Page 8

8

www.egemen.kz

5 қыркүйек 2014 жыл

 Индустрия игілігі

ҐНДІРІСІ ҐРГЕ ҐРЛЕГЕН «ЌазМўнайГаз» ќызметініѕ барлыќ баєыттары бойынша əрі ќарай Қазақстан əлемдік экономиканы көмірсутекті шикізатпен қамтамасыз ететін маңызды жеткізушілердің бірі болып табылады. 2013 жылы еліміз əлем бойынша дəлелденген мұнай мен газ конденсатының босалқы қорының көлемі бойынша 12 орында, мұнай өндіру көлемі бойынша 17 орында; табиғи газдың дəлелденген босалқы қоры бойынша 22 орында, газ өндіру көлемі бойынша 28 орында тұрақтады. Мұнай-газ кешені республикада жүргізіліп жатқан əлеуметтік-экономикалық реформалардың қозғаушы күші, заманауи инновациялық жəне басқармалық шешімдердің бастаушысы болып табылады. Əсіресе, бұл үдерісте қазіргі таңда мұнай өндірудің үштен бір бөлігін қамтып отырған, газ тасымалдаудың шамамен 96%-ын, мұнайдың құбыр арқылы тасымалының 67%-ын, еліміздегі мұнай өңдеудің 83%-ын қамтып отырған көптен бері ұлттық мұнай-газ брендіне айналған «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-тың рөлі айқын байқалады. Energy Intelligence Group маркетингтік компаниясының бағалауына сəйкес, қазіргі таңда «ҚазМұнайГаз» əлемнің жетекші 50 мұнай-газ компанияларының тізіміне кіреді, мұнда компания 2013 жылдың қорытындысы бойынша 34 орыннан 33 орынға көтерілген. Ал жақын болашақта ұлттық холдинг өзінің стратегиялық жоспарында əлемнің мұнай-газ саласындағы үздік топ-30 корпорацияларының қатарына енуді көздейді. Соңғы жылдары мұнай-газ саласында болып жатқан жағдайлар компанияға таңдалған стратегияның дұрыстығын, қалыптасқан бизнес-үдерістердің тұрақтылығын тексеруге үлкен мүмкіндік берді. Келесі он жылда «ҚазМұнайГаз» компаниясы қызметтің барлық бағыттары бойынша жедел дамитындығы сөзсіз.

Тўраќты ґнім

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниялары тобы бойынша 2013 жылы мұнай мен газ конденсаты өнімінің шоғырландырылған көлемі 22 млн. 630 мың тоннаны құрады, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 5,8%-ға артқан. Қазақстанда өткен жылы 81,8 млн. тонна мұнай өндірілгенін есепке алғанда, «ҚазМұнайГаздың» жалпы республикалық мұнай өндіру үлесі 27,7%-ға жетті. Өткен жылы «ҚазМұнайГаз» өнімінің артуы, негізінен, үлкен Теңіз мұнай-газ кен орнын (Атырау облысы) өңдейтін жəне ұлттық компанияға 20%-ы тиесілі «Теңізшевройл» ЖШС-нің рекордтық өндірістік көрсеткіштерінің, сонымен қатар, «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.»-дегі өнім көлемінің артуының арқасында, сондай-ақ, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кəсіпорындары – «Маңғыстаумұнайгаз» (ММГ) бен «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» өнімдерінің артуының арқасында болды. Өткен жылы ҚМГ БӨ мұнайының өсімі бойынша шоғырландырылған мұнай өнімі 12 млн. 397 мың тоннаны, ал ТШО өніміндегі ұлттық компания үлесі – 5 млн. 421 мың тоннаны құрады. Бұдан өзге, 2013 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниялары тобындағы табиғи жəне ілеспе газдың шоғырландырылған өнімі 6 млрд. 924 млн.текше метрді құрады, бұл 2012 жылғы көрсеткіштен 25,3 %-ға асты. Өнім көрсеткіштері

