Page 1

Бїгінгі нґмірде:

№126 (28604) 5 ШІЛДЕ ЖЕКСЕНБІ 2015 ЖЫЛ

Жан жадыратќан жеті саєаттыќ жїздесу 3-бет Єибратты єўмыр таєылымы 5-6-беттер Заман жəне Кґшбасшы 8-бет Кґне кент 9-бет

«Ќазаќстан барысы» жїлдегерлерін аныќтады

Кґк тудыѕ желбірегені Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елордадағы «Атамекен» этно-мемориалды кешені алаңында жыл сайынғы дəстүр бойынша Мемлекеттік ту көтеру салтанатты рəсіміне қатысты. Рəсім аясында Мемлекет басшысы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы елдің жоғары əскери оқу орындарының түлектеріне офицерлік шен тапсырды. Қазақстан Президентінің қолынан 12 түлек – Қорғаныс министрлігі Құрлық əскерлері əскери институтын, Ішкі істер министрлігі Ұлттық гвардиясының əскери институтын, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің əскери институтын үздік бітірушілер погон алды. Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Ең алдымен, Мемлекет күзет қызметі үрмелі аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен Мемлекеттік ту əкелініп, ел Əнұраны шырқалды. Бұдан кейін

шараға қатысушыларға арнаған сөзінде Қа зақстан Президенті Мемлекеттік ту көтеріліп, Əнұран орындалған сайын əрбір қазақстандықтың айрықша се зімге бөленетінін айтты. «Бұл – бəріміздің ортақ табысымызға, тəуелсіз елдің батыл қадамына деген мақтаныш.

Бүгінде бүкіл əлем үшін бұл байрақ – табысты мемлекеттің жəне біздің ұлттық бірлігіміздің символы. Қазақстанның туында алтын күн бейнеленген, сол күн мен мəңгілік аспан астында ұлан-байтақ даламыз көсіліп жатыр. Таяуда осы байрақ дүниежүзілік «ЭКСПО-2017» көрмесінің ажарын ашатын болады. Ту көтеру арқылы алдағы Олимпия ойындары мен өзге де спорт жарыстарында еліміздің əлі талай жеңістері əспеттелетініне сенімдімін. Байрақ мемлекеттілігімізді сақтау, оны нығайту керектігін күн сайын есімізге салып тұрады», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Телефон арќылы сґйлесті

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Телефон арқылы сөйлесуге БҰҰ Бас хатшысының кеңсесі бастамашылық етті. Тараптар Қазақстан мен Ұйым арасындағы екіжақты өзара іс-қимылдың ахуалы мен болашағын талқылады. Мемлекет басшысы Ұйымның бейбітшілік пен қауіпсіздікті, орнықты дамуды жəне халықаралық қоғамдастық

мүшелері арасындағы ынтымақтастықты қамтамасыз етудегі жетекші рөлін атап айтты, сондай-ақ, еліміздің БҰҰ міндеттері мен мақсаттарына адал екеніне сендірді. Пан Ги Мун Қазақстанның халықаралық саясаттың күн тəртібіндегі өзекті мəселелерді қарастыру жəне шешуге қосып отырған үлесін жоғары бағалады.

 Президент поштасынан

Аќ тілектер аєыны

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күніне байланысты шетелдік мемлекеттер мен үкіметтер басшыларынан құттықтаулар келіп түсті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің құттықтауында Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанда ғана емес, сыртқы əлемде де зор құрмет пен беделге ие екені атап өтілген. «Сіз президенттік лауазымда жұмыс істеген жылдары елдегі татулық пен келісімді қамтамасыз етіп, заманауи демократиялық мемлекет құра алдыңыз. Сіздің басшылығыңызбен республика əлеуметтікэкономикалық жəне ғылыми-техникалық прогресс жолымен сенімді жүріп келеді, өзекті халықаралық мəселелерді шешуге белсене қатысады», – делінген құттықтауда. В.Путин екі елдің арасындағы одақтастық қарым-қатынастарды жəне стратегиялық серіктестікті дамытуға Қазақстан Президентінің қосқан жеке үлесі баршаға мəлім екенін атап айтты. «Сіз үшін мерейтой жылында Еуразиялық экономикалық одақ туралы идеяңыздың іс жүзіне асқанына шынайы қуаныштымын. Осынау ауқымды жобаны одан əрі жүзеге асыру көпжақты ынтымақ тастықты, бүкіл Еуразия кеңістігіндегі тату көршілестікті жəне өзара түсіністікті нығайтуға септігін тигізетініне сенімдімін. Біздің достық, сындарлы қатынастарымызды жоғары бағалаймын жəне Сізбен бірлескен жұмыс жалғасады деп үміттенемін», – деп атап өтті Ресей Президенті. Соңында В.Путин Нұрсұлтан Назарбаевқа денсаулық, ұзақ ғұмыр, бақыт, сарқылмас қуат жəне Қазақстан халқының игілігі үшін жаңа биіктерге жетуін тіледі.

*** Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстан мен Қытай қарымқатынастары соңғы жылдары қарқынды дамып келе жатқанына назар аударған. «Елдеріміздің арасындағы саяси сенім де тереңдей түсіп, ынтымақтастықтың түрлі салаларында елеулі нəтижелер үшін жағдай туғызып отыр. Сізбен бірлесіп мемлекеттеріміздің тұрақты байланысын қамтамасыз етуге, қарым-қатынастарды жаңа деңгейге көтеруге, сондай-ақ Қазақстан мен Қытай арасындағы екіжақты стратегиялық серіктестікті екі елдің халқының игілігі жолында кеңейтуге əзір екенімді білдіремін», – делінген құттықтауда. Си Цзиньпин, сондай-ақ, ШЫҰ-ның Уфада өтетін алдағы саммитіндегі кездесуді тағатсыздана күтетінін атап өткен. ҚХР Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевқа мықты денсаулық пен бақ-береке тіледі. *** АҚШ Президенті Барак Обама Америка халқының атынан Мемлекет басшысын туған күнімен құттықтады. «Осы айрықша оқиғаны отбасыңыз бен достарыңыздың ортасында атап өтіп жатқан күні Сізді мынаған сендіргім келеді: мен екі елдің маңызды қарымқатынастары біздің халықтарымыздың игілігі үшін одан əрі дами беретініне күмəн келтірмеймін», – делінген құттықтауда. Б.Обама Нұрсұлтан Назарбаевқа мықты денсаулық жəне бақыт тіледі. (Соңы 5-бетте).

(Соңы 2-бетте).

 Мерей

Кеше Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесі үшін қазақ күресінен дəстүрлі «Қазақстан барысы» республикалық турнирінің финалдық бəсекесі мəреге жетті. Онда еліміздің барлық аймақтарында, Астана жəне Алматы қалаларында үш кезең бойынша өткен іріктеу сынақтарында озып шыққан атлеттер күш сынасты. Сөйтіп, əрбір өңірдің намысын қорғаған екі спортшы мен былтырғы жылғы жеңімпазды қосқанда, барлығы 33 балуан бес сағатқа созылған ақтық бəсекеде жүлделерді сарапқа салды. Биыл бесінші рет жалауын желбіретіп отырған жарыстың көрер мендері арасында Елбасының өзі де болды. Мемлекет басшы сы сайыс соңында сөз сөйлеп, турнирге қатысушыларды құттықтады. Ол өз сөзінде халқымызбен бірге жасасып келе жатқан қазақ күресінің кешегісі, бүгінгісі жəне ертеңгісі жайлы айта келіп, оның жастарымызды отансүйгіштік, жауынгерлік рухта тəрбиелеуге қосатын үлесі мол екеніне тоқталып өтті. Серік ПІРНАЗАР,

«Егемен Қазақстан».

– Қазақ күресі біздің республикамыз тəуелсіздікке қол жеткізгелі бері дамудың жаңа даңғыл жолына түсті. Атабабаларымыздың көзіндей болып бүгінгі күнге дейін жеткен бұл күрес – біздің ұлттық дəстүріміз. Ал оны қайта қолға

алып, жаңаша өркендете бастауымыз біздің ата-баба дəстүріне беріктігімізді танытады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. – Ауылдағы балалар ежелден күреспен шұғылданып, ұдайы өз шеберліктерін жетілдіріп отырған. Əкелер өз балаларына оның айла-тəсілдерін үйреткен. Ұлттық күресті осылай айрықша қастерлеген халқымыз оның сайыстарында озып шыққан балуандарға тайтұяқ алтын сыйлаған. Бізде халқымыздың даңқын

арттыра білген атақты күрес шеберлері де жеткілікті болды. Олардың қатарынан біз Қажымұқан, Балуан Шолақ секілді көптеген тұлғаларды көрер едік. – Қазіргі кезде қазақ күресінің даңқын арттырып, атағын айдай əлемге тарату жолында көптеген шаралар жасалып жатыр, – деді Нұрсұлтан Əбішұлы бұдан əрі. (Соңы 2-бетте).

Елбасытану эпопеясы

«Президент» жинаєын зиялы ќауым осылай баєалады Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

Астана күні мерекесіне тартылған айтулы сыйлықтардың қатарына «Президент» атты 783 беттік көлемді жинақты да қосуға болады. Бұл – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сан қырлы қызметі туралы 2010-2015 жылдар аралығында «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген алуан түрлі мақалалар, талдамалық толғаныстар, репортаждар, публицистикалық пайымдар, естеліктер мен арнау өлең дердің жинағы. Оны «Егемен Қазақстан» газеті» республикалық газеті» акционерлік қоғамы газет тігінділерінің сарғайған парақтарында қалдырмай теріп алып, осындай

жинақ етіп шығарып отыр. Кітап «Егемен Қазақстан» газетінің бұған дейінгі жылдары шығарған «Елбасы», «Тəуелсіздік», «Салтанат», «Астана» жəне «Дінтұтқа» жинақтарымен бір серияны құрайды. Мазмұн жағынан ол Президент туралы 1990-2010 жылдар аралығындағы газет жарияланымдарын қамтыған «Елбасы» кітабының заңды жалғасы іспеттес. Алдыңғы күні қазақ баспасөзінің қара шаңырағында осы жинақтың тұсаукесер рəсімі болды. Оған бір топ мемлекет жəне қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары, ақын-жазушылар, жинаққа енген мақалалардың авторлары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Тұсаукесерді акционерлік

қоғам президенті Сауытбек Абдрахманов ашып, жүргізіп отырды. Алдымен ол 2-3 күн нен кейін Астана күні мерекесі атап өтілетінін айтып, жиналғандарды айтулы мерекемен құттықтады. Елбасының ел үшін жасаған ерен еңбектері көп. Солардың ішіндегі ерекше айтатынымыз ерке Есілдің бойына ел қондырып, қазақтың туын Арқа төсіне əкеліп тіккендігі. Соңғы жылдарда кейбір мемлекеттерде болып жатқан түрлі-түрлі оқиғаларды ойға алған кезде астананы Алатаудың бауырынан Арқаның төсіне ауыстыру батыл, терең, орынды шешім ғана емес, шын мəнінде ұлы шешім екендігіне көзіміз жете түсті. (Соңы 7-бетте).


2

www.egemen.kz

5 шілде 2015 жыл

Кґк тудыѕ желбірегені (Соңы. Басы 1-бетте). Мемлекет басшысы жоғары əскери оқу орындарының түлек тері офицерлік атақ алған соң мəртебелі жəне жауапты жаңа жол ға түсетінін айтты. «Офицер – бұл, ең алдымен, борыш, содан кейін – мамандық. Офицерлік борышты мінсіз атқару ерлікті, биік моральдық қасиеттерді, тəртіп пен табандылықты қажет етеді. Жас жауынгерлерді, өздеріңнен жасы кіші бауырларыңды тəр биелеу, оларға қамқорлық көрсе ту – сіздердің үнемі қаперде ұстайтын міндеттеріңіз. Бұл үшін бойларыңыздан биік адамгершілік қасиеттер табылуы тиіс. Қазақ жерінің тарихы батыр ұлдардың ерлі гіне толы. Таяуда ғана біз арда герлерге Ұлы Жеңістің 70 жылды ғына байланысты құрмет көрсет тік», – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайын өтетін Мемлекеттік ту көтеру дəстүрлі рəсімі Астана күніне арналған мерекелік шаралардың бастауы екеніне назар аударды. «Астана – еліміздің барша азаматтарының ортақ жəне шабытты еңбегінің жемісі. Олар Қазақстан ғана емес, бүкіл əлем мақтан тұтатын туған елордасын салу үшін республиканың түкпіртүкпірінен келді. Сондықтан Астана күні – əр отбасының, əрбір

қазақстандықтың жүрегіне жақын мереке. Бұл қалада уақыттың қан тамыры екі есе жиі соғады, елорда көркі жыл сайын өзгеріп келеді. Бүгінде қала алдында елімізді жаңа биіктерге бастайтын бұдан да зор мақсаттар тұр. Осы тамаша мерекені атап өте отырып, біз халқымыздың еңбекқорлығы мен табандылығын, күш-қуатын дəріптейміз», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы, сонымен қатар, еліміздің барлық жоғары əскери оқу орындарының түлектерін құттықтады. «Бұл – жас офицерлер үшін айрықша қуанышты күн. Сіздер көп жұмыс істеп, еңбектендіңіздер, осы мақсатқа жету үшін күре сіп, жеңіске жеттіңіздер. Өз өмірлеріңізді əскери іске арнауға шешім қабылдадыңыздар. Отаны ңа қызмет ету оңай міндет емес жəне оған əркімнің шамасы жете бермейді. Алған білімді еліңе қызмет ету, қоғамға жəне отбасыңа пайда əкелу, халықтың бірлігін сақтау үшін пайдалану қажет», – деді Қазақстан Президенті. Сөзінің соңында Нұр сұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтап, əрбір шаңыраққа бақ-береке тіледі. Бұл күнгі салтанатты шара барысында патриоттық композициялар мен əскери марш орындалды.

«Ќазаќстан барысы» жїлдегерлерін аныќтады

(Соңы. Басы 1-бетте). – Ол Қазақстанның барлық аймақтарында кеңінен дамып келеді. Біздің күресіміз бүгінде еліміздің аумағынан шығып, əлемнің бірқатар елдерінде алуан түрлі жарыстар сипатында да көріне бастады. Мен бұл жарысты толық қолдаймын. Болашақта оның Олимпиада, Азия ойындары сияқты жаһандағы ең беделді жарыстар бағдарламаларынан орын алатынына сенемін. Ал «Қазақстан барысы» турнирі финалдық додасының Астана күнінің қарсаңында өткізілуі мерекенің бағын асырып, шырайын келтіре түседі. Астана тойы – бəріміздің ортақ тойымыз. Бұл – халық үшін үлкен мереке. Біздің жастарымыз саламатты өмір салтын ұстануға тырысып, денсаулығын жетілдіруге тиіс. Соның арқасында мемлекетіміз бен қоғамымыздың негізі мықты болады. Мемлекет басшысы осыдан кейін «Қазақстан барысының» биылғы жеңімпазы белбеуіне қол жеткізіп, оның тарихында екі дүркін чемпион болған бірінші атлет атанған жамбылдық Бейбіт Ыстыбаевқа «Тайтұяқ» жүлдесін тапсырды. Ұйымдастырушылар турнирдің бас жүлдегеріне сонымен қатар, 150 мың АҚШ доллары көлеміндегі ақшалай сыйлықтың сертификатын табыс етті. Ал оның жаттықтырушысы Елдос Далабай 20 мың доллардың сыйын алды. Жарыстың екінші жүлдегері атанып, күміс кемер таққан қы зылордалық Руслан Əбдіразақов 30 мың

доллардың сияпатына қол жеткізсе, бапкері Болатбек Кенеевке 10 мың доллар мөлшерінде қаржы құжаты берілді. Сол сияқты қола жүлдеге қол созған астаналық Ғани Сейділдаев – 10 мың, оның ұстазы Ерлан Естек 5 мың доллардың тартуларын еншіледі. Бұлардан бөлек, ұйымдастырушылар арнайы белгілеген «Жеңіске деген жігері үшін» жүлдесі – жеңіл автокөліктің кілті қызылордалық 20 жасар күрес шебері Нұрым Сəлімгереевтің қанжығасына байланды. Бұл жүлделердің бəрі турнирдің бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» əл-ауқат қорынан бөлінді. Жарысқа сондай-ақ «Нұр Отан» партиясы, Мəдениет жəне спорт министрлігі, Астана қаласының əкімдігі, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры, «Астана» президенттік кəсіби спорт клубы серіктес ұйымдастырушы болды. Ал «Kaspi Bank» акционерлік қоғамы мен «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы ресми демеуші, «Қазтелеком» акционерлік қоғамы демеуші ретінде қызмет етті. Мұның сыртында көптеген бұқаралық ақпарат құралдары ақпараттық қолдау көрсетті. Біз жоғарыда биылғы жылы «Қазақстан барысы» турнирінің бесінші мəрте өтіп мəреге жеткенін атап кеттік. Ол өзінің бастауын 2011 жылдан алады. Сол жылы күзде Астана қаласындағы «Дəулет» спорт кешенінде керуен керген бірінші бəсірелі бəсекеге еліміздің барлық облыстарынан, Алматы жəне

Астана қалаларынан 4 балуаннан, барлығы 64 атлет жиналып, ұлттық күресіміздің алғашқы салтанатты көшін бастап берді. Осы қанатқақты турнирде Қызылорда облысының өкілі Ұлан Рысқұл барлық қарсыласын жеңіп, оның бірінші жеңімпазы атанды. Ал 2012 жылы жер-жердегі күрес шеберлері бұл аламанға жету үшін үш сатылы сынақтан өтіп келуге тиісті болды. Сөйтіп, бірінші рет күрестің бəсекесі ауыл-аймақтардан бастау алды. Одан озып шыққандар аудан орталығында боз кілемнің үстінде бақ сынасты. Бұдан əрі үшінші кезеңдегі белдесуге кезек келіп, ол облыс орталығында сайыс қыздырды. Міне, осы соңғы сатыда оза шапқан екі спортшы республикалық финалға жолдама алды. Тап осы екінші турнирден бастап мұның алдындағы жылғы жеңімпазды келесі финалға електік сынақтарсыз жіберу дəстүрі қалыптасты. Ақтық бəсеке елордадағы 10 мың орындық «Сарыарқа» велотрегінде қанат жазды. Қапталында ине шаншарлық орын болмаған спорт аренасындағы жан алып, жан беріскен бұл тартыста жамбылдық Бейбіт Ыстыбаевтың бағы жанды. «Қазақстан барысы» турнирі жылданжылға ауқымын ұлғайтып, əлем жұртына кең таныла бастады. Бұған 2013 жылғы финалдық турнирдің ТМД аймағына тарайтын «Боец» жəне Грузияның кабелді GMG арналары арқылы тікелей эфирден көрсетілгенін айтсақ та жеткілікті. Осының негізінде қазақ күресінің басты жарысын бір мезгілде Ресейде 1,5

млн., ТМД мемлекеттерінде 1,5 млн. көрермен тамашалай алды. Бұдан бөлек, «Қазақстан» ұлттық арнасы мен КТК телеарнасы бойынша тағы 6 млн. адам финалдық бəсекені жіті қадағалап отырды. Ал «Сарыарқа» велотрегіне 10 мыңға жуық жанкүйер жиналды. Бұл жылы жеңімпаз тұғырына Шығыс Қазақстан облысының үкілі үміті Айбек Нұғымаров аяқ басты. Айта кететін жайт, келесі, 2014 жылғы жеңімпаз да осы Алтай таулары аясындағы аймақтан шықты. Мұны бұған дейін қола жүлдегер болып үлгерген Мұхит Тұрсынов мүмкін етті. Міне, соңғы кездері ұлтымыздың мақтанышына айнала бастаған «Қазақстан барысы» турнирінің өмірге келгеніне биыл бес жыл толып отыр. Осы аз ғана уақыттың аясында бұл жарыс қазақ күресінің жаңа белеске көтерілуіне айтарлықтай салмақты үлес қоса білді. Осының негізінде «Еуразия барысы» деп аталатын келесі турнир де өзінің іргесін қалады. Бұған қоса, қазақ күресінен əлем жəне құрлық чемпионаттары өте бастады. Олар жəне əлемнің əртүрлі елдерінде ұйымдастырылып келеді. Елімізде қазақ күресімен түпкілікті айналысушылар саны да жыл озған сайын арта түсуде. Айталық, 2010 жылы бізде оның шеберлері саны 30 мыңға жуық болса, қазіргі таңда 102 мың атлетті құрайды. Күрестің бұл түрінің бұлайша ерекше қарқынмен дамуына Елбасы Н.Назарбаевтың 2020 жылға дейін ел халқының 30 пайызы бұқаралық спорт түрлерімен шұғылдануына қол жеткізу

туралы тапсырмасы да ерекше серпін берді. «Қазақстан барысы» жобасы «Мəңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру жолындағы барша міндеттерге де қалтқысыз қызмет етеді. Ол өз кезегінде болашаққа дені сау ұрпақтың баруы талабын орындаудың бір тетігі бола алады. Мұндай ойларды турнирдің салтанатты ашылу рəсімінде сөз алған «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, «Самұрық-Қазына» əл-ауқат қорының басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев жəне Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев біршама айтып өтті. Осыдан кейін жарыстың да тиегі ағытылып жүре берді. Ол боз кілем шеберлерінің жеребе тартуларынан басталды. Мұның нəтижесінде бірінші болып павлодарлық Арман Махамбетов пен ақтөбелік Бақтыбай Қисықов беттесті. Белдесудің басында бұған дейін аталмыш турнирге екі рет қатысып үлгерген, сондай-ақ, əлемнің жəне құрлықтың екі дүркіннен чемпионы болып қайтқан ақтөбелік балуанның десі басым болып келе жатты. Ақыр соңында соның жеңімпаз болып шығатынына да ешкім көп күмəндана қоймаған. Кенет павлодарлық саңлақ шалт қимыл көрсетті де, тəжірибелі қарсыласын алып ұрып, жауырынымен жер сипатты. Таза жеңіс! Осылайша, турнирге тұңғыш рет қатысып отырған жас атлет мықтылық танытып кетті. Жалпы, бұл жолы финалға бұрын бұл жарысқа қатыспаған 17 жас балуан келген екен.

Бұл – бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Мұның өзі республикада қазақ күресінің қауырт дамып келе жатқанын көрсетсе керек. Айта кету керек, жеребеге сəйкес, Арманға осы бірінші айналымда бұдан кейін тағы бір рет кілемге шығуға тура келді. Ертіс бойынан келген ер жігіт онда да еңсесін бастырмай кетті. Ол екінші айқасында Батыс Қазақстан облысының тарланы Ерлан Мұсағалиевтен басым түсті. Жалпы, бірінші айналымда, яғни жарыстың 1/16 финалында 17 белдесу болды. Осы бірінші кезеңнің өзінде-ақ Ақмола, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы қаласының өкілдері түгелдей ат жалынан сыпырылып түсіп қалды. Мұның есесіне, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда жəне Қостанай облыстарының балуандары келесі кезеңге мұрттары бұзылмаған қалыптарында өтті. Ал турнирге үш бірдей өкілі атсалысқан Шығыс Қазақстан облысының осы саптан табылуына «соқыр» жеребенің бірден-бір кері əсері болды. Соның арқасында кезеңнің ең соңғы белдесуінде осы өңірдің екі спортшысы, аталмыш турнирдің ұдайы қатысушылары, екі бірдей бұрынғы жеңімпаз Мұхит Тұрсынов пен Айбек Нұғымаров бір-біріне қарсылас болып шыға келді. Бір-бірлерінің сырларын өте жақсы білетін сыралғы бəсекелестер арасындағы айқас аса тартысты өтті. Тек оның соңында ғана сəл əбжілдік көрсете білген Мұхит жеңістің жалауын тартып əкеткен. Есесіне, ол бұдан кейінгі 1/8 финалда Бейбіт Ыстыбаевқа тап келіп, тағы да кескілескен шайқас үстінде жеңіс тізгінін беріп қоюға мəжбүр болған. Бір айта кететін жайт, балуандар əрбір жеңісі сайын қарсыласының қасқыр терілерімен қоса, ұйымдастырушылар тарапынан бөлінген 100 мың теңге сыйақыны алып тұрды. Мұндай сыйды көбірек алғандар қатарында қызылордалық Нұрым Сəлімгереев те болды. Ол 1/4 финалда турнирдің болашақ жеңімпазына негізгі уақыттан кейінгі қоян-қолтық белдесу кезінде ғана есе жіберіп алды. Турнирдегі ең жасы үлкен спортшы болып табылатын Ғани Сейділдаев та сондай сынақтардың біразынан абыроймен өтіп, үшінші орын үшін Оңтүстік Қазақстан облысының өкілі Жұманазар Ерсұлтановпен белдесуде соңғы сəтінде ат оздырып кетті. Бір сөзбен айтқанда, турнир өте тартысты өтті. Ондағы барлық жекпежектерді талдап шығу біздің міндетіміз болған жоқ. Əйткенмен, жарыс желкілдеп жетіліп келе жатқан жас буынның өте көп екенін анық аңғартты. Бұл біздің ұлттық күресіміздің де келешегі кемел бола түсетінін білдірсе керек.

