Page 1

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Шетел инвесторлары кеңесінің 28-ші отырысы өтті. Кезекті отырыстың тақырыбы – Қазақстанда агробизнесті дамыту мəселелері. Іс-шараға халықаралық ұйымдар мен ірі компаниялардың басшылары қатысты.

№104 (28582) 5 МАУСЫМ ЖҰМА 2015 ЖЫЛ

ШЕКАРАНЫ ШЕГЕНДЕУ Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен журналист Сауытбек Абдрахмановтың сұхбат кітабынан

Еліміз экономикасына инвестиция тарту тасќыны толастаєан емес Сұңғат ƏЛІПБАЙ, Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан.

Ел экономикасына қаржы тартуда маңызы зор осы жиында сөйлеген сөзінде Президент бұл шараға қатысушы инвесторлардың басым бөлігі Қазақстанды ертеден жақсы білетіндігін айтып өтті. Себебі, олардың көбі біздің елде бұрыннан жұмыс істеп келе жатқандар əрі мұндай басқосу бірінші рет өтіп отырған жоқ. Ендеше, Қазақстандағы ахуал оларға жақсы таныс. «Қазіргі уақытта біздер байқап отырған күрделі сыртқы экономикалық жағдайларға, геосаяси сын-қатерлерге қарамастан, Қазақстан экономикалық өсім мен инвесторлар үшін тартымды екендігін дəлелдеп келеді. Ағымдағы жылы жалпы отырыстың тақырыбы Қазақстандағы агробизнесті дамыту мəселесі болып отыр. Мұндай тақырыптың таңдалуы да тосыннан емес. Қазақстан жер аумағы бойынша əлемдегі тоғызыншы мемлекет, бірегей ауыл шаруашылығы ресурстарына ие», деді Мемлекет басшысы. Сонымен қатар, Елбасы Қазақстан географиялық тұрғыда дəстүрлі өңірлік нарықтарға қызмет көрсету үшін оңтайлы орналасқанын, сонымен бірге, Қытай, Үндістан жəне Таяу Шығыстың нарықтарына шығу мүмкіндігі бар екендігін баса айтты. Дегенмен, отандық жəне шетелдік инвесторлар үшін еліміздің ауыл шаруашылығы ресурстарының тартымдылық əлеуеті толық ашылмай отырғанын да атап өтті.

«Біз өз тарабымыздан түрлі елдерге азықтық астық экспортын арттырудамыз жəне жаңа нарықтар мен мұхитқа шығу үшін жаңа көліктік магистральдар салудамыз», деді Президент. Бұдан əрі Елбасы отырысты ашық деп жариялап, кеңес құрамының жаңа мүшелерімен таныстырды. «Құрметті достар, дəстүрге сай кеңес құрамы əр отырыс барысында жаңарып отырады. Ағымдағы жылы да ол жаңа мүшелермен толығады. Мен оларды сіздерге таныстырғым келеді. Олар осында отырған «Ситигруп» компаниясының Еуропа, Таяу Шығыс жəне Африка елдеріндегі бас атқарушы директоры Джеймс Коулз мырза, «Бейкер жəне Маккензи Интернешнл» фирмасының атқарушы комитетінің мүшесі, бас директорының орынбасары Эрик Шир, Еуразиялық даму банкі басқармасының төрағасы Дмитрий Панкин, «Эрнст энд Янг» жаһандық басқарушы серіктесі Кармайна Ди Сибио, «Дойче Банктің» өндіріс жөніндегі бас басқарушы директоры Сами Искандер. Барлықтарыңыздың жұмыстарыңызға табыс тілеймін», деді Елбасы. Жиын барысында кеңеске қатысушылар еліміздің аграрлық саласының даму əлеуеті мен басым бағыттарын, агроөнеркəсіп кешеніне алдыңғы қатарлы техниканы енгізу мүмкіндіктерін жəне саланың инвестициялық тартымдылығын арттыру мəселелерін талқылады. Күн тəртібіне шығарылған мəселелер негізінде баяндамашылар легін Еуропа Қайта құру жəне даму банкiнің президентi сэр Сума Чакрабарти бастады.

«Мен үшiншi рет шетелдiк инвесторлар кеңесiне Президент мырзамен бiрге төрағалық етiп отырмын. Кезектi рет Қазақстанға келгенiме қуаныштымын, өйткенi, ел халқы өте қонақжай жəне тамағы өте дəмдi. Сондықтан да бү гін ауыл шаруашылығын дамыту мə селелерi талқыға салынатыны қуантады. Жергiлiктi көптеген азық-түлiктiң дəмiн татып көрдiм, Қызылорданың күрiшi, Алматының алмасы, əлбетте, жоғары сапалы ұннан пiсiрiлген нан тiл үйiредi», деп тамсанды С.Чакрабарти өз сөзінде. Сондай-ақ, ол Еуропа банкi Қазақстанның ауыл шаруашылығында үлесiн арттырып, бұл секторды жаңғыртуға атсалысатынын жеткізді. «Бiр жыл бұрын Еуропа банкi мен Қазақстан Үкiметi реформаларды нығайтуға бағытталған келiсiмге қол қойды. Бұл серiктестiктiң аясында үлкен жұ мыс тар атқарылды. Қазақстанға бағыттайтын жыл сайынғы инвестиция көлемiн шамамен 18 пайызға арттырдық. Бұл жобалардың барлығы Үкiмет жүргiзiп жатқан реформалар аясында жасалды», дедi ол. Еуропа Қайта құру жəне даму банкiнің басшысы азық-түлiк қауiпсiздiгi мен ауыл шаруашылығы жайы бүгінде халықаралық пікірсайыстардың күн тəртiбiндегi өзектi мəселелер екенiн атап өттi. «Əлемнiң азық-түлiкке деген сұранысы жыл сайын артып келедi. Бұл ретте Қазақстан жаһандық азықтүлiк қауiпсiздiгiнде үлкен рөл атқара алады. Бұл үшiн компаниялардың өнiмдiлiгi артуы үшiн дұрыс жағдайлар

Банктіѕ ќатысу жайы ќаралєан ќабылдау

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесі аясында Еуропа Қайта құру жəне даму банкінің президенті Сума Чакрабартимен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында кеңес қызметінің негізгі бағыттары, оның жұмысын жетілдіру жолдары мен алдағы кезеңге

арналған жоспарлары талқыланды. Сонымен қатар, Қазақстан эко номикасындағы ауыл шаруашылығы

Ґнер фестиваліне барды Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана кештері» IV халықаралық өнер фестиваліне барды, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Фестиваль аясында «Оперетта кеші» атты концерт өтіп, оған Д.Назарбаева, Қазақстанның еңбек

сіңірген қайраткерлері С.Байғожин мен А.Трегубенко, Ресей Федерациясы Башқұртстан Республикасының еңбек

саласын қоса қамтитын түрлі секторларды дамытуға банктің қатысу мəселелері қаралды. Қазақстан Президенті Еуропа Қайта құру жəне даму банкі еліміздің стратегиялық серіктесі екенін атап көрсетті. – Біз негізгі бағдарламаларды жүзеге асыру аясында бірқатар халықаралық қаржы институттарымен ынтымақтасып отырмыз. ЕҚДБ біздің елімізде шағын жəне орта бизнесті дамыту, инфрақұрылым, индустрия жəне инновацияларды қоса қамтитын түрлі бағыттарда жұмыс жүргізеді. Атап айтқанда, сіздің банктің қолдауымен ауқымды «Нұрлы Жол» инфрақұрылымдық бағдарламасы жүзеге асырылуда, осыған байланысты ризашылығымды білдіргім келеді, – деді Мемлекет басшысы. С.Чакрабарти Қазақстанның инфра құрылымдық даму жолындағы бағдарының маңыздылығын атап өтіп, ынтымақтастық бұдан əрі де жемісті болады деп үміттенетінін жеткізді. сіңірген əртісі А.Каримова, халықаралық конкурстардың лауреаты М.Байнеш қатысты. Жыл сайын өтетін бұл жоба қайырымдылық мақсатындағы шара болғандықтан, барлық билет тегін таратылады. Шара мақсаты – халықтың түрлі əлеуметтік топтарына əлемдік өнердің жауһарларын тамашалауға мүмкіндік беру.

жасау керек. Егер елдегi кəсiпорындар өнiмдiлiгiн арттырып, халықаралық нарықтармен қарым-қатынасты жақсартып, инфрақұрылым құрса, олар өндiрiс көлемiн ұлғайтып, сатылатын өнiмнiң көлемiн арттыра алады», дедi Еуропа банкi президентi. Əсіресе, қазіргі кездегі геосаяси күйзеліс салдарынан халықаралық нарықтарда алшақтық туындаған кезде қазақстандық компаниялардың нақты қадамдар жасай алатынын алға тартты. Осы орайда, ол Қазақстан əлемде ең жақсы бидайды өсіріп жатқандығын, бұл өз кезегінде өңірдегі өзге экспорттаушылар алдында бəсекелестік басымдық беретіндігін атап өтті. «Ауыл шаруашылығы саласына өзгерістер қажет. Бұл тұрғыда жаңа технологиялар, жаңа капиталдар, белсенді кəсіпкерлер керек. Ауыл шаруашылығы Қазақстан үшін қазіргі кездегіден де айтарлықтай көп кіріс енгізіп, мұнай бағасына байланысты туындаған құбылыстардан сақтандыруға қауқарлы болуы тиіс. Еуропа Қайта құру жəне даму банкі Қазақстанда ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейтін болады. Біз бұл бағытқа қаржылық секторды тартқымыз келеді», деді банк басшысы. Оның сөзіне қарағанда, Қазақстан Үкіметінің қолдауының арқасында Еуропа Қайта құру жəне даму банкі агробизнес үшін жаңа бағдарламаны қосуға ниетті. Сонымен қатар, фермерлер үшін инновациялық бағдарламалар іске қосылмақ. (Соңы 2-бетте).

 Оймақтай ой Шыдамды, сабырлы адам бастаған ісінің жақсы нəтижесін көреді. Білімге құштар адам іздегенін табады. Василий ЯН.

– «Егер келіссөзге екі жақ қатысса жəне аяқталмай қойса, онда ол келіссөздің шекара мəселесі туралы болғаны» – белгісіз бір автордың юмормен айтылған осы сөзі шекара жайындағы əңгіменің қашанда шетін шығатынын көрсетеді. Тағы бір автордың «Саяси карталар қанмен боялады» деген сөзін де кездестіргенім бар. Құдайға шүкір деп айтайық, тəуелсіз Қазақстанның тарихы осы екі сөзді де теріске шығара алды. Егемендіктің елең-алаң шағынан бастап жүргізілген көп векторлы сыртқы саясаттың арқасында алыспен де, жақынмен де бірдей орнықты қарымқатынас қалыптастырудың сəті түсті. Əсі ресе, айналамыздағы елдермен мемлекеттік шекараларымызды заңды түрде, біржолата бекітіп алғанымыз – ерекше жетістігіміз. Сізге сұхбат кітабының келесі тарауының тақырыбына қатысты алдын ала жазба түсіргенімде ол əңгімені шекара мəселесін шешудің жай-күйіне арнауды ұсынғаным да сондықтан еді. – Жалпы, тəуелсіз елдің басты белгісі – заңды түрде белгіленген өз территориясы болуы. Бəрі де осыдан басталады. Демократиялық қағидаттар халықаралық қарым-қатынастарда орныға қоймаған өткен замандарда бір елдің бір елге басып кіруі, сол жерді өз иелігіне айналдыра салуы қалыпты жайға айналып кеткен. Есте жоқ ескі кезеңдерді қозғамай-ақ қояйық, бергі уақыттың өзінде шекаралас елдердің арасында жер үшін қаншама қанды қырқыс болғанын білеміз. Сондықтан да мен 1992 жылдың өзінде-ақ, Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болғаннан кейінгі Бас Ассамблеяның алғашқы сессиясында қалыптасқан шекараларды қайта қарауға шақырудың қандайлық зардаптары болуы мүмкін екенін айтқан едім. Қалыптасқан шекараларды қайта қарауға шақырудың қандайы да тек шатаққа бастайды. Мен Германияның Сыртқы істер министрі Ганс Дитрих Геншермен тəуелсіздікке дейін-ақ кездескен едім. 1991 жылғы қарашада. Сонда Геншер менің шекара мызғымастығы қағидаты туралы айтқанымды толық қолдады. Ол Еуропадағы соғыс атаулының бəрі шекараның қырсығынан шыққанын, сондай даудың бəрі насырға шапқанын айтты. Арғы замандарда талай жерлер талай мемлекеттердің қарауында болды, көбі қазір жоқ мемлекеттер. Сондықтан, бəрін тарихқа тірей беретін болсақ, шекара туралы даудың қандайының да мəні қалмайды. Адамзат шекара дауын тыюы керек. Бұл əбден-ақ есте ұстайтын сөздер. Қаншама тəуелсіз ел болсаң да шекараң ашық-шашық жатса, ол іргедегі көршілердің тарапынан түгел мойындалмаса, ондай тəуелсіздіктен береке болмайтыны белгілі. Ендеше, əуелі Қытай Халық Республикасымен, сосын көршілес мемлекеттер – Қырғызстан, Түрікменстан, Өзбекстанмен шекара мəселесін реттесек, енді Ресеймен де сондай уағдаластыққа жеткіздік. Жалпы, жер дауы, шекара мəселесі түпкілікті шешілмесе ел

ішінде тыныштық, тұрақтылық болмайды, тұрақтылық жоқ жерде экономика алға баспайды, ал бұл екеуі жоқ болса, мəдениет пен ғылымның алға жылжуы мүмкін емес, дегенім есімде. Алысқа бармай-ақ қояйық. Қазіргі қырғыз-өзбек, өзбек-тəжік арасындағы келіспеушіліктің бəрі шекарасының бекітілмегенінен болып жатыр. Ресей-Украина арасындағы жанжалдың да негізі шекара мəселесінің түгелдей шешілмеуі. – Сіз жаңа мемлекетті құрудың бастапқы белесінде шекара мəселесінде қандай ұстанымдарды басшылыққа алдыңыз? Істі неден бастадыңыз? – Наполеоннан қалған қанатты сөз көп қой. Солардың бірі – «Мемлекеттің саясатын оның географиясы айқындайды» деген сөзі. Өте дəл айтылған. Мысалы, біздің теңізге шыға алмайтын мемлекет ретіндегі сипатымыз бүкіл экономикалық саясатымызға дəйім əсер ететін болады. Сондықтан да біз теңізге шыға алатын көршілерімізбен қарым-қатынасқа ерекше құнттылықпен қарауға тиіспіз. Бұл жөнінде мен Ұлытаудағы сұхбатымда айтқанмын. «Біздің «теңізіміз» – Ресей территориясы. Біздің «теңізіміз» – Қытай территориясы. Осы екі мемлекетті теңіз деп санасақ, біз солардың жағасында тұрмыз, дегенмін. Əрине, ол айтқаным – бейнелі сөз. Экономикалық интеграция арқылы шекара шептерін кеңейте алатынымызды білдіргенім. Бірақ, Қазақстанның теңізге тікелей шығатын мүмкіндігі жоқ мемлекеттер қатарында қала беретіндігі де анық. Сондықтан біз үшін шекараның мəні тіпті бөлек. Шекара мəселесі, яғни еліңнің сыртқы шептерінің қай мемлекетпен шектесетіндігі тікелей мемлекеттілігіңнің тағдырын айқындай алатын мəселе. Сондықтан да біз тəуелсіздігіміздің таңсəрі шағындаақ геосаяси жағдайымыздың өзіндік ерекшелігі елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ең алдымен саяси құралдарға, оның ішінде көкейге қонымды, сарабдал дипломатияға арқа сүйеуді талап ететінін нақты түсіндік. Сөйттік те ұлттық қауіпсіздік стратегиясының негізгі қағидаттары елдің мемлекеттік жəне аумақтық тұтастығын бəрінен бұрын бейбітсүйгіш саясат, қалыптасқан шекаралардың мызғымастығын қорғау арқылы қамтамасыз ету болуға тиіс деп белгіледік. 1991 жылғы аласапыран кезінде бет-бетімен кетудің азақ алдында тұрған кеңестік рес публикалар басшыларының басын Алматыда қостырып, Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығын құрған Алматы Декларациясында кеңестен кейінгі республикалардың мемлекеттік шекаралары КСРО тараған кездегі бұрынғы кеңестік республикалардың əкімшілік-аумақтық шекаралары болады деп көрсетілуіне қол жеткіздік. Ресми түрде белгіленген, бекітілген шекараны қай мемлекеттің де бір жақты бұзуы немесе қайта қарауға тырысуы халықаралық құқыққа қайшы келеді деген ұстаныммен Алматы Декларациясына қол қоюшылардың бəрі де келісті.

(Соңы 4-5-беттерде).

«Бəйтерек» кешені кешіге беретін сыѕайлы Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен палатаның кезекті отырысы болды. Күн тəртібіне бірқатар маңызды заң жобалары шығарылған екен, сенаторлар оларды талқылауға қызу қатысты. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

Талқыға түскен бірінші заң жобасы Қазақстан мен Ресей Федерациясы Үкіметтерінің арасында «Байқоңыр»

ғарыш айлағында «Бəйтерек» ғарыштық зымыран кешенін құру туралы 2004 жылдың 22 желтоқсанында қол қойылған келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы екен. Бұл Қазақстанды ғарыштық

Елшімен салиќалы əѕгіме Мəжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Гурм бен Саид Əл Малханды қабылдады. Мəжіліс Спикері мейманды елшілік қызметке тағайындалуымен құттықтап, өзара ынтымақтастықты дамыту жолындағы жұмысына табыс тіледі, деп хабарлады Мəжілістің баспасөз қызметі. Қабиболла Жақыпов елшіге тəуелсіздік алған жылдардан бергі жетістіктер

жайлы əңгімелеп, ел дамуындағы негізгі бағдарламаларға, соның ішінде,

державалардың қатарына толыққанды енгізетін маңызды жоба болып табылды. Алайда, соны құрып, іске қосу мəселесі үміттен гөрі күдікті молырақ тудыратындай. Өзге емес, тіпті, заң жобасы туралы баяндама жасаған Аэроғарыш комитетінің төрағасы Талғат Мұсабаевтың өзі де соған сене қоймайтындай көрінді. (Соңы 10-бетте). «Қазақстан-2050» Стратегиясына, Қазақстан Президентінің бес институттық реформасы мен оны орындаудың «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарына тоқталды. Палата Төрағасының атап өткеніндей, қазіргі уақытта Мəжілістің алдында тұрған ең маңызды міндет – Елбасы бастамаларын сапалы заңдармен қамтамасыз ету. (Соңы 10-бетте).


2

www.egemen.kz

5 маусым 2015 жыл

Еліміз экономикасына инвестиция тарту тасќыны толастаєан емес (Соңы. Басы 1-бетте). Еуропа Қайта құру жəне даму банкi президентiнің баяндамасына Елбасы қолдау білдірді. Қазақстандағы азықтүлік сапасын жоғары бағалағаны үшін сэр Сума Чакрабартиге Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев алғысын айта отырып, мұның өзі еліміздегі агроөнеркəсіптік кешеннің дамуына зор көмек екенін атап өтті. «Сіз Қазақстанның тамағы жақсы дедіңіз. Егер Еуропа Қайта құру жəне даму банкінің президенті жүрген жерінде қазақтың азық-түлігін насихаттап жүрсе, мұның өзі агроөнеркəсіптік кешеннің дамуына көмек болады», деді Мемлекет басшысы. Отырысты бұдан əрі еліміздің Инвестициялар жəне даму министрі Ə.Исекешев жалғастырды. Министр өз кезегінде жүзеге асырылып жатқан жобаларда жергілікті қамту үлесін арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайында айтып берді. «Сіздің тапсырмаңызға сəйкес, жүзеге асырылып жатқан ірі жобаларда жергілікті қамту үлесін арттыру бо йынша шетелдік компаниялармен тиісті жұмыстар жүргізілді. Бұл тұрғыда «ТШО», «Қарашығанақ», «Астана ЭКСПО-2017», «Абу Даби Плаза» секілді ірі жобалар қамтылды», деді Ə.Исекешев. Оның айтуынша, ТШОны кеңейту жобасы бойынша жергілікті қамту үлесін арттыруға келісіммен қол жеткізілді. Осы орайда 116 қазақстандық компанияның тізімі жасалған жеткізушілердің базасы құрылды. «Қарашығанақ», «ЭКСПО-2017» жəне «Абу Даби Плаза» жобасы бойынша осындай жұмыстар жүргізілуде. Жергілікті өндірушілердің базасы жасалып, алғашқы шарттар іске асырылып жатыр. «Бастапқы нəтижелерге қарамастан, осы жұмыстың əлеуеті толық ашылған жоқ. Біз бұл бағыттағы шараларды инвесторлармен жалғастырып, тауарлар сертификациясына, персоналды оқытуда, өнім сапасын арттыруда көмек жасауға екпін жасаймыз. Осындай жоспарды əрбір ірі инвестормен құруды көздеп отырмыз, яғни жобалар айналасында шағын жəне орта индустриялық сервистік компаниялар құру жоспарда бар», деді министр. Сонымен қатар, «Назарбаев Универ ситет» зияткерлік инновациялық кластерінің аумағында əлемдік танымал компаниялар корпоративтік орталықтарын орналастыратыны айтылды. «Астана бизнес кампус» ғылыми саябағы аумағына əлемдік деңгейдегі жоғары технологиялық компанияларды тарту мақсатында 90-нан астам компаниялармен келіссөздер жүргізіліп, алтауымен меморандумдарға қол қойылған. Бүгінгі таңда ірі шетелдік компаниялар Қазақстандағы бұрынғы өндірістерін кеңейтіп, жаңа өндіріс ошақтарын құру бойынша жұмыстарын жалғастыруда. Ə.Исекешевтің хабарлауынша, былтыр шетелдік инвесторлар осы кеңесте бірқатар мəселелер бойынша, атап айтсақ, экология, салық салу жүйесінде, зияткерлік меншік, əкімшілік кедергілерді азайту мен инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша бірқатар ұсыныстар айтқан болатын. Осы ұсыныстар негізінде біраз жұмыстар атқарылған. Үш заң қабылданып, тағы үш заң жобасы əзірленіп жатыр. «Ерекше атап өткім келетіні, кеңес аясында үш жұмыс тобы бар, осы жұмыс топтары кеңесте айтылған тапсырмаларды орындау үшін егжей-тегжейлі жұмыс істейді. Жұмыс топтары аясында ел экономикасына инвестиция тарту мəселесі пысықталады. Бүгінгі таңда «Global» тізіміндегі 25-тен астам

ірі инвесторлар өздерінің осындағы өндірістерін кеңейту жəне жаңа өндіріс ашу үшін жұмыс істеп жатыр. Олардың арасында «Тойота», «Кока-кола» сияқты ірі инвесторлар бар», деп атап өтті министр. Сонымен қатар, «Жібек жолы» бағдарламасының ынтымақтастығы аясында қытайлық əріптестермен бірқатар жобалар жүзеге асырылмақ. «Мұның барлығы Қазақстанға деген сенімді көрсетіп отыр. Біз бұдан былай да ірі əлемдік корпорациялар сияқты орта инвесторлармен ынтымақтастықты күшейте береміз», деді Ə.Исекешев. Əсет Исекешевтен кейін сөз кезегі «Шетел инвесторларының қазақстандық кеңесі» қауымдастығы басқармасының төрағасы Ульф Вокуркаға берілді. 2014 жылы əлемде тiкелей инвестициялар айтарлықтай қысқарған, бiрақ бұған қарамастан Қазақтанға тартылатын тiкелей инвестициялар деңгейiнiң тұрақтылығы сақталып отыр, деді Ульф Вокурка. Өткен жылы əлемдiк тiкелей инвестициялар 8 пайызға, ал экономикасы өтпелi елдерде тiптi 50 пайызға дейiн қысқарды. Бұған қарамастан Қазақстанда тiкелей инвестициялар ағынының тұрақты деңгейi сақталып отыр. Оның айтуынша, соңғы бес жылда Қазақстанға тұрақты түрде жыл сайын 20 млрд. долларға жуық инвестиция тартылған. «Қазақстанда индустрияландыру бойынша жақсы бағдарлама бар, бұл бағдарламаны шетелдiк инвесторлар жан-жақты қолдап отыр», дедi ол. Кеңестің кезекті отырысы ауыл шаруашылығы тақырыбына арналып отырған соң негізгі баяндама Ауыл шаруашылығы министрі А.Мамытбековтің еншісінде болды. Министрдің баяндауынша, Қазақстанның ауылшаруашылық өнімдері экспорты соңғы 10 жылда 3 есе артты. Ал ауыл шаруашылығындағы өндіріс көлемі шамамен 4 есеге өсті. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі 2004 жылғы 44 млрд. теңгеден 2014 жылы 166 млрд. теңгеге дейін ұлғайды немесе 4 есеге өсім көрсетті. Министрдің пайымынша, бұл көрсеткіштер Елбасы Н.Назарбаевтың басшылығымен мемлекетте қолға алынған теңгерімді, мақсатты аграрлық саясаттың тиімді жүзеге асырылуының нақты нəтижесі болып табылады. Дегенмен, ауыл шаруашылығының бірқатар бағыттарының болашағы зор, бірақ əлі де болса пайдаланылмай отырған əлеуеті бар. Мəселен, ЭЫДҰ бағалауынша, зор табиғи мүмкіншілігінің, яғни мол мал жайылымы мен географиялық тұрғыда қолайлы орналасуының арқасында Қазақстан ет экспортында айқын басымдыққа ие. Қазақстан 180 млн. гектар мал жайылымына ие əрі əлемде сиыр етін ең көп импорттайтын екі ел – Ресей жəне Қытаймен шектеседі. А.Мамытбеков алға тартқан деректерге сүйенсек, өткен жылдың ішінде ғана Ресей мен Қытай жалпы құны 5 млрд. долларды құрайтын 1 млн. тоннаға жуық сиыр етін сырттан сатып алған. Азық-түлік тауарларын қайта өңдеу үшін шетелдік трансұлттық компанияларды тарту жөніндегі Елбасының тапсырмасы бойынша он бес жоба дайындалған. Олардың жалпы құны 1 млрд. доллардан астам, 250 млрд. теңгеге жуық. Олар құс етін өндіретін, ет өңдейтін, май шығаратын, астықты терең өңдейтін кəсіпорындар болмақ жəне Қазақстанның барлық облыстарында орналасатын болады. Бұлар тек өңдейтін өнімнің үлесін ұлғайтпай, біздің экономикамызға жаңа технология, жаңа бизнес үлгісін əкеледі деп сенеміз. Мысалы, құс етін өндіретін үш фабриканың жалпы қуаттылығы 90 мың тонна болады, бұл біздің

импортымыздың жартысынан артық. Міне, ауыл шаруашылығы саласына осындай үлкен үлесін қоспақшы. Осы он бес жобаның ішінде «Еуразия холдинг» деген компания мал бордақылайтын үш алаң салмақшы. Ол бордақылау алаңдарында тек сиыр еті ғана емес, қой еті де өңделеді. Қой еті араб елдеріне, Еуропаға экспортталады. Оған қоса, жылқы етін де экспорттау жоспарда бар. Сонымен қатар, өндірілген тауарларды сату мүмкіндігін де ашуымыз керек. Бізге келіп жатқан шетелдік компаниялардың өздерінің қалыптасқан сату жолдарын пайдаланбақшымыз. Осы он бес жобаның капиталының ішінде үлкен шетелік компаниялар да бар. Олар Қазақстанда өндірген тауарларын өздерінің қалыптасқан сауда-саттық қатынастары арқылы экспортқа шығармақшы. Министрдің айтуынша, бұл жобалардың кейбіреуі басталып кеткен, кейбіреулері енді басталмақшы. «Жобалар бойынша қаржы көздері тартылып жатыр», деп атап өтті А.Мамытбеков. Жиын барысында, сондай-ақ, «Бейкер жəне Маккензи Интернешнл» компаниясы бас директорының орынбасары Э.Шир, «Филип Морис Интернешнл» компаниясының аға вицепре зиденті Н.Дэнис, «Ситигруп» бас атқарушы директоры Дж.Коулз, «Эрнст энд Янг» жаһандық басқарушы серіктесі К.Ди Сибио, «Дойче Банк АГ» басқарушы директоры П.Тильс, «Делойт СНГ» басқарушы серіктесі И.Коулберн, «Русские машины» директорлар кеңесінің төрағасы З.Вольф күн тəртібіндегі негізгі мəселелер бойынша өз пікірлерін ортаға салды. Баяндамашылар сөйлеп болған соң Шетел инвесторлары кеңесінің 28-ші жалпы отырысын Елбасы қорытындылады. Қазақстан үшін аграрлық сектордың дəстүрлі түрде орасан зор маңызы бар екенін, ол халықты еңбекпен қамтудың үлкен саласы екендігін, сонымен қатар, болашақта экономиканы əртараптандырудың басты көздерінің бірі болып табылатындығын атап көрсетті. Біз ауыл шаруашылығын дамыту үшін əлемдегі үздік жағдай мен əлеуетке иеміз. Қазақстанның ауыл шаруашылығына жарамды жерінің көлемі 215 миллион гектарды құрайды. Бұл – əлемдік ресурстардың 4 пайыздан астамы. Австралия жəне Канадамен қатар Қазақстан əр тұрғынға шаққанда егістік жер көлемі жөнінен əлемдегі алдыңғы орындардың біріне ие. Табиғи климаттық белдеулердің əртүрлілігі жəне топырақ құнарлылығы бізге əртүрлі бағыттар – бидай, күріш, майлы жəне азықтық дақылдар, ет пен сүт бағыттары бойынша бəсекелестік қуатқа ие болу мүмкіндігін береді. Қазақстан əлемде ірі астық экспорттаушы елдердің ондығының қатарына кіреді. Жылма-жыл Орталық Азия елдеріне 6 миллион тонна, Еуропалық одақ елдеріне 2 миллион тоннаға дейін астық экспортталады. Бүтіндей алғанда, қазақстандық экспорттың географиясы 70 елді қамтиды, дей келе азықтүлікпен қамту мəселесі жаһандық дамудың негізгі тақырыптарының бірі болып табылатындығын атап көрсетті. БҰҰ болжамы бойынша, 2025 жылға таман жер шарындағы адамдар саны 8 миллиардтан асса, 2050 жылға таман 9 миллиард адамға жетуі мүмкін. Алдағы 15 жылда орта тап тұтынушыларының саны қазіргіден 3 миллиардқа асып, 4,8 миллиард адамға жетпек деген болжам бар. Бұл өсімнің 90 пайызы Қазақстанның өңірлік əріптестері Қытай мен Үндістанның үлесіне тиеді екен. Қазақстанда аграрлық бизнес пайдалы жəне экономика үшін маңызды бола

түсуде екендігін еске салған Елбасы осы ретте қолда бар əлеуетті толық пайдалану жөнінде мемлекет тарапынан мақсатты жұмыстардың қолға алынғандығын айтып өтті. «Агробизнес-2020» кең көлемді бағдарламасы жүзеге асырылуда. Оның аясында елдің агросекторы 16 миллиард доллардан астам қаржыға инвестицияланатын болады. Тек соңғы 4 жылдың өзінде мемлекет агроөнеркəсіптік кешенге 5 миллиард доллардан астам инвестиция салды. Бірақ, бүгінгі күні қолда бар осынау зор əлеуеттің шағын бөлігі ғана пайдаға асырылуда. Елбасы əзірге аграрлық сектордың елдің экономикалық дамуына, оның əртараптануына елеулі үлес қоса алмай келе жатқандығын ортаға салды. Соңғы бес жылда өнімдер импорты 45 пайызға өсіп, оның жылдық көлемі 4 миллиардтан асты. Ірімшік пен құс етінің тең жарымы, шұжық пен май өнімдерінің 40 пайыздан астамы сырттан келуде. «Осылардың барлығын біз ел ішінде де өндіре аламыз. Демек, осы іске инвестиция салуға кім дайын болса, соларға өндірген өнімді өткізудің кепілді рыногы да дайын», деп атап көрсетті Елбасы. Өңдеу секторын дамыту үшін де үлкен əлеует бар. Мысал үшін, бүгінгі күні елде өндірілетін астықтың тек 1 пайызы ғана макарон бұйымдарын шығаруға жұмсалады. Қазақстан өзіндік бренд өнімдер өндірісі мен экспортын əлдеқайда кеңейте алады. «Міне, көріп отырсыздар, бізде аграрлық секторды дамытудың өте үлкен мүмкіндіктері мен резервтері бар. Соңғы жылдары шетелдік инвестициялардың жыл сайын тек 1 пайызы ғана ауыл шаруашылығына келеді. Қолда бар əлеуетті пайдалану үшін Үкімет мынадай бағыттар бойынша бірқатар шараларды жүзеге асыруда», деген Елбасы оларға жеке-жеке тоқталып өтті. Бірінші – қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру. Елбасы бұл ретте ел экономикасына, оның орнықты дамуын қамтамасыз етуге инвесторлар қосқан үлестің жоғары бағаланатындығын айтты. Соңғы 10 жылда Қазақстан 200 миллиард доллардан астам шетелдік инвестицияларды тарта алды. «Бұл – инвестициялық ахуалға сіздердің беріп отырған жоғары бағаларыңыз бен сенімдеріңіздің көрсеткіші. Қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыру біздің басым бағыттарымыздың бірі болып табылады жəне солай болып қала береді, деген Елбасы біздің елімізде жұмыс істеп жатқан инвесторлар мен сарапшылар бүгінгі күні Қазақстанда өңір бойынша алғанда ең үздік инвестициялық жағдай жасалған деп бағалағандығын еске салып өтті. «Басымдық берілген салаларда инвесторлар корпоративтік табыс салығы мен жер салығын төлеуден 10 жыл мерзімге, мүлік салығынан 8 жылға дейін босатылған. Инвесторға салық заңдарының тұрақты болатындығына кепілдік беріледі. Оның үстіне мемлекет нысандар іске қосылып, пайдалануға берілгеннен кейін жұмсалынған капитал шығынының 30 пайызына дейінін өтеп беруге шешім қабылдады. Біз ашық еңбек рыногын қалыптастырудамыз. Инвесторлардың жобаны жүзеге асырудың бүкіл кезеңінде жəне нысан пайдалануға берілгеннен кейін тағы бір жылға ешқандай бір квота мен рұқсатсызақ шетелдік жұмыс күштерін тартуға мүмкіндігі бар. Осы артықшылықтардың барлығы агроөнеркəсіптік секторға да қолданылады. Менің ойымша, инвесторларға осындай жағдайды ұсынатын елдер əлемде өте аз болар», деді Елбасы. Екінші – өңдеуді дамыту жəне трансұлттық компаниялар тарту. Мұндағы басты мақсат – ауыл шаруашылығы өндірісін

