Page 1

Кеше Елбасы Нўрсўлтан Назарбаев жўмыс сапарымен Аќмола облысында болып, ґѕірдегі əлеуметтікэкономикалыќ реформалардыѕ жїзеге асырылу барысымен танысты.

№267 (28206) 4 ЖЕЛТОҚСАН СƏРСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

Асулардан асќан агрофирма Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кеше жұмыс бабындағы сапармен Целиноград ауданындағы «Родина» агрофирмасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болып, е л і м і з д е гі оз ық шар уашы лықтың əлеуметтікэкономикалық даму барысымен танысты. Мемлекет басшысын родиналықтар ашық-жарқын құшақпен қарсы алып, күні кеше атап өтілген Тұңғыш Президент күнімен көзбе-көз құттықтау мүмкіндігі туғанына ризашылық сезімдерін білдірді.

Қазақстан Республикасының Заңы

«2013 – 2015 жылдарєа арналєан республикалыќ бюджет туралы» Ќазаќстан Республикасыныѕ Заѕына ґзгерістер енгізу туралы

Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».

Елбасы Н.Назарбаев пен оның жанындағы ресми адамдар алдымен агрофирманың мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде бой көтерген сүт зауытына атбасын тіреді. Серіктестікте 2007 жылы қанатқақты жоба негізінде сүт-мал шаруашылығы кешені құрылып, жаңадан 20 жұмыс орны ашылды. Осы жылы Канададан 752 бас Голштейнфриз тұқымды ірі қара мал сатып алынды. Қазір оның саны 2500 басқа жетіп, асыл тұқымды зауыттағы əр сиырдан алынатын жылдық өнім 7200 литрге жеткен. Түбінде шаруашылықтағы барлық мал осы тектес сиырлардан құралатын болады.

Селекциялық сұрыптау жұмыстары, малды өз төлі есебінен өсіру қадамдары бұл мақсаттың орындалатынына шəк келтірмейтіндей. Ин новациялық технологияны ұстанатын кешендегі бүкіл жабдық Германиядан алдырылса, өндірісті автоматтандыру,

компьютерлік басқару мен бақылау жұмыс өнімділігін арттырып отыр. Мəселен, «Карусель» тектес айналмалы қондырғы 12 минутта 50 сиырды сауып шығуға мүмкіндік береді. Жалпы, мұнда өндіріске инвестиция құю бірінші кезектегі мəселе саналып, қаржыны орынсыз қысып қалу

қайтарымды əлсіретеді деген ұғым қалыптасқан. Яғни, тиімді бизнес арқылы кəсіпорынды дамытудың стратегиялық бағдарламасы болашақтың өскелең талабынан өзек тартады деуімізге болады. (Соңы 2-бетте).

1-бап. «2013 – 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2012 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 18-19, 118-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 12, 60-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) 1, 2 жəне 20-баптар мынадай редакцияда жазылсын: «1-бап. 2013 – 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет тиісінше 1, 2 жəне 3-қосымшаларға сəйкес, оның ішінде 2013 жылға мынадай көлемдерде бекiтiлсiн: 1) кiрiстер – 5 152 711 777 мың теңге, оның iшiнде: салықтық түсiмдер бойынша – 3 511 723 367 мың теңге; салықтық емес түсiмдер бойынша – 88 890 504 мың теңге; негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша – 7 700 000 мың теңге; трансферттер түсiмдерi бойынша – 1 544 397 906 мың теңге; 2) шығындар – 5 743 716 813 мың теңге; 3) таза бюджеттiк кредиттеу – 40 831 419 мың теңге, оның iшiнде: бюджеттiк кредиттер – 122 125 013 мың теңге; бюджеттiк кредиттердi өтеу – 81 293 594 мың теңге; 4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар

бойынша сальдо – 158 721 629 мың теңге, оның iшiнде: қаржы активтерiн сатып алу – 167 531 629 мың теңге; мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер – 8 810 000 мың теңге; 5) тапшылық – -790 558 084 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмiнiң 2,3 пайызы; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру – 790 558 084 мың теңге. 2-бап. 2013 жылға арналған республикалық бюджетте Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенiн пайдаланғаны үшін 17 480 000 мың теңге сомасында жəне əскери полигондарды пайдаланғаны үшін 3 767 472 мың теңге сомасында жалдау ақыларының түсiмдері көзделсiн.»; «20-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылға арналған резервi 46 024 637 мың теңге сомасында бекiтiлсiн.»; 2) көрсетілген Заңға 1 жəне 4-қосымшалар осы Заңға 1 жəне 2-қосымшаларға сəйкес редакцияда жазылсын. 2-бап. Осы Заң 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 29 қараша. № 146-V ҚРЗ

Қазақстан Республикасының Заңы

Ќазаќстан Республикасыныѕ Ўлттыќ ќорынан 2014 – 2016 жылдарєа арналєан кепілдендірілген трансферт туралы

1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттің мөлшерлері Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мынадай мөлшерлері бекітілсін: 2014 жыл – 1 380 000 000 мың теңге; 2015 жыл – 1 380 000 000 мың теңге; 2016 жыл – 1 380 000 000 мың теңге. 2-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тəртібі 1. Осы Заң 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа

енгізіледі. 2. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2013 – 2015 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» 2012 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2012 ж., № 17, 113-құжат) күші жойылды деп танылсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2013 жылғы 29 қараша. № 147-V ҚРЗ

Инвесторлар Алматыда бас ќосты Алматы қаласында отандық жəне халықаралық бизнес қауымдастықтың өкілдері мен банкирлер, қаржыэкономика саласының білгір мамандары бас қосқан І Алматы инвестициялық форумы өз жұмысын бастады. Қанат ЕСКЕНДІР, «Егемен Қазақстан».

Алқалы жиынға ел Үкіметінің басшысы Серік Ахметов арнайы қатысып, форум қонақтарының

алдында Қазақстанның экономикалық ахуалы мен қол жеткізген табыстары, инвестор тартуға жасалып отырған толымды бағдарламалары туралы айтып берді. Сондай-ақ, бұл

форум Қазақстанның, оның ішінде Алматы қаласының инвестициялық ахуалын жақсартуға үлкен үлес қосатындығын айта келе, бүгінгі таңда елімізде жинақталған тікелей шетел инвестициясы көлемінің жан басына шаққанда 6,5 мың АҚШ долларын құрап отырғанын мəлімдеді. (Соңы 2-бетте).

 Елімен етене Елбасы

Сауытбек АБДРАХМАНОВ. «Жазушы есебінде маған, əрине, мыңдаған жылдық ұзақ тарихы бар əдебиеттің артықшылығы, жақындығы сөзсіз. Сан ғасырлар, талай таланттар адамның əлемді көркем сөз арқылы бейнелеу қабілетін ғажап мүмкіндіктерге жеткізді. Ал өнер атаулының ең жасы – кино əдебиетпен салыстырғанда соншама балаңдығына қарамай, осы аз ғұмырында-ақ өмірдің өзгермелі құбылыстарын қалтқысыз көрсетуде таңқаларлық икемділік танытып үлгерді. Бір кезде заттардың қимылын ғана көрсетіп, ермектік қызмет атқарумен шектелген жартылай фотографиялық аңғырт сурет бүгінде адам жанының жықпыл ормандарына, сезім тұңғиығына еркін тереңдейтін, тарихи оқиғаларға, əлеуметтік құбылыстарға өзіндік баға беріп, қоғамдық ой-пікірге елеулі əсер ете алатын үлкен тəрбиелік күші бар қуатты құралға айналып отыр. Бұл жағынан ол əдетте баяу өзгеретін өнерді емес, күн сайын бір жаңалық ашылып, сағат санап дамып отырған атомдық физика, электроника, космонавтика секілді ғылымның соңғы салаларын еске салады. Əдебиеттің, театрдың, музыканың, көркемсуреттің бай тəжірибесін өз бойына сіңіріп, олардың ең асыл қасиеттерін дұрыс іріктей білу арқылы кинематограф адамның жан дүниесіне айрықша эмоциямен əсер ете алатын көркемдік қуатқа ие болды. Өмірдің сан қырлы көріністерін бар қимыл-қозғалысымен жанды күйде жеткізуде өнердің өзге түрлерінен киноның артықшылығы бұл күнде талас тудырмаса керек. Биік кино өнері жоқ кез келген ұлттық мəдениет, өзге саладағы табыстарына қарамай-ақ олқы соғып, кем қалып жатады дер едім».

ЕР ЖОЛЫ – ЕЛ ЖОЛЫ

Дəл отыз сегіз жыл бұрын, 1975 жылдың 26 қарашасында сол кездегі «Лениншіл жаста» «Қайткенде адам қалады адам болып» деген тақырыппен жарияланған сұхбатта заманымыздың заңғары Шыңғыс Айтматов бізге осылай айтқан еді. Атақты қаламгердің: «Биік кино өнері жоқ кез келген ұлттық мəдениет, өзге саладағы табыстарына қарамай-ақ олқы соғып, кем соғып жатады» дегені университетті жаңа бітірген, сол кездегі Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің Кинематография жөніндегі мемлекеттік комитеті сценарий алқасының деректі фильмдер бойынша редакторы деген салақұлаш қызмет лауазымы бар жас журналистің жадында жатталып, санасында сақталып қалған болатын. 1 желтоқсанда – Тұңғыш Президент күнінде Астанадағы «Қазақстан» кино-концерт залында Нұрсұлтан Назарбаев өмірінің бел-белестеріне арналған «Елбасы жолы» киноэпопеясының «Отты өзен» жəне «Темір тау» атты екінші жəне үшінші тараулары көрсетілді. Фильмнен кейін Шыңғыс ағаның сол сұхбатын тағы бір қайталап оқыдық. Сөйтсек, жазушының кинематографтың таза өнер тұрғысындағы қасиеттерімен қатар, оның «тарихи оқиғаларға, əлеуметтік құ былыстарға өзіндік баға беріп, қоғамдық ой-пікірге елеулі əсер ете алатын» мүмкіндігін де қамти айтқаны дəл осы шығарманың табиғатын тануға дəп септеседі екен. Айтматов сұхбатында айтылған «үлкен тəрбиелік күші бар қуатты құралға айналып отыр» деген сөздердің мағынасы жайында да ойға қалдық. Неге? (Соңы 3-бетте).


2

www.egemen.kz

4 желтоқсан 2013 жыл

Асулардан асќан агрофирма (Соңы. Басы 1-бетте).

Жоғарыда атап көрсетілген заманауи қайта өңдеу зауыты 2012 жылдың тамыз айында пайдалануға беріліп, оның құрылысына 762 миллион теңге жұмсалған. Мұнда шаруашылықтың өз қаржысымен қоса, «ҚазАгроҚаржы» АҚ əріптестік қолдауы айтарлықтай демеу болғаны анық. Кəсіпорын бүгінгі күні тəулігіне 25-30 тонна сүт өңдеп, өтімді тауардың жиырмаға жуық түрін шығаруда. Біздің шаруашылық табиғи шикізатты бірінші кезең сатысында өңдейтіндіктен, өзге əріптестерге қарағанда елеулі артықшылық жағдайда, – деді Елбасына кəсіпорын қызметі жайлы баяндаған «Родина» агрофирмасы» ЖШС бас технологі Константин Баньщиков. – Біздің ұстанымымыз – т ұ т ы н у ш ыл ар ғ а қо сп асыз өнімдер ұсыну, технологиялық та лаптарды қатаң бақылау, өндірістің жоғары мəдениеті, өнімді қолжетімді бағамен базарлау. Зертхананың күн сайынғы тексерісінен тысқары облыс, аудан, тіпті, Астана қаласындағы мекемелерде қосымша сараптама зерттеулер жүргізіледі. Тұтынушы талғамындағы жеті түр лі өніміміздің құрамында май, белок, көмірсутегі, оның жұғымдылығы сияқты нормалы сұраныстар қамтамасыз етіліп, əр өнімнің ерекшелігіне сай 3,2-ден 7,5 пайыздық майлылық дəрежесі ұсталады жəне дəрумендердің бай қоры сақта лады. Тоңазытқыштармен жабдықталған авторефрижераторлар айрықша маңыз артылатын тасымал ісін алаңсыз ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Сүтті қайта өңдеу желісіндегі жұмысшы-операторлардың барлығының арнайы сертификаты бар. Ұжымдағы 22 адамның кəсіби біліктілігі жоғары. Соған сəйкес, олардың айлық орташа табыстары 80 мың теңгеден төмендеген емес. Жергілікті мамандар табыс кепілі сапада екендігін алдымен тілге тиек етеді. Қазіргі таңдағы ең жоғары өндірістік баға – «Алтын сапа». Родиналықтар 2006 жылғы республикалық бірінші байқауға қатысып жеңімпаз атанса, 2010 жылы да мерейлері үстем болып, екінші рет алтын медаль жəне алтын кубокпен марапатталды. Қазақстанның агроөнеркəсіп

кешені жетістіктерінің «Қараөткел» көрмесінің қорытындысымен үш мəрте «Алтын белгі» медалі мен дипломына да ие болды. Салалық министрліктердің, тұтынушылар мен əріптестердің алғыс хаттары қаншама. Бұл жай ғана көрсеткіш емес, баршамыздың басты мақсатымыз саналатын сұраныстың өскендігі, маңдай тердің ақталғандығы, еңбектің жанғандығы, жалпыхалықтық мойындау, алғыс-рахмет деп тоқтаусыз толғануға тұрарлық бағам. Басты тұтынушы – талғамы биік Астана тұрғындарының ниеттілектерінен таратып, нақтырақ сөйлелік. Агрофирма соңғы үш жылда елорда дастарқанына 4000-нан 5200 тонна аралығында сүт өнімдерін жеткізіп отырған. Мұның барлығы бас қаланың 200ден астам дүкенінде сатылып, 50 мектеп пен балалар бақшасының, 10 денсаулық сақтау мекемесінің игілігіне жаратылыпты. Астананың азық-түлік белдеуін толықтыру, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы мерейлі жүктің жауапкершілігіне адалдықты аңғарамыз бұдан. Облыс орталығы мен аудандар тұрғындары да родиналықтарға абырой, табыс тілеп отыратыны сүйінішті.

Сапа дегеніңіз осы. Шаруашылыққа 2010 жылы Гольштейн тұқымды ірі қара өсіруге бағытталған асылтұқымды зауыт мəртебесі берілген. Серіктестік өнімінің барлығы СТ РК ИСО 9001-2009 сапа менеджменті жүйесімен сертификатталған. Азықтық тауарлардың қауіпсіздігі жөніндегі СТ РК ИСО 22000-2006 жəне СТ РК 1733-2007 сертификаттары талаптарына сай сүтті 120 сағат, ал айран, қаймақ, сары май, сыр, ірімшік пен сүзбені 7 тəулік бойы алаңсыз сақтай аласыз. Айналып келгенде, жоғарыда аталған сертификаттар жиынтығы барлық өндірістік жəне басқару үдерістерін халықаралық ISO 9001:2008 стандарттары талабында жүргізуге кепілдік береді. – Сіздің тапсырмаңыз бойын ша өңір Астананың азықтүлік белдеуін қалыптастыруға белсенді түрде қатысуда, – деді Елбасына осы мəселе жөнінде баян еткен облыс əкімі Қосман Айтмұхаметов. – Бастама қолға алынған 2009 жылдан бері 45 миллиард теңгенің 75 жобасы жүзеге асырылды. Осының нəтижесінде елорда тұрғындарының сұранысы ет жəне ет өнімдері бойынша 41 пайызға, сүттен 45 пайызға өтеліп отыр. Жұмыртқа мен құс

еті жөнінен көрсеткіш бұдан да жоғары. Мұның өзі қосымша мүмкіндіктердің молдығын айқындайды. Қазір біз жыл аяғына дейін тағы да 5 жобаны іске асыруды қамтамасыз етпекпіз. Соңғы екі жылда облысқа шетелден 11 660 бас асылтұқымды ірі қара жеткізіліп, жаңадан 16 асылтұқымды шаруашылық құрылыпты. Яғни, республика бойынша сатып алынған түліктің үштен бірі өңір малшыларының үлесінде. Жергілікті жағдайға бейімделген малдан былтыр 6 685 бас төл алынса, биылғы жылы оның саны 10 000-ға жетіп отыр. Сондай-ақ, етті мал ша руашылығын үдемелі түрде дамыту жəне тауарлық өндірісті ынталандыру мақсатында респуб ликалық бюджеттен 2012 жылы бөлінген 2 миллиард теңге жəрдемақы толығымен игерілді. Биылғы жылдың еншісіндегі 3 миллиард теңгеден артық қаржы шаруашылықтар сұранысына бағытталуда. Мұның өзі ауыл тұрғындарын жыл он екі ай бойы жұмыспен қамтуға, қайта өңдеу салаларын дамытуға қолайлы əсер етуде. Шаруашылық басшылары осындағы үш ауылдың тұрғындарына қала тұрмысына мейлінше

Инвесторлар Алматыда бас ќосты (Соңы. Басы 1-бетте). «Бұл көрсеткіштерге макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жəне қолайлы инвестициялық ахуал құру бойынша жүйелі шаралардың арқасында қол жеткізілді. Бүгінгі таңда Қазақстанда 8 мыңға жуық кəсіпорын шетел капиталының қатысуымен белсенді жұмыс істеуде. Оның ішінде «Fortune-500» жəне «Global-2000» тізіміне енген ірі трансұлттық компаниялар бар. Үстіміздегі жылы Қазақстанда автокөлік құрастыру бойынша «Тойота» жəне «Пежо» компанияларымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды» деді Серік Ахметов. Мемлекет басшысының инвесторларға бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасауға айрықша көңіл бөлетініне тоқталып, қолданыстағы

заңнамада құрал-жабдықтарды импорттау кезінде кедендік салықтан босату, жер телімдері түріндегі гранттар бөлу, жекелеген салықтар бойынша жеңілдіктер жасау секілді бірқатар шаралардың қарастырылғанын атап көрсетті. Шетел инвесторларының барып-келу жағдайлары жақсарып, инвесторлық визаларды алу мерзімдері қысқарғанын, Қазақстанның барлық өңірлерінде инвесторлар үшін жобаларды жүзеге асыруды бастауға қажетті ақпараттармен қамтамасыз ететін арнайы қызмет көрсету орталықтары құрылғанын мəлімдеді. Инвестицияларды тартуда жəне бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасауда мемлекет пен инвестор арасындағы тікелей тіл қатысулардың маңызын атай отырып, Үкімет басшысы бұл орайда ҚР Президенті жанындағы Шетел инвесторлары Кеңесінің тиімділігіне де тоқталды. Кеңестің

инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша жəне ведомствоаралық жұмыс топтарының табысты қызметтерін атап өтті. Оның айтуынша, 2013-2014 жылдарға арналған Дүниежүзілік экономикалық форумда жарияланған инвесторлардың құқықтарын қорғау индексіне сəйкес, Қазақстан бірқатар Еуропа елдерін басып озып 10-шы орынды иеленген. Президенттің «Қазақстан-2050» Стратегиясы шеңберінде əлемнің дамыған 30 елінің құрамына ену міндетін алға қойғанына тоқталған С.Ахметов «бұл мақсатқа жету үшін инвестициялық саясатты одан əрі дамыта түсу мəселесінің негізгі тетік болып табылатынын» атап көрсетті. Премьер-Министр форумға қатысушыларға жаңа бастамаларды жүзеге асыруда табыс тілеп, Қазақстан Үкіметі есігінің əріптестік пен диалог үшін əрқашан ашық екенін жеткізді.

Форумның салтанатты ашылуында сөз алған қала əкімі Ахметжан Есімов шикізаттық өңір болмаса да Алматы қаласы өңірлік ішкі жалпы өнім көлемі бойынша республикада бірінші орында нық келе жатқанын, нақтылай есептегенде 308 миллиард доллардың өнімін өндіретін 1,5 миллионнан астам халқы бар Алматыда ішкі жалпы өнім жан басына шаққанда 25 мың долларды құрайтындығын жеткізді. Бұл орташа статистикалық көрсеткіші жағынан Чехия, Польша, Болгария, Румыния жəне тағы басқа елдерден жоғары. Ахметжан Смағұлұлының сөзіне қарағанда, Алматы үшін шағын жəне орта бизнестің маңызы ерекше. Елдегі əрбір төртінші кəсіпкер өз қызметін Алматыда жүзеге асырады. Салықтық түсімдердің 60 пайызы – шағын жəне орта бизнестің үлесінде. Алматыда инвесторлар үшін тартымды 3 бағыт бар. Олар – ақпараттық технологиялар паркі,

Əлеуметтік нысандарды аралады

Алматыға арнайы жұмыс сапарымен келген Үкімет басшысы Серік Ахметов кеше қаланың бірқатар əлеуметтік нысандарында болды. Алдымен түзету үлгісіндегі сөйлеу мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған №182 бөбекжайбалабақшасына келді. Осыдан кейін Үкімет басшысы Алматы метросына отырып, бірқатар стансаларды аралап, тозығы жеткен баспаналардың орнына салынып жатқан жаңа тұрғын үй кешенін көрді. Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Үкімет басшысы арнайы келіп көрген қаладағы №182 балабақшасы құрылысының аяқталуын күтіп жүрген ата-аналар оңтүстік шаһарда бар еді. Жаңа балабақшаға баратын бүлдіршіндердің тілін түсіну қиын, əйтсе де оларды өмірге бейімдеп, сөзін түзеу үшін кішкентай күнінен бастап арнайы мамандардың көмегі қажет. Іші-сырты келіскен заманауи балабақшада мұндай бүлдіршіндерге керекті жағдайдың барлығы да жасалған. Енді кезекте тұрған ата-аналар арнаулы

мекемеге перзенттерін бөбек кезінен апара алады. Өткен жылы ғана құрылысы басталған мектепке дейінгі мекеме осы қарашада толық салынып, жабдықталған. Бір мезетте 120 баланы қабылдап, жасына қарай алты топқа бөліп, тəрбиелей алады. Аталмыш балабақшадан бөлек кеше Алматыда 120 орындық тағы үш балабақша ашылды. Жалпы соңғы бес жылда Алматыда 29 балабақша салынып, халықтың игілігіне берілді. Осыдан кейін Үкімет басшысы Алматы метрополитенінің «Абай» стансасына келді.

Премьер-Министрді, қала əкімін таныған шаһар тұрғындары өздерімен жолау шылап келе жатқан Үкімет басшысына ілтипаттарын білдірді. – Биыл Алматыда қоғамдық көліктерді дамытуға көп көңіл бөлініп отыр. Қоғамдық көліктерді дамыту қаланың маңызды міндетінің бірі болып табылады. Мұнан да бөлек, біз жолдардың инфрақұрылымына үлкен назар аударып отырмыз. Алматыда жаңа жолайрықтар мен жолдар салынуда. Оған қоса қаланың ауасын ластамайтын қоғамдық көліктердің паркі ұлғайып келеді, – деді қала əкімі. Бұл күнде оңтүстік астанада экология мен транспорт қозғалысы ең көкейкесті мəселе болғандықтан, қалалық əкімдік 195 жаңа троллейбус пен 17 трамвай сатып алған. Метро тармақтарын ұзарту үшін құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Қала қозғалысына жеңіл

рельсті көліктерді кіріктіру жобасы көзделген. Сондай-ақ, табиғи газбен жұмыс істейтін 400 жаңа автобус пен 200-дей эко такси қалада түтіннің азаюына септеседі деп күтілуде. Оған қоса алдағы жылдың алғашқы үш айында газбен жүретін 300 автобус қоғамдық көліктердің санын көбейтіп, экологиялық транспорттарды жыл соңына дейін 60 пайызға ұлғайтылатын болады. Үкімет жетекшісі аялдайтын үшінші нысан – ескірген үйлердің орнында бой көтерген жаңа тұрғын үй кешендері болатын. Медеу ауданындағы Мақатаев көшесінің бастауына тұрғызылған бұл үйге баспаналары бұзылған үйлердің тұрғындары қоныстанатын болады. Қазіргі уақытта Алматыда 55 ескі үй немесе 563 пəтер бұзылады деп жоспарланған болса, олардың тұрғындары жалпы көлемі 27,6 мың шаршы метр болатын жаңа пəтерлерге көшірілмек. Үстіміздегі жылдың маусым айында Түркісіб

жақын қолайлы жағдайлар туғызуға ұмтылатынына қайран қаласың. Родина ауылының үйлері орталықтан жылытылады. Су жүйелерінің өзі 40,6 шақырымды, электр шамы тартылған асфальтты көшелердің аумағы 40 шақырымды алып жатыр. Үйлену тойы мен сəби туғандағы дəстүрлі базарлық 100 000 теңгені құрайды. Ұжым мүшелері 13-ші жалақы алады. «Жыл оқушысы» мен «Алтын белгі» иегерлері 150 000 теңгені иемденеді. Өткен жылғы Жеңіс мейрамында соғыс ардагерлері С.Глушко мен П.Богатыревқа «ВАЗ-2167» автокөлігі мінгізілді. Жалпы, агрофирманың əлеуметтік бағыттағы ақшалай үлесі 554,5 миллион теңгені құрайды. Ауыл облыстағы үздік елді мекен, ал оның мəдени ошағы республиканың «Үздік əлеуметтік жобасы» номинациясы бойынша республикалық «Парыз» байқауының жеңімпазы атанды. Мəртебелі қонақтар шаруашылықтың əртараптандыру бағытындағы табыстарына зейін қойды. Серіктестік соңғы үш жылда 2,5 миллиард теңгенің өнімін игілікке жаратты. Мұнда егіншілік саласының үлесі 65 пайызды құрайды. Биылғы жылы 36 965 тонна астық, 40 867 тонна сүрлем

жиналып, 5 059 тонна құнарлы шөп, 3 923 тонна майлы дақылдар тұқымы дайындалды. Егістіктің əр айналымынан 18,2 центнер дəн алынуы облыстағы жоғары көрсеткіш саналады. Ауылда 12 «АН-2» ұшағынан тұратын авиапарк көз қызықтырса, үдемелі индустриялық-инновация лық даму бағдарламасымен іске қосылған 750 квт. жел-қуат қондырғысы болашақтың төріне қиял өрбітеді. Жобаның сəттілігін агрофирманың электр энергиясына сұранымының 85 пайызын өтеп отырғандығымен дəлелдеуге болады. Елбасы Н.Назарбаев қаз-қатар сап түзеген қызыл кірпішті 8 тұрғын үйдің заманауи сəулет жарасымына жоғары бағасын берді. «Жастар» шағын ауданы атауындағы айрықша құрылыс жұмыстары биылғы 1 маусымда басталып, үдемелі екпінмен жүргізілгені «бəрекелді» дегізерліктей. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында бой көтерген, əрқайсысы 127 шаршы метрлік пəтерлерді қаржыландыруға «Родина» агрофирмасы бизнестің əлеуметтік жауапкершілігі бастамасымен қомақты үлес қосып отыр. Ауылда тұрғын үй кезегі жоқ.

Алатау ауданындағы өндірістік аймақ пен туризм. «Капиталистік қоғамда бəрі жеке табысқа негізделген. Алайда, қоғам мүшелері бір-біріне көмектесуді басты орынға қоймай көптеген мəселелер шешімін таппайды» деген пікірді алға тартқан Нобель сыйлығының иегері, бангладештік банкир əрі əлемдік экономика ғылымдарының профессоры Мұхаммед Юнус қоғам тек жеке пайдаға ғана негізделмеуі керектігін, мемлекет көптеген мəселелерде өз тарапынан көмек қолын созып, қоғам тұтастай өзара қолдау көрсеткен кезде ғана ілгері басу мен табысқа кенелетіндігін тілге тиек етті. Мұнан өзге, екі күнге созылған І Алматы инвестициялық форумында Ұлыбритания, Франция, Гонконг, АҚШ, Италия, Канада, Тайвань, Испания, Ресей елдерінен келген қаржыгерлер мен экономистер баяндама жасап, əлемдік экономиканың бағытын болжайтын сараптамалық жұмыстарымен бөлісті. АЛМАТЫ. ауданындағы Сейфуллин даңғылы, Молдағалиев, Сауранбаев, Чернышевский көшелері шаршысында 20 тұрғын үйдің алғашқы бесеуінің құрылысы аяқталып, жалпы көлемі 6,4 мың шаршы метр болатын 100 пəтер жаңа иелерін тапқан еді. Үкімет басшысы арнайы атбасын тіреген Медеу ауданындағы 72 пəтерлік тұрғын үй де – иелерін күтіп тұрған игілікті істің бірі. Үкімет басшысы биыл жыл басында құрылыс қолға алынып, межеленген мерзімде аяқталған жаңа үйді көріп, құрылыс мате риалдарының сапасын, тұрғындарға жайлы болуын қарап шықты. Қала əкімі Ахметжан Есімов Премьер-Министрге Алматыдағы көнерген үйлерді бұзып, олардың иелерін жайлы пəтерлерге көшіру үдерісінің жай-жапсарын толығымен мəлімдеді. Ал ескінің орнына жаңа үйге қол жеткізген тұрғындар Елбасына, Үкімет басшысына алғыстарын жеткізуді аманаттап, баталарын беріп жатты. АЛМАТЫ.

