Page 1

Осыдан дəл 20 жыл бұрын ел астанасын ауыстыру туралы тарихи шешім қабылданған еді. 6 шілде – елорданың туған күні. 6 шілде – Елбасының да туған күні. Елорда мен Елбасы егіз ұғым дейтініміз сондықтан. Туған күнің құтты болсын, аяулы елорда! Туған күніңіз құтты болсын, ардақты Елбасы!

ЕЛОРДА МЕН ЕЛБАСЫ - ЕГІЗ ЎЄЫМ №131 (28355) 5 ШІЛДЕ СЕНБІ 2014 ЖЫЛ

Елдіктіѕ еѕселі символы Астана кїніне орай Мемлекеттік туды кґтеру рəсімі ґткізілді

қолдарындағы мерекелік жалаушалардың желбіреуі осыны анық аңғартты. Астаналықтар мен қала қонақтары тамашалауға келген салтанатты рəсімге Мемлекеттік күзет қызметінің Құрмет қарауылы ротасы, Қорғаныс министрлігінің Құрмет қарауылы ротасы жəне Ішкі істер министрлігі Ішкі əскерлерінің Ұлттық ұланы ротасы да қатысты. Елбасы – Қару лы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Н.Ə.Назарбаев шараның басталуына бірер минут қалғанда келді. Жиналған қауымға бет алған Елбасын əскери оркестр «Елім менің» əнімен, ал жиналған қауым қолдарына ұстаған жалаушаларын жоғары көтеру арқылы ерекше құрметпен қошемет көрсетіп қарсы алды. (Соңы 7-бетте).

----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Кеше Астана күні қарсаңында «Атамекен» этномемориалдық кешені жанындағы Мемлекеттік ту тігілген алаңда Тұңғыш Президенттің Мемлекеттік туды көтеру, еліміздің əскери оқу орындарының үздік бітірушілеріне офицерлік погон табыстау жəне мерекелік шараларды іске қосу салтанатты рəсімі болып өтті. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Мемлекеттік туды салтанатты жағдайда көтеру рəсімі – тұрақты дəстүрге айналған үлгілі үдеріс. Оның үстіне бұл Астана мерекесінің ресми басталуының көрінісі де. Қала тұрғындары мен қонақтарын елорда күнін мерекелеуге шақырған аталған шара хаттамалық-салтанатымен қатар, тəуелсіздік пен мемлекетшілдік идеясын азаматтар санасына сіңіретін терең идеологиялық мəні барлығымен де ерек. Сондайақ, əр жылы Астана күнін атап өту арқылы еліміз өзінің жетістіктерін

паш етіп, Қазақстанның жаңа астанасы тарихының кезекті баспалдаққа қадам басқандығына куə болып келеді. Міне, осындай мəні терең шараны тамашалауға келушілер биыл да аса көптігімен ерекшеленді. Шағын ғана алаңға сыйма ған астаналықтар мен қала қонақ тарының кейбірі айтулы шараны алыстан да тамашалап тұрды. Əскери оркестрдің ойнауы жəне Астанаға арналған əндердің шырқалуы шараның салтанатына ерекше реңк берді. Мұның өзі онсыз да мерекелік көңілкүй ді одан сайын бір көтеріп тас тады. Жиналған қауымның

Кеѕеске ќатысушылармен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев тұрақсыз геосаяси ахуал мен əлемдік экономиканың аумалы-төкпелі жағдайында Қазақстан көрші елдермен тығыз əскери ынтымақтастыққа мүдделі екеніне назар аударды. – Бізде ҰҚШҰ аясында одақтастық қарым-қатынастар, өзара қорғау, əуе шабуылына қарсы ортақ сыртқы қорғаныс қалыптасты. Бізге осы қатынастарды жəне бір-бірімізге деген сенімді сақтау қажет, – деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті қорға ныс жəне əскери-техникалық ын тымақтастықты бұдан əрі

Сауытбек АБДРАХМАНОВ.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Марриотт» қонақүй-əкімшілік кешенінде болды, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Ыќпалдастыќќа – ыќылас

Таєайындаулар

Кездесу барысында Мемлекет басшысы ТМД елдерінің қорғаныс ведомстволары басшыларының тұрақты кездесулерінің маңыздылығын атап өтті. – Біздің мемлекеттеріміздің бірлескен тəжірибесі, адами байланыстар, ортақ білім берудің əскери саланы да қамтыған ортақ үрдісі, қару-жарақтың бірыңғай түрімен жабдықтау, сондай-ақ, сыртқы шекараларды қорғаудың ортақ кеңістігі – осының бəрі тығыз байланыстарды бұдан əрі де сақтау қажеттігін білдіреді, – деді Қазақстан Президенті.

Əлемге əйгілі Айтматовтың «Қызыл алма» атты əңгімесі бар. Шығарма жазушының досы Зейнолла Қабдоловқа арналған. Əңгіме «Жұлдыз» журналына алғаш жарияланғанда (1964, N 3) қысқа ғана алғысөз берілген еді. Онда жазушы, сол туынды досының өтініші бойынша жазылғанын «Бул жаны аңгемемди Зейнулла Кабдоловго арнаганым тегинден эмес. Биринчиден, Зейнулла менин эң көңүлдөш досторумдун бири, экинчиден, «Кызыл алманы» жазууга Зейнулла себепкер болду, бул аңгимени бойго жеткирген анын «көз акысы» бар» деп айта келіп, былай дейді: «китеп окуучулар чыгарманын түйүну кандайча басталат, чыгарма кандайча туулат деп көп сурашат. Анын жолу өтө көп, өтө татаал. Кээде болсо, мына ушул сыяктуу, достуңдун тилектиштиги аркылуу чыгарма жаралат экен. Буга менин өзүмдүн да таңым бар...». Сол айтқандай, журналистиканың жолы да қиыр-шиыр. Газет материалының қолға қалай түсетінін кейде біліп болмайды. Кейкейде мақала деген редакция қоржынына өзіңнің қай жиынға шақырылуыңа, онда қандай əңгіме тыңдауыңа, тіпті сол жиында қай жерде отыруыңа байланысты түсуі де əбден мүмкін екен. Бұған менің де таңым бар... 19 мамырда Түркі академиясы елордада Түркі жазуының күніне байланысты алқалы жиын өткізді. Сол жиында Қырғызстан Ұлттық академиясының корреспондент-мүшесі Осмонақын Ибрайымов тамаша сөз сөйледі. Қырғыз елінің бірқатар мемлекеттердегі Төтенше жəне өкілетті елшісі, Қырғызстанның Мемлекеттік хатшысы қызметтерін атқарған бауырымыз өз сөзінде түркі дүниесін зерттеудің көкейкесті мəселелерін қозғаумен қатар біздің елордамыз – Астана туралы да көркем тілмен төгілдіре айтты, ордалы ойларын ортаға салды. Маған, əсіресе, қонағымыздың Астана архитектурасынан болашақтың бейнесі көрінеді, ұлттың келер күндерге ұмтылысы танылады деген толғамы өте ұнады. Екеуіміздің орнымыз қатар екен. Сөйлеп болысымен сөзіне разылығымды білдіріп, «Осы айтқаныңызды қағазға түсіріп, шағын мақалаға айналдырып берсеңіз, газетке ықыласпен жариялар едік, бұл біздің Алатаудың арғы жағындағы ағайынымыздың Астана туралы ақтарылған ақ тілегі болып шығар еді», дедім. Электронды пошта адресін жазып бердім. Осмонақын бауырымыз ол өтінішімді аз күннің аясында-ақ əдемілеп орындап, мақаласын салып жіберді. Осыдан қырық күндей бұрын қолға тиген сол материалды сары майдай сақтап келіп, Елорда күнінде тұтас бетке, безендіре жариялауды жөн көріп отырмыз. Бəз біреулерге артық болмас деп, мақаланың тақырыбындағы «супрематизм» латынның «supremus», яғни ең жоғары деген сөзінен шыққанын, ХХ ғасырдың басында осы стильдің негізін салушы Казимир Малевич геометриялық фигуралардың астасқан комбинациясын өнердің ең жоғары түрі деп танығанын, бағыттың аты содан шыққанын қоса айта кетейік. Автордың «Астана – кеңестік идеялық-саяси дəстүршілдікті еңсеру, тарихтың өн бойында біздің бəріміздің еңсемізді езіп келген көптеген отаршылдық ұғымдарының дағдыға айнала бастаған ауыр балластынан босану, ертедегі жəне таяудағы өткен күнімізбен ат құйрығын кесіспей тұрыпақ рухани, мемлекеттік, тілдік басымдықтардың жаңа алаңына аяқ басу» деген терең мағыналы сөздері мақалаға «Астанаға философтың көзімен қарағанда» деп тақырыпша қосып жазуға мүмкіндік беріп тұр. Мақалаға «Мемлекет мерейі» айдары қойылды. Иə, осыдан дəл 20 жыл бұрын Елбасының ел үшін еткен ерен ерлігінің бірі де бірегейі – елорда эпопеясы басталған еді. Бүгінде алысты да, жақынды да тамсандырып, Шығысты да, Батысты да таңдандырып тұрған ару қала Астана шын мəнінде мемлекетіміздің мерейі. Ұлттық мақтанышымыз.

Ќонаќїй кешенінде болды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Баймолдаұлы Онжанов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше жəне өкілетті елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Дания Корольдігіндегі Төтенше жəне өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.

дамытудың маңыздылығын да айтты. – Біз қазір өзге мемлекеттермен бірлесіп жүзеге асыру үшін əскери техниканың бірқатар құрамдастарының өндірісін Қазақстанға əкелуді ойластырудамыз. Осыған байланысты біз бірлескен кəсіпорын құруды жанжақты қолдаймыз. Көрші елдердің экономикалық жəне ішкі саяси ахуалдары Қазақстанға əсер етеді, сондықтан біз көршілерімізде, одақтастарымызда, соның ішінде Достастық аясында бəрі жақсы болуына шынайы тілектеспіз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Соңында Мемлекет басшысы Кеңеске қатысушыларға табысты əрі жемісті жұмыс тіледі.

(Астанаєа философтыѕ кґзімен ќараєанда)

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– Мақаланы 11-беттен оқисыздар.

Елбасы Астана қаласының ірі инвестициялық нысандарының бірі саналатын кешеннің жаңа ғимаратын аралап көрді. «4+» санатындағы қонақүй құрылысы 2010 жылдың маусымында басталған болатын. Ғимараттың жалпы алаңы 43 мың шаршы метрден асады, ал қонақүйдің нөмірлер қоры 283 бөлмеден тұрады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ТМД елдері Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысына қатысушылармен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Супрематикалыќ силуэттер сґзі

*** Мемлекет басшысының Өкімдерімен: Берік Шолпанқұлұлы Шолпанқұлов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды; Асқар Ахметұлы Мусинов Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды; Əбдірашит Төлегенұлы Жүкенов Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Хроника

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Хозеұлы Қазыханов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі қызметінен босатылды. *** Мемлекет басшысының Өкімімен Айбар Жиреншеұлы Боданов Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Эквадор сыртқы істер министрі Рикардо Армандо Патиньо Ароканы қабылдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Қ.Тоқаев Эквадордың сыртқы саясат ведомствосы басшысының сапары екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастыққа жаңа серпін беретінін атап өтті. Ол Қазақстан Парламентінің Эквадор Ұлттық Жиналысымен тығыз қарым-қатынас орнатуға ықыласты екенін атап өтіп, эквадорлық парламентшілерді

Астанаға келуге шақырды. Қазақстан Сенатының басшысы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болуына орай біздің еліміздің кандидатурасын Эквадордың қолдайтынына сенім білдірді, сондай-ақ, эквадорлық компанияларды халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға шақырды.

Кґкке ґрле, кґк байраќ!

Арқаның құба жонында, Арыстан ойнар шарқ ұрып... Шалкиіз жырау. Үзілмеген ғасырлар үміт əнім, Кенесары көшесін кесіп өтіп, Зар заманды мен қалай ұмытамын... Абылай мен Абайға ат шалдырдым!.. Солтүстіктің суығын енді міне, Тəуелсіздік отымен жылытамын! Еркіндіктің Есілде айт өлеңін, Жұлдызды түн сыр ашса, Жүректерде қалды ғой сыздап елес... қайтер едің?.. Мұзбалақтар асады мұзда белес!.. Ойың менен бойыңды түзетеді, Бостан елдің бораны күш береді – Темірқазық жердегі – Бəйтерегім! Желтоқсанның баяғы ызғары емес!.. Ұлттық сана ұғым бол санатты Дүбірімен дүлдүлдің жарыс көрген, ерге, Шабытының бірі едім шабысқа ерген. Найза болсын намысы қанатты елге. Азат буын ақыны қалай қалар, Қыспағында заманның қияға ұшар, Қазақ туын көтерген Намысты ерден! Қараөткелім айналсын дара өткелге... Ірі ел болу үшін де іргеміз кең, Күтер үлес халқымыз күнде бізден. Бабаларым, баһадүр, өткір едің, Ақ жол тілеп алыстан мен де келдім, Аңсап күнім Азаттық өтті менің... Арыстары Алаштың жүрген ізбен!.. Көк байрақты көргенде Ақордадан, Көкке мəңгі өрлесін деп тіледім! Тереңіне өткеннің батсаң мың күн, Келешекте – ордасы бақшаң гүлдің. Қазыбек ИСА.


2

www.egemen.kz

5 шілде 2014 жыл

ЛИДЕР

Пан Ги МУН, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы:

– Əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидерлерінің ІІІ съезіне қатысушылардың барлығына сəлем жолдау мен үшін зор абырой. Мен Президент Н.Назарбаевқа жəне Қазақстан Республикасының Үкіметіне осындай аса қажетті үнқатысуға бүкіл əлемнен діни лидерлерді жинағаны үшін алғыс айтамын. Толеранттылық, құрмет, бүкіл адамзаттың өзара түсіністігі ЬПИН, мен тең құқылы болуы сияқты Си ЦЗИН ғасы: жалпыадамзаттық құндылықтар ҚХР Төра барлық діннің өзегі болып табылады, а р өза сондай-ақ, ол Адам құқықтарының – Азиядағые сенім шаражəн бүкілəлемдік декларациясыніс-қимыл індегі кеңестің н ө ж да бекітілген. Қандай болмасын ы лар – ысы дін жолын ұстанатын адамдарбастамашн Назарбаев. Біз а т л ұ ды бейбітшілікке жəне лайықты Нұрс н саяси өмірге ұмтылыс біріктіреді. Үлкен оның үлке і мен аймақтық бір отбасының мүшелері сияқты біз көрегендіг пен əлемдегі ортақ проблемалармен жəне қауіпқауіпсіздік ікті қатерлермен бетпе-бет келеміз, бейбітшіл тын қасиетіне най а с барлық дінге сенушілер ортақ іске өз зы ы р а ің п етуді өзін үлесін қосқан жағдайда ғана оларды з ы с а м т а е р қамт лғаш а ы н я еңсеру мүмкін болмақ. 2 е 9 д . 9 и тəнтіміз К-ні құру туралы лтан Назарбаев 1 жария ұ а с д Ш р н С ұ АӨ нті Н ссиясы н Президе ның 47-се ңдігін Қазақста Бас Ассамблеясы бүгінде өз өмірше йы о Ұ а р Ұ м жылы Б тын. Бұл баста а беделі биік, абы Пак Кын ХЕ, а д л н о ы б с н а етке ері ар д л е я . Корея Республикасының зи ы А т дəлелдеп, мды ұйымға ұлас Президенті: ы асқақ, ауқ

Шетел президенттері, Їкімет басшылары, кґрнекті саяси жəне дін ќайраткерлері Елбасы Н.Ə.Назарбаев туралы Владимир ПУТИН, Ресей Федерациясының Президенті: – Біз Ресей – Қазақстан қатынастарын дамытуға Сіздің қаншалықты зор жеке ықыласыңызды бөлетініңізді көріп отырмыз. Осы тікелей атсалысудың арқасында біздің қарым-қатынастарымыз өте тиімді түрде əрі жедел қарқынмен дамып келеді. Екі мемлекет арасындағы тауар айналымының көлемі өсе түсуде. Сіз интеграциялық үдерістерде, əсіресе, оның ең мəнді нысандары мен түрлері бойынша сөзсіз көшбасшысыз. Қазақстанның қол жеткізген табыстары Сіздің атыңызбен тікелей байланысты. Сіздің еңбегіңізді өз отандастарыңыз ғана емес, миллиондаған ресейліктер де шынайы құрмет тұтады. Сіз еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық үдерістердің нағыз архитекторы болып есептелесіз.

– Қазақстан Орталық Азиядағы экономикасы əлеуетті əрі бизнес ахуалға ең қолайлы ел ретінде əлемді мойындатып отыр.

Барак ОБАМА, АҚШ Президенті: – АҚШ пен Қазақстан арасындағы стратегиялық əріптестік туралы үнқатысу қазіргі заманғы шақыруларды шешуге деген ортақ ұстанымдарымыздың куəсі болып табылады. Мен Қазақстанға Ауғанстандағы жағдайға байланысты нақты ұстанымы үшін ризашылық білдіремін. Сіздің ұлтаралық жəне діни төзімділікті ілгерілетудегі күш-жігеріңізді жоғары бағалаймын. Дэвид КЭМЕРОН, Ұлыбритания жəне Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Премьер-Министрі: – Мен ең алғаш Сіздің елге сапармен келгеніме қуаныштымын. Біздің екіжақты қатынастарымыз жаңа деңгейге көтерілетінін зор қуанышпен атап өткім келеді. Оған елдеріміз арасындағы стратегиялық серіктестік туралы келісім айқын дəлел болады. Қазақстан бүгінде Сіздің басшылығыңызбен қарқынды дамып келеді. Қазақстанның ықпалы алдағы уақытта да арта беретініне сенімдіміз. Біздер Ауғанстан бойынша бірлескен жұмысты белсенді түрде дамытудамыз. Қазақстан бұл мəселеде маңызды жəне оң рөл атқарады. Қазақстанның болашағы зор, ал Ұлыбритания осы болашақтың маңызды бөлігі бола алады.

Рим Папасы

БЕ

VI: НЕДИКТ X

ЕЛЬ, МЕРК а л е г н і: А анцлер ГФР К ерді індетт м ы т п а – Жауа тқаруыңызд а н е й м а р р а а қ ст əрі р табы Сізге зо ік тілеймін. дық м сəттіл икалық, қоға ларды а м о м н р о о ф Эк аяси ре н бұдан жəне с де Қазақста у жүргіз а Германия ға сенім д й дау а л ы б ағы қол ады. д н ы п а бол тар латын арта а

КИРИЛЛ, Мəскеу жəне Бүкіл Ресей патриархы:

ның Республикасы ан ст ақ аз Қ і тебел рза! – Өскелең ұрпақпен діни– Жоғары мəр ұрсұлтан Назарбаев мы мерекесі Н қ і ы т ағартушылық жұмыс жүргізу т н т де ұл ң ы Прези н сы еспублика білімді жəне үйлесімді қоғам Сізге жəне Қазақстан Р құруға айтарлықтай үлес қосып, Қазақстан ұлтаралық қатынастардағы халқына пен шиеленіс деңгейін төмендетуге бейбітшілік жағдай жасай алар еді, бұл өркендеу игі болашақта қазіргі заман бетпетілектерімді бет келіп отырған көптеген проблемалардан құтылуға жолдауыма көмектесері анық. қуанышты мүмкіндік Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан ыр. туғызып от Əбішұлы Назарбаевқа дінаралық үнқатысуды қолдағаны, е орай, əртүрлі дін ұстанушылардың жүрегіне жақын інің мерекесін ның неғұрлым іг зд сі ел əу Т бейбітшілік пен өзара көмек идеяларының жолын ры да н Еліңіздің ғы іңіздің тұр қуат беріп, ұстанғаны үшін шынайы ризалығымды білдіремін. Жаратушы ел ілетті қоғам құруына ұлттық əд е і əн əр ж ді ік м сі т ле ет үй сылық, əлеум хани олардың отба болып, мəдени жəне ру сін деп лы ет ұр н іп əс рі н ле еуді өмір ды құрметт құндылықтар Фахд Бен Əбдел Əзиз ƏЛ САУД, əне тілеймін. ебелі, Сізге ж Сауд Арабиясының Королі: Жоғары мəрт аттарына азам елдің барлық шапағат тілеймін. – Жоғары Мəртебелі Президент Жаратқаннан Нұрсұлтан Назарбаев мырза! Басыңызға амандық тілеймін, Сізге Алланың рахым шапағаты жау сын! Марк Перрен де Мен Жаратушы Алладан Жо ғары БРИШАМБО, Мəртебелі Сізді жəне Аста на да ЕҚЫҰ-ның Бас хатшысы: өтіп жатқан Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшылары съезіне қаты– Жаһандану жағдайындағы сушыларды табысқа жəне ізгілікке жеткізіп, жарылқай гөр деп тілеймін. қазіргі əлем мəдениетаралық Сізді жəне қазір барлық ұлттар мен халықтар соғыс пен қақтығыстан, жəне дінаралық үнқатысудың өшпенділік пен кемсітушіліктен ада дүние орнатуды көксеп, адамзат қажеттілігін сезініп отыр. проблемаларын бірлесіп шешуге жəне бейбітшілік пен қауіпсіздік орнатуға Əлемдік жəне дəстүрлі ұмтылған бүгінгі таңда осындай əлемдік съезд өткізу жөніндегі Сіздің діндер лидерлерінің ІІІ съезін жаһатшылығыңызға қуаттаушылығымды білдіру қуанышты жайт. өткізу Қазақстан ЕҚЫҰТүрлі мəдениеттер өкілдері, дін мен қоғам қайраткерлері арасында өзара ға төрағалық ететін 2010 түсіністікке жетудің құралы ретінде Сіз таңдаған үнқатысу – бұл дүние жылдың алдындағы өте жақсы жүзінде ынтымақтастыққа жетудің ең сара жолы. дайындық кезеңі болып табылады. Коитиро МАЦУУРО, ЮНЕСКО-ның Бас директоры: – Қазақстан басшылығының жаңа бейбітшіл бастамалары ЮНЕСКО тарапынан жоғары бағаланып отыр. Қазақстан Президенті Н.Ə.Назарбаевтың əлемнің жекелеген елдерінің ядролық əлеуетін еселеуі сияқты қауіпті үрдістердің пайда болуына байланысты алаңдаушылығына қосыла отырып, Азиядағы өзара іс-қимыл жəне сенім шаралары жөніндегі кеңестің Алматыдағы форумын жаңа дүниетаным қалыптастыруға қосылған елеулі үлес деп санаймын. Қазақстан Президентінің халықаралық беделі көп ретте Қазақстанды Азиядағы бейбітшілікті нығайту процесі лидерлерінің қатарына қосқан АӨСШК жаһатшылықтарының табысқа жетуіне жəрдемдесті. Қазақстанның өз жаһатшылығы бойынша ядролық қарудан бас тарту жөніндегі шешімінің маңызын айқын көрсетіп берді.

Александр ЛУКАШЕНКО, Беларусь Республикасының Президенті: – Біз əр жолы Астанада болғанда, өзімізге əлдене алуға тырысамыз. Бұл қалада озық технология, қызғылықты архитектуралық ойлар бар. Қазақстанды біз Беларусь үшін ең тиімді жəне перспективалы серіктес ретінде танып келеміз. Сіздің елде біз үшін əртүрлі жобаларды жүзеге асыруға ешқандай проблема жоқ. Бұл ынтымақтастығымыздың деңгейі жоғары екенін көрсетеді. СКА, кері: Любовь СЛИ тік Думасының вице-спи ет к ле ем РФ М н , өз ге ш е ру ге бо ла т ы баевтың ді іл ет ж ан – М ағ Н.Назар . тын нəрсені жасауға бола ынбайтыны қатты ұнайды-қам ай ры т ара қа сынаудан к сшысының өз Қазақстан ба ы жетілдіруге деген əкелі зд да л ы м тынастары есейде ілтипатпен қабы арт Р қамқорлығы рі де Н.Назарбаевты іш бə да ұн м , нады . тып тұрады

Абдулла ГҮЛ, Түрік Республикасының Президенті: – Əр сапарымда өркендей түскеніне куə болып жүрген Астана қаласы – Қазақстанның динамизмі мен Президент Назарбаев мырзаның көрегенділігін бейнелейтін ең үлкен туынды. Астананың құрылыс жұмыстарына түрік компаниялары мен жұмысшыларының да үлес қосуын түрік-қазақ ынтымақтастығының ең əсем нышандарының бірі ретінде бағалаймыз.

Бұл орайда, «Қазақстан-2050» Стратегиясы елді одан əрі дамытудың өте дұрыс таңдалған жолы болып табылады. Біз Сіздің елмен ынтымақтасуға ниеттіміз жəне осы бағыттағы серіктестіктің тиімді болатынына сенімдіміз. Өткен ғасырда қазақтар қиын-қыстау кезеңді бастарынан өткеріп жатқанына қарамастан, Орталық Азияға күштеп қоныстандырылған корейлерге үлкен көмек, барынша қолдау көрсетті. Ал қазір корейлер Қазақстан қоғамының бөлінбес бөлшегіне айналып отыр. Бұл жерде қазақстандықтардың сол ашық-жарқын мінезі корейлердің экономикалық дамуындағы тəжірибесімен ұштасса, біз елдеріміздің болашақтағы өсіпөркендеуін жақындата алар едік.

В, Ислам КАРИМО ан ст Өзбек ң Республикасыны і: нт Президе зді – Өзбекстанда Сі ың ын их ар т ан т Қазақс де саябетбұрыс сəтін жəық ал ик си, эконом рефорне əлеуметтік сы нд а ры ет қайраткері м ал ар ды ң ба көрнекті мемлек а ас н ке ет ық басшыл нағыз досы деп деп біледі. ің халқымыздың зд бі і інді зд Сі да ан Өзбекст астарының серп бек-қазақ қатын з деп біледі. өз ің ізд ің өз і əр , кісі біледі үлесіңіз баға жет ымыз дамуына қосқан ке т т ер ім із бе н ха лы қт ар дың, ле ыз ем ым м их ң ар Б із ді дайым т ғына м-қатынастар əр арасындағы қары тіліміз бен дініміздің жақынды рдік, , сү ің ір ізд йы қатар өм мəдениетім сү ре . Біз ғасырлар бо негізделіп келеді м із ж əн е м əң гі лі к бі рг е өм ір ле өм ір сү рі п ке мім кəміл. беретінімізге сені

Эмомали РАХМ Тəжікстан Прези ОН, денті: – Ашық шыншылдығы, т -жарқындығы, арт адамға сүйіспенш ымдылығы, ілігі – мұның бəрі де Нұрсұлт ан Əбішұлының табиғатына тəн қа Қазақ жұртының сиеттер. ұлтты халқының , елінің көп тарихтың алды алдындағы, жауапкершілік сендағы жоғары зім ынан əманда аж і оның бойыраған Ол ұлы ұйымдаст емес. ырушы ретінде Қазақст анды Кеңестен кейінгі кеңістікт ің да налдырды. Қазақс мыған мемлекеттерінің біріне айтанның əлеу саладағы табыс меттік-экономикалық тары тағылым Нағыз басшы ға ал бұл жағынан алға на осындай нəтижелерге жет арлық. е алады, нда, Нұрсұлтан Əбішұлы – өз ха лқының даусыз басшысы.

Шейх Абдалла Бен Əбдел Мухсин АТ-ТУРКИ, Бүкіл дүниежүзілік Ислам лигасының Бас хатшысы: – Қазақстан Республикасының Президенті – Жоғары Мəртебелі Нұрсұлтан Назарбаев! Съездің Жоғары Мəртебелі қадірменді қатысушылары мен меймандары! Бəріңізге тыныштық тілеймін, баршаңа Алланың рахымы мен нұры жаусын! Қазақстан Республикасының Президенті Жоғары Мəртебелі Нұрсұлтан Назарбаевқа мəдени жəне діни санаттың маңдайалды өкілдерін Əлемдік жəне дəстүрлі ұлттық діндердің осы съезіне шақырғаны үшін алғысымды айтамын. Съездің қорытындылары мен нəтижелері белгілі бір өркениеттің құрамындағы белгілі бір дінді ұстанатын сан түрлі қауымдастықтар мен топтардың арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа көкжиектерін ашады деген үміттемін.


 Елімен етене Елбасы

Ќўрметті отандастар!

Перзент ќарызы жəне Президент парызы Өмірзақ АЙТБАЙҰЛЫ,

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті, академик.

Бодан елдің бостан болуы оңай емес. Ал оны ұстап тұру, бекемдеу, баянды ету одан да қиын. Адамзат тарихында басы бұғауға түспеген елдер сирек, көбі бодандықта болып, азаттық алған елдер. Азаттық алғанымен, бодандық қамытын мойнынан біржола сыпырып тастай алмай жүрген елдер де кездеседі. Бұлардың қай-қайсысын алсақ та, үйренеріміз де, үлгі алар тұстарымыз да жетерлік. Талайғы тарихында іргелі қағанаттар құрған, жеке хандық көтеріп, дербес мемлекетке ие болған, тарихтың тағы бір аласапыран сəттерінде еріксіз бодандыққа бас иген халқымыздың өз Тəуелсіздігін жариялап, өзіндік даму арнасына түскеніне ширек ғасырға жуық қана уақыт өтті. Алайда осынау аз ғана уақыттың ішінде еліміз ғасырға татитын жол жүргендей күй кештік десек, артық айтқандық болмайды. Басын ашып алар бір жайт бар. Қазақстан – қазақ халқының төл мемлекеті, төл жері, төл мұрасы болғанымен, байтақ жерімізде тарихтың қалауы, тағдырдың жазуымен бір ғасырдан астам кезеңнен бері түрлі ұлт өкілдерінің де мекендеп жатқанын, жанжағымызда жан саны жағынан болсын, жер көлемі тұрғысынан алғанда да бізді он орап алатын алып мемлекеттердің орналасқандығын есептен шығара алмаймыз. Əрі бұл елдердің ежелден санасына сіңісті болған империялық пиғылдан арыла қоймағандығын да, орайы келгенде бас көтеріп, басымдық таныту, тізе батыру ықтималдылығын да жоққа шығара алмайтын болсақ, онда аса сарабдал да салқынқанды, төрт құбыласы тең саясат жүргізудің аса қажет те ділгер мəселе екендігін мойындауға, мемлекет тарапынан осы бағытта қолға алынып жатқан істерге түсіністікпен қарауға тиіспіз. Сөз жоқ, тарихты оқу, одан тағылым алу жақсы, ал тарихты жасау одан да жақсы. Қазір біздің көз алдымызда Қазақстанның жаңа тарихы жасалып жатыр. Бұл Қазақстанның тəуелсіз тарихы, өзіндік даму арнасына түсу тарихы. Оның бастауында əрине, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тұр. Əлбетте, қазақ тарихының даңқты беттері аз емес. Бірақ оны қайталау шарт емес, мəселе халықтың жаңа тарихын, жасампаздық тарихын жасауда. Осы жағынан келгенде Елбасының тарихи ауыр міндетті, зіл батпан жауапкершілікті өз мойнына алып, соны абыроймен атқарып келе жатқандығының куəсі болып отырғанымызды айтуға тиіспіз. Ол – Ұлы іске өзін бағыштаған жан. Осы кезге дейін адамзат тарихында Түрік қағанаты, Алтын Орда империясы, Кеңес Одағы, Британ, Осман империялары дəуірлеген замандар болды. Алайда, уақыты жеткенде, күні толғанда олардың барлығы да ыдырап, тарих қойнауына кетіп отырды. Енді осынау алып кеңістік Еуразиялық экономикалық одақ идеясы ортаға шықты. Бұл идеяның да түп басында Елбасы тұр. Мұндай ауқымды да өршіл мұратты ұсыну жəне соны іске асыруға батыл кірісу оңай шаруа емес. Болашақты бар келбетімен көре алу, көргеніне жұртты иландыра білу жəне жұртшылықты сол мақсатқа жұмылдыра білу – заманынан мойны озық туған, дара көшбасшыларға ғана тəн қасиет. Біз осы қасиеттердің Елбасының бойында тоғысқанын көріп отырмыз. Мұның барлығы да Елбасының мəселені кең ауқымда көре алатындығын көрсетеді. Қазақ елінің дербес дамуын қамтамасыз ету, жарқын болашағын баянды ету мақсатында Елбасының қолға алған қадау-қадау қадамдарына көктей шолу

3

www.egemen.kz

5 шілде 2014 жыл

жасасақ, біраз мəселенің басын ашып, байыбына баруға мүмкіндік туатын секілді. Əдетте, ел тəуелсіздігінің тіл тəуелсізді гінен бастау алатыны белгілі. 1989 жылы Тіл туралы тұңғыш заңның қабылданғанын, онда қазақ тілінің мемлекеттік тіл мəртебесіне ие болғанды ғын қазір жиі айтамыз. Алайда, бұған оңайлықпен қол жеткен жоқ. Сол тұста орыс тілі мен қазақ тіліне бірдей мемлекеттік мəртебе берейік дей тіндер өзге ұлт өкілдері тұрмақ, өз азаматтарымыздың ішінен де шықты. Бұл мəселені қайта-қайта қозғап, өзеуреушілер бұдан кейін де көпке дейін толас тапқан жоқ. Тілге мемлекеттік мəртебе беру мəселесі Жоғарғы Кеңес мəжілісінде талқыға түсіп, көпшілік депутаттарымыз қос тілділікке ыңғай білдірген кезде оны қайта дауысқа салдыруды қолдап, қазақ тіліне мемлекеттік мəртебе бергізуге тікелей Елбасының араласқаны тарихи құжаттарда қаттаулы. Осыдан кейін-ақ тіл тəуелсіздігі ел тəуелсіздігіне бастаған қадамдар қарқын ала бастаған болатын. Сол жылы академик Əбдуəли Қайдаровтың бастамасымен «Қазақ тілі» қоғамы құрылып, бұл бұқаралық ұйымның бөлімшелері еліміздің түкпіртүкпірінде ашылды. Ұлттық сананы ояту, байырғы салт-дəстүрлерімізді жаңғырту, тарихымызды түлету, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту секілді заман қажеттілігінен туындаған ділгер мəселелерді талмай көтеріп, өз маңына елім, тілім, ділім, дінім деген отаншыл азаматтарымызды топтастырған «Қазақ тілі» қоғамының қызметі күн өткен сайын күшейе түсті. Қоғамның тікелей ұйымдастыруымен ашылған «Ана тілі» басылымының таралымы 100 мыңнан асты. Нұрсұлтан Əбішұлының қат-қабат жұмысының көптігіне, уақытының тығыздығына қарамастан, «Қазақ тілі» қоғамының ІІ Құрылтайына тікелей өзі қатысып, баяндама жасауы «Қазақ тілі» қоғамы мен қазақ тіліне көрсетілген құрмет қана емес, қазақ тілінің елімізді ұйыстырудағы орнын жете танып, терең түсінгендігінің көрінісі деп білеміз. Елбасының 1992 жылы қараша айында өткен «Қазақ тілі» қоғамының осынау Құрылтайында сөйлеген сөздері бүгінгі күні де өз өзектілігін жоймағандығын көреміз. Мысалы: «Бүкіл ұлттың мерейін тасытып, айбынын асырған игі істің бірі – біздің ана тіліміздің, бай да құнарлы, əсерлі де əуезді қазақ тілінің мемлекеттік мəртебе алуы, оның өмірдің сан саласында кеңінен қолданылуына жол ашылуы. Атасы мен немересі екі тілде сөйлеп, əр ұрпақ өкілдері бір-бірін түсінуден қала бастаған, ана тіліміздің басынан бағы тайып, негізінен ауызекі əңгіменің құралы деңгейіне дейін төмендеген тұста ұлттық сана-сезім оянды да, қоғам өмірінде жаңа қанат жая бастаған демократиялық үрдістер арқасында республикада тіл туралы Заң қабылданды, тіл тағдырын ел тағдыры деп қараған абзал азаматтардың арқасында «Қазақ тілі» қоғамы құрылды. ...Кеше болмағанның бүгін болуы мүмкін, бүгін болмағанның ертең болуы мүмкін, бірақ ана тіліне мəн бермеушіліктің, оны құрметтемеудің орны толмас олқылықтарға соқтыратыны сөзсіз. Егер ертеңгі келер ұрпақ мына сайын дала төсінде бойыңды балқытып, жан дүниеңді шымырлататын қазақ тілінде сөйлемейтін болса, онда ол күнге ұмтылудың да мəні шамалы шығар деп те ойлайтынбыз. Шүкір, ондай қауіптің беті аулақ. Тəубе, ел есін жиды, тілден артық қазына, тілден артық қасиет жоқ екенін кештеу болса да түсіндік. Қазақстанның мемлекеттік тəуелсіздігін шын мəнінде баянды ете білсек, қазақ тілінің тағдыры баянды болады. Мемлекеттің өзі мемлекет болмай тұрып

оның мемлекеттік тілі де өз дəрежесіне көтеріле алмайды. Қалай дегенде де тіл – құрал, қарым-қатынас құралы, мақсатты орындаудың құралы. Ал, егер құралдың өзін мақсатқа айналдырып жіберсек, түпкі мақсаттың ауылы алыстай беретін болады» – деген ойлары мəселенің байыбын нақты аңғарып, соған сай салмақты бағытты дұрыс таңдай алғандығын көрсетіп тұр. Тоқсаныншы жылдардың басында халқымыздың саны елімізде 40 пайызға жетер-жетпес қана болғаны белгілі. Тəуелсіздік бізге осындай алмағайып кезеңде өз елінде тұрып азшылыққа ұшыраған, тілінен, дінінен ажырауға шақ қалған сəтте келген еді. Елбасы əуел бастан шатқаяқтаған осы мəселені түзеуге кірісті. Дүниенің төрт бұрышына тарыдай шашыраған қазақ баласына сауын айтып, елге, атажұртқа оралуға шақырды. Дүниежүзі қазақтарының құрылтайын өткізіп, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығын құрды. Осы ұйымға өзі тікелей жетекшілік жасап келеді. Осының арқасында əлемнің түкпір-түкпірінен бір миллионға жуық қандасымыз елге оралды. «Елге ел қосылса, құт» деген емес пе, сөйтіп, бұл көш Тəуелсіздіктің буынын бекітуге үлкен сеп болды. Қандастарымызбен бірге қазақтың қаймағы бұзылмаған салтдəстүрі, құнарлы сөзі, асыл тегі келді. Халқымыздың саны артып, бүгінде алпыс бес пайыздан асып отырмыз. Бұдан былайғы кезеңде көштің бетін қазағы аз солтүстік облыстарға бұру саясаты да Елбасының көрегендігін, мəселені байыппен, жүйелі түрде іске асырып келе жатқанын көрсетеді. Жоғарыда айтып кеткеніміздей, елі мізде жүзден астам ұлттың өкілі тұрады. Бұл факторды ескермеу, өзімбі лермендікке салыну мемлекеттілігіміз ді баянды етеміз, іргелі мемлекет боламыз деген елге жараспайтын, жарға ұрындыратын жол. Сондықтан Елбасы алғашқы кезеңнен-ақ бұл мəселеге жіті мəн берді. Қазақстан халқы Ассамблеясын құрып, елдегі бүкіл ұлт пен ұлыс өкілдерін бір шаңырақтың астына біріктіріп, татулық пен қоғамдық келісімге қол жеткізе алды. Осылайша береке басы – бірлікте деген халық даналығына ден қойған парасатты басшы екендігін тағы да дəлелдей алды. Біле білген адамға тағдырдың жазуымен елімізде түтін түтетіп отырған түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері зор қазына. Ретін тауып олардың күш-қуаты мен білім біліктерін, ұлттық əр алуандығы мен рухани қазынасын ортақ елдік мақсатқа жұмылдырып, пайдалана алсақ, бұдан ұтарымыз мол болмақ. Бүгінгідей жаһандану заманында мұның қандай игіліктерге жол ашатынын айтып жату артық. Елбасы Ассамблеяның əрбір жиынында Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде екендігін қадап айтып, елдің барша азаматы қазақ тілін білуге міндетті екендігін тəптіштеп келеді. Сөйтіп, ел Үкіметі мен халқының алдына 2020 жылға дейін Қазақстан азаматтарының 90 пайызы мемлекеттік тілді меңгеруі тиіс деген нақты міндет қойды. Бұл нəтижесіз де емес. Соңғы жылдары қазақ тілінде білім алып жатқан өзге ұлт өкілдерінің саны артты. Бұл үрдіс бұдан кейін қарқын алмаса, кемімейді деп сенеміз. Мақсат ауқымдылығы ой ауқымдылығын да көрсетеді. Жеке адамның ғана емес, бүкіл елдің алдына өршіл мақсат қойып, соған бүкіл елді жұмылдыру – дара басшылардың ғана еншісіндегі дүние. Елбасы осындай таңдаулылар санатындағы сараман тұлға. Өзінің жеке мемлекеттік тілі болмаса, онда ондай елді тəуелсіз ел деп айтуға бола ма? Ондай елмен басқа мемлекеттер қалай санаспақ, қалай халықаралық қарым-қатынас жасаспақ? Мемлекеттік

тілін тиісінше қолданбайтын, өз аумағындағы азаматтарынан, мемлекеттік қызметкерлерінен, өз елінің азаматтығын алғысы келетін шетелдіктерден, осы елге жұмыс істеймін, білім аламын деп келген өзге елдің азаматтарынан мемлекеттік тілді үйренуін талап етпейтін елдің тəуелсіздігі де баянды болмайды. Өзін өзі сыйламайтын, өзін-өзі құрметтей алмайтын елді кім құрметтемек, кім санаспақ? Сондықтан да ел боламын, өзгелермен терезем тең болсын дейтін мемлекеттер ең алдымен, өз мемлекеттік тілін заң арқылы қорғайды, тиісінше қолданады жəне өз аумағында қолданылуын талап етеді. Осы жағынан келгенде Елбасының жыл сайынғы халыққа Жолдауларында, Қазақстан халқы Ассамблеясының жиындарында, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен, жастармен кездесулерінде үнемі мемлекеттік тіл мəселесін көтеруі мəселенің мəнін жете түсінгендігінен, ел тəуелсіздігін бекемдеуден туындап жатқан ерен əрекеттер екендігінде сөз жоқ. 1999 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевқа Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының «Ана тілдің айбары» атты алтын белгісінің тапсырылуы салтанатында Елбасы: «Əр адам баласы атасы мен анасынан дүниеге келгенде ең алғашқы қадірлісі оның тілі болады. Егер де біз Қазақстанның тəуелсіз мемлекет болғанын үлкен алтын күмбез деп санасақ, сол алтын күмбездің басындағы айшығы менен жұлдызы біздің тəуелсіздігіміз деп санайтын болсақ, сол күмбездің нық тұруына қызмет ететін төрт негізгі діңгегі болуы керек: ол – елтаңбасы, ел ұраны, біздің туымыз жəне қазақ тілі. Қазақ тілін тіпті, өз тілімізді, ана тілімізді бірінші орынға қоюға болады», – деп тебірене сөйлеп «қазақ тілін өркендетудің екі мəселесі бар деп санаймын. Бірінші мəселе, ол бүкіл халық болып өзіміз қазақ халқы қазақ тіліне қамқор болуымыз керек. Баяғыдай он қазақ отырса, ішіндегі бір адам бөтен болса, соны ренжітпейік деп барлығы орысша сөйлейтін заманнан өткенбіз. Соны қою керек. Жасқаншақтықты қою керек. Біздің, əлгі, денеміздегі əбден құлдыққа үйренген мінез-құлқымыздан ажырауымыз керек», – деген еді. Шүкір, содан бергі кезеңде бұл екі мəселе де шешімін тауып келе жатыр. Елбасы елдікке қатысты, мемлекеттің болашағына байланысты қандай мəселе көтерсе де, қандай сөз сөйлесе де түйінін тілге – қазақ тіліне əкеліп тірейді. Ишаралап та, ұқпағандарға соқырға таяқ ұстатқандай етіп те үнемі қайталап айтып келеді. «Өз тілімізбен өмір сүрейік! – бұдан артық қалай атауға болды? Қажет десеңіздер, одан да оңайлатып айтайын: «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін!» – дейді. Санасында саңылауы жоқ адам болмаса, мұны түсінбеу мүмкін бе?! Енді бір сөзінде «Ана тілін армансыз бойға сіңіріңіздер, өйткені, бабаларымыздың ғұмыр тəжірибесі, дүниетанымы, мінез-құлқы, өзіндік болмыс-бітімі осы тілде қаттаулы жатыр» десе, келесі бір сөзінде «Тілге деген көзқарас – шындап келгенде, елге деген көзқарас» екендігін алға тартады. Ана тілінің адам өміріндегі, ел тағдырындағы орны мен маңызының қаншалықты зор екендігін еліміздің əрбір азаматы, əсіресе, іс басындағы атқамінерлеріміз Елбасыдай түсініп, сол кісіше əрекет етсе, бүгінде өзіміз қолдан жасап жүрген көптеген кедергілердің бірі де болмас еді деп білемін. Елбасы айтқандай, «Ана тілін ардақтау – ешқашан ескірмейтін ұран». Сондықтан Ана тілінің айбарына айналған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың осынау ұстанымы Қазақстанның əрбір азаматының бетке ұстар темірқазығы болуға тиіс деп білемін. АЛМАТЫ.