жоғары тиімді, əртараптандырылған жəне экспортқа бағытталған өңдеу секторының базасы ретінде дамыту. Ет жəне сүт бағыттарында əлемдегі жетекші компаниялармен стратегиялық əріптестік жағдайында үш жыл ішінде елдің ішкі рыногында жəне сыртқы экспорттық рыноктарда сапалы, экологиялық таза өнімдерді жеткізуші ретінде елеулі орын алу мақсаты көзделеді. Үшінші – ғылым мен инновацияны дамыту жəне кадрлар əзірлеу. Саланың бəсекелестікке қабілеттілігі табиғи ресурстарды тиімді де ұқыпты пайдалану технологияларының қаншалықты тиімді болып шығатындығына бүтіндей байланысты. Бүкіл əлемде ауыл шаруашылығы жоғары технологиялы салалар қатарына өтуде. Мəселен, өткен жүз жылдықтың 80-ші жылдарында Бразилия, Чили, Австралия, Жаңа Зеландия секілді елдер мемлекеттік қолдауды өндірісшілерді тікелей субсидиялаудан ғылыми-зерттеулер мен əзірленімдер пайдасына қарай бұрды. Мұндай саясат нəтижесінде өндірістік өсім қарқыны еселеп артты. «Біз осы тəжірибелерді барынша оқып-үйренуге тиіспіз. Бүгінгі күні дамыған елдерде фермер шаруашылықтары ғылымизерттеу институттарына бекітілген. Ол институттар мониторинг, зерттеулер жүргізіп, нақты ұсыныстар əзірлейді. Бұл фермерге өнімділікті арттырып, жаңа технологияларды енгізуге үлкен артықшылықтар береді», деген Елбасы қазіргі күні ғылым жəне білім беру инфрақұрылымдарын жақсарту жөнінде жұмыстардың жүргізіліп жатқандығын айтты. Елдің үш ірі аграрлық жоғары оқу орны бір ғылым-білім орталығын құру үшін біріктіріледі. Орталықтың міндеті – қолданбалы ғылымды дамыту проблемасын шешу, кадрлар əзірлеу жəне қазіргі заманғы технологияларды енгізу. Біз Қазақстандағы аграрлық салада таяудағы бес жылдың ішінде жетекші өңірлік зерттеу жəне білім беру орталығын құру үшін үздік халықаралық əріптестерді тартуға ұйғарым жасап отырмыз. Мен Қазақстандағы аграрлық өндірісті дамытуға қазірдің өзінде нақты үлес қосып отырған барлық инвесторларға алғысымды білдіремін. Мəселен, «Филип Морис» компаниясы Алматы облысында «Агробизнес орталығын» құрды. Онда фермерлер дақылдар өсірудің, тамшылатып суарудың, жылыжай шаруашылығының, тыңайтқыштар қолданудың жаңа технологияларына оқытып, үйретіледі. Мұндай жобалар мемлекет тарапынан барынша кең қолдауға ие болады. Сондай-ақ, «Бейкер жəне Маккензи» компаниясының атқару комитетінің мүшесі Эрик Ширдің баяндамасында айтылған координаттық жер өңдеуді дамыту жөніндегі ұсынысы да қызықты. Үкіметке бұл мəселені нақты зерттеп, оны жүзеге асыруға кірісу керек, деді Мемлекет басшысы. Төртінші – институттық реформаны жүргізу. Елбасы бұл ретте елде кең көлемді институттық реформаларды, соның ішінде, Қазақстандағы инвестициялық ахуалды одан əрі жетілдіру бағытында жұмыстардың қолға алынғандығын айтып өтті. Бұл реформалар қазіргі заманғы мемлекеттік аппаратты қалыптастыруды; заңның үстемдігін қамтамасыз етуді; индустрияландыру мен шағын жəне орта бизнесті дамытуды; болашақтың біртұтас ұлтын қалыптастыруды; транспарентті жəне есеп беретін мемлекетті құруды көздейді. «Институттық реформаны орындау жөнінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспары қазірдің өзінде қабылданды. Онда ауыл шаруашылығына арналған ашық та тиімді жер рыногын құру,

сондай-ақ, мен жоғарыда айта кеткендей, трансұлттық компанияларды өңдеу секторына белсенді тарту мəселелері де қарастырылған. Көзделіп отырған қайта құру шараларын тиімді жүзеге асыру сапалық тұрғыдан жаңа институттық ортаны қалыптастыруға мүмкіндік береді жəне Қазақстанды инвестициялар үшін одан əрі тартымды етеді деп сенемін», деді Мемлекет басшысы. Елбасы осыған орай барлық əлеуетті инвесторларды Қазақстандағы, соның ішінде, агробизнестегі инвестициялау жөніндегі мүмкіндіктерді ықылас қоя отырып, тереңірек зерттеуге шақырды. Осы күннің өзінде жекелеген компаниялар басшыларының жоғары халықаралық стандарт бойынша сиыр еті өндірісін құру жөнінде ұсыныспен шыққандығын айтып, Үкіметке ұсынысты қолдай отырып, бұл компаниялармен келіссөздер жүргізу жөнінде тапсырма бергендігін жеткізді. «Барлық инвесторларды Қазақстандағы агроөндірісті дамытуға қаржы салуға шақырамын. Мұның біздің барлығымыз үшін пайдалы болатындығына сенімдімін. Инвестициялық үдерісте қажетті қаржы инфрақұрылымның болуы үлкен рөл атқарады. Осы мақсатқа орай, «ЭКСПО-2017» базасында «Астана» халықаралық қаржы орталығын құру көзделіп отыр. Сондықтан, кеңестің келесі 29-шы отырысының күн тəртібін «Астана – Халықаралық қаржы орталығы» деген тақырыппен осы мəселеге арнауды жəне оны Астанада өткізуді ұсынамын», деді. Елбасы кеңес жұмысын жетілдіру жөнінде ұсыныс енгізуге тапсырма берді. «Өткен 18 жылда қазіргі кеңес өзінің жоғары тиімділігін дəлелдеді. Бірақ, бүгін Қазақстанның алдында қағидатты жаңа міндеттер тұр. Осыған сəйкес біздің инвесторлармен жұмысымызды неғұрлым белсенді етудің мүмкіндіктерін қарастыруымыз қажет», дей келе, отырысқа қатысқан инвесторларға қызықты баяндамалар, ұсыныстар, түсіндірмелер жасағандары үшін алғысын білдірді. «Сіздердің кеңес жұмысын көп жылғы қолдауларыңызға, сондай-ақ, Қазақстандағы инвес тициялық ахуалды жақсарту ісіне орасан зор үлес қосқандарыңызға жоғары баға беремін», дей келе мұнан кейінгі бірлесіп атқарылатын істерге табыс тіледі. Шара барысында, сондай-ақ, Қазақстанның агроөнеркəсіп кешені жетістіктерінің көрмесі ұйымдастырылды. Ал сарай алдындағы алаңда отандық ауылшаруашылық техникасының көрмесі өтті. Онда отандық СемАЗ жəне АгромашХолдинг компанияларында құрастырылған техникалармен қатар, Қазақстанда шығарылуы жоспарланып отырған шетелдік ауыл шаруашылығы техникалары да болды. Шетел инвесторлары кеңесі 1998 жылы шетелдік инвесторлардың елдегі инвестициялық қызметіне байланысты түйткілді мəселелерді жəне Қазақстандағы инвестициялық ахуалды тиімді шешу, Үкімет пен шетел инвес торлары арасындағы тікелей үнқатысуды қамтамасыз ету үшін құрылған болатын. Кеңестің басты міндеті – инвестициялық саясат пен елдің экономикалық даму аспектілері жөнінде Қазақстан Президенті мен Үкіметінің қарауына ұсы нымдар мен ұсыныстар жасау. Міне, бұл міндет 28-ші рет өткізіліп отырған жиында да өз үдесінен шықты. Ал кеңестің келесі отырысы, Елбасы ұсынғандай, Астанада халықаралық қаржы орталығын құру мəселесіне арналмақ.

–––––––––––––––––– Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.


3

www.egemen.kz

5 маусым 2015 жыл

ЎЛТ ЖОСПАРЫ. 5 РЕФОРМА ЖƏНЕ 100 ЌАДАМ Кемел келешек білімнен басталады Оңдасын ƏШІМОВ,

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық ғылым академиясының академигі.

Ќиял мен ќиян емес, жїзеге асар баян Уəлихан ҚАЛИЖАНОВ, М.Əуезов атындағы Əдебиет жəне өнер институтының директоры, ҰҒА корреспондент-мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Əлемдік даму үдерісі ешбір мемлекетті алаңдатпай қоймайды. Сондықтан да, қазіргі жаһандану дəуіріндегі кəрі құрлық мемлекеттері болсын немесе жас мемлекеттер болсын экономикалық, саяси-рухани тығырықтан шығу үшін болашақты болжап, тарихты өлшеп, адамзат өркениетінің даму жолдарын қарастырып жатыр. Бұл тұжырымдар Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институттық реформасын жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадамын» айқындаған қазіргі заманғы Қазақстанның даму жолдарын көрсеткен басым бағыттарын оқығанда ойға оралды. Өйткені, Нұрсұлтан Назарбаев елге ұсынған қадамдарды дайындау барысында өркениет қалыптастырған еуропалық, шығыстық тəжірибелерді түгел сараптағаны анық. Сөйтіп, солардың Қазақстан жағдайында пайдалану критерийлерін айқындады. Ата-баба дəстүрі, ұлттық тəлімтəрбие ұштастырыла қарастырылуы керек. Сондықтан Тəуелсіздігіміздің 25 жылдығы қарсаңында кешегі кеңестік жүйеден кіндігін үзген Қазақстанның даму жолдары қандай болмақ? Міне, осы сұрақтар Нұрсұлтан Назарбаевты үнемі алаңдатты. Сондықтан да «əуелі экономика сонан соң саясат» деген ұстынға келді. Қазақстан жолы – Нұрсұлтан жолы. Бұл – заңды құбылыс. Өйткені, кешегі кеңестік жүйенің құндылықтарын жаңа заманға сай қайта құрып, егемен елдің тəуелсіздігін мықты қолда ұстау үшін мемлекет басқарудың жаңа жүйесі қажет болды. Президенттік басқару жүйесі енгізілді, мықты өкімет жəне қос палаталы өкілетті Парламентті қалыптастыру жүйесі қалыптасты. Конституциялық Кеңес құрылды, бюджеттің атқарылуын бақылайтын Есеп комитеті тікелей Президент Əкімшілігіне бағынышты орган мəртебесін алды. Тəуелсіз сот жүйесі енгізілді. Осындай реформаторлық нəтижесінде, Президент ақылға бай, əлем экономистері мойындаған ұлы тұлғаға айналды. Мұның бəрі болашақты болжайтын, тарихты ойлайтын Елбасының нағыз халық сүйіспеншілігіне бөленуіне жол ашты. Бұған жақында ғана өткен кезектен тыс Президент сайлауында Нұрсұлтан Əбішұлының 97,5 пайыз дауыс алғанын айтсақ та жеткілікті. Бұған не себеп болды? Əрине, «НұрОтан» партиясының съезінде жария етілген Қазақстан дамуының бес институттық бағдарламасының шешуші рөл атқарғанын айтуға тиіспіз. Жəне Президент осы бағдарламаларды жүзеге асырудың 100 нақты қадамын жария ететінін мəлімдеген болатын. Өркениетті 50 елдің, енді 30 елдің қатарына қосылу идеясымен үндесіп жатқан 100 қадам не үшін қажет? Міне, осы сауалдарға жауап тапқанда ғана біз Президент ойының қиял мен қиян емес, жүзеге асар баян екеніне көз жеткіземіз. Мемлекет пен қоғам əлем дік даму үдерісіндегі жан ды организм іспетті. Пре зидент Тəуелсіздіктің 24 жы лында Қазақстанның дер бес мемлекет ретінде орныққан, нарықтық экономикаға бейімделген, демокра тия лық үрдістегі сөз бен ар-ождан бостандығы қамтамасыз етілген көпұлтты Қазақ елінің мызғымас орнын қалып тастырды. Тəуелсіз дік тің

туын берік тікті. Қазақстан халқының ортақ шаңырағы, ортақ құндылығы – ұлттық татулық пен ұлттық бірлікке қол жеткізілді. Енді осы таптаурын жолмен жүре беру керек пе? Əлде дамудың басқа да жолдары бар ма? Қазақстан қоғамында қордаланған, қалай шешілуге тиіс мəселелер жоқ па? Əрине, осындай сұрақтар Елбасы, Мемлекет басшысының ойынан бір сəт шықпағанына мен сенімдімін. Өйткені, журналистік қызметімде Нұрсұлтан Əбішұлының ресми кездесулерден соң, барған елдің іс адамдарымен, қоғам қайраткерлерімен түн ауғанша əңгімелесіп, қойын кітапшасына қажетті деректерді, ұсыныстарды түртіп алып отыратынын, кейін оларды екшеп, ой елегінен өткізіп, Қазақстан жағдайына бейімдеп, дамытып пайдаланатынына талай көз жеткізгенмін. Бұл Елбасының тамаша қасиетін көрсетеді. Ол үздіксіз іздену, үйрену жəне тəжірбиеден іске асыру тетік терінің үйлесімін табу қасиетінде жатыр. Журналист болып жүрген кезімде Сингапурде Ли Куан Ю мырзамен Президент Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев арасында болған əңгімені жазып алып едім. Енді сол əңгімеден қысқа үзінді ұсынғым келеді. Н.Ə.Назарбаев: − Қалай ойлайсыз, болашақта бұл аймақта Қытай қандай рөл атқарады? Ли Куан Ю: – Қытай енді бір 30 жылда алдына жан салмайтын мемлекет болады. Қазір 120-130 миллион қытайлық Шығыс жағалауында қара жұмыс істейді. Бірақ олар Қытайға доллар тоғытып жатыр. Басқа аймақтардағы қытайлықтарды есеп теңіз. Əрине, Қытайға оңай емес. АҚШ Қытаймен сауда жасағысы келмейді. Олар Жапониямен жұмыс істегенді тəуір көреді. Дегенмен, тауар үшін сауда алаңы керек. Ол қайда: көп халқы бар Қытайда. Қы тай дың ішкі резервтері баршылық. Жоғарыда айтқанымдай, сыртта жүрген қытайлықтардың бəрі Қытай экономикасына жұмыс істейтінін ұмытпау керек. Мəселен, Горбачев бизнестің өз заңы бар екенін түсінбей-ақ кетті, экономика үшін ырғақтылық қажет. Ресей шетте жүрген 20 миллионнан астам орысты өз экономикасына тартқанда əлдеқашан кризистен шыққан болар еді. Н.Ə.Назарбаев: − Сіз Ватанава екеуіңіз АҚШ Президенті Клинтонға бұл аймақтан кетпеу жөнінде хат жазған жоқ па едіңіз? Ли Куан Ю: – Рас. Ондай хат жазғанбыз. Ондай болмаған жағдайда Қытайдан оқыс мінез күтуге болады. Н.Ə.Назарбаев: − Қандай? Ли Куан Ю: – Бізге күшті АҚШ, күшті Қытай керек... Н.Ə.Назарбаев: − АҚШ Сингапур өз жетістігі үшін бізге қарыздар, соны өтесін деп жатқан сыңайы бар. Бұған не дейсіз? Ли Куан Ю: – Америка Құрама Штаттарының көмегінсіз, инвестицияларынсыз біз мұндай деңгейге тез көтеріле алмайтын едік. АҚШ-тың корпорациялары ірі қаржы жұмсады. Мəселен, Жапония бізге өзінің озық технологиясын бермеді. Сондықтан да, жастарымызды АҚШ-қа оқуға жібердік, қажетті мамандар даярладық, халқымыз түгел ағылшын тілін меңгерген. Технологияға ие болу – прогрестің өзі. Сондықтан да АҚШ-тан қашудың қажеті жоқ, пайдалана білу керек... Бұл əңгімені мен осыдан ширек ғасыр бұрын жазып алып едім. Енді Қазақстан қандай, оның тарихи жолы қандай? Қазақстан ұлттық келбетін, ұлтаралық татулығын сақтай отырып, Қазақстан

халқы Ассамблеясын құрды. Оны заңмен бекітті. Міне, шетелдік инвестициялардың алаңсыз орнығуын қамтамасыз ете отырып, Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық даму моделін əлемдік өркениет жолымен ұштастыра білді. Бұл ретте малайзиялық үлгіге назар аударып көрелікші. 17 миллион халқы бар Малайзия бизнесі бір кездері Қытай бизнесіне тəуелді болды. Міне, осы тығырықтан қалай шығу керек? Малайзия реформасының атасы, саяси көшбасшысы Дато Сері Мұхамет өз елі гүлденуінің 9 принципі туралы Нұрсұлтан Назарбаевқа əңгімелеп еді. 1) Бəріне ортақ тағдырлас бірегей малай ұлтын қалыптастыру; 2) Психологиялық жағынан үйлесімді, еркін əрі дамыған, əр адамның өзінің қол жеткен табысына мақтаныш сезімімен қарай алатын қоғам құру. Болашақтағы қиындықтарды жеңе алатын дені сау ұлт тəрбиелеу; 3) Экономикасы мықты əрі икемді, өнімі таласқа түсе алатындай гүлденген қоғам құру; 4) Қоғам қажеттеріне орай демократиялық үдеріске икемделе алатын жəне елдерге бағдар болатын өркениетті қоғам құру; 5) Жоғары моральды жəне этносты қоғам құру жүзеге асырылсын. Оның азаматтары өзге дінді жəне рухани сұранысты құрметтейтін, əлемдік этностық стандарттарға сай болсын; 6) Өңі мен түсі, діні əртүрлі малайзиялықтар қоғамы еркін жəне жетілген. Əрқайсысы бір-бірінің дəстүрін, мəдениетін, салт-санасын қастерлейтін болсын, бірақ олардың санасына бір ұлт екендігі қалыптастырылсын; 7) Алыстағы болашаққа көз тігетін, ғылым мен технология жетістіктерін өзі пайдаланып қана қоймай, оның əлемдік дамуына өз үлесін қосатын жаңашыл қоғам құруға жұмылдыру; 8) Əр адамның санасына, отбасына деген адалдық пен мəдениеттілікті, ізгілікті қалыптастыру қоғамға қажетті мақсат болып табылады; 9) Экономикалық бөлінісі əділ, ұлттың байлығы мен табыстары бəріне ортақ, даму мен прогресс жемістері тең бөлінетін қоғам құру. Міне, осы екі мысал Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың əлемдік өркениет дамуымен үндес қадам басып қана қоймай, қазақстандық даму үлгісін жасағанын айғақтайды. Қазірдің өзінде Қазақстан өркениетті 50 елдің қатарына еніп үлгерді. Ендігі меже – отыздық! Міне, осындай биікке көтерілген Қазақстан үшін болғанға толмай, əлемдік дағдарыс кезінде дамудың жаңа жолына шығу заңды құбылыс еді. «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» бағдарламасы енді «100 нақты қадаммен» толықты. Қоғамдық дамудың оң да, теріс те мысалдары көріне бастады. Сондықтан да мəселелерді сылапсипап қана қоймай, кесел ретінде жұлып тастау қажет. Қоғам да тірі организм дегеніміз осыдан шығады. Ол үшін бес бағытта, 100 нақты қадам жасау қажет болды. Оны неден бастау керек?! Əрине, кез келген мемлекеттің халқы өз мемлекетіне, заңына, индустриялық қуаты мен экономикалық өсіміне, біртектілік пен бірлігіне жəне халық алдында жауапты мемлекетіне берік сенуі қажет. Сонда ғана бұл бөлінісі ортақ, құндылығы бір, қуатты мемлекетке айналады. Осының бəрі қазіргі таңда Қазақстан халқының ғана емес, əлемдік қоғамдық ойға қозғау салды. Қазақстанның жаңа даму жолына бағытталған 100 нақты қадам əрі таңданыс, əрі қолдау тауып жатыр. Міне, Президенттік дамудың жаңа бағыттарын саралап, сараптау жасау осыдан туындап отыр. Əрине, болашаққа бағытталған 100

нақты қадам мемлекеттік жүйеге сілкініс əкелетін серпін деп білемін. Бірінші: «Кəсіби мемлекеттік аппарат құру». Бұл өзекті де өміршең мəселе. Өйткені, мемлекеттік қызметкерлер – мемлекеттің тұтқасы. Ұлы идеялар солардың ерікжігерімен, білім мен біліктілігі арқасында жүзеге асырылады. Қазір бұл қызмет саласында салғырттық пен самарқаулық басым. Халықпен жұмыс істеуден қашып, кабинеттерінде оқшауланып отырып алатын кадрлар саны көбеймесе азайған жоқ. Сондықтан Елбасы мемлекеттік қызметке қабылдауды жаңартып, кадрларды төменнен жоғарыға қарай өсуін талап етіп отыр. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметке кадрлардың іскерлік, тазалық қасиеттерін ескере отырып қабылдау қажеттігі туындайды. Ал билік ол адамдарға жақсы жалақы, қызметтік пəтер беруді қамтамасыз етуге тиісті. Олар конкурстық негізде лауазымды қызметтерге бара алады. Жəне мемлекеттік қызметкердің этикалық ережелерді ұстануы талап етілмек. Болашаққа бағдаршам болып отырған 100 нақты қадамның екінші тармағы – «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету». Мұның бəрімізге қатысы бар. Өйткені, Қазақстан азаматы ретінде біз өзіміздің Конституциялық құқықтарымызды заң аясында қорғай алуы мыз қажет. Қазіргі кезеңде құқық қорғау органдарына, сотқа халықтың сенімі төмендегені жасырын емес. Бұл саланы реформалауға бағытталған шаралар сөзсіз халық тарапынан қолдау тауып жатқаны шүбəсіз. Қазақстанның экономикалық дербестігі индустрияландыру саясатымен үйлесіп жатыр. Үшінші сала осы қадамдарға бағытталған. Он екі жылдық білім беру, экономиканың алты негізгі саласы бойынша он алдыңғы қатарлы колледж бен он жоғары оқу орнында білікті кадрлар дайындау көзделген. ЖОО академиялық жəне басқарушылық дербестік мəселесін кезеңкезеңмен шешу жəне ағылшын тіліне көшу мəселесі тұжырымдалған. Бұл – ОңтүстікШығыс Азия елдері реформалары арқылы дəйектелген үрдіс. Сондықтан да Қазақстан жағдайында оңтайлы шешім табатынына кəміл сенуге болады. Президент жариялаған бес институттық бағыттың «Біртектілік пен бірлік» жалпы идеология саласына, соның ішінде əдебиет пен өнер, оқу мен ғылымның интеграциясына тығыз байланысты. Соның ішінде «Мəңгілік Ел» патриоттық актісі біз үшін өте-мөте жақын. «Астана – Еуразия жүрегі», «Алматы – Қазақстанның еркін мəдени аймағы», «Табиғат бірлігі жəне көшпелі мəдениеттер», «Алтай інжулері», «Ұлы Жібек жолын қайта жаңғырту», «Каспий қақпасы» өңірлік мəдени-туристік кластерлерін құру» жөніндегі бағдарламалар бізді қызықтырады. Осы жобалардың жұмысына институт ғалымдары белсене араласатын болады. Қазақстан мемлекетінің халық алдынд а ғы жауаптылығы 100 нақты қадамда тұжырымдалған. Бұл билік пен халықтың жақындасуын жəне жауапкершілігін сөз жүзінде емес, заң жүзінде айқын дауға бағытталған. Ашық үкімет құру, аймақты дамыту, статистикалық мəлімет терді біртектілендіру, жергілікті өзін өзі басқару жəне солардың бюджеттік дербес тігін қамтамасыз ету көзделген. Бұл – үлкен шешім, маңызды міндет. Өйткені, жергілікті əкімшіліктердің бюджеттік дербестігі жоқ. Ол ауданға бағынышты. Өлім-жітімнен басқаға көмек те бере алмайды. Мысалы, ауылды абаттандыру, медициналық көмек, төтенше оқиғалар болғанда қаржы бөлу, инвестиция тарту сынды өміршең мəселелер ауыл əкімшілігінің құзырына кірмейді. Сондықтан да берекесіз, қауқарсыз. Міне, шола сипаттағанның өзінде Қазақстан қоғамын қандай асқаралы міндеттер тосып тұр. Бұл – болашақ жолы, бұл – даму жолы. ТМД елдерінде ғана емес, Еуропаның барлық елдерінде енбеген жаңашыл үрдістер жетерлік. Осыны жұмыла шешсек, реформа тұтастай Қазақстан қоғамына жаңа леп, жаңа толайым табыстар əкеледі. Қазақстан халқының орта тап өкілдері көбейген сайын мемлекет те нығая түседі. Біз осындай қызық та сындарлы кезеңде өмір сүріп отырмыз.

2015 жыл мемлекетіміздің саяси жəне тарихи өмірінде ерекше маңызды оқиғаларға толы болуымен ерекшеленді. Əлемдік өркениетке өз өрнегін салу кезеңінің қарсаңында тұрғанымызды таныттық. Төл тарихымызда Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын атап өту жоспарланды. Саяси өмірде бес институттық реформалар мен оларды іске асыруының 100 нақты қадамы анықталды. Реформалар республикамыздың жаңа сапаға көтерілуінің кезекті маңызды межесі екені анық. Елбасы Н.Назарбаев сайлау қарсаңында Қазақстан Республикасының дамыған мемлекеттердің отыздығына кіру жөніндегі бес институттық реформаларын жариялады. Ұлықтау рəсімінде елімізде бұрын болмаған жаңа орган – Жаңғырту жөнінде ұлттық комиссияның құрылуы туралы айтылды. Ұзаққа сөзбай Мемлекет басшысы өзінің стратегиялық ойжоспарларының жалғасы болып табылатын, мемлекеттің мəртебесін еселейтін тың жоспарын «100 нақты қадамын» ұсынды. Бағдарламада ерекше назар аударатын жағдай, қоғамда бірлік жəне азаматтық біртектілікті қалыптастыру жолдары мен тетікте рі анық талып көрсетілген. Тарихи сана қалыптастыру арқылы білім беру мекемелерінде оқу бағдарламаларына «Мəңгілік Ел» идеясының басты құндылықтары енгізіледі. «Мəңгілік Ел» патриоттық жобаны əзірлеу жəне ұлттық идеясын қайта жаңғырту арқылы Қазақ мемлекеті өзін баяғы Дала империяларының мұрагері, көне мемлекеттілік дəстүрлердің жалғастырушысы етіп жариялады. Түптің-түбінде бүгінде айтып жүрген «Мəңгілік Ел» ұғымы біздің озық, ықпалды мемлекет бола алатынымыздың дəлелі. Себебі, қазіргі заманда тек белсенді, қуатты мемлекет қана жаһандық сын-қатерлерге төтеп бере алады. Қазақ хандығының мерейтойымен қатар 2016 жылы – Тəуелсіздіктің 25 жылдығы, 2017 жылы Алашорданың 100 жылдығы жəне Түрік қағандығының 1465 жылдығы сияқты атаулы күндерді да ұмытпауға тиіспіз. Қазақстан дамыған 30 елдің қатарына ену қажеттігі жөніндегі Елбасының сөздері тек жай ұран емес, ұлтты, халықты алға, бəсекеге қабілетті болуға тартқан стратегиялық жоспар. 86-қадамда «Үлкен ел – үлкен отбасы» кең көлемді жобасын əзірлеу жəне жүзеге асырылуы айтылған. Бұл шаралар қазақстандықтардың біртектілігін нығайтады жəне азаматтық қоғамның бүтіндігін қалыптастыру үшін жағдай туғызады. Осы сара жолда жасалған Елбасының маңызды бастамасы, əлемдік тəжірибеде бұрын болмаған оқиға – Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы. 2014 жылы университетте Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы ашылды. Ағымдағы оқу жылында студенттерге арналған «Этноконфессиялық келісімінің қазақстандық моделі» атты жаңа пəн кіргізілді. Курстың басты мақсаты – жастар арасында толеранттылық, достастық, ынтымақтастық сезімдерін қалыптастыру. Осы шараның маңыздылығын жақсы сезінеміз, өйткені, оқу орнымызда 60 ұлт өкілі білім алады. Аталған барлық жұмыстар Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын жəне «Астана – Еуразия жүрегі», «Алматы – Қазақстанның еркін мəдени аймағы», «Табиғат бірлігі жəне көшпелі мəдениеттер», «Алтай інжулері», «Ұлы Жібек жолын қайта жаңғырту», «Каспий қақпасы» өңірлік мəдени-туристік кластерлерін құруды жүзеге асырумен байланыстырылады. Осы маңызды шаралар нəтижесінде жастардың бойында патриотизм, отансүйгіштік, елжандылық сияқты қасиеттер қалыптасатыны сөзсіз. Сонымен қатар, азаматтық біртектілікті нығайтудың маңызды тетігі ретінде «Менің Елім» атты ұлттық жобаны жүзеге асыру қарастырылатын болады.

Президенттің болашақ даму туралы терең ойлары бірде-бір азаматты беймəлім қалдырмайды. Əсіресе, ұзақ уақыт бойы айтылып келе жатқан Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құру. Бұл мəселе алғаш рет Елбасының «Қазақстанның əлеуметтік жаңғыртылуы – Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында айтылған. «100 нақты қадамда» Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын алға жылжыту жөніндегі ұлттық жобаны жүзеге асыру өз сабақтастығын тапқан. Осыған байланысты басты мақсат – жас қазақстандықтарды дербес өмірге, бастамашыл еңбекке бейімдеудің тиімді жүйесін қалыптастыру. Жастарға тəлім-тəрбие беру, білім саласын дамыту, жас мамандарды еңбекке орналастыру, жастардың кұқықтарын кепілдендіру жағдайлары жасалынады. Оны тиімді пайдалану үшін жас тарға қойылатын міндеттер қатарына əлеуметтік инфантилизмнен бас тарту, масылдық психологияға жол бермеу, жастардың кəсіби біліктілігін үнемі арттыру міндеті жүктеледі. Тəуелсіздік жылдарында еңбек, кəсіпкерлік, ғылым мен білім жəне басқа да кəсіптік қызметтерде жоғары нəтижелерге қол жеткізген қазақстандық тар дың алға басуына жағдай жасалынуға тиіс. Өңіріміздің білім жəне ғылым орталығына айналған М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде жасалынып жатқан істер Елбасының тапсырмаларын орындау мақсатына бағытталған. Университет ғалымдары екі жылдан бері «Заман таспасы» атты интернет-жобаны жүзеге асыруда. Жобада ежелгі дəуірден бастап қазіргі уақытқа дейін кезең қамтылған. Өлкеміздің тарихи оқиғалары, атақты тұлғалары, маңызды шаралары туралы қызықты мəліметтер орналасқан. Біз заңның үстемдігін қамтамасыз ету үшін жоғары оқу орындарында «Құқықтану» мамандығы бойынша сапалы білім беру тетіктерін қарастырудамыз. Индустрияландыруды дамытудағы құрылыс тың сметалық құнын анықтаудың ресурстық əдісі «Құрылыс» мамандығы бойынша бағдарламасына енгізу көзделініп отыр. Өндіріске инновациялар енгізу жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру мехнизмдері бар «Ғылыми жəне ғылыми-техникалық қызмет нəтижелерін коммерцияландыру туралы» Заң енгізілгені құптарлық. «100 нақты қадам» ұлттық жос пары бойынша білім беру жүйе сінің алдында тұрған тағы бір өзекті мəселенің бірі – ұштұғырлы білім беру жүйесіне кезеңкезеңмен көшу. Алдымызда тұрған міндетіміздің бірі заман талабына сай көптілді топтардың санын көбейту. Оқу ордамызда студенттерді ағылшын тілінде оқытуға барлық мүмкіндіктер жасалған. Биылғы оқу жылында көптілді білім беру университтеттің 4 факультетінде іске асырылуда. Қоғамдағы болып жатқан жағымды өзгерістерге сын баға бере отырып, бүгінгі күні мемлекетімізде озық елдер қатарына қосылуына барлық мүмкіндіктердің бары анық. Қоғамның ілгері басуының 5 бағыты мен 100 нақты қадамы айқындалды. Оны іске асыру үшін барлық мекемелер мен ұйымдар, əрбір азамат басшылыққа алатын, ғылыми негізделген əрі жан-жақты талқылаудан өткен, ұзақ мерзімге арналып жоспарланған мемлекеттік саяси тұжырымдаманы орындауға тиіс. Бəріміз бірігіп бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарсақ алмайтын асу болмас. Ұлт жоспары – 100 нақты қадам бірліктің, ынтымақтың, білімнің нəтижесінде іске асатыны сөзсіз. ПЕТРОПАВЛ.


