Page 2

2

www.egemen.kz

5 қыркүйек 2014 жыл

Ауыл шаруашылыєы саласына мемлекеттік ќолдау жалєасады (Соңы. Басы 1-бетте). Президент танап басында механизатор-комбайншылармен жылы шыраймен қауышып, хал-жағдайларын сұрастырып білді. Сіздермен жылдағы дəстүр ізімен орақ науқаны басталған сəтте кездесіп тұрмын. Еліміз бойынша астық шығымы жақсы. Бұл орайда, астық өндірісінің айтарлықтай бөлігі тиесілі Солтүстік Қазақстан облысы диқандарының да мол өніммен Отанды қуантқалы отырған қадамына ризашылық білдіремін. Ендігі басты мақсат – маңдай термен өсірілген ризықты ысырапсыз жинап алу. Оған тəжірибелеріңіз де, мүмкіндіктеріңіз де жетеді. Үкімет менің тапсырмама орай агроөнеркəсіп саласын дамытуға мол қаржы салып, жан-жақты демеу көрсетіп келеді. Алдымызда азық-түлік қауіпсіздігін қамта ма сыз ету, тапшылығын болдырмау, бірінші кезектегі азық-түлік тағамдарының қорын жасау, ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігін арттыру секілді биік міндеттер тұр. Мен өз Жолдауларымда егіншілікті əртараптандыру, ауылшаруашылық өнімдерін ұқсату, экспорттық əлеуетін арттыру мəселелерін ұдайы айтып келемін. Əлемде азық-түлікке деген сұраныстың күн сайын артып, жетіспеушіліктің белең алғанын ескермей болмайды. Өңірде майлы дақылдар көлемін көбейту жөніндегі қадамдар құптарлық. Десек те, қанағаттануға əлі ерте. Мəселен, өсімдік майының бағасы бидайға қарағанда бірнеше есе қымбат. Ал жұмсалатын шығын теңдес. Осыданақ қай дақылды өсіру тиімді екенін бағамдай беріңіздер, деді Президент. Қазақстан Президенті ұдайы көңіл бөлуді қажет ететін тағы бір маңызды мəселе ретінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласын дамытуды атады. Біз бидайды ұнға айналдырамыз, енді əрі қарай жүріп, макарон жəне басқаларын өндіру керек, яғни өнімдеріміздің қосымша құнын арттыруды ойлау қажет. Қазір Кеден одағы аясында қазақстандық өндірушілердің алдынан орасан мүмкіндіктер ашылуда, мұны пайдалана білу керек. Таяу уақытта отандық өнімдерді Иран арқылы Парсы шығанағына шығаруға жол ашылады. Сондықтан бізге экспортқа бағдарланған өнімдерді көбірек өндіру керек, деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы мал шаруашылығы саласын да дамытудың қажеттігіне назар аударды. Егін егіп, жинап алған оңай, бірақ біз бір тонна ет өндіру бір тонна астық өндіруден бес есе тиімді екенін де ойлауға тиіспіз. Бұл қысы-жазы жұмыс істейтін ауыл еңбеккерінің жұмыспен қамтылуы мен табысының өсуіне ықпал етеді, деді Қазақстан Президенті. Сонымен қатар, əлеуметтік саланы дамыту мəселесі де қозғалды. Мемлекет басшысы агрокəсіпорындардың басшыларын ауыл тұрғындары да қала тұрғындары секілді жоғары əлеуметтік мəртебеге ие болуы үшін қажетті нəрсенің бəрін жасауға шақырды. Егіншілермен ашық əңгімелесуден кейін Президент Солтүстік Қазақстан облысының даму көрсеткіштерін бейнелейтін стенд-диаграмма алдына аялдады. Аймақ басшысы Ерік Сұлтанов