Мұнда шаруашылықтың жас мамандары, көпбалалы отбасылар қоныстанатын болады. Мемлекет басшысы сапар барысында «Солнышко» балалар бақшасының бүлдіршіндеріне арнайы бұрылып, думанды орданың қызық-қуанышына ортақтасты. Қос қабатты ғимаратқа бюджеттен 93 миллион теңге бөлініп, толықтай күрделі жөндеуден өткізіліпті. Осының нəтижесінде, бұрынғы төрт топқа қосымша, екі жастағы сəбилер тобы жұмыс істей бастаған. Мектепке дейінгі мекеменің негізгі міндеті – жас буынды тəрбиелеу жəне сапалы білім беру. Балабақшада жас ерекшелігі бойынша бөлінген 4 топ жұмыс істейді. Медициналық бөлме, спорт жəне музыка залдары бар. Ғимараттың жалпы аумағы – 1075 шаршы метр. Елбасы сапарының соңын да ауылдағы мəдениет үйінде тұрғындармен кездесіп, родиналықтардың бүгінгі тыныс-тіршілігі, алдағы мақсаттары туралы жылы шырайлы əңгіме өрбіді. Ауыл əкімі Лəззат Қонарбаева бұл жөнінде толық мағлұмат берді. Нұрсұлтан Əбішұлы ауыл шаруашылығының білгір ұйымдастырушысы Иван Сауэр басқаратын ЖШС республикамыздағы озық ұжымның бірі ретінде, үйренерлік өнеге танытып отырғанын бөлектеп айтты. – Ауылда 1700-ден астам адам тұрады. Осы адамдар мен ұжымның арқасында ауыл дамып келеді. Еңбек өнімділігі артуда. Шаруашылық басшылығы мен актив бұл ауылдың өркендеуі үшін бəрін жасауда. Егер де барлық шаруашылық осылай бар ынтасымен жұмыс істейтін болса, біздің елімізде азық-түлік өнімдері артығымен болар еді, – деді Қазақстан Президенті. Өз кезегінде тұрғындар ауылдың дамуы, соның ішінде бірқатар əлеуметтік нысандардың салынуы, бала туудың өскені жəне тұрғын үймен қамтамасыз етілуі жөнінде айтты. Сондай-ақ, олар Мемлекет басшысын ел игілігін одан əрі нығайтуға өздерінің лайықты үлес қосатынына сендірді. Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев тұрғындарға табыс пен игілік тіледі. Ақмола облысы, Целиноград ауданы.

----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Аптадаєы айшыќты оќиєалар

Кеше Орталық коммуникациялар қызметінің өкілі Алтай Əбибуллаев журналистерге осы аптада болатын ресми шаралар туралы баяндаған брифинг өткізді. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

Алдымен ол 5 желтоқсанда Премьер-Министр Серік Ахме тов жəне басқа да Үкімет мүшелері Спорт жəне денешынықтыру істері агенттігінің төрағасы Тастанбек Есентаевтың Қазақстан құрама командасының Сочиде болатын ХХІІ Қысқы Олимпия ойындарына баруға дайындығы туралы баян дамасын тыңдайтынын айтты. Біздің мемлекет спорттың қысқы түрлеріне де басымдық береді, оған Астана мен Алматыда VІІ Қысқы Азия ойындарының табыспен өткізілгені куə, деді өкіл. А.Əбибуллаевтың айтуына қарағанда, 4 желтоқсанда Бəсекелестіктің еуразиялық бағдарламасы бойынша алғашқы дөң гелек үстел өтеді. Мұнда Қазақстанның əлемдегі бəсекеге барынша қабілетті 30 елдің қатарына ену мəселесі сөз болмақ. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің төрағасы Əлихан Байменов 5 желтоқсанда жұмыс сапарымен Париж қаласына барып, француздық əріптестерімен ынтымақтастықты тереңдету мəселелері бойынша келіссөздер жүргізеді. Одан əрі Ə.Байменов Түркияға сапар шегіп, өзінің ондағы əріптестерімен де ынтымақтастық мəселелері бойынша келіссөздер жүргізеді екен. Осы аптадағы инвес тициялық жобалар жөніндегі ең үлкен жиын Алматыда өтеді. Онда 3-4 желтоқсанда І Халықаралық Алматы инвестициялық форумы болып, оңтүстік ас та наның инвестициялық мүмкіндіктері мен жобаларды

қаржыландырудың жаңа тетіктері, көлік-логистикалық инфрақұрылымдарды дамыту, туризм мен ұлттық инно ва циялық жүйені одан əрі жандандыру жəне т.б. мəселелер талқыланады. Форум жұмысына Үкімет өкілдері, халықаралық қаржылық институттар басшылары, көрнекті экономист ғалымдар жəне салалық ұйымдар жетекшілері қатысатын болады, деді А.Əбибуллаев. Сонымен бірге, брифингте Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың 5-6 желтоқсанда ЕҚЫҰ-ға мүше елдер Сыртқы істер министрлерінің 20-шы мерейтойлық отырысына қатысу үшін Киевке баратыны айтылды. 2015 жылдың 1 қаңтарында Украинаның аталмыш ұйымдағы төрағалығы аяқталады. Отырыс барысында осы елдің халықаралық ұйымға төрағалық етуінің нəтижесі шығарылатыны да белгілі. Отырыс жұмысының барысында Ерлан Ыдырысовтың ЕҚЫҰ Бас хатшысы Ламберто Заньер, Ұлттық азшылықтар жөніндегі Жоғарғы комиссар Астрид Торс жəне кейбір мүше елдердің сыртқы істер министрлерімен кездесулері жос парланыпты. Сондай-ақ, Киевте ҰҚШҰ-ға мүше елдер сыртқы істер министрлері бейресми жағдайда кездеседі деп күтіліп отыр екен. Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашақ» бағдарламасының 20 жылдығына арналған форумда айтқан сөздері мемлекеттің жастар ісі мен білім беру саласындағы негізгі саяси бағдары екені анық. Жастар ұйымдары жұмысын үйлестіру жөніндегі кеңестің 6 желтоқсанда болатын отырысында осы мəселелер талқыланып, жаңа жоспарлар белгіленбек көрінеді.


4 желтоқсан 2013 жыл

www.egemen.kz

3

 Елімен етене Елбасы

ЕР ЖОЛЫ – ЕЛ ЖОЛЫ (Соңы. Басы 1-бетте).

Ґнер шындыєы ґмір шындыєынан да ґміршеѕ Əуелі мына жайдың басын ашып алайық. Мемлекет басшысының өмірінен көркем фильм түсірілгені қалай болады өзі? Басқа елдерде осындай ғұмырбаяндық ленталар бар ма? Əрине, əлем киносынан хабардар адам мұндай сұрақ қоя қоймайды. Əйтсе де жұрттың бəрі бірдей ондағы үрдістерді қадағалап отырған жоқ. Мұндай сұрақты біз қоймасақ та, басқалар қоятыны сөзсіз. Ал жалпы қойылмай қалмайтын сұраққа жауаптың қалайда қайтарылғаны жөн. Бұл үшін тақырыптан сəл ауытқуға тура келіп тұр. Бүкіл өркениетті əлемнің салған жолымен жүрудің өзіне күдіккүмəн келтіріп, сезік-секеммен сөйлейтін салтымыздан арылмай-ақ тұрмыз қазірше. Өткен жылы елімізде Тұңғыш Президент күні белгіленгенде тіпті зиялы қауым өкілдерінің арасында да «Бүкіл əлемде мұндай мереке жоқ» деушілер де табылды. Сөйтіп, демократияның даңқты дəстүрлерінің діңгегі делінетін Америка Құрама Штаттарының өзінде Президент күні баяғыда-ақ белгіленгенін, мемлекеттік мереке ретінде белгіленгенін, ал ол күнге елдің тұңғыш президенті Джордж Вашингтонның туған күні алынғанын білмейміз немесе біле тұра білмеген боламыз. Бұл үшін АҚШ-тың арғы-бергі тарихын жілікше шағу шарт емес, Юрий Носовтың «Президент. Замечательные страницы американского президентства от Джорджа Вашингтона до Барака Обамы» атты кітабын оқып шығу да, Вашингтон туралы тараудағы «Он родился 22 февраля 1732 года, ныне этот день является в США государственным праздником» (49-бет) деген жолдарға зер салып жату да шарт емес, Интернетті шұқып қалу, тиісті ақпаратты анықтай салу жетіп жатыр. Тұңғыш президентіне өзі салдырған астанасының атын берген Американы алға тартып, баршаға таныс жайды таратпай-ақ қояйық. Қала тұрмақ, астана тұрмақ, тұтас мемлекетке адам атын қойған елдер де баршылық. Боливия сол елдің азаттығы жолында жанын қиған Симон Боливардың құрметіне, Колумбия сол құрлықты ашқан Христофор Колумбтың құрметіне қойылған деген сияқты. Қала, мемлекетті былай қойғанда, тұтас материк – Америкаңыздың өзі атақты теңізші Америго Веспуччидің атымен аталған ғой. Қай заманда да, қай қоғамда да тарихи тұлғалардың уақыт бедеріндегі ізі көп ретте көркем туындының кейіпкері күйінде кестеленіп қалатыны анық. Арғы-бергідегі даңқты ата-бабаларымызды бəрінен бұрын тарихи дастандардың арқауына айналуы арқылы танитын, қадір-қасиетін соған қарап та бағалайтын біздер, қазақтар, мұны тіпті жақсы білеміз. Өзгелер де солай. Француз драматургиясының атасы Пьер Корнельдің, неміс қаламгері Вернер Цахариастың трагедияларына, Герберттің дастанына бас кейіпкер етіп алынбағанда, исланд халқының «Эдда» атты батырлық жырына, VІ ғасырдағы «Хильдебрант туралы жырға», он мың шумақтан тұратын «Нибелунгтар туралы жырға» арқау етілмегенде, Джузеппе Вердидей ұлы композитор опера арнамағанда заманында кəрі құрлыққа кəрін төккен ғұндар көсемі Аттиланың атақ-даңқы дəл бүгінгідей бола қоймас еді десек, мұнымызға ешкім дау айта қоймас. Тағы бір мысал келтірейік. Василий Чапаев деген адам, тарихи шындық тұрғысынан, əскери өнер биігінен қарасақ, азамат соғысындағы көп командирдің бірі ғана болған. Стратегиялық жағынан да, тактикалық жағынан да ол басқарған отряд та, бригада да, тіпті №25 атқыштар дивизиясы да бүкіл соғыс тұрмақ, бір майдандағы жеңістің тағдырын да шешіп берген емес. Сол соғыстың шын қолбасшылары Фрунзе, Котовский, Блюхер, Пархоменко, Дыбенко, Федько, Егоровтар дəл Чапаевтай даңққа бөленіп, аты аңызға айналған жоқ. Əйтсе де, бəріміздің көңілімізде азамат соғысының бас батырындай, хас батырындай болып дəп Чапаев сақталып қалған сияқты. Неге? Негесі сол, киноклассикаға айналған атақты фильмде Чапаев бейнесі ұмытылмастай етіп жасалды. Юрий Тыняновтың «Уəзір Мұхтардың өлімі» романын оқып шыққан соң Максим Горькийдің Грибоедов туралы: «Тегінде, ол осындай болған шығар. Осындай болмаса – енді болады» дегені есте жүрер есті сөз. Өнер шындығы өмір шындығынан да өміршең.

Байопик баєдары Дүниеге келгеніне ғасырдан жаңа асқан кино өнерінде ғұмырбаяндық фильмдер дəстүрі қалыптасқалы да талай уақыт. Оның ішінде жалпы атақты адамдардың ғана емес, мемлекет басқарушы тұлғаның кинодағы бейнесін жасау да экранда бұрыннан бар, бар ғана емес, барған сайын көбейіп, кеңейіп келе жатқан үрдіс. Бұл жанрға бүгінде байопик (Biopic – ағылшынның – biography – өмірбаян жəне picture – сурет сөздерінен құралған) деген жеке ат қойылып та қалды. Ресейлік айтқыш журналистер оған «экрандық ЖЗЛ» деген айдар тағып та үлгерді.

Өзіміз көре алған ленталардың арасынан кешегі кеңестік кезең кинематографының көкжиегін кеңейткен М.Ромм, С.Юткевичтің киноклассикаға айналған ленинианасын сол кездегі идеологияның тапсырысы бойынша түсірілген деп бет бақтырмағанның өзінде (ал оларды бүкіл əлемнің кино сыншылары таза өнер өлшемдері тұрғысынан қарағанда да биік бағалайды), ұлы режиссерлер Роберто Росселинидің «Сократ», «Блез Паскаль», Ренато Кастелланидің «Леонардо да Винчидің өмірі», Бернардо Бертолуччидің бір өзі «Оскардың» тоғыз номинациясын жеңіп алған атақты «Соңғы император» фильмдерін ауызға алмағанда, Америка киносында ел президенттерінің өмірін арқау еткен «Жас мистер Линкольн», «Вильсон» сияқты фильмдерді еске түсірмегенде, күні кеше өзіміз бірінен кейін бірін қызыға көрген, «Оскарды» бірінен соң бірі алған «Король сөйлейді!» (Том Хупердің Ұлыбритания королі Георг VІ туралы фильмі), «Темір леди» (Филлида Ллойдтың ағылшынның атақты премьері Маргарет Тэтчер туралы фильмі) секілді танымал туындыларды айтпай тұра алмаймыз. Ал ең кейінгі кездегі мысалдар керек болса, кіші Джордж Буш туралы «W» («Буш»), Нельсон Мандела туралы «Мандела. Бостандыққа бастаған ұзақ жол», Ельцин туралы «Ельцин. Тамыздағы үш күн» сияқты көркем фильмдерді көлденең тартамыз. Путин өмірінен де көркем фильм түсіріліп үлгерді деуге болады. Прокатқа 2008 жылы шыққан «Сүйісу сəті баспасөзде көрсетілмесін» («Поцелуй не для прессы») фильмі туралы Википедия: «Фильмнің бас кейіпкері – бұрынғы стюардесса Татьяна (бұл рөлді Дарья Михайлова ойнайды), оның күйеуі (рөлде – Андрей Панин) ірі мемлекеттік шенеунік, кейіннен Ресей президенті болады» деп жазды. Фильм кейіпкерінің петербургтік екендігі, стюардессаға үйленгені (Путиннің əйелі əуелде стюардесса болған), Ресей-Германия достық қоғамында жұмыс істегені (Путин Германияда барлау қызметінде болған), губернатордың кеңесшісі қызметін атқарғаны (Путин Санкт-Петербург мэрі Анатолий Собчактың кеңесшісі болған) сияқты көптеген жайлар елдің басшысына ашықтан ашық мегзеп тұр. Ал өзгелер жасағанды бізге неге жасамасқа? Қысқасы, мемлекет басқарушы тұлға туралы көркем фильм түсірілуі əлемдік кинематографтың ғұмырбаяндық ленталар дəстүріне сай екенін айтып жатудың өзі артық. Ал ол дəстүрдің негізгі белгілері қандай? Тарихи шынайылық. Кейіпкер өмірінің ең түйінді тұстарын тауып, түпкі мəнін аша алуы. Заманның, қоғамның, уақыттың əлеуметтік болмыс-бітімін дəл бейнелеуі. Ғұмырбаяндық фильмде кейіпкер дəуірмен, халықпен етене бірлікте бой көрсетуге тиіс. Мұндай шығарма əдетте кейіпкер өмірінің ауқымды мерзімін қамтиды, содан да ондағы уақыт кеңістігі кеңдеу келіп, шығарма композициясында үзіктілік кездеседі, бас кейіпкер мінезінің қалыптасуы, дамуы аясында драмалық қақтығыстар шоғыры орын алады. Мұның бəрі, былайша айтқанда, жанр заңы. Оны сақтамаған жағдайда фильм белгілі адамның белгілі өмірбаянының белгілі деректерін экран бетінде қайта баяндауға, кейіпкерге сол кезеңнің көзімен емес, бүгінгі күннің биігінен қарап, бағалауға, тұлға табиғатын уақыт өте келе орныққан пайымдама тұрғысынан танытуға ұрынбай қоймайды. Осы айтылған жайлардың өзі Елбасы туралы фильмге тапсырыс берген Мəдениет жəне ақпарат министрлігінің, оны қолға алған Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамының қандайлық тəуекелге барғанын айқын көрсетеді.

Тəуекел табысы Бір жағынан, тəуекел дегеніміздің өзі де шарттылау. Өйткені, режиссер Рүстем Əбдірашев бұған дейін қазір «Елбасы жолы» деп аталып отырған шығарманың алғашқы тарауын – «Балалық шағымның аспаны» фильмін түсіріп, көп тəжірибе жинақтаған. Онда бала Сұлтанның қиялына қанат бітірген тамаша табиғат, қазақы тəрбиеге қанық суарылған өскен ортасы, аяулы ата-анасы, кішкентай күнгі достары, мына дүниені танып-білуге түрткі болған түрлі-түрлі оқиғалар поэтикалық бояумен бейнеленіп, Сұлтанмахмұт сөзімен айтқанда, «Алдымда толған мақсат, толған таңдау, Алайын анасын ба, мынасын ба» дегізетін бозбала күннің сырлы суреттері сəтімен салынған болатын. Екінші жағынан, тəуекелге барып отыр деуіміздің реті де келеді. Өйткені, Президенттің балалық шағын бейнелейтін шығармада өмірбаяндық деректер авторлық қиялды дəл мұндағыдай құрыстырып тұра алмаған еді. Жер жəннаты Жетісудың Үшқоңырдай көркем мекенінде өткен балалық шақтың керемет келбетін кестелеуде режиссерге де, операторға да, суретшіге де, актерлерге де кеңшілік көптеу екені күмəнсіз. Ал мұнда ше? Мұнда сол Үшқоңырдың жасыл түкті жайлауынан Теміртаудың жаңа салынып жатқан комбинатының қоймалжың балшығына бір-ақ түскен жас жігіттің алғашқы адымдары, Арқаның азынаған боранында брезент барак жанында жақжақ боп жағаласып, жаға жыртысып жатқан жастар, жер түбіндегі Украинаға жетісімен Днепродзержинскідегі

металлургия алыбының арандай аузына топ ете қалған, бұрын ауылынан алыс шығып көрмеген бозбалалар, қайда барсаң да еститінің темірдің шыңылы мен пештің шуылы, қайда қарасаң да көретінің көкке сорайған мұржалар мен ыстан қарайған қабырғалар... Одан қалды – училище бөлмелері, жатақхана, комбинат цехтары, парткомдағы, қалкомдағы, обкомдағы кабинеттер... Мұның бəрі қоюшылар алдына бейнелік қатар байлығын арттыра қоймасы анық. Бір жақсысы, авторлар бұл қиындықты əдемі еңсере білген. Фильмде өткен ғасырдың алпысыншы жылдарының ауаны қаз-қалпында бейнеленген, заман, қоғам, уақыт суреті дəлме-дəл берілген, лентаның алғашқы кадрларынан-ақ сол кезеңге көзіңізбен де, көңіліңізбен де көшіп алғаныңызды аңғармай да қаласыз. Бұл орайда фильм суретшілері Сəбит

келгенін сөйлей жөнеледі. Басқа балалар күлкісін əрең тежеп отырады. Қойылған сұраққа дəл жауап беріп жатқандай, соны мен аударып ғана тұрғандай етіп сөйлеп кеп беремін. Мұғалім: «Дұрыс, біледі екенсің, жақсы біледі екенсің, бірақ орысшаны үйрен, үйренбесең болмайды, қашанғы жаныңда аудармашың жүреді» деген сияқты сөздерін айтып, жоғары бағасын қояды. Сөйтіп жүргенде, бір күні əшкереге түстік. Тоқтамай сөйлей бер не айтсаң да дегеннен кейін біздің балалардың біреуі: «Ой, кеше əбден қыдырдық қой. Кешке паркке де бардық, киноға да кірдік» деген сияқты беталды əңгімені оңды-солды жосылтпай ма? Мен болсам «чугун мартеновский», «форсунка высокого давления», «нормализационный отжиг» деген сияқты сөздермен «аударып» жатырмын. Бір кезде мұғалім:

таратқаны да рас; қала қыдырып, кешіккен Нұрсұлтанды достары жатақхананың екінші қабатына ақжайма жалғап көтеріп алғаны да рас; училищедегі қазақ жастарының жаппай төбелеске қатысып, оқудан шығып кету қаупінен зорға құтылғандары да рас; комбинаттағы алғашқы айлықты «жуу» үшін ортаға ақша жиналғаны да, ол оқиғаның «лайықты атап өтілгені» де рас; Теміртаудағы ең мақтаулы металлургтердің бірі атанып жүрген Нұрсұлтанды қалалық комсомол комитетінің бірінші хатшылығына жоғарылатпақ болғанда өзі қалаған, жүрек жалынын арнаған мамандығынан айырылмайтынын айтып, талайдың қолы жетпейтін қызметтен бас тартқаны, сол үшін қалалық партия комитетінің тарапынан жазалануға шақ қалғаны да рас; Нұрсұлтанның Хельсинкиде өткен Жастар мен студенттердің бүкіл дүниежүзілік фестиваліне Қазақстан атынан қатысқаны да, Америка студенттерімен кездесуде бір қыздың оның келісті келбетіне, құйып қойғандай киім киісіне қарап, «Əлдебір лауазымды коммунистің ұлы шығарсың?» деп, металлург екеніне күмəн келтіріп, сұрақтың астына алғаны да, құрыш құюшының қолындағы мүйіздей қатып қалған сарғыш бедерлерді көргеннен кейін барып қана райынан қайтып, сол саусақтарды таңдана сипағаны да рас; Нұрсұлтан Əбішұлы мен Сара Алпысқызының металлургия зауытындағы бір авариядан кейінгі қиын сəтте табысқаны да, Нұрсұлтанның Сараның жүрегін жаулау үшін комбинаттағы хорға жазылғаны да рас... Бəрі де рас. Олардың бəрі Назарбаевтың кітаптарында, ғұмырбаяндық сұхбаттарында, Елбасының достарының естеліктерінде фильм сценарийі жазылардан анағұрлым бұрын жарияланған. Мысалы, қазақ жігіттерінің оқудан шығып кете жаздаған жағдайы Мақсұт Нəрікбаевтың ағылшын зерттеушісі Джонатан Айткенге əңгімелеп беруі бойынша «Нұрсұлтан Назарбаев жəне Қазақстанның қарышты дамуы» кітабында, ал хорға жазылу хикаясы Президенттің Днепродзержинскіде бірге оқыған, Теміртауда бірге жұмыс істеген жақын досы Қабидолла Сəрекеновтің біздің газетте 2011 жылғы 12 ақпанда шыққан «Ерге қызмет – елге қызмет» атты мақаласында баяндалған.

Шеберліктіѕ шыѕы – шындыќ

Құрманбеков пен Өмірзақ Шмановтың еңбегі ерекше атап өтуге лайықты. О баста «Елбасы жолын» тұсаукесері өткізілгелі жатқан фильмнің аты деп ойлап, секем алып қалғанымыз рас. «Елбасы жолы» кітапқа, монографияға, мақалаға жақсы-ақ тақырып болғанымен, көркем туындыға, əсіресе, атының өзі көрерменді тартып тұруға тиісті фильм ге онша үйлеспейтіндей көрінген. Сөйтсек, авторлар ол жағын да ескеріпті. Шығарманың бір тарауының аты – «Отты өзен», екінші тарауының аты – «Темір тау» деп қойылыпты. Мұның жөні басқа. Ал «Елбасы жолы» атауы Президент өмірін кестелейтін кең тынысты, кезең-кезеңдік күрделі картинаға ортақ тақырып ретінде жарасады. Мына жайдың басын ашып айту жөн: Елбасының өзін фильмнің басты кейіпкері ғана емес, оның сценарийлық негізін қалап беруші десе де артығы жоқ. Олай дейтініміздің себебі бар. Шығарма сценарийі Президенттің «Əділеттің ақ жолы» кітабының негізінде, «Бейбітшілік кіндігі», «Еуразия жүрегінде» кітаптарын пайдалана отырып жазылған, онда Мемлекет басшысының əріптестерінің, достары мен серіктестерінің естеліктері қолда нылған. Бұған өз тарапымыздан фильмде Елбасының өзге естеліктері де орын тапқанын қосып айта алар едік. Мысалы, бізге ауық-ауық беріп жүрген сұхбаттарының бірінде («Құрыштың құйылуы», «Егемен Қазақстан», 2012 жыл, 5 қараша) Президент Днепродзержинскідегі оқу кезінен мынандай қызықты жағдайды айтып еді: «Олардың арасында менің бірден көзге түскенімнің басты себебі орысша еркін сөйлейтінім болған шығар. Біздегі жігіттердің көбі əуелде ойын орысша айқын айта да алмайтын. Көбі таза қазақ ауылдарынан шыққандар. Араларында соны өз мақсатына пайдалана қоятындары да болушы еді. «Мен пəнді білемін, бірақ жақсылап айтуға тілім жетпейді», дейді. Содан оқытушы мені шақырады. «Өз тілінде айта берсін, сен аударып отыр» дейді маған. Мен жаңағы жігітке айтамын: «Тоқтамай сөйлей бер, нені айтсаң соны айт, тек тоқтама, ара-арасында домнаның, пештің сөздерін араластырып қой, қалғанын өзім қатырамын», деймін. Анау қазақша əңгімені бастайды. Ауылдағы көрген-білгендерін бе, ата-анасын қалай сағынғанын ба айтып, əйтеуір ойына

«Подожди, подожди-ка» деді. «Слушай, что за парк, что за кино?..» дейді анаған. Ол не айтсын?... Осындай да қызықтар болып жататын. Балалықтан толық кете қоймаған, жігіттікке толық жете қоймаған бұла шағымыз еді ғой. Жастық шаққа жететін не бар дейсің бұл өмірде? Жастық шақ осындай əрпіл-тəрпілдігімен де қызық». Фильмнен дəл осы эпизодты көріп қуанып қалдық. Сол сəтте осыдан екі жылдай бұрын Мұхтар Құл-Мұхаммедтің сөздің бір ретінде болашақ фильм туралы əңгіме болғанда Президенттің: «Егемен Қазақстандағы» сұхбаттарымыздан да сценарийге қосатын тұстар бар, ол жағын да қарарсыңдар» дегенін айтқаны еске түсті.

Бəрі де рас «Отты өзен» Нұрсұлтан Назарбаевтың комсомолдық жолдамамен Теміртауға аттануымен басталып, жігіт Сұлтанның үлкен өмірдің буырқанған айдынына ескегімен қайық салған жалынды жастық шағын бейнелейді. Сценарий авторлары Шаһимардан Құсайынов пен Рүстем Əбдірашев тарихи шындықтан да, кейіпкер ақиқатынан да бір елі ауытқымайды. Екі серияның екеуінде де авторлар қиялынан қосылған, оқиғалық желіні ширата түсу үшін қолдан қиыстырылған бірде-бір эпизод жоқ. Днепродзержинскіге барар жолда Теміртаудан аттанған түлектердің арасынан бұрынғы ұры, дүлей күштің иесі біреудің чемоданын жымқырып кеткені де, ұрлығын бетіне басқан Сұлтанмен көпке дейін өштесумен өткені де рас; алғашқы өндірістік практика кезінде балаң жігіттердің біреуі жүйкесі жұқарып, тəжірибесіздіктен зиянды газды көп жұтып қойып құлап түскені де, сол-ақ екен зауытта қазақтардың əлжуаздығы туралы жел сөз гулей жөнелгені де рас; оған намыстанған қазақ жігіттерінің училищедегі еркін күрес секциясына жазылып, ауылда талай күресіп шыңдалған Сұлтанның салған беттен қарсыласын алып ұрғаны да рас; шаршы кілемде белдескен сол жарқын жігітпен достасып алғаны, кейіннен тіпті оның қарындасын жақсы көріп қалғаны да рас; сол тұста Днепродзержинскіге ол кездегі жас əнші Бибігүл Төлегенованың гастрольмен бара қалғаны да, концертке қала тұрғындарына билеттерді училищедегі қазақ жігіттерінің

Асанəлі Əшімовпен əңгімелескенімізде (2013 жыл, 30 қазан) атақты актер осылай айтып еді. «Отты өзен», «Темір тау» фильмдерінің тамаша табысының басты сыры – шыншылдығында. Онда бейнеленген жайлардың шынайылығында. Президентпен бір сұхбатта: «Нұр Отан» партиясының съезінде сіз «Балалық шағымның аспаны» фильмінде жас күніңізді бейнелеген актерге қарап: «Сендер біздің өмірімізде бəрі тақтайдай тегіс, дұп-дұрыс болғандай көресіңдер ғой. Бізде де адамға тəн нəрсенің бəрі болған...», деп едіңіз. Сонда нені мегзедіңіз?» деген сұрақ қойғанымызда Елбасы: «Адам, əсіресе жас шақта, еркін болуы керек. Бəрін көруі керек. Жақсыны да, жаманды да, озықты да, тозықты да қарап, өзі ой қорытуы керек. Ойыңдағыны орындау үшін кейде тəртіп бұзуға тура келуі де мүмкін. Мен өзімді, əсіресе жас күнімде, сондай бір ешқандай тентектігі жоқ, сонша əдепті, үлгілі болдым демеймін. Əрине, басбұзарлығым болған жоқ. Ата-ананың адал бол, темекі, арақтан аулақ жүр дегендей ақыл-өсиеті де бар. Мектепте де, кейін де үздік оқығанмын. Соған қарап мені барлық жағынан түптүгел, теп-тегіс дейтін болар. Мен талайды көрген адаммын. Өмір мені əртүрлі жағдайда сынға салып байқаған. Оның қилы сəттерін кейін саған тағы айта да жатармын. Қазірге сол жастық күндерімнен ғана əңгімелейін. Мысалы, Днепродзержинскіде оқып жүргенімізде жатақханадан кешкі сағат тоғыздан кейін шығармайтын. Солай екен деп қыдырмай қоймайсың ғой? Қабидолла досым да қыдырып кететін. Түннің бір уағында келеді де, терезенің түбінен ысқырады. Жатақханадағы жаймаларды бір-біріне жалғап жіберіп, екінші қабатқа тартып шығарамын. Кейде ол мені тартып шығарады... Өмірде бəрі болады. Бар мəселе солардың бəрін тамтұмдап болса да көріп, тағылым алып, дұрыс қорытынды жасай білуде», деп жауап қайтарған еді («Теміртау – алтын бесік», «Егемен Қазақстан», 2012 жыл, 12 наурыз). Тағы бір атап айтар жай: Назарбаев кітаптарында кестеленген өмір суреттерінің қолмен қойғандай нақтылығы фильмнің бейнелілігіне де көп көмектескендігі. «Кең сахара төсінде өскен баланың металлургия зауытына туа бітті бірінші рет келуін көз алдыңызға елестетіңізші. Айнала төңірек тарсылдап-гүрсілдеп жатқан бір нəрсе, жарқ-жұрқ еткен ұшқындар жаңбырдай шашырайды жəне осының бəрі де сенің үстіңе қарай ұшып, құлап келе жатқандай. Балқыған шойын арықтағы суша ағады – жақындап баруға шошисың» – əрине, мұндай жолдарды осының бəрін көзімен көріп, өзегінен өткерген адам ғана жаза алады. Рүстем Əбдірашевтің фильмінде қазақ жігіттерінің Днепродзержинск зауытына алғаш кіріп барған сəті дəл осылайша

түсірілген. Жалпы, нені түсіретініңнің, нендей сөз айтқызатыныңның аясы алдын ала айқындалып, шабытың шеңберленіп тұрған осындай қиын фильмде, қия бассаң-ақ Елбасы өмірін бұрмалағандай болып шығатын фильмде, мақаланың бас жағында айтқанымыздай, оқиғаларының дені қалада, училищеде, зауытта, комбинатта, кабинеттерде өтетін фильмде Рүстемнің экранда мұншалықты поэтикалық суреттер сала алғаны соншалықты сүйсінтеді. Шіркін, қанша дегенмен ақынның ұлының жөні бөлек қой деп те ойлайсың осындайда. Рүстем – тұлпар таланттарымыздың бірі Жарасқан Əбдірашевтің баласы. Үшқоңыр жайлауындағы атқылаған бұлақ бала жігіттің қиялымен тау шатқалын қуалаған өзенге айналатын, кейін ол өзеннің отты лава арнасына ұласып кете баратын сəті қандай ғажап, Нұрсұлтанның трамвайдан көріп қалған сұлу қыздың соңынан жанталаса жүгіріп, көліктің артқы жағына жабыса кететін жері қандай əсерлі десеңізші! Шамалғандағы алма бағы, Нұрсұлтан мен Сараның атпен жарыса шабатын тау бөктері де сəтті суреттер. Фильмдегі Сұлтан бозбала күніненақ бəрін біліп, бəрін сезіп, бəрін шешіп тұрған кейіпкер емес. Нұрлан Əлімжанов негізгі назарын Сұлтанның əуелден тұтас құйылған мінез бітімін сомдауға салып, өте дұрыс жасаған. Лентадағы Сұлтан бейнесі бір эпизодтан бір эпизодқа көшкен сайын көзге көрінер-көрінбестей болып, эволюциялық сипатта өсіп отырады. Тау баурайындағы таза табиғат аясынан, адамдарының көңілі фильм басталарда əкесі Əбіш (Нұржұман Ықтымбаев) екеуі қолдасып жүріп көзін ашқан бұлақтай тұптұнық тұрған ауылдан жаңа аттанған жас жігіттің Теміртаудағы тосын тіршілікке тосырқай қарауы, ə дегенге мə дей кетпей, ананы да, мынаны да салқын сабырға салуы сүйсінтеді. Елбасы туралы бұл фильмдер болмысты боямаламайтындығымен, кейіпкерді қолдан жылтыратып, жақсартып, жетілдіріп жатпайтынымен, өзі өмір сүрген ортаның аясында, сол қоғамның ауанында, барынша табиғи түрде көрсететіндігімен қымбат. Нұрсұлтан рөлі – Нұрлан Əлімжановтың актер ретіндегі тамаша табысы. Нұрлан «Балалық шағымның аспанында» дəл бұлайша ашыла алған жоқ еді. Екі сериялы фильмнің бірде-бір жерінде жасандылыққа, жаттандылыққа жанамай, жоламай өту Нұрландай жас актер тұрмақ, кəнігі өнер тарландарының да қолынан келе беруі қиын. Ол бейнелеген Нұрсұлтанның əр сөзіне, əр ісіне сенесің. Намыстылығына айызың қанады. Табандылығына тəнті боласың. Сезімінің сұлулығына сүйсінесің. Досқа адалдығына көңілің толады. Қазақы қалпына қуанасың.