Ќазаќстан халќы Ассамблеясы сіздерді шын жїректен сїйікті елордамыздыѕ туєан кїні – Астана кїнімен ќўттыќтайды! Елордамыздыѕ туєан кїні – əрбіріміз їшін ерекше ыстыќ жалпыхалыќтыќ мереке. Астана Ќазаќстан халќыныѕ рухани ґрлеуініѕ тірегіне, бірлігі мен ынтымаєыныѕ белгісіне, еліміздіѕ жасампаз жеѕістерініѕ кґрінісіне жəне ќазаќстандыќ арманныѕ іске асуыныѕ айќын дəлеліне айналды. Астана – азаттыќ пен тəуелсіздіктіѕ бейнесі, елдіѕ, халыќтыѕ, ќоєамныѕ жаѕа тарихыныѕ бастауы. Ќазаќстан Республикасыныѕ Президенті – Елбасы Н.Ə.Назарбаевтыѕ тарихи жəне таєдырлы шешімі, айрыќша саяси еркі Еуразия кіндігінде ќарасаѕ кґз тоймайтын, ќайталанбас келбетті, єажайып ќаланыѕ салынуына негіз болды. Бїгінде Астанамыз – əлемдегі еѕ сўлу əрі жас бас ќаланыѕ бірі. Ќонаќжай ќала кґптеген елдерден аєылєан саяхатшыларды ґзіне тартуда, аз уаќыт ішінде ірі халыќаралыќ шаралар мен маѕызды оќиєалардыѕ орталыєына айналды. ЭКСПО-2017 бїкілəлемдік кґрмесін ґткізу орны ретінде Астана ќаласыныѕ таѕдалуы біздіѕ елордамыздыѕ əлемдік ќоєамдастыќ тарапынан мойындалєанын айєаќтайды. Астананыѕ сəулет ґрнектерінде жəне бейбітшіліксїйгіш рухында Шыєыс пен Батыстыѕ єасырлар бойєы дəстїрлері ґрілген, Ќазаќстан халќыныѕ барша мəдени жəне рухани байлыєы їйлесім тапќан. Сондыќтан да, Мемлекет басшысы жариялаєан Ќазаќстан халќы Ассамблеясыныѕ 2015 жылы елордада «Астана – бейбітшілік пен келісім ќаласы» деген атаумен ґтпек.

Ќадірлі азаматтар! Баршаѕызды осы жарќын мерекемен ќўттыќтауымызды ќабыл алыѕыздар! Астанамыз гїлденіп, ґркендеп ґсе берсін. Елордамыз халќымыздыѕ тўтастыєыныѕ, ынтымаєыныѕ, ырысыныѕ, берекелі тірлігініѕ, еліміздегі бейбітшілік мен келісімніѕ, мəдениетаралыќ їнќатысу мен толеранттылыќтыѕ белгісі болып ќала берсін! Мереке ќўтты болсын, ќадірлі ќазаќстандыќтар! Қазақстан халқы Ассамблеясы.

 Өмір жəне өлең

Ел мен жердіѕ тірегі Елбасыныѕ туєан кїніне арнау

Қазақты ақын халық дейміз. Бір ауыз өлең құрастыра алмайтын қазақ жоқ дейміз. Сол сөздің растығының тағы бір айғағы – редакцияға таяуда түскен мына шумақтар. Бұл шумақтар қазақ өнеріндегі жарық жұлдыздардың бірі – Қазақстанның халық əртісі Зəмзəгүл Шəріпованың қаламынан шығыпты. Төрт аяғы тең жосылған жорға жолдар емес, əрине. Көркемдік кестесі кемдеу. Бір тұста ұйқасы əлсіздеу соғып қалады. Тағы бір тұста буыны толмай қалады. Əйтсе де, осы күйінде де, оқырман назарына ұсынуға бекініп отырмыз. Өйткені, мұнда атақты актрисаның жан-жүрегін жарып шыққан ақ тілегі бар, ел бағына туған тұлға үшін мақтаныш сезімі бар, халқымыздың бүгінгі биігіне қуанышы бар. Осындай ақтарылған көңіл-күй мың-мыңдаған оқырмандарымызға ортақ деп білеміз. Алтысында шілденің Туған күні Елбасының! Біле білсең, қазағым, Нұрсұлтан сенің асылың. Сөйлегенде сезгендейсің Найзағайдың жасынын! Келгеннен бұл өмірге жоқ қой міні. Шарлап кетті əлемге – Оның үні! Халықтың бағы болған алып тұлға, Туған елін көтерді асқар шыңға. Биікке тəуелсіздік туын тігіп, Аңыз боп қосылды аты өлең-жырға! Қызмет етіп еліне, Халқының болды панасы.

Осы тұлға қазақтың хас данасы, Қайталанбас дарасы! Қосылды жырға тағы да Жаралды халық бағына. Бүкіл халық тірек болды Мызғымайтын тағына! Ел мен жердің тірегі, Бірге соққан жүрегі. Жасасын ұзақ Елбасы – Бар халықтың тілегі! Қазақстан Республикасының халық əртісі Зəмзəгүл Нүсіпбайқызы ШƏРІПОВА.

АЛМАТЫ.


4

www.egemen.kz

5 шілде 2014 жыл

Дїкен МƏСІМХАНЎЛЫ, аќын, Ќазаќстанныѕ еѕбек сіѕірген ќайраткері.

Əлқисса немесе ЖАНШУАҚ Менің ұлы туған елім, ар-намыстың жалауы, Өзің барда мəңгі өшпейді рухымның алауы. Мендегі бар арман-үміт жаратылған өзіңнен, Бойдағы қан, кеудеде жан – сенің ғана қалауың. Менің ұлы туған тілім, Тəңірімдей ардағым. Сенсің менің бойтұмарым, мақтанышым, бар бағым. Мендегі бұл ар мен намыс жаратылған өзіңнен, Өзің барда мəңгі нұрлы менің атқан таңдарым. Менің ұлы туған далам, сай-саласы тұнған нұр, Мейіріміңе шөлдеп келдім, сарығымды бір қандыр. Мендегі бұл жан да, тəн де жаратылған өзіңнен, Жан-тəнімді, ертеңімді шуағыңмен нұрландыр.

Жаншуаєым –

Бірінші қайырым. ОТАНЫМ – ЖАНЫМ Алла берсе, бақ та, бап та шаппай ма, Шын тілесе, құлға да таң атпай ма?! Бұл жалғанда қымбат не бар Отаннан, Бұл жалғанда бостандықтай бақ қайда?!

Тағдыр бізді таптырғанмен барқадам, Тас ататын тасыр аз ба қалқадан?! Тек Нұрсұлтан болғандықтан Елбасы, Астанамыз қоныс тепті Арқадан.

Уа, бостандық! Шын келдің бе қазаққа?! Өзіңді аңсап аз түстім бе азапқа?! Бұл пəниде қазақ көрген қорлықтан – Ауыр емес шығар бəлкім, тозақ та...

Теңдесі жоқ болсын батыр, ақылды, Кісі елінде оның аты «пақыр»-ды... Тек Нұрсұлтан болғандықтан Елбасым, Бар қазақты Атажұртқа шақырды.

Уа, азаттық! Таңым болып аттың ба?! Үмітімнің сөнген отын жақтың ба?! Бүгін саған құлдық ұрсам несі айып, «Жəннат», «бағын» жырлағанбыз жаттың да... Бір-ақ күнде қайтты кеткен елге есем, (Кім болғаным бір кемеге ермесем?!) О, Жаратқан, Азаттықты бергенмен, Қайтер едім кемел Көсем бермесең?!

Бақыт жолы қай кезде де бұралаң, Ұлы дəуір тудырады ұлы адам. «Жат өлкеде жəутеңдеген бауырым, Отаныңа орал», – деді Нұрағам. Я, ақсарбас! Қабыл болып тілегім, Қуаныштан қақ жарылды жүрегім. Отыншысы болайын деп Отанның, Көштің басын Атажұртқа тіредім.

Нұрсұлтан боп Алаш рухы жаңғырды, Талықсыған ой-санама жан кірді. Еңсемді де елге теңеп Елбасым, Бағымды да жарқыратып жандырды.

Тастау жеңіл болғанменен жат елді, Қимай-қимай кеттім басын əкемнің... Қазақстан, Қолыма ұстап өзіңе – «Елім!» деген жүрегімді əкелдім.

Түн түріліп, атты міне таң күліп, Қазақ үні тұр ғарышта жаңғырып. Тек Нұрсұлтан болғандықтан Елтұтқам, Шекарамыз шегенделді мəңгілік.

Келіп құштым тау-тасымды, даламды, Аймаладым ауылымды, қаламды... Туған жердің топырағымен аптадым, Жанымдағы қатпар-қатпар жарамды...

(Лирикалыќ поэма)

Бұлттай іріп қорлық-зорлық, нала-мұң, Көк аспанға көк туымды қададым. Бар қазақты бауырым деп құшақтап, Əр қазақты бақытыма баладым. Артта қалып өгей, зұлмат ғасырым, Өз елімде еркеледім, тасыдым... Айдаусыз-ақ мен халқымның құлымын, Сайлаусыз-ақ мен елімнің басымын. Тасы қаным, қайна қаным, барсың ба? Бүгін қайнап, тасымасаң қансың ба?! Ақын болып жаралғаным шын болса, Жанның шөлі, көңіл қыбы қансын да... Соқ жүрегім, бұлқын, шалқы, арында, Ақсын жалын алпыс екі тамырда. Иə, бүгін мен кімдерден кем едім, Азат отан – ҚАЗАҚСТАН барында?! Қазақпын мен, ғұн ұрпағы, күн бабам, Азатпын мен, көкке туын бұлғаған. Құлақ түрді қазаққа да, Кешегі – Миығынан қарап келген дүр-ғалам. Азат бүгін қиялым да, ойым да, Бостан жыры асқақтайды тойым да. Тілде тиек, ерінімде қақпақ жоқ, Жоқ ажырғы аяқ-қолда, мойында... Азат бүгін тауым, қалам, қырым да, Асқақ бүгін əнім, күйім, жырым да. Жайраң қағып жырлап, күліп ағады Ертісім де, Жайық, Ілем, Сырым да...

Қазақстан, Кеудемдегі жанымсың, Бойымдағы буырқанған қанымсың. Сезімімсің, ақылымсың, санамсың, Тақытымсың, бақытымсың, барымсың... Қазақстан, Намысымсың, арымсың, Жүректегі жанартаусың, жалынсың. Тірлігіме шуақ шашқан арайлы, Мəңгі жарық, мəңгі жарқын таңымсың. Қазақстан, Көкте күлген күнімсің, Зуанымсың, жыр-əнімсің, үнімсің. Тəңірімсің – падишасы рухымның, Жалғандағы табынатын пірімсің. Қазақстан, Қос жанарым – көзімсің, Кəлимамсың, өлердегі сөзімсің. Асып-тассам, алшаң бассам бүгінде – Бар бақыттың бастау көзі өзіңсің. Қазақстан, Тəңірімдей тірексің, Үмітімсің, арманымсың, тілексің... Тұғырысың елден биік еңсемнің, Кеудемдегі атойлаған жүрексің. Қазақстан, Жырлап өтем өзіңді, Айтып өлем, сөйлеп өлем сөзіңді! Ұйықтап қалсам, сен бір жаққа кетердей, Мен əр түні əзер ілем көзімді. Уа, ұлы Отан, сүйіп өлем өзіңді!!!


www.egemen.kz

5 шілде 2014 жыл

Отаным

Екінші қайырым. КӨК ТӘҢІРІМ – КӨК ТУЫМ Көк түс – менің Тəңірім мен кеңдігім, Өрнек – менің тыныштығым, елдігім. Ал алтын күн – менің туған құдайым, Ата қыран – серілігім, ерлігім. Көк ту барда ақындардың мен дүрі! О, көк жалау, желбірей бер, желбіре, (Мына жұртқа керек екен енді не?!) Көк аспаннан кертіп алған киелім, Алтын күнің жарқырасын мəңгіге. Қыраның боп самғап келем мен міне! Ойхой, менің арман туым – ардағым, Сені армандап мен үш ғасыр зарладым. Білсе егер жер бетінде бір халық, Мен білемін азаттықтың салмағын. Арман емес менің өзге арманым.

Сəл мұңайған достарыма мен ылғи, Көк туымды əрлі-берлі қозғаймын. Мен қолымды туға бекер созбаймын! Сен алаула, сен биікте көк пірім, Өзіңменен өсер менің шоқтығым. «Мақта!» десең, жан салмаймын алдыма, «Сақта!» десең, жасырмаймын, көп мінім. Бірақ сенсіз жоқ тірлігім, жоқ күнім. Тірілердің «тіл-көзі» де бек қиын, Аулақ, аулақ, ала дауыл – от құйын. Бəрін қойшы, аман болса көк жалау, Қалған қайғы, басқа бақыт көк тиын. Тəңірден де сұрар өзге жоқ бұйым.

Алаулай бер, намыс туы – асылым, Өзің барда мен бір елдің басымын. Қолыма əкеп арманымды қондырған, Адамзаттың жөнге салып тасырын, Айналайын ХХ ғасырым!

Қасиетті көк байрағым – ар туым, Шабытымды шарықтатты шалқуың. Еңкейтпеймін, кірлетпеймін мен сені, Жаратқанның зорға берген тартуы – Сөзсіз менің саған бəрін сарқуым!

Жаңа ғасыр.., Мен ешкімнен кенде емен, Бақыт, байлық, жетіп жатыр шен деген... Мен ауырсам, өткенді ойлап ауырып, Сосын келіп көк туыммен емделем. Біз бақытты өлшемейік теңгемен!

О, Көк перім! Алаулатып аспанымда өзіңді, Айтып өлем, сөйлеп өлем сөзіңді! Үш ғасырда өзің үшін күресте Жойып ала жаздап едім көзімді. Тағдырыңа бұдан былай керексе – Құрбандыққа атап қойдым өзімді!

Көк ту барда күрсінбеймін, тозбаймын, Алаулаймын, лапылдаймын, қоздаймын...

Үшінші қайырым. АЛАШТЫҢ АСҚАҚ АЙБАРЫ Арман болған ақ таңымды атырған, Қасіретімді жер түбіне батырған, Жаратылған ар-намыс пен ақылдан, Əзиз басын қашан да – Алты алаштың қамына ғана қатырған. Қырық темірдің қылауын, Қорғасын болып қоруға ылғи шақырған. Анда іздеп алыстан, Дос жинаған жақыннан. Айналып кетсек болмай ма, Қазақ боп туған затыңнан, Нұрсұлтан деген атыңнан! Өшкенімді жандырған, Өмірімді əн қылған, Қылбұрау қиған аяқты, Кісен қиған қолымды, Жылы суға малдырған. Заман болды-ау кеше бір, Іргемді күнде қан қылған, Елімді естен тандырған. Түгендедің жоғымды, Мың шыңырау, сан қырдан. Жерімнің шетін шегендеп, «Мəңгілік елге» қам қылған, Сен, Сен едің Нұраға, Алаштың бағын жандырған. Қаламның жанын түлетіп, Даламның жонын гүл етіп, Көзімді жастан құрғатып, Сөзімді жатқа тыңдатып, Төбемді көкке тигізген, Маңдайымды Көк Тəңіріме сүйгізген.

Бұл пəнидегі бақытты, Басыма менің үйгізген. Өрісі бөлек өзгені, Құшағына сыйғызған, Атом деген тажалдың, Жұлынын мүлде қиғызған. Тағдырдың талқы, тəлкегін, Тəңірден қалап тиғызған. Шодырайған екі шекеме, Шор-шор алтын құйғызған. Кісі елінде кісəпір боп күн кешкен, Бауырларымды Отаныма жиғызған. Алты құрлықтың назарын, Астанама бұрғызған. Төрт құбыламды тең қылып, Жарасқан етек-жең қылып, Таққызған алқа жұлдыздан. Байтағымның өрінен, Сарыарқамның төрінен, Астанадай əйдік шаһар тұрғызған. Жерімнің шетін, дауылдың өтін, Достықтың алтын зерімен сырғызған – Уа, Нұрсұлтан, Нұраға, Алашқа сенсің, пір аға. Сен, сен едің, сен едің, Асып бір туған ер едің. «Мың өліп...» жүрген еліңді, Жетелі іске жебедің. Сен, сен едің, сен едің, Ел тізгінін қармаған, Шабысынан танбаған. Қара қазақ қамы үшін,

Төртінші қайырым. АСТАНАМ МЕНІҢ АЙБЫНЫМ Арайға бөгіп сөгілген, Алтыннан шапақ төгілген, Тəтті бір күй боп өрілген, Ертеңім күліп көрінген, Таңдарың да менікі!

Шағала құсы шаңқылдап, Қаз-үйректері қаңқылдап, Күліп бір аққан жарқылдап, Тынып бір жатқан салқындап Есілің де менікі!

Тамырдай бүлк-бүлк тулайтын, Сансыз мың саңлақ зулайтын, Жүргенде көңіл қунайтын, Арманның алдын бумайтын, Жолдарың да менікі!

Аспанмен сеңгір таласқан, Оздырған даңқын алаштан, Жапырақ-гүлін жаңа ашқан, Мəні мен сəні жарасқан – Бəйтерегің де менікі!

Жаныма шуақ, сепкен нұр, Ырыс пен байлық төккен кіл. Жиегі тола шөккен жыр, Күміс күмбездей көк теңбіл, Аспаның да менікі!

Алаштың жаны, жүрегі, Қазақтың ары, тілегі, Елімнің асқақ тірегі, Ақылы, қайрат, білегі – Ақордаң да менікі!

Желіден жаңа сауғандай, Иісі жұпар саумалдай, Сазы мен сəні армандай Су емес, шаттық жауғандай – Жаңбырың да менікі!

Көк туды көкке ілгізген, Ғаламға құлақ түргізген, Заманға пырақ мінгізген Түндері бірдей күндізбен – Бұл АСТАНА менікі!

«Кəрі құда» келсе «көрмейтін», Айдағаныма «көн» дейтін, Кедей мен бай деп бөлмейтін, Өз сөзін ғана «жөн» дейтін – Аязың да менікі!

Астанам менің, айбыным, Мақтаным, дарқан айдыным. Тəу етер Мекке-Мединем, Бақытым, барым, байлығым! Жарқырап жанған ай, күнім!

Шаршы əлемді шарлаған. Болашағыңды боларды Бала шағыңда барлаған. Ақылы айдын кемелім, Əбес бір іске бармаған. Мұзбалақ қыран сен едің, Қанаты қанша қақса талмаған. Өзіңе мəлім жайымыз, Оңынан туып айымыз, Шуағын төкті күніміз. Шала бір жансар жаны бар, Тірілді міне тіліміз. Түтіліп жүндей тоз болған, Түледі құстай діліміз. Етекте қалған еленбей, Төрледі міне дініміз. Уа, Нұрағам, Нұрағам, Жаны бір жайсаң – жыр алаң. Елінің мəңгі бақытын, Алладан күнде сұраған. Сен, сен едің, сен едің, Сабыр-төзімге кененім. Елім деп өтер еңіреп, Еңсегей туған ер едің. «Нұрсұлтан салған нұрлы жол», Нұрлы жолдан сен салған, Мəңгілік елді көремін. Халқыңды баста, кемелім, Ел сайлаған Елбасым, Өзіңе ғана сенемін. Көп қалаған көсемім, Өзіңе ғана еремін!

5


6

www.egemen.kz

5 шілде 2014 жыл

 Тұлғалар толғанысы Имани жақсы іске, қайырымы мол игілікті жұмысқа, қайыры бар тірлікке илану парыз. Оны көре білу, түсініп, түйсіну əр адам үшін кешпес қарыз. «Азамат сыны – ерлік, ерлік сыны – елдік» (Мұхтар Əуезов) деп сондай елдік іске ұласып, оның басында тұрған тұлғаның, қасында жүрген азаматтардың абыройы асса, тіпті керемет. Сондай кемелдіктің бір көрінісі деп Елбасының ұлы идеясымен бой көтерген Астана қаласын айтуға болады. Тамыры тереңде, керегесі қалың, шаңырағы шалқыған шаттыққа толы деп келген Кеңес дəуірінің күні өтіп, шіріген бұғауы бырт-бырт үзіліп, іріген идеясы икемнен кетіп, тоталитарлық жүйенің ойраны шыққанда қыспақта отырғандар азаттығын жариялап, туларын көтеріп, түп тамырына қайта оралды. Сол қатардан Қазақ жұрты да табылды. Əрине, бүлінгеннен бүлдірге алмай, өз алдына ту тігіп, шаңырақ көтеру алғашында оңай бола қойған жоқ. Басқа тартсаң аяққа, аяққа тартсаң басқа жетпей, жетелі мұны түсініп, жеңіл ойлы əркімге бір соқтығып жатқан тұста бұл былайғы халыққа да ауыр тигені анық. Оның үстіне ұлан-асыр жеріміздің қызығын көріп қалғандар қалай да бір сылтау тауып мұқатып қалуға тырысты. Осындай алмағайып уақытта ұлттың тұстастығын, жеріміздің бүтіндігін алдын ала ой елегінен өткізіп, үш ұйықтағанның түсіне кірмейтін бастаманы бекем қолға алып, астананы ел кіндігіне көшіруді Президент қолға алды. Алда айтқанымыздай, бұл Нұрсұлтан Назарбаевтың ой биігінен туындаған идеясы болатын. Мұндай байлам алғашында тосын естілгенмен, кейін елдің ертеңін, ұрпақтың болашағын алыстан болжаған зиялылар қауымы: «е, бəсе» десті. Осы жерде Мемлекет басшысының өз сөзін еске түсіріп көрелік. «Ашығын айтайын, бұл шешімнің біздің ұлттық қауіпсіздігімізге тікелей қатысы бар. Мыңдаған жылдар бойы ата-бабаларымыз мекен еткен қасиетті қазақ жерінің бір бөлігін – аяулы Сарыарқаны саяси саудаға салып, дарқан даламызды дау-дамайға айналдырғысы келетіндер бар кезде, солтүстіктегі шұрайлы өңірге суық көзінің сұғын қадайтындар бар кезде біз мына жылы жерде əсем қала – Алматыда тыныш отыра алмас едік», деді Нұрсұлтан Əбішұлы. Бұл тасқа басып кеткен бабалар сөзінің ұшқынындай естіледі. Елбасының осы асыл ойы жұртқа қалай жетті дегенді біз сол тұста халық қалаулысы, кейін сенатор болған, қазақ ғылымының айтулы өкілі, академик Жабайхан ƏБДІЛДИННЕН сұраған едік.

Елорда їлгі ќалаєа айналды – дейді академик Жабайхан Əбділдин

– Мен ол кезде Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің халық депутаты едім, – деп бастады əңгімесін академик Жабайхан Мүбəракұлы. – Философияда аса талантты да, көрнекті басшылар туралы қағида лар көп. Сол қағидалар бойынша талантты, ақылды басшының басқадан айырмашылығы қандай дегенге келетін болсақ, ол уақытына, заманына, дəуіріне сай озық ой айтады, үлкен идеяларды ортаға салады. Сол арқылы алда тұрған міндеттерді мүлтіксіз шешеді. Ондай кемел басшылар əлемде санаулы. Санаулы саңлақтардың қатарында Петр І, Ататүрік, біздің Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы, тағы басқалар бар. Нұрсұлтан Назарбаев та азаттығымызды алғаннан кейін көптеген елге керек, халықтың өркенін өсіріп, өрісін кеңейтетін озық ойларын жұртқа жеткізіп жүрді. – Соның бірегейі астананы Алматыдан Арқа төсіндегі Ақмолаға көшіру дейсіз ғой. – Айтар сөзімнің үстінен түстің. 1994 жылдың 6 шілдесінде болған Жоғарғы Кеңестің жалпы отырысына Президент қатысты. Астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы айтып, алдымызға үлкен мəселе қойды. Шыны керек, бұл ұсыныс депутаттарға төбесінен жай түскендей əсер еткенін жасыра алмасақ керек. Алматы – қиып кете қоймайтын сұлу қала. Оның үстіне əбден бауыр басып, үйреніп кеткенбіз. Осындай жұмақ Алматы дан астананы қиырдағы Ақмолаға көшіру ақылға сыймайтын секілді. Оның үстіне Ақмола онша дами қоймаған қала еді. Оны келіп-кетіп жүргенде білетінбіз. Əрине, əдемі Алматының да проблемасы бар болатын. Оның бастысы экологиялық жағдайы еді. Оған қоса халық саны жыл сайын артып бара жатқан. Миллионнан асып кеткен еді. Бұған қоса, жер сілкіну қаупі де жиі айтыла беретін. Соған байланысты биік ғимараттар салу қиын делінетін. Жəне бір нəрсе, Алматы – мемлекет шетінде орналасқан қала. Отанымыздың төрт бұрышына жету оңай болмайтын. – Сол тұста экономиканың жағдайы да көңіл көншітпеу былай тұрсын, Шекспирдің кейіпкері айтатындай не өсу, не өшу алдында тұрды емес пе? – О не дегенің? Көргендердің, куə болғандардың есінде болар. 1994 жылдары өндіріс қирап жатты. Мұғалімдер, жұмысшылар айлық ала алмады. Зейнеткерлердің де жағдайы қал үстінде тұрды. Осындай уақытта орын алмастыру қалай болады деген ой көп мазалады. Əлденіп алған соң қозғалсақ қайтеді дегендер де табылып жатты. Оның үстіне болашақ астанада мықты кадрлар кемшін еді. Қазағы да аз болатын. Ғылыми орталық жоқ. Ендеше, қалай көшіп барамыз, елдігімізге енді қол жеткенде оны мүлде əлсіретіп жібермей

ме деген сұрақтар көкейде жүрді. Бір жағынан тағы ойладық, бұл жай əңгіме шығар. Себебі, Хрущевтің уақытында Мəскеуді бұрынғы Ленинградқа көшіреміз деген əңгіме болған. Ол осы күнге дейін сол əңгіме күйінде қалды. Бұл бастама да солай болатын шығар деп жүрдік. Осы уақытта Жоғарғы Кеңес депутаттары тарап кетті. Жаңа сайлау болды. Екі палаталы Парламент депутаттарының корпусы жасақталды. Сөйтіп, 1996 жылдан біз жаңа бағытта жұмыс жасай бастадық. Мен сенатор, сонымен бірге, Сенаттың Халықаралық істер, қорғаныс жəне қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметін қоса атқардым. Бұл кезде Ақмолада құрылыс жұмыстары, өзге де іс-шаралар атқарылып жатыр дегенді емісеміс естіп жүрдік. Содан 1997 жылдан кейін мемлекеттік нысандар Алматыдан Ақмолаға ауыса бастады. Сол жылдың желтоқсан айының 10-ы күні депутаттар корпусы – бəріміз Алматыдан Ақмолаға бет түзедік. Бүкіл Алматы жұртшылығы оң батасын беріп, керемет салтанатпен сырнайлатып шығарып салды. Президент Нұрсұлтан Əбішұлы жарқылдап, жайнап жүр. Ақмолада алқалы жиын өткізді. Жұртшылықпен жүздесті. Қаланы аралап көрсек, əжептəуір игілікті істер атқарылыпты. Оған қуандық. Бірақ, Ақмоланың ақ бораны ұрып тұр. Қиыршық қар көзді аштырмайды. Буынып-түйініп Ақмолаға бір-ақ келу үшін Алматыға қайтуымыз керек. Қайтар жол ауыр тиді. Ақ боран адым аштырмай, пойызбен кері қайттық. Көшбасында Елбасы тұрған соң былай деу артық. Бабалар дəстүрімен көшбасындағы азаматты сыйлау, айтқанын орындау міндет. Оның үстіне Мемлекет бас шысының бойындағы ерекше қажыр-қайрат, жанып тұрған жігер бізді де қанаттандырды. Осындай кезде ойыма аталарымыздан қалған аталы сөз, «Тəуекел түбі желқайық, өтеміз де кетеміз» оралып еді. Қазақ бет алған жағынан қайтпаған. «Алла жарылқасын!» деп қадамын нық басып, алға ұмтыла берген. Біз де сол жолды жалғадық. Ақмолада екі палаталы Парламент береке-бірлікте жұмысын бастап кетті. Бас-басымызға үй қайда, жатақханада тұрдық. Асыл азамат Қаратай Тұрысов екеумізге де бір-бір бөлмеден тиді. Біраз жасқа келгенде баяғы жігіт шақты еске алып, қиналғанмен «Бұл да қызық, барға тəубе!» деп тұрып жаттық. Апыр-ай десеңізші, қақаған аязда бой жылытайық дегенде бір жібі түзу, тамағы дəмді асхана таппаған кез де болды ғой. Көп азаматтар жұма күні Алматыға тартып кетіп, жексенбі, дүйсенбіде оралып жүрді. – Қазақтың бұл тірлігінен түк шықпайды деп сəуегейсігендер де табылды емес пе?

– Табылғанда қандай. Ұлардай шулап жатты ғой. Əсіресе, Мəскеу газеттері соңы масқараға ұласады деді. «Расында бұл қиын болды-ау. Бекер шашылатын болдық-ау» дегендер өзімізден де табылды. Əйтсе де бел шешіп кіріскен іс өз нəтижесін бере бастады. Оған Елбасының аса сергек, ұйымдастырушылық қабілеті үлкен септігін тигізді. Кеңінен ойлап, алыстан болжайтын алғырлығы, алымдығы бөлекше көрінді. Есіл жиегінен бір, бір жарым жылда жақсы үйлер, дүкендер бой көтерді. Күдікті үміт жеңе бастады. Екіұшты пікір, құбылған ой ай санап, тіпті күн санап, азайып өркен жайған Ақмоланың дамуы көңілге қуаныш ұялатты. Сол уақытта ғана біз Елбасы идеясының түптамырын түсіндік. «Е, бұл орындалмайтын сөз емес болды. Елдің келешегіне жасалған жасампаз тірлік екен. Тəуелсіздіктен кейінгі небір қайшылықтарды шешудің жолын кемелдікпен тұжырымдапты-ау!», дестік. – Жабайхан Мүбəракұлы, «көз – қорқақ, қол – батыр» деп бір кездегі көп күдік сейіліп, ұлы идеядан туған тірлік қарқын алып, қабырғалы елдің астанасы санаулы жылдардың ішінде шенеуніктер қаласынан рухани орталыққа, экономиканың тірегіне айналды. Дəулетіне сəулеті сай елдің елордасы əлемдегі сен тұра тұр, мен айтайын дейтін мықтылар қатар отырып, ой жарыстыратын, пікір бөлісетін іргелі мекенге айналды дегенге қосыласыз ба? – Қосылғанда қандай! Кейде алғашқы кездегі қысқа ойларға бой алдырғанымызға кəдімгідей ыңғайсызданамыз, Елбасының кемелдігіне дəн риза болып жүреміз. Алда айттым, жас қалада істі дөңгелетіп əкететін кадр аз болар-ау деп. Қазір олай дей алмайсың. Президенттің идеясын мүлтіксіз игеретін мықты кадрлар елордада жетіп артылады. Ана бір жылдары қаржы жағы да аз сөз болған жоқ еді. Ендігі жерде Астана ел экономикасының локомотивіне айналды. Инвесторлар ақшасын аямай салып жатыр. Соның нəтижесі, Есілдің оң жағы мен сол жағына небір алып құрылыстар салынып, сəулет өнерінің жауһарлары жаңғыру үстінде. Халық саны да артып отыр. Осы қарқынмен кете берсе, таяу жылдары миллион тұрғынға жетері күмəнсіз. Астанадағы мəдениет орталықтарына баратын халықтың қарасы көңілге медеу ұялатады. Бұл да өскендіктің белгісі. Өзің айтқандай, төрткүл дүниенің озық ойлы азаматтары жылына бір емес, бірнеше рет бас қосатынына куə болып жүрміз. Мен ондай алқалы жиындар туралы таратсам, əңгіме ұзарып кететін шығар. Бəйтерек кешеніне таяу жерде тұрамын. Ертелі-кеш «Нұрсая» мөлтек ауданында, мəуелі Бəйтеректің төңірегінде қыдырыстап жүреміз. Үлкен-кішімен əңгіме-дүкен құрамыз. Сондай сəттерде

алыс-жақын шетелдерден келген азаматтармен тілдесеміз. Олар: «Санаулы жылдар ішінде мынандай қала салған қазақ қандай мықты халық, Елбасыларыңыз қандай кемеңгер адам, бақтарыңыз зор, тəлейлеріңіз мол екен» деседі. Көтеріліп қаламыз. Жақсы сөз – жарым ырыс емес пе! Мен де іркіліп қалмай, олар біле бермейтін ұшан-теңіз табыстарымызды, ертең атқарар жұмыстарымызды тарата айтамын. Сонда: «Неткен мемлекетшіл ұлт ұланысыздар!» дейді. – Астананың өскеніне қарап, елдің өскенін көруге болады. Бұған сіздің де қосарыңыз бар шығар. – Əрине. Астана бұл күндері өз Отанымызға емес, əлем үшін де үлгі қалаға айналды. Бақ тəлейімізден, бейбітшіл ниетімізден болар, санаулы жылдардың ішінде осындай тамаша қала бой көтерді. Солардың қатарында Тəуелсіздік сарайы, «Қазақ елі» монументі, Орталық цирк, «Хан Шатыр», «Қазақстан» концерт залы, «Астана Опера» – тізе берсем өте көп. Күні кеше тұсауы кесілгендері қаншама! Елордадағы мұндай жіті қимыл, өңірлерде де өрістеу үстінде. Абай айтқандай, қазақ елінің қалалары Астанаға қарап бой түзейтін болды. Алматы əдемі қала еді, Астана сұлу қала болып қалыптасты. Жалпы, жаңа жерде ойға алғанның бəрін іркілмей жүзеге асыруға болады. Оған Астананың əр тұсынан бой көтеріп жатқан жоғарыдағы ғимараттар куə болады. Гегельдің айтатыны бар: «Жаңа қала салу қиын. Бірақ ескі қала орнына жаңа қала салу, ол тіпті қиынның қиыны». Бұл шындық сөз. Бұрынғы қаланың ішінен жаңа құрылыс жұмыстарын жүргізем десең, ол оңай жүзеге аса қоймайды. Өйткені, əр бұрынғы ғимараттың өзіндік тарихы бар. Оны аттап өту жайы оңайға түспейді. Менің топшылауымша, Астананың келешегі өте зор. Мұнда жер сілкінбейді. Сексен, тоқсан, жүз қабат керемет үйлер тұрғызуға болады. Болашақта соның бəрін Елбасының идеяларына сүйене отырып, бүгінгіден де керемет архитектуралық шешімдермен жаңа елдік ғимараттар, ұлттық үлгідегі тұрғын үйлер салып жатсақ нұр үстіне нұр. Астанада айтулы спорттық кешендер де бой көтерді. Менің тағы бір айтайын дегенім, қазақ қашанда жылқыны ерекше бағалаған. Енді, Арқа төсінде бір үлкен ипподром салынса құба-құп. – Бір кездегі ауыл жағалаған қазақ қалаға келе бастады. Бұл да заман талабынан туған үрдіс емес пе? – Солай. Бұрын ұлтымыздың 73 пайызы ауылда тұрса, бұл көрсеткіш қазір көп төмендеді. Əсіресе, Астана қаласы қазақиланды. Елордада бір ғана қазақ мектебі бар еді, қазір бірнеше ондықты құрап отыр. Қазақ тілінің аясы да кеңейіп келеді. Иə, əлі де олқы тұстарымыз бар. Оны

той үстінде жетістікпен қоса жетілдірсек деп мəселені айтқан дұрыс деп білемін. Тіл үшін өзгені кінəлаудың қажеті жоқ. Əр отбасы тілге құрмет көрсетуі тиіс. Өзі қазақ, Қазақ елінде өмір сүріп жатқанын ұғынуы керек. Бүкіл қазақ қазақ тілінде сөйлесе, өзгелер өзі-ақ үйренеді. Мəселе өзімізде, намыссыздығымызда болып тұр. Елбасы əр жылдардағы Жолдауында, «Қазақстан-2050» Стратегиясында, өзге де алқалы жиындарда мемлекеттік тілдің мəртебесін көтеру, қажеттілікке жарату жайын тайға таңба басқандай айтып келеді. Неге екенін қайдам, соны мүлтіксіз орындауға келгенде салақтық танытып жатамыз. Біреулер келіп істеп беретіндей бірімізге біріміз ақыл айтудан жалықпаймыз. Көбіміз бар пəлені КСРО-ға жауып, ақталуға бейімбіз. Сол кезде мына өзбек бауырлар, ана армяндар, грузиндер өз тілінде сөйледі. Мен сол КСРО дəуірінде Арменияда өткен ғалымдар жиынына қатысқаным бар. Мəскеуден атақты оқымыстылар келді, бірақ армяндар жиынды өз тілінде жүргізді. Ешкім бұл қалай демеді. Ал біз қазір тəуелсіз елміз. Ендеше Астана тіл жағынан да үлгі болса екен деймін. Елбасы айтқан тапсырманы орындасақ ұтылмас едік. Əсіресе, мұны биліктегі бауырлар бірінші ойлауы тиіс. Осы арада мынандай бір мысал айтайын. Оны Міржақып Дулатовтың кітабынан оқыдым. Ресейдің қол астында отырғанда, қазақ арасында болыс сайлауы өткені тарихтан мəлім. Бір өңірде сондай бəсеке өтіп, билікте жүрген болыс 95 пайыз дауыс алыпты. Онымен қатар түскен Жақып деген жігіт 5 пайыздан аса алмапты. Ол кезде сайланған болысты генерал губернаторлар бекітеді екен. Оның алдына барғанда генерал губернатор 95 пайыздың иесінен орысша тіл білесің бе десе, басын шайқапты. Ал 5 пайыз дауыс алған Жақып орысша сөйлей де, жаза да алады екен. Генерал губернаторға керегі тіл білетін кісі. Сөйтіп, ол болыс болып шыға келіпті. Содан шығар, қазақтар балаларын орысша оқытуға талпыныпты. Менің аталарымның да сондай ұмтылысқа барғанынан хабардармын. – Тіл білмейтіндер қазақ тілін үйретеміз деп жар салып жүр. Бұған қалай қарайсыз? – Қалай қараймын, ол тіл білмей тұрып, тілді қалай үйретпек? «Аңқау елге арамза молда» деген сөз бар еді ғой. Сол тəрізді нəрсе шығар. Оның артында ақша тұр. «Білу, білмеу өз міндетің, ақшаңды төлесең болды» дейді ондайлар. Сондай «табыскерлер» көбейіп барады. Тыйым жасау керек. Тілімізді өйтіп əжуаға салуға болмайды. – Астана əсем қалаға айналды. Енді оның экологиясын таза ұстау мəселесін де ойластыруымыз керек секілді.