----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.


www.egemen.kz

5 шілде 2015 жыл

 Елімен етене Елбасы

3

Жан жадыратќан жеті саєаттыќ жїздесу Қазіргі Əйтеке би, бұрынғы Комсомол ауданында жиырма жылдай басшылық қызмет атқардым. 1992 жылы Президент Ақтөбе облысына сапармен келіп, сол кездегі Комсомол ауданында болды. Соның алдында ғана мені осы ауданға əкім етіп жіберген. Облыс басшылығынан «Президент Нұрсұлтан Əбішұлы Ақтөбеге жұмыс сапарымен келуі мүмкін. Сіздің ауданды көрсетуді дұрыс көріп отырмыз», деген хабар түсті. Шынын айтайын, қатты толқыдым. Қашық аудан, ауа райы да ыстық. Əуелі ойланып-толғанып, маңызды тапсырманы санамнан саралап өткіздім.

ЎЛТ РУХЫНЫЅ ЎЛЫ ЖОЛЫ «Халқына – бегі, бегіне – халқы сенген ел ұзақ жасайды».

Күлтегін.

Нұрлан ОРАЗАЛИН,

сенатор, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

«Дүние – үлкен көл, заман – соққан жел» дейді ұлы Абай. Осы бір бейнелі сөз, бедерлі ойдың төркініне үңілген сайын, «ел», «жер» дейтін киелі қос ұғымның ұлт үшін, ұрпақ үшін қаншама қадірлі екеніне, қажет екеніне көзіміз жете түседі. Абай айтып отырған «үлкен көліңіз» – мəңгілік, «заманыңыз» – сол мəңгіліктің қозғаушы күші. Үлкен бе, кіші ме, ұлт болып ғұмыр кешу бақыты пешенесіне бұйырған кез келген халықтың түпкі мақсаты – заман атты «желдің» айдауына түсіп, мəңгілік атты «үлкен көлдің» жұтқыншағында жойылып кетпеу, Ел болу, Мемлекет болу! Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мəңгілік Ел» атты ұлттық идеясының тереңнен тамыр тартар, өткенге – бəтуа, болашаққа баян сілтер мақсаты да, мұраты да осы. Ондаған ғасырлардың аламан-тасыр қиындықтарын басынан өткерген, «мың өліп, мың тірілген», уақыттың жойқын шабуылдарынан аман өткен қазақ халқының рухы осы жолда не көрмеді дейсіз? Нендей «соқтықпалы, соқпақты» жолдардан өтпеді дейсіз? Бесігінің басына үкі байлап, шыр етіп дүниеге келген сəбиінің құлағына айқайлап, азан шақырып, сыбырлап, есім берген есті жұрттың қай қара шал, ақ кемпірі осынау Ұлы Далаға Мəңгілік тілемеді дейсіз?! Ұрпағым өсіп-өніп, көгеріп-көктесе екен, деген асыл арман қай əкенің тынышын алып, қай ананың түн ұйқысын төрт бөлмеді дейсіз?! Жөргекте жатқан шекесі торсықтай қара баланың маңдайына қара күйе жағып, күндігімен күн сүйіп, түндігімен түн күзеткен елдің бар мақсаты, айналып келгенде қара қазақтың қамын ойлайтын бір ұл туып, ұлы жұртқа ие болар ұрпақ өссін, жетілсін деу еді!.. Ғасырлар қойнауынан халқымызбен бірге жасасып, біте қайнасқан осы бір ұлт арманы Алаш жұртын тұрлаулы тарихтың қиын, күрделі өткелдерінен əркез аман алып өтті. Жаңылған тұсында жебеді, сүрінген тұсында демеді... Өзінің кемеңгерлік кескінімен грек жұртының таңдайын қақтырған Анарыс (Анахарсис) заманында да, «түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би» атанған дала данагөйінің тұсында да, көк түріктердің от ауыз, орақ тілді шешендері мен көсемдері – Тоныкөк пен Күлтегіннің дəуірінде де, Батыс – Шығыс ауызына тегіс қараған адамзат ойының асқары əл-Фараби заманында да ұлды сақтау – ұлтты сақтау екені, ұлтты сақтаудың ең ұлы құралы ұлт рухын сақтау сабағы екені Ұлы Даланың күн тəртібінен түскен емес. Мəңгілік атты кеңістіктегі Мəңгілік Ел болу үшін жүргізілген үздіксіз күрес ондаған дала данышпандары мен Алаштың алып ұлдарын жаратты. Халық оларға өзін де, сөзін де, тарихын да, тағдырын да сеніп тапсырды. Даланың көркейген тұсында да, өртенген кезінде де... Шыңғыстың ұлы дəуірінде де, Алтын Орданың азуын айға білеген шағында да... Қалың қазақ арғы-бергі бабаларын ұран қып шақырып, хандық туын көтерген Керей мен Жəнібектің, Қасым мен Есімнің, Тəуекел мен Тəукенің, Абылай мен Əбілқайырдың кезінде де солай болды... Солай болған!.. Уақыт айтар ұлт өмірінің ондаған ғасырлық шындығы осылай жалғасқан, жалғасып келеді.

Құм басқан қалалар мен тұншыққан дəуірлер қолтығында қалған, көшпелі көсем жұрттың кешегі қалғып кеткен кезеңдерін ұйқысынан оятқан ХХ ғасырдың соңында «əруағынан ат үріккен» сайын сахараның «өлгенін тірілтіп, өшкенін қайта жаққан» Тəуелсіздік заманында да қара орман жұрттың бесікке үкі тағып, өзін де, сөзін де, тағдырын да, тарихын да дəл солай Нұрсұлтан Назарбаевқа қалай тапсырғанының куəсі болып келеміз. Неше дүркін өтіп, төрткіл дүниенің назарын өзіне бұрған демократиялық сипаттағы жалпыхалықтық сайлаулар соның айғағы. Кешегінің бізге жеткен ақиқаты да, бүгінгінің бұлтартпас шындығы да – осы. *** Осы жолда, яғни ұлтты сақтау, шыңдау жолында, Елбасы сөзімен айтқанда, «Əлімсақтан бері – Бабырдан Бейбарысқа дейін, Елтеміштен Шоқанға дейін солай болған. Қазақ мəдениеті біздің түркі бабаларымыздың мəдениеті сияқты, қандай əсер-ықпалды бастан кешірсе де томаға – тұйыққа берілмеген, ұдайы синкретті болып отырған», заманалар дауылы мен сүреңі қабырғасын қатайтып, буынын бекіткен ұлт өз мінезі мен рухынан көз жазып, жаңылған емес. Махамбетшілеп айтқанда, «еңку-еңку жер шалып, тебінгісін терге шірітіп, терлігін майға ерітіп», ен даланың ендігі мен бойлығын ереуілді замандардың ұранымен көмкерген, жан алысып, жан беріскен, Ел болу үшін үздіксіз күрескен, осынау бабадан балаға жалғасып, мұра болған ұлы байтақты жатжұрттықтардан білегімен де, білік-білігімен де қорғай білген, «ат жалы, түйе қомында» жүріп, қырандай қалқып, қанатын қомдай білген, семсерін сілтеп, садағын толғай білген көне жұртың көп ғасырлық тарихы мен тағдырталайы бізге осыны айтады. Иə... Бүгінгі Қазақстан əлемнің төрт бұрышымен өзінің саяси, экономикалық, рухани қарым-қатынасын өркениетті жолмен анықтап, өрісі мен өркенін демократиялық құндылықтар негізінде дамытып отырған жаңа тұрпатты Қазақстан екенін, сол тағдыр-талайы талмастан, азаттық үшін алысқан кешегі арыстар мен алыптардың арманмұратын жүзеге асырып жатқандардың елі екенін əлем танып, мойындап отыр. Соңғы ширек ғасыр ішінде Жаратқанның қолдауымен, мына сағат, сəт сайын құбылған ұлы дүниенің тамырының соғысын дəл ұстап, демін дəл танып, елінің тағдырын оң жолға бастар кенен ойлы кемеңгер басшы маңдайына бұйырған тəуелсіз жұрттың неден бастап, неге жеткені, қандай қиынқыстаулы кезеңдерден қалай өткені – тарих дейтін жұмбағы мен сыры мол тағылымды кеңістіктің жадында... Жарығы сөніп, мұржалары қалқайып, жадап-жүдеген халқы нан кезегінде тұрған тоқсаныншы жылдар ел есінен шыға бастады. Бүгінгі мұхит асып, оқу оқып, жаңаша тəлім алған, Елбасы айтуымен, интеллектуалды қоғам ортану жолына түскен жас жеткіншек буынның бірі білсе, бірі біле бермейтіні «тəуелсіздікке дейінгі», «тəуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы» көріністерді ескі хроникалардан ғана көретін немере буынның санасы жаңғыру, жаңару үстінде... Жасыратыны жоқ, күнгей мен көлеңке қашанда қатар жүреді... Жаһанданумен ілесе келген қайсы бір даңғаза – дақпыртшылдық пен сұрқайлықтың ғасырлар, заманалар бедерінде қалаптасқан игі, ізгі дəстүрлеріміз бен ұлттық құндылықтарымыздың тынысын тарылта бастағаны жасырып-бүгер сыр емес. Адамзат дамуының жаңа дəуірімен бетпе-бет келген Қазақ елі, Қазақ елінің Басшысы алдан шыққан экономикалық, əлеуметтік қиындықтармен қоса, технологиялық үрдістерді де игере отырып, ұлттың «жанына бататын» əлгіндей тілге, дінге, ділге қатысты «күрмеуі қиын, күрделі мəселелерді» шешудің де жолын

іздестірді. Идеологияшыл қоғамнан мұра болып қалған «жəриямпаздық» пен «бас шұлғушылық» етек алған мінезден құтылу қалай қиын болса, «бұқаралық мəдениет» алып келген талғамсыздық дейтін дертпен күресу де солай қиынға түсті... Бұл мəселенің ел Президентінің жанжүрегін қалай мазалайтынын мен «Егемен Қазақстан» газетінде бас редактор болып жүрген тоқсаныншы жылдар басында анық сезіндім. Сəті келіп, үш-төрт сұхбат алып, төрт ресми сапарының тұсында (АҚШ, Оңтүстік Корея, Мекке-Медине, Ватикан) қасында жүріп, Нұрсұлтан Əбішұлының ұлт тағдыры мен ел ертеңі жайлы ойларының сан куəсі болдым. Ол жазбаларым кезінде газет бетінде жарияланып, кейін кітап болып жарық көрді. Жə... Менің айтайын дегенім сол тұстағы ұлт пен ұлттық рух хақындағы Президент толғаныстарының бір көрінісі. 1997 жыл. Қыркүйек. Алматы қаласы. Алаш жұрты ЮНЕСКО шеңберінде қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Омарханұлының 100 жылдық мерейтойын атап жатқан дүбірі қалың, қиқуы алысқа жетіп жатқан күндер... Алыс-жақын шетелдерден келген қонақтар... Біз бүгінде қазақ əдебиетінің «алтын ғасыры» деп бағалап жүрген іргелі кезеңнің ұлы өкілін көргендердің, дəмдестұздас болғандардың соңғыларының өзі ақсақал атанып, қатарлары сиреп қалған, алмағайып мінезді ғасырдың шымылдық жабар тұсы... Маған қаламгерлер ұйымының басшысы ретінде Шыңғыс Айтматов, Давид Кугультдинов секілді кеңестік дəуір əдебиетінің аса көрнекті өкілдері, аттары аңызға айналған ардақты ағаларымен бірге жүру бақыты бұйырды. Сондай əсер мен ықыласқа толы күндердің бірінде Нұрекең Шыңғыс Төреқұлұлын бейресми жолмен Алматы қонақүйлерінің бірінде («Рахат Паласта») қабылдады. Біразға созылған жарасты əңгімеден Шықаң аса риза болып шықты. Кездесуден қайтып келе жатып ХХ ғасырдың ұлы суреткері Қазақстан Президенті туралы толқып, тебіреніп əңгіме айтты. Сол əңгіменің өңін бұзбай келтіргенді жөн көріп отырмын. «Нұрсұлтан Əбішұлы – дар Бога казахскому народу. Он великий человек! Как он умеет управлять этим необузданным, непредсказуемым миром. Какой собеседник?! Замечательный эрудит! Тарихты қалай терең біледі... Əдебиетті... Искусствоны қалай түсінеді?!.. Көп жоспарларымен бөлісті... Бұл кісі мына глобализированный заманда, қазақ боорларым, сендерге қалай керек болса, емле, бізге де қырғыздарға да, бүкіл Орталық Азияға да солай керек... Назарбаев айналасына шоғырлануымыз керек! Мəдениетті, əдебиетті сақтау арқылы біз адамның жанын сақтаймыз. Əдебиет – жанның емшісі. Жанды сақтау арқылы – адамды, адамды сақтау арқылы ғаламды сақтаймыз! Назарбаев – ғаламды сақтайтын ұлы миссияны атқару үшін келген сиректердің бірі... планеталық тұлға!», – деп əшейінде артық əңгімеге əуестігі жоқ, сөзге сараң, бірақ пікірі қашанда тас-түйін Шыңғыс Төреқұлұлының шабыттана сөйлегені есімде. Сол əңгімеден соң, араға бірер жыл салып, сөзі мен ісі қай кезде де үйлесіп, ұлт мүддесіне жұмылдырар кемел сөз, кесек əрекеттерге жетелейтін Қазақ Президентінің тікелей бастамашылығымен 2004 жылы «Мəдени мұра» бағдарламасының тұсауы кесілді. Кеңес Одағынан қалған қиындықтардың басын қайырып, бітпей жатқан елдің ұлт мəдениетінің арғы-бергі кезеңдерін тануға, талдауға ден қоюы – біз білетін Кеңес Одағының сары жұртынан ірге аударған елдердің ешқайсысында жоқ, құбылысқа бара-бар оқиға болғаны күмəнсіз еді...

Шынын айтсақ, орындалуы талай жылға созылған айтулы бағдарлама Ұлт мəдениетінің тамырын тереңдетіп, қанатын кеңейтуге ұлан-асыр жағдай жасады. Елбасының өз сөзімен айтсақ, «ұлттық келбетімізді ұлықтайтын» іргелі мемлекттік бағдарлама жүзеге асты. Əдебиет, театр, музыка, живопись дейтін ежелгі өнер түрлерінің бетіне уақыт əжімін түсіртпей, өтпелі кезеңнен аман алып өтті. Міне, Ұлт рухына қанат бітірудің айқын мысалы! *** Қазақстан Президентінің өз халқына түпкі мақсат, межелі міндет етіп ұсынған «Мəңгілік Ел» атты ұлттық бағдарлама төркінінде Отанымыздың өткені мен бүгінін саралай отырып, ел ертеңі не деген сенімнің миллиондардың санасында бекуіне, ұлттың өзін өзі таныпбілуіне ықпал етер, жаһандану жағдайында Тəуелсіздік дейтін басты құндылығымызды сақтауға жұмылдырар Ұлт рухы дейтін киелі тұмарымыздың тұрғаны анық. «Мəңгілік Ел» бағдарламасына арқау болған ұлттық идея мен замана талабына сай мемлекетті жүйелі түрде дамыту ұстанымының басты күретамыры да осы – Ұлт рухы!.. Ұлт рухы! Бұл – бір немесе, бірер ғасырды ғана қамтитын өсу мен өркендеудің, есею мен толысудың көрінісі емес, бұл – ұлт ақиқаты мен шындығын жарқыратып тануға, ұлт болмысы мен жанын терең ұғынуға тəрбиелейтін, арғы-бергі дəуірлерден бастау алар, тұғыры тозбаған, туы жы ғылмаған тағдырлы тарихымыздың тағылымды беттерінің ұрпақ жадында жаңғыруы деген сөз. Бұл – өткенімізді зерделей отырып, ұлт ойы мен санасын тегінен адастырмай, жаңа дəуірге желкен жайған мемлекеттердің қатарынан көрініп, адамзат аламанының алдына шығуға, саяси тегеуріні, экономикалық қуаты, рухани ұстанымы берік, бəсекесі мығым, дамыған 30 елдің сапына қосылуға ұмтылу деген сөз. Бұл – ұлттың күрескерлік болмысын барынша өрістете отырып, Батыс пен Шығыстың ара-қатынасын анықтауда қай дəуір, қай заманда да елеулі рөл ойнап келген кешегі сақ, ғұн, үйсін, қаңлы, көк түріктер ұрпақтарын жаңа ХХІ ғасыр қалыптастырып отырған аса күрделі геосаяси ахуалдар майданынан «ақылсыз дыққа ұрын дырмай» аман алып өтудің жолдарын қарастыру, осы жолда тамырын тереңнен тартар алыс-берістің, интеграцияның ел дамуын қамтамасыз етер үлгілерінің қандайынан да бас тартпау деген сөз. Бұл – аумалы-төкпелі дəуірлер табыстырған көп ұлыс өкілдерімен қоңсыласа, татулық-бірлікте, бір жеңнен-қол бір жағадан бас шығарып, бір атаның баласындай өмір сүру, ғұмыр кешу, Қазақстанды өз Отаны санап, өзінің де, ұрпағының да ертеңгі тағдырын тек қазақ елімен, қазақ жерімен байланыста көруге дағдыланған ұлттардың жарасты өмір сүруіне жағдай жасау деген сөз. Бұл айтылған ұлт кеңістігін кеңейтіп, Алаш аспанын асқақтатар тəуелсіз Қазақ елінің дамуының қазіргі таңдағы бағытбағдарлары жайлы Елбасы əркез ашық айтып келеді. Ширек ғасыр ішіндегі елдегі ұлы өзгерістер мен ұлы жаңарулар жаратылысына ден қойған үлкен дүниенің беделді басшылары да, наным мен сенімді өмірлерінің басты мақсаты санаған төрткіл дүниенің абыройлы дін басылары да, аса көрнекті мемлекет, қоғам қайраткерлері де, мəдениет пен ғылымның, əдебиет пен өнердің аузы дуалы, сөзі уəлі көрнекті өкілдері де Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған, ұсынып қана қоймай, оны жүзеге асырып келе жатқан Қазақстан Көшбасшысына сенім білдіріп, үлкен құрметпен қарайды. (Соңы 4-бетте).

20 тамызда күні бойы Президент сапарынан толық хабардар болып отырдым. Кешке қарай Президент туралы жазылған материалдарды қараған боламын, бірақ ол кезде жарытып ештеңе жазыла қоймаған кез. Ақтөбе ауданының картоп өсірумен шұғылданатын «Қазақстанның 40 жылдығы» кеңшарында болған кездесуде жекешелендіру туралы пікіріне елең ете қалғанбыз. Сол күні Президент Хромтау ауданында, Шилісай өндірістік бірлестігінде болғанын телерадио хабарларынан естідік. 21 тамызда «Ярославский» кеңшары, № 6 бригаданың далалық қосында сағат 11-ге таяу екі тікұшақ қонатыны хабарланды. Айнала толған адам. Олардың арасында Ресей Федерациясы Орынбор облысының шекаралас аудандарынан келген қонақтар да бар еді. Бəрі де Қазақстан Президентін көргісі, мүмкін болса, қолын алып амандасқысы, алғысын жеткізгісі келеді. Хаттамалық тəртіп бойынша автокөліктер тікұшақ қонатын жерден екі-үш шақырым қашық тұрақтауы керек. Қарсы алушылар көліктерін қаңтарып қойып, үш шақырымды елемей жаяу келді. Президент тікұшағы қонды. Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге сол кездегі Премьер-Министр Сергей Терещенко, оның бірінші орынбасары Олег Сосковец, облыс басшылары, басқа да ресми адамдар түсті. Комсомолдықтар ғана емес, көрші Орынбор облысынан келген қонақтар да аса бір зор ықыласпен, ризашылық сезіммен қарсы алды. Халықтың өз Президентіне деген ынта-ықыласы ерекше екені байқалды. №6 трактор-егіс бригадасы. Ақшаңқан киіз үйлер бой түзеген. Екеуін жапсарлас етіп құрдық та, үшіншісін сəл алшақтау бөлек орналастырдық. Кеңшар директоры В. Добровольский мен бригадир А.Гетманчук те ерекше толқу үстінде. Менің көңіл күйім күтіп алғанға дейінгіден басқаша, енді əр сəтті бақылауда ұстауым керектігін, ауданның бірінші басшысы ретінде барлық шаруаға жауапты екенімді сезіндім. Сол жылы егіс ерекше бітік еді. Жайқа лып тұрған алқапқа бар лығы да қызыға əрі қанағат сезіммен қарады. Дала қосындағы тігілген ағаш үйлерде түскі тамақ ұсындық. Комиссия Президентке шай құюды дəрігер Дəметкен Зейноллақызына тапсырды. Ол да ерекше абыржуын жасыра алмай, толқумен жүрді. Тағы бір айта кететін жайт, Президенттің қос басындағы диқандар ішетін ыдыстан су ішкені болды. Бұл Мемлекет басшысы тарапынан күтпеген қадам əрі хаттама бойынша олай жасауға болмайды. Дегенмен, Президент халықтың ықыласын көріп, оларға ілтипат көрсетті. Президент егістікті аралаған кезде астық шығымына, күтіміне риза болды. Нұрсұлтан Назарбаев жəне жоғары мəртебелі басшылар Комсомол ауданының орталығына бет алды. Жолдың екі жағына жіті көз салып қояды. Өте аңғарымпаз, тез ойлап, жылдам түйін жасайды екен. Ел тілегі егіс үстінде екенін байқап келе жатқан Нұрағаң

«мына алқаптар биыл өте жақсы астық береді» деп көңілдене түсті. Аудан орталығына келе жатқанда жағалай күтіп тұрған адамдарды көріп, оларға күлімдей, қол бұлғады. Аудан халқы алаңға түгел жиналды десем болады. Қиындық туғызғаны да сол. Əр адам Тұңғыш Президентін көргісі, жақын барғысы, қолын ұстап амандасқысы келеді. Бұған əлемдік тəжірибе бойынша да рұқсат етілмейді. Қалың халықты қатар орналастырып, олармен сөйлесіп, кішіні де, үлкенді де ренжітпей көңілін тапқан аудан азаматтары – сол кездегі аудандық соттың төрағасы Іскендір Мұратқанов пен аудандық милиция бөлімінің бастығы Ғалым Дəулеталин біліктілік көрсетті. Аудан орталығының бас алаңы. Кеңестер үйі мен Мəдениет үйінің ортасы. Президент ізет білдіре амандасып, халыққа бет алды. Аман-саулық сұрасқан соң жиналғандарға кезек берді. Сол жылдарғы халықтың жағдайын бүгінгі күнмен салыстыруға мүлде болмайды. Елдің əлеуметтіктұрмыстық жағдайы тым күрделі болатын. Соған қарамай, халқы ешқандай артық əңгіме айтқан жоқ. Қайта Президентке сара саясаты үшін алғыс сезімдерін білдіріп жатты. Ал аудан халқы атынан Президентке алғашқы сапары болғандықтан, арғымақ ат мінгізіліп, шапан жабылды. Халықтың көтеріңкі көңіл күйі, өзіне деген ықыласымен қанаттанған Президент қоштасуға емеурін білдіргенде, шайдай ашық аспаннан күтпеген жерден жаңбыр құйды. «Нұр, нұр жауды, еліміз нұрлы болады, Нұрсұлтан Əбішұлының жолы болады», деп шуласты жұртшылық. Мұны мен де жақсы ырымға жорып, көңіл күйінің ерекше екенін сезіп, ырым жасағым келетінін Президентке тікелей жеткіздім. – Нұрсұлтан Əбішұлы, ғафу етіңіз, аудан халқы Сізге сəт сапар тілейді, осы топтың арасында менің кішкентай ұлым Ақылбек кешеден бері Сізді көремін деп жүгіріп жүр. Сол баланы шақыруға, Сізді жақын көруіне рұқсат етесіз бе? – деп сұрадым. Президент «Қане», – деп келісті. Жүгіріп келген Ақылбекке ақ батасын беріп, кекілінен сипады. Нұр үстіне нұр деген осы шығар деп шаттана түстік. Бесін мезгілінде Президент жəне оның қасындағылар ұшып кетті. Президенттің аудан ахуа лымен танысқан, адамдармен пікірлескен жеті сағатқа жуық жүздесуін қазір де қанағат сезіммен еске аламын. ...Арада жиырма екі жыл өткенде, үстіміздегі жылдың 23 маусымында Елбасының Ақтөбеге келу сапарында мен тағы да оған ақ тілегімді айту мүмкіндігіне ие болдым. Сол кезде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Ақтөбеге алғашқы сапары ойға оралып еді. Есімхан ЕСЕНБАЕВ, «Ғасыр Нұры» қайырымдылық қорының директоры.