Бїгінгі биіктіѕ бастауы «Əділеттің ақ жолы» кітабында, басқа да еңбектерде баяндалған талай жайлардың лентада дəл сол күйінде бейнеленгенінің өзі Нұрсұлтан Назарбаев өмірінің жас күнінен-ақ ұдайы өсуге, өрлеуге, шынығуға, шыңдалуға, таласқа, тартысқа, тіреске, күреске, кернеуі күшті драмаға толы болғанын көрсетіп тұр. ҚасымЖомарт Тоқаев Назарбаев феномені Азия мен Еуропа мəдениеттерінің тоғысқан тұсында, Шығыс даналығы мен Батыс прагматизмінің қиылысында, тоталитаризм мен демократияның от пен судай шарпысуында, жоспар мен нарықтың беттескен жерінде дүниеге келген құбылыс деп тамыршыдай тап басып айтқан еді. «Елбасы жолы» киноэпопеясы – Нұрсұлтан Назарбаевтың əлемге əйгілі тұлғаға айналған бүгінгі биігі бала күннен, жастық, жігіттік дəуренінен басталған өнегелі өмір жолының заңды жемісі, жарасымды жалғасы екенін, елін сүйген ердің жолы елдің жолына ұласатынын көркемдікпен кестелейтін талантты туынды. Бүкіл фильмнің өн бойында көрермен көкірегін мақтаныш сезімі кернейді де тұрады. Осындайлық кең-байтақ жер үшін мақтанасың. Дарқан көңілді, намысшыл, мейірбан ел үшін мақтанасың. Сол қара жерден қуат алып, сол дара елден тəрбие алып, сара саясаткер болып шыққан ер үшін мақтанасың. Өмірінің бастапқы белестерінде-ақ сан сынаққа салынған, жалынға жанын қақтай жүріп, өзі де құрыштай құйылған азамат үшін, өзіңнің қандасың, өзіңнің отандасың, өзіңнің Елбасың үшін мақтанасың. Ұлттық мақтаныш сезімін оята алған шығарма – шабыттан туған шоқтықты шығарма. Мақала соңында бұрын бір айтқан «Басшысына тақ тұратын ел – басына бақ тұратын ел» деген сөзімізді қайталағымыз келеді. Ел бағына туған Елбасымыз туралы осындай фильм жасау арқылы біз өнеріміздің өскенін, жалпы мемлекет мəдениетінің мығымданғанын ғана емес, бəрінен бұрын өзіміздің жұрт, ел, халық, ұлт ретінде кемелдік кезеңіне аяқ басқанымызды да келісті көрсетіп отырмыз. Мына дүниеде елдің елдігін білдіретін белгілердің бірі – ардақты азаматын аялай алуы, қастерлі тұлғасын қасиет тұтуы. Таяу қалған Тəуелсіздік тойының қарсаңында тынған тағы бірі ірі де игі ісіміз – елдігімізді еңселендірер ерен еңбек құтты болсын, ардақты ағайын.


4

www.egemen.kz

4 желтоқсан 2013 жыл

ҚАЛЫПТЫ ДАМУДЫҢ ДАМУ ҚАРЫШТЫ ҚАДАМЫ Мал шаруашылығы ауыл экономикасының басты салаларының бірі болып табылатынын Елбасы халыққа арнаған жолдауларында үнемі айтып келеді. «Қазақстан-2050» Стратегиясында осы саланың ұзақ мерзімге бағдарланған жаңа қағидаттары белгіленді. Үкіметтің кеңейтілген отырысында да стратегиялық мəні ерекше аграрлық сектордың проблемалары бөлек қаралып, мемлекеттік бағдарламалардың қайтарыммен жұмыс істеуі талап етілді. Етті мал шаруашылығының экспорттық əлеуетін дамыту жөнінде нақты тапсырмалар берілді. Қызылжар өңірінде жағдай қалай қалыптасып отыр деген сауалды облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серікбай ТҰРАЛИНОВҚА қойған едік. – Таяу жылдардағы басты талаптардың бірі – Мемлекет басшысының етті мал шаруашылығының экспорттық əлеуетін дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау. Бұл мəселеге «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» тарихи құжатында да баса назар аударылды. Облыста «2011-2015 жылдары ірі қара мал етінің экспорттық қуатын арттыру туралы» бағдарлама қабылданғалы Германия, Австрия, Дания, Ирландия, Канада, АҚШ жəне Ресей елдерінен етті бағыттағы герефорд, ангус, симменталь, қалмақ тұқымды ірі қара малдары əкелініп, 6,7 мың басқа арналған 21 асыл тұқымды репродуктор шаруашылық, 6,9 мың малға лайықталған 5 бордақылау алаңы құрылды. Бүгінде 300-ге тарта фермер қожалықтары бағымында 60 мыңдай Зеңгі баба түлігі бар. Шаруашылықтар жоспардағы 9 мың бастың орнына 58,8 мың бас қара мал əкеліп, мал басы 23 пайызға, ет өндіру 17 пайызға көбейді. Осы уақыт аралығында төрт түлікті өсірумен айналысатын 290 фермерлік қожалық құрылып, жарты мыңға жуық адам жұмысқа тартылды. Биыл 76 ферма ұйымдастырылды. Жыл аяғына дейін тағы 2 асыл тұқымды репродуктор ашу белгіленген. «Мəмбетов жəне компания» командиттік серіктестігі «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы алған несиеге мұхиттың арғы жағынан 200 бас ангус қашарларын жеткізді. Содан бері мал басы 2 есеге көбейіп, асыл тұқымды малдарды аукцион арқылы сату ұйымдастырылды. «Жанбай» ЖШС Даниядан 400 бас герефорд құнажындарын алдырды. «Атамекен» фирмасының 5 шаруашылығы 1300-ден астам асыл тұқымды мал өсіреді. «Ақселеу» серіктестігі өз қаражатына Ресейден 200-ге жуық герефорд тұқымын сатып алды. Осылайша етті мал шаруашылығымен шұғылданатын шаруашылықтар мемлекеттік қолдаудың арқасында аталмыш жобаның экономикалық тиімділігін айқын сезініп отыр. – Серікбай Шəріпұлы, мал шаруашылығы өндірісін ұлғайтудың тағы қандай тетіктері қарастырылған? – Биыл мал шаруашылығын дамыту үшін республикалық қазынадан 2,4 миллиард теңге

Жандану

бөлініп, 2 миллиардтан астамы игерілді. Бұдан тысқары 3 жыл ішінде 2277,2 миллион теңгенің 260 жобасы іске асырылды. Нəтижесінде 11193 бас сиыр жəне 435 бас аталық мал сатып алынды. «Аграрлық несие корпорациясы» 79, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» 181, «ҚазАгроҚаржы» 13 жобаны қаржыландырды. Бұл жобалар шеңберінде 5 миллиард теңгеден астам қаржы игерілетін болады. «Сыбаға» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы арқылы 11,6 мың бас мал алынды. Демеу қаржының мұндай жеңілдетілген түрлеріне сұраныс жыл өткен сайын артып келеді. Сөз арасында «ҚазАгро» АҚ өзіне жүктелген міндеттемені 5,6 есе асыра орындап шыққанын айта кеткен жөн. – Елбасы агроөнеркəсіптік кешеннің дамуы негізгі үш бағытта өріс алуы тиістілігін атап көрсеткені мəлім. Олар – еңбек өнімділігін арттыру, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жəне экспорттық əлеуетті жүзеге асыру. Бұл талаптардың мал шаруашылығына тікелей қатысы бар екені талассыз. – Елбасы 2016 жылға таман ет экспортын 60 мың тоннаға жеткізу міндетін қойғанын жақсы білеміз. Алдын ала есептеулер бойынша осы кезеңге қарай сиыр етінің экспортын 6 мың тоннаға дейін жеткізбек ойымыз бар. Сол сияқты, ең төмен еңбек өнімділігі агроөнеркəсіптік кешенде орын алып отырғаны белгілі. Мемлекет басшысы 2014 жылға қарай өнімділікті екі есеге арттыру, азық-түлік тауарлары ішкі рыногының 80 пайыздан астамын отандық тағам өнімдерімен толтыру, Кеден одағы, алыс-жақын шетелдердің рынок көздерін тиімді пайдалану межелерін жүктеді. Облыста бұл үшін ішкі мүмкіндіктер мен резервтер жеткілікті. Оны əкімдік кеңестерінде Самат Ескендіров те еске салып отырады. Бүгінде ауылшаруашылық шикізатын қайта өңдеуді шұғыл арттыру, жаңа технологиялар мен заманауи құрал-жабдықтар қолдану, аграрлықинновациялық жобаларды іске асыру шаралары нəтижесінде асыл тұқымды мал басы көбейіп, ірі қара 46 мың, жылқы 1,5 мың, шошқа 42,4 мың басқа жетті. Əкелінген ірі қара малдарынан 4 мыңнан астам төл алынып, алды жергілікті шаруаларға сатыла бастады. «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Заңға сəйкес асыл тұқымды ірі қара мал басын тұқымдары бойынша республикалық палаталарда тіркеу жүргізілуде. Осы күндері 23 мың бас асыл тұқымды ірі қара малы тіркелді. Бұл көрсеткіш қолдағы асыл тұқымды малдың 50 пайыздан астамын құрайды. Нарық заңы қатал, бəсекелестік күшті. Оған мықтының мықтысы ғана шыдайды, төтеп береді. Соған қарамастан азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, инфляциялық үдерісті тежеу мақсатымен сенбі күндері ауыл шаруашылығы жəрмеңкелерін өткізіп келеміз. Ауылшаруашылық тауарын өндірушілер тұтынушыларға өз өнімдерін тікелей ұсынатындықтан, базарға қарағанда 10-20 пайызға арзан. Жыл басынан бері 177 жəрмеңке ұйымдастырылып, 212 тонна ет, 196 тонна сүт өнімдері, 157 миллион дана жұмыртқа, 237 тонна картоп пен көкөніс, 29 тонна бал, 156 тонна басқа өнім түрлері сатылды.

– Қой шаруашылығын дамыту мақсатындағы жайылымдарды кеңейте отырып, малды жайлауға шығарып бағуды қайта қалпына келтіру, жайылым-шабындықтарды құнарландыру тапсырмасы қалай орындалуда? – Мал төлден өседі. Ол үшін жер өңдеу, озық технологияларды енгізу, құнарлы жемшөп базасын құру секілді зор əлеуетке ие болуымыз керек. Облыстың агрөнеркəсіптік кешені экспорттық нарықты меңгеру, ұлттық бəсекеге қабілетті өнімдер өндіру мақсатымен жайылымдық мал шаруашылығы өндірісін дамытуды қолға алды. Сөйтіп, 210 табын, 84 үйір, 102 отар құрылып, 100 мыңға жуық түлік топтастырылды. Олар табиғи су көздеріне жақын жерлерде бағылады. Мал жайылымдарын суаттармен қамтамасыз ету, мал жаю сызбалары белгіленген. Фермерлер мен жеке қожалық иелеріне 2 миллион гектар жайылымдық жер бекітіліп берілген. Олардың негізгі бөлігі өңірдің оңтүстік беткейіне шоғырланған. Ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары Батыс Қазақстан облысының отарлы мал шаруашылығына көрсетілетін əлеуметтік тұрмыс жағдайы тəжірибесін зерделеп, қолданысқа енгізуде. Президенттің ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқаптарын əртараптандыру жөніндегі талаптары аясында жемшөп дақылдарының көлемі 319,7 мың гектарға жетті. Бұл былтырғыға қарағанда 68,5 мың гектарға артық. Көпжылдық шөп 209,3 мың, біржылдық шөп – 37,9 мың, сүрлемдік дақылдар – 13,3 мың гектарды құрайды. Теріскейде аудандастырылған, ауа райына төзімді жемшөп дақылдары тұқымымен қамтамасыз ету үшін «Степноишим тəжі рибе стансасы» ЖШС элиталық тұқым өсіру шаруашылығы мəртебесін алды. Тек биылдың өзінде ғана 422 миллион теңгенің заманауи 73 техникасы сатып алынды. Ірі жəне шырынды азықтардың бағасын арзандату бағдарламалары бойынша да мемлекеттік қолдау жүйелі көрсетіледі. Құс фабрикалары мен ірі мал шаруашылығы кешендері құрамажем шығаратын цехтарды іске қосып, бір орталықтандырылған автоматты режіммен басқарылады. Ет өнімдерінің импорттық бəсекелестігін арттыру шеңберінде озық технологияларды енгізуге, кəсіпорындарды жаңғыртуға, жаңа өнім түрлерін шығаруға, қалдықсыз өңдеуге үлкен басымдық берілуде. Мəселен, «БИ-Агро» ЖШС шұжық жəне шұжық өнімдерін дайындайтын германдық жабдық орнатты. «Меденников» ЖК өнімдерді вакуумдық буып-түйетін желіні іске қосты. Келесі жылдан бастап жұмыс істейтін «Агробизнес-2020» бағдарламасы қайта өңдеу кəсіпорындары үшін шикізат сатып алуды субсидиялайтын болады. Бұл жобаның іске асырылуы ет өнімдерінің сапасын да, экспорттық əлеуетін де ұлғайтуға да үлкен мүмкіндіктер берері сөзсіз. – Əңгімеңізге рахмет. Əңгімелескен Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан». Солтүстік Қазақстан облысы.

Стратегия – біздіѕ ґмірімізде Елбасы «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Елдің барлық өңірлерінде сапалы медициналық қызметтер алу үшін қажетті жағдай жасалды» деп нақтылады. Бұл ақиқат. Күнделікті өмірден бірер мысал келтірсем, Жетісу жерінде де білімді маманға жарқын жол ашылған. 2012 жылы облыс əкімінің медицина саласы қызметкерлерінің арасында жариялаған байқауына қатысып. «Үздік дəрігер» атты жүлдені жеңіп алдым. Еңбегім бағаланып Талдықорған қаласынан екі бөлмелі пəтер берілді. Мұны Стратегияның менің өміріме енгізген үлкен мүмкіндігі деп бағалаймын.Осы ойымды тереңдете түссем, 2012 жылы аталған Стратегия аясында жоғары сападағы мамандандырылған медициналық тəсілдердің қыр-сырын игеру үшін Оңтүстік Кореяның Сувен қаласындағы Ли – Чен – Тэк емханасында бір ай тəжірибеден өтіп,

бірқатар жаңа ота жасау технологияларын енгізу арқылы халыққа сапалы қызмет көрсету тəсілдерін меңгердім. Оның нəтижесін қазақстандықтар көруде. Өркениетке ұмтылған еліміздегі сындарлы саясаттың арқасында біздердің, яғни медицина саласы қызметкерлерінің жайлы пəтерлерге ие болуы халыққа алаңсыз қызмет көрсетуімізге жағдай туғызса, шетелдерге мемлекет қаражатымен барып оқып, білімімізді толықтырып, тəжірибе жинақтап қайтуымыз – қызметіміздің сапасын арттырған үстіне арттыра түсетіндігі анық. Ендеше, Стратегия жүктеген міндетті орындау – біздің парызымыз. Анарбек МОҢҒОЛ, Алматы облыстық ауруханасы жарақат бөлімінің меңгерушісі, І санатты ортопедтравмотолог.

ҚАЛЫПТАСҚАН

ҚАЗАҚСТАН

СТРАТЕГИЯ-2050

СТРАТЕГИЯ-2030 НƏТИЖЕЛЕРІ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ РЕСУРСТАР «Біз экономиканың заманауи, тиімді мұнай-газ жəне тау-кен өндіру саласын құруға тиіс едік. Біз бұл міндеттің үдесінен шықтық. Біз бүгін шикізат секторының табысын болашақ экономиканы құру үшін пайдаланудамыз». Н.Ə.Назарбаев. ҚАЗАҚСТАННЫҢ

МҰНАЙ-ГАЗ КЕШЕНІ БАРЛЫҚ ЭКО-

НОМИКА ҮШІН ЛОКОМОТИВ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ ЖƏНЕ БАСҚА САЛАЛАРДЫҢ ДАМУЫНА МҮМКІНДІК ЖАСАЙДЫ.

Еліміздің ІЖӨ-де мұнай-газ саласы үлесінің тұрақты өсу динамикасы байқалады.

1997

2006

2011

Қазақстан өткізу рыногын əртараптандырды жəне ондағы өзінің орнын берік нығайтты, сөйтіп, өнім өткізудің бір бағытына ғана тəуелділікті төмендетті


4 желтоқсан 2013 жыл

● Ел жəне Елбасы

Ўрпаќ тəрбиесі – ўлы парыз Еліміздің Тұңғыш Президентінің саясаты əрбір халықтың қымбатты да қасиетті тілі, мəдениеті мен салтдəстүрлерінің дамуына бағытталған. Сондай сарабдалдық нəтижесінде татулық пен тұрақтылық жөнінен біз əлемнің көптеген елдеріне үлгі болып отырмыз. «Біз бүкіл қазақстандықтардың басын біріктіретін басты фактор – мемлекеттік тіл – қазақтардың туған тілін дамыту үшін барлық күш-жігерімізді жұмсауымыз керек» деген Елбасының Қазақстан халқына Жолдауындағы сөздері бүгінгі өмірімізден шынайы көрініс тауып жатқандығына ерекше қуаныштымыз. Демек, мемлекеттің Ата Заңын сыйлайтын əрбір азамат ұлтына, тегіне қарамай, қазақша үйренуге, іс-қағаздарын жүргізуге міндетті. Адам тіл мəдениетін оқу-тəрбие арқылы саналы түрде үйренеді. Міне, осы білікті ұсынатын, тіл заңдылықтарын жүйелі түрде үйренетін орын – балабақша. Қазіргі уақытта балабақшамызда Қазақстандағы тілдерді қолдану мен дамытудың бағ дарламасы аясында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Барлық оқу-тəрбие жұмыстары, іс қағаздары мемлекеттік тілде

Аз ғана жылдардың ішінде Қазақ станды дүниежүзіне танытқан, бұрын босағасынан да сығалатпайтын алпауыт еуропалық ел дермен тереземізді теңгерген Елба сымыз Нұрсұлтан Əбіш ұлы Назарбаевтың барлық жол дауларында біздің басты байлығымыз – адам, сондықтан да республика халқының орта жасын жетпіске жеткізуіміз керек дегенімен бəріңіз де таныс боларсыздар. Қазір менің жасым жетпіс емес, сексен екіден асты. Бұл күнде немереден шөбере сүйіп отырған қарт əжемін. Өткен ғасырдың алпыс екінші жылынан бастап партия, совет қызметкері болып, 1970 жылы Ойыл аудандық партия комитетінің хатшысы бола жүріп республикалық дəрежедегі зейнеткерлікке шықтым. Қазір Ақтөбе қаласының тұрғынымын. Біздің облысымызда менің құрдастарым мыңдап саналады. Қажет болса алды тоқсаннан асқан ағаларым мен жеңгелерім де жеткілікті. Сөзім

жүргізіледі. Педагогикалық кадрлар ұжымындағы жəне балалар арасындағы іс-шаралар ана тілінде айшықталады. Тəрбиешілеріміз шығармашылық ізденіспен

жұмыс істеуде «Ана тілдің айбыны», «Тіл қадірі», «Шешендік сөздер», «Балалар əдебиеті», «Менің Отаным – Қазақстан» деген тақырыптар тəлім-тəрбиемізді

АЛМАТЫ.

Мен баќыттымын!

дəлелді болу үшін солардың екіүшеуін атап кетейін. Олар – биыл тоқсанның екеуіне шыққан жеңгем Суқашева Қалима, биыл тоқсан жасын тойлаған ойылдық Асқарова Бибі мен Шериязданова Мəриялар. Біздің бұлайша көп жасауымыз Ақтөбе облысы əлеуметтік-экономикалық даму жағынан республика бойынша алдыңғы бестіктің қатарында болуының, халықтың əлеуметтік жағдайының жақсаруы мен жоғарғы дəрежелі хирург Қайрат Сабыр басқарып отырған ақ халатты абзал жандардың арқасы. Елбасы тапсырмасы бойынша облыс көлемінде салынуға тиісті бес емхананың біреуі Ойыл ауданында, қалған төртеуі қалада салынып бітіп, пайдалануға берілген еді. Осы емханалардың бə рі де жиырма бірінші ғасырдың сырқат тарды анықтайтын, емдейтін

техникаларымен түгел жаб дықталған. Осы емханалардың бəрінің де дəм-тұзын татып, емделіп шығып жүр едім. Жас ұлғайып бойдан қуат азайған соң адам аурушаң бола ма, солар аздай-ақ, өтімде тас пайда болды. Кəрі денеге аурудың қай-қайсысы да жақсы емес қой. Өтімдегі тас екі күннің бірінде алып ұрып, тамақ ішуден, жүріп-тұрудан қалдым. Енді кəрі кісіге кім ота жасар деп күдер үзгенде, балаларым хабарлады ма, Қайрат Сабыр: – Апай, қорықпаңыз, тасты алып тастаймыз! – демесі бар ма... Ақыры жаным қиналған соң қала сыртындағы облыстық емхананың жалпы ота жасау бөліміне жаттым. Қайрат Сабыр бастаған оташы Марат Жұмабаев ота жасап, өттегі тасты алыпты. Отадан кейін қолыма ұстатқанда қатты таңғалдым. Тас біреу екен десем,

міндетін орындап, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепіл болуға, Қазақстан Республикасының Конституциясын қатаң сақтап, көпұлтты республика халқына адал қызмет етуге ант берді. Біздің Президент – де мо кратиялық қоғам идеясын негіздеуші. Міне, үшінші онжылдық, оның барлық күш-жігері азаматтардың жақсы өмір сүруі мен қоғамның нығаюына бағытталған. Нұрсұлтан Əбішұлының басшылығымен еліміздің əлеуметтік-экономикалық дамуының нақты бағдарламалары жасалып, жүзеге асырылып келеді. Осының нəтижесінде бүгінде елімізді бүкіл əлем таниды. Саяси ғылымдар докторы Бейбіт Исабаев: «...Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев есімін біреулер күшті

жəне мықты басшымен байланыстырады, енді біреулер үшін – ол үнемі өз мақсаттарына жететін адам, енді біреулерге – сүйікті əке. Бірақ, бəрінен бұрын оның есімі өз елі мен халқының тағдырына жауапкершілікті өз мойнына алған адаммен байланысты», дейді. Бұл пікірді біздің Президентіміздің қызметін əділ бағалағандық деп білемін. Мемлекет басшысы білім мен мəдениеттің де дамуына көп көңіл бөледі. «Назарбаев Университеті» мен бүкіл Қазақстан Республикасы бойынша зияткерлік мектептер жүйесі ашылды. Нұрсұлтан Назарбаев сияқты тұлғаларға арнап өлеңдер мен əндер жазылады, өзім өлең шығармайтын болғандықтан, маған Владимир

Ґркендеу, даму жолын салєан

«...жалғыз жер байлығына сеніп қалуға болмайды. Ең алдымен, ел байлығына сену керек. Ел байлығы деген не? Ол – білім, ол – жаңа технология, ол – осы заманғы инфрақұрылым, ол – бəрінен бұрын отаншылдық сезім, қазақстандық патриотизм». Н.Ə.НАЗАРБАЕВ. Тəуелсіз Қазақстанның іргетасын қалап, шекарасын шегелеп, болашаққа бағыт-бағдар берген Тұңғыш Президенттің халық алдындағы еңбегі ұшантеңіз. Ғасырға бергісіз жиырма екі жылдың ішінде қазақ деген ұлтты, Қазақстан атты мемлекетті БҰҰ құрамындағы барлық мемлекет түгел мойындады, тəуелсіздігін таныды. Əлемнің 150-ден астам елімен дипломатиялық қарымқатынас орнатты. Еліміз елдігі мен ерлігін көрсетті. Қазақ халқы егемендігін алып, Тəуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмəнданған жандар да болған. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен Үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді. Тəуелсіздік аясында ел үшін жағымды жаңалықтар мен елеулі өзгерістер мол болғаны сөзсіз. Ел Президентінің барлық қызметі, барлық əлеуметтік-экономикалық реформалар тек халық игілігі үшін жасалды. Осынау уақыт ішінде экономика, саясат, əлеуметтік жəне білім, ғылым салаларында орасан зор жетістіктерге

тағылымды ете түсуде. Бізді қаламызда қазақ балабақшалары, қатары жылдан-жылға көбейіп келе жатқаны қуантады. Тəуелсіздіктің арқасында көптеген орыс тілді жəне аралас балабақшалар таза қазақ балабақшалары болып өркен жаюда. Дүние есігін ашқан сəбидің шыр еткен дауысы қандай ғажап болса, оның балабақшаға келгеннен кейінгі пəк сезіммен, тəтті сөзімен Қазақстан Республикасының гимнін шырқап айтуының өзі сондай шексіз қуаныш емес пе. Осындай ғажапты оларға Нұрсұлтан аталары сыйлап отыр. Ана тілімізді қастерлеп, қадірлеу парыз əрі міндет. Олай болса, ұлттық идеологиямызға басымдық беріп, бөтен тілдің көлеңкесінде қалдырмай, намысымызды ешкімнің табанына таптатпай Отанымыздың игілігіне айналуына бар күшімізді салайық, əріптестер дегім келеді. Тəуелсіздік жылдарындағы Қазақ елін бар жаһанға танытқан Елбасы тағылымы бізді осындай өрнекті өнегеге шақырады. Бағдат БЕКЖАНОВА, Бостандық ауданындағы №68 санаториялық-бөбекжай балабақшасының меңгерушісі.