4 (Соңы. Басы 1-бетте). Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі əлемнің саяси картасы негізінен белгіленіп болғаннан кейін де қаншама территориялық қақтығыстар өткені мəлім. КСРО тарих сахнасынан кетуге жақындаған кезде радикалистік ұстанымдағы саясаткерлер, ашықтан-ашық ұлтшылдық бағыттағы қайраткерлер бір кезде əділетсіз бөлінген деп санаған шекараларды қайта қарауды талап етіп жатты. Шекара дауларын келіссөз жолымен реттеудің мүмкіндігі табылмаған тұстарда тіпті бір елдің ішіндегі, тіпті «еркін елдердің мызғымас одағы» деп саналып, гимнде шырқап келген КСРОның өзіндегі республикалар арасындағы шиеленісті қарым-қатынастар тікелей қақтығыстарға соқтырды. Таулы Қарабақ жері үшін басталған армян-əзербайжан қақтығысы солай туындаған еді. Оның 1991-1994 жылдарда кəдімгі кең ауқымды соғыс қимылдарына ұласқаны белгілі. – Иə, сіз Ельцин екеуіңіз сол тұста Арменияға, Əзербайжанға барып, араағайындық миссия жасағандарыңыз есте. Мəскеу əуежайына түскен бетте бір тележурналистің сізге: «Қай коньякты көбірек ұнатасыз? Армян конья гын ба? Əзербайжан коньягын ба?» деп сұрақ қойғаны да есте. Сонда Cіз: «Мен орыс арағын көбірек ұнатамын», деп əзіл сөзбен ұстатпай кеткен болатынсыз. – Қитұрқы сұраққа солай жауап беру керек. Мəселе коньяктың дəмінде емес екені белгілі ғой. Сөзді түсінетін адам менің де сол екі арада орыс арағын мақтай қалмағанымды ұғады. Айтқандай, біздің ол миссиямыз дəл сол тұста нақты нəтиже бермегенімен, кейінгі келіссөздерге жол ашқаны, сөйтіп Таулы Қарабақтағы қанды қырғынды тоқтатуға септігін тигізгені анық. Жаңағы «Істі неден бастадыңыз?» деген сауалыңа біз бұл істі тəуелсіздіктің алғашқы күндерінен өз еліміздің халықаралық құқықтың барлық нормалары мен қағидаттарын толық сақтайтынын мəлімдеуден бастадық дер едім. Өкінішке орай, өткен замандарда жалпы халықаралық қарым-қатынастарда, соның ішінде біз құрамында болған Ресей империясында, одан кейінгі Кеңес Одағында шекара мəселелеріне тиісінше көңіл бөлінген жоқ. Мысалы, Қытайдың Ресейге территориялық талап қоюы сонау Цин империясы ыдыраған кезден бері жалғасып келді. Сан түрлі ғасырларда Қытай бүкіл Байкал бойы мен Қиыр Шығыстың талай жеріне көз салумен болған. Патшалық Ресей олардың ешқайсысын ескерген емес. Ол саясатты большевиктер де жалғастырды. Лениннің «Для интернационалиста вопрос о границах второстепенный, если не десятистепенный», деген сөзі белгілі. Қолы жеткен жерін қосып ала берген патша өкіметі де, біресе Финляндияның бір бұрышын, біресе Польшаның бір бұрышын кесіп ала берген, қаласа Қырымды Украинаға, қаласа Бостандықты Өзбекстанға сыйлай салып жүрген кешегі кеңестік өкімет те шекараны өктемдік жолмен шешіп келгені мəлім. «СССР с кем хочет, с тем и граничит», деген қылжақ сөз солай шыққан ғой. КСРО сынды алып мемлекеттің ыдырауы оңай болған жоқ. Тоқсаныншы жылдардың басында бұрынғы КСРОның күнгей шекаралары тұрақсыздық пен əскери шиеленістер шебіне айналып шыға келді, Ауғанстандағы соғыс шекараны аттап өтіп, Тəжікстандағы азаматтық жанжалдармен жалғасты. Оның бер жағында Қазақстан қол созым жерде тұрған еді. Жауапсыз саясатшылардың бауырлас халықтар – өзбектер мен қырғыздарды бір-біріне айдап салғанын да, қырғызтəжік шекарасында су мен жер үшін əлденеше қақтығыс болғанын да көрдік. Осының бəрі шекара мəселесін түбегейлі шешу қажеттігін түпкілікті көрсетті. – Енді айналамыздағы шекаралардың жайына нақтырақ тоқталуға ауыссақ. Қытаймен шекараны алайық. Ең қиын мəселе осы болды ғой? – Солай деуге болады. Бізге КСРОдан қалған ауыр мұра көп еді. Солардың ішіндегі ең ауырының бірі – шекара мəселесінің шешілмегендігі еді. Бізге қалған ауыр мұраның ең үлкені Қытаймен екі арадағы шекара мəселелері еді. 1700 шақырымға созылған шекараның өн бойына бұрын қаптаған қарулы күш шоғырландырылған-ды. Қытайкеңес шекаралары ұзақ жылдар бойы шиеленіс шебі боп келгені белгілі. Қытай мен КСРО-ның арасындағы шекара дауының əбден шегіне жеткен жері Даман аралындағы 1969 жылғы қақтығыс. Онда жүздеген адам оққа ұшқан. Сондай қақтығыстардың бірі қазақ жерінде де орын алды. Дəл сол жылы Жалаңашкөлде совет жəне қытай əскерлерінің қанды ұрысы болғанын да ұмыта қойған жоқпыз. Семей аймағында Қытай əскері шекараны бұзып, біздің жерімізге кіріп кеткен еді. – Бұл тұста «біздің жерімізге» деу дəл келеді. Ал Даман аралы жөніндегі əңгіме басқашалау болып шықты. Жүздеген адамның өлімімен аяқталған ол қырғын қақтығыстың соңы ақыр аяғында аралдың Қытайға тыптыныш жағдайда беріле салуымен аяқталды. – Солай аяқталатын жөні бар екен. Демократиялық үрдістер орнығып, халықаралық қарым-қатынастарда заңдылыққа тоқтау белең ала бастаған кезде жүргізілген жаңа келіссөздер барысында Даман аралының Қытайға тиесілі екені анықталған. Сөйтіп, Даман Қытайға өткен. Ол арал қазір басқаша аталады. Ресей-Қытай шекарасында неміз бар, біз өз мəселемізді сөз етейік те

www.egemen.kz

деуге де болатын сияқты көрінеді. Бірақ, олай дей ал маймыз. Өйткені, біздің Қытаймен шека ра мыздың белгіленуі негізінен Ресей-Қытай, КСРО-Қытай шекараларының қалай қалыптасқанына тікелей байланысты. Қазақстан-Қытай шекарасының ай қындалу тарихы ұзақ. Кемінде үш ғасыр дай уақытты алып жатыр. Ал жалпы қағаз жүзінде, құжат күйінде ресімделе басталуының өзіне 150 жылдан асты. Қазақ жері Ресей империясының құрамында болған кезде Ресей мен Қытай арасындағы мемлекеттік шекара алғаш рет заңды тұрғыдан құжатталған. Оның өзі Ресей мен Цин империясының Орталық Азиядағы геосаяси мүдделеріне тікелей байланысты. Сол тұста Жетісу жеріне төрт жақтан бірдей дəмелілер шыққан еді. Бұл құйқалы аумаққа осы жердің байырғы иесі ретінде қазақтар, жердің біраз бөлігін нақты басып алған Қоқан хандығы, Жоңғарияны жеңген, сөйтіп, оның қол астындағы аумаққа иелік етуге құқым бар деп санаған Қытай, қазақ хандарынан орыс мемлекетіне адалдыққа ант қабылдаған Ресей таласты. Осындай жағдайда Ресейдің де, Қытайдың да сол жердегі өздерінің иеліктерін таңбалайтын шекаралық шептерді белгілеп алуға мүдделі болуы заңды еді. Оның үстіне қазақ жерінің Қытай жақ беті де тыныш емес болатын. Шыңжаңдағы бітпейтін де қоймайтын ұлттық көтерілістерден қажыған Қытай да Іле өлкесіндегі шекарасын заңдастырып алуға ықылас танытты. Ресей мен Қытай арасындағы аумақтық шектеу жөніндегі келіссөздер Шəуешекте 1862 жылы басталған екен. Оның хаттамасына 1864 жылы қол қойылыпты. Шəуешек хаттамасы бойынша қазақтар аумақтық шектеу бекітілген кезде олардың көшіп барған жерлері қай елдің аумағында қалса, сол елдің бодандары саналатын болып белгіленген. Қазақтың көптеген руларының бөлініп, ол елде де, бұл елде де тұрып келгені содан. Əлгі қилы кезеңнен мынандай бір əңгіме айтылады. Ресей жағынан, Қытай жағынан шекара белгілеушілер келіп: «Мемлекеттер жерді белгілеп алды, шекара мына жерден өтеді, қай ауыл қай жақта қалатынын шешіп, сол жаққа көшсін», деген сияқты əңгіме айтқанда асып-сасқан қазақтардың бірі: «Тақсыр, осы біз ешкімге қарамайтын болсақ, осы жерде өзімізбен өзіміз тұра берсек қайтеді?» дейтін көрінеді... Бұл да болса шекара белгілеудің халықтар тағдырына, адамдар тағдырына қандай əсер ететінін көрсететін жай ғой. Шəуешек хаттамасының тез орындалмауының бір себебі – Шыңжаңдағы дұңғандар мен ұйғырлардың көтерілісі. Ақыр аяғында 1871 жылы Ресей əскерлері Жоңғарияның стратегиялық тұрғыдан маңызды саналатын Іле өлкесіне еніп, оның орталығы – Құлжаға бекініп алады. Мұның соңы Цин империясы үкіметінің Іле өлкесін өзіне беру туралы мəселе көтеруімен, ілелік ұйғырлар мен дұңғандардың Ресей бодандығына өту жөнінде өтініш білдіруімен, соған байланысты екі елдің арасы едəуір ушығуымен, 1881 жылы Петербург шартына сəйкес шамамен 70 мыңдай ұйғырлардың, дұңғандардың, қазақтардың Ресей жеріне көшуімен аяқталған. Сол оқиғалар тұсында экономикалық тұрғыдан да, əскери тұрғыдан да анағұрлым күшті Ресей империясының шекара белгілеу кезінде талай жерде белден басып жібергені, тіпті шекараны Қытай жағына қарай 10-15 километрге дейін жылжытып қоюға дейін барғаны белгілі. Əсіресе, 1917-1922 жылдардағы азамат соғысы кезінде мемлекеттік шекара қараусыз қалып, шекаралық бағаналар жойылған. Мысалы, Мақаншы мен Алакөл маңайында 20 шекара белгісі құртылып, бұл кейіннен кеңес шекарашыларына Қытай аумағына біраз жерге дейін сұғына кіруге мүмкіндік берген. Панфилов ауданындағы Қорғас өзенінің бастауы жағында, Алакөл ауданындағы Сарышілде өзенінің тұсында шекара Қытай жеріне едəуір жылжытылып жіберілген. – Ол тұста кəдімгі анекдот дейтіндей жағдайлар да ұшырасыпты. Сыртқы істер министрлігі шығарған «Правда о государственной границе Республики Казахстан» деген кітапта мынандай бір оқиға айтылады. Фриде деген бір комиссар-демаркатор патшаға өтініш жазып, он алты бөтелке шампанның шығынын төлеттіріп беруді сұрапты. Сөйтсе ол шекараны бірге белгілеп жүрген қытайлық əріптесін жаңағы он алты бөтелке шампанмен қайтақайта суарып, ол ұйықтап жатқан кезде шекараны Ресейдің пайдасына жылжытып келген көрінеді... Тағы бір ресейлік комиссар-демаркатор өзінің күнделігіне қытайлық əріптесі апиынды тарта-тарта есінен ауа құлағанын, əрі қарай өзі жеке кетіп, шекараны қалағанынша белгілеп алғанын жазыпты... – Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарында, яғни Мəскеу мен Бейжіңнің арасындағы идеологиялық текетірес əбден асқынған кезде кеңес-қытай шекарасындағы жағдай да өте қиындаған. 1964 жылы басталған келіссөздер ақыры үзіліп қалған. Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік Кеңес Премьері Чжоу Эньлай шекарадағы таласты учаскелер жөніндегі мəселенің шешілмеуі қантөгіске соқтырмай қоймайды деп мəлімдеген болатын сол кезде. 1967 жылдан бастап КСРО шекарасын бұзу жиілеп, оның аяғы бағана айтқан Даман аралы мен Жалаңашкөлдегі қақтығысқа соқтырғаны белгілі. Бұл мəселенің кешегі кеңестік кезеңде ушыққаны соншалық, 1967 жылы ҚХР сыртқы істер министрі

5 маусым 2015 жыл

деп аталған жерлер – таласты территориялар. Ол жерлерді біздің жеріміз еді деп кесіп айтудың да, ондай жерлер өзге елге өткенде өз жеріңнен айырылғандай қиналудың да, ондай жерлер өзіңе өткенде өзгенің жеріне ие болғандай қараудың да реті жоқ. Бұны тарихи əділдіктің қалпына келуі деп санау керек. – Қытай басшылығымен жарасты сыйластық Ху Цзиньтао билікте болған тұста да, қазіргі Төраға Си Цзиньпинмен қарым-қатынасыңызда да сақталып келе жатқаны қуанышты. Енді басқа көршілерімізбен шекара бекітудің жайына ауыссақ. Былайша қарағанда Қазақстанның Қырғызстанмен, Түрікменстанмен шекараларын делимитациялауда ешқандай проблема туындамауға тиіс болып көрінеді. Солай болды ма? – Негізінен алғанда солай болды деуге келеді. Əуелде тіпті іс оңай жүретін сияқты еді. ВЦИК 1930 жылы қабылдаған «Қазақ жəне Қырғыз АССР-лерінің шекаралары туралы» қаулы бар екен. Қазақстан-Қырғызстан мемлекеттік шекарасын делимитациялау жөніндегі келіссөз үдерісі сол шекараны нақтылау жəне сызығын белгілеу ұстанымдары бойынша жүргізілді. Екі жақ та бір-біріне ешқандай территориялық талаптар қойған жоқ. Соның өзінде бірнеше мəселе туындады. Біріншісі Хан Тəңірі шыңынан Семенов шыңына дейінгі аралықтағы шекара сызығына байланысты. Бұрынғы КСРО-ның картографиялық материалдары

● 1998 жыл, 4 шілде. Қазақстан-Қытай шекарасы бекітілді.

ШЕКАРАНЫ Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев

Чэнь И кеңес-қытай қарым-қатынастарын үзу жəне соғыс жариялау мүмкіндігі жөнінде мəлімдеуге дейін барғандығы, ал Чжоу Эньлай АҚШ-пен соғыстан бұрын Қытай мен КСРО арасында шекара соғысы басталуы мүмкін екендігін аңғартқандығы белгілі. 1969 жылғы екі қанды қақтығыстан кейін ядролық қаруға ие екі ірі социалистік державаның соғыстың ернеуіне келіп тірелгенін бəріміз білеміз. – Кеңес Одағы мен Қытай сол тұста соғысқа шындап дайындалды деуге бола ма? – Əбден болады. Шекараның екі бетіне жер қайысқан қалың əскер топтастырылған еді. Сол тұста Түркістан əскери округіне қоса жаңадан Орталық Азия əскери округі құрылғаны мұның нақты дəлелі. Тянь-Шаньның екі бетіндегі талай асуларға əскери техника толтырылып, бекіністер, аэродромдар мен арсеналдар салынғаны белгілі. – Осыдан біраз жыл бұрын Нарынқолға барғанымызда кəдімгі дзоттарды көр генбіз. Өте қалың етіп құйылып, төрт жағынан оқ ататын тесіктер қалдырылады екен. – Қазақстан сондай текетірестің нағыз өтінде тұрған еді. Əйтеуір, үлкен жанжалдың өрті өрши қойған жоқ абырой болғанда. Сөйтіп, Ресей империясы да, Кеңес Одағы да Қытаймен шекараны түпкілікті анықтамаған күйі тарих сахнасынан кетті. Соңдарына дау-дамай шығатындай көп мəселені қалдырып кетті. Ол түйіннің бəрін біздің тарқатуымызға тура келді. – Бұл түйіннің тамаша тарқатылғаны бүгінде баршаға белгілі. Енді осы іргелі істің нақты атқарылуы туралы айтсаңыз деймін. – Қазақстан-Қытай шекарасының барлық мəселелерінің халықаралық заңнама талаптарына сəйкес реттелуі – біздің дипломатиямыздың жарқын жетістігі. Қа зақстан небəрі он жылдың ішінде Қытаймен территориялық мəселені толық реттестіре алды. Демаркацияланған шекараның жалпы ұзындығы 1783 километрді құрады. Өткен ғасырдың 60шы жылдарында басталып, əлемнің екі ірі ядролық державасын қарулы қақтығысқа жеткізген, оны былай қойғанда кəдімгі соғысқа жақындатуға дейін барған талас жаңа жағдайда толық шешілді. Шекара сызығын белгілеу жөніндегі жұмыс екі кезеңнен тұрды. Əуелде, 1994 жылы шекараның ұзына бойындағы сызықтың өтуі туралы келісімге қол қойылды. Талас тудыратын учаскелер ғана ол келісімнен сырт қалдырылды. Мұның өзі екі жақтың шетін мəселе бойынша келісуге əзірлігін қуаттаған үлкен қадам еді. – Саяси əдебиетте сіздің сол кездегі Қытай басшысы Цзян Цзэминьмен жеке қарым-қатынасыңыз екі елдің арасындағы шекара мəселесін шешудің үлкен факторы болды деген пікір жиі айтылады, жазылады. Бұл жөнінде Сіз не дер едіңіз? – Мұндай үлкен саяси мəселе тек жеке қарым-қатынас арқылы шешілді деу қате болар еді. Келіссөздерде əр мемлекет өз мүддесін қорғауға тырысады. Бұл істе тек білім, нақты аргументтер керек. Екі елге де тиімді ұсыныстар жəне компромисс қажет. Осылардан кейін жеке қарымқатынастың көмегі болуы мүмкін. Менің Қытай еліне алғашқы ресми сапарым 1993 жылдың қазанында жасалды. Қытай тарапы ол сапарға ерекше мəн беріп, ел басшылығы бөлекше қонақжайлылық танытты. Сонда Қытай басшылығы халықаралық істерде барлық

мемлекеттердің, олар үлкен болса да, орташа болса да, тіпті кіші болса да, тең құқықты қарым-қатынас жасауын табанды түрде жақтайтынын көрсетті. Қазір де көрсетіп келеді. Қытай тарабы менің екі ел арасындағы шекараны делимитациялауға кірісуге, сондай-ақ, кезінде Қытай Халық Республикасы мен Кеңес Одағының арасында басталып, үзіліп қалған қарулы күштерді қысқарту жəне шекара маңындағы сенімді нығайту, екі ел арасында достық қарым-қатынас орнату жөніндегі келіссөз үдерісін жалғастыруға шақырған ұсынысыммен де толық келісті. Қытай басшысы Цзян Цзэминь шекараны заңдық тұрғыдан қағазға түсіру жөніндегі ұсынысты да бірден қолдады. Келіссөз кезінде ол Қытай Қазақстанға территориялық талаптар қоймайды, шекара мəселелері бізге тарихтан мұраға қалған, ал оларды келіссөз жолымен, тең құқықтылық қағидаты, мəмілеге келу жəне өзара жол беру негізінде шешуге болады деген өте маңызды мəлімдеме жасады. – Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Нұр мен көлеңке» атты кітабында Сізбен бір кездесуінде Цзян Цзэминьнің шекара проблемасын тым сүрлей бермей шешу керек, басшылардың келер буындары бұл мəселені шеше алмауы мүмкін, ондай жағдайда біз өзіміздің ұрпақтарымызға көп қиындықтар қалдырамыз дегенін келтіреді. Бұл жөнінде не айтар едіңіз? – Солай болғаны рас. Бір кезде сонау Балқашқа дейінгі жерлерді Аспанасты еліне тиесілі деп карта шығарылған мемлекетте жаңа геосаяси ахуалмен санасу белең алғаны үшін, сондай жағдайға жеткізген тəуелсіздігіміз үшін тəубе деймін. Ең басты мəселені – шекара мəселесін шеше алғанымыз екі елдің арасындағы достық қарым-қатынасты одан əрі дамытуға негіз болды. Оған Қытайдың сол кездегі басшысы Цзян Цзэминьмен іш ашысып ұзақ сөйлескенім қолайлы жағдай жасағанын «Ғасырлар тоғысында» деген кітабымда жазғанмын. Цзян Цзэминь – көпті көрген, талай өткелектен өткен тұлға. Өзі Мəскеуде оқыған. Орыс, ағылшын, жапон тілдерін жетік білетін кісі. Орыстың классикалық əдебиетімен өте жақсы таныс. Музыканы сондай жақсы көреді. Өзі əн айтады. 2002 жылы ШЫҰ-ның СанктПетербургтегі саммитінде қабылдау кезінде мен өзіміздің «Дударайды» шырқап бергенімде ол аң-таң қалып еді. Менен кейін дəл сол əнді өзі айтты. Қытай тілінде айтты. «Біздің əніміз сіздерге қалай жеткен?» деп сұраған. Енді мен аң-таң қалдым. «Бұл біздің əніміз – орыс қызының қазақ жігітіне ғашық болып шығарған əні», дедім. Сөйтсем, «Дударай» Қытайда халық əні болып саналады екен, əрине, мүлдем басқа мəтінмен айтылады. Аты – «Ақ лалагүл». Қысқасы, Қытай басшысының парасаттылығы, болашақтың биігінен қарай білетіндігі осы күрделі мəселені уақтылы, өз деңгейінде шешуге септескендігі анық. Мемлекет басшыларының арасындағы адамдық жылы қарым-қатынастардың халықаралық саясатта үлкен рөл атқаратын кездері көп. Əрине, шекара белгілеу сияқты аса маңызды мəселеде шешуші сөз мемлекеттер басшыларына тиесілі. Елдің осы істегі саясатының тұжырымын ел басшылары айқындайды. Сонымен бірге, стратегиясы белгіленген шаруаның тактикалық тұрғыдан ойдағыдай жүзеге асырылуы, яғни келіссөздер үдерісінің көңілдегідей жүргізілуі, шекараның заңдық тұрғыдан мінсіз ресімделуі, тиісті адамдардың

ұпайымызды жіберіп алмайтындай білікті, табанды, елшіл, мемлекетшіл болуы да өте маңызды. Қазақстанның жас дипломатиясы сол биіктен табылғанын ерекше айтқым келеді. Бұл істе көптеген жылдар бойы сыртқы саясат ведомствосын басқарған Қасым-Жомарт Тоқаевтың кəсіби қытайтанушы болуының да көп ықпалы тиді. Сыртқы істер министрлігінің осы жұмысқа тартылған командасы да тамаша біліктілік көрсетті. – Əңгіменің басындағы бір сөзіңізде əуелде талас тудырған учаскелер туралы айтып қалып едіңіз. Сол учаскелердің жайы қалай болды? – Бұл жайында «Правда о государственной границе Республики Казахстан» деген кітапта егжей-тегжейлі жазылған, соқырға таяқ ұстатқандай нақты көрсетілген. Ол кітапты оқыған адамның Қазақстан мен Қытай арасындағы мемлекеттік шекараны белгілеу кезінде біздің ешқандай есеміз кетпегеніне көзі жетеді. Нақты айтсам былай. Қазақстан тарабы Шаған-оба жəне Баймырза асулары маңындағы учаскені территорияның 70 пайызы Қазақстанға, 30 пайызы Қытайға қарайтындай етіп бөлуді ұсынды. Ал Сарышілде өзенінің маңайында бұл арақатынасты керісінше ету, яғни таласты жердің 30 пайызын Қазақстанға қалдыруды, 70 пайызын Қытайға қаратуды ұсынды. Екі ұсыныс та біраз талқылаудан кейін қабыл алынды. Ол ұсыныстар жасалардың алдында жаңағы жерлердің барлық мəліметтерін тиісті адамдар маған əкеліп көрсеткен. Ол жерлерде шекара белесі болғандықтан елді мекендер жоқтығы, қазба байлықтарының табылмағандығы, шаруашылық қызметінің жүйелі жүргізілмейтіндігі анықталған. Учаскелерді бөлу нəтижесінде Шаған-оба төңірегіндегі орман алқабы, ал Сарышілде өзенінің төңірегіндегі шабындық, жайылымдық жерлердің бəрі, орманды жерлердің бір бөлігі бізде қалды. Нақты айтатын болсам, о баста келісілмеген екі учаскеде жердің 57 пайызы Қазақстанға, 43 пайызы Қытайға тиесілі болып шешілді. – Мен Сіз айтып отырған кітаптан сол учаскелердің нақты көлемін жазып алған едім. Шамамен 994 шаршы километр жердің 537 шаршы километрі Қазақстанға, 407 шаршы километрі Қытайға өткен екен. – Сонда да біздегі баспасөз бетінде «Қытайға біраз жеріміз беріліпті» деген сияқты жосықсыз жайлар жазылып жатты. Кейін ондай көңіл-күйге Парламенттің біраз депутаттары да берілді. Келісімді ратификациялау мə селесін қараған отырысқа осы мəселемен тікелей айналысқан мамандар шақырыл мағандықтан, өз сұрақтарына тыңғылықты жауап ала алмаған депутаттар келісім жобасын жетілдіру үшін қайтарып тастады. Келесі отырыста білікті мамандардың жауаптарынан кейін күмəн туғызған мəселелердің бəрінің басы ашылып, келісім ратификацияланды. Назар аударарлық жағдай мынау. Қытайдың өзінде де Қазақстанмен шекара жөніндегі шарттарға жұрттың бəрі бірдей риза болған жоқ. Аспанасты елінде Қытай үкіметі Қазақстанға «жер беріп қойды» деп пікір айтушылар да табылды. Олардың арасында əскери адамдар көбірек болды. Бейжіңнің бұл істегі ұстанымы Гонконг пен Тайвань тарапынан да кезінде сыналғанынан жақсы хабардармын. Олар Қытай өзінен əлдеқайда əлсіз мемлекетке «жол беріп алды» деп санайтынын білдірген еді. Екі жақтың сынаушыларына да мына жайды айту керек. Таласты территориялар

бойынша шекара жаңағы екі шыңның арасын тіке қосатын сызық бойынша жүретін. Қазақстандық альпинистер, оның ішінде Эверестке алғаш көтерілген Қазбек Уəлиев те бар, екі шыңның арасындағы сызықты Қырғызстан территориясына қарай біршама жылжытуды ұсын ды, өйткені, Хан Тəңіріне көтерілу маршрутының негізгі бөлігі батыс бетпен, тау баурайының жайдақтау жағымен өтеді екен. Сонымен бірге, шамамен екі жарым шақырымдай жерді Қырғызстан территориясы арқылы өтуге тура келеді. Əуелде қырғыз жағы бұл ұсынысты қарастырып көруге дайын екенін білдірген, тіпті біздің ұсынысымызды ескеретін сипаттамалық жоба дайындап та қойған болатын. Бірақ кейіннен делегация басшылығы Хан Тəңірі шыңы маңайындағы шекара сызығына қандай да бір түзету енгізуге қарсылық білдірді. Несі бар, бұл олардың құқы. Ақыры сол тұстағы шекара сызығы бұрынғы КСРО-ның картографиялық материалдарындағы тіке сызық бойынша белгіленді. Шекараның Шу өзені бойынша өтетіндігіне байланысты да біраз таласты жайлар туды. Жаңағы мен айтқан ВЦИКтің 1930 жылғы қаулысына сай жасалған картада шекара сызығы Шудың арнасы бойынша деп белгіленген. Бірақ одан бергі 70 жылдың ішінде өзеннің арнасы кей тұста ауысқан екен. Қазақстан жағы шекараны Шудың қазіргі арнасы бойынша белгілеуді ұсынды. Бұл ұсыныс қабыл алынды. Өйткені, Шудың 1930 жылғы арнасының талай жері топырақпен көміліп те қалыпты, оның орнына Тоқмақ қаласының біраз құрылыстары бой көтеріпті. Қырғыз жағы Бішкек – Шолпаната тасжолының Қазақстан жері арқылы өтетін 800 метрлік учас кесін өздеріне қаратуды сұраған еді, бұл өтінішті орындай алмадық, өйткені жаңағы 800 метрлік учаскеде қазақстандықтар жекеменшік құрылыстар салып үлгерген екен. Елдер арасындағы шекара белгілеуде туысқандық, адамгершілік жағы да ескеріліп отырды. Қырғыздарда Степное деген бір село бар. Шекара сызығы сол селоның дəл жанынан өтеді екен. Шекара анықтау барысында сол ауылдың қабірқорымы Қазақстан жағында қалатындығы анықталды. Қырғыздар жаңағы тұстан 13 гектар жер беруді, яғни ата-бабалары жатқан бейіттің аумағын өздерінде қалдыруды сұрады. Мен бұл өтінішке түсіністікпен қарауды тапсырдым. Оның есесіне Жамбыл ауданының біраз демалыс үйлері мен саяжайлары картографиялық талап бойынша қырғыздарда қалып қоюы керек екен, олар бізге сол жерлерді Қазақстанға қосуға келісті. Сондайсондай басқа да ауыс-түйістер болды, олардың бəрі дау-дамайсыз шешілді. – Түрікмен ағайындармен шекараны белгілеу қалай өтті? Маңғыстау жақта кезінде түрікмендер түріп шығарылған делінетін жерлер бар емес пе еді? – Мемлекеттер арасындағы шекараны белгілеу жұмысы сен айтқандай «делінетін» деген сөзге сүйенбейді. Ол заманда сол жердің бəрі ресми түрде бір елдің – Ресей империясының жері. Мына жерге дейін қазақтікі, мына жерге дейін түрікмендікі деп кесіп, ешкімнің қолына қағаз ұстатылмаған. – Дегенмен, түрікмен басшылығы əуелгі бетте шекараны қайта қарау жөнінде ұсыныс айтып көрді емес пе? – Ондай ұсыныс ресми түрде айтылған жоқ. Ашғабадқа ресми сапарым кезіндегі қабылдау үстінде Президент Сапармұрад Ниязовтың: «Нұрсұлтан Əбішұлы, айып етпесеңіз кезінде ауысқан жерлер


www.egemen.kz

5 маусым 2015 жыл

мəселесін де қарап қойсақ артық болмас еді», деп қалғаны бар. Не айтқысы келіп тұрғаны белгілі. Содан мен сөзін жалғастыруға мүмкіндік бермей: «Сапармұрад, ойыңды түсіндім, ондай іс болса болған да шығар, əйтеуір, өткен іс өтті. Сен одан да баяғыда адайлардың мына Ашғабадқа дейін түгел алып қоймағанына қуансайшы», деп əзілдедім. Сапармұрад күліп жіберді. Екі жақтың делегация мүшелері қосыла күліп жатыр. Сонымен, ол əңгіме сол жерде бітті. Бұл сөз қабылдау кезінде, яғни бейресми жағдайда айтылды. Түрікмен жағы ондай мəселені ресми түрде көтерген емес. Сапармұрад, тегі, жай тамыр басып көрейін деген сияқты. Негізінде, Қазақстан мен Түрікменстанның шекарасы Үстірт ойпатындағы ел қоныстанбаған шөлейт даламен өтеді, ол жерлер шаруашылық тұрғыдан игерілмеген де. Сондықтан, мемлекеттік шекара көп қиындықсыз бекітілді. – Өзбекстанмен шекара белгілеу жұмысы əлдеқайда күрделі жағдайда жүрген болар? – Олай деп те айта алмас едім. Қазақстан басшылығы да, Өзбекстан басшылығы да салған беттен 1991 жылғы Алматы Декларациясының барлық қол қоюшы мемлекеттер қазірге дейін қалыптасқан шекаралардың мызғымастығын мойындайды деген ұстанымына берік болды. Ең қиын жағдайларда да біз ағайындас екі елдің дəстүрлі достығын, тарихи тамыры терең туыстастығын ту етіп ұстап отырдық.

● 2005 жыл, 18 қаңтар. Қазақстан-Ресей шекарасы бекітілді.