2014 жылдың бірінші жарты жылдығындағы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниялар тобындағы мұнай мен газ конденсатының шоғырландырылған көлемі 11,1 млн.тоннаны құрады. Салыстырмалы ұқсас көрсеткіш аз ғана жоғары болғанымен, 2014 жылдың қаңтар-маусым айларында ҚМГ БӨ мен ММГ-ның өндірістік қызметінің арқасында жоспарды 1%-ға асыра орындауға мүмкіндік туды. «ҚазМұнайГаз» болашақта сенімді əрі тұрақты дамуды көздейді. Бұл жобалар Директорлар кеңесімен 2012 жылдың 10 желтоқсанында бекітілген жəне босалқы қорларды арттыру мен мұнай-газ өнімінің артуы мақсатындағы құрлық пен теңізде геологиялық барлау саласындағы жұмыстардың күшеюін, көмірсутектерді тасымалдаудың икемді жүйесін құратын, МӨЗдың қуаттылығын арттыратын, мұнай өнімдерінің сапасын жақсартатын, сонымен қатар, активтерді басқарудың тиімді əрі айқын жүйесін қарастыратын ұлттық компанияның 2022 жылға дейінгі Даму стратегиясында ескерілген. Оның соңғы мақсаты Қазақстан үшін тиімділікті барынша арттыру. Мысалға, 2022 жылы мұнай мен газ өнімін жылына 35,4 млн. тоннаға дейін жəне жылына 1,5 млрд. текше метрге арттыру жоспарда бар. Бұдан өзге, «ҚазМұнайГазда» əлемдік нарықтарда мұнай бағасы 80$-дан төмен болған жағдайдағы 2013-2015 жылдарға тұрақтандырылған шамалардың арнайы Жобасы əзірленіп, бекітілген. Осындай жолмен, компания осы секілді жағдайларда өзекті мəселелердің шешімін табуға қашанда дайын. Болашақта Қазақстанның мұнай өндіру өсімінің негізгі келешегі «ҚазМұнайГаздың» үлесі бар үш компаниямен, яғни Теңіз, Қарашығанақ, Қашаған мұнай алыптарымен байланысты болады. Болашақ кеңейту Жобасын жүзеге асыру есебінен, Теңізде жалпы жылдық мұнай өнімі 2022 жылға қарай 38,6 млн. тонаға өсуі тиіс, сонымен қоса, бұл жобада «ҚазМұнайГаздың» үлесіне 7,7 млн. тонна мұнай тиеді. Жоба «ҚазМұнайГазбен» ұсынылған жəне кен орнын өңдеудің барлық мерзімі аралығында ел үшін экономикалық тиімді əрі мұнай шығарудың барынша көп коэффициентін алуға мүмкіндік беретін Техникалық сызба бойынша іске асырылатын болады. Өзге ірі кен орны – Karachaganak Petroleum Operating B.V.

(KPO) консорциумымен өңделетін, 2012 жылдың маусым айынан бастап 10%-ы «ҚазМұнайГаздың» үлесіне тиетін Қарашығанақ (Батыс Қазақстан облысы) кен орны өндірістік кезеңнің 2 кезеңінде тұр. (Кезең 2М). 2013 жылы бұл жерден 17,5 млрд. текше метр газ өндірілді (олардың 8,6 млрд. текше метрі шайқаудан тұрды), бұл жоспардан 6,2%-ға жоғары көрсеткіш жəне 10,5 млн. тонна сұйық көмірсутек өндірілді, бұл жоспардан 3,2%-ға жоғары. 2014 жылға жоспарланған сұйық КС (тұрақтандырылған) көлемі 10,9 млн.тоннаны, ал газ өнімі – 17,4 млрд.текше метрді құрады. 2М кезеңін аяқтағаннан кейін, сұйық КС өнімін əрі қарай қолдау мақсатымен қосымша өндіру жəне айдаушы ұңғымаларды бұрғылауды, газ айдау көлемін арттыру үшін қосымша компрессорларды орналастыру, қайта шайқау үшін қосымша объектілер құрылысы мен технологиялық объектілерді жанармай газымен қамтуды қарастыратын кен орнында Қарашығанақты кеңейту жобасын іске асыру жоспарда бар. Толық көлемді игеруді орындаудан тиімді нəтижелер алу үшін жобаны бірнеше кезеңмен орындау көзделген. Каспий теңізінің қайраңында орналасқан Қашаған жайлы айтатын болсақ, «ҚазМұнайГаз» компаниясының жоспарлауынша, қажетті жөндеу-қайта қалпына келтіру жұмыстарынан кейін жəне өнімді қайта жаңғырту бойынша шаралардан кейін бұл кен орны жыл сайын жалпы республикалық мұнай-газ қорын айтарлықтай көлеммен қамтамасыз ете алатын болады.