Ақтөбе облысы. –––––––––– Сурет сол кездегі ҚазТАГ-тің фототілшісі Мұрат МƏМБЕТОВТІҢ архивінен алынды.


4

www.egemen.kz

Ертеѕге еншіленген ерен ерлік

5 шілде 2015 жыл

 Елімен етене Елбасы

Қалалар да адамдар секілді. Олардың да өз тағдыры, бағы мен соры, қуанышы мен қайғы-қасіреті бар тəрізді. Əріге бармай-ақ, Қазақ елінің кеңес дəуіріндегі астаналары қай қалалар болғандығын еске түсірсең, осындай ойға қалады екенсің...

1920 жылы 4 қазанда Орынбор қаласында Қазақ өлкесі Кеңестерінің құрылтай съезі өтіп, Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы (Қазақ АКСР-і) құрылған-тұғын. Сөйтіп, Орынбор 1920-1925 жылдары Қазақ АКСР-інің астанасы атанып, басына бақ құсы қонғандай күй кешті. Бірақ, кейін ол шаһар Ресей Федерациясының құрамына енгізіліп, облыс орталығы ғана болып қалды. Орынбор облысында қазір 120 мыңдай қазақ тұрады. Олардың ата-бабалары өздерін бір кезде Қазақ елінің азаматтарымыз деп есептеп, кеуделерін шаттық кернеген болса, бүгінде Орынбор қазақтарының бəрі де ресейліктер, яғни шетелдіктер... 1925 жылы сəуірде Ақмешіт қаласының атауы Қызылорда болып өзгертіліп, ол 1929 жылға дейін Қазақ АКСР-інің екінші астанасы мəртебесін иеленді. Орынбордың басынан ұшқан бақ құсы төбесіне келіп қонған шаһар шапшаңдата дамытылып, жаңадан денсаулық сақтау, білім беру, мəдениет мекемелері салынған. Бұл ретте қазір Алматы қаласында орналасқан Мұхтар Əуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры 1926 жылы Қызылордада шаңырақ көтергенін айтсақ та жеткілікті. Бейнелеп айтқанда, патша-қала тəжі 1929-1997 жылдары Алатау баурайындағы табиғаты тамаша жерге орналасқан Алматыға бұйырды. Бұл шаһар 68 жыл ішінде адам танымастай өзгеріп, жан-жақты өркендеп, еліміздегі 1 жарым миллионнан астам халық тұратын ірі мегаполиске айналды. Ол қазір елорда мəртебесінен ресми түрде айырылса да, жұрттың бəрі əлі күнге «Оңтүстік астанамыз» деп еркелете атайды. Халқымыздың сүйікті қаласы, студенттер мен жастар шаһары тағынан түссе де, басындағы бағы ұшпай, мəңгілікке қонақтап қалған тəрізді... 1994 жылы 6 шілдеде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі ел астанасын Алматыдан Ақмола қаласына көшіру туралы қаулы қабылдады. Ал 1997 жылы 20 қазанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы» Жарлыққа қол қойды. 1998 жылғы 6 мамырда елорда атауы Президент Жарлығымен Астана деп өзгертілді. Сол жылғы 10 маусымда еліміздің жаңа елордасының салтанатты ашылу рəсімі болып өтті. Сөйтіп, кеңес заманында Тың өлкесінің орталығы деген мəртебеге ие болып, бес жыл бойы өзге облыс орталықтарынан шоқтығы биік тұрған шаһардан бақ құсы біржола безіп кетпей, айнала ұшқан аққудай қимай тұр екен, ақыры қайта қонып, кезінде тарихи атауы əр алуан əңгіме тудырған Ақмола айбын ды Астанаға айналып, Айды аспанға бір-ақ шығарды! Астана қазақстандықтарды өзіне магниттей тартып,

тұрғын дарының саны жылданжылға өсу үстінде: 1998 жылдың басында елордада 342 мың адам тіркелген болса, биыл астаналықтар саны 852 мыңнан асып жығылды. Болжам бойынша 2020 жылы 1198 мыңға жетуі тиіс. Осы үрдістен жаңылмаса, Астана келешекте халық саны жөнінен Алматыны басып озатын түрі бар. Ал елорда ажарының сұлулығына қарасаң, көзің тоймайды. Ол туралы уəлі ауыздардан шыққан талай тамаша теңеулер бар. Бірақ, меніңше, əйгілі ақын Кəкімбек Салықовтан ешкім асырып айта алған жоқ. Астанаға арнаған кітабын «Əлемнің сегізінші кереметі» деп атаған еді асыл ағамыз. ...Астананы өтпелі кезеңдегі экономикалық дағдарыс əлі аяқталмаған қиын кезеңде Алматыдан Ақмолаға көшіру Елбасына оңайға соқпағаны жадымызда. Президенттің осы жөніндегі ұсынысына Жоғарғы Кеңес депутаттарының кейбіреулері ашық қарсы шығып, қызылкеңірдек болған еді. Сондайда Нұрсұлтан Назарбаев: «Біз мынадай аумаққа елдің бір шетінен қарап отырып, ие бола алмай қалуымыз мүмкін. Арқада, солтүстік облыстарда демографиялық ахуалды қалайда өзгертуіміз керек. Мына елдің иесі кім екенін бүкіл əлем білуге тиіс. Елдің иесі елдің қиыр-қиырына бірдей қарап отыруға тиіс. Тым болмаса соны түсінсеңіздерші. Экономиканы ел орталығынан басқарған тиімді. Ақмола тоғыз жолдың торабында тұр, облыстардың астанамен байланысы да оңайлайды. Бұл мен үшін емес, ел үшін керек, елдің ертеңі үшін керек. Мұның мəнін қазіргі адамдар толық ұғар-ұқпас, бірақ болашақ ұрпақтарымыз ұғатын болады», – деп, көкейіндегі терең ойды жалпақ жұрттан жасырмай айтуға мəжбүр болған еді. Ақыры халық қалаулылары Елбасының дəл туған күні өткен сессияда оған ерекше бір тарту жасағандай болып, астананы елдің оңтүстік шетіндегі Алматыдан кең-байтақ қазақ даласының кіндік тұсындағы Ақмолаға көшіру туралы ұсынысты көпшілік дауыспен қабылдаған-ды. Пайымдап қарасақ, жер жəннаты атанған Жетісу өңірінде дүниеге келіп, асқар Алатауға қарап бой түзеп өскен азаматқа өзінің туған өлкесіне орналасқан елорданы жазы қысқа, қысы ұзақ Сарыарқа төсіне көшіру туралы бастама көтерудің өзі жүз ойландырып, мың толғандырған аса қиын шешім болғандығы сөзсіз. Шын мəнінде бір өңірдің емес, тұтас елдің қамын жеген Ердің ғана қолынан келетін ұлы шешім һəм Елбасының ешкім ешқашан жоққа шығара алмайтын саяси ерлігі еді бұл. Кəрібай МҰСЫРМАН, Қазақстанның құрметті журналисі.

ПЕТРОПАВЛ.

ЎЛТ РУХЫНЫЅ ЎЛЫ ЖОЛЫ (Соңы. Басы 3-бетте).

Бұл – еуразиялық ұлы кеңістікті жайлап жатқан Қазақстандай жас мемлекеттің жаңа тарих өріндегі өркешті келбетін айғақтар ел жетістігі мен жеңісінің айқын нышаны. «Үй ішіндегі» тыныштық пен бірлікті қамтамасыз етуге қалай ықпал етсе, халықаралық, мемлекетаралық байланыстардың қарыштап дамуына да солай жол ашып, Қазақстан дейтін үлкен кеменің мына жаһан есімді көк мұхитта еркін жүзуіне жағдай жасап отырған іргелі саясаткер, кемел басшы Нұрсұлтан Назарбаевты əлемнің танып, мойындап отырғаны да ақиқат. Ақиқатың төркіні – қашанда, қай кезде де шындық. Екі ғасыр тоғысында төрткіл дүниенің назарын бұрған Назарбаев феномені сондай жаңа дəуір ақиқатын айғақтар шындықтардың бірі. Шындықтың таразысы – уақыт пен халық. Жақпар-жақпар шыңдарды қақырата тіліп, басы мұз жамылған ақбас тауларды қиялап, биікке бет түзеген асудың үрейлі, қия жолдарын елестетіп көріңіз. Шындықтың жолы – сол. Оның шыңғырып көзге түсетіні де, көңіл төріне күдік пен үмітті жарыстыра қатар қондыратыны да сондықтан. Қалай болғанда да... Шындық – шімірікпей тура қарап, тура жүрген адамның қолындағы томағасы сыпырылған қыран бүркіт! Шындық – айтарын айта білген, қара қылды қақ жарып, қақырата тілген адамның қолындағы ақ алмас! Бүркітті ұшыра білген, алмасты ұстай алған адам ғана адамзат ақылына ақыл қосып, халқының ойы мен санасына оң жол сілтей алады. Сабыр мен тəуекелге қатар суарылған Тұңғыш қазақ Президентінің туған елін жаңа тарихтың «тар жол, тайғақ кешулерінен» алып өтіп келе жатқан тағды ры бізді осындай ойлардың өрісіне жетелейді. «Тату елге – тыныштық пен тоқшылық нəсіп» деген Күлтегіннің қағидасын еске салар, Абай салтына жүгінсек, жиренгеннен алыстар, үйренгенді жақындатар ХХІ ғасырдың осындай ұлы шын дық тарының бірімен тілдескендей күй кешеріміз күмəнсіз. Иə... Шындықты айту – парыз. Жету – қарыз. Өйткені... Шындықты ашынған адам да, басылған адам да айтуы мүмкін. Бірақ сол шындыққа көзді жеткізіп, көңілді тоқтатып, «асауға тұсау салғандай» шегендеп, «тағыны жетіп, қайырғандай» көгендеп, жол сілтеп айту, халық тағдырын тəлкекке түсір мейтіндей етіп, ашуды ақылға бағындырып айту бар. Бұл – өнер! Үлкен өнер! Саясат əлеміндегі ең басты, ең ұлы өнер! Шындық бір адамның көңілінің тоғын басып, қалтасын қалыңдату үшін емес, барша халықтың көңілінен шығып, жалпақ жамағаттың ойын серпіп, ақиқатқа, əңгіменің анығына халық көзін жеткізу үшін айтылуы тиіс. Сондықтан... Шындықты ұқсатып айтқанның парызы жеңілдейді. Шындықты ұқсатып айта алмағаның қарызы көбейеді. Президент билігін қолына алған Тəуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап, Ұлт рухын асқақ ұстап, ел бірлігі мен тұтастығын қамтамасыз етуді өзіне басты мақсат етіп белгілеген Назарбаев ұсынған шындықтың үлкен əлем тарапынан қолдау тауып, халқының құрметіне бөленуі де осы парыз бен қарыз үдесінен шыға білуімен өлшенері хақ. «Ұлттың болашағына, оның өзіндік «МЕН» дегізерлік қасиеттерін сақтау мүмкіндіктеріне сеніммен қарау – жай

əншейін кезекті қиялдың жемісі емес. Мұндай сенімнің бізде орнықты негізі бар...» деп («Тарих толқынында») ұлт болмысын тануға, ұлт рухын зерделеуге жете лейтін Елбасы ойларына назар аударайықшы. «...Біріншіден, ХХ ғасырдың бас кезіне дейін небір қыспақ пен құбылтуларға қарамастан, дəстүрлі өмір салттың «тұмшаланған» халде болуы аса тегеурінді этномəдени сананың сақталуына себепші болды. Бейнелеп айтқанда, біз өзіміздің тарихи түпкі біртектестігімізді былайғы жұрттар сияқты шашып-төккеніміз жоқ. Екіншіден, қазақтар басқа ұлттармен кең көлемде араласқа түскен жоқ. Қазақстан жерінде ассимиляциялық үлгі қазақтар үшін ешқашан етек алған үрдіс болған емес. Оның себептері көп, дегенмен ассимиляциялық тыйымның ұлттық сананы шыңдауға белгілі дəрежеде ықпал еткенін атап өткен жөн. Үшіншіден, барлық жасауымен төл мемлекеттікке қол жеткізу мейлінше тегеурінді психологиялық серпіліс тудырып, қазақ халқының өзінөзі парықтауына жəне өзін-өзі түсінуіне түбірлі өзгрістер əкелді. Төртіншіден, этногенетикалық жастығына жəне жастардың демографиялық құрылымына байланысты «этникалық энергияның» айтарлықтай қоры шоғырланды. Ең соңында бүгінгі дүниеде толыққанды ұлт санатында болу үшін жəне сəтімен тіршілік құру үшін қазақтардың «сын көтеретін санының» мөлшері жеткілікті» («Тарих толқынында») деген «тайға басылған таңбадай» болып өрілген ойлар халқымыздың тағдырлы өткенін ел жадында оята отырып, ұрпақ санасын жұмылдыруға, ойлантуға, отаншылдық рухтың қалыптасуына ықпал етер тəрбие көзі екенін естен шығармауымыз керек. Осы жолдарды оқып отырып, менің жадымда мына бір сəттер жаңғырды. 1995 жылдың күзі Семей өңірінде өткен Абайдың 150 жылдық мерейтойы тұсындағы көріністер көз алдыма келді. Қазақ қазақ болғалы Алаш атын аспандатып, дəл осындай ұлы той өткізгені, төрткіл дүниенің басын тегіс қосып, дəл осындай бөркін аспанға атып, қуанғаны арғы-бергі тарихта болды деп айту қиын... Əйтеуір біз білетін кезеңдерде бола қоймағаны анық... Шыңғыстаудың ұлы бөктері мен Жидебайдың жазығына тізіле қонған мың үйдің аңызы мен ақиқаты күні кешегі қазақ өмірінің Əуезов қаламынан сорғалап түскен суретін қайыра тірілткендей болып еді. Көшпелі өркениеттің соңғы бесігін тербеткен қайыпберен мінезді қаймана қазақтың қуанышында шек болған жоқ!.. Жер де, көк те Алаш атын шақырып, Абай атын ұрандатқан сол ұлы көрініс көз алдыма келген сайын, аламанның алдында келе жатып, мəреге жетер-жетпес құлаған сəйгүліктің ауызынан ақ көбік шығып, тұяқ серпіп жатқан жануардың ноқташылбырын сыпырып алып, соңғы сызыққа жүгіріп жеткен қара баланың ботадай боздап жылағаны есіме түседі. Қуанышы мен шаттығы, өкініші мен өксігі қатар шапшыған, айналайын Тəуелсіздікпен арқа-жарқа, ұмар-жұмар табысқан сəт-сағаттар-ай! Шабандоз қара баланың көзінен сол сəт аттылармен жаяу жарысып, намыс пен жігерге қамшы басып, жүгенін құшақтап мəреге жеткен бес жасар Тəуелсіздіктің көз жасын көргендей болып едім сонда... Сол сəт Абайдың «Патша – құдай сиындым, тура баста өзіңе, Жау жағадан алғанда жан көрінбес көзіме», деп жалғыздықтың ауыр азабын арқа лап, күңіренген үні құлағыма келгендей болып еді. Сол күндердің тағы бір қайталанбас сəті есіме түсіп отыр. Тəуелсіз Қазақстан мен ЮНЕСКО-ның жалау-белгілері көк аспанды көркейткен жұлдызды сəттер... Семей қаласы.

Ақын атындағы облыстық драма театрының күрделі жөндеуден өткен су жаңа залы. Зал іші лық толы халық. «Дайын отырыңыздар. Федерико Майор мен Нұрекеңнен соң сөйлейтіндер, сөздеріңіз ықшам, жинақы болсын!» деген протоколдық ескертулер айтылып жатты. ЮНЕСКО бастығының сөзі қысқа болды. Зал төріндегі микрофонға Нұрсұлтан Əбішұлы көтерілді... «Қазақтың ұлы тойы құтты болсын, ағайын!» деген таза қоңыр дауыс саңқ ете қалды. Зал ду етіп қол соқты... Спич-трибунада тұрған күн ілгері əзірленген сөз мəтіні жайына қалды. «Президент пəлен минут сөйлейді», деген протокол да ескерілген жоқ. Сол күні Абай атындағы облыстық драма театрында өткен ресми салтанаттың қанша уақытқа созылғаны есімде жоқ. Есімде қалғаны – сілтідей тынған залдың ауық-ауық дүркірете қол соққаны, Нұрекеңнің бір сағат айналасында қағазға қарамай, қазақ тілінде ағыл-тегіл сөз сөйлегені... Алаштың əруағы ма, Абайдың құдіреті ме, əлде Қарасай бабасының əруағы ма? Əйтеуір зал іші астаң-кестең шабыт пен шаттыққа толы бір сəтті, қайталанбас минуттарды басынан кешіп тұрды... Абай тіріліп арамызға келгендей болдық. Дуалы ауыздан шыққан өрісі кең, өнегелі сөз талай адамның көзіне жас үйірді. Қол соғу қалың. Қолпашта шек жоқ... Ағыны қатты тау суындай дүркіреп өтіп, жазыққа шығып, бірде көлге айналған, бірде асау, бірде терең мінезді, танымы кең, тағылымы мол ұлы ақын хақындағы қағазсыз сөз қалың жұртты қайран қалдырды. Бізден бір-екі қатар кейіндеу отырған бір көзілдірікті ақсақалдың: – Қарағым, Нұрсұлтан! Мың жаса! Мың жаса, нұржауғырым! – деп кемсеңдегені есімде. Көңілі теңіздей шалқып, ықылас-пейілі қорғасындай балқыған зал орнынан тұрып, ұзақ қол соқты. Президенттен соң сөз доғарылды. Өйткені... Нұрекең сол сəт-сағатта өзге шешендердің ғана емес, ұлы Абайын айдай əлемге жария қылған ұлы жұртымыздың жүрекжарды сөзін ағынан жарылып айтқаны ақиқат еді. Залдан шығып бара жатқанымызда бір орыс жазушысының: «Я поражаюсь! Как он умеет держать аудиторию?! Прекрасно!.. Я раньше слушая его на московских трибунах, возхищался его ораторским особым даром. Разумеется, они были на русском языке... А здесь... На казахском... Целый час... Выступать перед такой изысканной аудиторией... Надо же... Какой певучий, красивый язык казахский...» – деген сөздерінде қаз-қалпында алға тартып отырмын. Оның риза үні құлағымның түбінен əлі күнге естіліп тұрғандай. Театр залынан қобыраса тарқап, сыртқа бет алаған қауымға қарап тұрып, сол сəт жүрек төрін əлдебір жанға жайлы жылы ағыс кезіп, алыстан – ғарыш төрінен Абай əнінің ғажайып сарыны жеткендей күй кешіп едім... Əн құдіреті мен жыр құдіретіне елітіп тұрып, өзімнің осынау ұлы байтақта туып-өсіп, көгеріп-көктегенім үшін Ұлы Жаратушыға іштей алғыс айтып едім... Менің санамда «Ел», «Жер» дейтін ежелгі ұғымдарға өзгеше рең бітіп, мына Алтай мен Атыраудың, Қыр мен Сырдың, Тəңіртау мен Қаратаудың арасында жатқан Ұлы Даланың көмейінен қазақ дейтін ғажайып халықтың сұлу үні саулап, жүрегі сөйлеп жатқандай болып еді. Екі ғасырдай бұрын Алаш жұртының аспаны мен жеріне, асқары мен беліне сұқтана қарап тұрып: «Күллі қазақ даласы əн салып жатқандай көрінеді маған!..» деп, көшпелі жұрттың шешендігі мен көсемдігіне тамсана, таңдай қағып сүйсінген орыстың атақты ғалымының жүрекжарды

сөзі де жады төрінде қоса жаңғырған еді. Алдағы сөзді айтқан Радлов қана емес қазақтың айдынды сахарасына арғы-бергі дəуірлерде ат ізін салған қай жаһангез, қай тарихшы, қай ғалым, қай ақынды алмаңыз, осынау кенен жұрттың кесек мінезі мен кемел ойына сүйсінбегені кемде-кем. Солардың қай-қайсысы да ертегіге бергісіз ғажайып қазақ өнерінің сұлулығына қалай назар аударса, осынау ұлы кеңістікті жайлаған халықтың рухының асқақтығына, дүниетанымының тереңдігіне, рухани əлемінің кеңдігіне де солай ықыластарын бұрып отырған. Менің жадымда жаңғырған əлгі қайталанбас сəт-сағаттар, Елбасының тебіреніске толы сөзі – 62 тамырды бойлай кезген Ұлт рухының жалыны, ыстығы болар деп түйдім. *** Елбасы өзінің ел бүгінін саралап, ел ерте ңін бағдарлайтын «Мəңгілік Ел» ұлттық бағдарламасына ұзақ дайындықпен келді. Ол бұл жолда жүйелі түрде кезеңкезеңімен елдің əлеуметтік проблемаларын шешуге Қазақстанның аймақтық, құрлықаралық кеңістіктердегі абыройбеделін бекітуге жұмыс жасаған экономикалық реформаларды қалай жүзеге асырса, ұлттың рухани кескіні мен келбетін анықтап, айғақтайтын бастамалардың да дүниеге келуіне солай мұрындық болды. Тəуелсіздік дəуірінің алғашқы ел тұрмысы тұралап жатқан өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының өзінде қазақ этносының ғасырлар бедеріндегі қалаптасуын тілге тиек ете отырып, Елбасы қазақ халқының елі мен жерінің біртұтастығына күмəн тудырушылар мен солтүстіктегі шұрайлы аймақтарға көз салушыларға: «Барша қазақты атамекенінен кіндік үзуге мəжбүрлейтін күш дүние дидарында бола қоймас. Ондай күш демографиялық та, миграциялық та, мəдени де тұрғыда еш нəтиже бермейді. Біздің кіндігіміз жеті атамызбен ғана жалғасып жатқан жоқ. Одан да арғы Үнді мен Ніл, Еділ мен Дон жағалауларына қазақ даласының рухын жеткізген бабаларымызбен де жалғасып жатыр», деген ұстыны бөлек, ұстанымы берік ұлтты сақтау мен мемлекеттігімізді өрістетудегі ұлт руханияты мен Ұлт рухына қатысты өз ойларын анық, ашық айтып, кесімді жауап бергені ел есінде... Иə... Тəуелсіздік атты киелі де қасиетті ұғымның арманнан ақиқатқа айналғанына алдағы жылы ширек ғасыр толғалы отыр!.. Ширек ғасыр!.. Ширек ғасыр ішінде ұлы дүниенің өңі де, түсі де, жаны да, жүрегі де орасан өзгерістерге түсті. Азия дейтін ұлы құрлықтың төріндегі ұлы дала мен ұлы таулар арасында жатқанын біреу біліп, біреу біле бермейтін кешегі сайын сахара əлемінің саяси картасына тəуелсіз ел ретінде кірді. Елі де, елінің көшін бастаған Ері де əлем назарын өзіне бұрды. Көгінде аспан түсті жалауы желбіреп, дүниенің төрт бұрышымен еркін байланысқа шықты. Қазақстан өркенді, өрісті, дамыған елдер санатында «құбылыс» ретінде атала бастады... Шүкіршілік! Даму мен өркениеттің жаңа сатысына бет алған үлкен əлемге оқ пен оттың, қару мен күштің алдын алып, бетін қайтарар ақыл мен парасаттың құдіреті ауадай керек екені аңғарылып отыр. Адамзат болашағын – ақыл, тарих тағдырын тұлғалар анықтайтын кезең келгені қалай ақиқат болса, Елбасы, Ұлт рухы дейтін егіз ұғымның да алаш жұртына ауадай қажеттілігі қазіргі таңда солай ақиқат. Өйткені... Бұл егіз ұғым – жаңа дəуір өріндегі халқымыздың ендігі өрісі мен өркенін, тарихы мен тағдырын анықтар ұлттың ұлы тұмары.


