыстырылғыш қосқыштар - дайындау; 31) сұйық пен қаттыны жұтуға арналғанбір шарлы пипеткалар (Темпель) – дайындау; 32) кварцты шыныдан күрделі химиялық ыдыс -дайындау; 33) көз протездері – 3-ке дейін «ширатылуын» қолданып дайындау; 34) барлық түрдегі көз протездері – «ширатылуды» дайындау; 35) вакуумды кестелер – 3 кранға дейін қондырғысы бар 30 мм дейін диаметрімен құбырларды дайындау мен құрастыру; 36) термоконтакторлар - дайындау; 37) термометрлер: минималды, максималды медициналық резервуарларды қалыптастыру кезінде цилиндрлерге шайбаларды дəнекерлеу; 38) савинов термометрлері, бұлақтық, нан пісіруге арналған -дайындау; 39) бұрмалауынсыз күйдірілетін құбырлар - дайындау; 40) кварцты құбырлар – қабырға диаметрі мен қалыңдығы бойынша қатты калибрлеу жəне қабырғаны қорғаныш бүркеумен қалыптау; 41) сигналды оттарға арналған бейнелі оюлар, буындар, сөздер, жазықтық шиыршықтар, арнайы шамдар - дайындау; 42) 5-10 шары мен дəнекерленген құбыры бар тоңазытқыштар - дайындау; 43) барлық термомертлерге арналған шайбалар - дəнекерлеу. Параграф 4. Шыны үрлеуші, 5-разряд 504. Жұмыс сипаттамасы: кварцты жəне қарапайым шыныдан күрделі бұйымдар мен əртүрлі конфигурациялы бөлшектерді үрлеп дайындау; кварцты шыныдан əртүрлі диаметрлі құбырларды, бұйымдардың бірнеше бөлшектерін дəнекерлеу; ішкі дəнекерлемелерді орындау; ұлғаюдың əртүрлі коэффициенттері кезінде металды шыныға дəнекерлеу; жанарғылар жалынын реттеу. 505. Білуге тиіс: аспаптар мен аппараттар үшін əртүрлі конфигурациялы қарапайым жəне кварцты шыныдан күрделі бұйымдар мен бөлшектер дайындау технологиясы мен тəсілдері; əртүрлі жүйелі газды жанарғыларды қолдану ережелері; əртүрлі маркалы шынылар мен оларға дəнекерленетін металдар құрамы мен қасиеттері, шынының ұлғаю коэффициенттері; шыны мен кварцтың механикалық жəне термиялық қасиеттері; кварц шынысын өңдеудің əртүрлі сатысында жанарғылар жалынын реттеу тəсілдері; сызбаларды оқу ережесі; ақау түрлері мен оның алдын алу тəсілдері. 506. Жұмыс үлгілері: 1) литто аппараттары - дайындау; 2) БТИ-2 барбатерлері, сыйымдылығы 5 мл артық микробюреткалар –дайындау; 3) кравезинский бюреткалары - дайындау; 4) Мак-Леод типті вакуумметрлер – калибрлеп дайындау жəне капиллярлар дайындау; 5) күмістеу мен вакуумға арналған тарақтар, майлы сорғыштарға арналған орталық, форвакуумды камералар, микроманометриялық дозаторлар құбырлары, Коппо-Супергар автоматикалық пипеткалар Коппо-Супергара жəне іштей дəнекерленген басқа да күрделі бұйымдар – дайындау; 6) дефлагматорлар - дайындау; 7) кварцты лампалар дайындамалары – дайындау; 8) 7 жəне одан да көп қабылдаудан тұратын түсті шыны дроттан кəдесый бұйымдар- дайындау; 9) түсті кинескоптар - күрделі бөлшектер мен тораптарды дайындау мен құрастыру; 10) күрделі, саны 3-ке дейін қосымша бұтақтары бар электрвакуум аспаптары үшін сынақ колбалар, сынап-кварцты шамдарға шарлы колбалар - дайындау; 11) коллекторлар - дайындау; 12) жоғары вольтты тиротрондар үшін анодтық кішкене аяқтар - дайындау; 13) үш шарлы сұйық пен қаттыны жұту үшін тамшуырлар (Темпель) – дайындау; 14) сынап-кварцты құрылғылар - цилиндрлік катодтарды балқыту жəне күйдіруді іске қосу; 15) флоринский құрылғылары (ФЛ-3; ФЛ-4) - дайындау; 16) екі қабырғалы көз протездері – 4 жəне 5 «ширатылуды» қолданып дайындау; 17) күрделі нысанды көз протездер – дəрігер рецебімен дайындау; 18) вакуум жүйелерін құрастыру мен бөліктеуге арналған диаметрі 60 мм дейін шарлы қосындылар - дайындау; 19) сыйымдылығы 2,5 л аспайтын шарлы Дьюар ыдыстар - дайындау; 20) вакуумды кестелер - 3 краннан көп қондырғысы бар диаметрі 30 мм артық құбырларды дайындау мен құрастыру; 21) метостатикалық, метаофологиялық термометрлер - дайындау; 22) экспирациялық психрометрлерге (Асман) арналған топырақ бетінің температурасын анықтау үшін минималды, максималды термометрлер - дайындау; 23) микроаппараттар үшін бұрмалаумен күйдіруге арналған құбырлар - дайындау; 24) бұратын газ тазалайтын құбырлар - дайындау; 25) тоңазытқыштар – шлифтері бар батпырауық жəне қайтымды - дайындау; 26) майды айыруға арналған аппараттың тоңазытқыштары мен экстракторлары - дайындау; 27) темір кенінде мышьяк құрамын анықтауға арналған аппараттың тоңазытқыштары (Лебедура) – дайындау; 28) корра ұяшықтар - дайындау. Параграф 5. Шыны үрлеуші, 6-разряд 507. Жұмыс сипаттамасы: кварцты жəне қарапайым шыныдан үрлеп аса күрделі бұйымдар мен əртүрлі конфигурациялы бөлшектер дайындау; бірнеше ішкі жəне сыртқы дəнекерлемелер орындау; бітеу таяқшаларды қолданып кварцты шыныдан қалың қабырғалы бұйымдарды дəнекерлеу жəне екі газ оттегі жанарғылармен дəнекерленген бұйымды бірден балқыту мен қалыптау; бірнеше ішкі дəнекерлемелерді орындау; люминоформен жабылған жыпықтатқыш газ-разрядты мөлдір тетіктерді дайындау; жанарғының жалынын реттеу. 508. Білуге тиіс: кварцты жəне қарапайым шыныдан аса күрделі бұйымдарды дайындау технологиясы; кварцты шыныдан жасалған бұйымдарды өңдеуге арналған жабдық құрылымы, сызбалар мен нобайлардың оқылу ережесі; түрлі маркалы шынылар мен оларға дəнекерленетін металдардың құрамы мен қасиеттері; түрлі маркалы шынылардың ұлғаю коэффициенттері; ақаулардың түрлері мен себептері, олардың алдын алу мен жою тəсілдері. 509. Жұмыс үлгілері. 1) темірдегі көміртекті анықтауға арналған аппараттар - дайындау; 2) түрлі кристалды волометрлер мен қабылдағыш терезелі фотоэлементтер - жөндеу; 3) кеуекті жəне ұнтақ тəрізді денелердің үлес бетін анықтауға арналған жиынтық бөлшектері ( Дерягин аппараты) - дайындау; 4) теңдесі жоқ көркем бұйымдар мен сувенирлер - дайындау; 5) электрвакуум құрылғыларына арналған колбалар, күрделі, сынақ, саны 2-ден астам қосымша бұтақтары бар – дайындау; 6) жоғарывакуумды крандар, шлифтер - дайындау; 7) ішкі тоңазытқыштары бар шиыршықты шамдар -дайындау; 8) микрокапиллярлар – түрлі металдар мен жартылай өткізгіштерді оларға дəнекерлеу мен дайындау; 9) СДП диффузиялық сорғыш пен СДН-1сорғышы - дайындау; 10) жоғарывольтты тиротрондар изобарасының анодтық кішкене аяқтары - дайындау; 11) бисерден катодты бөліп тұратын құбырдағы ішкі бөлгіштердəнекерлеу; 12) металл амальгамалары мен олардың тұздарының ерітінділері арасындағы изотоптық алмасу процесін зерттеуге арналған аспаптар - дайындау; 13) физикалық жəне химиялық аспаптар, кварцты шыныдан аппаратура, микроанализ аппараттарының бөлшектері - дайындау; 14) электрвакуумды аспаптар (қайнар көздерді, қабылдағыштарды, иондарды, массаларды, спектрометрлерді) - ВЭУ диод жүйесін дəнекерлеу; 15) көз протездері – 6 жəне одан да көп «ширатылуды» қолданып дайындау; 16) ерекше күрделі көз протездері- дəрігер рецебімен дайындау; 17) тегістегіш жəне бұратын диффузиялық қондырғыға арналған реакторлар - дайындау; 18) эпитаксиалды процестерге арналған реакторлар – станокта дайындау; 19) фланцты тығыз бейінді қима реакторлар - дайындау; 20) ағынды газ (оттегі) астында металдардың катодты тозаңдануына мүмкіндік беретін вакуумдық жүйелер –дайындау; 21) жабдықтарды инертті газбен толтыратын жүйелер - жөндеу; 22) вакуумды жүйелерді құрастыру мен бөлшектеуге арналған диаметрі 60 мм артық шар қосындылары – дайындау; 23) сыйымдылығы 2,5 л артық шарлы Дьюар ыдыстары - дайындау; 24) ГОУ газды анализатордың шар жəне цилиндрлік құяғыштары бар жұтушы ыдыстар (Вюрц -Штролейн) - дайындау; 25) көміртегі мен сутегін анықтауға арналған шлифі бар құбырлардайындау;

26) оңай ұшатын қосындыларды күйдіруге арналған құбырлар - дайындау; 27) түрлі газдармен толтыруға арналған арнайы қондырғылар (аргон, азот, гелий жəне тағы басқа) - дайындау; 28) диаметрі бойынша байсалды өткелі бар құбырлардан жасалған фигуралар - дайындау; 29) бірнеше жазықтықта көлемді орындалатын күрделі фигуралар, көлемдік шиыршықтар - дайындау. 93. Шыны бұйымдарын кептіруші Параграф 1. Шыны бұйымдарын кептіруші, 2-разряд 510. Жұмыс сипаттамасы: шыныбұйымдарды, термосқа арналған колбаларды жəне қорғайтын қабатпен жабылғаннан кейін айналарды кептіру; конвейерге бұйымды қондыру жəне оларды кептіретін камераға тиеу; кептірудің технологиялық параметрлерін реттеу: температурасын, конвейер қозғалысының жылдамдығын, ауа қысымын; бұйымдарды конвейерден алып шығару мен ыдысқа салу. 511. Білуге тиіс: кептіру камералары мен конвейердің құрылысы жəне жұмыс істеу қағидасы; қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысын, қысымды, температураны, ауаны реттеу тəсілдері; ақау түрлері жəне оның алдын алу бойынша шаралар. 94. Шикізат пен материалдарды кептіруші Параграф 1. Шикізат пен материалдарды кептіруші, 1-разряд 512. Жұмыс сипаттамасы: шикізат пен материалдарды кептіру қондырғысына тиеу. Шикізат пен материалдарды кепкеннен кейін түсіру. 513. Білуге тиіс: кептіру қондырғыларының құрылысы жəне оларға тиеу ережесі. Параграф 2. Шикізат пен материалдарды кептіруші, 2-разряд 513. Жұмыс сипаттамасы: шикізат пен материалдарды кептіру қондырғысында кептіру; берілген температуралық режимге сəйкес материалдарды кептіру процесін қадағалау; кептірудің температуралық режимін ұстап тұру. 514. Білуге тиіс: кептіру қондырғыларының құрылысы, материалды кептірудің температуралық режимі; бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі. 95. Шыны мен шыны бұйымдарын алушы Параграф 1. Шыны мен шыны бұйымдарын алушы, 2-разряд 515. Жұмыс сипаттамасы: созғыш машиналардан ыстық шынықұбырлар мен дроттарды түсіру; жазық конвейер торынан бұйымдарды түсіру мен олардың қақпағын кесу немесе ыдысқа орнату үшін конвейерге тиеу; күйдіргіш пештерге шыны бұйымдарын орнату; кесілген шыны табақтарын салу мен түсіру; оларды бумаға орнату; моллирлеу үшін шыны табақтарын қалыпқа салу, қалыптан түсіру жəне сапасын бақылау орнына орнату; суыту үшін шыны табақтарын пирамидаға орнату; мөлшері мен ассортименттері бойынша суытылған шыны табақтарын топтау, жарамды дроттарды іріктеу мен оларды бір байламға буып түю; жұмыс орнына жəшіктер мен лотоктарды əкелу; бекітілген орындарға бұйымдарды тасымалдау. 516. Білуге тиіс: шынының қасиеттері, температура режимдерінің шыны мен шыны бұйымдарының қасиеттеріне əсері; ыстық бұйымдарды пайдалану ережесі жəне оларды күйдіру мен ыдысқа салу; шыныны мөлшерлері бойынша топтау ережесі; ақау түрлері жəне оны жою ережесі. Параграф 2. Шыны мен шыны бұйымдарын алушы, 3-разряд 517. Жұмыс сипаттамасы: жартылай автоматтағы термоотырғызғыш пленкаға шыны бұйымдарын жинау, орнату мен орау процестерін жүргізу; қайтып айналған шыны бұйымын жинау жəне жартылай автомат үстеліне орнату; жоғарғы жəне төменгі пакет тігістерін дəнекерлеу; термоотырғызғыш камераға пакетті салу жəне ондағы температура режимін реттеу; пакетті алып тастап, түбіне орнату; шыны бұйымдарын үрлеушісінен немесе үрленген бұйымдарды ажыратушыдан ыстық шыны бұйымдарын қабылдау жəне оларды лер торына орнату; шыны бұйымдарын конвейерден лер торына қайта қою; шыны табақтарымен пирамиданы қабылдау; қалыңдығы, мөлшері мен сорты бойынша шыныларды топтау; табақтарды қарау мен қайтып айналысқа буып-түюге орнату; түсірілген бұйым сапасын көзбен бақылау. 518. Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы жəне жұмыс істеу қағидасы, шешіп алынатын бұйымдарға қойылатын талаптар, шыны табақтарын тиеу, түсіру жəне қайта қою тəсілдері; шыны табақтарын қалыңдығы, мөлшері мен сорты бойынша топтау тəсілі мен ережесі; орау материалының шығын нормалары, шыны табақтарымен пирамидаларды тасу мен қайта қою кезінде краншыға сигналдарды беру ережесі. Параграф 3. Шыны мен шыны бұйымдарын алушы, 4-разряд 519. Жұмыс сипаттамасы: пакеттеуші автоматпен жабдықтандырылған технологиялық тармақтағы термоотырғызылғыш пленкаға шыны бұйымдарын орау процесін жүргізу; желіні жұмысқа дайындау; пакеттеуші автомат үстеліне бұйымның берілген санын орнату; пакеттерге буып-түю бойынша келесі операцияларға шыны бұйымдарының автоматты түрде жіберілуін қосу; пакет ұштарының балқу температурасын реттеу; пакетті түсіру мен оны түбіне орнату; орау сапасын бақылау; қызмет көрсетілетін тармақта жұмыс істеу барысындағы ақауларды жою. 520. Білуге тиіс: технологиялық тармақтың құрылысы жəне жұмыс істеу қағидасы; пакеттеуші автоматтарды пайдалану ережесі; шыны бұйымдарын салу мен орауға арналған нормативтік құжаттар; ақау түрлері жəне оларды жою тəсілдері. 97. Балқыту қышқылымен шыны өрнекші Параграф 1. Балқыту қышқылымен шыны өрнекші, 1-разряд 521. Жұмыс сипаттамасы: қарапайым шыны бұйымдарын өңдеу жəне анағұрлым жоғары білікті балқыту қышқылымен шыны өрнекшінің басшылығымен шыныны ваннаға батыру арқылы балқыту қышқылымен белгілеу. 522. Білуге тиіс: балқыту қышқылымен қарапайым шыны бұйымдарын өңдеу тəсілдері; қышқылдар мен қорғайтын лактардың қасиеттері, қышқылдармен жұмыс істеу ережелері; ақау түрлері жəне оның алдын алу бойынша шаралар. 523. Жұмыс үлгілері: 1) қарапайым шыны бұйымдар – маркаларын, таңбаларын, штрихтерін, бөлгіштерін, сандары мен басқа да белгілерін өрнектеу; 2) оптикалық жəне электрвакуумдық бөлшектерде қалыңдығы 100 микроннан артық штрихтер - өңдеу. Параграф 2. Балқыту қышқылымен шыны өрнекші, 2-разряд 524. Жұмыс сипаттамасы: күрделілігі орташа шыны бұйымдарын балқыту қышқылымен өңдеу жəне ваннаға батыру жолымен белгілеу. 525. Білуге тиіс: күрделілігі орташа шыны бұйымдарын балқыту қышқылымен өңдеу тəсілдері мен оларды белгілеу; қышқылдар мен қорғайтын лактардың қасиеттері, қышқылдармен жұмыс істеу ережелері; ақау түрлері жəне оның алдын алу бойынша шаралар. 526. Жұмыс үлгілері: 1) қышқылға төзімсіз жəне қауіпті сорттар мен кедір-бұдырлықтың IV-V кластық қатарына жататын шыныдан жасалатын оптикалық бөлшектер – химиялық өңдеу; 2) күрделілігі орташа жəне көлемді шыны бұйымдары – маркаларын, таңбаларын, штрихтерін, сандары мен басқа да белгілерін өрнектеу; 3) оптикалық жəне электрвакуумдық бөлшектерде қалыңдығы 30 микрон жəне одан көп штрихтер - өңдеу. Параграф 3. Балқыту қышқылымен шыны өрнекші, 3-разряд 527. Жұмыс сипаттамасы: өңдеу, күрделі шыны бұйымдарын химиялық жылтырату жəне балқыту қышқылынан немесе пастадан дайындалған қышқыл ваннаға батыру жолымен белгілеу; өрнек ерітінділерін дайындау. 528. Білуге тиіс: күрделі шыны бұйымдарын өңдеу тəсілдері мен олардан белгілеу, қышқылдар мен қорғайтын лактардың қасиеттері; дайындалатын өрнек қоспасының рецептурасы, қышқылдармен жұмыс істеу ережелері; ақау түрлері жəне оның алдын алу бойынша шаралар. 529. Жұмыс үлгілері: 1) алюминий қабықпен жабылған айна - өңдеу; 2) шыны бұйымдары: бюреткалар, микробюреткалар, мановакуумметриялық құбырлар – шеңбер бөлгіштерді өрнектеу; 3) шыны бұйымдар- көпжоспарлы күңгірт жамылғысы бар суреттерді өрнектеу; 4) металл жамылғысы бар оптикалық бөліктердегі фигуралар -өрнектеу; 5) хрусталь – химиялық жылтырату; 6) оптикалық жəне электрвакуумдық бөлшектерде қалыңдығы 6-30 микроннан артық штрихтер - өңдеу. Параграф 4. Балқыту қышқылымен шыны өрнекші, 4-разряд 530. Жұмыс сипаттамасы: балқыту қышқылынан немесе пастадан дайындалған қышқыл ваннаға батыру жолымен контурлы балауыз қабатымен жабылған аса күрделі тематикалық суреттерді, портреттерді, композицияларды, пейзаждар мен ұлттық оюларды өрнектеу. 531. Білуге тиіс: шыныдан аса күрделі бұйымдарды өрнектеу тəсілдері; қышқылдар мен қорғайтын лактардың қасиеттері, дайындалатын өрнек қоспасының рецептурасы, қышқылдармен жұмыс істеу ережелері; ақау түрлері жəне оның алдын алу бойынша шаралар. 532. Жұмыс үлгілері: 1) аса күрделі конфигурациялы шыны бұйымдары - өңдеу; 2) күрделі бейінді кварцты шыныдан құбырлар мен кварцты жарма - өңдеу; 3) оптикалық жəне электрвакуумдық бөлшектерде қалыңдығы 6 микронға дейін штрихтер - өңдеу. 97. Шыны түтіктері мен дротты өндіру бойынша тартушы Параграф 2. Шыны түтіктері мен дротты өндіру бойынша тартушы, 2-разряд 533. Жұмыс сипаттамасы: дрот шынысын тарту үшін жапсырма дайындау; жапсырманы жиынтыққа қосу; шыны түтіктері мен каппилярлардың шыны бұйымдарын үрлеушімен бірігіп тарту. 534. Білуге тиіс: жапсырма дайындау мен жиынтыққа қосу тəсілдері; диаметрі мен қабырға қалыңдығы бойынша түрлі мөлшерлі капиллярлар мен шыны түтіктерін тарту процесі; шынының негізгі маркалары. Параграф 2. Шыны түтіктері мен дротты өндіру бойынша тартушы, 4-разряд 535. Жұмыс сипаттамасы: анағұрлым жоғары білікті шыны түтіктері мен дротты өндіру бойынша тартушының басшылығымен тартатын машинада кварцты түтіктерді тарту; шыны блоктарын (дротты) тартатын əртүрлі жүйелі машиналарға қызмет көрсету; графит бөлшектер мен элементтерді жəне пешті құрастыру үшін футерлеуді дайындау; кварцты блоктар дайындау жəне пешке тиеу; мундштукқа құйылатын шыны массасының температыурасын бақылау; мундштуктың айналу жылдамдығы мен тартатын машинаның жүрісін реттеу; шыны түтіктерін тарту процесінде əртүрлі көмекші операцияларды орындау; тартатын машиналарын жөндеуге қатысу. 536. Білуге тиіс:

(Соңы 17-бетте).


(Соңы. Басы 13 – 16-беттерде). қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы жəне жұмыс істеу қағидасы; кварц түтіктері мен дротты тартудың технологиялық процесі; мундштуктың айналу жылдамдығын, ауаны беруді жəне тартатын машинаның жүріс жылдамдығын реттеу тəсілдері; бақылау-өлшеу аспаптары жəне құралды пайдалану ережесі; ақау түрлері оның алдын алу тəсілдері. Параграф 3. Шыны түтіктері мен дротты өндіру бойынша тартушы, 5-разряд 537. Жұмыс сипаттамасы: ішкі диаметрі 100 мм дейін шеңбер бейінді қалың қабырғалы түтіктерді кварцты блоктардан тарту; кварцтың жалпақ тілімдері мен бітеу таяқшаларды тарту; пешті, салқындату жүйесін, ауа мен азоттың берілуін жұмысқа дайындау; шыны түтіктерін тартатын əртүрлі жүйелі машиналарға қызмет көрсету; шынының қызу жүйесін анықтау; пештің қызу режимін жəне берілген мөлшердегі түтіктерді тарту үшін пештің ыстық зонасына түтіктерді тиеу жылдамдығын реттеу; тартпаларды, мундштуктар мен шиберлерді ауыстыру бойынша жұмысты басқару. 538. Білуге тиіс: түтіктер мен дротты тартуға арналған пештердің құрылысы жəне қызмет көрсету ережесі; əр түрлі маркалы шынының қасиеттері, кварц шынының қасиеттері; түтіктерді тартудың технологиялық процесі, шыны түтіктерін, бітеу таяқшаларды (штабиктер) жəне қалың қабырғалы түтіктерді дайындауға арналған техникалық шарттар; бақылау-өлшеу аспаптарын жəне құралды пайдалану ережесі мен белгіленуі; ақау түрлері жəне оның алдын алу бойынша шаралар. Параграф 4. Шыны түтіктері мен дротты өндіру бойынша тартушы, 6-разряд 539. Жұмыс сипаттамасы: диаметрі 40 мм артық жəне 1,0 мм бастап 0,5 мм дейін рұқсат етілетін шыны түтіктерін тарту; ішкі диаметрі 100 мм артық шеңбер бейінді қалың қабырғалы жəне жұқа қабырғалы түтіктер мен басқа бейінді түтіктерді (квадратты, тік төрт бұрышты, сопақ жəне басқ.) кварцты блоктардан тарту; тарту режимін іріктеу; сəйкес диаметрлі түтіктерді тарту үшін бастапқы мəліметтерді есептеу; пешті құрастыру жəне берілген режимге шығару; көміртек графитті материалдардан жасалынатын бөлшек пішіндердің геометриялық мөлшерін (матрицаларды, пуансондарды) іріктеу. 540. Білуге тиіс: кварц түтіктерін тартуға арналған пештердің құрылысы; əрекет ету қағидасы жəне қызмет көрсету ережесі, əр түрлі пішінді құбырларды тартудың технологиялық процесі; шынының маркасына жəне бұйымның түріне байланысты тарту режимін іріктеу ережесі; берілген өнімді дайындауға тартатын машиналарды жөндеу ережесі; пешті жасау ережесі жəне оны жинауға кететін материалдардың қасиеттері; бақылау-өлшеу аспаптарының жəне құралдың əрекет ету қағидасы жəне құрылысы; ақау түрлері жəне оның алдын алу бойынша шаралар. Параграф 5. Шыны түтіктері мен дротты өндіру бойынша тартушы, 7-разряд 541. Жұмыс сипаттамасы: технологиялық процесті автоматты басқару жүйесінің пештерінде рұқсат етілетін диаметрі 0,5 мм артық жəне одан аз медициналық тағайындаудағы химиялық жəне термиялық берік шынының шынылы массасынан шыны түтіктерін тарту; тарту режимін іріктеу; шыны құрамы мен бұйым ассортиментіне байланысты дайындалатын шыны түтіктерінің технологиялық параметрлерін есептеу; қызмет көрсетілетін жабдықтың жөнделуі; пештердің «ыстық» жəне «суық» жөнделуіне қатысу мен берілген режимге шығару. 542. Білуге тиіс: технологиялық процесті автоматты басқару жүйесінің əрекет ету қағидасы жəне пайдалану ережесі; бұйымның түріне байланысты созудың технологиялық параметрлерін таңдау ережесі; берілген диаметрлі жəне пішінді шыны түтіктерін дайындауға тартатын машиналарды жөндеу тəсілі; пешті құрастыру жəне жабдықтау үшін қолданылатын материалдардың қасиеттері; ақау түрлері жəне оны жою ережесі. 543. Орта кəсіби білім қажет. 98. Шикізатты орталаушы Параграф 1. Шикізатты орталаушы, 2-разряд 544. Жұмыс сипаттамасы: шикізатты (соданы, сульфатты жəне басқ.) орталайтын қондырғыға түсіру; қондырғының жұмысын қадағалау; орталанған шикізатты түсіру. 545. Білуге тиіс: орталайтын қондырғының құрылысы; орталанған шикізатқа қойылатын техникалық талаптар. 99. Фацетші Параграф 1. Фацетші, 2-разряд 546. Жұмыс сипаттамасы: фацеттік станоктар мен түрлі шайбалар үстінде жалпақ, екі қырлы, жартылай шеңберлі жəне конусты фацетті шыны бұйымдарға жағу; түрлі конфигурациялы шыны бұйымдарының жиектерін қайрау; абразивті материалдар мен шайбаларды дайындау; өңделген шыны бұйымын жуып шаю. 547. Білуге тиіс: фацеттік станоктың жұмыс істеу қағидасы жəне абразивті шығыршықтарды орнату тəсілі; шайбалардың құрылысы жəне оларды пайдалану ережесі; фацеттер жағу тəсілдері; абразивті материалдардың тəсілдері; ақау түрлері оның алдын алу тəсілдері. 548. Жұмыс үлгілері: 1) клингерлер, қалтаға жəне сөмкеге салатын айналар - фацет жағу; 2) домалақ жəне сопақ қалыпты көзілдірік линзалары – жалпақ, жартылай жалпақ жəне конустық фацетті жағу; 3) фацетке рүұсат етілетін ± 0,5 мм айна шағылдырғыштары– жиектерінің ұшын шығару. Параграф 2. Фацетші, 3-разряд 549. Жұмыс сипаттамасы: қолмен ағаш пен киізден жасалған шайбалар үстінде жəне жалпақ тегістеу станокта тік жəне кең фацетті шыны бұйымына жағу; жиектерді қайрау; түрлі типтегі шайбаларда əр түрлі конфигурациялы шыны бұйымдарының жиектерін өңдеу; жылтыр фацетті шыны бұйымға жағу; өңделген шыны бұйымын жуып шаю; шайбаларды жөндеу; жұмыста қолданылатын абразивті материалдарды дайындау; су мен абразивті материалдардың берілуін реттеу. 550. Білуге тиіс: жалпақ тегістеу станогының, шайбалардың құрылысы жəне оларды пайдалану ережесі; абразивті материалдардың қасиеттері жəне олардың маркалануы; шыны бұйымдарын фацеттеу кезінде рұқсат етілетін ауытқулар, фацеттелген бұйымдарға арналған техникалық шарттар; көзілдірік линзаларының рефракциясы мен тазалығы туралы жалпы мəліметтер; ақаудың себептері жəне оның алдын алу бойынша шаралар. 551. Жұмыс үлгілері. 1) айна - өңделген фацет жағу; 2) айна, əртүрлі конфигурациялы шыны бұйымдары - жиектерін өңдеу; 3) рұқсат етілетін ± 0,05 мм жапсарды қиыстырып келтірумен қосарланған бұйымдар - фацет жағу; 4) периметрі рұқсат етілетін 3 м дейін ± 1 мм бұйымдар - қою жəне кең фацет жағу. Параграф 3. Фацетші, 4-разряд 552. Жұмыс сипаттамасы: шойын жəне тас шайбаларда шыны мен шыны бұйымдарға жүздерді салу; «Алмаз» түріндегі айналардың жиектерін өңдеу; шыны бұйымын қалау, орнату жəне түсіру; өңделген шыны бұйымын жуып шаю; шайбаларды жөндеу; жұмысқа абразивті материалдарды дайындау; су мен абразивті материалдардың берілуін реттеу. 553. Білуге тиіс: əртүрлі конфигурациялы шайбалардың құрылысы жəне пайдалану ережесі, абразивтердің əртүрлі маркаларын қолданумен фацеттік станоктарда əртүрлі құралмен жүздерді салу тəсілдері; фацеттелген бұйымдарға арналған техникалық шарттар, фацеттік станокты дəлдікке тексеру тəсілдері; тау шайбаларын, киізден жасалған шығыршықтың, бояма шайбаның бетін түзету тəсілдері; ақаудың себептері оның алдын алу бойынша шаралар. 554. Жұмыс үлгілері: 1) табақ периметрі 3 м артық техникалық жəне жиһаз шынылары - қою жəне кең фацетті жағу; 2) триплекс шыны, орта мөлшерлі блоктар, жарық техникалық шыны – қуыс бұрғымен қиыстырып келтірумен шеттерін өңдеу. Параграф 4. Фацетші, 5-разряд 555. Жұмыс сипаттамасы: қолмен шойын мен тастан жасалған шайбалар үстінде жəне фацеттік станокта шыны мен шыныбұйымға кертіктер салу; бес жəне одан да көп бұрышы бар күрделі не қисық пішінді немесе шеңбер пішінді шыны бұйымдарының жиектерін қолмен өңдеу; бұйымдарды қалау, орнату жəне түсіру; жұмысқа абразивті материалдарды дайындау; су мен абразивті материалдардың берілуін реттеу. 556. Білуге тиіс: фацеттік станоктардың, шайбалардың құрылысы жəне оларды пайдалану ережесі, тас шайбаларын түзету тəсілдері; фацеттік станокты дəлдікке тексеру ережесі, абразивті материалдардың қасиеттері, фацеттелген бұйымдарға техникалық шарттар; ақаудың себептері оның алдын алу бойынша шаралар. 557. Жұмыс үлгілері. 1) есік кенептері – саңылау түсіру. 100. Фидерші Параграф 1. Фидерші, 4-разряд 558. Жұмыс сипаттамасы: фидермен шыны қалыптайтын машинаға берілетін шыны масса тамшыларының температуралық режімін, салмағын, конфигурациясын жəне мөлшерін реттеу; фидер тораптарын ағымдағы жөндеу. 559. Білуге тиіс: фидердің құрылысы; жұмыс істеу қағидасы жəне пайдалану ережесі; шыны мен шыны массасының қасиеттері; ақаудың пайда болу себептері жəне оның алдын алу мен оны жою бойынша шаралар. 101. Флотаторшы Параграф 1. Флотаторшы, 2-разряд 560. Жұмыс сипаттамасы: камераларда пульпаның қажетті деңгейін жəне берілген температураны ұстап тұру; реганеттерді беру; қызмет көрсетілетін жабдықты тазалау; анағұрлым жоғары білікті флотаторшының басшылығымен жұмыстар орындау. 561. Білуге тиіс: құмды флотациямен байыту қағидасы; флотациялық қондырғының құрылысы; құмды байыту үшін қолданылатын реагенттердің құрамы. Параграф 2. Флотаторшы, 3-разряд 562. Жұмыс сипаттамасы: құмның байыту процесін жүргізу; қызмет көрсетілетін жабдықты жұмысқа дайындау; сілтілі реагенттерді дайындау; флотациялық қондырғыға пульпаның үздіксіз түсімін байқау; флотациялық қондырғы жүктемесін реттеу; берілген пульпа тығыздығын, температурасын, қысымын, сығылған ауаны қолдау; қызмет көрсетілетін жабдықты тазалау; анағұрлым жоғары білікті флотаторшыларға басшылық ету. 563. Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы жəне пайдалану ережесі; құмды байыту технологиялық процесінің негіздері; байыту процесін бақылау жəне реттеу ережесі; құмдарды байыту үшін қолданылатын реагенттердің құрамы, байытудан кейін құмның сапасына қойылатын талаптар;