Ресурстыќ əлеуетті кїшейту

«ҚазМұнайГаз» үшін басым бағыттардың бірі геологиялық барлау жұмыстарының есебінен босалқы қорлардың өсуі болып табылады. Көмірсутекті шикізаттың одан əрі өсуін ұлттық компания Каспий теңізінің қазақстандық секторының ресурстық əлеуетімен ғана емес, сонымен қатар, құрлықта орналасқан кен орындарымен де байланыстырады. «ҚазМұнайГаз» қазірдің өзінде «ҚазМұнайТеңіз» ТМК» АҚ, «Н-Оперейтинг Компани» ЖШС, «Атыраумұнайгаз» АҚ, «Жамбыл-Петролеум» ЖШС еншілес ұйымдарымен қатар Каспийдің толық блоктар тобымен геологиялық барлау жəне зерттеу жұмыстарының толық кешенін жүргізеді. Соңғы жылдары «Н» учаскесінде Ракушечное море құрылымындағы 2Д жəне 3Д сейсмикалық барлау жұмыстарын, Ракушечное море жəне Нұрсұлтан құрылымдарындағы R-1 жəне N-1 барлау ұңғымаларын бұрғылау жұмыстарын, бассейндік үлгілеу, қауіптерді бағалау мен құрылымдарды орналастыру жұмыстарын қосқанда, геологиялық, геофизикалық зерттеулердің үлкен көлемі атқарылды. Бүгінде жұмысы 2014 жылдың желтоқсанында басталатын Ракушечное море құрылымындағы бағалау AR-1-ді бұрғылауға дайындық жүргізіліп жатыр. 2015 жылы Сəтбаев құрылымындағы STP-1 бірінші барлау ұңғымасын бұрғылау жұмыстарын бастау жоспарда бар. Оның құрылысының техникалық жобасы да құрылып қойған. 2013 жылы Жамбыл учаскесіндегі бірінші барлау ұңғымасын бұрғылау нəтижесінде мұнай кендері анықталды. Оны барлаудың мерзімдік кезеңі 2016 жылға дейін 2 жылға созылуы мүмкін. Жүргізілген сейсмикалық зерттеулердің нəтижесі бойынша, соңғы кезде Махамбет пен Бөбек барлау учаскелерінен жаңа перспективалық құрылымдар мен кендер анықталды. «Жемчужины» теңіздік жобаларының бірінің аясында Хазар кен орнының келісімшарттық аумағында орналасқан мұнайдың өндірілген босалқы қорлары теңгерімге алынды. «Жемчужины» өнімді бөлу туралы келісімнің Жұмыс бағдарламасы бойынша Хазар, Əуезов, Тұлпар жəне Нарын құрылымдарындағы барлау ұңғымаларын барлау міндеттері орындалды. Бұдан өзге, қазір «Исатай», «Абай», «Үстірт» жобалары бойынша жер қойнауын пайдалануға құқық алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Болашақта «ҚазМұнайГаз» Ресей Федерациясымен «Хвалынское», «Центральная», «Құрманғазы», «Жеңіс» жəне «IP-2» жобалары бойынша бірлескен жұмыстарды атқару саласында ынтымақтастықты нығайтуы мүмкін. Каспий қайраңындағы белсенді жұмыстан өзге, қазіргі таңда ұлттық компания құрлықта тиімді геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге де ыңғайланып жатыр. Осыған байланысты, 2013 жылы Қазақстанның 15 шөгінді бассейні бойынша кешенді зерттеулердің барлық жұмыстары аяқталған. Бастапқыда жүргізілген Каспий маңы ойпатының жоғары нақтылықтағы аэромагниттік суретке түсіруі нəтижесі бойынша геологиялық есептеме құрылып, қорғалды. «ҚазМұнайГаз»-дың сенім артатын, құрлықтағы басым жобалар туралы айтатын болсақ, олардың ішінде – Өріктау мұнай-газ

