Page 1

Бїгінгі нґмірде: Интеграция – елдер їшін игілік 4-бет Телаєыс 5-бет Майдангерлер ўрпаќтарымыз 6-бет Бас жїлде ќостанайлыќ əншіге бўйырды 8-бет

№86 (28310) 5 МАМЫР ДҮЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ

ЌАЗАЌСТАН АЗИЯ ДАМУ БАНКІМЕН ЫНТЫМАЌТАСТЫЌТЫ ДАМЫТА БЕРМЕК Бұдан бұрын газетімізде хабарланғандай, Астанада Азия даму банкі Басқарушылар кеңесінің биылғы жылғы 47-ші мəжілісі өтуде. Мұндай халықаралық үлкен жиын 2013 жылы дəл осы уақытта Үндістанның астанасы Дели қаласында өткен болатын. Кеше Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Азия даму банкі Басқарушылар кеңесінің Қазақстандағы 47-ші мəжілісінің ресми түрде ашылу салтанатына қатысып, сөз сөйледі. Қазақстан басшысы өз сөзінде мəжілісті өткізуге біздің елімізді таңдап, зор сенім білдіргендері үшін Азия даму банкінің барлық мүше-мемлекеттеріне алғыс сезімін білдірді. Нұрсұлтан Назарбаев үстіміздегі жылы Қазақстанның Азия даму банкімен (АДБ) серіктестік қарым-қатынас орнатқанына 20 жыл толатындығын да атап көрсетті.

Президент тапсырмалары ерекше баќылауєа алынсын «Қазақстан-2050» Стратегиясы міндеттерін тиімді жүзеге асыру жəне басты мақсат – əлемдегі аса дамыған 30 елдің қатарына ену үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігі тарапынан Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға бақылауды күшейту жəне саяси қызметкерлердің жауапкершілігін арттыру бойынша жұмыстардың жаңа пішіні енгізілді. Президент Əкімшілігінің құры лымдық бөлімшелерінде сараптамалық топтар құрылып, Мемлекет басшысы тапсыр маларының сапалы жəне уақтылы орындалуын бақылау бойынша жаңа жүйе жасалды. Үстіміздегі жылдың сəуірінен бастап Мемлекет басшысының акті лері мен тапсырмаларын орын дау бойынша жүргізіліп жат қан жұмыстар туралы Премьер-Министр Кеңсесі басшылығының, министрлердің орынбасарларының, жауапты хатшылардың, облыс əкімдері орынбасарларының, ұлттық компаниялар жетекшілерінің есептері тыңдалатын апта сайынғы кеңес тəжірибесі енгізілді. Кеңес қорытындылары бойынша Президент Əкімшілігі Үкіметке Мемлекет басшысының тапсырмаларын сапалы жəне уақтылы жүзеге асыру бойынша, қажет болған жағдайда орталық жəне жергілікті мемлекеттік органдардың саяси мемлекеттік қызметкерлерін жауапкершілікке тарту туралы ұсынымдамалар жолдайды.

Бірінші кеңестің қорытындылары бойынша Үкіметке Мемлекет басшысының орындалу мерзімі есептік кезеңге сəйкес келген 33 тапсырмасының жүзеге асырылу барысы туралы ұсынымдамалар жолданды. Үкімет енгізілген ұсынымдамалар мен ұсыныстарды орындау бойынша жедел түрде шаралар қабылдады. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің осы өкімінің негізінде Үкіметтің 2014 жылға арналған заң жобалау жұмыстарын орындау жоспарының мерзімін бұзғаны үшін Қаржы вице-министрі Р. Дəленов пен Экономика жəне бюджеттік жоспарлау вицеминистрі М. Əбілқасымоваға, Моноқалаларды дамыту бағдарламасын жүзеге асыруға бақылауды əлсіреткені үшін Өңірлік даму вице-министрі С. Жұманғаринге ескертулер жарияланды. Президент Əкімшілігі мен Үкіметтің Мемлекет басшысының тапсырмаларын уақтылы жəне сапалы орындау бойынша бірлескен жұмысы жалғастырылатын болады.

Телефон арќылы сґйлесті

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Малайзия Премьер-министрі Наджиб Тун Разакпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, Динара БІТІКОВА, «Егемен Қазақстан».

Осы жылдар ішінде Банк біздің елімізге 3,5 миллиард доллар инвестиция салды. Өткен жылдан бастап Қазақстан Банктің доноры атанды. Біздің еліміз Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы бағдарламасына белсенді қатысады. Осы жұмыстың шеңберінде Банкпен бірлесе отырып, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дəлізін қайта құру мақсатындағы маңызды жоба іс жүзіне асырылады, деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті біздің еліміздің жəне АДБ-ның бірлескен қызметі жалпы азиялық өңірдің экономикалық өсімін қамтамасыз етуге бағытталғандығын атап көрсетті. Қазақстан өзара инвестицияны қорғау туралы Азияның 14 мемлекетімен келісім жасалған. Азиялық инвестиция 2013 жылы жалпы құрылымда 17 пайызға жетті. Азия даму банкі Орталық Азия, Таяу Шығыс жəне ОңтүстікШығыс Азия елдеріндегі ұзақ мерзімдік инвестиция тартудың маңызды көзі болып табылады. Оның үстіне Банк беделі АзияТынық мұхиты өңірінің шеңберінен асып кетеді, оған АҚШ, Канада, Германия сияқты əлемнің дамыған елдерінің қатысуы дəлел болады. Банктің инклюзивтік жəне тұрақты өсімді ынталандыру жөніндегі нақты стратегиясы, сонымен бірге, интеграцияны дамытуды қолдауы əлемдегі көптеген адамдарға өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік береді, деді Нұрсұлтан Назарбаев. Тек соңғы ондаған жылдың ішінде ғана АДБ-ның қолдауымен миллиондаған жастар сапалы білім алуға, миллиондаған үй шаруашылықтары сапалы ауыз су жəне электр қуатына қолжетімділікке, өңірдің миллиондаған тұрғындары əлеуметтік қызмет стандарттарын арттыруға мүмкіндік алды, деп атап көрсетті Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев 47-ші

мəжілістің «Жаңа Жібек жолы: Азияны өзгерістегі əлеммен ұштастыру» атты негізгі тақырыбы біздің еліміздің тарихымен ерекше үндесетіндігіне назар аударды. Бүгін біз Ұлы Жібек жо лын жаңғыртудың жаңа дəуірі нің басталғанына куə болып отырмыз. Оның Азияны дамыту жолында жаңа дəуір болатын дығына сенімдімін. Оның бірқатар алғышарттары бар. Бұл – Қытай, Үндістан, Жапония, Корея жəне басқа да бірқатар мемлекеттерді біріктіретін ең серпінді түрде дамушы өңір. Бұл ең ірі тұтынушылық сұраныстың негізін қалыптастыратын əлемнің адамдар ең көп қоныстанған өңірі болып табылады. Сарапшылардың пікірі бойынша, 2050 жылға таман əлемдік сауданың, инвестицияның жəне ІЖӨ-нің жартысынан астамы Азияда шоғырланатын болады. Бұл үрдістерге өндірістік қуаттардың өсуі, ірі агломерациялардың құрылуы, урбанизация қарқынының артуы ерекше қолдау көрсететін болады. Мұндай сценарий өңірдің жаңадан өркендеу кезеңінің жəне «Азия ғасырының» басталғандығын паш етеді, деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті өңір экономикасын дағдарыстан кейін қалпына келтіру өте өзекті міндет болып отырғандығын атап өтті. Дамушы рыногы бар көп теген елдер үшін кедейшілікті төмендету, шағын жəне орта бизнес, жекеменшік секторды одан əрі дамыту үшін елеулі құрылымдық өзгерістер жасауға тура келеді. Нұрсұлтан Назарбаев Азия мемлекеттерінің арасында, сондай-ақ, басқа да интеграциялық бірлестіктер арасында ынтымақтастық шекарасын кеңейту қажеттігі туралы пікірін білдірді. Ашықтық, теңдік жəне өзара тиімділік үдерістеріне негізделген өңірлік интеграция жемісті дамудың сенімді тетігі болып табылады. Бүгін біз Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі ішкі өңірлік интеграцияның күшейгендігіне көз жеткізіп отырмыз. ОңтүстікШығыс Азияда экономикалық интеграция саласы белсенді

түрде кеңейіп келеді. Қазақстан Ресеймен жəне Белоруссиямен Еуразиялық экономикалық одақ құру жөніндегі үлкен жұмысты жалғастыруда. Біз қазірдің өзінде Кеден одағы шеңберінде интеграцияға кірдік, біз бұл үрдісті одан əрі тереңдету жəне өзара ықпалдастығымызды кеңейтуге мүдделіміз. Сонымен бірге, біз ДСҰ-ға кіру жөніндегі келіссөздер үдерісін аяқтап келеміз жəне биылғы жылы бұл ұйымға толық мүше боламыз деген үміттеміз, деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті жалпы интеграциялық үдерістерді Ұлы Жібек жолын жаңғырту мақсаты төңірегінде құру мүмкіндігін атап өтті. Жібек жолының бүгінгі күнгі аумағында қоныстанған елдердің рыногы өзінің ауқымы жəне əлеуеті жөнінде баламасыз болып табылады. Мұнда үш миллиардтан астам адам өмір сүреді. Бұл ретте негізгі идея дəліздік сауда тасқынын дамыту ғана емес, сонымен бірге, мəдени байланыстарды жəне көп тарапты ынтымақтастықты нығайту, өңірде қолайлы іскерлік ахуалды қалыптастыру, қаржы рыногын интеграциялау, қосымша құнның жаңа жүйелерін қалыптастыру болып табылады, деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы бағдарламасы шеңберінде өңірдің 10 мемлекетінің серіктестікті дамыту жөніндегі жемісті тəжірибесін еске салды. Осы игі тəжірибенің нəти жесінде ортақ экономикалық жəне көліктік инфрақұрылым қалыптасуда. Азияның барлық мемлекеттері арасындағы іскерлік, мəдени, энергетикалық, көлік, экономикалық жəне сауда байланыстарын нығайту жəне интеграциялық үдерістер шекарасын кеңейту арқылы бұл бастаманы жан-жақты қолдау жəне кеңейту қажет. Қазақстан осындай қарымқатынастарды дамытуға толық мүдделі. Еуропа жəне Азияның өзара тоғысқан жеріндегі Орталық Азияның өте қолайлы

жерінде орналасқан біздің еліміз өңірлердің байланысын нығайта отырып, мұндай интеграция үшін қажетті барлық жағдайларды жасауға дайын. Осы өңірдің ең ірі экономикасы жəне ең қарқынды дамып келе жатқан ел ретінде Қазақстан өзінің тəжірибесі жəне ресурстары арқылы көмек көрсете алады, деді Мемлекет басшысы. Сөзін қорытындылай келе, Нұрсұлтан Назарбаев Басқарушылар кеңесінің мəжілісі жалпы əлемдік экономиканы дамытуға жаңа серпін беретіндігіне сенім білдірді. Азия даму банкі адамдардың өмірін жақсарту, сол арқылы Азия өңірін жəне барлық əлемді біріктіру мақсатында маңызды рөл атқарады. Өз кезегінде біз АДБ-мен жемісті ынтымақтастығымызды жалғастырамыз жəне Банктің игілікті миссиясын іс жүзіне асыруға қолдау көрсетуге дайынбыз, деді Қазақстан Президенті. Азия даму банкі Басқарушылар кеңесінің Қазақстандағы 47-ші мəжілісінің ресми түрде ашылу салтанатына арналған мəжілісте сөз алған АДБ-ның президенті Такехико Накао Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа бүгінгі шараға қатысқаны үшін зор алғыс сезімін білдірді. Одан əрі Банк президенті Такехико Накао «Өңірде қызмет көрсету сапасын жақсарту жəне мемлекеттерде жүргізілетін операциялардың тиімділігін арттыру мақсатында АДБның жұмысын реформалау» деген тақырыпта баяндама жасады. Мен бүгін осы мəжіліс аясында Қазақстан жəне Азия даму банкі жаңа Шектік келісімге қол қоятындығын қанағаттанғандық сезіммен атап өткім келеді, деді ол өз сөзінде. Осы Шектік келісім негізінде Қазақстанның Ұлттық қоры жəне АДБ Қазақстанның инклюзивтік өсімі, тұрақты дамуы жəне экономиканы əртараптандыруды қаржыландыру бағытында бірлесе жұмыс істейтін болады. Сонымен бірге, баяндамашы Азия-Тынық мұхиты өңірінде кедейшілікті

азайту жəне экономикалық өсімге қол жеткізу мақсатында бірқатар жетістіктерге қол жеткендігін атап көрсетті. Сонымен бірге, баяндамашы Азия-Тынық мұхиты өңірінің дамуындағы бірқатар экономикалық болжамдарына да тоқталып өтті. Оның айтуынша, 2013 жылы бұл өңірдегі ІЖӨ 6,1 пайызға өскен. Болжам бойынша 2014 жылы бұл көрсеткіш 6,2 пайызды, ал 2015 жылы 6,4 пайызды құрайтын болады. Бұл ретте бірқатар өңірлік экономикалардың өсімінің төмендеуі де мүмкін. Қалай болғанда да, дамушы Азия бүгінгі күні бұрынғыға қарағанда, қандай да бір қатерлерге сенімді түрде қарсы тұруға дайын. Өткен жылы Дели қаласында уəде еткенімдей, біз АДБ-ның ұзақ мерзімді стратегиясы – Стратегия-2020-ға кешенді шолу жасадық. Бұл шолу біздің соңғы 5 жыл ішінде атқарған қызметімізге баға береді, деді баяндамашы. Осы шолуда атап көрсетілгендей, өңірдегі кедейшілік ауқымы негізгі қатерлердің бірі болып табылады. 700 миллионнан астам адам тəулігіне бар болғаны 1,25 доллар қаржы тұтынатын кедейшілік шегінде өмір сүруде. Бұл Азиядағы барлық халықтың 20 пайызын құраса, əлемдегі кедейшілікте өмір сүретін тұрғындардың 60 пайызын құрайды. Алайда Азия соңғы кезде кедейшілік деңгейін төмендетуде бірқатар жетістіктерге қол жеткізді. 1,25 доллар тұтыну деңгейі осыдан 10 жыл бұрын белгіленген деңгей болатын. Бүгін бұл меже Азия-Тынық мұхиты өңірінде орналасқан адамдардың үмітін ақтауға кепіл бола алмайды. Бүгінде бұл меже азиялық көптеген елдердегі ең төменгі тұрмыс деңгейін ұстап тұруға да жетпейді. Мəселен, осыдан біраз жыл бұрын ұялы телефон барлықтың белгісі болса, бүгінде бірінші кезектегі қажеттілік болып қалды. Бүгінгі таңда 1,6 миллиард адам тəулігіне 2 доллар ғана тұтынатын сұраныс деңгейінде өмір сүруде. (Соңы 2-3-беттерде).

Малайзия тарапының бастамасымен өткен əңгімелесу барысында екіжақты қарым-қатынастардың ахуалы мен перспективалары, сондай-ақ, халықаралық күн

тəртібіндегі өзекті мəселелер талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев Малайзия Премьер-министрін Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

Таєайындау

Мемлекет басшысының Өкімімен Серік Салауатұлы Қожаниязов Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі қызметіне тағайындалды.

Хроника

Мемлекет басшысының Өкімімен Рзақұл Сəденұлы Нұртаев Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі қызметінен босатылды.

Президент поштасынан

Ќазаќстан їшін ќызмет етуге дайын

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Астана қаласындағы №2 мектеп-гимназия оқушысы Александр Влизькодан хат келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Өз хатын қазақ тілінде жазған 6 «Г» сынып оқушысы А.Влизько елорданы Астанаға көшіргені үшін Мемлекет басшысына алғысын білдіріп, соның арқасында көптеген оқу орындары ашылғанын, онда түрлі ұлттардың өкілдері оқитынын айтқан. Автор өз хатын кең-байтақ қазақ даласының миллиондаған қазақстандық балалардың атынан жазып отырғанын атап өткен. «Рас, менің тегім сəл басқа. Мен украин ұлтының өкілімін. Бірақ мен өзімді бала күнімнен

қазақпын деп сезінемін. Қазақпын деп есептеймін. Себебі, мен бірлігі мен татулығы, достығы мен туыстығы жарасқан Қазақстанда өсіп келемін», дейді А.Влизько. Ол Қазақстанның болашағына сенетінін, осы ел үшін қызмет етуге дайын екенін жеткізген. «Бұл жер – менің əкемнің кіндік қаны тамған мекен. Бұл жер – менің анамның өмірге келген қонысы. Менің сүйегім де, етім де қазақ. Мен қазақ жерінде туғанымды мақтаныш етемін», делінген хатта.

Ўшќыштар ќўрамымен кездесті Қорғаныс министрі Серік Ахметов 7 мамырда «Қазақ елі» алаңында өтетін əскери парадқа дайындық жəне оны өткізу барысы аясында Қарағанды гарнизонында болды. Министр Қарағанды маңында шоғырланған авиациялық бөлімге барды. С.Ахметов жеке құраммен кездесуде оларғ а Астанада өтетін əскери парадта кəсіби шеберліктері мен жоғары деңгейдегі үйлесімділік

көрсету туралы тапсырма қойды. Ол, сондай-ақ, белгіленген ұшу сағаттарын орындаған ұш қыштарды сыныптық біліктілікпен марапаттады. «Егемен-ақпарат».


2

www.egemen.kz

5 мамыр 2014 жыл

ЌАЗАЌСТАН АЗИЯ ДАМУ БАНКІМЕН (Соңы. Басы 1-бетте). Бұл адамдарға жұмыссыздық, инфляция, құрғақшылық қатерлері барынша қатты əсер етеді. Өңірдегі мемлекеттердегі ішкі теңсіздік деңгейі жылдан-жылға артып барады. Осы орайда АДБ-ның міндеті – дамушы мүше-мемлекеттерде кедейшілікті жоюға, теңсіздікті қысқарта отырып, тұрғындардың əртүрлі деңгейіндегі тұрмыс дəрежесінің өсуіне көмек көрсету болып табылады. Көптеген басқа да жағ дайлар жауап күтуде, олар: инфрақұрылымдағы үлкен олқылық, қоршаған ортаның нашарлауы жəне климаттың өзгеруі жəне мұндағы мəселе өңірлік ынтымақтастық пен ықпалдастықтың əлеуетін қалайша барынша пайдалану болып табылады. Солай десек те, өңірімізде көптеп саналатын табысы орта елдер қалаланудың жылдам қарқыны, халықтың қартаюы сияқты, қоршаған ортаны қорғау жəне «орта деңгейдегі табыстың ілмегінен» қалай қашуға болады деген проблемалармен соқтығысуда. Өңірдегі ахуал өте жылдам өзгеруде. Осыған байланысты Азия даму банкі де өзгеріп отыруға тиіс деді баяндамашы. АДБ мүше мемлекеттерге кездескен қиындықтарды жеңуі үшін мақсатты көмек түрлерін көрсетудегі қызметін күшейтуі керек. Осы ретте бүгін мен жеті стратегиялық басымдықты атап көрсеткім келеді, деді баяндамашы. Бірінші, бұл инклюзивтік өсу. Бұл ретте АДБ өзінің білім беру, денсаулықты сақтау, əлеуметтік қорғау жəне кəсіпкерлік салаларындағы қызметін арттыратын болады. Қыз балалардың оқуы үшін инвестиция бөлу жəне əйелдер үшін жалақы алу мүмкіндігін арттыру арқылы гендерлік мəселелерді шешуге басымдық берілетін болады. Екінші, ауа райының өзгеруі жəне табиғи апаттарға қарсы

Алтыншы, бұл жекеменшік саланы дамыту болып табылады. Əлеуетті жекеменшік сектор өңірді дамытудың маңызды тетігі болып табылады. Ол ірі инвестициялық сұраныстарды қанағаттандыруға, жұмыс орындарын ашуға жəне кедейшілікті қысқартуға мүмкіндік береді. Осы орайда біз мемлекет-жекеменшік серіктестігін дамытуға көмек көрсетуді одан əрі кеңейтетін боламыз. Бұл өз кезегінде мемлекеттік қызмет көрсетуді жақсартуға жəне ауқымды жекеменшік инвестициялар тартуға жағдай жасайды. Жетінші, бұл АДБ-ның білімді дамыту мақсатындағы жұмысы болып табылады. Бұл ретте АДБ мүше мемлекеттердегі білім жүйесін жақсартуға барынша басымдық береді.

қол жеткізу үшін Банк өзінің бизнес-процестерін жетілдіріп, елдердегі өз операцияларының тиімділігін арттырады. Бұған қоса, АДБ қатысушы елдерге жақсы қызметтер көрсету үшін шешім қабылдауға қабілетті кəсіптіктехникалық кадрларды тартып, өздерінде ұстайтын болады. Мен бізде өңірдің ағымдағы жəне болашақ қажеттіліктеріне ден қою үшін қажетті барлық кəсіптік дағдылардың болуын қамтамасыз етемін, деді АДБ басшысы. Азия-Тынық мұхиты өңірі өзгерді. Бүгінде бұл өңірде кедейшілікті азайту мақсатында ауқымды іс-шаралар жүзеге асырылуда. Табыс артып келеді жəне АДБ-ға мүше көптеген дамушы мемлекеттер орташа табысы бар мемлекеттер қатарына қосылды.