– Орынды мəселені көтеріп отырсың. Күні кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астананың жасыл белдеуін аралағанда Астана орманының қалай жүзеге асқанын айтты. Біз «Астана қалай салына ды, қалай өркендейді» деп жүрсек, Мемлекет басшысы бас қаланы жасыл желекпен көмкеруді де ойластырып қойыпты. Жоғарыда айттым ғой, алғаш келгендегі Ақмоланың ақ боранының қандай болғанын. Қазір сол ақ боранға «Президент орманы», яғни жайқалған 70 гектар жердегі жасыл желек «қорған» болып тұр. Мен мұны неге айтып отырмын, экологияны сауықтыратын – жасыл желек, қалың орман. Біз осындай орман өсірумен Бурабай, Оқжетпес, ондағы көлдердің тазалығын сақтай білуге қол жеткізе аламыз. Əр азамат бұған өз үлесін қосуы керек. Біреу біреуге сілтемей, жоғарыға қарамай, «Мен осы Қазақ елінің азаматымын», десе, жайқалған дүние гүлдене береді. Президент сол жасыл белдеуді аралап жүріп: «...атасы отырғызған бақтың қызығын ұрпағы көреді», деді. Бұл таза көңілден шыққан аталы сөз. Аталы сөзге ақымақтан басқаның бəрі тоқтаса керек. – Сонда санамызды сəулелендіру керек дейсіз ғой. – Иə, бəрі санада, ұлттық намыста жатыр. Өзімшілдік өкіндіреді, ұрпақты адастырады. Туризм туралы айтып жүрміз. Бұл үлкен мəселе. Осыны жақсы жолға қойсақ, сана түзеліп, табиғатқа жанашырлық артар еді. Өйткені, адамдар өңірлеріндегі əдемілікті бүлдіруге батпас еді. Əрі жат қылықты тежер еді. Тағы бір айтайын дегенім, Астанаға ұлттық үлгі көп керек. Ұлттық дүние деп кейбір азаматтар болсын, болмасын киіз үйдің, ою-өрнектің үлгісін салады, не іліп қояды. Бұл ұлттық үлгі емес. Талғам болуы тиіс. Талғамды арттыру жолындағы талапты күшейту қажет. Онсыз ұлтты ұятқа қалдырамыз. «Өткенің, тұтынған бұйымың осы ма?» дейді сырт көз. – Ескерткіштерге де талап керек дегенге айтар тұжырымыңыз қандай? – Бұл да ойланатын нəрсе. Əр тұлғаның өз бет-бейнесі, болмыс-бітімі бар. Соны тап баспаған жерде ескерткіш ажары ашылмайды. Сонымен қатар, ескерткіштерді жасайтын өнер иелерінің бойында қазақы рух мықты болуы керек деп ойлаймын. Кейде үш бидің Төле, Қазыбек, Əйтекенің үлкен ескерткіштерін тұрғызуды қолға алсақ қой деген ойға батамын. Ол елорданың көркі болар еді. Ұрпақтар тағзым етер орынға айналар еді. Бұл көтерген мəселем, Астананың келбетін кеңейте берсе деген ойдан туындап отыр. Біз бүгінімізбен шектеліп қалатын халық емеспіз. Қашанда мəңгілік ел болу ниетіндегі жұртпыз. Елбасының «Мəңгілік ел» идеясы да осындай ұмтылыстан, келешекке деген талпыныстан туып отырғаны анық. Мен Астана күнін бұл – елді, ұлтты ұйыстыратын, өзге этностармен қатар береке-бірлікте өмір сүріп жатқан ынтымағымызды дəйектейтін мерейлі де мəртебелі мерекеміз деп білемін. – Əңгімеңізге рахмет. Əңгімелескен Сүлеймен МƏМЕТ, «Егемен Қазақстан».


www.egemen.kz

5 шілде 2014 жыл

ЎЛТТЫЌ ТАРИХ ТАМЫРШЫСЫ Тəуелсіздікке қолымыз жеткеннен бері ұлттық тарихымыздың қадір-қасиеті мен өзектілігі күн санап артуда. Бұл ауқымды саланы заманауи талаптар биігінен зерделеуге соны серпін берген тұлға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев екеніне ешкімнің дауы жоқ. Мемлекет басшысының тарихи көзқарасын: «Өткендердің қадірін білу, олардың арман-мүдделерін жалғастыру – адамгершілік парыз ғана емес, қоғамдық дамудың, ілгері басудың негізгі алғышарттарының бірі», «Қазақ тарихында қазақ ұялатын ештеңе жоқ», деген ой тұжырымдарынан байқау қиын емес. Тəуелсіздік мемлекетке, азаматтарға ғана емес тарихқа да қажет екенін тереңінен толғанған Елбасы оны екі бағытпен жүзеге асырды. Хангелді ƏБЖАНОВ,

Ш.Уəлиханов атындағы Тарих жəне этнология институтының директоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі.

Бірінші бағыт – тарих білімі мен ғылымының ілгерілей дамуына қажетті алғышарттар мен қажеттіліктерді өтеуі. Бұл орайда Президентіміздің тікелей араласуымен тарихи білім беру жүйесі реформаланды, жаңа буын оқулықтар мен оқу құралдары жазылды, ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары ашылды. Зəрулігі өткір мамандықтар бойынша маман даярлау қолға алынды. Қысқасы, атқарылған істерді тізіп шығу мүмкін емес. Сондықтан да шығар, қолына қалам ұстаған көзіқарақты жандардың бəрі тарихшы болуға шақ қалды. Мұның жақсы да, жаман да жақтары бар екеніне көзіміз жетуде. Атын шығарудың оңай жолын таңдағандарға айтылған сын-ескертпелер баршылық. Елбасы да бірде былай деген еді: «Тарихтың тағылымы біреу-ақ: ол ешқандай тағылым бермейді дейтін тұжырымға мен үзілді-кесілді қарсымын. Тарихты жеңіл-желпі аңыз сөздердің жиынтығы деп қарайтын адамдар шынында да тарихтан тағылым ала алмайды». Түптеп келгенде, қазіргі Қазақстанда тарихи білім мен ғылымды дамытуға айтарлықтай бөгесін қалған жоқ. Екінші бағыт – ұлттық тарихты жазуға Елбасының қосқан өзіндік үлесі. Мұның өзі бірнеше салаға жіктеліп жатыр. Алдымен ауызға аларымыз – тарихи зерттеулердің құйрық-қанатындай деректік-ақпараттық базаның байығаны. Жинақталған мол қазынаны сақтайтын, ғылыми айналымға енгізетін жаңа құрылымдар – археография мен деректанудың ұлттық орталығы, Қазақстанның Ұлттық архиві шаңырақ көтерді. Деректік қорды толтыруда «Мəдени мұра» бағдарламасының орны алабөтен. 2004 жылғы 13 қаңтарда Президент Н.Назарбаевтың «2004-2006 жылдарға арналған «Мəдени мұра» мемлекеттiк бағдарламасы туралы» Жарлыққа қол қоюын Қазақстан тарихындағы жұлдызды сəттердiң бiрi ретiнде ұғынғанымыз жөн. «Мəдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы 2006 жылы аяқталмай, 2012 жылға дейін жалғасты. Барысында əлемдік ақыл-ойдың жауһарларын, ұлттық мəдениетіміз бен тарихымыздың баға жетпес жəдігерлерін, бабаларымыздың таланты мен қолынан шыққан асыл қазыналардың басын қосқан, сырын ашқан жүздеген том кітаптар жарық көрді, бұған дейін айтылмай келген немесе беймəлім құжаттар, деректер əлемнің түкпіртүкпіріндегі – Түркиядағы, Қытайдағы, Моңғолиядағы, Жапониядағы, Египеттегі, АҚШ-тағы, Батыс Еуропадағы кітапхана, мұрағат, мұражай қорларынан табылып, ғылыми айналымға енді. V ғасырдан астам тарихы бар Қазақ мемлекетінің шежіресінде бұрын-соңды мұндай ауқымды, нəтижелі, мақсатты рухани-практикалық жəне ғылымитанымдық ізденіс орын алмағаны күмəнсіз ақиқат. Жалпыұлттық жобадан Ш.Уəлиханов атындағы тарих жəне этнология институты тыс қалған жоқ. «Тарих – адамзат ақыл-ойының қазынасы», «Қазақ халқының дəстүрлері мен əдет-ғұрыптары», «История Казахстана в произведениях античных авторов», «История Казахстана в западных источниках ХІІ-ХХ вв», «История Казахстана в русских источниках XVI-XX вв» атауымен институт қызметкерлерінің ізденісімен 2004-2011 жылдары түзілген ұзын-ырғасы 47 кітап ұлттық тарихнамамызға қосылған сүбелі үлес екені сөзсіз. «Мəдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асуы – тəуелсіз Қазақстанның ұрпақтан ұрпаққа жалғасар

мақтанышы. Елбасымыз атап өткендей, ЮНЕСКО тарапынан да бұл дүниеде сирек кездесетін жоба, басқа елдерге де өнеге болатын құжат деп белгіленді. Болашақ тарихшылар оның тəжірибесі мен тағылымын ыждаһаттылықпен зерделейтініне кəміл сенеміз. Отан тарихының маңдайын ашқан президенттік келесі үлеске қуғын-сүргін құрбандарын еске алу (1997), ұлттық тарих (1998) жылдар белгілеуін, ашаршылықтың 80 жылдығын атап өтуін (2012), Абылайдың 300 жылдығын тойлауды (2013), ЮНЕСКО календарына Түркістанның 1500, Тараздың 2000 жылдығын, Абайдың, М.Əуезовтің, Қ.Сəтбаевтың, Ə.Марғұланның, Ə.Қастеевтің, Құрманғазының мерейтойларын енгізуін жатқызамыз. Осылардың əрқайсысы ғылыми ақиқатты қалпына келтіруге, «ақтаңдақтарды» жоюға шылбыр ұстататын деректерді табуға жетеледі. Ұлттық тарихымыздың бары мен жоғын түгендеуге салған президенттік олжаның сүбелісі – қаламынан туған кітаптары, баяндамалары мен сөздері, мақалалары мен сұхбаттары. Елбасымыздың Отан тарихын, тағылымы мен маңызын терең білетіні, жоқтаушысы да бола алатыны тəуелсіздіктің алғашқы күнінен көзге түсті. Оған 1991 жылғы 17 желтоқсанда Желтоқсан оқиғасының бес жылдығына арналған митингіде сөйлеген сөзі – бұлтартпас айғақ. Сол жолы сөзін тарихтан бастағаны əсте кездейсоқтық емес. «Тарихтың ойлықырлы белестерінде халықтың жүрегінде сақталып, жадында жатталып қалатын, қоғамдық дамуға айрықша əсер етіп, ұлттық сана-сезімге қозғау салатын аса маңызды оқиғалар болады. Қазақ халқы үшін сондай асулардың бірі – 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы», – деді ол. Бұдан кейін 1986-1991 жылдар аралығының тарихы талданды: «Сол бір ызғарлы күндер мен түндерде талайдың обалына қалған орталық қазір біржолата күйреуге айналды, барлық жерде ұлттық сана-сезім оянып, егемендіктің, тəуелсіздіктің тулары бірінен соң, бірі көтеріліп жатыр. Біздің Қазақстанда да көптеген игілікті іс атқарылды: қазақ халқы, қазақстандықтар бүкіл ел болып Тұңғыш Президентін сайлады, өз билігіміз өз қолымызға тиді, өз байлығымызға өзіміз ие болуға айналдық, тіліміз, дініміз, əдетғұрпымыз, салт-дəстүріміз қайта оралды, арыс азаматтарымыз ақталды, елім деп еңіреп өткен есіл ерлердің, ел билеген азаматтардың есімі бұрынғыдай қастерлене бастады». Қысқа да нұсқа сөз «тарих көші ұзақ» екенін алға тартумен, оның сабақтары жастар үшін маңызды екенін талдаумен аяқталды. «Жастар, – деді Тұңғыш Президентіміз, – сіздердің бақытты болашақтарыңызға сенемін. Өзімізді өзіміз сыйлайтын болсақ, жат жанынан түңіледі. Алдымызда əлі талай қиын-қиын асулар, сын сағаттар тұр. Осы қысылтаяң кезде, халықтың бірлігі өте қажет. Сонда ғана өз мүддемізге жете алатынымызға сенемін». Тəуелсіздіктің бірінші күніндегі тарих жайлы толғаныс кейінде арнасы кең дарияға айналды. Ендеше, ұлттық тарихтың кез келген дəуірі мен айтулы оқиғаларына қатысты Елбасы тұжырымдары байтақ зерттеуді талап ететін тақырып. Сондықтан біз айрықша маңызы бар бірер мəселеге ғана тоқталғанды жөн көрдік. Алдымен айтарымыз – Н.Назарбаев тарихтың объективті де, субъективті де заңы барын қуаттайды. Адамзат өркениетін халықтар мен мемлекеттердің тарихи аренаға келуінің, өсіп-өркендеуінің жəне одан кетуінің үздіксіз құбылысы ретінде қабылдауымен қатар түпжаратушының да шексіз дархандығын жоққа шығармайды. «Құдай қазаққа қырын қарамаған: пейіліне сай етіп ұлан-ғайыр жер берген, астыүстін толтырып кең берген, ақ көңіл, адал

ел берген, жаны үшін малын, ары үшін жанын садақа ететін ер берген», «Құдай қазақты шыдамынан ажыратпасын», деген ойтүйіндері ұлттық тарихымызға да, əлемдік тарихқа да жаңаша көз жүгіртуге тікелей қатысы бар. Тарихты түзу заңындағы табиғат пен түпжаратушының биік миссиясын айқындағаннан кейін халықтың, тұлғалардың жасампаз əрекеті мен идеяларындағы жалғастық пен сабақтастықты тарих заңы биігіне көтерді. Халық пен тұлғаның тарих үдерісіндегі орны жəне ықпалы мемлекеттік тəуелсіздіктің бар-жоғымен анықталатынын дəйектеуі, біздің ойымызша, ұлттық тарихымызды зерттеуге кең өріс ашатын қағидат. Бұл орайда да тарих заңының объективті əрі субъективті қасиеттерін тең ұстау керектігі былайша сомдалған: «Тəуелсіздіктің қайта оралғаны – біздің ата-бабаларымыздың сан ғасырлық азаттық күресінің заңды өтеуі. Жаратқан Иенің жасаған əділдігі. Атабабаларымыздың осыншама байтақ жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалғанының арқасы». Елбасы еңбектерін зерделей оқи отырып, Қазақстан тарихы мен өркениетін əлемдік үдерістердің құрамдас бөлігі ретінде бағалайтынын, бірақ ол тарихтағы ұлттық мазмұн мен ерекшеліктерді ашуға бөгет болмауға тиістігін қаперден шығармағанын көреміз. Президенттік осынау пайымның жаңашылдығы – адамзат қоғамы дамуына үлес қоспайтын халық пен ел жоқ екенін тарих заңына айналдырғанында жəне ол ғылымның мүддесін ғана қорғап қоймайды, Қазақстан тəрізді жас мемлекеттің интеллектуалдық азаттығын нығайтуға да септеседі. Адамзат қоғамының ілгерілеу заңына ұстанымын білдірген Н. Назарбаев оның сан алуан құрамдас бөліктерінің бірде-біреуіне абсолютті басымдық бермейді. Тарих тағдырын бірде экономикалық фактор, келесіде саяси көшбасшының көрегендігі, кейбір дəуірлерде ел ішінің тұрақтылығы мен ынтымағы, бəсекеге қабілетті халқы, ғылымы мен білімі шешетінін үздіксіз айтып келеді. Қазіргі Қазақстанның ерекшелігі мен табысты елге айналуының бастауы ішкісыртқы саясатының көпвекторлы сипатында.

Ал осы саясатты анықтаушы Елбасы былай дейді: «Жай ғана саяси тəуелсіздік пен күшті мемлекет арасын зор қашықтық бөліп жатыр. Біздің мақсатымыз – Қазақстанның тəуелсіздігін ақиқат шындыққа айналдыру, экономикалық, құқықтық, əскери, ақпараттық өлшемдерді ақиқат шындыққа айналдыру. Бүгінгі мемлекеттің аксиомасы осындай». Президенттік аксиоманы ұлт тарихын зерттегенде кеңінен қолданатын мезгіл жетті. Өйткені, тарихты танудың басты заңына меншік түрін, өндіргіш күштерді айналдырғанда шыққан кеңестік биігіміз белгілі ғой. «Тарихтың соншама бай, сан қырлы болып келетіні сияқты, танымның жолы да сан тарау», дейді Н.Назарбаев. Демек, ұлттық тарихымызды зерделейтін, ғалымдар мен зиялыларға артылатын міндет жүгі жеңіл емес. Тарихшыларымыз қара қылды қақ жарған тура бидей ақиқат биігінен көрінуге тиіс. Қазіргі уақытта қатпары қалың деректерді игерместен «өзім білемге» салынған кейбір зерттеушілер əлеуметтік қақтығыстарға, пессимизмге, танымдық адасуға ұрындыратын еңбексымақтарын жариялап жатқаны құпия емес. Ғылымиатақ-дə режені, сол арқылы лауазымды қызметті сұғанақтық (плагиат) жолмен алған əріптестеріміз арамызда жүр. Жүздеген кітаптар, мыңдаған мақалалар əлдеқашан айтылған ойларды қайталап, тарихтың тартымдылығын жойды. Осының бəрі ұлттық тарих ғылымына қойылған президенттік талап пен өлшемнің үдесінен шықпағанның көрінісі. Тарих өлшемі бойынша, ширек ғасырға жуық уақыт – қас-қағым ғана сəт. Ұлттық тарихымызды зерттеу мен насихаттауда, оқыту мен ұлықтауда біткенінен бітпеген іс көп. Елбасымыз сөзімен айтсақ, «тарихтың ұлы ұстаз екені рас, дегенмен, мəңгібақи оның аясында қалып қоюға болмайды». Ол əрбір қазақстандықты жасампаз əрекетке жұмылдыратын, оптимистік қуатты құлшыныс туғызатын білім мен біліктіліктің, инновация мен сенімнің көзіне айналғаны абзал. Жаңа əлемдегі жаңа Қазақстан осылай туады. АЛМАТЫ.

Эквадор – Латын Америкасындаєы сенімді серіктес ел Қазақстан Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Астанаға ресми сапармен тұңғыш рет келген Эквадор Сыртқы істер министрі Рикардо Патиньомен кездесу өткізді, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі. Е.Ыдырысов Эквадор Сыртқы істер министрінің сапары екіжақты қатынастардың тари хында алғаш рет жүзеге асып отырғанын атап көрсетіп, Аста на Китоны Латын Америкасындағы маңызды саяси жəне экономикалық серіктесі ретінде қарастыратынын айтты. Тараптар екіжақты, өңірлік, көпжақты ынтымақтастықтың біршама мəселелерін, соның

ішінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне 2017-2018 жылдары тұрақты емес мүшелігіне Қазақстанның кандидатурасын қолдау мəселе сін талқылады. Қазақстан мен Эквадорды дамудың ортақ басымдықтары мен халықаралық мəселелер бойынша ұстанымдарының жақындығы біріктіреді. Қазақстандық сыртқы саясат мекемесінің басшысы атап өткендей, ҚР СІМ азаматтарымыз

үшін визалық тəртіпті либеризациялау ісімен дағдылы түрде айналысады. Осыған орай, сұхбаттастар екі ел азаматтарының өзара визасыз сапарлары туралы келісімнің арада күшіне енуінің маңыздылығын атап өтті (2013 жылдың қыркүйек айында қол қойылған келісімнің күшіне енуі үшін мемлекет ішінде келісу үдерісінен өтуі тиіс; Қазақстан тарапының үдерісі аяқталған, Эквадор тарапы жақында аяқтайтын болады). Эквадор Қазақстанның Латын Америкасындағы төртінші ірі сауда серіктесі болып табылады

(Бразилия – 377,1 млн. АҚШ долл., Мексика – 121,4 млн. АҚШ долл., Аргентина – 40,1 млн. АҚШ долл. жəне Эквадор – 38,9 млн. АҚШ долл.; 2013 жылдың деректері бойынша). 2013 жылы екіжақты сауда айналымының көлемі 30%-ға өсті. «Бұл жаман көрсеткіш емес, сонда да бұл ынтымақтастықты кеңейтуге елеулі əлеуетіміз бар екені анық», деді ҚР СІМ басшысы. Келіссөздердің маңызды қорытындысы екі елдің жанжақты ынтымақтастығына қосымша үлес қосатын СІМ-аралық саяси консультациялар туралы

меморандумға қол қою болып табылады. Өзінің ресми сапары шеңберінде Эквадор Сыртқы істер министрі Р.Патиньо ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қ-Ж. Тоқаев, Премьер-Министр К.Мəсімов, Мұнай жəне газ министрі Ұ.Қарабалин, Қоршаған орта жəне су ресурстары министрі Н. Қаппаровпен жəне бірқатар министрліктер мен мекемелердің басшыларымен кездесті. Қазақстан мен Эквадор арасындағы дипломатиялық қатынастар 2012 жылдың 23 қаңтарында орнаған.

7

Елдіктіѕ еѕселі символы (Соңы. Басы 1-бетте). Бір мезетте тына қалған оркестр мен жиналғандардың қошеметті шуынан кейін: «Президент мырза! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеру жəне жас түлектерге лейтенант шенін салтанатты тапсыру рəсіміне дайынбыз. Қазақстан Республикасының Құрметті қарауылының бастығы, аға лейтенант Қасейін Жасболатұлы», деді жас офицер. Содан соң Мемлекеттік Əнұран ойналып, Мемлекеттік ту көтерілді. Президент қала тұрғындары мен қонақтарын Астана күнімен құттықтай отырып, барша қазақстандықтарға өз сөзін арнады. – Біздің байрағымыз Біріккен Ұлттар Ұйымы ғимаратының жанында, барлық елдердегі елшіліктеріміздің ғимараттарында желбіреп тұр. Ол Қазақстан спортшыларының халықаралық жарыстардағы жеңістерінің құрметі үшін де көкке көтеріледі. Ту – патриотизм мен Отанымызға деген адалдықтың символы, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті Астананың жас болса да, еліміздің елордасы ретінде айтарлықтай табыстарға жеткеніне тоқталды. – Елордамыз небəрі 16 жылда сүйікті қаламызға, бүкіл еліміздің орталығына айналды. Халықаралық ауқымдағы маңызды іс-шараларды өткізу арқылы ол енді бүкіл əлемге танылды. ЕҚЫҰ секілді беделді ұйым өз саммитін біздің елордамызда өткізуге болады деп ұйғарды. Мұнда басқа да елеулі экономикалық жəне саяси сипаттағы шаралар өтті. Астана Еуразия кеңістігіндегі ық палдастық үдерістердің бесігіне айналды, – деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті Астана күніне орай əрдайым жаңа нысандар іске қосылатынын, солардың қатарында биыл Ұлттық музей, Тұңғыш Президент кітапханасы бар екенін айтты.

– Шағын қала болған Ақмола – бүгінде 800 мыңнан астам адам тұратын мегаполис. Астана тұруға жайлы əрі қолайлы қала болып қалыптасып келеді. Ел қазынасына едəуір қаражат əкеле бастаған елордамыз бюджеттің донорына айналды. Бизнес белсенді дамып, инновациялар енгізілуде. Астана, сондай-ақ, білім беру, денсаулық сақтау жəне мəдениет салаларының маңызды орталығы болып отыр. Сол себепті де біз өз елордамызды жақсы көреміз жəне онымен мақтанамыз, – деді Мемлекет басшысы. Салтанатты рəсім барысында Мемлекет басшысы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы еліміздің жоғары əскери оқу орындарының түлектеріне офицерлік погондар тапсырды. – Сіздер Қарулы Күштердің, полиция мен өзге де құқық қорғау органдарының қатарында қызмет ететін боласыздар. Иығына погон таққан азаматтар ылғи да елдің көз алдында. Сіздерге қарап жастар бой түзейді. Сіздер дайындықтан өтіп, білім алдыңыздар, енді өздеріңіз жаңадан қабылданушыларға тəлімгер боласыздар. Оларға патриотизмнің, Отанға адалдықтың үлгісін, ерлік пен адам рухының көркемдігін көрсетесіздер деген үміттемін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Соңында Мемлекет басшысы барша жас офицерлерді, əскери оқу орындары түлектерін құттықтап, оларға табыс жəне бақ-береке тіледі. Мемлекет басшысының қолынан офицерлік погонды қорғаныс министрлігінің Радиоэлектроника жəне байланыс Əскери-инженерлік институты мен Құрлық əскерлерінің əскери институты, ҚР ҰҚК Шекара қызметі академиясы, Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институты, ҚР Ұлттық ұланының əскери инсти туты секілді жоғары əскери оқу орындарының 12 үздік түлегі алды.

Əскери ынтымаќтастыќты ныєайту жолында Кеше Астанада Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер Қорғаныс министрлері кеңесінің (ТМД ҚМК) кезекті отырысы өтті. Оның жұмысына Əзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тəжікстан, Өзбекстан қорғаныс ведомстволарының делегациялары қатысты.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

Достастық шеңберіндегі əскери ынтымақтастықтың көпбейінді сипатын ескере отырып, Кеңес мүшелері өзара іс-қимылдың жалпы перспективаларын жəне оның басым бағыттарын айқындаудың тұжырымдамалық көзқарастарын талқылады. Отырыста күн тəртібіне сəйкес, Достастық мемлекеттері қорғаныс ведомстволары көпжақты əскери ынтымақтастығының түрлі аспектілері бойынша 20-ға жуық мəселе қаралды. Қорғаныс министр лері, атап айтқанда, инженерлік əскерлер əскери қызметшілерінің гуманитарлық минасыздандыру міндеттерін орындау кезеңіндегі мəртебесіне, радиациялық, химиялық жəне биоло гиялық ахуалды бақылау жəне баға лау жүйесін дамытуға, əскери мақсаттағы спутниктік байланыс жүйелерін пайдалануға, Достастық елдері қарулы күштеріндегі ұшулар қауіпсіздігіне қатысты құжаттарды қарады. Сонымен бірге, əскери ынтымақтастықты тереңдету аясында əуе шабуылына қарсы қорғаныс, əскери білім, əскери-қолданбалы спорт түрлері, сондай-ақ, кадрлық жəне қаржылық қамтамасыз ету салаларындағы басымдық

берілген зерттеулерді жүзеге асыру мəселелері қаралды. Отырыстың қорытындысы бойынша əскери-техникалық, əлеуметтік-құқықтық жəне гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылды əрі қарай нығайту жөніндегі құжаттар қабылданды. *** Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Серік Ахметов ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы шеңберінде Ресей қорғаныс ведомствосының басшысы Сергей Шойгумен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы əскери жəне əскери-техникалық салаларда əрі қарай өзара іс-қимыл жасау мəселелері бойынша пікір алмасылды. Тараптар ТМД пішінінде көпжақты əскери ынтымақтастық жүйесін жетілдірудің, əскери саладағы интеграциялық үдерістерді дамытудың маңыздылығын атап өтті. Кездесу соңында ҚР ҚМ мен РФ ҚМ арасындағы 1994 жылғы 19 қазандағы ҚР ҚК мен РФ ҚК əскери аэродромдарында қабылдауды ұйымдастыру, аэродромдықтехникалық қамтамасыз ету жəне əскери əуе кемесін күзету туралы келісімге өзгертулер енгізу туралы хаттамаға қол қойылды.


8

www.egemen.kz

5 шілде 2014 жыл

ЕЛБАСЫ жəне ЕЛОРДА Елбасы жəне елорда! Мен үшін бұл екеуі егіз ұғым. Оларды бір-бірінен ажырату əсте мүмкін емес. Өйткені, елорда Сарыарқа төсіне халқымыздың қайраткер ұлы Н.Ə.Назарбаевтың тікелей күш-қайраты, саяси ерік-жігері арқасында ғана дүниеге келіп, іргесі қаланып, көк байрағын желбіретті. Өмірзақ ОЗҒАНБАЕВ,

республикалық Ардагерлер ұйымы орталық кеңесінің төрағасы.

Ел Тəуелсіздігі туралы ойланған сəттерімде мен түрлі түйткілді сауалдарға беріліп, ойға түсетін едім. Алтын Ордадан бастау алып, одан 71 хан басқарған қазақ Еуропа мен Азияның төріне шығып, бүкіл Еуразия құрлығының төбе биі тізгінін ұстар ма екен? Дүние жүзінде бірнеше жүз миллион, тіпті миллиардтаған халқы бар мемлекеттер өмір сүруде. Солардың арасында 17 миллион ғана халқы бар қазақ елі дүниежүзілік саясатқа ықпал ете алар ма? Əлемдік саясаттың сұңғыла білгіштері қазақ елімен санасар ма? Азуын айға білеген АҚШ президенті бізді өзіне теңгерер ме? Түркі дүниесі түгел мойындап, қазақ бауырын өзінің төл басы деп таныр ма екен? Осындай ойлар жиі мазалайтын еді. Құдайға шүкір, ел бастаған ерен еріміздің арқасында бүгінгі күні соның бəріне қол жеткіздік. Бүгін қазақ елі əлемдік саясатқа өзіндік ықпал етіп, пəтуалы ой қозғайтын, дүние жүзі таныған абыройлы елге айналды. Мен еліміздің астанасын Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімнің қабылдануының басы-қасында болған адаммын. Ол кезде Қазақстанның халық депутаты едім, Жоғарғы Кеңес сессиясының кезекті отырысы 1994 жылдың 6 шілдесінде болып, бəріміз де арқа-жарқа амандасқан соң, жұмысқа кірісіп кеткен едік. Бұл отырыстың еліміздің болашағы үшін тарихи шешім қабылданатын күн екенін ешкім де болжаған жоқ. Жасыратыны жоқ, астананы еліміздің орталығына көшіру туралы ауызекі əңгімелерде жиі айтылып жүрді. Алайда, мұндай пікірлерге қарсылар өте көп болатын. Тіпті, депутаттық поштамызға да мұндай ұсыныс түскен болса қарсы болу керектігін сұраған ұсыныстар да қаптап келіп жататын. Бəрінің айтатын негізгі себебі – экономикалық дағдарыс. Халық еңбекақысын, зейнетақысын уақтылы ала алмай жатқан аса қиын жағдайда елдің астанасын көшіру сияқты үлкен шығынға жол беруге болмайды деген бұлтартпас сылтаудың да салмағы ауыр. Шынында, бұл ойларды ешкім терістей алмайтын. Кеңес Одағы ыдырап, экономикалық байланыстар үзілген соң өндіріс ошақтары толық болмаса да негізінен тоқтап қалған кез. Соның кесірінен бюджеттің түсім бөлігі құлдырап, шығындарды толық жаба алмай, тұйыққа тіреліп тұрды. Осындай жағдайда астананы жаңа жерге көшіріп, онда қала салу деген көп жұртқа ақылға қонбайтын қиял сияқты көрінетін. Сонымен... XIIІ шақырылған Жоғарғы Кеңестің кезекті отырысы ашылды. Елбасы Н.Ə.Назарбаев залда отырған Жоғарғы Кеңес депутаттары мен қонақтарға, басқа да ресми тұлғаларға жарқын амандасып, ілтипатын білдірді. Отырысты Жоғарғы Кеңестің Төрағасы Əбіш Кекілбаев ашып, алғашқы сөзді Мемлекет басшысына берді. Жаңа ғана жұрттың бəрімен жайдары амандасып, емен-жарқын жайда тұрған

Президенттің дауысы күтпеген жерден ширап, бір мəселені берік ұстанған күйді көрсетіп, өткір үнмен батыл сөйлеп кетті. Ол елдің астанасын Алматыдан Ақмолаға көшірудің 30-дан артық артықшылықтары бар екендігін санамалап берді. Бəрі де бұлтартпас, дəлелді себептер. Бұрын қай-қайсымыз да аңғара бермеген, «апырмай, солай екен-ау» дегізетін соны пікірлер. Нұрсұлтан Əбішұлы сөзін бітіргенде осы уақытқа дейін астананы көшіруге қарсы болып келгендер əрі-сəрі күйге түсті. Сондықтан талқылауға да жұрт шабандап кірісті. Алайда, бой үйретіп, алғашқы қарсы пікірлер шыға бастағанда, басқалар да қосылып кетті. Шыны керек, Президенттің пікірін қостаған үндер де аз болған жоқ. Ұсыныстарды Жоғарғы Кеңестің Төрағасы, халық жазушысы Əбіш Кекілбаев қорытындылап, Елбасы ұсынысын қабырғалы дəлелдермен қолдады. Ол алға қойылып отырған проблеманың бүкіл Қазақстанымыздың болашақ мұратынан туындап отырғанына назар аударды. Жəне халықаралық аренада қазақ қоғамының əлеуеттілігін, қуаттылығын паш етер факторға айналатынын атап көрсетті. Əбекең сөзінің соңында бүгін Елбасының туған күні екенін ескертіп, оның ұсынысын қолдау арқылы лайықты сыйлық жасайық деген де əзілге құрылған болса да əлеуетті себепті ортаға салды. «Сөз тапқанға қолқа жоқ» дегендей оның бұл сөзіне бəріміз де риза болып, бір сəт жадырап қалдық. Сөйтіп, астананы Ақмолаға көшіру туралы қаулы көпшілік дауыспен қабылданды. Бұл менің Астананы көшіру туралы бірінші дауыс беруім еді. Көпшіліктің көңілін күпті етіп, күмəн туғызған бастама уақыт өте келе Елбасы шешімінің даналық екенін дəлелдеді. Соның арқасында Астанамыз Сарыарқа төрінен бой көтеріп, Еуразия мен Азияны жалғастыратын алтын көпір ғана емес, күллі Алаш жұртының жүрегіне айналып, əлемнің таңдайын қақтырғанына куə болып отырмыз. Небəрі саусақпен санарлық мерзімде Астана өзге елдермен иық тіресе алатын, келешегі кемел, болашағы айқын қалалар санатына қосылды. Қазіргі таңда Қазақстанды таныған əлем қауымдастығы Астананы Қазақстанның символы деп біледі. Заманауи техникаларды пайдалана отырып салынған əсем ғимараттар сəулет үлгісі жағынан да, əсемдігімен де көз тартып, халықтың орынды мақ танышына айналды. Елбасының тікелей басшылығымен əлемнің мықты сəулетшілері Кисе Курокава, Норман Фостер еліміздің сəулетшілерімен бірлесе отырып, Астананы көркейтуге атсалысты. 1995 жылы біз жаңа Конституцияға сəйкес тұңғыш рет шақырылған екі палаталы Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары болып, Алматыға қайтадан жиналдық. Ол күндері Жоғарғы Кеңестің бұдан бір жыл бұрын (1994 жыл, 6 шілде) қабылдаған қаулысына сай Ақмола қаласын ел астанасына айналдыру жөніндегі жұмыстар

кешені қарқынды жүріп жатса, бұл іске Мемлекет басшысының бастамасымен арнайы құрылған Мемлекеттік комиссия басшылық етті. Атам қазақ «екі рет көшу – бір жұтпен тең» деп түйіндеген. Ал үлкен мемлекеттің бірі – Қазақстан Республикасының астанасының Алматыдан Ақмолаға қоныс аударуы қайдан оңай болсын? Алғашында қиыншылықтар, қауырт шаруалар бастан асып жатты. Алдымен мемлекеттік органдарды көшіріп əкеліп орналастыру ісі қолға алынды. Ол үшін заманауи үйжай жетпей жатты. Бірақ оның біразы ғылыми негізделген жобалық-сметалық құжаттарға сай жаңадан, жылдам салына бастады. Құрылысшылар тəулігіне екі, үш ауысым бойынша еңбек көрігін қыздыра түсті. Өндірістік, əлеуметтік, мəдени-тұрмыстық нысандар күн құрғатпай салынып, бірінің соңынан бірі пайдалануға берілді. 1997 жылғы 8 желтоқсанда Парламент толық құрамымен арнаулы пойызбен Алматыдан Астанаға бет түзеді. Ал 10 желтоқсанда (1997 жылы) Елбасы Н.Ə.Назарбаев Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының астанасы деп танылатын Жарлығы күшіне енді. Осы күні қаланың жергілікті тұрғындары қазақ астанасының туған күнін жарқыраған аспан астында, май тоңғысыз ауа райында қарсы алғандарына қатты таңданды. Өйткені, соның алдында ғана 25-30 градус аяз қысып тұрған еді. Тұрғындар мұны қазақ халқы үшін игіліктің басы деп танып, жақсы ырымға жорыды. Содан бергі өткен уақыт халықтың бұл сəуегейлігі шындыққа ұласып келеді. Сонымен, Парламент депутаттары – біздер жатақханада жатып, Парламент ғимаратын жөндеу жұмыстары біте қоймаған соң, оның жарым-жартылай салынып болған, сыры кеппеген бөлмелерінде отырыс, жиналыстарымызды өткізіп, жұмысқа кірісіп кеттік. Кіріп-шыққанда кеңсе ішіндегі əлі төселіп бітпеген еден жапқыштарды құрылысшылар төсеп, олардың қиып койған бөліктерін аттап өтетінбіз. Көрші бөлмелерде құрылысшылар өз жұмыстарымен арпалысып жататын. Көшеде асфальт төселіп, абаттандыру жұмыстары да қабат жүргізіліп жатты. Президент сарайының күмбезді залында еліміздің жаңа астанасы туралы Қазақстан халқына арналған үндеуді

қабылдадық. Бұл менің депутат ретінде Астананы көшіруге екінші рет дауыс беруім еді. Осыдан кейін Елбасы Парламент Сенаты комитеттерінің төрағалары – Жабайхан Əбділдин жəне мені кабинетіне шақырып, өте жылы шыраймен, көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алды. Астананың өркендеуі жайлы əртүрлі əңгіме қозғалды. Сосын үшеуміз Президент сарайының терезесінен сол кезде жазық дала болып жатқан Есілдің сол жағалауына қарадық. Елбасы тебірене сөйлеп, Президент Əкімшілігі ғимаратының орналасатын жерін көрсетіп, мына кеңселердің уақытша екенін айтты. Болашақта сəнді де, сəулетті, салиқалы, шетелдіктер алдында ұялмайтындай, жұмыс істеуге өте жайлы əрі қолайлы əкімшілік үйлер бой көтеретінін баппен жеткізгені əлі есімде. Не керек, жергілікті тұрғындар Ақмоланың еліміздің аста насына айналғанын қуанышпен қабылдады. Арқаның дарқан дастарқаны кеңінен жайылды, ақ тілектер ағылды, ақ түйенің қарны жарылды. Сөз реті келгенде Ақмола, Арқа өңірі ағайындарының дастарқан жайып, құрмет көрсетудегі өзім көрген ерекшеліктерін айта кетейін. Алматыдан келген біздерді келесі күні жергілікті жігіттер Ерейментау кентіне алып барып, орыс азаматының шаңырағында қонақ қылды. Ішімізден еуропалық дастарқан жайылады екен ғой деп отырмыз. Бірақ мүлде олай болмай шықты. Кəдімгі қазақы дəстүрмен, жол-жоралғы жасаған орыс азаматының пейіліне шынайы разы болдық. Шіркінай десеңші, қонақ келсе, қазанды толтырып ет аспаса, көңілдері көншімейтін Арқа елінің адамгершілікке толы дарқан пейілі мен ұлтжандылық қасиетінен айналып кеткендейсің ғой. Иə, содан бері міне, біраз уақыт зымырап өтіп барады. Осы жылдар ішінде барлық қиыншылықтар да, əртүрлі кертартпа байбалам салушылық та артта қалды. Арқаның кіндігінде орналасқан облыс орталығы болып келген Ақмола қаласы Астана қаласына, ұлан-байтақ қазақ елінің елордасына айналды. Тек аты емес, заты да танымастай өзгерді. Себебі, Астана – толассыз түлеу, дамылсыз даму үстіндегі елордамыз. Бұл тарихи жасампаз ұлы істің ұйытқысы да, дем берушісі де, сəулетшісі де Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей өзі

екенін атап айтқан жөн. Жаңа əлемдегі жаңа Қазақстан қаншалықты тез де лайықты орын тауып, қанатын кеңге жая түссе, Астана да сондайлық қарқынмен дамуда. Астана байтақ Қазақстанымыздың əлеуметтік-экономикалық дамуының қуатты локомотиві рөлін атқаруда. Сөйтіп, заманауи өнеркəсіп, ғылым жəне мəдениет орталығына, тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы мекенге жəне ел экономикасына қомақты үлес қосар донорға айналды. Ал жылына қаншама отбасылар кең бөлмелі, қолайлы жағдай туғызылған жаңа пəтерлерге қол жеткізіп, қоныс тойын өткізіп жатыр десеңізші. «Пирамида», «Хан Шатыр», «Қазмұнайгаз», «Ақ орда», «Нұрсая», «Изумрудный», «Тəуелсіздік сарайы», т.б. ғимараттарға шетелдік қонақтардың өздері таңдай қағып қалады. Бір ғана «Бəйтерек» нысанының өзі неге тұрады десеңізші? Ару Астанамыздың төріндегі барлық əсем сəулетті үйлерді жеке дара тізбелеп айтар болсақ, оған уақыт та, мүмкіндік те жоқ. Ал, мемлекеттік «Жасыл ел» бағдарламасына сай атқарылып жатқан жұмыстардың қарқыны ерен де бөлек. Астана кісі қызығарлықтай қарқынмен дамып, көркейе түсуде. Елбасымыз өзінің төл перзенті іспеттес Астана қаласын абаттандыру, мəдениетін арттыру, сəулеттендіру жолына жіті назар аударып, тиісті мамандармен жиі кездесіп, қылаң берген кемшіліктерді қатаң сынға алып, елорданың дамуына ерекше екпін беріп келеді. Сөз орайында өзіндік ой-пікірлерімізді ортаға салсақ дедік. Бірінші, Астана еліміздің əкімшілік орталығы болып қалмай, елдің рухани астанасына айналуы керек. Осы орайда Астана ұлттық интеллигенцияның өркенді ордасы рөліне көтерілсе деген үмітімізді жасырмаймыз. Екіншіден, қалада салынып жатқан құрылыс ауқымы кең екеніне дау жоқ жəне бұған сүйсінесіз. Сүйсіне отырып, ғимараттар тұрғызу барысында қазақтың ұлттық сəулет өнер үлгілерін кеңірек қолданса деген тілегімізді білдіреміз. Астана өзінің мерейлі мерекесімен төл тарихымызға жарқын беттер қосары хақ. Өйткені, жаңа Астананың бастаушысы – Елбасы, қолдаушысы – ел-жұрты. Өсер ел Астанаға қарап бой түзер. Мəскеуде ТМД аймағы бо йынша ардагерлер ұйымын біріктіре тін

халықаралық ұйым бар. Мен Республикалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы ретінде Қазақстан тарапынан аталмыш ұйымның пленумдарына қатысып, сөз сөйлегенімде Елбасы тарапынан ҰОС ардагерлеріне деген құрметтің шексіз екендігін баяндадым. Қазақстанның барлық облыс орталықтарында ҰОС қатысқан қаһармандарымыздың ерлігін əспеттеуде түрлі кешендер ашылып, батырларымыздың есімдерін халық жадында сақтап, жастарды патриоттық рухта тəрбиелеуде орасан шаралар іске асқандығын да баса айттым. Соның жарқын көрінісі іспетті елордада батыр бабамыз Б.Момышұлына, ержүрек қыздарымыз Ə.Молдағұлова мен М.Мəметоваға ескерткіш орнатылуын, алдағы уақытта генерал И.В.Панфиловқа да ескерткіш тұрғызылатындығын алға тарттым. Мұндай ауқымды шараға Президентіміз Н.Ə.Назарбаев тікелей қолдау көрсететіндігін жеткіздім. Сонда 93 жастағы адмирал, осы халықаралық одақтың төрағасы А.И.Сорокин: «Ө.Озған баев мырза айтқан ұлы істердің ұйыт қысы, өлілердің аруағына адал болу, тарихты ұмытпай, жастарды патриоттық рухта топтастыра білу Н.Ə.Назарбаев сынды Елбасының ғана қолынан келетін іс. Елдің бірлігін сақтап, ұлтаралық ынтымақтастықты арттырып, өнегелі іс тындырып жатқан Қазақстан Президентіне деген ризашылығымыз шексіз» деген еді. Мен Республикалық Ардагерлер ұйымы Орталық кеңесіне төраға қызметіне келгеннен бері Елбасымен жиі қауышып, дидарласудың мүмкіндігі артты. Үстіміздегі жылғы ақпан айының 19 жұлдызында Нұрсұлтан Əбішұлының жеке қабылдауында болдым. Елбасының қабылдауынан кейін ардагерлер ұйымының жұмысында жаңа серпін пайда болды. Еліміздің ертеңі мен жарқын болашағы жолында талай тар жол, тайғақ кешуді өткізген қадірменді қарияларымыз үшін атқарылар шаралардың да ауқымы кеңейе түсті. Астана күні мерекесі қарсаңында түйген түйінім мен тұтқан тұжырымымның бір парасы осы еді демекпін. Ендеше, Астана күні құтты болсын, еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, еліміздің ертеңі үшін елеңдеп жүрген Елбасымызға Алла күш-қуат беріп, жолын ақ қылғай!


www.egemen.kz

5 шілде 2014 жыл

9

Жауабымыз – жаѕа жетістіктер

«Президент Назарбаев» ќызєалдаєы

Кейде мен өзіме қазақстандықтардың басын біріктіретін ең басты фактор қайсысы деген сауал қоямын да, оған үнемі бірден-бір анық жауап табамын. Ол – Тұңғыш Президентіміз. Оның Қазақстан тарихындағы да, сондай-ақ, асыра айтқаным емес, барша адамзаттың тарихындағы да орны аса зор. Нұрсұлтан Əбішұлының туған күні оның басшылығымен қол жеткеніміздің бəрін тағы бір бағалауға жəне əрине, Елбасымыз туралы ой толғауға түрткі болары хақ. Елбасымызбен əрбір кездесуім менің жадымда жақсы сақталып қалды. Нұрсұлтан Əбішұлы біздің коммандиттік серіктестігіміздің алқаптарында бірнеше мəрте болды, мал фермаларын да аралап, шаруашылықпен танысты. Ал, осының бəрі үлкен қиыншылықтарға ұрындырған 90-шы жылдары басталған-ды. Бұл құлдырау мен ақша тапшылығының кезі еді. Барлық экономикалық байланыстар үзілген. Бұған дейін біз жоспарлы экономикаға сүйеніп жұмыс істеп, жоғарыдан нұсқау күтіп дағдыланған едік. Кенеттен бізге ойламаған еркіндік тиіп, “Өмір сүргің келсе, қимылдай біл!” деген қағидаға тап болдық. Міне, нақ осы күрделі де күрмеуі қиын уақытта Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің Президенті болып сайланды. Ол сонда өзіне тəн үлкен батылдықпен жəне шешімділікпен қазынасы жұтаған мемлекеттің тізгінін қолына алды. Мен осы адамның кəсіпорындарға қайтадан жан бітірген, жұмыс орындары ашылған реформаларды қалай тамаша жүргізе алғанына əлі күнге таңғаламын. Біздер, қазақстандықтар, Елбасының барлық ақылкеңестерін ісімізге нұсқау ретінде қабылдадық. Бүкіл

Елбасымызєа əлем сыйлаєан алєыс гїл

2014 жылғы 24 наурыз. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Еуропаның Гаага қаласында қырмызы қызғалдақтың «Президент Назарбаев» деп аталатын жаңа түрі таныстырылды. Бұл жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосып келе жатқан тарихи зор үлесі үшін Елбасына барлық əлемнің сыйлаған алғыс гүлі ғой деп ойладым. Қырдың топырағынан нəр алды дейтін сол қырмызы қызғалдақтың нəзіктігіндей адам үміті де Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен бүр жарды. Жабал ЕРҒАЛИЕВ,

жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.