ШЕГЕНДЕУ пен журналист Сауытбек Абдрахмановтың сұхбат кітабынан

Қазақстан мен Өзбекстанның шекарасы алғаш рет 1924-1925 жылдарда Орталық Азия республикаларының ұлттық аражік ажыратуды жүзеге асыру кезінде белгіленген. Ол кезде Қазақстан РСФСР-дің құрамында болғандықтан, əңгіме РСФСР мен Өзбек КСР-інің арасындағы шекара туралы екендігі түсінікті ғой. Екі республика арасындағы қарым-қатынасқа едəуір салқынын тигізген жағдай – 1956 жылы Бостандық ауданының, Мырзашөлдегі біраз жердің Қазақ КСР-інің құрамынан алынып, Өзбек КСР-інің құрамына берілгендігі. Əрине, ол кездегі тəсілдер бойынша алдымен Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің аталған жерлерді Өзбекстанға беру жөнінде қаулысы қабылданған, арада үш күн өткеннен кейін Өзбек КСР Жоғарғы Кеңесінің Қазақстаннан берілген жаңа жерлерді қабылдап алу жөніндегі қаулысы қабылданған, араға ай салмай жатып КСРО Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР-і мен Өзбек КСР-інің шекараларын ішінара өзгерту туралы қаулы шығарған. Былайша айтқанда, Мəскеу екі республиканың өзара келіскен уағдаластықтарын құжаттап қана қойған... Соған қарап, «Е, өзіміз солай шешкен екенбіз ғой», дей қалудың қажеті жоқ, əрине. Өйтіп қарасақ, 1986 жылы Қазақстан коммунистерінің таңдаулы өкілдері республика басшылығына Колбинді өздері қалап алғандай болып шығады. Сондай заман еді ғой. Рас, Бостандық ауданын жəне Мырзашөлдің біраз жерін Өзбекстанға беру құқықтық тұрғыдан мінсіз ресімделген. Оны жаңа айттым. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімінде экономиканың ортақтығы, территориялық жақындық, шаруашылық жəне мəдени байланыстардың тығыздығы көрсетілген. Өзбек КСР-і Жоғарғы Кеңесінің шешімінде өзбек халқының атынан бауырлас қазақ халқына сол жерлерді бергені үшін терең алғыс сезімі білдірілген. Осынау достық акт КОКП ХХ съезінің директиваларына байланысты шаруашылық құрылысында жалпымемлекеттік міндеттерді ойдағыдай шешуге септеседі жəне өзбек пен қазақ халықтарының мызғымас достығын одан əрі нығайта түседі деп көрсетілген. Қысқасы, белгілі бір территорияны екінші одақтас республикаға беру актісі сол кезеңдегі кеңестік демократиялық нормалар мен қағидаттар аясында, барлық конституциялық ережелерді сақтай отырып жүзеге асырылған. – Осы орайда есіме бір жағдай түсіп отыр. 1992 жыл еді. Сіз дүниежүзі қазақтарының құрылтайын ұйымдастыру жөнінде тапсырма бердіңіз. Ол кезде Президент Аппаратында бөлім меңгерушісінің орынбасары едім. Бір күні Вице-премьер Мырзатай Жолдасбеков: «Сен Президенттің қабылдауына барасың. Арнаулы тапсырма береді», деді. Белгіленген уақытта қабылдау бөлмеңізде тұрдым. Бір кезде Сіз кабинеттен шықтыңыз да: «Менімен жүр», дедіңіз. Арнайы қабылдамайды екен ғой, асығыс болғандықтан тапсырманы дəлізде айтатын шығар деп ойладым соңыңыздан еріп келе жатып. Дəлізге шығысымен-ақ сол жақ бетке бұрылып, бұрынғы Бюро залына кірдіңіз. «Кабинетте телефон жұмыс істетпейді», дедіңіз. Сол жерде алдағы берген негізгі тапсырмаңыз құрылтайда сөйлейтін сөзіңіздің алғашқы нобайын жасау болды. Сөзде қамтылуға тиісті мəселелердің бəрін тезис түрінде нақпа-нақ айтып шықтыңыз. Үлгергенімше жазып отырдым. Бір тұста: «Шетелдерден келетін

ағайындар біздегі ішкі жағдайды онша біле бермейді, еліміздің көпұлтты ерекшелігін ескермейтіндері де табылуы мүмкін. Сондықтан, оларға осы жайларды нақты түсіндіруіміз керек. Елдің ты ныштығын бұзу ең алдымен қазақ тың тыныштығын бұзу, өзіміздің болашағымызға өзіміз балта шабу екенін айту керек. Біз достықты, тыныштықты, татулықты сақтасақ қана ел бола аламыз. Еркіндік берілгеннің жөні осы екен деп тəуелсіз Қазақстан енді ана жерді қайтарып алуға тиіс, мына жерді қайтарып алуға тиіс деп беталды мақала жариялай салатын газеттер де шығып жатыр. Солардан көріп маған əлгіндей ұсыныстармен хат жазатындар да бар. Осының бəріне мына құрылтайда біржолата жауап беріп, мəселенің басын түпкілікті ашу керек. Біз ешкімге территориялық талабымыз жоқ екендігін мəлімдеген елміз. Өз жеріміз өзімізге жетеді. Ондай аранда ту шы лыққа жол бермейміз. Осыны жаз», дедіңіз. – Солай дегенмін. Құрылтайдағы сөзімде бұл жағын шегелеп тұрып айттым да. ДƏЙЕКТЕМЕ: «Кезінде Қазақстанға қараған кейбір аудандарды республикаға қайтару жөніндегі талаптарға қатысты мынаны айтуға болады. Мұндай ойланбай айтылған сөздер, жауапсыз жазылған газет материалдары бауырлас халықтардың арасына жік салып, онсыз да ушығып тұрған ұлтаралық қатынастарды шиеленістіргеннен басқа ештеңе де бермейді. Біз тəуелсіз мемлекеттердің аумақтық тұтастығын жақтаймыз, бүгінгі қалыптасқан шекаралардың мызғымауға тиіс екенін қуаттаймыз, арандатушылыққа ермейміз. Қазір біздің ұлтымыздың алдында тұрған ең басты міндет, ең қиын міндет – Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының негізгі бағыт-бағдарын дəл айқындап, сол мақсатқа неғұрлым тезірек жетудің жолында аянбай еңбек ету. Экономикалық дəулетіміз артпайынша, рухани сəулетіміз де артпайтынын анық ұғынуымыз қажет». Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, Дүниежүзі қазақтарының І құрылтайында сөйлеген сөзінен. «Таңдамалы сөздер», ІІ том, 178-179-беттер. – Қалың қазақ ұйысып отырған Бостандықты былай қойғанда, Ташкенттің өзінде де, төңірегінде де қазақтар өте көп болған ғой. 1924-1925 жылдарда Орталық Азия республикаларының ұлттық аражік ажыратуы барысында Ташкентті қазаққа астана ету мəселесіне дейін қаралған, кəдімгідей қызу талас-тартыс болған екен. Леонид Левитиннің 2001 жылы Мəскеудің «Вагриус» баспасынан шыққан «Узбекистан на историческом повороте» деген кітабында: «Весьма активно дебатировался вопрос о передаче Ташкента Казахстану на том основании, что в районах, расположенных вблизи Ташкента, проживало значительное число казахов. Если бы я сам не читал соответствующие архивные документы, не поверил бы, что такой абсурд мог иметь место», деп жазылыпты. Автор қанша жерден «абсурд» десе де, осы мəселенің айтыс арқауына айналғанының өзі көп жайды аңғартпай ма?

– Мұндайда қазақтың «Өнбес дауды болмас жігіт қуады» деген сөзіне тоқтау керек. Кезінде Қоқан хандығына қарап тұрған еді деп біздің біраз жерімізге олар көз тіксе не айтар едік? Өйте берсең кезінде Қарақалпақстанның Қазақстан құрамында болған кезі де бар, Қазақ советтік автономиялық республикасы болып тұрғанында. Сондықтан, ондай-ондай əңгіменің бəріне барлық тараптар салауат айтуға тиіс. Еншіміз бөлінбей тұрған замандарда Ташкентте ортақ тарихымыздың талай беттері жазылғаны рас, жиырмасыншы ғасырдың басындағы зиялы қауымымыздың талай ірі тұлғалары Ташкентте білім алғаны, тіпті алғашқы жоғары оқу орнымыз – Қазақ педагогика институтының негізі Ташкентте қаланғаны рас. Бауырлас екі халықтың ортақ қазынасы аз емес. Ислам Каримовтың 1993 жылы Ордабасы биігінде тұрып: «Біздің базарымыз да бір, мазарымыз да бір», дегені сондықтан. Қазақ-өзбек шекарасына қатысты бірқатар мəселелер қордаланып қалған болатын. Айталық, Шардара су бөгені маңайында кезінде Өзбекстанға уақытша пайдалануға берілген жерлер бар еді. Екі елдің арасындағы ең қиын тұс Қазығұрт баурайындағы Бағыс пен Туркестанец елді мекендерінің мəселесі болып шықты. Кезінде бекітілген топографиялық карталарды қайтадан дəлдеп, салғастыра келгенде мемлекеттік шекара осы екі елді мекенді кесіп өтетіні анықталған. 1940 жылы бекітілген картаға Бағыс түспеген, ол кезде поселок атымен болмаған екен, ал 1963 жылы бекітілген картада поселок бар болса да белгіленбей қалыпты. Оның үстіне екі елді мекеннің тұрғындары да түгелдей Қазақстан аумағында қалғылары келетіндерін айтқан. Өзбек жағы Бағыс елді мекеніне ешқандай дау айтпағанымен, Туркестанец поселкесінің КСРО тара ғаннан кейін Өзбекстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қарауына берілгенін еске салды. Осы екі арада ұлттық интеллигенцияның кейбір топтарының мəселені қолдан ушықтыруымен даудамай қыза түсіп, ақыр аяғында тіпті Бағыс тұрғындары өздерінің «тəуелсіз Бағыс Қазақ Республикасын» жариялап, «президентін» сайлап та жіберді. Бұл тұста да барлығын салқын сабырға салуға тура келді. Бағыс пен Туркестанецке үкіметтік делегацияның мүшелерін, Парламент депутаттарын арнайы жібердім. Олар жергілікті тұрғындармен қайта-қайта кездесіп, өзбек жағымен шекараның осы таласты учаскелері бойынша жүргізіліп жатқан келіссөз үдерісінің мəнін түсіндірді. Ақыр аяғында Бағыс Қазақстан жағына қарады да, Туркестанецте тұрып, Өзбекстан аумағында қалғысы келмеген қандастарымыз көшіріліп алынды. Бағыс маңындағы 517 гектарлық тау биігіндегі жайылымдық жерлер Қызылорда облысындағы Нысан-1, Нысан-2 жəне Баймұрат аталатын жартылай шөлейт аймақтағы елді мекендер аймағына ауыстырылды. Мұндай мəселелер Арнасай су бөгеті маңайында да жөнімен қарастырылды. 2002 жылғы 9 қыркүйекте Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы мемлекеттік шекараның жекелеген учаскелері туралы шартқа қол қойылып, ұзындығы 2351 шақырымдық шекараны делимитациялау мəселесі біржолата шешілді. Бұл істе Өзбекстан Президенті Ислам Каримовтің осы мəселені ұдайы назарда ұстауының мəні де үлкен болды. – Енді теріскейдегі ұлы көршімізбен – Ресеймен мемлекеттік шекараның белгіленуінің жайына келсек. Бұл

мəселе оңайлықпен шешілмегенін жақсы білеміз. Сөзіме бір дəлел келтірейін. «Ресей өзге республикалардан, соның ішінде Қазақстаннан жер мəселесін қайта қарауды талап етуі керек деп ойлайсыз ба?» – көрші еліміздегі бір саяси қайраткерге өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарында осындай сұрақ қойылған. Ол былай деп жауап қайтарған: «Əрине, олар бұған мойынсұнар еді. Қазақстанның байырғы жері – Шымкент, Жамбыл, Қызылорда. Барлығы қазақтың атамекені. Бірақ Қазақстанның солтүстігі – Орал мен Оңтүстік Сібірдің оларға еш қатысы жоқ. Тіпті, 150 жыл болған Алматының орысша атауы – Верный. Ресейдің Азиядағы сенімді бекінісі деген сөз. Онда бірде-бір қазақтың үйі болмаған, таза орыстардың қонысы. Семей, Өскемен, Петропавл – барлығы Ресейдікі». Сөз саптауынан байқап отырсыз, бұл – кəдімгі Жириновский. Бірақ, Жи ри новс кий ғой, ол осылай сөйлемегенде қалай сөйлейді деп қоя салудың жөні жоқ. – Тəуелсіздіктің алғашқы белесінде бізге территорияларды қайта қарауға байланысты неше түрлі ұрыншақ сөздер айтыла бастағаны бір бұл емес еді. Горбачевтің өзі биліктен кетіп бара жатып Қазақстанның теріскейдегі бес облысы Ресейге тиесілі еді деген сыңайда сөйлеп салғаны, Америкадан қайтып оралған Солженицынның «Қазақтар малының тұяғы іліккен жерінің бəрін өзінікі санай берген», дегені сол жылдарда еді. Мұндай сөздерге байланысты жауабымды тез-ақ қайтаруға тура келді. Б.Ельцинге жолдаған жеделхатымда мен Ресейдің өзімен шекаралас республикаларға территориялық талабынан айқын тұжырымдардан бас тартуы осы кезге дейін баспасөз бетінде ес тілмеуіне байланысты Қазақстанда салдарын болжап білгісіз жұртшылық қар сылығы күш алып келе жатқанын ашық жазғанмын. Осындай қауіпті саяси ойындар Қазақстанда ашу-ыза туғызып отырғанын, осылай кете берсе бұл бəріміз үшін де жағымсыз жай ларға соқтыратынын хабарлағанмын. Сол жеделхатым Кремльге жеткеннен кейінақ Ресей саясаткерлерінің сол кездегі вице-президент А.Руцкой басқар ған үлкен тобы Қазақстанға келді. Ресей делегациясы бізбен екіжақты келісімге қол қойды жəне Ресей біздің территориямызға дəмелі емес əрі ешқашан дəмелік етпейді деген мəлімдеме жасады. Сондай қадамдарымыздың арқасында Қазақстанның өз ұпайын ұттырмайтынына, ұрымтал тұста ешкімге ұрын бай-ақ өз позициясын берік қорғайтынына тəуелсіздікке жыл толмай жатып-ақ барша жұрт көз жеткізе алды. ДƏЙЕКТЕМЕ: «Нұрсұлтан Назарбаев өзінің позициясын ашықтан-ашық былай деп білдірді: «Қазақстанға (жалпы, кез келген басқа да республикаға) қандай да бір шекаралық талап қою қантөгіске соқтырмай қоймайды. Мен бұл айтқанымның жұртқа жетке нін қалаймын. Егер кімде кім Назарбаев қорыққанынан достасады, Қазақстаннан территорияның бір бөлігін тартып алуға болады деп ойласа, ол адам қатты қателеседі. Бүгінде əркім өзінің тəуелсіз мемлекетінің мүддесін қорғауға дайын». Ольга ВИДОВА, «Нурсултан Назарбаев», М., «Эксмо», 2014, 205-бет.

Мұндай тамыр басып, сынап көру əрекеттері одан кейін де бірнеше рет қайталанды. Солардың арасында Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының 1996 жылғы 15 наурыздағы қаулысын елеулі түрде назар аударарлық құжат деп қарамасқа болмайды. Ол қаулыда Мем лекеттік Дума РСФСР Жоғарғы Кеңесінің 1991 жылғы 12 желтоқсандағы КСРО-ны құру туралы шартының күшін жою жөнінде шешім қабылдаған еді. Оны мойындау шын мəнінде КСРОны қалпына келтіруге кірісу деген сөз болатын. Бұл, əрине, РСФСР-дің өз ішіндегі мəселе емес, өйткені КСРО бір Ресей Федерациясының аумағында қалпына келе алмайтыны өзінен өзі түсінікті. 1996 жылғы 17 наурыз күні мен республикалық телевизия арқылы сөз сөйлеп, көршілес елдің заң шығарушы органының біздің тəуелсіздігімізге нұқсан келтірерлік қадамына тиісті баға бердім. Онда ТМД-ға қатысушы мемлекеттер басшыларының қаңтардың 19-ындағы мəжілісінің өзінде-ақ арнаулы мəлімдеме жасағанын, онда Кеңес Одағын қалпына келтіру жөніндегі қандай да бір əрекеттің ауыр зардаптары болатыны жайында сақтандырғанын еске салып өттім. Сол сөзімде мұндай əрекеттердің ТМД аумағындағы ахуалды тұрақсыздандырып, тіпті қантөгіске апарып соқтыруы мүмкін екені де айтылды. Осы мəлімдемеде Қазақстан өзінің егемендігі мен тəуелсіздігін ешқашанда қолдан бермейтіні, алайда интеграцияны тереңдету үшін ортақ күш-жігердің қажет екендігі атап көрсетілген. Мəлімдемеде Қазақстанның тəуел сіздігіне оның Конституциясында кепілдік берілгені атап көрсетілді. Саяси қозғалыстардың, партиялардың немесе жекелеген адамдардың Конституцияға қайшы келетін, еліміздегі жағдайды тұрақсыздандыруды көздейтін кез келген əрекеттері заңсыз деп танылады жəне оларға батыл тойтарыс берілетін болады. Еліміздің Конституциясын бұзуға ешкімнің де қақысы жоқ жəне мен, ел Президенті ретін де, оның мүлтіксіз сақталуын қатаң қадаға лайтын боламын деп кесіп айттым. Стилистикасы жағынан қатқыл шыққан бұл мəлімдеме еліміздегі саяси ахуалды тез тұрақтандыруға шешуші ықпал етті. Көп ұзамай ресейлік депутаттар да артық қа дамдарын мойындап, райларынан қайтты. Қазақта «Басы қатты болса, аяғы тəтті болады» деген сөз бар. Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын делимитациялау мəселесіне байланысты осы сөзді еске түсіре аламыз. Тəуелсіздіктің бастапқы белесінде Ресей Президенті Борис Ельциннің мемлекеттік шекараны белгілеудің маңыздылығына тиісінше көңіл бөліп, сан түрлі саяси ойындарға қатысты оңдысолды айтыла беретін жоғарыдағыдай жайсыз жайларды мүмкіндігінше реттеуге тырысқанын айту жөн. – Борис Николаевичпен қарымқатынасыңыздың жақсы болғанын біле міз. Қазақстан мен Ресейдің арасындағы мемлекеттік шекара туралы əңгіме жаңа қозғала бастаған тұста орынды əзіліңізді осы мəселеде де пайдаланған жайыңыз бар екен... Оны Махмұт Қасымбеков «Жан жадыратар жасын сөз» деген кітабында келтірген. Сонда да өз аузыңыздан естісем деймін. – Ол былай болды. Тəуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы əңгіме ғой. Екіжақты қарым-қатынастардың əр қырын талқылап отыр едік, əңгіме мұнай, газ кеніштеріне ауысқан тұста Борис Николаевичтің аяқ астынан, бас жоқ, көз жоқ, «Нұрсұлтан Əбішұлы, осы Теңізді Ресейге берсеңізші...» деп қалғаны. Теңіз кен орнында мұнай мен газдың керемет қоры бар ғой. Əуелде қалжыңы шығар деп ойлағанмын. Жоқ, ойы тамырымды басып көру сияқты. Қайтер екен деп: «Онда бізге Орынборды облысымен қосып бере қойыңыздар?» дедім. Ол шоршып түсті. «Сонда қалай, Қазақстанның Ресейге территориялық талабы бар болғаны ма?» деді. Түрі өзгеріп шыға келді. Жанды жеріне тиіп кеткені көрініп-ақ тұр. «Ресейге территориялық талабымыз жоқ. Жəй, Орынбордың бір кезде Қазақстанның алғашқы астанасы болғанын айтқаным ғой...» дедім. Тауып айтқан сөзіңе тəнті болатын ер мінезді кісі еді ғой, жаңағы сөзіме қарқылдап күліп жіберді. Мен де күліп жатырмын. Одан кейін бұл тақырыпты қозғамайтын болдық. Менімен телефон арқылы сөйлескенде Мемлекеттік Дума қабылдаған қаулылардың Ресей Федерациясының халықаралық құқық субъектісі ретіндегі мəртебесіне қатысы жоқтығын жəне халықаралық шарттардың күшін тоқтату мəсе лелері мұндай нысанда жүзеге асырылмайтынын, керісінше тиісті заңдарды қабылдау жолымен шешілуге тиіс екенін, Дума қаулыларының қандай да бір құқықтық салдары болмайтынын қуаттаған адам да нақ Борис Николаевич болатын. Екі ел басшыларының осы мəселеде салған беттен тіл табысуы көптеген мəсе лелерді асықпай-саспай, тарихи құжаттар негізінде, жөнімен қарастыруға мүмкіндік берді. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасын делимитациялау жөніндегі келіссөздер 1999 жылдың қыркүйек айында басталған. Келіссөздердің Астанада, Мəскеу мен Алматыда ғана емес, Қазақ станның шекара шебіндегі жеті облыс орталықтарында, Семейде, Ресейдің шекаралық өңірлеріндегі тоғыз қаласында, сондай-ақ, Санкт-Петербургте өткізілгені мəселені сол жерде нақты қарауға, саяси, экономикалық, заңдық, географиялық, тарихи, мəдени, ұлттық жəне басқа да

5 қырларынан егжей-тегжейлі талдауға жағдай жасады. – «Правда о государственной границе Республики Казахстан» деген кітапта барлық мəселелерді реттеуге жұм салған бес жарым жылдың ішінде келіссөздердің 50 раунды, олардың ішінде делегациялардың 26 кеңейтілген отырысы, жұмыс топтарының 13 кездесуі, аз адамдық аядағы 11 кездесу өткендігі жазылған. Демек, қыруар жұмыс атқарылған. – Екі жақ та мəселені кейінгі ұрпақтарға шешілмеген мəселе қалмайтындай етіп қарастыруға тырысты. Кешегі кеңестік кезеңдегі басшылардың республикалар, олардың шекаралары деген ұғымдарды тіпті елеусіз етіп жібергені соншалық, Қазақ КСР-і мен РСФСР арасындағы республикааралық шекара, КСРО Конституциясына қайшы күйде, көршілес облыстардың өзара келісілген кезекші карталарына, жер орналастыру мен орман орналастырудың кереғар материалдарына ғана негізделген болып шықты. Соның салдарынан шекараның біраз жерінде шаруашылық даулары туындап, бір территорияның қағаз жүзінде екі республикаға қарап келгені сияқты жайларға дейін анықталды. Ал Қазақстанның жеті облысы – Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар жəне Шығыс Қазақстан облыстары Ресей Федерациясының он екі субъектісімен – Астрахань, Волгоград, Саратов, Самара, Орын бор, Челябі, Қорған, Түмен, Омбы, Новосибирск облыстарымен, сондай-ақ Алтай өлкесі мен Алтай Республикасымен шектесетінін еске алсақ, бұл шекараның əлемдегі ең ұзын (7591 шақырым!) құрлықтық шекара екенін айтсақ, мəселелердің қаншалықты қордаланып қалғанын шамалауға болады. Бұл құжатты жеріне жеткізуге Ресей Президенті Владимир Путинмен ортақ тіл табыса, бүгінгі жəне болашақ ұрпақтарымыздың мүддесін ойлай отырып, бірлесе атқарған жемісті жұмысымыздың шешуші əсері болды. Владимир Владимирович осы мəселені ұдайы назарда ұстап отырды. Мемлекеттер басшыларының бұл іске тікелей араласуы көп түйінді тарқатты дей аламын. 2005 жылдың қаңтар айында менің Ресей Федерациясына ресми сапарымның барысында біз бұл шартқа қол қоюдың шын мəнінде тарихи оқиға екендігін атап айттық, қадап көрсеттік. Мен бұл шарт бұрынғы кеңестік кеңістіктегі ең ірі екі елдің ынтымақтастығын сапалы жаңа белеске шығарады дедім. Ресей Президенті шекарадағы қарым-қатынасты реттеу өзара сенімді арттыратынын айта келіп, мұның өзі Қазақстанның егемендігін Ресей тарапының толықтай тануы екендігін жеткізді, шарт бауырлас халықтардың жан-жақты кемелденуіне бағытталған стратегиялық əріптестіктің жаңа кезеңінің басы, деді. Иə, расында да, сол күні біз аса үлкен тарихи оқиғаның куəсі болған едік. Өйткені, қадым замандардан қазақ-орыс елдері арасында шекара бірінші рет заңды түрде тартылды. Қазақстан мен Ресейдің ортақ тарихы қалыптасқан. Біз қай кезде де қуаныш пен қайғыны бірге бөлістік. Жарты бидайды жарып, бүтін бидайды бөліп жедік. ХХ ғасырда əлем тарихындағы ең зұлмат соғыста бірге шайқастық, жауды бірге жеңдік. Сондықтан да рухани жағынан аса жақынбыз. Шекараны белгілеу шарасы Ресей үшін де тарихи оқиға, бұған дейін империялық Ресей деген идеология енді түп тамырымен жойылып, халықтар арасындағы сенім бекітіле түсті. Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарының өзара сенімге негізделген жаңа кезеңі басталды. – Нұрсұлтан Əбішұлы, Қазақстан өз тəуелсіздігінің он бес жылға жетпейтін кезеңінің өзінде ең ірі, ең қиын, ең маңызды мəселені шеше алды. Осы істің сəтімен басталып, сəтімен аяқталуы бəрінен бұрын сіздің бүгінгі жəне болашақ ұрпақтардың қамын ойлаған сара саясаткерлігіңіздің арқасында мүмкін болды. Əсіресе, Ресеймен, Қытаймен арадағы шекараның мəңгілікке шешілуі қандайлық тарихи шешім екендігін біз барынша сергек сезінуге тиіспіз. Ресей мен Украина арасындағы шекараның түпкілікті белгіленбеуі қиын жағдайға соқтырғанын көріп отырмыз. Кезінде олар Азов теңізі маңындағы бір кішкентай аралға байланысты тоқтамға келе алмапты да, содан келіссөздер жалпы тоқтап қалыпты. Сіз шығыс жақ беттегі ұлы көршімізбен шекараны біржолата бекіту арқылы азаттық үшін алысып, екі елдің ортасында арпалысып өткен Абылай атамыздың аманатын атқарып шықтыңыз. Тəуелсіздіктің бес жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзіңізде сол бір қилы кезең жайындағы Мағжан жырын келтірген едіңіз. Ендігі жерде қазақ баласы, қазақстандықтар «Алыстан орыс, қытай ауыр салмақ, Жақыннан тыншытпайды қалың қалмақ. Арты – ор, алдында – көр, жан-жағы жау, Дағдарған Алаш енді қайда бармақ?!» деген ақын сөзін тек сол заманның уайымын жеткізген əдеби мұра ретінде ғана қарастыратын болады. – Дұрыс айтасың. Əр нəрсенің бағасын білген жақсы. Ата-бабаларымыз ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап қалған байтақ жерімізді Тəуелсіздіктің арқасында заңдастырып, шекараны шегендеу арқылы ұрпақтарымыздың алаңсыз өмір сүріп, жасампаздық жұмыспен айналасуына мүмкіндік беретін жағдай жасай алғанымыз – баға жеткісіз бақыт. Мəңгілік Ел құрудың бір шарты да осы. – Əңгімеңіз үшін көп рахмет.


6

www.egemen.kz

5 маусым 2015 жыл

МЕМЛЕКЕТТІК РƏМІЗДЕР – Еліміздіѕ барлыќ ґѕірлерінде Ќазаќстан Республикасыныѕ Мемлекеттік

АСТАНА

Еліміз тəуелсіздігінің тұмары іспетті құндылықтарымыздың бірі – Мемлекеттік рəміздер. Айтулы мереке – Мемлекеттік рəміздер күні Маңғыстау өңірінде бірнеше атаулы шаралармен аталып өтілді. Алыстағы аудан, қалаларда жастар арасында мемлекеттік рəміздерді насихаттау, рəміздерге деген құрметті қалыптастыру, патриоттық тəрбие беру мақсатында дөңгелек үстелдер, семинар-тренингтер, акциялар, байқаулар, көрмелер, кездесулер ұйымдастырылып, фотоальбом жасақтау жұмыстары жүргізілді. Мереке күні таңертең Ақтау қаласындағы «Мұнайшы» спорт кешеніне жиналған 250-ге жуық спортшы хормен Мемлекеттік Əнұранды орындады. Құрамы негізінен мектеп жасындағы балалар мен жастардан құралған Əнұранды орындаушылардың барлығы Қазақстан Республикасының Мем лекеттік рəміздер күніне орай, Астана қаласы жастарының бастамасымен «Менің Қазақстаным – менің Астанам!» атты мерекелік бұқаралық шара ұйымдастырылды. Бес мыңнан астам адам қатысқан акцияның мақсаты – Тəуелсіз еліміздің мемлекеттік рəміздерін насихаттау арқылы отандастарымыздың патриоттық сезімін арттыру. Осымен төртінші рет өткізіліп отырған «Менің Қазақстаным – менің Астанам!» мерекелік шарасы «Мəңгілік Ел» салтанатты аркасының алдынан «Менің Туым» атты автошеруден басталды. Ерекше айта кететін болсақ, автокеруен негізінен Қазақстанда құрастырылған «Chevrolet Cruze» отандық көліктерінен құралды. Автошеруге 23 көлік қатысты. Бұл Мемлекеттік рəміздеріміздің салтанат құрғанына 23 жыл толғанын айғақтайды. «Мəңгілік Ел» аркасынан бастау алған автошеру Орынбор көшесі арқылы өтіп, Есіл өзенінің жағасына келіп аялдады. Осы жерде автошеруге қатысушылар Есіл өзені арқылы катерлермен жүзіп келген «Патриотизм толқынында» атты жастар тобын қарсы алды. Олимпиада чемпионы Серік Сəпиев Мемлекеттік Туды салтанатты жағдайда катерлерге мінген «Жастар» құрылыс отрядтарының мүшелеріне табыс етті. Олар ерке Есілдің салқын самалымен жеңіл тербелген Көк туды өзен бойымен алып өтті. Шеру Есіл өзені арқылы жүріп, қайтадан жағалаудағы

ҚАРАҒАНДЫ

АҚТАУ

автокеруенге жалғасты. Осы жерде «Жастар» құрылыс отрядының мүшелері Мемлекеттік Туды Олимпиада чемпионы Ольга Шишигинаға табыстады. Мемлекеттік рəміздерді көтерген автокеруен Орталық саябаққа келіп тоқтады. Мұнда мерекелік шараға арналған салтанатты митинг болып өтті. – Бүгінгі мереке Қазақстан үшін маңызды күндердің бірі деп есептеймін. Өйткені, осыдан 23 жыл бұрын нақ осы күні Тəуелсіз еліміздің Мемлекеттік рəміздері алғаш рет көтерілген болатын. Менің ойымша, əрбір халық, əрбір мемлекет үшін рəміздер киелі болып есептеледі. Естеріңізге алыңыздаршы, Олимпиада жеңістерінде біздің спортшыларымыз Мемлекеттік Туымызды жүрек тебіренісімен көтеріп, Мемле кеттік Əнұранымызды көздеріне жас алып орындады емес пе?! Менің ойымша, біздің Мемлекеттік рəміздер əлемдегі ең озық үлгілерден саналады, – деді салтанатты митингіде қазақтың тұңғыш ғарышкері, Кеңес Одағының Баты ры, Халық Қаһарманы Тоқтар Əубəкіров. Мемлекеттік рəміздер күніне арналған елордадағы салтанатты шаралар қазақстандық эстрада жұлдыздарының концертіне ұласты. Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан». –––––––––––––––––––––––– Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ.

АЛМАТЫ

да спортты жанына серік етіп, спорттың əр түрімен шұғылданып жүрген жастар. Арасында алыс-жақын елдерде жүлде салғандары да жоқ емес. Көк байрақты жат жерде көтеру мүмкіндігі бар бұл жас спортшылардың Əнұранды шырқап, патриоттық сезімде тəрбиеленуі – болашақ жеңістерге жол ашар, мүмкін?! Жастар алдында ұйымдастырушылар тарапынан Қазақстанның Мемлекеттік рəміздерінің шығу, жасалу тарихы туралы дəріс оқылып, олардың мəн-маңызы түсіндірілді. Маңғыстау облысы аумағында рəміздерге арналған шаралар олардың маңызын түсіндіру, насихаттау, буклеттер тарату, флеш-моб сынды бірқатар шаралармен жалғасын тапты. Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

АҚТӨБЕ

Көптен көлеңкелі болған Ақтөбе аспаны шайдай ашылды. Бұл күні Көк туымыз желбіреп, Елтаңбамыз еңсемізді көтеріп тұрғандай сезілді. Саябақтар мен алаңдардағы Əнұранымыздың асқақтап, шарықтауының өзі еліміздің өркендеуінің өнегесі іспетті. Егемен еліміздің рəміздерін құрметтеудің 23 жылдығын Ақтөбе халқы үлкен мереке ретінде атап өтті. Оған жастардың қоғамдық бірлестіктері, жоғары жəне орта оқу орындарының студенттері, Кеңес Одағының екі мəрте Батыры Т.Бигелдинов атындағы Əуе қорғаныс күштері əскери институтының курсанттары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев атындағы саябақта үлкен жиын болды. Салтанатты жиында Ақтөбе қаласы əкімінің орынбасары Айгүл Арынғазиева сөз сөйлеп, жиналғандарды осынау ұлық мерекемен құттықтады. Қолдарына Көк ту ұстаған

жастарымыз егемен елдің ертеңіне деген сенімін аңғартты. Патриоттық акция кезінде жас мемлекеттік қызметшілердің салтанатты түрде ант беру рəсімі өтті. Шараны ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, акция мемлекеттік қызметкерлерді жалпы ұлттық құндылықтарды бағалауға, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыруға, ел игілігіне адал қызмет етуге ұмтылдырады. Салтанатты мереке «Рəміздерім – мақтанышым» атты үлкен концертке ұласты. Сондай-ақ, бұл күні мəдениет жəне білім беру мекемелерінде «Мемлекеттік рəміздер – биік тұрар ұғымдар», «Еңселі еліміз рəміздерімен тұғырлы» тақырыптарында кітап көрмелері, «Қазақстан Республикасының рəміздері», «Көк тудың желбірегені, жаныма қуат береді!» деген тақырыптарда əдеби кештер, сазды бағдарламалар ұйымдастырылды.

Ел өміріндегі елеулі оқиғаларда бір мақсат, бір тілек жолындағы ынтымақ пен тұтастыққа қуаныштарын білдіріп, разылықтарын сездіріп, мерекелік көңіл-күйге бөленетін қарағандылықтар бұл күні де қаланы шаттыққа шалқытты. Ашық аспан түсімен астаса желбірген Көк ту мен Елтаңбаны биікке көтеріп, Əнұранды асқақтата шырқап патриоттар шеруін бастаған аға жəне жас ұрпақ тобына орталық саябақта жиналған қалың жұртшылық қосылып, салтанат сəнін асырды. Олар алдында облыс əкімі Нұрмұхамбет Əбдібеков құттықтау сөз сөйледі. «Көк туымызды қадірлеу, Елтаңбамызды қастерлеу, Əнұранымызды асқақтату əрқайсымыздың парызымыз. Біз, ардагерлер жастарымыздың осы қасиетті үш рəмізге деген азаматтық сезімдері жоғары болуын тілейміз. Мұның жарқын көрінісіне қуанып тұрмыз», – деді қарт майдангер Серафима

Пономарева. Облыстық «Полония» поляк этномəдени бірлестігінің жетекшісі Альберт Хмелевский, жастар ұйымының белсендісі Гүлдана Абдрашева əрбір қоғамдық іс-шаралардың, мерекелердің өзіндік орны бар екенін, ал Мемлекеттік рəміздер күнінің осылайша аталуы мəнмаңызын арттыратындығын айтты. Осы күнге арналған шаралар аясында оқу орындары мен мəдениет ошақтарында, кітапханалар мен мұражайларда, спорт орталықтарында «Тəуел сіздігіміздің рəміздері», «Мемле кеттік рəміздер жəне мен», «Біз бір Ту дың аясындамыз», «Бірлік пен бейбіт шілік символдары» атты тақырыптарда дөңгелек үстелдер, кездесулер, көрмелер, флеш-мобтар өтіп, Көк туды желбіреткен велосипедшілер шеруімен жалғасты. Айқын НЕСІПБАЙ, «Егемен Қазақстан».