компа ниялардың басшылары қатысты. Конференцияны Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Индустрия жəне жаңа технологиялар министрі Əсет Исекешев жүргізіп отырды. Ə.Исекешев өзінің алғысөзінде Қазақстанның бүгінгі инвестициялық ахуалын жан-жақты баяндады. Оның айтуынша, Қазақстан Орталық Азияда инвестиция тарту жөнінен көшбасшы болып табылады. «Реформалардың қарқыны кеміген емес, инвестициялық климатты жақсартуға, адам ресурстарын жəне инфрақұрылымды дамытуға бағытталған жаңа серпінді жобалар іске асырылуда. Қазақстан үшін ең басты басымдық – индустрияландыру бағдарламасы. Бізде ең бірінші кезекте тұрған 6 басым

тəуекелдерді басқару. Өңір соңғы кезде жиі жəне жойқын табиғи апаттармен бетпе-бет келіп отыр. АДБ-ның штаб-пəтері орналасқан Филиппиндегі Хайань дауылы əкелген апат салдары бұл өңірдегі табиғи апаттардың шығыны зор болатындығын көрсетті. Дауыл мектептер мен көпірлерді қиратты, егін алқаптарын жойып жіберді, 4 миллионға жуық адамды баспанасыз қалдырды. Күйзеліске ұшыраған аймақтарға көмек көрсету мақсатында АДБ жалпы құны 900 миллион доллар болатын бағдарламаны іс жүзіне асыруда. Үшінші, өңірлік ынтымақтастық жəне интеграция. Бұл ретте Банк инфрақұрылымдарды, трансшекаралық жолдарды жəне электр желілерін дамытуға инвестиция салатын болады. Төртінші, бұл – инфрақұрылым. Бүгінде өңірде инфрақұрылымның жетімсіздігі ерекше белең алған. Сондықтан АДБ операцияларының негізгі мақсаты инфрақұрылым болып қалуда. Бұл мақсаттағы ресурстарды тиімді пайдалану үшін біз мемлекеттердің өзінен, жекеменшік саласынан жəне басқа серіктестерден инфрақұрылымды дамыту үшін ірі инвестициялар тартамыз. Бесінші, бұл – орта табысты мемлекеттер. Бұл мемлекеттерге тиімді қолдау көрсету мақсатында да бірқатар тиімді бағдарламалар жүзеге асырылуда.

АДБ жинаған ақпаратын беру жəне білімін тарату жұмыстарын нығайтады. Көптеген елдер АДБдан өзге елдерде жұмыс істей отырып жинаған үздік практикасын алуға қызығушылық танытуда. Елдердегі АДБ-ның тұрақты өкілдіктері түрлі департаменттердің қызметтерін үйлестіруде жəне «бір АДБ» қағидасы бойынша қатысушы елдерге қызмет көрсетуде басты рөл атқарады. Өңірдің үлкен қаржылық қажеттілігін есепке алып, АДБ қаржылық мүмкіндіктерін нығайту жəне кедейшілікті қысқарту үшін қолдауды күшейту мақсатында өз ресурстарын оңтайландыру жолдарын іздестіретін болады. Осы себеппен АДБ Азия даму қорының (АДҚ) кредиттік ресурстарын Қарапайым кредиттік ресурстарымен (ҚКР) араластыруды ұсынады. Егер ұсыныс мақұлданса, ол бізге кредиттік мүмкіндіктерімізді арттыруға жəне бір уақытта АДҚ донорларына жүктемені қысқарта отырып, табысы төмен елдерге қолдауды күшейтеді, деп көрсетті президент. «Бұл сонымен қатар АДБның болашақта табиғи апаттар мен экономикалық дағдарыстарға жауапты қоса алғанда, кез келген қаржылық қажеттіліктерге ден қою қабілетін арттырады». Қаражатты барынша мақсатты пайдалану жəне жақсы нəтижелерге

Дегенмен, өңірде шешілмеген проблемалар ауқымы да үлкен. Осыған байланысты Азиядағы ірі даму институты ретінде АДБ-ның алдында тұрған міндеттер де зор. Берік ынтымақтастықта жұмыс істей отырып, белгілі мақсат пен сенімділікті бағдар етіп, біз АзияТынық мұхиты өңіріндегі халықтардың өмірін жақсарту мақсатында игі нəтижелерге қол жеткізе аламыз, деді сөзінің қорытындысында Азия даму банкінің президенті Такехико Накао. Астанада өтіп жатқан Азия даму банкі Басқарушылар кеңесінің 47-ші мəжілісі бүгін аяқталады. Төрт күнге созылған ауқымды халықаралық шара аясын да көптеген маңызды кездесулер, конференциялар, пікір алмасулар, пленарлық отырыстар ұйымдастырылды. Соның бірі Астанадағы Тəуелсіздік сарайын да өткен Халықаралық инвестициялық конференция. «Invest in Kazakhstan» деп аталған шара Орталық Азия аймақтары жəне Еуропа бизнесмендері мен саясаттанушыларының үнқатысу алаңына айналды десек артық айтқандығымыз болмас. Оған министрлер, экономистер, сарапшылар мен даму институттарының басшылары, банк өкілдері, шағын жəне орта бизнес өкілдері, сондай-ақ Қазақстанда жұмыс істейтін халықаралық инвестор

сала бар. Бұл азық-түлік өндірісі, металлургия, химия, машина жасау, құрылыс материалдары, сонымен қатар біз жұмыс орындарын ашуға серпін беретін туризм, фармацевтика мен жеңіл өнеркəсіпті белсенді қолдайтын боламыз», деді министр. Бұдан əрі ол елімізде қарқын алған Кеден одағы аясындағы іс-шаралардың инвесторлар үшін тиімді жақтарына тоқталды. Қазіргі уақытта қазақстандық компаниялар осыдан бірнеше жыл бұрын болған рынок жағдайынан мүлде бөлек ортада дамып жатқанын айтып, бұл Ресей жəне Беларусь елдерімен құрылған интеграциялық одаққа байланысты болып отырғанын алға тартты. Кеден одағы дегеніміз – 170 миллион адамға тең рынок дей отырып, Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына енуге талпынып жатқанын, бұл өз кезегінде экономиканы одан əрі бəсекеге төзімді ете түсетінін тілге тиек етті. «Қазіргі уақытта біз инвестор ларға тиімділігі жоғары əрі ыңғайлы жаңа пакеттер дайындаудамыз. Ол инвестициялық тетіктерді құру жəне қолдау ғана емес, сондай-ақ түрлі кедергілерді жою қадамдарын қамтитын болады. Біз 10 еркін экономикалық аймақ құруды жоспарлаудамыз жəне оған халықаралық басқару компанияларын тартуды көздеп отырмыз. Қазақстанда əлеуетті

жобалар да іске асатын болады, олар – ірі мұнай-газ жəне таукен, геологиялық барлау жобалары. Ауыл шаруашылығы мен инфрақұрылымдарды дамыту саласы да өте тартымды. Азиялық кəсіпкерлерді Қазақстандағы жобаларды іске асыруға шақырамын, біздің ел арқылы Ресей, Беларусь елдерінің рыногына, Орталық Азияға шығу мүмкіндігі пайда болады. Логистикалық жобаларды дамыту арқылы біз Қытаймен арадағы шекарада жəне Каспийде жүк порттарын, логистикалық орталықтар салуды жоспарлаудамыз. Бұл өз кезегінде Қазақстанға тиімді транзиттік ел атануға көмектеседі», деді Ə.Исекешев. Конференцияда Азия даму банкінің Қазақстан атынан басқарушысы – Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев та баяндама жасады. Министр өз кезегінде Қазақстан экономикасына тартылатын инвестицияларды арттыруға көмектесетін нормалары бар заң жобаларын Үкімет Парламентке 2014 жылдың шілдесінде енгізетінін атап өтті. Жаңа «инвестициялық пакет» Парламентке бекіту үшін биылғы жылдың шілдесінде ұсынылады деп күтілуде, деді Е.Досаев. Сондай-ақ, ол шетелдік инвесторларға арналған қолайлы жағдайлардың жаңа пакетіне енетін шаралар тізіміне тоқталды. Біріншісі – «жасыл дəліз» қағидасына сəй кес визалық тəртіпті оңтайландыру. Бұл шара аса дамыған елдердің азаматтарына біржақты тəртіппен 90 күнге дейін визасыз елге кіру, сондай-ақ шетелдік компаниялардың құрылымдық бөлімшелері басшыларына инвесторлық визалар беру мүмкіндігін қарастырады. Екінші шара – инвестициялық жобаларды іске асыруға шетелдік жұмыс күшін тарту жөніндегі процедураларды жеңілдету. Бұл бастама аясында инвесторларға инвестициялық жобаны іске асыру мерзіміне толықтай шетелдік жұмыс күшін тарту жəне нысанды пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл мерзімге квотасыз əрі рұқсатсыз шетелдік жұмыс күшін тарту құқығы берілмек. Үшінші шара – шетелдік инвесторлар үшін заңнаманың өзгермеуіне кепілдік беруді енгізу. Министрдің айтуынша, қазіргі таңда ұзақ мерзімге болжамды реттеу тарифтері мен бағалардың, салық, көші-қон жəне экология салаларына қатысты заңнамалардың 10 жылға дейін «тұрақтылығы» қағидаттары əзірленіп жатыр. Заңнамалық түзетулердің төртінші тобы шетелдік инвесторлардың халықаралық комме рциялық арбитражға шығу мүмкіндігін кеңейтуді қарастырды. Бесінші шара – инвестициялық жобалар аясында трансұлттық компанияларға қосымша қолайлы жағдайлар туғызу. Ал қосымша ынталандырулар ретінде нысан пайдалануға берілген соң мемлекет тарапынан капиталдық шығынның 30 пайызын инвестициялық субсидия өтемақысы ретінде беру, 10 жылға дейін корпоративтік табыс салығынан босату, мемлекеттік мекемелер, ұлттық компаниялар жəне ұлттық холдингтер тарапынан инвесторлар қызметіне ұзақ мерзімге кепілді тапсырыс беру сияқты жеңілдіктер ұсынылған. Алтыншы шара инвесторларға рұқсатнама

жəне олар сұраған мəліметтерді беру мəселелерін реттеуді «бір терезе» қағидатына сəйкес етіп Қазақстан Республикасының Индустрия жəне жаңа технологиялар министрлігінің Инвестициялар жөніндегі комитетіне тапсыру болмақ. Жетінші шара – ауылшаруашылық тауарларын өндіруге инвестиция салған шетелдіктер үшін тауарларын өндіруге кеткен электр қуаты мен тасымалдауға жұмсаған шығы нының бір бөлігін субсидиялау, сондай-ақ ауыл шаруашылығын жүргізуге арналған жерлерді жалға алу мерзімін ұзарту. Министр атап өткендей, Қазақстан Азия даму банкімен 20 жылдай табысты ынтымақтастықта жұмыс істеп келеді. Осынау аз ғана тарихи мерзім ішінде айтарлықтай жетіс тіктерге қол жеткізілді. Атап айтсақ, тəуелсіздік алғалы біз өз экономикалық əлеуетімізді екі есеге арттырдық. Елдің ішкі жалпы өнімі абсолюттік мағынада 1994 жылғы 11 млрд. АҚШ долларынан 2013 жылы 220 млрд. долларға өсті. Конференцияда сондай-ақ, Қазақстан тарапынан «Бəйтерек» ҰБҚ басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев, Қоршаған орта жəне су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров, Көлік жəне коммуникациялар министрі Махмұт Қасымбек, шетелдік қонақтар арасынан ЭСКАТО-ның атқарушы хатшысы Шамшад Ахтар, «Тойота Мотор Европа» президенті Дидье Леруа сөз сөйледі. Конференция қатысушылары елге қаржы салымын тартуға мүмкіндік туғызатын Қазақстанның экономикалық, қаржы жүйесі мен мемлекеттік саясатының дамуын, сонымен қатар аймақтық, сол сияқты ғаламдық ауқымдағы мүмкіндіктерін талқылады. Мұның барлығы Қазақстанда өндірілетін тауарлар мен өнімдердің бірлескен жобаларына инвестиция тарту, сонымен қоса, отандық жəне шетел дік өндірушілер арасында сауда жəне іскерлік қарым-қатынастарды орнатуды көздеп отыр. Іс-шара аясында сонымен қоса, шетелдік əріптестердің Қазақстанның экспорттық жəне индус триялық болашағына толықтай көз жеткізу үшін инвести циялық жобалардың көрмесі өткізілді. *** Азия даму банкінің бас ты мақсаттарының бірі Азия елдеріндегі кедейшілікті төмендету мəселесі екені рас. Басқарушылар кеңесінің 47-мəжілісі барысында бұл тақырып та назардан тыс қалған жоқ. Инклюзивтік өсу жолымен əлеуметтік кірістер мəселелеріне арнаған талқылау осы мəселені қаузады. Семинарға Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі жапондық агенттіктің вице-президенті Шигеру Кияма, CIBC инфрақұрылымдық қаржыландыру тобының ғаламдық даму жөніндегі директоры жəне басқарушы директоры Лорен Махон, Қазақстан Республикасы Мемлекет-жекеменшік əріптестігі орталығы, директорлар кеңесі вице-төрағасы Ғалымбек Мамраев жəне Үндістандағы АДБ бас қа рушысының орынбасары жəне Үндістан Үкіметі қаржы министрлігі, экономикалық істер департаментінің хатшысы Арвинд Майарам, тағы басқалар қатысты. Талқылауға Австралия қаржы

министрі, парламенттік хатшысы Стивен Киобо жетекшілік етті. Кедейшілікті төмендету мақсатында Орталық Азия үшін мүлдем жаңа бағыт – мемлекет-жекеменшік əріптестігі жəне ремуниципализациялау ұсынылып отыр. Атап өтерлігі, қазіргі таңда Азия мен Тынық мұхиты жағалауындағы елдерде айтарлықтай экономикалық өсу байқалады. Алайда, ол бірінші кезекте экономиканың өндіруші саласына негізделген. Бір жағынан бұл құптарлық. Өйткені, табиғи ресурстарды өндіру саласы дамиды, жаңа жұмыс орындары ашылады, бюджет қаржысы молаяды, əлеуметтік бағдарламалар табысты жүзеге асырылады. Соған қарамастан, шикізаттың əлемдік бағаға қатты тəуелділігі, экономиканың тұрақтылығына, сəйкесінше мемлекеттің əлеумет тік міндеттемелерін орындау қабілеттілігіне қауіп төндіреді. Сондай-ақ, көптеген елдерде қалалық жəне ауылдық тұрғындардың өмір сүру деңгейінде айтарлықтай айырма шылықтар байқалады. Мұндай айырмашылықтар əсіресе, халықтың көп бөлігі ауылда тұратын Орталық Азия аймақтары үшін алаңдаушылық туғызарлық дəрежеде. Бұл проблеманы шешудің бір жолы жеке кəсіпкерлік дейді сарапшылар. Себебі, шағын жəне орта бизнес кез келген мемлекетте экономиканың қорғаны болып табылады. Əйтсе де, шағын бизнестің дамуында мемлекеттің рөлі айрықша. Ол шағын кəсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай туғызып, кедергілерді жоюға ықпал етеді. Бұл жерде мемлекетжекеменшік əріптестігі институты аса тиімді құрал болып табылады. Халықаралық тəжірибеде мемлекет-жекеменшік əріптес тік негізіндегі жобалардың дені тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында жүзеге асырылады. Мемлекет-жекеменшік əріптестігі тетіктері арқылы жобаларды орындаудың тиімді секторлары сумен қамтамасыз ету, жылу жəне көгілдір отынмен қамту, сондай-ақ, қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу болып табылады. Азия даму банкі жиынында дəл осы тақырыпқа айрықша назар аударылды. Мемлекет-жекеменшік əріптестігінің көмегімен қайта муниципализациялау арқы лы азаматтардың əл-ауқатын көтеру дұрыс жүзеге асырылған жағдайда барынша тиімді тетік болмақ. Қазақстанда мұндай тəжірибе қазірдің өзінде бар. Үкімет Азия даму банкімен бірге «Қалалық инфрақұрылымдарды қаржыландырудың баламалы тетіктері» жобасын қолға ала бастады. Жоба аясында Қазақстанның шағын қалаларында қалалық инфрақұрылымды дамыту, жекелеген басым жобаларға жеке секторларды қатыстыру үшін қолайлы жағдай жасалады. Сарапшылар тобы қазірдің өзінде техникалық-экономикалық негіздемесін жасауға кірісті. Бұл құжатта əрбір таңдалынып алынған мекеменің қыр-сыры, жаңалау мүмкіндіктері егжейтегжейлі көрсетілетін болады. Бір қарағанда мұндай қадам ыңғайсыз көрінуі де мүмкін, өйткені, коммуналдық инфрақұрылым əрқашанда стратегиялық сипатта болды, дегенмен, оны жеке секторға өткізу жоқ дегенде, қауіпсіздік жағынан пайдалы. Екінші жағынан, мемлекет коммуналдық мекемелерді қолдау арқылы оған қомақты қаржы жұмсауға мəжбүр. Себебі, істен шыққан инженерлік желілерді жөндеу, басқа да проблемалық жайттар бюджет үшін аз салмақ емес. Жоба аясында аталған төрт кəсіпорынның базасында қажетті жаңғыртуларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жеке инвестициялар тартудың тетіктері жасалады. Оның үстіне инвесторларға салынған қаржыларды көбейтуге жəне қайтаруға кепілдік беріледі. Нəтижесінде Қазақстанда қалалық инфрақұрылымдарды табысты жаңғыртуға жəне инвесторлар тартуға кең жол ашатын ықпалды нарықтық тетіктер іске қосылады. Азияның дамушы экономикасы мемлекет-жекеменшік əріптестігі үшін барынша зор мүмкіндіктер жасауы керек жəне жасай да алады. Ол өңірге қажетті инфрақұрылымдық жобалар мен жеке капитал тартуға, аймақта инфрақұрылымдық тапшылықты қыс қартуға бағытталуы керек. Азия даму банкінің мəжілісіне қатысушылар осылай деп мəлімдеді.


3

www.egemen.kz

5 мамыр 2014 жыл

ЫНТЫМАЌТАСТЫЌТЫ ДАМЫТА БЕРМЕК

«Азиядағы инфрақұрылымдық тапшылықтың ауқымдылығы сондай, біз жеке инвесторлар мен мемлекеттік сектор əрқайсысы жеке жүріп аталған тапшылықтың орнын толтыра алады деп үміттене алмаймыз. Бізге тетіктерді іске қосып қоғам талап етіп отырған қызметті көрсету үшін мемлекеттік əрі жеке инвестициялардың бірлес кен іс-қимылы қажет», деді АДБ Жеке сектор істері жөніндегі департаментінің бас директорының орынбасары Майкл Барроу. Азия даму банкі семинары барысында мемлекет-жекеменшік əріптестігі жобаларына қатысу үшін жеке жəне институттық инвесторларды тарту жолы талқыға салынды, сондай-ақ, МЖƏ жобаларын табысты жүзеге асыруға кедергі келтіретін деректер назарға алынды. Азия елдеріне қажетті заңнамалық, нормативтікқұқықтық құжаттармен қамтамасыз етумен қатар, толық ақпараттандыру негізінде мемлекетжекеменшік əріптестігі жобаларын дайындау жəне жүзеге асыруды тиісті деңгейде қолға алу керек. Мемлекет-жекеменшік əріптестігі жобаларын дайындауға мол күш жұмсалып жатқанына қарамастан бұл жұмыстар əлі күнге дейін өзіне міндеттеме алып, оларды инвестициялауға ниет білдіретін инвесторларды жеткілікті көлемде тарта алмай отыр, дейді мамандар. *** Азия даму банкі Басқарушылар кеңесінің отырысы шеңберінде сондай-ақ, II Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференцияның І пленарлық отырысы болып өтті. Пленарлық отырысқа Индонезия қаржы министрі Мухаммад

Хатиб Басри, Үндістан Қаржы министрі Паланьяпан Чидамбарам, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Азия жəне Тынық мұхитына арналған экономикалық жəне əлеуметтік комиссияның атқарушы хатшысы Шамшад Ахтар, Біріккен Ұлттар Ұйымы өнеркəсіптік даму бойынша бас директоры Ли Юн, Азия даму банкінің вице-президенті Бинду Лохани жəне басқалар қатысты. Жаһандық экономика тұрақты жəне теңдестірілген өсімнің жаңа жолында орналасқан. Соң ғы жылдар ішінде дамушы мемлекеттердің рөлі айтарлықтай арта түсті. 2008 жылы əлемдік қауымдастық дамушы мемлекет тер əлемнің экономикалық картасында күштер теңгерімін қайта құра алады деген тоқтамға келді. Бұл үрдіс екі онжылдыққа созылады деп болжанғанына қарамастан, ол соңғы бес жыл ішінде аяқталды. Бүгінгі таңда құрылымдық реформалар əлемдік дағдарысқа жол бермеудің бас ты басымдықтарының бірі саналады. Еуроаймақ, Азия мен Қытай мемлекеттері өздерінің экономикалық даму өсімі үлгілерінде елеулі өзгерістерге тап болса, ал G20 елдері өздерінің соңғы мəмілелерінде алдағы 5 жыл ішінде ІЖӨ өсіміне 2 пайыз көлемінде шектеу белгіледі. Сондықтан пленарлық отырыстың тақырыбы ретінде «Жаһандық өсімді қалпына келтіру: жаңа экономикалық жəне институттық драйверлер» алынып отыр. Пленарлық отырыс барысында ұзақ мерзімді келешекте тұрақты өсім үшін қажетті шаралар, өсімнің жаңа стратегиясындағы Азия мен Орталық Азияның рөлі,

Қытайдағы реформаның жаһандық экономикаға əсері, Еркін сауда туралы келісім арқылы əлемдік экономиканы аймақтандыру қажеттігін қолдаушылар жəне қарсы шығатындар, жаһандық үйлестіру саясаты, дамыған елдердегі моне тарлық саясатты қалыпқа келтіру үшін қажетті шаралар, облигациялардың Азия нарығын дамытудың жолдары сөз болды. *** 47-ші мəжіліс аясындағы шаралар қатарында «Қазақстан-2050: қазіргі заманғы инклюзивтік қоғам жолында» кітабының таныстырылымы өткенін де ерекше атап өтуге болады. Кітаптың таныстырылымына құрастырушы-авторлар – Назарбаев Университетінің президенті Шигео Катсу, Даму шы нарықтар форумының аға сарапшысы, Дүниежүзілік банктің аймақтық бұрынғы вице-президенті Йоханнес Линн, сондай-ақ, Сентенниал Груп президенті əрі төрағасы Хариндер Коли қатысты. Халықаралық сарапшылардың қатысуымен Назарбаев Университеті базасында дайындалған кітапта Елбасының 2012 жылдың жел тоқсанында жарияланған «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыруға қатысты тəуелсіз ой-пікірлер жинақталған. Жинақта негізінен аталған Стратегияны жүзеге асыру мақсатына жетудің жолдары қаралған. Қазақстанның 2050 жылға қарай дамыған 30 елдің қатарына кіру мүмкіндігінің жоғары екендігі кітаптың негізгі түйіні деуге болады. Онда Стратегияны жүзеге асырудың 7 басым бағыты белгіленген. Олар: тұрғындардың білімі мен денсаулығына ерекше

● Айбын

Əскери парадќа əзірлік жайына арналды

Қазақстан Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Парад қолбасшысы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық əскерлерінің бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Майкеев пен Құрлық əскерлері бас қолбасшысының орынбасары полковник Жұмабек Хасеновтің қатысуымен брифинг өтті.