конденсаты кен орны, Солтүстік Темір, Қоскөл (Ақтөбе облысы) учаскелері, Прибрежное жəне Королевское тұз үсті (Атырау облысы) кен орындары, Қансу, Самтыр, Бектұрлы, Восточный, Қосбұлақ (Маңғыстау облысы) учаскелері, Өркен учаскесі (Қызылорда облысы), Жыланшық учаскесі (Қостанай облысы), сонымен қатар, Қазақстанның Атырау облысы мен Ресейдің Астрахань облысының аумағында орналасқан трансшекаралық Имашев газ конденсаты кен орны бар. «ҚазМұнайГаз» көмірсутекті шикізатты əрі қарай арттыруды «Өзен – Қарамандыбас», «Лиман», «Тайсойған», «Қаратон – Сарқамыс», «С.Нұржанов», «Шығыс Мақат», «Батыс Прорва», «Батыс Новобогат», «Шығыс Жарқамыс-1», «Темір», «Терескен», «Рожковская» (Федоров блогы), «Солтүстік Карпов блогы» жобаларын қосқанда ҚМГ БӨ толық қайта барлау лизенциялық блогымен байланыстырады.

Əртараптандыру – басты назарда

Қазақстан тəуелсіздік алған жылдардан бері əлемдік нарықтарға көмірсутекті шикізат экспортының көлемін Батысқа да, Шығысқа да айтарлықтай көбейтті. Əртараптандыру «ҚазМұнайГаз» үшін маңызды рөл атқарады, себебі ол əлемдік нарықтарға көмірсутекті ресурстарды тасымалдаудың барынша экономикалық тиімді жолдарын таңдауға мүмкіндік беріп, энергетикалық қауіпсіздікпен қамтамасыз етуге кепіл болады. Қолданыстағы экспорттық күштер Қазақстанның мұнай өндіру саласының қазіргі қажеттіліктерін қамтуға жеткілікті. «ҚазМұнайГаз» елімізде өндірілетін мұнайдың негізгі көлемін тасымалдауды «ҚазТрансОйл» АҚ (КТО) мен Каспий құбыр консорциумы (КҚК) магистралды мұнай құбырлары арқылы жүргізеді. 2013 жылы КТО магистралды мұнай құбырлары арқылы тасымалданған мұнайдың шоғырландырылған көлемі 67,2 млн. тоннаны құрады, бұл 2012 жылдағы көрсеткішпен салыстырғанда 2%-ға артық. Сонымен қоса, Атырау – Самара мұнай құбыры арқылы қазақстандық мұнайды айдау былтырғы жылы 15,4 млн. тоннаны (2012 жылдағы деңгейге сəйкес), КҚК – 28,7 млн.тоннаны (103%, КТО жүйесімен – 3,6 млн. тонна), Қазақстан-Қытай – 11,8 млн.тоннаны (114%) құрады. Жақын арада, 2015 жылдан кейін, жүзеге асырылып жатқан КҚК кеңейту жобасының арқасында осы экспорттық жүйенің жалпы өткізу мүмкіндігі жылына 67 млн. тоннаға дейін артатын болады, соның ішінде, Қазақстанға ұзақ мерзімді тұрақты экспортты, ал тұтынушыларға – қауіпсіз жеткізуді кепілдендіре отырып, қазақстандық учаскеде жылына 52,5 млн. тоннаға дейін арттырылатын болады. 