Бїкіл əлем таниды Тəуелсіз Қазақстан Рес публикасының даму тарихы оның негізін құраушы жəне Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. 1991 жылдың 1 желтоқсаны – Қазақстан үшін маңызды күн. Сол күні Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев Қазақстанның Президенті болып сайланды. Бұл жеңіс жоғары сенімнің белгісі жəне де Қазақстан халқының жауапты таңдауы болды. Сол себепті 1 желтоқсан еліміз тарихында мəңгіге қалады жəне біз қазір оны Тұңғыш Президент күні ретінде атап өтеміз. 10 желтоқсандағы Алма тыдағы Республика сарайында өткен ұлықтау рəсімі кезінде Н.Назар баев өзіне жүктелген Қазақстан Республикасының Президенті

5

www.egemen.kz

қол жеткіздік, осылардың барлығы Н.Назарбаевтың еңбегімен тікелей байланысты. Бүкіл əлем кезінде Кеңес Одағында артта қалған мемлекеттің бірі саналған Қазақстанның қазір осыншама орасан табыстарға жеткеніне қайран қалады. Еліміздің жаһандық рейтингте əлемдік озық дамыған елдер ішінде 50-ші тұғырға көтерілуі бізге зор сенім мен жігер береді. Қазақстанда соңғы жылдардың өзінде қаншама оқу орындары, ауруханалар салынуда. Қазақстан дықтардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған қаншама əлеуметтік бағдарламалар жүзеге асуда. Ел Президенті халықпен жиі кездесулер өткізіп, бұқараның қолдауы мен сенімі арқасында мемлекетіміздің тұрақтылығы жəне өркендеуіне қол жеткізді. Көшбасшы мемлекеттер қатарынан көріну бағытындағы тың идеялары мен бастамаларын жүзеге асырып келеді. Бүгінгі таңда еліміздің табысты дамуын қамтамасыз ететін, əрбір азаматтың білімге деген сұранысы мен қызығушылығын қанағаттандыратын мемлекет пен қоғам арасындағы жаңа өзара

қарым-қатынас құру қажеттілігі туындады. Бұл бəсекеге қабілетті білім жүйесін құрудың басы болып саналады. Қазір елімізде сапалы білім беруге жəне оған қол жеткізуге барлық алғышарттар бар. Н.Ə.Назарбаев айтқандай, «Алға қарайтын кез келді. Іске кірісер кез келді. Ерік-жігерімізді танытатын кез келді. Өмірді өзгертетін кез келді». Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің білім беру жүйесі жаңғыртылып, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы осынау уақыт талабымен құрылды. Ұлттық орталықтың барлық филиалдары Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі жүргізіп отырған реформаның əлемдік даму тенденцияларының талаптарына сай біліктілікті арттырудың көпбағдарлы модульдік бағдарламаларын, оқу əдістемелік құралдар мен цифрлық форматтағы білім ресурстарын жасауға жұмылдырылуда. Ұстаз деген мəртебелі мамандық иелерінің əлеуеті мен біліктілігін арттыра отырып, қоғамның дамуына, өркениет пен рухани мəдениеттің жоғары талабына сай еңбек жасалуда. Біз даму бағытындағы сатылы жолдармен жүріп, биік бір белесті бағындырдық, зор мүмкіндіктерге де ие болдық. Орталық жұмысының ғылыми жəне инновациялық бағыттылығының нəтижесінде атқарылып жатқан игі істер сан алуан.

бұршақтың көлеміндей жетеу болып шықты. Қазір тастан құтылдым, денсаулығым жақсы, дəрігерлердің айтуымен диета сақтап жүрмін. Мың күнгі жұмақтан бір күнгі тірлік артық дегендей, өмірге анамнан жаңа туып келгендей болдым. Қайрат Сабырға, оның қара мағындағы оташыларға айтар алғысым шексіз. Мен республикалық Денсаулық сақтау министрінен Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының халық үшін атқарып жатқан еңбектерін көпке жария етіп, олардың тəжірибесін ел көлеміне таратуды өтінер едім. Елбасымыздың қанатты қамқорлығына бөленген ардагер ретінде өзімді бақытты адам сезінемін. Бəріміздің басымыздан бақыт кетпесін. Қарлыға КЕРЕЙҚЫЗЫ, республикалық дəрежедегі зейнеткер. АҚТӨБЕ.

Ташпековтің мына өлең жолдары өте ұнайды: Будь славен, Президент степной страны, Отец казахов, всех рассеянных по миру. Народ сберег мой все обряды старины И почитает мудрость, труд и лиру! Өз атымнан Мемлекет басшысына табыс тілеймін. Оның барлық жасампаз идеялары халық игілігі үшін орындала берсін. Біз, келешек ұрпақ, үлгілі оқуға жəне сол арқылы туған Қазақстанымызды жетістіктерімізбен танытуға уəде береміз! Аделя БАКИЕВА, Қ.Сəтбаев атындағы №56 гимназияның 11 В сынып оқушысы.

АЛМАТЫ.

Институт ұжымы «Заманауи білім беру жүйесіне кірігу мақсатында оқытудың инновациялық нысандары мен əдістерін енгізу арқылы педагогтардың кəсіби құзы реттілігін жоғары деңгейге көтеру» мəселесімен айналыса отырып, ұлттық білім беру моделін жаңғырту жағдайында біліктілікті арттырудың мазмұнын айқындап, кəсіби дамуын қамтамасыз етуде. Өзгермелі өмір талабына сай жеке тұлғаның қалыптасуы ұстаздан басталады, қоғамдағы өзгерістер ұстаздардың кəсіби біліміндегі жаңашылдықты талап етеді. Ұлттың бəсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады. Ұстаз негізі болмысынан жаңалыққа жаны құштар, жаршысы болуға тиісті жан. Ең бас тысы – адам факторы: оның еркі, күш-жігері, табандылығы мен білімі. Олай болса, ғылым мен ақыл-ой бəсекесінің ғасырында ғылым мен техниканың озық үлгілерін меңгере отырып, Елбасының «Елімізге бойына атабабамыздың ел мен жерге деген сүйіспеншілік қасиеті дарыған, егеменді елімізге аянбай қызмет ететін, ой-өрісі кең, алғыр да жүректі, сауатты да салауатты азаматтар қажет» деген биігінен көріне берейік. Маржан ҒАЛЫМЖАНОВА, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры.

Ўмтылєан жетер мўратќа Кеше Қазақстан Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының орынбасары Мейірбек Молдабеков ғарыш саласының дамуы барысында жасалып жатқан біраз істерді ортаға салды. Айгүл СЕЙІЛОВА,

«Егемен Қазақстан».

Қазіргі таңда отандық ғарыш саласын дамыту екі стратегиялық бағытта іске асып жатыр. Оның біріншісі – ғарыштық инфрақұрылымды құру, жасау, дамыту болса, екіншісі – ғылыми-технологиялық база мен мамандардың əлеуетін дамыту. Агенттік төрағасы орынбасарының айтуынша, бірінші бағытта бес үлкен жоба іске асырылуда. Олар: «KazSat» ғарыштық байланыс жүйесі; Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыштық жүйесі; ғарыш аппараттарын құрастырусынау кешенінің құрылысы; жоғары дəлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру жəне «Бəйтерек» зымыран кешенін құру. ҚазҒарыш өкілі жоғарыда аталған 5 ірі жобаның біреуін 100 пайыз қазақстандық мамандар əзірлегенін атап өтті. «Жоғары дəлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын қалыптастыру жобасын 100 пайыз қазақстандық мамандар дайындады. Бұл біздің мамандардың білімділігі мен біліктілігі шетелдік мамандардан кем емес екенін дəлелдейді. Ал қалған жобаларда шетелдік мамандардың үлесі бар. Өйткені, біздің теориялық бағыттағы біліктілігіміз жоғары да, практикалық бағытта кемшіндеу. Оның үстіне, батыстағы заманауи технологияларды пайдалану мақсатында да шетелдік мамандармен іскерлік қарым-қатынас орнаттық», – деді ол. М.Молдабеков «KazSat-2» аппаратының мүмкіншілігі туралы əңгімеледі. «KazSat-2» осыдан екі жыл бұрын іске қосылды. Жердегі байланыс қызметін Қазақстанның 11 операторы атқаруда. Жалпы айтқанда, бүгінгі таңда аппараттың 63 пайыз мүмкіншілігін пайдаланудамыз» – деді өкіл. М.Молдабековтің сөзіне бақсақ, аталған ғарыш аппаратының іске қосылуы

арқасында елдің қазынасынан 2,5 миллиард теңге үнемделген. Яғни, бұған дейін басқа елдің ғарыш аппаратының қызметін пайдаланғанымыз үшін ақша төлеп келген болсақ, енді ол қаржылар елде қалып жатыр. «KazSatтың» тағы бір артықшылығы – ақпараттық жағынан тəуелсіздік алуға мүмкіндік беретіндігі. Айта кетер жайт, «KazSat-3» байланыс жəне хабар тарату ұлттық геостационарлық спутнигін құрастыру жұмыстары да аяқталыпты. Жыл соңына дейін сынақтан өтіп, келер жылдың бірінші тоқсанында тағы бір əуе кемесі ғарышқа ұшырылмақ. Ғарыш кемелерінің қызметі орнықты болу үшін жердегі инфрақұрылым мықты болуы тиіс. Оған ғарыш аппаратын басқару жүйесі, аппараттың қызметін пайдалану жүйесі кіреді. Бұл тұрғыда 2005 жылы Ақмола облысының Ақкөл қаласында құрылған Ғарыш аппараттарын жерден басқару кешені жəне байланыс мониторингі жүйесінің қызметі айтарлықтай. ҚазҒарыш өкілінің айтуынша, аталған кешеннің барлық инженерлік құрамы ҒА басқару жəне байланыс мониторингі саласында арнайы білім алып, штатты жəне авариялық режімде басқарудың негіздерін игерген. ҚазҒарыш өкілі 2015 жылы Қазақстанда ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенi құрылатынын мəлімдеді. Бұл жобаны iске асыру үшін стратегиялық əрiптес ретiнде ғарыш саласындағы əлемдiк көш басшылардың бiрi EADS Astrium атты француз компаниясы таңдалған. Кəсiпорын түрлi тағайындамадағы спутниктердi жасайтын болады. Байланыс спутнигi, жердi қашықтықтан зондтау спутниктерi, ғылыми-технологиялық спутниктер құрастыру-сынау кешенінде құрастырылып, сынақтан өткізілмек. Ал, келер жылы жер ді қашықтықтан зондтау ғарыштық жүйесі толық іске қосылмақ. М.Молдабеков жерді

қашықтықтан зондтау ғарыштық жүйесін жүзеге асыру нəтижесінде жерді қашықтықтан зондтаудың екі ғарыштық аппараты, ғарыш деректерін қабылдау жəне өңдеу үшін жерүсті мақсатты кешені жасалатынын атап өтті. «Алғашқы дəлдігі орташа жерді қашықтықтан зондтау ғарыш аппаратын ұшыру 2014 жылдың бірін ші тоқсанында, ал дəлдігі жоғары жерді қашықтықтан зондтау ғарыш аппаратын ұшыру 2014 жылдың екінші жартыжылдығына жоспарланып отыр. Келесі жылы жүйе толық іске кірісуі тиіс», – деді ол. М.Молдабеков «Бəйтерек» зымыран кешенін құруға байланысты қазіргі жағдайға да тоқталып өтті. 2004 жылы Қазақстан мен Ресей президенттері «Байқоңыр» кешенін тиімді пайдалану туралы келісімге қол қойып, кешенді жалға беру мерзімін 2050 жылға дейін ұзартқаны мəлім. Осы кезде ғарыш айлағындағы экологиялық проблемаларды кезең-кезеңмен шешу мақсатында экологиялық жағынан қауіпсіз жаңа ғарыш кешенін, атап айтқанда «Бəйтерек» кешенін құру туралы келісімге келгені есте. «Жоспар бойынша «Бəйтерек» ғарыш кешені 2008 жылы аяқталып, ғарышқа ұшырылуы тиіс болатын. Бірақ, алғашында 223 миллион долларға бағаланған кешенді ресейлік мердігерлер жеті есеге дейін көтеріп, 1,6 миллиард долларға жеткізді. Бұл тұрғыда ресейлік қадамдар бізді қатты ойландырды. Екіншіден, Ресей дəл осындай «Ангара» зымыранды-ғарыштық кешенін «Восточный» ғарыш айлағында салу шешімін жасады. Əрине, бұл бағытта біз көршілес елмен бəсекелесе алмаймыз. Сондықтан да жобаны жабу немесе осы мəселенің басқа жолын табу жайында ойландық», – деді М. Молдабеков. Ол бүгінгі күні «Бəйтерек» жобасын «Ангара» зымыран тасығышынан «Зенит» зымыран тасығышына біртіндеп көшіру үшін үкіметаралық комиссияның бірлескен əрекеттер жоспары əзірленгенін, енді ол 2014 жылы жүзеге асуы мүмкін екенін атап өтті. Брифинг соңында М.Молдабеков журналистердің сауалдарына жауап берді.

Ќазыналы ґѕір ќарќынды ґркендейді Атырау облысында əлеуетті инвесторлармен 50 миллиард теѕгеніѕ меморандумына ќол ќойылды Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан».

Атырау облысының та биғи байлыққа молдығы да, эко номикалық өркендеуі де тек елімізге ғана емес, күллі əлемге кеңінен танымал. Алдымен, бұл өңірге 1993 жылы «Шеврон» корпорациясы мол инвестиция салып, «Теңіз» кен орнын игеруге қадам жасады. Содан бері мұнайлы Атырауға дүйім дүниенің əр елінен, əлемдік нарықтағы алпауыт компаниялардың қызығушылығы артып келеді. Əлі де бəсеңдеген жоқ. Тіпті, алдағы жыл дары қазіргіден де арта түсе тіндігі «Atyrau Inbest-2013» халықаралық инвестициялық форумы барысында анық байқалды. Биыл бұл форум Атырауда бірінші рет өткізілді. Соған қарамастан оған əлемнің АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Түркия, Ресей, Финляндия, Чехия, Польша секілді он екі елінен əлеуетті өкілдер қатысты. Форум аясындағы көрмеге 70-ке жуық қазақстандық жəне ресейлік компанияның өнімдері қойылды. Қазір бұл өңір əлемнің 52 елімен сауда байланысын орнатып үлгерді. Олардың арасында, əсіресе, АҚШ, Ұлыбритания, Италия, Франция, Қытай, Канада секілді елдермен 450 бірлескен кəсіпорын жұмыс жасайды. Ұлыбритания, Италия, Германия елдері Атырауда сауда-инвестициялық өкілдіктерін ашып қойды. Ал ресейліктермен əріптестіктің үлесі соңғы жылдары еселей түсті. «Біз өңірдің жанжақты өркендеуі үшін инвестиция салғысы келетін инвесторлардың жобаларын қолдауға əзірміз», деп мəлім етті облыс əкімі Б.Ізмұхамбетов. Инвестициялық форумда баян дама жасаған облыс əкімі нің бірінші орынбасары

Ғ.Дүйсембаевтың мəлім етуінше, шикі зат тық қор мен табиғи ресурстардың молдығы инвестициялық ахуалына оң əсер етеді. Өңірдің географиялық тұрғыдан Еуропа жəне Кедендік одақ елдеріне жақын орналасуы да, инфрақұрылымдық дамуы да инвестициялық ахуалының жақсаруына сеп болып отыр. Бұл күндері өңірде 600-ден астам өнеркəсіптік кəсіпорын жұмыс жасайды. Жалпы қоры 4,5 миллиард тонна мұнай жəне 2 триллион текше метр газды құрайтын «Теңіз», «Қашаған» секілді екі ірі кен орны бар. Тек соңғы үш жылдың өзінде өнеркəсіп өнімдерінің тұрақты өсімі байқалып келеді. Мəселен, биылғы 9 айда өнеркəсіптік өнім көлемі 22,5 миллиард долларды құраған. – Бүгінгі таңда өңірде тұрақты жұмыс жасайтын 28 мың ша ғын жəне орта деңгейдегі кəсіпорын бар. Шағын жəне орта биз нес саласында өндірілетін өнімдер көлемі 2-2,5 миллиард долларды құрап отыр. Əлемнің бірнеше елімен орныққан сауда байланысының ішінде мұнай-газ саласында Франция, Нидерланды, АҚШ, Канада мен Түркияның үлесі басым, – деп атап өтті Ғ.Дүйсембаев. – 2000-2012 жылдары Атырау облысының негізгі капиталына 34,7 миллиард доллар көлемінде инвестиция салынды. Бұдан өзге Индустрияландыру картасы шеңберінде 9,3 миллиард долларлық 34 инвестициялық жоба іске асырылуда. Қазыналы өңірдің қарқынды өркендеуіне бетбұрыс жасайтын форум аясында жалпы сомасы 50 миллиард теңгенің бірнеше маңызды меморандумына қол қойылды. Соның ішінде үнділік «SAVA Global» компаниясының жобасы көңіл аударуға тұрарлық. Өйткені, фармацевтика саласында

еуропалық стандартпен өнім шығаратын бұл компания енді Атырауда жаңа кəсіпорын салуды көздейді. Сөйтіп, жергілікті компаниямен 3 млрд. теңгенің меморандумына уағда жасасты. Ал «Атыраунефтемаш» пен итальяндық «Continental flanges and fittings Italia» SPA компаниясы арасындағы меморандум 4,2 млрд. теңгені құрайды. Сонымен бірге, «Атырау» ƏКК мен «Антарес» компаниясы 21,1 млрд. теңгені құ райтын жел электр стансасын салуға ұй ғарым жасады. Айтқандай, «Аты рау» ƏКК «Enprode» компаниясымен бірге осы салада 16 млрд. теңгелік тағы бір жобаны іске асырмақ. Бұдан өзге Кедендік одақ шеңберінде Уд муртия Республикасы мен Атырау облысы арасында ынтымақтастық жөнінде ортақ меморандум жасалды. – Қазақстан мен Удмуртия Республикасы арасындағы қарымқатынас қарқынды дамып келеді. Қазір сол іскерлік байланыстарды одан əрі өрістетудің оңтайлы сəті түсіп тұр. Біздің елдің кəсіпорындары Қазақстанға 55 млн. доллардың өнімін экспорттаса, біз Қазақстаннан 5 млн. доллардың тауарларын сатып алып отырмыз. Осы форум кезінде тағы да қосымша маңызды келісімшарттар жасастық. Енді екі ел арасындағы сауда айналымы бұрынғыдан молаяды, – деді Удмуртия Республикасы Президенті мен Үкіметі əкімшілігінің басшысы Александр Горяинов. Сондай-ақ, Белоруссияның Гомель облысынан делегациясының жетекшісі Олег Борисенко да Қазақстанмен, əсіресе, Атырау облысымен іскерлік байланыстың нəтижелі болатындығына сенім білдірді. Атырау облысы.


6

www.egemen.kz

4 желтоқсан 2013 жыл

 Көзқарас Өткенге көз жүгіртсек, əрдайым мемлекеттің мемлекеттік-саяси егемендік алуы бұқараның тарихи санасының қалыптасуымен ұшырасып отыратынын байқаймыз. Елбасының «Абылай аңсаған азаттық» атты мақаласында: «Бүгінгі таңда, тəуелсіздік алған жылдары бойында жинақталған тəсілдемелерді пайдалану арқылы ұлттық тарихты түбегейлі қайта зерделеу орын алып отыр», – деген сөздері де осыны айғақтайды. Тарих ғылымы саяси философиямен, мемлекеттік билікпен байланысты. Қандай да болмасын мемлекеттік билік тарихты зерттеу үдерісін өзінің саяси-идеологиялық негіздеуіне жəне нығайтуына пайдаланады. Бұл тұрғыда тарих ғылым ретінде билікке тəуелді, оған белгілі бір дəрежеде бағынышты. Биліктің ұзақ уақытқа тарих ғылымын өзінің назарынан тыс қалдыру мемлекетке тиімсіз жəне дұрыс емес. Ресей президенті В.Путиннің ресейлік тарихи сананы қалыптастыруға негіз бола алатын

зерттеулерге емес, көбінде анықтамаларға, мағлұматнамалық құжаттарға, ақпаркітапшаларға ұқсайды. Мұндай зерттеулерде тарихи фактілерді теориялық тұрғыдан талдау тəртібінің қажеттілігі, тарихтың дамуының жалпы заңдылықтарына тəн үрдісін зерттеу жəне анықтау жағы ескеріле бермейді, тіпті, назарға да алынбайды. Мəселенің мəні, əрине, тарихи фактілерді теориямен ауыстыруда емес, ал тарихтың əдіснамасының мəселелерін барынша терең

тарих ғылымы алғашқы қадамдарын жасап жатыр деп толық негізбен пайымдауға болады. Осыған байланысты отандық тарихты теориялық-əдіснамалық қайта зерделеу Қазақстанның мемлекеттік-этникалық өзін-өзі анықтау, билеу, көп ғасырлық өзіндік даму тарихы бар байырғы ұлт қазақ мүдделерін негізге алу тұрғысынан жүргізілуі керек. Бүгінде отан тарихының дамуын тарихи танудың əдіснама саласының маңызды бір бөлігі болып табылатын тарих философиясының мəселелері жете жасалмағандығы ерекше сезіліп тұр. Бəрімізге мəлім жəне толғандырып жүрген мəселе, əлі күнге дейін отандық философия отандық тарихи үдерісінің дүниетанымдық, іргелі сұрақтарын қажетті деңгейде қайта зерделей ала алмай отырғандығы, соның ішінде, біз, қазақтар, кімдерміз, дүниежүзілік тарихта қандай орын аламыз,

Ортаєа салар ой Сапар КОЛДЫБАЕВ,

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті философия кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы, профессор.

арқаулық оқулықты жасау идеясын ұсынуы осы жағдаймен байланысты деп ойлауға толық негіз бар. Түпкі ой бойынша, мұндай оқулық Ресей тарихының фактологиялық жəне теоретикалық қырларын бағалауда бір ымыраға келу болып табылады. Бұл мəлімдеме антилибералдық болып көрінгенмен, мұндай оқулықтың жазылуы қажеттіліктен туындап отыр, өйткені, ол мемлекет пен қоғамның рухани негіздерін нығайту идеясына қызмет етуге бағытталған. Əсіресе, жас мемлекетке тарихты қайта зерделеу кезеңінде тарих ғылы мының дұрыс, арқаулық əдіснамалық негізін, дəлірек айтқанда, тарихтағы өзінің халқының, мемлекетінің орнымен байланысты жалпы теоретикалық қағидаттарды, идеяларды, түсініктерді табу маңызды. Аталмыш теориялық-арқаулық түсініктерді негіздеу мемлекет үшін халықтың жалпы рухани қалпына тікелей əсер ететін отандық тарихи сананың жағдайының ерекше маңыздылығымен айшықталады. Оны ескермеу мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін де əлсіретеді. Осыған байланысты Балтық республикалары, Украина жəне кейбір басқа да посткеңестік мемлекеттердің билік тізгінін ұстаушылар өздерінің тарихшы ғалымдары арқылы ұлттық тарихтарының жеке фактілеріне басқаша түсіндірмелер берумен шектелмей, оған қоса өздерінің халықтарының əуелгі əдіснамалық түсініктерін өзгертуге тырысып бағуда. Бұл ұмтылыстың негізінде осы мəселенің шешілуіне байланысты елдің болашағы қандай болатындығына алаңдаушылық жатыр. Бұл мемлекеттердің саясаткерлерінің коммунизм жəне нацизмді бір мағынада қарастырулары, «Ұлы Отан соғысы» түсінігінен бас тартып, «Голодомор» түсінігімен ауыстыру жəне оның зардабын кеңестік биліктің қасақана жасаған қылмысы деуі кездейсоқ емес. Жоғарыда аталып өтілген жайттар, əрине, Отан тарихын зерттеуде нақтылаудың қажеттілігін еш кемітпейді. Керісінше, тарихи танымның əдіснамасының дұрыс қағидаттарын табу нақты тарихи оқиғалар мен фактілерді тиімді зерттеудің қажетті негізі мен шарты болып табылады. Бірақ бүгінгі таңда, Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы М.Тəжин үстіміздегі жылдың маусым айында Астанада өткен ұлттық тарихты зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының отырысында сөйлеген сөзінде айтқандай, Қазақстанның тарих ғылымы теориялардың артықшылығы мен молшылығынан гөрі, жетіспеушілік пен тапшылықтан жапа шегіп отыр. Отандық тарихшылардың бір бөлігінің еңбектері сапасы мен мазмұны жағынан терең мағыналы

мағыналы қылып жасау қажеттілігінде тұр. Фактологиялық іргетас əрқашанда Отан тарихының мызғымас арқауы болып келді жəне алда да бола береді. Тарихи фактілер əрдайым тарихшылардың айғақ заты болып табылады. Бұл арада əңгіме, қазіргі отандық тарихи зерттеулердің теориясы мен фактілерінің органикалық бірлігін қамтамасыз етуде, тарихтың əдіснамасы мен эмпирикалық базасын дұрыс байланыстыру жолдарын табуда болып отыр. Басқаша айтқанда, отандық зерттеулердің тарихи фактілеріне теориялық, əдіснамалық негіздеу жетіспейді. Көбінде, бұл жағдай, отандық тарихшылардың теориялық білімге қарсы бағытталған қате түсініктерінің, тарих ғылымының əдіснамалық аппаратын жасау қажеттілігін жете түсінбеуінің салдары. Ескеретін жай, тек бұл ғана емес. Қазіргі уақытқа дейін КСРО-ның тарих ғылымында тарих философиясының мəселелері мен əдіснамасын жасау басымдылығы мен құзыры көп жағдайда елдің орталықтары болып табылатын Мəскеу мен Ленинград ғалымдарының еншісінде болғанын естен шығармауымыз керек. Бұл дегеніміз, шет аймақтардың зерттеушілеріне көп жағдайда деректік-статистикалық түсініктемеші рөлі берілді, сол себепті олардың еңбектерінде теориялық-əдіснамалық мəселелер аз қарастырылды. Сондықтан қазіргі таңда теориялық ізденіс ретінде қазақстандық

біздің арғы аталарымыздың тарихта қандай рөлі болған деген сияқты сауалдарға жауап берілмегендігі. Қазақстан тарихындағы ұлт тұлғаларының рөлін анықтау, тарихи үдеріске өркениеттік парадигмаларды қолдану, қазақтардың көшпелі қоғамында мемлекеттіліктің рөлін қайта қарастыру мəселелері де осы қатарда тұр. Рас, осы сұрақтарға жауап табуға ұмтылыс тіптен болмады деп айта алмаймыз. Бұл сұрақтарға əрқайсысы өз түсінігіне сай жауап беруге тырысып бағуда. Сөйтіп, қалыптасқан жағдай тарих философиясының аталмыш мəселелерін қарастыруда қазақ халқының тарихын кемсітіп қорлайтын жəне төмендететін еуроцентристік көзқарастың үстемділік етуіне əкеліп отыр. Сондықтан, отандық тарихшылар алдында тек ғылыми ғана емес, сонымен қатар, бұқаралық сананы мұндай психологиялық стереотиптен арылту міндеті тұр. Бірақ тарих əдіснамасы тек тарих философиясының мəселелеріне ғана келіп тірелмейді. Отан тарихының əдіснамалық мəселелерін жасау Қазақстан тарихы ғылымының тікелей теориясы ретінде маңызды болып табылатын қазақтардың этногенез мəселесі, Қазақстанның Ресейге қосылуы, Қазақстан тарихын дəуірлерге бөлу, ұлт-азаттық қозғалыстар, кеңестік модернизациялау жəне т.б. сияқты тар

мағынада да қарастырылуы қажет. Тарихты зерттеудің танымдық тетігі болып табылатын əдіснаманы қолданудың өзі де өзгерістерге зəру. Бəрімізге мəлім, əлемдік тарихи ой, əсіресе, Батыс тарихты тануда алуан түрлі теориялық құралдарды табысты пайдаланады. Бұл тұрғыда, герменевтика теориясының танымдық құралдары, Анналовтың тарихи мектебінің жетістіктері, В.Дильтейдің ілімдері жəне көптеген басқа тарихты танудағы Батыс əдістері қызығушылық тудырады. Осы аталған əдістерді қолдану, сөз жоқ, отандық тарих ғылымының танымдық сипатын айтарлықтай байыта түседі. Демек, Отан тарихы танымдық құрал ретінде қолданып жүрген бірқатар ғылыми беделінен айырылған əдістерден бас тартуы керек. Айталық, тарихи тұлғалар жайлы ойымызды қазіргі уақыттың құндылықтары жəне моралімен салыстырып, пішіп-кесетініміз бар. Бұл үлкен қателік. Тарихқа төрелік жүрмейді десем, келісетін шығарсыздар. Мұндай құқықтық желігуді еңсеруге, атап айтқанда, тарихи мəтіндерді зерттеу барысында зерттеушілерден назардағы дəуірге əбден берілуді талап ететін, осы дəуірде үстем болған құндылықтардың шындығына жетіп, сол заманда өмір сүрген тарихи тұлғалардың ой-пиғылын, ниеттерін, ықылас-тілегін, ынтызарын түсініп, талдап жəне ескеріп барып, олардың жасаған істері мен тарихтағы рөлдерін бағалауға герменевтика əдісі көмектесе алады. Тарих əдіснамасының бір бөлігі болып табылатын тарихи танымның отандық эпистемологиясы тарихты тануда іс-жүзінде қолданылатын əдістердің əртүрлілігін қажетсінеді. Бұл мақсатқа жету үшін тарихшылар өз уақытында жемісін берген, бірақ қазір іске тұсау болып отырған оқшаулану құрсауынан шығуға тиіс. Отандық тарих ғылымына философиямен, тек қана онымен емес, өзге ғылымдармен, атап айтқанда, психологиямен, этнологиямен, археологиямен, палеонтологиямен, жаратылыс ғылымдары – математика, биологиямен жəне т.б. одақ құру керек. Бұл одақ, іргелес ғылыми пəндердің тоғысуы, олардың жетістіктері мен құралдарын қолдану – əрі қарай тарих шындығын танудың олқылықтарын жеңудің жолы, жалпы, отандық тарих ғылымының дамуының жетістігінің кепілі болатындығы сөзсіз. Тағы бір назар аударатын жайт, отан дық тарихтың дамуындағы қазіргі өзгерістерді, кейбіреулер көбіне деректеметану сипаттағы жаңа құжаттардың Қазақстанда жəне шетелдерде ғылыми айналымға енгізілуімен байланыстырады. Бірақ, бұл отан тарихының қазіргі жағдайындағы өзгерістің қажетті жəне маңызды жағының бір ғана бағыты. Маңыздылығы жағынан кем түспейтін тағы бір міндет – біздің ғалымдардың отандық тарихи ойларын тарихтың əдіснамалық сұрақтарын жасауда белсенділік танытуға бұру. Мұндай өзгерістерді ең алдымен, тарихшылардың жас буын өкілдері жүзеге асыра алады, өйткені, оларға қазіргі уақыт талап ететін жаңашылдықты қабылдау көп жеңіл. Бірақ мұның өзі, мемлекеттің тарихшыларды дайындауға қатысты ұстанымын белгілі деңгейде өзгертуін қажет етеді. Бұл тұрғыда, тарих зерттеушісінің мамандығы беделді болуы керек, «тарих» мамандығына тек қана зерттеушілік қабілеті бар, дарынды жастардың ағылуын қанағат тұтпай, соның ішінде тарихи процесті теориялық, əдіснамалық игеруде икемі мен дағдысы барларды көптеп тартуға күш-жігер салу керек. Студент тарихшыларды əдіснамалық негізде дайындау мақсатында тарих факультеттерінің оқу бағдарламаларына «Тарих философиясын» міндетті курс ретінде енгізу де елеулі көмек болар еді. Сонымен, отандық тарих ғылымының əдіснамалық аппаратындағы өзгерістер өзінің кешенді шешімін талап етіп отыр. Отандық тарихтың теориялық мəселелерін жасаудың маңыздылығын жете түсіну, зерттеушілердің тарихпен іргелес басқа ғылымдар өкілдерімен тығыз одақтасуының қажеттілігі, студент-тарихшыларды дайындауда білім беру жүйесін өзгертуді.