өңірдің əлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік, салалық бағдарламалардың орындалу барысы туралы баяндады. Елбасы ашылу рəсіміне қатысқан «Молпродукт» ЖШС шығаратын сүт өнімдеріне сұраныс жоғары, үштен бірі Ресеймен шекаралас облыстарға жөнелтіледі. Облыс тұрғындары ет, жұмыртқа, көкөніс өнімдерімен толық қамтамасыз етіледі. Бірінші жартыжылдықта жалпы өңірлік өнім көлемі 3 пайызға өсіп, 270 миллиард теңгені құраған. Ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі 34 пайызға өсіп, 65,5 мың теңгеге жеткен. Бір адамға шаққандағы тауар өндіру мен қызмет көрсету көрсеткіші 228,9 мың теңге төңірегінде. Негізгі капиталға инвестиция салу мөлшері 46 миллиард теңгеге ұлғайып, 11,7 пайызы ауыл шаруашылығы, 15,9 пайызы өнеркəсіп үлесіне тиген. Соңғы жылдары сыртқы сауда байланысының нығая түскені байқалады. Бір атап өтерлігі, экспорт 51,4 пайызға өсіп, керісінше, импорт 24,1 пайызға төмендеген. Үдемелі индустриялық-инно вациялық даму бағдарламасы шеңберінде бірінші бесжылдыққа 38 миллиард теңгенің 31 жобасы енгізіліп, 29-ы іске асырылды. Бір мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылды. Экономиканың əртүрлі салаларында 18 нысан салынды, жүк вагондарының өндірісі игерілді. Мұнай-газ жəне теміржол

салаларына бағытталған машина жасау кəсіпорындарының өндірісі жаңартылды. Екінші бесжылдықта жобалар көлемін – екі, инвестиция мөлшерін – үш есе ұлғайту, сөйтіп, ірі өндіріс орындарын пайдалануға беру арқылы жылына 40 миллиард теңгенің өнімдерін шығару міндеті тұр. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы қолға алынғалы 446 жобаға 30 миллиард теңге бөлінді. Биыл 8 айда 6 миллиард теңгенің қолдауы көрсетілді. Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесудегі əңгіме барысында барлық өзгерістерден хабардар болу үшін, жұмысының аса қауырттығына қарамастан, еліміздің ауыл шаруашылықты облыстарын аралауға уақыт табатынын айта келіп, олардың алдына келелі бірнеше міндет жүктеді. Солардың арасынан егіншіліктің шығымдылығын арттыру, ұқсату кəсіпорындарын дамыту жəне ауылдың əлеуметтік жағдайын жақсарту мəселелерін бөліп айтты. Мен сіздерге тəжірибелі басшы, Қазақстанның Еңбек Ері Геннадий Зенченконы үлгі ретінде ұсынар едім. Ол Біртұтас экономикалық кеңістік жүйесін ұтымды пайдаланып, нарық көкжиегін кеңейтіп келеді. Бидай, майлы дақылдармен қатар, картоп, пияз, көкөніс өсіреді. Серіктестікте 6,5 мың асыл тұқымды ірі қара мал бағылады. Жылына олардың əрқайсысынан 7-8 мың литр сүт сауылады. Петропавлдағы сүт

АЌШ конгресшілерімен кездесті Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы ҚасымЖомарт Тоқаев АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының мүшелері Дэйна Рорабакермен жəне Грегори Микспен кездесті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Жүздесу барысында Сенат Төрағасы Қазақстан Америка Құрама Штаттарымен стратегиялық əріптестікті дамытуға зор маңыз беретінін атап өтіп, осы сапардың екіжақты ынтымақтастыққа серпін қосатынына жəне парламентаралық байланыстарды

нығайтатынына сенім білдірді. Конгресшілер егемендік жылдарындағы демократиялық реформаларды жүргізудегі жəне экономиканы дамытудағы Қазақстан қол жеткізген табыстарды атап өтіп, түрлі салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықты

тереңдетуге мүдделі екендіктерін айтты. Халықаралық сала мəселелерін талқылай келіп, жүздесушілер Украинадағы шиеленістің жалғаса түсуіне алаңдаушылықтарын білдірді. Қ.Тоқаев Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назар баевтың «Минск кездесуін» ұйымдастыру туралы ұсынысын жəне Елбасының жағдайды реттеуге бағытталған күш-жігері мен онда айтылған сындарлы ұсынымдарын атап өтті.