2013 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстан аумағында жобаны жүзеге асыру аясында 116-дан бастап 204 км-ге дейін мұнай құбыры учаскесін ауыстырудың барлық құрылыc-монтаж жұмыстары, Атырау мен Теңіз мұнай айдау бекеттерін қайта қалыпқа келтіру мен жаңғырту жұмыстары жəне т.б. аяқталды. Ұлттық компанияның əртараптандырылған саясатының арқасында қазіргі таңда Қазақстанда өзге де экспорттық бағыттар, əсіресе Шығыс бағыты дамуда. 2013 жылдың желтоқсанында екі жаңа №8 жəне №10 мұнай айдау бекеттерінің пайдалануға берілуімен – Қазақстан – Қытай экспорттық жүйесінің бір бөлігі болып табылатын жəне «Қазақстан – Қытай құбыры» ЖШС-ға тиесілі Атасу – Алашаңқай мұнай құбырында осы жүйенің жылдық өткізу мүмкіндігі шамамен екі есеге – 12 млн.тоннадан 20 млн.тоннаға дейін өсті. Осы қуаттылықты арттыру арқылы Қазақстан шығыс бағытында мұнай экспорты бойынша өзінің жеке мүмкіндіктерін кеңейтіп қана қойған жоқ, сонымен қатар, сəйкес үкіметаралық келісімге қол қоюмен осы желіге транзиттік Ресей шикізатын да тартуға мүмкіндік алды. Қазіргі жағдай таңдалған əртараптандыру стратегиясының дұрыстығын дəлелдейді. Бүгінде Кеңқияқ – Атырау жəне Кеңқияқ – Құмкөл мұнай құбырларын кеңейту бойынша мемлекеттік сараптаманың оң нəтижесі алынды. Осы объектілерді жүзеге асырудың мөлшерлі мерзімі мұнай құбырларының ресурстық базасымен анықталатын болады. Ұлттық компания мұнайдың теңіздік тасымалын арттыру арқылы «Қазтеңізтрансфлот» ұлттық теңіз кеме компаниясы» ЖШС (ҚТТФ) еншілес құрылымына тиесілі – Каспий теңізінде танкерлік флот арқылы мұнай тасымалдау көлемін ұлғайтады. 2013 жылдың қорытындысы бойынша ҚТТФ Ақтау портынан Махачкала мен Баку порттарының бағытына тұтастай 8,9 млн. тонна мұнай тасымалдады. Болашақта Каспий кен орындарында өндірістік өнімнің басталуымен тасымалдау көлемдері тек қана ұлғайтылатын болады. Экспорттық мұнай құбыры жүйелерінің өткізу мүмкіндігі жылына 101 млн.тонна мұнайға дейін, ал ұлттық сауда флотының кезеңдік дамуы (Қазақстанда да, шетелде де) – жылына 13 млн. тонна мұнайға дейін арттырылады деп күтілуде.