ҚОСТАНАЙ

Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

АТЫРАУ

Бір мезетте шырқалған Қазақ елі Əнұранының жаңғырығы Алатаудың бөктеріне дейін жетті... Бұрын-соңды Алматыда, оның үстіне қаланың Алатау бөктері жағындағы Тұңғыш Президент саябағында дəл мұндай флеш-моб болған шығар, бірақ, бұл жерде бір мезетте соншама қауым бір дауыспен əн шырқамаған. Ерекше құбылыстың мəнін көңілі ерекше желпіністе тұрған Алматы қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Санжар Боқаев былай түсіндірді: – Қай елдің болса да Мемлекеттік рəміздері қашанда халықтың рухани болмысымен, философиялық ойлау өрісімен астасып жататыны бар. Біздің Қазақстанның Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы мен Əнұраны бір-бірімен сондайлық үйлесіп тұруының өзі көп жайтты аңғартса керек. Бүгінгі өзінің дүниеге келген күні бір дауыспен, бір сазбен 5 мыңға жауық адам екпіндете, жігерлене айтқан Əнұранымыздың жаңғырығы соның шынайы көрінісі, нақты дəлелі деп айта аламын. Біздің Əнұран, əлемдегі ең əдемі де əсерлі Əнұран! Əнұранды айтуды өзі бастаған қала əкімі Ахметжан Есімов алдымен жиналған қауымды Мемлекеттік рəміздер күнімен құттықтап, сөз сөйледі. – Ұлттық рəміздер дегеніміз жайданжай салына салған суреттер емес. Олар кез келген мемлекеттің ұлттық белгілері,

олар тəуелсіздік пен бостандық тың айнасы. Мемлекеттік рəміздер халықтық рухани құндылықтар дың бірегейлігін бейнелейді. Өз Туына, Елтаңбасына, Əнұранына деген құр мет ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, елдің тарихи тұтастығын нығайтады. Мемлекеттік рəміздер халықты ерлік жасауға, елі үшін өз өмірін құрбан етуге ұмтылдырған. Адамзат тарихында ондай деректер жетерлік, – деді қала басшысы. Əнұранның жаңғырығы басылған сəтте жиналған халық құрметқошеметпен қол шапалақтады. Кезек қазақ өнерінің «жұлдыздарына» тиді... Əлемдік талай-талай спорттық додалардан тыс, Қысқы жəне Жазғы Олимпиадаларда осы күнге дейін Көк туымызды желбіретіп, Қазақстан Əнұранының 18 рет шырқалуы да тегін еместігі – Тұңғыш Президент саябағында Əнұранды орындап тұрған əрбір азаматтың жүрегіне жылылық ұялатып, көңіліне қуаныш үйірді. Алда – Мемлекеттік рəміздер күніне арналған түнгі веложарыс. Оның бағыты белгілі. Сөре – Əнұран шырқалған жерден басталады...

Талғат СҮЙІНБАЙ, «Егемен Қазақстан». –––––––––––––––––––––––– Суретті түсірген Айтжан МҰРЗАНОВ.

Атыраудағы «Мұнайшы» стадионына кəсіпорындар мен мекемелерден, жоғары жəне арнаулы орта оқу орындарынан 8 мыңға жуық адам қатысып, Мемлекеттік рəміздер күніне арналған мерекелік шараны тамашалады. Мəденикөпшілік шараны тамашалауға өңір тұрғындарының əр буыны жиналды. Əсіресе, жастардың шоғыры көбірек көрінді. Мерекелік шара барысында алдымен еліміздің Əнұраны шырқалды, Көк байрағы көтерілді. Мұнан соң облыс əкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов тəуелсіз Қазақстанның мемлекеттік символы ретінде құрмет тұтылатын рəміздер тарихынан сыр шертіп, шараға қатысушыларды айтулы мерекемен құттықтады. – Ширек ғасырға жуық еліміздің Көк байрағы БҰҰ төрінде тұр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шетелдерге ресми сапарларында да, отандық спортшыларымыздың əлемдік додалардың жеңімпазы болған сəттерінде де Көк байрағымыз үнемі көтеріліп, Əнұранымыз шырқалып келеді. Қазақ өнеріне тамаша əндерін сыйлаған

ком позитор Шəмші Қалдаяқов пен ақын Жұмекен Нəжімеденовтің шығармашылық үндестігінен туған «Менің Қазақстаным» əні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың толықтыруымен Əнұранға айналып, баршаның жүрегінен орын алды, – деді облыс əкімі Б.Ізмұхамбетов. Шара барысында «Қазақстаным менің», «Елім менің», «Атамекен» секілді патриоттық əндер шырқалды. «Бұл, əсіресе, жас буын өкілдер үшін отаншылдық рухты оятатын мемлекеттік мереке болуымен ерекшеленеді. Еліміздің əрбір жасы, əрбір азаматы тəуелсіз мемлекеттік символымызға балайтын рəміздерімізді тек осы күні ғана емес, ұдайы құрмет тұтуымыз қажет», деген жүрекжарды пікірімен бөлісті Х.Досмұхамедов атындағы мемлекеттік университеттің студенті Гүлдана Елемесова. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан». –––––––––––––––––––––––– Суретті түсірген Рахым ҚОЙЛЫБАЕВ.

Қостанайда Мемлекеттік рəміздер күніне арналған жас патриоттар форумы өтті. Оған студенттер мен жастар, мектеп оқушылары мен кішкентай бүлдіршіндер де қатысты. Қостанайдың көк зеңгір аспанында патриоттық əндер қалықтады. Форумның ашылу салтанатына қатысқан облыс əкімінің орынбасары Мұрат Дəрібаев бүгінгі Қазақстан жастарының бақытты екенін тілге тиек етті. Мемлекеттік рəміздер күні мерекесі қарсаңында «Отанымның рəміздері – объективте» атты бейнероликтерге байқау жарияланған болатын. Жас патриоттар форумында осы байқаудың қорытындысы шығарылды. Жүлделі орындарды «Жеңістің 70 жылдығы», «Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, «Конституцияның 20 жылдығы, «Қазақ хандығының 550 жылдығы» аталымдары бойынша Бекболат Қалиев, Серік Сəлпенов, Болатбек Сəней, Ерболат Олжабаев иеленді. – Форумның мақсаты қазақстандық патриотизмнің идеясын көпшілікке тарату, еліміздің əлеуметтік-экономикалық жетістіктері үшін азаматтардың

мақтаныш сезімін қалыптастыру жəне өскелең ұрпақтың тəуелсіздік атрибуттарына құрметпен қарауын тəрбиелеу болып табылады. Мерекені күтпей жыл бойы мемлекеттік рəміздерді үнемі насихаттап отыруымыз қажет. Бұл жұмыс Қостанайда солай жүретінін мақтанып айтқым келеді. Қазір жастар жеңіл көлігінің ішіне Мемлекеттік Туымызды қадап, рəміздеріміз бейнеленген суреттерді, жалаушаларды іліп қояды. Мұның өзі жастардың патриоттық сезімінің қалыптасқанын көрсетеді. Ал спорттық жарыстарда Көк туды көтеру, Əнұранды шырқау жастарды қалай жігерлендіретінін көріп жүрміз. Осы жолы бейнероликтер байқауына қатысуға жастар көп ықылас білдірді, – деді «Социум@я» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Марат Жұрқабаев. Жас патриоттар форумы жас велосипедшілердің қаланың ортасынан бастап, бір шетіндегі «Жастар» гүлзарына дейінгі шеруімен аяқталды. Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан».


www.egemen.kz

5 маусым 2015 жыл

7

ЕЛДІКТІЅ ЕРЕН БЕЛГІСІ

рəміздер кїні тїрлі патриоттыќ рухтаєы шаралармен кеѕ кґлемде аталып ґтті біледі. Көк туымызды Олимпия ойындарынан, Президентіміздің шетелдерге сапарларынан көргенде, спортшыларымыз жеңіс тұғырына көтеріліп, Əнұранымыз асқақтата шырқалғанда, кеудемізді ерекше мақтаныш сезімі кернейді. Сондықтан мемлекеттік рəміздер – Отанымыздың қасиетті бойтұмары! Біз елдік нышандарымызды əрдайым қастерлеуіміз қажет, – деді облыс əкімінің орынбасары Жақсылық Омар. Сондай-ақ, Өскемен қаласының əкімі Темірбек Қасымжанов №3 мектепгимназиясының оқушысы Зүлфат Файзрахманованы досы Қасымханды суға батып бара жатқан жерінен құтқарып қалғаны үшін «Бейбіт күннің батыры» атағымен марапаттады. Дəл осындай марапатқа өртенген үйден көршісін алып шыққан «Қазмырыш»

ҚЫЗЫЛОРДА

ЖШС цехының операторы Вячеслав Богданов та ие болды. Бұл мемлекеттік қызмет қатарына жаңадан қабылданған 10 шығысқазақстандық азамат үшін есте қалатын күн болды. Олар Мемлекеттік қызмет жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, облыстық тəртіптік кеңес төрағасы Тоқтамыс Жұмағұловтың қолынан мемлекеттік қызметкер куəлігін алды. Мемлекеттік қызметке қабылданған азаматтар еліміздің заңнамасын қатаң сақтап, өз міндеттерін абыроймен орындауға ант берді. Сондай-ақ, өңір тұрғындары бір мезетте Əнұранды асқақтата шырқады.

ТАРАЗ

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан».

ПАВЛОДАР

Қызылордада мереке Мемлекеттік гимнді бір мезгілде орындаудан басталды. Мұнан соң Ыбырай Жақаев ескерткіші жанында «Бейнелеу өнері» үйірмесі балаларының қатысуымен «Ел рəміздері – асыл мұрамыз» атты жас суретшілер байқауы өтті. Онан соң «Менің Отаным – Қазақстан» атты жас өнерпаздардың патриоттық əндер байқауы ұйымдастырылды. Осы мезетте белсенді жастар «Жібек жолы» сауда орнында «Мемлекеттік рəміздер – менің мақтанышым» атты флэш-моб өткізді. Қызылордалықтар əрбір шарада Мемлекеттік рəміздер – ел тəуелсіздігін əлемге танытатын əрі мемлекетіміздің өткені мен бүгінін жəне болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі екендігін көрсетті. Сыр өңіріндегі шаралар мұнымен

тоқтаған жоқ. Шара кешкілік Қазыбек би мен Əйтеке би көшелерінен Орталық алаңға дейін жүріп өткен «Елдігімнің белгісі» атты жастар шеруіне ұласты. Шеруді ҚР ҰҚК Шекара қызметі «Оңтүстік» Өңірлік басқармасының 2019 əскери бөлімінің оркестрі бастап жүрді. Жалпы, қаладағы кəсіпорындар мен мекемелер, əскери бөлімшелер, жастар ұйымдарының мамандары, барлығы 500-ге жуық адам қатысты. Бұған қоса, орталық көшелерде 15 автокөлік пен 50 велошабандоз қатысқан вело-автошеру өтті. Мұнан соң мерекелік шара Орталық алаңда жалғасып, жергілікті өнерпаздардың қатысуымен «Менің Қазақстаным» атты мерекелік шараға ұласты. Ержан БАЙТІЛЕС, «Егемен Қазақстан».

ОРАЛ

Еліміздің тарихы терең, дəстүрі мол өңірлерінің бірі, Отанымыздың батыстағы қақпасы – Орал өңірінде Мемлекеттік рəміздер күніне арналған шаралар таңертең басталып, түнгі 24.00-ге дейін созылды. Дəл осы күні облыс аудандары мен Орал қаласында фотобейнероликтер мен авто, велошерулер жəне флеш-мобтар мен кітап көрмелері өткізілді. Бұл іс-шаралардың өн бойында мемлекеттік рəміздеріміз –Ту, Елтаңба жəне Гимн елдің айбары, ар-намысы, сонымен бірге, елді біріктіретін рухы екені анық көрінді. Соның ішінде облыста «Көк тудың желбірегені» ұранымен ұйымдастырылған эстафета мен «Менің елім – Қазақстан» атты патриоттар акциясының шоқтығы биік болды. Атап айтқанда, П.Атоян атындағы стадион мен Шаған өзенінің жағалауында жəне «Динамо» спорт базасы маңайында белгілі батысқазақстандық спорт майталмандары мен ұшқыштар көк байрақты бірінші кезекте əуеде ұшақ үстінен қалықтатып, желбіретіп əкеліп жерге түсірді. Содан кейін бұл эстафета суда жүзушілер мен велошеруге қатысушыларға, бұдан əрі жаяу жүгірушілерге табысталды. Осы бір көзге жас келтірерліктей

дамуына елеулі үлес қосып жүрген 22 жас «Жас патриот - 2015» аталымдары бойынша марапаттарға ие болды. Мысалы, солардың бірі Радик Муфасалов облыс орталығындағы №1 қалалық аурухананың хирург-дəрігері болып жұмыс істейді. Еліміздің жас патриот ұл-қыздары «Алға, Қазақстан!» деп ұрандады. Жүректерін ұлтжандылық, бойын мақтаныш кернеген жастардың еліне деген сүйіспеншілік сезімдері ерекше екені байқалды. Осы шараны ұйымдастырушылардың бірі Олжас Əлімхановтың айтуынша, мемлекеттік рəміздер елдің елдігін танытып, отаншылдық пен патриоттық рухты оятады жəне əр жүректе отансүйгіштік сезімдерін туғызады. Ендеше, Көк байрағымыз биік, Елтаңбамыз айқын, Əнұранымыз асқақ болсын, дейді ол. Ал «Менің Қазақстаным» атты мерекелік форумның жалғасы орталық жағалауда жергілікті эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен концертке ұласты. Фарида БЫҚАЙ, «Егемен Қазақстан».

мақсаты биік, əсері мол, ұлттық рух пен сана-сезімді дүр сілкіндіретіндей эстафетаның қайталанбас көріністері Сырым Датұлы алаңында кешкі 20.00-де басталған «Менің елім – Қазақстан» акциясы кезінде мыңдаған қала тұрғындарына кең экран арқылы көрсетілді. Бейнелеп айтқанда, спортшылар өздеріне табыстаған сол көк туды əскери қызметшілерге жеткізді. Олар оны сахнаға көтеріп шығарды. Осы сəттен соң Мемлекеттік гимн əскери оркестрдің сүйемелдеуімен орындалды. Бұдан əрі Мемлекеттік ту мəртебесін асқақтатқан жастар флэш-мобы өткізілді. Мемлекеттік рəміздер күнімен тұрғындарды Батыс Қазақстан облысының əкімі Нұрлан Ноғаев құттықтап, Ту, Елтаңба жəне Гимн, халқымыздың рухы мен ұлттық санасезімін, қаһармандығы мен даналығын жəне мақсат-мүддесін болашаққа жеткізе алатын баға жетпес құндылық екенін атап көрсетті. Акция соңы концерттік бағдарламаға ұласты. Темір ҚҰСАЙЫН, «Егемен Қазақстан». –––––––––––––––––––––––– Суретті түсірген Рафхат ХАЛЕЛОВ.

салтанатты түрде желбіретіп алып жүрді. Эстафетаны келесі кезекте велошабандоздар шеруі жалғастырды. Рəміздер шеруі облыстық драма театры алдындағы «Біздің Ту! Біздің Елтаңба! Біздің Əнұран!» атты патриоттық акцияға ұласты. – Бүгінде елімізді бүкіл əлем таниды,

Еліміздің Мемлекеттік рəміздер күні облыс қалалары мен аудандарында түрлі патриоттық шаралар мен форумдарға жалғасып, экономикасы жоғары дамыған 30 елдің қатарына қосылуды басты мұрат еткен Қазақстанның тəуелсіздігі мен егемендігінің біртұтас, ажырағысыз басты атрибуттарының бірі, өскелең ұрпақты Отанды сүю сияқты қастерлі де қасиетті сезімге ұмтылдырудың теңдессіз құралы екендігі паш етілді. Орталық алаңда орналасқан «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рəміздері» сəулеттік композициясының жанына мерекелік жоғары көңілкүймен жиылған жұртшылық Ту мен Елтаңбамыздың салтанатты əкелінуін ду қол шапалақтап қарсы алды. Жиналғандарды аймақ басшысы Ерік Сұлтанов айтулы оқиғамен құттықтады. Ол өз сөзінде сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыз аңсаған Тəуелсіздікке қол жеткізген жеке-дара мем лекет болумен қатар, ел тарихын əлемге танытатын тұғыры биік Туы мыз бен, Ел таңбамызбен, əр қазақстандықтың патриоттық рухын көтеретін Əнұ ра нымызбен айбынды болғанымызды жеткізе келіп, біртұтас елдігімізді, бірлігімізді танытатын рəміздерді көздің қарашығындай қастерлей білуге шақырды.

Бүгінде Мемлекеттік рəміздер күні əрбір қазақстандықтың патриоттық сезімі мен елге деген мақтанышын оятатын мерекеге айналды. Айтулы мереке Тараз қаласында «Мемлекеттік рəміздерім – менің мақтанышым!» атты флеш-моб өткізумен басталды. Іс-шараға жоғары жəне орта арнаулы оқу орындарының студент жастары, мектеп оқушылары, жастар қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері қатысты. Сондай-ақ, мереке аясындағы «Бір Ту астындағы Тəуелсіз Қазақстан» жəне «Менің Туым, менің Елтаңбам, менің Əнұраным» атты акциялардың маңызы ерекше, тағылымы зор болды. Бұл іс-шарада облыстың жас патриоттары Қазақстан Туы мен Елтаңбасын салтанатты шерумен алып келді. Қол күресінен үш дүркін əлем чемпионы Дмитрий Трубин, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы Берік Үсенбаев, №45 қазақ классикалық гимназиясының түлегі, республикалық ғылыми жобалар байқауының жүлдегері Мадина Жақсылықова жəне

№46 орта мектептің денешынықтыру пəнінің мұғалімі, қол күресінен халықаралық дəрежедегі спорт шебері Валерий Юрченко Мемлекеттік туды əскери оркестрдің сүйемелдеуімен биікке көтерді. Мемлекеттік Гимн орындалды. – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рəміздер күні мерекесі – ел өміріндегі айрықша оқиға. Өйткені, мемлекеттік рəміздер – ұлттық тұтастықтың кепілі, Тəуелсіздіктің негізі, азат елдің символы. Қазақстан ның шынайы патриоты болу – Қазақстанды жүрегіңде сақтап жүру, Отанға, елге қызмет ету, Отанды қорғау, атамекенді сақтау. Міне, осының бəрі – патриоттықтың үлгісі, – деді Жамбыл облысы əкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов. Патриоттық акция соңы концерттік бағдарламаға ұласты. Оралхан ДƏУІТ, «Егемен Қазақстан». –––––––––––––––––––––––– Суретті түсірген Алтынбек ҚАРТАБАЙ.

ШЫМКЕНТ

ПЕТРОПАВЛ

ӨСКЕМЕН Шығыс өңірінде Мемлекеттік рəміздер күні кең көлемде аталып өтті. Ертеңгілік көк байрағымыз «Қазмырыш» ЖШС, «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ сынды ірі өнеркəсіп зауыттарының аумағында болса, одан кейін «Бипэк авто» ЖШС автокеруені қала көшелерінде

Облыс орталығында Ертіс өзені жағалауында Мемлекеттік рəміздер күні мерекесіне арналған «Менің Қазақстаным» форумына 5 мыңға жуық адам қатысты. Ал 700 жас флэшмобқа қатысып, би биледі. Салтанатты түрде безендірілген алаңда мəртебесі биік Көк ту, Елтаңбаның үлгілері көрінеді. Əнұран асқақтады. Мектеп оқушылары, колледж, жоғары оқу орындарының студенттері, түрлі жастар ұйымдарының белсенділері, жас мамандар жиналды. Облыстық жастар саясаты мəселелері жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен өткен мерекелік шараға 1500-ге жуық жас қатысып, патриоттық, елдік мүдде-мақсаттар тақырыбына арналған əндерді шырқады. Форумда облыс əкімінің орынбасары Нұржан Əшімбетов жиналған жастарды, жұртшылық өкілдерін мерекемен құттықтады. Жастарды өз елін, жерін сүюге, отаншылдық, рухы мықты жігерлі болуға шақырды. Сонда ғана бəріміз бірге əлемдегі жаңа əлеуетті Қазақстанды құра аламыз, деді ол өзінің сөзінде. Құттықтау сөзден кейін облыс əкімдігі атынан əртүрлі салада өңір

Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба жəне Мемлекеттік Əнұран – егемен еліміздің ұлттық құндылықтары. Шымкентте облыс əкімдігінің ұйымдастыруымен «Тəуелсіздік» монументі жəне Мемлекеттік рəміздер алаңында «Менің Қазақстаным» патриоттар фо румы өтті. Төле би, Қазыбек би жəне Əйтеке би атындағы көшелердің түйіс кен Ордабасы алаңында орнатылған ескерткіштің екі жағына Оңтүстікте тұрып жатқан ұлттар мен ұлыстардың өкілдері жартылай шеңбер жасай орналасты. Ескерткіштен Мемлекеттік рəміздер алаңына қарай көтерілетін баспалдаққа дейінгі аралықта хореографиялық қойылымға қатысатын студенттер əнші Маржан Арапбаеваның шырқауындағы «Қазақ елі осындай» əніне флеш-моб орындады. Флеш-мобтан кейін студенттер екі жаққа жарылып, жоғары баспалдақтардың екі шетінен қолдарына сары жəне көк түсті жалаулар ұстаған жауынгерлер түсіп, арнайы белгіленген орындарға тұрды. Рəміздер алаңындағы

Гір көтеруден əлемнің сегіз дүркін чемпионы Виталий Диденко, қалалық ішкі істер басқармасы екінші полиция бөлімінің жедел уəкілі Гариф Хамзаев өз сөздерінде Елбасымыздың бастауымен ұлт пен ұлыстардың тату-тəтті мекеніне айналған ортақ шаңырағымыздың тірлігі мен бірлігінің салтанат құра беретініне сенім білдірді. Бұдан кейін өңіріміздің өркендеуіне үлкен үлес қосқан бір топ азамат марапатталды. Жастар ұйымдастырған «Тəуелсіздігіміздің символикалары», «Туымыз, Елтаңбамыз, Əнұранымыз–айбынымыз» атты акциялар өткеніміздің, бүгініміздің жəне болашағымыздың арасындағы мəңгілік сабақтастықтың, дəстүр жалғастығының жарқын бейнесін елестетті. «Мемлекеттік рəміздер– ұлттық мақтанышымыз» автошеруіне қатысушылар басты көшелермен жүріп өтіп, өз маршрутын Жеңіс саябағында аяқтады. «Алтын қыран» спорттық жарыстар балғындар мен əскерипатриоттық клуб мүшелерін, саламатты өмір салтын серік еткен жандарды бір арнаға топтастырды. Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан». –––––––––––––––––––––––– Суретті түсірген Талғат ТƏНІБАЕВ.

баспалдақтар басталатын жерде 8х16 көлеміндегі Қазақстан Туы орналасты. Осы сəтте Елтаңба көтерген 2 офицер мен Көк байрақ көтерген 32 жауынгер жоғары шықты. «Менің Қазақстаным» патриоттар форумына қатысушылар Рəміздер алаңындағы Елтаңба жанына келгенде алаңдағы Қазақстан Туы жоғары көтерілді. Форум сценарийі осылайша өрілді. Облыс əкімі Асқар Мырзахметовтің құттықтау сөзінен кейін əнкүйге кезек берілді. Сидней Олимпиадасында Қазақстан байрағын көкке көтерген сайыпқыран, əлем чемпионатының күміс жүлдегері, ТМД елдері, Азия чемпионаттарының алтын көмбесіне Туымызды тіккен Мұхтархан Ділдəбеков мемлекеттік рəміздерді қастерлеу жайында толғанды. «Менің Қазақстаным» патриоттар форумының шымылдығы «Елім менің» əнімен жабылды. Бақтияр ТАЙЖАН, «Егемен Қазақстан».


8

www.egemen.kz

5 маусым 2015 жыл

Сарапшылар кеѕесініѕ отырыстары

Ќазір ерен жїйрік екеу Жїлдесіздер де жоќ емес

Елбасы Н.Ə.Назарбаевтыѕ «Ўлт жоспары – 100 наќты ќадам» баєдарламасын жїзеге асыру мəселелеріне арналды

Кеше Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Астанадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде болды. Онда өтіп жатқан Ұлттық бірыңғай тестілеудің өту барысымен танысып, емтихан тапсырушы түлектермен, ата-аналармен кездесті.

Кеше Астанада Президент Əкімшілігі Басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаевтың төрағалығымен «Болашақтың біртұтас ұлты» жұмыс тобының жанындағы Сарапшылар кеңесінің мəжілісі болып өтті. Оған жетекші қазақстандық сарапшылар, атап айтқанда, А.Сарым, Б.Байқадамов, Р.Қадыржанов, А.Кəукенов, Б.Нұрмұхамедов, Е.Сайыров, А.Сəдуақасова, Б.Рақышева жəне Ж.Жүнісова қатысты.

Мəжіліс барысында сарапшылар ел Президенті Н.Ə.Назарбаев ілгерілеткен бес институттық реформа шеңберіндегі «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламасын жүзеге асыру мəселелері бойынша түрлі пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды. Осы күні Ұлт жоспары – 100 нақты қадам бағдарламасын жүзеге асыру бойынша сарапшылар тобының мүшелері ел өңірлеріне атбасын тіреді. Сарапшылар тобы жұмысының басты мақсаты Ұлт жоспарының «Біртектілік жəне бірлік» деп аталатын төртінші бағытын талқылау болды. Сарапшылар тобының құрамына Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігінің өкілдері, министрліктердің əлеуметтік блокқа қатысты комитеттерінің төрағалары енген. Оңтүстік Қазақстан облысында Мəдениет жəне спорт вицеминистрі М.Əзілханов ғылымисарап шылық қоғамдастықтың, этно мəдени бірлестіктердің, партиялар ұйымдарының өкілдерімен, профессорлық-оқытушылар

құрамымен жəне өңір жастарымен кездесті. Ұлт жоспарының төртінші бағы ты шеңберіндегі кездесуді Мəдениет жəне спорт министрлігінің Дін істері жөніндегі комите тінің төрағасы Ғ.Шойкин де өткізді. Кездесу Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде өтіп, оған оқу орнының профессорлық-оқытушылар құрамы, ғылыми интеллигенция өкілдері, облыстың студент жастары мен белсенді жастары қатысты. Алматы қаласында Президент Əкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, Мемлекет басшысының бес институттық реформасы бойынша Ұлт жоспары – 100 нақты қадам бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі сарапшылар тобының мүшесі А.Балаевамен кездесу ұйымдастырылды. Бұл кездесуге қаладағы шығармашылық одақтардың, үкіметтік емес ұйымдар мен этномəдени бірлестіктердің өкілдері келді. Өзінің сөзінде Аида Балаева барлық саланы – мəдениетті, дінді, БАҚ-ты, мемлекеттік рəміздерді,

ҚХА-ны, ҮЕҰ-ны, білім беру жəне спорт салаларын егжей-тегжейлі қамтитын жол картасы жасалып жатқанын атап өтті. «Қазіргі таңда біз Мемлекет басшысының Қазақстан қоғамын жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын орындау жолындағы жұмыстарымызды дұрыс арнаға бағыттауға тиіспіз. ҮЕҰ мен ғылымишығармашылық интеллигенция тараптарынан қолда бар мүмкіндіктің бəрін іске қосып, ҚХА қызметін жетілдіру, бірлік пен біртектілікті нығайту бойынша тұжырымдама жобасы мен «үлкен ел – үлкен

отбасы» жобасын жүзеге асыру, өңірлік мəдени-туристік кластерлер құру, Ұлт жоспары мен басқа да бағдарламалық құжаттарда алға қойылған міндеттерді есепке ала отырып, Мəдени саясат тұжырымда масына толықтырулар енгізу ісіне белсенді қатысу қажет», – деді А.Балаева. Өздерінің сөздерінде сарапшылар тобының мүшелері Ұлт жоспарының басымдықтары мен оларды жүзеге асырудың шешуші қадамдарының маңызын ашып көрсетті. Сондай-ақ, сарапшылар тобы-

ның мүшелері тарапынан Ұлт жоспары мен басқа да бағдарламалық құжаттарда алға қойылған міндеттерді есепке ала отырып, бірлік пен біртектілікті нығайту жөніндегі тұжырымдама жобасын жетілдіру, Мəдени саясат тұжырымдамасына толықтырулар енгізу мəселелері жан-жақты талқыға түсті. Сарапшылар тобы жұмыста ры ның қорытындылары бойынша «Біртектілік пен бірлік» шең берінде нақты қадамдарды жүзеге асыру мəселелері бойынша ұсыныстар пакеті жүйелендірілді. Сəулебек БІРЖАН.

 Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшыларының V съезі қарсаңында Үшінші мыңжылдықтың басындағы күрделі кезеңде Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшылары съездерінің игі бастамаларын əлемдік қоғамдастық қолдады. Өткен съездер дүниенің «өркениеттер қақтығысының» тұңғиығына құламауына əжептəуір ықпал етті. Нұрсұлтан Назарбаев.

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– Тарих беттерін тағы бір ақтарайық. Адамзат дамуының үшінші жаңа мыңжылдығы сол адамзаттың алдына жаңа қауіп пен қатерлердің тосқауылын қойған сəтте, əлем өзінің əйтеуір бір тығырыққа тірелгендігін сезгендей, аңтарылып қалғаны да болған еді. Ғасырлар бойы өз бойына жинақталып қалған адамзат мүддесінің шешілмеген түйіндері мен түйткілдерінің сыртқа тепкен ашу-ызасы мен кек қайтарымының қаруын қолына ұстап, майдан ашып жатқан сол адамзат баласы ең əуелі өзінің жүрек түпкіріндегі үнін тыңдауға ден қойды ма екен?! Осы сауалға өзіміз ақтарып отырған тарих беттерінен жауап іздеген сəтімізде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басталғанына үш жыл ғана болған ХХІ ғасырдың жаңа бір сындарлы кезеңінде Астана қаласында Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшыларының басқосуын шақырғаны біздің назарымызға бірден ілікті жəне де ол əр үш жыл сайын тұрақты өткізіліп келе жатқандығы көзімізге оттай басылғаны бар. Енді, міне, Астана Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшыларының V съезін өткізгелі отыр. Тұтас адамзат Қазақстан Респуб ликасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ынтасымен жəне басшылығымен 2003 жылдан бастап Əлем дəстүрлі діндері лидерлерінің кездесулері əр үш жыл сайын қазақ жерінде, Астана қаласында тұрақты өткізіле бастауы Адамзаттың жаңа мыңжылдығында конфессияаралық үнқатысу мен кеңесу, кездесулер жүйесін құруға жол ашты. Мұны өркениеттің қазақ жеріндегі тоғысуы мен табысуы деп бағалаған абзал! Бұл – ХХІ ғасырдың ұлы оқиғасы! Бұл сөзді 2012 жылы жарық көрген Елбасы жайында жазылған «Əлемді жүрегіне сыйғызған» деректі хикаятымда айтқан болатынмын. Астанада өткелі отырған Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшыларының кезекті V съезіне бүкіл жалпақ жаһанның назары ауып отырған осы бір тарихи сəтте бүгінгі əңгімеге барар сөзді де осы бір ой-пікірден бастаудың жөні келіп тұрған сыңайлы. Дүние мынау қауызына сыя алмай толқып тұрған кезі. Сабырына да келе алмай, ашуы мен кегін де жия алмай жатқан əлемнің бүгінгі сұрқы мен сыйқы адамзат баласының ақылы мен ойының дағдарысқа ұшырағаны ма деген ойға алып келері де бар. Бұлай демеске лажыңыз да жоқ сияқты. Əйтпесе, адамзат баласы өз жаратылысынан бері жан берген жайларды да, қан кешкен қаралы да қаһарлы күндерді де аз кешіп пе еді? Сол адамзаттың өзінің өткен тарихынан алар сабағы да

бір басына жетерлік емес пе еді? Күні кешегі екінші дүниежүзілік соғыстың ойранды опаты мен апатын көзбен көргендердің көбі əлі де арамызда жүрген сəтте ізі де, қасіреті де суымағандығы бар. Алайда, сол суымаған қасіреттің ендігі жалғасындай мына əлем неге жылап жатыр, неге қансырап, неге зар күй кешуде?! Алты құрлықтың бүгінгі алалығы, талас-тартысы мен қарулы қақтығыстарының нəтижесінде

«Ұлы Жаратқанның бір перзенті Нұрсұлтан Назарбаев қана өткізіп келе жатқан Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшыларының Астана кездесулері адамзаттың көне тарихы бұрын-соңды естіп те, көріп те білмеген əлемдік маңызы бар ұлы оқиғалардың бірі! Бұл – тəуелсіз қазақ елі тарихының абыройлы беттерінің бірі!», – еді деген бұрын да айтылған пікірімізді қайталай отырып, қордаланып қалған бүгінгі планетарлық өзекті мəселелерді шешудегі түрлі діндер көшбасшыларының рөлін ешбір кемсітуге болмасы анық. Өйткені, діни-наным сенімі арқылы бүгінгі дүниені танитындар да, соған баға беретіндер де көбеймесе, азайған жоқ. Қазақстан жəне оның лидері Назарбаев өз елінің астанасын-

арқылы өзара түсіністікке жету мен қандай да бір дүрдараздықтардың бейбіт жолдармен шешілуіне аса ынталымыз», – деуі де Қазақстанның жəне оның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың адамзат мүддесі үшін қаншалықты сауапты іс атқара білгендігін айғақтай түсері анық. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен дүниеге келіп, басталған жəне ол кейін өркениеттер үн қосуларының сенімді бір алаңына айналған Əлемдік дəстүрлі діндері көшбасшыларының Астана кездесулері бұл күндері ашық пікір алысудың жаңа бір мəдениетін қалыптастырды. Бұған дейін бірінбірі сырттай ғана кінəлаудан əріге бара алмай жүрген діндердің өзара жүздесуі арқылы тағылатын

да соңғы он екі жылдың аясында төрт мəрте Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшыларының кездесулерін өткізіп, жалпы, адамзат баласының өзара түсінушілік жəне бірін-бірі құрметтеу, бірінің уəжін бірі төзімділікпен тыңдай білуі арқылы да бейбітқатар өмір сүру үшін бір қадам ілгері басуға болатындығын дəлелдеп, соған дін өкілдерінің де, саясаткерлердің де, қарапайым халықтың да көзін айқын жеткізе білді. Адамзаттың бірінші ұтқаны да осы! Біздің бұл пікірімізді Бэдфорд епископы, Англия шіркеуінің өкілі Ник Бейнстің: «Əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидерлерінің съезі алғашқы 10 жылда ымыраласу əлеуетінің көзін ашты. Бізге ол өз діни дəстүрлерімізді ескере келе, бір-бірімізді жақсы көріп, қорғауға мүмкіндік берді», – деп жазғаны да қуаттай түсері бар. Жəне де Еуропа Кеңесінің бұрынғы бас хатшысы, «Өркениеттер үнқатысуы» дүниежүзілік қоғамдық форумының үйлестіру комитетінің төрағасы Вальтер Швиммердің «Тұңғыш рет өткізілген Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшыларының съезінен бергі он жылдық – өткенге үңілудің кезекті бір мүмкіндігі ғана емес. Баршамыз сонымен қатар сұхбат

кінəлар мен соған дəлелдердің, тіпті, түрлі көзқарастардың да ортақ бір мүддеге келіп тірелеріне де Астана кездесулері анық көз жеткізді. Бұл салиқалы ой мен сабырлы шешімдерге келудің жаңа да тың жолын салды. Жəне де Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев əр діннің өз қасиеті мен киесі арқылы ұлтаралық, дінаралық келісім мен татулықтың адамзаттың қандай да болмасын мəселесін шешуге əбден қабілетті екендігін жан-жүрегімен сезіне отырып, Адамзат баласының рухани жан дүниесіне, наным мен таным, сенім мен сезім түйсігіне миллиондаған жылдар бойы серік болып келе жатқан кез келген дінге қылау түсірмеудің өзекті мəселесін тұңғыш рет əлем алдында ашық айта білді. Н.Назарбаев Қазақ елінің астанасында адамзат тарихында тұңғыш рет Əлем діндері лидерлерінің форумын өткізе отырып, адамзат баласын бейбітқатар өмір сүру үшін бір қадам болса да ілгері басқызды. Қазақстан Респуб ликасы Парламенті Сенатының Төрағасы, Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының Басшысы ҚасымЖомарт Тоқаев өткізген Мемлекеттік комиссияның таяудағы қорытынды отырысында биылғы жылдың маусым айының 10-11-і күндері өткелі отырған V съезге əлемнің 42 елінен 80 делегация қатысатындығы мəлімделді. Біз бұдан адамзат пен бүкіл өркениет тарихында тұңғыш рет қазақ халқының дана перзенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қана ұйымдастырып, өзі бас болып өткізіп келе жатқан Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшыларының Астана қаласындағы басқо суларының абыройы асып, беделі көтеріліп келе жатқандығын жəне де адамзат баласының үшінші мыңжылдықтағы ендігі тіршілігі

Їн ќат əлем, Астанаєа! Жабал ЕРҒАЛИЕВ,

жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Парламент Сенатының депутаты.