Брифингтің тақырыбы 7 мамырда Астанадағы «Қазақ елі» алаңында өтетін əскери парадқа дайындық барысы болды. М.Майкеевтің мəлімдеуінше, 2014 жылғы парадтың басты ерекшелігі оның технологиялық сипаты болып табылады. Қазақстан армиясының жаңа жəне заманауи қару-жарағы мен əскери техникасының үлгілерін көрсетуге басымдық берілетін болады. «Парадта көрсетілетін техниканың бір бөлігі Қазақстанның қорғанысөнеркəсіптік кəсіп орын дарында жаңғыртылған немесе шығарылған», деп атап өтті М.Майкеев. Əскери шеруге Қорғаныс, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар министр ліктерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Мемлекеттік күзет қызметінің, сондайақ, Қорғаныс министрлігінің, ІІМ жəне ТЖМ-нің əскери

техникалары мен авиациясы қатысады. Əскери шерудің салтанатты маршының жаяу легінде 2000-ға жуық əскери қызметші жүріп өтеді, оның 1500-і Қарулы Күш тер дің жеке құрамы. Механи ка лан дырылған колоннаға 200-ден астам əскери техника бірлігі тартылады. Жалпы, Астана аспанында бұл күні майдандық, армиялық жəне əскери-транспорттық авиа ция ның ең үздік топтары сап түзейді. «Қазақ елі» алаңы үстінен 7 мамыр күні 70тен астам қазақстандық Əскери-əуе күштерінің авиациялық техникасы ұшып өтпек. Шеруге қатысу үшін еліміздің барлық əскери гарнизондары мен əскери бөлімдерінен əскери қызметшілер тартылған, оның ішінде əйел əскери қызметшілер де бар.

«Егемен-ақпарат».

көңіл бөле отырып, адам əлеуетін дамыту, тиімді энергетика, аймақтар мен қалаларды дамыту, əртараптандырылған заманауи инновациялық экономика, аймақтық жəне ғаламдық эконо ми калық интеграция мен ынты мақ тастық, тұрақты жəне ашық экономикалық əрі саяси институттар құру. Дүниежүзілік банктің аймақтық экс-президенті Йоханнес Линн кітаптың таныстырылымына арналған баспасөз конференциясында Қазақстан кейбір көрсеткіштер бойынша қазірдің өзінде алдыңғы қатарлы 30 елдің құрамына кіретінін атап өтті. «Жалпы алғанда, кітап алдағы 50 жылда əлем қалай дамиды, XXI ғасырдың ортасында əлемдік көшбасшы елдер қай елдер болмақ, жаһандық жылыну үрдісі Қазақстанға қалай əсер етеді, Қазақстан 50 дамыған ел қатарынан 30 дамыған елдер қатарына қалай кіреді, Қазақстанда денсаулық сақтау мен білім беру жүйесі еуропалық деңгейге жете ала ма деген секілді маңызды сұрақтарға ғылыми жауап іздейді», деді Йоханнес Линн. *** Такехико НАКАО, Азия даму банкі президенті:

Ќазаќстанды ќолдауєа ќашанда дайынбыз

Азия даму банкі Басқарушылар кеңесінің 47-ші мəжілісі аясында сондай-ақ, Азия даму банкі президенті Такехико Накао арнайы баспасөз мəслихатын өткізді. Қазақстандықтармен қатар, шетел журналистері де қатысқан брифингте Такехико Накао

Азия даму банкі мен Қазақстан ынтымақтастығына қатысты бірқатар сұрақтарға жауап берді. – Сіз Қазақстанның жаңа Жібек жолын құру туралы бастамасын қалай бағалайсыз? – Əрбір мемлекет өз деңгейінде, аймақтық деңгейде, өзінің жеке күн тəртібін бекітеді. Орташа мерзімді кезеңде аймақтық ынтымақтастықты жəне интеграцияны алға жылжытуды мақсат етіп отырмыз. Менің айтайын дегенім, Қазақстан жəне Қытай тарапынан болатын бастамалар, мысалы – «Жібек жолын ұйымдастыру», мұның барлығы құптарлық. Өйткені, бұл біздің банкіміздің мүше мемлекеттерінің күшін біріктіруге мүмкіндік береді. Біз аталған мемлекеттердің күшін біріктіру үшін Қытай мен Орталық Азия арасында өзара іс-қимылды қолдаймыз. Орталық Азияның мақсаты – Оңтүстік Азиямен бірігу. Біз бұл идеяны жүзеге асыра мыз. Мен Түрікменстан, Тəжік стан, Өзбекстан, Ауғанстан жəне Пəкістан аймақтарындағы интеграцияны айтып отырмын. Осының нəтижесінде біз Оңтүстік пен Азияның орталық бөлігін біріктіреміз. Орталық Азия елдерімен Қытай арасында Жібек жолын құру туралы идея айтылды. Біз елдердің өзара іс-қимылды жақсарту бойынша шараларын қолдаймыз. – Əлемде Еуроодақ бар, енді еуразиялық экономикалық аймақ пайда болмақ, ал транстынық мұхиты əріптестігі болуы да мүмкін. Сіздің ойыңызша мұндай бірлестіктер, елдердің экономикалық жəне саяси қарым-қатынасының дамуына жол ашуы мүмкін бе?

– Интеграцияға қатысты бастамалар өте көп. Ол Кеден одағы, Еуропа одағы жəне басқалар. Мен аталған бастамалар бірігу жағынан да, өзара іс-əрекетті жақсарту жағынан да өте пайдалы деп білемін. Бұдан бұрын біз осындай идеяларды айтқан кезде аймақтық ынтымақтастықты мақсат ететінбіз. Қазірде ғаламдық ықпалдастыққа иек артуға болады. Яғни кейбір бірлестіктер мен одақтар керісінше, сауда бойынша дивергенттік ықпал етуі мүмкін. Одақ сауда қарымқатынастарын орнатуға жол ашатыны белгілі. Сондықтан мен одақтар, бірлестіктер арқылы сауда мүмкіндіктерін ашу, сондай-ақ, осы идеялар негізінде алға жылжитын құрылымдық реформалардың маңыздылығын айрықша атап өткім келеді. – Кез келген даму институты жаңа елдермен əріптестіктен бастап, ынтымақтастықтың қатаң шарттарын қоятыны белгілі. Жəне сенімнің артуына байланысты қаржыландыру

P.S.

шарттары жеңілдей бастайды. Ал, АДБ мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық шарттары 20 жыл ішінде қалай өзгерді? – Биыл біз Қазақстанмен өзара іс-қимылдың 20 жылдығын атап өтеміз. Біз Қазақстанға 3,5 млрд. доллар қарыз бердік жəне əлеуетті арттыру үшін техникалық көмек көрсеттік. Қазіргі уақытта Қазақстан жоғары деңгейдегі орта кірісі бар ел болғандықтан, біздің қаржыландыру мүмкіндіктеріміз 50 базалық баптарға өсті. Қазір пайыздық мөлшер осы уақытқа дейінгімен салыстырғанда ондай жоғары емес. Орташа мөлшер 9,5 пайыз деңгейінде. Ал, экономикаға келетін болсақ, Қазақстан бұл жерде керемет табыстарға жетті. Яғни, жан басына шаққанда 600 доллардан бірнеше мың долларға дейін өсті. Тамаша жетістік. Əрине, бұл көрсеткішке АДБ да ықпал етті, дегенмен, бұл сандар елдің даму қажеттілігіне де қатысты. Біз Қазақстанды алдағы уақытта да қолдауға дайынбыз.

Кеше Астанада өтіп жатқан АДБ Басқарушылар кеңесінің 47-ші жыл сайынғы отырысының барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Азия даму банкінің президенті Такехико Накао мен Премьер-Министр Кəрім Мəсімов еліміздің экономикасын одан əрі дамытуға қаржы құю туралы жаңа келісімге қол қойды. Келісім даму саласындағы серіктестікке жаңа серпін бермек. Бұл жаңа келісім Қазақстан Республикасы мен АДБ арасындағы 20 жылдық нəтижелі ынтымақтастықтың негізінде жасалып, экономиканы диверсификациялауға, даму тұрақтылығы мен инклюзивтік өсімге бағытталып отыр, деді Азия даму банкінің басшысы қол қою рəсімінен кейін. ––––––––––––––––––––––––––––– Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

● Өңір өмірі

Əділдіктіѕ туын желбірету – міндет Нұрбол ƏЛДІБАЕВ,

«Егемен Қазақстан».

Кезінде жасыл қала деп аты шыққан Талдықорғанның сəнін кіргізіп, салтанатын асырған орталық саябақтан қазақтың үш биі – Төле, Қазыбек, Əйтеке бабаларымыздың мүсіндері орын алса, дала данышпандарының əділдігін Жетісу жерінде жалғастыруды төл міндетіне айналдырған Алматы облыстық соты судьяларына арналған тағы бір ғимарат күрделі жөндеуден өткізіліп, пайдалануға берілді. Халықаралық стандартқа сай талап пен қажеттіліктің барлығы ретімен орын алған деп ауыз толтыра айтуға тұратын осынау игілікті Елбасының сарабдал саясатының сот жүйесіндегі бір жемісі деп те бағалады халық. Ел бұл ғимараттан енді сотқа жүгінген тараптарға əділ шешім мен үкім һəм қаулы шығатынына үміт артады. Өйткені, дамыған елдердің барлығында əуелі қызметкердің жұмыс істеуіне жағдай жасалады. Сосын барып талап қойылатыны белгілі. Бұл өркениетке ұмтылған еліміздің де ұстанымы болып отыр. Сонымен, дүйім жұрттың алдына республика Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының төрағасы Ақылтай Қасымов, Алматы облыстық сотының төрағасы Мейрамбек Таймерденов шығып Мемлекет

басшысының сот жүйесіне баса назар аударып, əлемнің дамыған елдеріндегідей жасап отырған жағдайына адал қызмет етумен жауап беретіндіктерімен елді сендіре тұрып, жергілікті атқарушы билікке Астанадан алып келген Алғыс хаттарын оқып, ізгі тілектерін білдірді. Өз кезегінде Алматы облысының əкімі Аңсар

Мұсаханов мінбеге көтеріліп: «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сот билігінің беделін арттырып, мəртебесін көтеруге ерекше мəн беруде. Ата Заңымызға сəйкес, сот жүйесі дербес, тəуелсіз билік ретінде мемлекеттік биліктің бір тармағына айналды. Сот жүйесін қаржылық, материалдықтехникалық жағынан қамтамасыз етуге

назар аударылғандығының жарқын дəлелі ретінде талапқа сай ғимараттың бүгін ашылуы мен қызметтік көліктердің берілуін айтуға болады», деді. Құқықтық сауаттылық, əділдік, арғыбергіні екшей алатын зерделілік сынды судьяларға ауадай қажетті құндылықтарға тұла бойы тұнып тұрған Қазақстан Республикасы Судьялар одағының төрағасы Серік Байбатыров бүгінгі тарихқа айналған кешегі өмір өткелдерінен суыртпақтай сыр тарта сөйледі. Шыны керек, кеңестік дəуірде сот жүйесі мен құқық қорғау органдары қызметкерлері жұпыны кеңселерде отырып, тозығы жеткен автокөліктерді кезектесе мінетін еді ғой. Ал бүгін ше? Сондықтан Тəуелсіздіктің қадірін біліп, бағалаумен шектелмей сол Тəуелсіздігіміз ғұмырлы болуы үшін мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы – адам жəне адамның өмірі, құқықтары мен бостандығын қорғауда заң шеңберінде еңбек ету парыз, міндет. Сөйтіп, еңселі ғимаратқа ие болған Алматы облыстық сотының өңірдегі жүйесіне Жоғарғы Сот – 10, ал Алматы облысының əкімі – 20 автокөлік тарту етті. Сондай-ақ, осы салада қажырлы еңбек етіп келе жатқан бірқатар судьялар мен сот қызметкерлері ведомстволық наградалармен марапатталды. Ендігі міндет – əділдіктің туын желбірету. ТАЛДЫҚОРҒАН. ––––––––––––––––––––––

Суретті түсірген Жұмабай МҰСАБЕКОВ.


4

www.egemen.kz

5 мамыр 2014 жыл

ИНТЕГРАЦИЯ – ЕЛДЕР ЇШІН ИГІЛІК Рухани сілкініс

Бүгінгі күні дүниежүзінде екі жүзге таяу интеграциялық бірлестіктер жұмыс істейді. Олардың арасында Еуропа Одағы, солтүстікамерикалық NAFTA, оңтүстікамерикалық MERCOSUR, АТЕС, БРИКС секілді əлемдік экономикалық даму үрдістеріне ықпал жасайтын алпауыт ұйымдар бар. Осыған қарап-ақ уақыт алға жылжыған сайын төрткүл дүниедегі интеграциялық өзара іс-қимыл мен экономикалық əріптестік əлеуетінің одан əрі нығайып, бəсекеге қабілетті сапалы өнімдер өндіру мен сервистік қызмет көрсету бағыттары бойынша ортақ рынок қалыптасқанын айқын аңғаруға болады. Осындай толқынның алдыңғы қатарында белсенді қатысушы ретінде танылған Қазақстан Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістік жүйесінде өз орны мен əріптестік іс-əрекетін жандандырып келеді. Шекаралық аймақта орналасқан Солтүстік Қазақстан облысы Ресей өңірлерімен сыртқы экономикалық, сауда-саттық қызметінде үлкен басымдыққа ие. Төменде осы жөнінде əңгімеленеді.

Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан».

Байланыс

шекаралыќ аймаќтарда жандана тїсті Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Нелли КУКУШКИНА, кəсіпкерлер палатасының директоры: – Елбасы биылғы Жолдауында дамыған 30 елдің қатарына кірудің стратегиялық жоспарын ұсынып, күрделі жаһандық бəсекелестік жағдайында алға ілгерілеу жолдарын белгілеп берді. Олардың ішінде басым бағыттар бойынша шағын жəне орта бизнеске ерекше екпін түсіріліп, Жалпыға ортақ еңбек қоғамының берік экономикалық негізі деген тұжырым жасалды. Бүгінде елімізде жұмыс істейтін 800 мыңнан астам кəсіпкерлік субъектілеріне 2,4 миллиондай адам тартылған екен. Осыған қарап-ақ индустриялық жəне əлеуметтік жаңғыртудағы пəрменді рөлін бағамдай беруге болады. Бір-бірімен шырмауықша шырматылған əлемдік қауымдастық жаңа мемлекеттермен толығып, интеграциялық байланыстар жаңа сапалық деңгейге көтерілді. Мемлекет басшысының 1994 жылы М.В.Ломоносов атындағы ММУде экономикалық өзара қа рымқатынастарға негізделген бірлестік құру жөнінде идея айтып, бастама көтергені бəріміздің есімізде. Содан бері Қазақстан осы үдерістің бастаушысы əрі белсенді қатысушысы бола жүріп, бүгінгі күні 170 миллион адамдық кең ауқымды рынокта өмір сүріп отыр. Осы кезең аралығында солтүстікқазақстандық бизнес субъектілері де сан жағынан өсіп, Біртұтас экономикалық кеңістікке ену барысында бəсекеге қабілеттілік талаптарын біршама игеріп алғаны байқалады. Өйткені, олар ресейлік əріптестерімен жиі байланысқа түседі. Көрші елде кəсіпкерлер қатаң тəртіпте жұмыс істейді. Маркетингтік қызмет, салық жүйелері жетілдірілген. «Қазақстан Республикасы Ұлттық кəсіп кер лер палатасы туралы» Заң қабылданып, елімізде алғаш рет кəсіпкерлер үшін мін детті мүшелікке негізделген ұйым пайда болды. Осылайша, бизнестің мемлекетпен диалогтағы өкіл дігіне көптеген өзгерістер енгізілді. Бұл бір жағынан, мықты қаржылық қолдауды қамтамасыз етсе, екінші жағынан, кəсіпкерлік қызметке қатысты туындайтын кез келген мəселелерді заңдық тұрғыдан шешуге, мүдделерін қорғауға жəрдем деседі. Облыста 21 мыңға жуық бизнес субъектілері тіркелсе, олардың жүз шақтысы ғана саудаөнеркəсіп палатасына мүше болып келді. Мұндай жағдайда туындаған проблемаларды шешуде елеулі қиындықтар туатын. Енді аталмыш заң бизнес өкілдерінің билік орындарымен келіссөздерін жақсартуға басымдық береді. Бізге арыздар жиі түсіп жатады. Солардың бірінде ауыл шаруашылығы саласында жүрген кəсіпкерлер экологиялық тəртіп бұзушылық жөніндегі заңның тым қаталдығына шағымданады. Енді мұндай мəселелерді өңірлік палаталар шеше алады. Болмаса ауылдық жерлерде тұратын бизнес өкілдерінде консалтингтік,

заңгерлік компания да, бухгалтерлік фирма да жоқ. Алда-жалда салық төлеуде немесе қандай да даулы мəселе туындаса, көмекке дайынбыз. Отандық тауар өндірушілер тарапынан Ұлттық компанияларға айтылатын реніштер аз емес. Мəселен, Петропавл қала сында электр оқшаулағыш материалдар шығаратын екі кəсіпорын бар. Сапасы жоғары. «Қазақстан теміржолы» АҚ бұл өнімдерді шетелдерден сатып алады. Алдағы уақытта осындай жайттарға да назар аударатын боламыз. Бизнес субъектілеріне посттерминалдар енгізу жөнінде нормативтік акт қабылданғаны белгілі. Алайда, ешкім ауылда орналасқан бизнестің банктің келісімде көрсеткен айналымдарды жасай алмайтындығына мəн бермеді. Ұлттық кəсіпкерлік палатасының наразылығынан кейін Үкімет бұл тұжырымдаманы қолдануды 1 шілдеге дейін шегерді. Себебі, шағын кəсіпкерлік талапты орындай алмаса, банк одан пост-терминалды алып қояды. Ал, пост-терминал жоқ болса, салық органдары айыппұл төлеттіреді. Мəди ХАСЕНОВ, кəсіпкерлік жəне туризм басқармасының басшысы: – Біз интеграция ғасырын бастан кешіріп отырмыз. «Араласпаса, ағайын да жат болады» демекші, бүгінгідей жаһандану заманында оқшауланып өмір сүретін елдерді кездестіру қиын. Сол себепті əріптестік əлеуетімізді тиімді пайдалану жолдарын талмай іздестіре отырып, іскерлік қарым-қатынастарды жетілдіре түссек, сауда-саттық та күшейеді, инвестициялық, интеграц иялық өзара іс-қимылымыз да жоғарылайды. Қазақстан бизнесті жүргізуге ең қолайлы жағдайы бар елдер тобына жатады. Үш мемлекет арасында Біртұтас экономикалық кеңістік /БЭК/ жүйесі орнағалы осы үрдіс одан əрі өрістеп, шағын жəне орта бизнес субъектілерінің өзара үйлесімділігі қамтамасыз етіле бастады. Өйткені, шағын жəне орта бизнес экономикамыздың қозғаушы күші екені айтпаса да түсінікті. Ол бірінші кезекте тауарлардың, қызметтердің, еңбек ресурсы мен капиталдың маңызды жақтарын қамтып, еркіндік пен қолжетімділік, фирма жəне салааралық интеграциялық басым бағыттарымен сипатталады. Соңғы кездері инновациялық өнімдерді экспорттау, өндірістік жобаларға қатысу, шетелдік компаниялармен біріккен кəсіпорындар құру маңыздылығының арта түскенін аңғаруға болады. Бүгінгі күні Ресей жəне Беларусь мемлекеттерімен сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық, басқа да салалар бойынша байланыс аясы тіпті кеңіді. Өңірдің 30 кəсіпорны өз өнімдерін жүйелі экспорттау мүмкіндігіне ие болды. Атап айтатын болсақ, «С.Киров атындағы зауыт» Бүкілресейлік автоматтандыру жəне байланыс ғылыми-зерттеу институтымен микропроцессорлық блоктау жүйесінің бағдарламалық қамтамасыз етілуін жəне кешендік локомотивтік қауіпсіз

қонд ы р ғ ы лары н əзі рлеу мен жеткізу бойынша, сондайақ, осы жабдықтарды шығару кезінде ғылыми-əдістемелік басшылықты жүзеге асыру бойынша ынтымақтастықты бірнеше жылдан бері жалғастырып келеді. «ЗИКСТО» АҚ Мəскеу қаласындағы «Промтехэксперт» мекемесімен бірлесіп, жүк вагондарының пайдалану мерзімін ұлғайту мақсатында оларды техникалық диагностикалау жұмыстарын аяқтауға жақын. М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті «ХИМПЭК» Орал холдинг компаниясымен бірлесіп, өндіріске ғылым мен техника жетістіктерін, инновациялық жобаларды жеделдетіп енгізу жөніндегі ғылымизерттеу жұмыстарына қазақстандық, ресейлік кəсіпорындар үлкен қызығушылық танытып отыр. «Сұлтан» ЭММК» АҚ Қызылжардың сапалы бидайынан жасалған макарон өнімдерінің 40-қа жуық түрлерін алыс-жақын шетелдерге жөнелтеді. Сол сияқты «Богатырский продукт», «Надежда» серіктестіктерінің өнімдері де үлкен сұранысқа ие. Светлана САВИНКОВА, кедендік бақылау департаментінің бөлім жетекшісі: – Біртұтас экономикалық кеңіс тік экономиканы реттеудің бір тектес механизмімен жұмыс істеу, келісілген саясат жүргізу, тауарлардың, қызметтің, капитал мен жұмыс күшінің еркін қозғалысын қамтамасыз ету деген ұғымды білдіреді. Кеден одағына енуге орай кеден заңын реттейтін негізгі құқықтық акт – «Кеден ісі туралы» Кодекске өзгерістер енгізіліп, Үкіметтің жиырмадан астам қаулысы қабылданды. Одақ қарамағындағы үш мемлекет арасында тауарлар мен қызметтер шекарадан төлем ауыртпалығынсыз жəне қағазбастылықсыз өту үшін бизнесті оңтайландыру жолдары рəсімделді. Сөйтіп, кəсіпкерлерге өз тауарларын өткізу нарығы əлдеқайда кеңіді. Сонымен қатар, олардың Ресей мен Беларусьтегі əріптестерімен еркін бəсекелестікте кəсіби деңгейін жоғарылатуға деген ынта-жігері мен іске деген жауапкершілігі күшейтілді. Кедендік шекара Кеден одағының сыртқы шекарасына көшірілгеннен кейін солтүстікқазақстандық кеденшілердің міндет жүгі бірша ма жеңілденді. Қайта құру үдерістерінен кейін 11 кедендік бекеттің қызметі тоқтатылды. Керісінше, ішкі үш бекеттің жұмысы негізінде астық өнімінің экспорты мен қажетті тауарлар импортын кедендік рəсімдеу бағытындағы шаралар күшейтілді. Қызылжар өңірінің экспорттаушы кəсіпорындар үшін Біртұтас экономикалық кеңістік қалыптастырудың қолжетімділігі арқасында Еуропа елдеріне қосымша шығу мүмкіндіктері ашылды. Кеден одағына қатысушы елдердің тауар айналымындағы өңірдің жалпы үлесі 75 пайызға жуық. Былтыр сыртқы тауар айналымы 628,4 миллион АҚШ долларын құрады. Облыста шығарылатын өнімдер мен тауарлар əлемнің 30 мемлекетіне тарайды. Экспорттың