17

www.egemen.kz

5 қазан 2013 жыл

жабдық жұмысындағы олқылықтарды жою тəсілі. 102. Шыныдан бөлшектерді қалыптаушы 241. Шыныдан бөлшектерді қалыптаушы 1-разряд 564. Жұмыс сипаттамасы: қалыптаушы станоктарда арнайы қалыптарда шыныдан қарапайым бөлшектерді қалыптау. 565. Білуге тиіс: шынының физикалық қасиеттері; қалыпты тегістерге қойылатын техникалық талаптар; қалыптаушы станогына қызмет көрсету ережесі. 566. Жұмыс үлгілері: 1) алмұрт тəрізді, конустық, домалақ түпті жəне жалпақ түпті колбалардың мойны – мөлшері 14 мм дейін тегістерді қалыптау; 2) аппараттар мен аспаптардың бөлшектеріне муфталар жəне күрделілігі жағынан ұқсас басқа бұйымдар - мөлшері 14 мм дейін тегістерді қалыптау. Параграф 2. Шыныдан бөлшектерді қалыптаушы, 2-разряд 567. Жұмыс сипаттамасы: қалыптаушы станоктарда арнайы қалыптарда орта күрделі шыныдан бұйымдарды қалыптау. 568. Білуге тиіс: шынының физикалық қасиеттері; шынының əртүрлі сорттарын балқыту температурасы, қосатын шыны бөлшектерге қойылатын техникалық талаптар; газ жанарғыларын пайдалану ережесі. 569. Жұмыс үлгілері: 1) конустық, домалақ түпті жəне жалпақ түпті колбалардың мойны – мөлшері 14-тен жоғары 20 мм дейін тегістерді қалыптау; 2) крандарға арналған муфталар – мөлшері 14-тен жоғары 20 мм дейін тегістерді қалыптау. Параграф 3. Шыныдан бөлшектерді қалыптаушы, 3-разряд 570. Жұмыс сипаттамасы: қалыптаушы станоктарда арнайы қалыптарда шыныдан күрделі бұйымдарды қалыптау; арнайы қалыптарда кейіннен қалыптаумен ванна пешінде түтіктердің кесіктерін қыздыру арқылы шыны түтіктерді қосу; қалыптаушы станокты жөндеу. 571. Білуге тиіс: қалыптау станогын басқару жəне оны реттеу ережесі; газ жанарғыларын реттеу, оларды жуу жəне тазарту ережесі; калибрларды анықтау тəсілдері; шыны түтіктерінің жəне қлыпты тегістермен шыныдан жасалған бұйымдар өндірісінің технологиясы; шынының физикалық қасиеттері, шынылы біріктіргіш бөлшектерге қойылатын техникалық талаптар; ақау түрлері жəне оның алдын алу бойынша шаралар. 572. Жұмыс үлгілері: 1) конустық, домалақ түпті жəне жалпақ түпті колбалардың мойны – мөлшері 20 мм артық қалыпты тегістерді қалыптау; 2) шыны түтіктерден дайындамалар, аппараттар мен аспаптардың муфталары жəне күрделілігі жағынан қиын басқа бұйымдар – тегістерді қалыптау; 3) Шыны бұрулар, үштіктер жəне басқа үлгідегі бөліктері – оларды арнайы қалыптарда қалыптау. 103. Қалып ұстаушы Параграф 1. Қалып ұстаушы, 2-разряд 573. Жұмыс сипаттамасы: шыны бұйымын үрлеу үшін қалыпты дайындау; үрленетін шыны бұйымды ашық қалыпқа қабылдау; қалыпты жабу жəне ашу. 574. Білуге тиіс: қалыптың құрылысы, қалыпты пайдалану ережесі. 104. Шыныда сурет басушы Параграф 1. Шыныда сурет басушы, 3-разряд 575. Жұмыс сипаттамасы: суретті шыны бұйымдарына аудару; көшіру үшін шыны пластиналарын дайындау; көшірме жасау. 576. Білуге тиіс: көшірме жасау процесі; сурет басу үшін қолданылатын химикаттардың қасиеттері; суретті бұйымдарға көшіру тəсілдері, көшірудің сапасына талаптар. Параграф 2. Шыныда сурет басушы, 4-разряд 577. Жұмыс сипаттамасы: шыны бұйымдарға суретті мөр басу; диапозитивтер дайындау; эмульсиялар мен бояуларды құрастыру жəне іріктеу; штанкөзді ыдысқа жібекті графия əдісімен мөр басу; матрица-торларын дайындау; тордың майын кетіру, торды рамаға жабыстыру жəне суретті полюмерлік эмульсиямен жабу; торды диапозитив үстіне қойып көрсету. 578. Білуге тиіс: диапозитивтер мен суреттер дайындау процесі; эмульсиялар мен бояулар құрастыру жəне іріктеу; шыны бұйымдарына суреттер жағу тəсілдері. 105. Суретхимгравирлеуші Параграф 1. Суретхимгравирлеуші, 5-разряд 579. Жұмыс сипаттамасы: шыныбұйымның бетіне фоторезист жағу; шыныбұйымның бетін дайындау; беттің майын кетіру; фоторезист жағылғаннан кейін шыны бұйымын кептіру; шыны бұйымын салқындату жəне жағылған фоторезистке негативті жабыстыру; шыны үстінде берілген суретті көрсету; суреттің көрінуі; суретті илеу; арнайы ерітіндіде өңдеу; ащы натр ерітіндісінде тазарту. 580. Білуге тиіс: фоторезист жағу процесі, шыны бұйымдарының бетін дайындау ережесі; шыны бұйымдарын өңдейтін ерітінділердің рецептурасы; шыны бұйымдарын кептіру параметрлері; ақау түрлері жəне оның алдын алу бойынша шаралар. 106. Шыныны тегістеуші Параграф 1. Шыныны тегістеуші, 3-разряд 581. Жұмыс сипаттамасы: тегістеп жылтырататын станоктарда диаметрі 500 мм дейін шағылыстырғыштарды тегістеу; тегістеу үшін қажетті зімпараларды таңдау; құмды қоректендіретін тетіктерді жөндеу. 582. Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы; шынының маркалары, сорттары мен қасиеттері, шынының ақаулары; қолданылатын абразивті материалдардың қасиеттері жəне олардың маркалануы; өңделінетін шыныға техникалық шарттар. Параграф 2. Шыныны тегістеуші 4-разряд 583. Жұмыс сипаттамасы: көлемі 1 м2 шыны бетін, диаметрі 500 мм артық 900 мм дейін айна шағылыстырғыштарды тегістеу машиналарда, жартылай автоматтарда, шайбалар мен шеңберлерде жəне тағы басқа тегістеу; өңдеуді берілген дəлдікке тексеру; тегістеу тетіктерді жөндеу, орнату, іріктеу. 584. Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы; əрекет ету қағидасы жəне реттеу ережесі; бұйымдарды тегістеу бойынша жұмыс тəсілдері; шынының жəне абразивті материалдардың негізгі физикалық қасиеттері; бақылау-өлшеу аспабын пайдалану ережесі; бұйымның тегістелген бөлігіне қойылатын техникалық талаптар; бұйымдардың сынуы мен ақауының алдын алу бойынша шаралар. Параграф 3. Шыныны тегістеуші, 5-разряд 585. Жұмыс сипаттамасы: көлемі 1 м 2 шыны бетін, диаметрі 900 мм артық айна шағылыстырғыштарды, техникалық шыныдан жасалған бөлшектерді біржақты жəне екіжақты тегістеу конвейерлерде, ротациялық аппараттарда тегістеу; абразивті материалдардың берілуін жəне шыныға əсер ететін олардың қысымын реттеу; тегістелген шынының сапасын тексеру. 586. Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы; əрекет ету қағидасы жəне пайдалану ережесі; шыныны тегістеу технологиялық процесінің негіздері; шынының, абразивті материалдардың негізгі физикалық қасиеттері жəне олардың маркалары, «шикі» жəне тегістелген шынының сапасына қойылатын талаптар; тегістеу кезіндегі ақаудың түрлері жəне оның алдын алу бойынша шаралар; жабдықтың автоматты режімде жұмыс істеу ережесі. 107. Шыныны бұйымдарын тегістеуші Параграф 1. Шыны бұйымдарын тегістеуші, 2-разряд 587. Жұмыс сипаттамасы: қарапайым шыны бұйымдарды қолмен тегістеу; шеңберлі тегістеуіш пен жалпақ тегістеуіш станоктарда салалық жəне жалпақ дайындамаларды дөрекі жəне орта тегістеу; сыртқы жырашықтарды, шприцты цилиндрлердің беті мен кесілген жерін тегістеу, шыны поршеньдердегі өзектерін тегістеу; хрусталь аспаларының дайындамаларын шыны кесектерінен кесіп алып, кейіннен қыр салып тегістеу; абразивті шеңберлерді қайрау; тегістеу машиналары мен станоктардағы шыны бұйымдарының қылтасын, түбін, жиектері мен беттерін құю; тегістелген шыныны жуып шаю. 588. Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы жəне пайдалану ережесі; өңделінетін бұйымдарды тегістеу станогына орнату жəне шешіп алу ережесі; шыны бұйымдарының ассортименті жəне сəндік əшекейлердің түрлері; өңделінетін шыны бұйымдарына арналған техникалық шарттар; шыныны тегістеу үшін қолданылатын абразивті ұнтақтардың маркалары мен құрамдары; шыны бұйымның ішкі бетін тегістеу тəсілдері; бақылау-өлшеу аспабын пайдалану ережесі; тегістеу кезінде ақаудың себептері мен түрлері, оның алдын алу бойынша шаралар. 589. Жұмыс үлгілері: 1) цилиндрлі шеңберлі ампулалар – тегістеу мен жалтырату; 2) графитті анодтар - тегістеу; 3) баллондар мен баллондағы белбеулер- сыртқы диаметр бойынша тегістеу; 4) медициналық шприцтерге арналған борттар мен конустар - құю; 5) химиялық құйғыштар - ұштау; 6) асханалық (сорттық) ыдыс, парфюмерлі, кіші жəне орта мөлшерлі шаруашылық ыдыс, консервілік ыдыс бұйымдардың қылтасын, түбін, жиектері мен беттерін - тегістеу; 7) əр түрлі конфигурациялы кварцты бұйымдар - тегістеу; 8) шыны колбалар - тегістеу; 9) газды анализатордың екіжүрісті крандары - тегістеу; 10) болат пен шойында көміртектің үлесін анықтау үшін кішкентай шыны сауытқа теңестірілген аппараттың крандары - тегістеу; 11) астигматикалық көзілдірікті линзалар - тегістеу; 12) аспаптардың анодтық кішкене аяқтары – кесіктерін кесу мен тегістеу; 13) қыр саны 12 дейін таңбалы дайындамалардан аспалы хрустальдар – оюлар мен тегістеу; 14) шприцті поршеньдер – кесіктер мен өзекшелерін тегістеу; 15) саңыраулы тетіктер мен таяқшалар - ұштау; 16) шприцті цилиндрлер – сыртқы жырашықтарын тегістеу. Параграф 2. Шыны бұйымдарын тегістеуші, 3-разряд 590. Жұмыс сипаттамасы: шыны бұйымдарының жазықтарын тегістеу мен жалтырату; арнайы тегістеу жолымен, яғни алмасты қырлаумен жай жəне түсті шыныдан жасалған бұйымдарға, айналарға əшекейлер салу; тегістеу станоктары мен жартылай автоматтардағы шыны бұйымдарының қылтасын, түбін, жиектері мен беттерін құю; шыны құбырлары мен үлгі бөліктерін тегістеу; белгілі қалыңдыққа дейін айна шағылыстырғыштардың дайындамаларын сыдыру; астигматикалық жəне стигматикалық көзілдірік линзаларды тегістеу арқылы дайындамаларды тегістеу жəне жетілдіру; тегістеу үшін пішіндерді іріктеу жəне оларды станокқа орнату; феррастың жайғасуының қажетті дəлдігін сақтай отырып, тегістеу дискіге шойын феррастарды бекіту мен іріктеу; тегістеудің түрлі өткелдеріне сəйкес номерлі абразивті ұнтақтарды іріктеу; жұмыс процесінде линза қалыңдығын бақылау; тегістеу тетіктерін орнату мен іріктеу; өңдеудің берілген дəлдігін тексеру; хрусталь аспаларының дайындамаларын шыны кесектерінен кесіп алып, кейіннен қыр салып тегістеу; шприцты цилиндрлердің ішкі бетін алдын ала тегістеу. 591. Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдық пен құрылғылардың құрылысы жəне оларды реттеу ережесі;

өңделінетін шынылардың қасиеттері, шыны бұйымдарын тегістеу үшін қолданылатын абразивтердің маркалары; шыны бұйымдарының ассортименті жəне олардың сəндік əшекейлерінің түрлері, абразивті шығыршықтармен тегістеу станогының құрылысы; абразивті шығыршықтардың сапасына қойылатын талаптар жəне оларды егеу ережесі; феррастарды ротациялық аппараттардың тегістеу дисктеріне іріктеу жəне бекіту ережесі мен тəсілдері, фокустық қашықтықты анықтау тəсілдері; өлшеу құралын пайдалану тəсілдері; шыны бұйымдарының ішкі бетін тегістеу тəсілдері; оправкаларды пайдалану ережесі; бұйымдардың сынуы мен ақауының алдын алу бойынша шаралар 592. Жұмыс үлгілері: 1) кварцты кішкентай ванналар, ыдыстар, муфельдер жəне басқа күрделі емес бұйымдар – сыртқы тегістеу; 2) жарық техникалық бұйымдар (жарықтандыратын арматураға арналған қалпақтар) - тегістеу; 3) сортты ыдыс, парфюмерлік ыдыс, Петри шынаяғы, ірі пішінді медициналық бұйымдар мен жарық техникалық жəне техникалық шыныдан жасалған бұйымдар - құю; 4) күрделілігі 1 жəне 2 топтарға жататын суретті сортты ыдыс – алмасмен қыр жасап тегістеу; 5) диаметрі 30 мм дейін конустар мен муфталар - тегістеу; 6) бюретты жəне микробюретты крандар - тегістеу; 7) стигматикалық көзілдірікті линзалар – дайындамаларды өңдеу жəне тегістеуге жеткізу; 8) ситалды пластиналар – екі жазықтықты жылтырату мен тегістеу; 9) саны 12 артық 36 дейін қыры бар жəне «пигі» ұзындығы 400 мм дейін тік төртбұрышты жəне қисықсызықты пішінді таңбаланған дайындамалардан жасалған хрустальды аспалар – қыр жасау мен тегістеу; 10) шприц поршеньдері мен тығындары - орталықсыз тегістеу станоктарында алдын ала тегістеу; 11) шашыратқыш жəне диаметрі 200 мм дейін жарық фильтрлер; 12) шыны құбырлар мен үлгі бөлшектер - тегістеу; 13) шприцты цилиндрлер – ішкі бетін алдын ала тегістеу. Параграф 3. Шыны бұйымдарын тегістеуші, 4-разряд 593. Жұмыс сипаттамасы: арнайы тегістеу жолымен, яғни алмаспен қыр салу арқылы түссіз, түсті жəне хрусталь шыныдан жасалған күрделілігі орташа бұйымдарға сəндік əшекей салу; тегістеу – дайын құрылғылардың бетін жылтырату; кварцты керамикадан жасалған бұйым үлгілерін станокта жолақтарға кесу, металл плитаға жолақтарды төсеу, оларды бекіту мен гипстеу; жалпақ тегістеуіш станокта жазықтар мен жолақ қырларын дəлдікпен тегістеу, фацетті шайбада жетілдіру, гипс ерітіндісін жою; кварцты керамикадан жасалған дайындамалардың ішкі жəне сыртқы беттерін алмас шеңберімен немесе көшіру арқылы тегістеу; микрометрмен шыны бұйымдарының өлшемдерін мерзімді өлшеу; шприцты цилиндрлардың ішкі бетін ақырғы тегістеу; өзара алмастырғыш шприцтың поршеньдерін тегістеу; қызмет көрсетілетін жабдықты жөндету; технологиялық журналда жазба жүргізу. 594. Білуге тиіс: шыныны тегістеу жəне өңдеу əдістері мен тəсілдері, шынының, кварцты қыш пен гипстің физикалық қасиеттері; абразивті шығыршықтармен жəне шайбалармен тегістеу станогының құрылысы; белгілі бір диаметрлі абразивті шығыршықтың жəне шайбаның айналымдар санын орнату ережесі; цилиндрдің бетін тегістеу ережесі; кесілетін жəне жылжытылатын оправкаларды іріктеу ережесі; шыны ақауларының тереңдігін анықтау тəсілдері; шыны бұйымдарының ассортименті жəне олардың сəндік əшекейлерінің түрлері; жағылатын алмас қырға сəйкес шығыршық жиегінің ұшын шығару бұрышының мөлшері; бақылау-өлшеу аспабын пайдалану ережесі; өңделінетін шыны бұйымдарына техникалық шарттар, ақау түрлері. 595. Жұмыс үлгілері: 1) газ өндіруге арналған аппараттар (Киппа) - тегістеу; 2) майларды бөліп алатын аппараттар - тегістеу; 3) колбаларға арналған баллондар (кистрондар үшін) – тегістеу мен жылтырату; 4) барлық сыйымдылықтағы Блинов бюреткалары - тегістеу; 5) сыйымдылығы 500 мл жоғары колбалар - тегістеу; 6) диаметрі 30 мм артық конустар мен муфталар - тегістеу; 7) кварцтан жасалған конустар мен муфталар - тегістеу; 8) медициналық шприцтер мен поршеньдерге арналған цилиндрлар конустары – тегістеу мен жетілдіру; 9) дерягин крандары, шарлы құйғыштар - тегістеу; 10) френель линзалары - тегістеу; 11) микроаппаратура мен Бурлаков аппараттары - тегістеу; 12) хрустальды шыныдан жасалған рюмкалардың, бокалдардың, ваза мен басқа да бұйымдардың кішкентай аяқтары – жалпақ қырларды тегістеу; 13) екіжүрісті краны бар бөлімшелері жоқ тамшуырлар - тегістеу; 14) саны 36 артық қырымен жəне «пигі» ұзындығы 400 мм артық тік төртбұрышты жəне қисық сызықты пішінді таңбаланған дайындамалардан жасалған хрустальды аспалар – қыр жасау мен тегістеу; 15) шашыратқыш жəне диаметрі 300 мм дейін жарық фильтрлер - тегістеу; 16) шыны бұйымдар – күрделілігі 1, 2 жəне 3 топқа жататын алмас қырының суреттері бар өсімдік жəне геометриялық оюларды абразивті шеңберлермен ойып істеу; 17) күрделілігі 3 жəне 4 топқа жататын суреттері бар сортты ыдыс, анағұрлым жоғары топтарға жататын суреттердің бөлек элементтері – алмаспен қыр салып тегістеу; 18) генератор лампаларының табақшалары - тегістеу; 19) шприцты цилиндрлар - ішкі бетін ақырғы тегістеу; 20) сфералық тегістер – жетілдіріп тегістеу; 21) электронды-сəулелі тетіктерге арналған шыны экрандар – тегістеу мен жылтырату. Параграф 4. Шыны бұйымдарын тегістеуші, 5-разряд 596. Жұмыс сипаттамасы: арнайы тегістеу жолымен, яғни алмаспен қыр салу арқылы түссіз, түсті жəне хрусталь шыныдан жасалған күрделі бұйымдарға сəндік əшекей салу, хрусталь бұйымдардың кішкене аяқтарына жалпақ қыр салу; түссіз жəне түсті (жапсырмалы) шыныдан жасалған ірі бұйымдарға жазық пен тістер салу; арнайы оправаларды қолданумен тегістеу станоктарында цилиндрлік шприцтың ішкі бетіне пасталармен жылтырату мен соңғы рет жетілдіру; өзара алмастырғыш шприцтың поршень бетін соңғы рет жетілдіру; алмас қайрақпен кварцты керамикадан жасалған дайындамалардың сыртқы бетін соңғы рет нақты тегістеу мен жетілдіру. 597. Білуге тиіс: тегістеу жабдығының құрылысы жəне пайдалану ережесі; абразивті шығыршықтар мен шайбалардың сапасына қойылатын талаптар; өңделінетін шынының, абразивті материалдардың жəне пасталардың қасиеттері; шыны бұйымдарының ассортименті жəне олардың сəндік əшекейлерінің түрлері, сурет салу ережесі; өңделетін шыны бұйымдарға арналған техникалық шарттар, тегістеу кезінде ақау түрлері жəне оның алдын алу бойынша шаралар. 598. Жұмыс үлгілері: 1) күкіртке арналған Штроллейн аппараттары - тегістеу; 2) қысым астында күшті газдарды сақтауға арналған газ өлшеуіш - тегістеу; 3) электронды-оптикалық құралдарына арналған жазық шынылардың дайындамалары - тегістеу; 4) АГО аппараттардың крандары- тегістеу; 5) вакуумдық крандар – тегістеу; 6) альвиола аппаратқа арналған крандар- тегістеу; 7) линзалар - жылтырату; 8) бес иінді нитромерлер - тегістеу мен жылтырату; 9) хрусталь шыныдан жасалған рюмкалардың, бокалдардың, вазалардың жəне басқа да бұйымдардың кішкене аяқтары – жалпақ қырларды тегістеу; 10) электронды-оптикалық құралдардың ерітінділері мен нысаналардың шыны пластиналары - тегістеу мен жылтырату; 11) шыныдан, кремнийден жəне басқа кристалдардан жасалған призмалар - тегістеу; 12) диаметрі 300 м артық шашыратқыштар мен жарық фильтрлары - тегістеу; 13) шыны бұйымдар – күрделілігі 4, 5 жəне 6 топқа жататын белгіленген алмас қырының суреттері бар өсімдік жəне геометриялық оюларды ойып істеу жəне шыныны тазалаумен бірге ойма жасайтын станоктарда үлгіден немесе сызбадан бұйымдарға сурет түсіру; 14) күрделілігі 5, 6 жəне 7 топқа жататын суреттері бар сортты ыдыс – алмаспен қыр салу; 15) барлық типті мөлшердегі түсті теледидарға арналған кинескоптардың қабықша конустары мен экран кесіктері – тегістеу мен жылтырату; 16) электронды-сəулелі тетіктер - жылтырату; 17) медициналық шприцтер – 5 микронға дейін дəлдікпен жетілдіру; 18) барлық типті мөлшердегі түсті теледидарға арналған кинескоптардың қабықша экрандары мен бөлшектері – тегістеу мен жылтырату. Параграф 5. Шыны бұйымдарын тегістеуші, 6-разряд 599. Жұмыс сипаттамасы: арнайы тегістеу жолымен, яғни алмаспен қыр салу арқылы хрусталь шыны мен түсті шыныдан жасалған аса күрделі бұйымдарға теңдесі жоқ көрме суреттерін салу; оптикалық, сынамалы шыныларды жəне бұйымдарды тегістеу. 600. Білуге тиіс: шынының физикалық қасиеттері, шыны бұйымдарының ассортименті жəне олардың сəндік əшекейлерінің түрлері; тегістеу жабдығының құрылысы жəне пайдалану ережесі; абразивті шығыршықтардың сапасына қойылатын талаптар, күрделі сурет салу тəсілдері; өңделінетін бұйымдарға арналған техникалық шарттар; ақау түрлері жəне оның алдын алу бойынша шаралар. 601. Жұмыс үлгілері: 1) калибр астына оптикалық бөлшектер (сынамалы шыны) - дайындау; 2) математикалық теңдеумен немесе шаблон бойынша берілген асфериялық беті бар линзалар - дайындау; 3) хрусталь шыныдан сортты ыдыс – кең қырын тегістеу; 4) күрделілігі 8, 9 жəне 10 топқа жататын суреттері бар сортты ыдыс – алмаспен қыр салу; 5) рентгенооптикалық қайта құрушылар үшін экрандар мен стакандарды – тегістеу мен жылтырату. Жеке өңдеудегі хрусталь жəне жапсырма шыныдан жасалған көркемділігі жоғары бұйымдарға ерекше көрме суреттерін салу кезінде - 7-разряд 108. Штенгелдеуші Параграф 1. Штенгелдеуші, 2-разряд 602. Жұмыс сипаттамасы: жартылай автоматтарда электрвакуумдық құралдарға арналған колба штенгельдерін қолмен тиеу арқылы колбаларды штенгельдеу процесін жүргізу жəне жартылай автоматтың алып салмалы позициямен штенгельденген колбаларды түсіру; жұмыс барысында жартылай автоматтың газ жанарғысының жалынын реттеу; бөлшектің геометриялық талаптарына сəйкес штенгельды ортаға келтіру; орындалған жұмысты көзбен бақылау. 603. Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмыс істеу қағидасы; штенгельденген колбаларды жүктеу, алу жəне ортаға келтіру ережесі; шынының қасиеттері жəне штенгельдеудің белгіленуі; шыны ақауының түрлері жəне штенгельдеудің сапасыз орындалуын тудыратын себептер. Параграф 2. Штенгелдеуші, 3-разряд 604. Жұмыс сипаттамасы: арнайы құрылғылар мен жартылай автоматтарда электрвакуумдық құралдар үшін қолмен əртүрлі конфигурациялы колбалардың тұмсықтары мен басқа да бөлшектерін қалыптау арқылы штенгельдеу процесін жүргізу; газ жанарғыларының жалынын реттеу; қызмет көрсетілетін жабдықты жөндету; бақылау-өлшеу аппаратураның көмегімен штенгельдеу процесін бақылау. 605.Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы жəне жөндеу ережесі; шынының қолданылатын маркалары, олардың құрамы мен қасиеттері; шыныны өңдеудің температуралық режимдері; штенгельдеу кезінде ортаға келтіру тəсілдері; бақылау-өлшеу аппаратурасын пайдалану ережесі. Жұмысшылардың жұмыстары мен кəсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік

анықтамалығына (41-шығарылым) қосымшасы Жұмысшы кəсіптерінің əліпбилік көрсеткіші Р/с

Разрядтар диапазоны

Кəсіптің атауы № 1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8. 9. 10. 11. 12. 13. 14. 15. 16. 17. 18. 19. 20. 21. 22. 23. 24. 25. 26. 27. 28. 29. 30. 31. 32. 33.

Автоклавшы Аэрозольшы Шыны бұйымдарын қоршаушы Шыны бұйымдарының вакуумшысы Шыны пісіруші Винипластшы Шыны бұйымдарын үрлеуші Гильоширшы Сынап дистилляторшысы Уақтаушы-ұсатушы Үлдір даярлаушысы Пештерге тиеуші Шыныны шынықтырушы Шихта төгуші Бұраулар даярлаушы Шыны үлбірлерді даярлаушы Иризаторшы Шыны бұйымдарын калибрлеуші Тас қалаушы (пеш қалаушы) пештерде кезекші Кварц балқытушы Крокус пен зімпараны жіктеуші Құм мен кеуек тасты жіктеуші Шыны бұйымдарын жинаушы Шыны өндірісін бақылаушы Кептіру пештері мен барабандарының от жағушысы Шыны бұйымдарын бояушы Қалыптарды лактаушы Шыны тарту машиналарының машинисі Домалатып жазу машинасының машинисі Шыныны моллирлеушісі Крокусты суспензияны берудегі моторист Шыныланған негіздерден блок жинаушы Шыны массаны жинаушы

34. 35. 36.

Беті

3-5 3-4 2-4 3-4 2-3 3 3-8 2 2-4 3-5 2 2-3 3-5 3-4 2-3 3-5 2 2-3 4-5 4-6 2-4 2-3 2-4 3-5 2-3

2 4 4 6 7 8 8 13 13 15 16 17 18 19 20 21 22 22 23 24 26 27 28 29 33

2-3 2 3,5-7 3,5-6 2-6 3 3 3-6

34 36 36 38 39 42 43 43

37. 38. 39. 40. 41. 42. 43. 44. 45. 46. 47. 48. 49. 50. 51. 52. 53. 54. 55 56. 57. 58. 59. 60. 61. 62. 63. 64. 65. 66. 67. 68. 69. 70.

Шыны автоматтары мен жартылай автоматтарын жөндеуші Целлулоид жағушысы Аспаптарды газдармен жəне сұйықтықтармен толтырушы Шыны салушы Шыны өндірісіндегі күйдіруші Жапқыштарды сылаушы Шыны пакеттер мен шыны блоктарды өңдеуші Көбікшыны өндірісінің автоматты желісінің операторы Вакуум соратын механизмдер мен құрылғылардың операторы Үрлейтін жартылай автоматтың операторы Шихтаны ұсақтау операторы Дəнекерлер салу машиналарындағы оператор Филантмашинадағы оператор Шыны қалыптайтын машиналардың операторы Көлемді өлшеу қондырғысының операторы ТВЧ қондырғысының операторы Фацеттік станоктың операторы Шыны лентасын қалыптау операторы Үрленіп жасалатын бұйымдарды өңдеуші Шикізатты орталаушы Бұйымдарды қыздыруға салушы Машиналардан шыныны омырып алушы Ареометрлердің белгілеушісі Термометрлердің белгілеушісі Карусель машинасындағы от жағушы Шыны лентасын қысқартып кесуші Шыныда торлар мен шинкаларды дəнекерлеуші Басу мен суретті аударушы Шыныда құм ағызушы Айналдырушы Шыны сұрыптаушы Шыны жəне шыны бұйымдарын өңдеуші Шыны бұйымдарын қышқылмен өңдеуші Ыстық шыныны престеуші Шыны ұнтақтан бұйымдарды престеуші Шыны пакеттерді престеуші Шыныбұйымдарын қиыстырып келтіруші

4-7

46

1 2-5

48 49

2-3 2-5 2 1-2 4-5

51 52 54 54 56

3-4

57

2-4 5 5-6 4-5 2-7 2-4 4 3-4 4-6 3-8 2-4 2 2-3 1-3 2-5 2 1 3-4 1-2 2-3 2-3 1 3-6 3-4 3-6 3-4 2-4 3

58 59 60 61 62 67 69 69 70 72 74 76 76 77 78 79 80 80 81 82 82 83 83 86 86 90 91 92

Қазақстан Республикасының Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығы 2012 жылғы 24 желтоқсан

№494-ө-м

Астана қаласы

Жұмысшылардың жұмыстары мен кəсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (56-шығарылым) бекіту туралы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 125-бабына сəйкес жұмыстардың белгілі бір түрлерінің күрделілігін белгілеу, жұмысшыларға біліктілік разрядтарын беру жəне кəсіптерінің дұрыс атауларын айқындау мақсатында бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Жұмысшылардың жұмыстары мен кəсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (56-шығарылым) бекітілсін. 2. Еңбек жəне əлеуметтік əріптестік департаменті (А.Ə.Сарбасов) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тəртіппен Қазақстан Республикасының Əділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін жəне ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау Вице-министрі Е.Қ.Егембердіге жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 494-ө-м бұйрығымен бекітілген Жұмысшылардың жұмыстары мен кəсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (56-шығарылым) 1-бөлім. Жалпы ережелер Жұмысшылардың жұмыстары мен кəсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (бұдан əрі - БТБА) (56-шығарылым) «Көрнекті құралдар өндірісі» бөлімінен тұрады. Жұмыс разрядтары олардың күрделілігіне қарай, əдетте, еңбек жағдайлары ескерілмей белгіленген. Қажет болған жағдайларда еңбек жағдайлары (ауырлығы, зияндылығы жəне тағы да басқа) тиісті органдар бекіткен, арттырушы тарифтік ставкаларды белгілеу жолымен ескеріледі. Əр кəсіп бойынша тарифтік-біліктілік сипаттаманың екі бөлімі бар. «Жұмыс сипаттамасы» бөлімі жұмысшы орындай білуге тиіс жұмыстардың суреттемесін қамтиды. «Білуге тиіс» бөлімінде арнаулы білімге, сондай-ақ ережелерді, нұсқаулықтар мен басшы материалдарды, жұмысшы қолдануға тиісті əдістер мен құралдарды білуіне қатысты жұмысшыға қойылатын негізгі талаптар қамтылған. Тарифтік-біліктілік сипаттамасында жұмысшы кəсібінің осы разрядына анағұрлым тəн жұмыстардың тізбесі келтіріледі. Бұл тізбе жұмысшы орындай алатын жəне орындауға тиісті жұмыстардың барлығын қамти алмайды. Жұмыс беруші қажетті жағдайда, тиісті разряд жұмысшылары кəсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларында қамтылған жұмыстарға сəйкес келетін жұмыстардың қосымша тізбесін əзірлей алады. «Жұмыс сипаттамасы» бөлімінде көзделген жұмыстардан басқа, жұмысшы ауысымды қабылдау жəне тапсыру, жұмыс орнын, айлабұйымдарды, құралдарды жинастыру, сондай-ақ оларды тиісінше ұстау, белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізу жөніндегі жұмыстарды орындауға тиіс. «Білуге тиіс» бөлімінде қамтылған теориялық жəне практикалық білімдермен қатар, жұмысшы: еңбекті қорғау, өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі ереже мен нормаларды, жеке қорғану құралдарын пайдалану ережесін, орындалатын жұмыс (қызмет) сапасына қойылатын талаптарды, брактың түрлері мен оның алдын алу жəне жоюдың тəсілдерін, өндірістік дабылдатқышты, жұмыс орнында еңбекті ұтымды ұйымдастыру жөніндегі талаптарды білуге тиіс. Біліктілігі анағұрлым жоғары жұмысшы өзінің тарифтікбіліктілік сипаттамасында санамаланған жұмыстармен қатар, біліктілігі анағұрлым төмен жұмысшылардың тарифтік-біліктілік сипаттамасында көзделген жұмыстарды орындай білуге, сондай-ақ осы кəсіптегі разряды төмен жұмысшыларға басшылық жасай білуге тиіс. Осыған байланысты, анағұрлым төмен разряд кəсіптерінің тарифтікбіліктілік сипаттамасында келтірілген жұмыстар, анағұрлым жоғары тарифтік-біліктілік сипаттамасында, əдетте келтірілмейді. 10. Қызметкердің еңбек кітапшасын толтыру кезінде, сондай-ақ тарифтік разрядты өзгерту кезінде оның кəсібінің атауы БТБА-ға сəйкес жазылады. 11. Тарифтік-біліктілік сипаттамалары алты разрядтық тарифтік торға сəйкес əзірленген. 12. Қолданылуға ыңғайлы болу мақсатында, БТБА-да (56-шығарылым) алфавиттік көрсеткіш (қосымша) көзделген, онда жұмысшылар кəсіптерінің атауы, разрядтардың диапазондары жəне беттердің нөмірленуі қарастырылған. 13. «Көрнекті құралдар өндірісі» бөлімінде қарастырылған жұмысшы кəсіптері атауларының, олардың БТБА шығарылымы бойынша қолданыстағы атаулары көрсетілген тізбесі 1987 жылғы редакциясында берілген. 2-бөлім. Көрнекті құралдар өндірісі 1. Ботаника бойынша блоктарды дайындаушы Параграф 1. Ботаника бойынша блоктарды дайындаушы, 4-разряд 14. Жұмыс сипаттамасы: ботаника бойынша блоктарды тіні тұрпайы өсімдіктерді сусыздандырумен, целлоидинмен жəне парафинмен қоректендіріп фиксациялай отырып дайындау. Құйма алдында ботаникалық материалдарды іріктеу жəне өңдеу. Рецепт бойынша фиксаторларды жасау. Жасалған блоктардағы сынама қималарды микроскоппен бақылау. 15. Білуге тиіс: органикалық жəне органикалық емес химия мен өсімдіктер анатомиясы жөнінде, жұмыстарды орындауға қажетті көлемдегі негізгі деректерді, целлоидин ерітіндісін, целлоидинді жəне парафинді блоктарды жасау тəсілдерін, препараттарды құрауды, қолданылатын реактивтер мен фиксаторлардың құрамы мен химиялық қасиеттерін, препаровальдік лупаның, микроскоптың, термостаттың құрылымын, зиянды жəне улы реактивтермен жұмыс істеу ережесін. 16. Жұмыс үлгілері: бидай дəндері – блок дайындау. Параграф 2. Ботаника бойынша блоктарды дайындаушы, 5-разряд 17. Жұмыс сипаттамасы: ботаника бойынша блоктарды тіні нəзік өсімдіктерді өңдеп фиксациялай отырып дайындау. Тоқыма өсімдіктер мен ағаш бөліктерін мацерациялау. Ботаникалық материалды өңдеу бойынша эксперименталдық жұмыстарды орындау. Өңделетін материалдың нысанына қарай фиксаторларды таңдау жəне жасау. Дайын блоктардан сынама препараттар əзірлеу. Тапсырыс бойынша препараттар əзірлеу. 18. Білуге тиіс: өңделетін өсімдіктердің микроскопиялық құрылымын, парафинді жəне целлоидинді блоктарды микротомада кесу техникасын, микроскопирлеуді, микротом құрылымын. 19. Жұмыс үлгілері: 1) маршанция антеридийі – блоктарды дайындау; 2) вошериялар - фиксациялау, өңдеу. 1. Гистология, цитология, эмбриология бойынша блоктарды дайындаушы Параграф 1. Гистология, цитология, эмбриология бойынша блоктарды дайындаушы, 4-разряд 20. Жұмыс сипаттамасы: гистология, цитология, эмбриология, патология бойынша қарапайым жəне күрделілігі орташа блоктарды дайындау. Жануарларды наркотизациялау, ішін жару. Жұқа цитологиялық құрамдар мен жүйке тіні элементтерін күмістеу үшін ыдыс дайындау. Жануарлдардың ішін жаруға құралды əзірлеу. Целлоидин ерітіндісін жасау. Қан, сүйек жұлынын жəне қабықты препараттарды жағуға слюда əзірлеу. Оңай кесілетін целлоидинді блоктарды микротомада қималарға кесу. Сынама препараттарды түрлі орталарда құрамдау. 21. Білуге тиіс: органикалық жəне органикалық емес химия мен препаратталатын жануарлардың анатомиясы жөніндегі негізгі деректерді, жануарларды наркотизациялау жəне ішін жару тəсілдерін, дайындау, микротомада кесу, микроскопирлеу техникасын, микроскоптың, микротоманың, термостаттың, препаровальдік лупаның құрылымын, зиянды жəне улы реактивтермен жұмыс істеу ережесін. 22. Жұмыс үлгілері: 1) пигмент жасушалары - өңдеу (цитология); 2) адамның кіндігі - өңдеу (эмбриология); 3) май тіні – мысықтың тінін өңдеу (гистология). Параграф 2. Гистология, цитология, эмбриология бойынша блоктарды дайындаушы, 5-разряд 23. Жұмыс сипаттамасы: гистология, цитология, эмбриология, патология бойынша күрделі блоктарды дайындау. Адамдар мен жануарлардың органдары мен тіндерін, сондай-ақ эмбриологиялық материалды гистологиялық жəне цитологиялық құрылым тұтастығын баарынша сақтай отырып нəзік препараттау жəне фиксациялау. Қалыпты жəне патологиялық ауытқу шегінде алынған адам органдары мен тіндерін дəрігерпатологтармен бірге препараттау. Фиксирленген нысандарды блок дайындау үшін суусыздандыру жəне оларға целлоидин немесе парафин құю. Күрделі кесілетін блоктарды кесу жəне сынама препарат қималарын бояу. Жануарларға витальді бояу инъекциялау жолымен тірідей бояу. Қабық препараттар мен жақпаларды дайындау жəне фиксациялау. 24. Білуге тиіс: гистология, цитология, эмбриология, адамдар мен препаратталатын жануарлар патологиясы жөнінде, жұмыстарды орындауға қажетті көлемдегі негізгі деректерді, блоктар мен препараттарды дайындау микротехникасын, қолданылатын фиксаторлардың, химиялық реактивтер мен бояулардың құрамы мен химиялық құрамын, гистологиялық препараттарды бояу əдістемесін, гистологиялық материалды өңдеуге арналған автоматтың құрылымын. 25. Жұмыс үлгілері: 1) тауық аллантоисы - өңдеу, фиксациялау, бояу (эмбриология); 2) ит қуығының тегіс жерлері - өңдеу, фиксациялау (гистология); 3) аксолотель бауыры (хондриосомдар) - өңдеу (цитология). Параграф 3. Гистология, цитология, эмбриология бойынша блоктарды дайындаушы, 6-разряд 26. Жұмыс сипаттамасы: гистология мен эмбриология бойынша ерекше күрделі блоктарды дайындау. Адамдар мен жануарлардың органдары мен эмбриологиялық материалды нəзік, ерекше күрделі препараттау жөніндегі экспериментальдік жұмыстарды орындау. Жаппай өндірістің арнаулы шарттары үшін гистологиялық теехника ұсынған əдістерді модификациялау. 27. Білуге тиіс: адамдар мен препаратталатын жануарлардың анатомиясы мен гистологиялық құрылымы туралы,жұмыстарды орындауға қажетті