Еліміз кїш-жігеріне жоєары баєа Парламент Мəжілісінің Төрағасы Қабиболла Жақыпов АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының мүшелері Дэйна Рорабакер жəне Грегори Микспен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық, мəденигуманитарлық саладағы қарқынды дамуды тілге тиек ете келіп, қазақстандық-американдық қарым-қатынастың стратегиялық сипатына тоқталды, деп хабарлады Мəжілістің баспасөз қызметі. Халықаралық мəселелер де назардан тыс қалмады. Қабиболла Жақыпов Қазақстанның жəне тікелей Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың əлемдік деңгейдегі тұрақты даму мен қауіпсіздік мəселелеріне айрықша маңыз беретінін атап өтті. АҚШ Конгресі өкілдер палатасының мүшесі Дэйна Рорабакер біздің еліміздің осы бағыттағы күш-жігеріне жоғары баға берді. Өз кезегінде Грегори Микс біздің

еліміздің Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығының арқасында аз уақыттың ішінде барлық салада керемет жетістіктерге жеткенін айта келіп, Қазақстанның даму қарқынына таңданысын жеткізді. Қос елдің парламентшілері Мəжіліс пен АҚШ Конгресі ынтымақтастық жөніндегі топтар мен бейінді комитеттер арқылы өзара іс-қимылды одан əрі тереңдетудің маңыздылығына

тоқталды. Мəжіліс Төрағасы əріптестерін АҚШ Конгресінің 225 жылдығымен құттықтады. Тараптар екі елдің алдағы уақытта да ықпалдастықты жемісті жалғастыру мүмкіндігінің зор екенін алға тартты. Айта кетейік, тек өткен жылдың өзінде екіжақты тауар айналымы 2,7 млрд. АҚШ долларынан асты. Қазақстан экономикасының маңызды бөліктерінде 300-ден астам бірлескен кəсіпорын жұмыс істейді, 100-ге жуық америкалық компанияның өкілдіктері ашылған. Кездесу барысында Мəжіліс Спикері америкалық компанияларды Қазақстанда индустриялық-инновациялық жобаларды жүзеге асыруға, сондай-ақ, Астанада ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге белсене қатысуға шақырды.

зауытында болғанымда, сүт өндіретін осы заманғы желілер орнатылғанын көрдім. Осылайша, күніне 45 тонна сүт өнімдерін өндіру қалыпқа айналдырылған. Меніңше, мал өнімдерінің кластерлік жүйесін құрып, агроиндустриялы комбинатқа көше білген осындай ұқсату саласының көшбасшыларына теңелу керек, деді жиналғандарға арнаған сөзінде Елбасы. Астық өндірісінде шешімін табатын мəселелер де аз емес. Канадамен жеріміз де, ауа райымыз да ұқсас. Алайда, өнімділік жағынан арттамыз. Себебі, озық технологияларды оңтайлы пайдалана алмаймыз.Жаңа интеграциялық жағдайларға сəйкес Ресейдің Қазақстанның тауарларына деген сұранысы артып отыр. Осы мүмкіндікті ұтымды пайдалану қажет. Өнімдерді ұқсату жөнінде арнайы бағдарлама қабылдадық. Көктемде егін ектім, күзде жинап алдым, қыс бойы жаным тыныштымен іс бітпесе керек. Енді ауылдықтар жыл бойы еңбектену үшін мал шаруашылығымен түбегейлі айналысудың икемді жолдарын іздестіруі керек. Мем лекет есебінен салынған кəсіпорындардың 60 пайызының толық қуатында жұмыс істемеуін қалай түсінуге болады? Жиын соңында ауыл еңбеккерлерінің атынан сөз алған «Бабық Борлық» шаруашылығының жетекшісі Сейілбек Ахметов былай деді: «Сіздің Айыртау жеріне арнайы атбасын бұрып келгеніңізге өте қуаныштымыз. Ауыл еңбеккерлеріне