адамзат баласының тіршілік тынысы да тарылып бара жатқандай. Əне, анау Таяу Шығысты алыңыз. Қолына қару алып кектенген дүниенің бүгінгі бейнесі сол. Шарасыздықтан жəне де жан сақтау үшін қалт-құлт еткен қайығымен ашық теңізге шығып, өз елінен безіп жатқан, теңізге батып кетіп жатқан босқындар бүгінгі дүние тіршілігінің иесі адам баласының тынысының тарылып жатқандығы емес пе екен?! Ойланар ма екенбіз?! Көңілдегі осы бір мазасыз күйдің жетегінде кете бермей, адамзатқа ынсап берер жəне де өз болашағы үшін қам жасар жағдайдың жайжапсарын ойласарлық ой қуар болсақ, Астана қаласында өткелі отырған Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшыларының V съезі үзілмей тұрған нəзік бір үміттің шырағы болып көңіл түпкірінде маздары да бар. ХХІ ғасырдың соңғы 12 жылында бесінші мəрте өткелі отырған жаһандық маңызы бар бұл шараға əлем тағы да зор үмітпен қарап отыр. Қазақ елінің ордасы Астана қаласында бұған дейін төрт мəрте, 2003, 2006, 2009 жəне 2012 жылдары өткізілген Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшыларының съездері Адамзат тарихының ең бір жарқын беттері болғандығы анық. Ұлы Жаратушының өзі жаратқан адам баласының мүдделерін түрлі дін өкілдерінің бірге қатар отырып, бірге талқылауы дүние жаралғалы тұңғыш рет қазақ жерінде, Астана қаласында жүзеге асты. Жəне де бұл ұлы миссияны Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қана жүзеге асыра алды!

мен бейбітқатар өмір сүруінің басты бір жауапкершілігі түрлі діндер мен олардың көшбасшыларының да өзара түсіністігіне келіп тіреліп отырғандығын терең сезіне де бастағандықтары деп тұжырымдауға болар еді. Түсінер түйсікке Нұрсұлтан Назарбаев белгілі бір дінді агрессияшыл деп айыптаудың бір жақты болып бара жатқандығын, ал оның астарында осы заманғы мүдделер тұратындығын да, адамзаттың мың жылдықтар бойы қалыптасқан рухани дəстүрлерден қол үзушілігі адамзаттың осы заманғы басты қатерлері – лаңкестік, жаппай қырып-жою қаруының таралуы, трансшекаралық қылмыстың өсуіне əкеліп соққандығын, бұл адам баласының рухани жан дүниесіне де зардапты қатерін төндіре түскендігін жеткізіп айта да білді, əлі де айтып келеді. Жəне де адам баласының бір-біріне деген мейірімі мен шапағатын оятарлықтай иманды қағидаттардың адамзаттың осы заманғы дүниеде аман қалуының нақты негіздері бола алатындығы жайлы Нұрсұлтан Назарбаевтың ойлы сөзінің де кез келген діннің қағидаттарымен сыйысып, үндесіп тұрғандығы да бар. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық жаңа қатерлер бой көтере бастаған тұста түрлі діндердің ізгілігі мен жасампаздығын, ғасырлар бойы адам баласының өзімен бірге жасап келе жатқан Құдай сөзін бітімгершілік пен келісімнің пəрменді құралы ретінде пайдалануға жасаған əрекеті адамзат тарихының ұлы оқиғаларының бірі еді. Осыны айта отырып, бүгінгі əлемнің бүгінгі дамуына Назарбаев сынды ойлы адам баласының жаңаша əрі жауапты көзқарасы қажет. Осы бір адами көзқарасты ХХІ ғасырдың он бес жылында Астана қаласында бесінші рет бас қосқалы отырған Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшылары да иманды қағидаттарды басшылыққа алғалы отырғандығына қуанамыз. Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшыларының V съезіндегі айтылар əңгімелер мен пікірлер, ой-көзқарастар діни көшбасшылар мен саяси қайраткерлердің бейбіт шілік жəне рухани үнқа тысу ларына арналмақшы. Сол діни көшбасшылар мен саяси қайраткерлердің өзара үн қатысулары арқылы діни жəне саяси қайраткерлердің адамзат алдындағы жауапкершілігі, діннің жастарға əсері, дін мен саяси өзара іс-қимылдың жаңа көріністері мен келешегі, бейбітшілік, қауіпсіздік жəне дəстүрлі діндер көшбасшыларының өзара құрмет жəне түсіністігі сияқты бүгінгі өркениеттің адамзатты алаңдатып отырған қазіргі ең бір өзекті мəселесі талқыға түспекші. Əлем Астанаға тағы да үмітпен көз тігіп отыр. Қарулы қақтығыстары əлі де тыншымай отырған бүгінгі дүниеге сабыр бере гөр, Жаратқан иеміз! Ей, жауласып жатқан кекті əлем, тағы да бір құлағыңды тігіп, үн қат Астанаға!

Тестілеу сынақтары өтіп жатқан аудиторияларда Б.Сапарбаев түлектерге сəттілік тіледі. Ал атааналармен кездесуінде биылғы емтиханды мейлінше жеңілдету үшін ережеге айтарлықтай өзгерістер енгізілгенін атап айтты. «Сіздердің көптен бергі өтініш теріңізді ескере отырып, үміткерлердің қорытынды бағасына жеңілдіктер қарастырылды. Яғни, мектептегі 11 жылдық білім көрсеткіші мен тестілеуден алған баллы қосылып, орта баға шығады. Одан бөлек, сыртта тұрған телеэкрандар арқылы ата-аналар іштегі балаларының қалай тапсырып жатқанын үздіксіз бақылай алады», – деді Үкімет басшысының орынбасары. Сонымен қатар, Бердібек Мəшбекұлы тестілеудің алғашқы екі күні бойынша жалпы нəтиженің жақсы екенін атады. «Бүгінге дейін тапсырушылардың 20 пайызы 100ден жоғары балл жинады. Яғни, əр

бесінші түлек осындай нəтижеге қол жеткізіп отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, жоғары көрсеткіш. Жалпы, жылдан-жылға нəтиже жақсарып келеді. Мұны Елбасының тікелей бастамасымен білім саласында жасалып жатқан реформалардың жемісі деуіміз керек», – деді Б.Сапарбаев. Биыл 124 мың мектеп бітірушінің 88 мыңға жуығы тестілеуге қатысқанын айта кетсек дейміз. Биылғы Ұлттық бір ың ғай тестілеу 8 маусымда аяқта латынын еске сала кетейік. Əзірге ең жоғары – 125 балл жинаған екі түлектің есімі белгілі. Олардың бірі – тараздық Гүлназ Ердосова болса, екіншісі – астаналық Риана Мұстафина. Ал екі күннің ішінде қажетті 50 баллға қол жеткізе алмаған түлектердің үлес салмағы тапсырушылардың 16 пайызын құрап отыр. Еламан ҚОҢЫР.

Ќиын тїйіндер тарќатылуда Ешбір мемлекет ешқандай елмен араласпай көрпесін тұйықтап жеке өмір сүре алмайды. Сыртқы саясаты мен тауар айналымын реттей алмаған мемлекеттің келешегі жоқ. Қазақстанның Кеден одағынан қаншалықты үміт күтіп отырғанын осыдан түсіне білу керек. Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

Шымкентте Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Кеден қызметтері басшылары кеңесінің 61-ші отырысы мен Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің бірлескен алқасының 15-ші отырысы өтті. Күн тəртібінде ТМД шеңберіндегі кедендік ынтымақтастықтың тауарлардың кедендік құнын бақылаудағы өзара ықпалдасу, зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау саласындағы өзара ықпалдасуды ұйымдастырудың қағидалары, интернет-тауарларына кедендік бақылау сияқты өзекті мəселелер қаралды. ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Кеден қызметтері басшылары кеңесінің құқық қорғау бөлімшелері басшыларының комитеті туралы ереже бекітілді. Сондай-ақ, Кеден одағындағы кеден органдарының өзара ісқимылдарының бірқатар мəселелері талқыланды. «Жалған транзитке» қатысты ақпарат алмасуды ұйымдастыру, кедендік декларацияларды қағаз жүзінде жөнелту рəсімін жою, экспорттық тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан əкетуді растау, тауарлардың кедендік құны бойынша тəуекелдерді азайту мəселелеріндегі бірыңғай тəртіптер белгіленді. Жүргізілген келіссөздердің қорытындысы бойынша тиісті шешімдерге қол қойылды. Кеңесте күн тəртібіне жиырма шақты мəселе көтерілген. Анау ұтты, мынаның есесі кетті деуге болмас. Көрпені қай-қайсының да өзіне қарай

тартатындығы белгілі. Одаққа біріккенімен, əрқайсысы тəуелсіз мемлекет, өз елінің мəртебесі биік, қазынасы тоқ болғанын қалайды. Форумда Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Госман Əмринді əңгімеге тартқан едік: – Кеден одағына мүше мемлекеттер қатарына Армения, Қырғызстан сияқты мемлекеттер кіріп жатыр. Біз оларға қаржылай көмектеспесек те, үйрететін тəжірибеміз жеткілікті. Бүгінгі кеңесте бірқатар келісімдерге келдік, келісетін тұстарымыз əлі де баршылық. Көлік транзиті мəселесінде баршамызға ортақ келісімдерді нақтылап жатырмыз. Тауар айналымы, баға белгілеуде мемлекетке де, кəсіпкерге де пайда əкелетін жақтар ескерілуде. Ал ішкі нарықтағы баға белгілеу кеден қызметіне қатысты емес, біз сыртқы байланысты жүйелейміз. Дүниежүзілік дағдарыс Америка, Қытай сияқты мықты мемлекеттерге де оңай тиіп жатпағанын білесіздер. Бізде де тауар айналымы 10-20 пайызға дейін төмендеді. Бірақ, бұл – уақытша қиындық. Кеден одағының тиімді жақтарының жақсылығын алдағы уақытта мемлекетіміз де, кəсіпкерлеріміз де жақсы сезінетін болады, – деді ол. Ресейдің Федералдық кеден қызметі басшысының бірінші орынбасары Владимир Малинин де осы ойды құптады. Қазақта «жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен жүріп адас» деген нақыл бар. Адасқаннан құдай сақтасын, көп болып қауымдасып жол тапса, қай-қайсының да ұпайы түгенделеді. Форумның көздегені де осы. ШЫМКЕНТ.

Ўлттыќ тўтастыќ негіздері ортаєа салынды Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

Астанадағы Мемлекет тарихы институтында бес институттық реформаны жүзеге асыруға бағытталған 100 нақты қадам – Ұлт жоспарында айқындалған міндеттерді талқылау мақсатында «Қазақстандық бірегейлік жəне ұлт бірлігі – тұрақты мемлекеттің негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оның жұмысын Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы Бүркітбай Аяған ашып, жүргізіп отырды. Дөңгелек үстелде ұлт құрылысының қазақстандық үлгісі, азаматтық бірегейліктің тетіктері мен құралдары, қоғамды одан əрі біріктіру жолдары, «Мəңгілік Ел» ұлттық идеясының құндылықтарын əлеуметке сіңіру, Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі мен мəртебесі талқыланды. Сон дай-ақ, дамыған азаматтық қоғам Қазақстан бірегейлігінің факторы ретінде тарихи сана мен ұлттық тұтастық мəселелері сөз болды. Осы мəселелер бойынша бірнеше баяндама тыңдалып, оларды талқылауға отырғандар белсене қатысты.

Дөңгелек үстел жұмысында Парламент Мəжілісінің депутаты Ахмет Мұрадов конфессияаралық жəне этносаралық келісімнің «қазақстандық моделін» əлемнің көптеген елдері ұлттық тұтастықтың факторы ретінде мойындап, оның тəжірибесін зерттеуде екенін ауызға алды. Философия ғылымдарының докторы, академик Ғарифолла Есім Ұлт жоспарының Қазақстан қоғамы үшін қаншалықты маңызды екені туралы ой толғады. Сондай-ақ, қоғам қайраткерлері, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Анатолий Башмаков, Мəжіліс депутаты Егор Каппель, Президент жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары, философия ғылымдарының докторы Ғазиз Телебаев жəне т.б. талқыға ұсынылған пікірлер бойынша өз ойларын ортаға салды. Іс-шараға Парламент Мəжілісінің депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Президент жанындағы «Қоғамдық келісім» РМК-ның жетекшілері мен қызметкерлері, ғылыми-сараптамалық қауымдастық өкілдері қатысты.


www.egemen.kz

5 маусым 2015 жыл

Орта ғасыр зерттеушілерінің жазбаларына қарағанда, 1465 жылға қарай, қазақтар мемлекеті өзге елдерге танымал болған. Кейбір зерттеушілер Керейді көбіне «Гирей» деп те атайды. Əрине, қазақ тіліндегі дыбысталуына сəйкес, «Керей» деп аталғаны жөн. Болашақ сұлтандар жəне жасы жағынан кіші Жəнібек пен Керей Əбілқайыр ордасынан алыс аймақтарға бірде – Еділдің (Волга) батыс теріскей бетіне, бірде – Ұлытауға, Атбасар, Көкшетау өңіріне көшіп-қонып жүрген еді. Бұл мекен атаулары сол кезеңнің деректерінде жиі кездеседі. Жоғарыдағы айтылған себептерге байланысты Əбілқайырмен ешқандай одақтасуды қаламаған сұлтандардың соңғы қоныс аударуы оңтүстік-шығысқа қарай, Шу мен Балқаш көліне бағытталды. Айта кететін жайт, XV ғасырдың 40-60 жылдары аралығында Еділдің арғы жағында Астраханьда, Қырымда, Қазанда тақ үшін толассыз соғыстар мен күрестер жүріп жатты. Оны сол оқиғаға қатысушылар жақсы білді. XV ғасырдың басында сол өлкелерде Тоқтамыстың да, Едігенің де жəне сұлтандардың ата-бабалары – Ұрыс хан мен Барақ ханның опат болған жерлері табылады. Ол өлкеден Жəнібек пен Керейдің кеткісі келген жоқ. Бұған қоса, оларды қолдайтын рулар Дешті-Қыпшақтың кең-байтақ даласында отыр еді. Сонымен қатар, қазақтар мен өзбектер арасының түпкілікті ажырауы, Əбілқайыр хан билігі кезеңінде емес, оның ұрпақтары – немерелері мен шөберелері тұсында болған. Таңғаларлығы, алғашқы қазақ хандары мен олардың ұрпақтары (балалары, немерелері) шайбанилерге жақын туысқан болып келетіні, яғни, ағайын жəне бөлелер еді. Бірақ, олар бір-бірімен өзара билікке, басым болуға, қалалар мен байлық үшін жауласты. Мысалы, Бұрындық ханның қызы Мұхаммед Бахадұрхан Шайбаниге тұрмысқа беріледі. Қасым хан мен Мұхаммед Шайбани бөле. Деректерге сүйенсек, дала билеушілері білімді де білікті болған. Олар жергілікті жердегі медреседе немесе Бұхараға барып даярлықтан өткен. Сұлтандар арасындағы қатынас хаттар түркі (шағатай тілінде), парсы тілінде, араб графикасында жүргізілді, Ислам діні Орталық Азияда басымдық рөл атқарды. Көшпелі өзбектердің, ноғайлардың жəне қазақтардың тілі, сенімі мен мəдениеті ғана жақын болған жоқ. Деректерге сүйенсек, қыпшақтар, наймандар, үйсіндер, арғындар, керейлер жəне керейттер, алшындар, дулат сияқты ірі рулар аталған этностық топтың барлығында да кездеседі. Бірақ көшпелі өзбектер «өзбек» этнонимін Орта Азияның ежелгі аумағына XVI ғасырдың басында орнынан қозғаған Мұхаммед Шайбани жəне онымен кеткен ел ортағасырлық Мəуреннахр мəдениеті мен отырықшылығын қабылдап, жергілікті тұрғындармен араласқан. Бұл ажырасу сонымен қоса, отырықшы парсыланған мəдениет пен көшпелі қазақ мəдениетінің алшақтауы бара-бара өзбек пен қазақ екі ұлт болып қалыптасуына əкелген. Біздің топшылауымызша, Керей мен Жəнібектің қоныс аударуы, əсте де Əбілқайыр ұлысының ыдырауын анықтайтын кезең болмаған. Бұл оқиғада шешуші кезең кейінірек айқындалды. Деректерде берілгендей, Əбілқайыр хан өзінің өркөкіректігімен Керей мен Жəнібектің қоныс аударуының аса маңызды жəне өзіне тиімсіз салдарын көре алмады жəне шиеленісті реттеу үшін қандай да бір дипломатиялық қадам жасамады. Бірақ, ол кейінірек 1468 (1469) жылы тəкаппар сұлтандарға қарсы соғысқа шықты. «Йети кудук» (Жеті құдық) маңынан алыс емес жерде кездескен екі жақтың əскерлері үш күн бойы белгілі бір шешімге келмегендіктен ұрыс қимылдарына бармаған. Кейбір деректер, осы оқиға кезінде нөсерлі жаңбыр, оның артынан қар жауғаны, қатты аяз басталып, əскерлер кері қайтқаны жөнінде мəлімет береді. Бірақ соғыстың басталмауы, кейбір зерттеушілер айтқандай, табиғи құбылыстарға байланысты емес сияқты. Оларды тоқтатқан күш – екі жақтың бірін-бірі жақсы білуінен, əрі олардың өзара жақын туысқандық қатынастары болса керек. Əбілқайыр қайтар жолда безгек ауруына шалдығып, өмірден озған. Неге екені белгісіз, өткен тарих бетінде Əбілқайыр тек «өзбек ханы» деген қатаң көзқарас бекіді. Ал іс жүзінде Əбілқайыр Арал теңізінің төңірегінде дүниеге келген. Тобылда (Түменде) таққа отырған жəне Сығанақта жерленгені белгілі. Осылайша, Əбілқайыр Қазақ елі аумағында туғандықтан, өмір сүргендіктен жəне қайтыс болғандықтан қазақ қайраткері ретінде басымдық алады. Ал Хорезм мен Самарқандта ол əскери жорық жасаған. Сол секілді XV-XVI ғасырлардағы қауым өздерін өзбек-қазақ, қазақ-өзбек деп атап жүрген. XV ғасырдың екінші жартысында халықтың этногенез процесінің күрделі ерекшелігінің бірі ретінде «қазақ» атауы, этностық маңызға ие болды. IV. БИЛІК БАСЫНДА Еділ менен Жайықтың, Бірін жазға жайласаң, Бірін қыста қыстасаң, Ал, қолыңды маларсың, Алтын менен күміске!

Асан Қайғы.

Жаңа хандықтың құрылу процесі күрделі геосаяси жағдайда өтеді. Бұл – Еуропадағы дамудың өріс ала бастаған кезеңі, яғни Ұлы географиялық ашулар дəуіріне тұспа-тұс келеді. Оңтүстікте севефидтік Иран шұғыл түрде қайта қаруланады. Шығыста Құбылай əулеті нығаяды. ––––––––––––––––––––– (Соңы. Басы 103-нөмірде).

Осы нұсқа шындыққа жақын келеді. Бірақ көшпелі тайпалардың жұмыла кіріскенін есепке ала отырып, қазақ билеушілерінің Дешті-Қыпшақ жеріне тарағанын жоққа шығара алмаймыз. Оның үстіне бұл аймақтар географиялық жағынан бір-біріне өте жақын жатыр. Айта кету керек, осы тұста К. Пищулина Зайн ад-дин Васифидің жазбасында Батыс Жетісу (Шу мен Талас алқаптары) аумағының алғаш рет «Қазақстан» атауымен аталынғаны, ол зерттеушілердің көңілін аударғаны жөнінде айтады. Одан əрі оқиға куəгері Фазлаллах ибн Рузбихан Исфаханидің жазбаларынан Əбілқайыр хан өлімінен кейін, өзбектер елінде үлкен бассыздықтардың орын алғаны

XV ғасырдың 60-шы жылдары сұлтандар билігі өздері құрған əлеуметтік құрылымда нығая түсті. Көшпелі бірлестіктерге тəн үрдіспен қалыптасты: билер соты, салық жүйесі, территориялық шекаралары, т.б. Сығанақ қаласы билеушілер ордасы, хандықтың астанасына айналды. XV ғасырдың 70-90-шы жылдары Қасым мен Ақназар тұсында Қазақ хандығы нығайды жəне оның шекарасы кеңейген. Көңіл бөлерлік мəселе, тарих ғылымының жаңа бағыттарының бірі – популяциялық генетикамен айналысатын ғалымдар тобы, қазақ халқының біртұтас этнос ретінде қалыптасуы XV ғасырдың ортасы деген шешімге келуі, сол

Керей мен Жəнібек Ќазаќ хандыєыныѕ негізін салушылар Бүркітбай АЯҒАН,

Мемлекет тарихы институтының директоры, профессор.

Танымал зерттеуші Клавдия Пищулина Қазақ хандығының құрылуының хронологиясына қатысты өзінің дəлелді дəйектерін келтіреді. Оның байламдарында 1462 жылы Есен-Бұғаның өлімінен кейін жəне оның ағасы Йунус (Жүніс) ханның Ташкентке кетуімен, Моғолстан билеушілерінің билігінің əлсіреген тұсында, Жəнібек пен Керей хандар билігі нығая түскені тұжырымдалады. Əбілқайыр ханның 1468 жылғы өліміне байланысты, Қазақ хандығының өз алдына дербес шығуы

жөнінде деректер келтіреді. Онда: «Қазақ ұлысында сұлтандар хан болғандары үшін, өздерін мақтан тұтты. Мұндай жоғары лауазым бірінен кейін бірі, бірнешеуінің қолынан өткен соң, хандықтың кезегі Бұрындық ханға жетті, ол – даңқты хандар əулетінен шыққан ұлыстың ұлыларының бірі» екен дігі айтылады. Əбілқайырдың немерелері жастық шағында «қазақ» болған, яғни аталары сияқты олар да қазақ сатысынан өткен. Бір кездері Мұхаммед Шайбани Маңғыстауға жақын ноғайлармен де қатар тұрған. Оларға күйеу бала болған. Бірақ кейін Оңтүстікке қоныс аударған. Кейінірек,

9

Иə, Қазақ хандығы өмір сүруге қабілетті болып шықты. Əбілқайыр өлімінен кейін оның ұлысы ыдырай бастайды, көптеген тайпалар Мұхаммед Хайдар Дулати көрсеткендей, қазақ сұлтандары Керей жəне Жəнібекке жаппай қоныс аудара бастайды. Ал 1465-1466 жылдары қазақ хандарының билігі түпкілікті бекиді. Əбілқайыр хандығы территориясының үлкен бөлігі қазақтар жағына өтеді. Атап өтерлік мəселе, хандық басында бір-бірімен туысқан екі адамның қатар тұруы. Бірақ, тарихшылар (М.Əбусейітова, Б.Кəрібай) тұжырымдағандай, алғашқы хан, жас жағынан да үлкен Керей болған екен. Керей қайтқаннан кейін билік Жəнібекке өтеді. Жəнібек қайтыс болғанда хандық билікке Бұрындық келеді. Кейбір зерттеушілер оның есімін шежірешілердің дұрыс бермегенін, нақтысында оның есімі, қазақ тіліндегі айтылуына сəйкес, Мұрындық болған деп есептейді. Біздің ойымызша да қазақ тілінің лексикасына орай, Мұрындыққа жанасатындай. Бір қызығы, қазіргі ноғай (татар емес) тілінде мұрынды олар «бұрын» дейді, ал мұзды – «бұз» дейді екен. Қалай аталса да Бұрындық (Мұрындық) хан қазақтың көшпелі мемлекетінің негізін нығайтуда маңызды рөл атқарған. Ол мемлекеттілік негізін күшейтіп, Сығанақ қаласын қайтарып, астана жасады. Одан кейінгі қазақ хандары əулетін жалғастырушылар – Жəнібек ханның ұрпақтары болды. Керей мен Жəнібектің жерленген орындары жөнінде де бірнеше нұсқалар бар. Бір аңыз бойынша, Керей Астана қаласының солтүстігінде, 100 шақырым жерде, ал Жəнібек болса, Оңтүстік Қазақстан облысындағы Созақ, Сығанақ маңында жерленгендігі айтылады. Мұқият зерттеуді қажет ететін одан да басқа мəліметтер баршылық. Осы Қазақ хандығының 550 жылдығында көптеген ізденістер, терең зерттеулер жалғасын тауып, тарихымызға қатысты тың жаңалықтар табылар деген ойдамыз. Ескеретін жайт, Қазақ хандығы құрамының түпкі негізі, қазіргі тілмен айтқанда, интернационалды болды. Қазақтардың өздерінен басқа қалыптасушы халықтар құрамына өзбектер, ноғайлар, қырғыздар, қарақалпақтар, қалмақтар, Солтүстік Кавказ халықтарының өкілдері жəне араб қожаларының ұрпақтары кірді. Осы кезеңде «өзбектер» мен қазақтар арасы бөліне бастағанын алда айттық. Бірақ шығу тегінің ортақтығы жөніндегі «Өзбек – өз ағам, сарт – садағам» деген ұғымдар бұл екі жұрттың өткені бірегейлігінен хабар беретіндей. Тұңғыш Президентіміз Н.Ə.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» еңбегінде «Қазақ хандығы Орталық Азиядағы тұңғыш ұлттық мемлекет болғандығын» атап өткен болатын. Жəне бұл мемлекет бір орталыққа бағынған саяси құрылым саналған. Қазақ елінде ешқашан руаралық, не аймақтық соғыс жүрмеген. 2010 жылы Қазақстанның жаңа астанасы – Астана қаласында Жəнібек пен Керей хандарға ескерткіш орнатылғаны мəлім. V. «ҚАЗАҚ» – «КАЗАК» ЭТНОНИМІНІҢ ПАЙДА БОЛУЫ Бірлігіңнен айырылма, Бірлікте бар қасиет. Ақтамберді жырау.

үшін, Қыпшақ даласындағы оқиғалардың барысын күтудің қажеті жоқ болатын. Профессор Б.Кəрібаевтың пайымдауынша, Əбілқайырдың өлімі 1469-1470 жылдары болған. Осы тұста Сырдария жағалауындағы қалалары мен Шығыс Дешті-Қыпшақтың далалық кеңістігінде қазақ хандарының билігі біршама нығайған жəне кеңейген. А.Чулошниковтың пікірінше: «Мəселе Өзбек ұлысындағы əулеттің ауысуында ғана тұрған жоқ, бастысы, қазақ халқының құрылуы мен жеке мемлекеттің пайда болуында». Одан да басқа зерттеушілер, мысалы, Сапар Ибрагимов хандықтың құрылу мерзімін XVI ғасырдың басына жақындатып, Қазақ хандығының XVXVI ғасырлар аралығында шаңырақ көтергенін айтады. Біздің пайымымыз Қазақ хандығы құрылу процесінің ауыр жəне салыстырмалы түрде ұзақ жолдан өткенін қолдайтындар пікірімен сəйкес келеді. «Қазақ хандығының құрылуы бір мезгілде болған оқиға еместігін» Т.И. Сұлтанов əділ атап өтеді. Оның пікірінше, оқиғаның соңғы түйіні, «1470 жылы Əбілқайыр иелігіне Жəнібек пен Керейдің қайтып келуі жəне олардың жоғары билікті басып алуы». Бірақ, Қазақ хандығының құрылу мерзімін анықтауға қойылатын нүктеге қалай болғанда да зерттеушілердің айқындаған – 1465 жыл алынуы қажет деп білеміз. Қазақ хандығының құрылуына байланысты К.Пищулина пікіріне сүйенсек, Қазақ хандығының құрылуы Дешті-Қыпшақта емес, Батыс Жетісу (Моғолстан) жерінде жүрген.

Мұхаммед пен Махмұд өздерін «өзбектерміз» деп атаған тайпаларды басқарады. Татар ғалымы М.Г. Сафаргалиев «...қазақтардың кетуімен (қоныс аударуымен) Əбілқайырмен көшпенді-өзбектердің аз ғана бөлігінің қалғанын» алға тартады. 1499-1503 жылдары Əбілқайырдың немересі Мұхаммед Шайбани өзіне сенімді «көшпелі өзбектермен» Мəуреннахарды жаулап алуға кіріскені жайлы өзбек мектебіне арналған оқулық авторлары тарихи оқиғаны былайша өрбітеді: «Жорықта ол темуридтерді аңдаусызда бас салатын əскери тактиканы қолданған. 1504 жылы Ферғана түпкілікті алынады, ал мемлекеттің астанасы – Самарқанд қаласы болады». Мұхаммед Шайбани 1515 жылы сефевидтер (Иран) əскерімен шайқаста қайтыс болған. Осы кезде Қасым сұлтанның дала кеңістігіндегі беделі арта түсті. Ал, бөлесі Мұхаммедтің қазасын естіген Қасым қатты қайғырып, қызылбастардан кек алу үшін үлкен ұлы Əбілқайырды жұмсаған. Қазақ хандығының құрылуы, қазіргі Қазақстан аумағы мен оған шекаралас XIV– XV ғасырлардағы аймақтардағы күрделі этносаяси, əлеуметтік-экономикалық жəне этномəдени процестердің нəтижесі болып табылады. Бұл процестердің басты нəтижесі, моңғолдық кезеңнен кейінгі мемлекеттер аясында (Ақ Орда, Моғолстан, Ноғай Ордасы, Сібір хандығы), біртұтас саяси бірлестік жолында бірігуге қажеттілікке мұқтаж, қазақ халқының қалыптасуының аяқталуы болды.

кезеңдегі саяси оқиғалармен толықтай сəйкес келеді. Ж.Сабитовтің мəліметі бойынша, ДНК сараптамасы қазақ руларының жоғары басым 70-90%-ның, XIII – XV ғасырларда өмір сүрген ортақ ата-баба тұқымынан тараған еркектер жағының генетикалық ұрпақтарынан тұратынын көрсеткен. Сонымен қоса, қазақ руларының рубасыларының барлығы дерлік XIII – XV ғасырларда өмір сүрген Алтын немесе Ақ Орданың бас əмірлері болған. Олардың орналасуы ежелгі тарихы терең Байкал көлінен Дунайға дейінгі кең-байтақ даланы қамтыды. Бүгінгі күнмен қарағанда саяси құрылымның көптеген белгілері мүлдем өзгеше. Дегенмен, бұл кезең XIХ немесе XХ ғасырларға тəн, классикалық тұрғыда пішінделген мемлекет қалыптаспаған орта ғасыр еді. Қыпшақ кезеңі негізінде қазақ тілі – XV-XVI ғасырларда қазақ тілі болып түпкілікті қалыптасты. Жұртшылыққа белгілі, қазақ Алаш деп те аталады. Дұрысы «Алаш баласы» ұғымы болуы тиіс. Аңыз-əңгімелер бойынша қазақтың барлық тайпалары мифологиялық Алаш тұқымынан тарайды. Осы мезгілге дейін Алаш этнонимінің пайда болуы белгісіз. Қазақтың өздерінен басқа құрамына ноғайлар, көшпелі өзбек, қырғыз, түрікмен, қарақалпақтар, тіпті қалмақтар (ойраттар) кіретін «Алаштың алты баласы» ұғымының қалыптасуы өте ежелден бастау алған жəне оның тамыры ежелгі түркілерге немесе Алтын Орда кезеңіне дейін барады. Қазірдің өзінде Кавказ ноғайлары бізді «Алаш» деп атайды.