63 пайызы ТМД елдеріне тиесілі. Өткен жылы 320 миллион доллардың 1,348 миллион тонна сапалы астығы, 46 миллион доллардың 163 мың тонна ұн өнімі 13 елге жөнелтілді. Импорт бойынша 46 елмен байланыс жасалынады. Олардың ішінде Германия, Украина, Қытай басымдыққа ие. Департамент жұмысында кеден ісіндегі түрлі құқық бұзушылық пен қылмыстарды болдырмауға, алдын алуға да үлкен мəн беріледі. Былтыр 29 қылмыстық оқиға тіркелсе, 23-і экономикалық контрабандаға қатысты болды. 5,5 миллион теңгенің заңсыз тауарлары тəркіленді. 36 əкімшілік заңсыздық орын алып, 5,8 миллион теңге айыппұл салынды. – Бұл ретте басты əріптес ретінде Ресей Федерациясы аталатын болар? С.САВИНКОВА: – Əрине. Ресеймен тауар айналымы алдыңғы жылмен салыстырғанда 2013 жылы 5 пайызға өсіп, 702 миллион долларға жетті. Бұл ретте экспорт 36 пайызға артып, 66 миллион доллар болды. Импорт 2 пайызға көбейіп, 636 миллион доллардан асып жығылды. Көрші елге негізінен бидай мен ұн экспортталады. Жыл өткен сайын оның өсімі молайып келеді. Бидай көлемі – 12,5 пайызға, ұн 40 есеге артты. Ал, Ресейден машиналар, көлік құралдары, құрал-жабдықтар, химия өнеркəсібі бұйымдары, өсімдік майлары əкелінеді. Н.КУКУШКИНА: – Ресейдің шекаралас Омбы, Түмен жəне Қорған облыстарымен ынтымақтық сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық, денсаулық сақтау, білім, тағы басқа салалар туралы жасалған келісімдер негізінде жүргізіледі. Ресми делегациялармен тəжірибе алмасу барысында бірбірімізден үйренеріміз көп. Былтыр Қорған, Түмен облыстарының бизнес делегациялары жұмыс сапармен болып, ықтимал серіктестіктер арасында байланыс биржасы ұйымдастырылды. Облыс іскерлік топтарының Калуга қаласына саудаэкономикалық миссиясы табысты орындалды. А.ХАСЕНОВ: – Солтүстік Қа зақ стан жəне Ресей Федерациясының кəсіпорындары арасында қол қойылған құжаттар арасында өзара тиімді тауарлар жеткізуге жəне қызметтер көрсетуге бағытталған шаралар аясы кең. Қол қойылған меморандумдар шеңберінде «Қазмұнайгазмаш» АҚ мұнай жəне газ тасымалы үшін жинақталымдарын жеткізу жəне ұңғыма аузының құрал-жабдықтары мен құбыр арматураларын өндіру жөнінде Қорған қаласының «Корвет» ААҚ-мен, мұнай жəне газ тасымалы үшін құбыр арматураларын жеткізу жөнінде Түмен қаласының «Нефтемаш» ААҚ-пен уағдаластық орнатты. «Петропавл құрылыс материалдары зауыты» АҚ Омбы, Қорған, Ишим қалаларына полиэтилен жəне қысымды су құбырларымен қамтамасыз етуге келісті. Кеден одағы, Біртұтас экономикалық кеңістік құрудың табыстылығы, пайдалылығы еш талас тудырмайды. Жүргізілген мониторингтік талдауға қарағанда, шетелдік кəсіпкерлердің өз тауарлары мен өнімдерін Қазақстанға орналастыруға деген ынтасы жоғары. Əсі ре се, шекаралық аймақ тарда ө з ара байланыстың күрт өскені аңғарылады. Солтүстік Қазақстан облысы.

Ресей Федерациясының Қостанаймен іргелес Челябі облысында 36 мың қазақ тұрады. Қандастар арасында тіл мен ұлттық салт-дəстүрдің, ұлттық бояудың соңғы уақытта тым көмескіленіп бара жатқандығы көңілге қаяу түсіреді. Нағайбақ, Қызыл аудандарында ғана қазақтар топтасып отырған бірер елді мекен болмаса, қалғандары облыстың əр шалғайындағы ормандай орыстың арасында тарыдай шашылып жүр. Челябі қазақтары өздерін Оңтүстік Оралдағы жергілікті халықпыз деп санайды. Сонау 60-шы жылдары Нағайбақта қазақ мектебі болған. Өткен ғасырда мұндағы қазақтар тілді де, дəстүрді де жақсы сақтап келді. Өмірдің заңымен аға ұрпақ өкілдері өмірден өткен соң, ұлттық тінді кейінгі буын босатып алды. Бүгінде орыс дəстүрімен жүріп, тілі орысша шығып, орыс мектебінде білім алған ұрпақ қазақ тілінен де, ділінен де мақұрым қалған. Ресей халықтарының бірлігін ойлаған ұлттық саясат Ресейде де жүргізілуде. Соған орай, қазақ ұлттық мəдени орталықтарының өткізіп жататын шараларына немесе Қостанайдан, жалпы Қазақстаннан барған өнерпаздар концерттеріне негізінен жасы егде адамдар келеді. Барып-келіп жүрген сапарымызда мəдени шаралардан жастарды көрмейтінбіз. Челябі облысындағы «Азамат» қазақ ұлттық-мəдени қоғамдық ұйымының жетекшісі Қанат Сейтіков: «Қыстың қақаған аязды күндерінің бірінде «Нағайбақ ауданына барып, «Азамат» жастарының концертін қойып келдік. Осындай жақсы ісімізді келіп, көріп, елге жеткізбейсіздер ме?» деп наз айтқан болатын. Жақында Қанат Хакімұлы «Біздің жастар Магнитогор қаласына барып, концерт қояды» деп хабарлады. Барып көруге ниет еттік. Магнитогордағы «Береке» қазақ ұлттық-мəдени қоғамдық ұйымы мəдениет сарайының концерт залын жалға алыпты. Белгіленген уақытта ағайындар жиналып қалды. Сыртта жүрген қазақтардың тілге шорқақ болғанмен, əн мен күйге шөлдеп отыратыны белгілі. Магнитогор қаласында 6 мың қазақ тұрады. Концерт бағдарламасын əзірлеген 26 студенттің барлығы Челябіде оқитын қазақ жастары. Сахналық жобаны қауырсын

қанат балапанның ұшарға талпынысымен салыстырған жөн болар еді. Жастар ғаламторды мүмкіндігінше молынан пайдаланыпты, одан қалды Челябі өнер академиясының хор дирижері факультетінің екінші курсында оқып жүрген Мейірхат Қалиев жəне оның достары концертті музыкамен тəп-тəуір көркемдеген. Бір айта кететіні, олардың арасында Челябіде оқитын қарағандылық үш жігіттен басқа қазақ тілін еркін түсінетін жан-жоққа тəн. Сондықтан, кон цертті жүргізушілердің: «Эн айткан Асель мен Алия! Кошэмэт! Барекэлдэ, осы эн ушэн! Ендэшэ алдарынызда салт-дастурдэн узэндэ», деп хабарлауына Қостанайдан барған біздер езу тартқанымызбен, жүрегіміз езіліп отырдық. Қазір Қостанайда қазақ тілін білмейтін жастар некен-саяқ, ал мемлекеттік тілді игерудегі өзге ұлт өкілдерінің талпынысы да айтарлықтай. Мемлекеттік тілді оқыту балабақшаларда жақсы жолға қойыла бастады. Ең бастысы, мемлекеттік тілді үйренуге оң көзқарас қалыптасты. Ал челябілік жастардың сахнадан қазақ тілінде сөйлеуге ұмтылысы сырттағы

қандастардың рухани сілкінісі секілді əсер еткені сөзсіз. Кеш жастардың «Қара жорғаны» билеуінен басталды. Музыкалық білімі жоқ жас тар үшін қазақ ұлттық əн өнері мен би кереметі үлкен құн дылық болып саналатынын байқадық. Сондықтан қазақ эстрада жұлдыздарының репер туа рындағы əндерді айтуға талпынған жастар бірнеше биге барынша тер төгіпті. Оның барлығын Челябі медицина колледжінде оқитын Қаламқас Əлмұхамбетова есімді қаршадай қыз қойғаны қуантты. Сахнада өнер көрсеткен жастардың барлығы дерлік ұлттық киіммен шыққанда «əттеген-ай», дегізетін тұстар көзге шалынып қалды. Ұлттық киімдер қарабайыр

түсініңіздер, – деді Қанат Хакімұлы. Мұнан кейін ол жастармен қалай жұмыс жүргізіп отырғанын тілге тиек етті. «Азамат» қазақтардың ұлттық-мəдени қоғамдық ұйымы соңғы жылдары қазақ тілін оқып үйретуді қолға алған болатын. Қостанай облыстық тілдерді дамыту басқармасы жыл сайын тілек білдірген қазақ тілі мұғалімдерін оқытып, сертификат тапсырып отырады. Оларға жеңілдетілген бағдарламалар дайындап береді. Алайда, қазақ тілі Челябіде негізінен мектеп балаларына үйретілетін. Міне, енді жастар осы игі істі өздері қолына алып отыр. – Жастармен жұмысты қолыма алғандағы екінші əрі басты себеп, халқымыздың жас буынын

тігілген, – қос етек көйлек, қысқа камзол, бас киімсіз, ою-өрнегінің жұпынылығы жұмыр ой туғызбайды. Студенттер сахнада жастық шаққа тəн КВН əзілдерін де ұмыт қалдырмады. Оны өздерінің орындауына жеңіл орыс тілінде жеткізді. Сонымен қатар, концертте тыва жəне башқұрт тілдерінде де шығармалар орындалды. Мұның себебін концерт соңында, жастармен сөйлескенде білдік. «Азамат» қазақ ұлттықмəдени қоғамдық ұйымымен тыва, башқұрт ұлтының жастары да тығыз араласып тұрады екен. Сахнада шаңқобызды безілдете тартқан қыздың аты-жөні – Сорунзан Чончобай. Челябі мемлекеттік университеті Бас қару факультетінің 1 курсында оқиды. – Біздің дініміз бөлек болғанымен, тіліміз қазақтар секілді түркілік, дəстүріміз өте ұқсас.

бүгінгі уақыттың келеңсіз құбылыстарынан сақтап қалу болатын. Қазір бұл жастар қаладағы дискотекаларға бармайды, ішімдік, сыра ішпейді, темекі шекпейді. Ондайға бұлардың бір минут уақыты жоқ, – деді Қанат Хакімұлы. «Азаматтың» жетекшісі осылай дегенде, зал дуылдата шапалақ ұрды. Өйткені, «Азамат» өзекті, əркімнің жүрегіндегі запыранды қозғады. Сахнадан Қаламқас Əлмағанбетова «Балалар үйінде тастандылар көбейіп барады. Челябі облысындағы əйелдердің 60 пайызы, ерлердің 80 пайызы темекі шегеді, ішімдікке салыну өте өзекті мəселе болып тұр» деген статистиканы алға тартқанда да зал дуылдап барып басылған. Қазір жастардың адасып, түрлі секталардың соңында кетуі де жасырын емес. Ондай қасіретті сырттағы қазақтар да сезініп отыр. «Азамат» қан дас жас тарды заманның осы қасіретінен қорғауға кірісіпті. Қазір қазақтардың бұл ұйымына Челябіде оқып жатқан елуден аса жастар келіп, бос уақытын өткізеді. Тіл үйренеді, футбол, волейбол командаларының жарыстарына қатысады, көркемөнерпаздар үйірмесінің жұмысы, өзге де шаралар тағы бар. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Қостанай облысындағы филиалы челябілік жастарға көмек көрсету үшін қазақтың ұлттық тоғызқұмалақ пен асық сияқты спорт ойындарын ала барған еді. Қостанай мемлекеттік педагогика институтындағы денешынықтыру пəнінің мұғалімі Кəрішал Қақашев сахнадан тоғызқұмалақ туралы айтып, асық ойынын ойнатып көрсетті. Алдағы уақытта жастарға осы ойындарды үйреніп, Қостанайда өтетін жарыстарға қатысуға шақырды. Облыстық Тіл үйрету орталығының маманы Тоты Айтмағанбетова жастарға қазақша кітаптар таратты. – Осы студент жастар ертеңақ белгілі мамандық иесі болады, шаңырақ көтереді. Олардың тойы ішімдіксіз өтеді, асаба да өздері болады. Алдағы уақытта концертімізді Астанаға апарып қоятын боламыз, – деп Қанат Хакімұлы басқосуды жоғары екпінмен аяқтады. «Астанаға концерт қоямыз» дегенін жұртшылық əзіл ретінде қабылдап жатты. Оны байқаған «Азамат» қазақтың ұлттық-мəдени қоғамдық ұйымының жетекшісі Қанат Сейтіков: – Астанаға баратынымыз рас. Ол үшін қазақ тілінде əлі-ақ таза сөйлеп кетеміз. Ең бастысы – алдымызға мақсат қойдық. Талпынған мұратқа жетеді, мен жастарға сенемін! – деп түзете сөз сөйледі. Жастар талпынысына қарап, Қанат Хакімұлының сөзіне біз де сендік.

Құрбым Монгаш Олджана екеуміз тыва жəне орыс тілдерінде таза сөйлейміз. Сондықтан қазақ кітаптарын оқи аламыз, қазақ шаны тəп-тəуір түсінеміз. «Азамат» ұйымының жастары бізді түркілік деп өздеріне жақын тартады. Арақ ішпейтін, темекі шекпейтін жастар ортасына тап болғанымызға өте қуанып жүрміз. «Азаматтың» жұмысына белсене қатысып кеттік, – дейді Сорунзан қыз. Челябідегі педагогика университетінде оқитын башқұрт қызы Азалия Құнанбаева да қазақ құрбыларының шақыруымен «Азамат» ұйымының жұмысына белсене атсалысады. Концерт аяқталған соң жүргізушілер «Азамат» қазақ ұлттықмəдени қоғамдық ұйымының жетекшілігін өткен жылы ғана қолына алған Қанат Сейтіковті сахнаға шақырды. – Ағайын, діннен, тілден, дəстүрден айырылсақ сіздердің балаларыңыз болмаса да, немере-шөберелеріңіз қазақ деген атты алып жүре алмайды, олар генетикалық тұрғыда көптің арасына сіңіп, жоқ болады. Мына балалардың бүгінгі ісі жоғалмауымыздың қамы еке нін

Ресей Федерациясы, Магнитогор қаласы.


5

www.egemen.kz

5 мамыр 2014 жыл

 Туыстық туы Қырғыз халқының шоң ақыны, саңлақ сазгері əрі əншісі Тоқтағұл Сатылғановтың туғанына 150 жыл толу тойы ЮНЕСКО тізіміне кіріп, кеңінен аталуда. 1986 жылғы қазан айының соңғы аптасында Қазақстанда Қырғыз əдебиеті мен мəдениетінің күндері өтті. Бұл алқалы жиынға қырғыз туғандарды «адамзаттың Айтматовы» атанған ұлы қаламгер Шыңғыс аға Айтматов бастап келген еді. Бұл кез Шыңғыс Төреқұлұлының бір кітаптан соң бір кітап туындатып, қолы да, жолы да жүріп тұрған жемісті де жеңісті кезеңі болатын. Айтматов əлеміне бойлаған оқырман қауым – қазақ жұрты жан дүниесін жаңғыртып, санада селт етіп бас көтере бастаған ұлттық намыстың ұшқынын көңіл құндағына ұялата бастаған шақ туған. Сол кезде одақ бойынша өзінің таралуы жағынан 300 мың данадан еркін асып, бəйге басын бермей, ұлттық ұстахана көрігін дүрілдетіп тұрған жастар газеті – «Лениншіл жас» жаңадан «Сұхбат-телефон» деген айдар ашып, оның аясында ұлтымыздың ұлағатты тұлғаларының алғашқы толқыны оқырман қауымға жүрекжарды пейілін көрсетіп те тастаған-ды. Халық пен басылым арасында рухани алтын көпір орнаған. Газеттің редакторы, сардар басшы Сейдахмет Бердіқұлов ежелден Шыңғыс ағамызға іні-дос, үзеңгі жолдас болатын. Əрқашан озық ойы алда жүретін, жаңалық атаулы десе қашанда ақмылтық азамат, қуатты қаламгер Сейдағаң Шыңғыс Айтматовпен осы «Сұхбат-телефон» айдарында газет атынан интервью алуға алдын ала қам жасап, редакция қызметкерлері жабыла жұмыс жасап, заңғарға қояр сауалдардың дестесін жасадық. Бұл жұмысқа сол кезде «Лениншіл жастың» əдебиет жəне өнер бөлімін басқарып отырғандықтан мен жетекшілік жасайтын болып бекітілдім. Күндер өткенше біздер Шыңғыс ағамызға қойылатын жүзге жуық сұрақ дайындап, елеп-екшеудің арқасында соның 70-ке жуығын бөлек дайындап, құнттап, құндақтап алдық. Сейдағаң күндердің қорытындысында Шыңғыс ағамызбен кездесіп, бұл жолғы бұйымтайдың жай-жапсарын айтып, уəделесетін болып сонда кетті. Түске таман көңілді оралды. «Шықаң келісті, «бұл бір тосын тəсіл екен, уақытты ұтуға да қолайлы, əрі жаңалығы да жан қызықтырар жақсы екен, оның үстіне шетелге іс-сапарға жүрер кезім, менің де уақытым шектеулі еді», деп қуанып қалды. Ал, батырлар, бұл бір қызықты да күрделі сапар болғалы тұр, дайындалыңдар, ең əуелі ішкі дайындық керек, үйренгендерің мен үйренбектерің осы жерден көрінеді», деп Сейдағаң бізге толқи қарады. Біз – Сейдахмет аға Бердіқұлов, мен жəне газеттің фототілшісі Рахымбай Ханалиев үшеуіміз қажетті асаймүсейімізді алып, есік алдына асығыс шыға бердік. Өйткені, Шыңғыс ағамен келісім бойынша оны Ұзынағаштың ұзын даңғылының бойында, қара жолдың қайқаңға көтерілер тұсында күтіп алып, онымен бір машинада отырып, ұлық жолаушыны жолдан қалдырмай дайындап алған сұрақтарымызды сол көлік ішінде қойып, сыр-сұхбатты радио-репортерге жазып алмақпыз. Есік алдында біздерге Ақселеу Сейдімбеков ағамыз кездесті. «Сəке, бір қызықты да ғажап сапарға кетіп бара жатыр екенсіздер, шіркін-ай, мен де ілесер едім, реті келсе» деп алдымызды орады. Сейдағаң қашанда жаңалықты, əсіресе, жастар газетіне қажет жаңалық пен тосындықты басқаға сыр етіп ашпауға дағдыланған жан болатын. «Ақа, оның рас, біздің де көңіліміз дауыл күнгі теңіздей, оқырманды оқыс қуантуға деген жастар басылымының əдетін өзің де білесің, осы жолы да сол дəстүрден аттай алмай тұрмыз, ренжіме, бірақ Шықаңа қояр сауалың болса, сенің атыңнан қоюға дайынбыз» деді. Ақселеу ағамыз сұрақ жазылған қағазын маған ұсына берді. Дайындалып келген екен. Қозғалып кеттік. Көңіл қобалжулы, қуанышты толқын да бойымызда желең жамылып, жүгіріп-жүгіріп кетеді. Енді ше, жиырмасыншы ғасырдың ұлы қаламгерімен бетпе-бет кездесіп, емінеркін сұхбат алмақпыз. Реті келсе дастарқан жайып, дəм-тұз ұсынбақпыз. Бір кезде Ұзынағаштың биігіне көтерілер даңғылдың бұрылысынан қара «Волга» шыға келді. Тұра ұмтылдық. Қонақтың машинасы келіп тоқтап, ішінен жолға ыңғайлы спорттық шалбар киіп, тор көзді күздік матадан пиджак киген Шықаң шыға берді. Жапырлай амандасып жатырмыз. «Ал, Сайдахмад, ұрыста тұрыс жоқ демей ме қазақ бауырлар, мен сенің көлігіңе отыралы, əңгімені де бастай берелі, сен, Өтөгөн інім, машиннің алдына отырып, сұрақтарыңды қоя бергін, біз Сайдахмад ағаң екеуміз əңгімені бастай берелі, менің машинама мына Рахаң отырсын, оның ішінде жеңгелерің Мариям мен кенже ұлым Элдар бар», деп сапар барысының тізгінін қолына алды. Сəлден кейін ақ пен қара екі «Волга» қара жолдың бойында құйрық тістесіп ағып бара жатты. Осы сапар қорытындысы менің авторлық жазуымда «Жол мұраты – жету» деген атпен сұхбат болып,

ертесіне «Лениншіл жастың» бірінші бетінен басталып, үшінші бетін толық алып жарық көрді. Бұл сыр-сұхбатқа ел оқырмандарынан бес жүзге жуық хат келді. Мақала белгілі жазушы Бақытжан Момышұлының аудармасында орыс тілінде «Ленинская смена» газетінде жарияланды. Бұл енді басқа əңгіменің сорабы. Осы сапар барысында Шыңғыс ағамызға қойылған 70-ке жуық сұрақтың ішінде жоғарыда айтқан Ақселеу ағамыздың да сауалы бар

Қырғыз-қазақ əдебиетіндегі асыл арналар, ұлттық дəстүрлер, халықтық болмыс бір-бірімен етене егіз, ежелден еншілес. Тоқтағұл жырларындағы тау суындай тасқын, дала желіндей аңқылдақ самал, қазыналы керуеннің көз жауын алар жүгіндей жақұтты теңеулер мен бақытты баяндаулар бізді алыс-алыс замандарға, арғы да бағзы бастауларға қарай алып кетеді. Көне түркілердің сарыны мен дабылы, ағымы мен сағымы, батырлар жырларының сан алуан шұғылалы бояуы бойымызға жұққандықтан қос халықтың қазынасы əкеміздің үніндей, анамыздың тіліндей, жанымыздың діліндей. Алып Манастың тұлпар мініп,

мен қомуздың қос ішегіндей болып, қатар күмбірлеп, қатар самғаған. Бұл күнде сол абыздар арамызда жоқ, бірақ олардың мəңгілік туындылары бір-бірімен иық тірескен қазақ жəне қырғыз Алатооындай болып қатар асқақтайды. Бұл бас қосу Тоқтағұл салған тоқтаусыз жолды қазақ елінің жаңа астанасына алып келді. Тоқтағұл жырлары азаттық пен еркіндік аңсаған қырғыз-қазақ жұртының ту ұстар туындылары болғаны кеше болса, одан берідегі заманда қырғыз поэзиясы ұлттық қайнарларын суалтқан жоқ. Қилы кезеңдерде де қырғыз ырлары қиқулап қырға шауып, жүрек қазығына ат байлаумен келеді.