5 шілде 2015 жыл

Аќ тілектер аєыны (Соңы. Басы 1-бетте). Əзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Əлиев Қазақстанның тəуелсіздік тарихы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен байланысты екенін атап өткен. «Осы жылдары Сіздің кемеңгерлігіңіздің, саяси көрегендігіңіз бен басшылығыңыздың арқасында халықаралық аренада биік беделге, Қазақстанның мемлекеттігін нығайту саласында үлкен нəтижелерге, əлеуметтік прогресс саласында жан-жақты дамуға қол жеткізілді», – делінген құттықтауда. И.Əлиев екі халықтың достық қарым-қатынастарының тарихи тамыры тереңде жатқанын да айтты. «Біздің игі дəстүр мен серіктестік негізінде құрылған мемлекетаралық қарым-қатынастарымыз бүгінде табысты дамып келеді. Əзербайжан мен Қазақстанның арасындағы достықты нығайтып, екіжақты қарым-қатынастарды дамытудағы Сіздің еңбегіңізге баға жетпейді», – делінген хатта. Əзербайжан Президенті де Нұрсұлтан Назарбаевқа мықты денсаулық, бақыт жəне Қазақстан халқының бақуаттылығын қамтамасыз ету жолындағы қызметіне табыс тіледі. *** Александр Лукашенко Беларусь Республикасында Нұрсұлтан Назарбаевты дарынды басшы жəне əлемдік ауқымдағы саясаткер ретінде білетінін айтқан. «Сіз өзіңізге тəн қуатты өмірлік энергия мен жұмылдырушы қасиет арқылы еліңіздің тарихындағы жарқын беттерді жазып жатырсыз. Қазақстан халқы Сіздің бастамаларыңызды, мемлекеттік саясат стратегияңызды, кəсіби деңгейіңіз бен кемеңгерлігіңізді жоғары бағалайды. Еуразиялық ықпалдастықты одан əрі нығайту, екі елдің ынтымақтастығын тереңдету жəне бірлескен жобаларды жүзеге асыру елдеріміздің табысты дамуы мен өркендеуін қамтамасыз ету үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынына сенімдімін», – делінген құттықтауда. Беларусь Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа мықты ден-

саулық, бақыт жəне береке, жауапты қызметіне жаңа табыстар тіледі. *** Өз құттықтауында Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаев Нұрсұлтан Назарбаевтың бай өмірлік жəне кəсіби тəжірибесі, адами жеке қасиеттері мен халықаралық беделі табысты мемлекеттік қызметтің кепілі, сондай-ақ, бауырлас Қазақстан халқының өсіп-өркендеуі жолындағы қалтқысыз қызмет етудің үлгісі екенін айтады. «Сізді қайраткерлігі бүкіл жер шарындағы бейбітшіліктің нығаюына бағытталған өңірдің даусыз көшбасшысы, тіпті əлемдік ауқымдағы көшбасшылардың бірі деп санаймын. Сіздің сара саясатыңыздың, ұйымдастырушы жəне саяси басшы ретіндегі дарыныңыздың арқасында Қазақстан бүгінде əлемдік аренада лайықты орын алып отыр. Бүгінгі таңда нақты мəн-маңызға толы қырғыз-қазақ одақтастық қарымқатынасының жəне стратегиялық серіктестігінің нығаюына қосқан Сіздің баға жетпес үлесіңізді қанағаттанушылықпен атап айтқым келеді», – делінген хатта. А.Атамбаев екі ел арасында қалыптасқан сенім мен достықтың биік деңгейін жоғары бағалап, бауырлас халықтарымыздың игілігі үшін өзара ықпалдастықтың жемісті жалғасатынына сенім білдірген. Соңында Қырғызстан Президенті Мемлекет басшысына мықты денсаулық, сарқылмас қуат жəне мемлекеттік қызметіне алда да табыс тіледі. *** Қазақстан Президентінің атына Тəжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмоннан да құттықтау келіп түсті, ол Қазақстанның көрнекті мемлекет қайраткері ретіндегі Нұрсұлтан Назарбаевтың көпқырлы жасампаз қызметі оны бүкіл əлемдік құрметке бөлегенін атап өткен. «Қазақстанның тəуелсіздік

5

www.egemen.kz

жылдарындағы, демократия жəне прогресс жолындағы барлық басты жетістіктері мен табыстары Сіздің атыңызбен байланысты. Тəжікстанда Сізді жаңа тарихи кезеңдегі біздің екі елдің дəстүрлі достық қарым-қатынасы мен өзара тиімді ынтымақтастығын орнықтыру мен үдемелі дамытудың батыл жақтаушысы ретінде біледі, Тəжікстан мен Қазақстанның көпқырлы серіктестігін нығайтуға Сіздің қосқан үлесіңіз орасан. Елдеріміз бен халықтарымыз арасындағы өзара ықпалдастықты арттыруға жəне оның аясын кеңейтуге Сіз алда да септігіңізді тигізе бересіз деп сенемін. Біз де өз тарапымыздан осынау игі мақсатқа қол жеткізу үшін қажеттінің бəрін жасайтын боламыз», – делінген жеделхатта. Сондай-ақ, Э.Рахмон Мемлекет басшысына мықты денсаулық, адами бақыт, мемлекеттік қызметіне жаңа жетістіктер, ал бауырлас Қазақстан халқына бақ-береке тіледі. *** Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Кəрімовтің құттықтауында Қазақстанның қо ғамдық-саяси өмірді реформалаудағы елеулі табыстарын, елдің экономикалық, ғылыми-техникалық жəне интеллектуалдық зор əлеуетін белсене жүзеге асыруын, сондай-ақ халықаралық аре на дағы беделінің нығаюын Өзбекстан халқының асқан қанағаттанушылықпен бағалап отырғаны айтылған. «Бұл жетістіктердің бəрі Қазақстанның мемлекеттілігінің негіздерін нығайту бағытындағы Сіздің орасан күш-жігеріңізбен ажырағысыз байланысты екеніне нық сенімдімін. Жақында өткен, Сіздің ішкі жəне сыртқы саясатыңызды Қазақстан халқының қолдайтынын, жоғары сенімін тағы да көрсеткен сайлау нəтижелері мұны айқын айғақтайды», – делінген хатта. И.Кəрімов дəстүрлі жəне уақыт сынынан өткен достық, тату көршілестік, өзара құрмет алдағы уақытта да көпқырлы Қазақстан-Өзбекстан қарым-қатынасының қарышты дамуы мен

нығаюына, өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуіне берік негіз болып қала беретініне сенім білдірген. «Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Сізге мықты денсаулық, бақыт, мемлекеттік қызметіңізге табыс, ал бауырлас Қазақстан халқына игілік пен бақ-береке тілегім келеді», – делінген жеделхатта. *** Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Дмитрий Медведевтің құттықтауында Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі Қазақстан Республикасының тарихымен тікелей байланысты екені атап өтілген. «Сіз нағыз патриот жəне көрнекті мемлекет қайраткері ретінде бар күшіңізді Отаныңызға қызмет етуге жұмсап келесіз. Қазақ станның əлеуметтік-экономикалық дамуының Сіздің басшылығыңызбен əзірленген жаңа ауқымды жоспары табысты жүзеге асатынына сенімдімін. Ресей-Қазақстан одақтастығы мен стратегиялық серіктестігін қалыптастыру мен нығайтудағы Сіздің жеке үлесіңізді бағаламау қиын. Еуразиялық экономикалық одақты құрудағы Сіздің рөліңізді айрықша атап өткім келеді. «Бестік» елдері үкімет басшыларының таяуда Қазақстанда өткен кездесуі, Вьетнаммен еркін сауда аймағын құру туралы келісімге қол қойылуы ықпалдастық іс-қимылдарды жаңа деңгейге көтерді», – делінген хатта. Д.Медведев Қазақстан Президентімен ашық əрі сындарлы сипатта өтетін кездесулерді жылы лебізбен еске алатынын айтты. «Сіздің саяси кемелдігіңіз бен көрегендігіңіз ең күрделі мəселелердің оңтайлы шешімін табуға мүмкіндік береді. Сізбен арадағы жемісті қарым-қатынасты шын ниетіммен қуана жалғастырамын», – деп жазады автор. Соңында Нұрсұлтан Назарбаевқа Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы мықты денсаулық, бақыт жəне жауапты мемлекеттік қызметіне əрі қарай да табыс тіледі.

 Ел жəне Елбасы

Єибратты єўмыр таєылымы

Президент Нўрсўлтан Назарбаевтыѕ «Ґмір ґткелдері» кітабы туралы толєанєанда Шериаздан ЕЛЕУКЕНОВ.

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.

Адамзат аузымен ежелден айтылып келе жатқан мəтел сөз бар: «Нағыз тарих романшының да қиял құсын шаң қаптырмақ» деген. Орысшасы: «Старая истина – подлинная история может превзойти любые фантазии романиста». Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Өмір өткелері» кітабы (Нұрсұлтан Назарбаев. «Өмір өткелдері». Сұхбат кітабы. Астана. «Фолиант» баспасы. 2015 жыл.) – шынында да романға бергісіз тарихи сұхбат. Мəселе шығарманың алғашқы бетін ашқан бойда-ақ бас алдырмай қадалтатын, ақыл-ойыңды билеп бой сергітер айрықша тартымдылығында ғана емес. Эпикалық құлашының ерендігінде, пайым, парасатының биіктігінде. Шығарма аннотациясында айтылғандай, «Елбасымен сұхбаттарды ой көзімен оқыған адам ғибратты ғұмырдан көп тағылым алатыны талассыз». Сұхбат – публицистика жанрына жатады. Автор монологы мұнда əлсін-əлі сұрақ түрінде қойылатын диалогқа ауысады. Көркем əдебиеттен өзгешелігі, ойдан қосуға жуымайды. Зəрулі замана проблемаларын қозғап, қалың оқырман санасын асқақ толғаныс, жалынды пафоспен, өткір де алғыр тілімен баурайды. Қалың том құрайтын, алғы сөзін есептемегенде, он алты көлемді тараулардан тұратын аталған кітап интервьюдің өрістетілген түрі іспетті. Мұндағы факт, пікір, дəлел-аргумент, проблема, қағида құр баяндалмайды. Монолог иесі басынан өткен қым-қиғаш тартыстар барысындағы көңілін, күйініш-сүйініштерін шын жүректен жасырмай ақтарады. Психологизм, памфлет, юмор, сатира, көркем деталь элементтерін барынша кең пайдаланады. Саясиидеологиялық мəселелер төңірегінде ғана емес, философиялық, əдеби сын, моральдықэтикалық проблемалар аясынан толғанады. Шығарма жай сұхбат, интервью деңгейінен əлдеқайда асып-төгіліп жатыр. Сондықтан, жанрын анықтай түсу керек. Өз басым, шығарманы сыр-сұхбат кітабы деп атар едім. Бұл сыр-сұхбатта антика, басқа да дəуір ойшылдарының, өзімізден ұлы Абайдың, басқа да ақын, жазушылардың, шешендердің афоризмдері, тосын да ұшқыр пікірлері жүйесін тауып монолог иесінің ойын ұштай түседі. Басқа сөзбен айтқанда, кітаптың генетикалық түп-тамырлары тереңнен, адамзат рухани кенішінен тарайды. Жеке өз басының тағдырын бүтін бір елдің, қала берді күллі жаһанның арғыбергі тарихын, бүгінгісі мен ертеңін бар шындығымен айырғысыз тығыз байланыста көрсететін мұндай туынды – уысыңа күнде түсе бермейтін ризық. Өзіңді жайнаған өмір шіркіннің нақ ортасында жүргендей сезінесің. Шығарма əңгімешісінің əрі геройының адами кəмелеттілігі «Сүйер ұлың болса, сен, сүй, Сүйінерге жарар ол» деген Абай сөзін сан рет іштей қайталатпай қоймайды. Кітап: міне, бүгінгі қазақ біз қандаймыз дегізіп, ұлттық мақтаныш сезімге бөлейді. Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың бүкіл өмір жолының басты-басты сатыларын баяндай отырып, тау етегінде туып, бара-бара шың-құзарына сұңқардай самғап қалайша көтерілгенін паш етеді. Кітабының «...негізгі арқауы – Қазақстанның жаңа тарихының ең бір қиын да жарқын сəттері. Сұхбат кітабының тараулары қайсыбір кезеңдердегі қоғамның саяси көңіл күйін түсінуге немесе еске алуға көмектеседі, ал экономикалық талдау неғұрлым зерделі оқырмандарға осы жылдардағы жағдайды ойша қалыптауға мүмкіндік береді» («Өмір өткелдері». 2-б.). Бір Алланың жебеу, демеуімен Нұрсұлтан Əбішұлының өз тағдырын өзі жасауға ұмтылғанын жəне атап өтуге тиістіміз. 1980 жылы Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің өнеркəсіп жөніндегі хатшысы қызметіне келісім алуға барғанында кеңестік кардинал саналатын Михаил Суслов Нұрсұлтан Əбішұлына: «Міне, сізді өсіріп

шығардық!» – депті. Кезінде қолтығынан демеп жіберуге əжептəуір себебі тиген бұл қайраткерді ілтифатпен еске ала отырып, кітап авторы, сонымен бірге, оның «сізді өсірдігіне» келіскісі жоқ. «Біреудің өсіруімен, – дейді Н.Ə.Назарбаев, – ешкім де алысқа бара алмайды. Өсірумен қызметке қоюға болады, əйтсе де ондай қызмет баянды болмайды. Ең абзалы – Абайдың «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Еңбегің мен ақылың екі жақтап» деген сөзін ұдайы есте ұстау» (Сонда. 104-б.). Осы ұғым кітаптың қай тұсында да қылаң беріп, əдемі əн қайырмасындай қайталанады... Əлбетте, еңбектің де еңбегі бар. Нұрсұлтан Əбішұлы күні бүгінге дейін өзінің қазақ жерінде алғаш шойын құюшылардың қатарында болғанын зор қанағат тұтып еске алады. Сол бір тарихи сəтте домна операторының кіші көмекшісі екен. Жұмысқа жанын салатын жас қайрат бір жыл өтер өтпес кіші көмекшіден аға көмекшіге, одан газшының аға көмекшісіне көтеріледі. Арада тағы бір жыл өткенде аға горновой болып жоғарылайды. Ал, бұл мамандық бойынша жұмыс істеу оңай болмаған. Ол еңбегінің қыр-сырын сөз еткенде Нұрсұлтан Əбішұлының аузына «азап», «тозақ» деген сөздер түсетіні тегін емес. «...Пештің температурасы екі мың градусқа дейін жетеді. Бір жағынан шаң, бір жағынан газ. Былайша қарағанда, нағыз тозақтың өзі. Жұмысты бір сəтке де тоқтатуға болмайды. Тоқтату тұрмақ, қарқынын бəсеңдетуге болмайды. Металл қатып қалса – апат» (Сонда. 75-б.). Əйтсе де жас қайрат сол азапты, сол тозақты ештеңеге айырбастағысы келмеген. Тіпті, бір күні Теміртауға арнайы келген əкесі баласының жұмысын көріп, əкемнен үш жасымда қалғанда не қиындықтың талайын көріп едім, дəл мынандай тозақты көрген емеспін, қой, таста, жаныңды азапқа салмай! – депті. Бірақ баласы тұңғыш рет қарттың тілін алмаған. Алған бетінен қайтпаған. Неге? Түптеп келгенде, жауабы жеңіл сауал емес. Жас ұланның еңбексүйгіштігін, я болмаса қайсар характерін айтып түсіндірумен шектеле қоймайды. Бірсыпыра əлеуметтік, моральдық-этикалық проблемаларға жүгінуге тура келеді. Тіпті, тұрмыс, пендешілік мəселелеріне де. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей». Қарның тоқ, қайғың жоқ жүрсең, аз жетістік пе? Абай босқа сөз шығындамайды. Еңбек пен тоқ тұрмыс арасындағы байланыс қай заманның да күн тəртібінен түспеген. Кеңестік кезеңде материалдық ынталандыру қағидаты кең дəріптелгені мəлім. Горновой жап-жас Нұрсұлтан айлығына 450 рубль алатын. Рубль ол шақта доллардан да құндырақ болғанын еске алсақ, бұл аз қаражат емес. Мен министр дəрежесінде қызметте жүргенімде айлығым 430 сом болатын. Партиялық жарнама мен тиісті салықты өтегенімде қалтама түсетіні 350 рубль еді. Ал, мына жап-жас жігіт министрден де көп ақша таба бастаған... Жұмысын небір сұмдық қиындықтарына қарамастан, барынша беріліп істеуінде жас ұланның сонау балалық кезінен бастап бойына сіңген намыскерлігі де аз рөл атқармаған. Еңбек пен намыс ол үшін егіз ұғым болған. Туған жері Шамалғанда тұрғанда орыс, украин, неміс, əзербайжан, түрік сиқты көптеген ұлттың балаларымен «араласып, құраласып, жарыса» өскен. «Сабақ оқуда болсын, спортта болсын, көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысуда болсын» намысты қолдан бермеуге тырысқан («Өмір өткелдері». 45-б.). Теміртауға келген жастар бастапқыда көп қиыншылық көрген. Тұрмыстағы күйсіздікті былай қойғанда, металлург мамандығына қол арту қиынның қиыны еді. Оған шыдас бере алмағандар ауылдарына зытқан. Кейбіреулері жұмыс үстінде қалжырап құлап түскенде дəрігерлер алып кететін. Кузнецкіден, басқа да сырттан

келген мамансымақтар: «Да им только баранов пасти, зачем их приняли на завод? – деп тұратын. Қаның қайнамай ма сол кезде?» (Сонда. 117-б.) – дейді Нұрсұлтан Əбішұлы. Ұлттық намыскерлік... Сұхбат кітабында автор қазақ халқының намыскерлік туын жықпай биік көтеріп келе жатқанын зор мақтаныш сезіммен атап көрсетеді. Жарқын мысалы – 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы. Горбачев адам құқын қорғайтын қоғам құрамыз деп бүкіл əлемге жар салғанымен, «Қазақ өзін өзі басқара алмайды» деген шовинистік ауруға шалдықты. Исі қазақты қорлайтын оспадарлық жасап, шеттен Қазақстанның ұлығы етіп Колбинді тағайындатты. Сүйегімізге таңба қылыққа қарсы біздің ұлттық намысымызды қорғап алдымен жастарымыз шықты. Нұрсұлтан Əбішұлы: «Тəубе, ел екенбіз ғой, халық екенбіз ғой», деп жастардың сол ерлігіне сүйіне, сүйсіне тебіренген... Намыскерлік – қасиетті сезім болуымен қатар, əрқайсымыздың алдымызда ұдайы тұратын абыройлы міндет те. Ол міндет турасында кешегі металлург, бүгінгі Қазақстан Республикасының Президенті былайша толғанады: «Адамның бір парызы өз ұлтының, туған халқының намысын бермеуі, жақсы атағын шығаруы» (Сонда. 45-б.). Бұл парыз сезімі күні бүгін пайда болған жоқ, əрине. Əріден келе жатыр. Ұлы Абай «Ғақлияның» отыз тоғызыншы сөзінде намыскерлікті ата-бабамыздан қалған тəуір мінезге, құнды мирасқа балап, ұлт берекебірлігінің алғышарты санаған. Сұхбат кітабының баянынан, туған еліміздің арғы-бергі тарихын, бүгінгі белестерін əңгімелеуінен абайтанудың жаңа беттерін парақтап отырғандай сезінесің. Шығарма иесі Абайсыз аттап баспайды десе де болады. Артына өлмейтұғын сөз қалдырған ақынға құрметі тіптен бөлек. ...Өтпелі кезеңнің елең-алаңы – 1995 жыл. Қиындықтары адам айтқысыз уақыт еді ғой. Жас мемлекетіміздің қалтасы жұқа. Қаржысы там-тұм. Міне, сондай ауыр кезеңде ұлы Абайдың туғанына 150 жылдық мерейтойын өткізу керек болды. Жауапкершілігі бөлек сол той, бүкіл халық тойы, елдің ауыр жағдайына қарамастан, ас та төк тамаша өтті. Жəне мұның өзі шындықтың бір қыры ғана еді. Бəрінен де кереметі Жидебай жерінде Абай мен Шəкəрімнің жаңа кесенесінің күтпеген жерден бой көтергендігі болды. Жиналған жұрт қайран қалдық. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев бұрынғы Абай суреті салынған, темір қоршаумен қоршалған обелискіге келіп гүл шоғын қойса да, оған мерейтойға қатысушылар ризашылықтан басқа ештеңе айтпас едік. Жəне əлемнің талай ардақтыларының жатқан жерінің де қандай екенін байқап жүрміз ғой. Ал, мұндай айналасы атшаптырым, қос күмбезі сонау көкжиектен көз тартатын, сар далаға сəн бітіріп тұрған кесенедей əлеуетті ғимаратты ұшыратқан емен. Бұған Абайдың қыстауын, Зере, Ұлжан зиратнамаларын қосыңыз. Олар да салтанатты кесенеге барар жолдағы аса қасиетті ескерткіштер. Мұндай есте қаларлық құрмет-қошеметті ұйымдастыруда аянып қалмаған Елбасы қашан да Абайдың асыл мұрасын халқымызға үлгі-өнеге етуден аянып қалған жоқ. Өз жеке тəжірибесінен де көл-көсір игілігіне қанық. Абай мұрасы – сарқылмас рухани қорек. «Жалпы, бізге, – дейді ол кітабында, – қазір қолға алып жатқан көп бастаманың дəйектемесін басқа жақтан іздеудің қажеті жоқ. Бəрін де Абайдан табасың» (Нұрсұлтан Назарбаев. «Таңдамалы сөздер» жинағы, 11-том. Астана, 2014 жыл. 693-б.). Бұл тұжырым сыр-сұхбат кітабының алтын арқауы екенін айтуға керек. Нұрсұлтан Назарбаев үшін Абай мұрасы – идеялық қару, іске басшылық. *** Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың сонау балалық дəуреннен бастап тəуелсіз

Қазақстан Республикасы Президенті өресіне көтерілгенге дейінгі өсу жолы, өз сөзімен айтқанда, тақтайдай жазық болмаған. Сүрініп, қабынып, Қазақ мемлекеттік университетінің химия факультетіне түсуге бір балы жетпей қалған кездері де болған. Бір ойың айтады, сол сəтсіздіктің кешегі ауыл баласының былайғы тағдырына зиянынан гөрі пайдасы молырақ тиді ме деген. Əйтпегенде ол кейіндер өзінің бағын жандырған Қазақстан Магниткасына аттанар ма еді, аттанбас па еді?! Басы қатты, аяғы сəтті осы оқиға, өмір жолының əуелгі кезеңінің өзге де хикаялары, кітаптың тең жарымын алып жатқан тараулары негізінен Нұрсұлтан Əбішұлының жан дүниесі, қабілет, дарыны, бұрын білмесек, енді білетін сыры, мұрат, мақсаты, идеалы қалай қалыптасқанын əңгімелейді. «Жылқы көп – қазанаты сирек, жігіт көп – азаматы сирек». Бұл мəтел дəл Нұрсұлтандай бітімі бөлек, біртуар азаматқа арнап айтылғандай. Оның өмір өткелдері – бүгінгі һəм кейінгі ұрпаққа биік үлгі, жарасымды сабақ. Сұхбат кітабының «Сын сағаты соққанда» атты тарауынан басталатын ендігі бөлімі, яки соңғысы – ұлы көшіміздің көсемі Нұрсұлтан Назарбаевтың тəуелсіздік дəуіріндегі ұлан-асыр қызметін қамтиды. Азат Қазақ елінің дархан дарын басшылығымен қол жеткізген ілкі табыстарын тарих айнасына түсіреді. Толғағы жеткен проблемаларын шешу жолындағы жан алып, жан берген жанқиярлық күрес-талабын талдап сараптайды. Айтары көп кітаптың бұл бөлімінің əр тарауына арнайы тоқталған жөн болар еді, бірақ мақала көлемі көтермейтіндіктен, əмбе оқ жетпес жерге қылыш суырғандай болмас үшін, еңбектің ең бір ұрымтал тұстарына назар аударсақ па дейміз. Ең дұрысы – өнегесі өзгеше қайраткердің аса өткір мемлекеттік мəселелерді жанда жоқ тапқырлықпен, кейде тəуекелге бел бай лап ас қан батыл дықпен шешкен ісəрекеттеріне үңілу болса керек. Көрмеген жердің ой-шұқыры көп. Қай ретте тыңнан жол салуға тура келеді. Бұрын Қазақ елін басқарған ұлықтардың – хандардың, сұлтан, губернаторлардың, коммунист бірінші хатшылардың біразы шетелдермен істес болғанымен, қай-қайсысы да əдемдік аренаға шықпағаны, Нұрсұлтан Назарбаев секілді жаһандық тартыстардың, трагедия, драмалардың қайнаған ортасында жүрмегені мəлім. Кітапта Қазақ мемлекетінің, міне, осы жаңа тұрпатты басшысының ел-жұртын өрге сүйреген қызметі татымды да тартымды көрсетілгенін айту лəзім. Ішкі ме, сыртқы саясат па Елбасы даяр соқпақпен тарта бермейді. Əманда сұңғылалығымен туған халқының мүддесін ойдағыдай қорғайтын өзіндік сара жол тауып отырады. Ішіңнен енді оқырман өзің тəубе айтасың. Ел басқарса, мына біздің қазақ перзентіндей басқарсын дейсің. Елбасы Тəуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатының іргетасын қалау уақытында алдымен елінің елдігін ойлаған. Бұл қызметінде де ежелгі дағдысы бойынша болмысы биік беделмен ой бөлісуді ұмытпайды. Оқырман көкейінде орынды сұрақ тууы: оу, бүгінгі сыртқы саясат пен Абай ілімінің арасында қандай байланыс болуы мүмкін деген əспетте. Былай қарағанда, бір-бірінен айырмасы жер мен көктей алыс тəрізді. Бірақ ойланған жанға олай еместігі, керісінше, байланысы тонның ішкі бауындай екендігі анықталады. Сыртқы саясатымыздағы «...Ең басты ұстанымымыз, – дейді Нұрсұлтан Əбішұлы, – көпжақты бағдар болуы керек деген тоқтамға келдік. Сөйтіп, халықаралық байланыстарымыздың арқауы етіп жақындағы, алыстағы елдердің бəрімен өзара тиімді қатынастар орнатуымыз қажет деп шештік. Бұл арада біз өзіміз толғандырған көп сұрақты ұлы Абайдан тапқандай болдық. Оның «Адамзаттың бəрін сүй, бауырым деп» айтатын сөзі нағыз халықаралық дипломатияның ой қазығы емес пе?» («Өмір өткелдері». 409-б.).