Мұнай мен газ тасымалының көлемі

Еліміздегі ұзындығы 17,7 мың километрден асатын,жылдық жобалық өткізу мүмкіндігі 190 млрд.текше метрге дейін жететін, табиғи газды тасымалдау сегментіндегі негізгі газ құбырын бақылайтын «ҚазТрансГаз» (ҚТГ) АҚ пен «ҚазМұнайГаз»-дың табыстары тек қана жыл сайынғы айдаудың ұлғайған көлеміне ғана байланысты емес, сонымен қатар, транзит пен өңірлердегі газификациялық тиімділікті жүзеге асыруға да байланысты. Соңғы жылдары бұрын-соңды газ желісіне қолжетімді болмаған ондаған елді мекендер газды отын ретінде пайдалануға мүмкіндік алды. «Интергаз Орталық Азия» АҚ, ҚТГ еншілес ұйымдары магистралды газ құбырлары арқылы газ тасымалдау көлемі 2006-2013 жылдары 850 млрд. текше метрден асты. Сыртқы нарықтарға газ экспорттау мен Қазақстанның ішкі нарығына тұтыну үшін газды өткізу 2002 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ пен «Газпром» ААҚ-тың тең құқықтық негізінде құрылған «ҚазРосГаз» ЖШС компаниясы арқылы жүзеге асырылады. 2007 жылдан бастап осы бірлескен кəсіпорын ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша РФ қуаттылығында қазақстандық газды кепілдендірілген өңдеумен қамтамасыз етіп, Қазақстанның ішкі нарығына РФ-мен алмасу операциялары (swap-операциялар) арқылы жеткізілімдер жасайды. Оларды ұйымдастыру тəуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет қамтамасыз етілді. Ұлттық компанияның барлық жетістіктері жеткізудің тікелей əрі тиімді жүйесіне, газ өңдеуге жəне соңғы өнімді жүзеге асыруға байланысты. Қазіргі таңда біздің еліміз Түрікменстан мен Өзбекстаннан Қытай мен Ресей Федерациясына табиғи газды транзиттеумен де айналысады. Өткен жылдың соңына қарай 2010 жылы енгізілген, екі жақтың да қуаттылығының барынша көп көрсеткіші болып табылатын, жылына 30 млрд. текше метрге дейінгі Қазақстан-Қытай газ құбырының өткізу мүмкіндігін арттырудың арқасында Қазақстан сенімді тасымалдаушы мəртебесін дəлелдеді. Соңғы уақытқа дейін Ресей арқылы Еуропаға газ тасымалдауға ғана бағдарланған осы транзиттік жоба Қазақстанға Орталық Азия өңірінде де маңызды интеграциялық рөл атқаруға мүмкіндік берді. Жаңа газ құбыры Қазақстанға өз газын өзінің батыс көмірсутекті аймақтарынан өзбектердің қымбат табиғи газына тəуелді болып отырған еліміздің оңтүстік өңірлеріне тасымал жасауға жағдай жасайды. Қазіргі кезде Қазақстан – Қытай газ құбырының үшінші желісі құрылып жатыр. Ол шығыс транзитін тағы да жылына 25 млрд. текше метрге арттыруға мүмкіндік береді. Осы газ магистралінің əрі қарайғы ұлғаюы республикамыздың оңтүстік өңірлерін жеткілікті түрде газбен қамсыздандыруға арналған Бейнеу – Бозой – Шымкент газ құбырының құрылысымен бір кешенде іске асырылады. 2013 жылдың 2 желтоқсанындағы мемлекеттік қабылдау комиссиясының актімен ұзындығы 1143 километрден жəне өткізу мүмкіндігі жылына 2,5 млрд.текше метрден тұратын БозойШымкент учаскесінің желілік бөлігінің бірінші кезегі пайдалануға берілді. Екінші кезеңде жылына жылдық қуаттылықты 10 млрд. текше метрге дейін жеткізуге мүмкіндік беретін, ұзындығы 311 км тұратын Бейнеу – Бозой учаскесі мен екі компрессорлық бекет іске қосылатын болады. «ҚазМұнайГаздың» мұнай мен газды ішкі нарыққа жеткізу мен экспорттық көмірсутекті жолдарды əртараптандыру туралы саясаты өзінің геосаяси, экономикалық жəне əлеуметтік маңыздылығын дəлелдеп үлгерген. Бүгінде ұлттық компания отандық жəне шетелдік тұтынушыларға көмірсутекті жеткізулердің артуымен байланысты жаңа мүмкіндіктерді ашуды жалғастырып келеді.

Downstream секторын жаѕєырту

Тұтынушылардың тапшылықсыз əрі сапалы жанар-жағармайға деген сұранысының өсуі бірнеше жыл бұрын мемлекетті ұлттық компанияның тағы бір еншілес құрылымы – «ҚазМұнайГаз-өңдеу жəне маркетинг» АҚ бақылауындағы барлық үш мұнай өңдеу

Profile for Egemen

05092014  

0509201405092014

05092014  

0509201405092014

Profile for daulet
Advertisement