 Президент тапсырмасы қалай орындалуда?

Кəсіпкерлерді жиі тексеру тыйылар емес Елбасының өзі жиі ескертетіндей, кəсіпкерлерді жиі тексеруді доғаратын кез келді. Бұл туралы жақында Өскеменде облыс əкімдігі, өңірлік кəсіпкерлер палатасы мен облыстық прокуратура бірлесіп өткізген алқалы жиында кеңінен сөз болды. Оңдасын ЕЛУБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Осындай құрамда бірінші рет өткізіліп отырған кеңейтілген алқа мəжілісі онлайн режімінде жүргізіліп, оған барлық деңгейдегі прокурорлар, облыстық департаменттер мен басқарма басшылары, қала жəне аудан əкімдері қатысты. Мəжілісте өңірдегі кəсіпкерлердің құқығын қорғаудағы прокурорлық қадағалаудың жайы талқыланды. Облыстық прокуратураның əлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау жө нін дегі басқарма басшысы Р.Шідериновтің сөзіне қарағанда, кəсіпкерлерді заңсыз тексерудің 651 фактісі тіркелген. 645 жоспарлы жəне 6 жоспардан тыс тексерулер,

сонымен бірге, заңдылықты бұза отырып 194 тексеріс жүргізілген. Орын алған оқиғаға орай бұл заң бұзушылықты жою жөнінде 47 ұсыныс, 11 наразылық енгізілген. Тəртіптік жа уап кер шілікке 80 лауазымды тұлға, əкімшілік жауапкершілікке үш тұлға тартылыпты. – Елбасы Н.Назарбаев шағын жəне орта кəсіпкерлікті дамытуға ерекше көңіл бөліп отыр. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген мəжілісінде орынды айтылып, түрлі тексерулердің азаюдың орнына көбейіп бара жатқанына алаңдаушылық білдіріп, құқық қорғау саласы қызметкерлеріне тексерістерді орынсыз жүргізгендерге қатаң шара қолдануды тапсырғаны белгілі. Ал мына

фак тілер көңіл көншітпейді. Облыс тұрғындарының жұмыс істеуге қабілеті бар бөлігінің 31 пайызы осы салада еңбек етіп, бала-шағасын асырап отыр. Олар жыл сайын 470 миллиард теңгенің өнімдерін өндіріп, 60 миллиард теңгені облыс бюджетіне аударады екен. Ендеше заңсыз əрекеттерді тиятын кез жетті, – деп облыс əкімі Б.Сапарбаев қатаң ескерту жасады. Орынсыз тексерістер тыйылар емес. Демек, не істеу керек? Облыс прокуроры Бағбан Тайымбетов кəсіпкерліктікті қорғау заңнамаларының сақталуы жəне кəсіпкерлік нысандарының құқықтарын бұзу оқиғаларын болдырмау жəне сол мақсатта кəсіпкерлерге жедел көмекке келетін мобильді топтардың жұмыс істей бастағанын айтты. Кəсіпкерлер үшін «сенім телефоны» жұмыс істейді. Биыл жыл басынан сенім телефонына 44 шағым келіп түскен. Оның

27-сінде заңсыздық орын алғаны расталды. Шағымдар бойынша заң бұзушылықты жою туралы 10 ұсыныс, 8 заңсыз əрекетке орай 4 наразылық енгізіліпті. Тəртіптік жауапкершілікке 8 лауазымды тұлға, 3 адам əкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бұдан кейін облыс прокуроры Бағбан Тайымбетов бірнеше аудандардағы прокуратура қызметкерлерінің сенім телефонына заңсыз тексеру туралы арыз-шығымдардың түскенін, тексеріс кезінде олардың шын мəнінде орын алғаны анықталғанын айта келіп, алдағы уақытта заң бұзушылық қайталана берсе, қа таң ша ра қолдану қажеттігіне тоқталды. Шығыс Қазақстан облысы кəсіпкерлер палатасының директоры И.Шацкий кəсіпкер лерді заңсыз тексерулерге алаңдаушылық білдірді. Өскемен қаласының əкімі Т.Қасымжанов облыс орталығында кəсіпкерлікті

қолдауда атқарып жатқан істерін айтып берді. Облыстық кəсіпкерлік жəне ин дус триялық-инновациялық да му басқармасының басшысы Шəкəрім Бұқтығұтов заң бұзушылықтың қай аудандарда көп орын алғаны жайлы мəліметтерді келтіріп, өңір басшысынан олар ға шара қолдануды сұрады. Облыс прокуроры Б.Тайымбетов кəсіпкерлердің жұмысын тексеруде өңірде көп заң бұзушылықтар орын алған қала, аудан прокурорларына жұмысты ширатып, заңсыздыққа жол бермеуді ескертті. Алқалы жиынды қорытындылаған Б.Сапарбаев сын-ескерт пелердің орынды екенін, кəсіпкерлердің алаңсыз жұмыс істеуіне жағдай жасау тиісті мекемелер мен құқық қорғау саласы қызметкерлерінің басты міндеті екенін атап өтті. ӨСКЕМЕН.

ШАРАЙНА

Əлем жаѕалыќтары

Асадќа таєылєан айып ауыр БҰҰ жанындағы Адам құқы жөніндегі кеңес комиссиясы Сирия президенті Башар Асадтың режіміне қарсы айыптаулармен шықты. Онда режімнің адамзатқа қарсы қылмыс жасағаны атап көрсетіледі. «Дейли Телеграф» комиссия түзген құпия тізімде аталған қылмысқа қатысы барлардың аты аталып, түсі түстеледі екен. Басылымның жазуынша, тізімде Сирия қалаларындағы тұрғын үй аудандарын зеңбіректерден атқылауға, сондай-ақ, адамдарды өлтіргендер мен азаптағандарға, əйелдер мен балаларды қоса алғанда, ауруханаларда жаралы оппозиционерлерді қинағандарға жауаптылар меңзеліпті. Комиссия көрсетілген қылмыстарға Б.Асадтың шенеуніктерін айыптап отыр екен. Тізімге нақты кімдер кіргені əзірше белгісіз. Бұған дейін оған президент Б.Асад та кіреді деген əңгіме айтылып келген болатын.

Януковичті ќолдаєандар акциясы Украинада мазасыз күндер мен түндер жалғасуда. Халық та билікке қарсылар жəне жақтастар болып екіге бөлініп отыр. Кеше Украинадағы билеуші Өңірлер партиясының өкілдері президент Виктор Януковичті қолдаған акцияларын бастады. Акциялар Киевтегі Мария саябағында жəне Жоғары Рада маңында бастау алды. Бүгін біз Мария плацдармын алдық... Біз... президент пен біздің партиямызды қолдау жөніндегі акциямызды бастаудамыз, деді Өңірлер партиясынан бұрынғы депутат Юрий Болдырев шара басында сөйлеген сөзінде. Сондай-ақ, ол Украинадағы билікке қарсы соңғы оқиғаларды «фашистік төңкеріске» əрекет деп бағалады. Осы аралықта оппозициядағы «Удар» қозғалысының серкесі Виталий Кличко бас біріктірсек, алынбайтын асу жоқ деп мəлімдеді.

Путинге наразылар кґп Ресей президенті Владимир Путин Арменияға сапармен келген болатын. Еуропалық интеграцияны жақтаушылар Арменияның Кеден одағына өтуіне қарсылық танытып, Ресей басшысының сапарына наразылықтарын білдірді. Арменияның астанасы – Ереван қаласының орталығына жиналған мыңдаған белсенділер өз елдерінің Еуропаға интеграцияланғаны ұтымды екенін айтып, ұран көтерді. «Біз өз еліміздің қожайындарымыз!» деп ұрандатты жиналғандар. Сонымен қатар, олар Армения президенті Серж Саргсянның отставкаға кетуін талап етті. Акция орнына полиция көптеп шоғырландырылды. Олардың арасында жай киім киіп жүрген «жансыздар» да көп болды. Аса белсенділік танытқан ондаған адам қамауға алынған.

Ќысќа ќайырып айтќанда:  «Росатом» мемлекеттік корпорациясынан 45 млн. рубль қолды болған. Осыған байланысты қылмыстық іс қозғалды. Ақша ұрланғанын ІІМ қызметкерлері анықтаған сыңайлы.  Ауғандық есірткі саудалаушылар 30 жастағы Тəжікстан азаматы Мирмад Баротовты ұрлап кеткен. Оны босату үшін ақша талап етіпті. Егер ақша төленбеген жағдайда оның басын аламыз деп қоқан-лоқы жасапты. Сөйтсе, ұрланғанның ұлы есірткі партиясы үшін қарызын қайтармапты.  Жануарларды қорғаушылардың бір тобы Нью-Йорк басшылығына 26 жастағы Томми деп айдар тағылған шимпанзені жеке тұлға ретінде ресми тану туралы өтініш түсіріпті. Белсенділер осылайша ерлізайыптылардың иелігінде қамауда ұсталатын маймылдың бостандыққа шығарылуын талап еткен.

Елдегі екінші адам орнынан тїсті Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның нағашысы Чан Сон Тхэк Ұлттық қорғаныс комиссиясы басшысының орынбасары лауазымынан түсіріп тасталды. Ұлттық қорғаныс комиссиясы КХДР-дегі жоғары əскери орган болып табылады. Қорғаныс комиссиясына Ким Чен Ынның өзі басшылық етеді. Сондықтан оның орынбасары елдегі екінші ықпалды адам саналады. Мұны Оңтүстік Кореяның Ұлттық барлау агенттігі біліп қойған. Отставка туралы қорытынды жасауға Чан Сон Тхэктің екі жақын серігінің ауыр жазаға кесіліп, жұрт көзінше өлтірілуі негіз болған секілді. Осыдан соң Чан Сон Тхэктің өзі де ресми шаралардан көрінбей кеткен. Оңтүстіккореялық барлау Ким Чен Ын көңілдерінен шықпаған соң жазаланғандар оны тағынан тайдырмақ болуы ықтимал деген болжам жасаған.

Əскерді дайындыќ сапына ќойды Венесуэла президенті Николас Мадуро ел астанасы – Каракас қаласында шамалы уақытқа жарық сөніп қалғаннан кейін əскерді барынша дайындыққа келтіру туралы бұйрық берген. Н.Мадуроның сөзіне қарағанда, армия энергия жүйесін бүлікшілер мен оппозицияшылардың одан арғы шабуылынан қорғауы тиіс. Оның пікірінше, электр жарығының өшіп қалуына үкіметке қарсылардың іс-əрекеті алып келген. Ел президенті, сондай-ақ, қуат желілеріне «шабуылды» 8 желтоқсанда өтетін Венесуэла қалаларының мэрлерін сайлаумен де байланыстырады. Сөз ретінде айта кетсек, кеше кешкісін Каракас пен оның төңірегінде электр жарығы жаппай өшіп қалған болатын. Бұл кезде Н.Мадуро жергілікті телевизия арқылы тікелей эфирден сөз сөйлеп жатқан еді.

Оппозиция їкімет їйіне басып кірді Бангкок қаласында демонстранттар үкімет үйіне басып кірді. Таиландтың «Натион» газетінің жазуынша, оппозиция басшылары наразылық танытушылардың жеңісі туралы жария етіп үлгерген. Ал «Ассошиэйтед Пресс» агенттігі болса, оппозиционерлердің үкімет үйі орналасқан кешен аумағына ғана кіргенін айтып отыр. Бұл үшін олар сыртқы қақпаны қиратып, ғимарат алдындағы шалғынға барып жайғасқан. Полиция наразылық танытушыларға ешқандай қарсылық көрсетпеген. Ғимараттың өзі болса, 29 қарашадан бері жабық тұр. Сондықтан ішінде ешқандай шенеунік жоқ. Таиланд билігі осылайша оппозиционерлерге қатысты тактикасын күрт өзгерткен. Ал наразылық акциясы қараша айының соңынан бері жалғасып келеді. Интернет материалдары негізінде əзірленді.


 Өңір өмірі

 Біз – қазақстандықтармыз!

Бауырмал Бесќараєай баурайында Əр адам үшін кіндік қаны тамған мекен – Отан. Ал кей адамға əуелден жат көрінген мекен уақыт өте келе һəм ғұмырына гүл бітірген біршама мезеттен соң туған отанындай болып кетеді. Бұл – өмірлік заңдылық. Ертісті жар жағалай орын тепкен Бесқарағай ауылының ауыл болғанына сексен жылдан асып барады. Заманның аумалы-төкпелі өзгерістерін де, алаулағанжалаулаған қуа ныштарын да, қинағаныңыранған кесапаттарын да басынан өткерді бұл елді мекен. Дегенмен де, ұйыған

айрандай ауыл тұғырдан түспей келеді, түспейді де. Түпкілікті тұрғындар қазақтармен қатар, өзге ұлт өкілдеріне де Бесқарағай баурайы бауырмал жылы құшағын айқара ашты. Шарапат пен шапағатын бірдей берді. Сонау сұрапыл соғыс жылдары, тіпті, одан сəл бұрынырақтау саяси қуғын-сүргін жылдары осынау мекенге неміс, чешен ұлтының өкілдері күштеп көшірілсе, ХХ ғасырдың 50-жылдарының еншісінде қалған тың игеру жылдары орыс, украин, т.б. ұлт өкілдері Бесқарағайға құт іздеп қоныстанды. Ауылдың осы күнгі егде тұрғындарын тыңдап отырсаң, шежіреге бергісіз қызықты əңгімеге қанық боласың. Өзге ұлт өкілдері өздерімен бірге өз ұлтының салт-дəстүрін, əдет-ғұрпын, ділдік əлеуметін ала келіп, қалыпты қазақылыққа жаңаша əр берді. Үйтам соғудың өзіндік үлгілерін кіргізді. Орыс,

украин, чешен, неміс тілдері, олардың көркем өнері қазақ арасына тарап, халық бірлігінің бірегей үлгісіне айналды. Ұлттардың етене араласып кеткені соншалық, бара-бара аралас отбасылар да шаңырақ көтерді. Олардан үрім-бұтақ тарады. Ал Бесқарағай ауылының қайталанбас тарихына өз еңбегімен қосқан өзге ұлт өкілдерінің қомақты үлесін қазіргінің егде шырақтары еш ұмытпайды. Зерделесек, елеліміздің, жер-жеріміздің өзге сүйсінерліктей, өзгеге үлгі боларлықтай жасампаздығы ұлтұлыстар ынтымақ-бірлікті бауырмалдығында екен-ау. Бегімбек КЕРІМХАНҰЛЫ.

Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Бесқарағай ауылы.

 Адамдық айнасы Сынаптай сырғып, қолға ұстатпас уақыттың билігіне бағынбайтын жан жоқ. Бүгінгі аяғын апыл-тапыл басқан балақай ертең аптал азаматқа айналса, бүгінгі жас ертеңгі қария. Ал сол уақыт билігіне бағына жүріп, қай кезеңде де, ол мейлі балғын балалығында болсын, қуаты темірдей, қылшылдаған жастық кезеңінде болсын, əлде бойдағы бұла қайрат кеміп, есесіне ақылы кемелденген, үлкендігімен бірге келетін түрлі салмақты парасатымен көтере білетін, барлығын ой-таразысына салып безбендеп, өлшер абыройлы ақсақалға айналғанда кісілік қалыбынан таймайтын жандар тым сирек болар. Тамырын тереңге жіберген тектілігі бар, көргені мен түйгені бар, кісіге жасаған қайырымы мен кеңдігі бар, кейде жанына жақпайтын істі көрсе тіліп айтар шешендігі бар, ойының оралымы мен көңілінің көркемдігі бар Кəрімжан ағаға үнемі таңданумен келемін.

Кісілік келбеті

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Жұмыста отыр едім. Кəрімжан аға телефон соқты. Дауысы тым ақырын, жай шығады: «Жаңа ғана Қостанайдан Рəшид телефон соқты, айтқан əңгімесінен қатты ауырып отырмын. Қибаш атаңның баласы Қаржау ағаң қайтыс болыпты, арты дауға ұласқандай, соған қазір жүргелі отырмын. Қу соғыстан ағайынды Шəку мен Қибаштың Əлиханы мен Малбағары аман келгенде осы дау тумас еді ғой». Аға шамалы үнсіз қалды. «Қайтейін, Қибаш атаңның атын ататып жүрген Қаржаудың өзіне дау туғанда, ертең... сонда...». Ағаның айта алмай, қиналып тұрған ойын түсінген мен ешқандай жұбататын да, көңіл алдарқататын да еш сөз таба алмадым. Ойыма əкем Қиекең деп қадірлеп отыратын Қибаш ата түсті. Ол кісі кіндіктен де жалғыз емес, Шəку деген ағасы, оның Малбағар деген баласы болған, баласыз да емес, Əлихан атты ержеткен ұлы бар, елдің қадірменді адамының бірі. Соғыс басталғанда Əлихан мен Малбағар алғашқылардың қатарында майданға аттанады. Екеуі де соғыстан оралмаған соң, Қибаш атам əйелі Сəлөк əженің інісі Нақыптың бір баласын бауырына салады. Өйткені, Нақыптың əйелі Қымбат та өзіне аталас туыс қарындасы еді. Əкесі жағынан əйеліне, шешесі жағынан өзіне жақын, армандап жүрген атбайлар баланы үйге алып келгенде, Қибаш атаның көңілі жаздың жайлауындай кеңейіп, жадырап, масайрағаннан өңі кірген дөңгелек жүзіне көрік берген сұлу сақалын сипап, айналаға нұрын төгілдіре шашып, үлкен той жасаған. Кішкентай Қаржаудың отырғаны да, талпынғаны да, еңбектегені де, жүргені де бірбір қуаныш болып, тек сол үй ғана емес, бүкіл ауыл Қиекеңнің жал ғызы деп əлпештеп, үлкен шалдардың өзі Қаржаудың көшеде өзіне сəлем бергенін, өсіп қалғанын кəдімгідей жыр ғып айтатын. Уақыт өз дегеніне бағындырып, Сəлөк əже де, Қибаш ата да өмірден озды. Артында қалған ұлы Қаржау Қибашұлы Белгібаев бастап, бүкіл ел болып қостап, ол кісілерді соңғы сапарына шығарып салды. Ал Қаржау аға қайтқанда: «Ертең, о дүниеде алдынан сұрақ-жауап шыққанда, шын əкесінің аты аталуы тиіс», депті молда. Кəрімжан ағаның жанының қиналып тұрғаны

7

www.egemen.kz

4 желтоқсан 2013 жыл

осы сөз екен. Қаржау ағаның ауы лына барған соң Кəрімжан аға молдаға: «Қарағым, қасиетті Құран Кəрімде, Пайғамбардың хадистерінде араздасқан адамдарды татуластыру үшін өтірік айтуға рұқсат берілетіні рас па? Егер рас болса, тірісінде бірі апа сына, бірі ағасына: «Құдай алдында сұраусыз», деп беріп, шаранаға асық жілік ұстатып, анттасқан адамдардың «өтірігін» шығарғаныңды Құран не дейді?» – деген сауал қойыпты. Əйтеуір, не керек, Қаржау ағаның денесі жер қойнына Қибашұлы болып қойылды. Артынан Кəрімжан аға өзі жүріп, қаражатын қалтасынан шығарып, Қаржау ағаның көк тасын Астанада жасатып, оны жəне өзі апарып, қабірінің басына орнатып келді. Ағаның анасы Шəрипа əжемнің өзі де, ісі де ірі болатын. Сырттан үйге кіріп келе жатып: «Қараңғы үйдің жарығы» деп еркелететін Кəрімжанының жалғыз болмасы үшін Шəрипа əже қандай қадамдарға бармады? Ол кісінің сол істері күні бүгінге дейін ел ішінде аңыздай болып айтылады. Бірде Кəрімжан ағадан осы жайттың анық-қанығын сұрадым. – Ол рас, еш өтірігі жоқ, – деп бастады əңгімесін аға. – Əжем қарулы, қайратты кісі болатын. Қайныларын қолтығына қысып көтеріп кетіп, жұртты қыран-топан күлкіге қалдыратын. Мен мектеп оқушысымын, əкем қой бағады, ал сыртқа шығып, үйге қажетті ана-мынаны алып келетін əжем. Əжем қарап жүрмей əкеме бала туып беретін əйел қарастырады екен. Барып өзі сөйлесіп, беретінін беріп, арбасына отырғызып, үйге алып келеді. «Мына кісі кім?» – деп сұраған əкеме: «Қайтесің оны сұрап, осы үйдің адамы», – деп 1 жыл, 2 жыл ұстап, туса туды, тумай жатса, тағы да бос қайтармай өзі апарып тастайтын. Сөйтіп жүргенде, екінші шешемізге тоқталды. Одан алдымен Исатай (Сиса дейміз қазір), одан арасына екі жыл салып Жетпісбай інім туды. Əжемнің сол ісінен не зиян көрдім. Қазір ақаршақар ел болдық. Жетпісбай бір ауыл ел, мен бір ауыл. Сисам мен Жетпісбайымды маған кім берер еді. Артымнан ерген бір туған інім мен қарындасым бар, менен бай адам жоқ. Балаларымның көкесі мен тəтесі десе шығарда жаны жоқ. Көрмесе көңілдері іздеп, көрсе қуана қауышып жатады. Əжемдей адам сирек қой. Ат үстінде жүретін. Шиліден

Торғайға дейін 120 шақырым ғой, содан қысты күндердің өзінде салт атпен келеді. Мен Торғайда пансионатта жатып оқимын, сонда маған əкелетіні екі қалта сөк. Қартайғанда да сол ірілігінен жаңылған жоқ, ешқашан бір нəрсені жасырып-пысыруды білмейтін. Жақсы көргенін бар пейілімен жақсы көріп, тілеуін тілеп отыратын да, жаратпаса онысын да бетке айтып, əйелдердің арасынан гөрі ер кісілермен əңгімелескенді ұнататын, жарықтық. Топырағы торқа болғырлар. Əжем мен келі ні Ғайша арасында ғажап түсіністік орнады. Ғайша жеңгең ер көңілді адам еді ғой. Осылай, деп аға əңгімесін қайырды. Аға рас айтады, Ғайша жеңешемнің аңқылдаған пейілі керемет еді. Ағайын-туыс, жақын-жуық қуанса шашуын арқалап, бір қойын сойып алып барып, тойға жанын салатыны, қуаныш, тіпті, жер шетінде болса да, қиналғанына қарамастан, арқаланып, дорбаланып жететіні осы күні көрген түстей. Менің өз анам да келінінің осы ісіне риза болып, бірде: «Айналайын, Кəрімжан жұмысбасты ғой, соны өмірі жоқтатпай салып ұрып жетіп келеді жəне тапқан балалары қандай, шетінен Кəрімжанның аузынан түскендей», деп Сапар күл, Қайырғали, Сапарғали, Бибігүлдердің ағадан айнымай қалған ұқсастығына ризашылығын білдіріп, жеңешемнің көзі жоқ жерде сыртынан мақтап отыратын. Аға əңгімесін əрі қарай жалғады. Ол кезде 4 жаны бар үйге бір шелек қара тары беріледі. Соны кебегімен бір айға жеткізу керек. Бірде үйге қонақ келді ме, сол тары жетпей қалды. Əжем салып ұрып, орталықтағы Оразбек қайнысына барады. Екі кесе берген тарысын алып, үйге қарай кетейін десе, кеш батып қалған. Қайнысы Шоқанбайдың үйіне тоқтап: «Əй ұл, мен таңертең ерте шығып кетемін, өгіздерімнің шөбін дұрыстап сал», – дейді. Сосын, қайнысының үлкен айырмен шаншып тұрып мол етіп шөп салғанын көрген əжемнің көңілі демделіп, үйге кіреді. Заманның тар, уақыттың қиын кезі еді. Шамасы шөп аз болса керек, біраз оттаған соң, ағай өгіз алдындағы шөпті жинап алса керек. Ертесіне əжем шығып кетеді. Ауылдан ұзаған соң, аш өгіз басын шайқап, жүрмей тұрып алады. Қайнысын сыбап жүріп, елге қас қарайғанда бір-ақ жеткен əжеме енді əкем ұрыспай ма: «Осылай жүріп бір күні қасқыр

жеп кетеді сені, ертерек шықсаң болмай ма?», – деп... Содан біршама уақыт өтсе керек, мен ауылға қысқы демалысқа келіп жатқанмын. Кешкі уақытта сырттан бір құшақ бу мен аязды алып ішке «Ассалаумағалейкум», деп еніп, сырт киімін шешіп Шоқанбай аға отыра бергені сол еді, əкем артқа бұрылып, ілулі тұрған қамшыны алып, інісін қақ басынан тартып жіберді. Қан бұрқ ете түсті, тымағы мен шекпенін қыстыра аға далаға тұра қашты. Əжемнің бұрынғы айтқаны естен шыққан, шалына айқайлап, қайнысының соңынан тұра қуды. Түні бойы əжем екеуміз ағаны айнала іздедік. Аты тұр, өзі жоқ. Амал жоқ, ақыры таба алмаған соң біз де келіп орнымызға жаттық. Таңертең əкем қой бағуға шыққаны сол екен, шекесіне қан қатқан Шоқаң үйге кірді. Əжем бəйек болып, пеште тұрған жылы суды алып, қайнысының қанын жуып, үйдегі бар тамақты салып қазан көтерді. Түсте əкем келді. Шоқаң жүресінен отыра қалып ет турап, түк болмағандай ас іштік. Сенің оның не деген, я болмаса басқа айтқан еш əңгіме болған жоқ. Екеуі отырып əңгімелесіп, ағам ауылына қайтып кетті. Жетпісбай мектеп бітіріп, оқуға барарда аудан орталығына жүретін болды. Інімнен: «Қазір қайда барып түсесің?» десем, бір туыстың атын айтады. Содан оған: «Жоқ, сен өйтпе, қазір үлкен ісекті алып, Шоқанбай атаң ның баласы Төлепберген ағаңның үйіне барып түс», – дедім. Барса, үйде Шоқаң бар екен. Жөн сұрасып, Бекболаттың баласымын дегенді естіген Шоқаң отырып Жетпісбайға жоғарыдағы əңгімені айтады жəне: «Айтшы, егер сені Төлепберген осылай сабаса сен не істер едің, көтерер ме едің?» деп сұрайды. Қандай əулие кісілер, қазір ағайын тұрмақ, əкесі есейген баласына сөзді байқап-байқап айтады. Қадірқасиет, үлкенді ұлықтау қазақтың қанына сіңген қасиет еді, амал не, заманына қарай адамы да, – деп сөзін аяқтаған аға үнсіз қалды. Кісіні жамандықтан жи рентетін, «өкпеге қиса да өлімге қимайтын», кішісі үлкенін сыйлап, кесіп өтпейтін, əке мен бала, аға мен іні, жеңге мен қайны, нағашы мен жиен, құдандалы жермен сыйластықтың қадірін білген қазақы қалыптың қаймағы бұзылмаған дəстүрінен тəрбие алып, оны заманына сай оқыған білімі мен білігі арқылы толықтыра түскен зерделі жанның кісілікті келбетін ауылдас айтқан бір əңгіме тірілте түсті. Ағаның маған жақын екендігін білетін сол кісі: «Шіркін, Кəкеңдер асыл ғой. Ол 20 жыл кеңшардың директоры болып тұрғанда, біздің ауылдан бір адам істі болып сотталған жоқ. Ауданның, бірінші хатшысының өзі: «Көкалатқа сот та, прокурор да қажет емес, азаматтың азаматтығы осындайда деген», деп там сана отырып айтқаны бар. Кəрімжан ағадан осы сөздің анық-қанығын сұрадым. – Кім айтса да шындығын айтқан екен. Екі кеңшардың директоры болдым, сонда құрығын сүйретіп жылап келген жылқышы да, таяғын ұстап қалған қойшы да, мойнына ақша мінген дүкенші де кездесті, қалқам. Бірақ соның бірін соттатқан жоқпын. Елдің іші бір-біріне ағайын-туыс, жегжат, құдандалы болып келеді ғой, ақсақалдарды жинап ақылдасатынмын, бірде тіпті соманың көптігі сондай, ауыл дағы 5-6 өзге ұлт өкіліне кредит алғызып (көбіне сайда саны, құмда ізі жоқ, тек күнелтісі үшін жүрген жандарға), оны ретін тауып жауып отырдық, сөйтіп, ешкімнің де көз жасына қалмадым деп көңілім тоғайып айта аламын, – деген ағаның кісілік келбеті көз алдымда бұрынғысынан да биіктей түсті.