(Соңы 6-бетте).


6

www.egemen.kz

5 шілде 2015 жыл

Жақында Қазақстанның Вашингтондағы елшілігінде Астана күні құрметіне қабылдау өтіп, оған еліміздің 100-ден астам достары – Американың қоғамдық, іскер, сараптама топтарының жəне жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

 Ел жəне Елбасы

Вашингтонда Астана кїні атап ґтілді

Єибратты єўмыр таєылымы

Президент Нўрсўлтан Назарбаевтыѕ «Ґмір ґткелдері» кітабы туралы толєанєанда (Соңы. Басы 5-бетте). Қазақстан 1991 жылдың басында-ақ бірқатар шетел басшыларымен тікелей қарым-қатынас орнатты. Мəскеудің рұқсатынсыз, сол кездегі қолайлы тарихи жағдайды сəтімен пайдалана отырып, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға Түркия Президенті Тұрғыт Өзалды, Сингапур лидері Ли Куан Юді Қазақстанға шақырды. АҚШ Президенті Джордж Бушпен, Ұлыбритания Премьер-министрі Джон Мейджормен, Оңтүстік Кореяның Президенті Ро Дэ Умен кездесті. Сыртқы саясаттағы көпжақты бағдарлама тəуелсіздік дəуірінде жемісін еселеп берді. Шетелдік тəжірибе ішкі саясатта творчестволықпен пайдаға асырылды. Нəтижесінде тəуелсіздік алған 1991 жылдың аяқ шенінен бастап, нарықтық экономиканы енгізуге оңтайлы жол ашылды. Кейбір көп-көрім қызметте жүргендер артқа жалтақтап, иесіздіктен тұралап, кетеуі кеткен социалистік қоғамдық меншікті қорғаштауға тырысты. Елбасының бейнебір фольклор батырындай мың сан қолмен жалғыз айқасқан кездері де кезікті. Жоғарғы Кеңестің өзі екі дүркін таратылды. Бүкілхалықтық сайлауда төтенше өкілеттік алған Президент қандай да болсын зілдей басқан қиыншылықтарға төтеп беріп, уақыт сынынан мүдірмей өтті. Ұтымды істерге бастап, халқына дем беретін, қалың бұқараны бір кісідей жұмылдыратын ұғымды сөз таба білді. «Алдымен – экономика, содан кейін саясат» (Сонда. 430-б.). Саясаткер ұзақ шешендікке салынбауы тиіс, ойы жүйріктің – сөзі жүйрік. Нұрсұлтан Əбішұлы ғылыми түйінді пікірін айшықты, қонымды тілмен жеткізген. «Сөзі мың жыл жүрсе де дəмі кетпес» (Мағжан). Хакім Абай: «Өзге өскен ел не істесе, соны істе, ғылымын, мəдениетін меңгер», деген. «Бұл кемел ойды, бүгін заман талабына орай ақыл сарабынан өткізгенде, не істеуге тиіспіз? Ол үшін, – дейді Нұрсұлтан Əбішұлы кітабында, – өзгелермен мəдениэкономикалық, саяси араластық керек, бүгінгіше айтсақ, интеграция» (Сонда.). Сұхбат кітабында интеграция ұғымының қыр-сыры түгел ашылған. Экономиканы алға қоюдың мəнісін жадағай түсінбеу керек. 1994 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мəскеу университетінің аудиториясындағы сөзінде Еуразиялық одақ құру идеясын ұсынды. Сол жылдың мамыр айында Өзбекстан Президенті Ислам Каримов: Еуразия идеясында жаңалық жоқ. Қосымша саяси қондырғының қандай қажеті бар? – деп жобаны көрінеу бұрмалады. Шын мəнінде, Қазақстан Президенті ешқандай сая си қондырма құруды ұсынған жоқ. Сонсоң бұл одақты тек мəдени өзара байланыстарды нығайту мəселесімен де шектемеу керек. Еуразиялық одақ ең алдымен біртұтас экономикалық кеңістік қалыптастыруды көздейді. Интеграция деген КСРО заманына қайта оралу емес. Сұхбат кітабында интеграцияның экономикалық пайдасын саусақпен санап отырғандай етіп түсіндіреді: «Қазір еліміздің халқы 17 миллион адам, мүмкін бір кезде 30 миллионға жетер. Бірақ, мына жаһанданған əлемде оның өзі де, – дейді Нұрсұлтан Əбішұлы, – өте тар нарық саналады. Бізге міндетті түрде сыртқы нарықтар керек. Сол нарықтың ең үлкені – 170 миллиондық Ресей нарығы... Ресей нарығы, Беларусь нарығы, басқа да көршілес нарықтар біздің тауарларға ыңғайлы, біздің нарық та олар үшін өтімді» («Өмір өткелдері». 430-б.). Экономиканы алға қойып, ұлттар достығы туын желбіреткен көреген саясаттың нəрлі жемісіне енді, міне, бүкіл ел, халық болып кенелудеміз. Туған Қазақстанымыз тəуелсіздіктің ширек ғасырына толар-толмас тірлігінде бұрын 25 ғасырға татырлық жолдан өтіп отыр. Бүгінгі Қазақстанымыз – Ғажапстан.

Күннен күнге көркейген Астана қаласы ше? Мəскеу бір күнде салынбаған деген сөз бар. Біздің Астанамыз бір күн десе де болады, айналдырған оншақты жылдың ішінде əлемнің көруге көз керек шаһарына айналды. Ал Алматының метрополитені, бейнелеп айтқанда, əлемнің сегізінші кереметі! 2015 жыл – қандай мерейлі жыл. Той тойға ұласуда. Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Конституцияның 20 жылдығы. Бұл мерейтойлардың түп-тамыры, ұйытқысы – «Мəңгілік Ел» идеясы. Қазақстан халқының табыстарында, береке-бірлігінде осы жетекші идеяның салтанаты жатыр. Жаһандық байтақ нарық, бəсекелестікке төтеп беру елімізді дүниежүзінің ең озық 30 елінің қатарына қосары күмəнсіз. *** «Шекараны таспен қоршамау керек, доспен қоршау керек» (Сонда. 412-б.). Қысқа да нұсқа қағиданың мағынасы ұшан-теңіз. Кітаптың «Шекараны шегендеу», тағы да басқа екі-үш тарауының тақырыбына қатысты осылай деген жөн. Елбасы тəуелсіздіктің бес жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзінде халық Мағжан ақынның: «Алыстан орыс, қытай ауыр салмақ, Жақыннан тыншытпайды қалың қалмақ. Арты – ор, алдында – көр, жан-жағы жау, Дағдарған Алаш енді қайда бармақ?! – деген өлеңін бұдан былай бұрынғы заманның уайымын жеткізген əдеби мұра ретінде қарастыратынын айтқан еді. Шынында да, ұзындығы 13 мың шақырымнан артық шекарамыз Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан мемлекеттерімен халықаралық құқықтық тұрғыдан мəңгі заңдастырылды. Жоқтан өзгеден кез келген минутта от шығып кетуі ықтимал қауіп жойылды, күйіп тұрған мəселе түпкілікті шешілді. Алдымен шекара сызығының тиісті халықаралық құжаттарда белгіленген сызықтары расталды да, артынан таласты жерлер достық, өзара сыйластық жағдайда талқыланып бекітілді. Келіссөзге қол қойған қай мемлекет болсын ұтпаса, ұтылған жоқ. Дəлірек айтқанда, шекара сызығын түпкілікті белгілеуге қатысқандардың ел-ел арасының тыныштығын ойлаған ізгі ниеттері ұтты. Осындайда Мағжан Жұмабаевтың «Түркістан» атты ұзақ жырындағы қазақ даласының тұтастығы үшін бар өмірін сарп еткен Абылай хан жайлы айрықша толғанысы еске түседі: Бұл Тұран ежелден-ақ алаш жері, Тұрансыз тарқамаған алаш шері. Тұранның топырағында тыныш тапқан Алаштың арыстаны – Абылай ері. Мүрдеңнің қай жерде екенін, аруағыңнан айналайын Мағжан аға, амал қанша, əлі де білмейміз. Əйтеуір қазақ жеріндесің ғой деп қол жайып бата қылғанда айтарымыз: «Бүгінгі Алаштың ендігі көшбасшысының арқасында іштегі алабұртқан арманың мүлтіксіз орындалды, жан аға. Енді Абылай ханға арнаған ақ тілегіңді біз қайталаймыз: топырағыңда тыныш тапқын, əумин!». Шекараны таспен емес, доспен қоршау идеясының, айта берсе, əңгімесі таусылмайды. Нұрсұлтан Назарбаев 1991 жылғы 29 тамызда Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қойды. Сөйтіп, 40 жылдан астам уақыт бойы қазақ жерін тітіреткен, мыңдаған адамның денсаулығын зақымдаған тажалды Президентіміз өз қолымен тұншықтырып тынды. Президент Назарбаевтың тарихи шешіміне күллі адамзат қол соқты. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мун біздің Елбасымызға «Ядролық сынақтарды тоқтатып, ядролық қарулардан ада болу қажеттігін əлемге жар салып айтушы рөліне Жер бетінде Сізден лайық адам жоқ», – деп жар салғанын білеміз. Еріксіз қиялға кетесің: пау, шіркін,

күллі адамзат атынан сөйлеуге құқылы қайраткердің шын жүрегінен шыққан лебізі жыл сайын əлемде бейбітшіліктің мəртебелі сыйлығын атап жататын Нобель комитетінің қадірлі мүшелерінің құлағына қашан шалынар екен?! – дегендейін. Ядролық қарудың қазақ жерінен аласталуына байланысты айтылуға тиісті тағы бір нəрсе, не мəселені де барынша құнттап зерттейтін Елбасы бұл тұста да туған елінің қауіпсіздігін ойлауды ұмытқан жоқ. Ядролық дипломатиясы тамаша табыспен аяқталды. Америка Құрама Штаттары, Ресей Федерациясы, Ұлыбритания, Қытай мен Франция – өңшең ядролық держава дөйлері тарапынан Қазақстанның тəуелсіздігіне, аумақтық тұтастығына қарсы күш қолданбауға, экономикалық зорлықзомбылық көрсетпеуге кепілдік берді. Бейбітшілік пен қауіпсіздік ісіне мықты үлес қосқан Қазақстан Республикасының, оның Президентінің беделі халықаралық аренада барған сайын арта түсуде. Халықтар арасындағы бейбітшілік пен достықтың айнымас табанды жақтаушысы саналуда. Тағы бір дəлеліне Ресей мен Украина арасындағы жанжалға арашаға тұрған фактіні айтсақ та жеткілікті. Сұхбат кітабында айтылғандай, Минскідегі келіссөздердің ұйытқысы – Нұрсұлтан Назарбаев. Жас шағында металлург мамандығына баулыған Украинаға іш тартатынын жасырмайды. Ондағы азамат соғысы өртін өшіру жолында аянбай күресуде. «Сауда мақсаты – ұту, жол мақсаты – жету, дау мақсаты – біту» деп атам қазақ айтатындай, орыс жəне украин достарына: қандай соғыс болсын түбі бітіммен аяқталады деп ақыл қосудан еш жалыққан емес. Ал өз Отанымызға қатысты айтатын болсақ, Елбасы ел іргесін бекіте түсудің пəрменді іс-шараларын жүзеге асыруда. Қайсыбіреулердей, сөзі мен ісінің арасы мың шақырым емес. Жарқын мысалы – жаңа астанамыз. Сұхбат кітабының соңғы тарауы «Астана – елдің ерлігі» деп аталған. Шынтуайтында, бұл – алдымен Елбасының ерлігі. Жаңа астана тұрмақ, жаңа үй салудың өзі қиынның-қиыны шақта, өтпелі кезеңнің бас шенінде ол астананы Алматыдан Ақмолаға көшіруге бет қойды. Бұл үлкен істің стратегиялық мақсаты, қиындық-бөгеттері кітапта толық айтылғандықтан, қайталағым жоқ. Тек сол жəйттің біріне ғана арнайы тоқталу керек сияқты. Əңгіме кітапқа анықтама есебінде берілген дəйектеме туралы болып отыр. Дəйектеме Иманғали Тасмағамбетовтің «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Мемлекеттің мерейлі мерекесі» мақаласынан алынған. Бір жолы Нұрсұлтан Əбішұлының қасына еріп, Алатау жаққа сейіл құруға барғанын айта келе, мақала авторы былай деп жазады: «Президенттің көмекшісі кезім. Парламент Қазақстанның астанасын ауыстыру жөніндегі шешімді қолдағанымен, бəрі де өз орнында тұрған шақ. Көктемнің жайнаған күні... Бір қырқаға көтеріліп едік, алдымыздан айналайын ару Алматы алақандағыдай ашылып шыға келді. Ғажап көрініске сүйсіне қарап тұрды да, Нұрсұлтан Əбішұлы: «Қандай керемет!» – деді. Сол арада мен: «Осындай кереметті қалдырып...» – деп қалдым. Айтылар сөз айтылып кетті. «Сен ондайды қой», – деді Нұрсұлтан Əбішұлы қабағын қатайтыңқырап. Сөйтті де... Біз мынадай территорияға елдің бір шетінен қарап отырып, ие бола алмай қалуымыз да мүмкін. Арқада, солтүстік облыстарда демографиялық ахуалды қалай да өзгертуіміз керек. Мына елдің иесі кім екенін бүкіл əлем білуі тиіс» («Өмір өткелдері». 549-550-б.). Қазір Астана қаласының тұрғын саны 900 мыңға жетті. Кітапты оқи отыра басыңа талай ой келеді. Республикамыздың солтүстік жəне шығыс, батыс облыстарында жұмыс күші тапшылық етуде. Ал оңтүстігімізде асыптөгіліп жатыр. Тұс-тұстан ағылып келіп

жатқан оралмандарды есептемегенде. Сол тың жұмыс күшінің солтүстік өңірге қоныстануына бизнесмен атаулы, көп түкірсе көл болады дегендей, бəріміз жиналып жəрдем жасап, басына үй, алдына мал салып берсек ше? Бар жүкті Елбасының, жас мемлекетіміздің мойнына арта беруге болмайды ғой... Сұхбат кітабының ақыл-кеңесін айтып тауыса алмайсың. Мамандығыма бір табан жақын «Мəдени мұра» бағдарламасы да Елбасының игілікті ісі. Бұл бағдарламаға сəйкес М.О.Əуезов атындағы Əдебиет жəне өнер институты 100 том құрайтын «Бабалар сөзі» атты фольклор жинағын, заңғар жазушымыз Мұхтар Əуезовтің 50 томдық шығармалар жинағын дүниеге келтірді. Институт ұжымы тəуелсіздік дəуіріндегі проза, поэзия, драматургия туындыларын құнттап тексеруде. Жазушылар қауымы да ақ тер, көк тер еңбек етуде. Қазақ мемлекеттілігі үшін айқасқан Керей, Жəнібек, Қасым, Абылай хандар жəне басқа ел қаһармандары бейнеленген көркем шығармалар тарихи туындылардың алтын қазынасына қосылуда. Бүгінгі постмодернистердің қайсыбірі: қазір жұрт кітап оқудан қалған, сондықтан, қаламгер тек өзі үшін жазуға тиіс дегенді шығарып жүр. Көркем шығарма тиражының қушиып қалғаны рас. 17 миллион халқымызға тиесілі, айталық, роман таралымы шірегенде 2000 дана ғана. Бірақ, осы уақытша тығырыққа бола, өнер – халықтікі деген ұлы мүдде-мақсаттан əдебиет қауымы айнымауға тиістіміз. Президентіміз əнеу бір жылы еліміздің ірі кəсіпкерлеріне бəйге, сыйлық түрінде ме, əлдебір үздік шығармагерлік табысы үшін бе, жазу-сызу қайраткерлерін материалдық жағынан қолдап, қолғабыс етіп тұру қажеттігін айтып құлаққағыс еткен еді. Елбасы тілегіне орай, «Бент» акционерлік қоғамының президенті Дильмұрат Кузиев «Ильхам» – «Шабыт» атты меценат клубын ашып, қыруар іс тындыруда. Осы ұйғыр кəсіпкерінің мархабатты ісін неге қолдамасқа?! Нұрсұлтан Əбішұлының «Өмір өткелдері» атты кітабына республикамыздың ғана емес, дүниежүзі оқырманының да ыстық ықыласты назары ауатыны кəміл. Бұл үлкен шаруаға сұхбаттасушы, аға газетіміз – «Егемен Қазақстан» акционерлік қоғамының прези денті, филология ғылымдарының докторы Сауытбек Абдрахмановтың көп қаруы тиген. Президент сұхбаттасуға көп уақыт бөле алмағанын, о баста ойластырылған біраз тақырыптар қозғалмай қалғанын «Алғы сөзде» арнайы ескертуді жөн көрген. Тегінде, ол келер күндердің еншісі болар дейді. Аннотация қорытындысы даусыз: «Елбасымен сұхбаттарды ой көзімен оқыған адам ғибратты ғұмырдан көп тағылым алатыны талассыз». Қорытындыға қосыла отырып, кітаптың соңғы бетіндегі кітап таралымы жөніндегі баспа мəліметіне көз жүгіртесің. Қараған бойда қарның ашады. Өз көзіңе өзің сенбейсің. Баспа, полиграфия орындарын басқаратын министрліктің мəңгі дерлік жаттанды цифры тағы да қайталаныпты – баржоғы 2000 дана! Абай «Ғақлияның» отыз тоғызыншы сөзінде көне ата-бабамыздың бүгінгі замандармен салыстырғандағы артық екі мінезінің бірі жоғарыда айтылған намыс болғанда, бірі Елбасының ғибраты деген. «Қой асығын қолыңа ал, қолайыңа жақса, сақа қой», «Бас-басыңа би болсаң, манар тауға сыймассың, басалқаңыз бар болса, жанған отқа күймессің», деп екі тізгін, бір шылбырды» Елбасы, саған бердік дейді екен. Ұлы Абайдың жəне бір ұлағаты: «Артық білім кітапта» деген. Бүгінгі артық білім Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың «Өмір өткелдері» атты сырсұхбат кітабында.

Іс-шара барысында «Amazon. com» онлайн дүкендер желісінде бестселлер атанып, биыл «Moritz Thomsen Peace Corps Experience» жүлдесіне ие болған «Қазақ даласының үйлері: Əлем корпусы қызметкерінің естеліктері» (At Home on the Kazakh Steppe: A Peace Corps Memoir) кітабының тұсаукесері өтті. Вермонт штатының тұрғыны кітап авторы Джанет Гивенс 2000-жылдардың басында Қазақстанға ағылшын тілінің оқытушы маманы ретінде келген кез дері жайлы жылы лебізді естеліктерімен бөлісу үшін АҚШ астанасына арнайы келді. Ол Қазақстан халқының бауырмалдық, қонақжайлылық қасиеттерін атап өтіп, өз шығармасынан «дархан көңілді қазақ халқының қонақжайлылығы мен жылы құшағын сезіну үшін» оқырмандарын Қазақстанды барып көруге шақыратын үзінділерін оқыды. Келген қонақтар Қазақ елінің

болмысын ғана емес, сондай-ақ, оның қарқынды дамуы мен жас Астананың өсіп-өркендеуі туралы мол мағлұматтар алды. Олар еліміздің мақсатқа жету жолындағы табандылығын, ақыл-ой көре гендігін, болашаққа деген нық сенімін, саяси тұрақтылық жəне жедел экономикалық өсімін Мемлекет басшысының данагөй, көреген саясатымен байланыстырып, жоғары бағалады. Елдің «100 нақты қадам», «Нұрлы Жол», «ЭКСПО-2017», «Қазақстан-2050» секілді бастамалары оның «визитті карточкасына» айналды. Астана туралы деректі фильм жиналғандардың Қазақстанның жарқын болашағына сенімін растады. Америкалық қонақтар бүкіл қазақстандықтарды жəне Елбасын тəуелсіз Қазақстанның бейнесіне айналған Астананың таңғаларлық табыстарымен құттықтап, өсіпөркендеуіне тілектерін білдірді. «Егемен-ақпарат».

Жаѕа аялдамалар Ірі мегаполистің əлеуметтік-экономикалық тіршілігінің тиімді де іркіліссіз жұмыс істеуі үшін жетілген жол-көлік инфрақұрылымының болуы қажет. Озық технологияға негізделген жол-көлік инфрақұрылымы бар мегаполисте өмір деңгейі де барынша сапалы əрі қолайлы болмақ. Мемлекет басшысының елорданы одан əрі өркендету мəселесінде қаланың базалық инфрақұрылымын, оның ішінде қоғамдық көлік қатынасын дамытуға үнемі басымдық беріп келе жатқандығы да сондықтан.

Көлік стратегиясының тиімділігі тек жол-көлік инфра құрылымын дамытумен ғана шектелмесе керек. Бұл орайда қала көшелеріндегі қоғамдық көлік қатынасының жəне жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасының да айрықша мəні бар. Осыған орай, елордадағы қоғамдық көлік қатынасын жақсарту жəне жолаушыларға барынша тиімді де сапалы қызмет көрсету жайы барған сайын жүйелі түрде жетілдіріліп келеді. Қаламызда жүрдек автобустар тасымалы жүйесін салу жұмысы да қолға алынды. Бүгінде Астананың көлік инфра құрылымын жаңғырту кешенді жұмыстармен жалғасуда. Қала əкімдігінің тапсырмасы бойынша жыл аяғына дейін елордада жабық пішіндегі 55 аялдама тұрғызылмақ. Алдағы уақытта қаламызда осындай пішіндегі барлығы 82 жаңа аялдама тұрғызылады деп жоспарлануда. Бұл аялдамалардың барлығы əлеуметтік маңызы бар нысандарға жақын орналастырылмақ. Сонымен бірге, қала көшелері инфрақұрылымын жаңғырту жобасына байланысты аялдамаларда ақпараттық жүйелер қондырғысын орнату

қолға алынады. Аялдамаларда орнатылатын арнаулы табло арқылы астаналықтар мен қала қонақтары қажетті бағыттағы автобустарының жүру кестесімен танысатын болады. Елордадағы қоғамдық көліктерде жолақысын төлеу электрондық жүйеге көшіріледі. Бұл жоба биылғы жылдың қазан-қараша айларында толық іс жүзіне асырылмақ. – Біз жолаушылар тасымалы диспетчерлерін жаңа стандарттар бойынша жұмыс істеу пішініне көшіруді бастадық. Көлік қатынасының кестесі арнаулы бағдарлама бойынша құрылады. Бүгінде бүкіл əлем осы тəжірибемен жұмыс істеуде. Шілде айында біз бүгінгі заман талабына сай жабдықталған call-орталық ашамыз. Бұл қала тұрғындарына қоғамдық көлік қатынасында орын алған келеңсіздіктердің шұғыл алдын алуына мүмкіндік береді. Сонымен бірге, жақын арада біз қалалық қо ғамдық көліктердің қатынасын бақы лаудың жаңа жүйесін енгіземіз. Бұдан былай қоғамдық көлікте тегін жүруге тырысатын жолаушылар жауапқа тартылады, – дейді «Астана LRT» басқарма төрағасы Талғат Ардан. Жарас СƏДУАҚАСОВ.