Үмітіңді үзе көрме, кең дүние! Ағарып атар əрбір арайлы таңмен, қызарып батар əрбір шырайлы күнмен жаңарып тұрар сол кең дүниенің тіршілік тағдырын күн сайын қауіп пен қатерге ұрындыра берер Адамзаттың тартып келе жатқан қасіреті аз ба еді?! Міне, қазір де сол!.. Тіпті адамзат баласы өз дамуының ең бір жауапты да қауіпті кезеңін бастан кешіріп отырған сыңайлы. Күні кеше ғана зор үміт артып, қайырын сұрап қарсы алған «миллениуымыз», яғни жиырма бірінші ғасырымыз да адамзаттың тағдыры мен тіршілігін сынаққа салуын, тіпті, қажет десеңіз сол сынақтың ең ауыр тезіне салып бағуын да қояр емес. Күні кеше басталғандай болып отырған сол жиырма бірінші ғасырдың толық емес жиырма үш жылы мына мазасыз дүниенің мысын басар, тіпті ойға келмеген, тіпті ойлап та, болжай да алмаған сан алуан оқиғаларымен оқшауланып бара жатыр. Сол сан алуан оқиғалардың ең қауіптісі де, ең ауыры да қарулы қақтығыстардың үй іргесіне жақындай түсуі де адамзат баласының əлі де болса талай бір қансырап қалған небір соғыстар мен алапат қырғындардан сабақ ала алмай келе жатқандығын аңдатқандай. Елбасы осыны ойлайды! Дүние жаралғалы түрлі революциялар мен төңкерістер дейсіз бе, тіпті саясаттың да сынағы, соғыстың да сынағы, жаңа қоғам құру, адам баласын бақытты етеміз, тең қыламыз, əділдік орнатамыз деген сыңайлы үміттердің де сынағы көп болмаса, аз болмағандығы тағы да анық жайт. Кешегі жиырмасыншы ғасырдың 1941-1945 жылдарындағы Ұлы Отан соғысының қасіретін көп тартқан бауырлас Украинадағы бүгінгі күні де қайтадан қару күшімен қан сауғалатып жатқанды да көз көріп отыр. Бұл да адамзат үшін жиырмасыншы ғасыр өз тағдырын, өз ақыл ойы мен парасатын қаншалықты сынай тын сынақ алаңына айналған ды ғына да қарамастан ойланар, сабақ алар болмадық деген тағы бір ойға алып келері бар. Біз сол кешегі Ұлы Отан соғысының қасіретін ұмытқан сайын, өзімізге жаңа бір соғысты жақында та түсіп отырғандығымызды да ұғынсақ етті. Енді келіп үміт артар кімің жəне нең бар, кəне?! Осы бір көңілкүй ауанындағы сауалды тағы бір қайталай отырып, бүгінгі күні əлемді біртіндеп жайлап бара жатқан қарулы қақтығыстар мен түрлі дағдарыстардан алып шығуға шынайы адал көңілімен алаңдап, адамзаттың жалпы мүддесі үшін құр ғана алаңдап қоймай, сол Адамзаттың да, мемлекеттердің де бір-бірімен сенімді түрде өз дамуының ілгері жылжуына нақтылы үлес қосып келе жатқан қазақ Президенті Нұрсұлтан Назарбаев

барын дəл қазіргі жағдайда бүкіл əлем сол нəзік бір үзілмейтін үмітіндей көріп, мойындап отыр дей аламыз. Осы тұрғыдан келгенде Адам баласына жасалар да, тартылар да сыйдың небір жөн-жоралғылары мен жолдары бола тұра ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық ІІІ-ші саммитке қатысып, сөз сөйлеген Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа 2014 жылдың наурыз айының 24-ші жұлдызында сонау Еуропаның төрінде Гаага қаласында дүбірлі дүниенің бүгінгідей дүрлігіп тұрған осы бір шағында қырмызы қызғалдақтың жаңа түрінің ұсынылуының үлкен бір мəні де бар болатын. Қырдың топырағынан нəр алды дейтін сол қырмызы қызғалдақтың нəзіктігіндей адам үміті де Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен бүр жарды. Өйткені, Нұрсұлтан Назарбаев əлемді қарусыздандыру мен ядролық қарусыз дүние құрудың жаңа кезеңін бастаған əлемдегі тұңғыш саясаткер болды. Қырғи-қабақ соғыстың ауыр зардабынан тұншыға бастаған дүниеге жаңа дем берді! Ертеңіне елеңдеп, болар күніне алаңдап отырған дүниенің үмітін оятты! Бір бірімен жауласып жатқан дүниені жарастыруға болар сенімін оятты! Нұрсұлтан Назарбаевтың сол дүниеге жаңа дем бергендігі, дүниенің үміті мен сенімін оятқандығы кешегі Кеңес Одағын уысында ұстап тұрған Сталиннің 1947 жылдың тамызында қол қойған қаулысымен қазақ жерінде құрылған қасіретті Семей ядролық полигонын 1991 жылдың 29 тамызында Кеңес Одағының тұсында өзінің Жарлығымен жапқан кезінен бастау алар еді. Осы орайда айта кетететін бір жайт сол, 1949 жылдың 29 тамызында Кеңес Одағы Семей ядролық полигонында бірінші атом бомбасының сынағын өткізгендігі адамзат тарихында қырғи-қабақ соғыстың басталуымен есте қалған болатын. Қырық жыл бойы қырғын салған ядролық сынақтың ауыр зардабын, сөз жоқ, ең əуелі қазақ даласы мен қазақ баласы тартқан еді. Елбасы сол өз даласы мен өз халқын ауыр қасіреттен біржолата арылту үшін 1991 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан мен АҚШ кең ауқымды дипломатиялық қарым-қатынастар орнатып, Қазақстан дағы ядролық арсеналдың тағды рына қатысты мəселе екі ел басшылары үшін алдыңғы қатарлы маңызға ие болды. 1991 жылдың 30 желтоқсанынан бастап Кеңес Одағы өзінің өмір сүруін тоқтатқан тұста, Қазақстан 370 ядролық оқтұмсықты «Х-55» қанатты зымырандармен жарақтандырылған 40-қа тарта «ТУ95» ауыр бомбалаушы эскадроны бар, сондай-ақ, 104 «МБР РС-20» (НАТО жүйелеуінде SS-18 «Сатана») континентаралық баллистикалық зымырандары үшін əрқайсысының тротилдік баламасының қуаты 1040 ядролық оқтұмсықты құрайтын ядролық арсеналға ие болып қалған əлемдегі төртінші мемлекеттің бірі болатын-ды. Нұрсұлтан Назарбаев бастаған біздің тарихи жолымыздың еңбір есте қалар тұсы тағы да мына бір

жай болса керек-ті. 1992 жылдың 23 мамырында Қазақстан Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы стратегиялық шабуылдаушы қаруларға шектеу қою жəне қысқарту жөніндегі Лиссабон хаттамасына қол қойып, ядролық қаруды таратпау міндеттемесін бекітті жəне ядролық қаруға ие болудан өз еркімен бас тартты. Нұрсұлтан Назарбаев əлемдік тарихтағы адамзат баласының ядро лық қарусыз дамуының жаңа кезеңін бастап берген саяси дара тұлға! Қазақстан Парламенті əлемдік тарихқа «СНВ-1» деп енген келісімді 1992 жылдың 2 шілдесінде бір ратификациялап алды да, 1993 жылдың 14 қаңтарында еліміз химиялық қаруды қолдану, жинау, өндіру, жасап шығаруға тыйым салу жəне оны жою туралы конвенцияға да қол қойған болатын. Ядролық қаруды таратпау жөніндегі шартты Қазақстан Парламенті 1993 жылдың 13 желтоқсанында ратификацияласа, дəл сол күні Алматыда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен АҚШ-тың вице-президенті Альберт Гор Қазақстанда ядролық қауіптерді бірлесе қысқарту бағдарламасын жүзеге асыруға жол ашатын рамалық келісімге қол қойған болатын. Нұрсұлтан Назарбаев 1994 жылдың 14 ақпанында ядролық қаруы жоқ мемлекет ретінде, ядролық қаруды таратпау жөніндегі шартқа Қазақстанның да қосылатындығы жайындағы ратификациялық құжаттарды Вашингтонда АҚШ-тың сол кездегі Президенті У.Клинтонға табыс етті де, сол 1994 жылдан бері біздің тəуелсіз еліміз ядролық қарудан бас тарту тура лы жəне ядролық қаруды таратпау саласында əлемдегі көшбасшы мемлекет болып келе жатыр. Сол тұста, яғни 1994 жылдары Қазақстандағы ядролық оқтұмсықтар саны 1400-ге жетіп қалған. Осы арада біздің қазақ еліндегі тажал қаруының Франция, Ұлыбритания жəне Қытай сынды əлемнің үш бірдей қуатты мемлекеттерін қоса алғандағыдан да көп болғандығын айта кету керек. Қазақстан Республикасы 1994 жылдың ақпанынан Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің мүшесі болып кірді де, қазіргі таңда еліміздің барлық ядролық нысандары МАГАТЭ-нің кең ауқымды кепілдігінде тұр. 1996 жылдың 21 сəуірінде республика аумағынан 1216 дана ядролық қару-жарақты алып кету үдерісі аяқталды да, сол 1996 жылдың 30 мамырында Семей полигонына орнатылған соңғы ядролық сынақ заряды жойылды. Сөйтіп, ядролық сынақтардан жапа шеккен қазақ жері тажалды қарудан біржолата босатылып, халқымыздың көз жасын құрғату басталды. 1999 жылдың 5 тамызында Қазақстан Женевада Қарусыздану жөніндегі конференцияның толыққанды мүшесі болып қабылданды. Бұл əлем бойынша Қазақстанның аймақтық жəне жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға қосқан зор үлесін, ізгі қадамын, сауапты ісін мойындау еді. Əрине, адамзат мүддесі үшін осы бір аса қажетті тарихи шараның бастамашысы жəне оны батылдықпен жүзеге асырушысы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев болатын! Міне, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев əлем мемлекеттері басшыларын ядролық қауіпсіздікті

нығайтуға шақырып келе жатқан жəне де соған толық моральдық та, адамдық та хұқы бар, бүгінгі дүние дамуы алдындағы жан мен ар тазалығы да соған сай Президент болғандықтан да Еуропаның Гаага қаласында қырмызы қызғалдақтың «Президент Назарбаев» деп аталатын жаңа түрі таныстырылуы да жəне де бұл гүл жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосып келе жатқан тарихи зор үлесі үшін Елбасына барлық əлемнің сыйлаған алғыс гүлі деп қабылдануы да орынды болатын. Нұрсұлтан Назарбаев əлемді қарусыздандыру мен ядролық қарусыз дүние құрудың жаңа кезеңін бастаған немесе Қазақстан 1991 жылы өз тəуелсіздігіне ие болған тұста, біздің еліміз қуаты жөнінен əлемдегі төртінші ядролық арсеналды иеленіп отырған еді. Елбасының осы жойқын қарудан өз еркімен бас тартуы туралы шешім қабылдап, тұмсығында алапат атом заряды бар сол қаруларды аса қатаң қауіпсіздік жағдайында Ресейге өткізуі ең əуелі қазақ елінің баянды болашағын ойлағандығы еді. Кеңес Одағы сияқты бейбітшілік үшін күрескер болған державаның сол бейбіт өмір орнықтыру кезеңінде қазақ елінің ядролық қарудың небір тажал түрлерін сынаудан дүниедегі ең көп қасірет шеккен бірде-бір ел болғандығы жəне де қырық жылға жуық уақыт бойы жүргізіліп келген сынақтардан Семей полигонында əуе кеңістігі мен жер астында 500ге жуық ядролық жарылыстар жасалып, қазіргі есеп бойынша сол сынақ кезеңдеріндегі радиоактивті шөгінділердің əсерінен бір жарым миллионнан астам адам зардап шеккендігін, қасиетті қазақ жерінің орасан зор аумағының уланып, зақымданғандығын жақсы білетін өз халқының Нұрсұлтан Назарбаев сынды адал перзентінің жан жүрегін сыздатпады деп кім айта алар?! Қазақстанның жəне оның Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қару-жарақтан дүниежүзі бойынша тұңғыш болып өз еркімен бас тартуы тəуелсіз еліміздің ядролық əлем құрудағы көшбасшылығына негіз қалады. Бұл Қазақстанның жəне де оның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ел тəуелсіздігін бəрінен де биік, бəрінен де қымбат санап, сол тəуелсіз ел болуға адал ниетімен кіріскен құтты қадамы болды деп қабылданар еді. Міне, ендігі əлем ядролық қару-жарақты таратпаудың жəне қауіпсіздікті сейілтудің жаңа бір кезеңінде тұр. Бұл жайында Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев Гаагада өткен жаһандық қауіпсіздік ІІІ-ші саммиті қарсаңында жарияланып, «Euractiv» жəне «Washington Times» сынды əлемнің жетекші интерактивті саяси алаңдарында орналастырылған мақаласында: «Біз, ядролық сынақтардан көп зардап шеккен ел ретінде, дүниежүзі ядролық апат қатерінен барынша қорғалуы үшін өзіміздің айтарлықтай үлесімізді қостық. Қырғи-қабақ соғыс текетірес кезеңі келмеске кеткенімен, бүгінде алаңдаушылықтың өзге де себептері пайда болып отыр. Ядролық қарудың экстремистердің қолына түсу ықтималдығы да жоқ емес. Бүкіл əлем үшін террорлық топтардан шығатын қатер арта түсті. Олардың саны ғана емес, қатыгездіктері мен адам өміріне жүрдім-бардым қарау деңгейі де өсіп отыр, – деп тыншымай отырған мына дүниенің алаң жайын тағы да əлем назарына жеткізе білді.

Ендігі əлемде ядролық лаңкестік басталып кетпес пе екен? Елбасы осыны ойлайды! Елбасы осыны ойлайды да, халықаралық қауіпсіздік үшін өз жауапкершілігін тереңінен сезіне түседі жəне де сол жауапкершілікті əлемнің үлкенді-кішілі өзге де мемлекеттерінің басшылары мен саясатшылары да сезіне алса екен деп мазасызданатыны бар. Адамзаттың бейбітқатар өмір сүруіне аса үлкен қатер болып табылатын ядролық лаңкестік дегеніңізге жол беріп алар болсақ, ендігі дүниенің астан-кестеңін шығарар күн туды дей беріңіз. Қазақ Президенті Нұрсұлтан Назарбаев дүниежүзінен алпыс шақты мемлекет басшылары қатысқан Гаагадағы жаһандық қауіпсіздік ІІІші саммитінде ең əуелі айналымда жүрген ядролық материалдардың санын одан əрі қысқартуға жəне олардың шашау шығармау, яғни таралып кетуіне жол бермеу шараларын күшейтуге, заманымыздың тағы бір сын-қатері «ядролық клуб» елдері аясы əзірге кеңейіп емес, бұған керісінше тежеліп отырғандығына да əлем назарын аудара білді. Əлемде атом дəуірі басталған кезеңдерден бері ядролық технологиялардың дамуына кедергі жасамай, ядролық қаружарақтың таралуын қалай болдырмау керек деген мəселенің жауабын адамзат əлі де таба алмай отырғандығы жəне де бар. – Қазақстан аталған салада тамаша тəжірибеге ие, – дейді Елбасы! – Семей полигонынан «мұраға қалған» элементтердің бірі плутоний мен жоғары байытылған уран болса, оларды атом бомбасын жасау үшін пайдалану қатері де жоқ емес еді. Қазақстанның, Ресей мен АҚШ-тың сарапшылары аталған материалдарды тауып, залалсыздандыру бойынша бұрын-соңды болмаған бағдарламаны жүзеге асырды. Ол он жылға созылды. Біз осындай сезімтал салада жаһандық ауқымдағы бейбітшілік пен қауіпсіздік секілді жоғары мақсаттарға қол жеткізу үшін, тіпті, ұлттық мүддемізді де құрбандыққа шалдық! Гаагадағы саммитте сөз сөйлеген Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қауіпсіздікті күшейту үшін бірқатар нақты шаралар қабылдау ойын алға тартты. Əрине, Назарбаевтың сол ядролық қауіпсіздікті күшейту ба ғ ыт ын да ғ ы о с ы ше ші м де р і н жүзеге асыру үшін мемлекеттер мен басшылардың саяси ерік-жігері де керек. Адамзат мүддесі жолындағы сол саяси да, адами ерік пен жігерді тағы да алғаш болып Назарбаев танытты! «Тəуелсіздік алған сəттен бастап Қазақстан өзінің бір де бір қадамымен, іс əрекетімен немесе тіпті бір де бір сөзімен өңірлік жəне жаһандық қауіпсіздікке нұқсан келтірмеген мемлекеттің өнегесі болып табылады!». Мұны Елбасы айтты! Мұны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз елімді «Мəңгілік ел» етсем екен, туған халқымды ешкімге тəуелді етпесем екен, сол туған халқым ешкімнің алдында жанарын төмен салып, сағы сынбай тұрса екен деген өзінің қашанғы адал ой ниетімен, кемел де кемеңгер саясатымен, болашақты болжай білер даналығымен, ең бастысы, барша Адамзаттың ұлы мұраттары үшін жасап келеді! Адамзат сол үшін де Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа əлем гүлін сыйлады! Үмітіңді үзе көрме, кең дүние!.. АСТАНА.

мемлекетті, соның ішінде, əрине, аграрлық саланы да реформалау басталды. Осынау жаңғыртулар бүкіл қазақстандықтарды қамтығанымен, жер-жерде əртүрлі атқарылды. Кей жерлерде кеңшарлар ыдыратылып, шағын шаруашылықтарға бөлініп кетті. Ал, кейбіреулер дұрыс бағыт тауып, қолда барды сақтап қалды. Біз болсақ, өзіміздің бұрынғы “Новоникольский” кеңшарында алғашқы кездері қауымдастық құрдық. Міне, сол кезде біздің облысымызда болған Президент шаруашылық жүргізудің бұл түрінің бұрынғы кеңшардың бір түрі екенін атап айтты. Біз оның ескертпесіне бірден құлақ асып, көп ұзамай коммандиттік серіктестік құрдық. Сол қиын жылдары Нұрсұлтан Əбішұлы адамдардан қиындықтарды еш жасырмады, оларға үйіп-төгіп уəде бермеді. Оның “Біз сіздерге жер бердік, соны пайдаланыңыздар да, 3-4 жыл шыдаңыздар. Содан соң бəрі оңалады”, деген сөздері əлі жадымда. Президентпен кездесулер көңілге үміт ұялатып, бойға жылылық дарытып отырды. Біз оның сенімінен шығуға тырыстық. Əуелгіде өз қаражатымызға сүтті қағаз қапшыққа құйып шығаратын аппарат сатып алдық. Содан кейін 2 пресс орнатып, май өндіретін болдық. Одан əрі жарма өндіретін жабдықтар сатып алдық. Кейінірек, ауылда дүкен ашып, тауарларды ауылдастарымызға еңбекақы есебіне бердік. Бір сөзбен айтқанда, тірелген тығырықтан шықтық. Президент біздің шаруашылығымызға тағы бір сапары кезінде ауыл тұрғындарынан “Жағдайларыңыз қалай?”, – деп сұрағанда оларды біздің облысымыз таратылмай ма деген сауал ғана толғандырған еді. Одан басқа мəселе туындамады. Жəне басқаша болуы мүмкін де емес еді. Нұрсұлтан Əбішұлы шаруашылықтың дамып отырғанын, адамдардың лайықты тұрмыс құрып, жұмыс істеп жатқанын көрді. Мен Елбасымен осы кездесуге Новоникольскінің хорын шақырғаным есімде. Оған қатысушылардың бəрі менің белгі беруімді тосып, жүгері алқабының жанында тұрды. Нұрсұлтан Əбішұлына ауыл тұрғындарының онымен кездескісі келетінін айтқанымда біздің əртістеріміз ағаш ішінен қолдарына гүл ұстап, “Алтын алқап жайқалғанда” əнін шырқап шыға келді. Президент те қуанышты рай таныта, оларға қарсы жүрді. Сосын хорға қосылып, «Алқапқа жас агроном шыққанда» əнін шырқады. Мемлекет басшысының біздің шаруашылығымызға сапарларының бірі кезінде “Мен бүгін өзімнің досыммен кездесіп тұрмын”, деген нағыз жанбаурар сөздері есімде қалды. Оның сол жылы лебізі маған зор рухани қолдау болды. Елбасына сол үшін зор алғысымды білдіремін. Біздің Президентіміз қалыптасқан жағдайды өте жақсы біледі, алыс болашақты да болжай алады. Бағдарламаларды тамаша жасайды. Қараңыздаршы, қандай сəулетті Астананы салып берді. Мен онымен үш рет шетелдерде сапарлас болдым. Өзге мемлекеттердің өкілдерінің оған қандай құрмет білдіретінін мақтанышпен айта аламын. Бұған қол жеткізу оңай емес. “Мен – қазақстандықпын” десеңіз, шетелдіктердің “Ə, Назарбаев!” деп жауап беретіні одан бетер сүйіндіреді. Мұның өзі Нұрсұлтан Назарбаевтың біздің Көшбасшымыз ғана емес, оның беделін бүкіл əлем мойындағанын, оны құрметтеп, ақыл-кеңесіне жүгінетінін білдірсе керек. Бұған қоса, аграрий ретінде мені оның адамдармен жай ғана сөйлесіп қоймай, оларды толғандыратын мəселелерді көтеретіні сүйсіндіреді. Нұрсұлтан Əбішұлы біздің шаруашылығымызға келген кезінде адамдармен оларға түсінікті тілде сөйлесті. Өйткені, біздің Президентіміз қарапайым шаңырақтан шыққан жəне оны өзі де жасырмайды. Адамдар оған сенеді. Ал, біз оның айтқандарын жүзеге асыруға күш саламыз. Енді, Елбасымыз Қазақстанды əлемнің барынша дамыған 30 мемлекетінің қатарына енгізу стратегиясын ұсынып отыр. Бұл – биік те игі мақсат. Біз оны жүзеге асыруға ұмтылуымыз керек. Президент бұрын да, бүгін де Қазақстан мықты да гүлденген мемлекет болуы үшін бəріміз тізе қоса жұмыс істеп, алға басуымыз керектігін айтып келеді. Мен Нұрсұлтан Əбішұлына зор денсаулық, əрқашанда елдің жəне бүкіл дүниежүзінің саяси өмірінің асқар биігінде болуын тілеймін. Геннадий ЗЕНЧЕНКО, «Зенченко жəне К» коммандиттік серіктестігінің бас директоры, Қазақстанның Еңбек Ері.

Солтүстік Қазақстан облысы.


10

www.egemen.kz

5 шілде 2014 жыл

БАС ҚАЛАНЫҢ БАС АРХИТЕКТОРЫ

Əлемде астанасын көшірген ел көп емес. Соның бірі – Қазақстан. Астананы ауыстыру туралы əңгіме қозғалғанда бұл бастамаға күмəнмен қарағандар көп болды. Бірақ мойындайтын бір шындық бар – Назарбаев арманы ақиқатқа айналды. Қазақбай ҚАСЫМОВ,

философия ғылымдарының докторы, халықаралық қауіпсіздік саласының профессоры, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі.

Сарыарқаның төрінде бүгінде жарқырап, жайнап, жас қала Астана өсіп келеді. 15 жылда қай ел сəулеті сəн-салтанатымен жарасқан, айбыны асқан Астана салып үлгерді? Ол – Назарбаев. Қазақстан. Астана. Бұл ұғым бүгінде халықтың санасында жатталып қалған. Енді ше, өңменіңнен жел өтетін аймақта 17 жылдың шамасында ғажайып қала бой көтерді. Бұл Елбасының жасаған батыл шешімі болды. Қазіргі уақытта тоғыз жолдың торабында, Ұлы Жібек жолының күретамырында бой көтерген Астана – Елбасының бастамасымен ғасырлар тоғысында дүниеге келген ғажайыптардың бірі. Ел өзгерді, сана өзгерді, кешегі «Сарыарқада шаһар салуға болмайды» дейтіндер бүгін аспанмен таласқан сəулет өнеріне сұқтана қарайды. Мұның бəрі Елбасының алысты болжаған батыл жобасы. Біз сондықтан Астананы Елбасының ерлігіне балаймыз. Шынында да, бұл – ерлік. Ерлік қана емес, Мемлекет басшысының мемлекетті нығайтуға, Қазақстанды, оның ішінде солтүстік өңірді қазақиландыруға бағытталған саяси стратегиясының бір көрінісі деп білемін. Астананы Президентсіз көзге елестету мүмкін емес. – «Астана – бұл менің төл перзентім. Əр адам, тегінде өз қаласын сүйетін шығар. Ал біз өзіміздің жас қаламызды үш есе артық сүйеміз. Өйткені, біз оның құрылысын тақыр жерден бастадық. Мұндағы əрбір жаңа мүйіс, əрбір жаңа ғимарат біздің жүрегімізден шыққан, себебі, олар туған сəтінен бастап біздің көз алдымызда», деген Президент бүгін күн санап қарқынмен өсіп келе жатқан Астананың айшықты ғажайыптарын өз қолымен жасады. Шынында да, Астана – ғажайып ғимараттары бар көздің жауын алатын көрікті қала. Мұнда əлемге əйгілі архитекторлар Кисе Курокава мен Норман Фостердің қолтаңбасы қалған. Астана авторларының қатарында жапон мен ағылшын ғана емес, қазақтың бас сəулетшісі де бар. Ол – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Қазір Астана ұлттық ерекшелігімен, батыстық үлгісімен жəне шығыстық нəзіктігімен көз тартатын ғажайып қалаға айналды. Бұған қуану керек. Баратын жерің бар. Отаныңның жүрегі бар. Ол – Астана. Расында да, Астанамен мақтанамыз. Астана біздің – бақ қаламыз! Елбасымыздың сөзімен айтсақ, «Астана біздің

Азаттығымызды ардақтап, астанамызды ұлықтайтын тағы бір шуақты күн келіп жетті. Ол – Астана күні. Қанша үйреншікті болып, дəстүрге айналса да жадымызды жадыратып, санамызға сəуле түсіретін бөлекше мереке. Əрине, бұған дейін де бірнеше астана болған. Олар да халықтың құрметіне бөленіп, хал-қадерінше қызмет еткен. Əйтсе де, Алаш жұрты азаттығының айғағындай, бостандығының байрағындай болып тұрған мына астананың жөні айрықша екені анық. Біз бұл астанамызға берісі үш жүз, арысы үш мың жыл жүріп əрең жеттік. Байтағымызға көзін сүзген басқыншылармен жағаластық, бас еркімізді бұйдалағысы келген алармандармен арпалыстық. Егер жас сəбиге деген толғақ тоғыз аймен тоқайласса, тəуелсіздіктің толғағы заманнан заманға жалғасып, тек, өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары ғана шыр етіп дүниені дүбірге бөлемеп пе еді?! Сөйтіп, Алла алқалап, аруақ қолдады. Алып империя – КСРО. Оны оп-оңай құлады деуге болмас. Үлкен дүние күйресе маңайын опыра-жапыра кететіні сияқты, ол да он бес республиканың діңгегін шайқап, діңкелетіп кетті. Алдымызда біз бұрын-соңды көріп-білмеген нарық жолы тұрды. Жаңа астана да бой түзеді, жағдай да қалыпты арнаға түсті. Есіл – Нұраның бойын ен жайлаған байырғы жұрт көз алдымызда түледі, түрленді. Ұлы көштің тізгінін ұстаған Қазақ елінің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев қырандай қомданып, сұңқардай саңқылдап əлемдік мінберлерден ой толғағанда, сол биікке арманын аялап, үмітін үкілеген Қазақстан жұрты да бірге шыққандай əсер қалдырады маған. Байтағының баянды кезінің куəсі болып көңіл көгершіндері көкке көтерілді. Қазақ эстрадасының жұлдызды тобы «Мұзарт» орындап жүрген əйгілі «Есіл ағады» деген өлең бар. Сол əннің мəтініндегі: ...Есіл ағады, көсіле ағады, есіле ағады ерке өзен. Көңілге мəңгі көшіп алады Аққудай арлы сол кезең. Арнаңды көріп толтырған нұрдай, Жаныңа келіп

Отанымыздың жүрегіне халықты біріктірген ұлттық идеяға айналды, ол халықтың өз күші мен ұлы мақсаттарына деген сенімінің символына айналды. Бүгінде, бүкіл Қазақстандағы секілді, Астанада жүзден астам ұлыстардың өкілдері тұрып жатыр. Бұл – күн сайын қоныс тойы, күн сайын мереке, үйлену тойлары болып жататын қала. Ондаған мың жаңа отбасылар мен жаңа тағдырлар қаласы». Тарихты тұлғалар жасайды. Əр ұлттың өзіндік тарихын қалыптастырған ұлы тарихи тұлғалары болады. Олар қаншама уақыт өтсе де елдің есінде қалады. Ұлы тұлға ұмытылмас тірлік, іс-əрекеттерімен адамзаттың ортақ қайраткеріне айналады. Мысалы, орыстарда – Бірінші Петр, түріктерде – Ататүрік, қытайларда – Мао Цзе Дун, француздарда – Шарль де Голль, поляктарда – Лех Валенса, ағылшындарда – Уинстон Черчиль, үнділерде – Ганди, америкалықтарда Вашингтон бар. Ал қазақтың маңдайына біткен тұлға, ол – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Əлі де Астанада талай алып құрылыстар бой көтеретініне біз кəміл сенеміз. Елбасының беделі – Қазақстанның абыройы. Біз «Болашақтың энергиясы» деген атаумен 2017 жылы Астанада ЭКСПО өткізу құрметіне ие болдық. Енді, міне, əлемнің түкпір-түкпірінен ару Астананы жəне көрмені тамашалауға бірнеше миллион адам келмек. Демек, Астана ұлт келбетіне айналады. Елбасының өзі айтқандай, «Жаңа астананың қаласы да, адамдардың санасы да жаңа болады». Жақын уақыттарда Астана «ақылды қалаға» айналады. Шетелдегідей, аялдамада тұрып, жолаушылар автобусының қай жерде келе жатқанын, қанша уақыттан кейін өзің тұрған жерге жететінін қолыңдағы арнайы бағдарламадан білуге болады. Астана – тəуелсіздігіміздің тірегі. Жаңа Астана – ежелгі қазақ жерінің төрі, тəуелсіз Қазақстан үшін жарқын келешектің нышаны, тарихымыздың жалғасы, өміршең ісіміздің арнасы ретінде бұдан былай да жаңа Астанада жақсылықтар жалғасын таба береді. Астана – қазір алып құрылыстар алаңы. Астана түрлі халықаралық деңгейдегі шараларды өткізетін орталыққа айналып үлгерді. Мəселен, Астанада ЕҚЫҰ-ның саммиті ұйымдастырылып, өте жоғары деңгейдегі кездесулер өткізілді. Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшыларының съездері де тұрақты өтіп келеді. Астана алып құрылыстар ғана емес, сондай-ақ, əлемдік дінбасылары кездесетін орталық екенін екінің бірі біледі. Елі үшін елеңдеген Елбасы Астананың

дамуына алаңдайды, əлем таныған орталық болса деп армандайды. Оның атын өзі қоюында да шежіре, тарих, сыр жатыр. «Бір күні түнде, дəлірек айтқанда, түнгі екіде жаңа елорданың аты Астана болады деген ой келді маған. Астана – ол Астана! Қай тілде де ұғымды, ұран тəрізді», – дейді кейін өз шешімі туралы Елбасы. Астананың қаталдау табиғатына байланысты кезінде Астананы көшіруге қарсы шыққандар енді бүгінде жадыраңқы көңіл-күймен сəулетті шаһарды емін-еркін аралайды. Президент Назарбаев Астана мен оның атауын ғана емес, елордадағы көше атауларын да күрт өзгертті. Карл Маркс – Кенесары, Ленин даңғылы – Абай, Революция – С.Сейфуллин, Октябрь – М.Əуезов, Сакко-Ванцетти – Ə.Бөкейханов болып ауыстырылды. Ең алдымен, 35 көшенің атауы өзгертілді. Мінекей, елге-жерге, тарихи атауларға деген Елбасының құрметі. Қазіргі Астана – тарихи ғажайыптарға толы, сəулеті асқан, мерейі тасқан шырайлы шаһар. Мүмкін еместей, орындалмастай көрінген арман ақиқатқа айналды. Аңыз бен ақиқат қатар жүрген жылдар тізбегі ақырында шындықтың жеңуімен аяқталды. Елбасының «Қазақстан жолы» атты кітабының «Жаңа дəуірдің жаңа астанасы» деп аталатын бөлімінде мынадай жолдар бар: «Əр жыл сайын Астана өзінің туған күнін тойлайды. Астана Еуропа мəдениетінен – прагматизмді, ал Шығыстан рухани дəлдікті мұра етіп алады. Таяу болашақта Астана Қазақстан Республикасының ірі саяси, мəдени жəне іскерлік орталығы, осы заманғы қаласы болады…». Расында да, солай. Қазіргі Астана əлем ойшылдары тізе қосып, ғаламдағы ауқымды мəселелерді сөз ететін іргелі орталыққа айналды. Жыл сайын мұнда көктемде Нобель сыйлығының ондаған

өкілдері мен əлем мойындаған қайраткерлер келіп, толғақты ойларын ортаға салады. Сөйтіп, қазіргі таңда Астана дауысын əлем ести бастады. Өйткені, бүгінде Астана күн сайын өңденіп, өзгеріп, ай сайын айшықтанып, жыл сайын жігері тасып, құлпырып, қарқын алып, дамып келеді. – «Əр келгенімде, гүлдене түскеніне куə болып жүрген Астана қаласы – Қазақстанның динамизмі мен Президент Назарбаев мырзаның көрегендігін бейнелейтін ең үлкен туынды. Астананың құрылыс жұмыстарына түрік фирмалары мен жұмысшыларының да үлес қосуын түрік-қазақ ынтымақтастығының ең əсем нышандарының бірі деп білемін», – дейді Түрік Республикасының президенті Абдулла Гүл бір сөзінде. Шындығында, бұл пікірде үлкен мəн бар. Расында да, Астананың өсуінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен үлесі барын ешкім жоққа шығара алмас. Бас шаһардың көркеюін ол үнемі қатаң назарында ұстап отырады. Ақиқатында қатардағы облыс орталығының бірін Астана етуге бел байлау – нағыз батырлық іс. Бұл Елбасы жүрегін шарлаған ақ қанат құс – алып самұрықтың «Бəйтерекке» келіп қонып, халықтың жиі баратын мекеніне айналуы дер едім мен. Мұндай шұғыл да батыл шешім көрегендігіне көңіл сенетін, тарихи тұлғаның даралығын көрсететін үлкен қасиет деп ойлаймын. Тағы бір тілге тиек етер ақиқатқа айналған аңыз мынау: өзінің Желмаясына мініп, желіп жүрген Асанқайғы бабамыз Ақмола өңіріне келгенде осы аймаққа көз тігіп тұрып: «Алты күнде ат семіртіп мінетін жер», деп айтып кеткен екен. Ал одан бері бес ғасырдан астам уақыт өтті емес пе? Міне, қазақтың алғашқы астанасы Орынбордан басталған көш 1997 жылы Сарыарқаның төріне туын тікті. Сөйтіп, Қазақстан астанасының,

АМАН БОЛ, АЗАТТЫЌТЫЅ АСТАНАСЫ! Ғалым ЖАЙЛЫБАЙ,

ақын, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының бірінші орынбасары.