Министр С.ƏБДЕНОВ. көлемдегі негізгі деректерді 28. Жұмыс үлгілері: 1) гольджи аппараты - қоян гипофизін өңдеу, фиксациялау, бояу (цитология); 2) дамушы амфибия уылдырықтары - өңдеу (эмбриология); 3) патологиялық органдар; 4) жүйке тіні – мүшелеу жəне бояу (гистология). 2. Геологиялық үлгілерді дайындаушы Параграф 1. Геологиялық үлгілерді дайындаушы, 4-разряд 29. Жұмыс сипаттамасы: табиғи шикізаттан қарапайым жəне орташа күрделі геологиялық үлгілерді дайындау жəне жасау. Минерал жəне кен жынысы кесектерін қолмен уату. Қатпаларды препараттау. Бөлініп қалған бөліктерін арнаулы желіммен жабыстыру. 30. Білуге тиіс: геологиялық жəне палеонтологиялық коллекциялардың құрамы мен атауларын, оларға орналастырылатын үлгілергее қойылатын техникалық талаптарды, коллекцияға енетін минералдар жəне кен жыныстарының ғылыми атауын, түзілу ерекшеліктерін мен физикалық-химиялық қасиеттерін, препаратталатын нысандардыі атауын, олардың түзілу ерекшеліктерін, қолданылатын айлабұйымдар мен құралдарды жəне оларды пайдалануды, үлгілерді жасаудың жолдары мен тəсілдерін, минералдармен жұмыс істеу ережесін. 31. Жұмыс үлгілері: Минералдар: 1) бокситтер, темір рудалары, кальцит, тас көмір, кварц, опал, дала шпаты - дайындау жəне үлгі жасау; 2) өсімдік таңбалары – препараттау; 3) кен жыныстары: ыстық сланец, гранит, əкшелер, мрамор-дайындау жəне үлгі жасау; 4) моллюск раковиндері – препараттау. Параграф 2. Геологиялық үлгілерді дайындаушы, 5-разряд 32. Жұмыс сипаттамасы: табиғи шикізаттан күрделі геологиялық үлгілерді дайындау жəне жасау. Минерал жəне кен жынысы кесектерін сынық бетіндегі олардың түзхілу ерекшеліктерін анықтай отырып қолмен жəне пневматикалық балғамен уату. Минерал жəне кен жынысы кесу, тегістеу жəне жылтырату. Шлифтерді жасау. Бағалы кристалдарды, жартылау жəне қымбат тастарды оқу маққсаттары үшін өңдеу. Нəзік, ұсақ нысандарды лупамен жəне микроскоппен препараттау. Қатпа қималарын жасау. 33. Білуге тиіс: көрнекті құралдар үшін минералдар мен қатпаларды өңдеу əдістерін, минералдарды анықтаудың əдістері мен жолдарын, пневматикалық балғаның жəне тегістеп жылтырату станогының құрылымын, оларды пайдалану ережесін, шлифтер мен жылтыратылған үлгілерді жасау технологиясын. 34. Жұмыс үлгілері: 1) амманиттер – препараттау; 2) минералдар- авгит, берилл, киноварь, корунд, күкірт кристаллдары, малахит, наждак, топаз жəне тағыда басқа - дайындау жəне үлгі жасау; 3) кен жыныстары: габбро, диабаз, лабрадорит, порфирит, яшма - дайындау жəне үлгі жасау; 4) трилобиттер – препараттау. 3. Сүйектерді жинақтаушы Параграф 1. Сүйектерді жинақтаушы, 5-разряд 35. Жұмыс сипаттамасы: адамның немесе ірі жанаурдың толық скедетін жинақтау жəне жиналған сүйектерді дəке қапшықтарға салу. Адамның қолдары мен табанының, ірі жануарлардың жоғарғы жəне төменгің буындарының препараттарын жасау үшін жекелеген сүйектерді іріктеу. Аюдың, бұғының, маймылдың жəне басқа да жануарлардың скелеттерін арнаулы тапсырыстар бойынша жинақтау. Түпкілікті өңдегеннен кейін сүйектерді бөлектеу, анатомиялық атласқа жəне қолда бар бекітілген эталондарға сəйкес арнаулы жəшіктерге салу. 36. Білуге тиіс: адамның жəне жануарлардың скелеттерін жинақтау ережесін, анатомиялық атласқа жəне жалпы зоология курсынаа сəйкес адамның жəне жануарлар скелеттерінің құрылымын, скелеттердегі сүйектердің атауы мен нысанын, олардың орналасатын жерін. 4. Құрғақ зоопрепараттарды жинақтаушы Параграф 1. Құрғақ зоопрепараттарды жинақтаушы, 4-разряд 37. Жұмыс сипаттамасы: құрғақ зоопрепараттарды жинақтау. Кептірілген жануарларды, өсімдіктерді, қораптарды, плакаттарды, этикеткалар мен коллекциялар мен берілген тақырыптағы құрғақ зоопрепараттарды жинақтауға қажетті басқа да материалдарды жинақтау. Жиналған материалдарды оларды монтаждау үшін қораптарға салу. 38. Білуге тиіс: энтомологиялық коллекциялар мен құрғақ зоопрепараттардың мазмұны мен атауын, жиналған матераилдардың сапасына қойылатын талаптарды, оларды коллекциялар мен препараттарды жинақтау кезінде қораптарда орналастыруды, аяқ мүшелілердің негізгі топтарын, энтомологиялық коллекциялар мен зоопрепараттарды жасауға пайдаланылатын аяқ мүшелілердің ғылыми атауын, құрылым ерекшеліктерін, дамуын жəне өмір сүруін. 5. Көрнекті құралдарды бақылаушы Параграф 1. Көрнекті құралдарды бақылаушы, 2-разряд 39. Жұмыс сипаттамасы: техникалық шарттарға сəйкес шикізатты, жартылай шикізатты жəне дайын өнімді біліктілігі анағұрлым жоғары бақылаушының басшылығымен көзбен немесе қарапайым құралдарды қолдана отырып бақылау. Сынама іріктеу. Шикізатты, жартылай шикізатты жəне дайын өнімді сұрыптар немесе түрлері бойынша бракқа шығаруға қатысу. 40. Білуге тиіс: өнім партиясын қабылдау жəне ресімдеу ережесін, сынама іріктеу, өлшеу жəне таңбалау ережесін. Параграф 2. Көрнекті құралдарды бақылаушы, 3-разряд 41. Жұмыс сипаттамасы: техникалық шарттарға сəйкес шикізатты, жартылай шикізатты жəне дайын өнімді көзбен немесе қарапайым құралдарды қолдана отырып бақылау. Өнімнің, тараның жəне таңбалаудың мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарт талаптарына сəйкестігі туралы қортынды беру. Материалдар мен өнімді бақылау нəтижелері кəртішкесіне енгізе отырып сұрыптар немесе түрлері бойынша бракқа шығару. 42. Білуге тиіс: қызмет көрсететін цех топтары бойынша шикізатқа, жартылай шикізатқа жəне дайын өнімге қойылатын талаптарды, бақыланатын материалдардың физикалық-химиялық қасиеттерін. Параграф 3. Көрнекті құралдарды бақылаушы, 4-разряд 43. Жұмыс сипаттамасы: техникалық шарттарға сəйкес шикізатты, жартылай шикізатты жəне дайын өнімді бақылау аспаптары мен лупаны қолдана отырып бақылау. Бақылау журналын жүргізу. Сапасыз өнімге акті ресімдеу. Тұтынушылардың шағымдары мен талаптарын қарауға қатысу. 44. Білуге тиіс: қызмет көрсететін цех топтары бойынша шикізатқа, жартылай шикізатқа жəне дайын өнімге қойылатын талаптарды, технологияны, жөнелтілетін партияларды бақылау жəне ресімдеу тəртібі туралы нұсқаулықты, іріктеу өткізу əдістемесін. Параграф 4. Көрнекті құралдарды бақылаушы, 5-разряд 45. Жұмыс сипаттамасы: техникалық шарттарға сəйкес шикізатты, жартылай шикізатты жəне дайын өнімді шамалы үлкейтетін микроскоптар мен күрделі өлшеу аспаптарын қолдана отырып бақылау. Жекелеген ұсақ сынық нысандарды шамалы қалпына келтіру жəне бракқа шығарылғандарын ауыстыру. Біліктілігі төмен бақылаушылардың жұмысына басшылық жасау. 46. Білуге тиіс: көрнекті құралдар өндірісі технологиясын, брак түрлерін жəне оларды жою тəсілдерін, гистологияның, эмбриологияның, зоологияның, геологияның жəне тағыда басқа ғылымдардың тиісті бөлімдерін шығарылатын құралдар номенклатурасы көлемінде, микроскоптың құрымы мен жұмыс істеу принципін. 47. Жұмыс үлгілері: Микропрепараттарды бақылау: 1) маршанция архегониясы; 2) атеросклеротикалық нефроцирроз; 3) малярия плацмодиті. Зоология бойынша жиынтықтарды бақылау: 4) бақ зиянкестері; 5) бақша зиянкестері; 6) кодоскопқа арналған диапозитивтер. Параграф 5. Көрнекті құралдарды бақылаушы, 6-разряд 48. Жұмыс сипаттамасы: техникалық шарттарға сəйкес шикізатты, жартылай шикізатты жəне дайын өнімді көп үлкейтетін микроскоптардың көмегімен бақылау. биологиялық нысандар қатарының қалыпты даму сатыларын (онтогенезді) анықтау жəне іріктеу. Арнаулы тапсырыстар бойынша жəне экспортқа арналған көрнекті құралдарды бақылау. 49. Білуге тиіс: цитологияны, генетиканы, микробиологияны, жеке даму биологисын шығғарылатын препараттар номенклатурасы көлемінде, аса нəзік цитологиялық құрыымдарды анықтау технологиясын, митотикалық хромосомдарды (кариотиптерді) зерттеуге арналған генетика жөніндегі препараттарды əзілеу əдістемесін, дрозофилдердің мутация түрлерін. Экспорттық орындауға арналған көрнекті құралдарды дайындау технологиясын жəне иехникалық шарттарын. 50. Жұмыс үлгілері:

71. 72. 73. 74. 75. 76. 77. 78. 79. 80. 81. 82 83. 84. 85. 86 87. 88. 89. 90. 91. 92. 93. 94. 95. 96. 97. 98. 99. 100. 101. 102. 103. 104. 105. 106. 107. 108.

Інжу моншақ елеуші Шыны үгітушісі Шыны жəне шыны бұйымдарына белгі қоюшы Шыны əшекейлеуші Реактивші Отта кесуші Көбікблоктар кесуші Шыны кесуші Шыны бұйымдарын кесуші Ылғал жұтқыштар жинаушы Шыныдан аспаптар жинаушы Шыны бұйымдарын жинаушы Термостар жинаушы Тигльдер жинаушы Шыны бұйымдарын дəнекерлеуші Шыны бұйымдарын бұрғылаушы Сепараторшы Күміс жалатушы Шыны массаны құюшы Шихта құрастырушы Шыны қайнатушы Шыны үрлеуші Шыны бұйымдарын кептіруші Шикізат пен материалдарды кептіруші Шыны жəне шыны бұйымдарын алушы Балқыту қышқылымен шыны өрнекші Шыны түтіктері мен дротты өндіру бойынша тартушы Шикізатты орталаушы Фацетші Фидерші Флотаторшы Шыныдан бөлшектерді қалыптаушы Қалып ұстаушы Шыныда сурет басушы Суретхимгравирлеуші Шыны тегістеуші Шыны бұйымдарын тегістеуші Штенгелдеуші

1 2-3 2-3 2-4 4 2-4 2-3 1-5 1-3 2 1-4 2-5 1-2 4 3-5 2-3 2 2-4 3 3-5 4-7 2-6 2 1-2 2-4 1-4 2,4-7

92 92 93 94 96 96 98 99 101 103 104 106 110 110 111 113 114 114 116 116 118 120 129 130 130 132 134