Алєа асыќќан Аќтоєай немесе аудан əкімімен ґткен бір кїн

Аймақтағы алыс аудан орталығы – Ақтоғайға ертелете келген бетімізде əкім Ниқанбай Омарханов жолға шыққалы отыр екен. «Балқаш жақтағы ауылдар шаруашылықтарын аралап, одан əрі Шашубай кенті, Ақжайдақ стансасына барып қайтпақпын. Кеңседегі сырттайғы əңгімеден гөрі елі іші тынысын көзбе-көз көргеніңіз жөн болмас па», деді. Тілегеніміз алдан шыққандай ойды құп алдық. Осы қызметке тағайындалғанына көп бола қоймаған жаңа басшы бұл сапарында біраз жерлерде болып, біраз мəселелерді анықтау үшін біраз жол жүруге тура келетінін де ескертіп өтті.

Ќыстаќќа оралєан жастар

Алдымен Арқа табиғатының таңғажайып жаратылыстарының бірі – Қызыларай тауының бергі адырлары баурайындағы қыстаққа жол түсті. Бүгінде мұндай жерлердегі көзге жағымды көріністер таңсық болмаса да қыратта жеке тұрған əп-əдемі үй, одан əріде оңашалау жып-жинақы, жан-жағы таптаза шаруашылық ны сандары іс жай-жапсарын бірден аңғартқандай болды. Тастан қаланған мал қора, кең жазғы албар, техника қойылған мүйіс, мая-мая шөп бір-бірінен бөлек. Ұқсатымпаз қолдың, шаруақойлық ықтияттылықтың ізі білінеді. Осының бəріне бас-көз жапжас жігіт Ернұр Қазанғапов: «Əкей бастап үйреткен жұмыс, талап қой», дейді. Қалада оқып, қоныстанып, алаңсыз тұрмыстағы бауыры Арнұр екеуі əкенің жапан түздегі жанталас еңбегін көріп жүріп, көмекке келмеуге қалай шыдасын, келіншектерін де көндіріп, ертіп ауылға оралыпты. Міне, қазір 900 ірі қараның, 428 жылқының, отаротар қойдың өсіп-өнуіне қол ұстаса ұйытқы болып отырған көрінеді. 40-қа тарта ауылдастары ортақ жұмыстың бел ортасында. «Мадияр» аталатын шаруа қожалықтары қазық тепкен қыстақтағы өзгеше бір жаңалық – тұрмысқа, бүкіл шаруаға қажетті электр көзін күн сəулесі арқылы қалыптастыру іске асырылған. Биіктеу тұста орнатылған батареялы табақшалар күн қызуынан қуат алып, үйлерінде теледидардың қалаған сəтте жарқ етуіне, телефон байланысының үзілмеуіне, сүт тартылуына, қоралар жарықсыз болмауына жеткілікті энергиялық күш беретіндігі айтылғанда əкім де елең ете түсті. Аудан жерінің түлік өрбітуге қолайлы қойынқойнауларындағы 283 қыстақтың əзірге 100-ге жуығын осындай тəсілді қолдануға тарту арқылы жобаның тиімділігіне көз жете түсіп, мақсат орындалғаны аңғарылды. Алайда, ағайынды фермерлер айтқандай, бұл оңай шара емес екен. Ең алдымен, қаражат жағы қиналтады. Мұндай қондырғы орнату үшін кем дегенде 4 миллион теңге жұмсалуы қажет. Табыстары біршама орнықты əрі əр нəрсенің қисынын келтіруге өзіндік талпынысқа икемді, уақыт талабынан хабардар бұлар дүние жинауға қызықпай, іс келешегін ойлап, табиғи энергия көзін пайдалану арқасында қыстақтағыларды рахатқа бөлеген. Ал көрпесі тартса аяғына, жапса басына жетпейтіні бір бөлек, барын той-томалаққа төгетін бірде көл, бірде шөл шаруа қожалықтарының мүмкіндіктері келе ме? Өздерінен еш артықшылығы болмаса да іздену жағынан ілгері тұрған ағайынды Қазанғаповтардың жаңашылдыққа ұмтылысын көзбе-көз үлгі ету, электрдің «қолдағы» қуатын қолдана білуге демеушілерді жұмылдыру, осы бағыттағы танымдық-насихаттық жұмыстарды ширату сияқты шаралар өз нəтижесін берер деген үміт бар. Ауыл шаруашылығы министрлігі мұндайларды қолдап, арнайы субсидия бөлуді қарастырса, қиян түкпірлердегі еңбеккерлердің тілеуі одан сайын жанар еді деген ой біздің айтпағымыз.

Жаѕа кəсіп – жаѕа нəсіп

Өмір бəріне де бейімдейтіндігі бұдан əрі жалғасқан Қаратал ауылы тұрғындарының заман талабына сай талпынуынан танылғандай болды. Мұнда алыс-жақыннан келушілердің та биғат аясында саяхат құруына, тынығуына қызмет көрсетуші кəсіпкерлер тобы қалыптаса бастапты. Қонақ күтуді

бір кісідей білетін жұрттың іскерлері енді ежелгі меймандостықты көп ел дерді аралаған, көпті көрген жандардың талғамын табуға деген ұмтылыспен ұштастыра түскен. Іргедегі Ақсораң биігі етегіндегі ойдым-ойдым орман-тоғай, жаз ортасы неше түрлі табиғи жемістер иісімен мұрын жаратын тау іші, көне дəуір адам дарының тасқа таңбалаған аң-құс суреттері, сол заман сəулет өнерінің ескерткіштері шо ғырланған Беғазы қорымы əсемдікті тамашалауды ұнататын дарға ұмытылмастай əсер қалдыруымен қоса, қолдан жасалған ұлттық тағамдар жайлы жазылған алғыс-лебіздер, əсіресе, осы істі алғаш ұйымдастырушы Раушан Дүйсембекованың арнаулы дəптерінде өте көп екенін көрдік. Күні кеше үйде бос отырған жұмыссыз əйел бұрын-соңды таныс емес кəсіпті үйіріп алыпты. Жолдасы Асқар мен балаларының күшімен жаңартылып салынған шағын мейманхана соншалықты жарқ-жұрқ етпесе де, жан жылуымен баурайтын болар, ауылдағы осы үйді таңдаушылар көп көрінеді. «Кейінгі кезде туристер саны ұлғаюда. Айына 10-15-іне қызмет көрсетеміз», дейді ол. Аудан əкімі алдында тілегін де білдірмей қалмады. Өзіне ғана емес, əріптестік істегілерге ортақ мəселе – жолдың нашарлығын айтты. Баяғы ойқы-шойқы көтер ме жол əдемі көлік мінген саяхатшылар түгілі жергілікті көнбіс жолаушылардың да өзін қа жы татындығын біз де көріп, машина шоқақтаған сайын əкім де ойлана түсіп келген болатын. Туристік инфрақұрылым жақ сартылса дүниенің түкпіртүк пірінен тарихы қызғылықты өлкені қызықтаушылар ағылғалы тұрғандай екен, шіркін.

Сїт ґндірушілер серпілді

Бұдан соң бағыт Балқашқа түзелді. Қаладағы «Балқашсүт» зауыты мен аудан шаруашылықтары арасындағы өзара байланыстың көңіл қынжылтарлықтығын жолайғы əңгімеден біліп келген едік. Анау бір жылдары Қарағанды дүкендері сөрелерінде көп тұрмайтын өнімдерімен танымал болған кəсіпорын аты соңғы кезде естілмей, заты көрінбей кеткен болатын. Түйткіл мəселелерді қал дырмай баяндады кəсіпорын директоры Қадыржан Қаспақов. Зауыттағы жоғары өндіріс мəдениеттілігі тағы көз тартты. Заманауи үлгідегі технологиялармен толығыпты. Бірақ цехтардың бір шеті бос. Жұмысшылар қарасы селдіреген. Өнім өткізу көлемі төмендеуі осыған мəжбүр еткені сезіледі. Бүгінде айына сүт тағамдарын 900 тонна мөлшерінде өндірумен шектелуге көшкен. Қарағандыдағы «Нəтиже» фирмасы сияқты бəсекелестердің пайда болуы, көрші елдер кəсіпорындары өнімдерінің көбеюі істі баяулатқан. Сонымен бірге, сүтпен қамтамасыз етудің нашарлауы да үлкен оралғы болуда көрінеді. Күніне 20 тонна сүт қабылдай аламыз. Жақын маңдағы ауылдарда сол үшін арнаулы пункттер ашқанымызбен, байланыс нығаймады. Оны бірлесіп ұйымдастыруға селолық округтер əкімдері оншалық құлық танытпады. Тегін емес, сатып алынатындықтан жергілікті жұрттың артылған сүт арқылы табыс табуына мүмкіндігі барына қолдау жасалмады. Мəсе лен, Ортадересін ауылындағы «Қалиасқар» шаруа қожалығы өткен айда 24 тонна сүт өткізіп, 3 миллион теңгеге тарта кіріс алғанындай, басқалардың да қосымша пайда құрауына болады. Есептеуімізше, ауданнан жылына 8 мың тонна сүт жиналар еді. Өкінішке қарай, тең жарымына

да қол жеткізе алмай жүрміз, деп мəселе түйінін сездірді директор. Аудан аумағындағы «Балқашбалық» зауытында да күрделі жайлар жеткілікті болып шықты. Оны өтпелі кезең қиындығында талаутонауға ұрындырмай, сақтаушы Ахат Құспаевтың айтуынша, Балқаш балығына сұранысқа орта жолдан килігіп, қиып тастаушылар аз емес. Басқасын былай қойғанда, облыстың құс фабрикалары балық сүйегі ұнын жақын жердегі осы кəсіпорыннан алмай сонау Ресейден тасымалдайтындығын қайтерсіз. Соның салдарынан олардан тапсырыс мүлдем бол мағандықтан, тауық-үйрекке қажетті жемдік затты Қостанай облысына өткізуге тура келіп жүруін көпе-көрнеу елемеушілік емей не дерсіз? Жылына 800 тоннасын шығаруға жағдайы толық зауыт 200 тоннасын ғана місе тұтуға мəжбүр. Кəсіпорынның балық қақ тайтын, сақтайтын сыйымдылығы 1 мың тонналық тоңазытқыш жəне аумағы футбол алаңындай қоймасы қаңыраған қалпында тұруына да іш ашыды. Соның екіншісіне құс балапандарын өсіріп, еттендіру үшін пай да лануға болмақ ұсыныс зауыт өкілдері көңілінен шықты. Ниет етілсе қандай да мұң-мұқтажға қарайласудың реті табылатындығы тағы бір байқалды.

Ата мен ана ќуанышы

Мұң-мұқтаж демекші, Балқаш қаласының қарт тұрғыны Ноғайбек Мəуеннің əкіммен жүз десуі ешқашан есінен кетпес. Ақсақал кенже баласы мен келініне, үш немересіне бас болып, Тораңғылық стансасына қоныс аудармақ ойда екенін айтуға келіпті. Əдеп сақтап, біраз күтіп қалғанын аңғарған аудан басшысының «Ата, бірден жолықпадыңыз ба. Бəрін ысыра тұрып, алдымен сізбен тілдесер едім ғой», деген сөзіне ризалықтан жанары жасаураған қарияға баспана мəселесінде көмектесуге уəде етті. Онда біраз жылдан бері бос қалған үйлердің коммуналдық меншікке көшіріліп, ел ішіне ора лу шылардың бұдан былай қарай мұндай өті ніштерін қа нағат тандыруға мүм кіндік ке ңеюі не байланысты тілегі орын далатындығына қуанып қалды ол. Ақжайдақ стансасында да тура осындай оқиға ұшырасты. Төрт балалы жас əйел Бикен Бектемісова жұбайы бастап, ауылдық жерге қоныстану ниеттері барын жеткізді. Тұрғындары сиреген ауылдарды қайта толықтыру, əсіресе, жас тарды қайтару аудан алдына қо йылған мерейлі міндет. Осы бағыттағы шаралар шапағатына бөленушілердің күннен-күнге кө беюі қазақы қалыптағы өңір келешегін кемелдендіре түспек. Ойдағы қыстақтарға, қырдағы ауылдарға, одан Балқашқа соғылып, жалпақ дала төсіне қайта шығып, аймақтың бір шеті Саяқ пен ұласқан Ортадерісін, Ақжайдақ өңіріне бойланған бұл сапардан түнделете оралып келе жатқанымызда жүргізуші Қуаныш ініміз: «Аға, 800 шақырымнан аса жол жүріппіз. Шаршап-шалдыққан шығарсыз. Ал бізге бұл үйреншікті жұмыс күні ғой», деді. Ойланып қалдық. Əкімдер туралы сөз сан қилы. Көп жайды білмейді екенбіз. Жері шалғай, мəселе шашетек тен, көштен қалыңқы Ақтоғайды алға ұмтылдырудағы қатқабат істер асықтырған аудан əкімі Омархановтың біз көріп, біз білген бір жұмыс күні осындай болды. Айқын НЕСІПБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы.


8

www.egemen.kz

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Алматы қаласы мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті республикалық меншіктегі жылжымайтын мүлік нысандарын сату жөнінде 2013 жылғы 20 желтоқсанда сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін веб-порталдың Мемлекеттік мүлік www. gosreestr. kz. тізілімінде өтетін электрондық аукцион өткізу туралы хабарлайды Республикалық меншік нысандарын сату ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру нысандарын сату қағидасына сəйкес орындалады. Сауда-саттықтың голланд əдісімен элек трондық аукционға республикалық меншіктегі мына нысандар қойылады: 1. ТОПАС-4 аспап жиынтығы, Алматы қ., Абай д-лы, 191. Баланс ұстаушы – «Ұлттық технологиялық болжау орталығы» РМК. Бастапқы баға – 26 818 900 теңге, ең төменгі баға – 2 934 497 теңге, алғашқы баға – 5 363 780 теңге, кепілді жарна – 804 567 теңге. 2. Уаз 39629 маркалы автокөлігі, 2002 ж.ш. м.н. А 945 CD, Алматы қ., Горная к-сі, 440. Баланс ұстаушы – «Балбұлақ» республикалық балаларды оңалту орталығы» РМК. Бастапқы баға – 999 500 теңге, ең төменгі баға – 109 364 теңге, алғашқы баға – 199 900 теңге, кепілді жарна – 29 985 теңге. 3. Уаз-36629 маркалы автокөлігі, 1999 ж.ш. м.н. А 781 BU, Алматы қ., Өтепов к-сі, 1. Баланс ұстаушы – «Республикалық қан орталығы» РМК. Бастапқы баға – 2 006 080 теңге, ең төменгі баға – 219 503 теңге, алғашқы баға – 401 216 теңге, кепілді жарна – 60 183 теңге. 4. Ваз 21060 маркалы автокөлігі, 2003 ж.ш. м.н. К 098 КР, Алматы қ., Қабанбай батыр к-сі, 93. Баланс ұстаушы – ІІМ Көліктегі ішкі істер департаменті. Бастапқы баға – 519 255 теңге, ең төменгі баға – 56 816 теңге, алғашқы баға – 103 851 теңге, кепілді жарна – 15 578 теңге. 5. Ваз 21060 маркалы автокөлігі, 2000 ж.ш м.н. К 154 КР, Алматы қ., Қабанбай батыр к-сі, 93.Баланс ұстаушы – ІІМ Көліктегі ішкі істер департаменті. Бастапқы баға – 485 225 теңге, ең төменгі баға – 53 093 теңге, алғашқы баға – 97 045 теңге, кепілді жарна – 14 557 теңге. 6. Ваз 21213 маркалы автокөлігі, 2001 ж.ш., м.н. А 392 FL, Алматы қ., Қазыбек би к-сі, 117в. Баланс ұстаушы – «Сот медицинасы орталығы» РМҚК. Бастапқы баға – 1 055 000 теңге, ең төменгі баға – 32 603 теңге, алғашқы баға – 211 000 теңге, кепілді жарна – 31 650 теңге. 7. Газ 31105-120 маркалы автокөлігі, 2004 ж.ш. м.н. А 719 СК, Алматы қ., Əл-Фараби д-лы, 146. Баланс ұстаушы – «Балалар хирургиясы жəне педиатрия ғылыми орталығы» РМК. Бастапқы баға – 1 515 000 теңге, ең төменгі баға – 46 818 теңге, алғашқы баға – 303 000 теңге, кепілді жарна – 45 450 теңге. 8. Ваз 21074 маркалы автокөлігі, 2003 ж.ш. м.н. А 619 CL, Алматы қ., Жібек жолы к-сі, 15. Баланс ұстаушы – Алматы қаласы бойынша экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы). Бастапқы баға – 1 334 700 теңге, ең төменгі баға – 19 728 теңге, алғашқы бағасы – 266 940 теңге, кепілді жарна – 40 041 теңге. Назар аударыңыз! Сауда-саттыққа қойылатын мүлік нысандары сатып алушының жер учаскелерін тіркеу құны есебінсіз заңда белгіленген ретімен қойылады. Сауда-саттықтың ағылшын əдісін қолдана отырып аукционды өткізу кезінде жекешелендіру нысанының бастапқы бағасы алғашқы бағаға тең. Электрондық аукционға қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен басталады жəне 2013 жылғы 18 желтоқсанда, сағат 10.00де аяқталады. Кепілді жарна Алматы қаласы мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаментінің мына депозиттік есеп-шотына төленеді: БСН – 120340013492, ЖСК – KZ 250705012170180006 ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетіне, БСК ККМFKZ2A, мекеме коды – 2170180, бенефициар коды – 11, КНП – 171 (кепілді жарна мөлшеріне банктік қызмет төлемі кірмейді). Назар аударыңыз! Сатушының элек трондық сұранымын қабылдамауына қатысушы хабарламада көрсетілген талаптарды орындамауы, электрондық сұранымды қарастыру мерзімі аяқталғанға дейін жеке жəне заңды тұлғаның кепілді жарна құжаттарының саудасаттық өткізілуі туралы хабарламада көрсетілген сатушының есеп-шотына түспеуі негіз болып табылады. Электрондық аукционға қатысушы кепілді жарнаны қайтару үшін сауда-сат тық ұйымдастырушыға ағымдағы есеп-шоттың барын рас тайтын банк анықтамасының түпнұсқасын өткізуі қажет. Электрондық аукционға қатысу үшін мыналарды: 1) жеке тұлғалар үшін: жеке сəйкестендіру нөмірін (бұдан əрі – ЖСН), тегін, атын, əкесінің атын (бар болған жағдайда); 2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сəйкес тендіру нөмірін (бұдан əрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, əкесінің атын (бар болған жағдайда); 3) кепілді жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп-айырысу шотының деректемелерін; 4) байланыс деректерін (пошталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail); 5) ұлттық куəландырушы орталық берге ЭЦҚ-ның жарамдылығы мерзімін көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркеу қажет. Жоғарыда көрсетілген деректер

өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде Тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді. Электрондық аукционға қатысушы ретінде тіркеу үшін мынадай құжаттардың: 1) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаттың, сондай-ақ банктен ағымдағы шоттың бар-жоғын растайтын анықтаманың; заңды тұлғалар үшін: жарғының, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куəліктің не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың, сондай-ақ банктен банктік шоттың баржоғын растайтын анықтаманың; 2) қатысушының кепілді жарна сомасын аударғанын растайтын банк белгісі бар төлем құжатының; 3) заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куəландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куəландыратын құжаттың; шетелдік заңды тұлғалар қазақ жəне/ немесе орыс тілдеріндегі нотариалды куəландырылған аудармасы бар құрылтай құжаттарының электрондық (сканерленген) көшірмелерін ұсынады. Электрондық аукционға қатысушылар электрондық аукционға бір сағат қалғанда аукциондық залға кіреді, ЭЦҚ жəне аукцион дық нөмірімен. Электрондық аукцион хабарламада көрсетілген уақытта басталады. Сауда-саттықтың ағылшын əдісі бойынша электрондық аукцион: 1) егер аукцион залында электрондық аукцион басталған сəттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі осы Қағиданың тармағына сəйкес белгіленген қадамға жекешелендіру нысанының бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растамайтын болса, осы же кешелендіру нысаны бойынша электрондық аукцион өткізілмеген болып танылады; 2) егер аукцион залында электрондық аукцион басталған сəттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың біреуі осы Қағиданың тармағына сəйкес белгіленген қадамға жекешелендіру нысанының бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растайтын болса, бастапқы баға белгіленген қадамға артады. Жекешелендіру нысаны бойынша сауда-саттықтың ағылшын əдісімен электрондық аукцион қатысушылардың біреуі ұсынған ең жоғары бағаға дейін жүргізіледі. Жекешелендіру нысанының бастапқы бағасы бағаны ұлғайтудың кемінде екі қадамына өскен жағдайда ғана жекешелендіру нысаны бойынша сауда-саттықтың ағылшын əдісімен электрондық аукцион өткізілген болып танылады, бұл ретте бастапқы бағаның екі қадамға өсуін кемінде екі қатысушы жүзеге асырады. Сауда-саттықтың голланд əдісі бойынша электрондық аукцион: 1) егер электрондық аукцион басталған сəттен бастап бес минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі электрондық аукционда жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру нысанының бастапқы бағасы осы Қағиданың тармағына сəйкес белгіленген қадамға азаяды; 2) егер баға азайғаннан кейін бес минут ішінде қатысушылардың бірдебіреуі жекешелендіру нысанын сатып алуға ниетін растамайтын болса, жекешелендіру нысанының соңғы жарияланған бағасы белгіленген қадаммен азаяды. Жарияланған баға бойынша жекешелендіру нысанын сатып алуға ниетін бірінші болып растаған қатысушы сауда-саттықтың голланд əдісі бойынша электрондық аукцион жеңімпазы болып танылады жəне осы жекешелендіру нысаны бойынша электрондық аукцион өткізілген болып танылады; 3) егер жекешелендіру нысанының бағасы белгіленген ең төменгі мөлшерге жетсе жəне қатысушылардың бірдебіреуі жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растамаса, онда электрондық аукцион өткізілмеген болып танылады. Əрбір сатылған жекешелендіру нысаны бойынша электрондық аукцион нəтижелері электрондық аукцион нəтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы жəне жеңімпаз ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, электрондық аукцион аяқталғаннан кейін жиырма төрт сағат ішінде Тізілімнің веб-порталында қол қояды. Электрондық аукцион нəтижелері туралы хаттама электрондық аукцион нəтижелерін жəне жеңімпаз сатушының жекешелендіру нысанын сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттерін белгілейтін құжат болып табылады. Жеңімпазбен сатып алу-сату шартына электрондық аукцион өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде мына мекенжайда қол қойылады: Алматы қаласы, Достық даңғылы, 134, 206-бөлме. Сатушыға электрондық аукционнан ұтып алушылар керекті сұратылған нотариалды расталған құжаттарды тапсыру қажет. Аукцион өткізу туралы қосымша ақпаратты 8(727) 313-07-85 телефоны жəне www. gosreestr. kz сайты арқылы білуге болады.

4 желтоқсан 2013 жыл

Алматы мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті 2013 жылғы 24 желтоқсанда сағат 10.00-ден сағат 17.00-ге дейін www.gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында республикалық меншіктегі нысандарды сату жөнінде электрондық аукцион өткізу туралы хабарлайды Электрондық аукцион голланд əдісі бойынша 1-лот. Wollkound-31 катері, 2001 жылы шығарылған, Талдықорған қ., Шевченко к-сі, 131. Алғашқы баға – 7 304 000 теңге. Бастапқы баға – 36 520 000 теңге. Ең төменгі баға – 2 123 628 теңге. Кепілді жарна – 1 095 600 теңге. 2-лот. ВАЗ-21053 автомашинасы, мем. нөмірі B 466 DF, 1998 жылы шығарылған, Талдықорған қ., Гайдар к-сі, 17. Алғашқы баға – 31 630 теңге. Бастапқы баға – 158 150 теңге. Ең төменгі баға – 9 196 теңге. Кепілді жарна – 4 744 теңге. 3-лот. ВАЗ-21099 автомашинасы, мем. нөмірі B 499 DF, 1997 жылы шығарылған, Талдықорған қ., Гайдар к-сі, 17. Алғашқы баға – 165 200 теңге. Бастапқы баға – 826 000 теңге. Ең төменгі баға – 49 629 теңге. Кепілді жарна – 24 780 теңге. Электрондық аукционға қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен басталады жəне электрондық аукцион басталғанға дейін қырық сегіз сағат бұрын аяқталады. Сауда-саттыққа қатысу үшін кепілді жарна Алматы мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаментінің мына депозиттік есеп-шотына төленеді: KZ790705012170167006, Астана қаласындағы ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетіне, БИН 120340000064, БИК KKMFKZ2A, бенефициар коды – 11, мекеме коды – 2170167 (кепілді жарна мөлшеріне банктік қызмет төлемі кірмейді). Электрондық аукционға қатысу үшін мыналарды: 1) жеке тұлғалар үшін: жеке сəйкестендіру нөмірін (бұдан əрі – ЖСН), тегін, атын, əкесінің атын (бар болған жағдайда); 2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сəйкестендіру нөмірін (бұдан əрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, əкесінің атын (бар болған жағдайда); 3) кепілді жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп-айырысу шотының деректемелерін; 4) байланыс деректерін ( пошталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail); 5) ұлттық куəландырушы орталық берген ЭЦҚ-ның

жарамдылығы мерзімін көрсете отырып, Тізілімнің вебпорталында алдын ала тіркеу қажет. Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде Тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді. Электрондық аукционға қатысушы ретінде тіркеу үшін мынадай құжаттардың: 1) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаттың, сондай-ақ банктен ағымдағы шоттың бар-жоғын растайтын анықтаманың; заңды тұлғалар үшін: жарғының, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куəліктің не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың, сондай-ақ банктен банктік шоттың бар-жоғын растайтын анықтаманың; 2) қатысушының кепілді жарна сомасын аударғанын растайтын банк белгісі бар төлем құжатының; 3) заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куəландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куəландыратын құжаттың; шетелдік заңды тұлғалар қазақ жəне /немесе орыс тілдеріндегі нотариалдық куəландырылған аудармасы бар құрылтай құжаттарының электрондық (сканерленген) көшірмелерін ұсынады. Электрондық аукционға қатысушылар электрондық аукционға бір сағат қалғанда аукциондық залға кіреді, ЭЦҚ жəне аукциондық нөмірімен. Электрондық аукцион хабарламада көрсетілген уақытта басталады. Сауда-саттықтың голланд əдісі бойынша электрондық аукцион: 1) егер электрондық аукцион басталған сəттен бастап бес минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі электрондық аукционда жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру нысанының бастапқы бағасы

осы Қағиданың тармағына сəйкес белгіленген қадамға азаяды; 2) егер баға азайғаннан кейін бес минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру нысанын сатып алуға ниетін растамайтын болса, жекешелендіру нысанының соңғы жарияланған бағасы белгіленген қадаммен азаяды. Жарияланған баға бойынша жекешелендіру нысанын сатып алуға ниетін бірінші болып растаған қатысушы саудасаттықтың голланд əдісі бойынша электрондық аукцион жеңімпазы болып танылады жəне осы жекешелендіру нысаны бойынша электрондық аукцион өткізілген болып танылады; 3) егер жекешелендіру нысанының бағасы белгіленген ең төменгі мөлшерге жетсе жəне қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растамаса, онда электрондық аукцион өткізілмеген болып танылады. Əрбір сатылған жекешелендіру нысаны бойынша электрондық аукцион нəтижелері электрондық аукцион нəтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы жəне жеңімпаз ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, электрондық аукцион аяқталғаннан кейін жиырма төрт сағат ішінде Тізілімнің веб-порталында қол қояды. Электрондық аукцион нəтижелері туралы хаттама электрондық аукцион нəтижелерін жəне жеңімпаз сатушының жекешелендіру нысанын сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттерін белгілейтін құжат болып табылады. Жеңімпазбен сатып алу-сату шартына электрондық аукцион өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде мына мекенжайда қол қойылады: Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Тəуелсіздік көшесі, 75, 210, 211-бөлмелер. Сатушыға электрондық аукционнан ұтып алушылар керекті сұратылған нотариалды расталған құжаттарды тапсыру қажет. Аукцион өткізу туралы қосымша ақпаратты 8(7282) 27-0712, 21-00-02 телефондар жəне www. gosreestr. kz сайты арқылы білуге болады.