көрсетіп отырған зор қамқорлыңыз үшін ризамыз. Əр сапарыңыз үлкен жігер беріп, ісімізге серпін қосады. Біз сіздің тапсырмаларыңызды бұлжытпай орындап, егіншілікпен қоса, мал шаруашылығымен де шұғылданып келеміз. Биыл 25072 гектар жерге жайқалта астық өсіріп отырмыз. Гектар берекелігі 25 центнерден айналуда. Бидай, арпа, сұлымен қатар, сүрлемдік жүгері, зығыр да өсіреміз. Бағуымызда 2000-нан астам ірі қара малы бар, олардың 700-дейі – сауын сиырлар. Аграрлық бағдарламаларға қатыса жүріп, биылдың өзінде ғана 63 миллион теңге субсидия алдық. Серіктестікте 135 адам еңбек етеді, орташа айлық жалақы 80 мың теңгенің төңірегінде. Тұрғындардың əлеуметтік жағдайын жақсартуды басты міндет санаймыз. Мектеп, балабақша, медициналық пункт, наубайхана, монша жұмыс істейді. Жастарымызға арнап мəдениет үйін, спорт стадионын, жабық мұз айдынын салып бердік. Отанымызға, елімізге қалтқысыз қызмет ету жөніндегі Сіздің талабыңызды солтүстікқазақстандықтар бұлжытпай орындайтынына сөз беремін». Солтүстік Қазақстан облы сының құрметті азаматы Құдайберген Қалиев өз сөзінде: «Біздің тəжірибелі диқандарымыз кеңшарлар мен ұжымшарларды жекешелендіру, аграрлық өндірісті нарықтық жолға бұру қажеттілігі туралы Сіздің батыл шешіміңізді жиі еске алады. Бұл реформаның қажеттігін ол

кезде бəрі түсіне қойған жоқ. Осы бір тарихи шешім елдің ауыл шаруашылығы кəсіпорындарына посткеңестік кеңістікте кəсіпкерлік бастаманы дамытуды бастауға, агро өне р кəсіптік кешеннің барлық саласында жаңа технологияларды қолдануға мүмкіндік берді. Бүгіндері отандық ауыл шаруашылығы жаңа кельетке ие. Агроөнеркəсіптік кешенді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды табысты іске асыру аграрлық сектордың жəне облыстың жайкүйін өзгертті, ол əлдеқайда индустриялы болып келеді. Бұл табыстар, бірінші кезекте, қуатты мемлекеттік қолдаудың арқасында мүмкін болып отыр», дей келіп, Елбасына деген ардагерлердің ыстық сəлемін жолдады. Н.Назарбаев сөзінің соңында елімізде жаңа өнеркəсіптік нысандарын салу, шетел инвестицияларын жəне тиімді əріптестер тарту үшін қолайлы жағдай туғызылғанын, бұл жағынан қолдау жалғаса беретінін атап көрсетті жəне солтүстікқазақстандықтарды «Қазақстан-2050» Стратегиясының талаптарын жүзеге асыруға жұмыла атсалысуға шақырды. Елбасы облыс əкімі Е.Сұлтановтың осы кезең ішінде атқарған жұмысына оң баға берді. Солтүстік Қазақстан облысы.