көсілдім. Есілдің ерке толқындарындай Ағып барады есіл күн, – деген жолдарды жазып едім. Астанаға əр барған сайын Есілді жағалап есіл де, есіл, есіл күн деп азаттықтың ақ таңын армандап кеткен ата-баба рухына бас иіп, өзіммен-өзім сырласып, ғажайып бір күй кешетінім рас. Тəубе, бүгінде ел таныған ұлт, дəстүрі жаңарған жұрт болдық. Қазақ қазақ болғалы өз төрі өзіне тиіп, өз тізгіні өзіне бұйырғаны осы шығар. Қазақ қазақ болғалы атағың алысқа кетіп, атың аламан бəйгеге қосылуы да осы болар. Астана, білгенге, ғажайып қала ғана емес, стратегиялық шешімнің де жемісі. Оның негізгі мəнісі осында. Бұл орайда Президентіміздің еліміздің бас қаласын қазақ жерінің қақ ортасына көшіруін алысты көздейтін алғырлыққа баламасқа лажың жоқ. Өсер елдің баласы қайда бара жатқанын ғана емес, қайдан шыққанын, бүгінге қалай жеткенін зердеге түйе жүретіні бар. Аруақты ата-бабаларымыздың осынша жер мен орасан байлықты жат пиғылдан жанын сала қорғап, бүгінгі

ұрпаққа аманаттағаны – өлшеусіз ерлік. Ендігі мəселе – дүниежүзі бір-бірімен экономикалық байланысқа түсіп, интеграцияның илеуіне икемделіп жатқан уақытта қолда барды ұқыптылықпен ұстап, ұлт қамына жұмсау. Шүкір, қазіргі Қазақстанда бəрі бар. Тек ықылас пен ынта, ынтымақ пен бірлік болсын деңіз. Қазақ халқы қазынабайлығымен ғана емес, арда қасиет терімен де ерекшелен ген жұрт. Кемінде үш мың жылдық тарих толқынынан аман өтіп бүгінге беркініп, бекініп жеткен ұлыс ешкімнің қақ пақылына көнгісі жоқ. ХХІ ғасырдың ғаламат даму үрдісі оны болашақтың жарқын жайлауына шақырып тұр. Сол төрге жасқанбай шығуға талай империяны құрып, талай империяны тарих қойнауына жіберген, бірақ жасымай, жасындай ойнап, жаңа қағанаттарын құрған тəжірибеміз де жетерлік. Біз сонау бұрнағы ғасырларда далалық мəдениетімізбен отырықшылық елдердің өзін таңғалдырғанымызды мақтан тұтамыз. Түрік əулеті сонау V ғасырдың өзінде төл əліппесі – орхонмен Білге қаған, Тоныкөк басындағы көктасқа жазуын жазып жүргенде, бүкіл Еуропада мұндай мəдениеттің ұштығы да жоқ болатын. Бабамыз Жүсіп Баласұғын өзінің «Құтты білік» атты дастанын туындатқан

шақта бүгінде төбеңнен қарағысы келетін Батыс мемлекеттерінің қайсыбір корольдерінің, жазу былай тұрсын, қол қоюға да икемі жоқ еді. Осыны еске алғанда сайын даланың сайыпқыран ұлдары мен саналы қыздарына қалай сүйсінбессің?! Ендеше, бұдан мың жарым жыл бұрын төл жазуы болған түркі туысты «бұрын өскен құлақтан кейін өскен мүйіз озадының» кебін келтіріп, оларды қараңғылықтан біз алып шығып едік, – дейтіндердікі, жұмсартып айтқанда, жұртты адастыру болып табылады. Қалмақпен 250, орыс отаршылдарымен 150 жыл тынымсыз күресте болған батыр бабаларымыздың рухани байлығын былай қойғанда, тіршілік қажетін өтейтін қанша жаңалық ашқанын айтпасқа болмайды. Мəселен, осыдан мың жыл бұрын соғылып, бүгінде Мəскеудегі Тарих музейінде тұрған қыпшақ қылышының өзі неге тұрады. Мамандардың айтуынша, мұндай алмас қылышты шыңдауға осы заманғы технологияның өзінің ебі келе бермейтін көрінеді. Есте жоқ ескі кезде киіз үй мен үзеңгіні ойлап тапқан далалықтар үнемі ат үстінде жүретін болғандықтан екі балағы бар киімді де ойлап тапқан. Осы тұста ұзын етекпен жүрген еуропалықтар да шалбар аталған оны қуана қабылдапты. Мұндағы айтпағымыз – мың өліп, мың тірілген қазақ бүгін ғана пайда болған жоқ екен. Ол – тамыры тарихтың қойнауына тереңдей енген ежелгі халық, ер халық. Олай болса, халқымыз бүгінгі азаттығын ардақтауға, еркін елінің астанасын əспеттеуге əбден лайықты. Біз

Назарбаев Ақордасының іргетасы Астанада қаланды. Бұған дейін Қазақстанның астанасын Орынбор, Қызылорда, Алматы қалаларына ауыстыру Мəскеудің ықпалымен жүргізілсе, жаңа Астана Назарбаевтың жүрек қалауымен жүзеге асты. Алаш қайраткері Əлихан Бөкейхан: «Қазақты автономия қылсақ, Қараөткел – Алаштың ортасы, сонда университет салып, қазақтың ұлқызын оқытсақ, «Қозы Көрпеш – Баянды» шығарған, Шоқан, Абай, Ахмет, Міржақыпты тапқан қазақтың кім екенін Еуропа сонда білер еді-ау!» деген екен. Ал сол Қараөткел – бүгінгі Астананың жері. Демек, Есілдің бойына ел толтырып, қазақтың бағына біткен қала салуды бұрынғы зиялылар да айтып кеткен. Тіпті, 1950-жылдары ұлы ғалым Қаныш Сəтбаев Ғылым академиясының ғимаратын Ақмолада салу туралы бастама көтерген. Міне, Ə.Бөкейханов пен Қ.Сəтбаев айтқан сол арманды бүгін Назарбаев нақты жүзеге асырды. «Астананы көшіруді Қазақстанның жаңа талпынысының бір белгісі деп қарадым. Қаныш Сəтбаевтың айтқан сөзін де ескердім. Кейбір ақпарат құралдарына ұсыныс жасадым... Сонан болашақ астана бола алатын жерлерді қарастыра бастадым. Жезқазған, Қарағандыны да, Көкшетауды да қарадық, айналып келгенде, Есілдің бойында тұрған баяғы Геродот айтатын Батыстан Шығысқа баратын жолдың бойында жатқан Ақмолаға тоқтадық», – дейді өткенді еске алған Елбасы бір сөзінде. Сөйтіп, біз Елбасының ерен еңбегі, қайратжігерінің арқасында Астананы тұрғыздық. Астана – Елбасының ерлігі. Демек, біз мойындайтын бір шындық бар: Нұрсұлтан Назарбаев елорданы көшіру жəне Астана қаласын салу идеясының авторы жəне бас сəулетшісі болып қала бермек.

бұрынғы астаналарымызды одақтас республикалардың астанасы деп білсек, қазіргі астананы азаттықтың астанасы деп танимыз. Астанасының асқақ екенін мақтан ететін адамның ғана жүрегінде Отанға деген патриоттық сезім оянбақ. Ендеше, Астана күнін айрықша атап өтудің бір сыры осында жатса керек. Ал, азаттық оңай келіп, Астана оңай тұрғызылды дейтіндерге айтарым – тарихыңызға үңіліңіз. Бəрін түгендемесеңіз де мың жарым жыл бұрынғы ғұндар империясын, одан кейінгі Түрік қағанатын, одан берідегі қараханидтер дəуірін, бұдан жеті жүз жыл бұрынғы Алтын Орда атты ұлы мемлекетіңді, одан беріде төрт жүз жыл дəуірлеген Қазақ ордасын есіңізге алыңыз. Тайталасқан заман, тарпысқан тайпалар қақтығысында жойылып кетпей, бүгінге жеткен қазақ ұлысының нағыз тəуелсіз мемлекет болып, нағыз тəуелсіз Астанасын орнатуы – дəл осы кез екені даусыз. Біздің ойымызша, Астана туралы сөз – ел туралы сөз. Бодандықтың бұғауынан босаған ширек ғасырға жуық уақытта еліміздің іргесі бекіп, мемлекеттігіміздің мəртебесі арта түсті. Жұртымыз жаңа қоғам жағдайында өмір сүруге үйреніп, соны сипатты бойына дарытқан ересен елге айналып келеді. Ғылым мен өнерге, мəдениет пен тұрмысқа бағытталған бағдарламалар іс жүзіне асырылуда. Осы орайда, тəуелсіз еліміздің тілеуін тілеп, қанатының қатаюына қаламымен қызмет етіп келе жатқан қаламгерлер қауымын да айта кеткен жөн болар. Ақындарымыз бен жазушыларымыз ел мақсаты, ер мұраты тақырыбын қозғаған шығармаларында жас мемлекетіміздің арман-аңсарын, болашақ бағдарын асқақ рухпен бейнелеуде. Азат елдің əр азаматы хакім Абай айтқан «толық адам» болуы жолында қаламгерлеріміздің де тындырар ісі ұшан-теңіз. Ел мəдениетінің бір қанаты ретіндегі бұл қызмет алдағы уақытта да жалғаса бермек. Жабық өмір сүруді жаны қаламайтын жаhандану заманында интеграциялық икемделуге кең өріс ашу – қай кезде де көкейкесті. Алыс-беріс, барыскеліссіз ағайын арасының сəні кірмейтіні сияқты, мемлекетаралық қатынастарда да үйлесімді іс-шаралар қабылдап, халық қамы мен мемлекет мүддесін қаузайтын əрекеттерімізді жалғастыра беруіміз

қажет. Міне, осы игі істің ұйытқысы да біздің Елбасымыз болуы қандай ғанибет десеңізші! Бұл орайда, үш мемлекеттің басын қосқан жаңа экономикалық одақтың берер мүмкіндігін шебер пайдаланғанымыз жөн. Кемі 170 миллион жанды қамтитын осы үлкен нарықта қазақ жағы бəсекелестікке қабілетті ел екенін көрсете алар деген үміттеміз. Одақ құжаттарында көрсетілгендей, нарық көлемінің ұлғаюына орай жаңа жұмыс орындары көптеп ашылып жатса, елдер арасындағы тауар алмасу теңдігі сақталып, біртұтас үлкен экономикалық кеңістіктен əркім өзіне лайықты орнын таба алса, бұдан асқан игілік бар ма?! Ортақ мақсат пен жеке бəсекелестік бірлігі бұл күнге де жеткізер деген сенімдеміз. Кемеңгер Елбасымыз кемел болашақтың келбетін осылай сомдап жатқаны да сүйінішті! Биыл Астана күні осындай ел өміріндегі ерекше оқиғамен сəйкес келіп отыр. «Сабақты ине сəтімен». Əрине, нарыққа енгеніне екі жүз жыл болған Батыс елдерімен жол басына енді ғана қадам жасаған жас елді бір қатарға қою ертерек болар. Əр нəрсе уақытымен келмек, əр жеміс уақытымен піспек. Бірақ нарықтың жауы – жайбасарлық екенін де естен шығармайық. Біз жоғарыда Астана туралы сөз – ел туралы сөз деген едік. Ендеше, Астана тойы – ел тойы екені анық. Той күні осы уақытқа дейін сүттей ұйып келген бірлігіміз нығая берсін, бағзыдан бас алып болашаққа бет түзеген салқар көшіміздің жолы айқын, аспаны ашық болсын дейміз. Сол елдің бағына туған Еріміз барына да мың шүкір. Астана бүгін Қазақстан жұртының қара қазанын қайнатқан күн келбетті, ай дидарлы шаһар. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өзі бас болып ата-баба аманатын алғы күндерге апара жатыр. Есілдің ескен самалы, Нұраның нұрлы жанары болып жұртыма шуақ таратқайсың, арайлы Астана! Шілденің шуағына шомылып, шырайлы маусымның шарапатына бөленген Астана қашанда Алаш арманының айшықты белгісіндей асқақтай берсін. Той мен ойдың тізгінін тең ұстағайсың, азаттық Астанасы! АЛМАТЫ.


www.egemen.kz

5 шілде 2014 жыл

 Мемлекет мерейі

Супрематикалыќ силуэттер сґзі Астанаға еш жолым түспей жүрген еді. Мемлекеттік қайраткер жəне тəуелсіз Қырғызстан дипломатиясының алғашқы буынының өкілі ретінде дүниені көп аралаған адаммын, бүкіл əлемді шарлап шықтым десем де болады, алайда, осынау таңғажайып, тіпті, символдық қаланы алғаш рет көріп отырмын. Иə, бұл қала жөнінде талай оқығанмын, соның ішінде айқыш-ұйқыш пікірлермен де танысқанмын, бірақ Астана дəл осы өзім көргендей қала деп ойлай қоймаппын. Мен Астананың атына мақтау сөзді үйіп-төгіп жатқым келмейді. Қала қандай мақтау сөзге де лайық болса да. Астаналықтардың өзі ондай пікірлерді көп естіп жүргеніне күмəнсізбін. Менің айтпағым басқа. Ең алдымен айтарым – мен бұл қаланың бойынан, оның сұлбасынан, оның супрематикалық силуэттерінен, көлденеңінен алысқа, тігінен биікке ұмтылысынан бейнебір беті ашық жатқан кітапты, Қазақстанның өзіндік бір жаңа символикасын көргендей боламын. Одан да өткізіп айтсам, Астанадан мен нақпа-нақ таңбаланған кодтар мен шифрларды, Қазақстанның жаңа мəдени-өркениеттік дизайнын, оның жаңа саяси философиясын, тіпті, мемлекеттік стратегиясының мағынасын танимын. Мұның бəрі елдің болашағын ойлаған батыл арманның арқасында жүзеге асырылған. Бішкекке жақын тұрғаннан кейін Алматыға жиі барамын, ол қаланы сондай жақсы көремін, əйтсе де Астананың өн бойында – мұны айрықша атап айтқым келеді – Қазақстанның жаңа мəртебесіне қол жеткізуге ерекше ерен ерік-жігер көрінеді, бұл елдің қуатты саяси түйсігінің сəулет түріне көшкен экспликациясы, оның армандары мен өр кеуделі жоспарлары, ой-қиялдар мен аңсарлардың күшті кернеуінің, Юнг психоаналитикасының тілімен айтқанда, «ұжымдық бейсаналылығы» танылады. Егер тарихтан балама іздеу керек болса, мен Астананы Петр дəуіріндегі Санкт-Петербургпен салыстырар едім. Петербургті сол кезде орыстардың бəрі бірдей қолдай да қоймаған, жақсы көре де қоймаған, қаланың тамаша түпкі ой-ниетін, Растрелли мен Ферраридің, Леблон мен Резановтың италиялық русистикасын жұрттың бəрі түсіне де қоймаған. Талай алматылықтардың қазіргі Астанаға қызғана қарайтынындай, Петербургті əсіресе мəскеуліктер ұната бермеген. Көкжиектен Мəскеудің жаңа бəсекелесі, болашағы мол қарсыласы көрініп келе жатқандықтан, көптеген кісілер тіпті жаңа астананы жамандап-ақ баққан. Алайда, жылдар өте келе орыстың озық ойлы адамдары қаланың түпкі ойластырылуынан жəне сəулеттік тілінен Ресейдің соны сөз саптауын ғана емес, жаңа мемлекеттік стратегиясын да көре алды. Орыстың көреген данышпаны

Пушкиннің бұл жайында не дегені белгілі. Атақты «Мыс салт аттыны», «теріскей Аврорасы» туралы басқа да туын дыларын жаза отырып, ол бұл қала ны жұрттың бəрі нен де жақсы білді, жұрттың бəрінен терең түсінді, архитектураның тың тілін басқалардан бұрын оқи алды. Пушкин сонда «Неваның асқақ ағысын» да, жағалауындағы сфинкс бойынан жасырын нышанды да көріп, қалаға қарап: «Тұр осылай, дəл Ресейдей тапжылмай», деген болатын. Осындай параллельдер мен реминис цен циялардан шығып айтар болсақ, Астана ең алдымен Еуропаға қарай өжет серпіліс. Алайда, ең бастысы, Астана – кеңестік идеялықсаяси дəстүршілдікті еңсеру, тарихтың өн бойында біздің бəріміздің еңсемізді езіп келген көптеген отаршылдық ұғымдарының дағдыға айнала бастаған ауыр балластынан босану, ертедегі жəне таяудағы өткен күнімізбен ат құйрығын кесіспей тұрып-ақ рухани, мемлекеттік, тілдік басымдықтардың жаңа алаңына аяқ басу. Сондықтан да, егер ықыласпен үңіле қарай білсек, Астана – жаңа əліппе, Астана – жаңа əліпби, Астана – құндылықтардың жаңа реті. Рас, осынау архитектуралық жаңа өрнек қазірше біздің саяси ойлау жүйемізде нақты бейнесін таба қоймаған болуы мүмкін, бірақ ол қазірдің өзінде Астананың архитектуралық-дизайндық түпкі ойына сіңірілген, оның пассионарлық рухында бейнеленген. Бұл арада хақ-тағаланың құдіреті əсер ете қалған шығар деп ойламаймын. Тегінде, бұл ұлттың өзін өзі сақтау түйсігінің көрінісі, саяси тұрғыдан өзін өзі танытуға берік ерік-жігерінің, замана желінің бағытын дəл ұстай білудің белгісі. Адалымнан ақтарылып айтар болсам, қалаға осыдан бір жыл бұрын келгенімде мұндағы кодтар мен шифрлардың тілін, Астананың жаңа символикасын түсінбес пе едім, оқи алмас па едім. Бəлкім, бұған соңғы айлардың ішінде аяқ астынан күрт өзгеріп шыға келген геосаяси кеңістік, Украинадағы оқиғалар, Қазақстан белсене араласып жатқан ықпалдастық үдерістері əсер еткен болар. Дəл осы оқиғалар бұл қаланы тану, түсіну үшін оған бұрынғыдан да ыждаһатты қарауға шақырады. Тарих таразысына тағы да талай дүние тартылып тұрған қазіргідей тұста оны түсіну де, тану да жеңілірек. Астананың Бразилияның жаңа астанасынан айырмашылығы Бразилияда ұлы сəулетші Оскар Нимейердің қолтаңбасы сақталса, қазақтың бас қаласында Назарбаевтың саяси тілегі мен Фостердің стилі сақталған, мұның өзі нышанды мəнге ие, көп жайды аңғартып тұр. Бұл қаланың мəдени-архитектуралық тілін таратып айту мына жайды да білдіреді. Мемлекеттік егемендік пен оны нақты жүзеге асыру өте күрделі үдеріс екенін танытады. Мемлекеттіліктің ұлттық

өзін өзі бірдейлендірумен тікелей байланысты екенін, оған ұлттық, ұлттық-семиотикалық кеңістіктің, тілдер мен символдардың, жазудың кіретінін көрсетеді. Мұндайда кесіп-тіліп тастау қиын, тегінде, олай етудің керегі де жоқ. Алайда, қазіргі мына əлемге қарап отырып, біз жанжағымызға көз салуға, бəрін таразыға тартуға, кімнің дос екенін, кімнің дос сияқтанып жүргенін анық білуге тиіспіз. Иə, өткен ширек ғасырға жуық уақыт ішінде біз, кешегі кеңестік елдер, көп нəрсеге қол жеткіздік. Шын мəнінде үлкен жолдан өттік. Сонымен бірге, қолдан жіберіп алған мүмкін діктеріміз де баршылық. Солардың бірі – кеңестен кейінгі Орталық Азияның біртұтас сауда-эконо микалық жəне мəдениақпараттық кеңістігін құру мүмкіндігі. Өкінішке орай, біздің бəріміз Тəуелсіздіктің алғашқы жылдарында армандаған жалпытүркілік бірлікті былай қойғанда, Орталық Азия республикаларының кəдімгі сауда-экономикалық ынтымақтастығының өзі күрделі шаруа болып шықты. Біздің өзімшілдігіміз, жекелеген лидерлердің саяси бонапартизмі, саяси экономия классигінің сөзін сəл өзгертіп айтқанда, «коммунизмді» жеке бір елде орнатуға болады деген алдамшы үміт кедергі келтірді бұған. Орталық Азия одағын құру келешегі де таяу болашақта тым-тым бұлдыр екенін қинала отырып айтуға тура келеді. Жалпы, ортақ мəдени-экономикалық кеңістік біздің ойлап тапқан нəрсеміз де, саясаткерлердің ұтысқа шығатын жобасы да емес, өмірдің өзінің өткір қажеттілігі. Бұл Алашорда заманында да, біздің бабаларымыз Тұран мұрасымен əуестенген кезеңде де талай оралып отырған ұлы идея. Астанада 19-20 мамыр күндері тамаша өткізілген Түркі жазуы күні, сондай-ақ, осы бағыттағы мəдени-интеграциялық іс-шаралар біздің бұрынғы саясаткерлеріміз жүзеге асыра алмаған, алайда, басым түрде жүзеге асыруға тиісті идеяларды алға жылжытуға мүмкіндік береді. Міне, жоғарыда айтылған жайларды ескере келгенде, мен Астананы жақсы көрмей тұра алмаймын. Қазақстанның жаңа бой көтеріп жатқан еуразиялық полисінде, патшалықкеңестік өткен дəуірден, бізді шетте қалған шетқақпайлықтың қыспағынан соншалықты серпінмен суырып шығарған қалада мен осыны танып-білдім. Өз символикасының тілімен жəне таңғалдырарлық идеялық жəне рухани шоғырлану қуатымен алдағы келер күндерге ұмтылған ғажайып қала маған осындай əсер қалдырды. Осы ойымды қазақ бауырларымыздың бас газеті «Егемен Қазақстанның» оқырмандарымен бөлісуді жөн көрдім. Осмонақын ИБРАЙЫМОВ, Қырғызстан Ұлттық академиясының корреспондент-мүшесі, профессор.

11


12

www.egemen.kz

5 шілде 2014 жыл

 Астананың өркендеуі – Қазақстанның өркендеуі

Астананың алтын алқасы:

НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТ Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамашылдығымен ашылған жаңа тұрпатты жоғары оқу орны – Назарбаев Университет қазірдің өзінде жоғары білім саласының ұлттық брендіне айналып үлгерді. Өйткені, еліміздегі кез келген оқушы осы университетте білім алғанды қалайды. Балаларының болашағын күні бұрын ойлайтын ата-аналар балаларын нақ осы оқу орнына түсіру мақсатында ең алдымен оларды еліміздің əрбір аймақтарында ашылып жатқан Назарбаев интеллектуалдық мектептеріне оқуға береді. Сөйтіп, бұл университетте оқудың қамы баланың өзі мектеп бітірместен көп бұрын жəне алдын ала жасалынған жан-жақты əзірліктермен басталып кетеді. Сұңғат ƏЛІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Назарбаев Университет, міне, осындай биік талабы жəне ерекшелігімен қазіргі мектеп қабырғасындағы жасөспірімдерді өз болашақтарын күні бұрын ойлауға, алдына ертерек мақсат қойып, оған жетуге талпыныс жасауға тəрбиелеу үстінде. Өз болашағына ерте бастан көз тігетін жастар үшін ол адамды адастырмайтын Темірқазық жұлдызы секілді. Алыстан сəуле төгіп, өзіне шақырып тұрады. Назарбаев Университет өзінің ашылу сəтінен бастап, елімізге білім берудің халықаралық биік талаптарға сəйкес келе тін бұрын-соңды болмаған жаңа жүйесін алып келді. Мұнда жастарға жоға ры білім берудің əлемдік үздік ғылыми білім беру тəжірибесі мен ұлттық білім беру жүйесінің артықшылықтары қатар үйлестірілген. Университеттің басқару органы болып Атқару кеңесі, Қамқоршылық кеңесі жəне Жоғары қамқоршылық кеңесі табылады. Жоғары Қамқоршылық кеңесінің Төрағасы – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Университеттің негізі 2009 жылы қаланды. 2009 жылдың 17 қазанында оның басшылық құрамының бірінші мəжілісі болып өтіп, оған ПремьерМинистр Кəрім Мəсімов төрағалық етті. Осы мəжілісте университеттің 2010-2012 жылдарғы Даму стратегиясы бекітілді. 2010 жылдың күзінде университет «Foundation»дайындау бағдарламасына бірінші студенттерді қабылдады. Осы жылдың 22 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Парламентінің Мəжілісі «Назарбаев Университеттің» мəртебесі туралы Заң жобасын қабылдады. 2012 жылы Астанада жаңа халықаралық университеті халықаралық деңгейде таныстыруға арналған екі күндік семинар болып өтті. Оның жұмысына еліміздің білім саласының басшылығымен қатар Кембридж университетінің вице-канцлері Энн Лонсдейл, Стэнфорд университетінің Қамқоршылық кеңесінің хатшысы Джеффри Уахтел, Лондон университеттік колледжінің вице-провосты Майкл Уортон, сондай-ақ, Сингапур университеті мен басқа да əлемге танымал жоғары оқу орындарының профессорлары қатысты. Қазіргі күні Назарбаев Университетте бір орталық пен жеті мектеп жұмыс

істейді. Олар – Университет алды даярлық орталығы, Инженерлік мектебі, Ғылым мен технологиялар мектебі, Гуманитарлық жəне əлеуметтік ғылымдар мектебі, Бизнес тің жоғары мектебі, Мемлекеттік саясаттың жоғары мектебі, Білім берудің жоғары мектебі жəне Медицина мектебі. Бұл əрбір мектептің тəжірибе бөлісу мақсатында тығыз қарым-қатынас жасайтын халықаралық əріптесі бар. Ол əріптестер əлемге танымал жоғары оқу орындар арасынан таңдап алынған. Назарбаев Университет жастарға тек білім беру ісімен ғана шектелмейді. Сонымен қатар, мұнда ғылыми-зерттеу бағытына көп мəн беріледі. Қазіргі күні онда үш ғылыми орталық жұмыс істейді. Олар – Назарбаев Университеттің зерттеу жəне инновациялық жүйесі, Өмір туралы ғылыми орталық жəне Білім берудің жоғары мектебі жанындағы Білім беру саясаты орталығы. Мұндағы Назарбаев Университет зерттеу жəне инновациялық жүйесі қайта жаңғыртылатын энергетикадағы технологиялар саласында жобалар əзірлеумен, энергия үнемдеу мəселелерімен, қоршаған ортаны қорғаудың маңызды мəселелерінде жаңа əдіс-тəсілдерді іздестірумен шұғылданады. Өмір туралы ғылыми орталық дербестендірілген медицина жəне геномика, регенеративтік медицина жəне ұзақ өмір сүру, жаһандық денсаулық қорғау мəселелерімен айналысады. Назарбаев Университеттің ректоры – Шигео Катсу. Бұрын Дүниежүзілік банкте вице-президент қызметін атқарған жапон елінің азаматы Шигео Катсу мырза жапон, ағылшын, француз, неміс, итальян тілдерін жақсы біледі. Ал Қадиша Даирова студенттік істер жəне халықаралық қатынастар жөніндегі вицепрезидент қызметін атқаруда. Қ.Даирова бұрын дипломатиялық қызметпен шұғылданған. Осының алдында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-тың президенті, Қазақстандық менеджмент, экономика жəне болжам институтының (ҚМЭБИ) даму жөніндегі проректоры, əл-Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры қызметтерін атқарған. Университетке əлемнің көптеген жоғары оқу орындарынан үздік оқытушылар құрамы тартылған. Дəрістер ағылшын тілінде жүргізіледі. Бұл білім ордасы өзінің материалдық-техникалық

базасы, білім берудің халықаралық талап деңгейі, оқытушылар құрамының сапасы, алдына қойған стратегиялық бағыты мен оны жүзеге асырудың əдіс-тəсілдері жəне мүмкіндіктері тұрғысынан алғанда Орталық Азияның білім кеңістігінде баламасыз болып табылады. Университет, сондай-ақ, өзінің сəнсалтанатымен де ерекшеленеді. Бұл білім ордасына алғаш кіріп келген сəтте оның университет екендігін бірден аңғара алмайсың. Өйткені, бірінші кезекте сіздің алдыңыздан іші жасыл əлемге толы ботаникалық бақ ашылғандай болады. Бірақ ендігі сəтте қолдарына оқулықтар мен ноутбуктар ұстаған қыз-жігіттер пайда болған кезде барып қана сіз бұл ғимараттың жаңа тұрпатты «білім мен ғылымның храмы» екендігін аңғара бастайсыз. Университет құрылысын жобалаған мамандар Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев идеясын өмір шындығына айналу мақсатында аянбастан тер төккендігі бірден көрініс береді. Аркалар, күмбездер, колонадалар... Осының барлығы университетке ерекше бір асқақтықпен қатар сəн-салтанат беріп тұр. Əрлеу жұмыстарына жоғары сапалы материалдардың пайдаланылғандығы байқалады. Сонымен қатар, мұнда халқы мыздың ұлттық ерекшеліктері де ескерілген екен. Кейбір жерлері оюөрнектермен безендірілген. Ал, дизайн батыстық стилдің қазіргі замандық барлық талаптарына жауап бере алады. Осының барлығы қосыла келіп, университетте білім алу үстіндегі қазақтың əрбір қыз бен жігітіне жанға жайлы жағымдылық сыйлайтындығын аңғаруға болады. Иə, сөйтіп бұл университетті бітіріп шыққан əрбір жас халықаралық талаптарға сай келетін жоғары білім алуымен бірге өз ұлтының тəуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктерін мақтаныш ететін патриот болып шығатындығы да анық. Мұндағы əрбір тамаша көрініс жас ұландарымыздың көкірегінде ұялап қалатындығы сөзсіз. Жоғары оқу орнының аумағы гүлзарлармен, жасыл ағаштармен көмкерілген. Оларды отырғызған кезде декоративтік көріністермен қатар, Астана ауа райының ерекшеліктері де ескеріліпті. Жалпы аумағы 100 мың шаршы метр алаңға университеттің 9 корпусы орналасқан. Олардың барлығын үлкен атриум жалғастырады. Бұл атриум жоғары оқу орнының ең бір көрікті де көгалдандырылған тұсы. Жоғарыда айтқанымыздай, алғашқы кірген адамның есінде мұндағы тропикалық бақшаның сақталып қалатындығы анық. Онда 300 жылдық зəйтүн ағаштары да өсіп тұр. Мұндағы атмосфера табиғатқа өте жақын. Назарбаев Университет кітапханасын ерекше атап өтуге тура келеді. Оның оқу залдары 250 адамға арналған. Оларда 100ден астам компьютер орналастырылған. Бұл еліміздегі ақпараттық ресурстардың

ағылшын тілдік коллекциясына ең бай кітапхана. Оның қоры кітаптардан, мерзімдік басылымдардан жəне электрондық ресурстардан тұрады. Бір есептен алғанда оны супертехнологиялық кітапхана деп те айтуға болады. Мұнда 60-қа жуық толық тексті ғылыми базаға, ғылыми танымдық журналдардың миллионнан астам мақалаларына еркін кіруге болады. Мұның сыртында 100 мыңға тарта электрондық кітаптар бар. Осынау білім сақтау мекемесінен бүкіл Қазақстан мен ТМД елдерінде жоқ кітаптарды да табуға болады. Кітапхананың тағы бір ерекшелігі мұнда келушілер кітапхана қызметкерінің көмегінсіз-ақ кітаптарды алып, қайта өткізе алады. Бұл қызмет кітаптар берудің электрондық стансасы арқылы жүзеге асырылады. Келушілерге көпрельсті кітап жеткізу жүйесі қызмет көрсетеді. Интеллектуалдық инновациялық кластерді қалыптастыру мақсатында университет кампусы маңайынан 50 гектар жер бөлініп отыр. Болашақта бұл жерде ұлттық жəне халықаралық жоғары технологиялық компаниялардың əртүрлі орталықтары салынып, жұмыс істейтін болады. Ғылыми паркті дамыту жұмысына кəсіпкерлер де тартылмақ. Университет алды даярлық бағдарламасы жəне бакалавриат бағдарламасы бойынша оқитын студенттерге мемлекеттік жəне демеушілік гранттар тағайын далған. Оның үстіне студенттер мұнда тегін тұрып тамақтанады. Болашақта студенттер қабылдауды коммерциялық негізге көшіру мəселелері де қарастырылуда. Университет қасындағы ашық паркинг 500-700 автокөлік қабылдай алады. Болашақта жерасты жəне жер беті автотұрақтарын салу жоспарланған. Ғимараттың барлық санитарлық тораптарында, электр беру жүйелерінде қуат үнемдеу технологиялары жұмыс істейді. Қазіргі күні мұнда 2 мыңға тарта студент білім алуда. Оларға барлық жағдай жасалынған. Болашақта олардың қатары арта беретіндігі анық. Жатақхана, кітапхана, ресурстар орталығы, лекция залдары, зертханалар, студенттік кафетерилер, медициналық орталық, сауда дүкендері, студенттерді қолдау қызметі, спорт алаңдары, міне, осылардың қызметінің барлығы студенттерге арналған. Сондай-ақ, мұнда жаңа спорт орталығы да салынды. 2013 жылдың 18 сəуірі күні Жоғары қамқоршылық кеңесінің шешімімен университеттің 2013-2020 жылдарға арналған стратегиясы мен Университеттің жаңа жарғысы бекітілді. Жарғы мен басқа да құрылу құжаттарының қабылдануымен Университет өзінің жаңа даму кезеңіне – клас сикалық академиялық басқару жүйесіне өтті. Суреттерді түсірген Ерлан ОМАРОВ.

Суреттерді түсірген Ерлан ОМАРОВ.


«Адамның кейбір кездері...» деген екен Абай. Сəуеге жетер саналы сөз ғана сапқа тұрып, санатқа кіреді ғой. Осы сөз кей-кейде ойға салмақ салады. Əртүрлі жағдай жадыңды түртіп, жүгіріп кеткен жылдар алыстан бұлаңытады. «Айтқыштар» мен «жазғыштардың» жазғандарын парақтап, «білгіштердің» айтқандарын адақтап қарасақ, белгілі тұлғаның өмірі қашанда жұртқа аян сияқты. Шындығында, солай ма? «Біткен іске сыншы көп, бітірген ердің кемі жоқ» деген ғой халқымыз. Тұлғалардың тылсым ғұмырын тілмен таңбаласақ, бұл да бір өмір өнегесі болар, тəуелсіздік ордасының керегесі болар. Күрделі кезеңде өмір сүріп жатырмыз. Мемлекетіміз жиырма жылдық кезеңнен енді асып барады. Өткен тарихымызды қайта-қайта қазбалап, қазған сайын там-тұмдап тереңдетіп, «біз де осал халық емеспіз» дегенді əлемнің құлағына құямыз деп, күндіз-түні ат үстінен түспей, еңкеу-еңкеу жер шалып, елеулі ойды қолға алып, күндіз-түні толғанып, соның нəтижесінде үлкенмен астас, кішімен бастас, қатармен жастас болып келе жатқан егемен еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың

ерен еңбегін деректі сөзбен əдіптесек, оның айыбы болмас, оқырман. Елбасымыз атқарған ерен еңбектер жөнінде жан-жақты жазылып жатыр. Жазылады. Жазыла да береді. Тəуелсіздік үшін тізесі бүгілгенше қызмет етіп, халқының қадір-қасиетін көтеріп, өзгермелі əлемнің өзгергіш қас-қабағын дер кезінде аңдап, алыстан барлап, халқының есіктегі басын төрге шығарған, етектегі есімін өрге шығарған, керуенді көшін келелі белге шығарған Елбасымыздың тарихи тұлғасын таныту тұрғысында ой кешіп, қалам тербеген сəттер аз емес. Əрине, осы орайда Елбасымыздың ерен еңбегін жылдар бойы жылнамаға түсіріп, жұртына жеткізуде елеулі істер атқарып келе жатқан көрнекті қайраткер Махмұт Қасымбековтің жазғандары өз алдына бір төбе. Бізден гөрі кемел тұлғаға етене жақын қаламгердің шығармашылық шұғыласынан бастау алғандай болған бұл жазбалар осы қазынаға қосылар бір үлес болса деймін. Осы ретпен абыз Абайдың «Адамның кейбір кездері...» деген тəмсіл-тағылымына иек артып, əңгіме тақырыбын осылай əдіптеп, Елбасымыздың жалпы қауымға жұмбақтау кейбір сəттерін тілге тиек етуге тəуекел еттім.

Елбасыныѕ кейбір кездері Өтеген ОРАЛБАЙҰЛЫ,

ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

«Біз əлі жетілеміз...»

1993 жылғы 22 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев Павлодар облысының Екібастұз қаласындағы алып ГРЭСтің бірінші кезегін іске қосу шарасына қатысты. Содан бір аптадай бұрын Тəуелсіздіктің екінші жылын салтанатпен қарсы алған Елбасының көңіл-күйі көтеріңкі, жүзі жарқын. Бұл салтанатты іс-шараға Қазақстанның барлық бұқа ра лық ақпарат құралдары өкілдері шақырылған болатын. Сарыарқаның сары аязы мен атан жығар адуын желі аруағын шақырып, ашуына мініп-ақ тұр екен. Арқа даласының аспанмен астасқан көмір кеніштерінің ойы мен қырын аралап, ауа райының осындай қиын күндерінде де аяз бен жел сорған беттерін көмір шаңы «опалаған» кеншілердің қиындыққа қыңбай, ел игілігі үшін ерен еңбек етіп жатқанын көрдік. Қайда қарасаң да қайнаған қызу еңбек. Ауа райының осындай қытымырлығына қарамастан ел игілігі үшін аянбай тер төгіп жатқан көміршілерді көрген Елбасы ерекше нұрланып, риза болмысы жүзіне теуіп, емен-жарқын көңілді жүрді. Басқару пультіне келіп, алып ГРЭСті іске қосқанда, оның қуатынан от алып, жанары жарқ ете түскен қазақ даласының қуанған сəтін жанжүрегімен түйсінген Президенттің де жанарында оттай жанған салтанат бар еді. Кең даламыздың өн бойын қуалай жүгірген электр бағандары бір-бірін басып озып, туған даладан сүйінші сұрап, жарысып бара жатты. Елбасы содан кейін алып өндіріс орнының басқару пультінің ауқымды алаңын аралап, қаз-қатар тізіліп отырған мамандармен азкем сұхбаттасып, бірақ, əлдебір танысын іздегендей жан-жағына қарағыштай берді. Бір кезде қатарқатар отырған мамандардың арасынан көптен іздеген жоғын, аңсаған бауырын көргендей болып, жанары жарқ ете қалды. Басқару үстелінің ең шеткі жақ бетінде, елеусіздеу ғана мүйісте бір қазақ баласының жүзі көрінді. Елбасының көңіліндегі ойды айтқызбай оқыған əлгі бауырымыз орнынан шапшаң көтеріліп: «Аға, біз əлі-ақ жетілеміз», деп саңқ ете түсті. Нұрсұлтан Əбішұлы риза кейіппен басын изеп: «Дұрыс айтасың, біз əлі-ақ жетілеміз» деді. (Осы жылы атақты «Болашақ» бағдарламасы дүниеге келді. Тарихи сəттен тарихи жалғастық туды). Тілшілер қойын кітапшаларына үңілді, фотоаппараттар сыртылдап жатты. Лап етіп ойыма келген осы бір сəтті мен кейін өлең жолдарына түсірдім.

Бірінші жыр

Екібастұз, Ертегім сен екенсің, Екібастұз, Ертеңім сен екенсің. Көкірегі көл-көсір кен екенсің, Кеудесінде оты бар жер екенсің. Сарыарқаға тұғырлы мөр екенсің, Сағынғанға ғұмырлы төр екенсің. Бабалардан айналдым сені баққан, Бақытым да, байлығым сен екенсің. Таңдай қақтым сенімен тілдестім де, Самғай бақтым салтанат күн кештім де. Көзін көрдім сұқтанған күндестің де, Сөзін естіп, сауатсыз білместің де. Екібастұз, Алып жер кенге толы, Азат болмай амалсыз мұң кештің бе? Соны ойлап ем, Жанымды желбіреттің, Сағыныштың сағымын селдіреттің. Келімсектің күлкісін көлгір еттің, Қара көмір ішінен сəуле көріп, Қара көзім, мен сені мөлдіреттім. Мөлдіреттім жанымды, Жасыра алман, Жасыра алман, емес ол жасығаннан. Өз аузыма жетті-ау деп өзім қолым, Қуанғаннан жыладым, тасығаннан. Қара дала, Қара кен, Қара бала, Қара орманын қадірлер басы бар жан.

135

www.egemen.kz

5 шілде 2014 жыл

Қазық жұртым – Қара орман қазынамыз, Тарихқа өшпестей жазыламыз. Тарихқа көп біздің базынамыз. Атажұртты алудың араны еткен, Алпауытқа қашанғы жалынамыз? ...Басқаратын бас алаң. Кімді іздедің? Кейде күңгірт тартқандай күндіздерің. Кісідегі кілтті іздеп, көп сабылған, Осы шығар ойыңды білгізгенің. Айналаға Елбасы көп қарады, Талай жан тұр. Елжіреп, тоқтамады. Бас директор бəйпеңдеп, бəйек болып, Бір нəрсені айтуға оқталады. Талай ойды таба алмай кетем іздеп, Ел емеспіз, əрине, жеке жүзбек. Бір жас қазақ Елбасы ойын оқып: – Қамықпа, аға, біз əлі жетеміз, – деп, Саңқ еткенде, Санаға өмір берді, Балқытқандай балқымас темірлерді. Жалт қарады Елбасы, – Бəрекелді! Деп жарқылдап сонан соң көңілденді. Ұғатындар ұлағат ұғып тұрды, Ұға алмастар ішінен тынып тұрды. Ұлттың ойын Елбасы шынықтырды, Елге сəлем жолдаған көмірімен, Екібастұз елжіреп, күліп тұрды. Ғарасатты жат жан көрсем ісінемін, Парасатты жан көрсем кішіремін. Тəуелсіздік, Сен сұңқар құсым едің, Ардағым да, асылым, күшім едің. Екібастұз аспанын шарлап кеткен, Елбасының жүрегін түсінемін.

«Апа, аман жүріңіз...»

Алып ГРЭС-тің бойына алау жүгірткен Нұрсұлтан Əбішұлы қалыптаса бастаған əдет бойынша қалың елге сəлем беріп, сəлем алып, көпшілікті қақ жарып келе жатты. Көңілді. Бір кезде тəртіп сақтап тұрған əскери қызметшілерге əлденені қызу түсіндіріп, Елбасы жаққа ұмтылып тұрған бір қарт ана көзге түсті. Елбасы «жіберіңдер» дегендей белгі берді. Кейуана: «Нұрсұлтан балам, осы күнді қанша ғұмыр күттік. Елің қуанып жатыр. Жұртың атынан аналық алғысымды айтамын, ғұмыр жасың ұзақ, өмірің салтанатты болсын. Қарттың батасы қабыл, жастың тілегі қабыл» деген деп, төгілтіп тілек айтып, сөздің дəмін келтірді. «Аман жүр, айналайын, басқа айтар өтінішім жоқ» деп еміреніп келіп, Елбасының маңдайынан сүйді. Елбасы қарт анаға сондай бір жылы шуақпен қарап: «Апа, біз əлі талай істер атқаратын боламыз, сол күнге аман жетіңіз, аман жүріңіз», деп баласындай пейілмен еркелей құшақтады. Содан кейін топтың

арасына жүзі нұрланып, қуана еніп бара жатқан қарт ананың соңынан аз-кем ойлана қарап тұрды. Бəлкім, осындай бір емен-жарқын сəтте есіне анасы түсті ме екен? Əлжан ананың құшағынан қуанып шыққан балаң күндердің бейнесі жанарын жаулады ма екен, жанын баурады ма екен?!