Республикалық мүлікті мүліктік жалға (жалдауға) беру бойынша тендер өткізу туралы ақпараттық хабарлама Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитеті «Алматы мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті» мемлекеттік мекемесінің Жетісу филиалы 2013 жылғы 19 желтоқсанда республикалық меншіктегі нысандарды мүліктік жалға (жалдауға) беру жөнінде тендер өткізеді Тендер мына мекенжайда болады: Алматы қ., Желтоқсан к-сі, 114. Тендер өткізу уақыты: сағат 11.00. Тендерге мына нысандар ұсынылады: 1. Тұрақжай, жалпы алаңы 20 ш.м. барлық инженерліктехникалық коммуникацияларымен бірге, банктік жəне есеп айырысу-кассалық қызметтер көрсету үшін, орналасқан мекенжайы: Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Тəуелсіздікке 10 жыл көшесі, 54а. Баланс ұстаушы – «Алматы облысы бойынша салық департаменті» мемлекеттік мекемесі. Жалдаудың бастапқы мөлшерлемесі айына – 8 657 теңге. Тендерге қатысу үшін кепілді жарна – 4 328 теңге. 2. Тұрақжайлар, жалпы алаңы 171,6 ш.м. барлық инженерліктехникалық коммуникацияларымен бірге, банктік жəне есеп айырысу-кассалық қызметтер көрсету үшін, орналасқан мекенжайы: Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Наурызбай көшесі, 35. Баланс ұстаушы – «Алматы облысының қазынашылық департаменті» ММ. Жалдаудың бастапқы мөлшерлемесі айына – 53477,43 теңге. Тендерге қатысу үшін кепілді жарна – 26739 теңге. 3. Тұрақжай, жалпы алаңы 12 ш.м. барлық инженерліктехникалық коммуникацияларымен бірге, банктік жəне есеп айырысу-кассалық қызметтер көрсету үшін, орналасқан мекенжайы: Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр кенті, «Қуат» шағын ауданы, Тəуелсіздіктің 10 жылдығы көшесі, 23. Баланс ұстаушы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК-ның Алматы облысы бойынша филиалы. Жалдаудың бастапқы мөлшерлемесі айына – 5194 теңге. Тендерге қатысу үшін кепілді жарна – 2597 теңге. 4. Тұрақжай, жалпы алаңы 8,6 ш.м, барлық инженерліктехникалық коммуникацияларымен бірге, банктік жəне есеп айырысу-кассалық қызметтер көрсету үшін, орналасқан мекенжайы: Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қ., Тəуелсіздікке 10 жыл к-сі, 54 А. Баланс ұстаушы – «Алматы облысы бойынша салық департаменті» ММ. Жалдаудың бастапқы мөлшерлемесі айына – 3722,37 теңге. Тендерге қатысу үшін кепілді жарна – 1861 теңге. 5. Тұрақжай, жалпы алаңы 11,8 ш.м. барлық инженерліктехникалық коммуникацияларымен бірге, банктік жəне есеп айырысу-кассалық қызметтер көрсету үшін, орналасқан мекенжайы: Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр кенті, Титов к-сі, 9а. Баланс ұстаушы – «Алматы облысы бойынша салық департаменті» ММ.

Жалдаудың бастапқы мөлшерлемесі айына – 4596,69 теңге. Тендерге қатысу үшін кепілді жарна – 2298 теңге. 6. Тұрақжайлар, жалпы алаңы 260,1 ш.м. барлық инженерліктехникалық коммуникацияларымен бірге, банктік жəне есеп айырысу-кассалық қызметтер көрсету үшін, орналасқан мекенжайы: Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы, Құдайбергенов көшесі, 70 а. Баланс ұстаушы – «Алматы облысының қазынашылық департаменті» ММ. Жалдаудың бастапқы мөлшерлемесі айына – 112579,95 теңге. Тендерге қатысу үшін кепілді жарна – 56290 теңге. 7. Тұрақжай, жалпы алаңы 6 ш.м. барлық инженерліктехникалық коммуникацияларымен бірге, банктік жəне есеп айырысу-кассалық қызметтер көрсету үшін, орналасқан мекенжайы: Алматы облысы, Талғар ауданы, Талғар қ., Лермонтов к-сі, 53А. Баланс ұстаушы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК-ның Алматы облысы бойынша филиалы. Жалдаудың бастапқы мөлшерлемесі айына – 2597 теңге. Тендерге қатысу үшін кепілді жарна – 1299 теңге. Жалдау ақысының мөлшерлемесі өзіне коммуналдық қызметтер мен тұрақжайға қызмет көрсету шығындарын кіргізбейді, олар бөлек төленеді. Тендер өткізу шарты мен жеңімпазды таңдау өлшемдері: - Банктік жəне есеп айырысу-кассалық қызметтер көрсету үшін нысандарды пайдалану; - Тендер комиссиясының шешімі бойынша нысан үшін жалдау ақысының ең жоғары сомасын ұсынған жəне тендерлік құжаттамада қамтылған барлық талаптарға сəйкес келетін тендер қатысушысы тендер жеңімпазы болып танылады; - Мүліктік жалға алу (жалдау) мерзімі – 1 жыл. Тендер қатысушы ретінде тіркеу үшін мыналарды тапсыру қажет: Тендерге қатысуға өтініш, онда тендерге қатысуға үміткердің келісімі жəне тендер шартын орындау бойынша оның міндеттемесі жəне қосарланған конверттерде сəйкесетін шарттың қорытындысы қамтылуы тиіс. Сыртқы конвертте мына құжаттар қамтылуы қажет: 1) заңды тұлғалар үшін – мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куəліктің, құрылтай құжаттарының (құрылтай шарты мен жарғы) көшірмелері жəне салыстыру үшін түпнұсқаны міндетті ұсынумен салық төлеушінің куəлігі немесе аталған құжаттардың нотариалды куəландырылған көшірмелері; жеке тұлғалар үшін – жеке кəсіпкерді мемлекеттік тіркеу

туралы куəліктің, жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаттың, салық төлеуші куəлігінің көшірмелері жəне салыстыру үшін түпнұсқаны міндетті түрде ұсынумен үй кітапшасы немесе аталған құжаттардың нотариалды куəландырылған көшірмелері; 2) акционерлік қоғамдар үшін – бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімінен көшірме-үзіндіні; жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін – серіктестік қатысушыларының тізілімінен көшірме-үзіндіні (серіктестік қатысушыларының тізілімін жүргізу жағдайында); 3) шетелдік заңды тұлғалар үшін – қазақ жəне орыс тілдеріне аударылып нотариалды расталған құрылтай құжаттары; 4) кепілді жарнаның аударылғандығын растайтын төлем тапсырмасының көшірмесі; 5) өтініш беру сəтінде салықтық берешегінің болмауы туралы салық органынан анықтаманы. Ішкі конвертте үміткердің жапсырылған конверттегі тендер шарты бойынша ұсынысы қамтылуы тиіс. Ішкі конверт өтінімдер беру сəтінде жабық болуы жəне үміткер оны мөрлеуі қажет. Өтініштер қабылдау тігілген түрінде жалға берушінің мекенжайына құжаттардың ұсынылуымен, беттері нөмірленіп жəне соңғы беттеріне қол қойылып жəне мөр басылып расталуы тиіс (жеке тұлғалар үшін – егер мұндай болса). Кепілді жарна Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитетінің «Алматы мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті» ММ-нің депозиттік шотына енгізіледі, ИИК KZ790705012170167006, БИК ККМFKZ2A, БСН 120340000064, КБе 11, мекеме коды 2170167, КНП 171. Тендер жеңімпазымен шарт тендер хаттамасына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 10 күннен кешіктірілмей жасалады. Тендер өткізу туралы хабарлама ресми жарияланған күнінен бастап тендер нысанымен танысу үшін барлық сұрақтар жəне тендерлік құжаттаманы алу бойынша Алматы мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаментінің Жетісу филиалына мына мекенжайға хабарласу керек: Алматы қ., Желтоқсан к-сі, 114, 25 жəне 26 бөлмелер. Анықтама алу телефондары: 267-70-26, 267-70-50. Тендер қатысушыларын тіркеу тендер өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі жəне тендер өткізуге дейін бір жұмыс күні ішінде, яғни 2013 жылғы 18 желтоқсанда сағат 11.00-де аяқталады.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Алматы мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаментінің Жетісу филиалы 2013 жылғы 24 желтоқсанда сағат 10.00-ден сағат 17.00-ге дейін www.gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында республикалық меншіктегі нысандарды сату жөнінде электрондық аукцион өткізу туралы хабарлайды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру нысандарын сату қағидасымен республикалық меншіктегі нысандарды сатудың орындалуын сəйкестендіреді. Сауда-саттықтың ағылшын əдісімен электрондық аукционға республикалық меншіктегі мына нысандар қойылады: 1. Гараж, жалпы алаңы 100,5 ш.м. жер асты көкөніс қоймасы, жалпы алаңы 99 ш.м., көкөніс қоймасы, жалпы алаңы 68,5 ш.м. 1980 жылы салынған, орналасқан мекенжайы: Алматы қаласы, Медеу ауданы, Көктөбе кенті, Жабаев көшесі, 69а. Жылжымайтын мүліктің жер учаскесін қоспағанда (немесе оған құқығы) бастапқы (алғашқы) баға – 3 024 637 теңге. Кепілді жарна – 453 696 теңге. 2.Тұрғын емес үй жертөлесімен, жалпы алаңы 175 ш.м. орналасқан мекенжайы: Алматы облысы, Талғар ауданы, Талғар қаласы, Гагарин көшесі, 67а. Баланс ұстаушы - ДСМ МСЭҚК «Алматы облысы бойынша департаменті» ММ. Жылжымайтын мүліктің жер учаскесін қоспағанда (немесе оған құқығы) бастапқы (алғашқы) баға – 610 300 теңге. Кепілді жарна – 91 545 теңге. Электрондық аукционға қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі жəне электрондық аукцион басталғанға дейін қырық сегіз сағат бұрын аяқталады. Кепілді жарналар Алматы мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті мемлекеттік мекемесінің шотына төленеді: депозиттік шот KZ790705012170167006, ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті, БИК KKMFKZ2А, БСН 120340000064, КБе 11, КНП 171. Назар аударыныз! Сатушының электрондық өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін қатысушының хабарламада көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ жеке жəне заңды тұлғаның электрондық өтінімі мен құжаттарын қарау мерзімі аяқталғанға дейін сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілді жарнаның сатушының шотына түспеуі негіз болып табылады. Электрондық аукционға қатысу үшін мыналарды: 1) жеке тұлғалар үшін: жеке сəйкестендіру нөмірін (бұдан əрі – ЖСН), тегін, атын, əкесінің атын (бар болған жағдайда); 2) заңды тұлғалар үшін бизнес сəйкестендіру нөмірін (бұдан əрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, əкесінің атын (бар болған жағдайда); 3) кепілді жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп-айырысу шотының деректемелерін; 4) байланыс деректерін (пошталық мекенжайы, телефоны,

факс, e-mail); 5) ұлттық куəландырушы орталық берген ЭЦК-ның жарамдылығы мерзімін көрсете отырып Тізілімнің вебпорталында алдын ала тіркелу қажет. Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде Тізілімнің веб-порталында енгізілген деректерді өзгертеді. Электрондық аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін мынадай құжаттардың: 1) жеке тұлғалар үшін паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаттың, сондай ақ банктен ағымдағы шоттың бар-жоғын растайтын анықтаманың заңды тұлғалар үшін жарғының, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу қайта тіркеу туралы куəліктің не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу қайта тіркеу туралы анықтаманың, сондай-ақ банктен банктік шоттың бар-жоғын растайтын анықтаманың; 2) қатысушының кепілді жарна сомасын аударғанын растайтын банк белгісі бар төлем құжатының; 3) заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куə ландыратын құжаттын, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куəландыратын құжаттың көшірмелерін қоса бере отырып, электрондық аукционға қатысуға нысан бойынша қатысушының ЭЦҚ қойылған (сканерленген) электрондық өтінімді (бұдан əрі – электрондық өтінім) Тізілімінің вебпорталында тіркеу қажет. Шетелдік заңды тұлғалар қазақ жəне/немесе орыс тілдеріндегі нотариалды куəландырылған аудармасы бар құрылтай құжаттарының электрондық (сканерленген) көшірмелерін ұсынады. Электрондық аукционға қатысушылар электрондық аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде аукцион залына ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып кіреді. Электрондық аукцион жекешелендіру нысанының бастапқы бағасын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады. Сауда-саттықтың ағылшын əдісі бойынша электрондық аукцион: 1) егер аукцион залында электрондық аукцион басталған сəттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірдебіреу осы Қағиданың 36-4 тармағына сəйкес белгіленген қадамға жекешелендіру нысанының бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растамайтын болса, осы жекешелендіру нысаны бойынша элктрондық аукцион өткізілмеген болып танылады;

2) егер аукцион залында электрондық аукцион басталған сəттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірдебіреуі осы Қағиданың 36-4 тармағына сəйкес белгіленген қадамға жекешелендіру нысанының бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растайтын болса, бастапқы баға белгіленген қадамға артады. 3) егер ағымдағы баға артқаннан кейін жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреу жекешелендіру нысанының ағымдағы құнын арттыру жолымен жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал осы жекешелендіру нысаны бойынша электрондық аукцион өткізілген болып танылады. Жекешелендіру нысаны бойынша сауда-саттықтың ағылшын əдісімен электрондық аукцион қатысушылардың біреуі ұсынған ең жоғары бағаға дейін жүргізіледі. Жекешелендіру нысанының бастапқы бағасы бағаны ұлғайтудың кемінде екі қадамына өскен жағдайда ғана жекешелендіру нысаны бойынша сауда-саттықтың ағылшын əдісімен электрондық аукцион өткізілген болып танылады, бұл ретте бастапқы бағаның екі қадамға өсуін кемінде екі қатысушы жүзеге асырады. Əрбір сатылған жекешелендіру нысаны бойынша электрондық аукцион нəтижелері электрондық аукцион нəтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы жəне жеңімпаз ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, электрондық аукцион аяқталғаннан кейін жиырма төрт сағат ішінде Тізілімінің вебпорталында қол қояды. Электрондық аукцион нəтижелері туралы хаттама электрондық аукцион нəтижелерін жəне жеңімпаз сатушының жекешелендіру нысанын сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттерін белгілейтін құжат болып табылады. Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі, 114 мекенжайында жеңімпазбен сатып алу-сату шартына электрондық аукцион өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қол қойылады. Бұл ретте, электрондық аукционның жеңімпазы салыстыру үшін түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып көрсетілген құжаттардың көшірмелерін не болмаса нотариалды куəландырылған көшірмелерін сатушыға ұсынады. Құжаттардың түпнұсқалары салыстырылғаннан кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады. Аукцион өткізу туралы қосымша ақпаратты www. gosreestr.kz сайтынан жəне мына телефон арқылы алуға болады 8 (7272) 67-70-50.


Республикалық мүлікті мүліктік жалға (жалдауға) беру бойынша тендер өткізу туралы ақпараттық хабарлама Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитетінің «Алматы мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті» ММ республикалық меншіктегі нысанды мүліктік жалға (жалдауға) беру жөнінде тендер өткізеді

Кісілігі кемел

Алаштың асқақ айбынына айналған Арқа төсіндегі ару Астананың алып құ рылысында ай шықты қолтаңбасы бар «Жетісу ЖҚ» компаниясының ұйымшыл ұжымы білікті маман, іскер басшы, айту лы азамат Жа нат Төле генұлын ғибратты ғұмы ры ның бір белесі – 45 жасқа толған мерейлі мерекесімен шын жүректен құттықтайды. Болмысына үмітін үкілеген ұлдарын «отызда орда бұзбасаң, қырықта қамал алмайсың» деп қайраған дана халқымыз. Шежірелі Жетісудың текті то пырағынан нəр алған Жа нат жас тайынан еңбекпен шың далып, халқына қалтқысыз қыз мет көрсету жолында азаматтық қажыр-қайратын сарп етті. Міне, туа біткен табиғи табандылығы мен білікті білімдігінің арқасында, орда бұзар отыз жасында ғасыр құры лысының алып алаңына айналған Астанада «Сəтті құрылыс» ЖШС-ін құрды. Бүгінде «Жетісу ЖҚ» ЖШС болып өзгерген бұл құрылыс компаниясы он жылдан астам уақыттан бері ел тəуелсіздігінің тірегі – Астана қаласының алып құрылыс айдынында өзінің лайықты орнын алды. Осы орайда елордадағы «Абай», «Ави ценна», «Олимп-Палас», «Дипломат» атты құрылыс ны сандары «Сəтті құрылыс» ЖШСнің құрылысшыларының белсенді қатысуымен, ал «Вик тория», «Гармония» сияқты тұрғын үй кешендерінің алғашқы қазығынан бастап, пəтер кілті тапсырылғанға дейінгі ауқымды жұмыстарын Жанат Төлегенов іргетасын қалаған құ рылыс компаниясы атқарып шыққанын айтсақ та жеткілікті. Білікті маман, іскер басшы Жанат Төлегенов қарамағындағы құрылысшылардың жағдайына шынайы адамгершілікпен қарайды. Құрылыс компаниясы жұ мысшылардың əлеуметтік

9

www.egemen.kz

4 желтоқсан 2013 жыл

əлеуетіне үнемі көңіл бөледі, жұмысшылардың жалақысы мұнда ешқашан кешіктіріліп көрген емес. Осындай жоғары жанашырлықтың арқасында «Жетісу ЖҚ» ЖШС-нің басшысы адамдарды қысқартпау, м ү м к і н д і г і н ш е ж а ң а жұ м ы с орын дарын ашу мəселелеріне ерекше жауапкершілікпен қарайды. Сондықтан да құрылыс компаниясының ұжымының білікті басшы, ардақты азамат Жанат Төлегенұлына деген алғыс сезімдері шексіз. Қадірлі Жанат Төлегенұлы, сіз бүгінгі мерейлі күніңізге азаматтық болмысыңызға шаң жұқтырмай, кісілік келбетіңізге кір шалдырмай жеттіңіз. Бүгінде сіз тəуелсіз Қазақстанның экономикалық жəне əлеуметтік өркендеуіне айтарлықтай үлес қосқан ірі ұйымдастырушы, кəсіби маман ретінде айқын танылдыңыз. Сондықтан да өзіңіздің төл ұжымыңыз сізді адамгершілігі зор, имандылығы берік біртуар басшы, адал азамат ретінде құрметтейді жəне мақтан тұтады. Бүгінгі 45 жасқа толған туған күніңізде сізге шынайы көңілден зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, əулетіңізге баянды бақыт тілейміз! Ізгі тілекпен «Жетісу ЖҚ» ЖШС ұжымы.

«РАХАТ» АҚ АКЦИОНЕРЛЕРІНІҢ НАЗАРЫНА! «Рахат» АҚ Директорлар кеңесі мен Қоғам басқармасы құрамындағы өзгерістер туралы хабарлайды. 2013 ж. 27.11-да акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы болып, онда Директорлар кеңесінің жаңа құрамы сайланды: 1) Но Манг Ко; 2) Александр Сергеевич Зенков; 3) Юн Ёнгхо – тəуелсіз директор ретінде. Сол күні, акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысынан кейін «Рахат» АҚ Директорлар кеңесінің отырысы өтіп, онда «Рахат» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып Но Манг Ко жəне басқарманың 8 адамнан құралған жаңа құрамы сайланды: 1) Александр Сергеевич Зенков – «Рахат» АҚ Басқарма төрағасы; 2) Сон Джон Сик – «Рахат» АҚ басқарма төрағасының орынбасары; 3) Ли Сок Рёл; 4) Римма Асхатовна Рустемова – экономика жəне қаржы жөніндегі директор, «Рахат» АҚ басқарма хатшысы; 5) Лариса Герасимовна Кристаль – «Рахат» АҚ бас есепшісі; 6) Ильдар Наджатович Кадыров – «Рахат»АҚ ақпараттық технологиялар жөніндегі директоры; 7) Шолпан Алтыбаевна Даулетова – «Рахат» қызметкерлер жөніндегі директоры; 8) Надежда Алексеевна Белименко– «Рахат» АҚ маркетинг жөніндегі директоры м.а.

«РАХАТ» АҚ АКЦИОНЕРЛЕРІНІҢ НАЗАРЫНА!

«Рахат» АҚ өз акционерлеріне Қоғамның дауысқа салатын акцияларының он жəне одан да көп пайызын иеленуші ірі акционерлер құрамының өзгергенін хабарлайды. 2013 ж. 22.11-дағы келісімнің аяқталуына нəтижесінде BD Associates (UK) Limited (29%), Анатолий Висханович Попелюшко (25,79%), Наталья Мироновна Хильчук (11,54%) ірі акционерлер құрамынан шықты. Қоғамның ірі акционерлерінің құрамына 76,25% көлеміндегі акцияны иеленуші «LOTTE Confectionery Co, Ltd» компаниясы кірді. «GAS Development» ЖШС-нің ірі акционері «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 25-бабының 3-тармағына сəйкес «Көксу-Шекер» АҚ (бұдан əрі – қоғам) дауыс беруші акцияларының 30 (отыз) пайыздан астамын 2013 жылғы қарашада сатып алуына байланысты «Көксу-Шекер» АҚ-тың қалған акционерлеріне қоғамның өздеріне тиесілі акцияларын 1 акция үшін 10 (он) теңге баға бойынша сатуды ұсынады. «Көксу-Шекер» АҚ «GAS Development» ЖШС-нің ірі акционері туралы мəліметтер: Атауы: «GAS Development» ЖШС; Орналасқан жері: Заңды мекенжайы: 050060, Алматы қ., Экспериментальная база к-сі, 3а. БИН 070540003410. «GAS Development» ЖШС-ға тиесілі акциялар саны 24 867 (жиырма төрт мың сегіз жүз алпыс жеті) дана акция. Акцияларды сатып алудың ұсынылатын бағасы – бір акция үшін 10,00 (он) теңге. Акцияларды сату бойынша ұсыныс мына мекенжайға жіберілуі тиіс: 050060, Алматы қ., Экспериментальная база к-сі, 3а, Тұрсынжанова Надираға, ЖШС ірі акционерінің сенім білдірілген тұлғасына. «GAS Development» ЖШС. Телефон: 8 72 72 45 54 19. Факс: 8 7272 45 5419.

Тендер мына мекенжайда болады: Талдықорған қ., Тəуелсіздік к-сі, 75. Тендер өткізу уақыты: 2013 жылдың 20 желтоқсанында сағат 11.00. Тендерге мына нысан ұсынылады: 1. Алматы облысы, Алакөл ауданы, Достық бекеті, «Т» паркі мекенжайында орналасқан ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитетінің «Достық» кедені» ММ ғимаратындағы жалпы көлемі 149,5 ш.м. үй астындағы жайда орналасқан асхана жəне оның ішіндегі жабдықтар (электр пеші – саны 2 дана). - Жалдаудың бастапқы мөлшерлемесі айына – 6 635,35 теңге. - Тендерге қатысу үшін кепілді жарна – 10 517,12 теңге. - Мүліктік жалға алу (жалдау) мерзімі – 1 жыл. Жалдау ақысының мөлшерлемесі өзіне коммуналдық қызметтер мен тұрақжайға қызмет көрсету шығындарын кіргізбейді, олар бөлек төленеді. Тендер өткізу шарты мен жеңімпазды таңдау өлшемдері - Банктік жəне есеп айырысу-кассалық қызметтер көрсету үшін нысанды пайдалану; - Тендер комиссиясының шешімі бойынша нысан үшін жалдау ақысының ең жоғары сомасын ұсынған жəне тендерлік құжаттамада қамтылған барлық талаптарға сəйкес келетін тендер қатысушысы тендер жеңімпазы болып танылады. Тендер қатысушы ретінде тіркелу үшін мыналарды тапсыру қажет: Тендерге қатысуға өтініш, онда тендерге қатысуға үміткердің келісімі жəне тендер шартын орындау бойынша оның міндеттемесі жəне қосарланған конверттерде сəйкесетін шарттың қорытындысы қамтылуы тиіс. Сыртқы конвертте мына құжаттар қамтылуы қажет: 1) заңды тұлғалар үшін – мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куəліктің, құрылтай құжаттарының (құрылтай шарты мен жарғы) көшірмелері жəне салыстыру үшін түпнұсқаны міндетті ұсынумен салық төлеушінің куəлігі немесе аталған құжаттардың нотариалды куəландырылған көшірмелері; жеке тұлғалар үшін – жеке кəсіп керді мемлекеттік тіркеу туралы куəліктің, жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаттың, салық төлеуші куəлігінің көшірмелері жəне салыстыру үшін түпнұсқаны міндетті түрде ұсынумен үй кітапшасы немесе аталған құжаттардың нотариалды куəландырылған

көшірмелері; 2) акционерлік қоғамдар үшін – бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімінен көшірме-үзіндіні; жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін – серіктестік қатысушыларының тізілімінен көшірме-үзіндіні (серіктестік қатысушыларының тізілімін жүргізу жағдайында); 3) шетелдік заңды тұлғалар үшін – қазақ жəне орыс тілдеріне аударылып нотариалды расталған құрылтай құжаттары; 4) кепілді жарнаның аударылғандығын растайтын төлем тапсырмасының көшірмесі; 5) өтініш беру сəтінде салықтық берешегінің болмауы туралы салық органынан анықтаманы. Ішкі конвертте үміткердің жапсырылған конверттегі тендер шарты бойынша ұсынысы қамтылуы тиіс. Ішкі конверт өтінімдер беру сəтінде жабық болуы жəне үміткер оны мөрлеуі қажет. Өтініштер қабылдау тігілген түрінде жалға берушінің мекенжайына құжаттардың ұсынылуымен, беттері нөмірленіп жəне соңғы беттеріне қол қойылып жəне мөр басылып расталуы тиіс (жеке тұлғалар үшін – егер мұндай болса). Кепілді жарна Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитетінің «Алматы мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті» ММ-нің депозиттік шотына енгізіледі, ИИК KZ790705012170167006, БИК ККМFKZ2A, БСН 120340000064, КБе 11, мекеме коды 2170167, КНП 171. Тендер жеңімпазымен шарт тендер хаттамасына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 10 күннен кешіктірілмей жасалады. Тендер өткізу туралы хабарлама ресми жарияланған күнінен бастап тендер нысанымен танысу үшін барлық сұрақтар жəне тендерлік құжаттаманы алу бойынша Алматы мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаментіне мына мекенжайға хабарласу керек: Талдықорған қ., Тəуелсіздік к-сі, 75, 213-бөлме. Анықтама алу телефондары: 27-08-03, 2710-04. Тендер қатысушыларын тіркеу тендер өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі жəне тендер өткізуге дейін бір жұмыс күні ішінде, яғни 2013 жылдың 19 желтоқсанында сағат 11.00-де аяқталады.

Райымбек ауданының «Ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі төмендегі бос лауазым орнына Райымбек ауданы əкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ветеринариялық пункттері бар ветеринарлық станция» мемлекеттік коммуналдық кəсіпорын директорын тағайындау конкурсын жариялайды. Конкурс жариялаушы орган: Райымбек ауданының «Ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі Мекенжайы: Кеген ауылы, Б.Момышұлы көшесі, 19. Тел: 872777 2-12-55. Райымбек ауданы əкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ветеринариялық пункттері бар ветеринарлық станция» мемлекеттік коммуналдық кəсіпорын директоры. Лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне байланысты G-4 санаты бойынша 79857 теңгеден 90255 теңгеге дейін. Лауазымға орналасу үшін кандидатқа қойылатын біліктілік талаптар: 1. Білімі жоғары, мамандығы бойынша ветеринариялық дəрігер. 2. Мемлекеттік қызмет өтілі 3-5 жылдан кем емес жəне ветеринариялық қызметте жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс. 3. Конкурсқа қатысуға өтінімді беру мерзімі мен қабылдау орны:

15 күнтізбелік күн ішінде Райымбек ауданының «Ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіне. 4. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі. Осы хабарландыру жарияланғаннан кейін 15 күнтізбелік күн ішінде жəне осы мерзімнен кешіктірмей конкурсқа қатысушылардан төмендегідей құжаттар қабылданады: 1. Конкурстың комиссия төрағасы атына тұрғылықты тіркеу орнын, нақты тұратын жерін, байланыс телефондарын көрсетумен қоса өтініш; 2. жеке басты куəландырылған құжаттың нотариалды куəландырылған көшірмесі; 3. нотариалды куəландырылған білім туралы құжат көшірмесі; 4. нотариалды куəландырылған еңбек кітапшасының көшірмесі; 5. бұрынғы жұмыс орнының кадр қызметі куəландырған фотомен кадрды есепке алу жөніндегі жеке парақ; 6. бар жазбалар мен көтермелерді көрсете отырып бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме; 7. нотариалды куəландырылған бар біліктілік санат немесе ғылыми дəрежесі туралы құжат көшірмесі.

Крупный акционер ТОО «GAS Development» в соответствии с п. 3 ст. 25 Закона РК «Об акционерных обществах» в связи с приобретением в ноябре 2013 года более 30 (тридцати) процентов голосующих акций АО «Алматы Канты» (далее – общество») делает предложение остальным акционерам АО «Алматы Канты» продать принадлежащие им акции общества по цене 40 (сорок) тенге за 1(одну) акцию. Данные о крупном акционере ТОО «GAS Development» АО «Алматы Канты»: Наи менование: ТОО «GAS Development»; Местонахождение: Юридический адрес: 050060, г. Алматы, ул. Экспериментальная база, 3а. БИН

070540003410. Количество акций принадлежащих ТОО «GAS Development» 943 463 (девятьсот сорок три тысячи четыреста шестьдесят три) штук акций; Предлагаемая цена приобретения акций – 40,00 (сорок) тенге за одну акцию. Предложения по продаже акций могут быть направлены по адресу: 050060, г. Алматы, ул. Экспериментальная база, 3а, Турсунжановой Надире, доверенному лицу крупного акционера ТОО. ТОО «GAS Development». Телефон: 8 72 72 45 54 19. Факс: 8 7272 45 5419.