7

www.egemen.kz

5 шілде 2015 жыл

 Мерей (Соңы. Басы 1-бетте). Астана күні мерекесінің қарсаңында біз ел үшін, мемлекет үшін, халық үшін, ұлт үшін бөлекше еңбек еткен Елбасымыз – Президент Нұрсұлтан Назарбаев туралы тағы да бір қомақты кітапты оқырман қауымға ұсынып отырмыз, деді ол. Одан əрі С.Абдрахманов «Президент» жинағы мұның алдында шыққан «Елбасы» кітабының тікелей жалғасы екенін атап өтті. Осының арқасында біз белгілі дəрежеде елбасытануға қомақты үлес болып қосылатын кітапты жарыққа шығарып отырмыз. Елбасытану – елтанудың бөлінбейтін бөлшегі. Біз Елбасын тереңірек таныған сайын, оны жақынырақ білген сайын елімізді аша түсіп, оның кешегісі мен бүгінгісін танып, ертеңгісін болжайтын боламыз, деген С.Абдрахманов Елбасы туралы тым көп жазылады деген кейбір шаншу сөздердің шығып қалатынын да айтты. Кейбір елдердің басшылары, мысалы, АҚШ президенті Ф.Рузвельт туралы 1300 монография жазылып, 800 диссертация қорғалған екен. Ал кейбіреулердің бізде шыққан айналасы 40-50 кітапты көпсініп, күңкілдеп жүретіні тіптен орынсыз, деді ол. Шын мəнінде Елбасы туралы көбірек білген сайын халық өз елінің қадір-қасиетін тереңірек біледі. Мына жарық көріп отырған кітабымыз да осы мақсатқа қызмет етер деген үміттеміз, дей келіп, тұсаукесер рəсіміне қатысып отырған тұлғаларға, БАҚ өкілдеріне ризашылығын білдірді. Одан əрі Сауытбек Абдрахманов кітаптың жарық көруіне демеушілік жасаған «Самұрық-Қазына» Ұлттық əл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына жəне оның төрағасы Өмірзақ Естайұлы Шөкеевке алғысын айта келіп, жиынға қатысып отырған осы ұйымның атқарушы директоры Дархан Қалетаевқа сөз берді. – Мен өздеріңізбен қазақ журналистикасының қара шаңырағында кездесіп отырғаныма қуаныштымын, – деп бастады Дархан Аманұлы өзінің сөзін жиналғандарға арнап. – Ал жинақ туралы айтқанда оны Елбасының өміріне қатысты ғана дүние емес, барша еліміздің тəуелсіздік тарихының шежіресі деп ойлаймын. Осындай кітапқа демеуші болғанымызды өзімізге бақыт санаймыз. Меніңше, елбасытану ұғымы қоғамымызда тереңдей беруі керек, ал біз өз тарапымыздан ондай дүниелерге қаржылық қолдау білдіруге дайынбыз, деді ол. Осы жерде жиынды жүргізіп отырған С.Абдрахманов Д.Қалетаевтың өзінің де елбасытануға лайықты үлес қосып жүрген азамат екенін айтып өтіп, оның бұл тақырыпқа арналған «Ұлт лидері» атты кітабы шыққанын еске салды. Кезек өзіне тигенде ақсақал ақын Нұрғожа Ораз сөзін бүгінгі кітаптың тұсаукесері Астана күні ме рекесінің тойбастар жиыны болып отырғанынан бас тады. Алтынды қанша жасырсаң да жарқырауын жоя алмайсың дегендей, Елбасымыздың өзі де ерекше көсілетін жасқа келіп отырған шағында мынадай «Президент» атты жинақтың жарыққа келуі жəне оның «Егеменнің» қара шаңырағында туғаны – үлкен символикалық мəнге ие, туысқандар. Бұған біздің халқымыздың риза болатынына мен кəмілмін, деді қаламгер. Одан əрі Президенттің өрелі істерін еске алды. Елбасымыз көпэтносты, көпконфессиялы халықты бір үйдің баласындай етіп, басын біріктіріп, алға əкетіп бара жатыр. Əрине, пенде жақсылыққа тоймайды, сондықтан Президентіміз бізді əлі де талай биіктерге бастайды деп сенеміз. Мына жинақтағы мақалаларда Президенттің ел үшін еткен ерен еңбегі айшықты ашылған. Бұл кітаптан оның көшбасшылық тұлғасын тереңірек тануға болады. Халқымыз Елбасын өте жақсы көреді, қай жерге барсаң да халық оның сөздерін ауызға алып жатқанын естисің. Оны күні кеше өткен сайлау келісті көрсетіп берді. Мына жинақтан да соған көз жеткізуге болады, дей келіп, ақын өз өмірі туралы да біршама деректер берді. Мен осы қаланың 63 жылдан бергі тұрғынымын. Тың игеру деген науқанның тұсында қаншама қиындық, озбырлық, кемсітулерді бастан кештік. Ал қазір иығымыз өзгелерден асып тұр, ол ең алдымен Елбасының арқасы деп біз батыл айта аламыз. Адам кейде пендешілікпен басына қонған бақытты сезбейді, тек ол ұшып кеткенде ғана біліп, қап, сол кездерде шын бақытты екенмін ғой деп ойлайды. Қазір бақыт біздің басымызда тұр, тек соны бағалай білейік, деді қарт қаламгер. Кітап туралы пікір айту кезегі өзіне келгенде экссенатор, белгілі ғалым Əділ Ахметов осында мақалалары топтастырылған азаматтардың бəрін де білемін, бəрі де ой-өресі биік, қаламдары жүйрік, елге қызмет жасап жүрген зерделі, ұлтжанды аза маттар, деді. Олардың бəрі де

Елбасытану эпопеясы «Президент» жинаєын зиялы ќауым осылай баєалады тəуелсіздік жылдарындағы еліміздің қадамдарын, Елбасының атқарған игі лікті ісін өздерінің мақалаларына сарабдалдықпен сыйғызыпты. Бəрі де еліміздің экономикалық, саяси бағытбағдарын тереңнен айырып, озық пікірлер айтқан. Мен мұны бұрынғы «Елбасы» жинағының жалғасы дегенге бек келісемін, бұл алдағы уақыттарда жалғаса беруі керек. Əрине, халық арасында Елбасы туралы көп жазылып кетті деген сияқты күңкіл-сүңкілдер болмай қоймайды. Оған көңіл аударудың қажеті жоқ, дей келіп, осы жерде Сингапур Республикасының тұңғыш премьерминистрі Ли Куан Ю туралы бір мысал айтты. Егер осы көшбасшы Америкаға барса, лауазымды тұлғалардан бастап, барлық танымал саясаткерлер, бизнесмендер онымен кездесуге кезекке тұрады екен. Демек, оны жоғары бағалаған. Ал сол Ли Куан Юдың өзі болса: маған Американың жоғары технологиясы, ғылымы мен білімі керек, ал бірақ олардың адами құндылықтарының бізге көк тиынға керегі жоқ дегенді ашық айтып отырған. Өйткені, Батыстың құндылықтары мен Шығыстың құндылықтары ешқашан кіріге алмайды, бір қанаттың астында өмір сүре алмайды. Олар мені кейде диктатор деп те атайды, айтса айта берсін. Маған олардың берген бағасының керегі жоқ, маған керегі қолыма билік берген өз халқымның бағасы деген екен. Сол сияқты біз де əркімнің бұра тартқан пікірлерін емес, халыққа қажетті дүниелерді ескеруіміз керек. Мына кітаптағы мақалалардың барлығы тек қана Президент болмысбітімінің қырлары емес, бұл – біздің егемендігіміздің эпопеясы. Ол бəріміз үшін, əсіресе, жастар үшін маңызды, деді ғалым сөзінің соңында. Келесі болып сөз кезегін алған бел гілі қоғам қай раткері, жазушы, Парламент Сенатының депутаты, газеттің белсенді авторла рының бі рі Жабал Ерғалиев те «Президент» жинағының халық үшін маңызы зор екенін тілге тиек етті. – Мен бұл жинақты мұқият қарап шықтым. Ондағы авторлардың бəрі де білікті адамдар ғой, солардың əрбірінен адам өзіне бір ұлағатты ой түйе алады. Мысалы, маған марқұм Əзілхан Нұршайықов ағамыздың «Біз тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевты жүрегімізде сақтауымыз керек» деген сөзі қатты əсер етті. Сол, жүректе сақтаудың бір амалы осындай жинақтар екенін атап айтуымыз керек, – деді Ж.Ерғалиев. Одан əрі сенатор өзінің бұрынғы бір сөзінде «Егемен Қазақстан» газеті бүкіл Қазақстандағы қазақ баспасөзінің абыройын сақтап қалды деп айтқан сөзін еске алды. Бұрын, аймақта жүргенде қазақ баспасөзінің бəрінің тиражы бір «Караван» газетінен аса алмайды дегенді кейбіреулер бетімізге салық қылғандай жиі айтып, сағымызды

сындыратын. Сол кезде «Егемен Қазақстан» газеті тиражы жағынан барлық газеттердің алдына шығып, бəріміздің рухымызды көтеріп тастаған еді. Оның үстіне «Егемен Қазақстан» газеті Тəуелсіздігіміздің барлық тарихын теріп, шежіресін қаттап-шоттауда тарихи институттардың атқаратын істерін жалғыз өзі атқарып отыр. Соның бір дəлелі бүгінгі «Президент» жинағы дей келіп, оның алдағы уақытта оқырманға шегер сапарына сəттілік тіледі. Одан кейін сөз Мəжіліс депутаты, жазушы Алдан Смайылға берілді. «Президент» жинағы – біздің тарихи шежіреміз, деген шешен Елбасының бастаған істеріне, қол ға алған реформаларына пікір жаз ған авторлардың бəрі де сол кездің шындығын тарих үшін белгілеп кеткен, деді. Одан əрі Алдан Смайыл Ақмоланың ежелгі тұрғындарының бірі ретінде өзі Елбасының осынау шағын қаланы бүгінгі күні аты айдай əлемге белгілі болған Астана деңгейіне көтеру жолындағы істерінің бəріне куə екендігін атап өтті. Сол оқиғаның өзі біздің еліміздің тағдырын айқындап берген іс болды. Кезінде біз осында «Қазақ тілі» қоғамын құрып, қаланың «Целиноград» деген атын өзгертіп, тарихи «Ақмола» атын қайтарайық дегенге 12 мыңдай қол жинап, оны Жоғарғы Кеңеске тапсырған едік. Оған қарсы шыққан жергілікті шовинистер де аз болған жоқ. Алайда, Президент оған қарамай, «Ақмола» атын қайтару туралы өзінің Жарлығына қол қойды. Сол кезде осы өлкедегі қазақтың рухы қатты көтеріліп қалды. Ал қарсыластардың үндері шықпады, оған себеп болған Президенттің жеке басының беделі екені анық еді. Артынан Ақмола астанамызға айналды. Меніңше, сол кезден бастап Президенттің де саясаты тəуелсіз елдің белін бекемдеуге толығымен бұрылды деп ойлаймын. Астананың осында көшіп келуі – бүкіл халықты дүр сілкіндіріп, тəуелсіздіктің баянды болатындығына, тіккен туымыздың жығылмайтындығына біржолата сендірді. Халық, тіпті, сол кездегі қиындықтарды да ұмытып, Президенттің оның уақытша екендігі туралы айтқан сөзіне ұйыды. Меніңше, біз Астананың Арқаға көшуінің маңызын əлі күнге халыққа толық жеткізіп болған жоқпыз. Мен өзім осы бағытта 4-5 мақала жаздым, бірақ бұл шешімнің ар жағындағы терең себептері əлі ашылған жоқ деп ойлаймын. Президенттің өзінің: Сарыарқа саяси саудаға түсіп жатқан кезде біз Жетісуда жайбарақат жата алмадық, біз Алатаудың баурайына сыймай кеткен жоқпыз, қайта жер жəннаты Жетісуды қимай-қимай кеттік, тарихтың қатал талабы солай болды, деген сөзінің маңызы өте терең. Қаламгер қауым соның тереңіне бойлай түсуі керек, деді Алдан Смайыл. Сонымен бірге, ол еліміздің дүниеден өткен абыз

ақсақалдары мен ақын-жазушыларының Президент туралы ағынан жарылған тілектерін жинастырып, халыққа ортақ бір кітап етіп ұсынса да артық болмас еді деген пікір айтты. Солардың ішінде өзі ақын-жазушылар Əбу Сəрсенбаевтың, Əзілхан Нұршайықовтың, Фариза Оңғар сынованың, Тұманбай Молдағалиевтің жəне басқалардың пікірлерін жоғары бағалайтынын жеткізді. Осы тұлғалардың бəрінің де Президентке деген ықыласы орасан, дей келіп, сөзінің соңында осындай жинақ құрастырған «Егемен Қазақстан» газетінің басшылығына ризашылығын білдірді. Оның сөзін жиынды жүргізіп отырған Сауытбек Абдрахманов та қолдап, əсіресе, Əбу Сəрсенбаевтың Президентке «данышпан ұлым» деп берген бағасына байланысты өз пікірін айтып өтті. Баға деген салыстырмалы категория ғой, ол кімнің беруіне байланысты маңызы белгіленеді. Біреудің «керемет» деген бағасынан екінші біреудің «жаман емес» дегені əлдеқайда артық болуы да мүмкін. Ал Əбу Сəрсенбаев ағамыз аузы дуалы, сөзі уəлі, жан дүниесі тап-таза, ерекше қасиетті абыз ағамыз еді. Қадыр ақынның ол туралы айтқан: «Əбеке, орның бөлек қой, Бөлек қой орның əманда. Құдайдай адам керек қой Құдайсыз мына заманда», деген сөздері де осы ойымызды тірілте түседі. Сол ағамыздың Президентке «данышпан ұлым» деп берген бағасының маңызы зор, деді С.Абдрахманов. Осыдан кейін сөз кезегі Жазушылар одағының төрағасы, сенатор Нұрлан Оразалинге берілді. Ел газеті «Егемен» елдің мақсатын, елдің мұратын, міндетін алдыңғы сапта айтып жəне оны елге өтім ді етіп жеткізіп келе жатыр. Бұл – «Егеменнің» айшықты, ешкімге ұқсамайтын қолтаңбасы, баспасөздегі ежелден алып келе жатқан жолы. Баяғыдан солай болатын, қазір де сол стиль тиянақталып, толық салмақтана түскенін байқаймыз. Мына соңғы шығып жатқан кітаптар соның айқын айғағы. Газеттің бетіне шыққан дүниелер тігінділерде сарғайып қалады. Қазір архив ақтарып, сарылып зерттеу жүргізетін адамдар азайып кетті. Ал кітапқа тиянақталып, жүйеленіп енгізілген дүниелердің серия болып шығып жатқаны «Егемен Қазақстан» газеті басшысының үлкен еңбегі деп санауымыз керек. Сөйтіп, жинақталған дүниелерден жастар да, əсіресе, зиялы қауым өкілдері де қай кезде қандай сөздер айтылып еді, қай тақырып қалай бағытталып еді деген сауалдарына жауап табады. Заман ілгері жылжыған сайын сұрақ та көбейеді, олардың жауаптары да қиындай түседі. Бүгінгі əлемдегі түрлі сын-қатерге байланысты тиянақты ой, басалқы сөздермен айтылған жауаптардың бəрі «Егеменде» шығып отырады. Қазақ

тілді басылымдардың ішіндегі талдау, танымдық сипаты бар үлкен мақалалардың көбі «Егеменде» жарық көріп келеді. Сондай мақалалардың дені Елбасының саясатымен ұштасып, газет бетінде жиі жарияланып тұрды. Міне, осылардың бəрін халыққа жеткізуде мына «Президент» жинағының маңызы зор екендігі даусыз, деді сенатор. Одан əрі Н.Оразалин өзінің «Егеменге» 4 жылдай басшылық еткен сəттерін еске алып өтті. Ол экономикалық тұрғыдан қиын-қыстау кездер еді. Қағаздың тапшылығынан газетіміз аптасына екі-ақ реттен шығып қалып жатты, елдің тұрмыс-тіршілігі де төмен, айлық та аз болған жұтаң заман еді. Бірақ сол кезде де қызметкерлеріміз қажымайталмай еңбек етіп еді. Өкінішке орай, олардың кейбірі қазір арамызда жоқ, дей келіп, сол азаматтардың біразын еске алып өтті. Н.Оразалин келесі кезекте өмірдегі тұлғаның рөліне қатысты өз пікірлерін ортаға салып өтті. Заманның тұлғаға байланыстылығы бұрын да күшті еді, қазір тіпті арта түсті. Тұлға мықты болса, кішкентай елдің де бағы жанады, ал тұлғасы тұрпатсыз болса ұлы елдердің өзі де ұлардай шулап қалатынын көзіміз көріп отыр, дей келіп, соның мысалына 50 миллионнан артық халқы бар Украинаның қазіргі мүшкіл жағдайын келтірді. Осы орайда осындай қиынқыстау кезеңде қазақтың пешенесіне Нұрсұлтан Назарбаевтай басшы ның жазылғанына мың мəрте шүкіршілік айтуымыз керек, деді Нұрлан Оразалин. Сонымен қатар, Елбасының Украинаға қатысты бітімгершілік істері туралы да өзінің пікірін білдіріп, оның жалпы Қазақстан үшін үлкен жетістік болғанын атап өтті. «Президент» жи нағына мақаласы енген сенатор Əли Бектаев та тұсаукесер рəсімінде өзінің пікірін білдірді. Елбасы туралы соңғы кездері шығып жатқан кітаптар мен мақалалардың бəрі адамды ерекше тебірентетінін байқадым, деп бастады ол өзінің сөзін. Меніңше, оларда бұрын-соңды жазылмаған, саясаттың талабымен тасада қалып қойған дүниелер шынайылықпен жазылып жатыр. Сондықтан да жүректен шыққан сөздер адамның жүрегіне жетіп, тебірентеді. Мына кітапқа 100ге тарта мақала енгізілген екен. Соның əрқайсысын оқырман ретінде шолып шыққанда ерекше сезімге бөлендім. Одан əрі шешен өзінің аймақтан жуырда ғана келген адам ретінде елдегі жағдай туралы шағын ақпарат берді. Мен өзім қызмет істеген Оңтүстік Қазақстан облысында 900 елді мекен бар. Соның бəрінде де тəуелсіздік жылдары жаңа құрылыстар салынып, жаңа ғимараттар бой көтерді. Мектеп, аурухана тұрғызылып, газ келтіріліп, таза ауыз су жеткізіліп, қайнап жатқан елді мекендерді көресіз. Осының бəрі

– ешқандай баға жетпес Елбасымыздың еңбегі. Оны халық жақсы біледі, сондықтан да ақсақалдарымыз бен абыздарымыз ризашылығын білдіріп, ақ тілекті батасын беріп жатады. Елбасының еңбегін, қадірін халыққа көрсете түсетін еңбектер шыққан сайын қуануымыз керек, деді ол. Сенатор Мұрат Бақтиярұлы өзінің сөзін ел газеті «Егеменнің» Парламенттегі салмағын жеткізуден бастады. Сенат депутаттарының бəрі, Төр ағамыздан бас тап, соның ішінде, тіпті, орыстілдестеріміз де бар, өздерінің жұмыс күнін «Егеменді» шолып шығудан бастайды, деді ол. Сондықтан Елбасы туралы бұрын «Егеменге» шыққандықтан астын сызып оқыған мақалалардың енді жеке кітап болып шыққаны бізді қуантып отыр. Бұлардың бəрі де ұлтымыздың сүт бетіне шығар қаймақтарының жазған дүниелері. Кітаптың көтеріп тұрған жүгінің, терең мазмұнының өлшемі жоқ. Осы кітап барлық кітапханаларда, соның ішінде шалғай елді мекендердің кітапханаларына жетсе нұр үстіне нұр болар еді, деді сенатор. Тұсаукесер рəсімінде соңғы сөз белгілі меценат, қоғам қайраткері, заңгер Бекет Тұрғараевқа берілді. Отырысты жүргізіп отырған С.Абдрахманов оған сөз берерде Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық еткендегі іс-əрекеттері мен Астана Саммитін өткізуге байланысты мақалалар топтастырылған «Салтанат» жинағы осы сериямен шыққанда демеушілік жасаған азамат екенін ескертіп өтті. Бекет ағамыз өзінің сөзінде осында айтылған əңгімелердің бəрінің төркіні Елбасының көреген, дүниеде бұрын белгісіз болып келген елімізді əлемге танытқан, мойындатқан тұлға адам екендігін жеткізуге сайды, деді. Басшымыздың өмір өткелдерін, ұлағатты іс-əрекетін халыққа жеткізе беруден беліміз ешқашан талмауы керек. Мына кітап та сол қызметті лайықты атқарып тұр. Енді оны мектептерде, колледждер мен жоғары оқу орындарында ұжымдық оқуларды ұйымдастырса нұр үстіне нұр болар еді, дей келіп, өзінің халықтың қайнаған ортасында жүргенде кейде Президенттің өрелі істерін біле қоймайтын, ұға ал май тын адамдарды да кездестіріп қалатынын айтып өтті. Сонымен қатар, ол аз данамен шыққандықтан, осындай кітаптардың кейбір мектептерге бір данадан да жетпейтінін тілге тиек етті. Алайда, халыққа жеткізу үшін, қазақша айтқанда, илеуін келтіру үшін тым болмаса осындай кітаптар туралы оқу орындарында бір жиындар өткізіліп тұрғаны дұрыс болар еді, деді. «Президент» атты жинақта қамтылған əр жылдың материалдары жеке тарауға біріктірілген. Оның басы Президенттің балалық жəне жастық шағы туралы сөз етілетін мақала-сұхбаттан басталады. Бұдан əрі болашақ Мемлекет басшысының ұшқан ұясынан алған тəрбиесі мен өсу жолдары, үлкен өмірге қарай басқан алғашқы қадамдары, осының желісінде Днепродзержинскідегі оқыған жылдары, Елбасының туған жерге деген көзқарасы мен ол жөніндегі тебіренісі сөз етіледі. Келесі мақалаларда Елбасының қазақ тілінің мəртебесін көтерудегі рөлі, Есілдің бойына ел қондырған үлкен еңбегі, Қазақстанның даму жолын таңдаудағы кемеңгерлігі, сыртқы əлеммен қарым-қатынастағы сындарлы саясаты, осының негізінде жаһан жұрты санасатын тегеурінді тұлғаға айналуы жайлы толымды толғамдар айтылып, салиқалы сырлар шертіледі. Кітапта көптеген авторлардың Президенттің ел басқару ісіндегі кредосына, бағыты мен бағдарына ғылыми, философиялық жəне əлеуметтік тұрғыдан баға беруге құрылған талдамалы материалдарын да оқуға болады. Сондай-ақ, мұнда Нұрсұлтан Əбішұлының туған бауырларымен, бірге өскен достарымен жүргізілген сұхбаттар да қамтылған. Осында сөз болатын жайттарды Елбасы туралы түсірілген фильмдер бойынша жазылған шолу-рецензия тиянақтап береді. Кітаптың жарыққа шығуына «Самұрық-Қазына» ұлттық əл-ауқат қоры демеушілік жасағанын жоғарыда айттық. Ал құрастырушы белгілі журналист Серік Пірназар, оған көмектесіп газет тігінділерінен мақалаларды сұрыптаған Раушан Тəуірханқызы екенін айта кетуді парыз санадық. Сөйтіп, ел назарына Елбасы жайлы тағы бір ерекше еңбек жол тартты. Оны зиялы қауым өкілдерінің «Елбасытану эпопеясы» деп бағалауы əбден орынды. Осы еңбекті «Егемен Қазақстан» газеті Елбасының туған күніне тарту етіп ұсынады. АСТАНА.


8

www.egemen.kz

5 шілде 2015 жыл

 Тұлға тағылымы

ЗАМАН ЖƏНЕ КҐШБАСШЫ Уақыт адамдарды ұзақ мерзімде біріктірcе, заманымыз бір деп айтамыз. Сол уақыт аралығында өткен ірі тарихи оқиға – ел тәуелсіздігі мен жаңа мемлекеттің қалыптасуы адамдарды тағдырлас ететіні белгілі. Сондай сындарлы сәтте ел болашағына деген ең үлкен жауапкершілік ел басшысына жүктеледі және де мемлекет оның қабілетіне байланысты дамиды.