Екінші жыр

Екібастұз. Елбасы. Дүйім халық, Жақсылықтың жолына сыйынды анық. Терістіктің суығын теліп айдап, Терісқақпай ой жатыр қиырланып. Бағаналар басына алау байлап, Тұрды жұртым дəуірдің күйін бағып. Отты күйлер жүректе лапылдады, Күш бұлқынды иық пен тақымдағы. Осы кезде Елбасы жаққа қарай, Бір қарт ана ұмтылып, жақындады: – Ал, қарағым, Нұрсұлтан, Нұрың жансын, Халқымыздың бағына бұйырғансың. Ата-баба жолына сыйынғансың, Екі жасқа шыққан бұл елдігіміз, Тарихтың төріне тұғырлансын. Оны жəне дəл өзің тұғырлайтын, Халқымыздың дəстүрін ырымдайтын. Тұлпарлардың заманы құлындайтын, Нұрлы Сұлтан сен болшы, Өз жолынан, Адаспайтын, аумайтын, бұрылмайтын. Асыл ұлым, Асқарым аласармас, Қазақ па екен қияға қала салмас? Пенделер көп өзіңмен таласа алмас, Жаратқанның бергені сен боларсың, Жүрегіне жұртының жара салмас. Талай уақыт тағдырға қол қатқанбыз, Тілектің де талайын жолдатқанбыз. Етек-жеңді жия алмай мол жатқанбыз, Тізерлеген халқымыз тік тұрсын деп, Текті ұл бер деп тілеумен толғатқанбыз. Тілек қабыл, Ырзамыз, баталы бол, Ақ сақалды абыз бол, аталы жол. Ұлылардың атақты қатары бол, Арқаңдағы парызың – атажұртың, Ана сүтін ақтаған жоталы бол! – Деп төгіліп, Батасы таңдайынан, Шаттығы да төгіліп шалғайынан. Қарқаралы қарт ана еміреніп, Елбасының сүйді кеп маңдайынан. Көңілімді бір толқын керіп кетті, Елбасының жаны да еріп кетті. Əлжан ана тұрғандай дəл алдында, Құшағына ананың еніп кетті. Ел екенбіз бір ауыз, бір ұранды, Туғыза алар тамаша ұлыларды. Желтоқсанның жел қанат сол күнінде, Нұрсұлтанның жарқырап нұры жанды.

Сағынышым жанымда санат құрды, Көрдім содан мəңгілік абат-нұрды. Елбасының көңілін шын түсінген, Екібастұз қуанып қарап тұрды.

«Туған күнге тарту...»

1994 жылдың жазы болатын. 6 шілде. Президентіміз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың ту ған күні. Мен онда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 13-ші сайланымының Атырау облысынан сайланған депутаты едім. Сол 6 шілде күні Президент Нұрсұлтан Назарбаев Жоғарғы Кеңеске келді. Жай келген жоқ, «Айдан елші келеді, алтын тартып келеді, күннен елші келеді, күміс тартып келеді» дегендей, бұл жолғы келістің салмағы мен маңызы Жоғарғы Кеңес күтпеген жайт болды. Сол күні Президент Қазақстанның астанасын Ал ма тыдан Ақмола қаласына көшіру туралы тарихи ұсынысын жасады. Бəрін байыптап, дəлелдеп, тұжырымдап, тиянақтап, деректеп, саралап, жаңа елорданы Отанымыздың орталығына көшірудің жай-жапсарын жеткізді. Пікірталас бірден қызып жүре берді. Пікірталас қазаны қайнай-қайнай келе, сөздің буы да селдіреп, көңіл аспаны ашыла бастады. Осы бір сəтті құмбыл аңғарып, байырқалап қалған байыпты жағдайды қалт жібермей, қол мергендей қағып түскен Төраға: «Құрметті əріптестер! Бүгінгі күн жай күн емес. Тарихи күн. Тағдырлы күн, тағылымды күн. Елбасымыз елдің болашағын ойлап айтып отыр бұл ұсынысты. Тəуекел дейік, дерек пен дəйекке назар аударып, Президентімізді қолдайық. Оның үстіне бүгін Президентіміз Нұрсұлтан Əбішұлының туған күні, келіңіздер, туған күніне тарту жасайық, осы ұсынысты қолдап, дауыс берейік», деп ұсыныс енгізді. Дауыс беру басталды. Зал жым-жырт. Тек дауыс беру құралдарының дыбысы ғана естіледі. Енді бір сəтте екі жақтағы электронды таблода «шешім қабылданды» деген жазу жарқ ете қалды. Мəжіліске қатысып отырған депутаттардың 124-і қостап, біренсараны қарсы болып, бірнешеуі қалыс қалып, көпшілік дауыспен шешім қабылданды. Ду қол шапалақтау. Депутаттар орындарынан дүр етіп көтеріліп, Президентке құттықтау сəлемін жасады. Ол да орнынан шапшаң көтеріліп, қолын құшырлана соғып, залға қарап мейірлене жымиып, басын иді. «Иə, бұл күн тарихи күн, біз аса маңызды шешім қабылдадық. Мұның жарқын нəтижесін уақыт, тарих көрсетеді» деп жанары жарқылдап тұрды Елбасының. Бұл күн кейін астананы көшіру туралы тарихи дата болып, мемлекетіміздің мəңгілік жылнамасына енді.

Үшінші жыр

Жаңа дала. Жаңа қала. Жарық нұр, Жарық нұр боп жарқын арман жанып тұр. Елорда боп ел еңсесі биіктеп, Ертеңдегі замандарға барып тұр. Жаңа астана, жаңа Орда, нұрлы жер, Байтақ елді баяндаған жырды көр. Есіліп кеп Есіл ағып барады, Сəлемдеме айтып жатыр сырлы бел. Тың атанып, тусыраған даланы, Таланттар кеп əр кірпішін қалады. Астанамыз бойын тіктеп барады, Ғасырлардың есігінен қарады. Жаңа күнді Елордамен танып көр, Қайраткерге ере білген халық та ер. Күндер емес, сағат сайын өсетін, Астананы Алпамыстай алып дер. Ертегіні енді кімдер ғайып дер, Қазақстан – төрін тапқан байыпты ел. Əлем келіп, Астанада өтеді, Симпозиумдар, форумдар мен саммиттер. Халық ұлы. Ұлы халық баласы, Орда тікті Отаныма, қарашы. Елбасының Елордасы – перзенті, Жанарының ағы менен қарасы. Орда салған құйын кезген даладан, Жаңа қала, жаңа дала, жаңа адам. Астананың сəулетшісі – Елбасы, Əр кірпішін жүрегімен қалаған.

Жаңа елорданың əрбір кірпіші, əрбір көшесі, əрбір ғимараты, əрбір даңғылы, əрбір үйі Елбасының көңіл сызбасында нұсқаланып, мейірлі мархабатымен жасалған. Бұған енді кімнің таласы бар? Осы орайда мына бір тəмсіл де еске түседі: «Барлығы уақыттан қорқады, ал уақыт Египет пирамидаларынан қорқады». Осы иірімге инверсия жасасақ, уақыт-төрешіңіз Астанаға да алаңдап қарайтын секілді. *** Осындай менің сыбағам, Сеніммен қолға ту алам. Сүрінбей сыннан шыға алам, Халқыммен бірге қайысып, Халқыммен бірге қуанам, – деп жан сырын жырмен жеткізген Нұрсұлтан Əбішұлының туған халқының алдындағы ерен еңбегін бүгін мақтана айтсақ, келер ұрпақ бұл өлең жолдарын үлгі-өнеге етіп ұстанатын болады. Бұл өлең-мақаланың мақсаты – халқымыздан шыққан қайраткер, тарихи тұлға Нұрсұлтан Назарбаевтың азаматтық, перзенттік, пре зиденттік болмыс-бітімін аша түсу бағытындағы ниетті қадамдардың бірі ғана. Жалғасын жазар жаңа ұрпақ келеді əлі. Сол күнге қара орман жұртымыз аман, абыройлы жеткей!

● Кітап көкжиегі

Ерлікке теѕ еѕбек Жақында бір жақсы кітап жарық көріп, қолымызға тиді. Кітап авторы, атақты географ-ғалым, академик Əлия Бейсенова бұл қуанышын жалпақ жұртымен бөлісу үшін сүйінші дананы ала сала дереу «Егеменнің» Алматыдағы бөлімшесіне құстай ұшып жеткен екен. Көңілдің бұлайша толқуының да өзіндік мəнісі бар. Əлия Сəрсенқызы өткен жылы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күніне өзі бас болып атқарып шыққан ұжымдық ұстынды еңбек – Қазақстан Республикасының Ұлттық атласын кəделеп сыйға тартқан болатын. Ал енді аса қадірменді Нұрсұлтан Əбішұлының биылғы туған күніне академик апамыздың əзірлеген ерекше сыйы «Қазақстан географиясы» деп аталатын көркем безендірілген мына көрнекті кітап екен. Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан».

Иə, өз елінің табиғаты мен экономикасы туралы жан-жақты білім егемен Қазақстанның əрбір азаматына қажет. Ұлттық атластың жасалуы отандық география ғылымының елеулі жетістігі ретінде бағаланғанды. Сондықтан, тəуелсіздік жылдарында тұңғыш рет географғалымдардың Мемлекеттік сыйлық иеленуі əбден заңды еді. Ал сол лауреаттардың алдыңғы қатарында география ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы География жəне экология жөніндегі ғылыми-əдістемелік орталықтың жетекшісі, сексеннің сеңгірінен асқан академик Əлия Бейсенованың тұруы да бір тағдыр сыйындай ғажаптың ғанибеті десек, артық айтқандық болмас. Елбасына осындай орайлы да шырайлы сый арнау құрметі де кез келгеннің пешенесіне жазыла бермес. Əлия Сəрсенқызы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіндегі бүкіл саналы өмір бойғы ұлағатты ұстаздық, ғылыми һəм қайраткерлік еңбегімен осы үдеден табылған, соған лайықты болған сирек абзалдардың бірі. Көзге көрікті, көңілге толымды аталмыш кітабын шығарған да осы қара шаңырақ білім ордасының «Ұлағат» баспасы екен. Енді кітаптың жайына келер болсақ, беделді ғылыми жұртшылық бұл еңбектің жаратылыстану жəне əлеуметтану ғылымдарындағы инновациялық жаңа бетбұрыс екендігін атап көрсетуде. Олай деудің, осындай зор бағаның сəлпəл себебіне үңілейік. Қазіргі əлем қарбалас қозғалыста. Əлем келбеті, тұтас өңірлер кейде тым едел-жедел, алмағайып өзгерістерге ұшырауда. Осыған байланысты дүниедегі ең ежелгі ғылымдардың бірі – география серпінді сипат ала бастады. Географияның бірегей ерекшелігі сонда, оның зерттеу нысаны түгелдей тұтас Жер болып табылады. Сөйтіп, география табиғатты, қоғам мен шаруашылықты біріктіріп отырған аса ауқымды дүниетанымдық ғылым болып қала бермек. Олай болса, «Қазақстан географиясы» монографиясының негізгі арқауы, түпқазық идеясы біртұтас география тұжы рымдамасынан шығып жатыр. Академик Ə.Бейсенованың жаңа туындысының мəнділігі, құндылығы сонда, онда Қазақстанның табиғаты мен экономикасы бірыңғай бірлікте қарастырылған, олардың қозғалыстағы күрделі кеңістігі, құрылымдық негізгі даму заңдылықтары көрсетілген. Адамзат қоғамының барлық өмірлік маңызды салаларында қазір, былайша айтқанда, географиялық ойлауды іске қосудың қажеттігі айқын десек, автор экономиканы басқарудың географиялық тетіктерін жұмысқа жұмылдыруға шақырып тұрғандай. Мұның өзі Қазақстан экономикасын өркендету орайындағы Елбасы саясатына ұтымды үн қосу деп білсек керек. Осы арада АҚШ-тың белгілі қоғам қайраткері Альберт Гор əлемдік экономикалық дағдарыстың бір себебі географиялық білімнің кемшіндігі деп мəлімдегенін де қаперде ұстағанымыз құба-құп болар. Иə, іргелі ғылыми негіз болмайынша жоғары оқу орындары үшін жақсы оқулықтар дайындау мүмкін емес. Монографияда əуелі Қазақстанның жалпы географиясына, табиғатына, шаруашылық салаларына, экономиканың дамуына əсер ететін негізгі факторларға тыңғылықты шолу жасалып, содан кейін ел өңірлерінің сипаттамасымен түйінделеді. ҚазҰПУ профессоры, география ғылымдарының докторы К.Қаймолдинованың пайымдауынша, аталмыш еңбектің құрылымы мен мазмұны Қазақстан географиясының іргелі салалық оқулықтарын жасауға теориялық негіз болмақ. Академик А.Қошанов бұл кітап туралы хаттамаға түскен пікірінде былай дейді: «Еңбектен экономикаға қажет керемет леп сезіледі. Осы ауқымды кітапта жазылған Қазақстанның экономикалық бағытының өзі – шикізаттық экономика. «Шикізат» деген сөз географиядан шығады. Бұл еңбекті бүгінгі Қазақстанның экономикасын

көрсететін кітап дер едім. Кітаптың талқылау көзінде тұрған ядросы – «табиғат – адам – қоғам». Демек, экономиканың қақ ортасындағы ең негізгі, ең маңызды нəрсе адам капиталы екендігі мықтап ескерілген. Ал «қоғам» деген сөз – əлеуметтік мəселе. Бұдан кейін 14 облыс пен қалаларды бөліп қарастыруынан «аймақтық экономика» келіп шығады. Бұл да мемлекетіміздің саясатын паш етеді. Сондықтан, бұл кітапты өте ауқымды, керек дүние деп есептеймін». Профессор А.Шəменов кітапты «Қазақстанның экономикалық географиясы» деп атасақ дəлірек болар еді, дейді. Ендеше, еліміздің жер бедерін, табиғат байлығын, шаруашылық салаларын, аймақтардың дамуын, осы орайдағы мемлекеттік бағдарламалар мен стратегияларды біртұтас бірлікте жинақтап, зерттеген бұл еңбектің маңызы зор екендігі де еш күмəнсіз. Шын мəнінде де монографияда Қазақстан туралы физикалықгеографиялық жəне экономикалықгеографиялық мағлұмат-деректер барынша молынан қамтыла, үйлесімді ұштастырылған. Мұның өзі география бойынша ғылыми еңбектер əзірлеу ісіндегі бір игі жаңалықтың нышанындай қабылданып та жатыр. Кітаппен танысып шыққан маман емес адамның өзі де монографияның негізгі құрамдас бөліктерінің желісін үзбеген логикалық байланысын, негізгі мазмұнның айқын сабақтастығын, баяндаудың тартымдылығын аңғарар еді. Экономика ғылымдарының докторы Е.Түркебаев, Е.Үпішевтер де өз пікірлерінде монографияның көп теген жақсы жақтарын атап көрсетіпті. Айтса айтқандай. Кітап мұқабасында берілген сызбанұсқаның нақ кіндігіндегі негізгі түйін «табиғат – адам – қоғам» екен. Осынау ұлы категориялардың өзара байланысын дұрыс шешу жолында көп-көп ғылым салалары қамтылған, олардың сабақтастығы, ықпалдастығы, телегей-теңіз бір арнада даму заңдылықтары ілкімді көрсетілген. Иə, бұл кім-кімге де өте пайдалы кітап. Жай оқырманға да. Студентке де. Маманға да. Сонымен бірге, мүйіздері қарағайдай министрлер, компаниялар мен шаруашылық салаларының басшылары, əр деңгейдегі əкімдер де бұл кітаптан ел экономикасын өркендетуге септігін тигізер өзіне керекті табар еді, алар еді деген ойдамыз. Туындыдағы негізгі тұғыр – табиғат қорларын тиімді пайдалану негізінде соған қатысты ғылымдардың өзара ықпалдастығы, сабақтастығы арқылы қазіргі экономиканың дамуын нақтылап көрсету. Демек, мұнда табиғат байлықтарын тиімді пайдалану жолдары ел экономикасын дамытудың алғышарты ретінде ұсыны лады. Яғни, бұл жай ғана «ғылым үшін жасалған ғылым» емес, ел кəдесіне арналған атаулы, асқаралы еңбек. Ендеше, сексеннің сеңгірінен асқанда мұндай мұғдарлы монографияға кірісіп, осыншама тер төгіп, қажырқайрат жұмсаған бұл еңбекті академик Əлия Бейсенованың ерлігі десек те, елжандылығы десек те, қашанда халқының алдындағы жүзі жарқын аймаңдай апамызға осының екеуі де хош жарасар. Түйіндей айтсақ, отандық географияның жаңа биігін, жаңа сатысын танытар тағылымды еңбектің дүниеге келіп, жарыққа шығуын тағы бір жақсылық нышанына балайық. АЛМАТЫ.


14

www.egemen.kz

5 шілде 2014 жыл

Суреттерді түсірген Ерлан ОМАРОВ.

Ертегідей елорда

«Егемен Қазақстан» газетінің келесі нөмірі 9 шілде, сəрсенбі күні шығады.

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 341-08-12.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru, egemenkz@maіl.kz Алматыда: факс (727) – 341-08-12, электронды пошта – egemalm@mail.ru

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – (712-2) 31-74-13; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

Көкшетау – (716-2) 25-76-91; Павлодар – (718-2) 68-59-85; Қарағанды – (721-2) 43-94-72; Семей – (722-2) 52-26-86; Қостанай – (714-2) 39-12-15; Тараз – (726-2) 43-37-33; Қызылорда – (724-2) 27-00-85 Шымкент – 8 (701) 747-63-01; Орал – (711-2) 28-80-35; Петропавл – (715-2) 50-72-50. Өскемен – 8 (778) 454-86-11; Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 341-08-11, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Ермеков к-сі, 33, «Қарағанды полиграфия» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Смағұлов к-сі, 9 К, «Хабар-Сервис» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Мұхит к-сі, 57/1, «Жайық Пресс» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 201 715 дана. Нөмірдің кезекші редакторы

Динара БІТІКОВА.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 10 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №347 ek


15

www.egemen.kz

5 шілде 2014 жыл

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы №1113 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулы етемін: 1. «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1113 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 3-4, 39-құжат; 2012 ж., № 68, 976-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында: «Бағдарламаның паспорты» деген 1-бөлімде: «Бағдарламаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар» мынадай редакцияда жазылсын: «Бағдарламаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі, Қазақстан Республикасы Индустрия жəне жаңа технологиялар министрлігі, Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Қоршаған орта жəне су ресурстары министрлігі, Қазақстан Республикасы Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі, Қазақстан Республикасы Əділет министрлігі, Қазақстан Республикасы Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрлігі, Қазақстан Республикасы Спорт жəне дене шынықтыру істері агенттігі, Қазақстан Республикасы Байланыс жəне ақпарат агенттігі, Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі, Астана жəне Алматы қалаларының, облыстардың əкімдіктері»; «Нысаналы индикаторлар» мынадай редакцияда жазылсын: «Нысаналы индикаторлар Халықтың күтіліп отырған өмір сүру ұзақтығының 2013 жылға қарай 69,5-ке дейін, 2015 жылға қарай 71 жасқа дейін ұлғаюы; ана өлім-жітімінің 100 мың тірі туылғандарға шаққанда 2013 жылға қарай 28,1-ге дейін, 2015 жылға қарай 12,4-ке дейін төмендеуі; нəресте өлім-жітімінің 1000 тірі туылғандарға шаққанда 2013 жылға қарай 14,1-ге дейін, 2015 жылға қарай 11,2-ге дейін төмендеуі; жалпы өлім-жітімінің 1000 адамға шаққанда 2013 жылға қарай 8,14-ке дейін, 2015 жылға қарай 7,62-ге дейін төмендеуі; туберкулезбен сырқаттанушылықтың 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 98,1-ге дейін, 2015 жылға қарай 71,4-ке дейін төмендеуі; 15-49 жас аралығындағы топта АИТВ-инфекциясының таралуын 0,2 – 0,6 % шегінде ұстау; І-II сатыда анықталған қатерлі ісіктердің үлес салмағының 2015 жылға қарай 55,1 %-ға дейін ұлғаюы; қатерлі ісіктері бар науқастардың 5 жылдық өмір сүру үлес салмағының 2015 жылға қарай 50,6 %-ға дейін ұлғаюы»; Қаржыландыру көздері мен көлемінде екінші бөлік жəне кесте мынадай редакцияда жазылсын: «Бағдарламаны іске асыруға мемлекеттік бюджеттен жалпы шығындар 407 205,7 млн. теңгені құрайды. Жылдар Барлығы бойынша 2011 ж. 2012 ж. 2013 ж. 2014 ж.

65 262,7 79 966,9 74 059,4 99 036,9

Республикалық бюджет 64 700,3 75 312,1 69 367,9 98 441,3

Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына ресейлік мұнайды тасымалдау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы

2013 жылғы 24 желтоқсанда Мəскеуде жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына ресейлік мұнайды тасымалдау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім ратификациялансын.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 2 шілде № 224-V ҚРЗ

Жергілікті бюджет 562,4 454,8 491,5 595,6

Басқа көздер 4 200 4 200

2015 ж. Жиыны

97 279,8 415 605,7

96 622,0 404 443,6

657,8 2 762,1

8 400

»; «Ағымдағы жағдайды талдау» деген 3-бөлімде: «Медициналық-демографиялық жағдай жəне сырқаттанушылық» деген бөліктің он үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Соңғы бес жыл ішінде (2009 – 2013 жылдары) республикада қатерлі ісікпен (бұдан əрі – ҚІ) науқастанғандардың абсолютті саны ұлғайды: егер 2009 жылы 29071 науқас тіркелген болса, 2013 жылдың соңына олардың саны 33029-ға дейін өсті. Соңғы бес жыл ішінде ҚІ-ден қайтыс болу көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 2009 жылы 107,4-тен 2013 жылы 101,8-ге дейін төмендеді. Өлімжітім көрсеткішінің төмендеуі, бірінші кезекте, ҚІ-нің ерте сатыдағы диагностикасының жақсаруына жəне оны емдеу нəтижесінің тиімділігіне байланысты. ДДҰ деректері бойынша ҚІ-ден қайтыс болу көрсеткіші Еуропа елдерінде Қазақстанға қарағанда жоғары. Жыл сайын əлемде 14 млн. адамда обыр диагностикаланады. 2025 жылға қарай бұл сан 19 млн., 2030 жылға қарай – 22 млн., ал 2035 жылға қарай – 24 млн. адамға жетеді деп болжануда. Бүгінгі таңда Қазақстанда халықтың өлім-жітімінің құрылымында əлемнің дамыған елдеріндегідей бірінші орынды қан айналымы жүйесінің ауруларынан қайтыс болу, ал екінші орынды – онкологиялық аурулар алады. Қазақстанда күтілетін өмір сүру ұзақтығының өсу серпіні, əсіресе, соңғы 5 жылда ҚІ ауруларынан қайтыс болудың біртіндеп ұлғая бастайтынын жəне Еуропа елдерінің көрсеткішіне жететінін дəлелдеп отыр. Республикада 2013 жылы неғұрлым жиі кездесетін ҚІ сүт безі обыры (11,7 %), өкпе обыры (11,4 %), тері обыры (11,2 %), асқазан обыры (8,5 %), жатыр мойны обыры (4,9 %), тоқішек (4,6 %) жəне тікішек обыры (4,3 %), өңеш обыры (3,8%) болды. Бұл ретте, ерлер арасындағы сырқаттану құрылымында алдыңғы орынды кеңірдек, бронх, өкпе (19,9 %), асқазан (11,8 %), тері (10,1 %) ісіктері алады, одан кейін қуықасты безі (7,4 %), тоқішек (4,7 %), тікішек (4,6 %), өңеш (4,6%), гемабластоздар (4,2 %), бүйрек (3,8 %), ұйқыбезі (3,5 %) ісігі алады. Əйел популяциясында обырдың таралуы бойынша бірінші орынды сүт безі қатерлі ісігі (21,5 %), одан кейін тері ісігі (12,1 %), жатыр мойны (9,1 %), жатыр денесі (6,1%), асқазан (5,7%), анабезі (5,4 %), тоқішек (4,6 %), өкпе (4,2 %), тікішек ісіктері (4,0 %), гемабластоздар (3,2 %) алады.»; «Бағдарламаны іске асырудың мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары жəне нəтижелерінің көрсеткіштері» деген 4-бөлімнің үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Бағдарламаны іске асырудың нысаналы индикаторлары: халықтың күтіліп отырған өмір сүру ұзақтығының 2013 жылға қарай 69,5-ке дейін, 2015 жылға қарай 71 жасқа дейін ұлғаюы; ана өлім-жітімінің 100 мың тірі туылғандарға шаққанда 2013 жылға қарай 28,1-ге дейін, 2015 жылға қарай 12,4-ке дейін төмендеуі; нəресте өлім-жітімінің 1000 тірі туылғандарға шаққанда 2013 жылға қарай 14,1-ге дейін, 2015 жылға қарай 11,2-ге дейін төмендеуі; жалпы өлім-жітімінің 1000 адамға шаққанда 2013 жылға қарай 8,14-ке дейін, 2015 жылға қарай 7,62-ге дейін төмендеуі; туберкулезбен сырқаттанудың 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 98,1-ге дейін, 2015 жылға қарай 71,4-ке дейін төмендеуі; 15-49 жас аралығындағы топта АИТВ-инфекциясының

таралуын 0,2 – 0,6 % шегінде ұстау; І-II сатыда анықталған ҚІ-дің үлес салмағының 2015 жылға қарай 55,1 %-ға дейін ұлғаюы; ҚІ бар науқастардың 5 жылдық өмір сүру үлес салмағының 2015 жылға қарай 50,6 %-ға дейін ұлғаюы»; «Бағдарламаның негізгі бағыттары, қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары жəне тиісті шаралар» деген 5-бөлімде: «Қоғамдық саулықты сақтау мəселелері бойынша сектораралық жəне ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру» деген 5.1-кіші бөлімде: «Денсаулық сақтау мəселелері бойынша сектораралық кіші бағдарлама» деген тарауда: «Дұрыс тамақтану» деген параграфта: үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «темір тапшылығы анемиясымен сырқаттануды 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 2221-ге дейін, 2015 жылға қарай 1 870,0-ге дейін (2009 ж. – 2 314,0) төмендету;»; «Мектеп оқушылары мен жасөспірімдердің денсаулығы» деген параграфтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Нəтижелер көрсеткіштері: 14 жасқа дейінгі балалар арасында сүйек-бұлшық ет жүйесінің ауруымен сырқаттану көрсеткішін тиісті 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 1 194-ке дейін, 2015 жылға қарай 832,0-ге дейін (2009 ж. – 1 196) жəне 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында тиісті 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 2995,1-ге дейін, 2015 жылға қарай 2665,3-ке дейін (2009 ж. – 2 997,1) төмендету; 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында ЖЖБИ сырқаттануды тиісті 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 8,3-ке дейін, 2015 жылға қарай 8,0-ге дейін (2009 ж. – 8,5) төмендету (маркер ретінде мерез алынды); 14 жасқа дейінгі балалардың арасында психикалық белсенді заттарды тұтынудың салдарынан психикалық жəне мінез-құлықтық бұзылуымен сырқаттану көрсеткішін тиісті 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 13,1-ге дейін жəне 2015 жылға қарай 4,0-ге дейін, 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында тиісті 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 563-ке дейін жəне 2015 жылға қарай 328,5-ке дейін (2009 ж. – 14 жастағы балалар – 13,5, 15-17 жас аралығындағылар – 564,8) төмендету; 15-17 жастағы балалардың арасындағы суицидті тиісті 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 23,8-ге дейін жəне 2015 жылға қарай 17,5-ке дейін (2009 ж. – 24,5) төмендету; мүгедек балаларды 2015 жылға қарай стационар жағдайында медициналық оңалтумен қамтуды 42 %-ға дейін ұлғайту.»; «Жол-көлік қауіпсіздігі» деген параграфтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Нəтижелер көрсеткіштері: 2015 жылға қарай ЖКО нəтижесінде қайтыс болғандардың санын 2013 жылғы деңгейден (3 037 адам) 5 %-ға төмендету; 2015 жылға қарай адамдар зардап шегетін ЖКО-ның санын 2013 жылғы деңгейден (23 359 ЖКО) 5 %-ға қысқарту.»; «Негізгі əлеуметтік мəні бар аурулардың жəне жарақаттардың профи лактикалық іс-шараларын, скринигтік зерттеулерін күшейту, диагностикасын, емдеу мен оңалтуды жетілдіру» деген 5.2-кіші бөлімде: «Негізгі міндеттер» деген алтыншы бөлік мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын: «5) онкологиялық көмекті жетілдіру.»; жетінші бөлікте: екінші, үшінші жəне бесінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын: «нəресте өлім-жітімінің 1000 тірі туылғандарға шаққанда 2013 жылға қарай 14,1-ге дейін, 2015 жылға қарай 11,2-ге

дейін (2009 ж. – 18,4) төмендеуі; ана өлім-жітімінің 100 мың тірі туылғандарға шаққанда 2013 жылға қарай 28,1-ге дейін, 2015 жылға қарай 12,4-ке дейін (2009 ж. – 36,9) төмендеуі;»; «қан айналымы жүйесінің ауруларынан өлім-жітімінің 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 374,8-ге дейін, 2015 жылға қарай 210,29-ға дейін (2009 ж. – 416,4) төмендеуі;»; мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: «І-II сатыда анықталған ҚІ-дің үлес салмағының 2015 жылға қарай 55,1 %-ға дейін ұлғаюы; ҚІ бар науқастардың 5 жылдық өмір сүру үлес салмағының 2015 жылға қарай 50,6 %-ға дейін ұлғаюы.»; сегізінші бөлік мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын: «5. Мыналарды: МСАК жүйесінің профилактикалық бағыттылығын жетілдіруді; онкологиялық аурулардың диагностикасы мен оларды емдеудің жоғары технологиялық əдістерін дамытуды; кадрлық əлеуетті нығайтуды жəне дамытуды; онкологиялық қызметтің инфрақұрылымын жетілдіруді жəне оның материалдық-техникалық базасын нығайтуды; онкологиялық науқастарға оңалту жəне паллиативтік көмектің қазіргі заманғы жүйесін құруды көздейтін онкологиялық көмекті жетілдіру.»; «Санитариялық-эпидемиологиялық қызметті жетілдіру» деген 5.3-кіші бөлімде: сегізінші бөліктің үшінші жəне бесінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын: «1-7 жас аралығындағы 100 мың балаға шаққанда қызылшамен сырқаттану көрсеткішін 0,08 – 0,1 деңгейінде ұстау;»; «жіті А вирусты гепатитімен сырқаттануды 100 адамға шаққанда 2013 жылға қарай 39,6-ға дейін, 2015 жылға қарай 4,9-ға дейін (2009 ж. – 67,0) төмендету»; «Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінде медициналық көмекті ұйымдастыруды, басқаруды жəне қаржыландыруды жетілдіру» деген 5.4-кіші бөлімде: үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Нəтижелер көрсеткіштері: БҰДЖ жағдайында қаржыландырылатын стационарлық көмекті тұтыну деңгейін 1000 адамға шаққанда 2013 жылға қарай 1328 төсек-күнге дейін, 2015 жылға қарай 1172 төсеккүнге дейін (2009 ж. – 1522,6) төмендету; бірыңғай төлеуші жүйесіне енген жекеменшік нысанындағы медициналық ұйымдардың үлес салмағын 2013 жылға қарай 14 %-ға дейін, 2015 жылға қарай 16 %-ға дейін (2009 ж. – 0%) ұлғайту; ДБАЖ-ға енгізілген денсаулық сақтау объектілерінің саны: 2011 жылы – 94, 2012 жылы – 245, 2013 жылы – 399, 2014 жылы – 1551, 2015 жылы 1551 объект.»; «Медициналық, фармацевтикалық білім беруді жетілдіру, медицинада инновациялық технологияларды дамыту жəне енгізу» деген 5.5-кіші бөлімде: төртінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «халықаралық басылымдарда жарияланымдардың үлесін 2013 жылға қарай 10 %-ға дейін, 2015 жылға қарай 20 %-ға дейін (2009 ж. – 6 %) ұлғайту;». 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын. 3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президентi Н.НАЗАРБАЕВ.

Астана, Ақорда, 2014 жылғы 2 шілде №851

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мемлекеттік басқару мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы 1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77, 79, 81-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 8, 44-құжат; 2014 жылғы 13 маусымда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 13 маусымда

«Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инвестициялық ахуалды жетілдіру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) мазмұны мынадай мазмұндағы 44-1 жəне 171-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын: «44-1-бап. Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»; «171-бап. Өтпелі ережелер»; 2) 12-бап мынадай мазмұндағы 8-1) жəне 27-1) тармақшалармен толықтырылсын: «8-1) жерге орналастыру жобасы – жер учаскесінің схемасы (жоспары), жер учаскесінің алаңы, оның шекаралары мен орналасқан жері туралы мəліметтер, жер учаскелерінің аралас меншік иелері мен жер пайдаланушылары туралы жəне жер учаскелеріне ауыртпалықтар мен сервитуттар туралы мəліметтер. Жерге орналастыру жобасының құрамы мен мазмұны осы Кодекстің 14-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сəйкес нормативтік-құқықтық актілер негізінде белгіленеді;»; «27-1) жер учаскесінің жер-кадастрлық жоспары (бұдан əрі – жер-кадастрлық жоспар) – жер, құқықтық жəне қала құрылысы кадастрларын жүргізу мақсаттары үшін қажетті, елді мекен шегінде құрылыс салу мақсатында берілетін жер учаскесінің сəйкестендіру сипаттамаларын қамтитын құжат;»; 3) 14-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 7-2) тармақшамен толықтырылсын:

«7-2) елді мекен шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру кезінде берілетін өтініш, келісуші органдардың қорытындысы, жер учаскесін таңдау актісі, жер-кадастрлық жоспар нысандарын бекіту;»; 4) 14-1-бапта: 1-тармақ 14-1) тармақшасындағы «бере отырып, анықтау жатады.» деген сөздер «бере отырып анықтау;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын: «16) жер-кадастрлық жоспарды бекіту жатады.»; 2-тармақ 20) тармақшасындағы «бере отырып, анықтау жатады.» деген сөздер «бере отырып анықтау;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 21) тармақшамен толықтырылсын: «21) жер-кадастрлық жоспарды бекіту жатады.»; 3-тармақ 19) тармақшасындағы «дайындау жатады.» деген сөздер «дайындау;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 20) тармақшамен толықтырылсын: «20) жер-кадастрлық жоспарды бекіту жатады.»; 5) 43-бапта: 1-тармақтың 3) жəне 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «3) жер учаскесін алдын ала таңдау (елді мекен шегінде объектілер салуды қоспағанда, объектілер салу үшін жер учаскесі сұралған кезде);»; «9) елді мекен шегінде объектілер салуға арналған жер учаскесін қоспағанда, жер учаскесіне сəйкестендіру құжатын дайындау жəне беру.»; мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: «1-1. Елді мекен шегінде объектілер салу үшін жер учаскесі сұралған кезде жер учаскесіне

құқық беру тəртібі осы Кодекстің 44-1-бабымен реттеледі. Нысаналы мақсатына қарай жер учаскелерін беру ерекшеліктері осы Кодекстің 44 жəне 45-баптарына сəйкес айқындалады.»; 2-тармақта: үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Жер учаскесiн беруден бас тарту туралы шешiм комиссияның қорытындысы шығарылған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде комиссияның теріс қорытындысы негiзiнде қабылданады.»; мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын: «Жер учаскесін беруден бас тарту уəжделген болуға тиіс.»; жетінші жəне сегізінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын: «Аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер əкiмдерiнiң жер учаскесiн беруден бас тарту туралы шешiмi комиссияның теріс қорытындысы негiзiнде комиссия қорытындысы шығарылған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қабылданады. Жер учаскесін беруден бас тарту уəжделген болуға тиіс. Комиссия қорытындысы сұралып отырған жер учаскесiн аумақтық аймақтарға бөлуге сəйкес мəлiмделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану немесе жер учаскесiн алдын ала таңдауды ұсыну (елді мекен шегінде объектілер салуды қоспағанда, объектiлер салу үшiн жер учаскесi сұралған кезде) мүмкiндiгi туралы ұсыныстарды уəкілетті орган комиссияға берген кезден бастап (Жалғасы 16-бетте).


16

www.egemen.kz

5 шілде 2014 жыл

Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мемлекеттік басқару мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы (Жалғасы. Басы 15-бетте).

бес жұмыс күнi iшiнде екi данада хаттамалық шешiм нысанында жасалады.»; 3-тармақтың бірінші, төртінші жəне алтыншы бөліктері мынадай редакцияда жазылсын: «3. Жер учаскелерiне меншiк жəне (немесе) жер пайдалану құқықтарының өздеріне берілуіне мүдделi жеке жəне заңды тұлғалар өтініш берушіге өтініштің берілгенін растайтын құжатты беретін, жер учаскесi орналасқан жер бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органына, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің əкiмiне өтiнiш бередi.»; «Сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сəйкес мəлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау үшін жер учаскесiне құқық беру туралы өтiнiш жер учаскесі орналасқан жер бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уəкілетті органдарына үш жұмыс күні ішінде келіп түседі.»; «Өтiнiш берушi жер учаскесiне құқық беру туралы не оны беруден бас тарту туралы шешiм қабылдау үшiн қажеттi құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, жер учаскесi орналасқан жер бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уəкiлеттi органдары өтiнiш берушiге өтініш тиісті уəкілетті органға келіп түскен күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде өтiнiшті қараудан жазбаша уəжделген бас тартуды бередi.»; 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Жер учаскесi орналасқан жер бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уəкiлеттi органы жəне тиісті жергілікті атқарушы органдардың сəулет жəне қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелері сұралып отырған жер учаскесiн аумақтық аймақтарға бөлуге сəйкес мəлiмделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкiндiгiн айқындайды. Сұралып отырған жер учаскесін мəлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы ұсыныстарды əзірлеу мерзімі өтініш келіп түскен кезден бастап он жұмыс күніне дейінгі мерзімді құрайды.»; 5-тармақ алып тасталсын; 6-тармақта: бірінші бөліктегі «шешім қабылданғаннан кейін жеті күн мерзімде» деген сөздер «комиссия қорытындысы шығарылған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші бөліктегі «келіп түскен кезден бастап жеті күнге дейінгі мерзімде» деген сөздер «шығарылған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде» деген сөздермен ауыстырылсын; 7-тармақтың жетінші бөлігі алып тасталсын; 6) 44-бапта: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Объект салу үшiн жер учаскесi сұралған кезде жер учаскесін алдын ала таңдау жүргiзiледi. Объект салу үшiн, ал қажет болған жағдайларда оның күзет немесе санитариялыққорғау аймағын белгiлеу үшiн де жер учаскесін таңдау нəтижелерiн жер учаскесі орналасқан жер бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уəкілетті органы тиісті жергілікті атқарушы органдардың сəулет жəне қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерімен бірлесе отырып, жер учаскесiн таңдау туралы актiмен ресімдейді. Елді мекен шегінде объектілер салу үшiн жер учаскесiн сұрау осы Кодекстің 44-1-бабына сəйкес жүзеге асырылады. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің əкімдері елді мекен аумағының бекітілген бас жоспарларының не орналасу схемаларының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етуге тиіс.»; 8-тармақ алып тасталсын; 7) мынадай мазмұндағы 44-1-баппен толықтырылсын: «44-1-бап. Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру 1. Мемлекет меншігіндегі, елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесі сұралған кезде жер учаскесін беру мынадай ретпен жүргізіледі: 1) жер учаскесіне тиісті құқық беру туралы өтінішті қарауға қабылдау; 2) жер учаскесін алдына ала таңдау; 3) мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы не келісу органдарында осы жүйелер болмаған кезде қағаз жеткізгіштерде жер учаскесін алдын ала таңдауды келісу; 4) жер-кадастрлық жоспар жасау;

5) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ əкімінің жер-кадастрлық жоспарды жəне инженерлік желілерге косылуға қойылатын техникалық талаптарды қоса бере отырып, жер учаскесiне жер пайдалану құқығын беру туралы шешiм қабылдауы; 6) уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу; 7) жергілікті жерде жер учаскесiнiң шекараларын белгiлеу. 2. Объект салу үшін жер учаскесiн жер пай далануға берудi облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң əкiмдерi осы Кодексте белгiленген өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады. Жер пайдалануға берілген жер учаскесін жеке меншікке сатып алу объект пайдалануға берілгеннен кейін жүргізіледі. Жергілікті атқарушы органдар ұлттық қауіпсіздік органдарымен жəне азаматтық қор ғау саласындағы уəкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен келісу бойынша елді мекендердің бас жоспарларының бекітілген схемалары, егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарлары, инженерлік коммуникациялар схемалары жөніндегі ақпаратты интернет-ресурста жəне халыққа қолжетімді жерлердегі арнайы ақпараттық стендтерде, деректерді жаңартып отыру кезеңділігімен тоқсан сайын орналастыруға міндетті. Жер учаскесі инженерлік желілер мен құрылыстар жоқ аудандарда берілген жағдайларда, аталған желілер мен құрылыстардың пайдалануға берілетін мерзімдері, сондай-ақ оларға қосылу нүктелері көрсетіледі. Мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін мамандандырылған мемлекеттік кəсіпорын интернет-ресурста қалалар мен аудандардың жеркадастрлық схемаларын деректерді жаңартып отыру кезеңділігімен апта сайын жариялауға міндетті. Өтініштің, келісу органдары қорытындысының, жер учаскесін таңдау актісінің, жеркадастрлық жоспардың нысандарын орталық уəкілетті орган бекітеді. 3. Жер учаскелерiне жер пайдалану құқығының өздеріне берілуіне мүдделi жеке жəне заңды тұлғалар жер учаскесi орналасқан жер бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органына, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің əкіміне Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес «электрондық үкімет» веб-порталы немесе халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы белгіленген үлгідегі өтiнiшті бередi. Бұл ретте өтінішке міндетті түрде өтініштің қабылданған күні бойынша тіркеу нөмірі беріледі. Өтініш берушіге өтініштің берілгенін растайтын хабарлама беріледі, онда келісу үшін жер учаскесін таңдау актісі алынған күн көрсетіледі. Өтініште Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мəліметтер көрсетілуге тиіс. Өтінішке электрондық форматтағы жер учаскесінің орналасу схемасы қоса беріледі. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің əкімі жер учаскесіне құқық беру туралы келіп түскен өтінішті жер учаскесі орналасқан жердегі тиісті жергілікті атқарушы органның сəулет жəне қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне бір жұмыс күні ішінде жібереді. 4. Жергілікті атқарушы органның сəулет жəне қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі бекітілген қала құрылысы құжаттарына сəйкес жеті жұмыс күні ішінде жер учаскесін таңдау актісін оның ахуалдық схемасымен қоса дайындайды жəне оны бір мезгілде барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, тиісті қызметтерге жəне мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін мамандандырылған мемлекеттік кəсіпорынға мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы не келісу органдарында осы жүйелер болмаған ретте қағаз жеткізгіштерде жібереді. Келісу органдары мəлімделген нысаналы мақсаты бойынша жер учаскесін беру мүмкіндігі туралы тиісті қорытындыны он екі жұмыс күні ішінде ұсынады. Мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін мамандандырылған мемлекеттік кəсіпорынның қорытындысына сұралып отырған учаске жөніндегі мəліметтер жəне жер-кадастрлық жұмыстарға смета қоса беріледі. Сұралып отырған жер учаскесі бос емес болған жағдайда, мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін мамандандырылған мемлекеттік