2 2-5 4 2-3 1-3 2 3-5 5 3-5 2-7 2-3

137 137 140 140 141 143 143 144 144 145 152

Преапарттарды таңдау, анықтау жəне бақылау: 1) аскарида, жетілу бөлігінің екінші айналымы, пронуклеустар; 2) балапан, хордальдік өсім. Бақылау: 3) гольджи аппараты; 4) крепис карнотиптері; 5) фридлендер таяқшасы. 6. Глобустарды лактаушы Параграф 1. Глобустарды лактаушы, 2-разряд 51. Жұмыс сипаттамасы: глобустарды алдын ала тегістей отырып лакпен қолмен лактау. Қажеттің құрылым мен тұтқырлықтағы лакты дайындау. 52. Білуге тиіс: лактаудың жолдары мен тəсілдерін, грунтовканың рецептурасы мен жасау тəсілдерін, қолданылатын материалдар мен оларға қойылатын талаптарды, еріткіштерді сақтау ережесін. 8. Мацератор Параграф 1. Мацератор, 4-разряд 53. Жұмыс сипаттамасы: сүйектерді жəне сүйектің ішкі беттерін жұлыннан жəне майдан сумен жуу. Кептіру шкафында дұрыс режім мен қажетті ауа ағындарын белгілеу. Жануарлардың түріне қарай шкафтың өткізу қабілетін ескере отырып, сүйектерді кептіру шкафындағы щиттер мен бикстерге қою. Кептіру режимінің дұрыстығы мен сүйектің осал бөліктерінің: қабырғаларының, құйрығының, буындарының сақталуы мақсатымен сүйек сапасын қадағалау. Сілті ерітінділерін жасау. 54. Білуге тиіс: ұсақ жануарлар скелетінің құрылымын орындалатын жұмыс көемінде, сүйектерді кептіру техникасын, электр қыздырғы мен кептіру шкафындағы желдеткіш қондырғыларының құрылымын, аспаптар бойынша түрлі сүйектерді кептіруге арналған қажетті температураны. 55. Жұмыс үлгілері: Жуу жəне кептіру: 1) мысықтар; 2) қояндар; 3) бақалар. Параграф 2. Мацератор, 5-разряд 56. Жұмыс сипаттамасы: ұсақ жануарлардың скелеттерін мацерациялау жəне мусыздандыру. жұлын мен майды кетіру үшін бұрғылау жəне ұсақ трубалы жəне пластиналы сүйектерді сумен шаю. Автоклавтардағы майсыздандыру процесін реттеу. 57. Білуге тиіс: майсыздандыру кезінде қолданылатын бензиннің маркасын, скелеттерді безнинге салудың кезектілігі мен болу мерзімдерін, майсыздандырылған сүйектердің дайындық дəрежесі мен сапасын, автоклавтарды реттеуді, моторды, насосты жəне тарту құрылғыларын пайдалану ережесін, өртке қарсы шаралар кешенін жəне бензин, бензол буынан қорғануды. 58. Жұмыс үлгілері: Мацерациялау жəне сусыздандыру: 1) мысықтар; 2) қояндар; 3) көртышқандар; 4) бақалар; 5) құстар. Параграф 3. Мацератор, 6-разряд 59. Жұмыс сипаттаммасы: ірі жануарлар мен адамның скелеттерін мацерациялау, сусыздандыру. Қансыздандырылған сүйекті мацерециялау ыдысына салу жəне су толтыру. Электр ұқыздырманы қосу жəне қыздыру температурасын реттеу. Мацерациялау процесін қадағалау. Ыдыстан мацерациялау сұйығы мен майды кетіру. Жекелеген сүйектерден сіңір қалдықтары мен байламдарды тазарту. Ірі сүйекттерді етсу жəне майсыздандыру. Технологияға сəйкес ағартушы сұйықты жасау жəне оған скелеттің майсыздандырылған сүйектерін салу. Ағарту процесін қадағалау. Сүйектерді ағартқаннан кейін жуу жəне кептіру. Ірі жануарлар мен адамның скелеттерін іріктеу жəне жинақтау. Адамдар мен жануарлардың органдары мен тіндерін, сондай-ақ эмбриологиялық материалды гистологиялық жəне цитологиялық құрылым тұтастығын баарынша сақтай отырып нəзік препараттау жəне фиксациялау. Қалыпты жəне патологиялық ауытқу шегінде алынған адам органдары мен тіндерін дəрігер-патологтармен бірге препараттау. Фиксирленген нысандарды блок дайындау үшін суусыздандыру. Көрнекті құралдар шығаруға жарамдылығын ескере отырып сүйектерді іріктеу. 60. Білуге тиіс: мацерациялаушы ерітінділердің құорамын, қасиететрін жəне оларды жасау тəсілдерін, скелеттердің түріне қарай олардың қонцентрациясын, шиикізаттың түріне, жануардың жасына жəне ерекшеліктеріне қарай сүйектерді химиялық өңдеу мерзімдерін, мацерациялаудың химиялық жəне биологиялық тəсілдерін, скелеттегі патологиялық ауытқуларды, сүйекті мацерациялауға арналған аппаратураның құрылымын жəне реттеуді, зиянжы жəне улы реактивтермен жұмыс істеу ережесін, адам мен жануарлар скелетін жасау үшін мəйіт материалын өңдеу технологисын, бензин буынан жəне басқа да улайтын заттардан қорғану тəсілдерін. 61. Жұмыс үлгілері: 1) қойдың, шошқаның, сиырдың скелеттері – мацерациялау; 2) адамның скелеттері – мацерациялау; 3) мысықтың, қпянның, көртышқанның скелеттері – ағарту. 9. Көрнекті құралдарды үлгілеуші Параграф 1. Көрнекті құралдарды үлгілеуші, 1-разряд 62. Жұмыс сипаттамасы: папье-машеден, мастикадан, пластикалық массадан қарапайым үлгілерді жасау, біліктілігі анағұрлым жоғары үлгілеушінің басшылығымен 2-3 бөліктерден тұратын үлгілерді дайын нысан бойынша илеп жасау немесе қысымдап шығару. Қалыптарың жұмысшы беттерін майлау. Қалыпқа желім-гипс массасын жағу. Мастиканы тегістеп жазу жəне қалыптарға салу. Үлгіге қағазды қабаттап жапсыру. Бір колерлі пластикалық массаларды жасауға қатысу жəне оларды қалыпқа салу. Үлгінің бөліктерін құрастыру жəне желімдеу. Желімелген жерлердегі жіктерді алу жəне тегістеу. Бұйым бетіндегі құйма ақауларын жою. Модульдерді қолмен терілендіру. Үлгілерді түрлі станоктар мен айлабұйымдарда өңдеу. 63. Білуге тиіс: үлгі жасауға қолданылатын материалдардың атауын, жіктерді тегістеу мен үлгі беттерін тазарту жолдарын. Параграф 2. Көрнекті құралдарды үлгілеуші, 2-разряд 64. Жұмыс сипаттамасы: папье-машеден, мастикадан, пластикалық массадан қарапайым үлгілерді жасау, 2-3 бөліктерден тұратын үлгілерді дайын нысан бойынша илеп жасау немесе қысымдап шығару. Бір колерлі пластикалық массаларды жасауға қатысу жəне оларды қалыпқа салу. Үлгінің бөліктерін құрастыру жəне желімдеу. Желімелген жерлердегі жіктерді алу жəне тегістеу. Бұйым бетіндегі құйма ақауларрын жою. Модульдерді қолмен терілендіру. Үлгілерді түрлі станоктар мен айлабұйымдарда өңдеу. Лак пен желім жасау. Үлгіні лакпен жабу. 65. Білуге тиіс: қарапайым үлгілерді жасау жолдарын, қолданылатын материалдардың, құралдардың нысанын, жасалатын құралдардың атауларын, қарапайым үлгілерді илеп жасаудың, қысымдап шығарудың, құюдың техникасын, үлгіге қағаз қабаттарын жапсыруды, зиянды заттармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасын. 66. Жұмыс үлгілері: Папье-машеден жəне мастикадан үлгі жасау: 1) солитер ұштары; 2) адам өкпесінің сегменттері; 3) қылқалам топографиясы. Параграф 3. Көрнекті құралдарды үлгілеуші, 3-разряд 67. Жұмыс сипаттамасы: папье-машеден, мастикадан, пластикалық массадан күрделілігі орташа үлгілерді жасау, 4-6 бөліктерден тұратын үлгілерді дайын қалып бойынша илеп жасау немесе қысымдап шығару. Оларды қалыпқа кезекпен сала отырып 2 тондағы пластикалық масаларды жасау. Үлгілерге күрделі емес арматура мен фурнитура орнату. Үлгі бөліктерін құрастыру жəне желімдеу. Берілген рецептура бойынша мастика, левкас пен клейстер жасау. 68. Білуге тиіс: күрделілігі орташа үлгілерді жасау жолдарын, желім-гипс массасы мен мастиканың температуралық режімін, пластмассаны қалыптарға құю техникасын, рельефтердің үлгіге түсіру тəсілдерін, 2 тонды пластмассаларды жасау рецептурасын, үзік қалыптарды құрастыру мен бөлшектеу кезектілігін, құрастырмалы үлгілердің жиынтығын жəне оларды бекіту тəртібін. 69. Жұмыс үлгілері: Үлгілерді жасау: 1) ішкі секреция бездерін; 2) адамның бас миы; 3) ымдау еттері; 4) тізе буыны. Параграф 4. Көрнекті құралдарды үлгілеуші, 4-разряд 70. Жұмыс сипаттамасы: папье-машеден, мастикадан, пластикалық массадан, латекстен, балауыздан, парафиннен, церезиннен күрделі үлгілерді жасау. 7-8 бөліктерден тұратын үлгілерді дайын қалып бойынша илеп жасау немесе қысымдап шығару. Қалыпқа кезекпен сала отырып 2-тоннан жоғары пластикалық масса колерін жасау. Латекс қоспасына компоненттер дайындау. Балауыздан, парафиннен, церезиннен жəне бояушы заттардан масса жасау. Сүйек негізін құрау жəне оған балауыз массасынан жасалған жекелеген бұлшық еттер мен органдарды бекіту. Бөлшектерді жетілдіру, желімдеу жəне ыңғайлау. Үлгілерді құрастыру жəне бекіту. Үлгілердегі рельеф дəлсіздігін жою. Аспалы тамырлар мен жүйкелерді түсіру. Мастика, левкас, клейстер жасау үшін матераилдарды дозалау. Массаны дайындау процесінің жүргізілуін қадағалау жəне олардың дайындығын анықтау. 71. Білуге тиіс: күрделі үлгілерді жасау жолдарын, латекс қоспасына арналған дисперсия, эмульсия мен пасталарды жасау рецептурасын, балауыз массасын жасау рецептурасын, препарат негізіне арналған сүйектерді байлаамдау мен бекіту тəсілдерін, қолданылатын материалдардың химиялық жəне физикалық қасиеттерін, үлгі жинақтарын жəне құрастырмалы бөлшектер құлпы жүйесін қабылдау, мастика жасау техникасын, адам органдарының анатомиялық құрылымын орнындалатын жұмыс шегінде. 72. Жұмыс үлгілері: Үлгілерді жасау: 1) ішкі құймаларға арналған фантом қоспалары; 2) тыныс органдары;

(Жалғасы 18-бетте).


18 (Жалғасы. Басы 17-бетте). 3) жүрек, бөлшектенетін үлгі; 4) омыртқа жотасы; 5) жаңа туған сəбидің өкпе топографиясы. Параграф 5. Көрнекті құралдарды үлгілеуші, 5-разряд 73. Жұмыс сипаттамасы: папье-машеден, мастикадан, пластикалық массадан, латекстен, балауыздан, парафиннен, церезиннен аса күрделі үлгілерді жасау. Көп бөлікті ерекше күрделі терең рельефті үлгілерді дайын қалып бойынша илеп жасау, қысымдап шығару немесе құю. Латекс қабатын түсіру жəне үлгі-фантомдарды толық құрастыру. Кемік затты көрсетуге үшін табиғи сүйенкті жару немесе джасанды сүйек кемігін қолдан жасау. Күрделі арматура мен фурнитураны орнату. Күрделі рельефтерді қоас отырып, алмалы бөлшектерді желімдеу жəне жеткеру. Үлгілерді көркем суреттеуге мүсіндеп өңдеу. Термостаттардағы, кептіру шкафтарындағы температура режимін реттеу. Біліктілігі төмен үлгілеушілердің жұмысына басшылық жасау. 74. Білуге тиіс: ерекше күрделі көп бөлшекті үлгілерді жасаудың жолдары мен тəсілдерін жəне олардың құрылымдық ерекшеліктерін, қолданылатын массалрдың рецептурасы мен технологиялық режімін, үлгілерді құрастыру техникасын, ерекше күрделі үлгілердің құрастырмалы бөлшектері құлпын жасау жəне оларды мүсіндеп өңдеу, қолданылатын материалдардың ерекшіліктерін. 75. Жұмыс үлгілері: Үлгілерді жасау: 1) кемік зат венасы; 2) бас сүйектің ішкі жəне сыртқы негізі; 3) төменгі буын топографиясы; 4) торс, бөлшекті үлгі. Параграф 6. Көрнекті құралдарды үлгілеуші, 6-разряд 76. Жұмыс сипаттамасы: папье-машеден, мастикадан, пластикалық массадан, латекстен, балауыздан бастапқы үлгі-эталондарды, ерекше күрделі анатомиялық үлгілерді анатомия атласы, табиғи препараттар бойынша жəне ғалымдардың консультациясымен жасау. Көп бөлшекті ерекше күрделі бірегей үлгілерді арнаулы тапсырыс бойынша жəне экспортқа арнап құю. Үлгіні белгілеу жəне мүшелеп бөлу. Жаңа үлгілерге жұмыс эскиздерін жасау. 77. Білуге тиіс: тіннің, адам органдары мен жүйесінің анатомиялық құрылымын орындалатын жұмыс шегінде, қолданылатын материалдардың химиялық жəне физикалық қасиеттерін, үлгілерді бөліктерге бөлшектеу жолдарын, күрделі анатомиялық үлгілерді илеп жасау, қысымдап шығару жəне құю техникасын, оларды мүсіндеп өңдеуді. 10. Ылғалды препараттарды құрастырушы Параграф 1. Ылғалды препараттарды құрастырушы, 2-разряд 78. Жұмыс сипаттамасы: қарапайым жəне күрделілігі орташа нысандарды біліктілігі анағұрлым жоғары құраушының басшылығымен құрастыру. Цилиндрлерді дайындау, дайындалатын препарттарға арналған этикеткаларды, нөмірлер мен экспликацияларды кесу, оларды шыны пластинкаларға жапсыру. Нысандарды жіппен немесе лескамен тігу жəне шыны пластинкаларға жапсыру. Пластинканы нысанмен бірге цилиндрге орналастыру жəне оны консервілейтін ерітіндімен толтыру. Құралдарды жұмысқа дайындау. 79. Білуге тиіс: қарапайым жəне күрделілігі орташа нысандарды құрастыруды жəне олардың сыртқы түрлерін, улы бездері бар жануарлармен жұмыс істеу ережесін, жануарларды жансыздандыруға арналған зиянды заттармен жұмыс істеу ережесін, нысандарды құрастыру кезінде қолданылатын материалдардың нысанын. Параграф 2. Ылғалды препараттарды құрастырушы, 3-разряд 80. Жұмыс сипаттамасы: қарапайым жəне күрделілігі орташа нысандарды құрастыру. Цилиндрлерді дайындау, этикеткаларды, нөмірлер мен экспликацияларды кесу, оларды шыны пластинкаларға жапсыру. Адамның препаратталған органдарын тазалау. Нысандарды жіппен немесе лескамен тігу жəне шыны пластинкаларға жапсыру. Нысанды қажетті жағдайға келтіру, кспликацияға сəйкес нысандарға нөмірлерді жапсыру. Консервілейтін ерітіндіні дайындау. Приготовление консервирующих растворов. Пластинканы нысанмен бірге цилиндрге орналастыру жəне оны консервілейтін ерітіндімен толтыру. Желім дайындау. Сүзгілерді дайындау жəне консервілейтін ерітіндіні сүзу. Шыны кружкаларды қыздыру жəне оларды цилиндрге жапсыру. Цилиндрлерді герметикалық буып-түю. Цилиндрлерді кептіруге қою. Цилиндрлердің ақпауын тексеру. Цилиндрлердің үстін жəне жиектерін қара лакпен бояу. Цилиндрлерді сүрту. ОТК, фирмалық жəне температура этикеткаларын жапсыру. 81. Білуге тиіс: қарапайым жəне күрделілігі орташа нысандарды құрастыру техникасын, адам анатомисы мен құрастырылатын нысанның ішкі құрылымын, арнаулы желімді жасау рецептурасын, консервілейтін ерітіндіні сүзу техникасын, цилиндрлерді герметикалық буып-түю ережесін. 82. Жұмыс үлгілері: Құрастыру: 1) губка-бадягалар; 2) медициналық сүліктер; 3) бүйрек – фронтальдік кесу; 4) таңдай сіңірлері мен байламдары. Параграф 3. Ылғалды препараттарды құрастырушы, 4-разряд 83. Жұмыс сипаттамасы: паразитология, іш құрылысы, тыныс жəне ас қорыту органдары, зəр-жыныс жүйесі, эмбриология, ішкі секреция бездері бөлімдерінен күрделі нысандарды құрастыру, адамның препаратталған жəне тазартылған органдары, табиғи бояуы сақталған ботаникалық нысандары. Адамның жекелеген органдарын, жануарлар мен өсімдіктерді тіркеу. Қабат тығындарын іріктеу жəне жару. Жарылған тығындарынды пластинкаларға кесу. Шыны пластикаларды бекітілген нысандарымен жəне цидиндрлерді шөгіндіден жуу. Нысандарға жапсырылған нөмірлер мен экспликациялардың болуын жəне сапасын тексеру. Жуылған препараттарды цилиндрге салу жəне оны тығынды пластинка көмегімен бекітіп, консервілеуші ерітіндімен толтыру. Цилиндр жиектерін сүзгі қағазбен кептіру жəне оларды жабу. 84. Білуге тиіс: күрделі нысандарды құрастыру техникасын, фильтрмен жəне компрессормен жұмыс істеу ережесін, анатомиялық цилиндрлерді желімдеп жабу техникасын. 85. Жұмыс үлгілері: Құрастыру: 1) қынап, жатыр, жатыр түтіктері мен аналық бездері; 2) бауыр қос езулігі жəне оның аралығы; 3) бас миы (негізі, таламиялық бөлігі); 4) бөлме шыбыны (дамуы); 5) бүйректар (іші ашылған, қан тамырларымен); 6) өзен шаяны (іш құрылысы). Параграф 4. Ылғалды препараттарды құрастырушы, 5-разряд 86. Жұмыс сипаттамасы: паразитология мен гельминтология, артериалдық, вена, жүйке жəне зəр-жыныс жүйесі, ұқсастық бойынша, жаңа туған нəресте мəйітінің препаратталған жəне түпкілікті жуылған органдарынан ерекше күрделі нысандарды құрастыру. Бас миын бояу үшін бояу ерітіндісін дайындау. Біліктілігі төмен құрастырушының жұмысына басшылық ету. 87. Білуге тиіс: ерекше күрделі нысандарды құрастыру техникасын, адамның жəне құрастырылатын барлық жануарлардың анатомиясын, анатомиялық, зоологиялық жəне ботаникалық нысандардың табиғи бояуын қалпына келтіру жəне сақтау техникасын. 88. Жұмыс үлгілері: Құрастыру: 1) аскаридалар; 2) өгіздің көзі; 3) 7-8 айлық ұрық бездері; 4) мысықтың боялған миы; 5) нəрестенің артериалдық жүйесі; 6) балық – дамуы. 11. Сүйек препараттарды құрастырушы Параграф 1. Сүйек препараттарды құрастырушы, 2-разряд 89. Жұмыс сипаттамасы: адамның жəне ірі жануарлардың жекелеген табиғи жəне жасанды сүйектерінен жасалған қарапайым препараттарды тұғырда құрастыру. Планшеттер мен тұғырларды іріктеу, пружина, бекітпе фурнитура жасау. Түрлі консистенциядағы акрил жəне басқа да желімдерді жасау. Сүйектің сынуына байланысты ақауларды желім арқылы жою. 90. Білуге тиіс: қарапайым препараттарды құрастыру техникасын, адамның жəне ірі жануарлар скелеттерінің жекелеген сүйектерінің атауын, қолданылатын материалдарды, инструменттерді, сүйекті бұрғылау, пружина, бекітпе фурнитура жасау жолдарын. 91. Жұмыс үлгілері: 1) шүйде сүйектері; 2) негізгі сүйектер. Параграф 2. Сүйек препараттарды құрастырушы, 3-разряд 92. Жұмыс сипаттамасы: адамның жəне ірі жануарлардың жекелеген табиғи жəне жасанды сүйектерінен күрделілігі орташа препараттарды тұғырға құрастыру. Сүйек препаратын шабақтау үшін белгілі бір нүктелерде сүйекті тесу. Адамның жəне ірі жануарлардың трубалы сүйектері мен омыртқасын арамен кесу. Кесінділерді планшеттерге белгілі бір тəртіппен жапсыру. Канифоль, ацетон, толуол, арнаулы желім қоспаларын жасау. 93. Білуге тиіс: күрделілігі орташа нысандарды құрастыру техникасын, сүйекті арамен кесу жолдарын, материалдардың физикалық қасиеттерін. 94. Жұмыс үлгілері: Құрастыру: 1) қабырға доғасы; 2) құйымшақты сегізкөз; 3) эмбрион, жаңа туған нəресте скелеттері. Параграф 3. Сүйек препараттарды құрастырушы, 4-разряд 95. Жұмыс сипаттамасы: адамның жəне ірі жануарлардың жекелеген табиғи жəне жасанды сүйектерінен күрделі препараттарды пружинаға жəне бекітпе фурнитураға құрастыру. Түзетілген ақауларды тазарту. Адам скелеті сүйектерінің толық жиынтығын жинақтау. Адамның жекелеген сүйектеріндегі бұлшық еттің жабысу жерлерін бояумен көрсету. Адамның буындарының айналу осьтерін анықтау жəне оларды бекіту. Ірі жануарлардың бас сүйегін сагиттальдік кесу. Сүйектерді тесу. Препаратты жинақтау жəне құрастыру. 96. Білуге тиіс: күрделі нысандарды құрастыру техникасын, адамның жəне ірі жануарлар скелетінің құрылымын, сүйектеріндегі бұлшық еттің жабысу жерлерін, пластмассадан жасалған сүйектерді өңдеу тəсілдерін, экспликацияға сəйкес нөмірлерді жапсыру техникасын. 97. Жұмыс үлгілері: Құрастыру: 1) сиырдың жəне жылқының буындары; 2) буындардың айналу осьтері; 3) адамның табан жəне қол скелеті; 4) бұлшық еттің жабысу жерлері көрсетілген адамның жақ сүйегі. Параграф 4. Сүйек препараттарды құрастырушы, 5-разряд 98. Жұмыс сипаттамасы: адамның жəне ірі жануарлардың жекелеген табиғи жəне жасанды сүйектерінен ерекше күрделі препараттарды, бас сүйекті бояп, тамырларын салып жəне ішкі құрылысын көрсете отырып құрастыру. Адамның жəне ірі жануарлардың жамбас сүйектерін сагиттальдік кесу. Номенклатурада көзделмеген жануарлардың: бұланның, маймылдың, зебрдың, шибөрінің жəне тағыда басқа скелеттерін арнаулы тапсырыс бойынша жасау. Скелеттерге табиғи поза беру. Омыртқа жотасын, жамбасты, қабырғамен қоса кеуде сүйек шеміршегін жапсыру жəне байламдау. 99. Білуге тиіс: ерекше күрделі нысандарды құрастыру техникасын, адамның жəне ірі жануарлар анатомиясын. 100. Жұмыс үлгілері: Құрастыру: 1) сүйектері боялған бас сүйектің ішкі негіз беті; 2) адамның, жылқының, сиырдың, шошқаның, қойдың, иттің скелеттері; 3) мұрын қуысының бүйір беті; 4) таңдай шұңқыры мен үстіңгі жақ сүйектің медиальдік қуыс қабырғасы. 12. Микроқималарды құрастырушы Параграф 1. Микроқималарды құрастырушы, 3-разряд 101. Жұмыс сипаттамасы: кесілген жерде қатпар бальзамда көбік жасамай, қарапайым жəне күрделілігі орташа микроқималарды қорғану шынысы астында құрастыру жəне бальзамға салу. Шпательдің, препаровальдік иненің