Əбілқайыр хан мемлекетінің ыдырауы, халықтың көші-қоны көптеген түркі халықтарының қалыптасуының аяқталу кезеңімен бір мезгілде болды. Бұл кезеңде тарихи аренаға қазақ, ноғай, өзбек жəне басқа да этностар шығады. Ескере кететін жайт, халықтардың құрылуы, белгілі бір этностық топтың басымдығымен жаңа мемлекеттердің қалыптасуымен ұштасып отыруы еді. Қазақ хандығының құрылуы жəне оның қалыптасуымен қатар, «қазақ» атауының анықтамасы (дефиниция) этностық бейне ала бастады. Егер Қазақ хандығы құрылғанға дейін «қазақ» атауы анықтамасына көбіне əлеуметтік өң берілсе, ол бірте-бірте «қазақтар» немесе «өзбек-қазақтар» деп этностық топтарды құраушылар ретінде атала бастады. Ш.Уəлиханов өзінің «Қырғыз (қазақ) шежіресі» еңбегінде былайша жазады: «...казачество Азияда басталғаны жəне дамығанына күмəн жоқ жəне татарлар арқылы орыстар арасына енді. ...Русь үшін Украина сияқты, кең-байтақ қырғыз (қазақ) даласы, бостандық пен бай олжа іздеуші батылдар мен батырлардың түйісу орнына айналды». Н.М. Карамзин де осындай көзқарасты ұстанды. Ол: «...1444 жылы Василий Темный кезеңіндегі жылнамашылар рязаньдық казактар туралы, жаңа замандағы даңқты ерекше жеңіл əскер жөнінде жазғанынан...» алға тартады. XV ғасырдың 60-шы жылдары көптеген зерттеушілер «қазақ» ұғымына белгілі этностық мəн берді. Мұхаммед Хайдар Дулати: «...Жəнібек жəне Кереймен бірге кеткендерді «қазақтар» деп атады жəне оларға осы атау бекігені» туралы жазады. Көптеген жылға созылған этностық процестер нəтижесінде «қазақ» этнонимі орнықты жəне Қазақ хандығы құрылды. Қазақ хандығының тұрғындар саны, əсіресе, 1468 жылы Əбілқайыр ханның өлімінен кейін, жаңа рулар мен тайпалардың келуі есебінен көбейді. Кең-байтақ Қазақстанда қысқа мерзім ішінде этностық «қазақтар» қауымы құрылды. Жаңа мемлекет – Қазақ хандығы, оның территориясы мен этностық шекарасы қалыптасты. Ал «қазақ» болу дегеніміз «еркін болу», яғни тəуелсіз деген ұғымды береді.


10

www.egemen.kz

5 маусым 2015 жыл

«Бəйтерек» кешені кешіге беретін сыѕайлы (Соңы. Басы 1-бетте). «Бəйтерек» зымыран кешені ресейлік «Ангара» зымыран ұшырғышының негізінде құрылуға келісілген, деді ол. Ал ол «Байқоңырдағы» «Протон» зымыран ұшырғышын ауыстыруға тиісті еді. Міне, осы жобаны іске асыру үшін «Бəйтерек» бірлескен кəсіпорны құрылды. Оның жарғылық капиталына Қазақстаннан 223 млн. АҚШ доллары көлеміндегі бюджет несиесі құйылды. Одан əрі комитет төрағасы ауыр күрсініс білдіріп, «Ангара» кешені шамамен 2008 жылы ресейлік «Плисецк» ғарыш айлағында сынақтан өтуге тиісті еді. Алайда, ол сынақтан былтырғы жылдың желтоқсан айында ғана өтті, деді. Демек, келісімшарттың талабы уақытында орындалмай, 6 жылға кешіктірілген. Ендеше, жұмысты орындауды міндетіне алған жақты жауапкершілікке тарту керек емес пе? Бірақ ақшасы бізден, атқарушысы ана жақтан болған жобаны іске асырушы – «Бəйтерек» БК деп белгіленген соң, нақты жауапкер «табылмай», ешкімге кінə да тағылмаған секілді. Берілген несиенің қанша сомасы игерілгені де айтылмады. Т.Мұсабаевтың айтуына қарағанда, енді жобаның құны 223 млн. доллардан 1 млрд. 680 млн. долларға жетіпті. Осы қаражатты да Қазақстан жағы тауып беретін секілді. Сонда бұл жобаны ғарышқа ұшырудың емес, жатып алып ғарыштық көлемде ақша сорудың амалы ма дерсің. Қазір кешен құрылмағанымен, несиені қайтару уақыты жеткен. Сондықтан былтырғы желтоқсан айында келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттамаға қол қойылыпты. Хаттама бюджеттік несие бойынша негізгі борышты жəне сыйақыны төлеу жөніндегі жеңілдік мерзімін 2019 жылға дейін ұзартуды көздейді. Осы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасы қабылданса, біз жобаны іске асыруды жалғастыратын боламыз жəне кадрларды сақтап қала аламыз, деді Т.Мұсабаев. Мойнына алған міндеттерін осы уақытқа дейін орындамаған кадрлары бар БКның тиімділігі көңіл көншітпейтіндігі

көрініп-ақ тұр жəне оның «Бəйтерек» кешенін құруды əлі қанша уақытқа созатыны да түсініксіз. Сенатор Ақан Бижановтың сұрағына жауап беру барысында Т.Мұсабаев үстіміздегі жылдың 15 ақпанында «Роскосмоспен» «Бəйтерек» кешенінің жұмысын жалғастыру жөніндегі келіссөздер болғанын айтты. «Роскосмос» мамырдың аяғында өздерінің ұсыныстарын жəне жобаның жаңа бағасын айтуға тиісті еді, бірақ олар бұл мерзімге үлгермей, əзірге «Бəйтерекке» күш-қуаттарының жетпейтінін айтып отыр. Өйткені, өздеріндегі «Плисецк» мен «Восточный» айлағын аяқтауға тиісті, деді. Демек, «Бəйтеректің» əлі де ұзақ жылдарға қарап тұрары сөзсіз екендігі белгілі болып қалды. Сенатор Мұрат Бақтиярұлының ресейлік «Роскосмос» кəсіпорны бірлескен жоба бойынша өздеріне алған міндеттерін орындамаса жауапкершілікке тартыла ма деген нақты сұрақ берген еді, Мұсабаев: «Оны тек қана Құдай біледі» деп жауап берді... Осыдан-ақ тараптары тең дəрежеде болатын келісім жасалмайтыны көрініп қалды. Сенатор Мұхтар Алтынбаев «Бəйтерек» жобасына үшінші жақты тартуға болмай ма, өйткені, Ресейдегі қазіргі экономикалық ахуал санкциялардың ықпалымен күрделі екендігі белгілі ғой? – деген сұрақ қойды. Алайда, Т.Мұсабаев бұл сұраққа жауап бермей, көбіне-көп келісімшарттың дұрыс жасалмағанын, оған Ресей емес, Қазақстан жағы кінəлі екенін айта берді. Сондай-ақ, сенатор Н.Оразалин киіктердің қырылуына, Қ.Айтаханов кадр даярлау мəселелері бойынша сұрақтар қойды. Бəлкім, қаралып жатқан мəселеге тікелей қатысы болмағандықтан шығар, бұларға да нақты жауап берілмеді, тек экологиялық зиянды «Протонның» ұшырылуы 2025 жылы ғана толығымен тоқтатылатыны жеткізілді. Алайда, біз оның ұшырылуын кезең-кезеңмен азайтуға келістік, деді Т.Мұсабаев. Заң жобасы ұзақ талқыланғаннан кейін қабылданды. Сонымен қатар, палата Каспий теңізінде төтенше жағдайлардың алдын

алу жəне оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді де ратификациялады. Əзербайжан, Иран, Ресей, Түрікменстан жəне Қазақстан Үкіметтері бip мемлекеттің күшімен жою мүмкін болмайтын жəне келісілген əрекеттерді талап ететін табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындау ықтималдығын мойындай отырып, Каспий теңізінде төтенше жағдайлардың алдын алу жəне оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған болатын. Құжат Каспий теңізінде табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда тараптардың өзара ic-қимылы мəселелерін реттеуге бағытталған. Бұл мəселе бойынша сенаторлар М.Тағымов, Қ.Айтаханов, С.Еңсегенов, С.Громов өз ескертпелері мен ұсыныстарын айтты. «Қазақстан Республикасы мен Болгария Республикасы арасындағы адамдарды ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасы да жан-жақты талқыланып, қабылданды. Қазақстан мен Болгария арасындағы шартқа 2014 жылғы 14 қарашада Софияда қол қойылған екен. Құжат Қазақстан мен Болгарияның құзыретті органдарының арасындағы қылмысқа қарсы күресте ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға жəне қылмыстық қудалаудан жасырынып жүрген, сондай-ақ, жазасын өтеуден жалтарып жүрген адамдарды ұстап беру мəселелері бойынша қарымқатынастарды реттеуге бағытталған. Шартты іске асыру мəселелері бойынша Қазақстан Республикасынан Бас прокуратура құзыретті орган болып белгіленді. Бұл мəселе бойынша С.Нөгербеков, Т.Мұқашев, Б.Бекназаров сөз алды. Сенаторлар Қазақстан мен Румыния арасындағы адамдарды ұстап беру туралы сондай шартты, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы мен Румыния арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты да ратификациялады. Сенаторлар А.Мұсаханов, Г.Ким, В.Бобров қабылданып отырған заңдарды қолдап, сөз сөйледі. Отырыс барысында сенаторлар Ж.Ерғалиев, В.Редкокашин, С.Жақсыбеков депутаттық сауалдарын жария етті.

Елшімен салиќалы əѕгіме (Соңы. Басы 1-бетте). Кездесу иелері екі ел арасындағы ықпалдастықты, əсіресе, сауда-экономикалық байланыстарды, көпжақты жəне парламентаралық қарым-қатынасты одан əрі күшейтуге айрықша назар аударды. Қ.Жақыповтың айтуынша, алдағы уақытта біздің еліміз аталған мемлекетпен ауыл шаруашылығы, фармацевтика, мұнай-газ, экономиканың басқа да басым бағыттарында өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға ынталы. Өз кезегінде елші Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстан тəуелсіздігін алғашқылардың бірі болып таныған күннен бастап өзара түсіністік пен сенім

аясында қолға алынып келе жатқан маңызды шараларға көңіл бөліп, алдағы уақытта барлық салада өзара байланысты одан əрі дамытуға дайын екендіктерін жеткізді. Сондай-ақ, елші Парламент Мəжілісі делегациясын өз еліне ресми сапармен келуге шақыра отырып, оның екіжақты қатынасты, соның ішінде, парламентаралық əріптестікті нығайтуға ықпал ететінін атап өтті. Палата Спикері Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне кандидатурасын, сондай-ақ, Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізуге көрсеткен қолдаулары үшін ризашылығын айтып, тараптың

аталған көрмеге белсене қатысатынына сенім білдірді. *** Сауд Арабиясы Корольдігі Қазақстанның инфрақұрылымын дамытуға ерекше көмек көрсеткен. Атап айтқанда, Астанада кардиологиялық орталықты салуға – 12 млн., Осакаровка – Вишневка автокөлік жолын салуға – 12 млн., Петропавл қаласындағы мешіт құрылысына – 2 млн., Парламент Сенаты ғимараты құрылысына – 15 млн.-нан астам, Б. Момышұлы атындағы кадет мектебіне – 1 млн., Семей қаласында туберкулезге қарсы балалар диспансеріне 7 млн. АҚШ доллары көлемінде грант бөлген.

Маќсат – екіжаќты ыќпалдастыќты арттыру Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Астанаға екіжақты кездесулер өткізу жəне Қазақстан-Америка бизнес-форумына қатысу үшін арнайы атбасын тіреген АҚШ делегациясымен кездесу өткізді. Америкалық делегацияны елордаға АҚШ Сауда министрінің көмекшісі Арун Кумар бастап келген болатын.

Келіссөз барысында тараптар екіжақты сауда-экономикалық жəне инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі, көлік жолдарын дамыту мен инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ, басқа да көптеген басым бағыттар бойынша əріптестікті ілгерілету мəселелерін талқылады. Америка тарапы өзара сауда-саттықты

өрістетудің маңызына ерекше назар аудара келіп, Қазақстан экономикасының шикізаттық емес секторларында жұмыс істейтін АҚШ компанияларының санын ұлғайту жайын сөз етті. А.Кумар форумға америкалық 20-дан астам ірі жəне орташа компанияның қатысу үшін келуі АҚШтың іскерлік истеблишментінің өздерінің бизнестерін Қазақстан Республикасы аумағында арттыра түсуге қызығушылығы

өсе түсіп отырғанының айғағы болып табылатынын атап өтті. Күтіліп отырғанындай, жаһандық нарықтарға америкалық қатысуды кеңейту мəселелеріне жауап беретін АҚШ Сауда министрі көмекшісінің сапары Қазақстан мен Құрама Штаттар арасындағы сауда-инвестициялық ынтымақтастықты əрі қарай кеңейтуге ықпал етіп қана қоймай, еліміздің Еуразиялық экономикалық одақ, сондайақ, Орталық Азия өңірі шеңберлерінде бизнес жүргізу үшін тартымды ел ұстанымын нығайта түсетін болады.

«Егемен-ақпарат».

Астана банкпен ынтымаќтастыќты арттыруєа мїдделі Астана қаласының əкімі Əділбек Жақсыбеков Еуропа Қайта құру жəне даму банкінің президенті Сума Чакрабартимен кездесті. Тараптар көлік, коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту секілді бірқатар бағыттар бойынша қалалық құрылымдар мен Еуропа Қайта құру жəне даму банкінің ынтымақтастығы жөніндегі мəселелерді талқылады.

Кездесу барысында əкім Қазақстан экономикасын жаңғырту, сондай-ақ, муниципалдық жобаларды жүзеге асырудағы банктің қомақты үлесін ерекше атап өтті. Елорда басшысы қонақтарға қысқа мерзім ішінде Астананың жеткен жетістіктері жайында айтып берді. – Астананы ауқымды өзгерістер күтіп тұр. ЭКСПО-2017 негізінде Астанада халықаралық қаржы орталығын құру туралы Мемлекет басшысының бастамасы, елордада ірі көлік-логистикалық хабын жасақтау қаланың одан арғы

дамуына зор ықпал етеді, – деді əкім. Елордада ЖРТ, теміржол жəне автовокзалдар құрылысы, əуежай терминалын қайта құру, инженерлік жəне коммуналдық желілерді жаңарту секілді ірі жобалар жүзеге асырылады. – Осы орайда, аталған жобаларды іске асыруда сіздің банк арқылы бюджеттен тыс қаржы тарту мүмкіндігінің болуы өте өзекті. Біз банк өкілдерімен бірнеше рет кездесіп, ортақ жұмыстың бірқатар бағыттарын қарастырдық, – деді əкім ЕҚДБ өкілдеріне қарата айтқан сөзінде.

Мемлекеттік ќызмет сапасы – кəсіби біліктілікте Кеше Қазақстан Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Елбасы айқындаған 5 институттық реформаның ішіндегі мемлекеттік қызмет реформасына арналған брифинг өтті. Оған депутаттар Қуаныш Сұлтанов пен Ерсұлтан Бектұрғанов қатысты. Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Брифингте сөз алған Қуаныш Сұлтанов «бес институттық реформаны жүзеге асыруға бағытталған 100 нақты қадамда мемлекеттік аппаратты қалыптастыру, мемлекеттік қызметкерлер жұмысын жаңғырту мəселесі жайдан жай алдыңғы орынға қойылып отырмағанын атап өтті. «Реформадағы ең бірінші бөлім осы мəселеге байланысты. Сондықтан, біздің мемлекетіміздегі үдерістерге бастамашы болатын жəне соларды кəсіби түрде жүргізе алатын адамдарды шоғырландыру, яғни мемлекеттік өкілеттіктерімізді біліктілікпен жасау шарты кезек күттірмес міндет болып тұр. Мемлекеттік қызмет саласында жүрген азаматтың бойында халыққа қызмет етуге қабілеті, білімі болуы ғана жеткіліксіз. Ол азаматтарда соны саналы түрде жүзеге асыратындай кəсіби қабілеттілік болуы шарт. Сол жолдағы ең бірінші алғышарттың бірі Елбасы айтқандай, ең төменгі лауазымдардан өтіп, кəсіби біліктілікті арттыру

халықтың жағдайын білу, мемлекеттік қызметте жүріп, қоғамдағы түйткілді мəселелердің түйінін шешуге қабілетті болу»,– деді өз сөзінде депутат. Оның пікірінше, мемлекеттік саладағы жемқорлық мəселесін де осындай реформа негізінде алдын алуға болады. «Мəселен, қоғамдағы жемқорлық көп жағдайда мемлекетшілік қасиеттің жоқтығынан белең алып жатады. Біз үшін мемлекеттік қызметтің тазалығы басты орында тұруы тиіс. Сондықтан, этика, ар-намыс мəселесі өте өзекті болып тұр. Яғни, мемлекеттік қызмет мəселесіне қатысты талаптілектің барлығы болашақта заңдық кеңістікте жаңаша сипатқа ие болмақ», – деді депутат өз сөзінде. Оның айтуынша, мемлекеттік қызметкердің еңбекақысы лауазымына жəне атқаратын қызметіне сəйкес ескерілмек. Мұның өзі мемлекеттік қызметтің мəртебесін, халықтың алдындағы беделін көтеру болып саналады. Депутат Ерсұлтан Бектұрғанов бүгінде əлем құбылмалы күйде тұрғандықтан, оған жауап беретіндей маңызды қадамдар мен шешімдерге бару өзекті болып

Атап айтқанда, бүгінгі таңда екі ауқымды жобаны ұзақ мерзімді қаржыландыру бойынша бірлескен жұмыс басталып кеткен. Көлік инфрақұрылымын жаңғырту үшін 200 бірлік автобус сатып алу жəне Астана қаласында тұрақ жүйесін енгізу бойынша «Астана LRT» ЖШС жəне ЕҚДБ арасындағы алдын ала келісімге қол қойылып, жүзеге аса бастады. Кездесу барысында тараптар елорданының сумен қамту жəне су бұру жүйесін жаңғыртуды көздейтін жобаны жүзеге асыруға бағытталған екінші келісімге қол қойды. – Біз аталған бағыттарда ынтымақ тас тықты арттыруға, сондай-ақ, жобаларды іске асыру бойынша сіздердің ұсыныстарыңызды қарастыруға дайынбыз, – деді сөзінің соңында қала басшысы.

отырғанына тоқталды. «Мемлекет басшысы айқындаған 5 институттық реформада экономикалық бағдарламаларды сапалы түрде орындай алатын қазіргі заманға сай, кəсіби жəне автономды мемлекеттік аппаратты қалыптастыру мəселесі көтерілді. Бұл кездейсоқ емес. Себебі, тəуелсіздік алған жылдардан бері мемлекетіміз жүргізген экономикалық, саяси жəне əкімшілік реформалардың тиімді нəтижелерінің бірі – мемлекеттік аппараттың сапалы тетігін қалыптастыру», – деді Ерсұлтан Өтеғұлұлы. Оның айтуынша, мемлекеттік қызмет жұмысын жетілдіру бағытында бірнеше ісшараларды жүзеге асыру керек. «Біз өз алдымызға қойған міндеттерді жүзеге асыру үшін ең алдымен, мемлекеттік қызметкерді даярлаудан бастауымыз қажет. Мəселен, бүгінде университеттер мен мемлекеттік органдар арасында өзара байланыс орнатылмаған. «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша дəріс беретін кəсіби оқытушылар жоқтың қасы. Студенттер мемлекеттік органдарда оқу тəжірибесімен жеткілікті деңгейде қамтамасыз етілмеген. Сондай-ақ, қазіргі таңда мемлекеттік қызмет саласында «Болашақ» бағдарламасымен білім алған жастардың мүмкіндіктері өз деңгейінде, толықтай пайдаланылып отырған жоқ», – деді депутат. Осылай дей келе, Ерсұлтан Бектұрғанов мемлекеттік қызмет саласын жандандыру бағытында құрылған Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия бүгінде өзінің жұмысын белсенді түрде жүргізіп жатқанын айтып, оған сауатты, тəжірибелі кадрлар, заңгерлер, сарапшымамандар шоғырланғанын жеткізді.

Ќўќыќ ќорєаушылар мен соттар «Bala Turkvizyon» халыќаралыќ əн Олардыѕ халыќаралыќ басќосуы болып ґтті «Inter Continental» қонақүйінің мəжіліс залында алыс-жақын шетелдердің білікті заңгерлері мен айтулы сот қызметкерлерінің басын қосқан «Əкімшілік құқық: тəжірибе мен мəселелер» атты халықаралық конференция өз жұмысын бастады. Қанат ЕСКЕНДІР,

«Егемен Қазақстан».

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты мен Дүниежүзілік банк, Халықаралық əріптестіктің «GIZ» серіктестігі жəне Қазақстанның заңгерлер одағы бірлесіп ұйымдастырған бұл алқалы жиынға əлемнің оннан аса мемлекетінен заң қызметкерлері келіп қатысуда. Адам құқықтары мен əкімшілік заңның аясын кеңітетін аталмыш жиынға Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы Қайрат Мəми, Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесінің төрағасы Игорь Рогов, Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Əнуар Түгел жəне Қазақстан Республикасы Парламент Мəжілісінің депутаттары мен облыстық соттардың төрағалары, сондай-ақ, Қазақстан заңгерлері мен соттары одағының өкілдері қатысты. Жиынның міндеті – жекелеген азаматтар мен кəсіпкерлердің мемлекеттік органдар арасындағы өзара қарым-қатынасы мен құқықтарын қорғау жəне əкімшілік құқық саласында туындайтын мəселелердің шешімі, сонымен қатар, еліміздегі əкімшілік құқықты дамыту болып отыр. Аталмыш тақырыптың бұлай тереңдетіле қозғалуына Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынған бес институттық реформасын қоғамда жүзеге асыру мақсатында іске асырылуда. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы Қайрат Мəми отырыс барысында жуырда ғана Елбасы тапсырған міндеттер аясында Қазақстандағы жаңа əкімшілік процессуалдық кодексті əзірлеу жұмысының басталғанын тілге тиек етті. Бұл заң келешекте қоғамдық-құқықтық санаттағы келіспеушіліктердің оңды шешімін табуға жəне қылмыстық-азаматтық сот ісінде

заңның толыққанды салтанат құруына негіз болатынын да айтып өтті. – Əкімшілік заң жүйесі билік пен атқарушы міндеттегі қызметтік тұлғаларға қатысты кез келген заңбұзушылықтарға жедел де əсерлі түрде шара қолдануға мүмкіндік жасайды. Бұл тетік мемлекет басқару ісінің сапасын жаңа белеске көтеріп, Президент ұсынған бес институттық реформаның бір тармағын толықтай жүзеге асыратын болады, – деп атап өтті өз сөзінде Жоғарғы Соттың төрағасы. Халықаралық конференцияға алыс-жақын шетелдерден келген заңгер мамандар қатарында Дүниежүзілік банктің құқық саласы бойынша арнаулы жобасының жетекшісі Амитабх Мукерджи, GIZ серіктестігі ұсынған аймақтық бағдарламаның жетекшісі Йорг Пуделька, Беларусь Республикасы Жоғарғы сотының төрағасы Валентин Сукало, Германия Федералды Жоғарғы сотының вицепрезиденті Вольфганг Шлик, Ресей Федерациясы Жоғарғы соты төрағасының орынбасары Татьяна Петрова жəне Əзербайжан, Қырғызстан, Түркия, халықаралық заңгерлер одақтарының арнаулы өкілдері бар. Əкімшілік құқықтық заң мəселелерін терең қаузайтын конференцияда Германия жəне Бранденбург Федералды Жоғарғы сотының зейнет жасындағы төрағасы Юрген Кипп «Соттардың əкімшілік сот ісі бойынша жүргізілетін үдерістерге кіріспе», Əзербайжан Республикасы Конституциялық сотының төрағасы Джейхун Гараджаев «Əкімшілік заңгерлікке конституциялық қадағалау: Əзербайжан тəжірибесі», Германия Федералды Жоғарғы сотының вице-президенті Вольфганг Шлик «Германия əкімшілік заңының құрылымы мен атқарар қызметі», Түрік Республикасы əкімшілік сотының жоғары кассациялық соты Мұстафа Елчим «Түркияның əкімшілік сот жүйесі», GIZ серіктестігінің Қазақстанда қызмет ететін өкілі Йорг Пуделька «Əкімшілік сот үдерістеріндегі арыз-талап үлгілері» деген тақырыптарда баяндама жасап, дүниенің əр тарабынан келіп бас қосқан сот қызметкерлеріне кейбір мəселелерді ортақ бөлісті. АЛМАТЫ.

байќауы Ќазаќстаннан бастау алды Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бөбек» Ұлттық ғылымипрактикалық, білім беру жəне сауықтыру орталығында Бірінші халықаралық «Bala Turkvizyon» балалар əні байқауының ашылу рəсімі өтті. Салтанатты шараны байқау бастамашысы – «Жандану əлемі» қорының құрылтайшысы Əлия Назарбаева, Алматы қаласы əкімінің орынбасары Зəуреш Аманжолова, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директоры Сағындык Нұраханов ашты. Ашылу рəсіміне шақырылған сыйлы қонақтардың қатарында халық əртісі Бибігүл Төлегенова жəне танымал мəнерлеп сырғанаушы Денис Тен де бар. Гүлзейнеп СƏДІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Алдымен байқау туралы айтар болсақ, «Bala Turkvizyon» халықаралық əн байқауы – түркітілді елдер арасындағы халықаралық «Turkvizyon» əн байқауының 8-13 жаc аралығындағы дарынды балаларға арналған баламасы. «Turkvizyon» – бұл көптеген мемлекеттер үшін «Евровидение» байқауын алмастыра алатын халықаралық деңгейдегі жаңа əн байқауы. Əлемдік музыкалық өндірісте үлкен құбылыс болғалы тұрған байқау түркі музыкасының өкілдерін бір сахнада тоғыстыруды мақсат тұтады. Байқаудың аудиториясы 300 миллион көрермен. Баршаға аян, 2014 жылы байқауға 25 түркітілді елдер қатысып, «Turkvizyon-2014-те» қазақстандық жас əнші Жанар Дұғалова «Ізін көрем» əнімен жеңімпаз атанған болатын. «Turkvizyon» əн-додасын «TÜRKSOY» түрік мəдениетінің халық аралық ұйымының қолдауымен «ТMB TV» түрік телеарнасы ұйымдастырған. «Turkvizyon» - халықтық дауыс берудің əділдігі мен қорытындының ашық болу қағидасын таңдаған, саяси, кəсіби қысымнан тəуелсіз бірінші музыкалық байқау. Концертте жұлдызды тəлім герлер – Қазақстан шоу-бизнесінің жарық жұлдыздары сахнада жас дарындармен бірге өнер көрсетіп, ең үздіктерді іздеп,

Қазақстанның қай аймағына жол тартатыны белгілі болды. Қатысушы дарындардың жетекшісі əрі продюсері ретінде – Шахаризат Сейдахмет, Санда, Əділхан Макин, Дастан Оразбеков, Кентал, Кəмшат Жолдыбаева, Ерболат Беделхан, Ерген Айтымбетов, Нұрболат Абдуллин, Ринат Малцагов, Айдар Байжанов, Нұржан Керменбаев, Марсель, Бейбіт Құшқалиев, т.б. бар. Құрметті қонақтар қатарында аталмыш əн байқауының жеңімпазы Жанар Дұғалова қатысушы дарындармен «Bala Turkvizyon-2015» əнұранын орындап, ақ жол тіледі. – «Тюрквижннің» берері мол, – дейді «Bala Turkvizyon» жəне «Turkvizyon» байқауларының бас продюсері Лина Арифулина. – Болашақ музыканттарды осы бастан тəрбиелеуіміз керек. Мəде ниет пен интергацияға ерекше ден қоятын Қазақстанды – біз түркі əлемінің астанасы деп білеміз. Сондықтан ««Bala Turkvizyon» байқауының ашылу салтанатын осында өткізіп отырмыз. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасының қоры «Хабар» телеарнасының бас серіктесі болып табылады. Аймақтық жеңімпаздардың барлық шығынын өнер сайысының бастамашысы болған Əлия Назарбаеваның «Жандану əлемі» қоры өз мойнына алып отыр. Байқаудың ақпараттық серіктесі «Хабар» агенттігі. Ұлттық іріктеу Өскемен қаласынан бастау алады.


11

www.egemen.kz

5 маусым 2015 жыл

 Замандас жұмысымның алға басуына, дамуына қолдаушы, шын жанашыр бола білді. Сол үшін де Ізбасар, Шалбай ағаларыма, Иманғали досыма мың да бір рахмет», деп ағынан жарылды. «Адамның өмір бойы жинаған нəрселерінің ішіндегі ең қымбаттысы адал достары», деген екен Каюм Насыри. Иə, кімнің тілеулесі көп болса, соның аты бəйгеден келеді. Нағыз азамат аяғын жерге тірейді, арқасын елге тірейді деген. Мықты адамдардың арасында сен де мықтысың. Айтады ғой, жақсылықты қайтаратын адамға жаса, қайтара алмаса да айта алатын адамға жаса деп. Осы азаматтардың жасаған жақсылығын қайтара алды ма, алмады ма білмейтін, бірақ ұмытпай айтуының өзін азаматтығы деп санадым.

Денсаулық – Алланың адамға берген аманаты, өлшеусіз сыйы дейді. Ал сол аманатты, яғни адамның аса құнды байлығы, ең қымбаты денсаулығын дəрігерге сеніп тапсыруы оның құдіреттілігі болса керек. Содан да болар дəрігерлік ең қайырымды мамандық қатарынан орын алады. Егер біз жалпы медицинаның сан-салалы мамандықтарға бөлінетінін ескерсек, оның ішінде урология мен андрология ерлердің денсаулығына жауаптысы, əрі маңыздысы. Ендеше, бүгінгі əңгіме ауаны отандық медицинадағы урология қызметін қалыптастыру мен үйлестіруде, оның ғылымның дамуына, ер адамдардың репродуктивті (ұрпақ өрбіте алу) денсаулығын қорғауға өзіндік зор үлес қосып, дертке дауа дарытқан, өз мамандығына өмір бойы ғашық, тумысынан тəңірі қалаған дəрігер, алтын қолды оташы, Б.Жарбосынов атындағы урология ғылыми орталығының директоры, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Мырзакəрім АЛШЫНБАЕВ жайлы өрбімек.

Бїгінгі заманныѕ адамы Гүлзейнеп СƏДІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

КӨККӨЗ ШАЛДЫҢ НЕМЕРЕСІ Қалай десек те, адам өміріндегі ең негізгі де шешуші қадам – оның мамандық таңдауы. Одан адаспаған жанның өмірі босқа өтпей, сол кəсіптің шыңына жетіп, алар биігін бағындырары хақ. Мырзакəрім Кəрімұлы да мамандық таңдаудан жаңылған жоқ. Тоғызыншы сыныпта оқып жүргенде-ақ дəрігер болуды таңдап, алдына үлкен мақсат қояды. Оның өзіндік себебі де бар еді. Өйткені, жанындай жақсы көретін атасы екі жыл бойы зəрі жүрмей, түтік арқылы өмір сүреді. Ол кезде қазіргідей, жетілдірілген технология жоқ. Атасының қатты қиналғанын көрген зерек те талапты бала сол кездеақ өз байламын жасайды. Ауылдастары Көккөз шал деп атап кеткен атасы жалғыз ұлынан өсіп-өнген сегіз немересінің тəрбиесін өзіне алады. Сонда ғой ол кісі өзге балалардан зейіні бөлек, елгезек немересіне: «Мырзаш, мына өмірді тұтас бір тау деп алсақ, менің ауруымның дəрігері болу да бір тау. Өйткені, ауырсаң дүниенің құны көк тиын екен», деп айтқаны бар. Сондықтан 1973 жылы Мырзакəрімнің Алматыға мақсатты түрде дəрігер-уролог боламын деп тастүйін келуі содан. Арманы – осы мамандықты таңдауына себепші болған атасын емдеп, жақсы дəрігер атану. Алайда, ол кісі немересі оқуға түскен жылы дүниеден өтеді. – Диплом алғанда да, қандайда бір жетістікке қол жеткізсем, атамды есіме аламын. Ол кісінің мінезі ауыр, көп сөйлемейтін, əдемі қартайған бір ғанибет жан еді. Əжеміз қараторы-тын. «Ата, неге қап-қара əйел алғансыз?» десем, «Мырзаш-ау, мен алған кезде мұндай қара емес еді», деуші еді жарықтық. Табиғатты жақсы көретін. Өте еңбекқор адам еді. Біз тұрған Ташкент облысындағы Ғазалкент қаласының жазы өте ыстық. Зейнетке шыққан соң ауламыздағы екі гектардай үлкен бақшамызды күтіп-баптайтын. Атам таңғы сағат 5-тен тұрып, 11-12-ге дейін жұмыс істеп, түсте демалып, кешкі 4-5-ке қарай қайта жұмысқа кірісетін. Менің таңертеңнен ерте жұмысқа келетін дағдым сол тəрбиеден. Ол кісіде мереке, демалыс күн деген жоқ. Арақ ішпеді, темекі тартпады. Азық-түліктің бəрі табиғи – ет те, сүт те, қаймақ та, көкөніс те өзімізден. Тіпті, бала кезімізде бидай егіп, диірменге апарып ұн тартатын, – деп еске алады көккөз шалдың немересі. Иə, тəрбие айтудан емес, көрсетуден. «Ана үлгі береді, ата нұсқа қалдырады» деген, осылайша Мырзекең бала кезден еңбекпен өседі. Бақшаны да қарады, мал да бақты, шөп те шапты. Мұның бəрі үлкен тəрбие болғанмен, бүгінде байқап отырса, атасы қашанда немерелерін еңбекке ынталандырып отырған екен. Шөпті кім көп шапса – қаймақты да, тəттіні де көбірек бергізетін, сосын дастарқан басында отырып алып əдемілеп мақтап, моральдық қолдау көрсететін. Ал аталарының сөзі балдай жағатын үйдегі сегіз бала мақтау есту үшін одан да жақсы жұмыс істеуге тырысатын. «Қазіргі балалар атаның қадір-қасиетін түсіне ме, түсінбей ме, білмеймін, бірақ менің ата-əжем қай жағынан да парасаты асқан əулие адамдар еді», деп атаға деген махаббатын, сағынышын осылай білдірді немересі бір күрсініп алып.