кəсіпорын жергілікті атқарушы органның сəулет жəне қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне жер учаскесіне құқық беруден бас тартуға негіз болатын тиісті ақпаратты үш жұмыс күні ішінде жібереді. Жер учаскесіне құқық беруден бас тарту жергілікті атқарушы органның сəулет жəне қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің қорытындысымен ресімделеді жəне өтініш берушіге үш жұмыс күні ішінде жіберіледі. Оң қорытындылар мен инженерлік желілерге қосылуға қойылатын техникалық талаптар келіп түскен жағдайда, жергілікті атқарушы органның сəулет жəне қала құры лысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі бес жұмыс күні ішінде жер учаскесін түпкілікті таңдау актісін дайындайды жəне жібереді. 5. Жергілікті атқарушы органның сəулет жəне қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі өтініш берушімен түпкілікті таңдау актісін «электрондық үкімет» веб-порталы немесе халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы хабарлама жіберу жолымен келіседі. Өтініш берушімен түпкілікті таңдау актісін келісу жəне оның жер-кадастрлық жұмыстар қызметтеріне ақы төлеуі үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Өтініш берушімен келісілмеген таңдау актісінің қолданылу мерзімі он жұмыс күнін құрайды. Өтініш беруші түпкілікті таңдау актісін келіскеннен кейін оған қол қою үшін уақытша жер пайдалану шартының алынған күні туралы хабарлама беріледі. 6. Қол қойылған материалдар жер-кадастрлық жоспар дайындау үшін мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін мамандандырылған мемлекеттік кəсіпорынға келіп түседі. 7. Жер-кадастрлық жоспар он жұмыс күні ішінде дайындалады жəне облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің əкімі жер учаскесіне құқық беру туралы шешім жобасын бекітіп, дайындау үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уəкілетті органына жіберіледі. Жер-кадастрлық жоспарда: жер учаскесінің кадастрлық нөмірі; жер учаскесінің жоспары; жер учаскесінің алаңы; жер учаскесіне құқық түрі; жер учаскесінің нысаналы мақсаты; жер учаскесінің шектеулері мен ауыртпалықтары; жер учаскесінің бөлінетіндігі немесе бөлінбейтіндігі; жер учаскесінің аралас меншік иелері мен жер пайдаланушылар туралы мəліметтер; жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны немесе жер пайдалану құқығының құны қамтылады. Жер-кадастрлық жоспар үш жұмыс күні ішінде бекітіледі жəне облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ əкімінің жер учаскесіне құқық беру туралы оң шешім қабылдауы үшін негіз болып табылады. Жергілікті жердегі жер учаскесінің шекараларын белгілеу жер-кадастрлық жоспар бекітілгеннен кейін бір ай ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің əкімі шешім қабылдағаннан кейін жүргізіледі. 8. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ əкімінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімі жер-кадастрлық жоспар бекітілген кезден бастап бес жұмыс күні ішінде қабылданады. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің əкімі шешімінің көшірмесі, жер-кадастрлық жоспар жəне инженерлік желілер мен құрылыстарға косылуға қойылатын техникалық талаптар уақытша жер пайдалану шартын дайындау үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уəкілетті органына бір жұмыс күні ішінде жіберіледі. Жер-кадастрлық жоспар облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, аудандық

маңы зы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің əкімі шешімінің ажырамас бөлігі болып табылады. Ол болмаған кезде, шешім жарамсыз болып есептеледі. Жер учаскесiне құқықтар ауысқан кезде жер-кадастрлық жоспар сатып алушыға немесе өзге де құқық иеленушiге берiледi. Жер учаскесiнiң сəйкестендiру сипаттамаларында өзгерістер болмаған жағдайда, мемлекеттік жер кадастрын жүргiзетін мамандандырылған мемлекеттік кəсіпорын жаңа жер-кадастрлық жоспарды бермейдi, жер-кадастр кітабына жəне жердің бірыңғай мемлекеттік тізіліміне жер учаскесіне құқықтардың ауысуы туралы мəліметтер енгізіледі. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің əкімі шешімінің көшірмесі жəне облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уəкілетті органы қол қойған уақытша жер пайдалану шарты халыққа қызмет көрсету орталықтары немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтініш берушіге қол қою үшін жіберіледі. Меншік құқықтарын жер пайдаланушының сатып алуы осы Кодекстің 47 жəне 49-баптарына сəйкес реттеледі. Өтініш беруші хабарламаны алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде уақытша жер пайдалану шартына қол қояды. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің əкімі шешімінің көшірмесі жер-кадастрлық жоспармен қоса жəне уақытша жер пайдалану шарты халыққа қызмет көрсету орталықтары немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес одан əрі тіркеу үшін жіберіледі. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ əкімінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімінің жобасында: жер учаскесіне құқық берілетін жеке тұлғаның тегі, аты, əкесінің аты (ол болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның атауы; жер учаскесiнiң нысаналы мақсаты; жер учаскесiнiң алаңы; жер учаскесіне құқық түрi, ауыртпалықтар, шектеулер; учаске төлемақыға берiлетiн жағдайда жер пайдалану құқығын сатып алу бағасы, жер учаскесiн жалдау құқығын сатып алу-сату шарттарын жасасудың мерзiмдерi мен шарттары; жер учаскелерінің өлшемдері көрсетіле отырып, оларды мемлекет мұқтажы үшін алып қою, мəжбүрлеп иеліктен шығару жүргізілетін жеке тұлғаның тегі, аты, əкесінің аты (ол болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның атауы; өзге де талаптар қамтылуға тиiс. Шағын кəсіпкерлік субъектілері үшін, құрылысқа арналған жер учаскесінің нысаналы мақсаты қызмет түрлеріне қарамастан, үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету ретінде белгіленеді. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінішхаттары) арнайы есепке алынады жəне бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған кезде қанағаттандырылады. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін азаматтарға жер учаскелерін беру қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін тегін негізде беру кезінде азаматта жеке тұрғын үй құрылысы үшін мемлекет құқық берген жер учаскесінің бар немесе жоқ екендігі ескеріледі. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уəкілетті органы азаматта мұндай жер учаскелерінің бар немесе жоқ екендігі туралы мəліметтерді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың тиісті жергілікті атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ əкімінің жер учаскесін беру туралы қорытынды əзірлеуі жəне шешім қабылдауы үшін жергілікті атқарушы органның жанындағы комиссияға ұсынады. Республикалық маңызы бар қаланың, аста наның, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің əкімдері бөліп беруге арналған алаңдардың дайындығы туралы жəне жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін алуға кезектілік тізімдері туралы ақпаратқа

қолжетімділікті оларды кемінде тоқсанына бір рет қазақ жəне орыс тілдерінде арнайы ақпараттық стендтерде орналастыру арқылы жəне (немесе) бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жолымен қамтамасыз етуге міндетті. Бұл ретте елдi мекеннiң бас жоспарлары (немесе тұрғындарының саны бес мың адамға дейiнгi елдi мекендердi дамытудың жəне оларда құрылыс салудың оларды алмастыратын схемасы) негiзiнде орындалған егжей-тегжейлi жоспарлау жобалары жəне (немесе) құрылыс жобалары, сондай-ақ облыстар аумақтарын қала құрылысы үшін жоспарлаудың кешенді схемалары болмаса, жер учаскелерiн құрылыс үшiн беруге тыйым салынады.»; 8) 153-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын: «9-1) жер-кадастрлық жоспар əзірлеуді;»; 9) мынадай мазмұндағы 171-баппен толықтырылсын: «171-бап. Өтпелі ережелер Осы Кодекстің 44-1-бабы қолданысқа енгiзiлгенге дейiн жеке жəне заңды тұлғаларға берiлген жер учаскелерiне құқық белгілейтін жəне сəйкестендіру құжаттары Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгiленген жер учаскелерiне құқықтардың өзгеруi ескерiле отырып, заңдық күшiн сақтайды.». 2. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 37-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Қоршаған ортаға əсердi бағалау мынадай кезеңдерді қамтиды: 1) IV санаттағы объектілерді қоспағанда, қоршаған ортаға əсердi алдын ала бағалау (1-кезең); 2) IV санаттағы жұмыс істеп тұрған объектілерді қоспағанда, жобаны iске асырудың ықтимал əсерлерiн немесе шаруашылық жəне өзге де қызметтi одан əрi жүзеге асыруды толық жəне кешендi талдау, баламалы нұсқаларды негiздеу жəне қоршаған ортаны қорғауды басқару жоспарын (бағдарламасын) əзiрлеу мақсатында орындалатын əсердi бағалау (2-кезең); 3) IV санаттағы объектілерді қоспағанда, қоршаған ортаға қолайсыз əсерлердi болдырмау жөнiндегi техникалық шешiмдердi қамтитын жұмыс жобасы құрамындағы «Қоршаған ортаны қорғау» бөлiмi (3-кезең).»; 2) 47-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы жəне 10) тармақшасындағы «қызмет жобалары;» деген сөздер «қызмет жобалары жатады.» деген сөздермен ауыстырылып, 11) тармақшасы алып тасталсын. 3. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; 2014 жылғы 13 маусымда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) мазмұнында: (Жалғасы 17-бетте).


(Жалғасы. Басы 15-16-беттерде).

14-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «14-бап. Республикалық немесе мемлекеттік бюджеттiң мұнайға қатысты емес тапшылығы (профицитi)»; мынадай мазмұндағы 120-1, 120-2 жəне 243-2-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын: «120-1-бап. Республикалық бюджет тің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау 120-2-бап. Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау»; «243-2-бап. Мемлекеттік бюджетке жəне республикалық, облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы 2017 қаржы жылындағы шоғырландырылған қаржылық есептілік»; 2) 3-баптың 1-тармағының 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «16) бюджеттік инвестициялар – заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға жəне (немесе) ұлғайтуға, бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы мемлекет активтерін құруға жəне (немесе) дамытуға бағытталған республикалық немесе жергілікті бюджеттен қаржыландыру;»; 3) 6-баптың 3-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілмей, республикалық бюджетті, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерін, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының түсімдері мен шығыстарын біріктіретін мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры шоғырландырылған бюджет болып табылады.»; 4) 14-бапта: тақырып «Республикалық» деген сөзден кейін «немесе мемлекеттік» деген сөздермен толықтырылсын; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қарыздарды өтеудi қоспағанда, республикалық немесе мемлекеттік бюджет шығыстарын шегергендегі республикалық немесе мемлекеттік бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) қарыздар түсімдері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан трансферттер түсімдерін алып тастағандағы республикалық немесе мемлекеттік бюджет түсімдерінің сомасына тең.»; 5) 32-бапта: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Бюджеттік бағдарлама мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында айқындалған стратегиялық бағыттармен, мақ саттармен, міндеттермен, нəтиже көрсеткіштерімен немесе стратегиялық жоспарды əзірлемейтін мемлекеттік органның ережесінде айқындалған өкілеттіктермен өзара байланысқан бюджет шығыстарының бағытын айқындайды жəне нəтиже көрсеткіштері мен бюджет шығыстарын қаржыландыру көлемдерін қамтиды.»; 2-тармақ мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын: «Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала немесе астана бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдар əкімшілері болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уəкілетті органмен келісу бойынша бюджеттік бағдарламалардың əкімшілері бекітеді.»; мынадай мазмұндағы 2-1 жəне 2-2-тармақтармен толықтырылсын: «2-1. Жоғары тұрған бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер есебінен ісшараларды іске асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламаларды нысаналы трансферттер аударатын жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының əкімшісімен жəне мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уəкілетті органдармен келісу бойынша төмен тұрған бюджеттің бюджеттiк бағдарламаларының əкiмшiлерi бекітеді. 2-2. Бюджеттік бағдарламалар бюджетті нақтылау немесе түзету кезінде олардың қаржыландыру көлемдері мен нəтижелер көрсеткіштері өзгерген жағдайда қайта бекітіледі. Бюджеттік бағдарламалар əкімшісінің бастамасы бойынша бюджеттік бағдарламаларға тоқсанына бiр реттен жиi емес, тоқсанның екінші айының 25-күніне дейін өзгерістер енгізуге жол беріледі.»; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Бюджеттік бағдарлама бюджет қаражатын жұмсаудың бағыттарын нақтылайтын, бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нəтижесіне қол жеткізуге бағытталған кіші бағдарламаларға бөлінуі мүмкін. Бюджеттік бағдарламаның кіші бағдарламалары болған кезде, тікелей нəтиже көрсеткіштері кіші бағдарламалар деңгейінде көрсетіледі.»; 5-1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебiнен іс-шараларды іске асыруға бағытталған жергілікті бюджеттік бағдарламалар бойынша тікелей нəтиже көрсеткіштері жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар бөлінісінде көрсетіледі.»; 6-тармақ «əзірлеу» деген сөзден кейін «жəне бекіту (қайта бекіту)» деген сөздермен толықтырылсын; 6) 33-бапта: 1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

17

www.egemen.kz

5 шілде 2014 жыл

«Бірыңғай түпкілікті нəтижеге қол жеткізу мақсатында мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыру жəне олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету, күрделі шығыстарды жүзеге асыру, бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру жолымен бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру жөніндегі, трансферттер мен бюджеттік субсидиялар беру жөніндегі шығындар, көрсетілген шығындарды жекелеген кіші бағдарламаларға бөле отырып, бір бюджеттік бағдарламаға біріктірілуі мүмкін.»; 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бірыңғай бюджеттік сыныптаманың құрамында тиісті белгі (код) беріле отырып, ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға (кіші бағдарламаларға) жəне бюджеттік даму бағдарламаларына (кіші бағдарламаларға) бөлінеді. Бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға бағытталған бюджет шығыстары бюджеттік даму бағдарламаларына (кіші бағдарламаларға) жатады. Бюджеттің қалған шығыстары ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға (кіші бағдарламаларға) жатады.»; 7) 45-баптың 4-2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «4-2. Жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджеттен шығыстардың жекелеген бағыттарын жалпы сипаттағы трансферттер көлемдері туралы заңда (облыстық мəслихат шешімінде) белгіленген ең төмен көлемдерден төмен көлемде қаржыландырған жағдайда, белгіленген соманың төлемдер бойынша қаржыландырудың тиісті қаржы жылының соңындағы жиынтық жоспарының жылдық сомасынан асып түскен сомасы өткен қаржы жылының қорытындылары бойынша ағымдағы қаржы жылының 1 наурызынан кешіктірілмей жоғары тұрған бюджетке қайтарылуға жатады.»; 8) 46-бапта: 10-тармақтағы «нысаналы трансферттер бойынша нəтижелер туралы келісімнің,» деген сөздер алып тасталсын; 11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «11. Жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке нысаналы даму трансфертін беру үшін жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламасының əкімшісі мен тиісті жергілікті атқарушы орган арасында ағымдағы қаржы жылының 20 қаңтарынан кешіктірілмей бір қаржы жылына арналған Нысаналы трансферттер бойынша нəтижелер туралы келісім жасалады. Нысаналы трансферттер бойынша нəтижелер туралы келісім: шешілуіне нысаналы даму трансферттері бөлінетін мақсаттар мен міндеттерді; нысаналы даму трансферттерін пайдалану есебінен қол жеткізілуге тиіс тікелей жəне түпкілікті нəтижелерді; тиісті жергілікті атқарушы органның қол жет кізілген тікелей жəне түпкілікті нəтижелер туралы есепті жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының əкімшісіне ұсынуы туралы міндеттемені; тараптардың шешімі бойынша айқындалатын басқа да жағдайларды қамтитын құжатты білдіреді.»; 12-тармақ алып тасталсын; 12-1, 13 жəне 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «12-1. Жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламасының əкімшісі Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы алынған күннен бастап республикалық бюджет нақтыланғанға немесе түзетілгенге дейін осы Кодекстің 153 жəне 154-баптарының талаптарына сəйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органға құжаттама ұсынылғанға дейін осы Кодекстің 79-бабының 2-тармағы екінші бөлігінің 2-1) тармақшасында көрсетілген аса маңызды жəне жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған нысаналы даму трансферттері бойынша тиісті жергілікті атқарушы органмен жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке берілетін нысаналы трансферттер бойынша нəтижелер туралы келісім жасаспайды. 13. Республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге берілетін нысаналы даму трансферттері аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері арасында одан əрі бөлінген жағдайда, облыстың жергілікті атқарушы органы аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарымен нысаналы даму трансферттері бойынша нəтижелер туралы тиісті келісімдер жасасады. 14. Жоғары тұрған бюджеттен жаңа жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға қосымша нысаналы даму трансферттері бөлінген жағдайда, осы нысаналы трансферттер бойынша нəтижелер туралы келісімдер Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның республикалық бюджет туралы заңды немесе мəслихаттың жергілікті бюджет туралы шешімін іске асыру туралы қаулысына өзгеріс жəне (немесе) толықтыру енгізілгеннен кейін бір ай ішінде жасалады.»; 9) 48-баптың 1-тармағының 2) жəне 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «2) төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарына сəйкес төмен тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттерді аудармағаны үшін жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалары əкімшілерінің бірінші басшысы; 3) нысаналы даму трансферттерін нысаналы трансферттер бойынша нəтижелер туралы жасалған келісімге сəйкес, нысаналы

ағымдағы трансферттерді бекітілген бюджеттік бағдарламаға сəйкес пайда ланбағаны, нəтижелерге, оның ішінде бюджет қаражатын толық игеру кезінде қол жеткізбегені, алынған нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген нəтижелер туралы есепті табыс етпегені үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың əкімі жəне жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тиісті əкімшілерінің бірінші басшысы;»; 10) 49-бапта: 1-тармақта: 18) тармақша алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 37-1) тармақшамен толықтырылсын: «37-1) жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куəлігін жəне оның телнұсқасын бергені үшін алынатын мемлекеттік баж;»; 4-тармақ 2) тармақшасындағы «кепілдендірілген трансферт республикалық бюджетке түсетін трансферттердің түсімдері болып табылады.» деген сөздер «кепілдендірілген трансферт;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын: «3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке түсетін нысаналы трансферт республикалық бюджетке түсетін трансферттердің түсімдері болып табылады.»; 11) 50-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын: «4-1) өңірдің əлеуметтік-экономикалық дамуы мен оның инфрақұрылымын дамытуға жер қойнауын пайдаланушылардың аударымдары;»; 12) 51-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын: «4-1) өңірдің əлеуметтік-экономикалық дамуы мен оның инфрақұрылымын дамытуға жер қойнауын пайдаланушылардың аударымдары;»; 13) 60-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) Қазақстан Республикасының немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың əлеуметтік-экономикалық даму болжамы;»; 14) 61-баптың 1, 1-1 жəне 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «1. Əлеуметтiк-экономикалық даму болжамы жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік параметрлермен өзара байланыстырылған стратегиялық мақсаттарды ескере отырып, Қазақстан Республикасының, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың экономикалық даму параметрлерін жəне мемлекеттің бес жылдық кезеңге арналған экономикалық саясатын айқындайтын құжат болып табылады. 1-1. Əлеуметтік-экономикалық даму болжамы стратегиялық жəне бағдарламалық құжаттар мен елдегі жағдай жəне Республиканың ішкі жəне сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы ескеріле отырып, жылжымалы негiзде бес жылдық кезеңге арналып жыл сайын əзiрленедi жəне мыналарды: 1) мемлекеттiк басқарудың республикалық деңгейiнде: экономиканы дамытудың сыртқы жəне ішкі жағдайларын; бес жылдық кезеңге арналған экономикалық саясаттың, оның ішінде салықтық-бюджеттік саясаттың мақсаттары мен міндеттерін; бес жылдық кезеңге арналған экономикалық саясаттың, оның ішінде салықтық-бюджеттік саясаттың негізгі бағыттары мен шараларын; бес жылдық кезеңге арналған əлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамын; шоғырландырылған, мемлекеттік жəне республикалық бюджеттердің түсімдері мен шығыстарының болжамын, тиісті бюджет тапшылығын қамтитын жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік параметрлердің болжамын; əлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамаларын; жоспарлы кезеңге арналған басым республикалық бюджеттік инвестициялар тізбесін; кезекті қаржы жылына арналған шартты түрде қаржыландырылатын шығыстардың тiзбесін; 2) облыс, республикалық маңызы бар қала, астана деңгейінде: облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың əлеуметтiк-экономикалық даму үрдістерін, басымдықтарын, нысаналы индикаторлары мен көрсеткіштерін; облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың əлеуметтiк-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамын; мыналарды: облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің түсімдері мен шығыстарының болжамын қамтитын, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік параметрлерінің болжамын; облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың əлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамаларын; облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың басым бюджеттік инвестицияларының тізбесін қамтуға тиіс облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік параметрлерін қамтиды. Нысаналы индикаторлар мен көрсеткiштер сандық жəне сапалық нəтижелердi айқындау үшiн түйінді бағыттар (салалар) бойынша белгiленеді, бес жылдық кезең iшiнде мемлекеттің əлеуметтiк-экономикалық саясаты осы нəтижелерге қол жеткiзуге бағытталуға тиiс.

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) əлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен бюджеттік параметрлері облыстың əлеуметтік-экономикалық даму болжамының құрамында аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бөлінісінде көрсетіледі.»; «4. Əлеуметтiк-экономикалық даму болжамын тиісінше мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті орган жəне облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уəкілетті органы əзірлейді жəне Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы мақұлдайды жəне ол бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады.»; 15) 64-баптың 1-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1-1. Жергілікті бюджеттерді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уəкілетті органдар облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың əлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып, жыл сайын жоспарлы кезеңге əзірлейді.»; 16) 65-баптың 1-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1-1. Жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді болжауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уəкілетті орган облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың əлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып жүзеге асырады.»; 17) 65-1-баптың бірінші жəне төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын: «Бюджеттік бағдарламалар əкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді мемлекет тік жос парлау жөніндегі орталық жəне жергілікті уəкілетті органдар жоспарлы кезеңге Қазақстан Республикасының немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың əлеуметтік-экономикалық дамуының, республикалық жəне жергілікті бюджеттердің болжамды көрсеткіштері, бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттары, тиісті бюджет тап шылығының мөлшері негізінде айқындайды.»; «Тиісті бюджет комиссиясының ұсынысы ескеріле отырып айқындалған лимиттер ағымдағы қаржы жылының 1 мамырына дейін бюджеттік бағдарламалар əкімшілерінің назарына жеткізіледі.»; 18) 67-баптың 12-1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Нысаналы салым салуға бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімнің негізділігі жəне бюджеттік өтінімге қатысты есеп-қисаптардың анықтығы үшін дербес білім беру ұйымының басшысы, Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру жəне өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың басшылары Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес жауаптылықта болады.»; 19) 68-бапта: 2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) бюджеттік бағдарламалар əкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін олардың Қазақстан Респуб ликасының бюджет жəне өзге де заңнамасына, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың əлеуметтікэкономикалық даму болжамына, аумақтарды дамыту бағдарламасының көрсеткіштеріне жəне қолданыстағы заттай нормаларға сəйкес келуі тұрғысынан қарайды, бұл ретте бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде əрбір бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар түрлері бойынша есеп-қисап кезінде бағдар ретінде тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген бағалардың дерекқоры да пайдаланылады;»; 3, 5 жəне 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті орган республикалық бюджеттік бағдарламалар əкімшілерінің стратегиялық жоспарларының жобаларын немесе стратегиялық жоспарларына өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік өтінімдерін, бюджеттік бағдарламаларының жобаларын қарау қорытындылары бойынша стратегиялық жоспарлардың жобалары немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобалары, бюджеттік өтінімдер жəне бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындылар қалыптастырады жəне оларды Республикалық бюджет комиссиясының қарауына жібереді. Жергілікті атқарушы органдарға нысаналы даму трансферттері мен бюджеттік кредиттер беруге бағытталған бюджеттік бағдарламаларға бюджеттік өтінімдер бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органның қорытындылары өңірлік саясат мəселелері жөніндегі комиссияның ұсыныстары ескеріле отырып, өңірлік даму саласындағы орталық уəкілетті органның ұсыныстары негізінде қалыптастырылады. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уəкілетті органдар жергілікті бюджеттік бағдарламалар əкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін, бюджеттік бағдарламаларының жобаларын қарау қорытындылары бойынша бюджеттік өтінімдер мен бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындылар қалыптастырады жəне оларды тиісті бюджет комиссиясының қарауына жібереді.»;

«5. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың əкімшілері Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстарына сəйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органға стратегиялық жоспарлардың пысықталған жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын жəне бюджеттік өтінімдерді ұсынады. 6. Стратегиялық жоспарлар əзірлемейтін бюджеттік бағдарламалардың əкімшілері тиісті бюджет комиссиясының ұсыныстарына сəйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уəкілетті органдарға бюджеттік бағдарламалардың пысықталған жобаларын жəне бюджеттік өтінімдерді ұсынады.»; 20) 75-баптың 1-тармағы үшінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың əлеуметтік-экономикалық даму болжамын;»; 21) 78-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «5. Тиісті мəслихаттың сессиясында жергілікті бюджеттің жобасын талқылау тиісті əкімшілік-аумақтық бірлік əкімінің немесе жергілікті атқарушы орган уəкілеттік берген адамның (адамдардың) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың əлеуметтік-экономикалық даму болжамы, жергілікті бюджеттің жобасы бойынша, сондайақ мəслихат уəкілеттік берген адамдардың баяндамаларын, жергілікті бюджеттің жобасы бойынша қорытындысын қоса, қамтиды.»; 22) 79-баптың 2-тармағының екінші бөлігі 2-1) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «2-1) аса маңызды жəне жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған, осы Кодекстің 153 жəне 154-баптарында белгіленген жоспарлау сатыларынан өтпеген, бірақ Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсыныстары бар объектілер бойынша жоспарлы кезеңге арналған инвестициялық жобаларды, сондай-ақ облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша нысаналы даму трансферттері мен кредиттерді қоса алғанда, басым республикалық бюджеттік инвестициялардың тізбесі қоса беріледі.»; 23) 84-баптың 7) тармақшасы алып тасталсын; 24) 85-бапта: 9-тармақтың екінші бөлігінің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті бюджет комиссиясында белгіленген тəртіппен міндетті түрде қарай отырып, жергілікті атқарушы органдар қаражатты бір бюджеттік бағдарлама шеңберінде жəне бір облыс шегінде жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар арасында, сондай-ақ республикалық бюджеттік бағдарламалар əкімшілерімен келісу бойынша, жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебінен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар арасында қайта бөлуге құқылы.»; мынадай мазмұндағы 9-1 жəне 9-2-тармақтармен толықтырылсын: «9-1. Бюджеттің атқарылуы барысында республикалық бюджеттік бағдарламалардың əкімшілері қаражатты ағымдағы қаржы жылына арналып бекітілген (нақтыланған) республикалық бюджетте көзделген нысаналы даму трансферттері бойынша бір бюджеттік бағдарлама ішінде, облысқа, республикалық маңызы бар қалаға, астанаға ағымдағы қаржы жылына көзделген соманың он пайызынан аспайтын көлемде облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тəртіппен қайта бөлуге құқылы. Бюджеттің атқарылуы барысында облыстық бюджеттік бағдарламалардың əкімшілері қаражатты ағымдағы қаржы жылына арналып бекітілген (нақтыланған) облыстық бюджетте көзделген нысаналы даму трансферттері бойынша бір бюджеттік бағдарлама ішінде ауданға (облыстық маңызы бар қалаға) ағымдағы қаржы жылына көзделген соманың он пайызынан аспайтын көлемде аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) арасында тиісті аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен жəне тиісті жергілікті өкілді органдармен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тəртіппен қайта бөлуге құқылы. 9-2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы қаражатты тікелей жəне түпкілікті нəтижелердің жоспарланған көрсеткіштерін сақтау шартымен, ағымдағы қаржы жылына арналып бекітілген (нақтыланған) жергілікті бюджетте көзделген жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар арасында нысаналы даму трансферттерi бойынша бір бюджеттік бағдарлама ішінде ағымдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаға шығыстардың он пайызынан аспайтын көлемде жоғары тұрған бюджеттік бағдарламалар əкімшісінің жəне тиісті жергілікті өкілді органның келісуі бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тəртіппен қайта бөлуге құқылы.»; 25) 94-бапта: (Жалғасы 18-бетте).


18

www.egemen.kz

(Жалғасы. Басы 15-17-беттерде).

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Бірыңғай бюджет сыныптамасының бюджетке түсетін түсімдер сыныптамасының кодтары бойынша түсімдердің артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен қайтаруды жəне (немесе) есепке жатқызуды салық органдарының төлем тапсырмалары негізінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уəкілетті орган жүзеге асырады. Салық органдары əкімшілік ететін, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді, трансферттерді, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларын, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдерді, қарыздарды қоспағанда, бюджетке түсетін салықтық емес түсімдердің артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен қайтаруға жəне (немесе) есепке жатқызуға арналған төлем тапсырмасы оларды алуға жауапты уəкілетті органдардың қорытындысы негізінде жасалады. Салық органдары əкімшілік ететін, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді, трансферттерді, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларын, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдерді, қарыздарды қоспағанда, бюджетке түсетін салықтық емес түсімдерді алуға жауапты уəкілетті орган артық (қате) төленген сомаларды бюджеттен қайтаруға жəне (немесе) есепке жатқызуға қорытынды жасайды жəне оны салық органына ұсынады. Осы қорытындылардың анықтығын жəне олардың ұсынылу негізділігін уəкілетті органдардың басшылары қамтамасыз етеді.»; 2-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын; 26) 96-бапта: 1-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Мемлекеттік мекеме Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы алынған күннен бастап республикалық бюджет нақтыланғанға немесе түзетілгенге дейін осы Кодекстің 153-бабының 7-тармағына сəйкес құжаттама мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органға ұсынылғанға дейін осы Кодекстің 79-бабының 2-тармағы екінші бөлігінің 2-1) тармақшасында көрсетілген тізбеге енгізілген бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша міндеттемелер қабылдамайды.»; 5-тармақтың бесінші жəне алтыншы бөліктері мынадай редакцияда жазылсын: «Осы Кодекстің 79-бабының 2-тармағы екінші бөлігінің 2-1) тармақшасында көрсетілген тізбеге енгізілген бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша азаматтыққұқықтық мəмілелерді тіркеу Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы алынған күннен бастап республикалық бюджет нақтыланғанға немесе түзетілгенге дейін осы Кодекстің 153-бабының 7-тармағына сəйкес құжаттама мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органға ұсынылғаннан кейін жүзеге асырылады. Мемлекеттік мекеме Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы алынған күннен бастап республикалық бюджет нақтыланғанға немесе түзетілгенге дейін осы Кодекстің 154-бабының 2-тармағына сəйкес құжаттама мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органға ұсынылғанға дейін, осы Кодек стің 79-бабының 2-тармағы екінші бөлігінің 2-1) тармақшасында көрсетілген тізбеге енгізілген заңды тұлғалардың акцияларын немесе жарғылық капиталына қатысу үлестерін төлеу бойынша міндеттемелер қабылдамайды.»; 27) 104-баптың 4-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «6) жалпы сипаттағы трансферттер көлем дері туралы заңда (облыстық мəслихаттың шешімінде) белгіленген ең төменгі көлемдерден төмен көлемде жергілікті бюджеттен шығыстардың жекелеген бағыттарын қаржыландырған жағдайда, белгіленген соманың төлемдер бойынша қаржыландырудың тиісті қаржы жылының соңындағы жиынтық жоспарының жылдық сомасынан асып түскен сомасы өткен қаржы жылының қорытындылары бойынша жергілікті атқарушы органдардың қайтаруына пайдаланылуы мүмкін.»; 28) 106-бапта: 2-тармақта: 4) тармақша алып тасталсын; 6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «6) аса маңызды жəне жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған, Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсыныстары бар бюджеттік инвестициялар бойынша осы Кодекстің 153 жəне 154-баптарында көрсетілген тиісті құжаттама ұсынылмаған жағдайларда жүргізіледі.»; мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: «2-1. Республикалық бюджетті нақтылау қосымша нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттер бөлінген жəне (немесе) олардың бөлінген көлемдері өзгерген кезде де жүзеге асырылады.»; 4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, мəслихат депутаттарының бастамашылығы бойынша жергiлiктi бюджеттi ағымдағы қаржы жылы iшiнде тоқсанына бiр реттен жиі емес нақтылауға жол берiледi.»; 29) 107-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Республикалық бюджет комиссиясының ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы ұсыны сын ескере отырып, республикалық

бюджеттік бағдарламалардың əкімшілері бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органға басым бюджеттік инвестициялардың тізбесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстар, стратегиялық жоспарға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобасын, бюджеттік бағдарлама жобасын жəне өзгерістер енгізу көзделетін бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімді ұсынады.»; 30) 111-бапта: 1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қазақстан Республикасының Үкіме ті айқындайтын тəртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің, жергілікті атқарушы органдардың қаулылары жəне өзге де нормативтік құқықтық актілер негізінде түсімдердің жəне төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, кезекті қаржы жылына арналған міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы, бекітілген (нақтыланған) бюджеттің көрсеткіштерін өзгерту бюджетті түзету болып табылады.»; 2-тармақта: мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын: «3-1) Республикалық бюджет комиссиясында қаралмастан, қаражат ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарлама шығыстары көлемінің бес пайызынан аспайтын көлемде бюджет шығыстарының құрылымын өзгертпей, республикалық бюджеттік бағдарламалардың бір əкімшісінің бюджеттік даму бағдарламалары арасында, Республикалық бюджет комисссиясында міндетті түрде қарай отырып, ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарлама шығыстары көлемінің бес пайызынан он пайызына дейінгі көлемде бюджет шығыстарының құрылымын өзгертпей, республикалық бюджеттік бағдарламалардың бір əкімшісінің бюджеттік даму бағдарламалары арасында қайта бөлінген;»; 5-1) жəне 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «5-1) осы Кодекстің 151-бабының 13-тармағында көзделген; 6) аса маңызды жəне жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған, Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсыныстары бар бюджеттік инвестициялар бойынша осы Кодекстің 153 жəне 154-баптарында көрсетілген тиісті құжаттама ұсынылмаған жағдайларда жүзеге асырылады. Бұл ретте көрсетілген бюджеттік инвестицияларды іске асыру үшін көзделген сомалар бюджеттік бағдарламалардың тиісті əкімшісінің бір бюджеттік бағдарламасы шеңберінде басқа бюджеттік инвестициялық жобалар арасында қайта бөлінуі мүмкін.»; 3-тармақ мынадай мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын: «2-2) жоғары тұрған бюджеттен қосымша нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттер бөлінген жəне (немесе) олардың бөлінген көлемдері өзгерген;»; 31) 118-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Бюджетті атқару жөніндегі орталық уəкiлеттi орган бекітуге жатпайтын мемлекеттік бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасайды.»; 32) 23-тарау мынадай мазмұндағы 120-1 жəне 120-2-баптармен толықтырылсын: «120-1-бап. Республикалық бюд жет тің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау 1. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уəкі летті орган тиісті қаржы жылындағы бухгалтерлік баланстан, қаржы қызметінің нəтижелері туралы есептен, таза активтердің/ капиталдың өзгерістері туралы есептен, ақша қозғалысы туралы есептен, түсіндірме жазбадан тұратын республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасайды. 2. Бюджет түсімдері республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікте бюджетті атқару жөніндегі орталық уəкiлеттi орган айқындаған тəртiппен көрсетіледі. 120-2-бап. Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жыл дық шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау 1. Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уəкілетті органдар тиісті қаржы жылындағы бухгалтерлік баланстан, қаржы қызметінің нəтижелері туралы есептен, таза активтердің/ капиталдың өзгерістері туралы есептен, ақша қозғалысы туралы есептен, түсіндірме жазбадан тұратын облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасайды. 2. Бюджет түсімдері облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікте бюджетті атқару жөніндегі орталық уəкiлеттi орган айқындаған тəртiппен көрсетіледі.»; 33) 124-бапта: 1-тармақта: 1) тармақшаның екінші абзацы алып тасталсын; 2) тармақшаның үшінші абзацы алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

5 шілде 2014 жыл

«3-1) шоғырландырылған қаржылық есептілікпен бір мезгілде берілетін есептерді;»; 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Стратегиялық жоспардың іске асырылуы туралы есепті қоспағанда, осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3) жəне 3-1) тармақшаларында көрсетілген бюджеттік есептілікті жасау жəне ұсыну тəртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уəкілетті орган белгілейді.»; 34) 127-бапта: 1-тармақтағы «25 наурызынан» деген сөздер «1 сəуірінен» деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақта: 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «2) есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің түсімдер бойынша атқарылуы, жүргiзiлген бюджеттiк мониторинг жəне оның нəтижелерiн бағалау негiзiнде республикалық бюджеттік бағдарламалардың орындалуы туралы талдамалық есептен тұрады. Республикалық бюджеттік бағдарламаларды орындау туралы талдамалық есеп бюджеттік бағдарламалардың əкімшілері мен бюджеттік бағдарламалар бөлігінде жасалады;»; 3) тармақшадағы «жазбадан тұрады.» деген сөздер «жазбадан;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын: «4) республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептіліктен тұрады.»; 35) 129-баптың 2-тармағы 3) тармақшасындағы «жазбадан тұрады.» деген сөздер «жазбадан;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын: «4) облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджет терінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептіліктен тұрады.»; 36) 131-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Түсіндірме жазба экономикалық ахуал жəне облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті кезеңге арналған əлеуметтік-экономикалық даму болжамында қабылданған салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарының іске асырылуы туралы, тиісті қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті баптарының орындалуы туралы талдамалық ақпаратты қамтиды.»; 37) 143-бап мынадай мазмұндағы 6-2) тармақшамен толықтырылсын: «6-2) жалпы сипаттағы трансферттер көлемдері туралы заңда айқындалатын шығыстардың жекелеген бағыттарын жергілікті бюджеттен қаржыландыру көлемін бақылауды жүзеге асырады;»; 38) 151-баптың 13-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «13. Аса маңызды жəне жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған, осы Кодекстің 153 жəне 154-баптарында белгіленген жоспарлау кезеңдерінен өтпеген бюджеттік инвестициялар Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы болған кезде республикалық бюджет жобасына немесе оны ағымдағы қаржы жылының бірінші жартысында нақтылау шартымен нақтыланған республикалық бюджет жобасына енгізіледі.»; 154-баптың 12-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «12. Бюджеттік бағдарламалардың бір əкімшісінің құзыретіне жатқызуға болмайтын экономиканың түрлі салаларында жобалардың іске асырылуын көздейтін, бюджеттік инвестициялардың қаржылықэкономикалық негіздемесін ұлттық холдингтер мен ұлттық басқарушы холдинг бекітетін осы ұлттық холдингтер мен ұлттық басқарушы холдингтің жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды қоспағанда, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялар жөніндегі экономикалық қорытындының нəтижелері бойынша бюджеттік инвестициялардың қаржылықэкономикалық негіздемесін бюджеттік бағдарламалардың əкімшісі бекітеді.»; 155-1-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уəкiлеттi орган «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, концессия мəселелерi жөнiндегi мамандандырылған ұйымның сараптамасы негiзiнде концессиялық ұсыныс бойынша қорытынды дайындайды. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергілікті уəкiлеттi орган «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайда, жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлға тартылатын болса, оның сараптамасы негізінде концессиялық ұсыныс бойынша қорытынды дайындайды.»; 41) 155-2-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уəкiлеттi орган «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-3) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасының ажырамас бөлiгi болып табылатын концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негiздемесiн қамтитын концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын концессия мəселелерi жөнiндегi мамандандырылған ұйымға сараптамаға жiбередi. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергі лікті уəкiлеттi орган «Концессиялар

туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-3) тармақшасында белгіленген жағдайда, концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасының ажырамас бөлiгi болып табылатын концессиялық жобаның техникалықэкономикалық негiздемесiн қамтитын концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғаға сараптамаға жiбередi.»; 42) 164-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Жергiлiктi атқарушы органның мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнiң лимитiн үш жылдық кезеңге Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.»; 43) 179-баптың 5-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «5. Егер тапсырыс шартында өзгеше көзделмесе, бюджеттік бағдарламаның əкімшісі тиісті бюджет қаражаты есебінен сенім білдірілген өкілге (агентке) тапсырманы орындағаны үшін сыйақы төлеуді жүзеге асырады.»; 44) 186-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: «Бір жылға дейінгі мерзіммен қаржылық агенттіктерді бюджеттік кредиттеу кезінде бюджет кредиті мерзімінің соңында бюджеттік кредитті өтеуге жол беріледі.»; 45) 187-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) төмен тұрған бюджеттердiң қолма-қол ақша тапшылығын жабуға бағытталатын бюджеттік кредиттерді қоспағанда, мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уəкiлеттi орган айқындаған тəртiппен мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уəкiлеттi органның бюджеттiк кредиттеудiң орындылығын айқындауын;»; 46) 188-бапта: 1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) қарыз алушыны, оның ішінде түпкілікті қарыз алушыны ол болған жағдайда айқындауды;»; 3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) шет мемлекеттерді бюджеттік кредиттеу кезінде қарыз алушылар Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сəйкес айқындалады.»; 47) 190-бап мынадай редакцияда жазылсын: «190-бап. Бюджеттік кредитті пайдалану Қарыз алушы бюджеттік кредит қаражатын бюджеттік бағдарлама мен кредиттік шартта көзделген мақсаттарға ғана пайдаланады. Түпкілікті қарыз алушы бюджеттік кредит қаражатын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сəйкес кредиттік шартта көзделген мақсаттарға ғана пайдаланады. Бюджеттік кредит нысаналы мақсатта пайдаланылмаған жағдайда, қарыз алушы жəне түпкілікті қарыз алушы Қазақстан Республикасының заңдарына жəне кредиттік шарт талаптарына сəйкес жауаптылықта болады.»; 48) 192-бапта: мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырсын: «2-1. Кредитормен келісу бойынша бюджеттік кредитті өтеу, оның ішінде мерзімінен бұрын өтеу қарыз алушының немесе түпкілікті қарыз алушының инвестициялық стратегиялық жобаларды іске асыру кезінде туындаған мүлкімен жүзеге асырылуы мүмкін.»; 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «6. Бюджеттік кредит бойынша берешекті мерзімінен бұрын өтеу кезінде немесе өтеу есебінен мүлікті мемлекеттік меншікке айналдыру кезінде кредитор талаптарының мөлшері мүлік құнының сомасына азайтылады.»; 49) 193-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Бюджеттік кредитті қайта құрылымдау: 1) негізгі борышты өтеу жəне (немесе) сыйақыны төлеу мерзімдерін өзгерту; 2) бюджеттік кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесін өзгерту; 3) бюджеттік кредиттің берілу мақсаттарына сəйкес іс-шараларды іске асыру үшін қарыз алушының бюджеттік кредитті пайдалана алатын игеру кезеңін өзгерту; 4) бюджеттік кредит валютасын өзгерту; 5) бюджеттік кредит, кредит бойынша сыйақы жəне өзге де төлемдер бойынша берешекті капиталдандыру (жиынтықтау) арқылы жүзеге асырылады.»; 50) 196-бапта: 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген, таратылған қарыз алушылардың берешегі, сондай-ақ кредитордың талап қоюын қанағаттандырудан бас тарту немесе ішінара қанағаттандыру туралы заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде талаптар тоқтатылған қарыз алушылардың берешегі кредитордың есептен шығаруына жатады.»; 5-тармақ алып тасталсын; 51) 243-1-бап мынадай мазмұндағы үшінші жəне төртінші бөліктермен толықтырылсын: «2014 жəне 2015 қаржы жылдарына арналған республикалық бюджетті бекіту жəне нақтылау кезінде стратегиялық жоспарларды əзірлейтін бюджеттік бағдарламалардың əкімшілері бюджеттік бағдарламаларды əзірлемейді. 2015 қаржы жылына арналған бюджетті бекіту жəне нақтылау кезінде бюджеттік бағдарлама бюджеттік кіші бағдарламалар үшін де бюджеттік бағдарламаларға арналған нəтиже көрсеткіштерін қолдану шартымен бюджет қаражатын жұмсау бағыттарын нақтылайтын кіші бағдарламаларға бөлінуі мүмкін.»; 52) 48-тарау мынадай мазмұндағы 243-2-баппен толықтырылсын:

«243-2-бап. Мемлекеттік бюджетке жəне республикалық, облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы 2017 қаржы жылындағы шоғырландырылған қаржылық есептілік Мемлекеттік бюджетке жəне республикалық, облыстық бюджеттердің, рес пуб ликалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы 2017 қаржы жылына шоғырландырылған қаржылық есептілік жасалмайды.». 4. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Рес публикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж. № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 13 маусымда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 13 маусымда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инвестициялық ахуалды жетілдіру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 21 маусымда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін жəне айналымын мемлекеттік реттеу мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 18 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) мазмұны мынадай мазмұндағы 645-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын: «645-1-бап. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы мəліметтерді қабылдау, сақтау жəне салық қызметі органдарына беру тəртібі»; 2) 24-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Салық қызметі органдары мен кеден органдары өздеріне жүктелген салықтық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді өзара іс-қимыл жасасу, оның ішінде кеден жəне салық органдарының интеграцияланған ақпараттық жүйелері арқылы орындайды.»; 3) 90-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: «2-1. Кредит (қарыз) бойынша борыш осы тармақта белгіленген тəртіппен жəне жағдайларда кешірілетін жағдайда, осы Кодекстің 106-бабының 1-тармағына сəйкес провизияларды (резервтерді) құру бойынша шығыстар сомаларын шегеруге құқығы бар банк бұрын шегерімге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомаларын провизиялардың (резервтердің) мөлшерін азайтудан түскен табыс деп танымайды. Осы тармақтың ережелері: 1) өзіне қатысты сот шешімі бойынша қайта құрылымдау жүргізілген, дауыс беретін акцияларының 90 пайыздан астамы 2013 жылғы 31 желтоқсанда ұлттық басқарушы холдингке тиесілі; 2) бірігу арқылы қайта ұйымдастыру нəтижесінде осы бөліктің 1) тармақшасында көрсетілген банктің құқық мирасқоры болып табылатын банкке қолданылады. Осы тармақтың ережелері осы Кодекстің 106-бабының 1-тармағына сəйкес бұрын шеге рімге жатқызылған провизияларды (резервтерді) борышқа қарсы құрған, мыналардан: негізгі борыш бойынша берешектен; 2012 жылғы 31 желтоқсаннан кейін есептелген сыйақы бойынша берешектерден (Жалғасы 19-бетте).