Крупный акционер ТОО «GAS Development» в соответствии с п. 3 ст. 25 Закона РК «Об акционерных обществах» в связи с приобретением в ноябре 2013 года более 30 (тридцати) процентов голосующих акций АО «Коксу-Шекер» (далее – общество) делает предложение остальным акционерам АО «Коксу-Шекер» продать принадлежащие им акции общества по цене 10 (Десять) тенге за 1 акцию. Данные о крупном акционере ТОО «GAS Development» АО «Коксу-Шекер»: Наименование: ТОО «GAS Development»; Местонахождение: Юридический адрес: 050060, г. Алматы, ул. Экспериментальная база, 3а. БИН 070540003410. Количество акций принадлежащих ТОО «GAS Development» 24 867 (двадцать четыре тысячи восемьсот шестьдесят семь) штук акций. Предлагаемая цена приобретения акций – 10,00 (десять) тенге за одну акцию. Предложения по продаже акций могут быть направлены по адресу: 050060, г. Алматы, ул. Экспериментальная база, 3а, Турсунжановой Надире, доверенному лицу крупного акционера ТОО. ТОО «GAS Development». Телефон: 8 72 72 45 54 19. Факс: 8 7272 45 5419.

АО «Алматы Канты» (далее – общество) сообщает, что 4 декабря 2013 г. Советом директоров принято решение о размещении (реализации) простых объявленных акций и доводит до сведения своих акционеров предложение приобрести размещаемые (реализуемые) акции общества в соответствии с их правом преимущественной покупки. Общее количество размещаемых (реализуемых) акций – 400 000 (четыреста тысяч) простых акций НИН КZ1С49550011. Соотношение количества размещенных (за вычетом выкупленных обществом) акций к количеству размещаемых (реализуемых) акций 1:2,35865750. Список акционеров, имеющих право преимущественной покупки акций общества, составлен по состоянию на 3 декабря 2013 г. (прим. – на начало даты (00 часов 00 минут) принятая уполномоченным органом общества решения о размещении (реализации) ценных бумаг общества). Акционеры общества в течение тридцати календарных дней с даты публикации настоящего уведомления в праве подать заявку на приобретение акций общества, в соответствии с правом преимущественной покупки. Цена размещения (реализации) акций составляет 7 225,00 (семь тысяч двести двадцать пять) тенге за одну акцию. Почтовый адрес на подачу заявок: 040707, РК, Алматинская область, Илийский район, п. Боралдай, улица Бостанова, 2. Реквизиты лица, осуществляющего взаимодействие с акционерами по вопросам приобретения акций в соответствии с правом преимущественной покупки акций – Аралова А.А. Тел: 8 701 765 0233, электронный адрес: br_glbux@mail.ru Наименования андеррайтера (эмиссионного консорциума) при размещении (реализации) размещаемых (реализуемых) ценных бумаг общества через андеррайтера или эмиссионный консорциум. АО «Единый регистратор ценных бумаг», расположенное г.Алматы, пр. Абылай хана, 141. РНН 600700658518, БИН 120140005662.

«GAS Development» ЖШС-нің ірі акционері «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 25-бабының 3-тармағына сəйкес «Алматы Қаны» АҚ (бұдан əрі – қоғам) дауыс беруші акцияларының 30 (отыз) пайыздан астамын 2013 жылғы қарашада сатып алуына байланысты «Алматы Қанты» АҚ-тың қалған акционерлеріне қоғамның өздеріне тиесілі акцияларын 1 акция үшін 40 (қырық) теңге баға бойынша сатуды ұсынады. «Алматы Қанты» АҚ «GAS Development» ЖШС-нің ірі акционері туралы мəліметтер: Атауы: «GAS Development» ЖШС; Орналасқан жері: Заңды мекенжайы: 050060, Алматы қ., Экспериментальная база к-сі, 3а. БИН 070540003410. «GAS Development» ЖШС-ға тиесілі акциялар саны 943 463 (тоғыз жүз қырық үш мың төрт жүз алпыс үш) дана акция. Акцияларды сатып алудың ұсынылатын бағасы – бір акция үшін 40,00 (қырық) теңге. Акцияларды сату бойынша ұсыныс мына мекенжайға жіберілуі тиіс: 050060, Алматы қ., Экспериментальная база к-сі, 3а, Тұрсынжанова Надираға, ЖШС ірі акционерінің сенім білдірілген тұлғасына. «GAS Development» ЖШС. Телефон: 8 72 72 45 54 19. Факс: 8 7272 45 5419.

«Алматы Қанты» АҚ (бұдан əрі – қоғам) Директорлар кеңесі 2013 ж. 4 желтоқсанда жарияланған жай акцияларды орналастыру (сату) туралы шешім қабылдағаны жөнінде хабарлайды жəне қоғамның орналастырылатын (сатылатын) акцияларын артықшылықпен сатып алу құқығына сəйкес сатып алу ұсынысын өз акционерлерінің назарына жеткізеді. Орналастырылатын (сатылатын) акциялардың жалпы саны – 400 000 (төрт жүз мың) жай акция ҰСН KZ1С49550011. Орналастырылған (қоғамның сатып алғанын шегеріп тастағанда) акциялар санының орналастырылатын (сатылатын) акциялар санына ара қатынасы 1:2,35865750. Қоғамның акцияларын артықшылықпен сатып алуға құқылы акционерлердің тізімі 2013 ж. 3 желтоқсандағы жағдай бойынша жасалды (ескерту – қоғамның бағалы қағаздарын орналастыру (сату) туралы шешімді қоғамның уəкілетті органы қабылдаған күнінің басында (00 сағат 00 минут). Қоғамның акционерлері артықшылықпен сатып алу құқығына сəйкес, қоғамның акцияларын сатып алуға өтінімдерін осы хабарлама жарияланған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде беруге құқылы. Акцияларды орналастыру (сату) бағасы бір акция үшін 7 225,00 (жеті мың екі жүз жиырма бес) теңге құрайды. Өтінімдер берудің пошталық мекенжайы: 040707, ҚР, Алматы облысы, Іле ауданы, Боралдай кенті, Бостанов көшесі, 2. Акцияларды артықшылықпен сатып алу құқығына сəйкес акцияларды сатып алу мəселесі бойынша акционерлермен өзара əрекетті жүзеге асырушы тұлғаның деректемелері – Аралова А.А. Тел: 8 701 765 0233, электрондық мекенжай: br_glbux@mail.ru Андеррайтер немесе эмиссиялық консорциум арқылы қоғамның орналастырылатын (сатылатын) бағалы қағаздарын орналастыру (сату) кезіндегі андеррайтердің (эмиссиялық консорциумның) атауы: «Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі» АҚ, орналасқан мекенжайы Алматы қ., Абылай хан д-лы, 141. СТН 600700658518, БИН 120140005662.

Жарнама бергіңіз келсе: Астана тел/факс 37-64-48, 37-60-49. Электронды пошта: egemen_adv@mail.ru. Алматы 273-74-39, ф. 273-73-97. Электронды пошта: gulnurekkz@mail.ru.

Еске алу

Бар болєаныныѕ ґзі береке еді

53-тің басында кішкентай қарындасым шетінеп, екі айдан соң əкем Смайыл қайтты. Үлкеніміз – көкем Өзбек он екіден жаңа ғана асқан, ортаншымыз Байжұман жетіде, кішісі – мен бестемін – үш балаға жаңағы қазалардан гөрі жаз шыға анамыз Күлəштің ауырғаны қаттырақ батты. Бір жылдай төсек тартып жатты. Елдің ішінде, ағайын-туғанның ортасында болғандықтан шығар, əрқайсысы өздерінше қарайласып баққан. Көкем жаздай колхозда жұмыс істейді, өгіз арба айдайды. Онысына кейін еңбеккүнге бидай береді. Негізгі ауқатымыз – қоңыр сиырымыздың сүті, көрші Ұлтай апам ұйытатын айран жəне жиырмаға тарта тауығымыздың жұмыртқалары. Дүкен жұмыртқа алады. Жиып апарғанда шайқантты ажырататын. Аштықта жеген құйқаның дəмі ауыздан кетпейді, дейді ғой. Сол бір шақта бізге көмектескен колхоз бастығының орынбасары болған Əбдіхан ағаның, қой фермасының меңгерушісі Күнболат, есепші болған Сүндетбай, мал дəрігері Тəуен ағалардың, қоймашы Қозыбай ағаның, өз туыстарымыз Молдағали жəне Наурызбай аталардың, нағашыларым Нүсіпжан, Əбзəкір, Дүмшен, Таман, Өкісбай ағалардың, аталас туыстарымыз Шаймерден, Көкежан ағалардың қамқорлықтары менің бала жадымда жатталып қалыпты. Кейін апам жазылып, қамбаның күндізгі қарауылдығына шықты, көкем жетінші класты бітірген соң, он алты жасында колхоздың бір отар қойын қабылдап алды. Тұрмысымыз түзеле бастады. Бірақ біздің үйге бір жаңалық керек сияқты болып тұратын. Алпысыншы жылдың күзі салқындау келді, қар ерте жауып, қыс түскендей болған. Алтыншы кластамын. Апам мен көкем қойда, ауылдан он шақырымдай жерде қыстауда. Кім айтқаны есімде жоқ, əйтеуір: «Көкең үйленді, жеңгелі болуың құтты болсын!» деген қуанышты хабар құлағымда тұрып алды. Біздің үйге керек жаңалық осы екенін түсіндім. Содан сабақ аяқталмастан Сымтас деп аталатын қыстауға жаяу тарттым. Менің келгенімді біліп, апам ауызғы үйге шықты. «Қалай жеттің, кіммен келдің?» деп жатыр. «Апа, келінің қайсы?» деймін. «Жүре ғой, көрсетейін жеңгеңді», деп апам жапсарлас салынған жаппаға бастай жөнелді. Шамның көмескілеу жарығынан байқадым, үстіне күпəйке киген, басына апамның түбіт орамалын байлаған біреу жүр. «Əскен-ай, Өзбектің кіші інісі келді, осы үйдің кенжесі» деп апам таныстырып жатыр. Жаңағы «Əскен-айы» ақырын ғана: «Менің де кенжем болсын!» деп құшақтап, бетімнен сүйді. Содан беріде өткен елу үш жылда тəтем сол қалпынан бір танған жоқ. Апамды қазан-ошаққа араластырмады, басынан орамалы түскен емес. Менің кірқоңымды жуып, ауылдан сегізжылдықты бітіргенше тырнағымды өзі алып беретін. Еш қайнысының атын атамады, «Төрежан», «Кенжем», «Мырзажігіт» дейтін. Астана – Алматы ұшағына отырғанда осындай ойлар қаумалап, таласып келіп, бір қалыпқа құйылғандай болып жатты. Кенжем келіп қалар деп, Жанарыңды талдырдың. Асығып кеткен, тəтем-ау, Кенжеңді қалай қалдырдың? «Қайда мейлі жүрсем де, Кенжем іздеп табар» деп. Қабырғам қалды қайысып, Ауылдан суық хабар кеп. Көкем қайтқалы он екі жылдай болыпты. Алғашқы кезде тəтем қатты шөгіп кетті. Айтпайтын, бірақ көкемді жоқтайтынын байқайтынмын. Ауылдағы басқа балаларының үйіне қонбайтын, «Көкең іздеп келсе, мен үйде жоқ болмайын деймін ғой» дейтін.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісі аппаратының қызмет керлері Мəжіліс аппаратының Халықаралық істер, қорғаныс жəне қауіпсіздік комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің қызметкері Əсемгүл Түгеловаға əкесі Қасым РАХЫМБАЙҰЛЫНЫҢ қайтыс болуына байланысты орны толмас қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Өнеге көріп апамнан, Келіндерге алдырдың. Аңырап келген кенжеңді, Тəтем-ау, қалай қалдырдың? Əулетке өзің ұйытқы, Болса да ұрпақ сан қырлы. Жоқтатпай көпке көкемді, Ошағын үйдің жандырдың. Тəтем мен көкем ешқашан ұрсыспайтын. Көкем бір жақсы іс істесе, немесе жақсы бір əңгіме айтса, тəтем айрықша мəз болып, сүйсіне тыңдайтын. Кейін бұл ұлдарына көшті. Олар үшін көкемнің айтып отырғаны бейне бір заң сияқты болып тұратын. «Көкелерің айтты ғой», «Папаларың солай деді ғой» деген сөздер басты шешімді кім айтқанын аңғартып тұратын. Тəтем он құрсақ көтерген: төрт ұл, алты қыз. Қыздардың біреуі ертерек қайтыс болды, қалғандары тұрмыс құрды, үбірлі-шүбірлі болып жатыр. Немерелері келсе, қуанып отырады. Олармен кəдімгі үлкен адамдардай əңгімелеседі, жағдайларын сұрайды. Тəтемді жерлегенде Əсембала Сарғожақызы деп, артында тоғыз баласы, он бес немересі, бір шөбересі қалды, жасы жетпіс бесте деп қойды. Жарықтық шөбересін жұбатып жүрген. Содан кешке қарай диванға жантая беріп, айналасы бірер сəтте көз жұмыпты. Ұшақтан түскен соң Алматыдағы балаларымыздың үйіне кіріп шыққанбыз. Кішкентай немеремізді бір-бір иіскеп, ауылға тарттық. Кенжем келіп қалар деп, Төріңе көрпе салдырдың. Айналып өзің толғанар, Кенжеңді қалай қалдырдың? Ықыласпен, пейілмен, Мейірімді қандырдың. Сағынып жеткен кенжеңді, Тəтем-ау, қалай қалдырдың? Көкем мен тəтем өздері салғызған үй бəріміз үшін ыстық, Əулетіміздің бар келіндері осы үйге түскен, осы үйден енші алып шыққанбыз. Мəшине тоқтағанда «Тəтем-ау!» деп аңыраған дауысым шықты да, одан əргі жоқтау сөздерді айта алмадым. Үй жақтан ортаншы ағайдың, ұлдарының, күйеу балаларының жылаған дауыстары естілді. Бағанадан бері тығылып тұрған қайғы мен шер еңкілдеп жылауға ұласып берді. Үйдің ішінде абысындары мен құдағилары, сіңлілері мен келіндері, қыздары азан-қазан жылап отырды. Тəтем өзі кішкентайынан өсірген немерелерін құшақтап жыладым. Көп дауыстың ішінен құдашам Жұмакүлдің, келінім Ұлтайдың дауыстарын таныдым. Сыртқа шыққанда тəтемнің немересі Əзиза жылап келіп, құшақтай берді. Кеңкілдеп тағы жыладым. Тəтемді үйден шығарарда адам көп жиналды. Үлкен де, кіші де жүр. Осылардың ересектер жағы «Əсембала» деп, «Өзбектің келіншегі» деп білсе, жастар жағы «Ермектің, Мұраттың, Мақсаттың, Мараттың анасы» деп, келіндерінің енесі, немерелерінің əжесі деп білді. Ауылдағылардың бəрі осы үйде жетпістен асқан ана, əже бар деп сəлемдесіп, арнайы кіріп есендесіп тұратын. Бүкіл Туғанбай ауылы, алыс-жақындағы барша туыстар тəтемді үйдің, əулеттің берекесі деп ұғатын. Шынында да, тəтемнің бар болғанының өзі береке екен ғой. Артында орнын басатын абысындарын, келіндерін тəрбиелеп кетті. Ендігі береке солардың қолында болады. Бірақ, бəрібір енді мені «Кенжем!» деп ешкім еміренбейді. Желтоқсанның жетісінде марқұмның қырқы беріледі. Бірақ, біз кіші абысыны Жақан екеуміз бара алмайтын болдық. Дəл сол күні жан досымның жылын бергелі жатырмыз. Тəтемнің аруағы разы болсын деп, осы еске алуымызды бағыштап отырмыз.

У.М.Ахметсафин атындағы Гидрогеология жəне геоэкология институтының ұжымы Гадида Рахматуллақызы БЕКЖАНОВАНЫҢ қайтыс болуына байланысты Жамшит Вахитұлы Муртазинге жəне оның жақындарына көңіл айтады.

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің ұжымы əкімшілік жəне қаржы бөлімінің бас консультанты Дəулетбек Нағаманұлы Алшымбаевқа анасы Өзипа АЛШЫМБАЕВАНЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

О.Жəутіков атындағы республикалық мамандандырылған физика-математика орта мектеп-интернатының ұжымы осы мектепте ұзақ жылдар ұстаздық еткен ардагер мұғалім Нұрсипат Оразмұхаметқызы СМАИЛОВАНЫҢ қайтыс болуына байланысты марқұмның балалары мен туған-туыстарының қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

Халықаралық Аралды құтқару қорының Қазақстан Республикасындағы Атқару дирекциясының ұжымы көрнекті ақын, мемлекет жəне қоғам қайраткері Кəкімбек САЛЫҚОВТЫҢ қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

О.Жəутіков атындағы республикалық мамандандырылған физика-математика орта мектепинтернатының ұжымы осы мектепте ұзақ жылдар ұстаздық еткен ардагер мұғалім Күлəнда Хасенқызы ХАСЕНОВАНЫҢ қайтыс болуына байланысты марқұмның балалары мен туған-туыстарының қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

Ержұман СМАЙЫЛ. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ұжымы басылымның белсенді авторы əрі жанашыры, академик Досмұхамед Кішібековке зайыбы Еркін ӨТЕШҚЫЗЫНЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ұжымы басылым қызметкерлері Бақыт жəне Назым Рахымбаеваларға ағалары Қасым РАХЫМБАЙҰЛЫНЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Курстасымыз, досымыз, елордадағы «Отырар» кітапханасы» ғылыми орталығының директоры Тұрсын Құдакелдіұлы Жұртбайға ағасы НҰРҒАЗЫНЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтамыз. ҚазГУ-дің журналистика факультетін 1974 жылы бітірген түлектер.


10

www.egemen.kz

4 желтоқсан 2013 жыл

 Айбын

 Кітап көкжиегі

Аќиќатты айтады, шындыќ деп шырылдайды Президент грантының иегері Александр Тасболатов ардан аттама, аттасаң адамдықтың туын көтеріп, содан қалайда арылу керек деген ойды қозғап, бұрын «Арылу» атты кітап жазса, енді, міне, «Шындық» деген жинағын оқырмандарына тарту етіп отыр. Сүлеймен МƏМЕТ,

«Егемен Қазақстан».

Жаѕа кеме жауынгерлік туын кґтерді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Ақтау теңіз портында салтанатты, əрі маңызды шара өтті. Бұл «Орал» атты зымыранды-артиллериялық кеменің жауынгерлік ту көтеруі еді. Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

«Зенит» кеме жасау зауытында құрастырылған отандық аталмыш кеме жылдың сəуір айында суға түсірілген болатын. Күні бүгінге дейін мемлекеттік сынақтан өту кезеңін бастан кешкен кеме экипажы өз қуанышына мереке қарсаңында қол жеткізді. Кемеге жауынгерлік ту тапсыру – оның сынақтан сəтті өтіп, Əскеритеңіз күштері құрамына енгендігінің, енді жауынгерлік тапсырмаларды орындауға жолы ашылғандығының белгісі.

Салтанатты сəтке қатысқан Қазақстан Қарулы Күштері Əскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы контр-адмирал Ж.Жанзақов, «Зенит» Орал зауыты» АҚ-тың бас директоры В.Валиев, Маңғыстау облысы əкімінің орынбасары Ə.Шөжеғұлов жəне Əскери-теңіз күштерінің ардагерлері сарбаздарды мерекемен құттықтап, экипажға сəттілік тіледі. Контр-адмирал қолынан кеме капитаны қабылдап алған ту еліміздің екпінді Əнұранымен жоғары көтерілді. Енді əрбір таң білінісімен желбірей көкке көтеріліп, қараңғылық түсе босатылатын ту – экипаж

 Жағымды жаңалық

Ќазаќстан – халыќаралыќ академия мїшесі

құрамынан қырағылықты, шеберлікті, тастүйін дайындықты талап етететін қастерлі белгі. Мемлекет қауіпсіздігін қам тама сыз ететін жəне əскери міндеттерді орындауға арналған 240 тонналық «Орал» кемесі зымыранды-артиллериялық жабдықтармен, заманауи əскери техникалармен жабдықталған, картаграфиялық, навига циялық жүйе, байланыс құралдары, арба лет қондырылған. Экипаждағы 30 адам «Зенит» Орал зауыты» АҚ-тың бас директоры В.Валиевтің айтуынша, кеме құрас тырылып жатқанда басы-қасында болып, оның қыр-сырымен жете танысқан теңізшілер. Демек, олар теориялық, практикалық тұрғыда кемедегі техникалармен жұмыс істеуге үйренген, қажетті білімдерді меңгерген білікті деп сенім артуға негіз бар.

– Бұл еліміздің Əскери-теңіз күштері құрамына келген екінші зымырандыартиллериялық кеме. «Оралдың» жабдықталуы мен қауқарына қарап, ол Каспий теңізінің қазақстандық секторын лайықты қорғайды деп жəне Əскеритеңіз күштерін мұндай қуатты кемелермен толықтырулар жыл сайын болады деп сенеміз, дейді Əскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы, контр-адмирал Ж.Жанзақов. Енді кеме командирі Қ.Шаршанқұлов бастаған экипаж алтын күн мен айбатты қыран, зікір мен бес жұлдыз бейнеленген жалауы желбіреген «Оралмен» көк теңіз үстінде ойқастамақ. Бұл еліміздің қауіпсіздігі, тұрғындардың бейбіт тірлігін күзету мақсатындағы сапарлар болмақ. Маңғыстау облысы.

Фотоэтюд

Сауд Арабиясы Корольдігінің Астанасы Эр-Риядта өткен Ислам əлеміндегі белді ұйымдардың бірі – халықаралық Ислам фиқһы (каноны) академиясының XXI съезінде Қазақстан тұңғыш рет осы ұйымның тұрақты мүшесі болып қабылданды.

45 елден келген Ислам ғұламалары мен фақиһтері алқалы жиында мұсылман əлемінің өзекті мəселелері бойынша пікір алмасып, мұсылман жұртшылығын алаңдатып жүрген тақырыптарды талқыға салды. Ғалымдардың алты күндік ғылыми кеңесінің нəтижесінде «Генетика, ген дік инженерия, адам геномы», «Сукук (ислам банк терінің өнімі) құралы», «Қаржылық операциялардағы хедж», «Малды тоқпен ұру ар қылы бауыздау», «Ислам мəзһабтары арасындағы диалог», «Жүргізушілердің жылдамдықты шамадан тыс асырулары мен жол ережелеріне деген немқұрайлықтарына қатысты қылмыстық жауапкершілік»,

«Тамақ өнімдері мен дəрідəрмекке алкоголь немесе шошқа майы секілді харам заттарды, түрлі қоспаларды қосу» сынды мəселелерге қатысты ғалымдардың пəтуалары шықты. 1977 жылы негізі қаланған халықаралық Ислам фиқһы (каноны) академиясы – бүгінгі Ислам ғұламалары мен фақи һтерінің басын құрайтын мұсылмандардың ғылыми ор талығы болып есептеледі. Құрамына 57 елдің ғалымдары кіретін қарашаңырақта қазіргі күннің көкейкесті мəселелері кеңінен қаралып, оларға қатысты Ислам ғұламаларының ортақ пəтуалары шығып отырады. «Егемен-ақпарат».

Əріптесіміз тағы да шырпыр болып шындықты іздейді. «Тірліктің тірегі ақиқат, рас, екеуі кейде кешігіп жатады, түбі мəреден көрінбей қоймайды», дейді. «Оған дейінгі жол сан тарау, соқпағы көп, ақиқатты айтқызбау үшін аяқтан шалатын содыр батыраштар да жоқ емес. Оның ішінде ел сенгендер де бар, билік тұтқасын ұстағандар да жетіп-артылады», деп бір қайырып тастайды. Оған келтірер дəлел де молынан. «Берсең қолыңнан, бермесең жолыңнан алатын құдіретті күшім жоқ, бар мақсатым келеңсіздікті жұртқа қалам қуатымен жеткізіп, алдын алу, түп-тамырымен отап тастамасам да, қасиетсіздіктен табан тарту керектігін талқыға салу, бір сөзбен айтқанда, қолынан келгендер халықтың жүйкесіне тимесін, жақсылық үйлесім тапсын, жамандық күйресін деу», дейді. Естір құлақ, қане?! «Шындық» атты көлемді кітап төрт бөлімнен тұрады. Алғысөзін Жоғарғы Соттың бұрынғы төрағасы Бектас Бекназаров жазыпты. «Александр... құқықтық тақырыпты қозғағанда журналист те судья сияқты бейтарап болу керектігін біледі. Сондықтан тек оқиғаны, жағдайды қаз-қалпында баяндап, шындықтың жүзін ашады да, тұжырым жасау, шешім қабылдауды өкілетті құқық қорғау органының еншісіне қалдырады», дейді. Осы сөздер əріптесіміздің жаңа кітабының бүкіл болмысын айқын ашып тұрғаны анық. Абзал іске бүкіл саналы ғұмырын арнаған журналист кітабының бірінші бөлімі – дерегі бар дүниелер. Тақырыптың өзіақ не туралы екенін тайға таңба басқандай көрсетіп тұр. Үңілелік: «Зорлық», «Жала», «Сабақ», «Жауапкершілік», «Шатақ», «Қиянат», «Бұрмаланған билік», тағы басқа болып жалғасып кете береді. Мəселен, «Зорлықта» кейбір құқық қорғаушылардың қолдан ұйымдастыратын жат қылықтары жан-жақты айтылады. Үш бірдей адамның тағдырымен ойнағандар олай емес, былай деген куəгерлердің сөзін де құлаққа қыстырмайды. Тіпті, бірін-бірі ұнатқан жас тардың арасына от салып ойнауы қисынсыз-ақ. Үш жігітке қыз зорлады деген желеумен күйе жағып түрмеге тоғытады. Соттайды. Сөйтіп, құқық қорғайды дегендердің өздері аз а маттарға

айыпсыз зорлық көрсетеді. Жазықсыз жəбірлейді. Бұл санаңа сыймайды. Қылдан тайсаң, қолдан ұйымдастыру дегеніңіз осы шығар. Заң алдында қара да, хан да жауапты деген мəселені А.Тасболатов «Жауапкершілік» деген жазбасында жан-жақты қозғайды. Ал баспана мəселесі, əсіресе, ауылдың ойраны шыққаннан кейін қазақтың бас қайғысына айналды. Əріптесіміз бұл туралы да жанжақты ой тербейді. Ол «Шатақ» атты дүниесінде көрініс тапқан. Ата Заңымызда көрсетілген басты құндылық – адам, оның өмірі, бостандығы, құқығы екенін біле тұрып соны бұзатындар жайлы терең толғам жасайтын «Бұрмаланған билік» атты дүниенің айтары аз емес. Əсіресе, сот орындаушыларынан жапа шегетіндер «жырланады». Тəуелсіздіктен кейінгі жылдары Абай атамыздың «Адамды сүй» деген сөзіне бағып, елімізге келгендердің бəріне, оның ішінде дін өкілдері делінетіндерге де құшағымызды айқара ашып, ашық мемлекет екенімізді айтып жүрдік. Есігімізді ашу былай тұрсын, төрімізді ұсындық. Сөйтсек, олардың арасында арам ниет иелері де бар екен. Сондайлардың кесірінен қазақ отбасыларының кейбірі ала-құлалыққа ұрынды. Бір үйдің ұл-қыздары аран-аран болды. Осы жерде Кенияның тұңғыш президенті Джумо Кеньятанның: «Миссионерлер Африкаға келген кезде бізде жер, олардың қолында «Жаңа өсиет» (Библия)» болды. Олар біздің көзімізді жауып, Құдайға бас июге мəжбүрледі. Ақыр аяғында көзімізді ашқанда жеріміз олардың иелігіне өтті де, ал біздің қолымызда «Жаңа өсиет» қалды», деген сабақ алар сөзі ойға оралады. Александр Тасболатовтың бұл жинағына 15 көркем əңгіме кірген екен. Қай туындысын алсаң да, əділдікті арқау етіп, адамдар арасындағы мейірім мен шапағатты жоғалтып алмайық, жолда қалдырмайық, кейінгіге əрін кетіріп, бояуын оңдырып алмай тапсырайық дегенді сөз етеді. Кітаптың соңғы бөліміндегі танымдық мақалалар мен сұх баттар да оқырманның көңілінен шығары анық. Бір сөзбен айтқанда, əріптесіміздің «Шындығы» шымыр шындықтың жоқшысы, əділдіктің айбынын көрсететін дүние дей келіп, шырғалаңды оқиғалар соңында əдемі шешімін тауып жататынын баса айтқанды жөн деп білеміз.

Бүгін «Егемен Қазақстанның» интернет-басылымынан (www.egemen.kz) мына хабарлармен таныса аласыздар:

АҚШ-та күзетшінің робот нұсқасы жасалды. Жапонияда Харуки Муракамидің жаңа романы бестселлерге айналды. Жаңғақ адам өмірін ұзартуға көмектеседі. Қытайда құлағына бақбақ өсіп шыққан балаға ота жасалды. Мəскеуде Үлкен театрдағы жанжалға соңғы нүкте қойылды. Ақтөбеде 5 жасар қыз бала арақ ішіп, уланып қалыпты. Қарағандыда бір ит музыкаға билейтінімен интернет жұлдызына айналды.

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 273-73-80.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru , egemenkz@maіl.kz Алматыда: факс (727) – 273-73-80, электронды пошта – egemalm@mail.ru

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – (712-2) 32-94-07; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

Көкшетау – (716-2) 25-76-91; Павлодар – (718-2) 68-59-85; Қарағанды – (721-2) 43-94-72; Семей – (722-2) 52-26-86; Қостанай – (714-2) 39-12-15; Тараз – (726-2) 43-37-33; Қызылорда – (724-2) 27-00-85 Шымкент – 8 (701) 404-36-29; Орал – (711-2) 28-80-35; Петропавл – (715-2) 50-72-50. Өскемен – (723-2) 25-28-41; Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-73-97, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Арко» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-полиграфия» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Мұхит к-сі, 57/1, «Жайық Пресс» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Космическая к-сі, 6/3, «Шығыс ақпарат» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 200 601 дана. Нөмірдің кезекші редакторы

Жақсыбай САМРАТ.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 5 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №198 ek

Profile for Egemen

04122013  

0412201304122013

04122013  

0412201304122013

Profile for daulet
Advertisement