Əр адамның табиғи ұмтылысы – отбасын құрып, өмірге келген негізгі миссиясы өз ұрпағын, сол арқылы адамзатты дамыту болса, менің ойымша, əр ұлт, отбасы жиынтығы ретінде, өз мемлекетін құрып, адамзат өркениетінің даму үрдісіне үлес қосуы табиғи заңдылыққа жатады. Мен 1980-1993 жылдары Мəскеу болат жəне қорытпалар институтында екі жылдық ғылыми тəжірибеде, Мəскеудің тау-кен университетінде аспирантура, докторантурада болған едім. Сол себепті, Кеңес Одағының ыдырауын, жаңа тəуелсіз елдердің, оның ішінде өз елім – Қазақстанның егемендігін сонда қарсы алғанмын. Сексенінші жылдардың екін ші жартысында Кеңес Одағы эко номикалық, саяси тығырыққа тіреліп, сол жүйенің дəрменсіздігі байқалып, болашағы бұлыңғырлана бастады. Сол себепті, М.С.Горбачевтің «қайта құруды» қолға алып, оның да дұрыс жүргізілмегеніне байланысты қоғамда көп наразылықтар туындай бастаған еді. Сол уақытта, Мəскеу зиялыларының елге Н.Ə. Назарбаев сынды басшы керек, кемінде ол Министрлер Кеңесінің Төрағасына шақырылуы тиіс деген сөздеріне куə болған едім. Бұл біріншіден, Кеңес Одағының зиялы қауымының Н.Назарбаевтың талантты басшы ретінде үлкен əлеуетін бағалағаны болса, біздер қазақ жастары үшін зор мақтаныш еді. Əлі есімде, 1991 жылы 8 желтоқсанда кафедраға келсем, белгілі ғалым-профессорлар Л.А.Бахвалов, В.А.Горбатов, Л.Д.Певзнер: «Сіздердің Президенттеріңіз өте көреген адам, Беловеж кездесуіне бармай, əуежайда өз ойын еркін білдіріп, Қазақстанға қайтып кетті», деп өз ризашылықтарын білдірген еді. Артынан уақыт көрсеткендей, жетпіс жылдық тарихы бар кеңес империясы тарих тұғырынан «үштік» шешкен жолмен мүлде кеткен болатын. Өз басым құнсызданған кеңестік рубльдің барлық республикалардан Қазақстанға ағылып, одан кейін Қазақстаннан Мəскеуге «КамАЗ»-дармен тасылғанының куəсі болған едім. Ең маңыздысы, біз территориямыздың тұтастығын қантөгіссіз сақтап, жаңа, дербес, егемен ел болдық. Бұл халқымыздың Тұңғыш Президенті Н.Ə.Назарбаевтың болашақты алыстан болжайтын, ірі саясаткер ретіндегі сол кездегі көрегендік шешімі еді. Уақыт көрсетіп отырғандай, халықтың ел болуы, мемлекет болып қалыптасуы оның бірлігінде, біртұтастығында. Көпұлтты, көпконфессиялы Қазақстан үшін, сол жылдары қазақ ұлтының саны елде 50 пайыздан төмен болып тұрғанда, асығыстық жасау өте қауіпті болатынын, қазір əлемдегі қақтығыстарды көріп отырғанда түсінгендей боласың. Өйткені, барлық қақтығыстардың негізгі себептері ұлтаралық, дінаралық шиеленістерден туындауда. Сондайлардың салдарынан көп елдер дербестігінен, жерінен, елдігінен айырылып жатқаны баршамызға мəлім. Осы орайда, Елбасының кемеңгерлік көрсетіп, елдің бір лігін, мемлекетіміздің беріктігін сақтау тетіктерін қарастырып, Қазақстан халқы Ассамблеясын дер кезінде құруын айтуымыз керек. Қазіргі уақытта бұл жобаның тиімділігін жұрт көріп отырса, оның жасампаздығын əлем мойындауда. Бұдан басқа тек Қазақ еліне ғана емес, əлемдік маңызы бар мəселе – дінаралық татулықты дамытудағы Елбасының еңбегі ересен жəне де əлем жұртшылығының назарында. 1993 жылдың күзінде докторлық диссертациямды мерзімінен бұрын қорғап, елге оралдым. Өзім Мəскеуге жолдама алған Рудный индустриялық институтында кафедра меңгерушісі қызметіне кірістім. Жас мемлекетіміздің дамуына үлес қосу мақсатында 1994 жылғы Парла мент сайлауына қатыстым, бірақ өтпедім. Өйткені, бес пайыздан төмен ұлт өкілі тұратын қалада отыз пайыздан жоғары дауыс жинаудың өзі – жетістік, тəжірибе жинақтадым. 1994 жылы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік универ ситетінің жанындағы Жоға ры техникалық колледжге ректор болып тағайындалдым. Кейін 1996 жылы осы екі оқу орны бірік ті рілгенде университетті басқардым. Алғашқы рет Н.Ə.Назарбаевпен тікелей жүздесу мəр тебесі Солтүстік Қазақстан мем лекеттік уиверситетінде ректор қызметінде жүргенде, 1998 жылдың қазан айында болды. Кездесуден алған ағашқы əсер – ол кісінің қарапайымдылығы, кісіні тең дəрежеде қабылдауы жəне қандай тақырып көтерілсе де жан-жақты білгірлігін айтар едім. Ол уақытта облыста қиын кезең еді. Жарық пен жылу толық берілмей, жалақы, зейнетақы дер кезінде төленбейтін. Елбасы өз сөзінде бұл қиындықтардың өтпелі екенін, қазіргі уақытта бірлікті сақтап, қажырлы еңбек етуге шақырды. Жиналысқа келгендерді сендіре білді. «Қазақстанның солтүстік аймағында жоғары білімді сапалы мамандар даярлайтын университет бар екендігіне шын қуаныштымын, қазіргі заманға лайық мамандар осы жерде өркендейді», деп өзінің жылы лебізін білдіріп кетті. Осы өңірдің бұрынғы тұрғыны ретінде Президенттің ел астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіруі стратегиялық маңызы

Астана – ел тірегі, ўлт жїрегі Кеше қала күні мерекесіне орай елордадағы Абай ескерткіші алдында «Астана – ел тірегі, ұлт жүрегі» атты кітап жəне поэзия мерекесі аталып өтті. Шара мақсаты – еліміздің мəдени салтдəстүрлерін сақтау, дамыту жəне Қазақстанның ақын-жазушыларының шығармашылығын кеңінен насихаттай отырып, ұрпақты ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тəрбиелеу. Сонымен қатар, балалар мен жасөспірімдерді кітап оқуға ынталандыру, олардың шығармашылық əлеуетін оятып, шығармашылық қабілетін ұштау.

Ғалымқайыр МҰТАНОВ,

əл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик.

бар, дер кезінде қабылданған шешім болғанын баяндағым келеді. Өйткені, аймақтағы көпшілік үшін Алматыға қарағанда Мəскеу барлық жағынан жақын астана еді. Жеті жыл қызмет барысын да байқағаным, өңірдегі басқа ұлт өкілдері Н.Ə.Назар баев ты ұлтаралық келісімнің кепілі, сенімді басшы ретінде қабылдайтыны. Соның дəлелі үш айдан кейінгі Президент сайлауында облыс тұрғындары Қазақстан бойынша Н.Ə.Назарбаевқа көп дауыс бергені дер кезінде дер едім. Аз уақыт өткен соң, Президентіміз Білім жəне ғылым министрлігіне басшылық қызметке шақырды. Қызметке таға йындағанда: «Сен үйрен, үкімет дəлізінде жүріп ысыл, білім, ғылым мəселелерін кең ауқымда алып қарап, басқару тəжірибесін меңгер!» – деп Елбасы жолымды ашты. Бұл Мемлекет басшысының жастарды қолдап, үнемі қамқорлық жасайтын ерекше қасиетінің айқын көрінісі еді. Осы жолы Президент маған тікелей мақсатты тапсырма берді. Ол жекеменшік оқу орындарының көбейіп кеткендігін, оларды қысқарту керектігін айтты. Тапсырманы орындау барысында жоғары оқу орындарының санын 300-ден 171-ге түсірдік, білімді дамыту концепциясы дайындалды. Министрлікте үлкен кəсіби мектептен өттім. Қазақстанның Білім жəне ғылым министрінің бірінші орынбасары қызметін абыроймен атқардым деп ойлаймын. Сонда алған тəжірибелерім кейін өз пайдасын берді. Министрліктен кейін Шы ғыс Қазақстан мемлекеттік тех никалық университетінде ректор болып қызмет атқарғанда, Елбасы көрсеткен бағыттың көмегі мол болды. Университеттің заманауи үлгісі ретінде «университет-технопарк» жобасын іске асырдық. Халықаралық деңгейде жоғары бағаланған ШҚМТУ үздік инновациялық университет деген атаққа лайық болды. Өңірде іріірі республикалық, халықаралық іс-шаралар өтетін алаңға айналды. Мен ректорлық қызмет атқарған жеті жылда Елбасы үш рет университетке ат басын бұрды. Аймақтық университет үшін бұл ең үлкен мəртебе екенін атап өткім келеді. Шығыс өңірінің ғана емес, жалпы Қазақстан халқы үшін Елбасының Семей атом полигонын жабуы жəне де ядролық қарудан бас тартуы əлеуметтік қана емес, саяси жəне экономикалық маңызы бар уақиға болғаны барлық жұртшылыққа мəлім. Соның нəтижесінде əлемде ядролық жарылыстар тоқтатылып, тыныштық кезең қалыптасты. Елбасының салиқалы саясатының арқасында Қазақстан өркениет жолын таңдады. Стратегиялық деңгейдегі қабылданған дұрыс шешім елімізге шетелдік инвестициялар құюға кеңінен жол ашты. Қазақстан бұрынғы КСРО елдерінің арасында шетел инвестициясын тартуда ең алдыңғы орынға шықты. Қазақстанның қарқынды дамуына Елбасы стратегиялық бағытта жаңа көкжиектерді ашып берді. Кезінде ұсынылған 2030 стратегиясы мерзімінен бұрын орындалып, жаңа стратегия – «Қазақстан-2050» алдымызда тұр. Бұл стратегиялардың негізгі мақсаты, халықтың əлауқатын арттыру, озық елдердің үлгісіне лайық халықтың өмір сапасын сəйкестендіру, еліміздің

тұрақты дамуын қамтамасыз ету болып табылады. Осындай ірі жобаларды іске асыруға алысты болжай білетін Елбасымен қатар, ұлттың үлкен интеллектуалды əлеуеті қажет. Осы орайда, ұлттың озық, ұлы болуы оның санында емес, сапасында екенін атап өту керек. Еліміздің бəсекеге қабілетті адами капиталын қалыптастыру жолында Елбасы тынбай ірі-ірі жобаларды іске асырып келе жатыр. Бұлар интеллектуалды ұлт, «Болашақ» бағдарламасы, Назарбаев Университет, тағы да басқа жобалар. Көрнекті ғалым ретінде Елбасы əрқашан да білім мен ғылым дамуын басты назарда ұстап келеді. Əр ұлттың халықаралық мəртебесі, тарихтан алатын орны оның адамзат өркениетінің дамуына қосқан үлесіне байланысты. Қазақ ұлтының да көрнекті өкілдері арқылы өркениетке қосқан өз үлесін əлем жұртшылығы мойындайтыны анық. Адамзаттың екінші ұстазы атанған əл-Фараби, ұлы Абай, бертіндегі М.Əуезов, Қ.Сəтбаев сынды ұлт өкілдерінің əлемдік деңгейдегі еңбектерін ешкім жоққа шығара алмайды. Елбасының əлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауды, адамзат өркениетінің тұрақты дамуына қосқан үлесі осы уақытта халықаралық деңгейде өз бағасын алып жатыр. Əрине, Н.Ə.Назарбаев Қазақстандай жас дамушы елдің Президенті емес, егер алпауыт АҚШ, Қытай, Ресей, Үндістан сияқты ірі мемлекеттердің басшысы болғанда, Елбасының барлық ұсыныстарының, жобаларының нəтижесі де, еңбегінің бағасы да еселене түсері сөзсіз. Қазақта «Елдің атын ер шығарады» деген аталы сөз бар. Елбасының арқасында Қазақстан əлемге танымал болды, əлі де таныла бермек. Елбасының ірі тұлға ретінде, зор қабілет, ерекше жадының иесі, сонымен қатар, білетін адамдарға əрқашан да жылы көңіл білдіретінін, қамқорлықпен қолдап отыратынын ілтипатпен атап айтқым келеді. Өмір болған соң қиындығы, қызығы, ащысы мен тұшысы да болатыны белгілі. Ең қиындығы – адамға жат қасиеттер: əділетсіздік, жала жабу, мақсатты қудалау екенін басынан өткерген азаматтар жақсы біледі деп ойлаймын. Сондай жағдайды ҚазҰУ-де алғашқы ректорлық жылдарда өз басымнан өткізгенімді біреу білер, біреу білмес. Көп айтпай-ақ, үш жыл мерзімде университет жетпіске тарта тексеруден өтіп, бір жылда екі рет аттестациядан, екі рет аудиттен өткенін біздің ұжым жақсы біледі. Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған ғылыми еңбектің жиынтығы ретінде университетте са наулы таралыммен шыққан кітаптың техникалық ақаулардан кеткен кемшіліктерді пайдаланып, жала жабу – қай ғалымға болсын ауыр айыптау. Ұлтымыздың ардақты азаматы Б.Момышұлы: «Шындық əрқашанда жеңеді, бірақ кешігіп жүреді», деп айтқандай, кейін сол кітапты əлемдегі ең үздік баспа «Шпрингер» Нобель сыйлығының лауреаты Д.Нэштің жақсы пікірімен шығарғаны көпшілікке мəлім. Сол кездердегі, одан кейінгі кездесулерде «Ғалым, білемін, жақсы жұмыс істеп жатырсың, əрі қарай батыл жалғастыр» немесе «Саған көп қиындық тудыр ды ғой, жетістіктерің құтты болсын!» деп Шпрингер де алғашқы Қазақстандық дара автор болып шыққан кітабыммен құттықтағаны мен үшін өте қымбат, ең жоғары мəртебе, дер кезінде көрсетілген баға жетпес қолдау болды. Əр халықтың болашағы өс келең ұрпақпен, жастармен байланысты. Жастар ғасырлар бойы қалыптасқан жақсы ұлттық дəстүрлерді, келешекке

жетелейтін ізгі құндылықтарды жалғастырып, сонымен жаңашыл үрдіс қосып отырса, халықтың болашағы айқын да зор. Талай жыл кəсіби жұмысым жастармен байланысты болып келе жатқандықтан, көңіл толтырып айтатын жайт, еліміздің студент жастары талғампаз да талантты жəне олардың отансүйгіштігін ерекше айтар едім. Елбасына деген сүйіспеншілігі мол жəне зор сеніммен қарайды. Оған дəлел, өзім қызмет атқарған қай университетте болмасын, барлық президенттік сайлауда студент жастар ерекше белсенділік көрсетіп, əрқашан да Елбасына өз дауыстарын береді. Соңғы сайлауда əл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері бірауыздан қолдады, дауыстарын берді. Осыған орай, студенттердің, елдің ертеңіне кең жол ашатын геосаяси мəселелерге – Кеден одағы, Біртұтас экономикалық кеңістікке байланысты түсіністікпен қабылдаған пікірін айтқым келеді. Олар: «Елбасы жаңа Қазақстанды құрды, ол еліміздің дамуына кері əсер ететін ешқандай жобаларды қолдамайды. Сондықтан, біз Президентке сенеміз жəне де əрқашанда оны қолдаймыз!» – деп өз ойларын білдіреді. Болашаққа апаратын саясатқа жастар сенгенде, қолдағанда, ондай елдің болашағы алда жəне де жарқын. Жаңа мемлекет өз дамуында, ең алдымен, бодандықтың барлық түрінен арылып, жаңа кезеңде ұлтты болашаққа жетелейтін идеяны қажет етеді. Елбасының ұлттық идеясы – Мəңгілік Ел. Бұл бүкіл қазақстандықтардың басын біріктіретін, ел болашағына арналған ұлы идея Тəуелсіздік пен егемендікті ұрпақтан-ұрпаққа қалыбын бұзбай сақтап, аманат етіп отыратын ұлт идеясы осы Мəңгілік Ел болып қалмақ. Соңғы президенттік сайлаудағы əлем тарихындағы тең дессіз электораттық белсенді лік деңгейі халықтың өз Көшбас шысына деген сенімінің, оның топтасқандығы мен ортақ болашаққа ұмтылысының жарқын мысалы ретінде «Қазақстандық ғажайыптың» тағы бір айғағына айналды. Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік сайлаудағы айшықты да айқын жеңісі Қазақстан Көшбасшысының елімізді мақсатты да тұрақты дамыту жөніндегі орасан зор, тынымсыз жұмысының нəтижесі. Əр сайлау – таңдау. Президенттік сайлау – бүкілхалықтық таңдау. Өзінің Тұңғыш Президентінің басшылығымен Қазақстан мем лекеттік құрылыстың алғашқы екі кезеңінен сеніммен өтіп, орныққан мемлекет жағдайына жетті. Президенттік сайлау еліміз дамуының тұтас бір мерзімін тəмамдап, жаңа, үшінші кезеңнің баспалдағына айналды. Қазақстан қоғамының терең институттық трансформациясы осы кезеңнің негізгі мазмұны болып отыр. Əлемдік деңгейдегі стратег ретінде Н.Назарбаев қазақстандық қоғамның жүйелі жаңғыруының бес қағидатын ұсынды. Алға қойылған мақсаттарға жету жолы болып табылатын, «Мемлекеттік құрылыстың 100 нақты қадамынан» тұратын Ұлт жоспарын жария етті. Бұл осы уақытта əлемде теңдесі жоқ қадамдар Мəңгілік Елдің орнығуына апаратын батыл да нақты ұлттық бағдарлама. Талай ғасыр бойы «мың өліп, мың тірілген» қазақ халқы үшін əлем картасында мəңгілік Қазақстанның орнығуынан асқан бақыт жоқ, одан биік мақсат жоқ! АЛМАТЫ.

Салтанатты шараны Жазушылар одағының Астана қалалық филиалының төрағасы, ақын Несіпбек Айтұлы ашты. Бұл поэзия мерекесі біздің қоғамымыздың жаңаруы мен дамуына, мəдени құндылықты насихаттауда шынайы құлшыныс бар Астана қаласының зиялы қауым өкілдері мен жас ақындар қатысатын шығармашылық алаң болмақ. Көкірегін шаттық пен қуаныш кернеген жас ақындар Астанаға арналған өлеңдерін оқып, мерекеге қатысушылардың рухын асқақтатты. Биылғы кітап жəне поэзия мерекесі Қазақ хандығының 550 жылдығы, ҰОС Жеңісінің 70 жылдығы, мен ҚХА – 20, Конституцияның – 20 жылдығы жəне Ұлы Абайдың 170 жылдығы аясында өтті. Астана қаласы əкімдігінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ ұйымдастырған 20 метрге созылған «2015 жыл – ұлттық тарихымызды ұлықтау, бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы» атты кітап көрмесі де поэзия мерекесінің мəнін арттыра түскендей болды. Кітап көрмесі Астананың тарихы, жемісі мен жеңісі, жеткен жетістіктері мен жоғарыда аты аталған айтулы даталарға орай, бас-аяғы 650 кітап қойылды. Мерекелік бағдарлама аясында Қазақ хандығының 550 жылдығына арнаған М.Горький атындағы орыс драма театры əртістерінің орындауында «Сақ патшайымы – Тұмар» қойылымынан үзінді берілді. Əлемдегі ең атақты əйел патшалардың бірі Томирис ханшаның жеңілуді білмейтін асқан қаһармандығына көрермендер қанық болды. Сонымен қоса, ҰОС Жеңісінің 70 жылдығына арналған Тарихи фактілер калейдоскобына тоқталып өтсек. Бұл блокта 2015 жылдың 2 сəуір айында 10-16 жас аралығында мектеп оқушылары арасында «Мəңгілік Ел» тақырыбына өлең жəне «Мен атаммен мақтанамын!» шығарма жазу сайысы жарияланған болатын. Сол сайыстың қорытындысы бойынша жеңіске жеткен жеңімпаздарға қала əкімдігінің арнайы сыйлықтары мен Алғыс хаттары табысталды. Сондай-ақ, соғыс ардагерлеріне қошемет көрсетіліп, əскери хордың қатысуымен концерттік бағдарлама берілді. Шара шеңберінде Ұлы Абайдың 170 жылдығына арналған Абай оқулары «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе» шығармаларын мəнерлеп оқу, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» əдеби марафонына Астана қаласының барлық мəдениұлттық орталықтары қатысты. Олар өздерінің ұлттық салт-дəстүрлерін, мəдениеті мен əдет-ғұрпын көрсете отырып, өз тілдерінде əн шырқап, ұлттық билерімен қала тұрғындарын қуанышқа бөледі. Биылғы жылы да поэзия мерекесін ерекшелендіретін кітапханалар жүйесі 2013 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан дəстүрлі шара – «Оқы, Астана! Оқитын кез келді» атты акция. Аталмыш шара барысында кітапханаларда жыл бойына үзбей кітап оқыған оқырмандар арнайы сыйлықтармен марапатталды. Жəне Астана кітапханалары туралы ақпараттық буклеттер мен ақынжазушылардың кітаптары үлестіріліп, сала қызметкерлерінің қатысуымен флэшмоб орындалды. Раушан ТƏУІРХАНҚЫЗЫ, журналист.


www.egemen.kz

5 шілде 2015 жыл

9

 Ізгілік иірімдері

Балалар їйініѕ баєбаны «Шығыстың шынары» деп əнге қосып айтатын Шымкент қаласының тарихы тым əріде, кем дегенде, 2200 жылды құрайтыны ғылыми негізде анықталды. Археолог Бауыржан Байтанаев жетекшілігімен Шымкентте жүргізілген қазба жұмыстары барысында көнелігіне осындай айғақтар табылды. Бұл біздің археологиямыздың үлкен табысы деп білеміз. Қазба материалдарымен шегенделген бұл қаланың «өмір жасы» əлі де ұзара түсуі мүмкін. Мұндай жорамал айтуға негіз жоқ емес. 1890 жылы «Дала уалаяты» газетінде «Ташкент қаласы тұрасынан ташкенттік Рақым-қожа Ғали-қожа ұғлының айтқаны» атты мақала жарияланды. Бұл Шымкент қаласы атының қазақ газеті бетінде тұңғыш аталуы болса керек. Онда ерте ықылым заманда Қазақстан мен Орталық Азияда қалалар болмағаны, қала, кенттерді Афрасияб салғызғаны айтылады: «Сол уақыттарда Түркістан жақтарында үлкен-кіші қалалары болмай, ол уақыттағы халықтардың бəрі де шаһар-күрке, жер үйлерде тұрған екен. Осылай қылып Тұран халықтары неше жылдай тұрыпты... Салар-Түркан, яғни Афрасияб дегендер келіп Түркістанды бұлардан тартып алып өздеріне мүлдем қаратып алған соң бек көп халықтар жиылып, арнап арықтар шығарып, қанша қыстаулар, кенттер болмағына себеп болды... Мұнан соң Түркістанда көп кенттер салып, əрқайсысының бас-басына былай деп ат қойыпты: Зəркент, Фаркент, Піскент, Шымкент, Фанакент, одан өзге кенттер». Міне, осы аңызға қарасақ, Шымкент қаласының негізін сонау атақты қаһарман Афрасиябтың өзі қалаған жəне қаланың атын тарихи тұлғаның өзі қойған болып шығады. Бұл аңызда Афрасиябтың аталуы Шымкентті сонау атақты тұрлар дəуіріне апарады, яғни қала іргесінің қалануы 2200 жылдан да əріге кетіп қалады. Тұрларды парсы деректері сақтар, грек жазбалары скифтер деп атағаны белгілі. Көптеген көне қалалар ескі деректерде бірнеше атаулармен белгілі болған. Мысалы, Отырар – Фараб, Түркістан – Ясы, Азрет, Хазретті Түркістан, Тараз-Талас – Əулиеата, Ташкент – Шаш, Самарқанд – Мараканда. Біз əдетте Шымкенттің бір ғана атауын білеміз. Осы атауды да бастапқыда кейбір зерттеушілер Ташкент – «тас қала» үлгісінде пайда болған урбоним, яғни «шымнан салынған қала» деп қате түсіндіріп келді. Шымкент урбонимі «шымнан көтерілген қала» деген мағынаны білдірмейді, оның «жасыл қала», «шым жерде орналасқан қала» екенін кейінгі ғылыми еңбектерде жер атауларын зерттейтін бір топ маман дəлелдеді. Шымкенттің ерекше жасыл қала екенін Кеңес өкіметі орнамай тұрып-ақ шыққан жарияланымдарда атап өтіледі. Мысалы, 1915 жылы жарық көрген «Қазақ» газетінде Зəкір Ғайсин деген зиялы азамат Шымкенттің егінге, бау-бақшаға жайлы екенін қызыға жазады: «Шымкент қаласы – ауасының тазалығы, жерінің егіске қолайлылығымен Сырдария облысында бірінші жер. Қаланың оңтүстік жағында үш шақырым шамасында Қошқар ата дейтін əулиенің зираты бар. Соның түбінен аққан күмістей жылтыраған таза бұлақ суы бұралып қаланың тап ортасынан жарып өтеді. Құдайдың адам балалары үшін тегіс пайда көріп, бау бақша өсіріп, қаланы безендіріп көркейткен халық – орыстар, одан кейін сарт бауырларымыз екен. Ал біз мұнда 25 февральда болып едік. Қаланың сырт жағына шығып жүрдік. Жер жүзі түрлі шөптер бəйшешектермен қапталып, масатыдай құлпырған. Аспанға қарасаң түрлі-түрлі əнге басқан құстар. Мұның бəрі бізге май айын еске түсірді». Қалада алғаш болған осы автордың негізгі ойына қосыла отырып, бірақ оның Шымкентті жасыл қала еткен орыстар деп жазғаны тарихи деректерге қайшы келетінін айта кеткен жөн. Шымкенттің бау-бақшалы шырайлы мекен екенін Ресейге енді қараған кезде-ақ, яғни ХІХ ғасырдың екінші жартысында қалада болған орыс саяхатшылары атап өтеді. Мысалы, 1866 жылы Шымкентте болған жазушы А.К. Гейнс қаланы былай сипаттайды: «Шымкенттің сыртқы көрінісі өте қызық... Əрбір үй айналасына ағаштар егілген. Олар шарбақ сыртына шығып көше бойы арнайы отырғызылған аллея сияқты. Кейбір көшелерде биік теректердің, сəмбіталдардан түскен қою көлеңке үнемі болатын сияқты. Шымкентті аралап шығып талы, ағашы жоқ бірде бір ауланы кездестірмедім». Одан бір жыл кейін келген атақты суретші В.В. Верещагин қала туралы мынадай жазба қалдырған: «Шымкент баулардың астында қалған. Алыстан тек ағаш теңізі жəне жартылай бұзылған қамал басы көрінеді». Шымкенттің орыстар келмей тұрғанда да баулы жасыл қала болғанын осы жазбалар айғақтап тұр. Шымкент қаласының атауы алғаш рет ХV ғасырда «Зафар-наме» атты Шараф ад-Дин Али Йаздидің жазба нұсқаларының беттеріне түскені белгілі. Шығыстанушылардың пікірінше, бір қолжазбаларда Чими-Кент, екіншісінде Чаманкент болып жазылыпты. Соңғы үлгідегі «чаман» сөзі тəжік пен парсы тілдерінен аударғанда «шым», «алаң» дегенді білдіреді екен. Қазіргі қазақ тілінде бұл сөзге жақын «шабын, шабынды, шабындық» деген сөздер бар. Яғни, кейбір көне нұсқалардағы Шымкенттің Чаман кент атауы да шымды, жасыл қала дегенді білдіреді. Шымкент атауының екінші бөлігі – кент сөзі туралы ғылыми əдебиетте аз жазылмаған. Түркі тілінде алғаш кент сөзінің мағынасын түсіндірген Махмұд Қашғари болатын. Ол оғыздарда елдімекен атауы, ал жалпы, түрік үшін бұл ұғым қала дегенді білдіреді деп көрсетеді. Кент сөзінің этимологиясы туралы жазғандардың барлығын қайта тізіп келтіріп жатуды артық көріп отырмыз. Біз тек Құрбанғали Халидидің «Тауарих хамса» атты еңбегіндегі мына пікірге назар аударғымыз келеді: «Қазақтар қоршаулы елді «қорған», базарлы жерді «кент» дейді». Яғни, аймақтың сауда-саттық орталығы

Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан».