(Жалғасы. Басы 15-18-беттерде).

тұратын кредит (қарыз) бойынша борышқа қолданылады. Осы тармақ бір мезгілде мынадай талаптар орындалған кезде: 1) кредит (қарыз) 2009 жылғы 1 қазанға дейін берілсе; 2) кредит (қарыз) бойынша борышкер осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген банктің басқару органы 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін бекіткен жəне уəкілетті органға 2015 жылғы 1 ақпаннан кешіктірілмей ұсынылған, олар бойынша борыш кешірілуге жататын кредиттер (қарыздар) бойынша борышкерлер тізбесінде көрсетілсе; 3) кредит (қарыз) бойынша борышты кешіру осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген банктің басқару органы 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін бекіткен жəне уəкілетті органға 2015 жылғы 1 ақпаннан кешіктірілмей ұсынылған, олар бойынша борыш кешірілуге жататын кредиттер (қарыздар) бойынша борышкерлер тізбесінде көрсетілген соманың шегінде жүргізілсе; 4) кредит (қарыз) бойынша бір жəне (немесе) одан да көп құжат болса: бейрезидентке берілген: шет мемлекеттің құқық қорғау органына борышкер-жеке тұлғаға жəне (немесе) лауазымды адамға немесе борышкер-заңды тұлға қабылдаған шешімдерді өзге түрде тікелей немесе жанама айқындауға мүмкіндігі бар тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғау туралы өтініш; Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің сотына борышты өндіріп алу туралы, кепілге өндіріп алуды қолдану жəне (немесе) кепілге қатысты жойылған құқықтарын қалпына келтіру туралы талап; борышкерде жəне банк алдында борышкермен бірге ортақ немесе субсидиарлық жауаптылықта болатын үшінші тұлғаларда өндіріп алынуы мүмкін мүлік, оның ішінде ақша, бағалы қағаздар немесе табыстар болмаған жəне оның мүлкін немесе табыстарын анықтау бойынша қолданылған шаралар нəтижесіз болған жағдайда, атқару құжатын аталған банкке қайтару туралы сот орындаушысының заңды күшіне енген қаулысы немесе шет мемлекеттің өзге де құжаты; шет мемлекет сотының борышты өндіріп алудан, кепілге қатысты жойылған құқықтарды қалпына келтіруден, борышкердің мүлкіне, оның ішінде ақшасына, бағалы қағаздарына немесе табыстарына өндіріп алуды қолданудан бас тарту туралы заңды күшіне енген шешімі; шет мемлекет сотының борышкерді банкрот деп тану туралы заңды күшіне енген шешімі жəне (немесе) конкурстық іс жүргізудің аяқталуы туралы ұйғарымы; шет мемлекеттің құзыретті органының борышкерді немесе кепіл берушіні таратылуына байланысты заңды тұлғалардың тізілімінен шығару туралы құжаты; резидентке берілген: Қазақстан Республикасының құқық қорғау органына борышкер-жеке тұлғаға жəне (немесе) лауазымды тұлғаға немесе борышкерзаңды тұлға қабылдаған шешімдерді өзге түрде тікелей немесе жанама айқындауға мүмкіндігі бар тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғау туралы арыз; банктің арызы бойынша Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары ның шаралар жүргізгенін немесе қылмыстық іс қозғалғанын растайтын құжат болса, кредит (қарыз) бойынша борышты кешіру жағдайына қолданылады. Осы тармақшада көзделген құжаттардың болуы бейрезиденттерге берілген кредиттер (қарыздар) бойынша: ипотекалық шарт жасасқан күні негізгі борышты толық қамтамасыз еткен кепіл мүлікті негізгі борыш сомасынан төмен бағамен соттан тыс тəртіппен сауда-саттықта сатқаннан кейін кредит бойынша өтелмеген борыш сомасын кешіру кезінде; талап ету құқығын беру күні бейрезидент болып табылатын үшінші тұлғаға дисконтпен банк кредит (қарыз) бойынша талап ету құқығын беру кезінде, егер беру жүргізілген, кредит (қарыз) бойынша талап ету құқығының құны бағалаушы мен осындай үшінші тұлға немесе осындай банк арасындағы шарт бойынша Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің бағалау қызметі туралы заңнамасына сəйкес жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған банктің осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген талап ету құқығының нарықтық құнына тең болса; банктің басқару органы мыналардың: Қазақстан Республикасы мен осындай шет мемлекет арасындағы қылмыстық жəне (немесе) азаматтық істер бойынша құқықтық көмек туралы келісімнің; кредиттің (қарыздың) берілгенін растайтын шарттың түпнұсқасының болмауына байланысты шет мемлекеттің құқық қорғау органына немесе сотына жүгіне алмайтындығын құжаттық растаған жағдайда; борышты кешіру күні бейрезидент болып табылатын борышкерге кредит (қарыз) бойынша борыш сомасы мен бағалаушы жəне борышкер немесе осындай банк арасындағы шарт бойынша Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің бағалау қызметі туралы заңнамасына сəйкес жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған, банктің осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген талап ету құқығының нарықтық құны арасындағы айырма ретінде айқындалатын борышының бір бөлігін кешірген кезде, егер: кредит (қарыз) берілген шартқа борышкер қол

19

www.egemen.kz

5 шілде 2014 жыл

қойған, борышының қалған бөлігін (бұдан əрі – борыш қалдығын) өтеу шартымен борышының бір бөлігін кешіруді көздейтін өзгеріс болған; осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген банк: осы Кодекстің 90-бабының 1-тармағына сəйкес құрылған провизиялардың (резервтердің) мөлшерін азайтудан түсетін табысты борыш қалдығы мөлшерінде таныған; табысқа осы Кодекстің 131 жəне 132-баптарында көзделген түзету жүргізбеген; борыштың бір бөлігі кешірілгеннен кейін құрылған борыш қалдығының сомасына қарсы провизиялар (резервтер) бойынша шығыстар сомасын шегерімге жатқызбаған жағдайда; 5) кредит (қарыз) бойынша кредиттік бюрода Қазақстан Республикасының кредиттік бюро жəне кредит тарихын қалыптастыру туралы заңнамасына сəйкес банк берген, кредит (қарыз) бойынша борыш сомасы туралы ақпарат болса; 6) кредит (қарыз) бойынша бастапқы бухгалтерлік құжат болса, соның негізінде осындай кредит (қарыз) бойынша осы Кодекстің 106-бабының 1-тармағына сəйкес шегерімге жатқызылған провизиялар (резервтер) құрылған болса; 7) кредит (қарыз) бойынша кредиттік тіркелімде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен банктің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне берген ақпараты болса, талап етілмейді. Бұл ретте кешірілуге жататын кредиттер (қарыздар) бойынша борышкерлер тізбесінде əрбір кредит (қарыз) бойынша: 1) кредит дерекнамасының нөмірі; 2) кредиттің (қарыздың) берілген күні; 3) қарыз алушының (қосалқы қарыз алушының) тегі, аты, əкесінің аты (ол болған жағдайда) жəне (немесе) атауы; 4) кредит (қарыз) бойынша 2012 жылғы 31 желтоқсаннан кейін есептелген сыйақы мен негізгі борыш бойынша кешірілуге жататын шекті борыш сомасы көрсетіледі. Осы тармақтың ережелері банк жұмыскеріне, жұбайына (зайыбына) жəне банк жұмыскерінің жақын туыстарына берілген кредиттерге (қарыздарға) қолданылмайды.»; 4) 106-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «банктердің» деген сөз «егер осы Кодекстің 90-бабының 2-1-тармағында өзгеше белгіленбесе, банктердің» деген сөздермен ауыстырылсын; 5) 132-баптың 1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Егер осы Кодекстің 90-бабының 2-1-тармағында өзгеше белгіленбесе, табыстар немесе шегерімдер мынадай жағдайларда:»; 6) 155-баптың 3-тармағы 29) тармақшасының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Осы тармақшаның ережелері: банк жұмыскеріне, жұбайына (зайыбына), банк жұмыскерінің жақын туыстарына, банкпен өзара байланысты тарапқа берілген; талап ету құқығын беру жəне (немесе) борышты аудару жүргізілген кредит (қарыз) бойынша міндеттемелердің тоқтатылуына қолданылмайды.»; 7) 193-баптың 5-тармағы 17) тармақ шасындағы «табыстар салық салынуға жатпайды.» деген сөздер «табыстар;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын: «18) борышты кешіру осы Кодекстің 90-бабының 2-1-тармағында белгіленген тəртіппен жəне жағдайларда жүргізілген кредит (қарыз) бойынша берешек сомасы салық салынуға жатпайды.»; 8) 200-1-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын: «14) борышты кешіру осы Кодекстің 90-бабының 2-1-тармағында белгіленген тəртіппен жəне жағдайларда жүргізілген кредит (қарыз) бойынша берешек сомасы.»; 9) 644-бапта: 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «1) бақылау-касса машиналары – тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы ақпаратты тіркеуді жəне көрсетуді қамтамасыз ететiн фискальдық жады блогі не деректерді тіркеу жəне (немесе) беру функциясы бар электрондық құрылғылар, компьютерлiк жүйелер;»; мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын: «14-1) фискальдық деректер операторы – ортақ пайдаланудағы телекоммуникациялар желілері бойынша салық қызметі органдарына ақшалай есеп айырысулар туралы мəліметтерді жедел режимде беруді қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлға.»; 10) мынадай мазмұндағы 645-1-баппен толықтырылсын: «645-1-бап. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысу туралы мəліметтерді қабылдау, сақтау жəне салық қызметі органдарына беру тəртібі Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы деректерді тіркеу жəне (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарынан мəліметтерді қабылдауды, сақтауды, сондай-ақ оларды салық қызметі органдарына беруді уəкілетті орган белгілеген тəртіппен фискальдық деректер операторы жүргізеді.». 5. 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 14, 70-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; №

19, 145-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 14 маусымда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) жəне терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) мазмұны мынадай мазмұндағы 278-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын: «278-1-бап. Электрондық құжат түрін де берілетін кедендік декларацияны куəландыру»; 2) 19-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Кеден органдары мен салық қызметі органдары өзара іс-қимыл кезінде кедендік жəне (немесе) салықтық бақылау жүргізу үшін қажетті ақпаратпен, оның ішінде кеден жəне салық органдарының интеграцияланған ақпараттық жүйелері арқылы алмасады.»; 3) 78-бапта: 2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші жəне үшінші бөліктермен толықтырылсын: «Тауарларды сыныптаудың дұрыстығын тексеруді кеден органы тəуекелдерді басқару жүйесінде айқындалатын жағдайларда, тауарларды шығарғанға дейін кедендік бақылау жүргізу шеңберінде жүзеге асырады. Тауарларды сыныптаудың дұрыстығын тексеруді кеден органы осы Кодекстің 21 жəне 24-тарауларында белгіленген тəртіппен жүргізілетін тауарларды шығарғаннан кейін кедендік бақылау жүргізу шеңберінде жүзеге асырады.»; 3 жəне 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «3. Тауарларды шығарғанға дейін де, оларды шығарғаннан кейін де тауарлардың дұрыс сыныпталмауы анықталған жағдайда, осы баптың 2-тармағында айқындалған кеден органының лауазымды адамы тауарларды сыныптауды жүзеге асырады жəне Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған нысан бойынша тауарларды сыныптау жөнінде шешім қабылдайды.»; «9. Тəуекелдерді басқару жүйесін пайдалана отырып, тауарларды кедендік декларациялау кезінде тауарлардың дұрыс сыныпталмауы анықталған жағдайда, кеден органының лауазым ды адамы тауарларды сыныптау жөнінде шешім қабылдау үшін бір жұмыс күні ішінде декларанттан қосымша құжаттарды жазбаша сұрайды. Қосымша құжаттар декларантты жазбаша хабардар еткен күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде ұсынылады. Кеден органы декларант сұрау салынған құжаттарды ұсынған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған нысан бойынша тауарларды сыныптау жөнінде шешім шығарады жəне бір жұмыс күнінен кешіктірмей оны декларантқа поштамен жібереді.»; 4) 138-баптың 9-тармағының екінші жəне үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын: «Төлеуші кедендік баждарды, салықтарды жəне өсімпұлды кеден органдарының ғимараттарында орналасқан электрондық терминалдар, екiншi деңгейдегі банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кассалары, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлеген кезде, электрондық терминалдан берілетін чек, банк кассасының түбіртегі немесе «электрондық үкімет» жүйесінде жасалатын электрондық чек тауарларды шығару үшiн олардың бюджетке төленгенiн растау болып табылады. Төлеушi немесе үшiншi тұлға төлеушiнiң шотына кедендiк баждарды, салықтарды жəне өсімпұлды тiкелей кеден органының ғимараттарында (үй-жайларында) орналасқан екiншi деңгейдегi банктердiң жəне банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың кассалары арқылы төлеген кезде, аталған кассалардың түбiртектерi тауарларды шығару үшiн олардың бюджетке төленгенін растау болып табылады.»; 5) 220-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын: «4. Тексерілетін адам камералдық кедендік тексеру кезінде кеден органының жазбаша талабымен белгіленген мерзімдерде электрондық құжат түрінде берілген кедендік декларацияда мəлімделген құжаттарды ұсынбаған жағдайда, кедендік декларацияда осындай құжаттардың негізінде мəлімделген мəліметтер дұрыс мəлімделмеген болып есептеледі. Кедендік декларацияда мəлімделген мəліметтерді растайтын құжаттар болмаған кезде, кедендік баждардың, салықтардың сомаларын кеден органы кедендік баждар, салықтар мөлшерлемелерінің неғұрлым жоғары шамасын, сондай-ақ кеден органының қолда бар мəліметтерінің негізінде айқындалуы мүмкін тауарлардың санын жəне (немесе) құнын негізге ала отырып айқындайды.»; 6) 223-баптың 1-тармағында:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «1) коммерциялық, көлiк (тасымалдау) құжаттарын, олардың негізінде кедендік декларациядағы мəліметтер мəлімделген құжаттарды, бухгалтерлiк есеп жəне есептiлiк құжаттарын, оның iшiнде көшпелі кедендік тексеру кезінде тексерiлетiн тауарларға қатысты құжаттарды электрондық жеткізгіштерде талап етуге, алуға жəне тексеруге;»; 15) тармақшадағы «тексеруге құқылы.» деген сөздер «тексеруге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 16) жəне 17) тармақшалармен толықтырылсын: «16) камералдық кедендік тексеру жүргізу кезінде тексерілетін тұлғалардан электрондық құжат түрінде берілген, кедендік декларацияда мəлімделген құжаттарды талап етуге; 17) көшпелі кедендік тексеру жүргізу кезінде техникалық құралдарды, оның ішінде тексерілетін тұлға электрондық түрде берген ақпаратты өңдеу үшін бағдарламалық өнімдерді пайдалануға құқылы.»; 7) мынадай мазмұндағы 278-1-баппен толықтырылсын: «278-1-бап. Электрондық құжат түрінде берілетін кедендік декларацияны куəландыру Кедендік декларацияны электрондық құжат түрінде беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес берілген, декларанттың электрондық цифрлық қолтаңбасымен куəландырылған болуға тиіс. Декларанттың электрондық цифрлық қолтаңбасы кедендік декларацияда мəлімделген мəліметтерді растайды.»; 8) 279-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын: «3. Тауарларға арналған декларацияны электрондық құжат түрінде берген кезде, тауарларға арналған декларацияның жазбаша нысанын ұсыну талап етілмейді.»; 9) 281-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Кедендік декларацияны электрондық құжат түрінде беру кеден органына олардың негізінде тауарлар туралы мəліметтер мəлімделген құжаттарды ұсынумен бірге жүргізілмейді. Кедендік декларацияны электрондық құжат түрінде ұсыну, пайдалану жəне сақтау тəртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»; 10) 286-бап мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын: «2-1) кедендік декларацияны электрондық құжат түрінде тапсырған кезде, тəуекелдерді басқару жүйесі кеден органына онда мəлімделген мəліметтерді растайтын құжаттарды беруді көздейтін тəуекелдерді болғызбау жəне барынша төмендету жөнін дегі шараларды берген жағдайда, осындай құжаттарды қағаз жеткізгіште жəне (немесе) электрондық түрде ұсынуға;»; 11) 288-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: «1-1. Электрондық құжат түріндегі кедендік декларация кеден органдарының ақпараттық жүйесіне ақпараттық технологиялар арқылы беріледі. Декларант тауарларға арналған декларацияны берген кезде, электрондық құжат түріндегі кедендік декларацияда мəлімделген мəліметтердің толықтығын тексеру кеден органдарының ақпараттық жүйелерінде жүзеге асырылады.»; 12) 296-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші жəне үшінші бөліктермен толықтырылсын: «Кедендік декларацияны электрондық құжат түрінде ұсынған кезде, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген кеден органы лауазымды адамының əрекеттері электрондық түрде жүзеге асырылады жəне оның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куəландырылады. Кедендік декларация декларантқа немесе кеден өкіліне, сондай-ақ тасымалдаушыға жəне өзге мүдделі адамдарға кеден органдарының ақпараттық жүйелері пайдаланыла отырып, электрондық нысанда жіберіледі.». 6. «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 447-құжат; 2001 ж., № 23, 309, 321-құжаттар; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 15, 63-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 17-18, 114-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 21-құжат; № 14, 92, 96-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы): 9-бап мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын: «Метрополитенмен жолаушылар тасымалын субсидиялау қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.». 7. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу жəне филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995 жылғы 17 сəуiрдегі Қазақстан Республикасының Заңына

(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 35-құжат; № 1516, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 12, 183-құжат; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 1718, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 63, 64-құжаттар; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 1-құжат; № 8, 52-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 18, 157-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2009 ж., № 24, 122, 125-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 2122, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат): 1) 6-баптың жетінші бөлігі «жалғыз құрылтайшы» деген сөздерден кейін «не құрылтайшылардың бірі» деген сөздермен толықтырылсын; 2) 6-1-баптың бірінші жəне екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын: «Шағын кəсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін құрылтайшы (құрылтайшылар) тіркеуші органға Қазақстан Республикасының Əділет министрлігі белгілеген нысан бойынша кəсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама береді. Кəсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарламаға заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке тіркеу алымының төленгенін растайтын түбіртектің немесе өзге де құжаттың көшірмесі қоса беріледі. Хабарлама «электрондық үкімет» вебпорталында толтырылатын электрондық құжатты толтыру арқылы берілген кезде тіркеу алымын төлеу «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады немесе кəсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарламаға заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке тіркеу алымының төленгенін растайтын түбіртектің немесе өзге де құжаттың электрондық көшірмесі қоса беріледі.»; 3) 12-баптың төртінші бөлігі алып тасталсын. 8. «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 1516, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 14 маусымда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) жəне терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 50-баптың 4-тармағының екінші бөлігі 10) тармақшасындағы «банктерге беруі банк құпиясын ашу болып табылмайды.» деген сөздер «банктерге беруі;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын: «12) банктің борыш кешірілуге жататын кредиттер (қарыздар) бойынша борышкерлер тізбесін: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне; мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уəкілетті мемлекеттік органға; салықтардың жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уəкілетті мемлекеттік органға беруі банк құпиясын ашу болып табылмайды. Осы тармақшаның ережелері: (Соңы 20-бетте).


20

www.egemen.kz

(Соңы. Басы 15-19-беттерде).

өзіне қатысты сот шешімі бойынша қайта құрылымдау жүргізілген, дауыс беретін акцияларының 90 пайыздан астамы 2013 жылғы 31 желтоқсанда ұлттық басқарушы холдингке тиесілі; бірігу арқылы қайта ұйымдастыру нəтижесінде осы бөліктің екінші абзацында көрсетілген банктің құқық мирасқоры болып табылатын банкке қолданылады.». 9. «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару жəне өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-кұжат; 2014 ж., № 2, 10-кұжат; № 3, 21-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы): 31-баптың 1-тармағында: 1-4) тармақша алып тасталсын; 1-8) тармақшадағы «əлеуметтік-экономикалық даму болжамын əзірлеп, мақұлдайды жəне» деген сөздер алып тасталып, «бағдарламасын» деген сөзден кейін «əзірлейді жəне» деген сөздермен толықтырылсын. 10. «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 246-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 15, 125-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 8, 44-құжат; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы): 5-2-бапта: 1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Ақылы автомобиль жолдарын (учаскелерін) пайдаланғаны үшін ақы төлеуден:»; мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын: «2. Концессия шарты негізінде салынған (реконструкцияланған) жəне пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдарын (учаскелерін) пайдаланғаны үшін ақы төлеуден осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген автокөлік құралдары босатылмайды.». 11. «Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 23, 315-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 87-құжат; № 14, 89-құжат; № 16, 99-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат): 1) мынадай мазмұндағы 5-2-баппен толықтырылсын: «5-2-бап. Ұлттық теміржол компаниясы мен магистральдық теміржол желісін басқару ерекшеліктері 1. Ұлттық инфрақұрылым операторына берілген магистральдық теміржол желісін, сондай-ақ Ұлттық инфрақұрылым операторының акцияларын жеке жəне (немесе) заңды тұлғаларға иеліктен шығаруға, оған үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салуға тыйым салынады. 2. Ұлттық басқарушы холдингке нəтижесінде Ұлттық теміржол компаниясының тоқсан пайыздан кем плюс бір дауыс беретін акциясы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі болатын осы Ұлттық теміржол компаниясының акцияларын иеліктен шығаруға тыйым салынады.»; 2) 43-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Кедендік декларация электрондық құжат

түрінде ресімделген жағдайда, кеден органы тасымалдаушыға кеден органдарының ақпараттық жүйелерін пайдалана отырып, тауарларды шығару туралы электрондық хабарламаны жібереді.». 12. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 17, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 7, 38-құжат; № 13, 87-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 1516, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 21-құжат; № 12, 85-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы): мынадай мазмұндағы 3-1-баппен толықтырылсын: «3-1-бап. Ұлттық электр желісін мемлекеттік реттеу ерекшеліктері 1. Ұлттық компанияға ұлттық электр желісін жеке жəне (немесе) заңды тұлғаларға иеліктен шығаруға, сондай-ақ оған үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салуға тыйым салынады. 2. Ұлттық басқарушы холдингке нəтижесінде ұлттық компанияның тоқсан пайыздан кем плюс бір дауыс беретін акциясы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі болатын осы ұлттық компанияның акцияларын иеліктен шығаруға тыйым салынады.». 13. «Халықаралық төрелік туралы» 2004 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 24, 152-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; 2013 ж., № 15, 76-құжат): 6-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Егер тараптардың ең болмағанда біреуі Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылса, азаматтық-құқықтық қатынастардан туындайтын, жеке жəне (немесе) заңды тұлғалар арасындағы даулар, сондай-ақ «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда концессия шартын орындаумен жəне тоқтатумен байланысты даулар тараптардың келісімі бойынша төрелікке берілуі мүмкін.». 14. «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 14, 88-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 7, 29-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 20, 151-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 15-құжаттар; 2013 ж., № 15, 76, 82-құжаттар; № 20, 113-құжат; 2014 жылғы 13 маусымда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инвестициялық ахуалды жетілдіру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 1-бапта: 4), 8) жəне 24) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «4) концедент – Қазақстан Республикасы, оның атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган, сондай-ақ олар концессия шартын жəне осы заңда көзделген жағдайларда концессионердің кредиторларымен тікелей келісімді жасасуға уəкілеттік берген мемлекеттік органдар əрекет етеді;»; «8) концессиялық жоба – Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына жəне осы Заңға сəйкес шектеулі уақыт кезеңі ішінде іске асырылатын жəне аяқталған сипаттағы концессияны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жиынтығы. Концессиялық жобалар тізбесі мен критерийлерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ерекше маңызы бар концессиялық жобалар санатына жатқызылуы мүмкін;»; «24) тiзбе – орта мерзiмдi кезеңге концессияға ұсынылатын объектiлердiң: объектілер республикалық меншікке жататын болса – мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уəкiлеттi орган немесе объектілер коммуналдық меншікке жататын болса – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жəне астананың мəслихаттары бекiтетiн тiзбесi;»; мынадай мазмұндағы 25) тармақшамен толықтырылсын: «25) тікелей келісім – осы Заңның 26-2-бабының ережелеріне сəйкес ерекше маңызы бар концессиялық жобаларды іске асыру үшін концедент, концессионер жəне концессионердің кредиторлары арасында жасалатын жазбаша келісім.»; 2) 9-бапта: 1) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «1) осы Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, мыналарды:»; 2) жəне 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «2) республикалық меншікке жататын, орта мерзімді кезеңге концессияға ұсынылатын

5 шілде 2014 жыл

объектілердің тізбесін қалыптастырады жəне бекітеді; 3) осы Заңның 13-бабының 3-3) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, конкурстық құжаттаманы жəне концессия шарттарын, оның iшiнде оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу кезiнде келiседi;»; 3) 10-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) республикалық меншікке жататын, орта мерзiмдi кезеңге концессияға ұсынылатын объектiлердiң тізбесін келіседі;»; 4) 13-бапта: 3-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «3-1) концессиялық жобаларды консультациялық қолдау бойынша, сондай-ақ осы баптың 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайларда сараптама жүргізу үшін заңды тұлғаларды айқындайды;»; мынадай мазмұндағы 3-2) жəне 3-3) тармақшалармен толықтырылсын: «3-2) коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша, егер концессия объектісін құру (реконструкциялау) құны 4 000 000 айлық есептік көрсеткішке дейінгіні құраған жағдайда, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уəкілетті органдар арқылы мыналар: концессиялық ұсыныстар бойынша; конкурстық құжаттама бойынша, оның iшiнде оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу кезiнде; концессионердi таңдау жөнiндегi конкурсты өткiзу кезiнде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтiнiмдер бойынша; концессия шарттары жобалары бойынша, оның iшiнде концессия шарттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу кезiнде қорытындылар əзірлейді. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уəкілетті органдар, қажет болған жағдайда, осы тармақшада көзделген құжаттарға сараптама жүргізу үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары айқындайтын заңды тұлғаларды тартуы мүмкін; 3-3) егер концессия объектісін құру (реконструкциялау) құны 4 000 000 айлық есептік көрсеткішке дейінгіні құраған жағдайда, конкурстық құжаттаманы жəне концессия шарттарын, оның iшiнде оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу кезiнде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уəкілетті орган арқылы коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша келiседi;»; 5) 15-1-баптың 5 жəне 5-1-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «5. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уəкiлеттi орган осы Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, концессиялық ұсыныстарға сараптама жүргiзу үшiн концессия мəселелерi жөнiндегi мамандандырылған ұйымды тартады. 5-1. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уəкiлеттi орган осы Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, осы баптың 5-тармағында көрсетiлген сараптаманың қорытындысын, егер жоба республикалық болса – тиiстi саланың уəкiлеттi мемлекеттiк органына, сондай-ақ егер жоба жергiлiктi болса – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарына жiбередi.»; 6) 15-2-баптың 5, 6 жəне 7-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «5. Концессиялық жобаның əзiрленген немесе түзетiлген конкурстық құжаттамасына қажеттi сараптамалар жүргiзiлгеннен кейiн тиiстi саланың уəкiлеттi мемлекеттiк органы осы Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, оны мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уəкiлеттi органға сараптама жүргiзу үшiн жiбередi. 6. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уəкiлеттi орган осы Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдай ларды қоспағанда, концессиялық жобаның əзiрленген немесе түзетiлген конкурстық құжаттамасына сараптама жүргiзу үшiн концессия мəселелерi жөнiндегi мамандандырылған ұйымды тартады. 7. Концессия мəселелерi жөнiндегi мамандандырылған ұйым жəне осы Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында көрсетілген заңды тұлғалар концессиялық жобаны iске асыру бойынша ұсынылатын шешiмдерге сараптаманың сапасы үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес жауаптылықта болады.»; 7) 16-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Тiзбенi республикалық меншікке жататын объектілер бойынша мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уəкiлеттi орган жəне коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уəкілетті органдары концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларына сараптаманың оң қорытындысы негiзiнде жəне Қазақстан Республикасының стратегиялық жəне бағдарламалық құжаттарына, республикалық жəне (немесе) жергiлiктi бюджеттердiң инвестициялық мүмкiндiктерiне сəйкес жылжымалы негiзде жыл сайын үш жыл мерзiмге қалыптастырады.»; 8) 20-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «7. Конкурсты ұйымдастырушы конкурс жеңімпазымен комиссияның шешімі негізінде концессия шартын жасасады. Ерекше маңызы бар концессиялық жобаларды іске асыру үшін конкурсты ұйымдастырушы – комиссияның шешімі негізінде, конкурс жеңімпазы конкурстық өтінімде құруды мəлімдеген, концессиялық жобаны іске асыру

мақсатында конкурс жеңімпазы құрған заңды тұлғамен (концедентке концессия шартында айқындалған көлемде жəне шарттарда осындай заңды тұлғаның міндеттемелерін орындаудың банк кепілдіктерін ұсынған жағдайда) концессия шартын жасасады.»; 9) 21-бапта: 2-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) жəне 4-2) тармақшаларман толықтырылсын: «4-1) ерекше маңызы бар концессиялық жобаларды іске асыру шеңберінде концессионердің кредиторларымен тараптардың тікелей келісім жасасуының тəртібі мен талаптары; 4-2) ерекше маңызы бар концессиялық жобаларды іске асыру кезінде валюталық тəуекелдерді реттеу тетігі;»; мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын: «4-1. Ерекше маңызы бар концессиялық жобалар бойынша концессия шартында мынадай жағдайларда: 1) концессия шартында айқындалған, концессия шартының елеулі талаптарын концессионер бұзған кезде; 2) концессия шартында айқындалған, концесия шартының елеулі талаптарын концедент бұзған кезде; 3) еңсерілмейтін күш жағдаяттарының басталуы салдарынан концессия шартын біржақты тəртіппен мерзімінен бұрын бұзу талаптары көзделуі мүмкін. Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген оқиғалар туындаған кезде концессия шартын мерзімінен бұрын бұзу нəтижесінде туындаған шығыстарды жəне (немесе) шығындарды жəне (немесе) залалдарды концессионерге өтеу тəртібі, мерзімдері жəне талаптары концессия шартында айқындалады.»; 6-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: «Концессионер кредиторларының талабы бойынша концессионер ауыстырылған жағдайда, концессия шарты бойынша концессионердің талаптарын басқаға беру жəне (немесе) борышын ауыстыру тікелей келісімде айқындалатын тəртіппен конкурс өткізбей жүзеге асырылады.»; 10) 23-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «2. Концессия шарты, орындалу мерзімі қосымша келісім жасалған күні басталған, тараптардың мiндеттемелерi орындалған жағдайда, қосымша келісім жасасу арқылы осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзім шегінде тараптардың келiсiмiмен айқындалатын қосымша кезеңге ұзартылуы мүмкiн.». 11) 4-тарау мынадай мазмұндағы 26-2-баппен толықтырылсын: «26-2-бап. Концессионер кредиторларымен жасалатын тікелей келісім 1. Ерекше маңызы бар концессиялық жобаларды іске асыру үшін концедент, концессионер жəне концессионердің кредиторлары концессиялық жобаны іске асыру мерзімі барысында тараптардың өзара іс-қимыл жасасу шарттарын айқындайтын тікелей келісім жасауға құқылы. 2. Тікелей келісімде мынадай талаптар: 1) концессия шартын бұзуға əкеп соғуы мүмкін, концессия шарты бойынша міндеттемелерді елеулі бұзу жағдайлары туралы концессионердің кредиторларын концеденттің хабардар ету міндеттемесі; 2) концеденттің келісімімен концессионердің концессия шарты бойынша өз құқықтарын кепілге беруі жəне (немесе) талаптарын басқаға беруі немесе борышты аударуы; 3) концессионер концессия шарты бойынша өз міндеттемелерін концессия шартының талаптары бойынша оны бұзуға əкеп соғатындай етіп елеулі түрде бұзған жағдайда жəне (немесе) концессионер кредиторлармен жасалған шарттар бойынша өз міндеттемелерін осындай шарттардың талаптары бойынша концессионердің осындай шарттар бойынша міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындауы туралы талап қоюға əкеп соғатындай етіп елеулі түрде бұзған жағдайда, концессионер кредиторларының концессионерді ауыстыруды талап ету, сондай-ақ жаңа концессионердің кандидатурасын ұсыну құқығы; 4) осы тармақтың 3) тармақшасында көзделген жағдайларда концессионерді ауыстыру тəртібі; 5) осы тармақтың 3) тармақшасында көзделген жағдайларда концессионер кредиторларының уақытша басқарушыны тағайындау, сондай-ақ уақытша басқарушыны тағайындау тəртібін, оның өкілеттігінің көлемі мен мерзімін айқындау құқығы; 6) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге жағдайлар көзделеді.»; 12) 27-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Егер шартты орындауға жəне тоқтатуға байланысты даулардың осы баптың 1-тармағына сəйкес шешiлуі мүмкін болмаса, онда тараптар дауды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сəйкес сот тəртiбiмен, сондайақ «Халықаралық төрелiк туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес халықаралық төрелiкке жүгiну арқылы шешуге құқылы. Ерекше маңызы бар концессиялық жобаларға қатысты концессионердің акционерлерінің (қатысушылардың) ең болмағанда біреуі Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылған жағдайда, халықаралық төрелiк тараптардың келісімі бойынша айқындалады.». 15. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат;

№ 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат): 1) 11-бап мынадай мазмұндағы 15-2) тармақшамен толықтырылсын: «15-2) акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық басқарушы холдингтердің (Ұлттық əл-ауқат қорын қоспағанда), ұлттық холдингтердің жəне ұлттық компаниялардың, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтердің құрамына кіретін ұлттық компаниялардың (Ұлттық əл-ауқат қоры тобының құрамына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда), ұлттық холдингтердің əкімшілік шығыстарының жекелеген түрлерінің лимиттерін жəне оларға мониторинг жүргізу тетігін айқындайды. Ұлттық əл-ауқат қорының, сондай-ақ Ұлттық əл-ауқат қоры тобының құрамына кіретін ұлттық компаниялардың əкімшілік шығыстарының жекелеген түрлерінің лимиттері «Ұлттық əл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес бекітіледі;»; 2) 74-бапта: 6-тармақ алып тасталсын; 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «9. Жалдаушы (жалға алушы) жалдауға берушiнiң (жалға берушiнiң) келiсiмiмен жүргiзген мемлекеттiк мүлiктi ажыратуға болмай тын жақсартудың құны Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сəйкес тиiстi бюджет қаражаты есебiнен өтеледi.»; 3) 134-баптың 2-тармағы 24) тармақшасындағы «орындау саласында жүзеге асырады.» деген сөздер «орындау;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 25) тармақшамен толықтырылсын: «25) метрополитенді пайдалану (күтіп-ұстау, дамыту), сондай-ақ метрополитенмен жолаушылар мен багаж тасымалын жүзеге асыру саласында жүзеге асырады.». 16. «Ұлттық əл-ауқат қоры туралы» 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 4, 29-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат): 8-баптың 3-тармағының 27) тармақшасындағы «Қордың» деген сөздің алдынан «Қазақстан Республикасының Үкіметі енгізетін ұсыныстар бойынша» деген сөздермен толықтырылсын. 17. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне автожол саласын рефор малау мəселелері бойынша өзгеріс тер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 13, 63-құжат): 1-баптың 4-тармағы 2) тармақшасының тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «5. Жүріп өту үшін ақы алудан түскен ақша, концессия шарты негізінде алынатын ақшаны қоспағанда, Ұлттық оператордың жеке шотында есепке алынады жəне мынадай кезектілікпен: 1) ақылы автомобиль жолдарын (учаскелерді) жөндеуге жəне күтіп-ұстауға, жүріп өту үшін ақы алудың бағдарламалық-аппараттық кешенін күтіп-ұстауға; 2) автомобиль жолдарында (учаскелерде) ақылы қозғалысты ұйымдастыруға байланысты шығыстарды қаржыландыруға жіберіледі.». 18. «Қазақстан Республикасының Ұлттық кəсіпкерлер палатасы туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 15, 80-құжат): 14-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «7) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тəртіппен тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеуді, куəландыруды жəне беруді жүзеге асырады;». 2-бап. 1. Осы Заң: 1) 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тарма ғының 6) тармақшасын; 2) 2014 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағының 1), 9), 10) тармақшаларын, 17-тармағын; 3) 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін жəне 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болатын 1-баптың 4-тармағының 3) – 5), 7), 8) тармақшаларын, 8-тармағын; 4) 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағын, 3-тармағы 5) тармақшасының оныншы – он екінші абзацтарын, 6) тармақшасын, 8) тармақшасының екінші – оныншы, он үшінші, он төртінші абзацтарын, 9), 23) тармақшаларын жəне 9-тармағын; 5) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағының 31), 32) тармақшаларын, 34) тармақшасының жетінші, сегізінші абзацтарын жəне 35) тармақшасын; 6) «Қазақстан Республикасының Ұлт тық кəсіпкерлер палатасы туралы» Қазақ стан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында белгіленген мерзімдерде қолданысқа енгізілетін 1-баптың 18-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 2. Осы Заңның 1-бабының 3-тармағы 48) тармақшасының екінші жəне үшінші абзацтары 2015 жылғы 1 маусымға дейін қолданыста болады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 2 шілде № 225-V ҚРЗ

Profile for Egemen

05072014  

0507201405072014

05072014  

0507201405072014

Profile for daulet
Advertisement