www.egemen.kz

жəне кистінің көмегімен қималарды алдын ала жазу, қималарды шыныға ауыстыру. 102. Білуге тиіс: өңдеуі күрделі емес препараттарды бальзамға салу жəне түрлі органдар мен тіндердің қималарын шыныға орналастыру техникасын, қолданылатын реактивтердің қасиеттері мен құрамын, улы жəне зиянды химикаттармен жұмыс істеу ережесін. 103. Жұмыс үлгілері: Бальзамға салу: 1) жөке ағашының бұтақтары; 2) тышқан тінінің гистогенезі; 3) папоротника өскіні; 4) шошқаның бауыры. Параграф 2. Микроқималарды құрастырушы, 4-разряд 104. Жұмыс сипаттамасы: күрделі микроқималарды қорғану шынысы астында құрастыру жəне, оларды алдын ала микроскоппен қарап, қалың кескі мен үлкен нысан болса шыны капилляр қоса отырып, жүйке жəне тоқыма талшықтарды жұлып ала отырып бальзамға немесе глицерин-желатинге салу. 105. Білуге тиіс: шығарылатын препарат номенклатурасын, препараттарды түрлі ортаға күрделі салу техникасын, микроскоптың көмегімен салынатын препараттардың микроскопиялық құрылымын, жұмысты орныдауға қажетті көлемде, микроскопирлеу жолдарын. 106. Жұмыс үлгілері: Құрастыру жəне бальзамға немесе глицерин-желатинге салу: 1) жұмсақ жүйке талшықтары; 2) жүйке жасушалары; 3) хвощ сабақтары; 4) май тіндері. 13. Муляждар мен үлгілерді құрастырушы Параграф 1. Муляждар мен үлгілерді құрастырушы, 2-разряд 107. Жұмыс сипаттамасы: муляждар мен үлгілерді пластиналарға, тұғырларға, қадаларға құрастыру. Муляж-көрнекті құралдарды тақырып пен ассортимент бойынша іріктеу. Медициналық муляждің нысаны бойынша оған картон каркас жасау жəне жапсыру. Металл пластиналарды дəнекерлеп жапсыру. Этикеткаларды жапсыру немесе ілу. Жиектерін бояу. Муляжді, брошюраны немесе суреттемені қорапқа салу. Қорапты шпагатпен байлай отырып қағазға буып-түю. 108. Білуге тиіс: дайын өнімдерді құрастыру жəне тараға салу техникасын, дайындалатын муляждардың ассортиментін, сыртқы тəн белгілері мен атауларын. 14. Остеологиялық коллекцияларды құрастырушы Параграф 1. Остеологиялық коллекцияларды құрастырушы, 4-разряд 109. Жұмыс сипаттамасы: қарапайым жəне күрделілігі орташа остеологиялық коллекцияларды құрастыру. Нəзік сүйектерді тұтас сақтай отырып скелеттерді мүшелеу. Скелеттердің жекелеген бөліктерін суда жұмсартып, қажетті түрге келтіре отырып тазалау. Скелет бөліктерін картон планшеттерге тігу немесе жапсыру. Сүйектер мен планшеттерге қажетті белгілерді тушьпен жəне гуашьпен жазу. Коллекцияларды тиісті этикеткалармен жəне экспликациялармен өңдеу. 110. Білуге тиіс: қарапайым жəне күрделілігі орташа остеологиялық коллекцияларды планшеттерге, қораптарға жəне ағаш шиттерге құрастыру техникасын, өңделетін ұсақ жануарлар скелеттерінің жəне оның жеке бөліктерінің құрылымын. 111. Жұмыс үлгілері: Коллекцияларды құрастыру: 1) омыртқалылардың иық жəне жамбас құрылымы гомологиясы; 2) жердегі омыртқалылардың төменгі буын құрылымы гомологиясы; 3) омыртқалылардың бас сүйек құрылымы гомологиясы. Параграф 2. Остеологиялық коллекцияларды құрастырушы, 5-разряд 112. Жұмыс сипаттамасы: күрделі остеологиялық коллекцияларды құрастыру. коллекция нысанына қарай сүйекетрді іріктеу. Күйдіріп жəне тұз қышқылында декальцинирлеп жекелеген сүйектерден органикалық затттарды кетіру.Адамның трубалы сүйектерін жəне сүйек жігін көрсету мақсатымен бас сүйек қақпағын, олардың құрылымын сақтай отырып тік жəне көлденең кесу. Құс өлексесінің жүнін жұлу жəне қанаттарды сілтінің, крахмал мен перегидрольдің көмегімен өңдеу. Бір немесе бірнеше жануардың скелет бөліктерінен құрастырылған, жануарлардың эволюциялық дамуын көрсететін коллекциялар жинақтау. 113. Білуге тиіс: күрделі коллекцияларды құрастыру техникасын, жекелеген сүйек қоспалары түрлерінің құрылымын, жекелеген коллекциялардың құрамы мен нысанын, қолданылатын химиялық реактивтердің қасиеттері мен олармен жұмыс істеу ережесін. 114. Жұмыс үлгілері: Коллекцияларды құрастыру: 1) дивергенция; 2) сүйектер, олардың нысаны, құрамы мен құрылымы; 3) құс қанатының, қауырсынының құрылымы; 4) омыртқа нысандары. Параграф 3. Остеологиялық коллекцияларды құрастырушы, 6-разряд 115. Жұмыс сипаттамасы: ерекше күрделі остеологиялық коллекцияларды атлас бойынша, сондай-ақ оларды үлгісіз суреттеу бойынша құрастыру. Жануарлардың скелеттері мен бас сүйектерін сүйектердің табиғи құрылымын бұзбай мүшелеу. Сүйектерді қоса берілген экспликацияға сəйкес акварель бояуының көмегімен түрлі түстерге бояу. 116. Білуге тиіс: сүйектерді түрлі түстерге бояу, ерекше күрделі коллекцияларды құрастыру техникасын, ұсақ жануарлар скелеттерінің барлық бөліктерінің құрылымын, омыртқалы жануарлардың барлық сыныптарының скелеттеріне тəн белгілерді, жасалатын остеологиялық коллекциялардың мазмұны мен нысанын. 117. Жұмыс үлгілері: Коллекцияларды құрастыру: 1) өзен шаянының мүшеленген скелеті; 2) баурымен жорғалалаушыларға тəн скелет белгілері; 3) құстарға тəн скелет белгілері. 15. Ұсақ жануарлар скелеттерін құрастырушы Параграф 1. Ұсақ жануарлар скелеттерін құрастырушы, 4-разряд 118. Жұмыс сипаттамасы: ұсақ жануарлардың тұтас скелеттерін скелеттерді алдын ала тазалап, сулап, табиғи байламдарымен құрастыру. Скелеттерді табиғи қалып бере, оларды ағаш тұғырларға, пластмасса жəне картон планшеттерге орнату. Скелетті ағаш қалпақ астына орналастырып, шеттерін коленкормен жиектеу. 119. Білуге тиіс: ұсақ жануарлардың тұтас скелеттерін тазалау, түзету жəне құрастыру техникасын. ұсақ жануарлар скелеттерінің құрылымын, орындалатын жұмыс көлемінде, қолданылатын құралды жəне оны пайдалану ережесін. 120. Жұмыс үлгілері: Скелеттерді құрастыру: 1) көгершіндер; 2) егеуқұйрықтар; 3) бақалар; 4) жарқанаттар; 5) жыландар; 6) кесірткелер. Параграф 2. Ұсақ жануарлар скелеттерін құрастырушы, 5-разряд 121. Жұмыс сипаттамасы: ұсақ жануарлардың тұтас скелеттерін бөлек бөліктер мен жекелеген сүйектерден табиғи байламдарымен құрастыру. Скелет бөлшектерін жануарлардың жасы мен көлемін ескере отырып іріктеу. Скелеттердегі қосу тіндерін кетіру. Скелеттерін бөлек бөліктерін тиісті арматураны жасай отырып құрастыру жəне бекіту. Скелеттердің жекелеген бөлшектерін жапсыру. 122. Білуге тиіс: скелеттердің жекелеген бөлшектерінің нысанын, үлгісін жəне құрымы мен орналасуын, тазарту техникасын, бұрғылау станогінің құрылымын жəне оны пайдалану ережесін. 123. Жұмыс үлгілері: Скелеттерді құрастыру: 1) мысықтар; 2) қояндар; 3) тауықтар; 4) теңіз шошқасы; 5) балықтар; 6) тасбақалар. 16. Құрғақ биологиялық нысандарды құрастырушы Параграф 1. Құрғақ биологиялық нысандарды құрастырушы, 1-разряд 124. Жұмыс сипаттамасы: 1-2 нысанды коллекцияларды біліктілігі анағұрлым жоғары құрастырушының басшылығымен құрастыру. 125. Білуге тиіс: құрастырылатын нысанның атауын, жұмысқа қажетті құралдар мен айлабұйымдарды жəне оларды пайдалану ережесін. Параграф 2. Құрғақ биологиялық нысандарды құрастырушы, 2-разряд 126. Жұмыс сипаттамасы: 1-2 нысанды коллекциялар мен препараттарды құрастыру. Тақырыпқа жəне техникалық шарттарға жауап беретін биологиялық нысандарды іріктеу. Гербарлық жапырақтарды өсімдіктермен іріктеу жəне олардан берілген тақарыпқа гербарийлер құрастыру. Биологиялық коллекцияларды құрастыру. 127. Білуге тиіс: 1-2 нысанды препараттарды құрастырудың жəне жинақтаудың жолдары мен тəсілдерін, жасалатын коллекциялардың, препараттар мен гербарийлердің мазмұны мен нысанын, нысандарды орналастыруға қойылатын талаптарды, нысандардың құрымы мен даму ерекшеліктерін, жұмысқа қажетті материалдарды. Параграф 3. Құрғақ биологиялық нысандарды құрастырушы, 3-разряд 128. Жұмыс сипаттамасы: 2-ден артық нысанды коллекциялар мен препараттарды немесе гербарийлерді құрастыру. Нысандарды, өсімдіктердің немесе жануарлардың өмір сүру ортасын жасай отырып құрастыру. Өмір сүру ортасын жасуға қажетті материалдарды іріктеу.біліктілігі анағұрлым төмен құрастырушының жұмысына басшылық ету. 129. Білуге тиіс: жасалатын коллекциялар мен препараттардың немесе гербарийлердің мазмұны мен нысанын, құрастырылатын нысандардың ауаларын, олардың құрылым ерекшеліктерін, жұмысқа қажетті материалдарды, оларды пайдалануды. 17. Технологиялық коллекцияларды құрастырушы Параграф 1. Технологиялық коллекцияларды құрастырушы, 1-разряд 130. Жұмыс сипаттамасы: қарапайым жəне күрделілігі орташа коллекцияларды біліктілігі анағұрлым жоғары құрастырушының басшылығымен құрастыру. Коллекцияға кіретін сусыма материалдарды пробиркаларға, қораптарға жəне пакеттерге бөліп салу. Үлгілерге нөмірлі этикеткаларды жапсыру немесе ілу, оларды нөмір тəртібімен қораптарға салу. 131. Білуге тиіс: коллекциялар ассортиментін, үлгі сапасына қойылатын талаптартарды, қолданылатын айлабұйымдар мен құралдарды, оларды пайдалануды, жұмыстың тəсілдерін. Параграф 2. Технологиялық коллекцияларды құрастырушы, 2-разряд 132. Жұмыс сипаттамасы: қарапайым жəне күрделілігі орташа коллекцияларды берілген тақырыпқа құрастыру. Шикізат пен материалды іріктеу жəне олардан коллекцияға үлгілер жасау. 133. Білуге тиіс: қарапайым жəне күрделілігі орташа коллекцияларды құрастырудың жолдары мен техникасын, пайдаланылатын материалдар мен оларға қойылатын сапалық талаптарды. 134. Жұмыс үлгілері: Коллекцияларды құрастыру: 1) металдар мен балқымалар; 2) тыңайтқыштар; 3) мақта жəне оның қайта өңделген өнімдері. Параграф 3. Технологиялық коллекцияларды құрастырушы, 3-разряд 135. Жұмыс сипаттамасы: күрделі коллекцияларды берілген тақырыпқа құрастыру. Оларды тақырыбына жəне технологиялық кезектілігіне қарай қораптарға салу немесе паспартуға орнату.Блокшаларды коллекцияларды ілуге премтемелеу. Паспартуды жиектеу.