Кґне кент Оныѕ ќазаќ хандыєы дəуіріндегі атаулары Мұхтар ҚОЖА,

тарих ғылымдарының докторы, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры,

Ержан ЕСЖАН,

тарих ғылымдарының кандидаты, Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайының директоры.

болып табылатын елді мекендерді қазақтар осылай атаған. Жалпы, Қазақстан аумағында сонау қола дəуіріне жататын алғашқы қала іспетті (протогород) ескерткіш орны Кент деп аталатыны жəйдан-жəй болмаса керек. Кейбір ғылыми зерттеулерде Шымкент қаласының орыс деректерінде алғаш аталуын əдетте ХІХ ғасырға жатқызады. Бұл – қате көзқарас. Біз осыдан 20 жылдай бұрын көрсеткеніміздей, Шымкент қаласы алғаш 1691 жылы орыс құжатына Чимыгэт үлгісінде қағаз бетіне түскенін жазған болатынбыз (Қожаев М. Шымкент ХVІІ ғасырда // Жібек жолы журналы, 1994, № 13-17). В.А.Моисеевтің 1991 жылы жарияланған «Джунгарское ханство и казахи ХVІІ-ХVІІІ вв.» атты монографиясында жоңғар мен қазақ хандықтары арасындағы соғыстар сипаттала келе, 1691 жылдың наурыз айында жоңғар елшілері Аюка-Кашка мен Очин-Кашканың Иркутск қаласының бастығы Л.И. Кислянскиймен болған əңгіме баяндалады. Онда елшілер жоңғар қонтайшысы Қалданның ламаистік дінді тарату мақсатымен қазақ жеріне жасалған жорығын баян етеді. Аюка-Кашка мен Очин-Кашка осы соғыс барысында қазақ ханы Тəукенің бірнеше қаланы басып алғаны, олардың ішінде Сайрам, Менкент, Қараспан, Чимыгэт, тағы басқалар екені аталады. Осы он бір қала тізімінде бесінші болып аталған «Чимыгэт» Шымкент екені күмəн тудырмайды. Оның атауы дерекке бұрмаланып түскен деп санаймыз. Жоңғарлардың Түркістан қаласын онда Тəуке ханның өзі əскермен отыруына байланысты ала алмағаны, Ташкент өз еркімен қақпасын ашып алым салық төлегеннен аман қалғаны, елшілер басқа аталған қалалардың барлығы қарсылық көрсеткен соң талқандалғанын, тұтқынға Тəуке ханның бір ұлы түскенін хабарлайды. Яғни, жоңғар шапқыншылығы кезінде шымкенттіктер басқа қалалықтар сияқты жаумен аянбай соғысып сол үшін қаланың қиратылғанын байқай аламыз. Осы деректе – Шымкент ауыл-қыстақ емес, қала, шаһар ретінде аталуымен құнды. Оңтүстіктегі қалалардың өркендеуіне Тəуке хан тұсында көп жағдай жасалса керек. Бүкіл қазақтың мемлекеттік мəселелерін талқылау үшін қазақ элитасы Түркістанда, Шымкент, Сайрамның қасындағы Мəртөбеде жиналып отырған. Н.И. Гродековтың қазақ билерінен жазып алған мəліметтерінде «Үш жүздің үшеуі де жыл сайын кеңесу үшін Мəртөбенің басына жиналатыны» айтылады. Яғни, Шымкент қаласы орыс деректерінде Қазақ хандығы дəуірінде, дəлірек айтсақ, ХVІІ ғасырда, Тəуке хан кезіндегі оқиғаларға байланысты аталған тəрізді. Шымкент ХVІІІ ғасырдың басында Ташкенттік саудагер Н.Алимовтың мəліметінде Сайрамнан кейін аталған Чимин атты қала болып келтірілген. Чимин Шымкенттің қағазға бұрмаланып түскен атауы. Онда ол Ұлы жүз ханы Жолбарыс (1720-1739) алым-салық жинайтын қалалар тізімінде аталады. Мұны біз қазірше орыс деректеріндегі Шымкенттің екінші аталуы деп түсінуіміз керек. Бұл қала ХVІІІ ғасырда да қазақ хандарына қарасты болғаны құжаттарда нақты көрсетуімен де маңызды. Ал 1758-1759 жылдары Қазақ еліне келген қытай өкілдерінің есептерінде Ćimken үлгісінде жазылған. Қазақ ауыз əдебиет үлгілерін жинаушы Əбубəкір Диваев атақты қазақ ақыны Майлықожадан жазып алған «Шора батыр» туралы тарихи əңгімеде Шымбастау деген жерді атап, оны Шымкент қаласы деп көрсетеді. Осы шығармада əулие Мұхаммет Дəруіш ата аталады. Мұндай əулиенің кесенесі Шымкент шаһарында болғанын, кеңестік дəуірде оны жермен жексен етіп бұзып тастағанын көпшілік біле бермейді. Шымбастау да жасыл, шымды жер екені, оның Шымкенттің бір атауы екені байқалады. Яғни, жоғарыда келтірілген

мысалдардың барлығы Шымкент атауының шығуы, оның тіршілікке өте жайлы суы мол, шымды жерде орналасқанын көрсетіп тұр. Шымкент атауы Кенесары көтерілісіне қатысты 6 маусым 1840 жылғы жазылған құжатта кездесетініне де назар аударғымыз келеді. Бұл орыс əкімшілігіне Токин болысы сұлтанының хат жазушысы Құдайқұл Майлыбаевтың Кенесарыда тұтқында болғаны, осыдан Созақ, Ташкентке қарасты біраз жерлерді шарлап шыққаны баяндалатыны оның жазбаша түсінігінде кездеседі. Осы құжатта ол «бүлікшіл» Кенесары қазір Чим қаласында деп көрсетеді. Құжат тілімен сөйлесек, «Мятежник Кенесары, как он слышал, удаляется ныне в пределы Хивы, опасаясь преследования отрядов, и находится ныне в городе Чиме». Біздің пікірімізше, осы жерде аталған «город Чим» деген атау Шымкентке сай келеді. Қазір де Шымкентті Шым қала деп атау кездеседі. Ал ХІХ ғасырдағы қоқандық «Тарих-и Шахрухи» атты жазба деректе «Ескі-Шымкент» аталады. Осыған қарағанда Ескі Шымкентпен қатар Жаңа Шымкент болуы тиіс. Бұлар қазіргі Шымкенттегі жаңа шаһар мен ескі шаһар сияқты қала бөліктері болған деп түсінуіміз керек. Шымкент қаласының ертедегі аты кейбір зерттеушілердің пікірі бойынша Нуджикент (кейде Нужкет үлгісінде), қытай деректерінде осы қала орналасқан аймақ шаһар атымен Нучицзянь деп аталыпты. «Қазақстан тарихы туралы қытай деректемелерінің» І томында «Да Тан Сиюй цзи» атты еңбекті аударушы жəне түсініктемелерін жазған С.Сұңғытайдың пікірінше, Нучицзянь, Нушицзе, Синьчэн, Сяошиго (Кіші Шаш) атауы араб-парсы деректемелеріндегі Nujakath (жаңа қала), Nujabahkend (ақсүйектер қаласы) дегендерге сай келеді. Бұл қала орны қай жерде, қазіргі қай қалаға сай келеді деген сұраққа қытай ғалымдары қазіргі Шымкент немесе Ташкент түбіндегі Ханабад қаласы болуы мүмкін деп жорамалдайды екен. Шымкент қаласының көне атауларына назар салғанда атақты ақынымыз Майлықожаның мына жолдарына ерекше көңіл бөлу керек: «Жеті кенттің біреуі Шымкент пенен Сайрамы». Шымкент қаласын Жеті кенттің біреуіне жатқызу – бұрын зерттелмеген мəселе. Алайда, нақты деректердегі мəліметтер Жетікент біздің Оңтүстік Қазақстан аймағында болғанын көрсетеді. Оны Шəді төренің Абылай хан Ташкентке жорық жасамай тұрып Жеті кентті өзіне қаратқаны төмендегі өлең жолдарынан байқалады: «Ташкеннің Шымкент шаһары жолында еді, Əкімі өзі бастап алып келді. Ордаға Абылай ханды түсіріп, Неше күн бар қосынға тағам берді. Шымкентте қарар алып аз күн тұрып, Одан да жүріп кетті жолға кіріп. Ташкенде фарманашы Абылай ханнан, Тұрады жансыздардан хабар біліп. Ханменен ұрыспаққа көңілі кетті, Бекітіп дарбазасын меһкам етті. Шаһардың əр шетіне топ орнатып, Əр түрлі аспаптарын құп түзетті. Бағзының ұрыспаққа көңілі кетті, Бағзысы қарамақты қабыл етті. Ат қойған Хожанияз бір қариясы, Бұл түрлі халық ішінде сөз көрсетті. Абылай хан жеті кентке бұрын келді, Ұрыспай оның халқы үкіміне енді». Ш.Уəлиханов Абылайдың Ташкент жəне Ходжентпен соғысы барысында оның Жеті кентті алғанын жазды: «увенчалась взятием семи городов». ХІХ ғасырдың басында орыстар жасаған жəне «Изображающую степь прилегающую к Российской границе и занимаемую Киргиз-кайсаками большой, средней, и малой орды...» деген картада Арыс пен Бадам өзені ортасында қала белгісі салынып оны «гор. Житы Кент» деп көрсеткен. 1867 жылы Шымкент уезі туралы жазылған орыс тілді бір мақалада осы аймақта «Джетыкенд (семи град)» атты қалалардың бары, оларға

Шымкент, Сайрам, Манкент, Қарабұлак, Қарамұрт, Султанрабат, Джанганглык жататыны көрсетіледі. Яғни, Жетікент деп Шымкент жəне оның айналасындағы елді мекендер аталған. Жетікент атауын Мұхаммед Хайдар Дулати шығармасынан да кездестірдік. «Тарих-и Рашиди» еңбегінде темірлік билеуші Əбу-Саид Моғолстанда өзін жақтаушы Жүніске 1457-1458 жылдары иелікке Йатикентті бергені айтылады. Ғылыми əдебиетте бұл қала Ферғананың шығысында деп саналады. Ферғанада шынымен аттас қала болған, ол соғдыша Хафт-дех, яғни «Жеті елдімекен» делінген. Алайда, Орталық Азияның ортағасырлық тарихында аттас қалалар, аймақтар кездеседі. Мысалы, Отырардағы Фарабтан басқа Ферғанада тағы Фараб қаласы болған. Қадырғали Жалаири еңбегіндегі ЙеттиКент атты қала туралы мəтінге қарасақ, (Н.Н. Минғулов аудармасы бойынша) онда Шу, Талас, Ыстықкөл, Текелік, Алмалық, Іле, Қаратал атты су-өзендер аталып, Йетикент сол тарапта деп көрсетіледі. Аталған өзендердің бірде-бірін Ферғанаға жатқызу мүмкін емес. Яғни, бұл жерде аталып отырған Йетикент-Жетікент Талас аңғарына, Жетісуға жақын. Расында, Шымкент пен оның айналасында орналасқан ескі қалалар аймағы Талас өзені орналасқан Жамбыл облысымен шекаралас жер. Біздің пікірімізше, Жетікент деп бір қаланы емес, көп қалалар шоғырланған аймақ аталған. Қазақстанда Жетіжар деп нақты жетіден көп жары бар жерді, Жетікөл деп көп көлдер бар жерді белгілеген. Жетісу деген атаудың өзі нақты жеті өзені бар өлкені белгілемейді, ол суы, өзені көп аймақты белгілейді. Арыс пен Бадам арасы көне қалашықтар қалдықтары көп аймақ екені белгілі. Буддалық монах Сюань-Цзанның 629 жылы Үндістанға жасаған саяхатының жазбаларына назар салсақ, Тараз, Ақсу, Күнгу мен Ташкент арасындағы аймақты сипаттай отырып, мұны Нуджекет мемлекеті деп суреттейді. Қытай деректемесі бойынша, «Жері құнарлы, егіншілікке қолайлы, от-шөп, орман-тоғай, гүл-бəйшешек пен жеміс-жидекке аса бай, сондай-ақ, тым құнды бағаланатын жүзім де көп өндіріледі. Бұл елде жүзге тарта елді мекен (кент) бар, олардың əрқайсысының өз билеушісі бар. Əр қаланың (кенттің) өз билігі өзінде, бір-біріне өзара тəуелді емес. Əр қаланың өз алдына жеке шекарасы болғанымен, алайда, олар біртұтас Нужкет мемлекеті деп аталады». Табиғи ортасы Шымкент қаласы мен оның айналасына дəл келетіні байқалады. Таяуда шығыстанушылар Атығаев пен Жандосова Иранда сақталған Алам-ара-йи Шах Исмаил Сафави қолжазбасында қазақтың ханы Қасым «мыңдаған қала мен елдімекендер бар» аймаққа өз əкімдерін қояды жəне ол далалық аймақтың оңтүстігінде, Ташкент пен Баркентке дейінгі аумақта деген мəлімет тапты. Яғни, бұл «мыңдаған қала мен елді мекендер бар» аймақ Ташкентпен шекаралас жатқан қазіргі Оңтүстік Қазақстан жері, оның қалалары. Енді мына байланысқа назар салайық. Ескі қытай жазбаларындағы «жүзге сай елдімекені – кенті бар аймақ» – Нужкет, қазақтың көнекөз зиялылары айтқан көп кентті, көп елді мекенді аймақ ұғымын білдіретін Жетікентке, оның бірі болған Шымкентке сай келіп тұр. Яғни, орта ғасырдағы деректерде кейде нақты Шымкент деп аталмаса да Жетікент деген ұғым ішінде Шымкент қаласы бар деп санауға негіз бар. Сонымен, Шымкент қаласының ортағасырлық жəне Қазақ хандығы дəуіріндегі атаулары мыналар деп айта аламыз: Чими-Кент, Чаманкент, Шымбастау, Чимыгэт, Чимин, Ćimken, Шымқала, Нучицзянь, Нушицзе, Синьчэн, Сяошиго, Nujakath, Нужкет, Жетікент, Йети-Канд, Йети-Кент. Бұл атаулар шетелдік елшілердің, саяхатшылардың, қызметшілердің тілдеріне орай өзгертіліп отырған. Жаңа табылған деректер Шымкент қаласының Қазақ хандығы құрамына ХVІ ғасырда Қасым хан тұсында қарағанын көрсетеді. Қазіргі белгілі болған тарихи мəліметтер Шымкенттің Тəуке хан, Жолбарыс хан, Абылай хан билік жүргізген кезеңдерде белгілі қала болғанын айғақтап тұр. Оңтүстік Қазақстан облысы.

Таяуда Үржар ауданының Науалы ауылындағы балалар үйінде болдық. Бізді қарсы алған Тұрсын Домбалановтың балалар үйінің басшысы болып еңбек еткеніне 30 жыл толыпты. Бастапқыда мектеп ретінде салынған ғимарат 1934 жылы балалар үйіне берілген екен. Тағдыр теперішін тартқан талай баланың топшысын бекітіп, өмірге жолдама берген мекеменің өзіндік ерекше тəлім-тəрбиесі бар. Айталық, басшысынан бастап балалардың баршасы бағбан екенін байқадық. Балалар үйінің ауласына енген сəтте тап-тұйнақтай таза, жасыл желекпен көмкерілген ерекше эстетикалық көрмеге тап болғандай əсерде қаласыз. Қауыз жарған қызғалдақ пен мамыр гүлдің жұпар иісі мұрын жарады. Жергілікті шеберлердің қолынан шыққан ағаш мүсіндер көз тартарлық. Айнала мəуелі жеміс ағаштары. Ұқыпты қолдан шыққан, тақта-тақтаға дестеленген бақша баршылықтың белгісі іспетті. Мекеме жетекшісінің айтуынша, балалар үйінің ауласында 60 түптен астам жеміс ағашы, оның ішінде алма, алмұрт, алқоры, өрік, шабдалы, шие, жүзімнің түр-түрі өсіріледі. Шілденің орта шенінде жеміс ағаштары алғашқы жемісін төге бастайды екен. Бір ғажап көрініске қайран қалдық. Алма мен алмұрт ағаштары бір тамыр, бір діңнен нəр алып тұр! «Бағбандық деп осыны айт!», дедік таңданысымызды жасырмай. Жолбасшымыз – Үржар ауданы əкімінің орынбасары Серікқазы Сəдуақасов балалар үйіне бет алғанымызда Тұрсын Нүсіпұлының ерекше еңбекқор екенін айтқан болатын. Десе дегендей, осыдан отыз жыл бұрын бұл мекеменің ғимаратынан басқа түгі болмаған екен. Қазір балалар үйінің өзінде 8 ғимарат, отбасылық үлгідегі үй, клуб, монша, жазғы лагерь, саяжай жəне бірнеше көліктері бар. Мекеме басшысы мұның барлығы мемлекет қамқорлығы мен балалар еңбегінің нəтижесі екенін жеткізді. Мəселен, балалар жылыжайда өздері өсірген қиярды қарашадан бастап, наурызға дейін тұтынады. Одан бөлек, 2 гектардан астам аулада өсірілетін бау-бақша дақылдары – қыстыгүнгі балалардың қорегі. Əр балаға бекітілген бақша телімі бар. Яғни, балалар үйінің тəрбиеленушілері маңдай терлерімен өсірген жемісжидектерінің құнын біледі. Бүгінде 52 бала тəрбиеленіп жатқан балалар үйінің Тарбағатай тауының бөктерінде жекеменшік саяжайы бар. Бірнеше жыл бұрын Мəжіліс депутаты Нұртай Сабильяновтың көмегімен 6 млн. теңгеге сатып алған саяжайда балалар жазғы демалысын өткізеді. Онда ара ұялары бар. Балаларға қыста – 20 грамм, жазда – 30 грамм бал беріледі. Жалпы, Үржар өңірі – алма ағаштары тез өнетін құйқалы жер. – Мекемемізге облыстық қазынадан қаражат бөлінеді. Десе де, балаларды үнемшілдікке, ысырапшылдыққа жол бермеуге, шаруашылыққа үйретеміз. Балалар жердің əр бөлігін пайдалануды біледі. Өнімдерімізді қоймаларда сақтаймыз, – деді Т.Домбаланов. Тұрсекең расында жоқтан бар жасауға шебер жан екен. Көне мекеменің бұзылған ғимаратының іргетасының өзін бау-бақша дақылдарының атызы ретінде пайдаланып отыр. Жемістерінің ішінде белградтық тұқымдар, алманың америкалық түрлері кездеседі. Үйме топырақта өсетін өнімнің түсімі мол. Голландтық көгал емес, даладағы саздан ойып əкелінген шыммен төңірек түгел жап-жасыл кейіпке енген. – Аула əдемі болып тұрса, балалардың көңіл-күйі де жоғары болады. Бұл оларды эстетикаға тəрбиелейді, – деді ол. Мекеме басшысы отбасылық үлгідегі үйлердің қажеттілігін, ондағы баланың бауырмал болып өсетіндігін айтады. Науалы балалар үйінің отбасылық үлгідегі үйінің тəрбиеленушілері татулығымен, еңбекқорлығымен үнемі үлгі болып келеді. Қазір бұл балалар үйінің түлектері елімізде, шетелдерде жемісті еңбек етуде. Олар түлеп ұшқан ұяларын ешуақытта ұмытқан емес. Мəскеуде жанармай құю бекетін ашып, атауын «Науалы» деп жазған кəсіпкер азаматтар да осы мекеменің түлектері. Біз қоштасар сəтте, қақпадан бір топ меймандар кіріп келе жатты. Бала-шағаларымен келген қонақтар – Науалы балалар үйінің түлегі Жағыпар Сүлейменов есімді азаматтың өсіп-өнген əулеті болып шықты. Қанат есімді баласы əкелерінің осы балалар үйінде тəрбиеленгенін, Ұлы Отан соғысына қатысып, екі мəрте «Ерлігі үшін» медалімен, «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталғанын жеткізді. – Əкеміз Жағыпар Сүлейменов Вася деген досымен бірге Науалы балалар үйінде өскенін үнемі айтып отыратын. Екеуі осы жерде мектеп бітіргеннен кейін, əскерге де бірге аттаныпты. «Біз əскерге барғанда, соғыс басталды. 1941 жылы алғашқы ұрыстардың бірінде қатты жараландым. Сол кезде Вася мені арқалап алып, шепті бұзып өту үшін жанталаса жүгірді. Васяға: «Екеуміз де өлгенше, біріміз тірі қалайық. Мені тастап кет» дедім. Алайда, досым жау қолына қалдырған жоқ. Сөйтіп, екеуміз де тірі қалдық. 1945 жылы Рейхстагқа жеңіс туы тігілгенде, бүкіл кеңестік жауынгерлер аспанға оқ атып тұрған едік. Васяға сол кезде əлдеқайдан атылған оқ тиіп, кенеттен қайтыс болды. Тығылып жатқан фашистер атты ма, əлде басқа ма, білмедік. Жалғыз туысым да, досым да сол еді», деп əкеміз бірге өскен досын бертінге дейін аузынан тастамай айтып, еске алып отырушы еді, – деді Қанат. Біз Сүлейменовтердің Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына орай, аталары өскен балалар үйіне бағалы сыйлықтар əкеліп, салтанатты түрде табыстағанына куə болдық. Олар ертесіне əкелері мен оның қарулас серіктерінің рухына бағыштап, Таскескен ауылында өткізетін ас пен бəйгені тамашалауға балалар үйінің үздік оқитын оқушыларын сұрап алып жатты. «Жетім көрсең жебей жүр» дейді. Ал тағдыр тəлкегіне түскен кінəсіз бүлдіршіндерді еңбекке баулудың жөні мүлде бөлек. Бірлігі жарасқан бақуатты балалар үйінен мерейленіп шықтық. Өзге ұлт өкілдерінің балалары көптеп тəрбиеленіп жатқан мекеменің жеткіншектері мемлекеттік тілді еркін меңгергендіктерімен де қуантты. Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы.


10

www.egemen.kz www.egemen.kz

5 шілде 2015 жыл

а д р о л е й е д і г е т р Е

Суреттерді түсірген Ерлан ОМАРОВ.

«Егемен Қазақстан» газетінің келесі нөмірі 6 шілде, дүйсенбі күні шығады.

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 273-07-87.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru, egemenkz@maіl.kz. Интернет-редакция: ekazakhstan@mail.ru Алматыда: факс (727) – 273-07-87, электронды пошта – egemalm@mail.ru

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – 8 (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – 8 (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – 8 (712-2) 31-74-13; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

Көкшетау – 8 (716-2) 25-76-91; Қарағанды – 8 (721-2) 43-94-72; Қостанай – 8 (714-2) 39-12-15; Қызылорда – 8 (701) 772-70-74; Орал – 8 (777) 496-21-38;

Өскемен – 8 (778) 454-86-11; Павлодар – 8 (718-2) 68-59-85; Тараз – 8 (726-2) 43-37-33; Шымкент – 8 (701) 362-63-76; Петропавл – 8 (715-2) 50-72-50.

Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-07-26, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Арко» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-Полиграфия» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Достық-Дружба даң., 215 А, «WESTA» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 203 394 дана. Нөмірдің кезекші редакторы

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 5 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №598 ek

Profile for Egemen

05072015  

0507201505072015

05072015  

0507201505072015

Profile for daulet
Advertisement