ТЕЛАЄЫС

болатын. Ол сауалында көкірегі шежіре, көңілі мұражай, білгір де ілгір Ақселеу ағамыз қазіргі түркологияның жай-жапсарын айтып, «Біз отандық түркология ғылымын жеке-жеке бөліп алып қарастырып, шашыраңқылық пен шатасуға ұрынып жүрген жоқпыз ба, өз тарихымызды өзіміз қашан түбегейлі зерттеп, зерделей аламыз, отандық түркологияның тынысы қалай, қайтіп ашылады» деген сауал қойған-ды. Мен бұл сұрақты сол күйінде Шыңғыс ағаға жеткіздім.

ту алған ұлы бейнесін ұлы манасшы Саяқбай Қаралаев таңды-таңға қосып ырлағанда қазына-қарттың миллион жолдық ұлы туындысын көзі боталап отырып тыңдаған абыз қаламгер Мұхаң – Мұхтар Омарханұлы Əуезовтің қаһарман қайраткерлігін Шыңғыс аға ғұмыр бойы аузынан тастаған жоқ. Сол үшін қырғыз туғандарға шоң рахмат дейді қазақ халқы. Тоқтағұл жаламен жапа шегіп, итжеккенге айдалып, орыстың алып жазушысы Лев Толстой бақилық болған жылы тар қапастан қашып шығып, туған жерін бетке алғанда Қарқаралының қалың орманын төр еткен қазақ бауырларға келіп, ай жатып, арыған

Бұл күнде аяулы да асыл ағалардың екеуі де арамызда жоқ. Бірақ сұрақ қалды. Бұл сұрақ əлі де күн тəртібінде. Толық жауабы Шыңғыс ағада арман күйінде айтылса, Ақселеу ағамыз да осы сұрақтың түйінін тарқату үшін талай тер төкті. Енді осы сұрақтың жанжақты толымды да қонымды жауабын берер жас ұрпақ, жаңа толқын келді деп ойлаймын. Жас толқын жасқанбай қимылдаса, жоғымыздың талайы табылып, толайы молыға түсер еді. Түркі академиясының осы бас қосуы қырғыздың ұлы ақыны, күрескер тұлға Тоқтағұлға арналып басталуында уақыттық нышан, көңілге үміт ұялатар сенімге бастайды.

көңілін семіртіп, күн жатып, кіді күндердің мұзын жібітіп, қазақтың əні мен күйін көкірек сарайына қондырып, ата жолымен ат мініп, шапан киіп аттанған. Ұзынағаштың ұзақ жолында оны бауырым алыстан арып-ашып келеді деп күтіп алып, бауырына басып, қапалы жүректің қайта жырлауына құлақ ашқан өткен ғасырдың Гомері атанған ұлы Жамбылдың пейілі мен қамқорлығын қырғыз бауырлар əлі күнге ұмытқан жоқ. Сол үшін қазақ жұрты қырғыз туғандарға үлкен рахмет айтады. Кезінде Жамбыл мен Тоқтағұлдың жырлары мен ырлары, Тоқтағұл мен Кененнің кең тынысты əндері домбыра

Өтеген ОРАЛБАЙҰЛЫ,

ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Бұл əсіре мырзалық сөз емес, мен кезінде қырғыз поэзиясының көрнекті өкілдері Сүйінбай Ералиевтің, Сооронбай Жүсеевтің, Жолон Мамытовтың, Майрамхан Абылқасымованың, Қамбаралы Бобуловтың, Акбар Рысқұловтың, Мархабай Ааматовтың көптеген жырларын қазақшаға аударғанмын. Ойшыл ғалым, аға-дос, академик Ғарифолла Есім айтқандай: «қырғыз жырын қазақша көшіргенмін». Қырғыз поэзиясы Манас заманынан бері ат үстінен түспей, еңку-еңку жер шалып, егеулі найза қолға алып, тебінгісі терге малшынып келе жатқан жүйрік те жігерлі поэзия. Есімдері аталған шайырлардың бəрі Тоқтағұл аталарына ат шалдырып, сыры кетпес сындарлы сыбағадан ауыз тиген. Құйрық-жалы төгіліп, бауыры быртбырт сөгіліп, ертеңге қарай емініп, туу биіктен көрініп келе жатқан қырғыз ырлары белдеуге ат байлаған қазіргі кезеңдерде де əрқашан ерулі. Ал, əріге бақсақ, Тоқтағұл туындыларындағы тақырыптық туыстық, поэтикалық бояулар мен дəстүрлі теңеулер мен салғастырулар, жырлау əдісіндегі халықтық сарындар мен саздар екі елдің де поэтикалық тарихында шендес, ендес, етене жақын, ерекше тұтас. Қилы замандарда қиғаш тартқан тұстарымыз болғанмен, көркемөнерде бұра тартып, бұрыла шапқан кезіміз болған жоқ. Айылды жырмен тербеген қырғыз ақындарының ырларын қазақ даласының дархан желі қазақ ауылдарына да қапысыз жеткізіп тұрған. Соның ішінде екі алып – Жамбыл мен Тоқтағұлдың туындылары уақыт жағынан үндес, заман жағынан үйлес, саясат жағынан күйлес. Ал, батырлық дастандар мен ел тарихын екшеген шығармаларында Тоқтағұл да, Жамбыл да құйрық тістесіп қатар шапқан қазанаттарға ұқсайды. Елшіл, халықшыл пейіл мен ұлтшыл ниет қазақ-қырғыз жырларының негізгі алтын арқауы десек, өршіл көңіл мен аршыл арманның телқоңыр тізгіні бүгінгі қазақ-қырғыз ақындарының қуатты қолдарынан түскен жоқ. Сондықтан да, қырғыз

Алатаудыѕ бўлбўлына арналды Сүлеймен МƏМЕТ,

«Егемен Қазақстан».

Қырғыз жұртының айтулы ақыны, жыршысы, сазгері, үстем күштің талай тауқыметін тартқан Тоқтағұл Сатылғановтың 150 жылдық мерейтойы елордадан бастау алды. Бір замандары: «Қазақ пен қырғыз бір туған, айналдым қазақ елінен», деп өзі айтқандай, бұл атаулы шараға Түркі академиясы ұйытқы болғанын айта кетсек дейміз. Алғашқы сөзді академияның президенті Дархан Қыдырəлі алып: «Түркі академиясының басты мақсаттарының бірі – Түркі əлеміне ортақ тұлғаларды түгендеу, еңбектерін жинақтау, соңғы буынға таныту», деді. Шынында, елдіктің арқасында түп тамыры бір түркі жұрты осындай бір əдемі үрдісті жалғастыру үстінде. Айтулыларының мерейтойларын бір елдің шеңберімен шектеп қалмай, осылайша қолдаса көтеріп жатуы мерейіңді өсіреді екен. Бұған Қырғыз елінен арнайы келген Мəдениет, ақпарат жəне туризм министрі Кəмила Талиеваның сөзі дəлел болғандай. Ол бір замандары Тоқтағұл Сібірге айдалып, сол жақтан еліне қайтқанда қазақ топырағына табан тіреп, Сарыарқаны кесіп өтіп, Балқаш бойын жағалап келе жатқанда бауырлары ыстық құшағын ашып, қамқор болғанын тілге тиек етіп, мерейтойын елордада бастап кетуі туыстықтың жарасымы

деп тебіренді. Осыдан соң қонақтардан тағы да профессор Магира Амердинова, Қырғыз халық əртісі Саламат Садықова жəне Анаш Қадырова сынды белгілі руханият өкілдері Тоқтағұл əлемін əңгімеледі. Қазақ елі жағынан Түркі ақсақалдар кеңесінің мүшесі Əділ Ахметов қазақ пен қырғыздың арасындағы достық жайын тереңнен қозғап, Мұхтар Əуезов пен Шыңғыс Айтматовтың сыйластық сəттеріне тоқталды. Ал ақын Өтеген Оралбаев Тоқтағұл туралы кең толғанып айтты (сөздің нұсқасы газетте беріліп отыр). Ұлттық Ғылым академиясының корреспондентмүшесі, қырғыз бен қазақ əдебиетін жан-жақты зерттеп, келелі пікірлер айтып жүрген Бауыржан Омарұлы Тоқтағұл Сатылғановтың шығармашылығына тереңдеп барып, Жамбыл, Тоқтағұл, Кенен, басқа да тау тұлғалы алыптарымыз туралы ағынан жарылып, бұлардың бəрі адамдық биіктен адамзаттық биікке көтерілгенін нақты дəйектермен алға тартты. Академиктер Сейіт Қасқабасов пен Ғарифолла Есім, көрнекті ақын Несіпбек Айтұлы екі елдің арасына алтын көпір болған ақын-жыраулар, қоғам қайраткерлері жайлы пікірлерін білдірді. Тоқтағұл Сатылғановтың 150 жылдық мерейтойына арналған арнайы медалін зерделі əдебиеттанушы Бауыржан Омарұлының өңіріне тағылды. Соңы Түркі академиясының жанынан құрылған «Қорқыт» ансамблі мерейтойға шашу ретінде қазақ күйлерін асқақтатып, Тоқтағұлдың əсем саздарын əуелетті.

ырлары бізге қазақ жырларындай əрі жақын, əрі ыстық. Кезінде «əдебиеттер достығы – халықтар достығы» деген ұранның аясында көп жұмыс тындырылған болатын. Туысқан халықтар əдебиетінің даму тенденциялары мен өркендеу үрдістерін тəуелсіздік жылдарында біршама шабандатып алдық. Азаттықтың алғашқы жылдарындағы аласапыран күндер мен одан кейінгі нарықтық қатынастар кезеңіндегі материалдық кедейлік рухани кедейліктің айылына қоңсы қонды. Сол кездерде арналы бастаулар, ұлы дəстүрлер біршама бəсеңсіп, Тоқтағұл жырлары аяқ суытқандай болған. Өз тарихымызға өз көзімізбен қарау, бұрынғыларды зерделеу барысында ұлттық мүддені ерекше ескере отырып, сараптама жасау, түркінің ортақ тарихын жасау барысында бүгінгі дамыған ақпараттықтехнологиялық мүмкіндіктерді барынша пайдалану, түркологияның тынысын ашатын жас түркологтардың қатарын жасақтау, түркі тілдерімен қатар Біріккен Ұлттар Ұйымының негізгі тілдерін меңгерген ұлттық кадрларды қатарға тарту, ортақ түркі энциклопедиясын түзу, ортақ ғылымисараптамалық басылым шығару секілді маңызды жұмыстарды жүзеге асыратын қолайлы кез келді. Кезінде Шыңғыс Айтматов армандаған, тəуелсіздік жылдарында Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев тереңнен қозғаған, өзі бас болып, «Тарих толқынын» жаңа заман желімен тербеген, «Ғасырлар тоғысында» түркі жұртының басқалардан мойны озық, ілімі ілгері болуына ерекше назар аударған, түбі бір түркі жұртының бірлігі мен ынтымағына баса мəн беріп, əлемдік-түркілік идеясын бастаған кемел кезең есік ашты. Шаңырағы ортақ осы орданың түндігі əрқашан түрулі болса деп армандаймыз. Түркілік интеграция бірбірімізге үрке қарауды қажет етпейді. Түркі мəдениетінің кредосы біздің көне тарихымызда, көшелі баянымызда жатыр. Біз аталас туыстардың алыстап кеткен балалары секілдіміз. Қайта табыссақ құшағымыз ашық болмағы лəзім. Əсіресе, қазіргі кезеңде, əркім туысын бауырына тартып, айтақшылардың дауысы айға шауып жатқанда түркілік тұтастық керек-ақ. Тоқтағұл конференциясында айтылған ойлар мен түйінделген пікірлер, бас қосу қорытындысындағы алда атқарылар іс-шаралар жөніндегі жүйелі тұжырымдар жүзеге асса, аға ұрпақ армандаған ұлы істердің ұлағатын кейінгі ұрпақ көретін болады деген сенім бар. «Таудан панасы бардың, тастан жүрегі бар» деген сөзге бақсақ, Түркі академиясының алдындағы тұрған келелі міндеттерді ел болып еңсеріп, көп болып көтеріп кететініміз айдан анық. Осы жазба басындағы сыр-сұхбатта Шыңғыс Айтматов: «Менің шетелге сапарға шыққанда ала жүретін екі пірім бар: бірі «Манас», екіншісі, ұстазым Мұхтар Омарханұлы Əуезов», деп ағынан жарылғаны бар. Бұл сөз оған дейін де əртүрлі нұсқада айтылып, жазылып жүргенмен, негізгі нүктесі сонда қойылған болатын. Шыңғыс ағамыз айтқан бұл сөз өшпес өсиеттей болып кейінгі буынның да жүрек түкпірінен орын алды. Біз бұл үшін қырғыз бауырларға дəн ризамыз. Конференцияның атбайлар сөзі де, тоқтар тірегі де осынау абыздар арасындағы алтын көпірге айналған айшықты сөздерге келіп құйылып жатты. Ақындар ағасы атанып, «ашулы Грозный патшадайын» деген Мұқағалидың мəңгілік тіркесіне кейіпкер болған Əбділда Тəжібаевтың: «Басымда менің ақ қалпақ, Оюлап шетін сырғызған. Менің де бетім жап-жалпақ, Айырмам қайсы қырғыздан», – деген əр қазақтың жүрегінде жүрген жақсы сөз осы бас қосуда да жарқ етіп көрініп, жалт етіп жанымызды баурап, залда отырған егіздің сыңарындай екі жұрттың перзенттері бір-біріне күле қараса, фольклорлық-этнографиялық топ орындаған қырғыз-қазақ күйлері бас қосудың көркемдік ноталарына өз нақыштарын өрнектеп салды. Жалпы, қырғыз-қазақ достығы біздің туыстас əдебиетте, соның ішінде поэзияда айқын көрініп, айқұлақтанып көзге түседі. Қазақ-қырғыз ақынжазушыларының достығы мен өзара қарым-қатынасы кеше аңыздай еді, бүгін сəл бəсең тартқаны көңіл пернесін қағып-қағып кетеді. Дегенмен, жүрген із, қансонарда түскен сүрлеу көнермек емес. Бүгінгі қырғыз əдебиетінің өкілдері осынау дəстүрлі даңғылға соңғы кездері ат ізін жиірек сала бастады. Біз осыған қуанамыз. Біз осыған сенеміз. Біз осыған сай «сыйға – сый, сыраға – бал» деген тіркесті қайыра тірілтеміз. Қырғыз жұртында байтақ өлкеге жарық беріп тұрған Тоқтағұл атындағы алып ГЭС бар. Ол қазақ даласына да жарық пен жылу таратып тұр. Тоқтағұл жырлары да қырғыз-қазақ жұртына жарық пен жылу таратып тұрған рухани алып ГЭС. Бұл жарық пен жылу ешқашан сөнбейді. Өйткені, оның қуаты қос халықтың жүрек шақпағынан от алады.

Шабыттыѕ ќайнар бўлаєы Ғазиза Жұбанова атындағы облыстық филармонияда дəстүрлі «Жұбанов көктемі – 2014» хор ұжымдары арасындағы халықаралық фестивалі өтті. Фестивальді өткізудің мақсаты көпшілікті Қазақстанның, алысжақын шетелдердің осы заманғы музыкалық хор өнерімен таныстыру жəне насихаттау, өзара тəжірибе алмасу, хор музыкасының танымалдылығын арттыру, жас талант орындаушыларды тауып, қанатын қатайту болып табылады. Фестивальдің міндетті талабы бойынша қатысушылар өз таңдауымен Ахмет жəне Ғазиза Жұбановтардың кемінде бір шығармасын орындауы керек. Жыл өткен сайын ауқымы кеңейіп келе жатқан мəдени шараға Бішкек, Орынбор, Орск, Ақтау, Атырау, Теміртау, Өскемен, Орал, Ақтөбе қалаларынан 13 хор ұжымы мен вокалдық ансамбльдер қатысты. Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Базарғали Жаманбаев Қазақстанның халық əртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консер ваториясының профессоры жəне хорды дирижерлеу кафедрасының деканы, фестивальдің қазылар алқасының төрағасы: – Егемендіктің алғашқы жылдарында хор өнері кенжелеп қалды. Тіпті консерваториядағы біздің факультет жабылудың аз-ақ алдында болды. Жылына 8 студент қабылдағанда тығырыққа тірелгендей болғанымыз да рас. Алайда, қазір хор музыкасының дамуы тəуір. Өткен жылы 27 студент қабылданса, биыл 25 студент осы хор өнеріне дағдылануда. Үстіміздегі жылы 18 түлек хор мамандығы бойынша бітіргелі отыр. Алайда, түлектеріміздің барлығы бірдей жұмысқа орналасып кете алмауда. Сондықтан жергілікті жерде бұған айрықша көңіл бөлінгені жөн. Соңғы жылдары хор ұжымдары əлемдік деңгейдегі бірқатар сыйлықтарды жеңіп алды. Мұның өзі хор музыкасының елімізде жаңа серпінмен дами бастауының дəлелі болса керек. Ал, бүгін өткізіліп отырған фестиваль осындай табыстарымызды үстемелей түсуге негіз қалайды. Мұндай мəдени шығармашылық шарасын өткізіп отырғандарыңызға алғысым шексіз. Наталья ФОМЕНКО, А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжі хорды дирижерлеу бөлімінің оқытушысы: – Шыны керек, консерватория тарапынан хор музыкасынан ұйымдастырылатын олимпиадалардың жиі-жиі ұйымдастырылуы өнердің осы түріне жастардың қызығушылығын тудырып отыр. Бұл бір жағынан хор музыкасын насихаттау болып табылады. Ольга СЕРЕБРИЙСКАЯ, РФ еңбек сіңірген өнер қайраткері, Орынбор облыстық филармониясы камералық хор ұжымының көркемдік жетекшісі: – Мұндай кездесулерден көп нəрсе үйренуге болады. Ең бастысы, өнер достықты нығайтады, өзара қарым-қатынасымызды қалыптастырады, екі елдің шығармашылық тəжірибе алмасуына негіз қалайды. Біз қазақ классикалық музыкасын орындаймыз. «Жұбанов көктемі» фестиваліне үзбей қатысып келеміз. Мұның өзі қазақ классикалық музыкасын Ресейде де қызыға тыңдайтынын көрсетіп отыр. Облыстық мəдениет, мұрағат жəне құжаттама басқармасының басшысы Нəзира Табылдинованың айтуынша, осы кезге дейін өткізілген тоғыз фестивальдің төртеуі хор музыкасына, қалғандары дəстүрлі халықтық музыкаға арналған екен. Ғазиза Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының «Belganto» вокалдық тобы, Əлия Молдағұлова атындағы Ақтөбе гуманитарлық колледжінің хоры жəне Ақтөбе қаласындағы «Інжу» вокалдық ансамблі фестивальдің бас жүлдесін жеңіп алды. Осының өзі-ақ, облыста өнерді, соның ішінде хор музыкасын дамытуға қаншалықты көңіл бөлініп отырғанын көрсетсе керек. Бірінші орындарды Орал қаласындағы Құрманғазы атындағы гуманитарлық колледждің студенттік хоры, Бішкек қаласындағы Муратаалы Күренкеев атындағы музыкалық колледждің вокалдық ансамблі, Атырау қаласындағы Дина Нұрпейісова атындағы музыкалық колледждің студенттік хоры жəне Росторапичтер атындағы Орынбор мемлекеттік университетінің академиялық хоры иеленді. Фестиваль күні Ғазиза Жұбанова атындағы облыстық филармонияның қазақ хор капелласының концерті Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Құрманғазы атындағы ұлттық консерваторияның доценті, Б.Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласының көркемдік жетекшісі жəне дирижері Бейімбет Демеуовтің дирижерлік етуімен өтті. Фестиваль өнерпаздардың есінде жаңа табыстарға жігерлендірген шабыттың қайнар бұлағы ретінде қалды. Ақтөбе облысы.


6

www.egemen.kz

5 мамыр 2014 жыл

 Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран Адамзаттың тұңғыш ғарышкері Юрий Гагаринге дəріс берген қазақ азаматы Жақыпбек Ысқақов туралы кезінде қазақ баспасөзінде аз жазылған жоқ. Оны алғаш рет сонау 1981 жылы оқырмандарға кеңінен мəлім еткен «Лениншіл жас» газетінің тілшісі (қазір «Егемен Қазақстанның» бас редакторы) Жанболат Аупбаев болатын. Ю.Гагариннің ұстазы Ж.Ысқақов туралы одан кейін де газет-журналдарда бірқатар толымды материалдар жарық көрді. Біз бүгін осы шағын мақаламызда майдангер, марқұм Жақыпбек Ысқақовтың тағы бір даңқты тұлға – қазақтың батыр ұлы, Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың да ұстазы болғандығын тілге тиек етпекпіз.