5 қазан 2013 жыл

136. Білуге тиіс: күрделі коллекцияларды құрастырудың жолдары мен техникасын, жасалатын күрделі колекциялардың мазмұны мен атауын, коллекцияға кіретін минералдардың, кен жыныстарының, тыңайтқыштар мен басқа да материалдардың атаулары мен сыртқы белгілерін жəне оларға қойылатын сапалық талаптарды, коллоекцияларға арналған техникалық шарттарды, блокшаларды престемелеу пресінің құрылымын, оны пайдалану мен күтуді, жұмыс тəсілдерін. 137. Жұмыс үлгілері: Коллекцияларды құрастыру: 1) мұнай жəне олардың қайта өңделген өнімдері; 2) минералдар мен кен жыныстары; 3) шыны. 18. Муляжшы Параграф 1. Муляжшы, 1-разряд 138. Жұмыс сипаттамасы: балауыз, парафин, церезин жəне басқа да пластикалық материалдан эталон-үлгіге сəйкес қарапайым муляждарды құю, тазалау, мүсіндеп өңдеу, бояу. Бір түсті құю массасын жасау. 139. Білуге тиіс: қарапайым муляждарды құюға арналған қалыптарды дайындау, қалыптардың жұмыс бетін құю массасы қалдықтарынан тазарту, құюға масса дайындау, муляж құю жолдарын, қарапайым рельефтерді өңдеу мен муляж беттерін мүсіндеп əрлеу технологиясын, түрлі түсті көркем бояуларды түсіру кезектілігін, қолданылатын түс колерлерін жасау тəсілдерін, муляждарды бояу мен апарфинді қорғаныс түсіру жолдарын. 140. Жұмыс үлгілері: 1) апельсиндер – бояу; 2) алмалар – құю, мүсіндеп өңдеу. Параграф 2. Муляжшы, 2-разряд 141. Жұмыс сипаттамасы: түрлі материалдан эталон-үлгіге сəйкес күрделілігі орташа муляждарды құю, тазалау, мүсіндеп өңдеу, көркемдеп бояу. Лессирлеу. Жеміс муляждарына қабық асты дақтарын салу. Чашкалар мен жеміс сабақтарын жасау жəне бекіту. Тегіс муляждарды бөз матамен 2-3 кескке дейін жиектеу. Картон каркастарды муляж құймаларына жапсыру. Муляждарды пластиналарға, тұғырларға, қадаларға құрастыру. Муляждарды тақырыбы мен ассортименті бойынша іріктеу. Картон каркассты жасау жəне оны нысаны бойынша медициналық муляжға жапсыру. Металл пластиналарды жасау. Муляждарды, брошюраларды немесе суреттемелерді қорапқа салу. Қорапты штапагатпен байлап қағазға буып-түю. 142. Білуге тиіс: балауыз, парафиннен күрделілігі орташа муляждарды құю, тазалау, мүсіндеп өңдеу, көркемдеп бояу технологиясын, түс массасын жасау жəне оны рельеф бойынша түсіруді, құйылған муляждардың бөліктері қосындыларын бітеу, муляж бетін үлгі бойынша мүсіндеп өңдеуді, тұғырға бекітілген медициналық муляждарды фигуралы жəне көркем жиектеуді, муляждарды көркем бояу жолдарын, қолданылатын бояулар мен олардың қасиеттерін, қажетті бояу тондарын іріктеу жəне үйлестіру, жаққыш нөмірлері мен ассортиментін, оларды қолдану ережесін, дайын өнімді құрастыруды жəне тараға салуды. 143. Жұмыс үлгілері: 1) шие муляжы – құю, өңдеу; 2) тамақ өнімдерінің табиғи сақталған муляждары - өңдеу, бояу; 3) түрлі өсімдіктер мен инфекциялық ауру бөртпелері бар муляждар-құю. Параграф 3. Муляжшы, 3-разряд 144. Жұмыс сипаттамасы: əртүрлі материалдардан жасалған күрделі муляждарды құю, тазалау, мүсіндік өңдеу, көркем бояу. Түсті колерлі муляждарды құюға арналған массаны дайындау. Құйылған муляждардың кесек бөліктерін дайындау жəне желімдеп жапсыру. Муляждарды 4 немесе одан да көп бөз матамен мүсіндеп жиектеу. Бірегей музей муляждарын жиектеу.Жиектелген муляждарды бастапқы үлгімен салыстыру. 145. Білуге тиіс: түсті колерлі муляждарды құю технологиясын, рельефті нақтылау жолдарын, муляждардың құйылған бөліктерін құрастыру жəне қосу техникасын, муляждарды мүсіндеп өңдеу технологиясын, муляждарға түрлі рельефтерді дайындауды жəне салуды, тұғырға бекітілген муляждарды мүсіндеп жəне көркемдеп жиектеу жолдары мен техникасын, жиектелген муляждардың атауы мен сыртқы белгілерін, қолданылатын құралдар мен айлабұйымдарды жəне оларды қолдануды. 146. Жұмыс үлгілері: 1) картофель, қызылша муляжы – сурет салу; 2) суреттік диагностикалық белгісі бар рельефті муляждарқұю,тазарту,өңдеу, жиектеу; 3) трубалы қарағай, қайың саңырауқұлағының муляждары – құю. Параграф 4. Муляжшы, 4-разряд 147. Жұмыс сипаттамасы: əртүрлі материалдардан рельефтері нақтыланып, анатомиялық түр, сұрыптық ең ұсақ белгілері сақталып жасалған ерекше күрделі муляждарды бірнеше қабат лессирлеп жəне штрихтай отырып құю, тазалау, мүсіндік өңдеу, көркем бояу. 148. Білуге тиіс: күрделі рельефті ерекше күрделі муляждарды құюға арналған түсті жəне түссіз құю массасын дайындау рецептурасын, муляждардың құйылған бөліктерін құрастыру жəне қосу техникасын, муляждарды көп қабатты мүсіндеп өңдеу технологиясын, бояулар мен еріткіштердің қасиеттерін, сапасы мен сұрыптарын, сұрып бояуының түрлі тондарын жасау ережесін, дайындалатын барлық муляждардың түрлері мен оларға тəн бояуларды. 149. Жұмыс үлгілері: 1) баялды, қияр жəне тағыда басқа муляждары – сурет салу; 2) тамақ өнімдерінің санитарлық-гигиеналық жарамсыздығы белгілерін суреттеу жөніндегі муляждар – құю; 3) пластиналы саңырауқұлақ муляждары - құю; 4) сот медицинасы жөніндегі муляждар – сурет салу. Параграф 5. Муляжшы, 5-разряд 150. Жұмыс сипаттамасы: тірі жəне өлі натурадан үлгі алу, солар бойынша қалыптар мен құймалар дайындау. Екі жақты лессирлеумен жəне штрихтаумен, көкөністер мен жемістердің жəне тамақ өнімдерінің сипаттық рельефтері мен сұрыптық, түрлік ерекшеліктерін сақтай отырып көркемдеп сурет салу. 151. Білуге тиіс: натурадан үлгі алу, солар бойынша қалыптар мен құймалар дайындау үшін масса дайындаудың тəсілдері мен техникасын, муляждарды құю, тазарту жəне жиектеу техникасын, муляждар мен үлгілерде ерекшелік белгілері мен патологиялық құбылыстарды қайта беру техникасын, муляждарды үлгі бойынша, атлас бойынша жəне натурадан көркемдеп сурет салу жолдарын. Параграф 6. Муляжшы, 6-разряд 152. Жұмыс сипаттамасы: тірі жəне өлі натурадан үлгі алу, солар бойынша адамның органы мен тіндерінің сипаттағы құбылыстары мен патологиялық өзгерістерін - жараларды, жарақаттар мен басқа да диагностикалық танымдық белгілерін бірнеше қабат лессирлеп жəне штрихтай отырып, муляж жасау. 153. Білуге тиіс: муляж үлгілерін құю жəне натураның сипаттық рельефтерін беру технологиясын, қолданылатын материалдардың қасиеттерін, натурадан үлгі алу жəне түпнұсқаның сипаттық белгілерін көркемдеп салу техникасын. 16. Анатомиялық материалды кесуші Параграф 1. Анатомиялық материалды кесуші, 4-разряд 154. Жұмыс сипаттамасы: ірі құстардың өлексесін бұлшық ет қабаттарының табиғи байламдары мен сіңірлерін бұзбай кесіп ала отырып кескілеу. Ішін жару, скелеттің тұтастығына нұқсан келтірмей ішкі органдарын алу. Буындарды станокта тесу жəне жілік майларын кетіру үшін қысымды сумен шаю. 155. Білуге тиіс: ірі құстардың анатомиясын, орындаланатын жұмыс шегінде, ірі құстардың өлексесін кесу жəне ішін жару техникасын, жұмыста қолданылатын құрал мен жабдықтардың нысанын, өлексе материалдарымен жұмыс істеу ережесін жəне өлексе уымен уланудан сақтанудың алдын алу шараларын. 156. Жұмыс үлгілері: тауықтар, қаздар, үйректер - өлекселерді кесу. Параграф 2. Анатомиялық материалды кесуші, 5-разряд 157. Жұмыс сипаттамасы: ұсақ құстардың өлексесін бұлшық ет қабаттарының табиғи байламдары мен сіңірлерін бұзбай кесіп ала отырып кескілеу. Жануарларды хлороформмен жансыздандыру. Терісін саусақ буындары мен құйрық омыртқаларын, өскіндерін үлдірмей, одан əрі пайдалану үшін сыпырып алу. 158. Білуге тиіс: өңделетін жануарлардың анатомиясын (зоотомиясын), омыртқалылыардың түрлі сыныптарын жару техникасын, хлороформмен жұмыс істеу ережесін жəне жануарлар өлексесінен жұқпа ауру жұғуына қарсы алдын алу шараларын. 159. Жұмыс үлгілері: 1) көгершіндер- өлексені кесу; 2) мысықтар, егеуқұйрықтар, қояндар, теңіз шошқалары – терісін алу, өлексені кесу; 3) терілер – түзеткілерде жазып түзеу. Параграф 3. Анатомиялық материалды кесуші, 6-разряд 160. Жұмыс сипаттамасы: адамның мəйіті мен ірі жануарлардың өлекселерін кесу жəне мүшелеу: басын, үстіңгі жəне төменгі буындарын алу, ішін жару жəне ішкі органдарын алу. Сүйектерден бұлшық еттерді бөлу, бас сүйегінен ішкі қабатты бүлдірмей миын алу, бас сүйекті жуу, ірі жəне ұсақ сүйектерді байламдарынан ажырату, скелеттің барлық сүйектерін сақтап жəне төс сүйек шеміршегін бүлдірмей, оларды қалдық тіндерінен бөлшектеп препараттау.7-8 айлық эмбриондар мен жаңа туған нəрестенің барлық байламдарын сақтай отырып жəне жұмсақ сүйектерін бүлдірмей кесу. Жануарларды жансыздандыру, олардың терісін бүлдірмей алу, түзеу жəне өңдеу. Кесу барысында мəйір сүйектерінің патологиялық өзгерістері мен физикалық бұзылуын анықтау. Мəйіт қалдықтарын кремациялау. 161. Білуге тиіс: адамның, эмбриондар мен ірі жануарлар скелетінің құрылысын, мəйітті бұзу, мүшелеу, кесу жəне препараттау ережесін, сүйектердің патологиялық өзгерістерін, кесу жəне препараттауға арналған жабдық пен құралдардың нысанын, мəйіт материалымен жұмыс істеу ережесін, мəйіттерге консервілеу ерітіндісін құю техникасын, зарарсыздандырушы материалдар мен қолданылатын улы химикаттарды, зоомұражайлар мен институттардың арнаулы тапсырыстары бойынша жануарларды кесу жəне препараттауды. 162. Жұмыс үлгілері: Өлекселерді кесу жəне препараттау: 1) сиырлар; 2) жылқылар; 3) иттер. 18. Глобустарды желімдеуші Параграф 1. Глобустарды желімдеуші, 2-разряд 163. Жұмыс сипаттамасы: бір типтес глобустарды біліктілігі анағұрлым жоғары желімдеушінің басшылығымен желімдеу. Желім дайындау. Шарлар мен сегменттерді желімдеуге дайындау. Сегменттерді қолмен кесу. 164. Білуге тиіс: желімді дайындау рецептурасын, қолданылатын айлабұйымдар мен құралдарды жəне олармен жұмыс істеу ережесін. Параграф 2. Глобустарды желімдеуші, 3-разряд 165. Жұмыс сипаттамасы: бір типтес глобустарды біліктілігі желімдеу. Карталарды жапсыру. 166. Білуге тиіс: түйісетін сегменттер мен полюстердегі сызықтар мен атауларды қосуды ескере отырып, карта сегменттерін сфериялық бетке жапсыру мен жазып тарту жолдарын. Параграф 3. Глобустарды желімдеуші, 4-разряд 167. Жұмыс сипаттамасы: бір типтес глобустарды, сондай-ақ аспаптармен бір жиынтықта қолданылатын көрмелік жəне импорттық глобустарды желімдеу. Біліктілігі анағұрлым төмен желімдеушінің жұмысына басшылық жасау. 168. Білуге тиіс: бір типтес глобустарды желімдеу жолдарын, глобустардың барлық түрлерін желімдеу сапасына қойылатын талаптарды, глобустарды жасауға арналған техникалық шарттарды. 19. Микроқималарды бояушы Параграф 1. Микроқималарды бояушы, 4-разряд 169. Жұмыс сипаттамасы: адамның, жануарлар мен өсімдіктердің органдары мен тіндерінің негізгі гистологиялық құрылымын анықтау үшін қималарды бір бояғышпен бояу. Целлоидинді жəне парафинді микроқималарды, пленкалық препараттар мен жақпаларды дайындау жəне бояу. Жекелеген гистологиялық құрылымдардың боялу жəне саралану дəрежесін микроскоппен немесе препаровальдік лупамен бақылау. Қималарды сусыздандыру жəне ағарту. Боялған, слюда

пластинкаларға, жекелеген препараттарға жапсырылған парафиндік қималарды қолмен кесу. 170. Білуге тиіс: органикалық жəне органикалық емес химия жөніндегі негізгі ұғымдарды, адамның, жануарлар мен өсімдіктердің боялатын органдары мен тіндерінің микроскопиялық құрылымын, түрлі бояғыштармен қарапайым бояу əдістемесін, қолданылатын бояғыштар мен реактивтердің номенклатурасын жəне қолданылатын бояулардың қасиеттерін, микроскопирлеу техникасын, микроскоптың, препарональдік лупаның, термостаттың, кептіру шкафының құрылымын, қолданылатын зиянды реактивтермен жұмыс істеу жəне оларды сақтау ережесін, улы заттармен жұмыс істеу нұсқаулығын. 171. Жұмыс үлгілері: Микроқималарды бояу: 1) еспе қанат талшықтары; 2) адамның шашы бар терісі. Параграф 2. Микроқималарды бояушы, 5-разряд 172. Жұмыс сипаттамасы: адамның, жануарлар мен өсімдіктердің органдары мен тіндерінің негізгі гистологиялық құрылымын анықтау үшін қималарды, нəзік гистологиялық жəне цитологиялық құрылымдарын анықтау үшін кейіннен оларды саралай отырып, бірнеше бояғышпен бояу. Бояу əдісін өңдеу жəне нысанның, бояулар мен жалпы бояу айрықшалығы сипатын ескере отырып оларды экспериментальдық түзеу. Бояу дəрежесінің иммерсиондың жүйесі мен жекелеген жасуша құрылымдарын саралау көмегімен үлкейте отырып микроскоппен бақылау. Рецепт бойынша күрделі бояуларды жасау. 173. Білуге тиіс: күрделі құрама бояу əдістемесін, көбірек үлкейте отырып микроскопирлеу техникасын, микроскоп құрылымын. 174. Жұмыс үлгілері: Микроқималарды бояу: 1) аскарида жұмыртқасын ұсақтау; 2) күнбағыс сабағы; 3) бауыр жасушаларындағы хондриссомалар. 20. Анатомиялық материалды іріктеп алушы Параграф 1. Анатомиялық материалды іріктеп алушы, 4-разряд 175. Жұмыс сипаттамасы: талап етілетін қалыпты жəне патологиялық адам органдарын моргтар мен ауруханаларда іріктеп алу жəне препараттау. Моргтар мен ауруханалар дəрігерлерінен препаратталған адам органдарын қабылдап алу. Тіркеу, жеткізу жəне нысаналы орынға тапсыру. Мединституттар мен ауруханалардан мəйіт қалдықтарын қабылдап алу жəне кремациялау. Бойняларда ірі жануарлардың өлекселері мен жекелеген сүйектерін алу жəне өндіріске тапсыру. 176. Білуге тиіс: мəйіттерді жару жəне қалыпты жəне патологиялық адам органдарын препараттау техникасын, орындалатын жұмыс көлемінде, мəйітті құюдың жəне жекелеген органдары тіркеу техникасын, тіркеуші ерітінділерді жасауды, моргтар мен ауруханалардан мəйіттер мен органдарды алудың ережесі мен нұсқаулығын. Параграф 2. Анатомиялық материалды іріктеп алушы, 5-разряд 177. Жұмыс сипаттамасы: қалыпты жəне патологиялық адам мəйіттерін моргтар мен ауруханаларда іріктеп алу жəне препараттау. Мəйітті жоғары жəне төмен буындарға, басын, кеуде жəне бел бөліктеріне мүшелеу. Мəйіттер мен ішкі органдарды тіркеу. Мəйіттер мен мүшеленген бөліктерді нысаны бойынша жеткізу. 178. Білуге тиіс: мəйітті жару жəне мүшелеу техникасын, адам анатомиясын орындалатын жұмыс көлемінде, фиксациялауға арналған ерітінді концентрациясын, жұқпалы жəне ерекше жұқпалы органдармен жұмыс істеу ережесін, мəйітті мүшелеуге қолданылатын материалдарды, құралдарды, мəйіт уынан жəне мəйіт органдарынан жұқпалы аурулардан қорғанудың қауіпсіздік техникасын. 21. Коллекцияларды ресімдеуші Параграф 1. Коллекцияларды ресімдеуші, 1-разряд 179. Жұмыс сипаттамасы: шағын коллекцияларды іріктеу, жинақтау жəне қораптарға салу. тиісті препараттарға этикеткалар мен экспликацияларды жапсыру. Препарттарға жылытпай бальзам құю. Жабын шынының астынан шыққан бальзам мен глицерин-желатинді кетур. Майсыздандыратын ерітінділерді жасау жəне микроскопия талаптарына сəйкес құрал жəне заттық шыныларды онда жуып сүрту. Бракқа шығарылған препараттардан жабын шыныны алу жəне кейін оларды ерітіндіде жуу. 180. Білуге тиіс: шағын коллекцияларды ресімдеу техникасын, коллекцияларды күтіп ұстауды, сыртқы түрі бойынша препараттардың атауларын, препараттарды ресімдеуге қойылатын талаптарды, препараттарды жуу жəне тазалау техникасын, шыныларды майсыздандыру, жуу жəне сақтау техникасын, майсыздандыратын ерітінді құрамын, жабын шынысын заттық шыныдан бүлдірмей алу жолдарын, бальзам мен глицерин-желатинді еріту ережесін, улы заттармен жұмыс істеу ережесін. Параграф 2. Коллекцияларды ресімдеуші, 2-разряд 181. Жұмыс сипаттамасы: жоғары оқу орындарының тапсырыстары бойынша жəне экспортқа тапсырыс бойынша үлкен коллекцияларды іріктеу, жинақтау жəне қораптарға салу. Жинақтың болуын тексеру. Абайлап тасымалдауды қажет ететін бағалы жəне нəзік препараттарды жинақтау жəне буып түю. Тотальді препараттарға жылытып бальзам құю. 182. Білуге тиіс: үлкен коллекцияларды ресімдеу техникасын, жалпы жəне жеке цитология, эмбриология, сондай-ақ өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы, микрозоология жөніндегі коллекцияларды күтіп ұстауды, санамаланған коллекцияларға кіретін барлық препараттардың ғылыми атауын, іріктелетін препараттардың сапасына қойылатын талаптарды, препараттарды житнақтау, буып-түю жəне тасымалдау ережесін. 22. Биологиялық нысандар препараторы Параграф 1. Биолог