ƏРКІМНІҢ ЕҢБЕГІНЕ ҚАРАЙ... Жоғарыдағы Мырзакəрім Кəрімұлының атасы жайлы əңгімесінен қашанда «жақсы жұмыс істеген адам еңбегінің қызығын көруі керек» деп, еңбекті бағалап, ынталандырып отыруды өмірлік қағидатына айналдыруының құпиясын ашқандаймыз. Осылай еңбекті бағалап, ынталандырып сыйақы беруді ол өзі жетекшілік ететін урология орталығында бұдан он жыл бұрын бастаған. Зады, талантты, ақылды адамдардың еңбегі өзгелерге қарағанда, артық бағалануы керек. Дүниежүзінде солай. Ойлаңызшы, адамның жанын алып қалу екі қолға бір күрек қарапайым жұмыспен өлшенбеуі тиіс. Сондықтан орталықта жалақы əркімнің еңбегіне қарай жеке-жеке саралап төленеді. Оның өзінің бағамдары бар. Керісінше, жұмыс істемегендерге жалақыдан артық берілмейді. Ойлаңызшы, жанында отырған əріптесі бір жарым, екі ставкадан жалақы алып отырса, олардың да жұмысқа көзқарасы өзгереді емес пе? «Бұл бір қарағанда, ұжымның арасындағы бəсеке, жарыс. Ондай бəсеке қай ұжымда да болу керек. Бəрі бірдей келіп, бəрі бірдей жүруге болмайды», дейді орталық басшысы. Иə, басқару да өнер. Қай деңгейдегі, қай саладағы мекеме басшысы болмасын, басқару өнерін игеруі, оны шебер қолдануы заманның да талабы. Өйткені, қарама-қайшылық бар жерде даму бар. Мырзекеңнің басқару стилінде өз қолтаңбасы бар. Қай істе де қорықпай шешім қабылдауының өзі де ерлік. Қашан көрсең, сəйгүлік ат сияқты бір орнында тыпыршып тұрмайды, ізденгіш, реформа жасауға əуес. Қиынды жеңілдетуге, жеңілді үйреншікті етуге тырысады. Қимылы ширақ, кесіп айтады, салдай сыланған, мұнтаздай қыналған. Тағы бір қағидасы – медицинада еріншек адамға орын жоқ. «ДƏРІГЕРДІҢ МОНОЛОГЫ» Бір басылымнан өзбекстандық Адил Шакиров деген білікті хирург, профессордың «жасаған операциясын пациентінің маңдайынан сүйіп бітіреді екен» деген жолдарды оқығаным барды. Қандай үлкен жүрек, қандай мейірім десеңізші! Онысын: «Айналайын, мен өз қолымнан келгенімді істедім, енді саған Алла тағала жар болсын!» дегендей, бар ықылас-ниетімен науқастың тілеуін тілегені деп ойладым. Жалпы, дəрігер емес, кез келген адамның бойында осындай рухани биіктік болмай, ісінде мəн де болмайды. Өйткені, дəрігердің жүрек жылуын алдындағы науқас сезінуі керек. Міне, осындай ойды маған Мырзакəрім Керімұлы да жеткізді. «Дəрігер адамда жан-жақты білім мен мейірімділік, жанашырлық екі қасиет болуы шарт. Науқас көзі бозарып дəрігерім қашан келеді деп күтіп жатқанда, көңіліндегі сөзді таба білу де ерекше талант. Хирург тек кеселін пышақпен кесіп, алып тастау емес, ондай дəрігерлер бар, олар технологияны жақсы біледі. Бірақ науқаспен тілдесе алмайды. Ол дəрігер емес, менің түсінігімше техникалық қызметкер. Нағыз тəңірі жаратқан дəрігер жылы сөзімен де, қимыл-ісімен де, ойымен де емдейді. Яғни, əрбір сөзің науқасқа балдай жағуы керек. Сонымен қоса, дəрігер, əсіресе, хирургтің өз денсаулығы басқаларға қарағанда, əлдеқайда мықты болғаны жөн. Өйткені, кез келген

ота хирургке күйзеліс, физикалық, психологиялық жағынан жүктеме. Жаны қиналып, екі дүниенің ортасында жатқан ауруды көріп, тез кесімді шешім қабылдап, ота жасап, одан кейін оны аяғынан тұрғызып жүргізу де сенің міндетің. Атам айтып отыратын: «Кемпір, мен маймыл болып жатырмын. Сегіз немере – сегіз түрлі, əрқайсысымен тіл табысу керек», дейтін. Сонда атам неге солай айтты екен деп ойлайтынмын. Бізде де əр науқаспен əртүрлі сөйлесуіміз керек. Біреумен жайлап, біреуге қатты айту керек, өйткені, олай айтпасаң түсінбеуі мүмкін. Ол үшін жақсы психолог, адамның жан дүниесін, дінін, ділін түсінетін үлкен əріппен жазылатын дəрігер болуға тиіссің. Өзімнің шəкірттеріме де: «Сендер технологияны үйренесіңдер, бірақ науқаспен сөйлесе білу маңыздырақ», деп отырамын. Менің бір байқағаным, қазір кейбір науқастарың сенімен сөйлескісі келмейді. «Маған несін айтасыз, бəрін интернеттен біліп алғанмын, операцияңызды жасай беріңіз», деп қарап отыратындар да бар. «Айналайынау, менің емдеуші дəрігер ретінде осындай операция болатынын ескерту міндетім. Ал ары қарай өзің білесің», деймін де, адам не болып барады деп қатты ойға қаламын. Оларға кім қарап, кім ота жасап жатқаны бəрібір ме? ҰСТАЗ ҰЛЫЛЫҚТАН ЖАРАЛҒАН Біздің елімізде медицинада аты өшпейтін, есімі құрметпен аталатын тұлғалар баршылық. Оларды ел-жұрты, əріптестері мен шəкірттері əсте ерекше құрметтейді. Міне, сондай тұлғалардың шəкірті болу əркімнің пешенесіне жазыла бермейді. Мырзакəрім Кəрімұлының бұл жағынан жолы болды, ұлы ұстаздардың алдын көрді. Алғашқы ұстазы мединститутта оқып жүргенде профессорлар Тұрар Көкеев, Сапар Ұрашев оған əкесіндей көңіл бөліп, қамқорлық көрсетіп, жақсыға үйретті. Одан кейінгі өмірлік те, ғылымдағы үлкен жолындағы ұстазы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Алексей Переверзеев. Киев урология ҒЗИ-да клиникалық ординатор болып жүрген кезінде ол кісінің əкелік қамқорлығын көп көреді, көп нəрсені үйренеді. Оны дəрігер, хирург қана емес, азамат ретінде де тəрбиелейді. Ұстазы қағылез, талапшыл шəкіртін баласындай жақсы көргені сонша, екі жарым жылда үш-төрт рет екі-үш айдан үйінде жатқызып, диссертация жаздырған күндері əлі есінде. Зайыбы Валентина Георгиевна екеуінің адамгершілігі, жүріс-тұрыстары, ғылымға, хирургияға деген көзқарастары оның үлкен дəрігерлік, хирургиялық жолда берік негіз қалауына септігін тигізеді. Киевтен диссертациясын ойдағыдай қорғап келген соң 1986 жылдан 1995 жылға дейін отандық урология мен ғылымының негізін қалыптастырған тамаша педагог, кəсіби хирург Бейнеш Оразұлы Жарбосыновтың қол астында жұмыс істейді. Ол кісі докторлық еңбегінің тақырыбын өзі таңдап беріп, 1995 жылы ойдағыдай қорғатады. – Менің ғылым докторы болуым тікелей сол кісінің арқасы, – деп еске алады шəкірті. – Бейнеш Оразұлы бала сияқты, қазақи, кеңқолтық, өте білімді, басқан жерінде пейіш қалатын жан еді. Ол кезде шұғыл жəрдем урология бөлімін меңгеретінмін. Күнде 20-30 науқас түседі. Бүгінгідей кереметтей

құрылғылар жоқ, кейде қандай диагноз қоярыңды білмейсің. Жұмысқа сағат жетіде не мен, не ол кісі келеді. Жүгіріп барып: «Бейнеш Оразұлы, мына бір науқасты қарап беріңізші, диагнозын дұрыс тауып қоя алмай жатырмын», деп талай барғанымда, бір рет те көңілімді қайтармады. Келіп қарап, мұндай жағдайда былай істе деп көрсетіп, үйретіп кететін. Бір таңғаларлығы, қойған диагнозының 99 пайызы дəл келетін. Ол дегеніңіз – ғылыми табыс, үлкен клиницист деген сөз. Иə, Бейнеш Оразұлы бірінші қазақ уролог, профессор. Бірде Димаш Ахметұлы Қонаевқа Зухра апай қайтыс болғанда көңіл айтуға Бейнеш Оразұлымен бірге барады. Сонда Димекең: «Бейнеш, сен Қазақстандағы бірінші қазақ уролог ғалымсың. Сен тарихта мəңгі қаласың», дейді. Димекең əулие адам ғой, ол кезде урология институты ашылмаған, Бейнеш Оразұлы кафедраны меңгеретін. Қандай көрегенділік. Мінеки, бүгінде ғалымға институттың аты беріліп, төрінде Бейнеш Оразұлының мүсіні тұр. Ұстазды құрметтеу, ұлықтау дегеніміз осы шығар. Шынында да Қазақстанда 1970 жылдан 1986 жылға дейін жалғыз уролог, ғылым докторы, профессор Алексей Свидлер болды. Бейнеш Оразұлынан кейін қазір елімізде 20 ғылым докторы, профессор жемісті еңбек етуде. Бұл урология ғылымының өскендігін білдірсе керек. Бүгінде Қазақстанның урология саласының, ғылымының деңгейі ешбір елден кем емес. Мырзакəрім Керімұлының ғылымдағы қол жеткізген жетістіктеріне екі ұстазы еңбек сіңірсе, өмірде тағдырының өзгеруіне екі адам себепші. Ол – Киевке аспирантураға оқуға жіберуге дəнекер болған – сол кездегі Алматы облыстық партия комитетінің хатшысы Ізбасар Балтағұлов. «Аға, менің оқығым келеді. Неше жылдан бері аспирантураға түсе алмай жүрмін», деп алдына барғанда, бір ауыз сөзге келмей, министрлікке хабарласып, жолын ашып береді. Киевте оқып жүргенінде жол түскенде артынан іздеп барғанын қалай ұмытсын. Екіншісі – белгілі азамат Шалбай Құлмаханов. Ол кезде Алматы қаласының əкімі Мырзекең докторлығын қорғағаннан кейін №1 қалалық клиникалық ауруханаға бас дəрігер етіп тағайындап, азамат ретінде сеніп, одан кейін қызметте өсуіне қолұшын береді. Биыл Мырзекеңнің орталыққа басшылық қызметке келгеніне он тоғыз жыл. Ал үлкен мекемені қабылдап алған кезде жағдай қиын еді. Жалақы жоқ, операция, жансақтау бөлмелерінің төбесінен су өтіп, тамшыларға шелек қойылатын. Қалайда мамандарды ұстап, үлкен ғылыми орталықты сақтап қалу керек болды. Міне, сондай қиын-қыстау сəтте оған үлкен қолдау көрсеткен достары болды. Олардың қатарында ұлт жанашыры Иманғали Тасмағамбетовтің орны бөлек. – Имекең сондай қиын кездері жөндеу жұмыстарына, құрал-жабдықтар алуға азамат ретінде, дос ретінде көп көмегін тигізіп, институттың дамуына, бүгінгі дəрежеге жетуіне қамшы салған жігіттің біреуі. Ол маған ғана емес, халықтың көпшілігіне көмегін аямайды. Ендеше, неге осындай адал достардың жақсылығын айтпасқа. Жұмыс істейсің ғой, сен үшін біреу шаруаңды тындырмайды. Олар мен үшін 20 жылдан бері операция жасап жатқан жоқ, бірақ менің

ЕРДІҢ ҚАЙРАТЫ – БЕЛІНДЕ... Иə, урология – медицинаның үлкен бір саласы. Ол бүйрек, қуық қана емес, бүгінде ұлттың болашағына қауіп-қатер туғызып отырған белсіздікті де емдейді. Белсіздік ата-тегіңді жалғастыратын ұрпақ əкелуге, ерлі-зайыптылардың шаңырағының ортасына түсуіне кесірін тигізіп, бірден бір себепші болуда. Мырзакəрім Кəрімұлының айтуынша, қазір Қазақстандағы барлық отбасы құрылымында бедеулік 16 пайызды құраса, ал солардың ішіндегі еркектің бедеулігі 50 пайыз. Сондайақ ер адамдар əйелдерден 12 жас кем өмір сүреді. Əйелдерге қарағанда, үш есе кем дəрігерге қаралса, қант диабетімен 6 есе көп ауырады. Еліміздегі зейнеткерлердің 27 пайызы ғана еркектер, яғни 63-тен асқан 363 мың ғана еркек бар. Республикада жыл сайын 15-65 жас аралығындағы қыздар мен əйелдердің 100-і қайтыс болса, осы жас аралығындағы бозбала мен ерлердің 228і өмірмен қоштасады екен. Оған себепші еркектердің өздері. Дүниежүзілік дерек бойынша еркектердің 10 пайызы ғана өзөздеріне қарайтын көрінеді. Арақ ішеді, темекі тартады, талғамсыз тамақ жейді. Ал емделуге құлықсыз. Құлағанша, болмаса жанына батып ауырғанша жүре береді. Содан кейін бəрі кеш. Бұл нені көрсетеді? Қазақстанда ана мен бала, əйелдердің денсаулығына баса назар аударылып, миллиардтап қаражат бөлінсе, ерлер денсаулығы ұмыт қалған. Бұл тек қана Қазақстанда ғана емес, дүниежүзінде солай. Көптеген жылдар бойы Қазақстанда ер адамдар денсаулығын қорғау проблемасы жекеленген медициналық мамандықтардың ерекше құқығы болып отырды, олардың өкілдерінің тəжірибені тиімді алмастыру мүмкіндігі болмады. Бұл проблеманы қамтитын жəне ер адамдар өмірінің ұзақтығын жəне сапасын көтеруге бағытталған шараларды реттейтін мемлекеттік бағдарламалар болмады. Тек осы мəселенің басы-қасында жүрген тікелей Мырзакəрім Кəрімұлының басшылығымен отандық денсаулық сақтауда жаңа ғылыми-тəжірибелік бағыт – еліміздегі ер адамдардың денсаулығын қорғауға бастама жасалды жəне кейін жүзеге асырылды. Ол Қазақстанда бірінші рет уролог, эндокринолог, психиатр, кардиолог, сексопатолог жəне басқа да мамандық иелерінің қатысуымен өткізілетін пəнаралық ыңғайға негізделді. Міне, осылай еліміздің бас урологы өзінің жеке бағдарламасын нольден бастап, осы күнге дейін жеткізді. Алдымен ашық есік күндерін өткізіп, кейіннен мектептер ашып, күндізтүні жұмыс істеді. Бір айта кетерлігі, мұндай бағдарлама дүниежүзінде ешбір елде жоқ. Сөйтіп, ер адамдар денсаулығының проблемасы енді медицинада ғана емес, қоғамдық-саяси ортада да кең қолдау тапты. 2007 жылы «Ерлер денсаулығы» бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Əйелдер істері жəне отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның ІV отырысында тыңдалды жəне мақұлданды. 2008 жылы бұл бағдарламаны Парламенттің депутаттық корпусы талқылады жəне қолдады. Сонымен қатар, 2014 жылы Парламент депутаттары мен Біріккен Ұлттар Ұйымының құрамындағы əйелдер жəне отбасы жөніндегі комитеттің бірлескен отырысында «Ерлер денсаулығы» бағдарламасы талқыланып, толық қолдау алды. Иə, бүгін бұл бір біткен іс туралы айту оңай. Кезінде Мырзакəрім Кəрімұлы осы істі бастаған кезде ешкім қолдай қоймады. Ол үшін əр əкім, мəслихат хатшыларымен кездесіп, жобаның маңыздылығын дəлелдеуге тура келді. «Қойшы», деп қолын бір сілтегендер де болды. Осы уақытқа дейін Үкіметтен бір тиын ақша алмай, жергілікті бюджет арқылы, шарқ ұрып демеушілер тауып, істі ілгері жүргізді. Еліміздің барлық аймағында Ерлер денсаулығының орталығын ашты. Тағы бір ескеретін жайт, тікелей Урология ғылыми орталығы өз күштерімен 2012-2014 жылдары «Ерлер денсаулығы, өмір сапасы, пəнаралық тəсіл» тақырыптарына арналған

дүниежүзілік конгресті табысты өткізді. Мұнда да еліміздің барлық өңірлерін қамтыған ер адамдар денсаулығына пəнаралық тəсіл бағдарламасының бірегейлігін атап өте отырып, бұл зерттеуге ұқсас жобаның əлемде жоқ екендігі тағы да айтылды. Сонда ғой Ер адамдардың қартаюын зерттеу бойынша халықаралық қоғамының президенті, профессор Бруно Люненфельфтің Алматы қаласында ер адамдар денсаулығына арналған Дүниежүзілік конгресс өткізуге ұсыныс жасауы. Бұл əлемдік медициналық қоғамның еліміздің урологиялық қызметін бағалаған көрсеткіші болып табылса керек. Рас, Б.Люненфельф мырзаның бағалайтындай жөні бар. Мəселен, дүниежүзінде андрологиялық орталықтар бар. Бірақ ол тек еркектің бір ғана мүшесін, бір жағын, бір саланы ғана зерттеп емдейді. Ал ерлерді жан-жақты тексере отырып, емдейтін мұндай бағдарлама болмаған. Сондықтан да шығар, Сеулде өткен соңғы дүниежүзілік конгресте əріптестері еркектің денсаулығын осы жоспарда жасалған əлемде жоба жоқ деп танып, қазақстандық урологтарды құттықтап жатты. «Ел мен елді, халық пен халықты теңестіретін білім», деп М.Əуезов айтпақшы, сол жолы Жапония, Корея, Қытай, Моңғолия мамандары Мырзакəрім Кəрімұлына тəжірибелерімен бөлісуге ұсыныс түсірді. Амандық болса бұл ұсынысты қолға алу қыркүйек айынан басталмақ. ХИРУРГИЯ – ТЕМІРДЕЙ ТƏРТІП ДЕГЕН СӨЗ «Бүгін бітпеген жұмыс – ертеңнің соры», деген. Біздің бір байқағанымыз орталықта темірдей тəртіп. Алдымен ол тəртіпті басшының өзі берік ұстанады. Таңғы сағат 7-де жұмыста болып, жеке өзі бөлімшелерді аралап, күрделі науқастар болса соларды қарап шығады. Жарты сағат орталықтағы жалпы тазалыққа ден қояды. 7.30-дан кейін орынбасарлары 15 минөттік конференцияда орталықтағы жағдайды баяндайды. Ал оған дейін жағдайдың бəрін біліп отырған басшыға кім өтірік айтсын. Сосын 8.30-да ұжыммен науқастарды талқылап, тоғызда операцияға кіріп кетеді. Міне, 36 жылдан бергі Мырзакəрім Кəрімұлының үйренген еңбек тəртібі осындай. Өйткені, дəрігерлерде, оның ішінде хирургтерде тəртіпке жүгінбей жұмыс өнбейді, яғни нəтиже күтуге болмайды. Бұл – аксиома. Міне, біз де сол тəртіптің шетіне ілініп қалдық. Мырзекең уақытының тығыздығын айтып, сұхбат алуды таңғы жеті жарымға қойды. Менің де журналистік тəжірибемде «құлқын сəріден» келіп, сұхбат алуым бірінші рет еді. Біле-білген адамға отбасы да үлкен саясат. Бүгінде Мырзекең өзінен тараған төрт перзентіне тəлімді тəрбие беруде. Ұлдары заңгер, екі немересі ата жолын қуып дəрігерлік мамандықты таңдапты. Мырзекең бүгінде өзі де ұлағатты ұстаз. 20 доктор, 35 кандидат даярлап шығарды. Өз елімізде ғана емес Мырзекеңнің шəкірттері еліміздің əр аймағында, сондай-ақ Канада, Израиль, Америка, Германия, Тəжікстан, Қырғызстан, т.б. елдерде жұмыс істейді. ...Мырзекеңмен əңгіме-дүкен құрып, қоштасарда: «Осы өміріңізге ризасыз ба?» деген сауалыма қамшы тигендей, селт ете қалды да орнын тұрып кетіп: «Қалай ойлайсыз, ауылдан шыққан қарапайым қазақтың қарадомалақ баласының сонау жер түбінен келіп, оқып білім алып, осындай дəрежеге жеткеніне, яғни тағдырыма, менің өміріме қатысты араласқан адамдарға – бəріне ризамын. Бұдан артық қалай болуы керек! Тəубе! Əкем заңгер, анам мұғалім болғанмен, өзім еңбек етіп, осындай дəрежеге жеттім. Дəрігер болдым, профессор, корреспондент-мүше болдым, Мемлекеттік сыйлықтың иегерімін, ел біледі, жұрт біледі. Тек Қазақстан емес, ғалым ретінде дүниежүзі біледі. Бұдан артық қандай жақсылықты айтасыз. Ең бастысы, менің арманым, өмірлік басты қағидам – жақсы дəрігер болу еді. Ал қандай дəрігер екенімді науқастарым, əріптестерім айтсын. Басшы екенмін деп отырғаным жоқ, қолымнан қандауырым түспей, күніне екі-үш операция, жылына 350-400 операция, осы жасыма дейін 8,5 мың ота жасаппын. 400-ге жуық ғылыми еңбектің, оның ішінде 16 монографияның, 2 оқу-əдістемелік құралының, 1 оқулық пен 61 өнертабыстың авторымын, «Құрмет» орденінің иегерімін, деп жауап бергенмен, мен Мырзекеңді өзіне өзі есеп беріп тұрғандай сезіндім. Осы бір сырттай қараған адамға қаталдау, бірақ жан дүниесіне үңілсең ойлы, жұмсақ жанның «есебіне» қарап, менің көз алдымда бақытты жан тұрды. Алайда, өмірде бақытты болудың ережесі, тəртібі жоқ. Оны əркім өзі жасайды. Иə, менің алдымда өзін өзі жасаған, өзін өзі тəрбиелеген ақсақалдық жасқа аяқ басқан өзіне сенімді адам тұрды... АЛМАТЫ.


12

www.egemen.kz

5 маусым 2015 жыл

 Тəуелсіздік талаптары

Суреттерді түсірген Ерлан ОМАРОВ.

 Тұсаукесер

Алаќай, балаќай! Кеше Ұлттық академиялық кітапханада Х халықаралық «Дарабоз-2015» сыйлығын табыстау рəсімі болып өтті. Салтанатты шараны ашқан Мəдениет жəне спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы құттықтау сөз сөйледі. Содан соң ведомство басшысы номинациясындағы «Балалар əдебиетіне қосқан үлесі үшін» атты арнайы сыйлықтың ақын, аудармашы Мұзафар Əлімбаевқа берілгенін айтты. Ал бас бəйгені Пернебай Дүйсенбин «Есен-сау жүріңізші, асыл ата!» атты шығармасы үшін жеңіп алып, 1 млн. теңге көлеміндегі сыйақымен марапатталды. Сондай-ақ, Қайырбек Шағыр «Сиқырлы кітап» атты еңбегімен, Дария Жұмагелдинова «Маленький мужчина» шығармасымен бірінші орынды иеленді. Екінші орынды Мейіржан Жылқыбай «Саяқ» шығармасы үшін, Елена Клепикова «Сказка о поющем бархане» атты еңбегі үшін иеленді. Ал «Мəңгілік формуласы» еңбегімен Əділбек Ыбырайымұлы, «Истории из детства» шығармасымен Гүлсім Назарбаева үшінші орын жүлдесін қанжығасына байлады. Халықаралық «Дарабоз» конкурсын қазақ балалар əдебиетін дамыту мақсатында «Бауыржан» қайырымдылық қоры жəне Қазақстан Жазушылар одағы оныншы жыл қатарынан өткізіп келеді. Бұл шараға тұрақты түрде қолдау көрсетіп келе жатқан «ZHERSU» инвестициялықөндірістік корпорациясының басшысы Бауыржан Оспанов 2006 жылдан бері «Дарабоз» конкурсына жалпы сомасы 80 млн. теңгені құрайтын қаржы бөлген. Биылғы жылы жеңімпаздарға арналған жалпы жүлде қоры 3 млн. теңгені құрады. Ал бəйге қорына 500-ден астам шығарма келіп түскен. Ендігі кезекте «Дарабоз» бəйгесінде үздік деп танылған шығармаларды «Атамұра», «Дəуір», «Алматы кітап» баспалары жарыққа шығармақ. Сондайақ, «Дарабоз» конкурсының жеке сайты ашылатын болды. Онда осы уақытқа дейінгі жеңімпаздар шығармалары жарияланып, көпке қолжетімділік артады. Аяулы АХМЕТҚАЗЫ.

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

 Мəдени мұра

Жəдігер Таяуда Семей қаласының тұрғыны Килəш Берікболов музей қорына бірқатар жəдігерлер тапсырды. Бұл ағамыз – Шұбартау өңірінің тумасы, халық ақыны Төлеу Көбдіковтің ағайыны. Кезінде жазушы-ғалым Мұхтар Мағауин, Рымғали Нұрғалиевпен бір сыныпта оқыған, қазір зейнеткер. Килəш Берікболов көзінің қарашығындай сақтаған заттардың бір тобы – сирек пластинкалар коллекциясы. Олардың ішінде іздеген

адам бүгінде Қазақ радиосының алтын қорынан ғана табатын «Əміре Қашаубаев» туралы естеліктер, М.Əуезовтің «Еңлік-Кебек» жəне «Айман-Шолпан» спектакльдері, «Қобыланды», «Алпамыс», «Қамбар батыр» атты батырлық эпостары, 1971 жылы шық қан «Абай əндері» күйтабағы бар. Сонымен бірге, Килəш аға музей қорына саптама, қисық табан құрым етік, кісе белбеу тапсырды. Бұл дүниелер бүгінгі

 Өшпес даңқ

Қостанайдың теміржол вокзалына Ресейден пойыз-музей келіп тоқтады. Оны «Ресей темір жолы» акционерлік қоғамы ұйымдастырыпты. Бұл шараның өзі Жеңістің 70 жылдығына арналғаннан кейін, пойыз-музейдегі жəдігерлер негізінен Ұлы Отан соғысындағы сұрапыл күндерді көз алдыңа əкеледі. «Егемен Қазақстан».

Қостанайлықтар күтіп алған пойыз-музейге алдымен ардагер теміржолшылар кірді. Соғыс жылдарындағы техникалар, санитарлық вагондар,

жаңа заманның жас ұрпағымен қауышу сəтін тағат таппай күтуде. Жалпы алғанда, тарихи-өлкетану музейінің қорында 110 мыңға жуық жəдігер сақтаулы. Олардың көбі тұрғындардың тапсырғандары болса, енді бірі музей қызметінің басты салаларының бірі – жинақтау жұмыстары барысында алынған. Семейдің облыстық тарихи-өлкетану музейі ұлтымның тарихы мен мəдениетінің жанашырымын деген азаматтарды «Музейге сый тарту» акциясына қатысуға шақырады. Шынар САДЫҚОВА, Семей облыстық тарихиөлкетану музейінің қызметкері.

 Жазылған жайдың жауабы

Пойыз-музей Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА,

күні таптырмайтын, музейлік сирек заттар қатарына жататын тұтыным бұйымдары. Кезінде бұларды Килəш ақсақалдың аталары мен əкесі тұтынған екен. Сақталымы өте жақсы осы заттар 132 жылдық тарихы бар біздің музей үшін сүбелі толықтыру, деп алғысын білдірді музей директоры Б.Теміров. Семейдің облыстық тарихиөлкетану музей қорын толық тыруға қосқан Килəш Берікболовтың үлесі зор. Халқымыздың тарихи-мəдени мұрасы болып табылатын əлі де қаншама құнды бұйымдар ел арасында, атаəжелеріміздің сандықтарының түбінде сақталып жатыр. Олар

қуатты пушкалар сұрапыл уақытты еске түсіреді. Өткен ғасырдың 40-шы жылдары теміржолды пайдаланған техника макеттерінің барлығын көрмеден көруге болады. Музейдегі Витебскіні азат ету үшін болған ұрыс макеті ерекше

əсер қалдырады. Онда солдаттармен қатар теміржолшылардың да ерлігін көруге болады. Теміржолшылар оқ астында жүріп, келген пойыздарды қалай қабылдап алғаны, бүлінген жолдарды қайта қалпына келтіргені барлығы жəдігерлерден, макеттерден көрініс тапқан. Ұрыс кезінде теміржолшылар бір минут та жұмысты тоқтатпаған. Тек қана теміржолшылар түгелдей қырылғанда ғана жөндеу жұмыстарына солдаттарды үйретіп əкелгенше жұмысты тоқтатуға тура келген. Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған пойыз-музей Қазақстанға бірінші рет келіп тұр. Ол негізінен Ұлы Отан

соғысы кезіндегі теміржолшылар жұмысын көрсетуді, олардың ерлік істерін, Жеңісті жақындатуға қосқан үлесін насихаттауды мақсат тұтқан. 12 вагоннан тұратын пойыздың 9 вагоны Ұлы Отан соғысы туралы жəдігерлері бар көрмеден тұрады. Сонымен қатар, қалған вагондарда теміржолдың тарихы айтылады, оның өсу жолын көреміз. Ресейлік пойыз-музей Қазақстанның солтүстік облыстарын аралағаннан кейін Ресейге қайтып оралады. Оның қызметкерлерінің айтуына қарағанда, пойыз-музей ТМД елдерін де аралауды жоспарлап отыр.

Ќураєан ќараєайлар єана кесілді («Орда орманы оталып жатыр». «ЕЌ». 20 мамыр, 2015 жыл)

ҚОСТАНАЙ.

 Еркін елдің ертеңі

«Мен де солдат боламын!» Қорғаныс министрлігі орталық аппаратының əскери қызметшілері ата-ана қарауынсыз қалған жетім балаларға, сондай-ақ, жүйке жүйесі зақымданған, ой-өрісі жəне дене дамуында ақаулығы бар мүгедек балаларға тəрбие беру жəне медициналық көмек көрсетумен айналысатын Астана қаласының мамандандырылған балалар үйінде болды.

Полковник Мұрат Мəкішев пен подполковник Қуаныш Төлеубеков Қор ға ныс министрлігі атынан бө бектер үйінің тəрбиеленушілерін құттықтады, оларға əртүрлі ойыншықтар сыйлады жəне бүлдіршіндерге арналған тəттіге толы дастарқан жайды. Сондай-ақ, əскери қызметшілер бөбектер үйіне ауызсуды тазар туға арналған су сүзгішін де табыс етті. Ал төрт жасқа дейінгі тəр бие ленушілер меймандарға концерт қойып, «Қасқыр жəне жеті лақ» театрландырылған қойылымын ұсынды. Бұл мереке сəбилерге күлкі, қуаныш жəне жақсы көңіл күй сыйлаған

нағыз қиял-ғажайыпқа толы ертегі болды. Сол күнгі қуанышқа орай еліміздің түкпір-түкпірінде əскери қызметшілер спорттық эстафеталар, өздерінің отбасы мүшелеріне арналған мерекелік іс-шаралар өткізді. Атап айтқанда, Ақтөбедегі Əуе қорғанысы күштерінің əскери институтында балаларға балмұздақ пен сусындарды тегін таратып, батут орнатты жəне асфальтта салынған суреттер байқауын өткізді. Кинотеатр етіліп жабдықталған Ми-6 тікұшағында балалар мультфильмдерін көрсетті. Ал Семей гарнизонының 28738 ə/б базасында спорттық отбасылық эстафета өтіп, онда 36803 ə/б əскери қыз метшілерінің отбасылық команда сы – Жанға быловтар əулеті жеңіске жетті. «Егемен-ақпарат».

«Егемен Қазақстан» газетінің биылғы 20 мамыр күнгі нөмірінде жарияланған «Орда орманы оталып жатыр» деген мақалаға байланысты төмендегідей анықтама беремін. Орда орман жəне жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемеге орман қорының 16405 гектар жері бекітілген. Соның ішінде орманмен көмкерілгені 4043 гектар. Орманды алқаптарды қорғау мен өрт қауіпсіздігін сақтауға жəне ағаш отырғызу жұмыстарына 34 қызметкер тартылған. Олардың күшімен жыл сайын 15 гектар жерге қарағай көшеттері отырғызылады. Сондай-ақ, 80 гектар жерге құм тоқтату жұмыстары жүргізіліп келеді. Соның нəтижесінде құм басып қалған Сейітқали ауылы орманды алқап белдіктерімен көмкеріліп, жасыл желекке айналды. Мұнда 90-жылдардан бастап қарағайлардың қурау үрдісі басталды. Осыған орай тиісті нормативтер мен еліміздің Орман кодексіне жəне

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 273-07-87.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru, egemenkz@maіl.kz. Интернет-редакция: ekazakhstan@mail.ru Алматыда: факс (727) – 273-07-87, электронды пошта – egemalm@mail.ru

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – 8 (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – 8 (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – 8 (712-2) 31-74-13; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

Көкшетау – 8 (716-2) 25-76-91; Қарағанды – 8 (721-2) 43-94-72; Қостанай – 8 (714-2) 39-12-15; Қызылорда – 8 (701) 772-70-74; Орал – 8 (777) 496-21-38;

Өскемен – 8 (778) 454-86-11; Павлодар – 8 (718-2) 68-59-85; Тараз – 8 (726-2) 43-37-33; Шымкент – 8 (701) 362-63-76; Петропавл – 8 (715-2) 50-72-50.

Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-07-26, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Арко» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-Полиграфия» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Достық-Дружба даң., 215 А, «WESTA» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

санитарлық ережелерге сəйкес оны кесу мен іріктеуге рұқсат етілген. Бұдан əзірленген сүректер мекеменің материалдық есебіне алынып, тауарлы бұйымдар шығаруға жіберіледі. Ал отындық сүректер тұрғындарға сатылады. Жергілікті тұрғындардың сұранысына сай соңғы жылдары ақылы қызмет көрсету жоспарына сəйкес үй құрылысына қажетті қабырға материалдарын əзірлеу қолға алынды. Қазіргі күні де бұл жұмыс тапсырыс бойынша жалғасын табуда. Санитарлық кесуден түскен қарағай сүректерінің 100 текше метрі кəсіпорын ауласында сақтаулы тұр. Ең бастысы – қурамаған бірде-бір жасыл қарағай кесілген жоқ. Талған САМАТОВ, Орда орман жəне жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекеменің директоры.

Батыс Қазақстан облысы.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 203 394 дана. Нөмірдің кезекші редакторы

Александр ТАСБОЛАТОВ.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 10 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №576 ek

Profile for Egemen

05062015  

05062015  

Profile for daulet
Advertisement