Майдангерлер ўрпаќтарымыз (Əкем айтќан əѕгімелер) Бұл хат маған осыдан төрт жыл бұрын келген еді. Жолдаған – Зайсан ауданының «Қарабұлақ» кеңшарында ұзақ жылдар партия ұйымының хатшысы қызметін атқарған, қазір зейнеткер Жеңісбек Шағиев ағамыз. Ол өз хатында Ұлы Отан соғысының ардагері Зəкария Қожекеновтің майдандағы ерлік жолдары, сонан кейінгі бейбіт өмірдегі өнегелі қызметі туралы баяндайды. Сұңғат ƏЛІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Батырлардыѕ ўстазы Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Майдангер-ұстаз Жақыпбек Мағзымұлы 1918 жылы Қорғалжын өңіріндегі атақты Ащыкөл жəне Тұщыкөлдің арасындағы ауылда дүниеге келіпті. Ақмоланың жетіжылдық мектебін бітіріп, Көкшетау қаласындағы педагогикалық училищеге түседі. Оны ойдағыдай тəмамдағаннан кейін арнайы жолдамамен Ақмола қаласының іргесіндегі Тайтөбе ауылындағы мектеп-интернатқа мұғалім болып келеді. Ал 1936-1939 жылдар аралығында осы Тайтөбе мектепинтернатының директоры болып қызмет атқарады. Нақ осы жылдары мектеп-интернатта Рақымжан Қошқарбаев та дəріс алған екен. Рақымжан 1924 жылы қазан айында осы Тайтөбеден онша қашық емес, Ақтөбе деп аталатын жердегі Құдайқұл (қазіргі Қошқарбаев ауылы) елді мекенінде дүниеге келген. Рақымжанның əлі бұғанасы бекімеген жас кезінде анасы Жамал ерте өмірден озыпты. Елдің еті тірі азаматтары түгелдей қуғын-сүргінге ұшырап отыз жетінің ойра нында Қошқарбай отағасы да «халық жауы» аталып жазықсыз жаламен тұтқындалады. Ата-анадан ерте айырылған жасөспірім Рақымжан Тайтөбедегі мектеп-интернатқа жіберіледі. Мектеп-интернат директоры болып жүрген Жақыпбек Ысқақов болашақ Халық Қаһарманын интернатқа қабылдап, екі-үш жыл көлемінде оған дəріс береді. «Рақымжан өз қатарластарының арасында өте алғыр жəне қайсарлығымен ерекшеленетін. Сол кезеңдегі ең бір ауыр кінə болып саналатын «халық жауының баласы» деген жаланы жамыла жүріп, ол ешқашан бүгежектеп, жасып көрген емес. Əкесінің ауыр жаза мен сотталғанын бетіне басып, Рақымжанның сағын сындырмақ болған кейбір тəрбиешілер мен мұғалімдер жасөспірімнің өжеттігінен тайсақтап, райларынан қайтатын. Рақымжан интернаттағы балалардың басшысы, қандай да бір істе ұйытқы болып жүретін. Мектеп-интернаттың бір топ ересек балалары Тайтөбеден фабрика-завод училищесіне оқуға аттанғанда қимай қоштасқанымыз да əлі күнге есімде», деп марқұм Жақыпбек Ысқақов шəкіртін ерекше ілтипатпен еске алатын. Ұстаз бен шəкірт деп бөле-жара атағанмен Жақыпбек Ысқақов пен Рақымжан Қошқарбаевтың жас аралығында алты жас қана айырмашылық бар, замандастар болатын. Сондықтан да болар қос майдангер өмірлерінің соңына дейін біріменбірі қарым-қатынастарын үзбей өтті. 1940 жылы əскер қатарына алынғаннан кейін Жақыпбек Ысқақов соғыс жылдарында Орталық Азияда, Иранда əскери қызмет атқарады. Ұлы Отан соғысы жылдарында Белоруссия жеріндегі шайқастарға да қатысады. Соғыс аяқталғаннан кейін де əскер қатарында қалып, бірнеше жыл қызмет атқарады. 1949 жылы Ленинград қаласындағы М.Калинин атындағы жоғары əскери саяси академияға оқуға түсу үшін құжаттарын тапсырмақ болады. Кеңес əскери жүйесінің жазылмаған заңы бойынша бұл жоғары оқу орнына түсу үшін орыстардан басқа ұлт өкілдеріне əртүрлі шектеу қойылатын. Міне, осындай сылтаулармен академия басшылығы Жақыпбек Ысқақовты

оқуға қабылдаудан бас тартады. Жас қазақ офицері қасақана жасалған мұндай кемсітушілікке төзе алмайды. Ол бірден Кеңес Одағының басшысы И.Сталинге арыз жазады. Онда ол Ұлы Отан соғысында ерен ерлік көрсеткен қазақ ұлтының өкілі екенін, өзінің де соғысқа бастан-аяқ қатысқанын айтып, М.Калинин атындағы Жоғары əскери саяси академия басшылығының оқуға қабылдаудан бас тартып отырғанына шағымданады. Көп кешікпей И.Сталин оның арызына өз қолымен бұрыштама жазып, əскери академия басшылығына Ж.Ысқақовты дереу оқуға қабылдауға бұйрық береді. Əскери академияны ойдағыдай тəмамдаған соң Жақыпбек Мағзымұлы Орынбор қаласындағы жоғары дəрежелі əскери ұшқыштар даярлайтын училищеде сабақ береді. 1954-1960 жылдар аралығында осы училищеде дəріс оқып жүрген кезеңде мұнда тұңғыш ғарышкер Юрий Алексеевич Гагарин де оқыған еді. Сөйтіп, Жақыпбек Ысқақов Юрий Гагаринге де сабақ берген екен. Бұл туралы бұрын жан-жақты жазылғандықтан осы дерекпен ғана шектелейік. 1963 жылы майор Жақыпбек Ысқақов өз өтінішімен 42 жасында əскери қызметтен отставкаға шығады. Сол жылы Ақмола ауыл шаруашылығы институтының СОКП тарихы кафедрасына қызметке орналасады. Осында жүріп, 1969 жылы ғылым кандидаты диссертациясын қорғайды. Содан зейнеткерлікке шыққанға дейін сырттай оқу бөлімінің деканы, үш мерзім ғылыми коммунизм кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарады. Ұлағатты ұстаз, майдангер Жақыпбек Ысқақов өмірінің соңына дейін жастарды туған жерлерін шексіз сүйетін патриоттық рухта тəрбиелеу ісіне қалтқысыз қызмет етті. Өз кіндігінен тараған ұрпақтарына да азаматтың асқақ парызы – ел қорғау қызметіне баулыды. Жақыпбек ағамыз бен Балқымбат жеңгеміз сонау Орынбор қаласында табысып, 1956 жылы шаңырақ құрған екен. Олар екі ұл тəрбиелеп өсірді. «Əке көрген оқ жонар» дегендей, Абай мен Арыстан атты ұлдары əкелерінің жолын қуып, əскери қызметті қалады. Новосібір жоғары əскери училищесін бітірген полковник Абай Жақыпбекұлы Тəуелсіз Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің қалыптасуы жолында жемісті еңбек етті. Ал Арыстан Жақыпбекұлы Ресей əскерінің құрамында əскери медицина майоры дəрежесінде қызмет етті. Əттең, екеуі де өмірден ерте өтті... АСТАНА.

«Соғыс өрті ел іргесін шарпыған кезде Зəкария атамыз мектепті жаңа тəмамдаған жас өрен еді. 1941 жылдың тамыз айында зайсандық жерлестері Қыдырбай Қиқабаев, Əнуарбек Кенжебаевтармен бірге майданға аттанды. Новосібір қаласында төрт айлық курстан өтіп, кіші лейтенант атағын алады. 1942 жылы қаңтарда Калинин майданының № 69 артиллериялық полкінде взвод командирі ретінде жауға қарсы жорық жолын бастады. Сол жылдың соңында жараланып, бір жарым ай госпитальде емделіп, 1943 жылы наурызда Белоруссия майданының № 47 артиллерия полкінде взвод командирі болып қайтадан ұрысқа кіріп, ерлікпен шайқасты. Адам баласына марапат, құрмет, атақ-абырой өздігінен келмейтіндігі анық. Отан қорғау жолында ұйқы көрмей қан кешкен жас жігіттің ерлігі де ескерусіз қалмай, ол «Қызыл Жұлдыз» орденімен, Германияны, Жапонияны жеңгені үшін медальдарымен марапатталды. 1945 жылы мамырда Забайкалье əскери округінен жапондарға қарсы соғысқа əзірлік майданына жіберілді. Осы майданда зайсандық жерлестері Байғанбек Құдабаев, Сейіт Елекенов, Василий Цыганчуктермен бірге болып, соғыс жолдарын жеңіспен аяқтады. Зəкария атам 1946 жылдың 27 қарашасында пароход тоқтайтын Тұғыл кентінде өзі секілді соғыстан елге оралып келе жатқан жерлесі Файзолда Əліпбаевпен кездесіп, екеуі Қара Ертісті бойлай отырып, 60 шақырым жолды жаяу жүріп өтеді. Жол бойы армансыз сырласады. Сөйтіп Ақарал ауылындағы Əукебаевтің үйіне соғады. Аман-есен ауылдарына да жетеді. Олар бейбіт өмірдің есігін ашып, бірден еңбекке араласты. Файзолда «Правда» колхозы төрағасының орынбасары болып қызмет атқарды. Біздің үймен көршілес болды. Балаларымен бірге өстік. Ал ол үйдегі Мəстура апай мен менің анам нағыз сырлас достар болды. Файзолданың інісі Қайролла екеуміз Кеңөткел өзенінен үйге су таситынбыз» деп жазыпты Жеңісбек аға өз мақаласында. Мұнан кейін кешегі жауынгер Зəкария Қожекеновтің бейбіт өмірде жасаған қызметіне тоқталған. Шынын айту керек, кезінде бұл мақаланы газетке берудің сəті келмеді. Себебі, конверт сыртында басылған мөрге қарағанда хат 2010 жылдың 4 мамыры күні Зайсан қаласынан жөнелтілген. 2010 жылдың 11 мамыры күні Астана поштасы қабылдап алғандығы туралы мөрін басып, редакцияға жеткізген. Мен бұл кезде еңбек демалысында болып, мамырдың ортасынан аса барып қызметке оралып едім. Сөйтіп, бұл хат Жеңіс мерекесінің ізі суи бастаған шақта менің қолыма тиді де аға сəлемі орындалмаған күйі қалып кеткен еді. Дегенмен, көңілде жүрген дүние ескерусіз қалмайды ғой. Жуықта төрт жыл бұрын жазылған осы хатты өзімнің ескі мұрағат қағаздарымды ақтара отырып, тауып алдым. Хатты қайта бір оқып шыққанымда ол мені əртүрлі ойларға жетеледі. Бала кезімде əкемнің майдан жолдары туралы айтатын əңгімесі еске түсті. Сөйтіп, Жеңісбек ағаның мақаласын əкемнің əңгімелерімен байыта отырып, өз атымнан жазып шыққанды жөн көрдім. Əкеміз Файзолда Əліпбайұлы соғысқа дейінгі балалық шағында жергілікті мектептердің бірінен білім алып, сауатты болған екен. Атамыз Əліпбайдың Калинин колхозында бригадир болғанына қарағанда жастық шағы осы ауылда өткен болуы керек. Бозбала шағында өнерге жуық болады. Зайсан театрында артист болып, сол кездегі театр қойған қойылымдарда түрлі рөлдерде ойнайды. Өлең жазумен де айналысқан. Соғыстан жазған хаттарының барлығын өлеңмен жазады екен. Аттандық ауылымыздан алпыс бала, Ақылы алпысының алпыс сана. Ай-жұлдыз жарқыратып нұрын төкті, Қоштасқан еліменен бізге бола. Пароход салған кезде Ертісті өрлеп, Кептелді көмекейге сезім кермек. Көркіне туған жердің тесілдім кеп. Шіркін-ай, күн туса еді қайта көрмек, – деп соғысқа аттанып бара жатқанда жазып, хатпен үйіне жолдаған өлеңін бертінге дейін біздің туғантуыстарымыз, əкемнің қатарластары айтып жүретін. Əкем ақкөңіл, адал, еті тірі, ширақ адам еді. Біреудің ала жібін аттау, кісінің соңынан сөз айту дегенді мүлдем білмейтін. Ешуақытта мойыған, жасыған кездерін көрген емеспін. Өмірлік, адамгершілік қағидаттарға берік жан еді. Адамға тіке қарап сөйлейтін, бойындағы мінін бетіне айтатын қасиеті бар еді. Оның осы мінездері əр кезеңдегі өміріне əртүрлі əсер еткен секілді. Соғыстағы əскери қатал тəртіптің ортасы оны жақсы қабылдайды. Бізге былай деп əңгіме айтушы еді. «Кез келген қазақ баласы атқа мықты болып өседі ғой. Осы аттың жайын білгендіктің маған соғыста үлкен пайдасы тиді. Польша жеріне келіп кіргенімізде мал-мүлкін тастап, өзі неміс əскерлерімен бірге қашып кеткен помещиктің атқорасынан қараңғы жерде ұсталып, күтімде болған екі сəйгүлік табылды. Бұл асау жылқыларды батальонымыздың командирі қатты ұнатады да үйреттіріп, мінбек болады. Сонан кейін: «Солдаттардың арасынан асау аттарды бастықтыратын кім бар?» деп іздестіре бастағанда: «Мен бармын», деп бірден саптан атып шықтым. Содан бастап командир мені өзінің қасында ұстайтын болды. Бұлар бұрын мінілген жылқылар екен. Командир аттың сырын білмегендіктен, басымен алысқан асау

аттар оған жабайы жылқылар секілді көрінген. Мен оларды тез бастықтырып, командирді атқа мінгізіп үйреттім. Ол менің пысықтығымды, еңбекқорлығымды ұнатып, өте жақсы көріп кетті. Батальонға комсорг етіп тағайындап, партия қатарына өтуіме жəрдем жасады. Тіпті «қырық жыл қырғын болса да, ажалды өледі» дегендей соғыстан тірі қалуым да сол кісінің арқасы болса керек. Бірде командир мені шақырып алып былай деді: «Бізге немістердің жойқын шабуылға шығатындығы туралы дерек келді. Біздің шегінуіміз мүмкін. Алда-жалда жаудың шабуылына төтеп бере алмасақ, бүкіл полк болып шегініп барып, бекініс құрып, қайта шеп ұстау үшін артымыздан окоп қазатын адамдар тобын жасақтап жатырмыз. Ол топты өзің секілді жастардан жасақтап жатырмыз. Мен сені сол топқа қосқалы отырмын. Біздің батальоннан баратын жастарға комсомолдық басшылық жасайсың. Бұл да соғысқа қажетті, аса маңызды тапсырма», деді. Командирдің айтқаны келді. Көп ұзамай зеңбіректер үні гүрсілдеген үлкен ұрыс қимылы басталып та кетті. Немістер үлкен шабуылға шығардың алдында сағаттар

бойы зеңбірек снарядтарымен соғатын. Сонан кейін танкімен шабуылдайтын. Осыдан біздің батальонның біразы қырылып кетіпті. Біз қазған окопқа шегініп келіп түскен жауынгерлер қарасы бұрынғыдай көп болмағандығынан осыны аңғардық», дейтін əкеміз. Əкеміз нағыз қан майданның ортасында болған адам. Соғыста жеке көрсеткен ерлігі үшін «Қызыл Жұлдыз» орденімен жəне «Праганы азат еткені үшін», «Варшаваны азат еткені үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Жапонияны жеңгені үшін», басқа да бірқатар медальдармен марапатталған. Днестр өзенін соғыспен қалай жүзіп өткендерін айтып отырушы еді. Соғыс аяқталысымен əкемізді Мəскеудегі кіші командирлер дайындайтын бірнеше айлық əскери курсқа оқуға жібереді. Міне, осы оқуды оқып жатқан кездерінде атақты Жеңіс шеруіне қатысу бақыты бұйырады. Алайда, əкем оқуын аяқтап үлгермейді. Парад аяқталысымен Жапонияға қарсы соғыс жарияланатындығы белгілі болып, олар Қиыр Шығысқа жіберіледі. Сөйтіп, əкем Жапон соғысына да қатысып, өзінің жеңіс жорығын Порт-Артур қаласында аяқтайды. Нағыз қанды соғысты бастан кешкен майдангерлердің көргендері де көп болады ғой. Бізге өз басынан өткерген көптеген қызықты жайттарды айтушы

еді. Кезінде жазып алмағандықтан қазір көбін ұмытып қалыппыз. «Мың естігеннен бір рет көрген артық» деген сөз, шамасы, бекер айтылмаса керек. Дегенмен, соғыста жүріп өз ауылдасы Молдапия Кеңесбаевпен қалай кездескендігін айтқан мына бір əңгімесі есімде қалып кетіпті. Шамасы, Украинаның шылқыған сазды, батпақты жері болса керек. Бір ұрысты сəтті аяқтап, демалуға мұрсат алған солдаттар бір сарайдың қалқасына келіп, аяқтарындағы су болған шұлғауларын жайып, темекі тартып, күншуақтап отырады. «Сөйтіп отырғанымызда, – деп еске алатын əкем, – сарайдың екінші жақ бетіндегі əудем жерден ұрыс кезінде өз əскери бөлімінен көз жазып қалған бір жауынгердің шала-пұла орысшасымен əркімнен бір жөн сұрасып өтіп бара жатқандығын байқап қалдым. Маған оның дауысы өте таныс көрініп кетті де, дереу орнымнан атып тұрып, шұлғауымды орап, етігімді киіп, сарайдың қалқасынан жүгіре басып шыққанымша жөн сұраған əлгі жауынгер біраз жерге кетіп қалған екен. Дегенмен, бірден тани кеттім. Өзімнің балалық шақтан бірге өскен ауылдас досым Молдапияның əскери киіммен соңынан қарағандағы сондағы тұлғасы көзіме оттай басылды. Соңынан мен де жүгіре басып: «Молдапия, тоқта, Молдапия!» деп айғай салғанымда мұндай оқиғаны күтпеген ол шалқасынан түсе жаздады», деп еске алатын. Соғыстан елге оралып келе жатқанда тағы бір ауылдас жақсы жолдасы майдангер Зəкария Қожекеновпен Тұғылда кездесіп, екеуі сол жерден Ертісті бойлай отырып, елге дейін жаяу жүріп барғандығы туралы жоғарыда айтылды. «Біздің қолымызда əскери комиссариаттың: «Жолай кездескен ауылдар мен колхоздардың басшылары бұл жауынгерлерді келесі ауылға дейін көлікпен жеткізіп тастауға міндетті», деген қағазы бар еді. Бірақ, жауды жеңіп, жайдары көңілмен елге оралып келе жатқан соң ол қағазды ешкімге көрсетпедік. Кездескен колхоз бастықтарына қолқа салуды жөн көрмедік», деп еске алатын. Ал енді əкеміз Файзолданың соғыстан кейінгі өміріне келсем, «Правда», «Скотовод» колхоздарында, «Қарабұлақ» совхозында ұзақ жылдар халық шаруашылығында қызмет етті. Семейдің малдəрігерлік институтында сырттай оқыды. Колхоз бастығының орынбасары, партия ұйымының хатшысы, зоотехник, бас агроном, бас гидротехник қызметтерін атқарды. Үнемі ат үстінен түспей еңбек етті. Өзін үнемі партияның қатардағы қарапайым солдаты ретінде сезінетін. Қартайғанға дейін ауырып-сырқадым деген кезін, ауруханаға жатқанын, курортқа барғанын көрмедім. Тым ерте тұратын, жəй жататын. Бос отыруды суқаны сүймейтін. Өмір əбден шыңдаған тасқайнат адам еді. 1992 жылы 72 жасында қайтыс болды. Қазір ойлап отырсам, атамыз Əліпбайдың төрт ұлының үшеуі соғысқа аттанған екен. Екінші ұлы Зайнолла майдан даласынан оралмады. Қай жерде қазаға ұшырағаны белгісіз. Əжеміз Сəбила баласын өлді деуге қимай өмір бойы күтумен өтті. Үшінші ұлы Қабден (азан шақырып қойған аты Зейнелқабден) 1944 жылы жасы 18-ге толмай өз еркімен əскерге алынып, 1951 жылға дейін резервтік армияда қызмет етіп, алты жыл өмірін Отан тыныштығына арнады. Ұзақ жылдар «Қарабұлақ» кеңшарында қойма меңгерушісі болып қызмет етті. Қайтыс болғанына біраз жыл болды. Ал кенже інілері Қайролла Əліпбаев Семейдің малдəрігерлік институтын бітіргенімен Зайсан аудандық «Достық» газетінде, артынан ұзақ жылдар Семей облыстық «Семей таңы» газетінде қызмет етіп, қаламы қарымды журналист əрі аты шыққан ақын болды. 2010 жылы 68 жасында қайтыс болды. Қабден, Қайролла ағалар, Қабденнің үлкен ұлы Қайырбақыт аға қайтыс болғаннан кейін алдым жалаңаштанып қалғандай көрінеді. Өйткені, Əліпбаевтар əулетінен тараған еркеккіндіктілер арасында жасы үлкені өзім болып қалыппын. «Адам ұрпағымен мың жасайды», деген рас қой. Бұл күнде Зəкария Қожекенов, Молдапия Кеңесбаев секілді əкемнің майдангер достарының өздері жоқ болғанымен соңында қалған көздері бір қауым ел болып, түтін түтетуде. Ауданның партия, кеңес саласында жауапты қызметтер атқарып, үлгілі ұстаз болған

Зəкарияның үлкен күйеу баласы Жеңісбек Шағиев туралы біраз айтылды. Ол кісі біздің кеңшарда ұзақ жылдар жұмысшылар комитетінің төрағасы, партком хатшысы болып қызмет істеп, басқа кеңшарға өрлеп-өсіп кеткен еді. Сонан кейін ауданымыздың атақты диқаны, еңбектегі ерлігі бірнеше орден, медальмен марапатталған Молдапияның үлкен ұлы Мəукен Кеңесбаев біздің кеңшарымызға партком хатшысы болып қызметке келгенде əкем тағы да қатты қуанды. Қонаққа шақырысып, жақсы араласып тұрдық. Жайдары мінезді, кішіпейіл Мəукен аға əкем секілді ардагерлерді жақсы құрметтеді. Зəкарияның үлкен ұлы Əсет аға аудандағы су шаруашылығы саласындағы мықты маман болды. Аудандағы су шаруашылығы мекемесін басқарды. Басқа балалары да жақсы қызметтер атқарды. Əкем аудан орталығына барғанда өзімен жолдас болған азаматтардың, əсіресе, қарулас достарының жақсы атанып жүрген балаларын көрсе, соған қуанып үйге айта келетін. Өткен өмірінен əңгіме қозғап, сол азаматтарды үлгі ретінде көрсететін. Қазір ойлап қарасам, осының өзі біздің өмір жолымызда жақсы тəрбие болған секілді. Шығыс Қазақстан облысы.