----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Жўмыс жїйелілік пен жауапкершілікке негізделуі тиіс (Соңы. Басы 1-бетте). Бұдан кейін Сенат депутаты Б.Бекназаров депутаттық міндетін Конституциялық заңнама, сот жүйесі жəне құқық қорғау органдары комитетінің құрамында орындау жөнінде өтініш білдіруіне орай оны аталған комитет құрамына сайлау мəселесі шешімін тапты. Сөз реті келгенде ол Сенат депутаты болып Елбасының Жарлығымен тағайындалғанын айта кеткен жөн. Күн тəртібіне сəйкес, алғаш болып талқыланған «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлыбритания жəне Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Үкіметі арасындағы Ұлыбритания жəне Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі Қарулы Күштерінің Ауғанстан Ислам Республикасын тұрақтандыру мен қалпына келтіру жөніндегі халықаралық іс-қимылдарға қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүктің/арнайы жүктің транзитін қамтамасыз ету туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қолдауға ие болды. Ол бойынша баяндама жасаған Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев 2013 жылы екіжақты қарым-қатынастардың тарихында тұңғыш рет Ұлыбритания жəне Солтүстік Ирландия Құрама

Корольдігінің Премьер-министрі Дэвид Кэмеронның Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында мемлекет басшылары стратегиялық əріптестік туралы бірлескен мəлімдемеге қол қойғандығын еске салды. Ал жоғарыда аталған келісімде негізінен тараптардың өңірлік шиеленістерді шешу жəне тұрақтылықты ілгерілетуді қамтамасыз ету мақсатында барлық деңгейдегі қызметті жүйелі жəне тұрақты түрде жүзеге асырудың екіжақты ұмтылысы белгіленгені белгілі. Соның ішінде еліміздің британдық əскери мүлікті Ауғанстан Ислам Республикасы аумағынан шығаруға жəрдемдесуі жəне Құрама Корольдіктің Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне əскеритехникалық көмек көрсету ниеті де нақты көрсетілген. Тарқатып айтқанда, келісім британ тарапына Ауғанстаннан халықаралық коалиция күштерінің сапындағы əскер шығару шеңберінде Қазақстан аумағы арқылы Ұлыбритания Қарулы Күштері жүгінің транзитін қамтамасыз ету үшін жəрдем көрсетуге арналғандығын атай кеткен жөн. Бұл жерде келісім бойынша Өзбек стан, Қырғызстан, Ресеймен шекарадағы өткізу пункттері арқылы тоқтаусыз теміржол транзитін жəне Ақтау порты арқылы теңіз жол транзитін қамтамасыз ету көзделеді. Ақтау порты

арқылы тек əскери емес сипаттағы мүлік тасымалданса, ал арнайы жүктер теміржол вагондарына тиелмек. Аталған құжат, сондай-ақ, Қазақстан аумағы арқылы транзитке тыйым салынған британдық əскери мүліктің тізбесін белгілейді. Транзит Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау саласындағы заңнамасы талаптарына сəйкес уəкілетті органның рұқсаты негізінде жүзеге асырылатыны да аталды. Жүктерді немесе арнайы жүктерді тасымалдау еліміз заңнамасына сəйкес британ тарапымен жасалатын шарттар негізінде қазақстандық көліктікэкспедициялық компания тарапынан жүзеге асырылмақ. Транзитті іске асыру кезінде жүктерді жəне арнайы жүктерді күзетуді жəне олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді Қазақстан тарапы орындайтын болады. Бұл міндет «Əскери теміржол күзеті» АҚ-қа жүктелсе, транзитке қатысты барлық шығындарды, соның ішінде залалды өтеуді британ тарапы өз мойнына алады деп келісілген. Келісімді іске асырудан шығатын барлық даулар мен келіспеушіліктер дипломатиялық арналар арқылы консультациялар жəне келіссөздер жолымен шешілмек. Ал шешімін таппаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасы қолданылады.

Profile for Egemen

05092014  

0509201405092014

05092014  

0509201405092014

Profile for daulet
Advertisement