 Өмір өрнектері

 Білім. Бағдарлама. Білік

Елімізге белгілі тарихшы-ғалым, профессор, əрі этнолог, əрі археолог, қазіргі кездегі тарихшылар қауымының ақсақалы əрі кейінгі толқынның ұстазы, екінші дүниежүзілік соғысқа 18 жасында қатысып, Отан қорғаған ардагер Уахит ШАЛЕКЕНОВ бүгінде тоқсанның тұғырлы белесіне жетті. Ұстазымыздың өмір жолын шартты түрде бірнеше кезеңге бөліп қарасақ, қазақ халқының «басында қатты болса, соңында тəтті болады» деген мəтелі ойға оралады. Нарын құмдарында көшіп жүрген қазақы ауылда дүние есігін ашқан Уахаң, 5-7 жасынан бастап тағдырдың ауыр сындарына тап болады. Уахаңның бір ғасырға жуық ғұмыры қазақ елінің 20 ғасырдың 20-жылдарынан күні бүгінге дейінгі жалғасып жатқан тарихымен тығыз байланысты. 1929-1933 жылдары елімізде болған аграрлық өзгерістер мен оның ауыр салдарлары, аштық пен қырғыннан, бас сауғалап басқа жаққа көшуден ағайын-туыстары құтыла алмапты. Бұл туралы Уахаң көп айта бермейді. Тек бір əңгімесінде ғана аштықтан бүкіл ауылдастарының қырылып, аман қалғандары жан-жаққа босып кеткен інісі мен қарындасының аштықтың құрбаны болғаны, өзінің 7-8 жасында Нарын құмдарында балпақ пен борсық аулағаны туралы ауыр күрсіне

ҰҒА корреспондент-мүшесі, əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры.

отырып айтқаны бар. Содан үдере көшкен елмен бірге Қарақалпақ жеріне келіп, табан тірейді. Елмен бірге ауыр күндерді басынан өткере жүріп, əйтеуір жан сақтайды. Көп ұзамай соғыс өрті тұтанып, ел қорғау үшін майданға аттанады. Кіші командирлер даярлайтын курсты шұғыл түрде тəмамдап, 1942 жылы жазда Харьков түбіндегі ауыр ұрыстардың қақ ортасына түседі. Майданда ауыр жараланып, Тəшкендегі госпитальда адам қатарына қосылады. Сөйтіп, көп ұзамай елге оралады. Бұл – Уахаңның өміріндегі бұған дейін атап өткен «қатты» кезең болатын. Ұстазымыздың бұдан кейінгі өмірінде «жылымық» кезең басталады. Оған Нүкіс педагогика институтының тарих факультетіндегі студенттік жылдар, алғашқы еңбек жолын бастауы, ғылымға бет бұрып, аспирантурада оқып, кандидаттық қорғап, ғылыми мекемеде мамандығы бойынша қызмет жасауы, отбасын құрып ұрпақ өсіруі, ғылым докторы дəрежесін алып, профессор атануы – осылай жалғасып кете береді. Бұл кезеңдегі жылдар Уахаңды азамат ретінде қалыптастырады, ғалым ретінде дүйім елге белгілі етеді. Өткен ғасырдың 60-жылдары қай мамандық саласы болмасын, əсіресе, тарих мамандығы бойынша ғылым докторы дəрежесін иеленіп, профессор атағын алу екінің бірінің қолынан келе бермейтін. Ал сондай атақ-дəрежеге ие болғандар кешегі Кеңестер одағы құрамындағы республикаларда саусақпен санарлықтай еді. Ал автономиялы республика мəртебесі бар Қарақалпақстан үшін профессор Уахит Хамзаұлы ғылымды ұйымдастырушы таптырмас кадр болатын. «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» дегенге сай, Уахаң Нүкістегі барлық материалдық жағдайы мен өзін сыйлайтын, құрмет тұтатын ғылыми ортасын қалдырып, өмірінің келесі кезеңдерін туған елімен байланыстыруды жөн көреді. Сол мақсатпен ол өткен ғасырдың 70-жылдарының басында Қазақстанға қайтып оралады. Алдымен Шымкенттегі жоғары оқу орындарының бірінде ұстаздық етеді де, 1973 жылы бұрынғы С.М.Киров қазіргі əл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің тарих факультетінде жаңадан ашыла бастаған археология жəне этнология кафедрасына профессор болып ауысады. Міне, сол кезден қазіргі күнге дейін Уахит Хамзаұлының өмірі Ұлттық университетпен, тарих факультетімен, археология жəне этнология факультетімен етене байланыста келеді. Уахаң аталмыш білім ордасында ғылымипедагогикалық қызмет пен ғылымды ұйымдастыру ісін қатар жүргізеді. Бұл жылдар оның өмірінде есте қаларлық қызығы көп жəне ауыз толтырып айтарлық жемісі мол жылдар деп айтсақ, қателеспейміз. Ол жаңадан ашылған археология жəне этнография кафедрасына меңгеруші болып сайланып, оның аяғынан тік тұрып кетуіне, кафедраның ғылыми бағытын анықтауға, ғылыми байланыстар орнатуға бар күшін салады. Тарих факультетіне декан болған он жылда факультеттің дамуы үшін тер төкті. Осы жылдары Уахаң нағыз ғылым қайраткері ретінде танылады. Əсіресе, ұлттық археологияға сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Уахаңның басшылығымен тарих факультетінде ашылған жəне əлі күнге дейін жұмыс істеп тұрған археология музейі мен қазақ халқының этнографиясы музейінің алар орны бөлек. Бұл музейлер ашыла салысымен университет пен факультет қонақтарының көзайымына айналғанын жұрттың бəрі біледі. Жыл сайын қаладағы мектеп оқушылары топтобымен келіп, осы музейлердегі тарихи экспонаттарды қызықтап жатады. Ал енді профессор У.Х.Шалекеновтің ғылыми-педагогикалық қызметіне тоқталар болсақ, 1985-1990 жылдары тарих факультетінің қазақ бөлімінде оқып жүргенімізде кейбір дəрістерді оқытушыларымыз орыс тілінде жүргізетін. Себебі, олардың тілі ана тіліне шорқақ болатын. Ал семинарларға қажетті əдебиеттердің бəрі дерлік орыс тілінде еді. «Қазақ тілі ғылым тілі емес, ол тілде монография, оқулықтар жазудың қажеті жоқ» деген кейбір ұстаздарымыздың пікірлерін талай рет естідік. Бұл біздерге, қазақ тобында оқитын студенттерге қатты кері əсер ететін. Сөйтіп жүргенде, профессор У.Шалекеновтің «Əлем халықтарының этнографиясы» атты қазақ тіліндегі оқулығы қолымызға тиді. Басқаларға

Жаѕа стандарт – жаѕа ґмірдіѕ əліппесі Айгүл СЕЙІЛОВА,

«Егемен Қазақстан».

Уаќыт ўлаєаты Берекет КƏРІБАЕВ,

7

www.egemen.kz

5 мамыр 2014 жыл

бұл оқулықтың қалай əсер еткенін білмеймін, дəл өзіме қазақ тілінің ғылым тілі бола алатынын, қазақша монографиялар мен оқулықтар жазуға болатынын дəлелдеп берді. Ғалымның бұл оқулығы қазақ тілінің болашағы бар деген сенімді талай студенттердің санасына жеткізді деп толық айта аламын. Одан кейін де ұстазымыздың «Құм басқан қала» атты монографиясы қазақ тілінде жарық көріп, сенімімізді одан əрі нығайта түсті. Уахаңның сол кездегі ісін қазіргі күннің тұрғысынан алып қарасақ, қазақ тілі үшін жасалған нағыз ерлік деп атар едім. Профессор Уахит Хамзаұлының ғылыми еңбектері мен ғылыми көзқарастары туралы əңгімелеу өте қызықты жəне өте күрделі. Ұстаздық еткен жылдары ол бізге Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі қалалардың пайда болуында соғдылық фактордың рөлі басым болған деген үстем пікірдің қате екендігін дəлелдеуші еді. Бұл ағайымыздың бір жағынан, жас тарихшылардың тарихи санасын теріс пікірлерден уланудан сақтаса, екіншіден – ел тарихына ұлттық мүдде тұрғысынан қарауға бейімдеуі екен. Уахаң бұл пікірлерін баспасөзде ашық айтпаса да, өзінің оқыған дəрістері мен жүргізген семинарларында санамызға батыл жеткізетін. Еліміз тəуелсіздік алған кезде Уахаңның жасы жетпіске келіп қалған еді. Мектепте оқып жүргенімізде əдебиеттен беретін ағайымыз «Жетпіске келген Жамбылдың бағын Октябрьдің қызыл таңы ашты» деп айтатын. Сол секілді Уахаңның ғылымдағы екінші тынысы тəуелсіздікпен қатар ашылады. Осы жылдардан бастап оның өмірінің «тəтті» деп айтуға тұрарлық кезеңі басталады жəне жалғасып жатыр. Оның ғылыми ізденістері дереу артып, нəтижелері монография түрінде жарық көріп жатты. Отан тарихына қатысты көптеген еуроцентристік тұрғыда түсіндіріліп келген тұжырымдарға алғашқы соққыны берушілердің бірі – профессор У.Шалекенов болды. «Қазақ халқы көшпелі халық болған» деген бұрынғы тұжырымға қарсы алғаш рет қарсы пікір айқан жəне ол пікірін əлі күнге дейін дəлелдеп жүрген бір тарихшы болса, ол өзіміздің – Уахаң. «Қазақ өркениеті» деген монографиясында профессор қазақ халқының шаруашылығы кешенді болғанын дəлелдеп береді. Мал шаруашылығының кейбір аумақтарда жетекші рөл атқарғанын жоққа шығармай, жекелеген өңірлерде шаруашылықтың басқа да түрлерінің жоғары деңгейде дамығандығын нақты дəлелдерге сүйеніп тұжырымдады. Жамбыл облысы, Шу ауданындағы Ақтөбе қалашығында жүргізілген археологиялық зерттеулердің нəтижесінде қалашықтың аты – ортағасырлық Баласағұн қаласы екенін талай жерде дəлелдеді жəне сол Ақтөбеге арнап жеке бір монография шығарған да У.Шалекенов еді. Тəуелсіздік тынысын ашқан ғалым соңғы жылдары көне түрік тайпаларының шығу тегі мен мəдениетіне арналған монография сын жарыққа шығарды. Келесі монографиясы Шыңғыс хан тақырыбына арналған. Кітаптың негізгі идеясы Шыңғыс ханның түркі халықтарының басын біріктіруші екендігін дəлелдеп көрсетуінде болса керек. Уахаңның тəлім-тəрбиесін көрген шəкірттері үнемі ол туралы ерекше мақтанышпен əңгіме айтады. Университеттің тарих, археология жəне этнология факультетінде қызмет атқаратын қазіргі профессорлар мен оқытушылар құрамының бəрі дерлік оның шəкірттері болып саналады. Ал археология жəне этнология кафедрасының ғылым докторлары, профессорлар М.Елеуұлы, Ə.Төлеубаев, Ж.Таймағамбетов, А.Қалыш, Б.Қалшабаеваны жəне кафедраның доценттері мен аға оқытушыларын Уахаңның «шекпенінен шыққан» деуге болады. Оның Қазақстандағы алғашқы шəкірттерінің бірі, белгілі археолог, ғылым докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жасы бүгінде жетпіске таяп қалған Мадияр Елеуұлы өзі талай ғалымға ұстаз бола тұра, ол туралы сөз қозғағанда əңгімесін «Уахит ағай» деп бастайды. Осы бір сөздің астарынан ұстазға деген үлкен құрмет пен сыйды байқар едік. Жамбылдың жасына қарай жақындап келе жатқан Уахаң зор денелі, табиғаты салмақты, мінезі байсалды, пейілі кең адам. Мəнді де сəнді, мазмұнды да баянды ғұмырдың бір сыры осында жатса керек. АЛМАТЫ.

Баланы оқыту мəселесі қай қоғамда да өзекті. Əсіресе, соңғы кезде 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге қатысты стандарт əзірленіп, ол педагогтардың арасында қызу талқыланып, жүйеге түбегейлі реформа жасалу қажеттігі нақтыланған тұста жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандартының жобасы да мамандардың назарынан тыс қалған жоқ. Аталмыш тақырып бойынша соңғы бір жылда бұқаралық ақпарат құралдарында педагогтар тарапынан жарияланып жатқан түрлі материалдар соның айғағы. Осы орайда «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру мекемесінде ұйымның басқарма төрайымы Күлəш Шəмшидинованың журналистер үшін арнайы брифинг ұйымдастырып, жобаның ерекшеліктері туралы жан-жақты əңгімелеп беруін жоба жасаушылардың пікірі деп түсінген жөн сияқты. «Жаһандық өзгерістер мектептерде білім беру жүйесін жетілдіруді талап етеді. Ұзын арқан, кең тұсаудың заманы өтіп кеткен. Қазіргі заманауи адамға қойылатын басты талап – ұтқырлық. Мына жағдайдың өзі кез келген адамға ой салуы тиіс. Мысалы, 2003 жылы интернеттен 3 миллиард ақпарат ізделген болса, 2013 жылы бұл 30 миллиардқа жеткен. Ғылымдағы жаңалықтар мен жаңа идеялардың қарқыны адамзат дəуірінің бес мың жылдық ізденісімен сəйкеседі. Қызықты қараңыз, əлемде 75 миллион жұмыссыздар бар дейміз, керісінше, бос жұмыс орындары да миллиондап саналады. Бірақ, жұмыссыздарды сол бос орындарға алмайды. Өйткені, білігі, өресі жетіспейді. Сол үшін оқытудың, бағалаудың жүйесін өзгерту керек. Жұмыстан шығып қалуды трагедияға айналдырмайтын жас буын өсіпжетілуі тиіс. Олар заманға сай ойлай алатын, жеке басы да, ұжыммен де жұмыс істей алатын адамдар болуы қажет», дейді «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күлəш Шəмшидинова. Оның айтуынша, қолданыстағы білім жүйесінің кемшілігі – оқушыларға барлық кезде дайын ақпарат ұсынылады. Екіншіден, оқушы мұғалімге тəуелді. Бала мұғалім мен оқулықты оқу ақпаратының қайнар көзі ретінде қабылдайды. Үшінші кемшілік – оқудың нəтижесін «біледі» немесе «білмейді» деп бағалау. Біздің пікірімізше, қазіргі мектептердің Кеңес Одағы

кезіндегі мектептерден пəлендей айырмашылығы жоқ. Тек кейбір пəндер оқу жоспарынан алынып тасталған. Есесіне, тəуелсіздік жылдары олардың орнын өзге пəндер басты. Тиісінше қолданыстағы жүйенің «мектепте нені оқу керек» деген мəселенің контекстінде дайындалғаны өзінен-өзі белгілі. Ал жаңа стандарт жобаның ауыз толтырып айтатын бір ерекшелігі – «мектепте не үшін оқу қажет?» деген тұрғыда жасалғаны. Бұл орайда, ең бірінші күтілетін нəтиже анықталады. Сосын барып оқытылуы тиіс пəндер таңдалады. Бір ғана мысал айтайық. Жаңа жоба бойынша «Өнер» деген пəн енгізіліп отыр. Бұл өнердің жиынтық түрлері қамтылған пəн. Сурет салу немесе əн айтып, би билеу, түрлі дизайн жасау қабілеті бір сыныптағы барлық балада бірдей болмайтыны белгілі. Сондықтан, балалар топ-топқа бөлініп, əркім өзінің қабілетіне сай іспен айналысуға мүмкіндік алмақ. Сондай-ақ, ақпарат ғасырында бастауыш білім беру стандартының жобасына АКТ (ақпараттық-коммуникативтік технологиялар) пəнінің енгізілуін қоғамдағы технологиялық өзгерістерден балаларды да шет қалдырмауға жасалған бір қадам деп түсінген жөн. Бəрібір əрбір үйде өсіп келе жатқан жас бала үлкен адамдардың компьютер, планшет, телефон, т.б түрлі техникалық құралдарына өз «үстемдігін жүргізетіні», тіпті кей жағдайларда үлкен адамдар сияқты пайдаланып, құрығанда ойын ойнай

Ауыл əкімдері автокґлікті болды Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Өткен жылы тамыз айында ел Президентінің Жарлығына сəйкес ауылдық округтер əкімдерінің сайлауы өткізілгені белгілі. Сайланған əкімдердің өкілеттігі кеңейіп, жергілікті қауымдастық, яғни ардагерлерден, ірі шаруа қожалықтарының, əлеуметтік нысандар басшыларынан, жергілікті беделді адамдардан тұратын ауылдық кеңестер құрылды. Енді əкімдер солармен келісе отырып, жергілікті жердегі бірқатар мəселелерді өздері шеше алады. Өткен жылы «Аймақтарды дамыту» бағдарламасы бойынша ауылдарға көшелерді жарықтандыруға тəжірибелік қаржы бөлініп, аудандағы 12 ауылдық округ орталықтарының көшелері жарықтандырылды, көлігі жəне қажетті қондырғылармен қамтамасыз етілген малдəрігерлік стансалар ашылды. 2013 жылы үш ауылға көгілдір отын барды, биылғы жылдың аяғына дейін ауданда газбен қамтылу деңгейі 84 пайызды құрайтын болады, ауылдарға су құбырлары жүргізілуде. Жыл өткен сайын күрделі жөндеуден өткен ауыл мектептерінің қатары көбейе түсуде. Үстіміздегі жылы бес мектеп, үш ауылдық клуб жөнделетін болады, үш

алатыны жасырын емес. Сол үшін де бастауыш сыныптарда АКТ түрлерімен жалпылама танысып, жас ерекшеліктеріне сай ақпараттар алуға ұмтылуы болашақ буынның ойлау қабілетінің ұшқыр болуына серпін бере ме деген ойымыз бар. Бұл тұрғыда жобаны жасаушылар қазіргі білім, білік, дағды жүйесін меңгерген «білетін адамды» емес, белсенді, шығармашылықпен əрекет ететін, интеллектуалды, ең бастысы, «алған білімін өмірде қолданатын адамды» артығырақ бағалап отырғаны байқалады. «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басшысына журналистер тарапынан «қолданыстағы жүйені өзгерту не үшін қажет» деген тұрғыда сауал қойылды. Сауалға жауап беру барысында ол əлемде түрлі өзгерістер орын алып жатқанын, ертеңгі күні қандай мамандықтарға сұраныстың артатынын дəп басып ешкім болжай алмайтынын, сол үшін балаға неғұрлым өмірден өз орнын табуға алғышарт жасау қажеттігін сөзінің кіріспесі ретінде баяндап, жалпысында жоғары білімді интеграциялау барысында білім жүйесін өзгертудің қажеттілігі өз-өзінен туындап отырғанына баса мəн берді. Оның айтуынша, біріншіден, бірқатар дамыған мемлекеттерде жоғары білім саласы мемлекетке табыс əкелетін салалардың қатарында. Екіншіден, еліміз Лиссабон конвенциясына,

ауылдық округ əкімдігі ғимаратының жобасы жасалуда. Таяу жылдары Алға қаласын ауылдық округпен жалғастыратын бес жол телімі күрделі жөндеуден өтеді деп күтілуде. Мұның өзі ауылдық округтер əкімдерінің жұмысы бұрынғыдан гөрі де қыза түсетінін көрсетеді. Жобалау фирмаларымен, құрылыс жəне жөндеу жұмыстарын жүргізетін мердігерлік ұйымдармен тығыз байланыста болып, қоян-қолтық жұмыс істеу қажеттігі туындайды. Осындай жұмыстың қарбалас тығын ескеріп, аудандық мəслихат депутаттарының қолдауымен ауылдық округтер əкімдеріне «УАЗ» маркалы жеңіл автокөлік сатып əперілді. Алға ауданының əкімі Асқар Шериязданов ауыл əкімдеріне су жаңа «УАЗ» автокөлігінің кілтін тапсырды, халықтың тұрмысын жақсарту жəне туындайтын өзекті мəселелерді шешуге байланысты жұмыстарына сəттілік тіледі. Ауыл əкімдерінің өкілеттігінің кеңеюі олардың жауапкершілігін арттырып, күнделікті жұмыс көлемін арттырып отырғаны да рас. Сондықтан көлікпен қамтамасыз ету олардың анағұрлым жинақы жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Ақтөбе облысы, Алға ауданы.

Болон декларациясына қол қойған ел. Еуропалық классификацияға сəйкес, мектепті бітірген бала 4-ші деңгейде болуға тиіс. Сарапшылар біздің алтын ұялардан түлеп ұшқан түлектердің деңгейін 3-ші деңгей ретінде бағалап отырған көрінеді. Бұл дегеніңіз, ең қарапайым тілмен айтқанда еліміздегі мектептерді бітірген балалар шетелдің жоғары оқу орындарына оқуға түсе алмайды деген сөз. Сондықтан алдымен жүйені өзгерту, жаңа стандарт бойынша ағылшын тілін бастауыш сыныптарда оқыта бастау – ең бір өзекті мəселелердің қатарында. Жаңа жоба бойынша білімнің мазмұны ғана өзгермейді. Ресурстарды, мұғалімдерді, мазмұнды өзгертудің кешенді бағдарламасы дайындалған. Бұл тұрғыда педагог мамандардың кəсіби деңгейін арттыру мен педагог мамандардың жаңа буынын даярлауда педагогикалық жоғары оқу орындарының жұмыстарын жетілдіру де қарастырылған. Сондайақ, «құрмет», «ынтымақтастық», «ашықтық», «қазақстандық патриотизм жəне азаматтық жауапкершілік», «өмір бойы білім алу» сынды құндылықтарға негізделіп жасалған жаңа құжат 2015 жылдың жаңа оқу жылынан бастап республика бойынша отыз мектепте апробациядан өтетіні де брифинг барысында белгілі болды. Қалай десек те, алаш баласы білімнің жаңа əліппесін ашатын күнге біртіндеп жақындап келеді.

Елімізде əр адамның заң алдындағы теңдігі мен сот əділдігінің артуына мұрындық болар заңның жаңа жобасы əзірленді. Көптен айтылып келе жатқан бұл Азаматтық іс жүргізу кодексінің жобасы соттардың азаматтық істерді қарау сапасын, тиімділігін, шапшаңдығы мен мінсіздігін арттыруды қамтамасыз етуге негіз болуға тиіс.

Кодекс жобасы талќыланды Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан».

Соған орай Азаматтық іс жүргізу кодексінің жаңа жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстел шарасы да өткізіліп үлгерілді. Заң жобасын жетілдірудің негізгі бағыттары бойынша Бас Прокурордың орынбасары Ж.Асанов, Əділет министрінің орынбасары З.Баймолдина, ғалымдар мен шетелдік сарапшылар өз пікірлерін ортаға салды. Жобада азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыруда туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеу көзделген. Атап айтқанда, азаматтық істерді қарау тараптардың жарыспалы сөз сөйлеуі үдерісінде жүргізіліп, судьяның сот талқылауына негіз болған мəселені бақылаудағы құзыреті аздаған деңгейде ғана сақталады екен. Осылайша Кодекстің жаңа редакциясында сот ісіне қатысушылар мен судьялардың процессуалдық құқықтары мен міндеттерінің шынайы теңгерімі көзделген. Дауларды реттеудің соттан тыс тетіктерін дамыту үшін жекелеген санаттар бойынша «Дауларды соттан тыс реттеу» атты жаңа тарау енгізілген. Кассациялық сатыдағы соттың істерді апелляциялық саты дағы соттың жаңадан қара уына жіберу үрдістері азайтылды. Мұндай ереже барлық сот сатыларында мемлекеттік баждың енгізілуімен үйлеседі. Татуластыру рəсімдерін кеңінен қолдану жəне азаматтық сот ісін

жүргізу міндеттерін іске асыру мақсатында жобада дауды бейбіт реттеуге ықпал ету де көзделеді. «Татуластыру рəсімдері» атты бөлек тарауда медиация тəртібімен дауды шешуге бағытталған бітімгершілік келісімдер мен шарттар жасаудың рəсімдері мен салдарын егжей-тегжейлі реттеу қарастырылады. Бұған қоса, жобада азаматтық істерді қарау тəртібін жеңілдетуге, соның ішінде соттар қызметінде техникалық құралдарды кеңінен қолдану арқылы оңайлатуға бағытталған ережелер бар. Көзделіп отырған барлық шаралар халықтың əлеуметтік тұрғыдан əлжуаз топтарының мүддесін қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып, қабылданатын болады. Бұл орайда судьялар Ұ.Сүлейменованың, Н.Мамонтовтың жəне Қарағанды облыстық сотының азаматтық жəне əкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрайымы Ж.Сейдалинаның баяндамалары азаматтық сот өндірісінің міндеттері мен қағидаттары, Азаматтық іс жүргізу кодексі жобасының жалпы ережелері, бірінші сатыдағы сот өндірісі мен сот актілерін қайта қарау мəселелеріне арналды. Ал аталған шараға Жоғарғы Сот жəне жергілікті соттар судьялары, Конституциялық Кеңес мүшелері, Бас прокуратураның, Судьялар одағының, құқық қорғау органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен шетелдік сарапшылар қатысты.


8

www.egemen.kz

 Руханият

5 мамыр 2014 жыл

«Отанєа, туєан далама жыр арнау – ќарыз, борышым» Орал қаласындағы М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде өткен республикалық студент-ақындар мүшəйрасы «Алаш» халықаралық сыйлығының лауреаты, Ақжайықтың ақ шағаласы атанған ақын Ақұштап Бақтыгерееваның мерейтойына арналды. Ол – ақ сөйлеп, адал күлетін, шындықты жақтап жүретін, сыйластық сырын білетін жан, жоқтыққа тарылмайтын, арманнан арылмайтын ақын. Жанары мөлдіреген, жүрегі елжіреген, үмітке сендіре білген ана. Жас қаламгерлер ақынның осы қырларын толғап, жыр маржанына айналдырды. Астана, Алматы, Семей, Қарағанды, Қостанай, Атырау, Ақтөбе, Орал қалаларынан келген жиырма талапкер бақ сынасты. Олар алғашқы өлеңін Ақұштап ақынға арнаса, екіншісін еркін тақырыпта оқыды. Ақын Ақұштап Бақтыгереева жырлары жүректің назды үнімен, көңілдің сазды əуенімен өзге бір əлемге жетелейді. Кеште сөз алған ақын Ақұштап жастарға ақ батасын берді. «Өлең өлмейді. Ол – мəңгілік. Мен

адалдықты жырладым, əділдікті сөз еттім. Əйел тақырыбын ұсақ тақырып деп қарайтындар бар. Мен үшін бұл үлкен тақырып. Қазақ əйелін жырға қосу арқылы, қазақ анасын жырладым. Өйткені, қазақ қызы – қазақтың болашақ анасы. Ана тақырыбын ұлт тағдырымен, ұрпақ тəрбиесімен үндес деп білем. «Таңда десе қайта бастап өмірді, Сəби жүрек емес оған айыпты – Жырлау үшін, сүю үшін елімді, Мен қайтадан таңдап алам Жайықты», деп жырласам, мені тек өз жерін ғана сүйетін ақын екен деп ойламау керек. Жайықты жырлау арқылы, елді жырладым, елдікті айттым, Жайық арқылы тазалықты, тұнық таза мөлдірлікті жырладым» дей келіп, қалың қазақтың Қадырын шынардың сыңарындай Фаризасын

кішкентай оќырмандарєа жол тартты Жақында балаларға арналып жарық көрген «Теңгебала» атты кітап алдағы уақытта аса танымал болатын сыңайлы. Онда қазақстандық ақшалардың тарихы, олардың адамдар мен отбасылар арасындағы, ұланғайыр қазақ жерінде сандаған ғасырларда бір-бірін алмастырған тұтас мемлекеттер арасындағы қарымқатынастарды дамытудағы орны мен рөлі жайлы жатық тілмен жақсы баяндалған. Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан».

Теңге туралы кітап тұңғыш рет балаларға арналып отыр. Ал қандай да бір ілкімді оқиғаның алдында «тұңғыш» деген сөз тұрғаны əрқашан ғанибет. Егер сол оқиғаның авторы өзіңіздің əріптесіңіз, біздің «Егеменмен» қанаттас «Казахстанская правда» газетінің арнаулы тілшісі, елімізге танымал журналист Алевтина

Донских болса, тіптен сүйініші мол. Алевтинаны қазақстандық іскерлік журналистиканың майталман шебері деп таниды жұртшылық. Олай болса, ұлттық валютамыз туралы бейілді білгірлікпен жазылған мына қызғылықты да пайдалы кітап бізге біртабан жақынырақ. Мұндай басылым балаларға арналып жазылуы да тұңғыш рет. Кітаптың тұсаукесері кезінде айтылғандай, бұл сөз жүзінде емес, нағыз іс жүзінде балалардың қаржылық сауатын ашу жолындағы нақты қадам болып табылады. Кітап шын мəнісінде ғажап. Онда небір танымдық деректер кездеседі. Ақшаның дүниеге келуі туралы көптеген тарихи мəліметтерге қанығасыз. Дəл осы себептен де ол бір деммен оқылады. «Теңге-бала» сирек дəйектермен, қызғылықты тарихи мағлұ маттармен балалардың ғана

емес, үлкендердің де ой өрісін кеңейтуге көмектесері анық. Кітаптың алғысөзінде Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының төрағасы Серік Аханов кішкентай оқырмандарға арналған мұндай басылымдар əрқашан қызғылықты əрі, ең бастысы, танымдық тұрғыдан зерделі болатындығын атап көрсетті. Сонымен бірге белгілі экономист-ғалымның мұнда əлем тарихына ықпал етуге қабілетті ақшаның қуат-құдіреті

терең де астарлы, көркем де көрікті мағынасымен ашылған деген сөздерін де құп көрдік. Енді біздің Алевтинаға келер болсақ, ол – білімі бойынша математик, ал құштарлық-қалауы бойынша журналист. Сонымен бірге, ол дүниеде болып жататын күрделі жайларды өз балаларына қарапайым да ұғынықты тілмен түсіндіруге тырысатын ана. Дəл осы қасиеті оған қаржы жəне қазақстандық валютаның өмірге келуі туралы балалар кітабын ұғынықты жазып шығуға көмектескен жайы бар. Оның баяндауы осындай пəнді əдепкі мектептің 5-6 сынып оқушыларының миларына мияттап құйып түсінікті оқытқандай əсер қалдырады. Соңғы 15 жылда осы тақырыпқа үзбей жазып жүрсе де, автор мына жанына жақын жинақты дайындау үстінде қаржы тарихы туралы өзі де жаңадан көп нəрселерді

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

Елемейді қара қызын Тарастың. Жерлестерім – жанашырым. Далам – құт. Бақылайтын қадамыңды дəл аңдып. Аман болсын біздер туған сол ауыл! Екі қызға тілейтін тек амандық» деп жырға қосқан Жадыра Ақұштап Бақтыгерееваға сырын жайып, «Сіз жəне мен» деген өлеңін арнапты. Зейнолла Қабдолов ағамыз «Мен Ақжайықты үш қызы арқылы танимын: бірі – махаббатың символы Қыз Жібек, екіншісі – батыр қыз Мəншүк, үшіншісі – ақын Ақұштап» десе, сол өнегелі із «Барлық ғасыр сөз еткен ақын жайлы Ақын жырын əр ғасыр мақұлдайды» демекші, жыр бəйгесіне қатысқан жас ақындардың үнімен үзілмей жалғасып жатқанын көрдік. Рита СҰЛТАНҒАЛИЕВА, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің баспасөз хатшысы.

анықтап білгенін мойындайды. Бұл тақырыпқа келуі де жайдан-жай емес. 1999 жылғы теңге девальвациясы кезінде оған редакция басшылары: «Сен – математиксің, қаржы жайында сен жазуың керек» деген болатын. Міне, сол кезден бері, өзі айтқандай, қаржы жырын жырлап келеді. Ал қаржы жыры болса таусылар емес. Егер бұрын қаржы жайында жай ғана ересектерге арнап жазса, бүгінде жаңа биіктерді бағындырып, қаржы жырын балаларға арнады. Мектеп оқушылары өздеріне арналған қаржы туралы кітапты қазірдің өзінде бағалап жатыр. Мысалы, алматылық №7 мектеп-лицейдің оқушысы Əсел Құмарбекова былай деп жазыпты: «Осы кітапты оқып көп жаңа нəрселерді білдім. Сөйтсем, ақша адамзат тарихында қазіргідей болғанға дейін үнемі өзгеріп отырған екен ғой. Ең алғашқы ақшалар Месопотамияда шығыпты». Сондай-ақ, балалар «Теңгебаланың» арқасында көптеген ғибратты мақалдарды да алғаш білуде. Айтар болсақ, «Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын», «Теңге тиыннан құралады», т.с.с. «Теңге-баланы» жазу туралы ой біздің валютамызға он бес жыл толған кезде туындапты. Бірақ кітапты бірден шығаруға мүмкіндік болмапты. Ақыры оның тарауларын Хоум Кредит Банктің басшылығы көрген кезде басылымның бағы ашылған екен. Мұндағы тарихи мағлұматтарға, оқыс теңеулерге, халықтардың экономикалық тарихында ғибратты істер тындырған біртуар тұлғаларға, баяндаудың ғажаптығына сүйсінген банктегілер оны кітап етіп шығаруды ұйғарған. Банкирлер мұндай кітаптардың өскелең ұрпақтың қаржылық тұрғыдан дамуына көмектесетініне кəміл сенеді. Ондай ұрпақ болашақта банктің сауатты клиенттері болмақ, өз қаржыларын дұрыс басқармақ, банк шытырмандарында оңай бағдар таппақ. Ал кредит пен депозиттің не екенін білетін клиенттер өз салымдарының сенімді ақтап қана қоймай, сонымен бірге, олардың Қазақстан экономикасын дамытудың ұтымды құралы болатынын жақсы түсінеді. Аталмыш кітаптың құндылығы да, міне, осында. Кітаптың таралымы Қазақстанның балалар кітапханаларына, балалар үйлеріне жəне қоғамдық қорларға тарту етілді. Ол жерлерде де авторды қатыстыра отырып «Теңге-баланың» тұсаукесер рəсімдері өтпек. Сондай-ақ, кішкентай оқырмандарға жол тартқан «Теңге-баланы» қазақ тіліне тəржімалау жағы да ойластырылуда. АЛМАТЫ. ––––––––––––––––––––

Суретті түсірген Юрий БЕККЕР.

Қостанайда ХІІ «Золотой микрофон» халықаралық балалар əн байқауы аяқталды. Бұл шараның жыл өткен сайын қанаты қатайып, аясы кеңейіп келеді. Биыл оған 60тан астам жас əнші қатысты. Ең жас əнші төрт жасар Мəдина Қабжəлел байқауға Торғайдан келіп қатысты. Байқаудың мақсаты мəреден көріну болса керек. Үшінші орынды Астана қаласынан келген Егор Кривенко, алматылық Рауан Жолдасова, Ақтаудың «БиС» дуэті, қостанайлық Ардақ

Ердəулет жəне Ресейдің Челябі қаласынан келген Елизавета Грек бөлісті. Екінші орынды алматылық жас əнші Ақниет Сүйіндікова, қостанайлық Нұрилə Қоқанбекова, «Байтерек» тобы, Беларусьтен келген Владислав Старченко алды. Бірінші орын ақтаулық Луиза Нұрқуатоваға, Алматы облысынан келген Қанат Перизатқа, болгарлық Антонина Димитроваға жəне қостанайлық Ай дар Жазықбаевқа бұйырды. Айдарды халықаралық байқаудың ұйым дастырушылары Белорусьтегі əн фестиваліне шақырды. Ал əн бəйгесінің бас жүлдесін

АЛМАТЫ.

 Оралмандар – Отан деп оралғандар

125 отбасы келетін болды Бұл жайында облыстық əкімдікте өткен кеңес барысында Жұмыспен қамтуды үйлестіру жəне əлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы Сағындық Есімханов мəлім етті. Қуаныштысы, көшпен бірге көп бала келсе, облыстың ауылдарындағы бос қалған мектептер толады деген сөз. Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Ел Үкіметінің көші-қон мəселесін қайтадан қолға алғаны жайлы хабар бүкіл қазақты қуантты. Бұған дейін көші-қон арқылы елге келген оралман ағайындарымыз негізінен солтүстік өңірлерге орна ластырылатын. Енді қандастарымыз өңірді өздері таңдайтын болды, солтүстік пе, оңтүстік пе қай өңірге келсе де, оралман мəртебесін ала алады. Азаматтық алу мер зімі де қысқартылады. Мұны естіп ағайындар қатты қуануда, дейді

елімізге 1991 жылдары екі елдің еңбек шарты келісімімен жеткен Мұхит Жақсылықұлы. Жалпы, сол жылдардан бас тап елімізге 1 мил лиондай қа зақ қоныс аударған болса, олардың 6521 отбасы немесе 29445 адамы солтүстік өңірдегі біздің өндірісті облысқа қоныстанған. Облысымызға қазақ отбасылары Моңғолия, Өз бекстан, Тəжікстан, Қырғызстан, Қытай, Ауғанстан елдерінен қоныс аударған. Енді міне, тоқтап қалған қазақ көші қайта қозғалмақ. Қазір алдағы күндерде облысқа келетін 125

отбасын Лебяжі, Май, Баянауыл, Железин, Ақсу қаласы ауылдық аумақтарына, басқа аудандарға қоныстандыру, оларды тұрғын

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 341-08-12.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru, egemenkz@maіl.kz Алматыда: факс (727) – 341-08-12, электронды пошта – egemalm@mail.ru

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – (712-2) 32-94-07; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

«Егемен Қазақстан».

ҚОСТАНАЙ.

ќостанайлыќ əншіге бўйырды

«Егемен Қазақстан».

Айнаш ЕСАЛИ,

Жандос Мухаммади жеңіп алды. Ол облыстың Лисаков қаласындағы орта мектептің жоғары сыныбында оқиды. Оған облыс əкімі Нұралы Сəдуақасов 300 мың теңгенің сертификатын тапсырды. – «Золотой микрофон» халықаралық балалар əн байқауы деңгейінің өскені сонша, мұндағы қазылар алқасы іріктеген жас əншілердің дүниежүзіндегі осындай кез келген байқауда бағын сынатуға болады. Мұнда да Еуропадан, Азиядан жас дүлдүлдер, жас бұлбұлдар келді. Талант жасқа қарамайды екен. Екіншіден, əр жақтан келген балалар үш күнде достасып, кетерде қимай, жылап тарқасты. Мұны көрудің өзі де ғанибет! Бір өкініштісі, Украина тарабы жас таланттарды байқауға қатыстырмай билеттерін қайта өткізді, – дейді байқауды ұйымдастырушылардың бірі Вячеслав Авдеев. Белгілі композитор, қазылар алқасының төрағасы Кеңес Дүйсекеев байқауда қостанайлықтарға Қостанай об лысының əнұранын тарту етті. Байқаудың галакон церті осы шығармамен қорытындыланды.

ОРАЛ.

Бас жїлде

Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА,

Акинори Алматыда тўраќтай ма? Спортсүйер қауым, соңғы жылдары сумо күресінің хас шебері Асасёрю Акиноридің Алматығы қайта-қайта келіп жүргенін біледі. Сөйтсек, оның да өзіндік сыры бар екен. Ең басты жүлде – Император Кубогын 25 рет жеңіп алған əйгілі моңғол жігіті қазақ жерінде сумо күресін дамытуды қолға алмақ. Улан Баторда туған балуан ХХІ ғасырдың тұңғыш ёкодзуны (сумо күресінің ең биік дəрежесі). Яғни, Моңғолиядағы сумо тарихындағы алғашқы балуан жəне ёкодзун жоғары атағын алған үшінші шетелдік. Жасы əлі отызға жетпеген даңқты Асасёрю: «Кезінде менің күрестерім арқылы Моңғолия əлемге танылды. Енді мен қазақстандық спортшылар өз елінің даңқын арттыруы үшін бар білімім мен тəжірибемді осы өрелі іске жұмсағым келеді», деп ағынан жарылып отыр. Көбінесе күреске «Көк айдаһар» деген лақап атпен шығатын сумошының шын аты-жөні – Долгорсурэнгийн Дагвадорж. Улан Баторда ұлттық күрес стилі бойынша даңқы шыққан отбасында туған Асасёрю Акиноридің қалған үш ағасы да танымал спорт тұлғалары көрінеді. Сумо жекпе-жегі бойынша бүгінге дейін алдына жан салмаған алыптың бірі осының алдында Қазақстанға «Бес қару» атты ұлттық спорт түрлері Қауымдастығының президенті Дəурен Мұсаның шақыртуымен келген-ді. Өткен жылы «Көк айдаһар» Қазақстанды аралап, талантты бір спортшы тауып, жапон ұлттық күресінің бүкіл қырсырына баулымақ ниетін білдірген еді. Оның ойынша, қазақстандықтар көбінесе Лондон олимпиадасында күшке салатын спорт түрлеріне бейімділігін көрсеткен. Сонымен əйгілі сумошы Алматы қаласы əкімінің қабылдауында болып, оңтүстік астанада күрестің осы түрін дамытуға ынталы екендігін білдірген. Өз кезегінде əкім Ахметжан Есімов бұл бастаманы қолдап: «Алматы – Қазақстанның спорт орталығы. Біздің мегаполисте спорттың көп түрі дамыған. Спортқа қолдау көрсету біздің басты міндетіміздің бірі. Сондықтан, қаламызда көптеген секциялардың, соның ішінде сумоның да ашылғанын қалаймыз», – деді.

 Еркін елдің ертеңі

 Тұсаукесер

Теѕге-бала

еске алып, көзіне жас алды. Қасым, Тайыр, Жұбан, Сағынғали, ақындарға қарындас бола білген ақын апамыз өлең құдіретіне бас ие жыр толғады. Жыр додасына түскен дүлдүлдер ақшалай сыйлықпен марапатталды. Үшінші орынды Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ студенті Лəззат Мақаш пен Қарағанды «Болашақ» университетінің студенті Абай Ораз бөлісті. Жүлделі екінші орын Шəкəрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің студенті Арман Шеризатовқа бұйырса, бірінші орынды Қарағанды «Болашақ» университетінің студенті Аян Мейраш иеленді. Бас бəйге М. Өтемісов атындағы БҚМУ студенті Жадыра Ерманованың еншісіне тиді. Бала кезінен ақын апасының өлеңдерін жаттап өскен Жадыраның тастанды сəби тағдырын қозғаған еркін тақырыптағы өлеңі əсерлі, мұңды иірімдерімен ерекшеленді. «Қай кезде де жақсылыққа жанасты. Туған елге қамқорлықпен қарастың. Сізді бəрі көрсем дейді, ал ешкім

 Спорт

Көкшетау – (716-2) 25-76-91; Павлодар – (718-2) 68-59-85; Қарағанды – (721-2) 43-94-72; Семей – (722-2) 52-26-86; Қостанай – (714-2) 39-12-15; Тараз – (726-2) 43-37-33; Қызылорда – (724-2) 27-00-85 Шымкент – 8 (701) 747-63-01; Орал – (711-2) 28-80-35; Петропавл – (715-2) 50-72-50. Өскемен – (723-2) 25-28-41; Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 341-08-11, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Ермеков к-сі, 33, «Қарағанды полиграфия» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Смағұлов к-сі, 9 К, «Хабар-Сервис» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Мұхит к-сі, 57/1, «Жайық Пресс» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

үймен, жұ мыс пен қамтамасыз ету жүйе-жобалары жасалуда. Павлодар облысы.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 201 715 дана. Нөмірдің кезекші редакторы

Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 4 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №302 ek

Profile for Egemen

05052014  

0505201405052014

05052014  

0505201405052014

Profile for daulet
Advertisement